text
stringlengths 3
252k
|
---|
Асхат Тағыбергенұлы Тағыберген (9 тамыз 1990, Қызылорда, Қазақ КСР) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Қызылода футболының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 2008 жылы 18 жасында "Қайсар" клубында бастады. 17 мамырда "Ертіске" қарсы ойынның 75-минутында тұңғыш Қазақстан чемпионатында алаңға шықты. Бұл ойында ескерту алды. 2011 жылы 30 сәуірде "Ордабасының" қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл ойында "Қайсар" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Екінші голын да 8 маусымда "Ордабасы" қақпасына енгізді, бұл жолы матч тең аяқталды — 1:1.
"Қайсар" сапындағы соңғы ойынын 30 қазан күні "Ақтөбеге" қарсы өткізді.
2012 жылы "Қайсардың" бұрынғы бапкері Владимир Никитенко "Ақтөбеге" шақырды. Клуб сапында бірнеше жаңа белестерді бағындырды: 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанды, сол жыл еурокубоктарда ойнады, 2014 жылы ұлттық құрамаға шақырту алды. Тіпті 2014/15 жылғы Еуропа лигасының іріктеуінде Арменияның "Гандзасар" клубының қақпасына гол да соқты.
2016 жылдың басына "Астанаға" ауысты. Сол жылы клуб сапында 26 матчта алаңға шығып, екінші рет ел чемпионы атанды.
2017 жылы жарты жылға "Тобыл" клубына жалға берілді.
2018 жылы туған клубы "Қайсарға" қайта оралды. "Қайсар" сапындағы тұңғыш ойынын 11 наурызда "Ақтөбеге" қарсы өткізді, 2012 жылы клубтан кетерде де соңғы ойынды "Ақтөбеге" қарсы ойнаған-ды.
2021 жылдың басында "Тобылға" ауысты. "Тобыл" сапындағы тұңғыш ойынын 3 наурыз күні "Қайрат" клубына қарсы өткізді, бұл Қазақстан суперкубогы болатын. Матчта Асхат есеп ашты, ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Матч соңындағы пенальтилер сериясында да өз мүмкіндігін бос жібермеді де, "Тобыл" финалға шықты. Турнир қорытындысында "Тобыл" жеңімпаз атанды.
### Ұлттық құрама
2011 жылы 3 маусымда Румынияға қарсы ойында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Жыл соңына дейін төрт кездесуге қатысты.
Ұлттық құрама сапында тұғыш рет 2014 жылы 7 маусым күні сырт алаңда Мажарстан құрамасына қарсы алаңға шықты (0:3). 13 қазанда "Астана Аренада" Чехияға қарсы ойнады, бұл ЕУРО-2016 іріктеуі болатын. 2015 жылы құрама сапында екі ойынға қатысты (Исландия мен Түркияға қарсы).
2016 жылы жеті кездесуге қатысты, оның үшеуі ресми ойын (ӘЧ-2018 іріктеуі). 2017 жылы алты ойында алаңға шықты.
2017 жылдан кейін біраз уақыт құрамаға шақырылған жоқ. Тек 2019 жылы 8 маусымда ЕУРО-2020 іріктеуіндегі Бельгияға қарсы ойында бір жарым жылға жуық үзілістен соң құрамаға оралды. Жыл соңына дейін барлығы бес кездесуде ойнады, 2020 жылы 10 қазанда Албанияға қарсы кездесуде 11 айға жуық үзілістен соң құрама намысын қорғады.
2021 жылы ӘЧ-2022 іріктеуінде Франция, Украина, Финляндияға қарсы матчтарда алаңға шықты.
2023 жылы 26 наурызда Данияның қақпасына тұңғыш голды соқты: гол алыстан тоғыздыққа қадалды. Бұл ЕУРО-2024 іріктеу турнирінің екінші турындағы үздік голдар қатарына енді.
2023 жылы 16 маусымда құрама сапындағы екінші голын Сан-Мариноның қақпасына пенальтиден енгізді.
## Жетістіктері
### Командалық
Ақтөбе
* Қазақстан чемпионы: 2013
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2014
* Қазақстанның қола жүлдегері: 2015
Астана
* Қазақстан чемпионы (2): 2016, 2017
* Қазақстан кубогы: 2016
Қайсар
* Қазақстан кубогы: 2019
Тобыл
* Қазақстан суперкубогы: 2021
Ордабасы
* Қазақстан чемпионы: 2023
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Ойрат Батайұлы Сәдуов (4 ақпан 1961 жыл) — КСРО және Қазақстан футболшысы. Бүкіл карьерасында тек "Ертіс" клубында доп теуіп, 500 ойында алаңға шыққан.
1997 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында алаңға шығып, ӘЧ-1998 іріктеуіне қатысты.
Қазір бапкерлікпен айналысады.
## Жетістіктері
### Командалық
Ертіс
* Қазақстан чемпионы: 1993, 1997
* Қазақстан кубогы: 1997/98
### Жеке
* Қазақстанның үздік қорғаушысы: 1997
### Бапкер ретінде
Ертіс
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008
## Баптаған клубтары
## Сілтемелер
* Статистикасы Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы.
* Ойрат СӘДУОВ — 50 ЖАСТА!
* "Футболшы мен бапкер - екі түрлі мамандық(қолжетпейтін сілтеме) |
Денис Александрович Родионов (26 шілде 1985 жыл, Гурьев, Гурьев облысы, Қазақ КСР) — Қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Қазақстан құрама командасының экс-футболшысы. Құрама командасында алғашқы ойыны 2004 жылы қыркүйектің 8-інде Украина командасына қарсы өтті. Бұл 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны болатын.
2005 жылы қыркүйекте Алматыдағы Грекияға қарсы ойында төрешімен тәжікелескені үшін алаңнан қуылып, кейін бір жыл ұлттық құрамадан шеттетілді де, 2006 жылы желтоқсанда ғана құрама сапында алаңға шықты.
Ұлттық құрама сапындағы жалғыз голын 2006 жылы желтоқсанда Таиланд құрамасының қақпасына енгізді, бұл жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірақ 2007 жылы құрама сапында бір ойын да өткізбеді. 2008 жылы екі рет жолдастық кездесуде алаңға шықты.
2010 жылы 3 қыркүйекте Астанада өткен Түркияға қарсы ойында (ЕУРО-2012 іріктеуі) соңғы рет құрама намысын қорғады. Ойынның 64-минутында ойынға тыңнан қосылды.
## Дереккөздер |
Антон Владимирович Цирин (10 тамыз 1987, Өзбек КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы. 2011 жылы 11 тамыз күні Астанада Сирия құрамасымен ойында тұңғыш рет құрама сапында алаңға шықты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (3): 2008, 2010, 2016
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы. (орыс.)
* Профилі (ағыл.) |
Ойрат Батайұлы Сәдуов (4 ақпан 1961 жыл) — КСРО және Қазақстан футболшысы. Бүкіл карьерасында тек "Ертіс" клубында доп теуіп, 500 ойында алаңға шыққан.
1997 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында алаңға шығып, ӘЧ-1998 іріктеуіне қатысты.
Қазір бапкерлікпен айналысады.
## Жетістіктері
### Командалық
Ертіс
* Қазақстан чемпионы: 1993, 1997
* Қазақстан кубогы: 1997/98
### Жеке
* Қазақстанның үздік қорғаушысы: 1997
### Бапкер ретінде
Ертіс
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008
## Баптаған клубтары
## Сілтемелер
* Статистикасы Мұрағатталған 14 тамыздың 2018 жылы.
* Ойрат СӘДУОВ — 50 ЖАСТА!
* "Футболшы мен бапкер - екі түрлі мамандық(қолжетпейтін сілтеме) |
Сарыбұлақ — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Көкалажар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 446 адам (229 ер адам және 217 әйел адам) болса, 2009 жылы 312 адамды (164 ер адам және 148 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сокологоровка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Қырымбет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 667 адам (321 ер адам және 346 әйел адам) болса, 2009 жылы 465 адамды (238 ер адам және 227 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Думан Ахметтілләұлы Нәрзілдаев (6 қыркүйек 1993, Жаңақорған ауданы) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. "Ордабасы" футбол клубында доп тебеді.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
2018 жылы қазан айында Қазақстан құрамасының бапкері Станимир Стоилов Думанды УЕФА Ұлттар лигасындағы Латвия және Андорраға қарсы ойындарға құрамаға шақырды.
Бірақ тұңғыш ойынын 2020 жылы 14 қазанда сырт алаңда Беларусқа қарсы өткізді, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын. 2022 жылы 24 наурызда сырт алаңда Молдоваға қарсы екінші ойынын өткізді.
## Статистикасы
### Клубтық
## Сілтемелер
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме)
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Мәдениет — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Көкалажар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 236 адам (123 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 61 адамды (32 ер адам және 29 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ломоносовское — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 87 адам (44 ер адам және 43 әйел адам) болса, 2009 жылы 32 адамды (14 ер адам және 18 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Урожайное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1028 адам (517 ер адам және 511 әйел адам) болса, 2009 жылы 828 адамды (403 ер адам және 425 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Степное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 61 адам (34 ер адам және 27 әйел адам) болса, 2009 жылы 75 адамды (38 ер адам және 37 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мұқыр — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новосел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 271 адам (135 ер адам және 136 әйел адам) болса, 2009 жылы 218 адамды (112 ер адам және 106 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұзынкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Червонный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 291 адам (148 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 155 адамды (79 ер адам және 76 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Привольное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новосел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 958 адам (471 ер адам және 487 әйел адам) болса, 2009 жылы 938 адамды (449 ер адам және 489 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Пески — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Червонный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Новоишим ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 711 адам (359 ер адам және 352 әйел адам) болса, 2009 жылы 698 адамды (343 ер адам және 355 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
## Білімі
* Семей ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
* Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937) оқыған.
* Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тәмамдаған.
## Өмірбаяны
* 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған.
* Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары
* республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары
* 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
* 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы.
* 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
## Шығармашылығы
* Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған.
* "Шалқыма" (поэма)
* "Бармақ" (поэма, 1937)
* "Қуат" (поэма, 1940)
* "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940).
* "Москва түбінде" (1942)
* "Майданбек" (Өлең-роман, 1943)
* "Бибінұр" (1949)
* "Жұлдызды жігіт"
* "Дала солдаты" (1945)
* "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары.
* Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған.
С. Торайғыров өмірінен жазған
* "Ақын арманы" (1964)"Арман жолында" (1968)"Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.
* "Ақын арманы" (1964)
* "Арман жолында" (1968)
* "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.
Драматургия жанрында
* "Қарулас достар" (1948)
* "Майра" (1954)
* "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
## Марапаттары
* Қызыл Жұлдыз ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Құрмет Белгісі" ордені
* көптеген медальдармен
* Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
* Қазақстанның халық жазушысы.
## Шығармалары
* Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958;
* Шығармаларының екі томдығы А., "Жазушы", 1977, 1984
* Махаббат құдіреті. Роман. А., "Жазушы", 1991;
* мелодия весны. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1993;
* Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., "Жазушы", 1997;
* Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., "Жазушы", 2001.
## Дереккөздер |
Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек (26 желтоқсан 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келді) – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы (1995), профессор.
## Өмірбаяны
### Білімі
* ҚазМУ-ды бітірген (1975).
* 1975 – 1978 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутутында, Республикалық Халық шығармашылық үйінде, С.Мұқанов мұражай-үйінде аға ғылыми қызметкер болған.
### Қызмет жолы
* 1978 – 1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті әдебиет және өнер бөлімінде тілші, ғылыми бөлімнің меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде түрлі қызметтер атқарды.
* 1990 – 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, қазіргі әдебиет бөлімінің меңгерушісі,
* «Ақиқат» журналында редактор, бөлім меңгерушісі, Алматы мемлекеттік консерваториясында аға оқытушы,
* Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, профессор.
* «Қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары әдебиеті» кафедраларының меңгерушісі, тарих-филология факультетінің деканы, ғылыми істер жөніндегі проректор болып істеді.
* 1999 жылдан Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, қазір Халықаралық қазақ-түрік университетінің тәрбие жөніндегі вице-президенті.
## Шығармашылығы
Ергөбек қазақ поэзиясы, прозасы, жеке шығарманың жазылу тарихы, жазушы шеберханасы мәселелеріне арналған «Жан жылуы» (1981), «Мейірім шуағы» (1985), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сәбит Мұқанов» (1989), «Баянғұмыр» (1992), «Жақсыдан қалған сөз» (1992), «Өтебай Тұрманжанов» (1992), «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994) секілді оқулық, сын-зерттеу еңбектерінің, «Адасқандар ақиқаты», «Сібір сабақтары» деректі повестерінің авторы.
«XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (2004) оқу қүралын, «Қазақтың мақал-мәтелдері» (2005), «Шынашақ» (1992), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Сылдырап өңкей келісім» секілді тақырыптық, антологиялық кітаптарды, Б.Кенжебайүлының5томдық, Ә.Тәжібаевтың 3 томдық таңдамалы шығармалар жинағын құрастыр ды. Орыс ертегілерін, Молдаван жазушылары шығармаларын қазақ тілше аударған.
Ғалым-сыншының «Арыстар мен Ағыстар» (2004 — 2007) аталатын алты томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, түрік, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылып басылған.
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы Кейкі мергенге арнап тұрғызылған кесене Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылында орналасқан.
## Зерттелуі
Манаш Қозыбаев «Жауға шаптым ту байлап», Кейкі батырдың өмірі туралы Ғ.Мүсіреповтің, көркем әдебиетте Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романдарында жазылады, тарихшы ғалымдар М.Мырзағали, М.Сулейман, Д.Рамазан, О.Бекмағанбетов, Т.Жұртбай, Ш.Әмірбек зерттеген. Ақын С.Тұрғынбекұлы - «Кейкі батыр» поэмасы, журналист Ахметхан Байжан – «Құлан Кейкі батыр» жинағы, Шөптібай Байділдин - «Кейкі батыр» жинағы. Шөптібай Байділдин - өлкетанушы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми қызметкері
## Қысқаша анықтама
2005 жылы салынған Кейкі батыр кесенесі Амангелді ауданының Тасты ауылында орналасқан. Кесенені салу кезінде табиғи тастар пайдаланылған. Кесененің ішіне халық батырының мүсіні орнатылған. 2017 жылы осы сағананың жанынан жаңа кесене салынып, қыркүйек айында батырдың сүйегін жерлеу рәсімі өтті.
## Аңыздар, тарихи мәліметтер
Кейкі батыр (Нұрмағамбет Көкембаев) – 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы белсенді және аңызға айналған тұлғалардың бірі. 1871 жылы Қостанай облысының Битума деген жерінде дүниеге келген, руы Орта жүз қыпшақ. Ол өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресті. Амангелді Иманов және қозғалыс жетекшісі Әбдіғапар ханның досы, серігі. Өзінің үзеңгілестері Амангелді Иманов, Әбдіғапар хан қайтыс болғаннан кейін Кейкі батыр кеңес өкіметіне қарсы шығып, қуғынға ұшырайды, 1919 жылдың 18 мамырында Ұлытау және Қызылқұмға кетуге мәжбүр болады. 1923 жылы көктемде ол қызыл әскерліктердің қолынан өлтірілді. Қазақ мергенінің кесілген басын қорқыту мақсатында Торғайдың орталық алаңына іліп қояды. Содан кейін оны дәлел ретінде Орынборға жібереді. Кейіннен Санкт-Петербургке Ұлы Петр атындағы (Кунсткамера) Антропология және этнография музейіне жіберіледі. 2016 жылы Кейкі батырдың сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінің мамандары жалпы антропологиялық талдау жасады және халық батырының бейнесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді.
## Сілтемелер
* (50°29′10″ с. е. 66°01′31″ ш. б.50.48611° с. е. 66.02528° ш. б. / 50.48611; 66.02528 ) |
Жетісу стадионы — Қазақстанның Талдықорған қаласындағы көп функциялы стадион. Бұрынғы атауы — "Спартак".
## Тарихы
"Спартак" стадионы Талдықорғанда 1982 жылы салынған. «Жетісу» футбол командасының үй аренасы болған.
Қайта жөндегеннен кейін стадионға 5550 көрерменге дейін сыятын болды. Екі трибуна (Батыс және Шығыс) пластикалық орындықтар мен үстелдермен жабдықталған. Қайта құру барысында электронды табло орнатылған. Стадионда тренажер залы және қосымша алаң бар.
Жетісу ерлер командасынан басқа "Жетісу" дубль командасы мен "Жетісу" әйелдер футбол командасы ойнайды. Стадионда футболдан Қазақстан жастар құрамасы бірнеше үй ойындары өткізді.
Спорттық іс-шаралардан басқа, стадионда мәдени-көпшілік шаралар, эстрада жұлдыздарының концерттері болады.
## Сілтемелер
* "Жетісу"стадионы ФК "Жетісу"сайтында. |
* Приишимка — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы ауыл.
* Приишимка — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Приишимка — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл. |
Қызылқоға, Қызылқоға ауданы — Атырау облысындағы аудан.
* Қызылқоға ауылдық округі — Қызылқоға ауданындағы ауылдық округ.
* Қызылқоға — Қызылқоға ауданының аудандық газеті. |
Қазақстанның республикалық, облыстық, аудандық, қалалық газеттер тізімі. Бұл тізімде мемлекеттік және жеке меншіктегі газеттер көрсетілген.
## Республика
## Алматы қаласы
## Астана қаласы
## Шымкент қаласы
## Байқоңыр қаласы
## Абай облысы
## Ақмола облысы
## Ақтөбе облысы
## Алматы облысы
## Атырау облысы
## Батыс Қазақстан облысы
## Жамбыл облысы
## Жетісу облысы
## Қарағанды облысы
## Қостанай облысы
## Қызылорда облысы
## Маңғыстау облысы
## Павлодар облысы
## Солтүстік Қазақстан облысы
## Түркістан облысы
## Ұлытау облысы
## Шығыс Қазақстан облысы
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
Қазақстан:
* Исаковка – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Исаковка – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл.
Ресей:
* Исаковка – Башқұртстанныі Чишмин ауданындағы ауыл. |
Василий (Ласло) Карлович Рац (25 наурыз 1961 жыл, Фанчиково, Виноградов ауданы, Закарпатск облысы, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, жартылай қорғаушы.
"Динамо" сапында ойнаған жылдары әлемге танылды. Клуб сапында бірнеше рет КСРО чемпионы атанып, осы клубта жүргенде КСРО құрамасына шақыртылды да, 1986 жылы әлем чемпионатына, 1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
1989 жылы шет ел клубтарына жол ашылған соң алғашқылардың бірі болып шет ел клубтарына ауысты. Бірақ бір ғана маусым "Эспаньолда" ойнап, Киевке қайта келді. Карьерасының соңғы жылдарын Мажарстанның "Ференцварош" клубында өткізді.
Кейін бапкерлікпен айналысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (4): 1981, 1985, 1986, 1990
* КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990
* КСРО суперкубогы (2): 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы: 1986
«Ференцварош»
* Мажарстан чемпионы (1): 1992
* Мажарстан кубогы (2): 1991, 1993
КСРО құрамасы
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 ақпанның 2020 жылы.
* Статистикасы |
Василий (Ласло) Карлович Рац (25 наурыз 1961 жыл, Фанчиково, Виноградов ауданы, Закарпатск облысы, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, жартылай қорғаушы.
"Динамо" сапында ойнаған жылдары әлемге танылды. Клуб сапында бірнеше рет КСРО чемпионы атанып, осы клубта жүргенде КСРО құрамасына шақыртылды да, 1986 жылы әлем чемпионатына, 1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
1989 жылы шет ел клубтарына жол ашылған соң алғашқылардың бірі болып шет ел клубтарына ауысты. Бірақ бір ғана маусым "Эспаньолда" ойнап, Киевке қайта келді. Карьерасының соңғы жылдарын Мажарстанның "Ференцварош" клубында өткізді.
Кейін бапкерлікпен айналысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Динамо» (Киев)
* КСРО чемпионы (4): 1981, 1985, 1986, 1990
* КСРО кубогы (4): 1982, 1985, 1987, 1990
* КСРО суперкубогы (2): 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы: 1986
«Ференцварош»
* Мажарстан чемпионы (1): 1992
* Мажарстан кубогы (2): 1991, 1993
КСРО құрамасы
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 16 ақпанның 2020 жылы.
* Статистикасы |
Қаракөсе — Қоңырат тайпасына жататын рулардың бірі. Ақпан революциясына дейін Сырдың жоғарғы ағысы, Ташкент маңы, қазіргі Мақтаарал және Жетісай аудандарын, Мырзашөлдің Өзбекстан жағын (Шыназ, Сырдария, Социализм совхоздары, Бахт, Белекей), Ташкент, Гулістан және Жизақ уәләяттарының Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес аудандарымен шекаралас аумақтарында тұрып келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қаракөселер оралмандар қатарында Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарына көптеп көшіп келді. |
Елді мекен:
* Ольшанка – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Ольшанка – Ресейдегі өзен. Белгород облысы, Воронеж облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Ольшанка – Ресейдегі өзен. Волгоград облысы, Воронеж облысы, Тамбов облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. |
Құсбек Тәукеұлы (1802- ө. ж. б.) - мемлекеттік қайраткер, Қарқаралы сыртқы округінің аға сұлтаны, Қара-Әйтімбет болысының билеушісі.
## Өмірбаяны
1854 ж. дейін болыс, одан кейін қатарынан 2 рет (1849-53) Қарқаралы дуанына аға сұлтан болып сайланған. Санкт-Петербургте патша сарайында да болған. Талды, Жарма өзенінің бойын жайлап, Қараша тауы аймағында қыстаған. Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болып тұрғанда Құрманғазы тобықты болысы Құнанбаймен талай рет кездесіп, әр түрлі істерді бірге шешіп отырған. 1845 ж. 12-қаңтарда Құнанбай өз аулыңда мұсылманша, орысша мектеп ашпақ болып, соған 2 тілді бірдей білетін мүғалім тауып беруін өтініп келген кезде, Құрманғазы шекара бастығына өзі қол қойып, хат жазған. Әйтседе, екеуінің келіспей қалған тұстары аз болмаған. Абай өзі болыс болып тұрған көздеріңце осы Құсбектің ел басқару ісіңдегі тиімді, пайдалы тәжірибелерін кеңінен пайдаланып отырған.
## Дереккөздер |
Эдуард Владимирович Сергиенко (18 ақпан 1983, Украин КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006-07 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Сол кездегі бапкер Арно Пайперс құрамадағы қызметтен кеткен соң Сергиенко құрама командаға қайта шақырылмады.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы: 2006
* Қазақстан кубогы: 2005
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2012 жылы. (орыс.)
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Эдуард Владимирович Сергиенко (18 ақпан 1983, Украин КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006-07 жылдары Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Сол кездегі бапкер Арно Пайперс құрамадағы қызметтен кеткен соң Сергиенко құрама командаға қайта шақырылмады.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан чемпионы: 2006
* Қазақстан кубогы: 2005
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2012 жылы. (орыс.)
* Профилі(қолжетпейтін сілтеме) |
Диас Бақытұлы Кәмелов (29 мамыр 1981, Жамбыл) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс ойыншысы.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2004 жылы 13 қазан күні Алматыда 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу ойынында Албанияға қарсы алаңға шықты.
Соңғы ойынын 2007 жылы 9 наурыз күні Шымкенттегі АЛМА.тв турнирінде Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізді (1:0). Құрамада барлығы жеті кездесуде алаңға шықты, бірақ гол соққан жоқ.
## Жетістіктері
### Командалық
* Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Диас Кәмелов: Біз жеңіске лайық едік
* Ненаигравшиеся
* Диас Кәмелов: Мен бақытты адаммын
* Диас Кәмелов
* Диас Кәмелов |
Юрий Борисович Ишутин (22 маусым 1959 жыл) — қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы.
## Карьерасы
1996 жылы 37 жасында Ұлттық құрамаға шақыртылды. Бұл Ұлттық құрама тарихындағы ең кеш дебют саналады. Ол кезде Ишутин 37 жаста болатын. Құрама сапында жеті ойында команда қақпасын қорғады.
Павлодар футболының түлегі. 2002 жылы "Екібастұз" сапында ойнап жүріп, 43 жасында карьерасын аяқтады. "Екібастұздан" бөлек "Ертіс", "Шахтер", "Восток", "Елім-ай" клубтарында ойнаған.
Карьерасын аяқтаған соң "Есіл-Богатырь", "Ертіс" командаларында қақпашылар бапкері боп қызмет атқарды.
## Жетістіктері
### Ойыншы ретінде
* Қазақстан чемпионы: 1997, 1998, 1999
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы Мұрағатталған 21 қаңтардың 2012 жылы.
* Профилі |
Диас Бақытұлы Кәмелов (29 мамыр 1981, Жамбыл) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс ойыншысы.
## Карьерасы
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2004 жылы 13 қазан күні Алматыда 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу ойынында Албанияға қарсы алаңға шықты.
Соңғы ойынын 2007 жылы 9 наурыз күні Шымкенттегі АЛМА.тв турнирінде Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізді (1:0). Құрамада барлығы жеті кездесуде алаңға шықты, бірақ гол соққан жоқ.
## Жетістіктері
### Командалық
* Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Диас Кәмелов: Біз жеңіске лайық едік
* Ненаигравшиеся
* Диас Кәмелов: Мен бақытты адаммын
* Диас Кәмелов
* Диас Кәмелов |
Кеңсай – көне обалар (біздің заманымыздан бұрынғы XII – IX ғасырлар). Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Бабата кентінің солтүстік жағында 3 километр жерде, Бабата өзенінің сол жақ жағалауындағы Кеңсай шатқалында. Обалардың кейбірі тастан, кейбірі тас топырақтан тұрғызылған. Кеңсай обаларын 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова) зерттеді. Обалардың ішінен 5 қорған, 19 тастан қаланған дөңгелек молалар қазылған. Одан мүрдені жерлеу ғұрыптарының әр түрлі екендігі анықталды. Өйткені олардың кейбірінде мүрделерді өртеп қойған. Ол біздің заманымыздан бұрынғы қола дәуірінің XII – X ғасырларына жатады. Обаның кейбірінде мүрделерді шалқасынан жатқызып, басын солт.-батыстан оңтүстік-шығысқа қаратып қойған. Ол біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы темір дәуірінің X – IX ғасырларына жатады. Бұған қола дәуіріне жататын молалардан табылған қоладан жасалған көзелер мен моншақтар, ұлу сүйегінен істелген алқалар және темір дәуіріне жататын молалардан табылған темір пышақтар дәлел болады. Табылған заттарға және жерлеу әдістеріне қарағанда, Кеңсай – қола дәуірінен темір дәуіріне өтетін кезде өмір сүрген тұрғындардың ескерткіші.
## Дереккөздер |
Стерлинг көпіріндегі шайқас (ағыл. Battle of Stirling Bridge) — Форт өзенінің бойындағы Стерлинг көпірінде болған, Шотландия тәуелсіздігі үшін бірінші соғыстың шайқасы. Күні - 1297 жылы 11 қыркүйек. Қолбасшылар - шотландықтар жағынан Уильям Уоллес және сэр Эндрю Морей, ал ағылшындар жағынан - Суррей графы, Джон де Варенн. Соғыс шотландықтардың жеңісімен аяқталды. Ағылшындардың әскеріне қарағанда, тек қана жаяу әскермен жасақталған Уоллес, өзен бойындағы тар көпірге қарама-қарсы, төбеде орналасты. Көпірдің тар болғаны соншалықты, тіпті, бірнеше адам осы жермен жүре алмады, сондықтан ағылшындардың өтуі баяу болды. Алдымен шотландық және ағылшын-валлилік садақшылардың атысы болды. Содан кейін, фалангі құрып, төрт метрлік найза және қысқа қылышпен қаруланған Уильям Уоллестің әскерлері, авангардтың өтуін күтіп, өткелден өткен ағылшындардың кішігірім контингентіне шабуыл жасады. Әскерінің бір бөлігі қырғынға ұшырап жатқанын көрген Суррей графы өткелден өтуді жылдамдатуға тырысты, нәтижесінде көпір құлап, кейбір рыцарлар суға батып, ал майданнан қашқан кішігірім бөлігінен басқаларын шотландықтар жойды.
## Әдебиет
* Barrow, G. W. S., Robert Bruce and the Community of the Realm of Scotland, 1976.
* Brown, C., «William Wallace» 2005.
* Ferguson, J., William Wallace: Guardian of Scotland., 1948.
* «The Chronicle of Lanercost 1272—1346», ed. H. Maxwell, 1913.
* Nicholson, R., Scotland-the Later Middle Ages, 1974.
* Prestwich, M., The Three Edwards: War and State in England, 1272—1277, 1980.
* Traquair, P., Freedom’s Sword
## Тағы қараңыз
* Уоллестің ескерткіші
## Сілтеме
* Шотландия : Стерлинг пен Уоллестің ескерткіші (орыс.) |
Елді мекендер:
* Қаратас – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Қаратас – Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл.
* Қаратас – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
Таулар:
* Қаратас – Нарын жотасының солтүстік-шығысындағы тау.
* Қаратас – Шағырлы тауларының солтүстік-батысындағы оқшауланған шоқылы тау.
* Қаратас – Тасқарала тауының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
* Қаратас – Қаратау тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
* Қаратас – Мұңлы тауының солтүстігіндегі тау.
* Қаратас – Шошқакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы тау.
* Қаратас – Балқаш көлінің батысындағы тау.
* Қаратас – Сарықұм құмының оңтүстік-батысындағы тау. |
* Мыңбұлақ ауылдық округі – Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Мыңбұлақ ауылдық округі – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Мыңбұлақ ауылдық округі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Елді мекендер:
* Бестоғай – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл.
* Бестоғай – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Бестоғай – Сырдария алабындағы өзен. |
Тұрсынай Саидазимова (өзб. Tursunoy Saidazimova, 1911 жыл, Ташкент – 19 наурыз 1928 жыл, Бұхара) — өзбек ұлтынан шыққан алғашқы актрисалардың бірі.
Тұрсынай Саидазимова 1911 жылы Ташкент қаласында дүниеге келді (Сырдария облысы, Ресей империясы). 1924 жылдан 1927 жылға дейін Мәскеудегі Өзбек ағарту Үйінің жанында ашылған үшжылдық өзбек театр студиясында білім алып, драматург және ақын Хамза Хакимзаде Ниязидің оқушысы болды. 1927 жылдан бастап қаза тапқанға дейін Өзбек ұлттық театрында жұмыс істеді.
1928 жылы 18 жасар Тұрсынай Саидазимованы «арсыздық» жасағаны үшін өз күйеуі пышақпен бауыздап өлтірді. Саидазимованың өлімінен кейін оған арнап өлең шығарған Хамза Ниязи бұл оқиғадан бір жыл өткен соң Ферғана алқабындағы бір ауыл тұрғындарының қолынан қаза тапты.
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Сарқырама – өзен ағысының тік жартастан құлай ағуы.
Елді мекендер:
* Сарқырама – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Сарқырама – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Сарқырама – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
* Сарқырама – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. |
* Қосбұлақ – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Қосбұлақ – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
* Нұра – Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл.
* Нұра – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Нұра – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Нұра – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Нұра – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл.
* Нұра – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы кент.
* Нұра – Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл.
* Нұра – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы таратылған ауыл.
* Нұра – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Нұра – Теңіз көлі алабындағы өзен.
Тау:
* Нұра – Арысқұм кұмды алқабының солтүстігіндегі аласа таулы жота.
* Нұра – Торғай өзенінің төменгі ағысындағы тау. |
Алматы метрополитені — Алматы қаласындағы метрополитен жүйесі. Қазақстандағы бірінші және жалғыз, Орта Азиядағы екінші (Ташкенттен кейінгі) болып ашылған метрополитен. 2024 жылғы жағдай бойынша 1 желісі, 11 бекеті бар.
## Тарихы
Алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені Қазақстан үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Бұл жұмыстар ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Туннельдерде рельс салу, бейнетеле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісіндеАлматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 17-ші метрополитен болып саналады.Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізілді.«2012 жылы Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың адам болып, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 адамға дейін жетеді» деген болжам болды. Бұл мәліметтерді сол кездегі«Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мырза да растады.
Аймақтың сейсмикалық белсенділігі жоғары болғандықтан, құрылыс жұмыстары күрделі инженерлік-геологиялық жағдайда жүргізілді. Топырақтың ерекше физикалық-механикалық қасиеттері қазу жұмыстары барысында түрлі қиындықтар туғызды. Дегенмен, құрылыс аймағында жер асты суларының болмауын, жағымды фактор деп қарастыруға болады.
Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді.
## Жүйесі
Метроның жұмыс уақыты күн сайын, 6:20 мен 00:00 (UTC+6). 2012 жылдың 4 қаңтарына дейін метро 6:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеді (UTC+6).
Метрополитеннің жоба бойынша барлық үш бағытының ұзындығы 45 км болады.
Ұзындығы 13,4 км. құрайтын алғашқы бағыт 11 бекеттен тұрады (оның ішінде алтауы терең, қалғандары жерге таяу орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Назарбаев даңғылының (бұрынғы Фурманов көшесі) астымен Абай даңғылының бойымен, одан әрі батысқа қарай Алтынсарин даңғылына және Момышұлы көшесіне дейін тартылған. Жүру интервалы 10 минуттан (таңертеңгі және кешкі қысылтаяң уақыттарда) 19 минутқа (соңғы рейстерде)дейін. Пойыздардың орташа жылдамдығы 40 км/сағ. Жылжымалы құрам - бұл оңтүстік кореялық заманауи Hyundai Rotem пойыздары, салондардағы ауаның желдетілуі, жақсы шу оқшаулауы, толық автоматты жүргізу режимі және басқа да мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда 2024 жылы бірінші линияның батыс бағытындағы Қалқаман-3 ықшамауданына дейінгі құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласының батыс бағытындағы құрылысы аяқталғаннан кейін қаланың Алматы-1 бекетіне дейінгі құрылысын бастау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта бірінші желі «Шұғыла» шағын ауданы арқылы Алатау даңғылы бойымен батыс бағытта («Барлық» базарына дейін) ұзартылуда. Батыс бағыттағы құрылыс аяқталғаннан кейін солтүстік бағыттағы желіні Алматы 1 стансасына дейін ұзартуды бастау жоспарлануда.Болашақта Жібек жолы және Сайран станцияларында тасымалдау түйіндері бар екінші желіні салу, оңтүстік-батысқа қарай Орбита 1-4 шағын аудандарына және солтүстік-шығысқа қарай Думан ықшамауданына апарады.
## Бекеттері мен желілері
Алматы метросының бірінші желісінде 2024 жылғы жағдай бойынша 11 бекет бар.
"Райымбек батыр" бастапқы бекеті Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан. Соңғы бекет - "Бауыржан Момышұлы" бекеті Абай даңғылымен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан.
### Бекеттері
* «Жібек жолы» (Гоголь — Панфилов көшелері);
* «Алмалы» (Қарасай-батыр — Панфилов),
* «Абай» (Фурманов — Абай);
* «Байқоңыр» (Абай — Байтұрсынұлы),
* «Әуезов атындағы драма театры» (Абай — Мұқанов),
* «Алатау» (Абай — Гагарин),
* «Сайран» (Абай — Тілендиев),
* «Мәскеу» (Абай — Алтынсарин),
* «Сарыарқа»,
* «Бауыржан Момышұлы».
### Құрылыс суреттері
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Халықаралық «Метро» қауымдастығы
* Алматы метрополитен бекеттері
* Алматы күні: Метроға саяхат жасайық! https://massaget.kz/ сайты, қыркүйек, 2013 ж.
* Алматы метрополитені туралы мәлімет FAKTILER.KZ сайты
* Алматы метросының алғашқы тармағы ашылды https://www.azattyq.org/ сайты
## Дереккөздер |
* Қайнарбұлақ – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Қайнарбұлақ – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл. |
Негізгі ұғым:
* Атамекен — туған жер, өлке.
Елді мекендер:
* Атамекен — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты кент.
* Атамекен — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл.
* Атамекен — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Атамекен — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Атамекен (газет) — республикалық экологиялық апталық газет.
* Атамекен (көркем фильм) — 1966 жылғы Шәкен Айманов түсірген фильм.
* Атамекен (Телжанов) — Қанапия Телжановтың суреті.
* Атамекен (мұражай) — Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. |
* Мақташы – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Мақташы – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Мақташы – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. |
Қара шелек - 1930 жылы жазылған, колхозға ұйымдасқан ауыл адамдарының өмірі суреттелген әңгіме. Авторы - Бейімбет Майлин.
## Қысқаша мазмұны
Ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін ол терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімелейді. «Қара шелек» деген әңгімеде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі табиғи елестетілген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкот) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанымен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды. Сөйте тұра, малын колхозға беруге ризалығы жеткен Айша қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс төңірегінде-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
## Шығарма кейіпкерлері
Айша – қара шелектің иесі, артель бастығы, Бірмағамбеттің жары. Жауапкершілігі мол, ұқыпты, сенімді адам.
Бірмағамбет – съез басшысы, шыншыл, әрі жауапты кісі.
Қайралап пен Ыдырыс – астық науқанында байкот (майкот) болған байлар.
Жаман – коллектив болу туралы ұсыныс жасаған адам.
Қуандық – Бірмағамбет пен Айшаның сегіз жасар баласы.
Қожағұл – молда, саудагер шал. Бірмағамбеттің жақын туысы.
Қара тоқал – Қожағұлдың әйелі. Салақ, әрі ұқыпсыз әйел.
## Сілтемелер
* https://malimetter.kz/bejimbet-majlinnin-prozalyk-shygarmalary/ |
Елді мекендер:
* Төрткүл – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл.
* Төрткүл – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Төрткүл – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Төрткүл – ортағасырлық қалашық орны.
* Төрткүл – Түркістан облысы Отырар ауданындағы Көлқұдық ауылының солтүстік шетінде орналасқан, 9-11 ғасырларға жататын археологиялық мекен.
## Тағы қараңыз
* Төрткөл
* |
Данбар түбіндегі шайқас (ағылш. Battle of Dunbar) — Эдуард І бастаған ағылшын әскері мен Иоанн I бастаған шотланд әскерінің арасындағы 1296 жылы шотландық Данбар қаласының маңында болған шайқас.
## Шайқастың алдындағы жағдай
Берик-апон-Туидті басып алған Эдуард I Шотландияны жаулап алуды жалғастыруға асықпады және қаланың қорғанысын күшейтіп, бір ай бойы осында қалды. 5 сәуірде Иоанн I-ден салық төлеуден бас тартуы туралы хабар келді, осыдан кейін әскери-іс қайта жанданды.
Ағылшындардың мақсаты - Джон Коминнің қарындасы мен олардың жақтасы, данбардың графы Патрик IV-нің әйелі күйеуінің көзқарастарымен келіспей, шотландықтардың Данбар бекінісінде орнығуына қарсы болмады. Жауап ретінде Англия королі солтүстікке рыцарлар жасағымен көмекшісі Джон де Вареннды жіберді. Қатерді естігеннен кейін, қамал қорғаушылар Хаддингтонда тоқтаған Иоаннан көмек сұрады. Осыдан кейін, бүкіл әскер (немесе оның көп бөлігі) Данбарға беттеді, патшаның өзі жорыққа қатыспады.
## Шайқас
Күштер 27 сәуірде кездесті. Сірә, шайқас екі атты әскер жасақтарының қақтығысы болды. Шотландықтар батысқа қарай қырдағы қорғалған жерде орналаса алды, бірақ де Варенннің адамдары қатарларының сапы бұзылған және қашқандай кейіп келтіріп, алдап шығара алды. Осыдан кейін ағылшындар біріккен фронт болып шабуыл жасады. Соғыс қанды болмады, жалғыз кәмелет жасына томаған лотиандық рыцарь сэр Патрик Грэхем ғана қаза болды, 100-ге жуық шотландық лордтар тұтқынға алынды. Қалған шотландықтар Эттрик орманына қашты. Келесі күні Эдуард Данбардың қабырғаларына жақындады, оның гарнизоны көп ұзамай берілді. Қамалда болған 130-ға жуық рыцарлар мен атқосшылар Англияға жіберілді, олардың ішінде Атолл, Росс және Ментейт графтары болды.
## Салдары
Данбар түбіндегі шайқас 1296 жылғы жорықтар ағылшындардың жетістіктерінің бірі болды, бұл шайқас Иоанн І Эдуард I-нің пайдасына орай тақтан бас тартуымен аяқталды.
## Әдебиет
* Young, Alan. Robert Bruce’s Rivals: The Comyns 1212—1314, p. 158.
* Barrell, A., «Medieval Scotland»
* Brown, M., «Wars of Scotland»
* Brown, C., «Scottish Battlefields»
* Nicholson, R. «Scotland. The Later Middle Ages»
* Ayton, A. «Knights and their Warhorses»
* Watson, F., «Under the Hammer»
* Brown, C., «Knights of the Scottish Wars of Independence» |
* Атақоныс – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Атақоныс – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. |
Сергей Павлович Балтача (17 ақпан 1958, Жданов, Сталин обл, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Екі дүркін жастар арасындағы Еуропа чемпионы. КСРО ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
1982 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияның қақпасына әлем чемпионаттары тарихындағы 1200-ші голды соқты. Бұл ойында КСРО 3:0 есебімен жеңіске жетті.
1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Кейін бапкерлікпен айналысып, бірнеше клубта бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды.
## Жетістіктері
### Командалық
Динамо (Киев)
* КСРО чемпионы (4): 1980, 1981, 1985, 1986
* КСРО кубогы (4): 1978, 1982, 1985, 1987
* КСРО Суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы (1): 1986
КСРО құрамасы
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1977
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980
* Олимпиаданың қола жүлдегері: 1980
* Еуропа чемпионатының Вице-чемпионы: 1988
### Жеке
* КСРО-ның үздік 33 футболшысының тізіміне енген (7): № 1 (1981—1985) — 5 раз, № 2 (1978, 1980, 1986)
* КСРО спорт шебері: 1977
* КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері: 1986
## Отбасы
* Әйелі — Ольга Балтача — бессайыс пен жетісайыстан Олимпиадаға қатысқан. Қазір онымен ажырасқан, ол Лондонда тұрады.
* Ұлы — Сергей де футболшы.
* Қызы — Елена — теннисистка (2014 жылы 4 мамырда 31 жасында қайтыс болды).
## Сілтемелер
* Профилі
* Биографиясы |
Елді мекендер:
* Қараой – Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл.
* Қараой – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Қараой – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл.
* Қараой – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл.
* Қараой – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл.
* Қараой – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл.
* Қараой – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл.
* Қараой – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл.
* Қараой – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Қараой – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл.
* Қараой – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қараой – Қаратал алабындағы өзен.
* Қараой үстірті – Іле өзенінің сол жағалауындағы үстіртті тау. |
Сергей Павлович Балтача (17 ақпан 1958, Жданов, Сталин обл, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Екі дүркін жастар арасындағы Еуропа чемпионы. КСРО ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
1982 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияның қақпасына әлем чемпионаттары тарихындағы 1200-ші голды соқты. Бұл ойында КСРО 3:0 есебімен жеңіске жетті.
1988 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Кейін бапкерлікпен айналысып, бірнеше клубта бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды.
## Жетістіктері
### Командалық
Динамо (Киев)
* КСРО чемпионы (4): 1980, 1981, 1985, 1986
* КСРО кубогы (4): 1978, 1982, 1985, 1987
* КСРО Суперкубогы (3): 1981, 1986, 1987
* Кубок иелері кубогы (1): 1986
КСРО құрамасы
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1977
* Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1980
* Олимпиаданың қола жүлдегері: 1980
* Еуропа чемпионатының Вице-чемпионы: 1988
### Жеке
* КСРО-ның үздік 33 футболшысының тізіміне енген (7): № 1 (1981—1985) — 5 раз, № 2 (1978, 1980, 1986)
* КСРО спорт шебері: 1977
* КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері: 1986
## Отбасы
* Әйелі — Ольга Балтача — бессайыс пен жетісайыстан Олимпиадаға қатысқан. Қазір онымен ажырасқан, ол Лондонда тұрады.
* Ұлы — Сергей де футболшы.
* Қызы — Елена — теннисистка (2014 жылы 4 мамырда 31 жасында қайтыс болды).
## Сілтемелер
* Профилі
* Биографиясы |
* Ақжайлау – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Дихан ауылының бұрынғы атауы.
* Ақжайлау – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл. |
* Нұрлыжол – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Нұрлыжол – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. |
* Мұратбаев – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл.
* Мұратбаев – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Мұратбаев – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. |
“Огни Мангистау” – облыстық орыс тілді газет.
## Тарихы
Алғашқы саны 1967 жылы шілдеде Шевченко қалалық газеті болып шықты.
1973 жылы сәуірде облыстық газетке айналып, кейін қайтадан қалалық газет болды.
1992 жылдың тамызынан бастап “Местные Время” деген атпен шығып келді. Одан кейін, 2002 жылы атауын "Огни Мангистау"-ға ауыстырды.
Алғашқы редакторы белгілі журналист Ю.Татаринов. Одан кейінгі редакторлары Г.Г. Коваленко, В.И. Вова. Қазіргі редакторы Наталья Бутырина.
## Дереккөздер |
Рауан – Бейнеу аудандық газеті.
## Тарихы
1985 жылы 1 шілдеде Бейнеу аудандық газетінің ең алғашқы саны жарыққа шықты. Газет алғашқы ашылған кезде «Ленин жолы» аталды. Бас редактор ақын Айтуар Өтегенов. Бұрын көршілес Жылыой ауданындағы газетте еңбек еткен тәжірибелі журналист, жоғарғы партия мектебін бітіріп келгеннен кейін Бейнеу ауданындағы жаңа газетті басқару қызметіне тағайындалыпты. Ал редактордың орынбасары Хабидолла Махутов облыстық «Коммунистік жол» газетінің Бейнеу ауданы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет істеген, сатирик журналист. Жауапты хатшы Шетпеде тұратын өлкеміздің мықты қаламгері, сазгер Талғат Атшыбаев, одан кейін Қыдырбай Тұрмағанбетов, кейін Бірғали Байекеев болды. Экономика бөлімінің меңгерушісі Серік Рзаев, әлеуметтік сала-еңбекші хаттар бөлімінің меңгерушісі болып Айнахан Есетова, ал осы екі бөлімнің тілшілері Сансызбай Естеков пен Сали Адай, радио хабарларын жүргізетін тілші Сатыбалды Қадіров, фототілші Жүсіпбай Жұмағалиев, есепші Рысты Қуанспекова, хатшы Базаргүл Қонысова, хат тасушы техникалық қызметкер Айсұлу Мұханова, жүргізуші Дат Дүйсалиев, жауапты шығарушы Роза Тумышова барлығы он төрт- он бес адамнан тұратын шағын ұжым бір үйдің адамындай, бір кісінің баласындай еді. Газет жанынан Қашаған Күржіманұлы атындағы әдеби бірлестік ашылып, оған Уәйіс Қайралапов, Әбдібек Жаманбаев, Қаржаубай Жылқыбаев секілді үлкен ағалар да, Сабыр Адай, Бақытжан Қосбармақов, Сағындық Рзахметов, Рахат Қосбармақов, Нұрмұхамбет Боранбаев секілді жас ақындар да мүше болды және олардың күн құрғатпай іздеп келетін орыны аудандық газеттің редакциясы еді.
1990 жылы газеттің «Ленин жолы» атауы өзгеретін болды. Оның бір себебі сол кезде біздің облысымыз таратылып, Атырау облысының құрамына кірді. Атырау облысының бір ауданының газеті «Ленин жолы» аталады екен. Сол себепті ат өзгерту кейін ашылған біздің газетіміздің үлесіне тиіпті. «Рауан» атауын ұсынған газет авторларының бірі, домбырашы ұстаз Әжіғали Ағысбаев болатын. Сөйтіп бес жыл бойы «Ленин жолы» атауымен шыққан газет 1990 жылдың бірінші шілдесінен бастап «Рауан» болып қалың оқырманға жол тартты.
2003 жылы «Рауан» газеті редакциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып құрылды.Әр кезеңдерде орын алған қиындықтарға қарамай редактор Сали Адай, журналистер Кәрісбай Әділ, Гүлзира Ботабаева, фото тілші Беркімбай Гарабаев, газеттің дизайнері Тұрым Қойлыбаев газет шығарудың «ыстығына күйіп, суығына тоңды».
«Рауан» газеті 2013 жылы «Маңғыстау-Медиа»ЖШС-ның құрамына еніп, қызметін жалғастырып келеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Рауан газеті туралы Мұрағатталған 4 қарашаның 2018 жылы. |
Ақкетік арайы – Түпқараған аудандық газеті.
## Тарихы
Маңғыстауда баспа тәсілімен басып шығарылған алғашқы газет 1931 жылы «Жаңа жұртшылық» деген атпен Форт-Александровск баспаханасында 800 дана таралыммен айына 10 рет шығып тұрыпты. Оған уақытында Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрымов, Ж.Қызылбаев, т. б. белгілі азаматтар редакторлық еткен.
Кеңес өкіметінің 30-жылдардың басындағы саясатына орай газеттің атауы 1933 жылы «Колхоз жолы» деп өзгертілсе, 1958 жылдан бастап «Ленин жолы» деп аталды. Осы атпен газет 1963 жылға дейін шығып тұрды да, Форт-Шевченко ауданы таратылған кезде жабылып қалды.
Тәуелсіздік таңы атқан жылдан бері 2002 жылдың 7 маусымынан ауданда «Түпқараған жаңалықтары» атымен 1000 дана таралыммен облысқа белгілі журналист Есберген Іңірбай редакторлығымен қайта жаңғырған жеке меншік газет шыға бастады. Аудандағы баспасөзді реттеу жөніндегі қаулыны басшылыққа алып, сонымен қатар, көп үзіліспен аудан баспасөзінен қол үзіп қалған аудан жұртшылығы сұрауымен ауданда 2004 жылдың 16 ақпанынан бастап «Ақкетік арайы» атауымен 1000 дана таралымда жоғарыдағы журналист Есберген Іңірбай редакторлығымен қоғамдық-саяси басылым болып қайта құрылып, бүгінге дейін өз оқырмандарын тұрақты айдарлары мен қосымша беттеріндегі арнайы жарияланымдарын ұсынып қуантып келеді. Сол уақыттан бері қарай газетте Есберген Іңірбай, Мұқанбетулла Кемер, Айсағали Қыдыр, Милана Елеусінова, Жадыра Жолдасова тәрізді журналистер редакторлық етті.
Бүгінде «Маңғыстау–Медиа» ЖШС-на қарасты аудандағы газет редакциясы өзінің 1500-дай оқырманына әр апта сайын жаңалықтарын ұсынып келеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Ақкетік арайы газеті туралы Мұрағатталған 4 қарашаның 2018 жылы. |
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау,Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер.
## Өмірбаяны
Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесін ала отырып, ел билігіне араласты. 1834 жылы әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 жылы генерал Вишневскийдің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979).
Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 жылы хорунжий атағы берілді. 1849–1852 жылдары Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 жылы Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариғат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, Ғабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеологиялық ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 жылы баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «Арғы атасы қажы еді...» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасынжасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ ‘’жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам’’. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ, екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді.
## Меккеге қажылық
Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мүғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектептен ашқан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 ж. Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Москвадағы әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 ж. Қарқаралыда мешіт, 1874-75 ж. қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй - Тәкие салғызған. 1900 ж. Қазан қ-ның баспасынан жарық көрген, шығарушы семейлік Әбдірахман Жүсіплұының «Қажы Әндірбай қалпе» деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Бұл сапар жайлы деректер 1883 ж. Қазанда басылған «Маңызды мәселeлер» деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевтің кітабында да айтылады Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың:
«Меккеде уақып үй салып,Пәтер қып, жаққан шырақты.Бір құдайдың жолына,
деген жолдарын да оқимыз. Құнанбайдың қарсылас айтыс-тартысқа тұскен адамдары да аз болмаған, талай рет үстінен жазбаша шағым арыздарда түсіріп, тергеуге алынған. Ол дүшпаңдарын қатал жазалап, реті келгенде жер айдатып та жіберген. Күш жұмсап, елін шауып алған. Архив құжаттарыңда Бежей Ералыұлының 250 жылқысын тартып алғаны үшін қылмысты іс қозғалғаны, аға сұлтан болып тұрған көзінде елден заңсыз алым жинап, оны өзі пайдаланғаны, 5000-дай адамнан қол жиып, Ералыұлының аулына шабуыл жасағаны, оның 250 жылқысын айдап әкеткені, басқа кісілердің иелігіндегі шұрайлы жерлерді өз иелігіне алып, көп адамдарды аяусыз жазалап, бірнеше кісі өлімі болғаны, ақырында аға сұлтандықтан босатылып, Омбы қаласына шақыртылып, қамауға алынғаны, патша өкіметінің заңы бойынша 156-баппен жауапқа тартылғаны жайында мәліметтер сақталған. Құнанбайдың бұл ісіне Омбыдағы Батыс-Сібір әскери губернаторының кеңесінде қазақтар жөніндегі кеңесші қызметін атқарып жүрген Шыңғыс Уәлиханов араласып, оны түрмеден босатып, кепілдікке шығарып, ісін кайта қарау деген желеумен бұздырған. Онысымен қоймай, Омбыдан Қарқаралы округіне өзі әкеп салып қайтқан. Шоқан Уәлихановта сол 1854 ж. Омбыда қызметте болған.
## Құнанбай— Бөжей арасы
Жер дауы «Құнанбайдың қылмысты ісіңде» үлкен орын алды. Соның бастысы - Бөжейдің жер дауы. Құнанбай— Бөжей арасы 1846ж. дейін жақсы болған. Құнанбай оған үнемі қамқорлық жасап, өзімен тең ұстаған. Шешуі қиын дауларды да сенім білдіріп, Бөжейге жіберіп отырған. Өзімен бірдей күміс мөр де жасатқан. Өкіметтен старшина атағын, мақтау қағаздар да алып берген. Солай бола тұрса да, Құнанбай озбырлығы асқынып, аралары ашылып, ақыры үлкен жауласушылыққа айналады. 1853 ж. Бөжей өлгеннен кейінде Қаратай Сапақұлы, Кенжалы Әйтиұлы бастаған топ арызды тоқтатпай, Құнанбайды айыптап және болысты екіге бөлуді сұрап дамыл таппайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар да губернатор Г. А. Колпаковскийге қайта-қайта арызданып, тартып алған жерлерін сүрайды. 1846 ж. басталған бұл дау, 1866 ж. Күшік-Тобықты болысының басқарушысы Құнанбайдың баласы Құдайберді өліп, оның орнына 20-21 жасқа жаңа толған ИбраҺим (Абай) Құнанбайұлы болыстыққа сайланғаннансоң ғана шешіледі. Құнанбайды айыптау ісінде талай кісі өлімі туралы айтылады. Бірақ тергеушілер Құнанбайдың мойнына қоятын айғақты дәлел таба алмайды. Құнанбайға тағылатын айыптың бірі - Қодар мен Қамқаның өлімі. Бірақ ол жайында архивтерде ешқандай дерек кездеспейді.
Құнанбай Қарағанды, Семей оязының дербес кемекшісі болды деген дерек бар. Ал, 70 тен асқанда Меккеге барып, қажы атанған Құнанбай енді бұдан әрі (жалған дүние сөзіне араласпай) шымылдықтың ішіңде тыныш жатып, құдайына құлшылық жасаумен өмірін өткізеді. Құнанбай жөнінде ел аузында аңыз-әңгімелер көп, оның ел арасындағы беделін жыр еткен Балта, Қуанышбай сияқты ақындардың өлең-жырлары бар. Мұхтар Әуeзовтың сөзімен айтқанда, «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманының айқын таңбасы бар».
Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуeзовтың «Абай жолы» эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып-білу - Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді.
Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын - Қотан - Дайырқожа - Карақожа - Кенжесопы - Тобықты
- Рыспетек - Мұсабай - Сүйірбас - Сары - Кішік - Өйтек - Олжай - Айдос- Ырғызбай - Өскенбай - Құнанбай.
Ел аузындағы шежіре-ақындарға қарасақ, осы аталардың бәрі де шетінен осал кісі болмағанын көреміз. Ең әуелі "Арғынның арғы атасы - Қотан ақын" деген қанатты сөз елге жайылып кеткен.
Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек,
Алашта Арғын ата туған зерек,Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.Арғынның тұп атасы ақын Қотан,Өлеңге бізден ұста болса керек,
- деген Жанақ ақынның өлеңі де бар. Демек, Арғын ұрпақтарының шетінен ақын, әнші, сөзге шешен ділмар боп өсіп-өнгені көрініп түр.Қотаннан кейінгі атасы Дайырқожа болса Әбілқайыр ханның оң тізесін басып отырған сенімді биі екен. Оның шешендік әділдігі жөнінде ел "Ақжол би" деп ұрандап кеткен. Сол Акжол биді Қара қыпшақ Қобыланды батыр өлтіреді. Сонда Қотан ақын баласын жоқтап:
Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!..
Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!..
деген екен. Сол дуалы ауыз Қотан ақын айтқан бұл жоқтау да осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Дайырқожаның бәйбішесінен Қарақожа одан Кенжесопы туады. Қанжығалы мен Тобықты осы Кенжесопыдан екен. Бұл екеуінен де кезінде ел билеген мықты кісілер шыққан. Тобықтыдан Рыспетек одан Мұсабай би туған. Мұсабай би әйгілі - Жәнібек ханның белгілі, беделді шешен биі болған. Сол Мұсабайдан Сүйірбас, одан Әлі, Қожаберген, Сары деген батырлар шыққан. Олар атақты Есім ханның сенімді қолбасшы батырлары болып, талай жорық соғыстарға қатысқан. Түркістан шаһарын жаудан азат етер кезде Әлі батыр Түркістан ханы Тұрсынның Қоңырбике деген қызын алып келіп, інісі Сарыға қосыпты. Сарының бәйбішесінен Мәмбет сопы мен Кішік туады. Кішікті ел келе-келе "Күшік деп атап кетеді. Сол Кішіктің тоқалынан атақты Әнет (кейін ел "Әнет баба" деп кеткен) туады. Өнет баба - көріпкел әулие абыз екен. Ол алды артын болжап айта беретін қасиетті кісі болыпты. Әнет баба 1626 жылдары туып, 1723 жылғы жоңғар басқыншылығы кезіндегі бір соғыста алты баласымен бірге жау қолынан мерт болады. Екі қабат бір келіні аман қалып, одан ұл туады. Оның атын жақсы бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бөкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бөкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Қалкаман өзі сері, әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп калады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалкаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер ауылына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалқаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар.
## Аңыздар
### Аңыз
Ал, Әйтектің үлкен баласы Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соңақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, беделі асқан, ақын ана болған екен.Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай тайлы-таяғымен үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара "іздеп келгендерге өзім жауабын беремін" дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда "іздеушілер келе жатыр" дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады.Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, аштықтан аман қалыпты деседі.Сол Айпара анадан Ырғызбай, Торғай, Көтібақ, Топай туады. Бұлардың ішінде Ырғызбай айбынды Абылай ханның айтулы биі болады. Ырғызбай биден Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар туады. Өскенбай бес әйел алып, өсіп-өнген ата болған.1-ші әйелі Зереден - Құнанбай, Құтпанбет, 2-ші әйелі Таңшолпаннан - Төлепберді, Шыбар, Елеусіз, Ақмағамбет, 3-ші әйелі Мақыптан Жақып, 4- ші әйелінен Майбасар, 5-ші әйелі Күншеден Бейсенбі, Сұлтанбек, Кенжебай тарайды.Өскенбайдың Тобықты еліне би сайлануына әсіресе Кеңгірбай би себеп болған деседі ел. Кеңгірбай би қартайған шағында өзінің Ералы, Төлеу, Қотанбұлақ, Қалбай деген балаларына сенбей Тобықтыны билеуге ел қамын ойлайтын ақылды, әділ, әрі парасатты адамгершілігі мол деп Өскенбайды ұсынады. Бұл ұсынысты халық құптап, Өскенбай Тобыктыға би болып бекітіледі. Өскенбай Кеңгірбайдың ойынан шығады. Елді мейлінше адал, әділдік жолымен басқарады. "ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген нақыл содан қалса керек. Өскенбай би 1850 жылы қайтыс болған соң ел-жұрты оның орнына баласы Құнанбайды би етіп сайлайды. Жастайынан әкесінің жанында жүріп ел билеу ісіне араласып жөн-жосық көріп қалған Құнанбай билік жұмысын тез игеріп ілгері алып кетеді. Оның ел билеу әдістері әкесі Өскенбайдан ерекшелеу болады. Кейбір мінез, билік, кесімдері әкесінен асып түседі. Қайсар, қатал мінезді Құнанбай би әрдайым алған бетінен қайтпайтын, алысқанын алып жықпай қоймайтын, жер дауы жесір дауы, күн дауы және сондай ел арасындағы дау-жанжалдарға билік айтарда бұлтармай, жалтақтамай билікті кесе-кесе батыл айтатын адуынды да қатал би болған.
Көрші елдердің жерін иелену үшін Құнанбай би әртүрлі айла әрекеттерқолданған. Өзінің тартып алған жайылым, қыстауларына найман, керей, уақ елдерінің қара шаруа малшы, жалшыларын, өзінің сөз сөйлер, сойыл соғарларын орналастырады.Қожа, молдаларды жинап, дін уағыздарын елге таратуды қолға алады.Өзінің балаларын ертерек үйлендіріп, оларға көп әйел әпереді. Ол балаларының малын бағатын жалшы-жақыбайлар ұстайды. Олардың әрқайсысын өз алдына ауыл етіп, жеке-жеке қоныстандырады. Міне, Құнанбай өзіне кажетті жерді осылайша кеңейтіп игеріп отырған. Құнанбайдың осындай әрекеттеріне шамасы келмеген өзге елдер одан ығысып, іргесін аулақ салып, тіптен кейбірі басқа ру-тайпаларға көшіп барып сіңісіп кеткен."Құнанбай тұсында тобықты ішінде мұнымен тең түсетін басты адамдар: Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Түсіп сияқты кісілер болған. Мұның көбімен Құнанбай бірде дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жұлқысқан кісілері де осы топтың ішінде". Тобықтының бұл айтылған белді-белді адамдарымен айтыс-тартыстары ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясында да жан-жақты суреттелген. Бұдан Құнанбайдың көрші ауылдарға зорлық жасап жайлау, қыстау өрістерін тартып алуы, қарсы келгендеріне дүре соқтыруы, Қодар сияқты жазықсыз жандарды өлім жазасына кесуі, осы тәрізді қаталдық пен өктемдіктерді атасақ та жеткілікті. Сондықтан да одан зәбір-қорлық көрген ел-жұрт: "Оның аты Құнанбай, жүйріктігі құнандай, шұбарлығы жыландай,.." деп, мақалдап кеткен.
1822 жылы Ресей патшалығы "Сібір қазақтарын басқарудың уақытша ережелері" деген заң шығарды. Осы заң бойынша қазақ даласында хандық жойылып, оның орнына аға сұлтандық билігі орнады. Аға сұлтандар тек қана хандар, төрелер тұқымынан белгіленуге тиісті еді. Бұл кезде тобықты елінің ауқымы кеңейіп, оған Қарқаралы округі де қарайтын. Осы округке дуан басы аға сұлтан болып Құнанбай сайланады. Сайлау кезінде айтыс-тартыс аз болмаған. Құнанбайдың аға сұлтан боп сайлануына ең алдымен өзінің ықпал-абырой, беделі себеп болады да, екіншіден оның сөзін сөйлеген демеушілері де осал болмаған. Сондықтан да оның аға сұлтандық дәрежеге қолы жеткен. Халық "қарадан сайланған хан" деп Құнанбайдың атақ, даңқын бұрынғыдан да асқақтата көтеріп әкеткен.Қарқаралыдан Құнанбай аға сұлтан болып еліне келген соң, оған қошемет көрсетіп құтты болсын айтушылар көбейді. Құнанбай қатар-қатар ақ боз тіктіріп, келім-кетімдерді бірнеше күн күтіп, сыйлап той өткізеді. Бұл жиынның аяғы басылған соң жігітек елінің ру басы, атақты Кеңгірбай бидің ұрпағы Бөжейді болыстыққа ұсынады. Бөжей болмаймын деп, ол орынға Өскенбайдың тоқалынан туған, Құнанбайдың інісі өзінің досы Майбасарды атайды. Осы арада біраз айтыс-тартыс шиеленіседі. Ақыры Бөжей жағының ұсынысы қабылданып Майбасар болыс болып сайланып кетеді. Майбасар, ұрдажық, дөрекі, зорлықшыл, әпербақан мінезді екен. Қарамағындагы ауылдарға жайсыз боп шығады. Одан зәбір көрген ел Құнанбайға барса, ол "оны болыс етіп сайлаған Бөжей, соған барыңдар" деп сылтау айтады. Ал, Бөйжейге барса, "Құнанбайдың інісі ғой, ол мені тыңдамайды, Құнанбайға барыңдар" деп жұртты әрі-сәрі әуре қыла беріпті. Бұл істің ақыры Құнанбайға барып тіреледі. Майбасар інісінің кесірінен және оған қоса Құнанбайдың қаталдық, зорлығынан зәбір көріп жүрген Көтібек, Байсал, Қаратай, Пұшарбай, Түсіп сияқты куәгер ел басшыларының арыз-шағымымен істі болып Омбы губернаторына шақырылады. Бір жылдай тергеу астында жүріп әбігерге түседі.Дәл сол жылы тағы мынадай оқиға болады: Семей мен Верный арасында жүріп тұрған губернатордың пошта таситын офицерін өлтіріп, ақша, заттарын тонап кетеді. Оны істеп жүрген әлгінде аттары аталған Құнанбайдың үстінен арыз жазып жүрген қастас ағайындарының адамдары болып шығады. Мұны Құнанбай жақсы біледі екен. "Құланның қасуына, мылтықтың басуы" демекші ол дереу бұл оқиғаны пайдаланып губернаторға барады.
- Тақсыр, мен ол адамдарды білемін. Мені осы істен құтқарсаныз, почтавойыңызды өтірген қылмыскерлерді көрсетіп беремін, - дейді. - Губернатор уәде береді. Құнанбай өзінің қастасын, айтысып жүрген адамдарын ұстатып түрмеге жаптыртады. Губернатор Құнанбайды тергеуден босатып, оязға дербес көмекші етіп алады. Міне, бұл жерде де Құнанбай өзінің тапқырлығы мен айлакерлігін танытып шығады.
Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарұаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балаларды оқытып мұсылмандыққа, имандылыққа баул иды. Жасы 70-тен аса бастағанда ел басқаруды, билікті балаларына тапсырып, өзі Меккеге қажылыққа барады. Қазақ елінен, өзге мұсылман жұртынан түсіп, қонып тұрсын деп өз қаражатына Меккеден "Тақия" деген тұрғын үй салдырады. Сөйтіп, сол кезден бермен көптеген келім-кетім мұсылмандардың сауабын алады.
### Аңыз
Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін қашып Құнанбайды паналап, арып-ашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, "мына Торқанды тәрбиелеп, бақ" депті.Абай: "Тәте, бұл адам неңіз еді?" - дегенде, Құнанбай:
Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма?
Қажымас, қате баспас хан бола ма,Таусылмас, табан таймас жан бола ма.Бәйгеден қосқан сайын келсе дағы,Тұлпарда арықтаса сән бола ма?
- деп, "бұл кісі қиын жағдайда бірге қиналған жолдасым еді", - депті.
### Аңыз
Аға сұлтан Құнанбай Абақ - Керейге келіпті дейтін әңгіме бар. Сонау Семейден шығыстағы Абақ еліне арыстың аға сұлтаны Құнанбай келе жатыр деген хабар қалың қазақ пен моңғолдар арасында жаппай таралып кетсе керек. Сонымен қабат, Құнанбайдың еліне бару орайында Керейден бітім аламыз дейтін жұрт түгел тұс-тұсынан аттаныпты.Ел ағалары бас-аяғы жиналып Қаба өзенінің бойында оны үй тігіп қарсы алыпты.Абақтың ел ағалары Шабу би, Шегетай батыр, Шал, Жантөре би, Байқан, Көкен бас қосып, кеңес құрыпты:
- Елімізге дақ келтірмей күтеміз, айтысқа түсіп, есеге есе көрсетеміз, тендікте тұрып, тартысқа тартыс береміз, сайысқа түсіп сөзге сөз сынасамыз,
- деп сілкініпті.Сауынға тігілгендей қатарласқан оюлы ақ отауларға қонактар толған соң, ортадағы орда - кеңес үйге билер лық толса керек. Ру шонжарлары тиесілі орнына жайғасын болғаннан кейін қонақ иесі Шабу би сөз бастайды. Билікті рудың төрелері немесе ел ағасы билер айтуға тиісті. Сонымен бір-біріне ұсынып отырғанда, төрден орын ала алмаған, есік жақтағы бір шешен сөз бастапты. Қара кұлын терісінен тігілген тайжақы кіреуке жамылып, құлын терісінен жасатқан белбеуіне сапы асынған жас жігіт Құнанбайға қарсы жүгініп:
- Біз сөзді қалай бастаймыз?! Ортамыз ойылып, ордамыз бұзылып, қоныс ауып, мекен қуып көшіп жүрген елміз. Тұрған жеріміз қалың дәрсет пен ұранқайдың ортасы. Бұлардың бесік белгісі, төсек үлгісі жок, "алса бітім, берсе бітім" дегенді ғана біледі. Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаган, жаны бір, заңы бір ағаның баласы өзі бастамай ма? - депті.
Сонда аға сұлтан Құнанбай шынтақтап жатқан жастығынан басын көтеріп, Бейсенбіге барлай қарапты.
- Болар, болар, өзі болар. Болғалы тұр екен ғой, аузының жұрт айналар икемі бар, көмейінің жау айбынар сұр жыланы бар жігіт екен. Жиын өзі де басталды емес пе, - депті.
Бейсенбі жас болса да осыдан бастап Абақ елі ортасында таныла берген. Кейінгі кезде Абақ елі төре билік айтар төбе би сайлағанда: "Аға сұлтан Құнанбай келгендегі үлкен жиында қазақ пен монғолдың, Найман менУақтың төресі мен билері, шешендері мен шенділері бас қосқанда топ жарып сөз бастаған ата сұлтан Құнанбайды "Аузы дуалы, сөзі куәлі, қара қылды қақ жара сөйлейтін білікті, қайсар, би, айтулы шешен" екен деп, ел зорқұрмет көрсетті. Сол отырыста Бейсенбі оны ұстаз тұтып батасын алыпты.
### Аңыз
Құнанбай биді кейбіреулер қатал, мейірімсіз дейді. Тіптен олай емес, оның кешірімшіл, мейірімді кездері де аз болмаған. Оған мына бір болған оқиға дәлел:Тобықты елінде оның ішінде Жуантаяқ руынан шыққан, жортуылшы батыр Бәзіл деген болыпты. Бәзіл үнемі бойынан қаруын тастамайтын, көбінесе ат үстінде жортуылда жүретін ержүректі, қайтпайтын, қимылына көз ілеспейтін өте әбжіл адам болған екен.Қыс түсіп жерге алғашқы қар жауған күні жылқы ішінен жайылымда жүрген Құнанбайдың үлкен қара ала аты жоғалыпты. Денесі ауыр Құнанбай қыста мінуге шыдайтын ат сол ғана екен, жануар сондай зор ат болса керек.Жылқышылар аттың жоғалуын еріксіз Құнекеңе хабарлапты, Құнанбай жылқышыларға:
- Сырттан келгенсіз бар ма? Қасқыр жесе, сүйек-саяғы жатады. Ұры болса із-түзі болады, анықтап байқаңдар, - депті.
Жылқышылар іздеп қарап, ештеңе байқай алмапты.
- Еңдеше, іздеп әуре болмаңдар, мұны Бәзіл сойып алған екен, - депті де қойыпты Құнекең.
Алайда, Құнекеңнің жанында жүрген билер мен болыстар Бәзілді сізге шақырайық, қара ала аттың жәйін сұрайық, егер ұрласа - оны жазалайық, - дей беріпті.Бірнеше рет олар соны айта берген соң Құнанбай Бәзілді шақыртайық десендер шақыртыңдар деген екен. Айтқандай бір күнде Бәзіл келіпті. Келген бетінде төрде отырған Құнанбайга қарсы жүгіне тізесін бүгіп отыра беріп:
- Құнанбай, мені неменеге шақырттың? - депті бетіне бажырая тік қарап.
Сонда Құнанбай жәй ғана дауыспен байыппен сөйлеп:
- Бәзеке, ат үстінде көп жүресіз, біздің әлгі жоғалған қара ат көзіңізге түспеді ме? - деп қана сұрайды.
Сонда Бәзіл тайсалмай сөйлеп:
- Ол Қара ала ат көзіме түскенді қойып, менің ішіме түсті. Оны мен соғымға сойып алдым. Сен бір қыста соғымға - 50-60 қара соясың. Соятын қойдың да есебі жоқ. Сонда маған бір жылқың көп пе? - деген екен.
Мұны естіген Құнекең лөм-мим деп ештеңе де айтпапты. Басқалар ойлап қалса керек, Құнанбай Бәзілді енді құртатын болды деп.Үнсіздікті Бәзіл өзі бұзып, Құнанбайға:
- Сол ма мені шақырғаның, - депті.
Құнанбай:
- Иө, сол еді, - депті де қойыпты.
Бәзіл үйден шыға бергенде анадайда отырған біреуге:
- Ана Бәзілді аттандыр, бірақ оң жақ жеңінде не бар екенін байқашы?- депті.
Аттандырып келген жігіт айтыпты:
- Оң жақ жеңінің ішінде жалаң қанжары бар екен, - депті. Сонда үйдегі кісілер таң-тамаша қалыпты.- Осыны көрмей білген Құнекеңдер әулиедей білгір емес пе? - дескен былайғы отырған адамдар.
### Аңыз
Тобықты елімен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш- төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты.
Басын келіп изесе,
Басын келіп изесе,
Оған да қыл бостандық,
Оған да қыл бостандық,
Аяққа салып баспаңдар.
Аяққа салып баспаңдар.
Бақ тайса ажарыңа қарамайды,
Бақ тайса ажарыңа қарамайды,
Біреуді біреу сырттан табалайды,
Біреуді біреу сырттан табалайды,
Басыңа қарапайым бір іс түссе,
Басыңа қарапайым бір іс түссе,
Қылды деп білместікпен шамалайды.
Қылды деп білместікпен шамалайды.
"Адам басы алланың добы" деген,
"Адам басы алланың добы" деген,
Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
Мұса кезекті бір сөзінде:
"Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті:
Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
Пұт болдым деп мақтанба,Пұттан ауыр батпан бар.Биікпін деп мақтанба,Асқар-асқар таулар бар.Ар жағында аспан бар.Басыма бақыт қонды деп,Тосылмаймын енді деп,Алдаушы жалған дүниеге,Ғалып болып азбаңдар,Қарсы келген дұшпаның,Басын келіп изесе,Оған да қыл бостандық,Аяққа салып баспаңдар.Бақ тайса ажарыңа қарамайды,Біреуді біреу сырттан табалайды,Басыңа қарапайым бір іс түссе,Қылды деп білместікпен шамалайды."Адам басы алланың добы" деген,Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
"Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел.
### Аңыз
Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер "шаруа қайтсе оңалады, малжан қайтсе аман болады?" деседі. Сонда Құнекең:
- Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады,
- Шаруаң онға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады,
деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады:
Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады...
Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады.Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады...
Әумин!
## Дереккөздер |
Қарақия – Қарақия аудандық газеті.
## Тарихы
Қарақия аудандық газеті «Коммунизм таңы» деген атпен 1985 жылдың 1 шілдесі күні алғашқы санын шығарды. Аудандық газеттің алғашқы редакторы болып, Амантай Жамаледдинов бекітілді. Қажетті базасы мен маман журналистердің жоқтығына қарамастан, ел ішіндегі талантты жандардың қолдауымен газет шығару, оны сонау Жаңаөзен қаласына апарып, аптасына үш рет шығару технологияның қарапайым кезінде күрделі шаруа екені белгілі. Сол кездерде журналистік жұмысқа араласқандардың көбі қазір облысымыз бен Республикамызға белгілі мамандар. Оларды атап айтсақ: Мырзатай Болат, Ізтұрған Ахметов (марқұм), Болат Үмбетов, Еркеш Нәрембаева, Майра Ғұмарова т. б.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы 2 наурызда аудандық газет оқырмандардың, аудан тұрғындарының қалауымен «Түлеген түбек» деп аталды.
Аудандық газетке 1994 жылдан 2001 жылдың күзіне дейін Өтежан Ақташұлы Оңғарбаев редакторлық етті.
2001 жылы аудандық газет нарық қыспағынан ақыры жабылды.
Араға бір жыл салып, кәсіпкер, «12-Телеарна» ЖШС директоры Есболған Мұханов ағамыз бұл істі қайта қолға алып, 2002 жылы 9 қыркүйекте «Қарақия жаңалықтары» атты аудандық газет шығара бастады. Бұл газет 2003 жылы 31 желтоқсанда аудан әкімдігімен келісім шарттың аяқталуына байланысты, жұмысын тоқтатты.
2003 жылы 31 мамырында облыс әкімінің аудандық газеттерді коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қылып қайта құру туралы қаулысы шықты. Осы қаулыға орай, 2004 жылы қаңтарынан бастап, Қарақия аудандық газетін қайта құру қолға алынды. 2004 жылдың ақпан айына дейін аудандық газеттің ашылуына қажетті құжаттар жинақталып, мемлекеттік тіркеуден өткен соң, оның алғашқы саны 27 ақпан күні шығарылды. Газеттің материалдық-техникалық базасының нығаюына аудан әкімдігі көп көмек тигізді. Көлікпен қамтылды. Газетке 9 штат бөлінді. Сөйтіп, аудандық газеттің мүмкіндігі кеңейді.
Аудандық «Қарақия» газетіне 2008 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың тамыз айына дейін Шынар Кендін, 2010 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың сәуір айына дейін Қаламқас Сатыбалды, 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың шілде айына дейін Әбдуәли Махамбетов, 2014 жылдың шілде айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Анар Қалжан редакторлық етті.
## Сыртқы сілтемелер
* Қарақия газеті туралы Мұрағатталған 4 қарашаның 2018 жылы. |
Мұнайлы – Мұнайлы аудандық газеті.
## Тарихы
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен сол жылғы шілденің бірінші жұлдызында Мұнайлы ауданы құрылды. Ауданда болып жатқан жарқын істер мен жаңалықтарды, мемлекеттік органдардың жұмысын және әлеуметтік мәдени шараларды жариялап отыру мақсатында 2007 жылдың 14 желтоқсанынан бастап аудандық «Мұнайлы» газеті өз жұмысын бастады.
Газетке журналист-мамандар Нұрлан Оразғали / 2007-2008 жж/, Мұрат Жетекбай /2008-2013/ редакторлық жасады.
«Маңғыстау-Медиа» ЖШС құрылып, газет тізгінін өлкемізге белгілі, тәжірибелі журналист Темір Мыңжасұлы Газет жұмысын жақсартуға оның тілшілері Шахида Жұман, Әсел Таңатарова, Сымбат Жайлыева, қызметкерлері Айсара Хадырбаева, Жамбыл Бультеков, Ғалымжан Қалиев айтарлықтай үлес қосты.
## Сыртқы сілтемелер
* Мұнайлы газеті туралы Мұрағатталған 4 қарашаның 2018 жылы. |
Жаңаөзен – Жаңаөзен қалалық газеті.
## Тарихы
1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
## Газет туралы ақпарат
Басылымның алғашқы редакторы Мейрамбай Қибасов, одан соң А.Айдаров, Т.Жакешова, М. Ұлықпан секілді өзіндік қолтаңбасымен ел есіндегі қаламгерлер бас редакторлық етті. Қаламы ұшқыр журналистер Жоламан Айдарбаев, Темір Мыңжас, Ағиба Қатешова, Еркеш Нәрембаева, Талант Құсайынов, Закария Исағұлов, Мәлік Әндірғалиев, Игорь Левгеров, Марина Кодзоева, Базар Ботабаев, Таңсұлу Жакешова, Мұратбай Ұлықпан, Айжан Сәрсенова, Гүлсім Мұрынованың және газет құрылғалы бері газет беттеу ісімен айналысып келе жатырған Шолпан Батырханованың жемісті еңбектері зор.
Бүгінде қала өмірінде елеулі басылым 4000-ға жуық данамен таралады.
## Сыртқы сілтемелер
* Жаңаөзен газеті туралы Мұрағатталған 4 қарашаның 2018 жылы. |
Ақжайық (қаз. Ақжайық спорт клубыАқжайық спорт клубы) — Орал қаласын ұсынатын қазақстандық допты хоккей клубы. Ресей Біріншілігінде жоғарғы лигаға қатысқан.
## Атаулары
* «Орал» (1976—1978)
* «Геолог» (1978—1987)
* «Уралец» (1987—1992)
* «Қазақгаз» (1992—1998)
* «Орда-ТКА» (1998—2001)
* «Қарашығанак АГС» (2001—2002)
## Ең танымал ойыншылары
* Михаил Адаев
* Леонид Бедарев
* Сергей Битков
* Анатолий Землянов
* Дмитрий Иванников
* Рауан Исалиев
* Владимир Кожевников
* Михаил Комков
* Евгений Мусевич
* Ескендір Нұғыманов
* Сәкен Нұғманов
* Вячеслав Пак
* Валерий Пилин
* Сергей Путько
* Сәулет Рафиков
* Евгений Стариченко
* Владимир Стариченков
* Ирбулат Темиргалиев
* Сергей Токмаков
* Сергей Уланов
* Олег Чернов
* Игорь Чиликин
* Александр Шавалдин
* Николай Шавалдин
* Ринат Шамсутов
## Бапкерлері
* Анатолий Родионович Қоңыр (1976, 1976—1978)
* Виталий Николаевич Немолочнов (1978—1981)
* Виктор Константинович Котов (1981—1982)
* Анатолий Гаврилович Землянов (1982—1984, 1992—1994)
* Сәулет Сабыржанұлы Рафиков (1984—1992, 2004—2005)
* Сәкен Кайбушевич Нұғманов (1994—1996, 1997—2004, 2005—2006)
* Михаил Васильевич Комков (1996—1997)
* Александр Михайлович Ионкин (2006)
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Қоңырат – Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл.
* Қоңырат – Қарағанды облысы Балқаш қалалық әкімдігіне қарасты таратылған кент.
* Қоңырат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қоңырат – Орта жүзге жататын рулардың бірі. |
* Ақалтын – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Ақалтын – Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл. |
Батыс Үстірт кемері — Үстірт жазығының тік құлама жарлармен шектелген батыс жиегі.
## Орналасқан жері
Оңтүстігіндегі Қарынжарық сорынан (Маңғыстау облысында) солтүстігіндегі Желтауға (Атырау облысында) дейін 900 км-ге созылған.
## Сипаттамасы
Кемерінің биіктігі 60-220 м. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген, олардың астындағы қабаттар палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Гипс пен әктастың шаймалануынан карстық құбылыс кең тараған.
## Климаты
Бұл өңірдің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде - 10°С, оңтүстігінде - 4°С. Шілденің орташа температурасы 27°С, кейде 47°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-200 мм.
## Гидрографиясы және топырақ құрамы
Кемер бойында суы кермек татитын бұлақтар жиі кездеседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте. Тұрақты ағыны бар өзендер жоқ. Жер бетінде сортаң, сор және тұзды сор топырақ қалыптасқан.
## Өсімдіктер пен жануарлар әлемі
Бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан, күйреуік, т.б. сораң шөптер мен бұталар (сексеуіл, жүзгін) өседі. Кемердің шың-қияларында Үстірт муфлоны, қарақұйрық, қарақал, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, бүркіт, жыланжегіш, т.б. жануарлар, құстар тіршілік етеді.
## Дереккөздер |
* Ленинжолы – Түркістан облысы Келес ауданындағы Ақжол ауылының бұрынғы атауы.
* Ленинжолы – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Құдайберген Пернебаев ауылының бұрынғы атауы. |
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазды: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзетүге болады деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болған.
## Өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол тұста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.
«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарып-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.
Бірақ Шәкәрім өзін мінегенде кейінгі жасқа сабақ болсын дейді. Мұны ұмытпауымыз керек. Әйтпесе ел жұмысына араласу оған өз тұсындағы коғамның тамырын басып, сырқатын анықтап алуына көмектесті. Творчествосынан да мүлде қол үзіп кетпеген. Ұстазы Абайдың тапсырмасы бойынша, шежіремен айналысады, жиырма бесінде «Қазақтың түп атасы» деген еңбек туғызады, өлеңін де жаза береді, «ғылымнан едім жалаңаш» десе де, қырық жасқа дейін ол орыс, түрік, араб, парсы тілін үйреніп, «философ-ойшыл жазғанын сынауға» бет бұрады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы — өз бетімен білім алып өскен адам. Әрине, жетекшісі Абай болған. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасқан. Абайдың ақыңдыққа мүлде ден қойған шағы 1886-89 жылдар шамасы екені мәлім. Бұл кезде ұлы ақын қырықтың үстіне шықса, шәкірті Шәкәрім де оған серік боларлық жасқа келді. Жиырманы орталап тастады. Сондықтан Шәкәрім өткен Абай мектеп-университетінің программасында қандай «пәндер» оқылғанын алдымен оның мұғалімі ұстанған әдебиеттен білеміз. Мұхтар Әуезов зерттеуі бойынша, Абай «Орыстың белгілі жазушыларынан: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов: сыншыл-ойшыл демократтардан: Белинский, Герцен, Байрон, философ білгіштерден: Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сияқты талайларды оқыған». (Шығармалар, 12 томдық. — 286-бет).
Енді Шәкәрім Құдайбердіұлы өз тарапынан ізденіп оқыған ғылыми қайнарларға келсек, бұл туралы 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі кітабында ол былай деп жазады: «Окыған кітаптарымның мұсылманшасы: тәбри — тарихи ғұмуми, тарихи ғұсмани, тарих антшар аласлам, Нәжип Ғасымбектің түрік тарихы, Әбу Алғазы Баһадур ханның жазған шәжіре түрік және һәр түрлі кітаптардан алынған сөздер; Орысша кітаптардан окығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түркі нәсілі туралы, дүниедегі һәр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежіре кітаптары Құтадқу білік, Қошу чидам деген кітаптардың сөзі. Және араб-парсы-рум-еуропа жазушыларының сөзі» (2-бет).
Шәкәрім Құдайбердіұлы кітаптарды оқығанда адам және әлем сырын білмек үшін оқиды. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған? Міне, осы сұрақтарға жауап іздейді. Және соның бәрін ол «ноқтасыз оймен тексердім» дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Стамбұл кітапханасында он үш күн отырады. Бұл — 1905-1906 жылдар шамасы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы дінмен жұлдызы жараса бермегенін дәл осы арада айтуымыз керек. Рас, құдайға сенген. Бірак «талай дінді тексердім, ешбірі миға сыйған жоқ» дейтін де Шәкәрім. Тегінде, ол дүниеге көзқарасы жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені «әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, түрленеді ойла, шырақ» деп ешбір косу, алусыз материалистік ой қозғайтын да Шәкәрім Құдайбердіұлы ғой.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өз халқы алдындағы үлкен еңбегінің бірі — ұлы орыс халқымен туыстасу, достасу, оның ұлы мәдениетін игеру жолындағы Абай дәстүріне әрқашан берік болғандығы. «Орыс қой енді атамыз, жаксылық сонан татамыз» деген иікірден ол айнымаған. Орыс мәдениетін сөзбен ғана емес, ісімен де насихаттаған ол 1908 жылы А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын өлең түрінде аударады. Прозалық шығарманың поэтикалық шығармаға айналуы дүние жүзі әдебиетінде сирек ұшырасатын құбылыс екенін де айта кетуіміз керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл арада халқының басым бөлігінің хат танымайтындығын ескеріп, жаттауға қолайлы өлең формасына әдейі жүгінген. Әсіресе, Лев Толстой уағыздаған әділет, ар жолы қазақ ақынының көкейіне қона кетеді. Ол ұлы жазушының шығармаларын аударады, оған хат жазып, ақыл-кеңес сұрайды.
Осы Толстой ілімінің әсері ме, әлде не, 1908 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы сахарада сирек кездесетін мінез көрсетіп, елсізге шығады, өзі «саят қора» деп атаған үйде жападан-жалғыз, семьясыз тұрады. Сонда да ол халқынан рухани бөлектенген жоқ, қажыдан қайтқандағы атасы Құнанбай құсап шымылдық құрып, жарық дүниені төрк етпейді, өлеңін жазып, әлем оқиғаларына үн қосып отырады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары. Кейде адасып, дос қайсы, дұшпан қайсы екенін айыра алмай қалған кездері де болады. 1918 жылдың басында ол алашордашылардың шақыруымен Семейге келеді. Жолшыбай «Семейді қызыл алғанын» естіп барады. Бұл 1918 жылдың ақпаны. Алашордашылар Шәкәрімді сыртынан сот етіп сайлаған екен, ойында еш нәрсе жоқ ақын көне салады. Бірақ көп ұзамай, сол 1918 жылғы маусымда, Семейді ақтар кайта басып алады. «Оған тағы құл болдык, сатылған малмен пұл болдық» деп, ақтардан көңілі қалған акын еліне оралады. Сол жылғы күзде ол тағы да Семейдің құм көшесін таптайды. Осында Орынбордан қашқан Алашорда «үкіметі» көшіп келіп, өз беделін өсірудің бір амалы есебінде акынды калаға шақыртқан екен. Бұл жолы Шәкәрімнің «Алашорда бір бөлек, қауымның ойы өзгерек екеніне әбден көзі жетеді де, ескілікті қайта жаңғыртқысы келгендерге наразылық білдіріп, еліне тартып отырады. Ол ауылда жүріп те ақтардың салған ойранының куәсі болады. «Қалаға қызыл орнығып, әділет атты жол шығып, айтылған боран өтті тез» деп қуана қорытады.
Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бір аласапыран кезінде аз уақыт болса да адасуы оның былайғы тағдырына ауыр тиді. Ол революционер бола алған жоқ. Ағартушы, демократ өресінде қалып қойды. Сөйтсе де қарт ақын революцияны жарқын жырымен қарсы алды. Алашордадан тез қол үзді. Совет өкіметінің орнауын әділет жолының жеңісі деп білді. Осының бәрі объективті, әділ бағасын алуы тиіс еді. Бірақ оны жеке адамға табынушылықтың қырсығы істетпеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы тағы да өзінің «саят кора» аталатын жырақтағы мекеніне кетсе де, дұшпандары оған тыныштық бермеді. Молдалар Шәкәрімді «дін бұзар» деп айыптады. Бай-жуандар «алжыды» деп лақап таратты. Ауылдың белсеңдісі ескішіл деп өсектеді.
1931 жыл. Күздің сұрғылт күні. Осының алдында ғана бандымен байланысы бар деген кінәмен ұсталған жерінен босанып, ақталып шыққан, бұл кезде жетпістің үшеуіне келген Шәкәрім Кұдайбердиев аудан орталығына бет алады. Сол кезде мылтық даусы гүрс ете түседі. Қаперінде ештеңе жоқ қарт иығынан оқ тиіп, аттан құлайды. Бір замат көзін ашса, ОГПУ қызметкері Қарасартов жанына ерткен Халитов деген милиционері бар, қасында тұр екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы олардан аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуді өтінеді. Жауап орнына мылтық тағы да шаңқ ете қалады. Мылтық түтіні тарқағанда, Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл дүниеде жоқ еді.
## Ресми ақталуы
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.
## Шығармашылығы
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:
Сонымен қатар, Шәкәрім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:
Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:
Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:
Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.
### Шығармалары
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.
### Әндері
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.
Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.
Орындаушылар
Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.
Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.
## Шәкәрім және Абай
Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады
## Ақын және халық
Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың қазынасы. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.
## Ағартушылық лирикасы
Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы.Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкәрімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.
## Шәкәрім және әлем әдебиеті
Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.
## Лирикасы
Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.
## Поэмалары
Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeленетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен даланың күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.
## Прозалық шығармалары
Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.
## Өлеңдері
* Жастық туралы
* Адам немене?
* Адамшылық
* Ажалсыз әскер
* Арман
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Шәкәрімнің идеал қоғам арманы А. Мәсәлім(қолжетпейтін сілтеме)
* Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі
* Шәкәрім Құдайберді - шығармалар жинағы
* Шәкәрім Құдайберді - Туындылар тізімі(қолжетпейтін сілтеме) |
Маркус Кристиан Алльбак (швед. Marcus Christian Allbäck; 5 шілде 1973 жыл, Гётеборг) — швед футболшысы, шабуылшы.
## Карьерасы
Үш бірдей Еуропа чемпионатына, екі бірдей әлем чемпионатына қатысқан. ЕУРО-2008 турнирінен соң құрамадағы карьерасын аяқтады.
Туған қаласындағы "Гетеборг" клубынның жастар командасында доп тепті. Кәсіби карьерасында Швеция, Дания, Германия клубтарында ойнады.
## Жетістіктері
### Командалық
Копенгаген
* Дания чемпионы (2): 2005/06, 2006/07
### Жеке
* Швеция чемпионатының үздік мергені: 1999
* «Копенгаген» клубының жыл ойыншысы: 2007
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Негізгі ұғым:
* Азаттық – қазақ ұғымында саяси еркіндік, тәуелсіздік.
Елді мекендер:
* Азаттық – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Азаттық – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. |
Дархан — қазақ халқының құрамынддағы ру. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүз құрамындағы шанышқылы тайпасынан таратылады. Оршақ, Шошым, Құлтума, Еңкес аталықтарына бөлінеді. Ұраны —Айрылмас. Таңбасы — қолтаңба.
## Дереккөздер |
Көкарал – Үлкен Арал мен Солтүстік Арал теңізін бөліп тұрған бөгет. Қызылорда облысы Арал ауданында. 2005 жылы Кіші Арал теңізінің су деңгейін сақтап қалу мақсатында (бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы аралығында) жасалған. Кезінде түбек болған Көкаралға ұзындығы 13 км, орташа биіктігі 4 м, бүйір беткейінің мөлшері 44,5 м, үстіндегі жолдың ені 9 м бөгет салынған. Ол секундына 295 м3 суды Үлкен Аралға еркін жібере алады. Бөгет арқылы Арал теңізінің шығысы мен батысын жалғастыратын төте жол өтеді.
## Дереккөздер |
* Мақталы – Түркістан облысы Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Мақталы – Түркістан облысы Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округіне қарасты ауыл.
* Мақталы – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл. |
Мария Ньевес Ребойедо Вила (исп. María Nieves Rebolledo Vila, Бебе Bebe ретінде белгілі) — испан әншісі, Latin Grammy Awards атты сыйлықтың иегері, кейде фильмдерге тұүседі.
## Өмірбаяны
Бебе Ребойедо балдәурен шақтан бастап әндердә шырқайды және өзі шығарып, жазады. Оның әке-шешесі шығармашылықпен айналысуға ықпал еткен адамдардың бір болып келеді - олар «Suberina» атты фолк-группада өнер көрсеткен. Ал Бебе 1995 жылы "Vanagloria" атты топтың мүшесі атанып, бірінші рет сахнада өз өнерін профессионалды деңгейде көрсеткен.
Бір жылдан кейін ол театрлық өнерді тану үшін Мадрид қаласына көшеді. Алайда 2001 жылы Эстремадурдегі байқаудың жеңімпазы атанып, өзін сазгер және әнші ретінде барша халыққа таныстырады.
## Дискографиясы
Студиялық альбомдар:
* 2004: Pafuera Telarañas
* 2005: Pafuera Telaranas (Special Edition)
* 2009: Y punto
* 2009: Y punto (Special Edition)
* 2012: Un pokito de rocanrol
* 2015: Cambio de piel
Синглдар:
* 2004 — Malo
* 2011 — K. I. E. R. E. M. E.
## Фильмография
* "Caótica Ana" — 2007
* "La educación de las hadas" — 2006
* "Busco" — 2006
* "El oro de Moscú" — 2003
* "Al sur de Granada" — 2003
* "Entre cien fuegos" — 2002 |
* Тың – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Тың – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл. |
* Байдала – Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Байдала – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. |
* Жаңадала – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл.
* Жаңадала – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. |
Жайыл ауданы (қыр. Жайыл району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. 1992 жылға дейін Калинин ауданы деп аталып келді.
Әкімшілік орталығы — Қарабалта қаласы (1976 жылға дейін Калинин кенті).
Ауданның жер көлемі 3028 км², тұрғындар саны 92 645 адам (2009 ж.).
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 92 645 аудан тұрғындарының ішінен 56 542 адамды құрайды (61,0 %), орыстар — 23 100 адам (24,9 %), украиндар — 2441 адам (2,6 %), ұйғырлар — 1646 адамды (1,8 %), өзбектер — 1602 адам (1,7 %), қазақтар — 1409 адам (1,5 %), әзербайжандар — 1208 адам, корейлер — 1164 адам (1,3 %).
## Атақты адамдар
### Ауданда дүниеге келгендер
* Сабырбек Ақылбеков (1914-1968) — қырғыз живопись шебері.
* Тоқтоналы Сейтәлиев (1937 д.к.) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1984)
## Дереккөздер |
Негізгі ұғым:
* Ақниет – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет.
Елді мекендер:
* Ақниет – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Ақниет – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Ақниет – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. |
Аламүдін ауданы (қыр. Аламүдүн району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Ел астанасы — Бішкек аудан аумағымен қоршалған, бірақ оның құрамына кірмейді.
Әкімшілік орталығы — Лебединовка ауылы.
## Тарихы
1937 жылы Ворошилов ауданы болып құрылды. 1958 жылы атауы Аламедин ауданы болып ауысқан. 1990-шы жылдары аудан атауының жазылуы қазіргісіне өзгертілді.
## Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 148 032 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 86 550 адамды құрайды (58,5 %), орыстар — 37 312 адам (25,2 %), ұйғырлар — 5503 адам (3,7 %), қазақтар — 2161 адам (1,5 %), өзбектер — 2032 адам (1,4 %), күрдтер — 1907 адам (1,3 %), әзербайжандар — 1852 адам (1,2 %), түріктер — 1810 адам (1,2 %), татарлар — 1751 адам (1,2 %), украиндар — 1668 адам (1,1 %), корейлер — 1261 адам (0,8 %), немістер — 1141 адам (0,8 %).
## Әкімшілік бөлінісі
Аламүдін ауданы құрамына 17 ауылдық округ пен 51 ауыл кіреді:
* Ақтөбе ауылдық округі: Қайырма (әкімшілік орталығы), Молдовановка ауылдары
* Алаарша ауылдық округі: Мраморное (әкімшілік орталығы), Рассвет ауылдары
* Аламүдін ауылдық округі: Аламүдін (әкімшілік орталығы), Садовое ауылдары
* Арасан ауылдық округі: Арасан (әкімшілік орталығы), Татыр ауылдары
* Бәйтік ауылдық округі: Бәйтік (әкімшілік орталығы), Аршалы, Байгелді, Басқарасу, Қасқасу ауылдары
* Васильевка ауылдық округі: Виноградное (әкімшілік орталығы), Васильевка, Полевое, Привольное ауылдары
* Гроздь ауылдық округі: Гроздь (әкімшілік орталығы), Атбасы, Бірлік, Вторая Пятилетка, Лесное ауылдары
* Көкжар ауылдық округі: Көкжар (әкімшілік орталығы) ауылы
* Қараағаш ауылдық округі: Қараағаш (әкімшілік орталығы), Бектау ауылдары
* Лебединовка ауылдық округі: Лебединовка (әкімшілік орталығы), Восток, Дачное ауылдары
* Ленин ауылдық округі: Ленинское (әкімшілік орталығы), Константиновка, Мықан ауылдары
* Маёвка ауылдық округі: Маёвка (әкімшілік орталығы) ауылы
* Октябрь ауылдық округі: Октябрьское (әкімшілік орталығы), Лубяное, Чуйское ауылдары
* Пригородное ауылдық округі: Пригородное (әкімшілік орталығы), Озёрное, Степное, Достық ауылдары
* Тасмойнақ ауылдық округі: Қойтас (әкімшілік орталығы), Бескүнгей, Горная Маёвка, Қызылбірлік, Подгорное, Прохладное, Тасмойнақ ауылдары
* Тастөбе ауылдық округі: Тастөбе (әкімшілік орталығы), Заречное, Малиновка, Сүйменқұл Шоқпаров ауылдары
* Төменгі Алаарша ауылдық округі: Төменгі Алаарша (әкімшілік орталығы) ауылы
## Елді мекендер
Ірі елді мекендері: Лебединовка, Ленинское, Молдовановка, Байтик.
## Атақты адамдары
### Ауданда дүниеге келгендер
* Ишембай Әбдірайымов (1914-2001) — ұшқыш, КСРО еңбек сіңірген ұшқышы.
* Алмазбек Атамбаев (1956 д.к.) — Қырғыз Республикасының Президенті (2011-2017), Премьер-министрі (2010)
* Иван Александрович Гришин (1918-1960) — Кеңес Одағының Батыры
* Бәкен Қыдыкеева (1923-1994) — театр актрисасы, КСРО халық әртісі (1970)
* Сайра Киізбаева (1917-1988) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1958)
* Дәркүл Күйікова (1919-1997) — театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі (1967)
* Исмаилбек Таранчиев (1923-1944) — Кеңес Одағының Батыры
* Сүйменқұл Чокморов (1939-1992) — кино актері, КСРО халық әртісі (1981)
## Дереккөздер |
* Нұрауыл – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
* Нұрауыл – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы таратылған ауыл. |
Елді мекендер:
* Қараөзек – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл.
* Қараөзек – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл.
* Қараөзек – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Қараөзек – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл.
* Қараөзек – Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Қараөзек – Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты темір жол бекеті.
* Қараөзек – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Қараөзек – Ойыл алабындағы өзен.
* Қараөзек – Сырдария алабындағы өзен (тармақ). |
* Көбек – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл.
* Көбек – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.
* Көбек – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
* Көкбұлақ – Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы ауыл.
* Көкбұлақ – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл.
* Көкбұлақ – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Көкбұлақ – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Көкбұлақ – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. |
Бадам – Арыс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысының Сайрам, Ордабасы аудандары аумағында. Ұзындығы 141 км, су жиналатын алабы 4329 км2.
## Бастауы
Қаржан (Қоржын) тауынан бастау алып, Арыс өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Қар, жаңбыр суымен толығады. Көктемде тасиды. Жылдық орташа ағыны 4,51 м3/с. (Қараспан каналы тұсында). Өзен бойындағы Бадам бөгені мен каналдар арқылы Сайрам, Ордабасы аудандарының егістігі мен бау-бақшалары суғарылады, Шымкент қаласының кәсіпорындары сумен қамтамасыз етіледі. Өзеннің пайдалануға болатын энергет. қоры мол.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Мамыр – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Мамыр – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Мамыр – Григориан күнтізбесіндегі 5-ші келетін май айына сай қазақша атауы. |
* Қосқұдық – Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне бағынысты ауыл.
* Қосқұдық – Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл.
* Қосқұдық – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл.
* Қосқұдық – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қосқұдық — Сағыз алабындағы құдық. |
Елді мекендер:Қазақстан:
* Теспе – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Теспе – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
Германия:
* Теспе (нем. Tespe) – Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқан муниципалитет. |
«Елбасы жолы» — толық метражды көркем фильм, «Көшбасшы жолы» медиафраншизасының екінші фильмі. 2013 ж. Қазақфильм киностудиясы шығарған.
## Сюжеті
"Елбасы жолы" киноэпопеясында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Киноэпопеяға "Отты өзен", "Теміртау" атты екі бөлім еніп отыр.
Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады, кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады, жаңа ұстаздармен танысады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанға оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды.
## Рөлдерде
* Нұрсұлтан Назарбаев — Нұрлан Әлімжанов
* Әбіш — Нұржұман Ықтымбаев
* Әлжан — Наталья Арынбасарова
* Сара — Мадина Есманова
* Дмитрий Погорелов — Виктор Сухоруков
* Аркадий Преображенский — Валентин Гафт
* Николай Давыдов — Сергей Шакуров
* Қаныш Сәтбаев — Бақытжан Әлпейісов
* Бәйкен Әшімов — Тілектес Мейрамов
* Юрий Гагарин — Валентин Кузнецов
## Дереккөздер |
Дихан - Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған обалар тобы. Алматы облысы Шелек ауданы Дихан ауылынан шығысқа қарай 0,75 км жерде, Шілік өзенінің сол жағасында орналасқан. 1956 жылы Орта Азия археологиялық экспедиция (жетекші Е.И. Агеева) зерттеген. Д-1 обалар тобында тас араласқан топырықтан үйілген 15 оба бар. Олардың диаметрі 4 - 10 м, биікт. 0,1 - 0,3 м. Қазылған бір обаның астынан адам сүйегі шыққан. Мәйітті батыстан шығысқа қарата жерлеген. Д-2 обалар тобында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектелген 189 оба бар. Бәрі де тас аралас топырақтан үйілген. Олардың диаметрі 8-50 м, биіктігі 1 - 2,5 м. 1-3 ғасырларға жататын бұл обалардың үшеуі зерттелген. Обаның астындағы қабірден адам сүйегі шыққан. Мәйіт басы батыстан шығысқа қаратылып қойылған. Қабірден саз ыдыстар, қола сырғалар, темір жүзіктер, қойдың сүйектері табылған.
## Дереккөздер |
ТӨРТКӨЛ – көне қала орны. Талас ауданындағы Бостандық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта, Тараз – Бостандық автомобиль жолының сол жағында орналасқан. 1980 ж. Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетек. К.Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың қазіргі орны биікт. 2,5 м болатын төртбұрышты төбе. Әрбір сыртқы қабырғасының ұзындығы 80 м. Қаланың орт. бөлігінде күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Мұнаралардың диам. 5 м. Қала үш жағынан терең ормен қоршалған. Ордың ені 8 м., қазіргі тереңд. 1,5 м. Қала орнынан керамикалық ыдыстардың, әйнектердің сынығы, қоладан жасалған бұйымдар табылды. Қала 8 – 12 ғасырда ірі сауда орт-ғы болған. К. Байбосынов
## Дереккөздер |
«Тығырықтан жол тапқан» — толық метражды көркем фильм. 2014 ж. Қазақфильм киностудиясы шығарған.
«Көшбасшы жолы» медиафраншизасының үшінші фильмі.
## Сюжеті
Бұл фильмде Назарбаевтың Орталық Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинат - Теміртау қаласының Карметкомбинатта партиялық ұйым басшысы ретіндегі қызметі туралы сөз болады.
## Рөлдерде
* Нұрсұлтан Назарбаев — Нұрлан Әлімжанов
* Аркадий Преображенский — Валентин Гафт
* Владимир Долгих — Евгений Сидихин
* Олег Тищенко — Владимир Стеклов
* Николай Давыдов — Сергей Шакуров
* автобус жүргізушісі — Мария Голубкина
* Михаил Суслов — Игорь Ясулович
* Хәкім — Төлепберген Байсақалов
* Қабдол — Еслям Нұртазин
* Арқалық — Азамат Әшімов
## Дереккөздер |
Туид (ағыл. River Tweed, шотл. Uisge Thuaidh) — Англия мен Шотландия арасындағы шекаралас аймақта ағып жатқан және олардың арасында сағаға 27 км-ге дейінгі әкімшілік шекараны қалыптастыратын өзен. Ұлыбританияда ұзындығы бойынша 11-ші орында. Өзеннің бастауы Туидсмюир ауылының маңындағы төбелерде орналасқан және солтүстік-батысқа қарай ағып жатқан Клайд өзенінің бастауы мен оңтүстікке қарай ағып жатқан Аннан өзенінің бастауынан алыс емес. Осы үш маңызды өзендердің қайнар көзін қамтып, көрсететін мәтел бар: «ағыл. Annan, Tweed and Clyde rise oot the ae hillside»(« Аннан, Туид және Клайд бұл төбелерден басталады»). Өзен Берик-апон-Туид қаласында Солтүстік теңізге құяды.
Өзенінде Пиблс, Галашилс, Мелроуз, Келсо, Колдстрим және Берик-апон-Туид қалалары орналасқан. Онда сондай-ақ Вальтер Скотт Эбботсфордтың жер иелігі (поместье) де орналасқан.
Туид - Ұлыбританиядағы албыртқа ең бай өзендерінің бірі. Өзеннің аңғары мұз дәуірінің тарихы тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады, өйткені қазіргі заманғы өзеннің арнасы соңғы мұз дәуірінің ежелгі мұзы түбінде өтеді.
*
*
* |
Елді мекендер:
* Қарабастау – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Қарабастау – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Қарабастау – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Қарабастау – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Қарабастау – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
* Қарабастау – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қарабастау – Қарағанды облысындағы Жарлы мен Жарым өзендерінің аралығындағы тау. |
Негізгі ұғым:
* Бөген — арнасын бөгетпен бөгеу немесе жер бедерінің көлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су қоймасы.
Елді мекендер:
* Бөген – Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл.
* Бөген – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. |
* Сарыарық – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
* Сарыарық – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. |
Елді мекендер:
* Қызылсеңгір – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Қызылсеңгір – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Тау:
* Қызылсеңгір – Теңіз көлінің оңтүстік-шығысындағы аласа тау. |
Бородиновка — Қарағанды облысы Абай ауданы, Самар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.