text
stringlengths
3
252k
Виталий Витальевич Кафанов (24 мамыр 1960 жыл, Ашғабад, Түрікмен КСР) — КСРО, Түрікменстан, Қазақстан футболшысы, қақпашы. КСРО, Қазақстан, Түрікменстан клубтарында ойнаған. ## Өмірбаяны 1992 жылы Қазақстан құрамасы сапында 6 ойын өткізді. 1996 жылы Түрікменстан құрамасына да шақырылып, екі матчта алаңға шықты. Қазақстанның үш дүркін, Түрікменстанның бір мәрте чемпионы. Бапкерлік карьерасында Ресей чемпионы атанды ("Рубин" бапкерінің көмекшісі ретінде). Кейін бапкерлікпен айналысты. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * Қазақстан чемпионы: 1992, 1994, 1995 * Қазақстан кубогы: 1992, 1995 * Түрікменстан чемпионы: 1998/99 * Түрікменстан кубогы: 1998 ## Сілтемелер * Биографиясы * Нәтижелер мұрағаты * Профилі * ФК "Рубин" Мұрағатталған 3 мамырдың 2019 жылы.
Оспан Абдуллаұлы Қарашбаев (6 шілде 1962 жыл, Түркістан, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуыл шебінде ойнаған. ## Карьерасы Бүкіл карьерасында тек Түркістанның "Яссы-Сайрам" клубында доп тепкен. Карьеасын 1989 жылы Қазақ КСР чемпионатында бастады (ол кезде клуб "Монтажник" деп аталатын). Бұл маусымда бес кездесуде алаңға шығып, бес рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. 1992 жылы Қазақстан чемпионатында және Қазақстан кубогында бақ сынады. "Монтажник" ширек финалға дейін жетті де, Оспан 3 доппен мергендер көшінде 6 орын алды. 1994 жылы өзінің соңғы маусымында да Қазақстан кубогіндегі мергендер сапында төрт голмен алғашқы үштікке ілінді. Ал клуб бірінші лигаға түсіп кетті де, жасы отыздан асқан Оспан да карьерасын аяқтады. 2004 жылы "Яссы" клубының директоры боп тағайындалды. Бірақ клуб көп ұзамай жабылып қалды. ## Жеке өмірі Ұлы — Самат Қарашбаев та футболшы. ## Жетістіктері ### Жеке * Қазақстан кубогының мергендер көшінде екінші орын: 1994
Самар ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. ## Географиялық орны Аудан батысында Ұлан, солтүстігінде Алтай, Катонқарағай, шығысында Күршім аудандарымен, оңтүстігінде Абай облысының Көкпекті ауданымен шектеседі. ## Тарихы Орталығы Самар ауылы болып Семей округі құрамында 1928 жылдың 17 шілдесінде Семей губерниясындағы Бұқтырма уезінің Тимофеев болысы, Зайсан уезінің Көкпекті болысы, Өскемен уезінің Бөкен болысы бірігуімен құрылды. Оның құрамына 24 ауылдық Кеңес (Александов, Батан, Братск, Бөкен, Қазынақ, Көкпекті, Малороссиск, Мариногорск, Меновновск, Миролюб, Мәскеу, Ново-Архангельск, Олегов, Пантелеймонов, Петропавловск, Подгорный, Преображенский, Прохладненский, Розовск, Самар, Славянск, Тимофеев, Шегелек, Чистоярск) кірді. 1930 жылы 23 шілдеде Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің қаулысымен Қазақстан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасындағы округтік бөлініс жойылып, ірілендірілген аудандық бөліністер құрылды. Самар ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылғы 17 желтоқсаннан республикалық бағыныштылықтағы Көкпекті және Күршім аудандары құрамына енді. Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Көкпекті және Күршім аудандарын ірілендіру барысында құрамында 15 ауылдық кеңесі бар Самар ауданы қайта құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен ауылдық кеңестерді ірілендіру жұмыстары жүрді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Өнеркәсіптік және ауылдық жерлерді бөлу бойынша әкімшілік-аумақтық реформа аясында құрамында сегіз ауылдық кеңесі бар Самар ауылдық ауданы болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Самар ауданы таратылып, оның аумағы Көкпекті ауданының құрамына енді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен 7 маусым күні Көкпекті ауданы құрамынан бөліну арқылы Самар ауданы қайта құрылды. ## Халқы ## Әкімшілік бөлінісі 22 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Әкімдері * Раджан Сейітқанов (06.2022 — 04.2023) * Нұрлан Махамбетов (04.2023 — 08.2024) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Самара ауданы. Әкімшілік өзгерістер
Абдулазиз Хатем Мохаммед Абдулла (араб.: عبد العزيز حاتم محمد عبد الله‎, 28 қазан 1990 жыл, Доһа, Катар) — катарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2019 жылғы Азия чемпионы. Катар Ұлттық құрамасы мен "Әл-Гарафа" клубында ойнайды. ## Карьерасы Ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. 2015, 2019 жылғы Азия чемпионаттарына қатысты. 2019 жылғы Азия чемпионатының финалында Жапония қақпасына екінші голды енгізді. Ойын 3:1 есебімен катарлықтардың пайдасына шешілді. Сондай-ақ Абдуазиз ширек финалда да Оңтүстік Кореяның қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқққан болатын. 2015 жылдан бері "Әл-Гарафа" клубында ойнайды. Оған дейін Доһаның "Әл-Араби" клубында сегіз маусым бойы ешқайда ауыспай ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * Азия чемпионы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Алмоез Али Зайналабаддин Абдулла (араб.: المعز علي زين العابدين عبد الله‎‎‎; 19 тамыз 1996) — катарлық футболшысы, шабуылшы. 2019 жылғы Азия чемпионы. ## Карьерасы Али 1996 жылы Суданда дүниеге келген. "Әл-Духаил" клубының түлегі. Кейін Бельгияның "Эйпен" клубының жастар командасында доп тепті. Кәсіпқой карьерасын аустриялық клубтарда бастады. 2016 жылы туған клубы "Әл-Духаилға" қайта оралды. Ұлттық құрамаға 2013 жылы шақыртылды. Кейін Катардың түрлі жастағы құрамаларында доп тепті. 2019 жылғы Азия кубогында КХДР құрамасының қақпасына төрт гол, Сауд Арабиясы қақпасына екі доп соқты. Финалда Жапонияның қақпасына бір гол енгізді. ## Жетістіктері * Азия кубогы 2019 * Катар чемпионы (2): 2016/17, 2017/18 * Катар әмірі кубогы : 2016, 2018 * Яссим шейх кубогы : 2016 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Акрам Афиф (араб.: أكرم عفيف‎; 18 қараша 1996 жыл, Доһа, Қатар) — катарлық футболшы, шабуылшы. 2019, 2023 жылғы Азия чемпионы. ## Карьерасы "Әл-Садд" клубының түлегі. 16 жасында Испанияның "Севилья" клубына жалға берілді. 2015 жылы Бельгияның "Эйпен" клубы сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Бір жылдан соң оны "Вильярреал" сатып алғанымен, жылда түрлі клубтарға жалға беріліп, вильяреалдықтар сапында бір де ресми матчқа қатыспады, қазір туған клубы "Әл-Садд" клубында арендада ойнайды. 2015 жылы ұлттық құрамаға шақырылды. 2019 жылғы Азия кубогына қатысып, финалда Жапонияның қақпасына бір гол соқты. ## Жетістіктері * Азия чемпионы: 2019, 2023 * Азия кубогының үздік мергені: 2023 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Зайед Спорт Сити (қаз. Зайед спорт қалашығы) — Біріккен Араб Әмірліктері астанасы Абу-Дабидегі спорт комплексі. БАӘ-нің бірінші президенті Зайед Ән-Нахаянның құрметіне арналған. ## Спорттық нысандары * Шейх Зайед стадионы * Теннис комплексі * Абу-Даби мұз айдыны * Халықаралық боулинг-орталық * 6 жабық теннис корты * 5 футбол алаңы * 3 нетбол алаңы * 3 регби алаңы * софтбол, волейбол алаңдары * Гимнастика және фитнес залдары * Бокс рингтері * Конференц-залдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайт * Zayed Sports City Abu Dhabi
Хорсберг аралы - Австралия аумағында орналасқан Үнді мұхитындағы Кокос аралдарындағы адам тұрмайтын арал. ## Географиялық орналасуы Норт-Килинг атоллынан оңтүстікке 25 км, Перттан солтүстік батысқа 2940 км, Дарвиннан батысқа 3695 км, Рождество аралынан оңтүстік батысқа 960 км, Ява және Суматра аралдарынан оңтүстік батысқа 1000 км жерде орналасқан. Аралда теңіз құстары өмір сүреді. Аралдағы флора басқа аралдардан аса ерекшеленбейді, көбінесе пальма туысына жататын біржарнақтылар кең таралған. ## Климат Климаты муссонды, жазда жауын-шашын болады, ал қыста болмайды. Орташа температура +24°С. Ең ыстық ай -қаңтар: +25 °C, ең суық ай — қыркүйек: +24°С. Орташа жауын-шашын мөлшері жылына 1557 мм құрайды. Жауын-шашынды ай - ақпан, ең құрғақ ай - қазан.
Буалем Хухи (араб.: بوعلام خوخي‎; 7 қыркүйек 1990 жыл, Бу-Исмаил, Алжир) — катар футболшысы, Катар Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Садд" клубының шабуылшысы. 2019 жылғы Азия чемпионы. Буалем Алжирде дүниеге келген. Тіпті Алжир Олимпиада құрамасында да ойнаған. Бірақ 2013 жылы Катар құрамасына шақырту алып, сонда ойнай бастады. ## Жетістіктері ### Командалық * Батыс Азия чемпионатының жеңімпазы: 2014 ### Жеке * Батыс Азия чемпионатының үздік мергені: 2014 (6 гол) ## Қатысқан турнирлері * Футболдан Азия кубогы 2015 * Футболдан Азия кубогы 2019 ## Сілтемелер * Буалем Хукни Катар құрамасына шақырту алды Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы. * Куъи Катар азаматтығын алды Мұрағатталған 2 қаңтардың 2014 жылы.
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. * 1958 ж. құрылды. * 1996 ж. университет мәртебесі берілген. * 1997 жылдан Д.Серікбаев есімімен аталады. * Оқу орны 1958 жылдан бері еліміз үшін 50 мыңнан астам инженерлер, тау-кен мамандарын, ақпараттық технология мен энергетика салаларының жоғары білімді мамандарын даярлады. * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2020 жылғы 02 маусымдағы № 345 бұйрығымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ КЕАҚ болып қайта құрылды. Қазіргі күні университеттің 6 мектеп, 2 факультет, әскери кафедра және Жоғары ІТ колледжы бар. Университетте 11 мыңнан астам студент оқиды. Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет “университет-технопарк” аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. ## Қазіргі университет Университет 6 мектептен, 3 факультеттен, әскери кафедрадан және Жоғары IT-колледжден тұрады: * Foundation * Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі * Базалық инженерлік дайындық факультеті * Бизнес және кәсіпкерлік мектебі * Гуманитарлық білім беру және дене шынықтыру мектебі * Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары IT колледж * Дәстүрлі және балама энергетика мектебі * Әскери кафедра * Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебі * Машина жасау мектебі * Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі ### Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі 1988 жылы«Сәулет-құрылыс факультеті» құрылды, оны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гольцев Анатолий Григорьевич басқарды. 1989 жылы факультет ғылым кандидаты, доцент Анисимов Юрий Владиславович басшылық еткен сәулет және 1993 жылға дейін А.Г Гольцев жетекшілік еткен құрылыс факультеті болып қайта құрылды.Сәулет-құрылыс факультеті 2006жылы бұрынға сәулет және құрылыс екі факультетін біріктіру арқылы құрылды. Қазіргі кезде факультетте 1700студент бакалавриаттың 9 және магистратураның 5 бағыты бойынша оқиды. Факультет құрамына 5 кафедра кіреді, оның 4-і сәулет, дизайн, құрылыс, су ресурсы, стандарттау және метрология, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы, құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісі, ағаш өңдеу технологиясы, орман шаруашылығы ісі бағыттары бойынша мамандарды даярлап шығарады. 13 профессор, 48 ғылым кандидаттары мен доценттер, барлығы: 123 адамнан тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, оқу және ғылыми зертханалардың ірі материалдық-техникалық базасы мамандарды дайындаудың жоғары сапасының кепілі болып табылады. Барлық мамандықтардағы оқу жоспарлары мен курстардың мазмұны дамудың «Унивеситет - Технопарк» инновациялық үлгісіне, заманауи нарықтық қатынас-кіші және орта бизнес, жоспарлау және құрылыс бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыруда білім алу мен дағдылануға, дизайн, ғимараттарды, үймереттерді, су-газ және жылу беру құрылымын қайта құру мен жөндеуге бағытталған. Факультетте барлық мамандықтардағы студенттердің математика, физика, информатика, шет тілдері, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық деңгейдегі дайындықтары да қарастырылған.Құрылғаннан бері факультет өңірдің, Қазақстан Республикасы мен одан тысқары жерлердің кәсіпорындары мен ұйымдарында сәтті еңбек етіп жатқан 10 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды. ### Тау-кен металлургиялық факультеті Тау-кен металлургиялық факультеті 1995 жылы құрылған. Тау-кен металлургиялық факультетінің құрылуы заңды болып табылады және де аймақ ерекшелігімен байланысты, онда Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалар кенорындарының көп бөлігі, сол сияқты, ірі кен-металлургиялық кешеннің кен өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған. Олардың қалыпты жұмыс істеуі көбінесе инженерлік кадрлардың біліктілігіне байланысты, бұларды оқыту мен дайындау аталған факультетте жүзеге асырылады. Факультет аймақта өте қажет етілген мамандық алу мүмкіндігін береді, мұнда кен-металлургиялық кәсіпорындар базалық болып табылады. Қазіргі кезде факультетте * бакалавриаттың 8 мамандығы, * магистратураның 8 * және докторантураның 2 бағыты бойынша 2000 студенттен артық адам оқиды. ### Машина жасау мектебі Машинажасау және көлік факультеті университеттің ең алғаш ашылған әрі аймақтағы бірден бір факультеті. Оның түлектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің барлық аймақтарында жемісті еңбектенуде, олар жоғары беделге ие. Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады – бұл 129-дан артық оқытушы, соның ішінде 65 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың арасында: тоғызы – ғылым докторы, он екісі – профессор. Кафедралар:Технологиялық машиналар мен жабдықтар.Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы.Көлік және логистика.Техникалық физика.Философия және адамның даму проблемалары. Оқу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік лицензиялар барлық мамандықтарға берілген. Машинажасау және көлік факультетінің кафедралары жақсы материалдық-техникалық негізге ие, олардың ғылыми-зерттеу және техникалық зертханалары, "Машиналар мен механизмдер сенімділігі проблемалары" (т.ғ.д., профессор Ж.О.Құлсейітов), «САТиМ» ғылыми-техникалық орталықтары, және де "ЭТОРА" автотехникалық сынау орталығы бар. Студенттерді өндірістегі кафедралар филиалдарында практикалық дайындау кең түрде қолданылады. Гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану пәндері бойынша барлық студенттер дайындығының базалық деңгейі ескерілген. ### Бизнес және кәсіпкерлік мектебі Факультет дербес бөлімше ретінде 1993 жылдан бастап іс-әрекет етеді. Факультетте 6 кафедра бар, соның ішінде 3-уі шығарушы болып табылады: * Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу. * Қазақстан тарихы және құқық. * Экономикалық теория және нарық. * Қаржы, есеп және салық салу. * Кәсіпорын экономикасы. * Инновациялық менеджмент. Факультетте оқыту қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқу түрлері бойынша жүргізіледі. ### Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі Факультет құрамына келесі кафедралар кіреді: * «Ақпараттық жүйелер». * «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» . * «Өнеркәсіптік энергетика» . * «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» . * «Жоғары математика» . * «Шетел тілдері» . Оқытушылар – 2007 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері: * Е.М.Тұрғанбаев – АТЭФ деканы. * Н.Г.Хисамиев – «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі. * Д.Л.Алонцева – «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы. * М.Т.Ипалақова – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы. ### Әскери кафедра Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы студенттердің әскери дайындығы - жүйелі және мақсатты түрде жүргізілетін оқыту және тәрбиелеу үдерісі.Әскери кафедрадағы студенттердің әскери дайындығы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен білім және ғылым Министрлігінің басқарушы құжаттарының негізінде жүргізіледі. Әскери кафедрадағы әскери дайындықтың оқыту үдерісін ұйымдастыру мынадай жұмыстардан құралады: оқыту жұмысы; оқытушылар мен оқытушы көмекшілердің кәсібін жоғарлату; әдістемелік жұмыс; әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстары; оқыту үдерісін техникалық құралдар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары; студенттердің әскер-патриоттық тәрбиесіне қатысты және жалпылама қорғану жұмыстары; ішкі тәртіпке байланысты жұмыстар; студенттердің әскери бөлімдердегі жиналыстары; зачеттар, курстық жұмыстар, бітіру экзамендері. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін төрт түрлі әскери мамандық дайындайды: * ВУС 021001– «Жаяу әскердің соғыс машиналарында мотобағыттық бөлімшелер, бөлімдер мен қосылымдарды пайдалану» * ВУС 310101– «Әскердің соғыстық және шаруашылық істерінің экономикасы және оларды қаржылық қамсыздандыру» * ВУС 420201 –«Базалық танкы машиналарын қирату және жөндеу» * ВУС 560201– «Көпқырлы қолданыстағы автомобильді техниканы қирату және жөндеу жұмыстары» Әскери кафедра штаттық тізбек бойынша келесідей құрамнан тұрады: * Профессорлық-оқытушылық құрамы – 17 адам; * Инженерлік-техникалық құрамы – 4 адам; * Оқыту-көмекшілік құрамы – 7 адам; БАРЛЫҒЫ – 28 адам.Кафедрада оқитындар саны – 528 студент. ### IT-колледж ШҚМТУ колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 08.07.1999ж. №340 бұйрығы негізінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Мектеп – колледж – университет» жүйесіндегі үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылды. Оқытушылар құрамы тәжірибелі педагогтармен жиынтықталған. Колледждегі сабақтарды колледж оқытушылары ғана емес, сол сияқты университеттің тәжірибелі оқытушыдлары да – ғылым кандидаты, доцент және профессор ғылыми дәрежесі бар мамандар да жүргізеді. Оқушылардың пайдалануына университеттің зор материалдық-техникалық базасы берілген: кітапхана, спорт залдары, оқу кабинеттері және зертханалар, компьютерлік сыныптарда орналасқан жаңа деңгейдегі дербес ЭЕМ.Колледждің 1-ші курсына – 9- немесе 10-сыныпты, 2-ші курсына 11-сыныпты бітірген жастар қабылданады. Таңдап алынған мамандыққа байланысты колледжде 9-сынып негізінде оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай және 3 жыл 10 ай. 11-сынып негізінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай және 2 жыл 10 ай. Колледждегі сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Күндізгі оқі түрінің 1000-нан артық оқушысы компьютерлік, автомеханикалық, тау-кен металлургиялық, сәулет-құрылыс, жол және экономика-басқарушылық мамандықтар бойынша екі бөлімде оқиды: техникалық, ақпараттық технологиялар және басқару. 2004 жылдан бастап колледжде сырттай оқу бөлімі ашылды, онда 600-ден артық оқушы оқиды. Колледж оқушылары үшін келешекте өз білімдерін күндізгі оқу түрінің, сол сияқты сырттай оқу түрінің тиісті немесе сабақтас мамандықтары бойынша ШҚМТУ-де жалғастырудың үлкен мүмкіндігі бар. ## Тарихы 1958 жыл. 5 тамызда КСРО Министрлерлер Кеңесі № 866 қаулысы және 30 тамыздағы Қазақ КСР Министрлерлер Кеңесі № 765 қаулысы негізінде Өскемен құрылыс жол институты құрылды. ӨҚЖИ-дің бірінші ректоры Д.М.Серікбаев болды. Шығыс Қазақстан облысында техникалық жоғарғы оқу орнының ашылуы бұл өңірдегі экономиканың қарыштап дамуы және оған деген инженерлі-техникалық мамандардың қажеттілігін толтырумен байланысты болды. Оқу корпустарын, студенттер жатақханаларын, спорттық алаңдармен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық Кеңестің депутаттары Ертіс өзенінің жағасынан 66 га жерді бөліп берді. Алғашқы жылдары ЖОО құрылыс техникумының оқу корпусында, жобалаушы институт «Казгипроцвет»-тің әкімшлің ғимаратына орналастырылды, ал студенттер Шығысмашзаводтың 400 орындық жатақханасында тұратын болды. Өндірістік және азаматтық құрылыс, бетонды және темірбетонды заттар мен құрастырмаларды өндіру, құрылыс-жол машиналары мен құрал-жабдықтары, автомобиль жолдары мен автомобиль транспорты мамандықтарына 175 адам қабылданды, соның ішінде күндізгі оқу бөлімінеде - 100 адам, сырттай оқу бөлімінеде 75 адам болды. Институт құрамына 8 кафедра кірді: маркзим-ленинизм, химия, жоғарғы математика, физика, сызба геометриясы мен графикасы, теориялық механика, құрылыс механикасы, геодезия, онда 13 оқытушы жұмыс істеді, соның ішінде 3 ғылым кандидаты мен 10 лаборанттар. 1959 жылы құрылыс, автомеханикалық факультеттері құрылған соң, металдар технологиясы жене арнайы дайындық кафедралары мен бұрынғы құрылыс механикасы, теориялық механика, жоғарғы математика, марксизм-ленинизм кафедралары автомеханикалық факультетке қарайтын болды, ал қалғаны құрылыс факультетінің құрамына кірді. 1959 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен бүкіл кеңестік сырттай инженерлі-құрылыс институты негізінде сырттай оқу факультеті құрылды. 1960 жылы дене тәрбиесі мен спорт кафедрасы құрылды, оны Левченко Б.Ф. басқарды. 1961 жылы ӨҚЖИ-де профессорлар-оқытушылар мен студенттер құрамында бірінші ғылыми-техникалық конференция өтті. 45 оқытушы мен 10 студенттің ғылыми докладтары тыңдалып, талқыға түсті. 1962 жылдан бастап Зырян қаласында жалпытехникалық жұмыс істеді. 1962 жылы институтты сәулет өнерінің докторы, профессор Сидоров А.К. басқарды. 60 жылдардың басы есептеу орталығын құруға жатады. 1962 жылы Минск қаласына арнайы дайындықтан өту үшін Каханов А. А., Смирнов Б. П., Коровина А. В., Чернявский В. С., Макарцев М. И. жіберілді. 1963 жылы институт бірінші 79 жас мамандар, оның ішінде 8-і "ерекше диплом"-мен даярлап шығарды. 1965 жылы институттың 3000 кв. м бас корпусы мен 516 орынға арналған жатақхана мен 48 пәтерлі тұрғый пайдалануға берілді. 1966-1967 жылдар аралығында зертханалық корпус, мәдени шаралар залы мен спорт зал, кітапхана, 3-ші жатақхана пайдалануға берілді. Материалдық-базаның үлкеюі студенттер санының көбеюі мен сәулет (1964 ж.), инженерлі-кономикалық (1965 ж.), суландыру және канализация (1967 ж.) факультеттерінің ашылуына әсер етті. 1967 жылдң 25 ақпанында институттық газет «За знание»-нің бірінші нөмірі жарыққа шықты. Оның редакторы болып КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі доцент Савостенко В бекітілді. 1967 жылдан бастап біліктілігін көтеру кафедрасы жұмыс істеді. Өзінің 10 жылдық мерейтойы жылында институт 1550 адамды қабылдады, соның ішінде 725 адам іштей оқу бөліміне болды. Барлығы 35 кафедрада 340 оқытушы жұмыс істеп, оның 36-ы түрлі ғалымдар болды 1972 жылы Алматы қаласында ӨҚЖИ-дің кешке оқыту филиалы ашылды. Оның материалдық базасын республиканың автомобиль жолдары министрлігі қаржыландырды. 1972 жылы жалпы инженерлік факультет құрылып, 13 кафедра жалпы инженерлік мамандықтарды мен 1,2 курстың 54 тобын біріктірді. Деканы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Токмурзин О. Т. болды. 1974 жылы Халық шаруашылығы көрмесіне белсене қатысқаны үшін ӨҚЖИ Қазақ ССР-нің I дәрежелі ВДНХ дипломымен марапатталды. 1975 жылы 500 орындық клуб-асхана мен 5-ші студенттер жатақханасының негізі қаланды. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Шығыстағы жетекші орынды растай отырып, "Top regional univerties" номинациясында "Лидер Науки- Wed of Science Awards" -2020 беделді сыйлығының иегері атанды. ## Ректорлары * 1958 - 1962 Серікбаев Даулет Мірқасімұлы * 1962 - 1986 Сидоров Анатолий Константинович * 1986 - 2000 Баталов Юрий Васильевич * 2000 - 2003 Геннадий Николаевич Гамарник * 2003 - 2010 Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы * 2010 - Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы * 2015 - 2022 Шаймарданов Жасулан Кудайбергенович * 2022 - Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы ## Дереккөздер ## Әлеуметтік желілер * Youtube * Facebook * Twitter * Вконтакте * Instagram * Linkedin * Tiktok(қолжетпейтін сілтеме) * Telegram
Тарек Салман (5 желтоқсан 1997 жыл); — катарлық футболшы, Катар Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Садд" (Катар) клубының қорғаушысы. 2019, 2023 жылғы Азия чемпионы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі * Профилі
Хассан аль-Хайдос (араб.: حسن الهيدوس‎, 11 желтоқсан 1990 жыл, Доһа) — катарлық футболшы, "Әл-Садд" клубы мен Катар Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 2019 жылғы Азия чемпионы. ## Жетістіктері * Азия чемпионы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
Ахмед Алаелдин ({{lang-ar|أحمد علا 31 қаңтар 1993 жыл, Доһа) — катарлық футболшы, "Әл Гарафа" (Катар) клубы мен Катар Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 2019 жылғы Азия чемпионы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Анколе (Нколе) — XV-XVI ғасырларда қазіргі Уганда аумағында Виктория көлінен солтүстік—шығысқа қарай орналасқан африкандық мемлекет. Мемлекет негізін Нколе халқы құрды. Астанасы — Мбарара. XVII—XVIII ғасырларда Анколе басшылары Китара мемлекетінің мемлекетіне алым-салыәқ төйледі. XIX ғасырда Анкола Бугандаға тәуелді феодалдық мемлекет атанды. 1890 жылдың ағылшын-герман келісіміне сәйкес Анколе мемлекеті Британдық империяның ықпал ету аясына кірді, ал 1901 Англия бұрынғы Уганда протекторатының құрамына Анколені қосты. ## Тағы қараңыз * [1] - Буганда * [2] - Китара * [3] - Британдық империя
Халид Ейса (араб.: خالد عيسى‎, 15 қыркүйек 1989 жыл) — араб әмірліктерінің футболшысы, БАӘ Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Айн" клубының қақпашысы. ## Жетістіктері * БАӘ чемпионы (2): «Әл-Жазира»: 2010-2011«Әл-Айн»: 2017-2018 * БАӘ президенті кубогы (3): «Әл-Жазира»: 2010-2011, 2011-2012«Әл-Айн»: 2017-2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профиль (Goal.com) Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы.  (итал.) * Профиль (footballdatabase.eu)  (ағыл.)
Мұхамед Ахмед (араб.: محمد أحمد‎‎, 16 сәуір 1989, Дубай) — араб әмірліктерінің футболшысы, БАӘ Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Айн" футбол клубының қорғаушысы. ## Жетістіктері * БАӘ чемпионы (2): «Әл-Айн»: 2012-2013, 2017-2018 * БАӘ суперкубогы (1): «Әл-Айн»: 2012 * БАӘ кубогы (2): «Әл-Шабаб» (Дубай): 2010-2011«Әл-Айн»: 2017-2018 ## Сілтемелер * Профилі (footballdatabase.eu)  (ағыл.)
Карим Будиаф (фр. Karim Boudiaf, араб.: كريم بوضياف‎, 16 қыркүйек 1990 жыл, Рюей-Мальмезон) — катарлық және франциялық футболшы, Катар Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. 2019 жылғы Азия чемпионы. Қазір Катардың "Әл-Духаиль" клубында доп тебеді. ## Жетістіктері * Азия чемпионы: 2019 ## Сілтемелер * Профилі
Мұхамед Ахмед Исмаил (араб.: اسماعيل احمد اسماعيل‎, 7 шілде 1983 жыл) — Араб әмірліктер футболшысы, тегі марокколық, "Әл-Айн" клубында доп тебеді. 2015, 2019 жылдары Азия кубогына қатысты. 2018 жылғы клубтар әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. 2012-19 жылдары БАӘ Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Сілтемелер * Профилі
Саад Әл-Шиб (Эш-Шиб, араб.: سعد الشیب‎, 19 ақпан 1990 жыл, Доһа, Қатар) — катарлық футболшы, Катар Ұлттық құрамасы мен "Әл-Садд" клубының қақпашысы. 2019 жылғы Азия чемпионы. 2011, 2015, 2019, 2023 жылғы Азия чемпионаттарына қатысқан. Бүкіл карьерасында тек "Әл-Садд" клубында ғана ойнаған. ## Жетістіктері ### Клубтық * АФК Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2011 ### Халықаралық * Азия чемпионы: 2019, 2023 ## Сілтемелер
Шуичи Гонда (жап. 権田修一 Гонда Сю:ити; 30 наурыз 1989 жыл, Токио, Жапония) — жапон футболшысы, Жапония Ұлттық футбол құрамасының қақпашысы. 2011 жылғы Азия чемпионы. ## Қатысқан турнирлері * Азия кубогы: 2011 * Жазғы Олимпиада ойындары: 2012 * Конфедерациялар кубогы: 2013 * Әлем чемпионаты: 2014 * Азия кубогы:2019 ## Дереккөздер
Фахд Падиша кубогы 1995 — турнир тарихындағы екінші және осы атаумен өткізілген соңғы жарыс. 1997 жылдан бастап турнир "Конфедерациялар кубогы" деп аталды. Турнир 6 - 13 қаңтар күндері Сауд Арабиясында өткізіліп, Дания футболшылары жеңімпаз атанды. ## Қатысушылар * Сауд Арабиясы — турнир қожайыны * Аргентина — 1993 жылғы Америка чемпионы * Нигерия — 1994 жылғы Африка чемпионы * Дания — 1992 жылғы Еуропа чемпионы * Мексика — 1993 жылғы КОНКАКАФ чемпионы * Жапония — 1992 жылғы Азия чемпионы ## Топтық турнир ### А тобы ### В тобы ## Плей-офф ### 3-орын ### Финал ## Дереккөздер
Есжанов текті тұлғалар: * Ерғали Есжанов – домбырашы, күйші, Құрманғазының шәкірті.
Фахд Падиша кубогы 1995 (финал) немесе 1995 жылғы Конфедерациялар кубогының финалы — 1995 жылы 13 қаңтар күні Эр-Риядтағы Фахд Падиша стадионында өтті. Дания футболшылары 2:0 есебімен Аргентинаны ұтты. ## Қатысушылар * Дания — 1992 жылғы Еуропа чемпионы, Конфедерациялар кубогына бірінші рет қатысты. * Аргентина — 1992 жылғы осы турнирдің жеңімпазы, қатарынан екінші рет финалға шықты. ## Матч ### Шолу Ойынның сегізінші минутында есеп ашқан Микаэль Лаудруп матчтың үздік ойыншысы атанды. 75-минутта Расмуссен есепті еселеді — 2:0. Осы есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ. 88-минутта екінші ескертуін алған аргентиналық Хосе Антонио Шамот алаңнан қуылды. ### Детальдары ### Жейделері ### Құрамы ## Дереккөздер
Фахд Падиша кубогы 1992 (финал) (ағыл. 1992 King Fahd Cup Final) — 1992 жылы 20 қазан күні Эр-Риядтағы Фахд Падиша стадионында өтті. Аргентина футболшылары 3:1 есебімен Сауд Арабиясын ұтып, турнир тарихындағы тұңғыш жеңімпазы атанды. Аргентиналық шабуылшы Клаудио Каниджа матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол 24 минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Аргентиналықтардың қалған екі голын Леонардо Родригес пен Диего Симеоне енгізді. Арабтардың жалғыз голын Сайд әл-Овайран соқты. ## Финалға дейінгі жол ## Матч ## Дереккөздер ## Сілтемелер * www.rsssf.com сайтындағф матч протоколы
Атакент кенттік әкімдігі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Атакент кенті кіреді. Орталығы – Атакент кенті. ## Дереккөздер
Есім Байғаскин (1893, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Ортақшылдар болысының 2-ауылы (қазіргі Амангелді ауданы) — 1937, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері. * 1919—1923 жылдары. кеңестердің Ақмола облысы атқару комитетінде қызмет етті. * 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түсті. * 1925—1937 жылдары “Ақ жол” газетінде редактор болды. * 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырады. ## Саяси өмірі Алаш қозғалысына қатысқан қайраткер, отандық баспасөз және оқу-ағарту ісі ұйымдастырушыларының бірі. * Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1914-1918 жылдары Омбы гимназиясында оқиды. Осында жастардың «Бірлік» ұйымының жұмысына қатысады. Төңкерістер уақытында 1918 жылы 5-13 сәуірде Омбы қаласында өткен алашшыл жастардың тұңғыш сиезіне қатысады. Жаңадан өсіп келе жатқан С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы сынды катарлас қайраткерлермен достық байланыста болады. Ол аталған сиезде құрылған «Жас Азамат» ұйымына кіреді. * Алаш қозғалысы қаркын алған жылдары Ақмола облыстық Алаш комитеті жұмысына атсалысады. * Кеңес билігі толық орнағанда, Ақмола облыстық атқару комитетінде қызмет атқарады. Қазақ секциясының нұсқаушысы, халық ағарту бөлімінің қызметкері болады. * 1924 жылы Түркістанға қоныс аударып, Ташкенттегі Орта Азия университетінің экономика факультетіне оқуға түседі. Оны 1928 жылы бітіріп шығады. * Осында жүріп, «Ақ жол» газетімен, Қазақ халыққа білім беру институтымен тығыз байланыс орнатады. Аталған екі мекеменің бірінде журналист, бірінде оқытушы болды. * 1925 жылы Мәскеуден Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен шыққан «Қазақша-орысша тілмаш» сөздігін құрастыруға М.Бұралқыұлы, А.Байтасұлы, Ғ.Дәулетбекұлы, М.Сәрсенбайұлы сынды азаматтармен бірге қатысады. * Оқуын тамамдаған соң «Средазбюрода», аудандық атқару комитетінде жауапты қызметтер атқарады. * 1932 жылы Шымкентте жұмыс істейді, ал 1934 жылы Алматыға қоныс аударып, Алматы зооветеринарлық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) директоры қызметін атқарады. Осы кезде Алаш қайраткерлері жаппай репрессиялана бастағаны мәлім. Есімнің бұл шақта айтқан бір әңгімесі қазір аңыз болып айтылады. (деректі жеткізген Ғаббас Дәулетбекұлының әйелі Хабибжамал). Бір кызығы, қайраткердің жары Құсни кейінірек «Социалистік Қазақстан» газетінде машинистка болып жұмыс істепті. * Есім Байғасқаұлы 1937 жылы қазан айында тұтқынға алынып, кешікпей атылған. Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың дерегіне қарағанда, күйеуі ұсталғаннан кейін Құсни НКВД-ға жұбайымен жолыктыруды өтініп хат жазған. 5-6 айдан соң оны ерімен кездестірген. Сонда әйелі Есімнің әбден азапталғанын өз көзімен көрген. Ал, Құсниды шиеттей балаларынан бөліп «халық жауының әйелі» ретінде алғаш сол Есім жатқан түрмеге қамап, кейін «Карлагқа» айдаған. ## Дереккөздер
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (13 мамыр 1964 жыл, Сапақ ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері, журналист. ## Өмірбаяны ### Отбасы және балалық шағы 1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді. Руы Кете. 1981-жылы Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді. 1981-1982 жылдар – Жаңақазалы стансасындағы  №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі. 1982-жылдан – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті. 1983-1985-жылдары – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы). 1985-жылы оқуын жалғастырды. Факультет комсомол комитетінің хатшысы боп сайланды. Лениндік стипендия иегері болды. 1989-жылы университетті үздік тәмамдады. Әкесі - Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы - Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова. Жұбайы - Роза Мұратқызы Қосанова. Балалары - Индира, Томирис, Ғалымжан ### Қызмет жолы және саяси мансап * 1989 жылдың наурызынан – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі. * 1990 жылдың маусымында балама негізде (4 үміткердің арасынан) Алматы қаласы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы боп сайланды. * Кейінірек – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жастар істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы. * 1993 жылдың сәуірінен – Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. * 1994 жылдың наурызынан – ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрінің орынбасары. * 1994 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы – Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің жетекшісі. * 1998 жылдың наурызынан – «Реформа» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының президенті. * 1998 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП) атқару комитеті төрағасының орынбасары. * 2000 жылдан – ҚРХП атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан демократиялық күштері Форумының теңтөрағасы. * 2006 жылдың сәуірінен – «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) қозғалысының бас хатшысы. * 2006 жылдың қыркүйегінен – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) төрағасының бірінші орынбасары. * 2009–2012 жылдары - біріккен оппозициялық «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы. * 2012 жылдан – тәуелсіз саясаткер. Саяси көзқарасы үшін қылмыстық айып тағылып, бір жыл бас бостандығынан шартты түрде айырылған (2003 жыл). Рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырып, жүргізгені үшін үш рет 15 тәулікке абақтыға қамалған. Оның өзіне және отбасына қарсы бірнеше дүркін арандатулар мен үркіту акциялары ұйымдастырылған. 1998 жылы маска киіп, қолына шоқпар ұстаған бір топ адам түн ішінде оны үйінің маңында аяғы ауыр жұбайының көзінше аяусыз соққыға жықты. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. 2000 жылдың басында түн жамылған қаскөйлер пәтерінің есігін сыртынан бетондап кетті. Терезесіне тас лақтырды. Тіпті келесі күнге оның жаназасын тағайындап, мәйітін алып жүруге қажетті автокөлікке тапсырыс берілген, жерлеу рәсімінің ақшасы төленген! 2018 жылы әріптестерімен бірге «Жаңа Қазақстан» Форумын құрды. Оның құрамына танымал қоғам қайраткерлері енді. Бірақ Форум тіркелуден өте алмады. 2019 жылы 9 маусымда өтетін сайлау алдында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелді. Сонымен қатар ол сайлауға түскендегі мақсаты жеңіс емес екенін де айтқан еді. ## Марапаттары * 1994-жылы Қазақ теледидарында жасаған авторлық хабарлар циклі үшін Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты атанды. * Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. * 2002-жылы Орта-Азиялық саяси зерттеулер агенттігі оны «Жыл саясаткері» атады. * Мақалалары баспасөзде жиі жарияланып жүр, бірқатар республикалық басылымдарда авторлық бағаналар жүргізіп келеді. * Өлеңдері поэзиялық жинақтарда, әдеби журналдар мен газеттерде жарияланған. ## Дереккөздер
Оңдасын Сейілұлы Оразалин (6 қараша 1963 жыл, Ақтөбе қаласы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының әкімі (2019—2022). ## Өмірбаяны Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылдың 6 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы №19 мектепті бітірген. * 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтында ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. * 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. ### Еңбек жолы * Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы (1985-1988 ж.); * Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің секретары (1988-1990 ж.); * «РИКА-ТВ» ЖШС-да жарнама ақпараттық-коммерциялық агенттігі бөлімінің басшысы (1990-1993ж.); * «Банк - РИКА» ААҚ-ның басқарма төрағасы (1993-1999ж.); * «Облтрансгаз» ЖАҚ-ның, «Ақтөбегаз» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы(1999-2000ж.). * Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003ж.); * Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы (2003-2004ж.); * Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (09.2004-09.2005ж.); * Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (09.2005-11.2006ж.); * 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы; * 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; *03.2008-10.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 2008-05.2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 05.2014 - 22.03.2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі; * 22.03.2017-25.02.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. * 26.02.2019 — 31 тамыз 2022 ж. Ақтөбе облысының әкімі. ## Дереккөздер
Оңдасын Сейілұлы Оразалин (6 қараша 1963 жыл, Ақтөбе қаласы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының әкімі (2019—2022). ## Өмірбаяны Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылдың 6 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы №19 мектепті бітірген. * 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтында ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. * 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. ### Еңбек жолы * Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы (1985-1988 ж.); * Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің секретары (1988-1990 ж.); * «РИКА-ТВ» ЖШС-да жарнама ақпараттық-коммерциялық агенттігі бөлімінің басшысы (1990-1993ж.); * «Банк - РИКА» ААҚ-ның басқарма төрағасы (1993-1999ж.); * «Облтрансгаз» ЖАҚ-ның, «Ақтөбегаз» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы(1999-2000ж.). * Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003ж.); * Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы (2003-2004ж.); * Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (09.2004-09.2005ж.); * Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (09.2005-11.2006ж.); * 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы; * 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; *03.2008-10.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 2008-05.2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 05.2014 - 22.03.2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі; * 22.03.2017-25.02.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. * 26.02.2019 — 31 тамыз 2022 ж. Ақтөбе облысының әкімі. ## Дереккөздер
Оңдасын Сейілұлы Оразалин (6 қараша 1963 жыл, Ақтөбе қаласы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының әкімі (2019—2022). ## Өмірбаяны Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылдың 6 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы №19 мектепті бітірген. * 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтында ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. * 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. ### Еңбек жолы * Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы (1985-1988 ж.); * Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің секретары (1988-1990 ж.); * «РИКА-ТВ» ЖШС-да жарнама ақпараттық-коммерциялық агенттігі бөлімінің басшысы (1990-1993ж.); * «Банк - РИКА» ААҚ-ның басқарма төрағасы (1993-1999ж.); * «Облтрансгаз» ЖАҚ-ның, «Ақтөбегаз» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы(1999-2000ж.). * Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003ж.); * Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы (2003-2004ж.); * Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (09.2004-09.2005ж.); * Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (09.2005-11.2006ж.); * 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы; * 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; *03.2008-10.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 2008-05.2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары; * 05.2014 - 22.03.2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі; * 22.03.2017-25.02.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. * 26.02.2019 — 31 тамыз 2022 ж. Ақтөбе облысының әкімі. ## Дереккөздер
Буна Сарр (фр. Bouna Sarr; 31 қаңтар 1992 жыл, Лион, Франция) — франциялық және гвинеялық футболшы, жартылай қорғаушы. Шабуыл шебінде де ойнай береді. Қазір "Бавария" клубында доп тебеді. ## Ұлттық құрамада Бунаның әкесі сенегалдық, анасы гвинеялық. 2014 жылы Гвинея құрамасына шақыртылды, бірақ алаңға шықпады. 2018 жылы Сенегал құрамасынан шақырту алғанымен, Сенегал сапында ойнаудан өзі бас тартты. ## Жетістіктері * УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ligue website * Profile at L'Équipe
Жұманов тектес тұлғалар: * Борис Епкенұлы Жұманов — КСРО футболшысы, жартылай қорғаушы, қазақстандық футбол жаттықтырушысы. * Евгений Нүриұлы Жұманов — актер. * Есімғали Үмітбайұлы Жұманов — суретші-кескіндемеші. * Ирисалы Жұманов — жазушы.
Борис Жұманов (27 тамыз 1959 жыл) — КСРО футболшысы, жартылай қорғаушы, қазақстандық футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы Бүкіл карьерасында тек Алматының "Қайрат" клубында доп тепкен. 1977-89 жылдары алматылық клуб сапында ойнап, 1988 жылы КСРО Футбол федерациялары кубогының иегері атанды. Футболмен қоштасқан соң қазақстандық бірнеше клубтың бапкерлер штабында жұмыс жасады. 1979 жылы Мәскеуде өткен бейресми турнирде Қазақ КСР құрамасы сапында бірнеше кездесуде алаңға шықты. Турнирде республикалық құрама сапында Александр Убыкин, Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Ваит Талғаев, Сейілда Байшақов, Антон Шох секілді танымал қайраттықтар ойнады. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1988 * КСРО Чемпионатының қола жүлдегері: 1989 (1 лига) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Есенбаев мағынасы бойынша мақалалар: ## Географиялық атаулар * Есенбаев - Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында. ## Тұлғалар * Асқар Нариманұлы Есенбаев - мүсінші. * Аханай Есенбаев - зоотехник, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1993), Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының корреспонденттік мүшесі. * Есімқан Қалмағамбетұлы Есенбаев - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі. * Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев - мемлекеттік қайраткер. * Сәт Есенбаев - ақын. * Халел Мұхаметжанұлы Есенбаев - кеңестік мемлекеттік, саяси, мәдениет қайраткері.
Мүсірәлиев Молдақын (1906, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы — 1976) — ауылшаруашылық өндіріс үйымдастырушысы, Социалистік Еңбек Ері (1948). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1925-26 жылы ауылдық комсомол ұйымының хатшысы, үзақ жылдар Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық Кеңесінің төрағасы, аудандық мал өнімдерін дайындау мекемесінің директоры, “Социалистік Қазақстан” үжымшарының төрағасы (1940-42). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942-44), 1944-55 жылдары “Қызылту” ұжымшарының, Ленин ұжымшарының төрағасы, 1955-64 жылдары “Қызылту” ұжымшарында бөлімше меңгерушісі. Мүсірәлиевке қазақтың арқар-меринос қойын шығаруға қатысқаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді (1950). "Ленин" ордені және бірнеше медальмен марапатталған. Райымбек ауданының орталығы — Кеген ауылындағы бір көше Мүсірәлиев есімімен аталады. ## Дереккөздер
Өмірбеков деген сөз мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков - графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері. * Есіркеп Өмірбеков - шежіреші, ауыз әдебиетін жинаушы, өлкетанушы. * Жаппар Өмірбеков - ақын. * Мейірхан Азатұлы Өмірбеков - Меркі ауданының әкімі.
Бұланты шайқасы - ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. 1723-1725 жж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы қауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ұсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Бұланты шайқасы 1941 ж. Мәскеу түбіндегі жеңіспен барабар. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды. 1723-1725 жылдары қазақ жерінің біраз өңірін басып алған жоңғарлар Ұлы тауға қарай бет бұрды. Азаттықты аңсаған, елдің басын қосып, бірлік болмай, тірлік болмайтынын ұғынған қазақ халқы бардың басын қосып, жиын өткізді. Ордабасы жиынында біріккен қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайырды хан сайлады. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілхайыр бастаған қалың қол 1726 жылдың соңы мен 1727 жылы жоңғарларға қарсы соғыс ашты. 1726 жылы Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңілген жоңғарлар кейін шегіне бастады. Бұның артынша Бұланты мен Білеуіті өзендері аралығындағы шешуші ұрыста қазақ қолы жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл ұрыс тарихқа Бұланты-Білеуті шайқасы деген атпен енді. Осы жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған аталып кетті. ## Дереккөздер
Әйтеке би ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылы. ## Географиялық орны Аудан Ақтөбе облысынан 320 шақырым жерде, облыстың солтүстік-шығысында, Ресеймен шекаралас Ырғыз өзенінің бойында орналасқан. Батысында облыстың Хромтау, Мұғалжар, оңтүстігінде Шалқар, Ырғыз, шығысында Қостанай облысының Қамысты, Жангелдин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Тарихы 1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумның Жарлығымен Комсомол ауданы болып құрылған. Аудан орталығы Бөгеткөл селосы болып белгіленді. Оның құрамына Қарабұтақ ауданының 8 селолық Кеңесі енді: Жамбыл, Жаңадәуір, Қызылжар, Құмқұдық, Псков, Талдысай, Тереңсай, Ұшқатты. Сол кездегі берілген мәліметтерге сүйенсек, аумағы 870 мың га, ауыл шаруашылығына  жарамды жерлері 819 мың га болды. Егінді аудан ретінде қалыптасқан шаруашылыққа «Восточный», «Псков», «Северный», «Урожайный», «Щербаковский», «Ярославский» және ХХІІ Партсъезд атындағы тың совхоздары біріктірілген. 1993 жылы Комсомол ауданының атауы Бөгеткөл ауданы болып өзгертілді. 1997 жылдың 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Бөгеткөл ауданы көршілес Әйтеке би (бұрынғы Қарабұтақ) ауданымен біріктіріліп, Әйтеке би есімін иеленді де, Комсомол селосы аудан орталығы болып белгіленді. ## Халқы Тұрғыны 24895 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (93,68%), орыстар (4,05%), басқалары (2,27%). ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 27 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га. ## Жол жүйесі Әйтеке би ауданы арқылы Астана-Ақтөбе теміржол сапар желісі өтеді. Негізгі автокөлік жолы Қарабұтақ — Комсомол — Северный — Жайылма елді мекендер үстінен өтеді. ## Дереккөздер
Көшербаев деген сөз мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Беделбай Көшербаев - экономика ғылымдарының кандидаты. * Бердіәлі Айдарбекұлы Көшербаев - суретші-дизайнер. * Елеу Көшербайұлы Көшербаев – мемлекет және қоғам қайраткері. * Есберлі Мұқанұлы Көшербаев - тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты. * Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - мемлекеттік қайраткер. * Серғали Көшербаев – онколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы.
Божанов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Есберген Тоқшылықұлы Божанов - физика-математика ғылымының докторы, профессор. Нью-Йорк ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. * Қайрат Тойғазыұлы Божанов - театр артисті.
Валер Жермен (фр. Valère Germain; 17 сәуір 1990, Марсель, Франция) — франциялық футболшы, "Олимпик Марсель" клубының шабуылшысы. Франция ұлттық футбол құрамасында онаған Брюно Жерменнің ұлы. ## Жетістіктері «Монако» * Франция чемпионы: 2016/17 * Франция лига кубогының финалисі: 2016/17 * Францияның вице-чемпионы: 2013/14 * 2 лига жеңімпазы: 2012/13 Олимпик Марсель * УЕФА Еуропа лигасының финалисі: 2017/18 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (lfp.fr) Мұрағатталған 21 сәуірдің 2019 жылы. * Профилі (L’Équipe)
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы. ## Тарихы Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-ші жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды. ## Құрылымы Оқу орнының құрамында 6 факультет бар: * Педагогикалық факультет * Мәдениет және өнер факультеті * Физика-математика факультеті * Жаратылыстану-география факультеті * Тарих, экономика және құқық факультеті * Филология факультеті Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.Университеттің 5 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді. ## Дереккөздер
Есек Есенқұлұлы (Есекей-Есек мерген) (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз батыры. Руы – Адай. 18-ғасырда Адай, Байұлы руларын бастап, Сауран маңынан Арал теңізінің солтүстік батысына қоныс аударады. Ембі, Темір, Ойыл өзендерінің бойын жайлаған қалмақтарға қарсы халық күресін басқарушылардың бірі болды. Есекей халық күресін басқарған шақ Жоңғар шапқыншылығынан туған 18 ғасырдың 1-жартысындағы «Ақтабан шұбырындының...» кезі еді. Қалмақтардың қысымынан қазақтар Орта Азия хандықтарын айналып Ембі, Елек бойына бет түзеген болатын. Есекей бастаған рулар Жем өзені бойына қоныстанды. Ел қамын ойлаған батырдың ісі кейінгі ұрпаққа аңызға айналған. Солтүстік Үстіртте Есекей атында топонимдер мен гидронимдер («Есек жал – биік», «Есет құдығы», «Жемнің құяр саласындағы арал», т.б.) көп сақталған. ## Дереккөздер
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстанның батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды. 2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Mody International ertification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды. 2007 жылы Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің қабілеттілігі мен мол дәстүрінің белгісі. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді. Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептілді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие. Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылы маусым айында университет «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. ## Құрылымы Университеттің 6 факультеті бар: * Инновациялық білім беру факультеті * Жаратылыстану ғылымдары факультеті * Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті * Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті * Экономика және құқық факультеті * Көптілді білім беру факультеті Оларда 34 мамандық бойынша 7937 студент оқиды, (4542-сі күндізгі, ал 3395-і сырттай оқу бөлімдерінде). 43 кафедрада 560 оқытушы жұмыс істейді, оның 20-сы ғылым докторы, өздерін-өздері толық қаржыландыру (коммерциялық) топтарында 3222 студент оқиды. Университетте — Ресей, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан т.б. шет елдерден 50-ден астам студент білім алады. КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ә. Тұяқов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Фариза Оңғарсынова, т.б. осы университеттің түлектері. ‎ ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми торабы * Atyrau State University ... * Күнделік порталы * Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 60 ...
Өмірбаев сөзі мынадай мағынлар білдіруі мүмкін: * Бақыт Өмірбаев – дәрігер, КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағының иегері. * Дәрежан Қаражанұлы Өмірбаев — қазақстандық актер, кинорежиссёр, сценарист. "Тарлан" платинды тәуелсіз сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті. * Есбол Өмірбаев – педагог, өлкетанушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. * Уалбай Утмаханбетұлы Өмірбаев — Қазақстандық математик-алгебраист, физика-математика ғылымдарынығ докторы. * Шекебай Есенғараұлы Өмірбаев - соғыс ардагері, техник-механик.
Негізгі ұғым: * Қарауыл Елді мекендер: * Қарауыл – Абай облысы Абай ауданындағы ауыл. * Қарауыл – Абай облысы Аягөз ауданындағы таратылған ауыл.
Амер Абдулрахман Абдулла Хуссейн Аль-Хамаді (араб.: عامر عبد الرحمن عبد الله حسين الحمادي‎, 3 шілде 1989 жыл, Абу-Даби) — БАӘ футболшысы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Біріккен Араб Әмірліктерінің "Баньяс" клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын осы клубта бастап, 10 маусым ойнады. 2016 жылы тағы бір араб әмірліктерінің командасы — "Әл-Айн" клубына барып қосылды. 2019 жылы "Әл-Жазира" клубына ауысты. ## Жетістіктері * БАӘ чемпионы: 2017/18 * БАӘ президенті кбуогы: 2017/18 ## Сілтемелер * Профилі
Борлы – Маңғыстау түбегінің батыс бөлігіндегі құдық. ## Сипаттамасы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Тереңд. 2 м, су шығымы 500 л/сағ. Түпқараған түбегінің шығыс бөлігінде, солт-нде Маңғыстау шығанағы жатыр. ## Дереккөздер
Бандар Аль-Абаби (араб.: بندر محمد صالح الأحبابي‎, 9 шілде 1990) — БАӘ футболшысы, жартылай қорғаушы. "Әл-Айн" клубы мен БАӘ Ұлттық футбол құрамасында доп тебеді. ## Дереккөздер ## Жетістіктері * БАӘ чемпионы: 2017/18 * БАӘ кубогы: 2017/18
Дуабеков Темирхан Дуабекұлы (20 қаңтар 1937, Саржал ауылы, Павлодар облысы) – ІІМ-нің құрметті ардагері, заң ғалымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Жараталыстану ғалымдары академиясының корресподент-мүшесі, проффесор, милиция генерал-майоры. ## Биография 1937 жылы 20 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасының Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. 1956 жылдан бастап Ішкі Істер органдарында қызмет етті. 1958 жылы Алматы КСРО ІІМ арнайы орта мектебін үздік бітірді. 1962 жылы КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебін бітірді. 1966 жылдың маусым айынан бастап Қазақ КСР Ішкі істер органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды: * Павлодар облысында: ОБХСҚБ бөлімшесінің бастығы, 1969 жылдан - облыстық ІІБ кадр бөлімі бастығының орынбасары, 1974 жылдан - облыстық ІІБ ОБХС бастығы, 1976 жылдан - облыстық ІІБ бастығының орынбасары; * Қызылорда облысында: 1985-1987 жылдары - ОБХС бастығы, облыстық ІІБ бастығының орынбасары; * Шымкент / Оңтүстік Қазақстан облысында: 1987-1993 жылдары - облыс ІІБ бастығы. "Милиция генерал-майоры" атағы 1992 жылы 17 қыркүйекте берілген болатын. 1993-1996 жылдары-ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің бастығы. 1996 жылы отставкаға шықты. Инновациялық Еуразия университетінің Құқық, тарих және әлеуметтану департаментінің профессоры. Павлодар облысы Ішкі Істер департаментінің президиум мүшесі, Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Павлодар облысындағы "Генералдар кеңесі" Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің басшысы. ### Отбасы Ұлы және 2 қызы бар. ## Ғылыми қызметі 1996 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 20 ғылыми жұмыстың автоhы. ### Таңдаулы еңбектері * Дуабеков Т.Д. әкімшілік жазалар және оларды дараландырудың құқықтық механизмі (1996ж.) * Әкімшілік жазалар: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа барысында оларды дараландырудың құқықтық тетігін жетілдіру (1996ж.) * ІІМ факультеттері: ертеңгі күн туралы ойлау (1995ж. 15 тамыз) * «Милиция мектебiне — талап жоғары»: Қарағанды қ. Iшкi Iстер министрлiгiне қарасты Жоғарғы мектептiң бастығымен сұхбат (1995ж. 27 қаңтар) ## Марапаттары * КСРО медальдары, оның ішінде: "Кеңес милициясына 50 жыл»,"Еңбек ардагері», "Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша үздік қызметі үшін»,"Тың жерлерді игергені үшін»; * КСРО және Қазақ КСР ІІМ Құрмет грамоталары; * 3-дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі; * Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (1992) -қылмыскерлер басып алған автобустағы кепілге алынған адамдарды құтқару бойынша тамаша операция жасағаны үшін; * "Құрмет" ордені; * "Милиция үздігі", "ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгілері. ## Сілтеме * https://ru.wikipedia.org/wiki/Дуабеков,_Темирхан_Дуабекович
А. Ле Кок Арена (эст. A. Le Coq Arena) — Таллиндегі футбол аренасы, 2001 жылы салынған. "Флора" клубы мен Эстония Ұлттық футбол құрамасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Сыйымдылығы 15 мың адам. 2018 жылы мамырда стадионға үлкен екі монитор орнатылды. 2018 жылғы УЕФА суперкубогы (Реал - Атлетико) осында ойнатылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Стадионның парақшасы Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2016 жылы.
Ермек Қазиев (1947 ж.т., Бөкей ордасы ауданы, Орда а.) — күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мөдениет қызметкері. * 6 жасынан бастап домбыра шерткен. * Ақтөбе мәдениет училищесін бітірген. * Қазір Орда андағы Мөдениет үйінің меңгерушісі. * Қазиев - халық өнерпаздарының 1, 2, 3-бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты, дипломанты, күміс медальдың иегері. Бірнеше рет (1980,1982, 1985, 1989, 1990) Мәскеуде, Алматыда, т.б. қалаларда өнер керсетіп, 1982 ж. Орда аудандық халық аспаптар оркестрі құрамында Германияда гастрольде болды. * Оның орындауындағы күйлер екі рет жеке күйтабақ түрінде жарық көрді (1986, 1988). ## Дереккөздер
Қазақ ойын карталары (орыс. Казахские игральные карты, ағылш. Qazaq Deck of Playing Cards) — француз нұсқасының негізіндегі 54 ойын картасы бар колода. Ол қазақ дәстүрлеріне байланысты карта ойындары үшін қолданылады. Қазақ ойын карталары келесі мақсатпен шығарылған:- оқу-тәрбиелік, яғни отбасылық құндылықтарға құрметпен қарау секілді дәстүрлі қатынасты сақтап қалу және келешек ұрпаққа жеткізу;- мәдени-ағартушылық, бұл шетелдіктерді қазақтың мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыруға бағытталған. Қазақ ойын карталарын 2018 жылы YURT компаниясы жарыққа шығарды. Автор-құрастырушылары Ернар Әліппек және Аян Сабыров (Қазақстан), суретші-дизайнері – Марина Яковчук (Украина). ## Сипаттама Картаның негізгі ерекшелігі, оның қазақтар мен басқа да түркі халықтарында баяғыдан қалыптасқан дәстүрлі туыстық байланыстар философиясына негізделген. Қазақша колода төрт айрықша масть символдарын қолданады және олар қазақтардың ерекше туыстық байланыстарының нышанын білдіреді.1. Өз жұрт (жылқы) әкесі жағынан туыстарын білдіреді.2. Нағашы жұрт (алма) анасы жағынан туыстарын білдіреді.3. Қайын жұрт (бүркіт) әйелі немесе күйеуі жағынан туыстарын білдіреді.4. Құда жақ (қызғалдақ) құдалар жағынан туыстарын білдіреді. Қазақ ойын карталарының француз колодасынан негізгі ерекшелігі сословиелік бөлінуден ауытқу болып табылады. Тарихи және дүниетанымды қазақ халқы сословиелік немесе класстық бөлінуге емес (мысалы аристократтық, әскери, көпестік және шаруашылық), керісінше көшпелі жұрттың туыстық-отбасылық болмысына ерекше мән берген.Осылайша әкесі, анасы және жары жағынан туыстар тізбесі - «жұрт» қалыптасты. Сондай-ақ «жұртқа» балалардың үйленуі нәтижесінде таныс болған құдалар жағындағы туыстарды – құда жақ деп жатқызуға болады. Қазақ колодасының әрбір мастіне енгізілген символдық мағынасының да ерекшелігі бар. Жылқы, алма, бүркіт және қызғалдақ тек қазақ халқының ғана емес басқа да түркі халықтарының маңызды мәдени-өркениеттік нышаны болып табылады. Заманауи ғылым жылқыларды үй жануарына айналдырыру мен бүркіт пен қырандарды аңшылыққа үйрету дәл осы Қазақстан және жалпы Орталық Азия аймағында орын алғанын дәлелдейді.Сондай-ақ, Қазақстанның және Орталық-Азия аймағының құнарлы жері қызғалдақтар мен алманың отаны деп саналады. Қазақ халқының ауыз әдебеті дәстүрінде туыстық қатынастарды суреттейтін келесі теңеулерді кездестіруге болады:«Өз жұртың жоқтығын білдірмейді, жүйрік жылқы тоқтығын білдірмейді».«Алманың тәттілігі ағашынан, баланың жомарттығы нағашыдан».«Қыран бүркіттің қадірін ашыққанда білерсің, қайын жұрттың қадірін қарасқанда білерсің».«Құс жыртқышы — қыран бүркіт, жұрттың сыншылы — қайын жұрт».«Құдалар құйрық-майымен жарасады, қызғалдақты тау мен қыр сәнімен жарасады». ## Дереккөздер ## Сілтемелер * www.yurtcards.com Мұрағатталған 27 желтоқсанның 2021 жылы.
Қазиев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Ғалым Зұлқарнайұлы Қазиев – техника ғылым докторы. * Есел Қазиев - күйші. * Ермек Еселұлы Қазиев — күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мөдениет қызметкері. * Жалау Байболұлы Қазиев – педагог, халықтық педагогика әдістерін алғаш қолданушылардың бірі. * Қарауылбек Қазиев - журналист, жазушы. * Қашқынбай Қазиев — халық ақыны, жыршы. * Қожық Қазиев – кеңес, партия қызметкері.
Мұхаммед Файєз (араб.: محمد فايز‎, 6 қазан 1989 жыл, Умм-әл-Кайвайн) — Араб Әмірліктері футболшысы, БАӘ Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Айн" клубының қорғаушысы. Ұлттық құрама сапында 2010 жылдан бері ойнап келеді. ## Жетістіктері ### Командалық * Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалисі: 2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * [1]
П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі — оқу орны. 1932 жылы муз.-драма техникумы ретінде құрылды. 1936 жылы муз, театр уч-щесі, 1938 жылы музыка уч-щесі деп аталды, 1941 жылы муз.-хореогр. комбинат құрамына енді. 1951 жылы қайтадан музыка уч-щесі деп аталды . Тұңғыш директоры жазушы Сағыр Камалов, орынбасары Ахмет Қуанұлы Жұбанов болды. 1938 ж. мамырда Қазақ КСР халық комиссарлары Советінің қаулысымен орта кәсіптік кадрлар даярлайтын арнаулы музыка училищесі болып қайта құрылды. 1941 ж. музыка-хореографиялық комбинат құрамына енді. 1951 жылдан колледж болды. Оқу мерзімі 4 жыл. Өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқуға болады. 10 мамандық бойынша: фортепиано, шекті, үнді және соқпа аспаптар, ән, хор дирижері, музыка теориясы, эстрада өнері бойынша кадрлар даярлайды. КСРО халық артистері: Ришад және Мүсілім Абдуллин, Ғазиз Дұғашев, Құддыс Қожамьяров, Қапан Мусин, Шабал Бейсекова, Байғали Досымжанов т.б. осы оқу орнының түлектері. 1996 ж. училище 57 рет өз түлектерін ұшырды. ## Дереккөздер
Боранбайұлы деген сөз мына мағыналарды білдіруі мүмкін: * Алпысбай Боранбайұлы - сықақшы. * Есенаман Боранбайұлы - батыр. * Көрпебай Боранбайұлы - Абай Құнанбайұлының замандасы, тоғызқұмалақшы. * Сарышолақ Боранбайұлы - ақын, айтыскер. * Сейіл Боранбайұлы – ақын.
Мойзе Биоти Кин (итал. Moise Bioty Kean;, 28 ақпан 2000 ж., Верчелли, Италия) — италиялық футболшы, Эвертон клубы мен Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы. Тегі ивуарлық. ## Балалық жағы Мойзе Италияның Верчелли қаласында 2000 жылының 28 ақпанында туған. Нағыз отаны Ивуария болып келеді, бірақ та ата-анасы сол жақтан көшіп кеткен. Отбасыда ең кіші бала болған. Мойзенің ата-анасы ажырасады, сол үшін бала анасымен бірге өседі. Терінің қаралығы үшін Кинді бала кезінен расизмдік тұрғыдан сынайды. Бала үлкен психологиялық қиындықтардан өтіп, футболшы болу арманын ешқашан тастамай, Марио Баллотеллиді өзіне үлгі ретінде қояды. ## Карьерасы ### Клубтық мансабы Мойзе "Ювентус" академиясының түлегі. 2016/17 жылғы маусымда негізгі құрамға ілінді. Ол 2000 жылдары дүниеге келген футболшылар арасында бірінші боп үздік бестік чемпионатта ойнады. 2017/18 жылғы маусымды "Веронада" арендада өткізді. 2018 жылы жазда "Ювентуске" қайта оралды. Бұл жазда клубқа Криштиану Роналду келді де, Гонсало Игуаин кетті. Енді Мойзе португалиялық шабуылшының ізбасары ретінде алаңға алаңға көп шыға алмады. 2019 жылы "Эвертонға" ауысты. 2020 жылы 4 қазанда "Пари Сен-Жерменге" жалға берілді. 2021 жылы жазда "Ювентуске" жалға берілді. ### Құрамада 2018 жылының қарашасында Италияның бас бапкері Роберто Манчини ойыншыны құрамға тартады.Оның дебюті АҚШ-мен ойнында болады, ал наурызда Финляндия мен Лихтенштейн құрамаларына гол соғады. 2021 жылы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде ойнады. ## Жетістіктері ### Командалық «Ювентус» * Италия чемпионы (2): 2016/17, 2018/19 * Италия кубогы (1): 2016/17 * Италия суперкубогы (1): 2018 «Пари Сен-Жермен» * Франция суперкубогы (1): 2020 Италия-19 * Еуропа чемпионатының финалисі (1): 2018 ## Сілтемелер * https://www.youtube.com/watch?v=91UMcMza3IA&list=PLu34vGIOm1Cfg7eWmwLNTa3Pm-mV0vPHw * https://football.ua/italy/388003-mojjze-kin-novaja-zvezda-juventusa-i-sbornojj-italii.html * https://www.transfermarkt.com/moise-kean/profil/spieler/364135 * https://ru.uefa.com/uefachampionsleague/news/newsid=2414077.html
Қайнар Университеті – жоғары оқу орны. 1991 жылы ашылған. Күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, халықаралық қатынастар, халықаралық экономика, заң, шет тілдері, информатика, педагогика және психология факульттері, бакалавриат, магистратура, аспирантура және колледжі бар. Астана, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Семей, Тараз және Шымкент қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді. Университетте ҚР Ұлттық ғылым академиясының 16 академигі, 18 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты дәріс береді. Шет елдердің 27 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. ## Дереккөздер
Мохамед Абдулрахман (араб.: محمد عبد الرحمن‎, 4 ақпан 1989 жыл, Әл-Айн) — БАӘ футболшысы, жартылай қорғаушы. "Әл-Айн" клубында доп тебеді. ## Жетістіктері * БАӘ чемпионы: 2011/12, 2017/18 * БАӘ суперкубогы: 2012 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Ырзыкен Баймағамбетұлы (17 қаңтар 1909 жыл - 15 ақпан 1986 жыл) — Кеңес одағының жауынгері, Ұлы Отан соғыс ардагері. ## Отбасы Отбасында тұңғыш бала болған Ырзыкен. Кейін үш қыз бала: Орынтай, Күнтәй, Жамал дүниеге келіп, ең кеңжесі болып Мұқаш туылды. Мұқаш соғысқа аттанып, жоғалған адамдардың қатарында тізілген. Соңғы хаты 1945 жылдың көктемінде жіберілген. Хатында Берлинге аттануы туралы айтқан. ## Балалық шағы мен соғыс жылдарына дейінгі өмірі Аманжол тегі Баймағамбетұлы Ырзыкен 1909 жылы маусым айында Алтай руының белгілі ақсақалы Балғожаның немересі Баймағамбеттің отбасында, қазіргі Қоңыртүбек ауылына жақын Қарабидайық деген жерде дүниеге кедген. 12 жасында әкесі Баймағамбет пен атасы Аманжол бір жылы дүниеден озады. Ол қорымды кейінгілер «Үш бейіт» деп атап жүр. Ырзыкен алғашында ауылдағы молдадан ескіше оқып білім алған. Кейінен Көкшетаудағы партия мектебінде жолдасы Хасенов Қалат тағы бірнеше азаматтрар бірге оқып, бітіреді. 1940 жылдан бастап партия мүшесі болған. Соғыс басталғанша Жалманқұлақ колхозында Сталин ауыл советінде партия ұйымының жетекшісі ретінде шаруашылықта әр-түрлі жұмыстар атқарған. ## Соғыс жылдарындағы мен кейінгі өмірі 1942 жылы өзі де, 21 жастағы інісі Мұқаш та соғысқа аттанды. Ол атқыштар полкымен Белоруссияда Ивановка деген жерде соғысып, 1945 жылы ауыр жараланып қаңтар айында елге оралған. Денсаулығы түзелгеннен кейін елдегі соғыс зардабынан болған халықтың ауыр жағыдайын қайта қалпына келтіруде аянбай еңбек сіңірген. Мұндағы елде партия ұйымының хатшылығы, астық дайындау мекемелерінің басшысы, бөлімше меңгерушісі, қорыта айтқанда, қандай жұмыс түріне қажет болса еш уақытта тартынбай, халқына, еліне, жеріне, Отанына адал, ынта жүрегімен беріліп жұмыс атқарған азамат. «Ақсақалдың өмір жолы кейінгі ұрпағына үлгі боларлық, халқының қалаулысы, еліне өте сыйлы, жастарына құрметті адам болған. Ұрпақ өнегетұтар ардагерді, елі де естен шығармайды.»: Зейнеп Ырзыкенқызы. «Ақсақалдың өмір жолы кейінгі ұрпағына үлгі боларлық, халқының қалаулысы, еліне өте сыйлы, жастарына құрметті адам болған. Ұрпақ өнегетұтар ардагерді, елі де естен шығармайды.»: Зейнеп Ырзыкенқызы. ## Алған марапаттары Баймағамбетұлы Ырзыкеннің еңбегі еленбей қалған жоқ. Ұлы Отан соғысында Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерен ерлігі үшін», «Германияны жеңген үшін» медальдарымен марапатталды. Ал бейбіт өмірдегі еңбектері үшін бірнеше медальдарымен, грамоталармен, заттай бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталған. ## Әдебиет * Отан үшін кешкендер. Они сражались за родину. 1941 - 1945/Книга памяти. Егиндыкольский район - Астана полиграфия 2015 - 182 бет. - 17 бет.
Белгібаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Бауыржан Әбдірахманұлы Белгібаев – техника ғылымдарының докторы, профессор. * Есенбай Есенжолұлы Белгібаев ҚР Жоғарғы Кеңесінің (12-шақырылған), ҚР Парламенті Мәжілісінің (1995-99) депутаты. * Қанаш Мұқамбайұлы Белгібаев – экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Қайнар Университеті – жоғары оқу орны. 1991 жылы ашылған. Күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, халықаралық қатынастар, халықаралық экономика, заң, шет тілдері, информатика, педагогика және психология факульттері, бакалавриат, магистратура, аспирантура және колледжі бар. Астана, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Семей, Тараз және Шымкент қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді. Университетте ҚР Ұлттық ғылым академиясының 16 академигі, 18 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаты дәріс береді. Шет елдердің 27 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. ## Дереккөздер
Дүйсенбайұлы деген сөз мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Әлішер Дүйсенбайұлы Сүлей — қазақ футболшысы, "Тараз" клубының шабуылшысы. * Ботабай Дүйсенбайұлы – КСРО-ның еңбек сіңірген байланысшысы. * Есенбай Дүйсенбайұлы - ақын, журналист. * Құсайын Дүйсенбайұлы — қазақ актері, МХР-дің еңбек сіңірген артисі.
Қайрат Қанашұлы Сламбеков (20 маусым, 1966 жыл, Алматы) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы. 1992 жылғы Қазақстан чемпионы. ## Клубтық карьерасы Карьерасында "Жетісу", "Спартак", "Қайрат", "Цесна" (кейінгі "Астана-1964"), "Мұнайшы, "Шахтер-Испат-Кармет" клубтарында доп тепті. Карьерасын 1984 жылы Алматының СКИФ клубында бастағанымен, бір ойында ғана алаңға шықты. Әскерден оралған соң КСРО чемпионатының Қазақ КСР аймағында ойнайтын "Жетісу" клубында доп тепті. 1987 жылы 14 сәуір күні "Энергетикпен" ойында тұңғыш рет алаңға шығып, гол да соқты. 1988-89 жылғы маусымды Семейдің "Спартагында" өткізіп, 1990 жылы "Қайратқа" келді. Қайраттықтар ол кезде бірінші лигада ойнайтындықтан, Қайрат Сламбековке КСРО жоғары лигасында ойнау бұйырмады. 1990 жылғы маусымда 37 кездесуде алаңға шықты, тек біреуінде ғана (соңғы турлардың бірінде Төменгі Новгородтың "Локомотивімен" ойында) алмастырылды. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпиондарының бірі атанды, сол жылы кубокқа да қол жеткізді. 1993-94 жылдары "Жігерде" ойнады. 1995, 1996 жылдары тиісінше бір-бір маусымнан бір маусым "Цесна" мен "Мұнайшыда" ойнап, карьерасының қалған бөлігін "Шахтерда" өткізді. Карьерасындағы ең соңғы ойынын 2000 жылы 30 қазан күні СОФК-Қайратқа қарсы өткізді. ## Ұлттық құрамада 1992 жылы 16 шілде күні Алматыда Өзбекстан құрамасына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Жыл соңына дейін құраманың төрт кездесуіне қатысты. Соңғы кездесуін 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанға қарсы өткізді. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы: 1992 * Қазақстан кубогы: 1992 ## Сілтемелер * Статистикасы
Қайрат Қанашұлы Сламбеков (20 маусым, 1966 жыл, Алматы) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы. 1992 жылғы Қазақстан чемпионы. ## Клубтық карьерасы Карьерасында "Жетісу", "Спартак", "Қайрат", "Цесна" (кейінгі "Астана-1964"), "Мұнайшы, "Шахтер-Испат-Кармет" клубтарында доп тепті. Карьерасын 1984 жылы Алматының СКИФ клубында бастағанымен, бір ойында ғана алаңға шықты. Әскерден оралған соң КСРО чемпионатының Қазақ КСР аймағында ойнайтын "Жетісу" клубында доп тепті. 1987 жылы 14 сәуір күні "Энергетикпен" ойында тұңғыш рет алаңға шығып, гол да соқты. 1988-89 жылғы маусымды Семейдің "Спартагында" өткізіп, 1990 жылы "Қайратқа" келді. Қайраттықтар ол кезде бірінші лигада ойнайтындықтан, Қайрат Сламбековке КСРО жоғары лигасында ойнау бұйырмады. 1990 жылғы маусымда 37 кездесуде алаңға шықты, тек біреуінде ғана (соңғы турлардың бірінде Төменгі Новгородтың "Локомотивімен" ойында) алмастырылды. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпиондарының бірі атанды, сол жылы кубокқа да қол жеткізді. 1993-94 жылдары "Жігерде" ойнады. 1995, 1996 жылдары тиісінше бір-бір маусымнан бір маусым "Цесна" мен "Мұнайшыда" ойнап, карьерасының қалған бөлігін "Шахтерда" өткізді. Карьерасындағы ең соңғы ойынын 2000 жылы 30 қазан күні СОФК-Қайратқа қарсы өткізді. ## Ұлттық құрамада 1992 жылы 16 шілде күні Алматыда Өзбекстан құрамасына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Жыл соңына дейін құраманың төрт кездесуіне қатысты. Соңғы кездесуін 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанға қарсы өткізді. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы: 1992 * Қазақстан кубогы: 1992 ## Сілтемелер * Статистикасы
Руслан Исмаилов (1972 жылы дүниеге келген) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Бүкіл карьерасында жамбылдық "Тараз" клубында ойнады. ## Карьерасы Жамбылдық клуб сапында 1991-94 жылдары ойнады. Осы аралықта клуб аты екі рет ауысып үлгерді (1991 — "Химик", 1992 — "Фосфор", 1993-тен бері қарай — "Тараз"). Алғашқы ойынын 1991 жылы 10 сәуірде "Екібастұз" клубына қарсы өткізді. Бұл ойында Руслан сары қағаз алып үлгерді. Алғашқы голын 1992 жылы 28 мамырда Қазақстанның тұңғыш чемпионатында Көкшетаудың "Зенит" қақпасына соқты (4:0) 1994 жылы 11 шілдеде соңғы ойынын "СКИФ-Ордабасы" клубына қарсы өткізді (Қазақстан чемпионаты). ## Жетістіктері * 1992, 1993 жылдары Қазақстан кубогының финалисі атанды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Сергей Александрович Анашкин (12 сәуір 1961 — 1 ақпан 2022) — кеңестік және қазақстандық футболшы, қорғаушы. 1992 жылы Қазақстан құрамасы сапында төрт кездесуде алаңға шықты. КСРО, Қазақстан, Латвия клубтарында ойнаған. 1992 жылы Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогы иегері атанды. ## Сілтемелер * Профилі * Статистикасы
Әлпейісов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Бақытжан Әшімәліұлы Әлпейісов — кино, театр және дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. * Есенбай Әшімәліұлы Әлпейісов – техника ғылымның докторы. * Тұрсынғазы Әлпейісов - жазушы.
Бақытжан Әлпейісов (1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған) — кино, театр және дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). ## Толығырақ * Бақытжан Әлпейісов 1960 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. * Әкесі - Әшімәлі. * Анасы - Ділдәгүл. * 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет иниститутын) бітірген. * 1983 - 1992 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. * 1992 - 1999 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. * 1989 жылдан Қазақфильм киностудиясының актері. ## Кино рөлдері * 1987 жылы "Лейтенант С" * 1989 жылы "Соңғы Бекет" * 1991 жылы "Сұржекей" * 1996 - 2000 жылдары "Перекресток" (Тоғысқан тағдырлар) телесериалында Шерхан Омаров рөлі; * 2001 - 2003 жылдары "Саранча" телесериалында Арыстан Бәпшиев рөлі; * 2008 жылы "Мұтафа Шоқай" * 2011 жылы "Алдар көсе" және т.б ## Марапаттары * 2008 жылы Қазақстан кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық киносыйлығының иегері. "Жыл актері" аталымы бойынша. * 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков - 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған. 1983-1987 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы. 1987-1990 жылдар аралығында – Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы. 1990-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1992-1994 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдар аралығында – Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1997-1998 жылдар аралығында – автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі. 1998-2001 жылдар аралығында – Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары. 2001-2002 жылдар аралығында – Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары. 2002-2003 жылдар аралығында – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері. 2003-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы. 2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы. 2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. Отбасылы, төрт баласы бар. ## Сілтемелер * Мәжілістің құрамы мен құрылымы, АХМЕТБЕКОВ Жамбыл Аужанұлы
Кек алушылар (ағылш. Avengers) — Marvel кинематографиялық әлемінің суперқаһармандар тобы. * Кек алушылар — 2012 жылғы Marvel фильмі. "Кек алушылар" фильмінің алғашқы бөлімі * Кек алушылар: Альтрон дәуірі — 2015 жылғы фильм. "Кек алушылар" фильмінің екінші бөлімі. * Кек алушылар: Шексіздік соғысы — 2018 жылғы фильм. "Кек алушылар" фильмінің үшінші бөлімі. * Кек алушылар: Финал — 2019 жылғы фильм. "Кек алушылар" фильмінің соңғы бөлімі.
Қосанов тегімен келесі тұлғалар белгілі: * Ғұсман Қосанов — КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы, күміс медаль иегері. * Әміржан Қосанов — Қазақстандағы саясаткер, қойғам қайраткері, журналист.
Дүйсенбаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Бижан Дүйсенбаев – соғыс ардагері, ауыл шаруашылығы саласының маманы. * Есенгелді Дауытұлы Дүйсенбаев - әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. * Жүсіп Дүйсенбаев – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері, Социалистік Еңбек Ері. * Кәкім Шаяхметұлы Дүйсенбаев – экономика ғылымының докторы, профессор. * Келес Әлімханұлы Дүйсенбаев – ғалым, педагогика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық педагогика академиясының академигі. * Кенжебай Дүйсенбаев - суретші-кескіндемеші. Қырғызстан Көркемөнер академиясының толық мүшесі. * Рахымжан Дүйсенбаев - журналист. * Сенбай Дүйсенбаев – соғыс ардагері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. * Ысқақ Дүйсенбаев – Ресей империясындағы монархиялық билікке қарсы күрескен қазақ жастарының алғашқы өкілдерінің бірі. * Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев — ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. * Ізім Нәсиұлы Дүйсенбаев – құрылысшы-инженер, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (13 мамыр 1964 жыл, Сапақ ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері, журналист. ## Өмірбаяны ### Отбасы және балалық шағы 1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді. Руы Кете. 1981-жылы Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді. 1981-1982 жылдар – Жаңақазалы стансасындағы  №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі. 1982-жылдан – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті. 1983-1985-жылдары – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы). 1985-жылы оқуын жалғастырды. Факультет комсомол комитетінің хатшысы боп сайланды. Лениндік стипендия иегері болды. 1989-жылы университетті үздік тәмамдады. Әкесі - Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы - Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова. Жұбайы - Роза Мұратқызы Қосанова. Балалары - Индира, Томирис, Ғалымжан ### Қызмет жолы және саяси мансап * 1989 жылдың наурызынан – республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі. * 1990 жылдың маусымында балама негізде (4 үміткердің арасынан) Алматы қаласы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы боп сайланды. * Кейінірек – Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Жастар істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бастығы. * 1993 жылдың сәуірінен – Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. * 1994 жылдың наурызынан – ҚР Жастар істері, туризм және спорт министрінің орынбасары. * 1994 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы – Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің жетекшісі. * 1998 жылдың наурызынан – «Реформа» әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының президенті. * 1998 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП) атқару комитеті төрағасының орынбасары. * 2000 жылдан – ҚРХП атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан демократиялық күштері Форумының теңтөрағасы. * 2006 жылдың сәуірінен – «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) қозғалысының бас хатшысы. * 2006 жылдың қыркүйегінен – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) төрағасының бірінші орынбасары. * 2009–2012 жылдары - біріккен оппозициялық «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы. * 2012 жылдан – тәуелсіз саясаткер. Саяси көзқарасы үшін қылмыстық айып тағылып, бір жыл бас бостандығынан шартты түрде айырылған (2003 жыл). Рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырып, жүргізгені үшін үш рет 15 тәулікке абақтыға қамалған. Оның өзіне және отбасына қарсы бірнеше дүркін арандатулар мен үркіту акциялары ұйымдастырылған. 1998 жылы маска киіп, қолына шоқпар ұстаған бір топ адам түн ішінде оны үйінің маңында аяғы ауыр жұбайының көзінше аяусыз соққыға жықты. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. 2000 жылдың басында түн жамылған қаскөйлер пәтерінің есігін сыртынан бетондап кетті. Терезесіне тас лақтырды. Тіпті келесі күнге оның жаназасын тағайындап, мәйітін алып жүруге қажетті автокөлікке тапсырыс берілген, жерлеу рәсімінің ақшасы төленген! 2018 жылы әріптестерімен бірге «Жаңа Қазақстан» Форумын құрды. Оның құрамына танымал қоғам қайраткерлері енді. Бірақ Форум тіркелуден өте алмады. 2019 жылы 9 маусымда өтетін сайлау алдында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелді. Сонымен қатар ол сайлауға түскендегі мақсаты жеңіс емес екенін де айтқан еді. ## Марапаттары * 1994-жылы Қазақ теледидарында жасаған авторлық хабарлар циклі үшін Қазақстан Жастар одағының сыйлығының лауреаты атанды. * Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. * 2002-жылы Орта-Азиялық саяси зерттеулер агенттігі оны «Жыл саясаткері» атады. * Мақалалары баспасөзде жиі жарияланып жүр, бірқатар республикалық басылымдарда авторлық бағаналар жүргізіп келеді. * Өлеңдері поэзиялық жинақтарда, әдеби журналдар мен газеттерде жарияланған. ## Дереккөздер
8-і механикаландырылған корпус — Ұлы Отан соғысына дейін және оның барысында КСРО Қарулы Күштерінде брондалған автокөліктерді, кейіннен Қызыл Армияның брондалған және механикаландырылған күштерін механикаландырылған қалыптастыру (қалыптастыру, механикаландырылған корпус). Шын қысқартылған атауы - 8мк, әдебиетте кейде 8 мехкорпус деп те кездеседі. Толық атауы — 8-і механикаландырылған Александр Краснознамённый, Кутузов ордені корпусы ## Тарихы 8-і механикландырылған корпус 7-і корпус принципімен құрылды. Мұрағат деректерге сәйкес, 1943 жылдың 17 ақпанында 8-і мехкорпус басшылығы Костерово қаласында орналасқан. Әскери тәжіриебесі болғандар: * 116-ы танк бригадасы, * 66-ы механикаландырылған бригада және түгел танк полктары. Тек мотоатқыш және 67-і мен 68-і бригадаларды қамтамасыз ету құрамалары қайта құрылды: * 66-ы мех бригада - командир:полковник Михаил Елистратович Мироненко; * 67-і мех бригада - командир:полковник Иваненко(1943 жылға дейін), полковник Карл Эрнестович Андерсон; * 68-і мех бригада - командир:полковник Иван Спиридонович Есаулов; ## Басшылық ### Командирлар * 09.08.1943 — 10.01.1944 — Хасин, Абрам Матвеевич, ген.-майор т/в; * 11.01.1944 — 00.06.1945 — Фирсович, Александр Николаевич, ген.-майор т/в; ### Көзге түскен жауынгерлер * Белов, Юрий Николаевич, аға сержант, 68-і мех бригаданың мотоатқыштар батальонының қару-жарақ командирі; "Даңқ" орденінің үш дәрежедегі иегерлері: * Абрамов, Алексей Фёдорович, жеке жауынгер, 116-ы танк бригадасының атқышы; "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталғандар: * Черников Семен Константинович, сержант 67-і мех бригадасының 83-і танк полкының танк мұнарасы командиры; * Лошаков Михаил Иванович, сержант, 70 тп 66 мехбр 8 мехк барлаушыларының пулеметшісі. "Ерлік үшін" медлаі; * Салов Александр Ефимович, аға Лейтенант, "Ерлік үшін" медалі. ## 1945 жылдың 1 мамырдағы құрамасы * 998-і жеке байланыс батальоны * 66-ы, 67-і, 68-і Суворов орденіндегі мех бригадалар * 116-ы танктік бригада * 1716-ы артилерия полкі * 164-і химиялық қорғаныс полкі * 173-і өрістік наубайхана зауыты * 545-і өрістік танкжөндегіш зауыт * 546-ы өрістік автожөндегіш зауыт ## Марапаттар ## Әдебиет * Алексей Исаев, Владислав Гончаров, Иван Кошкин, Семен Федосеев. Танковый удар. Советские танки в боях. 1942—1943. Серия: Военно-исторический форум. Издательство: Эксмо, Яуза, 2007 г., 448 стр. ISBN 978-5-699-22807-2 * Попель Н. К. В тяжкую пору. — М. — СПб.: Terra Fantastica, 2001. 2001 г. — 480 стр., ISBN 5-17-005626-5, 5-7921-0392-5 * Рокоссовский К. К. Солдатский долг. — 5-е изд. — М.: Воениздат, 1988,— 367 с.: 8 л, ил. — (Военные мемуары). Тираж 250000 экз. ISBN 5-203-00489-7 * А. В. Драбкин, «Я дрался на Т-34.» * Жуков Г. К. Воспоминания и размышления. В трёх томах. Десятое издание, дополненное по рукописи автора. Издательство «Новости». Москва, 1990. * Краснознамённый Киевский. Очерки истории Краснознамённого Киевского военного округа (1919—1979). Издание второе, исправленное и дополненное. Киев, издательство политической литературы Украины. 1979.
Марат Иванович Казей (10 қазан 1929 жыл, Станьково ауылы, Қойданов ауданы, Минск облысы, БКСР, КСРО — 11 мамыр 1944 жыл, Хоромицкие ауылы, Узденский ауданы, Минск облысы, БКСР, КСРО) — Кеңестік Белорус пионер-батыры, Жас Қызыл партизан-барлаушы, Кеңес Одағының батыры (қайтыс болғаннан кейін). ## Өмірбаяны Анасы қайтыс болғаннан кейін Марат Ариадна апасымен 1942 жылдың қараша айында партизан отрядына кетті. 1943 жылдың қысында, отряд қоршаудан шыққан кезде, Ариадна Казей аяқ табанының ауыр үсуі алды, ампутация қажет болды. Оны "үлкен жерге" жіберу туралы шешім қабылданды, бірақ жағдайы нашарлап, дала жағдайында ампутация жүргізілді. Ариадна ұшақта 1943 жылдың 14 маусымында ғана эвакуацияланды. Кейін Марат 200-ші партизан бригадасының штабының барлаушысы болды. К. К. Рокоссовский комбриг н. басқарған Қазақ. Барлаудан басқа рейдтер мен диверсияларға қатысты. Майдандағы батылдығы мен ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік еңбегі үшін"медальдарымен марапатталған. 1943 жылдың желтоқсанында Слуцк тас жолындағы ұрыста Марат Казей жаудың құнды құжаттарын — гитлерлік қолбасшылықтың әскери карталары мен жоспарларын алды. ## Соңғы жекпе-жек Барлаудан қайтып келе жатқанда, Марат және партизан бригадасының штабының барлау бастығы Ларин таңертең ерте Хоромицкий ауылына келді, онда олар байланысты партизан Виктор Кухаревичпен кездесуге тиіс болды. Ларин байланысшыға бет бұрып, ал Марат таныс Аксенчиктерге демалуға кірісті. Жарты сағаттан кем оқ атылды. Ауыл "Дирлевангер" СС жазалау зондеркомандасының құрамынан гитлершілдер тізбегін және полицаев қоршап алды. Басталған атыста Ларин бірден қаза тапты. Марат орман шетінде бұталарға жете алды, онда ол шайқасты қабылдады. Қорғанысын ұстап, соңғы патронға дейін атылды, содан кейін өзінің соңғы қаруын — екі граната алды. Біреуді немістерге лақтырып, екіншісін өзіне қалдырды. Немістер жоғалтуға қарамастан, оны тірі алғысы келді. Екінші гранатаны, олар жақындағанда, өзін сол немістермен бірге жұлып алды. 1965 жылғы 8 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Казей Марат Ивановичке қайтыс болғаннан кейін — Өлгеннен кейін 21 жылдан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. ## Марапаттары -Кеңес Одағының Батыры "Алтын Жұлдыз" Медалі (08.05.1965);-Ленин ордені (08.05.1965);-І дәрежелі Отан соғысы ордені;-"Ерлігі үшін медалі"-"Жауынгерлік еңбегі үшін медалі". ## Дереккөздер https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D0%B9,_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82_%D0%98%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87http://ordenrf.ru/geroi-rossii/geroi-sssr/pioner-geroy-marat-kozey.phphttp://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1968https://ruspekh.ru/people/item/kazej-marat-ivanovich Мұрағатталған 17 мамырдың 2019 жылы.
* Майлин – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. * Майлин – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл.
Самал Ілиясқызы Есләмова (11 қыркүйек 1984(19840911), Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық киноактриса. ## Өмірбаян Самал өзіне сенімді, атқарушы және мақсатты қыз болып өскен, жақсы оқып, журналист мансабын армандаған. Мектепті бітіргеннен кейін ол өңірдің ең беделді ЖОО — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне құжат тапсырды. Бірақ түсу емтихандарын тапсырғаннан кейін оған балл жетпеді. Қыз өмірдің басымдықтары мен жоспарларын қайта қарап, актерлік істе күш көруге бел буды. Ол өнер колледжіне аттанып, онда алғаш рет қазақ театрының актерлері курсын алды. Оқу кезінде колледжде болашақ жұлдыз С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрында уақытша жұмыс істеді. Дәл сол жерде "Қазақфильм" жаңа киножобасына кастинг туралы хабарландыру оқып, өзінің қызығушылығы арқасында Сергей Дворцевой өткізген сынамаларға барып өз бағын сынаған болатын. Жарқын қыз бірден танымал режиссерге ұнап, сынама нәтижесі өзін көп күттірмеді. Осылайша, бір айдан кейін дарынды жас актриса Алматы киностудиясында түсірілетін "Тюльпан" картинасында басты рөлге ие болды. Кинодағы алғашқы жұмыстан кейін Самал Есләмова актерлік шеберлік оқуын жалғастыруды шешті. Мәскеу қаласына аттанып, 2011 жылы ГИТИС актерлік факультетін бітірді. 2008 жылы ГИТИС-та оқыған кезінде Есләмова Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» фильмінде ойнады. Қазақ даласындағы шопандардың өмірі туралы фильм Канн кинофестивалінің "Ерекше көзқарас" конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды. 2018 жылдың мамыр айында 71-ші Канн кинофестивалінде Еслямоваға "Үздік әйел рөлі" номинациясы тағайындалды. Актриса бұл фильмде Қырғызстаннан келген мигрантты ойнап, өз баласын перзентханада қалдыруға мәжбүр еді. Фильм түсірілімі алты жыл бойы жалғасты. Самалдың әкесінің айтуынша, ол ешқашан актриса атануды қаламаған еді, алайда журналист болуды балалық шағынан бері армандаған. Самал пост кеңістіктегі алғашқы актриса болып табылады. 2018 жылдың қараша айында Самал Есләмова 48 100 теңге ($130) көлемінде Президенттік шәкіртақыға ие болды. Сонымен қатар "Айка" картинасындағы маңызды рөлі үшін "Asian Film Awards Academy" сыйлығына ие болды. ## Отбасы Болашақ актрисаның отбасы шығармашыл болды-ата-аналар әрдайым ән айтып, би биледі. Гүлмайрдың анасы пошташы, ал әкесі Ілияс орманшы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Еслямова Аягөз аға әпкесі бар. ## Фильмографиясы ## Дереккөздер
Мойынты болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Кәрсөн болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы. ## Тарихы 1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Сарыбұлақ болысы Мойынты болысымен Шет болысы болып біріктірілді. ## Халқы Халқының көпшілігі Қаракесек руына кіретін Кәрсөн руынан құралды. 1884 жылдағы рулар бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны: ## Ру ## Территория Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі 8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді: ## Тұлғалары Кәрсөн руынан шыққан тұлғалар: ## Дереккөздер * https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5
## Қалқанды боз жылан Қалқанды боз жылан - жартылай суда тіршілік ететін жылан. Жер бетінде 65 - ке тарта түрі бар. Қоректенуі Боз жыландарды көбіне күндіз кездестіруге болады, дегенмен жаз мезгілінде кейде күн батқаннан кейін қорек іздеуге шығады. Бақалармен, кеміргіштермен,кесірткелермен, ұсақ құстармен қоректенеді. Жемтігін еліктіру үшін құйрығын сілкілейді. Қызуқанды болғанымен, мазасын алмаған жағдайда қорегінен басқаларға өздігінен тиіспейді. Түрі Бастары үшбұрыш тәрізді, көзінің үстінде қоңыр сызықтары, эллипстік қарашығы бар. Әдетте ұзындықтары 61 - 122 см аралығында болады. Түстері құбылмалы. Жас қалқанды жыландар бурыл, жіңішке, құйрықтарының ұшы сары болып келеді. Ересектерінің түсі қою, ал кішкентай жыландардікі қанық. Қалқанды боз жылан аузының айналасындағы ақ қалқанына байланысты осылай аталған. Қалқандары - қорғанышы. Жақ сүйектері үлкен, бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Бұл аузын кең ашуға мүмкіндік береді. Сілекейі улы. Қауіп төнген жағдайда шиыршықтала оратылып, әлсін - әлсін басын көтеріп тұрады. Қорқыныш туғызу үшін іші аппақ түсті аузын үлкен етіп ашады. Онымен қорқыта алмағанын сезсе, қатты судырлаған дыбыс шығара құйрығымен жерді сабалайды. Көбеюі Қалқанды боз жыландар ерте көктемде шағылысады. Осы уақытта аналықтарына таласып, аталықтары бір -бірімен шайқасады. Аналықтары әрбір 2 - 3 жылда 1 - 20 ұрпағын тірідей туады. Жаңа туылған жыландардың ұзындығы - 20-33см. ## Дереккөздер * 1100 қызықты дерек, Улы жәндіктер, 62-63-ші бет ## Қалқанды боз жылан Қалқанды боз жылан - жартылай суда тіршілік ететін жылан. Жер бетінде 65 - ке тарта түрі бар. Қоректенуі Боз жыландарды көбіне күндіз кездестіруге болады, дегенмен жаз мезгілінде кейде күн батқаннан кейін қорек іздеуге шығады. Бақалармен, кеміргіштермен,кесірткелермен, ұсақ құстармен қоректенеді. Жемтігін еліктіру үшін құйрығын сілкілейді. Қызуқанды болғанымен, мазасын алмаған жағдайда қорегінен басқаларға өздігінен тиіспейді. Түрі Бастары үшбұрыш тәрізді, көзінің үстінде қоңыр сызықтары, эллипстік қарашығы бар. Әдетте ұзындықтары 61 - 122 см аралығында болады. Түстері құбылмалы. Жас қалқанды жыландар бурыл, жіңішке, құйрықтарының ұшы сары болып келеді. Ересектерінің түсі қою, ал кішкентай жыландардікі қанық. Қалқанды боз жылан аузының айналасындағы ақ қалқанына байланысты осылай аталған. Қалқандары - қорғанышы. Жақ сүйектері үлкен, бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Бұл аузын кең ашуға мүмкіндік береді. Сілекейі улы. Қауіп төнген жағдайда шиыршықтала оратылып, әлсін - әлсін басын көтеріп тұрады. Қорқыныш туғызу үшін іші аппақ түсті аузын үлкен етіп ашады. Онымен қорқыта алмағанын сезсе, қатты судырлаған дыбыс шығара құйрығымен жерді сабалайды. Көбеюі Қалқанды боз жыландар ерте көктемде шағылысады. Осы уақытта аналықтарына таласып, аталықтары бір -бірімен шайқасады. Аналықтары әрбір 2 - 3 жылда 1 - 20 ұрпағын тірідей туады. Жаңа туылған жыландардың ұзындығы - 20-33см. ## Дереккөздер * 1100 қызықты дерек, Улы жәндіктер, 62-63-ші бет
Қожахметов Мұратбек Садуақасұлы – Ауған соғысының ардагері. ## Өмірбаян Мұратбек Садуақасұлы Қожахметов 1955 жылы Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы Кішіборанқұл аулында дүниеге келген. 1972 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтқа түсіп, химия және биология пәндерінің мұғалімі болды.Абай атындағы институтты 1977 жылы бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысының Пресновка ауылында СПТУ-да сабақ берді. Әкесі 45 жыл мұғалім болған, Ауған соғысына қатысып, ел қорғаған. 25 жыл ішкі істер органында қызмет жасаған. 1996 жылы зейнеткерлікке шыққан, запастағы капитан. Ал 2002 жылдан бастап «Алғашқы әскери дайындық орталығында» 11 жыл бойы қызмет істеп жүрді. Сонда орталық директорының оқу және тәрбие ісі жөніндгі орынбасары қызметін атқарып келеді. ## Марапаттары Ауған соғысының орденімен марапатталған,15 медальдың иегері. ## Пайдаланған әдебиеттер * http://sko.gov.kz/page/read/Pochyotnye_grazhdane_oblasti.html?lang=ru
Иван Андрианов(1 қаңтар 1927 жылы,Ново-Михайловск ауылы,Боровский ауданы,Калужск облысы) — пионер-батыр, Ұлы Отан Соғысының ардагері,14-жасында туған ауылын неміс әскерлерінің шапқыншылығынан құтқарып,жау тылына жол ашты,Қызыл Әскерді мезетте ескерткені үшін елге үлкен қызмет көрсетті,И.Андрианов арқасында 133-ші атқыштар дивизиясының 33-ші әскер қантөгіссіз қалды да,Калуж облысы азат етілді. ## Өмірбаяны 4-ші сыныпқа дейін Андрианов Иван Ново-Михайловск ауылында оқу алған.Содан Ермолин қаласының жалпы білім беретін мектебінде оқыған.1941 жылы 28 желтоқсан күні 14 жасты Ваня ,Боровск жеріндегі сарайда жасырылған неміс әскерлерін көргеннен кейін,әрең дегенде Кеңес батырларын ескертіп, туған ауылын құтқара алды. ### Қызмет жолы 1946 ж, В.И.Молотов атындағы Пермь қаласындағы әскери-теңіз авиация-техникалық жоғары білім училищесін бітірген 1954 жылға дейін Крым қаласындағы Черноморс флотында қызмет атқарды 1954-1999 жж, Мәскеу машина жасайтын зауытында инженер сынаушы ретінде жұмыс істеді. ### Соғыстан кейін Боров ауданының мектеперінде ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жастарға азамат-патриоттық баяндамалар қояды. Қазіргі кезде Ново-Михайловск ауылында өз жары мен қызымен ## Марапаттары «Қызыл Жұлдыз» ордені № 27617 М.Г.Ерефемов «Қазан төңкерісі» орденімен марапаттады «Ұлы Отан соғысы 1941-1945жж» ордені «1941-1945 ж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (1946 ж.) медалі «Кеңес әскері мен флоына XXX жыл» медалі «ССРО Қарулы күштерінің 50 жылдығы» мерейтойлық медалі «Еңбек ардагері» медалі «Калуж облысына 65 жыл» медалі ## Ваня Андрианов атына арналып жазылған дереккөздер ### Кітапнама "Андрианов Иван Фёдорович"Балабаново рейсмилік қала сайты "Год за годом" Гусев А. "Пионер герой-Ваня Андрианов" Замахина Е. "Жизнь прожить как поле перейти" Захарова О.П. ### Әдеби шығармалар Е.В.Трутневаның "Ваня Андрианов" атты өлеңі Ю.Н.Нечаеваның "Ваня Андрианов " атыы кітабы ### Бейнематериал "Забытые пионеры-герои. Часть 1 " "Судьба пионера-героя " ## Дереккөздер
Ғалиев Мұхжан Ғалиұлы- екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденінің иегері. ## Өмірбаян Ғалиев Мұхжан Ғалиұлы 1899 жылы қазіргі Ақжар ауданы, Дәуіт станциясында жақын жерде, Шат өзенінің бойында орналсқан ата жұрттың қыстағында ауқатты отбасында дүниеге келген. Жаз жайлауда, қыс қыстақта әулеттерімен бірге 1929 жылға дейін тұрып келеді. Әкесі Ғали өте еңбеққор адам болған. Кеңес дәуірінде еңбек ете жүріп өзінің жұмысты басқаларға қарағанда артық істейтіні үшін «Стахановец», немесе «Ғали стақан», «стақан шал» аталған. Ауылдастары өмірден озған жерлестерге қойылған ескерткішке осы атағын өзгерпей «Стақан Ғали» деп жазғаны да ол кісінің ерекше еңбеққорлығы тарихта қалсын дегендері болу керек. Сонау 1929-1930 жылдары тұрмыстың ауырлығынан Омбы облысының Москаленка қоныс аударады. Қазақтар өмір сүруге, мал бағуға қолайлы, табиғаты көрікті, жері құнарлы Ебейті деген шипалы тұзды көлдің жағасына, Тұмба деп аталып кеткен, тек қазақстар ғана тұратын ауылға қоныстанады. Соғысқа дейін Мұхжан ата колхозда әртүрлі ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады. Ауылындағы текті әулеттен шыққан Балкүміс Байқадамқызына үйленіп көпбалалы, өнегелі отбасын құрайды. Бейбіт өмірдің шырқы бұзылған кезде, басқа жерлестері сияқты, Отан қорғауға аттанады. ## Ұлы Отан соғысына қатысу Екінші Беларусь майданының ерекше тапсырмалар орындайтын автоматшылардың 72-бөлімшесінде соғысады. Интернетте орналасқан әскери мұрағаттар сайтында ол кісінің Швед қаласы тұсында Одер жеке ерлік көрсетіп, әскери десанттың қонуы кезінде жауға автоматтан оқ жаудырып көмектескені туралы айтылады. Сол шабуылда жеке өзі үш фашистіні жайратқаны, көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін гвардияның катардағы автоматшысы мемлекеттік марапат «Батырлығы үшін» медалін алған екен. Аздаған жарақат алғаны болмаса, қардай борап тұрған оқтың ішінен аман шығыпты. Жеңіс күнің майдангер атай Польша жерінде қарсы алады. Біраз аз Польшада әскери комендатурада қызметін жалғастырады. ## Марапаттары 1945 жылы бірнеше медальдармен, «ІІ дәрәжелі Отан соғысы» орденімен марапатталынды. ## Пайдаланған әдебиеттер * http://kazorta.org/solt-stik-aza-stan-oblysyny-lt-ziyalylary/ Мұрағатталған 9 мамырдың 2019 жылы. * Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 704 б. * Ұлт зиялылардың ұлағаты. Рахимова Қ.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.2012. – 69 – 84 б.
Байбатыр Ержанұлы – ХХ ғасырдың басында «Тұр, қазақ», «Оқуға, махаббат» атты кітаптарды жарыққа шығарған жазба әдебиет өкілдерінің бірі. ## Өмірбаяны Байбатыр Ержанұлы 1895 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол тек өлеңдер ғана емес, «Есентай» атты пьеса да жазған. Бабатыр Ержанұлы Ержанұлы қазіргі Ақмола облысы Ерементау ауданында алтын кенінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген. Семей қаласында тау-кен техникумда мұғалім қызметін атқарған. ## Шығармашылық «Тұр, қазақ» кітабының шымылдығы «Сөз бастармен» ашылып, келесі тұста «Ояну...» деген өлең жолдарымен тізбектелген. Халықтың табиғатына жақын мақсатты туынды жазу керек екенін жете түсінген қаламгер жазылған дүниесінен ғибрат алуға жарамайтын болса, қазақтар оған көз қиығымен де қарамайтының ұғады. Сондықтан болар, әр сөзіне мән беруге тырысқандығы байқалады. Ол, әу басына бұл еңбекті жазудағы мақсатын-елінің пайдасын ойлап, «тұмсығымен бір тамшы су әкелген қарлығаштай» әйтеуір бір септігі тиеді ме екен деген ниеттен туындағанын өзі айтып өтеді. Сонымен қатар, негізгі міндет- жастардың білімге деген құштарлығын оятып, қараңғылықтан құтылып, білім алуға, сол арқылы өзгелерге де тәлім беру қажеттілігін көрсету. Ол бар жүрегімен елінің сол кездегі бар ауыртпалық жағдайын ұғына отырып, іші оттай жанатынын айтқан. ## Пайдаланған әдебиттер * https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/top-10-samyih-populyarnyih-pisateley-kazahstana-357046/
Виктор Васильевич Берко (рум. Victor Berco; 20 сәуір 1979, Бельцы, Молдова КСР, КСРО) — молдовалық футболшы, шабуылшы, кейін бапкерлікке ауысты. Карьерасында Молдова, Аустрия, Ресей, Қазақстан клубтарында және Молдова Ұлттық футбол құрамасында ойнады. 2001-2006 жылдары Ұлттық құрама сапында 16 рет алаңға шықты, бірақ мергендігімен көзге түсе алмады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профиль * Статистикасы(қолжетпейтін сілтеме) * [1] Мұрағатталған 28 наурыздың 2013 жылы.
«Қыз Жібек» — толық метражды, екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Фильмнің 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады. ## Рөлдерде * Жібек — Меруерт Өтекешева * Төлеген — Құман Тастанбеков * Бекежан — Асанәлі Әшімов * Шеге — Әнуар Молдабеков * Сырлыбай хан — Кененбай Қожабеков * Айкөз — Гүлфайрус Ысмайылова * Кербез — Фарида Шәріпова * Қаршыға — Ыдырыс Ноғайбаев * Базарбай — Кәукен Кенжетаев * Қамқа — Сәбира Майқанова ## Дереккөздер
«Күлшеқыз» (фр. Cendrillon, нем. Aschenputtel, ор. Золушка) — батыс еуропалық ертегі, Шарль Перро, ағайынды Гриммдер мен Джамбаттисто Перроның басылымдары бойынша әйгілі. Қаңғыма сюжетке негізделген, халық шығармашылығында көптеп кездесетін ертегілердің бірі. Ең алғашқы нұсқасы египет папирустарында кездесті.Ертегінің басты кейіпкері — Грекияда дүниеге келген, Родопис атты қыз. Оны теңіз қарақшылары ұрлап әкетті де, Египет елінде тұтқынға сатты.Родопистің қожайыны оған көркем былғары сандалдарды сатып алды. Бірақ қыз көлде шомылған кезде, бір сандалын сұңқар құсы алып кетті де, қожайынға апарып берді. Қожа сандалдың әсемдік пен көркемдігіне тамсанып, оны киген адамды тезірек іздестіруге бұйрық берді. Родописті қызметшілер тапқаннан соң, Қожанасыр бірден үйленді. ## Шарль Перроның басылымы(1697) Күлшеқыз — өгей шешесі мен оның екі қызынан теперіш көріп, өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Күндердің күні патша сарайында жас бикештерге арналған сауық кеші өтеді. Күлшеқыз да сол кешке барғысы келеді. Бірақ, жетімдік аяғына тұсау болады. Соңында қайырымды Пері үстіне әдемі көйлек, жалтыраған шыны кебіс кигізіп, сыйқырлы күймемен сауық кешіне жібереді. ## Адаптациясы * 1817 жылы итальян композиторының француз адаптациясына негізделген Джоаккино Россининің пьесасы, ал 1899 жылы Жюля Массненің операсы жарық көрді * 1898 жылы «Золушка» атты қысқа метражды Джорджа Альберта Смитаның фильмі шықты. Ол қазіргі таңға дейін сақталынбанған. * 1899 жылы Жоржа Мельесаның «Золушка» атты қысқа метражды фильмі * 1911 жылы Джорджа Николсаның «Золушка» атты қысқа метражды фильмі * 1912 жылы Колина Кэмпбелланың «Золушка» атты қысқа метражды фильмі * 1914 жылы Джеймса Кирквуд пен Мэри Пикфордтың «Золушка» атты фильмі * 1945 жылы Сергей Прокофьевтің балеті қойылды. * 1946 жылы Евгений Шварц пьесасы * 1947 жылы Надежда Кошеверова мен Михаил Шапироның «Золушка» атты фильмі * 1950 жылы «Дисней» студиясының «Золушка» атты толық метражды фильмі көрсетілді. * 1979 жылы «Союзмультфильм»-нің режиссёрі Иван Аксенчук қысқа метражды фильмді түсірді * 1994 жылы «GoodTimes Entertainment» студиясы 48 минутқа жалғасқан фильм көрсетті. * 1996 жылы «Күлшеқыздың хикаясы» атты аниме-сериалы жарық көрді. * 2000 жылы Ұлыбританияда Бибэн Кедронның «Күлшеқыз» атты фильмі * 2002 жылы орыс-украин «Күлшеқыз» телехикаясы шықты. * 2012 жылы «КиберКүлшеқыз» кітабы шығарылды. * 2015 жылы Walt Disney студиясының «Күлшеқыз» атты романтикалы көркем фильмі жарық көрді. * 2016 жылы Вена қаласында дирижер Зубин Мета мен композитор Альма Дойчердің операсы * 2016 жылы Verba көлеңкелі театрдің «Көлеңке патшалығы» атты шоу қойылған. * 2016 жылы Чернигов қаласында, Украинада Delight көлеңкелі театрі көлеңке театр өнері мен голографиялық проекцияны біріктіріп спектакль қойылды. ## Дереккөздер
«Ақ шаршы алаң» — толық метражды көркем фильм. 1970 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Фильм тұлғаның спорттағы қалыптасуы туралы. Үлкен шаршы алаңға дана және талапшыл бапкер шығарған жас боксшы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жақсы спортшыға айналады. ## Рөлдерде * Қуат Батыров — Әбдірашид Әбдірахманов * Жүмеке — Мұхтар Бақтыгереев * Гүлсім — Роза Мұқатова * Зәуреш — Галина Бигелдинова * Қаратаев — Нұржұман Ықтымбаев * әзілқой — Әнуар Молдабеков * Сұлтан Серғалиұлы — Кәукен Кенжетаев ## Дереккөздер
Ахмед әл-Мұхаммади (араб.: أحمد المحمد‎; 9 қыркүйек 1987, Әл-Махалла-әл-Кубра, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Астон Вилла" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы Мысырдың "Газль-Әл Махалла" (туған қаласындағы команда) клубының түлегі. Кейін Мысыр және Англия клубтарында ойнаған. Қазіргі клубына 2017 жылы "Халл Сити" сапынан ауысты. "Астон Вилламен" келісім гарты 2020 жылға дейін жарамды. Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2007 жылы алаңға шықты. 2008, 2010 жылдары екі дүркін Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы атанған. Және де 2009 жылы Конфедерациялар кубогына, 2017 жылғы Африка чемпионатына, 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық Халл Сити * Чемпионшипте 2-орын : 2012/13 * Англия кубогының финалисі : 2013/14 Мысыр құрамасы * Африка чемпионы (2) : 2008, 2010 ### Жеке * «Халл Ситидің» жыл ойыншысы : 2012/13 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 7 сәуірдің 2015 жылы. (ағыл.) * Профилі Мұрағатталған 7 мамырдың 2015 жылы. (ағыл.)
* Сатай – Абай облысы Аягөз ауданындағы таратылған ауыл. * Сатай – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Сатай – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл.
«Шатқалдағы шекара» — толық метражды көркем фильм. 1969 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Жаздың бір күні "Қызылтас" заставасында үш бала - жылқышының немересі Қабыш, шекара застава бастығының қызы Оля және демалыс кезінде қаладан қонаққа келген Қабыштың немере інісі Таңат бір-бірімен кездеседі. Таңаттың білгішсымағы мен өзіне-өзі сенімділігі барлығына көптеген әбігершіліктер алып келеді. Бірақ ойындар мен тектектіктің орнына шын қауіп келгенде, Таңат достарымен бірге шекарашыларға тыңшыны ұстауға көмектесе отырып ерлік, тапқырлық пен жанқиярлық танытады. ## Рөлдерде * Оля — Валерия Асырбекова * Таңат — Нұржан Жұртанов * Қабыш — Болат Қалымбетов * ата — Кәукен Кенжетаев * әже — Сәбира Майқанова * Төлеген — Нұржұман Ықтымбаев * Можаев — Олег Мокшанцев * Сәбитов — Шапай Зұлқашев * Леша аға — Константин Тыртов * геолог — Виктор Подтягин ## Дереккөздер
Бидайық ауылдық округі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Бидайық ауылы. Округ құрамында болған Сатай, Шағрай ауылдары 2017 жылы таратылған. ## Дереккөздер
* Көшкентал – Абай облысы Аягөз ауданы, Аягөз қалалық әкімдігі құрамындағы темір жол айрығы. * Көшкентал – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл.
Коло Хабиб Туре (фр. Kolo Habib Touré; 19 наурыз 1981 жыл, Буаке, Кот-д’Ивуар) — ивуарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2015 жылғы Африка чемпионы. Інісі Яя Туре де футболшы. ## Карьерасы ### Клубтық АСЕК Мимозас клубының түлегі. 2002 жылы "Арсеналға" ауысып, жеті жыл ойнады. "Арсенал" сапындағы тұңғыш ойынын 2002 жылғы Англия суперкубогында "Ливерпульге" қарсы өткізді. Тұңғыш голын "Стэмфорд Бриджде" "Челсидің" қақпасына соқты. "Арсенал" сапында 2004 жылы Англия чемпионы атанды. 2009 жылы "Манчестер Ситиге" ауысты. 2017 жылы "Селтикте" ойнап жүріп, карьерасын аяқтаған соң бапкерлік қызметтермен айналыса бастады, қазір "Лестер" клубында техикалық көмекші боп қызмет атқарады. ### Ұлттық құрама Құрама сапында 2000 жылы тұңғыш рет алаңға шықты, көптеген ірі турнирлерге қатысты. 2010 жылы Ұлттық құраманың капитаны болды. 2015 жылғы Африка Ұлттары кубогында Африка чемпионы атанды. ## Жетістіктері «Мимозас» * Кот-д’Ивуар чемпионы: 2001, 2002 «Арсенал» * Англия чемпионы: 2003/2004 * Англия кубогы: 2002, 2003, 2005 * Англия суперкубогы: 2002, 2004 «Манчестер Сити» * Англия чемпионы: 2011/2012 * Англия кубогы: 2011 * Англия суперкубогы: 2012 «Селтик» * Шотландия Лига кубогы: 2016/2017 * Шотландия кубогы: 2016/2017 * Шотландия чемпионы: 2016/2017 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2011 жылы. (ағыл.) * Профилі Мұрағатталған 28 тамыздың 2015 жылы.  (ағыл.)
Қопа ауылдық округі – Абай облысы, Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қопа, Қарақұм ауылдары кіреді. Орталығы – Қопа ауылы. Округ құрамында болған Қарасу ауылы 2017 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Аягөз қалалық әкімдігі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Айғыржал, Егізқызыл, Жыланды, Көшкентал ауылдары кіреді. Орталығы – Аягөз қаласы. ## Дереккөздер
«Біздің Ғани» — толық метражды көркем фильм. 1971 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Фильмде Ғани Мұратбаевтың өмірінің екі кезеңі - 1921 жылдағы Волга ауданындағы ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмек көрсету жұмысы мен Мәскеудегі ЖКО-дағы қызметі көрсетілген. Ол қысқа да болса, жарқын, күреске толы өмір сүрді. ## Рөлдерде * Ғани Мұратбаев — Құман Тастанбеков * Крупская — Анна Лисянская * Николай — Евгений Красавцев * Василий — Алексей Золотницкий * Назым Хикмет — Тамара Гогава * Галина — Ирина Куберская * Әмірқұл — Кененбай Қожабеков * Садырбай — Мәкіл Құланбаев * Уәзірқұл — Ашыр Чокубаев * Болат — Әнуар Кенжеев ## Дереккөздер
Ақтоғай кенттік әкімдігі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Ақтоғай кенті. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қарақұм – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. * Қарақұм – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл. * Қарақұм – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. Құмдар: * Қарақұм – Орталық Азияда, Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып жатқан құмды алқап, шөл. * Қарақұм – Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы құм. * Қарақұм – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап. * Қарақұм – Іле өзенінің оң жағалауындағы құмды алқап. * Қарақұм – Тосынқұм құмының шығысындағы құмды алқап.