text
stringlengths 3
252k
|
---|
Подхоз — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ағадыр кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2010 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 271 адам (153 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 53 адамды (30 ер адам және 23 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жаңатоған (2023 жылға дейін — Чапаево) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Садовый ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Чапаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құрқопа — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Маржанкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Сарыши – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл.
* Сарыши – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл. |
Айса — Қарағанды облысы Шет ауданы, Өспен ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 81 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айғыржал — Қарағанды облысы Шет ауданы, Өспен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақстан парламенті төрағалары
## Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағалары
* С.Әбділдин (1991 ж. желтоқсан – 1993 ж. желтоқсан), Найман - Саржомарт - Бура
* Ә.Кекілбаев (1994 ж. наурыз – 1995 ж. қаңтар) Байұлы - Адай
## Сенат төрағалары
## Мәжіліс төрағалары
## Тағы қараңыз
* Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары
* Қазақстан парламент сенатының депутаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі#Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары
## Дереккөздер |
Русская Ивановка — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Осакаровка кентінің оңтүстік-шығысында 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақбауыр — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақшоқы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылтау — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ақшоқы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақбұлақ — Қарағанды облысы Шет ауданы, Мойынты кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 142 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылту — Қарағанды облысы Шет ауданы, Тағылы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Ақжартас – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл.
* Ақжартас – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл. |
* Ақшоқы ауылдық округі – Абай облысы Мақаншы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақшоқы ауылдық округі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Ақжартас — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақжал кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 126 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Ақой – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл.
* Ақой – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл. |
Ақсу — Қарағанды облысы Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шопа — Қарағанды облысы Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қара көбелек (ағыл. Black Butterfly) — режиссер Брайан Гудманның америкалық фильмі. Францияның "Түнгі көбелек" атты фильмінің римэйкі. 2017 жылы 26 мамыр күні АҚШ-та тұңғыш рет көрсетілді.
## Сюжет
Жолы болмай жүрген Пол атты жазушы жағдайын жақсарту үшін орман ішіндегі үйін сатпақ болады. Бірақ алатын адам табыла қоймайды. Бір күні үйін сатып бермек болған Лаура атты жас қызбен кездесу үшін кафеге асығып бара жатып, жол ережесін бұзып, әлдебір көлікті басып озады. Ол көліктің жүргізушісі бұған ашуланып, әлденені айтып айғайлайды. Пол кафеде қызбен тілдесіп отырғанда жаңағы жүргізуші де сол жерге кіріп келіп, бұған қоқан-лоққы көрсетеді. Сол кезде бейтаныс бір жас жігіт келе қалып, бұған тиіскен жүргізушіні сабасына түсіреді.
Пол ол жерден шығып, жолда кетіп бара жатады, жолда жаңағы кафеде өзін арашалап қалған бейтаныс жігітті кезіктіреді. Ол жігітті көлігіне мінгізіп алады. Ол жігіттің үй-жайы жоқ екен, мұнымен бірге тұруға келіседі.
Екеуі бірге тұра бастайды. Уақыт өткен сайын ол жігіт бұған түрлі дөрекіліктер көрсетіп, бұған билік жасай бастайды. Ол жігіттің өктемдігінен зәрезап болған Пол үйден қашып та кетпек болады, бірақ онысынан түк те шықпайды.
Жігіттің денесінде қара көбелек бейнеленген татуировка бар боп шығады, сонысынан-ақ Пол оның түрмеге отырып шыққан кәнігі қылмыскер екендігін сезе қояды.
Кейін Пол осы оқиғаларды негізге ала отырып "Қара көбелек" атты кітабын жазуға кіріседі.
## Актерлер
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Тамашалау |
Сарыши — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақадыр кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 97 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жарылғап батыр (2006 жылға дейін – Ақшатау) — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ақшатау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақшатау ауылдық округі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Дөненбай, Ақкілет ауылдары кіреді. Орталығы – Дөненбай ауылы. Округ құрамында болған Қалғұтты ауылы 2019 жылы, Қоңыртау ауылы 2023 жылы таратылды.
## Дереккөздер |
Еркіндік — Қарағанды облысы Шет ауданы, Өспен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аққияқ — Қарағанды облысы Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Әлихан — Қарағанды облысы Шет ауданы, Көктіңкөлі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 101 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жыланды — Қарағанды облысы Шет ауданы, Көктіңкөлі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 96 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.
## Географиялық орны, жер бедері
Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Тасқала, оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен, оңтүстік-шығысында Теректі ауданымен және Орал қаласымен шектеседі.
## Халқы
Тұрғындар саны 57762 адам (2019).Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%).
2020 жылдың басында тұрғындар саны 58595 адамды (29245 ер адам және 29350 әйел адам) құрады.
## Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген:
## Ірі елді мекендері
## Су жүйесі, топырағы
Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты.
## Шаруашылығы
Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.
Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Көктіңкөлі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл.
* Көктіңкөлі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы темір жол бекеті.
Көл:
* Көктіңкөлі – Сарысу алабындағы ағынды көл. |
Ақтөбе гуманитарлық колледжі мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. 1950 ж. Ақтөбе мәдениет-ағарту училищесі болып ашылған. 1996 ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжі болып аталды. Колледжде бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері, кітапхана ісі, мәдени демалыспен шұғылдану және қолданбалы сәндік өнер мамандары даярланады. Сырттай оқытатын бөлімі бар.
## Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Бекет — Қарағанды облысы Шет ауданы, Красная поляна ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шатқал ауданы (қыр. Чаткал району) — Қырғызстан Республикасының Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Қаныш-Қия ауылы.
## Географиясы
Аудан облыстың солтүстік-батысында, Қырғызстанның Талас облысының Өзбекстанның Ташкент облысымен шектесетін жерінде орналасқан.
Негізгі су артериясы — Шатқал өзені.
## Тарихы
Шатқал ауданы (орталығы - Янги-Базар ауылы) 1935 жылы 8 қаңтарда Қырғыз АКСР-і құрамында құрылды. 1936 жылдың желтоқсанынан бастап Қырғыз КСР-і құрамында болды. 1938-1939 жылдары Жалал-Абад округінің, 1939 жылдың 21 желтоқсанынан бастап — Қырғыз КСР Жалал-Абад облысының құрамына кірді.
1944 жылы 22 маусымда Шатқал ауданы жаңадан құрылған Талас облысының құрамына берілді. 1956-1980 және 1988-1990 жылдары Талас облысының таратылуына байланысты аудан Жалал-Абад облысына қайтарылып отырды, ал 1959 жылдан — Ош облысы Жанги-жол ауданына ауысты.
1990 жылы 14 желтоқсанда Жалалабат облысының қалпына келуіне байланысты (1959 жылы таратылған болатын) Шатқал ауданы қайтадан оның құрамына кірді.
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 22 490 аудан тұрғындарының 21 890 адамын құрайды (немесе 97,3 %), өзбектер — 304 адам немесе 1,4 %, тәжіктер — 125 адам немесе 0,6 %.
## Әкімшілік бөлінуі
Шатқал ауданының құрамына 4 айылдық (ауылдық) округ кіреді Жалалабат облысының айылдық округтері мен ауылдары:
* Сумсар айылдық округі — Сумсар а.
* Терек-Сай айылдық округі — Терек-Сай а.
* Қаныш-Қыя айылдық округі — Қаныш-Қия
* Шатқал айылдық округі — Жаны-Базар ауылы.
## Дереккөздер |
Берекеші — Қарағанды облысы Шет ауданы, Талды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қайрақты — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алтай (2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін – Зырян) — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан қала, Алтай ауданының және Алтай қалалық әкімдігінің әкімшілік орталығы. Қала халқы 2023 жылдың 1 қаңтарына алғанда 36,118 адамды құрады. Қала негізі 1791 жылы салынған, қазіргі бар шекарасы 1941 жылы құрылған. Қала экономикасының негізін құрайтын — өнеркәсіп.
Өскемен қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде, Бұқтырма өзенінің сол жағалаулық аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
### Құрылуы
Қала іргесінің қалануы 1791 жылы инженер Герасим Зыряновтың осы өңірден қорғасын кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. 1795 жылдан бастап қорғасын кені игеріле бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырянов майдан үшін өте қажет қорғасын, мыс, т.б. өнімдерді көптеп жіберді.
### Ленин ескерткіші жайлы дау
1962 жылы қалада Владимир Лениннің ескерткіші орналастырылған еді. Қазір бұл — Шығыс Қазақстандағы Лениннің жалғыз ескерткіші. 2018 жылы қала тұрғындары оны жою ұсынысын жасаған еді.
2023 жылдың 16 мамырында Алтай қаласы мәслихатының ескерткішті жөңдеу үшін 1,449 миллион теңге ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы үшін мәслихат сынға алынды. Аудандық мәслихат төрайымы Лариса Гречушникова: «Бұл жерде ешқандай саяси астар жоқ. Ескерткіш «Қазмырыш» кәсіпорнының жанында және адам көп жиналатын жерде орналасқан. Ал оны нашар жағдайда қалдыруға болмайды», — деді.
## Өнеркәсібі
Мұндағы пайдалы қазбалар өнеркәсіптің салалық бағытын айқындайды. Базалық саласы — кен өндіру. Қаланы құрып тұрған кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС Зырян кен байыту кешені. Қалада 7 өнеркәсіптік, 5 құрылыс кәсіпорындары, 1611 орта және шағын бизнес субъектілері қызмет етеді. Қала тіршілігін екі мемлекеттік кәсіпорын «Су Арнасы» мен «Жылу орталығы» қамтамасыз етеді.
Орта және шағын бизнес кәсіорындары тамақ өнімдерін, тігін өнімдерін дайындаумен, сауда қызметін көрсетумен және т.б. айналысады.
## Транспорты
Қала автобустық жолдар, темір жол арқылы жақын жатқан елді мекендермен және облыс орталығымен қатынасады. Негізгі жүк тасымалдау қызметін жолаушылар тасымалдау саласында «Дилер Восток», жүк тасымалдау саласында «Казцинк-Транс» ЖШС, «Колор» ЖШС атқарады. Көліктік қамтамасыз етумен «Эксперимент» ӨК, жеке кәсіпкерлер айналысады.
## Білім беруі
Қалада 5 жалпы білім беру мектебі, 2 бастауыш мектеп, 2 мектеп-интернат, 2 балабақша, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттер мен оқушыларды жалпытехникалық және жоғарғы оқу орындарына дейін дайындайтын орталық, №10 кәсіптік мектеп, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж филиалы, «Гиппократ» медициналық колледжі, Аграрлық техникалық колледж, құрылыс және транспорт колледжі, «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК бар.
## Денсаулық сақтауы
Қаладағы денсаулық сақтауда 11 мекеме бар. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ «Орталық аудандық-қалалық аурухана» КМҚК, «Зырян қаласының медициналық орталығы» КМҚК, 3 алғашқы медикалық-санитарлық көмек орталығы бар.
## Мәдениеті
Қала халқы мен қонақтарына мәдени қызметті «Мәдениет орталығы», «Алтай ауданы — Алтай қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ, «Бос уақыт» КМҚК жүзеге асырады, спорт және музыка мектептері бар.
## Әкімшілігі
Алтай қаласында өкімет және атқарушылық биліктің аудандық органдары бар: мәслихат және Алтай ауданы әкімінің аппараты, облыстық билік органдарының аудандық бөлімдері, қызметтері, аумақтық құрылымдары.
## Кәсіпорындары және мәкемелері
Қазіргі Зырянов – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Қалада және оған қарасты әкімшілік аумақта “Қазмырыш” акционерлік қоғамының кен байыту комбинаты, “Полиметал кендерін өндіру және байыту” акционерлік қоғамы, Бұқтырма гидроэнергетикалық торабы, “Бұқтырма цемент компаниясы” акционерлік қоғамы, шұжық жасайтын “Зырянов – Ет” серіктестігі, “Зырянов сыра зауыты”, “Зырянов қалалық сүт зауыты”, бояу өндіретін “Колер” серіктестігі, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада Шығыс Қазақстан техникалық университетінің филиалы, 14 жалпы білім беретін мектеп, музыкалық және кәсіптік-техникалық мектеп, кеншілердің мәдениет сарайы, кітапханалар (3), стадион, 3 аурухана, 2 емхана, санэпидстанса, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, диагностикалық орталық бар. Тұрғындары облыс орталығы – Өскемен қаласымен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ШҚО-ның мемл. мұрағат филиалдары. Зырян филиалы(қолжетпейтін сілтеме)
* Зырян(қолжетпейтін сілтеме) |
Сарыбұлақ — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ортау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстiк-батысқа қарай 116 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алтай ауданы (2019 ж. дейін Зырян ауданы) — Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жағындағы әкімшілік бөлік. Аудан орталығы – Алтай қаласы.
## Географиялық орны, жер бедері
Аудан батысында Глубокое ауданымен және Риддер қаласымен, оңтүстігінде Ұлан, Самар аудандарымен және Өскемен қаласымен, шығысында Катонқарағай ауданымен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі.
Аудан аумағы 10,6 мың шаршы км тең. Алтай ауданы Кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Ертістің оң саласы – Бұқтырма өзенінің Тұрғысын мен Қамыр (оң жағынан) және Березовка (сол жағынан) салалары құятын төменгі алабында орналасқан. Жері негізінен таулы және шоқылы келеді. Ауданның батысы мен орталық бөлігін Үлбі жотасының (ең биік шыңы – Быструха, 2577 м) сілемдері мен шоқылары (биіктіктері 800 – 1500 м) алып жатыр. Аудан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, пирит, аздап алтын мен күміс, сондай-ақ әр түрлі құрылыс материалдары өндіріледі.
## Тарихы
Зырян ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Бұқтырма уезінің Зырян және жартылай Поздняков болысы мен Өскемен уезінің Совет болысының жерінен құрылды (1928 ж. 3 қыркүйекте БОАК бекіткен). Әкімшілік орталығы — Зыряновка ауылы болды.
1931 жылы Өскемен ауданының құрамынан Миронов, Усть-Бухтарма, Кондратьев, Поперечный ауылдық кеңестері берілді.
1935 жылы Зырян ауданының аумағы шағындалып, Бұқтырма ауданына Гусин, Кондратьев, Мякотиха, Никольск, Поперечный, Прииртыш, Усть-Бухтарма, Черемшан; Большенарым ауданына Новополяков, Огнев, Сеннов ауылдық кеңестері берілді.
1937 жылы Зыряновка ауылына жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, 1941 жылы қалаға айналды. 1951 жылы Зырян қаласына облыстық маңыздағы қала мәртебесі берілді.
1954 жылы Снегирев және Кутиха ауылдық кеңестері таратылды. Александров ауылдық кеңесі Средигорный, Верхнемякотин ауылдық кеңесі Соловьев, Богатырев ауылдық кеңесі Бұқтырма ауылдық кеңесіне қосылды.
1957 жылы Путинцево ауылына жұмысшы кенті мәртебесі берілді. Бұқтырма ауданынан Гусин, Никольск, Черемшан ауылдық кеңестері қосылды. Бобров ауылдық кеңесі Парыгин; Средигорный, Быков ауылдық кеңестері Соловьев; Бородин, Крестов, Гусин, Черемшан ауылдық кеңестері Никольск ауылдық кеңесіне қосылды.
1957 жылы 31 желтоқсанда Зырян ауданы таратылды. Бұқтырма, Никольск, Соловьев, Тұрғысын ауылдық кеңестері, Столбуха және Путинцев кенттері Зырян қалалық кеңесіне берілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Зырян ауылдық ауданы құрылып, оның құрамына Березов, Бұқтырма, Никольск, Парыгин, Первороссийск, Соловьев ауылдық кеңестері берілді.
1965 жылы 10 желтоқсанда Зырян ауылдық ауданы таратылып, аумағы Зырян қалалық кеңесінің қарамағына өтті.
1977 жылы 15 ақпанда Зырян ауданы қайта құрылды. Бұл жолы әкімшілік орталығы Парыгино ауылы болып, құрамына Бұқтырма, Никольск, Парыгин, Соловьев, Средигорный, Тұрғысын, Чапаев ауылдық кеңестері мен Зырян қаласының қарамағында болған Зубовка, Путинцево кенттері енді.
1977 жылы 30 желтоқсанда Березов ауылдық кеңесі құрылды.
1987 жылы Бұқтырма ауылдық кеңесі Малеев кенттік кеңесі болып құрылды.
Зырян ауданы 1988 жылдың шілдесінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде Зырян қаласымен бірлесті.
1997 жылы 23 мамырда Зырян ауданының құрамына Серебрянск қаласы енгізілді.
2014 жылы Зырян қаласы аудандық маңыздағы қала санатына жатқызылып, ауданның құрамына енді.
2019 жылы Зырян ауданы мен Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгертілді.
## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ауданның климаты тым континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы –22 – 24°С, шілдеде 18,5 – 20,5°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері таулардың биік бөлігінде 800 – 900 мм, етегінде 600 – 800 мм. Басты өзендері: Бұқтырма және оның салалары – Тұрғысын, Қамыр, Черновая, Березовка және Үлбі өзендерінің сол саласы Кіші Үлбі. 1960 – 67 жылдары Ертіс өзенінде Бұқтырма бөгені салынды. Өзен аңғарлары мен тауаралық ойпаңдарда қара, қара қоңыр, қызғылт қоңыр топырақтар, таулы өңірде қара қоңыр, сұр және күлгін топырақтар тараған. Алтай ауданы Қазақстандағы орманды аудандардың бірі. Таулардың солтүстік беткейлерінде және Березовка өзенінің бойында қайың мен терек, қылқан жапырақты ағаштар (самырсын, қара самырсын, балқарағай, майқарағай, шырша), өзен аңғарлары мен аласа беткейлерде қайың, терек, тал, мойыл, қарақат, таңқурай, долана, тобылғы, жазық жерлерде бетеге, бидайық, селеу өседі. Омарта шаруашылығына қолайлы гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі. Жануарлар дүниесінен марал, арқар, елік, аю, сілеусін, қар барысы, қасқыр, түлкі, қарсақ, бұлғын, қоян, сарышұнақ; құстардан бүркіт, байғыз, үкі, кезқұйрық, қаршыға, ителгі, тоқылдақ, қаз, үйрек, тырна, ұлар, құр, шіл, кекілік, т.б. мекендейді. Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жалпы жерінің аумағы 466 мың га, оның 75,4 мың га-сы егістік, 47,1 мың га-сы шабындық, 338,7 мың га-сы жайылым (2008). Елді мекендер арасындағы қатынас Өскемен – Зырянов темір жол, Өскемен – Рахманов қайнары автомобиль магистралі, Никольск – Зырянов – Среднегорное – Новохайруз автомобиль және Бұқтырма бөгеніндегі кеме жолдары арқылы өтеді.Аудан көлiгiнiң негiзгi түрлерi: темiр жолы және автомобиль жолы. Қатты жабуымен жалпы пайдалану автомобиль жолдарының ұзындығы 387,5 км ( 2003 жылы 143,5 км иесiз санынан тапсырылды). Бұдан басқа аудан аумағында 191 км ұзындығымен Өскемен-Зырян автожолы, тұйықтама болып саналатын Защита ст. Зырян ст. дейiнгi темiр жол учаскесi өтедi.Бұқтырма су қоймасында Бұқтырма шлюзы, Бұқтырма кемежайы жұмыс iстейдi.
## Халқы
Тұрғындары 66 374 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар – 76,88%, қазақтар – 20,27%, татарлар – 1,04%, басқа ұлт өкілдері – 1,81%.
## Әкімшілік бөлінісі
47 елді мекен 2 қалалық, 4 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
## Пайдалы қазбалары
Зырян кен ауданы Рудный Алтайдың тау-кен аудандарының негiзгi және көнелерiнiң бiрi, Лениногорск-Зырян тәуелдi аймақтың солтүстiк-шығыс жағында, Ревнюшенск горстантиклинальмен аймақтық түйiседi. Ауданда жүз елуден астам полиметалдық, колчедандық-полиметалдық, мыс-колчедандық орындар, кенкөрiнiстерi мен минералдау нүктелерi белгiлi. Қорғаныс, мырыш, мыс, алтын, күмiс және басқа да құнды құрамдас бөлiктерi бар кен орындарымен ғана бай емес, аудан табиғи құрылыс материалдарымен, құм-iрi құм қоспасымен, құрылыс құмдарымен, кiрпiш саздақтарымен де бай.
## Кәсіпорындар
Ауданда 43 мемлекетік кәсіпорын, 28 акционерлік қоғам, 260 серіктестік, 34 өндірістік кооператив, т.б. 200-ге жуық әр түрлі меншіктегі шаруашылық нысандары тіркелген. Өнеркәсiп өңiр экономикасының негiзi болып табылады. Пайдалы қазбалардың барлығы өнеркәсiптiң салалық бағытын белгiлейдi. Базалық сала - тау-кен өндiру саласы. Осы саланың бас кәсiпорны - "Қазмырыш" ААҚ Зырян тау-кен байыту кешенi Зырян қаласында орналасқан. Ауданда цемент өндiру бойынша Қазақстанның iрi кәсiпорны жұмыс iстейдi. "Бухтарминская цементная компания" ААҚ (Октябрьск кентi). Жеңiл өнеркәсiптi "Зыряновская швейная фабрика" ЖШС, "Рассвет" ЖШС, "Универсал Вектор" ЖШС ұсынады. Тiгiн бұйымдары, арнаулы киiм, әйелдер және балалар ассортиментi бұйымдары осы кәсiпорындардың өнiмi болып табылады. "СЗНП" ЖАҚ бума-сүзгiш материал, кәсiпорындар мен халыққа арналған демалу органдарын қорғау құралдары, ассортименте пластмастан жасалған бұйымдар өндiрiледi.Электр энергиясының өндiрiмi Серебрянка қаласының маңында орналасқан "Қазмырыш" ААҚ Бұқтырма Гидроэнергетикалық кешенiнде өндiрiледi. Кешенмен бiр жылда сағатына 2,5 млрд квТ астам өндiрiледi.Аудан ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру саласында, оның iшiнде басқа өңiрлермен салыстырғанда, өнiмдiлiгi едәуiр жоғары дәндi дақылдарымен негiзгiлердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылық мекендердiң, табиғи жағдайларының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының кең спектрiн, оның экономикалық жоспарында дәндi, майлыларды артық көретiнi, өсiруге мүмкiндiк бередi. Жетекшi сала-өсiмдiк шаруашылығы (өндiрiс құрылымында 66%).Ауданда мал мен құстың дәстүрлi түрлерiнен басқа "Марал-сервис" ЖШС марал өсiрумен шұғылданады. Тамақ және өңдеушi өнеркәсiпте ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi шағын, орта бизнес кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлер басым. Кәсiпорындардың өз қаражаттары және халықтың қаржысы құрылысқа қаржы салымының негiзгi көзi болып қалды. Негiзiнде аудан бюджетiнен әлеуметтiк сала объектiлерi мен жолдардың күрделi жөндеуi қаржыландырылады.
## Әлеуметтік құрылымдар
Емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесi 13 емхана-поликлиникалық ұйымдарды, оның iшiнде 12 мемлекеттiк отбасылық дәрiгерлiк емханаларды, оның 7 селолық, енгiзедi. Бұдан басқа 9 ауруханалық ұйымдар (оның 7 мемлекеттiк, оның iшiнде 1 селолық), 6 фельдшерлiк-акушерлiк пунктер және 31 фельдшерлiк пункт. Аудан аумағында 12 мәдениет үйi және клубтар, оның 11 мемлекеттiк, 24 мемлекеттiк кiтапхана, бұдан басқа соқырлар мен саңырауларға арналған 2 мамандырылған кiтапхана. 50-жылдары салынған "Горняк" МҮ сәулет ескерткiштерiне жатады.123 спорт құрылысы, 3 балалар- жастар спорт мектебi жұмыс iстейдi. Негiзгi республикалық және облыстық өкiмет құрылымы - құқық қорғау және фискальдық органдары ұсынылған. "Қазақстанның халық банкi" ААҚ, "Наурыз Банк Қазақстан" ААҚ филиалдары, "Валют-Транзит Банкi" ААҚ, "Тұран Әлем банкi" ААҚ, "Центркредит банкi" ААҚ, "Алматы Сауда-Қаржы банкi" ААҚ , "Альянс Банкi" ААҚ филиалдарының бөлiмдерi, сақтандыру компаниялары жұмыс iстейдi.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ШҚО-ның мемл. мұрағат филиалдары. Зырян филиалы(қолжетпейтін сілтеме) |
Төлепберген Ілиясұлы (1903 жыл, Ақмола облысы, Шакей ауылы — 2 желтоқсан 1974 жыл, Ақмола облысы, Еңбек ауылы; Төлепберген хазірет, Төкен ата, Майда Төкен деген лақап аттарымен танымал) — дін қайраткері, Еңбек ауылының имамы, Сәдуақас Ғылманидің шәкірті.
## Өмірбаяны
Ол қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ленинский маңындағы Шакей ауылында Ілияс Құсайынұлының отбасында 1903 жылы дүниеге келген. Тегі – Қанжығалы елінің ішіндегі Киікбай тайпасы. Төлепберген хазірет Шакей ауылында төрт сыныпты тәмамдады. Кейін Сәкен халпеден 4 жылдай дәріс алды. 1944-1945 жж. Атбасар маңындағы Станция-Адырда Синий пунктке қызмет атқарды. Соғыстан кейін сол жерде 1958 жылы зейнетке шыққанға дейін директор болып істеді.
1958 жылы Ерейментау қаласына, ал 1959 жылы Ерейментау ауданындағы Еңбек ауылына көшіп келді. Зейнетке шықса да мал шаруашылығымен айналысты.
Жұбайының аты – Зейнеп Құдабайқызы, руы – Найман. Ол 1986 жылы 27 желтоқсан күні 77 жасында қайтыс болды. Төлепберген хазіреттің 10 баласы болып, 9 баласы сәби кезінде үш-үштен бірінен соң бірі шетінеп кетті. Тек Раушан деген қызы аман қалды. Раушан Төлепбергенқызы қазіргі Ерейментау ауданы, Еңбек ауылында тұрып жатыр.
Қазақ, орыс, татар, түрік, араб, парсы тілдерін жетік білген.
1974 жылы 2 желтоқсан күні 71 жасында Еңбек ауылында қайтыс болды. Сол ауылдың қабірстанында жерленген. Бастапқы кезде Төлепберген хазіреттің мазарында жұма күндері бірнеше жыл бойы шам-шырақ жанып тұратын.
## Басынан өткен оқиғалар
Төлепберген хазірет ингуштар жер аударып келгенде, соларды киіммен қамтамасыз ететін. Атбасардағы ингуштарды басқарып, олардың арасында орын алатын дау-дамайларды тәртіп сақшылары емес, өзі жалғыз шешіп, оларды татуластыратын.
Адам психологиясын жетік білген. Өз мәселелерімен келген адамдарға майда сөйлеп, мәселелерін шешіп беретін. Сондықтан халық оған Майда Төкен деген лақап ат қойған.
Дін мен саясатты бірге алып жүретін. Саяси талас-тартыстарда жеңіп отыратын. Коммунизмді қолдады. Бір күні бір бастықпен келіспегенде, сол бастық: «Сен коммунист емессің бе? Коммунисттігін қайда?»,- дегенде, Төлепберген хазірет коммунисттік билетті бастықтың бетіне лақтырып: «Мә, сендердің коммунисттіктерің мынау екен, менің коммунисттігім, міне, мында, жүрегімде», деп айтқан.
Төлепберген хазірет іс-сапармен Кеңес Одағының барлық аймақтарын түгел аралап шыққан. Өзі: «Аяғым тимеген жерім, баспаған тауым болмады»,- деп айтатын.
Кеңес өкіметі ораза тұтуға тыйым салғандықтан Төлепберген хазірет оразаны жасырын ұстайтын. Әртүрлі сылтаулар тауып, тамақ жемейтін. Рамазан айында ауызашар беретін. Халық ауызашарда ішіп-жеп болғаннан кейін «Тарауықты қалай оқимыз?», деп сұрасқанда Кеңес өкіметінің тәртіп сақшылары Тарауық намазын оқуға кедергі болмас үшін Төлепберген хазірет: «Ленин мен Сталинді дұғаға қосып оқиық», деп, сайға шығып, жайнамаз төсеп, Тарауық намазын өткізетін. Рәкағаттар арасында тәсбих айтқанда Ленин мен Сталинді дұғаға қосып отыратын. Сонда тәртіп сақшылары соларды аңдып тұрғанда: «Ленин мен Сталинді айтып отыр екен, онда оқи берсін» деп жамағатты жайына қалдыратын.
Соғыс жылдары аштық кезінде күрекке бидай сеуіп, астынан от жағып, қуырып, Қызыл Әскер жауынгерлерін тамақтандыратын.
Аңшылықпен де айналысты. Бір күні бір қасқырды Атбасардың көшелеріне айдап әкеліп, сол қасқырды тірідей қамшымен аулаған еді. Ерейментауда да аңшылығын тасмаған. Бір күні қасқырдың 3 күшігін тірідей ұстап алған. Түлкі, қасқырларды аулап, солардың терісін пайдаланатын.
Абай өлеңдерін жатқа білген. Абайдың әрбір сөзін дәлел ретінде келтіріп, пікірталасқан адамдарды осылайша жеңіп отырған.
Намазда көп тұрғандығы сонша – жайнамаздың аяқтары тұратын бөлігі жыртылып қалған. Соны көрегн кісілер: «Жайнамаз жырту оңай емес қой, әркімнің қолынан келе бермейді» деп айтатын.
## Ұстаздары
* Сәдуақас Сәлменұлы Ғылмани
* Қосай халпе
## Шәкірттері
* Қайыркелді Баймұқанұлы Жүсіп немересі
* Мәшкен Бекмолдаұлы
## Қолжазбалары
* «Қанжығалы елінің дінбасшылары»
* «Мүбәрак дұғалар» (қызы Раушанға арнап жазған)
* «Әһли суннат уәл жамағат»
* «Расулулланың өмір тарихы»
* «Түрікше-қазақша сөздік»
* «Пайғамбарға салауат»
* «Хаят бақшасы»
* «Ахуал қиямат. Қиямат халынан»
* «Өлік мәселесі»
* «Хадис-тәпсір мәселесі»
* «Нағт Расул Екрам (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм)»
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Муминов Әшірбек. Заманамызда болған ғұламаларымыздың тарихтары, Дайк-Пресс баспасы. 1-басылым. Алматы, 2014.
## Дереккөздер |
Босаға — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ортау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстiк-батысқа қарай 97 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ортау — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Ортау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстiк-батысқа қарай 112 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Николай Андреевич Богдзель — көпір инженері, РСФСР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы (1973), Ленин сыйлығының лауреаты (1962). Орынбор өнеркәсіптік техникалық училищесін (1930) және Мәскеу теміржолшылар инженерлері институтын (1940) бітірген. 1930 жылдан бастап Орск құрылыс басқармасының Кваркенский жол бөлімшесінің меңгерушісі (Қазақстан); 1931 жылдан бастап - Буздастан жол бөлімшесінің меңгерушісі және Уфа құрылыс компаниясының техник-нұсқаушысы, 1933 жылдан бастап «Башдорстрой» трестінің жүргізушісі (Уфа) атанған.
1946-1951 жылдары Запорожье қаласындағы Днепрдің көпірінің құрылысын басқарған. 1951 жылдан бастап бас инженер, 1952-1961 жылдары № 7 көпір бастығы (Красноярск), 1961-1976 жылдары «Мостострой № 4» трестінің директоры болды.1962 жылы Енисей өзені арқылы Красноярскіге көпір салғаны үшін Ленин сыйлығын иеленді. РСФСР құрметті құрылысшысы (1973) ретінде Ленин орденімен (1966), Еңбек Қызыл Ту орденімен (1958) марапатталған.
## Дереккөздер |
Төменгі Қайрақты ауылдық округі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Тарихы
Ауылдық округ Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 27/06 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының IІI сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 49 шешімімен Жоғарғы Қайрақты және Тағылы ауылдық округінің Төменгі Қайрақты кенттерінің негізінде құрылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жоғарғы Қайрақты, Төменгі Қайрақты ауылдары кіреді. Орталығы – Төменгі Қайрақты ауылы.
## Дереккөздер |
Қарғалы — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақшатау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тоқтағұл ауданы (қыр. Токтогул району) — Қырғызстанның Жалалабат облысы құрамындағы аудан. Ауданның әкімшілік орталығы — Тоқтағұл қаласы. 1998 жылы Үштерек және Тоқтағұл аудандарын біріктіру нәтижесінде құрылды.
## Географиясы
Жалалабат облысының солтүстік-шығысында, Қырғызстанның басқа үш облысымен (Талас, Шу, Нарын) шектесетін бөлігінде орналасқан.
Аудан аумағынан Нарын өзені ағып өтеді, онда Тоқтоғұл су қоймасы салынған.
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 86 306 аудан тұрғындарының ішінен 85 683 адамды құрайды (немесе 99,3 %), орыстар — 188 адам немесе 0,2 %, өзбектер — 185 адам немесе 0,2 %, ұйғырлар — 145 адам немесе 0,2 %, басқалары — 105 адам немесе 0,1 %.
## Әкімшілік бөлінуі
Аудан құрамына (2009) бір қала типтес кент пен 10 айылдық округ кіреді:
* Тоқтағұл қаласы
* Аралбай (Толық а.)
* Бел-Алды (орталығы — Сары-Сегет а.)
* Жаны-Жол (Жаны-Жол а.)
* Қызыл-Өзгөрүш (Қызыл-Өзгөрүш а.)
* Ничке-Сай (Ничке-Сай а.)
* Кетпен-Дебен (Терек-Суу а.)
* Тоқтоғұл (Мазары суу а.)
* Сары-Қамыш (Бірлік а.)
* Абды Суеркулов (Торкент а.)
* Үш-Терек (Үш-Терек)
* Чолпон-Ата (Чолпон-Ата а.)
## Тарихы
1930 жылдың 1 қыркүйегі — Қырғыз КСР құрамында орталығы Қарасу-Ақши (Акчи-Қарасу) болған Кетпен-Төбе ауданы құрылды
1936 жылдың 2 тамызы — орталығы Үштерек а. болған Үштерек ауданы құрылды.
1938 жылы 26 ақпаны — Кетпен-Төбе және Үштерек аудандары Жалал-Абад округі құрамына кірді.
1939 жылдың 21 қарашасы — Кетпен-Төбе және Үштерек аудандары Жалал-Абад облысы құрамына енді.
1940 жылдың 7 желтоқсаны — Кетпен-Төбе ауданының атауы Тоқтоғұл ауданы болып өзгертілді (орталығы — Токтогул а.)
Шамамен 1956 жылы Үштерек ауданы таратылды.
1959 жылдың 27 қаңтары — Жалал-Абад облысы таратылып, оның аудандары Ош облысына ауысты.
1960 жылдары Тоқтоғұл су қоймасының суымен бұрынғы аудан орталығы - Ақши-Қарасуды су басып кетті
1980 жылдың 3 қыркүйегі — аудан Талас облысына ауысты.
1988 жылдың 5 қазаны — Талас облысы таратылуына байланысты Тоқтоғұл ауданы Ош облысының құрамына енді.
1990 жылдың 14 желтоқсаны — аудан қалпына келтірілген Жалал-Абад облысының құрамына енді.
1992 жылдың 7 ақпаны — Үш-Терек ауданы құрылды.
1998 жылдың 30 қыркүйегі — Үш-Терек ауданы Тоқтоғұл ауданымен біріктірілді
## Дереккөздер
## Ескертпелер
* Жіктеуіші СОАТЕ
* Заң КР "біріктіру Туралы Қатысушы Терекского және Токтогульского аудандардың Жалал-Абад облысының Қырғыз Республикасының бірыңғай әкімшілік-аумақтық бірлігіне"(қолжетпейтін сілтеме)
* Топографиялық карта K-43-XIX Мұрағатталған 2 мамырдың 2013 жылы. |
Қойтас — Қарағанды облысы Шет ауданы, Тағылы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақжол (2018 жылға дейін — Целинное) — Қарағанды облысы Шет ауданы, Көктіңкөлі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 122 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Киікті — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Киікті ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Киікті ауылдық округі – Қарағанды облысы Шет ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Киікті ауылы кіреді. Орталығы – Киікті ауылы.
## Дереккөздер |
Мұса әл-Һәди (араб.: موسى الهادي; 5 ақпан 764, Рей — 14 қыркүйек 786, Бағдат) — Ислам халифатының 23-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Һәди он алты жасында мұрагер ретінде тағайындалып, әкесі тарапынан Журжандағы көтерілістерді басу үшін Шығыс әскерінің қолбасшысы болған. Әкесі дүние салғанда Журжанда болатын.
Һәди әкесі секілді зындықтармен күресуді жалғастырды. Зындықтарға алдымен тәубе етуді ұсынып, тәубе етпеген жағдайда өлтіретін. 785 жылы Мединеде Құсайын ибн Әли ибн әл-Хасан көтеріліске шықты. Һәди қажылықтың әмірі Сүлеймен ибн Әбу Жағфар әл-Мансұрға хат жазып, Құсайынның көтерілісін басуды бұйырды. Ол Фаһ жерінде Құсайынның алдынан шығып оны және қасындағы адамдарды өлтіртті. Қақтығыстан көтерілісшілердің тек екеуі ғана аман қалады. Олардың бірі Солтүстік Африкада (Мағрибүл-Ақса) Идрисия мемлекетінің негізін салушы Ыдырыс ибн Әбдуллаһ ибн әл-Хасан ибн Әли, екіншісі Табаристанға барып Һарун әр-Рашид заманында көтеріліс жасаған бауыры Жақия ибн Әбдилләһ атты ағайындылар еді. Бұл көтерілістен кейін Әлидің жақтастарына деген байсалды саясат орнына қатаң және төзімсіз саясат жүргізіле бастады. Олардың жалақылары мен мемлекеттен алатын үлестері қиылып, қуғын-сүргінге душар болды.
Мұхаммед әл-Мәһдидің өсиеті бойынша һәдиден кейін Һарун әр-Рашид халифа болуы тиіс. Бірақ әл-Һәди оның орнына ұлы Жағфарды тақ мұрагері етіп қалдырғысы келді. Алайда әл-Һәдидің науқастанып, үш күннен соң дүние салуы ол ойын іске асыруына мұрсат бермеді. Әл-Һәдидің өз бауыры Һарун әр-Рашидті мұрагерліктен алуы немесе билігін шектеуінің себебінен анасы тарапынан уланғандығы да айтылады.
Әл-Һәди — өте жомарт, батыр және күшті кісі болған. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға да мән беретін. Десек те, Аббаси халифаларының арасында өлең тыңдап, нәбиз ішкен ең алғашқы халифа болатын.
## Дереккөздері |
Көктіңкөлі — Қарағанды облысы Шет ауданы, Көктіңкөлі ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 111 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңажұрт — Қарағанды облысы Шет ауданы, Талды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұхаммед әл-Әмин (араб.: محمد الأمين; 14 сәуір 787, Бағдат — 27 қыркүйек 813, Бағдат) — Ислам халифатының 24-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Әмин — әкесі жағынан да, анасы жағынан да Әли мен оның ұлы Хасаннан кейін һашимилерден шыққан үшінші халифа. Әкесі оны 791 жылы тақ мұрагері деп жариялады. Һарун әр-Рашид Тус шаһарында дүние салғаннан кейін әл-Әминге серт берілді.
Бұл дәуір әл-Әмин мен бауыры әл-Мәмунның арасындағы таққа тараспен өтті. Оның себебі Һарун өзінен соң үш ұлын да бірінен кейін бірін тақ мұрагері етіп тағайындауында жатыр.
Фазыл ибн әр-Рәбиғ алдымен әл-Мәмунге серт бергеніне қарамастан кейін Бағдатқа барып Әминге серт беріп, өз болашағын құтқару үшін Әл-Әминге Әл-Мәмунды мұрагерліктен алып, орнына ұлы Мұсаны мұрагер ретінде тағайындауға тырысып, көздегеніне қол жеткізді. Әл-Әмин мен әл-Мәмун өзара бітімге келу үшін хат жазысуларынан да оң нәтиже шықпады. Әл-Мәмун өзінің мұрагерліктен алынып тасталғанын естіген соң әскер дайындатып, Рей шаһарында Тахир ибн Мұсаның қолбасшылығымен әскер аттандырды.
Әл-Әмин жағында Фазыл ибн әр-Рабиғ әскер қолбасшылығына халыққа әділетсіз қарым-қатынас жасауымен танылған Әли ибн Иса ибн Маханды қойды. Бірақ бұл әскерге пайда әкелген жоқ. Өйткені соғыста әл-Әмин әскері жеңіліске ұшырайды. Сонымен қатар екі әскердің арасында әртүрлі аймақтарда қақтығыстар болып тұрды. Мәмунның қолбасшысы Тахир барлық аймақты шетінен қолына өткізгеннен кейін Бағдатты қоршауға алды. Әл-Әмин барлық күшін жұмылдырып қарсылық көрсеткенімен қоршаудың әсерінен қала қиындыққа ұшырады. Ақыры, қала әл-Мәмунның қолына өтіп, Әл-Әмин өлтіріледі.
## Тұлғалық қасиеттері
Әдебиет пен өлеңнен хабары болғанымен әл-Әминді кемеңгер басшы деп айтуға келмейді. Өйткені ойын-сауық пен ішкілікке құмар болатын. Оның осы құмарлығы тіпті халифат ісіне араласуына бөгет болды.
Оның халифалығы кезінде тұрақтылық болмағандықтан сыртқа жорықтар жасалмағаны секілі, ішкі саясатта да әкімшілікте, ғылым-білім мен сәулет саласында да ешқандай жетістікке қол жеткізген жоқ. Дұрысы, жетістікке жетуге мұршасы болмады. Бала және бөзбала кезінде анасы тым еркелеткендігі және осы жағдай халифа болғаннан кейін де жалғасқаны айтылады. Мемлекет адамы ретінде әкесіне де, ағасына да ұқсай алмай, енжарлық танытты.
## Дереккөздері |
Деріпсал — Қарағанды облысы Шет ауданы, Красная поляна ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Әбсеметов Марат Оралбайұлы (17 сәуір 1960 жыл, Балқаш қаласы, Қарағанды облысы). ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты (1991 жыл, 3 сәуір), КСРО Журналистер Одағының VI cъездің делегаты (Мәскеу, 1987), КСРО Мәдениет қорының стипендиаты (1989-1991).С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Қызы — Әлия (1984 ж.) Қазақстандық депутат.
## Өміpбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руының шұбыртпалы бөлімінен шыққан.[дереккөзі?]1981-1983 жылдары Совет Армиясында әскери-әуе күштерінде борышын өтеді. 1983-1987 жылдары Жезқазған облыстық телерадиосында аға редактор, «Огни Жайрема» газетінің бас редакторы. 1987-1993 жылдары ҚР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. 1993-1999 - Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, «Алаш» университетінің проректоры, Қазақ-Америкалық университетінің ғылыми-ақпараттық орталығының директоры. 1999-2006 жылдары Қаржы Академиясында, Кеден комитетінде оқу орталығының басшысы, республикалық ғылыми-сараптамалық «Кеден хабаршысы» журналының және халықаралық «Keden-Gustoms» газетінің бас редакторы. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінің тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі. 2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаттың бас директорының орынбасары. 2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаттың бас директоры. 2016-2018 жылдары ҚР Евро-Азияттық географиялық қоғамының төрағасы. Кәзіргі уақытта мемлекеттік қызметте.2015 жылы (26 ақпан-26 сәуір) қалалық маслихаттың шешімімен Астана қаласы «Есіл» ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне бекітілді. 2010-дан бері Астана қалалық ономастиқалық комиссияның мүшесі.
## Ғылыми қызметі
1991 жылы 23 желтоқсанда Алаш-Орда тақырыбы бойынша қазақ ғылымында алғашқы кандидаттық диссертация қорғады. Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабын (1991), бір томдық «Таңдамалы шығармаларын» (1991), екі томдық «Таңдамалы шығармаларын» (1996-1997) және Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың «Шындық шырағы» (1995) естеліктерін құрастырып шығарды. 1990 жылы 8 маусымда М. Әбсеметовтың көп еңбектенуі арқасында қуғын-сүргіннің құрбаны болған алаш арысы Міржақып Дулатұлының жерленген жері табылды (Сосновец поселкелік атқару комитетінің С.В.Фролованың тұрғын-куәгерлері қол қойған ресми қағазы). Қазақ телеграф агенттігінің «Карелия жерінде» атты ресми хабары «Социалистік Қазақстан» газетінде 1990 жылғы 26 шілдеде шықты. Бұл туралы толық ақпарат 1990 жылы 10 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жұмсақ па, жамбасына жатқан жерің?» деген М. Әбсеметовтың қөлемді мақаласы жарияланды. Мақала авторы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1990 жылғы лауреаты атанды. Тиісті сараптамалар өткізілгеннен кейін Міржақып Дулатұлының мүрдесі Карелиядан 1992 жылдың 18 қыркүйегінде туған Торғай еліне әкелініп, қайта жерленді. Бұл тақырыпта фильмдер қойылды - «Міржақыптың оралуы» (1993 ж., автор Амантай Сатаев, реж. Қалила Омаров), «М.Дулатов. Тайны, судьбы, имена» (2017 ж., автор Майя Бекбаева), М. Әбсеметовтың «Міржақыптың оралуы» /Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың алғы сөзімен/ (1995 ж.) кітабы және көптеген мақалалар шықты.1991 жылы 2 сәуірде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бастауыш партия ұйымның отырысында, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» («Алтын Орда» баспасы, тираж 100 мың) кітабын рұқсатсыз шығарғаны үшін, сонымен коммунистік партия тәртібін бұзғаны үшін домалақ арыз негізінде М. Әбсеметов партбюро хатшысының орынбасары міндетінен босатылды, коммунистік партия қатарынан шығарылды. Шамшия Қанышқызы Сатпаева, Лейла Мұхтарқызы Әуезова, Заки Ахметов академиктердің өтініші бойынша Институттың басшылығы ғылыми қызметінде қалдырды, істеліп жатқан зерттеу жұмыстарын тоқтатпады.
## Еңбектері
«Кенесары ханның бас батыры - Шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай» (1992), «Міржақып (өмірі мен шығармашылығы)» (1995), «Міржақыптың оралуы» /Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың алғы сөзімен/(1995 ж.), «Таможенное дело Казахстана: история, опыт, перспективы» (2001), «Кеден ісінің орысша-қазақша сөздік-құралы» (2003), «Сәкен Сейфуллин - Қазақ Республикасының үкімет төрағасы» (2006), «Астана – мыңжылдық тарихы бар қала» (2009), «Ханнәби тархан» (2013), монография «Россия-Казахстан: вклад ученых в Великую Победу» (Томск, 2017), «Алыстан Алаш десе аттанамын...» (2017), «Шежіре: тарихи дерек hәм аңыз» (2018) кітаптарының, 500-ге тарта ғылыми, публицистиқалық мақалалардың авторы.
## Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), «Астана 20 жыл» (2018 ж.) мемлекеттік медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хаттарымен (2012, 2017 жж.), «Академик А.Л. Яншин» (Мәскеу, 2011) Ресей Тау-кен ғылымдарының Академиясы медалімен, «Академик В.И. Вернадский» (Париж, 2013 ж.) халықаралық орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
Абзал Бөкенов. «Жаманға мір, жақсыға пір». Міржақып Дулатовтың сүйегін елге жеткізу жайына орай. // «Социалистік Қазақстан» газеті. 1990, 4 қарашаҚ. Ғалымтайұлы. «Рахмет саған, Марат!». // «Дала дидары» газеті. 1991, 6-13 қыркүйек.Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова. «Марат Әбсеметовпен танысу». // Шындық шырағы: Естеліктер. Бірінші кітап. – Алматы, 1998.Шота Валиханов. «Менің сегіз ұлым бар, білші халқым!» // «Күмбез», №1, 2002, 63 б.Қалила Омаров. «Мәңгілікке бет алған аманат». // Міржақып Дулатұлы. Бес томдық шығармалар. Алматы, «Мектеп», 2004, 345-348 бб.Күляш Сардарбек. «Асылдың сынығындай, тұлпардың тұяғындай». // «Балқаш өңірі» газеті. 2009, 11 ақпан. Ақтоғай ауданы энциклопедиясы (Қарағанды обл.). Марат Әбсеметов (өмірбаяны). Қарағанды. 2017, б. |
Құттыбай — Қарағанды облысы Шет ауданы, Шет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кербен сөзі келесі топонимдерді білдіруі мүмкін:
* Кербен — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы қала.
* Кербен — Германиядағы коммуна. |
Қарамыс — Қарағанды облысы Шет ауданы, Шет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Керуен (қыр. Кербен) — Қырғызстандағы қала, Жалалабат облысы, Ақсы ауданының әкімшілік орталығы.
Халқы (2017) — 28,3 мың адам.
## Географиясы
Қала облыс орталығы Жалалабаттан 220 км солтүстік-батысқа қарай, Ташкөмір қаласының темір жолынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Керуен қаласы Ақсы ауданының ортасында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері жазық, кедір-бұдырлы. Климаты континентті. Қысы кейде қатал, жазы ыстық, жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 12 градус.
## Тарихы
Ауыл 1930 жылы Караван атауымен құрылған болатын. 2004 жылы 4 қазанда Караван ауылының атауы Керуен болып өзгеріп, оған аудандық бағыныстағы қала мәртебесі берілді.
## Халқы
Кербен қалалық басқармасының аумағында 7 елді мекен орналасқан: Керуен, Күліктөбе, Ақтөбе, Жетіген, Құрылыс, Ұстықан және Мамай.
2004 жылғы 1 қаңтар деректеріне сәйкес Керуен қаласының халық саны (іргелес айыл өкмөттерін қоса есептегенде) 22 408 адамды құрайды (немесе облыс халқының 11,2 %-і). Қала халқы саны - 13 433 адам, ауыл халқы – 8 975 адам. Қалада шамамен 19 этнос өкілдері тұрады, оның ішінде: қырғыздар – 19 943 адам (89 %), өзбектер – 1 994 адам (8,9 %), орыстар – 314 адам (1,4%), басқалары – 157 адам (0,7%).
2017 жылғы 1 қаңтарда халық саны адам 28,3 мың адамды құрады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Қырғыз Республикасының қалалары қауымдастығы сайтында Мұрағатталған 27 шілденің 2010 жылы. |
Павел Викторович Матяш (11 қыркүйек 1987 жыл) — қырғызстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстандың АГМК клубында ойнайды.
## Карьерасы
"Дордой" футбол клубының түлегі. Ұзақ жылдар бойы осы клубтың қақпасын қорғап, 2014 жылы Бішкектің "Алға" клубына ауысты. Бірақ "Дордойдан" кеткен соң тұрақты ойнай алмай, жиі клуб ауыстырумен болды. 2014-19 жылдар аралығында төрт түрлі клубтың намысын қорғады. 2018 жылы Өзбекстанның төменгі лигаларының бірінде ойнайтын АГМК клубының қатарына қосылды.
2009 жылдан бері Қырғызстан құрамасының мүшесі.
2019 жылы Азия кубогына қатысты. Алғашқы турдағы Қытаймен ойында өз қақпасына гол соғып алды.
## Жетістіктері
* Қырғызстан чемпионы (6): 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012
* Қырғызстан кубогы (3): 2008, 2010, 2012
* Қырғызстан суперкубогы (2): 2011, 2012
* АФК президенті кубогы: 2007
* Мальдивтер кубогы: 2015
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мыржық — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 148 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абыз — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Бақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан шығысқа қарай 68 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақты — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Бақты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан шығысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарун (араб.: قارون) — Құран кейіпкері, Мұса пайғамбардың замандасы, өркөкірек бай. Құранда ол Перғауынмен және Хаманмен бір қатарда Алладан қарғыс алған Мұсаның дұшпаны ретінде аталады. Қарунның бай болғаны соншалық, бірнеше адам оның қазына қоймасының кілттерін әрең көтеріп жүргені туралы да айтылады, дүние-мүлкін өзінің білімі мен еңбегінің нәтижесі деп есептеген ол байлығын керемет мақтан еткен. Сондықтан, Алла жерді қақ айырған да, Қарунның өзін де, үйін де жер жұтқызған. Осыдан кейін-ақ оның орнын басуды армандаған адамдар тәубесіне келген, олар «дінсіз адамдардың бақытты бола алмайтынын» түсінген.
Аңыз-әңгімелерде бұл оқиға егжей-тегжейлі баяндалған. Құрандағы Қарунның «білімі» туралы сөздерге сүйеніп, оны қандай затты болса да асыл мүлікке айналдыра алатын көне заман алхимигі деп есептейді. Мысырда Қарунның жер жұтқан үйінің орнына пайда болыпты-мыс деген бірқатар көлдер мен тоғандар оның есімімен аталады, Қарун бейнесі Корей туралы Тәурат әңгімелері мен яһудилік аңыздардан басталады, есімі аңызға айналған Крез патша туралы аңыздардан да осы сарынды аңдауға болады. Құран әңгімесі кейінгі Мекке кезеңіне жатады. Оның сөздері Мұхаммедтің (с.а.у.) Меккеліктермен арада болған шынайы таластарын танытады.
## Дереккөздер |
Ақсы ауданы (қыр. Аксы району, 1992 жылға дейін — Жаңажол ауданы) — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Керуен қаласы.
## Географиясы
Аудан облыс орталығы Жалалабат қаласынан солтүстік-батысқа қарай, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте, Ферғана жазығының солтүстік шетінде орналасқан. Ақсы ауданы Өзбекстанның Наманған облысы құрамындағы төрт ауданмен (Янги-Қорған, Чартақ, Уйчін және Үч-Қорған) шекаралас. Ақсы ауданының Өзбекстан Республикасымен шекарасының ұзындығы 142 км-ді құрайды.
Аудан аумағында (Батыс Тянь-Шань) қазіргі уақытта төмендегілер құрылған және жұмыс істейді:
* Әулетім-Ата мемлекеттік табиғи паркі
* Арқыт орман шаруашылығы (1939 жылы құрылған)
* Падышаты мемлекеттік қорығы
* Сары-Челек мемлекеттік биосфералық қорығы
* Рязан-Сай ботаникалық кіші қорығы
* Жел-Тийбес ботаникалық кіші қорығы
* Балтыр-Хан орман кіші қорығы
* "Қара-Жыгач жартасы" гидрогеологиялық кіші қорығы (табиғат ескерткіші) сондай-ақ тасқа салынған суреттер тарихи ескерткіш (Таш-Кемюр тобы).
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 113010 аудан тұрғындарының ішінен 107447 адамды құрайды (немесе 95,1 %), өзбектер — 4802 адам немесе 4,2 %, орыстар — 305 адам немесе 0,3 %.
## Әкімшілік бөлінуі
Ақсы ауданының құрамына 11 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
* Әулетім айылдық округі — Әулетім а.
* Ақ-Жол айылдық округі — Ақ-Жол
* Ақ-Суу айылдық округі — Ақ-Суу а.
* Жаны-Жол айылдық округі — Жаны-Жол а.
* Жерге-Тал айылдық округі — Жерге-Тал а.
* Қара-Жығач айылдық округі — Қара-Жығач а.
* Қара-Суу айылдық округі — Копуро-Башы а.
* Қашқа-Суу айылдық округі — Қашқа-Суу а.
* Қызыл-Туу айылдық округі — Қызыл-Туу а.
* Қош-Дөбө айылдық округі — Қош-Дөбө а.
* Назарали айылдық округі — Қызыл-Жар (Үч-Қорғон) а.
## Даулы аумақтар
Ақсы ауданының Өзбекстанмен шекаралас бөлігінде жалпы ауданы 513 га болатын 8 даулы учаске бар. Шекараның анық болмауы екі республика азаматтары арасындағы қақтығыстардың негізгі себебі болып табылады.
2002 жылы 16-18 наурызда Ақсы ауданында халық пен құқық қорғау органдары арасында қақтығыс болды. Халықтың талаптарының бірі - 1999 жылғы қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді ратификациялаудан бас тарту.
Соңғы кездері аудандағы төмен материалдық жағдайға байланысты халықтың жаппай елдің солтүстігіне қарай, сондай-ақ Ресейге көшуі орын алуда.
## Тарихы
Ош облысының құрамында болды. 1990 жылы Жалалабат облысы құрамына енгізілді. 1992 жылға дейін Жанги-жол ауданы деп аталып келді.
## Дереккөздер |
Бақты – Тарбағатайдың оңтүстік бөктеріндегі тау.
## Географиялық орны
Абай облысы Мақаншы ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1273 м. Батыстан шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.
## Геологиялық құрылымы
Орта және жоғарғы ордовиктің тау жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сұр және қызғылт қоңыр топырағында қау, сұлыбас, жалбызтікен, қымыздық, т.б. өсімдіктер өскен.
## Дереккөздер |
Мұхаммед әл-Мұғтасым (араб.: محمد المعتصم; 13 сәуір 794, Бағдат — 5 қаңтар 842, Самарра) — Ислам халифатының 27-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Мұғтасым әл-Мәмуннен тоғыз жас кіші болатын. Ол әл-Мәмунның дәуірінде Шам мен Мысырда әкім болды. Әл-Мәмун ұлын тақ мұрагерлігінен алып, батылдығына сенім артып, әл-Мұғтасымды халифа етіп тағайындады. Әл-Мәмун дүниеден өткен күні халық әл-Мұғтасымға серт беріп, әл-Мұғтасым Билләһ деген лақап тақты.
Әл-Мұғтасымның дәуірінде зәйдия мәзһабынан Мұхаммед ибн Қасым ибн Әлидің көтерілісі Хорасан әкімі Әбдуллаһ ибн Тахирдің әскер жіберуімен басылды.
### Түркі ықпалының басталуы
Халифа әл-Мұғтасым әскердің әртүрлі ұлттардан құралуы сенімсіз болатындығын ойлап, түркілердің батырлығы мен жауынгерлігінің себебінен тек қана солардан тұратын жеке әскер құру үшін астанаға түркі текті құлдарды алдыртты. Халифа оларды басқа жауынгерлерден бөліп ұстап, арнайы жасақты түркілерден құрады. Бұл дәуірде арнайы жасақтың қолбасшылығында Афшин және Әшнәс атты түркі текті қолбасшылар болды. Араб қолбасшылар түгелдей орындарынан алынды. Әскердің түркілерге негізделуі алдыңғы уақытта басқа да өзгерістерге алып келіп, әскер тізгінін ұстаған қолбасшылар халифа мен мемлекет қызметкерлерінің алдында үлкен орынға ие болары анық еді. Шындығында, әл-Мұғтасымның дәуірінде Аббас ибн әл-Мәмун халифаның кейбір түркі қолбасшыларымен бірігіп оны биліктен тайдырып, орнына отыруға тырысады. Алайда әл-Мұғтасым олардың жоспарынан алдын ала хабардар болғандықтан, тізе біріктірген қолбасшылар мен Аббас өлтіріледі.
Әл-Мұғтасымның дәуірінде арабтардан кейін парсылар да мемлекеттің ішкі және сыртқы істерінде ықпалдарынан айырыла бастайды. Түркілер халифат әскеріне түгелдей билік етеді. Ақыр соңында әл-Мұғтасым тым көбейіп, бағдаттың жергілікті халқымен жақсы қарым-қатынас құра алмаған түркілер үшін Бағдат қаласын тастап, Самарра қаласына қоныс аударады. Енді түркілер халифаға бұрыннан бетер ықпал етеді. Кейін түркілер тек әскери салада ғана емес, саяси және басқару саласында да үлкен орынға ие болады. Түркілердің ықпалы тек астанамен ғана шектелмей Ислам мемлекетінің басқа қалаларына да жүре бастайды.
### Ғылымға деген демеуі
Әл-Мұғтасымды бауыры әл-Мәмун немесе әкесі әр-Рашид секілді ғылымға ерекше көңіл бөлген деп айту қиын. Өйткені ол көбінесе әскери салаға назар аударатын. Десек те әл-Мұғтасым әл-Мәмунның себебімен дами бастаған ғылым-білімнің одан әрі дамуына қол ұшын созып, ғалымдар мен сәулетшілерге қолдау білдіріп отырған. Әл-Мұғтасым халифалық дәуірінде де "Құранның жаратылуы" мәселесіне қатысты ұстаным жалғасын тапқан.
### Самарраның тұрғызуы
Әл-Мұғтасым Бағдаттан 150 шақырым қашықтықта Тигр өзенінің жағасынан Самарра қаласын тұрғызды. Бұл жаңа астана әсем сарайлар мен көздің жауын алатын бақшалармен безендірілді. Әскерлерді руға және туыстық дәрежелеріне қарай жақын қоныстандырды. Самарра тұрғызылған кезде Тигр өзенінен жаңа арналар аштырып, егістік ісін жандандырып, көрші аймақтардан әртүрлі ағаштар алдырып, Самарраны жасыл аймаққа айналдыруды көздеуі — оның құрылыс пен сәулет өнеріне қаншалықты назар аударғандығының айғағы болса керек.
### Соғыстары
Афшинның қолбасшылығындағы Аббаси әскерінің Бабекпен әуре болуын оңтайлы сәт деп ұққан Византия императоры 100 мың кісілік қолмен мұсылмандарға шабуыл жасап, Малатья мен Забтараға кіріп, ол жерде көптеген адамдарды өлтіріп, қалғандарын тұтқынға алған. Бірақ Бабек көтерілісі басылғаннан кейін Византияға қарсы әскери жорық ұйымдастырылып, оларға тойтарыс беріліп, мұсылмандар біраз аймақтарды қолдарына қаратып, византиялықтардан есе қайтарылады.
Әл-Мұғтасым Әл-Андалусиге шабуыл жасауды ойлап, осы мақсатта дайындалғанымен, мақсатына жете алмай дүниеден озды. Ол өзінен кейін ұлы Һәрунды ғана тақ мұрагері етіп тағайындайды.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мұғтасымның ең басты ерекшелігі батырлығы, іскерлігі мен төзімділігі болса керек.
## Дереккөздері |
Шолаққайың — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Бақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Бақты ауылдық округі – Абай облысы Мақаншы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Бақты ауылдық округі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Һәрун әл-Уәсиқ (араб.: هارون الواثق; 811, Мекке — 10 тамыз 847, Самарра) — Ислам халифатының 28-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Мұғтасым дүние салған соң халық әл-Уәсиқтің халифалығын қабылдап серт береді. Әл-Уәсиқ дүниеден өткенше халифа болды.
Әл-Уәсиқтің дәуірінде әскери сала әкесінің уақытындағыдай еді. Бірақ әкесі қойған түркі қолбасшылардың, оның ішінде, Әшнәстың ықпалы одан әрі арта түсті. Әл-Уәсиқтің дәуірінде Хиджаз және Ямама аймақтарындағы бәдеуилердің шабуылдары мен қарақшылық әрекеттерінің нәтижесінде ішкі қақтығыстар орын алғанымен, түркілерден құралған Аббаси әскері оларға тойтарыс береді.
### Соғыстары
Мұсылмандар мен Византия арасында үздіксіз жалғасқан соғыста екі жақтың бірі толық үстемдікке жете алмаған болатын. Сонымен қатар екі жақтың да қолында көптеген тұтқындар жиналып қалған-тын. Һарун әр-Рашидтың уақытына екі мәрте құн төлеу арқылы көптеген тұтқындар босатылған еді. Үшінші рет құн төлеу арқылы тұтқындарды босату ісі әл-Уәсиқтің дәуірінде 845 жылы орын алды. Византия императоры елші жіберіп оның қолындағы тұтқындарды босатып алуды қалайтынын білдірді. Осылайша екі жақ та тұтқындарын босатып алды. Тұтқындардың арасында "Құран жаратылған" деп айтпағандарға құн төленбегендіктен, тұтқыннан босатылмағандығын да айта кеткен жөн.
Халифа әл-Уәсиқтің дәуірінде Сицилия мен Италияда да соғыс жалғасты. Сицилия мен Италияға жасалған сапарлар көбінесе Солтүстік Африкадан басқарылатын. Сицилия мұсылмандардың қолына өткен соң, осы жерден Италияға қарсы жасалған шабуылдарда ресми түрде Аббасилерге бағынышты болғанымен толықтай тәуелсіз әрекет жасаған Ағлабилер ерекше рөлге ие болды.
### Ғылымға деген демеуі
Әл-Уәсиқ ғылым мен әдебиетке қолдау білдірді. Өзі де ақындықтан алыс емес болатын. Оның сарайында ғылыми пікірталастар жиі ұйымдастырылатын. Әл-Уәсиқтің ғылымға қатысты ұстанымы ағасы әл-Мәмунға ұқсайтын. Оның дәуірінде де Құран жаратылуы мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сол себептен көптеген адам Құран жаратылмаған дегені үшін зынданға тасталды. 845-846 жж. Басра әкіміне имамдар мен азаншыларды Құранның жаратылуы мәселесіне қатысты сұраққа тартуын бұйырды. Осы жылы бұл сенімге қарсы шыққан, тіпті маңайына адам жинап көтеріліс жасауға дайындалған Ахмед ибн Наср ибн Мәлік ибн әл-Хузағи ұсталып, Самарраға жеткізіледі. Оны халифаның өзі сұраққа тартып, артынан өлім жазасына кеседі. Әл-Уәсиқ өмірінің соңына таман халықты осылай сұраққа тартудан бас тартқандығы да айтылады.
Халифа әл-Мәмунның дәуірінде басталған аударма әрекеттері әл-Уәсиқтің дәуірінде де жалғасын тапты.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Уәсиқ дәмді тағамдар жеп, ішкілік ішуді қатты ұнатқан адам. Оның өлімімен Аббаси мемлекетіндегі халифа билігі әлсіреп, түркі текті қолбасшылардың билігі артады. Әл-Уәсиқ өзінен кейін ешкімді халифа ретінде қалдырмаған.
## Дереккөздері |
Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин (25 желтоқсан 1910 жыл – 3 қазан 1979 жыл) — ғалым, мұғалім, қазақ журналистикасы теориясын қалыптастырушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976).
## Білімі
ҚазМУ журналистика бөлімін тәмамдады (1942).
## Еңбек жолы
* 1929 ж.бастап ЛКСМ Павлодар аудком желісі бойынша түрлі әкімшілікшаруашылық қызметте болды, нұсқаушы, ауылкеңесінің төрағасы болды.
* 1934 жылдан- Семей облХББ инспекторы
* 1935-39 Семей облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі.
* 1942 - Қостанай облыстық "Большевиктік жол" газетінің редакторы етіп тағайындалды.
* 1945 жылдан КазМуда аға оқытушы, журналистика бөлімінің деканы болып кызмет етті.
* 1948 -79 журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі.
* Негізгі ғылыми бағыты баспа, журналистика теориясы мен практикасы тарихы. Оның қол астында 12 кандидатық диссертация қорғалды.
* «Еңбек ардагері» медалімен, КазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Шығармалары
* Қазақ баспасының даму жолдары (1860-1930). - А., 1969;
* Қазақ баспа арихының очеркері (1860-1958). - А., 1981 және т.б..
## Биография
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1942). Журналистік қызметін 1929 ж. Павлодар округтік “Кеңес туы”, аудандық “Колхоз” газеттеріне хат-хабар жазудан бастап, 30-жылдары саяси-шаруашылық науқандарға, Қазақстан ауыл тілшілерінің қозғалысына белсене қатысты.
* 1935—1939 ж. - Семей облысы “Екпінді” газетінде қызмет істеді.
* 1942—1945 ж. - Қостанай облысы “Большевиктік жол” газетінің редакторы,
* 1945—1979 ж. - ҚазМУ-дің журналистика факултетінің аға оқытушысы, деканы, кафедра меңгерушісі болды.
Бекхожин журналист кадрларды даярлау және Қазақстан баспасөзі тарихын зерттеу ісіне елеулі үлес қосты. Ол 60-тан астам ғылыми мақала мен "Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860 — 1930 жылдар)”] атты монографиялық кітаптың авторы. Бекхожиннің бұл монографиясы қазақ баспасөзінің 70 жылдық тұтас тарихына арналған тұңғыш көлемді де, құнды еңбек болды. Мұнда ғалым қазақ баспасөзінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын нақты дәлел-дәйектермен ғылыми негізде баяндаумен бірге, қазақтың қазан революциясына дейін жарық көріп тұрған газет-журналдарының (“Түркістан уәләятының газеті”, “Дала уәләятының газеті”, “Қазақстан” газеті, “Айқап” журналы, т.б.) қызметі мен ұстанған бағытына кеңес кезеңінің өзінде объективті баға бере білген. Осыған байланысты Бекхожинге Кеңес өкіметі тарапынан “байшыл-ұлтшыл керітартпа бағыттағы басылымдарды дәріптеді” деген айып тағылып, қысым көрсетілді.
## Дереккөздер |
Павел Викторович Матяш (11 қыркүйек 1987 жыл) — қырғызстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстандың АГМК клубында ойнайды.
## Карьерасы
"Дордой" футбол клубының түлегі. Ұзақ жылдар бойы осы клубтың қақпасын қорғап, 2014 жылы Бішкектің "Алға" клубына ауысты. Бірақ "Дордойдан" кеткен соң тұрақты ойнай алмай, жиі клуб ауыстырумен болды. 2014-19 жылдар аралығында төрт түрлі клубтың намысын қорғады. 2018 жылы Өзбекстанның төменгі лигаларының бірінде ойнайтын АГМК клубының қатарына қосылды.
2009 жылдан бері Қырғызстан құрамасының мүшесі.
2019 жылы Азия кубогына қатысты. Алғашқы турдағы Қытаймен ойында өз қақпасына гол соғып алды.
## Жетістіктері
* Қырғызстан чемпионы (6): 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012
* Қырғызстан кубогы (3): 2008, 2010, 2012
* Қырғызстан суперкубогы (2): 2011, 2012
* АФК президенті кубогы: 2007
* Мальдивтер кубогы: 2015
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Эльдор Шомуродов (өзб. Eldor Shomurodov; 29 маусым, 1995) — өзбек футболшысы, шабуылшы. "Рома" футбол клубы мен Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Машал" клубының түлегі. 2014 жылы карьерасын осы "Машал" клубында бастады. 2015 жылы "Бунедкорға" ауысты да, екі маусым ойнады.
2017 жылы Ресейдің "Ростов" клубына өтті.
2020 жылы жазда "Дженоаға" ауысты. Эльдор Ильяс Зейтуллаевтан кейінгі Италияда ойнаған екінші футболшы.
2021 жылы жазда "Ромаға" ауысты.
### Ұлттық құрама
2019 жылғы Футболдан Азия кубогына қатысып, алғашқы турда Оман құрамасының қақпасына командасының екінші голын соқты. Бұл ойында өзбектер 2:1 есебімен жеңіске жетті.
## Қатысқан турнирлері
* Азия кубогы - 2019
* УЕФА Конференциялары лигасы 2021/22
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Айнабұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Темірші ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қараағаш — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Темірші ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 98 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ахмед әл-Мұстағин (араб.: أحمد المستعين; 835, Самарра — 17 қазан 866, Уасыт) — Ислам халифатының 31-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Мұнтасыр қайтыс болған соң лауазымды тұлғалар бас қосып, әл-Мұстағинді халифа етіп тағайындайды. Ал Жағфар әл-Мүтәуәккилдің ұлдарының бірінің халифа болуға ешбір мүмкіндігі болмады.
Халифа бұл кезде ықпалды болды деп айту қиын. Әл-Мұстағин билікке алып келген түркілер ешқандай бұйрық күтпей өздері қалағандай шешім шығаратын. Мемлекеттік қызметкерлер олардың көңіліне жағатын іс жасаса орындарында қалып, кері жағдайда олардың орнына басқа адамдарды тағайындалатын. Мемлекетке салықтан түскен кіріс те соларға жеткізілетін.
### Көтерілістер
Бұл дәуірде Зәйдия мәзһабынан бірінен кейін бірі Жақия ибн Омар Куфада, Хасан ибн Зәйд Табаристанда билікке қарсы бас көтерді. Жақия ибн Омар өлтірілген соң, Куфадағы көтеріліс басылғанымен, Хасан ибн Зәйдтің жақтастары Табаристан мен Рейді қолдарына қаратты. Бұл көтеріліс жайлы астанаға хабар жеткен соң, бас қолбасшы Уасф Хасан ибн Зәйдтің ол жерді қолға алғанын қаламағандықтан, әскер аттандырды. Алайда Хасан ибн Зәйд Табаристанда Зәйдия мемлекеті деп аталған мемлекет құрады. Бұл мемлекет бір ғасыр (864-965) өмір сүргенімен жүйелі түрде билік жүргізді дей алмаймыз.
Әл-Мұстағиннің дәуірінде түркі қолбасшылары арасында қақтығыстар орын ала бастады. Әмирәйн (қос қолбасшы) ретінде танылған Боға мен Уасфтың арасындағы келіспеушіліктерге байланысты халифа Самарраны тастап, Бағдатқа қоныс аударды (25 қаңтар 866 жылы). Түркі қолбасшылар қанша рет айтқанымен халифа қайтадан Самарраға оралған жоқ. Осыған байланысты қолбасшылар әл-Мұғтаззды түрмеден шығарып алып, халифа деп жариялайды. Ал оның бауыры әл-Муаядты одан кейінгі тақ мұрагері етіп бекітті.
Осылайша Бағдат әл-Мұстағин, Самарра әл-Мұғтазздың қолына өтті. Әл-Мұстағин барлық салықтың Бағдатқа жіберілуін бұйырды. Сонымен қатар Самаррадағы түркі тектес қолбасшыларға хат жазып, әл-Мұғтаззға берген серттерінен бас тартуға шақырды. Әл-Мұғтазз да әл-Мұстағиннің істеріне жауап беретін Мұхаммед ибн Әбдуллаһ ибн Тахирге хат жазып, өзіне серт беруге шақырып, әл-Мұстағинді тақтан алыстатқанын қалады. Алайда бұндай хаттар ешқандай нәтиже берген жоқ. Ақыр соңында әл-Мұғтазз Бағдатқа қарсы әскер аттандырды. 865 жылдың соңына таман Бағдат қаласы қоршауға алынды. Нәтижеде, Ибн Тахир әл-Мұғтаззға серт берді. 25 қаңтар 866 жылы Ибн Тахир әл-Мұстағиннің тақтан түсірілгенін айтты. Әл-Мұстағин кейін әл-Мұғтаззға серт беріп, Уасыт қаласына қоныс аударды.
### Соғыстары
Бұл дәуірде ішкі тұрақсыздықтың себебінен алғашында шекараға назар аударылмады. Бірақ кейін Омар ибн Әбдуллаһ пен Әли ибн Жақия әл-Армени атты екі қолбасшы Византияға қарсы жемісті шабуылдар ұйымдастырды.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мұстағин халифалық нышандарды арнайы қызметкерлерге тапсырғаннан кейін отбасымен бірге Уасыт қаласына бет алады. Әл-Мұстағин 17 немесе 20 қазан 866 жылы әл-Мұғтазздың әмірімен Самаррада өлтіріледі. Әл-Мұстағиннің өте жомарт болғандығы және өзінен бұрынғы халифалар жинаған алтын, асыл тастар, қарулар мен басқа құнды заттарды айналасындағылардың қарсы болғанына қарамай садақа етіп таратып жібергендігі айтылады.
## Дереккөздері |
Тұмсық — Қарағанды облысы Шет ауданы, Шет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұхаммед әл-Мүһтәди (араб.: محمد المهتدي; 833, Самарра — 21 маусым 870, Самарра) — Ислам халифатының 33-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Түркілер әл-Мұғтаззды биліктен алыстатуға шешім шығарған соң әл-Мұғтазз сүргінге жіберген Мұхаммед әл-Мүһтәдиді Бағдатқа алып келеді. Оған халифалық ұсынылған кезде ұсыныстан бас тартып, әл-Мұғтазз бен түркілердің арасын жақындатуға тырысады. Бірақ әл-Мұғтазз оның ұсынысынан бас тартады. Нәтижеде, түркілердің тізе батыруымен биліктен алыстатылған әл-Мұғтазздың орнына Мұхаммед әл-Мүһтәди келеді.
Әл-Мүһтәди жаратылыс тұрғысынан күрескер болғандықтан түркілердің мемлекет билігіне араласуына тосқауыл болып, халифалардың саяси және діни беделін қайтару үшін барын салып, тіпті бұл жолда түркілермен қарулы қақтығыстарға да барады. Өкініштісі сол: оның бұл күресі өміріне қауіп төндіреді.
Басраның әмірі және әскер қолбасшысы Мұса ибн Боғаға Салих ибн Уасфтың әл-Мұғтаззға жасаған қиянаты мен әл-Мүһтәдиге серт бергендігі жеткен соң, қаланы тастап Самарраға бет алады. Халифа оған орнынан қозғалмауын бұйырып бірнеше рет хат жазғанымен, кері қайтпайды. Салих ибн Уасф Мұсаның астанаға келуінен қорқатын. Сол себептен де халифаға оның қаласын тастап шығуын билікке қарсы көтеріліс ретінде көрсетті. Бірақ Мұса Самарраға әскерімен бірге кіріп, әл-Мүһтәдимен жақсы қарым-қатынас жасап, сертін жаңалайды. Кейін 15 қаңтар 870 жылы Салих ибн Уасф өлтіріледі. Мұсаның әскерлері әл-Мүһтәдиді Салихты жасырды деп айыптап, биліктен алыстатуды көздейді. Бұл хабар халықтың арасына тарап кетеді. Ал халық халифаның жанында болатындықтарын білдіретін парақтарды тарату арқылы қарсылық көрсетеді. Бұл жазулар түркі шенеуніктерге жеткенде халықтың бас көтеруінен қауіптеніп, халифа әл-Мүһтәдиге оның әмірінде екендіктерін білдіріп хабар жібереді. Сонымен қатар жағдайларының нашар екендігін, жалақыларының төленбегендігін, салықтан түскен кіріске әскербасылар қол сұғып жатқанын айтады. Негізінде, бұл шағымды жаңа кезеңнің бастамасы ретінде пайдалануға болар еді. Алайда әл-Мүһтәди оларға берген жауабында мойынсұнушылықтарына разы екендігін, бірақ шағымдарын қанағаттандыратын мүмкіндігінің жоқтығын, салыққа байланысты ұсыныстарын жіберуін айтумен шектелді. Олар салыққа түскен кірісті бір жүйеге келтіретін бірқатар талаптар айтып, бұл қажеттіліктерін орындалғанға дейін халифа қақпасының алдында күтетіндіктерін, бұған қарсы шығып, халифаға зарар беруге тырысқандарды өлтіретіндіктерін жариялайды. Олардың осындай қалауларының барлығы халифаттың пайдасы үшін болатын. Ақыры, халифа оларға барлық талап-тілектері орындалатынын білдіретін жазу жазып береді.
Осы жағдайлардың барлығы әл-Мүһтәдидің түркі қолбасшылардың ықпалынан құтылу үшін таптырмайтын мүмкіндігі болатын. Алайда әл-Мүһтәди бұл сәтті оңтайлы пайдалана алмады. Десек те, түркілерді түркілермен тазалау жоспарын іске асыруға тырысты. Бұл жоспарын да іске асыра алмай, керісінше, өзіне жақтасқан түркілерді өзіне қарсы қойып алды. Ақыр соңында түркілерден басқа күштер жеңіліп, халифа биліктен алыстатылды. Ол 21 маусым 870 жылы дүние салды.
Әл-Мүһтәдидің дәуірінде Аббасилерді он төрт жыл бойы мазалаған Қара нәсілділердің көтерілісі 16 шілде 869 жылы басталды.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мүһтәди мінез-құлқы тұрғысынан Аббаси халифаларының арасында жақсыларының бірі ретінде қабылданады. Ол әділдікті сүйетін. Қазылық істерге өзі төрелік жасап, зұлымдыққа ұшырағандардың есесін қайтарып беріп, барлығына жа үлгі болған. Өзіне Умәйя халифаларынан Омар ибн Әбділғазизді үлгі тұтып, ойын-сауық пен сән-салтанаттан алыс тұрып, музыка мен ішкілікке тыйым салып, мемлекет басындағылардың халыққа зұлымдық жасауына бөгет болуға тырысып, халифалық биліктің беделін қайтару үшін қолынан келгенін жасаған.
## Дереккөздері |
Ахмед әл-Мұғтамид (араб.: أحمد المعتمد; 843, Самарра — 15 қазан 892, Самарра) — Ислам халифатының 34-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Мұғтамид түркілердің қалауымен бауыры Әбу Ахмед Талха ибн әл-Мүтәуәккилді 871 жылдың қаңтарында әскербасы етіп тағайындайды. Сонымен бірге бірқатар аймақтың билігін де қолына береді. 872 жылдың қаңтарында басқа аймақтарды да оның билігіне берді. Осылайша іс жүзінде халифалық билік Әбу Ахмедке өтеді. Ал халифаның аты тек қана хұтба мен ақшада ғана қалады.
Әл-Мұғтамидтің мемлекетті басқаруда салмағы болмады десек артық айтқандық емес. Барлық шешімді бауыры Әбу Ахмед қабылдайтын. Әл-Мұғтамид уақытының көп бөлігін ойын-сауыққа, сұхбат мәжілістеріне арнайтын.
Әскери сала әлі де түркілердің қолында болғанымен олар саяси алаңдағы бұрынғы ықпалынан айырыла бастайды. 889-890 жж. халифат орталығының түркілер үшін құрылған Самаррадан Бағдат қаласына көшірілуі, Аббаси мемлекетінде саяси салада түркі үстемдігінің біткендігін көрсетеді. Халифалар мен түркі қолбасшылар арасында жалғасқан күрес кезінде алғашында бейтарап қалған халық та бірте-бірте түркілерге қарсылық білдіріп, күреске қатыса бастады. Әл-Мұғтасым халифа болған кезде халық түскен жағдайға енді Самаррада түркілер душар болды. Осы арада әл-Мүтәуәккил бастаған әскери топтар арасында түркілерге қарсы жаңа топтардың құрылуы кейінгі халифалар тарапынан да қолдау тапқандықтан әскердің ішінде тепе-теңдік қалыптасқандай болды.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мұғтамидтің өлімі де өміріндей болды. Ішкілікті тым көп қабылдауының себебінен 15 қазан 892 жылы дүниеден өтті.
## Дереккөздері |
* Қызылшілік – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл.
* Қызылшілік – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл. |
Қызылшілік — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 95 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шөптікөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айыр — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Шарықты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 94 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Теректі — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Шарықты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 82 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақбай-Қызылбай — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Аманжолов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Базарқорған ауданы (қыр. Базар-коргон району) — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Базарқорған ауылы.
## Географиясы
Аудан облыс орталығы Жалалабаттан солтүстік-батысқа қарай, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте, Ферғана жазығының солтүстік шетінде орналасқан. Өзбекстанның Әндіжан облысымен шектесіп жатыр.
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 142 951 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 79 442 адамды құрайды (немесе 55,6 %), өзбектер — 61 777 адам немесе 43,2 %, ұйғырлар — 713 адам немесе 0,5 %, түріктер — 344 адам немесе 0,2 %, орыстар — 402 адам немесе 0,2 %.
* Әкімшілік бөлінуі
Базар-Қорған ауданы құрамына 9 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
* Ақман айылдық округі — Жаны-Ақман а.
* Базар-Қорған айылдық округі — Базар-Қорған
* Бешік-Жон айылдық округі — Бешік-Жон
* Арыстанбап айылдық округі — Арыстанбап а.
* Қызыл-Үнкүр айылдық округі — Қызыл-Үнкүр а.
* Моғол айылдық округі — Ооғон-Талаа
* Сайдықұм айылдық округі — Сайдықұм а.
* Талды-Бұлақ айылдық округі — Қаба а.
* Кенеш айылдық округі — Кенеш а.
## Дереккөздер |
Алабұқа ауданы (қыр. Алабука району) — Қырғыз Республикасы Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Алабұқа ауылы.
## Географиясы
Аудан Жалалабат облысының солтүстік-батысында, Өзбекстандағы Наманған облысының төрт ауданымен (Янги-Қорған, Қассансай, Чуст, Пап) шекаралас орналасқан. Шатқал ауданыының Өзбекстан шекарасына қарай терең еніп тұрған учаскесімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Алабұқа ауданында Терексай өзені бойында алтынның көптеген шашыранды кенорындары, алтын және мыс кен орны (Бозымшақ), сурьма кенорны (Қассан) бар.
## Тарихы
Алабұқа ауданы (орталығы Алабұқа ауылы) 1936 жылы 2 тамызда Қырғыз АКСР-і құрамында, 1936 жылдың желтоқсанынан — Қырғыз КСР құрамында құрылды. В 1938-1939 жылдары Жалалабат округі құрамына, 1939 жылы 21 желтоқсаннан — Жалалабат облысы құрамына кірді.
Жалалабат облысының Ош облысы құрамына өтуіне байланысты 1959 жылы 27 қаңтарда Алабұқа ауданы Жанги-Жол ауданы құрамына кіріп, бөлек әкімшілік бірлік болуын тоқтатты.
## Халқы
2015 жылғы Қырғызстан халық санағының деректері бойынша жалпы халық саны 10 4518 тұрғын, қырғыздар — 90628 адам немесе 89,3 %, өзбектер — 7341 адам немесе 6,1 %, тәжіктер — 6549 адам немесе 4,6%.
## Әкімшілік бөлінуі
Алабұқа ауданы құрамына 8 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
* Ақ-Қорғон айылдық округі — Ақ-Қоргон а.
* Ақ-Там айылдық округі — Ақ-Там а.
* Алабұқа айылдық округі — Алабұқа а.
* Кек-Серек айылдық округі — Тенги а.
* Орукту айылдық округі — Орукту а.
* Первомай айылдық округі — Айры-Там а.
* Торогелді Балтағұлов айылдық округі — Ызар а.
* Көк-Таш айылдық округі — Көк-Таш а.
## Дереккөздер |
Жағфар әл-Мүтәуәккил (араб.: جعفر المتوكل; 822, Самарра — 11 желтоқсан 861, Самарра) — Ислам халифатының 29-шы халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Уәсиқ ешкімді де тақ мұрагері ретінде қалдырмай дүниеден өткендіктен, мемлекеттің лауазымды тұлғалары жиналып, кімді халифа сайлайтындықтарын талқылап, тартыса бастайды. Ақыры, Мұхаммед ибн әл-Уәсиқті халифа етіп таңдайды. Алайда түркі қолбасшылардан Уасфтың араға кіруімен бұл тағайындаудан бас тартып Жағфар ибн әл-Мұғтасымды халифа ретінде таңдайды. Әл-Уәсиқ дүние салған күні оған серт берілді. Оның халифалығы өмірден өткенше жалғасты. Дүние салған кезінде 41 жаста болатын.
Әл-Мүтәуәккил отбасының басқа мүшелеріне қарағанда Әлиге дұшпандығы мен Әлидің ұрпақтарына қарсы шектен тыс қатаңдық танытумен ерекшеленді. 851 жылы Кербеладағы Құсайын ибн Әлидің қабірі мен оның айналасындағы құрылыстарды жықтырып, ол жерге зиярат етуге тыйым салды. Сондай-ақ ол жерді егістік алқабына айналдырды. Оның дәуіріндегі Имамия бағытының имамы Әбілхасан Әли ибн әл-Һәдиді Мединеден Самарраға алдыртады.
Әскер әл-Уәсиқ пен әл-Мұғтасым дәуіріндегідей болатын. Уақыт өткен сайын түркі текті қолбасшылардың абыройы арта түседі. Әл-Мүтәуәккил түркілердің мемлекеттік істерге көп араласатынын және күшейіп бара жатқанын байқап, оларды әлсіретуді ойлады. Бірақ көздеген мақсатын іске асыратындай күші жоқ-тын.
Әл-Мүтәуәккилдің дәуірі сапарға шыққандар қарақшылардан қорықпайтындай, азық-түлік арзан, молшылық жайлаған дәуір болады.
Түркілердің алдыңғы қатарлы тұлғалары Мүтәуәккилді жақтыра бермейтін. Олар әл-Мүтәуәккил өздерін қызметтен босатып жібереді деп ойлайтын. Әл-Мүтәуәккилдің уәзірі Ғұбайдолла ибн Хакан мен кеңесшісі Фатх ибн Хакан тақ мұрагері әл-Мұнтасырдың мұрагерліктен алынып, әл-Мұғтаздың билікке келгенін қалайтын. Олар ақыры әл-Мүтәуәккилге айтқандарын істетіп, әл-Мұнтасырды мұрагерліктен алдыртады. Осыған байланысты түркі қолбасшылары мен орнынан алынған тақ мұрагері бас қосады. Түркілер халифалық құқығын қорғау үшін өздеріне жақындығы бар әл-Мұнтасырға көмектесуге шешім қабылдайды. Әл-Мүтәуәккилдің Уаф, Боға және басқа да түркі қолбасшыларын өлтіргісі келетіндігі жайында қауесет тарай бастаған соң, әл-Мүтәуәккилден білжолата құтылуды жөн көреді. Нәтижеде, халифаның сарайына басып кірген түркі әскері халифа мен Фәтх ибн Хаканды өлтіреді. Бұл бір қарағанда Аббасилерде халифалық біліктің біткендігін білдірді. Өйткені олардың бұрынғы беделі қалмай, тақ мұрагері әкесінің қақын жүктеді.
### Ғылымға деген демеуі
Халифа әл-Мүтәуәккил 848 жылы михнат дәуірін тоқтатқандығын жариялайды. Сол себептен "Құран жаратылмаған" деген ұстанымдары үшін зынданда жатқан адамдарды босатады. Аймақтағы әкімдеріне хат жазып, бұл тақырыпта пікірталас жүргізуге тыйым салады. Хадис ғалымдарын Самарраға алдыртып, оларға ғылыммен шұғылдануға жағдай жасап, жалақы тағайындайды. Русафа мен басқа да мешіттерде хадис дәрістерін бергізеді. Сенім мәселесінде талас-тартысқа түскеннен гөрі алдыңғы ғалымдардың жолымен жүруді жөн көреді. Бұл дәуір мұғтазилаға қарсы әһл-сүннет ғалымдарының салмағы артқан кезең болды. Өкініштісі сол: саяси билік шектен шыққан бір ұстанымнан екіншісіне өтеді. Бір жағынан, бір көзқарастың ғана негізге алынуына тыйым салынып, жақсы қадам жасалса, екінші жағынан, ғылыми пікірталастар тоқтатылып, үлкен белесті бағындырған ғылым-білім саласы құлдырауға бет алады.
### Өзге дін өкілдерін қуғындау
Халифа әл-Мүтәуәккил өзге дін өкілдерінің мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін, олардың мұсылмандар секілді болғанын қаламады. Сол себептен 849 жылы зиммилердің белгілі бір киім түрін киюлерін бұйырып, мемлекеттік қызметтен орын алуына тыйым салды. Олардың балаларының мұсылман мектептерінде оқуына осы жылдан бастап тыйым салып, әкімдеріне де осындай саясат ұстануды бұйырады. Сонымен қатар ат пен қашырға мінулеріне, ғибадатханалары қираған жағдайда жаңасын соғуларына да рұқсат бермеді. Есіктерінің аузына өзге дін өкілдері екендігін білдіретін белгі қойдырды.
### Көтерілістер
Әл-Мүтәуәккилдің дәуірінде халифаттың шығыс аймақтарында ішкі келеңсіздіктер бой көрсете бастады. Орталық биліктің әлсіреуіне байланысты әртүрлі діни және этникалық топтар халифаға қарсы көтеріліс жасады. Бұл дәуірде Мұхаммед ибн әл-Бәғис Арменияда көтеріліс ұйымдастырды. Кейбір аймақтарда көтеріліс үшін адам жинаған Жақия ибн Омар да ұсталып, Бағдатта түрмеге қамалады.
Солтүстік Африкада Ағлабилер, Иранда Тахирилер мемлекетінің құрылуымен ыдырай бастаған мемлекеттің біртұтастығын сақтау қиындай түсті. Бір жағынан әл-Мұғтасым билігінің ең үлкен тірегіне айналдырған түркі текті әмірлер мен олардың түркілерден құрылған әскерлері биліктің негізгі өкілі болуға тырысып жатқан-тын. Одан кейін халифалар тек қана бұл әмірлердің қолдауымен ғана таққа келетіндей болуы бек мүмкін еді. Әмірлердің арасындағы билікке таласпен қатар, әр жерден бой көрсете бастаған көтерілістер мемлекеттің тыныштығын бұзды.
### Яғфария мемлекеті
Әл-Мүтәуәккилдің билігінің соңдарына таман санада Яғфария мемлекеті құрылды. Олардың тегі әл-Мұғтасымның Нәжд, Йемен және Сана әкімі болған Жағфар ибн Сүлейменнің өкілі Әбдірахман ибн Ибраһимге тірелетін. Ибраһим дүние салғаннан кейін оның орнына ұлы Яғфар ибн Әбдірақым отырды. Ол Яғфария мемлекетінің құрушысы және алғашқы басшысы болды. Яғфария мемлекеті 861 жылы тәуелсіздікке қол жеткізіп, 997 жылға дейін өмір сүрді.
### Соғыстары
Әл-Мүтәуәккилдің дәуірінде әскери сапарлар мұсылмандар мен Византияның арасында құрлықта да, теңізде де қысқа мерзімді кішігірім қақтығыстар күйінде жалғасын тапты. Византия 852 жылы Мысырға шабуыл жасап, көптеген олжа мен тұтқын алып кетеді. 23 ақпан 856 жылы Аббаси мемлекеті мен Византияның арасында төртінші мәрте тұтқын алмасу ісі жүзеге асты. 860 жылы екі жақ тағы да тұтқын алмасты.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мүтәуәккилдің жомарттықпен танымал болған. Ол мәжілісінде ойын мен сауық-сайранды енгізген ең алғашқы Аббас халифасы болды. Оның дәуірінде қоғамның да ойын-сауыққа бейім болғандығын байқауға болады. Алайда Құранға қатысты талас-тартысқа тыйым салуы оның ең жақсы әрекеттерінің бірі екендігін де ескерген жөн. Сонымен қатар Әлидің жақтастарына қарсы қатаң ұстанымы болғандығын да жоққа шығаруға болмайды.
## Дереккөздері |
Аққора — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Аманжолов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Белдеутас — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Аманжолов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сарыобалы — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Аманжолов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 88 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұхаммед әл-Мұнтасыр (араб.: محمد المنتصر; 23 наурыз 838, Самарра — 7 маусым 862, Самарра) — Ислам халифатының 30-шы халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
849 жылы 13 жасында тақ мұрагері деп жарияланды. Әкесі өлтірілген кезде түркі қолбасшылар оған серт береді.
Әл-Мұнтасырдың халифа деп жариялануына байланысты кейбір қарсылықтар туындады. Оның халифа болғанын қаламағандардың көбеюінен және әл-Мүтәуәккилдің түркілерге қарсы жасақтаған әскеріне халық арасынан да адамдар қосылғаннан кейін қақтығыс тіптен үдей түсті. Тіпті бірнеше кісі қаза тапты. Сондықтан қолбасшылардың араласуымен қақтығыс тоқтатылды.
Әкесінің Әлидің жақтастарына көрсеткен қысымы мен Құсайынның қабірін зиярат етуге салған тыйымы да тоқтатылды. Әл-Мүтәуәккилді өлтіріп, әл-Мұнтасырдың халифалық билікке келуі, түркілердің халифат ішіндегі салмақтарын арттыра түсті. Өйткені олар бұдан былай кімнің халифа боланына, тіпті олардың өміріне қатысты шешім айтатындай күшке ие болды. Сондықтан солардың қалауына сай әл-Мұнтасыр әл-Мүтәуәккилдің тақ мұрагері болған Мұхаммед әл-Мұғтазз және әл-Муаяд атты екі ұлын мұрагерліктен алыстатты.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мұнтасыр әкесінің өліміне араласқандықтан өзін кінәлі сезінетін. Көп уақыт өтпей науқастанады. 8 маусым 862 жылы қайтыс болады. Әл-Мұнтасыр кешіргенді, жомарттықты және халқына әділ билік еткенді жақсы көретін.
## Дереккөздері |
Айнабұлақ — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Балқантау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шілдебай — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Тәттімбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 103 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Едірей — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 151 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Ақтерек – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Ақтерек – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл.
Тау:
* Ақтерек – Қарқаралы тауының оңтүстік-шығыс сілеміндегі тау. |
Ақтерек — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ахмед әл-Мұғтадид (араб.: أحمد المعتضد; 857, Самарра — 5 сәуір 902, Бағдат) — Ислам халифатының 35-ші халифасы, мүміндердің әмірі.
## Өмірбаяны
Әл-Мұғтамид дүние салған күні халық халифа ретінде серт беріп, әл-Мұғтадидті таққа отырғызды. Содан бастап дүниеден өткенінше тақта отырды.
### Ішкі келеңсіздіктер
Бұл дәуірде карматилер күшейе түсті. Бахрейн, Ирак пен Шамда мұсылмандарға тыныштық бермей, керуен жолдарын торуылдап, қажыларға шабуыл жасай басады.
Сонымен қатар Фатима әулеті де Йемен мен Солтүстік Африкада өз үгіт-насихаттарын жүргізуге кірісті.
Амр ибн Ләйс әс-Саффардың шығыс жақтағы қуаты да осы кезде арта бастады. Амр ибн Ләйс әл-Мұғтадид билігінің алғашқы дәуірлерінде Нишапурға кірді. Халифа оған Рейдің билігімен қатар сыйлықтар да берді. Амр халифадан Мәуереннаһр әмірі Исмаил ибн Ахмед әс-Саманиді орнынан алып, ол жердің билігінің өзіне берілгенін қалады. Әл-Мұғтадид оның осы қалауын қабыл алып, Мәуереннаһрдың билігін оған берді. Бірақ Исмаил оның билігін мойындамай, соғыста Амрды ойсырата жеңді. Бұл дәуірде саманилер Амр ибн Ләйс әс-Сафарды да, Мұхаммед ибн Зәйдті де биліктен тайдырып, мұсылман әлемінің шығыс жағын толықтай өздерінің қолдарына қаратты.
Ал батыста Тулунұлдарының басында тұрған Хамаруайх ибн Ахмед ибн Тулунмен жақсы қарым-қатынас құрды. Халифа өзіне тарту-таралғы жіберген Хамаруайхқа Мысырмен қоса, Тарсус пен Шамның да билігін беріп, шекараның қауіпсіздігін сақтауды да тапсырды. 896 жылы Хамаруайхтың өлтірілуіне дейін осы жағдай жалғасты. Бірақ біраз уақыттан кейін Тулунұлдарының арасында туындаған ішкі қақтығыстар Тарсус қаласының қолдарынан шығуына алып барды. Бұл ішкі қақтығыстар әл-Мұғтадидтің Мысырдағы билігін арттыра түсті.
### Жаңартпалар
Әл-Мұғтадид мемлекеттік істерде кейбір өзгерістер жасады. Ең маңызды өзгерістердің қатарында өз атымен аталған күнтізбені (Тақуимул-Мұғтадид) дайындатуы болды. Мемлекеттік салықтар осы күнтізбеге сай жиналып, салыққа қатысты да жаңалықтар орын алды.
Әл-Мұғтадид Самарраны тастап, Бағдатқа қоныс аударды. Бұл көштен Самарраның зиян шеккені анық. Қаланың іргетасы мен қирандылары да Бағдатқа жеткізілді.
## Тұлғалық қасиеттері
Әл-Мұғтадид дүние салғанда ұлы әл-Мүктәфи тақ мұрагері ретінде қалды. Әл-Мұғтадид батыр болатын. Кейбір деректерде оның шиит болғандығы да айтылады.
## Дереккөздері |
Аппаз — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қайнарбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1963 жылы Аппаз ауылы Жамбыл атындағы ұжымшардың негізінде ұйымдастырылған Жамбыл атындағы кеңшардың орталық мекені болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — қой өсіру, дәнді дақылдар өсіру болды. 1953-55 жылдары осы кеңшар жері кішірек 9 ұжымшардан іріленіп құрылған. Олар: Жаңаталап, Бірлік, Көктал, Ұзынтал, Қайнарбұлақ, Теңдік, Екпінді, Тоғыз. Округтің елді мекендерінде (Аппаз, Жалпақшілік, Саз, Орталық, Милыбұлақ ауылдары) 3 мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, отбасылық амбулатория, пошта, АТС және тұрмыстық мекемелер бар. Округ жерінде қоғам қайраткері, заң магистрі Ж. Ақбаев, халық жазушысы Ә. Әбішев туған. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Көне ескерткіштен Аппаз-Төре мазары бар. Ауылдық округ орталығынан 8 км жерде Милыбұлақ көне қонысы орналасқан.
## Дереккөздер |
Әбу Ахмед Талха әл-Муаффақ (араб.: أبو أحمد طلحة الموفق; 842, Самарра — 5 маусым 891, Самарра) — Ислам халифатының бас уәзірі, Халифаттың шығыс бөлігінің әкімі, ханзада, халифа Жағфар әл-Мүтәуәккилдің ұлы, Мұхаммед әл-Мұғтазз бен Ахмед әл-Мұғтамидтің ағасы, Ахмед әл-Мұғтадидтің әкесі. Інісі Ахмед әл-Мұғтамидтің дәуірінде бас уәзір болу арқылы Халифаттың шын мәнісіндегі басқарушысы болды.
## Өмірбаяны
Әбу Ахмед халифа Жағфар әл-Мүтәуәккилдің кіші ұлдарының бірі. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Самаррада тақ үшін талас басталды. Сол кезде халифаларды таққа түркі әскерлер отырғызады. Әбу Ахмед түркі қолбасшылармен тіл табысып, түркі әскерлердің арасында үлкен беделге ие бола бастады. Сондықтан 865 жылы екі халифа арасында соғыс басталғанда, түркілер қолдаған ағасы әл-Мұғтазз Әбу Ахмедті Бағдатқа аттанған әскердің басына қойды. 9 ақпан 866 жылы Әбу Ахмед жеңіске жеткеннен кейін оған шапан мен асылтастармен безендірілген алтын тәж кигізілді. Бірақ сол жылдың тамызында әл-Мұғтазз Әбу Ахмедтің таққа дәмеленуінен қорқып, оны зынданға тастайды. Түркі әскерлердің арасындағы беделінің арқасында Әбу Ахмед өлім жазасына кесілмейді.
Әл-Мұғтазз қайтыс болып, оның орнына әл-Мүтәуәккилдің басқа ұлы әл-Мұғтамид таққа отырғанда Әбу Ахмед Халифаттың шығыс бөлігінің әкімі болып тағайындалады. Соған байланысты оған әл-Муаффақ деген атақ берілді. 875 жылы әл-Муаффақ бас уәзір болып тағайындалып, халифа-інісі әл-Мұғтамидтің орнына билік жүргізе бастайды. Сол кезде ол сириялық Тулунұлдарымен күрес жүргізеді, зинждердің көтерілісін басады.
Әл-Муаффақ элефантиаз синдромына шалдығып, 889 жылдап бастап мемлекеттік істермен баласы Ахмед әл-Мұғтадид айналыса бастайды. 5 маусым 891 жылы әл-Муаффақ қайтыс болған соң әл-Мұғтадид ресми түрде бас уәзір болады, ал 15 қазан 892 жылы халифаның өзі қайтыс болғанда халық әл-Мұғтадидке серт береді.
## Дереккөздері |
Ахлидин Шукурович Исраилов (16 қыркүйек 1994, Қара-Суу) — қырғыз футболшысы, жартылай қорғаушы. Қырғызстан Ұлттық құрамасының Азия кубогы тарихындағы алғашқы голының авторы.
## Карьерасы
"Абдыш Ата" футбол клубының түлегі. 14 жасында "Динамо" (Киев) клубының академиясына ауысты да, кейін бірнеше Украина клубтарында өнер көрсетті. Қазіргі таңда Индонезияның "ПСИС Семаранг" клубында өнер көрсетеді.
Қырғызстан Ұлттық құрамасында 2013 жылдан бері ойнайды. Алғашқы ойынын 2013 жылы 11 қазан күні Кувейтке қарсы өткізді.
2019 жылы Қырғызстан құрамасы тұңғыш рет Азия чемпионатының финалдық турниріне қатысты да, алғашқы турда Қытаймен ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қырғыздар тарапынан жалғыз голды Исраилов енгізді.
## Қатысқан турнирлері
* Азия кубогы - 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (dynamomania.com) (орыс.) |
* Нүркен ауылдық округі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.