text
stringlengths
3
252k
Темірлан Ерланұлы Ерланов (9 шілде 1993 жыл) — белгілі қазақ футболшысы, Үржар ауданының тумасы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тобыл" клубының қорғаушысы. ## Мансабы ### Клубтық Темірлан Ерланов мансабын "Сұңқар" клубында бастады. 2011 жылы оны алғашқы бапкері Асқарбек Еңсебаев Алматы қаласына жібереді. Ол Алматыда "Қайраттың" футболшылар дайындайтын қосынында болды. Қорғаушы "Сұңқарда" көп ойын өткізген жоқ. 2012-15 жылдары "Восток" клубында доп теуіп, 2015 жылдың соңында "Ордабасыға" ауысты. Клуб құрамында 80 матч өткізіп, 10 гол соқты. Тағы 2 голға мүмкіндік жасады. Айта кетейік, ол грузиндік «Торпедо» командасымен кездесуде жеңісті голдың авторы атанды. 2019 жылы шымкенттіктермен бірге «қола» жүлдеге қол жеткізді. ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2019 жылы 21 ақпанда Молдова құрамасына қарсы алаңға шықты. Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матчқа алаңға шығып,1 гол соққан. Қазір Темірлан Ерланов ұлттық құраманың белді қорғаушысы саналады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Таскескен — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Қоңыршәулі ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. Қарауылтөбенің етегінде, Тарбағатай тау жоталарының күнгей беткейінде, ойпаңда орын тепкен. Ауыл ортасынан Қарақол өзені ағып өтеді. ## Тарихы Ауыл іргесі 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланған. 1970 жылы ұжымшар негізінде құрылған сүт өндіру бағытындағы “Қазақстан” кеңшары мен Қоңыршәулі ауылдық кеңесінің орталығына айналды. 1981 – 97 жылдар аралығында өзімен аттас ауданның орталығы болды. Оның негізінде мұнда бірнеше шаруа қожалықтары мен ӨК-тер құрылды. Округте мал шаруашылығы және жер өңдеу кәсібі қатар дамыған. Жеке кәсіпкерлер негізінен күнбағыс, картоп, қарбыз өсірумен шұғылданады. Суармалы жер алабы мол. ## Инфрақұрылымы Ауылда жалпы білім беретін екі мектеп пен бір Үржар колледжі (бұрынғы училище) бар. Сондай-ақ, мәдениет үйі, пошта байланысы, мешіт қызмет көрсетеді. Таскескен мешіті тек ШҚО бойынша ғана емес, республика көлемінде Тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш салынған ғибадат үйлерінің қатарында. Оның іргетасы 1991 жылы қаланған болатын. ## Дереккөздер
Негізгі ұғым: * Құлан – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Елді мекендер: * Құлан – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл. * Құлан – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: * Шаға – Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл. * Шаға – Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Шаға – Шетпе-Жармыш жолы бойында, Қаратау жотасында орналасқан қойнау.
Жабағылы – Арыс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 222 км2. ## Бастауы Бастауын Талас Алатауының солтүстік батыс беткейіндегі бұлақтардан басталатын Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылған жерінен алады. Азаттық (Азаттылық) ауылы маңында Арыс өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Алатау, Кіші Ақсу таулары аралығындағы арнасы тік жарлы тар шатқалмен ағып, Жабағылы ауылы тұсында ағысы баяулап, бірнеше салаларға тармақталады. Қар, жер асты суларымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады. ## Атау сыры Жабағылы өзені туралы аңыз: Ертеректе, жаугершілік заманда тау аңғарларын паналап жаудан тығылған елден бір жылдан соң хабар алмақ болып шыққан іздеушілердің алдынан жабағы кездесіпті. Содан сол жердің де, өзеннің де аты "Жабағылы" атанып кеткен деседі. ## Дереккөздер
"Жігер" — Арқалық қаласындағы футбол стадионы. КСРО дәуірінде іргесі қаланған. ## Сипаттамасы Сыйымдылығы 5000 адам. Арқалықта құрылған "Горняк", "Торғай" клубтары өз алаңдарындағы ойындарын өткізіп тұрған. Кейін бұл клубтардың бәрі жабылды да, стадионда республикалық дәрежедегі турнир ойындары өткізілмей қойды. ## Мекен-жайы Арқалық қаласы, Жәнібек Шақшақ көшесінде орналасқан. ## Тағы қараңыз * Горняк (футбол клубы) * Торғай (футбол клубы)
Елді мекендер: * Қожамберді – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл. * Қожамберді – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Үшбастау ауылының бұрынғы атауы. * Қожамберді – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. Өзен: * Қожамберді – Басқан алабындағы өзен.
Елді мекендер: * Машат – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. * Машат – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Машат – Арыс алабындағы өзен. * Машат – Талас Алатауының батыс бөлігіндегі тау.
Хаким Каюмович Фузайлов (тәж. Ҳаким Қаюмович Фузайлов; 12 тамыз 1964, Қорғантөбе, Тәжік КСР, КСРО) — тәжік футболшысы, қорғаушы, бапкер. ## Карьерасы КСРО, Тәжікстан клубтарында және Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Кейін бапкерлікпен айналысып, Өзбекстан, Ресей клубтарында жаттықтырушы, бапкер селекционер болып қызмет атқарды. Соңғы рет 2016-18 жылдары Тәжіктан құрамасының тізгінін ұстады да, 2019 жылғы Азия кубогына жолдама ала алмай, ол қызметтен кетті. Туыстары Рахматулло мен Хикмат та футболшы. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * КСРО бірінші лигасының жеңімпазы: 1988 * Тәжікстан чемпионы: 1992 * Ресейдің үздік 33 футболшысының бірі (1): № 2 (1992) * Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 1994 ### Бапкер ретінде * Өзбекстан кубогының финалисі: 2000 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Профилі
Орталық стадион (толық аты: Өтеген батыр атындағы орталық стадион) — Алматы облысы, Өтеген батыр кентінде салынған футбол алаңы. Сыйымдылығы 2500 адам. 2007-13 жылдары Қазақстан бірінші лигасында ойнаған "Іле-Сәулет" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізген. Стадионның үш құбыласы ашық, көрермендерге арналған трибуна батыс жағына тұрғызылған. Стадионның жанында жаздық бассейн салынған. Стадион Іле трактісі бойына жақын жердегі Титов көшесінің бас жағында, Кіші Алматы өзеніне жақын жерде орналасқан.
Жастар — Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы кішігірім футбол стадионы. ## Сипаттамасы 1960 жлы құрылған. 2009 жылға дейін "Локомотив" деп аталды. Жиегінде жүгіру жолдары бар. "Қызылжар" футбол клубы әредік өз алаңындағы матчтарын осында өткізіп тұрады. 2006-08 жылдары Қазақстан бірінші және екінші лигасында ойнаған "Авангард" футбол клубы да көптеген кездесулерін осы стадионда ойнады. Стадионда қалалық, мектепаралық турнирлермен қатар футболдан да басқа іс шаралар өткізіліп тұрады. ## Орналасуы Қаланың оңтүстігінде, темір жол вокзалына жақын жерде Сәтбаев көшесінде орналасқан. ## Сілтемелер http://footballfacts.ru/stadiums/416618-stadion-lokomotiv
Қарасай стадионы — Петропавл қаласында орналасқан футбол аренасы. Іргесі 1967 жылы қаланған. Сыйымдылығы 11 мың адам. Бұрынғы атауы — "Авангард". "Қызылжар" футбол клубы өз алаңындағы кездесулерін өткізеді. 2006-08 жылдары Петропавлдағы тағы бір футбол клубы — "Авангард" та осы алаңда бірнеше кездесу өткізді. Көрермендерге арналған трибуна шығыс және батыс қапталында ғана. Оңтүстік және солтүстік жиектері ашық. Айналасында жүгіру жолдары бар. Қыс мезгілінде стадионда мұз айдындары іске қосылады. ## Сілтемелер * Стадиондағы мұз айдыны Мұрағатталған 12 қаңтардың 2018 жылы. * Рутравеллер сайтында Мұрағатталған 13 қаңтардың 2018 жылы. * [1]
Горняк футбол клубы — Арқалық қаласында 1980 жылдары құрылған футбол клубы. ## Қысқаша тарихы 1980 жылы Футболдан Қазақ КСР біріншілігіне қатысты да, бірнеше кездесу өткізіп, 14 команданың арасында 13-ші орын алды. Бұдан кейін республикалық деңгейдегі турнирлерге тек тәуелсіздік кезеңінде ғана, 1993 жылы әуесқойлар лигасында (қазіргі бірінші лига) бір жыл ойнады. Бұл жолы он кездесудің бәрінде де ұтылды. Бұдан соң ірі турнирлерге қатыспады. ## Дереккөздер
* Тастыбұлақ – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Тастыбұлақ – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
Майтөбе – ежелгі бекініс орны. Бабата ауылының батыс жағында 7 км жерде. М-ні 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бекіністің айналасы дуалмен қоршалған. Қазір дуалдың құлаған орны төбе болып жатыр. Төбе үстінен теріп алынған құты, сапты аяқ, керсен, көзенің сынықтарына қарағанда Майтөбе тұрғындары 11–15 ғасырларда өмір сүрген. ## Сілтемелер {{wikify}
Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан. Халқының саны 187 384 адам. Орталығы — Жетісай қаласы. ## Географиялық орны Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі. Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр. ## Тарихы Аудан Өзбек КСР Сырдария облысының құрамында 1964 жылы сәуір айында құрылған. 1971 жылы Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына қайтарылды. 1997 жылы сәуір айының 24-інде аудан таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілді. 2018 жылы 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Жетісай ауданы қайтадан жеке әкімшілік бірлік болып Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты. ## Халқы Халқының басым көпшілігі қазақтар. Одан басқа орыс, өзбек, тәжік, қырғыз ұлтының өкілдері қоныстанған. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 106 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген. ## Экономикасы Тұрғындарының көбі мақта шаруашылығымен айналысады ## Әкімдері * Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев 07.2018-03.2021 * Мұрат Болатұлы Қадырбек 04.2021-01.2023 * Серік Үсенұлы Мамытов 01.2023 бастап ## Дереккөздер ## Сілтемелер
* Ақайдар – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл. * Ақайдар – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл.
Орталық стадион — Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы футбол стадионы. 1990-2008 жылдары Қазақстан чемпионаттарында ойнаған "Горняк" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізді. Стадион қаладағы орталық саябақта орналасқан.
Елді мекендер: * Тасарық – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Тасарық – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл. * Тасарық – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Өзен: * Тасарық – Талас алабындағы өзен.
Елді мекендер: * Майбұлақ – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Майбұлақ – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл. * Майбұлақ – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Өзен: * Майбұлақ – Қусақ алабындағы өзен.
* Қызылбұлақ – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Қызылбұлақ – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Айнатас – Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Айнатас – Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Ақтөбе-Лаэти - Атырау қаласынан 6 шақырым, қалаға қатысты Томарлы селосынан 2 шақырым және «Жұлдыз-3» мөлтек ауданынан бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан ортағасырлық қалашық. ## Зерттеулер 1950 жылдың аяғында геология институтының ғылыми қызметкері Сапар Қарымсақов В. Афанасьевке Гурьев қаласының шығысына қарай 18 шақырым Сақол мекені маңында ежелгі қалмақ қалашығы туралы терілген қағазды ұстатты. Кейін Сапар Қарымсақов екеуі іздеп тапқан. Қазба барысында ескерткіш табылған болатын. 1960 жылдардың соңына қарай осы ескерткішпен Лев Галкин танысқан болатын. Оның жүргізген зерттеу жұмысы 1983 жылға дейін жалғасты. Сонымен қатар 1960 жылы шыққан “Қазақстанның археологиялық картасы” жинағында Атырау маңындағы Ақтөбе-Лаэти қалашығы кіреді.Тапқан ескерткішін алғаш рет 1965 жылы археолог М.С. Мерщиевке көрсеткен болатын. Қорытындысына бірлесіп, табылған ескерткіш материалдарды негізінде қоныстың ХІІІ-ХІV ғасырларда болғанын дəлелдеп, мақала жариялаған. Қалашықтың Ақтөбе деген атауын жергілікті қазақтар қалашық қирандысы төбе болып үйіліп жатқаннан кейін атаған. Лев Галкин 1977 жылы "Археологические открытия 1977 года" атты еңбегінде Алтын Орда қалашығын Пицигани картасына сүйеніп, "Лаэти" қаласы деп атаған болатын. Сонымен, жаңадан "Лаэти" атауы пайда болды. Өлкетанушы "Лаэти" атауын түркі сөздеріндегі "Лай" немесе "Лайланған" сөздерімен түсіндіреді. Бұл, мүмкін, мекеннің қасынан ағатын Жайық сағасының су тасқыны кезінде судың лайлануымен және жаз аяғында судың аз мөлшерінде тағы да лайлануымен байланысты болса керек, – деп тұжырым жасаған. .В.Афанасьев отряд жетешісі ретінде 1990-1993 жылдары облыстық мәдениет комитетінің, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қаржысы негізінде Ақтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, қала тарихының зерттелуіне бірсыпыра үлес қосты. Ақтөбе-Лаэти қаласының осы күнге дейін сақталмай жойылуы жөнінде бүгінде екі түрлі пікір қалыптасқан. Оның бірі Ақсақ Темірдің 1396 жылы жаулап алуымен, екіншісі Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп айналаны су басуы әсерімен байланыстырылады. Яғни, Ақтөбе-Лаэти қалашығы бүгінгі Атырау қаласының аумағында орналасып, ХV ғасырда қала қиратылған немесе жойылған деуімізге әбден болады. Оны белгілі археолог К.Байпақовтың «Жайықтың төменгі жағында тағы бір ірі қалашық табылып зерттелді. Ақтөбе қалашығындағы қазба жұмыстар тұрғын үйлердің кан жүйесімен жылытылатынын анықтады» дей келіп, Ақтөбеден бидай сақтайтын ыдыстар кездесті, ал, табылған керамика мен тиындар қалашықтың ХІІІ- ХV ғасырда өмір сүргенін айғақтайды дегені дәлелдей түседі. ### Қызықты ақпарат Тағы бір қызықты материалды 2015 жылы Татарстан ғалымы, нумизматик Р.Ю.Рева ұсынды. Ол 2006 жылы Саратов қаласынан табылған алтынордалық тиынды оқып, оны Құтлукент қаласында соғылғанын анықтады. Оның есебінше, Құтлукент Жайық бойында Атыраудан қашық емес жерде орналасқан екен. Атыраулық археолог М.Қасенов Р.Ю.Реваның жаңалығымен танысып, «ол, өкінішке қарай, Ақтөбе-Лаэти қаласын білмейді. Оның Құтлукент қаласы Ақтөбе-Лаэти қаласы болуы да мүмкін» деген ой білдіреді. Р.Ю.Рева зерттеуінің соңында әл Омари еңбегіндегі жолдарды «Хорезм мен Сарай арасында Учик (Үйшік – бүгінгі Атырау қаласы) және Құтлукент қалалары бар» деп оқуды ұсынады. Ол Құтлукент қаласы Сарайшық қаласының алғашқы атауы немесе әлі табылмаған қала болуы мүмкін» деген қорытынды жасайды. Ғалымның пікірі ғылым әлемінде кеңірек насихаттала қоймаса да, тың тұжырым екені белгілі. Оның үстіне, ХІV ғасырдағы әл Омаридың зерттеуін жаңаша саралауы, сөз жоқ, біраз мәселеге өзгеше қарау қажеттігін айғақтайды. Оны назарға алсақ, сонда Үйшік атауы Алтын орда заманынан бері келе жатқанын байқауға болады. ## Қала құрылысы Ғимараттың сыртын әртүрлі ою-өрнекті, түрлі-түске боялған қаптама плиталармен безендірген. Көбіне көгілдір ақық түсті болып келеді. Сондай-ақ қыш кірпіште құрылыста қолданылған материал болып табылады. Оларды үй қабырғасын, іргетасын тұрғызуға, еденге төсеуге, өзге де мақсаттарда қолданған. Ғалымдар мұндай құрылыс материалының IХ-Х ғасырлардан бастап қолданылғанын айтады. Атақты архитектор Т.Басенов бұл кiрпiштiң бiр шаршы сантиметрiнің 64,5 кг қысымға шыдайтын мықтылығын айта отырып, жергiлiктi саздан бұдан артық құрылыс материалын әзiрлеу мүмкiн емес деген пайымдауын айтады. Қыш бұйымдардан қызыл түсті балшықтан жасалған бұйымдар басым болып келеді, олар темір тотығы, майда қоспалар: пирит, слюда, әкпен ерекшеленетін темірленген балшықтан жасалған. Ас ішуге арналған ыдыстардың бір бөлігі әртүрлі өрнектермен безендірілген түрлі-түсті жылтыр сырлы ыдыстар. Бұйымдардың сырлануы әртекті. Кварц, далалық шпат, каолин т.б. сілтілік материалдар 950º С температурадан жоғары ыстықта шыныға ұқсас қабат қалыптастырып, глазурьленеді. Мөлдір қарасұр сырлардың құрамында дала шпатының көп екендігі белгілі. Күңгірттеу сырлардағы глазурь құрамында қалайы тотығы бар. Қоңыр түске мыс тотығын қосу арқылы қол жеткізген. Қызыл балшықты сырлы ыдыстар 900-1200º С температураға дейінгі қышқылды ортада күйдірілген. Екінші бір түрі – кашин балшығынан көркемделіп жасалған пиала, тостаған, құмыра және вазалар. Олар силикат текті ашық ақ түсті кремнезимді балшықтан дайындалады. Сыртына көпбояулы полихромды суреттер үстінен жылтыр сыр жағылып жасалған. Әдетте үш түстен тұрады: кашин балшығының өзіндік ақ түсінен, өрнектері көк немесе жасыл түспен салынады. Жасыл түс алу үшін мыс тотығы қолданылса, қара¬көк түстен көгілдір түске дейін кобальт қолданылған. Мұндай ыдыстар «хорезмдік стиль» деп те аталады. Кобальтпен әшекейлеу күрделі өсімдікті өрнек түзеді, бұл түр Тимуридтер дәуірінде пайда болып, XIV ғасырдың соңынан бастап, XV ғасырдың аяғына дейін гүлденген. Ескерткіштен табылған шығыр құралдары және диірмен тастарына қарағанда, бақша шаруашылығы кеңінен дамыған. Сондай-ақ мал да көп болған, оны остеологиялық материалдардың, яғни, мал сүйектерінің молдығы дәлелдейді. Осы жердің тұрғындары аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан. Қорыта айтқанда, бұл жерде барлық дерлік қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырған тұтас бір экономикалық кешен болған, одан артылған¬дары сауда-саттыққа жіберілген. Археологиялық зерттеулердің нәтижелері мұнда түрлі елдердің ақшалары, соның ішінде, Хұлағидтық елхан Махмұд Ғазанның алтын тиыны және басқа да күміс, мыс тиын түрлері болғандығын көрсетті. Иранды билеген Махмұд Ғазан мен Жошы Ұлысын билеген Тоқтының кезінде белгілі бір келісім бойынша іс-шаралар жүргізілген секілді. Сондықтан Ақтөбе – Лаэтиден иран тиын-дары табылуы таңғаларлық құбылыс емес. Алтын тиынның бетіне Калима шахадат – куәлік сөзі жазылған, яғни, «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі» деп жазылыпты. Тиын Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында соғылған. ## Зерттеу нәтижесінде табылған жәдігерлер Сонымен қатар, ұзындығы кісі бойындай алып құмыралар, қару-жарақ түрлері мен металл ыдыстар. Мұның барлығы аумағы 4 гектар жерді алып жатқан көне қала орнынан табылған. Мамандардың пайымдауынша, бұл арада 1000-ға тарта тұрғыны бар ірі қолөнер орталығы болған. Амангелді Зайнов, археолог-ғалым: - Олай дейтін себебіміз, осы жерден ондаған пеш, қыш ыдыстардың қалдықтары табылды. Мынау жай ғана фрагмент болғанымен, бұл – үлкен ыдыстың мойны және қыш ыдысты жасап қана қоймаған, оған өрнектер салған. Толқынды өрнектер – Жайық өзені бойын жайлаған халықтарға тән өрнек. Өкінішке қарай, көне қаланың біраз бөлігін зерттеу қиынға соғады. Себебі үстіне үйлер салынып кеткен. Ақтөбе-лаэти қаласының орнын қазу сонау 70-жылдары мәскеулік археолог-ғалым Галкиннің бастамасымен қолға алынған. Сол кезде ғалым өзінің жазбаларында бұл қаланы «дүкен-қала» деп атапты. Оның себебі осы арада керемет қолөнер дамыған: кірпіш күйдірілген, металл балқытылған, оның қажеттілігі іргедегі Хан ордалы Сарайшық қаласы тұрғындарының, сондай-ақ ұлы Жібек Жолы бойында жатқандықтан да осы арада көшпенді керуендердің қажетін өтеуге жұмыс жасаған сыңайлы. Сол кездің өзінде Ақтөбе-лаэтидің орнынан жүздеген жәдігер табылған. Бірақ өкінішке қарай басым бөлігі Мәскеуге жөнелтіліпті. Айбек Тұрарұлы, ғылыми қордың сақтаушысы: - Ерекше белгілердің ішінде құс бейнесіндегі қыш ыдысты айтуға болады. Оның құйрығында және қанатында таңбалардың суреті бар. 13-14 ғасырларға жататын қыш шырғадандарды да осы қатарға қоюға болады. ## Қаланың болашағы туралы Қазіргі таңда жүріп жатқан қазба жұмыстары бұл ғалымдар белгілеген қалашықтың бөлігіне қатысты емес. Бұл қазылып жатырған 20х20 метр жер бөлігіне алдымен, музей мамандары барлау жұмысын жүргізіп, топырағын тазалап, құрылыстың кірпіші қаланған қабырғаларының орнын анықтады. Осы қабырғалардың негізінде, қазба орнында бөлмелер пайда болды. Кейбір бөлмелерден, қыш ыдыстардың сынығы, металл қорытпалары¬ның қалдығы, моншақтар және жазуы сақталмаған мыс тиындар табылды. Металл өнімдерінің қалдықтары, әсіресе, арнайы ошақтардың ішінен шықты. Бұл ошақтардың кейбіреуі кірпішпен қаланса, кейбіреуінің арнайы мұражасы жасалынған. Демек, бұл қазылған орындағы ошақтар қалашықтың жанында тұрмыстық шеберхананың болғандығын растайды. Қазба орнындағы жер қабаттарына қарап отырып, теңіз астында қалған қалашықтың аз сақталған қабырғаларының бөлігін көруге болады. Музей қорында аталған қазба орнының 500-ге жуық жәдігері сақталған. Оның ішінде алтын монетаның, жоғары сапалы алтыннан, қыштан жасалған сәндік әшекей бұйымдары мен жебе ұштары, құмыралар табылды.– Менің пайымдауымша, бұл жерде қазір 0,0001 пайызы ғана ашылған сияқты. Мына енді нақты айту қиын, меніңше, әлі ұзақ жылдық жұмыс бар. Жеке өзімнің барлау жұмыстарым бойынша, орташа 10 га жерде осы қаланың қалдықтары орналасып жатыр. Көне қаланың облыс орталығына таяу болғаны туризмнің дамуына жол ашады. Бұл жер – тарихшы, археолог боламын деген арманы бар жастар үшін таптырмас тәжірибе алаңы. Осы қазба жұмыстарына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мем-лекеттік университеті студенттері мен «Жасыл ел» жасағы құрамындағы отызға жуық жастар қатысты. Жалпы, көне қалалар бойынша ғылыми зерттеулерге ден қоюды талап ететін жаңа кезең келгендей, – дейді Мұрат Қалменов. Мұрат Қалменов, тарих ғылымдарының докторы:− Бұл жер өндіріс орны болған. Себебі, шыны, метал, сүйектің сынықтары табылып жатыр.Табылған жәдігерлердің барлығын дұрыстап анықтау қажет. Қазба жұмыстарын жүргізуге «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкерлерінен барлығы ат салысты. Ақтөбе – Лаэти қалашығына қазба жұмыстары аяқталған соң, музей мамандары Сарайшық қаласына ұйымдастырылатын қазба жұмыстарына қатысуды жоспарлап отыр. ### Қазіргі бағдарламалар Бұл археологиялық экспедиция келешекте Елбасының тапсырмасына сәйкес, рухани құндылықтардың маңыздылығын арттыру, өлкетануға қатысты жүйелі зерттеулерді жүргізу, облыстың көне тарихына қазба жұмыстары арқылы нақты тұжырымдар жасай білу үшін музей мамандарына зор тәжірибе алмасу болады.Келешекте Атырауда аспан асты музейлері жобасын жүзеге асыруға мол мүмкіндік болады деп ктілуде.Айтарлығы, биыл Атырау облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үйлестіру орталығы ашылды. Жобалық кеңсе бағдарламаның «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «100 жаңа есім» бағыттарын іске асырады. Орталық құрамына мемлекеттік оргадар, мәдениет пен білім сала¬ларының өкілдері кірген.Сайып келгенде, тарихты зерделеп, оны ұрпаққа аманаттауға арналған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның қасиетті рухани құн¬дылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша атқарылар жұмыстардан халық зор үміт күтуде. ## Дереккөздер
Байқоңыр футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында сынға түсетін футбол клубы. Қазақстан бірінші лигасында өнер көрсетеді. Қызылорда қаласынан. Өз алаңындағы ойындарын "Локомотив" стадионында өткізеді. ## Қазақстан бірінші лигасында 2015 жылы 24 ойында 22 ұпай жинап, бірінші лигада 11 орынды иеленді (13 команданың арасында).2016 жылы 18 кездесуде жеті ұпай ғана жинап, 10 клубтың арасында тоғызыншы орында қалды. 2017 жылы шамалы дұрысырақ өнер көрсетіп, бірінші лигада бесінші орынға көтерілді. Бұл жолы 24 ойында 33 ұпай жинады. 2018 жылы қайтадан 9 орынға түсіп кетті. ## Құрамы 2022 жылғы 13 қазандағы жағдай бойынша ## Сілтемелер * Squad list at KFF Мұрағатталған 3 қарашаның 2012 жылы.
Елді мекен: * Қызылқия – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл. Тау: * Қызылқия – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі аласа тау. * Қызылқия – Қырғыз Алатауы жотасындағы асу.
Елді мекендер: * Шанақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл. * Шанақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы бекет. Басқа мағыналар: * Шанақ – автомобиль бөлігі.
Жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" (1972) повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма. Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады. ## Қысқаша мазмұны Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі.Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген. ## "Жабайы алма" повесіндегі образдар жүйесі * Тоқтар — ұзын бойлы, ақсары өңді, сұлу жігіт. Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне мұрт өсе бастаған жаңада ғана тебіндеген ұп-ұсақ, сирек-сирек, ал алыстау тұрып қарасаң, екі ұртының үстінен әп-әдемі боп қиылып, ақсары өңіне ерекше жарасып тұрады. * Шымырбай - Тоқтардың әкесі. Сайдың ішінде колхоздың мал қыстайтын қораларын күзетіп жалғыз үйлі шал отырушы еді. Кемпірімен екеуі ала жаздай бақша салып, қауын қарбыз өсіретін. Бақша салуды еріккеннің ермегі сияқты көретін біздің ауыл үшін Шымырбай шалдың қауын-қарбызы анда-санда барып, жеп қайтып тұратын таңсық нәрсе ғана болатын. * Нәзира - Тоқтардың ұнатқан қызы, қимыл-қозғалысы нық, қарулы. * Нұрсұлу — түр-тұлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гүжілдеген, өзі күшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең күштісі. Қайдағы ауыр, қиын жұмыстарға осы Нұрсұлу барады. Шіреніп тұра қап үлкен ағаш күрекпен астықты құлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Көлбай керең де астар болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бұрын, той-мереке кездерінде балуан деген еркектеріңнің өзімен белдесіп күреске түсіп, талай рет бәйге алыпты. * Ырысбек — бейнесінде зұлымдық пен қатігез соғыс зардабы астасып жатыр. * Эмма — ұзын бойлы, сары шашты, көк көзі мөлдір аспандай тұп-тұнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы. * Мәри — жұрт «әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң шешесі біздің ауылдағы төркіндерін сағалап қаладан көшіп келген. Қазір шешесі, бірінші класта оқитын інісі үшеуі ғана тұрады. Жұқалтаң ақ құба өңі, қаламмен сызғандай қиылып тұратын қасы мен көзі сүйкімді-ақ. Өзінің мінезі де жақсы. Әсте мұңаю, қынжылу дегенді білмейді, қашан көрсең сықылықтап күліп жүргені. * Есенбай — жасы елуден асқан, екі ұртының үстінен жалбырап тұратын сабалақ мұрты бар, өзі көмірдей қара кісі. Трактор жүргізуді былтыр оқып үйренді. ## Повестегі жер-су атаулары Кіші Ақбел, Қоғалыбұлақ, Күреңбел, Жарбұлақ — тарам-тарам сай-жыралардың тоғысқан тұсындағы табиғаттың өзі апан құсатып ойып тастаған төңірегі биік жарқабақты терең сай. ## Повестегі тарихи оқиғалар Ұлы Отан соғысы кезеңі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Сайын МҰРАТБЕКОВ: "Жабайы Алма"
* Қақпақ – Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл. * Қақпақ – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
Ғани Мұратбаев атындағы стадион — Қызылорда қаласындағы футбол стадионы. "Қайсар" футбол клубы өз алаңындағы матчтарын өткізеді. ## Сипаттамасы Құрылысы 1968 жылы басталып, 1969 жылы аяқталды. 2001 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Стадионда футболдан бөлек қазақша күрес, жеңіл атлетика жарыстары өткізіліп тұрады. 2010 жылы пластик орындықтар қойылды. ## Футбол матчтары 1992 жылы 25 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасымен ойнады. Бұл Орта Азия кубогының матчы болатын, сондай-ақ ұлттық құраманың осы стадионда өткізген жалғыз кездесуі. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Стадион * Барлығы дайын ба? Мұрағатталған 13 қаңтардың 2018 жылы. * Қазақстан стадиондары(қолжетпейтін сілтеме) * wikimapia
Өзен: * Сырдария – Орталық Азиядағы өзен. Елді мекен: * Сырдария – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл. * Сырдария – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл. Тағы қараңыз: * Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) * Сырдария ауданы (Сырдария облысы) * Сырдария губерниясы * Сырдария көтерілісі * Сырдария облысы * Сырдария шөгінді алабы
Байырқұм — ежелгі қала орны. Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы Байырқұм ауылының маңында, Сырдарияның сол жақ жағалауында. Алғаш 1900 жылы О.А. Руднев зерттеген. 1948 — 1949 жылдары А.Н. Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы қазба жұмысын жалғастырды. Қаланың орны тік бұрышты биік алаңға ұқсас. Аумағы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 300 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық. Ол биіктігі 3 м-ге жуық үйме топырақпен қоршалған. Оңтүстік-шығыстағы қабырғаның орта тұсында тік бұрышты 5 мұнараның қалдығы сақталған. Қаланың сырты тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Алаңның ортасына таман цитадель орналасқан. Ол биіктігі 9 м тік бұрышты төбе. Оның іргесінің аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 м. Қамалдың шет-шетінде 8 мұнараның қалдығы бар, биіктігі 1 м үйме топырақпен және ені 10 м-ге жуық ормен қоршалған.Оның солтүстік-батыс және шығыс жағында су хауызының орны анық көрінеді. Жиналған археология материалдарға қарағанда, қала б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 8 ғасыр аралығында болған. ## Дереккөздер
Көкжиде – Құмжарған құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде, Жем және Темір өзендерінің суайрығында орналасқан. ## Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 17 км. Теңіз деңгейінен 270 – 280 м биіктікте. Көкжиденің жер бедері жалды-төбешікті келеді. ## Өсімдігі Құм беткейлері жусан, қияқ, қау, бетеге, жүзгін, т.б. шөптермен бекіген. Грунт суы жақын жатқан ойпауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өскен. Мал жайылымына қолайлы. Көкжиденің солтүстігінде Көкжиде мұнай кен орны орналасқан. ## Дереккөздер
## Тарихы 1936 жылы бұл стадионның маңында жартылай қираған бекініс орнын 14-ші Кавалериялық полк әскери бөлімшесі тазалап, дене шынықтыру, әскери-техникалық дайындықтарын және футбол жаттығуларын жүргізе бастады. 1938 жылы алдымен «СТРЕЛА» спорттық қоғамы құрылды, көп кешікпей ол «ЛОКОМОТИВ» деп атын өзгертіп, темір жол торабы жұмысшыларын біріктірді. Теміржолшылар көп уақыт әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға жауапты болған. Стадионның аумағы 10 мың шаршы метрге дейін ағаш шарбақпен қоршалып, 2 мың орындықпен жабдықталған ағаштан батыс мінбе құрастырылып және футбол алаңы айналасында жүгіруге арналған жолдар пайда болған. 1951 – 1962 ж.ж. аралығында қалалық стадионның көптеген атаулары болды, нақтырақ айтқанда: «ИСКРА», «БУРЕВЕСТНИК», «ЕҢБЕК», «ТОРПЕДО». Өйткені стадион әр-түрлі спорттық кәсіподақ қарамағында болды, кейін «Казахсельмаш» зауыты балансына өтті. Сол жылдары стадионда хоккей ойнайтын корт, киім ауыстыратын орындар және шығыс мінбесі пайда болды (ағаш). Стадионда өткізілген алғашқы ресми ойын 1964 жылы 14 мамырда КСРО чемпионаты «Б» классының ойыны болды, стадионға өз командасына қолдау көрсету үшін 10 мыңнан астам жанкүйер келді. Бұл күні «Динамо» (Целиноград) – «Локомотив» (Орынбор) командалары кездесіп, 2:0 есебімен біздің жерлестеріміз жеңіске жетті. 1975 жылы стадион футбол клубымен бірге «Целинэнерго» балансына өтті. Энергетиктер стадион атауын «Энергия» деп, ал футбол командасын «Целинник» деп өзгертті. Шығыс мінбесінің үстіне металдан жасалған күнқағар орнатылды және жеңіл атлетика спортшылары үшін арнайы синтетикалық төсеніштен жүгіруге арналған жолдар салынды. Жарық көзері жаңартылған, электронды көрсеткіш тақтасы орнатылды. 1986 жылы Облыстық атқару комитетінің сұрауы бойынша, Республиканың Советтік министрлігі стадионға атақты спортшы, грек-рим палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың атын берді. 1998 жылы 7 ай ішінде стадионда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қажетті барлық жағдай жасалды. Жаңа оңтүстік мінбесі салынып, оның үстіне электрондық көрсеткіш тақтасы орнатылды. Барлық үш мінбеге жаңа дербес орындықтар орнатылды, көрермен сыйымдылығы 12 500 адамға дейін жеткізілді. 1998 жылғы маусымның 10 күні стадионда Қазақстан Республикасы астанасының ашылу салтанаты болды. 2000 жылы стадионда алғашқы рет футболдан Қазақстан Кубогының финалы өтті. Ол жылы Алматылық Қайрат пен Петропавлдық Аксесс-Голден-Грейн кездесіп, 5:0 есебімен Қайрат жеңіске жетті. 2001 жылы стадионда қайтадан футболдан Қазақстан Кубогының финалы болды. Бұл жолы жергілікті Жеңіс командасы мен павлодарлық Ертіс ойнады, нәтижесінде пенальти арқылы Жеңіс 5:4 есебімен ұтты. Стадионның базасында «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме) құрылды. Жыл сайын стадионда көптеген спорттық іс-шаралар, Президенттік көпсайыстар тапсыру, Астана күні мейрамын мерекелеу және УЕФА халықаралық футбол ойындары өткізіледі. Жазғы маусымда қала тұрғындары стадионға еркін кіріп, дене шынықтырумен шұғылдана алады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион өзінің 60 жылдық тарихымен, Қазақстан астанасының халықаралық стадионы мәртебесіне ие болды. ## Сыртқы сілтемелер «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме) ## Қысқаша мәлімет Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион (Астана қаласы). Қайта жаңартылған қалалық стадион. 15 мың орындық. Қызмет бөлмелері, спортзалдары, ойын алаңдары, телерадиохабарларын тарату орталығы т.б. бар. Мұнда 2001 жылы ҚР халықтарының I спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі болды. ## Дереккөздер ## Тарихы 1936 жылы бұл стадионның маңында жартылай қираған бекініс орнын 14-ші Кавалериялық полк әскери бөлімшесі тазалап, дене шынықтыру, әскери-техникалық дайындықтарын және футбол жаттығуларын жүргізе бастады. 1938 жылы алдымен «СТРЕЛА» спорттық қоғамы құрылды, көп кешікпей ол «ЛОКОМОТИВ» деп атын өзгертіп, темір жол торабы жұмысшыларын біріктірді. Теміржолшылар көп уақыт әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға жауапты болған. Стадионның аумағы 10 мың шаршы метрге дейін ағаш шарбақпен қоршалып, 2 мың орындықпен жабдықталған ағаштан батыс мінбе құрастырылып және футбол алаңы айналасында жүгіруге арналған жолдар пайда болған. 1951 – 1962 ж.ж. аралығында қалалық стадионның көптеген атаулары болды, нақтырақ айтқанда: «ИСКРА», «БУРЕВЕСТНИК», «ЕҢБЕК», «ТОРПЕДО». Өйткені стадион әр-түрлі спорттық кәсіподақ қарамағында болды, кейін «Казахсельмаш» зауыты балансына өтті. Сол жылдары стадионда хоккей ойнайтын корт, киім ауыстыратын орындар және шығыс мінбесі пайда болды (ағаш). Стадионда өткізілген алғашқы ресми ойын 1964 жылы 14 мамырда КСРО чемпионаты «Б» классының ойыны болды, стадионға өз командасына қолдау көрсету үшін 10 мыңнан астам жанкүйер келді. Бұл күні «Динамо» (Целиноград) – «Локомотив» (Орынбор) командалары кездесіп, 2:0 есебімен біздің жерлестеріміз жеңіске жетті. 1975 жылы стадион футбол клубымен бірге «Целинэнерго» балансына өтті. Энергетиктер стадион атауын «Энергия» деп, ал футбол командасын «Целинник» деп өзгертті. Шығыс мінбесінің үстіне металдан жасалған күнқағар орнатылды және жеңіл атлетика спортшылары үшін арнайы синтетикалық төсеніштен жүгіруге арналған жолдар салынды. Жарық көзері жаңартылған, электронды көрсеткіш тақтасы орнатылды. 1986 жылы Облыстық атқару комитетінің сұрауы бойынша, Республиканың Советтік министрлігі стадионға атақты спортшы, грек-рим палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың атын берді. 1998 жылы 7 ай ішінде стадионда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қажетті барлық жағдай жасалды. Жаңа оңтүстік мінбесі салынып, оның үстіне электрондық көрсеткіш тақтасы орнатылды. Барлық үш мінбеге жаңа дербес орындықтар орнатылды, көрермен сыйымдылығы 12 500 адамға дейін жеткізілді. 1998 жылғы маусымның 10 күні стадионда Қазақстан Республикасы астанасының ашылу салтанаты болды. 2000 жылы стадионда алғашқы рет футболдан Қазақстан Кубогының финалы өтті. Ол жылы Алматылық Қайрат пен Петропавлдық Аксесс-Голден-Грейн кездесіп, 5:0 есебімен Қайрат жеңіске жетті. 2001 жылы стадионда қайтадан футболдан Қазақстан Кубогының финалы болды. Бұл жолы жергілікті Жеңіс командасы мен павлодарлық Ертіс ойнады, нәтижесінде пенальти арқылы Жеңіс 5:4 есебімен ұтты. Стадионның базасында «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме) құрылды. Жыл сайын стадионда көптеген спорттық іс-шаралар, Президенттік көпсайыстар тапсыру, Астана күні мейрамын мерекелеу және УЕФА халықаралық футбол ойындары өткізіледі. Жазғы маусымда қала тұрғындары стадионға еркін кіріп, дене шынықтырумен шұғылдана алады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион өзінің 60 жылдық тарихымен, Қазақстан астанасының халықаралық стадионы мәртебесіне ие болды. ## Сыртқы сілтемелер «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны(қолжетпейтін сілтеме) ## Қысқаша мәлімет Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион (Астана қаласы). Қайта жаңартылған қалалық стадион. 15 мың орындық. Қызмет бөлмелері, спортзалдары, ойын алаңдары, телерадиохабарларын тарату орталығы т.б. бар. Мұнда 2001 жылы ҚР халықтарының I спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі болды. ## Дереккөздер
Ақсу футбол клубы — Павлодар облысы, Ақсу елді мекеніндегі Қазақстан чемпионаттарына қатысатын футбол клубы. 2018 жылы кәсіпқой клуб мәртебесін иеленді. Өз алаңындағы ойындарын көбіне Павлодардағы Орталық стадионда өткізеді. Кейде "Жұлдыз" стадионында ойнайды. ## Маусымдар 2018 жылы Қазақстан чемпионатының екінші лигасында ойнап, 21 команданың арасында 15-ші орын алды. 2019 жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Ұлттық 1 лига * Жеңімпаз: 2021. 2 лига * Жеңімпаз: 2020. ## Сілтемелер * Футболшылары
Ферро Ақтөбе — 1993 және 2000 жылдар аралығында Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы, 2000 жылдан соң жабылып қалды. ## Қазақстан чемпионаттарында 1993 жылы Қазақстан чемпионатының әуесқойлар лигасына (бірінші лиганың әуелдегі атауы) қатысып, бірінші кезеңде алты клубтың ішінде бірінші орын алды. Екінші кезеңде 5-8 орындар үшін сынға түсіп, 6-шы орынға тұрақтады. Клуб 1997 бірінші лига жеңімпазы атанды. 1998 жылы жоғары лигада ойнауға қаржы тапшылығы кедергі болды. 1999 жылғы чемпионатқа қатыса алмады. 2000 жылы соңғы рет Қазақстан бірінші лигасында ойнап, Батыс аймағында соңғы орында қалды. ## Жетістіктері * Бірінші лига жеңімпазы: 1997 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Михаи́л Ю́рийұлы Ю́рченко (20 маусым 1970, Үштөбе) — кеңестік және қазақстандық боксшы, ауыр салмақ категориясының өкілі. 1980 және 1990 жылдары КСРО және Қазақстан құрама сапында шықты, ТМД чемпионы, халықаралық деңгейдегі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, Атлантадағы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. ## Өмірбаяны Михаил Юрченко 1970 жылы 20 маусымда Қазақ КСР Алматы облысының Үштөбе қаласында дүниеге келген. Алғаш рет 1987 жылғы маусымда Пхеньяндегі «Достық» жасөспірімдер турнирінің және Тбилисидегі Халықаралық жасөспірімдер турнирінің күміс жүлдегері атанды. Луцкадағы 1990 жылдың КСРО чемпионатында шешуші финалдық кездесуде Евгений Белоусовтан жеңіліп, ауыр салмақтағы есепте күміс медальді жеңіп алды. Кеңес ұлттық құрамасының құрамына кірген Бомбейде Әлем Кубогында және Сиэтлдегі ізгі ниет ойындарында өнер көрсетті. 1991 жылы бокстан ТМД-ның бірінші және жалғыз чемпионатында жеңіске жетіп, Минскіде КСРО халықтарының спартакиадасында қола медальға ие болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біраз уақыт Қазақстан құрамасына өнер көрсетті. 1994 жылы Қазақ құрамасының сапында Бангкоктағы Әлем кубогында ширек финалға дейін жетті. 1996 жылы мэр Кубогында күміс медаль жеңіп алды және сәтті өнер көрсетудің арқасында Атлантадағы жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау құқығына ие болды — мұнда 91 кг-дан астам бірінші жекпе-жекте мерзімінен бұрын бірінші раундта ресейлік Алексей Лезинден жеңіліс тапты және бірден медаль үшін күресуден кетті. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен айналысты. Алматы бокс федерациясының вице-президенті қызметін атқарды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Михаил Юрченко — Sports-Reference.com сайтындағы олимпиадалық статистика (ағыл.)
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 1994 — Бірінші лиганың бірінші маусымы. Оған 11 команда қатысып, "Мұнайшы" клубы жеңімпаз атанды. "Мұнайшымен" бірге Талдықорғанның "Қайнар" клубы да премьер лигаға жолдама алды. "Қарашығанақ" клубы турнирдің жартысына ғана қатыса алды да, соңында ол қатысқан ойын нәтижелері жоққа шығарылды. ## Қорытынды кесте
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 1995 — Бірінші лиганың екінші маусымы. Оған 13 команда қатысып, "Қайсар" жеңімпаз атанды. "Қайсармен" бірге "Еңбек", "Көкше" клубтары жоғары лигаға жолдама алды. ## Турнир ### Батыс аймақ Бірінші айналым ойындары Қызылордада, екінші айналым ойындары Оралда өтті.. ### Батыс аймақ Бірінші айналым ойындары Алматыда, екінші айналым ойындары Өскеменде өтті. ### Орталық аймақ" Бірінші айналым ойындары Жезқазғанда, екінші айналым ойындары Көкшетауда өтті. ### Финалдық турнир
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 1997 — Бір жылдық үзілістен қайта жалғасқан Бірінші лиганың үшінші маусымы. Тоғыз команда қатысып, Ақтөбенің "Ферро" клубы жеңімпаз атанды. ## Алғашқы кезең ### Батыс аймақ Бірінші айналым Оралда, екінші айналым Ақтөбеде өтті. ### Шығыс аймақ Барлық ойындар Қарағандыда өтті ### Оңтүстік аймақ Барлық ойындар Талдықорғанда өтті. ## Финалдық кезең Матчтардың барлығы Алматы облысында өтті. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан әуесқойлар лигасы 1993 — Әуесқой лиганың екінші маусымы. Турнир екі кезеңге созылды. ## Бірінші кезең ### Батыс аймақ ### Орталық аймақ ### Оңтүстік аймақ ## Финалдық кезең ### 1 топ ### 2 топ ### 5/8 орындар ### 1/4 орындар
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 1999 — Қазақстан бірінші лигасы тарихындағы бесінші маусым. Қатысуға өтініш білдіргеннің бәрі қатысып, Шымкенттің "Динамо" командасы жеңімпаз атанды. Турнир матчтары түгел Шымкентте ойналды. ## Турнир ### Бірінші кезең ### "А" тобы ### "Б" тобы ### Финалдық турнир
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 1998 — Қазақстан бірінші лигасының төртінші маусымы. Алты команда қатысып, Шымкенттің "Томирис" клубы жеңімпаз атанды. ## Турнир ### Бірінші кезең Матчтар Талдықорғанда өтті. ### Финальдық турнир Барлық ойындар Алматы облысында өтті
Футболдан Қазақстан әуесқойлар лигасы 1992 — Кәсіпқой емес клубтардың басын қосатын турнир. 1992 жылы бірінші рет ұйымдастырылды. Екі кезең қорытындысында Павлодардың "Юность" клубы жеңімпаз атанды. ## Құрылу тарихы ## Бірінші кезең ### Орталық аймақ ### Орталық аймақ ### Оңтүстік аймақ ## Финалдық кезең
Орталық стадион — Арыс қаласындағы футбол стадионы. 2003-2020 жылдары "Арыс" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізген. 2019 жылы "Арыс" клубы Қазақстан кубогы ойындарын өткізді.
Орталық стадион (немесе Қобыланды батыр атындағы орталық стадион) — Ақтөбе қаласындағы футбол аренасы. 1975 жылы тамыз айында пайдалануға берілді. "Ақтөбе" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Стадион барлық жағынан Халықаралық талаптарға жауап бере алады. Тек көгалдың нашарлығынан көктем айларында мұнда футбол ойнатылмайды. 1975 жылы 28 тамыз күні ашылу салтанаты болып, "Ақтөбе" және Мәскеудің ЦСКА клубтары ойнады. Арена тек футболға арналған. Жүгіру жолдары жоқ. Көп жылдарға дейін Қазақстандағы төбесі жабық бірден-бір стадион саналып келді. ## Жалпы мәліметтер Стадион халықаралық стандарттарға сәйкес келіп, техникалық жабдықталуы мен құрылымының ерекшелігі бойынша Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып саналады. Оның трибуналары әлемнің төрт жағынан тұрады. Негізгі трибуна — Батыс трибунасы, онда комментаторлар мен VIP ложаға арналған орындар орналасқан. Стадион барлық жанкүйерлердің қамын ойлайп, шығыс трибунасында арбамен жүретін мүгедектер үшін арнайы орындар қарастырылған. Стадионның барлық көрермендермен жанкүйерлер орындарының үстінде жаман ауа-райында жабылатын төбесі бар. Оған қоса,үлкен экраны бар. Стадионда Ақтөбе клубының кеңсесі мен кассалары орналасқан. ## Сын Стадионның басшылығы атынан, директор Қажымұқан Демеуов бірнеше рет жанжалдың ортасында болды және жанкүйерлердің сынына айналды. Атап айтқанда, директорлар "Ақтөбе" ФК-ның көгал жай-күйі, билеттерді сатудың ұйымдастырылмаған жүйесі, алыпсатарлармен үлестес болуы, көгал жабынының сапасы және т. б. салдарынан наурыз бен шілде аралығында өз стадионында матчтарды қабылдауға жыл сайынғы дайын еместігі үшін сынға алынды. ## Негізгі сипаттамалары * Өріс өлшемдері-104×68 м * Сыйымдылығы — 12 805 адам * Шөп жамылғысы-табиғи * Қонақ секторының сыйымдылығы-500 * ТВ позициялар саны-3 * Комментаторлық позициялар-2 * Баспасөз үйі-20 орын * Жарықтандыру-1800 люкс. * Бейне кесте дисплейі жүйесі-10×9 м * Кассалар саны-5 * Бақылау камералары-6 Ішкі, 4 сыртқы ## Қайта жаңарту Стадион ашылғаннан кейін, соңғы рет Қаланың бас аренасын басты жөндеу 2000 жылы жүргізілді, пластикалық орындықтар орнатылып, жарықдиодты дисплей орнатылды. 2005 жылы ол УЕФА стандарттарына сәйкес келе бастады. Орталық стадиондағы қондырғыларда жылу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ауыстырылды. Баспасөз орталығының аумағы 54 ш.м. дейін кеңейтілді, диспетчер бөлмесі-21 ш. м. жарықтандыруға келетін болсақ, стадионда 142 заманауи прожектор орнатылған, оның жарық қуаты 1800 люкс құрайды. Стадионның шөп жамылғысы да ауыстырылып, автоматты суару орнатылды. 2011 жылдың 28 сәуірінде стадионда алаңды жылытуды орнату және көгалдарды жаңарту жұмыстары басталды. Көгалдардың астына сұйық жылыту құбырлары орнатылды, олар арқылы тосолмен қатпайтын зат жіберіледі. Бұл жылыту ерте көктемде және күздің соңында жұмыс істейді, бұл шөптің вегетативті процесін тездетуге көмек теседі. Сондай-ақ, көгалдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді, өйткені соңғы рет көгалдар 2005 жылы өзгертілді. ## Қызықты фактілер Бес жыл бойы "Ақтөбе" 2004 жылдың 2 қазанынан 2009 жылдың 27 тамызына дейін (1790 күн, Қазақстан чемпионаттарының рекорды) барлық турнирлерде (Қазақстан чемпионаты, Қазақстан Кубогы, УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа лигасы) өз алаңында жеңілген жоқ. Қазақстандық футбол тарихындағы осы рекордтық Жеңіс сериялары немістің "Вердере"командасында үзілді.2010-2011 жылдары "Ақтөбе "бұл стадионда да жеңілмеді, серия 2012 жылдың 6 мамырында алаң иелері "Тобылдан" жеңіліп қалды. Сондай-ақ 2012 жылы "Ақжайық" пен бельгиялық "Генкке"есе жіберді. ## Сілтемелер * football-arena.ru сайтында Мұрағатталған 7 сәуірдің 2014 жылы. * Орталық стадион (Ақтөбе) * Ақтөбе ФК сайтында Мұрағатталған 29 қазанның 2015 жылы.
Іле-Бент футбол клубы — Алматы облысы, Іле ауданындағы әуесқой футбол клубы. 2001 жылы Қазақстан бірінші лигасына қатысып, финалға дейін жетті де, Шымкенттің "Томирис" клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұдан соң клуб мұндай ірі турнирлерге қатыспады. 2007 жылы клубтың орнына тағы бір аудандық "Іле-Сәулет" клубы құрылды. ## Жетістіктері * Қазақстан бірінші лигасында 2 орын: 2001 ## Тағы қараңыз * Іле-Сәулет (футбол клубы)
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2000 — Қазақстан бірінші лигасының алтыншы маусымы. Өтініш білдіргендер түгел қатысты. "Ақтөбе-Ленто" клубы жеңімпаз атанды. Бірінші кезеңде клубтар "үйде-сыртта" жүйесімен екі айналым ойнады. Екінші кезеңде бір ғана айналым ойнады. Екінші кезең ойындары Ақтөбеде өтті. ## Бірінші кезең ### Батыс аймақ ### Орталық аймақ ### Финалдық турнир
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2002 — Қазақстан бірінші лигасының сегізінші маусымы. "Екібастұз" клубы жеңімпаз атанды. "Екібастұзбен" бірге Оралдың "Батыс" клубы да суперлигаға жолдама алды. ## Қорытынды кесте ## Ескерту Маусым барысында "Тараздан" үш ұпай алынды.
* Ойық – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл. * Ойық – Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл.
## ТАРИХЫ Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Бақытжан Жұмаділов, Мұрат Құсайынов, Досым Сүлеев т.с.с жас өнерпаздардан құралып, кейін аты Кеңес Одағында ғана емес, күллі әлемге танылған «Дос-Мұқасан» ансамблінің «Той жыры» әнінсіз бірде-бір той өтпейтіні хақ. Қазақтың дәстүрлі «Жар-Жар» әнінен кейін әр той төрінде шырқалатын «Той жыры» әні кеңінен танымал болғанымен, оның тарихына тереңнен бойламаған көпшілік оның беймәлім тұстарын біле бермейді. «Той жыры» әні 1970 жылы дүниеге келген. Әннің әуенін Досым Сүлеев, ал сөзін Ұлықпан Сыдықов жазған. Топ мүшелерінің ішінде алғашқы болып Мұрат Құсайынов отау құрып, бір айдан кейін той жасайтын болды. Жігіттер өзара ақылдаса келе, тойға тарту ретінде ән жазып, сыйлайық деп шешеді. Алайда, айтылған бұл сөз ұмытылып кетіп, жігіттер той болатын күні бірақ ән жазуға кіріседі. Ұлықпан сөзін жазып, Досым әуенін жазуға кіріседі. Жарты сағат ішінде ән жазылып, ол «Той үстінде» деген атаумен тойда шырқалады. Ән авторы - Досым Сүлеев. Ансамбль жыл сайын өз репертуарын жаңартып отыруы керек. Кезекті бір бас қосқанда топ мүшелері тойға жазылған әнді естеріне түсіріп, жаңадан әрлейді. Әнді қайта жаздырып, «Той жыры» деп сахнаға алып шығады. Халық жаңа әнді жылы қабылдап, «Той жыры» ел арасында кеңінен тарап кетеді. ## Мәтіні Ән мәтінінің авторы - Ұлықпан Сыдықов Жаңа әнге ыстық лебіздермен бірге, халық арасында «Бұл ән - ескі ән», «Ескі әнді жаңадан шырқап жүр» т.с.с. түрлі қауесет сөздер қаптап кетеді. Кейін ансамбль мүшелері әнді авторлардың құқығын қорғайтын басқармаға барып, заңды түрде растап алады. Ел ішінде әннің таралғаны соншалықты, «Той жыры» Одақ көлемiнде орындала бастайды. Ән мәтінін орыс тіліне аударып, шырқай бастады. Ал грузин халқы әнді түпнұсқада, яғни қазақ тілінде орындайтын. Дүниеге келгеніне қырық жылдан аса уақыт өтсе де, ән өз өзектілігін жоғалтпай, әр қуанышта ерекше ықыласпен шырқалуда. Талай жастардың қуанышына куә болған «Той жыры» қазақ әнінің тарихында алтын әріппен жазылатын туынды болып қала береді. Той жыры Әнін жазған: Досым Сүлеев Сөзін жазған: Ұлықпан Сыдықов Орындаушысы: «Дос-Мұқасан» ансамблі Махаббаттың құдірет күші әлдилеп, Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/2751
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2003 — Қазақстан бірінші лигасының 9-шы маусымы. Бұл жолы екі аймаққа бөлініп, екі жеңімпаз анықталды. ## Қорытынды кестелер ### Оңтүстік-Батыс ### Солтүстік-Шығыс ## Плей-офф * "Горняк" қарымта ойынға қатыспады
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2013 — Қазақстан бірінші лигасының 19-шы маусымы. "Қайсар" клубы жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кесте О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ## Плей-офф ### Премьер-лигаға шығу үшін ### Бірінші лигада қалу үшін ## Сілтемелер Плей-офф Мұрағатталған 29 қарашаның 2014 жылы. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2001 — Қазақстан бірінші лигасының жетінші маусымы. Сегіз команда қатысып, Шымкенттің "Томирис" клубы жеңімпаз атанды. ## Турнир кестелері ### А тобы ### Б тобы ## Финалдық кезең ### 7-8 орын ### 5-6 орын ### 3-4 орын ### Финал
Футболдан Қазақстан Кубогының 2003 жылғы финалы 11 қараша күні Алматыда өтіп, Алматының "Қайраты" Қостанайдың "Тобыл" клубын 3:1 есебімен ұтты. "Қайрат" футболшысы Арсен Тлехугов хет-трик жасады. ## Матч детальдары ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2004 — Қазақстан бірінші лигасының оныншы маусымы. 24 команда екі аймаққа бөлініп қатысып, "Жамбыл" (Тараз) және "Болат-ЦСКА" (Теміртау) клубтары жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кестелер ### Оңтүстік Батыс Мергендер ### Солтүстік шығыс Мергендер ## Финал ## Плей-офф
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2005 — Қазақстан бірінші лигасының 11-щі маусымы, 26 клуб екі аймақта сынға түсіп, "Қайсар" мен "Энергетик" жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кестелер ### Оңтүстік Батыс ### Солтүстік Шығыс
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2006 — Қазақстан бірінші лигасының 12-ші маусымы. 27 команда екі географиялық аймаққа бөлініп ойнап, "Жетісу" мен "Авангард" футболшылары жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кестелер ### Оңтүстік-Батыс ### Солтүстік-Шығыс
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2007 — Футболдан Қазақстан чемпионатының он үшінші маусымы. "Қазақмыс" клубы бірінші рет жеңімпаз атанды. ## Турнир кестелері ### Оңтүстік-Батыс ### Солтүстік-Шығыс ## Финалдық кезең * Жеребе бойынша "Қазақмыс" бірінші орын иеленді.
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2008 — Қазақстан бірінші лигасының он төртінші маусымы. 2007 жылы Қазақстан екінші лигасының деңгейіндегі Әуесқойлар лигасы құрылды да, көптеген командалар сол лигаға төмендетіліп, бірінші лигада 14 клуб қалды. Бұл жолы аймаққа бөлініп емес, тұтас Қазақстан бойынша өткізілді. Қатысушылар бір-бірімен "үйде-сыртта" жүйесінде ойнап, "Қазақмыс" клубы жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кесте
Футболдан Қазақстан екінші лигасы — Қазақстандағы үшінші деңгейдегі (Премьер-Лига мен Бірінші лигадан кейінгі) футбол чемпионаты. 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. ## Тарихы 2007 жылға дейін Қазақстанда екі лига ғана болды. Бірақ кейінгі жылдары бірінші лигаға қатысушылар тым көбейіп кетті де, тағы бір лига ашу жоспарланып, екінші лига құру идеясы жүзеге асты. 2007-12 жылдары Футболдан Қазақстан әуесқой лигасы ойнатылды. Онда аймақтарға бөлініп ойнатылды. 2007 жылы "Іле-Сәулет" жеңімпаз атанды. 2008, 2009 жылдары жарыс өткізілген жоқ. 2010 жылы қайта жаңғыртылып, Тараздың СКА клубы озып шықты. 2011, 12 жылдары Өскеменнің "Меркурий", Атакенттің "Мақтарал" клубтары жеңімпаз болды. 2013 жылдан бастап кәсіпқой лига деген мәртебе берілді де, "Екінші лига" деген атау алды. Турнир жеңімпазы бірінші лигаға жолдама алатын болды. Сондай-ақ бірінші лигада төменгі орында қалғандар екінші лигада ойнайтын болды. 2013 жылы Шымкенттің ЗСМК клубы кәсіпқой лиганың тұңғыш чемпион атанды. Кейінгі жылдары тиісінше Қызылорданың "Байқоңыр", Астананың "Прогресс КЗ", Алматының "Қайрат-21", Өскеменнің "Алтай", Астананың "Астана Ж" клубтары жеңімпаз атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ФФК сайтында Мұрағатталған 11 наурыздың 2013 жылы.
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2010 — Қазақстан бірінші лигасының 16-маусымы. Өскеменнің "Восток" клубы жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кесте О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2009 — Футболдан Қазақстан бірінші лигасының он бесінші маусымы. 15 команда қатысып, Алматының "Қайрат" командасы жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кесте ## Плей-офф ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2019 — Қазақстан екінші лигасының 11-ші маусымы. 2019 жылы 4 сәуір — 31 қазан аралығында Қазақстан қалаларында өтеді. 15 қаладан 17 команда бірінші лигаға көтерілу үшін күш сынасып, "СДЮСШОР №8 Астана" клубы жеңімпаз атанды. ## Турнир кестесі ## Сыртқы сілтемелер * Барлық матчтар
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2011 — Футболдан Қазақстан чемпионатының он жетінші маусымы. 18 команда қатысып, "Сұңқар" (Қаскелең) клубы жеңімпаз атанды. Чемпионат барысында, атап айтқанда алтыншы турдан соң "Қазақмыс", 22-турдан соң "Гефест" жарыстан шығып қалды. ## Қорытынды кесте
Футболдан Қазақстан бірінші Лигасы 2012 — Футболдан Қазақстан бірінші лигасының он сегізінші маусымы. "Іле-Сәулет" клубы жеңімпаз атанды. Бірақ "Іле-Сәулет" клубы 2013 жылы жоғары лигада ойнаудан бас тартты. Оның орнына екінші орын алған "Восток" жіберілді. ## Қорытынды кесте О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2018 — Қазақстан екінші лигасының 10-шы маусымы. 21 команда қатысып, Астана U-21 клубы жеңімпаз атанды. ## Қорытынды кесте ## Сілтемелер * Барлық матчтар
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2017 — Қазақстан екінші лигасының тоғызыншы маусымы. ## Қрытынды кесте О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2014 — Қазақстан бірінші лигасының алтыншы маусымы. 12 команда қатысып, "Байқоңыр" клубы жеңімпаз атанды. ## Бірінші топ ### Екінші топ ## 11 орын 18.09.2014 «Пронет» (Ақтөбе) 1 - 0 «Каспий»-2 (Ақтау) ## 9 орын 18.09.2014 «Трактор» (Павлодар) 1 - 0 «Шалкар» (Шымкент) ## 7 орын 18.09.2014 «Водник» (Алматы) 1 - 6 Қызылжар-2 (Петропавловск) ## 5 орын 18.09.2014 «Жетісай» (Жетісай) 1 - 1, пен. 4-5 «Вест-Краун» (Ақтөбе) ## 3 орын 18.09.2014 «Рузаевка» 1 - 4 «Каspi Bank» (Алматы) ## Финал
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2016 — Қазақстан екінші лигасының сегізінші маусымы. ## Қорытынды кесте О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2015 — Қазақстан екінші лигасының жетінші маусымы. ## Топтық турнир ### 1 топ ### 2 топ ## 7 орын 17.09.2015 «Вест-Краун» (Ақтөбе) 3 - 0 «Евразия» (Павлодар облысы) ## 5 орын 17.09.2015 «Нардос» (Павлодар) 2 - 2 пен. 5-6 «Пронет» (Ақтөбе) ## 1/2 финал 17.09.2015 «Гефест» (Сарань) 2 - 2, пен. 5-4 «Шалқар» (Шымкент)17.09.2015 «Прогресс KZ» (Астана) 1 - 1, пен. 6-5 «Рузаевка» (Рузаевка) ## 3 орын 18.09.2015 «Шалқар» (Шымкент) 2 - 1 «Рузаевка» ## Финал
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2012 — Қазақстан екінші лигасының төртінші маусымы.
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2010 — Қазақстан екінші лигасының екінші маусымы. 2008, 2009 жылғы үзілістен соң қайта ұйымдастырыла бастады.
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2011 — Қазақстан екінші лигасының үшінші маусымы.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2002 — Қазақстан кубогының он бірінші финалы. "Жеңіс" (Астана) клубы 1:0 есебімен "Ертісті" (Павлодар) ұтты. ## Матч ## Командалар құрамы ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2007 — Қазақстан футболында жаңа лига — Қазақстан екінші лигасының тұсаукесер маусымы. Алматы облысының "Іле-Сәулет" клубы екінші лиганың тұңғыш чемпионы атанды.
Футболдан Қазақстан Кубогы 2017 — Қазақстан кубогының 26-шы турнирі. Сегізінші рет "Қайрат" командасы топ жарды. ## Бастапқы кезең ### А тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### В тобы" О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### С тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ## 1/8 финал 19 сәуір ## 1/4 финала 10 мамыр ## 1/2 финал 24 мамыр — 21 маусым ## Финал
Футболдан Қазақстан Кубогы 2018 — Қазақстан кубогының 27-ші маусымы. "Қайрат" клубы төртінші рет қатарынан жеңімпаз атанды. ## Бастапқы раунд ### А тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### В тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### С тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ### Д тобы О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар ## Плей-офф ### 1/8 финал ### 1/4 финал ### 1/2 финал ## Финал
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2018 — Қазақстан кубогының 2018 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч. 2018 жылы 24 қараша күні Шымкентте өтті. "Қайрат" 1:0 есебімен "Атырауды" ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 15-минутта Александр Соколенко енгізді. ## Матч ### Протокол ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболдан Қазақстан Кубогы 2018 (орыс.)
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2017 — Қазақстан кубогының 2017 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч. "Қайрат" 1:0 есебімен "Атырауды" ұтты. Матч Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 70-минутта Жерар Гоу соқты. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Басқа да фактілер * Екі клуб 2018 жылғы Қазақстан кубогының финалында тағы да кездесті. Ол жолы да 1:0 есебімен "Қайрат" жеңіске жетті.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2009 — Қазақстан кубогының 2009 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч. 2009 жылы 15 қараша күні Астанада өтіп, "Атырау" (Атырау) 1:0 есебімен "Шахтерді" (Қарағанды) ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 34-минутта Денис Зубко соқты. Бұл "Астана Аренада" өткізілген тұңғыш финал. Сондай-ақ "Атыраудың" да бірінші кубогы. ## Матч ## Командалар құрамы ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2008 — Қазақстан кубогының 2008 жылғы жеңімпазын анықтайтын ойын. 2008 жылы 16 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, "Ақтөбе" 3:1 есебімен "Алматыны" ұтты. Бұл — "Алматының" соңғы ресми ойыны еді. Жыл соңында "Мегаспорт" клубымен бірігіп, "Локомотив" клубына айналып кетті. ## Матч ## Дереккөздер
Орталық стадион (Тараз) — Тараз қаласындағы футбол стадионы. "Тараз" клубы өз алаңындағы кездесулерін осында өткізеді. Сыйымдылығы 12 500 адам. Кеңес одағы жылдары "Химик" деп аталды. 2004, 2007 жылдары Қазақстан кубогының финалдық матчтары ойналды. ## Сипаттамасы * Төрт жағында да трибуналар бар. * Сыйымдылығы — 12 527. * Орындықтар — пластик. * Көлемі — 106 м х 68 м. * Төсеніш — табиғи. ## Сілтемелер * "Тараз" ФК сайтында Мұрағатталған 13 сәуірдің 2019 жылы.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2016 — Футболдан Қазақстан кубогының 2016 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч. 2016 жылы 19 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, "Астана" 1:0 есебімен "Қайратты" ұтты. Бұл — Алматыда өткен 14-ші финал. Ойын тағдырын шешкен жалғыз допты 47-минутта Жуниор Кабананга соқты. Айта кетейік, "Астана" бұл маусымда Қазақстан чемпионы атанған болатын. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболдан Қазақстан Кубогы (орыс.)
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2007 — Қазақстан кубогының 2007 жылғы финалдық матчы, 29 қараша күні Тараздағы "Орталық стадионда" өтті. Қостанайдың "Тобыл" командасы Шымкенттің "Ордабасы" футболшыларын 3:0 есебімен ұтты. Матчта Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Руслан Балтиев дубль жасады. Үшінші голды Игорь Юрин енгізді. "Тобыл" футболшылары 2008/09 жылғы УЕФА Кубогына жолдама алды. ## Матч ### Детальдар ## Тағы қараңыз * Футболдан Қазақстан кубогы 2007 * Футболдан Қазақстан суперкубогы 2008 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2019 — Қазақстан кубогының 2019 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч. "Атырау" және "Қайсар" клубтары күш сынасып, негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды да, қосымша уақыттың ең соңғы минутында бір гол соққан қызылордалықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. "Қайсар" командасы 2020/21 жылғы Еуропа лигасы мен 2020 жылғы Қазақстан суперкубогына жолдама алады. "Атырау" қатарынан үшінші рет финалда ұтылды. 2017, 2018 жылдары "Қайраттан" жеңілген болатын. ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * "Қайсар" араға 20 жыл салып Қазақстан кубогын иеленді
* Қожатоғай – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Атамекен ауылының бұрынғы атауы. * Қожатоғай – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1993 — Қазақстан кубогының екінші финалы. Бұл жолы да Алматыда өтіп, Алматының "Достық" клубы "Таразды" 4:2 есебімен ұтты. ## Фактілер * "Достық" өз тарихында бірінші әрі соңғы рет кубокты иеленді. * "Тараз" қатарынан екінші маусым финалда сүрінді. 1992 жылы "Фосфор" деген атаумен қатысқан болатын. ## Матч ### Протокол ## Сілтемелер * https://footballfacts.ru/match/292513-dostykalmaatatarazdzhambul42
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2006 — Қазақстан кубогының 2006 жылғы финалы, 8 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, "Алматы" клубы "Астана" командасын 3:1 есебімен ұтты. Бұл алматылықтардың өз тарихындағы бірінші әрі соңғы рет кубокты ұтуы. ## Матч ### Протокол ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1992 — Қазақстан кубогының тұңғыш финалы, 1992 жылы 8 тамыз күні Алматыдағы "Орталық стадионда" өтті. Алматының "Қайрат" футболшылары мен Жамбылдың "Фосфор" командалары кездесіп, қайраттықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті де, Қазақстан кубогының тұңғыш иегері атанды. ## Матч Матчта қайраттық Юрий Найдовский дубль жасады. "Қайрат" сапынан одан басқа Сергей Волгин, Сергей Климов, Асқар Әбілдаев көзге түсті. "Фосфор" сапынан Литвиненко тек матч бітерде ғана бір гол соқты. Матч жеңімпазына жаңа кубок сыйлау ойластырылған, бірақ Қазақ КСР кубогындағы ауыспалы, бойы жарты метрлік фарфор құмыраны тарту етті. ### Детальдар ### Құрамы ## Сілтемелер * Қазақстан футболы сайтында
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1994 — Қазақстан кубогының 1994 жылғы жеңімпазын анықтаған матч. Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, "Восток" 1:0 есебімен "Актюбинец" командасын ұтты. ## Матч ### Протокол
Футболдан Қазақстан екінші лигасы 2013 — Қазақстан екінші лигасының бесінші маусымы. ## Бастапқы кезең ### Оңтүстік аймақ ### Батыс аймақ ### Солтүстік аймақ ## Финалдық кезең ### 1 топ ### 2 топ ### 3 топ ### 4 топ ### 13 орын 24.09.2013 «Жаңа-Есіл» (Новоишим) 7 - 1 «Каспий»-2 (Ақтау) ### 11 орын 24.09.2013 «Альтаис» (Тараз) 0 - 3 «Сайхан» (Зайсан) ### 9 орын 24.09.2013 ВРЗ (Астана) 0 - 3 ДЮФШ «Оқжетпес» (Кокшетау) ### 1/4 финал 24.09.2013 «Kaspi» (Алматы) 4 - 2 «Талдықорған-Жас» (Талдықорған)24.09.2013 «Трактор» (Павлодар) 2 - 5 ЗСМК (Шымкент)24.09.2013 «Гефест»-2 (Саран) 4 - 0 КОФК «Қайсар» (Қызылорда)24.09.2013 «Вест-Краун» (Ақтөбе) 4 - 1 ТЛФЛ (Теміртау) ### 1/2 финал 26.09.2013 «Kaspi» (Алматы) 0 - 3 ЗСМК (Шымкент)26.09.2013 «Гефест»-2 (Саран) 1 - 0 «Вест-Краун» (Ақтөбе) ### 3 орын 27.09.2013 «Kaspi» (Алматы) 0 - 3 «Вест-Краун» (Ақтөбе) ### Финал 27.09.2013 ЗСМК (Шымкент) 4 - 2 «Гефест»-2 (Саран) ### Плей-офф ## Дереккөздер
Қабылсай, Мансұратсай, Аршабайсай – Арыс алабындағы өзен. ## Географиялық орны Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағымен ағады. ## Бастауы Бастауын Боралдай жотасынан алып, Арыс өзеніне оң жағалауынан құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 87 км, су жиналатын алабы 1280 км2. Қабылсайдың жалпы ұзындығы 40 км болатын 11 саласы бар. ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді. Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. ## Сайлау алғышарты Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинаған. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты, ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді. 2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынды. 9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескен. Сондай-ақ 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесті. ## Сайлау жүйесі Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледі. ## Қаржыландыру Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсалады. 15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз. Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге.. ## Сайлауды өткізу жоспары 2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ сайлау құжаттарының формалары бекітілді. * 10 сәуір — 28 сәуір, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды ұсыну; * 11 мамыр, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды тіркеу; * кандидат тіркелген сәттен — 8 маусым, сағат 00:00 дейін: сайлау алдындағы үгіт; * 28 мамыр: теледебат; * 8 маусым: үнсіздік күні; * 9 маусым, сағат 7:00 мен 20:00 аралығы: дауыс беру күні; * 10 мен 11 маусым аралығы: алдын-ала сайлау нәтижесін шығару; * 11 мен 16 маусым аралығы: сайлау нәтижесін анықтау және сайланған президентті тіркеу. ## Үміткерлерді ұсыну және тіркеу Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХП мен ЖСДП — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты. 2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі білестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсынды. 23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдеді. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгінді. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдыұ мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдеді. 24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды.24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болды. 25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды. ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жариялады 2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болды. 26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды. ### Тіркелген кандидаттар ### Сәтсіз кандидаттар * Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев ("Қазақстанның құрылысшылар одағы" РЗТБ), бұрынғы Мәжіліс депутаты. Өз ұсынысын қайтып алды. * Жұматай Әлиұлы Әлиев («Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі), Орталық Азия Университетінің ректоры. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық емтиханнан өте алмағандықтан, тіркеуден бас тартылды. ## Сайлау науқаны Сайлау алды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созылады.Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек. ### Сайлау қоры Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керек. 2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалды. ## Дебат 2019 жылдың 24 мамыры ҚР Орталық сайлау комиссиясы 29 мамыр күні Астанада президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтетіндігін мәлімдеді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен телевизиялық пікірталастың "Хабар" агенттігі АҚ телевизиялық арнасы эфирінде көрсетілетіндігін және қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленгендігін жеткізді.Аталған регламент бойынша теледебат 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің атауы анықталған: * 1-кезең: Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары. 1-кезеңнің өзі 2 айналымнан тұрады: бірінші айналымда әр кандидат сайлаушыларды өз сайлау алды бағдарламасымен таныстырса, екінші айналымда "сұрақ-жауап" түрінде пікірсайыс сессиясы болады. Кандидаттар өз оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады. * 2-кезең: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. Кезеңнің 1-айналымында кандидаттар тақырып бойынша сөз сөйлейді, ал 2-айналымда жүргізушілер қойған 1 сұраққа жауап қайтарады. * 3-кезең: Сайлаушыларға арнау. Қорытынды кезеңде кандидаттар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді. Теледебат жоспарланған күні, сағат 18:00-де «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтті. Теледебатқа тіркелген 7 кандидаттың төртеуі: Сәді-Бек Түгел, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов пен Жамбыл Ахметбеков өздері қатысса, Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаева атынан «Ақ жол» партиясының Төрағасы – Азат Перуашев және Төлеутай Рақымбековтың атынан «Ауыл» партиясының Төрағасы – Әли Бектаев қатысты. Аталған шараға 41 млн қаражат жұмсалды. ## Сайлау нәтижесі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша сайлауда лауазым иеленушісі - Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны жақтап 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқан. ### Сайлаушылар келімі 2019 жылдың 9 маусымы өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77,4 % дауыс берді. Ең төмен келім көрсеткіші Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматы тіркелді. Аталған қалада тіркелген сайлаушылардың тек 52,2 % дауыс берген. Ең көп келім 89,0 % көрсеткішпен Алматы облысына тиесілі екендігі анықталды. ## Exit poll 2019 жылдың 9 маусымы сағат 7:00 мен 20:00 аралығы «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 13 200, ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 12 мың сайлаушы арасында сауалнама жүргізді. Іріктеме қателігі шамамен +/- 3 %. Exit poll нәтижесі келесідей: ## Ұлықтау рәсімі 2019 жылдың 12 сәуірі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа жаңа сайланған президент куәлігін табыстады. Ұлықтау рәсіміне ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, алайда шетел президенттері шақырту алмаған. ## Құқық бұзушылық ### Сайлауға дайындық Сәуір соңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде аты-жөні көрсетілмеген сайлаушылардан қол жинау парағы анықталғандығы белгілі болған. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа тиесілі екенін растады. Қазақстан Заңнамасына сәйкес сайлау науқаны барысында талаптарға сай емес сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама да Заңнама талаптарына сай болмағандықтан, Қазақстанның екі азаматы 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған. ### Сайлау күні Сайлау күні, яғни 9 маусым күні сайлау учаскелерінде дауыс беру үйшігіндегі сиясы "жанатын" қалам, алдын ала белгіленген бюллетеньдер, бір сайлаушының жәшікке бірден бірнеше бюллетень салуы, учаскеде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруі секілді бірқатар құқықбұзушылықтар орын алған. Алайда ОСК ресми хабары бойынша сайлау күні тек 16 құқық бұзушылық тіркелген. ## Бақылау 2019 жылдың 6 маусымына белгілі ақпар бойынша Қазақстандағы Президент салауына бақылау жүргізуге бірнеше өкілдік қызығушылық танытқан, атап айтқанда: ТМД, ТМД парламент аралық ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы. 15 мамыр күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері мен қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бақылаушыларға арналған тренинг өткізілді. Дәл осы бағдарлама бойынша 10 мың тәуелсіз бақылаушы оқыту көзделіп отыр. 5 маусымға белгілі ақпар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар саны 967 адам, ал Сыртқы істер министрлігі 40-тан астам елден 227 шетел корреспондентін аккредитациядан өткізген.. ### ЕҚЫҰ 2019 жылдың 8 мамыры ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі өкілдігі құрылды. Өкілідік басшысы Ұршыла Әтсектің айтуы бойынша бақылаушылар тобында тек сайлауға дейін емес, сондай-ақ кейін де жұмыс атқаратын Ұлыбритания, Испания, Германия, Белорусь, Польша сарапшылары бар. Өкілдік құрамында барлығы 22 ұзақ мерзімді бақылаушы тіркелген. Өкілдіктің 24 мамыр күні жасаған аралық есебіне сәйкес сайлау науқаны өте әлсіз жүргізілуде және тек үгіт парақтары мен жарнама тақтайларымен шектеліп қалуда. Сайлау науқанын жүргізу қатаң бақылауда, сондай-ақ кандидаттар тек жергілікті билік органдарынан 10 күн бұрын рұқсат алып қана көпшілікпен кездесіп, басқа да шаралар жүргізе алады. ## Наразылық пен сын 9 маусым күні Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген наразылық әрекеттері болып өтті. Алматыдағы наразылық әрекеттері 2017-2018 жылдары Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңы мен қос жағында орналасқан Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшелерінің бойында өткен. Ал Астанада Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайының алдында өткен. Наразылық білдірушілерді ІІМ, полиция және Ұлттық гвардия бөлімшелері оқиға орнынан қоғам қауіпсіздігін және құқықтық тәртіп қамтамасыз ету желеуімен күштеп алып кеткен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, Астанада қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары әрекет барысында қорғану мақсатында тәртіп сақшыларына тас және басқада қолға іліккен заттар лақтырып, бұрыштық бүріккіш қолданған-ды, соның салдарынан үш полиция қызметкері жарақаттанған. ҚР ІІМ Бірінші орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше 9 маусым күні наразылық барысында 500-ге жуық адам тұтқындалған. Бұл ақпарат әйгілі The New York Times басылымында және басқа да шет ел басылымдарында жарияланған. Ұсталғандар қатарында жергілікті және шетел журналистері де бар: «Vlast.kz» интернет-басылымының операторы, режиссер Екатерияна Суворова, «Азаттық» тілшісі Петр Троценко және саясаттанушы Димаш Әлжанов ұсталған. France Press агенттігінде жұмыс істейтін Ұлыбритания жүрналисті Chris Rickleton өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасына ұсталғандығын жариялаған. Rickleton мен оның әріптесі іске Сыртқы істер министрі орынбасары Роман Василенко кіріскенге дейін жергілікті АІІБ-нда екі сағат өткізген. 10 маусым күні де наразылық әрекеттері жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысымен келіспейтіндігін және саяси жүйеге қарсылықтарын білдірген. Сол күні қазақ ақыны, оппозиционер Ринат Зайытов өзінің Instagram парақшасында кешкі сағат 18:00 «Алматы Арена» мұз сарайының маңында сайлау нәтижесі жайлы мәлімдеме жасайтындығы жайлы бейне жариялаған. Кейін желіде ақынның сөйлеп тұрған жерінен тәртіп сақшылары ұстап әкеткен бейне тарап, біршама өнер адамдары мен қарапайым халық ақынның босатылуын талап етіп, Алматы қаласы полиция басқармасының алдында жиналған. Олармен полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті, жиналғандар тек Ринат Зайытов келгеннен кейін тарасқан. ҚР ІІМ кеңесшісінің мәлімдемесі бойынша 10 маусым күні 200-ге жуық адам ұсталып, оның 150-і жауапқа тартылған. Екі күн ішінде Алматы мен Астана қалаларында барлығы 700-ге жуық адам ұсталған. Жаңа сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды. ### БҰҰ мәлімдемесі 2019 жылдың 12 маусымы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы Қазақстандағы сайлау күні және одан кейінгі күндері өткен бейбіт шерулерде азаматтардың ұстылуын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарама-қайша деп тауып, Қазақстан билігін адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды. — UN Human Rights Office calls on Kazakhstan to respect freedoms of peaceful assembly, expression and right to political participation Мәлімдемеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовқа азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді және жазықсыз ұсталғандарды босатуын тапсырды. 13 маусым күні Бас Прокуратура Астана мен Алматы қалаларында өткен "рұқсат етілмеген митингіге" қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылғандығын мәлімдеді. Оның 670-і 6-15 тәулікке қамалып, 115-іне айыппұл салынған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Агрегатор и протоколы результатов выборов в Казахстане * Фото протокола из Актау: 60% за лидера оппозиции при явке 32%. * Еще раз о явке в Казахстане по областям * В очередной раз доказываю, что результаты выборов в Казахстане были нарисованы - Журнал Александра Киреева: о политике, выборах и не только.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1995 — 7 қараша күні Алматыда "Елім-ай" және СКИФ-Ордабасы клубтарының арасында өтіп, "Елім-ай" 1:0 есебімен жеңіске жетті. ## Матч ### Протокол ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1997 — Қазақстан кубогының 1996 жылғы финалы негізінен Ақтаудың "Мұнайшы" және Семейдің "Елім-ай" клубтары арасында 1996 жылы 25 қараша күні өтті. Матчтан алдын екі клуб та Қазақстан футбол федерациясының басшысы Құралбек Ордабаевтың қызметтен кетуін талап етті, кетпеген жағдайда қайсысы финалда жеңсе де кубокты алудан бас тартатынын мәлімдеді. Ойын 2:1 есебімен семейліктердің пайдасына шешілді, бірақ өздері айтқандай кубокты алудан бас тартты. Кейін ол ойынның нәтижесі жоққа шығарылды. 1997 жылы 26 сәуірде жартылай финалда ұтылған екі клуб — "Қайрат" пен "Восток-Әділ" иесіз қалған кубок үшін ойнады. "Қайрат" 2:0 есебімен жеңіске жетті. ## Матч
* №42-темір жол айрығы – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы темір жол айрығы. * №42-темір жол айрығы – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты темір жол айрығы.
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1998 — Қазақстан кубогының 1997-98 жылғы кубогының иесін анықтайтын матч. 1998 жылы 10 маусым күні әдеттегідей Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, "Ертіс" 2:1 есебімен "Қайсар-Харрикейнді" ұтты. ## Матч ### Протокол
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 1999 — Қазақстан кубогының 1998/99 маусымының жеңімпазын анықтайтын матч. "Қайсар-Харрикейн" қатарынан еуінші жыл финалға шықты. 1999 жылы 16 шілдеде Алматыда өтіп, "Қайсар-Харрикейн" және "Восток-Алтын" футболшылары кездесті. Негізі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды да, кубок тарихында жеңімпаз бірінші рет пенальтилер арқылы анықталды. "Қайсар-Харрикейн" 2:0 есебімен жеңіске жетті. ## Матч
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2000 — Қазақстан кубогының 2000 жылғы жеңімпазын анықтайтын матч 2000 жылы 6 шілде күні тұңғыш рет Астанада өткізіліп, "Қайрат" 5:0 есебімен "Аксесс-Голден-Грейн" клубын ұтты. ## Матч ## Дереккөздер
Тоғансай – Сырдария алабындағы өзен. ## Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 69 км, су жиналатын алабы 694 км2. ## Бастауы Қоржынтаудың батысындағы Тұғыртас тауынан басталып, Қабылсай өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Сол арнасы тік жарлы, оң жағы көлбеу. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,5 м³/с. Суы егін суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер