text
stringlengths 3
252k
|
---|
Садовое — Қарағанды облысы Абай ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Самарка — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Самар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Самарка – Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл.
* Самарка – Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл. |
Изумрудное — Қарағанды облысы Абай ауданы, Самар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1974 жылы Ертіс-Қарағанды каналының 2-кезеңінің салынуына байланысты қаланды. 1981 жылы кентке айналды. “Ертісканалқұрылыс” басқармасының 75 жылжымалы механикаландырылған колоннасының базасы, орталау мектеп, клуб, кітапхана т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Тәттібибі Тұрсынбаева (қыр. Таттыбүбү Турсунбаева) — КСРО кино және театр актрисасы, Қырғыз КСР-ның еңбек сіңірген актрисасы және КСРО кинематографистер одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
1944 жылы Тянь-Шань (Қазіргі Жұмағұл ауданы) ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі театр институтын тәмамдады. Сол жылы Қырғыз мемлекеттік драма театрына жұмысқа орналасты. Жұмыс істей жүріп бірнеше рет кино саласында да жұмыс жасады.
"Қырғызфильм" киностудисында бірнеше киноға түсті. Алғаш сомдаған рөлі — 1960 жылы түсірілген "Сәлиманың әні" фильміндегі оқушы қыз.
1981 жылы 21 желтоқсан күні туберкулезден қайтыс болды.
## Фильмографиясы
* 1960 — «Сәлиманың әні», реж. Б. Новиков — Салима
* 1965 — «Тіл алғыш қыз», реж. Л. Гуревич и Б. Абдылдаев — Айзада
* 1967 — «Саманшының жолы» реж. Г. Базаров — Толгонай
* 1969 — «Ак Мёёр» реж. М. Убукеев — Ак Мёёр
* 1971 — «Отқа табын» реж. Т. Океев — Уркуя Салиева
* «Аққулар қонған айдын көл» реж. Ю. Борецкий
* 1972 — «Солдат» реж. Э. Уразбаев
* 1974 — «Махаббат жаңғырығы» реж. Б. Шамшиев — Асия Бежанова
* 1975 — «Қызыл алма» реж. Т. Океев — Бейтаныс қыз
* «Арман» реж. Д. Садырбаев
* 1977 — «Күн астында» — эпизод
* 1978 — «Шілдедегі үш тәулік» реж. К. Акматалиев
* 1979 — «Процесс» реж. Дж. Соданбек — Зулайка
* 1980 — «ХХ ғасыр пираттары» — эпизод
## Әдебиет
* Жусупова Ракыя. ТАТТЫБҮБҮ: Макалалар, маектер, эскерүүлөр. - Б.: "Турар", 2015
* Чынар Калыбекова. ТАГДЫР романы. (Соң- Көл чүрөгү баяны), - Б.: Кыргызпатент, 2015, - 246 б.
## Сілтемелер
* Қырғыз жерінің қыздары |
Поливное — Қарағанды облысы Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Восход — Қарағанды облысы Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Берик-апон-Туид (ағыл. Berwick-upon-Tweed) — немесе Берик, Нортумберленд графтығында, Англияның шығыс жағалауындағы қала, Англияның ең солтүстігінде орналасқан. Оңтүстік Шотландия шекарасынан 4 км қашықтықта, Солтүстік теңізге құятын Туид өзенінің түбегінде орналасқан. Біріккен Корольдіктің 2001 жылғы санағына сәйкес Берикшир округінің бұрынғы басты қаласы Берик-апон-Туидта 11 665 адам тұрды. 2008 жылы азаматтық аудан және муниципалитет құрылды. Гептархияның ажырамас бөлігі болған Нортумбрия патшалығы кезінде құрылған, қала ғасырлар бойы 1482 жылы Англияға өткенге дейін, Англия мен Шотландия арасындағы тарихи шекаралық соғыстардың орны болды.
«Баяу қала» қозғалысының мүшесі (итал. Cittaslow). Қала арқылы A1 автомагистралі өтеді.
## Тарихы
Берик аумағында алғашқы қоныс б.з. I мыңжылдықтың соңында пайда болды, және Нортумбрия патшалығының құрамына кірді. Нормандардың шабуылдарына ұшыраған. 1018 жылы Шотландияға кіреді. XII ғасырдың басында Шотландия патшасы Дәуіт I Берикті 4 патшалық сарайдың бірі ретінде жариялайды.
XIII ғасырда Шотландияның ең жақсы айлығы мен орман, астық және балық саудасының гүлденуі арқасында Берик Шотландиядағы ең ірі және ең бай қала болды. Алайда 1296 жылы ағылшын королі Эдуард I қалаға шабуыл жасап, оны қиратады. Үздіксіз ағылшын-шотланд соғысы нәтижесінде, 1296 жылдан 1482 жылға дейін Берик Англиядан Шотландияға 13 рет ауысады. Осы әрекеттердің нәтижесінде қала біртіндеп ыдырап кетеді.
1482 жылы болашақ ағылшын патшасы Ричард III оны Англияға толығымен қосады. Алайда, 1502 жылы Берикте Ағылшындық Генрих VII мен Шотландық Яков IV-нің арасында болған келісімге сәйкес, Берик Англияға тиесілі, бірақ Англия патшалығының бөлігі болып есептелмейді, қала бірнеше жүз жылдар Ұлыбританияда толық бірегей заңды және әкімшілік жағдайында болды. 1746 жылы ағылшын парламенті Уэльс пен Берик Актын жариялап, Берік аумағына ағылшын заңнамасын таратты. Алайда, тек 1974 жылы Англиядағы басқару реформасынан кейін қала соңғы «арнайы құқықтарынан» айырылып, Нортамберленд графтығының құрамына кірді.
## Ресеймен соғысы
Бериктің ерекше ұстанымымен байланысты саяси күлкілі оқиғаның бірі оның «Ресеймен соғысы». Берик 1885 жылға дейін өзінің мәртебесіне байланысты ағылшын монархтарының атағына кірді. Осылайша, британдық үкіметтің бірқатар құжаттары «Англия, Шотландия және Берік қаласы» атынан жарияланды. Сондай-ақ 1854 жылы Қырым соғысын тудырған Ресейге соғыс жариялау, Виктория патшайымы «Ұлыбритания, Ирландия, Берік және барлық британдық меншіктер» атынан қол қойды. Алайда, 1856 жылғы Париж бейбітшілігі туралы шарт жасасу кезінде мәтінге Берікті қосуды ұмытып кетті.
Осылайша, 113 жыл шағын қалашық әлемдегі ең қуатты державалардың біріне 1966 жылға дейін кеңестік өкіл Бериктің мэрі Роберт Нокспен «бейбітшілік келісіміне» қол қойғанға дейін заңды түрде соғыс жағдайында болды. Алайда кейбір заңгерлердің айтуынша, мэр осындай құжаттарға қол қоюға құқығы жоқ, себебі ол Виктория патшайымның мұрагері емес.
## Шаруа қожалығы
Берик қазіргі уақытта дамып келе жатқан сауда орталығы болып табылады. Аудандағы белсенді халық 60%, зейнеткерлер - 19%, жұмыссыздар квотасы шамамен 4% құрайды. Жұмыс істейтіндердің 60% -дан астамы қызмет көрсету аясында - сауда, қонақ үй бизнесі, банк, денсаулық сақтау және көлік саласында жұмыс істейді. 13% -ы өнеркәсіпте, 10-ы ауыл шаруашылығында, 8-і құрылыс саласында жұмыс істейді.
Берик қаласында және жақын аймағында балық аулау (балық аулау), кеме жасау, машина жасау, мата өндірісі (бірінші кезекте - твид) және ағаш өңдеу жақсы дамыған.
## Сілтеме
* Berwick-upon-Tweed Town Council (ағыл.)
* Berwick-upon-Tweed – official tourist information (ағыл.)
* Explore Berwick (ағыл.)
* Berwick Shipyard – images and history of Berwick's shipbuilding (ағыл.)
* "Berwick, the Face of Victory" Мұрағатталған 2 қыркүйектің 2018 жылы. Alexander Carrick, Sculptor. – article about Berwick-upon-Tweed war memorial, sculpted by Alexander Carrick (ағыл.)
* In And Around Berwick (ағыл.)
* Berwick-upon-Tweed, Northumberland Photos (ағыл.)
* "A tale of one town" BBC News Online. news story about a tongue-in-cheek debate on whether Berwick should be part of England or Scotland (ағыл.) |
Қарақоға — Қарағанды облысы Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тағдыр тәлкегі. Жалғасы (орыс. Ирония судьбы. Продолжение) — Эльдар Рязановтың "Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!" атты кинокомедиясының 30 жылдан аса уақыттан кейінгі жалғасы. Тимур Бекмамбетовтың жаңажылдық комедиясы.
## Фильм туралы фактілер
* Тұсаукесері 2007 жылы 21 желтоқсанда өтті. Рязанов түсірген фильмге ұқсастықтары: мұнда енді байырғы кейіпкерлер — Женяның ұлы Константин мен Надяның қызы Надежда Ипполитовна бір-біріне ғашық болады. Надежда Иполитовна Константин үшін өзінің атастырылған жігіті Ираклийден бас тартады.
* Женя өз достарымен жаңа жыл алдындағы моншаға баратын дәстүрді әлі жоғалтпаған, бұл жолы Женя өзі бара алмай қалады да, орнына ұлы Константинді жібереді. Ұлы арақ ішемін деп, Мәскеуден Санкт-Петербурге ұшып, баяғы мекен-жайдан бір-ақ шығады.
* Фильді түсіру жоспары 2008 жылы, Рязанов киносының 30 жылдығына орай туындаған екен.
* Фильм Ресей мен ТМД елдерінде ең табысты туындылардың бірі болды, прокаттан 49,92 млн. доллар пайда келтірді.
## Рөлдерде
## Саундтрек
* Константин Меладзе — «Опять метель» [03:46]. Орандушылар — Алла Пугачёва, Кристина Орбакайте; сөзі — Джахан Поллыева.
* Юрий Потеенко — «31 декабря» [00:47]
* James Lord, Pierpont — «Эй, залётные» [01:01]
* Микаэл Таривердиев — «Ирония судьбы» [01:44]
* Ю. Потеенко — «Город не спит» [01:14]
* М. Таривердиев — «Новый год» [03:20]
* М. Таривердиев — «Тётин вальс» [02:24]
* М. Таривердиев — Лукашин Константин Евгеньевич [02:20]
* К. Хабенский — «Если у вас нету тёти» [02:07]
* М. Таривердиев — «Переборы соседские» [04:06]
* М. Таривердиев — «Его больше не будет» [02:15]
* James Lord, Pierpont — «С наступающим, товарищ майор!» [02:05]
* М. Таривердиев — «История любви» [02:16]
* Ю. Потеенко — «Первое утро нового года» [03:44]
* А. Вартанов — «Возвращение любви» [01:30]
* Ю. Потеенко — «Сказка про зайчика» [02:08]
* М. Таривердиев — «Я спросил у ясеня» [03:23]
* М. Таривердиев — «Ирония судьбы» (Түпнұсқасы) [03:23]
* E.S. Posthumus — «Nara» [04:51]
* М. Таривердиев — «Ирония судьбы» 2008 (Triplex Version Radio Edit) [03:14]
* «Баста» и «Город 312» — «Обернись» [03:59]
* Океан Ельзи. Без бою
## Жүлделері |
Басқұдық – Шығыс Қаратау тауының оңтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап.
## Географиялық орны
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Жер көлемі 150 км2. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Басқұдық құмды аумағы Бекі-Басқұдық солтүстік қанатын алып жатыр. Мұның барлық жері сулы болып келмейді, тек терістік ойпаттары ғана сулы болады. Жер асты суының тұздылығы литріне 0,24 г-ға дейін, тұщы су құмның орталық бөлігін алып жатыр. Жер асты суы жауын-шашын суының сүзіліп өтуінен және ішінара құмды аумақ астындағы аль-сеноман шөгіндісінде ашық жер деп аталатын саңылаудан ағу арқылы көбейеді. Судың қоры - 50 л/с.
## Дереккөздер |
Пруды — Қарағанды облысы Абай ауданы, Самар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Жартас – үгілу процестеріне төзімді, қатты тау жыныстарынан құралған тау сілемінің жеке-дара тұрған биік тасы.
Елді мекендер:
* Жартас – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Жартас – Қарағанды облысы Абай ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Жартас – Қарағанды облысы Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Өзен:
* Жартас – Нұра алабындағы өзен.
Тау:
* Жартас – Абай облысы Аягөз ауданындағы тау.
* Жартас – Сарытаудың оңтүстік-батыс сілеміндегі тау. |
Есенгелді — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Есенгелді ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан батысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жартас — Қарағанды облысы Абай ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ялта — Қарағанды облысы Абай ауданы, Құлаайғыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстікке қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Северное — Қарағанды облысы Абай ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көксу — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Көксу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Солтүстік Ақтау артезиан бассейні батыс және шығыс Қаратау жондарының солтүстік жағында орналасқан, жалпы аумағы 500км2. Оның ұзындығы 100,ені 40-50 шақырым шамасында.Сулы аумақ су ұстайтын 6 қабаттан түрады.Жалпы тереңдігі 700-1100 метрдің арасында. Әрайсысының қабаты 50-60 метр шамасында болады. Суы неғұрлым молырағы және тұщысы-жоғарғы қабаттары. Екінші және үшінші қабаттарының практикалық мәні зор, бірақ судың тараған аумағы оларда салыстырмалы түрде үлкен емес, минералдығы 3г/л тқңірегінде. Екінші қабаттағы судың қоры 400-500 л/с жобасында.
## Дереккөздері
Атамұра баспасыМаңғыстау энциклопедиясы |
Ягодное — Қарағанды облысы Абай ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасзаемка — Қарағанды облысы Абай ауданы, Ильич ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жұмабек — Қарағанды облысы Абай ауданы, Құрма ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абылайхан Жангелдіұлы Махамбетов (3 тамыз 1991 жыл) — қазақ футболшысы, шабуыл шебінде ойнайды.
## Карьерасы
2018 жылдан бері Түркістан облысының "Қыран" клубында доп тебеді. Оған дейін "Ордабасы", "Оқжетпес", "Қызылжар", "Шахтер" секілді атақты клубтармен бірге Қазақстан чемпионатының төменгі лигаларындағы "БИИИК, "Мақтаарал" командаларында ойнаған. 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанды, бірақ келесі жылы басқа клубқа ауысты да, өзі армандаған Чемпиондар Лигасына қатыса алмады.
Қазақстан жастар ққұрамасында үш ойын ғана өткізді.
## Жетістіктер
### Командалық
«Ордабасы»
* Қазақстан кубогы (1): 2011
«Шахтёр»
* Қазақстан чемпионы (1): 2012
## Сілтемелер
* Профиль Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы. (орыс.)
* Профиль (орыс.)
* Профиль Мұрағатталған 16 қазанның 2018 жылы. (орыс.) |
Елді мекендер:
* Қарабас – Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл.
* Қарабас – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл.
* Қарабас – Қарағанды облысы Абай ауданындағы кент.
Басқа мағыналар:
* Қарабас – Сырдария алабындағы өзен.
* Қарабас – Балқаш көлінің солтүстік-батысындағы шоқылы тау. |
Жаманжол — Қарағанды облысы Абай ауданы, Құлаайғыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бозжиде — ірі-ірі тікентері,тармақтарының бар ағаш тәрізді, биіктігі 10метрге жуық жеміс.Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Жемісінің ұзындығы 2-3 см, қызғылт түсті, дәмі ұн татитын бүлдірген. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек қазан айларында жеміс береді.
## Химиялық құрамы
Жемістің құрамында көмірсутегі, таниндер, С дәрумені, органикалық қышқылдар,калий,фосфор бар. Жапырағында аскорбин қышқылы, ал гүлдерінде хош иісті эфир майы болады.
## Қолданылуы
Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды.Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қолданылады. Ғыл. медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан және пшатин препараттарын жасайды.
## Дереккөздері
Атамұра баспасы |
Қоянды — Қарағанды облысы Абай ауданы, Дзержинский ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Зелёные Ключи — Қарағанды облысы Абай ауданы, Көксу ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сарепта — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Дзержинский ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абылайхан Жангелдіұлы Махамбетов (3 тамыз 1991 жыл) — қазақ футболшысы, шабуыл шебінде ойнайды.
## Карьерасы
2018 жылдан бері Түркістан облысының "Қыран" клубында доп тебеді. Оған дейін "Ордабасы", "Оқжетпес", "Қызылжар", "Шахтер" секілді атақты клубтармен бірге Қазақстан чемпионатының төменгі лигаларындағы "БИИИК, "Мақтаарал" командаларында ойнаған. 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанды, бірақ келесі жылы басқа клубқа ауысты да, өзі армандаған Чемпиондар Лигасына қатыса алмады.
Қазақстан жастар ққұрамасында үш ойын ғана өткізді.
## Жетістіктер
### Командалық
«Ордабасы»
* Қазақстан кубогы (1): 2011
«Шахтёр»
* Қазақстан чемпионы (1): 2012
## Сілтемелер
* Профиль Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы. (орыс.)
* Профиль (орыс.)
* Профиль Мұрағатталған 16 қазанның 2018 жылы. (орыс.) |
Жон — Қарағанды облысы Абай ауданы, Ильич ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Южное — Қарағанды облысы Абай ауданы, Көксу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
«Махаббат тәлкегі» — толық метражды көркем фильм. 2010 ж. Қазақфильм мен Интерфест киностудиялары шығарған.
## Сюжет
Фильм Әсел атты аса келбетті бойжеткен жайында. Ауқатты күйеу жігіттің арқасында Әселді қоғамның бетке ұстар қаймақтары әрдайым өз қатарларына қосып, өздерімен тең көреді. Алайда ол бұл ортада өз жетістіктерінің арқасында сыйлы болғысы келеді. Оған бұл жолда оның құрбысы Женя қол ұшын созбақ болып, ол үшін бір ғана шарт қояды. Әсел дәмханаға алғаш кіріп келген жігітті өзіне ғашық етуі тиіс болады. Ол адам - өмірі жолы болмайтын оқымысты Иван болып шығады. Анасынан басқа ешкімді елемейтін оқымысты жігітті өзіне ғашық етемін деп оқталған бойжеткен, оған өзі қалай ғашық болып қалғанын білмей қалады. Ақырында алғашқы шынайы махаббаты үшін үйлену тойының үстінде дәулетті күйеу жігітін тастап кетеді.
## Рөлдерде
* Иван — Алексей Чадов
* Әсел — Әсел Сағатова
* Әлік — Ерік Жолжақсынов
* Иванның анасы — Ирина Розанова
* Женя — Ольга Орлова
* Маша — Наталья Рудова
* Анжела — Марина Черняева
* генерал — Гоша Куценко
* Бибігүл — Қарлығаш Мұхамеджанова
* Андрей — Виталий Герасимов
## Дереккөздер |
«Қыран» — Түркістандағы футбол клубы. 2011 жылы құрылған. Алғашқы маусымда "Тарлан" деген атпен ойнады. Өз алаңындағы ойындарын "Түркістан Арена" стадионында өткізеді. Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсетеді.
2020 жылға дейін базасы Шымкент қаласында болды.
## Статистикасы
## Жетекшілері
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша
## Атақты футболшылары
* Еркебұлан Сейдахмет
* Мұрат Сүймағамбетов
* Абылайхан Махамбетов
## Сілтемелер
Клуб туралы ФФК сайтында Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2013 жылы. |
Қойбас — Қарағанды облысы Абай ауданы, Дзержинский ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
1979 жылы құрылған тағы бір "Екібастұз" клубымен шатастырмаңыздар
«Екібастұз» — Екібастұз қаласының футбол клубы. Матчтарды Шахтёр стадионыңда өткізеді. Бұрында «Энергетик» деп аталған және Павлодарда қаласында жаттықты. Бірінші лигада екі рет женімпаз атанды (2005, 2007).
## Жетістіктері
* Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (2): 2005 және 2007
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:
Ең үлкен жеңісі: 2010 жылы — 7:0 «Асбест» Жетіқара
Ең үлкен жеңілістері: 2006 жылы — 0:6 «Асбест» Жетіқара, 2008 жылы — 1:7 «Қайрат» Алматы және 0:6 «Ақжайық» Орал
## Клуб атауларының тарихы
## Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша |
2003 жылы құрылған тағы бір "Екібастұз" клубымен шатастырмаңыздар
Екібастұз — 1979 жылы құрылған футбол клубы. КСРО және Қазақстан чемпионатында ойнаған. 2008 жылы жабылды. КСРО чемпионатындағы ең жоғары жетістігі: 1991/92 жылғы КСРО кубогының 1/32 финалы.
## Атаулары
* 1979: «Угольщик»
* 1980—1992: «Екібастұз»
* 1993—2000: «Батыр»
* 2001: «Екібастұз — Наша кампания»
* 2002: «Екібастұз»
## Қазақстан чемпионатындағы статистикасы
## Бапкерлері
* Владимир Фомичёв (1992—1995)
* Владимир Гулямхайдаров (1996)
* Генадий Макаренко (1997)
* Владимир Линчевский (1998)
* Евгений Чевелев (1999—2000)
* Николай Курганский (2001)
* Николай Самойленко (2002)
* Владимир Фомичёв (2003 қыркүйекке дейін)
* Владимир Чеботарёв (2003 қыркүйектен бастап)
* Сергей Тимофеев (2004)
* Виталий Спарышев (2005—2007)
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 1993, 1998
* 1 лига жеңімпазы: 2002
## Сілтемелер
* Клуб жайлы мақала |
2003 жылы құрылған тағы бір "Екібастұз" клубымен шатастырмаңыздар
Екібастұз — 1979 жылы құрылған футбол клубы. КСРО және Қазақстан чемпионатында ойнаған. 2008 жылы жабылды. КСРО чемпионатындағы ең жоғары жетістігі: 1991/92 жылғы КСРО кубогының 1/32 финалы.
## Атаулары
* 1979: «Угольщик»
* 1980—1992: «Екібастұз»
* 1993—2000: «Батыр»
* 2001: «Екібастұз — Наша кампания»
* 2002: «Екібастұз»
## Қазақстан чемпионатындағы статистикасы
## Бапкерлері
* Владимир Фомичёв (1992—1995)
* Владимир Гулямхайдаров (1996)
* Генадий Макаренко (1997)
* Владимир Линчевский (1998)
* Евгений Чевелев (1999—2000)
* Николай Курганский (2001)
* Николай Самойленко (2002)
* Владимир Фомичёв (2003 қыркүйекке дейін)
* Владимир Чеботарёв (2003 қыркүйектен бастап)
* Сергей Тимофеев (2004)
* Виталий Спарышев (2005—2007)
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 1993, 1998
* 1 лига жеңімпазы: 2002
## Сілтемелер
* Клуб жайлы мақала |
Салоники немесе Селенік - Грекиядағы қала Б.з.б. 315 ж. Македония патшасы Кассандр негізін қалады.
Орта ғасырға дейін Фессалоники (Фессалоника) деп аталған. Византия дәуірінде Константинопольден кейінгі маңызды қаланың бірі болды. Салоникиден славян ағартушылары Кирилл мен Мефодий шықты. Салоники талай рет басқа халықтар шапқыншылығына ұшырап, талан-таражға түсті. 1912-1913 ж. Балқан соғысынан кейін Салоники Грецияға қарады. Салоникиде рим және византия дәуірінің көптеген ескерткіштері (Дмитрий, Апостолдар шіркеулері, София ғибадатханасы) сақталған.
## Дереккөздер |
Оралхан Өміртаев (16 шілде 1998, Қарағанды, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "БАТЭ" клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Қаранғандылық "Шахтер" футбол клубының түлегі. Кәсіби карьерасын 2015 жылы осы клубта бастады. 2015, 2016 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында не-бары 12 рет қана алаңға шықты. 2017 жылдан бастап қана тұрақты алаңға шықты, бірақ нәтижесі онша көңіл көншітпеді, 70 ойында жеті гол ғана соқты.
2020 жылы 1 қаңтарда "Тобылға" ауысты.
### Ұлттық құрамада
Қазақстанның түрлі жастар құрамасында ойнады.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2018 жылы 19 қараша УЕФА Ұлттар Лигасында сырт алаңда Грузияға қарсы ойында алаңға шығып, соңғы минуттарда бір гол соқты. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан суперкубогы: 2021
## Сілтемелер
* Оралхан жарап тұр |
Оралхан Өміртаев (16 шілде 1998, Қарағанды, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "БАТЭ" клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Қаранғандылық "Шахтер" футбол клубының түлегі. Кәсіби карьерасын 2015 жылы осы клубта бастады. 2015, 2016 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында не-бары 12 рет қана алаңға шықты. 2017 жылдан бастап қана тұрақты алаңға шықты, бірақ нәтижесі онша көңіл көншітпеді, 70 ойында жеті гол ғана соқты.
2020 жылы 1 қаңтарда "Тобылға" ауысты.
### Ұлттық құрамада
Қазақстанның түрлі жастар құрамасында ойнады.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2018 жылы 19 қараша УЕФА Ұлттар Лигасында сырт алаңда Грузияға қарсы ойында алаңға шығып, соңғы минуттарда бір гол соқты. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2020
* Қазақстан суперкубогы: 2021
## Сілтемелер
* Оралхан жарап тұр |
Олимпия — Алматыдағы КСРО дәуірінде КСРО чемпионатының төменгі лигаларында ойнаған футбол клубы. Біраз жылдар бойы СКИФ деген атаумен сынға түсті.
## Тарихы
Клубтың негізі 1958 жылы қаланып, үш маусымда Қазақ КСР чемпионатында ойнады. Содан 1980 жылдары ғана қайта жаңғыртылып, СКИФ деген атаумен КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақ КСР кубогында да бақ сынады. Үнемі турнир кестесінің соңғы жағында жүрді де, 1989 жылы атауы РШВСМ боп ауысты. 1990 жылы "Олимпия" деп тағы өзгертілді.
1992, 1993 жылдары РШВСМ деген атаумен Қазақстан әуесқойлар лигасында ойнап, 1993 жылдан соң қайта бас қосқан жоқ.
## Атақты ойыншылары
* Игорь Авдеев
* Олег Воскобойников
* Юрий Найдовский
* Сергей Чекмезов
* Серік Жейлітбаев
* Андрей Курдюмов
## Сілтемелер
* Клуб жайлы footballfacts.ru сайтында |
Андрей Петрович Курдюмов (23 наурыз 1972 жыл) — КСРО және қазақтандық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994-96 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасында, 1999 жылға дейін КСРО, Қазақстан Ресей клубтарында доп тепті.
Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Ташкентте Тәжікстанға қарсы өткізіп, 90 минут ойнады. Соңғы рет 1996 жылы 12 шілдеде Сирияға қарсы ойнады (0:0).
Ауыр жарақатына байланысты 1999 жылы 27 жасында футболмен қоштасты.
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі (footballfacts.ru) |
Ақшкол — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Орта Дересін — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Ортадересін ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 175 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Харис Сеферович (босн. Haris Seferović; 22 ақпан 1992, Зурзе, Швейцария) — швейцариялық футболшы, "Бенфика" клубы мен Швейцария ұлттық құрамасының ойыншысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Сеферовичтің тегі босниялық. 1999 жылы туған қаласындағы "Зузре" клубының академиясында оқи бастады. Бес жыл ішінде академиядағы ең үздік шәкірттердің бірі атанды. 2004 жылы 12 жасында "Люцерн" академиясына ауысты. Үш жылдай оқып, 2007 жылы "Грассхопперс" академиясына ауысты да, 2009 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастады.
2009/10 жылғы маусымда "Грасхопперс" сапында үш ойында алаңға шықты. Бір жылдан соң "Фиорентинамен" келісім шарт жасасып, онда бір маусымдай доп тепті.
2011 жылы отанына оралып, "Ксамакс" сапында арендада ойнай бастады. 2012 жылы қаңтарда "Фиорентинаға" оралып, енді "Лечче" клубына жалға берілді. Кейін "Новарада" бір жыл тағы да арендада ойнап, "Реал Сосьедадқа" түпкілікті ауысты.
2014-17 жылдары "Айнтрахт" клубында доп тепті. 2017 жылы жазда "Бенфика" сапына өтті.
### Ұлттық құрама
Швейцарияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада тұңғыш рет 2013 жылы алаңға шықты.
## Жетістіктері
### Командалық
Айнтрахт (Франкфурт)
* Германия кубогының финалисі: 2016/17
Швейцария
* 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жеңімпазы (2009)
### Жеке
* Швейцарияның үздік жас футболшысы: 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Ақжайдақ — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 179 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Орта Дересін — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 166 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Андрей Петрович Курдюмов (23 наурыз 1972 жыл) — КСРО және қазақтандық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994-96 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасында, 1999 жылға дейін КСРО, Қазақстан Ресей клубтарында доп тепті.
Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Ташкентте Тәжікстанға қарсы өткізіп, 90 минут ойнады. Соңғы рет 1996 жылы 12 шілдеде Сирияға қарсы ойнады (0:0).
Ауыр жарақатына байланысты 1999 жылы 27 жасында футболмен қоштасты.
## Сілтемелер
* Профилі
* Профилі (footballfacts.ru) |
Құлмамбет, Құланаян Құлмамбет (1826, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Күрметті ауылы – 1906, қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген) – айтыс ақыны.
Жетісуда Сүйінбай бастаған айтыс мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Албан ішіндегі Қызылбөрік руының Құланаян атасынан шыққан, Құлмамбеттің Құланаян атануы да содан. Құлмамбет жас кезінен өлең-жырға құмар болып өскен.
Жетісу өңіріне әйгілі Шалабай, Асан молда, Көдек, Қойдым, Бөлтірік, Майлы, Қапез, Әбен, Сәдіқожа, Әсел, Шарғын, т.б. ақындар Құлмамбет ақыннан өнеге алып, ұстаз тұтқан. Кемеліне келген шағында Түбек, Жанақ, Бақтыбай, Тезек, Майкөт, Уәзипа қыз, Жамбыл тәрізді айтыс майталмандарымен, қырғыздың Қаламқас, Тұрсынай қыздарымен айтысқан.
Құлмамбет “Мың бір түн”, “Қыз Жібек”, “Рақымжанның зары”, “Мұңлық-Зарлық”, “Туғанбай мен Қоңырбай”, т.б. дастандарды жырлаған.
Құлмамбеттің айтыстары Жамбылдың жинақтарында, С.Сейфуллиннің алғы сөзімен “Жаңа мектеп” (9.10. 1926) журналында, 1942, 1964, 1965, 1988 жылдары жарық көрген “Айтыс” жинақтарында жарияланған. Шығармалары “Сөзімнің қыл сыймайды арасына” деген атпен 1998 жылы жарық көрді. Ақынның өмірі мен шығарм. жөнінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Н.Төреқұлов, М.Қаратаев, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды. Құлмамбеттің туындылары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылым кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталықтарында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Майлықожа ақын (Қаратау, 1835-1898) — Қазақ халық ақыны, композитор, айтыскер ақын.
## Өмірбаяны
Қазіргі Түркістан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Қожа руынан шыққан. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді алған.
Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге танылады.
Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады. Ел ақындарымен кездесіп, кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген. Олар - «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт».
Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары 1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы мәлімет бар.
## Деректі фильм
* 2015 — “Майлықожа” (фильм) режиссері “Қалила Умаров” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Дереккөздер |
* Орта Дересін – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл.
* Орта Дересін – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы темір жол бекеті. |
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі . Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған.
Қожа руынан шыққан.
## Шығармашылығы
Шығыстың классикалық әдебиеті мен фольклорын көп оқып, он бес жасынан лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдер шығара бастайды. Әзіл-қалжың өлеңдерін айта жүріп, суырыпсалма ақындық өнерге де төселеді. Мәделі әдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. Мысалы, “Батырбек пен Байзаққа”, “Әбділда қожаға”, “Айналайын, Әзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “Шәріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында әлеуметтик ортаның қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. ұұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі фәнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу жасалады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мәделі”, “Айым қызбен жұмбақ айтысы”, тағыда басқа) айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-т., 1989). Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том, 1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған. Ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы, тағыда басқа зерттеген.
Мәделіқожа Жүсіпқожа (1816 жылы туған, Арыс өңірі – 1888) – айтыскер, ақын.
Ескіше хат таныған. Өзі тұстас талай ақындармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған. Оның «Қанай датқаға», «Майлы ақынға», т.б. толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес», «Еш нәрсе бұл дүниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма», т.б. жырларында замана шындығын көрсеткен. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында (1924 жылы ғ5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
## Сілтемелер
## Дереккөздер |
Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды.
## Тарихы
Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды да, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра берді.
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
## Географиясы
### Климаты
## Халық саны
Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы).
Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзербайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.
Тараз қаласы халқының әр жылдардағы саны:
## Әкімшілік бөлінісі
Тараз қаласы 26 шағын ауданнан тұрады: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б.
## Тараз басшыларының тізімі
Жамбыл (Тараз) қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары
* Федотов А. П. (қаңтар 1939 — наурыз 1940)
* Әбділдин А. (сәуір 1940 — наурыз 1941)
* Царев А. А. (сәуір 1941 — наурыз 1943)
* Санников А. М. (сәуір 1943 — маусым 1946)
* Федотов А. П. (қаңтар 1947 — мамыр 1951)
* Прохоров Н. И. (маусым 1951 — наурыз 1955)
* Кондратьев С. И. (қыркүйек 1955 — сәуір 1963)
* Бобир Н. М. (мамыр 1963 — мамыр 1972)
* Коротков В. Г. (маусым 1972 — сәуір 1975)
* Банников В. Г. (сәуір 1975 — қазан 1983)
* Додонов Ю. Е. (қазан 1983 — ақпан 1987)
* Макаров С. Н. (наурыз 1987 — наурыз 1990)
* Ахметова Л. А. (сәуір 1991 — тамыз 1991)
Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағалары
* Бученко П. В. (тамыз 1939 — қаңтар 1940)
* Глухов В. Ф. (қаңтар 1940 — қыркүйек 1940)
* Синицин В. В. (қыркүйек 1940 — қыркүйек 1941)
* Бученко П. В. (мамыр 1942 — наурыз 1943)
* Бармашев К. А. (наурыз 1943 — тамыз 1946)
* Бабинцев Ф. А. (тамыз 1946 — наурыз 1950)
* Галямин А. И. (наурыз 1950 — қаңтар 1952)
* Ескелдиев С. (сәуір1952 — қазан 1952)
* Құсайынов Т. (қазан 1952 — наурыз 1957)
* Комратов А. (наурыз 1957 — қаңтар 1965)
* Әбсеметов А. А. (қаңтар 1965 — желтоқсан 1969)
* Төребеков Т. (наурыз 1970 — маусым 1983)
* Шарафутдинов Щ. К. (маусым 1983 — мамыр 1987)
* Сүлейменов К. К. (мамыр 1987 — қазан 1990)
* Темірбеков Т. (қазан 1990 — ақпан 1992)
Тараз қаласының әкімдері
* Алдияр Әлиасқарұлы Түсіпов (ақпан 1992 — қазан 1995)
* Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (қазан 1995 — қаңтар 1998)
* Сейіт Қайроллаұлы Сартбаев (қаңтар 1998 — ақпан 1999)
* Болат Оспанұлы Сауранбаев (ақпан 1999 — сәуір 2005)
* Ілияс Әлімұлы Тортаев (2005 — 2009)
* Ертарғын Кәкімбекұлы Астаев (8 желтоқсан 2009 — қазан 2010)
* Бекболат Серікбекұлы Орынбеков (қазан 2010 — 31 желтоқсан 2013)
* Нұржан Сәбитұлы Календеров (31 желтоқсан 2013 — 2 наурыз 2017)
* Рүстем Рысбайұлы Дәулет (2 наурыз 2017 — 23 сәуір 2018)
* Ғалымжан Райлұлы Әбдірайымов (23 сәуір 2018 — 12 сәуір 2019)
* Қайрат Әскербекұлы Досаев (24 сәуір 2019 — 22 қараша 2019)
* Айтқазы Даулетқұлұлы Қарабалаев (3 желтоқсан 2019 — 19 наурыз 2021)
* Ержан Жұматұлы Жылқыбаев (19 наурыз 2021 — 5 тамыз 2022)
* Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков (5 қыркүйек 2022 жылдан бастап)
## Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Бедердің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде дөңмаңдай, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
* мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
* жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
* жалпы алаңы 1 миллион га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
## Өндірісі
Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.
## Бұқаралық ақпарат құралдары
### Газеттері
* Жамбыл-Тараз — 1996 жылдан бері апта сайын шығатын саяси-қоғамдық газет.
* Магнолия — 1995 жылдан бері апта сайын шығатын облыстық газет.
* Новый регион — 1999 жылдан бері апта сайын шығатын ақпараттық-жарнамалық облыстық газет.
* Знамя труда — 1919 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
### Телевизия
* «Қазақстан-Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы.
* «77 TV» телеарнасы.
### Ақпарттық агенттіктері
* «Эк-Спорт» (экономика-спорт)
## Суреттері
*
*
*
*
*
*
## Бауырлас қалалар
* Фресно, Калифорния, АҚШ
* Сиэтл, Вашингтон, АҚШ
* Сиань, Қытай
* Тревизо, Италия
* Кобдо, Моңғолия
* Кечкемет, Мажарстан
* Челябі, Ресей
* Самарқан, Өзбекстан
* Талас, Қырғызстан
* Ош, Қырғызстан
## Дереккөздер
## Тараз қаласының сайттары
* Тараз қаласының сайты Мұрағатталған 11 қаңтардың 2016 жылы.
* Тараз қаласының ақпараттық сайты
* Тараз қаласының ақпараттық порталы
## Тағы қараңыз
* Тараз қаласының құрметті азаматтары
* Тараз (футбол клубы) |
Молда Мұса, Мұса Байзақұлы (1849, қазіргі Түркістан облысы Түркістан ауданы Шоқтас ауылы – 1932, сонда) – қазақтың халық ақыны.
Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, №8). М.Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6-класқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізген (1937).
## Молда Мұса шығармаларына араб әдебиетінің әсері
Өз шығармаларын, қазақ өлең өнерінің дәстүрлі үлгісінде жазып, шығыстан (оның ішінде араб) классикалық әдебиетінен нәр алған, бар өмірін Қаратау атырабында өткізген өнер иелерінің бірі - ақын Молда Мүса Байзақұлы.
Ел аузында Молда Мұса атанып кеткен ақын Мұсабек қазіргі Түркістан облысы Түркістан ауданына қарасты Шоқтас деген елді мекенде 1849 жылы дүниеге келген. Бұл кісі де діни сауатты, діндар ақын адам болған. Өз ана тілінен басқа араб, парсы тілдерін білген. Жас кезінде әкесі ұстаған молдадан арапша хат таныған. Есейе келе Қарнақ елді мекенінде Қозы молда медресесінде оқыған. Ақынның мына өлеңіне қарап жастайынан шығас (араб, парсы) әдебиетінен нәр алғандығын байқаймыз.
Адамға ғылым, өнер қамшы деген, Жүйрікпін арабыға парсыменен, Аз ғана шайырлығым тағы да бар Кідірттім неше ақынды қарсы келген. Ақын өзінің араб және басқа да түрік тілдерін білгендігін бұдан да басқа өлеңдерінде айтып кеткен. Мұсабек ақын да жоғары да атап өтіп кеткеніміздей, өз замандастары секілді, өлеңдерінде араб сөздерін жиі-жиі қолданған. Ол кезде діндар қаламгерлер санаулы ғана болмады ғой. Сонымен қатар сол уақыттағы ақындарды діннен хабарсыз болуы да мүмкін емес. Онымен қоса ол кісілер өз өлендерін бір тақырыпта жазулары да ғажап емес.
Мәселен әйгілі ақын Майлықожа "Шора батыр" деген хикая жазған. Шора батыр әңгімесін Майлықожадан жазып алған Әбубәкір Диваевтың нұсқасын және басқа да Майлықожа шағармаларын қүрастырып шығарған белгілі ғалым Ә. Оспанұлының кітабынан оқыған едім. Әңгіме ертегіге ұқсас жазылған екен. Кейін Молда Мұса жайында ізденістер жасағанымда Мұсабек ақынның "Шора батыр" жайында жазғанын кездестірдім. Бірақ Мұсабек ақын Шора батыр жайындағы хикаяны жыр етіп жазған екен. Мұса да кітаби ақындар қатарына жатады. Кітаби ақындар шығыста көп тараған сюжетті өздерінше жырлаған. Жоғарыда айтқанымыздай Шора батыр жырын Майлықожа қара сөзбен жазған. Ал Мұса қисса етіп, яғни жыр етіп жазған. Бүл көркемдік дәстүр жалғастығының белгісі. Бұдан қарап біз Мұса ақынның нәзирә дәстүрін жетік меңгергендігін байқаймыз. Себебі ақын жырды қазақ қауымына жеңіл, түсінікті етіп жырлаған. Ақын Мұса араб сөздерін осы жырында жиірек қолданған. Ақынның бұл жырында адамның шамасынан артық кереметтер көрсетілген секілді. Сонымен қатар діни сипаттарда бой көрсеткен.
Қазіргі кезде оңтүстік шайырлары жайында жан-жақты зерттеулер жүргізіп жүрген Ә. Оспанұлы Мұсабек ақынның Шора Батыр жыры жайында сөз жүргізген. Ол кісі осы жыр жайындағы қорытынды пікірінде былай дейді: «Сонымен Шора Батыр тоңірегіндегі барша әңгімеміздің тобықтай түйіні түріндегі қорытынды пікіріміз - бұл шығарма халық қазынасы қатарында саналуға лайық.
Егер онда адамның күш мүмкіндігінен тыс кереметтер келтірілген, жеке батырлардың жекпе-жек күрестерінде дінге кіріп, тілді кәлимаға келтіруді талап ету секілді кейінгі кезең қоспалары болса, олар жөнінде айтарымыз - қазақ ауыз әдебиетінде ондай белгілерден дені таза шығармалар жоқ. Ал, оларсыз шығармалар жасалған дәуірлерге тән белгілер өшіп, олар көне күндеріміздің ескерткіші ретіндегі мән-маңызын жоғалтар еді».
Ә. Оспанұлы да ол кездегі шығармалардың діни мәтінсіз болмағандығын айтқан. Дегснмен бұл кісінің кей сөзіне қосыла алмаймыз. Бұл аталған ақындар өз өлеңдерін, жырларын діни тақырыпта көп жазған. Діни сөздерді келтіре отырып халықты жақсылыққа шақырған. Діни сөздерді келтіре отырып жамандыққа бастаған ақын жоқ шығар. Себебі дін туралыққа, тазалыкқа шақырады. Осы себепті Ә. Оспанұлының: «ондай белгілерден (яғни діни, арабша сөздсрден) дені таза шығармалар жоқ»,-деген сөзіне қосыла алмаймыз. Сонымен қатар ақын Мұсабектің өлеңдерінің дені таза емес деп те айта алмаймыз.
Қазақ айтысқа бейім халық қой. Сондай-ақ айтыс үрдісі сонау ертедегі арабтарда да болған. Арабтар Ислам келмей тұрып есте сақтауды, жаттауды жақсы дамытқан, басқаша айтқанда жазып отырған адамға: «соны жаттауға шамаң келмейді ме?»-деп күлетін болған. Ислам келіп бұл жағдайлар өзгерді. Айтыстың жаңа түрі жазбаша айтыс пайда болып дамыды. Айтыстың бұл түрі араб, парсы, түркі яғни Шығыс елдерінде тарады.
Бұл Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан жазбаша айтыс дәстүрі қазақ арасасында да кеңінен тарады. Бұл айтыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы Молда Мүса мен Сырым, Манат қыздармен хат арқылы айтыстары бар.
Молда Мұса Сырым кызға да 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан уақытта былайша хат жаған:Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай,Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай.Сыртыңнан Сырым сенің болдым асық,Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай.Ақын өзін қыранға, қызды ақсүңқарға, асыл тасқа теңеген. Арада бұл хатқа Сыр бойынның ақыны Будабай араласып, Мұсабекке жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. Отыздан асып қалған Мұсабек Төрткөл елдімекеніне досы Жылқыбайдың үйіне түседі. Ал Манат осы ауылдың жиырмадан асқан кескін-келбетіне ақыл парасаты сай қыз екен.
Мұсабек:Хат жаздым қалам алып Манатжанға,Жүзіне жанның бәрін қаратқанға,Ақ жүзін бір көрсетер күн бар ма деп,Сыртыңнан жалынушы ем Жаратқанға, -деп бастап:
Қайтейін лажсыздан кеттік біз деКетсек те басқа да емес, көңіл сізде.Болғанмен ауыл емес, көңіл жақын,Біздерден әлі дс болса күдер үзбе. Ұлғайған жасына қарамай, жастық дәурені басында тұрғандай астам сөйлеген ақынның күйіп-жанған от жалынды, лапылдап тұрған сөздерге толы хатын алған Манат өзін ұлғайған ақынға тең санамайтынын төмендегіше ашық айтады:Жасында анық сұңқар болғаныңыз,Дариядай жігіт күнде толғаныңыз. Сыпырып жас кезінде ілсең-дағы, Тұғырға мәреден өтіп қалғаныңыз. Осылайша Мұсабек пен Манат екі мәрте хат алысады. Мұсабектің үшінші хатына Манаттан жауап келмейді. Айтыстың жалғасы ауылдағы тойда бетпе-бет кездескенде жалғасып, кейін бітеді.
Молда Мұсаның өмірі мен шығармашылығын екі ксзеңге бөлсек болады. Мұсаның шығармашылығы Абайдың шығармашылығына сәйкес келеді. Сәйкес келу ссбебі ақын жастайынан арабша хат танып, Кеңес өкіметі орнағанға дейін діни мәтінде өлең, жырлар жазып діндар қаламгср болады. Бұл уақытты шығармашылығының бірінші кезеңіне жатқызуға болады.
Ал екінші кезең Кеңес өкіметі орнағаннан немесе большевиктер өктемдігі өршігеннен басталады. Бізге керегі ақын шығармашылығының бірінші кезеңі ғана. Себебі осы кезеңде ол кісінің араб әдебиетінен сусындағанын байқаймыз, әрі үңіле оқысақ, ақын шығармаларынан өз заманының діндар адам түсінігінің, дін мектебінің талай-талай пайдалы таңбаларын табамыз.Қорыта айтқанда, екі заманның куәсі болған қарымды сөз зергерінің шығармашылығы халықтық әдебиетіміздің асыл қорынан өз орнын тауып, алдағы уақытта да ел игілігіне жарайды деген сенімдеміз
## Дереккөздер |
Ақсеңгір – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы өзен.
## Бастауы
Алматы-Тараз тас жолы мен Алматы-Шу темір жолының түстігінде Балғабек Қыдырбекұлы аулына жақын жерде Құтырған және Қарасу өзендерінің қосылған жерінен басталып, Қопа өзеніне құяды. Тағы бір нұсқа бойынша, Қарасу және Шолақ Қарғалы өзендері қосылған жерден басталады.
Жағасында Балғабек Қыдырбекұлы, Ақсеңгір, Көкдала елді мекендері бар.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 8420 км2. Жылдық орта су ағымы 1,68 м3/с. Мұз, қар суымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Топографиялық карта К-43-21 |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие.
## Бүгінгі жағдайы
Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында.
## Тарихы
Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.
## Факультеттер
* Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті
* Технологиялық факультет
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
## Институттар
* Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты
## Колледж
* Қаратау тау-технологиялық колледжі
## Университет ректорлары
* 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы
* 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы
* 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы
* 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович
* 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы
* 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
* 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов
* 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков
* 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы
* 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы
* 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы
## Ғылым және коммерцияландыру
Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады.
## Халықаралық қызмет
2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен.
## Серіктес университеттер
* Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея
* Томаша Бата университеті, Чехия
* Анталья туризм академиясы, Түркия
* Еге Университеті, Түркия
* Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия
* «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария
* Сегед университеті, Мәжірстан
* Хайльбронн университеті, Германия
* Гданьск технологиялық университеті, Польша
* Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті, Польша
* Лодз университеті, Польша
* Браганса политехникалық институты, Португалия
* Малага университеті, Испания
* Витаутас Магнус университеті|, Литва
* Вайнштефан Триздорф университеті, Германия
* Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті, Польша
* Острава техникалық университеті, Чехия
* Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия
* Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия
* Варна экономика университеті, Болгария
* Сельчук Университеті, Түркия
* Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия
* Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция
* Небраска университеті, АҚШ
* Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей
* А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей
* Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей
* Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Беларусь Республикасы
* Беларусь мемлекеттік өнер академиясы, Беларусь Республикасы
* И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан
* Украина державск химия-технологиялық университеті, Украина
* Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан
* Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения
* Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан
* Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия
* Акакия Церетели Университеті, Грузия
* Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы
* Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы
## Университет құрылымы
Академиялық жұмыс жөніндегі департамент
Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті
Стратегиялық даму басқармасы
Жобалық басқару және цифрландыру орталығы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Кітапханалық-ақпараттық орталық
Ғылым және коммерцияландыру департаменті
«Бауыржантану» ҒЗО
«Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО
«А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы
«Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар»
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім
Әлеуметтік жұмыс басқармасы
Ақпарат және медиакоммуниция орталығы
Мұражай
Әкімшілік-шаруашылық басқармасы
«Dulaty university» баспасы
Студенттерді есепке алу бөлімі
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі
Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы
Дінтану орталығы
Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы
Сұңқар спорт клубы
DU UNION жастар орталығы
Қоғамдық қабылдау бөлімі |
Жалаңтас — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жидебай — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алма.ТВ кубогы 2007 — 2007 жылы 7-11 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткізілген футбол турнирі. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан құрамалары қатысып, Қазақстан құрамасы ұпайлар саны бойынша жеңімпаз атанды.
## Өткізілу ережесі
Төрт команда өзара кездесіп шықты. Нәтижесінде ұпайлар саны есептелді. Ұпай саны тең болған жағдайда доп айырмасы, ол да тең болған жағдайда өзара кездесулер нәтижесі есепке алынды.
Матчтардың бәрі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында өткізілді.
## Матчтар
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
## Марапаттар
* Үздік қақпашы - Игнатий Нестеров (Өзбекстан);
* Үздік қорғаушы - Эрнани Перейра (Әзірбайжан);
* Үздік жартылай қорғаушы - Эдуард Сергиенко (Қазақстан);
* Үздік шабуылшы - Александр Гейнрих (Өзбекстан);
* Үздік мерген - Ұлықбек Бақаев (3 гол, Өзбекстан);
* Үздік ойыншы - Максим Жалмағамбетов (Қазақстан).
## Тағы қараңыз
* Футболдан Орта Азия кубогы — 1992
* Футболдан Өзбекстан тәуелсіздігінің кубогы — 1994 |
Қаратал — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көроғлы, Көрұғлы, Көрғұлы – қаһармандық халық эпосы. Орта Азия, Таяу Шығыс, Кавказ халықтарына ортақ фольклорлық ескерткіш. Жырдың түрлі нұсқалары түрікмен, қарақалпақ, өзбек, құмық, Әзірбайжан халықтарында кездеседі. Жыр сюжеті Қазақстан, Орта Азия, Кавказ халықтарынан бөлек Балқандағы гагауз, Сібірдегі Тобыл татарларына да жақсы мәлім.
Қазақстанда алғашқы үлгілері 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде жарияланған (1885, 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915). Қазақ тілінде 7 нұсқасы басылым көрген. Олар: "Көроғлы", "Қисса Көроғлы", "Хикаят Көроғлы", "Көроғлы мен Безерген", "Көроғлы" (Бозайхан), "Қисса Ғауазхан", "Түрікмен Қасымхан". ҚР ҒА Орталық кітапханасы мен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба қорында Көрұғлы туралы 15 дастан, үш ертегі нұсқасы бар. Жекелеген қазақ нұсқалары Кеңес дәуірінде екі рет жинақ болып баспа бетін көрді.
Жырдағы негізгі тартыс түрікмен елі мен Райхан араб, қызылбас, афшар арасында өрбиді. Жыр оқиғасы бірде тарихи-этикалық, бірде аңыз-әпсаналық, бірде мифтік мәліметтерге жүгініп, Көрұғлының халықтық тұлғасын сомдауға бағытталған. Жырдан түркі тайпаларының этностық санасы айқын аңғарылады.Қазақ жырау-жыршылары мен түрікмен бахшылары бұл жырды аңырама үлгісінде орындаған.
Жырды негізгі зерттеушілер: И.Брагинский, А.Самойлович, А.Тафуров, А.Болдырев, С.Амионова, Х.Короглы, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғұмарова, Т.Қоңыратбай; жыршылар: Мұрын Сеңгірбаев, Рахмет Мәзқожаев, Әбділда Жүргенбаев, Нұрпейіс Байғанин, т.б.
## "Көроғлы" жырында кездесетін атаулар
### Көроғлы
«Көр» сөзінің мағынасын мола немесе соқыр деген мағынаға келмейді. «Көроғлы» атауының екі буынын да өзге тілдерден тудыруға қарсы болған А.Гафуров «Көроғлы» атауы батыл, ер жүрек деген ұғым беретінін айтып, сөз түбірін түрік тілінен тудырған. Шығыста «гүр» - бірнеше елдің билеушісіне қолданылған лауазым.
Жер-су аттары
Жырдағы "Барар жерің Үргеніш деген ел болар, атырабында Шәмбіл деген бел болар" деген жолдар оның кай аймақтағы елді мекен екенін аңғартып тұр. Шәмбіл бел, Шәмбіл қала атауының географиялық шегін Р.Агеева Әмудария мен Сырдарияның маңы деп көрсетеді.
Араб, иран атаулары
«Көроғлы» жырындағы иран, араб атаулары бұл аймақтағы түркі және иран (парсы) тілдес тайпалардың араласуынан хабар береді. «Шаһнама» - Иран шаһтары туралы көлемді дастан болса, «Көроғлы» сол шаһтарға қарсы көтерілген елдің көшбасшы батыры туралы жыр. Қаһармандық эпос болған соң онда түрлі дәуір оқиғаларының ізі сақталған. Шәмбіл қала – түрікмен елі, Тұраб – Тұран дәуірінің тұлғасы, Афшар – моңғол дәуірінен соңғы Иран билеушілері.
Кісі есімдері
Белгілі ғалым И.Брагинский жырдың тәжік нұсқасындағы Шәмбіл қала, Көроғлы атауларының түркі тайпаларынан алынғанын, ал жыр окиғасына келгенде оны Иран шаһы Аббас пен түрік сұлтаны Мұрад арасындағы тартыс деген пікір айтқан. Бірақ сефеви әулеті тұсындағы Иранда үш бірдей Аббас шаһ болған: Аббас І – 1587 – 1629, Аббас ІІ – 1642 – 1660, Аббас ІІІ – 1732 – 1749 жылдары билік жүргізген. Эпоста осы оқиғалардың бейнесі аралас көрінеді.
Жырда кездесетін кісі, жерсу атаулары ғылыми тұрғыдан зерттеле қойған жоқ. Әуезхан (Ауаз), Жүсіпхан, Райхан араб, Кәрім, Хасан хан, Шадман, Шаһидат, Хасан, Көрғұлы, т.б. көптеген антропонимдік атаулардың тарихилығы айқын.
### Түрлі нұсқалардағы Көроғлының сипаттамасы
«Көроғлы» эпосын зерттеген ғалымдар шығарманың бас кейіпкерінің прототипі 15-16 ғасырларда Оңтүстік Әзербайжан аймағында өмір сүргенін бірауыздан мақұлдайды. Оның бала күніндегі сырт келбеті, бес жасында жиырмадағы жігітпен алысып меңдеткен күш-қайраты оның тұлғасын даралай түседі.
«Көрұғлы», «Короглы», «Кероглы», «Гургули», т.б. болып кездесетін жыр нұсқаларында сюжеттік айырмашылықтар да бар. Ең жақыны қазақ-түрікмен нұсқалары болып саналады. Оларды байланыстырып тұрған – Көрұғлы батырдың Иран шаһына қарсы күресі, ерлігі. Бір нұсқада, Иран шаһы Көрұғлы әкесінің көзін ойып, Раушан есімді баласы Көрұғлы атанады. Қазақ, түрікмен, қарақалпақ нұсқаларында ол түрікменнің Теке-Жәуміт руынан шыққан деп көрсетіледі. Жырдагы негізгі желілердің бірі - жылқы малы, оның бабы мен белгілеріне қатысты өрбиді.Бұл түрікменнің Теке-Жәуміт этникалық тармағына тән эпикалық белгілердің бірі.
### Жамбыл нұсқасы
«Көроғлы» эпосының Жамбыл жырлаған нұсқасы «Көроғлы сұлтан», «Көроғлы» (Бозай хан) деген аттармен танымал. Жамбыл оны алғаш Құланаян Құлмамбеттен үйренгенін айтады:
«Менің бұл жолғы олжам Құлмамбеттен «Көроғлы сұлтанды» үйрендім. Бірақ бәрін жаттап алу қиын екен. Құлмамбет бір айтқанда екі күн, екі түн ұйықтамастан айтты. Мен оның бір күн, бір түн ашуын-ақ ұғып алдым. Менің өрісімда кеңейткен ірі жыр «Көроғлы сұлтан» болды. «Көроғлы сұлтанды» айтқанда Құлмамбет дем алмай айтады екен».
Жалпы, кей деректерде «Жамбыл «Көроғлы» эпосын отыз күн жырлаған» десе, енді бірінде «он бес күн жырлаған» делінеді.
1938 жылғы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында осы айтылғандарды қайталай отырып: «... Сүйінбайдан үйренген «Сұраншы» Құлмамбеттің «Көроғлы сұлтан» жырлары екі үлкен ақынның маған берген батасы мен ақындық сарқыттары еді» деген жолдармен толықтырды.
Ақынның жырлаған «Көроғлы» нұсқасы бізге толығымен жетпеген. Әрі бізге жеткен деректерге қарағанда, ақын эпостың екі нұсқасын білген сияқты. М.Ғұмарова «Батырлар жырының» Көроғлыға арналган төртінші томында Жамбылдың шәкірттерінің бірі ақын Сариевтің «жыраудың орындауындағы бұл эпосты талай естігеніммен, жаттай алмадым» дегенін айтып, есінде қалғанын әңгімелеп берген мазмұнын келтіреді. Онда Көроғлы пері қызы, Ағажүніске ғашық болып, дәулермен соғысып жеңіп Ағажүністі алғаны, одан кейін Гүлнәр періні, Мысқал періні де үлкен қиындықтармен, асқан ерлік көрсетіп алып келген сапарларын және Көроғлының жүз жиырма жасқа келгенше баласының болмағаны айтылады. Жүз жиырмаға келгенде, қызылбас еліне барып, сондағы бір түрікменнің асқан сұлу әрі ақылды Ғауаз атты баласын алып келіп асырайды. Екінші нұсқа – түрлі жинақтарда жарияланып жүрген «Көрұғлы» (Бозай хан) дастаны. Толық жазылып алынбаған дастанда ақынның кіріспе толғауы мен «Бозай хан» атты саласы қамтылған.
1898 жылғы жинақтың түсінігінде құрастырушылар: «Жамбылдың нұсқасы бойынша, кіріспе толғауына қарағанда, Көроғлы – хандардан кек алатын батыр, Гүлжазираның ашына жігітінен туған баласы болуы мүмкін» дей келе отырып, жыр мазмұнына сәйкес, жауыздықпен өлтірілген тазшаның және онымен бірге дарға тартылып, бір қорымға қатар жерленген хан әйелі Гүлжазираның бейітіне өскен екі ағаштың қосылғанын суреттейтін «Ерекше келіп екі ағаш, еңкейіп келіп қосылған» деген жолдарды дәлел ретінде ұсынады.
### Жамбыл нұсқасының ерекшеліктері
Әлеуметтік теңдік сарыны
Эпостың әрбір нұсқасының герменевтикалық сипаты басым. Яғни, жырдың әрбір нұсқасы өз кеңістігі мен дәуірінен мол хабар береді. Жамбыл нұсқасы - «Көроғлыны» жырлағанда әлеуметтік сарындар да көп беріледі, халықтың шындыққа көзқарасы кеңірек суреттеледі. Бұл нұсқада әлеуметтік теңдік сарыны мен тап күресінің қайшылығы көрініп тұрады. Жырдың кіріспесінде жалпы жұртшылықтың жағдайынан сыр шертіп, қоғамдық үдерістерге қатысы түйдек-түйдек ойларын ортаға салу – түркі халықтарының фольклорында көп ұшыраса бермейтін сарын. Жамбыл кіріспеде отаршылдықты да сынай отырып, төменгі тап өкілдерінің аянышты жай-күйін зарлап отырып жеткізеді. «Көроғлының» түрік версияларында әлеуметтің теңдік сарыны тікелей сөз болмағанмен, Көроғлы әкімдер мен саудагерлерге қарсы күресіп, қарапайым халықтың жоғын жоқтаушы тұлға ретінде суреттеледі. Жамбыл нұсқасында сөз бостандығы сарыны да ерекше көрініс береді.
Көроғлыға есім берілуі
Жамбыл нұсқасында кейіпкерге «Көроғлы» есімін халық қояды. Дәлірек айтсақ, мейманасы тасыған Бозай хан ұлын қолға түсіргеннің құрметіне ұлан-асыр той жасап, халықтан ұлына ат қойып беру туралы өтініш жасайды. Көп ішінен бір қарт шығып «Баланың аты Көроғлы болсын» дейді. Бұл есімді Бозай хан жақтырмағанмен, халық ұнатқандықтан, хан да амалсыздан келісім береді. «Көроғлы» есімін өзге қазақ нұсқаларында рухани күштер қойса, ал Бехчер Махир жырлаған «Көроғлының» түрік нұсқасында да кейіпкерге «Көроғлы» есімін халық қояды. Бірақ түрік нұсқасында «Көроғлы» аты емес, оның лақап аты ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар Жамбыл нұсқасында Гүлжазираның көрінде туған Көроғлының немен қоректенгені және көрде қалай тәрбиеленгені нақты айтылмайды. Тек, өз аяғымен жүре алар жасқа жеткен шағында бір өзінің сүті кемпірдің қырық баласын асырауға жететін тоқал ешкінің сүтін емгені айтылады.
Дәстүрлі қазақ эпосынан айырмашылығы
Жамбыл нұсқасының мәтіні толық сақталмауы Жамбыл ақын жырлаған нұсқаның сюжеті ешқандай бір нұсқаға ұқсамауымен ерекшеленеді. Бұл нұсқада қалыптасқан дәстүрден ауытқушылық бірнеше рет байқалады.
Біріншіден, қалыптасқан дәстүр бойынша, біздің көптеген жырларымызда ұрпақсыз кейіпкер, мейлі ол хан болсын, бай немесе би болсын, мұндай ауыр айыптауды (ұрпақсыздығы туралы табалауды) өзі шендес адамнан естиді. Алайда бұл нұсқада он жеті ұлы қаза тауып, ашынған кейуана Бозай ханды «Өзің қу бас, балаң жоқ» деп сынағайды, ал қатал Бозай хан оның басын алмайды. Нұсқада баласыздық зары «Көроғлының» өзге версияларына қарағанда өзгеше өріледі. Р.Мәзқожаев, Ә.Жүргенбаев, т.б. қазақ нұсқаларында баласыздық зарын Көроғлының өзі тартса, Жамбыл нұсқасында перзентсіздік зарын Көроғлының әкесі Бозай хан тартады. Әрі, Бозай хан баланың шешесін өзі өлтіріп, Көроғлының көрде туылуына тікелей өзі себепкер болады.
Көроғлының көрде тууы сарыны да өзге нұсқаларға мүлде ұқсамайды. Мұнда Көроғлы тек шешеден ғана жетім болып туады. Алайда оның көрде туып, онда қалай өскені туралы ештеңе айтылмайды. Есесіне, Жамбыл нұсқасында Көроғлы қырық бір ұлы бар кемпірдің қаратоқал ешкісін емгені айтылады. Осы кейіпкердің қаратоқал ешкінің емшегін ұрлап емуі, Бозай ханның баласымен қауышуына түрткі болады. Сондай-ақ баланың өзі құралпы балаларды асықтай қылып лақтыруы, Бозай ханның бас батыры Құлақасқаны жауырынынан ұстап, лақтырып жіберуі – оның ерекше дүлей күштің иесі екенін көрсетеді. Бұл қазақтың эпикалық дәстүріне сай. Әдетте, болашақ батыр осындай оқыс әрекеттерімен жас шағында көрінеді.
Екіншіден, батырдың шыққан ортасы, әке-шешесі әлеуметтік тегіне қарамастан жақсы жағынан көрінеді. Хан болса – әділ, бай, бек – қайырымды, кедей – момын шаруы, өзгеге залалы жоқ. Жыр жампозының жыр желісіне кірмей тұрып, өз дәуірінің билеушілерін һәм әлеуметтік ортаның кемшін тұстарын тілдеп өтуінен, сондай-ақ, жыр желісін баяндағанда Бозай хан сынды қатал билеушіге қарсы өлімсіреген кемпірдің ащы шындықты жайып салуынан байқалады.
Үшіншіден, болашақ қаһарманның ата-анасы қасиетті жерлерді аралайды немесе әкесі біреудің кеңесімен басқа әйел алады. Бұл мотивтің түптеп келгенде атқаратын қызметі болашақ кейіпкердің бәсін арттырып, оның басқалардан алабөтен өзгеше болатынын көрсету үшін қолданылады. Дегенмен, бұл мотивтің орнына Көроғлының жетілуіндегі ерекшеліктері тілге тиек етіледі. Нұсқада кейіпкердің алғашқы ерлік көрсетуі ерекше баяндалады. Мұнда алғашқы ерлік көрсету мотиві саналы тұрғыдан емес, кейіпкердің адамдардан оқшау өсіп, тағы болып жетілу тұрғысынан кескінделеді. Өзге нұсқаларда кейіпкер көрде өскенімен оны рухани күштердің тәрбиелегені туралы айтылады. Жамбыл нұсқасында мұндай мифтік элементтер жоқтың қасы. Мұнда кейіпкердік көр ішінде тағы күйінде өскенін көрсету біршама реальді дүниеге жақын. Көроғлының қара күштің иесі екенін Бозай ханның баланы ұстау үшін өзімен қатар балаларды жіберген кезде байқалады. Көроғлы олардың бәрін асықша лақтырып, Бозайдың бас батыры Құлақасқаны бұйым құрлы көрмей астына басып алады, бұл оның алыптығын аңғартатын әрекет. Яғни, Жамбыл нұсқасында Көроғлының алғаш рет ерлік көрсетуі тек оның тағы болып өсу тұрғысынан жырланады.
## Дереккөздер |
Ақшкол — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Есенсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2011 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 141 адам (68 ер адам және 73 әйел адам) болса, 2009 жылы 26 адамды (12 ер адам және 14 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтас — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қараменде би ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстікке қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қуаныш — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қараменде би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстікке қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кенелі — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Александр Сергеевич Убыкин (30 наурыз 1953, Алматы, Қазақ КСР) — КСРО футболшысы, қақпашы, қазақстандық футбол жаттықтырушысы. КСРО спорт шебері.
## Карьерасы
16 жасынан футболмен айналыса бастады. 16 жасынгда тұңғыш бапкері Анатолий Ромкомен бірге Псков қаласына кетіп, "Электрон", "Машиностройтель" клубтарында ойнады. 1972 жылы әскер қатарына шақырылып, "Звезда" (Выборг) клубының намысын қорғады.
1976 жылы "Қайрат" командасына келіп қосылды. 1980 жылдан негізгі қақпашыға айналып, командадан 1987 жылы ғана кетті. 1976-87 жылдар арасында КСРО чемпионатының жоғары лигасында 207 рет алаңға шықты.
1988 жылы екінші лиганың Қазақстан аймағында ойнайтын "Тракторға" ауысты.
1990 жылы екінші лигадағы аутсайдер клубтардың бірі алматылық РШВСМ клубында бір жыл доп теуіп, карьерасын аяқтады.
1991 жылы бапкерлік жолын осы РШВСМ клубынан бастады. Келесі жылы "Қайраттың" жаттықтырушылар алқасына келіп қосылды.
## Жеке өмірі
1980 жылы Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын тәмамдаған.
## Жетістіктері
* КСРО чемпионатының жеңімпазы (1 лига) — 1976, 1983
* КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1 лига) — 1974
* КСРО чемпионатының жеңімпазы (2 лига, 8 аймақ) — 1988, 1989
* "Спорт" газетінің сауалнамасы бойынша 1988 жылы екінші лигадағы сегізінші аймақтың үздік футболшысы.
## Сілтемелер
* Александр Убыкин Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* Тренер Александр Убыкин
* Александр Убыкин: «Тұлғалар аулада өседі» |
Ақтұмсық — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Беғазы — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сона — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарасу — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 106 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аслан Қайратұлы Дарабаев (21 қаңтар 1989, Қарағайлы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Қарағанды футболының түлегі. Кәсіпқой карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастап, 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2008 жылғы маусымда алаңға 17 рет шықты.
2010 жылы "Ақтөбе" сапына ауысып, екі дүркін қола жүлдегер, бір рет күміс жүлдегер атанды.
2013 жылы "Атырау" сапына қосылып, маусым ортасында "Шахтерге" қайта оралды. Одан соң "Қайрат", "Ертіс" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Тобыл" командасына ауысты. "Тобыл" сапындағы алғашқы голын УЕФА Еуропа Лигасының іріктеуінде Грузияның "Самтредия" қақпасына соқты.
2019 жылы "Ертіске" ауысты.
2019 жылы жазда "Жетісу" сапында ойнады. Маусым соңында "Каспий" клубына өтті.
2022 жылы "Астана" клубына ауысып кетті.
Ұлттық құрамаға 2010 жылы шақырылғанымен, алғашқы ойынын 2014 жылы ғана өткізді. Ал бірінші голын 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының С лигасында Словакия құрамасына қарсы ойында соқты.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Шахтёр»
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2009
* Қазақстан кубогының финалисі (1): 2009
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2011, 2012
«Қайрат»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2015
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2015
* Қазақстан кубогы (2): 2014, 2015
* Қазақстан суперкубогы (1): 2016
## Сілтемелер
* Профилі (footballfacts.ru)
* Профилі (Ұлттық құрамалар сайты)
* Трансфермаркт
* Soccerway |
Аслан Қайратұлы Дарабаев (21 қаңтар 1989, Қарағайлы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Қарағанды футболының түлегі. Кәсіпқой карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастап, 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2008 жылғы маусымда алаңға 17 рет шықты.
2010 жылы "Ақтөбе" сапына ауысып, екі дүркін қола жүлдегер, бір рет күміс жүлдегер атанды.
2013 жылы "Атырау" сапына қосылып, маусым ортасында "Шахтерге" қайта оралды. Одан соң "Қайрат", "Ертіс" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Тобыл" командасына ауысты. "Тобыл" сапындағы алғашқы голын УЕФА Еуропа Лигасының іріктеуінде Грузияның "Самтредия" қақпасына соқты.
2019 жылы "Ертіске" ауысты.
2019 жылы жазда "Жетісу" сапында ойнады. Маусым соңында "Каспий" клубына өтті.
2022 жылы "Астана" клубына ауысып кетті.
Ұлттық құрамаға 2010 жылы шақырылғанымен, алғашқы ойынын 2014 жылы ғана өткізді. Ал бірінші голын 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының С лигасында Словакия құрамасына қарсы ойында соқты.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Шахтёр»
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2009
* Қазақстан кубогының финалисі (1): 2009
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2011, 2012
«Қайрат»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2015
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2015
* Қазақстан кубогы (2): 2014, 2015
* Қазақстан суперкубогы (1): 2016
## Сілтемелер
* Профилі (footballfacts.ru)
* Профилі (Ұлттық құрамалар сайты)
* Трансфермаркт
* Soccerway |
Виктор Николаевич Карачун (3 қазан 1959, Минск, Беларусь КСР, КСРО — 28 қазан 2017, Смоленск, Ресей) — КСРО және Ресей футболшысы.
## Карьерасы
Минскінің "Динамо" клубының түлегі. 1981 жылы Брестің "Динамосына" ауысты да, 1983 жылы Қазақ КСР-іне келіп, "Целиникте" доп тепті.
1986 жылы Алматының "Қайратына" шақырылып, екі жыл негізгі құрамда ойнады. 1988 жылы КСРО Федерациялары кубогының иегері атанды да, сол жылы көпшілікті таңғалдырып, КСРО чемпионатының екінші лигасындағы Ворошиловградтың "Заря" клубына ауысты.
Кейін Мажарстан, Беларусь, Ресей клубтарында доп теуіп, футболмен қоштасқан соң бапкерлікпен айналысты.
1988 жылы "КСРО спорт шебері" атанды.
Ардагерлер матчына көп қатысты. КСРО футбол ардагерлері құрамасында да ойнады. 2017 жылы 28 қазанда өмірден өтті.
## Жетістіктері
### Командалық
* КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1988
## Сілтемелер
* footballfacts.ru
* Профил3
* «Қош бол, Виктор-мотоциклист…» Мұрағатталған 29 қазанның 2017 жылы. |
Жетімшоқы — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Нарманбет (2006 жылға дейін – Жаңаорталық) — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қарабұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 93 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сергей Михайлович Ледовских (24 сәуір 1958, Тамбов облысы, РСФСР, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. 1980 жылдары "Қайрат" командасында жарқыраған спортшы.
## Мансабы
Ресейдің Тамбов облысында дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасы Қазақстанға көшіп келді де, қазақ футбол мектептерінде тәлім алды. Карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастап, 1988 жылға дейін Қазақстан клубтарында ойнады.
1980-82 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасындағы "Шахтерда" ойнап, "Қайратқа" ауысты. 1988 жылы Қазақстаннан біржола кетті. 1995 жылы Сочидің "Жемчужина" клубында ойнап жүріп мансабын аяқтады.
КСРО жоғары лигасында 250-ден аса ойында алаңға шықты.
90 жылдардың соңында "Жемчужина" клубында бапкерлік қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады.
## Жетістіктері
* КСРО футбол федерациялары кубогы: 1988
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* "Шахтер" (Қарағанды) ФК сайтында Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы. |
Пётр Нейштетер (Нойштэдтер) (нем. Peter Neustädter; 16 ақпан 1966 жыл, Калининское, Шу облысы, Қырғыз КСР) — кеңестік, қазақстандық және германиялық бұрынғы футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Шыққан жері Поволжье немістерінен. 1991 жылы отбасы Германияға көшіп өтті.
Карьерасында бірнеше КСРО клубтарында ("Зенит", "Қайрат", "Искра", "Днепр", "Таврия", "Спартак") ойнап, одақ тараған соң Германия командаларында доп тепті.
1996 жылы Қазақстан құрамасынан шақырту алып, үш кездесу өткізді.
Футбол ойнауды доғарған соң бапкерлікпен айналысты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы
* Профилі Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Жалаңаш — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үшарал — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарақой — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Азат Маликұлы Нұрғалиев — Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. 1986 жылы маусымның 30 жұлдызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Екі дүркін әлем Қазақстан чемпионы және үш дүркін Қазақстан Кубогының иегері (әр жүлде әртүрлі футбол құрамасында).
## Биография
### Клубта
Шымкент футболының шәкірті. Бірінші жаттықтырушысы Юрий Цалин болған. 2004 жылы Азат өзінің алғашқы "Ордабасы" клубымен кәсіби келісімшартына отырды. 2004 жылы 15 сәуірде Қызылорда қаласында жергілікті "Қайсар" клубына қарсы дебют жасады.
Бірақ 2006 жылы жас ойыншыларға лимит енгізді және Нұрғалиев Қостанайдан келген "Тобыл" командасының жаттықтырушысы Дмитрий Огайға ауысты. Бұл командада бес жыл қатарынан өнер көрсетіп, Ең үздік жетістіктерге қол жеткізді, алғаш рет ел чемпионы және Кубок иегері атанды.
2011 жылы туған "Ордабасы" командасына қайтып оралып, сол жылы командамен бірге Қазақстанның екінші Кубогын жеңіп алды.
2012 жылдың қаңтар айында талдықорғандық "Жетісу" клубымен келісімшартқа отырды.
2016 жылдың маусым айында Грузия мен Қытай арасындағы жолдастық кездесулерде Азат соққан екі голдан кейін елордалық "Астанамен" маусым соңына дейін жалға алынды. Осы клуб үшін чемпионаттың 11 ойынын және Кубок ойынын өткізді. Онда ол 6 гол соғып, командаға "алтын дубль" жасауға көмектесті. Еурокубоктардың ойынында 10 ойыннан 4 матчта ойнады. Бірақ "Астана" қаржылық себептермен жалдау шартын ұзартпады.
2017 жылдың ақпан айында футболшы туған "Ордабасы" клубына оралып, чемпионаттың бірінші матчында "Астанаға" гол соғып, оның командасы чемпионды жеңді (3-0). Команда капитаны болып, чемпионатта 28 ойын өткізіп, 5 гол соқты.
Бірақ 2018 жылдың 9 қаңтарында Нұрғалиев қаржылық себептерден өз клубымен келісім-шартты бұзды. 17 қаңтар күні Қостанайлық "Тобылмен" бір жылға келісім-шартқа қол қойды. Команда капитаны болып сайланған Азат маусымда 28 ойын өткізіп, 8 гол соқты (5 ассист) және клубтың үздік бомбардирі болды. Нұрғалиев өз жолдастармен бірге "Тоболға" Қазақстан чемпионатының қола медальдарын ұтып, УЕФА Еуропа Лигасына қатысу құқығын иеленуге көмектесті.
### Ұлттық құрамада
Қазақстан ұлттық құрамасындағы Бернд Шторк басшылығымен 2009 жылғы 1 сәуірде ӘЧ-2010 іріктеу турнирінің Белоруссия құрамасымен (1-5) матчында дебютті ойынын өткізді. Бірақ алғашқы голын Қырғызстан құрамасымен жолдастық ойында (7-1) 2014 жылдың 5 қыркүйегінде ғана соқты. 2017 жылдың соңына дейін барлығы 38 ойын өткізіп, үш гол соқты.
## Жетістіктері
«Тобыл»
* Қазақстан чемпионы: 2010
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2007, 2008
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2006, 2018
* Қазақстан кубогы: 2007
* Интертото кубогы: 2007
«Ордабасы»
* Қазақстан кубогы: 2011
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017
«Астана»
* Қазақстан чемпионы: 2016
* Қазақстан кубогы: 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Тобол» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Қасабай — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Асқар Сейдахметұлы Қожабергенов (туған жері — Жетісу өңірі) —Қазақ КСР кезінде Алматының «Қайрат» футбол клубында ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен белді ойыншыларының бірі, қорғаушы. 1992 жылы «Қайраттың» сапында Қазақстан чемпионы. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құрамасында да ойнаған үздік футболшылардың бірі. «Қайрат» пен Қазақстан құрама командасының капитандық белгісін қатар алып жүрді. Футболдағы мансабын 1999 жылы «Қайратта» жүріп аяқтады. 2010 жылдан бері Асқар Сейдахметұлы Талдықорғанның «Жетісу» клубының басшысы әрі бапкері…
## Бапкер болып қалыптасуы
Дмитрий Огай екеуінің ұзақ жылдық достығы бар. Кезінде «Қайрат», «Тараз» сияқты клубтарда бірге ойнады. Огайдың ұсыныссымен оған көмекші болып 2000 жылдан қызылжарлық команда жұмыс істеген.Дмитрий Огаймен екеуі он жылдай бірге жұмыс істеді. Олар жаттықтырған «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл» командалары жүлделі орыннан түскен жоқ. Тек, 2009 жылы ғана «Тобыл» ел чемпионатында төртінші орын алып қалды. Сол жылы Асқар мен Дмитрий «Тобылдан» өз еркімен кетті. Төрт айдан кейін Қаскелең қаласының «Сұңқар» клубына бас бапкер болып бекітілі.
Бапкерлік сырды футболшы болып жүргенде Тимур Сегізбаев, Құрбан Бердыев, Леонид Остроушко, сынды бапкерлерден үйренген. «Бұлардың ішінде Құрбан Бердыевтің орны мен үшін ерекше. ...1984 жылы «Қайратың» сапында Құрбан Бердыевпен бірге алаңға шықтым.. Кейіннен ол үлкен спортпен қоштасып, бапкерлікке бет бұрды. 1995 жылы «Қайратты» жаттықтырған кезде де Құрбан Бердыевтің қасында болдым.» - дейді Асқардың өзі.
## Бапкерлік мансабы
2010 жылы Жетісуға ауыспай тұрып Бірінші лигада «Сұңқардың» бас бапкері болды.
## Дереккөздер |
Бауыржан Ренатұлы Жолшиев (8 мамыр 1990, Фрунзе, Қырғыз КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-шабуылшысы.
## Мансап
### Клубтық
Бауыржанның бiрiншi клубы "Алматы" болды. Ол "Алматыда" 2 маусым өткiздi. "Атырауға" 2009-дан 2011 жылға дейін ойнады. 2011 жылды жазда "Тобылға" ауысты.
2014 жылы ақпанда "Астана" клубымен екі жылдық келісім шарт жасасты. Клуб сапында екі жыл қатарынан Қазақстан чемпиогны атанды, 2015 жылы күзде УЕФА Чемпиондар лигасына қатысып, 18 тамыз күнгі плей-офф кезеңінде АПОЭЛ қақпасына жеңс голын соқты (1:0).
2015 жылы 9 желтоқсанда сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Галатасарайға" қарсы карьерасындағы соңғы ойынын өткізді.
Бір аптадан соң еркін агент ретінде клубтан кетті. Бірақ сол күйі футбол ойнамады.
2018 жылы карьерасын жаңғыртуға әрекет жасады, бірақ "футболдан гөрі тұрмыстық жағдайын дұрыстауды" алдыңғы кезекке қойып, футбол ойнаудан бас тартты.
### Ұлттық құрама
Қазақстан жастар құрама командасы сапында 2010 жылы қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Алғашқы добын достастықтардың кубогiнде соқты.
2012-15 жылдары негізгі құрама сапында 13 рет алаңға шықты. 2013 жылы 6 ақпанда Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде құрамадағы тұңғыш голын соқты 3:1).
2014 жылы 5 қыркүйекте Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесуде екі голдың авторы атанды (7:1).
## Табыстары
### Командалық
Атырау
* Қазақстан Кубогының иегері : 2009
«Астана»
* Қазақстан чемпионы (2): 2014, 2015
* Қазақстан суперкубогы (1): 2015
### Жеке
* 2012 жылғы Үздік жас ойыншы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Тобол» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2013 жылы. |
Қошқар — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қусақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Владимир Викторович Нидергаус — қазақстандық және ресейлік шабуылшы. Қазақстан құрамасының тарихтағы тұңғыш голының авторы. Қазақстан құрамасы сапында 4 матч өткізген. 1994 жылы Ресей құрамасы сапында бір ойын ойнаған. Неміс ұлтынан шыққан.
## Футболшылық карьерасы
Көкшетау футболының түлегі. Алғашқы бапкері — Сергей Зайцев. Футболшы мансабын Көкшетаудың "Торпедо" клубында бастаған. Кейін алматылық "Қайратқа" ауысты. Ең ұзақ ойнаған клубы — ресейлік "Ротор" (Волгоград). "Ротор" сапында 1997 жылы чемпиондықты соңғы сәтте ғана "Спартакқа" беріп қойып, команда күміс жүлдені қанағат тұтты. Осыдан кейін Нидергаус Израильде екі жыл ойнап, "Роторға", сосын Қазақстанға оралды.
2004 жылы футболшы карьерасын аяқтады.
Қазір Қостанайдың "Тобыл" клубының бас бапкері.
## Жетістіктері
Қазақстанның екі дүркін чемпионы — 1992, 2000
Қазақстан кубогы — 1992
Израиль кубогы — 1998
Ресей чемпионатының күміс жүлдегері — 1998
Ресей чемпионатының қола жүлдегері — 1996
Интертото кубогының финалисі — 1996
## Сілтемелер |
Марат Жалғасұлы Есмұратов (9 қараша 1961) — КСРО және қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қызылорда футболының түлегі. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Карьерасы
КСРО футболының түлегі саналады. Карьерасында "Мелиоратор" (Қызылорда), "Қайрат", "Ақтөбе", "Ордабасы-СКИФ" клубтарында доп тепті. 2001 жылы "Қайсарда" ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
1992 жылы 1 маусымда Алматыда Қазақстан құрамасы Түрікменстан футболшыларына қарсы өз тарихындағы тұңғыш ойынды өткізді. Осы матчта Марат Есмұратов та алаңға шықты. Ұлттық құрама командада барлығы 7 кездесуде өнер көрсетті. Жетеуі де 1992 жылы өткізілген матчтар-тұғын. Бақтияр Байсейітов бапкерліктен кеткен соң ұлттық құрамаға қайта шақырылмады.
Кейін бапкерлікпен айналысты.
## Сілтемелер
* Профилі (footballfacts.ru) |
Дуаншы — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дәуренбек Тәжімбетов (2 шілде, 1985, Жаңақорған, Қазақ КСР, КСРО) — Қазақстан футболшысы, шабуылшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Командалық
«Қайсар»
* Бірінші лига жеңімпазы (1): 2005
«Ордабасы»
* Қазақстан кубогы (1): 2011
* Қазақстан суперкубогы (1): 2012
«Шахтёр»
* Қазақстан суперкубогы (1): 2013
«Астана»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2013
## Клубтық карьера кестесі
## Сілтемелер
* Сайтындағы профиль |
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастары ұйымдастырған, КСРО президенті Михаил Горбачёвті биліктен құлату және КСРО мемлекетін сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған сәтсіз төңкеріс.
Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде КСРО вице-президенті Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ТЖМК, орыс. ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды, көптеген бақылаушылар бұл оқиғаны КСРО ыдырауын одан әрі жылдамдатты деп санайды.
## Дереккөздер |
Тораңғылық — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында болған ауыл, бұрынғы Тораңғылық ауылдық округі орталығы. 2023 жылы ауылдық округпен бірге таратылып, аумағы Балқаш қалалық әкімдігіне берілді.
## Географиялық орны
Балқаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде Балқаш көлінің жағасында орналасқан.
## Тарихы
Іргесі 1937 жылы қаланған. 1968 жылы Балқаш құс фабрикасы ашылып, 1998 жылы жекешелендірілген. 1977 жылы Тораңғалық ауылдық кеңесі атқару комитеті кұрылған. Тораңғы ағашының көп өсуіне сай Тораңғалық деп аталған. Ауылдық округ бұрын Тоқырауын ауданына қараған. 1997 жылы ауданның тарауына байланысты Ақтоғай ауданына қосылды. Халқының саны — 485 адам (2009). Жерінің жалпы ауданы — 3,5 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — балық аулау, көкөніс, құс өсіру, қосымша — сүтті ірі қара, шошқа өсіру болды. Округте мектеп, ФАП, клуб, кітапхана, 14 демалыс орны, «Балқашқұс» ЖШС, АТС, пошта және басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Балқаш темір жол стансасы 23 км жерде.
## Халқы
Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 481 адам (230 ер адам және 251 әйел адам) болса, 2009 жылы 485 адамды (246 ер адам және 239 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ермек Болатханұлы Қуантаев (13 қазан 1990 жыл, Қостанай, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы (1): 2010
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2015, 2016, 2017
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2014
* Қазақстан кубогы (3): 2014, 2015, 2017
* Қазақстан кубогының финалисі (1): 2011
* Қазақстан суперкубогы (2): 2016, 2017
### Жеке
* Қазақстанның үздік жас ойыншысы: 2010
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Тобол» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2013 жылы. |
Жамбыл Мұхитұлы Көкеев - Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. 1988 жылы қыркүйектің 20-сы күні Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақстан құрамасында 20 ойын өткізіп 1 доп соққан. 2006 жылы Астана-1964 сапында Қазақстан чемпионы атанды.
## Қызықты жайттар
* Жамбыл Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен ең жас ойыншы рекордының иесі. Туылғанына 17 жас, 4 ай, 27 күн болғанда. 2006 жылы ақпанның 14-і күні Иордания құрамасымен болған ойында алғашқы кездесуін өткізген.
## Қазақстан құрамасында өткізген ойындары
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан Чемпионы: 2006, 2011, 2012
* Қазақстан кубогы: 2010, 2013, 2014
### Жеке
* Қазақстанның ең жас футболшысы: 2008
## Сілтемелер |
Ермек Нұрғалиев (8 тамыз 1986 жыл, Қостанай, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Карьерасында "Тобыл", "Оқжетпес" клубтарында доп тепті.
## Карьерасы
Карьерасын "Торғай" клубында 2004 жылы бастады. 2005 жылы екінші лиганың тағы бір клубы "Аятқа" ауысты.
2005 жылдың соғында "Тобыл" футболшысы атанды. Қостанайлық клубта бір маусым ойнады.
2007-10 жылдары "Оқжетпес" сапында доп тепті.
2011 жылы "Тобылға" қайта оралды. Бірақ "Тобыл" сапында көбіне кубок ойындары мен ізбасарлар құрамында ойнады. 2015 жылы 29 жасында карьерасын аяқтады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Тобол» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2013 жылы. |
Дмитрий Алексеевич Огай (14 мамыр 1960, Жамбыл, КСРО) — Қазақ футбол бапкері.
## Карьерасы
### Клубтық
Жамбыл футболының түлегі. 1980 жылы "Қайратқа" өткенімен негізгі құрамға іліне алмай, 1981 жылы "Пахтакорға" кетті. Ташкентте үш маусымдай ойнап, туған клубы "Химикке" оралды.
1986 жылы тағы да "Қайрат" сапына өтті. Сол маусымда қайраттықтар КСРО чемпионаты тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 7-орын алды.
1988 жылы "Қайрат" КСРО Федерациялары кубогын ұтқанымен, маусым соңында бірінші лигаға түсіп қалды да, бірнеше футболшылармен бірге Дмитрий де клубтан кетіп, мансап жолында үшінші рет "Химикке" оралды.
### Бапкерлік
2000 жылы Дмитрий Огай "Есиль-Богатырь" клубының бас бапкерi болды. Онда ол жақсы жұмысты еңсерді. 2002 жылында Огай павлодардық "Ертiс" бапкері атанды. Павлодарда Огай "Ертiспен" Қазақстан Премьер Лигасы жеңді. 2004 жылында ол "Тобылдың" бас бапкерi болды. 2007 жылы Қазақстан кубогы және Интертото Кубогын жеңді. Ал 2010 жылы желтоқсанда ресейлық Урал бапкері атанды. 2012 жылы "Нефтехимиктің" бас бапкерi болды.
## Жетістіктері
### Футболшы ретінде
* Қазақстан чемпионы: 1996Вице чемпион 1997
* Вице чемпион 1997
### Бапкер ретінде
* Қазақстан чемпионы2002, 2003Вице чемпион: 2000, 2004, 2005, 2007, 2008Қола жүлдегер: 2001, 2006
* Вице чемпион: 2000, 2004, 2005, 2007, 2008
* Қола жүлдегер: 2001, 2006
* Қазақстан кубогы: 2007
* Интертото кубогы 2007
* Қазақстан кубогының финалисі: 2000, 2002
## Марапаттары
* КСРО спорт шебері: 1982
* Қазақстандағы жыл бапкері: 2002, 2003, 2005
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Өмірбаяны Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2010 жылы.
* Пресс-портретs |
Марат Шахметов — Қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Мансап
### Клубтық мансабы
Марат Шахметов 1985 жылы ақпанның 6 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген. Жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. «Алматы» клубының шәкірті. Өзінің мансабын туған қаласының «Алматы» клубында ойнап бастады. 2009 жылы Астана футбол клубының ресми сайтында Марат клубымен 2 жылдық келісім-шартқа отырғандығын мәлімдеген.
### Ұлттық мансабы
Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2011 жылы 10 тамызда Сирия ұлттық құрамасына қарсы өткізеді.
## Жетістіктері
* Қазақстан Супер Кубогының жүлдегері: 2011
* Футболдан Қазақстан Кубогының жүлдегері: 2010, 2012
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2009
## Жеке басының тірлігі
Үйленген. Әйелінің аты Гульдана. Үлкен ағасы бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «UEFA» ресми сайтындағы профилі (ағыл.)
* NFT сайтада Статистика
* championat сайтада мансап тарихи Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. (орыс.) |
Мақсат Байжанов (06.08.1984 ж.), - Қазақстанның футболшысы. Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Жартылай қорғаушы. Футболшылық карьерасын Қызылорданың Қайсар ФК-ында бастаған. Қазақстанның құрама командасының экс-ойыншысы. Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2005 жылы қаңтардың 29-ында Жапония командасына қарсы болған матчта өтті.
## Мансабы
### Клубтық
Мақсат Байжанов - Қызылорда футболының тәрбиеленушісі. 2002 және 2004 жылдар арасында "Қайсар" футбол клубында ойнады. Келесі маусымды Павлодарлық "Ертіс" командасында бастады. Одан кейін, қайтадан "Қайсар" клубына келіп, 2008 жылға дейін ойнады. 2009 жыл маусымын Астаналық "Локомотив" командасында өткізді. 2010 жылдың бірінші жартысын "Ақтөбе" клубында ойнады, содан кейін трансферге қойылды. Екінші жартысын "Жетісу" құрамасында өткізіп, 2011-2014 жылдар аралығында Қарағандылық "Шахтер" клубында ойнады. 2015 жылы "Атырау"-ға ауысып, 2016 жылы Қарағандылық "Шахтер" клубына қайтіп келді. 2017 жылдан бастап қазірге дейін Қызылордалық "Қайсар" футбол командасында өнер көрсетеді.
### Ұлттық құрама
Мақсат Байжанов ұлттық құрамадағы мансабын 29 қаңтар 2005 жылы Японияға қарсы матчында бастады.
## Статистика
### Клубтық
2002-2014 жж: 350 матчта 35 гол соққан.
### Ұлттық құрама
2002-2014 жж: 20 матчта гол соқпаған.
## Жетістіктер
### Клубтық
Локомотив
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлде иегері: 2009
Ақтөбе
* Достастық кубогінің финалисті: 2010
* Қазақстан суперкубок иегері: 2010
Шахтер
* Қазақстан чемпионы(2): 2011, 2012
* Қазақстан кубогінің иегері: 2013
* Қазақстан Суперкубок иегері: 2013
### Өзіндік
Қазақстан Премьер-лигасының үздік 22 ойыншыларының бірі(4): №1 (2006, 2008), №2 (2007, 2009) ҚФФ "Үздік жартылай қорғаушы" премиясының лауреаты: 2008
## Сілтемелер |
Мұрат Әзімбекұлы Тілешев — Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы. 1980 жылы сәуірдің 12-сі күні Тараз қаласында дүниеге келген. Қазіргі күні "Шахтер" (Қарағанды) клубының спорттық директоры.
## Карьерасы
1998 жылы "Тараз" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2000 жылы "Шахтерға", сосын Астананың "Жеңіс" клубына ауысып, Қазақстан чемпионы атанды.
2001 жылғы маусымда қайтадан "Шахтерға" оралды.
2003 жылы "Ертіске" ауысып, үш маусым ойнады. Осы аралықта, яғни 2004 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақыртылды. Чемпионаттағы өте нәтижелі ойындарына қарамастан (2008, 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды), 2008 жылы құрамаға Бернд Шторк бас бапкер боп келген соң Мұрат құрамаға мүлде шақырылған жоқ.
Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырды. 2010 жылы "Ақтөбе" сапында жүріп, өзінің Қазақстан чемпионатындағы 130-шы голын соқты.
2016 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап карьерасын аяқтады. 18 жылдық карьерасында Қазақстан чемпионаттарында 148 гол соқты. Бұл Нұрбол Жұмасқалиевтен кейінгі екінші көрсеткіш.
## Статистикасы
## Жетістіктері
* Қазақстан Чемпионы: 2003, 2006, 2009
* Қазақстан Кубогының иегері : 2001
* Қазақстан Супер Кубогының иегері : 2010
* Достастық Кубогының финалисті : 2009, 2010
* Қазақстан Премьер Лигасының бомбардирі : 2005, 2008, 2009
## Сілтемелер
* Профилі (fannet.org)(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.) |
Данияр Жексенұлы Мұқанов 1976 жылы қыркүйек айының 26-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 80 сантиметр. Салмағы 76 килограмм. Қорғаушы. Қазір Қостанайдағы "Тобыл ФК" клубында бапкер көмекшісі қызметін атқарады. Қазақстанның құрамасы командасының экс-ойыншысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2002 жылы сәуірдің 17-інде Латвия командасына қарсы матчта өтті.
## Статистикасы
### Клубтық
## Жетістіктері
* Қазақстан Чемпионы : 1995
* Қазақстан Кубогының иегері : 1995, 2007
* Интертото Кубогының жеңімпазы : 2007
## Ұлттық құрама сапында
Ұлттық құрама сапында Дәнияр 12 кездесу өткізіп 1 доп соқты
## Сілтемелер
* «Тобыл» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2013 жылы. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.