text
stringlengths
3
252k
Балуан — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Семиполь ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 562 адам (285 ер адам және 277 әйел адам) болса, 2009 жылы 295 адамды (157 ер адам және 138 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Жалтыр – Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл. * Жалтыр – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл. Көлдер: * Жалтыр – Атырау облысы Махамбет ауданы жерінде. * Жалтыр – Есіл алабындағы көл. * Жалтыр – Павлодар облысы Аққулы ауданы жерінде.
Городецкое — Башқұртстанның Ермекеев ауданындағы ауыл, Бекет ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 144 адамды құрады.Пошта индексі — 452188, ОКАТО коды — 80225802002. ## Демографиясы Тұрғындардың динамикасы: ## Дереккөздер ## Сыртқы cілтемелер * Башқұртстан Республикасының муниципалдық бiлiмдерiнiң кеңесi.
Елді мекендер: Қазақстан: * Садовка – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл. Ресей: * Садовка – Башқұртстанның Стерлитамак ауданындағы ауыл.
Құртай — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Юбилейный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 148 адам (75 ер адам және 73 әйел адам) болса, 2009 жылы 93 адамды (44 ер адам және 49 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тельманово — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Юбилейный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 247 адам (132 ер адам және 115 әйел адам) болса, 2009 жылы 129 адамды (66 ер адам және 63 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ұзынжар (2008 жылға дейін – Октябрьское) — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Юбилейный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 899 адам (418 ер адам және 481 әйел адам) болса, 2009 жылы 573 адамды (270 ер адам және 303 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Эме Жаке (фр. Aimé Jacquet; 27 қараша 1941 жыл, Сель-су-Кузан, Луара, Франция) — француз футболшысы, бапкер. Франция Ұлттық футбол құрамасында екі ойын өткізген. 1998 жылы жаттықтырушы ретінде Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған. Бапкерлік карьерасында ұлттық құрамадан бөлек "Олимпик Лион", "Бордо", "Монпелье", "Нанси" секілді француз клубтарын жаттықтырды. ## Жетістіктері ### Ойыншы ретінде Сент-Этьен * Франция чемпионы: 1963/64, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1969/70 * Франция кубогы: 1962, 1968, 1970 ### Бапкер ретінде Бордо * Франция чемпионы: 1983/84, 1984/85, 1986/87 * Франция кубогы: 1986, 1987 Ұлттық құрама * Әлем чемпионы: 1998 ## Сілтемелер * Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
Күмісжағлан - бірыңғай күміс шытыралармен әшекейленген, былғарыдан тігілген сандық яки сандықша. Алдыңғы беті ғана былғарымен көмкеріліп, оған асыл тас орнатқан сандық түрі. Ал олардың сырты түгелімен қапталғанын "қаптама сандық" десе, алдыңғы жағы оюлы былғарымен көмкеріліп, оған асыл тас орнатылған, күміс әшекей бастырылған түрі "күмісжағлан" аталады. ## Дереккөздер
* Тельманово – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. * Тельманово – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл.
Ортакөл — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Приишим ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстікке қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 77 адам (44 ер адам және 33 әйел адам) болса, 2009 жылы 65 адамды (31 ер адам және 34 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Өзтоған — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Семиполь ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстікке қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 335 адам (175 ер адам және 160 әйел адам) болса, 2009 жылы 200 адамды (111 ер адам және 99 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бірлік — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Приишим ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 455 адам (235 ер адам және 220 әйел адам) болса, 2009 жылы 356 адамды (186 ер адам және 170 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңажол — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 736 адам (355 ер адам және 381 әйел адам) болса, 2009 жылы 493 адамды (246 ер адам және 247 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Белоградовка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Юбилейный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 177 адам (85 ер адам және 92 әйел адам) болса, 2009 жылы 157 адамды (73 ер адам және 84 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңаталап — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 256 адам (138 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 152 адамды (86 ер адам және 66 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Анвар Ахмаджонович Солиев (өзб. Anvarjon Soliyev; 5 ақпан 1978 жыл, Наманган, Өзбек КСР) — өзбек футболшысы, шабуылшы. Өзбекстан Ұлттық құрамасы сапында ойнаған. 2004 жылы Азия кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық * Өзбекстан чемпионы (12): 1996, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2011, 2014, 2015 * Өзбекстан кубогы (9): 1998 2001/02, 2002/03, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2012 * АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалисі (4): 2002/03, 2004, 2008, 2012 * ТМД елдері кубогының жеңімпазы: 2007 ### Жеке * Өзбекстандағы жыл футболшысы (№3): 2005 * Өзбекстан чемионатының сұрмергені: 2005 (29 гол) ## Сілтемелер * Статистика
Неждановка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Сухорабов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 282 адам (135 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 77 адамды (41 ер адам және 36 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ольгинка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Сухорабов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Иманбұрлық өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. == Халқы ==31999 жылы жергілікті тұрғындар саны 764 адам (388 ер адам және 376 әйел адам) болса, 2009 жылы 518 адамды (255 ер адам және 263 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сергеев қалалық әкімдігі — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сергеев қаласы кіреді. Орталығы - Сергеев қаласы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 7661 адамды құрады. ## Дереккөздер
Кеңес — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 380 адам (221 ер адам және 159 әйел адам) болса, 2009 жылы 285 адамды (149 ер адам және 136 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Дубровка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 219 адам (110 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 81 адамды (41 ер адам және 40 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Князевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 301 адам (156 ер адам және 145 әйел адам) болса, 2009 жылы 121 адамды (61 ер адам және 60 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шақпақ — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Чистополь ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 98 адам (51 ер адам және 47 әйел адам) болса, 2009 жылы 77 адамды (37 ер адам және 40 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Шақпақ – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Шақпақ – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл. * Шақпақ – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл. * Шақпақ – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
Елді мекендер: Қазақстан: * Князевка – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл. Ресей: * Князевка – Башқұртстанның Аургазин ауданындағы ауыл. * Князевка – Башқұртстанның Ермекеев ауданындағы ауыл. Өзен: * Князевка – Ресейдегі өзен. Пермь өлкесі, Киров облысы, Удмуртия Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді.
Чистополье — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Чистополь ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3333 адам (1615 ер адам және 1718 әйел адам) болса, 2009 жылы 2460 адамды (1181 ер адам және 1279 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Александр Валерьевич Мокин (19 маусым 1981, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының қақпасын қорғаған. Ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2005 жылы қаңтарда сырт алаңда Жапонияға (0:4) қарсы өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық «Астана-1964» * Қазақстан чемпионы (1): 2006 * Қазақстан кубогы (2): 2002, 2005 «Шахтёр» * Қазақстан чемпионы (2): 2011, 2012 * Қазақстан кубогы (1): 2013 * Қазақстан суперкубогы (1): 2013 «Астана-2009» * Қазақстан чемпионы (2): 2016, 2017 ### Жеке * Премьер-Лига-33 (3): № 2 (2013); № 3 (2011, 2012) * «ГОЛ» апталығының сауалнамасы бойынша Қазақстандағы үздік футболшы: 2012 ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Әліп Нұралы Пақтұлы (1999 жыл 22 желтоқсанда туған, Ақтау, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Зенит" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық "Каспий" футбол клубының түлегі. 2015 жылы "Қайрат" клубының жастар командасына келіп қосылды. 2018 жылы наурызда алматылық клубтың негізгі құрамына қосылды. Алғашқы ойынын 11 наурыз күні "Қызылжар" клубына қарсы өткізіп, алаңда 90 минут бойы ойнады. Бұл ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті. 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 2022 жылы қаңтарда "Зенитке" жалға берілді. ### Халықаралық Қазақстанның 19 және 21 жастағы құрамаларында ойнады. Ұлттық құрама сапында 2018 жылы 26 наурыз күні Болгариямен жолдастық ойында алаңға тұңғыш рет алаңға шықты. 90+2 минутта тыңнан ойынға қосылды. Бұл кезде сесеп 1:1 болатын, Нұралы ойынға араласып үлгермей жатып Болгария футболшылары гол соғып кетті. Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды. ## Жетістіктері "Қайрат" * Қазақстан суперкубогының финалисі: 2018 * Қазақстан чемпионы: 2020 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018, 2019 * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2021 "Зенит" * Футболдан Ресей чемпионаты: 2021/22, 2021/23 * Футболдан Ресей суперкубогы: 2022, 2023 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Футболшымен сұқбат (орыс.)
Құлаайғыр – Есіл алабындағы өзен, Аққанбұрлық өзенінің сол саласы. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов және Ақмола облысы Жақсы аудандарының жерімен ағып өтеді. ## Бастауы Бастауын жонды белестен алып, Аққанбұрлық өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 40 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толғыады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп қалады. ## Жағалау сипаты Орта ағысында арнасы тік жарлы келген. Оң жағалауының биіктігі 6-12 м-ге дейін жетеді. ## Дереккөздер
Салқынкөл – Есіл алабында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Ялты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 20,6 км2, ұзындығы 6 км, ені 4,2 км-ге жетеді. Жағалау сызығы 16,3 км. Көлге оңтүстік-шығысынан көбіне тартылып қалатын Қарасу өзені құяды. Жер асты, қар суымен толығады. Балықтан мөңке, шортан, алабұға, т.б. тіршілік етеді. ## Дереккөздер
Құлаайғыр — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Құлаайғыр ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Ауыл 1965-96 жылдары Мичурин ауданының сүт-ет бағытындағы “Топар” кеңшарының ортылығы болып келді. Оның негізінде Құлаайғырда және округке қарасты Жаманжол, Ялта ауылдарында өндірістік кешені және шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Жаңасу — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Андреев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 235 адам (122 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 107 адамды (47 ер адам және 60 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Сарыадыр – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл. * Сарыадыр – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Сарыадыр – Ерейментау тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау. * Сарыадыр – Қу тауларының солтүстік сілеміндегі тау. * Сарыадыр – Сарыарқа шоқылы тауларының батысында, Торғай үстіртінің солтүстігінде жатқан үстіртті-адырлы тау тізбегі. * Сарыадыр – Сілеті бөгенінің оңтүстік-батысындағы тау. * Сарыадыр – Ертіс аңғарындағы, Үлкен Айғыржал қонысының оңтүстік-батысындағы тау.
Золотоноша — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 363 адам (169 ер адам және 194 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (61 ер адам және 71 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әлиев Рахат Мұхтарұлы (10 желтоқсан, 1962 жыл, Алматы – 24 ақпан 2015 жыл, Вена) — қазақстандық іскер және саясаткер. ## Қысқаша өмірбаяны 1962 жылы туған. Орта жүздің қоңырат тайпасының Жаманбай руының Киікші бөлімінен. Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. 1986–1993 жылдары ғылыми жұмыспен айналысты. 1993–1996 жылдары кәсіпкерлік қызметте. 1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997–1998 жылдары Алматы қаласы Салық полициясы департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаментінің директоры. 1998–1999 жылдары Бірінші вице-министр — Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің төрағасы. 1999–2000 жылдары ол — Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы. 2000–2001 жылдары — ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасары. 2001–2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары. 2000 жылдан бастап Қазақстан футбол одағының қоғамдық негіздегі президенті. 2002–2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Словения, Хорватия, Македония, Сербия және Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі. 2005–2007 жылдары ол — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары. 2005 жылғы тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2007 жылғы ақпаннан — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылғы 26 мамырдан — Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26-бабы 4-ші тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ҚР-ның арнаулы өкілі Рахат Әлиевті қызметтерінен босату туралы ҚР Бас прокурорымен келісілген ұсыныс түсірді. Онда Р.Әлиевтің ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 125-бабында көзделген — «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып отырғаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 26 мамырдағы №333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды. 2007 жылғы 28 мамырда Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды. 2015 жылғы 24 ақпанда Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. ## Марапаттары II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медалінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды. ## Отбасы жағдайы Бұрынғы зайыбы Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш бала: Нұрәлі Рахатұлы 1985 жылғы, Айсұлтан Рахатұлы 1990-2020, Венера Рахатқызы, 2000 жылғы. ## Дереккөздер
Берёзовка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 492 адам (225 ер адам және 267 әйел адам) болса, 2009 жылы 421 адамды (200 ер адам және 221 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сивковка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 561 адам (277 ер адам және 284 әйел адам) болса, 2009 жылы 469 адамды (236 ер адам және 233 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы. ## Өмірбаян Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева. ### Білімі 2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен. ### Мансабы Елге оралған соң Қарлығаш екі жыл бойы «Cағындырған әндер-ай» ретро-фестивалінің, «Қазақстан» телеарнасындағы «Ән Арна» музыкалық бағдарламасының жүргізушісі болады. Телеарнада жүрген кезінде болашақ "Лавэ" картинасының продюсерінің көзіне түсіп, сол фильмнің түсіріліміне шақырту алды. 2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түскен. Содан кейін «Рывок» («Серпіліс») және «Ирония любви» («Махаббат тәлкегі») фильмдерінде шағын рөлдерді сомдап шықты. Басты рөлін 2010 жылы «Сказ о розовом зайце» («Қызғылт қоян туралы хикая») картинасында ойнады. ## Фильмографиясы * 2008 – «Лавэ» - Жания * 2009 – «Серпіліс» («Рывок») - эпизод * 2010 – «Махаббат тәлкегі» («Ирония любви») - Бибігүл * 2010 – «А»-ға оралу» («Возвращение в «А») - Динара * 2010 – «Қызғылт қоян туралы хикая» («Сказ о розовом зайце») - Жека * 2011 – «Ликвидатор» - Жанна * 2011 – «Мамырдың жеті күні» («Семь майских дней») - Жанна * 2012 – «Жан жүрегім – Астана!» - Бекінің анасы * 2012 – «Барлық әлем біздің қолымызда» - эпизод * 2014 – «Дала дауысы» - Алтынай * 2015 – «Аманат» - Халима Бекмаханова * 2016 – «Сабина келін-2» - Қарлығаш * 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Дариға Назарбаева ## Дереккөздер
Рузаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Рузаев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 4714 адам (2267 ер адам және 2447 әйел адам) болса, 2009 жылы 4420 адамды (2079 ер адам және 2341 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1921 жылы қаланған. 1930—97 жылдары Көкшетау облысының өзімен аттас ауданының орталығы болып келді. 1959 жылдан бастап ғ12 кәсіптік-техникалық мектеп, 1968 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы, 1982 жылдан аудандық тұтынушылар одағының қосалқы шаруалығы орналасты. Рузаевкада бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелердің негізінде астық және мал өсірумен айналысатын ЖШС-тер құрылды. Олардан басқа мұнда электр стансасы, май зауыты, диірмен, машина-трактор жөндеу шеберханасы, байланыс бөлімшесі, сауда орындары, т.б. бар. ## Дереккөздер
Куприяновка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Юбилейный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сергеев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 328 адам (159 ер адам және 169 әйел адам) болса, 2009 жылы 254 адамды (124 ер адам және 130 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Чернобаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 439 адам (208 ер адам және 231 әйел адам) болса, 2009 жылы 349 адамды (181 ер адам және 168 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құлаайғыр – Салқынкөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан таулы шоқы. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шақпақ ауылының шығысында 17 км-дей жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 341 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, атырабы жонды-белесті. Шығысында Қалмақкөл көлі, солтүстігінде Тотықұс тауы орналасқан. ## Өсімдігі Қара топырақ жамылғысында бетеге, селеу, сұлыбас, боз, қияқ, терек, т.б. өседі. ## Дереккөздер
Евгений Иванович Постников (16 сәуір 1986, Ескі Оскол, РСФСР, КСРО) — Ресей және Қазақстан футболшысы, қорғаушы. ## Карьерасы Карьерасында Латвия, Ресей, Беларусь, Қазақстан клубтарында ойнады. 2021 жылдың басында крьерасын аяқтады. 2018 жылдың басында Қазақстан азаматтығын алды да, Қазақстан құрамасында ойнай бастады. "Астана" сапында ойнап жүрген кездегі бапкері Станимир Стойлов құрамаға шақырды.Тұңғыш ойынын 23 наурызда сырт алаңда Мажарстанға қарсы өткізді. 2018 жылы барлығы жеті кездесуде алаңға шықты. Оның төртеуі УЕФА Ұлттар лигасының матчы болатын. 2019 жылы 21 наурызда (дебют ойынынан екі күні кем бір жылдан соң) Шотландияға қарсы құрама сапындағы соңғы кездесуінде 90 минутты түгел ойнады. Бұл кездесу Қазақстан 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жалпы құрама сапында 8 кездесуде алаңға шықты, құрама соның үшеуінде жеңіске жетті, екі ойында ғана ұтылды. ## Жетістіктері ### Командалық * Латвия чемпионы (1): 2011 * Латвияның күміс жүлдегері (1): 2010 * Латвия кубогы (1): 2010/11 * Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2012, 2013 * Қазақстан чемпионы (2): 2014, 2015, 2017, 2018, 2019 * Қазақстан суперкубогы (1): 2015, 2018, 2019 * Қазақстан кубогының финалисі (1): 2015 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (орыс.)
Динара Бақтыбаева (1993 жыл, қарашаның 17-сі жұлдызында дүниеге келген, Жаңаөзен қаласы, Қазақстан) — Қазақстанның актрисасы. ## Өмірбаяны 1993 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 3 жасында ата-анасымен Атырауға көшіп кетті. Университетке түсу алдында сол жақта тұрып келді. 2015 жылы АЭБУ-дың (Алматы энергетика және байланыс университеті) «Радиотехника, Электроника және Телекоммуникациялар» мамандығын бітірген. Кинодағы дебюті «Бойжеткен мен жігіт» (2013) фильмінен басталды. ## Фильмографиясы * 2013 – «Бойжеткен мен жігіт» - бойжеткен * 2014-2015 – «Нархоз» - Айсана * 2016 – «Зәуре» - Зәуре * 2016 – «Супертой немесе қазақша күйеуге шығу» - эпизод * 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Динара Назарбаева * 2017 – «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» - Салтанат ## Дереккөздер
Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009). ## Толығырақ * Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. * Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды. * Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды. * 2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген. * 2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. * 2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. * 2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады. ## Фильмографиясы * 2005 – «Час волка» - Қалтай * 2005 – «Махамбет» - Махамбет * 2005 – «Застава» - Селим * 2006 – «Мұстафа Шоқай» - Байдрахман * 2008 – «Ағайынды» - Шыңғыс * 2009 – «Город Мечты» сериалы - Руслан * 2010 – «Ликвидатор» - Әрсен * 2010 – «А»-ға оралу» («Возвращение в «А») - Марат * 2011 – «Ағайынды-2» - Шыңғыс * 2012 – «Жеңіс семсері» - эпизод * 2012 – «Жаужүрек Мың бала» - Әбілқайыр хан * 2013 – «Кітап» - Оңғар * 2013 – "Тракторшының махаббаты" -"Жасұлан" * 2013 – «Параллель әлемдер» - Жан * 2014 – «Дала дауысы» - Абай * 2015 – «Адель» - Бекжан * 2015 – «Аманат» - Ермұқан Бекмаханов * 2016 – «Анаға апарар жол» - Лұқпан * 2016 – «Отызда күйеуге шығу» - Қасымов * 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Нұрсұлтан Назарбаев * 2017 – «Наурыз.kz» - эпизод * 2018 – «321-ші Сібір дивизиясы» - эпизод ## Марапаттары * 2009 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық киносыйлығының иегері атанды. * 2016 жылы елбасының жарылығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * 2018 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * nurastana.kz, сұхбат(қолжетпейтін сілтеме) * Казахстанская правда, интервью Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2011 жылы. (орыс.)
Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев (қыр. Бакиев Курманбек Сали уулу; 1 тамыз 1949 жыл, Жалалабат облысы) — қырғызстандық саясаткер, Қызғалдақ төңкерісі нәтижесінде билікке келген Қырғызстанның екінші президенті (2005–2010). 2010 жылғы сәуірдегі оппозицияның ірі наразылықтары үкімет мекемелерін басып алды да, Бәкиев елден кетуге мәжбүр болды. ## Өмірбаяны 1949 жылғы 1 тамызда қазіргі Жалалабат облысы, Масадан ауылында дүниеге келген. Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы политехникалық институтын бітірген, мамандығы бойынша инженер-электроник. 1976—1979 жылдары Куйбышевтағы (Самарадағы) Масленников атындағы зауытында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1979—1985 жылдары Жалалабат зауыттарының бірінде бас инженері болып істейді. 1985—1990 жылдары Көк-Жаңғақ қаласындағы «Профиль» зауытының бастығы. 1992—1994 жылдары Тоғыз-Тара аудан әкімшілігінің басшысы. 1994—1997 жылдары Жалалабат облысының әкімшілігінің басшысы. 1997—2000 жылдары Шу облысының губернаторы. 2000 жылғы 21 желтоқсаннан 2002 жылғы 22 мамырға дейін Қырғызстан премьер-министрі. Ақсы ауылындағы оқиғаларынан кейін орнынан өз еркімен бас тартып, халық мүддесін қорғап, Ақаевқа қарсы оппозицияға кетті. Оппозиция көшбасшысы болып, Қызғалдақ төңкерісінен кейін ел басшысы болды. 2005 жылдан бастап ол — Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарды. 2005 жылы Қырғызстан Ақаевтың саясатына наразылық білдіріп, 24 наурызда Қызғалдақ төңкерісін жасаған. Осындай қиын саяси жағдайында, билікке Бәкиев келген. Біржолы ел басшысы және үкімет басшысы (премьер-министр) міндеттерін атқарып, кезектен тыс президенттік сайлауда өз кандидатурасын тапсырған. 10 шілдеде өткен сол сайлауда ол ресми деректер бойынша сайлаушылардың 88% алып, жеңіске жетті. 2005 жылғы 15 тамызда Бәкиевтің президент инаугурациясы өтті. 2009 жылы ол екінші мерзімге сайланған. 2010 жылғы 7 сәуірде пайда болған қанды оқиғалардан кейін елдік төңкерісінің барысында Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев сияқты орнынан кетуге мәжбүр болды. Бішкектен қашып кеткен Бәкиев туған Жалалабат облысының Тейіт ауылына келіп, билігін сақтау үшін Қырғызстанның оңтүстігінде елдің қолдауын іздеді. 15 cәуірде Бәкиевті қолдайтын күштер Ош қаласында митинг ұйымдастырды. Алайда, жақтаушы мен қарсылас топтардың қақтығысынан кейін, митинг тарап кетті, ал мақсатына жете алмаған Бәкиев Қырғыз елінен кетуге мәжбүр болды. Тараз қаласында биліктен бас тартатын қағазға қол қойып, ары қарай Беларусьтің астанасы Минск қаласына ұшып кетіп, сол жақта пана тапты. ## Сыртқы сілтемелер * Кұрманбек Бакиевтың ресми сайты Мұрағатталған 14 мамырдың 2010 жылы. * Лентапедиядағы Кұрманбек Бәкиев ## Дереккөздер
Беспаловка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Андреев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 224 адам (122 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 100 адамды (55 ер адам және 45 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Раисовка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Андреев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 921 адам (437 ер адам және 484 әйел адам) болса, 2009 жылы 850 адамды (429 ер адам және 421 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Стерлитамак — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 107 адам (51 ер адам және 56 әйел адам) болса, 2009 жылы 74 адамды (31 ер адам және 43 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Андреевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Андреев ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1525 адам (726 ер адам және 799 әйел адам) болса, 2009 жылы 1409 адамды (683 ер адам және 726 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
* Возвышенка – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл. * Возвышенка – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл.
Возвышенка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Возвышен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 580 адам (291 ер адам және 289 әйел адам) болса, 2009 жылы 408 адамды (208 ер адам және 200 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Елдос Қуанышұлы Ахметов (1 маусым 1990, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. ## Карьерасы ### Халықаралық Ұлттық құрамаға 2012 жылы Мирослав Беранектің кезінде шақырылды. 29 ақпан күні Түркияда Латвияға қарсы жолдастық ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бірақ сол матчтан соң 2016 жылға дейін құрама ойындарында алаңға шыққан жоқ. Тек Талғат Байсуфинов келген соң ғана Елдос қайтадан құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырту ала бастады. 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Елдос бес кездесуде алаңға шықты. Соңғы ойынын 2022 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасында Әзірбайжанға қарсы өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық «Ертіс» * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2010, 2016 «Астана» * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2013 * Қазақстан чемпионы (2): 2014, 2015 «Қайрат» * Қазақстан кубогы (1): 2017 * Қазақстан суперкубогы (1): 2017 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019 ## Құрамадағы ойындары ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 30 қарашаның 2016 жылы. (орыс.) * Профилі (орыс.)
Елдос Қуанышұлы Ахметов (1 маусым 1990, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. ## Карьерасы ### Халықаралық Ұлттық құрамаға 2012 жылы Мирослав Беранектің кезінде шақырылды. 29 ақпан күні Түркияда Латвияға қарсы жолдастық ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бірақ сол матчтан соң 2016 жылға дейін құрама ойындарында алаңға шыққан жоқ. Тек Талғат Байсуфинов келген соң ғана Елдос қайтадан құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырту ала бастады. 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Елдос бес кездесуде алаңға шықты. Соңғы ойынын 2022 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасында Әзірбайжанға қарсы өткізді. ## Жетістіктері ### Командалық «Ертіс» * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2010, 2016 «Астана» * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2013 * Қазақстан чемпионы (2): 2014, 2015 «Қайрат» * Қазақстан кубогы (1): 2017 * Қазақстан суперкубогы (1): 2017 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019 ## Құрамадағы ойындары ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 30 қарашаның 2016 жылы. (орыс.) * Профилі (орыс.)
Ефимовка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Нежин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 2,5 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 464 адам (223 ер адам және 241 әйел адам) болса, 2009 жылы 405 адамды (195 ер адам және 210 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Будённое — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Нежин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 908 адам (455 ер адам және 453 әйел адам) болса, 2009 жылы 808 адамды (391 ер адам және 417 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сарыадыр — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 281 адам (143 ер адам және 138 әйел адам) болса, 2009 жылы 202 адамды (112 ер адам және 90 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Станислав Олегович Лунин (2 мамыр 1993 — 2 мамыр 2021) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. ## Футболшы жайлы фактілер * Ұлттық құрамадағы алғаш рет 2014 жылы 7 маусымда сырт алаңда Мажарстанға қарсы жолдастық кездсеуде алаңға шықты. Бұл ойында Қазақстан 0:3 есебімен ұтылып қалды. * Сол жылы қарашада сырт алаңда Түркияға қарсы ЕУРО-2016 іріктеу ойынында да алаңға шықы. Бұл ойында да Қазақстан 1:3 есебімен жеңілді. * 2021 жылы 6 маусымда кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болды. ## Жетістіктері ### Командалық «Шахтёр» * Қазақстан чемпионы: 2012 * Қазақстан кубогы: 2013 * Қазақстан суперкубогы: 2013 «Қайрат» * Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2014 * Қазақстан кубогы: 2014 * Қазақстан суперкубогы: 2015, 2016, 2017, 2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 11 наурыздың 2016 жылы. * Профилі * Профилі Мұрағатталған 16 қыркүйектің 2018 жылы.
Куприяновка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Нежин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 110 адам (56 ер адам және 54 әйел адам) болса, 2009 жылы 58 адамды (30 ер адам және 28 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Григорьевка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 186 адам (92 ер адам және 94 әйел адам) болса, 2009 жылы 62 адамды (34 ер адам және 28 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Брилёвка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 99 адам (50 ер адам және 49 әйел адам) болса, 2009 жылы 51 адамды (26 ер адам және 25 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құйған — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 145 адам (73 ер адам және 72 әйел адам) болса, 2009 жылы 61 адамды (30 ер адам және 31 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Магомед Парагульков (26 наурыз 1994, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Эрмес" футбол клубының шабуылшысы. 2018 жылдан бері Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнайды. Алғашқы ойынын 23 наурызда сырт алаңда Мажарстан құрамасына (3:2) өткізді. 2018 жылдың соңында "Қайраттан" "Ертіске" ауысты. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2018 ## Статистикасы ### Клубтық 17 наурыз2018 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Кайрат Кәмілұлы Отабаев 16 шілде 1980 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Карьерасы Қайрат Ташкентте дүниеге келген, бірақ ұлты қазақ. 2000-03 жылдары "Пахтакорда" ойнап, 2002 жылы Өзбекстан чемпионы атанды. Тіпті сол жылы Өзбекстан құрамасы сапында бір ойын өткізді де. Бріақ ол жолдастық ойын ғана болғандықтан, 2005 жылы ФИФА Қайратқа Қазақстан құрамасында ойнауға рұқсат берді. 2003 жылы "Қайратқа" ауысты. Бір жылдан соң Қазақстан чемпионы атанды. 2009 жылы Өзбекстанның "Әндіжан" клубына ауысқаны болмаса, карьерасының қалған бөлігін Қазақстан командаларында өткізді. Қазақстан құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2005 жылы 26 наурыз күні сырт алаңда Данияға қарсы өткізді. Бұл - 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турнирі болатын. 2008 жылы Қазақстан құрамасының тізгігін Бернд Шторк ұстаған соң Қайрат құрамаға қайта шақырылған жоқ. ## Жетістіктері ### Командалық * Өзбекстан чемпионы: 2002 * Өзбекстан кубогы: 2001, 2002 * Қазақстан чемпионы: 2004, 2011 * Қазақстан кубогы: 2003 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Айбол Ерболатұлы Әбікен (1 маусым 1996 жыл, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ақсу" футбол клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы ### Клубтық 2017 жылы "Қайрат" клубының негізгі құрамына қабылданды. Бұл маусымда негізгі клубта 4 кездесуде алаңға шықты. Халықаралық матчтардағы дебютін 6 шілде күні УЕФА Еуропа Лигасының екінші кезеңінде Литваның "Атлантас" клубына қарсы сырт алаңда өткізді. 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогында "Астанаға" қарсы матчта протоколда болғанымен қосалқы құрамда қалды. Бұл ойында "Қайрат" 0:3 есебімен ұтылып қалды. ### Ұлттық құрама Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. 2018 жылы наурыз айында Ұлттық құраманың бапкері Станимир Стоилов Айболды құрамаға шақырғанымен ойынға қоспады. Тек 2019 жылы құрама тізгінін Михал Билек ұстаған соң ғана алаңға шыға бастады. Тұңғыш ойынын 2019 жылы 9 қыркүйекте Ресейге қарсы өткізді. Тұңғыш голын 2020 жылы 15 қарашада сырт алаңда УЕФА Ұлттар Лигасында Албания құрамасының қақпасына соқты. Алаң ортасынан теуіп қақпаны дәл көздеді. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2017 * Қазақстан чемпионатының вице-чемпионы: 2017, 2018, 2019 * Қазақстан чемпионы: 2020 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі * Статистикасы * footballfacts.ru сайтында
Чернозубовка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Возвышен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 649 адам (315 ер адам және 334 әйел адам) болса, 2009 жылы 506 адамды (241 ер адам және 265 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кайрат Кәмілұлы Отабаев 16 шілде 1980 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық және қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Карьерасы Қайрат Ташкентте дүниеге келген, бірақ ұлты қазақ. 2000-03 жылдары "Пахтакорда" ойнап, 2002 жылы Өзбекстан чемпионы атанды. Тіпті сол жылы Өзбекстан құрамасы сапында бір ойын өткізді де. Бріақ ол жолдастық ойын ғана болғандықтан, 2005 жылы ФИФА Қайратқа Қазақстан құрамасында ойнауға рұқсат берді. 2003 жылы "Қайратқа" ауысты. Бір жылдан соң Қазақстан чемпионы атанды. 2009 жылы Өзбекстанның "Әндіжан" клубына ауысқаны болмаса, карьерасының қалған бөлігін Қазақстан командаларында өткізді. Қазақстан құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2005 жылы 26 наурыз күні сырт алаңда Данияға қарсы өткізді. Бұл - 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турнирі болатын. 2008 жылы Қазақстан құрамасының тізгігін Бернд Шторк ұстаған соң Қайрат құрамаға қайта шақырылған жоқ. ## Жетістіктері ### Командалық * Өзбекстан чемпионы: 2002 * Өзбекстан кубогы: 2001, 2002 * Қазақстан чемпионы: 2004, 2011 * Қазақстан кубогы: 2003 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Артур Карашаускас (латышша Artūrs Karašausks; 29 қаңтар 1992, Рига) — латыш футболшысы, шабуылшы. Қазақстанның "Ақжайық" футбол клубында доп тебеді. 2010 жылдан бері Латвия құрамасында ойнап келеді. 2018 жылы 13 қазанда өз алаңында Қазақстан қақпасына гол соқты. Бұл Латвия құрамасының Ұлттар Лигасындағы тұңғыш голы болатын. ## Ойнаған клубтары ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі Мұрағатталған 14 наурыздың 2016 жылы.
Фанас Нагимович Салимов (19 ақпан 1964, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО - 27 тамыз 2021) — КСРО және Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" командасында ойнаған жылдары бүкіл Кеңес Одағына танылған. ## Карьерасы Карьерасын КСРО чемпионатының екінші лигасындағы СКИФ (Алматы), "Мелиоратор" (Шымкент) клубтарында бастады. 1982 жылы Қазақ КСР-інің бас командасы "Қайратқа" ауысты. Алматылық клуб сапында бірнеше жыл КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнады. 1988 жылы КСРО Федерациялары кубогының жеңімпазы атанды. 1990 жылдары ғана "Қайраттан" кетіп, Украина клубтарында бірнеше жыл доп тепті. 1996 жылы Қазақстанға оралды. 2000 жылға дейін "Батыр", "Жігер", "Жетісу", "Тараз" клубтарында ойнап, 36 жасында карьерасын аяқтады. КСРО жастар құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. БЛКЖО-ға мүше болды. ## Кейінгі карьерасы Карьерасын аяқтаған соң бірнеше жыл төреші боп жұмыс істеді. Қазір Қазақстанда ардагерлер футболымен айналысады. ## Жетістіктері * КСРО федерациялары кубогының жеңімпазы: 1988 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фанас Салимов * Фанас Салимов * Стройбат много потерял после ухода Салимова Мұрағатталған 16 қарашаның 2016 жылы. * Фанас Салимов Мұрағатталған 11 ақпанның 2012 жылы. * Ф. Салимов Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы.
Бауыржан Қаптағаев (1954 жыл, наурыздың 3-сі жұлдызында дүниеге келген, Жамбыл ауылы, Қазақ КСР) — Қазақстан актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ## Өмірбаяны 1954 жылдың 3 наурызында Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Жамбыл ауылында туған. 1980 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген (Асқар Тоқпанов шеберханасы). 1980 жылдан М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академикалық драма театрдың актеры. ## Фильмографиясы * 1981 – «Соңғы өткел» - Қарасақал * 2009 – «Біржан-сал» - эпизод * 2009 – «Ағайынды» - Ақтай * 2011 – «Айналайын» - эпизод * 2011 – «Болашақ» - эпизод * 2011 – «Жан жүрегім - Астана!» - эпизод * 2014 – «Үкілі Кәмшат» - эпизод * 2015 – «Таңдау» - Еркебұлан * 2016 – «Ақымаққа арналған гламур» - Ұлжанның әкесі * 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Президенттің сыныптасы * 2017 – «Әлемнің мейірімді парықсыздығы» - Зәмбек ## Дереккөздер
Фанас Нагимович Салимов (19 ақпан 1964, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО - 27 тамыз 2021) — КСРО және Қазақстан футболшысы, жартылай қорғаушы. "Қайрат" командасында ойнаған жылдары бүкіл Кеңес Одағына танылған. ## Карьерасы Карьерасын КСРО чемпионатының екінші лигасындағы СКИФ (Алматы), "Мелиоратор" (Шымкент) клубтарында бастады. 1982 жылы Қазақ КСР-інің бас командасы "Қайратқа" ауысты. Алматылық клуб сапында бірнеше жыл КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнады. 1988 жылы КСРО Федерациялары кубогының жеңімпазы атанды. 1990 жылдары ғана "Қайраттан" кетіп, Украина клубтарында бірнеше жыл доп тепті. 1996 жылы Қазақстанға оралды. 2000 жылға дейін "Батыр", "Жігер", "Жетісу", "Тараз" клубтарында ойнап, 36 жасында карьерасын аяқтады. КСРО жастар құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. БЛКЖО-ға мүше болды. ## Кейінгі карьерасы Карьерасын аяқтаған соң бірнеше жыл төреші боп жұмыс істеді. Қазір Қазақстанда ардагерлер футболымен айналысады. ## Жетістіктері * КСРО федерациялары кубогының жеңімпазы: 1988 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фанас Салимов * Фанас Салимов * Стройбат много потерял после ухода Салимова Мұрағатталған 16 қарашаның 2016 жылы. * Фанас Салимов Мұрағатталған 11 ақпанның 2012 жылы. * Ф. Салимов Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы.
Роберт Аркадьевич Битаров (23 наурыз 1976 жыл, Орджоникидзе, Солтүстік Осетин АССР, РСФСР, КСРО) — ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады. ## Жетістіктері * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 1996. * «Екібастұз» клубының үздік мергені: 2004. * Победитель зонального турнира среди команд второй лиги: 2006. * Солтүстік Осетия кубогы иегері: 2012. ## Статистикасы ### Клубтық ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Стаистикасы(қолжетпейтін сілтеме) * FootballFacts.ru
Роберт Аркадьевич Битаров (23 наурыз 1976 жыл, Орджоникидзе, Солтүстік Осетин АССР, РСФСР, КСРО) — ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады. ## Жетістіктері * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 1996. * «Екібастұз» клубының үздік мергені: 2004. * Победитель зонального турнира среди команд второй лиги: 2006. * Солтүстік Осетия кубогы иегері: 2012. ## Статистикасы ### Клубтық ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Стаистикасы(қолжетпейтін сілтеме) * FootballFacts.ru
Қайрат Тыныштықұлы Айманов (29 қыркүйек 1964) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы. КСРО және Қазақстан клубтарында ойнаған. Қазір бапкерлікпен айналысады. ## Карьерасы Шымкент футболының түлегі. 1984 жылы "Қайратқа" қабылданғанымен, негізгі құрамға іліне алмай, туған клубы "Мелиораторға" қайта оралды. 1988 жылы Хаваровскінің СКА клубында ойнады. 1990 жылы КСРО чемпионатының бірінші лигасында "Қайрат" сапында ойнады. 1991 жылы КСРО тарады да, келесі жылдан Қазақстан чемпионатында ойнай бастады. 1992 жылы "Қайрат" сапында Қазақстан чемпионы атанды. 1992 жылы 1 маусымда Қазақстан құрамасы тарихтағы тұңғыш матчын Алматыда Түркіменияға қарсы өткізді. Осы ойында Қайрат та алаңға шықты. Құрамадағы соңғы ойынын 1996 жылы Катар құрамасына қарсы өткізді. ## Жетістіктері * Қазақстан чемпионы: 1992 * Қазақстан кубогы: 1992 * Орта Азия кубогы: 1992 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қайрат Айманов жайлы footballfacts.ru сайтында
Тоқсан би (2006 жылға дейін — Западное) — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Нежин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 813 адам (403 ер адам және 410 әйел адам) болса, 2009 жылы 797 адамды (388 ер адам және 409 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
«Дала дауысы» — толық метражды көркем фильм. 2014 ж. B-Tween, Қазақфильм, Orange Studio киностудиялары шығарған. ## Сюжеті Сюжетте акустика маманы, француз Анатоль мен қазақ жігіті Абай туралы баяндалады. Кинотуынды екі қала - Париж бен Астана арасындағы рухани байланысты суреттейді. ## Түсірілім Түсірілім жұмыстары Астанада, Алматы облысында және Шарын шатқалында жүргізілген. Түсірімнің соңғы кезеңі қараша айында Францияда өтті. ## Рөлдерде * Абай — Берік Айтжанов * Анатоль — Жерар Депардье * Алтынай — Қарлығаш Мұхамеджанова * Ералы — Ерік Жолжақсынов * бала кезіндегі Анатоль — Артём Лифанов * Габриэль — Даниэль Молдашев * шаман-аңшы — Нұржұман Ықтымбаев * Клара — Юлия Тейфель * Аристид — Александр Красников ## Дереккөздер
Бірлік — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1097 адам (533 ер адам және 564 әйел адам) болса, 2009 жылы 915 адамды (452 ер адам және 463 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Володарское — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1050 адам (505 ер адам және 545 әйел адам) болса, 2009 жылы 786 адамды (376 ер адам және 410 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үлкен Талсай — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 80 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 73 адам (40 ер адам және 33 әйел адам) болса, 2009 жылы 18 адамды (9 ер адам және 9 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Шөптікөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Шөптікөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 83 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 802 адам (409 ер адам және 393 әйел адам) болса, 2009 жылы 777 адамды (406 ер адам және 371 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
* Володарское – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Володарское – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл.
Қоңырсу — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 94 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 183 адам (90 ер адам және 93 әйел адам) болса, 2009 жылы 50 адамды (24 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Түс жору – түсіңізде көрген қиял кескінге пішін беру, оның мағынасын табу. Ежелгі елдерде, Мысырда және Грекияда, адамдар көрген түстерін Құдайдың хабарламасы деп санаған. ## Тарих Ең бірінші түс жорығыш кітап Ежелгі Мысырда табылған (біздің заманымызға дейін 2000 жыл бұрын). Ол кітапта екі жүзден аса түстің мағынасы және харам деп танылған рухтан құтқаратын сиқырлы салттар жазылған. ## Дереккөздер
Сабырхан Ыбыраев (22 наурыз 1987 жыл) - Қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2008-2009 жылдары 5 ойын өткізген. ## Карьерасы ### Ұлттық құрамада Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2008 жылы 23 мамырда Мәскеуде Ресейге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Бұл ойында Қазақстан 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. ӘЧ-2010 іріктеуінде үш кездесуге қатысты, соның екеуі Англиямен болған матчтар. 2009 жылы 6 маусым күні Алматыда Англиямен ойында құрама сапында соңғы рет аңға шықты (0:4) ## Статистикасы ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Ерлан Жаңатайұлы Оразаев (4 сәуір 1979 жыл) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. 1999 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. ## Карьерасы 1990 жылдары қазақ балаларынан құралған "Намыс" футбол клубының түлегі. Кейін қаршы тапшылығынан клуб тарап кетті де, Алматының "Қайратына" ауысты. Алматылық клубтың екінші командасында ойнап жүріп Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасына шақырылды. Алғашқы ойынын 1998 жылы 24 мамырда Тәжікстан жастарына қарсы өткізді. Бұл кездесуде Қазақстан жастары 5:0 есебімен жеңіске жетті. 21 жасқа дейінгі құрама сапында 1999 жылы Нигерияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Бұл турнирде құрама үш ойында да ұтылып, бір ғана гол соқты, ол голды Ерлан Хорватия жастарының қақпасына енгізді. Тарихи голдың авторы негізгі құрамада бір ғана ойын өткізді. Қазақстан құрамасының бапкері Владимир Фомичев 2000 жылдың соңында сырт алаңда БАӘ құрамасына қарсы ойында алаңға шығарды. Бұл ойында Қазақстан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңілістен соң Фомичев қызметінен босады да, Ерланды ешкім қайтадан құрамаға шақырған жоқ. Кейін "Жетісу", Қайрат", "Маңғыстау", "Алматы" клубтарында ойнады да, 2006 жылы жарақатының кесірінен футболмен ерте қоштасты. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2000 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * footballfacts.ru сайтындағы профилі
Елді мекендер: Қазақстан: * Сазоновка – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. Ресей: * Сазоновка – Башқұртстанның Бакалин ауданындағы ауыл.
Көкалажар (2008 жылға дейін – Гавриловка) — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Көкалажар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 971 адам (484 ер адам және 487 әйел адам) болса, 2009 жылы 782 адамды (382 ер адам және 400 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаркөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шөптікөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 76 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 684 адам (349 ер адам және 335 әйел адам) болса, 2009 жылы 201 адамды (105 ер адам және 96 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстанға 15 жыл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шұқыркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 306 адам (154 ер адам және 152 әйел адам) болса, 2009 жылы 243 адамды (123 ер адам және 120 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаркөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамында болған ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғын саны 78 адам (40 ер адам және 38 әйел адам) болса, 2009 жылғы санақтың қорытындысы бойынша ауылдың тұрақты тұрғыны болмады. ## Дереккөздер
Қараағаш — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Шұқыркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 250 адам (124 ер адам және 126 әйел адам) болса, 2009 жылы 151 адамды (83 ер адам және 68 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қырымбет — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Қырымбет ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 104 км-дей жерде, Қалмақкөл көлінің шығысында 9 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 545 адам (270 ер адам және 275 әйел адам) болса, 2009 жылы 291 адамды (159 ер адам және 132 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сазоновка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Тахтаброд ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 84 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғын саны 65 адам (36 ер адам және 29 әйел адам) болса, 2009 жылғы санақтың қорытындысы бойынша 6 адамды (3 ер адам и 3 әйел адамдар) құрады. ## Дереккөздер
Ерлан Жаңатайұлы Оразаев (4 сәуір 1979 жыл) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. 1999 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. ## Карьерасы 1990 жылдары қазақ балаларынан құралған "Намыс" футбол клубының түлегі. Кейін қаршы тапшылығынан клуб тарап кетті де, Алматының "Қайратына" ауысты. Алматылық клубтың екінші командасында ойнап жүріп Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасына шақырылды. Алғашқы ойынын 1998 жылы 24 мамырда Тәжікстан жастарына қарсы өткізді. Бұл кездесуде Қазақстан жастары 5:0 есебімен жеңіске жетті. 21 жасқа дейінгі құрама сапында 1999 жылы Нигерияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Бұл турнирде құрама үш ойында да ұтылып, бір ғана гол соқты, ол голды Ерлан Хорватия жастарының қақпасына енгізді. Тарихи голдың авторы негізгі құрамада бір ғана ойын өткізді. Қазақстан құрамасының бапкері Владимир Фомичев 2000 жылдың соңында сырт алаңда БАӘ құрамасына қарсы ойында алаңға шығарды. Бұл ойында Қазақстан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңілістен соң Фомичев қызметінен босады да, Ерланды ешкім қайтадан құрамаға шақырған жоқ. Кейін "Жетісу", Қайрат", "Маңғыстау", "Алматы" клубтарында ойнады да, 2006 жылы жарақатының кесірінен футболмен ерте қоштасты. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2000 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * footballfacts.ru сайтындағы профилі
Дмитрий Михайлович Непогодов (укр. Дмитро Михайлович Непогодов; 17 ақпан 1988, Киев, УКСР, КСРО) — украиналық және қазақстандық футболшы, қақпашы. ## Карьерасы ### Клубтық Киевтің "Динамо" клубының академиясында тәлім алған. Кәсіпқой карьерасын Францияның "Марсель" клубында бастауға мүмкіндік болғанымен, француздық командада да бір де бір ресми ойында алаңға шыққан жоқ. 2009 жылы Украинаға қайтып келіп, Донецкінің "Металлургіне" қосылды. 2011 жылы Арменияның "Бананц" клубына жалға берілді. 2012-16 жылдары Украинаның тағы бір клубы — "Ворскланың" намысын қорғады. 2017 Қазақстанның "Тобыл" клубына ауысты. 2019 жылы "Астанаға" ауысып, дереу "Ордабасыға" жалға берілді. 2019 жылғы маусым қорытындысында Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды. 2020 жылы "Астанаға" қайта оралды. ### Ұлттық құрама Украинаның бірнеше жастағы құрамасында ойнағанымен, негізгі құрама сапында алаңға шыққан жоқ. Қостанайлық клубта ойнап жүріп, Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоиловтың көзіне түсті де, 2018 жылы қазан айларында УЕФА Ұлттар Лигасындағы Латвия және Андорра құрамаларымен ойынға шақырылды. Тұңғыш ойынын осы турнир аясындағы Грузиямен матчта өткізді (18 қараша 2018). ## Дереккөздер
Ломоносовка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Ломоносов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1029 адам (487 ер адам және 542 әйел адам) болса, 2009 жылы 859 адамды (412 ер адам және 447 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Дмитрий Михайлович Непогодов (укр. Дмитро Михайлович Непогодов; 17 ақпан 1988, Киев, УКСР, КСРО) — украиналық және қазақстандық футболшы, қақпашы. ## Карьерасы ### Клубтық Киевтің "Динамо" клубының академиясында тәлім алған. Кәсіпқой карьерасын Францияның "Марсель" клубында бастауға мүмкіндік болғанымен, француздық командада да бір де бір ресми ойында алаңға шыққан жоқ. 2009 жылы Украинаға қайтып келіп, Донецкінің "Металлургіне" қосылды. 2011 жылы Арменияның "Бананц" клубына жалға берілді. 2012-16 жылдары Украинаның тағы бір клубы — "Ворскланың" намысын қорғады. 2017 Қазақстанның "Тобыл" клубына ауысты. 2019 жылы "Астанаға" ауысып, дереу "Ордабасыға" жалға берілді. 2019 жылғы маусым қорытындысында Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды. 2020 жылы "Астанаға" қайта оралды. ### Ұлттық құрама Украинаның бірнеше жастағы құрамасында ойнағанымен, негізгі құрама сапында алаңға шыққан жоқ. Қостанайлық клубта ойнап жүріп, Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоиловтың көзіне түсті де, 2018 жылы қазан айларында УЕФА Ұлттар Лигасындағы Латвия және Андорра құрамаларымен ойынға шақырылды. Тұңғыш ойынын осы турнир аясындағы Грузиямен матчта өткізді (18 қараша 2018). ## Дереккөздер
Дружба — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Дружба ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1055 адам (517 ер адам және 538 әйел адам) болса, 2009 жылы 834 адамды (401 ер адам және 433 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Рухловка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Тахтаброд ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 246 адам (137 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 115 адамды (63 ер адам және 52 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер