text
stringlengths
3
252k
Шүлбі СЭС — Ертіс өзеніндегі, Шығыс Қазақстан облысы, Шүлбі ауылына жақын орналасқан су электр станциясы. Ол Ертіс СЭС каскадының үшінші, төменгі сатысын құрайды. Бұл Қазақстандағы ең ірі су электр станциясы. «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС-не (мемлекеттің меншігі) тиесілі. ## Станция құрылымы Шүлбі СЭС - төмен тегеурінді өзен су электр станциясы (ГЭС ғимараты тегеурінді шеп құрамына кіреді). Электр станциясының белгіленген қуаты - 702 МВт, жобалық орташа жылдық энергия өндірісі - 1660 млн. кВт сағ. Су торабы құрылыстарының құрамы * ұзындығы 587 м және максималды биіктігі 39 м құмайт-сазды топырақтың экранымен оң жағалаудағы топырақ үйілген (құм-шағылды ыза) бөгет; * ұзындығы 406,2 м және максималды биіктігі 23 м құмайт-сазды топырақтан жасалған сол жағалаудағы тегеурінді бөгет; * ұзындығы 222 м болатын СЭС арналық ғимарат, жобалық басындағы жалпы өнімділігі 5856 м³/с болатын он екі тереңдікті суқашыртқылармен біріктірілген; * беттестіру ғимараттары - топырақты бөгетінің бүйірінен тіреулік қабырғалары бар және жағалаудың сол жағында тіреулік қарсы кермелі қабырғалары бар дақты тіреуіш; * жоғарғы және төменгі жақындау каналдары бар бір камералы бір сызықты кеме өткізетін шлюз. СЭС ғимаратында есептелген жобалық тегеуріні 23,5 м (жұмыс дөңгелегінің диаметрі - 8,5 м) жұмыс істейтін айналма-қалақты турбиналары 50-В-850 бар әрқайсысының қуаты 117 МВт болатын 6 тік гидроагрегаттар және СВ-1436/200-80 УХЛ гидрогенераторлары орналасқан. Гидротурбиналардың өндірушісі - «Турбоатом» Харьков зауыты, генераторлар - «Электросила» Санкт-Петербург кәсіпорны. Генераторлардан электр энергиясы ТЦ-250000/220 үш күштік трансформаторына, ал олардан - 220 кВ кернеуі бар ашық тарату қондырғысына (АТҚ), содан кейін қуат жүйесіне беріледі. Су торабының кеме өткізу ғимаратына ұзындығы 178 м айлақты қабырғасы бар ұзындығы 1050 м және ені 50 м жоғарғы жақындатушы арнасына кіретін кеме өткізетін шлюз, ұзындығы 50 м бағыттаушы палдармен жоғарғы және төменгі шлюз бастары бар, шахта типті камералар, ұзындығы 2280 м және ені 50 м төменгі жақындатушы арнасы кіреді. Шлюз камерасының өлшемдері келесідей: ұзындығы 100 м, ені 18 м, биіктігі 42,5 м, ҚТД жағдайындағы шоңғал тереңдігі 11 м. Шлюз Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық дамуы Министрлігі «Қазақстан су жолдары» мемлекеттік кәсіпорнының «Гидротехникалық құрылымдар» филиалына жатады. СЭС тегеурінді ғимараты Шүлбі су қоймасын құрайды. Бөгеннің қалыпты тірелген деңгейіндегі ауданы 255 км² құрайды. Су қоймасының толық және пайдалы сыйымдылығы 2,39 және 1,47 км³ құрайды сәйкесінше, бұл маусымдық ағынды реттеуге мүмкіндік береді. Су қоймасының қалыпты тірелген деңгейі теңiз деңгейiнен 240 м биіктікте (Балтық биіктік жүйесі бойынша), жеделдетілген тіреуіш деңгейі - 243 м, ал өлі көлем деңгейі - 232 м құрайды. ## Құрылыс және пайдалану тарихы Шүлбі СЭС жобалауды 1954-58 жылдары Ленгидеп «Ертіс өзенінің энергиясын пайдалану схемасы» негізінде бастаған. 1965 жылдан бастап Гидропроект институты станцияны жобалаумен айналысады. 1971 жылы КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің сараптамасы ҚТД 260 м биіктікке көтерілген Шүлбі гидроэлектрлік кешенінің техникалық-экономикалық негіздемесін қарады, оның нәтижелері бойынша ҚТД 240 м болатын нұсқаны қарастыру ұсынылды. 1975 жылы аяқталған техникалық-экономикалық негіздемесі шықты, онда су торабының құрлысы екі кезекте жасау ұсынылған, бірінші кезекте ҚТД 240 м-мен, ал екіншісінде - ҚТД 260 м-мен (бұл ретте СЭС қуаты 1350 МВт-қа дейін, өнім - 2,89 млрд. КВт сағ-қа дейін, су қойманың пайдалы қуаты - 7,1 км³ дейін көбейді). Бұл нысанда техникалық-экономикалық негіздеме сараптамамен мақұлданды және жоба іске асыруға ұсынылды. Қолданыстық жобалауды 1976 жылдан бастап бас институт, ал 1978 жылдан бастап оның Қазақстандағы бөлімі жүзеге асырады. Қолданыстық жобалау барысында кейбір жобалық шешімдер өзгертілді, атап айтқанда, біртекті сумен үйілген бөгеттің орнына экраны бар үйілген бөгет қабылданды. 1988 жылы Гидропроекттің қазақстандық филиалы Шүлбі су торабының екінші кезегін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі, онда екінші сатыдағы ҚТД 255 м биіктіктікке негізделді, сол кезде СЭС қуаты 1050 МВт дейін, өнім 2,32 млрд кВт·сағ дейін, су қойманың пайдалы сыйымдылығы - 6,16 км³ дейін өсті. Су электр станциясының құрылысы 1976 жылы басталды, бірінші гидроагрегат 1987 жылы 23 желтоқсанда, ал соңғы гидроагрегат 1994 жылы 19 желтоқсанда іске қосылды. Станцияның құрылымы екінші кезеңнің құрылысын қамтамасыз етеді, бұл кезде жер бөгеті мен СЭС ғимаратының биіктігі артады, сонымен қатар генераторлар қайта жаңартылады (статор мен полюстер орамасын ауыстыру). 2020 жыл жағдайы бойынша Шүлбі СЭС екінші кезегін салу мәселесі шешілмеген. Су торабын аяқтау ұзақ уақытты алды, атап айтқанда, кеме өткізетін шлюз 2005 жылдың көктемінде тұрақты іске қосылды, ал СЭС ғимаратының машина залы мен қасбетін әрлеу жұмыстары 2012-2013 жылдары ғана аяқталды. Сонымен бірге станцияны жаңарту қатар жүріп отырды, атап айтқанда, генератор ажыратқыштары ауыстырылды және тарату қондырғысы қазіргі заманғы элегаздық жабдықтарын қолдана отырып қайта жаңартылды. 1997-2017 жылдары СЭС AES компаниясының концессиясында болды, содан кейін ол Қазақстанның Энергетика министрлігіне берілді. Станция өзінің жұмыс істеуі барысында 50 млрд астам кВт·сағ жаңғырмалы электр энергиясын өндірді. Шүлбі СЭС төмен оның контрреттеуіші - Бұлақ СЭС салу жоспарлануда, бұл электр жүйесіндегі тәуліктік және апталық жүктеменің әркелкілігін жабу үшін СЭС-тің маневрлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ## Дереккөздер ## Әдебиет * «Гидропроект» институтының қазақ филиалы Ертіс өзеніндегі Шүлбі СЭС (II кезек). Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі. I бөлім. Жалпы ақпарат. I.I бөлім Жалпы түсіндірме жазбасы — Алматы, 1988. — 64 б. * Кеңес Одағының су электр станциялары. 1 бөлім — Мәскеу: Типография Института Гидропроект, 1978. — 350 б. * Ходакова А.С. Шүлбі СЭС - Қазақстандағы ең ірі су электр станциясы // Гидротехника. — 2020. — № 2. — б. 26—27. ## Сілтеме * Шүлбі СЭС ресми сайты
Марсель Кораш (рум. Marcel Coraș; 14 мамыр 1959 жыл, Арад, Румыния) — румыниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1984 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. ## Жетістіктері ### Командалық * Румыния чемпионатының күміс жүлдегері: 1985/86 ### Жеке * Румыния чемпионатының үздік мергені: 1983/84 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Құралбек Ордабаев Досжанұлы (6 тамыз 1949 жыл Шымкент қаласында ) – КСРО-лық футболшы, қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984). Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Карьерасы «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысты. 1971 жылғы Халықар. теміржолшылар одағы жарысының кубогы иегері. 20 ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 95), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000). 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті. ## Жетістіктері ### Клубтық * ХТСО кубогы: 1971 ### Жеке 1972 жылы КСРО чемпионатындағы "Жаңа есім" номинациясына ие болды. ## Сілтемелер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Павел Валерьевич Евтеев (28 маусым 1967, Өскемен, Шығыс Қазақстан Облысы, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған. ## Карьерасы Өскемен футболының және Алматыдағы Республикалық спорт-интернаттың түлегі. Футболшылық жолын КСРО чемпионатының екінші лигасындай ойнатын Алматының СКИФ командасында бастады. Карьерасының басым бөлігін "Востокта" өткізді. Ұлттық құрама сапында 16 матч өткізіп, үш доп соқты. 2003 жылы футболшылық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікті бастады. 2004 жылы "Востокта" бас бапкердің міндетін атқарушы боп қызмет жасады, 2007 жылы бас бапкер болды. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * КСРО чемпионатындағы Екінші Лига чемпионы: 1990 * Қазақстан чемпионы (2): 2000; 2001 * Қазақстан кубогы (2): 1994; 2000/01 ### Бапкер ретінде * Қазақстанның бірінші лигасының чемпионы: 2010 ## Сілтемелер
Әлібек Бақтиярұлы Бөлешев (9 сәуір 1981, Талдықорған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы ### Клубтық "Жетісу" футбол клубының түлегі. 1999 жылы 18 жасында-ақ Қазақстанның жоғары лигасында ойнай бастады. Маусым соңында "Жетісу" төменгі лигаға түсіп кетті де, Әлібек "Қайратқа" ауысты. "Қайрат" сапында алты маусым ойнап, 60-тан аса голдың авторы атанды, 2001, 2003 жылдары Қазақстан кубогын, 2004 жылы Қазақстан чемпионы атағын иеленді. 2007 жылы "Ақтөбеге" ауысты да, жыл соңында "Қайратқа" оралды. "Ақтөбе" сапында бір гол ғана соға алды, бірақ "Ақтөбе" ол маусымды жақсы өткізіп, Әлібек екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. ### Ұлттық құрама Қазақстан құрамасы сапында алғашқы ойынын 2002 жылы 7 шілдеде Эстонияға қарсы өткізді. 2004 жылы 13 қазан күні Албаниямен ойында соңғы рет құрама сапында ойнады. Бұл ӘЧ-2006 іріктеу ойыны болатын. ## Жетістіктері ### Командалық Қайрат * Қазақстан чемпионы: 2004 * Қазақстан кубогы (2): 2001, 2003 * қазақстан кбогының финалисі (2): 2004, 2005 ### Жеке * Қазақстанның үздік сол қаптал шабуылшысы (3): 2001, 2003, 2004 Ақтөбе Қазақстан чемпионы (2): 2007 ## Сілтемелер * Профилі (ағыл.) * Профилі (нем.)
Әубәкір Ахметжанұлы Диваев (3 желтоқсан 1855, Орынбор - 5 ақпан 1932, Ташкент) — фольклоршы, этнограф. ## Өмірбаяны 1876 жылы Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Диваев өзбек, парсы, қазақ тілдерін меңгерген. Кадет қорпусында оқып жүріп қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті жинаумен шұғылданды. Диваевтың қатысуымен 1895 жылы Қожа Ахмет Ясауи мешітінен табылған көне жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қойылған елеулі үлес болды. Ол тапқан көне мөрдің ортасындағы шеңберле Қожа Ахмет Ясауи есімі жазылып, "хижраның 1212 жылы" деген белгі бар, ал шеңбердің шегінде мөрлі жасаушы шебердің есімі (Қожа хан) көрсетілген. Мөрдің орта шеңбері (көлденең қимасы 9 см) он радиусқа бөлініп, оның әрқайсысының арасына Мұхаммед пайғамбардан бергі мүридтердің есімдері жазылған. Диваев 1896 жылы 22 қаңтарда Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесіне мүше болып қабылданды. Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірінен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескерткішті қорғауға алуды сұраған. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М. Мелиоранский, А.В. Гордлевский, В.В. Бартольд сияқты ғалымдар жоғары бағалаған. Әбубәкір Диваевтің аты Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкенттегі көшелерге берілген. ## Еңбектері * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1891. — вып. I. Отд. I. — С. 68 — 106; * Исчисление времени года по киргизскому стилю с обозначением народных примет // Туркестанские ведомости. — 1892. — № 5; * Призыв ветра. Киргизское поверье // Туркестанские ведомости. — 1892. — № 41 * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1892. — вып. II. — С. 1 — 31; * Волшебные заговоры киргизов Сыр-Дарьинской области // Астр. Л. — 1893. — № 48; Московская газета. — 1893. — № 43; * Волшебный заговор против укуса ядовитых насекомых и пресмыкающихся // Туркестанские ведомости. — 1893. — № 7; * Этнографические материалы. Сказки, басни, пословицы и приметы туземного населения Сыр-Дарьинской области. — Ташкент, 1893. — С. 84, 1895. — С. 160; * Алача-хан: Киргизская сказка // Окр. — 1894. — № 46; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1894. — вып. III. — С. 1 — 84; * Несколько слов о могиле святого Коркут-ата // Записки Восточного отделения Русского археологического общества. — 1894. — Т.VIII; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1895. — вып. IV. — С. 1 — 61; * Несколько слов о могиле святого Хорхот-ата // ЗВОРАО. — 1896. — № 10. — С. 193 * Месяца по киргизскому стилю с обозначением народных примет // ИОАИЭ. — 1896. — Т. XIII. — вып.4. — С. 283—286; * Причитание // Туркестанские ведомости. — 1896. — № 83. — С.350; Ташкент, 1896. — С. 1 — 5; * Рассказ об Алангасар-алифе // ЗВОРАО. — 1896. — Т. XI. — С. 292—297; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1896. — вып. V. — С. 1 — 60; * Киргизская былина о Бикет батыре. — Казань, 1897. — 72 с.; * Древнекиргизские похоронные обычаи // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып. II. — С. 181—187; * Киргизские афоризмы // Окр. — 1897. — № 34; * Киргизское описание солнца, находящегося на небесах ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып.3. — С. 370—377; * Киргизский рассказ о звёздах // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып.3. — С. 366—369; * Материалы этнографические о происхождении албасты, Джинна и Дива (народные легенды) // ИОАИЭ. — 1897. — Т. XIV. — вып. II. — С. 226—233; * Олян: Киргизская любовная песня // Окр. — 1897. — № 27; * О происхождении злых духов по верованиям киргизов Сыр-Дарьинской области. Отчёт о ЗАСЕДАНИИ Общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете 31 января 1897 года // Волжский вестник. — 1897. — № 31; * Памятники киргизского народного творчества // Уч. ЗКУ. — 1897. — XI. — С. 1 — 72; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1897. — вып. VI. — С. 91 — 122; * Киргизские причитания по покойнику, записанные в Сыр-Дарьинской области // ИОАИЭ. — 1898. — Т. XIV. — вып.5. — С. 558—571; * Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун: Этнографический очерк // ИОАИЭ. — 1899. — вып.3. — С. 307—344; Казань,1899; * Киргизские колыбельные песни // ИТРГО. — 1900. — Т.II, вып.1. — С. 111—119; * Предание о возникновении города Ташкента // ПЗСЧТКЛА, 1899—1900. — Т.5. — С. 145—151; * Предание о происхождении узбеков // Турк. ведомости,1900. — № 97; Ор. Лг., 1901; * О свадебном ритуале киргизов Сырдарьинской области // Уч. ЗКУ. — 1900. — кн.4. — С. 1 — 27; * Предание о происхождении узбеков // Ор. Лг. — 1901. — № 1; * Предание о Хазрети-Исмаил-ата // туркестанские ведомости. — 1901. — № 20,24,25; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1901. — вып. IX. — С. 1 — 65; * Алача-хан: Киргизская сказка // Туркестанские ведомости. — 1903. — № 90; * Как Алдар-Косе надул черта: Из киргизских побасёнок // Туркестанские ведомости. — 1902. — № 10; * Киргизские болезни и способы их лечения // Туркестанские ведомости. — 1902. — № 43,80; * Памятники киргизского народного творчества. Алпамыс-батыр // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1902. — вып. Х. — С. 3 — 41; * Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области / Пер. с кирг. // Этнографическое обозрение. — 1903. — № 1. — С. 98 — 111; * Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1904. — № 1. — С. 91 — 114; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1904. — вып. XI. — С. 1 — 20; * Царь-девица и чёрный раб: Киргизская сказка // Тургайская газета. — 1904. — № 18; * Из области казахского скотоводческого хозяйства // Тургайская газета. — 1905. −30 янв.(№ 5); * Игры киргизских детей // Тургайская газета. — 1905. — 13 нояб.; Туркестанские ведомости. — 1905. — № 152; * Киргизские пословицы // Туркестанские ведомости. — 1905. — № 113. — С. 695; * Мавзолей Кок-Кесене. Историко-археологическая заметка // ПЗЧТКЛА. — 1905. — Т. Х. — С. 40 — 42; * Этнографические материалы // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1905. — вып. XII. — С. 1-32; * Семь сказок киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1906. — N1/2. — С. 114—127; * Четыре века // Туркестанские ведомости. — 1906. — № 24. — С. 148; * О народном суеверии // Этнографическое обозрение. — 1907. — № 4. — С. 123; * Древние игры киргизской молодёжи // Туркестанские ведомости. — 1907. — № 54. — С. 346—547; * Киргизские афоризмы // Этнографическое обозрение. — 1907. — Т3. — С. 97; * Олян: Любовная песнь // Этнографическое обозрение. — 1907. — № 3. — С. 96 — 97; * Этнографические материалы. Киргизские сказки о похождении трёх плешивых // Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. — 1907. — вып. XIII. — С. 1-3; * Баксы // Сем. ОВ. — 1908. — № 70; * Ит-ала-каз // Этнографическое обозрение. — 1908. — № 1-2. — С. 149—150; * Как киргизы развлекают детей // Этнографическое обозрение. — 1908. — № 1/2. — С. 150; * Легенда о великане Адж по прозвищу Алангсар-Алиф // Туркестанские ведомости. — 1908. — № 83; * Киргизская легенда о ветхозаветном великане Адже // ИОАИЭ. — 1908. — Т. XXIV, вып.5; * Как восьмидесятилетняя старуха родила сорок ушей // Этнографическое обозрение. — 1909. — № 4. — С. 90 — 95; * Образец казахского эпоса: [Легенда о ветхозаветном Адже] / Публ. А. Диваева // Тургайская газета. — 1909. — 5 апр.; * О трёх мыслящих братьях. Из киргизских сказок // Туркестанские ведомости, 1909. — № 67,71,73,75,77; * Похищенная царевна // Этнографическое обозрение. — 1909. — № 1-2. — С. 88 — 90; * Приметы киргизов во время путешествия // Зап. РГО по отделению этнографии. Сборник в честь Г. Н. Потанина, 1909. — Т. XXXIV. — С. 483—488; * Заклинание и призыв ветра. Из киргизских поверий // Этнографическое обозрение. — 1910. — № 1-2. — С. 131—133; * Киргизский заговор против укуса ядовитых насекомых и пресмыкающихся // Этнографическое обозрение. — 1910. — № 1-2. — С. 128—130; * Сказки киргизов Сыр-Дарьинской области // Этнографическое обозрение. — 1912. — № 1/2. — С. 200—208; * Великан Алпамыс. Из киргизских сказаний // Туркестанские ведомости. — 1916. — № 217—218; * Киргизский сал // Туркестанские ведомости. — 1916. — № 222; * Легкомысленная Маиз-Гуль. Из киргизских анекдотов Чимкентского уезда // Туркестанские ведомости. — 1916. — N241; * Шура, сын Нарик батыра // Туркестанское слово. — 1917. — № 54, 55; * Приметы киргизов // Народный университет. — 1918. — № 50; * Шора. — Ташкент, 1922; * Олень и осел: Из киргизских побасёнок // Труды ОИККр. — 1922. — Вып.3. — С. 127—130; * Сорок небылиц. Из киргизских сказок Аулиэ-Атинского уезда // Труды ОИККр. — 1922. — вып.3. — С. 138; * Шура, сын Нарик батыра // Труды ОИККр. — 1922. — вып.3. — С. 117; * Казахские пословицы. — Ташкент, 1927.- 8с.; * Баксы в жизни киргиза // Известия Среднеазиатского комитета по делам музыки и охраны памятников старины, искусства и природы. — 1928; * Казахская народная поэзия / Сост. Н. С. Смирнова, Г. М. Гумарова, М. С. Сильченко, Т. С. Сыдыков. — Алма-Ата, 1964. — 256с.; * Казахские народные приметы // Мадениет. — 1993. — 15 — 31 марта (№ 6). — С. 12. ## Әдебиет * Гордлевский В.А., Аубакир Диваев, "Живая старина", 1916, в. 1; * Смирнов Н.С., А.А. Диваев-фольклорист, "Вестник АН КазССР", 1957, N»1; ## Дереккөздер
Тасшылар (бұқтырмалық тасшылар, бұқтырмалық ескі наным-сенушілер, алтайлық тасшылар, бұқтырмалықтар) — XVIII—XIX ғасырларда Оңтүстік-Батыс Алтай аумағында Бұқтырма өзені бассейнінің көптеген шығуы қиын тау аңғарларында және Қатын өзенінің бастауы орналасқан биік таулы Оймын даласында қалыптасқан орыстардың этнографиялық тобы. Атаулары таулы жерлерге арналған ескі орысшаның - тас сөзінен шығып, «тау тұрғындары, таулық» дегенді білдіреді. Олар ескі наным-сенушілердің, негізінен поморлық келісім попсыздары отбасыларынан және басқа үкіметтік міндеттерден қашқандар - тау-кен шаруалары, жалданушылар, басыбайлылар, жер аударылғандар және кейінгі қоныстанушылардан құрылды. Тілдің тарихи диалектісі - олаулау. ## Ерекшеліктері Бұқтырма тасшыларының қалыптасуы әр түрлі аймақтардан және әр түрлі әлеуметтік топтардан шыққан адамдардың біртіндеп ескі тұрғындар қауымдастығына бірігуінің нәтижесі болды. Негізін Төменгі Новгород губерниясынан шыққан кержактар құрады. Поморие, Олонец, Новгород, Вологда, Пермь губернияларынан, Батыс Сібір мен Алтай өлкесінен, сондай-ақ қазақтардан, алтайлықтардан, ойраттардан көшіп келгендердің мәдени әсері атап өтілді . Бұқтырмалықтар шығу тегі мен ұзақ уақыт бірге өмір сүруіне байланысты «поляктарға» ерекше жақын болды. Әйелдердің жетіспеуіне байланысты жергілікті түркі және моңғол халықтарымен аралас некелер болды (келінге ескі наным-сенімді қабылдау міндетті болды), балалар орыс болып саналды. Тасшылардың тұрмысы мен мәдениетіне қазақ дәстүрінің әсері киім элементтерінен, тұрмыстық заттардан, кейбір әдет-ғұрыптардан, тілді білуден байқалады. Ұлтына қарамай, өзгенің балаларын асырап алу әдеті болған. Заңсыз балалар өздерінің нағашы аталарының тегін алып, «заңды» құқықтарымен бірдей құқықты пайдаланды Ескі наным-сенушілер жақын туыстық некеден аулақ болу үшін тоғыз атаға дейін білді. Жақын туыстарымен некелесуден аулақ болу үшін ескі наным-сенушілер өздерінің тоғыз атасын білді . Зерттеушілер Бұқтырма тасшылары мемлекеттік міндеттердің минималды қысымына, өзін-өзі басқарудың ішкі жүйесіне және өзара көмекке, ерекше мінез-құлық құрлымына, өлкенің жомарт табиғи байлықтарына, жалдамалы жұмысшыларды пайдалануға байланысты үлкен өркендеуін атап өтті. Тасшылар, ұжымдастыруға дейін, сыртқы байланыстарды қатты шектей отырып, православтық ескі наным-сенушілер қауымының консервативті нормалары мен ережелеріне сәйкес өзіндік ерекше мәдениеті мен дәстүрлі өмір салты бар өте жабық және жергілікті қоғамды ұсынды. ## Тарихы XVIII ғасырдың басынан бастап орыс қашқындар оңтүстік Алтай тауларының кең, қол жетпейтін жерлерінде Колывано-Кузнецк бекініс шебінің ар жағына қоныстанды. Цин империясының әскерлері Жоңғар хандығын әлсіретіп, жеңіліске ұшыратқаннан кейін, Бұқтырма өлкесі Ресей империясы мен Қытайдың бұлыңғыр шекаралары арасында бейтарап аймақта болды. Өлке табиғи ресурстарға бай және көрші мемлекеттердің заңнамалық шеңберінен тыс болды. Алғашқы ескі наным-сенушілер 1720 жылдары пайда болды, бірақ құжаттық дәлелдемелер 1740 жылдарына жатқызады. Қашып келудің себебі 1720 жылдары ескі наным-сенушілерден екі еселенген жалақы, сондай-ақ қазыналық зауыттардағы тау-кен өндірісіне ыдыратушыларды тарту туралы 1737 жылғы бұйрығы болды . Бұқтырма аңғары қашқындардың негізгі мақсаты болды. Кейін бұл жерлер Ақсу деп аталды. Бұқтырма бостандықтарының негізін қалаушы шаруа Афанасий Селезнев, сонымен қатар Бердюгиндер, Лыковтар, Коробейниковтар, Лысовтар саналды. Олардың ұрпақтары әлі күнге дейін Бұқтырма жағасындағы ауылдарда тұрады. Алғашқы қоныстар жалғыз үйлерден, зәйімкелерден және 5-6 аулалық шағын ауылдардан тұрды. Тасшылар аңшылықпен, егіншілікпен (тыңайған-сүрлі жүйе басым болды), балық аулаумен, ара өсірумен, кейіннен марал өсірумен (Алтай кіші түрінің Кермаралын өсіру) айналысқан. Олар алынған тері мен өнімдерді көршілерден - Сібір казактары, қазақтар, алтайлықтар, қытайлықтардан, сондай-ақ орыс көпестерінен келетін тауарларға айырбастады. Ауылдар өзендердің жанында салынды, оларға ылғи диірмен және ұстахана орнататын. 1790 жылы 15 ауыл болған. Кейбір тасшылар Бұқтырма аңғарынан ары қарай тауларға, Арғыт және Қатын өзендеріне кетті. Олар Оймын ауылы және Оймын аңғарындағы бірнеше басқа елді мекендерді құрды . Бұқтырма бекінісі іргетасы қаланғаннан кейін төменгі Бұқтырманың айналасындағы таулардан 17 орыс қонысы табылды. Екатерина II-нің 1791 жылғы 15 қыркүйектегі нұсқамасы бойынша тасшылардың бір бөлігі (205 еркек және 68 әйел) және олар мекендеген аймақтар Ресейге Бұқтырма сыртқы басқармасы және Оймын сыртқы басқармасы ретінде кірді. Олар үкіметке бұратана (шығу тегі орыс емес халықтар) ретінде аң терісі мен елтірі түріндегі жасақпен төледі. Бір жағынан, мұндай құқықтық жағдай көп бостандықтар берді, ал басқа жағынан, оларды халықтың аз құрметтелетін санаттарымен теңестірді. Сонымен қатар, бұқтырмалықтар жіберілген әкімшілікке бағынудан, тау-кен жұмыстарынан, жалданудан және басқа да міндеттерден босатылды. Ресей азаматтарының ресми мәртебесін алғаннан кейін бұқтырмалық тасшылар тұруға ыңғайлы жерлерге көшті. 1792 жылы 2-3 ауладан 30 шағын елді мекеннің орнына 9 ауыл құрылды, онда 300-ден сәл астам адам өмір сүрді: Осочиха (Богатырево), Быково, Сенное, Коробиха, Печи, Язовая, Белая, Фыкалка, Малонарымская (Огнево). 1796 жылы жасақ ақшалай салыққа, ал 1824 жылы - отырықшы бұратаналардың алымына алмастырылды. 1835 жылғы санақта басқармада 326 еркек және 304 әйел тіркелген. 1878 жылы Бұқтырма және Оймын сыртқы басқармалары таратылып, барлық жеңілдіктер алынып тасталып, қарапайым шаруалар басқармаларына айналдырылды. 1883 жылы Томбы губерниясы Бийск округының құрамына кірген Бұқтырма өлкесі тұрғындары екі жыныстағы 15503 адамды құрады, оның ішінде 5240 адам Зырян болысында; Бұқтырма шаруасында - 4931, Бұқтырма сыртқыда - 2153, Большенарымда - 3184 адам тұрды. Бұқтырма шаруалар болысы 11 ауылдан тұрды, тұрғындары мал өсірумен, егіншілікпен, ара өсірумен, рудаларды Змейногор кенішінен Бұқтырма кенбалқыту айлағына кенді тасымалдаумен, сауда және т.б. айналысты. Олар 5 мың десятина егістік және 1400 десятина шабындық жерлерді пайдаланды. Билікке белгісіз кейбір қоныстар Қазан төңкерісі мен ұжымдастыруға дейін сақталды. 1927 жылы тасшылар қалаған Бұқтырма ауылдарының бесеуінде ғана 3000 адам болды . ## Қазіргі жағдайы Столыпиндік, кеңестік және кеңестіктен кейінгі мәдени-саяси үдерістер мен қоныс аударулардың нәтижесінде бұқтырмалықтардың ұрпақтары өздерін қарапайым орыс этносына жатқызады және Қазақстан, Ресей, АҚШ , Қытайдың және басқа да әлемнің түрлі аймақтарында тұрады. Алтайлық тасшылар ұрпақтарының саны жағынан ең көп тұратын жерлері тасшылардың тарихи қалыптасуының негізгі аумақтары кіретін Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдары. 2002 жылы Ресей Федерациясының аумағында өткен халық санағында тасшыларға тек 2 адам ғана тиесілі екенін көрсетті. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Алексеенко Н. В. Алтайлық тасшылар. Ақсуды іздеуде / Н. В. Алексеенко — Өскемен: Либрус, 2009. — 100 б. — ISBN 978-601-7117-07-8. * Герасимов Б. Г. Бұқтырма алқабының өмірінен // Сібір архиві — Иркутск, 1912. — Б. 569—575. — (7). * Лукичев С. С. Бұқтырмалық «тасшылар» тарихы туралы. Алтай тарихынан — Томбы, 1978. — Б. 220—238. * Русакова Л. М., Фурсова Е. Ф. Бұқтырмалық шаруалардың киімдері: ХХ - XIX ғасырдың басы // XIX - XX ғасырдың басыдағы Сібір орыс халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениеті — Новосибирск: Наука, 1983. — Б. 68—104. * Покровский Н. Н Соңғы жылдардағы әдебиетте Ақсу аңызы мен бұқтырмалық «тасшылар» туралы мәселенің қойылуы // ХІХ-ХХ ғасырлардағы Сібірдегі қоғамдық сана мен таптық қатынастар — Новосибирск, 1980. — 116 б. * Алексеенко Н. В. Бұқтырмалықтар болды — Алматы: Қазақстан, 1981. ## Сілтеме * Орыстар. Ресей ғылым академиясының этнология және антропология институтының монографиясы * Алтайлық Рүс. Тарихи-этнографиялық очерк * Жұмбақ ел Ақсу * Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бұқтырмалық ескі наным-сенушілер * Ядринцев Н.М. Алтай және оның бұратаналық патшалық (Алтайға сапар туралы очерктер), 1885 г. * http://mustagclub.ru/blog/storoobriadci_uwnogo_altaia/ Мұрағатталған 19 наурыздың 2016 жылы. * Липинская В.А. Байырғылар мен қоныстанушылар: Алтайдағы орыстар. XVIII - ХХ ғасырдың басы. Отбасын құру, оның құрамы * XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында шаруалардың Сібірге қоныс аударуы. Құжаттар мен мәліметтер * «Томбы губерниясының Бийск уезі», 1911 ж. (топографиялық, экономикалық және этнографиялық очерк)
Балқаш толқыны — Мағауия Хамзиннің күйі. Ақтоғай ауданының тумасы Мағауия Хамзин өзінің бұл туындысын 1937 жылы шығарған. Ұзақтығы 2,5 минутқа жуық. Мағауия өзінің ата-жұрт елді мекені Балқаш қаласына жиі барып, балалық, жастық шақты еске алып тұратын. Балқаш көлдің беті көркем көрініс, оны күйші осы шығармасы арқылы салып жеткізген. Күй ноталарын қағазға әр жылдары екі адам жеке-жеке түсірген, сондықтан да бұл екі нұсқаның сәл өзгешеліктері бар. Біріншісі музыкатанушы Уәли Бекеновтың нұсқасы, екіншісін күйші Манап Анықбеков жазып алған. ## Дереккөздер
Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының орнына 1853 жылы Ресей үкіметі Заилийский әскери бекінісін салды. Ол 1854 жылғы ақпаннан «Верный» («Сенімді») деп аталды. Верный табаны бес бұрышты қамал тұрғызылды, оның айналасына терең ор қазылып, ағаш шарбақпен қоршалды. Қамал гарнизонында Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері қызмет етті. 1855 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, кейіннен Сібірден орыстар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапалдан Верныйға ауысты. 1856 жылы Верныйда Қазына бағы (қазіргі Орталық саяжай) салынды. Татарлар қонысының маңынан кәсіпкер Әлімжановтың алғашқы су диірмені іске қосылды. 1858 жылы Кузнецов деген көпес сыра қайнататын зауыт ашты. 1860 жылы пошта бөлімшесі мен аурухана ашылып, шешек ауруына қарсы егу жүргізіле бастады. 1859 жылы мамырда Верныйдың тұрғындары 5 мыңға жетті. 1867 жылы Верный бекінісі қалаға айналып, Верный уезінің және Семей облысының әкімшілік орталығы болды.
Мұхтар Бадырханұлы Мұхтаров (6 қаңтар 1986, Ленкорань, Әзірбайжан КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы ### Клубтық Шымкент футболының түлегі. 2005 жылға дейін "Ордабасының" фарм-клубы сапында төменгі лигаларда ойнады. 2005 жылы негізгі командада кәсіпқой карьерасын бастады. 2011 жылға дейін 124 рет Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. 2011 жылдың соңында "Астана" клубына ауысты. Бірақ 2012 жылғы чемпионатта 12 рет қана Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. 2012 жылдың ортасында "Ордабасыға" қайта оралды. ### Ұлттық құрама 2006 жылы желтоқсанда Тайландта өткен жолдастық ойындарда Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Содан ұзақ уақыт бойы құрамадан қол үзіп қалды да, 2011 жылы Мирослав Беранек құрамаға қайта шақырды. 2011 жылы ЕУРО-2012 іріктеуінде бес кездесуде алаңға шықты. 2013 жылы 26 наурызда құрама жейдесін соңғы рет киді, бұл ойында Қазақстан 1-4 есебімен Германиядан ұтылды. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан кубогының финалисі: 2007 ### Жеке * Қазақстан чемпионатындағы үздік 33: 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Мұхтар Бадырханұлы Мұхтаров (6 қаңтар 1986, Ленкорань, Әзірбайжан КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы ### Клубтық Шымкент футболының түлегі. 2005 жылға дейін "Ордабасының" фарм-клубы сапында төменгі лигаларда ойнады. 2005 жылы негізгі командада кәсіпқой карьерасын бастады. 2011 жылға дейін 124 рет Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. 2011 жылдың соңында "Астана" клубына ауысты. Бірақ 2012 жылғы чемпионатта 12 рет қана Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. 2012 жылдың ортасында "Ордабасыға" қайта оралды. ### Ұлттық құрама 2006 жылы желтоқсанда Тайландта өткен жолдастық ойындарда Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Содан ұзақ уақыт бойы құрамадан қол үзіп қалды да, 2011 жылы Мирослав Беранек құрамаға қайта шақырды. 2011 жылы ЕУРО-2012 іріктеуінде бес кездесуде алаңға шықты. 2013 жылы 26 наурызда құрама жейдесін соңғы рет киді, бұл ойында Қазақстан 1-4 есебімен Германиядан ұтылды. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан кубогының финалисі: 2007 ### Жеке * Қазақстан чемпионатындағы үздік 33: 2011 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Сердар Халил Азмун (парсы: سردار آزمون‎; 1 қаңтар 1995 жыл, Гомбеде-Кавус, Мазендеран) — ирандық футболшы, Иран Ұлттық футбол құрамасы мен "Байер 04" клубының шабуылшысы. ## Мансабы Балалық шағында бірнеше ирандық клубтардың мектебінен өтті. 2010 жылы Ирандағы күшті клубтардың бірі "Сепаханның" фарм клубында ойнады. Екі жылдан соң "Рубин" клубының скауттары 17 жасар футболшыға көзі түсіп, артынша келісім шарт жасасты. 2013 жылы 25 шілдеде "Рубин" сапындағы тұңғыш ойынын Польшаның "Ягодина" клубына қарсы өткізді, бұл Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінің бірі болатын. 29 тамызда осы турнирдің плей-офф сатысында "Мольде" қақпасына тұғыш голын соқты. 2015 жылы қыста "Ростовқа" жалға берілді. 2016 ылы жазда "Ростов" футболшыны түбегейлі сатып алды. 2019 жылы 1 ақпанда "Зенитке" ауысты. 11 күннен соң УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалында "Фенербахчеге" қарсы ойнады. ## Жетістіктері ### Командалық «Ростов» * Ресей чемпионатының ққола жүлдегері: 2015/16 «Зенит» * Ресей кубогы: 2019/20 * Ресей суперкубогы: 2020 ### Иран құрамасы * Батыс Азия футол федерациясы кубогының жеңімпазы (17 ж): 2009 * Азия кубогының қола жүлдегері: 2019 ### Жеке * Ресей чемпионатының үздік мергені: 2019/20 (17 гол) * Ресей чемпионатындағы үздік 33 (3): № 1 — 2019/20, № 2 — 2018/19, № 3 — 2015/16 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
2020 жылғы Қазақстан кубогы 16 наурыз - 22 қараша аралығында өткізілуі тиіс еді. Бірақ COVID-19 пандемиясының кесірінен жарыстар белгіленген мезгілде өтпеді де, маусым кестесі барынша сығымдалып, кубок ойындарын өткізуге бос уақыт табылмай, сол күйі өткізілмеді. 2021 жылғы еурокубоктерге Қазақстан кубогының жеңімпазының орнына чемпионатта төртінші орын алған клуб ("Шахтер" қатысады. ## Сілтемелер Kaz-football.kz сайтында
Junior Eurovision — жыл сайын ұйымдастырылатын балаларға арналған телевизиялық ән байқауы. Оған Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің өкілдері қатысады. Қазақстан бұл ән байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысты. Содан бері қазақ жас әншілері музыкалық сайысқа үш рет барып қайтқан, екі рет екінші орынды иеленген. 2019 және 2020 жылдары елді таныстыруға таңдалған әндердің авторы Хамит Шанғалиев болды («Арманыңнан қалма» және «Forever» әндері). ## Қатысушылар Жеңімпаз     Екінші орын     Үшінші орын     Төртінші орын     Бесінші орын     Соңғы орын     Қатыспады немесе шеттетілді     Қатыспаған қатысу ## Тарих ### 2018 жыл 2018 жылы Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision ән байқауына қатысты. Хабар Агенттігі ұлттық іріктеу турына қатысуға өтінімдерді қабылдауды 2018 жылғы 1 тамызда бастады. Өтінімдер 2018 жылдың 31 тамызына дейін қабылдады. Ұлттық іріктеудің ақтық кезеңі 2018 жылдың 22 қыркүйегінде өтті. Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнімен, Қазақстанның намысын “Junior Eurovision-2018” ән байқауында қорғады. Данелия Тулешова 171 дауыс жинап, 6 орынға ие болды. * ### 2019 жыл 2019 жылы Қазақстанның намысын Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен қорғады. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде Ержан 227 дауыс жинап, 2 орынға ие болды. ## Қазақстанның дауыстары (2018-2021) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Байқаудың ресми сайтындағы ел профилі * «Хабар» агенттігінің ән байқауына арналған интернет-беті
Филармония — музыкалық өнердің дамуы мен насихатталуына ықпал ететін концерттер ұйымдастырумен айналысатын музыкалық қоғамдық орын немесе мекеме. Филармония жас музыканттардың насихатталуы мен көркемдік жағынан өсуіне ықпал етеді, басқа елдердегі концерттік ұйымдармен тәжірибелерімен алмасады. Филармонияда тұрақты штаттық орындаушылар-жеке орындаушылар, үлкен музыкалық топтар және камералық ансамбльдер бар. Филармония 19 ғасырда Еуропа мен Американың қалаларында (Баку, Берлин, Лондон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург және басқалары) пайда болды және олар негізінен симфониялық музыканы насихаттады. 20 ғасырда Еуропаның социалистік елдерінде филармониялар мемлекеттік ұйымдарға айналды - 1976 жылға қарай КСРО-да 136 филармония қоғамдары болды. ## Дереккөздер
Гелий Григорьевич Шершевский (28 маусым 1934 — 15 шілде 2015) — КСРО-лық футболшы, қақпашы. Кейін бапкерлікпен айналысты. ## Карьерасы ### Футболшы Кемерово футболының түлегі. 1960 жылға дейін екінші лигадағы түрлі клубтарда ойнап, жоғары лиганың дебьютанты "Қайратқа" ауысты. 10 сәуірде тұңғыш ойынын "Адмиралтеец" клубына қарсы өткізді. 9 мамырда "Локомотивке" қарсы ойында өрескел қателік жіберді де, қайта алаңға шықпады. 1961 жылы Қарағандының "Шахтеріне" ауысып, екінші лигада үш маусым ойнады. 1964 жылы Семейдің "Цементник" клубына ауысты. ### Бапкер 1971 жылы бапкерлік карьерасын Қызылорданың "Автомобилист" клубында басшы болудан бастады. Сосын 1974 жылы туған клубы "Кузбассқа" оралды. 2015 жылы 81 жасында өмірден өтті. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://kuzbass85.ru/2014/06/27/rubezhi-shershevskogo/(қолжетпейтін сілтеме)
Гелий Григорьевич Шершевский (28 маусым 1934 — 15 шілде 2015) — КСРО-лық футболшы, қақпашы. Кейін бапкерлікпен айналысты. ## Карьерасы ### Футболшы Кемерово футболының түлегі. 1960 жылға дейін екінші лигадағы түрлі клубтарда ойнап, жоғары лиганың дебьютанты "Қайратқа" ауысты. 10 сәуірде тұңғыш ойынын "Адмиралтеец" клубына қарсы өткізді. 9 мамырда "Локомотивке" қарсы ойында өрескел қателік жіберді де, қайта алаңға шықпады. 1961 жылы Қарағандының "Шахтеріне" ауысып, екінші лигада үш маусым ойнады. 1964 жылы Семейдің "Цементник" клубына ауысты. ### Бапкер 1971 жылы бапкерлік карьерасын Қызылорданың "Автомобилист" клубында басшы болудан бастады. Сосын 1974 жылы туған клубы "Кузбассқа" оралды. 2015 жылы 81 жасында өмірден өтті. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://kuzbass85.ru/2014/06/27/rubezhi-shershevskogo/(қолжетпейтін сілтеме)
* Кеңтүбек – Балқаш көлінің солтүстік-шығысындағы түбек. Елді мекендер: * Кеңтүбек – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл. * Кеңтүбек – Павлодар облысы Май ауданындағы ауыл.
Оймын даласы — Теректі жотасының орталық бөлігінен оңтүстікке қарай Алтай республикасының Көксу ауданының аумағында орналасқан Орталық Алтайдағы тау аралық қазаншұңқыры (дала). Аңғардың ұзындығы 35 км-ден асады, ал ені 8-ден 13 км құрайды. Теңіз деңгейіндегі биіктік шамамен 1000 м. Оймын даласының бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай тау өзендері ағады: Марғала - сол жағында, Оймын, Оқал, Мүлте - оң жағында. Мөлдір Көксу батыс тауларынан аңғарға тез енеді. Барлық өзендер Қатынға құяды, ол аңғар арқылы көптеген арналарға кеңінен жайылады және аңғарды екі бөлікке бөледі. Елді мекендер - Көксу, Бастал, Қастақту, Қорымту, Теректі, Шеңдек, Полеводка, Марғала, Октябрьское, Жоғарғы Оймын, Төменгі Оймын, Басты-Кем, Мүлте, Сумүлте, Маралды, Гагар. ## Атаудың шығу тарихы Түркі тіліндегі «Оймын» немесе «Оймон» сөзінің аудармасы әркелкі. Бір нұсқа бойынша, бұл сөзді «сиыр мойны» немесе «сиыр ішегі» деп аударуға болады. Таулы Алтайдың топонимикалық сөздігіне сәйкес О. Т. Молчанова «Оймон», «ойым» дегеніміз - бұл жеткілікті дәл сипаттамалық географиялық термин, қоршалған ойпат, геологтарлың айтуындай яғни таулармен қоршалған Оймын ойпаты. Н. А. Шодоев (Мөлдір-Сөккөн ауылы) пен В. И. Катынов (Қорымту ауылы) Алтай өлкетанушылары басқа нұсқаны, «жасырын даналық орны» дегенді білдіретін сөздің ежелгі «ойм» немесе «аум» түбірінен шыққандығын қолдайды. Жоғарғы Оймын ауылының байырғы тұрғындары дала атауы бір кездері осы жерлерде өмір сүрген алтайлық Оймын атауынан шыққан деп санайды. ## Климаты Оймын аңғарындағы климат континентальды сипатқа ие, бұл оңтүстік-батыс бағытта ауа массаларының басым болуымен байланысты. Желдер қалыпты, қыс мезгілінде аязсыз кезең жеткілікті ұзақ болады, бұл көкөністерді ғана емес, жеміс ағаштарын да өсіруге мүмкіндік береді, әсіресе аңғарда қатты жел болмағандығынада байланысты. Күн сәулесінің ұзақтығы жазда айына 225-230 сағатты құрайды, бұл Ялта, Батум немесе Сочи сияқты оңтүстік қалалардағы күн сәулесінен асып түседі. ## Аймақтың сипаттамасы XIX ғасырдың соңында атақты географ В. В. Сапожников бұл жерлерге сипаттама қалдырды: Е. Шмурло «Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жазбаларында» «Алтай станциясы мен Оңтүстік Алтайдағы Қосағаш арасындағы жолдың сипаттамасы» бөлімінде баяндайды .«... Қатын алқабының бұл бөлігі «дала» деген атпен белгілі: батысында (өзеннің жоғарғы ағысында) - Оймын және шығысында (төменгі ағысында) - Қатантау. Мұнда бірнеше ірі бұратана орыс қоныстары бар: Қатантау (…) Төменгі және Жоғарғы Оймын, Көксу; соңғы екі ауыл өздерінен бірқатар зәйімкелерді бөліп алып, өз кезегінде ауылдарға айналды: Горбуново, Теректі, Огнево, Қастақтау, Қайтанақ, Бастал, Шеңдек, Власьевка және т.б. Бұл ауылдардың халқы егіншілікпен және мал өсірумен айналысады, олар үшін Қатын алқабы көптеген қолайлылықтар ұсынады. (...) Бұл алқаптың тұрғындары тек отырықшы - өздерінің алғашқы өмір салтын сақтап келетін қалмақтар, Оймын сыртқы басқармасын құратын - орыс ескі наным-сенушілер мұнда өте аз, Алтайдың басқа бөліктерінен келген шаруалар және отырықшы өмір салтына көшкен алтайлық-бұратаналар (қалмақтар). Бұл ауданның халқы өзінің гүлденуі, өміршеңдігі және дені сау келбетімен ерекшеленеді» . ### Геологиясы 10-12 мың жыл бұрын Оймон даласы алып жатқан қазаншұңқұрдың түбі (жаңартылған мәліметтер бойынша - 101 ± 9 мың жыл) Абай, Оймын және Қатантау тау аралық қазаншұңқұрлардың шегінде орналасқан ірі кейінгі плейстоцендік мұзды бөгеген көл (Оймын палекөл). Бүгінде аңғарды қоршап тұрған таулардың бөктерінде соқпатолқын сызықтардың үзінді іздерін байқауға болады. Олар теңіз деңгейінен 1270 - 1280 метр биіктікке жетеді. Көлдің ауданы 2250 - 2300 шаршы км, су көлемі - 450 текше км, максималды тереңдігі - 435 метрді құрады>. Аңғар негізінен қалыңдығы 23 метрге дейінгі құмайт, ірі құмы бар саздақ және қиыршық тасы бар құмайт толтырғыш ұсынған көнелігі орта-кейінгі неоплейстоценді көл түзілімінен, сондай-ақ Қатын өзенінің аллювиалды шөгінділерінен және оның салалары - Қастақтау, Қорымтау, Үлкен Теректі, Шеңдек және басқалары тұратын аллювиалды-пролювилік сүйреткіштерден тұрады. Оймын даласының табиғаты байырғы тұрғындардың арасында да таңданыс тудырады: даланы қоршап тұрған таулар жыл мен тәулік уақытына байланысты оны адам танымастай өзгертеді. Аңғардың сұлулығы мүлде өзгеше болуы мүмкін, өйткені күн сәулесінің көлбеу бұрышы үлкен маңызға ие. Оймын даласы ірі өнеркәсіптік және қалалық орталықтардан жеткілікті қашықтықта орналасқандықтан табиғаттың ерекше әсемдігі сақталған. Аңғар 1998 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы мәртебесін алған Қатын биосфералық қорығының бөлігі болып табылады. ### Флора Қатын өзенінің аласа террасалары көбінесе түрлі шөпті-дәнді өсімдіктер жамылғымен, ал биіктері - құрғақ таулы даламен жабылған. Қатынның сол жақ тармақтары шөгінділерінде тырбық қайыңдар, талдар мен түрлі бұталылар өседі. ### Көлік жүйесі Бийск қаласындағы ең жақын теміржол станциясы 510 км қашықтықта, аңғарда автомобиль көлігі жүреді. ## Көрікті жерлер * Н.К. және Е.И. Рерихов атындағы Мемлекеттік музей-қорық, А. В. Анохина атындағы Алтай Республикасы Ұлттық музейдің филиалы. * Жоғарғы Оймын ауылындағы ескі наным-сенушілер мұражайы. * Ескі наным-сенушілер Ілияс шіркеуі Новосибирск және Бүкіл Сібір епархиясының Белокриницкая иерархиясының Пайғамбары. ## Туризм Оймын аңғарында ескі наным-сенушілер ауылдары арқылы бағыт жасалған, онда XVIII ғасырдың соңынан бастап көптеген елді мекендерде тұратын орыс ескі наным-сенушілерінің әлі күнге дейін шіркеулері жұмыс істейді. Көптеген кенттер мен ауылдарда жабдықталған туристік кешендер, қонақ үйлер, кемпингтер мен туристік орталықтар бар. ## Галереяcы ## Тағы қараңыз * Абай даласы * Қатантау даласы * Оймын қазаншұңқыры ## Дереккөздер
Эльдор Шомуродов (өзб. Eldor Shomurodov; 29 маусым, 1995) — өзбек футболшысы, шабуылшы. "Рома" футбол клубы мен Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Машал" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы "Машал" клубында бастады. 2015 жылы "Бунедкорға" ауысты да, екі маусым ойнады. 2017 жылы Ресейдің "Ростов" клубына өтті. 2020 жылы жазда "Дженоаға" ауысты. Эльдор Ильяс Зейтуллаевтан кейінгі Италияда ойнаған екінші футболшы. 2021 жылы жазда "Ромаға" ауысты. ### Ұлттық құрама 2019 жылғы Футболдан Азия кубогына қатысып, алғашқы турда Оман құрамасының қақпасына командасының екінші голын соқты. Бұл ойында өзбектер 2:1 есебімен жеңіске жетті. ## Қатысқан турнирлері * Азия кубогы - 2019 * УЕФА Конференциялары лигасы 2021/22 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Ильяс Бекирович Зейтуллаев (өзб. Ilyos Bekirovich Zeytullayev; 13 шілде 1982, Ангрен, Ташкент облысы, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. ## Карьерасы ### Клубтық * Ташкент футболының түлегі. 2001 жылы "Ювентус" сапына қабылданды. 2001/02 жылғы маусымда Италия кубогында екі ойында алаңға шықты да, қалған уақытта тек жастар командасында ойнады. * 2005 жылы "Реджинаға" түпкілікті ауысты. 2005/06 жылғы маусымда А сериясында екі кездесуде ойнады. Келесі жылдарда Италия В сериясының бірнеше клубына жалға берілді. * 2007-13 жылдары Италияның төменгі лигаларындағы "Эллас Верона", "Пескара" клубтарында ойнады. * 2014 жылы қаңтарда "Ториноға" ауысты. Бірақ негізгі құрамға іліне алмай, Хорватияның "Горица" клубына жалға берілді. Сол жылы карьерасын аяқтады. ### Ұлттық құрама Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 10 кездесуде алаңға шықты. 2004 жылғы Азия чемпионатына қатысты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Ильяс Бекирович Зейтуллаев (өзб. Ilyos Bekirovich Zeytullayev; 13 шілде 1982, Ангрен, Ташкент облысы, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. ## Карьерасы ### Клубтық * Ташкент футболының түлегі. 2001 жылы "Ювентус" сапына қабылданды. 2001/02 жылғы маусымда Италия кубогында екі ойында алаңға шықты да, қалған уақытта тек жастар командасында ойнады. * 2005 жылы "Реджинаға" түпкілікті ауысты. 2005/06 жылғы маусымда А сериясында екі кездесуде ойнады. Келесі жылдарда Италия В сериясының бірнеше клубына жалға берілді. * 2007-13 жылдары Италияның төменгі лигаларындағы "Эллас Верона", "Пескара" клубтарында ойнады. * 2014 жылы қаңтарда "Ториноға" ауысты. Бірақ негізгі құрамға іліне алмай, Хорватияның "Горица" клубына жалға берілді. Сол жылы карьерасын аяқтады. ### Ұлттық құрама Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 10 кездесуде алаңға шықты. 2004 жылғы Азия чемпионатына қатысты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қоржынтау - Кенді Алтайдың Қазақстан мен Ресей (Алтай Республикасы) жеріндегі жотасы. ## Жер бедері Ұзындығы 100 км-дей. Ең биік жері 2598 м. ## Геологиялық құрылымы Метаморфтанған шөгінді жыныстардан тұрады, тақтатас пен құмтастың қалың қабатында граниттік интрузия сақталған. ## Өсімдігі 2100 м биіктіктегі беткейлерді самырсын аралас майқарағай мен шыршалы қалың таулы тайга көмкеріп тұрады. Орманды белдеуден жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар мен мүкті-қыналы тау тундрасы таралған; қара Кенді Алтай, Алтай. ## Дереккөздер
Қатантау даласы — Алтай Республикасы Көксу ауданының солтүстігінде Теректі жотасы мен оңтүстігінде Қатын өзені аралығында орналасқан Орталық Алтайдағы шағын дала аймағы (5-тен 6 километрге дейін). Теңіз деңгейіндегі биіктігі шамамен 900 м. Осында Қатантау елді мекені орналасқан. ## Тағы қараңыз * Оймын даласы * Абай даласы
Солтүстік Шу жотасы — Алтай тауларындағы тау жотасы. Шу өзенінің (жотаның солтүстігінде) және Қаракем мен Шағанөзен өзендерінің (оңтүстігінде) суайрығы. Жотаның ұзындығы шамамен 120 шақырымды құрайды. Жотаның ең биік биіктігіне жотаның негізгі мұздануы шоғырланған Біш-Иірду тау торабы деп аталатын орталық бөлігінде жетеді. Бұл жердегі жотаның орташа биіктігі шамамен 3600 м, ал бірқатар шыңдары 4000 м-ден асады (Маашейбас - 4173 м, Ақтура - 4044,4 м). Орталық бөлігінде шамамен 175 км² болатын 200-ге жуық мұздықтар бар, ең ірісі - Маашей мұздығы. Жота сазды тақтатастардан, құмдақтардан, әктастардан және метаморфтық жыныстардан тұрады. Терең бөлінген рельеф басым. Сағызқарағай-балқарағай тайгасы 2200-2400 м биіктікке дейінгі беткейлерде, одан жоғары - алпілік шалғындар мен тундра орналасқан. Жақын елді мекендер - Иодро, Ақ бом, Шібіт, Ақтас, Қурай, Шағанөзен, Белтір (ескі), Инеген. ## Климаты Солтүстік Шу жотасы аймағының климаты күрт континенталды. Оған күндізгі және түнгі температура, қыстың суық және жаздың қысқа жылы арасындағы үлкен айырмашылық тән. Жазғы күні биік таулы көлдердегі температура - Шаула, Маашей, Камрү және басқалар + 25°C градустан жоғары көтерілмейді, ал түнде 0°C дейін төмендеуі мүмкін. ## Галереясы * * * * * ## Тағы қараңыз * Оңтүстік Шу жотасы
Көкөрік батпағы — Алтайдағы ең ірі батпақ. Ресейдің Алтай Республикасындағы Теректі тау жотасында орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі шамамен 1500 метр. Ойпатты батпақтар типіне жатады. Оңтүстігі ажырайтын таулардың сақинасымен қоршалған. Батпақтан Аганошка, Сулыаян, Қарлығаш сияқты көптеген салалары бар Көкөрік өзені ағып өтеді. Олардың барлығы батпақтан басталады. Батпақтың жағасында бірнеше шашыраңқы аңшылыққа арналған үйлер бар. Шығыс жақ шетінде оңтүстікте Оймын даласы шатқалына, ал солтүстікте Ело ауылына қарай апаратын қара жол жатыр. Шығысында биіктігі 2377 метрлі Яна тауы асқақтап тұр. Солтүстігінде биіктігі 2076,1 метр болатын Чугунка тауы және 1993 метрлі Моңлақ тауы орналасқан. Батыста, тау тізбегінің артында, Үстік өзенінің аңғарында тағы бір ірі батпақ бар. ## Батпақтың қалыптасуы Ол Теректа жотасының тосқауыл әсерінен, жауын-шашынның түсуі мен тұндырылуына және температураның инверсиясына байланысты қалыптасты: қазаншұңқырда суық ауа жиналады, соның салдарынан ылғал көп буланбайды, ал шымтезек судың өтуіне мүмкіндік бермей қатып қалады . ## Өсімдік әлемі Батпақты Алтай республикасының Қызыл кітабына енген және Алтай-Саян провинциясының эндемигі Алтай таутобылғысы (Sibiraea altaiensis (Laxm.) Schneid) басым. ## Дереккөздер
Металлург Ақсу — 1968-1991 жылдары Павлодар облысы Ақсу қаласының намысын қорғаған футбол клубы. ## Тарихы 1968-70 және 1990-91 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасындағы сегізінші аймақта ойнады. ## Статистикасы ## Атақты ойыншылары * Виктор Васильевич Антонов * Талғат Маруанұлы Байсуфинов * Виктор Егорович Зубарев * Сергей Николаевич Савин ## Сілтемелер * https://footballfacts.ru/club/4269-metallurgermak
«Торпедо» — Өскемен (Қазақстан) хоккей командасы. Клуб 1955 жылы құрылды, 2000 жылдың 19 қаңтарынан 2015 жылдың 5 мамырына дейін «Қазмырыш-Торпедо» деп аталды. 2020 жылдан бастап ол Pro Hokei Ligasy өнер көрсетіп келеді. Pro Hokei Ligasy өнер көрсететін үлестес клубы бар – «Алтай-Торпедо». ## Тарихы «Торпедо» хоккей командасының құрылуы 1955 жылы Электросталдан Өскеменге келген Николай Коняхиннің есімімен байланысты. Ол шайбалы хоккейден бірінші спорттық категорияға ие болды және Мәскеу облысының жасөспірімдер құрамасында тәжірибесі бар еді. Коняхин әкесі мен баласы Үлбі металлургия зауытында хоккей командасын құрудағы бастамашы болды (1990 жылдардың басына дейін команда оның қамқорлығында болды). 1957 жылдың басында команда Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. 1964/65 маусымынан бастап «Торпедо» КСРО чемпионатында дебют жасады («А» сыныбы, екінші топ, бірінші топша). Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Юрий Баулин Өскеменге ойын жаттықтырушысы ретінде келді. Оның басшылығымен команда бірінші лиганың (кеңес хоккейінің екінші эшелоны) көшбасшыларының қатарына шықты. Ал 1966/67 жылғы маусымда «Торпедо» ойыншылары жоғарғы лигадан бір адым қалып, тек свердловсктік «Автомобилисттен» ұтылды. Сонымен бірге, КСРО-да ең мықты мектептердің біріне айналған балалар мен жасөспірімдер хоккей мектебі ұйымдастырылды. 1968 жылы 31 желтоқсанда екі мұз алаңы бар Спорт сарайы (кейінірек Борис Александров атындағы) ашылды. 1977 жылы «Торпедо» екінші лигаға түсіп қалды, бірақ үш жылдан кейін жаттықтырушы Валентин Григорьевтің басшылығымен олар қайтадан бірінші лигаға шықты. Сол жылдары команда тек өз тәрбиеленушілерімен толыға бастады, бұл дәстүр 2000 жылдарға дейін жалғасты. 1980 жылдардың басында команданы жергілікті жас жаттықтырушы Виктор Семыкин басқарды. Олимпиада чемпионы Борис Александров туған қаласында ойнауға оралды. Одан басқа қақпашы В. Набоков, қорғаушылар С.Горев, А.Энгель, А.Грищенко, С.Кислицын, В.Локотко, В.Тунников, В.Федорченко, шабуылшылар И. Кузнецов, А.Соловьев, С.Могильников, В.Стрельчук, И.Дорохин, В.Чечел, С.Девятков, В.Ефремов, С.Старыгин. «Торпедо» тағы да жоғарғы лига үшін күресті бастады. 1986 жылы Семыкин жаттықтырушыны Владимир Гольц алмастырды (бұрын жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс жасаған жас маман). Соңында, 1987 жылы «Торпедо» келесі классқа өте алды. Бір қызығы, жоғарғы лига бірінші кезеңінен кейін өскемендік шабуылшы Борис Александров бомбардирлер тізімінің көш басында тұрды. «Торпедо» командасы екінші кезеңге өте алмады және өтпелі турнирге қатысып, содан кейін олар бірінші лигаға түсіп қалды. Алайда, бірінші әрекеттен бастап, торпедалықтар жоғарғы эшелонға оралды және бұл жолы олар ұзақ уақыт бойы осында қалды. Команда құрамында ұрпақ алмасу орын алды: ардагерлерді 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына өткен Қазақстан құрамасының тірегін құрайтын «Устинканың»жас тәрбиеленушілері алмастырды - қақпашылар Евгений Набоков пен Виталий Еремеев, қорғаушылар Игорь Никитин мен Алексей Трощинский, Андрей Соколов, Игорь Земляной, Владимир Антипин мен Андрей Савенков, шабуылшылар Константин Шафранов - Евгений Корешков - Александр Корешков, Михаил Бородулин, Андрей Пчеляков, Ерлан Сағымбаев, Дмитрий Дударев, Владимир Завьялов, Павел Каменцев, Олег Кряжев. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық құрама халықаралық жарыстарға қатысу құқығын алды. Ұлттық құраманың базалық клубы «Торпедо» болды. Осы күнге дейін Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы дәстүрлі түрде Өскемен хоккейінің тәрбиеленушілерімен толықтырылды. Бұл уақытта Өскемендегі хоккейде қиын кезеңдер басталды. ҮМЗ бұдан былай хоккей командасына лайықты қаржы бөле алмады. 1994-1995 жж. барлық жетекші хоккейшілер Ресей клубтарына кетті (негізінен магнитогорсктік «Металлург», «Авангард» және мәскеулік «Динамо»). БЖСМ-нің көптеген жаттықтырушылары көбінесе тәрбиеленушілерінің командаларымен бірге қолайлы клубтарға кетіп жатты. Сонымен, «Торпедо» жастар құрамасы: 1976 ж.т. - Новокузнецк, 1981 және 1983 ж. т. - Омбыға, 1984 ж.т. - Жаңасібір, 1986 ж.т. - Магнитогорскке кетті. Хоккей клубы жеке меншік қолына өтіп, «Алтай-Торпедо» атанды. Жаттықтырушы Владимир Гольц жұмыстан шығарылып, командада жастар ғана қалды. Сондықтан басшылық командаға бірнеше тәжірибелі егде жастағы хоккейшілерді, соның ішінде хоккей ойынын жаттықтырушы ретінде бітірген Борис Александровты шақырды. Александровтың басшылығымен клуб 1994 жылы Руди Хити кубогын жеңіп алды. 1995 жылы Александров «Торпедо» мен Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды. 1996 жылы ҰХЛ таратылды. Ресейлік хоккей билігі «Торпедоға» тек Жоғарғы лигада ойнауға рұқсат берді (дәрежесі бойынша екінші), ал 1999 жылдан бастап - тек бірінші лигада. Ұлттық құраманың Олимпиада ойындарындағы жетістіктерінен кейін «Қазмырыш» «Торпедоның» титулдық демеушісі атанды. Клубқа Ресей Жоғарғы лигасында ойнауға тағы да рұқсат берілді. 2000 жылы 19 қаңтарда оның атауы «Қазмырыш-Торпедо» болып өзгертілді. 2010 жылы «Қазмырыш-Торпедо» клубы жаңа лига - ЖХЛ негізін қалаушылардың бірі болды. 2015 жылы 5 мамырда ол қайтадан атауын «Торпедо» деп өзгертті. ## Өнер көрсету нәтижелері ### КСРО чемпионаты ### КСРО кубогы ### Ұлтаралық хоккей лигасы ### Ресей чемпионаты ### Қазақстан чемпионаты ### Қазақстан кубогы ## Жетістіктері Қазақстан чемпионаты * ҚРАЧ чемпионы (13 рекорд): 1992/1993, 1993/1994, 1994/1995, 1995/1996, 1996/1997, 1997/1998, 1999/2000, 2000/2001, 2001/2002, 2002/2003, 2003/2004, 2004/2005, 2006/2007 * ҚРАЧ финалисті (2): 2005/2006, 2008/2009 * ҚРАЧ қола (1): 2007/2008Қазақстан кубогы * Иегері (4 рекорд): 2002, 2003, 2004, 2007 * финалисті (2): 2005, 2006 * Қола (1): 2010Сурет:ВХЛ лого.JPG Ресей чемпионаты (ЖХЛ) * ЖХЛ финалисті (1): 2016/2017 * * ЖХЛ регуляркасы (1): 2016/2017 * финалисті Ашылу кубогы (1): 2017/2018 Құрлық кубогы * Қола Құрлық кубогы (1): 2007/2008 (тек шайбалар арасындағы айырмашылық бойынша) ## Ағымдағы құрама ## Клуб басқармасы * Президент — Николай Абрамович Проскурин * Команда бастығы — Иван Сергеевич Тратонин * Бас бапкер — Олег Владимирович Болякин * Жаттықтырушы — Владислав Александрович Бульин * Жаттықтырушы — Евгений Александрович Фадеев * Жаттықтырушы — Евгений Викторович Черепанов
Оңтүстік Шу жотасы — Орталық Алтайдағы тау жотасы, Шу алпісі тау жүйесінің бөлігі. Ол Солтүстік Шу жотасының оңтүстігінде Қаракем және Шағанөзен өзендерінің солтүстігінде және оңтүстігінде Жасатер аралығында орналасқан. Жотаның оңтүстігінде Үкек үстірті орналасқан. ## Физикалық-географиялық сипаттамалары ### Географиялық орны Оңтүстік Шу жотасы Солтүстік Шудан төмен, мұндағы орташа биіктік 3000–3500 м, ең биік жері Ілбістау тауы (3967 м). Оңтүстік Шу жотасының баурайында, Солтүстік Шудан қарағанда, іс жүзінде орман жоқ - тек шалғындар мен ергежейлі қайыңдардың тоғайлары. Осының арқасында көптеген шыңдардан 30-50 шақырымға әдемі көрініс ашылады, қатал Шу даласы, Қатын мен Солтүстік Шу жоталарының көркем панорамалары. ### Климаты Оңтүстік Шу жотасы Моңғолияның қуаң жартылай шөлдеріне жақын орналасқан, бұл осы аймақтағы климаттық ерекшеліктерге әсер етеді. Оның беткейлерінде Солтүстік Шу немесе Қатын жоталарына қарағанда жауын-шашын мөлшері әлдеқайда аз, алайда Оңтүстік Шу жотасының баурайынан өте үлкен мұздықтар да төмен қарай ағады. ### Мұздықтар Оңтүстік Шу жотасы - көлемі жағынан Алтайдағы екінші үлкен мұздық. Онда орналасқан 243 мұздықтың жалпы ауданы 222,8 км2 құрайды. Орталық орынды ұзындығы 8 км-ден асатын, ал ауданы 34,9 км² болатын Үлкен Талдыр мұздығы және ұзындығы 10 км, ауданы 24 км² құрайтын Софий мұздығы алады. ### Өзендер Шудың ірі салалары - Шаған, Талдыр, Тарықата, Ілбістау өзендері жотадан бастау алады. Басқа жағынан жотадан Жасатер өзенінің көптеген салалары бастау алады. ### Көлдер Оңтүстік Шу жотасында көптеген көлдер бар, және олар сұлулығы жағынан Солтүстік Шу мен Қатын жоталарының көлдерінен кем түспейді. Ақкөл өзенінің аңғарындағы ең әдемі көлдер - Ақкөл және Қаракөл. Атына сәйкес, шынында да, ондағы су ашық, сүтті түсті. Ал Қаракөл болса, керісінше, көлдегі су қою сияқты. Бұл қарама-қарсы көлдердің бір-бірінен екі шақырым қашықтықта орналасқандығы назар аудартады. Ақкөл көлінің жағасында туристер көбінесе базалық лагерь құрады, сол жерден олар София мұздығына серуендейді немесе қоршаған шыңдарға алпинистік көтерілістер жасайды. ## Туризм Бұл аймаққа туристер Солтүстік Шу не Қатын жоталарына қарағанда кешірек бара бастады. Бұл ауданның көліктік шалғайлығына байланысты және Кеңес Одағы кезінде бұл жерлер шекаралас аймақ деп саналды және мұнда өту қатаң түрде рұқсат қағаздары арқылы жүзеге асырылды. ## Галереясы * * * ## Тағы қараңыз * Солтүстік Шу жотасы * Белтіртау жотасы
Валерий Юрьевич Бондарь (укр. Валерій Юрійович Бондар; 27 ақпан 1999 жыл, Харьков, Украина) — украиналық футболшы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" клубының қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Шахтер" клубының түлегі. 2007 жылы клуб академиясына тіркелді. 2016 жылы кәсіпқой карьерасын бастады. Бірақ негізгі құрамдағы ресми матчын үш жылға жуық күтуге тура келді. 2019 жылы 4 мамырда "Львов" клубына қарсы ойында тұңғыш матчын өткізді. Алғашқы голын 2019 жылы 27 қыркүйекте "Ворскла" қақпасына соқты. ### Халықаралық Украинаның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Осы жетістігінен соң Украинаның үшінші дәрежелі орденімен марапаталды. 2020 жылы 11 қарашада Польшаға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. ## Жетістіктері «Шахтёр» * Украина чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 * Украмна кубогы: 2018/19 Украина * Жастар арасындағы әлем чемпионы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Теректі жотасы — Алтайдың орталық бөлігіндегі тау жотасы. Ұзындығы 150 км, биіктігі 2927 м-ге дейін. Толығымен Ресей Федерациясының аумағында орналасқан. Алтай Республикасының Оңдай және Көксу аудандарының шекарасы осы жотамен өтеді. ## Физикалық-географиялық сипаттамалары ### Географиялық жағдайы Жота Алтай тауларының орталықтан шалғай жерде орналасқан. Солтүстік Шу жотасымен бірге ол түкпірдің солтүстік таулы аймағына жатады. Негізінен ендікке, шығысында оңтүстікке қарай ауытқумен бағытталған. Оңтүстік етегі Оймын, Қатантау және Абай далаларына жатады. Солтүстік тау бөктері Ұрысол мен Кеңгір далаларына жатады. ### Орография Теректі жотасы - Қатын-Шу оң морфоқұрылымына жататын дөңес-тасжақпарлы көтеріліс. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы шамамен 150 км құрайды. Ең үлкен жоталардағы орташа абсолютті биіктіктер 2000 м-ден аспайды. Теректі жотасы бедерінің өсімдік жамылғысы табиғатына және оның кеңістіктегі ұйымдастырылуына үлкен әсер ететін ерекшеліктері туралы: * анық көрсетілген ежелгі тегістеу беттерінің болуы; * 2000-2200 м (жоғарғы шегі - 2400-2600 м) аудандарында төменгі сатысы бар кең аумақтар түрінде сақталған жазық суайрықтар; * беткейлердің айқын асимметриясы (оңтүстігінде тік, солтүстігінде еңіс) . Теректі жотасы - Орталық Алтайдың солтүстік тізбегінің батыстағы жалғасы; ол Қатын өзені бойымен 150 км-ге созылып, солтүстік-батыс сілемдері таралған Қан даласына дейін созылады. 1400 м-ден солтүстік-батыста жота оңтүстік-шығыс ұшында 2500 м-ге дейін көтеріледі. Ең жоғары нүкте - Қасқақтау-Басы тауы (2927 м) . Жотаның сызығы тегістелген, көптеген шыңдар тегіс не дөңгеленген, күмбезді. Үстірттің едәуір бөлігі батпақты, олардың ішіндегі ең ірісі - Көкөрік. ### Геологиясы Теректі жотасы көбіне палеозойдың шөгінді атқылары мен метаморфтық жыныстарынан тұрады, оларда негізінен кристалды тақтатастар мен эффузивтер бар . ### Гидрография Жота одан жан-жаққа ағып жатқан көптеген бұлақтар мен өзендерді қоректендіреді. Барлық өзендер Об бассейніне жатады. Қатын салалары оңтүстікке және шығысқа қарай ағып жатыр: Қастақтау, Үлкен Теректі, Шеңдек, Жоғарғы Қатантау, Төменгі Қатантау, Түңгүр, Төрғұнту, Қазынатау, Жоғарғы Инеген, Төменгі Инеген, Кіші Яламан, Үлкен Яламан, Үлкен Елгумен. Жотаның батыс бөлігінде су ағындары да Қатын өзенінің салалары болып табылады. Ірілері - Суғаш, Қара Суғаш, Аюлы, Үстік, сондай-ақ Қаракем және Марғала салалары бар Көкөрік жүйесі. Солтүстікте Қатын Ұрысол саласы және оның көптеген тармақтары бар: Кіші Елгумен, Үліт, Шибелік, Қаракөл, Қайырлық, Ұғар, Тұйықтау және т.б. Солтүстік-батыста су ағындарының бір бөлігі Шарас жүйесіне жатады. Өзендер негізінен жауын-шашынмен қоректенеді, олардың көп бөлігі қар түрінде түседі. Тасқынның шыңы мамыр айының соңында болады. Қыста көптеген бұлақтар мен өзендер түбіне дейін қатып, айтарлықтай мұз түзеді. Көптеген батпақтар бар, олардың ішіндегі ең ірісі - Көкөрік . ### Климаты Климаты күрт континенталды және құрғақ. Ең үлкен континенттілік тау аралық қазаншұңқырлар мен далаларда байқалады. Жаздың ең жоғары температурасы + 30°C дейін көтерілуі, ал ең төменгі қысқы температура -50°C дейін төмендеуі мүмкін . ### Өсімдік әлемі Теректі жотасында ормандар көбінесе сағызқарағай мен қайың-сағызқарағайдан тұрады. Күңгіртқылқан жапырақты ормандар Қатын және Шу тармақтарының аңғарларында өседі. Шыршалы ормандар тар, жарықсыз аңғарларда кең таралған. Тау аралық қазаншұңқырларда дала және шалғынды дала ландшафттары басым. Жотаның солтүстік беткейлерінде балқарағай, сағызқарағай және самырсын, оңтүстігінде - сағызқарағай кездеседі; 2000 м-ден жоғары, ергежейлі қайың, талдың қалың бұталары бар; жотаның жанында - алпілік шалғындар мен тау тундрасы орналасқан. Биік таулы үстірттер мен орманды шабындықтарда негізінен сан түрлі шөптер, эндемиктердің едәуір саны және сирек қорғалатын түрлері кездеседі. ### Жануар әлемі Алдын ала мәліметтер бойынша, Теректі жотасында сүтқоректілердің 51 түрі, құстардың 117 түрі, балықтардың 9 түрі тіршілік етеді. Сирек кездесетін құстар түрлері - қарақұтан, алтай ұлары. Тау көлдерінде қарауыз, бақтақ және мөңке балықтар мекендейді. «Үш-Еңбек» табиғи паркінің қорғалатын аумағында және оған жақын аумақта (Арғыт өзені аңғары) Қызыл кітапқа енген ілбіс (қар барысы) тіршілік ететін орталардың бірі бар. Кеміргіштердің көптеген түрлері таулы далалардың ашық жерлерінде тіршілік етеді: сұр тышқандар, шақылдақ, суырлар, сарышұнақтар. Ақ қоян, түлкі, қасқыр кең таралған. Өзендердің жағасында кәдімгі жертесер, ондатр қоныстанған. ## Туризм Теректі жотасына келетіндер саны аз, бірақ болашағы зор туристік аймақ болып саналады. Оның аумағында орналасқан: * «Үш-Еңбек» Қаракөл табиғи паркі - бұл облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. * «Арғыт» табиғи-экономикалық паркі - 2011 жылы «Үш-Еңбек» саябағына қосылды. Арғыт саябағының ауданы 20,572 га құрайды. Біріккен саябақтың ауданы 81 123 га құрады . «Үш-Еңбек» табиғи саябағының аумағында Үш-Еңбек тауы, Аржан-Су бұлағы, Арыгем көлі сияқты туристік орындар - Алтайдың тұрғылықты халқы үшін қасиетті болып саналатын материалдық емес мұраның табиғи нысандар бар, сондай-ақ федералдық маңызы бар ескерткіштер: * Қорғандар, балбал тастар, стелалар, скиф, ғұн-сармат, ежелгі түркі және ортағасырлық кезеңдердің петроглифтері «Башадар» қорған даласы, Тұйықтау қорғандары, Төменгі Сору шатқалында орналасқан. * Бишіктау-Боом федералдық маңызы бар археологиялық ескерткіш: жартастағы суреттер мен руникалық жазулардан тұрады . ## Дереккөздер
Көксу ауданы немесе аймақ (алт. -Кöк-Суу аймак-) — Ресей Федерациясы Алтай Республикасының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Аймақ атауы алтай тілінен аударылған. Әкімшілік орталығы - Көксу ауылы. ## Географиясы Ол Алтай республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және таулы-дала зонасының бөлігі болып табылады. Облыс аумағының ауданы: 12 958 км². Ауданда 439 көл бар. Ең ірілері: Талмен, Мүлті, Қажырлы ұзындығы едәуір (2-5 км) және тереңдігі 30-50 м-ге дейін, Қатын жотасында жалпы ауданы 245 км² болатын 391 мұздық бар. ## Тарихы 1924 жылы 16 қыркүйекте ауданның қазіргі аумағында орталығы Қатантау кентінде орналасқан Оймын аймағы құрылды. 1933 жылы 10 сәуірде Ойрат автономды облысының Оймон аймағы Көксу болып өзгертілді, облыс орталығы Көксу ауылына көшірілді. 1963 жылы облыс таратылып, оның аумағы Қан аймағына берілді, 1964 жылы осы Көксу ауданына қайта құрылды. ## Тұрғындары
Оңдай ауданы немесе аймақ (алт. -Оҥдой аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Оңдай ауылы. ## Физикалық-географиялық сипаттамалары Ауданы 11 744 км2 болатын Оңдай ауданы Алтай Республикасының орталық бөлігінде, оның таулы-дала аймағында орналасқан. Аудан аумағында 140 көл бар, ең ірілерінің бірі: Кеңгір. ## Тұрғындары
Туражақ ауданы немесе аймақ (алт. -Турачак аймак-) Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Туражақ ауылы. ## Географиясы Ауданы 11,06 мың шаршы км Туражақ ауданы Алтай республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан Алтай Республикасының Шоя және Ұлаған аудандары, Кемерово облысы, Хакасия Республикасы, Алтай өлкесінің Красногорск және Солтан аудандарымен шектеседі. Таулы Алтай қаласына дейінгі қашықтық 145 км. Аймақтың ландшафты алуан түрлі: аумақтың шамамен 80% биіктігі 500-ден 2100 метрге дейінгі, қылқан жапырақты ормандар өскен, ит тұмсығы өткісіз күңгіртқылқанды тайгаға айналған тау жоталары алып жатыр. Аудан мөлдір сарқырамалар мен ағынды өзендерге, тайга көлдері және алпілік шалғындарға толы. Облыс арқылы Алтынкөл мен Бису өзенін қоректендіретін жетпістен астам өзендер ағып өтеді, оларда таймен, ускуч, телес ақсақасы, сібір қарауызы, шортан, нәлім және алабұға кездеседі. Жағаларында қарағай жаңғағына, аң терілеріне, жидектер мен саңырауқұлақтарға бай қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ормандар бар. Ормандарда 300-ден астам құс түрі тіршілік етеді, 50-ге жуық түрі Алтай Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. ### Көлік жүйесі Көлік ағындары негізгі магистралдар бойымен өтеді: Таулы Алтай - Шоя - Артыбас, Бийск - Курево көлі - Туражақ - Артыбас, Туражақ - Тастакөл (Кемерово облысы) және аймақтық автомобиль жолдарының желісі. Жақын теміржол станциялары Бийскіде (188 км), ал Тастакөл қаласы, Кемерово облысы (95 км). ## Тарихы
Қосағаш ауданы немесе аймақ (алт. -Кош-Агаш аймак-) Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Қосағаш ауылы. ## Географиясы Республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Алтай республикасының Оңдай, Ұлаған, Көксу аудандары, Ресейдің Тыва Республикасымен, сондай-ақ Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Қазақстанмен шектеседі. Аймақ Қиыр Солтүстік аудандарына теңестірілген. ## Тарихы 1922 жылы Ойрат автономды облысы құрылды, оның құрамына бастапқыда 24 болыс кірді, олардың саны көп ұзамай азайды және олардың өзі аймақтар болып өзгертілді, соның ішіне Қосағашта кірді. 1962-1963 жылдары аймақтар аудан болып өзгертіліп, олардың саны алтыға дейін қысқарды. ## Тұрғындары ## Муниципалды-аумақтық құрылым Қосағаш ауданында 12 ауылдық ауылдық қоныстан тұратын 16 елді мекен бар: ## Экономикасы Экономикасының негізгі түрлері: етті мал өсіру, ешкі өсіру, қой өсіру, жылқы өсіру, бұғы мүйіз өсіру, вольфрам-молибден кенін өндіру. 2014 жылдың 4 қыркүйегінде Қосағаш ауылының маңында Ресейде алғашқы қуаттылығы 5 МВт болатын күн электр станциясы ашылды. Оны іске қосу туралы бұйрықты Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин телекөпір арқылы берді. Жаңа электр станциясы Алтай Республикасындағы алғашқы электр қуатын өндіретін қондырғы болды. Бұл 1000-нан астам үй қожалығын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді. Оның ауданы 13 Га құрайды. ## Шекаралық аймақ РФ ФҚҚ-нің 2006 жылғы 16 маусымдағы «Алтай Республикасы аумағындағы шекара аймағының шекаралары туралы» №282 бұйрығына сәйкес, Қосағаш ауданының бір бөлігінде шекара аймағы белгіленді. Оның құрамына Жазатор, Мұқыр-Тархаты, Төбелер, Қазақ, Тожонты, Көкөр ауылдық қоныстарының бүкіл аумағы кіреді. Осылайша, бұл жерлерге бару үшін рұқсат немесе Алтай Республикасында тіркеу не болмаса шекаралас аймақта орналасқан демалыс базасына я болмаса кез-келген ұйымнан шекара аймағында орналасқан аумаққа іссапарға жолдама болу керек. Аймақтың қалған ауылдық қоныстарына еркін баруға болады. ## БАҚ Аудандық «Шудың нұры» газеті шығарылады. ## Көрікті жерлері ### Табиғи * Шу өзенінің ең ірі саласы Шағанөзен аңғарында көптеген жылдар бойы бүкіл әлем геологтары зерттеген плейстоцендік мұздық және сулы-мұздық шөгінділердің екі геологиялық анықтамалық бөліміне ие. Құмайтпелит белдеуінің Шағанөзен қимасы радиокөміртекті әдіспен кейінгі плейстоценге жатқызылды. Шаған өзеннің сол жағалауында орналасқан жарты миллион жылға дейінгі жас аралықты қамтитын төрттік дәуір шөгінділерінің керемет Шаған қимасы, Белтір ауылынан жоғары 5 км жерде орналасқан. Екі бөлімге де жыл сайын халықаралық экспедициялар келеді. Бұл қималар, бүкіл Шағанөзен су алабы сияқты, үлкен геологиялық табиғи ескерткіштер қатарына жатқызылады. * Шу қазаншұңқырының орталық бөлігінде криогендік формалардың бірегей табиғи нысаналары: шамамен 4 мың жылдық күмпию төбешіктері табылды және зерттелді. Олар жергілікті атау алды: төбелер, сәйкесінше осы жердегі елді мекен Төбелер деп аталады. * Плейстоцендік мұздық дәуірінде ауқымды Шу тауаралық қазаншұңқыры бірнеше рет алып мұзды-бөгенді көлдермен толтырып, Қурай мұзды-бөгенді көлімен бірге еңіс бойымен төмен қарай бұзып, бастапқы топографиялық бетті Алтай тауында ғана емес, сонымен қатар, тау бөктерінде де өзгертті. Мұзды максимум кезінде, атап айтқанда, соңғы вюрмді (сартан) Шу және Қурай қазаншұңқырлары тау жақтауының мұздықтарын алып жатты және әртүрлі морфогенетикалық типтегі мұз алаптарын қамтыды. ### Тарихи және археологиялық * Жалаңтас өзенінің аңғарында атақты петрографиялық кешен орналасқан. * 1993 жылы аймақ ғылымға: осыдан шамамен 2500 жыл бұрын өмір сүрген Укек ханшайымының, жас пазырық әйелінің балзамдалған денесі Үкек үстіртіндегі «Ақ-Алаха-3» қорғанында сақталған ХХ ғасырдың әлемдік жаңалығын ұсынды. * Тархаты алыптас кешені - қола дәуірінің ескерткіші, Қосағаш ауылынан 25 шақырым жерде, Жазатор ауылына апаратын жолдың жанында 28 шақырымында орналасқан. * * * * ## Тағы қараңыз * Шу даласы * Пазырық мәдениеті * Үкек * ## Дереккөздер
Қайша Атаханова (18 шілде 1957 жыл, Қарағанды, Қаз КСР) — қазақ және кеңес биологі, радиациядан пайда болатын генетикалық бұзылыстардың маманы. Қазақстанға ядролық қалдықтарды кіргізбеу науқаны үшін қоршаған ортаны қорғау Голдман сыйлығының лауреаты. Қарағандыдағы экологиялық орталықтың қалаушысы және бұрынғы басшысы. ## Өмірбаяны Қайша Атаханова 1957 жылы 18 шілдеде Қарағандыда, Қазақ ССР-да дүниеге келген. Әкесі шахтер Ұлы Отан соғысына қатысқан.. Жылдар өткен сайын Қайша табиғатқа, жануарларға, қоршаған ортаға қызығушылық таныта бастады, бұл оның биологияны зерттеуге және қоршаған ортаны қорғауға атсалысуға итермелей бастады. Радиацияның залалын Қайша жастайынан білді,оның отбасынада ата-анасы да, әпкесі де қатерлі ісіктен қайтыс болған. Оның жалғыз ағасына да қатерлі ісік диагнозы қойылған еді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бітіргесін Атаханова Қайша биологиялық және экологиялық зерттеулер жүргізе бастады. Ядролық сәулелердің қосмекенділерге генетикалық әсерін құрбақаларға қарап, зерттеу жұмыстарын жасады. Радияцияның адамға, жануарлар мен қоршаған ортаға тигізетін залалын Семей полигонынды жүріп, жасаған зерттеулер арқылы дәлелдеген болатын. 1992 жылы Атаханова Қайша Қарағанды экологиялық орталығын ашып, радиацияның әсеріне ұшыраған адамдармен тікелей жұмыс істей бастады. Оның басты мақсаты адамдарға радиацияның денсаулыққа тигізетін үлкен әсерін хабарлау, жеткізу болды. Экологиялық орталықтың арқасында Атаханова Қазақстанда ядролық қалдықтарды коммерциялық әкелудің және кәдеге жаратудың алдын алу, болдырмау үшін науқанын басқарған болатын. Сонымен қатар Атаханова Қайша Әйелдер Жер Альянсының (ӘЖА) негізін қалаушыларының бірі болып есептеледі. Бұл ұйым әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоршаған ортаны қорғау үшін дағдыларды үйретуге көмектеседі. ## Марапаттары * Қоршаған ортаны қорғау Голдман сыйлығы (2005) ## Дереккөздер
Белтіртау жотасы — Оңтүстік Алтайдағы тау жотасы, Шу алпісі тау жүйесінің бөлігі, Оңтүстік Шу жотасының солтүстігінде Қараойық пен Ақкөл өзендерінің тоғысында орналасқан. ## Этимологиясы Алтай тілінің (алт. -Белтыр-) - өзендердің түйісетін орны, жолдардың қиылысы, қиылысу; және (алт. -Туу-) - тау сөздерінен шыққан. Белір-Ту - сағасы бар, өзендердің тоғысы бар тау. ## Сипаттамасы Оңтүстік Шу жотасының ендік бағытына қарағанда, Белтіртау жотасы меридионалды бағытта бағытталған. Жотасы кішкентай және толығымен дерлік Аққола мен Караойық торгалық аңғарларымен шектелген. . * * ## Тағы қараңыз * Солтүстік Шу жотасы * Оңтүстік Шу жотасы
Диогу Жозе Тейшейра да Силва (порт. Diogo José Teixeira da Silva), немесе қысқаша Диогу Жота (порт. Diogo Jota; 4 желтоқсан 1996, Масарелуш) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Ливерпуль" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Пасуш де Перрейра" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы клубта бастап, сол жылы 14 қарашада Португалия кубогында "Атлетико Регуеншеге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2015 жылы 20 ақпанда "Витория Гимарайншқа" қарсы ойында тұңғыш рет Португалия чемпионатында алаңға шықты. Тұңғыш голын сол жылы 17 мамырда "Академика Коимбра" қақпасына соқты. 2016 жылы "Атлетико Мадридке" ауысты. Бірақ испаниялық клубта қосалқы құрамда отырып қалды да, "Портуға" жалға берілді. "Порту" сапында Чемпиондар лигасындағы тұсауы кесілді, 7 желтоқсанда "Лестер Ситиге" қарсы ойында алаңға шығып, бір гол соқты. 2017 жылы Англия чемпионшипінде ойнайтын "Вулверхэмптонға" жалға берілді. 2018 жылы жазда "Вулверхэмптон" футболшыны 12 млн еуроға түпкілікті сатып алды. 2020 жылы жазда "Ливерпуль" Диогуды 41 млн еуроға сатып алды да, бес жылдық келісім шарт жасасты. ### Құрама Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне қатысатын футболшылар тізіміне енді, бірақ алаңға шықпады. Соған қарамастан турнир жеңімпазы атанды. 2019 жылы 14 қарашада Литваға қарсы ЕУРО-2020 іріктеуінде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. ## Жетістіктері ### Клубтық Вулверхэмптон * Англия чемпионшипінің жеңімпазы: 2017/18 ### Халықаралық Португалия * УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Алмас Жәсенұлы Садықов (20 қазан 1954, Гурьев) – заң ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор. Кеден қызметінің полковнигі. Ақын. ## Өмірбаян Алмас Жәсенұлы Садықов 20 қазан 1954 жылы Гурьев қаласында дүниеге келді. Руы Есентемір бөлімі Әжімбет Кіші жүз. Гурьев қаласындағы Ы.Алтынсарин қазақ орта мектебін (1962-1972), Гурьев педагогика институтын, физика-математика факультетін, физика орыс бөлімін (1976-1980), Мәскеу қаласындағы Н. М. Шверник атындағы ВЦСПС кәсіподақ қозғалысының жоғары мектебінің, экономика факультетін еңбек-экономисі мамандығы бойынша (1984-1989), Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің заңгер мамандығы бойынша (2008-2010) бітірген. 1973-1975. Совет Армиясының қатарында Минск қаласы, Бел.ССР. 1980-1987. Гурьев педагогика институты студенттер кәсіподағының төрағасы. 1987-1988. Теңіз мұнай-құрылыс компаниясы кәсіподағының төрағасы. 1989-1994. "Вторресурсы" мекемесінде техникалық директор, Автобус паркі жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, "АСПЭК" компаниясында бас маман. 1994-2005. Атырау кеден басқармасы Аға маман, бөлім бастығы. 2005-2008. Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығының бастығы. 2008-2010. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2010 жылы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде заң ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғады . Диссертация тақырыбы "Сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі". Осы монографияны заң ғылымдарының докторы Е.О.Алаухановтың жетекшілігімен және А.Садықовпен бірлесіп жазылған оқулық Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында, Ресей, Беларусь университеттерінің кітапханаларында, студенттер мен оқытушылардың оқу құралы ретінде қолданылуда. 2010-2011. Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығының бастығы. 2011-2013. "Байқоңыр" кеденінің бастығы. 2013-2017. Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығының бастығы 2014 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының академиялық профессоры атағы берілді. 2017-2018. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының "Кеден ісін оқыту инновациялық орталығының" директоры. 2018-2020. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының экономика, қаржы және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі. ## Отбасы Әкесі - Садықов Жәсен (1909-1962), 1932 жылдан СОКП-мүшесі. 1931ж. Рабфак-ты Орал қаласынан бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. "Қызыл жұлдыз" ордені, "Ерлігі үшін" медалі, Сталинннің сегіз алғыс хатын алған. 2011 жылы Атырау қаласындағы «Семипалатинск» көшесіне Садықов Жәсеннің аты берілді. Анасы - Нәсіп Ыбырашқызы (1919-1994), руы Беріш Есенғұл Кейкісі. Дүниеге алты бала әкелді. Арабша сауатты болды. Зайыбы - Садықова Роза Мақуқызы 1955 жылы туған. Балалары: Садықов Асылхан Алмасұлы, Садықов Абзалхан Алмасұлы, Садықов Әділхан Алмасұлы, Садықова Алаухат Алмасқызы, Алмас Нұрсәт Алмасұлы. ## Марапаттары Кедендік бақылау агенттігінің бірнеше Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, және кеденнің медальдары: "Кеден ісінің үздігі" 1-2-3 дәрежелері, Кеденге 10-15-20-25 жыл. Атырау облыстық маслихатының Құрмет грамотасы. Мемлекеттік қызмет агенттігінің алғыс хаты. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы президент өкілінің алғыс хаты. Ресей Федералдық космос агенттігінің "Халықаралық космонавтиканы дамытуға үлес қосқаны үшін" төс белгісі. "Отаным - Қазақстан кең байтағым!" деген поэмасы Халықаралық "Шығыс шынары" жыр мүшайрасында жүлделі үшінші орын алды. ## Жарияланымдар Үш өлеңдер жинағы бар "Бегайдар", "Тулайды сезім сағынып", "Арғымақ алмас асулар". Алмас Жәсенұлы Садықов. "Бегайдар" өлеңдер жинағы. Алматы, "Өлке" баспасы, 2001. ISBN 5-7667-9556-7 Алмас Жәсенұлы Садықов. "Тулайды сезім сағынып…" екінші жыр жинағы. Алматы, "Дәуір" баспасы, 2008. ISBN 978-601-7038-21-2 Алмас Жәсенұлы Садықов. "Арғымақ алмас асулар" үшінші өлеңдер кітабы. Алматы, "Арыс" баспасы, 2014. ISBN 978-601-291-241-8 Е.О.Алауханов, А.Ж.Садыков. "Сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі". Алматы, "Дулат" баспасы, 2009 Екі аудиодискі шығарған. * А.Садықов. "Рухтан - жас ерендер нақылымнан!" * А.Садықов, Қ.Түсекенов. "Ән-ғұмыр, сәнді тірлік, мәнді достық!" А.Садықов сөзін, М.Ғаббасов әнін жазған "Кеденшілер әні" Республикалық кеденшілер конкурсында лауреат атанып, Атырау кеденшілерінің гимніне айналды. ## Әдебиет * Фемида №10, 2008. "Совершившие преступления в области предпринимательской деятельности." * Алтын Аймақ №9, 11 желтоқсан 2013. "Белестер биігінде." * Қазақия №41, 15 қазан 2014. "Азамат. Ақын. Қайраткер." * Жүздесу, 15.10.2014. "Махамбет мінез - марқасқа!" * Жүздесу №44, 2 қараша 2017. "Тәнірдің тандайынан төгілгендей..." * Мерейлі мекен №36-37, 2020. "О, Нарын құм, бабам жатқан мекенеім, тірі жүрсем сені жырлап өтемін" ## Спортпен шұғылдану * 1972. Гурьев қаласының баскетболдан өткен жастар біріншілігінің чемпионы және үздік шабуылшысы. * 1979. Еркін күрестен Гурьев облыс чемпионы. * 1980. Қазақша күрестен Гурьев облыстың абсолютті чемпионы. * СССР спорт шеберлігіне кандидат. ## Дереккөздер
Шоя ауданы немесе аймақ (алт. -Чоя аймак-) — Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Шоя ауылы. ## Географиясы Алтай республикасының солтүстік бөлігінде, аласа таулы аймақта орналасқан. Аумағы: 4 526 км². ## Тарихы 1922 жылы орталығы Улада орналасқан Ойрат автономды облысы құрылды. Бастапқыда оның құрамына 24 болыс кірді, кейінен олардың саны азайды және өзі аймақ болып өзгертілді, оның бірі Успен болды. 1933 жылы Успен ауданының атауы Шоя болып өзгертілді. 1956 жылы 28 қыркүйекте Шоя аймағы таратылып, оның аумағы Майма аймағына берілді. 1980 жылы Шоя ауданы қалпына келтірілді. ## Тұрғындары
«Коннас-Ки Номадс» (ағылш. Clwb Pêl-droed gap Cei Connah) — Уэльстің Коннас-Ки қаласындағы футбол клубы, 1946 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Дисайд" стадионында өткізеді. Сыйымдылығы 1500 адам. ## Тарихы 1946 жылы "Коннас-Ки" деген атаумен қала жастарынан құралды. Оған дейін "Коннас-Ки & Шоттон" деген атаумен ойнаған клубы болған, ол клуб екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жабылып қалды. 1951 жылы "Коннас-Ки Номадс" боп өзгерді. Жаңа атаумен Уэльстің аймақтық лигаларында ойнай бастады. ## Жетістіктері * Камри АльянсЧемпион (2): 2010/11, 2011/12Вице-чемпион (4): 2016/17, 2018/19, 2022/23, 2023/4 * Чемпион (2): 2010/11, 2011/12 * Вице-чемпион (4): 2016/17, 2018/19, 2022/23, 2023/4 * Уэльс кубогыЖеңімпаз (2): 1928/29**, 2017/18Финалист (3): 1907/08**, 1910/11**, 1997/98 * Жеңімпаз (2): 1928/29**, 2017/18 * Финалист (3): 1907/08**, 1910/11**, 1997/98 * Уэльс Лига кубогыЖеңімпаз (1): 1995/96 * Жеңімпаз (1): 1995/96 * Камри Альянс кубогыФиналист (1): 2007/08 * Финалист (1): 2007/08 * FAW ТрофиЖеңімпаз (2): 1952/53, 1980/81Финалист (1): 1950/51 * Жеңімпаз (2): 1952/53, 1980/81 * Финалист (1): 1950/51 ## Атақты ойыншылары (бәрі де уэльстіктер) * Марк Лимберт * Невилл Пауэлл * Крейг Гарсайд * Крейг Лэйтон * Энди Маллинер * Стив Эванс * Пол Смит * Ли Дэвис * Гарет Оуэн ## Сілтемелер * http://www.the-nomads.co.uk/
«Коннас-Ки Номадс» (ағылш. Clwb Pêl-droed gap Cei Connah) — Уэльстің Коннас-Ки қаласындағы футбол клубы, 1946 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Дисайд" стадионында өткізеді. Сыйымдылығы 1500 адам. ## Тарихы 1946 жылы "Коннас-Ки" деген атаумен қала жастарынан құралды. Оған дейін "Коннас-Ки & Шоттон" деген атаумен ойнаған клубы болған, ол клуб екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жабылып қалды. 1951 жылы "Коннас-Ки Номадс" боп өзгерді. Жаңа атаумен Уэльстің аймақтық лигаларында ойнай бастады. ## Жетістіктері * Камри АльянсЧемпион (2): 2010/11, 2011/12Вице-чемпион (4): 2016/17, 2018/19, 2022/23, 2023/4 * Чемпион (2): 2010/11, 2011/12 * Вице-чемпион (4): 2016/17, 2018/19, 2022/23, 2023/4 * Уэльс кубогыЖеңімпаз (2): 1928/29**, 2017/18Финалист (3): 1907/08**, 1910/11**, 1997/98 * Жеңімпаз (2): 1928/29**, 2017/18 * Финалист (3): 1907/08**, 1910/11**, 1997/98 * Уэльс Лига кубогыЖеңімпаз (1): 1995/96 * Жеңімпаз (1): 1995/96 * Камри Альянс кубогыФиналист (1): 2007/08 * Финалист (1): 2007/08 * FAW ТрофиЖеңімпаз (2): 1952/53, 1980/81Финалист (1): 1950/51 * Жеңімпаз (2): 1952/53, 1980/81 * Финалист (1): 1950/51 ## Атақты ойыншылары (бәрі де уэльстіктер) * Марк Лимберт * Невилл Пауэлл * Крейг Гарсайд * Крейг Лэйтон * Энди Маллинер * Стив Эванс * Пол Смит * Ли Дэвис * Гарет Оуэн ## Сілтемелер * http://www.the-nomads.co.uk/
Ұлаған ауданы немесе аймақ (алт. -Улаган аймак-) Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым. Әкімшілік орталығы - Ұлаған ауылы. ## Физикалық-географиялық сипаттамалары ### Географиялық орны Ұлаған ауданы Алтай республикасының шығысында орналасқан. Ол Тыва Республикасымен шектеседі, Шапшал жотасы - табиғи шекара ретінде саналады. Оңтүстікте Қосағаш ауданымен шекаралар Чихачев және Қурай жоталары бойымен; ал батыста бұл аудан Оңдай ауданымен Сумүлті жотасы бойымен; солтүстік-батысында - Шоя ауданымен бірге Сумүлті жотасы бойымен өтеді. Солтүстікте Туражақ ауданымен шекара Сумүлті, Алтын-Тау, Момарғы жоталарының сілемдері бойымен өтеді. ### Жер бедері Аудан аумағындағы жоталардың солтүстік-батыс және ендік бағытта, олардың биіктігі теңіз деңгейінен 2500-ден 3500 м-ге дейін өзгереді. Ұлаған ауданының аумағы Шығыс Алтайға жатады.
«ФК Фероникели» (алб. Klubi Futbollistik Ferronikeli) — Косовоның Глаговац қаласындағы футбол клубы, 1974 жылы құрылған. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Косово чемпионы (3): 2014/15, 2015/16, 2018/19 * Косово кубогы (2): 2013/14, 2014/15 * Косово суперкубогы (1): 2014 * 1 лига жеңімпазы (1): 2011/12 ### Бейресми турнирлер * Тәуесіздік кубогы (1): 2014 ## Сілтемелер * https://web.archive.org/web/20160628163506/http://kf-feronikeli.com/kff/
Шыңғыс Хасаноғлы Хұсейінов (әз. Çingiz Həsən oğlu Hüseynov; 29 сәуір, 1929, Баку) — әзірбайжандық жазушы, әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы (1979), профессор (1980), Әзірбайжан КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989), Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетінің профессоры, Израильде 2014 жылдан бері тұрады. Шыңғыс Гусейнов 2024 жылы 9 қаңтарда қайтыс болды. ## Кітаптары * Mənim bacım. Bakı: Azərnəşr, 1962 * Əriyən heykəl, B., Azərnəşr, 1964 * Ветер над городом. М.: Советский писатель, 1965 * Çətin yoxuş. Bakı: Azərnəşr, 1969 * Novruzgülü. Bakı: Gənclik, 1969 * Adını demədi. Bakı: Gənclik, 1973 * Магомед, Мамед, Мамиш. М.: Советский писатель, 1977 * Adalar. Bakı: Gənclik, 1980 * Fətəli Fəthi. Bakı: Yazıçı, 1988 ## Дереккөздер
Шыңғыс Хасаноғлы Хұсейінов (әз. Çingiz Həsən oğlu Hüseynov; 29 сәуір, 1929, Баку) — әзірбайжандық жазушы, әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы (1979), профессор (1980), Әзірбайжан КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989), Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетінің профессоры, Израильде 2014 жылдан бері тұрады. Шыңғыс Гусейнов 2024 жылы 9 қаңтарда қайтыс болды. ## Кітаптары * Mənim bacım. Bakı: Azərnəşr, 1962 * Əriyən heykəl, B., Azərnəşr, 1964 * Ветер над городом. М.: Советский писатель, 1965 * Çətin yoxuş. Bakı: Azərnəşr, 1969 * Novruzgülü. Bakı: Gənclik, 1969 * Adını demədi. Bakı: Gənclik, 1973 * Магомед, Мамед, Мамиш. М.: Советский писатель, 1977 * Adalar. Bakı: Gənclik, 1980 * Fətəli Fəthi. Bakı: Yazıçı, 1988 ## Дереккөздер
* Зелёная Роща – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. * Зелёная Роща – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының  кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор  Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие. ## Бүгінгі жағдайы Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында. ## Тарихы Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды. ## Факультеттер * Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Экономика және құқық факультеті * Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті * Технологиялық факультет * Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті ## Институттар * Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты ## Колледж * Қаратау тау-технологиялық колледжі ## Университет ректорлары * 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы * 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы * 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы * 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович * 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы * 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы * 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы * 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов * 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков * 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы * 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы * 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы ## Ғылым және коммерцияландыру Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады. ## Халықаралық қызмет 2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен. ## Серіктес университеттер * Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея * Томаша Бата университеті, Чехия * Анталья туризм академиясы, Түркия * Еге Университеті, Түркия * Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия * «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария * Сегед университеті, Мәжірстан * Хайльбронн университеті, Германия * Гданьск технологиялық  университеті,  Польша * Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті,   Польша * Лодз университеті, Польша * Браганса политехникалық институты, Португалия * Малага университеті, Испания * Витаутас Магнус университеті|, Литва * Вайнштефан Триздорф университеті, Германия * Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті,  Польша * Острава техникалық университеті, Чехия * Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия * Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия * Варна экономика университеті, Болгария * Сельчук Университеті, Түркия * Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия * Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция * Небраска университеті, АҚШ * Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей * А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті  (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей * Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей * Мәскеу мемлекеттік педагогикалық  университеті, Ресей * Томск мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Ресей * Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті,  Беларусь Республикасы * Беларусь мемлекеттік өнер академиясы,  Беларусь Республикасы * И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан * Украина державск  химия-технологиялық  университеті, Украина * Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан * Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения * Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан * Шота Руставели  атындағы Батуми мемлекеттік  университеті, Грузия * Акакия Церетели Университеті, Грузия * Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы * Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы ## Университет құрылымы Академиялық жұмыс жөніндегі департамент Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті Стратегиялық даму басқармасы Жобалық басқару және цифрландыру орталығы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Кітапханалық-ақпараттық орталық Ғылым және коммерцияландыру департаменті «Бауыржантану» ҒЗО «Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО «А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы «Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар» «Спектрофотометрия зертханасы» «Инфрақызыл спектроскопия зертханасы» «Хроматографиялық зертхана» «Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы» «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу» «Суды тазарту және материалдар» Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім Әлеуметтік жұмыс басқармасы Ақпарат және медиакоммуниция орталығы Мұражай Әкімшілік-шаруашылық басқармасы «Dulaty university» баспасы Студенттерді есепке алу бөлімі Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы Дінтану орталығы Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы Сұңқар спорт клубы DU UNION жастар орталығы Қоғамдық қабылдау бөлімі
Шідерті кенттік әкімдігі – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шідерті кенті кіреді. Орталығы - Шідерті кенті. ## Дереккөздер
Аксинит — боросиликаттар класының минералы. Бұл тастың атауы, оның пішініне байланысты, грек тілінен "аксе" - балта дегенді білдіреді. Оны Рене Жюст Гауи 1797 жылы ашқан. ## Кен орындары Аксиниттің ірі кен орындары Францияда (Уазан, Изер), АҚШ - та (Калифорния, Нью-Джерси), Ресейде (Орал) табылды. Сирек көгілдір кристалдар Танзанияда, ал күлгін-Невада штатында(АҚШ) орналасқан. ## Қасиеттері Минералдың түстері ішкі құрылымға сәйкес ерекшеленеді. Олар қоңыр-қызыл мен алтыннан бастап, сирек кездесетін көк және күлгінге дейін болады. Ол кальций, алюминий, темір және марганец қоспалары бар боросиликатқа негізделген. Аксинит байланыс метаморфизмі мен гидротермалдық процестер нәтижесінде пайда болады. Бұл минерал симметрияның пинакоидты формасымен сипатталады. Сондықтан ол көп қырлы болады.Аксинит деген атпен бір кристалды торға ие минералдар тобы жатады. Олар катиондық бөлікте изоморфты алмастырулармен ерекшеленеді. Аксинит пьезоэлектрлік және пироэлектрлік қасиеттерге ие. Минерал өте қатты және сыртқы әсерлерден зардап шекпейді. Қаттылығы-6 - 7,5. Тығыздығы- 3,27 - 3,29. ## Пайдалануы Минерал зергерлік салада кабохон мен басқа әшекей бұйымдар өндірісінде қолданылады. Аксинитті кесу сопақша немесе алмұрт тәрізді болады. Әйел ауруларын емдеуге көмектеседі, мысалы: мастопатияның дамуын болдырмау мен лактацияны арттырады. Сонымен қатар, осы минералмен сырғалар бас ауруын жояды, тыныштандыратын және эмоционалды фонды тұрақтандыратын әсерге ие.
Айше Эрзан (түр. Ayşe Erzan; 1949) — түрік теориалық физигі. ## Өмірбаяны Айше Эрзан 1949 жылы Анкарада дүниеге келген. Стамбулдағы орта білімнен кейін Эрзан АҚШ-тағы Брайн Мавр колледжіне түсіп, 1970 жылы бакалавр дәрежесін алды. 1976 жылы Стоун Брук университетінде физика ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Көп ұзамай Эрзан Анкараға оралды, ол Таяу Шығыс Техникалық Университетінде бір жыл физика кафедрасының мүшесі ретінде болды. Ол 1977 жылы Ыстамбұл техникалық университетінде жұмыс жасай бастады. Осы уақыт аралығында ол бейбітшілік үшін қозғалысқа және әйелдер қозғалысына қатысты. 1980 жылғы Түркиядағы мемлекеттік төңкерістен кейін ол елден кетті. 1981-1990 жылдар аралығында Эрзан әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелерде және университеттерде жұмыс істеді және сабақ берді. 1981 жылдан 1982 жылға дейін Женева университетінің теориялық физика бөлімінде жұмыс істеді. 1982-1985 жылдар Португалиядағы Порту университетінің профессор ассистенті болды. Ол 1985-1987 жылдары Марбург университетінің теориялық физика кафедрасында Александр фон Гумбольдттың ғылыми көмекшісі болған. 1987-1990 жылдар аралығында Грониген университетінде зерттеуші ғалым болып жұмыс істеді. Быраз уақыт Эрзан Триестадағы Халықаралық теориялық физика орталығында ғылыми көмекші болып жұмыс істеді, содан кейін 1990 жылы Ыстамбұл техникалық университетіне оралды. Сонымен қатар Феза Гюрси институтында зерттеулерін жалғастырды. Эрзан 1995 жылы Түркия Ғылым академиясына қосылып, 1997 жылы толық мүшелікке қабылданды. Сол жылы TÜBİTAK (Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеулер кеңесі) ғылым сыйлығын алды. Ерзан 2003 жылы ғылым саласындағы әйелдер үшін L'Oréal-UNESCO сыйлығын және 2009 жылы Rammal сыйлығын алды. Өмір бойына адам құқықтарын сақтағаны үшін американдық физикалық қоғамның 2020 жылғы Андрей Сахаров атындағы сыйлығымен марапатталды. Ол Дүниежүзілік ғылымдар академиясының және Түрік ғылымдар академиясының қоғамының мүшесі, сонымен қатар Journal of Statistical Physics және European Physical Journal B. журналдарының редакциялық кеңестерінде қызмет етеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Айше Эрзан - Ыстанбул техниқалық университет сілтемесінде
«Бекешчаба 1912» (маж. Békéscsaba 1912 Előre) — Мажарстанның Бекешчаба қаласындағы футбол клубы, қазіргі күнде Мажарстанның аймақтық әуесқой лигаларының бірінде ойнайды. 1988 жылы Мажарстан кубогында топ жарды. Клуб 80-жылдардың соңынан 90-жылдардың ортасына дейін бірнеше рет еурокубоктерде де ойнады. ## Сілтемелер * http://www.1912elore.hu/
* Қарасай батыр – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Қарасай батыр – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы. ## Тарихы Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-ші жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды. ## Құрылымы Оқу орнының құрамында 6 факультет бар: * Педагогикалық факультет * Мәдениет және өнер факультеті * Физика-математика факультеті * Жаратылыстану-география факультеті * Тарих, экономика және құқық факультеті * Филология факультеті Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.Университеттің 5 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қарсақ – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Қарсақ – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қарсақ – иттер тұқымдасының түлкі туысына жататын жыртқыш аң.
"Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ деп аталды) – акционерлік қоғам, екінші деңгейдегі банк. 2003 жылы құрылған. Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады. Банктің негізгі мақсаты – екінші деңгейдегі банктерден ипотекa несие алу кезінде бастапқы жарналарды төлеу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алуын қаржыландыру мақсатымен жеке жинақ қаражатын қорландыру негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру. Жарғылық капиталы 1,5 млрд. теңге. 2003 жылдың 29 қыркүйегінен бері 1,05 мың салымшы тартылды. Банк тартқан тұрғын үй құрылысы жинақ қаражаты бойынша жалпы келісімшарт сомасы 900 млн. теңгеге жуық. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 26 бөлімшесі, 14 облыстық және 3 қалалық филиалы, 15 қызмет көрсету орталығы мен 7 қызмет көрсету нүктесі бар. ## Көрсететін қызметтері 2017 жылдың қыркүйегінде «Баспана.kz» жылжымайтын мүлік порталы іске қосылды. 2017 жылдың мамырында QR-кодтың көмегімен төлем жасау тәсілі қол жетімді болды. 2018 жылдың шілдесінде банк жаңа қызмет түрі - бейне консультация қызметін іске қосты. ## Тарихы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыруды бастаған ТМД аумағындағы бірінші ел. 2000жылы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізудің негізін қалады. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады. 200419 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды, оған сәйкес халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда №1388 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы шығарды. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды. Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ. 2005 Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру. Сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту туралы өзгеріс енгізілді. Жаңа «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А, «50/50 Б», «50/50 В» тарифтік бағдарламаларын енгізу. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы заемын беру. Қазанда Банк «Экспо жылжымайтын мүлік» көрмесі аясында «Жылжымайтын мүлік нарығында жаңашыл идеяларды көтергені үшін» номинациясымен марапатталды. Банктің №254 банктік және банктер жүзеге асыратын басқа да операцияларды ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізуге арналған және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияларды алуы. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелігіне қабылдануы. «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау. Аймақтық құрылымды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ. 2006 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет Банктің шығынсыз қызметі көрсеткішіне қол жеткізді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы қосымша Агенттік келісімге қол қою. Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошталық байланыстың облыстық филиалдары мен аудандық тораптарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарттар жасау бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Банк жаңа «Жеңiл» кредит беру бағдарламасын енгізді. Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру. Аймақтық құрылымды дамыту: 15 филиал. 20072005-2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру. Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің Банкке қаржылық агенттік мәртебесін беруі, ол Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу құқығын береді. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қазақстандық банктерден бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алуы. «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертурлер мен толықтырулардың енгізілуі, олардың аясында: - «25/75» жинақ схемасының күші жойылды; - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді. «ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертулердің күшіне енуіне сәйкес жаңа «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын енгізу. «Қазақстан ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-мен Бас келісімді қайта жасау. Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленуі. «Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызметтер көрсету туралы шарттың жасалуы. Банктің жаңа қызмет – алдын ала тұрғын үй заемын енгізуі. Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы алдын ала тұрғын үй заемын беру. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Baа2» ұзақ мерзімді рейтингін, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Prime-2» қысқа мерзімді рейтингін, Банктің қаржылық тұрақтылығының (BFSR) Е+ рейтингін беруі. Барлық рейтингілер бойынша болжам – «тұрақты». Аймақтық құрылымды дамыту: 16 филиал. 2008 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы заемды беру. Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банк рейтингілерін растауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 17 филиал. 2009 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуы. Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын іске қосу. Moody’s рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банктің кредит рейтингін Baa3/P-3 деңгейінде растауы. 20 тамыздан бастап Банктің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдаудың ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес әрекет етуі мен дамуын растауы. Банктің Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді бастауы. Аймақтық құрылымды дамыту: 18 филиал. 2010 Жыл ішінде:- Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) іске асыруға қатысуы;- Банктің 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы-көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің «Самұрық-Қазына» ЖҚ» АҚ-ның жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуы;- Банктің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және іске асыру бойынша жеке салушылармен ынтымақтастығы. Банктің 2008-2010 МБ іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қоюы. Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкес болуын растау. Moody’s рейтинг агенттігінің Банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Ba1/ Not prime деңгейінде белгілеуі. Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен ниеттер туралы келісімдерге қол қоюдың басталуы. Банк клиенттері үшін кредит беру талаптарын жақсарту. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру. Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтарын ашу. Банктегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу мен енгізу жұмысының басталуы. ТҚЖ қатысушыларының 200 мың адамдық санына қол жеткізу. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарының қолданылу мерзімін ұзарту. 2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою. 100 млрд. теңге Банк активтеріне қол жеткізу. Аймақтық құрылымды дамыту: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 Қызмет көрсету орталығы. 2011 ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №295 қаулысын орындау үшін Банк акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру. 2011 жылғы 13 сәуірден бастап Банктің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарғысын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қазандағы №1224 қаулысына сай Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығы берілді. 2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері – ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі. 2012 Жыл ішінде: - Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы; - Банктің «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы. Сертификаттау, рейтингілер: Ва1/ Not prime деңгейінде ұлттық валютадағы депозиттер бойынша Банктің Moody’s ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерінің расталуы. Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкестігінің расталуы. Марапаттар мен жетістіктер: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізгі көрсеткіштері жүйесін диагностикалау нәтижелері бойынша «Эрнст энд Янг» компаниясының банк қызметкерлерінің күшімен енгізілген жүйені пысықтау деңгейіне жоғары баға беруі. Банкке «2011 жылдың үздік жылдық есептері» РА Эксперт конкурсы шеңберінде «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» аталымында номинант дипломының тапсырылуы. Банк өнімдері: Негізгі қарыздың 50%-ын өтеуді кейінге қалдыру көзделетін «Жеңіл-2» жаңа кредиттік өнімінің енгізілуі. Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары бойынша, соның ішінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын, республикалық бюджет қаражаттары есебінен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында берілетін заемдар бойынша комиссиялар мөлшері мен сыйақы мөлшерлемелерінің төмендетілуі. Банк өнімін өткізу жүйесі: Ақтөбе, Өскемен, Астана, Қарағанды, Екібастұз қалаларында клиенттерге қызмет көрсететін 5 орталықтың ашылуы. Банктің аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларында алғашқы 35 төлем терминалдарының пайдалануға берілуі. Банк Акционерлері: 28.03.13ж. бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығының Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігіне берілуі. ## Банк туралы Банк лицензияларыҚазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №254/1 банктер ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясы;Қазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2005 жылғы 26 қарашадағы № 0402100283 клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысу лицензиясы.Корпоративтік басқаруОның көмегімен акционерлердің құқықтары іске асырылатын, корпоративтік басқару саласындағы заңнама талаптарының және ішкі құжаттардың сақталуын бақылау, Банктің және оның органдары қызметінің сапасын арттыру қамтамасыз етілетін Банктің Жалғыз акционерінің және оның Директорлар кеңесін қоса алғанда, Банк басшылығының, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі.Банк рейтингі2012 жылы «Эрнст энд Янг» компаниясы жүргізген диагностиканың нәтижесі бойынша Банк қызметкерлерінің өз күшімен енгізген көрсеткіштер жүйесі талқылануының жоғарғы дәрежесін белгіледі. Ағымдағы жағдайға сәйкес Moody`s рейтингтiк агенттігінің қорытындысы бойынша Банкке мынадай рейтингтер тiркелдi: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг– Ba1 (тұрақты); ұлттық валютадағы депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг – Not prime (тұрақты); қаржылық тұрақтылық рейтингі – E+ (тұрақты).Банк басшылығыБанк Басқармасы Банктің ағымдағы қызметіне басшылық жасауды іске асыратын атқару органы болып табылады, Банктің Директорлар кеңесі сайлайтын Басқарма Төрағасынан және оның орынбасарларынан, сондай-ақ Басқарушы директорлардан тұрады. Банктің құрылымыБанктің құрамына Алматы қ. Орталық аппарат және 17 өңірлік филиалдар кіреді.Статистика 2014 жылдағы Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері ## Банктің миссиясы Қазақстандық отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отанға деген сезімді нығайту ## Банктің стратегиялық көрінісі 2023 жылы – тұрақты, жоғары технологиялы, клиентке бағдарланған әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаларын іске асыратын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына белсенді түрде қатысатын, халықтың кең ауқымын баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсететін банк. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том * Отбасы банк. Вся информация о банке Отбасы банк * http://www.hcsbk.kz/6888 Мұрағатталған 10 наурыздың 2014 жылы. Мұрағатталған 10 наурыздың 2014 жылы.
Нәсен Тәлтенов (15 қыркүйек 1924, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 27 сәуір 1990, Атырау) – Ұлы Отан соғысы ардагері. Ішкі қызмет полковнигі. ## Өмірбаян Нәсен Тәлтенов 15 қыркүйек 1924 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданында дүниеге келген. Руы Есентемір Әжімбет Кіші жүз. 1940 жылы аудандық орта мектептің 10 сыныбын бітірген. Білімі жоғары, заңгер. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып Ұлы Отан соғысы кезінде 9 гвардиялық әуе — десанттық полк құрамында Отанымызды жау шапқыншыларынан азат ету соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысынан кейін 1949 жылдың мамыр айына дейін Гурьев облысы НКВД әскери бөлімшесінде әр түрлі қызметтер атқарған. 1949 жылдың мамыр айынан Гурьев облысы Эмба арнайы коммендатурасында ішкі істер органы қатарындағы қызметін жалғастырады. 1955 жылдан 1970 жылға дейін Гурьев облысының ІІБ арнайы бөлімше шұғыл уәкілі, отряд бастығы, еңбекпен түзету колониясы бастығының көмекшісі қызметтерін атқарған. 1973 жылдың қазан айында Маңғыстау облыстық атқару комитетінің IIБ кезекшілік бөлімі бастығының орынбасары лауазымына ауысады. Одан кейінгі жылдары ІІБ хатшылық бөлімінің бастығы, ақпарат орталығының бастығы қызметтерін атқарған. 1983 жылдың қараша айында зейнеткерлікке шыққан. Ақтауда жерленген. ## Отбасы Әкесі - Тәлтен, анасы - Қабира. Зайыбы - Жәмила Сисенқызы Нурумова. Отбасында ұш ұл дүниеге келген: Серік, Мұрат, Игілік. ## Марапаттары Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен еңбегі үшін "Германиядағы Жеңіс үшін", "Әскери еңбектері үшін" медальдарымен, "IIM үздік қызметі үшін" белгісімен, "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен марапатталған. * I дәрежелі Отан соғысы ордені * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл медалі * 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл медалі * Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі * КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл медалі * КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл медалі * КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл медалі * Еңбек ардагері медалі (КСРО) ## Әдебиеттер Дәлелхан Сабуров. Киелі түбек сақшылары: естеліктер / Алматы, "Ол-Жас Баспасы" ЖШС, 2007 ISBN 9965-651-60-4.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (қысқаша Аманжолов университеті, ШҚУ не АУ) – көп жылдық тарихы бар Қазақстанның ескі университеттер қатарына кіретін, сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық бағытта білім беретін жоғары оқу орны. * 1952 ж. Өскемен педагогикалық институты ретінде құрылған. * 1991 ж. университет мәртебесі берілді. * 2003 жылдан С.Аманжолов есімімен аталады. Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. Мәмбетқазиев, Ж.Уәлиев, А. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті. Университеттің Моңғолияда шетелдік бөлімшесі жұмыс істейді. Университетте Н.Ә. Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы (ЖИБТО) ашылған. Оның негізгі мақсаты электронды оқу материалдарын, электронды кітапханалар, мультимедиалы зал, оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын, т.б. дайындау болып табылады. Жалпы университеттік электронды ақпараттық желі және білім беру порталы жұмыс істейді. Университеттің 5 ғылыми-зертеу институтында, 4 ғылыми-зерттеу зертханасында, Түркітану орталығында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Университет бастамасымен жыл сайын облыстық “Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді тәсілдеріне арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар енгізілген. ## Бүгінгі университет құрылымы Құрамына 4 факультет кіреді: * Экономика және құқық факультеті * Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті * Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті * Психология, педагогика және мәдениет факультеті ### Университет бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет білім берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу базасын кеңейтіп, жоғары сапалы білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Университет түлектері жұмыс нарығында бәсекеге сай және Қазақстанда, шетелдердің түрлі экономикалық салаларында қызмет етуде. ### Университет құрылымы Университет құрылымы (2015 жылдан бастап): 4 факультет (жаратылыстану ғылымы, математика, физика және технологиялар; экономика және құқық факультеті; психология, педагогика және мәдениет факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті) және 19 кафедра.  4 факультетте 45 бакалавриат мамандығы бойынша, 30 магистратура және 3 докторантура мамандығында білім алуда.  Университетте 400-ден астам жоғары білікті оқытушы қызмет етуде, оның 19-ы ғылым докторлары және 150-ден астамы ғылым кандидаттары мен Phd докторлары.Білім беруді интеграциялау мақсатында университетте жаңа ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымдары ашылған. 2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды. 2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды. ### Университет құрылымдарының жұмысы Университет құрылымдарының жұмысы 2014 жылдың 13 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесі мен ЖОО-ның оқу және әкімшілік құрылымдарының жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2015-2020 жж арналған даму стратегиясы» жоспары негізінде іске асырылуда. Университеттің міндеті: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде университет ролін алдыңғы қатарлардан көрсету, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге сай мамандарды даярлау.Университетте 2014 жылы SMART-университет енгізу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Университеттің техникалық регламентінің құжаттары бекітілген; университет ішінде электронды құжат айналымы жүргізілуде, ақпараттық-білім беру порталының жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қосылды; электронды форматқа көші білім беру бағдарламарын құру бойынша факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен семинарлар, коучингтер жүргізілді; Университетте 2014 жылы автономияға көші және корпоративтік басқару принциптерін енгізуге көшу Жоспары құрылды. Университете алыс және жақын шетел студенттері білім алуда.(Моңғолия, ҚХР, РФ, Өзбекстан және т.б.) ## Ғылыми және инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары ШҚМУ-да ғылыми-зерттеу жұмысы (Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана, «Экология» ғылыми-зерттеу орталығы) «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, біліктілікті растау орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және университет кафедралары негіздерінде жүзеге асырылуда. Университеттің негізгі ғылыми бағыттары: Физика, нанотехнология,табиғи және технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процесстерді  математикалық үлгілеу аймағындағы фундаменталды зерттеулер.Шығыс Қазақстанның генетикалық ресурстарын пайдалану және толықтыру үшін дәнді дақылдар биотехнологиясын құру. Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасының мәселелерін зерттеу және аймақтың био әртүрлілігін сақтау. Алтай, Шығыс Қазақстанның және жалпы аймақтың әдеби мұрасының тарихы мен мәдениетін зерттеу.Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы фундаменталды, ғылыми зерттеу және инновациялық, ғылыми-техникалық жұмысты дамытуға бағытталған.Жылдан жылға университет студенттері әр түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар мен конференциялардың лауреаттары және жеңімпаздары атануда. ## Халықаралық байланыс Университеттегі халықаралық байланыс белді мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қатынас орнатуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылы университет 71 Халықаралық келісімге қол қойған.ШҚМУ серіктестері арасында Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Түркия, Германия, Поляк Республикасы, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Моңғолия және АҚШ бар. Халықаралық байланыстың негізгі бағыты біріккен білім беру бағдарламаларын іске асыру, шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарында тәжірибеден өтіп, 2 диплом алу мүмкіндігін беру. Бүгінде университетекі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның университеттерімен (Джиогсанг Ұлттық университеті, Ченгджу Университеті), Қытай, Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет, Вроцлав университеті), және Ресей Федерациясы (Ползунов атындағы Алтай университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б.)Университет бес халықаралық Ассоцияцияның мүшесі болып табылады: Еуразиялық университеттер Ассоцияциясы, Халықаралық Жоғарғы Академиялық мектеп, университеттер Ұлы хартиясы, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесі, Азиялық Университеттер  Ассоцияциясы. ## Кәсіптік бағдар жұмысы Кәсіптік бағдар жұмысы – университеттің студенттерді сапалы контингентпен қамтуды ұйымдастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Маркетинг және оқу орнына дейінгі дайындық Орталығы факультет декандарымен, кафедралармен және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп университете кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырады. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Білім басқармасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. ШҚО Білім мекемелерімен серіктестік және іс-қимылдың жаңа формалары дамуда: Университеттің базалық мектептерінде «Шығыстың алтын қоры» кәсіби бағдар орталықтары жүйесін құру;Униеверситеттің профессорлық-оқытушылар құрамының дайындауымен түлектер ҰБТ-ға дайындалатын «Өсу орталығы» құрылуы;Мектептегі туризмнің дамуы, университете білім беру турларын өткізу;Оқушылар үшін қосымша білім беру жобаларын іске асыру; ШҚО ББ-мен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп оқушылары үшін олимпиадалар өткізілуде. Мектеп аралық пәндер арасында аймақтық және облыстық олимпиадалар химия, қаза тілі, ағылшын тілі, биология, математика және физика пәндері бойынша өткізіледі. ### Тәрбие жұмысы Университетте дәстүрлі түрде «ШҚМУ аруы», «Студенттік көктем», «Бірінші курс таланттары», «Би сайысы», «Counter-strike» компьютерлік ойыны форматындағы киберспорттан университет чемпионаты және т.б.Студенттер «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар лигасы» АҚ ұйымдастыратын «Жастар Отанға!», «Болашақ - біздің қолымызда», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қан тапсырып, адам өмірін сақта», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. сынды әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады. Университет студенттері спорттада жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 21 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Олар: футбол, волейбол, қол күресі, бадминтон, қысқы және жазғы президенттік күрсе, жеңіл атлетика, спорттық бағдар, баскетбол, гір көтеру және т.б. алаңдары бар. ## Дереккөздер * Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2016 жылы.
Шығыс машина жасау зауыты (Шығысмашзауыт) – тау-кен өндірісіне, ауыл шаруашылығына қажетті қондырғылар мен машиналар шығаратын зауыт. 1953 жылы Өскемен машина жасау зауыты болып құрылған. 1961 жылы зауыт атауы Шығысмашзауыт болып өзгертілді. Ол жер асты өздігінен жүретін тау-кен және байыту жабдықтарын, флотациялық машиналарды, тракторларға апаратын дөңгелектерді, жемшөп түйіршіктерін дайындауға арналған түйіршіктегіштерді, құс фабрикаларына арналған торлы едендерді, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды (балалар велосипедтері, терезе карниздері және басқалары) шығарады. ## Тарихы * Зауыт 1958 жылы 4 қарашада толық машина жасау циклінің барлық технологиялық шектерімен жабдықталғаннан кейін пайдалануға берілді. * 1959 жылы қаңтарда зауыттың қазандық-механикалық цехы No1 цехтар блогына айналды: механикалық, қазандық жұмыстары, соғу және жылу-аспаптық. * 1959 жылы мамырда цехтар блогының соғу-термиялық бөлімі пайдалануға берілді. * 1959 жылы маусымда желілер мен қосалқы станциялардың цехы энергетикалық шеберханаға айналды, медициналық пункт ашылды. * КСРО-да бірінші рет Зауыттың No1 блогында MSK-5-20 типті құрылыс крандарын шығару басталды. * Сериялық өндіріс 1965 жылға дейін жалғасты. * 1960 жылы наурызда шеберханалар блогында аспаптық бөлім, сәуірде техникалық бақылау бөлімі (ҚБК) ұйымдастырылды. ДС-5МГ екінші болат балқыту пешін және «233» қалыптаудың екі моделін іске қосу. * 1960 жылғы 31 желтоқсандағы No 336 бұйрығымен Өскемен машина жасау зауыты Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты (Шығысмашзауыт) болып өзгертілді. * 1961 жылы зауыт концентрациялық қондырғыларға арналған Механбор флотация машиналарын шығара бастады. Өнеркәсіп өнімдерін шығарумен қатар, зауытқа халық тұтынатын тауарлар өндірісі сеніп тапсырылған. * 1962 жылы зауыт өңдеу жабдықтарын өндіруді игерді: қалыңдатқыш М-519 (П-30) және 2КСН-30 жіктеуіштері. * 1964 жылы қаңтарда №2 цех блогы пайдалануға берілді (№ 2 механикалық құрастыру цехы, инструментальды цех, роликті конустық биттер бөлімі, механикалық жөндеу бөлімі). 1964 жылы тамызда BASH-2509 тау-кен қондырғысы Норильск зауыты үшін диаметрі 250-270 мм және тереңдігі 70 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылауға арналған болатын. * Өнімдердің жаңа түрлері - бұрғылау қондырғылары, роликті конустық биттер, экскаваторларға арналған шынжыр табандар, UK-1 бұрғылау қондырғылары енгізілді. * 1965 жылы зауыттың өнімі келесі түрлермен толықтырылды: роликті конустық биттер Ш76к, Ш112, конус сепаратор Зырян қорғасын зауыты үшін де шығарылды. * 1966 жылы П-25 үлгісіндегі қалыңдатқыштар мен АВ-3 м авто бұрғылау өндірісі игерілді.1966 жылы желтоқсанда модельдік-ағаш шеберханасының өндірістік ғимараты пайдалануға берілді. * 1969 жылы № 1 БЭМ жер асты электр бульдозерлері мен алюминий өнеркәсібіне арналған Удар 2 бұрғылау қондырғысының, ВП-8 туннельдік машиналардың, протоколдардың, протекторлардың екі прототипі дайындалды. Aquatol машиналарының прототиптері мен PSA жерасты майлау қондырғысы құрастырылды. * 1970 жылы сәуірде халық тұтынатын тауарлар шығаратын цех құрылды. «Зыряновск» вакуумдық жабдықтар мен машиналардың өндірісі игерілді. * 1971 жылы желтоқсанда №3 цехтар блогы іске қосылды, онда вакуумдық қондырғылар - титанды қалпына келтіруге арналған реторттар, қорғасынға арналған тазартылған қазандар, жерасты машиналарын - жер асты электр бульдозерлерін шығаратын цех және басқалары өздігінен жүретін жерасты машиналары. Болат құю цехы қайта жаңғыртылуда, шойын мен болат құймаларын шығаратын екінші құю өндірісі салынуда. * Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Кеңесінің No630 қаулысымен 12.08.1972 ж. Қаз министр. КСР зауыты «КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты» аталды. * 1977 жылы мыналар пайдалануға берілді: ацетилен станциясы, ҚТҚ негізгі құм қоймасы, көмірқышқыл газ станциясының құрылысы басталды. * 1978 жылы жер асты өздігінен жүретін машиналар кешенінің прототиптері - суару машиналары мен МОК-6 шатыр жапқыштары игеріліп шығарылды. * 1979 жылы көмірқышқыл газ станциясы, жер асты машиналары мен өңдеу жабдықтарының шеберханасы - No9 цех пайдалануға берілді.СПТУ-120 кешені (кәсіптік-техникалық училище) пайдалануға берілді. Жаңа өнімдер өндірісі игерілді: ФПМ-12.5 және ОК-16 флотация машиналары, ПЛУИКО машиналары, ВФТ-4 мн, ВТ-2, DOUTV-5 бұрғылау вагондары, Алтай скутері. * 1980 ж. - Санды басқарумен станоктардың бөлімі құрылды, ОП-30 зумпфін шығару игерілді, мини-ВТФ-2 м өздігінен жүретін бұрғылау машинасының және Ш-5 шассидің өздігінен жүретін қондырғыларының үлгілері. өндірілген. * 1981 ж. - ДТ-76 тракторына арналған пішінделген құю жетек дөңгелегінің балқуы жүргізіліп, КТ-105 бұрғылау қашауларының сериялық өндірісі игерілді және КТ-125 м биттердің тәжірибелік партиясы шығарылды. * 1982 ж. - П-30м-1 қоюландырғыштар, көп құю машиналары, ФПМ-16 флотациялық машиналар блоктары, КТ-125КМ бұрғылау қашаулары, КСН-15 классификаторы, Ульба-1С-А зарядтау және жеткізу машинасы, УРВ-2 қондырғышы өндірісін игерді. бірлік ... * 1983 - өндірісті игерді: «Вольна 1.5п» дірілдейтін ленталық люк, жарты шар тәрізді тазартқыш қазандықтар, анод ұстағыштар, MNF-5ts қалыптау машинасы үшін фура коллекторы, UVRM-Mts және UVRM-Su қондырғылары, MDZ / 3 машиналары. * 1984 - IST индукциялық пешінде балқыту жүргізілді. * 10.11.1988 ж. No 407 бұйрығымен КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Шығыс Қазақстан машина жасау зауыты ВПО Шығысмашзауыт болып қайта құрылды. * 1993 жылы 27 шілдеде №1 құрылтай жиналысының хаттамасымен «Шығысмашзауыт» НПО АҚ «Шығысмашзауыт» болып өзгертілді. * 1999 жылы 29 қаңтарда № 1 «Шығысмашзауыт» АҚ акционерлерінің өкілетті өкілдерінің жалпы жиналысының хаттамасымен компания «Востокмашзавод» АҚ болып қайта құрылды. * 17.10.2003 «Шығысмашзауыт» ААҚ акционерлерінің өкілетті өкілдерінің жалпы жиналысының 25.07.03 шешімімен компания «Шығысмашзауыт» АҚ болып қайта құрылды. ## Сілтемелер * http://vmz.kz/ Мұрағатталған 14 мамырдың 2021 жылы.
Асыл Ұланұлы Сағымбеков (12.07.1967) — «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы (2017 жылдан бастап). ## Еңбегі Жұмысын «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы ретінде бастаған. Кейін «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінде, «Труд» газеттерінде жұмыс істеген. Одан кейін «Вечерний Алматы» газеті бас редакторының орынбасары болған. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнеткерлікке шықты. ## Дереккөздер
Алатау ауданы — 2008 жылы құрылған Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Алматы қаласының солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағында 23 ықшамаудан орналасқан. Жалпы алаңы 104,9 км² (қала аумағындағы үлесі - 15%), халық саны 289 150 адам (қала халқындағы үлесі - 14%). ## Халқы Ұлттық құрамы (2019 жыл басында): * қазақтар — 195 747 адам (75,16 %) * орыстар — 24 469 адам (9.40 %) * ұйғырлар — 20 302 адам (7.80 %) * дүнгендер — 4 916 адам (1,89 %) * кәрістер — 1 975 адам (0,76 %) * қырғыздар — 1 879 адам (0,72 %) * татарлар — 1 716 адам (0,66 %) * әзірбайжандар — 1 366 адам (0,52 %) * өзбектер — 1 265 адам (0,49 %) * түріктер — 1 232 адам (0,47 %) * немістер — 616 адам (0,24 %) * күрдтер — 555 адам (0,21 %) * ингуштар — 481 адам (0,18 %) * украиндер — 460 адам (0,18 %) * шешендер — 373 адам (0,14 %) * армяндар — 99 адам (0, 04 %) * белорустар — 61 адам (0,02 %) * басқалары — 2 929 адам (1,12 %) * Барлығы — 260 441 адам (100,00 %) ## Әкімдері * Бағдат Сайланбайұлы Манзоров (07.2008 – 10 шілде 2017) * Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев (10 шілде 2017 – қаңтар 2020) * Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков (17 қаңтар 2020 - 13 қыркүйек 2024) * Талғат Жанболатұлы Малыбаев (13 қыркүйек 2024 - қазіргі кезге дейін) ## Дереккөздер
Асыл Ұланұлы Сағымбеков (12.07.1967) — «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы (2017 жылдан бастап). ## Еңбегі Жұмысын «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы ретінде бастаған. Кейін «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінде, «Труд» газеттерінде жұмыс істеген. Одан кейін «Вечерний Алматы» газеті бас редакторының орынбасары болған. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнеткерлікке шықты. ## Дереккөздер
Мақсұт Құлмұхаммедұлы Оразай, (27 желтоқсан 1938 ж.т., Бостандық ауданы, Табақсай ауылында) - Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық құндылықтарын қорғаушысы, қазақ тілінің жанашыры, бірнеше қазақ мектептерінің директоры болған. 2005 жылы Қазақстанда президенттікке тәуелсіз үміткер ретінде ұсынылған. Тіркелмеген Гуманистік партиясының ұйымдастырушысы, бірнеше кітаптардің авторы. ## Өмірбаяны * 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. * 1980 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігінің ҒЗИ-да қызмет етеді * 1981 жылдан 1987 жылға дейін Қазақ КСР Білім министрлігінде жұмыс істеді * 1987-1991 жылдары — Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебінің директоры. * 1991-1997 жылдары — Алматыдағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры. ## Қоғамдық белсенділігі * 2002 жылы Қазақстандағы Түркістан мен Бағыс ауылдарын Өзбекстан өзіне жайғағанда, сол мәселені мемлекеттік деңгейге бірінші көтеріп, қорғауға белсене қатыстқан адамдардың бірі еді. * 2004 жылы Мақсұт Оразай «Аргументы и факты - Казахстан» газетіне қарсы іс қозғады. Бұған зейнеткер бірнеше рет хабарлаған Қазақстандағы қалалардың атауларының басылымының әдейі бұрмалануы себеп болды. «Аргументы и Факты» сол кезге дейін кеңестік атаулардың транскрипциясын қолданған: Алматы орнына Алма-Ата, Ақтөбе орнына Актюбинск, Шымкенттің орнына Чимкент, Тараздың орнына Джамбул және т.б. Редакторға бірнеше ескерілмеген хаттардан кейін М.Оразай сотқа жүгінуге мәжбүр болды. 18 қазанда Алматы қаласының Медеу аудандық соты талапкердің пайдасына шешім шығарды және газетке мемлекеттік транскрипцияны сақтау міндеттелді. Бұл үдерістің салдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы Сламбек Тәуекелдің 2005 жылғы 17 қаңтарда республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына жазған хатында, ол мемлекеттік міндетті транскрипцияға шақырды. Хатта министрлік өкілі Алматы сотының Мақсұт Оразайдың пайдасына шешуіне тікелей сілтеме жасайды. Осы оқиғалардан кейін Қазақстанның барлық ақпарат құралдарында қалалардың ресми атауларын бұрмалау тоқталды. * 2005 жылы КТК телеарнасы қазақ тіліндегі материалдарды күндіз көрсетпей түнде ғана көрсететін. Әуелі пикет арқылы наразылық көрсетіп, кейін телеарнаны сотқа берген. Сот, телеарна заңды бүзбаған, бірақ та заңның кемістігі бар деген шешімге келеді. * 2006 жылы Қазақстан Ұлттық банкі жаңа теңге шығарады. Оның ішінде бірнеше қателіктер табылады. Соған қарсы сотқа беруші болады * 2007 жылы Қазақстанды күлкі қылған, Борат, расист фильмі шығады. Қазақстанда ол фильмге тыйым салынады. Мақсұт Оразай фильмді түсірген "20th Century Fox Film Company" компаниясына қарсы заңды талап дайындайды.. * "РУХ" клубын ұйымдастырып оның төрағасы болады. * Қазақстанда тіркелмеген Гуманистік партияның ұйымдастырушысы. * Басқа да көптеген саяси-қоғамдық мәселелерге бас қосатын кісі. ## Кітаптарі * Тіней шежіресі. 2001 ж. Таралымы 2000 дана. "Бағалы қағаздар" баспасы - 480004, Алматы қ. Абылайхан д., 56-үй. * Қазақ халқының салт дәстүрлері. 1994 ж. Таралымы 50 000 дана. "Рауан" баспасы, 480124 Алматы қ., Абай д-лы, 143-үй. * Мал тап, күн көр: бақытты бол. 2013 ж. ISBN 978-601-06-2524-2. "BC-Print-Technology" баспанасы, Алматы қ., Мамыр-1, 6 үй. * Қазақ кешкі мектебіне арналған 9-11 Орыс тілі оқулығы. 1987 ж. Таралымы 22500 дана. "Мектеп" баспасы, 480124 Алматы қ., Абай д-лы, 143-үй. ## Дереккөздер
Вели Айдынович Касумов (әз. Vəli Aydın oğlu Qasımov; 4 қазан 1968 жыл, Кировабад, Әзірбайжан КСР, КСРО) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1994-98 жылдары Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы Карьерасын Харьковтың "Маяк" клубында бастады. 16 жасында Харковтегі училищеге оқуға түскен болатын. Ұзамай 1985 жылы Харковтың бас клубы — "Металлистке" ауысты. 1987 жылы үйіне қайтып, КСРО бірінші лигасында ойнайтын "Нефтчи" футболшысы атанды. КСРО тараған соң Мәскеудің "Спартагына" шақырту алды. Бірақ сол жылы жазда мәскеулік тағы бір клуб — "Динамоға" ауысып кетті. Динамошылар сапында Ресей чемпионатының 1992 жылғы үздік мергені атанды (16 гол соқты) Кейінгі жылдары Испания, Португалия клубтарында ойнады. ## Жетістіктері ### Командалық * Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы: 1985 * Федерациялар кубогының финалисі: 1988 * КСРО кубогы: 1991/1992 * КСРО чемпионатының қола жүлдегері: 1992 * Испания чемпионатының қола жүлдегері: 1994/1995 ### Жеке * Ресей чемпионатының үздік мергені (1992 год) — 16 * Ресей чемпионатындағы үздік 33 (1): № 1 — 1992 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Вели Айдынович Касумов (әз. Vəli Aydın oğlu Qasımov; 4 қазан 1968 жыл, Кировабад, Әзірбайжан КСР, КСРО) — КСРО-лық және әзірбайжандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 1994-98 жылдары Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Карьерасы Карьерасын Харьковтың "Маяк" клубында бастады. 16 жасында Харковтегі училищеге оқуға түскен болатын. Ұзамай 1985 жылы Харковтың бас клубы — "Металлистке" ауысты. 1987 жылы үйіне қайтып, КСРО бірінші лигасында ойнайтын "Нефтчи" футболшысы атанды. КСРО тараған соң Мәскеудің "Спартагына" шақырту алды. Бірақ сол жылы жазда мәскеулік тағы бір клуб — "Динамоға" ауысып кетті. Динамошылар сапында Ресей чемпионатының 1992 жылғы үздік мергені атанды (16 гол соқты) Кейінгі жылдары Испания, Португалия клубтарында ойнады. ## Жетістіктері ### Командалық * Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы: 1985 * Федерациялар кубогының финалисі: 1988 * КСРО кубогы: 1991/1992 * КСРО чемпионатының қола жүлдегері: 1992 * Испания чемпионатының қола жүлдегері: 1994/1995 ### Жеке * Ресей чемпионатының үздік мергені (1992 год) — 16 * Ресей чемпионатындағы үздік 33 (1): № 1 — 1992 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Фёдор Дзабоевич Ногаев (осет. Ногъйаты Дзабойы фырт Федыр) (1930 жыл, Орджоникидзе, РКФСР – 2010 жыл) — Кеңес Одағының қоғам қайраткері, «Магнит» зауытының жоңғылау білдегіші, Социалистік Еңбек Ері. ## Өмірбаяны 1930 жылы Солтүстік Осетин Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орджоникидзе қаласында (қазіргі Владикавказ, Солтүстік Осетия) дүниеге келген. 1952 жылы Орджоникидзедегі қозғалтқыштарды жөндеу зауытында жоңғылау білдегінің операторы болып жұмыс істеді, кейін ол «Магнит» зауыты деп аталды. 55 рационализаторланған ұсыныстың авторы. 1956 және 1957 жылдары - оның енгізген өзгерістері КСРО-ның экономикалық жетістіктер көрмесінде қойылды. 1964 жылы қалалық партия комитетінің кешкі университетінің екі жылдық журналистика факультетін бітірді. Республикалық газеттерде және «Правда» газетінде жарияланған. Ол депутат болып сайланды - алдымен Өнеркәсіптік округ кеңесінің, содан кейін бірнеше шақырылымдағы Орджоникидзе қалалық кеңесінің, және ақырында Х шақырылымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1979-1984) және КОКП Солтүстік Осетин облыстық комитетінің бюро мүшесі болды. 1985 жылдан - ХІ шақырылған Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанды. Владикавказдың Красногвардейский саябағында Даңқ аллеясында жерленген. ## Дереккөздер
Мыңшұңқыр жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-батысындағы шеткі жота. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ескелді және Ақсу аудандандары жерінде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2829 м. Қора өзенінің оң жағалауын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың герцин тау жасалу кезеніңде пайда болған. Геологиялық құрамы жөнінен гнейстерден, кварцтер мен әктастардан тұрады, шығысқа қарай бұларға магнит араласады. ## Климаты Климаты қоныржай континенттік. Жауын-шашын мөлшері қыс айларында 150-200 мм, ал жаз айларында 300-400 мм. Жел қыста негізінен солтүсітік-шығыс, ал жазда солтүстік және оңтүстік бағытқа қарай соғады. Етегіндегі шөлдің сұр топырағы биіктеген сайын таудың қызғылт қоңыр, ал 2500 м-ден жоғары таудың орманды қара қоңыр топырағына ауысады. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Өсімдіктерден жусан, тянь-шаньдық шалғын, селеу аралас бетеге, 2000 м-ден жоғары қарағай мен самырсын өседі. Жануарлардан борсық, түлкі, сілеусін, қоян өмір сүреді. ## Дереккөздер
Майкүбі артезиан алабы, Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Майкүбі қоңыр көмір алабына сәйкес келеді. Ауданы 1 мың км²-дей грабен-синклинорийден орын алған. Алаптың жер асты суы қалыңдығы 300 м-дей келген триас пен юра шөгінділерінде. Суының минералдығы 1,5 – 1,8 г/л, құрамы хлоридті натрийлі, ұңғымалардың су шығымы 10 л/с-ке дейін жетеді. ## Дереккөздер
Қулыкөл – Тобыл алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Талдыкөл ауылынан батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 247,7 м биіктікте. ## Гидрографикасы Аумағы 33,6 км2, суы мол жылдары оңтүстік-батысындағы шағын көлмен қосылып ауиағы 46 км2-ге дейін ұлғаяды. Тереңдігі 2 м, ұзындығы 10 км, енді жері 4,9 км, жағалау бойының ұзындығы 33 км. Түгелімен қамыс, құрақ өскен жағалауында су құстары ұя салады, ондатр мен балықтар тіршілік етеді. ## Дереккөздер
Мақсот Қабышев (24 желтоқсан 1940, Айбас ауылы, Новобогат ауылы Гурьев облысы – 2007, Атырау) – ішкі істер саласы қызметкері. ҚР Ішкі Істер Министрлігінің полковнигі. ## Өмірбаяны Мақсот Қабышев 24 желтоқсанда 1940 жылы Айбас айылында Новобогат ауданы тұған. Новобогат поселкесіндегі орта мектепте оқып білім алды. 1959. Еңбек жолын Новобогат кеңшарында көлік жүргізушісі болып бастаған. 1974-1976. Гурьев облысында ІІБ жол қадағалау дивизионы штабында аға инспектор. 1976-1982. Гурьев облысында ІІБ емтихан алу-тіркеу, жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімдерінің бастығы. 1982-1995. Гурьев облыстық МАИ бастығының орынбасары, бастығы. ## Марапаттары МАИ-дың үздік қызметкері атағына ие болды. Медальдармен, ІІМ ОІІБ, облыстық атқару комитетінің құрмет грамоталармен, “Ішкі істер саласындағы үздік қызметі үшін” төс белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Төлеу Қадырбекұлы Жандауов (4 каңтар 1930 Манаш аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2 мамыр 2011 Атырау) — Қазақ ССР кәсіптік-техникалық оқудың еңбек сіңірген қызметкері. ## Өмірбаян Төлеу Қадырбекұлы Жандауов 4 каңтарда 1930 жылы Манаш ауылында, Исатай ауданы, Гурьев облысы дүниеге келген. Руы Беріш Жанбыршы бөлімі Кіші жүз. 1936-1944 жылдары Манаштағы Андреев атындағы мектепте білім алып, 7-сыныпы бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын “Алғабас” колхозында балықшы қызметінен бастайды. 1952 жылы Гурьев оқу комбинатында тракторист мамандығын игеріп, Новобогат машина-суландыру стансасында (ММС) бригадир, одан кейн механик болған. 1958 жылы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне жұмысқа ауысып, Новобогат ауылдағы алғаш РУ-15, кейіннен УМСХ-66, ГПТУ-100, СПТУ-37, соңынан Гурьевтеге №7 орта-кәсіптік техникалық училищесіне өндірістік оқу шебері болып, зейнеткерлікке шыққанға дейін ұстаздық қызмет атқарған. 1990 жылдан құрметті демалыста. 1995 жылдан бері №7 кәсіптік училищесінде жылма-жыл “Т.Жандауов атындағы атаулы байрақ” тағайындалды. ## Қоғамдық қызметі 1957 жылы Гурьев қалалық Советіне депутат. 1985 жылы Гурьев облыстық кеңестің депутаты. 1987 жылы VI Қазақстан мұғалімдер съезіне делегат болып сайланған. ## Отбасы Әкесі – Жандау Қадырбеков (1897-1971), Ұлы Отан соғысының ардагері. Анасы – Зейнеп. Дүниеге төрт бала әкелді - Төлеу, Мадеш, Нығмет, Злиха. Зайыбы – Ғайнижамал. Отбасында бес бала Өтеген, Қармыс, Фарида, Гүлшара, Сайламбек, он екі немере-жиен бар, ұш шөбере. ## Марапаттары Ерен енбегі үшін «Қазақ ССР-інің кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі» (1967), "Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі" (1970), "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” (1970), В.И.Ленин Орденімен (1978), “Республикаға еңбек сіңірген еңбегі үшін үшін”, "Еңбек ардагері”, "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл" (2010) медалдармен және грамоталармен марапатталған. Есімі Қазақ КСР Құрметті Алтын кітабына жазылған. ## Дереккөздер
Қарағанды екінші жылу электр орталығы (Қарағанды 2-ЖЭО) (Теміртау к., Қарағанды металлургия комбинаты) — Қарағанды металлургия комбинатының тұтынушыларына электр энергиясын және ыстык су күйіңде қызу беретін жылу электр стансасы. 2-ЖЭО жобасын «Жылуэлектржобалау» институтының Ростов бөлімшесі жасады. 1973, 1974, 1975 жылдары пайдалануға берілген энергетикалық қуаттардың 1-кезегіне сағ. 420 т бу өңдіре алатын ТП-81 типті тиісті қазан агрегаттары және бұларға керекті электр куаты 100 мың кВт-тан келетін № 1 Зтурбиналары енді. 4-қазан агрегаты 1976 ж. пайдаланылуға тапсырылды. 6 бу қазанының жалпы енімі. сағатына 2520 т бу, 4 турбина агрегатының жалпы куаты 435 мың кВт болды.Энергия 10 және 110 кВ кернеуде берілді. «Қазақмыс» қорпорациясы» ЖШС қарайды (2006). ## Дереккөздер
Қарағанды екінші мемлекеттік аймақтық электростанциясы (Қарағанды 2-МАЭС) (Абай ауданы, Топар кенті) — Қарағанды-Теміртау өнеркәсіп ауданының энергетмкалық базасын нығайту үшін салынған қонденсациялық электр стансасы. 300 мың квт қуаты бар 1-кезегінің жобасын «Жылуэлектрожобалау» институтының Ростов бөлімшесі жасаған. 1954 ж. стансасының 1-кезегін салу басталды. 1%2 ж. 4 қазан агрегаты, 2 ВК-50 турбинасы пайдалануға берілді. Электр энергиясын беру 110 және 220 кВ кернеулі желілер бойынша жүзеге асырылады. Бөлу жүйелері 6 және 35 кВ кернеулерде жұмыс істейді. Аймақтык станса құрамында бір жолғы нақты өнімділігі сағ. 220 т. бу бере алатын 16 қазан агрегаты және жалпы қуаты 358 мың кВт 8 турбина агрегаты жұмыс істеді. ## Дереккөздер
Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасы – электр энергетикалық кәсіпорны. 1964-76 жылдары Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Талас өзенінің оң жағасына салынған. 2003 жылы ҚазТрансГаз АҚ-ның құрамына енді. ## Дереккөздер
Алматы жылу электр орталығы (Алматы ЖЭО) — Алматы тұтынушыларын электр энергиясымен, бумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін үш жылу-электр орталығы. 1-Алматы жылу-электр орталығы 1931 ж. салына бастап, 1935 ж. 25 қазан күні алғаш ток берді. 1960 жылға дейін Алматы орталық электр стансасы деп аталған. Ол 1944 жылға дейін респ. астанасын электр энергиясымен қамтамасыз ететін жалғыз ғана қуат көзі болды. 1960 жылдан бұл электр станциясы 1-Алматы жылу-электр орталығы деп аталды.2-Алматы жылу-электр орталығын салу 1974 жылы басталып, жылу қуаты 456 Гкал/сағ болатын бірінші кезегі 1982 ж. пайдалануға берілді. Есепті жылу қуаты 1520 Гкал/сағ, көмірмен жұмыс істейді. Негізгі құрылыстары 1978—89 ж. аралығында салынды. Қалада бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету жүйесіне 200-ден астам кәсіпорын мен 7000-ға жуық әртүрлі ғимараттар мен үйлер қосылған.Бұрынғы Алматы мемлекеттік ауданаралық электр станциясы 1996 жылдан бастап 3-Алматы жылу-электр орталығы деп аталады. Ол 1962 — 67 ж. аралығында конденсац. жылу-электр ст. ретінде іске қосылды.Алматы Жылу-Элект Орталықтары 1996 ж. Бельгияның “Трактабель” тобы құрған “Алматы Пауэр Консолидэйтед” жабық үлгідегі акцион. қоғамының басқаруына берілген. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Шахтинск жылу электр орталығы (Шахтинск ЖЭО, бұрынғы атауы Тентек ЖЭО) (ТЖЭО Шахтинск қаласы) электр энергиясын, тұтынушыға бу және ыстық суды жылу түрінде беретін электр орталығы. ТЖЭО-ның құрылысы ауданның шахталарымен өнеркәсіп орындарын техикалық бумен және электр энергиясымен жабдықтау мақсатымен 1960 жылдан салынды. Жылу магистральның ұзындығы — 5,9 км. Алғашқы 2 қазандық агрегаттық өнімд. 75 т/сағат болды. 1964 жылдан 2 турбогенератор пайдалануға берілді, 1965 жылдан тағы бір қазандык агрегатпен турбіна іске қосылды. 1967 жылдан кәсіп орыннын белгіленген қуаты 18 мың кВт-қажетті. 1972 жылдан қосымша қазандық агрегат, ал 1978 жылдан жаңа үлгідегі су жылытатын қазан орнатылды. ТЖЭО-да 4 энергетикалық бу қазаныс ағатына 75 тбу өңдіреді.қарбаластық су жылытқыш казаны (мазутпен жүмыс істейтін) сағатына 75Гкал, 3турбоагрегат 6 мың кВт-тан өндіреді. ## Дереккөздер
Алтай кен байыту кешені (еск. Зырянов кен байыту кешені) – Қазақстандағы қорғасын-мырыш кентастарын өндіріп, байытумен айналысатын ірі түсті металлургия кәсіпорны. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында орналасқан. Қазмырыш концернінің құрамына кіреді. ## Тарихы 1791 жылы ашылған Зырян кенді ауданы негізінде 1953 жылы құрылды. 1953-1993 жылдары Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты, 1993–1997 жылдары “Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты” акционерлік қоғамы болып аталды. 1997 жылы “Зырянов кен байыту кешені” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Құрамында қорғасын зауыты, Грехов және Малеевка кеніштері, кен байыту фабрикасы бар. ## Өнімдері Ашық әдіспен және жер астында өндірілетін қорғасын, мырыш кентастары кен байыту фабрикасында өңделіп, қорғасын, мырыш, мыс концентраттары түрінде өнім шығарылады. Кешенде 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Қазақстан теңге сарайы — шақа, мемлекеттік марапаттар, ордендер, медалдар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар шығаратын қазақстандық кәсіпорын. Теңге сарайы 1992 жылы құрылды; Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан. ## Тарихы 1992 жылы қаңтарда Үлбі металлургия зауытында тиындар өндірісі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, шығарылған тиындардың үлгілері төлем құралдарын өндіруді ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған үкіметтегі отырыста ұсынылды. Сол жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұйрығымен зауыт алғашқы айналмалы тиындардың өндірістік топтамасын шығарды. 1994 жылы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік марапаттарды дайындауға арналған алғашқы тапсырысы аяқталды. 1995 жылы тиындар мен марапаттар шығаратын, сондай-ақ құрал-саймандар шығаратын цехтар Түсті металдар зауыты ретінде дербес заңды тұлға болып бөлінді. 1997 жылы өндіріс ішкі істер органдарына арналған аксессуарлар мен төсбелгілерді және мемлекеттік стандарт бойынша тексеру белгілерін шығарумен толықтырылды. 1998 жылы Түсті металл бұйымдары зауыты «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Сол жылы зергерлік өндіріс құрылды. 1999 жылы алтын мен күмістен пруф сапалы тиындар шығару басталды. ## Тағы қараңыз * Балқаш түсті металдарды өңдеу зауыты ## Сілтеме * Ресми сайты * Доллардан да қымбат теңге қайда жасалады. Қазақстан теңге сарайынан эксклюзивті фоторепортаж
Өскемен жылу электр орталығы (Өскемен ЖЭО) — аймақтық маңызы бар жылу электр орталығы (аралас жылу-электр орталығы). Шығыс Қазақстан облысы, қазақстандық Өскемен қаласында «Қазмырыш» ЖШС қорғасын-мырыш зауытына іргелес жерде орналасқан. Өз кезегінде «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС (ҚКЖ) құрамына кіретін аттас компанияға жатады. Станция өндіретін электр және жылу энергиясы қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемесінің 80%-ын жабады. ЖЭО - Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне кіреді. ## Тарихы 1939 жыл станцияны құру үшін қосалқы бөлімшелерді дайындау жылы болды. Құрылыс кірпіш зауытынан, тұрғын кентінен, ЖЭО құрылыс алаңынан басталды, оның құрамына ерітінді-бетон зауыты, ағаш кесетін жерлер мен қоймалар кірді. Қуаттылығы 210 кВт құрайтын уақтылы электр станциясы салынды. Сосын соғыс басталып, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. 1942 жылы "Электроцинк" Орджоникидзе зауытының құрал-жабдығы эвакуацияланғанна кейін құрылыс жалғастырылды. 1946 жылдың басында станцияда 6 адам ғана жұмыс істеген болатын, оларды Леонид Львович Ставицкий (1945-1946 жж. аралығында) басқарды, ал бас инженер М. С. Стаскевич болды. Сол кезде осы адамдар мен электр цехының бастығы А. Я. Лепилинде ғана жоғары білім болды. Құрылыс ұлғая келе, оның ұжымы да өсе түсті, бірінші агрегатты іске қосудың басында 272 адамды құрады. 1946 жылы Л.Л. Ставицкийді директор лауазымында Иван Михайлович Ивашевский алмастырды, осы қызметте ол 1951 жылға дейін жұмыс атқарды. 1947 жылғы 27 қыркүйекте Өскемен мырыш зауытының іске қосылуына қарай әрекеттегі алғашқы 4 МВт-тан 60 атм. жоғары қысымдағы екі блок жұмысқа енгізілді. Беляев, Мережко, Горшков, Краснов, Панкратов, Бусыгина, Рукавишников, Рыбалко, Фролов, Везигина, Кунгурцев – станцияның алғашқы қалыптасуына үлестерін қосқан адамдардың біразы ғана. 1951 жылдың желтоқсан айында Өскемен ЖЭО 26 МВт 2-ші кезегі ағылшын құралында пайдалануға енгізілді. 1951 жылдан бастап станция директоры лауазымына Вадим Аркадьевич Вериго тағайындалды, ол осы қызметте 19 жыл жұмыс істеді. 1952 жылдың қараша айында Өскемен ЖЭО үшінші кезекпен кеңейтілді – 3 қазандық 75 т/сағ және екі турбина 12 МВт.Станция қуаттылығының дамуымен қатар қалалық жылу жүйелері де құрыла бастады, олар 100 қазандықтан артық көлемді жабуға мүмкіндік берді, соның арқасында қаладағы экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарды. 1952-53 жж. алғашқы бойлерлік іске қосылып, салынып жатқан металлургтер кентінің ауданында алғашқы магистраль құрылды. 1954 жылы Т-25-29 25 МВт жылуландыру турбинасы енгізілді. 1959 жылы стнцияның төртінші кезегінің құрылысы аяқталды. 1963 жылы Белинский көшесі мен Ленин алаңы бойынша және Комендантка өзеніне дейін ұзындығы 3000 метр құрайтын тағы бір жылу магистрал торабы, ал 1966 жылы Лев Толстой бульвары (қазір Ленин алаңының бас жағы) бойынша магистраль салынды. 1963-1967 жж. аралығында станцияның бесінші кезегі іске қосылды. 1966-1970 жж. аралығында Өскемен ЖЭО-да жоғары қысымдағы Т-50-130, T-I00-I30 және P-40-I30 бірінші жылыту блоктары енгізілді. Осы жылы станция директоры болып Василий Ефимович Архипов тағайындалды, ол осы лауазымда 1976 жылға дейін қызмет атқарды, ал кейіннен Қазақстан Энергетика министрлігі бір басқармасының бстығы болып тағайындалды. 1976 жыл директор болып Юрий Моисеевич Маргулис тағайындалып, станцияны 16 жыл бойы - 1992 жылға дейін басқарды. 1985 ж. 15 қарашада бірқұбырлы 600 м. жылу трассасымен Өскемен ЖЭО аумағы көпір арқылы Солтүстік жағалаудағы өнеркәсіптік тораптың оңтүстік қазандығымен қосылды. 1991 жылы қазіргі әрекеттегі № 14 - 500 т./сағ. қазандық пайдалануға берілді. Сосын елімізде баршаға белгілі қайта құру кезеңі басталды. Энергетика саласы қалтырады, экономиканың өзге де салалары сияқты. Бұл жайт Өскемен ЖЭО-ның тағдырына да әсерін тигізді: біртұтас энергия жұйесінің құлдырауы, төлемсіздік, қарыздар, отынмен жабдықтаудағы қиыншылықтар және өзге де кері әсерлі себепшарттар станцияның жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізбей қоймады, соншалықты қажетті жетінші кезектің құрылысы баяулады. Осы күрделі жылдары (1992-1997) осыған дейін станцияның бас инженері луазымында «сегізжылдықты» атқарған Владимир Федорович Холявин басшылыққа келді. «Таза өндіріспен» қатар ЖЭО әлеуметтік құрылым нысандарына ие болды, оның "Аюда" демалыс базасында 30 үйлік Гастелло атындағы тамаша пионер лагері, өз здравпункты, асханасы, дүкені, буфеты болды. Станция жұмысшылары осы жылдар барысында кәсіби шеберлік, спорт сайыстарына, көркем өнерпаздық байқауларына белсенді қатысты. Станцияның көптеген қызметкерлері жоғары үкіметтік марапаттармен марапатталған. 1997 жылы станция директоры болып Сергей Афанасьевич Тазин тағайындалды. Бұл жылдар станция үшін оңайға тиген жоқ. Бірақ, ұжымның ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде станцияда тығырықтан шығуға мүмкіндік берген айтарлықтай өзгерістер орын алды. Кәсіпорынның штаты оңтайландырылды: қосалқы персонал радикалды қысқартылды, басқарушы кадрлар қайта топтастырылды. Жоғары білікті мамандардың негізгі ұйытқысы сақталды, бұл станцияға алдыңғы жылдардай сенімді қызмет атқаруға мүмкіншілік берді. 2000 жылы Сергей Тазинды басшылық қызметінде станцияның сегізінші директоры болған Геннадий Юрьевич Туранов алмастырды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 наурыздағы №369 қаулысына сәйкес жекешелендіру шеңберінде AES Suntree энергетикалық корпорациясына берілген алты электр станцияларының қатарына кірді (Өскемен СЭС, Шүлбі СЭС, Лениногор ЖЭО, Согра ЖЭО, Семей 1-ЖЭО және Өскемен ЖЭО) . Бұған дейін, 1996 жылы үкімет Қазақстандағы ең ірі электр станция - Екібастұз 1-МАЭС-ін американдықтарға 1,5 миллион долларға сатты. 2017 жылдың сәуірінде AES Өскемен және Согрин ЖЭО-ын кәсіпкер Дінмұхамет Ыдырысовтың қазақстандық «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниясына («Ордабасы» корпорациясы) сатты. ## Компания туралы Кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылатын жылу және электр энергиясының өндірісі аралас тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбина агрегаты орнатылған.Кәсіпорындағы негізгі отын түрі – көмір. Қазандық агрегаттарының тамызық отыны - мазут. Отын станцияға «Қаражыра» АҚ мен «Майкөбен-Вест» ЖШС-нен теміржол арқылы жеткізіледі. Станциямен өндірілген электр және жылу энергиясы қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80% жүктемесін қамтиды. «Қазмырыш» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ сынды ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды. 2017 жылы Өскемен ЖЭО іске қосылғанына 70 жыл толды. Бүгінгі таңда станцияда 559 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде станци яның белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, белгіленген электр қуаттылығы – 372,5 МВт құрайды.«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры – Идрисов Сабырғали Мұхаметқалиұлы. ## Дереккөздер ## Сілтеме * «Өскемен ЖЭО» ЖШС ресми сайты * «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» ЖШС ресми сайты
Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ) – Өскемен қаласында орналасқан Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны. ## Жалпы мәлімет Қазақстан-Американдық еркін университеті халықаралық серіктестіктегі меншік жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің салтанатты түрде ашылу және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өзі қатысты. Н. Назарбаев университеттің бірінші «Құрметті профессоры». ЖОО-ның басшылық құрамында – АҚШ азаматтары: қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, халықаралық бағдарламалар және халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент Дэниел Бэлласт бар. 2014 жылы университет өзінің 20 жылдығын атап өтті. ЖОО ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік үш аттестаттауынан өтті. Университеттің алты мамандығы ACBSP (АҚШ) (бағдарламалар мен алқалық бизнес-мектептердің ассоциациясы, АҚШ) ұйымының халықаралық мамандандырылған аккредитациясына ие болған. ЖОО негізгі басымдылығы-таңдаған мамандықтан басқа ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгерген мамандарды дайындау. Университет контингенті 3500-нан артық студенттер, магистранттар PhD докторанттарын құрайды. ЖОО моделі екі бағдарламадан тұрады: американдық, қазақстандық және коптілділік. «Co-Serve International» (АҚШ) ұйымы мен Қамқолық Кеңесінің қатысуымен американдық бағдарлама аясында менеджмент, құқық, ақпараттық жүйелер, шет тілі саласында бакалавлар мен магистрлерді және Ph.D докторларын дайындалады. Олардың білім бағдарламасына құйған инвестициялары мен жоо-ның техникалық базасына кеткен қаржысы жылына 300 000 доллар мөлшерін құрайды. АҚШ, Канада, Европа мен Австралия мамандарын тарта отырып болашақ мамандар ағылшын тілінде оқытылады. Жыл сайын оқу үдерісіне 40-қа жуық шетелдік оқытушылар қатысады. 200-ден артық студенттер мен магистранттар АҚШ-ның жетекші компанияларында, банктерінде және биржаларында («INTEL», «NIKE», «LEXUS» және т.б.) кәсіптік практикадан өтті. Қазақстанда практикадан өту жағы көбінесе шетелдіктер жұмыс істейтін компанияларда қарастырылады. Оқытудың жоғары деңгейі «МUSKIE», «IREX», «DAAD» бағдарламалары мен Президенттік «Болашақ» және т.б. бағдарламалар аясында АҚШ, Ұлыбритания және Германия университеттерінде студенттер білім алған көптеген гранттармен расталған. ЖОО-ның аса дарынды 8 студенті магистратурадағы, докторантурадағы оқуды ары қарай жалғастыру үшін Нортвест Назарин университетінің (АҚШ) гранттарына ие болды. Университет базасында жыл сайын американдық студенттермен бірлесе отырып мәдени-лингвистикалық бағдарламалар өткізіледі. Түлектер бір мезгілде қазақстандық және американдық диплом алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгергені туралы сертификатқа ие болады. Қазақстандық бағдарлама күндізгі оқыту түрі негізінде әр түрлі гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша соның ішінде, педагогикалық бағыттағы түлектер басқа жоо-мен салыстырғанда қолдарына дипломмен бірге ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгергені туралы сертификат алады және олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, маман ретінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу бойынша ауылдық мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. ЖОО-ның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бүгінгі таңда түлектері ҚР Сыртқы істер Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, «Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «АЗИЯ АВТО» АҚ сияқты отандық және «AES», «Қазақойл», «Шеврон Тексако», «Procter and Gamble», «Deloitte and Touch» аудиторлық фирмасында, т.б. шетелдік компанияларда табысты қызмет етуде. ЖОО студенттерін АҚШ университеттерінде қашықтықтан тегін оқыту мүмкіндігімен бірге жаһандық «INTERNET» желісі ресурстарына қол жетімділігі қарастырылады. ЖОО «Американдық мәденит алмасу» Ассоциациясымен ағылшын тілін АҚШ университеттерінде жүйелі түрде оқыту, үздік компанияларда тәжірибелер мен жұмыс өтілімдерін ұйымдастыру бойынша эксклюзивті өкілі болып табылады. Университет құрылымында көпсалалы колледж, Іс жүргізу бойынша білім беру мен біліктілікті арттыру орталығы, Жеке тұлға мен мансапты дамыту орталығы бар. Университет Қазақстандағы АҚШ елшілігімен, АҚШ-тағы Қазақстан елшілігімен, сонымен қатар, американдық және ресейлік көшбастаушы университеттермен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда: Нортвест Назарин университеті, Конкордия университеті, Уорнер Пасифик университеті, Аризондық мемлекеттік университеті, Санкт-Петербургтік ақпараттық технология, механика және оптика ғылыми-зерттеу университеті, Алтай мемлекеттік университеті және Сібір кооперация тұтынушылық университеті. Университеттің 6 оқу корпусы, АҚШ-та 2 кеңсесі (Орегон және Флорида штаттары), компьютерлік сыныптары, оқу зертханалары, спорт залдары, типография, заманауи кітапхана, жабдықталған қонақ үйі, жатақхана, оқу-өндірістік «Сібе» кешені және демалыс орны бар. ## Академиялық бағдарламалар Әлемдік білім беру кеңістігінде бірыңғай білім беру ортасын құруды, дипломдарды өзара құрметтеуді қарастыратын Болон декларациясы республикада интеграция жолының тұрақты бағытына негізделген. Білім саласындағы ұлттық бағдарламаның басты міндеті әлемдік тенденциялар арасында қолайлы балансқа, стандарттар мен жеке позитивті тәжірибелерге, отандық дәстүрлі ерекшеліктерге қол жеткізу болып табылады. ҚАЕУ бұрын да қазіргі Қазақстанның болашағы үшін осы қажеттілікті болжаған болатын. Еңбек нарығында лайықты бәсекеге түсе алатын мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі 1999жылы ҚАЕУ алғашқы түлектеріне ҚР Президенті Н. Назарбаев екі тілдегі: қазақстандық және американдық екі дипломды табыстаған кезде белгілі болған еді. Бүгін ҚАЕУ түлектерінің дипломдарын World View Ассоциациясының мүшелері болып табылатын, халықаралық университеттері мойындап отыр. ҚАЕУ осы ассоциацияның ресми мүшесі. Бүгінгі таңда университет Орегон штаты территориясында білім беру қызметін жүргізу құқығымен осы штаттың толық құқықты жоо ретінде тіркелген. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бір ізге салудың, екі елдің білім беру технологияларының прогрессивті элементтерін пайдаланудың арқасында осы жетістікке қол жетті. Қазақстан-Американдық еркін университет - бакалавларды халықаралық стандарт бойынша (мемлекеттік лицензия 23 қараша 2010 жылы берілген № 0137478) дайындай бастаған бірінші жоғары оқу орны. Университетте оқыту екі факультетте - «Бизнес, құқық және педагогика» және «Қашықтықтан оқыту» факультеттерінде бакалавриат мамандықтары бойынша, магистратура, PhD докторантурасы бойынша екі бағдарламамен (қазақстандық және американдық) жүргізіледі. ### Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру * ҚАЕУ колледжі - күндізгі оқыту түрі бойынша 9-11 сынып базасында, сырттай оқыту түрі бойынша 11 сынып базасында мамандарды дайындап орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. 2003 жылдан бастап жұмыс жасайды. * Өскемен экономика және қаржы колледжі - 2011 жылы ҚАЕУ-нің құрылымына енді. Өзінің қызмет ету кезеңінде білім беру бірлестіктеріне қабылданып, жетістіктеріне байланысты марапатқа ие болған. Сырттай оқыту түрі бойынша 11-сынып базасында, күндізгі оқыту түрі бойынша 9-11 сынып базасында мамандарды дайындап орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. 1943 жылы құрылды. ## Сілтеме * Ресми сайты Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2020 жылы. ## Дереккөздер
Жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты — бұл 2009 жылы құрылған, 1992 жылдан 2009 жылға дейін шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты деп аталған ашық хоккей лигасы. 2020 жылдан бастап Pro Hokei Ligasy болып өзгертілді. Спорттық дизайндағы негізгі бағыттарды біріктіретін лигаға арналған ерекше эмблема жасалды. Қазіргі чемпион - астаналық «Номадты» плей-офф кезеңінде жеңген атыраулық «Бейбарыс». ## Тарихы Қазақстанның алғашқы тәуелсіз чемпионаты 1992/1993 жылғы маусымда 5 команданың қатысуымен өткізілді, олардың бірі Новокузнецк қаласының Металлург командасы болды (ол тек жарыстан тыс бірінші кезеңде ғана ойнады). Бірінші чемпионат үш кезеңнен тұрды: біріншісі 1992 жылы тамызда Қарағанды мен Теміртауда, екіншісі - 1993 жылы қаңтарда Теміртауда, үшіншісі - Өскеменде өтті. Жеңімпаз ретінде 6 маусым қатарынан чемпион атағын ұстап тұрған «Торпедо» (Өскемен) танылды. Жеңіс сериясы ұзағырақ болуы мүмкін еді, бірақ 1998/1999 жылғы маусымда команда қатыспады, ал чемпионатты теміртаулық «Болат» жеңіп алды. Келесі маусымда Торпедоның (2000 жылы Қазмырыш-Торпедо деп өзгертілді) жаңа жеңіс сериясы басталды, ол қатарынан 6 жеңіске жететін маусымды құрады. Қарағандылық «Қазақмыс» өскемендіктерге оны 2006 жылы ұзартуға жол бермеді. Барлығын көзбе-көз жекпе-жектер шешті, мұнда «қасқырлар» күштірек болды - 4: 0 және 6: 3 өз мұз алаңында, 1: 1 және 2: 3 қарсыластар алаңында. Бірақ келесі жылы торпедалық команда 13-рет (!) Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. 2007/2008 чемпионаты екі кезеңде өтті. Қорытынды бөлімде бірінші кезеңде алғашқы үш орынды иеленген командаларға маусым ішінде Ресей біріншілігінің Жоғары лигада ойнаған «Қазмырыш-Торпедо», «Барыс» (Астана) және «Қазақмыс» (сол уақытта олар Қарағандыдан Сәтбаевқа ауысқан) қосылды. ҚХЛ-ға өтуге дайындалып, астаналық «Барыс» алғаш рет Өскемен спорт сарайының мұз айдынында бес кездесудің барлығында жеңіске жетіп, чемпион атанды (біреуі буллитте). 2008/2009 маусымы да өткен жылдың формуласы бойынша екі кезеңде жоспарланған болатын. Бірақ бірінші кезең аяқталмай қалды және соңғы «пульканы» наурыз айының соңында Павлодарда өткізу туралы шешім қабылданды. Финалдық турнирдің шарықтау шегі «Барыс» пен «Қазмырыш-Торпедо» арасындағы шешуші ойын болды. Ащы тартыста астаналықтар буллитте жеңіске жетті. ### 2009—2010 ### 2010—2011 ### 2011—2012 ### 2012—2013 ### 2013—2014 ### 2014—2015 ### 2015—2016 ### 2016—2017 ### 2017—2018 ### 2018—2019 ### 2019—2020 ### 2020—2021 Коронавирустық пандемияға байланысты Қазақстанның шекаралары жабылды. ЖХЛ мен ЖХЛ халықаралық жарыстарында ойнайтын қазақстандық «Сарыарқа», «Торпедо», «Номад», «Қар барыстары» хоккей клубтары елден еркін кетіп, орала алмады. Осыған байланысты клубтар Pro Hockei Ligasy-де өз өнерлерін жалғастыруға міндетті болды. ## Pro Hokei Ligasy маусымдары * 1992/1993 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты * 2009/2010 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2010 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Горняк * 2010 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Горняк * 2010/2011 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2011 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Теміртау * 2011 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Теміртау * 2011/2012 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2012 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Арлан * 2012 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Арлан * 2012/2013 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2013 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Арлан * 2013 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Арлан * 2013/2014 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2014 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Ертіс * 2014 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Ертіс * 2014/2015 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2015 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Горняк * 2015 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Горняк * 2015/2016 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2016 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Құлагер * 2016 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Құлагер * 2016/2017 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2017 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Құлагер * 2017 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Құлагер * 2017/2018 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2018 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Алтай-Торпедо * 2018 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Алтай-Торпедо * 2018/2019 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты2019 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Алтай-Торпедо (2) * 2019 шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы Алтай-Торпедо (2) * 2019/2020 шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатыКазақмыс-2005, 2006, 2008Торпедо-2002, 2003, 2004, 2007 * Казақмыс-2005, 2006, 2008 * Торпедо-2002, 2003, 2004, 2007 ## Командалар ## Лауазымданған клубтар ## ҚР Кубогының иегерлері ## Дереккөздер
Медғат-Қасым – Мағауия Абайұлы Құнанбаевтің қазақтан жырақ жердегі, яғни Африкада мекендеген адам қауымын реалистік шындық тұрғысынан көрсететін поэмасы. ## Қысқаша мазмұны «Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы, Ғазиза атты қызы болады. Оларға қоса Мария атты асырап алған қызы қатысады. Поэмада жеке көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады. ## Дереккөздер
Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты («ШҒЗТКМтүсмети») – зерттеулер, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік сынақтар жүргізетін көп атқарымдық ғылыми ұйым, ұйым жобалау жұмыстарын орындайды және тау-кен ісі, кен байыту, ауыр түсті металдар металлургиясы, сирек металдар, қолданбалы және талдау химиясы, өнеркәсіптік экология, стандарттау және метрология, экономика салаларындағы жабдықтар мен әзірленген технологияны енгізу барысында ғылыми-техникалық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығының құрамына кіреді. ## Тарихы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1950 жылы Кенді Алтай орталығы - Өскемен қаласында Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институтының негізі құрылды (ШҒЗТКМтүсмети). ШҒЗтүсметИдің негізгі міндеттері КСРО түсті металлургия министрлігінің қорғасын-мырыштың ішкі саласын дамыту болып келді. 1992 жылы Институт Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулысымен 1993 жылы институт Қазақстан Республикасының минералдық шикізаттын кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығының құрамына енгізілді, 1998 жылы – еншілес кәсіпорын ретінде, 2012 жылы – филиал ретінде. Институттың қалыптасуы мен дамуына қарай оның ұжымы әрекеттегі отандық және шет ел кәсіпорындарындағы ғылыми зерттеулер, өнеркәсіптік сынақтар жүргізуде, жаңа техника мен технологияны игеруде мол тәжірибелері бар инженерлік-техникалық қызметшілердің аса білікті кадрларынан тұрады. Институтта 3 академик, 9 доктор және 106 техника ғылымының кандидаттары даярланды, 21 маман Ленин және КСРО мемлекеттік сыйлығының, КСРО Министрлер Кеңесінің және Е. Букетов сыйлығының лауреаттары атанды, 1 қызметкер «Құрмет» орденімен марапатталды, 2 қызметкер «Жер қойнауын барлаудағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды, 9 қызметкерге Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген металлургі» және «Еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді, институттың 410 әзірлемелері КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс және қола медальдарын иеленді. 10 қызметкер «Жер қойнауын барлау үздігі», «ҚР жер қойнауының Құрметті Барлаушысы», «Еңбек даңқы» (екі қызметкер – осы белгінің толық кавалерлері), «Кенші даңқы», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісін иеленді. ВНИИцветмет, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, Қазақ КСР Алтын Құрмет Кітабына енгізілген, Ленин мерейтойлық құрмет грамотасына лайық деп табылды. Қазақстанның тау-кен, металлургия кешендеріндегі көптеген кәсіпорындарында және ТМД-ның әртүрлі елдерінде осы институтта әзірленген технологиялар мен жабдықтары өндіріске енгізілген, соның ішінде ең ірілері: Жәйрем, Николаевск пен Шемонайха кеніштері; Тишинка, Орловск пен Малеевка кеніштері; Лениногорск (қазір Риддер), Николаевск пен Жезкент кен байыту фабрикалары; ӨҚ ҚМК (қазір «Қазмырыш» ЖШС) сирек металды цех және шаң ұстау цехі; Жезқазған электрлік қорыту сұлбасы бойынша мыс балқыту зауыты; Лениногроск (қазір Риддер) және Алмалы мырыш зауыты; Лениногрск (қазір Риддер) мырыш зауытында отандық және әлемдік практикада қождарды суықтай өңдеуге арналған ең ірі вельцкешені; Балқаш мырыш зауыты, Шымкент мырыш зауытында сирек металл цехі мен шаң ұстау цехі; Лениногрск (қазір Риддер) мырыш зауытында аккумулятор сынықтарын өңдеу цехі және басқа да көптеген нысандар. Институтта сульфидтік мыс-мырышты концентраттарын және қорғасыны бар әртүрлі материалдарды өңдеу әдісі – КИВЦЭТ-үрдіс әзірленді. Мыс-мырышты концентраттарын өңдеу бойынша алғашқы өнеркәсіптік құрылғы, Қазақстанда Ертіс мыс балқыту зауытында салынды, екінші құрылғы қорғасын-күміс концентраттарын өңдеуге арналған – «Клекнер Гумбльдт Ведаг АГ» герман фирмасымен институттың лицензиясы бойынша Боливияда «Энаф Комибол» корпорациясы үшін салынды. 1986 жылы өнеркәсіптік КИВЦЭТтік кешен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының («Қазмырыш» ЖШС) қорғасын зауытында тұрғызылды, ол 12 жыл жұмыс істеді. 1987 жылы Италияда курорттық аймақта Сардиния аралында «Самим» компаниясының, қазір «Портовезме С.р.л» КИВЦЭТтік технология бойынша қорғасын зауыты салынды және де осы күнге дейін жұмыс істейді. 1997 жылы қорғасын мен мырыш өндіруші ең ірі әлемдік компания «Тек Коминко Металс ЛТД» (Канада), құрамында 75% тотыққан шикізаты бар қиын құрамды шикіқұрамды өңдеуге арналған қорғасын өндіру бойынша әлемдегі ең заманауи КИВЦЭТтік зауытты салды. Канада мен Италияда зауыттар, ШҒЗтүсметИдың лицензиясы бойынша «Снампрожетти С.р.л.» итальян компаниясымен жобаланған. Қытайдың ірі компанияларымен КИВЦЭТтік технологияға жасалған лицензиялық шарттар шеңберінде КИВЦЭТтік технологиялар бойынша қорғасын зауыттары салынып, пайдалануға берілді: - 2012 жылы «Jiangxi Gopper Gorporation» компаниясы жұмыс өнімділігі жылына 100 мың тонна қорғасын;- 2013 жылы «Zhuzhou Smelter Group Co» компаниясы жұмыс өнімділігі жылына 120 мың тонна қорғасын. КИВЦЭТ кешендерінің барлық жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізілді, ал кейбірлері асып түсті. ## Негізгі ғылыми бағыты Қызметінің негізгі ғылыми бағыты түсті және асыл металдарды өндірудің ғылыми-техникалық деңгейін көтеретін технологиялар мен жабдықтарды құру, жетілдіру және оларды іске асыру негізінде Қазақстан Республикасының тау-кен, металлургия кешенінің тұрақты жұмысын ғылыми-техникалық қамсыздандыру болып табылады, ол мына мәселелерді шешуді қарастырады:- шикізат базасын дамыту және нығайту;- минералды ресурстарды кешенді пайдалану, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу; - тауарлық өнімдер ассортиментін кеңейту және сапасын арттыру- қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік лицензияларына сәйкес ШҒЗтүсметИ тау-кен өндіру, байыту және металлургия өнеркәсіптері үшін өндірістік нысандарды технологиялық жобалауды, жабдықтарды жобалау, өнімнің сапасын бақылауға арналған стандарттық үлгілерді өндіру, сонымен қатар, табиғатты қорғау мониторингін жүргізу, жобалау және нормалау мәселелерімен айналысады.ШҒЗтүсметИ мына қызметтерді атқарады: * Стандарттау бойынша мемлекет аралық техникалық комитеті – МТК 504 «Мырыш, қорғасын», мемлекет аралық және мемлекеттік стандарттар, ұйым стандарттары, техникалық шарттар, өлшеулерді орындау әдістерін әзірлеумен айналысады; * ҚР заттары мен материалдарының құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері Мемлекеттік қызметінің мамандандырылған ұйымы мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттарды (ТМД), өңірлік (КООМЕТ) стандарттық үлгілерді, кәсіпорындардың стандарттық үлгілерді әзірлеу мен дайындауды жүзеге асырады; * Сынақ орталығы, минералды шикізаттар, түсті металлургия өнімдері мен қоршаған орта нысандарының төрелік, сертификаттық, бақылау, аттестациялық талдауларын орындайды; * Заттар мен материалдардың физикалық тұрақтылығы мен қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер Мемлекеттік қызметінің мамандандырылған Орталығы, мырыштың, кремнийдің, темірдің химиялық таза оксидтердің ұнтақтарының үлесті электрлік кедергісінің мәнісі бойынша стандарттық мәліметтер, сонымен қатар қышқылдарды бейтараптандыруға реагенттердің шығыны бойынша ұсынатын анықтамалық мәліметтерді әзірлеумен айналысады және т.б. Әртүрлі бағыттар бойынша барлық зерттеулер кешені заманауи эксперименттік, химиялық талдау, компьтерлік жабдықтар мен бағдарламаларды қолдана отырып жүргізіледі.Институт әлемдегі ең алдыңғы қатарлысы және технологиясы экологиялық таза болып келетін, мыс және қорғасын (әртүрлі), соның ішінде құрамында төмен сұрыпты қорғасыны бар шикізатты өңдеудің автогендік технологиясы * КИВЦЭТ-үрдісін жасады. ШҒЗтүсметИдің лицензиясы бойынша «Портовезме» - Италия, «Тек Коминко» - Канада, «Комибол» - Боливия, компанияларының зауыттарында ірі КИВЦЭТтік кешендер салынды және де жұмыс істеп тұр. Қазақстанда КИВЦЭТ-құрылғы алдымен Шығыс Қазақстан облысының Глубокое қала үлгісіндегі ауылында мысты шикізатқа арналып, кейін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында, қазір «Қазмырыш» қорғасынды шикізатқа арналып салынды.КИВЦЭТтік технологияға Қытайдың ірі компанияларымен жасаған лицензиялық шарттар шеңберінде КИВЦЭТтік технология бойынша жұмыс істейтін қорғасын зауыттары салынып, өнеркәсіптік пайдалануға берілді, мынадай технологиялық шешімдерді қолданады: * 2012 жылы «Jiangxi Copper Corporation» компаниясы, жұмыс өнімділігі – жылына 100 мың тонна қорғасын; * «Zhuzhou Smelter Group Co.» компаниясы, жұмыс өнімділігі – жылына 120 мың тонна қорғасын. Іс жүзінде біршамасы асырылып, КИВЦЭТ кешендерінің барлық жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Институт әзірлемелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің 500 астам патенттері, алыс шетелдердің 140 патенттері алынды. Қазақстан және алыс шетелдердің кәсіпорындары мен ұйымдарымен 40 лицензиялық келісімдер жасалды.Институттың кітапханасында институтта орындалған барлық жұмыстардың есептері бар. Бұл есептерде соңғы 65 жылдардағы ғылыми-техникалық жетістіктері жинақталған, бұл институттың ғалымдарына кен-металлургия кешеніндегі күрделі мәселелерде хабардар болуға жағдай туғызады. Сонымен қатар институт жыл сайынғы Ғылыми жұмыстардың жинағын басып шығарады. Аталмыш жинақтың мақалалары институт мамандарының, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың ең пайдалы ғылыми жетістіктерін іріктеп таңдап алуға мүмкіндік береді.Институт жыл сайын ШҒЗтүсметИдің ғылыми еңбектерінің жинағын шығарады, жинақтар Қазақстанның барлық ірі кітапханаларына таратылады. Тау-кен ісі, металлургия және көмір өнеркәсібі бойынша «Min Teсh-2011» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында институт 2004 жылдан бастап халықаралық конференциясын ұйымдастырады. Конференция баяндамалары Баяндамалар жинағында басылып шығарылады.ВНИИцветметте әзірленген технологиялар мен жабдықтар Қазақстанның тау-кен, металлургиялық кешендерінің объектілерінде және ТМД мен алыс шетелдердің көптеген елдерінде өндіріске енгізілген. ## Тапсырыс Қазақстан Республикасы бойынша институттың негізгі тапсырыс берушілері «Қазмырыш» ЖШС, «Корпорация Қазақмыс» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Қаржылық инвестициялық корпорация «Алел», «NOVA-Цинк» ЖШС, «Шалкия Цинк Лтд.» ЖШС, «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС, «Сары Қазына» ЖШС және көптеген басқалар. Таяу және алыс шетел мемлекеттерінің ірі тапсырыс берушілері: «Уралмехонобр» ААҚ, «Орал тау-кен металлургия компаниясы» Холдингі, «Алроса» ЖАҚ, «Электроцинк» ААҚ, «Бурятзолото» ААҚ (Ресей), «Алтынкен» фирмасы (Қырғыз), «Сагамар» ЖАҚ (Армения), «СП «Анзоб» ТӘЖШҚ (Тәжікстан), LTD «Caucasian Mining Group» (Грузия), «Jiangxi Copper Corp.» және «Zhuzhou Smelter Co.» (ҚХР), «Портовезме С.р.л.» (Италия), «AHG Metals Group LLC» (Моңғолия) және басқалар. ШҒЗтүсметИдің ғылыми-техникалық әзірлемелерін өндірісте іске асыру, Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен шығармашылық ынтмақтастықта жүзеге асырылады. ШҒЗтүсметИдің ғылыми-зерттеу қызметі инновация, шығармашылық үлгілерінің жоғары және үздік сапасы үшін 1998 жылдан бастап жыл сайын беделді халықаралық мадақтамалармен марапатталады. ## Марапаты 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің № 125 Жарлығымен ШҒЗТКМтүсметидің үш қызметкеріне «Еліміздің инновациялық дамуына айтарлықтай үлесін қосқан және технологиялардың әлемдік нарығында Қазақстанның беделін көтерген, қорғасын және алтын металлургиясы саласындағы әзірлемелерді өнеркәсіптік іске асыру» жұмыстарының топтамасы үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауареттары Игорь Владимирович Старцев, «ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «ШҒЗТКМтүсмети» филиалының директоры, Николай Николаевич Ушаков, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к., МРХА академигі, Виктор Александрович Шумский, директордың орынбасары, т.ғ.к. ## Ғылыми бөлімшелер * Қоршаған ортаны қорғау бөлімі:Экологиялық зерттеулер және қоршаған ортаны дамыту зертханасыАтмосфералық ауаны қорғау зертханасыСу ортасын қорғау зертханасыӨнеркәсіптік қауіпсіздік қамтамасыз ету бөлімі * Экологиялық зерттеулер және қоршаған ортаны дамыту зертханасы * Атмосфералық ауаны қорғау зертханасы * Су ортасын қорғау зертханасы * Өнеркәсіптік қауіпсіздік қамтамасыз ету бөлімі * Тау-кен өндірісі және байытуГеотехнологиялық үдерістер зертханасыАсыл металдар мен флотореагенттер зертханасыПайдалы қазбаларды байыту зертханасы * Геотехнологиялық үдерістер зертханасы * Асыл металдар мен флотореагенттер зертханасы * Пайдалы қазбаларды байыту зертханасы * МеталлургияГидрометаллургия зертханасыМинералды шикізатты технологиялық сынау зертханасыМеталлургиялық үдерістерді физика-химиялық зерттеу зертханасыСтандарттау және метрология зертханасы * Гидрометаллургия зертханасы * Минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасы * Металлургиялық үдерістерді физика-химиялық зерттеу зертханасы * Стандарттау және метрология зертханасы * Институттың аналитикалық қызметі (Химия-аналитикалық зертхана және спектрлік анализ зертханасы) * Жобалау-құрылмалық қызмет ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының минералдық шикізаттын кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы * Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі филиалы «Қазмеханобр» * Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты * Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты ## Сілтеме * Ресми сайты Мұрағатталған 12 сәуірдің 2021 жылы.
Кәсира Исрайылқызы (1944 жылы туған)— Исрайылдың қызы, Абайдың шөбересі. Исрайылдың кенже қызы Кәсирада апалары сияқты балалық бұла шағын Абайдың қыстауы – Жидебайда өткізген. Он жылдықты Қарауылдан тәмамдап, арман қуып, Алматы қыздар педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. Институтты ойдағыдай бітірген Кәсира геолог Аманжол есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Қазір апамыз құрметті демалыста. Алматыда тұрады. ## Дереккөздер
Ақылия (Ақыш) Турағұлұлы (1901-1990) — Турағұлдың қызы, Абайдың өз қолында өскен немересі. Абайдың өсиеті бойынша Ақылия бойжеткен соң, Оразбайдың Медеу деген баласынан туған Санияз есімді немересіне тұрмысқа шыққан. Жастардың 1917 жылы шілденің 7-сі күні Ойқұдықта өткен некелесу тойында М.Әуезовтің «Еңлік –Кебек» пьесасы қойылды. Ақылия Алматыдағы Қазақстан Республикасының опера және балет театрында ұзақ жылдар бойы апалы-сіңілі Уәсила екеуі Абай ауылы, Абай заманы, Тобықты елі киім үлгілерін тігетін бірден-бір шебер болды. Ақылияның естеліктері Абай музейінде сақтаулы. ## Дереккөздер
Зүбайыр Турағұл (1907-1933) – Абайдың немересі. Зүбайырдың әйелі Қанағат (Кәкен) Жуантаяқ Тобықты Азубайдың қызы. Одан Кенесары (1928-1933) туған. Зубайырдың балалық жастық шағын Абайды көзі көрген ет жақын адамдар арасында өткізген. 1928 жылы бай-феодалдың тұқымы, әкесі алашордаға қатысы бар деген айып тағылып, әулетімен бірге жер аударылған. Ол 4-5 жылдай қырғыз елінде, Мерке (Жамбыл) маңында, Шымкент, Ташкентте тұрған. 1933 жылы күзде Бішкекте қайтыс болған. ## Дереккөздер
Зейнолла Ғұмаров (1912, Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 1977, Гурьев) - басшы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1950). ## Өмірбаян Зейнолла Ғұмаров 1912 жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы Бегайдар аулында дүниеге келді. Руы Есентемір, Қожамбет бөлімі Кіші жүзден тараған. Астрахань балық техникумын (1931), Гурьев педагогикалық техникумын (1939) және Жоғары партия мектебін бітірген. Доссор, Мақат, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде партия жетекшісі, Гурьев облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Гурьев қалалық және Есбол (Индер) аудандық кеңесі атқару комитеттерінің төрағасы, осы ауданның Амангелді кеңшарының директоры, Сарайшық кәсіптік-техникалық училищесіне (бүгінде ол Махамбет аграрлық колледжі) директоры қызметтерін атқарған. Бірнеше рет аудандық, облыстық кеңесінің, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Республикалық дәрежедегі зейнеткер болды. Атырау қаласының бір көшесі халық қалаулысы Зейнолла Ғұмаров есімімен аталады. ## Еңбек жолдары Аудан шаруашылықтары дамып жарытпаған болатын. Мал шаруашылығында қол күшімен атқарылатын жұмыстарды санап беру мүмкін емес. Жоққа алақан жаймай, бардың өзін ұқсатуға тура келді. Аудан экономикасы дегенде бар болғаны мал шаруашылығы мен егін болатын. Техникамен жарақтандырудың мардымауына байланысты мал мен егін өнімдері өнжеусіз болды. Экономикалық жағдай осындай болғандықтан халықтың мәдени өмірі, әлеуметтік деңгейі де онша емес еді. Бұл жөнінде айтуға тұрарлық мысал көп. Елді мекендерді былай қойғанда, аудан орталығының өзінде мектептер мен мекемелер, ауруханалар пештен жылытылатын. Себебі, қаржы ауыспайды. Бірақ Зинекең осыған қаржы-қаражат тапты. Бюджеттің есептеулі қаржысынан оны-мұны ығыстырып шығарды. "Бітер істің басына - иесі келер қасына" дегенің осы екен. 1962 жылы болса керек, артта қалған мал шаруашылығын басшы кадрлармен нығайту жайында Орталық Комитеттің қаулысы шықты. Сонда Зинекең осы аудандағы Аманкелді кеңшарына сұранды. Бұл кезде Зинекеңе зейнетке шығу жасы таяп қалған-ды. Соны ескерген ол көп кешікпей осы облыстың Сарайшық қалашығындағы кәсіптік-техникалық оқу орнына директор болып барды. Осы кезде ғой ол кісінің типтік жобамен оқу орнына жаңа үй салып, пайдалануға бергені. Осы оқу орынын бітірген механизаторлар обасың көптеген шаруашылықтарында еңбек етті. Оқу орыны механизатор кадрлардың, жұмысшы ізбасарларының шынайы ұстаханасына айналған кезде Зинекең зейнетке шығады. ## Марапаттары мен атақтары "Құрмет белгісі" орденінің, “КСРО кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі”, бірнеше медальдердің, Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасының иегері. ## Дереккөздер
Айдар Бағфурұлы (1949 жылы туған) — Абайдың шөбересі. Абайдың баласы Ақылбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – Бағфур, Бағыфурдан Айдар туған. Алматыда Политехникалық институтты бітірген соң, Айдар жолдамамен Ақтауға қызметке барады. Сол жақта жары Светлананы (ұлты қазақ) кездестіріп шаңырақ көтереді, жалғыз ұлы Данияр 1971 жылы дүниеге келген. Алматыда тұрады. ## Дереккөздер
«Төрт бостандық» (ағылш. Four Freedoms) — 1943 жылы америкалық суретші Норман Роквелл салған төрт суреттен тұратын серияның жалпы аты. Әр суреттің өлшемі 116×90 см. Суреттер Массачусетс штатындағы Норман Роквелл мұражайында сақтаулы тұр. Сөз бостандығын, діни сенім бостандығын, мұқтаждықтан және қорқыныштан бостандықты 1941 жылдың қаңтарында президент Франклин Делано Рузвельт бар адамға тән негізгі төрт құқық деп жариялады. Бұлар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына да енген. Осыған орай салынған суреттер 1943 жылы «Saturday Evening Post» журналында бірінен соң бірі шыққан нөмірлерде көшіріліп басылды, олар сол заманның ірі ойшылдарының эсселеріне қосымша ретінде болды. Суреттердің өзі мемлекет тарапынан ұйымдастырылған мобильді көрмеге негіз болды, сол көрмеде соғыс облигациялары қалың жұртқа сатылып жүрді. Бұл төрт сурет Норман Роквеллдің ең танымал жұмыстарына жатады, ал «Мұқтаждықтан бостандық» суреті Ризашылық күнінің бір жарқын нышанына айналды. * * * * ## Сілтемелер * «Saturday Evening Post» журналындағы суретшінің мұрағаты Үлгі:Норман Роквеллдің туындылары
Аралдар патшалығы (шотл. Rìoghachd nan Eilean, ағылш. Kingdom of the Isles) — орта ғасырларда Гебрид аралдары мен Шотландияның батыс жағалауындағы гелдік-норвегтік мемлекет. Алғашқыда Норвегияның, 1266 жылдан кейін Шотландияның шартты сюзеренитеттігіне қарамастан, мемлекет қуатты флотқа сүйене отырып, тәуелсіздігін XV ғасырдың соңына дейін сақтап қалды. Аралдар патшалығы Шотландияның таулы кландары мен жалпы Шотландия мемлекеттілігінің мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарды. Мемлекет басшысы 1366 жылдан бастап Аралдар лорды (шотл. Triath nan Eilean, ағылш. Lord of the Isles) атағын иеленді. ## Аумақтық негіз Аралдар патшалығының аумағы мемлекеттің өмір сүру кезеңінде айтарлықтай тұрақты болып қала берді, бұл көбіне осы аймақтың географиялық бірлігіне байланысты. Патшалық құрамына Гебрид аралдары, сондай-ақ Шотландияның батыс жағалауы – Кинтайр, Напдейл, Ковал, Лорн, Арднамерхан және Морверн аймақтары кіретін ортағасырлық Аргайл кірді. Гебрид аралдары - бұл әр түрлі көлемдегі 500-ден астам аралдан тұратын архипелаг, жағалауындағы таулы Ішкі Гебридтер және батысында жайпақ Сыртқы Гебридтерды құрайды. Аргилл жағалауы теңізге бағытталған және басқа Шотландиядан Грампиан тауларының негізгі жотасымен күрт бөлінген. Аргиллдің көптеген шығанақтары мен фьордтары жағалық аймақты аралдармен байланыстырып, теңізге бағытталған біртұтас мәдени-географиялық аймақты құрайды. Аргайлда ешқандай нүкте жағалаудан 12 мильден алыс емес. Дәл осы теңіз байланыстың және осы территорияларды біріктірудің негізгі тәсілі болды, ал орта ғасырларда шығыстан шығу өте қиын болды, өйткені таулар тығыз ормандармен жабылған. Аралдар патшалығының аумағы географиялық тұрғыдан Еуропаның алыс шеткі бөлігі болғанымен, мемлекеттің теңіздік бағыты оның Британ аралдары мен Скандинавияның тарихи-мәдени дамуында маңызды рөл ойнауына мүмкіндік берді. ## Мемлекет құрылуының алғышарттары ### Гелдер мен викингтер Ежелгі уақытта Гебридтер мен Шотландияның батыс жағалауында, сірә, әр түрлі пикт пен кельт тайпалары мекендеген. IV ғасырдан бастап осы территорияға V-VI ғасырлар тоғысында осы жерде өзінің Дал Риада мемлекетін құрған ирландиялық гелдер (скоттар) белсенді түрде қоныстана бастайды. Бұл патшалыққа Антрим, Аргилл және Ішкі Гебрид аралдары кірді. 843 жылы Дал Риада пикттердің патшалығымен біртұтас мемлекетке біріктіріліп, кейінірек Шотландия деп аталды. 793 жылдан бастап Дал Риада мен Сыртқы Гебридтер аумақтарын норвегтік және даттық викингтердің шапқыншылықтарына ұшырай бастады. Олар IX ғасырдың ортасына қарай аймақтың Шотландияның шығыс бөлігімен мәдени-саяси байланысын үзіп, гел ғибадатханалары мен гелдердің қоныстарын қирата отырып, аумақты толықтай бағындырды. Шапқыншылықтардан викингтер отарлауға көшті. Норвегтердің алғашқы тұрақты қоныстары IX ғасырдың басында Сыртқы Гебридтерде пайда болды және оңтүстігінде Галлоуейге дейін бүкіл батыс жағалауына біртіндеп таралды. Оркней аралдарын норвегтердің толығымен дерлік отарлауына қарағанда, Гебридтер мен Аргайлде викингтер жергілікті гелдік тұрғындарды ығыстырмады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, Гебридтердегі жер атаулардың 2/3-тен (Скай аралы) 1/3 (Айлей) дейінгісі норвег тілінен шыққан. Бұл үлес шамамен норвегтік аймақтың отарлау қарқындылығына сәйкес келеді. IX ғасырда гелдер Гебридтерді «Шетелдіктер аралдары» (шотл. Innse Gall) деп атай бастағандығы скандинавияның әсерін дәлелдейді. Норвегтер мен батыс жағалауы гелдері арасында өзара әсер ету мен ықпалдастықтың күрделі жүйесі тез дамыды. Ұлтаралық неке айтарлықтай ауқымға ие болды, викингтер гелдік мәдениетпен танысып, сол арқылы христиан және ирланд дәстүрлері скандинавиялықтарға енді, ал гелдер норвегиялықтардың жауынгерлік өмір салты және олардың саяси жүйесін қабылдады. Өзара ассимиляция IX ғасырдың аяғында гебридтердің гел-норвегтің арнайы этно-мәдени қауымдастығының қалыптасуына себеп болды, олар ирландық шежірелердің авторларына Gall-Gaedhil - «шетелдік гелдер» деген атпен белгілі болды. Ирланд монахтары үшін бұлар қарақшылар мен саудагерлер болды, алайда дәл солар теңізге бағытталған, өзіндік мәдениет және батыс жағалауда жаңадан пайда болған мемлекеттік құрылымның ұлттық негізі болды. ### Аралдар үшін күрес 875 жылдан бастап Норвегия патшалары бұл территорияларды Скандинавия мен Ирландия арасындағы маңызды байланыс деп санап, Гебрид аралдарына үстемдік етуді талап ете бастады. Король Сұлушашты Харалд оның орталықтандыру саясатына қарсы болған аралдар мен осында бекітінген норвег көсемдерін бірнеше рет бағындыруға тырысты, бірақ Гебрид билеушілері едәуір автономияны сақтап қалды. Норвегия королінен басқа, Шотландия королі, Оркней ярлдары, Дублиннің норвег билеушілері, Мэн аралы және Лейнстердегі ирланд королдері аралдарға билік жүргізу үшін таласты. X ғасырдың аяғында Ирландия мен Уэльс жағалауларына жорықтар жасаған «Гебридтер патшалары» (көнеирл. rí Innse Gall) ағайынды Готфрид пен Магнус туралы дәлелдер бар. Шамасы, олар ешқандай тұрақты территориялық базасы жоқ аралдардағы кейбір викингтік колониялардың жетекшілері болған, дегенмен сол кездегі Гебридтерде мықты гел-норвег элитаның болғандығын көрсететін скандинавиялық конунг немесе ярл емес, ирландық король лауазымын қолданылуы болды. 1079 жылы норвег Гудред Крован Мэн аралындағы билікті басып алып, Гебрид аралындағы билікті бағындырды. Ол 1265 жылға дейін билік құрған Мэн патшаларының скандинавиялық әулетін құрып қана қоймай, Шотландияның батыс жағалауы бойында біртұтас арал мемлекетінің негізін қалады. Алайда, 1098 жылы Норвегия королі Магнус III үлкен флотын бастап Гебридтерге келіп, сол жерде патшалық билікті қалпына келтірді. Шотландия Норвегияның Мэн мен Гебрид аралдарына қатысты билігін мойындауға мәжбүр болды. «Оркнейліктер туралы сагаға» сәйкес, Шотландия королі кеме жүзетін теңізмен шайылған барлық батыс жағалауындағы аралдарға құқығынан бас тартуға келіскен және Норвегия үшін Кинтайр түбегін қауіпсіз етуді қалап, Магнус өзін түбекте Шотландияның негізгі бөлігінен бөліп тұрған тар мойнақ арқылы ескекті қайықпен өткізіп жіберуге бұйрық берді. Бұл аңызға қарамастан, бұл оқиға Аргилл мен Гебридтер жағалауының территориялық-мәдени қауымдастығы туралы куәландырады. Магнус III экспедициясының нәтижесі осы аймақтың саяси бірлігін нығайту және оның Норвегияға бағытталуын сақтау қалу болды. 1103 жылы Магнус III қайтыс болғаннан кейін Норвегия королінің Гебридтерге қатысты орталық билігі күрт әлсіреді. Оның үстіне Мэнде қалпына келтірілген скандинавиялық патшалық әулеті де аралдарға берік билік орната алмады. Көп ұзамай жаңа күш - Гебрид аралдары мен Аргайлдың гел-норвегтік элитасы толтырған белгілі бір биліктік вакуум қалыптасты. ## Мемлекеттің туындауы ### Сомерлед Аралдар патшалығының құрылуы Сомерлед есімімен байланысты. Оның шығу тегі жұмбақ болып қала береді. Шамасы, оның ата-бабалары арасында норвегтік викингтері де, Дал Риада мен Гебрид аралдарының гелдік көсемдері де болған. Өзі шамамен 1150 жылы Мэн королінің қызына үйленді, ал оның әпкесі Шотландия королі Макбеттің ұрпағы Малколм Макхетке тұрмысқа шықты. Осылайша, Сомерлед скандинавиялық, гелдік және шотландық мәдениеттердің өзара байланыстардың күрделі жүйесі орталығында орналасты. 1130 жылдары Сомерлед, Шотландиядағы ылаңдарды пайдаланып, Аргиллге өзінің билігін орнатып, 1153 жылы Морейдегі Доналд Макхеттің Шотландия короліне қарсы бүлікті қолдады. Алайда, келесі жылы Сомерлед өзінің назарын Ирланд теңізі мен Гебрид аралдарына бұрды. Осы кезде Мэн мен Дублиннің норвегтік королдері Гебридтерге билік жүргізу үшін күрескен. Дублинмен одақ құрып, 1156 жылы Сомерлед Мэн аралына таман Годред II-нің әскерлерін талқандаған үлкен флотты жабдықтады. Соңғысы Гебрид аралдарының оңтүстік бөлігін Сомерледке беруге мәжбүр болды. 1158 жылы Сомерлед тағы да Мэнге басып кіріп, Годредті қуып, Гебридтердің барлығын, сонымен қоса Мэндіде өз қолына алды. Бұл Шотландияның батыс жағалауында Аралдар Патшалығы деп аталатын жаңа мемлекеттің дүниеге келуін білдірді. Гебридтер мен Аргайлда өз билігін орната отырып, Сомерлед өзінің экспансиясын жалғастырды. 1164 жылы ол Клайдсайдтағы Шотландия патшасының иелігіне шабуыл жасаған қуатты гел-норвег флотын басқарды. Бұл шапқыншылықты қазіргі тарихшылар батыс жағалауындағы гелдік территориялардың тәуелсіздігін Дәуіт I патша кезінде басталған Стюарттар үйі бастаған жаңа ағылшын-норман ақсүйектерінің жаппай шабуылына қарсы тәуелсіздікті қамтамасыз ету әрекеті ретінде қарастырады. Алайда, Сомерлед Ренфру түбіндегі шайқаста жеңіліп, қаза тапты. Оның денесі өзі құрған мемлекеттің рухани және мәдени орталығы Айона аралындағы ғибадатхана жерленді. ### Сомерледтің ұлдары Сомерлед қайтыс болғаннан кейін, Мэн аралы мен Сыртқы Гебридтер Аралдар патшалығынан бөлініп, скандинавиялық Кровандар әулетінің билігіне оралды. Өз кезегінде, Сомерлеттің ұлдары қалған аумақтарды өзара бөліп алды. Үлкені Дугал әкесінің орталық иелігін бөлігін алды (Аргайл және Малл, Лисмор, Колл және Тайри аралдары). Ангус - Гарморан, Скай, Солтүстік және Оңтүстік Уист, Рам, Егг, сонымен қатар, Арран мен Бьют. Үшінші ұлы Раналд Арднамерхан, Морверн, Кинтайр және Айлей мен Диура аралдарының иесі атанды. 1210 жылы Ангус қайтыс болғаннан кейін оның жерлері Раналдтың ұлдарына өтті. Жас мемлекеттің бақытына орай, Шотландия патшалығы бұл уақытта Англиямен ұзақ соғысқа араласты, бұл елдің бөлінуіне байланысты әлсірегеніне қарамастан, XIII ғасырдың ортасына дейін бейбіт даму кезеңін қамтамасыз етті. Ирландиялық шежірелерде Дугалды Аргайлдың билеушісі (көне ирл. rí Airer Goidel), ал Раналды Гебридтердің билеушісі (көне ирл. rí Innse Gall) деп көрсетеді. Аргайлде ғасырлар бойы үстемдік құрған МакДугалл кланы Дугалдан тарайды. Раналд ұрпақтары мен оның арасындағы күрес Аралдар патшалығының дамуындағы басты сәт болды. Сомерлеттің барлық балаларының ішінде Раналд ең көрнектісі болған шығар. Ол өзінің ағаларымен соғысып, Ирландия теңізінде үстемдік орнату үшін жеткілікті үлкен флотты белсенді пайдаланып, патшалықтың үстінен жоғары билікке ие болуға тырысқандығы анық. Сонымен қатар, Раналд гелдік дәстүрлерді феодализмнің кеңейіп келе жатқан әсерімен үйлестіруге тырысты, бұған оның гелдік галера қарулы серімен іргелес тұрған мөрін суреттеу дәлел бола алады. Оның балалары - Макдоналд кланының негізін қалаушы Доналд және Руаири әкесінің мүлкін өз ара бөлісті: біріншісі Кинтайр мен Гебридтердің оңтүстік бөлігін, ал екіншісі - Гарморанды алды. XIII ғасырдың басында Аралдар билеушілері Солтүстік Ирландиядағы ықпал үшін күреске белсенді қатысып, шотланд ақсүйектерінің орталық үкіметке қарсы көтерілістерін қолдады. 1222 жылы Шотландия королі Александр II Аргайлге Сомерледтің ұрпағын тыныштандыру мақсатында жорыққа шықты. Бұл Шотландияның Аралдар патшалығын өзіне бағындырудың алғашқы әрекеті болды. Шамасы, осы аймаққа Шотландия королінің ықпал ету орталығына айналған батыс жағалауындағы екі бекіністің - Кинтайрдегі Тарберт пен Кинтайлдегі Эйлин Донанның іргетасы қаланған. Алайда, 1230 жылы аралдар тағы бір қауіп-қатерге тап болды: Гебридтерге үлкен ногвегтік флот келді, ол Биютті басып алып, Кинтайрды тонады және Норвегияның Аралдар патшалығына үстемдігін қалпына келтірді. ### Екі ірі мемлекет арасында XIII ғасырдың екінші үштіктің бірінен бастап Шотландияның Гебрид аралдарына қол сұғуы басталды. Екінші жағынан, күшейтілген Норвегия да аймақтағы ықпалын арттыруға ұмтылды. Аргайл мен Гебридтердің патшалары екі державаның қақтығысының ортасында қалды. Сомерлед ұрпақтарының үш тармағы да - Макдугаллдар, Макдоналдтар және Макруаири - Норвегия билігін заңды түрде мойындайтын аралдарда және Шотландияның вассалы болып табылатын Аргайл жағалауында да жерлері болды. Екі реттік бағыныштылық пен рулар арасындағы қақтығыстар жағдайды ушықтырды. 1248 жылы Сомерлдің шөбересі Юен Макдугалл Бергенге сапар шегіп, Хокон IV патшаға оммаж беріп, сол үшін ол Аралдар королі атағын алды. Бұған жауап ретінде 1249 жылы шотландық Александр II Юенді бас идіруге мәжбүрлеп тағы да Аргайлге басып кірді. Алайда, жорық сәтсіз аяқталды, ал Александр II көп ұзамай қайтыс болды. Дегенімен, бұл операция Юенді уақытша қудалауға алып келді және Гебридтер үшін шотланды-норвегиялық күрестің жаңа кезеңін бастады. 1260 жылы Шотландияның жаңа королі Александр III-тің елшілері Гебридтердің шегінімі туралы келіссөздер жүргізу үшін Норвегияға барды. Норвегия королі шешімді бас тартуымен жауап берді және Шотландияның 1262 жылы Скай аралына жасаған шабуылына жауап ретінде Хокон IV Шотландияға қарсы қуатты экспедицияны жабдықтады. 1263 жылы аралдарға норвегиялық флот келіп, Шотландияға жанашыр барондардың жерлерін тонай бастады. Егер Макруаирлер еш ойланбастан норвегтердің жағына шықса, Макдоналдты күштеп мәжбүр етуге тура келді, ал Аргайл патшасы Юен Макдугалл Хоконды қолдаудан мүлде бас тартты. 1-3 қазанда өткен Ларгс түбіндегі шайқаста норвегиялықтар толығымен жеңіліп, Хокон Норвегияға бара жатқан жолда Оркней аралдарында кенеттен қайтыс болды. 1265 жылы шотландықтар Мэн аралын басып алды, ал 1266 жылы Перт келісімшартына қол қойылды, оған сәйкес Норвегия королі Шотландияның Гебрид аралдарына үстемдік ету құқығына келісті. Аралдар үшін ғасырлар бойғы соғыс олардың Шотландияға қосылуымен аяқталды. ## Шотландия қол астында ### Тәуелсіздіктен автономияға дейін Перт келісімшартынан бастап XIII ғасырдың соңына дейінгі кезең Аралдар патшалығы Шотландияның біртұтас феодалды-әкімшілік жүйесіне айтарлықтай тез енуімен сипатталады. Бұрынғы патшалар бұрыннан Шотландияның құрамына еніп кеткен жерлердің графтарымен тең дәрежеде тұрып, лордтар атағына қанағаттана бастады. Шотландық құқық пен феодалдық институттар (серілік, оммаж, лендік қатынастар) гелдік аймақтарға белсенді түрде енгізілді. Аралдарды феодалдандыру ісіндегі елеулі ілгерілік XIV ғасырдың басынан басталды: барондардың жер иеліктері жаппай лендік қатынастарға ауыстырылды, ал басқа елдердегі феодализмге қарағанда, аралдардағы барондар королге әскери қызметке серілермен емес белгілі бір әскери галереялармен міндетті болды. 1293 жылы Гебрид аралдары мен Аргайл үш шерифтікке бөлінді (Лиюис, Лорне және Кинтайр), оларды сот-қазыналық билікпен корол тағайындаған шенеуніктер басқарды. Интеграция үдерісінде орталық билік негізінен жаңа жағдайларға тез бейімделе алған және Шотландия королінің көмегімен аймақтағы ықпалын кеңейте алған Аргайл лордтары Макдугаллдарға арқа сүйеді. Александр Макдугалл Лорнның шерифі және іс жүзінде Аралдар патшалығындағы барлық жерлерге наменгер болды. ### Тәуелсіздік соғысындағы Аралдар Шотландияның феодалдық жүйесіне интеграциялануының жоғары дәрежесі Аргайл мен Аралдар барондары Шотландия тәуелсіздігі үшін соғыстарында XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында ойнаған рөлінен көрінеді. 1286 жылдың өзінде Макдоналдтар Брюстермен одақ құрып, кейіндері Шотландияның батыс бөлігіндегі Роберт Брюстың негізгі тірегіне айналды. Аргиллдің Макдугаллдары, керісінше, Баллиолдар мен Коминдер, сосын Англия королінің жағына өтті. Нәтижесінде, Аралдардағы кланаралық билік үшін шайқастар Шотландияның азаматтық соғысымен астасып жатты. 1306 жылы жеңілгеннен кейін Ангус Ог Макдоналдтың король Робертке көрсеткен көмегінің арқасында Шотландияның тәуелсіздік қозғалысы жаңа серпін алып, Ангус Ог «Брюс» ортағасырлық ұлттық поэманың кейіпкері болды. 1308-1309 жылдары Брюс әскері Аргайлге басып кіріп, Макдугаллдарды қуып шығарды. Ангус Ог және оның Гебрид аралдарынан келген гелдік әскері 1314 жылы әйгілі Бэннокберн түбіндегі шайқаста шотландықтардың ағылшындарды жеңуде ықпал етті. ## Нығаюы ### Макдоналдтардың өрлеуі Роберт Брюстың Аргайлдан Макдугаллдарды қудалауы Макдоналдтарға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ангус Ог патшадан Ішкі Гебрид аралдары мен Кинтайрдың бір бөлігіне иелік ететіндігін растайтын хартия алды, ал 1324 жылы Лохабер, Морверн, Арднамурхан, Малл мен Тир аралдарындағы Макдугаллдардың жерлері берілді. Осылайша, Ангус Ог батыс Шотландиядағы ең ірі жер иеленушіге айналды, ол Аралдар патшаларының тікелей ұрпағы және Макдоналд кланының жетекшісі ретінде өзінің ықпалын ескере отырып, аймақтың қайтадан өрбуі мен автономды гелдік ұлыстың қайта тірілуіне серпін берді. Негізінде, орталық үкімет жағалаудағы ең маңызды бекіністерді (Тарберт, Данстаффнидж қамалы және Данауерти) сақтап қалды, сонымен қатар, Аргайлдегі маңызды жерлерді Кэмпбеллдер руына берді, олар болашақта Макдоналдтардың басты жауына айналады. Ұлыстың нығаюы Ангус Огтың ұлы әрі мұрагері Джон I кезінде де жалғасты, ол 1336 жылы Эдуард Баллиолмен келісім бойынша алғаш рет «Аралдар билеушісі» (лат. dominus Insularum) атағын қолданды. 1346 жылы Макруаири руының соңғы мүшесі қайтыс болғаннан кейін, Гарморан мен Уистаны мұрагерлікпен иемденіп алды, ал 1350 жылы Маргарет Стюартпен некеге тұрудың арқасында Кинтайр мен Напдейлді де қолына түсірді. Нәтижесінде, Джон Макдоналд іс жүзінде Сомерлед патшалығын қалпына келтірді (Скай, Мэн және Аргайлдың ішкі бөлігін қоспағанда). Бұл оған Шотландия мемлекетінің ірі барондарының біріне айналуға және тәуелсіз саясатты талап етуге мүмкіндік берді. Джон Шотландия королінің Англиямен болған соғыстарына қатысудан бас тартып, патшалық шенеуніктерді иелігіне жібермеді. 1350 жылдары Аралдар лордының басшылығымен тұтас орталық биліктің күшеюіне қарсы елдің таулы аймақтарындағы ірі шотланд ақсүйектерінің одағы - «Хайленд партиясы» құрылды. Джонның 1368-1369 жылдардағы Дәуіт II-ге қарсы ашық сөзі, алайда, сәтсіздікке душар болды. ### Гелдік ұлыстың гүлденген кезеңі XIV ғасырдың аяғында Шотландияда патша билігінің әлсіреуі Аралдар лордтарына иеліктерінен іс жүзінде тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік берді. Бұған Макдоналдтарға бағынған жерлердің ұлттық-мәдени біртектілігі ықпал етті. Елдің басқа бөліктерінде ағылшын-шотланд гел тілін ығыстырып жатқан кезде, мемлекеттік басқару ағылшын моделі бойынша құрылды, ал феодализм дамудың жоғарғы деңгейінде болды, Аралдар лордының иелігінде гелдік дәстүрлер, мәдениет пен тіл сақталып, қуатталды. Аралдар лордына арнайы таққа отыру рәсімі өтті, сол кезде жаңа билеуші тасқа қашалған іздерде тұрды. Ұлықтау Айлейдің орталығындағы Лох Финлагган көлінде орналасқан кішкентай аралда Макдоналдтар сарайында өтті. Бұл аралдың жанында тағы біреуі болды, ол «Кеңес аралы» деп аталады, онда XIV ғасырдан бастап Аралдар лордының басшылығымен Аралдар кеңесінің 14 ірі барондары мен Гебридтер мен Аргайл кландарының басшыларынан тұратын отырыстары өтті. Кеңес ұлыс аумағында кеңесу және сот өкілеттіктеріне ие болған сияқты. Аралдар лордтары тәуелсіз билеуші ретінде Англия, Франция және Германиямен тәуелсіз келіссөздер жүргізіп, тәуелсіз сыртқы саясат жүргізе бастады. Аралдар лорды, Доналдтің сарайы гел мәдениетінің орталығына айналды: оның қамқорлығына Шотландияның таулы аймақтарының бардтары мен аңыз-ертегішілер жиналды. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың бірінші жартысында Аралдар лордтары ұлыстың гүлденген кезеңі гел поэзиясының қайта жанданған уақыты болды. Аралдар, Шотландия мен Ирландияның (Макуирики сияқты) дәстүрлері мен тарихын ана тілінде жырлайтын бүкіл поэтикалық әулеттер қалыптасты. XV ғасырдың басында Аралдар лорды, Доналд орталық үкімет және Олбани регентімен солтүстік Шотландиядағы Росс графтығын билеу үшін ұзаққа созылған қақтығысты бастады. Бұл күрес екі шотланд мәдениеті арасындағы алғашқы ірі қақтығыс болды: Аралдар лордының жетекшілігіндегі гелдер және Олбани регенті бастаған ағылшынданған феодалдар. 1411 жылы Аралдар лордының күштері мен Олбани регенті арасындағы әйгілі Харлоу түбіндегі шайқас өтті, ол тең нәтижемен аяқталды, бұл Шотландиядағы гелдіктер мен ағылшындардың күштері арасында тепе-теңдікке қол жеткізілгенін көрсетті. ### Патшаға қарсы күрес Аралдар лордтарының тәуелсіз жағдайы Шотландия королдерін алаңдатпай қоймады. Александр Макдоналд Гебридтерді Норвегияның сюзеренитетіне қайтару туралы Даниямен жасырын келіссөздер бастағанда, Шотландия королі Яков I көп әскер жинап, 1428 жылы Аралдар лордының иелігіне басып кірді. Алайда Гебридтерге билік орнатудың алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды: 1431 жылы Инуерлох түбіндегі шайқаста патша күштері Аралдар лордының әскерінен жеңілді. Сонымен қатар, 1436 жылы Александр Росс графтығын өзінің иелігіне қосты. XV ғасырдың ортасында Аралдар лорды елдің гелдік аймақтардың сепаратистік беталыстардың өкілі болды. 1452 жылы «Қара Дугластардың» патша билігіне қарсы көтерілісті қолдады, ал 1462 жылы Дуглас графымен бірге Джон II Макдоналд Англия королі Эдуард IV-пен Шотландияны бөлуге және толығымен тәуелсіз Аралдар патшалығын құруға қатысты құпия Лондон шартына қол қойды. ## Мемлекеттің құлдырауы ## Дереккөздер
Рахметолла Ғұбайдоллаұлы Ғұбайдуллин (17 қыркүйек 1930, Бегайдар ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2001, Ақтау) — заң қызметкері. 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі (1979). ## Өмірбаян Рахметолла Ғұбайдоллаұлы Ғұбайдуллин 17 қыркүйек 1930 жылы Бегайдар аулында Новобогат ауданы Гурьев облысы дүниеге келді. Руы Есентемір, Қожамбет бөлімі Кіші жүзден тараған. 1946-1949. Гурьев қалалық халық сотының хатшысы. Гурьев облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің хатшысы. 1948 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірді. 1949-1955. Алматы мемлекеттік заң институтының бітірген. 1953-1954. Гурьев облыстық Әділет басқармасының консультанты, Гурьев облыстық денсаулық сақтау бөлімінің жұмылдыру жұмысы жөніндегі инспекторы. 1955-1965. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры, Гурьев облысы прокурорының аға көмекшісі, Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы. 1965-1970. Индер ауданының прокуроры. 1970-1971. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы. 1971-1973. Гурьев облысы прокурорының тергеу жөніндегі орынбасары. 1973-1977. Маңғыстау облыстық партия комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы бөлемімнің меңгерушісі. 1977-1987. Маңғыстау облысының прокуроры. 6 наурыз 1979 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі (генерал-майор) шені берілді. ## Еңбек қызметі Заң институтына мемлекеттік сынақтарды тапсыру ыңғайы 1955 жылы келді. Менімен бірге Гурьевтен Білялов Тәрен, Жапаров Ғайса, Қайнарбаев Әділгерейлер институт бітірді. Бұлар қазірде Атырауға белгілі ел азаматтары. Әділгерейдің дүниеден кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Иманы жолдас болсын, аңқылдаған ашық, досқа жаны таза еді. Такең мен Ғайсекең менен жастары үлкен, ағалықтары бар. Екеуі де институтты қызыл дипломмен бітірді. Мемлекеттік емтихан комиссиясы әсіресе Ғайсекеңнің білім деңгейін ерекше атағаны жадымда. Институт бітірерде Тәрен ағамызды ЦК-ға шақырып, ауылшаруашылығының экономикасын көтеру мақсатында колхоз, совхоздарға басшы жұмыстарға баруы керектігін айтыпты. Бұл ретте Такеңнің институтқа дейін ауылшаруашылығында әр-түрлі жұмыстарда болғаны ескерілген болар. Сонымен Такең «сельхозник» атанып, совхоз директорынан облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысына дейін көтеріліп, қажырлы еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары бағаланды. 1955 жылы 10 қарашада облыстық прокуратураның тергеу бөліміне жұмысқа шақырылдым. Ол кезде облыс прокуроры Ғұбайдолла Лұқбанов еді. Тергеу бөлімінің прокуроры болып тағайындалдым. Бұл лауазым тергеу бөлімі бастығының жәрдемшісі деген сөз. Бөлім бастығы Әбішев Дәуіт тәжірибесі мол, жұмыста ұқыпты, тыянақты еді. Прокуратурадағы жұмыстардың қыр-сырына үңіліп, ол кісіден көп нәрселерді үйрендім. Аппаратта әр жылдары істеген облыс прокурорының орынбасарлары Мадияр Молдалиев, Анатолий Парнищев, жауапты қызметкерлер Төреғазы Арынғазиев, Төкен Қуанышев, Еркін Сүлейменов, Сұңғат Мұқанғалиев, Сатан Шөреев, Жәмит Өтемұратов, Тоқтар Өтелбаев, Уақыт Қасаев, Халит Орақов, Фамшах Құтқожин, Тапишев Смағұл, Охас Хасанов тағы басқа көптеген тәжірибелі қызметкерлермен жұмыс бабында аралас-құралас болдым. Олардың қай-қайсысының да басқаға үлгілі боларлықтай жақтары баршылық, ең бастысы – өз істеріне шын берілген адамдар. Осының өзі жас мамандарға үлкен мектеп еді. Арамызда жұмыс бабын пайдалануға бейім тұратын, адамдар арасына іріткі салатын, бастықтар алдында жағымпаздық көрсететін екі бетті оңбағандар да болмай қалған жоқ. Олардың саны жалғыз-жарым болды да, дер кезінде әшкереленіп отырылды. ## Отбасы Әкесі – Зұлқашұлы Ғұбайдолла (1897-1977), анасы - Ақкенже Қосқұлақ қызы. Дүниеге әкелген үш ұл Әтиғолла, Рахметолла, Меңдолла және бір қыз Нәсіп. ## Марапаттары 30 наурыз 1970. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі. 21 мамыр 1981. "Құрмет белгісі" ордені. 16 шілде 1986. "Халықтар достығы" ордені. "КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері" төс белгісі. Әлденеше рет республиканың Жоғарғы Кеңес, партияның Орталық Комитетінің, кәсіподақ орындарының, КСРО Бас прокурорының Мақтау Грамоталарымен мен алғыс хаттарымен марапатталған. Ақтау қалалық әкімшілігі мен мәслихаты шешімімен "Ақтау қаласының Құрметті азаматы". ## Жарияланымдар Рахметолла Ғұбайдоллаұлы. “Әділет жолы”. 1986 ## Дереккөздер
Бекмұрат Қайтмұратов (13 тамыз 1967 жыл, Жамбыл, Қазақ КСР) — КСРО-лық, қазақстандық, және өзбекстандық футболшы, қорғаушы. ## Карьерасы 1985 жылы Жамбылдың "Химик" клубына қабылданды, бірақ бір кездесуде ғана алаңға шықты (сол жылы 28 сәуірде Көкшетаудың "Торпедо" клубына қарсы). 1990 жылы КСРО екінші лигаындағы "Янгиер" клубына қабылданып, үш маусым ойнады. 1993-94 жылдары туған клубы "Таразда" өнер көрсетті. 1993 жылы Қазақстан кубогының финалисі атанды. ## Сілтемелер * Профилі
Йылдырай Баштүрк (түр. Yıldıray Baştürk; 24 желтоқсан 1978, Херне, Солтүстік Рейн-Вестфалия, ГФР) — түрік футболшысы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы "Ваттенштайд 09" клубының түлегі. 1996 жылы карьерасын осы клубта баптап, бір жылдан соң "Бохумға" ауысты. 2001 жылы "Байер 04" футболшысы атанды. 2001/02 жылғы маусымда "Байер" үш бірдей майданда екінші боп мәреге жетті, Германия чемпионаты, Германия кубогы, Чемпиондар лигасы. 2004 жылы "Гертаға" ауысты. 2007 жылы "Штутгартқа" ауысып, үш маусым ойнады. 2010 жылдың басында карьерасында тұңғыш рет Германиядан тыс жерде ойнайтын болып, "Блэкбернге" ауысқанымен, бір ғана ойында алаңға шықты да, көп ұзамай карьерасын аяқтады. ## Жетістіктері «Байер 04» * Бундеслиганың күміс жүлдегері: 2001/02 * Германия кубогының финалисі: 2001/02 * Чемпиондар лигасының финалисі: 2001/02 Түркия * Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2002 * Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2003 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Үлгі:Infobox buildingСаманидтер кесенесі – Саманидтер әулетінің өкілдері қабірінің басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Бұхара қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы 9 – 10 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Исмаил Самани кесенесі өзінің архитектуралық тұрпаты жағынан қаланған кірпіштерімен әсемдене үндеседі. Ол күйдірілген ақшыл кірпіштен жасалған. Іші сегіз қырлы тірекке орнатылған аркалармен жалғасады. Төрт қабырғасында жартылай дөңгелектенген арка ойықтары бар. Төрт бұрышында кішкентай күмбездер, дөңгелек келген куполдар, ортасында өте үлкен күмбез орнатылған. Қабырғаларында жиектері мен айналасы өрнектермен безендірілген арка есіктер бар. Әр қасбеттің ортасында үшкір келген ашық жер қалдырылған. Исмаил Самани кесенесі композициясы кейінгі Орталық Азия сәулет өнеріне үлкен ықпалын тигізген. ## Галерея * * * ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Қазақстан премьер лигасының 30-шы маусымы. Қатысушылар саны 14. ## Қатысушылар ## Турнир кестесі ## Мергендер ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты
2021 жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Қарсыластары: Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина. 2021 жылдың басында Михал Билек бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Талғат Байсуфинов тағайындалды. ## Матчтар тізімі * 209. Қазақстан 0-2 Франция * 210. Украина 1-1 Қазақстан * 211. Солтүстік Македония 4-0 Қазақстан (жолдастық кездесу) * 212. Қазақстан 2-2 Украина * 213. Финляндия 1-0 Қазақстан * 214. Босния және Герцеговина 2-2 Қазақстан * 215. Қазақстан 0-2 Босния және Герцеговина * 216. Қазақстан 0-2 Финляндия * 217. Франция 8-0 Қазақстан * 218. Қазақстан 1-0 Тәжікстан (жолдастық кездесу) ## Матчтар ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Шыңғы-Тура (сіб.-тат. Цыңқыс-тора; Чингидин; Чингий; Чимги-Тура; Цымге-Тура; Жанги-Тура) — Алтын Орда құрамындағы Түмен ұлысының, кейін «көшпелі өзбектер мемлекетінің», Ұлы Орданың, Сібір (Түмен) хандығының астанасы. Бүгінде Түмен қаласындағы «Патша қалашығы» (орыс. «Царево городище») атты археологиялық ескерткіш. ## Атауы Ғылымға белгілі құжаттарға сәйкес қала алғаш рет Каталон атласында 1375 жылы Singuj атауымен Түмен уәлаятының орталығы ретінде кездеседі. XVI ғасырдың ортасында құрастырылған карталарда қала Түмен деп аталады: Антони Видтың картасында (шамамен 1537 жыл) - TYMENWILKY, Августин Хиршфогельдің картасында (1546 жыл) - Tumen. Заманауи тарих ғылымында қала атауының пайда болуына қатысты төмендегідей болжамдар кездеседі: * түркі тілдерінде кездесетін шың/чинг/шинг - «жар», яғни "жарда орналасқан, нығайтылған қала"; * түркінің чинг/чынг - «ылғал»; * парсының чин - өзен, судың көзі; * фин-угордың тим/чим - «өзеннің сағасы»; * қимақтың шим (қыпшақтың цым) - «шым», яғни «шым қала» немесе «шым бекініс». ## Қаланың тарихы ### Гүлденуі 1224 жылы болашақ Алтын Орда, Жошы ұлысы құрылғаннан кейін, оның құрамында астанасы Шыңғы-Тұра қаласы болған Түмен ұлысы пайда болды. 1396-1406 жылдары Әмір Темірден жеңілгеннен кейін осында қашып келген әйгілі Тоқтамыс хан Түмен (Шыңғы-Тұра) ханы атанды. 1428 жылы Шыңғы-Тұра Әбілхайыр хандығының алғашқы астанасына айналды. Алайда 1446 жылы ханның ордасы Сығанаққа көшті. Әбілхайырдың өлімінен кейін ноғай мырзаларының қолдауына ие болған Ибақ хан Түмен хандығындағы билікті басып алды. 1469 жылы майдан даласында жеңіске жеткен Ибақ Көшпелі өзбектер мемлекетінен тәуелсіздік алды. 1480 жылы Алтын Ордаға қарсы күресу үшін ол Мәскеу Ұлы Кінәздігімен одақ құрып, 1481 жылы Ахмет ханды өлтірген. Осыдан кейін Ибақ өзін Ұлы Орданың ханы деп жариялады, ал оның астанасы етіп Шыңғы-Тұра қаласын жариялады. Қала 1481-1495 жылдары Ұлы Орданың астанасы болды (үзілістермен). Түмен археологы Наталья Петровна Матвеева Шыңғы-Тұра жайлы былай деп жазады: «Мұнда олар соғыс жариялап, бейбітшілік орнатты, шетелдік елшілерді қабылдады, сарай қастықтарын тоқыды. Мұнда Бұхара және Самарқанд елшілерінің керуендері келді, елшілік миссиялар келді, исламның уағызшы шейхтері – Шығыс жазуы мен әдебиетінің білгірлері келді. Үш, мүмкін төрт ғасыр ол Батыс Сібірдегі мұсылман мәдениетінің форпосттарының бірі болды.» Құлдырауы Ермактың жорығы кезінде қала тоналып, өртеніп кеткен деп есептеледі. Бірақ Шыңғы-Тұраның өртенгенін нақты айту мүмкін емес, өйткені археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. 1586 жылы Шыңғы-Тұра орнында Түмен қаласы құрылды. Ал ХХ ғасырда қалашықтың орнында «Тюмень ФК» стадионы салынды, қалашықтың мәдени қабаты құрылыс кезінде келмеске кетті. Түмен археологтары ерлі-зайыпты Н. П. мен А. В. Матвеевтердің айтуынша, Шыңғы-Тұра цитаделі қазіргі Коммуна мен Энгельс көшелерінің орнында болған. ## Дереккөздер
Анатолий Дмитриевич Коньков (19 қыркүйек 1949 жыл, Красный Луч, Луганск облысы) — КСРО-лық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1972 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. 1972 жылғы Еуропа чемпионатындағы КСРО құрамасының жалғыз голының авторы. КСРО-ның "Үшінші дәрежедегі еңбек сіңірген орденінің" иегері. ## Жетістіктері ### Халықаралық * Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1972. * Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1976. ### Ұлттық * КСРО чемпионы: 1975, 1977, 1980, 1981. * КСРО кубогы 1978. ### Еурокубоктер * УЕФА кубок иелері кубогы: 1974/75. * УЕФА суперкубогы: 1975 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Муртаз Калистратович Хурцилава (5 қаңтар 1943 жыл, Бандза, Гегечкорск ауданы, Грузин КСР) — КСРО-лық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1966 жылғы әлем чемпионаты мен 1968 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі, 1972 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 1970 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. КСРО спорт шебері (1962). ## Жетістіктері ### Клубтық * КСРО чемпионы: 1964 * КСРО чемпионатының қола жүлдегері (5): 1962, 1967, 1969, 1972, 1973 * КСРО кубогының финалисі: 1970 * КСРО чемпионатындағы үздік 33: 1 (1968, 1969 және 1971—1973) — 5 рет, № 2 (1965 және 1966), № 3 (1963 және 1970), (1967). ### Жеке * Вахтанг Горгасали ордені (2003). * Соңғы 50 жылдағы Грузияның үздік футболшысы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Муртаз Калистратович Хурцилава (5 қаңтар 1943 жыл, Бандза, Гегечкорск ауданы, Грузин КСР) — КСРО-лық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 1966 жылғы әлем чемпионаты мен 1968 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі, 1972 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1972 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 1970 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. КСРО спорт шебері (1962). ## Жетістіктері ### Клубтық * КСРО чемпионы: 1964 * КСРО чемпионатының қола жүлдегері (5): 1962, 1967, 1969, 1972, 1973 * КСРО кубогының финалисі: 1970 * КСРО чемпионатындағы үздік 33: 1 (1968, 1969 және 1971—1973) — 5 рет, № 2 (1965 және 1966), № 3 (1963 және 1970), (1967). ### Жеке * Вахтанг Горгасали ордені (2003). * Соңғы 50 жылдағы Грузияның үздік футболшысы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі