text
stringlengths
3
252k
Революцияға дейін Атырау тұрғындарының, соның ішінде қазақтардың білім алуына, сауатын ашуына жағдай жасалмай, қала Қазақстандағы мәдениетті жағынан артта қалған қалалардың ең соңғы сапында қалды. Атырауда мәдениет білім, денсаулық жұмыстары 1920 жылы 5 қаңтарда Атырау жаудан азат етілгеннен кейін барып қолға алынды. ## Революциядан кейінгі жылдар (1917-1937 жж) Революциядан кейінгі жылдары Каспий өңірі қызметкерлері алдында жергілікті халықты ескі қалдықтардан, сословлиліктен, әйел теңсіздігінен, ұлт езгісінен, басқа да әдепсіз қылықтардан арылту міндеттері тұрды. Атыраудағы мектеп құрылысы Кеңес Үкіметінің директиваларымен қаулылары негізінде жүзеге асты. Бұрынғы әскери училище, теңізшілер класы, орыс-қазақ мектептері жабылып, жергілікті еңбекшілер балаларын оқытатын жаңа типтік бірыңғай мектептер ашылды. 1920 жылы 13 қаңтарда Атырау ревкомы жанына халық ағарту бөлімі құрылып, оның меңгерушілігіне Евлампиев тағайындалды. Ревком бұйрығымен қаладағы халық ағарту ісімен бұрын айналысқан адамдардың тізімі алынды. Қаладағы мектептер бұрыннан қалған азын-аулақ мектеп үйлерінен басқа, балық, мұнай кәсіпшілігі капиталистері мен ақ гвардияшылар офицерлерінің мемлекет пайдасына алынған үйлеріне орналысты. Мұның өзі мектеп оқуын жолға қоюға біраз жеңілдік жасады. Халық ағарту Комиссариатының қаулысы мен барлық оқу орындарында дін сабағын оқыту 1918 жылы 1қаңтардан бастап қысқартылды. Осы жылы маусымда Москвада мұғалімдердің бірінші Бүкіл Россиялық съезі өткізіліп, онда екі басқышты тоғыз жылдық мектеп ұйымдастыру жобасын қабылдады. Осыған орай 1918 жылы 16 қазанда аса маңызды екі документ қабылданды. Жаңа документтер бойынша еңбек мектептерінің екі басқышты жүйесі бекітілді: демек I басқыш - оқу мерзімі 5 жыл, 8 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға арналған болса, II -басқыш –оқу мерзімі 4 жыл, 13 бен 17 жасқа дейінгі балаларға арналды. Алайда Кеңес үкіметінің алғашқы қаулы-қарарлары Атыраудың шетел интервенциясы мен ішкі контрреволюциялық күштердің қолында қалуына байланысты бірден іске аcпады. Сондықтан Атырау ревкомы бір жағынан құрылған халық ағарту бөлімі екінші жағынан үкімет пен партияның қабылдаған қарарларын жүзеге асыру ойымен 1920 жылы 17 ақпанда барлық мектеп меңгерушілері мен мұғалімдерге жаңа міндет жүктеді. Онда ер балалармен қыз балаларды бірге оқыту, балалардың оқуын еңбекпен ұштастыру, ер балаларды ағаш ұстасы мамандығына, ал қыз балаларға үй жұмысына қажетті мамандықтарға, демек, тігін, тамақ дайындау қолөнер мамандықтарға үйретуге, діни кітаптарды оқытпауға, кітапханалардағы діни ағымдағы жазылған оқулықтарды жоюға, оқушылар арасында ойын –сауық жұмыстарын жиі жүргізіп, оған өздерін кеңінен қатынастыруға негіздеді. Дегенмен Атырауда халық ағарту ісін жүзеге асыру оңайға түспеді. Қала мен уездегі 70 мектептің 46-ы қаражаттың аздығынан, мектеп үйлері мен отынның жоқтығынан, оқу құралдары (әсіресе оқулықтар) мен педагог кадрлардың тапшылығынан, азамат соғысы зардабы салдарынан жабылып қалды. 1921 жылы 3227 оқушыны қамтыған 65 мектеп ұйымдасты. Атырау қаласының өзінен мектеп саны 2190 оқушыны қамтыған 11 мектепке жетті. Оның біреуі екінші басқыштық, екеуі бірінші басқыштық қазақ мектептері болды. Мектептерді жабдықтау мемлекет, жергілікті ұйымдар және еңбекшілер жинаған қаражатпен қамтамасыз етілді. Әйтседе халық ағарту ісіне жасаған алғашқы қадамға 1921 жылы сәуір және желтоқсан айларында Атырауда жасалған контрреволюциялық төңкерістер көп кедергі келтірді. Мектеп үйлері қызыл әскерлер жататын жатақханаға, тамақ ішетін асханаға, жиын өткізетін штабқа айналды. Осының салдарынан көптеген мектептер жабылып, Атырау уезінде, қалада бар болғаны 11 мектеп қалды. Контрреволюциялық күштерге қарсы күресте мұғалімдерді қызыл әскерлер қатарына алды, олардың біразы жау қолынан қаза тапты. Жаулар мектеп үйлерін өртеді, оқу құрал жабдықтарын жойды. Панасыз балалар қатары көбейді. Қаладағы екі балалар үйі жабылды. Атырау қаласында жұмыс жасаған мектептердің өздері де отын, оқу құралдары жоқтығынан бірнеше күн жасамады. 1921 жылғы берілген есепте, қалада «бірде-бір оқулық жоқ, балалар үйінде букварь болмағандықтан тек азбуканы ғана қоймай оқытудамыз» делінген. Контрреволюциялық күштерді талқандағаннан кейін халық ағарту ісі қайта қолға алынды. 1921 жылы Атырау ревкомы халық ағарту ісін әдейі мәселе етіп қарап, қалада «мектеп қызметкерлері үшін дайындық курсын ашуға» қаулы алды. Курсқа қатысқандар барлық көлденең қоғамдық жұмыстардан босатылды. Сол жылы 15 маусымда және 8 тамызда Атырау уездік-қалалық атқару комитеті жаңа мектеп құрылысын салу үшін 110 ат-көлік, 165 жұмысшыларды мобилизациялауға шешім алып, мектептерді керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктеді. Халық ағарту жұмысын жақсарту мақсатында 1922 жылғы 13 қарашадағы Атырау аткомының отырысы, жергілікті жердің жағдайын жақсы білетін атком мүшесі, әрі жауыпты хатшысы С.Мамбетовты халық ағарту бөлімі меңгерушісі етіп тағайындады. 1922-23 оқу жылында Атырау қаласында 992 баланы қамтыған 8 бірінші басқыштық, бір екінші басқыштық мектеп жұмыс істеп, онда 29 ұстаз сабақ берді. Қалада мұнан басқа 225 панасыз баланы қамтыған 5 балалар үйі (детдом) жұмыс жасап, оның үшеуі халық ағарту бөлімі қаражатымен, қалған екеуін мұнайшылар мен балықшылар қамқорлыққа алды. Атырауда мұнан басқа сауатсыздықты оқытатын арнаулы мектептер, курстар, пунктер ашылды. Осы жылы қала мен уезд көлемінде 41 пункт ашылып, онда 2200 ересек адам оқыды. Атырау мен Доссорда нұсқаушылар даярлайтын арнаулы курстар ашылды. 1925 жылы өлкеде 20 сауатсыздық жою мектебі жұмыс істеді. 1927 жылы сауатсыз және шала сауаттылар санының азаюына байланысты қалада тек жеті сауат ашатын мектеп болды. Ал 1930 жылы қалада сауатсыздықты жою негізінен шешілуге жақындады. Дегенмен ауыл, селодан қалаға көшпелі қазақтардың көп көшіп келіп қоныстануы, олардың арасында сауатсыздықтардың көп болуы, сауатсыз, шала сауатты мектептерді жоюға мүмкіндік бермеді. 1936 жылы қалада әлі де 2546 адам сауатсыздар және шала сауаттылар мектебінде оқыды. 1927-28 оқу жылында 186 мұғалім мамандығын арттырды. Оның 101 қазақ, 73 орыс, 12 басқа ұлт өкілдері, 8-нің жоғары білімі, 53 орта білімі бар болатын. Қазіргі Атырау педагогика учелищесі өз тарихын 1929 жылдан бастайды. Алғашқы құрылғанда ол Гурьев педагогикалық техникумы аталынған болса, кейіннен 1937 жылдан бастап Атырау педагогика училищесі болып қайта құрылды. Атырау педагогика училищесі 1958 жылы жабылып, кейін бірнеше жыл үзілістен соң қайта ашылды. Атыраудағы бұл арнаулы орта білім орласы облыс мектептері үшін маман мұғалім кадрларын даярлауда ерекше рөл атқарды. 1929-1935 жыл аралығында педтехникумның алғашқы директоры болып Н. Нұржігітов қызмет етті. Ол алғашқы педагогикалық оқу орнының қалыптасу және дамуына елеулі еңбек сіңірді. Атырау педагогтық техникумының ашылуы ВКП(б) Орталық Комитетінің 1930 жылғы 25 шілдедегі жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру қаулысымен сай келді. ## Кеңес Одағы тұсында 1938 жылғы 12 ақпанда облыстық атқару комитеті, сонымен бірге облыстық халық ағарту бөлімі құрылды. Бақсай, Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Теңіз, Индер, Маңғыстау аудандары Гурьев облысына қарады. Жергілікті жерлерде шебер ұстаздар өсіп жетілді. Солардың ішінде Аманғали Асыләлиев, Хамидолла Нәубетов, Хамза Санбаев, Қазмағамбет Қарашин, Мұқанғазы Сиранов, Зұлқарнай Шәкіліков, Масат Құрманғазиев, Жұмабай Мырзағалиев, Қабижан Абақанов, Сабыр Қазыбаев, Жанаш Нұрмақанов, Ораз Сарғұнанов, Нұр Құсайынов, Біржан Қанатбаев, Шоқан Қаржауов т. б. бар еді. Қабылданған және бұрынғы жылдары жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыстағы білім беру жүйесі өзінің барлық бағыттары, яғни отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім беру, орта арнаулы білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім — кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім беру салалары қалыптасып дамыды. Жалпы білім беретін мектептер жүйесі бойынша облыста 6 бастауыш, 28 орталау және 144 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді, оларда 105400 бала мен жасөспірімдер білім алған. Жастарды өндірістен қол үзбей оқыту үшін облыста 2 кешкі мектеп ашылған, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің жанынан 11 сынып жұмыс істеген. Оларда халық шаруашылығында жұмыс істейтін 1065 жеткіншек өз білімдерін көтерген. Қоғамдық тәрбиені дамытуға интернат мекемелері үлес косып, облыстағы 8 жалпы білім беретін мектеп-интернат және 23 жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда 3548 бала тәрбиеленген, олардың ішінде облыстық жетім және жартылай жетім балалар, ата-аналарының бағуынан тыс қалған балалар үшін интернаттар да бар. Ақыл-ойы не дене мүшесі кем, жалпы білім беретін мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ оқушылар үшін арнаулы мектептер ұйымдастырылған. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің жанынан тілі кеміс балаларға және нашар еститін, нашар көретін балаларға арналған жеті топ ашылған. 1987/ 88 оқу жылынан бастап облыс мектептерінде пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге аса бастады. Алғаш рет ғылым негіздерін саралап оқыту Атырау қаласының мектептерінде физика-математика, қазақ, орыс тілдерінен небәрі 19 сыныпта жүзеге асырылды. ## Тәуелсіздік жылдары Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысы білім беру саласы дамып, мектептер саны өсті, егер 1991 жылы облыста 153 мектеп болған болса, осы жылдар ішінде 41 жаңа мектеп ашылып, мектептер саны 194 бірлік құрады. 90-жылдардағы оңтайландыру кезеңінен кейін 251 мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 80-і ғана қалған болса, қазіргі таңда олардың саны – 303, оның ішінде 164 – бала бақша, 139 – шағын орталық. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 56,9%-ды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 85,1%-ды құрайды, ал 90-жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 49,8% және 42,5% құрады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағыты аясында облыста 29 жекеменшік балабақша, 7 шағын орталық, 1 «мектеп-балабақша» кешені ашылды.1991 жылы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс жасаса, 2000 жылдан бастап 8 оқу орны ашылып, бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беруді 25 колледж жүзеге асырады. Тәуелсіздік алғаннан бері дарынды балаларды қолдау және оларға жағдай жасау мақсатында аймағымызда жаңа типтік үлгідегі білім беру ұйымдары: 7 мамандандырылған интернаттық мекемесі бар облыстық мектеп, 11 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 1 лицей ашылды. Мектепке дейінгі балалар мекемелері жеті бағдарламамен жұмыс жасайды: ақыл-ойды дамыту (халық тәрбиесін беру, компьютерде оқыту, шет тілін ерте оқыту, қызықты математика), эстетикалық, адамгершілік, еңбек, экологиялық тәрбие бағыттары жүзеге асырылады. Облыстағы дарынды балаларға арналған эксперименттік мектеп-интернат ұлттық гимназияға айналдырылды. Ұлттық гимназия Құрманғазы ауданының орталығында, жексенбілік мектептер Мақат ауданының Мақат кентінде, Қызылқоға ауданының Мұқыр аулында ашылды. Облыстық ұлттық гимназия 1990/91 оқу жылынан бастап тәжірибе мектеп-интернаты болып шаңырақ көтерді. Мектепте оқу үш бағдарлама (гуманитарлық, физика-математика, химия-биология) бойынша ұйымдастырылған. Алғаш рет облыс көлемінде араб тілін оқыту жүзеге асырылды. Мектепте этнография сабағының жүруіне байланысты облыстық мұражаймен, филармониямен бірігіп сабақтар өткізу, көркемөнерпаздар сайысына қатысу жүзеге асып отырды. Қалауы бойынша шәкірттер арнаулы курстарға қатысып, білімдерін тереңдетіп отырады. Оның бірі -«Абайтану» курсы. Мектеп түлектері жыл басында келісім-шарт жасалған жоғары оқу орындарына мектеп бітіру емтиханының қорытындысымен қабылданып отырды. 1999/ 2000 оқу жылында 137 мектептің 7166 оқушыны қамтыған 362 сыныбында 13 түрлі ғылым негіздері тереңдете оқытылады. 1992/93 оқу жылынан бастап облыстық политехникалық бағытгағы Ж. Досмұхамедов атындағы лицей, ағылшын тілін терендетіп оқытатын Атырау қалалық техникалық гимназиясы жылма- жыл математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерін жетік меңгерген түлектер дайындап шығарады. 1999 ж. маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, облыс көлеміндегі халық сирек қоныстанған елді мекендерде шағын мектептерді ашу жүзеге аса бастады. 1999 ж. Қызылқоға ауданы Соркөл елді мекенінде бастауыш, Жаңа Миялы аулында негізгі мектеп, Исатай ауданы Жасқайрат аулында бастауыш мектептері ашылды. Облыста мектептердің жаңа түрлерін құруға соңғы жылдарда көп көңіл бөлінді. 1999/2000 оқу жылында облыста 4 лицей, 5 гимназия және өнерге бейім балаларды тәрбиелейтін Кіші өнер академиясы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істейді. 1998 ж. облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушысы Шортабаев Алпамыс математика пәнінен халықаралық олимпиадада 3-орынды жеңіп алып, қола медальмен марапатталды. 1999 ж. Республикалық олимпиадаға қатысқан 16 оқушының төртеуі жүлделі орындарға ие болды. Жаңа тұрпатты мектептердің шәкірттері оқушылардың Республикалық ғылыми-практикалық жарыстарына қатынасып, жүлделі орындар алды. Атырау қалалық техникалық гимназиясының 10-сынып оқушысы Искаков Эльдардың палеонтология ғылымы саласы бойынша ғылыми жұмысы 1999 ж. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда 1-дәрежелі дипломды иеленді. Атырау қалалык №17 мектеп-лицейінің оқушылары халықаралық «Ақыл-ой одиссеясы» сайысында жеңіске жетіп, Америка Құрама Штаттарына арнайы жолдамамен барып қайтты. 1998 ж. орта мектепті 1 оқушы «Алтын белгімен» бітірсе, 1999 ж. «Алтын белгі» иелерінің саны 5-ке жетті. 1996/97 оқу жылынан бастап облыс мектептерінде «Жастар жетістігі» халықаралық қорының қолдауымен «Қолданбалы экономика» пәні қолға алынып, ол 144 орта мектепте оқытылады. Облыс мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда халықаралық «Сорос- Қазақстан» қорының бағдарламасы нәтижелі қолданылып келеді. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі бойынша облыста 25 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 17-і мемлекеттік, 8-і жекеменшік. Колледждердегі жалпы студенттер саны - 15696. Кадрларды даярлау 74 мамандық 145 біліктілік бойынша жүргізілуде. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 8505 адам (54,1%) оқиды, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 4030 адам, орта буын мамандықтары бойынша 4475 адам. Облыс бойынша 15 кәсіптік оқу орнында 21 мамандық бойынша дуальдық оқыту жүйесі енгізілді. 70 кәсіпорынмен 100 келісімшарт (екіжақты, үшжақты) жасалды. 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасының жүзеге асырылуына байланысты 10 оқу орынында жұмысшы мамандықтары бойынша республикалық бюджеттен тегін кәсіптік оқыту ұйымдастырылып келеді. Қазіргі кезде аталған жоба бойынша 500 студент білім алуда. Жекеменшік нысандағы 3 оқу орнына 235 студент үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Теңізшевройл ЖСШ демеушілігімен Атырау энергетика және құрылыс колледжіне 100 орындық жатақхана құрылысы басталды. 2020 жылдың 10 –қаңтардағы мәлімет бойынша Облыстың білім беру саласында 201 балабақша, 129 мектепке дейінгі шағын орталық, 196 орта мектеп, 5 жекеменшік мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (оның ішінде 8 – мемлекеттік емес), 3 арнайы түзету білім беру ұйымы, 45 қосымша білім беру ұйымы, 1 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 7 түзету кабинеті, 1 аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы, 1 облыстық әдістемелік орталығы жұмыс жасайды. ## Мектептері ## Балабақшалары Атырау қаласы (47) * "Бұлбұл", "Шағала", "Шолпан" балабақшалары * №1 "Сәби әлемі", №2 "Ақ сұңқар", №3 "Қарлығаш", №4 "Бәйтерек", №5 "Аққу", №6 "Гүлдер", №7 "Күншуақ", №9 "Әлия", №10 "Құлыншақ", №11 "Таңшолпан", №12 "Үміт", №13 "Балапан", №14 "Нұрай", №15 "Балбөбек", №16 "Дюймовочка", №17, №18 "Балдырған", №19 "Шұғыла", №21 "Алтын кілт", №22 "Еркетай", №23 "Ынтымақ", №24 "Бақытты балалық шақ", №25 "Еркемай", №26 "Жұлдыз", №27 "Ақбота", №28 "Алмагүл", №29 "Нұрсая", №30 Жұмбақ", №32 "Мөлдір", №33 "Көркемай", №34 "Нұрбөбек", №35 "Балақай", №36 "Нұрәлем", №37 "Болашақ", №38 "Аққайың", №39 "Ақ көгершін", №43 "Арман", №48 "Родничок", №54 "Айгүл", №55 "Жадыра", №59 "Ақбөбек" балабақшалары"Шағала", №2 "Ақ сұңқар", №11 "Таңшолпан", №29 "Нұрсая" балабақшаларының филиалдары * "Шағала", №2 "Ақ сұңқар", №11 "Таңшолпан", №29 "Нұрсая" балабақшаларының филиалдары * №8 "Ақбота" санаторлық балабақшасы * №20 "Алтын балық" арнайы балабақшасы Жылыой ауданы (19) * Айгөлек, Аққайың, Анашым, Әйгерім, Әсем, Балапан, Гүлдәурен, Еркем-ай, Жауқазын, Құлыншақ, Өркен, Салтанат, Мейірім, Балдырған, Шапағат, Балауса, Балдәурен, Ақбөбек, Бәйшешек балабақшаларыАйгөлек, Аққайың, Әсем, Өркен балабақшаларының филиалдары * Айгөлек, Аққайың, Әсем, Өркен балабақшаларының филиалдары Индер ауданы (11) * Айналайын, Балдәурен, Ботақан, Райхан, Қызғалдақ, Балапан, Қарлығаш, Болашақ, Гүлдәурен, Балбөбек, Жауқазын балабақшалары Исатай ауданы (12) * Балдырған, Бәйтерек, Қарлығаш, Нұршуақ, Өркен, Балбөбек, Ақбота, Нарын, Балдәурен, Құлыншақ, Айжұлдыз, Аққу балабақшалары Құрманғазы ауданы (23) * Айбөбек, Балауса, Балбөбек, Мерей, Нұршуақ, Өркен, Сүйіндік, Бүлдіршін, Айгөлек, Айжан, Ақтоты, Нұрсәт, Әйгерім, Асылай, Боташым, Жұлдыз-ай, Айсамал, Нұрай, Нұрбөбек, Гаухар, Балдырған, Ақтолқын, Ақмарал балабақшалары Қызылқоға ауданы (12) * Балдырған, Жасұлан, Нұр-Шуақ, Қарлығаш, Жауқазын, Жазира, Қызғалдақ, Өрімтал, Балбөбек, Ақбота, Балауса, Алтын кілт балабақшалары Мақат ауданы (8) * №54, Балбөбек, Болашақ, Нұрбөбек, Ботақан, Қарлығаш, Сандуғаш балабақшаларыБотақан балабақшасының филиалы * Ботақан балабақшасының филиалы * Шапағат шипажай балабақшасы * Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені Махамбет ауданы (16) * Алтын-ай, Алтын балық, Жауқазын, Қызғалдақ, Нұршуақ, Жас дәурен, Балбөбек, Көктем гүлі, Райхан гүлі, Бүлдіршін, Балдырған, Айналайын, Арай, Айгүл, Балақай, Қарлығаш балабақшалары ## Дереккөздер
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (ППУ) — Павлодар қаласындағы мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орны. ## Тарихы Павлодар педагогикалық институты (ППИ) 1962 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Қарамағында төрт аудиториясы болды, бір жылдай №3 мектептің төртінші қабатында сабақ жүргізді. Тарих-филология және физика-математика факультеттерінде 150 адам оқыды. Сабақты 14 оқытушы жүргізді. Қабылданған студенттердің 50 пайызында екі жылдан астам еңбек өтілі болды. Басқа жерлерден келген студенттер жеке пәтерлерде, №3 мектептің ескі ғимаратында тұрды. 1964 жылдың жазында алғашқы жатақхана салынды. 1964-1965 оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Жаратылыстану» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Сол жылы студенттердің саны 284 адамға дейін өсті, 23 оқытушы оқытты. Бос лауазымдарға өткізілген бірінші конкурстан 6 ғылым кандидаты өтті, оның бесеуі доцент еді. Атап айтсақ, олар: ф.ғ.к., доцент И. П. Белоусов, вет. ғ.к., доцент А. Т. Шиянов, фил. ғ.к., доцент А. Г. Митрошкина, т.ғ.к., доцент М. И. Блох. 1963 жылы физика-математика факультетінің биология және химия бөлімінің базасында (студенттер контингентінің көбеюіне байланысты) дене тәрбиесі бөлімі бар химия-биология факультеті ашылды. Даярланған жастарды тарту мақсатында ППИ жанында дайындық курстары ашылып, оған 137 тыңдаушы жиналды. Олардың көбі машина жасау зауытының, ҚБ-2, ҚБ-2 жұмысшы жастары, балабақшалардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері болатын. Оқу үдерісінің маңызды бөлігі студенттердің педагогикалық және далалық тәжірибе жұмыстары болды. Педагогикалық тәжірибе қаланың № 3, 7, 11, 18, 23 мектептерінде өткізілді. Әр оқытушыға кеңес беру, бақылау және басшылық жасау үшін бірнеше академиялық топ бекітілді. Сондай-ақ студенттер мектептерде пионер вожатыйлары, сынып жетекшілерінің көмекшілері, әртүрлі үйірмелердің жетекшілері болып практикадан өтті. Сонымен қатар, студенттер практикадан Павлодар облысының пионер лагерлерінде де өтті. Химия-биология факультеті студенттерінің оқу-далалық практикадан облыс кеңшарларындағы егіншілік жұмыстарымен және еңбек сауықтыру лагеріндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Дала практикасы Алтай, Баянауыл секілді әртүрлі климатты зоналарда 42 күнге дейін жалғасты. ППИ қызметінің басты басымдылығы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. Мәселен, ҒЗЖ және СҒЗЖ жаңа нысандары белсенді түрде енгізілді, бірқатар кешендік және шартты-шарушылық жұмыстары жүргізілді, институттың профессор-оқытушылар құрамы ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарын жоспарға сай қорғады. (О.З.Зикрин, З.П.Щербинко, А.М.Даткаев және т.б.). ППИ ғылыми-зерттеу жұмысының жандануы Ертіс өңірінің өзекті проблемаларымен айналысқан химия-биология факультетінде ғалымдардың паразитология мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Олар: «Гельминты домашних животных Павлодарской области», «Циркуляция возбудителей описторхоза, трихинеллеза и многокамерного эхинококкоза в Среднем Прииртышье» (И. И. Гуславский, З. И. Обухова, С. П. Хавкин, А. И. Батькаев және т.б.) мектептері болатын. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері, эпидемиологтар, медик-паразитологтар үшін гельминтоздарды сақтандыру бойынша практикалық ұсынымдар жасалды. Математика кафедрасындағы ғылыми жұмыс «Единство обучения и воспитания в процессе преподавания математики» тақырыбы бойынша жұмыс жасаған Г. М. Мұқанов, Т. Қ. Шаяхметов, Л. И. Турчинский, М. И. Шаталина сияқты аға оқытушылардың қызметтерімен тығыз байланысты болды. Элементарлық математика кафедрасының аға оқытушысы М. И. Шаталина «О математическом активе класса» мәселесін зерттеумен айналысты. Осы мақсатпен №3 орта мектептің 9 сыныбында математикалық топ құрылды. Жұмыс математика пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс дайындықтың байланысын айқындады. Сонымен, 1968 жылы М. И. Шаталинаның «Развитие интереса, самостоятельного творческого мышления и инициативы при обучении математике в средней школе» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы талдаудың, көркем шеберліктің, әдеби шығармалардың тарихи маңыздылығының, оларды зерттеу әдістемесінің проблемаларын зерттеумен тікелей байланыста өріс алды. Павлодар облысы мен Павлодар қаласының мектептерінде бағдарламалық оқытуды енгізу ППИ кафедралары мен аймақ мұғалімдерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Ғылыми қалыптасу өз жалғасын тапты. Зерттеу ғылыми-педагогикалық, ғылыми-қолданбалы және әдістемелік сипаттағы тақырыптарда дайындалды. Оның 40-қа жуық пайызын оқытушылар құрамы еңбек еткен топ 41 ғылыми тақырыпты зерттеді. Кафедралар жанында ғылыми зерттеу үйірмелері ұйымдастырылды, отырыстарда баяндамалар, таңдаулы тақырыптар бойынша рефераттар тыңдалды, проблемалық мәселелер бойынша әдебиеттер жаңалықтары зерттелді. Ғылыми-зерттеу жұмысының 42% дейін студент жастар қамтылды. Жоғары оқу орнында ішкі ғылыми конференциялар өткізілді. Ең алғашқы ғылыми конференция «Социализмнен коммунизмге өту жағдайындағы ұлттық қарым-қатынастың дамуына» арналды. Конференцияда т.ғ.к. Г. И. Боранқұлов, аға оқытушы А. Н. Грицков, оқытушы В. И. Лобанов және Р. М. Гейгер баяндамалар жасап, сөз сөйледі. Сонымен қатар, кадр мәселелері де уақытында шешімін тауып отырды. Ғылыми жұмыстың нәтижесінде ППИ-де алғашқы даярлықтан өткен жас мамандармен оқытушылар қатары толықтырыла бастады. Осы үдеріске республикалық және одақтық министрліктермен біріге отырып өткізілген жоғары оқу орнының оқытушыларын арнаулы аспирантураға оқытуға басым бағыт беру саясаты көмектесті. «Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы» Заңының жүзеге асуы ППИ ұжымын «Педагогикалық білім университетін» ұйымдастыруға көмектесті, бұл арқылы педагогиалық білім таратылды, оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша өзара тәжірибемен алмасу қамтамасыз етілді. Жоғары оқу орнының қалыптасуы кезінде студенттерді тәрбиелеу жұмысының әдістері мен тиімді нысандарын белсенді іздестіру жүргізілді, тәрбие үдерісін басқарудың негізі қаланды. Ректораттың, деканаттардың, кафедралардың, сонымен қатар партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының жұмыстары негізінен ұйымдастыру мәселелерін шешуге және оқу мен тәрбие үдерістерін жүзеге асыруға бағытталды. Тәрбие жұмысы институттың партия бюросымен бекітілген жоспар негізінде жүргізілді. Әсіресе тәрбиенің негізгі бағыттары маркстік-лениндік теорияны зерттеу, саяси-тәрбие мен мәдени-көпшілік жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие беру, студенттерге арнап өткізілген спорттық-бұқаралық ғылыми жұмыстар жатақханалардағы ұйымдастырылған әртүрлі жұмыстар институттың облыспен және қала ұйымдарымен байланысын қалыптастыруға әсерін тигізді. Жалпы институттық жоспардың негізінде факультеттердегі, кафедралардағы, академиялық топтардағы тәрбие жұмысы жүргізілді. Оған оқытушылар мен институт қызметкерлерінің саяси оқулары енгізілді. Дәрістік-насихат жұмысы, мәдени-бұқаралық шаралар, баспа және радио жұмысы, бұқаралық-саяси және спорттық-бұқаралық жұмыстар, қала тұрғындары мен оқушыларының арасындағы үгіт-бұқаралық іс-шаралар қолға алынды. Оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тәрбиелеудің маңызды бөлігі саяси ағарту жұмысы болып есептелді. Студенттік топтардың саяси хабарламашылары үшін марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушылары (Г.И.Боранқұлов, Е.П.Дерягин, К.Р.Рахымбердинов, М.В.Вальянов) жүргізген консультациялар өз нәтижесін берді. Оған Еуропа, Латын Америкасы, Қытай Халық Республикасының саяси жағдайының проблемалары жөніндегі тақырыптар енгізілді. Оқытушылардың саяси білімін жетілдіру үшін теориялық семинарлар өткізілді. Марксизм-ленинизмді зерттеу бойынша семинарды марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы В.И.Грошев, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) тарихын зерттеу жұмысын А.А.Рояк басқарды. Сондай-ақ ППИ-дің комсомол комитетімен Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (БЛКЖО) тарихын зерттеу ұйымдастырылды. Құрамы 17 оқытушы мен 21 студенттен тұратын лекторлық топ қала кәсіпорындары мен облыс аудандарында жұмыс істеді. Халықаралық жағдай, КСРО және коммунистік партияның тарихы, сөйлеу мәдениеті туралы, жас кеңес адамының бейнесі, Олимпиадалық ойындардың тарихы жөнінде дәрістер оқылды. Сондай-ақ «Мәдениет университеті» жұмыс істеді. (жетекшісі Ю. А. Адаменко), оның негізгі мақсаты студентердің тереңдету, болашақ мұғалімдердің ой-өрісін кеңейту, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Бүкілодақтық радионың радиокоментаторы М. Горбулинмен, Павлодар ақындары О.Афанасьевпен, В. Семерьяновпен, С. Музалевскиймен, М. Динерштейнмен, композитор В. Ширинкинмен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің тұрақты тыңдаушыларының саны жыл сайын 300-ден астам адамды құрады. Өз күштерімен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі таныла бастады. Студенттердің көпшілігінің қатысуымен хор, драма, вокал үйірмелері жұмыс істеді. Үйірменің дамуына көркемдік жетекшісі ретінде педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Сафонов сүбелі үлес қосты. Институттың өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерінің қалыптасып дамуына оқытушылар Ю. А. Адаменко, О. Қ. Жармакин, Г. И. Кирш, Э. Н. Неверова, Е. Е. Солтан, С. М. Хавкин, студенттер Н. Маркин, М. Барац және т.б. көмек қолын созды. Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері факультеттерде конкурстарды, кештерді өткізді, үгіт-мәдени бригадаларын жинақтады, үйірмелердің жұмысын бақылады. Олар облыстық және қалалық кәсіпорындарға, кеңшарлар мен ұжымшарларға барып, концерт ұйымдастырды. Институттың эстрадалық квартеті Павлодар телестудиясының жастар бағдарламасында ән шырқады, филология факультетінің деканы Г.И.Кирштің жетекшілігімен қойылған «Юность отцов» пьесасы С.М.Киров атындағы ұжымшарда өзеншілер клубында қойылды. Үгіт-мәдени бригадасы «Педагог бол!» ұраны аясында Павлодар-Қашыр аралығында үш күндік веломарафонын өткізді. Ол егін егі науқаны кезінде «Для тех, кто в поле» атты концерттік бағдарламамен Краснокутск ауданы тұрғындарының алдында концерт қойды. ППИ-дің көркемөнерпаздар үйірмесінің шеберлігі күн санап арта түсті. Ұжымдардың қалалық байқауында институт 1- орынға және «Нам 48, будет 50, затем исполнится нам 200 лет и 300, но, как маяк, останется в веках великая Держава коммунистов!» (1966) монтажы үшін ауыспалы кубокқа ие болды. Келесі жылында да «Широка страна моя родная» монтажы үшін кубок институтта қалды, би және эстрада ұжымдары конкурс лауреаттары атанды, басқа жанрларда орындалған 10 нөмір жеке орындарға ие болды. Қалаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, оған деген оң көзқарасын қалыптастыру және озат педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында студенттер мен елімізге еңбегі сіңген ұстаздар Е.М.Кассацкая, А.А.Овсянникова, О.Ф.Семенова, Т.И.Васильева және тағы басқалармен кездесулер өткізілді. Студенттер үлгерімі нашар балалармен, пионер вожатыйларымен, сынып жетекшілерімен, көмекшілерімен, сондай-ақ милицияның балалар бөлмелерінде, мектептердегі пионер және комсомол ұйымының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қалалық комсомол комитетінің штаттан тыс нұсқаушыларымен, аула клубтарындағы, спорт нұсқаушыларымен жұмыс жасады. Қоғамдық жұмысты атқару дағдысы мен тиімділігіне ие болуға қоғамдық мамандықтар факультеті көмектесті (ҚМФ), әр жылдарда ҚМФ декандары болып С. Я. Улицкий, А. Г. Гайнанов, Ю. А. Адаменко қызмет етті. ҚМФ-да қоғамдық мамандықты 1226 студент (1970) алды. Сонымен қатар «Педагогикалық білім университеті» жұмыс істеді (жетекшісі педагогика кафедрасының меңгерушісі В. П. Харитонов), ал тыңдаушылары — қала мектептерінің ата-аналары. Дәстүрлі шараларды өткізу бір арнаға түсе бастады. Мысалы, «Бірінші курс студенттеріне» арналған факультет кештері, мерейтойларға және еске алу күндеріне орай тақырыптық кештер өткізілді. Жазушылар мен композиторлардың (В.Шекспир, Т.Шевченко, М.Лермонтов, П.Васильев, Вс.Иванов, С.Есенин, композитор Л.Ван Бетховен) өмірі мен шығармашылықтарына, Павлодар қаласы ақындарына арналған кештер де жиі ұйымдастырылды. Топтарда мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің проблемалары және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері бойынша пікірталастар, әңгімелер жүргізілді. Институт өмірі қабырға газеттерінің беттерінде көрсетілді. «Педагог» атты жалпы институттық, факультеттік – «Филолог», «РИЛЛОТ», «Крылатая юность» атты қабырға газеттері шықты. Факультеттерде, жатақханада «найзағайлар», «әскери парақтар» шығарылды. Жоғары оқу орны туралы хабарлар радиогазетте тұрақты шықты, радиоклуб жұмыс істеді (жетекшілері оқытушы — А. В. Михеев, студент Ю. Куготенко). Сол кездегі факультеттердің өмірін баяндайтын фотовитриналар, фотомонтаждар, «бір сағаттық фоторепортаждар» танымал хабарларға айналды. Жатақхана төрағалары А.Прокопенко, Д.Альтергот студенттердің өзін-өзі басқару органы - студенттер кеңесін құрды. Студенттер кеңесі үздік жатақхананы анықтау мақсатында байқау жариялады, жатақханада тұру ережелерін дайындады. Апта сайын сұрақ-жауап ретіндегі тақырыптық кештер, пікірталастар, дәрістер, атақты адамдармен кездесулер, «кафедралар апталары», әңгімелер, адамгершілік-этикалық тақырыптарға арналған баяндамалар мен музыкалық, поэзиялық және КТК кештері өткізілді. Павлодар облысы студенттер жатақханаларының байқауы қорытындысы бойынша №2 жатақхана жеңімпаз атанып, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Студенттердің дене шынықтыруын жетілдіру үшін спорт секциялары құрылды, спорт клубтары ұйымдастырылды, олимпиадалар, спартакиадалар өткізілді. Бір жылда 45 спортшы-разрядшы даярланды. Институт командалары «Молодой целинник» газетінің жүлдесіне арналған қалалық эстафетада, қалалық шаңғы жарысынжа жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің 25 пайызы спорт секцияларында шұғылданды. Агробиологиялық станса жанында (Черноярка аулы) еңбек спорт-сауықтыру лагері құрылды. Мұнда дене тәрбиесі факультетінің студенттері оқу-жаттықтыру жиындарына тартылды, дала практикасына химия-биология және басқа факультеттердің студенттері қатысты. Негізгі жұмысты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А.С.Куц, В.А.Бородихин, В.А.Лыткин, И.З.Калугин жүргізді. Олар спорт секцияларының жұмысын ұйымдастырды, жүзуге үйрету бойынша сабақтарын өткізді, спартакиадаларды басқарды, бір күндік және көп күндік туристік саяхаттарға қатысты. Қамқорлық көмек көрсету шегінде студенттер мен оқытушылар «Чернояр» совхоздағы мектеп үшін футбол алаңы, жеңілатлетикалық секторлары, баскетбол және волейбол алаңдары бар спорт кешенін салды. Спорттық-бұқаралық жұмыстың спорттық, туристік секцияларына балық аулау және аңшылық, денсаулық топтарына институт оқытушылары да қатысты. Институт біріншілігіне тұрақты қатысу мақсатында волейбол, баскетбол, шахмат, бадминтон бойынша оқытушылар командалары құрылды. Қысқы спорт ойындары түрлері бойынша қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін ППИ спортклубы Павлодар аткомының және қала дене тәрбиесі және спорт комитетінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. ППИ-дің шаңғышылар командасы жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанның 3 жүлдегері атанды. «Буревестник» республикалық жарыстарында ППИ спортұжымы волейболдан 1-ші орынды, шаңғыдан 3-ші орынды, жеңіл атлетикадан 5-ші орынды, қол добы бойынша 6-ші орынды иеленді. Студенттік жастар арасындағы республикалық ойындарда Чекмарева (шаңғы), А.Ни (гимнастика), Барабаш, В.Барганников (коньки), В.Пономарев В., В.Попов В (жеңіл атлетика), Ю.Яковлев, К.Түйлықбеков (классикалық күрес) жүлделі орындардан көрінді. Студент В.Барганников юниорлар арасындағы КСРО біріншілігінде жүлдегер атанды және халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты. Еңбек тәрбиесі студенттік құрылыс отрядтары (СҚО), пионер вожатыйы жұмыстары арқылы, пионер лагерлеріндегі спорт нұсқаушыларымен, оқу-жаттықтыру жиындарында жүзеге асырылды. ППИ студенттері Павлодар облысының совхоздарында мал қораларын, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, жылыжайларды, кірпіш зауыттарын, механикалық токтарды, моншаларды, балабақшаларын салуда жұмыс жасады. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін көптеген студенттер сыйлықақылар, мақтау қағаздарын, аудандық комсомол комитеттерінің алғысхаттарын алды. «Қоскөл» совхозында орналасқан ППИ отряды әртүрлі оқу орындарының 14 отряды арасындағы жарысда 1-ші орынға ие болып, ауданның ауыспалы туын жеңіп алды. Ауыл мектебіне көмек көрсету айлықтарында барлық совхоздарда мектеп шеберханалары салынды, мектептерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, спорт алаңдары жаңадан жабдықталды. СҚО-ның жұмыс істеген кезеңінде барлық совхоздарда демалыс кештері, футбол, волейбол бойынша жолдастық кездесулер өткізілді, жергілікті жерлерде тұрғындарға дәрістер оқылды. СҚО отрядтарына «тәрбиеленуі қиын» оқушылар мен жасөспірімдер қатысты. ## Әнұраны Сөзін жазған: Мұхит ЖақсылықұлыӘнін жазған: Қайырбек Сәтиев ## Факультеттері * Филология факультетіҚазақстан және шетелдер тарихы кафедрасыЭкономика, құқық және философия кафедрасыОрыс тілі және әдебиеті кафедрасыҚазақ тілі және әдебиеті кафедрасыШет тілдері кафедрасы * Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы * Экономика, құқық және философия кафедрасы * Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы * Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы * Шет тілдері кафедрасы * Жаратылыстану және математика факультетіЖалпы биология кафедрасыАнатомия, физиология және дефектология кафедрасыГеография және химия кафедрасыИнформатика кафедрасыМатематика және физика кафедрасыКәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасыДене тәрбиесі кафедрасы * Жалпы биология кафедрасы * Анатомия, физиология және дефектология кафедрасы * География және химия кафедрасы * Информатика кафедрасы * Математика және физика кафедрасы * Кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Дене тәрбиесі кафедрасы * Педагогика және спорт факультетіМектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасыПедагогика кафедрасыПсихология кафедрасыМузыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасыАлғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы * Педагогика кафедрасы * Психология кафедрасы * Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы * Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы ## Тағы қараңыз * Павлодар * Педагогика * Институт ## Дереккөздер
Атырау облысында спорт инфрақұрылымы қарқынды дамытылуда. Атыраудан Токиодағы Олимпиадаға елдің құрама командасының мүшесі ретінде ескек есу бойынша спорт шебері А. Круглов қатысты. Олимпиадалық ойындарға қатысушы тағы бір атыраулық боксшы Б. Теміров та әлемдік, еуропалық сайыстарға қатысып, үш дүркін КСРО чемпионы болды. ## Облыс спорты Ел біріншілігінде Атырау балуандары ойдағыдай нәтижелерге жетті. Еркін күрес бойынша Қазақстанның тұңғыш атыраулық чемпионы Ж. Ысқақов боды. «Прикаспиец» футбол командасының жігіттері КСРО біріншілігінің 2-лигасында өз ойын өрнегімен танылса, «Шағала» командасының футболшы қыздары ТМД елдерінің біріншілігінде жоғары топта өнер көрсетті. Атыраудың байдарка спортының тарихы тереңде жатыр. Бұл спорт түрі осы өңірден басталған. Атырау ескекшілері Д. Савин, А. Сафарян, С. Сергеев — Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, КСРО біріншілігінің жүлдегерлері және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Облыс қоржынына Ниджат Рахимов тұңғыш рет Олимпиада алтынын салса, Арман Шылманов 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері. Сәния Махамбетова самбо және дзюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті. Қазір Қазақстан құрама командасының мүшесі. Соңғы жылдары облыста спорттың ұлттық түрлері кең қанат жаюда. Мәселен, тоғыз-құмалақ бойынша жарыста облыстың кұрама командасы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, бірқатар халықаралык және республикалық турнирлерде бірінші орынды иеленді. Он екі ойыншының тоғыз-құмалақ бойынша Қазақстанның «спорт шебері» деген атағы бар. Б. Теміров, Д. Савин — Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағының иегерлері. Облыста қайық есу, бокс, футбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, үстел үстіндегі теннис, шахмат, волейбол кең тараған. Спорттың аталған және басқа да түрлері бойынша облыстық, қалалық, аудандық жарыстар мен турнирлер, облыстағы таңдаулы спортшылардың қатысуымен ауылдық спартакиадалар, ұлттық ойындар бойынша сайыстар, спорт фестивалі, жұмысшылар спартакиадасы, кәсіпорындар мен ұжымдардағы дене шынықтыру бәсекесі сияқты бұқаралық спорт шаралары ұдайы өткізіліп тұрады. ## Қазақстан құрамасы сапындағы спортшылар Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Әлем және Азия чемпионаттарына қатысып, 9 спортшы – Әлем чемпионы, 12 спортшы – Азия чемпионы, 14 спортшы Әлем кубогінің иегері, 61 спортшы – Әлем және Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Джакарта (Индонезия) қаласында жазғы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 4 спортшы сынға түсті. Белбеу күресінен – 3 спортшы, таеквондодан – 1 спортшы қатысып, таеквондодан Дениз Жансель күміс жүлдеге ие болды. Атыраулық спортшылар Азия Пара ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медальға ие болды. Отырып ойнау волейболы командасы қола жүлдегері атанды. Ұлттық құрама сапында 8 спортшы сынға түсті. Дзюдодан жекелей сында Дәулет Теміржан қола жүлдеге ие болды. Дзюдошылар тағы бір қола медальді командалық сында еншіледі. Командалық сында Ануар Сариев, Темірболат Ташекенов және Дәулет Теміржан үздік үштіктен көрінді. Жүзу спорты бойынша Дмитрий Ли 5 бірдей медаль жеңіп алды. Ол 400 метрде еркін әдіспен жүзуде алтын, 100 метрде еркін әдіспен және 200 метрде кешенді жүзуде күміс медаль, 50 метрде еркін әдіспен жүзуде және 100 метрде баттерфляй әдісімен қола жүлде иеленді. Ержан Сәлімгереев 50 және 100 метрде еркін әдіспен жүзуде жеңімпаз атанды. Аргентинаның Бэнос-Айрес қаласында ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасы өтті. Карате спортынан Батырғали Әбілмансұр жекелей сында қола жүлдеге ие болды. Облыс спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта 22-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 47-Қазақстан Республикасының спорт шебері,155-Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер дайындалды. ## Жаттықтырушылар мен төрешілер Әр кезеңде Атырау намысын қорғаған белгілі спортшылар және өңірде спорт түрлерінің қалыптасуына еңбек сіңірген спортшылар мен төрешілер: * К. Айдаралиев, спорт шеберінен үміткер, шахматшы; * Безелюк, спорт шебері, семсерлесуші; * В. Власов, спорт шеберінен үміткер, республиканын 1961 жылғы чемпионы, * О. Загорко, футболшы; * Г. Загорко, спорт шебері, «Спартак» қоғамының чемпионы, ескекші; * О. Закаблучный, спорт шебері, ескекші; * А. Зелетдинов, 1961 жылғы құрама командаға енген, футболшы; * В. Калмыков, кейін жаттықтырушы, футболшы; * А. Карпов, республиканың 1961 жылғы чемпионы, футболшы; * Л. Костерина, спорт шеберінен үміткер, жеңіл атлетикашы; * А. Круглов, халықаралық спорт шебері, ескекші; * А.Шылманов таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері. * Сәния Махамбетова, халықаралық спорт шебері, дзюдошы; * Н. Приданова, спорт шебері, баскетболшы; * Д. Савин, халықаралық спорт шебері, ескекші; * Б. Теміров, халықаралық спорт шебері, боксшы; * А. Фенев, спорт шеберінен үміткер, штангашы; * Г. Хохлачев, футболшы; * А. Шаховой, спорт шебері, баскетболшы; * Ж. Ысқақов, спорт шебері, еркін күрестен Орта Азия мен Қазақстан чемпионы. Республикалық дәрежедегі төрешілер: Ж. Айтбаев (бокс); М. Бузбанов, еңбек сіңірген жаттықтырушы (ескек есу); М. Буянов (хоккей); Ю. Загорко (ескек); К. Иманғазиев (футбол); Э. Николаева (ескек), А. Плетнев (ескек); А. Хван (ескек); Ю. Шлыков (баскетбол). ## Спорт клубтары «Атырау» футбол командасы -республика чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2001 және 2002 жылдар), 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері. «Бейбарыс» хоккей клубы -төрт дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019). «Атырау» волейбол командасы -2003 және 2006 жылғы еліміздің чемпионы. 4 рет Қазақстан кубогының иегері - 2000, 2009, 2010, 2015 «Атырау Барыстары» баскетбол командасы -Қазақстан біріншілігінің 2-рет алтын (2010/2011, 2015-2016), 7-дүркін күміс жүлдегері. (011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020 ## Спорт нысандары Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионы. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні бар. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК) әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды. Атырау мұз айдынында коньки теуіп, дем алуға мүмкіндіктер қарастырылған, хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Мұз айдынының жалпы көлемі 6 мың шаршы метрді құрайтын болады. Ғимараттың негізгі бөлігінде ауқымы 61 де 30 шаршы метрге жететін 800 көрерменге арналған зал және мұз айдыны орналасты. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. Мамандардың айтуынша, теннис корты халықаралық үлгідегі құрылыс талаптарына сай келеді. Орталықтың ашық аумағында корттан бөлек шағын футболға арналған алаң мен жаттығу үшін жүгіретін жол салынған. Қазіргі таңда облыс орталығы Атырау қаласында футбол манежі құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Бас жобалаушы мердігер - НИИТЭП (Институт Жилья) жауапкершілігі шектеулі серіптестігі. ## Дереккөздер
* Жарсай – Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Жарсай ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Жарсай – Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Өтек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Елді мекендер: * Қарағанды – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл. * Қарағанды – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл. * Қарағанды – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл. * Қарағанды – қала, Қарағанды облысының орталығы. Өзендер: * Қарағанды – Жаман Сарысу алабындағы өзен. * Қарағанды – Қаракеңгір алабындағы өзен. * Қарағанды – Ойыл алабындағы өзен. * Қарағанды – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен. Басқа мағыналар: * Қарағанды – Аққұмының батысындағы төбе (тау).
Алматы әкімдігінің ғимараты — Алматы қаласында орналасқан әкімшілік құрылым. Іргетасы 1973 жылы қаланған ғимарат 1980 жылы аяқталған. Бұған дейін Қазақстан Коммунистік партиясы Комитетінің және Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы ретінде қолданылған. ## Тарихы 1970 жылдары «Алма-Атагипрогор» институты Қазақ АКСР-нің астанасы Алматының жаңа жоспарын жасауға кірісті. Қала орталығын Абай көшесінен Байсейітова көшесіне көшіру арқылы жаңа әкімшілік ғимарат салу туралы шешім қабылданды. Ұсынылған жоспарлардың ішінде 25 жастағы Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтақаевтың жобасы қабылданып, 1973 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған. 1980 жылы салынып біткен ғимаратты 1991 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті, ал 1991 мен 1994 жылдар аралығы Қазақстан Президенті қолданған. 1999 жылдың ортасынан бері Алматы әкімдігінің ғимараты боп қолданылып келген. 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары кезінде наразылық білдірушілер өрт салғанда ғимарат толығымен өртеніп, жарамсыз болып қалды. Ғимаратқа үлкен залал тигендіктен жөндеу жұмыстары басталды. Бастапқыда қалпына келтіру жұмыстары шамамен 5-6 айға созылады деп хабарланды. Алайда кейінірек жөндеу жұмыстары 2023 жылғы Наурыз мейрамыда аяқталады деп жарияланды. ## Техникалық сипаттамалар Ғимарат жеті қабаттан тұрады және кеуексаз бетон қабырғалық панельдері бар құрама темірбетоннан жасалған конструкция. Ғимараттың сырты Маңғыстаулық әктас пен мәрмәрден қаптаған. 1982 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласының атқару комитетінің шешіміне сәйкес ғимаратқа ескерткіш мәртебесі берілді. 2012 жылы жылу жүйесі мен электр инфрақұрылымы жаңартылды. ## Дереккөздер
Ананиаш Зайончковский (12.11.1903, Литва, Вильнюс – 6.4.1970, Италия, Рим) – поляк зерттеушісі, түркітанушы, шығыстанушы. Поляк Ғылым Академиясының академигі (1952), Варшава университетінің профессоры (1935). Ұлты – қарайым. Краков университетін бітірген (1929). Сол жылы түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы жөнінде докторлық диссертация қорғады. 1932–39 жылдары «Мысль Караимска», 1952–70 жылдары «Пшеглонд Ориенталистычны» журналдарының редакторы және поляк академиялық «Рочник Ориенталистычны» жылнамасының бас редакторы болған. Түрік, араб, иран тілдерінен дәріс берген. Варшава, Вроцлав университеттерінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі болды. Зайончковский – қарайым, осман, хазар, иран тілдері мен көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі жайындағы 300-ден астам еңбектің авторы. Түркітану ғылымының қыпшақтану саласының қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Поляк, француз, орыс тілдерінде жазған. Негізгі еңбектері мәмлүк қыпшақтары тіліндегі әдеби ескерткіштерді («Булғат ал-муштақ», «Ат-туһфат-уз-закийа…», «Шаһнаме», «Хұсрау уа Шырын», «Мұқаддима», т. б.) зерттеуге арналған. Дүние жүзінің көптеген ғылым қоғамдары мен университеттері (Түркия, Финляндия, Германия, Грузия, т. б.) Зайончковскийді өздерінің толық және құрметті мүшесі, докторы етіп сайлады. Бұрынғы кеңес түркітанушыларымен бірігіп «Қарайымша-полякша-орысша сөздікті» құрастыруға қатысты. ## Дереккөздер
Атырауда үш облыстық — «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Ар-Честь», бір қалалық «Ақ Жайық» және жеті аудандық - «Кең Жылыой» (Жылыой ауданы), «Мақат тынысы» (Мақат), «Серпер» (Құрманғазы), «Жайық шұғыласы» (Махамбет), «Дендер» (Индер), « Қызылқоға » (Қызылқоға), «Нарын таңы» (Исатай ауданы) газеттері шығады. ## Тарихы Облыстың мерзімді баспасөз тарихы 20- жылдардан бастау алады. Ұлт тіліндегі басылымдардың тұңғыш саны 1923 жылдың 1 сәуірінен шыға бастаған «Ерік» (қазіргі «Атырау») газеті. 1920 жылғы наурызда «Трудовая правда» атты газет (қазіргі «Прикаспийская коммуна») шығарыла бастады. 30-жылдардан бастап аудандық газеттер өмірге келді. Олардың облыстағы алғашқылары: 1930, 1933, 1934 ж. жарық көрген Теңіз (Құрманғазы) аудандық «Балықшылар үні» («Серпер»), Жылыой аудандық «Социалды ауыл» («Кең Жылыой»), Индер аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» («Дендер») газеттері. 20-30-жылдары өлкедегі баспасөз беттерінде сауатсыздықты жою, мектептер ашу, отырықшылық тұрмыс салтына ауысу, әйел теңдігі сияқты өз кезеңінің көптеген маңызды мәселелері көтерілді. Жаңадан мұнай кәсіпшіліктерінің ашылуы, жұмысшы кенттерінің дүниеге келуі, екпінді құрылыстар хақында хабарлар басылды. Отан соғысы, одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдерінде облыс баспасөзі халықты жеңіске үндеп, еңбек майданында табысқа жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Мұнайлы Ембіде және Маңғыстау өңірінде жаңа кен орындарының қатарға қосылуы, темір жолдардың, мұнай, газ құбырларының тартылуы, балық өнеркәсібінің дамуы, мал шаруашылығының науқанды жұмыстары газет беттерінде кеңінен көрініс тауып отырды. Алғашқы кезеңдерде-ақ облыстық, аудандық газеттер өз төңіректеріне ауыл және жұмысшы тілшілерін топтастырып, соларға арқа сүйеді. Сол жылдары облыс баспасөзінде маман журналистер аз еді. Сонымен қатар өткен кезеңдердегі әміршілдік-әкімшілдік жүйенің үстемдігі, коммунистік партияның бірыңғай өктем билігі барлық жердегідей облыс баспасөзіне өз ықпалын тигізбей қоймады. Газеттердің мазмұн-бағыты бірсыпыра реттерде белгілі шеңберден көп ауытқымай, қолғанаттық қызмет сипатында болды. Газет беттерінде озат тәжірибені, жетістіктерді дәріптеу, социалистік жарыс барысын көрсету басымдау жүргізілді. 80-жылдардың 2-жартысынан, облыстағы барлық буындағы газеттер өмір құбылыстарын талдап, барлаңқырап қарауға бағыт ұстады, ұжымдардың, кадрлардың қызметіне, оқиғаларға дұрыс, сын тұрғысында баға беруге елеулі бетбұрыс жасады. Партия комитеттерінің тарауына байланысты Атырау облыстық газеттері де қоғамдық- саяси басылымдарға айналып, өздері тең құрылтайшы болды. Көптеген газеттердің бұрынғы аттары өзгертіліп, халық бұқарасына етене жақын, жергілікті жерге бейім, өңірдің өзіндік ерекшелігін білдіретін атаулар қойыла бастады. Ақпарат құралдарының еркіндік алуы жаңа басылымдарға жол ашты. «Атырау» газетінің әдеби-тарихи серігі ретінде «Ата- мекен», облыстық Қазақ тілі қоғамының үні «Мұра», Мәдениет басқармасының «Көкжиек» сияқты тәуелсіз басылымдар өмірге келді. ## Тәуелсіздік жылдары Тоталитарлық жүйенің ыдырап, республиканың тәуелсіздік алуы Атыраудың мерзімді басылымдарының да тақырыбы мен стилінің жаңаруына ықпал етті. Есеп, хабарлама сипатындағы, даңғаза сарындағы материалдар азайды, олардың орнына журналистердің, авторлардың өзіндік көзқарасын білдіретін, оқырмандармен ортақ ой бөлісу тұрғысындағы әңгімелесулері басым көріне бастады. Облыстық, көптеген аудандық газеттер империялық үстемдік тұсында аяқасты болған қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді қалпына келтіру, өткен тарихты байыппен ой елегінен өткізіп қайта қарау, халық бостандығы мен азаттығы жолында арпалысып, өмір кешкен қаһарман ұлдарды дәріптеу, ұлттық сананы ояту сияқты арнайы тақырыптарды өзек етті. Рухани дүниеге, мәдени игіліктерге ден қойылды. Пікір алуандығы мен көп партиялылық жағдайында әр түрлі көзқарасты білдіретін материалдарға орын беріле бастады. «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде, облыстық теледидар мен радио хабарларында экономиканың өзекті мәселелері, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу, еркін бағанын енуі, меншікті мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, адамдарды әлеуметтік қолдау сияқты күрделі жайлар әр алуан жанрлар арқылы көтеріліп отырды. Облыстық, Жылыой, Мақат аудандық газеттерінің журналистері әлемге әйгілі Теңіз кен орнының ашылып, игерілуін, шетелдің іскер топтарының, әсіресе Американың «Шеврон» корпорациясының келуін, бірлескен кәсіпорындар, еркін экономикалық аймақ құру мәселелерін назарда ұстайды. Облыс баспасөзі экология, қоршаған ортаны қорғау, Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарының қызметін тоқтату, Каспий мен Ақжайықтың балық қорын сақтау, ауыл шаруашылығын жеке игілікке алудың ерекшеліктері, малшы тұрмысын көтеру мәселелерін ұдайы қойып отырады. Әсіресе «Қазақстанкаспийшельф» корпорациясының Каспийде мұнай мен газға геофизикалык іздестіру жұмыстарын жүргізуіне, «ОКИОК» компаниясының теңіз қайраңына бұрғы түсіруіне орай әр қилы, тіптен бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге кең орын беріледі. Барлық басылымдарда да негізінен жоғары білімді журналистер қызмет істейді. Облыстық, Мақат, Қызылқоға аудандық газеттері және көп таралымды газеттер Атыраудағы «Ақ Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік баспаханасында басылады. Басқа аудандардың бәрінде де өз баспаханалары бар. ## Аудан газеттері «Кең Жылыой» - Жылыой ауданындағы қоғамдық-саяси газет. Алғаш саны «Социалды ауыл» деген атпен 1933 ж. шыға бастады. 1941-92 ж. газет «Социалистік ауыл», «Коммунизмге алға», «Ембі» деген атпен шығып келді. 1992 жылдан «Кең Жылыой» атанды. Тұңғыш редакторы - Төлеген Мұхамбетов. «Мақат тынысы» - Мақат аудандық газеті. Алғашқы саны 1937 жылдың қыркүйек айында «Жұмыскер» деген атпен шыға бастады. Одан кейін «Социалистік Ембі», 1966 ж. біраз үзілістен соң «Мұнайшы» деген атпен, оқырмандарымен қайта табысты. Газеттің тұңғыш редакторы Қ.Берікқұлақов болды. «Серпер» - Құрманғазы аудандық газеті. Облыстың аудандық газеттері арасында алғаш жарық көрген басылым. Алғашқы саны «Балықшылар үні» деген атпен 1930 жылы 10 қазанда шықты. 1945 жылдың 1 қаңтарынан «Социалистік жол», 1963 жылдан «Ленин жолы», кейін «Кеңес үні», 1994 жылдан «Серпер». Газеттің алғашқы редакторы - Шайдолла Молдабеков. «Жайық шұғыласы» - Махамбет аудандық қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны 1941 жылы 19-наурызда «Ленин жолы» деген атпен жарық көрді. Бұған облыста тұңғыш құрылған «Бақсай» кеңшарында (осы аудан аумағында) 30-жылдар ортасында шығып тұрған «Қой шаруашылығы» деп аталатын көп тиражды газет негіз болған. 1963 жылы «Малды өңір» деген атпен қайта шықты, 1978 жылдан «Жайық шұғыласы» деген атпен шығып келеді. Бірінші редакторы Мақсот Жалмұхатов. «Дендер» - Индер аудандық газеті. 1934 жылдан «Социалистік мал шаруашылығы», 1958—94 ж. газет «Коммунизм туы», «Индер», 1994 жылдан «Дендер» болып шыға бастады. Газеттің алғаш редакторы («Социалистік мал шаруашылығы») - Ғ. Аманғалиев. «Қызылқоға» - Қызылқоға аудандық газеті. Газеттің тұңғыш саны 1953 жылдың 31 қаңтарында оқырмандардың қолына тиді. «Сталин туы» деген атпен аптасына бір рет, екі бет болып шыққан газет арада өткен жылдары «Социалды еңбек», «Коммунизм туы» аталды. 1989 жылдан бері «Қызылқоға» деген атауға ие. Алғашқы редактор Әлімбай Жанғазиев. «Нарын таңы» - Исатай аудандық газеті. Алғашқы саны «Малшылар үні» деген атпен 1953 ж. 18 ақпанда жарық көрді. Новобогат (Исатай) ауданының осы кезең ішінде таратылып, қайта құрылуына байланысты газет те бірнеше рет жұмысын тоқтатты. 1991 жылдың 1 қаңтарынан «Нарын таңы» газеті тұрақты шыға бастады.Алғашқы жылдарда газетке Т. Сатқанбаев, М. Шәріпов, кейінірек Қ. Батыров басшы болды. ## Атырау облысы бойынша тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары ## Дереккөздер
Әліпова Сәлима Базарғалиқызы (1 мамыр 1931 - 5 қараша 2010) - құрылысшы-тас қалаушы. Социалистік Еңбек Ері (1971) ## Өмірбаян Әліпова Сәлима 1931 жылы 1 мамырда Гурьев қаласында дүниеге келген. Руы Шеркеш бөлімі Сақау, Кіші Жүз. Ұлы Отан соғысы жылдарында әкесі Базарғали майданда қаза тапты, одан кейін майданға кеткен оның ағасы Қуанғали (1922-1942) кіші лейтенант, зеңбіректік есеп командирі Можайск түбіндегі ұрыста қаза тапты. Осыған байланысты Сәлима 6 сыныпты бітіріп, жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның еңбек қызметі 14 жасында басталды, 1945 жылы КСРО Мұнай өнеркәсібі Наркоматының мемлекеттік одақтық геофизикалық тресінің қазақстандық бөліміне жұмысшы болып түсті. 1950 жылдан бастап Гурьев қаласындағы "Казнефтестрой" трестінде әр түрлі жұмысшы қызметтерін атқарды. 1960 жылдан бастап Гурьев қаласындағы "Гурьевнефтехимстрой" тресінің №3 Құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы болып жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін №3 Құрылыс-монтаж басқармасында жұмыс істеді. Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер. ## Еңбек жолдары Гурьев қаласында өз қолымен тұрғын үйлер, әлеуметтік, мәдени, сондай- ақ көптеген өнеркәсіптік ғимараттары салынды. Атап айтқанда, ол Қазақ КСР химия өнеркәсібінің алғашқы өкілі - Гурьев химия зауытының құрылысына өз үлесін қосты. Химия зауыты, педагогикалық институт, мұнай және табиғи тұздар химиясы институты, медучилище сияқты объектілердің іргетасына алғашқы тастарды өз қолымен салды, АМӨЗ цехтарын кеңейтуде, Гурьеврыбпром және тағы басқа объектілерде жұмыс істеді Құрылысшының бай тәжірибесін жас мамандарға беріп, оларға тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар өз еңбегі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Көптеген жұмыс жолын жаңа бастаған құрылысшыларға құрылыс ісін үйретеді. Өнімділікті арттыруға ықпал ететін озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастырудың барлық қырлары туралы ол өзінің тәрбиелеу мектебінде айтып берді. Мұның бәрі: өзінің ерекше жұмыс әдістері: кірпішті төсеу, растворды пайдалану арқасында сақталған қосымша минуттар мен секундтар, хронометраж арқылы тіркелді және кеңес уақытында шығарылған озық тәжірибе парақтарында егжей-тегжейлі сипатталған. ## Қоғамдық қызметі Гурьев облыстық және Гурьев қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты, "Гурьевнефтехимстрой" трестінің партия комитетінің мүшесі болып сайланды. Кәсіподақтар съездерінің делегаты ## Отбасы Әкесі Базарғали Әліпов (1896-1942) 1942 жылы 20 қаңтарда Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1942 жылдың наурыз айында майданда із-түссіз жоғалып кетті. Анасы - Әліпова Жұмажан. Жолдасы - Тәжмағанбетов Қизатолла (1926-1984), Гурьев облысы Есбол ауданында дүниеге келген. Отбасында ұш қыз, төрт ұл дүниеге келген: Төлеген, Рысты, Мақсот, Марат, Эльвира, Мұрат, Жанна. ## Марапаттары мен атақтары КСРО және ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен, ордендер мен медальдарымен марапатталған. Жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Құрмет Кітабына енгізілді. Сәлима Әліпованың жеті жылдық жоспарының қорытындысы бойынша 1966 жылдың 11 тамызында, күрделі құрылыстағы жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1970 жылы "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі және "Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалімен марапатталған 1970 жылы 27 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен өндірістік қуаттарды, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді салу және іске қосу жөніндегі бес жылдық жоспардың (1966-1970) тапсырмаларын орындаудағы аса зор жетістіктері үшін Сәлима Әлиповаға Ленин ордені мен "Орақ пен Балға" алтын медалі табыс етіліп, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді Және “Материнская слава” (1972) орденімен, Еңбек ардагері медалімен марапатталған. 2005 жылғы 1 желтоқсанда қалалық мәслихаттың шешімімен Атырау қаласының құрметті азаматы атағы берілді. 2010 жылғы 3 желтоқсанда облыстық мәслихаттың шешімімен Атырау облысының құрметті азаматы атағы берілді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Алипова Салима, Ел қаһармандары  (орыс.)
"Ғасырдың 100 кітабы" (фр. Les cent livres du siècle) - француз сатушысы Фнак (Fnac) және Париждің Le Monde газеті 1999 жылдың көктемінде жүргізген сауалнама бойынша ХХ ғасырдағы ең есте қалған жүз кітаптың тізімі. Сауалнама кітап дүкендері мен журналистер жасаған 200 кітаптың алдын-ала тізімінен басталып, 17000 француз дауыс берушілері "Сіздің есіңізде қандай кітаптар қалды?" (Quels livres sont restés dans votre mémoire?) - деген сұраққа жауап береді. Бұл тізімге классикалық романдар да, көркем әдебиет те (J Р Р Толкиен, Агата Кристи, А. С. Дойль), сонымен қатар поэзия, драма және реал әдебиет (Фрейдтің зерттеулері және Анна Франктың күнделігі) енген. Сондай-ақ, тізімде комик кітаптар да, мысалы мына бес франкофон сериясының әрқайсысынан бір альбом: Астерикс, Тинтин, Корто Мальтезе, Блейк пен Мортимер және Гастон бар. Тізімдегі француз романдарының көптігі сауалнама жүргізілген топтың демографиясына байланысты болған. (Сол секілді, ағылшын тіліндегі дереккөздермен салыстырылатын тізімдер, мысалы, 1998 жылы шыққан біріне "Замана кітапханасы" басқармасы, ал екіншісіне оқырмандар жауап берген "Замана кітапхананың 100 үздік романы" атты екі тізімде Британдық және Американдық авторлар көп кездеседі. Замана кітапхананың бұл екі тізіміне бейағылшын тіліндегі жұмыстар ұсынылмаған болатын.) ## Тізім Ескерту: алғашқы басылымның тілі автордың негізгі тілі болмауы да мүмкін. ## Қосымша мәлімет * Bokklubben әлем кітапханасы (Норвегия) * Нобель әдебиет сыйлығы лаореаттары тізімі (Швеция) – қамтыды: Камю, Steinbeck, Hemingway, Beckett, Sartre, Solzhenitsyn, Gide, García Márquez, Faulkner, Mauriac, Mann, Pirandello, Böll, Lagerlöf, Le Clézio, and Perse * Франция академиясының бас жүлдесін иелеушілер тізімі (Франция) – қамтыды: de Saint-Exupéry, Cohen, Mauriac, Bernanos, and Tournier * Prix Goncourt сыйлығын иелеушілер тізімі (Франция) – қамтыды: Proust, Malraux, de Beauvoir, Tournier, Gracq, and Duras * Prix Renaudot сыйлығын иелеушілер тізімі (Франция) – қамтыды: Céline, Perec, Aragon, Le Clézio, and Beigbeder * Prix mondial Cino Del Duca сыйлығын иелеушілер тізімі (Франция) – қамтыды: Kundera, Borges, Kadare, and Styron * Prix Médicis сыйлығын иелеушілер (Франция) – қамтыды: Eco, Perec, and Kundera * Әдебиет Pulitzer сыйлығын иелеушілер тізімі (АҚШ) – қамтыды: Steinbeck, Hemingway, Faulkner, Mitchell, and Styron * Neustadt халықаралық әдебиет сыйлығын иелеушілер тізімі (АҚШ) – қамтыды: García Márquez * Еуропалық әдебиет марапатын иелеушілер тізімі (Австрия) – қамтыды: de Beauvoir, Eco, Ionesco, Kundera, Duras, and Rushdie * Jerusalem әдебиет сыйлығын иелеушілер тізімі (Израиль) – қамтыды: de Beauvoir, Ionesco, Kundera, Borges, and Kadare * Strega сыйлығын иелеушілер тізімі (Италия) – қамтыды: Eco, Buzzati, Moravia, and Levi * Австрия Князьнің сыйлығын иелеушілер тізімі (Испания) – қамтыды: Kadare * Сервантес сыйлығын иелеушілер тізімі (Испания) – қамтыды BorgesБатыс әлемінің ұлы кітаптары * Батыс әлемінің ұлы кітаптары * Замана кітапханасының 100 әйгілі әңгімесі (АҚШ) – ағылшынша жарияланған еңбектер * TIME'ның 100 әйгілі әңгімелер тізімі (АҚШ) – ағыдщынша жарияланған еңбектер * Жойқын оқу (Ұлыбритания) ## Дереккөздер
Әдебиет тарихы — Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті тарихын зерттейтін алғашқы күрделі еңбегі. Ол кітапты 1925 жылы Ленинград университетінде оқып жүргенде жазып бітіріп, 1927 жылы Қызылордада бастырады. Оны оқу құралы ретінде мектептерде қолдануға ұсынған. Кітап кіріспе мен жеті бөлімнен тұрады: * Сыршылдық салт өлеңдері, * Батырлар әңгімесі (Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар мен Алпамыс туралы), * Ел поэмалары (Қозы Көрпеш және Баян, Қыз Жібек туралы), * Тарихи өлеңдер (Исатай-Махамбет, Бекет батыр туралы), * Ертегі, * Айтыс өлеңдер, * XVIII-XIX ғасыр ақындары. ## Сілтемелер * 20 томдық шығармалар жинағы: 16-шы том
Атырау елінің өнер дәстүрлері ертеде қалыптаскан, ол уақыт өткен сайын шыңдалып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Мұнда арттарына өлместей сөз, әділдікке, адамгершілікке баулитын өнегелі өсиет қалдырған ақындар, әншілер, күйшілер, бишілер, дана билер, шешендер өмір сүрген. ## Әдебиеті Ұрпақтан-ұрпаққа әулие ретінде, аңызға айналған Асан Қайғы асқан ақындықпен қатар үлкен ойшыл, дарынды саяси қайраткер болды, сондықтан оны Керей, Жәнібек хандар азуы алты қарыс би етіп үнемі жанында ұстады. Еділ мен Жайықты барша қазақтың бір шетіндегі қос қанаты санайтын халқымыз сынды атыраулықтар Еділ топырағында жаралып, -Ұлытауда жерленген Асан Қайғыны бөліп-жармай өз бабасы, ақыны, өз алыбы санайды. Қазтуған Сүйінішұлы - Нарын құмында туған, 15 ғ-да өмір сүрген жырау. Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Есет би, Махамбет, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы (1830-1870), Нұрым Шыршығұлұлы (1831—1908), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) т. б. - Еділ мен Жайық, Ойыл мен Қиыл, Жем мен Сағыз атырабының ақындары. Ығылман Шөрекұлы 19 ғ-дағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің тарихынан «Исатай— Махамбет» атты дастан жазды. Бұл ақындардың дәстүрлерін жалғастырған Бала Ораз Өтебайұлы (1837-1937), Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876- 1966), Сұраубай Үттібайұлы (1887—1970), Құмар Жүсіпов (1905-1980) болды. Бұл ақындардың ерекшеліктері — бәрі де суырып салма, сөз тапқырлығы, бірқатарының (Бала Ораз, Хиса т. б.) ақындығы мен сазгерлігінің әншілігімен бірдей болуында. Олардың барлығы дерлік дәстүрлі өнер айтысына белсене қатысқан, шығармашылықтарының басым көпшілігін айтыс үстінде шығарған ақындар. Атыраудың түлектері Әбу Сәрсенбаевтың, Хамит Ерғалиевтың, Ғабдол Слановтың, Зейнолла Қабдоловтың туындыларын ерекше айтуға болады. Олардың ізін ала халық ілтипатына ие болған жазушыларӘбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин, Қабиболла Сыдиықұлы, Зейнолла Серікқалиев, Мағзом Сүндетов, Есенжол Домбаев, Әнес Сараев, Нәбиден Әбуталиев, Дүйсеңбек Қанатбаев, Марат Отарәлиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұралы Әжіғалиевтар болды. Бұлармен қатар драматург-жазушы Берік Корқытов, ақындар Жәрдем Тоғашев, Аманқос Ершуов, Қадыр Жүсіпов, Сансызбай Охасов, Өтепберген Әлімгереевті атаған жөн. Айтыс өнерінің бел ортасында Жанаш Нұрмұханов, Сембай Бердімұратов, Дүйсенғали Ғұмаров, Қисым Ғұмаров, Тұрар Құрманғалиев, Жәниба Қарасаева, Күләш Нәбиева, Қабижан Сағиев, Тементай Әділханов, Жолдығали Бақытов, Уәлидолла Ізекенов, Сансызбай Базарбаев, Ибраһим Жақиев, Мәжит Мұхтаров т. б. бар. Соңғы жылдары көптеген айтыс ақындары: К. Жолаев, Ж. Өтеуғалиев, М. Саркенжиев, Қ. Дәулетов, А. Есенғалиев, С. Исахаев, Ш. Қабиев, А. Отаралиев, Р. Ақниязова. Р. Бекқалиева көпшілікке белгілі бола бастады. Отан соғысы аяқталысымен майдангер ақын Әбу Сәрсенбаев «Ақша бұлттар» атты әйгілі өлең кітабын ұсынды. Ол 40-жылдар межесі үшін әдебиеттегі ерекше құбылыс болып бағаланды. Мұнымен бірге ақын «Ұлым туралы ой», «Аяқталмаған дастан» атты поэмаларын, 50-жылдары «Толқында туғаңдар» атты романын ұсынды. Ақын Хамит Ерғалиев бұл жылдары ерекше шығармашылық танытты. Ол «Әке сыры», «Жас ана», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Үлкен жолдың үстінде», «Құрманғазы» поэмалары сияқты туындыларын жазды. Жазушы Ғабдол Сланов Гурьев мұнайшыларының еңбегін суреттейтін «Жанартау» романын, соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін көрсететін «Кең өріс» повесін қайтадан толықтырып, «Шалқар» романына айналдырды. Сонымен бірге «Домбыра күйі — Ақиық», «Қызбел» повестері жарық көрді. Кейінен Зейнолла Қабдолов қосылды. Ол университетте оқып жүріпақ алғашқы туындылары — өлендері мен очеркгерін жариялады. Оның «Серт» атты алғашқы әңгімесі 1947 ж. жарық көрген болатын. Қазір халық арасына кең тараған Әбілахат Еспаевтың «Жайық қызы» әйгілі әнінің өлеңін жазды. «Өмір ұшқыны» повесін жариялады. Қазір Зейнолла Қабдолов -«Жанр сыры», «Арна», «Жебе», «Көзқарас», «Сөз өнері» т. б. кітаптармен бірге «Жалын», «Менің Әуезовім» секілді күрделі романдардың авторы. 50-жылдары Берік Қорқытов, Түмен Балтасов, Есенғали Бөкенбаев, Сәттіғұл Жанғабылов, Құмар Жүсіпов, Сәду Қайырлапов, Диар Жолаев, Мұрат Өскенбаев, Сұраубай Үттібаев, Мақсұт Неталиев, Уәйіс Қайырлапов, Жұмаш Нақбаев, Жәрдем Тоғашев, Сембай Бердімұратов, Жанаш Нұрмұханов, Рахмет Иманғалиев, Марат Ысқақов т. б. өздерінің шығармаларымен көріне бастады. Бұрынырақта «Қырымның қырық батырын» толғаған Сеңгірбекұлы Мұрын жырау үлгісімен көне жырларды өз орындауына енгізіп, халық арасында насихаттаған ақындардың қатарына Сүгір Бегендіков, Сәттіғұл Жанғабылов, Құмар Жүсіпов, Сәду Қайырлапов, Мұрат Өскенбаев, Сұраубай Үтгібаевтарды жатқызуға болады. Ел ақындарының ірі туындысы Уәйіс Қайырлаповтың «Ақбөбек» атты тарихи дастаны. Бұл дастан болған оқиға негізінде Қайып пен Ақбөбек атты ғашықтардың талайлы-тағдырын жырға арқау еткен. Кейіннен автор драматург Берік Қорқытовпен біріге отырып, «Ақбөбекті» пьесаға айналдырып, оған екінші өмір берді. ## Өнері Атырау өлкесі ежелден ән мен жырдың, күйдің өлкесі. Құрманғазының, Түркештің, Динаның, Дәулеткерейдің, Сейтектің күйлері атадан балаға мұра.1937 жылдың қыркүйек айы күйші Дина Нұрпейісова Құрманғазының «Қайран шешем» күйімен есте қалды. Содан кейін «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Төремұрат», «Ақжелең» күйлері орындалды. Сөйтіп, Құрманғазы шәкірті Дина 76-ға қараған жасында бүкіл қазақ халқына әйгілі болып, оның сүйіктісіне айналды. Ол халық аспаптарында орындаушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық I конкурсына қатысты. Д. Нұрпейісова қазақ халқының домбырашылық өнерін насихаттауда көп еңбек етті. 1938 ж. үкімет «Қазақ өнеріне еңбек сінірген қайраткер» деген атақ берді. Ол екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сазгер Қазақстанның 20 жылдығына арнап, «Той бастар», «Ана бұйрығы» туындыларын дүниеге келтірді. Өлке өнерінде ерекше орны бар адам — Смағұл Көшекбаев (1904-1945). Смағұл - Динаның сазгерлік және күйшілік өнерін танытудағы бірден-бір себепкер болған адам. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, 1945 ж. майданда қаза тапты. Аз өмірінде артына музыкалық елеулі мұра қалдырды. Оның «Ботагөз», «Жаз», «Май гүлі», «Біздің ән», «Жазғы кеш», «Партия туралы ән», «Дауыл», «Сағыныш», «Бригада жыры», «Біз келеміз» және тағы басқа ән-романстары бар. Сонымен бірге оның «Сейтек» атты либреттосы 30-жылдардың аяғында сахнаға шығарылды. 1934 ж. қазақтың ұлт-аспаптар оркестрі ұйымдасқаннан кейін халық арасындағы өнерпаздарды және халық күйлері мен әндерін жинау қолға алынды. Бұған Ерғали Ещанов, Мұрат Өскенбаев, Бақтияр Құбайжанов үлес қосты. Олар Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Абылдың, Өскенбайдың, Сейтектің, Құлшардың, Түркештің және т. б. күйшілердің классикалық күйлерін насихаттады. Қазақстан Республикасының халық артистері, киноактер Нұрмұхан Жантөрин, биші Гүлжан Талпақова, күйшілер Бақыт Қарабалина, Қаршыға Ахмедяров, Әзидолла Есқалиев, әнші Ғафиз Есімов, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов, күйші Айгүл Үлкенбаева — Атыраудан шыққан таланттар. ### Мәдени клубтар 1920-30 ж. облыс өнері мен мәдениетінің тарихы клуб жұмысының жолға қойылуынан басталды. Бұл істің құлаш жаюы 20-жылдары қолға алынды. Атыраудағы клубтардың ең үлкені 1923 ж. 1 желтоқсанда құрылған балықшылардың «Ерік» атты клубы болды. Сонымен бірге мұнайшылар, кәсіподақ саяси, ағарту бөлімі жанынан да клубтар ұйымдасты. 1924 ж. клуб саны 8-ге, оған қатысушылар 589 адамға жетті. Клубтар жанында драмалық, саяси ғылыми-техникалық, музыкалық, спорттық, дауыстап газет оқу сияқты үйірмелер жұмыс істеді. Осылардың ішінде драма үйірмесінің жұмысы жақсы жолға қойылды. 1923 жылдың қараша айынан 1924 жылдың маусымына дейін мұнайшылар мен балықшылар клубы жанындағы үйірме 62 спектакль, 9 концерт қойды. 1934 ж. драмалық үйірме саны қалада жетеуге жетті. Атырауда жылдан-жылға мәдениет орындары көбейе түсті. Олардың ішіндегі ең үлкені қаладағы Орджоникидзе атындағы мәдениет сарайы болды. Онда 1 музыкалық, 2 драмалық және басқа үйірмелер жұмыс істеді. 1936 ж. шілде, тамыз айларында мәдениет сарайында 50 спектакль, 22 кеш өткізілді. Сондай-ақ балық құты комбинаты жанындағы клуб жұмысы да жақсы жолға қойылды. Жергілікті драма үйірмесі мүшелерінің тәжірибе жинақтауы үшін, Қазақ КСР-інің халық артисі Жұмат Шанин бастаған Оралдың музыкалық драма театрын шақыртты. Өнерпаздар жергілікті көрермендерге «Айман-Шолпан», «Амангелді», «Платон Кречет» спектакльдерін көрсетті. ### Театрлар Қазіргі облысаралық Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының өзіндік тарихы бар. Алғашқы драма үйірмесінің құрамы әр түрлі клубтардағы талантты деген үйірме мүшелерінен құрастырылды. Оның алғаш ұйымдастырушысы Қапар Қожахметов болды. Үйірменің ең бірінші белсенді мүшелері Қуат Төлеков пен Құрманғали Доғалақов. Репертуары шағын пьесалар мен ән-күй орындаудан басталған топтың тұңғыш ірі еңбегі Бейімбет Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» пьесасы болды. Үйірмеге қыздардан ең бірінші мүше болған Шаштықыз Жұмабаева. Ал 1937 ж. бір жылдық театр студиясы ашылды. Студияға басшылық ету Мәскеудегі театр институтының режиссерлік факультетінің студенті Шафхат Гатаулинге тапсырылды. Осы жылы Мәскеудің «Нефтяник» театры ұзақ мерзімге келуі студияның болашағына жол ашты. Театрдың режиссері Троцкий бастаған тәжірибелі актерлері студияға дәріс беріп, жас актерлер М. Әуезовтің «Түнгі сарын», Д. Фурмановтың «Бүліншілік» пьесаларын сахнаға шығарды. Студияны Қуат Төлеков, Шаштықыз Жұмабаева, Оңай Жақсыбаев, Құрманғали Доғалақов, Әбіл Қизатов, Айтжан Есенбаев, Балым Есенбаева, Марияш Төралиева, Қайыржан Имашев, Меңдеш Есенбаев, Ғабдолла Өтеулиев және басқалар, барлығы 20 адам бітіріп шығады. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының 1938 жылғы 5 наурыздағы қаулысы бойынша Гурьев қаласында қазақ драма театры ашылды. Сол қаулыға сәйкес Петропавл театрының ұжымы осы театрға келіп қосылды. Театрдың көркемдік жағын басқарған режиссер А. И. Сусанов-Саянский, суретшісі И. Непряхин, артистер Жәмила Ибрагимова, Хамит Болатов, Зәмзәм Нұрмағанбетова тағы басқалар келді. 1938 жылғы 9 мамырда М. Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасымен Гурьев театры өзінің тұңғыш сахнасын ашты. 30-жылдардың аяғына дейін Б. Майлин мен Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», Н. Гогольдің «Ревизор», К. Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» деген пьесаларын қойды. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі 1957 ж. республика өмірінде тұңғыш рет облыс театрларының байқауын өткізді. Байқау қорытындысында Гурьев театры республика бойынша бірінші жүлделі орынға ие болып, басты рөлдерде ойнаған актерлер Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Зарифа Сүлейменова, Қуат Төлеков, Күнипа Иманғалиева «театр көктемінің» лауреаты деген құрметті атқа ие болды. Атырау облыстық театр ұжымы Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстарының жұртшылығына қазақ жазушыларының, орыс және Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын сахнада көрсетті. Облыстық қазақ драма театрының ұжымы - республика театрларының ішінде өзіндік жақсы дәстүрлері бар ұжымдардың бірі. Қазақстан Республикасының халық артистері Қуат Төлеков, Зарифа Сүлейменова, Алма Ахметова, Жұпар Манапова, Қарақалпақстанның халық артисі Әдемі Ділханованың, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Қайырбек Құсманов, Күнипа Иманғалиева, Оңай Жақсыбаев, Жәмила Ибрагимова, Зухра Дүйсеновалардың жасаған образдары қазақ сахна өнерінде көрнекті орын алады. Театр 1963 ж. өткізілген «Театр және замандас» фестивалінің лауреаты атағын жеңіп алды. 1980 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Ке ңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1984 ж. театр ұжымдарының республикалық байқауында екінші рет лауреат атанды. Қазіргі Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония м 1966 ж. ұйымдастырылды. Филармонияның құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры және музыкалық лекторий жұмыс істейді. Олардың қатарынан «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады. Филармония ұжымы облыс халқына мәдени қызмет көрсету ісіне белсене қатысады. Филармония КСРО Мәдениет министрлігінің, Ауыл шаруашылығы және мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы орталық комитетінің дипломымен марапатталған. Филармонияның «Атырау- Жайық» ансамблі 1968 ж. ұйымдастырылған. Кейін 1980 ж. «Нарын» ансамблі құрылды. Содан бергі уақыт ішінде ансамбль мүшелерінің құрамы толыға түсіп, концерттік репертуарынан ұлттық әндер мен билер де орын алды. Ансамбль республикамыздың түкпір-түпкірлерінде болып, жүздеген концерттер қойды. Сонымен бірге Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстанда, Астрахан облысында болды. 1992 ж. «Нарын» Монғолияға барып қайтты. Олардың құрамы жылма-жыл эстрада студияларын бітірген жастармен толықтырылуда. Әншілер Мекес Төрешов, Асқар Харесов, Балжан Жүсіпбеков, Тельман Мұсағалиев, Ұлмекен Қарағұлова, биші Светлана Нысанова, акробат этюдші Нина Севостьянова, көркем сөз шебері Қайыржан Махмұдовтар кезінде ансамбль беделін көтеруге үлкен үлес қосқан өнерпаздар. Қазір филармонияның өз үйі мен залы бар. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі 1957 ж. ұйымдастырылған. 1959 ж. ұжымға халық оркестрі атағы берілді. Алғаш Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер С.Құсайынов ұйымдастырып, оған дирижерлік етті. Бұдан кейін оркестрдің көркемдік жағын әр жылдары дирижер Б. Рзаханов пен О. Жауыров, Р. Ғабдиев басқарды. 1970 ж. ол Қазақ КСР-і құрылуының 50 жылдығымен байланысты Мәскеуде Одақтар үйінің колонна залының сахнасында өнер көрсетті. Бүкілодақтық (1978) және республикалық (1960, 1967) көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқауларының лауреаты. Оркестр 1990 жылдың желтоқсанынан бастап, кәсіби оркестр болып қайта ұйымдасты. Орджоникидзе атындағы мұнайщылар мәдениет үйінің драма және бишілер ұжымдарын, Теңіз ауданы орталығы Ганюшкин мәдениет үйінің драмашылары, Маңғыстау ауданының (ол кезде Атырау облысы құрамында) драма үйірмесі және басқа көптеген үйірмелер жемісті жұмыс істеді. Осылардың ішінде жемісті еңбек етудің нәтижесінде 50-жылдардың аяғына дейін мұнайшылар мәдениет үйінің драмашылары, Теңіз аудандық драма ұжымы «Халық театры» деген атаққа ие болды. ### Халық театрлары, отбасылық ансамбльдер 60—80-жылдарда халық арасынан шыққан өнерпаздар: Ембі халық театры (1960), Аққыстау халық театры (1967), Алға халық театры (1967), Маңғыстау халық театры (1967), Өрлік халық театры (1968), Данко халық театры (Ақтау, 1974), Горы халық театры (1983), Қызылқоға халық театры (1983), Шайыр халық театры (1981), Амангелді халық театры, «Жайық қызы» (1970), «Жастар» (1975), «Атырау» фольклорлық (1980), «Маңғыстау маржандары» ансамбльдері - халық ансамбльдері. Калинин халық аспаптар оркестрі, (Теңіз ауданы, 1972), Мақат халық аспаптар оркестрі (Мақат ауданы, 1974) халық оркестрі қатарына қосылды. Облыстық мұнайшылардың мәдениет үйі жанындағы жасөспірімдер театры (1971), Киров атындағы кеңшар театры (Теңіз ауданы, 1967), Ленин атындағы клубының халық аспаптар оркестрі (Қызылқоға ауданы, 1982), № 99 құрылыс басқармасының әйелдер хоры (1979), мұнайшылар мәдениет үйінің «Мұнайшы» ән-би ансамблі (1963) Халықтық атақтар алды. Облыстың жоғарыдағы көрсетілген көптеген өнерпаз ұжымдарының ішінде кемелденгендерінің бірі «Жайық қызы» ән-би ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі -Кененбай Өтегенов, жетекшісі және балетмейстрі — Дмитрий Арсентьев, музыка жетекшісі — Вячеслав Тюрин. Ұжым облыста, республикада өткен фестивальдардың лауреаты атанды. 1971 ж. қазан айында «Жайық қызы» ансамблі Югославияда болып қайтты. 70-жылдары дүниеге келген өнер жаңалықтарының қатарына отбасылық ансамбльдерді жатқызуға болады. Облыста өнерпаз отбасылар көптеп саналады. Бұған шаңырақ иесінен бастап, үйдегі өнерпаздарға еліктеген кішкене сәбилерге дейін қатысты. Атырауда тұңғыш рет Түсекеновтер, Есенғалиевтер, Құлғалиевтердің отбасылық ансамбльдері ұйымдастырылды. Бұлардың ішінде Махамбет ауданынан құрылған Түсекеновтер ансамблін ерекше атау керек. Ансамбль талай республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, лауреат атанды. Олар 1978 ж. республикалық теледидардан көрсетілсе, 1979 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде бірнеше рет концерт койып, лауреат атанды. Отызға тарта отбасылық ансамбльдер бар. ### Әуесқой сазгерлер 50-жылдарда күйші-әншілер және әуесқой сазгерлер жарыққа шыға бастады. Күйшілер: Фазыл Сұлтанов, Рысбай Ғабдиев, Тоқсанбай Құлтумиев, Шамшиден Шәріпов, Орын Құлсариев, Зәмзәм Ещанова, Серік Дәулетияров, Сеңбек Есенғалиев, әншілер: Қуанғали Жұмалиев, Алдаберген Хамзин, Хаттар Дүйсемалиев, Ұлдай Аманғалиева, Зиға Қамалова, Нариман Үлкенбаев, музыканттар: Т. Мұсағалиев, Б. Маханов, Б. Рзаханов облыс өнеріне мол үлес қосты. Әуесқой сазгерлер: Сейілхан Құсайынов, Жәкулә Нұрғалиев, Тоқсанбай Құлтумиев, Жалғас Назаров, Зәмзәм Ещанова, Абдолла Мұсағалиев, Рональд Топчевскийлер үлкен еңбек етті. Олардың туындыларының ішінде тіпті республика көлеміне әйгілі болып кеткендері бар. Мысалы, Сейілхан Құсайыновтың «Мереке», Тоқсанбай Құлтумиевтің «Комсомол», Жалғас Назаровтың «Бейбітшілік», Зәмзәм Ещанованың «Каспий толқыны», Абдолла Мұсағалиевтің «Есбол жастарының маршы» т.б. Республикаға танымал күйші Зәмзәм Ещанованың «Ақ ілме», «Каспий толқыны», «Ақ Жайық», «Шашу», «Шаттық» атты күйлері халық арасына кең тарады. Музыка шебері — Абдолла Мұсағалиев. Абдолла ән де, күй де шығарды, оның «Көгершін», «Жігіт сыры», «Есбол жастарының маршы», «Ақ Жайық» әндерімен бірге «Салтанат» атты күйі бар. Кәсіби музыкант Р. Топчевскийдің әндері көптеп саналады. Мысалы: «Казахстан — Республика моя», «Уходили мальчики в тайгу», «Гурьевская лирическая», «Урал» т. б. Талантты әуесқой сазгер Самат Мәдениетұлының «Мұнайшылар маршы», «Балыкшы әні», «Қаһармандар» деген әндері, «Жарыс», «Бейбітшілік», «Жастар мерекесі» сияқты күйлері бар. 60-жылдардан кейінгі сазгерлер: Ж. Назаров, 3. Дәуітов, Ж. Нұрғалиев, Ш. Құспанов, Т. Абдуллаев, М. Ғаббасов және басқалар. Табылды Досымов - қазақтың тұңғыш бард ақыны. «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. ### Өнер туындылары Суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері әрдайым ұйымдастырылып отырады. Бұл көрмелердің экспонаттары, 60-жылдардан бастап, негізінен әуесқой өнерпаздардың туындыларынан кұралды (В. Фарберов , Петр Ли, И. Никель, Тосунов, Б. Кабанкин, Жұмағалиев және басқалар). Бірақ соған қарамастан олардың туындылары көрермендердің назарын аударады. Б. Кабанкиннің «Ескі көпір», «Ақ Жайық», «Су стансасы», «Гурьев құрылысы», И. Петрушевтің «Даладағы жол», «Тұзды көл», «Социалистік Еңбек Ері Б. Шағированың портреті», А. Губенконың «Маңғыстау бүгіні» тағы басқа Атырау елі еңбекшілерінің өмірін бейнелейді. 70-80- жылдарда қылқалам шеберлерінің туындылары қатары Қазақстан және Ресей өнер оқу орындарын бітірген мамандармен толықтырылды. Олардың қатарына Ж. Аралбаевты, Қ. Амановты, С. Шәриповты, А. Кувишновты, X. Мусинді, М. Шеруеновты, М. Ермекқалиевті жаткызуға болады. Атырау, жалпы Батыс Қазақстан өңірінің тынысына қылқалам құдіретімен айрықша үлес қосқан, осы топырақ түлегі профессор Мұхит Қалимовтың еңбегі зор. Оның «Кіші жүз шаруаларының көтерілісі», «Сырым», «Махамбет», «Мұрат ақын» полотнолары -тарихи ауқымы өте кең туындылар. ### Шығармашылық және мәдени ұйымдар Облыстық халық шығармашылығы үйі жанынан талантты жастардың басын біріктіретін «Жас дәурен» атты бірлестікті 1965 ж. марқұм ақын Меңдекеш Сатыбалдиев ұйымдастырған болатын. Бірлестік өз жұмысын жемісті атқарды. Облыста көркемөнерпаздарға басшылық беретін шығармашылық орталық бар. Соған қарамастан халық театрларына облыстық театр көмек береді. 1980 жылдан бері облыста халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми әдістемелік орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Жергілікті халық дарындары шеберлігінің өсуі үшін жарыстар, конкурстар, фестивальдар, көрмелер ұйымдастырған. Шығармашылық топтар қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында мерзімдік курстар мен семинарлар өткізілуде. 1978 жылдан бері облыстық көркемөнерпаздар үйі жұмыс істеп келді. Көркемөнерпаздық пен репертуарлық-библиографиялық бөлімдері халық өнерпаздары мен өнер әуесқойларына, мәдени-ағарту орындарына әдістемелік кеңестер беріп, жетекшілік жасауда. Көрмелер, байқаулар, конкурстар, фестивальдар т. б. ұйымдастырылуда. Қазір облыстық мәдениет мекемелері жанында 594 әр түрлі үйірме жұмыс істейді. Олар 8669 әр түрлі сазгер, әнші, биші, қолөнер мен көркемөнер шеберлерінің, суретшілердің басын біріктіруде, сондай-ақ 95 халық аспаптар оркестрі, 70 хор ұжымы, 70 би және фольклорлық ансамбльдері бар, 30 өнер ұжымы халықтық атақ алған (1993). Мақат халық ұлт-аспаптар оркестрі (дир. С.Мұханбетов), Теңіз ауданы Калинин атындағы кеңшардын халық оркестрі (дир. Т.Ахметжанов), Еркінкала халық оркестрі (дир. С.Қабдешев) жүйелі жұмыс істейді. Балықшылық «Атырау», Исатайлық «Ауыл шаттығы» ансамбльдері республикаға танымал. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт- аспаптар оркестрінің құрамы 40 адамнан тұратын сәндік шеберханасы ашылды. 1992 ж. қолөнері шеберлері мұражайы ашылды. 1992 ж. «Ақтабан аттың ізімен» телефильм түсірілді. 1991 ж. облыстық мәдениет басқармасы жанынан Мұхит мектебі, облыстық филармония жанында Т.Досымовтың «Желтоқсан жебесі» тобы жұмыс істейді. ## Мәдениет ұйымдары Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы * Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры * Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония * Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы * Д. Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі * Атырау жастар театры ## Кітапханалары Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы * Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана * Атырау облыстық балалар кітапханасы Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ * Қалалық орталық кітапхана * №2 қалалық кітапхана, №4 жылжымалы кітапхана, №5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қалалық кітапханалар * Қалалық орталық балалар кітапханасы * №2, 3, 4, 5, 6 қалалық балалар кітапханалары * Ақжар, Алмалы, Береке, Бесікті, Дамбы, Еркінқала, Жаңаталап, Құрманғазы, Қызылбалық, Ракуша, Тасқала, Томарлы ауылдық кітапханалары Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (11) «Жылыой аудандық орталық кітапхана» КММ * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * №1, 2, 3 қалалық кітапханалар, №4 кенттік кітапхана, №5, 6, 7, 8, 9 ауылдық кітапханалар Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (13) «Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * Арыс, Барлаушы, Бөдене, Жарсуат, Құрылыс, Аққала, Елтай, Ынтымақ, Есбол, Өрлік, Көктоғай, ауылдық кітапханалары Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі (18) * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * Айбас, Амангелді, Ақкөл, Аққыстау, Жанбай, Жасқайрат, Зинеден, Исатай, Қамысқала, Қызылүй, Мыңтөбе, Нарын, Новобогат, Өркен, Томан, Тұщықұдық ауылдық кітапханалары Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі (28) «Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * Азғыр, Ақкөл, Асан, Байда, Балқұдық, Бірлік, Дыңғызыл, Еңбекші, Жасталап, Жаңаталап, Калинин, Кудряшов, Көптоғай, Қиғаш, Қошалақ, Қоңыртерек, Қызылоба, Лабай, Морской, Нұржау, Приморье, РТС, Сафон, Сүйіндік, Үштаған, Шортанбай ауылдық кітапханалары Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * Сағыз балалар кітапханасы * Айдын, Аққора, Былқылдақты, Бүйрек, Жамбыл, Жангелдин, Жамансор, Жантерек, Кенбай, Көздіғара, Қайнар, Қарабау, Қаттыкөл, Қоныстану, Қосқұлақ, Қоңыраулы, Мұқыр, Ойыл, Сарықұмақ, Сағыз, Соркөл, Тайсойған, Тасқұдық ауылдық кітапханалары Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (9) «Мақат аудандық орталық кітапханасы» КММ * Аудандық орталық кітапхана * №2 аудандық балалар кітапханасы * №3 Доссор кітапханасы, №4, 5 Доссор балалар кітапханалары * №6 Мақат кітапханасы, №7 Бәйгетөбе кітапханасы, №8 Мақат балалар кітапханасы, №9 Мақат кітапханасы Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (12) «Махамбет аудандық орталық кітапханасы» ММ * Аудандық орталық кітапхана * Аудандық балалар кітапханасы * Алға, Ақжайық, Ақтоғай, Бейбарыс, Есбол, Жалғансай, Ортақшыл, Сарайшық, Сарытоғай, Таңдай ауылдық кітапханалары ## Музейлер мен архивтер Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті * «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Сарайшық а.) Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы * Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіПалеонтология музейі (Атырау қ.)Индер аудандық музейі (Индербор к.)Исатай аудандық музейі (Аққыстау а.)Құрманғазы аудандық музейі (Құрманғазы а.)Х. Ерғалиев атындағы музейі (Хамит Ерғалиев а.)Елтай ауылдық музейі (Елтай а.)Б. Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» музейі (Көктоғай а.)М. Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейі (Жарсуат а.)М. Өтемісұлы тарихи қорығы (Индер ауданы аумағы) * Палеонтология музейі (Атырау қ.) * Индер аудандық музейі (Индербор к.) * Исатай аудандық музейі (Аққыстау а.) * Құрманғазы аудандық музейі (Құрманғазы а.) * Х. Ерғалиев атындағы музейі (Хамит Ерғалиев а.) * Елтай ауылдық музейі (Елтай а.) * Б. Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» музейі (Көктоғай а.) * М. Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейі (Жарсуат а.) * М. Өтемісұлы тарихи қорығы (Индер ауданы аумағы) * Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі (Атырау қ.) * «Атамұра» тарихи-өлкетану музейі (Құлсары қ.) * Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі (Миялы а.) * Мақат тарихи-өлкетану музейі (Доссор к.) * Махамбет тарихи-өлкетану музейі (Махамбет а.) Атырау облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы * Атырау облыстық мемлекеттік архивіЖылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандық филиалдары * Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандық филиалдары ## Дереккөздер
Аслан Болатұлы Айтбаев (1990 жыл 15 маусым, Целиноград, Казақ КСР, КСРО) — Қазақстандық шахматшы, халықаралық шебер (2013). Қазақстанның 10 үздік шахматшысының қатарына кіреді. Тромсе (Норвегия) қаласында Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына Қазақстан Республикасының құрама командасының атынан қатысқан. 2014 жылы рапид және блицтен ерлер арасындағы Қазақстанның қола жүлдегері атанды. ## Бүкілдүниежүзілік шахмат олимпиада 41-шы Бүкілдүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысқан. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ойыншының профилі
Қыр суреттері — Мұхтар Әуезовтың шығармасы. Кешкі дөң басында, Түнгі ауыл, Қысқы түн, Қысты күнгі дала — деген ұсақ әңгімелерінен тұрады. Кітап-жинақтың көбіне Түнгі ауыл әңгімесі енбей, қалған үш әңгіме ғана жарияланып жүреді. Алғаш рет Кешкі дөң басында 1922 жылы «Шолпан» журналының екінші-үшінші сандарында «Қоңыр» деген бүр­кеншік атпен басылды, Қысқы түн мен Қысты күнгі дала 1923 жылы журналдың төртінші-бесінші сандарында авторы «Жаяусал» деп беріліп, жарияланды. Кейін жазушының 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарының бірінші томдарында басылды, «Қилы заман» (1975) жинағына да кірді. Алғашқы нұсқаларынан кейінгі басылымдарда сәл өзгешеліктер мен түзетулер бар. Бұл шығармада Әуезов қазақтың қырдағы өмірін, қазақ даласының көркем көріністерін, жазғы мен қысқы пейзаждарын асқан шеберлікпен суреттейді: Шығармада Әуезов табиғаттың объективті суреттемесін ұсынады, бірақ реализм құбылысының ішінде романтизм элементтерін үйлесе қолданып жүреді, және бұны жазушының стильдік өзгешелігі деп тануға болады. Сонымен қатар, жазушы үстем тап озбырлығынан қан қақсаған қазақ қыздарының трагедиясын жанашырлықпен көрсетеді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аудиоқойылым * 20 томдық шығармалар жинағы: 1-ші том
Бүркіт аңшылығының суреттері — Мұхтар Әуезовтың әңгімесі. Алғаш рет 1925 жылы «Таң» журналының үшінші нөмірінде (Басылмаған романнан) деп, қосымша атаумен жарық көреді. Кейін 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарының бірінші томдарында жарияланады. Бұл шағын әңгімені Әуезов Семейде, ленинградтық оқудан соң жазғы демалысында, «Таң» журналында техникалық редактор қызметін атқарған тұста жазады. Осы және «Қанды түн», «Қаралы сұлу», «Қайғылы жетім», «Қазақ қызы», «Ескілік көлеңкесі» атты әңгімелері журналда «Мұхтар» деген бүр­кеншік атпен басылды. Осы сияқты жалпы сипаттаудан басталған әңгімеде бір топ аңшының арасында жүрген құсбегі Сыздықтың тас жырық қорымға тығылған түлкіге өз бүркітін Ақшегірді салғаны баяндалып көрсетіледі. Жазушы бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай тамаша көріністер жасаған. Қыранның түлкіні көргенде аспандап шығып, қағынып келіп түскені бір аңшыға биіктен сорғалағандай көрініпті, екіншісіне шаншылғандай, тағы біріне боздағандай, кейбіреулеріне ағылып еңірегендей көрініпті деп суреттейді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Саят құстары
Қыр әңгiмелерi — Мұхтар Әуезовтың шығармасы. Сыбанның моласында, Текшенiң бауырында — деген екі әңгімеден тұрады. Бірінші әңгімені Әуезов өзінің туған ауылында жазады. Қыр әңгiмелерi Жаяусал деген құпия атпен 1923 жылы «Шолпан» журналының 6, 7, 8 сандарында басылды. 1935 жылғы «Ескілік көлеңкесінде» атты жинаққа, 1960 жылғы «Қараш-Қараш» жинағына, 1975 жылғы «Қилы заман» жинағына кірді. Жазушының 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарында да жарияланған. Әр әңгімесі, шығыс мотивтеріне сай, әңгіменің ішіндегі әңгіме ретінде беріледі: Екі әңгімесін де Әуезов өз атынан баяндап, кейін басты сюжетке негіз болған хикаяларға көшкенде, өзі сол хикаялардың тыңдармандары ішінде табылады. Бірінші әңгімеде жастайынан батыр атанған Жортар деген ақсақал өз бастан кешкен оқиғаны сөз етеді. Екінші әңгімеде Сүлеймен деген кісі өзінің қолбасы Жобалай батырмен болып қалған, «Қоянды тауының ең үлкен биігі — Текшенің» баурайындағы ескі оқиғаны айтады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қыр әңгiмелерi Kitap.kz сайтында * 20 томдық шығармалар жинағы: 1-ші том * Тұрсын Жұртбай: «Бесігіңді түзе!..» кітабынан үзінді
Қайырғали Смағұлов (5.9. 1919, Атырау қаласы - 23.10.1993, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 жылдың маусымынан Солтүстік Кавказ майданы 18-армия 318-атқыштар дивизиясы 1339-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның айрықша қайсарлығы, әсіресе, Керчь түбегіндегі ұрыста байқалды. Десантшы жауынгерлерден құрылған 20 сарбаз 44 күн бойы жау қыспағына төтеп берген. Смағұлов жеке өзі Елтиген (Қырым түбегі) қыстағы үшін болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойған. Смағұловқа батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943). 1946 жылы запасқа шықты. 1950 жылы Алматыдағы партия мектебі жанындағы курсты бітірген. 1955 жылы №12 кәсіптік-техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған. Соғыстан кейінгі жылдары аймақтың әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарына басшылық жасады. 1963-1973 жылдар аралығында Атырау университетінде Азаматтық қорғаныс кафедрасында еңбек етті. Теңдік атындағы (Атырау қалалық әкімдігі аумағында) орта мектепке Смағұловтың есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған. * * ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Керчь-Елтиген операциясы
Айгүл қойшының бір күні (кей басылымдарда Айгүл қойшының күндері) — Ғабит Мүсіреповтің 1964 жылы жазған әңгімесі. Сырттай қарағанда көзге кеп түспейтін, жиі байқала бермейтін, ал іштей тереңірек үңіліп, байыпты зерттегенде ғана білінетін малшы қауым тіршілігіндегі ғаламат қиындықтарды Мүсірепов терең реализммен көз алдымызға айқын елестетіп отырады. Басты кейіпкері — Айгүл есімді еңбекқор әйел. Ол шопанның жұмысын атқарғанымен КСРО Жоғарғы Кеңесі депутатының міндеттерін де ұмытпайды. Жиырма жылдай қой бағумен айналысқан, «даланың меңіреу үнсіздігіне бала жасынан үйренген» Айгүлдің бір күні ғана суреттеліп берілсе де, әңгіме кездейсоқ табиғат пейзаждарына, адамның ішкі дүниетанымының көріністеріне бай: Сөйтіп, баққан отарын жайлы орынға қалай жеткізем деп, жас төлді Сырдария сулары әкетпесе екен деп жүрген Айгүл біресе депутат ретінде көтерген су мәселелерін, біресе жанұясының жағдайын есіне алады. Алдыда «Қасқырсай» деген шұңқырлы жер өзен толғанда, өткел бермейтінін де ескереді. Осындай ойлары басында гулесе де, бас кейіпкер жүрегіндегі үнсіздігінен арылмай келеді. ## Аудармалары Әңгіме орыс тіліне бірнеше рет аударылды, әр нұсқасында атауы әртүрлі: «Рождение песни», «Конец вольчьего брода», «Волчий брод». Ағылшыншаға да аударылған: «The Birth of a Song». Бірақ аудармада өзінің ерекшеліктері бар, Мүсіреповтің метафора мен аллитерацияға бай әңгіменің поэтикасын толық жеткізбеген делінеді. ## Дереккөздер
Айгүл қойшының бір күні (кей басылымдарда Айгүл қойшының күндері) — Ғабит Мүсіреповтің 1964 жылы жазған әңгімесі. Сырттай қарағанда көзге кеп түспейтін, жиі байқала бермейтін, ал іштей тереңірек үңіліп, байыпты зерттегенде ғана білінетін малшы қауым тіршілігіндегі ғаламат қиындықтарды Мүсірепов терең реализммен көз алдымызға айқын елестетіп отырады. Басты кейіпкері — Айгүл есімді еңбекқор әйел. Ол шопанның жұмысын атқарғанымен КСРО Жоғарғы Кеңесі депутатының міндеттерін де ұмытпайды. Жиырма жылдай қой бағумен айналысқан, «даланың меңіреу үнсіздігіне бала жасынан үйренген» Айгүлдің бір күні ғана суреттеліп берілсе де, әңгіме кездейсоқ табиғат пейзаждарына, адамның ішкі дүниетанымының көріністеріне бай: Сөйтіп, баққан отарын жайлы орынға қалай жеткізем деп, жас төлді Сырдария сулары әкетпесе екен деп жүрген Айгүл біресе депутат ретінде көтерген су мәселелерін, біресе жанұясының жағдайын есіне алады. Алдыда «Қасқырсай» деген шұңқырлы жер өзен толғанда, өткел бермейтінін де ескереді. Осындай ойлары басында гулесе де, бас кейіпкер жүрегіндегі үнсіздігінен арылмай келеді. ## Аудармалары Әңгіме орыс тіліне бірнеше рет аударылды, әр нұсқасында атауы әртүрлі: «Рождение песни», «Конец вольчьего брода», «Волчий брод». Ағылшыншаға да аударылған: «The Birth of a Song». Бірақ аудармада өзінің ерекшеліктері бар, Мүсіреповтің метафора мен аллитерацияға бай әңгіменің поэтикасын толық жеткізбеген делінеді. ## Дереккөздер
Әшір Шоқыбаев (4 желтоқсан 1947 жыл — 11 наурыз 2018 жыл) — КСРО және Қырғызстан киноактері. Қырғызстанның халық әртісі. Қазақ кинокөрермендеріне "Бандыны қуған Хамит", "Көшпенділер" фильмдері арқылы жақсы таныс болған. ## Өмірбаяны ## Фильмографиясы * 1968 — "Парижге жол" * 1971 — "Біздің Ғани" * 1979 — "Бандыны қуған Хамит" * 1983 — "Ай астындағы үй" * 1984 — "Махаббат туралы ән" * 1984 — "Ақ Барыс ұрпақтары" * 1989 — "Нокдаун" * 1990 — "Созақтан шыққан Гамлет" * 1991 — "Қызғыш құс" * 1993 — "Батыр Баян" * 1996 — "Жамбыл" * 2006 — "Көшпенділер" * 2014 — "Құрманжан Датқа" * 2015 — "Аманат" ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Әшір өтті өмірден Мұрағатталған 24 шілденің 2020 жылы.
Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары — жазушы, ақынның шығармашылығында елеулі орын алады. Ол тәржіма табиғатын терең түсініп, аударма өнерінің өрістеуіне елеулі үлес қосқан айрықша дарын иесі. Әлем классиктерінің 30-ға тарта шығармаcын кәсіби ше­­берлікпен аударып, 1925 жылы қа­­зақ оқығандарының ара­сын­­да «Аударма туралы» ал­ғаш арнайы мақала жазған. Қаламгер-аудармашының тілі өте шұрайлы да бай. Ол — түпнұсқа авторларына тән жеке стильдік ерекшелікті барынша сақтауға ұмтылған, бұл талапты аударма жасау барысында ұстанатын негізгі өлшемшарт ретінде таныған қаламгер. Аймауытов келесі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударды: * Пушкин, Сараң сері (Скупой рыцарь/Маленькие трагедии) * Пушкин, Тас мейман (Каменный гость/Маленькие трагедии) * Гоголь, Бақылаушы (Ревизор) * Горький, Өлең сұңқарға (Песня о Соколе) * С.Чуйков, Тау еліндегі оқиға (Вершинная быль) * Джек Лондон, Күштілердің күші (Сила сильных) * Джек Лондон, Теңсіз, телегей аттаныс (Неслыханное нашествие) * Рабиндранат Тагор, Балжан (Шубха) * Фердинанд Дюшен, Дәмелі (Тамилла) * Гюго, Бейшаралар (Отверженные) * Ги де Мопассан, Су жүзінде (На реке) * Конрад Беркович, Әкесі мен баласы, Заң білместің зары, Өрбике, Мұрда, Мұрданың өлімі, Тұқым * Жалаладдин Руми, Молда Ирамидың кітап жазуға қалай кіріскені (Сказки Мулли Ирамэ) * Пәренжі (перде) орыс ертегісі * Қатындар қабарда ертегісі * Интернационал гимні * т.б. Сондай-ақ Аймауытов келесі ғылыми шығармаларды да тәржімалады: А.А.Богданов «Краткий курс политической экономии», М.Н.Покровский «Краткое описание русской истории», Н.И.Бухарин пен Е.А.Покровский «Азбука коммунизма», «Конституция РСФСР», П. И. Стучка «Вопросы и мысли», С.Сазонов пен В.Верховский «Первые практические уроки по химии». ## Дереккөздер
Мұсатаев Қанат Бектілеуұлы (6 маусым 1970 жыл, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазір Қазақстан Футбол Федерциясының спорттық директорының орынбасары қызметін атқарады. ## Карьерасы 1994 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы. Бес рет Қазақстан чемпионатындағы үздік 33 футболшының құрамына енді (1992, 1993, 1994, 1995, 1999). Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1992 жылы 14 қыркүйекте Ашхабадта Түрікменстан құрамасына қарсы өткізіп, 90 минутты түгел ойнады. Жалпы құрама сапында тоғыз рет алаңға шықты, тоғызы да жолдастық кездесулер. Соңғы кездесуін 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанға қарсы өткізді. ## Жетістіктері ### Клубтық * Қазақстан кубогының финалисі: 1995 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1992 ### Жеке * Қазақстанның үздік футболшысы: 1994 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ФФК спорттық директорының орынбасары * Профилі Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы.
* Белогорка – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Ақтау – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл.
Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков (05.05.1961, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы - 28.07.2020, Астана) - қоғам қайраткері, эколог, профессор, ғалым . ## Білімі * Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын бітірген. * қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1990-1996 жылдары - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканы. * 1996-1998 жылдары - Тараз мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, «Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі» АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары. * 1998-2000 жылдары - Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы. * 2000-2001 жылдары - Тараз мемлекеттік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. * 2001-2003 жылдары - ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. * 2003-2004 жылдары - Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола филиалының директоры. * 2004-2005 жылдары - «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. * 2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы. * 2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы" қоғамдық қорының президенті. * 2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті. ## Ғылыми еңбектері 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы.Техника ғылымының докторы, профессор.Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент» т.б. кітаптары жарық көрген. ## Қоғамдық қызметі 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға құжат тапсырған. Алғашқы лингивистикалық емтиханнан өткенімен, кейін кандидаттығын алып тастады. ## Дереккөздер
Қайырке Бүркітов (1924-1988). Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1957). ## Өмірбаян Қайырке Бүркітов 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы, Орталық ауылында дүниеге келген. Керей руынан шыққан, Орта жүз. 1942 жылы 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов аудандық әскери комиссариаты армия қатарына шақырады. Харьков әскери училищесінде 1943 жылдың тамыз айына дейін оқиды. Ұлы Отан соғысы кезінде 863-ші танкіге қарсы күрес полкінің басқару взводының барлаушысы, ІІ дәрежелі Кутузов орденді 34-ші Қызыл Тулы Уманьск танкіге қарсы артиллериялық бригадасының барлаушысы, шені кіші сержант. 1946-1950 жылдары Қазақ педагогикалық институтында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқыды. 1950-1958 жылдары Преснов ауданының әртүрлі мектептерінде, кейіннен Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Николаев орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1958 жылғы оқу жылын бітіргенде, мектеп директоры және Соколов-Сарыбай комбинатының директорының орынбасары және "Соколоврудстрой" трестінің басқарушысы Аскольд Павлович Шейнога Қайырке Бүркітовты шақырып, мектеп түлектерімен бірге темір кенішін игеруге баруды ұсынды. 1958-1960 жылдары экскаваторларды құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь, содан кейін машинистің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1960-1965 жылдары Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының адымдап жүретін экскаватор машинисі болып жұмыс істеді. 1965 жылы 27 қазанда Рудный қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің шешімімен №2 жұмысшы жастар орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 1985 жылдың 5 қыркүйегінде зейнеткерлікке шыққан. ## Қоғамдық қызмет 1955-1958 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Николаев орта мектебінде, негізгі жұмысына қоса, мектеп ұйымының парторгы болды. 1960-1985. Рудный қалалық Кеңесінің депутаты. Сәбит Мұқановтың жерлесі мен досы (қазақ және кеңес әдебиетінің классигі) болған. Ол өз қолымен тілек жазып, қол қойған бірнеше кітаптары кітапханада сақталған. Домбырада тамаша ойнаған, Алматыда оқыған кезінде Нұрғиса Тілендиевпен халық аспаптар оркестрінде ойнаған. ## Отбасы Әкесі - Бүткітәлі, анасы Халима. Қайырке отбасындағы жалғыз ұл, анасы ұлын көре алмай кетті. Қайырке екінші анасы Күләсінның тәрбиесінде болды. Зайыбы - Елизавета Владимировна (1932-1998). Балалар - Мұрат (1961-1962), Әлия (1964), Юлия (1968-1989) ## Марапаттар Қайырке өмір жолында көптеген дипломдармен, ордендермен және медальдармен марапатталған. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін барлық марапаттар Рудный өлкетану мұражайына тапсырылды және сонда сақталынған. "Ерлігі үшін" медалі (1945). 1945 жылдың 12 мамырында "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы бұйрықтан: 1945 жылдың 8 мамырында үш пулемет нүктелерін және жаудың бір танкісін тұрған жерін барлап, батарея командиріне нақты нұсқау берді, содан кейін барлық объектілер жойылды. “1941- 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі (1945) "Тың жерлерді игергені үшін" медалі” (1956) Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері (1957) "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" медалі (1965) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен қара металлургияны дамыту жөніндегі жеті жылдық жоспардың (1959-1965) тапсырмаларын орындауда қол жеткізген жетістіктері үшін Бүркітов Қайырке, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының экскаватор машинисі Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" медалі (1969) "Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі (1970) "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" медалі (1975) "КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл" медалі (1979) "Еңбек ардагері” медалі (1984) Ұлы Отан соғысының I дәрежелі ордені (1985) "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл" медалі (1985) "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" медалі (1988) ## Дереккөздер
* Тасоба — Ақмола облысы Есіл ауданында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. * Тасоба — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл.
«Жас Әртіс» Марапаты (ағылш. Young Artist Awards) — 1978 жылы құрылған коммерциялық емес «Жас Әртіс Қорының» (ағылш. Young Artist Foundation) талантты жас телевидение және кинематограф актерлер мен актрисаларға және олардың жоғарғы мәртебесін құрметтеу және физикалық мүмкіндігі шектеулі немесе материалдық жағынан жас әртістерге қолдау көрсету үшін берілетін марапат. Алғаш рет Жас Әртіс Марапаты 1979 жылы ұсынылған, бұл 18 жасқа дейінгі әртістердің кино, телевидение, театр және музыка саласындағы үлестерін ерекше мойындау және марапаттау үшін құрылған алғашқы ұйым болған. Алғашқы жиырма жылда бұл марапат «Youth In Film Awards» деп аталған. Ал «Young Artist Awards» деген атау алғаш рет 19 наурыз 2000 жылы, 21-ші марапаттау рәсімінде қолданылды. 1-ші марапаттау рәсімі 1979 жылдың қазан айында, Голливудтағы Sheraton Universal Hotel қонақ үйінде өтті. ## Жас Әртіс Қоры Жас Әртіс Қоры (басында «Hollywood Women’s Photo and Press Club» деген атаумен танымал, және кейінірек «Youth in Film Association») 1978 жылы құрылған жас актерлердің шеберлігін мойындау және марапаттау үшін және олардың физикалық және материалдық жағынан қамтамасыз етілген болуы үшін стипендия беретін коммерциялық емес ұйым. Бұл қауымдастық кино, театр, телевидение, музыка саласында 21 жасқа дейінгі актерлерді мойындайтын және марапаттайтын алғашқы ұйым болған. ## Жас Әртіс Ұйымы Жас Әртіс Ұйымы бұл 1978 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым, физикалық немесе материалдық жағынан шектелген актерлерге стипендия беру үшін құрылды. Бұл қолдау оларға өз таңдауымен өнер мектептерінде оқуға және кино саласында мансабын жалғастыруға мүмкіндік береді. Стипендиялық бағдарлама тек қана қайырымдылық қаражатынан ғана қаржылық колдау тауып отыр. ## Рәсімдер ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайт
Қамар сұлу — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан романы, жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған. Жазушы шығарма фабуласын Алтай елінде болған кездерінде ел аузынан алған, романға өмірде болған уақиғалар негіз болған. Романының идеясы Қамар мен Ахмет арасындағы махаббаттың трагедиясынан ғана туындамайды. Торайғыров әйелдер тағдырын адамдық құқығын ескермеген қоғамдығы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға қарым-қатынасын да бейнелеп көрсетеді. Романда сатиралық өрнектер мен ирония, публицистикалық әуендер қабат келеді. Жазушы өзінің ашу-ызасын туғызған қазақы тірлік келеңсіздіктерін ашына жазады, жымысқы психологиясын сынға алады. Әлеуметтік тұрмыс пен қоғамдық өмірге, салт-санаға ене бастаған жаңалық, күрес идеяларын талдау — Торайғыров үшін басты мақсат. Оның ұлттық ерекшеліктері де осы күрес үстінде ашылады. Мысалы, сүймеген адамына ұзатылып, зар жылаған қыздың тойындағы сый-сияпат пен ет аңдыған адамдар бейнесі — қаламгер шығармашылығында өзіндік бояуға ие. Олар үшін нақты жағдайда адам қайғысынан гөрі той сияпаты, қызығы қажеттірек. Жылау мен адам трагедиясы — олар үшін күнделікті уақиға. Оны көп көрген, тойған, көнеген. Солай болған, бола бермек деп ойлайды. Оны өзгерту керек-ау деп ойланып жатқан да олар жоқ, жолсыздық, заңсыздық — өмір заңы. Торайғыров осы пәлсапаға қарсы қадала жазады. Трагедияның содан екенін айтады, енжарлық пен көнбістіктің, надандықтың сұрықсыз сипатын бейнелейді. ## Шығарма кейіпкерлері * Қамар — аса сұлу, ақылды, ұстамды, сөзге шешен, ақын қыз. Романның басталуынан-ақ оның бейнесі суреттеледі: * Ахмет — кедей шаруа ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, сөзге шешен ақын, ел аузына ерте ілінген қадірлі жастардың бірі. Жазушының ұғымында, Ахмет — жаңа дәуірдің өкілі. Оның тіршілігі қаламен байланысты, сонда оқыған. Бірақ Ахметтің қаладағы қызметі жайлы жазушы ештене айтпайды. Және ол романның міндетіне де кірмейді. Торайғыров оны Қамарға байланысты ғана суреттейді. Қамар Ахметті жақсы көреді, бірақ екеуі — екі ортаның адамдары. Оның үстіне қалыңсыз қыз берілмейтін қатал әдет заңы тағы бар. Қалыңмал берерлік Ахметте әл жоқ. Осы жайлар Қамарды да, Ахметті де катты ойландырады. Ахмет жас буынның жаңашыл өкілі есебінде адамды бағалай, қадірлей біледі. Бұл оның Қамарға жазған хаттарынан анық байқалады. * Қасен — Қамардың ағасы, Ахметпен «бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді». * Омар — Қамар мен Қасеннің әкесі. Көзі ашық, оқыған, ойлы, дәулетті жан. * Жорға Нұрым — Қамарды көндіріп алмақ болған бай әрі надан болыс. Жазушы оны былай суреттейді: «Жасында аттан жығылып, бір жақ аяғының ақауы болғанға құрдастары "Жорға Нұрым" деп, сонан елге де "Жорға Нұрым" атанып кетіп еді. Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді». * Оспан би * Қалтаң қажы * бақсы-балгер ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қамар сұлу Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. * Роман Kitap.kz сайтында * Аудиокітап: 1-ші бөлім, 2-ші бөлім
Негізгі ұғым: * Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Елді мекендер: * Жайық – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл. * Жайық – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Жайық – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл.
Экрем Имамоғлы (түр. Ekrem İmamoğlu, 4 маусым 1970; Трабзон, Түркия), Түрік cаяcаткері және Ыстанбұл Митрополит әкімі.2014-2019 жылдар аралығында, Бейликдүзү қаласының әкімі қызметін атқарды. Ол 2019 жылы жергілікті сайлауда сайланған Стамбұл елордалық әкімі 17 сәуір, 2019 жұмыс істей бастады тағайындалды Республикалық Халық партиясы. Алайда, ол 2019 жылдың 6 мамырында қызметінен босатылды, өйткені Жоғарғы сайлау кеңесі қарсылықтардың нәтижесінде Стамбулдағы сайлауды болдырмады. 23 маусымда жаңартылған сайлауда да жеңіске жеткен Имамоғлу 2019 жылғы 27 маусымда өз міндетін бастады. ## Өмірлік жолы Экрем Имамоғлы 1970 жылы 4 маусымда Трабзонда дүниеге келді. Имамоғлы отбасы 1987 жылы Ыстанбұлға көшіп келді. 1994 жылы Дилек Каямен танысып, оған 1995 жылы 18 қарашада үйленеді. Имамоғлының Мехмет Селим (1997 ж.), Семих (2005 ж.) және Берен (2011 ж.) атты үш баласы бар. ## Саяси мансабы Әкесінің әсерімен Имамоғлы 90-жылдардың басында Отан партиясының жастар филиалдарында бір жыл жұмыс істеді. Ол ТЭЦ-ке саяси көзқарас ретінде 2000 жылдардың басында келді. ### Бейликдүзү қаласының әкімі 2013 жылдың 15 шілдесінде Бейликдүзу ауданының CHP президенті Имамоғлы міндетінен босатылды, 2014 жылы Түркиядағы жергілікті сайлауда Бейликдүзү CHP мэрге үміткер ретінде қосылды және алдыңғы сайлауда Бейликдүзу әкімінің 30 пайызын алып тастау арқылы 50,8 пайыз дауыс жинады. ### Ыстанбұл Митрополит әкімі Стамбул митрополитінің мэрі Кадир Топбас 2017 жылдың 23 қыркүйегінде отставкаға кететінін мәлімдегеннен кейін Имамоғлы CHP тарапынан бұл лауазымға ұсынылды. Имамоғлы Стамбул қалалық муниципалитетінің кеңесінде 2017 жылдың 28 қыркүйегінде өткен дауыс беруде 125 дауыс алды, онда АК партиясының кандидаты Мевлүт Уйсал 179 дауыспен Стамбул қалалық муниципалитетінің басшысы болып сайланды. ## Дереккөздер
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті — Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент). ## Тарихы 1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады. ## Институттар * Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты * Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты * Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты * Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты * Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты * М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебі * Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты * Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты * Әскери институт ## Білім беру бағдарламаларының тізімі * 6B07111 Робототехника және мехатроника * 6В05201 Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау * 6В07110 Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В04101 Математикалық экономика және деректерді талдау * 6В06101 Математикалық экономика және деректерді талдау * 6В05205 ​​Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В07501 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В07207 Инженерлік физика және материалтану * 6B07304 Геокеңістіктік цифрлық инженерия * 6В07206 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В05202 Гидрогеология және инженерлік геология * 6B02102 Дизайн * 6В07112 Электрондық және электрлік техника * 6В07104 Электрондық және электрлік техника * 6В07301 Сәулет және дизайн * 6В02101 Сәулет және дизайн * 6В07113 Робототехника және мехатроника * 6В07106 Инженерлік механика * 6В05101 Химиялық және биохимиялық инженерия * 6В07219 Түсті металдар металлургиясы * 6В05206 Инженерлік экология * 6В07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы * 6В07116 Негізгі өндіріс және жаңа материалдар технологиясы * 6B07307 Архитектура * 6В07130 Инженерлік механика және модельдеу * 6В07131 Машина жасаудағы дизайн және технология * 6В07105 Өнеркәсіптік машина жасау * 6В07220 Жаңа материалдарды өңдеуге арналған машиналар мен технологиялар * 6В07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) * 6В07203 Металлургия және минералды өңдеу * 6В07213 Пайдалы қазбаларды өңдеу * 6В07212 Металлургиядағы қайта өңдеу * 6В07219 Түсті металдар металлургиясы * 6В07125 Органикалық заттардың химиялық технологиясы * 6В05105 Биотехнология * 6В07117 Мұнай-химия өнімдерінің химиялық технологиясы * 6B07303 Геокеңістіктік цифрлық инженерия * 6В07310 Жерге орналастыру және кадастр * 6В07216 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы * 6B07101 Энергия * 6В07205 Тау-кен инженериясы * 6В11201 Жұмыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік * 6В07306 Инженерлік жүйелер мен желілер * 6В05203 Қолданбалы геология * 6B06106 Ақпараттық жүйелер * 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу * 6В06102 Информатика * 6В05204 Гидрогеология және геоэкология * 6В08601 Су ресурстары және суды пайдалану * 6В07211 Гидрогеология және инженерлік геология * 6В07115 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) * 6В07214 Бұрғылау техникасы * 6В07204 Мұнай техникасы * 6B07126 Магистральдық желілер және инфрақұрылым * 6В07124 Локомотивтерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы * 6В07123 Автомобильдерді өндіру, жөндеу және пайдалану технологиясы * 6В07108 Көлік техникасы * 6В07107 Пайдалану және сервистік инженерия * 6В07132 Болжамдық технологиялар және машина диагностикасы * 6В07114 Биомедициналық инженерия * 6B11310 Сандық логистика * 6B11301 Көлік қызметтері * 6В07129 Ядролық энергия * 6В07109 Инженерлік физика және материалтану * 6В04104 Стартап бакалавры * 6В07121 Ғарыштық технологиялар және технологиялар * 6В06201 Телекоммуникациялар ## Атақты түлектер * Талғат Бигелдинов * Асқар Құлыбаев * Ебней Бөкетов * Қырымбек Көшербаев * Ғалым Оразбақов * Ахметжан Сәлімбаев * Владимир Божко * Заманбек Нұрқаділов * Нартай Дұтбаев * Серікбек Дәукеев * Алик Айдарбаев * Бекболат Тілеухан * Иран Ғайып * Ілияс Есенберлин * Медеу Сәрсеке * Тайыр Мансұров ## Дереккөздер
Нұр мешіті — Хромтау, Ақтөбе облысы қаласындағы мешіт. «Нұр» мешіті 2005 жылы «ТНК Казхром» акционерлік қоғамының Донской ГОК есебінен салынды. Мешіттің бас имамы - Алиев Алмат Амангелдіұлы, наиб-имам қызметін М.Т.Усупалиев атқарады . ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://www.brivibasgatve.eu/2010/09/khromtau-kazakhstan.html Мұрағатталған 11 желтоқсанның 2014 жылы.
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (30 маусым 1968; Ақсукент ауылы, Түркістан облысы) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. ## Өмірбаяны * 1990-1993 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді. * 1993–1996 жж. — атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы; * 1996–1999 жж — Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы; * 1999–2000 жылдары — Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екі жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы; * 2000–2001 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі; * 2001–2003 жж — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі; * 2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі лауазымын атқарған; * 2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі; * 2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін — Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; * 2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді. * 2016-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. * 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды. * 2021 жылдың қаңтарында Мұхтар Тілеуберді Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. * 2023 жылдың 14 тамызында Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014 ж.) * «Астанаға 10 жыл» медалі * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі * «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі * «Астанаға 20 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі * «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 10 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі ## Сілтемелер * Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
Данэлия Александровна Тулешова (18 шілде 2006, Астана) – қазақстандық әнші. «Голос. Дети» (Украина) бағдарламасының төртінші маусымының жеңімпазы, "Балалар Евровидениесі - 2018" байқауында Қазақстанның атынан ән айтып, алтыншы орын алды.
Нұрдәулет мешіті — Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан мешіт. Мешіт ғимараты Борис Байжаркиновке тиесілі «Нұрдаулет» сауда-ойын-сауық орталығына іргелес. Мешітті «Нұрдәулет мешіті» діни бірлестігі басқарады (жетекшісі: Борис Байжаркинов). Мешіттің өзіндік медресе және «Салттар үйі» бар. Мешіт ғимаратының жанында алкогольсіз үйлену тойлары мен еске алу шаралары өткізілетін «Дәстүр» асханасы бар. Мешіт имамы - Әмен Нұрболат. ## Тарих 1999 жылы Байжарқыновтар отбасының құрылыс компаниясы «Нұрдаулет» сауда үйінің құрылысын аяқтады, бірақ ғимараттың оң қанаты әлі салынып бітпеді, ал иелері оны мешіт етуге шешім қабылдады, өйткені Ақтөбе орталық мешіті намаз оқығысы келетіндердің барлығын қабылдай алмады, бұдан басқа қала орталығынан алыс жерде орналасқан. Биіктігі 37 метр, жеке мұнарасы және жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын мешіт шамамен алты ай бойы салынып жатқан. «Нұрдәулет» мешітінің ашылуы Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғибадатхананың ашылу салтанатына қатысты. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған Борис Байжаркиновтің әкесі - Нұрдаулет Әділше - ұлының (қазақтың Нұрдулет Әділшеұлы) құрметіне мешіттің атын қою туралы шешім қабылданды, оның денесі әлі күнге дейін табылған жоқ. Мешіттің аты аталған адамның құрметіне мешіт салынатын мешіт құрылысшылары мен қала әкімшілігі арасында дау туғызды. Сайып келгенде, құрылысшылар «Нұрдәулет» атауын қорғауға қол жеткізді. Мешіттің ауданы 1730 м², биіктігі: 37 метр. Негізгі залдан басқа, аумағы 90-100 м² болатын екі намаз бөлмесі, әйелдер бөлмесі (90 м²), мұсылмандық үйлену тойларын тіркеу бөлмесі (75 м²) және басқа қызмет көрсету орындары (асхана, муеззин бөлмесі) бар. Мешіт екі қабатты: бірінші қабатта негізгі намаз залы, медресе, имамдар бөлмелері бар; екінші қабатта әйелдерге арналған үй-жайлар, қосымша намазхана, мешіт қызметшілеріне арналған бөлмелер бар. Мешіттің мехрабының ені: 5 метр, биіктігі: 6,5 метр, минбардың биіктігі: 9 метр. Негізгі залға биіктігі 7 метр кристалды люстра орнатылды. Мешіттің 4 күмбезі бар: ішкі күмбез (18 м), үлкен күмбез (16,5 м), орта күмбез (14 м) және мешітке кіре берістен кіші күмбез (6 м). Мұнараның биіктігі: биіктігі 57 метр және диаметрі 36,5 метр. ## Дереккөздер
Матей (Матай) Қоқанұлы атындағы мешіт — Шалқар қаласындағы мешіт. 2011 жылы салынған. Мешіт сыйымдылығы: 300 адам. Мешіт кешенінде 30 орындық медресе және 400 орындық асхана бар. ## Тарих Мешіт Дильда Қоқанованың есебінен салынды және 2011 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімі Рахат Сыдықов пен қала әкімі Ербол Данағұловтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шарада мәслихат депутаты Жарас Ізғұлов «Нива» автокөлігінің кілтін мешіттің имамы Нұрлыбек Такеевке табыстады. Мешіт Матай Қоқанұлының (1884 ж.т.) есімімен аталған, ол діни сауатты, Бұхара жоғары оқу орнын бітірген және араб тілін білген . ## Дереккөздер
* Асан – Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл. * Асан – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл.
Жанаман-ахун Сейтимұлы атындағы мешіт — Шалқар аудандылық орталық мешіт) - Қазақстанның Ақтөбе қаласындағы Шалқар қаласындағы екі мешіттің бірі, 39-да орналасқан. Мешіттің бас имамы - Жамбыл Әлмұханбетұлы Тлеубай (оның алдында мешіт имамы және аймақтың бас имамы Бақытбек Нұрғабиұлы Тәжімбет болған, ол қазір Ақтөбе Орталық мешітінің имамы болып табылады). ## Тарих Мешіт Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бір жыл өткен соң, 1992 жылы салынды. Бұрын Шалқар қаласында тағы бір мешіт болған, ол Кеңес үкіметі кезінде Қазақстандағы 68 мешіттің бірі болатын. Мешіт салынғаннан кейін. Жанаман-ахун, ескі мешіттің ғимараты қараусыз қалды, содан кейін қирады. 2010 жылы мешіт ғимараты жаңартылып, жаңартылды: профильді парақтан жасалған жаңа шатыр орнатылды, кірпіш жұмыстары цемент қабатымен жабылып, бозғылт қызғылт түске боялды, ал пластикалық терезелер ағаш терезелерді алмастырды. ## Ерекшеліктер Мешіт сыйымдылығы: 200 адам. Мешіт үлкен намазхана, имам бөлмесі, түрлі қажеттіліктерге арналған ортақ бөлме және барлығын байланыстыратын дәлізден тұрады. Мешітте дәрет алу үшін арнайы жабдықталған бөлме бар, дәретханалар бөлек - мешіт ауласында орналасқан. Ғимараттың бұрыштарында мұнараларға еліктейтін күмбездері бар тігінен бекітілген металл құбырлар бекітілген. Нағыз мұнара бөлек, мешіттің ауласында орналасқан және қызыл кірпіштен салынған. Мешіттің күмбезі металлдан және боялған көк түстен жасалынған, оның үстінде дәстүрлі жарты ай бар.
«Алтын таңқурай» (ағылш. Golden Raspberry), және «Раззи» (ағылш. Razzie) — 1981 жылы америкалық Джон Уилсон ойлап тапқан антижүлде. Ең нашар деген жұмыстарға, соның ішінде, сценарий, режиссерлік жұмыс, киносаундтрек және жыл фильмдеріне беріледі. «Оскар» жүлдесіне толықтыру ретінде саналып, «Алтын таңқурайдың» номинанттары мен лауреаттарының есімдері «Оскардың» номинанттары мен лауреаттарының есімдерінен бір күн бұрын жарияланады. Жүлденің атауы ағылшын тіліндегі (to) blow raspberry (tongue) жаргонынан алынған. Мағынасы — біреуді немесе бір нәрсені тілін шығарып келеке ету. Ағылшын тілді ортада бұндай әрекет кең тараған. Раззи тек «Алтын таңқурай» Фондының (Golden Raspberry Award Foundation, GRAF) мүшелері дауыс бергеннен кейін ғана табысталады. Фондтың құрамына 12 елден 500 анонимді мүшелер еніп, пошта арқылы дауыс береді. Сыйлық есебінде пульверизаторлық алтын сырмен сырланған пластмассалы таңқурай жидегі ұсынылады. Әрбір сыйлық 5 доллардан кем тұрады. ## Дереккөздер
Піскен сүт — өңделген сүттің түрі. Оны қайнатып, бірнеше сағат бойы қыздыру арқылы жасалады. Бұл өнім шығыс славян ұлттары арасында тараған. Орыстар оны топлёное молоко, украиндар пряжене молоко, беларустар адтопленае малако деп атайды. Бұрын оны жасау үшін қайнаған сүті бар құманды орыс пешіне салып, бір күнге немесе бір түнге бәсең отта қалдыратын. Сонда ылғалдың көбі буланып, сүттің консистенциясы өзгеретін, оның бетінде қоңырқай қапшық түзелетін. Көп қызғандықтан сүттің аминқышқылдары қантпен қосылып, меланоидин түзетін, ол сүтке ерекше түс пен карамельді иіс беретін. Піскен сүтті сусын ретінде де, қаусырмалар пісіргенде де пайдаланады. Оны ашыту арқылы ряженка мен варенец жасайды. ## Дереккөздер
KazTube (қаз. Қазтюб) — қолданушылар мен компанияларға бейненi сақтау және көрсету қызметiн атқаратын қазақстандық бейне-портал. Мақсаты – Қазақстан аумағындағы және одан тысқары жерлердегі кең ауқымды аудиторияға бағытталған, мазмұны ұлттық идеяға толы, алғашқы ұлттық бейне-портал. ## Компания тарихы 14 ақпан 2014 ж. сайт іске қосылды. Қазнеттегі жиі қаралатын сайттардың бірі. ## Арнайы жобалар KaztubeStudio бренді өзіндік видео контент шығару үшін құрылған. Бренд алдында бірнеше мақсаттар қойылған: * Қазақстан эстрада жұлдыздары концерттерін жазып алу * Қазақстанның танымал тұлғаларымен сұхбаттар * Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жазу * Әлеуметтік бейнероликтерді жасау Видео-портал аясында танымал эстрада жұлдыздарының аккаунттары ашылған. Аккаунт арқылы эксклюзивті видео мен аудио материалдарды жүктеуге мүмкіншілік бар. ## Жұмыс тобы * Жоба жетекшісі * Контент бойынша маман * PR маман * IT маман * Видео бойынша маман * Модератор * SMM маман ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Qazcontent * YouTube
«Нұрлан Махабадұлы» мешіті — Ақтөбе қаласындағы мешіт. Мешіт 2008 жылы салынды. Мешіттің ауданы 84 шаршы метр, 100 адамға арналған. Ғимараттың биіктігі - 6 м, минареттің биіктігі - 16 м. «Нұрлан Махабадұлы» мешіті - «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы, имам қызметін Жасан Ермекбайұлы Тебереков атқарады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://muftyat.kz/kz/map/mosque?act=view&id=60 Мұрағатталған 11 желтоқсанның 2014 жылы. * http://www.akimataktobe.gov.kz/index.php/ru/struktura/strukturnye-podrazdeleniya/2013-12-24-11-07-24/121-struktura/strukturnye-podrazdelenie/gu-gorodskoj-otdel-vnutrennej-politiki/312-religioznye-ob-edineniya Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2014 жылы. * http://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_132/%D0%A1%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F%20%D0%BE%20%D1%80%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%B8%D0%BE%D0%B7%D0%BD%D1%8B%D1%85%20%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F%D1%85.doc Мұрағатталған 19 тамыздың 2014 жылы.
«Нұртай» мешіті — Қандыағаш қаласындағы мешіт, А. Қалиев көшесі, 9 үй. Мешіт салынғаннан бері Оразалы қажы Шынболатов мешіттің имамы қызметін атқарды, содан кейін 2009 жылы Ғабит Сақтапұлы Маткаримов (қазіргі «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы болып тағайындалды. Мешіт Кеңес Одағы кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті дін қайраткері және Джурун мешітінің имамы Нұртай Құрманалиннің есімімен аталады. 1995 жылы Нұртай Құрманалин қалпына келтірілгеннен кейін немересі Бауыржан Хайруллаұлы Құрманалин алдымен Қандыағашта (1997), содан кейін Журунда (2004 ж.) Атасының құрметіне мешіт салды. 2011 жылы «Күркей бер, туған жер!» Акциясы аясында мешіт күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеу кезінде ерлер мен әйелдердің намазханаларына бөлек кірулер жасалды. ## Дереккөздер
Батыс Тәңір тауы — Орталық Азиядағы тау жүйесі, Тәңір тауының батыс бөлігі. Батыс Тәңір тауын Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Шатқал (4503 м), Құрама, Пскем, Өгем (Угам) және Қаратау жоталары құрайды. Жоталар прекембрий мен палеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейс, гранит, эффузиялық жыныстар, т.б.) түзілген. Батыс Тәңір тауы жоталары герциндік қатпарлану қозғалысына ұшырап, тегістелу (пенеплендік) процесін өткерген. Сондықтан, бұлар онша биік емес, тау бастары жайпақ, батыс беткейлері көлбеу, шығысы құлама келеді. Жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда темір, молибден, ванадий, қорғасын кентастары, тас көмір және қоңыр көмір, каолин, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Мұхиттардан алыс жатқандықтан онда қуаң климат қалыптасқан. Климаты тым континенттік. Жоталарының оңтүстік-батысындағы тау аңғарларында ауаның орташа температурасы қаңтарда - 3-5°С, шілдеде 20-25°С, жоғарғы белдеулерде қаңтарда - 10-15°С және одан да суық, ал шілдеде - 10-15°С болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау аңғарлары мен етегінде 150-450 мм, одан биік белдеулерде 450-800 мм. Батыс Тянь-Шань таулары Шу, Талас, Сырдария өзендерінің суайрығы болып табылады. Тау аңғарлары мен баурайларында тәлімі және суармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған. Талас Алатауы мен Өгем жоталарында * Қаратау қорығы * Ақсу-Жабағылы қорығы * Сайрам-Өгем ұлттық паркі орналасқан. ## Сілтеме * Қазақ энциклопедиясы
Христиан діні Қазақстанның исламнан кейінгі ең көп таралған діні. 2009 жылғы халық санағы бойынша, 4,2 миллион адам өздерін христиандарға жатқызды. Олардың басым бөлігі – православиены ұстанатын орыс, украин және белорус ұлттарының өкілдері. Қалғандары – протестант, лютеран, католик және т. б. ағымдарды ұстанатындар. ## Тарихы ### Орта ғасырлар Орта Азияға христиан діні орта ғасырларда Таяу Шығыстан келді. Бұл аймақта оның шығыс тармағы – несторианство таралды. Қыпшақ, керей, найман тайпалары тәңірлікпен қатар, христиан дінін де ұстанатын болды. Христиан діні Өзбек ханның исламды мемлекеттік дін етіп жария еткенінен кейін біртіндеп жоқ болды. ### Ресей отарлауы Ресейдің Қазақстанды отарлау процессі басталуымен, христиан діні қайтадан Орта Азияға тарала басталды. Дегенмен, ол жергілікті халықтың емес, орыс колонистерінің діні болды. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды. Қазақтарды православиеге аудару үшін 1881 жылы Қырғыз (қазақ) рухани миссиясы ашылды. Інжіл, Таурат және т. б. киелі кітаптар қазақ тіліне аударылды. Қазан төңкерісімен елде дінмен күрес басталды.
Шәугім — су қайнататын темір ыдыс. Қазақтың дәстүрлі тұрмысында шайдың кең таралуына байланысты пайда болған Шәугім жез, болыскей, мыс, қоладан жасалынды. Ауқатты адамдар Шәуігімді асыл металдардан да жасаттырған. Сыйымд. 2 — 4 л “қаз мойын” шүмекті қазақ Шәуігімдерінің көбі құмыраға ұқсас, ұстауға, мосыға ілуге арналған тұтқалы болып келеді. Қазба кезінде табылған материалдар мен этнографиялық мәліметтер қазақтардың шайды денсаулыққа пайда беретін түрлі шөптермен қоса пайдаланып келгендігін айғақтайды. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Түйе зәрі - түйелердегі зат алмасу кезінде шығарылатын сұйық өнімі. Түйелерден алынған зәр Арабия түбегінде ғасырлар бойы пайғамбарлық медицинаның бөлігі бола отырып, дәрілік мақсаттарда қолданылған. ## Ислам пайғамбарлық медицинасының тарихы Исламдағы пайғамбарлық медицина дәстүрінде Мұхаммед ауруларды «денелері сау болғанша» қолдануға шақырған. Сондай-ақ, хадисте «Укл немесе Урена тайпасының кейбір адамдары Мединеге келді және оның климаты оларға сәйкес келмеді. . . Мұхаммед оларға (сүтті) түйелер табынына барып, олардың сүті мен зәрін (дәрі ретінде) ішуді бұйырды. . . . Сондықтан олар сауыққаннан кейін сол бағытқа қарай жүрді ». . Дәл сол уақытта Урена халқына әсер еткен аурудың басқа емі болмады. Сондықтан бұл уақытша ем болды. оған қоса, егер біреудің ауруында, егер оларды емдейтін дәрі-дәрмектің құрамында харам заты болса және басқа алмастырғыш (халал) болмаса, онда бұл дәрі-дәрмекке рұқсат етіледі. Бахтияр Насир, ислам діни қызметкері, хадиске сүйене отырып, түйе зәрін тұтынуды жақтап, қорғаған. Абу Ханифаның шәкірті Абу Юсуф медициналық емдеу үшін түйе зәрін қолданудың зияны жоқ екенін айтқан. Алайда, Абу Ханифаның айтуынша, түйе зәрін ішуге болмайды. ## Қолданылуы және әсерлері Йеменде Түйе сідігі ішімдік болып саналады және ауруларды емдеуде қолданылады, дегенмен, бұған кеңінен тыйым салынған. Кейбір салондарда оны шаш түсуді емдеу үшін пайдаланады делінген. Үрғашы түйеден алынған түйе зәрінің бағасы литріне жиырма доллардан тұрады, малшылар оның емдік күші бар дейді. Ол дәстүр бойынша сүтпен араластырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түйелер Таяу Шығыстағы респираторлық синдроммен байланысты коронавирустың көзі екенін және «шикі түйе сүтін немесе түйе зәрін ішу немесе дұрыс пісірілмеген етін жеу MERS-CoV инфекциясымен қатты аурумен «қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы ауруы және иммунитеті төмен адамдардың ауру қаупі жоғары екенін адамдарға ескетті. MERS ‐ CoV бар дромедариялардың эксперименттік инфекциясы зәрде вирус ешқандай дәлел көрсеткен жоқ. Сондықтан, түйе зәрі вирустың адамдарға таралуы көзі болып табылмайды. ## Сондай-ақ қараңыз * Сиыр зәрі * Дромедерлер * Зооноз ## Дереккөздер
Зелёнов ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Зелёное ауылы кіреді. Орталығы – Зелёное ауылы. Округ құрамында болған Асерчево ауылы 2011 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1381 адамды (704 ер адам және 677 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын тойланған Қазақстанның мемлекеттік мейрамы. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған «Мерекелер туралы заң» бойынша мемлекеттік мейрам деңгейін жоғалтты. ## Тарихы Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Президенті заңға қол қойды, заңға № 509-IV саны берілді. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда Қазақстанның түкпір-түкпірінде мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту болды. Кейбір жалпыұлттық шаралар да мерекеге орайластырылды. Мысалғы, 2016 жылдың 1 желтоқсанында 10 000-шы ескерткіш банкнот айналымға енгізіліп, Алматы облысындағы Нұркент жаңа қонысының ресми ашылуы өтті.. 2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі «1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталармен және әлеуметтік мәні зор әлеуеті жоғары басқа да даталармен салыстыра отырып анықтауды ұсынылды, мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастап» , тиісті заң қабылданды. 2022 жылдың қараша айының соңында ол мерекелер тізіміне енді. ## Дереккөздер
Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Мереке ресми демалыс күні болып саналмайды. ## Тарихы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз». ## Әдебиеттер тізімі
Тәңір тауы, кейде Тянь-Шань – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі. ## Географиялық орны Тәңір тауының орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км Тәңір тауы солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, оңтүстігінде Алай жотасы арқылы Памир тау жүйесімен түйіседі. Солтүстік шекарасы ретінде батыста Іле аңғары, Мойынқұм, шығыста Жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырымен түйіседі. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м.). Тәңір тауы ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады. ## Орографиялық құрылысы Орографиялық құрылысы жөнінен Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік Тәңір тауы Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тәңір тауы жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Іле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Кейбір жоталар тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс Тәңір тауына Ферғана, Талас Алатауы мен одан таралатын Өгем, Піскем, Шатқал жоталары және Қаратау жатады. Батыс Тәңір тауы жоталары бірте-бірте солтүстік-батысқа қарай 4,5 мың метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс және Оңтүстік Тәңір тауын бір-бірінен бөледі. Орталық (Ішкі) Тәңір тауына солтүстікте Ыстықкөл қазаншұңқырынан оңтүстік-батыста Ферғана қазаншұңқырына, оңтүстік-шығыста Көкшаал-Тоо жотасына дейінгі аралық кіреді. Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі шыңы – 6995 м). Ортaлық Тәңір тауына сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Оңтүстік Тәңір тауы Алай жотасы, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады. Шығыс Тәңір тауы ендік бойымен созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-Ола, Қарлытау жоталары құрайтын солтүстік белдеу ұзын – шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-қа дейін), басты жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. Жоталардың басы 4000 – 5000 м биікке көтеріледі. Шығыс Тәңір тауы етегінде құрлықтағы терең қазаншұңқырлардың бірі – Турфан ойысы орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Тәңір тауы Орал-Моңғол геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тәңір тауы каледон, Орталық және Оңтүстік Тәңір тауы герцин таужаралымда қатпарланған. Палеозой қатпарлықтарында түзілген таулар жоғары пермьде пенепленге ұшыраған. Қазіргі жер бедері неоген мен төрттік кезеңдегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Тәңір тауы тау жоталары палеозой мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал тауаралық қазаншұңқырлар кайнозой және ішінара мезозой шөгінділерімен толған. Ежелгі тау жыныстарымен сынап, түсті және сирек металл, фосфорит кен орындары байланысты. Тауаралық қазаншұңқырлардағы мезо-кайнозой шөгінділеріне мұнай, қоңыр және тас көмір шоғырланған. ## Климаты Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тәңір тауының климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 250С, орта өңірде 15 – 170С, биік тау басында 0 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 40С (оңтүстікте), –6 – 80С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тәңір тауының солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр. ## Мұздықтары, өзен-көлдері Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тәңір тауы (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тәңір тауындағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, кар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын, Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл. ## Өсімдіктері Оңтүстік-батыс Тәңір тауының сұр топырағында көктемдік бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер басым (қоңырбас, құмқияқ, таспа, т.б.). Шығыс Тәңір тауында қылша, кей жерлерінде сексеуіл тоғайлары, қалған бөлігінде жусан мен сораң өседі. Тауалды өңірінің жоғары бөлігін солтүстікте 1600 – 2100 м, Шығыс Тәңір тауының оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Батыс Тәңір тауының солтүстік беткейлерін 1000 – 1200 метрден 2500 – 2600 метрге дейін, шығыс Тәңір тауының оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс Тәңір тауында шоқ-шоқ болып өскен жаңғақ, жеміс ормандары таралған. 2000 метрден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 – 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық Тәңір тауы сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 – 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты. ## Қорықтары Тәңір тауының табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылы Алматы маңы Іле Алатауы ұлттық паркі кұрылды.\ ## Дереккөздер
Қанды жөтел (кейде Қанды қақырық, ағылш. bloody cough, немесе гемоптизис (лат. Hemoptysis) — жөтелгенде қанның қақырық аралас түкірікпен көп мөлшерде шығуын айтамыз. Өкпеден қан кетуді де осылай атайды. Қанды жөтел өкпе туберкулезінде ең жиі кездеседі, бұндай жағдай бронхоэктаз ауруында,өкпе абсцессі мен гангренасында, өкпенің өатерлі ісігінде де болуы мүмкін. Кей кезде өкпеде қан іркілгенде және өкпе инфарктісінде де қақырықпен қан түсетінін ұмытпау қажет. Бұндай жағдай кейде жүрек сырқаттарымен де байланысты болады. Өкпеден қан кетуіне толық көз жеткізу үшін, қанның қақырыққа ауыз қуысынан,көмекейден,мұрыннан түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс. Ол үшін алдымен ауыз қуысын тыңғылықты қарап тексеру керек. Кейде өкпеден кеткен қанды асқазаннан кеткен қаннан ажырата білу қиынға түседі. Асқазаннан аққан қан қоңыр түсті, тағам қалдықтарымен араласып түседі. Ол қышқылдық реакция береді. Ал,өкпеден қан кеткенде алқызыл түсті, ауа көпіршіктерімен араласып, реакциясы сілтілі, жөтелмен қатар жүреді. Алқызыл түсті қан түкіру өкпе туберкулезінде, бронхогенді ракта, бронхоэктаз, сол сияқты актиномикоз ауруларында жиі кездеседі. Крупоздық пневмония ауруының II кезеңінде қанның түсі эритроциттердің ыдырауына және гемосидерин пигментінің түзілуіне байланысты тотықтың түсіндей болып тұрады. Өкпе инфарктында алғашқы 2-3 күнде қан алқызыл, сонан кейін 7-10 күннен кейін қанның түсі өзгере бастайды. ## Дереккөздер
Қатимолла Ризуанов (21 желтоқсан 1938 жыл Дуаберген ауылы Новобогат ауданы Атырау облысы) — Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы. Атырау облысының, Исатай, Индер, Махамбет аудандарының Құрметті Азаматы ## Өмірбаян Қатимолла Ризуанов 1938 жылы 21 желтоқсанда Дуаберген ауылында Новобогат ауданы дүниеге келген. Руы Адай Тоқтамыс (Жезбике) бөлемі, Кіші жүз. 1955 жылы жаңа ашылған Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтынан физика, математика және сызу пәндерінің мұғалімі деген мамандық алып Бақсай ауданына жұмысқа жіберіледі. 1963 жылдың басында партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданады да, аудандық комсомол комитетіне жұмысқа шақырылады. 1964 жылы облыстық комсомол комитетіне алынып, оның бюро мүшесі ретінде ұйымдастыру бөлімін басқарады. 1969 жылы обком бюросы шешімімен Алматы жоғары партия мектебіне оқуға жіберілген. 1971-1978 жылдарда Гурьев облыстық партия комитетінің ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы 1978 жылы Индер аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланған. Сырттай Гурьев ауыл шаруашылығы машиналарының техник-механигі мамандығын алады. 1988 жылы облыстық партия комитеті жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы 1990 жылы ұйымдастыру-партиялық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 1992 жылы халық депутаттары облыстық Кеңесін басқарған. 1993 жылы Кеңестердің орнына құрылған облыстық Маслихат хатшысы болып сайланған. 1994 жылдан Атырау облыс Әкімінің орынбасары, ұлттық саясаты жөніндегі басқарма бастығы, Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі 1999 жылы Атырауда Қазақстан Азаматтық партиясы облыстық ұйымын ұйымдастырып, оның төрағалығына сайланған 2000 жылғы желтоқсаннан осы партия Орталық Комитетінің бюро мүшесі. «Отан» партиясына қосылғаннан кейін зейнетке шығады 2011 жылдың басында облыстық ардагерлер кеңесінің төралығына сайланып жұмыс жасап келеді. ## Қоғамдық қызметі Қазақстан Компартиясының екі съезіне, түрлі Бүкілодақтық, республикалық форумдарға қатынасқан. Жұмыс жасап жүрген мерзімдерінде аудандық, облыстық Кеңестердің депутаты болып, аудандық, облыстық партия комитеттерінің мүшесі болып бірнеше дүркін, соңғы жылдарда Гурьев обкомының бюро құрамына сайланған. ## Отбасы Әкесі - Ризуан 1901 жылы туған, анасы - Латипа 1903 жылы туған. Зайыбы - Нәсила (1941), балалары Гүлнар (1962), Айбек (1964), Гүлзада (1966) және Анар (1972). ## Марапаттары «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, түрлі дәрежедегі 25 медальмен марапатталған. 1995 жылы Республика Үкіметінен алғыс хат және тағы басқа дәрежелерде марапат алған. "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі (1970) "Еңбек ардагері" (1991) Ол Республикалық ардагерлер ұйымының «Құрмет белгісі» иегері және Орталық Кеңес мүшесі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына - 20 жыл» төсбелгісі - 2017 ж. Атырау облысының (2014), Исатай (2014), Индер (2007), Махамбет (2017) аудандарының Құрметті Азаматы ## Жарияланымдар Қатимолла Ризуанов. Тоқтамыс Адай Ұрпақтары (Жезбике) шежірелердің жалғасы, Атырау, 2004 ISBN 9965-475-01-6 Қатимолла Ризуанов. “Белестер” Монография, Алматы, 2008 ISBN 978-601-201-030-1 Қатимолла Ризуанов. "Күнгей мен көлеңке", Атырау, 2014 ISBN 978-601-242-034-0 ## Дереккөздер
Шай тарихына және мәдениетіне арналған мұражайлар тізімі: * Цейлон шайы мұражайы, сайты * Муннар қаласындағы шай мұражайы (Оңтүстік Үндістан) * Ассам штатының Токлаи өзені бойындағы мұражай * Ханчжоудағы Қытай ұлттық шай мұражайы, сайты Мұрағатталған 13 қаңтардың 2016 жылы. * Гуйчжоу провинциясындағы Мейтан шай мұражайы (ең үлкен шәйнек пішінді ғимаратта, биіктігі 73,8 метр) * Фуцзянь провинциясындағы Тенфу шай мұражайы * Гонконгтегі шай ыдысы мұражайы, сайты * Тайбэйдегі Пин-Лин шай мұражайы * Макаодағы шай мұражайы * Тибет шайы мұражайы * Сеулдағы шай мұражайы * Чеджудағы шай мұражайы * Посондағы жасыл шай мұражайы * Токиодағы шай мұражайы * Кимура шай ішу рәсімінің мұражайы, сайты * Симаданың Әлемдік шай мұражайы, сайты(қолжетпейтін сілтеме) * Германияның Нордендегі шай мұражайы, сайты Мұрағатталған 5 тамыздың 2020 жылы. * Түркияның Ризедегі шай мұражайы * Мәскеу шай фабрикасының мұражайы, сайты * Амстердамдағы шай мен кофе мұражайы * Лондондағы шай мен кофе мұражайы, сайты Мұрағатталған 19 сәуірдің 2020 жылы.
Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғыс ханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Жас кезінен әкесінің жорықтарына қатынасты. 1211—15 жылы Солтүстік Қытайға (Цзань империясы), 1218—22 жылы Орта Азияға (Хорезм) жорық кезінде жеке жасақтың басшысы болды. Орта Азия қалаларын қоршауға алу кезінде Шыңғысханның үлкен 2 ұлы Жошы мен Шағатай арасында үнемі дау туа бергендіктен, әкелері Үгедейді бірінші орынға шығарып, 2-ағасын оған бағынуға міндеттеді. Екі ағасына карағанда мінезінің жұмсақтығымен әрі елмен тез тіл табыса алуымен ерекшеленді. Хорезм жорығы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Шыңғыс хан Үгедейді өзінің заңды мұрагері етіп тағайындады. Таққа отырғаннан кейін ол әкесінің жорықтарын ары қарай жалғастырды. 1232—34 жылы Үгедей мен Төле басқарған әскерлер Цзань империясын толық талқандап, Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтады. Қытайлармен соғыс аяқталысымен-ақ Үгедей бағынбай кеткен Хорезмнің соңғы билеушісі Жалел әд-Дин сұлтанды жазалау үшін арнайы жасақ аттандырады. Жалел әд-Дин талқандалып, күрдтердің қолынан қазаға ұшырады. Бүл жорықтың нәтижесінде моңғолдар Күрдістан, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігін жаулап алды. 1235 жылы өткен құрылтайда батысқа қарай жорық жасауға арнайы шешім қабылданып, әскердің қолбасшылығына Жошы ұлысының билеушісі Бату хан бекітілді. Нәтижесінде, 1236-41 жылы Шығыс Еуропа толығымен моңғол үстемдігін мойындады. Замандастарының айтуынша, Үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Ол билік жүргізген кезеңде ел астанасы Қарақорым қаласын салу аяқталды, халық санағы жүргізілді, пошта қызметі ұйымдастырылды. ## Дереккөздер
Субашасүйек көктамыры (ағылш. subclavian vein, кейде Субклавиялық көктамыр) — ағызаның екі жағында бір-бірден орналасқан, жұптасқан үлкен көктамыр (вена) болып, ол жоғарғы қол-аяқтан (the upper extremities), яғни екі тұтас қоллан қанның ағып шығып, жүрекке қайта оралуына жауапты. Солжақ субашасүйек көктамыры майлар мен липидтердің (lipid) сорылуында шешуші рөл атқарады, лимфа арқылы өткізілген нәрлердің қанайналысына енуіне мүмкіндік береді, әрі сонда бауырдың портал көктамырына құяды. Субашасүйек көктамырларының диаметрі шамамен 1-2 см болып, адамға қарай әртүрлі. "Субашасүйек" атауы латынның субклавиялық (subclavian) сөзінен шыққан болып, Sub - "төменгі" және clavian - Ашасүйек сөздерінің бірігуінен жасалған. ## Құрылымы Әрбір субашасүйек көктамырлары аксиллярлы көктамырдың жалғасы болып, бірінші қабырғаның сыртқы жағынан бастап алдыңғы скален бұлшықеттерінің ішкі жағына дейін созылады. Сол жерде ол мойынның ішкі көктамырларына (internal jugular vein) қосылып, "атаусыз көктамыр" деп те аталатын Иық-бас көктамырын (brachiocephalic vein) қалыптастырады. Тұтасқан бұрышы көктамыр бұрышы деп аталады. Субашасүйек көктамыры субашасүйек күретамырына ілеседі, ол алдыңғы скаланге енер тұста субашасүйек күретамырдан бөлініп кетеді. Осылайша, субашасүйек көктамыры алдыңғы скаленнің алдында жатады, ал субашасүйек көктамыры алдыңғы скаленнің артында, орта скаленнің алдында орналасады. ## Функциясы Кеуде каналы солжақ мойынның ішкі көктамырымен түйіскен тұстағы солжақ субашасүйек көктамырына құяды,ол түседі. Ол лимфа жүйесінен лимфаны (су мен ерітінділерді), сондай-ақ ішекте пайда болған диеталық майлардан және липидтерден хиломикрон, немесе хилус алады, әрі олардың қанайналысына қосылуына мүмкіндік береді; майлар мен липидтер өнімдері қанайналым арқылы бауырдың портал көктамырына жеткізіледі, сосын ақыры бауырға жетіп барады, осылайша солжақ субашасүйек көктамыры майлар мен липидтердің қорытылуында маңызды рөл атқарады. Оңжақ лимфа каналы өз лимфасын оңжақ мойынның ішкі көктамыры мен оңжақ субашасүйек көктамыры түйіскен тұсқа ағызып апарады. ## Клиникалық маңызы субашасүйек көктамыры ірі, орталықтық және салыстырмалы беткірек болғандықтан, орталық көктамыр катетерін қоюда жиі пайдаланылады. ## Дерттер Пагет-Шреттер ауруы (Paget–Schroetter disease) субашасүйек көктамырларының тромбозын да қамтиды, бұл ауруда ол (тромбоз) әдетте физикалық жаттығулар тудыратын қалжыраудан (strains) пайда болады. ## Тағы қараңыз * Субашасүйек күретамыры ## Галерея * * * * * * * * ## Дереккөздер
Сергей Александрович Хижниченко — Қазақстандық футболшы, шабуылшы. Сергей Хижниченко 1991 жылы 17 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. ## Футбол әлеміндегі жолы ### Восток Өскемен "Восток" футбол клубының тәрбиеленушісі. 15 жасында ең бірінші ойынының өзінде соққыларымен көзге түсіп, дебют жасаған. Клуб қазақстандық Премьер-лигадан шыққаннан кейіе астаналық "Локомотив" клубына көшеді. ### Локомотив Алғашында қосымша топта болып, ойыншылардың орнына жиі шығып жүреді. Наурыздың 22 күні "Қайрат" футбол клубымен өткен матчта көзге түседі. 2010 жылы "Шахтер" клубымен ойынның 6 айналымында гол соғып, матч соңына 14 мин қалғанда есепті өзгертеді. ## Жетістікері «Шахтёр» (Қарағанды) * Қазақстан чемпионы 2011-2012 * Қазақстан кубогының жүлдегері 2013 * Қазақстан Суберкубогының жүлдегері 2013 "Астана" * Қазақстан чемпионы: 2019 ## Жеке мадақтамалары * Proспорт газетінің нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы 2009». * 2009 жылы 22 ең үздік футболистер қатарына кірген. * Қазақстан Премьер-Лигасында 33 ең үздік футболистер қатарында.(2009,2011,2012). * Ең үздік жас Қазақстан футболисті 2011. Футболдан басқа Хижниченко Аслан Дарабаевпен,Ренат Абдулинмен және Александр Мокинмен «Стоунз» компаниясына жарнамалық фотосессияға түсті. ## Жеке өмірі Сергейдің әкесі-Алексадр Николаевич дальнобойщик болып жұмыс істейді.Ал анасы-Наталья Николаевна –дүкен басшысы болып жұмыс істейді.Футболистің сонымен қатар Николай деген туған ағасы және Наталья деген әйелі бар. Қазақстанның жас құрамасының қатарларына жұмылдырылды.Сергей Остапенко жарақаттанғаннан кейін бас жаттықтырушы негізгі ойыншыны ауыстыратын адам іздеді.Сол адам Александр Хижниченко болды.Бұл Александрдың Қазақстан құрамасына алғашықы шақыруы болды.2009 жылдың 10 маусымнында Украина құрамасына қарсы сынға түсті.Ал 2009 жылдың 9 қыркүйегінде Андорра құрамасына қарсы ойында 2 гол cоқты. ## Сілтемелер * 90minut.pl * national-football-teams.com * Статистика Мұрағатталған 15 наурыздың 2013 жылы. * NFT
* Ақоба – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл. * Ақоба – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Жәнібек – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл. * Жәнібек – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл.
Алексей Алексеевич Мулдаров (24 сәуір 1984, Цхинвали, Оңтүстік Осетия, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнаған. Мулдаровтың Қазақстаннан бірнеше туысқандары табылды да, 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алды. Құрама бапкері Мировлав Беранек оны Қазақстан құрамасында ойнауға шақырды. 2013 жылы 4 маусымда Алматыда Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде (1:2) тұңғыш рет алаңға шықты. Жалпы, құрамада үш кездесу өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Ресей бірінші лигасының жеңімпазы: 2011/12 * Қазақстан чемпионы: 2013 * Қазақстан вице-чемпионы: 2014 * Қазақстан суперкубогы: 2014 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Алексей Алексеевич Мулдаров (24 сәуір 1984, Цхинвали, Оңтүстік Осетия, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнаған. Мулдаровтың Қазақстаннан бірнеше туысқандары табылды да, 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алды. Құрама бапкері Мировлав Беранек оны Қазақстан құрамасында ойнауға шақырды. 2013 жылы 4 маусымда Алматыда Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде (1:2) тұңғыш рет алаңға шықты. Жалпы, құрамада үш кездесу өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық * Ресей бірінші лигасының жеңімпазы: 2011/12 * Қазақстан чемпионы: 2013 * Қазақстан вице-чемпионы: 2014 * Қазақстан суперкубогы: 2014 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Пётр Климентьевич Бадло (укр. Петро Климентійович Бадло; 24 мамыр 1976(19760524), Тернополь, Украина) — украиналық және қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Футболшылық карьерасының 15 жылын Қазақстанда өткізіп, "Тобыл", "Ақтөбе" клубтарында ұзақ жылдар бойы доп тепті. Осы аралықта төрт рет Қазақстан чемпионы атанды. Тек 2014 жылы ғана 38 жасында отанына оралды. 2015 жылы бапкерлікке кірісті. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионы: 2007, 2008, 2009, 2013 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2003, 2005, 2010, 2014 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002, 2004, 2006, 2011, 2012 * Қазақстан кубогы: 2008 * Қазақстан кубогының финалисі: 2003 * Қазақстан суперкубогы: 2008, 2010, 2014 * Достастық кубогының финалисі: 2010 ### Жеке * Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы (УЕФА сауалнамасы бойынша): 2013 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Пётр Климентьевич Бадло (укр. Петро Климентійович Бадло; 24 мамыр 1976(19760524), Тернополь, Украина) — украиналық және қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Футболшылық карьерасының 15 жылын Қазақстанда өткізіп, "Тобыл", "Ақтөбе" клубтарында ұзақ жылдар бойы доп тепті. Осы аралықта төрт рет Қазақстан чемпионы атанды. Тек 2014 жылы ғана 38 жасында отанына оралды. 2015 жылы бапкерлікке кірісті. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионы: 2007, 2008, 2009, 2013 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2003, 2005, 2010, 2014 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002, 2004, 2006, 2011, 2012 * Қазақстан кубогы: 2008 * Қазақстан кубогының финалисі: 2003 * Қазақстан суперкубогы: 2008, 2010, 2014 * Достастық кубогының финалисі: 2010 ### Жеке * Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы (УЕФА сауалнамасы бойынша): 2013 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Мойындырық ұяшығы (ағылш. Jugular foramen) — бассүйек астындағы үлкен ұяшық, қуыс (ашық) болып, каротид каналының артында орналасқан. Оның алдыңғы бөлігі самай сүйектің жартастық бөлігінен, артқы бөлігі қарақұс сүйегінен қалыптасады; оның оң жағы сол жағына қарағанда үлкенірек. ## Ерекшелігі Ми жүйкелері IX (тіл-жұтқыншақ, glossopharyngeal), X (кезеген, vagus) және XI (қосалқы, accessory) және төменгі жартасты синусы мен сигмалы синус көктамыры қатарлылар мойындырық ұяшығынан өтеді. Мойындырық ұяшығын үш бөлікке бөлуге болады, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар. * Алдыңғы бөлік төменгі жартасты синусын өткізеді * Аралық бөлік тіл-жұтқыншақ жүйкесін, кезеген жүйкесін және қосалқы жүйкесін өткізеді * Артқы бөлік сигмалы синусты (мойынның ішкі көктамырына айналады) және қарақұс сүйегі мен жұтқыншақтың өрлеген күретамырынан келген кейбір менингиальды тармақтарды өткізеді. Субклассификацияны негіз еткен балама бейне бар, мойын омыртқасы арқылы анықталған, онда мойындырық ұяшығы екі бөлікке бөлінеді: * Кішірегі, алды-орталық, «pars nervosa» бөлігі CN IX (Даңғара жүйкесі (tympanic nerve), CN IX тармақтары) қамтиды, және төменгі жартасты синусынан веноздық қайтымды алады. * Үлкенірегі, артқы-сыртқы, «pars vascularis» бөлігі CN X, CN XI, Арнольд жүйксі (немесе Арнольд рефлексі қамтитын CN X-нің құлақша тармағы, онда сыртқы құлақ жолы қоздатуы (external auditory meatus stimulation) жөтел туғызады), мойын томпағы және жұтқыншақтың өрлеген күретамырының артқы менингиальды тармағын қамтиды. ## Қосымша суреттер * * * ## Дереккөздер
Төменжақартқы көктамыр (кейде Ретромандибулярлы көктамыр, ағылш. Retromandibular vein, немесе Самай-үстіңгіжақ көктамыры, ағылш. temporomaxillary vein, немесе Бетарты көктамыры ағылш. posterior facial vein) — Самайдың беткі көктамыры мен үстіңгі жақсүйек көктамырының бірігуінен қалыптасады, шықшыт безінің ішімен, сыртқы каротид күретамырының бетінде, бірақ бет жүйкесінің астында, астыңғы жақсүйек рамусы мен Төс-бұғана-емізік бұлшықеті арасында төмен құлдайды. Ол екі тармаққа бөлінеді: * алды, ол алдыға қарай өтіп, беталды көктамырына қосылып, жалпы бет көктамырын құрайды, сосын мойынның ішкі көктамырына құйылады. * артқы, ол құлақтың артқы көктамырына қосылып, мойынның сыртқы көктамырына айналады. Паррот белгісі (Parrot's sign) - төменжақартқы аймаққа қысым жасалғанда пайда болған ауыру сезімі. ## Қосымша суреттер * ## Сыртқы сілтемелер * Анатомиялық фото:27:13-0103 Мұрағатталған 11 шілденің 2018 жылы. - "Infratemporal fossa: The Pterygoid plexus of Veins" * Төртінші Дәріс Мұрағатталған 31 қаңтардың 2020 жылы. (Norman анатомия дәрістері: төртінші дәріс)
Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев (4 қазан 1951; Көктөбе ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы)– мемлекеттік қайраткер, дипломат. ## Өмірбаяны 1951 жылы 4 қазанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде математика мамандығын оқып бітірді. * 1993-1994 жылдары - ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрінің орынбасары. * 1994-1996 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Шет елдермен сауда-экономикалық байланыс жөніндегі бас басқарманың бастығы. * 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. * 1999-2003 жылдары - ҚР-ның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. * 2004-2011 жылдары - ҚР-ның Украинадағы және Молдовадағы елшісі. * 2011-2013 жылдары - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары. * 2013-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. ## Марапаттары "Құрмет" белгісі (2007) ## Сілтемелер Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев
Динияр Ринатұлы Билялетдинов (тат. Динияр Ринат улы Билалетдинев, Diniər Rinat uğlı Bilaletdinev; 27 ақпан 1985, Мәскеу) — Ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. ## Өмiрбаян Динияр Билялетдинов 1985 жылы ақпаның 27 жұлдызында Мәскеу қаласында дүниеге келген. Оның әкесi — Ринат Билялетдинов — әйгелi футболшы және бапкеры, анасы — Аделия Билялетдинова. ### Карьерасы Диниярың бірінші клубы Мәскеунiң "Локомотив" болды. "Локомотивта" Динияр 150 інде алаңға шықты және 31 гол соқты. 2009 жылында ол Дэвид Мойестың шақыртуымен "Эвертон" командасында ауысып келді. 2012 жылы 23 қаңтарда Спартак командасында келдi. ## Жетістіктері ### Командалық Ресей құрама командасы| * Еуро 2008 дүркін қола жүлдегері: 2008 Локомотив (Мәскеу) * Ресей Чемпионатының чемпионы: 2004 * Ресей Чемпионатының екi дүркін қола жүлдегері (2): 2005, 2006 * Ресей Кубогының иегері: 2006/07 * Ресей СуперКубогының иегері:: 2005 ## Клубтық карьера кестесі ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Эвертон» ресми сайтындағы профиль Мұрағатталған 29 шілденің 2010 жылы.  (ағыл.) * Чемпионат.com сайтындағы профиль Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.  (орыс.)
Мойындырық томпағы (ағылш. Jugular process) — Қарақұс сүйегінің сыртқы бүйірінде кондиланың (condyle) артқы жартысынан сыртқы бүйірге кеңейген төртбұрышты, не үшбұрышты сүйек бұдыры.
Негізгі ұғым: * Құлақ – адам мен жануарлардың есту мүшесі. Елді мекендер: * Құлақ – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018-жылы Жалпақтал ауылы құрамына енгендіктен қысқартылған. * Құлақ – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қараөзен ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018-жылы қысқартылған.
* Еламан – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. * Еламан – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы таратылған ауыл.
Төссүйек (немесе Төс, лат. sternum) — құрлық омыртқалылары қаңқасының бір бөлігі, кеуде бөлігінің тірек сүйегі. Амниоттардың төс сүйектері қабырғамен қосылып, көкірек қуысын құрайды. Қосмекенділердің төс сүйегі сыңар, шеміршекті немесе сүйекті, бауырмен жорғалаушыларда, шеміршекті, мысалы: қолтырауында бөлімдерге жіктелген. Құстардың біртұтас төс қыры бар. Сүтқоректілерде төс үш бөлімнен тұрады: * төссабы (ағылш. Manubrium) * төсжүзі (ағылш. gladiolus)) * төсұшы ағылш. Xiphoid process ## Дереккөздер
Самайдың беткі көктамыры (ағылш. Superficial temporal vein) — бассүйек бүйіріндегі көктамыр. Ол бассүйек төбесінің бір бүйірінен басталып, маңдай көктамырымен, көзүсті көктамырымен, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, артқы құлақша көктамырымен және қарақұс көктамырымен тұтасады. Ол соңында бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безіне еніп, үстіңгі жақсүйек көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын құрайды. ## Құрылымы Ол шашақты тор формасында бассүйектің бүйірі мен төбесінен басталып, маңдай көктамырымен және көзүсті көктамырымен жалғанып, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, сондай-ақ артқы құлақша көктамырымен және шүйде көктамырымен тұтасады. Осы шашақты тордан маңдай және төбе тармақтары пайда болып, бетсүйек доғасының үстінде қосылып, қантамыр діңін құрайды, ол самай бұлшықетінен шығатын самайдың ортаңғы көктамырына тұтасады. Сосын ол бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безінің затына еніп, ішкі үстіңгіжақ көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын қалыптастырады. ### Салалары Беткі самай тамыры өз қан ағысын мына қантамырлардан алады: * кейбір шықшыт көктамырларынан (parotid veins) * Самай-шықшыт буыны арқылы буындық көктамырлардан (articular veins) * Құлақ арқылы құлақтың алдыңғы көктамырынан (anterior auricular veins) * Бет арқылы беттің көлденең көктамырынан (transverse facial vein) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Норман анатомия дәрісі: 4 дәріс. The Parotid Region of the Face Мұрағатталған 31 қаңтардың 2020 жылы. * Tufts.edu -дің диаграммасы * stchas.edu -дің димграммасы
Қармақжем — балық аулау үшін қармақтың ілгішіне ілінетін жем немесе оған ұқсатылған құралдар. Қармақжемді келесі топтарға бөлуге болады: * жәндіктер (жауын құрты, шыбын құрты, маса құрты, мормыш немесе ұсақ шаянтәрізділер, ұсақ балықтар); * өсімдіктен жасалған жемдер (нанның жұмсағы, жүгері, бұршақ, үрме бұршақ, люпин, қамыр, ботқалар, бойлдар); * жасанды қармақжем (жылтырауық, жасанды шыбын, мормышка, воблер, твистер, спиннербейт т.б.). Жәндіктер балықтардың табиғи қорегі болып табылады. Өсімдіктен жасалған жемдерді тартымдырақ қылу үшін оларға кейде иістендіргіштерді де қосады. Жасанды қармақжем көбінесе металдан немесе пластиктен, ұсақ балыққа және басқа да жәндіктерге ұқсатылып жасалады. ## Дереккөздер
Яссин Буну (араб.: ياسين بونو‎; 5 сәуір 1991 жыл, Монреаль, Канада) — марокколық футболшы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Хилал" клубының қақпашысы. ## Карьерасы ### Клубтық Яссин Канаданың Монреаль қаласында дүниеге келген, балалық шағында тарихи отаны Мароккоға қоныс аударды. "Видад" клубының тәрбиеленушісі болып, 17 жасында "Ницца" клубына ауысқысы келген, онысы сәтсіз болды. 2011 жылы КАФ Чемпиондар Лигасының финалында "Эсперансқа" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты, бұл ойында "Видад" жеңілгенімен, Яссин клуб тарапындағы ең үздік ойыншы атанды. 2013 жылы "Атлетико Мадрид" клубына ауысты. ### Құрама 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. 2013 жылы 14 тамызда Буркина-Фасоға қарсы жолдастық ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2017 жылғы Африка Ұлттары кубогына қатысты. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. ## Жетістіктері * УЕФА Еуропа лигасы: 2019/20, 2022/23 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Бетсүйек доғасы (ағылш. zygomatic arch, немесе Шықшыт сүйегі, ағылш. cheek bone) — анатомияда самай сүйектің бетсүйек томпағынан (құлақ алдындағы бассүйек бүйірінен алға қарай созылып шыққан сүйек) және бет сүйегінің самай томпағынаннан (жақ сүйектерінде) құралған бұлтиған сүйек бөлігі болып, екеуі қиғаш жымдасады (бет-самай сүйектерінің жымдасуы, zygomaticotemporal suture). Самай бұлшықетінің сіңірі осы доғаның аралығынан өтіп, астыңғы жақсүйектің тәжді томпағына енеді. Бетсүйек нүктесі бетсүйек доғасының жоғарғы шегінің (upper border) алдыңғы ұшында орналасқан болып, сонда шайнау бұлшықеті мен үстіңгі жақсйүектің ұшырасуы бұрыш (angle) жасайды, әрі сонда ол бетсүйектің томпағына ұшырасады. Бетсүйек доғасы сүтқоректілер мен олардың жойылған туысқандарын да қамтитын, амниоттардың бір кладасы болған аңтәрізділердің (Synapsida) негізгі бір ерекшелігі болып, ол мысалы мосхопс және диметродон секілділерде кездеседі. ## Дереккөздер
"Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысыменбекітілген ## Толығырақ "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Мәдениет саласының үздiгi" төсбелгiсi диаметрi 34 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.Шеңбердiң iшiнде күннiң, шаңырақтың және ұлттық ою-өрнектiң бейнесi, төменде алтын түстес "МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI" деген жазу орналасқан. Төсбелгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 34 мм және биiктiгi 18 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.Төсбелгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
Тило Керер (нем. Thilo Kehrer; 21 қыркүйек 1996 жыл, Тюбинген, Германия) — германиялық футболшы, Германия Ұлттық футбол құрамасы мен "Вест Хэм Юнайтед" клубының қорғаушысы. 2018 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды. 2022 жылы әлем чемпионатына қатысты. ## Жетістіктері «Германия-21» * Еуропа чемпионы (1): 2017 ПСЖ * Франция чемпионы (1): 2018/19, 2019/20, 2021/22 * Франция кубогы: 2019/20, 2020/21 * Франция суперкубогы: 2020 Вест Хэм * УЕФА Конференциялары лигасы: 2022/23 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
«Мен үшін Өлген» (ағылш. Dead to Me) — америкалық қара әзілді және комедия-драмалық телесериал, режиссері Лиз Фельдман. Шоудың тұсаукесері 3 мамыр 2019 жылы Netflix арнасында өткізілді. Басты рөлдерде Кристина Эпплгейт, Линда Карделлини, Джеймс Марсден, Макс Дженкинс, Сэм Маккарти жәге Люк Росслер. Сериалдың бірінші маусымы жақсы пікірлер алды. 2019 жылдың маусым айында Netflix сериалды екінші маусымға дейін созды, екінші маусымы 8 мамыр 2020 жылы шығарылды. ## Сюжет Жесір әйел Джен (Кристина Эпплгейт) көлік апатында қайтыс болған күйеуінің өлімін тергеуді шешеді. Қолдау тобында ол Джудиді (Линда Карделлини) кездестіреді, кейін онымен достығын бастайды. ## Рөлдерде ### Басты рөлдерде * Кристина Эпплгейт — Джен Хардинг, риэлтор, күйеуі көлік апатында қайтыс болған жесір әйел. * Линда Карделлини — Джуди Хейл, Джен қолдау тобында кездестірген әйел. * Джеймс Марсден — Стив Вуд (1 маусым), Джудидің бұрынғы күйеуі, адвокат. * Макс Дженкинс — Кристофер Дойл, Дженнің бизнес бойынша серіктесі және досы. * Сэм Маккарти — Чарли Хардинг, Дженнің үлкен ұлы. * Люк Росслер — Генри Хардинг, Дженнің кіші ұлы. ### Қосымша рөлдерде * Сьюзи Накамура — Карен * Диана-Мария Рива — Ана Перес * Эд Аснер — Эйб Рифкин (1 маусым) * Кеонг Сим — Пастор Уэйн * Тельма Хопкинс — Йоланда * Лили Найт — Линда * Блэр Беекен — Уэнди * Эдвард Фордем-кіші — Кайл * Челси Спэк — Хайди * Брэндон Скотт — Ник Прейгер * Валери Махаффей — Лорна Хардинг * Натали Моралес — Мишель (2 маусым) ## Эпизодтар ### 1ші маусым (2019) ### 2ші маусым (2020) ## Өндіріс ### Дамуы 5 сәуір 2018 жылы Netflix он эпизодтан тұратын бірінші маусымының өндірісіне тапсырыс бергені жарияланды. Шоуды Лиз Фельдман жасады, ал атқарушы продюсер ретінде Лиз Фельдманның өзі және Уилл Феррелл, Адам Маккей, Джессика Элбаум болды. Шоудың тұсаукесері 3 мамыр 2019 жылы болатыны жайлы 1 сәуір 2019 жылы жарияланды. 3 маусым 2019 жылы сериалдың екінші маусымға созылатыны жарияланды. ### Кастинг 11 шілде 2018 жылы Кристина Эпплгейттің екі бас рөлдің бірін сомдайтыны белгілі болды. 3 тамыз 2018 жылы Линда Карделлини екінші бас рөлді сомдайтыны белгілі болды. Сол айда актерлік құрамға тұрақты рөлдермен Макс Дженкинс пен Люк Росслер қосылатыны жарияланды. 12 қыркүйек 2018 жылы шоуға Джеймс Марсден мен Эд Аснер қосылғаны жарияланды. 2018 жылдың қыркүйек айында негізгі рөлді сомдау үшін Сэм Маккарти және қосымша рөлді сомдау үшін Диана Мария Рива қосылғаны жарияланды. ## Мақтаулар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Dead to Me (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Ресми сайты * Мен үшін Өлген Instagram-да * Мен үшін Өлген Twitter-де * Мен үшін Өлген Facebook-те
Самир Ханданович (словен. Samir Handanovič; 14 шілде 1984 жыл, Любляна) — словениялық футболшы, "Интернационале" клубының қақпашысы. ## Карьерасы ### Клубтық Карьерасын 2003 жылы "Домжале" клубында бастады. Бір жылдан соң "Удинезеге" ауысып, Италияда ұзақ жылдар бойы тұрақтап қалды. 2005 жылы "Тревизо" клубына, 2006 жылы "Лациоға" жалға берілді. 2007 жылы клубқа қайта оралды, бұл жолы алаңға негізгі қақпашы ретінде шыға бастады. 2012 жылы "Интернационалеге" ауысты. ### Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2005 жылы өткізді. 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 2015 жылы күзде 31 жасында құрамадағы карьерасын аяқтады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісі – 2000 жылдың 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы белсенді оқытушыларын және педагогика қызметкерлерін ынталандандыру мақсатында және моральдық өсу үшін тағайындалған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1159 министрліктің қаулысы бойынша бекітілген марапаты. ## Толығырақ "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру табыстары, облыстық (аудандық), олардың республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады. ## Құрметті төсбелгісінің сипаттамасы "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісі диаметрі 32 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.Төсбелгінің беткі жағында Ыбырай Алтынсариннің бейнесі орналасқан. Бейненің астында "Ы. АЛТЫНСАРИН" деген жазу бар.Төсбелгінің артқы жағында "Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін" деген жазу орналасқан. Төсбелгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Нан өнеркәсібі — тамақ өнеркәсібі саласы; нан тағамдарын жасап шығарады. Қазақстанда 1930-шы жылдарға дейін нан ұсақ наубайханаларда пісіріліп келді, нан пісірудің барлық процесі қолмен жасалды. Жартылай механикаландырылған пешпен жабдықталған тұңғыш нан зауыты 1930 жылы Өскеменде салынды. 1941 жылы Алматыда нан зауыттары пайдаланылуға берілді. 1960 жылдан барлық облыс орталықтарында және ірі өнеркәсіпті қалаларда конвейерлі пешпен жабдықталған және ұн сақтау қоймасы бар нан зауыттары салына бастады. Нан зауыттарындағы нан пісіру процестері толық механикаландырылған. Қамыр арнаулы қамыр илеуіш машинада даярланады. Пісірілетін нанның түріне байланысты қамыр даярлау да түрлі-түрлі болады. Мысалы, тоқаш пісірілетін қамырға ашытқыдан басқадай қосымша тағамдық заттар араластырылады. Қамыр күлшеленіп арнаулы табаларға салған соң оның бетіне жұмыртқа не крахмалды су жағылады. Қажетті дәрежеге дейін ашыған соң, қамыр 200-300°С-тық пешке салынады. Пештен алынған нан температурасы 30-40°С-қа дейін төмендегенше суытылады. Осыдан кейін нанның сапалық көрсеткіштері тексеріліп, сауда орындарына жөнелтіледі. ## Дереккөздер * ҚСЭ, 8 том
"Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен күнтізбелік есеппен кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар мұнай-газ саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары және ұзақ әрі мінсіз қызметі, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен мұнай және газ саласындағы елеулі үлесі үшін басқа да адамдар марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісі диаметрі 35 мм болатын шеңбер нысанында жезден жасалады.Төсбелгінің беткі жағында қара-көк түсті шеңбердің фонында астында алтын түстес мұнай бұрғылау қондырғысының бедерлі макеті, жоғары жақта – алтын түстес ұлттық ою-өрнек элементтерімен мұнай тамшысының бедерлі макеті орналастырылған. Төсбелгінің бет жағында шеттерін бойлай алтын түстес фонда "МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ" деген мәтін бар.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, мемлекеттік басқарудың жаңа прогрессивті әдістерін енгізгені үшін, көп жылдық жемісті еңбегі мен егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік, қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы көп жылдық ерен еңбегі үшін марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында жезден жасалады.Төсбелгінің беткі жағында, ортасында шеңберге кірістірілген егістің, күннің, масақтың және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан. Ою-өрнектің айналасында шығыңқы жиек бар. Жиектің сыртқы жағында "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі", "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" деген жазулар орналасқан. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған жезден жасалған.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Құрметті сәулетші" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Құрметті сәулетші" төсбелгісімен сәулет және қала құрылысын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, сәулет бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, сәулетшілердің, қала құрылысшыларының кәсіптік мүдделерін қорғағаны, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, сәулет және қала құрылысы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін сәулет және қала құрылысы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар сәулет саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ қазақстандық сәулет және қала құрылысын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Құрметтi сәулетшi" төсбелгiсi диаметрi 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.Төсбелгiнiң беткі жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра "ҚҰРМЕТТI СӘУЛЕТШI" деген жазу орналастырылады. Шаңырақтың iшi және жазулар қою көгілдір түстi эмальмен боялған.Төсбелгiнiң сыртқы жағында тiркеу нөмiрi орналасқан. Төсбелгiнiң қыры тегiс. Төсбелгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 15 мм қою көгілдір түстi қатқыл лентамен қапталған тiк бұрышты тағанмен жалғанады.Төсбелгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы — статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы, Қазақстан Республикасындағы статистиканы жетілдіру бойынша бағдарламаларды әзірлейтін және жүзеге асыратын уәкілетті орган ("Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес). ## Тарихы * Қазақ КСР Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1990-1991) * ҚР Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (1991-1996) * ҚР Ұлттық статистика агенттігі (1996-1997) * ҚР Экономика және сауда министрлiгiнiң жанындағы Ұлттық статистика агенттiгi (1997) * ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігінің Статистика және талдау жөнiндегi комитетi (1997-1998) * ҚР Ұлттық статистика агенттігі (1998-1999) * ҚР Статистика агенттігі (1999-2014) * ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (2014-2020) * ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (2020 жылдан бастап) ## Негiзгi мiндеттерi * статистикалык әдiснаманы қалыптастыру; * мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру; * қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру. ## Құрылымы ## Атауы мен басшылары ## Бағынысты ұйымдар * «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ## Ұлттық санақтар ## Дереккөздер
Незігі ұғым: * Бұлан – бұғылар тұқымдасына жататын тағы жануар. Елді мекендер: * Бұлан – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл. * Бұлан – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
Асанғали Сапаров (4 желтоқсан 1935 жыл Ақтоғай ауылы Махамбет ауданы Атырау облысы – 26 маусым 2017, Атырау) — мемлекет және қоғам қайраткері. Білім беру ісінің құрметті қызметкері ## Өмірбаяны Асанғали Сапаров 1935 жылы 4 желтоқсанда казіргі Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келді. Руы Жаппас, Қаракөз бөлімі, Кіші Жүз. 1944 жылы бұрынғы Бақсай-Шойда алғаш мектеп табалдырығын аттады. Бұл оқу орнында 7 сыныпқа дейін білім алып, одан әрі оқуын Махамбет орта мектебінде жалғастырды. Ол мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тәртібі үлгілі болды. 1955 жылы он жылдық мектепті үздік тәмамдады. 1955-1960. Орал қаласындағы Пушкин атындағы Педагогикалық институтқа оқуға қабылданды. Алайда, 1 жылдан кейін Гурьев Педагогика институтына ауысты. Бағдарға алған мамандығы – сызу, физика-математика пәнінің мұғалімі еді. 1960-1961 жылдары еңбек жолын Гурьев ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып бастады. 1961-1964 жылдары аралығында Гурьев Педагогикалық институтында аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы, бастауыш факультеті деканының орынбасары болды. 1964-1968 жылдары Гурьев қаласының № 4 орта кәсіптік-техникалық училищесі (№13 химиктер училищесі) директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары 1968-1975 жылдары Гурьев қаласының № 3 орта кәсіптік-техникалық училищесі (№12 құрылыс училищесі) директоры 1975-1980 жылдары Гурьев атқару комитетінде жауапты хатшы, кейін қалалық кеңес төрағасының орынбасары лауазымды қызметтерін атқарды. 1980-1981 жылдары Гурьев сыра зауытының директоры, сосын "Қазмұнайгазгеология" бірлестігі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 1981-1984 жылдары "Зеленстрой" басқармасының бастығы 1984-1997 жылдары Гурьев қаласының №37 орта кәсіптік-техникалық училищенің директоры қызметімен еңбек жолын тәмамдады. 1997 жылдың желтоқсан айынан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болды. ## Қоғамдық қызметі 1971-1985 жылдары Гурьев қалалық кеңесінің 7 шақырылымының депутаты және Қазақстан Компартиясы қалалық комитетінің мүшесі. 1988 жылы Москвада өткен Бүкілодақтық оқытушылар съезіне делегат болды. 1994-1999 жылдары Атырау облыстық маслихаттың депутаты 1996-1999 жылдары Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Атырау облыстық Тәртіптік кеңесінің мүшесі (2000) ## Отбасы Әкесі Сапар (1884-1947) мен анасы Мәриядан (1900-1971) тараған үш ұл, бір қыз. Жұбайы Алма Есказиевамен шаңырағынан ұш бала жарық дүние есігін ашқан: Айгүл, Арман, Нұргүл. Ғұмырын халық ағарту саласына арнаған Алма апай Асан секілді абзал адамның жұбайы болғанын мақтаныш етеді және өзін ұрпақтары арасында бақытты сезінеді. Айгүл мен жолдасы Еріктен Ерлан, Аян есімді жиендері өмірге келсе, Нұргүл мен Қайрат Мереке, Темірлан, Әсем есімді жиендерді тәрбиелеуде. Ал ұлы Арман мен келіні Айгүл төрт немересін дүниеге әкеліпті: Айбек, Айбар, Азат және Айсель. ## Марапаттары Еркін күрестен Гурьев облыстың жеті дүркін чемпионы, 1959 жылғы Гурьев облысының абсолюттік чемпионы, 1958 жылғы ҚазКСР студенттік ойындарының жүлдегері, Батыс Қазақстанның екі дүркін чемпионы. ҚазССР-нің 40 жылдығына арналған жарыстардың ҚазССР чемпионы (1960)Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Сапаров Асанғали естелік медальдармен және грамоталармен марапатталды Директор болып жұмыс істеген кезде №12 құрылыс училище төрт рет ҚазССР Ауыспалы Қызыл Туымен жеңіп алды 1967 жылы 31-ші наурызда «Қазақ ССР-інің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үздігі» белгісімен марапатталды. "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі (1970) "Еңбек ардагері” медалі (1984) 1991 жылы 8-ші сәуірде "Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері" құрметті атағы берілді. 2005 жылы 14-ші желтоқсанда білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. 2006 жылы Атырау облысының кәсіптік білім беру саласын дамытуда сіңірген ерекше еңбегі үшін "Жігерлі адам" атағы берілді. "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл" мерейтойлық медалі (2010) "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл" мерейтойлық медалі (2015)
Боқан Қайырұлы Ержанов (10 қаңтар 1920 жыл Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – мамыр 1989) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Ержанов Боқан Қайырұлы 10 қантар 1920 жылы Бегайдар аулында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Есентемір Бердімбет Кіші жүз. 1938. Жамбыл атындағы мектебін бітірді 1939-1940. Гурьев қаласында мұғалімдер курс бітіріп, Бірліктің ауылының мектебінде жұмыс жолын бастап, мұғалім қызметін атқарды. 1940-1945. Совет Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысы мезгілінде Қиыр Шығыстағы әскерлер қатарында болып, Отанды Жапон басқыншыларынан азат етуге қатысты. 1946-1953. Новобогат ауданың мәдениет бөлімнің меңгерушісі 1953-1955. Аудандық мемлекеттік сақтандыру саласының аға нұсқаушы 1955-1959. Бабан ауылдық кеңесі, Фурманов атындағы ұжымшар (колхоз) төрағасының орынбасары. Кейіннен Энгельс, Фурманов атындағы “Ортақшыл” ірі колхоздары біріктіріліп “Зауральный” совхозы болып қайта құрылады. 1957-1959. Зауральный совхозының жұмысшылар комитетінің төрағасы болып сайланады 1961-1964. Гурьев Ауыл шаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген 1959-1963. Новобогат ауылдық кеңесінің төрағасы 1963-1965. Есбол ауылдық кеңесінің төрағасы 1965-1980. Забурын (Жанбай) ауылдық кеңесінің төрағасы 1980 жылы зейнеткерлікке шыққанымен, әлеуметтік жұмысқа араласып, өзінің өмірде алған тәжірибесін жастарға беруін жалғастырды ## Отбасы Әкесі – Қайыр Ержанұлы, анасы – Сағипа. Жолдасы – Ахман Тілеп қызы. Дүниеге екі қыз, жеті ұл әкелді: Бақытжамал, Жолдасқали, Мақсот, Махмуд, Мұрат, Боранбай, Қарлығаш, Аманжол, Амандық ## Марапаттары * “Қызыл Жұлдыз”, ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапаттталып, бейбіт өмірде туған жерін өркендетуге қосқан еңбегі үшін “Құрмет” орденінің иегері атанды * “Қызыл Жұлдыз” ордені * “1941- 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі * "Жапонияны жеңгені үшін” медалі * Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл" белгісі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі * "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" мерейтойлық медалі * "Еңбек ерлігі үшін" медалі * "Еңбек ардагері" медалі * “Құрмет Белгісі" Ордені ## Дереккөздер
Боқан Қайырұлы Ержанов (10 қаңтар 1920 жыл Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – мамыр 1989) – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Ержанов Боқан Қайырұлы 10 қантар 1920 жылы Бегайдар аулында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Есентемір Бердімбет Кіші жүз. 1938. Жамбыл атындағы мектебін бітірді 1939-1940. Гурьев қаласында мұғалімдер курс бітіріп, Бірліктің ауылының мектебінде жұмыс жолын бастап, мұғалім қызметін атқарды. 1940-1945. Совет Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысы мезгілінде Қиыр Шығыстағы әскерлер қатарында болып, Отанды Жапон басқыншыларынан азат етуге қатысты. 1946-1953. Новобогат ауданың мәдениет бөлімнің меңгерушісі 1953-1955. Аудандық мемлекеттік сақтандыру саласының аға нұсқаушы 1955-1959. Бабан ауылдық кеңесі, Фурманов атындағы ұжымшар (колхоз) төрағасының орынбасары. Кейіннен Энгельс, Фурманов атындағы “Ортақшыл” ірі колхоздары біріктіріліп “Зауральный” совхозы болып қайта құрылады. 1957-1959. Зауральный совхозының жұмысшылар комитетінің төрағасы болып сайланады 1961-1964. Гурьев Ауыл шаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген 1959-1963. Новобогат ауылдық кеңесінің төрағасы 1963-1965. Есбол ауылдық кеңесінің төрағасы 1965-1980. Забурын (Жанбай) ауылдық кеңесінің төрағасы 1980 жылы зейнеткерлікке шыққанымен, әлеуметтік жұмысқа араласып, өзінің өмірде алған тәжірибесін жастарға беруін жалғастырды ## Отбасы Әкесі – Қайыр Ержанұлы, анасы – Сағипа. Жолдасы – Ахман Тілеп қызы. Дүниеге екі қыз, жеті ұл әкелді: Бақытжамал, Жолдасқали, Мақсот, Махмуд, Мұрат, Боранбай, Қарлығаш, Аманжол, Амандық ## Марапаттары * “Қызыл Жұлдыз”, ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапаттталып, бейбіт өмірде туған жерін өркендетуге қосқан еңбегі үшін “Құрмет” орденінің иегері атанды * “Қызыл Жұлдыз” ордені * “1941- 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі * "Жапонияны жеңгені үшін” медалі * Ұлы Отан соғысының II дәрежелі ордені * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" мерейтойлық медалі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл" белгісі * "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі * "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл" мерейтойлық медалі * "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл" мерейтойлық медалі * "Еңбек ерлігі үшін" медалі * "Еңбек ардагері" медалі * “Құрмет Белгісі" Ордені ## Дереккөздер
"Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен мұнай-газ өндірісінің тиімділігін, шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа ілгерілетуге, өнімдердің, озық технологиялардың жаңа түрлерін игеруге үлкен үлес қосқан және көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамыту және басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің кәсіпқойлығы жоғары қызметкерлері, білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудағы елеулі үлесі үшін мұнай-газ бейінінің білім беру және ғылыми мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ мұнай-газ кешені еңбеккерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамытуға жеке үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден жасалады.Медальдің беткі жағында мұнай мұнарасының бедерлі бейнесі орналасқан, оң жағында мұнай өңдеу қондырғысының бедерлі бейнесі орналасқан, сол жағында сары металдан жасалған ұлттық ою түрінде безендірілген мұнай тамшысының бедерлі бейнесі орналасқан. Бұл композиция бедері күңгірттелген дөңгелек нысанды жолақпен жиектелген.Медальдің беткі жағында шетін бойлай шеңбер түрінде "МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген мәтін бар. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 20 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" төсбелгісімен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіптік шеберлікпен орындап жүрген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, арадагерлері және басқа да адамдар марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" төсбелгісі диаметрі 37 мм шеңбер нысанында жезден жасалады.Төсбелгінің беткі жағында шеңбердің жиегінде ұлттық ою-өрнек және "ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ" деген мәтін орналасқан. Шеңбердің ортасында үш шеңберден тұратын фигура орналасқан, шеңберлер күрделі үшбұрышты фигура түзілетіндей тәсілмен байланыстырылған. Фигураның ішінде қозғалыс динамикасын білдіретін үш элементтен тұратын ұлттық ою-өрнек орналасады.Айналасының жиегі, мәтін, ою-өрнек және символ – шығыңқы жылтырақ. Айналасының ішкі бөлігі – күңгірт. Символ көгілдір эмальмен құйылған.Төсбелгінің сыртқы жағында ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу, жиектерінде ұлттық ою-өрнек орналасқан. Төсбелгінің сыртқы беті күңгірт. Жазу және ою-өрнек – шығыңқы жылтырақ. Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 28 мм және биіктігі 19 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның ішкі бөлігі көгілдір эмальмен құйылған.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
"Еңбек сіңірген энергетик" төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Еңбек сiңiрген энергетик" төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемiнде 15 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiп объектiлерiн электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi ұйымдастыру мен еңбек жағдайын жасау, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ ерекше сiңiрген еңбегi мен электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесi үшін ұйымдардың үздік мамандары, қызметшiлері, басшылары марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Еңбек сiңiрген энергетик" төсбелгісі диаметрі 40 мм сегіз бұрышты жұлдыз нысанында жезден жасалады.Төсбелгінің беткі жағында сегіз бұрышты жұлдыздың ортасында көк эмаль жағылған шеңбер орналасқан. Шеңбердiң ортасында электр беру желілері және электр станциясының бедерлі бейнесі орналасқан.Шеңбердiң шеттерін бойлай шығыңқы жылтыр әрiптермен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЭНЕРГЕТИК" деген жазу орындалған. Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Таңат Әкімжанұлы Нөсербаев (қаңтардың 1-і 1987) — Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының шабуылшысы.Қазақстанның ең жылдам ойыншыларының бірі. ## Тарихы ### Клубтық 2005 жылы Шымкенттің «ААЭиС» әуесқой клубында жарқын ойынымен көзге түскен Таңат, "Ордабасының" жастар командасына ілінді. Кейін 2006 жылы негізгі құрамда алғашқы кездесуін өткізіп, аз ғана уақыттың ішінде "Ордабасының" ең басты шабуылдаушы күші болып үлгерді. Жастар құрамасындағы жарқын ойынынан кейін Таңатқа шетелдік клубтар қызығушылық тынытты. Соның ішінде Швейцарияның "Янг Бойзы" да болды. Таңаттың ойынын көруге шақырған "Янг Бойз", дербес шарттардың келіспеуіне байланысты Таңат Ордабасыда қала берді. 2010 жылғы маусымның ортасында жарақатына байланысты "Ордабасыдан" кетті. 2016 жылға дейін "Астана" сапында ойнап, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. 2017-18 жылдары тағы да "Ордабасыда" доп тепті. 2018 жылғы маусымның басында "Тобылға" жалға берілді. Бір жылдан соң "Оқжетпеске" түпкілікті ауысты. ### Ұлттық құрамада 2008 жылы 11 қазан күні "Уэмблиде" Англияға қарсы тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты. 2009 жылы 10 маусым күні сырт алаңда Украина қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл екі ойын да ӘЧ-2010 іріктеу турниріннің кездесулері болатын. 2014 жылы 12 тамыз күні Алматыда Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде капитан ретінде алаңға шықты. 2017 жылы 10 маусым күні Алматыдағы Данияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеуінде соңғы рет құрама сапында алаңға шықты. ## Жетістіктері * 2008 жылы Премьер Лиганың үздік ойыншы, үздік шабулшы, үздік жас ойыншы атағына үміткерлер қатарында болды. * 2008 жылғы «PROСПОРТ» газетінің версиясы бойынша «Жылдың ашуы» атағын жеңіп алды. * Қазақстан чемпионы: 2014, 2015, 2016 * Қазақстан кубогы: 2012, 2016 ## Сілтемелер * ҚФФ сайтындағы профиль Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
"Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген ## Толығырақ "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн әділет органдарын дамытуда елеулі үлес қосқан әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады. ## Құрметті белгінің сипаттамасы "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден жасалады. Медальдің реңі күңгірттелген.Медалдің бет жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шаңырақтың астында бидай масақтары орналасқан. Күн сәулелі шаңырақ бейнесі және бидай масақтары алтын түстес. Масақтардың орта бөлігінде "ЗАҢ" деген күміс түстес жазуы бар ашылған кітап орналасқан. Шеңбердің шетінде күміс реңде "ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген алтын түстес жазу орналасқан.Сыртқы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Ұлан Қонысбаев (28 мамыр 1989, Өскемен) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Футболға қызығушылығы үш жолақты елде өткен 1998 жылғы әлем чемпионатын тамашалағаннан кейін басталған. Роналдо, Зидан, Ривалдо бастаған серкелердің ойынын көрген ағайынды қос жігіт Тараздағы футбол мектептерінің біріне жазылады. Әулиеата өзіндік футбол мектебіқалыптасқан, таланттарымен мақтана алатын өлке. Сондықтан жас футболшылардың бақыттарына орай білікті мамандар жолығады. Серік Өмірбеков есімді бапкер арық әрі әлсіз баланы дұрыс жолға бағыттай білді. Ал Малик Кургулин деген бапкер оны Қырғыстанда өткен жарысқа ерте барады. ### Тараз Көзге түсе бастаған жас футболшыны жергілікті «Тараз» командасыныңбапкерлері фарм-клубқа шақырады. Он алты жасында қосалқы құрамныңфутболшыларымен бірге өнер көрсетті. Екі жылдан соң, негізгі құраммен бірге жаттыға бастайды. Ол кезде «Тараз» Бірінші лигаға түсіп қалған еді. Дебюттік кездесуін Оралдың «Ақжайығына» қарсы өткізді. Ұлан өзінің алғашқы матчында гол соғып, бапкерлердің сенімін ақтайды. Сол жылғы маусымда жеті гол соқты. 2008 жылы «Тараз» Премьер-лигаға оралды. Қапталда өнер көрсететін Қонысбаевты бапкерлер басында бірнеше позицияларда сынап көрді. Шабуылда, сол қапталдағықорғаушы, жартылай қорғаушы секілді міндеттердің барлығын атқарып жүрді. Жоғары лигада сол жылдары еліміздегі ең теңдесіз команда «Ақтөбенің» қақпасын гол соғып, елдің назарын өзіне аудара бастайды. Бала күнінен өзінің футболдағы үлгі тұтар кумиры Самат Сымақовқа қарсы өнер көрсетіп, әрі кездесуді нәтижелі аяқтағанда оның қуанышында шек болмады... Ол кезде жеткіншіктерімізді неміс Бернд Шторк жаттықтыратын. Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Марат Шахметов, Сабырхан Ыбыраев, Талғат Сабалақов бастаған талантты жастармен бірге ойнады. ### Локомотив (Астана) Ұланның Республикаға танымал болуы Локомотив» сапына ауысымен байланысты. Елордалық клуб 2011 жылы 21 жастағы футболшыны 32 жастағы ардагер Роман Похалюкке ауыстырды. Сол жылы ақпанда Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуде өзінің ұлттық құрамадағы дебюттік матчын өткізді. Бас бапкер Хольгер Фах Таңат пен Ұланды алаңға алма-кезек шығарып жүрді. Бұған көңілі тола қоймаған Қонысбаев жазғы трансферлік үзіліс кезінде «Шахтердің» ұсынысынқабылдап, Қарағанды командасына ауысады. «Локомотив» басшылары жас футболшыны «кеншілерге» маусым соңына дейін жалға берді. Бұл шешім оның карьерасына оң өзгеріс әкелді. ### Шахтер Футболдағы әрі өмірдегі досы Жамбыл Көкеевпен тізе қосып өрнекті ойын өрнегін көрсете білді. Қазақтың қос дарынды футболшысы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Коперді» қапы қалдырды. Словенияның командасының қақпасына соғылған үш доп та Ұлан мен Жамбылдың еншісінде. Қыркүйекте Қонысбаев Ыстамұлда Түркия құрамасының қақпашысы Волкан Демирелдің осал тұсын тапты. Бұл біздің түрік қақпасына соққан алғашқыәрә әзірге жалғыз голымыз. Осы голдан кейін оның атағы тіптен алысқа тарады. Олардың соққан 14 добына әзірге осы бір доппен ғана жауап беріп тұрған жайымыз бар. Маусым аяқталып, ел біріншілігі мәресіне жеткеннен кейін үздік футболшы «Астанаға» қайтып барды. Басында «Шахтермен» бір жылға келсім жасасып қалады деген футболшы аяқ астынан қайтадан елордалық клубқа келді . ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы: 2011 жылы * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013 жылы * Қазақстан кубогының иегері: 2012 жылы * Қазақстан суперкубогының иегері: 2011, 2015 * 2011 жылғы Қазақстанның ең үздік футболшысы. ## Сілтемелер * Локоммотив ФК (Астана) Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2011 жылы.
Рамазан Сарлыбекұлы Оразов (1998 жылы 30 қаңтарда туған, Алматы) — қазақстандық футболшы, "Силькеборг" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. 2018 және 2019 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері. ## Карьерасы ### Клубтық Қайраттықтардың негізгі құрамында тұңғыш рет 2018 жылы 31 қазан күні "Қызылжарға" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл осы маусымдағы жалғыз ойыны болатын. Қалған уақыттарда "Қайрат Жастары" клубы сапында ойнады. 2019 жылы 17 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Еуропа Лигасында "Широки Бриег" қақпасына еурокубоктердегі алғашқы голын соқты. Бұл ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші кезеңге өтті. 2020 жылы көктемде Латвияның "Даугавпилс" клубына ауысты. Бірақ 22 жастағы футболшы ол жақта өзін көрсете алмай, қосалқы құрамда отырып қалды. 2020 жылы 27 тамызда Ресейдің "Чайка" клубымен келісім шарт жасасты. 2023 жылы "Тобыл" сапында УЕФА Конференциялар лигасындағы тұңғыш голын соқты. Екінші раундта "Базель" қақпасына алыстан әдемі гол енгізді, сондай-ақ осы ойында пенальти соға алмады, "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жетті. ### Ұлттық құрамы 2018 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында үш кездесуде алаңға шықты. 2019 жылы ақпан айында Қазақстан құрамасының жаңа бапкері Михал Билек Молдоваға қарсы жолдастық кездесуге шақырды. Бірақ Рамазан алаңға шықпады. 2021 жылы 31 наурызда Украинаға қарсы ӘЧ-2022 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама намысын қорғады. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2018, 2019 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018, 2019 * Қазақстан суперкубогының финалисі: 2019 ## Ұлттық құрамадағы ойындары ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі. footballfacts.ru
Май Сипиве Махлангу (африкаансша -{May Siphiwe Mahlangu}-; 1 мамыр 1989, Секунда, ОАР) — оңтүстік Африкалық футболшы, ОАР Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы. 2015 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысқан. ## Жетістіктері ### Командалық «Хельсингборг» * Швеция чемпионы — 2011 * Швеция кубогы — 2010, 2011 * Швеция суперкубогы — 2011, 2012 ### Жеке * Швеция жыл футболшысы — 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Сылқылдақ — Тәттімбеттің күйі. Бұл күйді Тәттімбет өзімен күй сайысына түсіп өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап тартады. Күй күміс қоңырау үнін, шат күлкі әуенін тыңдаушыға музыкалық тілмен жеткізеді. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі стилін танытады. Бүл күйді орындаған және жеткізген Әбікен Хасенов. Сылқылдақ күйінің шығу тарихына байланысты дерек А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде берілген. ## Сілтемелер * Сылқылдақ күйі YouTube сайтында * Күй туралы мәлімет Мұрағатталған 25 шілденің 2021 жылы.
Аққу — Сүгір Әліұлының туындылары ішінде ерекше орын алатын күй. Күйдің бүтін тұлғасы көл еркесі Аққуға ғана тән сұлулықты суреттейді. Күй орындаушылық шеберлігінде сирек кездесетін флажолет, форшлаг, лига сияқты әсем штрихтарды қолдану арқылы композитор аққу мен табиғат бейнесін бір тұтастықта бейнелейді. Сүгір домбыраның үнін ұстазы Ықыластың қобыз әуендеріне жақындатып, толғай тартқан. Сондақтан да кейбір шығармаларында (Аққу, Кер толғау, Тоғыз тарау) қобыз үні басым келеді. ## Сілтемелер * Сүгірдің Аққу күйі YouTube сайтында * Күй ноталары Мұрағатталған 6 мамырдың 2021 жылы.
Байқоңыр баспалдақтары — Жұбан Молдағалиев жазған поэма, 1977 жылы жарияланды. Поэма бес бөлімнен тұрады: 1) Исақұл мен ақын; 2) Байқоңыр таңы; 3) Космоста — Гагарин! 4) Исақұл мен Қорқыт ата; 5) Бұл жолдың басы бар да, жоқ ақыры. Алғаш рет республикалық «Жұлдыз» журналының №7-8 сандарында жарияланған. Сол күзде жеке кiтап болып шыққан. Ал 1979 жылы орыс тiлiне аударылып, бiр топ өлеңдерімен бiрге «Жалын» баспасынан жарық көрген. Ақын космос Меккесi атанған Байқоңыр космодромын, ондағы «Гагарин үйiн» өз көзiмен көрудi, космонавтика төңiрегiндегi әскери мамандар және ғалымдармен тiлдесудi мақсат тұтқан. Сырдарияның бойын жайлаған, күй атасы Қорқыт бабаның қобызының сарыны қалған жердi ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан елдiң арғы-бергi тарихымен кеңiнен танысқан. Ал басты кейiпкер ретінде сол өңiрдiң көнекөз қариясы, кейiнгi жиырма жылда бой көтерген ғарыш айлағының жанды куәгерi Исақұл деген кісіні алады (прототипі — Ишанқұл Дәулетов). — Сезсем де жылдар жолды еңсеруін, Мың шүкір, — дедің — әлі еңселімін.Пыр еткен бозторғайдай табан асты,Мен көрдім, — дедің — тұңғыш жер серігін.Мен көрдім Гагаринді,Көргенмін мен... —Деп кеттің шалқи түсіп, көл көңілмен, —Айтпақшы, күңіреніп Қорқыт ата Аттанған осы арада көрге өмірден... Поэманың басында Исақұлдың осы сөздерін келтіреді. Кейін Королев ұшырған «Восток» ғарыш кемесінің сапарын суреттейді. Бортында болған «космостың тұңғыш жиһангезi» Гагарин жайында да, оның Жерді айналып келуі, сапарының дүниеге әсері де жырланады. Соңғы бөлімде Аполлон — Союз деген америкалық пен кеңестік аппараттардың бірлесіп ұшуы бейнеленеді: Космоста қол алысты қос корабль. Санасаң, бес кісілік қос қана бұл.Қос емес, парасаттың зор одағы ол,Сабақтай досқа да бір, қасқа да бір.Тағы ашты Галактика бір түндігін,Танытты Жер әзірге бүтіндігін.Жер ұлы, адам ұлы келеді деп,Шолпан мен сонда, бәлки, күтінді күн.Жер ұлы! Осы есте ұстар ат та.Тасталсын тағы да одақ старт артта.Жер ұлы — космонавт Леонов, Жер ұлы — астронавт Стаффорд та. Космонавтика тақырыбына алғашқы түрен салған жаңашылдығымен, қазақ даласының өткенi мен бүгiнгi тарихына терең бойлай бiлуiмен, эпикалық кең ауқымдылығымен, көркемдiк шеберлiгiмен ерекшеленген бұл туынды қазақ әдебиетіндегi ерекше құбылыс болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Байқоңыр баспалдақтары Мұрағатталған 6 тамыздың 2020 жылы. Kitap.kz сайтында * Байқоңыр баспалдақтары Bilim-all.kz сайтында