text
stringlengths 3
252k
|
---|
Павел Андреевич Леус (лит. Pavelas Andrejevic Leusas; 15 қыркүйек 1978 жыл, Вильнюс) —- литвалық футболшы, қақпашы. Литва Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
Карьерасында Литва, Ресей, Польша, Қазақстан, Өзбекстан клубтарында ойнаған. Қазақстан жанкүйерлеріне "Алматы" клубында ойнаған жылдары жақсы таныс болды. Әуелі 2004 жылы "Жальгиристен" арендаға алынды да, 2005-06 жылдары алматылық клубтың толыққанды ойыншысы болды. 2006 жылы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.2007 жылы "Вильнюсте" ойнап, маусымның екінші жартысын тағы да "Алматы" клубында жалда өткізді. Осы маусымның соңында Қазақстан кубогы финалисі атанды.
Алматыдан 2008 жылы кетіп, Өзбекстаннның бірнеше клубтарында доп тепті.
2017 жылы литвалық "Утенис" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
### Ұлттық құрама
Литва құрамасы сапында 1998-2001 жылдары ойнады да, қайта шақырылмады.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2006
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Ахмад Ради Амаеш (араб.: أحمد راضي هميش; 21 наурыз 1964 жыл, Самарра — 21 маусым 2020 жыл) — ирактық футболшы, шабуылшы. 1986 жылы әлем чемпионатына және 1988 жылы Олимпиадалық ойындарға қатысқан.
## Карьерасы
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1983 жылы алаңға шықты.
1986 жылғы әлем чемпионатында Ирак жалғыз гол соқты, ол голды Ахмад Ради Бельгияның қақпасына енгізді.
Карьерасында Ирак және Катар клубтарында ойнады. Бес дүркін Ирак чемпионы атанды.
## Жетістіктері
### Командалық
* Ирак чемпионы: 1987, 1988, 1989, 1991, 1999
* Ирак кубогы: 1987, 1988, 1991, 1993, 1998, 1999
### Жеке
* Азиядағы жыл футболшысы: 1988
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 22 сәуірдің 2021 жылы. (нем.) |
Элис Миллар капелласы АҚШ-тың Иллинойс штатының Эванстон қаласындағы Солтүстік-батыс университетінде орналасқан. Бұл оқу орнынан гуманитарлық пәндер мен инженерлік сала бойынша екі дәрежелі бакалавр деңгейін алып шығуға болады. Элис Миллар капепласында бүгінде АҚШ-тағы ең беделді музыка мектебі бар. Қазіргі күні музыка мектебінде екі толық оркестр, заманауи музыка ансамблі, симфониялық топ және екі джаз орындаушылар тобы бар. Элиc Миллар капелласының биіктігі 46 метрге жетеді. Мектепте оркестрлік аспаптар, вокал және сөйлеу мәнері бойынша жоғары білім алуға болады. Элиc Миллар капелласы әрі шіркеу, әрі діни орталық болып табылады. Бұл - Фостер Г.Макгоу мен оның жұбайының Cолтүстік-батыс университетіне жасаған сыйы. Фостер Макгоудың анасы Элис Миллардің құрметіне арнап салынғандықтан, капелла сол кісінің атымен аталған. Макгоу мырза көп жылдар бойы Солтүстік-батыс университетіне қамқорлық танытып келді, ал Макгоу ханым болса осы университеттің түлегі. Элис Миллар капелласы 700 адамға лайықты етіп салынған. 1962 жылы тұрғызылған капелланы Фостер Дж. Макгоу кейін университетке сыйға тартты. Капеллаға келушілерге ешқандай шектеу қойылмайды. Сондықтан мұнда өзге ұлт және дін өкілдері де келіп тұрады әрі өз уағыздарын еркін жүргізе алады.
## Дереккөздер |
* Белокаменка – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл.
* Белокаменка – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл. |
Ерназар ауылдық округі – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы әкімшілік бірлік. 2011 жылға дейін Сосновка ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ерназар, Қоянбай, Морозов орманшар ауылдары кіреді. Орталығы – Ерназар ауылы. Округ құрамында болған Полянка ауылы 2017 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
* Ерназар – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл.
* Ерназар – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Ерназар – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл.
* Ерназар – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. |
Ерназар ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ерназар ауылы кіреді. Орталығы – Ерназар ауылы.
Жер көлемі - 29815 га. Ауылдық округте Кейкиев атындағы орта мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, мед.пункт және "Жәнібек" балабақшасы бар.
## Дереккөздер |
Идрис әулеті, 8 ғ-дың аяғы – 10 ғ-да қазіргі Марокко аумағында билік жүргізген.
Әулет пен мемлекеттің негізін қалаған Ыдырыс ибн Абдаллах (788 – 92 ж. билік жүргізді) Арабия түбегіндегі жергілікті тайпа көсемдерінің бірі болатын. Аббас әулетіне қарсы бас көтеріп, сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Арабиядан Мароккоға қашып келіп, 789 ж. Фес қаласының негізін салды. Оның мұрагері Ыдырыс ІІ тұсында (792 – 828 ж. билік етті) бұл қала Ыдырыс әулеті билеген мемлекеттің астанасына айналды. Ыдырыс ІІ қайтыс болғаннан кейін, мемлекет ұсақ иеліктерге бөлініп, 974 ж. оларды Кордова халифатының әскерлері жойып жіберді. 1010 ж. Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топ болып отыр.
Ыдырыс, Бану-Идрис, әл-Адариса - ыдырысшылар, Магрибтегі тұңғыш Әли әулеті жолын ұстаушылар (789 - 926). Оның негізін салушы ЬІдырыс I - әл-Хасан б. Әлидің шөбересі, Мединеде Аббас әулетіне қарсы әлиліктер көтерілісіне (786 жылы) қатысушы. Соңына түскен қуғыннан Солтүстік Мароккода жасырынып жүріп, аман-есен құтылып кетеді. Бербер-зенат көсемдерінің қолдауына сүйеніп, Улилида шағын мемлекет құрды (788 жылы), осы орталықтың маңында кейін Фес қаласы бой көтерді. Ыдырыстың інісі Сулеймен көп ұзамай Тлемсенді (Батыс Алжир) өрт жасап, тағы бір мемлекет құрды.
Ыдырыс мемлекетінің гүлденген дәуірі Ыдырыс ІІ (808 - 28) мен оның ұлы Мұхаммед (828 - 36) патшалық құрған кезеңге дәл келеді, осы кезеңде бұл мемлекет Жоғарғы Атластан бастап, солтүстік-батысқа қарай бүкіл территорияны қамтыды. Осы кезеңде Фес пен Тлемсен қалалары тез көркейіп, жаңа қалалар пайда болды. Ыдырыс ІІ тұтас мемлекетті өзінің мұрагерлеріне бөліп берді. Бұл оқиға кейінгі өзара қырқысқан шайқастардың пайда болуына себеп болды. 917 жылы фатимашылар Йахия IV патшаны талқандады, ол вассалдық тәуелділікті мойындағанымен, 919 - 20 жылдары аралығында тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. Фатимашылар мен омейялықтардың Марокко үшін ұзақ уақытқа созылған күресін пайдалана отырып, Ыдырыс әулеті Рифтегі иелігін сақтап тұрды. 974 жылы омейялықтар Ыдырыс әулетінің соңғы патшаларын тұтқындады. Олардың бірі әл-Хасан Каирге қашып барып, фатимашылардың қолдауына ие болды, көп ұзамай қайтадан тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді. 1010 жылы Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топқа айналуда.
## Дереккөздер
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Жюльен Ш.А., История Северной Африки, т. 2, М., 1961;
* Африка, энциклопедический справочник, т. 2, М., 1987. |
314 –ші атқыштар дивизиясы - кингисептік Кутузов дәрежесі КСРО-ның Ұлы Отан соғысына арналған әскери құрылымы.
## Тарихы
314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама ретінде тарихта орын алды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. 1941 жылдың шілдесі мен тамыз аралығында Петропавл қаласында құрылып, бастапқы дивизия құрамына енушілердің 70 % Cолтүстік Қазақстан облысының аудандарының және Петропавл қаласының тұрғындары болатын. Онда 777 адам басшылыққа алынса, 1543 адам кiшi басшылыққа және 8611-i қатарға алынды. 1945 жылы 31 мамырда дивизия таратылды.
## Құрамы
Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді. Дивизия штабын – полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан өткен жандар еді. Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды. Ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси бөлімінде және басқада әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға облыстан партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті жіберді. Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орасан зор жұмыстар жүргізді. Советтік Отанды қорғаудағы әр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр жылдарға төтеп беруге баулыды.
### Командирлер
* Шеменков, Афанасий Дмитриевич (15.07.1941 — 14.10.1941), генерал-майор;
* Ковалев, Иван Викторович (15.10.1941 — 27.11.1941), полковник;
* Станкевский, Дмитрий Иванович (28.11.1941 — 04.05.1942), полковник;
* Зайцев, Алексей Андреевич (05.05.1942 — 18.08.1942), подполковник;
* Алиев, Иван Михайлович (19.08.1942 — 20.03.1944), полковник, 25.09.1943 бастап генерал-майор;
* Елшинов, Михаил Сергеевич (21.03.1944 — 17.09.1944), полковник;
* Гончарук, Николай Игнатьевич (18.09.1944 — 15.10.1944), полковник;
* Ефименко, Пётр Филимонович (16.10.1944 — 11.05.1945), полковник.
* Чудаков, Иван Иванович (26.08.1941 — 29.05.1945), майор;
## Соғыстағы белсенділігі
1941 жылы 26 тамызда оның бөлiмшелерi Харийная станциясына келiп, 52-шi Резервтi әскерiнiң қол асытан енедi. 1941 жылы 6 қыркүйектен бастап 130 шақырымға созылған Плотничное-Подпоржье-Свирь-Лодейное полефронты бойынша шабуылға шығады. Дивизия 1941 жылдың тамызында қазіргі Новгородская облысына көшті. 1941 жылдың 2 кыркүйегінде дивизия қайта құрылған 54-ші әскердің құрамына кірді.1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болып, ендігі жерде жауынгерлерді әскери өнерге үйрету, соғыс жағдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды. 1941 жылдың тамыз айының аяғында 314 атқыштер дивизиясы Солт-Батыс майданға аттандырылды. Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты. 314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтің 7-армиясының құрамына қосылды. Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега-Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Ресейдің, көп жерін олжалағысы келіп еді. Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы- неміс әскерімен қосылғысы келді. Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды. Қайғылы әрi батырлыққа толы Ленинградты қоршауға алу 1941 жылы 10 маусымда басталды. Қоршауда қалған 900 күн Ленинградты ерлiк, батырлық пен қайсарлықтың символына айналдырды. 1944 жылы 14 қаңтарда кеңес әскерi жауды тойтарып, ал 1944 жылы 27 қаңтарда блокада алынады, салтанатты түрде атылған салют әлемге Ленинградтың тоығымен азат екендiгiн паш еттi. Қоршаудағы Синявино облысын қорғау үшін дивизия жойқын соққы берді. Шайқастың 2 күнінде дивизияның 3000 адамы қаза тауып, хабарсыз кетті. 2- ші соққы әскерінің құрамында дивизия бірнеше шайқастраға қатысты. Осы кезден 1943 жылға дейін сол жақтан соққы беретін жасақ болып шайқастарды жалғастырды. 1944 жылдың қаңтарында дивизия Ораниенбаумдық площдармына көшті. Сол жерде Ленинград-Новгородтық басқыншылық жоспарына қатысқан болатын. Дивизия шайқастың 2-ші бөліміне, кеңестік басқыншылыққа кірген болатын. Басқыншылық барысында дивизия 1944 жылдың 30 қаңтарында Пустомержу, Мануйлово, Веймарн жергілікті жерін босатты. 1945 жылдың 27 қаңтарында Соснавец қаласы дивизия көмегі арқылы босатылды. Дивизия Ұлы соғыстың ең соңғы шайқасына қатысты. Бұл шайқас Прагада өтті.
## Марапаттары
Соғыстың бүкіл уақытында дивизияның 3832 жауынгері ордендармен, 4694 жауынгері медальдармен марапатталды.1944 жылы дивизия Кингисепптi
босатады, және сол ерлiктерi үшiн «Кингисепп» құрметтi атағы берiледi. 1944 жылы 19 мамырда дивизия Выборг қаласын азат етедi. Мұнда да барлығығна «Выборг» құрметтi атағы берiледi. Соғыс жылдары дивизия құрамындағы 3832 жауынгер орденмен марапатталып, 4694-i медальдармен құрметтелдi.
## Соғыстан кейін
Тарих жадымызды жаңғырту мақсатында, ерлік көрсеткен ата-бабалар құрметіне орай ескерткіш қойылды ескерткіш Петропавл қаласында орналасқан. 314 атқыштар дивизиясының құрметіне 2008 жылы Ұлы отан соғысының 63 жыл мерейтойы қарсаңына орай орнатылды.
## Сілтемелер
https://ru.wikipedia.org/wiki/314-%D1%8F_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F_%D0%B4%D0%B8%D0%B2%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D1%8F
http://samsv.narod.ru/Div/Sd/sd314/default.html
http://soldat.ru/
http://www.soldat.ru/perechen(қолжетпейтін сілтеме)
https://e-history.kz/kz/contents/view/1609 Мұрағатталған 27 мамырдың 2019 жылы. |
Жабайұлы Тоқсан би (1737-1839) – «Дала данышпаны» атанып, туралығымен әділдігімен үш жүзге аты жайылған би, шешен.
Керей руынан шыққан.
Тоқсан бидің тұлға ретінде танылуына Керей тайпасынан шыққан атасы Қара би көп ықпал етті. Ол немересін шешендік өнерге баулыды. Тоқсан би бала кезінен атасымен бірге жүріп, атақты шешендермен, билермен кездесті және ауызша сөз жарыстарға қатысты. Жас кезінен өз тайпасының ақылшысы болып қана қоймай, әділ биі бола білді. 15 жасынан бастап халық оны Төбе би, солтүстік өңір (Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанай) қазақтарының бас биі деп атады.
## Тоқсан бидің кесенесі
Тоқсан бидің зиратының қайда екендігі бертінге дейін белгісіз болып келді.Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының Западное елді мекені маңынан 2-3 шақырым жерде Тоқсан бидің бейіті табылып, 2001 жылы тамыз айында басына граниттен ескерткіш қойылды. Ал 2006 жылы кесене тұрғызылып, Западное елді мекенінің атауы Тоқсан би ауылы деп өзгертілді. Петропавл қаласының бір көшесіне аты берілді. Деректерге қарағанда, осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған би "Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпақтарым еске алар" деп өсиет қалдырған екен. Шын мәнінде бидің айтқаны келіп, зираттың түбінде Алматы-Екатеринбург, Жезқазған-Қызылжар, Қостанай-Көкшетау тас жолдары тоғысып, жолаушылар ағылған жерге айналды.
## Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 8-томыСолтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы |
№41-темір жол айрығы — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы – Аршалы кентінің солтүстік-батысында 42 км-дей, Астана қаласының шығысында 10 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Әңгіме
* Алғы сөз |
Жак Зуа (фр. Jacques Zoua; 6 қыркүйек 1991, Гаруа, Камерун) — камерундық футболшы, Камерун Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 2017 жылғы Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы. Швейцарияның төрт дүркін чемпионы.
2017 жылғы Конфедерациялар кубогына да қатысқан.
## Жетістіктері
### Клубтық
Базель
* Швейцария чемпионы: 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13
* Швейцария кубогы: 2009/10, 2011/12
* Сағаттар кубогы: 2011
### Халықаралық
Камерун
* Африка чемпионы: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі
* Профилі |
Серік Ибрагимов - Қазақстанның жас әншісі. Ол «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен әйгілі болды.
## Биография
Серік Ибрагимов 1988 жылдың 22 қантарында дүниеге келген. Оның туған жері Қызылорда облысы, Түгіскен ауылы. Ол көпбалалы отбасында өсті: ата-анасы тағы 6 ұл мен қызды тәрбиеледі. Серік Ибрагимов 5 жасында алғаш рет сахнаға шықты, сол кезден бастап музыка артистің кейінгі өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Жетекшісі Ибрагимова вокал бойынша да жігіттің талантын көрді, сондықтан бала кезінен оқушыларды конкурстар мен сөз сөйлеуге жіберді. Алдымен бұл тек облыс бойынша сапарлар болды, кейін Серік республикалық фестивальдарда да өнер көрсетті. Алдымен ол Қызылорда музыкалық колледжіне түсіп, үрлемелі аспаптарда ойнаған. Диплом алған соң жас жігіт білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырды.
## Дискография
## Жеке өмірі
Әнші 2016 жылы Айнамкөз есімді қызға үйленді. Болашақ әйелімен жігіт Алматы қаласында танысты. Көп ұзамай ұсыныс жасап олар үйленді. 2017 жылдың жазында жұбайлар ұлды болды. |
* Өмірзақ – Абай облысы Бородулиха ауданы, Белағаш ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
* Өмірзақ – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігіне қарасты кент. |
Елді мекендер:
* Солоновка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
* Солоновка – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі, Алтай Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Новосибирск облысы, Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Алтай өлкесі, Новосибирск облысы, Кемеров облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Кемеров облысы, Новосибирск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Солоновка – Ресейдегі өзен. Оренбург облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Қуандықов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Балтабек Мұқанұлы Қуандықов - мұнайшы.
* Болатбек Баянұлы Қуандықов - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы. Экономика ғылымдарының кандидаты.
* Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі.
* Қажықұмар Кенжебекұлы Қуандықов - театр сыншысы.
* Қылышбек Мұқанұлы Қуандықов - «Ақ Берен» РМҚК (қазіргі «Ақ берен» КӘАҚҚ ОШ РМХК ӘАҚЖ) бастығы. |
Абака кітабы (лат. Liber abaci) — Фибоначчидің (Пизалық Леонардоның) ондық арифметиканы баяндауға және насихаттауға арналған басты еңбегі. Кітап 1202 жылы жазылған, 1228 жылы екінші рет өңделіп, Майкл Скоттқа арналған. Біздің күнге дейін тек екінші нұсқасы жетті.Пизалық Леонардо Абака деп арифметикалық есептеулерді атаған.Леонардо араб аудармасы арқылы ежелгі гректер мен үнділердің жетістіктерімен жақсы таныс болды. Ол өз кітабында олардың елеулі бөлігін жүйелендірді. Фибоначчидің кітабы қарапайым тілде жазылғандығы және практикалық есеппен айналысатындарға — бірінші кезекте саудагерлерге арналғандығы маңызды. Оның анық, толымдылығы мен тереңдігі бойынша баяндалуы барлық антикалық және ислам прототиптерінен бірден жоғары ұсынысқа ие болды және ұзақ уақыт бойы, Декарт уақытына дейін, теңдесі жоқ ғылым болды.Кітап 15 тараудан (кітаптардан) тұрады.I кітабы араб-үнді сандарын енгізеді, көбейту алгоритмін бірден сипаттайды (ол жаңа жүйеде ескі, римдік санға қарағанда өлшенбейді) және ескі жүйеден жаңа жүйеге санды қалай өзгертуді көрсетеді.Айта кететін жайт, Фибоначчи аты "zephirum"-дан, латын формасындағы "ас-сифр" (бос) түріндегі нөл (zero) дербес саны ретінде енгізеді.II кітабы ақша есебінің көптеген практикалық мысалдарын қамтиды.III кітапта әртүрлі математикалық есептер туралы баяндалады.Мысалы: қалдықтар туралы қытай теоремасы, сандар, прогрессиялар және т. б.IV кітапта басқа да иррационалдық сандарды жуықтап есептеу мен түбірін геометриялық салу әдістері арқылы беріледі.Одан әрі әртүрлі қосымшалар мен теңдеулерді шешуі қарастырылады. Бірнеше бөлігі-қатарларды қосуы туралы жазылған. Модуль бойынша есептеулерде де 2, 3, 5, 9-ға бөлінгіштік белгілері келтіріледі. Бөлінгіштік теориясы, соның ішінде ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселігі туралы мазмұндалған.Бұл жерде атақты Фибоначчи қатарына қатысты қояндар туралы мәліметтерде бар.Көптеген маңызды есптер алғаш рет Леонардо кітабынан белгілі болғанмен, алайда классикалық есептерді баяндаған кезде де ол көптеген жаңа нәрселерді енгізді. Теңдеулерді шешу әдістерінде символика жоқ болғанмен, мәні бойынша алгебралық нақты түрде беріледі. Көптеген сұрақтарда Леонардо қытайлықтарданда көп жаңалық ашты. Фибоначчи-Еуропада бірінші рет-үнді стилінде теріс сандарды еркін түсіндіре алды. Бірнеше сандық әдістерді өз бетінше ашты (олардың кейбіреулері арабтарда да белгілі еді)."Абака кітабы" Еуропада математикалық білімнің таралуына үлкен әсер етті, оқулық пен анықтама ретінде және еуропалық ғалымдардың шабыт көзі болды. Әсіресе Еуропада ондық жүйе мен үнді сандарының жылдам таралуында маңызды рөл атқарды. |
Ақ Еділ Қожа кесенесі - Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Жұмай аталатын ауылда орналасқан. Еділ Қожа исламды таратушы ретінде аты шыққан дін адам болған. Негізі, ескерткішті Жалмағанбет қажы мазары деп те атап жатады. Бірақ, Ақ Еділ оның ұлы болып келеді. Мазар ХІХ ғасырға жататын ірі діни сәулет өнерінің туындысына жатады. Бұл дөнкелекше келген мазар өзіміздің киіз үй сияқты тұрғызылған. Ғимарат жел мен жауын-шашынға шыдас бермей зақым көрген. Күмбездің үстіңгі жағы мен есіктің кіреберісі аздап опырылған. Биіктігі бес метрге жететін мазардың жалпы көлемі 7,8х7,6 метр. Шығыс тұстан бөлмелерге қарай кіретін биіктігі үш жарым метрге жететін тік бұрышты есік бар. |
Керімбаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Борис Төкенұлы Керімбаев - полковник.
* Даниял Керімбаев – мемлекет және қоғам қайраткері.
* Есенгелді Әуелбекұлы Керімбаев – филология ғылымдарының докторы. |
Саққұлақ би кесенесі — сәулетті ескерткіштердің бірі.
## Орналасуы
Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде, Қоржынкөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ашық далада орналасқан.
## Сипаттамасы
Кесене 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының Жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г.Қамалова) зерттелген. Қанжығалы руының биі Саққұлақ кесенені 1880 жылы өзінің үлкен ұлы Нұралы үшін салдырған. Нұралының қабірінен құлпытас сынығы Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау тарихи өлкетану мұражайында сақтаулы. Саққұлақ би кесенесі өлшемдері 33х140х70 см шикі кірпіштен салынған. Қасбеттерінің қырларында екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны мен бос жерлері бар сегізқырлы күмбезді көлем түрінде болды. Сегізбұрыштың оңтүстік-батыс қыры кірпіштің екі төменгі қатарына дейін бұзылған қалған қырлардың қабырғаларының қалдықтары 2,5 метр биіктікте сақталған. Екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны ойық түріндегі кесенеге кіріс-шығыс жағынан орналасқан. Ұрпақтарының бірінің аты жазылған ескі тастың жанындағы батыс қабырғаның маңында Саққұлақтың өзінің және екі ұлының аттарымен және өмір сүрген уақыттарымен үш жаңа қабірүсті ескерткіш орнатылған. Cаққұлақ би (шын аты Сәбден) (1800-1880) - Орта жүз руы Арғын тайпасының атақты биі, шешен. Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған. Жасынан зерделі де зерек өскен ол 12-13 жасынан әкесі Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерін ұштаған, ел билеу ісіне араласқан. Баласының қабілетін сезген әкесі Сәбденді 15 жасында кішігірім дау-дамайды шешіп келуге жұмсаған. Ол 16 жасында сол өңірде шешендік аты шыққан Байдалы бимен сайысқа түсіп, Байдалының «құлағың неткен сақ еді» деген сөзінен кейін «Саққұлақ» атанып кеткен. Оның шешендік нақыл сөздерінен елдік пен ерлік, ғылым, білім, жақсылық пен жамандық туралы терең философиялық ой-түйіндерді байқауға болады. Басқа би-шешендердей емес, Саққұлақ би өзі айтқан билік сөздері мен басқа билердің аталы сөздерін, бағалы ойларын үнемі қағазға түсіріп жүрген. Саққұлақ бидің шығармашылығы толық жүйеленіп зерттелмеген. Саққұлақ биден жеті ұл қалған. Нұралы, Ералы деген ұлдары әкесіне тартып би-шешен болған. Саққұлақ би Қоржынкөл көлінің жағалауындағы Бөгенбай батыр ұрпақтарының қорымына жерленген. Мазарын халық шебері Рысқұл орнатқан. 2000 жылы Сақұлақ би кесенесінің қирандысына орталық композицияның сегізқырлы күмбезді саркофагы салынып, толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Андроновка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
Өзендер (Ресей):
* Андроновка – Ресейдегі өзен. Коми Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Андроновка – Ресейдегі өзен. Пензен облысы, Мордовия Республикасы, Нижегород облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Дэйн Бреккен «Брек» Шей (ағылш. Dane Brekken "Brek" Shea; 28 ақпан 1990, Колледж-Стейшен, Техас, Америка Құрама Штаттары) — америкалық футболшы, АҚШ Ұлттық футбол құрамасы мен "Атланта Юнайтед" (АҚШ) клубының жартылай қорғаушысы, тегі норвегиялық. 2013 жылғы КОНКАКАФ Алтын Кубогының жеңімпазы. Бүгінге дейін АҚШ, Англия, Канада клубтарында ойнаған.
## Карьерасы
Карьерасын 2008 жылы "Далласта" бастады. 2012 жылдың соңына дейін ойнап, 2013 жылы қаңтарда Англияның "Сток Сити" клубымен төрт жылдық шарт жасасты. Бірақ үшінші ойында-ақ жарақат алды да, маусым соңына дейін емделіп жатты.
2014 жылы 1 қаңтарда "Барнслиге" жалға берілді. 2014/15 жылғы маусымның бірінші жартысын "Бирмингем Ситиде" арендада өткізіп, 2014 жылы 19 желтоқсанда АҚШ-қа қайта оралып, "Орландо Сити" ойыншысы атанды.
## Жетістіктері
### Халықаралық
АҚШ құрамасы
* КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы — 2013
### Жеке
* АҚШ-тың үздік жас футболшысы — 2011
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі |
Елді мекен:
* Мещанка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
Өзендер (Ресей):
* Мещанка – Ресейдегі өзен. Алтай Республикасы, Алтай өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Мещанка – Ресейдегі өзен. Кемеров облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
## Тарихы
1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым.
КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.
ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды.
1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді.
1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.
2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.
## Қызметі
* әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
* бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
* ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
* ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
* ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
* ғылыми журналдар шығару;
* халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
* ғылымды танымал етуге қатысу
## Академия президенттері
## Академия ғимараты
Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.
Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді:
* Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі
* Орталық ғылыми кітапхана
* Табиғат музейі
* Археология музейі
* Сирек кездесетін кітаптар музейі
* Қазақстан ғылымының тарихы музейі
* Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия, саясаттану және дінтану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
* Математика және математикалық модельдеу институты
* Экономика институты
* Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
## Басқару органдары
2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары:
* жоғары орган – қамқоршылық кеңес;
* өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы;
* консультативтік-кеңесші орган – төралқа;
* атқарушы орган – басқарма.
### Қамқоршылық кеңес
Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
* ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
### Академиктердің жалпы жиналысы
Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті.
Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
* құрметті атақтар мен наградалар беру;
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
### Төралқа
Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады.
Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
* кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
* Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
* Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
* ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
### Басқарма
Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді.
Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
## Басқарма құрамы
Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
* Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
* Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
* Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор
* Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты
* Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD
## Академиктер тізімі
Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024)
* Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024)
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024)
* Здоровец Максим Владимирович (2024)
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024)
* Локшин Вячеслав Нотанович (2024)
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024)
* Сұраған Дөрбетхан (2024)
* Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024)
"Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері
* Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы
* Әбділдина Раушан Жабайханқызы
* Әбсаметов Мәліс Құдысұлы
* Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
* Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы
* Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
* Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы
* Әділов Жексенбек Мәкейұлы
* Айтбаев Теміржан Ерқасұлы
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы
* Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы
* Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы
* Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы
* Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы
* Ахметова Гульнас Кенжетайқызы
* Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы
* Әшімов Оңдасын Байкенұлы
* Аяшев Оңалбай Аяшұлы
* Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы
* Баешов Әбдуәлі Баешұлы
* Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы
* Байзақов Сәбит Байзақұлы
* Баймаханов Болатбек Бимендіұлы
* Баймұратов Ораз Баймұратұлы
* Байтанаев Бауыржан Әбішұлы
* Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
* Бейсенова Әлия Сәрсенқызы
* Бектұров Есен Әбікенұлы
* Бенберин Валерий Васильевич
* Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы
* Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы
* Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы
* Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы
* Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы
* Білиев Назарбай Қыдырұлы
* Бүктіков Николай Сәдуақасұлы
* Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы
* Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы
* Голиков Владимир Андреевич
* Грибановский Анатолий Павлович
* Григорук Владимир Васильевич
* Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы
* Дәулетов Асқар Ербұланұлы
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
* Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
* Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы
* Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы
* Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы
* Елубаев Сағынтай Зекенұлы
* Есполов Тлектес Исабайұлы
* Есполов Айдос Тілектесұлы
* Есім Ғарифолла Есімұлы
* Жамбакин Қабыл Жапарұлы
* Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы
* Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
* Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
* Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы
* Заядан Болатхан Қазыханұлы
* Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы
* Смағұлов Оразақ Смағұлұлы
* Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы
* Қайдарова Диляра Радикқызы
* Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы
* Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы
* Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы
* Қамзабекұлы Дихан
* Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы
* Қасқабасов Сейіт Асқарұлы
* Қайыпов Мәлік Арықтайұлы
* Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы
* Кененбаев Серік Бәрменбекұлы
* Қожамжарова Дария Пернешқызы
* Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы
* Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
* Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
* Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы
* Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы
* Құлажанов Талғат Құралбекұлы
* Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы
* Құлыбаев Талғат Асқарұлы
* Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы
* Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы
* Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
* Құнантаева Күләш Құнантайқызы
* Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы
* Құрманбайұлы Шерубай
* Курскеев Абдрахман Козлоевич
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы
* Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
* Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы
* Локшин Вячеслав Нотанович
* Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы
* Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы
* Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы
* Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы
* Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы
* Мұқашев Болат Нығметұлы
* Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы
* Молдахметов Марат Зейноллаұлы
* Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы
* Момынов Талғат Әшірұлы
* Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
* Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы
* Мырзақұлов Рәтбай
* Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
* Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы
* Оздоев Султан Мажитович
* Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы
* Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
* Ормантаев Камал Сәруарұлы
* Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы
* Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы
* Раисов Төлеген Қазезұлы
* Рақышев Баян Рақышұлы
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы
* Рау Алексей Григорьевич
* Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы
* Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы
* Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы
* Сағитов Абай Оразұлы
* Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы
* Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы
* Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы
* Северский Игорь Васильевич
* Сейдуманов Серік Тұрарұлы
* Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
* Сүлеев Досым Қасымұлы
* Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы
* Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы
* Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
* Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы
* Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы
* Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы
* Тіреуов Қанат Маратұлы
* Төлебаев Райс Қажыкенұлы
* Төлеуов Бораш Игілікұлы
* Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы
* Оразалиев Рахым Алмабекұлы
* Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы
* Харин Станислав Николаевич
* Шоманов Өрісбай Шоманұлы
* Фазылов Серік Драхметұлы
* Шарманов Төрегелді Шарманұлы
* Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы
## Құрылымы
2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды:
* Ботаника және фитоинтродукция институты
* Зоология институты
* Адам және жануарлар физиологиясы институты
* Жалпы генетика және цитология институты
* Микробиология және вирусология институты
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Экономика институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия және саясаттану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Сейсмология институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты
* Металлургия және кен байыту институты
* География институты
* Информатика және басқару проблемалары институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Математика институты
* Қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Фитохимия институты
* Ғалымдар үйі
* Орталық ғылыми кітапхана
* «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы
### Бұрынғы құрылымы
1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған:
Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі
* Ядролық физика институты
* Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін)
* Теориялық және қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Каменское плато обсерваториясы
* Асы-Түрген обсерваториясы
* Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* Механика және машинатану институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап)
Жер туралы ғылымдар бөлімшесі
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Сейсмология институты
* Тау-кен істер институты
* География институты
Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Металлургия және кен байыту институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты.
Биологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды)
* Топырақтану институты
* Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты)
* Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты)
* Микробиология және вирусология институты
* Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін)
* Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты)
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін)
* Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты).
Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі
* Философия институты
* Мемлекет және заң институты
* Экономика институты
* Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап)
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін)
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Сыртқы экономика орталығы
* Шығыстану институты (1996 жылдан бастап).
Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі
* Химия-металлургия институты
* Органикалық синтез және көмір химиясы институты
* Физиология және еңбек гигиенасы институты
* Қолданбалы математика институты
* Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақстан ғалымдары |
«Құлагер» — толық метражды көркем фильм. 1972 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Бұл фильм ХIX ғасырда өмір сүрген ақын, сазгер Ақан Серінің өмірі, адами болмысы, тұлпары Құлагердің тағдыры турасында түсірілген.
Құлагер – қазақ даласына танымал тұлпар. Оқиға желісі өмірден алынған. Қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың дәл осы аттас поэмасы бар.
Фильмнің поэтикалық құрылымы поэмадан негіз алады. Фильмде қазақтың сайын даласында бүкіл ел сыйлаған Сағынайдың асы суреттеледі. Бәйгеге Ақан Сері де өзінің бапталған сәйгүлігін қосып, мылқау баласына тізгін береді. Алайда Құлагерге Батыраштардың балтасы сілтеніп, мәреге жете алмай жығылады.
## Рөлдерде
* Ақан — Қарғамбай Сатаев
* Батыраш — Кененбай Қожабеков
* Күреңбай — Бәйтен Омаров
* Сал — Шахан Мусин
* Мылқау бала — Әлішер Сүлейменов
* Сайқымазақ — Әбдужәлел Бөрібаев
* Еркекшора — Динара Тілендиева
* Қарақшы — Атайбек Жолымбетов
* Би — Қанабек Байсейітов
## Дереккөздер |
«Шоқ пен Шер» — толық метражды көркем фильм. 1972 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Ауылдың қарапайым баласы Шердің Шоқ деген құлынды бағып, келбетті атқа өсіруі туралы кинофильм.
Баланың жануарға деген махаббаты мен берілгендігі соншама, үлкен ағасы атты сатып жібергеннен кейін, ол оны іздеуге аттанады...
## Рөлдерде
* Шер — Талғат Үкімов
* Ғалымжан — Қамбар Уәлиев
* Шердің анасы — Тамара Қосыбаева
* Ғалымжанның әжесі — Гүлзипа Сыздықова
* Шердің ағасы — Қасым Жақыпбаев
## Дереккөздер |
Абат Қайратұлы Айымбетов (7 тамыз 1995, Қызылорда) — қазақстандық футболшы, "Адана Демирспор" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Ақтөбе" клубының түлегі. 2012 жылы осы клубта карьерасын бастады. 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Осы маусымның соңғы турында "Ордабасы" қақпасына бір гол соқты, осы гол клубқа чемпион атануына тікелей көмектесті.
2013/14 жылғы УЕФА Еуропа лигасының іріктеуіне қатысты.
2020 жылы "Қайратқа" ауысты. Жыл соңында Қазақстан чемпионы атанды.
2021 жылы "Крылья Советов" футболшысы атанды.
2022 жылы "Астанаға" ауысты.
### Ұлттық құрама
Қазақстанның 17 және 21 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепкен.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2019 жылы 8 маусымда ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Бельгияға қарсы сырт алаңдағы ойынға қатысты. Бұл ойында Қазақстан 0:3 есебімен ұтылды.
Ұлттық құрамадағы тұңғыш голын 2020 жылы 7 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасында Беларусь қақпасына соқты. Бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылды. Турнирдің соңғы матчында Литва қақпасына құрама сапындағы екінші голын енгізді.
2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында үш доп соқты. Сол жылы БАӘ құрамасымен болған жолдастық ойында да бір гол соқты (1:2).
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі екінші турда Дания қақпасына 89-минутта гол соғып, құрамаға жеңіс әперді — 3:2. Бірақ артынша екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. 19 маусымда Солтүстік Ирландияға қарсы сырт алаңдағы ойында матч тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Қазақстан чемпионы: 2013, 2020, 2022
* Қазақстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Абат Қайратұлы Айымбетов (7 тамыз 1995, Қызылорда) — қазақстандық футболшы, "Адана Демирспор" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Ақтөбе" клубының түлегі. 2012 жылы осы клубта карьерасын бастады. 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Осы маусымның соңғы турында "Ордабасы" қақпасына бір гол соқты, осы гол клубқа чемпион атануына тікелей көмектесті.
2013/14 жылғы УЕФА Еуропа лигасының іріктеуіне қатысты.
2020 жылы "Қайратқа" ауысты. Жыл соңында Қазақстан чемпионы атанды.
2021 жылы "Крылья Советов" футболшысы атанды.
2022 жылы "Астанаға" ауысты.
### Ұлттық құрама
Қазақстанның 17 және 21 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепкен.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2019 жылы 8 маусымда ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Бельгияға қарсы сырт алаңдағы ойынға қатысты. Бұл ойында Қазақстан 0:3 есебімен ұтылды.
Ұлттық құрамадағы тұңғыш голын 2020 жылы 7 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасында Беларусь қақпасына соқты. Бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылды. Турнирдің соңғы матчында Литва қақпасына құрама сапындағы екінші голын енгізді.
2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында үш доп соқты. Сол жылы БАӘ құрамасымен болған жолдастық ойында да бір гол соқты (1:2).
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі екінші турда Дания қақпасына 89-минутта гол соғып, құрамаға жеңіс әперді — 3:2. Бірақ артынша екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. 19 маусымда Солтүстік Ирландияға қарсы сырт алаңдағы ойында матч тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Қазақстан чемпионы: 2013, 2020, 2022
* Қазақстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Дмитриев ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Дмитриевка, Жаркен, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Дмитриевка ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1410 адамды құрады.
## Дереккөздер |
«Ән сабағынан төрт» — толық метражды көркем фильм. 1973 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Жазғы каникул кезінде ағасына қонаққа барған мектеп оқушысы Ермектің туған өлкесі арқылы өткен қызықты саяхаты туралы телефильм.
## Рөлдерде
* Ермек — Қамбар Уәлиев
* Федя — Лев Прыгунов
## Дереккөздер |
Жезкент кенттік әкімдігі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Жезкент кенті.
## Дереккөздер |
Дмитриев ауылдық округі – Абай облысы Бородулиха ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бурабай, Дмитриевка ауылдары кіреді. Орталығы – Дмитриевка ауылы.
## Дереккөздер |
«Арман асуы» — толық метражды көркем фильм. 1972 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Тарихтың өткір бұрылысындағы барлық сыннан өткен, қызықты және қиын тағдырлы Қазақстандағы кен орындарын алғаш ашушы геологтар туралы фильм.
Жас Қазақ Республикасы қазба байлықтарын игере, өз индустриясын құра бастаған 30-ыншы жылдардағы оқиғалар туралы фильм.
## Рөлдерде
* Таир Мұрзин — Болат Бейсеналиев
* Степан — Борис Гитин
* Курашов — Сергей Гололобов
## Дереккөздер |
Сағит Баймұханұлы Иманғазинов (18 ақпан 1953 жылы) – ғалым-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург және дәрігер-ұйымдастырушы.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы және білім алуы
1953 жылдың 18-ші ақпанында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Төртқұдық кен-шарында дүниеге келген. Әкесі—Иманғазинов Баймұхан, анасы—Мұсатаева Қапен, Төртқұдық кен байыту фабрикасының шеберлері.
1959 жылы Төртқұдық орта мектебенің бірінші қазақ сыныбына қабылданған. 1967-1968 жылдары Шөптікөл мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, 1968-1970 жылдары Павлодар қаласындағы №3 қазақ мектеп-интернатын тәмамдаған.
1970 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне қабылданып, 1976 жылы аяқтаған.
### Атқарған қызметі
* 1976-1993 жылдар аралықтарында Павлодар қалалық №1 ауруханасының хирург дәрігері, операция блогының меңгерушісі, бас дәрігердің хирургия саласындағы орынбасары қызметтерін атқарған.
* 1993-1998 жылға дейін Павлодар облыстық ішкі-істер (ішкі-істер подполковнигі) басқармасының медицина бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен.
* 1998-2002 жылдарында Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы қызметінде болады. Иманғазинов С.Б., Қазақстанда тұңғыш (2001 ж.) Павлодар облысында отбасылық медицина, дәрігерді еркін таңдау және денсаулық сақтау жүйесін қаржылық басқару реформасына мұрындық және ұйымдастырушыларының бірі болды.
* 2002-2007 жылдар арасында Павлодар облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері.
* 2002-2016 жылдарында Семей мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалының директоры болып қызмет еткен.
* 2016 жылдан бастап, сол филиалда хирургия кафедрасының профессоры ретінде жұмысын жалғастыруда.
### Ғылым жолында
1994 жылы хирургия саласында медицина ғылымдарының кандидаттық диссертациясы, ал 2006 жылы қоғамдық медицина денсаулық сақтау бойынша докторлық диссертация қорғаған. Барлығы 370-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы. Оның ішінде 13 монография, 5 оқулық құрал, 11 өнертабыстық патент. Иманғазинов С.Б. профессорының жетекшелігімен 1 докторлық, 4 кандидаттық, 1 PhD және 4 магистрлік диссертациялар қорғалған.
2007-2009 жылдары және 2016 жылдан бастап, Семей медицина университетінің докторлық-ғылыми кеңесінің мүшесі. 2009-2013 жылдарында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігінің білім сапасын бақылау комитетінің мүшесі болған.Қазіргі кезде Павлодар қаласының №1 және № 5 емханалары мен №3 ауруханасының бақылау кеңесінін мүшесі.
### Қоғамдық жұмыстар
2013 жылы мүгедектер, оның ішінде балалардың сал ауруларымен жұмыс істеу мақсатында «БОТАШ-Павлодар» қайырымдылық қоғамдық ұйымын ұйымдастырды. Осы салада екі мәрте (2014 ж., 2018 ж.) "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы" қоры гранттарын жеңіп алды. Балалардың сал ауруларынан айықтандыру үшін 3 авторлық құрылғыға өнертапқыштық патент алды. 2016 жылы авторлық құрылғыларымен Павлодар делегациясы құрамында Астана қаласында өткен республикалық «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысып, Дипломмен марапатталды.
Иманғазинов С.Б. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.
### Марапаттар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы мерейтойлық медалімен, «Денсаулық ісінің үздігіне» төсбелгісімен, Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
«Ақ шаңқан таулар» — толық метражды көркем фильм. 1973 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Фильм негізі Сәтімжан Санбаевтың "Ақ Аруана" повесінен алынған.
Зейнетке шыққан соң, Мырзағали туыстарымен сыйланған қардай ақ ботаға бауыр басып қалды. Өскен бота әдемі ақ аруанаға айналды. Бұл жануар қартқа өмірінен кеткен барлық таза, жарқын сәттерді бейнеледі.
Туған жерлерін сағынған аруананың хикаясы аясында күрделі адами қатынастар хикаясы өрбиді. Қайта-қайта аруана өз туған жеріне қайтуға тырысады, бірақ әр кезде оны Мырзағали қуып жетіп, қайтарады. Жаздың бір күні далаға Ақтаулардан аңызақ келеді. Аруана өз ботасына дауыс беріп, желге қарай жүгіреді. Ұлы түйсік оны дөңдер, сорлар, жарлар арқылы алға жетелейді. Оның артынан аттарына мініп дос-жау Мырзағали мен Шолақ замғайды. Аруананы қуып жеткен Мырзағали Шолақтың таңдануына оны бостандыққа жібереді. Ол аруана мен оның ботасының артынан ұзақ қарайды. Бұл өмірде ол не жоғалтты? Немесе, неге қол жеткізді? Өйткені, өз мұңынан басқа басқалардың мұңын көріп, түсіну әрине де оңай емес.
## Рөлдерде
* Мырзағали — Нұрмұхан Жантөрин
* Әсима — Бикен Римова
* Шолақ — Мұхтар Найманбаев
* Мақпал — Наталья Арынбасарова
* Марат — Әнуар Молдабеков
* Сағынғали — Мәкіл Құланбаев
* Көкайдай — Мұхтар Өтебаев
## Дереккөздер |
«Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ұлттық Зерттеу Университеті)» (орыс. Южно-Уральский государственный университет (национальный исследовательский университет)) — Ресейдің ең ірі білім беру мекемелерінің бірі және Челябинск облысындағы ең ірі білім беру мекемелерінің бірі. 2000 жылдың басында Ресейдің ең үлкен ЖОО болды.
2010 жылдан бастап ұлттық зерттеу университеті мәртебесіне ие. 2015 жылы университет 2015 жылы ЖОО 5-100 жобаға қатысу үшін іріктелген Ресей университеттерінің қатарына кірді. 2018 жылы ООМУ өз тарихында алғаш рет Ұлыбритания Quacquarelli Symonds (QS) консалтингтік компаниясы жасаған әлемнің үздік университеттерінің рейтингісіне енгізілді. ОҚМУ 10 институт және жоғары мектеп, 2 факультет (ЖОО алдындағы дайындық және әскери оқу), 4 филиалнан тұрады (Златоуст, Миасс, Сатка — Челябі облысы, Нижневартовск — Ханты-Манси автономиялық округі). Бүгінде ЖОО-да әлемнің 52 елінен 28 мыңнан астам студент білім алуда.
## Тарихы
Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті-қызықты тарихы және әр түрлі дәстүрі бар жоғары оқу орны, бұл ғылыми жетістіктермен, мамандарды даярлаудың жоғары деңгейімен, іргелі ғылыми базамен және ғылыми зерттеулер мен білім беру процесін жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етумен танымал көпбейінді оқу орны.
Университет тарихы-бұл бір-бірін жүйелі түрде ауыстыратын қалыптасу және қарқынды даму кезеңдері. Екі факультеттен тұратын институттан ол ұлттық-зерттеу университетіне, ғылыми және білім беру орталығына айналды. Бүгінгі күні ООМУ-бұл инновациялық әзірлемелердің алаңы, қазіргі заманғы жастарға, өзіне сенімді және өршіл адамдарға, олардың батыл идеялары мен жобаларына арналған бастапқы пункт.
## Университет құрылымы
* Сәулет-құрылыс институты
* Жоғары медициналық-биологиялық мектеп
* Экономика және басқару жоғары мектебі
* Электроника және компьютерлік ғылымдар жоғары мектебі
* Лингвистика және халықаралық коммуникация институты
* Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар институты
* Жаратылыстану және нақты ғылымдар институты
* Спорт, туризм және сервис институты
* Политехникалық институты
* Заң институты
## ООМУ сандар мен фактілерде
ООМУ-де бакалавриаттың 172 бағдарламасы, магистратураның 126 бағдарламасы, Маманданудың 25 бағдарламасы және аспиранттарды даярлаудың 24 бағыты іске асырылуда.ООМУ-да заманауи оқыту құралдарының өзіндік өндірісі ұйымдастырылған. Бұл 4000-нан астам оқу-өндірістік стендтер, компьютерлік имитатор-тренажерлер, университеттің кәсіби дайындық бағыттары бойынша түрлі үлгідегі және модификациядағы ақпараттық құралдар.
ООМУ-да Қашықтықтан оқытудың заманауи нысандары-e-learning және b-learning, сондай-ақ ҚОҚМ форматындағы жаппай қашықтықтан оқыту курстары дамыған.
## Студенттік өмір
ООМУ-да 23 шығармашылық ұжым, 24-тен астам спорттық секциялар және студенттік ұйымдардың үлкен таңдауы бар. Университет жылына 200-ден астам іс-шара өткізеді. Олардың ішінде белгілі дәстүрлі байқаулар. Қатысушылар сұлулық, интеллект және шығармашылықта жарысты. КВН командасының қатысушылары Бүкілресейлік деңгейде өнер көрсетеді, ал ООМУ іс-шараларының афишасы оқиғалардың әртүрлілігімен таң қалдырады.
## Шетелдік студенттер қауымдастығы
Шетелдік студенттер қауымдастығы-бұл Бүкілресейлік студенттік ұйым, оның басты мақсаты:
* жаңа студенттердің бейімделуіне көмектесу
* оларды орыс мәдениетімен таныстыру
* халықаралық достықты жандандыру
ААЖ бірқатар ұлттық мерекелерді, соның ішінде Наурыз, араб мәдениеті күні, африкалық мәдениет күні, шай салтанаты, Халықаралық Жаңа жыл; аспаздық фестивальдер; спорттық жарыстар (мини-футбол, баскетбол, көпсайыс, теннис және т.б.) сияқты шараларды ұйымдастырушы болып табылады.Біздің тьюторлар-ООМУ - дың шетелдік студенттері. Олар бірнеше жылдан бері Ресейде тұрып, біздің университетте білім алуда. Кез келген студент оларға оқуға түсу, білім алу, тұру, студенттік өмір жөнінде сұрақтар қоя алады.
## Ескертулер |
Сатаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Ақан Қарғамбайұлы Сатаев — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
* Амантай Рақымжанұлы Сатаев - жазушы.
* Евгений Александрович Сатаев - кеңестік футболшы, шабуылшы.
* Есенжан Сатаев — аға шопан, Социалистік Еңбек Ері.
* Жұмабай Сатаев - ҰОС ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері.
* Қабас Сатаев - ҰОС ардегрі, «Отан соғысы» орденінің иегері.
* Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев — актер, Қазақ КСР-інің халық әртісі.
* Қуан Сатаев - мұнайшы, «Құрмет Белгісі» ордені иегері.
* Мәлік Сыбамбайұлы Сатаев – ғалым, техника ғылымдарының докторы.
* Рақымбай Сатаев — журналист, баспагер. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. |
«Ақ шаңқан таулар» — толық метражды көркем фильм. 1973 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
Фильм негізі Сәтімжан Санбаевтың "Ақ Аруана" повесінен алынған.
Зейнетке шыққан соң, Мырзағали туыстарымен сыйланған қардай ақ ботаға бауыр басып қалды. Өскен бота әдемі ақ аруанаға айналды. Бұл жануар қартқа өмірінен кеткен барлық таза, жарқын сәттерді бейнеледі.
Туған жерлерін сағынған аруананың хикаясы аясында күрделі адами қатынастар хикаясы өрбиді. Қайта-қайта аруана өз туған жеріне қайтуға тырысады, бірақ әр кезде оны Мырзағали қуып жетіп, қайтарады. Жаздың бір күні далаға Ақтаулардан аңызақ келеді. Аруана өз ботасына дауыс беріп, желге қарай жүгіреді. Ұлы түйсік оны дөңдер, сорлар, жарлар арқылы алға жетелейді. Оның артынан аттарына мініп дос-жау Мырзағали мен Шолақ замғайды. Аруананы қуып жеткен Мырзағали Шолақтың таңдануына оны бостандыққа жібереді. Ол аруана мен оның ботасының артынан ұзақ қарайды. Бұл өмірде ол не жоғалтты? Немесе, неге қол жеткізді? Өйткені, өз мұңынан басқа басқалардың мұңын көріп, түсіну әрине де оңай емес.
## Рөлдерде
* Мырзағали — Нұрмұхан Жантөрин
* Әсима — Бикен Римова
* Шолақ — Мұхтар Найманбаев
* Мақпал — Наталья Арынбасарова
* Марат — Әнуар Молдабеков
* Сағынғали — Мәкіл Құланбаев
* Көкайдай — Мұхтар Өтебаев
## Дереккөздер |
Қалтаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Айдархан Қалтаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
* Бәйділда Қалтаев – актер, Қазақстанның халық артисі.
* Мақыш Қалтаев - ақын. |
Әлиаров сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Бірлесбек Қаниұлы Әлиаров – энергетик, техника ғылымдарының докторы.
* Есенжол Қаниұлы Әлиаров – саясаттану ғылымдарының докторы. |
"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ — жоғары медициналық білім беретін оқу орны. Қазақстан Республика Министірінің Кабинетінің 1997 ж. 25 ақпандағы қаулысымен Шымкент мемлекеттік медициналық институты негізінде құрылды. Оның емдеу, педиатрия, химия-фармацевтік факультеттері, дәрігерлер мен провизорлар біліктілігін көтеру секілді медицина саласына қажетті түрлі мамандар даярлайтын факультеттері мен 38 кафедрасы бар. Академияда Қазақстан Республика Ұлттық ғылым академиясының 1 академигі, 17 ғылым докторы және 115 ғылым кандидаты қызмет етеді.
## Тарихы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 03 шілдедегі №247 "Шымкент қаласында Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын ұйымдастыру туралы" қаулысымен АММИ филиалы ашылды.Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қазандағы № 429 қаулысымен АММИ филиалы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 шілдедегі №778 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты Шымкент мемлекеттік медицина институты болып өзгертілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысымен Шымкент медициналық институты "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 08 шілдедегі № 1037 Қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 09 қарашадағы № 681 қаулысымен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2017 жылғы 13 қаңтардағы анықтама).
## Факультеттер
* Медицина факультеті
* Фармация факультеті
* Халықаралық факультет
* Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканаты
* Резидентура деканаты
* Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы
* Үздіксіз кәсіби даму факультеті
* Медициналық колледж
* Әскери кафедра
## Ректорлар
* 1979-1989-Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, ф.ғ.к., доцент
* 1990-1993-Үшбаев Кеңесбай Үшбайұлы, ф.ғ.д., профессор
* 1993-1997-Төлебаев Райыс Қажыкенұлы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
* 1997-1999-Рысұлы Мұстафа, м.ғ.д., профессор
* 1999-2008-Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы, м.ғ.д., профессор
* 2009-2018-Сексенбаев Бақытжан Дерибсалиевич, м.ғ.д., профессор
* 2018-қазіргі уақытқа дейін Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, м.ғ.д., профессор
## Атақты түлектер
* Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (2020-2021).
* Бүркітбаев-Қазақстан Республикасының Жандос Қонысұлы Денсаулық сақтау вице — министрі (2020-2021).
* Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (05.2022 бастап).
* Пашимов Марат Орынбасарұлы-Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (04.2020 бастап).
* Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2020-2022).
* Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы (2011-2019)
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Тарханка – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл.
Өзендер (Ресей):
* Тарханка – Ресейдегі өзен. Татарстан Республикасы, Ульянов облысы, Самара облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Тарханка – Ресейдегі өзен. Татарстан Республикасы, Чуваш Республикасы, Ульянов облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Бұл тарихи ғимарат алғашында Аманкелді Имановтың штаб-квартирасы болса, кейіннен ауыл клубы болған.1975 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, Аманкелді Иманов атындағы мұражайға айналды. |
Жәкішева Зәбира Сыпатайқызы (орыс. Жакишева Забира Спатаевна) — аспаптанушы-этнолог, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткері.
## Өмірбаяны
Жәкішева (Жакишева) Забира Сыпатайқызы – 1948 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында ШҚО, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қазіргі «Көкбай» ақын атындағы орта мектепті бітірген (1966). Абай аудандық Мәдениет басқармасында еңбек жолын бастаған (1967). Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген (1980).
### Өнер-мәдениет, білім-ғылым:
* Абай ауданы, «Құндызды» ауылынан қыздар арасынан шыққан тұңғыш сазгер (1967 ж.);
* Абай аудандық Халық театрын ұйымдастырушылардың бірі (1967-1969 жж.);
* Қазіргі Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыка аспаптары музейін ұйымдастырушылардың бірі және музейде 37 жыл еңбек етіп музейдің дамуына зор үлес қосқан ардагер (1980-2017 жж.);
* Музей жанынан құрылған «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдің тұңғыш сырнайшысы (1980-1990 жж.);
* Қырғыздың Халық ақыны және Халық батыры Сооронбай Жусуевтің «Абай – Манас жыршысы» атты өлеңіне ән жазған сазгер;
* Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Тарих және Мәдени мұра институты мен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің біріккен Д.07.13.015 Диссертациялық Кеңесінде «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Тарихи-этнографиялық зерттеу» атты диссертациялық тақырып бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғаған, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш аспаптанушы, этнолог-ғалым (2014);
## Еңбектері
* «Жастық шақ әуендері». 2 томдық ұжымдық әндер жинағы. (Алматы: «Өнер» (1978- 1990 жж.);
* «Шыңғыстаудың ән самалы». Әндер жинағы. (Алматы. «Әуен», 1998);
* «Қазақтың музыкалық аспаптар әлемі» анықтамалық (Алматы: «Әуен», 2003);
* «Қазақтың халық музыка аспаптары музейі». Жолсерік (С. Бегалин атындағы баспахана, 2004);
* «Халық шебері – Қамар Қасымұлы» (Павлодар: «ЭКО», 2005);
* «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары» (Алматы: «Алматыкітап», 2009);
* «Қазақтың музыкалық фольклоры». С. Ақатаев, Н. Атамқұловтармен бірге. (Алматы: «Өлке», 2010);
* «Өзбекәлі Жәнібек тағылымы» (Алматы: 2011);
* Аспаптану (археологиялық және тарихи-этнографиялық зерттеу. Монография. (Алматы: «Қазақ тарихы», 2012);
* Ұлттық энциклопедия (музыка аспаптары жайлы мақалалар). I-V томдар. (Алматы: ҰЭ Бас басқармасы);
* «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық-анықтамалық авторларының бірі (Алматы);
* Шыңғыстаудың шынары. (Деректі құжаттар, естеліктер, суреттер т.б. Құрастырған: Ардаби Мәулет – өнертану ғылымының докторы. - Алматы: «Өнер», 2018);
* Ғылыми журналдарда, ғылыми жинақтар мен мерзімді газет басылымдарында жүзден аса мақала-еңбектер жарияланды (1980-2018 жж.);
* «Қазақстан» телеарнасы: «Телқоңыр», «Айтуға оңай...», СТВ телеарнасы: «Қоғам және әйел», «Балапан» телеарнасы: «Біле жүрейік» т.б. түсірілімдер;
## Марапаттары
* Жастар мен Студенттердің Москвада өткен бүкіл дүниежүзілік фестивалінің Дипломанты (1985;
* КССРО Мәдениет Министрлігінің «Үздік Мәдениет қызметкері» төс белгісі мен куәлігі (1987);
* ҚР Мәдениет Министрлігінің Құрмет Грамотасы (1998);
* ҚР Мәдениет қайраткері төс белгісі мен куәлігі (2000);
* «Музей ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» номинациясы бойынша Халықаралық ИКОМ Қазақстанның Дипломанты (2014);
## Дереккөздер
* Аспаптану ғылымының ұлт тарихындағы орны («Отан тарихы» мәселелері. Жас ғалымдар мен аспиранттардың ғылыми мақалалары жинағы. – Алматы: - 2000;
* «Музыка аспаптары әлеміне саяхат» мақалалар топтамасы. «Ұлт тағылымы» ғ/пед. журнал. №№ 4-5, 6. – 1999 ж. // №№ 1, 2, 3. - 2000 жж;
* Домбыралы сақтар (археологиялық және тарихи-этнографиялық зерттеу. – «Қазақ тарихы» ғ/журнал. № 5. – 2011.);
* Музей ісінің майталманы (Ө. Жәнібековтың туғанына – 80 жыл) – «Мәдени мұра» ғ/журнал. – Астана: № 3. - 2013;
* Қазақтың аспапты-музыкалық қолөнері («Халықтық саз аспаптары және түркі халықтарының аспапты-музыкасы: өткені, бүгіні және болашағы» атты Халықаралық симпозиум материалдары жинағы. – Абай ат. Қазақ Ұлттық пед/университетінің Жаршысы. – Алматы: - 2013;
Тарихи құндылықтардың жаңа қонысы // «Алматы ақшамы» 22 қыркүйек 2016 |
Краснояр ауылдық округі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Перевальное, Предгорное ауылдары кіреді. Орталығы – Предгорное ауылы. Округ құрамында болған Аврора станциясы 2024 жылы таратылды.
## Дереккөздер |
Қарадүлей, Қаратүлей – Үстірттің Солтүстік-батысындағы сор. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы жерінде, Өліқолтық сорынан шығыста 60 км жерде орналасқан.
Теңіз деңгейінен 80 м биіктікте. Сор бұйырғын, жусан өскен шөлді дала ортасында орналасқан. Жалпы ауданы 400 км² шамасындағы екі бөліктен тұрады.
Сор маңында 3 – 10 м тереңдікте кездесетін грунт суларының минералдылығы әртүрлі. Оңтүстігінде кең аумақты қамтитын сексеуіл тоғайы өскен. Шаған төбесі (102 м) орналасқан. Оңтүстігінде шөбі шүйгін Есенқазақ қонысы жатыр. Сорды айнала бірнеше қара жолдар өтеді.
## Дереккөздер |
Глубокое кенттік әкімдігі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Глубокое кенті кіреді. Орталығы — Глубокое кенті.
## Дереккөздер |
Жоғарғы Берёзовка ауылдық әкімдігі — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Жоғарғы Берёзовка ауылы.
## Дереккөздер |
Жоғарғы Берёзовка — Ресейдегі өзен. Томск облысы, Краснояр өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Пайдугин өзенінің оң жағалауынан 309 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 67 км-ді құрайды.
## Су реестрінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жоғарғы Обь су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Кеть. Өзен саласы — Чулымнан Кетке дейінгі (Жоғарғы) Обь тармағының су алаптары, өзен алабы — Ертіске қосылу құйылысына дейінгі (Жоғарғы) Обь.
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
* Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 13010600112115200028068
* Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 115202806
* Су алабының коды — 13.01.06.001
* ГЗ томының нөмірі — 15
* ГЗ бойынша шығарылуы — 2
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы. |
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы — 2020 жылы УЕФА Ұлттар Лигасының екінші маусымына қатысты. Ол турнир тамыз айында басталатындықтан, оған дейін де бірнеше жолдастық кездесулер өткізуі жоспарланғанмен, COVID-19 пандемиясына орай, наурызда өткізілуі тиіс жолдастық кездесулер ойналмады.
## Шолу
Күз айларында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының С лигасында Беларусь, Албания, Литва құрамаларымен сынға түсті. 4 қыркүйек күні сырт алаңда Литваны ұтып, турнирді сәтті бастады. Литваны 2:0 есебімен ұтып, аталмыш жарыстағы тұңғыш рет сырт алаңда жеңіске жетті. Бірақ үш күннен соң-ақ Алматыда беларустардан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Бұдан кейін қазақстандықтар Албаниямен өз алаңында тең түсті де, қалған үш кездесудің үшеуінде де ұтылып қалды.
## Матчтар
### Матчтар тізімі
* 202. Литва-Қазақстан-0:2
* 203. Қазақстан-Беларусь-1:2
* 204. Қазақстан-Албания-0:0
* 205. Беларусь-Қазақстан-2:0
* 206. Черногория-Қазақстан-0:0
* 207. Албания-Қазақстан-3:1
* 208. Қазақстан-Литва-1:2
### Жолдастық кездесу
### УЕФА Ұлттар Лигасы 2020/21
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қаз.футбол.кз сайтында |
Негізгі ұғым:
* Түрксіб – Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы.
Елді мекендер:
* Түрксіб – Абай облысы Жарма ауданы, Аршалы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған.
* Түрксіб – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
Мәдениетте:
* Түрксіб (сурет) — Әбілхан Қастеевтің суреті |
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді .
2014 жылдың 26 - қыркүйегінде Елбасы өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
## Ректорлар
* 1975—1985 — Г. А. Джанысбаева
* 1987—1989 — Аман Құлбаев
* 1989—1991 — Әшірбек Сығай
* 1991—1994 — Есмұхан Обаев
* 1994—2000 —У. Ш. Ибрагимов
* 2000—2008 — Тілеуғали Қышқашбаев
* 2008—2014 — Арыстанбек Мұхамедиұлы
* 2014—2018 — Бибігүл Нүсіпжанова
* 2018—2019 — Асхат Маемиров
* 2019—2021 — Ақан Әбдуәлі
* 18 маусым 2021 — 14 ақпан 2022 — Шәріпбек Әмірбеков (м.а.)
* 14 ақпан 2022 жыл — қазіргі уақыт — Азамат Сатыбалды
## Дереккөздер |
Үлбі жүк тасымалдау стансасы — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Тарханка ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Глубокое кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұса Жаппасбаев (15.08.1930 жылы Амангелды ауданы Үрпек ауылында дүниеге келген – 15.07.2006 жылы Алматы қаласында қайтыс болды) – ғалым-географ, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі (1993), география ғылымдарының кандидаты (1964), профессор (1995), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын үздік бітірген (1952). 1952-1967 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында сабақ берді. 1959 жылы А.Н. Воеков атындағы Ленинградтағы Географиялық бас обсерваторияның аспирантурасына түсіп, сонда кандидаттық диссертация қорғады. 1967 жылдан қазақ ұлттық университетінде қызмет етіп, 1969-1977 жылдары география факультетінің деканының орынбасары, деканы болды. 1975-1988 жылдары физикалық география кафедрасын басқарды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: «География ғылымының тарихы мен әдістемесі», «Физикалық географияның жүйелік қорытындылары», «Қазақстан физикалық географиясының экологиялық мәселелері». Бұрынғы одақтық және республикалық баспаларда 100-ден астам еңбектері жарық көрген. ХХ ғасырдың 70 жылдарында қазақ теледидарының тұрақты «Саяхатшылар клубы» бағдарламасын жүргізді. |
* Салқынтөбе – Абай облысы Жарма ауданы, Божығұр ауылдық округі ауыл.
* Салқынтөбе – Абай облысы Жарма ауданы, Қаратөбе ауылдық округі ауыл. |
Суықбұлақ – қола дәуірі қонысы. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстігінен 1,5 км жерде, Мұхтар сайындағы Суықбұлақ қайнарының төңірегінде орналасқан.
Қоныстың ұзындығы 1 км, ені 200 – 250 м. Қоныс алаңында үй орындарымен бірге, ерте темір ғасырлары кезінде салынған 7 оба мен ортағасырлық 6 тас қоршау бар. Қонысты 1953 жылы Қарағанды мұражай қызметкері Л.Ф. Семенов тауып, 1955, 1962 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Қоныстан екі үй орны аршылған. Бірінші үй төртбұрышты, аумағы 148 м, бөренеден тұрғызылып, ортасынан екіге бөлінген солтүстңк-батыс бөлігінде үлкен ошақ орны сақталған. Екінші үй аумағы 84 м. Онда да бөренелер орны сақталған. Үй маңы, ошақ жанынан өрнектелген қыш ыдыстардың сынығы, тастан, сүйектен жасалған құрал-сайман, әшекей бұйымдар, мал, аң сүйектері көптеп табылды. Суықбұлақ қонысынан ең алғаш рет темір қорытпалары табылды. Ол б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы – 1-мыңжылдықтың басында Орталық Қазақстан тайпалары Еуразия құрлығында алғашқылардың бірі болып темір өндірісін игергенін көрсетеді. Марғұлан қайта жаңғыртқан қоныстағы үй пішіні құрылыс өнерінің де биік дәрежеде болғанын білдіреді.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Черниговка – Абай облысы Жарма ауданы, Шалабай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған.
* Черниговка – Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл.
Ресей:
* Черниговка – Башқұртстанның Давлекан ауданындағы ауыл.
* Черниговка – Башқұртстанның Чишмин ауданындағы ауыл. |
Еспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы жерінде. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 2130 км².
## Бастауы
Сарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жорға (1084 м) және Үшқайың (958 м) таулары аралығынан басталады да, Балқашқа қарай ағып барып, Табақкеңтатыр аңғарына жете бере жерге сіңеді.
## Гидрологиясы
Көктемгі қар суымен ғана толығады. Арнасы жоғарғы және орта тұстарында жарқабақты, төменгі жағында кеңейіп, жағасы жайпақтанады. Жылдық орташа су ағыны 0,01 м³/с. Тамыз айында тартылып қалады. Суы тұщы. Көктемгі мал жайылымын суландырады.
## Дереккөздер |
Қапанбұлақ — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Қапанбұлақ ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Егінбұлақ — Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
* Егінбұлақ – Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл.
* Егінбұлақ – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл. |
Албан Буши (алб. Alban Bushaj; 20 тамыз 1973 жыл, Тирана) — албаниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
Албания Ұлттық футбол құрамасы сапында 65 ойын өткізіп, 14 гол соқты. Бұл Эрьон Богданиден кейінгі екінші нәтиже (Богданидің еншісінде 15 гол бар).
Клубты өте көп ауыстырған ойыншылардың бірі. 19 жылдық карьерасында 20-ға жуық клубта доп теуіп, 2011 жылы футбол ойнауды доғарды. Бес жылдық үзілістен соң бапкер ретінде футболға қайта оралып, Албанияның 16 жасқа дейінгі құрамасын жаттықтырды.
2017 жылы 21 жасқа дейінгі Албания құрамасының бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Камитов Нурлан (сәулетші) (1976 жылы 11 тамызда Алматы қаласында туған) — белгілі қазақстандық сәулетші, RIBA Британдық сәулетшілердің корольдік институтының құрметті мүшесі, AIA Америка сәулетшілер институтының мүшесі. IAAM Халықаралық Мәскеу сәулет академиясының профессоры және корреспондент мүшесі.
## Қысқаша өмірбаяны
Нурлан Камитов Алматы қаласында, ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет—құрылыс академиясы) профессорының отбасында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттіксәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетін тәмамдады, дипломдық жұмысы Мәскеуде Халықаралық дипломдық жобалар конкурсында (МАПАШ, 1998) екінші орынды иеленді.2006 жылы ол «Н.Д. Камитов», кейіннен «Kamitov Project» ЖШС Алматы қ. (2011), «INK Architects» ЖШС, Алматы қ. (2015) болып қайта құрылған компанияның негізін құрды. 2015—2016 жылдары Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары, уақытша Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы (2016-1017 жылдары) болып қызмет атқарды. Басшы міндетін атқарушы лауазымында Нурлан Камитов Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында электронды құжат айналымының бастамашысы болды. 2018 жылы Нурлан Камитов қазақстандық сәулетшілер арасында RIBA Британдық сәулетшілердің корольдік институтының алғашқы мүшелерінің бірі болды.
## Жобалары
* 2004 жылдан бастап Нурлан Камитов жобалық қызметпен белсенді айналысты, 5 миллионнан астам шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаң жобалады.
* Оның жетекшілігімен 30—дан астам бизнес орталығы мен тұрғын үй кешені, 300—ден астам қоғамдық ғимарат интерьері әзірленді.
* 2017 жылы Нурлан Камитовтың жетекшілігімен рекордтық қысқа мерзім ішінде (90 күн) «Hilton Expo Astana» бес жұлдызды қонақ үйі жобасының дизайны жобаланды және іске асырылды.
* 2019 жылы Нурлан Камитовтың жобасы бойынша Нұр—Сұлтан қаласында IAAF стандарттары бойынша жеңіл атлетика кешенінің құрылысы басталды.
* 2021 жылы Нурлан Камитовтың тұжырымдамалық жобалауы бойынша West Brickell (Вест Брикель) ауданында 36 қабатты кешеннің құрылысы жоспарланып отыр, Майами, АҚШ.
## Жетістіктері
Нурлан Камитовтың жетекшілігімен сәулет және компания интерьерлері дизайны саласындағы халықаралық марапаттары:
* ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS Architecture 2015-2016 — Best Architecture Multiple Residence Kazakhstan BI CITY SEOUL
* ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS LEISURE Interior Kazakhstan 2013—Highly Commended JUDOSUN
* ASIA PACIFIC PROPERTY AWARDS LEISURE Interior Kazakhstan 2016—Highly Commended CAFE CENTRAL
саласындағы конкурс жеңімпазы.Кітап басылымдарындағы жобалардың халықаралық басылымдары:
* Best 100 ultimate bars 2012
* Displaying Magic Space 2013
* Restaurants and Bars Awards London 2014
* Best Designer 100 TOP world 2012.
Көптеген жобалары мамандандырылған журналдарда жарияланған.
## Дереккөздер |
Досай Қажы (1853, бұрынғы Торғай оязы Қараторғай болысы, Аманторғай а. - 1923, сонда) - аузы дуалы ел ағасы, дін қызметкері. Арғын тайпасының қараман атасынан шыққан. Ақыл-парасатымен, ел алдындағы азаматтық беделімен есімі көпке белгілі болған. 1916 жылғы ұлт-азаттық Торғай көтерелісін қолдаған. Әбдіғапар хан, Аманкелді сардар болып сайланған жиында ел бастаған әкі азаматқа ақ жол тілеп, бата берген. Көтерілістің ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, сарбаздарға киім-кешек, ат-көлік, азық-түлік жинауға мұрындық болған. Д.қ. алаш қайраткері М. Дулатовтың туған нағашысы. Ақын қажының Дәмеш деген қызынан туған. 1937-жылдың жаппай қуғын-сүргінінде қажы ұрпақтары да жазықсыз жазаланды.
Әдеб.: М.Сүлейменов, Әбдіғапар хан, А.,.1995.
С.Кенжеахметұлы |
Қайрат Айдарханұлы (1960 жылы 10 шілдеде туған, Қытайдың Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Шалшықай ауылы) — "Құрмет" өрденінің иегері, академик. Жоғары санаттағы дәрігер, денсаулық саласының үздігі, зерттеуші, ҚР Қоғамдық ғылымдары академигі. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шипалы" емдеу орталығының директоры әрі бас дәрігері.
Дәрігердің "Қазақ емшілігі" атты көп томдық зерттеу және жинақтау кітабы қазақстанның дәрігерлік саласына қосылған үлкен үлес ретінде зор резонанс тудырған. Сонымен бірге өз өмірінен сыр шертетін "Арқа төрінде", "Сыр мен сауыр арасы" қатарлы естелік кітаптарының, неше ондаған дәрігерлік зерттеулердің авторы. Осылайша ғылымның көзін ашып ғана қоймай жанына араша, ауыруына ем іздеген ағайындарға көмегін аямай жүрген әтімтай азамат ретінде де елге танымал.Орта мектепті тәмамдаған соң Шыңжаң медицина университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын қатардағы хирургтан бастайды.1993-1996 жылдары Шыңжаң медициналық академиясының аспирантурасында білім алып, кандидаттық диссертациясын «Өт обырын зертханалық талдау» тақырыбы бойынша қорғаған. Елуден астам ғылыми мақаланың авторы.Қайрат Айдарханұлы медицина саласындағы 39 жыл қызметінде 17 мыңнан аса адамға ота жасаған екен. Өт, өкпе, ұйқы безі және бауырға жасаған оталары озықтар қатарынан көрініп, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Оның есімі 1998 жылы Қытай елінің аз ұлттар өкілінің әйгілі адамдар топтамасы кітабына алғашқы бірі болып енгізіледі.Елімізге тәуелсіздіктің таңы атқалы ол атажұртқа қоныс аударуға бел байлайды. Жүрегінің түкпірінде өзі аңсаған қазақ жұрты, тәуелсіз елі, жазиралы кең-байтақ жері тұрды. Сөйтіп, Қазақ еліне 2005 жылы көшіп келіп, 2012 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алады. Сол жылы Астанадан «Отбасылық дәрігер» емдеу ісі бойынша мемлекеттік лицензия алып, «Шипалы» емдеу орталығын ашады. Бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірі мен көршілес мемлекеттерден келіп ем-дом алып, сауығып кеткен адамдар сан мыңдап артып келеді.
Дәрігер Қайрат Айдарханұлы – ұлттық тарихымыздың насихатталуына және тарихи түп тамырымыздың қанат жаюына бірден-бір үлес қосып отырған ұлт жанашыры. 2017 жылы "Астана тіл жанашыры" сыйлығының иегері атанды.Сонымен қатар, елімізде өткен жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды қазақ батырларының бірі болған Жәнібек Бердәулетұлы батырдың 300 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен Зуқа батырдың 150 жылдығына арналған «Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына демеушілік жасады әрі ұйымдастыру комитетінің мүшесі болды.Жуырда ғана Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ қалалық фестивалі аясында қазақ руханиятының насихатталуы мен ұлт құндылықтарын ұлықтау жолындағы Қайрат Айдарханұлының игі істері ескеріліп, «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» атты шараға белсенділік танытқаны үшін отбасысы алғыс хатпен марапатталды.
Қайрат Айдарханұлы – дәрігерлік қырымен ғана емес, тұлғалық болмысынан адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық тәрізді қасиеттердің табы жан дүниесінен, жүрегінен айқын білініп тұратын ізгі жан. Оның елім деп соққан жүрегінен шыққан ұлтының қадір-қасиетін жоғары қоюға деген ұмтылысы, дәрігерлік кәсібіне деген таза сүйіспеншілігі, дені сау ұрпақ қалыптастыруға деген жоғары талпынысы үлгі тұтарлық. Жүздеріне бақыттың табын салып, құлан-таза айығып, өмірге деген құлшынысын одан әрі арттырған талай жандардың да дәрігер туралы ойы осындай екеніне сенімдімін.
## Дереккөздер
1. "Астана ақшамы" газетінің 2017 жылы 3 қазандағы "17 МЫҢНАН АСА ОТА ЖАСАҒАН" атты мақала Мұрағатталған 7 қарашаның 2019 жылы..2. "Егемен Қазақстан" газетінің 2019 жылы 28 ақпандағы саны. "Отандық медицинаның бәсекеге түсу қабілеттілігі жыл өткен сайын артып келеді - Қайрат Айдарханұлы" атты мақала.3. "informburo.kz" ақпараттық, сараптамалық және мултимедиялық сайтының 2017 жылы 3 мамырдағы "Тамыр ұстағанның бәрі емші емес. Қазақ емі мен халық емшілігін шатастырмаңыз" атты мақала.4. "kerei.kz" ақпарттық порталының 2018 жылы 11 мамырдағы "Қазақ медицинасы құнды зерттеу еңбегімен толықты" атты мақала. |
Көшімбеков Сейітқасым (1883, бұрынғы Торғай оязы, Қайдауыл болысы Дулығалы бойы – 1932, Амангелді) – қоғам қайраткері, халық батыры Амангелді Имановтың немере інісі. Әкесі Көшімбек би ауылында мектеп ашып, мұғалім жалдап, орысша білім әперген. Кейін Торғай каласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген соң ояздык бітістіру сотында, адвокатурада, шаруалар ісін баскару бөлімшесінде кызмет атқарған. 1916 ж. көтерілісшілергс қолдау көрсеткен санаулы окыған азаматтардың бірі болды. Торғайда кеңес өкіметі орнағаннан кейін аймақты кеңестендіру жұмыстарына белсене араласқан. 1919 ж. 21 наурыз -3 сәуір аралығында Орынбор каласында өткен Торғай кеңестерінің бірінші сыязына катынасып, Далалык өлкенін төтенше комиссары Ә.Жангелдин баскарған обл. атқару к-тінің ұлт істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары болып сайланды. Азамат соғысынан кейін Торгай ояздық кеңесі атқару к-тінің төрағасы болды. осы қызметін атқарып тұрған кезде (1920-21) өлке тұрғындарын жаппай кырғынға ұшыратқан ашаршылыққа байланысты Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Ленинге хат жазып, Торғай өңіріндегі мүшкіл халді баяндап, бүл аймақтын мал, ет салығын алуды тоқтата тұру туралы өтініш білдірген. К. оязда шаруа шаруашылықтарын ұжымдастыру, тұрғын халықты аштықтан сақтап калу, ауыл мәдениетін көтеру, білім беру істерін ұйымдастыруға айтарлықтай еңбек сіңірді. |
ДУЛЫҒАЛЫ МЕДРЕСЕСІ – діни оқу орны. Дулығалы өз-нің бойында 19-шы ғ-дың 60-шы жылдарында салған бердікейлер мешітінің жанынан Әбдірахман ишан ашқан. Әбдірахман Торғай, Ұлытау еліне атағы тараған Сары ишан әулетінен шыққан ғұлама. Тоғыз күмбезді, 24 бөлмелі бұл оқу орны құрылысы ерекше, аса қымбат сәулет өнерінің ескерткіші. Оның бөлмелері тіреусіз жабылғанб төбесіне ағаш бөренелер салынбаған. Мұнда сауат ашу, дін уағыздарын, шариғат жолын үйретумен қатар, мүридтерге география, есеп негіздерінен дәріс берілді, араб тілі үйретілді. Медресе қазақ балаларының сауатын ашу ісінде әжептәуір ағартушылық қызмет атқарды. Амангелді Имановтың замандастары қалдырған естеліктерде болашақ халық батырынық балалық шағында осы медреседен білім алғаны айтылады. Кесене ішінде 1916 жылы Ресей патшасының Маусым жарлығына қарсы шыққан көтерілісшілер басшысы Амангелді Имановқа ишандар әулеті бата беріп, құрбандыққа шалған қошқардың бас сүйегі әлі күнге дейін тұр. Дулығалы бойындағы мешіт үйінің ғимараты менжекелеген қосымша құрылыстар осы күнге дейін жақсы сақталған.
Ш. Байділдин |
Қапыш Молда Жүсіпұлы (1903, бұрынғы Торғай оязы, Сарықопа болысы Қызбел а. - 1987, Жангельдин ауд. Сарықопа а.) - дін қызметкері. Кəтен Қодаұлының медресесінде арабша сауатын ашып, діни білім алған. 1942 жылға дейін «Төңкеріс» ұжымшарында мал бақты. Неміс фашистеріне қарсы соғыста Орел қ-ның түбіндегі шайқаста тұтқынға түсіп Испания, Италия, Франция, Англия елдерінде болған. Елге «опат болды» деген қаралы қағазы келген еді. 1945 жылы толып жатқан тергеу-тексеруден кейін еле оралғанымен 1947 ж. «Отан сатқыны» еген айып тағылып, 10 жылға Якутияға жер аударылды. 1954 ж. аман есен туған жерге қайтып келіп, сеніміне беріктігін танытып, бұрынғы молдалық жолын жалғастырды. Жерлестері 2003 жылы Қапыш Молданың 100 жылдығына орай ас берді.
## Дереккөздер |
КҮЙІК ҚОПАСЫНДАҒЫ АТЫС – Торғай көтерілісшілерінің Қостанайдан шыққан жазалаушы отрядқа қарсы 1917 жылғы 14 қаңтардағы ұрысы. Шошқалы шайқасынан кейін подполк. Кисловтың әскері елсіз қопада кідірмей, қалайда елді мекенге жетуге күш салатынын білген көтерілісшілер дұшпанның алдын орау мақсатымен ымырт үйіріле атқа отырып, оппы қарға қарамай төте жолмен екі мың сарбазбен Күйікке келді. Амангеді мен Өмен Мұсабайұлы бастаған ықшамтоп жол соғып қалжыраған қостанайлық 600 солдатты қопа ішінде қапылыста бас салмақ болды. Сардар сарбаздарын Тышқан батыр тамынан әрі асқан соң үлкен қалың қопаны жарып өтетін жолдың екі жағына жасырып, отряд қопа ішіне енген кезде екі қанаттан бір мезгілде шабуыл жасауды жоспарлады. Дұшпанның үш барлашысы қопа ішіне кірген кезде бір мерген оқыстан оқ шығарып, екі барлаушы оққа ұшты да, үшінші қашып барып отрядқа қосыды. Жоспары бұзылған Амангелді сарбаздарды қопа ішіне қайта орналыстырып, өзінен бұйрық болмай шабуылға шығуға тыйым салды да, жанына мергендерді ертіп жаяулап бір шақырмай жердегі Тышқанның тамына барды. Мергендер там тасасынан дұшпанға оқ жаудырды. Жазалаушы отряд мергендер жасырынған қопа ішіне кіре алмай, қоршауда қалдық деген оймен бас сауғалап атыса берді. Анда-санда зеңбіректерінен оқ шашты. Киімдері жұқа солдаттар әбден қалжыраған еді. Бірақ он үш адамы қаза тапқан Науырзым болысының сарбаздары қараңғылық түсе кейін шегііп кетті де, Амангелді айналдырған 300 адаммен шабуылға шыға алмай, атысты тоқтатты. Командирі оққа ұшқан жазалаушылар отрядты Батпаққара бағытынан бас тартып, өлгендер мен жаралы жауынгерлерін шанаға тиеп, таң саз бере Қостанайға шегініп кетті. |
Назар Абыз — көріпкел, әулие. Ұзақ жасап, білгір де әділетті, даналық қасиеттері үшін көзі тірісінде абыз атанған. Ұзын қыпшақтың тілеулі руына жататын әжіқабай атасынан шыққан. Рулас Тілеулі батырмен достық қарым-қатынаста болған, ел ішінде дау-дамайларды бірге шешкен. Батыр қалмаққа шапқан бір жорығында олжаға түскен қызды Назар абызға әкеп берген. Абыз елді бірлікке шақырып, жетім-жесірлерге қамқор болып, ұрланған малды көрегендікпен тауып, ат тұяғы жетер жерде ұрлық-карлық тыйылған. Әулие Қызбелдегі жайлаудан Жыланшық бойындағы қыстауына қайта көшіп келе жатқан жолда кенеттен қатты ауырып, қайтыс болды да, өз өсиеті бойынша Қызбел тауының етегіне, Қоңыраулы өзнің бойына жерленеді. Абыз мазарын жергілікті халықәлі күнге кие тұтып, құрбандық шалып, басына түнеп тұрады.
## Дереккөздер |
Валентин Иванович Двуреченский (1936 жылы 7 қаңтар, Воронеж облысы, үлкен Алексеевка ауылы, 2 қыркүйек, 2014) - Кеңес және Қазақстан мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі (1990-1992), ҚР Еңбек Ері (2011).
## Биографиясы
1936 жылы 7 қаңтарда - Үлкен Алексеевка ауылында (қазір —Тамбов облысы Петровском ауданы ) дүниеге келген. Орыс.
1962 жылы И . В. Мичурин атындағы Жеміс-Көкөніс институтында ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген; 1982 жылы — халық шаруашылығы Академиясын, КСРО.
1962 жылғы "Раздольный" совхозының бас агрономы (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы).
1967 жылдан Қостанай облысы Науырзым ауданы "Буревестник" совхозының бас агрономы.
1970 жылдан — Қостанай облысы Джетыгаринский ауданы "Шевченковский" совxозының директоры.
1973 жылдан — бастықтың бірінші орынбасары, 1975 жылдан бастап — Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
1982 жылдан —Қостанай облысы Қазақстан КП Сарыкөл аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1985 жылдан — Қазақстан КП Қостанай облыстық партия комитетінің екінші хатШысы.
"1986-1992 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1989 жылдан — Қазақстан КП ОК хатшысы.
1990 жылдан — ауыл шаруашылығы министрі, Қазақ ССР.
1992 жылғы ақпаннан бастап "Қостанай АШҒЗИ"ЖШС бас директоры.
"Нұр Отан" ХДП мүшесі..
2014 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Әпитөк – қазақ халқының әні. Тарихта ол Әсет Найманбайұлының, Дос-Мұқасанның және басқа нұсқаларда орындалды. Бұл ән композитор және музыка қайраткері А.В.Затаевичтің «Қазақтың 500 ән-күйі» деген музыкалық-этнографиялық еңбекке кірді.
## Сөздері
Қамысы әупілдектің мүше-мүшеСарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөкҚос қанат құсқа біткен маған бітсеБармас пе ем сәулетайға әлденеше, әпитөкҚайырмасы:Сөйлесуге тіл-хат жоқӨздеріңдей бір зат жоқКелсе қалқам көп кешікпей алыстанТуған екен сол перизат асыл текБасында әупілдектің мұнары барМойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөкҚұрбылар бұл қалай деп сөге көрмеҒашықтың тарқалмаған құмары бар, әпитөкҚайырмасыБасынан әупілдектің мұнар кетпесКей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөкКебістің жалаң аяқ басын киіпЕй қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөкҚайырмасы
## Дереккөздер |
Қошқар Батыр Дауұлы (1780, Қайдауыл болысы Қабырға өз-нің бойы – шамамен 1867, Қошқардың қоңыр түбегіндегі Қабырға а.) – елге қорған, жерге ие болған халық қаһарманы, 1837-47 ж. Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Арғы тегі Орта жүз ұзын қыпшақтың алтыс тармағына жататын сары (өтетілеу) атасынан бастау алады. Ағайындас Иман батырымен бірге елге қайрат, дұшбанға айбат болған. Екі батырдың әзілі жарасқан достығы, ынтымақ-бірлігі жайлы ел ауызында көп әғгіме сақталған. Қ.б. ерге тән ерен қимылымен қатар қара қылды қақ жарған әділдігімен де жұртына үлгі-өнеге көрсете білген, дуалы ауыз көріптілдігі бар әруақты кісі, сонымен қатар ьала мінез, аңқау, ақкөңіл адам болған. Негізгі Қ.б-дың көріптілігі әлдеқандай болжам жасайтын сәуегейлік емес, ел ішінде, көрші жұрттар арасында бел ала бастаған әлеум., әкімшілік, саяси жағдайларды бақылап, салыстыра аужайлаған, ақылға сүйенген, байыпты жорамалдан туындаса керек. Арқадан ойысып, Ұлы жүз, қырғыз жерлеріне беттегенде «ханның бұл сапарда жолы болмайды» деп Кенесары қолына ермей қалған. Қимас досы Иман батырды да бұл жорықтан бас тартуға үгіттеген. Қ.б-дың бұл жорамалы кейін тарихта дәлелденді. Ресей мемлекетінің қазақ жерін отарлау саясаты басталған тұста атқа мінген Қ.б-дың қарамағындағы ел-жұртын шегара басқармасының озбырлақтарынан, Хиуа, Бұхар, Қоқан хандықтардың таусылмайтын ірілі-ұсақты шапқыншылықтарынан, көршілес ру-тайпалардың барымта-қарымтысынан қорғауына тура келді. 1997 ж. Батыр ұрпақтары Амангелді ауд-ның қабырға а-ндағы Қоңыртүбекте ата-қабірінің басына ескерткіш орнатты. Амангелді Жәуке батырлармен бірге Қ.б-дың кеуделік мүсіні қойылған. Батырдан Аяпберген, Қожабай, Айдабол, Жайынауыз, Әти, Айтқожа ұрпақтары тарайды.
Әдеб.: О.Тұрашұлы, Бәйтерек бұтақтары, Аст., 2005. |
ҚҰБАША АҚЫН Шалбайұлы (1880 ж., бұрынғы Торғай оязы Тосын болысы 5-а. – 1952 ж, Жангелдин ауд. Торғай кеңшары) – төкпе ақын, ұстаз. Шақшақ Жәнібекке жататын Дәуітбай атасынан шыққан. Торғайдың Кіші құмындағы 4 сыныптық орыс мектебін бітірген. 1920 жылдардан бастап Торғайдың шалғай түкпірлерінде бала оқытып, елді сауаттандырі ісіне айтарлықтай үлес қосқан. Кедейлерге жер бөліп беру сияқты науқандық жұмыстарға араласқан. Өлеңдерінің ұйқасы, бітім болмысы Жұмабай ақын мектебінің үлгісін айқын аңғартады. Ол халықтың ауыз әдібиетімен қоса орыс әдебиетімен де жақсы таныс болған. Ақын өлеңдері көбіне ойға құрылады, философиялық толғанысқа толы болып келеді. «Құбаша, қолыға алшы қаламыңды», «Сөзге шықтым сертпенен», «Әбеке, өлең толқын тоқтамасын», «Шын жақсымен дос болсаң» деген толғаулары мен термелерінде өмір мен өлім, адалдық пен арамдық, кедейлік пен байлық мәселелерін қозғап, жұртшылықты ынтымақ-бірлікке, оқу-білімге үндейді. Өзіне орыс тілін үйреткен ұстазы А.Д.Садыров деген орыс мұғаліміне арнаған «Көзімді ашып, көкірегіме нұр құйып» деген өлеңінде адамның адамға бауырластық сезімін, халықтар достығын алға шығарады, оны нағыз жан сырын бөліскен дос деп таниды. Арғы атасы Шақшақ Жәнібек тархан жорықтарын баяндайтын ұзақ дастаны оны эпикалық жанрға қаламы жүйрік, шабыт көзі ширақ, кең тынысты ақын болғанын танытады. Ахмет Байтұрсыновты ұстаз тұтып, жиі хат жазып, «Ахмет ақыл-ойы түпсіз терең», «Жан аға, ойың терең қатарынан» деп басталатын өлеңдерін жазып, зұлмат заманның тауқыметін тартқан ғұламаның басына ауыр күн туған жылдары қол ұшын беріп тұрған. Замандасы Әбіқай ақынға жазған хатында: «Жазғаным жарық көріп жатпаса да, Келемін келер күнге сенуменен», - дегеніне қарағанда өлеңді қанша өнімді жазғанымен көзі тірісінде шығармалары баспа көзін көрмегені аңғарылады. Қ.а. шығармаларын жинап, сақтау ісінде көрнекті ақындар Н.Ахметбеков, С.Мәуленов, ұстаз Сейітжан Хамзаұлы көп жұмыс атқарған. Ақынның Екінше Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен ұлы Әбдіқадыр, қызы Күнзипа жап-жақсы өлеңдер шығарып, бұл әулетке Алла ақындық өнерді бойларына дарытқанын танытты.
Н.Бектемісұлы |
ПАРТИЗАНСАЙ – Торғай кентінің шығыс жақ іргесіндегі жыра, тарихи орын. 1919 ж. Торғайда төңкеріс жасап, жергілікті өкімет билігін өз қолдарына алған Алаш үкіметінің шешімімен «большевиктің жолында жүрген» 17 адам тұтқындалып, көктемде осы сайда атылған. Олар 1916 жылғы Торғай көтерілісіне белсене қатысқан сарбаздар: Омар Тынымұлы, Хакімбек Төкеұлы, Махмұт Смағұлұлы, Мағау Баймағамбетұлы, Жанділда Бекжанұлы, Бәділда Бекжанұлы, Әбәйділда Бекжанұлы, Шарафитден Әбдірахманұлы, Сәкен Нарымбайұлы, Сәбденұлы, Әубәкіро Бектасұлы, Алпысбай Жарқымбайұлы, Дабай Бұзаубақұлы, Васлий Кулаков, Иван Никитин. Бұлардың ішінен Бәділда Бекжанұлы ғана түн қараңғысында қашып, өзенге секіріп, аман қалған.
Әдеб.: З. М ұ х а м е т ж а н о в, Торғай коммисарлары, А., 1974.
Т.Барақұлы |
* Қаратоған – Абай облысы Жарма ауданы, Қызылағаш ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
* Қаратоған – Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл.
* Қаратоған – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. |
Серік Ғазизұлы Сұлтанғабиев – Ресей офицері, Ресей ІІМ ішкі әскерінің полковнигі, Ресей Федерациясының Қаһарманы. Бірінші және Екінші Шешен соғыстарының ардагері. Екінші гвардия танк дивизиясының 78-інші барлаушы батальонының барлаушы взводының командирінен бастап, 20-ыншы мотоатқыштар дивизиясының 255 мотоатқыштар полкінің мотоатқыштар батальонының командирі лауазымына жетті. 2009 жылдан бастап, ІІМ ішкі әскерінде және полицияда қызметін жалғастырады. 2014 жылдың 25 қыркүйегінде РГД-5 гранатасының жарылысы кезінде, әскери қызметкердің өмірін аман сақтап қалды.
## Биографиясы
1972 жылдың 25 қарашасында Қазақ КСР-ның Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданының Введенка ауылында дүниеге келген. Алты баласы бар көпбалалы қазақ отбасында тәрбиеленген. Әкесі – малшы, анасы – сауыншы. Ауылдық орта мектепті бітіргеннен кейін, Челябі қаласындағы жоғарғы танк басқару мектебіне оқуға түседі.Бірінші Шешен соғысына қатысты. 1995 жылдың қаңтар айында 2-нші гвардия танк дивизиясының 78-інші барлаушы батальонының құрамында Грозный қаласының шабуылына қатысты. “Ерлігі үшін” алқасымен марапатталды.2000 жылы Екінші Шешен соғысынан кейін, «Отанына қызмет еткені үшін» алқасымен марапатталды. 2007-2009 жылдары арасында М.В. Фрунзе атындығы Әскери академияда оқып, Солтүстік Кавказ өңіріндегі Қарулы Күштерінің танк бөлімшелерінде қызметін жалғастырады. 2014 жылдың 5 мамырында Свердловск облысынындағы №3275 әскери бөлімшесінің командирі лауазымына тағайындалды.25 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша 12:30-да әскери оқу кезінде кіші сержант Алексей Телениннің қолынан байқаусыздан РГД-5 гранатасы түсіп қалып, сержанттың және оның қасындағы әскери қызметшілердің өміріне қауіп төндірді. Сұлтанғабиев сержант өмірін сақтап қалу үшін оны жарылыс көзінен итеріп, гранатаны өз денесімен жауып, көптеген жарақаттар алды. Емделу барысында, оншақты ұзақ оталарды басынан кешіріп, 14 қазан күні есін жиды. 2014 жылдың 24 қараша Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығына сәйкес, әскери міндеттерін орындау барысында аса ерлік танытқаны үшін Ресей Федерациясының Қаһарманы атағы берілді.
## Дереккөздер |
Анисе Андрианантенаина Абель (малаг. Anicet Andrianantenaina Abel; 13 наурыз 1990, Антананариву, Мадагаскар) — мадагаскарлық футболшы, Мадагаскар Ұлттық футбол құрамасы мен "Лудогорец" клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2007 жылы 4 шілдеде өткізді.
2019 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысып, топтық кезеңнің бірінші турында Гвинея құрамасының қақпасына бір гол осқты. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.
Карьерасында Франция және Болгария клубтарында ойнаған. Болгарияның бес дүркін чемпионы.
## Жетістіктері
Лудогорец
* Болгария чемпионы: 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Andrianantenaina Skynetblogs Мұрағатталған 11 шілденің 2008 жылы.
* Профилі (фран.) |
Махмуд Хассан (араб.: محمود حسن; 1 қазан 1994 жыл), Трезеге ретінде де белгілі мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Астон Вилла" клубының шабуылшысы.
2017, 2019 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
2013 жылы 21 жасқа дейінгілер арасындағы Африка чемпионатының жеңімпазы атанды.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Әл-Ахли»
* КАФ чемпиондар лигасы (2): 2012, 2013
* КАФ суперкубогы (2): 2013, 2014
* КАФ конфедерациялары кубогы (1): 2014
* Мысыр суперкубогы (1): 2014
### Халықаралық
Мысыр-21
* Жастар арасындағы Африка чемпионы (1): 2013
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі(ағылш.) |
Али Габр (араб.: علي جبر, 10 қаңтар 1987 жыл, Исмаилия, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы. мен «Аль-Ахли (Каир)» клубының қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Исмаили" клубының түлегі. Жалпы карьерасында тек мысырлық клубтарда ғана ойнаған. 2018 жылы Англияның "Вест Бромбич Альбион" клубына жалға берілгенімен, англиялық клуб сапында бір ойында да алаңға шықпай, "Замалектен" "Пирамидз" клубына қайта ауысты.
### Халықаралық
2014 жылы тұңғыш рет Мысыр құрамасы сапында алаңға шықты. 2017 жылы Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
* Мысыр чемпионы: 2014/15
* Мысыр кубогы: 2015, 2016
* Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2017
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Тарек Хамед (араб.: طارق حامد, 24 қазан 1988 жыл, Эль-Мансура, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Замалек" клубының жартылай қорғаушысы.
2017 жылғы Африка Ұлттары кубогының күміс жүлдегері. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
## Жетістіктері
### Клубтық
* Мысыр чемпионы: 2015
* Мысыр кубогы: 2015, 2016
### Халықаралық
* Африка Ұлттары кубогының финалисі: 2017
## Дереккөздер
## Профильдері
* https://www.national-football-teams.com/player/51689.html
* https://int.soccerway.com/players/tarek-hamed/87633/
* https://www.national-football-teams.com/player/51689.html |
Надир Эльдар оглы Набиев (әз. Nəbiyev Nadir Eldar oğlu; 18 шілде 1980 жыл, Товуз, Әзірбайжан КСР) — әзірбайжан футболшысы, Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы. Құрама сапында 27 ойын өткізіп, үш гол соқты. Соның біреуін 2004 жылы 28 сәуірде Алматыда өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасының қақпасына енгізді. Бұл ойында Әзірбайжан 3:2 есебімен жеңіске жетті.
## Жетістіктері
### Нефтчи
* Әзірбайжан чемпионы: 2003/04
* Әзірбайжан кубогы: 2001/02
* Достастық елдері кубогы: 2006
### Хазар-Ленкорань
* Әзірбайжан кубогы: 2007/08
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Кейджи Тамада (жап. 玉田 圭司; 11 сәуір 1980 жыл, Ураясу, Тиба, Жапония) — жапониялық футболшы, шабуылшы, Жапония Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы.
## Карьерасы
Карьерасын 1999 жылы "Касива Рейсол" клубында бастады. 2005 жылы клуб төменгі лигаға түсіп кетті де, Кейджи "Нагоя Грампус" клубына ауысып, 2014 жылға дейін сонда ойнады.
2015, 2016 жылдары "Серезо Осакода" өнер көрсетіп, 2017 жылы "Нагоя Грампусқа" қайта оралды.
2019 жылы "Нагасаки" клубына ауысты.
Ұлттық құрама сапында 2004 жылы Азия кубогына, 2006, 2010 жылдары әлем чемпионатында ойнады.
## Жетістіктері
* Джей-Лига жеңімпазы: 1999
* Азия чемпионы: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Бейімбет Майлин ауданы (2019 ж. 24 маусымына дейін Таран ауданы) – Қостанай облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1936 жылы құрылған. Жер аумағы 7,6 мың км². Орталығы – Әйет ауылы. Аудан жері негізінен жазық.
## Географиялық орны
Шығысында Әулиекөл, батысында Денисов, оңтүстік-батысында Қамысты, солтүстігінде Фёдоров, Қостанай аудандарымен және Ресей Федерациясымен шектеседі.
## Халқы
Тұрғындар саны – 24 853 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 27,41%, орыстар – 43,49%, украиндар – 12,80%, немістер – 7,81%, беларустар – 2,69%, татарлар – 1,85%, әзербайжандар – 0,93%, башқұрттар – 0,48%, армяндар – 0,43%, молдовандар – 0,36%, мордвалар – 0,26%, удмурттар – 0,25%, басқа ұлт өкілдері – 0,24%.
## Әкімшілік бөлінісі
34 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:
## Дереккөздер |
* Аққайнар – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Аққайнар – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл.
* Аққайнар – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл.
* Аққайнар – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл.
* Аққайнар – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл. |
Боғда шыңы - Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі биіктігі 5445м шың болып, Тәңір тауының Еренқабырға бөлігінде орналасқан. Ол әлемдегі ең биік 17-ші шың. Оған тұңғыш рет Iwao Nakai бастаған Жапония алписнистері 1981 жылы шыққан болатын, бұл шың әлемдегі шыңға шығушыларды қызықтыратын шыңдардың бірі.
## Топонимі
Шыңның аты көне түркілердің "Тәңірінің шыңы" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Ежелгі түркілер арасында Боғда шыңы туралы біршама ертегі-аңыздар бар.
## Географиясы
Боғда шыңы Қытай иелігіндегі түркі халықтары жайласқан батыс солтүстік өңірінде. Ол Үрімжі қаласы мен Санжы Дұңған автономиялы ауданы арасында орналасқан. ОЛ ШУАР облысының Үрімші қаласынан 50км шығыста, Қазақстаннан 430 км шығыс-солтүстік тұста жатыр.
Боғда шыңы өңірінде Тәңірсуы (Тяьнци) табиғи қорығы бар. Бұл қорықтағы тау басына орналасқан Тәңірсуы көлі 2013 жылы UNESCO тарапынан әлемдік мұралар тізіміне енген болатын. |
Ибрахим Тораман (түр. İbrahim Toraman; 20 қараша 1981 жыл, Сивас) — түркиялық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
### Ұлттық құрамада
2002-2010 жылдары Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2003 жылы Конфедерациялар кубогына қатысқан. Бұдан кейін онда халықаралық құрама деңгейіндегі турнирлерге қатыспады.
Ұлттық құрамада 30 рет алаңға шығып, бір гол соқты. Ол голды 2005 жылы 8 маусымда Алматыда өткен ӘЧ-2006 іріктеу турниріндегі Қазақстан құрамасымен ойында енгізді — 6:0
## Жетістіктері
* Түркия чемпионы (1): 2008/09
* Түркия кубогы (4): 2005/06, 2006/07, 2008/09, 2010/11
* Түркия суперкубогы: (1): 2006
* Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2003
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (national-football-teams) |
Халил Алтынтоп (түр. Halil Altıntop; 8 желтоқсан 1982, Гельзенкирхен, Германия) — түркиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Сыңары Хамит Алтынтоп та футболшы.
## Карьерасы
Германияда тұратын түріктердің отбасында дүниеге келген. Сол себепті де Германия футболының түлегі саналады. 2000 жылы Германияның аймақты лигаларының бірінде ойнайтын "Ваттенштайд" клубында кәсіби карьерасын бастады. Үш жылдан соң "Кайзерслаутерн" сапына ауысты.
Кейінгі карьерасында Германия, Түркия, Чехия клубтарында және Түркия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Бірақ ұлттық құрама сапында финалдық турнирлерге қатыспады.
## Cтатистикасы
### Клубтық
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Гауһар (парсы: گوهر) — түпкі мағынасы асыл тас болатын бұл сөз қазақтарда қыздар есімі ретінде кеңінен тараған.
Гауһар (фр. brilliant — жарқырауық) — алмастың табиғи кристалдарын әдемілеп қырлау нәтижесінде алынатын асыл тас.
## Қызықты деректер
18 ғасырда өмір сүрген қазақтың батыр қызы есімі — Гауһар. Қаракерей Қабанбайдың жан жары. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. «Қылышын қынапқа салмаған батыр» атанған. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы — Назым қыз да батырлығымен көзге түскен.
## Дереккөздер |
Дидар — ажар, әлпет, бәден, бет, көрік.
* Дидар Қайратұлы Жалмұқан
* Дидар Қамиев
* Дидар Амантай
* Сәрсенбекова Дидар Саматқызы
* Дидар фольклорлық-этнографиялық ансамблі |
Абдаллах Махмуд эль Саид Бекхит (араб.: عبد الله السعيد; 13 шілде 1985 жыл, Исмаилия, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Әл-Ахли" клубының жартылай қорғаушысы.
2017, 2019 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Әл-Ахли» (Каир)
* Мысыр чемпионы (4) — 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018
* Мысыр кубогы — 2016/2017
* КАФ Чемпиондар Лигасы (2) — 2012, 2013
* КАФ Конфедерациялары кубогы — 2014
* КАФ суперкубогы (2) — 2013, 2014
### Халықаралық
Египет
* Африка Ұлттары кубогының күміс жүлдегері — 2017
## Профильдері
* https://int.soccerway.com/players/-/33935/
* https://www.sports.ru/tags/161055363/
* https://static.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=230099/index.html Мұрағатталған 8 сәуірдің 2019 жылы.
* https://www.national-football-teams.com/player/27150.html
## Сілтемелер |
Хатем Мұхаммед Юсуф Акел (20 маусым 1978 жыл, Амман, Иордания) — иорданиялық футболшы, қорғаушы. Иордания Ұлттық футбол құрамасы сапында 100-ден аса ойын өткізген.
## Карьерасы
2004, 2011 жылдары Азия кубогына қатысқан. 2002 жылы Араб ұлттары кубогына қатысқан.
Карьерасында Иордания және Сауд Арабиясы клубтарында ойнаған. Футболшылық ғұмырының басым бөлігін жергілікті "Әл-Файсали" клубында өткізді. 14 маусым табан аудармай өнер көрсетіп, 2009 жылы ғана басқа клубқа ауысты.
2013 жылы карьерасын аяқтады. Ал ұлттық құрамада 2014 жылы соңғы кездесуін өткізді.
## Сілтемелер
* Profile
* http://www.jfa.com.jo/SquadProfile.aspx?lang=ar&SID=16
* https://static.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=37146/index.html Мұрағатталған 17 мамырдың 2019 жылы.
* http://www.kooora.com/?player=12830
* https://www.national-football-teams.com/player/3510.html |
Елді мекендер:
* Құндызды – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл.
* Құндызды – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Құндызды – Обаған алабындағы өзен.
* Құндызды – Ұлытау облысында орналасқан тау. |
Орендайн (ис. Orendáin, баск Orendain) — Испаниядағы муниципалитет, Басктар елі автономды қоғамдастық құрамында Гипускоа провинциясына кіреді. Муниципалитет Толосальдеа ауданының (комарка) құрамына кіреді. Жер аумағы — 5,95 км². Тұрғыны — 191 адам (2010 жыл бойынша). Әкімшілік орталыққа дейінгі ара-қашықтық — 36 км.
## Тарихы
1 жылы құрылды. |
Көкбастау – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі Қазаншат және Сарытолағай тауларының оңтүстігіндегі оқшауланған тау.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1630 м. Тебескі және Ақжал өзендерінің аралығында ендік бағытта жатқан таудың ұзындығы 4 км, енді жері 2,5 км.
## Жер бедері, өсімдігі
Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Тау етегінің топырағы бозғылт қоңыр. Онда бұта аралас, бетеге, қоңырбас, селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Таудың төңірегінде Тақиякеткен, Еспе қыстаулары, Ақжал фермасы орналасқан.
## Дереккөздер |
Камиль Саидов (тәж. Комил Саидов; 25 қаңтар 1989 жыл, Тәжік КСР, КСРО) — тәжікстандық футболшы, шабуылшы. Тәжікстанның бірнеше клубы мен Тәжікстан ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрамадағы алғашқы голын 2006 жылы 2 шілдеде Қазақстан құрамасының қақпасына соқты да, Тәжікстан құрамасы сапындағы ең жас мерген атанды. Ұлттық құрама сапында барлығы төрт рет гол соққан, соның екеуін Қазақстан құрамасы қақпасына соққан.
2006 жылы АФК Челлендж кап ойындарына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы АФК Президенті кубогына қатысты.
## Жетістіктері
* Тәжікстан чемпионы: 2014
* Тәжістан кубогы: 2014
* Тәжікстан суперкубогы: 2014
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
«Қилы кезең» — толық метражды көркем фильм. 1966 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
## Сюжеті
1918 жыл. Қазақстан мен Қытай арасында беймаза қатынас. Комиссар Тоқтар Бәйтенов көп емес чекисттер отрядын басқарады. Фильм оқиғасы тез өрістейді, бұл әдеттегі «остерн» — шығыс боевигі: атыс, қуғын, сұлу қыздар биі, бірақ сонымен бірге, фильм желісі бойында кейіпкеркердерлі құпия өсектер мен репрессия иісі сезіледі.
## Рөлдерде
* Тоқтар Бәйтенов — Ыдырыс Ноғайбаев
* Кострома — Евгений Попов
* Тәжібай — Әнуар Молдабеков
* Берген — Асанәлі Әшімов
* Жүніс — Ахмет Шәмиев
* Сүйіндік — Әлімғазы Райымбеков
* Күрішбай — Бәйділда Қалтаев
* Қапан — Нұржұман Ықтымбаев
* Сымет — Мәкіл Құланбаев
## Дереккөздер |
Константин Георгиұлы Зырянов (5 қазан 1977 жыл, Пермь) — жартылай қорғаныс шебіндегі орыс ойыншысы. Қазіргі таңда ойыншы мансабын аяқтап, "Зенит-2" футбол клубының бапкері қызметін атқарады.
## Клубтық мансабы
Пермьдық футбол мектебінің шәкірті. Константинның бірінші бапкері — В. Ладейщиков. Кәсіби мансабындағы алғашқы командасы "Амкар". Ол команданың сапында Константин 171 ойын өткізіп 48 гол соққан. "Амкар" командасының сапында Константин 1994 — 2000 жылдар аралығында өнер көрсеткен.
2000 жылы Константин Зырянов "Торпедо" футбол клубына ауысады. Ол команданың сапында 164 ойын өткізіп 9 гол соғады.
2007 жылы "Зенит" футбол клубына ауысады. Зырянов командаға келісімен Ресей лигасының чемпионы және Суперкубоктың иегері атанады. Константин Зырянов "Зенит" сапында ойнап 2008 жылы УЕФА кубогыны қол жеткізеді. Ол кубокты ұту үшін "Зенит" ақтық кезеңде Менчестермен кездесіп, Зыряновтың голы арқасында жеңіске жетті. Бұл жеңісетен кейін бір-екі аптадан соң "Зенит" УЕФА Суперкубогында жеңір алады.
2010 жылы Константин қайтадан Ресей чемпионы аттанады. 2011 жылы Ресей Суперкубогын жеңіп алады. 2012 жылы үш дүркін Ресей чемпионы аттанады. 2014 жылы "Зенит" футбол командасы Константин Зыряновқа ойыншы мансабын аяқтап бапкер болуға шақырады, бірақ Зырянов ол шақырудан бастартады.
## Жетістіктері
### Командалық
* Ресей чемпиондар: 2007, 2010, 2011/2012
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегерлері: 2012/2013, 2013/2014
* Ресей чемпионатының қола жүлдегерлері: 2009
* Ресей Кубогының иегерлері: 2009/10
* Ресей СуперКубогының иегерлері: 2008, 2011
* УЕФА Кубогының иегерлері: 2007/2008
* УЕФА СуперКубогының иегерлері: 2008
* ЕУРО-2008 чемпионатының қола жүлдегерлері: 2008
## Дереккөздер |
Вугар Эршад оглы Надыров (әз. Nadirov Vüqar Ərşad oğlu; 15 маусым 1987, Сеидли ауылы, Агдам ауданы) — әзірбайжан футболшысы, шабуылшы.
## Карьерасы
"Карабах" клубының түлегі. 2005 жылы 18 жасында клубтан кетті де, төрт жыл бойы "Карван", "Хазар-Ленкорань" клубтарында ойнап, 2009 жылы қайта оралды. 2015 жылға дейін негізгі футболшы ретінде ойнап, 150-ден аса кездесуде алаңға шықты.
Кейін тағы да бірнеше әзірбайжандық клубтарда өнер көрсетті.
Ұлттық құрама сапында 2004 жылы 12 ақпанда Израильге қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып, құрама тарихындағы ең жас дебьютант ретінде тарихта қалды. Кейін 2009 жылы бұл рекордты 16 жасар Араз Абдуллаев жаңартты.
Надыров ЕУРО-2008, ӘЧ-2010 іріктеулеріне қатысты.
## Жетістіктері
* Әзірбайжан чемпионы: 2006-2007, 2013-2014
* Әзірбайжан кубогы: 2007
* Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері: 2003-2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.