text
stringlengths
3
252k
Дмитрий Евгеньевич Торбинский (28 сәуір 1984, Норильск, Красноярск өлкесі, РСФСР, КСРО) — ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. Карьерасында Ресейдің көптеген клубтарында ойнады, тек 2018 жылы азырақ уақыт Кипрдің ""Пафос" клубында өнер көрсетті. Ресей құрамасы сапында 2008, 2016 жылдары Еуропа чемпионаттарына қатысты. 2008 жылы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі атанды. ## Жетістіктері ### Командалық «Спартак» * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2006, 2007 * Ресей кубогы: 2003 * Ресей суперкубогының финалисі (2): 2006, 2007 «Локомотив» * Ресей суперкубогының финалисі: 2008 «Ростов» * Ресей суперкубогының финалисі: 2014 Ресей құрамасы * Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2008 ### Жеке * Ресей чемпионатындағы үздік 33: № 3 (2007) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Тунжай Санлы (түр. Tuncay Şanlı; 16 қаңтар 1982, Сакарья, Түркия) — түркиялық футболшы, шабуылшы. 2002-2010 жылдары Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2003 жылғы Конфедерациялар кубогы мен 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. ## Жетістіктері ### Клубтық * Түркия чемпионы (3): 2003/04, 2004/05, 2006/07 ### Халықаралық * Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. 2008 * Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2003 ### Жеке * Түркия құрамасының Конфедерациялар кубогындағы үздік мергені: 3 гол ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2009 жылы. * Профилі
Ренат Фоотович Абдулин (14 сәуір 1982) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2002-2016 Қазақстан құрамасы сапында ойнаған. ## Карьерасы ### Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында 2002 жылы сәуірде Латвияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты (1:2). 2003 жылы тамызда Потугалиямен ойында алаңға шыққан соң алты жыл бойы ұлттық құрама жейдесін кимеді. Тек 2009 жылы неміс маманы Бернд Шторк Ренатты құрамаға қайта шақырды.11 ақпан күні Эстониямен жолдастық ойында (2:0) 90 минут бойы ойнады. Келесі ойында (2009 жылы 1 сәуір күні) Беларусь құрамасымен ойында Ринат есеп ашты, бірақ құрама 1:5 есебімен ұтылып қалды. Ұлттық құрамадағы екінші голын 2014 жылы қазан айында Нидерланд (ЕУРО-2016 іріктеуі) қақпасына соқты. Ренаттың голы есеп ашқанымен, кейін қазақстандықтар 1:3 есебімен ұтылып қалды. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы (2): 2004, 2010 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Елді мекендер: * Сарыөлең – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл. * Сарыөлең – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Сарыөлең – Тоқырау алабындағы өзен.
Бальтанас (ис. Baltanás) — Испаниядағы елді мекен және муниципалитет , Кастилия мен Леон автономды қоғамдастық құрамында Паленсия провинциясына кіреді. Муниципалитет Эль-Серрато-Палентино ауданы (комарка) құрамына кіреді. 158,85 км² ауданды алады. Тұрғыны — 1342 адам (2010 жыл бойынша). Провинцияның әкімшілік орталығына дейінгі ара-қашықтық — 29 км. Қаланың қамқоршысы ретінде әулие Грегорио мен Нуэстра Сеньора де Ревилья саналады. ## Тарихы Қала 1 жылы құрылды. ## Сілтемелер * Ресми парақша * Página Oficial del Ayuntamiento(қолжетпейтін сілтеме) * Mapa del municipio * Web no oficial de Baltanás * Libro online. * Página de cachondeo sobre el pueblo Мұрағатталған 6 шілденің 2008 жылы. * IDECyL-Baltanás Мұрағатталған 14 шілденің 2014 жылы.
Дәулетов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Ағыс Дәулетов - KCPO Мұнай өнеркәсібі үздігі. * Ескендір Дәулетов - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы. * Тоғызбай Дәулетов - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы. * Шайхым Дәулетов — «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Ленин орденді мұнайшысы.
Рамазанов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Алтай Әбдірахманұлы Рамазанов – экономика ғылымының докторы. * Аманолла Ғабдолхайұлы Рамазанов – қоғам қайраткері. * Виссарион Тасжанұлы Рамазанов – совет гельминтологы, малдәрігерлік ғылымдарының докторы. * Еркін Аманоллаұлы Рамазанов - Техника ғылымдарының кандидаты. * Ескендір Рамазанов - баспагер, ботаник. * Қабдолла Зәкірияұлы Рамазанов - КОКП Орталық Тексеру Комиссиясының мүшесі, 1-сайланған КСРО халық депутаты. * Тілекқабыл Сәбитұлы Рамазанов – физика-математика ғылымының докторы, профессор.
Бисенов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Алдаберген Бисенов – Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытушылардың бірі, еңбек ардагері, Социалистік еңбек ері. * Әзімғали Бисенов - КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. * Есмырза Бисенов – соғыс ардагері, педагог. * Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі. ## Тағы қараңыз * Бейсенов
Жетпісбай Өмірәліұлы Дүйсембеков (28 қыркүйек 1947 жыл, Ақтоғай ауылы, Қарағанды облысы) — тау-кен инженері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. ## Өмірбаяны Жетпісбай Өмірәліұлы 1947 жылы 28 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша тау-кен инженер-экономисті, экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Жоғары білікті маман, өндірісті талантты ұйымдастырушы, тәжірибелі басшы, кемел тұлға – Жетпісбай Өмірәліұлы Қазақстанның құрылыс кешенін дамытуға үлкен үлес қосты. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының көптеген қалаларында өнеркәсіптік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы аса маңызды бірегей объектілер бой көтерді. Ол Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясы кәсіпорындарында өндірісті тиімді басқарудың бірқатар бірегей және өміршең әдістерін жаңа экономикалық жағдайларда ұсынған республикадағы танымал жоғары кәсіби мамандардың бірі. Ол нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің маңызы зор екенін дәлелдеді. «Ұлы Жібек жолы» жолының қазақстандық учаскесін жаңғырту бойынша үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Қоныс және Бектас кен орындарында мұнай өңдейтін «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС директоры болғанда аталған кен орындарын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру және Қызылорда қаласындағы мұнай құю терминалын салу жобаларын іске асырушылардың бірі болды. «Зайсан» БК және «Тарбағатай Мұнай» ЖШС Бас директоры лауазымында қызмет атқарғанда ҚР Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ойпатында мұнай мен газды өңдеуге және барлауға үлкен үлес қосты, ҚР ШҚО Зайсан ойпатындағы Сарыбұлақ құрылымында газ кен орны ашылды, ҚР ШҚО Зайсан ойпатындағы Сарыбұлақ құрылымында көмірсутегі шикізатының (КСШ) қорлары бойынша бағалау жұмыстарының және КСШ кен орнын сынамалы пайдалану жобасын жасаушы әрі жетекшісі болды. ## Қызмет жолы * 1971 жылғы қазаннан бастап Жаңатас қаласындағы кеніштің жөндеу-механикалық цехының нормалаушысы, жоспарлау бөлімінің инженер-экономисі болып жұмыс істеді; * 1972 жылғы шілдеден Жаңатас қаласы Оңтүстік-Шығыс кенішінің аға инженер-экономисі, жоспарлау экономикалық бюросының бастығы; * 1975 жылдың ақпан айынан бастап Жаңатас қаласы «Қаратау» орталық өндірістік бірлестігі кенішінің жоспарлау бөлімінің бастығы; * 1976 жылдың шілде айынан бастап Балқаш қаласындағы «Прибалхашстрой» трестінің жоспарлау-өндірістік бөлімінің бастығы; * Жезқазған қаласындағы «Жезқазғанауырқұрылыс» бірлестігі бастығының орынбасары (1980-1984 жылдар); * Қазақ КСР Құрылыс министрлігінің Қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Қаржы басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс басқармасының қаржы, есеп және экономикалық талдау Бас басқармасының бастығы (1984-1990 жылдар); * Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары (1990-1991 жылдар); * «Құрылыс материалдары» өнеркәсіптік мемлекеттік концерні президентінің орынбасары (1991-1992 жылдар); * «Тұранбанк» қазақ акционерлік банкі Басқарма төрағасының орынбасары (1992-1993 жылдар); * Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің бірінші орынбасары (1993-1997 жылдар); * Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттігі директорының орынбасары, ҚР ЭИСМ «Қазқұрылыскомитеті» төрағасының орынбасары (1997-1998 жылдар); * «Жібек жолы» ұлттық компаниясының бірінші вице-президенті (1998-2000 жылдар); * «Қуатамлонмұнай» мұнай компаниясының атқарушы директоры, директоры (2000-2003 жылдар); * 2003 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қаңтар айына дейін «Зайсан» БК ЖШС Бас директоры; * 2008 жылдың наурыз айында «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-тің өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды; * 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Тарбағатай Мұнай» ЖШС Бас директоры; * 2012 жылы Қазақстан құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының вице-президенті болып сайланды; * 2018 жылдан бері «Жөндуқұрылыстехника» АҚ тәуелсіз директоры. ## Ғылыми еңбектері Бірқатар ғылыми еңбектер-монографиялардың авторы: * «Құрылыс саласындағы құрылымдық қайта құру» (А: Ғылым, 1997 жыл); * «Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіндегі құрылысты басқару мәселелері» (А:1998 жыл); * «Құрылыс кешенінде оңтайлы басқару шешімдерін қалыптастыру» (А:1999 жыл); * 1995 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік қызметін басқару»); * 2007 жылы «Барлау мұнай-газ ұңғымаларының құрылысын зерттеу» тақырыбына докторлық диссертация қорғады (Шығыс Қазақстан Зайсан ойпатының мысалында). ## Ғылыми дәрежелері * Халықаралық инженерлік академиясының академигі (1999 жыл); * Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі (2000 жыл); * БҰҰ Бас консультативтік мәртебесіндегі Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2006 жыл); * Адам-Смитт университетінің профессоры (Нью-Йорк қаласы, 2008 жыл). ## Марапаттары * «Жезқазғанауырқұрылыс» бірлестігінің Құрмет грамотасы; * Қазақ КСР Құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасы; * ҚазКСР Мемқұрылыс Бас басқармасының Құрмет грамотасы; * Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасы; * ҚР Құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасы; * «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл); * «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет төсбелгісі (2007 жыл); * Мемлекет алдында сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2008 жыл); * Геологиядағы үлкен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы» («Почетный разведчик недр Республики Казахстан») дипломы және төсбелгісі (2010 жыл); * Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалі (2014 жыл). ## Отбасылық жағдайы Үш баласы бар: Дүйсембеков Біржан Жетпісбайұлы (1971 жылғы), Дүйсембеков Бақытжан Жетпісбайұлы (1973 жылғы), Дүйсембекова Әсел Жетпісбайқызы (1983 жылғы). ## Дереккөздер
Нүсіпбеков сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбеков - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. * Естеу Нүсіпбеков - ақын. * Серік Имансерікұлы Нүсіпбеков - Экономика ғылымдарының кандидаты.
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. ## Гидрографикасы Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар. ## Климаты Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ қысы қатаң, ал жазы жай ғана жылы болып келеді. Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы болып табылады. Бұл жерде қыс мезгіліндегі ең төменгі температура -55 °С-қа (Орловка елді мекенінде) жетеді. Осы көлде Оңтүстік Алтайдағы ең төменгі ауа температурасы (-41°С) тіркелген. Шілде айының орташа төменгі ауа температурасы 14.1 °С болса, ал қаңтар айындағы орташа ауа температурасы 25.9 °С болып табылады. Көп жағдайда жаз мезгіліндегі ауа температурасы 29 °С-қа дейін көтеріледі, ал қыс мезгілінде -40-44 °С-қа дейін, кей кездері -53 °С-қа дейін төмендейді. ## Флорасы мен фаунасы Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
«Бәйшешектер» — толық метражды көркем фильм. 1974 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Мектеп оқушылары аналарын әйелдер күнімен құттықтау үшін бәйшешектер жинауға тауларға аттанады. Жолда оларды әртүрлі шытырман оқиғалар, осыған байланысты көптеген қиыншылықтарды еңсеру күтілуде. Бұған қарамастан балалар үйлеріне гүлдермен қайтады. ## Рөлдерде * Қамбар — Елдар Қазғамбаев * Халықбек — Жарас Ахметов * Ерік — Дәулет Бейсембаев * Сергей — Александр Пугачев * Иван — Сергей Музыка * Федор — Игорь Катанов * Қатеш — Нағина Арапова * Саша — Гера Рудый * Айдар — Нұрлыбай Есімғалиев * Бадиға Асланқызы — Әмина Өмірзақова ## Дереккөздер
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Астана қаласындағы жоғары оқу орны. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 50 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында. 9 факультетте 6000-нан аса студент оқиды, университетте 20 ғылым доктор, проффесор, 150 ғылым кандидаттар мен доцент дәріс береді (1998). Өсімдік шаруашылығында өнім өндірудің интенсивті технологиясы агротәсілдерін жасау, мал басын аман сақтау және олардың өнімділігін арттыру жолдары, агроөнеркәсіп кешенінің экономика-ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылық өндірісін инженер-техника жағынан қамтамасыз ету, жеке тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыру бағыттарында ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізеді. Университетте 3 диссертация кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. АҚШ, Германия, Англия, Италия оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. ## Университет тарихы Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жәңе ең ежелгі жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы). Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан. Университет бүгінде жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық жүйесі бар біртұтас оқу – ғылыми – әдістемелік кешенді құрайды. Қазіргі кезде университетте 43 кафедра бар. Қазіргі кезде университеттің сегіз факультететінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда. Білім бері үдерісін 650 оқытушы, оның ішінде 353 ғылым докторы мен кандидаты жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуеті 35,8% құрайды, олар оқытудың жаңа прогрессивтік формаларын дамыту мақсатында қызмет жасауда. Университет ғалымдары аймақтық, республикалық салалық және сала аралық ғылыми бағдарламаларға қатысады. Ғылыми жобалар саны 30-дан 45-ке жетті, ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, 251 млн теңгеден асты. Thomson Reuters агенттігімен «ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналы индексі нөлден жоғары ғылыми басылым ретінде танылған.Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 55 мыңға жуық жоғары білікті мамандар даярланды. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Университет өз түлектерін мақтан етеді. Олардың арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының мамандары бар. Университет білім беруде келесі бағыттарға басымдық береді: экономиканың аграрлық саласына сапалы мамандар дайындау, оқу орнының рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігін Республика деңгейінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде арттыру, әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ойдағыдай қауымдасу. Оларды жүзеге асыру үшін университет қазіргі заманғы басқару жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуде, материалдық-техникалық базасын нығайтты, өндіріс орындармен, жұмыс берушілермен, ғылыми зерттеу институттары және орталықтармен өзара ынтымақтастықтың тиімді жүйесін қалыптастырды, ғылыми базасын нығайтуда. ҚазАТЗУ халықаралық стандарттар бойынша институционалдық аккредитация мен мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, қазіргі уақытта халықаралық аккредитациядан өтуге дайындалуда.Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – біртұтас еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негіз болатын Университеттердің Ұлы Хартиясының тең мүшесі. Университеттің барлық құрылымдарын компьютерлендірумен байланысты алдыңғы қатарлы оқыту технологиялары енгізілуде. Осының бәрі әлемдік білім беру жүйесіне нәтижелі қауымдасуымызға мүмкіндік жасайды.Университеттің материалдық – техникалық базасы, әдістемелік қамтамасыз етілуі және ғылыми – педагогикалық потенциалы өлшеусіз өсті. Алғашқы рет жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен 60 мамандық бойынша модульді білім берудің оқу бағдарламалары дайындалды. Университеттің материалдық – техникалық базасын одан әрі кеңейту мақсатында 8 инвестициялық жоба дайындалған. QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТЗУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді. ## Факултеттер * Агрономия факультеті 1957 жылы ашылған.Факультет 5В080100 - «Агрономия», 5В080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В0608 - «Экология», 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандықтары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Факультетте 6М080100 - «Агрономия», 6М080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 6М080800 - «Топырақтану және агрохимия», 6М070100 - «Биотехнология» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультеттегі «Топырақ мұражайы» солтүстік және орталық аймақтардағы бірегей мұражай болып табылады.Факультетте дән сапасын бағалау; тұқымтану; биотехнология; агрохимия; диагностика және өсімдіктердің микроклональдық көбеюі; мал азығын өндіру; ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары коллекциясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологияларының ғылыми зертханалары бар. * Сәулет өнері факультеті 1965 жылы құрылған.1992 жылы сәулет өнері факультеті әлемнің танымал болған сәулет өнері мектептерінің каталогына енгізілді.Мамандарды дайындау мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына негізделіп, 5В042000 – «Сәулет»; 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша күндізгі оқыту бөлімдерінде жүргізіледі. 6М042000 - «Сәулет» мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. * Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті 1964 жылы негізі қаланған.Факультет 5В120100 - «Ветеринарлық медицина», 5В120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша маман және 5В070100 - «Биотехнология», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6М080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 6М080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 6М120100 - «Ветеринарлық медицина», 6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. 6D080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6D120100 - «Ветеринарлық медицина», 6D120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандықтары бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте паразитология, акушерлік және хирургия мұражайлары, биотехнология, мал азықтандыру, сүт өңдеу, токсидермия, ветеринарлық сараптау зертханалары, балық өсіру цехы жұмыс істейді. * Жерге орналастыру факультеті 1957 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В090300 - «Жерге орналастыру», 5В090700 - «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау», 5В071100 «Геодезия және картография» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультетте 6М090300 - «Жерге орналастыру», 6М090700 - «Кадастр».мамандықтары бойынша магистратура ашылған. Факультетте университетіміздің бірінші ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Гендельман атындағы мұражай бар. * Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті Факультет 1985 жылдан бастап жеке факультет ретінде жұмыс істейді.Факультет 5В012000 - «Кәсіптік білім», 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М0120 - «Кәсіптік білім», 6М070300 - «Ақпараттық жүйелер», 6М070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандықтары бойынша магистрлер дайындалады. * Техникалық факультет 1957 жылы құрылған.Факультетте 5В080600 - «Аграрлық техника және технологиялар», 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындалады.Факультет 6М080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», 6М073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды. 6D080600 - «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Оқу үрдісінде лабораториялық қондырғылармен жабдықталған аудиториялар және жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникалары қолданылады. * Энергетикалық факультет 1965 жылы ұйымдастырылған.Факультет 5В071800 – «Электр энергетикасы», 5В071700 – «Жылу энергетикасы», 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 5В081200 - «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша бакалаврлар даярлайды. Факультет 6М071800 – «Электр энергетикасы», 6М071700 – «Жылу энергетикасы», 6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша магистрлер дайындайды.2008 жылдан бастап факультет базасында энергия үнемдеу технологиялары орталығы ашылған, телекоммуникациялар саласындағы жаңа технологиялар бойынша заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. * Экономика факультеті 1960 жылы негізі қаланған.Факультет 5В050600 - «Экономика», 5В050700 - «Менеджмент», 5В050800 - «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В051100 - «Маркетинг», 5В090400 - «Әлеуметтік – мәдени сервис» мамандықтары бойынша бакалаврлар дайындайды.Факультетте 6М050600 - «Экономика», 6М050700 - «Менеджмент», мамандануы «Аграрлық менеджмент», 6М050900 - «Қаржы», 6М051100 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс істейді. 6D050600 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторлар дайындайды.Факультетте интерактивті тақтасы бар кабинет және әдістемелік кабинет жұмыс істейді. * Сырттай оқу факультеті 1959 жылы құрылған. Қазіргі уақытта факультетте жаңа үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген қашықтықтан (дистанциялық) оқыту үрдісі енгізілуде. Мамандандырудың барлық бағыттары бойынша кейстік технологиялардың оқу-әдістемелік кешендері әзірленген. * Әскери кафедра Әскери кафедра 1965 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Университет студенттері жоғары білім алумен қатар, әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыш және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алып шығады ## Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар * директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент; ректорлар: * М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор; * К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдарының докторы, профессор; * Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор; * А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. * А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі. ## Тарих беттеріне қысқаша шолу * 1957 ж. – Ақмола ауылшаруашылық институты құрылды (КСРО Министрлер Кеңесінің 3.10.1957 ж. №1176 Қаулысы); * 1996 ж. – институт Ақмола аграрлық университеті болып қайта құрылып, оған Сәкен Сейфуллин есімі берілді (ҚР Үкіметінің 7.05.1996 ж. №573 Қаулысы); * 2001 ж. – университет С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мәртебесіне ие болды (ҚР Үкіметінің 15.06.2001 ж. №821 Қаулысы); * 2004 ж. – университет «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 03.08.2004 ж. №829 Қаулысы). * 2007 ж. – университет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына беріліп, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (ҚР Үкіметінің 22.05.2007 ж. №409 Қаулысы). * ҚазАТУ Республиканың жоғары оқу орындары арасында ең алғашқылардың бірі болып «Русский Регистр» және IQNet (Сертификаттау бойынша Халықаралық желі) сертификаттау жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аудит тексерісінен өтіп, 2005 жылғы 18 сәуірде № 000340 куәлігіне ие болды. ## Еншілес ұйымдары * Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы) * А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Научный кенті) * Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы (Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылы) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Аграрлық университет бестігі сайлауда дауыс береді | Астана ..(қолжетпейтін сілтеме)
* Қайнарлы – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл. * Қайнарлы – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл. * Қайнарлы – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл.
Қайрат Кәрімов (1969 жыл, Екібастұз, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Карьерасы 1987 жылы "Екібастұз" клубында футболшылық ғұмырын бастады. Сол жылы-ақ Алматының РШВСМ (кейін ол клуб СКИФ деп аталды) ауысты. 1989 жылға дейін алматылық клубта ойнап, КСРО тарайтын жылдары Ұзынағаштың "Ақ қанат" клубында өнер көрсетті. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпионатында "Қайрат" футболшысы атанып, Қазақстан чемпиондығы мен Қазақстан кубогына қол жеткізді. 1993, 1994 жылдары "Намыс" командасында азырақ ойнады да, футболмен қоштасты. 1993 жылы 25 тамыз күні "Қайсардың" қақпасына клуб сапындағы жалғыз голын соқты. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан чемпионы: 1992 * Қазақстан кубогы: 1992 ## Сілтемелер * Футболшының профилі (footballfacts.ru)
Сергей Рустамович Тагиев (18 қыркүйек 1967 жыл, Жамбыл, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы ### Ойыншы карьерасы Карьерасында КСРО және Қазақстан, Ресей клубтарында өнер көрсетті. Кеңес дәуірінде тек "Химик" клубында доп тепті де, 1993 жылы Грозныйдың "Эрзу" клубында бір жыл доп тепті. 1994 жылы "Таразға" қайта оралып, 2002 жылы карьерасын аяқтағанша бірнеше рет клуб ауыстырды, "Қайсар", "Мұнайшы" клубтарында ойнады. ### Бапкер карьерасы 2003 жылы туған клубы "Тараздың" бапкерлер штабына кірді. 2003 жылы азырақ уақыт клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2010 жылы "Қаратау" клубының бас бапкері боп тағайындалды. 2013-14 жылдары "Жетісу" командасында физикалық дайындық бойынша менеджер боп жұмыс істеді. 2016 жылы "Тараздың" бапкерлер штабына қайта оралды. ## Сілтемелер * Профилі
Лабашум (шумер. la-ba-/a’?-šum?\}}) — Урук I династиясының сегізінші Шумер патшасы. Б. з. д. XXVI ғасырда билік етті. «Шумерлік патшалар тізімі» деректері бойынша, 9 жыл билік еткен. ## Сілтеме * Ниппур патшаларының тізімі
Негізгі ұғым: * Тақыр жер – шөл және шөлейт аймақтардағы сазды тау жыныстарынан тұратын, беті тегіс, қатты алқаптар. Елді мекендер: * Тақыр – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл. * Тақыр – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл.
Сергей Рустамович Тагиев (18 қыркүйек 1967 жыл, Жамбыл, Қазақ КСР) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. ## Карьерасы ### Ойыншы карьерасы Карьерасында КСРО және Қазақстан, Ресей клубтарында өнер көрсетті. Кеңес дәуірінде тек "Химик" клубында доп тепті де, 1993 жылы Грозныйдың "Эрзу" клубында бір жыл доп тепті. 1994 жылы "Таразға" қайта оралып, 2002 жылы карьерасын аяқтағанша бірнеше рет клуб ауыстырды, "Қайсар", "Мұнайшы" клубтарында ойнады. ### Бапкер карьерасы 2003 жылы туған клубы "Тараздың" бапкерлер штабына кірді. 2003 жылы азырақ уақыт клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2010 жылы "Қаратау" клубының бас бапкері боп тағайындалды. 2013-14 жылдары "Жетісу" командасында физикалық дайындық бойынша менеджер боп жұмыс істеді. 2016 жылы "Тараздың" бапкерлер штабына қайта оралды. ## Сілтемелер * Профилі
«Дала гүрсілі» — толық метражды көркем фильм. 1974 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Орал қорғанысының батырлық күндері туралы - Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларының бірі туралы фильм. Бұл күрес пен ерліктің қатыгез күндері болды. 70 күн бойы оралдықтар осы фронт учаскісінде біріккісі келген Деникин мен Колчак әскерінің қыспағын ұстап тұрды. Қоршалған қаланың ішінде контрреволюциялық астыртын әрекет толды. Фильмнің әке-ұл Тучновтардың, ақ әскерінің генерал-майоры мен прапорщигінің зорлық-зомбылықтың заңдылығы туралы дауынан басталады. "Сен барлығы арсыздардың қолына түскенін қалайсың ба?" – деп, әкесі ұлына сұрақ қояды. Жауынгерлік абырой ұғымдарын негізге алып, әкесі өз ұлынан талақ етіп, әскери антты бұзды деп, оны сотқа береді. ## Рөлдерде * Фрунзе — Александр Михайлов * Ревком председателі — Н. Евсин * Дивизия комиссары — Герман Качин * Дивбас — Николай Рыбников * Кавполк комиссары — Әнуар Боранбаев * Алексей — Александр Кирилин * Бектай — Нартай Бегалин * Сәлима — Әнеш Ержанова * Генерал Тучнов — Михаил Глузский * Полковник Тұңғалиев — Шахан Мусин ## Дереккөздер
* Биғаш – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Биғаш – Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл.
* Қарамойыл – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Қарамойыл – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл.
Мелам-Киши — патшалар тізімінде Киш I династиясының 16-ы басқарушысы ретінде танылатын Шумер тарихи аймағындағы Киш қала-мемлекетінің басшысы. Энменнунаның ұлы, Барсальнунаның ағасы. Оның басқару уақыты б. з. д. 2800-ші жылға жатуы мүмкін. Патшалар тізімінде басқа патшалардікіндей, Мелам-Кишидің де басқару ұзақтығы шындыққа жанаспайды — 900 жыл; сол дерекке сенсек, оның ізбасары Барсальнуна болды. ## Сілтеме * Ниппур патшалары тізімі
Елемесов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі. * Есқали Елемесов - "Еңбек Қызыл ту" орденді мұнайшы. * Жәрмедет Елемесов - заң қызметкері. Қазақ КСР прокуратурасының құрметті қызметкері, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері. * Көпмағамбет Елемесұлы Елемесов – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. * Құмар Елемесов - "Еңбек Қызыл ту" орденді мұнайшы.
Абай — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, аудан орталығы (05.06.2018). ## Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 224 км-дей, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі Ишанбазар жәрмеңкесі негізінде 19 ғасырдың аяғында қаланды. 1934-60 жылдары Абай – базар деп аталған. 1939-93 жылдары Келес ауданының орталығы болды. Абай ауылында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін көп салалы өнеркәсіп, 6 орта мектеп, мәдениет үйі, емхана, нан зауыты, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ауыл қазір даму үстінде. Жаңа жеке кәсіпорындар ашылып жатыр. Бұл жерлер тұруға қолайлы болғандықтан, адамдар саны күннен күнге артып келеді. ## Дереккөздер
Казакевич сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Александр Пахомович Казакевич – опера әншісі, Қазақстанның халық артисі. * Эммануил Генрихович Казакевич — орыс совет жазушысы.
Көкжыра – Қараөзен аңғарындағы сор. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Саралжын ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доғаланып 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Сордың орта және шет бөліктерін төбелі қырқалар қоршаған. Сор жағалауында Құлын, Әке, т.б. көптеген жайлаулар орналасқан. Батысында Баяр (Бояр), Батпақ, Бастау сорлары бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Батыс Қазақстан облысы(қолжетпейтін сілтеме)
«Махаббат туралы аңыз әлде Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» — толық метражды көркем фильм. 1954 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған. ## Сюжеті Фильмнің негізі байдың қызы мен кедей аңшының махаббаты туралы баяндайтын халық аңызынан алынған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды. ## Рөлдерде * Баян Сұлу — Шолпан Жандарбекова * Қодар — Нұрмұқан Жантөрин * Қарабай — Серке Қожамқұлов * Мақпал — Сәбира Майқанова * Күнекей — Рахия Қойшыбаева * Жантық — Камал Қармысов * Жарқын — Қалыбек Қуанышбаев * Ұсақ — Асвад Хасанов ## Дереккөздер
* Үшкөмей – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. * Үшкөмей – Жетісу облысы Үштөбе қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл.
«Махаббат туралы аңыз» — толық метражды көркем фильм. 1975 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Сынаушы ұшқыштардың күнделікті өмірі, махаббат пен адалдық туралы фильм. ## Рөлдерде * Алма — Жанна Қуанышева * Тайыр — Жамбыл Құдайбергенов * Маша — Лариса Волченко * Крапивин — Леонтий Полохов * Сара апа — Бикен Римова * Николай — Алексей Свекло ## Дереккөздер
Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы (ағылш. Customs Union of Belarus, Kazakhstan, and Russia) — аталған үш ел арасындағы ортақ кедендік аумақ, яғни арнайы қорғау, антидемпинг және компесациялық шараларды ескермегенде, өзара сауда шеңберінде кедендік баж салығы және экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайтын сауда-экономикалық интеграция формасы. . 2010 жылдың 1-қаңтарында құрылған Кедендік одақтың мүше елдері үшінші елдермен сауда қарым-қатынасында бірыңғай кедендік тариф және басқа да реттеу шараларын қолданады. . Еуразиялық экономикалық қауымдастығының ресми құжаттарында «Еуразиялық экономикалық қауымдастығы аясындағы кедендік одақ» деп аталады. Баспасөзде, көбінесе, Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы немесе жай ғана Кедендік Одақ, яғни КО деп аталады. Қазақ ұлтшылдары және де батыстың саясаттанушылары Кедендік Одақты ресейлік гегемонияда табылған Кеңес Одағын қалпына келтіру талпынысы деп бағалайды. ## Дереккөздер
Сарыбел - Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік жоталар тобына кіретін жайлау. ## Географиялық орны Алматы облысы Панфилов ауданы жерінде, Тышқантау, Шақпақтастау және Алмалы тауларының оңтүстік-батыс етегінде, Тышқан өзенінің бойында, теңіз деңгейінен 1367 м биіктікте орналасқан. Оңтүстікке қарай аласара түсетін сатылы тауалды аңғары 1736 м-ден 1367 м-ге дейін төмендейді. ## Геологиялық құрылымы Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Беті саздақтан, шақпақтастардан, құмнан тұратын төрттік шөгінділермен көмкерілген. Жайлауды солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше өзен кесіп өтеді. ## Климаты Климаты қоңыржай белдеудің тұран континенталдық аймағына жатады. Қаңтардың орташа температурасы –12 -16°С, шілдеде 20 - 24°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 - 700 мм. ## Өсімдігі Жайлаудың өсімдік жамылғысын негізінен альпілік шалғындар мен жемісті бұталар құрайды. ## Дереккөздер
Абыралы ауданы — 1928-1955 және 1990-1997 жылдары болған Қарқаралы округі, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Қайнар ауылы. ## Тарихы Абыралы ауданы 1928 жылы Қарқаралы округінің құрамында құрылды. 1930 жылдан - Қазақ АКСР-іне тікелей бағыныста, 1932 жылдан — Шығыс Қазақстан облысының құрамында. 1939 жылы 14 қыркүйекте Абыралы ауданы Семей облысының құрамына енді. Сонымен бірге оның құрамына Алғабас, Дегелең, Қараөлең, Көкшетау, Қоныстан, Сарыапан, Тайлан, Таңат, Татан, Ұзынбұлақ және Шаған ауылдық кеңестері кірді. 1954 жылы Сарыапан ауылдық кеңесі Алғабасқа, Таңат Шағанға, Татан Көкшетауға қосылды. Қоныстан, Дегелең, Тайлан және Ұзынбұлақ ауылдық кеңестері жойылды. 1955 жылы 22 қаңтарда Абыралы ауданы таратылды. Сол уақытта Қараөлең мен Шаған ауылдық кеңестері Семей облысының Абай ауданына, Алғабас ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қу ауданына, Көкшетау ауылдық кеңесі — Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына өтті. 1990 жылы 15 желтоқсанда Абыралы ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Семей облысы Абай ауданының Абыралы, Ақбұлақ, Қараөлең, Сарғалдақ ауылдық кеңестері және Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Алғабас ауылдық кеңесі кірді. Бұрын аудан аумағына кірген Ақтайлақ, Томар ауылдық кеңестерінің аумағы Қарқаралы ауданының құрамында қалды. Кейін Сарғалдақ ауылдық кеңесі Абай ауданының құрамына қайтарылды. 1991 жылы Айнабұлақ және Социалистік Қазақстан ауылдық кеңестері құрылды. 1994 жылы Социалистік Қазақстан ауылдық кеңесі Таңат ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді. 1997 жылы 23 мамырда Абыралы ауданы жойылып, оның аумағы Семей қаласының қарамағына өтті. ## Әкімшілік бөлінісі Таратылар алдында ауданның 6 ауылдық округі болған: ## Халқы ## Әдебиет * Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006. ## Тағы қараңыз * Абыралы көтерілісі ## Дереккөздер
Үсенбаева сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Жібек Қалиқызы Үсенбаева – техника ғылымының докторы, профессор. Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. * Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті. * Нұржамал Үсенбаева (кітап) — 2011 жылы Астана қаласы «Фолиант» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Н. Байырбек.
Мамай (т.ж.б. — 1380 ж.ө.) — Алтын Орда қолбасшысы, Бердібек ханның күйеу баласы. 1371 жылы Алтын Орданың батыс бөлігінде Қара теңіз өңірінде өз ордасын құрып, билік жүргізді. Мамай орыс князьдарының өзара қырқысу кезеңін пайдаланып, 1373 жылы Рязань, 1378 жылы Нижегород князьдықтарына соққы берді. Алтын Орданың Белгіш мырза басқарған жерлерін орыс жасақтары Воже өзені бойында (1378) талқандағаннан кейін, Мамай Литва ұлы княздығының ұлы князі Ягайломен одақтасып, Руське жорыққа аттанды. 1380 жылы Күлік шайқасында біржола жеңілді. Алтын Орда билігін Тоқтамыс хан қолға алған соң, Мамай Кафаға (қазіргі Феодосия) қашып, сол жерде генуялық саудагерлердің қастандығынан қаза тапты. ## Дереккөздер
Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. Алматы энергетика институтының (1975) негізінде құрылған. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап университет статусын иемденді.Орта Азия энергетика мен телекоммуникация мамандарын даярлайтын бірден-бір маманданған жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 22 мамандық бойынша 3000-нан астам студент оқиды (1997). Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне арналған 3 жатақхана бар. Өскемен филиалы, 3 мектеп-лицей және Қазақстанның 8 аймағындағы 32 салалық мамандыққа бейімдейтін сынып осы институт құрамына енеді. Дәріс оқитын профессорлар мен оқытушылардың 60%-інің ғылым докторы немесе ғылым кандидаты атағы бар (1997). Институт ең жаңа оқу жабдықтарымен жарақтандырылған. 1977 — 97 жылдар аралығында институтта 1400-ден астам инженерлер, ғылыми қызметкер, өндіріс ұйымдастырушылары мен басшылары даярланды. ## Тарихы 1960 жылы Қазақстанда Қазақ Политехникалық институтында (қазіргі Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) инженер-энергетиктерді дайындау басталды. Ол 1966 ж. инженер-электриктердің және инженер-жылу энергетиктердің бірінші түлектерін шығарды. 1975 ж. Қазақстан КП ОК және КСР Министрлер Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақ Политехникалық инситутының энергетикалық факультеті базасында Алматы энергетика институтын құру туралы КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП ОК шешімі қабылданды. Бұл мамандықтардың кең саласы бойынша және үлкен көлемде инженер-энергетиктерге мұқтаж Екібастұз отын-энергетика кешенінің, қуатты жылу электр станциялары құрылысының, жоғары кернеуде электр таратудың бірегей желілерінің қарқынды дамуы болып табылады. Алматы энергетика институтының бірінші ректоры болып техника ғылымының докторы, профессор - Болотов Альберт Васильевич сайланды, ол осы институтты он жыл басқарды. Бұл жылдары институт Республиканың жетекші ЖОО-ларының бірі және КСРО-да энергетикалық ЖОО-ның үшіншісі болды (Мәскеу және Ивановск энергетикалық институттарынан кейін). 1994 ж. институт ректоры қызметіне техника ғылымдарының докторы, профессор Трофимов Герман Геннадьевич тағайындалды. 1989 ж. Алматы энергетика институты Қазақстанда бірінші рет КСРО Мембілім Мемлекеттік Инспекциясы комиссиясымен аттестатталды. Осылайша, АЭИ-де мамандар дайындаудың жоғары деңгейі Одақтық деңгейде ресми танылды. Бұл институттың жас басшылығы мен оқытушылар ұжымының үлкен жетістігі болды. 1996 ж. мамыр айында Қазақстан Үкіметі Қаулысымен жоғары оқу мекемелерінің көлемді қайта құруы жүргізілді: Республика облыстарында осы өңірдегі жоғары оқу орындарын біріктіру жолымен өңірлік университеттер құрылды. Алматы энергетика институты Қазақ ұлттық техникалық университетіне «Энергетика мен Телекоммуникацияның Оқу-ғылыми кешені» (ЭжТ ОҒК) құрылымдық бөлімше сапасында қосылды.1997 жылдың мамыр айында «ЭжТ ОҒК» Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды және коммерциялық емес акционерлік қоғамы статусына ие болды. Жаңа институттың ректоры болып Даукеев Ғұмарбек Жүсіпбекович сайланды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. 2010 ж. 1 маусымында Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD-докторанттарын дайындау құқы мен университет статусын алды және оның жаңа атауы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) болды. ## Бүгінгі күндегі АЭжБУ жағдайы Бүгінгі күнде АЭжБУ - энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АЭжБУ сапа менеджмент жүйесі жоғары кәсіптік білім кадрларын даярлау бойынша білім беруге қатысты ИСО 9001:2008 стандартына сәйкес деп танылды. «IQ Net» Халықаралық қауымдастығының әріптесі – «Рускиий регистр» сертификаты бойынша Қауымдастық сәйкестік сертификатын берді. Мұндай сертификат әлемнің 33 еліне жарамды болып табылады. Университет 2011 ж. кезекті мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті. ## Университеттің құрылымы Университетті басқару құрылымы: оқу-әдістемелік бөлімі, қаржы-әкімшілік бөлімі, халықаралық байланыс бөлімі, ғылыми-зерттеу секторы, маркетинг және кәсіби бағдарлау орталығы, ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету орталығы, алты факультет: «Электр энергетика факультеті», «Жылу энергетика факультеті», «Радиотехника және байланыс факультеті», «Ақпараттық технологиялар факультеті», «Сырттай оқу және мамандарды қайта дарлау факультеті», «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлық факультеті», жиырма үш кафедра, алты тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары және үш ғылыми-қолданбалы орталық. Университеттің материалды базасы: 3 оқу ғимараты, ғылыми зертхана ғимараты, 0,7 млн. бірліктен астам кітап қоры бар кітапхана, 411 орынды 8 оқу залы, оқу залымен арнайы жабдықталған электронды кітапхана, 1245 төсек-орынды 3 студенттер жатақханасы, 3 асхана мен 3 буфет, акт залы, би залы бар жастар орталығы, екі спорт залы, күрес залы, жаттығу залы және т.б. Мини-футболға, волейболға, баскетболға арналған ашық спорт және гимнастика алаңы бар. Оқу барысында 1000-нан астам компьютерлер пайдаланылады, оның ішінде 600-ге жуық компьютердің Интернетке қатынау мүмкіндігі бар. «АЭжБУ» Ғылыми-зерттеу орталықтары: «Энергияны қайта жаңғырту көздері мен энергия үнемдеудің жаңа технологиялары», «Су технологиялары және су-химиялық режімдер», «Оқу жабдықтары». «АЭжБУ» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетика кешені проблемаларын зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және экспертиза», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «ТП БАЖ», «Ақпараттық технологиялар» студенттік ғылыми-зерттеу зертханасы. Оқу жұмысындағы ынтымақтастық: 1997ж. 15 шілдеде АЭжБУ біріншілердің бірі болып Мәскеу энергетика институтымен бірегей білімдік кеңістікті сақтау мақсатында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Шартпен нақтысында барлық мамандықтар қамтылды. 2008 жылдың науырызында «МЭИ-мен екінші экономикалық білім алу шеңберінде сырттай оқыту бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру туралы» тағы бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір уақытта қос диплом: АЭжБУ техникалық білім туралы дипломын және МЭИ экономисі дипломын ала алады. Қазіргі уақытта бірлескен осы бағдарлама бойынша 222 адам оқып жатыр. Бүгінгі күнде АЭжБУ: «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университетімен; «Том политехника университеті» МБМ-мен; Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен; Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания); С.И. Георгиевский ат. Крым мемлекеттік медициналық университетімен және т.б. алыс-жақын шет елдің жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды.2009 ж. Алматы энергетика және байланыс университетінде мұқтаж студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, университеттің материалды-техникалық базасын дамытуға жәрдемдесуді, кәсіпорындардың ғылыми-тезникалық мәселелерін шешуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектесуді нығайту мақсатында «Бітірушілер қауымдастығы» құрылды. Университет Республикадағы энергетика және телекоммуникация саласындағы кәсіпорындардың инженер-техника қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда елеулі рөл атқарады. Энергетик-мамандардың, автоматшылардың, байланысшылардың, электроншылардың біліктілігін арттыру бойынша 39 оқу бағдарламасы жасалды. Келесі ұйымдар мен кәсіпорындар өз қызметкерлерін «АЭжБУ»-де қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге жіберіп отырады: «Атырауская ТЭЦ» АҚ,«Акмолинская РЭК» АҚ, «АқтөбеМунайгаз» АҚ, Атырау Мұнай және газ институты, «Атырау Жарык» АҚ, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Васильковский горно-обогатительный комбинат» АҚ, «Жамбылские электрические станции» АҚ, «Инфромэнерго» ЖШС, «Жайыктеплоэнерго» АҚ, «Западно-Казахстанская РЭК» АҚ, «Заремский ГОК» АҚ,«Жамбылская ГРЭС» АҚ, «Кооперативный университет «Самрук-Казына» ЧУ, «Казхром» АҚ, «КEGOC» АҚ, «НК КазТемирЖолы» АҚ, «Костанайская теплоэнергетическая компания» АҚ, «КокшетауЭнерго» АҚ, «Кызылординская РЭК» АҚ, «Казцинкэнерго» АҚ, «Мангистауская РЭК» АҚ, «МежрегионЭнергоТранзит» ЖШС, «Caspian Training Group», «Северо-Казахстанская РЭК» АҚ, «СазанКурак» ЖШС, «Соколовско-Сарбайское горно-обогатительное производственное объединение» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «3-Энергоорталык» АҚ,«Фирма «ФИЗТЕХ» ЖШС,«КАТЭК» АҚ, «Центр карьерного роста» ЖШС және т.б. Бүгінгі күнде университетте 5,5 мың студент, соның ішінде 4,5 мыңы күндізгі бөлімде, 12 бакалавриат және 6 магистратура мамандықтары бойынша оқиды. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-эксперименталды, жобалық және сараптамалық жұмыстар, сонымен қатар кәсіпорындар және ұйымдар тапсырысы бойынша жыл сайын 200 млн. теңгеге қызметтер өткізіліп отырады Университеттің материалдық базасы 28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар) 2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы» 5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ (ПОҚ)914 – АЭжБУ-да жұмыс істейтіндердің жалпы саны400 - штаттағы оқытушылар50 – қосымша жұмыс істейтін оқытушылар50 % - ғылым докторлары және кандидаттары ғылыми дәрежесі, магистрлік академиялық дәрежесі бар. 1997 жылдан бастап 2010 жылға дейін күндізгі бөлімге 28077,5 м2 – оқу корпустарының ауданы978 м2 – ғылыми-зертханалар ауданы19750 м2 – студенттердің 3 жатақханасының ауданы1245 – жатақханалардағы төсек-орындар саны12 м2 – 1 студентке бөлінген пайдалы оқу ауданы196 – 3 асхана мен 3 буфеттегі отыратын орындар320 мест - акт залы700 м2 - дискозал, брейн-рингке арналған бөлмелері, КТК командалары, дебат клубы, көркемөнерпаздар үйірмесі әртістерінің фонограммалар жазбасы студиясы бар жастар орталығы1432 м2 - екі спортзал, күрес залы, жаттығу залы және т.б.4225 м2 - шағын-футбол, волейбол, баскетбол және гимнастика алаңына арналған ашық спорт алаңы КІТАПХАНА1686 м2- жалпы ауданы8 оқу залы, соның ішінде 3 жатақхананың әрқайсысында 1 оқу залы, оларда 411 – отыратын орындар0,7 млн. кітап сақтау бірлігі2428 электрондық кітапханадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және кәсіптік құжаттар300 мерзімдік басылымдар атауы (газеттер мен журналдар) 2010 Ж.КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 1041 – компьютерлердің жалпы саны657 оқу мақсаттары үшін пайдаланылады70 ғылыми мақсаттарда пайдаланылады261 әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады 716 - желіде609 – Интернет желісінде ФАКУЛЬТЕТТЕРЖЭФ – жылуэнергетика факультетіЭЭФ – электрэнергетика факультетіРжБФ – радиотехника және байланыс факультетіАТФ – ақпараттық технологиялар факультетіСОжМҚДФ – сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетіИДДФ – институтқа дейінгі дайындық факультеті АЭЖБУ-ДІҢ БІТІРТУШІ КАФЕДРАЛАРЫ. 1.«Өнекәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау»2. «Электр стансалары, желілері мен жүйелері»3. «Электржетегі және өнеркәсіп қондырғыларын автоматтандыру»4. «Жылуэнергетикалық қондырғылар»5. «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» 6. «Инженерлік кибернетика»7. «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару»8. «Автоматты электрбайланысы» 9. «Радиотехника»10. «Телекоммуникациялық жүйелер»11. «Электроника»12. «Компьютерлік технологиялар»13. «Ақпараттық жүйелер»14. «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау» 15. Бритиш газ компаниясының қолдауымен Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп құрылған «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методология-сы» 5В071700 – «Жылуэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- жылуэлектр стансалары- су және отын технологиясы - жылутехнология энергетикасы- өнеркәсіптік жылуэнергетика- шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы5В071800 – «Электрэнергетика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- электр стансалары- электр жүйелері мен тораптары -релелік қорғаныс және электрэнергетика жүйелерін автоматтандыру- электрмен жабдықтау -дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергия көздері- электрмеханика- электроқшауламалы, кабельдік және конденсаторлық техника- электр технологиялық қондырғылар және жүйелер- электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру - жарық техникасы және жарық көздері 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» төмендегі мамандандырулар бойынша:- басқару жүелерін автоматтандыру және ақпараттандыру- технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»5В070300 – Ақпараттық жүйелер төмендегі мамандандырулар бойынша:- отын энергетика кешендеріндегі ақпараттық жүйелер-телекоммуникациялар мен байланыстағы ақпараттық жүйелер5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ұялы радио жүйелері және телехабар-теледидар, бейнебақылау жүйелері және ғарыштық бақылау жүйесі- байланыстағы экономика және менеджмент - телекоммуникация желілері және коммутациялық жүйелері- көпарналы телекоммуникация жүйелері- электрондық жүйелер және технологиялар5В074600 – «Ғарыш техникасы және технологиялары» төмендегі мамандандырулар бойынша:- ғарыштық байланыс және навигация жүйесі - ұшу аппараттарын автоматты басқару жүйесі 5В060200 – «Информатика»5В073100 – «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» төмендегі мамандандырулар бойынша:- өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі - қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»5В050600 – «Экономика» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы экономика - энергетика саласындағы экономика 5В050700 - «Менеджмент» төмендегі мамандандырулар бойынша:- байланыс саласындағы менеджмент- энергетика саласындағы менеджмент МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ- төмендегі мамандықтар бойынша бір жарым жылдық күндізгі бюджеттік кәсіптік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық магистратура :6М070200 – «Автоматтандыру және басқару»6М071700 – «Жылуэнергетика»6М071800 – «Электрэнергетика»6М071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚазақстандық және еуропалық білімнің үйлесуіне, білім беру процесінің сапасын арттыруға жәрдемдесетін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздестіру және білім беруді интернационалдау АЭжБУ-дің халықаралық қызметінің дамуының басым бағыты болып табылады. АЭжБУ-дағы Халықаралық ынтымақтастық ғылым саласында Кеңес Одағының ыдырауымен, ал білім беру саласында – тоқсаныншы жылдардың ортасында белсенді түрде дами бастады, бұд кезде ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес және Азия даму банкі (Жапония банкі) есебінен АЭжБУ-дің 13 бітірушісі әртүрлі магистрлік бағдарлама бойынша Азия технологиялық институтына жіберілді. Осы бағдарламаның барлық қатысушылары табысты қорғап шықты және қайтып келгеннен кейін алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді.Халықаралық ынтымақтастық саласында, халықаралық академиялық алмасуды белсенді ұйымдастыру, магистранттар мен докторларды бірлесіп дайындау саласында Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметін оңтайландыру мақсатында 22.10.2007 ж. №80 бұйрық негізінде АЭжБУ-да халықаралық байланыс бөлімі құрылды.Оқу жұмысындағы Ынтымақтастық: Барлық мамандық бойынша бірыңғай білім беру жүйесін сақтау мақсатында 1997 жылдың 15 шілдесінде АЭжБУ алғашқылардың бірі болып Мәскеу энергетикалық институтымен (ТУ) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, 2008 жылдың наурыз айында сырттай оқу бөлімі бағдарламасын немесе АЭжБУ студенттерінің екінші экономикалық білім алу бағдарламасын бірлесіп ұйымдастыру бойынша тағы да бір шартқа қол қойылды. АЭжБУ студенттері бір мезгілде екі диплом алады: АЭжБУ-дің техникалық білімі туралы диплом және Мәскеу энергетикалық институтының экономист дипломы. Қазіргі кезде бірлескен бағдарлама бойынша 222 адам білім алуда.2006 жылдың 2 шілдесінен бастап “АЭжБИ” коммерциялық емес АҚ және “Томск политехникалық университеті” жоғары кәсіптік білім беру Мемлекеттік білім мекемесі арасында ынтымақтастық туралы шарт қкүшіне енді:– 2006 жылдан бастап магистрларды бірлесіп дайындау туралы, осының негізінде Алматы қаласындағы ТПУ өкілдерімен әңгімелесуден өткеннен кейін АЭжБУ студенттері магистрлік бағдарлама бойынша Ресей грантын ұтып алу сайысына қатысады. АЭжБУ-дің 15 астам бітірушісі Ресей гранты бойынша ТПУ магистратурасында оқиды. – 2007 жылдан бастап студенттер алмастыру туралы – Cisco IT Essentials– Cisco CCNA Exp.– Cisco Network Security– FWL– Fundamentals of Java2007 ж. бастап АЭжБУ Microsoft Халықарарлық корпорациясымен (Орталығы-Ирландия) бірлесіп жұмыс істейді, және IT Microsoft Академиясы бола отырып сертификат беретін Windows 2003 басқару бойынша студентер дайындайды. Есеп беру кезеңі ішінде 25 адам сертификат алды. 02.07.02 жылдан бастап АЭжБУ және Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент Мемлекеттік техника университеті арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және энергетика мамандарын, басқа мамандарды және өтінім бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауда АЭжБУ ғалымдары мен оқытушыларына жәрдемдесу туралы шарт қолданылып келеді. Оқытушылар мен студенттердің Халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуы: АЭжБУ-дің «Internationalization of Higher Education, Trends, Strategies, and Scenarios for the Future» атты бірінші Халықаралық конференцияға қатысуы білімді интернационалдау мәселелерін шешу жолдарын көрсетті. Бұл шараны әртүрлі деңгейдегі және елдердегі кәсіптік білімді шоғырландыру мақсатында 2010 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы кадрларын дайындаудың ұлттық қоры ұйымдастырды. 2010 жылдың қыркүйегінде И.Э.Сулейменов «Анахарсис» жобасы бойынша халықаралық конференцияға қатысты, бұл конференция В.И. Вернадский атындағы Тавр Ұлттық Университетінде өтті. 2010 жылдың күзінде «Би Джи ғылыми табиғатпайдалану методологиясы» кафедрасының қызметкерлері Илющенко М.А. және Яковлева Л.В Ресей РҒА ұйымдастырған және Мәскеу қаласында өткен «БИОСФЕРАДАҒЫ СЫНАП: ЭКОЛОГИЯ-ГЕОХИМИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР» атты Халықаралық симпозиумда және Зальцбургкте (Австрия) ауылшаруашылық, орман шаруашылығы және қоршаған орта Федералдық Министрлігі өткізген 11 Халықаралық Еуропалық конференцияда мына тақырыптар бойынша баяндама жасады: «Павлодар өнеркәсіптік ауданының солтүстік бөлігінің жер асты суларының сынаппен ластануының математикалық моделі (Қазақстан Республикасы)»; «Қазақстандағы сілтілік-хлор және ацетальдегид өндірісін демеркуризациялау тәжірибесі»; «Сынаппен ластанған су нысандары мен аумағын ремедиация технологиясы үшін бағыттардың ауысуы». АЭжБУ-дің “Ақпараттық технологиялар”факультетінің 4 курс студенті Трунов К. 2010 жылдың желтоқсанында өткен «IT-Планета 2010» ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы студенттер үшін Халықаралық олимпиаданың «1С Бағдарламалау: Кәсіпорын 8» сайысында бірінші орын алды. АЭжБУ-дің студенттері мен оқытушылары «Еуразияның энергетикалық картасы – тәуекелдік балансы және жаңа мүмкіндіктер» атты KazENERGY-дің V форумы шеңберінде 2010 жылдың 4-5 қарашасында өткен «Petrobilim» Халықаралық сайысының инновациялық жобасына қатысты.Г.Т.Мусатаеваның басшылығымен АЭжБУ-дің «AUPET - 1» командасы «Return on Credibility and Knowledge» номинациясы бойынша ең мықты ондықтар қатарына кірді. Біздің қонақтарымыз: Ақпараттық технологиялар, электрэнегетика, жылуэнергетика, жаңғыртылатын энергия көздері, радиотехника, телекоммуникация мамандықтары бойынша білім саласында шетелдік мамандардың сапарлары белсенді түрде ұйымдастырылуда. Соңғы бірнеше жыл ішінде байланысты реттеу және ынтымақтастықты одан әрі жүзеге асыру үшін АЭжБУ-ға келген қонақтар мыналар:– Тревор Тентон –Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Чарлз Банкс – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Деррик Кларк – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты – бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Соня Хевен – Саутгемптонс университетінің профессоры. Мақсаты – Би Джи Ғылыми Табиғатпайдалану Методологиясы кафедрасымен бірлесіп басқару; – Алан Ховард – Саутгемптон университетінің профессоры. Мақсаты - бірлескен Халықаралық жобаны үйлестіру;– Сэм Эбельбаум – Пейс университетінің профессоры, АҚШ. Мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, білім саласындағы байланысты жақсарту;– Очков В.Ф. - МЭИ-дің т.ғ.д., профессор. Мақсаты– «Энергетиктер үшін ақпараттық технологиялар»тақырыбындағы дәріс;– Тронд Далсвен –«Energy saving» компаниясы, Норвегия. Мақсаты – қызметкерлер мен оқытушыларды энергия үнемдеу технологияларына оқыту;– Марианн Тымовский, Роберт Вербинский –«Protym air system» компаниясы, Польша. Мақсаты – «Жылу сорғылары негізінде жылумен қамту жүйесін жобалау» тақырыбына таныстыру дәрісі;– Люсиль Жириа – Франция және Кенстоф Лоренс елшілігінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша атташе. Келу мақсаты – АЭжБУ-мен танысу, институт профессорларымен және студенттерімен кездесу. – Мадия Камал Нашаруддин Мустафа – профессор, Сити Салбаах Шариф - Тенага энергетика университетінің Орталығының доценті, Малайзия. Мақсаты – энергетика саласында ынтымақтастықты реттеу, наурыз 2010 ж.Халықаралық бірлескен бағдарламалар: АЭжБУ «Энергетика және тұрақты даму саласындағы инженерлер мен экономистерге арналған магистрлік бағдарлама» Темпус білім жобасына қатысады. Бұл жобаға Финляндия, Франция, Гермния, Италия, Ресей және Қазақстанның 11 университеті қатысады. Жоба тұрақты даму мәселелерінің үдемелі мәніне, шикізат қорларын (мұнай, газ және т.б.) пайдалану кезінде кәсіпорынның жауапкершілігіне, экологиялық нормалардың (энергетикалық саясат, өнеркәсіптік қызметті реттеу) сақталу қажеттілігіне, энергетикалық қызмет нарығын жеңілдету және қорларды экспорттаудың жаңа халықаралық нормалары мен тетіктеріне бейімделуге байланысты Ресей мен Қазақстанның энергетикалық және өнеркәсіптік секторларының кәсіпорындары үшін кадрлар дайындау саласында жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Қатысушы- елдер өкілдерінің қорытынды кеңесі Алматы қаласында 2011 жылдың 15 желтоқсаны күні өткізілетіндігі анықталды, мұнда жоба бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері көрсетіледі. АЭжБУ өкілдері 2009 жылдың мамыр айындағы “ШЫҰ мемлекеттері- мүшелерінің білім жүйелерінің өзара іс қимыл жасау инфрақұрылымдарын қалыптастыру” атты Халықаралық конференцияға қатысты және АЭжБУ ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) Университетінің бірлескен білім бағдарламасының қатысушысы болды. Білім, ғылым және технология саласында шоғырлану процестерін дамыту, жастардың сапалы да заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, ал оқытушылар мен ғалымдардың ғылым саласында байланыс орнатуын дамыту ШЫҰУ –дің негізгі мақсаты болып табылады.АЭжБУ ШЫҰ мемлекеттері- мүшелері, сондай-ақ бақылаушы-елдердегі (Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкстан ) жұмыс істеп жатқан университеттер желісі ретінде қызмет жасауы тиіс.АЭжБУ ШЫҰ Университетін құрайтын басқа ЖОО–ның арасында Қазақстанның базалық ЖОО болып табылады, энергетика саласында ұлттық үйлестіруші- ЖОО болып табылады. Осы бағдарламаны іске асыру үшін төменде көрсетілген тармақтарға қол қойылды: - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетін құру бойынша Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Фдерациясы мен Тәжікстан Республикасы жоомен бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандум;- “Энергетика бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды іске асыру туралы “ Мәскеу энергетика институты мен Новосибирск Мемлекеттік Техникалық Университеті арасында жасалған екі жақты шарт. ## Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты
Дәулетбай — Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руының ішіндегі Теке елінің бір тармағы. Теке руы өздігінен Дәулетбай және Сатайға жіктеледі. ## Дәулетбай баба өмірбаяны Дәулетбай Текеұлы XVIII ғасырда өмір сүрген. Алатаудың бауыры, Түрген өзенінің бойында дүниеге келген. Жоңғарлармен соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен, ел арасында аса беделді, көсем адам болған. Ол туралы халық арасындағы аңыздарға қоса Қазыбек би Тауасарұлының «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында: «Менің бабам Матайға дейін би болған, үлкен ақыл иесі болған адам»- деп жазылған Дәулетбай баба жайында. Дәулетбай - Бұқар жыраудың «Қалданменен ұрысып» жырында аталатын Сатай батырдың туған ағасы, Бөлек батырдың атасы. Бөлектің дұлығасы мен қылышы қазір Астанадағы Президент мұражайында сақтаулы. Сатай мен Бөлек батырлар 1731 жылы қазақ халқының Ақпатшаға жазған, Төле би бастаған қазақ зиялылары қол қойған хатта Төле би, Сатай, Бөлек болып аталғаны тарихтан белгілі, сондықтан ұлы Жамбыл ақын Жүнісбай болысқа арналған өлеңінде: « Жүнісбайға жүгінем, кешегі хан Сатайдың ұрпағы бұл »-деп тегін айтпаған. Н.Аристовтың «Уйсуны, Киргизы или кара киргизы» атты кітабында 1785 жылға дейін Аякөз маңын мекендеген шапырашты тайпасының 1500 ден астам түтінін Қойсоймас Қараша би мен Асыл Даулетбай бидің басқарғанын айтады. Сол Даулетбай бабаның ұрпақтары XVIII ғасырдың аяғы, IX ғасырдың басында баба қонысы Түргенге қоныс аударып, Түрген өзенінің басы Ілеге құяр сағасын мекендеген екен. ## Дәулетбай руының ішкі құрамы Қазіргі Дәулетбай ұрпақтары оның төрт баласынан таралған: * Қара (Бөлек батырдың әкесі) * Сарыбай * Ырысбай * Шақа ## Ұрпақтарының мекені XVIII ғасырдың басында Ақтабан Шұбырындыға ұрынған ұрпақтары Шығыс Қазақстандағы Аягөзге дейін барғаны тарихтан белгілі. Қалмақпен келісіп «Мамырсу келісіміне» (Ресей,Қытай, Қалмақтар жане Абылай бастаған қазақтар) қол қойғаннан кейін 1757 жылы өз мекеніне қайта оралған. Одан кейін орыс келгенше (1854 ж.) осы аталған атаның ұрпақтары Түрген өзенінің сағасын мекендеп, қыста Ілені қыстап, жазда Асыны жайлап күн кешкен. Кейін орыс станициалары келіп қазіргі Бәйдібек би (Маловодное), Түргенге орналасқан кезде жерінен көшірілген ел тау сағасынан төменге ысырылған. Кейін Жүнісбай болыс болып орыспен жер бөліскен құжатта Түрген елінің шекарасын белгілеген кезде бұл жерлер Даулетбай бабаның ұрпақтары мекендеген Жаман ауылы деп аталған. Бұл жайлы сол кездегі сақталған тарихи құжаттарда айтылған. Бүгінде ұрпақтары негізінен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында және Алматы қаласында мекен етеді. ## Туған мекені қазіргі Ақши ауылы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылы - Дәулетбайдың кіндік қаны тамған Түрген өзенінің бойында орналасқан. Автохонды, яғни жергілікті халық дерлік Текенің Дәулетбай руынан құралған. Қазіргі Ақши аталып жүрген ауылдың тұрған жерінде бұрын ешқандай ауыл болмаған. 1929 жылы колхозды ұйымдастырған кезінде жоғары - төмен қоныстанған елдерді бұрынғы Жаман (болыс аты, Дәулетбайдың ұрпағы) ауылының оңтүстік жағындағы осы бір қыратты құрғақ жерге қоныстандырған. Бұл ауылдың батыс жағында түрікпендердің ауылы - Серғазының бағы, солтүстік - батысында Шыбыл атаның балалары қоныстанғанымен, негізгі халық Дәулетбай бабаның кіндігінен тараған төрт атаның – Қара, Сарыбай, Рысбай, Шақа бұтақтарынан өскен ел болған. Сондықтан 1956 жылғы, Совет Одағы Коммунистік партиясының орталық комитетінде билікке талас аяқталғанша, колхоз Мирзоян, Голащекин, ең соңында Каганович атанған, оған дейінгі құжаттарда Жаман ауылдық сайлау округі деп аталып, Түрген елі Дәулетбай ауылына қарасты әкімшілік аумаққа кірген. Бұл атау 1957 жылға дейін сақталғанын сол кездегі Сайлау құжаттарын көтерген адамдардың көзі жетеді. 2009 жылы Дәулетбай бабаның 300 жылдығына арналған аста Ақши ауылының тұрғындары ауылдың атын Дәулетбай бабаға беру ұсынысын жасады. 2015 жылдың 16 маусымында және 16 шілдесінде ауыл тұрғындарының жиыны өтіп, халықтың басым көпшілігі ауыл атын өзгертуді құптады. ## Дәулетбайдың атақты тұлғалары * Бөлек Қараұлы * Ахметжан Сәлімбаев * Дәркембай Шоқпарұлы * Мұхтар Ақатұлы Аюбаев * Мейрам Ақатұлы Аюбаев ## Дереккөздер * "Бәйдібек баба - алып бәйтерек. Сарыүйсін. Шапырашты" (Толық шежіре), Алматы, 2003 * Шелегім мен Есігім - жерұйығым, бесігім: тарихи-деректі ғұмырнама /Нұрсадық Сарғожаев.- Алматы: Білім, 2001 * "Елім Теке-Дәулетбай" Нұрсадық Сарғожаев ## Сыртқы сілтемелер * 2015 жылы 16 маусымда Ақши ауылында ауыл тұрғындарымен Ақши ауылының атауын Дәулетбай баба атына ауыстыру туралы жиналыс өтті Мұрағатталған 22 шілденің 2019 жылы.
Виктор Йосимар Йотун Флорес (ис. Víctor Yoshimar Yotún Flores; 7 сәуір 1990 жыл, Кальяо, Перу) — перулік футболшы, Перу Ұлттық футбол құрамасы мен "Крус Асуль" клубының қорғаушысы. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. ## Карьерасы "Спортинг Кристал" клубының түлегі. Команда сапында екі рет Перу чемпионы атанды да, кейін "Васко да Гама" клубына ауысты. Одан кейін АҚШ, Мексика, Швеция клубтарында ойнады. 2019 жылдың қаңтарынан бері "Крус Асуль" клубында ойнайды. Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 1 маусымда Жапонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. ## Жетістіктері ### Клубтық «Спортинг Кристал» * Перу чемпионы — 2012 * Перу чемпионы — 2014 «Мальмё» * Швеция чемпионы — 2016 ### Халықаралық Перу * Америка кубогының қола жүлдегері — 2011 * Америка кубогының қола жүлдегері — 2015 * Америка кубогының күміс жүлдегері — 2019 ## Дереккөздер ## Профильдері * https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/58328 * https://www.mlssoccer.com/players/yoshimar-yotun Мұрағатталған 2 қарашаның 2017 жылы. * http://www.national-football-teams.com/player/41821.html * http://int.soccerway.com/players/victor-yotun/31571/ * http://www.worldfootball.net/player_summary/yoshimar-yotun/ * https://www.facebook.com/YoshimarYotunOficial
Франсишку Жозе Родригиш да Кошта (порт. Francisco José Rodrigues da Costa; 1 желтоқсан 1974, Лиссабон), Коштинья (порт. Costinha ретінде жақсы танымал) — португалиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2006 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Карьерасында Португалия, Франция, Ресей, Испания, Италия клубтарында доп тепкен. 2013 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Қазір "Насьонал Фуншал" клубының бас жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Клубтық * Франция чемпионы (1): 1999/2000 * Франция суперкубогы (1): 2000 * Португалия чемпионы (2): 2002/03, 2003/04 * Португалия кубогы (1): 2002/03 * Португалия суперкубогы (2): 2003, 2004 * УЕФА кубогы (1): 2002/03 * Чемпиондар лигасы (1): 2003/04 * Құрлықаралық кубок (1): 2004 ### Халықаралық * Еуропа чемпионатының жартылай финалисі 2000 * Еуропа чемпионатының финалисі 2004 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі * Футболшының проифлі * Футболшының проифлі
Юркас Сейтаридис (гр. Γιούρκας Σειταρίδης; 4 маусым 1981, Афина, Грекия) — грекиялық футболшы, қорғаушы. 2004 жылғы Еуропа чемпионы. Карьерасында Грекия, Португалия, Ресей, Испания клубтарында және Грекия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионаттарына, 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2010 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2004 жылғы Еуропа біріншілігінде чемпион атанумен қатар, біріншіліктің "жаңадан ашылған есім" номинациясын алды және чемпионаттың символикалық құрамына енді. ## Жетістіктері ### Клубтық Панатинаикос * Грекия чемпионы: 2003/2004, 2009/2010 * Грекия кубогы: 2004, 2010 Порту * Португалия суперкубогы: 2004 * Құрлықаралық кубок: 2004 ### Халықаралық Грекия * Еуропа чемпионы: 2004 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * FootballDatabase.com statistics for Giourkas Seitaridis
«Бұлақ» — толық метражды көркем фильм. 1974 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Сайын Мұратбековтың әңгімелерінің сарыны бойынша фильм. Медбике Әйгерім табыншы Абылайды - ержүрек және мейірбан адамды сүйіп қалады... Бұл қасиеттер Абылайға өз махаббатын сақтап қалуға, өз қарсыласы - көрікті Боранбайды рухани жеңуге көмектеседі. ## Рөлдерде * Әйгерім — Гүлнара Ерәлиева * Абылай — Жұмахан Әбдіқадыров * Боранбай — Досхан Жолжақсынов ## Дереккөздер
Раи́с М’Боли (араб.: رايس مبولحي‎, фр. Adi Raïs Cobos Adrien M'Bolhi Ouhab; 25 сәуір 1986, Париж) — франциялық және алжирлік футболшы, қақпашы. ## Өмірбаяны Раистің әкесі конголық, анасы алжирлік. Ата-анасы ертерек ажырасып кетті де, Раис анасының қолында қалды. Францияның 16 және 17 жастағы құрамаларында ойнады. Сондан соң алты жыл бойы Францияның ешқандай құрамасынан шақырту алмай, 2010 жылы Алжир құрамасынан шақырту алды да, 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізіміне қосылды. 2019 жылы Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Сенегалмен өткен финалдық матчтың үздік ойыншысы номинациясына да ие болды. ## Жетістіктері * Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2019 ## Қатысқан турнирлері * Футболдан әлем чемпионаты 2010 * Африка Ұлттары кубогы 2013 * Футболдан әлем чемпионаты 2014 * Африка Ұлттары кубогы 2015 * Африка Ұлттары кубогы 2017 * Африка Ұлттары кубогы 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (proglobalsports.com) * Профилі (uefa.com)
Елді мекендер: * Қамысты – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл. * Қамысты – Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл. * Қамысты – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. Көлдер: * Қамысты – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы тұзды көл. * Қамысты – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы, Қамыстысай сайындағы тұзды көл.
Юссуф Сабали (фр. Youssouf Sabaly; 5 наурыз 1993 жыл, Ле-Шене, Франция) — франциялық және сенегалдық футболшы, қорғаушы. Сенегал Ұлттық футбол құрамасы мен "Бордо" клубында доп тебеді. 2018 жылғы әлем чемпионатына, 2019 жылғы Африка чемпионатына қатысқан. Кезінде Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. ## Жетістіктері ### Халықаралық Франция-21 * Жастар арасындағы әлем чемпионы: 2013 Сенегал * Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы * Профилі
Исмаила Сарр (фр. Ismaïla Sarr; 25 ақпан 1998 жыл, Сенегал) — сенегалдық футболшы, "Уотфорд" клубы мен Сенегал Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. 2021 жылғы Африка Ұлттары кубогының чемпионы. ## Карьерасы ### Клубтық Сенегалдың "Дженерейшен Фут" клубының түлегі. 2016 жылы кәсіпқой карьерасын "Мец" клубында бастады. 2016 жылы 13 тамызда "Лилльге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Тұңғыш голын 2017 жылы 2 ақпанда "Дижонның" қақпасына соқты. 2017 жылы 26 шілдеде "Ренн" клубымен төрт жылдық келісім шарт жасасты. 5 тамыз күні Франция чемпионатында тұңғыш рет жаңа клубы сапында алаңға шығып, 21 күннен соң "Тулузаның" қақпасына тұңғыш голын соқты. ### Ұлттық құрама 2019 жылғы Африка Ұлттары кубогына қатысып, турнирдің финалисі атанды. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Кенияның қақпасына бір гол соқты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://int.soccerway.com/players/-/453991/
Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды. ## Топтың тарихы 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. ## Шығармашылығы Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды.Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Танымал әндері * Бәрінен де сен сұлу * Ты — моя мечта * Куә бол * Той жыры * Құдаша * Дударай * Туған жер * Сұлу қыз * Назқоңыр * 16 қыз * Қарлығаш * Жанарым * Ахау бикем * Ақ сиса * Алатау * Алматы түнi * Арал * Қайдасың * Су тасушы қыз * Шофер келеді Қырманға * Ауылың сенің іргелі * Қуанышым менің * Ләйлім-шырақ * Бойжеткен * Ғашықтар әні * Жыр жазамын жүрегімнен * Сағындым сені * Күт мені * Әпитөк * Бақытқа барар жолда * Бетпак Дала * Ахау бикем * Аяулым * Қыздар-ай * Сен менің ертегімсің * Айгөлек * Гүл қала * Ғашықтар әні * Далам менің ## Топ құрамы ## Дискографиясы Альбомдары * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ 0004363-4 * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003443-4 * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003445-6 * 1976-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-07677-78 * 1980-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ00 791, (компакт-кассета) * 1983-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-19101-009, Компиляциялары * 1972 — 33ГД-0002911 Кругозор 1972 N5 (11) Первый оттиск. Казахские молодежные ансамбли «Дос-Мукасан» и «Айгуль». * 1977 — Г92-06497-98 Кругозор N12(11) Ансамбль «Дос-Мукасан» (Казахстан) * 1980 — С60 13531-2, Песни о целине ## Жетістіктері Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). ## Топ мүшелері Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Н.Құсайынов, А.Мейірбеков. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұжымның дискографиясы
Негізгі ұғым: * Есім – адамға туған кезінде берілетін дербес атау. Елді мекендер: * Есім – Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл. * Есім – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл.
Кадзуно (鹿角郡, Кадзуно-гун?) — Акита префектурасында орналасқан уезд, Жапония. 2017 жылғы 1 сәуірдегі бағалау бойынша, халық саны 5,147 адамды, аумағы 201.7 км ²-ты, халық тығыздығы 25.5 адам / км ²-ты құрады. ## Кенттер мен ауылдар * Косака ## Тарихы
Троицк, Мұнанай – Ресей Федерациясындағы қала. Челябі облысындағы Троицк ауданының орталығы Үй өзені мен Увелька өзенінің тоғысқан жерінде орналасқан. Троицк жылы торабы. Тұрғыны 86 мың (2002). Малдәрігерлік интернаты, машина жасау, станок жасау, газ тазарту қондырғыларын жасау заттары, тері өңдеу, аяқ киім фабрикалары, сүт комбинаторлары бар. ## Тарихы Негізі 1743 жылы бекініс ретінде қаланған. Онда 1750 жылы орталығы Азиямен және Шығыс Түркістанмен сауда жүргізу мақсатында жәрмеңке ашылды. Орта және Кіші жүз қазақтары жәрмеңкеге жылқы айдап әкеліп, оны өзге тауарларға айырбастап отырған. Осы жылқы саудасынан патша өкіметі жыл сайын 9 мың сом көлемінде кіріс түсірді. Ташкент пен Бұхарадан келген көпестердің қауіпсіздігі қазақ билеушілері тарапынан қамтамасыз етілген. 19 ғасырдан бастап, Троицк қаласы қазақтардың мәдени өмірінде елеулі рөл атқара бастады. Мұнда татар зиялыларының ат салысуымен “Расулия”, “Уазифа” атты медреселер ашылды. Бұл медреселерге қазақ балалары көптеп қабылданды. 20 ғасырдың басына қарай аталмыш медреселер жәдидтік оқу тәсіліне көшті. Алғашқы қазақ баспасөздері де осы қалада жарық көрді. 1907 жылы “Қазақ” газеті атты басылым шығарылса, 1911 – 15 жылы “Айқап” журналы шығып тұрды. ## Дереккөздер
* Өтеген – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Өтеген – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы таратылған ауыл.
Китаакита (北秋田郡, Китаакита-гун?) — Акита префектурасында орналасқан уезд, Жапония. 2017 жылғы 1 сәуірдегі бағалау бойынша, халық саны 2262 адамды, аумағы 256,72 км ²-ты, халық тығыздығы 8,81 адам / км ² - ты құрады. ## Ауылдар мен кенттер * Камикоани
Құрмашев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Алдаберген Құрмашев – педагог, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі. * Жабағы Құрмашев – заңгер. * Кенже Құрмашев — Социалистік Еңбек Ері. * Мақсат Беркінбайұлы Құрмашев - қазақстандық футболшы.
Жаманқала (орыс. Орск) – Ресейдің Орынбор облысындағы қала. Ор өзенінің Жайық өзеніне құятын жерінде орналасқан. Қаланың орыс тіліндегі аты Ор өзеніне байланысты қойылған. 1735 жылы 15 тамызда сенаттың обер-секретары И.К. Кириллов бастаған экспедиция әскери бекініс ретінде сала бастады. 1865 ж. қала мәртебесіне ие болды. Ор бастапқыда патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатының тірек пункті рөлін атқарды. Көшпелілерге қарсы озбырлық, әділетсіз әрекеттердің ұясы болғандықтан, қазақтар Орды «Жаманқала» деп атаған. Климаты тым континентті. Түсті металл өңдеу («Южуралникель»), машина жасау, мұнай-химия («Нефтеоргсинтез»), тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. ## Дереккөздер
«Медеудегі кездесулер» — толық метражды көркем фильм. 1976 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. ## Сюжеті Жас спортшыларды тәрбиелеу туралы фильм. ## Рөлдерде * Жайран — Ғ. Ашрапова * Ерік Әріпов — Г. Мусин-Галицкий * Тимур Қаратайұлы — Жамбыл Құдайбергенов * Клара Рахымбайқызы — Лидия Ашрапова * Айжан — Наталья Арынбасарова * Жайранның әкесі — Ермек Серкебаев * Хитрук — Сергей Волгушев ## Дереккөздер
Дулат Рашитұлы Құсдәулетов (2 қараша 1952, Еркіндік ауылы, Макинск ауданы, Ақмола облысы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2013-2019). ## Өмірбаяны 1992 жылы Мәскеу заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бiтiрдi. 1975 жылдан бастап Целиноград қаласында еңбек жолын бастады. 1975 жылдан 1994 жылға дейін Целиноград қаласында облыстық әкiмшiлiгiнiң аппаратында әр түрлi қызметтерде жұмыс істеді. 1996 жылдан 2000 жылға дейін, Ақмола облысы прокуратура органдарында қызмет атқарды. 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында әр түрлі лауазымдарда болды. 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттiк органдары қызметiндегi заңдылықты қадағалау Департаменті бастығының орынбасары. 2005 жылғы шілде айынан 2013 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары. 2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Құрмет» орденімен (2006ж.), «Прокуратура озаты» 2-санатты төсбелгісімен (2002ж.), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж) медальдарымен марапатталған.
Жабақ Сатыбалдин (1890, Сарыағаш ауданы Дарбаза кенті – 1956) – Социалистік Еңбек Ері (1949). 1930 – 55 жылдары Дарбаза және Сырдария кеңшарларында шопан, аға шопан болды. Ол қаракөл елтірілі қозыны көп алудан алдыңғы қатардағылардың бірі болды. * 1948 жылдары Ленин орденімен марапатталды. * КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы 1949 жылдары 3 желтоқсанда Социялистік Еңбек Ері атағын берді. ## Дереккөздер
* Айтбай – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Айтбай – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл.
Негізгі ұғым: * Бекет – жолаушылар аялдайтын орын. Елді мекендер: Қазақстан: * Бекет – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Бекет – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл. * Бекет – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл. Ресей: * Бекет – Башқұртстанның Ермекеев ауданындағы ауыл. * Бекет – Башқұртстанның Кармаскалин ауданындағы ауыл. Өзен: * Бекет – Ресейдегі өзен. Томск облысы, Кемеров облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
«Шырақшы» — толық метражды көркем фильм. 2018 ж. Қазақфильм және Tursunov Film киностудиялары шығарған. ## Сюжеті Фильм сюжеті соғыстан қайт­қан сарбаздың кейінгі өмір жолын баяндайды. Қан майданда немістің шалын құтқарып қал­ғаны үшін ескі фильмдер тас­па­лан­ған кинопроекторды сыйға алған сәтте майдангердің өмірлік мұ­раты жаңа арнаға бұрылған еді. Ол өмірінің соңына дейін кинопроекторды көзінің қарашығындай сақтап, келешекке жеткізуді мұ­рат етеді. Көркем туынды «зама­на көші озғанмен, өнер ғана мәңгілік» деген ойды белгілі бір арна­ға тоғыстыра отырып, тартысты оқиғамен өрбітеді. ## Рөлдерде ## Дереккөздер
Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков (26 қазан 1964 жыл, Тараз) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты (2017–2023). Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. ## Өмірбаяны * А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. * 1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және әкімшілік қызмет атқарған. * 1996-1998 жылдары - Үкімет Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері. * 1998-2007 жылдары - ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас эксперті, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас эксперті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасының бас инспекторы. * 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. * 2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. * 2009-2014 жылдары - Еуразия Экономикалық Қауымдастығы жанындағы Кедендік одақ комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары. * 2014-2015 жылдары - Астана қаласы әкімшілігі аппаратының жетекшісі. * 2015-2017 жылдары - "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары.. * 2017 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. Ғылыми басылымдардың, математика мен экономика мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралдарының авторы. Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
«Балуан Шолақ» — толық метражды көркем фильм. 2019 ж. Қазақфильм және киностудиясы шығарған. ## Сюжеті Кино Балуан Шолақтың балалық шағынан басталады. Досымен орманда ағаш теріп жүрген ол қасқырдың апанына тап болып, қасқырмен арпалысады. Ары қарай оның есейген шағы баяндалып, Сыдық болысқа әйелдікке кетіп бара жатқан қаршадай Балхашты құтқарып қалуымен жалғасады. Осы тұста Ресейлік патшаның Қазақстан жеріне өз үкімін жүргізіп, келімсектерді қазақ ауылдарына шоғырландыруы, оған қарсы шыққандарды қамап, күш көрсете бастайды. Ауылының қиын қыстауға тап болғанын көрген Балуан Шолақ орыс офицерлеріне қарсы шығады. Ақыр соңы офицердің қызын ұрлап әкетіп, ауыл халқын бостау жөнінде шарт қояды. ## Дереккөздер
«Сазгер» — толық метражды көркем фильм. 2018 ж. Қазақфильм және Shinework Pictures киностудиялары шығарған. ## Сюжеті Қытай композиторы Сян Сиңһайдың Кеңес Одағындағы, соның ішінде Алматыдағы эвакуация кезі, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы, өмірі мен шығармашылығы туралы фильм. ## Рөлдерде * Сян Сиңһай — Ху Цзюнь * Бақытжан Байқадамов — Берік Айтжанов * Данаш — Аружан Жазылбекова ## Дереккөздер
Қаратұма – Арал теңізінің шығысында, Қазақстан және Өзбекстан шекарасында орналасқан шығанақ. ## Сипаты 1980 жылға дейін шығанақ құрлыққа 23 - 25 км сұғына еніп жатқан. Сол кездегі суының тереңдігі 1 - 3 м болған. «Жер астынан шығып жатқан су» мәніндегі атау. Бұл жер өзінің құнарлығымен және ауа райы мен ерекше. Жердің топырағы құнарлы және өсімдіктер үшін ыңғайлы. Халқы егіншілікпен айналысып, сауда саттық жасайды. Ағаштар көп егіледі. Мысалы: алхоры, алма, жиде, өрік т.б. ## Дереккөздер
Мамытбеков сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ауылшаруашылық министрі. * Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
Орамал тағу - немесе толық айтқанда "келінге орамал тағу" деп те аталады, қазақтың ұлттық салтының бірі. Жас келін ұзатылған кезінде басына сәукеле киген, содан былай ол үлкен кісілер алдында басына орамал тағады, бұл жас келіннің ибалы, әдептілігінің белгісі, сондай-ақ ас-тағамдарға келіннің шашы түспеу үшін де болуы мүмкін. Қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға деген сондай əдемі бас киімдер болған. Шаштарын он күн тарап бес күн өрген деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш соның бəрі қыздың шашы. Балалы болған әйел жаулық тағуы мүмкін. Ал, әйел заты ақ самайлы әже болғанда басына кимешек салған. Бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі. Онда ешқандай діни мағына жоқ, көркемдіктің, бақытты болудың белгісі айқын көрініп тұр. ## Орамал тағу үлгілері 1. Бандана ретінде тағуға болады. 2. Мойыншалма ретінде жарасымды көрінеді. Егер офистік дресс-код болса, блузкаға шағынын таққаныңыз құптарлық. 3. Білезік (браслет). Әсіресе, геометриалық принттері барларын джинс шалбарлармен, ал түрлі-түстісін, гүлдің суреттері барларын жазғы сарафандармен тақса, жарасымды көрінеді. 4. Ободок. Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде тағасыз. Бұл ыңғайсыздау десеңіз, қазір арнайы ободок ретінде жасалған орамал түрлері де шығыпты. Соны сатып алуыңызға болады. 5. Егер асығыс болып, шашыңызды ретке келтіруге уақытыңыз болмай жатса, орамал тағып алыңыз. Тек бұл жерде түсне мұқият мән беріңіз. Орамалдың түсі мен үстіңіздегі киімнің түстері сәйкес келгені дұрыс. 6. Орамал — сөмкеге арналған аксессуар. Негізі бұл әдісті күнделікті өмірде француз сәнқойлары сәтті қолданады. Жай ғана орамалды сөмкеңізге байлап қойсаңыз, өте жинақы, әрі әдемі көрінеді.
Аханов Серік Ахметжанұлы - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы. 1951 жылы 30 қазанда Петропавл қаласы туған. 1972 жылы АХШИ-ды бітірген, экономист; 1980 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. 1981-87 жылдары - АХШИ оқытушысы, аға оқытушысы, саяси экономия кафедрасының доценті. 1987-90 жылдары - ҚКП ОК жауапты қызмөткері. 1990-91 жылдары - ҚазКСРМинистрлер кеңесі Мемлекеттік комиссиясының кеңесшісі. 1991-93 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесінің кеңесшісі, бөлім меңгерушісі, жетекшінің орынбасары. 1993-94 жылдары - ҚР экономика министрінің орынбасары, 1-ші орынбасары, ҚР Шетелдік инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы. 1994-97 жылдары - «Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары. 1997-99 жылдары - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - ҚР қаржы вице-министрі; ҚР 1-ші экономика вице-министрі. 2001-04 жылдары -«Қазақстан Эксимбанк» ЖАҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары; «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.2004 жылдан - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2 монография мен 70-тен астам мақаланың авторы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Өзін-өзі бақылау». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Еңбекқорлық». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Соңғы жылдардың ішінде қаржы секторының дамуында жақсы үрдістер байқалуда. Қаржы компанияларының активтері мен капиталдары өсуде. Қаржы қызметінің спектрі кеңейіп, олардың сапасы мен қол жетерлігі артып келеді. Жақын шет елдердің қаржы нарықтарымен интеграциялық үрдістер белсендеп жатыр». Үйленген. Жұбайы - Қабдиева Сәния Дүйсенханқызы Қыздары - Алтынай (1984 жылы туған), Айнұр (1989 жылы туған). ## Дереккөздер
* Егінсу – Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл. * Егінсу – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл.
Аисса Манди (фр. Aïssa Mandi, 22 қазан 1991, Шалон-ан-Шампань, Марна, Франция) — алжирлік футболшы, "Реал Бетис" клубы мен Алжир Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 2019 жылғы Африка чемпионы. ## Карьерасы Аиссаның ата-анасы Оран қаласынан шыққан алжирліктер. 2014 жылдан бері Алжир құрамасында ойнап келеді. Тұңғыш ойынын 2014 жылы 5 наурызда Словенияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. 2015, 2017 жылдары Африка Ұлттары кубогына қатысқан. "Реймс" клубының түлегі. 2009-2016 жылдары осы клубта ойнап, 2016 жылы "Реал Бетиске" ауысты. ## Жетістіктері * Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының профилі
«Әруақ» — толық метражды көркем фильм. 2018 ж. Қазақфильм және киностудиясы шығарған. ## Сюжеті Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді. ## Дереккөздер
Шейху Куяте (фр. Cheikhou Kouyaté; 21 желтоқсан 1989, Дакар, Сенегал) — сенегалдық футболшы, Сенегал Ұлттық футбол құрамасы мен "Кристал Пэлас" клубының жартылай қорғаушысы. 2012 жылы Жазғы Олимпиадалық ойындарға, 2015, 2017, 2019, 2021 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Карьерасында Бельгия және Англия клубтарында ойнаған. ## Жетістіктері ### Клубтық Андерлехт * Бельгия чемпионы (4): 2009/10, 2011/12, 2012/13, 2013/14 * Бельгия суперкубогы (2): 2010, 2013 ### Халықаралық Үлгі:Country data Сенегал Сенегал * Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2019 * Африка чемпионы: 2021 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшының карьерасы
Негізгі ұғым: * Қызылсу – өзен, көл бетіне мұз жарығынан шығатын су. Елді мекендер: * Қызылсу – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл. * Қызылсу – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл. * Қызылсу – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл. Өзендер: * Қызылсу – Арыс алабындағы өзен, Сайрамсу өзенінің тармағы. * Қызылсу – Ертіс алабындағы өзен. * Қызылсу – Есіл алабындағы өзен.
Жаңатілек ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңатілек, Мұрынтал ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңатілек ауылы. 2005 жылы Бәлтен, Ертісбай, Жуантөбе ауылдары таратылды. ## Дереккөздер
Мыңбаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Тұлғалар * Дархан Қамзабекұлы Мыңбай - қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры. * Жалау Мыңбаев – мемлекет қайраткері. * Кәрім Мыңбаев – қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылымдарының докторы. * Қайрат Тұрысбекұлы Мыңбаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. * Қайыр Ерденбайұлы Мыңбаев – заңгер. * Марат Мыңбаев - Балықшы БББ-да бұрғышы, бұрғылау шебері, технолог. * Мұрат-қажы Тайкелтірұлы Мыңбаев) – ғалым, техникалық ғылымдарының докторы, профессор * Оспан Мыңбаев – ғалым, медицина ғылымдарының докторы. * Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев — Қазақстанның саяси мемлекет қайраткері. * Темірғали Мыңбаев - Атырау машина жасау зауытында электрлік дәнекерлеуші. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. * Тимур Кәрімұлы Мыңбаев - Композитор, дирижер. Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері. * Тойдық Мыңбаев – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері». ## Нысандар * Кәрім Мыңбаев ауылы — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қорғанжар ауылдық округі орталығы. * Мыңбаев атындағы көше (Алматы) * Мыңбаев ауылдық округі — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Мыңбаев — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Мыңбаев ауылдық округі орталығы.
Сергей Михайлович Ершов (11.04.1960, Өзбек КСР) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қарағанды облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. ## Өмірбаяны Алматы сәулет-құрылыс институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. «Корпорация Казахмыс» ЖШС-те корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директор болып қызмет атқарған. 2012-2014 жж. - Қарағанды облыстық маслихатының депутаты. 2014 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. ## Дереккөздер
Масанов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Едіге Айдарбекұлы Масанов — қазақ кеңес этнографы. * Жайлау Масанов — ғалым, техника ғылымдарының докторы.
Ұлттық волонтерлік желі (ҰВЖ, лат. Ulttyq volonterlіk jelі, орыс. Национальная волонтёрская сеть) — Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Желі Қазақстанда 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес секторлар және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік, волонтерлік бастамалары мен волонтер мәдениетін қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында құрылды. ## Тарихы 2010 жылдың 30 сәуірінде тренингтер, лагерлер, басылымдар және волонтерлерді хабардар ету мақсатында бастамашыл азаматтар Ұлттық волонтерлік желіні құрды. Бірінші қысқы волонтер лагеріне 70-тен астам менеджерлер, волонтер үйлестірушілері және 35 қазақстандық ҮЕҰ волонтерлері қатысты. ҰВЖ жұмыс істеген кезеңінде Қазақстанда волонтерлерді оқыту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Құрылған жылы ЭСКАТО елдері конференциясының волонтерлері үшін тренингтер өткізілді. 2011 жылы топтардың 200-ден астам волонтерларды оқытып, сондай-ақ ЕҚЫҰ форумы үшін волонтерлерді дайындады. 2012 жылы волонтерлер үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына және басқа да көптеген іс-шараларға іріктеу және тренингтер ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қолданылатын мысалдар мен сәтті тәжірибелерге, сонымен қатар қоғамда оң өзгерістер жасайтын қарапайым, бастамашыл адамдарға көп көңіл бөлінеді. Оның ішінде, ұжымдық бейне, анимациялық және вирустық бейнелер, онлайн қайырымдылық, краудсорсинг алаңы және басқалар. 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлік желісі волонтерлерімен жұмыс жөніндегі менеджерлер мен үйлестірушілер үшін Қазақстан облыстары арасында тәжірибе алмасудың инновациялық, интерактивті формаларын қолданатын, тәжірибе алмасу бойынша республикалық дөңгелек үстел өткізетін жобаны іске асырды. Қазақстанның аймақтарында, Қазақстанда еріктілерді дамытудың сәтті тәжірибесі туралы аналитикалық есеп дайындады, ақпараттық науқан өткізілді. Ұлттық волонтерлік желі "Samruk-Kazyna Trust"-пен бірлесіп 2018 жылдан бастап ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсететін "Жеңіс" Республикалық жобасын жүзеге асырады. Ұлттық волонтерлік желі - 56 ұйым мен бастамашыл топтардан тұрады. Жыл сайын, 5 желтоқсан күні - волонтерлік еңбекті тану, волонтерлік қызметке әр түрлі әлеуметтік және жас топтарының адамдарын тарту, сондай-ақ халықты азаматтық қоғамды қалыптастырудағы волонтерлықтың рөлі туралы ақпараттандыру мақсатында халықаралық волонтерлер күнін атап өтеді. ## Қызметі Ұлттық волонтерлік желі - желі мүшелері мен аймақтардағы өкілдер арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, Қазақстанда еріктілікті дамыту тәсіліне серпін беріп, келесі қызметті жүзеге асырады: * волонтерлермен жұмыс жөніндегі басшылар мен үйлестірушілер үшін тұрақты оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу; * ҰВЖ мүшелерінің іс-шараларын медиялық қолдау: жаңалықтарды, хабарландыруларды тарату; * волонтерлер туралы ақпарат пен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету; * жыл сайын еріктілер мектептерін, өзге де волонтерлік іс-шараларды өткізу; * ҰВЖ атынан сапарларды, тағылымдамаларды және т. б. ұйымдастыру; * имидждік волонтерлік іс-шаралар өткізу: Көктемгі қайырымдылық апталығы, 5 желтоқсан-Халықаралық волонтерлер күні; * желі мүшелерінің тұрақты жұмыс кездесулерін өткізу; * желі мүшелерін қолдау (ұсыныс хаттар, қолдау хаттары, әлеуметтік шағын жобаларды қолдау, желілік жобаларды іске асыру және т.б.) * волонтерлікті дамытуға мүдделі адамдардың өзара ар-намысы, өзара қолдауы және өзара байланысы; * ҰВЖ аймақтарындағы желі мүшелерімен және өкілдерімен жұмыс: Ақпарат алмасу, оқыту, қолдау және т.б.; * желілік жобаларды іске асыру/бірлескен іс-шаралар өткізу. Ұлттық волонтерлік желі жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдар үшін волонтерлік қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар пакетін дайындайды. Бұл ұсынымдар орталық және өңірлік деңгейлерде волонтерлік бағдарламаларды іске асыру саласындағы ағымдағы жағдайды талдау және бағалау негізінде, волонтерлік қозғалыстың тікелей қатысушыларымен, волонтерлік қоғамдық ұйымдармен өткізілген кездесулер мен фокус-топтардың қорытындылары бойынша әзірленеді. Жыл сайынғы ұсынымдарда мемлекеттік органдар заң шығару деңгейінде де, сондай-ақ волонтерлік жобалар мен бағдарламаларды орындау деңгейінде де қабылдай алатын еріктілікті дамыту саласындағы ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар мен тетіктер ұсынылады. Желі сарапшылары алғаш рет Атырау қаласындағы "Теңізшевройл" мұнай өндіру компаниясы базасында корпоративтік волонтерлік бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның негізгі міндеті ТШО қызметкерлерін Атырау қаласы және Құлсары қаласындағы халықтың түрлі топтарына көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік қызметке тарту болды. 2014 жылы ТШО-ның 197 қызметкері корпаративтік волонтерлікке тартылды. ҰВЖ сарапшылары Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасымен және Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жұмыс істеуге және өз қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген кәсіпкерлерге арналған тұжырымдама мен нұсқаулық әзірлейді. Желі мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп өңірлерде "Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы" Заң жобасын әзірлеу және талқылау бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Көктемгі қайырымдылық апталығы наурыз айының соңында - сәуір айының басында барлық жастағы азаматтарды көктемгі әлеуметтік-маңызды іс-әрекеттерге ерікті түрде қатысуға тарту, Қазақстанда ерікті қызметті қолдаудың ұйымдастырушылық және құқықтық шарттары жүйесін құру қажеттігіне жұртшылықтың назарын аудару үшін Ұлттық волонтерлік желі мүшелерімен өткізіледі. Волонтерлермен тиімді жұмысты ұйымдастыра алатын білікті мамандарды дайындау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, донорлық және демеушілік қатысудан тәуелсіз волонтерлік бағдарламаларды іске асыруды үйренеді, сондай-ақ волонтерлік топтардың көшбасшыларын жобалардың мақсаттарын дұрыс құруға, идеяларды іздеуге және SMART НВС технологиясына негіз болатын бизнес-үдерісті құруға үйретеді. 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін Бурабайда қытай сарапшыларының, БҰҰ еріктілерінің және Қазақстандағы АҚШ Бейбітшілік Корпусының қатысуымен Халықаралық волонтерлік лагерь өткізілді.  2010 жылдың тамыз айында ШҚО-да Украинадан келген негізгі жаттықтырушымен жазғы "Еріктілер мектебі-2011" өткізілді. 2012 жылдың 19, 20 мамыр күндері Шымбұлақта волонтерлік бағдарламаларды жалпы әзірлеуді және волонтерлік жобаларды басқаруды жүзеге асыратын ҮЕҰ басшыларына арналған "бапкерлер мектебінің" бірінші бөлімі өткізілді. 2012 жылдың қазан айында Астана қаласындағы БҰҰ ғимаратында волонтерлік жобалардың көшбасшыларына және волонтерлік бағдарламалардың жаттықтырушыларына арналған "тренерлер мектебінің" екінші бөлімі өткізілді. Қазақстанның 35 қаласының аумағында Ұлттық волонтерлер желісі "Samruk-Kazyna Trust "әлеуметтік жобаларды дамыту қоры" Корпоративтік қорымен бірлесіп, жастардың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне волонтерлік көмек көрсету бойынша әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба аясында жастар ардагерлерге практикалық көмек көрсетіп, қолдау көрсетіп, әлеуметтік-пайдалы іс-шараларды жобалауда. Жастар волонтерлік рейдтерге қатысу және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы іс-тәжірибеде әртүрлі жастағы, жынысындағы, әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіндегі адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді, күйзеліске төзімді мінез-құлықты және қақтығыстарды басқару бойынша дағдыларды қалыптастырады, бөтен адамдарға қарым-қатынас жасауды үйренеді, іс жүзінде тайм-менеджмент және қаржылық сауаттылық, өзін-өзі таныстыру бойынша білімдерін қолданады. Жоба шеңберінде Ұлттық волонтерлік желі тарапынан волонтерлік топтарға бастамашылық әлеуметтік іс-шараларды өткізуге қаржылай қолдау көрсетіледі. ### Жұмыс бағыттары * Медициналық волонтерлік / донорлық * Экологиялық волонтерлік * Әлеуметтік волонтерлік * Медиа-волонтерлік * Оқиғалық (event) еріктілер * Жануарларға арналған волонтерлік * ТЖ волонтерлік * Мәдени волонтерлік (өнер саласы) * Спорттық волонтерлік * Pro bono волонтерлігі * Корпоративтік волонтерлік * Онлайн волонтерлік * Этно-волонтерлік * IT-волонтерлік * Халықаралық волонтерлік ## Қазақстандағы волонтерлік Қазақстанда волонтерлік қызмет жастардың және өзге де әлеуметтік топтардың елдің мәдени, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысуының тиімді тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады. Волонтерлік идеясы Қазақстанда БҰҰ Волонтерлер Бағдарламасы пайда болған 1993 жылдан бастап дами бастады. Қазіргі таңда волонтерлер ауқымы өсіп келеді, және қазір өз бастамасымен волонтерліктіктің шетелдік тәжірибесін алған көптеген дербес волонтерлік бастамалар мен топтар, сондай-ақ еріктілер жұмыс істейді. ҰВЖ мәліметтері бойынша, әрбір 8-ші қазақстандық волонтерлік қызметке тартылған. ### Волонтерлік және үкімет 2006 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президенті "2006-2011 Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына"қол қойды. Тұжырымдама жұмысы халықты волонтерлік әлеуметтік-белсенді қызметке тартуды көздейтін ҮЕҰ-ды қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдардың әртүрлі түрлерін ашу арқылы азаматтық қоғамды ұйымдастыру мен қалыптастыруды қолдайды. Ұлттық волонтерлік желі мүшелері 2015 жылдың басында қабылданған "Мемлекеттік жастар саясаты" туралы Заңға ұсыныстар әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс топтарында сарапшы ретінде үлес қосты. Осы Заңда Қазақстанда алғаш рет заңнамалық негізде "волонтер" сөзіне анықтау берілген. 2016 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті волонтерлік қызмет туралы Заңға қол қойды. Сонымен қатар, Үкімет Республикалық маңызы бар ірі ауқымды іс-шараларды, мысалы, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің саммиті, Ислам Конференциясы ұйымы, VII Қысқы Азия ойындары "Азиада", EXPO-2017 халықаралық көрмесі және т.б. өткізу үшін волонтерлерді тартады. ### Қазақстандағы волонтерлермен жұмыс жөніндегі басшылық Басшылық қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған. Бұл басылым стратегияларды, озық тәжірибені және мысалдарды қамтиды. Басшылықтың басылымының мақсаты - ұйымдар мен жеке тұлғаларға Волонтерлік қызметті дамытуға көмектесу және осы тұрақты дамып келе жатқан тақырыптағы одан әрі диалогқа ықпал ету үшін нақты және құрылымдық тәсілді ұсыну арқылы Қазақстандағы волонтерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу. ## Халықаралық ынтымақтастық Қостанайда Қазақстан-Ресей жастар форумы алаңында Ресейлік Волонтерлік орталықтар қауымдастығы мен ҰВЖ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде ВОҚ (Ресей) мен ҰВЖ екі елдің волонтерлік ұйымдары мен волонтерлері тәжірибе алмасып, бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға келісті. ## Дереккөздер
Аханов деген сөз мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Тұлғалар * Жағыфар Уалшерұлы Аханов - тарих ғылымдарыынң докторы. * Жазықбай Аханов – Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник. * Жақан Уәлишерұлы Аханов — ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор. * Кәкен Аханов — тілтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы. * Серік Ахметжанұлы Аханов - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы. * Тиышбек Аханұлы Аханов - Қарағанды қаласындағы Киров, Ленин ауаткомдарының төрағасы, Қарқаралы аупарткомының бірінші хатшысы, Қарағанды облатком төрағасының орынбасары. ## Нысандар * Аханов Жақан атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан көше. * Аханов Кәкен атындағы көше (Алматы) - Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданында орналасқан көше.
* Отрадное – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл. * Отрадное – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл. * Отрадное – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы таратылған ауыл. * Отрадное – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл.
Марат Мырзағалиұлы Тағымов (7 қаңтар 1952, Қараағаш ауылы, Мәртөк ауданы, Ақтөбе облысы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. ## Өмірбаяны Қазақ химия-технология институтын бітірген, инженер, химик-технолог. Ақтөбе қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облыстық әкімшілігі аппаратының бөлім меңгерушісі, Мәртөк ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Алға ауданының әкімі, Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. 2014 жылы Марат Тағымов Ақтөбе облысынан ҚР Парламент сенатының депутаттығына сайланды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Қасым Қайсенов кенттік әкімдігі — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкмішілік құрамы Құрамына Қасым Қайсенов кенті кіреді. Орталығы – Қасым Қайсенов кенті. ## Дереккөздер
«Шыңырау» — толық метражды көркем фильм. 2018 ж. Қазақфильм және киностудиясы шығарған. ## Сюжеті Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильм. Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды. ## Дереккөздер
«Күлтегін» — толық метражды анимациялық фильм. 2018 ж. Қазақфильм киностудиясы шығарған. ## Сюжеті Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы атанады. ## Дереккөздер
Асылхан Сайлауұлы Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады. ## Өмірбаяны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.."Жаужүрек мың бала" фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды. 2013 жылы - "Серпер" Жастар сыйлығының иегері. 2011 жылы «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі басты кейіпкер мыңбала Сартайдың рөліне ие болған. ## Фильмография * 2011 – «Балалық шағымның аспаны» (Ғали) * 2012 – «Жаужүрек мың бала» (Сартай) * 2013 - "Сұңқар" сериалы (Біржан) * 2018 - «Шыңырау» ## Дереккөздер
* Прииртышское – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл. * Прииртышское – Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл.
«Елбасы Жолы. Астана» — толық метражды көркем фильм, «Көшбасшы жолы» медиафраншизасының бесінші фильмі. 2018 ж. Қазақфильм киностудиясы шығарған. ## Сюжеті «Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді. Сол кезден бері бірталай уақыт өтті, қазір жаңа астанамыз Қазақстанның экономикалық, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі болғанына оң баға беруге болады. Астана – орындалған арман қаласы, мақсатқа қол жеткізу үшін үкілі сенім, ерен еңбек және межеленген нысанаға жету жолындағы табандылық керек екендігінің дәлелі мен айғағы. ## Рөлдерде * Мұрат Ахманов * Еркебұлан Дайыров * Жан Байжанбаев * Олег Ни * Азат Сейітметов * Асқар Ілиясов * Гүлнар Жақыпова ## Дереккөздер
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (орта ғасырлардағы шығыс елдері “баһадүр” деп атаған) (1576 жыл – 1656 жыл) — Самарқандтағы Бұхара хандарының қолбасшысы, саясаткері, губернаторы (әмірі). Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Алау әмірден Қыдуар тентек, одан Қадырқожа (Қайырбай), оның ұлы Қаракесек одан Әлім. Әлімнен Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі — Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Ақшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады. Өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Сейітқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Нұрата тауларына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты. 1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тіллә-Қари" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің өсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде. ## Өмірбаяны Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы калыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардын кейбірімен шарият қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін үғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді.Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейіткқұ би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады. Бір жолы мынадай оқиға болыпты: Көктемнің аласапыран кауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады.Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдын бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айткқұ би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айткқұ би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған кыстау орны бар.Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады) - бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз - Тоқпан - Сейіткүл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей - Аспан - Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны.Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында түратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен - Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі". Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр колбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген.1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандыктары ортақ жауға карсы одақ құрған. Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады...."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір хан осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын. Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады.Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен.Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Үндістан) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды.Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды. Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжалары Ташкент, Самарқанд айналасындагы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылык қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі. "Жалаңтөс Коқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес.Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген.Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек. ## Дереккөздер
Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов (1957 жылы 11 маусымда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа станциясында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. ## Өмірбаяны 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін физика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылы - Рудный индустриалдық институтының оқытушысы. 1981 – 1984 жылдары - Қостанай құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы. 1984 – 1986 жылдары - Қостанай қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1986 – 1988 жылдары - Қостанай құрылыс техникумының оқытушысы. 1988 – 1991 жылдары - Қостанай қалалық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1991 - 1993 жылдары - Қостанай қаласы, «Социальная служба молодежи» қауымдастығы төрағасының орынбасары, төрағасы. 1993 – 1995 жылдары - Қостанай қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1995 – 1997 жылдары - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары. 1997 - 2001 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2001 – 2005 жылдары - Қостанай қаласы, «Стомед» ЖШС коммерциялық директоры. 2005 жылы - Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы – Қазақстан Республикасы агенттігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2005 – 2014 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2014 жылдан бері - Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. ## Дереккөздер
Риддер қалалық әкімдігі – Шығыс Қазақстан облысындағы әкімшілік бірлік. ## Географиялық орны Солтүстігі мен батысында Глубокое, оңтүстігінде Алтай аудандарымен шектессе, шығысында Ресей Федерациясымен шектеседі. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бутаково, Жоғарғы Хайрузовка, Коноваловка, Лениногор орманшар, Лесное, Ливино, Поперечное, Пригородное, Үлбі, Үлбіқұрылыс елді мекендері кіреді. Орталығы - Риддер қаласы. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Шаған – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы кент. * Шаған – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Шаған – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Шаған – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Шаған – Ертіс алабындағы өзен. * Шаған – Жайық алабындағы өзен. * Шаған – Ақтөбе облысы Шалқар, Байғанин аудандары жеріндегі өзен. * Шаған – зәйтүндер тұқымдасына жататын, жапырағы түсетін ағаш.
Шүлбі кенттік әкімдігі — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шүлбі кенті. ## Дереккөздер
«Көшбасшы жолы» — Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне негізделген қазақстандық медиафраншиза. Фильмдер Назарбаевтың бірнеше кітаптар негізінде түсірілген. Франшиза 2011 жылы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінен бастау алады. 2013 жылы оның жалғасы Елбасы жолы, одан кейін - 2014 жылы «Тығырықтан жол тапқан» фильмдері шықты. Франшизаның төртінші фильмі — «Жұлдыздар тоғысқанда» 2016 жылы шықты. Соңғы фильм - «Елбасы Жолы. Астана» 2018 жылы шықты. ## Фильмдер ### Шолу Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдер сериясының алғашқы бөлімі - «Балалық шағымның аспаны» 2011 жылы шықты. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады. Екінші фильм - «Елбасы жолы» 2013 жылы жарыққа шықты. Фильмде Назарбаев Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады, кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады, жаңа ұстаздармен танысады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанға оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды. Үшінші фильм - «Тығырықтан жол тапқан» 2014 жылы жарыққа шықты. Бұл фильмде Назарбаевтың Орталық Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинат - Теміртау қаласының Карметкомбинатта партиялық ұйым басшысы ретіндегі қызметі туралы сөз болады. Төртінші фильм - «Жұлдыздар тоғысқанда» 2016 жылы жарыққа шықты. Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады. Сұхбат барысында Президент пен Вильсон кең-байтақ даладан қар басқан тауға, қөпқабатты зәулім ғимараттан киіз үйге, 2015-ші жылдан 1950-ші жылға, 1986-шы жылға, 1989-шы жылға, 1991-ші жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларға ауысып отырады... Ел картасындағы әрбір жер — Президент өмірбаянының айғағы. Вильсон Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен өмірінің куәгері әрі қатысушысы болады. Бесінші фильм - «Елбасы Жолы. Астана» 2018 жылы жарыққа шықты. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді. ## Түсім ### Кассалық түсім ### Критика ## Басты кейіпкерлер ## Түсіру тобы ## Әдебиет * «Қазақстан жолы» * «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» * «Жүз жылға татитын он жыл» * «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» * «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» * «Сындарлы он жыл» * «Тарих толқынында» * «Тәуелсіздік белестері» * «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» * «Ғасырлар тоғысында» * «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» * «Еуразия жүрегінде» * «Ой бөлістім халқыммен» * «Өзекжарды ойлар» * «Бейбітшілік кіндігі» * «Туған елім – тірегім» * «Қазақстан-Ресей қатынастары» * «Қалың елім, қазағым» * «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» * «Тәуелсіздігіміздің бас жылы» * «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға» * «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» * «Әділеттің ақ жолы» * Тарих толқынында ## Сілтемелер
Шаған кенттік әкімдігі — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шаған кенті. ## Дереккөздер
Алтай қалалық әкімдігі – Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Зырян қалалық әкімдігі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алтай қаласы және Берёзовское ауылы кіреді. Орталығы – Алтай қаласы. ## Дереккөздер
Семей қалалық әкімдігі – Абай облысындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Семей қаласы. ## Дереккөздер
Көкентау, Кәкентау – Семейтау тауларының оңтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. ## Жер бедері Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 825 м. ## Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау герцин дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Солтүстік беткейі тік, шатқалды, борпылдақ жынысты, оңтүстік көлбеу. ## Өсімдігі Қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында селеу, жусан, сай-жыраларында қараған, итмұрын, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Айдын Бейуккишиұлы Мирзазаде (2 шілде 1957 ж., Мингечевир, Әзірбайжан ССР, КСРО) - II , III , IV шақырылымдағы және V шақырылымдағы Азербайжан Республикасы Милли Мажлисінің депутаты; Милли Мәжілістің қорғаныс, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2010 жылғы 7 желтоқсаннан бастап). Саясаттану философиясының докторы (2003), доцент, Жаңа Әзірбайжан Партиясы Атқарушы хатшылығының саяси талдау және болжау бөлімінің бастығы , Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және индустрия университетінің қоғамдық сенім кеңесінің төрағасы . Азербайжан Республикасы Милли Мажлисінің Ол Әзірбайжан-Тәжікстанның парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Әзірбайжан-Қазақстан, Әзірбайжан - Түркия, Әзірбайжан-Ресей, Әзірбайжан-Сауд Арабиясы, Әзірбайжан-Израиль, Әзірбайжан-Польша, Әзірбайжан-Иран арасындағы парламентаралық қатынастар жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. ## Дереккөздер
Шемонаиха қалалық әкімдігі – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шемонаиха қаласы кіреді. Орталығы - Шемонаиха қаласы. ## Дереккөздер
Елді мекендер: Қазақстан: * Васильевка – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл. * Васильевка – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл. * Васильевка – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауыл. Ресей: * Васильевка – Башқұртстанның Архангель ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Ермекеев ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Зилайыр ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Мелеуз ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Стерлитамак ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Чекмагушев ауданындағы ауыл. * Васильевка – Башқұртстанның Шаран ауданындағы ауыл. Өзендер: * Васильевка – Ресейдегі өзен. Пермь өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді. * Васильевка – Ресейдегі өзен. Архангельск облысы, Вологда облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. * Васильевка – Ресейдегі өзен. Кемеров облысы, Краснояр өлкесі, Томск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. * Васильевка – Ресейдегі өзен. Архангельск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (орта ғасырлардағы шығыс елдері “баһадүр” деп атаған) (1576 жыл – 1656 жыл) — Самарқандтағы Бұхара хандарының қолбасшысы, саясаткері, губернаторы (әмірі). Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Алау әмірден Қыдуар тентек, одан Қадырқожа (Қайырбай), оның ұлы Қаракесек одан Әлім. Әлімнен Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі — Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Ақшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады. Өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Сейітқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Нұрата тауларына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты. 1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тіллә-Қари" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің өсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде. ## Өмірбаяны Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы калыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардын кейбірімен шарият қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін үғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді.Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейіткқұ би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады. Бір жолы мынадай оқиға болыпты: Көктемнің аласапыран кауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады.Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдын бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айткқұ би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айткқұ би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған кыстау орны бар.Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады) - бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз - Тоқпан - Сейіткүл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей - Аспан - Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны.Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында түратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен - Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі". Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр колбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген.1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандыктары ортақ жауға карсы одақ құрған. Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады...."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір хан осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын. Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады.Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен.Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Үндістан) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды.Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды. Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжалары Ташкент, Самарқанд айналасындагы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылык қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі. "Жалаңтөс Коқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес.Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген.Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек. ## Дереккөздер
Болатов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Айдын Болатов - "Еңбек Қызыл Ту орденді" мұнайшы. * Жамалбек Болатов – филология ғылымының докторы, профессор. * Мырзатай Үйсінбайұлы Болатов – педагог, журналист, әуесқой сазгер.