text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қасым Аманжоловтың аудармалары — ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.
Түпнұсқа көркемдігіне еркін бойлауымен, рухани терең сезінуімен ерекшеленетін Аманжолов аудармалары ақын ізденістерінің өрнектері іспеттес.
Аманжолов келесі әдеби шығармаларды қазақ тіліне аударды:
* Пушкин — Қыскы кеш, Ақын, Чаадаевқа, Арыстанды тырнағынан таниды, Тұтқын, Ақынға, Аракчеев туралы, Еркіндік, Дастарқан жыры, Жазушы мен ақын, Полтава (поэма)
* Лермонтов — Еврей сазы, Ақын ажалы, Тұтқын, Қанжар, Аттанып жылы шуақ, Теректің сыйлықтары, Отан, Тамара, Мейлі ақынды сөге берсін, Желкен, Күн, Маскарад (драма)
* Байрон — Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольдтің елімен қоштасуы, Романс, Альбомға
* Некрасов — Сұрқия жыл, Ақынға, Таңертеңгі саяхат, Саша (поэма)
* Белинский — Н.В.Гогольге хат
* Шевченко — Жел қияққа сыбырлап, Тұрсам да Украинада, Жалғызбын мен, жалғызбын, Даламен жүріп, Туысқандық махаббат, Өтеді күндер
* Маяковский — Лениншілдер, Марш, Муссолини, Мәжілісқорлар, Бөріктен без, Қоштасу, Бар дауыспен, Аламыз жаңа винтовка, Ұрыс ұрандар
* Твардовский — Василий Теркин (поэма)
* И. Шухов — Теміртау туралы әңгіме
* Руставели өлеңдері
* Мирсаид Миршакар — Алтын қыстақ (поэма)
* Низами Гәнжауи — Ләйлі - Мәжнүн дастаны |
2007/18 жылғы еурокубоктерге Қазақстаннан төрт клуб бақ сынады. Бұл маусым қазақстандық клубтар үшін алдыңғыға қарағанда сәттілеу болды: "Астана" бірінші боп УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеуіне өтті, "Тобыл" Интертото кубогының барлық сатыларынан өтіп, жеңімпаз 11 клубтың бірі атанды, пост кеңестік елдер арасында топ жарған бірінші де соңғы клуб ретінде тарихта қалды. Осы жетістігі арқылы "Тобыл" УЕФА кубогының екінші кезеңіне жолдама алды.
## УЕФА Чемпиондар лигасы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
## УЕФА кубогы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
## Интертото кубогы
### Бірінші кезең
### Екінші кезең
### Үшінші кезең
## Сілтемелер
* Қаз.футбол.кз сайтында |
Ақын өлімі туралы аңыз (кей басылымдарда Абдолла) — Қасым Аманжоловтың поэмасы, майдангер ақын Абдолла Жұмағалиевке арналған.
Ұлы Отан соғысы жылдары жазған бұл поэмасы — қазақ поэзиясындағы осы кезеңдегі елеулі құбылыстың бірі. Майданда қаза тапқан қазақ ақынының Отанға деген сүйіспеншілігі, жарқын тұлғасы отты сезіммен бейнеленеді. Өмірдің мәнін, ез тірліктен ерлік өлімнің қасиеттілігін көркем образ арқылы бейнелеген бұл поэма — нағыз оптимистік трагедия.
Арқалап сол майдан жүгін,Қырғын соғыс ортасында,Көкірегінің кекті зілін,Қоса түйіп қорғасынға —Қанды қырғын қапылыстаАйырылып бар жолдасынанЖараланған жолбарыстай,Өрт жанарлы бір жас ұланЫрғып бұлттан түсер жайдай.Өзі оқ боп атылғандай,Ерегіске жанын тігіп,Күтті жауын,
Тас бекініп.
Ғабит Мүсірепов поэманы келесідей сипаттады: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты».
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ақын өлімі туралы аңыз Kitap.kz сайтында
* Поэмаға талдау Massaget.kz сайтында |
Жеңіс жырлары — Жұбан Молдағалиевтің алғашқы өлеңдер жинағы, 1949 жылы жарық көрді.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарын өз басынан кешірген ақын «Әлия», «Ер қабірі», «Батыр туралы баллада», «Біз жеңеміз» өлеңдерінде ерлікті, отансүюшілікті, жеңіске деген сенімді жырлаған. Жалпы жинаққа 52 өлеңі кірген.
Ақынның жары София Молдағалиева кітаптың тарихы туралы мынандай естелік қалдырған: «Ол кезде біз жер үйде тұрдық. Жазуға, жалпы шығармашылыққа ыңғайлы орта болды деу қиын. Кітап 1949 жылы, соғыстан кейінгі қиын уақытта жазылды. Кейде жарық болмай қалатын. Ондай кездерде шамның жарығымен отыратын. Қателеспесем, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер жақсы пікір айтты. Шығармашылық әлеміне деген махаббатын арттыра түсті.»
Соғыстағы жауынгердің жастық, адамдық жылы сезімдерін танытуда «Жауынгер хаттарынан», «Солдат сыры», «Солдат қызға» атты өлеңдері мен туған жерді еске салатын тартымды лирикалары едәуір маңызды:
Сарғайып жетер бұл қағаз,Сағынышым тәрізді.Сақтаулы жүрді ол біраз,Сатпағын салды тер ізі.Жолшыбай тағы кім шалар,Сонда да, сәулем, жерінбе!Қадыры мол қасиет бар —
Солдаттың ащы терінде.
Ал, «Сағындым, Жайық!», «Ән», «Шығыста туған елім бар», «Туған елді жырлаймын», «Менің халқым» өлеңдерінде туған жер сағынышы тербеген ақынның жан толғанысы байқалады. «Азамат қуанышы» және басқа өлеңдерінде ақын бейбіт еңбекті жырлай бастайды:
Ер жігіт күні кеше болып солдатЕлі мен Европаны еткен азат.Бұл күнде еңбек ері, егінші ол,Біткендей қуанады ұшқыр қанат.Жол қылып жорықтарда көп жерлерді,Ауылға Берлиннен биыл келді.Тоздырып талай етік шарласа да,
Таба алмай өз еліндей ешбір елді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Жеңіс жырлары(қолжетпейтін сілтеме) Kitap.kz сайтында |
Ұлы біртұтастық дәуірі (ағылш. grand unification epoch) — Физикалық космологияда Ұлы біртұтастық теориясы сипаттаған ғалам хронологиясының бір дәуірі болып, ол алғашқы ғаламның Планк дәуірінен кейінгі эволюциясы кезеңі, яғни Жойқын жарылыс басталғаннан кейін шамамен 10−43 секундтан соң басталады, ондағы ғарыш температурасы Ұлы біртұтастық теориясында сипатталған температурамен ұқсас. Егер ұлы біртұтастық энергиясы 1015 GeV болса, онда қатысты температура 1027 К-ден жоғары болады. Осы кезеңдегі төрт фундаменталды әсерлесудің үшеуі - яғни Электромагниттік әсерлесу, күшті әсерлесу және әлсіз әсерлесу қатарлылар электроядеролық күш ретінде біртұтас болды. Ал, өртінші фундаменталды күш болған гравитация Планк дәуірінің соңында электроядеролық күштен бөлінді. Үлкен біртұтастық дәуірінде масса, заряд, леп және түсті заряды секілді физикалық қасиеттер мәнсіз болады.
Ұлы біртұтастық дәуірі Жойқын жарылыстан кейін шамамен 10−36 секундта аяқталды. Осы кезде бірнеше маңызды оқиғалар болды. Күшті күш басқа фундаменталды күштерден бөлініп шығады. Мүмкін, бұл ыдырау процесінің бір бөлігі барион санының сақталуын бұзып, материяның антиматериядан шамалы асып кетуіне себеп болуы мүмкін (бариогенезді қараңыз). Бұл фазалық ауысу сондай-ақ келесі инфляциялық дәуірде ғалам дамуында үстемдік еткен ғарыштық инфляция процессін туғызуы мүмкін.
## Тағы қараңыз
* Ғалам хронологиясы
* Жойқын жарылыс
* Жойқын серпіліс |
Әліп Дүсіпов (1936, Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Таскран ауылы — 10 қыркүйек 2004, Атырау) — кәсіптік білім беру саласының мұғалімі. Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі.
## Өмірбаяны
Дүсіпов Әліп 1936 (болжам бойынша) жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы, Таскран ауылында дүниеге келген. Беріш руының тумасы, тармағы Құлкеш, Кіші жүз.
1955 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
1957 жылы Гурьев мұғалімдер институтын бітірген.
1968 жылы Мәскеу политехникалық институтын сырттай бітірген.
1957-1960. Еңбек жолын Есіркеп мектебінде мұғалім болып бастаған.
1960-1962 жылдары Новобогат аудандағы №37 училищесінде оқытушы.
1963-1998 жылдары Гурьев ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ұзақ жыл еңбек етті.
1998 жылы ұзақ жылдар жұмыс істегеннен кейін зейнетке шықты.
## Жеке өмірі мен отбасы
Әкесі - Дүсіп Әбикеров (1893-1979), өте білімді, өз уақытында беделді адам болған. Ол Орпа медресесінде діни білім алған. Балаларын жоғары білім алу үшін бар күшін салған. Дүсіптің бірінші әйелі Зира Оразақ кызы. Ол 1946 жылы дүниеден өткен, 1950 жылы екінші әйелі Нұржамал Нығмет кызымен (1908-1999) отау құрған. Отбасында қыздары Наху (-1945), Жария (1927-2011), Мубарак (1929-2011), Рижа (1932-2011), Нәсіп (1934-2003) және ұлдары Әліп (1936-2004), Әрші (1938-1952) тәрбиелеп өсірген.
Зайыбы – Злиха. Балалар: Мәлікаждар (1963), Махмуд (1964), Әнес (1968) және Мұрат (1973).
## Марапаттары
* Қазақ КСР Кәсіптік-техникалық білім беру саласының үздігі.
* Қазақстан Республикасы Презідентінің Құрмет грамотасының иегері (1991).
## Дереккөздер |
Думан Ахметтілләұлы Нәрзілдаев (6 қыркүйек 1993, Жаңақорған ауданы) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. "Ордабасы" футбол клубында доп тебеді.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
2018 жылы қазан айында Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоилов Думанды УЕФА Ұлттар лигасындағы Латвия және Андорраға қарсы ойындарға құрамаға шақырды.
Бірақ тұңғыш ойынын 2020 жылы 14 қазанда сырт алаңда Беларусқа қарсы өткізді, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын. 2022 жылы 24 наурызда сырт алаңда Молдоваға қарсы екінші ойынын өткізді.
## Статистикасы
### Клубтық
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Бауыржан Байтана Нұрланұлы (6 маусым 1992, Жамбыл, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Тараз" клубының жартылай қорғаушысы.
## Мансабы
### Клубтық
Жамбыл футбоының түлегі. 2010 жылы "Тараз" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2013 жылға дейін "Атырау", "Сұңқар", "Тобыл" клубтарына жалға берілсе де, "Тараз"сапында 50 рет чемпионат ойындарында алаңға шығып үлгерді.
2014 жылы жазда Алматының "Қайратына" ауысты.
2015 жылы туған клубы "Таразға" оралды. Бірақ ол маусымда Қазақстан чемпионатында алаңға шыққан жоқ.
2017 жылғы маусымды "Ақтөбеде" өткізді. 2018 жылы тағы да тараздық клубқа қайта келді. 2019 жылы "Шахтер" футболшысы атанды.
2020 жылдың ортасында төртінші рет "Тараз" клубына оралды.
### Құрама
Қазақстан құрамасы сапында екі ойын өткізді. 2014 жылы 12 тамызда Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесудің 90-минутында Аслан Дарабаевтың орнына алаңға шықты.
Келесі ойынға арада жеті салып шықты (2021, Солтүстік Македонияға қарсы).
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2014, 2015
* Қазақстан кубогының иегері: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Бауыржан Байтана Нұрланұлы (6 маусым 1992, Жамбыл, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Тараз" клубының жартылай қорғаушысы.
## Мансабы
### Клубтық
Жамбыл футбоының түлегі. 2010 жылы "Тараз" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2013 жылға дейін "Атырау", "Сұңқар", "Тобыл" клубтарына жалға берілсе де, "Тараз"сапында 50 рет чемпионат ойындарында алаңға шығып үлгерді.
2014 жылы жазда Алматының "Қайратына" ауысты.
2015 жылы туған клубы "Таразға" оралды. Бірақ ол маусымда Қазақстан чемпионатында алаңға шыққан жоқ.
2017 жылғы маусымды "Ақтөбеде" өткізді. 2018 жылы тағы да тараздық клубқа қайта келді. 2019 жылы "Шахтер" футболшысы атанды.
2020 жылдың ортасында төртінші рет "Тараз" клубына оралды.
### Құрама
Қазақстан құрамасы сапында екі ойын өткізді. 2014 жылы 12 тамызда Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесудің 90-минутында Аслан Дарабаевтың орнына алаңға шықты.
Келесі ойынға арада жеті салып шықты (2021, Солтүстік Македонияға қарсы).
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2014, 2015
* Қазақстан кубогының иегері: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысымен бекітілген
## Толығырақ
"Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия өнеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
## Құрметті белгінің сипаттамасы
"Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісі ені 40 мм, ұзындығы 40 мм сегіз қырлы пішінде, сегіз қырының шетінен шығып тұратын элементтері жоқ. Төсбелгінің ортасында химиялық ерітіндісі бар колба мен масақ түріндегі элементтерден, сол жағында химиялық элементтердің әріптік белгісінен тұратын химия саласын сипаттайтын таңба орналасқан. Символ ұлттық нақыш беретін ұлттық өрнектермен қоршалған. Химия өнеркәсібін білдіретін белгінің астында бас әріптермен "ҚАЗАҚСТАН" деп жазылған ілініп тұрған транспарант түріндегі төсеме орналасады.Төсбелгі тікбұрыш нысанындағы қалыбы бар металдан жасалады, қалыптың бетінде төсеме бар, онда қазақтың ұлттық стилінде безендіріліп өрнектелген және жіңішке рамкамен жиектелген "Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" деген мәтін орналасқан. Қалыптың өзі ортасында жалпақ ақ жолағы бар көк лентаның бір бөлігі болып табылады, жолақ қалыпта тігінен орналастырылады.
Төсбелгі қалыпқа құлақша мен шығыршықтың көмегімен бекітіледі. Төсбелгі және қалып қою көгілдір эмальмен боялған сары түсті металдан дайындалады, төсбелгі қалыбының биіктігі 30 мм, ал ені 34 мм. |
Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері — Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбегі.
Бұл еңбекте дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтылады. Әл-Фарабидің қоғамдық-саяси көзқарастары анық байқалады. Оның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
## Кейбір нақыл сөздер
Тәнді емдеуші — дәрігер, ал жанды емдеуші — әмірші деп аталатын мемлекеттік қайраткер.
Игіліктер екі түрлі болады: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық — (жанның) ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық бұлар ізгіліктер (жанның) ұмтылуы жағына жататын ізгіліктер, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді.
Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, ізгілік пен жаман қылықта адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ ізгіліктер немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады.
Қайырымдылық адамдар жанынан берік орын алғанда, не адамдар ұстамды болғанда қалаларда теріс қылықтар жойылады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Әбу Насыр Әл-Фарабидің он томдық жинағы, 4-том
* Әл-Фараби философиясындағы бақытты адам концепциясы |
Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі «Һорқұт» сөзінен шыққан. «Хор» деген көне түркі тіліндегі «Өр» деген сөз, «Һор» деп те айтылған. Ал, «құт», ол кәдімгі «құт», «береке», «игілік» деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі «жоғарыдан келген құт» деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған.
Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда, зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.
Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.
Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Әлкей Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.
Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
Қорқыт — түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
## Қорқыт ата туралы аңыз
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.
«Қорқыт» сөзінің этимологиясын Ә.Қоңыратбаев «құтты адам, құт әкелетін адам» деп көрсетсе, Сейіт Қасқабасов «өмір сарқылды, адам өлді» деген мағынаны білдіреді деп санайды. Ермек Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд»). Онда Қорқыт ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді.
Қорқыт ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді.
Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады.
Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген философиялық тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.
Бұл аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады.
Қазақ аңызындағы Қорқыт ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады.
## Қорқыт ата энциклопедиялық жинағы
Қорқыт Ата — энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт Ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау, поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген.
## Қорқыт ата күйлері
Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.
### «Ұшардың ұлуы» күйі
«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.
### «Башпай» күйі
«Башпай» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.
## Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы.
Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған.
19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді.
Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.
Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата).
“Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді.
Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999).
## Қорқыт ата ескерткіші
Қорқыт ата ескерткіші — сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев.
Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған.
Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды.
2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.
## Қорқыт ата мазары
Қорқыт Ата мазары — тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен.
Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған.
Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт ата ескерткіші.
## Тағы қараңыз
* Қорқыт ата (энциклопедия)
* Қорқыт ата кітабы
* Қорқыт Ата ескерткіші
* Қорқыт ата мазары
* Қорқыт ата атындағы көше (Алматы)
* Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
## Дереккөздер
* |
* Ақсоғым – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл.
* Ақсоғым – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл. |
2020/21 жылғы Еурокубоктарға Қазақстаннан төрт клуб қатысты. "Астана" чемпиондар лигасында бақ сынаса, "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл" клубтары Еуропа лигасында ойнады. "Астана" үшінші іріктеуден соң жарыстан шығып қалып, Еуропа лигасында жалғастыды да, топтық кезеңде ойнады, ал "Қайрат" Еуропа лигасының үшінші іріктеуіне дейін жетті. "Тобыл" мен "Ертіс" тиісінше, екінші, бірінші іріктеулерде сүрінді.
## УЕФА Чемпиондар лигасы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
### Үшінші іріктеу кезеңі
## УЕФА Еуропа лигасы
### Бірінші іріктеу кезеңі
### Екінші іріктеу кезеңі
### Үшінші іріктеу кезеңі
### Плей-офф
### Топтық кезең
К тобы
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған.
Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет.
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.
Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар.
Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;
Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.
## Дереккөздер |
Евгений Владимирович Яблонский (белор. Яўген Уладзіміравіч Яблонскi; 10 мамыр 1995, Червень, Минск облысы) — беларусь футболшысы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен Астерас клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
БАТЭ клубының түлегі. Клубтағы тұңғыш ресми ойынын 2014 жылы 29 шілдеде "Белшинаға" қарсы өткізді. Ойынның 12-минутында Александр Володькаға нәтижелі пас шығарды. Сол жылы 30 қыркүйекте "Атлетик Бильбаоға" қарсы УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізді.
2019 жылы 6 қыркүекте ЕУРО-2020 іріктеуінде Эстонияға қарсы ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
БАТЭ
* Беларусь чемпионы (5): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
* Беларусь кубогы: 2015
* Беларусь суперкубогы (3): 2015, 2016, 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Евгений Владимирович Яблонский (белор. Яўген Уладзіміравіч Яблонскi; 10 мамыр 1995, Червень, Минск облысы) — беларусь футболшысы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен Астерас клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
БАТЭ клубының түлегі. Клубтағы тұңғыш ресми ойынын 2014 жылы 29 шілдеде "Белшинаға" қарсы өткізді. Ойынның 12-минутында Александр Володькаға нәтижелі пас шығарды. Сол жылы 30 қыркүйекте "Атлетик Бильбаоға" қарсы УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізді.
2019 жылы 6 қыркүекте ЕУРО-2020 іріктеуінде Эстонияға қарсы ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
БАТЭ
* Беларусь чемпионы (5): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
* Беларусь кубогы: 2015
* Беларусь суперкубогы (3): 2015, 2016, 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Камиль Яцек Глик (пол. Kamil Jacek Glik; 3 ақпан 1988, Ястшембе-Здруй, Польша) — поляк футболшысы, Польша Ұлттық футбол құрамасы мен "Беневенто" клубының қорғаушысы.Глик Германия азаматтығын да алған.
## Карьерасы
Карьерасын 2005 жылы "Силезия" клубында бастады. Кейін Испанияның "Орадада" клубында ойнады, ол жерден "Реал Мадридтің" үшінші клубына ауысты.
2008 жылы Польшаға оралып, "Пяст" клубына өтті.
2010 жылы "Палермоға" ауысты. 19 тамызда Еуропа лигасының төртінші раундында "Мариборға" қарсы ойында тұңғыш рет клуб сапында алаңға шықты. Бірақ ол маусымда Италия А сериясында алаңға шыққан жоқ. 2010 жылдың соңында "Бариге" жалға берілді.
2011-16 жылдары "Торинода" ойнады.
### Құрамада
2010 жылы қаңтарда Таиландқа қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
2016 жылы Еуропа чемпионатына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
* Франция чемпионы: 2016/17
## Дереккөздер
## Профилдері
* https://www.thefinalball.com/player.php?id=81253
* https://int.soccerway.com/players/kamil-jacek-glik/61019/
* https://www.national-football-teams.com/player/35616.html
* https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/49504
* https://eu-football.info/_player.php?id=26172
* https://instagram.com/kamilglik25 |
Руслан Тұржанұлы Қуатов (22 ақпан 1962 жыл Гурьев) — мұнай саласының қазақстандық қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері
## Өмірбаян
Руслан Тұржанұлы Қуатов 1962 жылдың 22 ақпанында Гурьев қаласында дүниеге келген
Гурьев политехникалық техникумын, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген
1984-1988 жылдары "Гурьевмұнайгазгеология" ӨБ Балықшы ұңғыларды сынау бойынша мұнай-газ барлау экспедициясының операторы, инженері, жетекші инженері
1988-1993 жылдары "Тенізмұнайгаз" ӨБ "Тенізмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғыларды сынау бойынша жетекші инженері
1993-2000 жылдары "Теңізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің жетекші маманы
2000-2004 жылдары "Тенізшевройл" ЖШС-нің өндірісті оңтайландыру бойынша өндірістік тобының жетекшісі
2004-2005 жылдары "Шеврон" корпорациясы (АҚШ) технологиялық қамтамасыз ету бөлімнің кенесшісі
2005-қазіргі уақытқа дейін "Тенізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің менеджері
## Марапаттары
2009 жылы Құрмет орденімен марапатталды
2017 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді
## Дереккөздер |
Сейду Кейта (фр. Seydou Keita; 16 қаңтар 1980, Бамако, Мали) — малилік футболшы, жартылай қорғаушы. Соққан голдары мен өткізген матчтары бойынша Мали Ұлттық футбол құрамасының рекордшысы саналады (95 ойын, 25 гол). Жеті бірдей Африка Ұлттары кубогына қатысқан (2002, 2004, 2008, 2010, 2011, 2013, 2015). Африка Ұлттары кубогының төрт дүркін жартылай финалисі. 2011 жылы Малиде "Жыл спортшысы" атанды.
"Барселона" сапында ойнаған тұңғыш малилік футболшы. 2008 жылы Хосеп Гвардиола "Барселонаның" тізгінін ұстағанда "Барселонаға" келді де, 2012 жылы Гвардиола кеткен соң-ақ артынша Кейта да клубтан кетті.
## Жетістіктері
«Лорьян»
* Франция кубогы: 2001/02
«Севилья»
* Испания суперкубогы: 2007
«Барселона»
* Испания чемпионы (3): 2008/09, 2009/10, 2010/11
* Испания кубогы (2): 2008/09, 2011/12
* Чемпиондар лигасы (2): 2008/09, 2010/11
* Испания суперкубогы (3): 2009, 2010, 2011
* УЕФА суперкубогы (2): 2009, 2011
* Клубтар әлем чемпионаты (2): 2009, 2011
Мали
* Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1999
* Африка Ұлттары кубогының қола жүлдегері (2): 2012, 2013
## Жеке жетістіктері
* Жастар арасындағы әлем чемпионатының "Алтын доп" иегері: 1999
* Малидегі жыл спортшысы: 2011
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Руслан Тұржанұлы Қуатов (22 ақпан 1962 жыл Гурьев) — мұнай саласының қазақстандық қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері
## Өмірбаян
Руслан Тұржанұлы Қуатов 1962 жылдың 22 ақпанында Гурьев қаласында дүниеге келген
Гурьев политехникалық техникумын, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген
1984-1988 жылдары "Гурьевмұнайгазгеология" ӨБ Балықшы ұңғыларды сынау бойынша мұнай-газ барлау экспедициясының операторы, инженері, жетекші инженері
1988-1993 жылдары "Тенізмұнайгаз" ӨБ "Тенізмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғыларды сынау бойынша жетекші инженері
1993-2000 жылдары "Теңізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің жетекші маманы
2000-2004 жылдары "Тенізшевройл" ЖШС-нің өндірісті оңтайландыру бойынша өндірістік тобының жетекшісі
2004-2005 жылдары "Шеврон" корпорациясы (АҚШ) технологиялық қамтамасыз ету бөлімнің кенесшісі
2005-қазіргі уақытқа дейін "Тенізшевройл" ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімнің менеджері
## Марапаттары
2009 жылы Құрмет орденімен марапатталды
2017 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді
## Дереккөздер |
* Сұлукөл – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл.
* Сұлукөл – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл.
* Сұлу көл – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл.
* Сұлукөл – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл. |
Магомед Мустафаевич Оздоев (5 қараша 1992, Грозный, Шешенстан, Ресей) — ресейлік футболшы, Ресей Ұлттық футбол құрамасы мен "Зенит" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
"Зенит" сапында 2018 жылдың ақпан айынан бері ойнап келеді. Оған дейін "Локомотив", "Рубин", "Терек" клубтарында доп тепті.
2018/19 маусым қорытындысында Ресей чемпионатының үздік 33 ойыншысының қатарына енді.
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2014 жылы қазан айында Әзірбайжанға қарсы өткізді. Тұңғыш голын 2016 жылы 15 қарашада Румыния қақпасына соқты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Локомотив»
* Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1): 2013/14
«Зенит» (Санкт-Петербург)
* Ресей чемпионы (2): 2018/19, 2019/20
* Ресей кубогы: 2019/20
* Ресей суперкубогы: 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Аманбай Охасұлы Қасанов (24 тамыз 1959 жыл Гурьев) — мұнайшы, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері
## Өмірбаян
Аманбай Охасұлы Қасанов 1959 жылдың 24 тамызында Гурьев қаласында дүниеге келген. Ол Қасанов Охас және Дүсіпова Рижаның отбасында дүниеге келген жеті баланың үшіншісі. Руы Есентемір, Бердімбет бөлімі Кіші жүзден тараған.
1985 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша бітірген.
1985-1989 жылдары институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын Жайықмұнай МГӨБ-де бастады. Оператор, содан кейін мұнай өндіру шебері, ұңғымаларды жерасты жөндеу шебері болып жұмыс істеді. Атырау облысындағы Камышитовое, Оңтүстік - Шығыс Камышитовое, Забурунье жаңа кен орындарын сынауға және іске қосуға тікелей қатысты.
1989-1992 жылдары Тенгизнефтегаз МГӨБ-де Теңіз кәсіпшілігінде инженер-технолог болып жұмыс істеді, жаңа ұңғымаларды, топтық өлшеу қондырғыларын, сондай-ақ зауыттық слаг-кетчерді жинақтаумен және іске қосумен, содан кейін 1991 жылдың сәуірінде іске қосумен айналысты (пуско- наладка). Содан кейін 1991 жылдың сәуірінде сол қондырғыларды жіберу кезеңінде жауапты болды.
1992 жылы Теңіз мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) тауарлық мұнай мен сұйытылған газды жөнелту, сақтау цехының бастығы болып ауысты. Кейінгі жылдары зауыттың сыртқы нысандарын басқарушысы болды. Мұнай, сұйытылған газ сапасын жақсарту, мұнайды терең тазарту үшін зауыт қондырғыларында мұнай өңдеу процесін өзгерту жөніндегі бағдарламаға басшылық етті.
1998-2000 жылдары Теңізшевройл жетекші мамандардың бірі ретінде Ұлыбританияның Кемберли қаласындағы Флюор инженерлік компаниясының кеңсесінде “12 Бағдарлама” жобасын жасауға, кейін Теңізде жаңа қондырғылар құрылысына қатысты.
2000-2002 жылдары Теңіз МӨЗ-ның сыртқы нысандарының басқарушысы лауазымында, ұлттық кадрларды даярлаумен және дамытумен тығыз айналысты.
2002-2005 жылдары Теңізшевройл-да Шеврон корпорациясының көптеген бағдарламаларын бейімдеумен және енгізумен айналысты. Сан-Рамон қаласындағы Шеврон бағдарламаларын стандарттауға қатысты. Шеврон бағдарламаларын жетік меңгергенін ескеріп, 2003 жылы Венесуэладағы Маракайбо қаласындағы Шеврон бөлімшесін бағдарламалар жөнінде аудиттеуге, жеті Шеврон адамының біреуі болып қатысты.
2005-2007 жылдары Теңізшевройл күрделі жобалар бөлімінде мұнай экспорты жобасы менеджерінің орынбасары. Содан кейін мұнай жинаудың жаңа жүйесі ірі күрделі жобасының менеджері. Жобаны іске асыру кезінде Теңіздегі құрылысқа, жоба қауіпсіздігіне, Қазақстан, Ресей және Украина темір жол арқылы экспорттау жүйесінің кеңеюіне байланысты еңбек етті.
2007-2009 жылдары Теңізшевройл Өндірістегі мұнай жинау жүйесі жобасының менеджері. Бұл күрделі жоба Теңіз кенішіндегі ұңғыдан топтық өлшеу қондырғыларына (ГЗУ) дейін, және Зауыт манифольдіне дейін ескі құбырларды жаңа және қуаттылығы басым құбырларға ауыстырумен айналысты.
2009-2011 жылдары Теңізшевройл (келешек кеңею жобасы) Ерте жұмыс Құрылысының менеджері қызметін атқарды. Бұл бөлім болашақ “Өркен” тұрғын-үй комплексін, ККЖ мердігерлерінің құрылыс базасын жобалаумен айналысты.
2011-2014 жылдары Ұлыбританияның Фарнборо қаласындағы ККЖ жобасында Өндіріс бөліміне: кадрлар дайындау, жұмысқа оқыту программасы, жұмыс процестерін жоба кезінде ыңғайландыру, өндіріс және ремонт кеніштерін жобалау жұмыстарының менеджері болып қызмет атқарды.
2014-2017 жылдары Теңізшевройл негізгі өндірісте аға кеңесші лауазымын атқарды, онда ТШО өндіріс жүйелерін, жер үсті жабдықтарын оңтайландыруға және бірінші энергетикалық аудит жүргізуге жауапты болды. Осы лауазымда 2016 жылы АҚШтың Питсбург қаласындғы Шевронның бөлімшесі AMBU (Appalachian Michigan Business Unit) де болған аудитке қатысты. Бұл аудит Өндіріс жүйелерін, жер үсті жабдықтарды пайдалану процестеріне қатысты болды.
2017 жылы Теңіз кен орны мен МӨЗ орнындағы ескірген, пайдаланылмайтын жер үсті жабдықтарын, жер асты құбырларын, жарамсыз ғимараттар мен пайдаланбайтын құрылыстарды демонтаждау, жерді қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеп, енгізумен айналысты.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Теңіздегі Вахталық қалашықты Қайта Құру ірі күрделі жобасының менеджері.
## Отбасы
Зайыбы – Әлия Қайыркеқызы, балалары Ляззат, Салтанат , немересі Арлан.
## Марапаттары
* Мұнай-газ саласының медальдарымен және Теңізшевройл компаниясының құрмет грамоталарымен марапатталған.
* “Kazenergy” медалінің иегері (2017)
* “Қазақстан мұнайына 120 жыл” мерекелік медалі (2019)
* "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісі (2020)
## Дереккөздер |
Абдулай Мейте (фр. Abdoulaye Méïté; 6 қазан 1980, Коломб, Париж) — ивуарлық футболшы, қорғаушы. Кот-Д'Ивуар Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004, 2008, 2010 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Клубтық
* УЕФА кубогының финалисі: 2004
### Құрама
* Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2006
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (FlashScore.ru) |
Виталий Михайлович Лисакович (8 ақпан 1998 жыл, Минск) — беларусь футболшысы, шабуылшы. Мәскеудің "Локомотив" клубының ойыншысы.
## Карьерасы
2020 жылы жазда Хорватияның "Вараждин" клубынан Мәскеудің "Локомотивіне" ауысты.
2019 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. 2020 жылы 6 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстанның қақпасына құрамадағы тұңғыш голын соғып, беларустарға жеңіс әперді.
## Жетістіктері
* Беларусь чемпионатының қола жүлдегері: 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* https://eu-football.info/_player.php?id=30774
* http://footballfacts.ru/players/1702487
* https://www.national-football-teams.com/player/75715.html
* http://www.teams.by/player/info/16111
* https://int.soccerway.com/players/vitali-lisakovich/386377/
* https://www.pressball.by/footballstat/vitali_lisakovich/ Мұрағатталған 7 тамыздың 2020 жылы. |
Максим Александрович Бордачёв (белар. Максім Аляксандравіч Бардачоў; 18 маусым 1986, Гродно) — беларусь футболшысы, қорғаушы. Қаазір Солигорскінің "Шахтер" клубының футболшысы, "Торпедо-Белаз" командасында жалға берілген.
## Карьерасы
### Клубтық
"Неман" (Гродно) клубының түлегі. Карьерасында Ресей және Беларусь чемпионаттарында доп тепті.
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2009 жылы 1 сәуірде Алматыда Қазақстанға қарсы өткізді (5:1). Тұңғыш голын сол жылы 10 қазанда тап сол Қазақстанға соқты. Бұл екі ойын да ӘЧ-2010 іріктеуі аясында өтті.
Бір қызығы, 2020 жылы 6 қыркүйекте құрамадағы үшінші голын тағы да Қазақстан қақпасына енгізді (2:1). Бұл УЕФА Ұлттар Лигасының С лигасы болатын.
## Жетістіктері
### Командалық
БАТЭ
* Беларусь чемпионы (5): 2009, 2010, 2011, 2012, 2013
* Беларусь кубогы: 2009/10
* Беларусь суперкубогы (2): 2011, 2013
МТЗ-РИПО
* Беларусь кубогы: 2007/08
«Томь»
* Ресейекінші дивизонынында 3-орын: 2015/16
«Шахтер»
* Белорусь вице чемпионы: 2018
### Индивидуалды
* Беларусь чемпионатының үздік 22 ойыншысы қатарында (4): 2009, 2010, 2011, 2012
## Дереккөздер |
* Сулыкөл – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
* Сулыкөл – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл. |
Шабани Кристоф Нонда (фр. Shabani Christophe Nonda; 6 наурыз 1977, Бужумбура, Бурунди) — конголық футболшы, шабуылшы.
Нонда Бурундиде дүниеге келген. Карьерасын Бурундидің "Атлетико Олимпик" клубында бастады. Бірақ кейін Конго Демократиялық Республикасының азаматтығын алып, осы елдің құрамасында ойнады.
2002 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
Янг Африканс
* КЕСАФА клубтық турнирінің чемпионы 1993
* Танзания кубогы 1994
Монако
* Лига кубогы 2003
Рома
* Италия суперкубогы: 2007
Галатасарай
* Түркия чемпионы 2007/08
* Түркия суперкубогы: 2008
### Жеке
* Швейцария чемпионатының үздік мергені: 1998 (24 гол)
* Франция чемпионатының үздік мергені: 2003 (26 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Биографиясы Мұрағатталған 25 ақпанның 2020 жылы. (фран.) |
Вассилиос «Акис» Зикос (гр. Ανδρέας Βασίλειος "Άκης" Ζήκος; 1 маусым 1974, Афина) — грекиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Грекия Ұлттық футбол құрамасы сапында 18 ойын өткізді. 2003/04 жылғы маусымда "Монако" сапында жақсы ойнап, клуб УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетсе де Грекия бапкері Отто Рехагель Зикосты 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысатын тізімге қоспады. Осылайша Зикос ұлттық құрамалар деңгейіндегі ешқандай ірі турнирге қатыса алмады.
## Жетістіктері
АЕК
* Грекия кубогы: 2000, 2002
«Монако»
* Лига кубогы: 2002/03
* Чемпиондар лигасының финалисі: 2003/04
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Элдер Мануэл Маркиш Поштига (порт. Hélder Manuel Marques Postiga; 2 тамыз 1982, Вила-ду-Конди, Португалия) — португалиялық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
Португалия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2004, 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
2004 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында Англияға қарсы ойында Луиш Фигудің орнына шығып, бір гол соқты. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында Элдер Паненка стилімен гол соқты.
2008 жылғы Еуропа чемпионатында жалғыз голын ширек финалда Германия қақпасына соқты (2:3). 2012 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезеңнің екінші турында Данияға бір гол соқты (3:2).
## Жетістіктері
* Португалия чемпионы (3): 2003, 2006, 2007
* Португалия кубогы: 2003
* Португалия суперкубогы: 2004, 2008
* УЕФА кубогы: 2003
* Құрлықаралық кубок: 2004
* Еуропа чемпионатының финалисі: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Евгений Валерьевич Алдонин (22 қаңтар 1980 жыл, Алупка, Украин КСР, КСРО) — ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Евгений Украин КСР-інде дүниеге келген, 1997 жылы "Ротор" клубының жастар академиясына қабылданды. Оның Украина құрамасында ойнауға да мүмкіндігі болды, бірақ Украина құрамасының жетекшілері оған тіпті қызығушылық танытқан жоқ. 2001 жылы Валерий Газзаев Ресей жастар құрамасына шақырды.
2002 жылы 21 тамызда Ресей құрамасы сапында Швецияға қарсы ойында алаңға шықты.
2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Ресей чемпионы (2): 2005, 2006.
* Ресей кубогы (5): 2005, 2006, 2008, 2009, 2011.
* Ресей суперкубогы (4): 2004, 2006, 2007, 2009.
* УЕФА кубогы: 2005.
* Бірінші канал кубогы: 2007.
### Жеке
* Еңбек сіңірген спорт шебері (2005).
* 2005 — Достық ордені.
* Ресей чемпионатындағы үздік 33: 2003
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі мен статистикасы |
Элвир Рахимич (босн. Elvir Rahimić; 4 сәуір 1976, Живинице, Босния және Герцеговина, Югославия) — босниялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Ресей чемпионатында 250-ден аса матч өткізген тұңғыш легионер.
Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы сапында 40 кездесуде алаңға шықты.
2001 жылы ЦСКА-ға ауысып, 13 жыл бойы осы клубта ойнады. Бес рет Ресей чемпионы, 2005 жылы УЕФА кубогы иегері атанды.
2013/14 жылғы маусымда ойыншы-бапкер ретінде ойнады. Көп ұзамай карьерасын аяқтады да, ЦСКА-ның бапкерлер штабына қабылданды.
2018 жылдан бері Босния және Герцеговина құрамасының бапкер көмекшісі қызметін атқарады.
## Жетістіктері
* Ресей чемпионы (5): 2003, 2005, 2006, 2012/2013, 2013/2014
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (4): 2002, 2004, 2008, 2010.
* Ресей чемпионатының қола жүлдегері (2): 2007, 2011/2012.
* Ресей кубогы (7): 2001/2002, 2004/2005, 2005/2006, 2007/2008, 2008/2009, 2010/2011, 2012/2013 (рекорд).
* Ресей суперкубогы (5): 2004, 2006, 2007, 2009, 2013
* УЕФА кубогы: 2004/2005.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы |
Фабио Рошембак (порт. Fábio Rochemback; 10 желтоқсан 1981 жыл, Соледади) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
2001 жылы Америка кубогы мен Конфедерациялар кубогына қатысты. Бразилия құрамасы сапында 6 ойын өткізді.
## Жетістіктері
* Гаушу лигасының жеңімпазы (1): 2010
* Португалия чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2008/09
* УЕФА кубогының финалисі (2): 2004/05, 2005/06
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Хосе Мигель Гонсалес Рей (ис. José Miguel González Rey), немесе қысқаша Хосеми (ис. Josemi; 15 қараша 1979, Торремолинос, Испания) — испаниялық футболшы, қорғаушы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Интертото кубогы: 2002
* Англия лига кубогының финалисі: 2004/05
* Чемпиондар лигасы: 2004/05
* УЕФА суперкбогы: 2005
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (Liverbird.ru) (орыс.)
* Профилі мен статистикасы (LFCHistory.net) (ағыл.) |
Футболдан Әйелдер Арасында Қазақстан Чемпионаты — Қазақстан футболының әйел дивизионы. Лига 2000 жылы құралды.
## Қатысушы клубтар - 2021
* «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент)
* «№8 БЖМОСРМ» (Астана)
* «Оқжетпес» (Көкшетау)
* «Қызылжар» (Петропавл)
* «Қызылорда» (Қызылорда)
* «Томирис-Тұран» (Түркістан)
## Барлық жүлдегерлер тізімі
## Жеңімпаздар
## Сілтемелер
* Kazakhstan - List of Women Champions. RSSSF (ағыл.) |
Али Алиевич Ибрагимов (11 қаңтар 1963 жыл) — КСРО футболшысы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
1989 жылға дейінгі карьерасы белгісіз.
1989 жылы КСРО екінші лигасындағы "Трактор" клубында ойнады. 23 сәуірде алғашқы ойынын "Алғаға" (Бішкек) қарсы өткізді. 12 мамырда "Мелиоратор" (Шымкент) қақпасына "Трактор" сапындағы тұңғыш голын соқты, бұл ойында "Трактор" 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Сол жылы шілдеде "Қайратқа" жалға берілді. Қайраттықтар ол кезде КСРО бірінші лигасында ойнайтын. "Қайраттағы" тұңғыш ойынын 14 шілдеде "Геолог" клубына қарсы өткізіп, үзілістен соң алаңға шықты да бір гол соқты, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Маусым соңына дейін "Қайрат" сапында жеті рет алаңға шықты, жетеуінде де ойынға тыңнан қосылып отырды.
1990, 1991 жылғы маусымды КСРО екінші лигасындағы Қарағандының "Шахтерында" өткізді де, сол күйі көрінбей кетті. Соңғы ойынын 1991 жылы 3 қарашада Жызақтың "Согдиана" клубына қарсы өткізді (1:3)
## Жетістіктері
### Клубтық
* КСРО бірінші лигасының қола жүлдегері: 1989
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі мен статистикасы |
Дәуіт Хасанов (1938 Бегайдар аулы Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 26 қыркүйек 2002 Атырау) — геофизик. Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері.
## Өмірбаян
Дәуіт Хасанов 1938 жылы Бегайдар аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Есентемір, Бердімбет бөлімі Кіші жүзден тараған.
1956-1958 жылдары Гурьев мұнай техникумында оқыды
1958 жылы жаңадан ашылған Жаңасу алаңындағы сейсмикалық отрядтың дала геодезиясына техник болып орналасады. Мұнан кейін Қызыладыр, Теңге, Қансу аймағындағы экспедициялық зерттеулерге қатысады.
1962-1967 жылдары Мәскеудегі И.М.Губкин атындағы мұнай-газ институтының геологиялық барлау факультетінде оқыды
1967-1973 жылдар алты отрядтан тұратын дала партиясын бастығы (үш сейсмикалық және үш гравиметрлік)
1973-1977. 35 жасында Гурьев геофизикалық экспедициясын басқарды.
1977-1995 жылдары далалық сейсмикалық партия бастығы, «ЕмбіМұнайГеофизика» ААҚ-ның тете-президенті, кейіннен президенті болды.
1999-2002. "Ембагеофизика" ЖШС президенті
## Еңбек және қоғамдық қызметі
Партия бастығы Д.Хасановтың жетекшілігімен Тайсойған аумағынан бір қатар құрылымдар, оның ішінде Уаз, Бажыр және Қондыбай мұнай кен орындары анықталды.
1989 жылы Д.Хасанов басқарған партия Каспий Қайранының құрылымын, геологиялық қорын анықтады. Бүл солтүстік Каспий кең көлемдігі геофизикалық жұмыстың негізіне айналып Қазақстанкаспийшельф құрылды.
Ол геологиялық барлау арқылы 154 терең бұрғылау алаңын, мұнай мен газ өндіретін ұжымдарға табыстады, мысалы Масабай, Айранкөл, Ровное, Матин, Молдабек, Шығыс Мақат, Оңтүстік - Шығыс Новобогат тағы басқа да кен орындары. Бұл күндері сол бұрғыланған 20 ға жуық алаңнан, мұнай мен газ өндіріліп, ел экономикасының дамуына қомақты үлес қосылуда. Ол өлкеміздегі геофизика саласының дамуы мен қалыптасуына айшықты үлес қосумен қатар, 30-дан астам ғылыми мақалалар мен бірнеше танымдық, ғылыми зерттеу және естелік кітаптардың авторы.
Д.Хасановтың бастамасы бойынша есептеу орталығын IBM RISC System/6000 базасында жаңа орталық Omega өңдеу кешені және Oasis интерпретациялық кешені жаңғыртуды бастады. Бұл трестке Shell және Union Texas компанияларымен қатар сейсмикалық барлау жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берді
Ол өз саласының майталман маманы ретінде танылуымен қатар, геологтардың тұрмыс жағдайларын ешқашан да естен шығарған емес. Облыс орталығының ыңғайлы жерлерінен көп пәтерлік үш үй мен жатақхана салдырды. Сонымен қатар кең қолтықтық танытып Халықаралық дәстүрлі Мәскеу марафонына, әлем чемпионатына баратын, басқа да жарыстарға қатысатын спортшыларға, «Алдоңғар» спорт кешеніне демеушілік жасады.
Құрманғазы округінен Атырау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
## Отбасы
Әкесі - Сұлтанов Хасан (1890-1975), арасында өте қадірлі, сауатты болған адам, Гурьев қаласынан Астрахань қаласына қарай 120 шақырым жерде Молшағыл деген қыстақта өмір сүріп, Чапаев совхозына қарасты «Заготскот» конторына мал дайындаумен айналысты. Екі кіші інісі Құлмәжит (1903-1945) және Құлбарақ (1905-1942) Ұлы Отан соғысынан оралмады.
Сұлтанов Құлмәжит әскер қатарына 1941 жылы шақырылып Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан. Богдан Хмельницкийдің қызыл ту орденді 12-артиллерия бұзып өту дивизиясының құрамында 2-батареяның миномет оқтаушысы (заряжающий) болған. Жасаған ерліктері үшін “Ерлігі Үшін" (За Отвагу) медалін алған. 1945 жылдың 4 ақпанында болған соғыста қаза тапты. Жерленген жері – Польшаның Познань қаласы.
Сұлтанов Құлбарақ 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы басталғанда Украинада 1941 жылдын маусым айында 196 Атқыштар дивизиясының қатарында болған. Осы дивизияның қатарында, ұрыс салып шегініп отырып 1942 жылы Сталинградқа дейін жеткен. Соңғы ұрысқа 1942 жылдың тамыз айында қатысып, Сталинград үшін болған соғыста қаза тапты.
Хасан жақсы өмірді өзгертудің маңыздылығын түсіне отырып қалаға көшіп балаларына жақсы білім алуына үлкен ықпал жасаған. Анасы - Ағиба Тәлтен қызы (1907-2003) - "Ана Даңқы" орденінің иегері. Отбасында үлкен қызы Жібек (1928-1982) және алты ұлдары Охас (1932–1978), Жақсен (1936–2003), Дәуіт (1938–2002), Закария (1940–2002), Пангерей (1942–1984), Салимгерей (1945–2001) тәрбиелеп өсірген.
Зайыбы – Баян Қалимолла қызы. Отбасында ұш қыз, екі ұл дүниеге келген: Нәбия, Майсура, Хамза, Ризабек, Айман
## Марапаттары
Алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталған
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
## Жарияланымдар
* Ануарбек Косанов, Дауит Хасанов. “Бокен би”
* Хасанов Д.Х. "Жолдар мен жылдар". Алматы, Өлке баспасы, 2001. ISBN 9965-599-11-4
* Хасанов Д.Х., Мырзагалиев Д.М., Амиржанов А. "Казакстан мунай геофизикасы". Энциклопедия. Алматы, ТОО "Нефть Казахстана", 2002. ISBN 9965-540-15-6
* Хасанов Д. Х., Мырзагалиев Д.М. “Справочник по геофизическим работам в Западном Казахстане”
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Қызылтөбе – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты аумақтағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қызылтөбе – 2011 жылы Алматы қаласы «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» баспасында басылып шыққан кітап.
* Қызылтөбе – ортағасырлық қалашық орындары. |
Джакариджа Коне (фр. Djakaridja Koné; 22 шілде 1986, Абиджан, Кот-д’Ивуар) — буркиналық футболшы, жартылай қорғаушы, тегі ивуарлық. 2013 жылғы Африка Ұлттары кубогының күміс жүлдегері. 2012, 2013, 2015 жылдары Африка Ұлттары кубогына қатысқан. Мансабында Израиль, Румыния, Франция, Түркия клубтарында ойнады. 2016 жылы 30 жасында мансабын аяқтады.
## Клубтық мансабы
### Хапоэль Петах-Тиква және Хапоэль Хайфа
Джакариджа Коне 1986 жылы 22 шілдеде Кот-д Ивуардың Абиджан қаласында дүниеге келді және өзінің мансабын Израиль премьер-лигасының 2005-06 маусымында негізгі құрамда дебют жасап «Хапоэль Петах-Тиквада» бастады. 2006 жылдың жазында ол Хапоэль Хайфадан екінші лигаға жалға беріліп, екі жылдық кезеңінде команда үшін үнемі пайда болып жүрді. Ол Хапоэль Петах-Тикваға бірінші лига футболына оралды, үнемі 2008-09 маусымда ойнады.
Динамо Бухарест
2009 жылдың 18 шілдесінде Коне Румынияға көшіп, «Динамо Бухарестпен» үш жылдық келісімшартқа отырды. Ол I лигадағы дебютін 2009 жылы 7 тамызда жаттықтырушы Дарио Бонетти оны 64-минутта Габриэль Бостинаның орнына «Интернационал Куртя де Аржештен» 0-1 есебімен жеңілгеннен кейін алаңға жіберді. Клубта өткізген алғашқы маусымында ол Осман Н'Дойемен жартылай қорғаныс орталығында жұп құрып, клубқа Либерецтің «Слованға» қарсы матчта 3-0 есебімен жеңіске жетіп «Либерецтің кереметін» жасауға көмектесті, өйткені бірінші матч сол ұпаймен жеңіліп қалды, пенальти сериясынан кейін ол Еуропа Лигасының 2009-10 топтық кезеңіне өтті.
Джакариджа Коне кейіннен «Красные псы» командасы үшін тұрақты тұлға болды, клубпен өткен соңғы маусымында ол 2011-12 Румыния Кубогын жеңіп алды, оны Бонетти финалда «Рапид Бухурештиге» қарсы 1-0 есебімен жеңгеннен кейін барлық минуттарда қолданды, сонымен қатар матчтың адамы атанды. Көп ұзамай ол Марсельдегі «Олимпикпен» байланысты болды, бірақ ол Бундеслига клубы Ганновер 96-ға қол қоятыны туралы басқа қауесет сияқты ештеңе шықпады. Коненің есебінде I лигада төрт гол соққан 75 матч бар, ол сондай-ақ Еуропа лигасында бір гол соққан 13 матчта «Динамо» командасын ұсынды.
Эвиан
2012 жылдың 20 шілдесінде жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартқаннан кейін, Коне тағы да командасы мен елін ауыстырып, 1-лиганың «Эвиан» клубымен үш жылдық келісімшартқа отырды. Ол осы санаттағы дебютін 24 тамызда жаттықтырушы Пабло Корреаның басшылығымен өткізіп, Седрик Барбозаның орнына «Лионмен» 1-1 есебімен тең ойынға шықты. Коне 2014 жылдың 27 қыркүйегінде француз футболының негізгі санатындағы алғашқы және жалғыз голын соқты, ол «Лорянға» қарсы 2-0 есебімен жеңіске жетті. Ол үш маусымда «Савой кросс» сапында үнемі өнер көрсетті, бірақ соңғысында олар екінші дивизионға ұшып кетті.
Сивасспор
2015 жылдың қыркүйегінде Джакариджа Коне түрік тарапымен «Сивасспормен» келісімшартқа отырды. Ол 13 қыркүйекте «Ризеспормен» 1-1 матчында жаттықтырушы Серген Ялчиннің басшылығымен Жоғары лигадағы дебютін жасады.[13] Клубта өткізген жалғыз маусымында Коне чемпионатта барлығы 18 матч өткізіп, Мерсин Талим Юрдумен матчта 2-2 есебімен бір гол соқты.
## Халықаралық мансабы
Кот-д'Ивуар үшін ұсынылғаннан кейін 17 жастан 19 жасқа дейінгі деңгейлерде Джакариджа Коне кейіннен Буркина-Фасо үшін өнер көрсету құқығына ие болды. Ол 2011 жылдың 9 ақпанында жаттықтырушы Пауло Дуартенің жетекшілігімен негізгі құрамда дебют жасады, Кабо-Вердеден 0-1 есебімен жеңілді.
Коне 2012 жылғы Африка Ұлттар Кубогының сәтті іріктеу матчтарында екі ойын өткізді, сонымен қатар Дуарте жаттықтырушысы финалдық турнирде Ангола мен Суданнан екі рет жеңіліске ұшырады, өйткені команда топтық кезеңнен өте алмады. Жаттықтырушы Пол Пут Конені 2013 жылғы Африка Ұлттар Кубогындағы барлық алты ойынында қолданды, өйткені команда топтық кезеңнен өтті, онда ол Эфиопияға қарсы матчта 4-0 есебімен үшінші гол соғып, Буркина-Фасо үшін алғашқы голын соқты. Содан кейін олар Тогоны ширек финалда және Гананы жартылай финалда нокаутқа жіберіп, финалда Нигериядан 0-1 есебімен ұтылды, онда ол барлық минуттарда ойнады.
Ол 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарында алты матч өткізді, онда ол Алжирмен алғашқы плей-офф матчында 3-2 есебімен гол соқты, нәтижесінде Гол ережесі бойынша жеңіліп қалды, өйткені олар матчта 0-1 есебімен жеңілді. Ол 2015 жылғы Африка Ұлттар Кубогының сәтті іріктеу матчтарында бес матч өткізді, содан кейін жаттықтырушы Пол Пут оны финалдық турнирдің топтық кезеңіндегі барлық үш ойында қолданды, ол Экваторлық Гвинеямен тең ойын және Габон мен Конгодан екі жеңіліс болды. Осыдан кейін Джакариджа Коне 2017 жылғы Африка Ұлттар кубогының іріктеу матчтарында екі ойын өткізді, соңғы рет 2015 жылдың 12 қарашасында Бенинмен 2018 жылғы Әлем кубогының іріктеу матчтарында ұлттық құрамада ойнады, барлығы 41 матч өткізіп, Сталлиондар үшін екі гол соқты.
## Халықаралық голдары
Нәтижелер алдымен Буркина-Фасоның мақсаттарын тізімдейді. «Бағалау» бағанында Джакариджи Коненің әр голынан кейін ұпай көрсетіледі.
## Марапаттары
### Клуб
Динамо Бухарест
* Румыния Кубогы: 2011-12
Буркина-Фасо
* Екінші орын алған Африка Ұлттар Кубогы: 2013
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (FlashScore.ru) |
Баутин ауылдық округі – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Баутин ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3903 адамды (2011 ер адам және 1892 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Лингвистикалық бетбұрыс (ағылш. linguistic turn) — ХХ ғ басында батыстық тіл философиясында болған ірі "бағытталу" құбылысы болып, ол философия мен басқа гуманитарлық ғылымдардың тіл мәселесіне қарай ойысып, тіл ұғымына, тіл шындығына, тілдік байланысқа, тілді қолданушыларға және тіл мен ғаламның қарым-қатынасына шоғырлануымен ерекшеленеді.
Лингвистикалық бетбұрыс әртүрлі интеллектуалды қозғалыстармен байланысты болды, бірақ аталған терминнің өзі Ричард Рортидің "Лингвистикалық бұрылыс" антологиясы (ағылш. Linguistic turn: Recent Essays in Philosophical Method, яғни "Лингвистикалық бетбұрыс: философиялық әдіс туралы таяудағы эсселер", 1967 ж) арқылы танымал болды деп есептеледі, онда Рорти лингвистикалық философияға бет бұруды талқылады. Кейін лингвистикалық философиядан да, жалпы аналитикалық философиядан да алшақтаған Рорти "лингвистикалық бетбұрыс" сөз тіркесін философ Густав Бергманнан алғанын айтты.
## Аналитикалық философияда
Дәстүрлі мағынада, лингвистикалық бетбұрыс аналитикалық философияның пайда болғанын білдіреді. Лингвистикалық бетбұрыс нәтижелерінің бірі тілдің логикасы мен философиясына шоғырланудың артуы, идеал тіл философиясы мен қарапайым тіл философиясына бөліну болды.
### Фреге
Майкл Дамметтің айтуынша, лингвистикалық бетбұрыс тарихын Готлоб Фрегенің 1884 жылғы "Арифметика негіздері" атты еңбегімен, атап айтқанда Фреге бір сандық тұжырымдаманың идентитиін пайымдаған 62-параграфпен байланыстыру керек.
Сан туралы "егер бізде сандарға қарата ұғым мен интуиция болмаса, сандар қалай бізге берілген?" делінетін Канттық сауалға жауап беру үшін Фреге өзі кітабының басында пайымдалған "контекст қағидасына" сілтеме жасайды, яғни тұжырымдаманың контексті аясында ғана сөздердің мағынасы болады, демек сөйтіп "сандық сөз кездесетін тұжырымдаманың мағына" анықтамасынан мәселеге шешім табуға болады. Осылайша, бір онтологиялық, не эпистемологиялық проблема дәстүр бойынша идеалистік бағытта шешілсе, енді лингвистикалық жолмен шешілетін болады.
### Рассел және Витгенштейн
Тұжырымдамалар (propositions) логикасына және олардың "факттермен" байланысына Фрегенің назар аударуын кейінірек белгілі аналитикалық философ Бертран Рассел "Меңзеу туралы" ("On Denoting") еңбегінде жалғастырды, және оның логикалық атомизміндегі алғашқы жұмыстарында маңызды рөл атқарды.
Людвиг Витгенштейн, Расселдің серіктесі, лингвистикалық бетбұрыстың бастамашыларының бірі болды. Бұл оның "философиялық проблемалар тіл логикасындағы түсініспеушілдіктен туындайды" деген идеясын пайымдаған "Логика-философиялық трактатындағы" (Tractatus Logico-Philosophicus) көзқарастарында және "тіл ойыны" туралы пайымдаулар жасаған кейінгі жұмыстарында кездеседі. Оның кейінгі жұмысы (яғни, философиялық зерттеулер) аналитикалық философияның жалпы ережелерінен айтарлықтай алшақтайды, олар пост-структуралистік дәстүрде резонанс тудыруы мүмкін деп танылуда.
### Куайн және Крипке
У.В.О.Куайн "Эмпиризмнің екі догмасы" шығармасында өзінің алғашқы философиялық көзқарасымен лингвистикалық бетбұрыстың тарихи жалғасымдылығын сипаттаған болатын: "Мән референт объектісінен ажырап, сөзбен біріккен кезде ол мағынаға айналады."
Кейінірек ХХ ғ-да Сол Крипке қатарлы философтар "Атау және сөзсіздік" кітабында тілді мұқият талдаудан метафизикалық қорытындылар жасады.
## Құрлықтық философия
Гуманитарлық ғылымдардағы лингвистикалық бетбұрыс үшін шешуші рөл ойнаған тағы бір дәстүрлі еңбек, атап айтқанда фердинанд де Соссюрдің құрлықтық структурализмі болды, 1916 жылы ол қайтыс болғаннан кейін жарияланған Жалпы лингвистика курсында (Cours de linguistique générale) осы әдіс таныстырылды. Оның айтуынша, тіл дегеніміз таңбалар (signs) жүйесі, ол бейне жазу жүйесі секілді, немесе саңыраулар қолданатын таңба жүйелері секілді, немесе символдық жосындар жүйесі секілді, сондықтан оны жүйелі түрде зерттеуге болады. Ол жаңа семиология ғылымын ұсынды - грекше семейон (semeion) таңба деген мағынаны білдіреді. Бұл кейін семиотика деп аталды, ол "белгілер ғылым" деген сөз. ХХ ғ басындағы Соссюр жұмыстарынан бұрын лингвистика негізінен жеке сөз мағынасының тарихына тарихи анализ (кейде диахроникалық деп аталады) жасауды білдіретін этимологияны зерттеумен болды. Соссюр ХІХ ғ-дағы салыстырмалы филологтарды сынға алды, тек Үнді-Еуропа тілдеріне негізделген олардың қорытындылары Соссюрдың айтуынша "шындық негізі жоқ". Ол кезде "тіл - төртінші табиғи патшалық" болды. Соссюр тілдің қазіргі функциясын тексеру арқылы тілді тануға тырысты (синхронды талдау) - бұл яғни сөздрер арасындағы байланыстар жүйесін мағынаның қайнары деп есептейтін байланыстық әдіснама болатын. Соссюр синхроникалықты лингвистика ғылымындағы тыныш күй деп сипаттады, ол эволюциямен байланысты болатын диахроникалыққа диахроникалыққа қарама-қайшы болады. Әртүрлі тілдерді салыстыру арқылы, Соссюр таңбаланушы (signified, мысалы нақты орындық) мен таңбалаушы (signifier, яғни орындық, кресло, тб.) арасында "тұрақты шекара" жоқтығын дәлелдедi. Шындықтың өздігінен бейнелеуін "табиғи күштер" белгілемейді. Соссюр фонетикалық эволюцияның грамматикалық салдарын паш етіп, диахроникалық фактілердің әр түрлі формада болатынын дәлелдеді, мысалы кресло мен орындық, тб.
## Дереккөздер |
Нұржиян Абдолқызы Абдолова (2 маусым 1943 Орда ауылы, Орда ауданы Орал облысы - 2 тамыз 2020 Атырау) — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Атырау облысы мен Исатай ауданының Құрметті азаматы.
## Өмірбаян
Нұржиян Абдолқызы Абдолова - 1943 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Орда ауылында дүниеге келген. Руы Шеркеш Сүйніш бөлемі, Кіші жүз.
1949-1959 жылдары Орданың Горький атыңдағы орта мектебінде білім алды.
1959-1964 жылдары Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтыңда орман шаруашылығы мамандығы бойынша оқыған.
1965-1975 жылдары Гурьев механикаландырған орман мекемісінде инженер, бас инженер, директор лауазымды қызмет істеген.
1969 жылы Гурьев педагогикалық институтың химия-биология мамандығы бойынша бітірді.
1975-1977 жылдары Балықшы аудандық партия комитетінің саяси ұйымдастыру бөлімнің нұсқаушы болды.
1977-1983 жылдары Новобогат ауданындық партия комитетінің идеология мәселесі бойынша хатшы болып істеген.
1983-1986 жылдардағы Индер аудандық атқару комитетінің төрағасы.
1984 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіріп саясаттанушы мамандығын алған.
1986-1994 жылдары мәдениет қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің басшысы.
1994 жылы бірінші шақырылған Атырау облыстық мәслихаттың депутаты болды. Мәслихат хатшысы болып сайланды.
1998 жылы зейнеткерлікке шықты, бірақ облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуды жалғастырды.
2011 жылы наурызда Бірінші республикалық әйелдер съезіне делегат болды. 2011 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясына қатысты.
## Отбасы
Әкесі – Абдол Смағулұлы. Аңасы – Жамал Мусақызы.
Жұбайы - Исамберлиев Қуаныш (1938-1972). Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдың тұмасы. Руы Беріш Бегіс бөлімінің тараған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттың түлегі.
Отбасында үш қыз, бес немере және үш шөбере бар.
## Марапаттары
Қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін КСРО "Еңбек ардагері" (1985) медалімен, тәуелсіз Қазақстанда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Украинаны неміс басқыншыларынан босатқаны үшін 60 жыл" (2004), "Қазақстан кәсіподақтарының құрылуына 80 жыл" (2008), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" (2014), "Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл" (2015), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016), "Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл" медальдарымен марапатталған, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар оның еңбегінің лайықты бағалануы болды.
"Ажар" журналының (Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы) «Алтын әйелдер» аталымына енген.
Исатай ауданының Құрметті азаматы (2011).
2018 жылғы 29 наурыз "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық мәслихаттың 21-ші сессиясында қабылданды.
## Дереккөздер |
Форт-Шевченко қалалық әкімдігі – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағындағы бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Форт-Шевченко қаласы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 8447 адамды (4221 ер адам және 4226 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бостан Шәмішұлы Сүлейменов (25 тамыз 1938 - 12 ақпан 2020 Атырау) — қазақстандық эколог, қоғам қайраткері және балық өндірісінің ардагері. Каспий теңізінің биологиялық ресурстары және теңіз заңы саласындағы сарапшы. Атырау облысының Құрметті азаматы.
## Өмірбаян
Бостан Шәмшіұлы Сүлейменов 1938 жылы 25 тамызда туған. Руы Алаша Кіші жүзден тараған.
1961 жылы Астрахан балық өнеркәсібі мен шаруашылығы техникалық институтын бітірген.
1963-1973 жылдары Баутинодағы «Гуррыбхолфлот» басқармасының бас инженері болды.
Аумақтық балық инспекциясында екі рет, 1974-1977, 1992-1996 жылдары басшылық қызмет атқарды.
Әр жылдары "Гурьевбалықөнеркәсібі" өндірістік бірлестігінде бас директор, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі бөлімінің, жеңіл өнеркәсіп және халық тұтынатын тауарлар бөлімінің меңгерушісі, Гурьев облыстық экология және биоресурстар басқармасы басшысының орынбасары болды.
Гурьев облысының табиғат қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, бас экология инспекторы қызметтерін қоса атқарды.
2000 жылдардың басында Халықаралық Каспий экологиялық бағдарламасында (итбалықтарды зерттеу тобы комиссиясының мүшесі) қазақстандық тараптан сарапшы болды.
## Марапаттары
* Қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін КСРО "Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі" (1970),
* "Ерен еңбегі үшін" медалі
* "Еңбек ардагері" медалі,
* "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі" (2011),
* "Еңбек ардагері" медалі,
* республикалық және облыстық маңызы бар Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар оның еңбегінің лайықты бағалануы болды.
2018 жылғы 29 наурыз "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық мәслихаттың 21-ші сессиясында қабылданды.
## Жарияланымдар
Бостан СУЛЕЙМЕНОВ. «О людях, экологии и биоресурсах Урало-Каспия». 2016
## Дереккөздер |
1988 жылы КСРО жоғары лигасында сәтсіз ойнаған "Қайрат" клубы бірінші лигаға түсіп қалды. 1989 жылы бірінші лигада үшінші орын алды да, жоғары топқа өте алмады.
## Құрамы
## Турнир кестесі
## Матчтары
## КСРО кубогы
### 1/16 финал |
Рахат ауылдық әкімдігі – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік. 2014 жылы құрылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Рахат ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 35468 адамды (18355 ер адам және 17113 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Теңге ауылдық округі – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігі аумағындағы бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Теңге ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 15894 адамды (7977 ер адам және 7917 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әбдіров Нұркен (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) — әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.
Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды.Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."
Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.
## Тағы қараңыз
* Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты
## Дереккөздер |
Мұса Тұрсынғалиев (23 шілде 1994 жыл, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық кәсіби боксёр, жартылай жеңіл салмақ категориясында күреседі. Кәсібилер арасында WBA-NABA USA (2018 жылдан бері) версиясы бойынша чемпион, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай және Жапониядағы әуесқойлар арасында өткен 2013, 2014, 2015 жылғы халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әуесқой бокста 200 ұрыстың 185-де жеңіп шықты.
## Әуесқой мансап
Екібастұз қаласында 9 жасынан бокспен айналыса бастады. Әуесқой рингте 200 ұрысқа қатысып, 185 жеңіп, 15-де жеңілді. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай, Жапониядағы "А классы" турнирлерінің жеңімпазы.
## Кәсіби мансабы
Кәсіби рингте 2017 жыл 10 қарашада дебют жасады. Мексикан Хесус Видальді 3 раундта нокаутпен жеңді. 2018 жылы 3 раундта тәжірибелі Луис Хиноджосаны нокаутпен жеңіп, WBA-NABA USA титулын иемденді. |
Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы — Семей қаласындағы мұражай.
## Тарихы
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты XIX ғасырдың 50-жылдарында, шамамен, 1856 жылы генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған. Сәулетшісі белгісіз. Революцияға дейін бұл үйде әскери губернатор тұрған. Совет өкіметі орнағаннан кейін бұл ғимарат Бостандық үйі деп аталған. Мұнда Семей қаласының алғашқы Совдепі орналасқан. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде контрреволюциялық бүлік шықты. Ақ гвардияшылардың терроры кезінде ғимаратта ақ гвардияшы әскерлер орналасты. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін, бұл ғимаратта шаруалар корпусының саяси бөлімі, одан соң Семей әскерлер тобының штабы орналасты.
Музей 1883 ж. Абайдың жақын досы Е П. Михаэлистің бастамасымен Семей облысындағы статистика комитеті жанынан ұйымдастырылған. 1902 ж. музей Орыс география қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің қарамағына беріліп, жұмысы жандана түсті. Музейде құрылған күнінен бастап Семей облысы тарихын, әлеуметті-экономик , мәдени өмірін,тұрмы салтын, табиғатын жан жақты көрсеткен археолог. Тарих , этнография, тау кен өнеркәсібі палеонтология Қытай бөлімдері жұмыс істейді. Музейде, негізінен Семейге саяси жер аударылып келген адамдар қызмет атқарды. Музей құру ісіне А. А. Блэк, А. А. Леонтьев, Н. Я. Коншин, ағайынды Белослюдовтар, П. Р. Лобановский т. б. белсене қатысты. Археология бөлімінің ашылуына Михаэлистің улесі зор болған. Ол Семей облысында жүргізген қазба жұмыстарының бай археол. коллекциясын осы бөлімге табыс еткен. Музейдің этнография бөлімінің экспонаттары бірнеше рет Ресейдің үлкен қалаларына апарылып, көрмеге қойылған. Музей жұмысына Абай да белсене қатысып, өз тарапынан ақыл-кеңестерін беріп, қазақ халқының 50-ден астам тұрмыстық-ұлттық бұйымын тапсырған. 1885 ж. Сібірді зерттеу мақсатымен келген Американ саяхатшысы, журналист Дж. Кеннан мен суретші Фрост музейде болып, Абай тапсырған заттарды суретке түсіріп алған («Семипалатинские областные ведомости», 1908, № 19, 10 мамыр). Суретші Н. И. Крутильников 1924 ж. музейге өзі салған «Абай портретін» тарту еткен. Музейдің көрме залдарында Абайға арналған бұрыш жұмыс істейді.
## Негізгі тематикалық экскурсиялар
* Қазақ халқының этнографиясы;
* Семей қаласының тарихы;
* Мұражайдың палеонтологиялық жиынтығы;
* Аймақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі;
* Ертістің мәдениеті.
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2020 жылы. |
Анатолий Васильевич Демьяненко (құжат бойынша — Демяненко) 19 ақпан 1959 жыл, Днепропетровск) — КСРО және Украиналық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
## Жетістіктері
### Командалық
Ойыншы ретінде
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (5): 1980, 1981, 1985, 1986, 1990
* КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990
* КСРО суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы: 1986
КСРО
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
Бапкер ретінде
«Динамо» (Киев)
* Украина чемпионы: 2007
* Украина кубогы: 2006, 2007
* Украина суперкубогы: 2007
"Насаф"
* АФК кубогы: 2011
### Жеке
* Украинадағы жыл футболшысы (2): 1982, 1985
* КСРО-ның үздік футболшысы: 1985
* КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1986)
* Украинадағы жыл бапкері: 2007
* Қатысқан әлем чемпионаттары: 1982, 1986, 1990
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Еурокубоктердегі статистикасы |
Анатолий Васильевич Демьяненко (құжат бойынша — Демяненко) 19 ақпан 1959 жыл, Днепропетровск) — КСРО және Украиналық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
## Жетістіктері
### Командалық
Ойыншы ретінде
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (5): 1980, 1981, 1985, 1986, 1990
* КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990
* КСРО суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы: 1986
КСРО
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
Бапкер ретінде
«Динамо» (Киев)
* Украина чемпионы: 2007
* Украина кубогы: 2006, 2007
* Украина суперкубогы: 2007
"Насаф"
* АФК кубогы: 2011
### Жеке
* Украинадағы жыл футболшысы (2): 1982, 1985
* КСРО-ның үздік футболшысы: 1985
* КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1986)
* Украинадағы жыл бапкері: 2007
* Қатысқан әлем чемпионаттары: 1982, 1986, 1990
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Еурокубоктердегі статистикасы |
Ульрих «Ули» Штилике (нем. Ulrich "Uli" Stielike; 15 қараша 1954, Кеч, Баден-Вюртемберг) — германиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
1980 жылғы Еуропа чемпионы. 1982 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Кейін бапкерлікпен айналысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Германия чемпионы: 1975, 1976, 1977
* Германия кубогы: 1973
* УЕФА кубогы: 1975, 1985
* Испания чемпионы: 1978, 1979, 1980
* Испания кубогы: 1980, 1982
* Еуропа чемпионы: 1980
* Испания лига кубогы: 1985
* Швейцария чемпионы: 1987, 1988
### Жеке
* Испания чемпионатындағы үздік легионер: 1979, 1980, 1981, 1982
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жақып немесе Яқуб (ивр. יַעֲקֹב, Яаков; Исламда – араб.: يعقوب , Якуб) — Інжіл және Қасиетті Құран кейіпкері. Кейбір тарихшылар Палестинада туды деседі. Әкесі Исхақтың тәрбиесінде өскен. Исхақ қасиетті Кұддыста Пайғамбар болып, 80 жыл ғұмырын сонда өткізген. Еңкейген шағында Аллаһтың рахымымен егіз ұл көрген. Бірінің есімі – Иесу, екіншісі – Жақып. Исхақ Жақыпқа алғыс батасын береді. Иесу бұған қызғаныш етеді, ниеті бұзылады. Мұны шешесі сезіп, Жақыпты нағашысына жібереді. Нағашысына барар жолда түсіне аспанға өрлеп бара жатқан періштелер кіреді. Аллаһ Тағала Жақыпқа:
Жақып қуанып оянады. Сол түсі бойынша Аллаһқа арнал бір ғибадатхана салуды мақсат тұтады. Кейін, ғибадатхана салатын орынды белгілейді. Сол жерде Баитл Мұхаддас бой көтереді. Жақып(ғ.с.)-да 12 ұл болады.
Исраилдың он екі тайпасы солардан өрбиді. Әр тайпа әр ұлының есімімен аталады. Ал, Жүсіптен айрылған соң Жақып (ғ.с.) жылап-сықтап, көзден айрылады. Жүсіппен табысқанда қарашығы қайта ашылады. Кейін Жүсіптің қолына келіп, 147 жасыңда қайтыс болады. Мәйіті кейінірек әкесі Исхақтың Палестинадағы зиратына әкеліп қойылады. Құранда Жақып есімі 17 жерде аталады.
Ысқақ пайғамбардың Ребеккадан жиырма жыл уақыттан кейін тұған ұлы, пайғамбар.
## Дереккөздер |
Марат Рифкатович Бикмаев (1 қаңтар 1986, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Ұлты татар.
## Карьерасы
### Клубтық
"Пахтакор" клубының түлегі. 2004 жылы "Крылья Советовке" ауысты. 2006-07 жылдары "Рубин" сапында ойнады.
2008 жылы "Спартак-Нальчик" клубының футболшысы атанып, 2010 жылы "Аланияға" ауысты.
2012 жылы "Ақтөбе" қатарын толықтырып, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды. 2013 жылы 5 мамырда "Тобылмен" ойында ауыр жарақат алды да, ұзақ уақыт емделіп, жыл соңында "Ақтөбеден" кетті.
2014 жылы "Локомотив" (Ташкент) клубына ауысып, төрт маусым өнер көрсетті.
2018 жылы "Пахтакорға" 15 жылдық үзілістен соң қайта оралды.
2020 жылы қайтадан "Локомотивке" ауысты.
### Ұлттық құрама
2004 жылы 31 наурызда ӘЧ-2006 іріктеуі аясында Тайвань құрамасына қарсы кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Пахтакор»:
* Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2019
* Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2019
«Ақтөбе»:
* Қазақстан чемпионы (1): 2013.
«Локомотив»:
* Өзбекстан чемпионы (3): 2016, 2017, 2018
* Өзбекстан кубогы (3): 2014, 2016, 2017
* Өзбекстан суперкубогы (2015)
### Жеке
* Өзбекстанның үздік футболшысы (1): 2017
## Дереккөздер |
Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы (IATA: HSA, ICAO: UAIT) (ағылш. Hazret Sultan International Airport) — Түркістан қаласында орналасқан әуежай. 2020 жылы салынған. Ол Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінде орналасқан.
## Тарихы
Әуежай өз тарихын 2020 жылдан бері бастайды. Әуежайы жалпы 900 гектар аумақты қамтиды. Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салыныды. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.
## Ұшып-қону жолағы
Ұшып-қону жолағының көлемі 3300х45 м. құрайды.
## Әуе компаниялары мен бағыттар
Қазақстандық әуе компаниялары Түркістан қаласынан бірінші кезеңде Астана, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан әрі түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа да облыс орталықтарымен қатынас орнатады.
Бастапқы кезеңде Turkish Airlines әуе компаниясы Ыстамбұлға рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы шетелдік компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылатын болады, бұл шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы
* Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары |
Марат Рифкатович Бикмаев (1 қаңтар 1986, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Ұлты татар.
## Карьерасы
### Клубтық
"Пахтакор" клубының түлегі. 2004 жылы "Крылья Советовке" ауысты. 2006-07 жылдары "Рубин" сапында ойнады.
2008 жылы "Спартак-Нальчик" клубының футболшысы атанып, 2010 жылы "Аланияға" ауысты.
2012 жылы "Ақтөбе" қатарын толықтырып, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды. 2013 жылы 5 мамырда "Тобылмен" ойында ауыр жарақат алды да, ұзақ уақыт емделіп, жыл соңында "Ақтөбеден" кетті.
2014 жылы "Локомотив" (Ташкент) клубына ауысып, төрт маусым өнер көрсетті.
2018 жылы "Пахтакорға" 15 жылдық үзілістен соң қайта оралды.
2020 жылы қайтадан "Локомотивке" ауысты.
### Ұлттық құрама
2004 жылы 31 наурызда ӘЧ-2006 іріктеуі аясында Тайвань құрамасына қарсы кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Пахтакор»:
* Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2019
* Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2019
«Ақтөбе»:
* Қазақстан чемпионы (1): 2013.
«Локомотив»:
* Өзбекстан чемпионы (3): 2016, 2017, 2018
* Өзбекстан кубогы (3): 2014, 2016, 2017
* Өзбекстан суперкубогы (2015)
### Жеке
* Өзбекстанның үздік футболшысы (1): 2017
## Дереккөздер |
Геннадий Владимирович Литовченко (11 қыркүйек 1963 жыл, Днепродзержинск, Украин КСР, КСРО) — КСРО және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы. Кейін бапкерлікпен айналысты.
Карьерасында Украина, Аустрия, Грекия, Кипр чемпионаттарында доп тепті. 1986, 1990 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 1988 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
Украина Ұлттық футбол құрамасы сапында 4 кездесу өткізді.
## Жетістіктері
### Командалық
Ойыншы ретінде
«Днепр»
* КСРО чемпионы (1): 1983
* КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1987
* КСРО чемпионатының қола жүлдегері (2): 1984, 1985
* КСРО футбол федерациялары кубогы (1): 1986
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (1): 1990
* КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1988
* КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1): 1989
* КСРО кубогы (1): 1990
«Олимпиакос»
* Грекия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1991, 1992
* Грекия чемпионатының қола жүлдегері (1): 1993
* Грекия кубогы (1): 1992
КСРО құрамасы
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1988
Бапкер ретінде
«Динамо» (М)
* Ресей екінші дивизионының жеңімпазы (1): 2016/17
### Жеке
* Украинадағы жыл футболшысы
* КСРО үздік футболшысы: 1984
* КСРО чемепионатындағы үздік 33 (7): № 1 — 1984, 1988, 1989; № 2 — 1985, 1987, 1990; № 3 — 1983
* Әлем чемпионатының ардагері: 1986, 1990
* Олге Блохин мергендер клубы: (112 гол)
* Григорий Федотов мергендер клубы (109 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Қан мен тер — Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың трилогиясы.
Роман үш кітаптан тұрады: 1) Ымырт (1961 жылы жарияланды), 2) Сергелдең (1964), 3) Күйреу (1970).
Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып қауышса, оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартады.
«...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңе аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді»– дейді жазушы.
Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспендігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихын эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.
«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.
«Қан мен тер» трилогиясын қазіргі тәуелсіздік мұнарасынан, демократиялық көзқарас тұрғысынан оқығанда, оның қазақ шындығынан бұра тартқан жерін табылмайды. Қайта коммунистік үстем идеологияға қайшы пікірлерді жолықтырып, «бұны қырағы цензура қалай жіберді екен?» деп қалуға негіз бар.
Романның «Күйреу» аталатын үшінші, соңғы кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына Еламан әжептәуір күмән келтіреді.
«...Ол кезде жер басқан адамның бәрі бірдей болады дейді. Жә, жарайды, адам баласының көкірегінде алалық болмас. Осы жұрттың ішер асы, киер киімі, сөйлер сөзі бірдей-ақ болсын. Бірақ құдай бірдей жаратпаса қайтеді? Басқаны қойғанда бір оттың басында бір қазаннан ас ішіп, бірге жатып, бірге тұрып жүрген, бауырлас кісілердің арасында бірдейлік бола қоймаушы еді ғой. Олардың арасында да бірінің сөзі үстем, бірінің өзі үстем. Бірі ертеден қара кешке дейін қоңынан күн өтіп, сылпылдап қой соңында жүрсе, енді бірі алшайып ат үстінен түспейді.
Түсінбеймін...Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?» Жазушының алғашқы романымен салыстырғанда «Қан мен тер» – тірлік-тынысы әлдеқайда кең шығарма. Жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды. «Курляндия» оқиғалы роман санатына жатса, бұл – әлеумеітік-психологиялық типті шығарма. Ізденіс салмағы характерге түскен. Бар суреткерлік қабілетін ата-бабалардың мінез-кескінін ашуға жұмсаған. Характер – Нұрпейісов романының қозғаушы күші. Ел қазанында қайнап піскен характер өз тарапыпан ел тамырының соғуына, тонус, райына ықпал етеді. Романдағы оқиғаларға мұрындық боп көрінеді. Әрі сюжет ұйтқысы.
Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді.
Жазушы өмірі жайлы естелігінде: «О заманда қалмақ та, қазақ та көшпелі, бір соғыста атамыздың санына садақ жебесі тиеді. “Жау марқайып кетеді”, – деп жарасын жасырып, оқ тиген санын қанжығаға қайырып байлап, шайқаса берсе керек. Сөйтіп, жарасы асқынып кетеді. Ағасы Қыдырбай дереу сынықшы алып келіп көрсетеді. Сынықшы: “Аяқты кесу керек, әйтпесе өледі. Ол үшін төрт жерге төрт қазық қағып, аяқ-қолын байлап, екі жігіт кеудесінен басып отырсын”, – дейді. Өткір пышақ, тұзды су, түйенің шудасын алдырып, ем-дом жасауға кәдімгідей дайындалады. Сонда Тайқожа: “Көзім тіріде кеудеме ешкімді мінгізбеймін, шыдаймын, төзімім жетеді!” – деп дес бермей, аяқ-қолын кергізбей, тақиясын тістеп, ақырына дейін шыдап жатса керек. Сынықшы оқ тиген аяғын кесіп, байлап, сыртқа шығады. Жігіттер батырдың қарысып қалған жағын қылыштың ұшымен ашса–тістелген тақия қырқылып қалыпты. Содан әлгі атамыз Ақсақбөрі атанған. Бұл кісінің мінезін “Қан мен тер” романындағы Еламанның бәзбір тұстарына қиыстырып келтірдім» – деп Еламанның мінез-бітімін қайдан алып сомдағанынан сыр шертеді.
Еламан өміріндегі ілкі әлеуметтік сілкініс кездейсоқ оқиғадан басталады. Арал промселінің қожайыны «тентек Шодыр» атанған Федоров әлі дұрыстап қата қоймаған теңізге балықшыларды зорлап айдап салады. Жалданған балықшыларды басыбайлы құлы есепті ұрып соғады. Өзіне де қол көтерген соң іштей кіжініп жүрген Еламан суға кеткен балықшыларды сұрастырмай, ауын жоқтап тұрған дүниеқоңызды сүйменмен салып өтеді... Кездейсоқ оқиға. Еламан кісі өлтіремін деп ешқашан ойламаған. Тумысында жуас, ақ пейілді адам. Мына кездейсоқ оқиғаның қажеттілік деп аталатын астары бар. Жазықсыз Андрей мен Жалмұраттың қазасы, көпестің олардың өмірінен дүние боқты жоғары қоюы, адамшылық ар-инабатының жоқтығы адал кеудеде кек отын тұтатады.
Нұрпейісов характер сомдауда әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілін бір арқанның екі тіні есебінде өреді. Романның алғашқы беттерінен-ақ автор би-төл сөз және төл сөз (несобственно-прямая речь) арқылы Еламанның жанын сөйлетеді. Және психологиялық талдаудың монолог формасын жиі қолданады. Монолог шарты – жалғыздық. Еламан «Жалғыз кісіге ой үйір келеді-ау» – деп түйеді . Ойы үнемі екіге бөлініп жүреді. «Теңіз үстінде әйелі жайында көп ойлайды. Алғашқы кезде ол бір түндік астында бірге тұрғасын бойы үйреніп кетер деп үміттеніп жүрген. Бірақ «Кешкісін үйге кеп әйелінің бетіне бір қарағаннан-ақ көңілі суып сала беретін». Еламан қасында құр сүлдесі жатқан әйелі Ақбаланың тәні ғана өзінікі, ал жаны басқа жақта екенін сезгенде мүлде моқап қалады. Бас кейіпкердің осы күйі үзақ-сонар ішкі монолог, би-төл сөз арқылы беріледі. Кей кейде ғана ішкі монологі ішкі төл сөз пішінін алады. «Бейшара қайтсін, мен кінәлімін. Ие, ие, мен кінәлімін», – деді Еламан ішінен».
Кейіпкер іштей күйінеді, опынады, толғанады. Адамның осы бір ішкі драматизміне жазушы әрдайым құлақ түргіш.
Трилогияның екінші кітабы «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді.
Ақ патша тағынан құлап, орнына келген Уақытша үкімет те ел тізгініне ие бола алмай, Қос үкімет дейтіннің орнаған кезі. Ел іші дағдарыста. Соғыс ауыртпалығы ес жиғызбай езіп, жаншып әкетіп барады. Бұрынғы майлы, жайлы орнынан тапжыла қоймаған ескілік Петербор жақтан шыққан дүрбелеңнен шошынғанымен, әлі айылын жияр емес. Түрмеге қамалған, айдауда жүрген, одан түріктермен соғысқа қатысқан, майданнан оралғанда Шалқарға келіп теміржол бойына жұмысқа орналасқан Еламан, ендігі жүріс-тұрысында біраз дүниені бағдарлап, байыздайтын өреге көтерілген. Бірақ кейіпкердің әлі де «бір қайнауы ішінде». Әлі де ол оң мен солын айырып жетпеген сергелдең пішінде, әуре-сарсаңда.
Екінші кітаптың сюжеті мен композициясы бас кейіпкер характерінің осы ерекшеліктерінен туындайды. Сюжет әлеуметтік дауылдың қарсаңындағы ісініп-қабына бастаған теңіздей теңселген ахуалды бейнелеу барысында шиыршық атады. Бұрынғы самарқау ырғағынан жаңылған кейіпте. Композиция сюжеттің сабақтас оқиғаларынан құралады. Әлдебір үлкен оқиға аяқтала бере, ширыққан сюжет суреті публицистика әуеніне ауысады. Суреттелген оқиғаларды тың ойлармен түйіндейді. Эпикалық сюжеттің ішкі драмалық, күрделі-психологиялық сипаты өзгеріп, ақырында талдама-жинақтаушылық реңк алады.
«Еламанның сең соққан балықтай сергелдеңге түскен жаны соқтықпалы өмірден соқпақ іздеп, баяғы Шалқарға бет қойды».Романның соңғы редакциясында бұл сөйлем түсіп қалған. Онсыз да түсінікті жайттарды оқырманға шайнап берген астай беруді автор жөн көрмеген тәрізді. Оның бер жағында, Еламанның сең соққан балықтай күй кешіп жүруі рас болғанымен, Шалқарға бет қоюында саналы әрекет барлығы байқалады. Талай елді, жерді аралады. «...Ұйықтап жатқан кеще ойға тас тиіп оятқандай болды; сонан бері өз басының қайғысын ел қасіреті жеңіп, шерлі жүрегі сыздап қайтты». Шалқарға бет алғанда Еламан қара басының қамын ойлаған жоқ. Еліне көмек тиетін көздің қай жерде екенін біліп аттанған.
Характердің сюжеттік арнасы кеңи түседі. Майданнан еңсесін тік көтеріп қайтқан Еламан ешкімге кеудесін бастырмауға, есесін жібермеуге тиіс. Іс жүзінде солай болады да. Майданда казак-орыстармен төбелес үстінде жазым бола жаздаған жерінен арашалап алып, Шалқарға жұмысқа орналастыруға көмектескен, үйінен пәтер берген Мюлгаузенмен жұдырықтасып қалады. Мюлгаузеннің «қорқақсың» деп жұрт көзінше қорлап былапыттағаны жанына батады, намысына тиеді. Кейіпкер характерінің қатайғаны Тәңірбергенмен айырылысқан бетте төркініне қайтуға жүзі шыдамай Шалқарға келген Ақбаламен ойда жоқта ұшырасып қалғанда байқалады. Ескі нұсқада Еламан бұрынғы әйеліне жаны ашығандай, онымен қайта табысқысы келгендей кейіп көрсетуші еді. Жаңа нұсқада оның Ақбалаға қайырылғысы жоқ. Құштарлыққа бой ұрып, емшектен шықпаған баласын тастап, бір кезде айдауға кеткен Еламанға ол да бұрылмастан кетті ғой, – деп қорытады өз шешімін.
Мюлгаузенмен төбелестен кейін ауылға оралған Еламан бастапқы кезде тағы да бұрынғысындай іштен тынып жүрген. Тағы да оқиға ағысында жаңқадай қалқитын тәрізді. Шалқардан әкелген мылтықты жолшыбай бір ескі жұртқа тығып кеткен. Балықшылар арасынан тыныш тірлік іздейтіндей. Қайын атасы Сүйеудің үйіндегі баласын қолына алады. Бірақ бұлайша жеке басының қамын күйттеумен жүруі ұзаққа бармайды. Өмір еркіне қоймай иіріміне тартады. Амалсыз білегін сыбануға мәжбүр. Әлеуметтік тартысқа қайта араласпасына амалы қалмайды. Айдын шалқар теңізді бір өздері иемденіп, балығы көп ойыққа басқаларға ау салдыртпайтын Темірке көпес пен Тәңірберген байдың озбырлығына қарсы тұрады. Жеңілетінін біле тұрса да, топ бастап қайрат көрсетеді. Түрікпендер шабуылдап, бейқам жатқан елдің мал-жанын айдап кеткенде, қол бастап, жаудан өш алады. Мал-жанды үйіріне қосады. Жағдай намысты оятып, кеудеде жігер туғызса, жігер характерді қайрайды. Ар-намыс жетегіндегі характерге оқиға арнасын өз деген жағына бұра алатын қуат бітеді... Бұрынғы жылқышы, балықшы, сарбаз ой-санасының әлеуметтік қабаты қалыңдай түседі. Шодырды өлтірген кездегі Еламан – стихиялы бүлік құрбаны еді. Бұл жолғы Еламан басқа жан. Саналы күрескер. Халқының қолындағы қаһарлы қару. Білек күші жағынан ғана емес, ақылы да пәрменді құралға айналған.
Түрікпен шабуылының құрбандықтарын жерлеп, асын берген Еламан төбе басында жалғыз қалып, «ауыр оймен тұнжырап отыр». Жай ғана қамығып отырған жоқ. Ой ойлап отыр. Бұған дейінгі шертілген ұзын хикая публицистикалық жолмен сығымдалып қорытылады.
«Осы қазақ неге көнгіш? Аштыққа көнуге болар, ал бірақ қорлыққа көнген қасиет пе?..Көненің көзі ғой деп, қариялардан жөн сұраған кезі болды. Қанша жасаса да олардың осы өмірден түйген зәредей де сабағы болмапты... Олар өз елінің тірлігін ұзақ сонарға сап, баяғы заманда өткен даңғой батырын, жезтаңдай биін мақтап, жөн сұраған кейінгі ұрпаққа тірліктің жолын қиындата түседі... Ата-бабасының бір ісіне ырза емес. Үстіне кісі кіргізбейтіндей, кең далаға сыймай, мал жайып жатқаннан не ұтты? Талай заманнан бері жер дауы кішкентай елді жегідей жеп, алауыздық асқына түскен. Соның арқасында ит-құсқа таланып, таяқ жеумен күн кешіп келеді. Кеше де өздерінен он есе күші аз жауға қарсы тұра алмады. Таланды. Тоналды. Алдағы уақытта әлі қанша таланбақ!»
Публицистикалық толғау драмалық сюжет есепті. Іші қазандай қайнаған Еламан тығырықтан шығаратын жол іздейді. Ізденіс үстінде ойы шартарапты шарлайды. Арғы-бергі тарихқа «ат сабылтады». Ауылына қайтқан беттегі қалпы қызық. Көзін алдындағы жалпақ даладан алмай келеді. Ал ойы басқада. Қап тауын, Ресей жерін аралайды, қала берді Түркия майданына кірісіп кетеді. Кезбе ойы кесек ойларға бастай ма, қалай? Сюжет-толғау, сюжет-естелік ащы ішектей шұбатылған ұзақ ішкі монологке ұласады. Еламан іштей түлейді. Оянған, рухани жағынан байыған Еламан санасы жаңарып, ел сөзін ұстайтын өреге көтеріледі... Роман кеңістігі теңіз айдынын елестетіп ұлғая береді...
Еламанның ел-жұртының тағдыры хақында ендігі түйгендерінің бәр-бәрі мінсіз емес. Келісетін де, келіспейтін де жерлері бар. Қазақ халқының өткен күнін, бұрынғы бетке шығарларын түгін қалдырмай сынап-мінеуі сыңаржақтау. Роман жазылған уақыттағы, яки кеңес кезіндегі үстем көзқарастың – социалистік реализмнің салқыны тигендей. Ел тарихын тым кемсітіп жібергенімен келіспейміз. Келісетініміз – Еламанның ел ішінің бірлігі хақындағы түйгендері. Мұның жөні бөлек.
Біріншіден, тарихи шындықты қозғап отыр. Екіншіден, заманалық мағынасы бар. Қазақ елінің күн тәртібінен әлмисақтан бері түспсй келе жатқан ел бірлігі проблемасын қозғайды. Ұлттық идеямызбен үйлесім табады. Еламан жер дауы хақында да көп толғанады. Бұл да – ежелгі дерт.
Көріп отырғаныімыздай, ішкі монолог енді кейіпкердің өзін-өзі қазбалаудан (самоанализ) үлкен өріске, ел жағдайына ауысқан. Еламан көрген-білгенін гүрілдеген жан көрігінде пісіреді. Біреуден шала естігенін малданбайды. Бәрін жүрегінен өткізеді. Трилогияның соңындағы Еламан – өскен, есейген, шыныққан көргенді адам. Қоғам хақындағы ойларында нақтылылық та, пәлсапа да бар. Кейіпкердің идеялық һәм рухани эволюциясы, жаңғырып өзгеруі шырқау биігіне көтерілген. Мұндағы ішкі монолог қайсыбірде ішкі диалогке ауысып, монолог-талқыға айналады. Жас Федоровтың қылышынан қаза болар алдындағы Еламан монологі өзгеше сипатты. Оны монолог-өсиет, монолог-арман десең де сиымды.
«Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар. Ол – Тәңірберген. Тәңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы таптық көзқарас, қазіргі парықтық дүниетаным тұрғысынан да оңып тұрған адам емес. Ақбаланың Тәңірбергеннен тапқан ұлының атын Құдайберген деп қояды. Осыны естіген кесір шал Сүйеу осқырына отырып, Тәңірбергеннің бай тұқымына мінездеме береді. «...Құдайберген дсйді, ә? Бұл күшігі – Құдайберген... Әкесі – Тәңірберген. Ал, ал, әнебіреулер Алдаберген... Жасағанберген... – деп ызалы сөздер алқымына тығылғандай, үзіп-үзіп сөйледі. – Әй-әй, о несі? О несі екен?.. Абыралы ауылының балаларын Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берген екен? О несі, әй?». Трилогияны қазір оқығанда да байқалатыны, автор Тәңірбергенді байлығы үшін жерлеп отырған жоқ. Бұл бейне таптық тұрғыдан емес, жалпы адамгершілік тұрғыдан әшкереленген. Перзент ретінде оны Тәңірдің, Құдай тағаланың бергені рас. Малын ше? Оны Құдай берді дей алмайсың. Дей алмайтының – кісі еңбегін жегіш. Оның үстіне ұры ұстайды. Түрікпеннің жылқысын әлденеше рет айдатып алып, көршілес екі елдің арасына от жағады. Түрікмендердің қазақ ауылын шауып жүргені осы байдың кеселінен.
Қалаға тоң балық апаратын кірешілердің тең жартысы – Тәңірбергендікі. Кіре тартқан түйелер сонікі. Романның сынайтыны Тәңірбергеннің бұл тірлігі емес. Оның тым құнығып кеткендігі. Қала байы, промысел қожасы Темірке екеуінің шалқар теңізді меншіктеніп, басқа халыққа күн көрсетпеуі. Көзі топырақтан басқа ештеңеге тоймайтын тиранға айналып бара жатқаны. Сол қаралықтарын роман сықақ тілімен қариды.
Тәңірберген ел бірлігін көп сөз етеді. Адалдықты, тазалықты дәріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі салушы нағыз қызыл көздің өзі. Тып-тыныш отырған балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен өштестіріп, қастастырып қояды.
Тұрмыс жағынан да азып біткен. Күйдім-жандым деп алып қашқан Ақбалаға көрсеткен қиянаты, баласынан айырып қоя беруі оның қатыгез келбетін толықтыра түседі. Ақбаланы үйден түріп шыққан күннің ертеңінде қаннен қаперсіз ел аралап кетеді. Бұл дүниеде Ақбала дейтін әйелінің болғанын тарс естен шығарғандай. Бұл қаталдығына Тәңірбергеннің өзі де таң қалады. Құрбандығын жұтып алған қолтырауын екеш қолтырауын да көзіне жас алады екен. Ал, Тәңірберген өз тас бауырлығына өзі тәнті... Және сол мінезін мақтан еткендей ме, қалай?Еламан іштей жуылса, Тәңірбергенді кір басады. Сол ластығына өзі сүйсінетін мұндай жан – қазақ әдебиетінде бұрын кезікпеген кейіпкер. Құнанбай да қатыгез, бірақ дәл мына Тәңірбергендей сырты бүтін, іші түтін, су жұқпас мүттайым, баянсыз қара жүрек емес.
«Қан мен терді» сынаушылар оның кейіпкерлерін Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» эпопеясының қаһармандарымен салыстырып қарайды. Тіпті кейбіреуін содан көшіріп алған деседі. Ал, салыстыра келгенде, қазақ жазушысының трилогиясындағы екі жүзден асып жығылатын кейіпкердің бір де бірі, тіпті орыстарына дейін, еш шығарма образына ұқсамайтыны айқындалады. Тәңірбергенге келсек, мұндай типті қаһарманға ұлы орыс жазушысының романындағы кейіпкерлердің арасынан тіпті тырнағы ұқсастары да кезікпейді. Тәңірберген – қазақ әдебиеті тарапынан әлемдік әдебиет образдар галереясына қосар бейнеге жататын бітімі бөлек характер.
«Қан мен тер» трилогиясы Тәңірберген тағдырының соңғы күндерін суреттейтін үлкен тараумен аяқталады. «Ақтар Аралдан шегінгелі Тәңірберген төтен бір халде». Өстіп басталатын тарау тұтастайын ішкі монологтен тұрады. Тәңірберген бар дүниеден баз кешкен. Аяр залым, айлакер қу бұрын ойына алғанын істемей қоймаушы еді. Иті қырын жүгірген соң амалы құрыды. Не істесе де, ойлағанынан кері шығады. Өзінің халіне көлденеңнен тосырқай қарайтынды шығарған. Ішкі монолог ұйтқыған құйындай.
Кейіпкер қай жерден қапы соқтымға ұшырайды. «Үстіңдегі үйіңді жығатындай беті қатты заман бұны төсегінде тыныш жатқызбады». Шалқарға айдап келді. Осы жерде ұсталып қалды. Шегінген генерал Черновтың әскерін құм арасымен бастап алып шығатын кісі керек болып, опасыз досы Темірке саудагер лайықты ешкімді таба алмағандай, Тәңірбергенді нұсқап иек көтеріпті. Басында ақтарға Алтықұдыққа дейін жол көрсетсем, арғы жағына өздсрі бір лажын істер деп ойлап еді, қателесіпті. Ұлықұм, Кішіқұм бойына баруға тура келді. Ол жерден де аман алып шығып еді, ендігі жолын қырсық шалды... Сусыз қаталаған шақта, бар көз өзіне шұқшиып зәресін алып барады. «Ну, гад! Құдық қайда?» – деп ақ офицер жанын мұрнының ұшына келтіріп тұр.
Нұрпейісов психологизмі бұл тұстарда ерекше шабыт алады. Психологиялық мінездеме көркемдік талдауға ұласқанда бақыты күйген кісінің бар пәлені жазмышқа артуы дұрыс па деген сауал туады. Жақсы болсын, жаман болсын, көп харакет істететін адамның пешенесіне жазылған мінезі – характері. Бәрінсн де бұрынғы өр Тәңірбергенге қосымша жаңа табалаушы Тәңірбергеннің шыға келгенін айтсаңшы. Монолог-тексеріс монолог-айыптауға ұштасып, кейіпкер санасын әбдсн сансыратқан. Сансыраған сананың, мәңгүрттенген ахуалы қандай болушы еді? Тәңірберген өзін-өзі жерлейді. Ақылдымын, айла-амалым мен қулығымды бәрінен асырамын деп жүрген жігіт өзін аяусыз кіналап сөгеді. Заманың түлкі болғанда, тазы боп шалу есіне кірмепті. Сол үшін өзін өзі айыптайды. Әсіресе, қызылдарға қарсы шыққанына өкінеді. «Қызылдарға осынша күшпен Колчак түк істсй алмай жатқанда, есалаң сорлы-ау сен күл шашып пе бітірмексің?»
Жаны күйзелген Тәңірберген өстіп өзімен-өзі ішкі диалогке кірген мезетінде тірі пенденің істеп жүрген ісінің бәрін тәрк ететіндей. Бара-бара өмірдің өзінен түңіледі. «Өмірдің түк қасиеті қалмапты-ау», – деген гөй-гөйге басады. Сүлесоқ, енжар, құлықсыз. Көкірегіндсгі ежелгі жауларына деген кектен де ада. Осы дүниеде өзінің де бар-жоғы, өлі-тірісі бәрібір. «Иә, маған, бәрібір» – деді Тәңірберген». Жынды кісіше өзімен-өзі сөйлесетін кейіпкер әуеніне автордың мұңды мақамы қосылып, психологизмнің ең бір күрделі сатысына көтеріледі. Ішкі монолог жиі-жиі ішкі диалогке ауысады. Тәңірберген «өң мен түстей бір халде». Тайталас ойының кезбейтін жері қалмаған тәрізді. Дүниенің төрт бұрышын аралайды. Кербаланың шөлінде қаталаған Хұсайын туралы қиссадағы аңыздарды есіне түсіреді. Әркіммен қызу айтысқа түседі. Бір жұлқысуға жарамаған ақ патшаға наразы. Тағы бірде «бар пейілі малға, байлыққа ауып, болған үстіне болса екен деп құнығып жүргендерді» кекетіп мысқылдайды. Өзі ше? Өзінің олардан асқан жері қайсы? – деп кейіпкер өзін де аямайды.
Сана ағымы күшейе келе машықты кенересінен асып төгіледі. Үлкен философиялық арнаға бет қояды. Жалпы адамзат хақындағы толғанысын еселете түседі. Роман енді адам атаулының бір тұтам тірлігін дұрыс пайдаланып отырғанына күмән келтіреді. Өйтпесе қамшының сабындай қысқа ғұмырында талай күнәға батып үлгіретіні қалай? «Әркім өз күлшесіне күл тартқан заман. Оның бергі жағында өзіміз де құдайдың кең дүниесін қолдан тарылтып, көртышқанша бас-басымызға бір-бір ін қазып ап, күнделікті күйкі тірлікпен күйбеңдеп жүріп, үстіміздегі осынау биік аспанды да жөндеп байқамаппыз».
Трилогияға бұл тұстарда ұлттық ая аздық ететіндей. Ойы енді жер шары үстінде қалқып, адамзаттық өреге көтерілген. Сол бойда ұғып жететіні: адамзат қаншама өмір сүрсе де, өмірдің шын мәніне әлі түсініп жетпеген, Құдай жолының сырына қанықпаған.
Кеңестік атеистік заман шығармасы «Қан мен тер» кейіпкері Құдайды көп аузына ала бермейді. Белгілі себептермен Құран Кәрімді оқып түйсініп, Алла жолын білуге шақырмайды. Алланың аты аталмаса да, заты бар. Ол астарлап айтылады. Тәңірберген көк аспанға жиі көз тігеді. Түркі әлемінде аспан, көк, Тәңір ұғымдары мағынасы тең ұғымдар.
Бір ойды екінші ой түртпектеп оятады. Адам опасыз дүниеден әрдайым жаманшылық күтіп зәресі кетіп жүреді. Осының түп себебі неде? Күнәні жамай бсргенше, күнәдан арылуды неге ойламасқа?
Тәңірбергеннің аузынан бір сәтте ғана «Құдай зауалыңды берсін!» – деген сөз шығады. Осы қарғысты ол кімнен есітті? Әлде, мына сырттан келген зауалды асқындырып бара жатқан сол қарғыс па екен? Тәңірбергеннің іші солай шиыршық атып сенделсе, бергі, сыртқы ойы мына қу даладан су іздеп әлек. Талай жүрген таныс жері еді. Тас қараңғы түнде де көзін жұмып жүріп тауып алатын құдықтардың шегенін біреу тарқатып алып, топырақпен көміп кетеді.
«Бір айналдырғанды шыр айналдыратыны» рас екен. Жолда көрген азабы аздай, зауалды күн енді Тәңірбергеннің ауылына төнеді. Жадап-жүдеп титықтаған ақ әскерлері кенет Тәңірбергеннің аулының үстінен шығады. Сусынын қандырып, тамағы тойып, ауылдың бұт артарға жарамдысын сыпырып алған соң, бар сиқынан айырылып, азғындаған әскер әйел атаулының етегін ашып масқаралайды.
Ішкі монолог арғы-бергіні қорытып үлгермей жатқанда қосарланып битөл сөз кетеуі кеткен дүниенің сұмдықтарын үсті-үстіне басады. Тәңірбергеннің есіне түрікпен ауылын шапқан кезі оралады. Түрікпеннің бір жасамыс әйелі құлақты жарған ащы даусын кілт тыйып: «Жалғыз баламнан айырдың. Қартайған шағымда жұлынымды үзіп жерге қаратып отырсың. Қүдай сенің де зауалыңды берсін!» – дегені енді жаңғырық сияқты қайталанып, жүрегін жұлқылап барады. Табиғат екеш табиғат та бұдан теріс айналғандай... Оның өзі де бір түрлі символистік бейнеге айналып, өлмесең өрем қап дейтіндей.
«Тәңірберген бозторғай үнін жақсы көретін. О шеті мен бұ шетіне көз жетпейтін көл-көсір далада салт атпен жолаушылап келе жатқанда жалғыз көңіл ашатын осы ғана». Көмейінен күн төгілген құмық құс жолаушы жанын жабықтырмайтын қасиетінен мына зауалда айырылып қалгандай. Тәңірберген төбесінде бір жоғарылап, бір төмендеп шыр-шыр еткен бозторғай үнін сезген жоқ. Өйткені ауылдан қайта шығып, Қарақалпақстанды бетке алып, құм арасына сіңгенде бұлар тағы да көмілген құдықтарға тап болады. Титығы құрыған өзінің де, өзі жол көрсетіп келе жатқан ақтардың әскерінің де жан созар жағдайы қалмаған-ды.
Шығарманың трагедиялық әуені философиялық ой-толғаққа ұласады. Аспанды торуылдап қаптап кеткен мына қара құс – зауал құсы. Ертеңгі күн кімнің басын торуылдамақ?Тәңірбергеннің ішкі драмасы шырқау шегіне жеткендей. «Тағдырға тәбділ жоқ» деп мойындатпай қоймайтын қатыгез трагизм дендеп алған. Есі кіресілі-шығасылы. Өзімен-өзі «сен» деп сөйлесетін ішкі диалогі мүдіріңкі, үзік-үзік, сандыраққа ұқсайды.
«Қап-қара тұңғиық дүние кенет қып-қызыл боп алаулап бара жатты.» Бұны өрт екен деп ойлайды. Өртке қарсы жүгіріп бара жатқан оқыған інісіне көзі түсіп: «О, сорлы...есалаң сорлы! Есі дұрыс кісі үстіне келген өртті қарсы жүгіріп өшіре ме? Ха-ха-ха!» Санасы сөнер шағында қайта бір есін жияды. Тәңірберген бойын қайта тіктегендей. Аспанға көзі түседі. Безерген жерден көңілі қалып болған ол бар үмітін зеңгір көкке артатын тәрізді.
«Мына аспанның әділ болмауы мүмкін емес. «Жоқ, мына аспан әділ, шексіз әділ!» – деп ол осынау опасыз жалғанға өзінің кеш байқаған пұшайман бір сырын бар даусымен жар салғысы кеп кетті. Оған бірақ шамасы келмеді. Бұл кезде ол бар дауыстан жұрдай боп айырылған еді».
Ғарышпен тілдесу – романның жер-көкпен астасқан көкжиегін мейлінше кеңейткен. Кішкентай балықшы ауылының тірлігі қазақ елінің үлкен шындығына айналған.
«Мен – қазақпын!» деп тұрған характерлерінің сомдалу сапасының биіктігі Әбдіжәмілдің эпикалық талантын жаңа бір қырынан танытты. Іштей ашылатын Еламан, Тәңірбергендермен қатар, оқиға барысында кескінделетін характерлерге де роман ерекше жомарт. Бұлар – даралығы көзге ұрып тұратын Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Айғаным, Мюлгаузен, Федоров, Қарақатын, Судыр Ахмет, т.б. бейнелері.
Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты идеясы тумысынан батыр, жаужүрек, дара тұлға Кәленнің жан сүйсінтер қайрат-жігерімен, үлкен масштабты іс-әрекетімен байытылып отырады. Еламанның, Тәңірбергеннің бейнесі Кәленсіз жүдеп қалар еді.
Кәлен – 1916 жылғы халық көтерілісінің сардары. Трилогияның соңғы нұсқасында оның қолбасшылық ісі кеңірек көрсетілген. Күші басым жау әскері құм ішінде шабуылға шыққанда қорғаныс шебінің алдына киіз үй керегелерін жайып тастайды. Көмулі тұзаққа тап болған дұшпан талай сарбазын жоғалтып, кері шегінуге мәжбүр. Кәлен комиссар Дьяков пен Еламанның тапсырысы бойынша, ақтар әскерлерінің алдына түсіп алып, қу медиен даладағы құдықтарды жауып отырады. Ақ гвардияшыларға жолбасшы боп жүрген Тәңірберген байдан талайдан кеткен кегін қайтарады. Ақ әскер құзғындарын Тәңірберген ауылының үстінен түсіріп, ақыры тұтас бір әскерді судан қаталатып, бір оқ шығармай қырғынға ұшыратқан асқан ерлік иесі – дәл осы Кәлен. Ол құдды Тәңірбергенге тауқымет тартқызбаққа көктен арнайы түскен, көзге шалынбайтын зауал секілді. Кәлен бір өзі мың сан қолды жайпап кететін ертегінің батырындай асқан ерлік танытады. Фольклор кейіпкерінен айырмасы – ерлігінің нанымдылығында, реалистік сипатында. Кәлен образының сомдалуындағы бір ғажап нәрсе – кейіпкер роман сахнасына мүлде шығарылмайды. Ол туралы Тәңірбергеннің аузынан бір-ақ ауыз сөз естиміз. Кәленнің құдықты қалай жауып жүргені суреттелсе, артық болмас еді. Бірақ автор өйтпеген. Тек істеп жүрген орасан қайратының нәтижесін ғана көрсеткен. Қисапсыз «үнемді» тәсіл. Әбдіжәмілдің айтарлықтай олжасы – қазақ романы поэтикасына қосқан жаңалығы. Кәлен қазақ әдебиетінің батырлар галереясына сұранбай-ақ кіріп тұр.
Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін, бояуын келістіре жасаған образы – Судыр Ахмет, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы. Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның өмірдегі еңбегі туралы ойға шомдырады. Өлім де адамның қалай өмір сүргеніне сын... Бұрау басын сындырмаған адамның өмірге келдісі не, кеттісі не? дегізеді.
Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз замана эпосы. Кезінде «Қан мен тер» романы жанрын эпопея жанрына қарсы қоюшылар табылды. «Ішкі драматизм сыртқы қабыршақты бұзып, мән-мағынаға бойлатады». Сондықтан бұл таза роман (роман чистых кровей») делінді.
Бұл көзқарасқа дау айтылды. Роман эпос, оның түрлері фольклорды да, лириканы да, тіпті сүреңсіз хабар, хроника, цифрларды да бойына сыйыстырып, жарасым таптырып, тамаша көркем поэзия болып шығатыны жайындағы ежелгі қағида еске алынды. «Қан мен терде» эпостың көп қасиеті табылатыны дәлелденді. Эпосты романға етене жақындататын шешуші белгі – кең құлаштылығы. Халық өмірі өзенінің табанындағы ағыс, жылғаларды көрсететіндігі. Ұлттық һәм адамзаттық проблемаларға шығатын шалқар шығарма екендігі.Тәңірбергеннің ішкі монологінде мынадай бір пікір бар. Әбден әлі құрып, ойы сан саққа жүгіретін Тәңірберген бір уақ көк аспанға көз тастайды. «Ана қарашы, жарықтық, қандай биік және қандай кіршіксіз таза. Адамзат жетпей сорлап жүр. Көре қал, күндердің күнінде көкке қолы жетсе, адам аспанды да былғайды».
Адамзат һәм табиғат, қоршаған орта. Экология... Белгілі себептермен бұл тақырып идеялық-эстетикалық нысанасы басқа «Қан мен тер» романында көп өрістетілмегені түсінікті нәрсе. Адам табиғат-анаға тым қатыгез екендігін айтып үлкен бір әңгіменің шетін шығарды да (қолы жетсе, адам аспанды да былғайды), сол заматында тоқтайды. Бірақ басталған әңгіме аяқсыз қалған жоқ. Жалғасын жаңа шығармадан тапты. Атап айтқанда, маңызы зор экология әңгімесі, табиғат пен адам туралы толғаныс «Соңғы парыз» роман-дилогиясының (1999) өзекті тақырыбына айналды.
Жанры жағынан «Соңғы парыз» дилогиясы «Қан мен тер» трилогиясымен қарайлас: әлеуметтік-психологиялық роман. Сонымен бірге ерекшелігі де бар. Ерекшелігі, кетеуі кеткен қоғамдық-саяси өмірді әжуалап әшкерелеуші роман-памфлет те.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қан мен тер (фильм), 1978 |
Геннадий Владимирович Литовченко (11 қыркүйек 1963 жыл, Днепродзержинск, Украин КСР, КСРО) — КСРО және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы. Кейін бапкерлікпен айналысты.
Карьерасында Украина, Аустрия, Грекия, Кипр чемпионаттарында доп тепті. 1986, 1990 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 1988 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
Украина Ұлттық футбол құрамасы сапында 4 кездесу өткізді.
## Жетістіктері
### Командалық
Ойыншы ретінде
«Днепр»
* КСРО чемпионы (1): 1983
* КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1987
* КСРО чемпионатының қола жүлдегері (2): 1984, 1985
* КСРО футбол федерациялары кубогы (1): 1986
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (1): 1990
* КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1988
* КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1): 1989
* КСРО кубогы (1): 1990
«Олимпиакос»
* Грекия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1991, 1992
* Грекия чемпионатының қола жүлдегері (1): 1993
* Грекия кубогы (1): 1992
КСРО құрамасы
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1988
Бапкер ретінде
«Динамо» (М)
* Ресей екінші дивизионының жеңімпазы (1): 2016/17
### Жеке
* Украинадағы жыл футболшысы
* КСРО үздік футболшысы: 1984
* КСРО чемепионатындағы үздік 33 (7): № 1 — 1984, 1988, 1989; № 2 — 1985, 1987, 1990; № 3 — 1983
* Әлем чемпионатының ардагері: 1986, 1990
* Олге Блохин мергендер клубы: (112 гол)
* Григорий Федотов мергендер клубы (109 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Иірім — Қадыр Мырза Әлінің эсселер жинағы, 2004 жылы жарық көрді.
Кітапта XX ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жазушылары туралы естеліктер келтірілген. Автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап, әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген.
Біз әдебиетке келген кезде кеңес қазақ поэзиясы жартылай ұйқыда болатын. Аға ақындардан елдің даусыз мойындайтыны Қасым Аманжолов қана болатын. Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбековтер сол кездің өзінде Қасекеңді пір тұтатын. Одан кейін Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаевтар жүретін. Әскерден аман-есен оралған бірен-саран ақындардың бірен-саран өлеңдері ауызға ілігетін. Олардың ішінде кейінірек үзіліп ілгері шыққаны Хамит Ерғалиев болатын. Оның поэмалары, әсіресе «Әке сыры» бірден көзге түсті. Осы бағыттағы бір заманға лайық жаңалық әкелген өзіндік беті бар ақынның бірі Мұзафар Әлімбаев және Тоқаш Бердияров еді. Мен жақсы көретін Мұзафар Әлімбаев «Қарағанды жырларынан» емес, «Құрбыма» жинағынан басталады. Орыс тілінде «ракетаноситель» деген сөз бар. Менің поэзиядағы алғашқы ракетаносителім осы Мұзафар Әлімбаев.
1958 жылы «Балдырған» атты балаларға арналған журнал шыға бастады. Мұзафар Әлімбаев оның бас редакторы болды, ал оқуын жаңа бітірген Қадыр Мырза Әлі журналға әдеби қызметкер ретінде орналасты.
Өз кейіпкерлерінің өмірбаяндық дүниесінен үзінді келтіріп, автор өз өмірбаянын кеңітеді. Сонымен бірге өз эссеистикалық концепциясы мен эстетикалық жүйесін дәлелдейді. Ұлы адамдардың образдары жаңа контекстік байланыстармен байытылады. Қайнаған әдебиет өнері, әлеуметтік және саяси проблемалар, уақыттың белгілері және өтіп кеткен тарихи оқиғалар эссеистикалық түрде еркін, толық баяндалған. Қадыр Мырза Әлінің «Иіріміне» роман-эссе деп айдар тағуға әбден болады.
Естелік деген қызық жанр: біреулер туралы не айтсам деп қиналасың, біреулер туралы қайсысын айтам, қалай айтам, қалай аяқтаймын деп қиналасың. Отыз жыл қатар жүрген әріптесің туралы кейде айтарға он ауыз сөз таппасаң, өміріңде небары бір-екі мәрте көрген адамың туралы жазған кезде өзіңді өзің тоқтата алмайсың. [...] Біз бәріміз де адамбыз, бәріміз де пендеміз. Менің міндетім — пайғамбардың немесе періштенің бейнесін жасау емес, кәдімгі өздеріміздей бірде кісі, бірде пенде мың құбылған тіршіліктің мың құбылған өкілдерін еске алу.
## Дереккөздер |
Теміржан Ерқасұлы Айтбаев (1 қараша, 1962 жыл, Алматы облысы, Алакөл ауданы) — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
## Өмірбаяны
* Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - топырақтанушы-агрохимик.
* Еңбек жолын Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.
* Ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшы және 2004-2018 жж. аралығында аталған институт бас директоры қызметтерін атқарған.
* Қазіргі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университеті КеАҚ "Көкөніс және бау шаруашылығы ғылыми орталығының директоры және "Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады.
* "Тәуелсіздікке 25 жыл" орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Айбар Болатұлы Жақсылықов (24 шілде 1997 жыл, Балпық би, Көксу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан) —қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасын 2014 жылы бастады. Бірнеше жыл бойы "Жетісудың" фарм-клубтарында ойнап, төменгі лигаларда өнер көрсетті. 2019 жылы негізгі құрамға ілікті. 9 наурыз күні "Оқжетпеске" қарсы ойында тұңғыш рет Премьер лигада алаңға шықты да, 87-минутта гол соқты. Бұл ойында "Жетісу" 5:0 еебімен жеңіске жетті.
Екінші голын 18 мамырда "Ақтөбенің" қақпасына соқты. Жалпы 2019 жылы 24 кездесуде алаңға шығып, алты голдың авторы атанды.
2020 жылғы маусымда нәтижелілігі төмендеп кетті. Тұңғыш голын 24 қыркүйекте ғана "Шахтердің" қақпасына енгізді.
### Халықаралық
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2020 жылы 11 қазанда УЕФА Ұлттар лигасында Албания құрамасына қарсы өткізді. 86-минутта Бақтияр Зайнутдиновтың орнына алаңға шықты.
## Жүлделері
* Қазақстан суперкубогы: 2022
* Қазақстан чемпионы: 2023
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Айбар Болатұлы Жақсылықов (24 шілде 1997 жыл, Балпық би, Көксу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан) —қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасын 2014 жылы бастады. Бірнеше жыл бойы "Жетісудың" фарм-клубтарында ойнап, төменгі лигаларда өнер көрсетті. 2019 жылы негізгі құрамға ілікті. 9 наурыз күні "Оқжетпеске" қарсы ойында тұңғыш рет Премьер лигада алаңға шықты да, 87-минутта гол соқты. Бұл ойында "Жетісу" 5:0 еебімен жеңіске жетті.
Екінші голын 18 мамырда "Ақтөбенің" қақпасына соқты. Жалпы 2019 жылы 24 кездесуде алаңға шығып, алты голдың авторы атанды.
2020 жылғы маусымда нәтижелілігі төмендеп кетті. Тұңғыш голын 24 қыркүйекте ғана "Шахтердің" қақпасына енгізді.
### Халықаралық
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2020 жылы 11 қазанда УЕФА Ұлттар лигасында Албания құрамасына қарсы өткізді. 86-минутта Бақтияр Зайнутдиновтың орнына алаңға шықты.
## Жүлделері
* Қазақстан суперкубогы: 2022
* Қазақстан чемпионы: 2023
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жазмыш — Қадыр Мырза Әлінің эссе кітабы, өз айтуынша, «ақындар және ақындық қасірет туралы дара көзқарас».
Үш бөлімнен тұратын естелік-эссе сан түрлі тақырыпты қозғап, сан түрлі болжамдар жасап оқырманын жан-жақты ойға жетелейді. Әу бастан жеңілдікпен келмейтін ақындықтың бұралаң жолы, сол жолдағы қиыншылықтар нақтылы мысалдармен, фактілермен келтіріліп жазылған туынды мол еңбек пен ізденістің нәтижесі екенін аңғартады. Ақыны болсын, жазушысы болсын, философы болсын Қадыр Мырза Әлі олардың шығармашылығынан бастап, күнделіктерімен, олар туралы естеліктермен түгелдей таныса отырып, қорытынды жасаған. Еңбек философиялық ой-тұжырым мен түйіндер жинағы, автордың өз субъективті көзқарасы басым, десе де мұндай естелік-эссенің жазылуы оқырман үшін қаламгерлер өмірі мен шығармашылығын кеңінен тануға, білуге, ақпараттануға жол ашты. Өйткені, адамның бәрі автор секілді әр жазушының шығармашылығымен, күнделіктерімен жеке-жеке таныса бермейді, ал бұл еңбек сол сұранысты қанағаттандырып отыр, бір бойына бірнеше тағдырдың тарихын сыйдырған.
Әуелде «Жазмыш» та, «Иірім» де газеттік нұсқада, «Жас Алаш» беттерінде жарияланған болатын.
Басында «Жазмыштың» екі бөлімі болған. Кейін Қадыр Мырза Әлі газетке берген интервьюде үшінші бөлімнің жоспарлағанын айтқан. Кітаптың соңғы нұсқасына жаңадан жазылған бөлім де, осы интервью де кірген:
— Сіздің «Жазмышыңызда» ақындардың айрықша оғаш мінез-құлқы немесе діңкелеткен дерті туралы, оқыс іс-әрекеттері туралы мол және қызықты баяндалған. Сол өзіңіз суреттеген ауру-сырқау және мінез-құлықтардың әйгілі ақындардың шығармашылығымен тура байланысы бар ма, қалай деп ойлайсыз?— Бар болғанда қандай! Мысалы, әлемге әйгілі Достоевскийдің ауруын алайық Ол өмір бойы ұстамалы аурудың темір құрсауынан босана алмаған адам. Адам үшін ол — сор, бақытсыздық, қасірет. Сөйте тұра жазушы үшін керемет сәт. Сол сәттерде ол өте өнімді және өте әдемі жазатын болған. Шығармашылық процесс — ауру түгілі, сау адамның өзі үшін түсініп болмайтын күрделі, аса күрделі құбылыс. Оны тек байқайсың, сезінесің, бірақ талдап бере алмайсың! Тіптен жас кезімде осындай бір тылсым қас қағымдар жайлы былай деп жазғанмын:Жүрекпен жүйке егессін,Жыр-көңіл сонда толғайды.Жынды деп жынды емессің,Жынды емес деуге болмайды.Тебісіп ырғақ, миында,Төгесің сырды отырып,Адам деп айту қиын да,Құдай деп айту өтірік!Қайталап айтамын: бұл өзі ақыл аумағына сыя бермейтін құпия құбылыс. Үңілгің келеді, үңіле алмайсың, ұстағың келеді, ұстай алмайсың. Сынаптай сусып шығып кетеді. «Жазмыштың» үшінші бөлімін немесе қосымша тарауын, қанша оқталсам да, жаза алмай жүргенім тегіннен-тегін емес, әрине. Әйтсе де көркемдік әлемі сонысымен де қызық.
## Дереккөздер |
Жаңатас қалалық әкімдігі – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жаңатас қаласы кіреді.
## Дереккөздер |
Тимур Талғатұлы Досмағамбетов (1 мамыр 1989) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Торпедо" (Көкшетау) клубының түлегі. 2007 жылы бірінші лигада ойнайтын "Ақсу" клубында карьерасын бастады. 2007 жылғы маусымда барлығы төрт кездесуде ғана алаңға шықты.
2008 жылы туған қаласындағы "Оқжетпес" клубына ауысты. 29 наурызда "Шахтерге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шығып, бір гол соқты. Бірақ "Оқжетпес" 3:5 есебімен ұтылып қалды. 9 сәуірде Қазақстан кубогында "Ақжайық" қақпасына гол соқты, бұл жолы да "Оқжетпес" ұтылды — 2:3.
2010 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап, Қазақстан суперкубогын иеленді және чемпионатта "Ақтөбе" екінші орынға табан тіреді.
2011 жылы "Оқжетпеске" қайта оралды. Бұл кезде көкшеліктер бірінші лигада ойнайтын. Тимур қайта оралғаннан кейінгі тұңғыш голын 4 мамырда ЦСҚА (Алматы) қақпасына соқты. Жыл қорытындысында клубпен бірге Премьер Лигаға оралды.
2013 жылы "Востокқа" ауысты. 2014 жылы "Тобыл" футболшысы атанды. 2017 жылы тағы да "Оқжетпеске" қайта келді.
2018 жылы "Ордабасыға" ауысты.
### Ұлттық құрама
2009 жылы жазда Қазақстан жастар құрамасына шақырылып, Черногрия және Израиль клубтарына қарсы ойнады (0:2, 1:2).
2015 жылы 12 мамырда Алматыда өткен Буркина-Фасоға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші кездесуін сол жылы 10 қазанда ЕУРО-2016 іріктеуі аясындағы Нидерланд құрамасына қарсы өткізіп, 81-минутқа дейін ойнады. Үш күннен соң Латвиямен ойында 68 минут өнер көрсетті.
2016 жылы Әзірбайжан және Қытай құрамаларымен жолдастық кездесулерде ойнады.
Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы құрамаға шақырылмады. Тек 2020 жылы 14 қазанда көптеген футболшылар жарақат алып, құрама бапкері Михал Билек кадрлар тапшы болғандықтан ғана сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы ойынға алаңға шығарды, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын
## Жетістіктері
### Командалық
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010
* Қазақстан суперкубогы (1): 2010
Ордабасы
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Стаистикасы мен ойындары |
Тимур Талғатұлы Досмағамбетов (1 мамыр 1989) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Торпедо" (Көкшетау) клубының түлегі. 2007 жылы бірінші лигада ойнайтын "Ақсу" клубында карьерасын бастады. 2007 жылғы маусымда барлығы төрт кездесуде ғана алаңға шықты.
2008 жылы туған қаласындағы "Оқжетпес" клубына ауысты. 29 наурызда "Шахтерге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шығып, бір гол соқты. Бірақ "Оқжетпес" 3:5 есебімен ұтылып қалды. 9 сәуірде Қазақстан кубогында "Ақжайық" қақпасына гол соқты, бұл жолы да "Оқжетпес" ұтылды — 2:3.
2010 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап, Қазақстан суперкубогын иеленді және чемпионатта "Ақтөбе" екінші орынға табан тіреді.
2011 жылы "Оқжетпеске" қайта оралды. Бұл кезде көкшеліктер бірінші лигада ойнайтын. Тимур қайта оралғаннан кейінгі тұңғыш голын 4 мамырда ЦСҚА (Алматы) қақпасына соқты. Жыл қорытындысында клубпен бірге Премьер Лигаға оралды.
2013 жылы "Востокқа" ауысты. 2014 жылы "Тобыл" футболшысы атанды. 2017 жылы тағы да "Оқжетпеске" қайта келді.
2018 жылы "Ордабасыға" ауысты.
### Ұлттық құрама
2009 жылы жазда Қазақстан жастар құрамасына шақырылып, Черногрия және Израиль клубтарына қарсы ойнады (0:2, 1:2).
2015 жылы 12 мамырда Алматыда өткен Буркина-Фасоға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші кездесуін сол жылы 10 қазанда ЕУРО-2016 іріктеуі аясындағы Нидерланд құрамасына қарсы өткізіп, 81-минутқа дейін ойнады. Үш күннен соң Латвиямен ойында 68 минут өнер көрсетті.
2016 жылы Әзірбайжан және Қытай құрамаларымен жолдастық кездесулерде ойнады.
Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы құрамаға шақырылмады. Тек 2020 жылы 14 қазанда көптеген футболшылар жарақат алып, құрама бапкері Михал Билек кадрлар тапшы болғандықтан ғана сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы ойынға алаңға шығарды, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын
## Жетістіктері
### Командалық
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010
* Қазақстан суперкубогы (1): 2010
Ордабасы
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Стаистикасы мен ойындары |
Данияр Бектұрұлы Үсенов (2 ақпан 2001 жыл) — қазақ футболшысы, "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Каспий" клубының түлегі. 2016 жылы 15 жасында "Қайрат" академиясына ауысып, "Қайрат" жастар клубында ойнады. 2020 жылы негізгі құрамға қабылданды. Премьер лигадағы дебюті 7 наурызда "Таразға" қарсы өтті, бірінші тайм толық ойнады.
27 тамызда Еуропа лигасындағы дебют кездесуін Арменияның "Ноа" клубына қарсы өткізді, бұл кездесуде Данияр 74-минутта тыңнан қосылды.
18 қазанда "Жетісумен" ойынның 87-минутында алаңға шығып, соңғы секундтарда премьер лигадағы бірінші голын соқты. Бұл ойында қайраттықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті.
### Халықаралық
2020 жылы 8 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы ойында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Ойынның 40-минутында Акмаль Бахтияровтың орнына алаңға шықты. 50-минутта ескерту алды.
## Жетістіктері
Қайрат
* Қазақстан чемпионы: 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 22 қазанның 2020 жылы. |
Жәлел Иманғалиев (1919 Манаш ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 1995 Атырау) – еңбек және соғыс ардагері. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі.
## Өмірбаян
Жәлел Иманғалиев 1919 жылы Манаш аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Беріш, бөлімі Есенғұл, Кіші жүз.
1946–1954. Еңбек жолын Тұщықұдық ауылдық кеңесіндегі Каганович мектебінде мұғалім болып бастап, кейіннен К.Маркс, Фрунзе, Сарытөбе мектептерінде мұғалім.
1955–1956. “Ақарал” бастуыш мектебінде меңгеруші.
1956 жылы Гурьев мұғалімдер институтың бітірген.
1966 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтың қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген.
1957–1987. Балықшы аудандық Дамбы ауылындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы мектепте мұғалім.
## Марапаттары
II-дәрежелі Отан соғысы орденімен және 10-нан аса медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жәмел Омарұлы Ихданов (1 тамыз 1941, Таскран ауылы Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2009, Алматы) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик. “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісінің иегері (2003)
## Өмірбаян
Жәмел Омарұлы Ихданов 1 тамыз 1941 жылы Таскран аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Беріш, бөлімі Құлкеш, Кіші жүз.
1957-1960. Еңбек жолын Новобогат аудандағы училищені тәмамдаған соң, кеңшарда трактор жүргізушісі, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы болып бастады.
1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Жоғары оқу орнын бітірген соң Алматы халық шаруашылығы институтына қалдырылап, халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасында оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1990 жылдың 5 қыркүйегінен 2009 жылдың ақпан айына дейін "Экономиканы мемлекеттік реттеу" кафедра меңгерушісі болды.
## Ғылыми еңбектері
Еліміздегі сыртқы және ішкі экономикалық талдауларды жоспарлау бойынша 100-ге тарта ғылыми еңбектердің, бірнеше монографиялардың авторы.19 жыл бойы институт жанындағы диссертациялық, аспирантурлық, магистранттық және докторанттық кеңес жетекшісі болды.
Жәмел Ихданов. Жоспарлау әдіснамасы және аумақтық-шаруашылық жүйелерді дамытудың тиімділігі (Қазақ КСР материалдарында). Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация. Алматы, 1988
Жәмел Ихданов. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жоспарлы-қаржылық тетіктері; оқу құралы / Ж.О.Ихданов, Г.Н.Сансызбаева, А.Н.Саханова. Алматы: Экономика, 1998. ISBN 9965-448-21-3
Жәмел Ихданов. Мемлекеттік басқару теориясы: оқу құралы / Ж. Ихданов, Ғ. Н. Сансызбаева, Р. Ғ. Есенжігітова. Алматы: Экономика, 2007. ISBN 9965-783-62-4
## Дереккөздер |
Имре Кертес (мажар. Kertész Imre 9 қараша 1929 - 31 наурыз 2016 ж.) — мажар жазушысы, 2002 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері, ол «жеке тұлғаның нәзіктігі тарихтың варварлық деспотизміне қарсы тұрғызылған шығармашылығы үшін» марапатталды. 1944-1945 жылдары - Освенцим мен Бухенвальд концлагерьлерінің тұтқыны. Кертес кейін жазғанның бәрінің негізінде осы тәжірибе жатыр.
## Өмірбаян
Еврейлердің кедей отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Ласло Кертес кішігірім кәсіпкер болған, ал анасы Аранка Кертес (Жакаб, 1902-1991) жұмысшы болған. Оның атасы, Адольф Кляйн (1863-?), Липтовски Питер қаласының тумасы (қазір Липтовски Микулаш ауданы, Жилина аймағы, Словакия), белсенді кезеңінде Кертес өз фамилиясын Австро-Венгрия империясының венгр емес азшылықтардың мажарлануынан өзгерткен; әжесі - Розалия Хартман (1870—?) — Егерден келді.
1944 жылы, ол 15 жасында, оны тұтқындап, Освенцимге жіберді, содан кейін Бухенвальдқа апарды. Лагерден босатылғаннан кейін, Кертес Венгрияға оралды, онда ол Вилагоссаг газетінде журналист болып жұмыс істеді, бірақ ол коммунистер билікке келгеннен кейін біраз уақыттан кейін жұмыстан шығарылды және ол зауытта жұмысшы болып жұмысқа орналасты. Содан бері ол саясатпен айналыспады, аудармалар арқылы ақша тапты.
Осы уақытта ол Альберт Камюдің шығармашылығымен танысады. Камюдің абсурдтық философиясы оның шығармашылығының негізгі моделіне айналады. 1950 жылдан 1960 жылға дейін ол мюзикл жазды, осымен өмір сүрді, философиялық және көркем әдебиеттерді неміс тілінен аударды (Ницше, Витгенштейн, фон Хофманштал, Шницлер). Бірақ жазушы ретінде Кертес 1980 жылдардың соңына дейін танымал болған жоқ.
1989 жылы коммунистік режим құлағаннан кейін, Кертас белсенді әдеби позицияны ұстанып, 2002 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды. Кертас 2003 жылы Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі болып сайланды.
Соңғы жылдары ол Будапештте тұрып, Паркинсон ауруымен ауырды. 2016 жылы 31 наурызда қайтыс болды.
## Шығармашылығы
Имре Кертес өз еңбегінде жеке адам қоғам күштеріне қарсы дәрменсіз болатын жағдайда өмір сүру мен ойлау мүмкіндігін зерттеді. Жазушының шығармашылығына оның концлагерьлерде қалуы қатты әсер етті. Ол үшін олар жат және эксклюзивті емес, қазіргі қоғамның деградациясының дәлелі болды.
Ең атақты Кертес екі романы: Тағдырсыз / Sorstalanság (1975, 2005 жылы экрандалған) және «Туылмаған баладан кадиш» / Kaddis a meg nem született gyermekért (1990)
1975 жылы пайда болған «Тағдырсыз» романы сыни назарды аз аударды, бірақ Кертесті венгр әдебиетінің диссиденттік ортасында ерекше жазушы ретінде орнатты.
Роман тұтқындалып, концлагерьге жіберілген жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Онда ол адам деградациясының сұмдығының куәгері болады. Баяндауыш үшін қорқыныш атмосферасы қорқыныш сезіміне қарамастан өмір сүруге деген ұмтылыспен араласады. Роман иеліктен шығару техникасын қолданады, оның көмегімен лагерь өмірінің шындығы қарапайым нәрсе ретінде қабылданады. Көңілсіз атмосфераға қарамастан, бақытты сәттер де бар. Бас кейіпкер оқиғаларды түсінбей-ақ, балаша қабылдайды. Жәбірленушілер мен зұлымдар үшін өмірдің негізгі сұрақтары емес, тек практикалық проблемалар бар. Осылайша, автор өмір мен адам рухына қарсы тұрған философиялық мәселені шешуге тырысады.
1990 жылы Кертестің романының неміс тіліне аудармасы жарық көргеннен кейін жазушының даңқы Еуропада өсе бастады, кейінірек бұл роман тағы 10 тілге аударылды.
Тағдырсыз Кертестің өмірбаяндық тәжірибесі оның Холокост туралы трилогиясының негізін қалаған алғашқы әдеби тәжірибесі болды. Қалған екі роман - «Жеңілу» (1988) және «Туылмаған баладан кадиш» (1990), «Тағдырсыз» фильмінің дәл сол кейіпкері.
Автор «Туылмаған баладан кадиш» романында концлагерьдегі үйдегі сезім парадоксын көрсетіп, балалық шақтың жағымсыз көрінісін ұсынады. Ол махаббатты сәйкестіктің ең жоғарғы дәрежесі ретінде сипаттайтын экзистенциалды талдауды ұсынады, кез-келген бағамен өмір сүруге деген ұмтылыс.
1991 жылы Кертес «Ағылшын туы» әңгімелер жинағын шығарды, ал 1992 жылы «Галянаплода» 1961-1991 жылдар аралығында өтетін ойлап тапқан күнделік тақырыбын жалғастырды.
Күнделіктің 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі тағы бір басылымы 1997 жылы «Мен басқамын: өзгеріс хроникасы» деген атпен жарық көрді.
Кертес бірнеше эссе кітаптарының авторы. Сонымен қатар, ол неміс тіліндегі көркем және философиялық прозаны аударды (Ф. Ницше, З. Фрейд, Л. Витгенштейн, Э. Канетти, Дж. Рот). Оның жеке шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне, соның ішінде қытай тіліне аударылған.
Оның дәрістері мен очерктері Холокост мәдениет ретінде (1993), оқ ату кезінде қарудың қайта жүктелуін күткен үнсіздік сәттері (1998) және «Тілдегі қуғын-сүргін» (2001) жинағына енген.
## Отбасы
Ол өзінің бірінші әйелі Альбина Васпен, 1953 жылы нацистік концлагерьлерден Будапештке оралған кезде кездесті. 1995 жылы қайтыс болғаннан кейін, ол венгр тектілі американдық Магдаға қайта үйленді.
*
## Жазушы туралы әдебиеттер
* Szegedy-Maszák M., Scheibner T. Der lange, dunkle Schatten: Studien zum Werk von Imre Kertész. Wien: Passagen; Budapest: Kortina, 2004
* Vasvári L.O, Tötösy de Zepetnek S. Imre Kertész and Holocaust literature. West Lafayette: Purdue UP, 2005
* Imre Kertesz (Hungarian writer) — Encyclopedia Britannica
* The Nobel Prize in Literature 2002 to Imre Kertész — Press Release
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Кертес Имре - электронды еврей энциклопедиясынан алынған мақала
* Журнал бөлмесіндегі бет
* Еуропаның езгі мұрасы (I)
* Еуропаның езгі мұрасы (II)
* Имре Кертестің «Ағылшын туы» кітабына «People of Books in the Books» журналына шолу |
«Үркер» (ағылш. Urker) — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық сыйлығы. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі дарынды журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрған.
## Сыйлық тарихы
* Алғашқы марапаттау рәсімі 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстанның астанасында өтті.
* Жыл сайын жеңімпаздар сыйлықтың бас жүлдесімен — эксклюзивті мүсіншемен және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақымен марапатталады.
* 3 жыл ішінде 2023 өтінім қабылданып, оның ішінде 160 өтінім шорт-параққа енгізілді.
* Осы жылдар ішінде Сыйлықты 40 кәсіби маман жеңіп алды.
### Бәйгеге қатысушылар
"Үркер-2020" сыйлығын алуға 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған жұмыстар қабылданады. Контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
### Бәйгенің қазылар алқасы
Байқау жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. 2020 жылдың қазылар алқасының құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және халықаралық медиа сарапшылар енді. Сыйлық лауреаттарын қазылар алқасы мүшелерінің жабық дауыс беруі айқындайды. Жеңімпаздар жасырын дауыс беру нәтижесінде анықталады.
### 2019 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары
### 2018 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары
### 2017 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары
## 2020 жылғы номинациялар
* Жыл үздік фотосуреті;
* Жыл үздік репортажы;
* Жыл үздік аналитикалық материалы;
* Жыл үздік журналистік зерттеуі;
* Жыл үздік сұхбаты;
* Жыл үздік танымдық материалы;
* Радиостанциядағы үздік жоба - "Атырау радиосындағы" "Эфирде 102FM" телерадиобағдарламасы
* Жыл үздік жаңалықтар порталы;
* Жыл үздік газеті;
* Жыл үздік журналы;
* Шерхан Мұртаза атындағы номинация.
Биылғы жылы публицистерге жеке номинация арналды және Шерхан Мұртазаның құрметіне аталды. Шерхан Мұртазаның есімімен тек қазақ әдебиеті ғана емес, отандық журналистика да байланысты. Қазақстандық публицистика саласының майталманы кәсіби журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген еді.
## Ескерту
## Сілтемелер
* «Үркер-2020» Ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды МИА Казинформ 02.10.2020
* В новой номинации премии "Уркер" выберут лучший Telegram-канал или паблик в соцсетях InformБЮРО 27.05.2019
* Астанада «Үркер-2018» ұлттық сыйлығы табыстау салтанаты өтті Национальный телеканал «Qazaqstan» 29.06.2018
* Прием заявок на участие в Национальной премии «Уркер» завершится 20 июня Kapital.kz 18.06.2019
* «Үркер-2017» сыйлығы: өңірлік журналистер белсенділік танытуда Мұрағатталған 22 қазанның 2020 жылы. МИА Казинформ 22.05.2017
* Названы победители национальной премии «Үркер» Егемен Қазақстан 28.06.2019
* АСТАНАДА "ҮРКЕР" ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ Дархан Мынбай
* Стартовал прием заявок на соискание Национальной премии "Үркер-2020" Akyl-kenes 06.10.2020
* Стала известна 13-я номинация Национальной премии "Үркер" ИА «Qamshy.kz» 26.05.2018
* Новая национальная премия в области журналистики появится в Казахстане Мұрағатталған 23 қазанның 2020 жылы. Today.kz 27.04.2017
* ЛАУРЕАТОВ ПРЕМИИ «ҮРКЕР-2017» НАГРАДЯТ 28 ИЮНЯ Информационный ресурс ATPress.kz 02.06.2017
* «Үркер» сыйлығын марапаттау салтанатты іс-шарасы Мұрағатталған 22 қазанның 2020 жылы. Ruh.kz 29.06.2019
* В Казахстане учредили национальную премию в области СМИ Еженедельная газета «Ак Жайык» 27.04.2017 |
Абай қалалық әкімдігі — Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Абай қаласы кіреді.
## Дереккөздер |
Топар кенттік әкімдігі — Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Топар кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы – Қазақстан, Алматыда орналасқан айтыс ақындары мен жыршы-термешілерін біріктіретін халықаралық шығармашылық қоғамдық бірлестік.
Ақындарды бір-бірімен қағыстырып қойып, тренинг жасап, жолын үйрету арқылы ақындарды тәрбиелеу. Айтыстарды өткізу орталығы. Ол 2011 жылы құрылды.
## Тарих
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы – Әділет министрлігінде тіркелген республикалық қоғамдық бірлестік. Осыдан жеті жыл бұрын академик ағамыз Мырзатай Жолдасбековпен бірге Астанада құрдық. Қазіргі таңда 300-ге тарта айтыскерлер мен жыршы, термешілеріміз бар. Қолымыздан келгенше айтыс ақындарын тәрбиелеуге қол ұшын созамыз. Ұлт өнеріне жанашырлықпен қарайтын басшысы бар өңірлерден өкілдіктерімізді аштық. Мысалы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бір айтыскерлеріміз ақындар мектебін жүргізіп, балаларды тәрбиелеп, тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы басқармасының ұйымдастырушысы: Жүрсін Ерман.
## Дереккөздер |
Қарабас кенттік әкімдігі — Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарабас кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Еріктілер маршы — Қытай Халық Республикасының ұлттық әнұраны. 1966—1978 жж. ұлттық әнұран есебінде боп «Шығыс алқызылдады» деген ән орындалды.
## Ағымдағы нұсқасы (1935—1966, 1982—)
## Өзгертілген нұсқасы (1978—1982, ешқашан Конституцияға енгізілмеген)
## Түсініктемелер
## Тыңдаңыз
## Сыртқы сілтемелер
* China's National Anthem Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2008 жылы.
* The March of the Volunteers, instrumental and then chorus.
* March of the Volunteers, sung in Sons and Daughters in a Time of Storm.
* Video with singing chorus
* Info |
Халықаралық Ахмет Байтұрсынұлы Әуежайы (IATA: KSN, ICAO: UAUU) (ағылш. Kostanay International Airport) — Қостанай қаласында орналасқан әуежай. 1970 жылы салынған. 2018 жылы әуежай 190 855 жолаушыға қызмет көрсеткен.
## Тарихы
Қостанай әуежайының тарихы 1970 жылдың айынан өзек тартады.
## Жолаушылар легі
## Әуе компаниялары мен бағыттар
2020 жылғы мәлімет бойынша Қостанай әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:
## Сыртқы сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Халықаралық Ахмет Байтұрсынұлы әуежайы
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Халықаралық Ахмет Байтұрсынұлы әуежайы |
Ғабиден Мұстафин кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ғабиден Мұстафин кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Жаңаарқа кенттік әкімдігі – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жаңаарқа кенті кіреді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 14265 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Южный кенттік әкімдігі — Қарағанды облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Южный кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Қушоқы кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қушоқы кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Джемаль Джаид Шамильұлы (15 қараша 1928 - 17 маусым 2011) - Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген суретшісі, МСО-ның, Әзірбайжан және Моңғолия суретшілер одағы, Халықаралық суретшілер қорының мүшесі. |
Қызылжар кенттік әкімдігі – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қызылжар кенті кіреді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1620 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ерсін Татар (түр. Ersin Tatar, 7 қыркүйек 1960, Никосия, Кипр) — ішінара танылған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. Ол премьер-министр қызметін 2019 жылдың мамырында Тұфан Эрхуманның коалициялық үкіметі ыдырағаннан кейін қабылдады. Ол сонымен бірге Ұлттық Бірлік партиясының жетекшісі және оппозицияның жетекшісі болды. Ол сонымен бірге Ұлттық Бірлік партиясының жетекшісі және оппозицияның жетекшісі болды. Ол Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 2020 жылғы президенттік сайлауына Ұлттық Бірлік партиясының кандидаты ретінде қатысып, 2020 жылы 18 қазанда өткен сайлаулардың екінші турнда президент болып сайланды.
## Ерте өмір
Ерсін Татар 1960 жылы Никосияда дүниеге келген. Ол орта мектепті Англияда, ал 1982 жылы Кембридж университетін бітірді. Оның әкесі - Рүстем Татар, есепші және саясаткер, ал анасы - үй шаруасындағы әйел, Канев Татар. Кишкличифтлик бастауыш мектебін бітіргеннен кейін ол 1971-1974 жылдар аралығында ағылшын мектебінде оқыды. 1974 жылы Кипрдегі операциядан кейін, оның мектебі оңтүстікте қалып, ол Лондондағы, Англиядағы Орман мектебінде оқуын жалғастырды. Мұнда ол 1979 жылы орта мектепті бітірді. Кембридж университетін 1982 жылы экономист мамандығы бойынша бітірген.
## Мансабы
1982-1986 жылдары ағылшынның PriceWaterhouse компаниясында есепші болып жұмыс істеді. 1986-1991 жылдары PollyPeck-те жұмыс істеді. 1991 жылы ол Анкараға көшіп келді, онда FMC Nurol Defence Industry Co-да 1992 жылға дейін жұмыс істеді. 1992-2001 жылдары ол ShowTV қаржы директоры болды. Ол Түркиядағы Кипр түрік қауымдастығының белсенді мүшесі болды: 1997 жылдан 2001 жылға дейін Ыстанбұл Кипр Түрік Мәдениет Бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды.
1990 жылдары ол Доган Харман және Хусейн Мацит Юсуфпен бірге Кипр газеті журналын шығарды. Содан кейін Хатай көлімен бірге «Қыбырысым» журналын шығарды. 2001-2003 жылдар аралығында ол Yenicami Ağdelen клубының президенті болды. Оның мақалалары 2000 жылдары «Халқын сесі» газетінің «Сарапшылар пікірі» бөлімінде апта сайын жарияланып тұрды. Ол отбасылық бизнестің бөлігі ретінде Tatar & Co тәуелсіз аудиторлық фирмасына серіктес ретінде қатысқан.
## Саяси қызмет
2003 жылы Ерсін Татар Ұлттық Бірлік партиясына қосылып, саясатқа араласады. Ол алғаш рет 2009 жылы парламентке сайланып, 2013 жылы сайлауда партиясы жеңіліске ұшырағанға дейін Дервиш Ероғлы үкіметі кезінде қаржы министрі қызметін атқарды. 2015 жылы ол Ұлттық Бірлік партиясының басшылығына үміткер болды, бірақ жеңілді. 2018 жылы ол тағы да осы қызметке өзін ұсынып, жеңіске жетті.
2019 жылы ол Сирия-ның солтүстік-шығысында түріктердің шабуылын қолдап, Кипр түріктері әрдайым Түркия жағында екенін айтты.
Ерсін Татар Кипр жанжалын шешуге арналған «екі мемлекет үшін екі мемлекет» жоспарын қолдайды.
2018 жылдың 27 қазанында өткен ҰБП конгресінде ол 2592 дауысқа ие болып бірінші болды және 2005 жылы екінші болған қазіргі төраға Хусейн Өзгүргүн мен бірге екінші турға өтті. 2018 жылдың 31 қазанында ҰБП Ассамблеясының Басқармасы оның екінші сайлаусыз төраға болып сайланғанын жариялады. Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 2020 жылы өтетін президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде ол 32,5% дауыс жинап, екінші турға өтті. 2020 жылы 18 қазанда өткен екінші турда ол 52% дауыспен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті болып сайланды.
## Отбасы
Ерсін Татар үйленген және екі баласы бар.
## Дереккөздер |
Шұбаркөл кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шұбаркөл кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Айбол Ерболатұлы Әбікен (1 маусым 1996 жыл, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ақсу" футбол клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
2017 жылы "Қайрат" клубының негізгі құрамына қабылданды. Бұл маусымда негізгі клубта 4 кездесуде алаңға шықты. Халықаралық матчтардағы дебютін 6 шілде күні УЕФА Еуропа Лигасының екінші кезеңінде Литваның "Атлантас" клубына қарсы сырт алаңда өткізді.
2018 жылғы Қазақстан Суперкубогында "Астанаға" қарсы матчта протоколда болғанымен қосалқы құрамда қалды. Бұл ойында "Қайрат" 0:3 есебімен ұтылып қалды.
### Ұлттық құрама
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. 2018 жылы наурыз айында Ұлттық құраманың бапкері Станимир Стоилов Айболды құрамаға шақырғанымен ойынға қоспады. Тек 2019 жылы құрама тізгінін Михал Билек ұстаған соң ғана алаңға шыға бастады. Тұңғыш ойынын 2019 жылы 9 қыркүйекте Ресейге қарсы өткізді.
Тұңғыш голын 2020 жылы 15 қарашада сырт алаңда УЕФА Ұлттар Лигасында Албания құрамасының қақпасына соқты. Алаң ортасынан теуіп қақпаны дәл көздеді.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан кубогы: 2017
* Қазақстан чемпионатының вице-чемпионы: 2017, 2018, 2019
* Қазақстан чемпионы: 2020
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Статистикасы
* footballfacts.ru сайтында |
Осакаровка кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Осакаровка кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Қарқаралы қалалық әкімдігі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарқаралы қаласы кіреді.
## Дереккөздер |
Молодёжный кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Молодёжный кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Күдікті(ағылш. suspect;)Қылмыстық іс жүргізуде — тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады депкүмән келтірілгендігін хабарлап, соғанбайланысты ҚР ҚІЖК-інде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзінеқатысты қылмыстық іс қозғалған неұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасықолданылған адам.
## Дереккөздер |
Вячеслав Сергеевич Швырев (7 қаңтар 2001) — қазақстандық футболшы, "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы. 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері жәні 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері.
## Карьерасы
### Клубтық
2018 жылы "Қайраттың" негізгі құрамына ілікті. Бірақ алаңға көп шыққан жоқ, көбіне фарм-клубта доп тебумен ғана шектелді. 2018 жылы 11 наурызда "Қызылжарға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Матчқа ойынның 67-минутында қосылды. Жыл біткенше тоғыз рет басты клуб сапында чемпионатта алаңға шықты.
18 сәуірде Қазақстан кубогында "Оқжетпес" қақпасына бір гол соқты. Сол жылы 12 шілдеде еурокубоктердегі дебютін "Энгордань" клубына қарсы өткізді, бұл УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеуі болатын.
2019 жылы 15 наурызда Қазақстан чемпионатында "Шахтер" қақпасына тұңғыш голын соқты. 2019 жылғы маусымда 10 рет чемпионат кездесулерінде клуб намысын қорғады.
2020 жылғы маусымды тек "Қайрат-Жастар" клубында бірінші лигада өткізді.
### Халықаралық
17 жасқа дейінге Қазақстан құрамасы сапында төрт кездесуге қатысты.
2019 жылы 21 жасқа дейінгі құрамада үш кездесу өткізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018
* Қазақстан кубогы: 2018
* Қазақстан суперкубогының финалисі: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Гейсар Алекперзаде (2 желтоқсан, 1984 жыл, Жезқазған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы. Бірінші лиганың үздік мергендерінің бірі.
## Карьерасы
Жезқазған футболының түлегі. Қазақстанның бірінші лигасында 121 гол соққан. Кезінде Қазақстанның үздік клубтарында да доп тепті, "Қазақмыс" сапында ойнап жүріп, бір жылдай "Тобылға" жалға берілді, 2011 жылы "Ордабасыға" ауысып, 10 гол соқты.
2012-2014 жылдары "Астана-1964" клубында ойнап, команда тарап кеткен соң бірінші лигадағы "Шахтер-Болат" клубына өтті. Бірақ команда жоғары лигаға өте алмады. 2016 жылы "Мақтаарал" сапында ойнады.
## Жетістіктері
* Бірінші лига жеңімпазы (2): 2007, 2008
* Бірінші лига күміс жүлдегері: 2011
* Бірінші лига қола жүлдегері (3): 2012, 2014, 2015.
## Карьерасы
## Сыртқы сілтемелер
* Ойыншының профилі |
Нұра кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік. 2017 жылға дейін Киевка кенттік әкімдігі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Нұра кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Думан Ахметтілләұлы Нәрзілдаев (6 қыркүйек 1993, Жаңақорған ауданы) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. "Ордабасы" футбол клубында доп тебеді.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
2018 жылы қазан айында Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоилов Думанды УЕФА Ұлттар лигасындағы Латвия және Андорраға қарсы ойындарға құрамаға шақырды.
Бірақ тұңғыш ойынын 2020 жылы 14 қазанда сырт алаңда Беларусқа қарсы өткізді, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын. 2022 жылы 24 наурызда сырт алаңда Молдоваға қарсы екінші ойынын өткізді.
## Статистикасы
### Клубтық
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Генрих Шмидтгаль (нем. Heinrich Schmidtgal; 20 қараша 1985, Есік, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО) – сол қапталдағы қорғаушы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы және өмірбаяны
1985 жылы, 20 қарашада Алматы облысы, Есік қаласында дүниеге келген. Генрих екі жасқа толған кезде отбасы Германияға көшіп кеткен. Алғаш «Ферль» клубының футбол мектебінен тәлім алған. 2003 жылдың 27 тамызында осы клуб сапындағы дебюттік кездесуін өткізді. Бастапқы кездері сол қапталдағы шабуылшы болып өнер көрсеткен. Бірақ, кейіннен бойының қысқалығына байланысты орталық алаңға ойысады.
Бұл командада ол 2007 жылға дейін ойнады. Соңғы маусымда 7 гол соғып және нәтижелі пастарымен көзге түседі. Осыдан соң, футболшыға өзге клубтар тарапынан ұсыныс түседі. Нәтижесінде «Ферльден» кетуді ұйғарады.
«Ферльден» кеткен соң, «Бохумның» фарм-клубында ойнады. Онда көп тұрақтамады. 2009 жылы Германия Оберлигасындағы «Рот-Вайсс» командасына ауысты. Екі жылда 51 рет алаңға шығып, 5 голдың авторы атанды. «Рот-Вайсстан» кейін «Гройтер Фюрт» тарапынан ұсыныс түсіп, 2011 жылдың 20 мамырында келісімшартқа отырады. Шмидтгаль келген жылы «Гройтер Фюрт» Германияның Екінші лигасында чемпион атанып, Бундеслигада ойнау құқығына ие болды. Былтырғы маусымда Германия чемпионатында өз командасының сол қапталдағы негізгі қорғаушысы болды. Бірақ, бұл команда маусым қорытындысы бойынша біріншіліктегі өз орнын сақтап қала алмады. Осыдан соң, Генрих Дюссельдорфтың «Фортуна» клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
2016 жылы "Франкфурт" клубымен келісім шарты біткен соң жарақатына байланысты карьерсын аяқтады.
## Ұлттық құрамадағы ойыны
Шмидтгальды Қазақстан құрамасына 2010 жылы сол кездегі бас бапкер Бернд Шторк шақырған болатын. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 12 кездесуге қатысып, 1 доп соққан. Жалғыз голын басқа-басқа емес, 2013 жылы Нюрнбергте Германия қақпасына енгізді. Мануэль Нойердің қателігін сәтті пайдаланған болатын.
Ұлттық құраманың соңғы ойындарына Шмидтгаль қатысқан жоқ. Атап айтсақ, сол Германиямен өткен қос матчтан соң Болгария, Грузия, Фарер аралдары,Швеция, Ирландия мачтарымен болған кездесулерге келмеді. Көбінесе жарақат, денсаулығына байланысты деген жауаппен шектеліп жүр.
11 ойын/1гол;2 жеңіс;1 тең ойын;11 жеңіліс
## Жетістіктері
### Жеке
Журнал « GOAL » бойынша Қазақстандағы жыл футболшы,2011
### Клубпен
Екінші Бундес Лига Чемпионы 2011/2012
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Статистика карьеры на fussballdaten.de (нем.)
* Профиль игрока на сайте УЕФА Мұрағатталған 5 ақпанның 2015 жылы. (орыс.)
* Из Германии с любовью(қолжетпейтін сілтеме) мақаласы
* Генрих Шмидтгаль в играх против сборной Германии. |
Дария кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Дария кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Сәкен Сейфуллин кенттік әкімдігі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Сәкен Сейфуллин кенті кіреді.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.