text
stringlengths
3
252k
Бидайық — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Бидайық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1094 адам (547 ер адам және 547 әйел адам) болса, 2009 жылы 988 адамды (485 ер адам және 503 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Атасу — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 395 адам (191 ер адам және 204 әйел адам) болса, 2009 жылы 450 адамды (229 ер адам және 221 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Мыңадыр — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен батысқа қарай 76 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 389 адам (194 ер адам және 195 әйел адам) болса, 2009 жылы 695 адамды (335 ер адам және 360 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№69-темір жол айрығы — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 171 адам (91 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 180 адамды (98 ер адам және 82 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Виктор Александрович Карпенко (7 қыркүйек 1977, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасында Өзбекстан, Қазақстан, Ресей клубтарында және Өзбекстан Ұлттық құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі (2): 2008, 2012 * Өзбекстан чемпионы (4): 2008, 2009, 2010, 2011 * Өзбекстанның вице-чемпионы (2): 2007, 2012 * Өзбекстан кубогы (3): 2008, 2010, 2012 * Өзбекстан кубогының финалисі (1): 2007 * Ресей І дивизионының жеңімпазы (1): 2001 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Өзбекстан құрамасы футболшыларының статистикасы
Виктор Александрович Карпенко (7 қыркүйек 1977, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасында Өзбекстан, Қазақстан, Ресей клубтарында және Өзбекстан Ұлттық құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі (2): 2008, 2012 * Өзбекстан чемпионы (4): 2008, 2009, 2010, 2011 * Өзбекстанның вице-чемпионы (2): 2007, 2012 * Өзбекстан кубогы (3): 2008, 2010, 2012 * Өзбекстан кубогының финалисі (1): 2007 * Ресей І дивизионының жеңімпазы (1): 2001 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Өзбекстан құрамасы футболшыларының статистикасы
Атасу — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Байдалы би ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1037 адам (605 ер адам және 432 әйел адам) болса, 2009 жылы 887 адамды (461 ер адам және 426 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Талдыбұлақ (2016 жылға дейін — Ленино) — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Талдыбұлақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.Ауылды Сарыарқаның ұсақ шоқылары қоршап жатыр. Ауылды Ескене өзені екіге бөледі. Жер бедері жазық дала. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 702 адам (386 ер адам және 316 әйел адам) болса, 2009 жылы 714 адамды (384 ер адам және 330 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Футболдан Қазақстан Чемпионаты 2017 — Қазақстанның 26-шы ұлттық чемпионаты. "Астана" клубы қатарынан төртінші рет ел чемпионы атанды. Маусым қорытындысы бойынша "Оқжетпес" пен "Тараз" келесі жылы бірінші лигада ойнайды. "Астана" УЕФА чемпиондар Лигасына, "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл" клубтары УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды. 10 орындағы "Ақжайық" премьер-лигада қалу үшін "Мақтарал" клубымен спарринг өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. ## Турнир ### Қорытынды кесте ### 1 және 2 айналым нәтижелері ### 3 айналым нәтижелері ## Статистикалар ### Голдар ### Мергендер ## Сілтемелер
Алғабас — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 212 адам (106 ер адам және 106 әйел адам) болса, 2009 жылы 97 адамды (47 ер адам және 50 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кирово — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Сейфуллин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 178 адам (91 ер адам және 87 әйел адам) болса, 2009 жылы 135 адамды (65 ер адам және 70 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Байғұл — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Жұмажанов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 243 адам (128 ер адам және 115 әйел адам) болса, 2009 жылы 256 адамды (114 ер адам және 142 әйел адам) құрады. ## Мекемелері мен ұйымдары Елді мекенде «Байғұл бастауыш мектебі» жұмыс істейді. Ғимарат типтік негізде 1970 жылы салынған. Білім ұйымының жобалық қуаты (саны): 40, 2019/2020 оқу жылындағы оқушы саны – 6. ## Дереккөздер
Өркендеу — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 189 адам (99 ер адам және 90 әйел адам) болса, 2009 жылы 64 адамды (39 ер адам және 25 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Соқылық ауданы (қыр. Сокулук району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Соқылық ауылы. ## Тарихы Аудан 1935 жылдың 5 ақпанында Каганович ауданы болып құрылған. 1957 жылы атауы өзгертілді. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 159 231 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 99 712 адамды құрайды (62,6 %), орыстар — 32675 адам (20,5 %), қазақтар — 4339 адам (2,7 %), дүнгендер — 3006 адам (1,9 %), түріктер — 2916 адам (1,8 %), әзербайжандар — 2299 адам (1,4 %), украиндар — 1950 адам (1,2 %), ұйғырлар — 1712 адам (1,1 %), даргиндер — 1540 адамды (1,0 %), лезгиндер — 1394 адам (0,9 %), немістер — 1306 адам (0,8 %), өзбектер — 1114 адам (0,7 %), татарлар — 996 адам (0,6 %), күрдтер — 860 адам (0,5 %). ## Дереккөздер
Ыстықата ауданы (қыр. Ысык-Ата району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — өзі аудан құрамына кірмейтін Қант қаласы. ## Тарихы 1977 жылы Шу ауданын бөлу арқылы құрылған. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 132 759 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 62 620 адамды құрайды (47,2 %), орыстар — 28 000 адам (21,1 %), дүнгендер — 19 223 адам (14,5 %), түріктер — 4699 адам (3,5 %), ұйғырлар — 4091 адам (3,1 %), әзербайжандар — 3486 адам (2,6 %), өзбектер — 2207 адам (1,7 %), немістер — 1524 адам (1,1 %), украиндар — 1343 адамды (1,0 %),қазақтар — 1317 адам (1,0 %), татарлар — 1078 адам (0,8 %). ## Дереккөздер
Бидайық — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 245 адам (123 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 185 адамды (88 ер адам және 97 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ынталы — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Қараағаш ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңаарқа кентінің солтүстік-батысында 55 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1334 адам (676 ер адам және 658 әйел адам) болса, 2009 жылы 1106 адамды (582 ер адам және 524 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылжар — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы кент, Қызылжар кенттік әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 153 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 1530 адам (775 ер адам және 755 әйел адам) болса, 2009 жылы 1620 адамды (805 ер адам және 815 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Орынбай — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл, Орынбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 581 адам (294 ер адам және 287 әйел адам) болса, 2009 жылы 520 адамды (258 ер адам және 262 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№117-темір жол айрығы — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Байдалы би ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 82 адам (38 ер адам және 44 әйел адам) болса, 2009 жылы 78 адамды (36 ер адам және 42 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№117-темір жол айрығы — Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстікке қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Манас ауданы (қыр. Манас району) — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. 1980 жылы 3 қазанда Киров (қазіргі Айтматов) ауданынан бөліну арқылы құрылды. Талас облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде және батысында Қазақстанның Жамбыл облысымен, оңтүстікте Талас облысының Айтматов және Бақайата ауданымен, шығысында Талас ауданымен шектеседі. Әкімшілік орталығы — Покровка ауылы. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 32 913 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 25 801 адамды құрайды (78,4 %), күрдтер — 2204 адам (6,7 %), қазақтар — 1568 адам (4,8 %), орыстар — 1093 адам (3,3 %), өзбектер — 910 адам (2,8 %), түріктер — 589 адам (1,8 %). ## Әкімшілік бөлінісі Манас ауданының құрамына 5 айыл аймағы мен 22 айыл кіреді: * Қайыңды айыл аймағы: Арал (орталығы), Қайыңды, Нілді, Сарыбұлақ, Шөштөбе айылдары * Қырғызстан айыл аймағы: Талас (орталығы), Көктөбе, Манас айылдары * Май айыл аймағы: Майское (орталығы), Новодонецкое айылдары * Покровка айыл аймағы: Покровка (орталығы), Баласары, Жайылған, Қараарша, Сөгет айылдары * Үшқорған айыл аймағы: Қызылжұлдыз (орталығы), Ақтас, Жиде, Кеңес, Үлкенқақпа, Тасбасат, Үшқорған айылдары ## Дереккөздер
Қуанышбек Оболбекұлы Адылов (қыр. Кубанычбек Оболбек уулу Адылов) (1973 жылы 19 мамырда Қырғыз КСР Фрунзе қаласында туған) — көпшілікке «Махаббат бекеті» фильміндегі Орал рөлімен танымал қазақстандық актер. * Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін бітірген (1995) * Драма және қуыршақ театрының актері. * 1991 жылдан - Алматы қаласындағы Республикалық қуыршақ театрының актері. * 1995 жылдан - Алматы қаласында 31 арна бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. * 1996 жылдан - «Сезам» үлкен қуыршақтар театрының актері, көркем жетекшісі (Алматы). * 2006-2008 жылдары - «Ақ Сарай» театр-мюзиклының актері, режиссері (Алматы). * 2004 жылдан бері - Республикалық неміс драма театрының жетекші актері. «Макбет», «Дай жару, Лорио», «Детектив каменного века», «Девушка и смерть», «Карлик Hoc» спектакльдерінде ойнайды. «Қазақфильм» киностудиясының «Махаббат бекеті» (Орал), «Жизнеописание юного аккордеониста» (Теңізші), «Влюбленный вор» (Дамир) кинофильмдеріне; «Арман қала» телехикаясына түскен. «Атыр май» әзіл-сықақ бағдарламасының және т.б. жүргізушісі. «Сезам» театрындағы - «Белоснежка и семь гномов», «Муха» спектакльдерінің режиссері. Үйленген. Жұбайы - Бексұлтанова Н. Қыздары - Адылова Әсел, Адылова Әсем. ## Дереккөздер
Кемел Ақышев — (23 мамыр 1924 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы - 10 тамыз 2003 жылы, Алматы қаласы) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады. 1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді.Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. ## Жобалары * "Курган Иссык. Искусство саков Казахстана", * Позднесредневековый Отрар, * Отрар в XIII-XV веках, * В глубь веков'. ## Жетістіктері * Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), * ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты (1966) . * Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983). * Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). * «Парасат» орденімен марапатталған (1998). ## Дереккөздер
Шорманов Ербол Әлімқұлұлы (1968 жыл 20 тамыз, Қазақ КСР, Алма-Ата) - 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы, 2009 - 2015 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары. ## Өмірбаяны 1968 жылы 20 тамызда Алматы қаласында, Қазақ КСР-да дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Республикасының кеден органдарында бастады. 1991 жылдан бастап 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасының кеден органдарында бірқатар басшылық қызметтерді атқарды. 2005 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін – Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2009 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2015 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қаңтарына дейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2018 жылдың 8 қаңтарынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы. ## Марапаттары «Құрмет» ордені (2011ж.) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016ж.) «Парасат» ордені (2017ж.) ## Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, атақтары 1986 жылдан 1988 жылға дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, сержант атағы берілген. ## Ескертулер
Қантай (1999 жылға дейін — Плаховка) — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Ақмешіт ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен онтүстік-шығысқа қарай 68 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Археология институты – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айналысатын ғылым мекеме. 1991 жылы қазан айында Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институты негізінде құрылған. Институтқа Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның есімі берілген. Институт құрамында 5 шығармалары ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, ғылыми-зерттеулерді ғылыми кеңес ұйымдастырады, далалық комитет пен жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Институт құрамында: тас дәуірі ескерткіштері; қола дәуірі және ежелгі технология; ерте дәуірдегі өнер; урбанизация және көшпенділер мәселелерін зерттейтін топтар мен Археология мұражайы бар. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі палеолиттен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағында болған тарихи процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін танып білуге, ежелгі замандағы экономикалық, саяси және діни-мифологиялық жүйелерді толық анықтауға бағытталған. Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда мекен еткен тайпалар мен халықтардың материалдық ескерткіштерін зерттеумен айналысатын 5 экспедиция ұйымдастырылған: * Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) * Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Құрманқұлов) * Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев) * Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) * Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов). Институт ғалымдары ежелгі палеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестіктерінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттігі мен мәдениетінің қалыптасуы, түркі, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірлерінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Институт ғалымдары Ақышевтың «Есік обасы», С.М.Ақынжановтың «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтар», Байпақовтың «Оңтүстік Жетісудағы қала мәдениеті», ЖЫЛЫК.Таймағамбетовтың «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы палеолит тұрағы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көрді. Институт мамандары халықар. конференцияларда баяндамалар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қ-ларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықар. симпозиум өтті. Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде. Институт Франция, Италия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның алдыңғы қатарлы археол. орталықтарымен тығыз халықаралық байланыс орнатқан. Қазақ халқының тарихи-мәдени ескерткіштері мен археол. жетістіктерін насихаттауда бірегей экспонаттары тек Қазақстанда ғана емес, шет ел көрмелерінде сәтті көрсетіліп жүрген Археология мұражайы маңызды рөл атқарады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Институт археологии РК им. Маргулана * Археологические институты
Кенжебайсамай — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 154 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 400 адам (205 ер адам және 195 әйел адам) болса, 2009 жылы 316 адамды (177 ер адам және 139 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сабри Лямуши (фр. Sabri Lamouchi; 9 қараша 1971, Лион, Франция) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол бапкері. Франция, Италия, Катар клубтарында және Франция Ұлттық құрамасында ойнады. 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Футболмен қоштасқан соң бапкерлікпен айналысты. 2012-14 жылдары Кот-д'Ивуар құрамасын жаттықтырды. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде * Франция чемпионы (2): 1995/96, 1999/2000 * Франция кубогы (1): 1995/96 * Италия кубогы (1): 2001/02 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Парақшасы Мұрағатталған 20 мамырдың 2009 жылы.
Аққолқа — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қарақойын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен онтүстік-батысқа қарай 210 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құланөтпес – Теңіз көлі алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары арқылы ағады. Ұзындығы 364 км, су жиналатын алабы 25 900 км2, жалпы ұзындығы 46 км болатын 17 саласы бар. Ірілері: Құлшын, Ермек, Сүртеке, Көң, Қараөзек Қараөзек, Соналы, Қазығұрт, т.б. ## Бастауы Аймысық, Айғыржал тауларының солтүстік-шығыс етегіндегі Желаяқ 1 және 2 қыстауларының бұлақтарынан алып, Теңіз көліне құяды. ## Гидрологиясы Қайнар ауылына дейінгі жағасы тік жарлы. Одан төменде аңғары мен арансы кеңейіп сайлы, жарлауытты өңірмен ағады. Теңіз көліне құяр сағысында Нұра өзенімен Құлшын атты қыларнамен байланысқан. Жер асты, жауын-шашын, қар суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Нығман ауылы маңында 3,0 м3/с. Өзен аңғарында Изенді, Қаратомар, Алабайтал, Тұзкөл, Алабас, Жарлыкөл, т.б. ащы, тұзды және тұщы көлдер жатыр. ## Өсімдігі, жануарлары Балыққа (шортан, алабұға, мөңке, сазан, аққайран, т.б.) бай. Өзеннің қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен қорысты-қопалы жерлерінде үйрек, жылқышы, т.б. құстар ұя салады. Орта ағысынан бастап суында тұз мөлшері кемиді, онымен мал суарылады. Жайылмасы – шабындық, алабы – егістік. ## Дереккөздер
Елді мекендер: Қазақстан: * Ахмет – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл. Ресей: * Ахмет – Башқұртстанның Аургазин ауданындағы ауыл. * Ахмет – Башқұртстанның Әбзелил ауданындағы ауыл. * Ахмет – Башқұртстанның Балговар ауданындағы ауыл. * Ахмет – Башқұртстанның Чекмагушев ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ахмет – Алтын Орда ханы (1459 — 1481).
Байтуған — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Байтуған ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Балықтыкөл — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Балықтыкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 95 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Баршын — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Баршын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 157 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бестамақ — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Баршын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 146 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Балықтыкөл – Абай облысы Жарма ауданы, Белтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Балықтыкөл – Абай облысы Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Балықтыкөл – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл. Көлдер: * Балықтыкөл – Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағындағы тұзды, тұйық көл. * Балықтыкөл – Есіл алабындағы көл. * Балықтыкөл – Ертіс алабындағы тұйық көл. Басқа мағыналар: * Балықтыкөл – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы шығанақ.
Алғабас — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қызылтал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кәрім Мыңбаев (2006 жылға дейін – Ивановка) — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Қорғанжар ауылдық округі орталығы. Іргесін 1900 жылы Украинадан келген қоныс аударушылар қалаған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Заречное — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Заречный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көбетей (1999 жылға дейін — Черниговка) — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Көбетей ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен солтүстікке қарай 25 км-дей жерде. ## Тарихы Көбетей ауылы 1896 жылы құрылды. Көбетей ауылы тек аудандағы ғана емес, облыстағы ауылдық елді мекендердің ішіндегі ең көнесі болып табылады. Черниговка (1896 ж.) қалаларын ескере отырып, Қарқаралы (1824 ж.) және Қарағанды (1856 ж.) құрылғаннан кейін үшінші орында. ## Халқы ## Дереккөздер
Нығман — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Құланөтпес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен солтүстік-батысқа қарай 149 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Өндіріс — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Көбетей ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңақұрылыс — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Байтуған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді. ## Қазақстан жастар одағының сыйлығы Қазақстан жастар одағының сыйлығы – әдебиет пен өнер, ғылым мен техника саласы бойынша талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында екі жылда бір рет берілетін сыйлық. 1964 ж. Қазақстан Комсомолы сыйлығы ретінде белгіленген. Сыйлықтың алғашқы лауреаттары: О.Сүлейменов (“Адамға табын, жер, енді” поэмасы мен “Ақ түндер” өлеңдер жинағы үшін, 1964); Ә.Әлімжанов (“Күнге бет алған керуен” повесі үшін, 1965). Қазақстан жастар одағының сыйлығы соңғы он жылдық ішінде журналистика, кино, қолданбалы өнер, музыка, әдебиет, ғылым мен техника саласында елеулі жетістіктерімен көзге түскен жастарға берілді. Көркемдігі жоғары туынды жазған жас қаламгерлерді қолдау мақсатында 1990 жылдан бастап беріліп келеді. Қазақстан жастар одағының сыйлығының иегерлері: * Г.Салықбаева - "Бір жұтым ауа, қызыл күн" өлеңдер жинағы үшін, * Қ.Бегманов - "Қарашық" өлеңдер жинағы үшін, * М.Қайыңбаев - "Үркердің сұлу сарысы" өлеңдер жинағы үшін, * айтыс ақыны Абаш (Кәкенов) Долдаев, * Е.Аманшаев - "Үзілген бесік жыры" пьесасы үшін, * Е.Дымов, * Т.Ахметжан, * Б.Кенжеев, * М.Тазабеков, * З.Толепова, * Ә.Алпысбай, * М.Ыбыраев. ## Дереккөздер
Әділет министрлігі — белгіленген қызмет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және нормативтік - құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органы, оның ішінде: * қылмыстық жазаларды орындау саласында; * халықаралық ұйымдардың және шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың бөлімшелерін қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен діни ұйымдар, адвокатура, нотариат, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы; * соттар қызметінің және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету; * халықаралық ұйымдар мен шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың бөлімшелерін, қоғамдық бірлестіктерді, cаяси партиялар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы, адвокатура, нотариат, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы бөлімшелерді, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау, қадағалау мен құқық қолдану жөніндегі функциялары ## Функциялары Әділет министрлігінің функцияларына жиі жатады: * Заң жобаларының конституцияға және елдің басқа да заңдарына сәйкестігін тексеру; * Нормативтік құқықтық актілерді заңдық бағалау және түсіндіру; * Қоғамдық ұйымдарды, партияларды, одақтарды және т. б. тіркеу және жария ету; * Нотариат қызметін бақылау; * Сот қызметін бақылау; * Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Функциялар мен өкілеттіктер тізбесі нақты елге байланысты. ## Қазақстан, КСРО * * * ## Сілтемелер * Әділет министрлігі // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907. * Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми сайты
Қараой — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Қараой ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Солтүстік арал (орыс. Северный остров) - Жаңа Жер архипелагының солтүстік аралы. ## Географиясы Арал солтүстік ендік 73-77 градус арасында орналасқан және Оңтүстік аралдан Маточкин Шар бұғазы (2-3 км) арқылы бөлінген. Ресейдің Архангельск облысының әкімшілік бөлігіне кіреді. Аралдың аумағы - 48 904 км². Бұл Ресейде Сахалиннен кейін екінші және Еуропада төртінші ірі арал (Словакия, Эстония, Дания, Нидерланд және Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдердің аумағынан үлкен). Батыста Баренц теңізі, шығысында - Кар теңізі арқылы ұласады. Бұл арал Орал таулары архипелагынан алыста. Бұл ені 132 шақырым және биіктігі 1547 метр (атаусыз шың Норденшёльд шығанағынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, кейде Крузенштерн тауы деп атайды). Аралдың шамамен жартысын мұздықтар басады. Ең үлкен мұздықтың ауданы шамамен 19 800 км². Осылайша, планетада Антарктика мен Гренландияның үлкен мұзтардан кейінгі және Еуропа мен Ресейдегі ең үлкен мұзды күмбез. Сондай-ақ, аумағы 3000 астам км² болатын жүздеген ұсақ мұздықтар бар. Мұздықтардың қалыңдығы 400 метр жетеді, көптеген жерлерде олар теңізге ауысады. Онда олар жазда бірнеше айсбергтер жарылып кетеді. Аралда көптеген айлақтар, шығанақтар, түбектер мен мүйістер болғандықтан жағалау сызықтары кедір-бұдырлы. Сонымен қатар, Цивольки, Пахтусова, Врангеля, Промысловый, Двойной, Глумянной, Бол сияқты бірнеше шағын аралдар бар. Луда, Горн, Домашний, Рогинского, Митюшев, Гагачий, Камень, Зелёный, Норске, Гемскерк, Панкратьева, Горбатый, Берха, Вильям, Оранский аралдары, Гольфстрим аралдары, Баренц аралдары. Аралдың оңтүстік шетінде орналасқан Сухой Нос мүйісі ядролық қаруды сынау үшін пайдаланылды (1958-1961). Аралда Ресей әскери базасы және әскери порты орналасқан. Аралдың ең солтүстік мүйісі болып табылатын Желания мүйісі автоматтандырылған метеорологиялық станция 1994 жылына дейін станция «Суық соғыс» кезеңінде маңызды рөл атқарғандықтан аты құпияланған. Бұл дәстүрлі түрде Кар және Баренц теңіздерін бөлуге арналған маңызды географиялық нысана. Аралдың шығыс нүктесі - бұл Флиссингский мүйісі. Аралда бірнеше шағын елді мекендер болған (Архангельское, Фодькино, Крестовая губа, Лагерный және Выходной), қазір олардың бәрі тасталынған. Бұғаздың аймағында Маточкин Шар полярлық станциясы болған. Аралдағы ең ірі көлдердің бірі - аралдың оңтүстігінде орналасқан Гольцовое. ## Тарихы XI-XII ғасырларда аралды Новгород көпестері анықтады. Батыс еуропалықтардан шығысқа қарай солтүстік теңіз жолын іздестірудің сәтсіз экспедициясы барысында 1553 жылы аймаққа бірінші болып Хью Уиллоби барды. 1596 жылы голландық Виллем Баренц аралдың солтүстік бөлігін айналдырып, Спорый Наволок мүйісі маңында шығыс жағалауында қыстады, содан кейін қайтып келе жатқан жолда аралдың солтүстік-шығыс жағалауында қайтыс болды. Голландиялық экспедициялар аралдың көптеген топонимдеріне ат берді, олардың көпшілігі XIX және XX ғасырларда өзгертілді, бірақ голландық әсер әлі күнге дейін байқалады. Жаңа Жердің алғашқы орыс зерттеушісі - штурман Федор Розмыслов (1768-1769). ХІХ ғасырға дейін бүкіл архипелагта адамдар өмір сүрмейтін, маңайында норвегтер мен поморлар аң, балық аулайтын. Олардың ешқайсысы аралдарда тұрып, өмір сүре алмады, сондықтан Жаңа Жер тек жүкті ауыстырып тиейтін орын болып қала берді. Уақыт өте келе ұсақ дипломатиялық қақтығыстар пайда бола бастады, Ресей империясы «Жаңа Жер архипелагы Ресей аумағының тұтастығында» екендігін жариялайтын. Бұл аймаққа талаптанғандар архипелагта өмір сүре алмағандықтан, бірнеше ненец отбасылары Жаңа Жерге жеткізілді. Аралдарды белсенді қоныстандыру 1869 жылы басталды. 1910 жылы Крестовая теңізге құйылатын жерде Ольгинский кенті құрылды, сол кезде Ресей империясының ең солтүстігіндегі елді мекен (74 ° 08 'с. е). Аралдың айналасындағы алғаш құжатталған кемемен сапар шегу 1910 жылы «Дмитрий Солунский» кемесінде Владимир Александрович Русанов жасады, ол сондай-ақ аралда алғаш рет жаяу жүрді. Архипелагтың айлағы және түбегі оның атымен аталған. Ненецтер мен аралдың басқа жергілікті тұрғындары 1957 жылы материкке ядролық сынақтардың басталуына байланысты қайта қоныстандырылды, бірақ архипелагда алғашқы жарылыс оған дейін де болған. 1961 жылы аралда адамзат тарихындағы ең күшті сутегі бомбасы жарылды - Д-II «Құрғақ мұрын» алаңында 58-мегатонналық патшалық бомбасы. Жарылыс нәтижесінде пайда болған соққы толқыны жер шарын үш рет айналды, ал Диксон аралындағы (800 шақырым) жарылыс толқыны үй терезелерін шақты. 1990 жылдардың басына дейін архипелагтағы кез-келген елді мекендер жасырылған болатын.
Оңтүстік арал (орыс. Южный остров) - Жаңа Жер архипелагының аралы, Солтүстік аралдан Маточкин Шар бұғазы арқылы (ені 2-3 км), Вайгач аралынан - Кар Қақпасы бұғазы (ені шамамен 50 км) арқылы бөлінген. Ресейдің Архангельск облысының әкімшілік бөлігіне кіреді. Ауданы - 33 275 км², бұл Ресейде Сахалин және Солтүстік аралдарынан кейінгі үшінші ірі арал. Батыста Қазды жер түбегі орналасқан. Ең биік нүктесі - Первоусмотренная тауы (1291 м). ## Тарихы Ежелгі дәуірде аралды белгісіз тайпа мекендеген, ол, мүмкін, Усть-Полуй археологиялық мәдениетіне жататын. Мүмкін, өздерін жеушілердің (ненецтер) мифологиясында олар сиртя деген атаумен белгілі. Шамамен XII-XIII ғасырларда аралды Новгород көпестері ашты, бірақ бұл жайлы тарихи дәлелдемелер жоқ. Сондай-ақ архипелагты ежелгі скандинавдықтар бірінші ашқандығы дәлелденбеді. Батыс еуропалықтардан аралға бірінші болып «Солтүстік-Батыс өткелін іздестіру» және Ресей мемлекетімен қарым-қатынас орнату үшін Лондондық «Мәскеулік компания» экспедициясын Эдуард VI (1547-1553) жарлығымен жетекшілік еткен ағылшын зерттеушісі Хью Уиллоби 1553 жылы келді. Голландық ғалым Герард Меркатордың 1595 жылғы картасында Жаңа Жер архипелагі әлі біртұтас арал, тіпті түбек ретінде көрінеді. 1671 жылы Парижде «Солтүстік елдер бойынша саяхат» шығармасы жарияланды, оның авторы, Лотаринг ақсүйегі Пьер Мартен де Ла Мартиньер 1653 жылы Жаңа Жер архипелагының оңтүстік аралына даттық көпестердің кемесімен барды. дат теңізшілері мен Мартиньер үш қайықпен жағалауға шыққан кезде сол жерде садақпен қаруланып, ағаштан жасалған пұттарға сыйынатын аңшы-өздерін жеушілерді кездестірді. Атақты голландық табиғат зерттеуші-ғалым Николаас Витсен «Солтүстік және Шығыс Татария» (1692) кітабында, Батыс Еуропада Сібір және Ресейдің солтүстігі туралы алғашқы ғылыми еңбекте, Петрдің аралда орыс әскери бекініс құруды жоспарлағанын хабарлайды. Оңтүстік аралдың алғашқы орыс зерттеушісі - штурман Федор Розмыслов (1768-1769). ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін поморлар мен норвегтер үнемі аң, балық аулап жүргенімен, шын мәнісінде, аралда адамдар өмір сүрмеген. Олардың бірде-біреуі аралда өмір сүре алмаса да, уақыт өте келе Ресей империясы әрқашан аралға құқықтарын жариялаған ұсақ дипломатиялық қақтығыстар болды. Аралды белсенді қоныстандыру 1869 жылы басталды, онда бірнеше ненец отбасылары мәжбүрлеп қоныстандырылды. 1877 жылы аралда Малые Кармакулы елді мекені пайда болды. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында Жаңа Жерде ненецтердің және орыс өнер кәсіпшілердің шағын колониясы болды. 1901 жылы жергілікті жас ненец Тыко Вылканы өзімен бірге жол көрсетушісі ретінде алып кеткен белгілі полярлық суретші Александр Борисов аралда жұмыс істеді. Иттермен 400 шақырымдық жол жүру кезінде Борисов үнемі сурет салып отырды. Кескіндемеге қызығушылық танытқан Вылканың талантын байқап, Борисов Тыко Вылканы кескіндеме өнеріне үйретті. 1903 жылы суретші және жазушы Степан Писахов аралға жер аударылған кезде, ол сондай-ақ жас ненецтің талантын атап өтіп, бояулар мен қарындаштар сыйлады. 1909 жылы аралға Тыко Вылкамен бірге Жаңа Жер архипелагының барлығын зерттеп, оның нақты картографиялық сипаттамасын жасаған полярлық зерттеуші Владимир Русанов келді. 1911 жылғы Жаңа Жер экспедициясы Оңтүстік аралды зерттеп, орыс өнеркәсіпкерлерді сол күнге дейін белгісіз болған кентке жинады. Картада еш жерде аталмаған, ешқандай атаусыз, шыңында орналасқан Қара мұрында ауылдың жағдайы қайғылы болды: адамның бас сүйектері, қаңқалары, сүйектері барлық жерде шашыраңқы жатқан. Мұнда тұрған кресттер, шамасы, зираттарда мүлдем тозып және жанып күл болып, бөренелері құлап, жазулары өшіп қалған. Барлығы экспедиция шамамен 13 адамның қалдықтарын санап шықты. Қашықтықта тағы үш жартылай бұзылған кресттер болды. Красино тұрағы Қара кірмесінің жағасында орналасқан. 1954 жылы ядролық сынақ аймағында нысандарды салу үшін мұнда алғашқы әскери қызметшілер келді. 1997 жылы В.Н.Калякиннің орнитологиялық экспедициясы Малый кірмесі жағалауының солтүстік бөлігінде Медный түбегінде (Костин Шар бұғазының шығыс жағалауында), Жоғалған екі тасты лабирит тапты.
І Александр (1777, Санкт-Петербург — 1825, Таганрог) — Ресей императоры. (1801-25), І Павел-нің үлкен ұлы. Сарай қастандығынан қаза болған әкесінің орнына 1801 ж. 12 наурызда таққа отырды. І Александр екі жүзді, өзімшіл, бірақ білімді, дипломат адам болған . Капитализм дәуіріндегі революциялық қозғалыстың күшеюінен шошыған ол либералдық саясат жүргізген. Ол билеген кезде І Петр тұсындағы коллегиялардың орнына министрліктер және министрлер кабинеті құрылды, Мемлекеттік кенес ұйымдастырылып, оған жоғары дәрежелі чиновгиктер тағайындалды, жоғары оқу орындары ашылды. Өзі патшалық еткен кезеңнің соңғы он жылында аракчеевшілдікке дем беріп отырды. І Александр сыртқы саясатта жігерсіз болды. Оның соғыс қимылына араласуы салдарынан орыс әскері 1805 ж. Аустерлиц түбінде француздардан жеңіліп қалды. 1812 ж. Отан соғысында орыс армиясы Михаил Кутузовтың басшылығымен Наполеон әскерін талқандады. 1813-14 ж. Александр І Еуропа елдерінің Францияға қарсы коалициясын басқарды. 1814-15 ж. Вена конгресі басшыларының реакциялық Қасиетті одағын құрушылардың бірі болды. Александр І тұсында Грузия (1801), Финляндия (1809), Бессарабия (1812), Әзірбайжан (1813) Ресей империясына қосылды. ## Дереккөздер * Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том ## Сыртқы сілтемелер * https://commons.wikimedia.org/wiki/Category:Alexander_I_of_Russia?uselang=ru
Талдысай — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Талдысай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 196 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Соналы — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Соналы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 97 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы, инфрақұрылымы Іргесі 1961 жылы қалаңды. Округ аумағында 1961 жылы «Соналы» кеңшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы 114,1 мың га. Шаруашылыктың мамандандырылған негізгі бағыттары — қой мен жылқы өсіру, бидай өңдеу болды. Елді мекенде (Баянбай, Казықұрт, Қосарал ауылдары) клуб, мектеп, ФП, мәдени орталықтар жұмыс істейді. 5 шаруа кожалығы құрылған (2006). Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. ## Дереккөздер
Первое Мая — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Көбетей ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен солтүстікке қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты. ## Дереккөздер
Тассуат — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Индустриальный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Тассуат – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл. * Тассуат – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл. Көл: * Тассуат – Нұра алабындағы көл.
Жуантөбе — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 100 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Талдысай ауылдық округі – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Талдысай ауылы кіреді. Орталығы – Талдысай ауылы. ## Дереккөздер
Қызылтас — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жансары — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құдайберген Біртаев - 1928 жылы Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келген.17 жасында еңбекке араласқан, ол алғашқыда трактор, кейін автомобиль жүргізуші болып еңбек етеді. 1957 жылдан бастап аға шопан болып еңбек етеді. 1963 жылы Қ. Біртаев әр жүз саулықтан 150 қозы алуға қол жеткізеді. 1965 жылы әр жүз саулықтан 158 қозы алып, мемлекетке өткізген қаракөл елтірісінің 85-90 пайызын бірінші сортпен өткізді. 1964 жылы халық шаруашылығы жетістіктерінің Бүкілодақтық көрмесінің қола медаліне ие болды. Осындай еңбектері үшін 1966 жылы ең жоғарғы атақ – Социалистік Еңбек Ері атағының иегері атанды. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. ## Отбасы 1967 жылы аудан шопандары әр жүз саулықтан 140-176 аралығында төл алып табыс биігінен көрінді. Тәжіребиесімен бөлісуге Монғолияға да барып қайтты.Құдайберген ата Тыныш апа екеуі 3 ұл, 2 қызды дүниеге әкеліп, тәрбиеледі. Аудан орталығындағы Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған ескерткіш аллеясында Қ. Біртаев мүсіні орнатылып, Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайда Социалистік Еңбек Ері Қ Біртаевтың естелік құжаттары мен экспонаттары сақталған. Өзінің туып өскен Биназар ауылында Құдайберген атына көше беріліп, сол ауылдағы О.Жандосов атындағы орта мектепте жыл сайын тақырыптық кештер мен еске алу спорт жарыстары өтікізіліп тұрады. ## Дереккөздер
Қарқаралы сыртқы округі (Қарқаралы дуаны) – 1824 жылдан Батыс Сібір қазақтары шекара басқармасының әкімшілік бөліктерінің бірі. Жер аумағы 2,728 мың км². Халқы 59744 адам (1862 ). Әкімш. жағынан 18 болысқа, 147 ауылға бөлінді, 16 пошта бекеті болды. 1868 ж. Қ. о. Семей облысы ## Құрылуы XVIII ғасырдан, әсіресе, осы ғасырдын ортасынан басталған саяси оқиғалардың негізі — Қазақстанға деген Ресей протекторатынын орнығуы мен бекуі болды. Мұның ішінде, протектораттың бағындыруға негізделген элементтері бар формасы орнықты. XVIII-ғ. мен XIX-ғ. ғасырдың басындағы Қазақстан мен Ресей арасындагы қарым-қатынастың осы түрі Қазақстанды Ресейге бағындыруға әкелген көпір болып саналады. Кейінірек, "Уақытша Ереженің қабылдануымен", қазақтарға жалпыресейлік заңдардың таралуымен, басқарудың жаңа жуйелері және ортақ салық жуйесінің енгізіліуімен, 1860-жылдардан Ресей бодандығына ену кезеңі басталады. Протекторат кезеңінде қазақтарды империялық билікке толық бағындыруға бағытталған аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық, әскери-стратегиялық сипаты бар шаралар бірте-бірте, сатылай жүргізілді. Патшалық әкімшіліктің Орынбор мен Сібірдегі отаршылдық мекемелері арқылы жүргізген хандық билікті әлсірете отырып, кейін оны жоюға бағытталған жоспары алдымен қазақ жерлерінің әкімшілік-аумақтық тұрғыдан өзгерулеріне әкелді. Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан (Орта жүз) үшін бұл өзгерістер Сібір мекемесіне қаратылған сыртқы округтердің ашылуы түрінде жузеге асырылды. Хандық биліктін жойылуы оның алғы шарттары болып саналатын осы институттын беделі мен мәнін түсіруге бағытталған сан алуан шаралардан құралған бірнеше жылғы іс-шара еді. Хандар ресми бекітілуі керек болды, беделі төмен, қабілетсіз, айтқанмен жүретін хандар сайланды, ақылды, күшті хандар жоққа шығарылды, бағынбайтын, дербес хандар биліктен аластатылған сияқты т.б. қитұрқылықтар қолданылды. Мұндай іс-шаралардың қатарында қазақтың жекелеген билік басындағылар арасындағы бәсекелестікті қыздыра түсу, билік үшін ішкі саяси күрес туралы жалған көзқарас туғызу, бір өлкеден бекітілетін хандардың санын жасанды жолмен көбейту сияқты тәсілдер де болды. 1822 жылы Александр I жарлығымен Орта жүздегі хандық билік жойылады. 1822 жылы, ұзақ дайындықтан кейін, Орта жүз аумағын басқарудың жаңа ережесін белгілеп, айқындайтын ерекше құжат — "Сібір қазақтары туралы Жаргы" қабылданды. 1822 жылдың 22 шілдесімен белгіленген "Жарғының" өзі 10 тараудан құралатын көлемді құжат болды. Онда барлығы 319 тармақ бар. Мұндағы 1-тармақтың кіріспесі "Сібір қазақтары көшпелі бұратаналар табына жатқызылады және олармен тең құқылы" және "Сібір қазақтарының мекені Омбы облысының сыртқы округтерінен құралады" дегеннен басталады. Құжатты жасаушылар, әсіресе 19 ғасырдың белгілі ресейлік қайраткері М.Сперанский мен әріптестері "Жарғы" әрекеттерімен жаңа қабылданған халық өмірінің сан алуан қырларын мейлінше жан-жақты қамтуға тырысады. Жарғы басында округтік приказдар тұратын сыртқы округтердің құрылуын негіздеді. Округтегі басқарма мен сот ісін облыс басшысы тағайындайтын аға сұлтанның екі орыс қазысының "құрметті қазақтардан"билер мен старшындар сайлайтын тағы екі қазының, басқа шенеуніктердің қатысуымен округтік приказ жүзеге асырды. Округтік приказдың канцелияриясы мен аудармашылары болды. Округ болыстық басқармасы бар болыстардан, болыстар старшиналар басқаратын ауылдардан құралды. Сөйтіп, округ—болыс—ауыл деген жаңа әкімшілік-аумақтық үштік жүйе енгізілді. І-тараудың 5,7 тармақтарында олар төмендегіше белгіленді: ауыл 50-70 түтіннен, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Округтер ашылмас бұрын-ақ Жарғы қазақ тіліне аударылып, алыс ауылдардағы танымал адамдарға таратылған. Бөкей мен Уәли хандардың иелігіндегі Қарқаралы мен Көкшетау өңірлеріне ерекше мән беріліп, осы өлкелерде алғашқы сыртқы округтерді ашу көзделді. Алғашқы сыртқы округ Қарқаралы 1924 жылдың 8 сәуірінде ашылды. Онда шамамен 20 мың отбасы бар еді. Тұрғындар саны мөлшері 60 мыңдай ер адам бар деген есеп бойынша жүргізілді. Округ әлдеқашан құрылған, шенеуніктердің барлық құрамы жұмыс істеп тұрған Қарқаралы қонысында приказ орнатылған болса да, Қарқаралы округін ашу туралы жарлық біраз уақыт өткен соң, яғни 1824 жылдың 24 шілдесінде ғана бекітілді. Омбы әкімшілігінің талпыныстары нәтижесінде Орта жүз қазақтарының ішінде ашылған мекемелердің қатарында Қарқаралы приказы алғашқысы болды. 21 күн өткеннен кейін 1824 жылдың 29 көкегінде екінші — Көкшетау приказы ашылады. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша жалпы 8 округ ашылуы тиіс болатын. Ашылу уақыты бойынша ең соңғысы, осы тізімге енбей қалғаны — 1844 жылы ашылған Көкпекті округі болды. Қаркаралы округі Сібір басқарылуындағы барлық 8 округтін ішіндегі ең үлкені болды. Ашылу кезінде округте шамамен 20 мың түтін және барлығы 60 мыңдай тұрғын бар деп есептеу қалыптасқан. Осы мәліметке Красовскийдің де жазғаны жуық келіп, ол: жаңа ашылған Қарқаралы округінде «18 болыс, 147 ауыл, 18 320 түтін» болған дейді. Тұрғындар саны өсіп отырғаны байқалады. 1850-жылдары П.Кеппен мәліметі бойынша мұнда 146 655 адам тұрса, XIX ғасырдың соңында (Ресей империясы тұрғындарының бірінші жаппай санағының мәліметі бойынша) уез аумағында 171 655 адам тұрып, оның 169 656 қазақ болған. Қарқаралы және Көкшетау округтерінен кейін 7 жыл бойы. 1831 жылға дейін жаңа округ ашылмады. Осы екі округ орналасу мен іс жүргізілу мәселелерінде алғашқы қиындықтарды бастан кешті. Қарқаралы округіндегі болыстардың негізгі де тұрақты құрамы 1830-жылдарға таман қалыптасты. 1841-жылдың қазан-қарашасындағы жағдай бойынша округ төмендегі 17 болыстан құралды: Негізінен Қарқаралы сыртқы округінің құрамын 17-18 болыс құрап отырған. Округ 1840-жылдардың соңына қарай бір жобаға келіп, негізгі үш бекеттік желі (бекет жолдары) тартылады: * Баянауыл арқылы Омбыға өтетін ең алғашқы желі; * Қу, Едірей арқылы Омбыға баратын - жаңа (қосымша) желі; * Қарқаралы — Ақмола желісі. 1840-жылдары «онша маңызды емес құжаттарды таситын» пошташы қазақтар пайда болады. 1860-жылдары уез ашылған соң, Қарқаралыны Семеймен жалғастырған атақты Майлығара трактысы пайда болады. XIX-ғ. аяғы мен XX-ғ. басында (төңкеріске дейін) уезге жалпы саны 22 болыс қарады. Қарқаралы уезінде 19-ғ. соңына қарай барша Қазақстан жеріне тән күрделі әлеуметтік-экономикалық, т. б. үдерістер мен өзгерістер орын алды. Қазақ дәстүрлі шаруашылығы мен қауымы өзгерістерге түсті, сауда, кәсіпшілік, өндірістік бағыттар өрістеді, Қарқаралы қаласы саяси оқиғалардың орталығы сипатын ала бастады, қырдағы қалың қазақтың нағыз жанашырлары — қазақ зиялылары қалыптасты. ## Әкімшілік бөліні ## 1851-1855 Қарқаралы округі тұрғындары, ауылдарының саны (1851-1855 жылдарғы деректер бойынша) ## Дереккөздер
Роднички — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Басқорық (2015 жылға дейін – Лиманное) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 97 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақпан (2002 жылға дейін - Новый Кронштадт) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Батпақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстікке қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ошағанды (2002 жылға дейін - Красный Кут) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Батпақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ахмет — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 67 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қутұмсық — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Ошағанды – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл. * Ошағанды – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл.
Каспийлер (грек. Κάσπιοι Kaspioi, арам. kspy, груз. კასპიელები kaspielebiʿ, грабар կասպք kaspkʿ, парс. کاسپین‎ Kāspiān) — б.з.д. І мыңжылдықта Каспий теңізінің оңтүстік және оңтүстік-батыс далалы аймақтарында мекендеген көшпелі тайпалар. Алғаш рет б.з.д. V ғасырда сақтардың жанында тұратын XI және XV аудандарында Ахеменидтердің алым-салық төлеуші ретінде (сатрапия) Геродот айтып кеткен. Б.з.д. I ғасырда басқа елдермен тұтасып кетті. Каспийлердің атауы бойынша Каспий теңізі, сондай-ақ Каспийдің тарихи аймақтарының бірі - Каспиана өзінің атын алды. Каспийлердің шығу тегі әлі де бір тоқтамға келген жоқ. Каспий үндіеуропалық тайпаларға дейінгілер деп саналады; Эрнст Герцфельд белгілі тілдерге қатысы жоқ тілде сөйлейтін б.з.д. 2-ші мыңжылдықтағы Иранның таулы аймағының касситтеріне ұқсатады. И.М. Дьяконов каспийлерді каситтерге туыстас деп санаған. Дегенмен, Р. Фрай касситтер пен каспийлерді бірдей деп санауға қарсы болды. 1971 жылы Пьер Гэло (фр. Pierre Grelot) каспийлерге қатысты Мысырдан шыққан арамей папирусындағы ономастикалық ақпаратты жариялады. Бұл ақпаратқа негізделе отырып каспийлерді не иран тектес немесе иранның күшті ықпалында деп қорытынды жасауға болады. Олар туралы ақпарат ежелгі және армян дереккөздерінде сақталған.
Бақайата ауданы (қыр. Бакай-Ата району) — Қырғыз Республикасындағы Талас облысының батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Бақайата ауылы (бұрынғы Ленинполь). ## Тарихы Аудан 1936 жылы 2 тамызда РСФСР Қырғыз АССР-і құрамындағы Ленинполь ауданы болып құрылды. Қырғыз КСР құрылған кезде оның құрамына енді. 1939 жылы Қырғыз КСР-ның Фрунзе облысы құрылған кезде Ленинполь ауданы оның құрамына кірді. 1944 жылдың 22 маусымы мен 1956 жылдың 18 ақпаны аралығында Талас облысының құрамында болды. Кейін ол таратылған кезде қайтадан Фрунзе облысына қосылды, алайда өз кезегінде Фрунзе облысының 1959 жылы 27 қаңтарда жойылуына байланысты Ленинполь ауданы республикалық бағынысқа ауысты. 1959 жылы 26 қарашада Ленинполь ауданы таратылды. Оның территориясы Талас (Барқ-Арық, Қызыл-Октябрь, Ленинполь, Орел және Чалдовар сельсоветтері оның құрамына кірді) және Киров (Ключевск сельсоветі) аудандары арасында өзара бөлініп алынды. 1977 жылы 19 мамырда Ленинполь ауданы республикалық бағыныстағы аудан ретінде қайта қалпына келтірілді. Ауданның құрамына келесі сельсоветтер енді: Киров ауданынан Бейшекен және Ключевск; Талас ауданынан Барқ-Арық, Қызыл-Октябрь, Ленинполь және Орел. 1980 жылы 3 қыркүйекте Талас облысының қалпына келуіне байланысты Ленинполь ауданы оның құрамына енгізілді. Талас облысы 1988 жылы 5 қазанда таратылғаннан кейін Ленинополь ауданы тағы да тікелей республикалық бағынысқа ауысты. 1990 жылы 14 желтоқсанда Талас облысы, қайтадан қалпына келтірілді және Ленинполь ауданы қайтадан оның құрамына енгізілді 1992 жылы 6 наурызда аудан атауы Бақай-Ата ауданы болып өзгертілді. 1999 жылы 17 қыркүйекте Бейшкен ауылдық кеңесі (қырғ. айылдык кенеш) Бақай-Ата ауданынан Қара-Бура ауданы құрамына берілді. 2001 жылдың 8 ақпанында аудандағы бірқатар айылдық кенештердің атауын өзгерту жүргізілді: Орел - Ақ-Дебе, Ключевск - Боо-Терек, Барқ-Арық - Шадықан болды, сондай-ақ Орловка ауылы Ақ-Дебе, Ключевка - Боо-Терек, Калинин - Ынтымақ, Қара-Кашат - Түйте, Ленинполь - Бақай-Ата болып өзгертілді. 2005 жылы 13 сәуірде ауданның Қызыл Октябрь айылдық кенеші Ақназар болып өзгертілді. 2007 жылы 27 ақпанда Бақай-Ата ауданының Қызылқырғызстан ауылының атауы Қырғызстан ауылы болып өзгертілді . ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 44 057 аудан тұрғындарының 43679 адамын құрайды (немесе 99,2 %), орыстар — 148 адам немесе 0,3 %, басқалары — 230 адам (0,5 %). ## Елді мекендері Бақайата ауданы құрамына 9 айыл аймағы мен 19 айыл кіреді: * Ақназаров айыл аймағы: Қызылоктябрь (әкімшілік орталығы), Көктас, Мәдениет, Тасқұдық, Ұрмарал ауылдары * Ақтөбе айыл аймағы: Ақтөбе (әкімшілік орталығы), Қызылсай, Қызылшаруа ауылдары * Бақайата айыл аймағы: Бақайата (әкімшілік орталығы), Наматбек ауылдары * Баутерек айыл аймағы: Баутерек ауылы (әкімшілік орталығы) * Кеңарал айыл аймағы: Кеңарал ауылы (әкімшілік орталығы) * Мыңбұлақ айыл аймағы: Мыңбұлақ ауылы (әкімшілік орталығы) * Ора айыл аймағы: Қырғызстан (әкімшілік орталығы), Жонқорған, Первомайское ауылдары * Өзгеріс айыл аймағы: Өзгеріс ауылы (әкімшілік орталығы) * Шадықан айыл аймағы: Ынтымақ (әкімшілік орталығы), Түйте ауылдары ## Дереккөздер
Ақмола облысы — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған, 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. ## Кен байлықтары Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. ## Климаты Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. ## Өзен-көлдері Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана және Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға 37 тоған салынған, жалпы су көл. Жалпы ауданы 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі. ## Флора мен фаунасы Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған. ## Қалалары мен өнеркәсібі Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді. ## Халқы Ақмола облысы халқының саны ## Әкімшілік бөлінісі Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет).Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал. ## Инвестициялық тартымдылығы ### Дамыған көлік-транзиттік әлеует Облыс аумағында Көкшетау халықаралық әуежайы, алты жолақты 205 шақырымдық Нұрсұлтан-Щучинск автобаны бар. Жыл сайын жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыру ұлғаюда.Облыстың дамыған темір жол желісі бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдардың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша теміржолдардың ең жоғары тығыздығы – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа – 5,53). ### Өткізу нарықтарына қол жеткізу Облыс аумағында мемлекеттің астанасы – Астана қ. орналасқан. Облыс 4 өңірмен - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі.Ресей Федерациясының жақын аймақтары: Омбы, Новосибирск, Қорған, Челябинск, Түмен, Свердлов облыстары, оларға бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады. ### Бай табиғи ресурстар Облыс пайдалы қазбаларға бай және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Өңірде өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан бірегей алтын қоры (Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары және Степногорск қ.), уран (Ақкөл, Біржан Сал, Зеренді Сандықтау аудандары), молибден (Біржан Сал, Ерейментау, Сандықтау аудандары), техникалық алмас, каолин, мусковит және доломит (Зеренді ауданы), темір рудасы (Ақкөл, Біржан Сал, Жарқайың аудандары), тас көмір (Ерейментау, Ақкөл аудандары) жинақталған. пайдалы қазбаларды, минералдық сулары шоғырланған.Жалпы жер қоры-14,6 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 10,8 млн. га: егістік-6 млн. га, жайылым-4,4 млн. га. Орман қоры-522,7 мың га, су қоры – 201,2 мың га. ### Ауыл шаруашылығы Ақмола облысына астықтың 25% - дан астамы, сүттің 7% - ы, еттің 8% - ы және республикада өндірілетін жұмыртқаның 16% - ы келеді. Елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі шамамен 10% құрайды.Ақмола облысы республикада - ел бойынша ең үлкен астық жинау сынағы-4,8 млн. га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4,4 млн. га.Астықтың орташа жылдық өндірісі 5,0 млн.тоннаны құрайды, астықтың орташа жылдық экспорты – 2 млн. тоннаны құрайды, соңғы 3 жылда өсімдік шаруашылығының үлесі орта есеппен 70% құрады.Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Инвестицияларды тарту үшін ең перспективалы-Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандары. ### Өнеркәсіп Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кендерді, уранды, машина жасауды, химия өнеркәсібін өндіруге маманданған.Ақмола облысына елде өндірілетін темір жол подшипниктерінің 100% - ы, жүк автомобильдерінің 36,3% - ы, өңделмеген алтынның 30,2% - ы, өңделген сүттің 12,1% - ы және ұнның 9% - ы келеді.Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 80,4%, онда 533,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химиялық өнеркәсіптермен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен қамтылған.Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары «Көкшетауминводы» АҚ алкогольді және алкогольсіз сусындарды шығару зауыты, «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикалары, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу компаниясы, «ЕПК-Степногорск» АҚ подшипник зауыты болып табылады. ### Туризм Ақмола облысы Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді.Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 700-ден астам кәсіпорын (407 орналастыру объектісі, 45 санаторийлік-курорттық мекеме, 178 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС) кіреді.Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында болады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады.Облыста туроператорлар табысты іске асыратын және туристік маршруттардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген 80-ге жуық туристік бағыт жұмыс істейді. Оның ішінде туроператорлар Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандарының және Ақмола облысы Біржан Сал ауданының тарихи және киелі жерлері бойынша туристік маршруттарды әзірледі. Оның ішінде 8 бекітілген қасиетті орындар бойынша.Туристік ағын жылына 813 мың келушіні құрайды. ### Баламалы энергетика Ақмола облысы әлемдік трендке сүйене отырып, жаңартылатын энергия көздерінің санын көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с артық, бұл оларды энергетиканы дамыту үшін тартымды етеді. Жел энергетикасын дамыту үшін Аршалы, Ерейментау аудандары перспективалы аудандар болып табылады.Ақмола облысы елдің солтүстік бөлігінде орналасқанына қарамастан, облыс аумағындағы күн радиациясының әлеуеті айтарлықтай маңызды. Сонымен қатар, күн энергиясы тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылу да қолданылуы мүмкін, бұл күн қондырғыларын нүктелік енгізу мүмкіндігін, соның ішінде орталық электр және жылу жабдықтарынан алыс аудандарда да мүмкіндік береді.Белгілі бір резервке биологиялық отынды қолдану бар екендігін айта кету керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу есебінен электр энергиясы алынуы мүмкін. ## Дін 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ақмола облысында ресми деректер бойынша 191 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді:- 90 Ислам- 45 православиелік- 11 католиктік- 43 протестанттық- 1 бахаистік.- 1 Ақмола облысы Кришна санасының қоғамы.Сонымен қатар, облыста тіркелмеген Евангельдік христиан-баптистердің 10 діни бірлестігі жұмыс істегендігі туралы ресми хабарланған болатын. ## Туризм Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (375 орналастыру объектiсi,45 санаторийлық-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы қызмет көрсету субъектiсi, 68 туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар турфирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -«Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды әзiрлеп, пайдаланады. Олардың iшiнде қасиеттi орындарға бекiтiлген 8 маршрут бар.Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында орналастыру орындарының саны 375 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 5159 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 13327 төсек-орын. Орналастыру орындары 1108,1 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 9,4% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 67950 адамды құрады (2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы статистикалық ақпарат қазiргi күнге дейiн қалыптаспаған).2018 жылы «3 жұлдыз» санатын «ZERENDA PARK» қонақ үйi алды. «Rixos Borovoe» қонақ үйi халықаралық стандарттар шеңберiнде франшиза бойынша жұмыс iстейдi және «5 жұлдыз» санаты бар.7 орналастыру объектiсi («Оқ-Жетпес» ЕСК шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, «Алмаз» шипажайы, «Green Which Hotels» қонақ үйi, «Алтын күн» қонақ үйi, «Зеленый бор» шипажайы, «HOTEL INSAR» қонақ үйi) 2018 жылдың сертификаттарын ұзартты.Өңiрде 9 сертификатталған орналастыру орындары жұмыс iстейдi.Цифрландыру процесiн жүзеге асыру аясында 3 тiлдiк www.visitaqmola.kz интернет-ресурс жұмыс iстейдi, оған «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы, оның функционалына аймақтың танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен синхрондалған (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған).Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. А.ж. 600-ден астам сату тiркелдi. ## Спорт Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды. ## Мәдениет Ақмола облыста барлық меншiк түрiнiң мәдени объектiлерiнiң 694-i жұмыс iстедi, олардың 663-i мемлекеттiк, 31-i басқа меншiк объектiлерi:-276 клуб (олардың iшiнде 256 мемлекеттiк және 20 жекеменшiк);-378 кiтапхана (олардың iшiнде 370 мемлекеттiк және 8 ведомстволық);-11 музей;-2 театр;-21 мемлекеттiк архив;-облыстық филармония;-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;-облыстық халық шығармашылық және мәдени тынығу орталығы;-3 жекеменшiк кинотеатр.Облыста 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істейді.Облыста "Халықтық" атағы 81 адам және "Үлгілі" атағы — 18 адам.99 ұжым жұмыс жасайды: хореографиялық — 31; хор — 18; фольклор — 18; вокалды топтар — 14; әуесқой театрлар — 4; отбасылық ансамбльдер, цирк студиялары, орыс халық аспаптар ансамбльдерi, ән-би ансамбльдерi, қазақ халық аспаптар ансамбльдерi — 2-еуден, ВИА, фотостудия, орыс халық аспаптар оркестрi, поэтикалық студия — 1-ден. ## Денсаулық сақтау Халыққа медициналық көмектi 568 денсаулық сақтау ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, 537 амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (94,5%): (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 1 ЖИТС орталығы, 100 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 44 фельдшерлiк- акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт (МП)).Басқа да медициналық ұйымдар — 6 (1,6%). ## Ішкі саясат ### Әкімдігі Ақмола облыстық әкімдігі — Ақмола облысы әкімінің аппараты қала әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. ### Мәслихаты Ақмола облыстық мәслихаты — Ақмола облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, 1993 жылы құрылған. 2021 жылдан бастап мәслихаттың барлық мүшелері облыс халқының партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдігі арқылы сайланады, қазақстандық заңнамаға сәйкес қажетті қадамдарды шешу және олардың орындалуын бақылауына жауапты. ## Тілдерді дамыту Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 76%.Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.Этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.Бүгiнде облыста 614 мектепке дейiнгi мекемебар. Оларда жалпы саны 37675 бүлдiршiн оқиды, оның 23835-i (63,3%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 159, аралас мектептер — 217, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 121521, оның 58393-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-2018 жылдары — 48%.Қазiр облыста 33 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 26, орыс тiлдi — 5). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6232-i, яғни 29,1%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны –5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда. ## Жастар саясат Облыста жастар құрамы 148 996 адамнан тұрады, бұл жалпы облыс халқының санынан 20,2 % құрайды.«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (17 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетiледi.Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2019 жылдың 4-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 % төмен.2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 5,9% құрады, бұл республикалық деңгейден 1,1 % төмен.Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 2059 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 2784 адам ауылды жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 82 адам, ал жастар iс-тәжiрибесiне 179 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 1251 адам жұмыспен қамтылды.Халықты жұмыспен қамту, ауылды жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 211 адам 372,9 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде мамандықтар бойында: бiлiм беру — 169 адам; денсаулық сақтау — 25 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету — 1; мәдениет — 2; спорт — 7; агроөнеркәсiптiк кешен — 7 адам.Бюджеттiк несиелердi 374,5 млн теңге сомасына 502 адам алды, оның iшiнде мамандар бойынша: бiлiм беру — 72 адам, денсаулық сақтау — 21, мәдениет — 5, агроөнеркәсiптiк кешен — 4 адам.Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).Облыста жұмыс iстеп тұрған 24 жастар бiрлестiгi бар. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлерiнiң саны 275 адамға жеттi. 2019-20 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 38 ұйымында және облыстың 3 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi. ## Ауыл шаруашылығы 2020 жылы жаздық егiс 4,9 млн. га алқапқа жоспарланған, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн га.Майлы дақылдардың егiстерiн 254,0 мың га көлемде орналастыру жоспарлануда, 16,1 мың га — картоп, көкөнiстердi 3,4 мың га-ға отырғызу жоспарланған.Мал азықтық дақылдарының жазғы егiсiн 181,0 мың га алқапқа орналастыру жоспарлануда.2020 жылдың егiс науқанына 16,1 мыңнан астам бiрлiк астық тұқым сепкiштер және 1222 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады, олар ағымдағы жылы 65% астық танабын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiс алқабын 3,3 млн. га дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5 %), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5 %).Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9 %), құс — 8094,0 мың басты (122,8 %) құрады.Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1 %), шошқа 111,0 мың басты (94,1 %) құрады. ## Білім ### Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 2020 жылдың 1 қаңтарына Ақмола облысында 614 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 240 балабақша және 37955 баланы қамтитын 374 мектепке дейінгі шағын орталық. ### Жалпы орта білім беру Облыста 579 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 560 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 10 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. Контингенті 124228 баланы құрайды. ### Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісін жалпы контингенті 21600 адамды құрайтын 33 мекеме құрайды. 33 колледждің ішінде: 26 — Мемлекеттік және 7 — жеке меншік. Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану сияқты бейіндегі 94 кәсіп (мамандық) және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Облыс өңірлерін индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшін мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ақмола облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. * Астана
Ералы — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Озёрный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарыөзен (2002 жылға дейін - Крестовка) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Батпақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстікке қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Колхозное — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Есіл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Негізгі ұғым: * Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Елді мекендер: * Ертіс – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл. * Ертіс – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ертіс – Ертіс өзенінің екі жағын және Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан жазық. * Ертіс – Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан әкімшілік бірлік.
Ертіс — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Ертіс ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаракөл (2023 жылға дейін — Тельманское) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Нияз ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 59 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайыңды (2023 жылға дейін — Комсомольское) — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Николаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Топан — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Николаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин (19 шілде 1984(19840719), Тамды, Ақтөбе облысы) — қазақстандық актер, сценарийші және кинорежиссер, негізінен авторлық кино және арт-хаус жанрында түсіреді. ## Өмірбаяны Эмир Байғазин 1984 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тамды ауылында дүниеге келген. Бес жасында оның жанұясы Алға қаласына көшіп келеді, осында ол алдымен қазақ мектебінде, кейін орыс мектебінде оқиды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Эмир оқуға Ақтөбеге келеді, бірақ бір жылдан соң оқуын тастап, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрыда (2002-2004 жылдары) актер-студияшы болып жұмысқа орналасады. 20 жасында Байғазин Алматыға Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына театр актері мамандығына оқуға түсу үшін келеді, алайда соңында кинорежиссер мамандығын таңдайды. Қазақ ұлттық өнер академиясының үшінші курсында Эмир Байғазин 2-минуттық қысқа метражды "Дала" ("Степь") фильмін түсіреді, көріністің жартысы жыныстық қосылудан тұрды. Бұл жұмысы оғаг Кореядағы Азиялық киноакадемияға жолдама әперді. 2007 жылдың қыркүйек айында ол Азия киноакадемиясының (AFA) Пусан халықаралық кинофестивалінің стипендиаты атанды, оның сценарийі бойынша қысқа метражды "Девственники" фильмі түсірілді. 2008 жылы ақпанда Байғазин Германиядағы 58-ші Берлин халықаралық кинофестивалі аясындағы Берлин жас таланттар лагеріне қатысты. 2013 жылғы ақпанда Эмир Байғазин " Асланның сабақтары" (Уроки гармонии / Harmony Lessons) толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің конкурсына қатысқан бірінші қазақстандық режиссер болып дебют жасады. Эмир Байғазиннің қарсыластары қатарында Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон және т. б. болды. Ауыл мектебіндегі бұзақылық/әлімжеттік (дедовщина) туралы фильм 63-ші Берлин кинофестивалі аясында көркем жетістігі үшін "Күміс аю" сыйлығын, Сараеводағы (Босния және Герцеговина) 18 халықаралық кинофестиваліндегі киножобалар нарығындағы бас жүлдені және тағы да ондаған түрлі кинофестивальдерде Гран-при ұтып алды. 2015 жылдың ақпан айында Эмир Байғазин Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты атанды.. 2016 жылы 4 новелладан тұратын "Төрт оқиға" (The Wounded Angel (Жаралы періште)) жаңа драмасын шығарды.Бұл картина Германиядағы Funf Seen Filmfest халықаралық фестивалінде "Үздік фильм" жүлдесін, Чеджудегі (Корея) фестивальда қазылар алқасының арнайы жүлдесін, Кошицедегі (Словакия) Art Film Fest ХКФ-нде "Үздік режиссер" жүлдесін және Transformation Film Awards 2017 кинопремиясының "Жас ұрпақтың проблемалары мен армандарына деген назар" номинациясы бойынша (Сочи, Ресей) бас жүлдені жеңіп алды. 2018 жылы "Өзен" (The River) лентасын шығарды. Бұл шалғайдағы ауылдағы бес ағайындының өмірі туралы баяндалатын "Аслан трилогиясының" (алғашқы екі бөлігі "Асланның сабақтары" мен "Төрт оқиға") соңғы бөлімі. Аталмыш туындысымен Байғазин үздік режиссурасы үшін 75-ші Венеция кинофестивалінде "Көкжиектер" бағдарламасының "Алтын арыстан" жүлдесін және Hollywood Foreign Press Association резиденттік грантын ұтып алды. ## Фильмографиясы Актер * Күндізгі барлау (орыс. Дневной Дозор) (2005) — жас Темірланның рөлінде. Қысқа метражды картиналар: * Көңілді әрі ренжігендер (Веселые и обиженные) (2006) — бұл фильмде Эмир Байғазин сценарий авторы, режиссер және оператор ретінде қатысып, "Дидар" студенттік кинофестивалінің үздік режиссура жүлдесін жеңіп алды. Фильм сондай-ақ студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты. * Дала (Степь) (2007). Сценарий авторы, режиссері әрі операторы: Эмир Байғазин. Фильм студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты. * Девственники (2007). Сценарий авторы және режиссері (бес режиссердің бірі): Эмир Байғазин. * Весогонщик (2008). Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин. Фильм қазақстандық студенттік "Дидар" кинофестивалінің (2008) бас жүлдесін және Алматыдағы ХКФ "Шәкен Жұлдыздарының" арнайы сыйлығын алды. Толық метражды картиналар: * Алматы силуэттері (Силуэты Алматы) (2009) — фильм продюсері. * Асланның сабақтары (2013) . Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин. * Төрт оқиға (2016). Сценарий авторы, режиссер, монтаждаушы: Эмир Байғазин. * Өзен (2018). Продюсер, сценарий авторы, режиссер, қоюшы-оператор, монтаждаушы: Эмир Байғазин. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Никита Карцев Сирота казахская  (орыс.). Московский Комсомолец (21 ақпан 2013). Тексерілді, 18 желтоқсан 2018. * Правила жизни Эмира Байгазина  (орыс.). Esquire. Тексерілді, 18 желтоқсан 2018.
Айтматов ауданы (қыр. Айтматов району) — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының батыс, таулы бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. 2023 жылға дейін Қарабура ауданы, 1992 жылға дейін — Киров ауданы, 1930-шы жылдары — Рыков ауданы деп аталған. Аудан орталығы — Қызыладыр айылы. Аумағы — 4216 км2. ## Халқы 2009 жылы халық саны 56 442 адамды құрады, соның ішінде 55 555 адам - ауыл тұрғыны. 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 58 056 тұрғынның ішінен қырғыздар 51 243 адамды құрайды, немесе 88,3 %, күрдтер — 3338 адам немесе 5,7 %, қазақтар — 1157 адам немесе 2,0 %, түріктер — 792 адам немесе 1,4 %, орыстар — 773 адам немесе 1,3 %, өзбектер — 361 адам немесе 0,6 % және басқалары — 392 адам (0,7 %). ## Географиясы мен экономикасы Аудан аумағында 2005 ж. бірегей орта жоталы саванноидтарды, альпілік және субальпілік шалғындар мен Батыс Тянь-шаньның биологиялық әртүрлілігін сақтау үшін Қарабура мемлекеттік қорығы құрылды. Ауданда 10 569 үй шаруашылығы бар. Негізінен ауыл шаруашылығы дамыған. Жыртылатын егін шаруашылығанан бидай, картоп, көкөніс, қант қызылшасы, үрме бұршақ басым болып келеді. Сондай-ақ, мал шаруашылығы да дамыған. ## Елді мекендер Ауданда 10 айыл аймағы және оған қарасты 24 айыл бар: * Ақши айыл аймағы: Жуантөбе (орталығы), Жиде айылдары; * Аманбаев айыл аймағы: Аманбаев (орталығы), Ақжар, Құрғақ Маймақ, Сулы Маймақ айылдары; * Бақайыр айыл аймағы: Ақбасат (орталығы), Қарасай айылдары; * Бақиян айыл аймағы: Бақиян (орталығы), Тамшыбұлақ, Қамаш айылдары; * Бейсеке айыл аймағы: Бейсеке (орталығы), Қарабура, Қарасу айылдары; * Көксай айыл аймағы: Көксай (орталығы), Қайнар айылдары; * Қарабура айыл аймағы: Қызыладыр (орталығы), Үлкен Қарабура, Үшбұлақ айылдары; * Маймақ айыл аймағы: Маймақ ауылы (орталығы); * Шекер айыл аймағы: Шекер (орталығы), Аршағұл айылдары; * Шолпанбай айыл аймағы: Шолпанбай (орталығы), Көктөбе айылдары. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Карта пгт. Мұрағатталған 22 маусымның 2011 жылы. Кызыладыр және Қара-Бура ауданы Мұрағатталған 22 маусымның 2011 жылы.
Сельстрой — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Сұңқар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жетіөгіз ауданы (қыр. Жети-Өгүз району) — Қырғызстан Республикасындағы Ыстықкөл облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Қызылсу ауылы. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 82 085 аудан тұрғындарының ішінен 74 852 адамды құрайды (немесе 91,2 %), орыстар — 3660 адам немесе 4,5 %, дүнгендер — 1953 адам немесе 2,4 %, ұйғырлар — 744 адам, немесе 0,9 %, татарлар — 259 адам немесе 0,3 %, қазақтар — 253 адам немесе 0,3 %. ## Елді мекендері Жеті-Өгіз ауданының құрамына 13 айылдық (ауылдық) округ, 51 айыл (ауыл) кіреді: * Ақ-Дебе айылдық округі: Мундуз а. (орталығы), Ақ-Дебе, Аң-Өстен, Тілекмат * Ак-Ширақ айылдық округі: Ақ-Ширақ а. (орталығы), Культцентр, Ыштық * Алдашев айылдық округі: Саруу а. (орталығы), Жууку, Ыстық-Көл * Барсқоон айылдық округі: Барсқоон а. (орталығы), Қарақол, Қара-Сай, Сеок * Дарқан айылдық округі: Дарқан а. (орталығы) * Жарғылчақ айылдық округі: Ақ-Терек а. (орталығы), Женіш, Кіші-Жарғылчақ, Чоң-Жарғылчақ * Жеті-Өгіз айылдық округі: Жеті-Өгіз а. (орталығы), Ақ-Қошқар, Желе-Дөбө, Жеті-Өгіз (курорт), Қабақ, Талды-Бұлақ, Чырақ * Қызыл-Су айылдық округі: Қызыл-Су а.(орталығы), Жалғыз-Өрік, Қайнар, Покровская Пристань * Липенка айылдық округі: Липенка а. (орталығы), Богатыровка, Зеленый Гай, Ішкі-Бұлұн * Оргочор айылдық округі: Оргочор а. (орталығы), Боз-Бешік, Құрғақ-Айрық, Подгорное * Светлая Поляна айылдық округі: Светлая Поляна а. (орталығы), Чоң-Қызыл-Су * Тамға айылдық округі: Тамға а. (орталығы), Тосор * Ырдық айылдық округі: Балтабай а. (орталығы), Жон-Бұлақ, Қытай, Конкино, Ырдық ## Әйгілі тумалары * Жәлил Әбдіқадыров (1932-1984) — қырғыз совет театр режиссері, прозашы, драматург, аудармашы, Қырғыз КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер
Сұңқар (2002 жылға дейін - Скобелевка) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Сұңқар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Саяқбай Қаралаев (1894, Ыстықкөлдің Үшқойсу мекені, — 07. 05. 1971, Фрунзе) — қырғыз жыршысы, атақты манасшы. Қырғыз КСР-інің халық артисі (1939). Кедей шаруа семьясынан шыққан. «Манас» эпосы мен халық жырларынан жарты млн. өлең жолын жатқа білген. Азамат соғысы жылдары Қызыл Армия қатарында ақ гвардияшылар мен басмашыларға қарсы күресті. Қаралаев «Манасты» жырлауды атақты манасшы Чоюкеден үйренген. «Манас» эпосының толық нұсқасы Қаралаевтан 1930 жылдардан бастап жазылып алынды. 2 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Есіл (2004 жылға дейін - Литвинское) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Есіл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тоң ауданы (қыр. Тоң району) — Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөл облысының батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Боқонбаев ауылы. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 49130 аудан тұрғындарының ішінен 48136 адамды құрайды (немесе 98,0 %), орыстар — 838 адам (1,7 %), басқалары — 156 адам (0,3 %). ## Елді мекендері Тоң ауданының құрамына 9 айылдық (селолық) округ, 30 айыл (ауыл) кіреді: * Ақ-Терек айылдық округі: Қара-Қау а. (орталығы), Ала-Баш, Бар-Бұлақ, Ден-Талаа, Комсомол (Қалқағар), Қызыл-Ту * Кел-Тер айылдық округі: Тоғыз-Бұлақ а. (орталығы), Кел-Тер, Коңыр-Өлең * Көк-Мойноқ айылдық округі: Ақ-Өлең а. (орталығы), Көк-Мойноқ-Бірінші, Көк-Мойноқ-Екінші * Болот Мамбетов айылдық округі: Эшперово а. (орталығы), Жер-Үй, Ақ-Сай, Кек-Сай * Күн-Чығыш айылдық округі: Боқонбаева. (орталығы), Арчалы * Тоң айылдық округі: Тоң а. (орталығы), Ақ-Сай, Қажы-Саз * Терт Көл айылдық округі: Төрт-Көл а. (орталығы), Темір Қанат, Тура-Су * Ұлакөл айылдық округі: Оттық а. (орталығы), Қара-Тала, Қара-Шаар, Тура-Су, Шор-Бұлақ * Қажы-Сай айылдық округі: Қажы-Сай а. ## Белгілі тумалары * Саяқбай Қаралаев (1894-1971) — қырғыз ақыны және манасшы. * Жүсіп Тұрұсбеков (1910-1944) — қырғыз ақыны, драматург, қырғыз поэзиясы мен драматургиясының негізін салушылардың бірі. Ұлы Отан соғысы фронтында қаза тапты. * Азиз Салиев (1924-2012) - Академик, Профессор, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. * Толомуш Океев (1935-2001) — кинорежиссер, КСРО халық әртісі (1985). * Жұмаш Эшперов (1938-2003) — еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, ҚР ЖК депутаты (1991-1994). * Таштанбек Акматов (1937) — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Төрағасы. * Социалистік Еңбек Ерлері Қайыр Мұқашева, Үміткер Рысмамбетова, Макеш Саяқбаев, Сүйімқан Қожобекова. * Бексұлтан Жақиев (1936 ж. д.к.) — драматург, ҚР халық жазушысы. ## Дереккөздер
Крещеновка — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Қарағайлы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Түп ауданы (қыр. Түп району) — Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Түп ауылы. ## Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 58786 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 51578 адамды құрайды (немесе 87,7 %), қазақтар — 3624 адам немесе 6,2 %, орыстар — 2571 адам немесе 4,4 % - ға, балқарлар — 209 адам немесе 0,4 %, украиндар — 174 адам немесе 0,3 %, қалмақтар — 171 адам немесе 0,3 %, өзбектер — 139 адам немесе 0,2 %, басқалары — 320 адам (0,5 %). ## Елді мекендері Түп ауданы құрамына 12 айылдық (ауылдық) округ, 35 айыл (ауыл), 1 қала типтес кент кіреді: * Ақ-Бұлақ қала типтес кенті * Арал айылдық округі: Мың-Бұлақ а. (орталығы), Арал, Долон, Көш-Дебе, Сары-Дебе * Ыстықкөл айылдық округі: Ыстықкөл а. (орталығы), Ынтымақ * Құтұрғы айылдық округі: Құтұрғы а.(орталығы), Кіші-Өрікті, Ой-Бұлақ, Ой-Тал * Михайловка айылдық округі: Михайловка а. (орталығы) * Тоғыз-Бұлақ айылдық округі: Тоғыз-Бұлақ а. (орталығы), Сары-Бұлұн * Сан-Таш айылдық округі: Байзақ а. (орталығы), Қарқыра, Кең-Су, Сан-Таш, Сары-Телегей * Сары-Бұлақ айылдық округі: Балбай а. (орталығы), Күрментү * Ақ-Бұлұн айылдық округі: Ақ-Бұлұн а. (орталығы), Беловодское, Фрунзенское * Талды-Су айылдық округі: Талды-Су (орталығы), Ичке-Су, Кеочю, Қорымды * Қарасай айылдық округі: Тасма а. (орталығы), Тоқтоян, Чоң-Тоғыз-Бай * Түп айылдық округі: Түп а. (орталығы), Бірлік, Шаты. * Чоң-Таш айылдық округі: Чоң-Таш а. (орталығы), Жылу-Бұлақ ## Тарихы 1962 жылы Түп ауданына Қарақол (Пржевальский) ауданы қосылды. ## Дереккөздер
Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин (19 шілде 1984(19840719), Тамды, Ақтөбе облысы) — қазақстандық актер, сценарийші және кинорежиссер, негізінен авторлық кино және арт-хаус жанрында түсіреді. ## Өмірбаяны Эмир Байғазин 1984 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тамды ауылында дүниеге келген. Бес жасында оның жанұясы Алға қаласына көшіп келеді, осында ол алдымен қазақ мектебінде, кейін орыс мектебінде оқиды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Эмир оқуға Ақтөбеге келеді, бірақ бір жылдан соң оқуын тастап, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрыда (2002-2004 жылдары) актер-студияшы болып жұмысқа орналасады. 20 жасында Байғазин Алматыға Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына театр актері мамандығына оқуға түсу үшін келеді, алайда соңында кинорежиссер мамандығын таңдайды. Қазақ ұлттық өнер академиясының үшінші курсында Эмир Байғазин 2-минуттық қысқа метражды "Дала" ("Степь") фильмін түсіреді, көріністің жартысы жыныстық қосылудан тұрды. Бұл жұмысы оғаг Кореядағы Азиялық киноакадемияға жолдама әперді. 2007 жылдың қыркүйек айында ол Азия киноакадемиясының (AFA) Пусан халықаралық кинофестивалінің стипендиаты атанды, оның сценарийі бойынша қысқа метражды "Девственники" фильмі түсірілді. 2008 жылы ақпанда Байғазин Германиядағы 58-ші Берлин халықаралық кинофестивалі аясындағы Берлин жас таланттар лагеріне қатысты. 2013 жылғы ақпанда Эмир Байғазин " Асланның сабақтары" (Уроки гармонии / Harmony Lessons) толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің конкурсына қатысқан бірінші қазақстандық режиссер болып дебют жасады. Эмир Байғазиннің қарсыластары қатарында Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон және т. б. болды. Ауыл мектебіндегі бұзақылық/әлімжеттік (дедовщина) туралы фильм 63-ші Берлин кинофестивалі аясында көркем жетістігі үшін "Күміс аю" сыйлығын, Сараеводағы (Босния және Герцеговина) 18 халықаралық кинофестиваліндегі киножобалар нарығындағы бас жүлдені және тағы да ондаған түрлі кинофестивальдерде Гран-при ұтып алды. 2015 жылдың ақпан айында Эмир Байғазин Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты атанды.. 2016 жылы 4 новелладан тұратын "Төрт оқиға" (The Wounded Angel (Жаралы періште)) жаңа драмасын шығарды.Бұл картина Германиядағы Funf Seen Filmfest халықаралық фестивалінде "Үздік фильм" жүлдесін, Чеджудегі (Корея) фестивальда қазылар алқасының арнайы жүлдесін, Кошицедегі (Словакия) Art Film Fest ХКФ-нде "Үздік режиссер" жүлдесін және Transformation Film Awards 2017 кинопремиясының "Жас ұрпақтың проблемалары мен армандарына деген назар" номинациясы бойынша (Сочи, Ресей) бас жүлдені жеңіп алды. 2018 жылы "Өзен" (The River) лентасын шығарды. Бұл шалғайдағы ауылдағы бес ағайындының өмірі туралы баяндалатын "Аслан трилогиясының" (алғашқы екі бөлігі "Асланның сабақтары" мен "Төрт оқиға") соңғы бөлімі. Аталмыш туындысымен Байғазин үздік режиссурасы үшін 75-ші Венеция кинофестивалінде "Көкжиектер" бағдарламасының "Алтын арыстан" жүлдесін және Hollywood Foreign Press Association резиденттік грантын ұтып алды. ## Фильмографиясы Актер * Күндізгі барлау (орыс. Дневной Дозор) (2005) — жас Темірланның рөлінде. Қысқа метражды картиналар: * Көңілді әрі ренжігендер (Веселые и обиженные) (2006) — бұл фильмде Эмир Байғазин сценарий авторы, режиссер және оператор ретінде қатысып, "Дидар" студенттік кинофестивалінің үздік режиссура жүлдесін жеңіп алды. Фильм сондай-ақ студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты. * Дала (Степь) (2007). Сценарий авторы, режиссері әрі операторы: Эмир Байғазин. Фильм студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты. * Девственники (2007). Сценарий авторы және режиссері (бес режиссердің бірі): Эмир Байғазин. * Весогонщик (2008). Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин. Фильм қазақстандық студенттік "Дидар" кинофестивалінің (2008) бас жүлдесін және Алматыдағы ХКФ "Шәкен Жұлдыздарының" арнайы сыйлығын алды. Толық метражды картиналар: * Алматы силуэттері (Силуэты Алматы) (2009) — фильм продюсері. * Асланның сабақтары (2013) . Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин. * Төрт оқиға (2016). Сценарий авторы, режиссер, монтаждаушы: Эмир Байғазин. * Өзен (2018). Продюсер, сценарий авторы, режиссер, қоюшы-оператор, монтаждаушы: Эмир Байғазин. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Никита Карцев Сирота казахская  (орыс.). Московский Комсомолец (21 ақпан 2013). Тексерілді, 18 желтоқсан 2018. * Правила жизни Эмира Байгазина  (орыс.). Esquire. Тексерілді, 18 желтоқсан 2018.
Приишимское — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Пионер ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінің солтүстік-шығысында 28 км-дей жерде, Жақсы Нияз тауларынан басталатын Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ауылдан оңтүстікке қарай 24 шақырымдай жерде Шоқай теміржол бекеті, солтүстік-шығысқа қарай 38 шақырым жерде Молодёжный кенті орналасқан. Ауыл арқылы P-197 автомобиль жолы өтеді. ## Халқы ## Дереккөздер
Центральное — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Пионер ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінің солтүстік-шығысында 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Шоқай – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Шоқай – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл. * Шоқай – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы темір жол бекеті. * Шоқай – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл.
Қоянды — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Сұңқар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратомар (2023 жылға дейін — Сенокосное) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Қаратомар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратомар ауылдық округі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратомар ауылы кіреді. Орталығы – Қаратомар ауылы. ## Дереккөздер
Қарасу — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Степное — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Трудовой ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Трудовое — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Трудовой ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер