text
stringlengths
3
252k
* Қарааспан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Батыр ата ауылының бұрынғы атауы. * Қарааспан – Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылдық округі орталығы.
Батыр ата — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші. ## Өмірбаяны Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі. ## Шығармашылығы Әнші ретінде 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән байқауында "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған. 2003 жылы KZ тобының мүшесі болып ән айтқан. Продюсері Нұрлан Абдуллин мен Ренат Гайсин болған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, жеке шығармашылығын бастады. Осы уақытқа дейін көптеген жобаларға қатысып келеді. Қоржынында 4 бейнебаяны бар. 20 шақты жеке әндері бар. Қазіргі продюсері - Ғалымбек Исмбергенов. ## Дискография * 2006 жылы - #1 альбом * 2019 жылы - #2 альбом ## Жетістіктері * 2002 жылы Жас Қанат ән байқауының "Көрермен көзайымы" номинациясы; * 2014-2015 жылдары Халықаралық Түрквижн байқауының лаураты; * 2015 жылы Love Radio толқынының "Ең үздік маxаббат әні"; * 2015 жылы EMA 2015 марапатында ұтып алған; * 2015 жылы "Гакку әуендерінің" женимпазы; * 2016 және 2017 жылы "Жыл Таңдауы" ұлттық байқауының марапатын алды; * 2018 жылы Stars of Asia байқауының жүлдегері. ## Дереккөздер
* Бестам – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл. * Бестам – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл.
Ғылыми қауымдастық — ғалымдардың белгілі бір жиынтығын анықтайтын дерексіз тұжырымдама. ## Жалпы көрініс Ағылшын тілінде «ғылыми қоғам» деген сөз XVIII ғасырда қолданылды және XIX ғасырдың басында заманауи мәнге ие болды. Тар мағынада ғылыми қауымдастық ғалымдармен ғана шектеледі. Ғалымдармен қатар, кең мағынада техникалық қауымдастық инженерлер, техниктер, зертханалық техниктер және басқаларды қамтиды. Ғылыми қауымдастық туралы, сондай-ақ ғылымның тиісті салаларында жұмыс істейтін зерттеушілер құрған салалық, көп секторлы немесе салааралық ғылыми қоғамдастық туралы сөйлесуге болады. Ғылыми қауымдастықтың тұжырымдамасы ғылыми әдістердің жұмыс істеуі үшін қажетті зерттеушілер арасында ақпарат алмасуды білдіреді. Оның қатаң ұйымы жоқ және ғылыми ұйымдармен, әдетте заңды тіркеу және қаржылық қолдауымен шатастырмау керек. Осыған байланысты ғылыми қоғамдастықтың сипаттамалары мен шекараларын белгілеу, сондай-ақ адамның оған тиесілі болу критерийлері субъективті болып табылады. Сонымен қатар, кез келген әлеуметтік топ ретінде ғылыми институттар - әлеуметтік көзқарастар, ғылыми көзқарастар жүйесі, ғылыми қоғамдар жүйесі, қоғам мүшелерінің, ғылыми қоғамдардың, ғылыми этиканың, ғылыми ақпарат алмасу үшін құралдардың жүйесі мен басқа да сипаттамалар, соның ішінде кәсіби әзіл-оспақ, арнайы тіл (терминология) және мифология бар. ## Тағы қараңыз * Ғылыми қоғам ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Ғылыми қауымдастық» газетінің жарияланымдары
Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші. ## Өмірбаяны Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі. ## Шығармашылығы Әнші ретінде 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән байқауында "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған. 2003 жылы KZ тобының мүшесі болып ән айтқан. Продюсері Нұрлан Абдуллин мен Ренат Гайсин болған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, жеке шығармашылығын бастады. Осы уақытқа дейін көптеген жобаларға қатысып келеді. Қоржынында 4 бейнебаяны бар. 20 шақты жеке әндері бар. Қазіргі продюсері - Ғалымбек Исмбергенов. ## Дискография * 2006 жылы - #1 альбом * 2019 жылы - #2 альбом ## Жетістіктері * 2002 жылы Жас Қанат ән байқауының "Көрермен көзайымы" номинациясы; * 2014-2015 жылдары Халықаралық Түрквижн байқауының лаураты; * 2015 жылы Love Radio толқынының "Ең үздік маxаббат әні"; * 2015 жылы EMA 2015 марапатында ұтып алған; * 2015 жылы "Гакку әуендерінің" женимпазы; * 2016 және 2017 жылы "Жыл Таңдауы" ұлттық байқауының марапатын алды; * 2018 жылы Stars of Asia байқауының жүлдегері. ## Дереккөздер
Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші. ## Өмірбаяны Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі. ## Шығармашылығы Әнші ретінде 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән байқауында "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған. 2003 жылы KZ тобының мүшесі болып ән айтқан. Продюсері Нұрлан Абдуллин мен Ренат Гайсин болған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, жеке шығармашылығын бастады. Осы уақытқа дейін көптеген жобаларға қатысып келеді. Қоржынында 4 бейнебаяны бар. 20 шақты жеке әндері бар. Қазіргі продюсері - Ғалымбек Исмбергенов. ## Дискография * 2006 жылы - #1 альбом * 2019 жылы - #2 альбом ## Жетістіктері * 2002 жылы Жас Қанат ән байқауының "Көрермен көзайымы" номинациясы; * 2014-2015 жылдары Халықаралық Түрквижн байқауының лаураты; * 2015 жылы Love Radio толқынының "Ең үздік маxаббат әні"; * 2015 жылы EMA 2015 марапатында ұтып алған; * 2015 жылы "Гакку әуендерінің" женимпазы; * 2016 және 2017 жылы "Жыл Таңдауы" ұлттық байқауының марапатын алды; * 2018 жылы Stars of Asia байқауының жүлдегері. ## Дереккөздер
Атырау Футбол Клубы (Атырау ФК) — Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсететін Атырау қаласының кәсіби футбол клубы. Формасының түсі - ақшыл жасыл. Атырау қаласының "Мұнайшы" стадионы клубтың базасы боп саналады. 2009 жылғы Қазақстан Кубогының иегері. Қазақстан чемпионатында екі рет күміс жүлдегер атанды: 2001, 2003. Осы титулдары УЕФА Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік берді, алайда, үш рет қатысып, үшеуінде де алғашқы ойындардан өте алмады. ## Клуб тарихы ### Ең үлкен жеңістері * 2001 — 6:1 Елімай (Семей) * 2001 — 5:0 Тараз (Тараз) * 2009 — 9:2 Оқжетпес (Көкшетау) Ең үлкен жеңілістері * 2008 — 1:7 Астана (Астана) ## Атау тарихы * 1980 — «Прикаспиец» командасының құрылуы * 2000 — «Атырау ФК» атымен қайта құрылуы ## Еврокубоктерде ## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы * Асылбек Сәуірбайұлы Жүнтербаев (09.11.1968) — директор * Владимир Андреевич Никитенко (08.01.1957) — бас бапкер * Юрий Владимирович Коньков (06.07.1958) — бас бапкер көмекшісі * Сергей Викторович Чекмезов (13.09.1959) — қақпашылар бапкері * Қуаныш Кенжәліұлы Қабдулов (09.07.1987) — физдайындық жөніндегі бапкер * Владимир Алексеевич Демченко (10.05.1959) — жаттықтырушы * Петр Петрович Пустовар (27.06.1973) — дәрігер * Сергей Владимирович Бибиков (17.06.1972) — массажист * Қайрат Қанашұлы Сламбеков (26.06.1966) — спорт директор * Айвар Макизұлы Оңғарсынов (25.02.1966) — команда бастығы * Аман Қалабаев (07.04.1981) — бас заңгер-консультант * Нұркен Бисенқұлұлы Мырзағалиев (30.03.1989) — медиа-офицер * Жаңабаев Болатбек Төлегенұлы (27.05.1984) — бейнеоператор ## Ойыншылар ### Қазіргі құрам 2019/2020 ## Жетістіктері * Қазақстанның күміс жүлдегері (2): 2001, 2002 * Қазақстан кубогының иегері (1): 2009 ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 20 сәуірдің 2009 жылы.
Каспий футбол клубы — Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футбол клубы. Ақтау қаласының Жас Қанат стадионы клубтың базасы болып табылады. ## Тарихы Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады) өткізді. 2020 жылдан бері ақтаулық клуб қайтадан Қазақстанның жоғарғы дивизионында өнер көрсетуде. ### Жетістіктері * Қазақстан бірінші лига жеңімпазы (1 рет):1994 * Қазақстан бірінші лига күміс жүлдегері (2 рет): 2000, 2019 * Қазақстан бірінші лига қола жүлдегері (1 рет): 1998 * ҚФК клубтары арасындағы Қазақ КСР чемпионатының жеңімпазы (1 рет): 1978 * ҚФК клубтары арасындағы Қазақ КСР кубогінің иегері (3 рет): 1964,1977,1978 ### Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1992 — 7:0 («ЦСКА», Алматы) ### Ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1995 — 1:12 («Жігер», Шымкент) ### Атаулары * «Труд» (1979-1989) * «Ақтау» (1990-1993) * «Мұнайшы» (1993-1998) * «Ақтау» (1999) * «Маңғыстау» (2000-2001) * «Каспий» (2002-қазірге дейін) ## Қазақстан чемпионаттарында ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
Қарақұлжа ауданы (қыр. Кара-Кулжа району) — Қырғызстанның Ош облысы құрамындағы аудан. Аудан орталығы — Қарақұлжа ауылы. Ауданның жер көлемі 5712 км2. Ферғана және Алай тау жоталарының қиылысқан жерінде орналасқан. Ауданның халық қоныстанған аймақтары биік таулы аңғарларда орналасқан. ## Тарихы 1936 жылы Совет ауданы болып құрылған. 1962 жылы таратылып, 1969 жылы қайтадан қалпына келтірілді. 1992 жылы Қарақұлжа ауданы болып атауын өзгертті. ## Халқы Халықтың жалпы саны 88,5 мың адам, оның ішінде ерлер 44,4 мың адам, әйелдер 44,2 мың адам (2007). 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша аудан халқының саны 87691 адамды құрады, оның ішінде қырғыздар - 87 610 адам немесе 99,9% . ## Елді мекендері Аудан құрамына 12 айылдық округ (айыл кенеш), оның ішінде 50 ауыл (айыл) кіреді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Проект «Устойчивое управление землепользованием в высокогорье Памира и Памиро-Алая — интегрированная и трансграничная инициатива в Центральной Азии»" (орыс.) * АТД ошская область (орыс.)
Айжарық футбол клубы — Шымкент қаласындағы футбол клубы. 2008 жылы құрылып, Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсетті. 26 кездесуден 29 ұпай жинап, 14 клубтың ішінде 13-орын алды. Келесі жылы да 24 ұпаймен 13-орында қалды. 2009 жылғы маусымнан соң жабылып қалды. ## Сілтемелер * Клубтың статистикасы
Ақпан — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Негізгі ұғым: * Темір – Менделеевтің Периодтық кестесінің 4-ші периодының 8-ші қосымша тобындағы химиялық элемент; Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең таралған металл. Елді мекендер: * Темір – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала. * Темір – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл.
Алматы футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 5 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді. 2008 жылы клуб қаржы жағдайына байланысты таралып кетіп, "Мегаспорт" клубымен қосылып, жаңадан Локомотив клубы құрылды. ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 2004 — 4:0 («Семей», Семей) * 2007 — 4:0 («Тараз», Тараз) * 2007 — 4:0 («Оқжетпес», Көкшетау) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 2004 — 0:5 («Тобыл», Қостанай) * 2005 — 0:5 («Тобыл», Қостанай) ### Клуб атауларының тарихы * «Цесна» (2000-2003) * «Алматы» (2003-2008) ## Қазақстан чемпионаты мен Кубогы ### Еврокубоктар ## Жетістіктері * Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 2006 * Қазақстан Кубогының финалисті (1): 2008
Қайрат — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Алматы қаласынан. Қазақстан Чемпионатының 3-дүркін Чемпионы, 9-дүркін Қазақстан Кубогінің иегері, 2-дүркін Қазақстан Суперкубогінің иегері, КСРО футбол федерациясы кубогының иегері. ## Тарихы 1954 жылы «Динамо» спорт қоғамының базасында «Локомотив» деген атаумен құрылды. 1955 жылы атауы «Урожай» боп өзгертілді. Бір жылдан соң тағы да атауын өзгерту мәселесі министрлікте қаралып, бірнеше атаудың ішінен «Қайрат» таңдалды. 1957 жылы тұңғыш халықаралық кездесуін «Ваасан Паллосеура» (Финляндия) клубымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 1956-59 жылдары КСРО В класында (Кейін бірінші лига боп өзгерді) ойнады. 1959 жылдың соңында КСРО футбол федерациясы жоғары лигадағы клубтар санын 12-ден 22-ге дейін көбейтуге шешім қабылдады. Бұл шешімнен соң «Қайраттың» да жоғары лигаға қатысуына мүмкіндік ашылды. Осылайша 1960 жылғы КСРО чемпионатында клубтың элитадағы тұсауы кесілді. 1960-91 жылдар аралығында «Қайрат» жоғары және бірінші лигаларда ойнады. 1986 жылы жоғары лигада жетінші орынға көтеріліп, ең жоғары жетістігіне қол жеткізді. Сондай-ақ 1963 жылы КСРО кубогының жартылай финалына дейін жетіп, клуб футболшылары КСРО спорт шебері ретінде марапатталды. 1971 жылы Бухарестің «Рапид» клубын ұтып, Халықаралық теміржолшылар кубогында жеңімпаз атанды. Кеңес дәуіріндегі тағы бір ірі жетістігіне 1988 жылы қол жеткізіп, КСРО Федерациялары кубогында топ жарды. Бұл маусымда «Қайрат» соңғы рет жоғары лигада ойнады да, 1989-91 жылғы маусымдарды бірінші лигада өткізді. 1992 жылы Қазақстандағы тұңғыш маусымды «Қайрат» сәтті бастады, чемпион атанды, кубокты иеленді. 1993 жылы Достастық елдері кубогына қатысып, топтық кезеңде «Экранасты» доп айырмашылығы бойынша ғана бірінші орынға жіберіп алды да, жартылай финалға шыға алмады. Бірақ сол жылы-ақ клубтағы күшті ойыншылар әр жаққа тарап кетті де, 1993 жылғы чемпионатты он бірінші орында аяқтады. Келесі маусымда да дәл осы нәтиже қайталанды. Осы құлдырағаннан тек 1997 жылы ғана жүлделі орынға ілінді, үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ осы жылы екінші рет Қазақстан кубогын иеленді. 1998 жылғы футбол маусымына дайындық жүріп жатқан кезде ЦСКА басшылары «Қайраттың» бүкіл базасын, стадионын өздеріне қаратып алмақшы болды. Сол кезде «Қайратқа» қаржылық жағынан қолдау көрсетіп отырған Болат Әбілев бұған шыдай алмай, жарты команданы бөліп әкетті. Сол кезде «Қайраттың» вице-президенті Сейілдә Байшақов та Болат Әбілев жағына шықты. «Қайрат» екіге жарылғаннан кейін бір жартысы «Қайрат-ЦСКА» болды да, екінші жартысы халықтық «Қайрат» болды. Асқар Қожабергенов бастаған бір топ ойыншылар да халықтық «Қайрат» жағына шықты. Халықтық «Қайрат» дегеніміз сол кезде қырық жылға жуық тарихы бар кәдімгі «Қайрат» клубы. Өкінішке қарай, халықтық «Қайрат» сол жылы Қазақстан біріншілігінің жоғары тобында емес, бірінші лигада ойнады. 1998 жылдың қорытындысы бойынша, бірінші лигада жеңімпаз атанып, 1999 жылы жоғарғы топқа қайта оралды. Сол жылы халықтық «Қайрат» ұлттық біріншілікте үшінші орынға қол жеткізді. Ал «Қайрат-ЦСКА» халықтық «Қайраттан» әлдеқайда төмен қалды. Бірақ, 2000 жылы екі «Қайрат» қайтадан қосылды. Өйткені, ЦСКА басшыларының клубты ұстап тұруға мүмкіндіктері болмады. 2002 жылдың жазында Қазақстан клубтары арасында алғашқылардың бірі боп еурокубоктерге қатысты. Бірақ УЕФА кубогының алғашқы іріктеуінде «Црвена Звезда» клубымен кездескен қайраттықтар екі ойында да оларға есе жіберді, 0:2, 0:3. 2004 жылғы біріншілікте араға 12 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. Осы жетістігінен соң 2005 жылы Достастық кубогына және Чемпиондар лигасына жолдама алды. Достастық кубогында топтық кезеңнен өтіп 1/4 финалға дейін жетті, ал Чемпиондар лигасында Словакияның «Артмедия» клубымен кездесіп, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал сырт алаңда тек соңғы секундтарда төртінші голды жіберіп алды (1:3 есебін сақтап қалғанда, келесі кезеңге өтер еді). 2006 жылы УЕФА кубогында «Фехервар» клубынан ұтылды (0:1, 2:1). 2008 жылдың ортасында клубтың демеушілерінің бірі қаржыландырудан бас тартты да, клуб мүшелеріне тиісті жалақы берілмей қалды. Нәтижесінде клубтың лицензиясы жоққа шығарылып, команда 2009 жылғы маусымды бірінші лигада өткізді. 2009 жылы бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғары лигаға қайта жолдама алды. 2013 жылы бапкер Владимир Вайстың жетекшілігімен араға сегіз жыл салып жүлдеге қол жеткізді: қола жүлдегер атанды. 2015-19 жылғы маусымдарда қатарынан бес рет күміс жүлдені қанағат тұтты. 2015 жылы жазда өз тарихында тұңғыш рет еурокубоктердің топтық кезеңіне өте жақын келді, Еуропа лигасында «Црвена Звезда», «Алашкерт», «Абердин» секілді клубтарды қапы қалдырып, плей-офф сатысында «Бордоға» жол берді, сыртта 0:1 есебімен ұтылып келген қайраттықтар өз алаңында 2:0 есебімен алда тұрды. Тек соңғы минуттарда ғана гол жіберіп алды. Айта кетейік, маусымда «Қайрат» сапында 2013 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы Анатолий Тимощук доп тепті. Ал жыл соңында Вайсс қызметтен кетіп, орнына Александр Бородюк келді. Сондай-ақ клубқа ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин келді. 2016 жылғы маусым басында клуб тұңғыш рет Қазақстан суперкубогын ұтып алды. 2016 жылғы маусым барысында сүреңсіз нәтижелерден соң Бородюктің орнына Кахабер Цхададзе келді. Бірақ «Қайрат» бұл жолы Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңінен аса алмады. 2017 жылдың жазынан 2018 жылдың күзіне дейін клубты Карлос Алос Феррер жаттықтырды. Жыл соңында Андрей Карпович азырақ бапкер міндетін атқарды. Бұл маусымды да «Қайрат» екінші орынмен аяқтады. 2019 жылдың басында клуб тізгінін беларусьтік 30 жасар Алексей Шпилевский ұстады. 2019 жылы жазда клуб УЕФА Еуропа лигасының екінші кезеңінен аса алмады, чемпионатты тағы да екінші орынмен қорытындылады. 2020 жылғы маусымда чемпионат бітуге бес тур қалғанда араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. ## Орта Азия дербиі Толық мақаласы: Орта Азия дербиі Қазақ және өзбек футболының арасындағы ымырасыз бәсекелестік ертеден бар. КСРО чемпионаттарында Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» өзара кездескенде стадионда ине-шаншар орын болмайтын. Екі клубтың кездесуі «Орта Азия дербиі» деген сипатқа ие болды, ол кездесулерді қазақ және өзбек футбол жанкүйерлері ғана емес, бүкіл одақтың футбол көрермендері ерекше ықыласпен тамашалайтын еді. Мұндай ойындарда екі жаққа да жеңіс ауадай қажет, тіпті жеңіске жете қалса маусым соңында төменгі лигаға түсіп кетсе де кешірілетін. ## Статистикасы ### Ең ірі жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1993 — 8:0 («Қайсар», Қызылорда) ### Ең ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 2007 — 0:5 («Астана-1964», Астана) * 2011 — 1:6 («Астана», Астана) ### Клуб атауларының тарихы * «Локомотив» (1954) * «Урожай» (1955) * «Қайрат» (1956 жылдан бері) ### Маусымдары ### Еурокубоктар УЕФА коэффиценті Қайраттың УЕФА клубтары арасындағы рейтингі: 2021 Шілде айының жағдайы бойынша . ### Клуб сапында ең көп матч өткізгендер ### Клуб тарихындағы үздік сұрмергендер ## Басшылық, бапкерлер және ойыншылар құрамы ### Басшылық 2024 жыл, қыркүйек ### Бапкерлік құрам ### Негізгі Құрам ## Жетістіктері ### Қазақстан Чемпионат * Чемпион (3): 1992, 2004, 2020 * 2-орын (4): 2015, 2016, 2017, 2018 * 3-орын (5): 1997, 1999, 2005, 2013, 2014 Кубок * Жеңімпаз (9 — рекорд): 1992, 1996/97, 1999/00, 2001, 2003, 2014, 2015, 2017, 2018 * Финалист (3): 2004, 2005, 2016 Суперкубок * Жеңімпаз (2): 2016, 2017 * Финалист (3): 2015, 2018, 2019 1-лига * Жеңімпаз (1): 2009 ### КСРО КСРО Футбол федерацияларының кубогы * Жеңімпаз (1): 1988 1-лига * Жеңімпаз (2): 1976, 1983 * 2-орын (2): 1965, 1970 * 3-орын (1): 1989 ### Халықаралық Халықаралық теміржолшылар кубогы * Жеңімпаз: 1971 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты * LIVE Kazakhstan ҚАЙРАТ * Қайрат футбол клубы нәтижелері
Елді мекендер: * Арыс – Түркістан облысындағы қала. * Арыс – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Қарақоңыр ауылдық округі ауыл. * Арыс – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Отырар ауылдық округі орталығы. Өзен-сулар: * Арыс – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бетпақдала шөлінің батысындағы тұзды көл. * Арыс – Сырдарияның оң жақ саласы.
"Жеңіс футбол клубы" — Астана қаласындағы футбол клубы, 1964 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізіп жүрді. 2014 жылы қаржы қиындығына байланысты жабылды да, 2021 жылы қайта құрылды. ## Тарихы Клуб 1964 жылы құрылып, бірнеше жыл КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнады. Үш дүркін Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006). 2002 жылы Қазақстан клубтары арасында бірінші болып УЕФА Чемпиондар лигасына қатысып, Молдованың "Шериф" клубынан жеңіліп қалды. 2007 жылы Қазақстан клубтары арасынан бірінші болып Чемпиондар Лигасының екінші кезеңіне жолдама алды. Алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның "Олимпи" клубын (0:0, 3:0) екі ойын қорытындысында қапы қалдырды да, екінші кезеңде Норвегияның "Русенборг" клубынан 1:3, 1:7 есептерімен ойсырай ұтылды. 2008 жылдың соңында футболшылардың жалақысын өтей алмай, клуб жоғары лигада ойнау құқығынан шектелді. 2009 жылы "Намыс" деген атаумен қайта құрылып, "Астананың" ізбасары ретінде бірінші лигада ойнады. 2010 жылы "Намыс" пен "Астана" біріктірілді. Атауы қайта "Астана" боп өзгертілді. 2011 жылы тағы бір астаналық жаңа клуб "Локомотив" өз атауын "Астана" деп ауыстырды да, сол себепті де ҚФФ шешімі бойынша бірінші лигада ойнап жүрген клуб (сол, 1964 жылы құрылған "Астана") атауын "Астана-1964" деп ауыстырды. 2014 жылға дейін бірінші лигада ойнады да, жыл соңында команда түпкілікті таратылды. 2021 жылы "Жеңіс" деген атаумен қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады. ## Статистикасы ### Ірі жеңістері Қазақстан чемпионаты * 2000 — 8:0 («Жетісу», Талдықорған) ### Ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1995 — 1:7 («Жігер», Шымкент) ## Атаулары * «Динамо» (1964-1974) * «Целинник» (1975-1993, 1996-1997) * «Цесна» (1994-1995) * «Жеңіс» (1999-2005, 2021-) * «Астана» (1997-1998, 2006-2008, 2010-01/06/2011) * "Намыс" (2009) * "Астана-1964" (01/06/2011-14) ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы (3): 2000, 2001, 2006 * Қазақстанның қола жүлдегері (1): 2003, * Қазақстан кубогының иегеріі (3): 2000/2001, 2002, 2005 * Қазақстан кубогының финалисті (2): 2001, 2006 ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
Қарғалы ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарғалы, Отырар ауылдары кіреді. Орталығы – Отырар ауылы. ## Дереккөздер
Ақ бұлақ футбол клубы' — 2010-13 жылдары Қазақстан бірінші Лигасында ойнаған Қазақстан футбол клубы. Талғар қаласынан. Бірақ Премьер Лигада өнер көрсетіп көрген жоқ. Ең жоғарғы орны - 9 орын 2010 жылы. 2013 жылғы маусымнан соң жабылып қалды. ## Ойыншылар ### 2010 жылғы негізгі құрамы ## Сілтемелер * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
БГС Ақсай футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Базасы Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Ақсай қаласында. 2002 жылы ресми түрде жабылып қалған. Кейінгі жылдары футзал қауымдастығына тіркелді. ## Тарихы 1993 жылы "Қарашығанақ" деген атпен Қазақстан чемпионатының жоғары лигасына қатысты. 1994 жылы бірінші лигаға түсіп қалды да, 2002 жылға дейін ешқандай турнирге қатыспады. 2002 жылы БГС Ақсай деген атаумен екінші лиганың "Батыс" аймағында ойнап, соңғы орында қалды. Команда содан соң кәсіпқой лигаларда бас қоспады. 2017 жылы Ақсай қаласының футбол чемпионатына және Батыс Қазақстан облысының футзал турниріне қатысты. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 маусымды жоғарғы дивизионда өткізді. ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты: * 1992 — 4:1 («Қайсар», Қызылорда) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты: * 1992 — 1:7 («СКИФ-Ордабасы», Шымкент) ### Клуб атауларының тарихы * «Қарашығанақ» (1992-1994) * «БГС Ақсай» (1994-2002)
Ақтөбе-Жас футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнаған Қазақстан футбол клубы. Премьер Лигада өнер көрсетіп көрген жоқ. Ең жоғарғы орны - 4 орын 2007 жылы. 2019 жылы "Ақтөбе" бірінші лигаға түсіп кеткен соң таратылды. ## Сілтемелер * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
Ферро Ақтөбе — 1993 және 2000 жылдар аралығында Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы, 2000 жылдан соң жабылып қалды. ## Қазақстан чемпионаттарында 1993 жылы Қазақстан чемпионатының әуесқойлар лигасына (бірінші лиганың әуелдегі атауы) қатысып, бірінші кезеңде алты клубтың ішінде бірінші орын алды. Екінші кезеңде 5-8 орындар үшін сынға түсіп, 6-шы орынға тұрақтады. Клуб 1997 бірінші лига жеңімпазы атанды. 1998 жылы жоғары лигада ойнауға қаржы тапшылығы кедергі болды. 1999 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. 2000 жылы соңғы рет Қазақстан бірінші лигасында ойнап, Батыс аймағында соңғы орында қалды. ## Жетістіктері * Бірінші лига жеңімпазы: 1997 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Северцов жалғаншөлмасағы (лат. Pseuderemostachys sewerzovii) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын сирек кездесетін, жеке типті туыстың дерлік эндемиктік түрі. Негізгі таралу ауданы Қаратау жотасы мен Талас Алатауының батыс бөлігі. Жекелеген оқшау тіршілік ортасы қырғыз жотасы мен Қаржантаудан анықталды. Тасты және шағыл тасты беткейлерде, тау етегі мен субальпі белдеулерінің басына деін өседі. Көлемі 10 шаршы метр жерде шағын топ болып кездеседі, бірақ тығыздығы жоғары, бір шаршы метрде 100-180 бұтаққа жетеді. Жынысты жетілген өркендер үлесі әр жылда әр түрлі, бірақ әдетте 10%-дан аспайды. Қара қошқыл-ақшыл көк "ерінді" гүлдері мен түйнек тәрізді жуандаған тамыры бар қысқа сабақты ерекше сәндік өсімдік. Мәдени түрде тек Алматы қаласы ботаника бағында өсірілді. Табиғаттан әкелінген даралары 18 жыл өсіп, 1-2 рет ғана гүлдеді. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады. ## Дереккөздер
«Ботакөз» — толық метражды көркем фильм. 1957 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған. ## Сюжеті Сәбит Мұқановтың бір аттас романының желісі бойынша. Фильмде оқиғалар 1913-1917 жылдар аралығын қамтиды. Жастайынан Ботакөздің өмірі қиындықтарға толы болды. Болыс басшысы шал Итбайдың дәмешілдігіне қарсы шығып, ол өзінің барлық туыстарымен қудалауға ұшырады. Туыстарынан қарғысқа ұшыраған Ботакөз ауылдан кетіп, тас қашайтын орынға жұмысқа кіреді. Ол жақта Ботакөз бақыт пен әділдік туралы армандайды, революциялық насихаттау таратты деп айыпталған өзінің сүйіктісі мұғалім Асқармен кездесуге үміттенеді. Жылдар өтеді. Қазақстанда революциялық қозғалыстар толқыны ұлғаяды. Ботакөз революционерлер қатарына кіреді. Бұрын адамдарға мен әділдікке деген сенімін жоғалтқан Ботагөздің ағасы Амантай саяси жер аударылған Кузнецовтың ықпалымен революционерлер қатарына кіреді. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылды. Фильм кейіпкерлері - қызыл командир Амантай, комиссар Асқар және оның дос қызы Ботакөз қайта кездесті. Олар бірге контрреволюция қалдықтарымен күресін жалғастырды. ## Рөлдерде * Ботакөз — Гүлфайрус Ысмайылова * Амантай — Ыдырыс Ноғайбаев * Григорий Кузнецов — Василий Макаров * Асқар Досанов — Ерлік Дауылбаев * Лиза — Нина Гребешкова * Бүркітбай — Қасымхан Шанин * Алексей Кулаков — Радий Афанасьев * Итбай — Қанабек Байсейітов * Кошкин — Павел Кайров * Мадияр Бадыханов — Мүлік Сүртібаев * Кенжетай — Асанәлі Әшімов ## Дереккөздер
Ертіс ФК — Қазақстан Премьер Лигасында 1992-2020 жылдары үзіліссіз ойнаған Қазақстандық футбол клубы. Қазақстан Премьер Лигасында бес рет(1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Қазақстан кубогында бір рет (1997/98) жеңіске жеткен клуб. Қаржы қиындықтарына байланысты 2020 жылғы маусым барысында чемпионаттан шығып қалды да, ұзамай таратылды. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері ### Клуб атауларының тарихы * 1965 : Клубтың құрылуы. Атауы — «Ертіс». * 1968 : Клуб атауын «Тракторға» ауыстырды. * 1993 : Клуб атауын «Ансатқа» ауыстырды. * 1996 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды. * 1999 : Клуб атауын «Ертіс-Бастауға» ауыстырды. * 2000 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды ### КСРО чемпионаты Команда 26 КСРО чемпионатына қатысты (1965—1971, 1973—1991). Осы уақыт ішінде клуб 952 матч өткізді : +454=206-292. Өз және қарсыластардың қақпаларына соғылған доптардың қатынасы — 1319 : 928 . Команда 1969, 1973, 1978, 1980, 1988, 1989 жылдарда аймақтық турнирлардың жеңімпазы болып табылады (2 Лига). Турнирдағы ең төмен орын — 24 (1981). 1979—1981 жылдарда команда КСРО-ның Бірінші лигасында ойнады. Ең үлкен жеңісі — 7:1 («Металлург», Ермак, 1970) және 6:0 (7 рет). Ең үлкен жеңілісі — 0:6 («Луч», Владивосток, 1975; «Колос», Никополь, 1981) ### КСРО кубогы 11 КСРО Кубогында: 37 ойын, 14 жеңіс, 5 тең есеппен біткен ойын, 18 жеңіліс, доптардың қатынасы 38 — 51. Ең үлкен жетістігі — финалдың 1/8 Ең үлкен жеңісі - 3:1 Локомотив Мәскеу 1989 .Ең үлкен жеңілісі - 0:5 Днепр Днепропетровск 1989. ### КСРО кезіндегі жаттықтырушылар * Б. Каретников * П. Боголюбов * Э. Боярский * Виктор Веретнов * С. Каминский * В. А. Котляров * В. Гроховский * В. Джулик * А. Канеев * Владимир Чеботарев * А. Ф. Борн (1988—1990) * Виктор Ярышев (1990—1993) ### Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 1993 (сол кезде клубтың атауы «Ансат» болды), 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдардағы Қазақстан Премьер Лигасындағы жеңістері. Премьер Лига құрылғаннан бастап, клуб бірде-бір рет төменгі дивизионда өнер көрсетпеді.. Сонымен бірге клуб АФК Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Азиялық Чемпиондар Лигасы — Азияның ең басты әр жылдық клубтық футбол турниры, осы жарысқа ең үздік 14 азиялық чемпионаттардың жеңімпаздары қатысады (Қазақстанның УЕФА-ға кіруіне дейін). Осы беделді турнирда Ертіс ФК 2001 жылы жартылай финалға дейін жетті. Сонымен қатар команда УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарына қатысты, сол ойындарда клуб кипрлік «Омония» клубынан жеңілді. ### Қазақстан чемпионаттарындағы жетістіктері * Қазақстан Чемпионы (5 — рекорд): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 * Күміс иегері (4 — рекорд): 1994, 1996, 2004, 2012 * Қола иегері (5 — рекорд): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016 * Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 1997/98 * Қазақстан Кубогының финалисі (3): 2000/01, 2002, 2012 ### Футболшыларының жетістіктері * 1996 маусымында Виктор Антонов Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол) * 2000 маусымында Нилтон Мендес Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол) * 2005 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (20 гол) * 2008 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (13 гол) * 2012 маусымында Улугбек Бакаев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (14 гол) ## Еурокубоктерде Жуан әріппен жазылғандар: үйдегі ойындар ## Экипировка және демеушiлер ## Клуб рекордтары ### Клуб гвардейцтері (Қазақстан Чемпионаты) * Чернышов Владислав Геннадьевич — 250 ойын * Кучерявых Андрей Александрович — 249 ойын * Коноваленко Сергей Владимирович — 220 ойын * Антонов Виктор Васильевич — 206 ойын * Садуов Ойрат Батаевич — 192 ойын ### Клуб гвардейцтері (УЕФА турнирлері) * Иванов Сергей Николаевич — 8 ойын * Чернышов Владислав Геннадьевич — 8 ойын * Мамуту Кулибали — 8 ойын * Предраг Говедарица — 8 ойын ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері Ең үлкен жеңістері * 1992 — 6:0 («Актюбинец», Ақтөбе) * 1994 — 6:0 («Болат-АМТ», Теміртау) * 1996 — 6:0 («Восток», Өскемен) * 1996 — 6:0 («Жігер», Шымкент) * 2003 — 6:0 («Батыс» Орал) * 2004 — 6:0 («Ақжайық», Орал) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1992 — 0:3 («Восток», Өскемен) * 1996 — 0:3 («Қайрат», Алматы) * 2000 — 0:3 («Жеңіс», Астана) * 2000 — 0:3 («Аксесс-Голден Грейн» Петропавл) * 2001 — 1:4 («Тобыл» Қостанай * 2007 — 0:3 («Жетісу» Талдықорған) * 2011 — 2:7 («Ақтөбе», Ақтөбе) Қазақстан кубогы * 2008 — 1:4 («Восток», Өскемен) ## Атақты ойыншылары * Георгий Даскалов * Димитар Наков * Славен Костенски * Даниел Роберт де Жезус * Нилтон Перейра Мендес * Мұрат Тілешев * Юрий Новиков * Константин Еременко * Александр Василевич * Боян Симич * Милан Николич * Предраг Говедарица * Александр Кадейкин ## Ресми фанклуб Клубтың фанаттық қозғалысы көп уақыт өмір сүрсе де, ресми түрде тек қана 2003 жылы құрылды. Оның атауы «Павлодарлық Фронт». Қазіргі шақта клубтың әкімшілігі клуб фанаттарына үйдегі матчтар кезінде стадионға ақысыз кіруді және көршілес қалалардағы матчтарға ақысыз көлікті қамтамасыз етеді. * Атауы: «Павлодарлық Фронт» * Құрылу күні: 5 қыркүйек 2003 * Тіркеуде: 600 адам * Фанклубтықтардың жасы: 12 жастан 65 жасқа дейін * Матчтардағы сектор: 4 сектор (шығыс трибуна) * Штаб-квартира: «Ертіс» ФК-ның офисі * Фанклубтың телебары: «Аламан» (Майра к-сі, 11) * Киімдерінің түстері: көк және ақ ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы (5): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 * Қазақстанның күміс жүлдегері (3): 1994, 1996, 2004 * Қазақстанның қола жүлдегері (5): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010 * Қазақстан кубогының иегері (1): 1997-1998 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты * «Павлодарлық Фронт» Мұрағатталған 16 сәуірдің 2008 жылы. — клубтың ресми емес сайты, жанкүйерлердің қауымдастығы. * Клубтың тарихы, клубтың барлық ойыншылары туралы ақпарат — klisf.info - да * Irtysh Pavlodar — клуб жайлы қысқаша ақпарат. * Қазақстандық Футбол. «Ертіс» командасы
Жамбыл футбол клубы — Тараз қаласындағы Қазақстанның футбол клубы. 2002 жылы құрылып, 2008 жылы жабылып қалған. 2009 жылы ОСШИОСД Тараз деген атаумен басқа клуб боп қайта құрылды. ## Жетістіктері * Қазақстан бірінші лигасының күміс жүлдегері: 2004
Негізгі ұғым: * Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. * Алаша хан * Алаш партиясы (1917—1920) Қазақстан. * Алаш автономиясы — (1917—1920) Елді мекендер: * Алаш – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл. * Алаш – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
Жетісу футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Талдықорған қаласының Жетісу стадионы клубтың базасы болып табылады. Бюджеті - 900 400 000 теңге (шамамен $6 000 000). ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Клуб негізі Талдықорғанда 1981 жылы қаланды, алғашқы маусымда клуб КСРО-ның 2-ші лигасының Қазақ аймағында 19 клубтардың ішінде 16 орын алады. Ол кезде команда жетекшісі Юрий Петров болған. 1985 жылы Қазақ аймағы 14 клубқа дейңн қысқарғанда Жетісуға онда орын болмай қалады, сонда команда бір маусымға шеберлер клубы мәртебесінен айрылып қалады. 1990 жылы клуб өз тарихында ең жоғарғы жетістікке жетеді - Жетісу КСРО 2 лигасының Қазақ аймағында 2-ші орын алады:Команда жетекшісі Евгений Нам, ал ойыншылар арасында жетекші рөлде Виталий Карпенко, Сергей Петушков, Берік Арғымбаев және осы күнгі клуб тренері Серік Әбдуәлиевтер болған. Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 14 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. ## Еурокубоктерде ## Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: ### Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1992 — 6:0 («Зенит», Көкшетау) * 1992 — 7:1 («ЦСКА», Алматы) ### Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1993 — 0:8 («Достық», Алматы) * 2000 — 0:8 («Жеңіс», Астана) ## Клуб атауларының тарихы * «Жетісу» (1981-1992) * «Талдықорған» (1993) * «Қайнар» (1994-1997) * «Жетісу-Промсервис» (1998) * «Жетісу» (1999-о.у) ## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы ## Құрамы 2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011 * Қазақстан бірінші лигасының чемпионы (1): 2006, 2017 ## Сілтемелер * Ресми сайты
Атырау U-21 — 2003-07 жылдары Қазақстан бірінші лигасының чемпионаттарында ойнаған Атыраудағы футбол клубы. ## Тарихы 2002 жылы құрылды да, 2003 жылы Қазақстан бірінші лигасына қатысты. Оңтүстік-Батыс аймақта бесінші орынға табан тіреді. 2004 жылы да дәл осы аймақта дәл осы орында қалды. Команда футболшысы Бейбіт Тәтішев 15 голмен лиганың үздік мергені атанды. 2005 жылы сегізінші орынға, 2006 жылы тоғызыншы орынға түсіп кетті. 2007 жылы соңғы рет қатысып, 12 орында қалды. 2016 жылы "Атырау U-21" деген атаумен қайта құрылды. Клуб 2016 жылдан бері Қазақстанның екінші лигасындай ойнап келеді. ## Сілтемелер * http://footballfacts.ru/clubs/518480-munajly-atyrau
Орал футбол клубы — Ресей Премьер Лигасында ойнайтын Екатеринбург қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Екатеринбург Аренада" өткізеді. КСРО дәуірінде бір маусым ғана, 1969 жылы жоғары лигада ойнады да, соңғы орында қалды. Одақ тараған соң Ресейдің тұңғыш чемпионатында (1992) жоғары дивизионда ойнады. 1996 жылғы маусым қорытындысында бірінші лигаға түсіп қалды, келесі маусымда тіпті екінші лигаға төмендеп кетті. Тек 2013/14 жылғы маусымда ғана элитаға орала алды. ## Жетістіктері ### Ұлттық КСРО / Ресей чемпионаты * 8-орын (3): 1993, 1995, 2015/16 * 20-орын (1): 1969 КСРО / Ресей кубогы * Финалист (2): 2016/17, 2018/19 Бірінші лига (КСРО) / ФНЛ. * Чемпион (2): 1968, 2012/13 * 3-ОРЫН (2): 1991, 2006 ### Еурокубоктер Интертото * 1/2 финала (1): 1996 ## Клуб атауларының тарихы * Команда «Уралмашстроя» (1930—1932) * Команда «Уралмашзавода» (1933—1946) * ФК «Авангард» (1947—1957) * ФК «Машиностроитель» (1958—1959) * ФК «Уралмаш» (1960—2002) * ФК «Урал» (2003—о.у.) ## Клубi түстерi ## Экипировка және демеушiлер ## Форма ## Сiлтемелер * Ресми сайты  (орыс.)
«Біз Жетісуданбыз» — толық метражды көркем фильм. 1958 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған. ## Сюжеті Сюжет негізі революцияға әртүрлі жолдармен келген үш солдаттың новеллаларынан құрылған. Жетісуда контрреволюция казактарының қалдықтары жиналған күндері соғыстан үш дос - қазақ Нартай, орыс большевигі Павел және ұйғыр Әзім қайтып келеді. Казактар патрулімен қоршалған Верный жанында үш достың жолы тарады. Көмірленген туған ауыл қирандылары Нартайдың жолына кедергі болды. Туған Жетісу Әзімді аштық пен кедейшілікпен қарсы алды. Большевик Павел астыртынға кеткен жолдастарына контрреволюцияға қарсы байқуатты қару - Ленинның "Жер, бейбітшілік пен бостандық туралы" декретін алып келді. Соғыста большевиктар мен контрреволюционерлердің басты үміті ақ казактарға қосылмаған казак полкы болды. Полктың большевиктер жағына өтуі Кеңес өкіметінің жеңісіне алып келді. Қарулы көтеріліс күндері үш достың жолдары қайта түйісті. ## Рөлдерде * Павел Зернов — Геннадий Карнович-Валуа * Нартай — Кененбай Қожабеков * Әзім — Ахмет Шәмиев * Александр Козырь — Виктор Ахромеев * Ораз — Мұхтар Бақтыгереев * Ростовцев — Алексей Глазырин * Сарымолда — Құрманбек Жандарбеков * Досов — Нұрмұхан Жантөрин * Генерал — Николай Михайлов * Қарабай — Рахметолда Сәлменов ## Дереккөздер
«Шоқан Уәлиханов» — толық метражды көркем фильм. 1957 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы мен Ленфильм шығарған. ## Сюжеті Фильмде қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия, 1835 —1865) өмірі туралы баяндалады. Фильм Шоқанның 1858-1859 жылдары атақты Қашқарияға жасаған сапарынан бастау алады. Бұған дейін ешбір саяхатшы аяқ баспаған мекенге Шоқан аса қиын жағдайда өзіне қауіп төндіре отырып жол жүреді. Онда ол Қашқар халқының тарихы мен этнографиясын, мәдениетін қағаз беттеріне түсіреді. ## Рөлдерде * Шоқан Уәлиханов — Нұрмұхан Жантөрин * Николай Чернышевский — Геннадий Карнович-Валуа * Федор Достоевский — Владимир Честноков * Петр Семенов-Тян-Шанский — Олег Лебедев * Құжық — Кәмәси Өмірзақов * Шыңғыс — Қалибек Қуанышбаев * Айша — Шайза Ахметова * Баймағамбет — Шахан Мусин * Сыдық — Құрманбек Жандарбеков * Омар — Әбен Мұхамедияров * Нәрмағанбет — Ахмет Шәмиев * Манасшы — Шәмші Түменбаев * Гутковский — Геннадий Мичурин * Черняев — Петр Чернов * Капитан — Константин Барташевич ## Дереккөздер
Негізгі ұғым: * Тоған – теңіз суынан жағалау бел-белестерімен мүлдем оқшауланып қалған немесе онымен енсіз бұғаздар арқылы ғана байланысты мейілінше саяз табиғи су алабы. Елді мекендер: * Тоған – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл. * Тоған – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: * Ошақты – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Ошақты – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ошақты – ру.
«Үшеуге арналған той» — толық метражды көркем фильм. 2015 ж. Skinny Man Production киностудиясы шығарған. ## Сюжеті Романтикалық комедия Мәскеуде тұрып, "жұмыс істейтін" дарынды алаяқ Азамат пен оның досы кәсіпкер Тимур, сондай-ақ Әлия атты сұлу қыз жайлы. Ол қыз өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шықпақ болады. Жігіттердің біреуінің тойы болатын күні жақындауда, бірақ күтпеген жағдайларға байланысты үйлену тойы болмай қалуы мүмкін. ## Рөлдерде * Тимур — Нұртас Адамбаев * Азамат — Дәурен Айдарқұлов * Әлия — Аружан Жәзілбекова * Кира — Дарья Александрова ## Дереккөздер
«Ертістің жабайы жағасында» — толық метражды көркем фильм. 1959 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған. ## Сюжеті Өнеркәсіп объектілерін тезірек электр қуатымен жабдықтау үшін құрылыстың аяқтау мерзімін жеделдетуге ұмтылған Ертіс ГЭС құрылысшыларының еңбектегі ерлігі мен өмірі туралы. Бұл мақсаттың шешіміне фильм кейіпкерлері әртүрлі жолдармен барады. Құрылыс басшысы Оралов, қызулана және өзін-өзі ұмытуынша ісіне адал адам, тәуекелге, жұмылаға және әбігершілікке барады; бас инженер Ұлы Отан соғысының ардагері Вакулин — қатаң ғылыми ойдың адамы, технологиялық процестің артықшылығын қайраттанып қорғауда; құрылыс парторгы Мұратов жеңістің басты шарты адамның шығармашылық бастамаларын арттыру деп санайды. Бірақ құрылысшылар өмірінде өкінішті қателіктерде, құрылысшылар арасында жала жабуға дайын, еңбек пен қоғамға тұтынушы көзімен қарайтын адамдарда кездеседі. ## Рөлдерде * Оралов — Қанабек Байсейітов * Жаңай Оралов — Асанәлі Әшімов * Әлжанов — Нұрмұхан Жантөрин * Григорий — Николай Ключнев * Лаврова — Эмма Цесарская * Тайка — Лидия Мартюшова * Вакулин — Леонид Пирогов * Мұратова — Хадиша Бөкеева * Мұратов — Шахан Мусин ## Дереккөздер
Жетісу U-21 (Жетісу жастар футбол клубы) — 1997 жылы құрылған "Жетісу" футбол командасының фарм-клубы клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Жетісу" резервті стаионында өткізеді. ## Тарихы 1997 жылы "Жетісу Промсервисхолдинг" деген атаумен құрылып, екі жыл қатарынан бірінші лигада ойнады. 2007 жылға дейін "Жетісу-2", "Көксу" деген атаулармен бірінші лигада және Қазақстан кубоктерінде сынға түсті. 2016 жылы "Жетісу-21" деген атпен қайта футбол сахнасына шықты да, екінші лигада ойнап келеді. ## Атаулары * 1997-1998 — Жетісу Промсервис холдинг * 2004-2006 — Жетісу-2 * 2006 — Көксу * 2007 — Жетісу-2 * 2016 — Жетісу U-21 ## Сілтемелер * Футболшылары
Олимпия — Алматыдағы КСРО дәуірінде КСРО чемпионатының төменгі лигаларында ойнаған футбол клубы. Біраз жылдар бойы СКИФ деген атаумен сынға түсті. ## Тарихы Клубтың негізі 1958 жылы қаланып, үш маусымда Қазақ КСР чемпионатында ойнады. Содан 1980 жылдары ғана қайта жаңғыртылып, СКИФ деген атаумен КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақ КСР кубогында да бақ сынады. Үнемі турнир кестесінің соңғы жағында жүрді де, 1989 жылы атауы РШВСМ боп ауысты. 1990 жылы "Олимпия" деп тағы өзгертілді. 1992, 1993 жылдары РШВСМ деген атаумен Қазақстан әуесқойлар лигасында ойнап, 1993 жылдан соң қайта бас қосқан жоқ. ## Атақты ойыншылары * Игорь Авдеев * Олег Воскобойников * Юрий Найдовский * Сергей Чекмезов * Серік Жейлітбаев * Андрей Курдюмов ## Сілтемелер * Клуб жайлы footballfacts.ru сайтында
* Ақбай – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. * Ақбай – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
Рахат Астана футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсеткен Астана қаласындағы футбол клубы. 2008 жылы жабылып қалған. ## Қазақстан чемпионаттарында 2003 жылы "Солтүстік-Шығыс" аймағында 12-ші орын алды. 2004 жылы осы аймақта шамалы ілгерілеп, бесінші орынға көтерілді. 2007 жылы Қазақстан бірінші лигасында соңғы рет ойнап, Солтүстік Шығыс аймақта 13-ші орында қалды. ## Қазақстан кубогында 2003 жылғы Қазақстан кубогына "Жастар" деген атаумен қатысып, бірінші кезеңде "Есіл-Богатырь-2" клубын 1:0 есебімен ұтты. Бұл клубтың өз тарихындағы тұңғыш ресми ойыны болатын. Екінші кезеңде "Ертістен" 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. 2004 жылғы кубоктық турнирде "Евразия" деген атпен ойнап, бірінші кезеңде Теміртаудың Болат-ЦСКА клубымен 3:3 есебімен тең түсті. Пенальтилер сериясында 0:3 есебімен ұтылып қалды. 2005 жылғы Қазақстан кубогында бірден екінші айналымнан бастап, тағы да "Ертістен" ойсырай ұтылды. 2006 жылы "Рахат" боп өзгертілді. Бұл маусымда да, 2007 жылы да 1/16 финалдан аса алмады. 2008 жылы клуб жабылды. ## Клуб атауларының тарихы * «Жастар» (2003) * «Евразия» (2004-2006) * «Рахат-Центр» (2006) * «Рахат» (2007-2008) ## Сілтемелер
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2013 жылы. мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды. * Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500 – 3500 м, биік жері Мұзтау – 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солт.-батысқа және оңт-ке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км-дей, орташа биікт. 2000 – 2200 м, ең биік жері 2992 м. * Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды. * Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солт-ке қарай Солт. және Орт. Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солт. беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шаньннің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы; ұзындығы 350 км, ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы – сейсмик. өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңт-не Қырғыз Алатауының солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан. * Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат. Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңт-нде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында – 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал т-не дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солт-ндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км-ден астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солт. бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш – Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т.б.) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өз-нен оңт. жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Бат. Сібір жазығының оңт. етегі Қазақстанның солт-нде Сарыарқаға ұштасады (Солт. Қазақстан жазығы). Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биікт. 150 – 200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.. Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді. ## Дереккөздер
«Тараз» ФК — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Тараз қаласының футбол клубы. 1960 жылы құрылған. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 20 маусымды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. ### Жетістіктері мен жеңілістері * Қазақстан чемпионы: 1996 * Вице-чемпион: 1995,1997 * Қазақстан кубогінің жеңімпазы: 2004 * Қазақстан кубогінің финалисті: 1992, 1993, 2013 Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1993 — 9:0 («Мұнайшы», Ақтау) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1999 — 0:7 («Жеңіс», Астана) ### Клуб атауларының тарихы * «Металлист» (1961-1966) * «Восход» (1967-1968) * «Энергетик» (1968-1970) * «Алатау» (1971-1974) * «Химик» (1975-1991) * «Фосфор» (1991-1993) * «Тараз» (1993-...) ## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы ## Негізгі құрам 2019 жыл ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 12 шілденің 2011 жылы.
Торғай футбол клубы — 2003-04 жылдары Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнаған футбол клубы. Арқалық қаласынан. 2004 жылдың соңында жабылып қалды. ## Қазақстан чемпионатында 2003 жылы бірінші лигада 22 кездесуде 21 ұпай жинап (+6 =3 -14) 12 кмоанданың ішінде 9-шы орын алды. 2004 жылы да тоғызыншы орынға табан тіреді, бұл жолы 24 кездесуде 24 ұпай жинады. ## Қазақстан кубогында 2003 жылы Қазақстан кубогының 1/32 финалында Ақтаудың "Каспий" клубын 1:0 есебімен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды. 1/16 финалда Семейдің "Елім-ай" клубынан 2:6 есебімен ойсырай ұтылды. 2004 жылы 1/32 финалда "Есіл-Богатырь-2" (Петропавловск) клубынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. ## Статистикасы Барлығы 49 кездесу өткізіп, 13-інде жеңіске жетті де, 9 матчта тең түсті. ## Сілтемелер * футболшылары
Томирис футбол клубы — Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 2 сезонды жоғарғы дивизионда өткізді. 2000 жылы маусым ортасында клуб қаржы жағдайына байланысты тарап кетіп, "Жігер" клубымен қосылып, жаңадан "Достық" (қазіргі "Ордабасы)" клубы құрылды. 2001 жылы клуб "Томирис ЛФК" деген атаумен басқа клуб ретінде құрылып, бірінші лигаға қатысты. ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1999 — 4:0 («Ақмола», Көкшетау) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1999 — 0:3 («Жеңіс», Астана) * 1999 — 0:3 (СОПФК «Қайрат», Алматы) * 2000 — 0:3 («Қайсар», Қызылорда) ### Клуб атауларының тарихы * «Томирис» (1998) * «Синтез» (1999) * «Томирис» (2000)
|- align=center | |align=left| {{{2}}}| 0| 0| 0| 0| 0 − 0| 0| 0 Шахтер-Юность футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған.
Түркістан футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. 2009 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарды Түркістан қаласындағы Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда өткізді. ## Турнирлерде ### Қазақстан чемпионатында Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында бір маусымдай өнер көрсетті. 2009 жылғы чемпионатқа қатысып, турнир барысында жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде 26 кездесуде 16 ұпай жинап, ең соңғы орында қалды. Дегенмен, бірнеше кездесуді өте сәтті өткізді, мәселен, 5-турда сырт алаңда "Каспийді" 2:1 есебімен, жетінші турда өз алаңында "Қайраттың" өзін 3:2 есебімен жеңіп кетті. Бірақ сырт алаңда қайраттықтардан 0:5 есебімен ұтылды (бұл түркістандықтардың соңғы кездесу еді, осы матчтан соң қалған турларға қатысқан жоқ, себебі белгісіз). Барлығы бес кездесуде қарсыластарынан басым түсті. Жоғарыда аталған ойындардан бөлек ОСШИОСД (4:0), "Болат-АМТ" (3:1), "Айжарық" (2:1) клубтарын жеңді. ### Қазақстан кубогында 2009 жылғы Қазақстан кубогына қатысты. Бірінші кезеңде-ақ "Тараздан" 0:4 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. ### Ірі жеңісі * 4:0 — ОСШИОСД (Тараз), чемпионатта ### Ірі жеңілістері * 0:5 — "Қайрат" (Алматы), чемпионатта * 0:4 — "Намыс" (Астана) чемпионатта * 0.4 — "Тараз", кубокте * 1:5 — "Айжарық", чемпионатта * 1:5 — "Іле-Сәулет" (Алматы облысы), чемпионатта ## Сілтемелер * http://footballfacts.ru/clubs/582283-turkestan-turkestan
Қайсар-Жас футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында сынға түскен қызылордалық футбол клубы. 2002 жылы құрылып, 2007 жылы клуб жабылып қалған. 2014 жылы "Байқоңыр" футбол клубы құрылды. Ол "Қайсар-Жастың" ізбасары ретінде саналады.
Қызылжар ФК — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, қазақстандық футбол клубы. Петропавл қаласының "Қарасай" стадионы клубтың базасы болып табылады. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 12 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.)өткізді. ### Ірі жеңісі Қазақстан чемпионаты * 2005 — 7:0 («Болат-АМТ», Теміртау) ### Ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 2003 — 0:6 («Тобыл», Қостанай) ### Атаулары * «Авангард» (1968-1969, 1979-1989) * «Металлист» (1970, 1990-1992) * «Есіл» (1998) * «Аксесс-Есіл» (1999) * «Аксесс-ГолденГрейн» (2000) * «Есіл-Богатырь» (2001-2008) * «Қызылжар» (2009-о.у) ### Қазақстан чемпионаттарында ## Жетістіктері * Қазақстанның күміс жүлдегері (2): 1999, 2000 * Қазақстанның қола жүлдегері (1): 2001 * Қазақстан кубогының финалисті (1): 1999/2000 ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 28 шілденің 2010 жылы. ## Дереккөздер
ЦСКА Алматы футбол клубы — Қазақстан екінші Лигасында ойнайтын, бірнеше рет таратылып, бірнеше рет қайта құрылған Қазақстан футбол клубы. Клуб 1992 жылы құрылды. ## Тарихы 1992 жылы бір маусым премьер лигада ойнады. 1998 жылы "Қайрат" клубының базасында "Қайрат-ЦСКА" деген атаумен қайта құрылды да, "Қайрат" клубы екіге бөлінуге мәжбүр болды. Бір бөлігі "Қайрат" деп аталды да, екінші бөлігі ЦСКА-Қайрат деп аталды. "Қайрат" бірінші лигаға түсіп кетті де, ЦСКА-Қайрат жоғары лигада қалды. 2002 жылы бір маусым "ЦСКА-Жігер" деген атаумен ойнады. 2008 жылы ЦСКА деген атаумен тағы да қайтадан құрылды. 2010-13 жылдары бірінші лигада тек соңғы орындарда жүрді. 2016 жылы клуб жабылды. 2018 жылы қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады. 2018 жылы Қазақстан екінші лигасында алтыншы орынға табан тіреді. Қазіргі бас бапкері — танымал футболшы, кезінде осы клубта ойнаған Асқат Қадірқұлов. Кезінде құрамында Дмитрий Бяков, Ренат Абдулин, Әли Әлиев, Вячеслав Богатырев, Серік Жейлітбаев, Александр Кучма, Қайрат Нұрдәулетов, Рафаэль Уразхбахтин, Руслан Балтиев секілді ұлттық құрамада доп тепкен футболшылар ойнады. ## Сілтемелер * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
Қарабастау футбол клубы — 2003 жылы құрылған Шымкент қаласындағы футбол клубы. 2004 жылы жабылып қалды. ## Тарихы Ерекшелігі сол, кәсіпқой клуб мәртебесін алғанымен клуб өз тарихында Қазақстандағы кәсіпқой деңгейдегі турнирлерде бір ойын да өткізбеген. 2003 жылы Қазақстан чемпионатына қатысатын болғанымен, кейін бас тартты. ### Қазақстан кубогында 2003 жылы Қазақстан кубогына қатысуға ниет білдірді. 1/16 финалда "Ақтөбе-Ленто" клубымен ойнауы тиіс еді. Бірақ 2003 жылы 5 мамыр күні Шымкентте өтетін матчқа қатысудан өздері бас тартты да, бұларға техникалық жеңіліс жазылды. 2004 жылы ешқандай жарысқа қатыспастан тарап кетті. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Профилі Мұрағатталған 22 сәуірдің 2019 жылы.
Үш-Қоңыр футбол клубы — Қазақстандағы футбол клубы. Алматы облысы, Шамалған қаласынан. Қазір клуб жабылып қалған. ## Тарихы 2002 жылы құрылды да, 2003 жылы Қазақстанның бірінші лигасынның Оңтүстік-Шығыс аймағында ойнады. 20 кездесудің тоғызында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті де, 10 матчта жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде сегізінші орынға табан тіреді. Команда шабуылшысы Лечи Бицаев 13 гол соғып, мергендер көшінде екінші орынға жайғасты. 2004 жылы 24 кездесудің бесеуінде ғана жеңіске жетіп, 11-орынға түсіп кетті. Сол маусымнан соң команда қаржы тапшылығына орай қайтадан тарады. ## Футболшылары * Акмалиев Қазбек Маратович * Бектеміров Абдулахит * Леци Бицаев * Айдос Сатиев ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Үш-Қоңыр футбол клубы ойнаған маусымдар
Қазақмыс футбол клубы — 2006-2010 жылдары Қазақстан чемпионаттарында ойнайтын Қазақстан футбол клубы. Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" Спорт сауықтыру кешені клубтың базасы болып табылады. "Қазақмыс футбол клубы" —2006 жылы сәуірдің 27-сі күні "Қазақмыс футбол академиясы" жанынан құралған клуб. 2007 жылы тұңғыш рет Қазақстан бірінші Лигасында жеңімпаз атанып, Премьер Лигаға жолдама алды. Бірақ клуб қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигада ойнай алмады. Ал 2008 жылы Бірінші Лигада қайтадан жеңімпаз атанып, 2009 жылы тұңғыш рет Премьер Лигада өнер көрсетті. 2011 жылдаң ортасында клуб жабылып қалды. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 1 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 2009 — 2:0 («Ертіс», Павлодар) * 2009 — 2:0 («Қайсар», Қызылорда) * 2009 — 2:0 («Қызылжар», Петропавл) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 2009 — 0:5 («Тобыл», Қостанай) * 2009 — 0:5 («Тараз», Тараз) ## Ойыншылар ### Негізгі құрам ### Қосалқы құрам ## Қазақмыс футбол академиясы Қазақмыс футбол академиясы 2006 жылы 30-шы сәуір күні Сәтбаев қаласының Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде құрылды. "Қазақмыс" ФА бас жаттықтырушысы болып Бразилиядан келген маман Дуилио Диас Джуниор болып тағайындалды. жәнеде Бразилиядан тағы басқа мамандар келді. "Қазақмыс" ФА-да Сәтбаев пен Жезқазған қаласынан келген 500 жасөспірімдер жаттықты. Жасөспірімдер командасы Қазақстанның, облыстың және қала чемпионаттырында жақсы өнер көрсетті. 2007жылы Қазақмыс Спорт сауықтыру кешенінде "Қазақмыс" футбол академиясы" ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін "Coca Сola Былғары доп" Республикалық турнирі өткізілді. 2007 жылы тамыз айында "Қазақмыс" "Ливерпуль" (Англия) футбол академиясы ұйымдастыруымен Грузияның Салоники қаласында өткен 1993 жылы туған жас өрендер арасындағы "Liverpool dream" турниріне қатысты. Сәтбаев қаласының жас өрендері сол турнирде 2-ші орынға қол жеткізді. Жыл сайын "Қазақмыс" ФА-да Қазақстанның футбол федерациясының жасөспірімдер жарыстарының күнтiзбелiк жоспарына енгiзiлген "Күзгі демалыс" және "Қысқы демелыс" атты халықаралық турнирлер өткізіледі. 2007 жылы "Қазақмыс" ЖШС корпорациясы көмегімен "Қазақмыс" ФА-ның 300-дей жас өрендері бірнеше турнирлерге қатысты. Соның ішінде: "Coca Сola Былғары доп"(3 жас шамасына байланысты топтар), Г.А.Козельконы еске түсіруге арналған халықаралық турниры, Д.А.Қонаевты еске түсіруге арналған Республикалық турниры және т.б. 2008 жылы "Қысқы демелыс-2008" турниріне Ресей, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысып 1994 жылғы "Қазақмыс" командасы Алға (Бішкек)командасын алға жіберіп 2-ші орын алды Тағы айта кетерлік жайт: "Қазақмыс" Қазақстан Чемпионатындағы барлық жас шамаларына байланысты топтарда өнер көрсетеді. ### Ең көп ойын өткізгендер 116-Гейсар Алекперзаде111-Федор Симиниди ### Ең көп доп соққан 93-Гейсар Алекперзаде ## Жетістіктері * Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (2): 2006, 2007 ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 15 қарашаның 2010 жылы.
Цесна футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Жас команда болғандықтан әлі бірінші Лигада 2010 жылы алғашқы маусымын өткізді. Ең жоғарғы орны - 5 орын 2010 жылы. Қазақстан Футболына үлкен қосып жүрген "Цесна" командасының негізі 2000 жылы қаланды. Содан бері жасөспірімдерді тәрбиелеумен келе жатқан команда 2008 жылға дейін Алматы ФК деген атпен Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсетіп, тіпті аз уақыттың ішінде Қазақстан Кубогын жеңіп үлгерді. Және Еврокуктарда бақ сынады. 2008 жылы Алматы ФК мен Мегаспорт ФК қосылып Локомотив деген атпен базасын елордасы Астанаға ауыстырғаннан кейін команданы қайта жасақтап Қазақстан бірінші Лигасының алғашқы маусымында-ақ 5-ші орыннан көрінді. ## Құрылу тарихы 2009 жылы 29 маусым күні "Цесна" корпарациясының күшімен "Цесна" балалар-жасөспірімдер клубы ашылды. Клуб құру Әділбек Жақсыбековтың жоспары десекте болады. Ол қаладағы 1986 жылғы жас өрендерді №8 балалар-жасөспірімдер мектебіне шақырды. Осы бағытпен жыл сайын жас балалардың командаға келуімен дәл осылай команда өз жұмысын тиянақты жасай берді. Бүгінгі күнге дейін "Цесна" клубы Қазақстан футболының ойыншыларын тәрбиелеуші түп тамыры болып саналып келеді. Қазіргі таңда клубта 7 жастан 18 жасқа 300-дей оқушы тәрбиеленуде. Жаттықтырушылар саны - 21. Барлық жас шамасының тәрбиеленушілері жыл сайын халақаралық және Республикалық турнирлерге қатысып жүр. Жұмыс істеп келген 10 жылдың ішінде клуб 193 футболшы тәрбиелеп шығарды. ### Клубта тәрбиеленген танымал ойыншылар Сергей ОстапенкоСергей ЛаринАбзал ЖұмабаевАқжол СерікжановТельман ЗунуновБақыт ӘбуовМарат ШахметовАндрей Шабанов ## Сілтемелер * Рсеми сайты Мұрағатталған 15 наурыздың 2012 жылы. * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
Ұлытау футбол клубы —Қазақстан футбол клубы. Қазір клуб жабылып қалған. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 3 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. ## Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: ### Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1993 — 4:1 («Намыс», Алматы) * 1993 — 3:0 («Көкше», Көкшетау) ### Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1993 — 1:10 («Болат-АМТ», Теміртау) ## Клуб атауларының тарихы * «Еңбек» (1967-1974) * «Горняк» (1975-1979) * «Джезказганец» (1980-1990) * «Металлург» (1991) * «Металлист» (1992) * «Еңбек» (1993-1996) * «Ұлытау» (1997)
Ақжайық футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Орал қаласының П.Атоян атындағы стадион клубтың базасы болып табылады. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 6 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. ### Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері: Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты * 1992 — 8:0 («ЦСКА», Алматы) Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 2004 — 0:9 («Тобыл», Қостанай) ### Клуб атауларының тарихы * «Уралец» (1968-1993) * «Уралец-АРМА» (1994-1995) * «Жәңгір» (1997) * «Нарын» (1998) * «Батыс» (2002-2003) * «Ақжайық» (2004-) ## Бапкерлер штабы ## Ойыншылар ## Жетістіктері * Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (1): 2015 ## Статистикасы ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 19 тамыздың 2010 жылы.
Іле-Сәулет футбол клубы —Қазақстан бірінші Лигасында ойнаған Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылындағы футбол клубы. 2007 жылы құрылып, 2013 жылдың соңында қаржы тапшылығынан жабылды. 2012 жылы бірінші лигада жеңімпаз атанды да, жоғары лига жолдамасынан бас тартты. 2023 жылы клуб қайта құрылып, екінші лигада ойнай бастады ## Жетістіктері Бірінші лига жеңімпазы: 2012 ## Танымал ойыншылар * Вячеслав Котляр * Андрей Травин * Айдар Арғымбаев ## Сілтемелер * Қазақстан бірінші Лигасының кестесі Мұрағатталған 2 шілденің 2010 жылы.
* Үшағаш – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл. * Үшағаш – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
Қайсар футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев атындағы стадион клубтың базасы боп саналады. ## Клубтың тарихы мен жетістіктері КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті. Клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді. Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126. Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген. Қазақстан кубогында 55 ойынның 16-сын жеңіспен аяқтаған. Азия елдері Кубогындағы ең үлкен жетістігі 1999-2000 жылдары 1/8 финалға өтуі. 2019 жылы Қазақстан кубогын иеленді де, тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды. ## Стадионы Толық мақаласы: Ғани Мұратбаев (стадион) Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған. ## Клуб құндылықтары Клуб тарихын білу және құрметтеу, дәстүрді сақтай отыра, жаңа дәстүрлердің пайда болуына мүмкіндік беру. Профессионализм, жауапкершілік, іске адалдықпен қарау, көптеген адамдарға үлгі болу. Жоғары спорт жетістіктеріне талпыну. Клуб құндылықтарын сақтай отыра, жанкүйерлерге дәріптеу. ### Ең ірі жеңістері Қазақстан чемпионаты * 1998 — 5:0 («Нарын», Орал) * 2000 — 5:0 («Достық», Шымкент) * 1999 — 6:1 («Тараз», Тараз) ### Ең ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты * 1993 — 0:8 («Қайрат», Алматы) ### Клуб атауларының тарихы * «Волна» (1968) * «Автомобилист» (1968-1973) * «Орбита» (1974-1978) * «Мелиоратор» (1979-1989) * «Қайсар» (1990-1995) * «Қайсар-Мұнай» (1996-1997) * «Кайсар-Hurricane» (1997-2000) * «Қайсар» (2001-о.у.) ## Статистикасы ## Жетістіктері * Қазақстан кубогы: 1998/99, 2019 * 1 лига жеңімпазы: 1995, 2005, 2013, 2016 ## Құрамы 2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша ## АФК кубоктарында ## Есімі белгілі футболшылар * Сергей Когай (1990-1993, 1994, 1997) * Сұлтан Әбілдаев (1989-2001, 2002-2005) * Серік Абдуалиев (1989) * Марат Қабаев (1996) * Нүркен Мазбаев (1998-1999) * Олег Воскобойников (1998-1999) * Рустам Сахибов * Роман Пахолюк (2008) * Мақсат Байжанов (2002-2004, 2006-2008) * Дәуренбек Тәжімбетов (2003-2009) * Асхат Борантаев (2007-2009) * Иван Перич (2011) * Арслан Сатубалдин (2011) * Филип Эдейпо (2011-2012) * Ренат Абдуллин (2012) * Градимир Цронгорац (2012) * Кәрім Фахталы (2012) * Неманя Джоджо (2012) * Мариан Маркович (2012) * Вагнер (2012) * Дмитрий Пархачев (2012, 2013) * Серік Досманбетов (1999-2001, 2004, 2012-2013) * Борут Семлер (2011, 2013) * Митя Морец (2013) ## Қайсар футбол клубының барлық бас бапкерлері * Петр Боголюбов * Виктор Шишин * Юрий Дедиков * Темір Сегізбаев (1970; 1980) * Виктор Веретнов * Русланбек Дзасохов * Вадим Нұрпейісов * Александр Прохоров (1981; 1982) * Анатолий Пак (1985 1-ші жар.) * Василий Цыпкун (1985, 2-ші жар. — 1986, қыркүйек) * Юрий Хакимов (1986, қыркүйек — 1990, 1-ші айналым) * Пернебай Кенжебаев * Шазидин Кенжебаев (1996—1998, шілде) * Воит Талғаев (1998, шілде — 1999, шілде) * Владимир Марьянков м.а. (1999) * Әбіл Қалымбетов (1990, 2-ші айналым; 1999, шілде-2001) * Марат Есмұратов (2002) * Болат Есмағамбетов (2003, мамыр) * Виктор Кумыков (2003, қазан — 2004) * Тілеухан Тұрмағамбетов (2003, мамыр-қазан; 2006; 2009, тамыз) * Сергей Гороховодацкий (2007) * Хазрет Дышеков (2009, сәуір) * Сұлтан Әбілдаев (2009, сәуір-тамыз) * Владимир Линчевский (2009, тамыз- 2011, ақпан) * Альгимантас Любинскас (2011, ақпан- 2012, қаңтар) * Сергей Когай (2012, қаңтар- 2012, сәуір) * Владимир Никитенко (2008, 2012, сәуір) * Сергей Волгин (2012, қаңтар- 2012, сәуір) * Дмитрий Огай ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2013 жылы. * Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Мұрағатталған 25 маусымның 2014 жылы.
* Қосөткел – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл. * Қосөткел – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: * Қаратөбе – Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл. * Қаратөбе – Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл. * Қаратөбе – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Қаратөбе – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл. * Қаратөбе – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Қаратөбе – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл. * Қаратөбе – Түркістан облысы Сауран ауданындағы таратылған ауыл. * Қаратөбе – Түркістан облысы Төле би ауданы, Кемеқалған ауылдық округіндегі ауыл. * Қаратөбе – Түркістан облысы Төле би ауданы, Қаратөбе ауылдық округіндегі ауыл. Таулар: * Қаратөбе – Ойыл мен Шиелі өзендерінің суайрығындағы төбе. * Қаратөбе – Кіші Борсық құмының батысындағы оқшау төбе. * Қаратөбе – Үлкен Борсық құмының оңтүстік-шығысындағы төбе. * Қаратөбе – Желтау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. * Қаратөбе – Мойынқұм құмының орта бөлігіндегі тау. * Қаратөбе – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. * Қаратөбе – Ұзынтау тауларының солтүстік-батысындағы тау. * Қаратөбе – Амантау тауларының солтүстік-шығысындағы шоқы. * Қаратөбе – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау. * Қаратөбе – Арал Қарақұмының солтүстік-шығысындағы тау. * Қаратөбе – Күрті бөгенінің оңтүстік-шығысындағы тау. * Қаратөбе – Алтынемел жотасының батысындағы төбе. * Қаратөбе – Шыңғырлау өзенінің оң аңғарындағы тау.
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2014 — чемпионаттың 20-шы турнирі. 6 сәуір - 8 қараша аралығында Қазақстан қалаларында өтті. Көкшетаудың "Оқжетпес" клубы жеңімпаз атанды. Екінші орын алған "Қыран" жоғары топта төменгі орындардың бірінде қалған "Таразбен" плей-офф турниріне қатысып, пенальтилер сериясында ұтылып қалды. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған-ды. ## Қорытынды кесте ## Плей-офф 16 қараша 2014. Тараз - Қыран - 1:1, пенальтилер - 3:1. Астана Арена. ## Мергендер * Константин Задорожный (Жетісу-Сұңқар) — 23 гол ## Дереккөздер ## Сілтемелер * КФЛ сайтында Мұрағатталған 27 қаңтардың 2013 жылы. * Регламент Мұрағатталған 26 ақпанның 2014 жылы.
* Байғабыл – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл. * Байғабыл – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Тентексай – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл. * Тентексай – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Тартоғай – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл. * Тартоғай – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Қалғансыр – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Қалғансыр – Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл.
Негізгі ұғым: * Оңтүстік – көкжиектің басты нүктелерінің бірі. Елді мекендер: * Оңтүстік – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Оңтүстік – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Оңтүстік – Жаңа Зеландиядағы ең үлкен арал. * Оңтүстік – Жаңа Жер архипелагындағы арал. * Оңтүстік – Ресейдегі өзен.
Елді мекендер: Қазақстан: * Аққорған – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. Өзбекстан: * Аққорған – Өзбекстанның Ташкент облысының оңтүстігіндегі қала.
Рауан Орынбасар (1 наурыз 1998 жыл)— қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы. 2019 жылы 21 ақпан күні Молдавиямен бейресми жолдастық ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. ## Сілтемелер * Профилі
Сағадат Тұрсынбай (26 наурыз 1999 жыл) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен "Мақтаарал" клубының қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Шымкент футболының түлегі. "Ордабасы" командасының фарм-клубында біраз ойнап, 2017 жылы бас командаға ауысты. Алайда алаңға тұрақты шыға алмай, тек қосалқы құрамда отырды. 2018 жылы "Тараз" клубына өткен соң ғана негізгі құрамда ойнай бастады. ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрамадағы алғашқы ойыны 2019 жылы 21 ақпанда Антальяда Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесусе өтті. Сағадат 66 минуттай ойнады да, орнына Бекзат Шадманов шықты. Бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті. ## Жетістіктері Ордабасы * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 ## Сілтемелер * Профилі
Бекзат Ергашұлы Шадманов (12 тамыз 1997 жыл) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен " Қызылжар" клубының жартылай қорғаушысы. ## Ұлттық құрамада 2019 жылы 21 ақпан күні Қазақстан құрамасы сапында тұңғыш рет ресми емес жолдастық кездесуде Молдова құрамасына қарсы кездесуде алаңға шықты. 66 минутта өзі секілді құрама дебютанты Сағадат Тұрсынбайдың орнына ойынға қосылды. Бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті. ## Сілтемелер * Профилі
Еркін Олегұлы Тапалов (3 қыркүйек 1993) — қазақстандық футболшы, "Тобыл" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Мансабы ### Ақжайық 2011-18 жылдары "Ақжайық" сапында ойнады. Клубтағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 13 сәуір күні "Ақтөбеге" қарсы өткізіп, негізгі құрамда алаңға шықты да, 67-минутта алмастырылды. Тұңғыш голын 2013 жылы 2 қараша күні "Атырау" қақпасына енгізді (3:0). ### Жетісу 2019 жылғы Қазақстан чемпионаты басталардан алдын "Жетісуға" ауысты. ### Ұлттық құрамада 2019 жылы 21 ақпан күні тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Ол Антальяда өткен Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесу болатын. Бұл ойында құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. ## Сілтемелер * Профилі
«Ана туралы аңыз» — толық метражды көркем фильм. 1963 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Өз ұлын соғыста жоғалтқан, бұған қарамастан айналадағы адамдарға көмектесуге күш тапқан қарапайым әйел - ана туралы фильм. Фильм Ұлы Отан соғысы кезінде өрбиді. Ана оқуды, не жазуды білмейді. Майданнан хабарды хаттарды оқумен ғана білуге болатындығынынан, ана өзін-өзі оқытумен айналысып, поштаға пошташы болып жұмысқа тұрады. Әлденеше рет оған отбасыларға қайғылы хабар әкелуге тура келеді, және ол олардың қайғысын түсініп, соны жеңілдету үшін, ана өзіне аналарға деген жанашырлық жүгін алады. ## Рөлдерде * Ана — Әмина Өмірзақова * Асан — Мұхтар Бақтыгереев ## Дереккөздер
Рафкат Асланұлы Аслан (2 ақпан 1994, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Каспий" клубының ойыншысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Бәйтерек" клубының түлегі. 2011-13 жылдары осы клубта доп тепті. 2014-18 жылдары "Тобыл", "Ақтөбе", "Атырау" секілді клубтарда ойнады. "Тобыл" сапында екі маусым ойнады, "Ертісте" бір маусым, ал "Атырауда" жарты маусым ғана өнер көрсетті. 2018 жылы "Ертіске" ауысты. "Ертіс" сапында екі маусымда 27 рет алаңға шықты. 2020 жылы сәуірде "Каспийге" ауысты. Тұңғыш ойынын 18 тамызда "Қайрат" клубына қарсы өткізді. ### Ұлттық құрама Қазақстан жастар құрамасында бірнеше кездесу өткізді. 2019 жылы ақпан айында Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы
Марат Вячеславович Быстров (19 маусым 1992, Қостанай облысы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, «Астана» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы. ## Карьерасы Қостанай облысында дүниеге келген, әкесі орыс, анасы Ресейде өмірге келген қазақ. 2006 жылы отбасымен Ресейге көшіп өтті де, "Магнитогорск" клубының мектебіне қабылданды. Кейін Қазақстан және Ресей клубтарында өнер көрсетті. 2018 жылы Қостанайдың "Тобыл" клубына келді де, Қазақстан азаматтығын алып, 2019 жылы ақпан айында Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
«Еңлікгүл шешек атқанда» — толық метражды көркем фильм. 1965 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Жоғары тауларда шекара заставасы. Сол жерде шын мәнінде еңлікгүл гүлдейді. Бір күні сол тау гүлі жалған дабылдың себебі болды – ол сынақты сержант Сүндетбаев және барлық застава байсалды өтті. Бірақ дабылдар әрқашанда жалған болған жоқ... ## Рөлдерде * Петр Соловьев — Валерий Косенков * Вера Соловьева — Лилия Шарапова * Дуся тәте — Любовь Калюжная * Алдаберген Сүндетбаев — Көбей Хұсайынов * Альберт Пушкарев — Валерий Носик * Жүнісов — Қапан Бадыров * Барсамбек — Елубай Өмірзақов * Варвара Макарова — Галина Чигинская * Иван Громобой — Иван Косых * Бубнов — Анатолий Тарасов ## Дереккөздер
«Шыңдағы шынарда» — толық метражды көркем фильм. 1965 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Жоғары тауларда, жартаста жалғыз шынар өсіп тұр. Аңыз бойынша, бұл жартастан өзі сүймеген жігітке тұрмысқа шығудан бас тартқан Айсұлу секірген. Сол қыз туралы естелік ретінде жартаста әдемі шынар өсіп шыққан. ## Рөлдерде * Карпов — Сергей Папов * Айсұлу — Гүлбаһрам Әділова * Ілияс — Нұрмұхан Жантөрин * Сағит Шеңгелбаев — Ыдырыс Ноғайбаев * Молда — Елубай Өмірзақов * Прокурор — Зәмзәгүл Шәріпова ## Дереккөздер
Архимед Мыңбайұлы Ысқақов (1 ақпан 1953 жыл, Көкшетау, Қазақ КСР-інде туған) - ұстаз, актер. ## Өмірбаяны 1953 жылы 1 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған, жаңашыл ұстаз. 1988-1989 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік мектептің директоры қызметін атқарды. 1991 жылдан «Архимед» жекеменшік мектебінің жетекшісі. 1967 жылы «Арман-атаман» фильмінде, 1988 жылы «Игла» фильмінде ойнаған. ## Марапаттары Білім саласы бойынша "Тарлан-2000" сыйлығының иегері. 2008 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
«Қилы кезең» — толық метражды көркем фильм. 1966 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті 1918 жыл. Қазақстан мен Қытай арасында беймаза қатынас. Комиссар Тоқтар Бәйтенов көп емес чекисттер отрядын басқарады. Фильм оқиғасы тез өрістейді, бұл әдеттегі «остерн» — шығыс боевигі: атыс, қуғын, сұлу қыздар биі, бірақ сонымен бірге, фильм желісі бойында кейіпкеркердерлі құпия өсектер мен репрессия иісі сезіледі. ## Рөлдерде * Тоқтар Бәйтенов — Ыдырыс Ноғайбаев * Кострома — Евгений Попов * Тәжібай — Әнуар Молдабеков * Берген — Асанәлі Әшімов * Жүніс — Ахмет Шәмиев * Сүйіндік — Әлімғазы Райымбеков * Күрішбай — Бәйділда Қалтаев * Қапан — Нұржұман Ықтымбаев * Сымет — Мәкіл Құланбаев ## Дереккөздер
Бозай – Қараторғай өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км. ## Бастауы Арғанаты тауының оңтүстік бөлігіндегі жартасты тау аңғарынан бастау алып, жазықты кесіп өтіп Қараторғай өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Өзен бойында қайың, терек, бұта аралас тоғай өскен. Бозайдың кішігірім 8 саласы (Дүйсен, Шилі, Қоғалы, т.б.) бар. ## Дереккөздер
Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан 1965, Астана) — қазақстандық экономист, саясаткер және Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (2019—2022). «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті (2008-2016). Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. ## Қысқаша өмірбаяны * Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. * Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. * Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист. * Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. * Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. * Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары * Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. * Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі. * Индустрия және сауда бірінші вице-министрі. * 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған. * 2006-2008 жылдары Астана қаласының әкімі. * 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет етті. * 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. * 2019 жылдың 25-ші ақпаннан бастап 2022 жылдың 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің қызметінде болды. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалі (1998) * «Құрмет» ордені (2006) * 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011) * «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008) * 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский кінәзі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей) * Құрмет легионы ордені (2013) (Франция) * Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия) * "Азаматтық қызметі үшін" орденінің үлкен кресті (2014) (Испания) * Астана қаласының Құрметті азаматы (2011) * Құрметті теміржолшы (2012) * Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2013) ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
* Қошқарата ауылдық округі – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Қошқарата ауылдық округі – Түркістан облысы Келес ауданындағы әкімшілік бірлік.
«Мың шақырымдық жол» — толық метражды көркем фильм. 1968 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Қазақстандағы азаматтық соғыстың ерлік ісінің бір беті туралы. Ақтөбе фронтына қару жеткізу үшін мың шақырымдық жолды өз отрядымен комиссар Әли-Ақбар өтеді. ## Рөлдерде * Әліби Жангелдин — Сәтімжан Санбаев * Сардарбек — Нұрмұхан Жантөрин * Төлеген — Нұржұман Ықтымбаев * Курт — Алфонс Калпакс * Вера — Вера Лапшукова * Пан Дулемба — Николай Пастревич * Тарас — Евгений Попов * Көбеев — Мұратбек Рысқұлов * Ырымғали — Елубай Өмірзақов * Сардарбектің анасы — Әмина Өмірзақова ## Дереккөздер
«Арман-атаман» — толық метражды көркем фильм. 1967 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Мектеп жасындағы үш дос ешкімге тіс жармастан Африкаға қашып кетпекші болады. Сол үшін ағылшын тілін үйреніп тіпті олардың тұрмысын, мәдениетін зерттейді. Ұйқыға жатқанда түстерінде Африка халқын құлдықтан құтқару үшін басқалармен күресіп жүреді. Саяхатқа аттанатын күні олар вокзалдан нағыз африкалықтарды кездестіреді... ## Рөлдерде * Арман — Архимед Ысқақов * Мұрын — Мұхтар Ішмұхамедов * Теміртон — Мұрат Әбусейітов * Қортық — Сапар Базарбаев * Арманның әкесі — Мұхтар Бақтыгереев * Керімбек — Кәукен Кенжетаев * Мұрынның анасы — Бикен Римова * Арманның анасы — Лидия Ашрапова ## Дереккөздер
* Жаңақоныс – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Жаңақоныс – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл. * Жаңақоныс – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл. * Жаңақоныс – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл. * Жаңақоныс – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл. * Жаңақоныс – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: * Керегетас – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл. * Керегетас – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Керегетас – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Таулар: * Керегетас – Ерейментау тауларының солтүстік-шығыс тізбегінде орналасқан тау. * Керегетас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі тау. * Керегетас – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі тау. * Керегетас – Сарлытаң тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау. * Керегетас – Сауыр жотасының оңтүстік-батыс сілемдері Жүрек және Шағаноба тауларының аралығындағы асу.
«Әлия» әні – қазақтың «100 әні» тізіміне енген әуендердің бірі. Бұл ән – сұлулық пен қайсарлықтың белгісіне айналған ән. «Әлия» - қазақ қызының асқан қайсарлығын, өжет мінезін көрсеткен ән. Әрбәр тыңдаушының жүрегін тебірентіп және әрбірі көзіне жас алары анық. Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944) рухына арнап көше аты да берілді, ескеркіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағызымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді. ## Тарихы: «Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ». Біреуі біліп, бірі білмес, Сейдолла Бәйтерековтың алғашқы нұсқасында "Әлия" деп айтылатын жерінде мүлдем басқа әуен болушы еді. Алайда композитор, қазақтан шыққан тұңғыш саксафонист Еркін Слетдинов сол жерін дұрыстап, құлағымызда қалған, бәрімізге таныс әуенмен өзгертті. Композитордың айтуынша, бұл жерде бұндай қатты дыбыстың шығуы мүлдем керек жоқ. Дайын ән жас әнші Нағима Есқалиеваға ұсынылады. Алайда, ән кеңінен сол кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның орындауында танылды. 1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында ән шырқалып, бірінші орынды иеленді. Мәскеуліктер «Әлия» әнін «Ең үздік жыл әні» деп бағалап, марапаттаған болатын. «Әлия» әні арқылы жас әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналып, өнер көгінде кеңінен қанат қағуына жол ашты. Сондай-ақ, «Әлия» әні көпшілікке сазгер Сейдолла Бәйтерековты де таныстырды. ### Әннің орындаушылары: Ән авторы белгілі композитор Сейдолла Бәйтерековтің жұбайы Ләззат Ақанова-Бәйтерекова Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Әлия» әнінің алғаш рет қалай орындалғанын әрі қалай әлемдік сахнаға жол тартқанын есіне алды. «Әлия әнін қанша адам айтты. Бірақ Роза Рымбаеваның орындауындағы баллада сарыны ғана Әлия Молдағұлованың ерлігін паш ететін сияқты. Роза мен Әлияның образдары біте қайнасып кеткен сияқты көрінеді маған. Концерттердің бәрінде тыңдарман қауымның тұрып қол соғатыны да содан деп ойлаймын», - деді Ләззат Аханова-Байтерекова. Атақты «Әлияны» үлкен сахнаға алып шығып, әлемге танытқан Роза Рымбаева екені рас. Бір қызығы оны ең алғаш басқа әнші орындаған екен. Ең алғашқы рет оны Нағима Есқалиева орындаған. 1977 жылы студенттер арасындағы ән байқауында «Жетіген» ансамблімен айтып шықты. Әлия әні Бәкір Тәжібаевқа «Песня года-1977» фестивалінің лауреаты атағын әперді. Бұл ән Сейдолла Бәйтерековтің, Роза Рымбаеваның да тағдыры іспеттес. Белгілі продюсер Мұрат Ирғалиев те өзінің естеліктерімен бөлісті. «Мен сол кезде құрылыс отрядтары жастарының студенттік конкурсын әзірлеп жатқанмын. 1977 жыл болатын. Сол жылы Әлияны Нағима Есқалиева «Жетіген» ансамблінің сүйемелдеуімен айтты. Ал Розаның орындауында мен әнді Мәскеуде өткен «Песня года» фестивалінде тыңдадым. Роза Рымбаева Алматыға келген кезде қаланың көшелерінде клип түсіріп жатқан едік. Мен бұл әнді «Астана» байқауында филиппиндік әншіге бергем. Бұл конкурста 50 шетелдік әнші қазақ әндерін орындауы тиіс болатын. Филиппиндік Ладин Роксас «Әлияны» лирикалық жанрда орындап шықты. Ладиннің елінде әнді тыңдарман түсінуі үшін сөзін өзгерттік. Филиппин тіліндегі нұсқасында бір қыз гүлдер арасында жүгіріп жүреді. Сол кезде қара құстар келіп, айналаны өртей бастайды. Жаңағы қыз жер бетіндегі гүлдерді сақтап қалу үшін жанын береді. Әнде Әлияның аты сақталды. Мұндай интерпретацияда филиппиндік Әлия сол елде хитке айналды», - деді Мұрат Ирғалиев. Әлияны елге танытқан Роза Қуанышқызы әннің өз тағдырына қалай әсер еткенін айтып берді. «Негізі бұл әнді ең алғаш орындаған «Гүлдер» ансамблінің сүйемелдеуімен Тілектес Нұрмағамбетов болатын. Ол кісі өзінің аранжировкасымен өз тонында айтты. Ал менің нұсқамды өзімнің жолдасым Тасқын Оқапов дайындап берген болатын. Әннің әуені, көлемі басқаша болып шықты. Мен Әлияның арқасында танымал болдым. Әлия әнінің шыққанына 40 жылдан асып кетті», - деді Роза Қуанышқызы. «Әлия» әні қазақтың алтын қорына енген әндердің бірі және ел есінде, жүрегінде сақталары анық.
«Көгілдір маршрут» — толық метражды көркем фильм. 1968 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Маңғышлақ облысына практикаға келген, жұмысқа, ұжымға, алғашқы өмірлік қиындықтардан өткен студент-геолог туралы фильм. ## Рөлдерде * Көрік — Марат Дуғанов * Өмірзақ — Әубәкір Ысмайылов * Жол — Әбдісалан Нұрмаханов * Мәке — Қанабек Байсейітов * Момыш — Әлімғазы Райымбеков * Көкжал — Борис Кулиев * Сатушы — Шолпан Алтайбаева ## Дереккөздер
«Мәншүк туралы дастан» — толық метражды көркем фильм. 1969 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы фильм. Фильмде неміс танкыларымен тең емес шайқасын қабылдаған Мәншүк пен оның жолдастарының соғыстағы бір күні көрсетілген. Осы шайқаста ержүрек Мәншүк қаза табады ## Рөлдерде * Мәншүк Мәметова — Наталья Арынбасарова * Валерий Ежов — Никита Михалков * Капитан Иван Самсонов — Иван Рыжов * Суков — Виктор Авдюшко * Нұржұман Жарқынбаев — Нұржұман Ықтымбаев * Ломов — Юрий Саранцев * Ана — Фарида Шәріпова * Есалаң — Олеся Иванова * Әке — Кәукен Кенжетаев * Владимир Максимов — Иван Дмитриев * Инженер — Николай Сергеев * Омар Қажыбергенов — Ескендір Өмірзақов * Степа Кикин — Виктор Баженов ## Дереккөздер
Берік Әбдіғалиұлы (18 қыркүйек 1971 жыл, Ұлытау ауданы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, саясаттанушы, саяси ғылымдарының кандидаты, 2022 жылғы 11 маусымдан Ұлытау облысының тұңғыш әкімі. Әкім лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Мәжілісі VI шақырылымының депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. ## Өмірбаяны Алғашқы білім ордасы - Жезқазған қаласындағы №8 орта мектеп. 1988 жылы Тараз қалалық №45 орта мектебін тамамдаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. * 1988 жылдан - Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы. 1989 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. 1990 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің студенті. * 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995 жылдан - бөлім меңгерушісінің м.а., 1997 жылдың қаңтарынан - институт директорының орынбасары (Алматы). * 1997 жылдың наурызынан - ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы). * 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола). * 1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана). * 1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары (Астана). * 2000 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (Астана). * 2001 жылдан 2002 жылға дейін - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары. * 2002 жылдан - Ұлттық зерттеулер институтының директоры (Алматы). * 2003 жылдан - «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (Алматы). * 2004 жылдан - «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (Алматы). * 2005 жылдан - «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (Астана). * 2006 жылдан - «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (Астана). * 2006 жылы маусым-тамыз - Украинаның Киев облысына қарасты Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі. * 2007 ж. - Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы. * 2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (Астана). * 2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Астана). * 2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры (Астана). * 2009-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. * 2010 жыл. – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі * 2010-2012 жылдар. – Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі * 2012 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Бірінші вице-премьердің кеңесшісі. * 2012-2013 жж. – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі. * 2013 ж. – Қарағанды облысы облыс әкімінің орынбасары. * 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. * 2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі. * 2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі; * 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі. * 2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі. * 2021 жылы 11 қаңтардан 2022 жылы маусымға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. ## Біліктілігі * 1995 жылғы шілде – Американдық ғылымды дамыту агенттігі, мемлекеттік басқару органдарындағы тағылымдама (АҚШ) * 1997 жылдың қыркүйегі – Гарвард университеті, Джон Кеннеди Мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ)2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады. * 1997 жылдың қыркүйегі – Гарвард университеті, Джон Кеннеди Мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ) * 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады. ## Марапаттары * «10 жыл Астана» (2008 ж.), * «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), * «20 жыл Астана» (2008 ж.) * «Құрмет» ордені (2017 ж.) Төсбелгілер: * ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2016 ж.), * ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж.). ## Жеке өмірі Отбасылы, үш баласы бар. ### Кәсіби қызығушылықтары Ішкі саясат, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, Алаш тарихы. ### Еңбектері Жеке 10 кітаптың және 2 кітаптың бірлескен авторы. Көптеген ұлттық жобалардың авторы және жетекшісі: "Государственная политика и межнациональное отношения в Республике Казахстан" (1996); "Россия и казахстанские русские (1997); "Социально-политические менеджмент. Темиртауский опыт" (2003); "Политизация этичность: процессы, механизмы, последствия" (2003); "Казахская миссия" (2007); "Қазақ болайық" (2014); «Войско Алаш. Казахские части в составе Белой Армии (1918-1920 г.г.)» (2017) "Саяси ой тарихы" (2003); "Саяси түсіндірме сөздігі"(2007) кітаптарының бірлескен авторы. "Бауырсақ күні" (2004 жылдан бастап) жобасы авторларының бірі. "Қазақстанның 7 кереметі" (2005) үш тілдегі фотоальбом мен оқулық жобасының авторы және жетекшісі. "Желтоқсан - 1986 жыл" 10 томдығы жобасының авторы және жетекшісі. "Кунсткамера жанындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті" (2008) атты фотоальбом жобасының авторы. Жылына 6 саны шыққан "Қазақ альманағы" журналының шығарушысы (2009-2012). ## Дереккөздер
Сәрке батыр Шоңмұрынұлы (1690-1772 ж.) — қазақ батыр, кіші жүздің Тәуке және Әбілхайыр хан басқарған ## Өмірбаяны 1690 жылы туған, шын есімі Меңдібек Шонмурынұлы. Сәрке батырдың әкесі Шонмурын баба IX ғасырдың басында он бір мың жылқысы бар ең ықпалды және бай адамдардың бірі болды. Шонмұрынның 6 Ұлы - Бегетей, Ұлан, Асан, Сарке, Рысбай және Түкібай болды. Орынбор, Ақтөбе және Қостанай облыстарының аумағында тұратын Биліс жағалбайлы руынан шыққан. 1726 жылы Әбілхайыр хан мен Тайлақ батыр бастаған қазақ армиясының құрамында Орал өзеніндегі 30 мыңнан астам қалмақ жауынгерлері бар үш күндік шайқасқа қатысты. 1726 жылдың күзінде Ырғыз мен Торғай өзендері арасындағы маңайдағы "Қара сиыр" деген атпен орналасқан жерде жоңғарлармен шайқаста қазақ әскерінің авангардында тұрған адамдардың бірі болды, ол үшін", Алмас қылыш" деген лақап атқа ие болды." 1729 жылы Балқаш көлінің маңында Әбілхайыр хан бастаған қазақ әскері болған, Сәрке-батыр жағалбайлы руынан әскердің басында болған. Орта және Кіші жүз қазақтарының Ресей империясына қосылуы туралы грамотада айтылған, онда Әбілхайыр хан, сұлтан Ералы, сондай-ақ орта және Кіші жүздің 56 қазақ руларының ақсақалдары мен батырларының қолдары қойылған. Жағалбайлыдан Сәрке батыр қойылған. Башқұрт көтерілісі кезінде 1755 жылы патша тәртібіне қарсы башқұрт тайпалары, башқұрт тұтқындаған казактар мен Еділ қалмақтарынан тұратын жасақтар Сарке батыр басшылығымен Жетыру руларының қазақтары тоқтады. Қазіргі кезде бұл орын Орынбор облысы Беляев ауданының аумағында аудан орталығынан 15 шақырым жерде Сарке төбе (Сарке тауы) деп аталады. Сәркебатыр темір өзенінің жанында, Ембі өзенінің оң жақ ағысымен, оның өлімінен кейін 82 жасында жерленді. Бейіт Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының жанында орналасқан. ## Дереккөздер
* Жаңаарық – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. * Жаңаарық – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Жаңаарық – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Келес ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, 2018 жылдың 5 маусымы күні төртінші рет қайта құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Абай ауылы. ## Географиялық орны Батысы мен оңтүстігінде Шардара, солтүстігінде Сарыағаш аудандарымен, шығысында Өзбекстанмен шектеседі. ## Тарихы Келес ауданы алғаш рет 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-ның Сырдария губерниясына қарасты Бағара және Ақжар болыстары жерінде құрылған. 1932 жылы 10 наурызда жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кіреді. 1939 жылы 16 қазанда Келес ауданынан Сарыағаш ауданы бөлініп шығады. 1963 жылы 2 қаңтарда аудан таратылып, аумақ Сарыағаш ауданына беріледі. 1969 жылы 13 қаңтарда Келес ауданы екінші рет құрылып, 1988 жылы Сарыағаш ауданы құрамына қайтадан өтеді. 1989 жылы 13 қазанда орталығы Абай ауылы болып Келес ауданы үшінші рет құрылады, 1997 жылы сәуір айының 24-де таратылып, Сарыағаш ауданы құрамына өтеді. 2018 жылы маусым айының 5-де аудан төртінші рет қайта құрылды. ## Халқы ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 83 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген: ## Әкімдері * Ақментай Үсенұлы Есбаев (07.2018-12.2022 ж.). * Жәнібек Есенұлы Ағыбаев (12.2022 жылдан). ## Дереккөздер
* Тегісшіл – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл. * Тегісшіл – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
* Жаскешу – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. * Жаскешу – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
* Ортатөбе – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл. * Ортатөбе – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: * Көктал – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Көктал – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл. * Көктал – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл. * Көктал – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл. * Көктал – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. * Көктал – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл. * Көктал – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл. * Көктал – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл. * Көктал – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. Өзендер: * Көктал – Талас өзені алабындағы өзен. * Көктал – Қаратал алабындағы өзен. * Көктал – Алматы облысы Ескелді ауданы мен Талдықорған қалалық әкімдігі аумағына қарасты өзен. * Көктал – Ащымиір алабындағы өзен. * Көктал – Нұра алабындағы өзен (Жарлы өзенінің бір саласы).
Сәтімжан Қамзеұлы Санбаев (1939 жыл 16 қыркүйек Атырау облысы Мақат - 2 шілде 2013 жыл Алматы) — жазушы, киноактер. 1974 жылдан бастап КПСС мүшесі. ## Өмірі Мұғалім семьясында туған. Орынбор ауыл шаруашылығы иснтитутын (1961), КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Гурьев облысында, Энгельс атындағы колхозда (1962-1966), «Қазақфильм» киностудиясында (1966-1968), жазушы баспассында (1968-1972), Қазақстан жазушылар одағында (1972-1975) жұмыс істеді. 1975 жылдан Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор, Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің жауапты хатшысы,Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші,«Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті,Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпаниясында бас редактор қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы Шығармаларын орыс тілінде жазады. * «И вечный бой» повесть Простор журналы, 1968 ж. * Белая аруана. Повести. А.,»Жазушы», 1969. * Дорога только одна. Роман. А.,»Жазушы», 1970 * Дорога только одна. Повести и роман. М.,»Молодая гвардия», 1974 * Аруана. Повестер мен роман. А., »Жазушы», 1975; * Колодцы знойных долин. Повести и роман. М., «Известия», 1976; * Времена года нашей жизни. Роман-трилогия. А.,»Жалын», 1981. * Когда жаждут мифа. А., 1989; * Белая аруана. А., 2005; * Медный колос. Роман-дилогия. А., 2006. Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне, шетел тілдеріне аударылған. * «Флакон одеколона» атты драмасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қойылып жүр. Абайдың қарасөздері, М.Әуезовтың, С.Бегалиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, Қ.Ысқақтың т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. ## Ойнаған рөлдері Шығармашылығымен бірге кино саласында да еңбек етіп келеді. * «Мың шақырымдық жол» (1968) * «Ғажайып күн» (1972) * «Ұшы-қиырсыз жол» * «Той боларда» * «Шоқан Уәлиханов (фильм)» * «Батыр баян» көркем фильмдерінде басты рольдерде ойнаған. * «Қыз Жібек» * «Ыстықкөл қызғалдақтары» кино фильмдерді қазақшалаған. * «Там, где торы белые» * «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы. ## Еңбектері «Ақ бас таулар» атты көркем фильмінің сценарийін жазды. Санбаевтың бірқатар туындылары ағылшын, француз, неміс т.б тілдерінде жарық көрді. ## Марапаттары КСРО Жазушылар одағы, ВЦСПС-тің жүмысшылар тақырыбына арналған шығармалар конкурсының лауреаты (1981). «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Мардан Тіленұлы Төлебек (18 желтоқсан 1990, Шымкент, КСРО) — қазақ футболшысы, "Оқжетпес" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық Шымкент футболының түлегі. 2008 жылдан "Ордабасы" клубының жастар командасында ойнай бастады. Көп ұзамай негізгі команданың мүшесі болды. 2010 жылы 11 қыркүйек күні "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Бірақ ол маусымда тек екі ойынға ғана қатыса алды. 2011 жылдың бірінші жартысын екінші дивизиондағы "Тарлан" клубы сапында өткізіп, 14 кездесуге қатысты. Маусым ортасында "Ордабасыға" қайта оралды. 2011 жылы Қазақстан кубогының иегері атанды. 2015, 2016 жылдары УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдерінде ойнады. 2015 жылы Израильдің "Бейтар" клубымен ойында еуротурнирлердегі тұсауы кесілді, келесі маусымда Сербияның "Чукарики" клубына қарсы бірінші іріктеу раундында екі кездесуде де алаңға шықты, сырт алаңда өткен бірінші ойынның 58-минутында ескерту алып, келесі минутта алмастырылды. Бұл спаррингте "Ордабасы" жеңіліп қалды (0:3, 3:3). 2021 жылдың басында премьер лига дебьютанты "Тұранға" ауысты. ### Ұлттық құрамада Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында доп тепті. 2014 жылы негізгі құраманың бапкері Юрий Красножан құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырғанымен, алаңға шыға алмады. ## Жетістіктері * Қазақстан кубогы: 2011 * Қазақстан суперкубогы: 2012 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фейсбуктегі парақшасы
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (немесе Орталық стадион) — Шымкент қаласындағы футбол стадионы. Сыйымдылығы 25000 адам. ## Тарихы 1969 жылы салынып бітті. Кеңес кезінде "Октябрдің 50 жылдығы" деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің "Мелиоратор" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін "Ордабасы" клубының негізгі аренасы болды.2007 жылы тұңғыш рет халықаралық жарыс — "Алма-ТВ" турнирі өткізіліп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан футбол құрамалары қатысты. 2018 жылы стадионға жарықтандырушы бағандар орнатылды.
Елді мекендер: * Сарыжаз – Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл. * Сарыжаз – Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Сарыжаз – Тянь-Шаньның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы жота. * Сарыжаз – ежелгі қорған.