text
stringlengths 3
252k
|
---|
Шалғын — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 398 адам (197 ер адам және 201 әйел адам) болса, 2009 жылы 343 адамды (166 ер адам және 177 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
«Қараш-қараш оқиғасы» — толық метражды көркем фильм. 1968 ж. Қазақфильм және Қырғызфильм студиялары шығарған.
## Сюжеті
Фильмге 20 ғасырдың белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың (Бақтығұлдың прототипі) басынан кешкен шынайы оқиға арқау болған. Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
## Рөлдерде
* Бақтығұл — Сүйменқұл Чокморов
* Мырза Жарасбай — Советбек Жұмаділов
* Федор — Виктор Уральский
* Қоқыш — Рахметбай Телеубаев
* Сәрсен — Мұратбек Рысқұлов
* Хадиша — Бәкен Қыдыкеева
* Қайранбай — Мұхамедқали Тәуанов
* Күшіков — Қасымхан Шанин
* Дмитрий Петров — Леонид Ясиновский
## Дереккөздер |
Қоскөл ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қоскөл, Шалғын ауылдары кіреді. Орталығы – Қоскөл ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 946 адамды (480 ер адам және 466 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Соналы — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 680 адам (343 ер адам және 337 әйел адам) болса, 2009 жылы 669 адамды (349 ер адам және 320 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үшағаш — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 650 адам (331 ер адам және 319 әйел адам) болса, 2009 жылы 579 адамды (292 ер адам және 287 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Темірбек — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 198 адам (106 ер адам және 92 әйел адам) болса, 2009 жылы 90 адамды (49 ер адам және 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 475 адам (259 ер адам және 216 әйел адам) болса, 2009 жылы 271 адамды (161 ер адам және 110 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үшана — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде, Қалдығайты өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 784 адам (405 ер адам және 379 әйел адам) болса, 2009 жылы 696 адамды (368 ер адам және 328 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Төлен — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 400 адам (183 ер адам және 217 әйел адам) болса, 2009 жылы 346 адамды (161 ер адам және 185 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2023 жылғы Topuniversities рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-университеті болып саналады.
## Университет туралы
Университет құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады.
Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов.
## Тарихы
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университетке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
ЕҰУ құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша студенттер білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Кандидат және докторлық диссертация қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1 250 000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орталықтары бар. ЕҰУ базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған.
### Даму хронологиясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық институтының бірігуінің негізінде құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.).
2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті.
2012 жылы Еуразия ұлттық университеті XX ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойы бүкіләлемдік дәрежеде атап өтілді.
## Рейтингтер
* Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын.
* 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, Қазақстанда алғашқы болып үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті.
* Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өтетін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордасының ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді. 2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.
## Факультеттер
* Жаратылыстану ғылымдары факультетіЭкономика факультетіФилология факультетіЗаң факультетіБілім жоғары мектебіМеханика-математика факультетіЖурналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіКөлік-энергетика факультетіCәулет-құрылыс факультетіХалықаралық қатынастар факультетіФизика-техника ғылымдары институтыТарих факультетіӘскери кафедра
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика факультеті
* Филология факультеті
* Заң факультеті
* Білім жоғары мектебі
* Механика-математика факультеті
* Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Көлік-энергетика факультеті
* Cәулет-құрылыс факультеті
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Физика-техника ғылымдары институты
* Тарих факультеті
* Әскери кафедра
## Ғылыми-зерттеу бөлімшелері
Инженерлік-техникалық
* Геотехникалық институт
* Сараптау ғылыми-зерттеу институты
* Құрылыс және көлік үрдістерінің технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру институты
Жаратылыстану-техникалық
* Еуразиялық математика институты
* Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты
* Іргелі зерттеулер институты
* Теориялық физиканың еуразиялық халықаралық орталығы
* Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты
* Клеткалық биология және биотехнология институты
* Қолданбалы химия институты
* Инженерлiк бағыттағы зертхана
* Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты
* Жасанды интеллект институты
Қоғамдық-гуманитарлық
1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығы2. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы3. «Алаш» мәдениет және рухани даму институты4. К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты5. Конфуция институты6. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы7. Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығы
Әлеуметтік-экономикалық
1. Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер, заң жобаларын дайындау және сараптау институты2. Журналистика мәселелерін зерттеу институты4. Заманауи зерттеулер институты5. Әлеуметтiк және мәдени антропология институты 6. Этносаралық қатынастар және қазақстан халқы ассамблеясы толеранттылығы орталығы
## Күміс университет
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қоғамның дамуына үлес қосып, өзінің әлеуметтік бағыттағы үшінші миссиясын белсенді жүзеге асырып келеді. Life Long Learning аясында 55 жастан асқан қазақстандықтарға 35 курс тегін ұйымдастырылды. 2000-нан астам аға буын өкілі ЕҰУ Күміс университетінде білім алуға ниет білдірді, оның 300-ден астамы тиісті сертификаттарын қолға алды.
## Мұражайлар
### Жазу тарихы музейі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Жазу тарихы мұражайы(қолжетпейтін сілтеме) ғылым, оқу ісіне жәрдем беретін және мәдени-ағартушылық бөлімше болып табылады. 2003 жылдың 18 қыркүйегінде аталған мұражай салтанатты түрде ашылды. Оған көптеген белгілі саясаткерлер, ғалымдар, оқытушылар қатысты. Олардың ішінде: Ө.Байгелди, Қ.Сұлтанов, М.Жолдасбеков, Ф.Оңғарсынова, И.Тасмағанбетов, З.Қадырова және тағы басқа қоғам және мемлекет қайраткерлері болды. Ұлттық университеттегі түркі жазуы тарихы мұражайының негізгі мақсаты - жазу тарихын зерделеу. Одан басқа мұражай оқу-әдістемелік бағытты да ұстанады. Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары. Адамзаттың даму тарихында көшпелілер өркениетін қалыптастырып, «Мәңгі ел» идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 26 тілде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлімсақтан бергі тарихында 16 жазу үлгісін қолданды. Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы V-IV ғасырда алғаш рет түркі сөзі әріппен жазылып, тілдік жүйеміздің негізін қалады. Мұражайдағы жәдігерлер жинақталып, сақталады және зерттеледі, сондай-ақ ғылыми, жалпы білім беру, тәрбие және насихаттау мақсаттарында пайдаланылады. Мұражай ЕҰУ оқытушылары мен студенттеріне осындағы жәдігерлерді оқу-әдістемелік ісінде пайдалануға жәрдемдеседі. Сонымен бірге студенттердің жорықтары мен экспедициясын ұйымдастыру, түрлі ұйымдармен хат жазысу және ЕҰУ институттары оқытушыларымен тікелей байланыс орнату шаралары арқылы мұражай қоры толықтырылып келеді. Басқа мұражайлармен (Президенттік мәдениет орталығы, С.Сейфуллин атындағы мұражай және т.б.) байланыс орнатылды. Моңғолиядан, Сианьнан, Алтай өлкелерінен де мұралар әкелініп, оған бөлек зал ашылды.
### Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті
Университетке атақты ойшыл, шынайы еуразияшыл және түрколог Лев Николаевич Гумилев есімі берілгені – зор мәртебе. Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Мұрағатталған 31 наурыздың 2018 жылы. 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін Дереккөздерн. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.
## Халықаралық байланыс
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің бастаушы білім беру қорларымен, ғылыми-зерттеулер, студенттермен, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен 120-ға жуық келісім-шарт жасасқан. Сондай-ақ, ЕҰУ халықаралық университеттер - ШЫҰ елдерінің университеттері, ТМД Желілік университеттерінің толық мүшесі болып табылады. 2005 жылы ЕҰУ университеттердің ұлы Хартиясына қол қойды.
## Ректорлар
Университет ректорлары болды: Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) Т. Г. Духов (1964—1965) Х. А. Асанбеков (1965—1977) Х. К. Карешов (1977—1988) А. Г. Чекаев (1988—1996) Целинаград педагогикалық инстиуты К. Ж. Жаманбаев (1962—1974) Б. С. Сұңқарбеков (1974—1984) М. С. Беспаев (1984—1987) Н. В. Алексеенко (1987—1992) А. К. Құсаинов (1992—1996) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті А. К. Құсаинов (1996—2000) М. Ж. Жолдасбеков (2000—2004) С. А. Әбдіманапов (2004—2008) Б. Ж. Әбдірайым (2008—2011) Е. Б. Сыдықов (2011 ж.)
## Атақты түлектер
Сембинов, Альмукан ОспановичАсқар Мамин Есен Жумагулов Манас Ешимбетов Жанар ДұғаловаМейрамбек Әбіләшімұлы БесбаевҚайрат НұртасАсхат Раздықұлы ОраловЗүлфия СүлейменоваАйдын Жұмаділұлы РақымбаевБақыт Ахметқызы СыздықоваЖеңіс Махмұдұлы ҚасымбекСапар Қайратұлы АхметовЕрмаганбет Кабдулович Булекпаев
## Университеттің атақты ғалымдары
* Айтмұхамед Ғалиұлы
* Мұхтарбай Өтелбаев(қолжетпейтін сілтеме)
* Уалбай Өмірбаев Мұрағатталған 2 қарашаның 2013 жылы.
* Намазалы Омашев(қолжетпейтін сілтеме)
* Ғәділбек Шалахметов(қолжетпейтін сілтеме)
* Жабайхан АбдильдинМұрағатталған 11 қазанның 2012 жылы.
* Рахметқажы Берсімбай Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2012 жылы.
* Сейіт Қасқабасов(қолжетпейтін сілтеме)
* Қаржаубай Сартқожаұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Мырзатай Серғалиев
* Нұрлан Темірғалиев(қолжетпейтін сілтеме)
* Салғараұлы Қойшығара(қолжетпейтін сілтеме)
* Дихан Қамзабекұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Сайлау Батырша-ұлы Мұрағатталған 13 сәуірдің 2018 жылы.
* Дүкен Мәсімханұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Серік Негимов
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торбеті Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы.
Факультеттер
* Журналистика және саясаттану факультеті Мұрағатталған 25 мамырдың 2019 жылы.
* Ақпараттық технологиялар факультеті Мұрағатталған 17 мамырдың 2013 жылы.
* Механика-математика факультеті Мұрағатталған 12 мамырдың 2012 жылы.
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Cәулет-құрылыс факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Физика-техникалық факультеті
* Әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Экономика факультеті
* Көлік-энергетика факультеті
* Филология факультеті
* Заң факультеті |
Михаил Тимофеевич Погребецкий (1892-1956) – кеңестік альпинист, КСРО-ның спортқа еңбегі сіңген шебері (1939), Хан Тәңірі шыңына бірінші көтерілген адам (1931 Борис Тюнин мен Франц-Йозеф Зауберермен бірге), украин альпинизмінің ұйымдастырушысы, дәрігер.
1929-1936 жылдар аралығында Михаил Погребецкий Тянь-Шань тауының орталық аймақтарындағы өткен экспедициялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы ретінде болған. Ол Оңтүстік Иныльчек атты мұздығының аймағын, сонымен қатар оған іргелес мұздықтарды, жотылыр мен тау шыңдарының жан-жақты зерттеулерін жүргізген. Тау шыңдарының ішінде Хан Тәнірі де болған. Ұлы Отан Соғысы кезінде Михаил Погребецкий Іле Алатау тауларында орналасқан, “Горельник” базасында құрылған бүкілодақтық тау мергендерін дайындау мектебін басқарып, соғыстан кейін Приэльбусьеде Украин альпинизм нұсқаушыларына арналған мектебіін ашты. Одан кейін Адыл-Су аңғарында альпинистік лагерін ұйымдастырған (қазіргі “Эльбрус” лагері). Погребецкий Украин альпинизм федерациясының төрағасы және КСРО-ның альпинизм федерациясы президиумының мүшесі болған.
Михаил Погребецкийдің құрметіне Памир мен Тянь-Шаньдағы тау шыңдары аталған. Михаил Погребецкий құрметіне:
* Іле Алатаудағы Погребецкий шыңы, биіктігі 4231м.
* Орталық Тянь-Шаньдарғы Меридиональ жотасындағы Погребецкий шыңы, 6487м.
* Мұзкөл жотасындағы Погребецкий шыңы, 6060м.
Сонымен қатар оның құрметіне Погребецкий астероиді (4468) аталған. |
Кордон — Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігіне қарасты Деркөл кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 37 адам (2009).
## Дереккөздер |
Деркөл — Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына қарасты кент.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 9786 адам (2009).
## Дереккөздер |
Желаево — Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігіне қарасты ауыл (бұрын кент), Желаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 2084 адам (2009).
## Ауыл көшелері
* Айдын (Озёрная) көшесі
* Алакөл (3-ші Вербовая) көшесі
* Арна (4-ші Вербовая) көшесі
* Бірлік (Агрегатная) көшесі
* Еңбекші (Трудовая) көшесі
* Жайық (1-ші Вербовая) көшесі
* Көктем (Клёновая) көшесі
* Қорған (Курганная) көшесі
* Құныскерей (Чкалов) көшесі
* Медеу (2-ші Вербовая) көшесі
* Мүсірғали Көпбергенов көшесі
* Новостройка көшесі
* Самұрық (Шоссейная) көшесі
* Теміржолшылар (Железнодорожная) көшесі
## Дереккөздер |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
## Шолу
Иран күнтізбесінің бірінші күні наурыздың теңелу нүктесіне, көктемнің бірінші күніне, шамамен 21 наурызға сәйкес келеді. Біздің заманымыздың XI ғасырында күнтізбелік жылдың басын, яғни Наурыз мейрамын көктемгі күн мен түннің теңесуіне бекіту үшін Иран күнтізбесі өзгертілді. Осыған сәйкес, ирандық астроном Туси берген Наурыздың анықтамасы: «Ресми Жаңа жылдың бірінші күні әрқашан күн түске дейін тоқтыға кірген күн болды». Наурыз - Фарвардин айының бірінші күні, Иран күн күнтізбесінің бірінші айы, Иранда және бұрын Ауғанстанда қолданылған ресми күнтізбе болып табылады.
Наурыз иран күнтізбесі жаңа жылды тойлау үшін біздің дәуіріміздің XI ғасырында жасалған реформадан бері тойланса, 2010 жылдың ақпаныда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарын қабылдау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күнін» ресми түрде мойындады.
### Этимологиясы
Наурыз сөзі парсы тіліндегі نو now – «жаңа» деген мағынаны білдіреді – және روز ruz – «күн» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Шығыс диалектілері [nawˈɾoːz] (дари және классикалық парсы тілдеріндегідей, алайда тәжік тілінде бұл navrūz [жазылған наврӯз]), батыс диалектілері [nowˈɾuːz] және Tehranis [noːːːz] айтылуымен айтылуы парсы диалектілері арасында өзгереді. Ағылшын тілінде новруз сөзінің әртүрлі емле нұсқалары бар, соның ішінде norooz, novruz, Novruz, Navruz, Nauruz және newroz.
### Уақыттың дәлдігі
Наурыздың уақыты көктемгі күн мен түннің теңелуіне негізделген. Иранда бұл дәл астрономиялық бақылауларға негізделген хижри күнтізбесі алгоритмдік күнтізбесіндегі жаңа жыл күні, сонымен қатар оны еуропалық аналогы Григориан күнтізбесіне қарағанда дәлірек ететін күрделі интеркалация жүйесі қолданылады.
Әрбір 2820 жылдық үлкен циклде 365 күннен тұратын 2137 қалыпты жыл және 366 күннен тұратын 683 кібісе жыл бар, үлкен үлкен циклдегі орташа жыл ұзақтығы 365,24219852. Бұл орташа тәулігіне небәрі 0,00000026 (2,6×10−7) – секундтың 1/50 бөлігінен сәл артық – Ньюкомбтың орташа тропикалық жылдағы 365,24219878 күндік мәнінен қысқа, бірақ көктемгі күн мен түннің теңелуінің ағымдағы орташа жылынан айтарлықтай ерекшеленеді. 365,242362 күн, яғни көктемгі күн мен түннің теңесуіне келетін жаңа жыл цикл бойына жарты тәулікке жылжиды. Дереккөз түсіндіргендей, 2820 жылдық цикл қате және іс жүзінде ешқашан пайдаланылмаған.
## Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
## Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Меловые Горки — Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігіне қарасты Зашаған кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 618 адам (2009). |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
«Balapan» — қазақстандық бірінші балалар арнасы. 2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап эфирге шыға бастады. Шығармашылық бірлестік «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіреді. Арна кабельдік желіден эфирге шығады. Аудиториясы 0-8 жас аралығындағы балалар. Эфир уақыты 07:00 – 00:00 аралығын қамтиды. Тек қазақ тілінде хабар таратады.
## Бағдарламалары
* Кім тапқыр?
* Balapan live
* Ән салайық
* Ғылымға саяхат
* Білгішбек
* Кішкентай дәрігер
* Жұмбақ жәшік
* A.I.Dos
## Мультхикаялары
* Ақжелкен
* Әли мен Айя
* Пингвин оқиғалары
* Желаяқ
* Пороро
* Хайди
* Флора сақшылары
* Күшті көліктер
## Логотиптері
*
*
*
*
*
*
*
## Директорлары
* Жанар Шәмел (2010-2012)
* Ләйлә Сеңгірбекова (2012-2017)
* Жанар Шәмел (2017-2018)
* Мақпал Жұмабай (2018-2021)
* Қымбат Досжан (2021-2023)
* Индира Тұрсынбай (2023-2024)
* Мақпал Укенова (2024 жылдан бері)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Balapan» телеарнасының онлайн көрсетілімі
* «Balapan» телеарнасының ресми сайты
* «Balapan» телеарнасы (YouTube)
* «Balapan» телеарнасы (TikTok)
* «Balapan» телеарнасы (Instagram)
* «Balapan» телеарнасы (Facebook)
* «Balapan» телеарнасы (ВКонтакте)
* «Balapan» телеарнасы (Telegram)
* «Balapan» арнасы Интернет мұрағатында: balapan.kaztrk.kz сайты (2011-2020 жылдары), balapantv.kz сайты (2013-2014 жылдары) |
Охас Қасанов (1932, Бегайдар ауылдық кеңесі Новобогат ауданы Гурьев облысы — мамыр 1978, Гурьев) — қазақ, әділет кеңесшісі, тергеу бөлімінің бастығы, Гурьев облысы прокуратура
## Өмірбаяны
Қасанов Охас 1932 (болжам) жылы Бегайдар ауылы Новобогат ауданы Гурьев облысында дүниеге келген. Руы Есентемір, Бердімбет бөлімі Кіші жүзден тараған.Өзінің еңбек жолында әділет органдарында қызмет атқарған. Гурьев және Маңғыстау облыстарында прокуратура органдарында қызмет атқарған. Маңғышлақта қызмет атқарған кезеңде халық депутаты болып сайланған. Бүкілодақтық КСРО-ның тергеу қызметкерлерінің кеңесіне қатыскан, ҚазКСР заңгерлер алқасы, қоғамдық қызметпен белсенді айналысқан.
## Мансап жолы
1949 жылы Алматы Мемлекеттік заң институтына түсіп, институтты 1953 жылы Заңгер мамандығы бойынша бітірді
1953. Институтты аяқтағаннан кейін Гурьев облысында Қызылқоға ауданы Қарабау округінде қызмет жолын бастаған.
25 мамырда 1954 жыл. КСР Одағының Бас Прокуроры Руденко Р. Қызылқоға ауданы прокуратурасының тергеушісі Қасанов Охасқа Кіші заңгер шенін беру туралы қаулы етті.
28 ақпан 1956 жыл. КСР Одағының Бас Прокуроры Руденко Р. Гурьев облысы прокуратурасының аға тергеушісі Қасанов Охасқа 2-санатты заңгер шенін беру туралы қаулы етті.
14 шілде 1958 жыл. КСР Одағының Бас Прокуроры Руденко Р. Гурьев облысы прокуратурасының аға тергеушісі Қасанов Охасқа 1-санатты Заңгер шенін беру туралы қаулы етті.
1958 жылы жұмыс барысымен Гурьев қаласына ауыстырылды.
28 маусым 1961 жыл. КСР Одағының Бас Прокуроры Руденко Р. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің қызметкері Қасанов Охасқа Кіші әділет кеңесшісі шенін беру туралы қаулы етті.
1961-1965 жылдары жұмыс барысымен Гурьев қаласынан Гурьев облысы Шевченко ауданына ауыстырылды, Форт-Шевченко қаласы
Гурьев облысы Шевченко ауданы прокуроры, кіші әділет кеңесшісі.
1 ақпан 1964 жылы Шевченко ауданының таратылуына байланысты Прокурор қызметінен босатылып, Маңғыстау аудандық прокуратура және прокурордың көмекшісі қызметіне тағайындалды
3 наурыз 1963. Шевченко қаласының халық депутаттар кеңесінің депутаты, Өзен сайлау округі
24 наурыз 1964 жылы көмекші қызметінен босатылып Маңғыстау ауданы прокурорының қызметіне тағайындалды, Прокуратурасының Аға тергеушісі, Гурьев облысы,
1964-1978. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
28-30 маусым 1966 жыл Мәскеуде Бүкілодақтық КСРО Кеңестік тергеу қызметкерлерінің қатысушы.
6 қыркүйек 1966 КСР Одағының Бас Прокуроры Руденко Р. Гурьев облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің басшысы Қасанов Охасқа Әділет Кеңесшісі шенін беру туралы қаулы етті.
## Жеке өмірі мен отбасы
Әкесі - Хасан Сұлтанов (1890-1975), арасында өте қадірлі, сауатты болған адам, Гурьев қаласынан Астрахань қаласына қарай 120 шақырым жерде Молшағыл деген қыстақта өмір сүріп, Чапаев совхозына қарасты «Заготскот» конторына мал дайындаумен айналысты. Екі кіші інісі Құлмәжит (1903-1945) және Құлбарақ (1905-1942) Ұлы Отан соғысынан оралмады.
Сұлтанов Құлмәжит әскер қатарына 1941 жылы шақырылып Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан. Богдан Хмельницкийдің қызыл ту орденді 12-артиллерия бұзып өту дивизиясының құрамында 2-батареяның миномет оқтаушысы (заряжающий) болған. Жасаған ерліктері үшін “Ерлігі Үшін" (За Отвагу) медалін алған. 1945 жылдың 4 ақпанында болған соғыста қаза тапты. Жерленген жері – Польшаның Познань қаласы.
Сұлтанов Құлбарақ 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы басталғанда Украинада 1941 жылдын маусым айында 196 Атқыштар дивизиясының қатарында болған. Осы дивизияның қатарында, ұрыс салып шегініп отырып 1942 жылы Сталинградқа дейін жеткен. Соңғы ұрысқа 1942 жылдың тамыз айында қатысып, Сталинград үшін болған соғыста қаза тапты.
Хасан жақсы өмірді өзгертудің маңыздылығын түсіне отырып қалаға көшіп балаларына жақсы білім алуына үлкен ықпал жасаған. Анасы - Ағиба Тәлтен қызы (1907-2003), "Ана Даңқы" орденінің иегері. Отбасында үлкен қызы Жібек (1928-1982) және алты ұлдары Охас (1932–1978), Жақсен (1936–2003), Дәуіт (1938–2002), Закария (1940–2002), Пангерей (1942–1984), Салимгерей (1945–2001) тәрбиелеп өсірген.
Әйелі - Рижа Дүсіпова (1932-2011), физика және математика пәнінің мұғалімі, Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің Үздігі.
Балалар: Амандос (1957), Аманбай (1959), София (1964) және Ілияс (1968).
Үшінші ұлы дүниеге келгенде Васнецовтың "Три богатыря" төсеміне тапсырыс берген, бұл отбасында ерекше құрметтейтін нәрсе болып табылады.
## Марапаттары
Қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі үздік қызметі үшін медалі (1966)
"Милицияның 50 жылдығына» мерейтойлық белгі (1967)
«Советтік прокуратураға 50 жыл» мерейтойлық белгі (1967)
Құрметті диплом (1967)
"1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл" мерейтойлық медалі (1975)
## Дереккөздер |
Күш иіні — айналу осінен күштің әсер ету ұзындығына дейін ең қысқа арақащықтық. Күш иінінің формуласы: d=M/F M=күш моменті; F=күш; d=күш иіні. |
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
## Шолу
Иран күнтізбесінің бірінші күні наурыздың теңелу нүктесіне, көктемнің бірінші күніне, шамамен 21 наурызға сәйкес келеді. Біздің заманымыздың XI ғасырында күнтізбелік жылдың басын, яғни Наурыз мейрамын көктемгі күн мен түннің теңесуіне бекіту үшін Иран күнтізбесі өзгертілді. Осыған сәйкес, ирандық астроном Туси берген Наурыздың анықтамасы: «Ресми Жаңа жылдың бірінші күні әрқашан күн түске дейін тоқтыға кірген күн болды». Наурыз - Фарвардин айының бірінші күні, Иран күн күнтізбесінің бірінші айы, Иранда және бұрын Ауғанстанда қолданылған ресми күнтізбе болып табылады.
Наурыз иран күнтізбесі жаңа жылды тойлау үшін біздің дәуіріміздің XI ғасырында жасалған реформадан бері тойланса, 2010 жылдың ақпаныда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарын қабылдау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күнін» ресми түрде мойындады.
### Этимологиясы
Наурыз сөзі парсы тіліндегі نو now – «жаңа» деген мағынаны білдіреді – және روز ruz – «күн» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Шығыс диалектілері [nawˈɾoːz] (дари және классикалық парсы тілдеріндегідей, алайда тәжік тілінде бұл navrūz [жазылған наврӯз]), батыс диалектілері [nowˈɾuːz] және Tehranis [noːːːz] айтылуымен айтылуы парсы диалектілері арасында өзгереді. Ағылшын тілінде новруз сөзінің әртүрлі емле нұсқалары бар, соның ішінде norooz, novruz, Novruz, Navruz, Nauruz және newroz.
### Уақыттың дәлдігі
Наурыздың уақыты көктемгі күн мен түннің теңелуіне негізделген. Иранда бұл дәл астрономиялық бақылауларға негізделген хижри күнтізбесі алгоритмдік күнтізбесіндегі жаңа жыл күні, сонымен қатар оны еуропалық аналогы Григориан күнтізбесіне қарағанда дәлірек ететін күрделі интеркалация жүйесі қолданылады.
Әрбір 2820 жылдық үлкен циклде 365 күннен тұратын 2137 қалыпты жыл және 366 күннен тұратын 683 кібісе жыл бар, үлкен үлкен циклдегі орташа жыл ұзақтығы 365,24219852. Бұл орташа тәулігіне небәрі 0,00000026 (2,6×10−7) – секундтың 1/50 бөлігінен сәл артық – Ньюкомбтың орташа тропикалық жылдағы 365,24219878 күндік мәнінен қысқа, бірақ көктемгі күн мен түннің теңелуінің ағымдағы орташа жылынан айтарлықтай ерекшеленеді. 365,242362 күн, яғни көктемгі күн мен түннің теңесуіне келетін жаңа жыл цикл бойына жарты тәулікке жылжиды. Дереккөз түсіндіргендей, 2820 жылдық цикл қате және іс жүзінде ешқашан пайдаланылмаған.
## Тарихы
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
## Қазақ салты
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Бақтияр Даниярұлы Байсейітов — қазақстандық футболшы, бапкер. 1952 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Амплуасы - шабуылшы
## Өмірбаяны
Футболшылық ғұмырында Шымкенттің "Мелиоратор" және Алматының "Қайрат" клубтарында ойнаған. Жалпы көпшілік оны "Қайраттың" футболшысы ретінде жақсы таниды. Футболдан Қазақстан құрамасының алғашқы бапкері. Көрсеткіштері бойынша, Ұлттық құраманы баптаған жаттықтырушылардың арасында жеңілмеген жалғыз бапкер (Оның басқаруымен құрама 7 ойын өткізді, 4 жеңіс, 3 тең ойын).
Ұлттық құрама сапында ойнаған ең жасы үлкен футболшы (39 жас, 315 күн). 1992 жылы 3 шілдеде Қазақстан - Либия кездесуінде алаңда ойыншы-бапкер ретінде ойнаған.
Бапкерлік карьерасы мынадай: «Мелиоратор» Шымкент (1986–1988), «Қайрат» Алматы (1992–1993, 2006), Қазақстан құрамасы (1992), «Ордабасы» Шымкент (2003–2004, 2015–2016), «Атырау» (2007).
## Байсейітов жаттықтырған кездесулер (Ұлттық құрама) |
Бақтияр Даниярұлы Байсейітов — қазақстандық футболшы, бапкер. 1952 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Амплуасы - шабуылшы
## Өмірбаяны
Футболшылық ғұмырында Шымкенттің "Мелиоратор" және Алматының "Қайрат" клубтарында ойнаған. Жалпы көпшілік оны "Қайраттың" футболшысы ретінде жақсы таниды. Футболдан Қазақстан құрамасының алғашқы бапкері. Көрсеткіштері бойынша, Ұлттық құраманы баптаған жаттықтырушылардың арасында жеңілмеген жалғыз бапкер (Оның басқаруымен құрама 7 ойын өткізді, 4 жеңіс, 3 тең ойын).
Ұлттық құрама сапында ойнаған ең жасы үлкен футболшы (39 жас, 315 күн). 1992 жылы 3 шілдеде Қазақстан - Либия кездесуінде алаңда ойыншы-бапкер ретінде ойнаған.
Бапкерлік карьерасы мынадай: «Мелиоратор» Шымкент (1986–1988), «Қайрат» Алматы (1992–1993, 2006), Қазақстан құрамасы (1992), «Ордабасы» Шымкент (2003–2004, 2015–2016), «Атырау» (2007).
## Байсейітов жаттықтырған кездесулер (Ұлттық құрама) |
Руслан Белемханұлы Дүзмәмбетов — Қазақстан құрамасының және Өскеменнің "Восток" клубының бұрынғы шабуылшысы, футбол төрешісі. 1968 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. Өскемен футболының түлегі.
## Өмірбаяны
### Клубта
Карьерасының көп бөлігін "Востоктың" құрамында өткізген. 1993 жылы Павлодардың "Аңсат" клубында бір маусым ғана ойнап, қайтадан "Востокқа" келді. 1998 жылға дейін тұрақты ойнап, Басқа клубтарға ауысты.
2000 жылы футболшылық карьерасын аяқтады.
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрама сапында төрт ойын өткізіп, екі гол соқты. Қазақстан құрамасының тарихтағы алғашқы матчында (Қазақстан - Түркіменстан, 1 маусым, 1992) негізгі құрамда алаңға шыққан 11 футболшының бірі. Екі допты да Өзбекстан құрамасының қақпасына соқты. Құрама сапындағы соңғы матчын 1996 жылы Азия Кубогының іріктеу турнирінде Катар құрамасына қарсы өткізді. Негізгі құрамда алаңға шықты да, жарақат алып, 36-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бұл ойында Қазақстан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
## Жетістіктері
"Восток" клубының тарихындағы үздік 10 мерген футболшының қатарында.
## Сілтеме
* Руслан Дүзмәмбетов |
Алтыатар ойыны – көнге әр адам асық тігеді. Сол қатарға тағы бір сақа тігіледі (үйіргенде баланың шік түскен сақасы). Асықтардың арасында саңылау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м. Сызық, ал 4-5-6 м. жерден ататын қарақшы белгілейді. Кімде-кім түптегі сақаны атып ұшырса (1м асыра) бүкіл асықтарды сол алады. Ал сақаға тимей асықты ұшырса, оның сызықтан шыққаны ғана соныкі болады. Ату саны – 6рет. Алғаш сақасы шыққан бала бірінші болады да, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған асықтардың бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі (сақасы тігілген бала).
## Дереккөздер |
Маштаково — Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігіне қарасты Деркөл кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 241 адам (111 ер адам және 130 әйел адам) болса, 2009 жылы 354 адамды (172 ер адам және 182 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жарқын құн – (дәстүрлік заң). Бұрын билікті билер, арлы ақсақалдар аталы сөзге, әділдік істерге, шариғат, имандылық заңына сүйене отырып кісі өлімі болған дау-жанжалдарда құн төлеудің басқа бітім жолдарын да тапқан. Ол жол тек есе алу емес, екі елді татуластыру, біріктіру, дау-шарды ұмыттыру жолына да қызмет еткен. Мұндай жағдайда нар, ат бастатқан тоғызбен бірге тұлымды қыз, айдарлы ұл беретін де болған. Немес әлгі тоғыздарда жалаңаш қыз қосқан. Мұндай жағдайда тоғыздарды алған жақ осы елдің беделді азаматтары мен ақсақалдарының босағасына байлап кеткен. Бұл әрине, біліктілік пен сыйластықтың, татулықтың ақ жолы екенін екі жақта шын түсініп, қабылдаған. Мұның арты шынайы бірлікке, құдалыққа жалғасқан. Ертедегі дау-шар, кісі өлімінде мұндай шешімдер жиі болғандығы Үйсін Төле би, Қаз Дауысты Қазыбек би тұсындағы тарихи әңгімелерде жиі кездеседі. «Ертең таң атысымен алты атаның ұлы Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жіберіледі. Оны қылса, қолынан ұстап жалаңаш қыз береді. «Жарқын» деген құн осы болады депті» (Машһүр Жүсіп Көпеев).
## Дереккөздер |
Қозықұйрық ер – алдыңғы басы шошақ, артқы қасы жалпақ, аттығы жатағандау келген жеңіл ер түрі. Бұл ерді "ақбас ер", "шошақбас ер" деп атау да кездеседі. Бұл көбінесе қазақ жерінің батыс өңіріне (Маңғыстау түбегі мен Жем өзені бойы) тән.
## Жасалуы
Қозықұйрық ердің жасалу жолы құранды ердің жасалуына ұқсас болып келеді. Ер қосу үшін оған қайың, үйеңкі, қара мойыл, жөке сияқты ағаштар қолданылады.Қозықұйрық ер ағаштан алты-жеті бөлік етіп шабылады. Оның екеуі ердің алдыңғы қасына, ал екі-үшеуі артқы қасына даярланып, оның екі қаптал ағашына бекітіледі. Белағаш орнына екі қаптал ағашқа қайыс тартылып бекітіледі. Қаптал ағаштың алдыңғы қасқа таяу тұсынан үзеңгі бау өтетін ойық ойылып, оған үзеңгі тағылады. Қаптал ағаштың артқы қанатын тесіп қанжығабау тағылады. Пошымы ықшам, әрі әдемі болып келетін мұндай ер, көбінесе, асыл тастармен, сүйекпен, күміспен әшекейленетін болған.Қозықұйрық ердің тағы бір өзгешелігі: мұнда орта ағаш болмайды, оның орнына көн не қайыс тартылады. Ердің сүйегі жеңіл, көлемі шағын келеді. Қасы алдына қарай еңкіштеу болып орнатылады.Қозықұйрық ердің сыртын түйенің көнімен қаптайды. Кейде көн орнына тарамыс талшықтарын немесе кендір шүйкесін желімге араластырып жағады. Бұл әдісті халық сіңірлеу деп те атайды.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Жүнісов С. Ақан сері. Алматы, 1971;
* Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
* Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
* Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
* Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995;
* Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Алматы: Санат, 1997;
* Диалектологиялық сөздік. Алматы: Арыс, 2007. |
Тегене – үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс.
Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10-15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады.
## Дереккөздер |
Салпыншақ немесе брелок (фр. breloque) — әшекей, тізбектегі алқа түрінде жасалған, білезік, түйінді шеңбер және тағы басқалар. Әдетте сәндік және жарнамалық мақсаттарда қолданылады. Әдетте кілттерді жоғалту ықтималдығын азайтуға көмектеседі, себебі өлшемнің артуы, түйін салмағы. Негізгі салпыншақ қосымша пайдалы функцияны орындай алады, мысалы, шағын шамды, автокөлік үшін қашықтан басқару құралын, бөтелкесі ашады, ұнтақты қорапты және тағы басқа функцияларды орындай алады. Салпыншақ- әдеттегі кәдесый немесе сыйлық.
## Шығу тарихы
Былғарыдан жасалған бұйымдар ежелгі дәуірден қайтады, олар XVIII ғасырда және XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өте сәнді болғаны белгілі. Даландар оларды сағаттарға арналған тізбекте киіп жүрді. Әрбір өзін-өзі құрметтейтін далан әртүрлі тізбегінде әртүрлі материалдардан, негізінен, алтыннан оннан көп бар еді. Бұл әшекейлер көбінесе елеусіз пішінге ие болды және әртүрлі материалдармен керемет талғаммен безендірілді: піл сүйегі, қымбат тастар, эмаль. Ақсүйектік ортада олардың әшекейлер мен олардың киімдерін үйлестіру ережелері дамыды. Бірақ XIX ғасырдың ортасында тізбектегі әшекейлер саны 2-3-ға дейін азайып, олар кәдесыйларды еске түсіре бастады, мысалы, сүйікті әйелді еске алудың негізі.Біртіндеп салпыншақтар әшекей ретінде толық тоқтады. Жиырмасыншы ғасырда олар тек қана бір утилитарлы мақсат үшін - кілттерге арналған суспензия ретінде пайдаланылды. Бірақ бұл сапада тіпті негізгі тізбектер дизайнерлермен танымал болып қалды - басты кейстер, әшекейлер мен сувенирлер пайда болды. |
Николай Алексеевич Курганский — (1961 жылы 19 наурызда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. Позициясы шабуылшы. 1992-94 жылдары Ұлттық құрама сапында 7 кездесуге қатысып, 2 гол соққан.
## Өмірбаяны
Павлодар облысы, Ермак ауданы, "Ильич жолы" колхозында дүниеге келген. Алғашқы қадамын туған аулында бастаған. Екібастұз футболының түлегі. Бүкіл карьерасында тек "Екібастұз" клубында ғана ойнаған. 1984 жылдан ойнай бастады. Клуб сапында 650 ойын өткізіп, 300 гол соққан. 102 голды 1984-91 жылдары КСРО чемпионаттарында соққан.Қазақстан құрамасының футболшылары арасында дубль жасаған (бір матчта екі гол) тұңғыш футболшы. 1992 жылы Қырғызстан қақпасына екі доп соқты."Қазақстандық үздік мергендер" тізімінде бар. Қазіргі уақытта "Екібастұз" клубында бас бапкердің көмекшісі.
## Жетістіктері
* 1989 жылғы Қазақ ССР кубогының иегері
* 1993, 1998 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері
* 1993 жылы "Қазақстандағы жыл футболшысы" атанған. |
Асқар Зубайдуллаұлы Әбілдаев (16 маусым 1971 жыл, Қазақ КСР, КСРО) — Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы. 1971 жылы 16 маусымда дүниеге келген. "Қайрат", "Шахтер", "Аңсат" клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 7 ойын өткізіп, бір гол соққан. Соңғы қызметі "Каспий" (Ақтау) клубының директоры (2018 жылы 15 қаңтар күні бұл міндеттен босатылды)
## Өмірбаяны
### Клубтық карьерасы
Қарағанды футболының түлегі. "Шахтер-Юность" клубында футбол ойнауды бастады. 1988 жылы КСРО екінші лигасындаға "Шахтер" клубына ауысты.
1991 жылға дейін Қарағандының "Шахтер" клубында ойнап, "Қайратқа" шақырылды. "Қайраттың" сапында 1991 жылы КСРО чемпионатының соңғы маусымында бірінші лигада ойнап, сегіз матчта бір доп соғады. Келесі жылы "Қайраттың" сапында Қазақстан чемпионы атанады, Қазақстан кубогын ұтып алады.
1993 жылы қаңтарда Достастық елдері кубогында "Алғамен" ойында есеп ашты. Бұл қазақстандықтардың аталмыш турнирдегі тұңғыш голы болатын.
"Қайраттың" сапында 1993 жылы маусым соңына дейін ойнап, кейін "Аңсат", "Шахтер" командаларының намысын қорғап, 1997 жылы не-бары 26 жасында карьерасын тәмамдады.
### Кейінгі жылдарда
Футболмен қоштасқан соң біраз уақыт мини-футболмен айналысты.
2008 жылы "Шахтер" (Қарағанды) клубының атқарушы директоры боп сайланды. 2010 жылы бір жылдай клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2016 жылы қайтадан Атқарушы директор қызметіне тағайындалды да, 2017 жылы шілде айында "Каспий" клубына ауысты.
### Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында жеті ойын өткізді. 1992 жылы 1 маусымда Ұлттық құраманың алғашқы матчында негізгі құрамда алаңға шыққан 11 футболшының бірі. Құрама сапындағы жалғыз допты 1992 жылы 14 қыркүйекте Түрікменстан қақпасына соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы: 1992
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1995
* Қазақстан кубогы: 1992
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Руслан Маратұлы Иманқұлов (туған күні 6 ақпан, 1972 жыл) — қазақстандық футболшы. Позициясы шабуылшы.
## Өмірбаяны
Оның бүкіл футболшылық өмірі Қарағандының "Шахтерінде" өтті. 1990 жылы 23 тамызда ферғананлық "Нефтияникке" қарсы ойында дебют матчын өткізді. Кейін 2005 жылға дейін осы клубтың намысын қорғап, 2005 жылы карьерасын аяқтады.
Дәл қазіргі кезде ол кеншілер клубы тарихындағы соққан голдар мен өткізген ойындары бойынша тек Андрей Финонченко мен Николай Игамбердиевтен ғана артта қалады.
1995-96 жылдары Ұлттық құрама сапында үш ойын өткізіп, 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанның қақпасына бір доп енгізді. |
Николай Алексеевич Курганский — (1961 жылы 19 наурызда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. Позициясы шабуылшы. 1992-94 жылдары Ұлттық құрама сапында 7 кездесуге қатысып, 2 гол соққан.
## Өмірбаяны
Павлодар облысы, Ермак ауданы, "Ильич жолы" колхозында дүниеге келген. Алғашқы қадамын туған аулында бастаған. Екібастұз футболының түлегі. Бүкіл карьерасында тек "Екібастұз" клубында ғана ойнаған. 1984 жылдан ойнай бастады. Клуб сапында 650 ойын өткізіп, 300 гол соққан. 102 голды 1984-91 жылдары КСРО чемпионаттарында соққан.Қазақстан құрамасының футболшылары арасында дубль жасаған (бір матчта екі гол) тұңғыш футболшы. 1992 жылы Қырғызстан қақпасына екі доп соқты."Қазақстандық үздік мергендер" тізімінде бар. Қазіргі уақытта "Екібастұз" клубында бас бапкердің көмекшісі.
## Жетістіктері
* 1989 жылғы Қазақ ССР кубогының иегері
* 1993, 1998 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері
* 1993 жылы "Қазақстандағы жыл футболшысы" атанған. |
Руслан Маратұлы Иманқұлов (туған күні 6 ақпан, 1972 жыл) — қазақстандық футболшы. Позициясы шабуылшы.
## Өмірбаяны
Оның бүкіл футболшылық өмірі Қарағандының "Шахтерінде" өтті. 1990 жылы 23 тамызда ферғананлық "Нефтияникке" қарсы ойында дебют матчын өткізді. Кейін 2005 жылға дейін осы клубтың намысын қорғап, 2005 жылы карьерасын аяқтады.
Дәл қазіргі кезде ол кеншілер клубы тарихындағы соққан голдар мен өткізген ойындары бойынша тек Андрей Финонченко мен Николай Игамбердиевтен ғана артта қалады.
1995-96 жылдары Ұлттық құрама сапында үш ойын өткізіп, 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанның қақпасына бір доп енгізді. |
Қайрат Алтайханұлы Әубәкіров — (1971 жылы 8 наурызда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. "Шахтер", "Қайрат", Спартак" (Семей) клубтарында өнер көрсеткен. Қазақстан чемпионатында 300-ден аса матч өткізіп, 100-ден аса доп соққан шабуылшы.
## Өмірбаяны
1989-91 жылдары Семейдің "Спартагында" ойнады. Ол кезде "Спартак" КСРО чемпионатының екінші лигасының сегізінші аймағында ойнайтын. "Спартак" сапында үш маусым ойнап, 50 матчта 9 гол соқты. Одақ тараған соң, 1992 жылы "Шахтерда" ойнады. Келесі маусымда Алматының "Қайратына" ауысып, 1994 жылы семейлік клубқа қайта оралды. Семейлік клуб бұл кезде "Елім-ай" деп аталатын. 1999 жылға дейін "Елім-ай" намысын қорғап, Қарағандыға келді. Қарағандыда көп ойнамады, сол жылы-ақ "Қайратқа" ауысты.
2000-01 жылдары "Елім-ай", 2002 жылы "Восток", 2003 жылы "Тараз" клубтарында доп тепті.
Ұлттық құрама сапында 1992-96 жылдары 9 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
## Сілтемелер
* National Football Teams (ағыл.)
* FootballFacts |
Балқаймақ күйі — көңілді, жүректен шығатын шығарма. "Балқаймақ" басынан аяғына шейін үш ширек өлшемнен ауытқымайды. Күйді тыңдаған адам жазғы кеште жайлауда, киіз үйдің ішінде, түйе сүтін қатып сызыла шай құйып жаныңды қуанышқа бөлеген сезімтал да әсем қарындастың жанында отырғандай нәзік әсерде қалады. Бұл күйді домбырашы Хайрошев 1956 жылы Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының домбыра класын жүргізуші педагог Хабидолла Тастановқа орындап берген.
## Күйдің шығу тарихы
Құрманғазы нағашыларында бір жылдай болып, еліне қайтып келе жатып, ең далада жалғыз қараша үйді көріп, тынығып шығуды ұйғарады. Үйге келсе, онда жалғыз қыздан басқа жан жоқ екен. Ол шаршап келген сазгерді жақсы қарсы алып, түйе сүтін қатып шай береді. Сазгер шайға қанып, ол оған бал татыған қаймақтай әсер етіп, қызға разы болғандықтан күй шығарып, оны "Балқаймақ" атаған екен.
## Дереккөздер |
Кішкентай күйі — Күйші Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі. Бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған. Бұл күйді О.Қабиғожин орындап берген. Оркестрге түскенде күйдің екпіні аздап бәсеңдеді. Музыка мамандарының кейін жүргізілген редакцияларында (мысалы: Л.Шаргородский) күйдің екпіні 5-6 есе жайланған. Күйде еске түсіру драмалық кезеңдер бар.Қайғыдан да құр емес. Екі дауыстылықтың шегінде гармониялық элементтерінің аса тапқырлықпен жазылған тұстары көп. Күйдің орындалуы шеберлікті талап етеді.
## Дереккөздер |
«Аман бол, шешем, аман бол!» — Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі.
## Күйдің шығу тарихы
Бұл күй Құрманғазының "тар жол тайғақ кешу" қарсаңында, яғни Орда түрмесінен қашып шығып, "барар жері де, басар тауы да" белгісіз, осы сапарынан орала ма, жоқ па деген күмәнді жағдайда туындаған. Мұның ауырлығы сонша, біріншіден, бұл тұңғыш тұтылу және қашан келерін де білмейтіндігінде. Сондықтан да, бұл сазгердің анасынан тұңғыш рет айырылып, 6 жыл (1857-1863) бойына белгісіз кеткен кезеңде пайда болған туынды.
## Дереккөздер |
«Балбырауын» — Құрманғазының асыл мұраларының бірі. Бұл күйді О.Қабиғожин орындаған. Күй от жалындай қызу мен дүрілдеген екпінге, делебеңді қоздыратын жігерге толы. "Балбырауын" күйін 1936 жылы композитор Брусиловкий "Ер Тарғын" операсының финалында қырық кісі орындаған биге музыка етіп пайдаланды. Кейін өзінің "Сарыарқа" атты симфония-сюитасында "Скерцо" бөлімі етіп енгізді. 1938 жылы "Қайта туған Қазақстан" атты симфониясының "Скерцо" бөлімінде пайдаланған. Бүгіндері күйдің екі нұсқасы бар. Оркестрлерде бұл күй эндшпильде ойнатылады.
## Күйдің шығу тарихы
Бұл Құрманғазының жастау кезінде шығарған күйлерінің бірі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл атау "Балбыр ауан" түрінде туындаған. Кейін дыбыстық өзгеріске ұшыраған. Атаудың мәні: "маужыра қып" жан дүниеңді балқытып,кейде бекітіп, кейде босатып, еркінен айыратын тамылжыған ауан (әуен). Бұл пікірдің дәлдігі төмендегіше дәлелденді: тілімізде бір сөз жуан да, жіңішке де айтыла береді: ауан не әуен, қары не кәрі, ауада не әуеде, т.б.
## Дереккөздер |
Ларгс түбіндегі шайқас (ағыл.Largs; 2 қазан 1263 ж.) - Норвегия королі Хокон IV мен шотланд әскерлері арасындағы Ерте ортағасырлық Шотландия тарихындағы ең маңызды шайқастардың бірі. Шабуылдың нәтижесі екі жаққа да айқын артықшылығын көрсетпегенімен, шайқастың нәтижесіне бойынша Гебрид аралдарын қосып алған Шотландия жеңімпаз болды.
## Қақтығыстың алғышарты
XIII ғасырдың басында Шотландия мен Норвегия арасында Гебрид аралдары мен Шотландияның батыс жағалауы үшін шиеленіскен күрес басталды. Бұл аумақ Норвегия патшасының билігін мойындаған Аралдар патшалығына тиесілі болды. Дегенмен, күшейген шотландық мемлекет Гебридтер мен Аргайлды бағындыру әрекеттерінен бас тартпады. 1221 және 1249 жылдары Шотландия королі Александр II батыс жағалауына бірнеше жорықтар өткізді, соның нәтижесінде Аралдар патшалығының ақсүйектерінің бір бөлігі Шотландияға бет түзе бастады.
Оның мұрагері, Александр III, 1262 жылы Мэн королінің норвегиялық вассалына тиесілі Скай аралына шабуыл жасады. Жауап ретінде Норвегия королі Хокон IV қуатты флот құрып, (исландық шежіресушілердің пікірінше, «норвег портынан шыққан ең үлкені») Шотландияның батыс жағалауына бет бұрды.
1263 ж. жазда Гебрид аралдарына келген Хокон IV-ні Мэн королі Магнус пен Гебрид королі Дугал III қолдады. Тек Аргайлдың билеушісі Юэн Макдугалл норвегтерге қосылғысы келмей, аңысын аңдау саясатын қолданды. Гебридтегі норвег күштері заманауи бағалаулар бойынша 120-ға жуық кемелер, яғни 12-20 мың жауынгер деп есептелінеді. Норвегтер Кинтайр қиратып, Бьютты басып алып, Ленноксқа басып кірді. Арран аралында нәтижеге әкелмеген соғыс қимылдарының тоқтатылуына байланысты шотланд-норвег келіссөздері басталды.
## Шайқас барысы
Келіссөздердің сәтсіз аяқталғанынан кейін, норвег флоты Эйршир жағалауына жылжыды. Алайда, 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні норвег кемелеріне зақым келтіріп, бірнешеуін жағалауға ұшырған қатты дауыл болды. Зақымдалған кемелердің экипажы жағалауды күзететін кішкентай шотландық жасақтың шабуылына ұшырады. Шотландықтар викингтермен жекпе-жек шайқасынан гөрі жебемен оққа ұшыратуды артығырақ көріп, қашықтықта тұрды. Норвегтік қосымша күш келгенде, шотландық жасақ кері шегінді.
2 қазанда, сірә, кемелерді жөндеуді қорғауға тырысуға, Хокон IV-нің жасағы жағалауға қонды. Кемелерден 800-1000 жуық викингтер түсті. Сол уақытта, 500-ге жуық рыцарды қамтитын (шамамен 8 мыңға жуық адам) ірі шотланд әскері қону алаңына жақындады. Шотланд әскерінің басында Александр Стюарт болды. Осылайша, егер «Хокон туралы сагадағы» цифрлар дұрыс болса, онда шотландықтардың норвегтерден үстемдігі басым болды: он есе көп. Шотландия әскері шабуылға шығып, Хокон IV бастаған норвегтерді кемелерге кері шегінуді мәжбүр еткізді.
Дегенмен, жеңіс түпкілікті болмады: келесі күні таңертең Хокон IV өз күшін қайта топтастырып, жағалауға қонып, қаза болған викингтердің денесін алып, быт-шыт болған кемелерді өртеп жіберді.
Бұл шайқасқа жағалауға жақын жердегі кемелерде болған норвегтердің негізгі күштері де, шотландық атты әскері де қатысқан жоқ. Шындығында, Ларгс түбіндегі шайқас екі жаққа да шешуші жеңіске жеткізбеген кішкентай ғана қақтығыс болды.
## Ларгс түбіндегі шайқастың маңызы
Соғыс нәтижесінің белгісіздігіне қарамастан, Ларгс түбіндегі шайқас Шотландия тарихында маңызды рөл атқарды. Тойтарысқа тап болғаннан кейін, Хокон IV, азық-түлік жетіспеушілігін бастан кешіріп, Оркней аралдарына оралып, 1263 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды. Норвег флоты еліне оралды. Келесі жылы Александр ІІІ-нің шотландық әскері Аргайл мен Гебрид аралдарын басып алып, олардың билеушілерін Шотландия билігін мойындауға мәжбүр етті. 1265 жылы шотланд-норвег келіссөздері басталды, 1266 жылы бұл келіссөз Перт шартына қол қоюмен аяқталып, шартқа сәйкес Норвегия Гебрид аралдарын Шотландияға берген.
Осылайша, Ларгс түбіндегі шайқасының нәтижесінде Шотландия патшалығы батыс жағалау мен Аралдардың кең аумақтарын қосып, шотландық жерлерді біріктіру аяқталды. Гебридтердің Шотландияға кіруі, бір жағынан, шотланд этно-мәдени бірлестігінің гэлдік құрамдас бөлігінің өсуіне, ал екінші жағынан елдің батыс аймақтарының феодализациасының аяқталуына ықпал етті.
Ларгс түбіндегі шайқасты ескте қалдыру үшін, шайқас алаңында дәстүрлі гэлдік-ирландық дөңгелек мұнара түріндегі ескерткіш орнатылып, ресми емес «Қарындаш» (ағыл. the Pencil) атауымен аталды.
## Тағы қараңыз
* Перт келісімі
## Әдебиет
* McDonald R.A. The Kingdom of the Isles, 2003.
* Duncan, A.A.M. Scotland: Making of the Kingdom, Эдинбург, 2000.
* Мак-Кензи Агнес. Рождение Шотландии / Перевод, научная ред., вступит. статья С. В. Иванова. — СПб.: Евразия, 2003. — 336 с.
* Alexander, Derek; Neighbour, Tim; Oram, Richard D. (2000), "Glorious victory? The battle of Largs, 2 October 1263", History Scotland, 2 (2), pp. 17–22.
* Barrow, Geoffrey Wallis Steuart (1981), Kingship and Unity: Scotland 1000–1306, University of Toronto Press.
* McDonald, Russell Andrew (1997), The Kingdom of the Isles: Scotland's Western Seaboard, c.1100–c.1336, Scottish Historical Monographs, Tuckwell Press.
## Сілтеме
* Хокон IV-нің экспедициясының норвегиялық сипаттамасы (ағыл.) |
«Шолтан» — Дәулеткерейдің адамзат өмірінің баянсыздығын сөз етіп шығарған күйі. «100 күй» құрамына енген.
## Шығу тарихы
1868–69 жылдардан бастап ел билеуге старшындар мен болыстар тағайындала бастайды. Бұрын төре тұқымы, деп төбеге көтергендердің енді күні кетіп, тарихтың түкпіріне қарай ығысып бара жатқанын, болыс пен старшындыққа төре тұқымының үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, төсінің түгі, тізесінің күші бар адамдардың тағайындалып жатқанын Дəулеткерейдің алғыр ойы мен ақыл парасаты аңғармай қалған жоқ. Дəулеткерей тарихтың аяқ алысын сезініп, өткен дəуренге, кеткен заманға арнап, жоқтау күйін шығарады.
## Сілтемелер
* Күйдің ноталары Мұрағатталған 22 маусымның 2021 жылы. |
«Ысқырма» — Дəулеткерейдің ерекше күйлерінің бірі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Дәулеткерей кешке қыдырысқа шығып тұрады екен. Сондай бір серуендеуінде басына бір күйдің тақырыбы келіп қалады да, тақырыпты жоғалтпайын деп ысқырады. Үйіне жеткенше ысқырумен есіне сақтап келіп, бірден домбыраға түсіреді. Ысқыру арқылы басына сақтап келген тақырыптан туғасын ба, Дəулеткерейдің бұл күйі “Ысқырма” атанып кетеді. Қазақта ысқыру əдепке жатпайды. Балалар ысқырса үлкендер қойдырады. Бірақ Дəулеткерейдің бұл арада одан басқа лажы қалмайды. Күй — адамның бір қиялы, көп жерді шолып отырған ойы сияқты. Оның үстіне “Ысқырманың” кей жерлерінде шектен-шепке көшіп мандолина техникасымен тартатын жағдайлар кездеседі. Соған қарағанда Дəулеткерей əуесқойлық дəрежесінде болса да, орыс халық аспаптарында да ойнауы мүмкін.
## Сілтемелер
* Дəулеткерей Шығайұлының күйлері Мұрағатталған 2 мамырдың 2019 жылы.
* Күйдің ноталары Мұрағатталған 22 маусымның 2021 жылы. |
«Жез киік» — Ықылас Дүкенұлының орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған. |
«Шыңырау» — Ықылас Дүкенұлының ерекше туындыларының бірі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Ықылас бір күні жолаушылап келе жатып, астындағы атын шалдырып алмақшы болып, жалғыз ағаштың түбіне келіп аялдайды. Сол кезде ол ағаштың айналасында шыдамсыздана ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Сөйтсе, ұяға қарай бір жылан жылжып барады екен. Ықылас жалма–жан орнынан атып тұрып, жыланды өлтіреді де, суға ағызып жібереді. Құс ұясына келіп қонып, балапандар тынышталады. Ықылыс: ”Озбырдың аты – озбыр, әлсізді жұтып қойғысы келеді. Осыны қобыздың үнімен айтып кетейін. Озбырлардың қара ниет қылықтары халықтың есінде болсын”, - деген ойға келіп, осы күйді шығарады.
Күйдегі ре ішегінің ми дыбысынан соль дыбысына дейінгі аралық глиссандо және флажолетамен орындалады. Мұндағы флажолеталармен әсерленген жерлер құстың шыдамсызданғанын, балапандардың шырылдағанын көзге елестетеді. |
«Көрғұлы» — Дəулеткерейдің бұл күйі түрікпен тақырыбындағы перефраз. Аулы аралас, қойы қоралас болып көрші отырған халықтардың бір-біріне тигізетін өзара əсері ақиқат. Батыс Қазақстан күйлерінің дутарға арналған түркмен күйлеріне мүлде ұқсамайтын өз ерекшеліктері бар. Дəулеткерейдің түркмен тақырыбына арналған "Қөрғұлы", "Түркмен" күйлері П. Чайковскийдің итальян тақырыбына жазылған "Франческа жəне Риминиі" мен М. Глинканың испан тақырыбындағы "Арагон əуені" тəріздес деуге болады. «100 күй» құрамына енген.
## Сілтемелер
* Көрұғлы күйі YouTube сайтында |
«Салық өлген» — Дәулеткерейдің Салық Бажановтың өліміне арнап шығарған жоқтау күйі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Дəулеткерей өзінің жиені, Қарауылқожадан туған Салық Бажановтың мезгілсіз өліміне орай шығарылған. Мұнда асқан жылылық, шын жүректен шыққан жақындық, жанашырлық үн айқын сезіледі. Əкесіне (Қарақожа) деген ашу-ыза қандай зор болса, баласына деген құрмет пен сый-сияпат сондай күшті болғандықтан, күйші сол кездің прогрессивті адамы Салық Бабажановқа күй арнады. Ол Орынбордың кадет корпусын бітіріп, елге келіп Уақытша Кеңесте істеп жүрген кезінде, шаруалардың қамқоры болып əкімдермен біраз таласты. Ал Петерборға барғанда тоқыма өндірісі, электр тағы басқа жаңалықтармен танысып, солардың қазақ даласына алып келуді арман етті. Бірақ жас талапкердің өмірі ұзақ болмады. Дəулеткерей мезгілсіз қайтыс болған жақынына арнап азалы, қайғылы күй шығарады.
## Тағы қараңыз
* Мұхамед-Салық Бабажанов |
"Жұмабике" — Дәулеткерей Шығайұлының Жұмабике деген қызға арнап шығарған күйі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Дəулеткерей бұл күйді Масқар руынан Жұмабике деген қызға арнаған екен, қыздың асқан əншілігі, ақындық өнері де бар екен. Малға сатылып, сүймеген адамға кетіп бара жатқанын Уақытша Кеңес төрағасының алдына кіріп өлеңге қосып, мұңын шаққан еді, дейді. Сонда қыздың дауысының да, əні мен сөзінің кереметтігі сонша, отырғандар қыз өнеріне риза болып, Уақытша Кеңес Жұмабикенің тілегі бойынша өзі қаламаған күйеуінің құрығынан құтқарады. Дəулеткерей күйін “Жұмабике” деген атпен халыққа таныстырады.
## Сілтемелер
* Дəулеткерей Шығайұлының күйлері Мұрағатталған 7 ақпанның 2018 жылы.
* Күйдің ноталары(қолжетпейтін сілтеме) |
Тұраш Әбеуов — "Қазақтың 1000 күйі" жинағына енген күйлердің авторларының бірі, күйші.
## Өмірбаяны
Ол 1922 жылы Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Қыршынды деген жерде дүниеге келді. Жасынан Жетісудің ән-күйін, әсіресе, Байсеркенің күйлерін сіңіріп өскен ол 1938 жылы Алматыдағы Театр училищесіне оқуға түсіп, 4-курстан әскерге шақырылады.Соғыстан кейін Смоленскідегі әскери училищені бітіріп, 1958 жылы капитан шенімен демалысқа шыққанша әр түрлі жерде әскери-саяси қызметтер атқарады.
## Шығармашылығы
Тұраш Әбеуовтың "Жастық шақ", "Жаралы жауынгер", "Қайдасыңдар,достарым", "Мәншүк", "Мәңгілік оттар", "Қуаныш" атты күйлері белгілі.
## Дереккөздер |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – ҚР жоғары оқу орны. Дулати университетінің білім беру қызметінде қазіргі кезеңде бакалавриатта – 103, магистратурада – 61, докторантурада – 9, барлығы 173 білім бағдарламасы бар. Университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 факультет, 1 институт, колледж және 3 студенттік жатақханасы бар.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысы – оқу, ғылыми-инновациялық, тәрбие беру, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени тіршілігімен тығыз байланысты. Себебі, университет көптеген мамандықтар бойынша мамандарды үш сатылы даярлауды іске асыратын және аймақтың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін бірден-бір өңірлік жоғары оқу орны. Университте 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы ашылады деп жоспарлануда. Дулати университеті Әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орынға жайғасты. Times Higher Education World University Rankings 2024 жалпы рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылдың 18 наурызында Дулати университеті жалпы есепте QS Stars «3 жұлдыз» артықшылығына ие болды. QS Asia University Rankings рейтингінде 857 университет арасында 601-650 және Орталық Азия рейтингінде 30-орынға ие болды. Қазақстандағы 95 жоғары оқу орнының рейтингінде Дулати университеті сегізінші орынға ие болып, «А+» мәртебесін алды. 2023 жылғы тәуелсіз халықаралық қазақ ұлттық h-index рейтингінде Дулати университеті 151 ұйымның ішінде 31-орынға ие болды.«Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» рейтингінде Қазақстан университеттері арасында 8-орынға ие.
## Бүгінгі жағдайы
Университетте бір мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 320- ғылым докторы мен кандидаты және философия докторы бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлем бойынша 3000-ға жуық жоғары оқу орындарының арасында рейтингте 1201-1400 орында.
## Тарихы
Дулати университетінің тарихы 1958 жылдан бастау алады. Алғашында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты болып құрылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ашылды. 1963 жылы – Қазақ химия-технологиялық институты филиалының негізінде Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты құрылды. 1996 жылы – Жамбыл педагогикалық институты негізінде Жамбыл университеті құрылды. 1997 жылы Жамбыл университетіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі берілді. 1998 жылы – Жамбыл университеті, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты бірігуі негізінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.
## Факультеттер
* Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика және құқық факультеті
* Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті
* Технологиялық факультет
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
## Институттар
* Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты
## Колледж
* Қаратау тау-технологиялық колледжі
## Университет ректорлары
* 1958-1972 – Сейітов Хамза Сейітұлы
* 1962 ж – Жулаев Рахмет Жанғазыұлы
* 1972-1987 - Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы
* 1987-1991 – Владимир Миллер Иосифович
* 1991-1998 – Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* 1973-1992 – Үркімбаев Марс Фазылұлы
* 1992-1998 – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* 1996 ж – Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 1998—2001 - Бишимбаев Қуандық Уәлиханұлы
* 2001-2008 - Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
* 2008-2012 – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов
* 2012-2020 – Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков
* 2021 жылы – Ержан Әмірбекұлы
* 2021-2022 – Ешенқұлов Талғат Ілияұлы
* 2022 ж 1-желтоқсаннан Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы
## Ғылым және коммерцияландыру
Дулати университетінде «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті жұмыс істейді. Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті, басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандырып, Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға атсалысады. Ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тартып, білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолын нығайтады.
## Халықаралық қызмет
2023-2024 Оку жылыӨзара тиімді, бірлескен келісім-шарттар мен меморандумдар жасауБілім беруді интернационалдандыру университет қызметінің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде: алыс шетелде – 60 ЖОО, ТМД елдерінде – 68 ЖОО, Қазақстан бойынша - 57 ЖОО.Шетелдік ғалымдарды тарту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда: Erasmus+, DAAD,Fulbright (АҚШ елшігінің қаржыландыруымен), Оңтүстік Корея елшілігінің қаржыландыруы, республикалық бюджет есебінен.
## Серіктес университеттер
* Гангнам Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті, Корея
* Томаша Бата университеті, Чехия
* Анталья туризм академиясы, Түркия
* Еге Университеті, Түркия
* Скандинавия Академиялық ұтқырлық институты, Финляндия
* «Неофит Рильски» Оңтүстік –батыс университеті, Болгария
* Сегед университеті, Мәжірстан
* Хайльбронн университеті, Германия
* Гданьск технологиялық университеті, Польша
* Пшасныш лингвистикалық -техникалық университеті, Польша
* Лодз университеті, Польша
* Браганса политехникалық институты, Португалия
* Малага университеті, Испания
* Витаутас Магнус университеті|, Литва
* Вайнштефан Триздорф университеті, Германия
* Гливице қаласындағы Силезиялық технология университеті, Польша
* Острава техникалық университеті, Чехия
* Бельгиялық білім беру кеңесі Брюссель, Бельгия
* Султан Сюриф Касим Риу мемлекеттік ислам университеті, Индонезия
* Варна экономика университеті, Болгария
* Сельчук Университеті, Түркия
* Мугла Сыткы Кочман Университеті, Түркия
* Афина Ұлттық техникалық университетінің теориялық және есептеу физикасы зертханасы, Греция
* Небраска университеті, АҚШ
* Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті, Ресей
* А. Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Технологии. Дизайн. Искусство), Ресей
* Иванов мемлекеттік политехникалық университеті, Ресей
* Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей
* Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Беларусь Республикасы
* Беларусь мемлекеттік өнер академиясы, Беларусь Республикасы
* И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Кыргызстан
* Украина державск химия-технологиялық университеті, Украина
* Джизақ политехникалық институты, Өзбекстан
* Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті, Армения
* Баку еуразиялық университеті, Әзербайджан
* Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті, Грузия
* Акакия Церетели Университеті, Грузия
* Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қарақалпақстан Республикасы
* Альфраганус университеті, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы
## Университет құрылымы
Академиялық жұмыс жөніндегі департамент
Маркетинг және кәсіптік бағдарлау департаменті
Стратегиялық даму басқармасы
Жобалық басқару және цифрландыру орталығы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Кітапханалық-ақпараттық орталық
Ғылым және коммерцияландыру департаменті
«Бауыржантану» ҒЗО
«Дулатитану және өңір тарихы» ҒЗО
«А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасы
«Гидравлика және гидротехникалық құрылыстар»
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім
Әлеуметтік жұмыс басқармасы
Ақпарат және медиакоммуниция орталығы
Мұражай
Әкімшілік-шаруашылық басқармасы
«Dulaty university» баспасы
Студенттерді есепке алу бөлімі
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі
Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы
Дінтану орталығы
Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы
Сұңқар спорт клубы
DU UNION жастар орталығы
Қоғамдық қабылдау бөлімі |
Бүйрек — соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі. Сонымен бірге мұндай кездерде жас балалар да ұмытылмайды. Жақын таныс көрші адамдар соғым сойғаннан кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап "бүйрек" жібереді. Яғни балаларға лайықтап жүрек, бүйрек араластырып шағын сыбаға жолдайды. Бұл да балалардың көңіл, мерейін өсіретін, ағайын, туысты жақындататын халық тәрбиесінің бір түрі.
## Дереккөздер |
Керегеге керу — бұл тәртіптік, құқықтық жазаның бұрынғы заманда көп қолданылған түрі. Қазір бұл жаза қолданылмайды. Керегеге керілу немесе керегеге таңылу - өліммен тең ауыр жаза.
Ұрлық, зина жасайтындар немесе елдің шырқын бұзған сотқарлар билер, ақсақалдар шешімі бойынша іздеушілері мен туыс-туғандары келгенше киіз үйдің керегесіне аяқ-қолынан керіліп байланады. Мұндайларға бірнеше күнге дейін су да, тамақ та берілмейді. Олар ақталмайды және ауыр жазаланады. Мұндайлардың ұяты өзіне ғана емес, бүкіл ел-жұртына, руына, туған-туысқандарына да кір келтіреді. Сондықтан олар да сондай адамдардың бетіне түкіреді, елден де қуады. Кейде мұндай тәртіпсіздерді жерге төрт қазық қағып, аяқ-қолынан керіп байлап тастайды. Мұндай жазаны қазыққа керу дейді.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,Әр жерде керегеге таңылса да. (Абай)
## Дереккөздер |
Айрауықтың ащы күйі — Ықылас Дүкенұлының ерекше күйлерінің бірі. «100 күй» құрамына енген.
## Күйдің шығу тарихы
Бұл әуелде Тайлақ батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алып қайғылы сарын тартады. Осыдан осы күй дүниеге келеді.
## Дереккөздер |
«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы және «Classic» радиосын біріктіретін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамдас бөлігі.
## Тарихы
2016 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан» РТРК» АҚ-нан өз алдына «Республикалық радио» ЖШС болып бөлек шығып, серіктестік директоры ретінде Досымбек Қонысбекұлы Өтеғалиев тағайындалды.2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС болып өзгертілді.Өзгертуде төмендегідей негіздемелер басшылыққа алынды:
* Атау бір ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосына негізделді.
* 1921 жылдан бері халықтан өзінің лайықты бағасын алған Қазақ радиосының атауы бүгінде брендке айналды.
* Серіктестік құрамындағы «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиосы осы Қазақ радиосынан тарады.
* Атау серіктестіктің «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен бағытының, ұстанған саясатының бір екенін көрсетеді.
Қазір Серіктестіктегі радиолар негізінен тікелей эфирде хабар таратуға көшті. Бұл – тыңдаушымен тығыз байланыста болуға соны серпін берді. «TNS CA, 6+ Казахстан» компаниясының дерегіне сүйенсек, радио тыңдаушылар былтырғымен салыстырғанда 36%-ға, жарнама берушілер 6%-ға, тыңдаушыны айлық қамту көрсеткіші 12 %-ға, радио тыңдаудың минуттық орташа уақыты 22%-ға өскен. Мемлекеттік мекемелердің (министрліктер, әкімдіктер) ресми сайтында да радиоларды онлайн тыңдауға мүмкіндіктер жасалып жатыр.«Қазақ радиолары» ЖШС биыл эфирдегі әлеуметтік, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, сауықтық-көңілашар бағдарламалар үлесін арттырды.
## Басшылар
* Досымбек Қонысбекұлы (2016-2017)
* Мәди Манатбек (2017-2018)
* Құрманбек Жұмағали (2018-2019)
* Нұржан Мұхамеджанова (2019)
* Ернұр Бурахан (2019-2023)
* Нұртас Солтанұлы (2023 жылдың қарашасынан)
## Серіктестікке қарасты радиолар
«Қазақ радиолары» ЖШС өзіне қарасты радиолардың бағыт-бағдарын толық айқындады:
* Қазақ радиосы – әмбебап, әр түрлі бағытта хабар тарататын - Еліміздің Бас Радиосы;
* «Шалқар» радиосы – рухани-мәдени;
* «Астана» радиосы – жастар тақырыбы мен Елорданың тыныс-тіршілігін хабардар ету бағытында тыңдаушыға қызмет етеді.
* «Classic» радиосы – Отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын насихаттаушы.
## Дереккөздер |
Евгений Константинович Немченко (3 маусым 1906 жылы, Алчевск, Донбасс - 9 наурыз 1970 жылы Ленинград) — актер және режиссер.
## Өмірбаяны
Ленинград театрлық институтының актерлік факультетін (1935), «Ленфильм» киностудия қарамағындағы актерлік мектебін бітірген (1938).
1922 жылдан — Кривой Рог көмір бассейні шахтасының жұмысшысы, 1931 жылдан — Ленинград Қызыл театрының актері, 1938 жылдан — «Ленфильм» киностудиясының актері, режиссер ассистенті және режиссері.
## Фильмографиясы
### Режиссер ретінде
* 1959 - Ыстық жан
* 1968 - Белая аспанындағы найзағай
### Актер ретінде
* 1937-1939 - Ұлы азамат - Дронов
* 1938 - Шекарада - Усвах
* 1939 - Кішкентай станциядағы жағдай - Жихарев
* 1941 - №2 әскери киножинақ - әскери, Янко, милиционер
* 1942 - №12 әскери киножинақ - Кротов
* 1942 - Царицыно қорғанысы - эпизод
* 1942 - Алып туралы ән - эпизод
* 1942 - Райком секретарі - Седов
* 1943 - Ол Отанды қорғауда - партизан
* 1943 - Фронт - Вася
* 1944 - Мәскеу аспаны - Соловьев
## Дереккөздер |
Топан күйі — Дәулеткерей Шығайұлының басынан аяғына дейін лирикаға толы, жүрек тереңінен шымырлап, қайнап жатқан шын сезімге құрылған жанға жағымды, көкейге қонымды шығармасы. «100 күй» құрамына енген.
## Шығу тарихы
Дəулеткерейдің Топан атты қыран бүркіті болыпты. Бір күні сол құс ұшты-күйлі жоғалып кетеді.Дəулеткерей бүркітін күте-күте келмеген соң,аяғы жеткен жердің бəріне де сұрау салады.Күндердің күнінде домбырасына өзінің қапы көңілін қосып жатса, шаңырақтың ар жағында, шыңырау көкте қалықтап ұшып жүрген Топанды көреді. Қуанғаннан сол жерде “Топан” деп құсына арнап күй тартады.
## Сілтемелер
* Дəулеткерей-Шығайұлының-күйлері Мұрағатталған 7 ақпанның 2018 жылы.
* Күйдің ноталары Мұрағатталған 22 маусымның 2021 жылы. |
Салтанат — Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің көпшілік арасында кеңінен танымал, ерекше туындыларының бірі. Бұл күй адамның күні бойы сөзбен айтып жеткізе алмайтын сырын, мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып береді. Күйші тілсіз құдірет күйі арқылы миллиондаған қазақтың жүрегінен орын алып, әрқайсысының кеудесіндегі өкініш, күйініш, жанашырлық сынды асыл сезімдерін қозғайды. "Салтанат" күйін әр тыңдаған сайын оның құдіретінен кеудемізді өксік аралас мұң басып, жүрегімізді сыздатады.
## Шығу тарихы
1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: "Апама айтам" деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: "Қайтемін, жаным-ау" деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде "Салтанат" деп қояды.
## Сілтемелер
* "Салтанат" күйінің шығу тарихы |
Қора — мал ұстайтын орын.
Ол мал түліктерінің түріне қарай әр түрлі болады. Мысалы, ат қора, сиыр қора, қой қора, төл қора және жабық қора, т.б. Қораның төбесі көбінесе жабық болады, оны салуға жергілікті жердің жағдайына қарай кірпіш, тас, ағаш, қамыс пайдаланылады. Соңғы кезде стандартты қора салу ісі қалыптасты. Мұндай қоралар жем-шөп, су жеткізу, оның астын тазалау, жөндеу жұмыстары теxника көмегімен атқарылады. Ал жеке меншік малға қора салу ісімен қазақ xалқы ертеден бері айналысып келеді. Қоралар әдетте қыстауда салынып, қыста ғана пайдаланылатын. Ерте кезде үй мен қора-қопсының арасында бір ғана қабырға болған, яғни олар бір-біріне жалғасып жататын болған. Қазіргі кездегі қоралар кең, еңселі, биік етіп салынады. Мал төлдейтін қозы қорасы қой қорасынан бөлек.
Жергілікті жағдайға қарай қораның дәстүрлі түрі қалыптасқан. Мысалы, Маңғыстауда қой қоралардың жобасын дөңгелектеп, төбесіне арқалықтар салған. Ал Шығыс Қазақстанда қораның жобасын ұзынша, тік бұрышты етіп, ағаштан қиып салады. Оңтүстікте көбінесе шикі кірпіштен қалап, төбесін ағаш, қамыспен жабады.
## Дереккөздер |
Жұмагүл Солтиева 1948 жылы 27 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.
1972 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Заман-Қазақстан» газеттері мен «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан әйелдері» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары.
Тырнақалды туындысы «Жібек жолы» атты жас прозаиктердің әңгімелер жинағына енген. «Тастүлек» («Жазушы», 1987), «Сыпайылық сыры» («Қайнар», 1997), «Жалғыз бала» («Жалын», 1999) кітаптарының авторы. 1991 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің, Қазақстан Журналистер одағының О.Бөкей атындағы сыйлықтарының иегері.
## Дереккөздер
http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1989 |
## Яхья Таиров
### Өмірі мен қызметі,шығармашылығы
Яхья Таиров 1938 жылы 7 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1959 жылы орта мектепті бітіріп, Шыңжаң педагогикалық институтына оқуға түседі. 1962 жылы филолог мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963 жылы Қазақстанға көшіп келеді. Шелек, Панфилов аудандарында мектепте мұғалім болып істейді. 1971 жылы Ташкент қаласына көшіп барып, радиода, Тарих институтында, Қазақстанда шығатын «Ұйғыр авази» газетінде тілші болады. 1989–1996 жылдарда Өзбекстан радиотелевидениесінде аға тілші қызметін атқарады. 1969 жылы «Көзләр» атты алғашқы кітабы шығады.
## Дереккөздер
[1]
## Яхья Таиров
### Өмірі мен қызметі,шығармашылығы
Яхья Таиров 1938 жылы 7 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1959 жылы орта мектепті бітіріп, Шыңжаң педагогикалық институтына оқуға түседі. 1962 жылы филолог мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963 жылы Қазақстанға көшіп келеді. Шелек, Панфилов аудандарында мектепте мұғалім болып істейді. 1971 жылы Ташкент қаласына көшіп барып, радиода, Тарих институтында, Қазақстанда шығатын «Ұйғыр авази» газетінде тілші болады. 1989–1996 жылдарда Өзбекстан радиотелевидениесінде аға тілші қызметін атқарады. 1969 жылы «Көзләр» атты алғашқы кітабы шығады.
## Дереккөздер
[1] |
Вильдан Атасевер (түр. Vildan Atasever, род. 26 шілде 1981 жылы туылған, Бурса) — түрік актрисасы.
## Өмірбаяны
Вильдан 1981 жылы 26 шілдеде Бурса қаласында дүниеге келген. Отбасында бесінші бала. Орта білімді Вильдан Ыстанбұл қаласында алды. 13 жасында Вильдан "Театр жеңімпаздары" атты тобының мүшесі атанған.
2001 жылдан бастап киноға түсе бастаған. 2005 жылы "Екі қыз" (түр. İki Genç Kız) телехикаясындағы рөлі үшін "Алтын апельсин" (түр. Altın Portakal) марапатына ие болды, ал 2006 жылы "Тағдыр" (түр. Kader) телехикаясындағы Угур рөлін сомдағаны үшін Анкардағы халықаралық кинофстивальда жүлдеге ие болған. 2016 жылдың наурыз айында Вильдан "Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі" (түр. Muhteşem Yüzyıl Kösem) атты телехикаядағы Мурад ІІІ және Сафие Султанның қызы Хюмашах Султанның рөліне ие болды. Сондай-ақ, ол жарнамаларға да түседі.
## Жеке өмірі
2001 жылдан 2007 жылға дейін Тайлан Кылычемен бірге заңды некеде тұрды.
2010 жылы Вильдан қайтадан Исмаил Хаджиогла атты актермен бірге тұрмыс құрды.
2015 жылы 21 қаңтарда ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. |
## Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы
«Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы»–облыстағы көне мәдени – ағарту мекемелерінің бірі.Мұражай 1920 жылы құрылды және мұражай ғимараты 1904 жылы салынған тарихи сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. Мұражай қорларында 71 195 экспонат бар. Олардың арасында өлкенің көне және қазіргі тарихын, Ақмола облысын мекендеген халықтардың этнографиясы мен тұрмысын көрсеткен материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, табиғи-ғылыми топтамалар, фотодеректі материал бар. Мұражайда жеті экспозициялық зал бар. Осында экспонаттар жайында мәліметті көрсететін сенсорлық құрылғылар орнатылған. Экспозициялар Ақмола облысының тарихын көне заманнан бастап қазірге дейінгі бейнесін көрсетеді. Мұражайдағы ерекше мәртебеге ие болатын зал «Абылай ханның әлемі» деп аталады, осында оның Солтүстік Қазақстан аумағында болғаны жайындағы тарих баяндалған. Хан жорыққа өзімен бірге алып жүрген, қайта қалпына келтірілген бүктемелі домбырасы, қытай патшасына жазған, қайта қалпына келтірілген хаттар, қытайлық құмыралар бар. Мұражайда экспонаттарды жинау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр, археологиялық, топонимикалық, этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады. Мұражай экспозициясы – бұл ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өлкеміздің кішкентай энциклопедиясы болып табылады. Мұражай қызметкерлері белсенді ғылыми және ағартушылық жұмысты атқарып жүр, мұражайдың негізінде «Қазақстан тарихындағы мемлекеттілік рәміздері»; «Қала мен жылдар»; «Көшпенділердің қаруы мен әскери ісі»; «Уақыт пен ақша» (мұражай қорларынан алынған тиындар топтамасы); «Ескі сарайда табылған заттар»; «Шоқан Уәлиханов»; «Облысты мекендеген халықтың этнографиясы мен тұрмысы»; «Құстар – біздің досымыз»; «Жер бетінде өмірдің пайда болуы» тақырыптары бойынша лекциялар мен жылжымалы көрмелер, ВВС сериясынан алынған фильмдерді көрсетумен бірге өлке палеонтологиясы жайындағы әңгіме циклі үнемі өткізіледі.
## Дереккөздер
* http://culturemap.kz/kk/object/muzeiy-istorii-akmolinskoiy-oblasti
## Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайы
«Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы»–облыстағы көне мәдени – ағарту мекемелерінің бірі.Мұражай 1920 жылы құрылды және мұражай ғимараты 1904 жылы салынған тарихи сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. Мұражай қорларында 71 195 экспонат бар. Олардың арасында өлкенің көне және қазіргі тарихын, Ақмола облысын мекендеген халықтардың этнографиясы мен тұрмысын көрсеткен материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, табиғи-ғылыми топтамалар, фотодеректі материал бар. Мұражайда жеті экспозициялық зал бар. Осында экспонаттар жайында мәліметті көрсететін сенсорлық құрылғылар орнатылған. Экспозициялар Ақмола облысының тарихын көне заманнан бастап қазірге дейінгі бейнесін көрсетеді. Мұражайдағы ерекше мәртебеге ие болатын зал «Абылай ханның әлемі» деп аталады, осында оның Солтүстік Қазақстан аумағында болғаны жайындағы тарих баяндалған. Хан жорыққа өзімен бірге алып жүрген, қайта қалпына келтірілген бүктемелі домбырасы, қытай патшасына жазған, қайта қалпына келтірілген хаттар, қытайлық құмыралар бар. Мұражайда экспонаттарды жинау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр, археологиялық, топонимикалық, этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады. Мұражай экспозициясы – бұл ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өлкеміздің кішкентай энциклопедиясы болып табылады. Мұражай қызметкерлері белсенді ғылыми және ағартушылық жұмысты атқарып жүр, мұражайдың негізінде «Қазақстан тарихындағы мемлекеттілік рәміздері»; «Қала мен жылдар»; «Көшпенділердің қаруы мен әскери ісі»; «Уақыт пен ақша» (мұражай қорларынан алынған тиындар топтамасы); «Ескі сарайда табылған заттар»; «Шоқан Уәлиханов»; «Облысты мекендеген халықтың этнографиясы мен тұрмысы»; «Құстар – біздің досымыз»; «Жер бетінде өмірдің пайда болуы» тақырыптары бойынша лекциялар мен жылжымалы көрмелер, ВВС сериясынан алынған фильмдерді көрсетумен бірге өлке палеонтологиясы жайындағы әңгіме циклі үнемі өткізіледі.
## Дереккөздер
* http://culturemap.kz/kk/object/muzeiy-istorii-akmolinskoiy-oblasti |
Қаншайым Байдәулет (Түркістан облысы Созақ ауданында дүниеге келген) - журналист.
1993-1998 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
2010 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 2008-2010 жылғы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері. 2012 жылы Президенттің алғыс хатымен марапатталған.
2012 жылы қыркүйекте «Тәуелсіздік тудырған таланттар» атты кітабы Мәдениет министрлігі арқылы жарық көрген. 2012 жылы «Танымал әннің тарихы» кітабы Қытай үкіметінің тапсырысымен Шыңжаң халық баспасында басылды. Осы кітап негізінде Шыңжаң, Пекин радиоларында ән тарихына қатысты арнайы бағдарлама ашылды. 2013 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының журналистика саласындағы арнайы сыйлығымен марапатталды. Қазіргі таңда «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі. |
«OŃTÚSTIK» телеарнасы — Түркістан облыстық және Шымкент қалалық мемлекеттік телеарнасы. Түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.
Қазіргі филиал орналасқан ғимарат 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған еді. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия ашылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 шаршы метр және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 шаршы метр Телекешен заманға сай техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.
«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қазіргі таңда жылжымалы теледидарлық станция арқылы облысымыздың кез келген жерінен тікелей эфирде хабар таратуға толық мүмкіншілігі бар. Тәулігіне 14 сағат эфирге шығуда. Телеарнаның 14 сағаттық бағдарламасы барлық аудандарға таратылып көрсетіледі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://shymkenttv.kz
* http://shymkenttv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2014 жылы.
* http://shymkenttv.kz/kz/news
* http://shymkenttv.kz/kz/programs/index/programs
* http://shymkenttv.kz/kz/programs/live
http://shymkenttv.kz/kz/channel/collective |
AQTÓBE — Ақтөбе облысындағы жергілікті телеарна. 1960 жылы 28 қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. 1998 жылы метрлік диапазонға шыққан. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. ҚР «Тіл туралы», «БАҚ», «Жарнама» туралы заң баптарының сақталынуына барынша назар аударылады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады. Таратқыш қуаты-2000 ВТ. Облыстық телерадиосигналдарын тарату орталығының 152 метрлік телемұнарасына орнатылған.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басты мақсаты мен міндеті - облыстың саяси-экономикалық дамуын мен мәдени- әлеуметтік жағдайды, ел өміріндегі жаңалықтар-өзгерістерді қалт жібермей хабарлар дайындау, мемлекет саясатының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқандығын көрсету, халыққа қажетті ақпарат тарату болып табылады. Филиалда мағыналы да маңызды телехабарлар дайындауға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, бұл хабарларда қарапайым тұрғындардың саяси-экономика, құқық саласындағы сұрақтарына дұрыс жауап алуы жағы ескеріледі. Хабарлардың сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыс атқарылуда.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://aktobetv.kz/
* http://aktobetv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 2 ақпанның 2015 жылы.
* http://aktobetv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 2 ақпанның 2015 жылы.
* http://aktobetv.kz/kz/news |
Қасым Тоғызақов (1910–1984) 3 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған.
1926 жылы жетіжылдық мектепті бітіріп, Қостанайдағы педагогика техникумында оқыды. Оны бітірген соң, 1930 жылы Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогика институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті факультетіне түскен.
1934 жылы Алматыға келіп, Қазақстан Жазушылар одағында аударма бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1936 жылы халық ақыны Жамбылдың жеке әдеби хатшысы болып, онымен бірге Мәскеуде болған қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне барады. Ақынның айтқан өлеңдерін жазып алып, редакциялаған және оның сол кезде шығарған негізгі шығармаларын сөзбе-сөз орысшаға аударған.
1934–1940 жж. М.Лермонтовтың «Демон», «Мцыри», «Хаджи Абрек», «Ақынның өлімі», «Тамара», т.б. шығармаларын, А. Пушкиннің «Бақшасарай фонтаны», В. Маяковскийдің «В.И.Ленин», Н.Некрасовтың «Орыс әйелдері» поэмаларын, Н.Гогольдің «Үйлену» пьесасын, А.Чеховтың «Шағаласын», А.Толстойдың «Алтын кілтін» қазақшалаған. А.Твардовскийдің «Василий Теркин», А.Мицкевичтің «Тукай», П.Антокольскийдің «Ұлым» атты поэмаларын, сонымен қатар Д.Бедныйдың, Лебедев-Кумачтың, Безымянскийдің, И.Вазовтың, Я.Колостың, Я.Купаланың, басқа да ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. И.Шуховтың «Өшпенділік» атты романын, Х.Есенжановпен бірге Бальзактың атақты «Шегірен былғары» романын тәржімалады.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» операсына либретто, «Сібір Омар» атты поэма жазды.
Шығармалары: Сібір Омар. Өлеңмен жазылған роман. А., «Жазушы», 1967; Омар Сибирский. Роман в стихах. А., «Жазушы», 1968; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1980.
## Дереккөз
http://adebiportal.kz/kz/authors/view/2033 |
ALTAI — Шығыс Қазақстан облысының жергілікті телеарнасы. Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.
Кеңес Одағы экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, өндіріс саласы қарымды қарқынмен қарыштаған Шығыста бұл әлбетте жұрт мерейін үстеген жаңалық болдын. Сол күні телеарнаның эфирінде алғашқы "Жеңіс салюті" бағдарламасы өтті.
Қызметке ерекше ынта қойып, ыстық ықылас пен құлшына қызу кіріскен ұжым бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап аймақта киноөндіріс құрыла бастайды. Операторлар "Киев-С" деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар кассеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірлімге жететін. Сондықтан студияға пленкалар қап-қабымен жеткізілетін. Қосымша жабдықтар мен дыбыс жазу құрылғылар талоғайдай еді. Бұл ойыншық тәріздес камераларды ауыстыру құрметі "Киноры" және "Пентафлекс" атаулы ауыр салмақтағы камераларға бұйырды. Ол камералардың кәсіби деңгейі де биік еді.1965 жылы "Район" атты жаңа қондырғы орнатылды. Телевизиялық аппараттардың жаңартылуымен қатар, облыста телевизиялық стансалар мен тарату желі аумағын кеңейту мақсатында радио желісінің құрылысы жүріп жатты.
1968 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігіне ие болды.
1974 жылдан республикалық бағдарламаларды аймақ жұрты тамашалап, Одақ көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар ағымы туралы телеарна эфирінен хабардар болып отырды.
Ал, 1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телевизиялық студия кинооператорлары Мәскеу Олимпиадасын түсіруге қатысты. Сонымен қатар 1984 жылы халықаралық жастар мен студенттер арасында өткен фестивальді түсіру құрметіне ие болды. Бұл өз ісінде шеберлігін жылдар бойы шыңдаған мамандардың жоғары біліктігінің арқасында бағындырған аса биік асуы десек артық болмас.
Дәл осы жылы әкімшілік-техникалық корпусқа қосымша жаңа ғимарат берілді. Жедел және нақтылық ұстанымын негізге алған ұжымға қосымша мүмкіндіктердің ашылуы қызметке жаңа дем беріп, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты.
1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. Көрерменнің көзайымы болған арна эфирінде түрлі - түсті форматтағы бағдарламалар мен жаңалықтар шығарылымы телевизиялық өндірістің тағы бір кезеңін артқа тастап, көш ілгерілеуге бағыт алды.
1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Ғасыр талабына сай жабдықталған кешен арқылы әр ауданнан, өңірдің тарихи-мәдени орындарынан эфирге тікелей қосылуға болатын. 30 жыл ішінде арна ұжымы жыл сайын жаңа шығармашылық, техникалық топтармен толығып отырды. Өрлеудің жыл сайынғы жаңа кезеңдерінде жаңа мүмкіндіктер жол бастаған бастамалар әсіресе, тілшілер мен телеоператорлардың жұмысқа деген ынтасын еселей түсті. Облыстық телевизиялық студия көп жыл бойы Мәскеу және Ленинград университеттерінің іс-тәжірибеден өтетін базасы болды. Қазір таңда олар әлемге аты әйгілі қаламы қарымды тілшілер.
1997 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірігуіне орай телеарна мен облыстық радио ортақ облысқа жұмыс істейді. Сол жылдың қазан айында теларна 18 сағаттық ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды бастайды. Демешуліре көмегінің арқасында «Panasonic» фирмасының бейне техникалары сатып алынды.
2003 жылы Өскемен облыстық телерадиокомпаниясы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы деп өзгертілді.
2008 жылы қараша айынан бастап жаңа хабар тарату жабдығы облыстың тағы барлық елді мекенін қамтыды. Енді бұл жүйе арқылы «Қазақстан – Өскемен» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 % қамтыды.
2009 жылы 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді.
2010 жылы 28 маусым күні – Астанамен Республикалық телекөпір өтті. Елбасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның дамуына байланысты “Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!” жұмыстарында ШҚ-ның ірі жобаларын көрсету телекөпірі «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының мамандары көмегімен жүзеге асты.
2010 жылы 21 желтоқсан күні Астанамен Республикалық «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты жалпыұлттық телекөпір өткізілді. "Қазақмырыш" АҚ еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған "Мыс балқыту зауытының" іске қосылу рәсімі сәтті өтті.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://oskementv.kz/
* http://oskementv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы.
* http://oskementv.kz/kz/news
* http://oskementv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы.
* http://oskementv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы. |
QOSTANAI — Қостанай облысының жергілікті телеарнасы. Телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға «Кадр-103» бейнемагнитофондары, «Магнолия-83» ЖТС, АТК, «PANASONIC M-8000» телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.
Тұнғыш төл телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармалық күш-қуатын жұмсаған журналистер Анатолий Гаврилов, Жанұзақ Аязбеков, Қайрат Мұқатов, инженерлер Анатолий Лукашкин, Юрий Смирнов, дикторлар Алла Ломова, Ляззат Жайынбаева және басқалар болды.
Қазір «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «Қазақстан» РТРК» АҚ қоғамы филиалдарының арасындағы рейтингтік көрсеткіш бойынша алдыңғы бестікте тұрған ұжым.
Телехабар тарату: облыс бойынша «Кателко» жер серігі арқылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында аптасына 5 рет (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) күніне 1 сағат, хабар беріледі. Қала бойынша – 28 ДЦМ жиілігінде тәулігіне 14 сағат «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының хабары эфирге шығады.
2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «ОтауТВ» спутнигі арқылы толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламалары ел аумағына таратылуда.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://kostanaytv.kz
* http://kostanaytv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://kostanaytv.kz/kz/news
* http://kostanaytv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://kostanaytv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. |
QYZYLORDA — Қызылорда облысындағы жергілікті телеарна. 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.
Телеарна ашылуының басы-қасында сол кезде облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі», алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар жүрді. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды.
Теледидардың алғашқы жабдығы «Останкино» телеорталығынан әкелінген «Кадр» 3 ПМ маркалы бейнемагнитофоны болды. Одан кейін 1991 жылдың соңына таман АСБ, Ленинград қаласынан ПТС әкелінді.
Жаңадан ашылған телеарнаның хабар тарату ауқымы, материалдық базасы жыл өткен сайын ұлғая берді. Хабар тарату ауқымы он жылдың көлемінде 5 сағатқа, 2004 жылдан бастап 14 сағатқа көбейді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап телеарна хабарлары 1 сағат көлемінде «Кателко» спутниктік жүйесі арқылы тартыла бастады.
2009 жылдың 28 тамызынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы республикада алғашқылардың бірі болып облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://kyzylordatv.kz
* http://kyzylordatv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 16 қазанның 2014 жылы.
* http://kyzylordatv.kz/kz/news
* http://kyzylordatv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 15 қазанның 2014 жылы.
* http://kyzylordatv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 14 қазанның 2014 жылы. |
MAŃǴYSTAÝ — Маңғыстау облысындағы жергілікті телеарна. 1970 жылы 15 тамыздан Шевченко телестудиясының алғашқы көрсетілімімен басталды. Мекеме 2003 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы деп аталады.
Телеарна облыс аумағын 100 % қамтиды. «Отау ТВ» арқылы республика және жақын шет елдерге де тарайды.
Бүгінде телеарна тәулігіне 14 сағат, «Маңғыстау» радиосы 100.1 FM желісі арқылы тәулігіне 2 сағат хабар таратып отыр. Жаңаөзен қаласында өкілдігі бар, «Jańaózen» арнасы тәулігіне 6 сағат хабар таратуда.
## Орналасқан жері
Телеарна қала орталығындағы 24 шағын-ауданда орналасқан. Ғимараттың 1-қабатындағы студия маңында тақырыптық бағдарламалар редакциясы, инженерлік бөлім сондай-ақ, хабарландыруларға тапсырыс қабылдау нүктесі және шаруашылық бөлім орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында арна әкімшілігі, эфир қызметі бөлімі, жарнамалық және ақпараттық бөлім, ақпараттық редакция, бейнемұрағат, монтаж жасау кабинеттері орналасқан. Арна қызметкерлерін ғаламтор желісі жалғанған компьютерлермен қамтамасыз етілген.
Телеарнада 100-ден аса қызметкер еңбек етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнаны алғыс хатпен марапаттады. Халық қауіпсіздігі комитеті ұйымдастырған «Біздің қауіпсіздігіміз - біздің қолымызда» байқауында арна І-орынды иеленді.
Бағдарламалар Ақтау қаласындағы ТПС 1000 арқылы тарайды, аудитория маштабы 500 мыңды құрайды. Эфирге 29 ақпараттық-сараптамалық, қоғамдық-әлеуметтік, әдеби, тарихи-танымдық бағдарламалар эфирге шығып жүр.
## Тарихы
1970 жыл шілде айында Гурьев облысы бойынша Шевченко телеарна студиясы мен Шевченко телевизиялық орталығы құрылды. Телевизиялық орталықтың 100 шаршы метрді құрайтын студиясында екі дана ғана телевизиялық КТ-17 камерасы болды. В.И. Лениннің 100 жылдығына орай, алғаш сынақтама бағдарлама эфирге шықты. 15-тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы бағдарламасы көрерменге жол тартты.
1972 жылы 28-желтоқсанда Гурьев облысының Шевченко телевизиялық орталығы Гурьев облысының Шевченко радиотеле орталығы деп өзгертілді. Маңғышлаққа 4 500 шақырымды қамтитын республикалық бағдарлама көрсетілді.
1973 жылы 20-наурызда Шевченко телеарна студиясының жанынан Маңғышлақ облыстық телерадио комитеті құрылды. 3-мамырда алғашқы радиобағдарлама эфирге шықты. Уақыт өте келе «Буря» радиостанциясы жөндеуден өткізілді. 25 000 Вт қуаттылықпен радио торабы шет аймақтарды да қамтып отырды.
1974 жылы 5-наурыздан бастап, Орталық телевизияның алғашқы барлық маусымдық бағдарламаларын қабылдайтын «Орбита» коммерциялық байланыс станциясы іске қосылды.
1974 жылы Алғашқы «Электрон» бейнемагнитофоны пайда болды.
1978 жылы құрылған телерадио комитет Маңғышлақ облысының телевизия және радиохабарлар комитеті деп өзгертілді.
1986 жылы Апараттық-стуия кешенінде түрлі-түсті хабар тарату жабдығы орнатылды.
1990 жылы Маңғыстау облысының құрылуына байланысты, 1 қазаннан бастап комитет Маңғыстау облыстық ТВ және РВ комитеті деп өзгертіліп, тәулігіне ТВ 1 сағат, РВ 1,5 сағат хабар таратты.
1992 жылы Маңғыстау облыстық комитетінің қайта құрылуына орай ТВ және РВ сондай-ақ Маңғыстаулық радиотеле орталық біріктірілді.
1994 жылы ТВ және РВ Маңғыстау комитеті, Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясы деп өзгертілді.
## Бағдарламалар
* «Сәлем, Маңғыстау!» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасы
* «Дидар» жаңалықтар қызметі
* «Бір жеті» апталық сараптамалық бағдарламасы
* «Төрлетіңіз»
* «Сөздің қысқасы...»
* «Менің құқығым»
* «Еңбек адамы»
* «Елге қызмет»
* «Заң ортақ»
* «В рамках закона»
* «Әкім»
* «Менің Маңғыстауым»
* «Бірінші байлық»
* «Еңбек адамы»
* «Құтқарушы»
* «Айтарым бар...»
* «Есть что сказать»
* «Дін мен дәстүр»
* «Бір құжат»
* «Сөз бен саз»
* «Өркен»
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://mangystautv.kz
* http://mangystautv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы.
* http://mangystautv.kz/kz/news
* http://mangystautv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы.
* http://mangystautv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы. |
KÓKSHE — Ақмола облысының жергілікті телеарнасы. «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. Алғашқы эфир 1999 жылдың 4 қазанында шықты. Құрылған күннен бастап 2004 жылдың күзіне дейін филиал ғимарат жалдап келген. Ал қазіргі кезде «Қазақстан» РТРК» АҚ АОФ-ның қала орталығында орналасқан екі қабатты жеке ғимараты бар.
Облыстық филиал бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауда. Қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана отырып, ұжым шығармашылық ізденіс үстінде қызмет істеуде. Сондай ізденістер, ерінбей еңбек етудің арқасында арнаның көрермендерінің саны арта түсті. Ал спутниктік сандық жүйеге көшу таралым аймағының кеңеюіне байланысы арта түсті.
Бүгінде ұжымда 78 қызметкер бар, олардың орташа жасы 24-25, бұл негізгі мақсаттарды: аймақтық деңгейдегі мемлекеттік саясаты насихаттау, шығармашылықты жаңа сатыға көтеріп аудиторияны кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Филиалды техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі.
Арнаның жеке таратылым уақыты 14 сағат. Таратылым рейтінгі бүгінгі күні жоғары, оны облыс тұрғындарының хабарласуы, телефон шалуы, түрлі бағдарламаларға белсенді қатысуы дәлелдеп отыр. Сонымен бірге жарнамалық қызметке жүгінгендер санының артуы да осыған дәлел. Тұрғындардың жоғары қызығушылығын танытатын хабарлар арасында «Ақмола ақпарат» ақпараттық бағдарламасы, «Өзекті мәселе», «Қалайсың, қайран ауылым?», «Не детские вопросы»,«Живой родник», «Мы научились», «Қайықта», «Армысың, Ақмола!», «Бір бала» телехабарлары бар.
Өткен маусымдарда республикалық, облыстық байқауларда талай мәрте жүлделерге ие болған талантты журналистер Мадина Смағұлованың «Леди совершенство», «Музыкальное путешествие», Гәкку Асылбекқызының «Жағажайдағы сырласу», «Тарихыңды таны», Жанат Жанұзақтың «Ақынның - сөзі аманат», «Арқаның ән бесігі», «Күй құдіреті», Әсем Қаматайқызының «Ата көрген», «Той түлеткен Астана!» сияқты хабарлар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ал биылғы маусымда Наталья Анфимованың «Не детские вопросы», Наталья Дементьеваның «Живой родник». «Благодарю тебя, учитель!», Ақерке Ерболаттың «Армысың, Ақмола!», Гәкку Асылбекқызының «Ана - өмірдің шырағы», Бағлан Иманғазиновтың «Теле-хи-хи-ха», Бибінұр Көкірованың «Мың алғыс саған, ұстазым!», Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, барлық журналистер мен режиссерлер ат салысып отырған тележурнал, т.б. тың хабарлар көрермендер көңілінен шығуда.
## Дереккөздер
## Сiлтемелер
* http://kokshetautv.kz
* http://kokshetautv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы.
* http://kokshetautv.kz/kz/news
* http://kokshetautv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 10 тамыздың 2014 жылы.
* http://kokshetautv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 8 тамыздың 2014 жылы. |
ERTIS — Павлодар облысының жергілікті телеарнасы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1961 жылғы 28 ақпанда Павлодарда телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктем айында ғимараттың құрылысы басталып, мұнараны монтаждау басталды. 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығара бастады.
## Тарихы
1961 жылы 28 ақпанда Павлодар қаласында телеарна өз жұмысын бастады.
1966 жылға дейін студия аптасына екі мәрте хабар берсе, 66 -жылдың 1-қаңтарынан хабар көлемі ұлғая түсті. 1970 жылы Павлодар телестудиясында бірінші жылжымалы телестанция пайда болды. Тәулігіне 5 сағат хабар таратылды. Фильмотека мен жеке мұрағат жасалды.
1971 жылы Павлодар радиотелеорталығы Қазақстан КСР-де бірінші болып бейнежазу аппаратурасын пайдалануға енгізді. 1975 жылдың қаңтарынан бастап Тереңкөл ауданының “Октябрь” және “Лебяжі” кеңшарларында ретрансляторлар іске қосылды. Ал маусым айында республикалық телевидение хабарлары техникалық сынақтан өткізілді. 70-жылдары Мәскеу, одан сәл кейін Алматы хабарлары экранға шықты. Басты бейнелеу құралдары-ақ және қара түсті кино мен фотосуреттер болды.
1979 жылы Қазақ КСР-де бірінші рет Павлодарда біртіндеп түрлі-түсті телехабарлар беруге көшу жүзеге асты. 1983 жылы қажетті жабдықтар толық жеткізілді. Түсті телевидениені бүкіл Павлодар облысы көре бастады. 80-жылдың бас кезінен-ақ студияның өндірістік алаңдары кеңейтілді. Егер бұрын тікелей трансляциялар аумағы небәрі 100 шаршы метрлік кіші студиядан беріліп келсе, 1980 жылы алаңының көлемі бұрынғыдан үш есе үлкен жаңа павилион салынды. Елге белгілі (үлкен) шығармашылық ұжымдарды жазуға мүмкіндік туды. Тіпті сол жылдары студияның өзінде балалар хоры болды. Павлодар студиясы республикада ең мықтылар қатарында аталды, онда еңбек ететін журналистерге республикалық маңызы зор жауапты хабарлар жүктелді.
1983 жылы студия толығымен түрлі-түске көшті. Ал 1987 жылы телеорталық «Перспектива» түрлі-түсті жабдығының жаңа түріне ие болды.
1990 жылы студия өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. 90-жылдардың бас кезінде студияны техникалық қайта жарақтау жүзеге асырылды. Сапалы бейнетүсірілім жасау, эфирге материалды жедел беру үшін портативті аппаратура пайда болды. 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында телевидение компьютерленді, оның техникалық мүмкіндігі кеңейтілді, шығарылған өнім сапасы артты.
2002 жылы Павлодар телестудиясында цифрлық (сандық) телевидениеге көшті.
Студия павильонын жарақтандырып, қайта безендіру жүргізілді. 2008 жылғы қыркүйектен бастап жалпы алаңы 300 шаршы метрлік телевидениенің үлкен студиясындағы арнайы жарықтандыру құралдары өзгертілді.
## Бағдарламалар
* «Туған тіл - байлығым»
* «Айтарым бар...»
* «Ауыл және адамдар»
* «Өндірісті өлке»
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://pavlodartv.kz
* http://pavlodartv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://pavlodartv.kz/kz/news
* http://pavlodartv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://pavlodartv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. |
Салиха Канаева (1 ақпан 1955 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Мөнекей ауылында туған) – «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филалының 1991-2013 жылдар аралығындағы тележүргізушісі, дикторы, режиссері, бас режиссері.
## Өмірбаяны
Төре руынан шыққан.
* 1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында сегізжылдық мектепте мұғалімдік қызмет істеді.
* 1975-1981 жж. - Өскемен педагогикалық институтында оқып, география және биология мамандығы бойынша бітіріп шықты.
* 1981-1998 жж. - Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы интернатта аға тәлімгер, тәрбиеші болып, география, әдеп пәндерінен сабақ берді.
* 1991-1998 жж. - интернаттағы негізгі жұмысымен қатар «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында штаттан тыс тележүргізуші болып, «Ақжолтай» сазды-бағдарламасын 10 жыл жүргізді.
* 1998-2003 жыл жж. - «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жұмысқа қабылданып, танымдық және сазды бағдарламалар жүргізіп, ақпаратты-саяси хабарлар мен жаңалықтарда диктор болды.
* 2002 жылы Алматы қаласындағы «Хабар» Агенттігі жанындағы телевизиялық студия мектебінен ТВ режиссурасы бойынша білімін жетілдіріп, 2003 жылдан бастап режиссер қызметін атқарды. Телевизиялық ток-шоулар, концерттік бағдарламалар түсірді, эфирге тікелей эфирлер беріп, бағдарламалар дайындады.
* 2007 жылы аға режиссер, ал 2009 жылы бас режиссер қызметіне ауыстырылып 2011 жылға дейін республикалық маңыздағы телекөпірлер, телемарафондар өткізіп, маңызды саяси іс-шаралар барысын тікелей трансляция жасады.
* 2011 жылы инженерлік-техникалық бөлімге ауыстырылып 2013 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бейнеинженер болып жұмыс істеді.
## Жетістіктері
* 2001 жылы Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Өскемен қаласы бойынша өткізген «Шығыс маржаны» байқауының «Кадрдағы әйел» номинациясы бойынша жеңімпазы.
* 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарама төрағасының алғыс хаттары және мақтау қағаздары.
* 2011 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
## Дереккөздер |
AQJAIYQ — Батыс Қазақстан облысының жергілікті телеарнасы. Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. 1964 жылы 15 тамызда Орал телеарнасының тұсауы кесілмес бұрын облыстық телевизия және радио хабары комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып сол кезде Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген жергілікті маман Наурыз Сыдықұлы Сыдықов бекітілді. Облыстық телерадио ұжымын ширек ғасырға жуық басқарған ол басқарушылық қабілетімен телестудияның аяғынан қаз тұруына өзіндік үлес қосты. Биыл филиал басшысының бастамасы бойынша Орал қалалық мәслихатының шешімімен телестудия орналасқан көшеге Н.Сыдықовтың есімі берілді.
Одан кейінгі әр жылдары ұжымның тізгінін ұстаған Молдағали Рысқалиев, Ғарифолла Көшенов, Махамбет Машекенов, Мнир Сулейманов, Шавхат Өтемісов (қазір ҚР парламенті мәжілісінің депутаты) облыстық студияның дамуында өз іздерін қалдырды. «Қазақстан – Орал» телеарнасының қазіргі ізденістері мен табыстары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистік факультетінің түлегі, еңбек жолын осы студияда редакторлықтан бастаған Асыланбек Ғұбашевпен байланысты.
Ал теледидар тарихы туралы сөз болғанда арнаның алғашқы буын қызметкерлері болған А.Вдовин, А.Иночкин, Е.Қасенов, С.Ғұмаров, Л.Архипов, М.Нұғманова, С.Ғазизов, Ю.Юмашева, Н.Чесноков, Ғ.Тұрғаналиев, А.Дош, Ж.Габдуллина,А.Агелеуова, Л.Глазова, Р.Кабашева, Т.Гилманова, Г.Корчагина А.Қарасаева, А.Садомсков, К.Чукеев, С.Власов, В.Иванов Е.Чернов, И.Чеботарева, Т.Яценко, Л.Словцов, В.Ситник, З.Ляпина, Е.Киняхина, Л.Власова, В.Наугольнов, С.Квятковский, Р.Алексеева, В.Рассолов есімдері алдымен аталады.
Күнделікті жалпы эфир уақытының ұзақтығы 3-4 сағат болды. Бағдарлама жаңалықтар мен бір-екі хабардан және көркем фильмдер көрсетуден тұрды. Бастапқы уақытта хабарлар мен жаңалықтарды беруде фотосуреттер пайдаланылды. Кейін кинокамералар алынған соң фотосуреттерді қара – ақ түсті кинопленкалар ығыстыра бастады. Дегенмен фототілші штаты 15 жылдай сақталды.
Облыстық арна ашылған тұста одақтық және республикалық телевизияның қызметі әлі облыс орталығына жете қоймағандықтан оралдық көрермендер жергілікті хабарларды жіті қадағалап, жібермей қарайтын.
Телестудияның алғашқы буынына сәл кейінірек редакторлар Б.Далабаев, С.Қабашев, Қ.Миханов, В.Бучкин, М.Мұхитдинов, М.Никитин, Ю.Баев С.Абылаев, А.Салықов, Л.Корина, Т.Әліпқалиев, Б.Қуатов , М.Есламғалиев, Г.Доронин, Н.Крылова, С.Берхаиров, С.Сариев, Р.Калиев, Р.Таукина, Б.Мұхамбетәлиев, Т.Горбатова, В.Галактионова, Б.Баймұқанова, С.Хан, В.Григоркина, Е.Айпишев, А.Иманбаев, З.Өтепбергенова, С.Темешов, А.Ғұбашев, А.Нәріков, К.Камбетова, режиссерлер Н.Баймукашев, Н.Тухватуллина, М.Сулейманов, И.Гелешвили, Ә.Аманғалиева, С.Ғазизова, Ж.Салықова, Р,Жакенова, В.Юртаева, М.Бұлқашева, дыбыс режисерлері Б.Годунов, Р.Пицеевич, А.Қуатова, Ж.Сабирова, О.Тәженов, Н.Дүйсенов, Қ.Жүсібәлиева, Ж.Қағазбекова, инженерлер А,Каверин, Л.Титова, З.Ақбаева, А.Сурков, Е.Литвинов, дикторлар Қ.Төлеуішов, Л.Глазова, Ө.Қуатов, С.Нәбиуллина, Т.Құсайын, операторлар А.Әжімұқанов, С.Сұлтанғалиев, В.Горбатов, А.Водолазов, Б.Шляпин, Ю.Шляпин, В.Рубцов, С.Аббасов, С.Дияров, студия операторлары П.Неверковец, В.Гришин, В.Писаренко, В.Еремин, В.Петренко, Р.Ищанов, жарық беруші А.Иванов, пленка монтаждаушылар А.Парфенкова, З.Лебедова, З.Ляпина, Н.Попова, Г.Бектурлина қосылды. Суретшілер С.Муттер, Э.Ипмағамбетов, машинисткалар Р.Бисенғалиева, М.Қонашева, бутафор –декоратор Қ.Есқалиева, Т.Мартынова, Р.Елеубаева. Бұл буын негізінен хабарларды эфирге тікелей берді.
Облысқа іс-сапарлармен келген еліміздің танымал өнер адамдары мен ақын-жазушылары да студияға ат-басын бұрмай кетпейтін. Нәтижесінде көрермендер КСРО халық әртістері Б.Төлегенованың, Х.Бөкееваның, Е.Серкебаевтың және басқа да әйгілі өнер жұлдыздары мен Ж.Молдағалиев, С.Сейітов секілді белгілі ақындармен дидарласу мүмкіндігіне ие болатын. Арнаның шығармашылық ұжымы өз жұмыстарын одақтық және республикалық эфирден де көрсетуге тырысты. КСРО кезінде Орал студиясы дайындаған бағдарлама екі рет Мәскеуден, бірнеше рет Алматыдан берілді.
Тек 1979 жылдан бастап Орал телестудиясы бірқатар қара ақ түсті бейнетаспамен алдын ала жазып эфирге бере бастады. Телеарна алдымен өз заманының айнасы іспеттес. Облыстық теледидар ұжымы 60-70-ші жылдары Кеңес Одағының Батырлары М,Мәметова,С,Есқалиев,Е.Орақбаев пен тыл және тыңайған жерлерді игеруге атсалысқандар туралы онға тарта деректі фильмдер түсірді. Сапуатолла Ғазизов Кеңес Одағының Батыры , Жаңақала ауданындағы «Красногор» жылқы зауытын басқарған Есен Орақбаев туралы «Директор», осы ауданның мал азығын дайындаушы «Сәуле» тракторшы қыздар бригадасының жұмысы жөнінде «Аққу қыздар» деректі фильмдерін дайындады авторы (С.Ғазизов, операторы А.Әжмұқанов).
Облыстық студияның тақырыптық хабарлар редакциясы сонымен бірге әдебиет пен өнер мәдениет мәселелерін қамтитын хабарлар да дайындады. Қоныс Миханов «Жайық толқыны» тележурналының, Мұқадес Есламғалиев «Жұлдыз» телеальманағының авторы болды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жастарға арналған «Уақыт және біз», «Жұмысшы ізбасарлары» дайындалды.
1986 жылы студия түрлі түсті хабарлар дайындауға жағдай жасаған тағы бір оқиға болды. Ол Южно - Сахалинск қаласынан алдырылған үшінші ПТВС еді. Сол кезде қолға алынған «Серпін» бағдарламасын әзірлеуде осы ПТВС кеңінен пайдаланылды. «Серпін» телевизиялық станциясының сондай бір хабары облыс орталығынан 150 километр қашықтықтағы Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының орталығынан дайындалды. Авторы Б.Мұхамбетәлиев, режиссері Ж.Иманғалиева. Техника жетістігін пайдаланып студиядан шалғай жатқан ауданнан бағдарлама әзірлеу ұжыммен қатар көрермен үшін де елеулі оқиға болды.
Орал телеарнасында өнер мен мәдениетті насихаттауда, оның проблемаларын көрсетіп шешуге Ботакөз Баймұқанова елеуі үлес қосты. 80- 90-шы жылдары ол дайындаған «Халық таланттары», «Терме», «Ән құмарлар клубы, «Дидар» циклдарының хабарлары осы міндеттерден көріне білді. Кейін Б:Баймұқанованың жастар тәрбиесі мен ұрпақтар түсіністігіне және отбасы бірлігіне арналған ұлттық «Ақ отау», «Қыз Жібек», «Айқаракөз» хабарлары көрермендердің жылы лебізіне бөленген бағдарламалар болды.
Өткен ғасырдағы 90-шы жылдардың басында батыс қазақстандықтардың сүйсіне қараған хабарларының бірі кешкі уақытта берілген «Ақшам» бағдарламасы еді. Хабарды, оның авторлары, қос журналист С.Абылаев пен Б.Мұхамбетәлиев жүргізді. Осы кезде тікелей эфирде жүрген «Обратная связь» бағдарламасының рейтингі жоғары болды. Оны құрамында Л.Корина, Г.Доронин, В. Григоркина, Н.Крылова, режиссерлер Н.Баймукашев, Г.Корчагина, В.Юртаева, дыбыс режиссері О.Тәженов бар шығармашылық топ дайындап отырды.
Бүгінде «Қазақстан – Орал» телеарнасы бойынша тәулігіне 14 сағат, ал аптасына 98 сағат бағдарламалар беріледі. Аптадағы хабарлардың 21 сағатын республикалық, 5 сағатын облыстық мемлекеттік тапсырыс құрайды. Арна бойынша тәулік сайын эфирге беріліп отырған төл хабарлардың 4 сағаты тың бағдарламалар. Оның 60 пайызы қазақ тілінде дайындалады.
Таң сәріден ұсынылатын «Қайырлы таң» ертеңгілік бағдарламасы көрермендердің көңіл күйін көтеріп, мәдени-көпшілік шаралардан үздік шыққан жандардың жұмыс кестесінен хабардар етіп, тұрмыстық жәйттер бойынша пайдалы кеңестер береді. «Наркескен», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Ой дода» ток - шоу хабарлары мен «Жебе» пікір талас дөңгелек үстелі ерекше орын алса, кейін олардың орнын «Бізбен бірге» бағдарламасы басты.
Орыс тілді аудиторияға арналған «Прямая речь» хабарында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселелері жергілікті ғалымдары мен тіл мамандарының, ұлттық – мәдени орталық өкілдерінің, жалпы тіл жанашырларының қатысуымен талқыланады.
«Қазақстан – Орал» телеарнасында ұлттық рухты көтеруге арналған бағдарламалардың бірін бірі толықтыруы ескерілген. Журналистік зерттеу мен деректі дүниелерге сүйенетін М.Балмолдиннің «Алтын бесік» бағдарламасының жүгі осындай. Егеменде еліміздің жастарына патриоттық тәрбие беруді насихаттауға лайықты қосқан үлесі үшін «Намыс» хабарының авторы Гүлмира Тілеубаева ҚР Ішкі Істер министрлігінің «Қайсар» төс белгісімен марапатталды. Тілді дамытуға белсенді және нәтижелі атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің бас жүлдесі мен сыйлығына «Қуыр, қуыр, қуырмаш» хабары (авторы Надежда Бишаева) ие болды. Репортаждық жанрға негізделген «24 сағат» хабары дәрігер, такси жүргізушісі, учаскелік полиция инспекторы, секілді қызметкерлердің тәулік бойғы кәсіптік жұмысын көпшілікке 2008-2009 жылғы телемаусымда кеңінен таныстырды.
Ресейдегі қазақ диаспорасының өмірі туралы «Қарлығашым сәлемімді айта бар», халық шығармашылығына арналған «Қара өлеңде өмір қалған» суреттемелері мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелерін көтерген «Жануардың көз жасы» фильмінің авторы Асыланбек Ғұбашев қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтың шығармашылығы мен өмірі туралы «Біздің Жұбан» (режиссері Н.Баймукашев,редакторы А.Нәріков) деректі туындыны эфирге шығарды. Бұдан соң деректі фильмдер қатары артты. «Абайдың қара сөздері» атты 10 сериялық фильмін және «Адамзаттың Абайы» атты телесуреттемесін ұлы ақынның 150 жылдығына жасап шығарды. Людмила Коринаның «Еще раз про любовь» фильмі түрлі республикалық байқауларда топ жарды. Баян Мұхамбетәлиевтің Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақжайық өңіріне сапарлары туралы «Елбасы», және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсанов жәйлі «Туған ел перзенті», Елорданың 10 жылдығына арналған «Ақ тілекпен, Астана!», Мұнайдар Балмолдиннің Мәншүк Мәметова туралы «Шығыс Шолпаны», мен суретші Мұратбек Жоламанға арналған «Қыздарым саған аманат», облыстық қазақ драма театрының 10 жылдығы құрметіне «Менің театрым», «Махамбет», «Үміт», Ботакөз Баймұқанованың ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы «Ақ шағала», «Ер Сейтек», оралдық әнші-термеші Сәуле Таудаеваға арналған «Айнамкөз» деректі фильмдер студияның алтын қорынан орын алды. Кейінгі буын өкілдері Гүлмира Тілеубаеваның «Жымпитылық немістер», Светлана Федулееваның «Шолохов в Приуралье», Гүлжан Көнееваның «Жалпақталдағы жасырын жастар ұйымы», Х.Есенжановтың 100 жылдығына орай «Даланың дархан дарыны», Артур Мағзомовтың Тайыр Жароковтың 100 жылдығына «Нар тұлға», Ақсәуле Бәйменшинаның Мұхит Мерәліұлының шығармашылығын бейнелейтін «Ән-арман» деректі фильмдері дүниеге келді. Бұл телефильмдер «Жайық өңірінің телешежіресі» атты фильмдер цикліне кіреді.
Орал телестудиясында отыз жылға жұмыс істеп келе жатқан журналист Свелана Ханның танымал авторлық бағдарламалары баршылық. Соның бірі өмірдің ащысы мен тұщысын айна қатесіз бейнелейтін «Из жизни» бағдарламасы.
Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай корпарация басшылығы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауына қатысқан «Қазақстан-Орал» телеарнасының шығармашылық ұжымы дайындаған «Жалпақталдық жастардың жасырын ұйымы» туындысы (авторы Г.Көнеева, режиссері Н.Тухватуллина, опраторы Р.Ғазезов, монтаждаушы оператор Н.Ғимранов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов ) бірінші жүлдеге ие болды. Сонымен қатар орыс тілінде дайындалған деректі фильмдер «Апа» (авторы Р.Сатқанова, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтаонов, оператор Р.Садыров, монтаждаушы операторлар С.Болтанов, Н.Ғимранов) «Преодоление»(авторы Д.Рамазанов, оператор Р.Садыров, режиссері А.Қонашева, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов, монтаждаушы оператор А.Аймұратова), «Неразрывная связь» (авторы А.Джампеисова, операторлары Р.Садыров, Р.Ғазезов, дыбыс режиссері М.Қансұлтанов) ерекше аталды. 2008 жылы ХІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде А:Байменшина репортаждық жанрдағы «Нысана» хабары үшін «Журналистика» аталымы бойынша лауреат атанды.
Орал өңірінің көрермендері аптаның бес күнінде тәулігіне бес рет облыс арнаулы жаңалықтарымен, соның ішінде төрт рет тың жаңалықтармен таныса алады. Бұл «Ақжайық» ақпараттық бағдарламасының редакциясы құрылуы арқасында мүмкін болды. Арнайы редакция болып құрылған кезде оған бірінші болып А.Салықов жетекшілік жасады, одан кейін К.Қамбетова басқарды. Жаңалықтар қызметі журналистік төселудің тай қазаны. Сондықтан кейінгі буын өкілдер кәсіби шеберлігін шыңдаған журналистерге айналды. Олар – Л.Елеу, Е.Әбіш, Ә.Русалиева, Б.Базарбаева, Т.Рудаметова, Т.Жұбанышов, Д. Темірғалиева. Жаңа келген жастар Р.Диалиевтың, Т.Кенжеғалиевтің, Г.Өтепованың, С.Бораншиеваның олардан үйренері аз емес.
1980 жылы түрлі-түсті пленкаға көшкен Орал телестудиясы, 1989 жылдан бастап түрлі-түсті бейнетаспамен жұмыс жасауды қолға алды. Ал 2003 жылдан облыстық телевизия толықтай сандық форматқа көшірілді.
«Қазақстан – Орал» телеарнасы осы заманғы сандық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталды. Оларды қазір бейнетүсіру операторлары С.Дияров, Р.Ищанов, Р.Ғазезов, Н.Идиров, Т.Тоқмамбетов, Е.Меңдіғалиев, Т.Қажымов, монтаждаушы операторлар Е.Қонашев, Р.Базаров, С.Болтанов, Н.Халитов, Н.Ғимранов, А.Қағазбеков, А.Аймұратова, дизайнер Н.Хайруллина, дыбыс режиссердері М.Қансұлтанов, Ж.Құмаров, бейнеинженерлер А.Еламанова, В.Караваев, Б.Шаңғалиев, В.Коваленко өз қызметінде пайдалануда.
Арна қызметкерлері тегістей компьютермен жұмыс істеп, интернетті кеңінен пайдалануда. 2003 жылдан бастап «Қазақстан Орал» телеарнасының бағдарламалары «Кателко» ғарыштық жүйесі арқылы облысқа тарай бастады. 2007 жылдың 1-ші сәуірінен облыстық радио хабарлары да ғарыш арқылы таралу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда облыстың 98 пайызы «Қазақстан» Ұлттық арнасының жиілігінде тарайтын облыстық телехабарларды көріп келеді. 28-ші дециметрлік «Қазақстан-Орал» телеарнасының хабар тарату кезіндегі елді мекендерді қамту аймағы 50-60 км радиус шамасында.
2010 жылдың 9 қыркүйегінен бастап барлық аудан орталықтары мен ірі елді-мекендер «Қазақстан-Орал» телеарнасын 14 сағаттық бағдарламасын көре бастады.
Филиалдың кәзіргі жоспары – материалдық базасын кеңейтіп, жаңа үлгідегі телестудия салу.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://oraltv.kz
* http://oraltv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 17 ақпанның 2015 жылы.
* http://oraltv.kz/kz/news
* http://oraltv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 17 ақпанның 2015 жылы.
* http://oraltv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 17 қазанның 2014 жылы. |
JAMBYL — Жамбыл облысының жергілікті телеарнасы. Терең тарихы мыңжылдықтар қойнауынан сыр шертетін Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телерадиоарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс жылнамасындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым еді.
Алғашқы кездері телеарна эфирге аптасына екі-үш мәрте шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Алғашқы кезде негізінен хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай толық күрделі жөндеуден өткізіліп және техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға басыбайлы берілді. Сонымен қатар Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ Соның нәтижесінде жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.
1990 жылы елімізде тұңғыш рет «Желтоқсан жаңғырығы» фильмі «Жамбыл» телеарнасында жарыққа шығуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл фильм кейіннен барып Республикалық арналарда көрсетілді. Облыстың ақпарат кеңістігінде әр жылдары ЖТД, Қазақстан – Тараз деп аталып келген телерадиоарнаға 2017 жылы ребрендинг жасалып, «JAMBYL» атауы берілді.
30 жылдан астам телеарна аймақтың мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосып келеді. Аймақ айнасы 2019 жылы өзінің 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті.
Телерадиоарнаны басқарған азаматтар:
1. Әбжан ЖАҚСЫБЕКОВ
2. Елен ӘЛІМЖАН
3. Мұса РАҺМАНБЕРДІ
4. Әлмұқан ИСАҚ
5. Бекет МОМЫНҚҰЛ
6. Әлібек ЖАРТАЙҰЛЫ
7. Қалыбек АТЖАН
8. Аязби АҚБЕРГЕНҰЛЫ
9. Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
10. Жасұлан ӘБДІХАЛЫҚ
11. Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ
12. Гүлбаршын ҚҰЛАНБАЕВА (қазіргі директор)
Телеарнадан түлеп ұшқан көптеген азаматтар елге белгілі тұлғаларға айналды.
Қазігі «JAMBYL» телерадиоарнасы – уақыт талабын тақымдап келеді.
Корпорацияның филиалдары арасында – шағармашылық жағынан да, қаржылық табысы жөнінен де жылдар бойы үздік бестіктің ішінде.
Барлығы штатта 75 қызметкер және азаматтық келісім –шарт бойынша 15 адам жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы жоғары білімді.10 пайызы орта арнаулы оқу орындарын бітіргендер.
«Қазтелерадио» АҚ, «OTAU TV» және кабель операторлары: «Алма ТВ», «ID TV (Alcatell)») Республика көлеміне таралып отыр.
Тәулігіне 17 сағат эфирдің 80 % - қазақ тілінде; 20 %- орыс тілінде
Оның ішінде өзіндік өнім 71 пайызды құраса, қалғаны кино және басқа да өнімдер.
Күнделікті 3 мезгіл жаңалықтар қызметі тікелей эфирге шығады.
Аптасына 30-дан аса хабар көрерменге жол тартады.
Ал, ғасырға жуық тарихы бар «JAMBYL» радиосы 100.8 жиілігі арқылы тәулігіне 2 сағат хабар таратады. Бүгінде радио қоржынында 19 хабар бар. Күнделікті тікелей эфирде «Жаңалықтар» эфирге шығады. Радионың аға жетекшісі – белгілі қаламгер, сатирик Бақытжан Советұлы Әлімқұов.
Жаңалықтар мен хабарларда аймақ тынысы, сан саланың қыруар жұмысы қамтылады. Ауыл тіршілігі, мемлекеттік бағадарламалардың орындалуы, шалғайдағы шаруа да – телеарна эфирінде.
Сонымен қатар, ел тарихындағы елеулі оқиғалар мен елге белгілі тұлғалардың таспаға басылған тарихы да – телерадиоарнаның алтын қорында!
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://taraztv.kz
* http://taraztv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://taraztv.kz/kz/news
* http://taraztv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://taraztv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. |
Керей – Теңіз көлі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданының батысынан ағып өтеді.
## Бастауы
Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 3490 км2. Негізгі салалары: Талсай, Қарасу, Басыақтұма. Жайылмасының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының ортаңғы, төменгі ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы сағасында 0,55 м3/с. Суы ауыз су ретінде, жайылымдарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабында жайылмасын көлдете суғару үшін салынған бөгеттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м3) бар.
## Дереккөздер |
SARYARQA — Қарағанды және Ұлытау облыстарына хабар тарататын жергілікті телеарна.
## Тарихы
* 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.
* 1961 ж. 1 Мамыр күніне арналған еңбекшілердің шеруінен ЖТС жүйесі арқылы алғаш бағдарлама жасалды.
* 1962 ж. «События и люди», «Жаңалықтар» атты күнделікті ақпараттық бағдарламалар өмірге енді.
* 1963 ж. Қарағанды телевизиясының бағдарламасы Республикалық арна бойынша алғаш рет көрсетілді.
* 1964 ж. Орталық телевизияға алғашқы шығу. «На дорогах семилетки» атты Қарағанды телеарнасының туындысы Мәскеуде және Киевте көрсетілді. «Совхоз называется «Киевский» атты телефильм КСРО мемлекеттік телерадиосының үш дипломымен марапатталды.
* 1968 ж. Композитор Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ғасыр шегі» атты алғашқы түрлі-түсті телевизиялық фильм жасалды
* 1975 ж. Қазақ теледидарының Орталық «Орбита» жүйесі бойынша бағдарламаларды қабылдауы басталды.
* 1984 ж. Бірінші рет түрлі-түсті жазылған «Табиғат терезесі» бағдарламасы дүниеге келді.
* 1986 ж. Орталық телеарна экранына Қарқаралылық «Салтанат» ансамблі жайында «Аңыздар әлеміне саяхат» атты бейнефильмі шықты.
* 1987 ж. Республикамызда алғашқылардың бірі болып «Нет одинокой старости» телемарафоны өткізілді. Жиналған қаржыға Қарағанды қаласында жалғыз басты қарттарға арналған медбикелік күтім емханасы ашылды. Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді қорғауға арналған телемарафон өткізілді.
* 1990 ж. Кеңестік және жапондық космонавтардың қонған жерінен Жапонияға тікелей көрсетілім Қарағанды жылжымалы телестанциясы арқылы жүзеге асты.
* 1996 ж Алматыдан спуитниктік байланыс жүйесімен бағдарламалар қабылданды.
* 2000 ж. Елбасының қатысуымен Қарағандыда өткен алғашқы Президенттік шыршаның тікелей көрсетілуі өткізілді.
* 2001 ж. Бірінші халықаралық «Щелковый путь-2001» туристік фильмдер фестивалінде «Арқаның меруерт айнасы» фильмі «За любовь родной природе» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған «Үздік публицистикалық бағдарлама» телебайқауында «Көк адырда көп белгі», «Ұлытаудың ұлары жоқ» телехабарлары бірінші орынды жеңіп алды.
* 2003 ж. Спутниктік жүйе арқылы облыстың барлық аймағына бір сағаттық ақпараттпен қамту мақсатында спутниктік жүйе«КАТЕЛКО» қабылдау-тарату станциясы іске қосылды.
* 2004 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Жазғы театр ғимараты алдында қала тұрғындары және кеншілермен болған сұхбаты тікелей эфир арқылы жүзеге асты. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған республикалық телебәйгеде «Ауыл жылына» арналған циклдық бағдарламалары жеңіске жетті.
* 2006 ж. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жариялаған республикалық байқауда «Сары-Арка-колыбель дружбы» атты циклдық телехабары азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім тақырыбын ашқаны үшін екінші орынды жеңіп алды.
* 2007 ж. Қарағандыда қазақ телевизиясының 50 жылдығына арналған республикалық аймақтық «Дидар» телефестивалінің алғашқы тұсаукесері болды. Оған Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының телевидение өкілдері қатысты. Фестивальдің әділқазылары Қарағанды телеарнасының жетістіктерін жоғары бағалады. Байқауда «Теледидар – менің тағдырым» хабары жеңімпаз деп танылды. «Алтын аймақ адамдары» номинация бойынша «Архивы будущего» деректі фильм екінші орынды иемденді.. Қазақ теледидарының 50 жылдығына арналған көрме сайысында Қарағанды телеарнасы үздік шықты.
* 2008 ж. Қарағанды облыстық телевидениесіне 50 жыл толды. Осынау аралықта 50-ге тарта қызметкерлер жемісті еңбектері үшін әртүрлі марапаттарға ие болған. Олардың арасында «Мәдениет қайраткері» бар.Онға тарта журналистер мен режиссер, телеоператорлар облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын алды.
* 2009 ж. «Қазақстан - Қарағанды» теле арнасының «Сіз бен біз» ток-шоу хабары республикалық телебайқауда үшінші орынды иеленді.
* 2010ж. Тележурналист Ә. Тойжігітов «Нұр Отан» ХДП-ның «Көзқарас» аталымы бойынша республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығын жеңіп алды.
2010-2011 жылдары «Қазақстан-Қарағанды» теле арнасының 26 өзіндік хабары қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығады. Тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Мұның 50 пайызы өз өнімдері. Көрермендермен сұрақ-жауап жүргізгенде олардың 94 пайызы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына үлкен сенім артты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://kartv.kz Мұрағатталған 9 тамыздың 2014 жылы.
* http://kartv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 9 тамыздың 2014 жылы.
* http://kartv.kz/kz/news
* http://kartv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 11 тамыздың 2014 жылы.
* http://kartv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 9 тамыздың 2014 жылы. |
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (қысқаша Аманжолов университеті, ШҚУ не АУ) – көп жылдық тарихы бар Қазақстанның ескі университеттер қатарына кіретін, сондай-ақ, жаратылыстану және гуманитарлық бағытта білім беретін жоғары оқу орны.
* 1952 ж. Өскемен педагогикалық институты ретінде құрылған.
* 1991 ж. университет мәртебесі берілді.
* 2003 жылдан С.Аманжолов есімімен аталады.
Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. Мәмбетқазиев, Ж.Уәлиев, А. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті. Университеттің Моңғолияда шетелдік бөлімшесі жұмыс істейді. Университетте Н.Ә. Назарбаев атындағы Жоғары инновациялық білім беру технологиялар орталығы (ЖИБТО) ашылған. Оның негізгі мақсаты электронды оқу материалдарын, электронды кітапханалар, мультимедиалы зал, оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын, т.б. дайындау болып табылады. Жалпы университеттік электронды ақпараттық желі және білім беру порталы жұмыс істейді. Университеттің 5 ғылыми-зертеу институтында, 4 ғылыми-зерттеу зертханасында, Түркітану орталығында негізгі және қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Университет бастамасымен жыл сайын облыстық “Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық семинарлар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік тілді үйренудің тиімді тәсілдеріне арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар енгізілген.
## Бүгінгі университет құрылымы
Құрамына 4 факультет кіреді:
* Экономика және құқық факультеті
* Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті
* Психология, педагогика және мәдениет факультеті
### Университет бүгін
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет білім берудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу базасын кеңейтіп, жоғары сапалы білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Университет түлектері жұмыс нарығында бәсекеге сай және Қазақстанда, шетелдердің түрлі экономикалық салаларында қызмет етуде.
### Университет құрылымы
Университет құрылымы (2015 жылдан бастап): 4 факультет (жаратылыстану ғылымы, математика, физика және технологиялар; экономика және құқық факультеті; психология, педагогика және мәдениет факультеті, тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті) және 19 кафедра. 4 факультетте 45 бакалавриат мамандығы бойынша, 30 магистратура және 3 докторантура мамандығында білім алуда. Университетте 400-ден астам жоғары білікті оқытушы қызмет етуде, оның 19-ы ғылым докторлары және 150-ден астамы ғылым кандидаттары мен Phd докторлары.Білім беруді интеграциялау мақсатында университетте жаңа ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру құрылымдары ашылған. 2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды. 2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды.
### Университет құрылымдарының жұмысы
Университет құрылымдарының жұмысы 2014 жылдың 13 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кеңесі мен ЖОО-ның оқу және әкімшілік құрылымдарының жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2015-2020 жж арналған даму стратегиясы» жоспары негізінде іске асырылуда. Университеттің міндеті: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде университет ролін алдыңғы қатарлардан көрсету, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін бәсекеге сай мамандарды даярлау.Университетте 2014 жылы SMART-университет енгізу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Университеттің техникалық регламентінің құжаттары бекітілген; университет ішінде электронды құжат айналымы жүргізілуде, ақпараттық-білім беру порталының жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қосылды; электронды форматқа көші білім беру бағдарламарын құру бойынша факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің қатысуымен семинарлар, коучингтер жүргізілді; Университетте 2014 жылы автономияға көші және корпоративтік басқару принциптерін енгізуге көшу Жоспары құрылды. Университете алыс және жақын шетел студенттері білім алуда.(Моңғолия, ҚХР, РФ, Өзбекстан және т.б.)
## Ғылыми және инновациялық жұмыстың негізгі бағыттары
ШҚМУ-да ғылыми-зерттеу жұмысы (Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана, «Экология» ғылыми-зерттеу орталығы) «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы, біліктілікті растау орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және университет кафедралары негіздерінде жүзеге асырылуда. Университеттің негізгі ғылыми бағыттары: Физика, нанотехнология,табиғи және технологиялық және әлеуметтік-экономикалық процесстерді математикалық үлгілеу аймағындағы фундаменталды зерттеулер.Шығыс Қазақстанның генетикалық ресурстарын пайдалану және толықтыру үшін дәнді дақылдар биотехнологиясын құру.
Шығыс Қазақстанның флорасы мен фаунасының мәселелерін зерттеу және аймақтың био әртүрлілігін сақтау. Алтай, Шығыс Қазақстанның және жалпы аймақтың әдеби мұрасының тарихы мен мәдениетін зерттеу.Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы фундаменталды, ғылыми зерттеу және инновациялық, ғылыми-техникалық жұмысты дамытуға бағытталған.Жылдан жылға университет студенттері әр түрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар мен конференциялардың лауреаттары және жеңімпаздары атануда.
## Халықаралық байланыс
Университеттегі халықаралық байланыс белді мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қатынас орнатуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылы университет 71 Халықаралық келісімге қол қойған.ШҚМУ серіктестері арасында Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Түркия, Германия, Поляк Республикасы, Чехия, Франция, Швейцария, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Моңғолия және АҚШ бар. Халықаралық байланыстың негізгі бағыты біріккен білім беру бағдарламаларын іске асыру, шетел мемлекеттеріндегі оқу орындарында тәжірибеден өтіп, 2 диплом алу мүмкіндігін беру. Бүгінде университетекі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның университеттерімен (Джиогсанг Ұлттық университеті, Ченгджу Университеті), Қытай, Польша (Адам Мицкевич атындағы Университет, Вроцлав университеті), және Ресей Федерациясы (Ползунов атындағы Алтай университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б.)Университет бес халықаралық Ассоцияцияның мүшесі болып табылады: Еуразиялық университеттер Ассоцияциясы, Халықаралық Жоғарғы Академиялық мектеп, университеттер Ұлы хартиясы, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесі, Азиялық Университеттер Ассоцияциясы.
## Кәсіптік бағдар жұмысы
Кәсіптік бағдар жұмысы – университеттің студенттерді сапалы контингентпен қамтуды ұйымдастырудағы негізгі бағыттарының бірі. Маркетинг және оқу орнына дейінгі дайындық Орталығы факультет декандарымен, кафедралармен және профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп университете кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастырады. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО Білім басқармасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. ШҚО Білім мекемелерімен серіктестік және іс-қимылдың жаңа формалары дамуда: Университеттің базалық мектептерінде «Шығыстың алтын қоры» кәсіби бағдар орталықтары жүйесін құру;Униеверситеттің профессорлық-оқытушылар құрамының дайындауымен түлектер ҰБТ-ға дайындалатын «Өсу орталығы» құрылуы;Мектептегі туризмнің дамуы, университете білім беру турларын өткізу;Оқушылар үшін қосымша білім беру жобаларын іске асыру; ШҚО ББ-мен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп оқушылары үшін олимпиадалар өткізілуде. Мектеп аралық пәндер арасында аймақтық және облыстық олимпиадалар химия, қаза тілі, ағылшын тілі, биология, математика және физика пәндері бойынша өткізіледі.
### Тәрбие жұмысы
Университетте дәстүрлі түрде «ШҚМУ аруы», «Студенттік көктем», «Бірінші курс таланттары», «Би сайысы», «Counter-strike» компьютерлік ойыны форматындағы киберспорттан университет чемпионаты және т.б.Студенттер «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар лигасы» АҚ ұйымдастыратын «Жастар Отанға!», «Болашақ - біздің қолымызда», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Қан тапсырып, адам өмірін сақта», «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. сынды әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады.
Университет студенттері спорттада жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 21 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Олар: футбол, волейбол, қол күресі, бадминтон, қысқы және жазғы президенттік күрсе, жеңіл атлетика, спорттық бағдар, баскетбол, гір көтеру және т.б. алаңдары бар.
## Дереккөздер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2016 жылы. |
QYZYLJAR — «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамындағы Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті телеарнасы. 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. Әрі техникалық және шығармашылық қызметкерлер үшін ғимарат бой көтере бастады. 1960 жылы 1 наурызда өз жұмыстарын бастады.
## Тарихы
1960 жылы 1 наурызда шығармашылық ұжымды құру жөнінде алғашқы бұйрық қабылданған болатын. Дәл осы жылдың маусым айында облыстық телевидениенің тырнақалды бағдарламалары эфирге шықты. Телевидение телеридио тарату жөніндегі комитеттің құрамында болатын. Оған облыстық радио, телеорталық және телевидение студиясы енді. Комитет төрағасы қызметін Я.М.Грин атқарды. Телеорталықты И.И.Макаркин, телестудияны Е.Н.Маклаков басқарды. Телеарнаның алғашқы хабарлары облыс көрермендеріне тек тікелей эфирде ұсынылатын. Шығармашылық ұжым қоғамдық-саяси ғана емес, әдеби бағдарламаларды жасау жолында еңбек етті. Петропавлға гастрольдік сапармен келген Мәскеулік үлкен опера және балет театры ұжымының өнерін, шағын драмалық театрлардың қойылымдарын және көпшілікке танымал болған ұжымдардың шеберлігін облыс жұртшылығы осы телеарна арқылы тамашалайтын.
1967 жылы телеарнаның шығармашылық ұжымы жерлес жазушы Иван Шуховтың романы негізінде «Ойын» фильмі түсірілді. Режиссері: И.Маслов, операторы: А.Аккерт.
1968 жылы студенттік құрылыс жасақтары туралы «Планета целины» деректі фильмі түсірілді. Авторы Л.Перехрест, режиссері О.Торопкина. Ауыл еңбеккерлері арасында өткен «Золотой колос» байқауы Петропавл студиясының бастамасымен ұйымдастырылған еді. Дала жұмыстарының қорытындысы бойынша телеарнаның павильонында ауыл еңбеккерлеріне сый-сияпаттар тарту етілді. Көрерменнің ықыласына бөлінген хабарлар ретінде телевизиялық «Софит» жастар клубы, «Северянка» әйелдер клубы, «Ақ отау» әдеби телевизиялық бірлестігінің бағдарламалары және «ЗУМ» балалар хабарын атап өтуге болады.
1972 жылы алғашқы ПТВС алынды. Осы техниканың көмегімен хабарлардың дені оқиға ортасынан эфирге берілді. Алғашқысы облыстық драмалық театрда өткен КСРО-ның 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыс еді.
1982 жылы телеарна түрлі-түсті таратуға көшірілді. Павильондағы бағдарламалармен қатар түрлі-түсті киноөндірістің қыр-сыры да осы жылдары меңгерілді.
1990 жылдары жаппай телеарналарды коммерциализациялау дәуірі басталған кезде, студия ұжымы қаржы табу мақсатында қызмет етті. Белгілі бір мекемелер үшін ақылы фильмдер түсірілді. Тілші Бекмухамбетованың жетекшілігімен «СКВ Панорама» арнайы коммерциялық топ құрылды.
Эфир - тәулігіне 17 сағат. Көш басында «Есіл таңы» таңертеңгілік ақпарттық - көңілашар, «Тікелей эфирде» (қазақ және орыс тілдерінде), «Мәслихат» (қазақша, орысша), «Личный кабинет» жастар бағдарламасы, және басқа да бағдарламалар.
«Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ 2 қабатты өндірістік-әкімшілік ғимаратта орналасқан, жалпы аумағы 1841,3 шаршы метрді құрайды. Жанында телерадиохабарларды тарататын негізгі нысандар «Қазтелерадио» АҚ және «Кателко» АҚ орналасқан.
Филиалдың СҚО тұрғындарын телерадиохабрларымен қамту 70% пайызды құрайды. СҚОФ аумағы 220 шаршы метрді құрайтын кең павильоны бар, мұнда барынша көп адамды қатыстыруға мүмкіндігі бар хабарларды тікелей эфирде де, алдын ала жазу арқылы өткізуге болады. Павильон қойылымдық әртүрлі планды декорациялармен, сандық 3 камерамен жабдықталған. Сондай-ақ филиалдың радиохабарларды тікелей трансляциалау және жазу үшін заманауи компьютерлік және дыбыстық техникамен жабдықталған жеке студиясы бар. СҚОФ бейнематериалдар мен теларадиохабарларды жылдам әзірлеу үшін 5 желелілік емес компьютерлік кешенмен жабдықталған. Барлық кешендер сандық форматта, ол кез келген күрделі монтаждарды жүргізуге мүмкіндік береді.
## Бағдарламалар
* «Ақпарат»
* «Оқиғалар ортасында»
* «Тәуелсіздік шежіресі»
* «Айгөлек»
* «Ақ тілек»
* «Ауыл»
* «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
* «Денсаулық»
* «Мәслихат»
* «Тікелей эфирде...»
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://petropavltv.kz
* http://petropavltv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://petropavltv.kz/kz/news
* http://petropavltv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
* http://petropavltv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. |
SEMEI — Абай облысының жергілікті телеарнасы. 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді.
Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді.
Дәл осы күні эфирде “Семей телеорталығы іске қосылды” деп облыстық еңбекшілер депутаттары атқару кеңесінің төрағасы Дайыровтың сөзі беріліп, “Ермек Серкебев ән шырқайды” фильм-концертімен, Кеңес одағының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 20 жылдығына арналған “Жеңіс көгілдір оты” бағдарламасы берілді. Келесі күні эфирге алғашқы жаңалықтар, “Абрамцево мұражайы” телеочеркі мен “Мәскеу жұлдыздары” концерті шықты.
## Тарихы
60 жылдардың басында, теміржолшылардың мәдениет үйінде әуесқой телестудия ашылды. Осында түрлі мамандық иелері жұмыс жасады, олар түрлі хабарлар жүргізіп, фото-кинорепортаждар дайындады. Солардың бірі және бірегейі белгілі кинооператор әрі журналист Игорь Геннадьевич Бурлак еді. Ол өзінің зейнеткерлікке дейінгі бүкіл саналы ғұмырын Семей телестудиясына арнады, әлі күнге дейін жаңа буын өкілдерімен кездесіп тұрады.
Зейнеткер, белгілі анестезиолог - дәрігер Валерий Николаевич Веретенников. Ол студент шағында әуесқой телевиденияда тележүргізуші болды. Кейіннен редакторларға көмектесіп, студияның жаңа павильонында хабарлар жүргізді.
Семейдегі телерадио комитеттің алғашқы басшылары, соғыс ардагері-танкист, сол кездегі облыстық партия комитетінің екінші хатшылық қызметінен келген Келшікбай Бесапанұлы Байғожин және соғыс ардагері “Киров” крейсерінің морягі, журналистер одағының мүшесі Сержан Рамазанұлы Рамазановтар еді. Ал студия редакторлары белгілі әдебиетшілер - Надежда Чернова, Роллан Сейсенбаев, Александр Шмидт, ҚазМҰУ-дің журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Шәрбан Нұрғожиналар болды. Сол уақыттағы телестудияның алдыңғы қатарға шығуына атсалысқан режиссерлер Игорь Константинович Вишневский, Маргарита Михайловна Козина, Валерий Зарифович Гельманов, кинооператорлар Игорь Бурлак, Жарқын Жанбосынов, Владимир Дронов, Георгий Незнахин, журналистер Нариман Оспанов, Василий Захаров, Баташ Батесов, Тұрсынғали Молдағалиев, Зинаида Марьета, Сағи Мекішев , Николай Ушков, Жеңіс Хасенов, Владимир Базановтар болды. Олардың көмегімен Кеңес республикасының күндері, аудандардың теле күндері мен жергілікті театрлардың спектакльдері және концерттері, орталық телевиденияға арнайы телеочеріктер дайындалды. Телеорталықтың техникалық қызметін Борис Абрамович Шварцбург басқарды.
1971 жылы Орда тауының үстінен салынған ретранслятор арқылы Абай ауданының орталығы Қарауыл селосы Семей облыстық телевидениесінің хабарын көрген алғашқы ауданы, бұл телеорталық басшысы Б. А. Шварцбургтің еңбегі болатын. Семей телестудиясының алғашқы көрсетіліміне қатысқан, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Батташ Сыдықов кейіннен Семей облыстық телерадио комитетін ұзақ жыл басқарған үшінші басшы болды. Жидебайдағы Абай мұражайының ғылыми қызметкері, Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиев телестудияның бас инженері болған. Зульфия Омарова - диктор, Шұбартау ауданының түлегі, ұзақ жылдар көгілдір экранның көркі болған.
Телевидениенің аудандарға шығуы арқылы, жарыққа “Ауданның теле күнделігі” сияқты тұрақты хабар келді. Ол уақытта фото суреттер мен кинопленкалардың жетіспеушілігі, ауыл өмірінен толыққанды хабар беруге мүмкіндік бермеді. Ауыл өмірінен хабарлар дайындауға қазақ орыс редакциялары жаз айларында шығып, бейне сюжеттер мен фото көріністер дайындайды.
Алғашқы тікелей эфирдегі республикалық теле бағдарлама, екі қаладан бір уақытта шықты, 1973 жылы мамыр айында, тікелей эфир Семей мен Өскемен қалалары арасында болды, оған облыс басшылары қатысты, осылай екі қала кезек-кезек бірлескен республикалық алғашқы телеэфир шықты. Оны ұйымдастырған редакторлар Базанов пен Штыров. Мұндай телевизиялық форма 80 жылдары қайта үрдіс алды, осы жылдары телекөпір арқылы эфирде Семей жеңіл өнеркәсіп орындары өздерінің Алматылық және Қостанайлық әріптестерімен эфир арқылы сұхбаттасты. Ал 90-шы жылдардан бастап дәстүрлі түрде Өскемен мен Семей қалалары қайырымдылық телемарафонынын өткізіп келеді. Осыған орай орталық телевиденияға 15 минуттық телеочерк дайындалып, оған облыстық партия комитетінің хатшысы Николай Морозов қатысты.
Семей телевидениесінің мұрағатында сақталған айтулы оқиғалардың бірі, ЮНЕСКО көлемінде өткен ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойы. Бұл мұрағаттар әлі түрлі хабарлар дайындауға пайдаланылып келеді. Алайда кезінде жай таспаға жазылған құнды мұраны санды таспаға бастыру телеарна мәселесі болып отыр.
1995 жылы Семей облыстық студиясына “Ветакам” түсіру аппараттары мен монтаждау қондырғылары әкелінді, мұндай тамаша қондырғы ол уақытта Алматыда ғана болатын. Осы техниканы жедел игерудің арқасында Семей телевидениясы республикалық телевидениенің ақпарат кеңестігіндегі серіктес болды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://semeytv.kz
* http://semeytv.kz/kz/category/channel(қолжетпейтін сілтеме)
* http://semeytv.kz/kz/news
* http://semeytv.kz/kz/programs/index/programs(қолжетпейтін сілтеме)
* http://semeytv.kz/kz/programs/live(қолжетпейтін сілтеме) |
* Ақтоған ауылдық округі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Ақтоған ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. |
ATYRAÝ — «Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының Атырау облысындағы филиалы. Филиал құрамында бүгінде «Атырау» телеарнасы мен «Атырау радиосы» хабар таратады.
## Тарихы
Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында теледидар хабары тұңғыш рет 1967 жылы 25 желтоқсан күні Одақтық теледидардын бағдарламаларын көруге мүмкіндік берген «Орбита стансасының іске қосылуымен байланысты болды.
Теледидардың алғашқы хабарын эфирге шығаруды режиссер — Гүлжиһан Өтебаева, диктор-редактор — Мәлике Құлпейсова, телеоператор Максим Өтемісов, редактор Қамал Ізмұхамбетов қамтамасыз етті. Осы күннен бастап Атырау қаласының халқы куніне 2 сағат көлемінде жергілікті теледидар хабарын көру мүмкіндігіне ие болды. Оның 1 сағат 15 минутын көркем фильм, жарты сағатын жаңалықтар, қалған уақытын көңілді әуендер, концерт құрайтын. Мамандар тапшылығы өз алдына, қажетті құрал-жабдықтар жетіспейтін. Телестудия бар болғаны 12 шаршы метр аядай бөлме.
"Жаңалықтардың" өзі экранға суреттерді алмастырып қойып, мәтінді кадр сыртында оқу титрлар мен заставкалар жазылып, сызылып көрсетілетін. Таспаға жазылған, жанды хабарлар, таспаның тапшылығынан тек аса маңызды мерекелер мен салтанаттардан ғана репортаж ретінде берілетін. Сол кезеңде теледидарда журналистер Қазихан Қабдел, Әлібек Қайыров, Жолдасқали Ажиров, Сәуірбай Есімов, дикторлар болып Наталья Трилис пен Аққенже Ерәлиевалар еңбек етті.
Материалдық-техникалық жағдайы заман талабына сай болмауына байланысты Гурьев теледидары 1976 жылы 31 желтоқсан күні өзінің өмір сүруін тоқтатты. Облыстық теледидарды қайта өмірге келтіру оңай болған жоқ. 1986 жылы 29 қазанында Қазақ КСР Министірлігінің Кеңесі №310-р Жарлығымен теледидары жоқ облыстарда оны ашуға рұқсат бергенімен бюджет қаржысы есебінен емес, жанама қаржы, яғни мекеме, кәсіпорындар қаржысын жұмылдыру арқылы жүзеге асыруды міндеттеді. Жарлықты жузеге асыру мақсатында 1987 жылы 2 желтоқсанда Еңбекшілер депутаттары Гурьев облысы Кеңесі атқару комитеті "Облыстық телестудия ашуды ұйымдастыру туралы" №445 шешімін алып, облыстың ірі кәсіпорындарын телестудия ашуға қаржы бөлулерін міндеттеді. Елден асарлатып жиналған қаржы есебінен Ресейдің Новосібір, Литваның Шэуляй қалалары шығаратын теледидар құрал-жабдықтары орнатылып, КамАЗ негізінде жасалған жылжымалы телестудия алынды.
1990 жылы 1 Мамыр күні мерекелік репортажбен Атырау теледидары эфирге байқау-сынақ ретінде шыға бастады. Хабарды эфирге шығаруды бас режиссеры Лира Шарипова, телеоператорлар Серік Бахметов пен Синовер Усманов, инженерлер Айбек Ризуанов, Сергей Удовиченко, Болат Кереев, Расул Кенжеғалиев қамтамасыз етті.
Тұсаукесер репортажды бас редактор Мурат Думбаев пен комментатор Мұрат Диаров жүргізді. Атырау телестудиясы Гурьев қаласының 350 жылдығын тойлау кезінде 1990 жылы 1 қыркүйек күні тұсауын ресми түрде кесті. Сол күннен бастап аптаның бес жұмыс күндері эфирге бір сағат толыққанды хабармен шығу жүзеге асырылды. Телестудияның ашылуына сол кездегі облыс басшысы — Ғазиз Алдамжаров, қала басшысы Нұрпейіс Мақашев, "Қазақстан" Республикалық Телерадио комитеті төрағасының орынбасары Мұхамбет Мезгілбаев, студияны ашуға көмек берген мекеме басшылары қатысып, ел өміріндегі елеулі қоғамдық-саяси оқиға ретінде аталып өтті.
Телестудияны ашу кезінде Челябі қаласынан Вячеслав Мрякин, Актөбеден бас редакторлыққа Мұрат Дұмбаев, бас режисерлікке Лира Шарипова шақырылса да жергілікті кадрларды даярлауға ерекше мән берілді. Алғашқы дикторлар Жеміс Дияшева мен Орынша Қапанқызы, режиссерыҰлбосын Мүсірова Мәскеу қаласындағы теледидар мен радио қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру жөніндегі Бүкілодақтық институтын бітіріп келсе, бас дыбыс режиссеры Мұрат Әбілов, телеоператорлар марқұм Серік Бахметов, Синовер Усманов, Алпысбай Құсанов Алматы қаласында мамандықтарын жетілдіру курстарынан өтті. Атырау теледидары дуниеге келгеннен бергі 20 жылдай уақыт ішінде студия құрал-жабдықтарының төрт "ұрпағы" ауысты. Қазір ол түгелдей дерлік сандық қалыпта жұмыс істейтін техникамен жарақтанды. Бұрын бір ғана 120 шаршы метр студия болса, қазір ол екі студиядан тұрады. Хабар тарату жүйесі де төрт рет өзгертуге ұшырады.
Алғашында хабар Атырау қаласы маңында орналасқан елді мекендерге, одан таспаға жазып Алматыға "Кателко" компаниясына қолма-қол жеткізіп беру арқылы таратылса, кейін талшықты оптикалық жүйе арқылы "Кателкоға" жеткізіліп, ол спутниктік жуйе арқылы тәулігіне бір сағат көлемінде облыстың барлық елді мекеніне хабар таратуға қол жетті. 2007 жылы Атырау студиясының өзінде спутник жүйесінің орнатылуына байланысты бір сағат көлеміндегі телехабарлар енді тікелей облыстың барлық елді мекеніне тарайтын (98 пайыз) болды. Облыстық теледидардың тәуліктік 14 сағат көлеміндегі бағдарламасын ел-журттың толық көлемінде тамашалайтын күні де қашық емес. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілу үстінде. Техникалық жарақтану ерекше қарқынмен жүруде. Алыс ауданда болып жатқан оқиғадан тікелей хабар беру бұрын тек Алматыдағы орталық теледидарлардың қолынан келетін іс болса, қазір ондай мүмкіндікке Атырау теледидары да ие болып отыр.
Атырау теледидарының тарихында халықтың есінен кетпейтін оқиға 1991 жылы Қазақстанның тұңғыш Президентін сайлауы кезінде халықпен кездесуге келген Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау теледидары арқылы 1 сағат көлемінде терең мағыналы сұхбат беруі болды. Сұхбатты журналист, облыстық телерадиокомпанияның сол кездегі директоры Айтқали Нұрғалиев жүргізді. Жергілікті теледидарда мұндай кең көлемде Елбасымен емен-жарқын әңгіме сирек кездесетін құбылыс. Техникалық жарақтанудың жақсаруы ұжымның шығармашылық мүмкіндігін де арттырды. 2005 жылы бері теледидар ұжымы телефильмдер шығарумен айналысып келеді. Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Волгоград қаласында өткен халықаралық конкурста атыраулықтар түсірген "Тағдыр" атты телефильм жүлделі екінші орын алды. Күнделікті өмір түйткілдерін қозғайтын журналист Айтқали Нурғалиевтің сценарийі бойынша режиссерлер Чапай Зулкашев пен Разия Қасымова, оператор — Талғат Қуанышев, бейнемонтажшылар Әзілхан Уахитов пен Нұрым Құдайберген түсірген "Өзен өз арнасымен ағады" 7 сериялы фильм көрермендердің ыстық ықыласына бөленді
Теледидар хабарларының таратылуы: Атырау қаласында 5 арнамен 17 сағат және Атырау облысы бойынша тәулігіне 1 сағат. Хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Облыстық дидардан Атырау қала РТС-на (дыбыс + видео) сигналдың берiлуi ВОЛС бойынша iске асады,Атырау облысы бойынша хабар тарату кезінде сигнал ВОЛС арқылы Алматы қ. СҚТС Кателко АҚ жеткізіледі.Радиохабардың таратылуы: 102 Fm жиілігінде «ELEKTRONIKA» радиоқабылдағышы арқылы таратылады шығыс қуаты 250 Вт, антенна көрші КМК «Атырау-ақпарат» ғимаратының төбесінде орналасқан, биіктігі 30 м. Нақты қабылдау радиусы 10-12 км.
Атырау облыстық телерадиокомпаниясының хабар тарату саясаты «Қазақстан» РТРК» АҚ жүргізіп отырған саясатқа толық сәйкес келедi. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы тығыз байланысты орнатуға, ақпараттық және ағарту функцияларын орындауға бағытталған.
Телеарнаның негізігі мақсаты - мемлекеттік ақпараттық саясаттың аймақтық деңгейде жүруін қамтамсыз ету.
Жалпы апталық телеарнаның хабар таратуы 119 сағатты құрайды. Олардың ішінде мелекеттік тілде – 80,30 сағат немесе жалпы хабардың 68 пайызы. Филиалдың меншікті бағдарламалары 45 сағат немесе жалпы хабардың 38 пайызын құрайды.
Жедел жаңалықтар топтамасы 14,3 пайызды құрайды. Ол эфир кестесінде маңызды орын алады. Сонымен қатар,телеарнада қоғамдық-саяси,мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламалары дайындалып, эфирге жіберіледі.Олар жалпы таралымның 24,4 пайызын құрайды.Телеарнаның басшылығы тіл мәдениетінің қалыптасуын,тіл тазалығын сақтауды жіті қадағалайды. Филиал мол видео және аудио мұрағатқа иелік етеді. Жыл сайын шығармашылық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік дәрістері, семинарлар мен тренинг сабақтары ұйымдастырылады.Филиалда эфирге жаңалықтар топтамасы үздіксіз,ал,саяси-қоғамдық,әлеуметтік–экономикалық, және мәдени-танымдық тақырыптық бағыттағы 23 циклдық бағдарлама екі тілде шығарылады.
Сонымен қатар:
* Күн сайынғы «Жаңалық қызметі» ақпараттық шығарылымдары;
* «Атырау таңы» - күн сайынғы танымдық ақпаратты-ойын-сауық бағдарламасы тікелей эфирде интерактивті түрде шығып келеді;
* «Сарапта» ақпараттық шолу форматындағы қорытынды бағдарламасы да телеарна эфирде көрсетіліп отыр.
Филиалда жаңалықтар топтамасы шығарылымы үшін бөлек студия жасақталып, толықтай пайдаланылуда. Оның заманауи жабдықтармен және дизайнмен жарақтандырылғандығы «Жаңалық» шығарылымының сапасын жақсартып, көрілімін арттыруға септесті. Жаңалықтар топтамасының шығу уақыты республикалық электронды БАҚ-тың жаңалық тарату уақытымен қабаттаспайтындай етіп, яғни, телекөрермендер сұранысына сай таңдалды.
Негізгі студиядағы декорацияны жедел өзгертуге мүмкіндік беретін жаңа «тұстамалар» («задники») жасақталып, дайындалды.Компьютерлік графика дизайнерімен әр бағдарламаның стилистикасы мен жалпы арнаның толықтай заманауи талаптарға сай болуы мақсатында тұрақты жұмыс жүргізіліп отыр (жаңа «заставкалар», «шапкалар» және «отбивкалар» дайындау).
Нәтижелігін арттыру мақсатында үш редакцияның (жаңалық қызметі, тақырыптық бағдарламалар редакциясы) шығармашылық ұжымы бөлініп, бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуде. Үш редакцияның әр қайсысына операторлар бекітілген.Түсірім (түсірілім/съемка) тәртібін сақтау мақсатында координаторлық қызмет құрылып, ол өз міндетін атқарып келеді. Бұл орайда, көбіне таңдау бастамашыл түсірімдерге түседі. Филиалдың эфирлік кестесі қаланың бүгінгі таңдағы жарнамалық нарығына барынша икемделген. Көптеген бағдарламалар демеушілікке ие.
2008 жылы студияның арнайы жарық беру құрылғысымен жарақтандырылғандығы, бүгінде студияда үлкен ток-шоулар ұйымдастырып, студиялық бағдарламалар түсірілімін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Атырау филиалы Әкімдікпен және облыстың басқа да ірі ұйымдарымен тығыз жұмыс жасайды.
Облыстық телеарна бағдарламасының қамту аймағын кеңейту үшін тұтастай Атырау облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 14 сағаттық меншікті эфирлік шығарылымды қамтамасыз етіп отыр.
2010 жылдан бастап телеарнаның облыстың әр ауданында өз тілшілер қосыны бар. Ауданда дайындалған материал 512 Мбит/с өлшемдегі интернет арқылы орталыққа жіберіледі.
## Бағдарламалар (2019-2022 жж.)
* «Атырау таңы» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасы
* «Janalyq qyzmeti» (Жаңалық қызметі);
* «Sarapta» (Сарапта) апталық шолу, жүргізуші: Назарбек Қосшиев
* «Еуразия ендігінде» ток-шоу, жүргізуші: Жәнібек Ғалым;
* «Батыс көрген» ағылшын тіліндегі хабары, жүргізуші: Қанат Әуесбай;
* «Экоқоғам» хабары, жүргізуші: Салтанат Мұрат;
* «Анығында...» сұхбат хабары, жүргізуші: Жәнібек Ғалым, Ж.Темірғалиев;
* «Еститін мемлекет», жүргізуші: Әйгерім Айтмұханбет
* «Құрметті азамат», жүргізуші: Салтанат Мұрат;
* «Онлайн емхана», жүргізуші: Айнагүл Қонысқалиқызы
* «Балық отаны», жүргізуші: Жәнібек Ғалым;
* «Эфирде 102.0 FM» телерадиохабары, идея авторы, жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, («Үркер» Ұлттық сыйлығы - 2020);
* «Қандастар» хабары, («Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсында «Үздік телевизиялық материал» аталымында III-орын, 2020 ж.);
* «Каспийден кеткен қыпшақтар» деректі фильм циклы, «Тұмар» Ұлттық сыйлығы, 2022 ж;
* «Мәңгілік Абай» онлайн телемарафоны, жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редакторы: А.Қонысқалиқызы;
* «Елтұтқа» 12-бөлімді деректі фильмі, жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, жүргізуші: А.Қонысқалиқызы;
* «Ақжелең. Күй терапиясы» бағдарламаралық хабары, идея авторы, жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай;
* «Нұржан айтады» әлеуметтік телетолғауы, жоба авторы: Қанат Әуесбай, жүргізуші: Нұржан Өмірбай;
* «Аспан асты Атырау» бағдарламаралық хабары, идея авторы, жетекшісі: Қанат Әуесбай;
* «Біздің Илья» 20-бөлімді деректі фильм циклы, идея авторы, жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редактор: Ажар Ерболған, Нұржан Өмірбай;
* «Теңіз табанының тарихы» деректі фильм циклы
* «Ордалы отыз» хабары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жоба, жүргізуші: Г.Кәрімжан
* «Миталас» зияткерлік хабары, жоба авторы: Қ.Әуесбай, жүргізуші: Н.Өмірбай;
* «Меніңше» пікірталас хабары;
* «Біздің болашақ» хабары, жүргізуші: А.Ерболған;
* «Өзіміз шәй ішейік» хабары, жүргізуші: Гауһар Нәдірқожа;
* «Тән шират» спорт хабары, жүргізуші: Райымбек Қойшыбектегі;
* «Өзіміз ғой» хабары;
## Телерадиоарна COVID-19 кезінде (2019-2022 жж.)
2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезіндегі телерадиоарнаның жұмысы туралы 2019-2022 жж. «Қазақстан РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директоры болған Қанат Әуесбай еске алады:
— Өзгелер тәрізді бізге де онлайн-режимде жұмыс жасауымызға тура келді. Мұның өзі алғашында айтарлықтай қиындықтарды туғызғанын жасырмаймыз. Дегенмен кез-келген қиындықтың жаңа мүмкіндіктерді туындататыны түсінікті. Тікелей эфирге шығу үшін Zoom, Skype желілерін іске қосып, солардың мүмкіндіктерін пайдаландық. Сол арқылы алыс-жақындағы спикерлерді әңгімеге тартып, сұхбат алдық, түрлі қызықты да тартымды бағдарламаларды ұйымдастырдық. Тек облыс, ел көлемімен шектеліп қалмай, әлемнің қай қиырында жүрсе де сұхбат беретін адамдарды тауып алып, байланыс орнаттық. Елге, әлеуметке індеттің алдын алу, сақтану жолдары жайлы дәрігерлік кеңестер ұйымдастырып, аса қажетті әрі маңызды ақпараттармен бөлістік. Есімдері елге белгілі дәрігерлердің берген консультацияларын жазып алып, көрерменге жеткіздік. Тіпті, Covid-тан көз жұмған марқұмдарды қалай, қайда жерлеуге болатынына дейінгі ақпаратты жеткізіп отыруға тырыстық.
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіне сұхбатында
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіне сұхбатында
2019-2022 жж. «Атырау» телеарнасында жасалған креативті тележобалар БАҚ арасындағы көптеген республикалық, халықаралық жүлдеге ие болды. Табысты жылдың қорытындысы ретінде 2020 жылы телеарнада «Жүлде жауған жыл» мерекелік тележобаcы түсірілді;
* 2019 ж. Телерадионың 4 редакторы - Слухия Қаттарқызы, Индира Мерекенқызы, Шолпан Абатқызы, Гүлназ Кәрімжан Журналистер одағы сыйлығы лауреаты;
* 2020 ж. Атырау филиалына қарасты «Атырау радиосының» «Эфирде 102FM» телерадиохабары өңірлік радиолар тарихында тұңғыш рет «Радиостансадағы үздік жоба» аталымында «Urker» Ұлттық сыйлығына ие болды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редакторы: Орынгүл Қалмырза.Телерадиохабардың «Эфирде 102FM» аталу себебі туралы телерадиоарнаның 2019-2022 жж. директоры Қанат Әуесбай:
— Бағдарламаның ерекшелігі, ол радиомен қатар, телеэфирде де қатар жүріп отырады. Яғни, Эфирде 102 FM» аталуы да сондықтан. «Эфирде» сөзі телевизияны анықтап тұрса, «102 FM» сөзі радиотолқынды меңзеп тұр. Аптасына үш рет шығатын танымдық бұл хабарға өңірдің, сонымен бірге, еліміздің танымал тұлғалары мәдениет, өнер, руханият саласында сұхбат береді. Бұл сұхбаттар студияға келіп және тікелей эфирде жүрді. Пандемия жағдайында карантин талаптары күшейтілген тұста да бұл бағдарлама тоқтап қалған жоқ. Zoom желісі арқылы онлайн форматта тікелей эфирде таратуға көшіп, спикерлерімізді қашықтан жаза бастадық. Мұндай тәжірибені біз Атырау телерадиоарнасында тұңғыш рет жүзеге асырдық,
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіндегі пікірі
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіндегі пікірі
* 2020 ж. Телеарнаның «Жаңалық қызметі» тілшісі Нұрислам Ғұмар БАҚ өкілдеріне арналған республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегері атанды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай;
* 2020 ж. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін сАтырау» телеарнасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды;
* 2020 жылы телеарна режиссері, ардагері Разия Касымова көп жылғы еңбегі үшін тұңғыш рет Президент Алғысымен марапатталды;
* 2021 жылы «Журналистік зерттеу» бағдарламасымен редактор Орынгул Махмуд «Ақтөбе» телеарнасының 60 жылдығына орай өткен республикалық байқаудың Гран-При иегері;
* 2020 ж. Телеарна продюсері Гүлназ Кәрімжан «Қандастар» жобасымен Тұңғыш Президент қоры мен кітапханасы БАҚ өкілдері арасында өткізген халықаралық байқаудың «Үздік телевизиялық жұмыс» аталымында III-орын иегері;
* 2021 ж. «Қазақстан мұнайы - ел экономикасына» атты «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырған журналистер байқауында телеарнаның 7 бірдей редакторы жеңімпаз атанып, редактор Зейін Ерғали бас жүлдегер, «Атырау» телерадиосы «Облыстағы таңдаулы БАҚ» атанды.
* 2022 ж. Телеарнаның «Каспийден кеткен қыпшақтар» 5-бөлімді деректі фильмі «Тұмар» Ұлттық сыйлығына Мұрағатталған 26 наурыздың 2024 жылы. ие болды. Жоба жетекшісі: Қанат Әуесбай, редакторы: Айнагүл Қонысқалиқызы.
Осы жылдары өндіріске берілген тележобалар арасында Атырау телевизиясында форматы жөнінен тұңғыш дайындалған хабарлар бар. Олар: өзен бойында түсірілген «Жайықтағы жүздесу» сұхбат хабары, «Нұржан айтады» әлеуметтік телетолғауы, «Балық отаны» репортаж-хабары, дронмен түсірілген «Ақжелең. Күй терапиясы», «Аспан асты Атырау» бағдарламаралық хабарлар, Атырауда тұратын шетелдіктермен сұхбатқа құрылған ағылшын тіліндегі «Батыс көрген» хабары. Сондай-ақ, «Еуразия ендігінде» онлайн ток-шоуы, тұңғыш рет кросс-медиа форматында дайындалған «Эфирде 102 FM» телерадиохабары жасалды. «Еуразия ендігінде» онлайн ток-шоуында zoom әлеуметтік желісі мен телевизия мүмкіндігі пайдаланылса, «Эфирде 102 FM» бағдарламасы телеэфир мен радиотолқында бірдей тарады. «Атырау радиосының» жаңа логотипі даярланып, радиостудия мен телестудия жаңа декорациямен жаңаланды. 2020 жылдың 10-тамызында «Атырау» телеарнасында алғаш рет әлеуметтік желі мен тікелей эфирді біріктірген «Мәңгілік Абай» онлайн телемарафоны өтті. Телемарафон Абай күніне орай ұйымдастырылды. «Мәңгілік Абай» онлайн телемарафонына өңірдегі қала, аудандарынан, сондай-ақ, ауылдарынан руханият, өнер мен мәдениет өкілдері қатысты. Абай өлеңдері мен қарасөздері оқылып, әндері шырқалды. Абайдың өмір жолы, шығармашылығынан сыр шертетін еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.Ақын Жұмекен Нәжімденовтың 85 жылдығына орай #Jumeken85 республикалық өлең эстафетасы жарияланып, оған еліміздің танымал азаматтары қатысты. Олардың арасында композитор Илья Жақанов, ақын Ұлықбек Есдәулет, сенатор Нұртөре Жүсіп, журналист Жанарбек Әшімжан, композитор Төлеген Мұхамеджанов, ақын Алмас Ахметбекұлы, сенатор Сарсенбай Енсегенов, сол кездегі ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сияқты танымал азаматтар бар. Эстафетаның қорытындысы ретінде Атырау облысындағы орта мектеп оқушылары соңғы қоңырауда Жұмекен өлеңдерін жатқа оқыды. Илья Жақановтың шығармашылығына арнап, «Біздің Илья» деректі фильмдер циклы жасалды. 20-бөлімнен тұратын фильмдер циклында композитордың өнермен өрілген өмірінде кездескен ел азаматтары туралы өнегелі әңгіме, тарихи естелік айтылды. Фильмдер циклы Илья Жақановтың 85 жастық мерейтойына орайластырылды. Сондай-ақ, Атыраудан шыққан елдік ауқымдағы тұлғалардың мерейтойына орай «Елтұтқа» 12-бөлімді деректі фильмдер циклы әзірленді. «Атырау облысының құрметті азаматы» атағын алған асқар бел азаматтар туралы «Құрметті азамат» хабарлар циклы шықты. Египеттегі Қазақстан елшілігімен және Атыраудағы Халел университетімен бірлесіп Каир қаласынан «Каспийден кеткен қыпшақтар» деректі фильмі циклы әзірленді. Сұлтан Бейбарс, Қалауын Сұлтан туралы сериялы фильмдер көрермен сүйіспеншілігіне бөленді. Карантин жағдайында жүзеге асқан бұл сапарға Атырау университетінен ректор Саламат Нұрмұханұлы қолдауымен тарихшы ғалым Аққали Ахмет кеңесші болды. Пандемия жағдайында Египеттегі Қазақстанның елшісі Қайрат Лама-Шариф қолдауының арқасында жүзеге асты.Атырау телевизиясының ардагері Айтқали Құмарғалиұлы медиа-аудиториясы ашылды:
— Ғимараттың бос тұрған үлкен бір залы бар. Сол залдың ендігідегі қызметі туралы біраз ойланып-толғандық. Баспасөз мәслихатын өткізетін пресс-зал бола ма, әлде шеберлік дәрісін өткізетін аудитория бола ма? деген әңгіменің төңірегінде ойталқы болды. Ұжыммен кеңесе келе, тоқсаныншы жылдардың қиын кезеңінде «Атырау» телерадиокомпаниясына басшылық етіп, қазығын қағып, уығын көтерген, іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, айтулы қаламгер Айтқали Құмарғалиұлының медиа аудиториясы болғанын құп көрдік. Осы арқылы біз – кейінгі толқын алдыңғы толқынға көрсеткен құрметіміз болсын деп ұйғардық. Ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісін осылай көрсеткіміз келді. Екінші жағынан бұл аудиторияда Халел Досмұхамедұлы университетінің журналистика кафедрасы студенттерін тәжірибе жүзі оқытып-үйретуді көздедік.
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіне берген сұхбатында
— Қанат Әуесбайдың «Атырау» газетіне берген сұхбатында
ATYRAÝ телеарнасының Айтқали Құмарғалиұлы аудиториясы көптеген рухани, мәдени, білім беру іс-шарасының орталығына айналды. Соның бірі - Құныскерей Қожахметұлы туралы республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел. Атырауға келген көптеген мәртебелі қонақ медиа-аудиторияға арнайы келіп, сұхбат беріп, БАҚ саласының танымал өкілдері шеберлік дәрісін өткізді. 2020 жылы телеарнада экологиялық мәдениетті дәріптейтін «ЭКОқоғам» хабары ашылды:
— «Қоғамда экологиялық құндылықтарды дәріптеуде ақпарат құралдарының рөлі орасан зор екені белгілі. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға негізделген экологиялық сананы қалыптастырудың алғышарты да сол болмақ. Мемлекет басшысы да мұны айқын түсініп отыр. Осы тұрғыда біз, «Атырау» телеарнасының шығармашылық ұжымымен ақылдаса келе, еліміздің батыс өңіріндегі экологиялық мәселелерді көтеріп, экологиялық мәдениетті насихаттайтын «ЭКОқоғам» хабарын ашуды көздеп отырмыз. Бүгінгі ПрезидентЖолдауында экологияға қатысты айтылған түйткілдің барлығы да осы хабардың арқауы болмақ».
— Қанат Әуесбайдың ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне пікірі
— Қанат Әуесбайдың ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне пікірі
Кадр тартуда жүйелі жұмыс жасалды. «Атырау» телеарнасына еліміздің маңдайалды оқу орындары – Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жүргенов атындағы Өнер Академиясының түлектері - жас мамандар тартылды. Солардың бірі - «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің дипломанты, ақын Ажар Ерболған шеф-редактор боп қызмет етті. Ажар Ерболған өзі жүргізген «Біздің болашақ» хабарымен «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасындағы республикалық байқауда «Медициналық журналист» аталымында жеңімпаз болды. Шығармашылық құрамның жемісті қызметі нәтижесінде «Атырау» телеарнасының өнімдері бірнеше рет «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан», «APTA» хабарларынан, «Abai TV» телеарнасынан көрсетілді.
## Жетістігі
* 2017 ж. «Тұмар» Ұлттық сыйлығы, «Адасқандар» журналистік зерттеуі, «Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама», жоба жетекшісі: Ж.Байсемізова, редакторы: Г.Абайқызы;
* 2020 ж. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Атырау» телеарнасына Алғыс хаты;
* 2020 ж. «Үркер» Ұлттық сыйлығы, «Эфирде 102FM» телерадиохабары, «Радиостансадағы үздік жоба» аталымы, жоба жетекшісі: Қ.Әуесбай;
* 2020 ж. «Атырау» телеарнасы редакторы Нұрислам Ғұмар БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауы жеңімпазы;
* 2022 ж. «Тұмар» Ұлттық сыйлығы, «Каспийден кеткен қыпшақтар» деректі фильм циклы - «Үздік деректі фильм» аталымы, жоба жетекшісі: Қ. Әуесбай, редакторы: А. Қонысқалиқызы.
## Сыртқы сілтемелер
* http://atyrautv.kz/
* http://atyrautv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 10 тамыздың 2014 жылы.
* http://atyrautv.kz/kz/news
* http://atyrautv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 11 тамыздың 2014 жылы.
* http://atyrautv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 10 тамыздың 2014 жылы.
## Дереккөз |
Жанболат Жарылқасынұлы Мелдешов (8 маусым 1980 жыл, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы) - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2016 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
Білімі:
* Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (1997-2002).
* Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Менеджмент» (2003-2005).
* Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (2002-2006).
* University of Exeter, Master of Public Administration (2010-2011).
Еңбек өтілі:
* 2002–2006 - «САНА» Мәскеу жастар ассоциациясының президенті және «Қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «Мұрагер» АҚҰ даму бойынша директоры.
* 2007 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
* 2007-2008 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері, кейін бөлім бастығы.
* 2008-2009 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті.
* 2009-2012 - «Білім» білім беру орталығы» ЖШС директоры.
* 2012-2014 - Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма бастығының орынбасары.
* 2012-2014 - Коммерциялық құрылымдардағы еңбек қызметі.
* 2016 - «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі.
* 13.09.2016-дан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.
Баспадағы бірнеше ғылыми мақалалардың және жарияланымдардың авторы.
Тіл меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Әскери қызметі: запастағы лейтенант.
Үйленген, 3 баласы бар.
## Дереккөздер |
Елеусіз Бұйрин (1874, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы — 1933, Тәжікстан Республикасы, Душанбе) — алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері.
Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мектептерінің бірінде оқыған. Осындағы мектепте алты кластық орысша білім алған ол Қазан қаласына оқуға барып, сондағы мұғалімдер семинариясын бітіреді (1896). Семинариядан кейін Астрахан қаласына келіп, мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Осында жүріп түрлі қоғамдық-саяси өмірдің қыр-сырына бойлайды, алғашқы қаламгерлік қабілетін сынап байқайды. Елді мәдениетке, өркениетке жеткізуге шақыратын көшбасшы құрал — баспасөз екендігін аңғарып, жаңа сипаттағы газет шығаруға бел байлайды. Бұл мақсатын іске асыру үшін қазақ зиялылары — Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, С.Меңдешовтермен бірігіп, 1911 ж. Ордада “Қазақстан” деген газет шығарды. 1911 — 13 жылдары газеттің редакторы болып тұрды.
Ол “Қазақстан” сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді.
1920 жылдарға дейін Бұйрин туған жерінде түрлі қызметтер атқарған. 1921 жылы мамырда Кеңестердің Бөкей губерниялық бірінші съезіне делегат болып қатысқан. 1920 жылдардың орта шенінде адвокат, кейінірек Қазақ АКСР Ағарту халкомында қызмет істейді. 1930 — 32 жылдары Алматы қаласындағы орталық музейде ғылыми қызметкер болады.
1932 жылы елде саяси қуғын-сүргіннің алғашқы толқыны басталып, қазақ зиялылары ұстала бастаған соң, Бұйрин күзге салым Тәжік АКСР-не, Душанбе қаласына қоныс аударады. Сонда Тәжік АКСР-нің Орталық архив басқармасына инспектор болып қызметке орналасады. Алайда Бұйрин НКВД-нің құрығынан құтыла алмайды. 1933 жылы 16 сәуірде қызметінен қуылып, көп ұзамай аштықтан дүние салады.
Бұйриннің артында қалған әдеби мұрасы — өзі шығарып тұрған “Қазақстан” газетіндегі мақалалары мен көсемсөздері және “Ызың” атты өлеңдер жинағы. Бұйрин жинаққа “Әу, қазақ!”, “Азаматқа” деген екі өлеңі мен аудармасына қоса “Қазақстан” газетінде жарияланған М.Жұмабаев, А.Мәметов, Ғ.Малдыбаев, И.Исин, т.б. ақындар өлеңдерін топтастырып берген. Жинаққа қойылған символикалық “Ызың” атауынан көрініп тұрғандай кітаптағы өлеңдердің негізгі идеясы — елді еңбекке, өнерге үндеу, елдікке, бірлікке шақыру, халық қамын ойлау, ұйымшылдықты мұрат ету.
1998 жылы Орал қаласындағы бұрынғы типография үйінде (Чапаев, 39) Бұйринге арнап ескерткіш тақта қойылды.
## Дереккөздер |
Жанболат Жарылқасынұлы Мелдешов (8 маусым 1980 жыл, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы) - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (2016 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
Білімі:
* Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (1997-2002).
* Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Менеджмент» (2003-2005).
* Ресей халықтар достығы университеті, мамандығы «Халықаралық құқық» (2002-2006).
* University of Exeter, Master of Public Administration (2010-2011).
Еңбек өтілі:
* 2002–2006 - «САНА» Мәскеу жастар ассоциациясының президенті және «Қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «Мұрагер» АҚҰ даму бойынша директоры.
* 2007 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
* 2007-2008 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері, кейін бөлім бастығы.
* 2008-2009 - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті.
* 2009-2012 - «Білім» білім беру орталығы» ЖШС директоры.
* 2012-2014 - Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма бастығының орынбасары.
* 2012-2014 - Коммерциялық құрылымдардағы еңбек қызметі.
* 2016 - «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі.
* 13.09.2016-дан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.
Баспадағы бірнеше ғылыми мақалалардың және жарияланымдардың авторы.
Тіл меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Әскери қызметі: запастағы лейтенант.
Үйленген, 3 баласы бар.
## Дереккөздер |
Батыс Қазақстан агротехникалық академиясы — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаған жоғары оқу орны. 1963 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты ретінде ашылған. 1996 ж. «Батыс Қазақстан аграрлық университеті», кейін Батыс Қазақстан агротехникалық академиясы болып қайта құрылды. Мұнда бухгатерлік есеп және аудит, экономика, мал дәрігерлік және механика факультеттері мен аспирантура болды. 2000 ж. академия Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамына енді.
## Дереккөздер |
Ғұсман Сыйттықұлы Қосанов(25 мамыр 1935, Изатулла ауылы, Белағаш ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР — 13 маусым 1990, Алматы) — жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО — АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан «Қосанов Мемориалы» атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов Лос Анжелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3–4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
Алданыш Рамазанқызы |
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны.
1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.
Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.
1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді .
2014 жылдың 26 - қыркүйегінде Елбасы өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова, Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
## Ректорлар
* 1975—1985 — Г. А. Джанысбаева
* 1987—1989 — Аман Құлбаев
* 1989—1991 — Әшірбек Сығай
* 1991—1994 — Есмұхан Обаев
* 1994—2000 —У. Ш. Ибрагимов
* 2000—2008 — Тілеуғали Қышқашбаев
* 2008—2014 — Арыстанбек Мұхамедиұлы
* 2014—2018 — Бибігүл Нүсіпжанова
* 2018—2019 — Асхат Маемиров
* 2019—2021 — Ақан Әбдуәлі
* 18 маусым 2021 — 14 ақпан 2022 — Шәріпбек Әмірбеков (м.а.)
* 14 ақпан 2022 жыл — қазіргі уақыт — Азамат Сатыбалды
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
Семей медицина университеті (СМУ) — 1953 жылы негізі қаланған 65 жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі болып табылады. Университет өзінің клиникалық базасы (Университет ауруханасы) және Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар Қазақстандағы ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. 2018 жылдың қазан айынан бастап Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты (РМжЭ ҒЗИ) біріктіру арқылы СМУ құрамына кірді.[1] Мұрағатталған 22 маусымның 2020 жылы.
Университет жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру үшін білім беру қызметін көрсетеді. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Студенттер контингенті бес мыңнан астам адамды құрайды. Оқу нысаны – күндізгі. Университетте шетелдік студенттер оқиды, олардың үлесі жалпы контингенттің 18,3% құрайды. Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының үлесі 87,5% құрайды.
Қазіргі уақытта Семей медицина университеті Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағындағы ең ірі жоғары оқу орны және Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін медициналық кадрлардың негізгі жеткізушісі болып табылады. Университет жыл сайын Қазақстан университеттерінің ұлттық рейтингінде жетекші орындар алады. 2019 жылы – Қазақстанның үздік медициналық университеттерінің рейтингінде «Ғылым мен инновацияны дамытудағы көшбасшы» және «Студенттердің оқу нәтижелері бойынша көшбасшы».
Университет түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Қазақстандағы медициналық ЖОО арасында көшбасшы болып табылады. 2015-2018 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен құрастырылған «Еңбекті дамыту орталығы» АҚ рейтингі бойынша университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға және медициналық ЖОО арасында түлектерге сұраныс деңгейі бойынша 1-орынға ие болды. Жалпы алғанда, университет өмір сүрген жылдар ішінде Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде (Пәкістан, Үндістан, Палестина, Судан, Марокко, Иордания, Израиль, Сирия, Ресей, Норвегия, Германия, Канада және т.б.) табысты жұмыс істейтін 35 000-нан астам мамандарды дайындады, бұл дайындалған мамандардың біліктілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Университетте жоғары мақсаттарға жету үшін 1500-ден астам профессорлар, оқытушылар, қызметкерлер мен дәрігерлер еңбек етуде. Жыл сайын 600-ден астам талапкер университеттің студенті атанады, студенттердің жалпы саны 5000 адамнан асады.
## Тарихы
Семей медицина университетінің тарихы 1953 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы 320 студентті қабылдаған медицина факультетінің ашылуынан басталды. Ашылған алғашқы жылдары институтта марксизм-ленинизм негіздері, биология, анатомия, гистология, бейорганикалық химия, физика, шет тілдері, латын тілі, дене шынықтыру, биохимия және органикалық химия кафедралары бар болғаны 10-ақ кафедра болды.
1957 жылы КСРО Жоғары және орта арнаулы білім Министрлігінің шешімімен институт ІІ санатты ЖОО қатарына жатқызылды.
1959 – алғашқы түлектер бітірді. 275 түлек дәрігер дипломын алды.
1960 – Т.К. Раисов, Б. Жұмабаев, Ж.Б. Базарбеков, А. Кӛрпешов, Г. Канафиянов және басқа студенттер Бекен Жұмановтың басшылығымен «Жасдәурен» жастар театрын құрды.
1963 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Назарова Тамара Александровна тағайындалды.
1963 – институтта педиатрия факультеті ашылды. И.М. Турецкий факультеттің алғашқы деканы болды.
1964 – институттың бас ғимараты ӛз жұмысын бастады. Бас ғимаратпен бірге 400 орынға
№4 жатақхана пайдалануға берілді.
1971 – 6 курсты бітіргеннен кейін түлектердің алғашқы мамандануы басталды (интернатура).
1974 – институт ректоры болып доцент Усов Дмитрий Васильевич тағайындалды.
1976 – ғылыми жұмыстар кӛлемінің кеңеюіне байланысты кафедрааралық эксперименталды зертхана ұйымдастырылды және ашылды, Е.Н. Шатский оның бірінші жетекшісі болды.
1976 – ғылыми жұмыс жӛніндегі проректор, профессор Б.Х. Хабижановтың бастамасы бойынша патенттік бӛлім ашылды.
1976 – институт ректоры болып Қазақ СРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Хлопов Николай Архипович тағайындалды.
1982 – СОКП тарих кафедрасы доценті Анна Лукьяновна Птущенконың басшылығымен М. Мәметова атындағы мұражай ашылды.
1984 – Павлодар қаласында дәрігерлер біліктілігін жетілдіру факультеті ашылды.
1985 – институт ректоры болып профессор Белозеров Евгений Степанович тағайындалды.
1986 – Мемлекеттік медицина университетінде бастапқы ардагерлер ұйымы құрылды.
1987 – институт ректоры болып ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылым және техникаға еңбегі сіңген қайраткер, профессор Раисов Тӛлеген Қазезұлы тағайындалды.
1993 – университет қызметкерлері үшін 156-пәтерлік тұрғын үй салынды. Бӛлімдерде, қызметтерде және кафедраларда компьютеризация жүргізілді. 4 компьютерлік сынып ашылып, жабдықталды. Соның ішінде, бір класста 33 компьютер интернет желісіне қосылды.
1993 – тұңғыш рет «Экология. Радиация. Денсаулық» халықаралық ғылыми конференциясы ӛткізілді. Аталған конференцияның бас тақырыбы – радиациялық аймақтар тұрғындарының денсаулығы.
1998 – Қазақстан Республикасында алғашқы рет ағылшын тілінде шетелдік студенттерді оқыту басталды. Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Суданнан келген студенттер Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінде ағылшын тілінде оқу мүмкіндігіне ие болды.
1998 – облыстық аурухана университет құрамына кірді. Оның клиникалық базасына 510 орынға кӛпбейінді аурухана, стоматологиялық емхана, 10 мың адамға қызмет кӛрсететін тренингтік отбасылық емхана; академия студенттерінің алған теориялық білімін іс жүзінде нығайту мүмкіндігі күшейді.
1999 – республикалық «Семейный врач» журналы және «Медицина для всех» газеті шыға бастады.
2001 – академия ректоры қызметіне медицина ғылымдарының докторы, профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы тағайындалды.
2001 – қала және аудан оқушылары үшін университетте биология пәні бойынша бірінші олимпиада ӛткізілді.
2003 – ЖОО оқытуға лицензия алды.
2005 – ЖОО SGS (Казахстан) «Медеу консалтинг» сертификациялық органы арқылы сапа менеджменті жүйесі бірінші сертификациядан ӛтті.
2007 – ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахыпбеков Тӛлебай Қосиябекұлы тағайындалды.
2007 – «Мейірбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» жаңа мамандықтары енгізілді.
2007 – офис тіркеуші, оқу-әдістемелік орталық, оқу-клиникалық орталық ашылды.
2008 – «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын халықаралық тіркеу бойынша жұмыс басталды.
2009 – Сертификациялық орган «Total Quality Certification Services International» (KAZAKHSTAN) ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының барлық талаптарын сақтауға ЖОО менеджменті жүйесінің сәйкестігін растады.
2009 – «Ииновациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары білімді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 оқытушы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасы бойынша шетелде оқып келді. Осы жылдары практикалық дағдыларды бекіту және тексеру мақсаттарында әрбір клиниканың базасында (медициналық орталықта, жедел кӛмек ауруханасында, №2 перзентханада) 3 симуляциялық кабинет ашылды.
2009 – күрделі практикалық дағдыларды дамытатын робот симулятор сатып алынды; ондай робот ТМД мемлекеттері арасында бірінші рет сатып алынды.
2009 – республикада ғылымды дамыту мен реформалау концепциясын жүргізу рейтингі бойынша университет 1 орын алды.
2010 – университет ректоры Тӛлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков Болон декларациясына қол қойды.
2011 – ҚР VI жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 85 жоғары оқу орны арасында Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте үздік ондық командалар сапында, ал жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды.
2011 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін енгізді (EFQM) және сапа менеджменті Еуропалық қорын «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне ауысу бойынша жұмысты ӛткізді.
2011 – «Паталогиялық анатомия және соттық медицина» кафедрасына Ю.В. Пруглоның аты берілді. Кафедраның үздік студентіне атаулы жыл сайынғы шәкіртақы тағайындалды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Н. Мұқанов атаулы шәкіртақы демеушісі болып табылады.
2012 – университет сапа менеджменті Еуропалық қорының «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сертификат алды. Валидация нәтижелері бойынша университет «Кемелдендіруге талпыну» деңгейіне сәйкестікке сертификат алды.
2012 – жалпы медициналық факультеттің бірінші түлектер легі оқуды аяқтады – 349 түлек диплом алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 48 түлек. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ағылшын топтары ашылды.
2012 – ардагерлер ұйымы қасында «Ардагер» клубы құрылды. «Ардагер» клубы мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, қаланың белгілі қоғамдық және мәдени қайраткерлерімен студенттердің кездесуін ұйымдастырады, жағдайы тӛмен отбасыларға әлеуметтік кӛмек кӛрсетеді, студенттерге кеңес береді, университеттің қоғамдық жұмысына қатысады.
2012 – шетелдік баспаларда монграфиялар тұңғыш рет шығарылды: «Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент» (Т.Қ. Рахыпбеков), «Адрено-тиреоидты жүйе және әсер етуші ағзаға тӛмен дозалық радиациялық» (С.О. Тапбергенов), «Ми инсультының этникалық ерекшеліктері» (Т.Н. Хайбуллин), «Медициналық білім және кәсіби дамуы» (Арнайы шығарылым, Ресей медициналық оқытушылары қоғамдастықтары журналы).
2012 – Сапа Азиаттық жүйесі 10-Конгрессінің (ANQ) шеңберінде, Қазақстан жоо-дары арасында алғашқы рет Университет номинацияда жеңімпаз болып танылды сертификат берілді.
2012 – «Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметова» мұражайының ашылуына 30- жылдық мерейтойымен белгіленді (1982-1912 жж.)
2012 – сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Моделін (EFQM) енгізгеннен кейін университет оны бар сапа менеджменті жүйесімен ықпалдастырды.
2012 – «Денсаулық сақтау саласындағы үздік оқу орны» номианциясында Asian Education leadership awards бірлестігінен марапат, Дубай, БАӘ.
2012 – «Мэрлар бейбітшілік үшін» делегациясының оқу –клиникалық орталыққа сапары.
2013 – «Центр сертификации Inter Cert» ЖШС инспекциялық аудит ӛткізді, оның нәтижелері бойынша № KZ.7500207.07.03.00077 25.06.2013 ж. сертификат алды.
2013– валидация бойынша есепті талдаудан кейін қабылданған университеттің сапа менеджменті жүйесін дамытудың келесі қадамы 4- жұлдыз деңгейіне универитеттің жетуі болды. Сапа менеджменті Еуропалық қорын жетілдіру Модельдері (EFQM).
2013 – Семей қ. тарихында бірінші рет Университеттің Медициналық орталығы базасында Кардиохирургиялық бӛлімше және Эндоваскулярлы зертхана ашылды, ӛздігінен ашық жүрекке бірінші оталар жасалды, коронарография, стенттеу. Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
2013 – Ӛскемен қаласында университеттің филиалы ашылды.
2013 – «Жырдауа» мектебінің басшылығымен Бірінші Республикалық студенттік айтыс ӛткізілді.
2013 – ҚР VIІ жазғы Универсиадада спорттың 15 түрі бойынша біздің мемлекеттің 139 жоғары оқу орындары арасында Семей қ. мемлекеттік медицина университеті жалпыкомандалық есепте мықты бестік командалар сапында, 135 жоо пьедесталдан қалтырып, олардың 35 дене тәрбиесі кафедрасы бар; жоғары медициналық оқу орындары арасында жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алды; ҚР VIІ жазғы Универсиада қорытындылары бойынша Семей қ. ММУ Дипломмен, ҚР Білім Министрлігінің Медалімен және Кубогымен марапатталды.
2013 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойын атып ӛтті.
2013 – Қазақстан экономикасы ӛнеркәсіптері кӛшбасшыларын марапаттау Жалпы мемлекеттік Республикалық рейтингілік бағдарламасына сәйкес «Қазақстанның кӛшбасшысы 2013» «Активтер мен міндеттемелер кӛрсеткіштері», «Түсімділік кӛрсеткіштері» және «Ӛтімділік кӛрсеткіштері» номинацияларында 2011-2012 жылдар
қортындылары бойынша Семей қ. ММУ Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-дары арасында 3-ші орын және еліміздің медициналық ЖОО-дары арасында 1-ші орын алды.
2013-2014 – Абай облысы палуандары екінші жыл қатарынан жеңіске жетті, «Қазақ Барысы – 2013» Республикалық турнирде – Айбек Нұғымаров, «Қазақстан Барысы – 2014» – Тұрсынов Мұхит.
2013-2014 – Білім сапасын Бағалау Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі Республикалық рейтингінде жоо-дар рейтингінде Семей қ. ММУ бакалавриат бағдарламалары бойынша екінші орын алды.
2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Қазақстан Барысы» ІҮ – Республикалық турнирі жеңімпазы, дене тәрбиесі кафедрасы оқытушысы Тұрсынов Мұхитты ұлықтады.
2014 – IREG Observatоry толыққұқықты қатысушысы, ТМД мемлекеттері үздік жоо-дары тізіміне Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің кіруі туралы куәлік, «РА сарапшысы» Халықаралық рейтингілік агенттігінен ЖОО-мен алынған ЖОО табысты және тиімді менеджментінің кӛрсеткіші болып табылады.
2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) Институционалды ұлттық аккредиттеумен университет 5 жыл мерзімге аккредиттеу ӛткізілді.
2014 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
2014 – Аккредиттеу және рейтинг Ұлттық агенттігінде (АРҰА) институционалды ұлттық аккредиттеу.
2014 – Университет «Республикалық жооаралық электронды кітапханаға» кірді. http://lib.kazrena.kz. «Springer Link» және Web of Knowledge (Thomson Reuters) мәліметтер базаларының толық мәтіндік ресурсымен бірыңғай электронды кітапхана құру туралы «НЦНТИ» АҚ келісім шарт бекітілді.
2015 – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен қаржыландыратын 2015-2017 жж. 5 грант бар, жалпы сомасы 87 млн теңгеден астам.
2015 – рейтингілік дүниежүзілік цитат келтіру базаларына «Ғылым және денсаулық сақтау» журналын алға жылжыту» жобасы жүзеге асырылуда, соның ішінде «Scopus». «Ғылым және денсаулық сақтау» журналы ғылыми цитат келтіру Ресейлік индексіне және E-library, Ulrich’s Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts халықаралық мәліметтер базаларына енді.
2015 – Үндістан ЖОО-дар Қоғамдастығына енді.
2015 – Мамандандырылған ұлттық аккредиттеу 5 бакалавриат білім беру бағдарламасы, 7 резидентура, 4 магистратура, 2 докторантура білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (НКАОКО).
2015 – «Қазақстан Республикасындағы отбасылық медицинаның қалыптасыуының 20 жылдығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2016 – фармакология және дәлелді медицина кафедрасына профессор М.Н. Мусинның аты берілді.
2016 – оқытушылар мен студенттер үшін заманауи интерактив үстелдермен Астана бӛлмесі ашылды.
2016 – Семей қ. ММУ ОКО СЛР ӛтеу үшін Сипиарлен манекені және жүрек-ӛкпе реанимациясы үшін оқыту робот-манекені сатып алынды.
2016 – «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдар Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында FRCS, MRCGP, DLS Виджай Кумардың (Ұлыбритания) семинары.
2016 – Saint Louis University-мен әріптестік туралы шартқа қол қойылды.
2016 – 9 мамандық бойынша білім беру бағдарламалары Халықаралық аккредиттеу.
2016 – «Травматологиядағы-ортопедиядағы диагностика және емдеудің инновациялық технологиялары» атты проф. Д.М. Кульджановтың шебер-классы.
2016 – Семей қ. ММУ стратегиялық әріптесі Saint Louis University (АҚШ) сарапшылар тобының сапары.
2016 – Қазақстандағы Канаданың елшісі Шон Стайл мырзаның сапары.
2016 – «Біз ядролық қарусыз әлем үшін» атты флеш-моб.
2016 – «Жастар арасында салауатты ӛмір салтын насихаттау және жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындауды қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері» атты А.К. Кульназаровтың 70-жылдығына арналған Бірінші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2016 – Қазақстандағы Швеция Тӛтенше және Ӛкілетті елшісі Христиан Камиллдың сапары.
2016 – Қазақ күресі бойынша Қазақстан чемпионатындағы 2 орын.
2016 – Қазақстан Респуликасында алғашқы рет Семей медицина университеті ата-аналар съезі ӛткізілді.
2016 – алғашқы рет Барселонаға шетелдік академиялық мобильділік ұйымдастырылды.
2017 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Өңірлік Онкологиялық диспансер және жедел медициналық кӛмек ауруханасы арасындағы үш жақты келісім шартқа қол қою.
2017 – қалалар мен аудандар оқушылары үшін Семей қ. мемлекеттік медицина университетінде химия пәнінен бірінші олимпиада.
2017 – м.ғ.д. Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлының Семей қ. ММУ ректоры лауазымына тағайындалуы.
2017 – Үндістаннан талапкерлерді бірінші ӛздігінен қабылдау.
2017 – қарусыздандыру бағдарламасы бойынша БҰҰ делегациясының сапары.
2017 – биохимия және химиялық пәндер кафедрасына профессор Тапбергенов Салават Оразұлының атын беру.
2017 – қаланың Жастар мәслихаты депутаттары қатарына университет студенттерінің сайлануы.
2017 – Ӛскемен қаласында Семей мемлекеттік медицина университетінің филиалы және университеттік госпиталі ұйымдастырылды.
2017 – Saint Louis University hospital, Семей қ. ММУ Павлодар филиалы және Павлодар облысы ДСБ арасында әріптестік туралы келісім шартқа қол қойылды.
2017 – Қазақстан Республикасында алғаш рет «Қазақстан Республикасының денсалуық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламысың аясында Тарбағатай, Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Үржар, Кӛкпекті аудандарына және Риддер мен Курчатов қалаларына мультидисциплинарлы командаларының шығуы ұйымдастырылған.
2017 – Вильнюс университетіне студенттер академиялық мобильділігі.
2017 – Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.
2017 – Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен әріптестік туралы келісім шартқа қол қою.
2017 – стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде Saint Louis University Hospital Семей қ. ММУ профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық мобильділігі.
2017 – жаңа құрылымдық бӛлімшелер ашылды: ішкі аудит қызметі, қоғаммен байланыс қызметі, мемлекеттік сатып алулар бӛлімі, стратегиялық даму бӛлімі, халықаралық ынтымықтастық және академиялық мобильділік бӛлімі, PR-технологиялары және маркетинг бӛлімі, бухгалтерлік есеп және есептілік, жоспарлау және экономикалық талдау бөлімі.
2017 – «Medical Foundation» дайындық бӛлімі ашылды. Дайындық бӛлімінің аясында ЖОО талапкерлері үшін ағылшын тілі, биология, химия пәндерінен курстар ұйымдастырылды.
2017 – профессорлық-оқытушылық құрамның 39 мүшесі үшін шетелдік тағылымдамағы бару ұйымдастырылды.
2018 – «Семей қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ филиалымен және Қазақ Гуманитарлық-Заң Инновациялық университетімен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.
2018 – Семей қ. ММУ мен Башкент университеті (Түркия) арасындағы стратегиялық әріптестік жӛніндегі меморандумға қол қойылды.
2018 – Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің коррупцияға қарсы саясатын жүзеге асыру тәжірибесі елімізде үздік деп табылды.
2018 – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде саябақтар Маршы акциясы ӛтіп, аллеяда 200 шырша отырғызылды.
2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының 3 үздік ЖОО қатарына кірді.
2018 – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік 20 ЖОО қатарына кірді.
2018 – Тәуелсіз агенттігі рейтингінің нәтижесі бойынша білім беру сапасын қамтамасыз етуі бойынша II орынға ие болды.
2018 – Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттінің «Студенттерді оқыту нәтижесі бойынша кӛшбасшы» номинациясында I орын иегері.
2018 – Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті өзінің 65-жылдығын атап өтті. Мерейтой аясында «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы модернизациялаудағы заманауи инновациялық әдістер» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
2019 – 5 ақпанда университет “Семей медициналық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.
2019 – Башкент университетімен стратегиялық серіктестік аясында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу.
2019 – Профессор Фазыл Сердар Гюрель Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Провост) қызметіне тағайындалды.
2019 – “Семей медициналық университеті” КеАҚ мен Абай облысы Семей қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2020 – Қазақстанның 2020 жылғы үздік университеттерінің ұлттық рейтингі бойынша «Үздік медициналық университет».
## Университет ректорлары
1953 ж. институт директоры болып Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Василий Сергеевич Бобов тағайындалды.
1956 ж. институт ректоры болып доцент Чуваков Қожахмет Чувакович тағайындалды.
1963 ж. – Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Назарова Тамара Александровна институт ректоры болып тағайындалды.
1974 ж. – институт ректоры болып доцент Усов Дмитрий Васильевич тағайындалды.
1976 ж. – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Николай Архипович Хлопов институт ректоры болып тағайындалды.
1985 ж. - профессор Евгений Степанович Белозеров институт ректоры болып тағайындалды.
1987 ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, профессор Раисов Төлеген Қазезұлы институт ректоры болып тағайындалды.
2001 ж. – медицина ғылымдарының докторы, профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы Академияның ректоры болып тағайындалды.
2007 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Рахыпбеков университет ректоры болып тағайындалды.
2017 ж. – университет ректоры болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы тағайындалды.
2021 ж. қазіргі уақытқа дейін университет ректоры медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич.
## Дереккөздер |
Манефа Владимировна Соболевская (21 ақпан 1920 жылы, Петроград - 6 шілде 1993 жылы Мәскеу) — кеңес киноактрисасы.
## Өмірбаяны
Негізінен эпизодтық рөлдерде ойнады.
Күйеуі — актёр Пётр Соболевский (1904-1977).
Введенский (Неміс) мазарында жерленген.
## Дереккөздер |
Айеркем есімі (мағ. "Ай" - сұлу, "еркем" -ерке қыз) — қазақ халқы әдетте кенже қыздарын еркелеп, өзіне тән қылығы бар, айдай-сұлу қыз болып өссін деген ниетпен осылай атайды.
## Басқа тілдерде:
* Орыс тілі - "Ай"- луна, "еркем"-моя душа, любовь, дорогая, золотая
* Неміс тілі - "Ай" - monat, "еркем"-melodie
* Француз тілі - "Ай" - La lune, "еркем"-homme
* Қытай тілі - "Ай" - 月, "еркем"-男性
* Корей тілі - "Ай" - 달, "еркем"-내 사랑 |
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым.
Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады. 2019 жылғы сәуірден бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы — Ләззат Танысбай.
## Тарихы
Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.
1951 жылы 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық телевизия студиясы құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды. Бұл жаңалықтың ізін ала 1957 жыл 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады. Осылайша, арада 8 ай өткеннен кейін 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды. Бұдан кейін Целиноград, Орал, Балқаш, Семей қаласында студиялар ашылып, аталмыш бағытта жұмыс жалғаса берді.
1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.
1991 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Мемтелерадиосы таратылып, орнына Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне бағынатын Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
1992 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы мен облыстық телерадиокомпаниялар негізінде Министрлер Кабинетінің жанынан «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Ол Қазақстанның телерадиохабар мәселелерi жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы ретінде жұмыс істеді.
1994 жылы 4 сәуірде Мемлекеттік телерадиокомпания таратылып, Министрлер Кабинетiнiң жанынан «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.
1994 жылы 20 мамырда Корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. 1995 жылы 23 қазанда республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде «Хабар» агенттігі Корпорациядан бөлініп шықты.
2001 жылдың тамызынан 2002 жылдың наурызына дейін корпорация «Хабар» агенттігі» Жабық акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында болды.
2003 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының атауы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 наурызда 2003 жылғы жаңа «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға орай «Қазақстан» РТРК» жабық акционерлік қоғамы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.
2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамында болды.
2010 жылы «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС жеке меншіктен Корпорация меншігіне өтті.
2011 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ таратылып, «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына қосылды. 2013 жылы 16 қазанда Корпорация құрамында «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС тіркелді. 2016 жылы 20 желтоқсанда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС Корпорация құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
2016 жылы 14 желтоқсанда Корпорация құрамында 4 радионы біріктіретін «Республикалық радио» ЖШС тіркелді. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «Қазақ радиолары» ЖШС болып өзгертілді.
## Басшылары
## Құрылымы
Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.
Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.
Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.
Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.
### Басқарма құрылымы
### Директорлар кеңесі құрамы
* Желдібай Руслан Сұлтанұлы — директорлар кеңесінің төрағасы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі
* Ысқақов Қанат Жұмабайұлы — Мәдениет және ақпарат вице-министрі
* Ахметов Ербол Сабыржанұлы — Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
* Танысбай Ләззат Мұратқызы — «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы
* Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы — тәуелсіз директор
* Оспанов Ерсайын Ерікұлы — тәуелсіз директор
* Нұрахметов Саят Ермаханұлы — тәуелсіз директор
### Еншілес ұйымдар
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының еншілес ұйымдары қатарына 2 компания мен «Хабар» агенттігімен бірлесіп құрған қор кіреді:
* «Қазақ радиолары» ЖШС — Корпорацияға қарасты республикалық 4 радионы басқаратын компания. 2016 жылы желтоқсанда құрылған.
* «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС — қазақстандық телеарна Еуразия бірінші арнасының иесі «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын компания. Жеке меншіктен Корпорация меншігіне 2010 жылы өткен.
* «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры — 2020 жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған корпоративтік қор.
## Республикалық телеарналар мен радиостанциялар
## Аймақтық филиалдары
### Корпорацияның бұрынғы телерадиокомпаниялары
* Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясы. 1959 жылы 5 қыркүйекте Жезқазған тау-кен комбинаты инженерлерінің күшімен әуесқой телестудия ретінде ашылды. 1960 жылы Жезқазған телевизия студиясы мәртебесін алған. 1973 жылы Жезқазған облысының құрылуына байланысты облыстық телерадиокомитет құрылып, 1991 жылы ол облыстық телерадиокомпания болып өзгертілді. 1997 жылы Жезқазған облысының таратылуына байланысты «Дидар» Жезқазған қалалық телерадиохабарын тарату дирекциясы («Дидар» телеарнасы) болып қайта құрылды. Ұлытау облысы құрылғаннан кейін 2022 жылдың желтоқсанынан бері «Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы («Ulytau» телеарнасы) деп аталады.
* Торғай облыстық телерадиокомпаниясы. 1971 жылы Торғай облысында радио іске қосылды. 1992 жылы соның негізінде Торғай облыстық телерадиокомпаниясы құрылды. 1997 жылы облыстың таратылуына байланысты Арқалық қалалық теледидары мен радиосы болып өзгертіліп, 2012 жылдан бері «Арқа дидары» деп аталады.
* Балқаш қалалық телестудиясы. 1967 сәуірде Балқаш қаласында жұмысын бастап, 1997 жылы наурызда жабылып қалды.
## Жабылған телеарналар
### «Алатау» телеарнасы
Қытай елінің шекаралас аудандарына ұйғыр және қазақ тілінде хабар тарататын екінші республикалық «Алатау» арнасының трансляциясы 1984 жылы 1 шілдеден бастап АСК-2 аппаратты студиялық кешенінен шыға бастады.
1999 жылы телеарна жабылып, ұйғыр тіліндегі «Алитағ» бағдарламасы «Қазақстан-1» телеарнасынан шыға бастады. 2002 жылы «Алитағ» бағдарламасының атауы «Висал», кейінірек «Биз, Қазақстан уйғурлири» деп өзгертілді. 2009 жылы ұйғырша хабар тарату тоқтады.
### «Мәдениет» телеарнасы
«Мәдениет» телеарнасы – Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап «Білім» телеарнасымен біріктіріліп, «Хабар» агенттігі жанында «Білім және мәдениет» телеарнасы ретінде хабар тарата бастады.
### «Tamasha TV» телеарнасы
«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.
## Дереккөздер |
Семён Альтерович Шейнин (25 желтоқсан 1907, Чернигов губерниясы, Держановка ауылы - 14 қазан 1994, Мәскеу) — кинооператор, РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (4.05.1988).
## Өмірбаяны
Әйелі - кеңес операторы Арша Ованесова.
Мемлекеттік кинематография техникумын бітірген (1932).
1937 жылдан — «Мосфильм» киностудиясының қоюшы-оператор.
1942—1945 жылдары — фронт операторы, оның түсірілімдері «Освобождение Украины» (1944), «Берлин» (1945), «Освобожденная Чехословакия» (1946), «Великая Отечественная» (1979) деректі фильмдеріне қосылды.
Мәскеудегі Троекуров мазарында жерленген.
## Фильмографиясы
### Актер ретінде
* 1992 - Болат пен жастан құралған әйел
### Оператор ретінде
* 1936 - Париж таңдары
* 1939 - Тастанды
* 1941 - Корзинкинаның хикаялары
* 1942 - №12 әскери киножинақ
* 1943 - Кеңес Украина үшін шайқас
* 1945 - Александр Покрышкин
* 1945 - Жоғарғы Силезияда
* 1945-1946 - Берлин
* 1946 - Азат етілген Чехословакия
* 1952 - Би мұғалімі
* 1953 - Анна Каренина
* 1953 - Жасауы бар той
* 1954 - Кәмелеттік аттестат
* 1956 - Қанаттар
* 1957 - Олар жолда кездесті
* 1959 - Таңға қарсы
* 1960 - Солтүстік повесі
* 1963 - Өткелдегі кездесу
* 1966 - Атыс
## Дереккөздер |
Лариса Семеновна Емельянцева (16 қазан 1916 жылы Стародуб - 20 шілде 1993 жылы Мәскеу) — бұрынғы кеңес актрисасы.
## Өмірбаяны
1933-1935 жылдары теміржол институтының сызу бөлімінде оқыды.
1938 жылы Мосфильм қарамағындағы п/р Г.М.Козинцев атындағы студияны бітірді
Жазушы Федор Кнорреге күйеуге шығып, актерлік жұмысын тастады.
## Фильмографиясы
* 1938 - Выборг жағы - Мария Ивановна
* 1939 - Аринка - Аринка
* 1939 - Ұлы азамат - Наташа Лосева
* 1940 - Достық - Оксана
* 1941 - №2 әскери киножинақ - қыз-сербиянка
* 1941 - Әке мен ұл - Ксана
* 1942 - Біздің қыздар әскери киножинағы - Аня
* 1942 - №10 әскери киножинақ - орыс қызы
* 1942 - №12 әскери киножинақ - Смирнова
* 1942 - Украина далаларындағы партизандар - Седов
* 1944 - Мен - Черноморлықпын - Вера
* 1945 - Қарапайым адамдар - Саша Слепнева
## Дереккөздер |
Байтал — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 1 адам (2009).
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |
«Алтын керней» — толық метражды көркем фильм. 1948 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
## Сюжет
Іле Алатау тауларының жоғарысында қазақ мал шаруашылығы институтының тәжірибе станциясы орналасқан. Станция бастығы, жас ғалым Жақан Досанов, жаңа қой түрін шығару үстінде. Жаңа түр арқардай төзімді, жүні мериностың жүніндей жұмсақ болуы керек. Станцияда тұрған арқардың "алтын" мүйізі болашақтағы молшылықтың символы ретінде қызмет етеді. Оның нәтижесінде қиын және қауіпті аң аулау кезінде Жақан арқарды ұстайды. Арқармен ұрықтандырылған мериностың бес аналығы Досанов пен оның көмекшісі Сәуленің қамқорлығы мен көңіліне бөленеді. Өз жұмысында Досанов консервативті институт басшылығымен жасалған кедергілерден өтеді. Биік таулы үстірттің ауыр табиғи жағдайлары тәжірибе станциясындағы төрт аналықтың өліміне алып келеді. Бірақ бесінші аналықта жаңа тұқымның лағы - архаромеринос туады. Тәжірибе керемет жаңалықпен біткендей көрінеді. Бірақ айдаудан қашқан лақты аңшы атып тастайды. Осылай тәжірибенің жалғыз дәлелі жоғалады. Бірақ Досанов айтқанынан қайтпайды. Ол біріншісінен гөрі көбірек аналық өсіреді. Бірнеше жылдан кейін ғалыммен шығарылған архаромериностар отары таудағы қатыгез ауа райына шыдам береді.
## Рөлдерде
* Жақан Досанов — Шәкен Айманов
* Виктор Соколов — Пётр Алейников
* Сәуле Байжанова — Ләйля Ғалымжанова
* Жамал — Рахия Қойшыбаева
* Тұрдықұлов — Елубай Өмірзақов
* Әділбек — Серке Қожамқұлов
* Берғалиев — Қалыбек Қуанышбаев
* Профессор Игнатьев — Аркадий Аркадьев
* Ыбырай Жүнісов — Қапан Бадыров
* Төкен — Әзірбайжан Мәмбетов
## Дереккөздер |
Салтанат Берденқызы Байқошқарова 1960 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін 1983 жылы тәмамдаған. Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) лабораториясы – «Экомед» емханасының (18.03.95 ж. ашылған) негізін қалаушы және жетекшісі. Репродуктология саласында еңбек етіп келе жатқанына 22 жыл болды. Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағының иесі. «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі» атты құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.
"Пробиркадан" шыққан баланың тұңғыш қазақстандық авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Репродуктология және эмбриология саласындағы танымал көшбасшы және маман.
30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі ішінде 25 000 ЭКО циклын өткізді, оның кәсіби қатысуымен және оның басшылығымен Қазақстанда ғана емес, әлемнің 37 түрлі елінде 12 000-нан астам бала дүниеге келді.
1995 жылдың сәуірінде Бекмусаев Қазақстандағы алғашқы "Экомед" ЭКО орталығын тіркеп, өз қаражатына Мәскеуден құрал-жабдықтарды алып келді.
96-шы жылдың жазында Салтанат Байқошқарова барлық басылымдарға бұл қуанышты жаңалықты жіберді:"Қазақстанда ЭКО көмегімен алғашқы бала дүниеге келді". Содан бері жиырма жыл өтті, бірақ сол күндегі естеліктер әлі күнге дейін көз жасын туғыздырады.
## Еңбек жолы
Байқошқарова Салтанат Берденқызы – Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы.Медицинадағы еңбек жолын 1988 жылы Алматы қалалық кеңесханасында дәрігер-лаборант болып бастаған. Ерлер бедеулігін анықтаумен айналысып, күйеуінің немесе донордың шәуһетімен жатырішілік инсеминация жасау және аталық ұрық криоконсервациясы әдістерін енгізген.
1995 жылы бедеулікті емдейтін «Экомед» орталығын ұйымдастырып, Қазақстанда және Орталық Азияда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісін енгізді. Нәтижесінде 1996 жылы 31 шілдеде осы лабораторияда Қазақстандағы алғашқы «құтыдағы бала» дүниеге келді. Қазақстандағы алғашқы лаборатория ретінде «Экомед» емханасы 1995 жылы Франциядағы Дүниежүзілік ДТҰ регистріне тіркелген.
Қазіргі уақытта Салтанат Байқошқарованың тек жақсылыққа ұмтылуы мен ізденімпаздығының арқасында «Экомед» емханасында дүниежүзіндегі адам ұрпағын өрбіту саласында қолданылатын жаңа заманға сай әдістердің барлығы енгізілген. Бұл кісінің көмегімен дүниеге келген балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінде және алыс және жақын шетелдерде өмір сүреді. Салтанат Берденқызын ерекшелендіретін ол – өзі таңдаған ісіне деген құлшынысы, еңбекқорлығы, адалдығы мен махаббаты. Ол алыс ауылдардан келген материалдық жағдайы төмен әйелдерге әрқашан қол ұшын беріп, шамасы келгенше көмегін аямайды.
Байқошқарова С.Б. Еуропалық адам ұрпағын өрбіту және эмбриология Ассоциациясы мен Ресей Адам Ұрпағын Өрбіту Ассоциациясының мүшесі және олардың барлық конгресстеріне қатысады. Салтанат Берденқызы 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол Қазақстанда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру тақырыбында кандидаттық, содан кейін докторлық диссертацияларын қорғаған. Сонымен бірге, ол ағартушылық жұмыспен айналысып, түрлі газеттер мен журналдарға ғылыми-көпшілік мақалалар жазады. Соңғы бес жыл бойы «Хабар» агенттігіндегі халық денсаулығы мәселелеріне арналған, «Бірінші байлық - денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі және кеңесшісі болып келеді.
## Білімі
Байқошқарова С.Б. Кеңес одағындағы ДТҰ-ның негізін қалаушылар – профессор В.М. Здановский және Ресей мен Кеңес Одағындағы алғашқы ДТҰ лабораториясын басқарған профессор Б.В. Леоновтың ең үздік шәкірттерінің бірі.Ол Аддлер қаласындағы Ресей-Американдық ұрпақ өрбіту және генетика орталығында, Мәскеудегі бедеулікті емдейтін «ЭКО» орталығында, Ресей акушерия, гинекология және перинатология Ғылыми Орталығында, сонымен бірге Германияның Бондық университеттік емханасында, Израильдің Тель-Авивтік университеттік емханасында тәжірибе алған. Тәжірибе алмасу мақсатымен профессор С.Антиноридің RAPRUI адам ұрпағын өрбіту Орталығында (Рим, Италия), Ульм қаласының университеттік емханасында (Германия), Германияның Бонн және Ульм қалаларындағы бірқатар жеке ДТҰ орталықтарында, Ресей-Финдік "Ава-Петер" орталығында (Санкт-Петербург) және профессор Катоның «Kato Ladies Clinic» емханасында болған.
## Медицина дамуына үлесі
2006 жылы Салтанат Байқошқарованың ұйымдастыруымен, Алматы қаласының Денсаулық Сақтау Департаменті және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының қолдауымен «Қазақстандағы ДТҰ әдісімен дүниеге келген алғашқы «құтыдан шыққан» баланың 10-жылдығына арналған» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция Ресей, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан және Германия ғалымдарының қатысуымен өтті.
Салтанат Байқошқарованың жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен аталған. 2001 жылы Алматы қаласының ғылым қайраткері атанып, «Алматы Жұлдызы» медалімен марапатталған. ДТҰ саласындағы ең бірінші маман және Қазақстандағы бірінші ДТҰ лабораториясының негізін қалаушы ретінде КИНЭС Қазақстандық рекордтар кітабының денсаулық сақтау бөліміне енгізілген. ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2008 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің №593 Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссияның мүшесі болды
## Дереккөздер
Үлгі:Alashainasy.kz сайтынан алынған |
Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашев (10 ақпан 1970, Алматы) — режиссёр, суретші, сценарист.
## Өмірбаяны
Н.В.Гоголь атындағы Апматы көркем сурет училищесін(1989) суретші-декоратор мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін (Мәскеу қаласы , 1993) кинорежиссер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқық танушы мамандығы бойынша бітірген.
Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері – Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді сонау Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді. 2009 жылы «Құрақ көрпенің» кебін құшпай, дер кезінде жолға шыққан «Сталинге сыйлық» олжалы оралды.2017 жылы ,,Алмас қылыш" атты тарихи фильмде қоюшы режисёр болды.Фильм қазақ хандығының құрылуы жайында болды. Негізі Ілияс Есенберлиннің романы бойынша жасалды.
## Фильмографиясы
### Режиссёр
* 2004 — "Қаладан келген қыз".
* 2006 — "Құрақ көрпе".
* 2008 — "Сталинге сыйлық".
* 2011 — "Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаныа".
* 2013 — "Елбасы жолы. Теміртау".
* 2013 — "Елбасы жолы. От-өзен".
* 2014 — "Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан".
* 2017 — "Қазақ хандығы. Алмас қылыш.
* 2017 — "Қазақ хандығы. 1-сезон, 10 серия (Көпсериалды тарихи сериал)".
### Сценарист
* 2004 — "Қаладан келген қыз".
* 2011 — "Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны".
* 2013 — "Елбасы жолы. От-өзен".
* 2014 — "Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан".
* 2017 — "Қазақ хандығы. Алмас қылыш".
* 2017 — "Қазақ хандығы. 1-сезон, 10 серии (Көпсериалды тарихи сериал)".
### Суретші
* 1991 — "Отырардың күйреуі" (режиссер Ардақ Әмірқұлов) (Художниктің ассистенті).
* 1991 — "Бегущая мишень" (режиссер Талғат Теменов) (Қоюшы художник).
* 1992 — "Любовники декабря" (режиссер Қалықбек Салықов) (Художник декоратор).
* 1993 — "Дикий Восток" (режиссер Рашид Нұғманов) (Қоюшы художник).
* 1994 — "Голубиный звонарь" (режиссер Әмір Қарақұлов) (Қоюшы художник).
* 1994 — "Жас аккордеоншының өмірбаяны" (режиссер Сатыбалды Нарымбетов) (Қоюшы художник).
### Марапаттары
* «Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.