text
stringlengths 3
252k
|
---|
Көктал ауылдық округі – Жамбыл облысы Талас ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Көктал ауылы кіреді. Орталығы – Көктал ауылы.
## Дереккөздер |
Қарағанды медицина университеті — Қарағанды қаласында орналасқан медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең алдынғы қатардағы медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі: Ұлттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойынша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия (2007 жыл) университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында үлкен жетістіктерді атап өтіп, «ҚММУ базасында тек Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар орта Азия республикалары және ТМД мемлекеттеріне озық тәжірибелі мектеп құру» жөнінде ұсыныс жасады.
ҚММУ – Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менеджмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификацияны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі.
Біздің университетіміздің 5 факультетінде бес мыңға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дайындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр-түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру факультетін қосады. Оқу орнымыздағы дипломнан кейінгі білім беру жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғаны, Қазақстанның бүкіл аймағындағы дәрігерлерден мамандандыру және қайта даярлау өтініштерінің айтарлықтай көбеюімен дәлелденеді (2006 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп).
Жөнделген 4 оқу корпусы, дәрістік және оқу аудиториялары мен 7 жатақханалар, 36 кафедралардың клиникалық базалары, сонымен қатар меншік клиникалық базалары – студенттік емхана және стоматологиялық клиника: университеттің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған инфрақұрылымды қолдауы болып табылады. 2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, кафедралар мен университет бөлімшелерінде 3,5 есеге Интернет желісіне қосылған комьпютерлер саны артты, сонымен қатар кейбір жатақханаларда.
ҚММУ-нің магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуды жүзеге асыруға лицензиясы бар. Астаналық оқу орнымен бірлесіп үш диссертациялық кеңес және «Клиникалық фармакология, фармакология; ішкі аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғауда диссертациялық кеңесі белсене жұмыс істейді. Біздің университетімізде жоғары деңгейлі квалификациямен, білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың ішінде 200-ге жуығы ғылым кандидаты және докторы дәрежесінде. Барлық оқытушылар Халықаралық және Республикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады, 2008 жылдың ішінде-ақ 336 іссапар болды. Оқытушылардың шет мемлекеттерде дайындалуы 2006 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.
ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі.
59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Біздің түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде табысты жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауына және денсаулық сақтау реформасының басты қағидасына негізделген, тәжірибелі денсаулықты қорғау бағытында жоғары сапа мамандардың кәсіби дайындығы, ҚММУ дамуында басымды бағытты жүзеге асырудағы белсенділік, ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.
## Дереккөздер |
Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев (23 маусым 1936, Қазақ КСР, Ақтөбе облысы — 27 ақпан 2018, Қазақстан, Алматы ) — қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы. Рабат Жәнібеков, Диас Омаров, Қынабай Аралбаев секілді танымал комментаторлардың кәсіби ұстазы, спорт журналисі.
## Өмірбаяны
1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында өмірге келген. 18 жасында, сегізінші сыныпты бітіргенде лагерге оны дене шынықтыру жетекшісі ретінде жібереді де, спортқа ең алғаш солай бауыр басады.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сөйлеген қазақ комментаторы. Комментаторлық жұмысты Қазақ радиосы мен Қазақ телевидениесінде атқарған.
Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізді. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.
Спорттың барлық түрінен трансляция жүргізген.
## Басқа да фактілер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тұңғыш комментатормен сұқбат Мұрағатталған 2 наурыздың 2018 жылы. |
* Жаңақала – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл.
* Жаңақала – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Жаңақала – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты Әбдіғаппар хан ауылының бұрынғы атауы.
* Жаңақала – Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл. |
* Қорағаты ауылдық округі – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қорағаты ауылдық округі – Жамбыл облысы Шу ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Байқоңыр ауданы – Астана қаласының әкімшілік ауданы. Халқы 233,3 мың адам (2023).
## Тарихы
Үкімет Астана әкімдігінің Астананың төртінші әкімшілік ауданын құру туралы ұсынысын қолдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның 2018 жылғы 21 ақпандағы шешіміне сәйкес жаңа ауданға Байқоңыр атауы берілді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Берік Жакенов мәлімдеді.
Жоспарланған аумақтың шекаралары төмендегідей орындалуы тиіс:
* Астана - Қостанай бағытындағы теміржолдан солтүстікке қарай қазіргі шекарасы бойынша Ақбұлақ өзеніне дейін
* Ақбұлақ өзенінен Қошкарбаев даңғылына дейін
* Қошқарбаев даңғылының жұп бағытында Сауда көшесіне дейін
* Сауда көшесінен 184 көшесіне дейін, одан әрі Ақбұлақ өзенінің бойынмен Есіл мен Ақбұлақ өзендерінің құяр тұсына дейін, Есіл өзенінің бойымен Қараөткел көпіріне дейін
* Бараев көшесімен Республика даңғылына дейін
* Республика даңғылының жұп бағытымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Алаш тасжолынан теміржолға дейін
* темір жол бойымен қаланың батыс шекарасына дейін.
Сондай-ақ, аудан шекараcына 460 гектар қала зират ауданының аумағы да енеді.
«Жаңа ауданның айрықша миссиясы бар - біздің әкімнің "шеттері жоқ қала" жобасындағы жұмыс жалғастыру бағытында және қала инфрақұрылымын жақсарту, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау», - деді Берік Жакенов.
Депутаттар Астана жаңа ауданның шекараларын анықтау үшін бірауыздан дауыс берді.
Байқоңыр - Астана қаласы мәслихатының депутаттары елорданың жаңа ауданның атын қолдады. Жаңа аудан солтүстік шекарасы Астана қаласының қолданыстағы шекарасында сәйкес келеді.
## Әкімдері
* Ерлан Қаналимов 2018-2019
* Асқар Есілов 2019-2020
* Нұрбол Нұрсағатов 2020-2021
* Ерлан Жаулыбаев 2021-2023
* Талғат Рахманберді 2023-
## Дереккөздер |
* Қасқабұлақ ауылдық округі – Абай облысы Абай ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қасқабұлақ ауылдық округі – Жамбыл облысы Талас ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова (30 шілде 1929 жыл, Ташкент — 24 мамыр 1993 жыл, Алматы) — қазақстандық ғалым, тарих ғылым докторы (1975), белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың қызы.
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1952). Осы университеттің аспиранты (1952 — 1956), Қазақстан Ғылым Академиясының тарих, археологиялық және этнография институтынының ғылым қызметкері (1956 — 1962), 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. Мұхтар Әуезов шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғылым еңбектері үшін оған Қазақстан Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген (1979).
## Шығармалары
* М.О. Әуезов творчествосындағы (шығармашылығындағы) Қазақстан тарихы проблемалары, А., (1977);
* Мухтар Ауэзов и современная литература, А., (Мұхтар Әуезов пен заманауи әдебиет; 1989, құрастырушы).
## Сыртқы сілтемелер
* [1](қолжетпейтін сілтеме)
* [2] Мұрағатталған 23 желтоқсанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Көтен - Қоңырат тайпасына жататын ру. Құрбан атадан тараған мына бес ру қыз алыспайды: Киікші, Жары, Сасық, Тіней, Жартыбас, Көтен. Көтендер Түркістанда, Балтакөлде, Мақтаарал аймағында көбірек қоныстанған. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .
2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды.
2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
## Тарихы
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды..
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды.
1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды.
1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды.
2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
### 30-жылдар
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.
Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.
Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
### Бүгінгі жағдайы
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
## Халықаралық қызмет
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.
ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды.
2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды.
"Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы".
## Ғылым және инновация
ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту.
## Университетте жұмыс істейді
* Болон процесі бойынша студенттер бюросы
* "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар"
* Ғылыми кітапхана
* ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби
* ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби
* ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби
* ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби
* Биология мұражайы
* Археология және этнология мұражайы
* Палеолит мұражайы
* "ҚазГУ Град" КВН командасы
* "Бақыт" би ансамблі
* ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ"
* ҚазҰУ Хабаршысы
* "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде)
* ҚазҰУ Студенттер сенаты
* "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер қауымдастығы
* Әскери кафедра
* Біліктілікті арттыру институты
* Жұмыс берушілер Кеңесі
* Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы
* "Қазақ университеті"баспасы
* ҚазҰУ пікірсайыс клубы
* ҚазҰУ зияткерлік клубы
* "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы
* Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы
* Кіші әл-Фараби Академиясы
* Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы
* Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында
## Институттары
* Мемлекет және құқық институты
* Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)
* Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ)
* Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА)
* Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ)
* Біліктілікті арттыру институты (БАИ)
* Конфуций Институты
* Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк)
* Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT)
## Университет қалашығы
90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев).
Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған) нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б.
Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді.
2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды.
## Университет құрылымы
Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар:
## Университет басшылары
* 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
* 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
* 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
* 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
* 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
* 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
* 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
* 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
* 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* 2010 – 2021 — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов
* 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
## Атақты түлектер
* Зейнолла Қабдолов
* Әбіш Кекілбаев
* Мұхтар Мағауин
* Дулат Исабеков
* Қадыр Мырза Әлі
* Тұманбай Молдағалиев
* Тұрсын Жұртбай
* Жүрсін Ерман
* Нұрлан Оразалин
* Олжас Сүлейменов
* Әзілхан Нұршайықов
* Рахман Алшанов
* Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
* Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
* Мырзатай Жолдасбеков
* Игорь Иванович Рогов
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Қайрат Мәми
* Тауман Төреханов
## Серіктес университеттер
* Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Soongsil University, Корея Республикасы
* Ching Yun University, Тайвань
## Тағы қараңыз
* әл-Фараби
* QS Әлем Университеттері Ранкингі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы.
* ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы.
* ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
Ұлан Әділжанұлы Нүсіпәлі (1968 жылы 29 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Құрмет орденінің иегері (2016).
## Толығырақ
* Ұлан Әділжанұлы Нүсіпәлі 1968 жылы 29 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген.
* 1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) «Театр және кино актеры» мамандығы бойынша бітірген.
* 1997 - 2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
* 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Психология және педагогика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
## Еңбек жолы
* 1985 - 1989 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі
* 1993 - 1996 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері
* 1996 - 1998 жылдары «Тамаша» ойын-сауық отауының актері
* 1998 - 2012 жылдары «Терісқақпай» комедия театрының бас директоры
* 2012 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы
* 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директордың орынбасары лауазымдық қызметін атқарады.
## Марапаттары
* 2009 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды
* 2016 — Құрмет ордені |
* №98-темір жол айрығы – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы темір жол айрығы.
* №98-темір жол айрығы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы темір жол айрығы. |
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті төсбелгісі – 2000 жылдың 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы белсенді оқытушыларын және педагогика қызметкерлерін ынталандыру мақсатында және моральдық өсу үшін тағайындалған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1159 министрліктің қаулысы бойынша бекітілген марапаты.
## Толығырақ
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері» құрметті белгісімен:
* Оқу үдерісі белсенді формалары мен сабақтар ұйымдастыру және өткізу әдістері, білім мен жаңа интерактивті технологияларды бақылауды жүзеге асыру студенттер, оқушылар мен студенттердің тәуелсіздігінің дамуын қамтамасыз ету үшін, олардың оқыту даралалығы;
* студенттердің көшбасшылық зерттеу және жобалау саласындағы табыстар үшін, Облыстық, республикалық және халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды жетістіктері үшін;
* білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер үшін;
* педагогикалық және мұғалімдер, білім беру жүйесінің мамандарын даярлау ғылыми біліктілігін дайындау және жетілдіру қызметтері үшін;
* оқу-әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтарды өндірісін дамыту саласындағы жетістіктері үшін;
* қаржылық және экономикалық қызметін ұйымдастыру табысқа білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаны дамыту және нығайту.
* бұл атақпен оқу орындарында жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер марапатталады, он жылға және (профессорлық-оқытушылық құрамы үшін) ең жоғары алғаш біліктілік санаты кем емес.
## Құрметті төсбелгісінің сипаттамасы
* «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі көк лента 25 х 15 мм, өлшеу кестесінде бекітілген 2 мм қалыңдығы 28 мм диаметрі, бір шеңберден тұрады.
* Күн, шеңбердің оң жағында лавр филиалының жатыр, оның орталығында ашық кітабының белгісі бейнеленген туралы мәлімет.
* Артқы жағында қазақ тілі белгісі деген жазуы («Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері») бар.
* «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі мыс-никель материалынан жасалған. |
Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев (23 маусым 1936, Қазақ КСР, Ақтөбе облысы — 27 ақпан 2018, Қазақстан, Алматы ) — қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы. Рабат Жәнібеков, Диас Омаров, Қынабай Аралбаев секілді танымал комментаторлардың кәсіби ұстазы, спорт журналисі.
## Өмірбаяны
1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында өмірге келген. 18 жасында, сегізінші сыныпты бітіргенде лагерге оны дене шынықтыру жетекшісі ретінде жібереді де, спортқа ең алғаш солай бауыр басады.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сөйлеген қазақ комментаторы. Комментаторлық жұмысты Қазақ радиосы мен Қазақ телевидениесінде атқарған.
Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізді. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.
Спорттың барлық түрінен трансляция жүргізген.
## Басқа да фактілер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тұңғыш комментатормен сұқбат Мұрағатталған 2 наурыздың 2018 жылы. |
* Луговой ауылдық округі – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Сәуле Жақаева (1960 жылы 9 тамызда Маңғыстау облысында туған) — қоғам қайраткері, кәсіпкер. Маңғыстау облысы маслихат депутаты. Жаңаөзен сүт зауытының директоры. Құрмет орденінің иегері (2015).
## Толығырақ
* Сәуле Жақаева 1960 жылы 9 тамызда Маңғыстау облысында дүниеге келген.
* Еңбек жолын 1985 жылы Маңғышылақ мұнай мекемесінде кассир болып бастаған.
* 2002 жылдан Жаңаөзен сүт зауытының бас директоры
* 2016 жылдан Маңғыстау облысы маслихат депутаты
* Маңғыстау облыстық іскер әйелдер қоғамының төрайымы
## Марапаттары
* 2001 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* 2006 жылы ҚР тұңғыш президентінің алғыс хаты
* 2006 жылы "Астана" естелік медалі
* 2015 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған. |
Әли Мүсілімұлы Мүсілімов (19 мамыр, 1941 жыл, Қызылорда облысы Сырдария ауданы — 15 мамыр,2004 жыл, Қызылорда қаласы) — педагог ғалым. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 ж.). Педагогика ғылымдарының докторы (2004 ж.), профессор, академик. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. КСРО және Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда облысының құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Әли Мүсілімұлы 1941 жылы 19 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген.
* 1959 жылы Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын бітірген.
* 1965 жылы (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.
* 1965 – 1970 жылдары 105-мектепте мұғалім, директордың орынбасары, директор болды.
* 1970 – 1982 жылдары әуелі Қызылорда қаласы, кейін облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды.
* 1982 - 2001 жылдары облыстық оқу бөлімін (кейін облыстық білім департаментін) басқарды.
* 2001 - 2004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде сабақ береді.Қызылорда қаласындағы №101 орта мектепке есімі беріліп, мектептің алдына бюсті қойылған (2017 ж.).
## Ғылыми шығармашылығы
* Әли Мүсілімұлы заман талабына сай, жаңашыл, өзіне де, әріптестеріне де қатаң талап қоя білетін, адамгершілігі жоғары принципшіл жан еді. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Облыстық әкімият мүшесі, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бүкілодақтық және республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болып, мазмұнды баяндамалар жасады. 1995 жылы Анкарада өткен білім саласы қызметкерлерінің халықаралық съезіне қатысты.
* Оның қаламынан 8 монография, 12 оқу құралы және 140-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. Ол еңбектері әлі күнге маңызын жойған жоқ, оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Сондай-ақ, ол Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі. Ағарту саласындағы ұзақ жылғы тәжірибесін қорытындылап, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» іспеттес, кейінгі жас ұстаздарға өзінің педагогикалық ой-тұжырымдарын мұра етіп қалдырды.
* Республикада бірінші болып облыстық мұғалімдер газеті «Сыр мектебін» ашты. Ұзақ жылдар республикалық «Қазақстан мектебі» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.
## Ғылыми атағы
* Педагогика ғылымдарының докторы
* Педагогика профессоры
* ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі (2004 ж.)
## Марапаттары
* 1998 - ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 1998 - ҚР тұңғыш естелік "Астана" медалі
* 1992 - Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі
* 1986 - Еңбек Қызыл Ту ордені және Құрмет Белгісі орденімен марапатталған
* 1970 - "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі
* 1988 - Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі
* КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері
* 1982 - КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі
* 2001 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
* ҚР Білім беру ісінің үздігі |
Баян Байғожина (1926, Абай ауданы, Арқат ауылы - 27.04.1945, Германия, қ) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, мерген.
## Өмірбаяны
1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Арқат ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанған. Белорусь, Литва, Польша, Германия жерлерін азат ету ұрыстарына қатысады. 1945 жылы 27 сәуірде Гиденбург қаласы үшін болған ұрыста 15 фашисті құрытып, ерлікпен қаза табады.
### Марапаттары
Ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз, 2,3-дәрежелі "Данқ" ордендерімен, "Жауынгерлік ерлігі" үшін медалімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Ефрейтор Байғожинаның ерлік өмірі туралы әскери тілші П.Кузнецов 1945 жылы "Комсомольская правда" газетінде "Шыңғыстаудың баяны" деген мақаласын жариялады. "Алматыдан Берлинге дейін" атты кітабында Баянның есімін тағы да құрметпен еске алады. Журналист Қ. Молдақашев "Баян" атты поэма жазды. Қарауыл ауылындағы бір көшеге Баян есімі берілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* http://www.kremnik.ru/node/462329 |
Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев (1937 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — педагог. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі (1991). Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1983). Құрмет орденінің иегері (2001).
## Толығырақ
* Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев 1937 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
* 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандығын бітірген.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1957 - 1958 жылдары Чернорецк балалар үйінен бастайды.
* 1958-1962 жылдары Павлодар қаласындағы №9 орта мектепте аға пионервожатый қызметін атқарады.
* 1962-1966 жылдары №3 облыстық қазақ мектеп-интернатында аға тәрбиеші қызметін атқарады.
* 1966-1972 жылдары Красноармейка мектеп-интернатында оқу-ісінің меңгерушісі болып істейді.
* 1972-1982 жылдары мектеп-интернат, арнайы мектеп, балалар үйі саласы бойынша Облыстық білім беру бөлімінде инспектор қызметін атқарады.
* 1982 жылы Павлодар қаласындағы №4 қосымша мектеп-интернатының директоры қызметіне тағайындалды.
* 1986 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры. Бар саналы өмірі мен еңбегін тек бала (ұрпақ) тәрбиелеу ісіне бағыштаған ұстаз-басшы бұл күнде облысқа, республикаға ағарту саласында өзінің мол тәжірбесімен, еңбегімен танымал.
* 1986 жылдан 2007 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры болып қызмет істеді.
## Шығармашылығы
* Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев 40 жылдан астам өмірін болашақтың ұрпағын тәрбиелеу ісіне бағыштады. Ұстаздықтың қилы-қилы баспалдақтарының бәрінен өтіп, “адам мүсіншісі”, “бала бағбаны” аталған ұлы мамандықтың сан сырын, қиын қырын түгелдей толық меңгерген майталман ұстаз. Ұстаздың бұлай сатылай өсуі жемісті табыстарға жол ашты: ұстаздың біліктілігі мен білімі, іскерлігі мен ұйымдастыра білу шеберлігі педагогтік ұжымдарды шебер басқарып, ұжым еңбегін елге таныта білуге жетеледі.
## Марапаттары
* 1983 - Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі
* 1985 - КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
* 1991 - Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі
* 2001 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
* 2008 - Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық медалі
* 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* Көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған. |
Пётр Мартынович Алейников (12 шілде, 1914, Кривель, Горец уезі – 9 маусым, 1965, Мәскеу) – актер.
## Өмірбаяны
1914 жылдың 12 шілдесінде Могилев губерниясындағы Горец уезіндегі Кривель ауылында кедей шаруа Алейниковтар отбасында дүниеге келген.
1920-шы жылдары Алейниковтың ата-анасы қайтыс болды, 1932 жылы үлкен апасы Катерина мен үлкен ағасы Николай қайтыс болды.
10 жасында Алейников үйінен кетіп, қайыр сұраумен жүрді. 1920-шы жылдары ол Шклов мектеп-интернатына түсіп, оқумен айналысты. Бос уақытында жергілікті киномеханик Алейниковты өз кәсібіне үйретті. Осы кезден ол киноартист болуды армандады. Осы арманының кесірінен Алейников кейінірек интернаттан Мәскеуге қашты. Бірақ теміржол стансаларының бірінде оны ұстап, Барсуков балалар еңбек колониясына жібереді.
Колонияда Алейников жергілікті драмкружоктың ең белсенді қатысушысы болды. 1920-шы жылдардың соңында Алейников Октябрь революциясының 10 жылдығы атындағы Могилев коммунасына түсті. Ол жақта Пётр өз драмкружогын ашты.
1930 жылы Алейников колония басшылығының ұсыныс хатымен Ленинградқа барып, сахна өнері институтының емтиханын сәтті тапсырды. Алғаш рет фильмге Пётр 1932 жылы түсті.
Бір жылдан кейін Пётр Герасимовтың "Люблю ли я тебя?" фильміндегі эпизодтық рөлге шақырылды. Алейниковтың фильмдегі бір серігі, курстас қыз Тамара Макарова болды. Оған ол ғашық болып қалды. Бірақ бұны оған айтуға ол қорықты. Макарованың Герасимовпен болған романы туралы хабар Алейниковке қатты тиді. Біраз уақытқа Пётр үзбей ішіп кетіп, Герасимовтың түсіру тобынан кетті. 1935 жылы ол сахна өнері институтының түлегі атанды.
Сол жылы Герасимов Алейниковты "Семеро смелых" фильміндегі басты рөлге шақырды. Картинада Пётр бірінші рет өзінің лирика-комедиялық талантын көрсетті. Аспаз Молибоганың рөлі актердің жұлдызды сәті болды. Бұл фильмнен кейін Алейниковты көптеген фильмдерге түсуге шақырады. Алайда Пётр ең әйгілі рөлі "Большая жизнь" фильміндегі Ваня Курский рөлі болды. Осы фильмнің түсірілімде ол актёр Борис Андреевпен достасты.
1940-шы жылдары Алейников кеңестік көрермендердің көзайымына айналды. 1940 жылы ол алғаш рет ертегі фильмде — "Конек-Горбунокта" түсті. Бұл фильмде Алейников басты рөлді - Иванушканы ойнады. Бұл фильмде онымен бірге әйелі Валентина және баласы Тарас ойнады.
Ұлы Отан соғысы кезінде Алейниковтың таланты жаңа күшпен жарқырады. "Небо Москвы" фильмінде Пётр соңғы басты рөлін ойнады.
1946 жылы Алейников өзінің актерлік амплуасын күрт өзгертуді шешіп, режиссер Лео Арнштамның "Глинка" фильміндегі Пушкинның рөлін сомдауға келісті. Ақын рөлінде Алейников залдың күлкісіне айналды. Кейін Алейников өзінің атын фильмнің титрларынан алып тастауды сұрады. Осы кезден Алейников кинокарьерасының құлдырауы басталды. Төрт жыл ішінде ол тек үш фильмге шақырылды, барлығында ол эпизодтық рөлдер ойнады. Көбінесе бұл актердің жеке тәртіпсіздігімен байланысты болды.
1950-жылдардың басында Алейников кинематография бортының сыртында қалды.Кейде ақша табу үшін Алейников Мәскеу шығармашылық бригадалармен бірге периферияға шықты. Сол жылдары ол өзінің көптеген достарынан айырылды. Оның жиі серуендейтін орнына Мәскеудегі хайуанаттар бағы айналды.
1955 жылы жас режиссер Станислав Ростоцкий Алейниковты өзінің алғашқы фильмі "Земля и люди"-ға шақырып, ол түсірілім кезінде аузына ішімдік алмау қатаң сөзін береді. Және ол осы сөзінде тұрды. Бұл ол үшін бес жылдық іркілуден кейінгі алғашқы рөл болды. Алайда бұл түсірілім Алейниковты алкогольден арылта алмады.
1950-1960-шы жылдардың тоғысында Алейников фильмдерде үш эпизодтық рөлді сомдады. Сонымен қатар маскүнемдік көптеген басқа да аурулар тудырды. Ол 1960-шы жылдары дымқыл плевриттен айырылу үшін бір өкпесін алу отасын жасатты.
Алайда қайтыс болу алдында тағдыр Алейниковқа түрікмен режиссері Болат Мансұровтың "Утоление жажды" фильмінде драмалық рөлін сыйлады. Алейников бұл картинаға онымен бірге оның балалары: ұлы Тарас мен қызы Арина түсетініне қуанды. Тәуліктің он екі және одан да көп сағаты бойы Алейников өзінің еңбекқорлығымен бүкіл түсірілім тобына әсер етті.
Дегенмен ауру оның денсаулығын түпкілікті бұзды. Ол Мәскеуне ұшып, кері қайтпады. Пётр Алейников 1965 жылдың 9 маусымында "Көтеріліс" көшесіндегі биік ғимаратта қайтыс болды.
Алейников Мәскеудегі Новодевичье мазарында жерленген (№ 6 участок).
## Отбасы
Ұлы Тарас Алейников — кинооператор.
Қызы Арина Алейникова — актриса.
## Марапаттары
* Орталық Азия республикалары мен Қазақстан кинематографистерінің көрсетілім-жарысындағы "Утоление жажды" фильміндегі үздік ер рөлі үшін жүлде (1967 жыл).
* III-ші Бүкілодақтық кинофестиваліндегі "Утоление жажды" фильміндегі рөлі үшін Бірінші жүлде деңгейіндегі арнайы жүлде (қайтыс болғаннан кейін) (Ленинград, 1968 жыл).
## Дереккөздер |
Шоқпар — Жамбыл облысы Шу ауданы, Шоқпар ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті — Қазақстандағы жекеменшік жоғарғы оқу орны. ALT Университеті қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. ALT Университетінде оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады.Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.
## Тарихы
Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады.
1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу-консультациялық пункт болып өзгертілді.
Жоғарыда көрсетілген оқу-консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды.
1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал – Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ).
1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында – Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ).
1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).
2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері – Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.
2021 жылдан бастап Логистика және көлік академиясының жаңа дәуірі басталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы.
1990-91 жж. - ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері. 1991-96 жж. - Абай атындағы АМУ математикалық талдау кафедрасының аға оқытушысы. 1996-97 жж. - «Бутя» ЖШС экономисі, жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы. 1997-98 жж. - «Бутя» ЖШС қаржы директоры. 1998 ж. - «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының орынбасары. 1998-2001 жж. - ҚР МКМ кірісті талдау және болжау департаментінің директоры. 2001-02 жж. - ҚР мемлекеттік кіріс вице-министрі.2002-03 жж. - ҚР қаржы вице-министрі.2003-04 жж. - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының орынбасары, 1-ші орынбасары. 2004 ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы.
ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). 9 ғылыми мақаланың авторы.
## Дереккөздер |
Жаңбырбай Дәрменов (1962 жылы 20 қазанда Жетісайда туған) — қоғам қайраткері, кәсіпкер. Маңғыстау облыстық маслихат депутаты. "Жанарыс" тігін фабрикасының бас директоры. Құрмет орденінің иегері (2015).
## Толығырақ
* Жаңбырбай Дәрменов 1962 жылы 20 қазанда Жетісайда дүниеге келген.
* Жамбыл техникалық иниститутын бітірген (инженер-механик);
* Еңбек жолын 1980 жылы Жамбыл тігін фабрикасынан бастаған.
* 1980 - 1989 жылдары Жамбыл тігін фабрикасында әртүрлі лауазымдарды атқарған.
* 1990 - 1994 жылдары осы зауыттың бас механигі болды.
* 1994 - 1996 жылдары "Жарқын" тігін шеберханасының директоры
* 1996 жылдан бастап Жаңаөзен қаласындағы "Жанарасы" тігін фабрикасының ЖШСнің бас директоры.
* Маңғыстау облыстық маслихат депутаты.
## Марапаттары
* 2001 жылы - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* 2005 жылы - Қазақстан Республикасы конститутциясына 10 жыл медалі
* 2015 жылы - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.
* 2016 жылы - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
* ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. |
«Жамбыл» — толық метражды көркем фильм. 1952 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
## Сюжет
ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары, қазақ даласы. Кең жазықта бақытсыз халықтың жас ақыны Жамбыл кезіп келе жатыр. Атақты ақын Сүйінбай өлім төсегінде Жамбылға өз домбырасын тапсырады. Ешқандай жағымпаздық, ешқандай алтын, ешқандай қуғын халық ақынын өтірік айтуға мәжбүрлей алмайды. Патша үкіметі ақынның еркін дауысын өшіру үшін оны қамауға алады. Түрмеде ақын орыс солдаты, большевик Василиймен кездеседі. Бұл кездесуден кейін ол Ресейдің қарапайым адамдары мен қазақ еңбек халқының мақсаты бір екеніне көз жеткізеді.
Жылдар өтеді. Ақын қартаяды. Байлар атақты ақын Сүйінбайдан мұра болып қалған домбыраны тартып алады. Жамбыл әндерінің үні өшеді. Октябрьлік революция туралы жаңалық Жамбылдың жанына жаңа күш береді. Ол өзінің шығармашылығына деген құмарлығын қайтарады. Сүйінбайдың домбырасы Жамбылға қайта оралады. Жамбыл жаңа өмір жарығын көрген халықтың бақыты туралы әндетеді. Жамбыл Мәскеуге аттанады. Жамбыл астананың әдемі көріністерін тамашалап, ол туралы әндер шығарады. Ұлы Отан соғысының қиын күндері басталады, Жамбыл өз ұлын майданға аттандырады. Ол жерлестеріне Ұлы Отанға шабуыл жасаған жауды ұруға шақырады. Қоршалған Ленинградта Жамбылдың белгілі әні "Ленинградтық өренім..." үні естіледі. Өз халқымен бірге ақын көшеде "Жеңіс күнін" кездестіреді. Оның қолында сол баяғы домбыра қайта әндетеді.
## Рөлдерде
* Жамбыл — Шәкен Айманов
* Қадырбай — Құрманбек Жандарбеков
* Шаймұхаммед — Ғарифолла Құрманғалиев
* Василий Власов — Герман Хованов
* Боранбаев — Қапан Бадыров
* Алма — Хафиза Әбуғалиева
* Нәдір — Кененбай Қожабеков
* губернатор — Константин Адашевский
## Дереккөздер |
Хафиза Әбуғалиева (1926 — ) - әнші, киноактриса, поэтесса, музыкант, «Қазақконцерт» системасындағы әндер мен романстардың орындаушысы.
## Өмірбаяны
Павлодар педагогикалық училищесін (1943), П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің вокалдық бөлімін (1948) бітірген.
Әбуғалиеваның бүкіл еңбек жолы «Қазақконцертпен» байланысты. Хафиза Әбуғалиева - көрнекті әнші, халық композиторы Майра Шамсутдинованың шығармашылығын жалғастырушы. Әбуғалиева Үндістан, Моңғолия, Қытай және ТМД елдерінде болды. Мәскеудегі (1958) қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ол Кремль сахнасында өнер көрсетті. Делидегі этнографиялық концертте Әбуғалиева Б. Байқадамованың «Ертіс вальсы» әнін қазақ және хинди тілдерінде шырқады.
## Марапаттары
Ұлттық музыка өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін "Құрмет белгісімен", Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жағда Ордабайұлы Өгізбаев (1912 - 1962) — актер.Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1942).
## Өмірбаяны
Кәсіби сахналық қызметін 1931 жылы Риддердегі жұмысшы жастардың театрында бастады.
1932 - 1962 жылдары Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жұмыс жасады.
1935 жылы Қазақ драма театры қарамағындағы студияны бітірді.
1940 жылдан КОКП мүшесі. Сол жылдан фильмге түсе бастады.
1948 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Сол жылы Ш.Аймановпен бірлесіп Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” (Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) қойды .
## Ойнаған рөлдері
Қазақ драма театры труппасында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Түнгі сарын”, “Тас түлектер”, “Сын сағатта” және “Қара қыпшақ Қобыланды”), Махамбет (М.Ақынжанов, “Исатай – Махамбет”), Жанбозов (Әуезов пен Ә. Әбішев, “Намыс гвардиясы”), Айбас (Әбішев, “Қырағылық”), Кошкин (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), Чибисов (Н.Ф. Погодин, “Мылтықты адам”), Лавров (Б.Ф. Чирсков, “Жеңімпаздар”) сияқты күрделі, сан алуан сахналық рөлдерді орындады. Ол өзінің сахналық кейіпкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық бояуының қанық болуына ден қоятын актер болды. Киноға да түскен: Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Әбіш (“Абай әні”, 1945), Малбағар (“Дала қызы”, 1954), Өтеш (“Бұл Шұғылада болған еді”, 1955).
## Марапаттары
2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Фильмографиясы
* 1940 - Райхан - Бұлұт
* 1942 - Алып туралы ән - Толағай
* 1943 - Фронт - Шаяхметов
* 1945 - Абай әндері - Әбіш
* 1952 - Жамбыл - эпизод
* 1954 - Дала қызы - Малбағар
* 1956 - Даладағы қайыңдар - эпизод
* 1957 - Ботакөзде - эпизод
## Дереккөздер |
Герман Дмитриевич Хованов (6 маусым 1912 - 12 шілде 1984) — кеңес актері.
## Өмірбаяны
Мектепті бітірген соң Герман Хованов екі жыл жұмысшы болып, одан кейін техник-технолог болды.
1931 жылы ол Ленинград Үлкен драма театры жанындағы театрлық студияға түсті. Оны ол 1935 жылы бітіріп, осы театрдың актері атанды.
1936 жылы Хованов Мурманск драмтеатрында (ҮДТ филиалында) ойнады.
1938 жылы Хованов Ростов-на-Донуға барып, ол жақта екі жыл Горький атындағы драма театрында ойнайды.
1940 жылы ол Ленинградқа қайта оралып, Ленин комсомолы атындағы театрдың труппасына қосылады. Ол жақта Хованов зейнетке шығуына дейін ойнайды.
Кинода актёр негізінен ержүректік пен тұрмыстық рөлдер ойнады.
## Дереккөздер |
Әбілхан Бекмұратұлы Аманқұл (14 шілде 1997 жыл, Тараз, Жамбыл облысы) – әуесқой боксшы, 2017 жылы Гамбургте өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 Әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері. |
Бела Гуттманн — аустро-мажар футболшысы, футбол жаттықтырушысы. 1981 жылы 81 жасында қайтыс болып, Венаға жерленді. Ол футболшылықпен емес, бапкерлікпен көбірек табысқа жетті, әсіресе 1961, 1962 жылдары ол баптаған португалиялық «Бенфика» екі рет УЕФА Чемпиондар Кубогын ұтып алды.
Мамандар, журналистер оның "Бенфика" клубын қарғағаны жайлы және қарғыстың шын мәнінде клубқа сәтсіздіктер әкелгені жайлы жиі айтып жүр. Расымен де, Бэла Гутманның 1962 жылғы қарғысынан соң клуб әзірше Еуропада топ жара алмай келеді.
## "Қарғыстың" тарихы
1962 жылы финалда Мадридтің «Реалын» 5:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет Еуропада топ жарады. Осы финалдан соң бапкер Гуттманн клуб басшылығына арнайы жолығып, жалақысын көтеруді сұрайды. Бірақ клуб басшылығы артық шығын шығарғысы келмей, оның талабын орындамайды. Онсыз да Гуттманның айлығы аз емес-ті, оның үстіне Еурокубоктардан алатын бонусы және бар. Ақыр соңы ашуланған бапкер қызметті бұдан әрі атқармайтынын айтып, кабинеттен жұлқынып шығып кетеді. Құр кетпейді:
— «Бенфика» менсіз 100 жыл бойы еурокубоктердің біреуін де ұтып ала алмасын! — деп қарғап кетеді.
## Нәтижесі
Ә дегенде оның бұл «қарғысына» ешкім мән бермейді. Бірақ келесі жылы-ақ клуб Чемпиондар кубогының финалында «Миланнан» 1:2 есебімен ұтылып қалады. Арада және екі жыл өткен соң финалда тағы бір миландық клуб — «Интерден» жеңіледі (0:1).
1965-66 жылғы маусымда клубқа қайта келген Гуттманн «Бенфиканы» бір жыл ғана басқарып, қайтадан басқа клубқа ауысып кетеді. 1968 жылы «Бенфика» тағы да Чемпиондар Кубогының финалына шығып, бұл жолы «Манчестер Юнайтедке» төтеп бере алмайды — 1:4.
Команда кейін де 1983 жылы УЕФА кубогының, 1988 жылы Чемпиондар Кубогының финалында ұтылып қалады.
1990 жылы команда тағы да финалға шығады. Бұл жолғы финал Венада «Миланға» қарсы өтеді. Команданың бапкері Эйсебио Венаға жерленген баяғы қарғысшыл Гутманның қабіріне барып, кешірім сұрайды. Алайда, онысы көмектеспейді: «Бенфика» тағы да ұтылып қалады.
Одан бері де көп жыл өтеді. «Бенфика» 2013 жылы Еуропа Лигасының финалына шығып, «Челсимен» кездеседі. Финалдан алдын Эйсебио тағы да Венаға аттанып, Гуттманның әруағынан кешірім сұрайды. Алайда, қарғыстың күші әлі жойылмаған болса керек, команда қанша тырысса да «Челсиді» ұта алмайды. Есесіне, ойынның ең соңғы секундында «Челси» қорғаушысы Бранислав Иванович бұлардың қақпасына жеңіс добын соғып кетеді.
Келесі жылы да «Бенфика» финалға шығып, «Севильямен» ойнады. Португалдар Бела Гуттманнды құрметпен еске алып, «Да Луж» стадионына оның ескерткішін тұрғызады. Ал, ойын өте тартысты өтіп, пенальтилер сериясына дейін жалғасады. Лиссабондық клубтың тағы да жолы болмайды: Кардосо мен Родриго қателесіп, «Бенфика» ұтылып қалады.
Осылайша, 1962 жылдан бері барлығы сегіз рет финалда сүрініпті.
Бұл аздай, «Бенфиканың» жастар командасы да 2014, 2017 жылдары екі рет УЕФА Жасөспірімдер Лигасының финалында сәтсіздікке ұшырайды.
## "Бенфика" жанкүйерлері
Дәл қазіргі уақытта бұл жөнінде «Бенфика» жанкүйерлері екіге бөлінген, бірі реалистер: қарғысқа сенбейді, сәтсіздіктің бәріне футболшылардың өздері кінәлі, соңына дейін айқасуға күш-жігерлері жетпейді деп есептейді, екіншілері расымен де Гутманның ақша үшін айта салған атам заманғы сөзіне имандай сенеді, олардың ойынша, клуб 2062 жылға дейін Еуропада топ жара алмайды. |
Алға ауылдық округі – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алға, Көкадыр, Мұзбел ауылдары кіреді. Орталығы – Алға ауылы.
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Қарақұдық – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл.
* Қарақұдық – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Қарақұдық (Қараторғай алабындағы өзен)
* Қарақұдық мұнай кен орны
* Қарақұдық — Ментеке құмының орта бөлігіндегі құдық. |
Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы 1998 жылы 24 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институты – Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірігуі негізінде құрылды.
Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты 1925 жылы Санитарлық-бактериология институт болып құрылып, Қазақстан медицинасы саласындағы тұңғыш ғылыми-зерттеу мекемесі болды. Соғысқа дейінгі кезеңде институт шешек ауруына қарсы дәрі егуші мамандар даярлап, пастерлік станциялар ұйымдастыруда, шешек детриті, дифтерия мен стрептококке вакцина өндірісін ұйымдастырды. Іш сүзегі вакциналары, тырысқақ, антирабийлік вакциналар, БЦЖ мен қызылшаға қарсы вакциналар өндірісі игерілді. Қазақстандағы вирусология мен вирустық жұқпалы аурулар мәселесі зерттелді. Әсіресе, тыныс жолдары аурулары тобы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілді, оның ішінде басты назар тұмауды зерттеуге аударылды. Вирустардың молек. биологиясы жөнінен қомақты жұмыс атқарылды. Қазақстандағы А және В сары ауруларының негізгі эпидемиология заңдылықтары, аурудың жиі жұғу механизмдері мен тарау факторлары зерттеліп, алдын-алу шаралары жетілдірілді. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарын зерттеу аяқталды. Вирустық жұқпалы аурулар иммунологиясы мен иммунитеттік интерферон, сондай-ақ тері аурулары бойынша жүргізілген зерттеулердің теориялық маңызы мен тәжірибелік мәні зор. Аллергология мен иммунология мәселелері бойынша Қазақстандағы аллергиялық аурулардың нозологиялық формалары таралуы мен этиологиясы анықталды. Барлық облыс орталықтарында, бірқатар ірі қалаларда мамандандырылған аллергокабинеттер мен аллергоорталықтар құрылды. Теориялықзерттеулерде жұқпалы аллергология мәселесіне баса назар аударылады. Гигиена және кәсіби аурулар ылыми-зерттеу институты 1944 жылы Тропикалық аурулар институты болып құрылған. Көп ұзамай, ол Қазақстан ғылым академиясының Өлкелік патология институтына айналды, ал өзінің соңғы атына 1989 жылы ие болды. Алғашында институт безгек, т.б. трансмиссивті жұқпалы аурулар, сондай-ақ ішек аурулары мен бруцеллез мәселелерімен айналысқан. 1947–1951 жылы еңбек гигиенасы мен кәсіби патология, эксперименттік патология, паразитология бойынша зерттеу жұмыстары басталды. Институт ғалымдарының 1956–1958 жылы ядролық қару сыналғаннан кейін іле-шала Семей ядролық сынақ алаңы маңындағы халықтың денсаулық жағдайын шұғыл анықтап білу мақсатымен атқарылған бірегей жұмыстарының сәуле ауруын зерттеудегі маңызы орасан зор болды. Қазіргі уақытта орталықтың ғылыми-өндірістік қызметі республика халқы өмірінің реформа кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына қатысты эпидемиолог бақылау жүйесін жетілдіруге, инструментальдық-әдістемелік базаны жақсарту негізінде микробиологиялық, вирусологиялық және иммундық-биол. зерттеулерді дамытуға, жұқпалы ауруларды лабораториялық анықтаудың жаңа әдістері мен олардың алдын-алу шараларын игеруге, сондай-ақ ауруларды анықтау мен жұқпалы аурулар қоздырғыштарын индикациялауға арналған тест-жүйелер мен бактериялық орталар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Институтта 22 ғылыми доктор мен 37 ғылыми кандидат қызмет етеді, эпидемиология, аллергология және иммунология, гигиена және эндокринология мамандықтары бойынша дисс. кеңес жұмыс істейді. «Гигиена, эпидемиология және иммунобиология» журналы шығарылады.
Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігіне қарайды. Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірігуінен құрылған (1998жылы). Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институты 1925 жылы бактериология лаборатория негізінде Қызылорда қаласыннда құрылған, 1927 жылы Алматыға көшірілді. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: ішектің, жұқпалы бала ауруларының, сондай-ақ вирустік, паразиттік және табиғи ошағы бар аурулардың (мыс., гепатиттің А және В формаларының, іш сүзегінің, кене энцефалитінің, т.б.) эпидемиологиясын зерттеу, олардан сақтану, анықтау және емдеу жолдарын іздестіру; жұқпалы және аллергиялық аурулардың белгілерін зерттеу, оларды анықтау, емдеудің жаңа әдістерін табу. Институттың аллергол., иммундық және эритроциттік диагностикумдарын дайындау, адам мен жануарлар тініне егілген бактериялар мен вирустарды зерттеу, вирустық аурулар мен иммундық интерферон, сондай-ақ қызылша ауруларына қарсы күресу мәселелері жөніндегі зерттеулері шет елдерде кеңінен танылды. Гигиена және кәсіби аурулар институты 1944 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тропиктік аурулар институты болып құрылған. 1963 жылы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты (бұдан 1974 жылы Тағамтану институты бөлініп шықты), ал 1989 жылдан осы атымен аталды. Институттың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: еңбек гигиенасы, еңбек физиологиясы және кәсіптік патология, эндокриндік аурулар, айналадағы ортаны қорғау. Институт ғалымдары дерматикоз, сарып ауруларының патоморфологиясын, эпидемиологиясын, табиғи ошақтылығын, патогенезін, белгілерін, емдеу, сақтану жолдарын, жұқпалы және жұқпайтын ауруларға тән аллергия мәселелерін, поллиноздардың өлкелік ерекшеліктерін зерттеді; республикада аллергол. қызмет жүйесін құрды, тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ұсынды, базед ауруының (эндемиялық бұғақ) республикада таралуы жөнінде мед.-геогр. карталар жасап, қоршаған ортадағы және тағам құрамындағы пестицидтерді, кен орындарындағы силикоз қаупін анықтады, осы мәселелерге арналған 25 жыл бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесі қорытылды; түсті металлургия және фосфор өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған санитарлық ережелер бекітілді; бірінші рет титан пневмокониозы сипатталып, оны ғыл. тұрғыдан жіктеді; биосфера құрамындағы ауыр металдар (мыс., қорғасын) мөлшерін анықтауға арналған спектрохим. анализатор ұсынылды. Г. және эпидемиол. ғылыми-зерттеу орт-нда акад. Н.Беклемишев, Б.Атшабаров, Х.Жұматов, Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі И.Қарақұлов, мед. ғыл. докт. В.А.Козловский, Р.Қадырова жұмыс істеген.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Құрық (ауыл) – Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Құрық (әбзел)
* Құрық – Ертіс алабындағы өзен. |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
Елен Әбдуатұлы Әлімжан (18 маусым 1945 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Көмекші ауылы) — жазушы, драматург, публицист. ҚазҰУ-ды бітірген (1968).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған. Жамбыл облысындағы "Еңбек туы" газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970 - 76), облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1970-80), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980 - 91), Жамбыл облысының телерадиокомпаниясының төрағасы (1991 - 96), "Түркістан" газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы (1997 - 98), Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары (1998-2008), "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер (2004-2007), Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасында және ақппараттық талдау орталығында (2008-2015) жауапты қызметтер атқарған.
"Ән сыры" атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының "Таңғы шық" атты жинағында (1964) жарық көрген. Одан кейін "Оралу" (1978), "Көріпкел" (2000), "Ақ періште - арманым!" (2016) атты повестер мен әңгімелер, "Тақталас" (2006), "Толық адам туралы" (2005), "Бауыржанның пырағы" (2010), "Адамгершіліктің ақ жолы" (2013) атты пьесалары мен публицистикалық жинақтары шықты. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және облыстық театрларда (Жамбыл, Ақтөбе, Арқалық, Жетісай, Талдықорған), халық театрларында пьесалары қойылған. "Тақталас", "Бір қазаққа бір қатын?!..." комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, "Жанұран" комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының "Учур" театрында қойылған. "Айт күні" атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. "Бауыржан Момышұлы" атты драмасы осы тұлғаның 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын (2010), "Әйелдер бір істі бастады..." атты водевилі Мәдениет министрлігі жариялаған "Тәуелсіздік толғауы" конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші (2014) жүлделі орындарды иеленді.
## Дереккөздер |
«Жеті есалаң»(ағылш. Seven Psychopaths) – режиссер Мартин Макдонахтың қара комедиясы. Тұсаукесері 2012 жылы 7 қыркүйекте Торонтодағы кинофестивальде өтті. АҚШ-та фильм 2012 жылы 12 қазанда, ал Ресейде 2012 жылы 18 қазанда шықты.
## Сюжет
Сценарист Марти өзінің «Жеті есалаң» атты фильмінің сценариін бітіргісі келеді. Оның жақын досы, жұмыссыз актер Билли, иттерді ұрлаумен айналысып, досы Мартиге қайтсе де көмектеспек. Биллидің танысы мен қылмыстық істердегі жолдасы Ганс – күдікті өткен шағы бар діни адам. Билли және Ганс қызба мінезді болғаны соншалықты, ойланбастан адамды өлтіруге дайын. Гангстер Чарлидің сүйікті итін ұрлайды.
## Рөлдерде
* Колин Фаррелл — Марти
* Сэм Рокуэлл — Билли Бикл
* Кристофер Уокен — Ганс Кесловски
* Вуди Харрельсон — Чарли Костелло
* Том Уэйтс — Захария Ригби
* Эбби Корниш — Кая
* Ольга Куриленко — Анджела
* Желько Иванек — Пауло
* Габури Сидибе — Шарис
* Линда Мари Брайт — Мира Кесловски
* Лонг Нгуен — вьетнамс дін қызметшісі / Тхить Куанг Дык
* Гарри Дин Стэнтон — квакер
* Джеймс Хеберт — квакердік қызының өлтірушісі
* Аманда Мэйсон Уоррен — Мэгги
* Кристин Марзано — жезөзекше
## Сілтемелер
* фильмнің ресми сайты Мұрағатталған 4 ақпанның 2014 жылы.
* Жеті есалаң (ағыл.) |
«Көкшетау» – қалалық газет. 1930 ж. 17 қыркүйекте аудандық газет ретінде “Колхоз жолы” деген атаумен шыға бастаған. 1944 ж. 5 тамыздан "Көкшетау правдасы” деп аталып, Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық және қалалық комитетттері мен Еңбекшілер депутаттары облысы кеңесінің органы болып өзгерген. Облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 ж. газет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. 1990 ж. қаңтар айынан бастап “Көкшетау” деген атпен шыға бастады. 1997 ж. 3 мамырда Көкшетау облысының таратылуына байланысты газет уақытша жабылған. 1997 жылдың 1 тамызынан бастап Көкшетау қалалық қоғамдық-саяси газеті ретінде шығып тұрады.
## Дереккөздер |
Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы 1998 жылы 24 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институты – Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірігуі негізінде құрылды.
Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты 1925 жылы Санитарлық-бактериология институт болып құрылып, Қазақстан медицинасы саласындағы тұңғыш ғылыми-зерттеу мекемесі болды. Соғысқа дейінгі кезеңде институт шешек ауруына қарсы дәрі егуші мамандар даярлап, пастерлік станциялар ұйымдастыруда, шешек детриті, дифтерия мен стрептококке вакцина өндірісін ұйымдастырды. Іш сүзегі вакциналары, тырысқақ, антирабийлік вакциналар, БЦЖ мен қызылшаға қарсы вакциналар өндірісі игерілді. Қазақстандағы вирусология мен вирустық жұқпалы аурулар мәселесі зерттелді. Әсіресе, тыныс жолдары аурулары тобы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілді, оның ішінде басты назар тұмауды зерттеуге аударылды. Вирустардың молек. биологиясы жөнінен қомақты жұмыс атқарылды. Қазақстандағы А және В сары ауруларының негізгі эпидемиология заңдылықтары, аурудың жиі жұғу механизмдері мен тарау факторлары зерттеліп, алдын-алу шаралары жетілдірілді. Кене энцефалитінің табиғи ошақтарын зерттеу аяқталды. Вирустық жұқпалы аурулар иммунологиясы мен иммунитеттік интерферон, сондай-ақ тері аурулары бойынша жүргізілген зерттеулердің теориялық маңызы мен тәжірибелік мәні зор. Аллергология мен иммунология мәселелері бойынша Қазақстандағы аллергиялық аурулардың нозологиялық формалары таралуы мен этиологиясы анықталды. Барлық облыс орталықтарында, бірқатар ірі қалаларда мамандандырылған аллергокабинеттер мен аллергоорталықтар құрылды. Теориялықзерттеулерде жұқпалы аллергология мәселесіне баса назар аударылады. Гигиена және кәсіби аурулар ылыми-зерттеу институты 1944 жылы Тропикалық аурулар институты болып құрылған. Көп ұзамай, ол Қазақстан ғылым академиясының Өлкелік патология институтына айналды, ал өзінің соңғы атына 1989 жылы ие болды. Алғашында институт безгек, т.б. трансмиссивті жұқпалы аурулар, сондай-ақ ішек аурулары мен бруцеллез мәселелерімен айналысқан. 1947–1951 жылы еңбек гигиенасы мен кәсіби патология, эксперименттік патология, паразитология бойынша зерттеу жұмыстары басталды. Институт ғалымдарының 1956–1958 жылы ядролық қару сыналғаннан кейін іле-шала Семей ядролық сынақ алаңы маңындағы халықтың денсаулық жағдайын шұғыл анықтап білу мақсатымен атқарылған бірегей жұмыстарының сәуле ауруын зерттеудегі маңызы орасан зор болды. Қазіргі уақытта орталықтың ғылыми-өндірістік қызметі республика халқы өмірінің реформа кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларына қатысты эпидемиолог бақылау жүйесін жетілдіруге, инструментальдық-әдістемелік базаны жақсарту негізінде микробиологиялық, вирусологиялық және иммундық-биол. зерттеулерді дамытуға, жұқпалы ауруларды лабораториялық анықтаудың жаңа әдістері мен олардың алдын-алу шараларын игеруге, сондай-ақ ауруларды анықтау мен жұқпалы аурулар қоздырғыштарын индикациялауға арналған тест-жүйелер мен бактериялық орталар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Институтта 22 ғылыми доктор мен 37 ғылыми кандидат қызмет етеді, эпидемиология, аллергология және иммунология, гигиена және эндокринология мамандықтары бойынша дисс. кеңес жұмыс істейді. «Гигиена, эпидемиология және иммунобиология» журналы шығарылады.
Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау агенттігіне қарайды. Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірігуінен құрылған (1998жылы). Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институты 1925 жылы бактериология лаборатория негізінде Қызылорда қаласыннда құрылған, 1927 жылы Алматыға көшірілді. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: ішектің, жұқпалы бала ауруларының, сондай-ақ вирустік, паразиттік және табиғи ошағы бар аурулардың (мыс., гепатиттің А және В формаларының, іш сүзегінің, кене энцефалитінің, т.б.) эпидемиологиясын зерттеу, олардан сақтану, анықтау және емдеу жолдарын іздестіру; жұқпалы және аллергиялық аурулардың белгілерін зерттеу, оларды анықтау, емдеудің жаңа әдістерін табу. Институттың аллергол., иммундық және эритроциттік диагностикумдарын дайындау, адам мен жануарлар тініне егілген бактериялар мен вирустарды зерттеу, вирустық аурулар мен иммундық интерферон, сондай-ақ қызылша ауруларына қарсы күресу мәселелері жөніндегі зерттеулері шет елдерде кеңінен танылды. Гигиена және кәсіби аурулар институты 1944 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тропиктік аурулар институты болып құрылған. 1963 жылы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты (бұдан 1974 жылы Тағамтану институты бөлініп шықты), ал 1989 жылдан осы атымен аталды. Институттың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: еңбек гигиенасы, еңбек физиологиясы және кәсіптік патология, эндокриндік аурулар, айналадағы ортаны қорғау. Институт ғалымдары дерматикоз, сарып ауруларының патоморфологиясын, эпидемиологиясын, табиғи ошақтылығын, патогенезін, белгілерін, емдеу, сақтану жолдарын, жұқпалы және жұқпайтын ауруларға тән аллергия мәселелерін, поллиноздардың өлкелік ерекшеліктерін зерттеді; республикада аллергол. қызмет жүйесін құрды, тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ұсынды, базед ауруының (эндемиялық бұғақ) республикада таралуы жөнінде мед.-геогр. карталар жасап, қоршаған ортадағы және тағам құрамындағы пестицидтерді, кен орындарындағы силикоз қаупін анықтады, осы мәселелерге арналған 25 жыл бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесі қорытылды; түсті металлургия және фосфор өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған санитарлық ережелер бекітілді; бірінші рет титан пневмокониозы сипатталып, оны ғыл. тұрғыдан жіктеді; биосфера құрамындағы ауыр металдар (мыс., қорғасын) мөлшерін анықтауға арналған спектрохим. анализатор ұсынылды. Г. және эпидемиол. ғылыми-зерттеу орт-нда акад. Н.Беклемишев, Б.Атшабаров, Х.Жұматов, Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі И.Қарақұлов, мед. ғыл. докт. В.А.Козловский, Р.Қадырова жұмыс істеген.
## Дереккөздер |
«Эмумен соғыс» (ағылш. Emu war) — Аустралия қарулы күштерімен 1932 жылдың қараша-желтоқсан айларында жүзеге асырылған эмуді жою жөніндегі операция. Операцияның себебі Батыс Австралияның Кэмпион ауданында бидай дақылдарына шабуыл жасайтын эму туралы фермерлердің көптеген шағымдары. Құстарды жою үшін пулеметпен қаруланған бірнеше жауынгерлер пайдаланылды, бұл баспасөзге оқиғаны «Эмумен соғыс» деп атау мүмкіндігін берді.
## Соғыс
### Бірінші шабуыл
2 қарашада солдаттар Кэмпионға келді, онда 50-ге жуық эму болды. құстар пулеметтер қолы жетпейтін болғандықтан, жергілікті поселенцы засаде emus бір отарды тайдыру тырысты, бірақ құстар шағын топтарға бөлінеді және ол мақсат үшін қиын болды, сондықтан жүгіріп болды. Дегенмен, пулеметтен бірінші түсіру нысаналардың алыс қашықтығына байланысты тиімсіз болғандықтан, екінші раунды құстардың «белгілі бір санын» өлтіруге мүмкіндік берді. Кейінірек - сол күні - кішкентай ағыс табылды және мүмкін ондаған құстар қаза тапты.
Келесі маңызды оқиға 4 қарашада болды. Мередит жергілікті бөгеттің жанына шабуыл жасап, 1000-нан аса эму өз ұстанымымен көзге түсті. Бұл жолы артиллерия құстардың отты ашар алдында жақын келуін күтті. Алайда пулемет он екі құсты өлтіргеннен кейін бұзылып, қалғандары өлтірілмес бұрын қашып кетті. Бұл күні ешқандай құстар табылған жоқ.
Кейінгі күндерде Мередит оңтүстікте қозғалуды шешті, мұнда құстар «әбден ұятқа қалса керек», бірақ оның күш-жігеріне қарамастан, тек қана жетістікке жете алмады. Бір кезеңде Мередит тіпті әлі күнге дейін бір жүк пулеметтер бірін орнату үшін барды - тиімсіз болып шықты қадам, жүк құстармен ұстап алмады, және жүру Shooter бір атуға емес, соншалықты өрескел болды, өйткені . 8 қарашада алғашқы «шайқастан» алты күн өткен соң 2500 картридж жұмсалды. Өлтірілген құстардың саны белгісіз: бір баяндамада тек 50 құс туралы баяндалады, бірақ басқа есептер 200-ден 500-ге дейінгі мөлшерде көрсетіледі. Мередиттің ресми баяндамасында, оның басқа адамдармен салыстырғанда, оның халқы ешқандай шығынға ұшырағанын хабарлады.
8 қарашада Австралия Өкілдер Палатасының депутаттары осы операцияны талқылады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында оқиғалардың теріс жабылғаннан кейін, «тек бірнеше» эму өлгенін айтқан Пирс қарашаның 8-нен бастап әскери қызметкерлер мен пулеметтерді алып тастады.
### Екінші шабуыл
Әскери шабуылдан кейін, бидай өрісі бойынша эму жалғасты. Фермерлер тағы да көмек сұрады, жылу мен құрғақшылыққа сілтеме жасап, мыңдаған эмуді өз шаруашылықтарының аумағына басып кіргізді. Батыс Австралияның премьер-министрі Джеймс Митчелл әскери көмек көрсетуді қалпына келтіруге күшті қолдау көрсетті. Оған қоса, операция командирінің есебі операцияның басында 300-ге жуық эмудің қаза болғанын көрсетті.
Қорғаныс министрі фермерлердің сұранысына сәйкес әрекет ететін және пайдалану командирі, 12 қараша есеп экономикалық және валюталық одақ жоюға белсенді күш қарулы отряды бөлді. Ол бұл шешімді Сенатта қорғап, сарбаздарға елеулі ауылшаруашылық қауіп-қатермен күресуге не қажет екенін түсіндірді, бұл үлкен эму болды. әскери, олар оң адамдар оны пайдалану табады деген үмітпен Батыс Австралия Үкіметіне қару беруге келісті болғанымен, Мередит қайтадан өйткені мемлекет тәжірибелі артиллеристов айқын болмауы «шайқасына» жіберілді.
1932 жылдың 13 қарашасында «шайқасқа» кіріп, алғашқы екі күнде әскери жетістіктерге жетіп, 40-қа жуық эмуді өлтірді. Үшінші күні, 15 қараша, әлдеқайда сәтті болды, бірақ 2 желтоқсанға дейін 100-ге жуық қару-жарақ аптасына 100-ге жуық эмумені жойды. Мередит 10 желтоқсанда алынған және кадрларды 9860 бұрқ бері 986 кісі өлтіру қылмысы деді ол өз баяндамасында, деп эму (бір орын астам бір атып болып табылады) 10-нан астам оқ қажет әрбір өлтіруді, болып табылады. Сонымен қатар Мередит жарақаттардың нәтижесінде 2,5 мың жараланған құстардың өлгенін айтты.
## Салдары
Эмудің қырылуы олардың мәселелерін шеше алмады. Аймақтағы фермерлер қайтадан 1934, 1943 және 1948 жылдары әскери көмек сұрады, бірақ олардың өтініштері үкімет тарапынан қабылданбады. Оның орнына, 1923 жылы пайда болған және қырықтан ашылған эмудің өзін-өзі бұзуына арналған «ынталандыру» жүйесі белсендірілді және ол тиімді болды: 1934 жылы 6 ай ішінде 57 034 «сыйлық» алынды.
## Сілтемелер
* How we lost the "Emu War". Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы.
* ATTACK ON EMUS. |
Шілікті — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жолболды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан батысқа қарай 91 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақжол (2019 жылға дейін – Андриановка) — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Ақжол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шұға — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жолболды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен "Егемен Қазақстан" газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақтілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.
## Тарихы
«Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.
1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен газет 23 жылдан бері шығып келеді.
Алғаш жарыққа шыққан кезден бастап Қазақстанның астаналары ауысуымен бірге басылымның редакциясы да бірнеше рет қоныс аударып, әр кезеңде Қызылордада, Алматыда орналасты. 1999 жылы редакция Қазақстанның жаңа елордасы Астанаға қоныс аударды. Астанада «Егемен Қазақстан» атты көше бар. Газеттің бас ғимараты Астана қаласында, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13-үй мекенжайында орналасқан.
Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, газетке басшылық етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.
«Егемен Қазақстан» құрылымдық жағынан материалдар тақырыбы мен атқарылатын жұмыс саласына байланысты Саясат және құқық, Экономика, Әлеумет және білім, Мәдениет және руханият, Спорт, Интернет-редакция сияқты бөлімдерге бөлінген. Газеттің барлық облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында және Шымкентте тілшілер қосыны бар.
2016 жылдың қыркүйегінен басылым жаңа дизаин, жаңа форматта және барлық беттері түрлі-түсті болып шыға бастады.
## «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы
«Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамында 100-ден аса адам жұмыс істейді. «Егемен Қазақстанның» бірнеше қосымшасы бар. Қосымшалар жеке сайт ретінде де жарық көреді. «Етжеңді» қосымшасы (etjendi.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) айына бір рет қағаз версияда шығады. Ол мәдени, тарихи және танымдық тақырыптағы мақалаларға арналған.
Бұдан басқа онлайн-версиядағы «Фотоархив» (photo.egemen.kz Мұрағатталған 4 қаңтардың 2019 жылы.) қосымшасында газеттің аса бай фотомұрағаты сақталған.
## Egemen.kz сайты
«Егемен Қазақстан» газетінің сайты www.egemen.kz 2005 жылы іске қосылған. Сайтта бүгінгі күні газеттің 2005 жылғы қазан айынан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет-версиясын Қытай, Ресей, Түркия, Иран сияқты елдерден оқырмандар қарайды. Қазіргі уақытта egemen.kz сайты оқырмандарының саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Мобильдік нұсқасы және қосымшалары бар.
Газеттің төте жазу әліпбиіндегі және қарпіндегі онлайн-нұсқасы (egemen.kz/tote Мұрағатталған 29 қаңтардың 2017 жылы.) жұмыс істейді. Сайттың орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасы бар (ru.egemen.kz),(en.egemen.kz)
## Жетістіктері
«Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы көптеген беделді мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Басылымда Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ҚР Президенті сыйлығының, 7 - БАҚ саласындағы ҚР Президенті грантының, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Қазақстан Журналистер Одағы» сыйлығының, «Нұр Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығының иегерлері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің, С.Бердіқұлов атындағы спорт журналистері атындағы сыйлығының лауреаттары жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірқатар журналистер «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгісімен,«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалімен, «ҚР Президентінің «Астана» медалімен, «Қазақстан Халықтарының ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, басқа да медальдармен және алғысхаттармен марапатталған.
## Бас редакторлар
## Сілтемелер
* Ресми сайты: Газеттің ресми сайты
* Facebook парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Twitter парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* VK парақшасы: «Егемен Қазақстанның» ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Instagram парақшасы: «Егемен Қазақстанның» Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Telegram арнасы: «Егемен Қазақстанның» Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
* Youtube арнасы: «Егемен Қазақстанның» Youtube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы
## Дереккөздер |
Жаңабет — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Естай — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Әбжан — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңатап — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Мүткенов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Әлімжан Мәжитұлы - Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан елдің дамуына үлес қосқан адам. Ол халық ағарту ісінің озық қызметкері, еңбек ардагері, тыл еңбеккері.
Ол 1929 жылы 20 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында туды. Жарты ғасырдан астам білім дариясында қызмет істеген, жоғарғы санатты ұстаз. 1960 жылы Алматыда өткен Қазақстан мұғалімдерінің 2-съезінің, 1985 жылы Орал қаласында өткен аз жиынтықты мектептердің республикалық кеңесінің делегаты.
Он жеті жыл облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында әдістемелік қызмет атқарды. 1980 жылы Ш.Айтматов атындағы "Қазақфильм" киностудиясынан бастауыш сыныптарға арналған "Бастауыш кластарындағы геометриялық материалдар" атты қазақша екі деректі, әдістемелік фильм шығарды. "Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі". "Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбек ардагері", "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін". Ұлы Отан соғысының 60, 65, 70 жылдығы мерекелік медальдармен, Қаз КСР оқу министрлігінің, облыстық оқу білімінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1962 жылы тың игеру кезінде тракторист мамандығын алды. 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық коммунистік партиясының ғылыми коммунизм факультетін бітіріп, жоғары білім алды. 1985, 1987 жылдарда ауылдық советтің депутаты болды.
Мамлют ауданындағы Бостандық сегізжылдық мектебінде он жылдай директор болып істегендегі жемісі: осы мектептен 1, 2, 3 сыныптардан бастап оқыған оқушылар Емел Қабиев, Амангелді Мәлгаждаров, Бексейіттен келген Сәбит Қонтаев ғылым кандидаттары болса, Асылболат Смағұлов Қаз КСР-нің еңбек сіңірген әртісі және бір тамашасы осы мектептен оқыған Нәсиев Қажымұраттың, Қайырнасов Тілеужан және Қонтаев Сәбиттің қыз балаларының өзі ғылым кандидаты атанды. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше еңбек сіңірген ардагер ұстазға 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының "Құрметті азаматы" атағы берілді.
## Отбасы
Әлімжан Мәжитұлында 5 баласы, 8 немересі мен 9 шөберісі бар. Баласы Мәжитов Марат Бостандық орта мектебінде оқыған. Ол қазір генерал. Кенже баласы майор, қызы Астанада. Ол 20 жылдай темір жол саласында архитектор, бас есепші болды. Қазіргі таңда, зейнеткер боп жұмыс істейді. Бір немересі ҰҚК-де қызмет етеді.
## Дереккөздер |
Жалаулы (2017 жылға дейін – Ивановка) — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Жалаулы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 96 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Өтес — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарасу — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 112 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Балтасап — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 119 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Разумовка — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарақоға — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 88 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңаауыл — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Феликс Брых (нем. Felix Brych, 3 тамыз 1975 жыл, Мюнхен, ГФР) — германиялық футбол төрешісі, 2007 жылдан бері ФИФА төрешісі. 2014 жылғы әлем чемпионатының матчтарына төрелік еткен реферилердің бірі.
Бундеслига ойындарында 2004 жылдан бері төрелік жасап келеді. Халықралық деңгейдегі төрелік еткен алғашқы матчы — 2007 жылғы Румыния — Люксембург кездесуі (ЕУРО-2008 турнирінің іріктеу ойыны).
2008 жылдан бастап Еурокубоктерде төрелік жасап келе жатыр.
2017 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалындағы "Реал" — "Ювентус" кездесуінде төреші болды.
Мамандығы - заңгер. Спорт жайлы диссертация қорғаған.
## Сыртқы сілтемелер
* Төрешінің профилі |
Қараоба — Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қараоба ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үзгенсор – Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көл. Аумағы 57,8 км², ұзындығы 23 км, ені 6,2 км. Жағасының жалпы ұзындығы 134,5 км. Түбекті, аралды және шығанақты келеді. Түбі – тұнба лайлы. Жағасы тік жарлы (2 – 5 м). Солтүстік жағы шағын сор батпаққа ұласады. Атырабы теңіз деңгейінен төмен жатқан құмды жазық. Суы ащы, тұзды. Ылғал мол жылдары деңгейі көтеріліп, Ойыл өз-мен жалғасады.
## Дереккөздер |
* Қараоба ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Қараоба ауылдық округі – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Жоламан (1993 ж. дейін — Белешское) — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қараоба ауылдық округі – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Әуелбек, Жаңаауыл, Исантерек, Қараоба, Өтес ауылдары кіреді. Орталығы – Қараоба ауылы. 2017 жылы Красная Поляна, Спартак ауылдары таратылды. 2019 жылы округ құрамына таратылған Әуелбек ауылдық округінен Әуелбек (орталығы), Өтес ауылдары қосылған.
## Дереккөздер |
Барлыбай — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін таратылған "Барлыбай ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан батысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Харьковка — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Харьков ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Приреченское — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін "Приреченский ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарабұзау — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақсан — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Ақсан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Баянауыл ауылынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақмектеп — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шолақсор — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін таратылған "Шолақсор ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 155 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаражар — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ақсан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жамбыл — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қайраң — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қараой — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еркебұлан Қайратұлы Сейдахмет (4 ақпан 2000 жыл) — қазақстандық футболшы, Қазақстан құрамасының және «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы "Тараз" клубы сапында 15 матч өткізді. 2018 жылы қаңтарда "Уфа" клубына ауысып, 10 наурыз күні "Анжимен" ойында жаңа клубының сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
2019 жылы қыста Болгарияның "Левски" клубына жалға берілді. Маусым соңында Болгария чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2019 жылы 25 маусымда "Қайратқа" ауысты.
### Ұлттық құрама
Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
2018 жылы 23-наурызда Қазақстан - Мажарстан матчында тұңғыш рет ұлттық құрама жейдесін киіп алаңға шықты да, дебютін голмен атап өтті. Матчтың 10-минутында құраманың екінші голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Құрамадағы екінші голын 2018 жылы 16-қазан күні УЕФА Ұлттар Лигасында Андорраның қақпасына соқты (4:0).
2018 жылдан бері құрамаға шақырылған жоқ.
## Басқа да фактілер
* Ұлттық құрамадағы дебютін голмен атап өткен санаулы ғана футболшының бірі.
* Құрама сапында гол соққан ең жас футболшы.
* Ресей чемпионатындағы 2000 жылдан кейін туған тұңғыш футболшы
## Жетістіктері
* Болгария чемпионатының қола жүлдегері: 2018/19
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2019
## Cтатистикасы
### Клубтық
10 қараша 2019
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Soccerway (англ.) сайтындағы профилі |
Роман Валерьевич Муртазаев (10 қыркүйек 1993 жыл, Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Елімай» командасының шабуылшысы.
## Өмірбаяны
Қарағанды футбол клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастады. 2013 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің екінші сатысында Албанияның "Скендербеу" клубының қақпасына гол соқты. Бұл ойында кеншілер 3:0 есебімен жеңіске жетті.
2016 жылғы маусымды "Ертіс" сапында өткізді.
2017 жылы "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында үш рет Қазақстан чемпионы атанды.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылы 7 маусымда Қытайға қарсы өткізді. 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасының қақпасына ұлттық құрама сапындағы алғашқы добын енгізді.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы 2017, 2018, 2019
* Қазақстан кубогы 2013
* Қазақстан Суперкубогы 2018, 2019
* Қазақстанның қола жүлдегері 2016
## Жеке өмірі
Жұбайының есімі Юлия Муртазаева, 2015 жылы ұлдары Михаэль өмірге келді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
* Ақсан – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл.
* Ақсан – Обаған өзені алабындағы көл.
* Ақсан – Баянауыл тауының оңтүстігіндегі тау. |
Адам Салаи (венг. Szalai Аdаm; 9 желтоқсан 1987 жыл, Будапешт, Мажарстан) — мажар футболшысы, Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. Бүгінде Германияның "Хоффенхайм" клубында өнер көрсетеді.
## Карьерасы
Карьерасында бірнеше клубтарда ойнады. 2007-10 жылдары "Реал Мадрид Кастилья" клубында ойнап, 77 рет алаңға шықты. 2010 жылы Германияның "Майнц" клубына ауысқан соң, тек германиялық командаларда ойнап келеді.
Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін 2009 жылы 11 ақпанда Израиль құрамасына қарсы өткізді. 2010 жылы 8 қазанда Сан-Марино құрамасының қақпасына құрама сапындағы алғашқы голдарын енгізді. Бұл матчта Салай хет-трик жасады.
Құрама сапында бүгінге дейін 43 рет алаңға шығып, 15 гол соққан.
## Статистикалары
Бүкіл карьерасында 284 ресми ойында алаңға шығып, 71 рет гол соққан.
## Сілтемелер |
Бауыржан Айтқалиұлы Тұрысбек (15 қазан 1991, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, шабуылшы.
## Карьерасы
### Клубтық
Футболшылық жолын Қаскелеңнің "Сұңқар" жастар клубында бастаған. Премьер Лигада алғаш рет 2014 жылы Семейдің "Спартагының құрамында өнер көрсете бастады. Жылдың екінші жартысын Сербияның "Раднички" клубында өткізеді. 2016 жылы "Қайратқа" шақырылып, Қазақстанның вице-чемпионы атанады. 2017 жылы "Қайраттың" ізбасарлар клубына жалға беріледі.
2018 жылы қаңтар айында "Тобыл" клубымен екі жылдық келісім-шарт жасаты. 11 наурызда "Жетісумен" ойында алаңға шығып, гол соқты.
### Құрамада
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет бірінші лигада "Қайрат А" клубында ойнап жүрген кезінде 2017 жылы 1 қыркүйекте Черногориямен ойында алаңға шықты. Осылайша ол бірінші лигада ойнап жүріп Ұлттық құраманың жейдесін киген тұңғыш футболшы атанды. Өзінің екінші матчында-ақ ұлттық құрамадағы алғашқы голын енгізді. Бұл 2017 жылы 5 қазанда Румыниямен өткен ойын еді. Бауыржанның голы құрамаға ұпай әпере алмады, Қазақстан 1:3 есебімен ұтылып қалды. 8 қазан күні Армения қақпасына ұлттық құрамадағы екінші добын енгізді. Бұл матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері: 2016, 2017
## Сілтемелер |
Үйтас (2017 жылға дейін – ТЭЦ) — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақши — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Басқамыс — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Ақжол ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін таратылған "Басқамыс ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
* Ақши – Абай облысы Аягөз ауданы, Ақши ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Ақши – Абай облысы Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылдық округіндегі таратылған ауыл.
* Ақши – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
* Ақши – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Ақши – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл.
* Ақши – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл.
* Ақши – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Ақши – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл.
* Ақши – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Ақши – Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Ақши – Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Ақши – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл. |
Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2008 — 2008 жылдың 2 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Тобыл командалары арасында өтті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл матчты 12 мың жанкүйер тамашалады.
## Матч
### Детальдар
### Құрамы
## Сілтемелер
* Қазақстан Супер Кубогы 2008 Мұрағатталған 10 ақпанның 2012 жылы., сайт kff.kz |
Исантерек — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан Супер Кубогы 2010 — 2010 жылдың 14 наурызында Қазақстан чемпионы Ақтөбе мен Қазақстан Кубогының иегері Атырау командалары арасында өтті. Матч Астанадағы жаңа стадион Астана Аренада өтті. Бұл матчты 8 мың жанкүйер тамашалады.
## Матч
## Сілтемелер
* Қазақстан Супер Кубогы 2010 Мұрағатталған 10 ақпанның 2012 жылы., сайт kff.kz |
Мерей Төлегенұлы Ақшалов — бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған, 2006 жылы Мароккода өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған, 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында дес бермей алтын медальді жеңіп алған, сондай-ақ, соңғы 2010-2012 жылдары «Астана арландары» сапында өнер көрсетіп, 2012 жылғы ҚР біріншілігінде 64 келі салмақта чемпион.
Мерей Төлегенұлы Ақшаловтың туған жері – бұрынғы Семей облысы, Аякөз ауданы, Мыңбұлақ дейтін ауыл. Астана қаласындағы Қажымұқан атындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі.
## Дереккөздер |
Бақтияр Батыржанұлы Зайнутдинов (2 сәуір 1998, Тараз) — қазақстандық футболшы, "Бешикташ" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік бомбардир. Қазақстанның ең қымбат футболшысы.
## Карьерасы
### Клубтық
"Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы Қазақстандағы үздік жас футболшы атанды.
2017 жылы 25 қарашада "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында Ұлттық чемпионат пен Еурокубоктердегі бірнеше маңызды ойындарда алаңға шықты. Жыл соңында Қазақстандағы "жаңа есім" номинациясына ие болды. 2018 жылы Астана клубымен чемпион атағын алды.
2019 жылы 12 қаңтарда Ресейдің "Ростов" клубына ауысты. "Ростов" сапында 31 рет алаңға шығып 4 гол соққан болатын.
2020 жылы 25 тамызда Мәскеу ЦСКА клубымен 5 жылдық келісім шарт жасасты. 10-тур матчында ЦСКА үшін өзінің алғашқы голын Екатеринбургте "Орал" қақпасына соқты. 2023 жылы Ресей кубогы иегері атанды.
2023 жылы 21 тамызда "Бешикташ" клубына ауысты. Үш күннен соң УЕФА конференциялары лигасында "Динамо Киев" клубына қарсы ойында жаңа командасындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші таймда алаңға шықты да, 90+5 минутта гол соғып, командасына жеңіс әперді (3:2).
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапындағы ойынын 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасына қарсы өткізіп, 39-минутта жеңіс голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрамадағы екінші голын 2018 жылы маусым айында Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде соқты (3:0).
2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасындағы алты ойынның бәрінде де алаңға шығып, бір гол соқты (Латвия қақпасына).
2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 3 голдың авторы атанды (Шотландияға екі гол, Сан-Мариноға бір гол).
2020 жылы 4 қыркүйекте УЕФА Ұлттар Лигасының бірінші турында Литваның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
2021 жылы 7 қыркүйекте ӘЧ-2020 іріктеуінде Босния және Герцеговина қақпасына 90+6 минутта гол соғып, құраманы жеңілістен құтқарды (2:2).
2021 жылғы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесуде матч тағдырын шешкен жалғы голды соқты.
2022 жылы наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдова қақпасына гол соқты (2:1). 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына гол соғып, құрамаға жеңіс әперді (2:1). ЕУРО-2024 іріктеуінде Дания мен Сан-Мариноның қақпасына бір-бір голдан соғып, құрама сапындағы голдар санын 12-ге жеткізді.
2023 жылы 17 қазанда Финляндия құрамасына қарсы ойында 2 гол соғып, Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік бомбардирі атанды.
## Жетістіктері
### Командалық
Астана
* Қазақстан Суперкубогы: 2018
* Қазақстан чемпионы: 2018
ЦСКА
* Ресей кубогы: 2022/23
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2022/23
### Жеке
* Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
* Қазақстан чемпионатындағы жаңа есім: 2018
## Ұлттық құрамадағы матчтары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Барлық статистикалары |
Октябрь — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ақсан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстікке қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарағанды экономика университеті, (Академиялық к., 9), 1966 ж. Қарағанды кооператив институты болып құрылды. 1991 ж. ҚазТұтОдағ. бұйрығымен Қазақтұтыну кооперациясы институты аталды. 1997 ж. Қарағанды экономикалық университеті деп аталады. Университетте 5 факультет, 17 кафедра, 14 бөлімше және 5 филиал бар. Ғылыми потенциалы - 22 профессор, 168 ғылым кандидаты. Университет оқу жүйесіндегі жана технологиялық стандартқа сай кредиттік жүйеге көшірілген. Сырттай оқу бөлімінде оқу кашықтыктан оқыту арқылы жүзеге асырылады. Қарағанды экономика университеті ТМД елдерінің тұтыну кооперация жүйелерімен және т. б. Сент-Джон университетімен (Нью-Йорк қ., АҚШ) халықаралық байланыста. Қарағанды экономика университеті 1966 жылдан бері 9300-ден астам маман даярлады. Ректорлары П. Ф. Котляров (1966-1978), Т. Ә. Әбдіразаков (1978-87), В. Яганцев (1987-88), В. Ли (1977-1988), 1977 жылдан Е.Б. Аймағамбетов.
## Дереккөздер |
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
## Өнер жолы
П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра классын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы классын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген.
Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003).Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы.
* 4 ән және романс жинағының, кинофильмдерге, театр спектакльдеріне арналған әуендердің, акапеллалық хор мен өңдеудің, оның ішінде:«Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;«Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);«Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;«Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;«Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;«Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;«Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;«Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.
* «Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;
* «Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);
* «Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;
* «Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;
* «Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;
* «Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;
* «Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;
* хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;
* А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;
* оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;
* «Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;
* Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);
* драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.
1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі.2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет).
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991).КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991).
«Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған.
ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ
Үйленген. 3 баласы бар.
## Дереккөздер |
Ұзынбұлақ — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Ұзынбұлақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан батысқа қарай 100 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Александровка — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Торайғыров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақши — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан батысқа қарай 104 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылшілік — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Торайғыров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратомар — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Қаратомар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Белағаш — Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қаратомар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратомар ауылдық округі – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Белағаш, Қаратомар ауылдары кіреді. Орталығы – Қаратомар ауылы. 2004 жылы Үшқайың, Жайма ауылдары, 2005 жылы Верхний подхоз, Қаратомар, Нижний подхоз ауылдары таратылды.
## Дереккөздер |
Мәшһүр Жүсіп (2018 жылға дейін – Жаңажол) — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.