text
stringlengths 3
252k
|
---|
Абай — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 629 адамды (296 ер адам және 333 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сүттигенді — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2020 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 349 адам (168 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 194 адамды (87 ер адам және 107 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Талпын — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 304 адамды (153 ер адам және 151 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақжайық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжайық, Абай, Ақжайық шипажайы, Талпын, Ыждағат ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжайық ауылы. Округ құрамында болған Сүттигенді ауылы 2020 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4207 адамды (2135 ер адам және 2072 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бозай — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 154 адамды (79 ер адам және 75 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Табынбай (2010 ж. дейін — Калинин) — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 52 адамды (29 ер адам және 23 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақсоғым — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Ақсоғым ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 93 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 549 адамды (300 ер адам және 249 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ыждағат (2020 ж. дейін – Подхоз) — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 121 адамды (60 ер адам және 61 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әйтиев — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 230 адамды (123 ер адам және 107 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Үлкен Еңбек — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 424 адамды (224 ер адам және 200 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақсуат ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақсуат, Әйтиев, Магистральное, Пойма ауылдары кіреді. Орталығы – Ақсуат ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2734 адамды (1404 ер адам және 1330 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Кеңжайлау (2010 ж. дейін — Чебаково) — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Қосшы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тасқала ауылынан оңтүстікке қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 206 адам (112 ер адам және 94 әйел адам) болса, 2009 жылы 104 адамды (53 ер адам және 51 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.
## Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
* қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
* диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
## Тыныс алу жүйесі түрлері
* Жоғарғы тыныс алу: мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы.
* Төменгі тыныс алу: көмей, кеңірдек, бронхы.
### Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:
* ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.
* түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;
Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:
* жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;
* төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.
Мұрын қуысы қызметі
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей қызметі
Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.
Кеңірдек және бронхылар қызметі
Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.
Өкпенің қызметі
Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
## Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы
Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.
* Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқаладыИнспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.
* Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады
* Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.
* Патологиялық тыныстарға (үнемі және үзілісті тыныс) - Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс жатады.
* Асфиксияда (тұншығу) қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмір қышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоркс (өкпеқапта ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда болады.
## Тыныс алуды дамыту және гигиеналық талаптар
* Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
* Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.
## Дереккөздер |
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы.
## Тарихы
Алғашында Орал педагогикалық институты болып педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны болды. 1932 жылы Орынбор қаласынан көшірілген Халық ағарту институтының негізінде ашылды. 1937-ші жылдан бастап институт А. Пушкин атын алды. 1996 жылы Пушкин атындағы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университеті болып өзгерген. 2000 жылы Университет Орал қаласындағы Батыс Қазақстан агротехника академиясын және Мәдениет институтымен біріктіріліп Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет болып қайта құрылды. 2002 жылы БҚАУ құрамынан шығып, 2003 жылы Университет Махамбет Өтемісұлы атын алды.
## Құрылымы
Оқу орнының құрамында 6 факультет бар:
* Педагогикалық факультет
* Мәдениет және өнер факультеті
* Физика-математика факультеті
* Жаратылыстану-география факультеті
* Тарих, экономика және құқық факультеті
* Филология факультеті
Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.Университеттің 5 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 600 мың кітап қоры жинақталған кітапханасы бар. Мұнда зоология мұражайы, биохимия лабораториясы, жаңа ақпараттар лабораториялары жұмыс істейді. Университет кадрлар даярлаудың көп сатылы жүйесіне көшіріліп, әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Университетте 2,5 мыңнан аса студенттер дәріс алады. Ағылшын, неміс және араб тілдері оқытылады. Мұнда 4 ғылым докторы, 85 ғылым кандидаты, 17 профессор және жүзден астам доцент еңбек етеді.
## Дереккөздер |
Жезқазған түсті металлургия институты, 1970 ж. бөлек ғылыми-зерттеу кәсіпорындар лабораторияларымен «Гипротүстімет» институтының бұрынғы бөлімшесінің негізінде құрылған. 1987 ж. «Жезқазғантүстімет» ғылыми-зерттеу иституты негізінде «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды. Мұндай өзгеріске кәсіпорындардың және институттың ғылыми-зерттеу лабораториялары мүмкіндіктерінің кеңейтіле түсуі негіз болды. 1988 ж. ғылыми-өндірістік бірлестік түсті металлургия кәсіпорындары арасында бірінші болып толық шаруашылық есепке және өзін-өзі қаржыландыруға көшті.
## Дереккөздер |
Қазақ мұнай ғылыми - зерттеу және жобалау институты - геология және мұнай кен орындарын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулермен, әр түрлі мұнай кәсіпшілік жабдықтарын, мұнай өңдеу кәсіпорындарын және көмекші өндірістерді жобалаумен шұғылданатын мамандандырылған мекеме. 1940 ж. Атырау қаласында "Қазақстан мұнай комбинаты" құрамында "Ембіпроект" жобалау конторы ретінде негізі салынды.
1957-70 ж. "ГипросКазмұнай" мұнай жобалау институты, 1970 жылдан бұрынғы КСРО-ның Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 1978 ж. институт Ақтау қаласында, Атырауда бөлімшесі болды. 1995 ж. бұрынғы институттың Атыраудағы бөлімшесініңнегізінде дербес "Каспиймұнайгаз" институты ұйымдасты. 2001 ж. институт "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу институты Акционерлік қоғамы болып қайтадан құрылды, ол ҚР-ның Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне бағынышты болды. 2002 ж. акциялардың мемлекеттік пакеті жаңадан құрылған "Қазақ мұнай және газ институты" жабық акционерлік қоғамына берілген. Институт жұмысының негізгі бағыттары: мұнай мен газ кен орындарының геологиясы және оларды игеру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу саласында жобалау - іздеу жұмыстарының кешенін орындау; мұнай-газ өндірісі мен еңбек саласындағы қауіпсіздік техникасының ғылыми-техникалық нормалық құжаттарын жасау. Институттың жобалары бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарында көптеген газ-мұнай кен орындары игеруге берілді, олардың ішінде Өзен, Жетібай, Қаламқас, Мартыши, Прорва т.с.с. ірі кен орындар да бар. Қазіргі уақытта да институт мұнай саласындағы өзінің дәстүрлі тапсырыс берушілеріне және шетелдік капиталмен жұмыс істейтін біріккен кәсіпорындарға ғылыми-жобалау инженерлік қызмет көрсетіп келеді.
## Дереккөздер |
Ләззат Оразханқызы Асанова (27.07.70, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.
## Дереккөздер |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — Қазақстанның ұлттық мұнай компаниясы.
Толық атауы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
## Тарихы
2002 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының мүддесін қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 67% акциясының иесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ және «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді.
### Басшылары
«Қазақойл» басшылары
* Нұрлан Балғымбаев 04.03.1997-10.1997
* Балтабек Қуандықов 10.1997-04.1998
* Нұрлан Қаппаров 04.1998-08.1999
* Ұзақбай Қарабалин 08.1999-10.1999
* Нұрлан Балғымбаев 10.1999-02.2002
«ҚазМұнайГаз» басшылары
* Ләззат Қиынов 20.02.2002-03.2003
* Ұзақбай Қарабалин 03.2003-29.05.2008
* Серік Бүркітбаев 29.05.2008-20.08.2008
* Қайыргелді Қабылдин 20.08.2008-2011
* Болат Ақшолақов 10.2011-12.2011
* Ләззат Қиынов 12.2011-3.07.2013
* Сауат Мыңбаев 3.07.2013-20.11.2018
* Алик Айдарбаев 20.11.2018-11.04.2022
* Мағзұм Мырзағалиев 14.04.2022-15.05.2024
* Асхат Хасенов 28.05.2024 бері
## Мұнай және газ өндіру көрсеткіштері
2000 жылы бұл компанияларда 5,8 млн. т мұнай өндірілді, оның 3,57 млн. тоннасы экспортқа шығарылды. 89 жаңа ұңғыма іске қосылды. Ұлттық компания “Атырау мұнай өңдеу зауытының” акциялар пакетінің 86%-ын иеленеді .
## Компанияның жобалары
## Еншілес компаниялар
«ҚазМұнайГаз» 2024 жылғы қыркүйек айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:
Мұнай-газ барлау және өндіру
* «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – 99,72%
* «Ембімұнайгаз» АҚ – 100%
* «Өзенмұнайгаз» АҚ – 100%
* «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20%
* «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – 100% (Қарашығанақ жобасындағы (KПO) үлесі – 10%)
* Dunga Operating GmbH – 100% (Доңға жобасындағы үлесі – 60%)
* «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (КТМ) – 100%
* «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорыны» ЖШС (КГМ) – 50%
* «KMG Barlau» ЖШС – 100%
* «ҚМГ-Үстірт» ЖШС – 50%
* «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС – 99,81%
* «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (КОА) – 50%
* «Өріктау Оперейтинг» ЖШС – 100%
* «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС – 50%
* «Becturly Energy Operating» ЖШС – 50%
* «Құрманғазы Петролеум» ЖШС – 100%
* «Жамбыл Петролеум» ЖШС – 100%
* Karaton Operating Ltd – 50%
* «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС – 50%
* «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС – 50%
* «Женис Оперейтинг» ЖШС – 50%
Мұнай-газ тасымалдау
* «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%
* Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) – 19%
* «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (Казмортрансфлот) – 100%
Мұнай-газ өңдеу және басқа сала
* «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%
* «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%
* «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС – 100%
* «ҚазРосГаз» ЖШС – 50%
* «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – 49,5%
* Coöperatieve KazMunaiGaz U.A. – 99,79%
* KMG International N.V. – 100%
* «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – 100%
* «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС – 100%
* «KMG Drilling&Services» ЖШС – 99,7%
* «KMG PetroChem» ЖШС – 100%
* «KMG-Security» ЖШС – 100%
* «KMG Green Energy» ЖШС – 100%
* «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%
* «KMG Automation» ЖШС – 49%
* «KMG EP-Catering» ЖШС – 100%
* «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – 100%
* «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС – 93,88%
* «Petrosun» ЖШС – 49%
* «Полимер Продакшн» ЖШС – 100%
* «ӨзенМұнайСервис» ЖШС – 100%
* «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%
* «ТеңізСервис» ЖШС – 49%
* «Су өндіру және тасымалдау Басқармасы» ЖШС – 100%
* «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС – 25%
* TH KazMunaiGaz B.V. – 100%
* Kazakhstan Pipeline Ventures LLP – 49,9% (Каспий құбыр консорциумның 1,75% акционері)
* «Каспийская Нефтегазовая Компания» ЖШҚ – 50%
* «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ – 50%
* «АқтауОйлМаш» ЖШС – 25%
* «Грейс Казахстан Каталистс» ЖШС – 12,5%
* «Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС – 50%
* «Oil Construction Company» ЖШС – 100%
* «Oil Services Company» ЖШС – 100%
* «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС – 100%
* «Мұнайтелеком» ЖШС – 100%
* «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС – 100%
* «Силлено» ЖШС – 29,9%
* «КС Energy Group» ЖШС – 49%
## Тағы қараңыз
* QazaqGaz
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұрағатталған 4 сәуірдің 2018 жылы. |
Придорожное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Богданов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Придорожный ауылдық округінің орталығы болды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 510 адам (246 ер адам және 264 әйел адам) болса, 2009 жылы 118 адамды (63 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сәрсен — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Богданов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 276 адам (144 ер адам және 132 әйел адам) болса, 2009 жылы 141 адамды (71 ер адам және 70 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Kaspi Bank — қазақстандық коммерциялық банк. 2017 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың салымы бойынша 3-орынды иеленеді, жеке капиталы бойынша қазақстандық банктер арасында 6-шы орында.
Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Басқарма төрағасы - Павел Миронов.
## Банк тарихы
1991 жыл, 1 қаңтар — Алматыда халықаралық «Аль Барака Қазақстан» коммерциялық банкі ашылды. Кейін «Банк Каспийский» ААҚ оның мұрагері болды.
1993 жыл, 14 сәуір — «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» жаңа заң күшіне енді. Осыған байланысты Қазақ-Сауд Арабиялық халықаралық коммерциялық «Аль Барака Қазақстан» банкі «Аль Барака Қазақстан» халықаралық банкі» бірлескен акционерлік банкіне өзгерді.
1996 жыл — жыл басында банк акцияларының 50% «Лукойл-Казахстан» АҚ және МD МТ Group (Канада) компаниясына өтті.
1997 жыл, қаңтар — ҚР заңында көрсетілген міндетті қайта тіркеуге сәйкес «Аль Барака Қазақстан» ХБ» атауы «Банк Каспийский» жабық акционерлік қоғамы болып өзгерді. Сәуір айында «Банк Каспийский» ЖАҚ және «Каздорбанк» ААҚ серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Екі ұйымның қосылуы нәтижесінде «Банк Каспийский» ААҚ құрылды.
2000 жыл — «Банк Каспийский» ААҚ ақпан айында «Жеке тұлғаларға кепілдік (сақтандыру) берудің Қазақстандық қоры» ЖАҚ қатысушысы болды.
2003 жыл, тамыз — 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес «Банк Каспийский» ААҚ атауының Банк «Каспийский» АҚ болып өзгеруіне сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Желтоқсан айында «Банк Каспийский» АҚ халықтық акционерлік қоғам дәрежесін алды.
2006 жыл, мамыр — «Baring Vostok Capital Partners»5 тікелей инвестициялар қорының серіктесі Михаил Ломтадзе директорлар кеңесінің құрамына кірді.
2007 жыл, наурыз — Банк Standard Bank PLC, UniCredit Group және ING Bank-тен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген займ алды. Сәуірде «Банк «Каспийский» АҚ акцияларының 95%-дан астамын иеленген CASPIAN GROUP B.V. банктік холдингі директорлар кеңесін қалыптастырғаны туралы хабарлады. Оның құрамына Дэвид Хэкстер, Дуглас Гарднер пен Николай Зиновьев кірді. Шілдеде Михаил Ломтадзе банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қарашада банк Еуропалық қайта құру және даму банкінен 59 миллион АҚШ доллары көлемінде 5 жылдық займ алды.
2008 жыл, сәуір — банк Халықаралық қаржы корпорациясынан 100 миллион АҚШ долларын тартты: 80 миллион доллар 7 жыл мерзімге – шағын және орта бизнесті несиелеу үшін және 20 миллион АҚШ доллары – сауданы қаржыландыруды дамыту үшін.26 қыркүйекте банк акционерлері банк атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Жаңа Kaspi Bank брендінің қоғамдық таныстырылымы қараш айында өтті.
2009 жыл, мамыр — Kaspi Bank Голландиялық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік корпорациясынан (FMO) 5 жыл мерзімге 45 миллион доллар займ алды. Сондай-ақ банк «Самрук-Казына» ҰӘҚ-ның ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын толық жүзеге асырды. 3 миллард теңге игерілді.Шілде айында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі банкке құнды қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге құқық беретін лицензиясының жаңартылған нұсқасын берді.
2011 жыл, мамыр — банк MPP Consulting агенттігі енгізген Қазақстандағы ең қымбат брендтер рейтингінде 8-ші орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қазан айында Kaspi Bank акционерлерінің «Caspian Financial Group» АҚ қаржы холдингін құру туралы өтінішін қанағаттандырды.
2012 жыл, қыркүйек — банктің бас кеңсесі жаңа ғимаратқа көшті.
2013 жыл — Kaspi Bank қазан айында халықаралық капитал нарығынан 200 миллион доллар тартты.
2014 жыл, маусым — банк PCI DSS төлем карталары индустриясының мәліметтер қауіпсіздігі стандартының талаптарына сәйкес сертификатқа ие болды .
2015 жыл, қараша — «Kaspi» акционерлік қоғамы банктік холдинг дәрежесін алуға келісім алды. «Kaspi» АҚ Kaspi Bank акцияларының жанама иесі болды. Холдингтің акционері мен инвесторлары Вячеслав Ким, Қайрат Сатыбалдыұлы, Михаил Ломтадзе және халықаралық жетекші инвестициялық компания Бэринг Восток Кэпитал Партнерс басқаруындағы қорлар болып табылады.
2017 жыл, маусым — банктің басқарма құрамы алты адамға дейін ұлғайды. Басқарма төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды: Павел Миронов мен Тенгиз Мосидзе.
2022 - Банк қаржылық маркетплейс рейтингінде бірінші орынды иеленді Zanimaem.kz оқырмандардың пікірлері негізінде 5-тен 4.7 рейтингімен.
## Бизнес-экожүйе
2017 жылдың шілде айындағы мәлімет бойынша Kaspi экожүйесіне еліміздегі азық-түлік емес тауар айналымының шамамен 20% тиесілі.
## Өнімдері
Kaspi Gold — дебеттік карта. Алғашында жалақы жобасы аясында ғана шығарылды. 2017 жылдың 1 наурызынан банк аталған картаны барлық жеке тұлғаларға береді.
Kaspi Red — серіктес-дүкендердің тауары мен қызметін шектеулі лимит аясында бөліп төлеуге мүмкіндік беретін карта. Өнім 2016 жылдың 18 тамызында іске қосылды, 2017 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Қазақстанның ірі 5 қаласында ай сайын 130 мың рет сауда жасайтын 115 мың карта ұстаушы бар.
Kaspi Депозит — жеке тұлғалар үшін капиталдандырылатын жедел салым. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша номиналды сыйақы теңгеде 11,4%, долларда 1%.
Сонымен қатар банк жеке кәсіпкерлерге және тұлғарларға ақшалай несие береді.
Банк Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің арасында кредит портфелінің көлемі бойынша бірінші орынды иеленеді. Банктің кредит портфелінің басым бөлігі бөлшек – 96,6%. 2015 жылы кредитке 770 мың смартфон, 86 мың планшет, 48 мың ноутбук, 90 мың тоңазытқыш. Ақшалай эквивалент түрінде сатып алудың жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрады.
Банк қолданыстағы бар карталарға ғана қызмет көрсетуді қалдырып, кредиттік картаны шығарудан бас тартты.
## Қызметтері
Магазин — несие немесе бөліп төлеуге алу мүмкіндігін ұсынатын электроника, тұрмыстық техника және балалар тауарларының онлайн-маркетплейсі. Магазин 2014 жылдың 28 қарашасында іске қосылды. 2016 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша аталған сервис арқылы Қазақстанда жыл сайын 1,5 млн сатып алу жүзеге асты. 2017 жылдың маусым айында сауда алаңының ассортименті 30 мың тауардан асты.2018 жыл, шілде — «Қазпочта» АҚ пікірі бойынша Kaspi.kz-тегі Магазин Казнеттегі онлайн-дүкендердің арасында 1-ші орын алды, 2017 жылы интернет-дүкеннің айналымы 54,8 миллиард теңгені құрады.
Төлем — ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, айыппұлдар мен салық, білім беру ұйымдары мен басқа да қызметтерге комиссиясыз төлем жасауға мүмкіндік беретін онлайн-қызмет. Сервис 2014 жылдың 26 маусымында таныстырылды. 2017 жылдың шілде айында аталған сервис арқылы ай сайын 4 миллион төлем жасалды.
Менің Банкім — интернет-банкинг. Аталған қызметтің ай сайынғы аудиториясы 1 миллион қолданушы.
Kaspi Әмиян — «Төлем» қызметі арқылы төлем жасауға, кредит төлеуге және теңгелік депозитті толықтыруға мүмкіндік беретін электронды әмиян.
Kaspi Бонус — бейілділік бағдарламасы: сервистер мен банк өнімдерін пайдаланғаны үшін банк «Төлем» сервисі арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін бонустық балл қосады. Бағдарламаға 500 мыңнан астам клиент қатысушы, оның ішінде актёр Ерден Телемисов, продюсер Нурберген Махамбетов, блогер Алексей Алексеев бар.
Аударым — картадан картағы және банк клиентінің жеке шоттары арасында қаражат аударуға мүмкіндік беретін банктің ұялы қосымшасындағы қызмет.
Kaspi Терминалдары — салымды төлеуге, карталық шот, электронды әмиянды толықтырып, несие және ұялы байланыс операторларының қызметіне төлеуге мүмкіндік беретін төлем терминалдарының желісі. Желі Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 4 500-ден астам Kaspi Терминалды қамтиды.
Kaspi Maps — Kaspi бөлімшелері мен терминалдарын, банкоматтар мен банктің серіктес-дүкендерін іздеуге мүмкіндік беретін сервис.
## Жетістіктер
2015 және 2016 жылдары әлеуметтік желі мониторингі жүйесі SocialBakers.com мәліметінше банк әлеуметтік желіде сервис ұсыну бойынша топ-500 компанияның тізіміне кірді.
2014 жылы «Капитал.kz» іскерлік апталығының рейтингі бойынша Kaspi Bank дағдарыс кезіндегі ең үздік стратегия үшін «Қазақстандағы ең үздік банк» жүлдесін, 2016 жылы клиенттерге арналған ең үздік қызметі үшін тағы бір жүлдеге ие болды. 2016 жылы банк қоғаммен байланыс саласында IV қазақстандық «Ак Мерген» сыйлығының «Коммуникация мен қайырымдылық саласындағы үздік жоба» аталымында жүлдеге ие болды.
2015 жылы «Халықтық мойындау» жобасының нәтижесі бойынша Kaspi Bank Ақтау мен Орал қаласында, 2013 жылы Ақтөбе қаласында үздік банк атанды.
2014 жылы «Эксперт РА Казахстан» рейтингі агенттігі банкке халықтың қаржылық сауатын көтеруге қосқан үлесі үшін награда тапсырды.
2013 жылы банктің «ITSM на базе LANDesk Service Desk базасында ITSM үрдістерін автоматтандыру жүйесін қалыптастыру» жобасы ИТ-директорлардың Global CIO порталы өткізген «Жыл жобасы-2013» конкурсының жеңімпазы болды.
2012 жылы банк 1,7 миллионнан астам кредиттік карта шығарғаны үшін Visa-ның құрмет сертификатына ие болды.
2009 жылы «The Banker» журналы Kaspi Bank-ке «Жыл банкі 2009» марапатына ие болды.
## Логотип
Банк бірнеше рет логотип ауыстырды.
1997–2008 жылдары логотип қызыл-ақ түсті және «Банк Каспийский» жазуынан құралды. Логотиптің ағылшын тіліндегі нұсқасы да болды.
2008 жылы банкте ребрендинг жасалып, логотип пен аты өзгерді. Жаңа логотиптің элементтері: күннің шығып келе жатқанын білдіретін сары шеңбер, оның аясында екі адамның сұлбасы және «Kaspi bank of Kazakhstan» жазуы. Элементтер қызыл кесіндінің ішінде орналасқан.
2010 жылы логотиптен «of Kazakhstan» жазуы алынып тасталды.
2012 жылы логотипте сары пішінді қызыл дискке өзгерді. Қызыл кесінді алынып тасталды.
2014 жылы шрифт пен түстері өзгерді: қызыл түс аясында адамның ақ пішіні. «bank» сөзі алынып тасталды.
2017 жылы логотип ретінде жазусыз негізгі элемент қолданылды.
## Әлеуметтік бастамалар
### Қайырымдылық
2008-2013 жылдар аралығында Kaspi Bank «Аяла» қайырымдылық қорына қолдау көрсетіп, перинаталдық орталықтар үшін медициналық жабдықтар сатып алу мен орналастыруға бағытталған «Тыныс ал, балақай» жобасын қаржыландырды.
2010, 2011 жылдары банк су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетті.
2013 жылы Алматы базарларында бірнеше рет шыққан өртте зардап шеккендер арасында Kaspi-дің 4 клиенті болды. Банк өз есебінен бұл клиенттердің кредитін жабуға шешім қабылдады.
### Білім
2013 және 2015 жылдары банк қайырымдылық және демеушілік көмек үшін 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады.
2014 жылы банкеліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қаржы мәдениеті» білім беру жобасын іске қосты. Аталған бағдарлама қатарына кірген жобалар:
* 2014 сәуір — қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызмет пен дұрыс инвестициялауға арналған лекциялар сериясы Халықаралық бизнес академиясында өткізілді.
* 2014 шілде — гранттық қолдау алу үшін білім жобаларының конкурсы өткізлді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 180 миллион теңге.
* 2015 мамыр — «Жұлдыз FM» радиосы және szh.kz сайтында «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы.
* 2016 жылдың наурызы — қаржылық сауаттылық тақырыбында балаларға арналған кітаптар сериясы. Кітаптар Kaspi Bank-тің «Қаржы мәдениеті» білім беру бағдарламасы шеңберіндегі гранттар конкурсы аясында шығарылды. Жалпы тиражы 80 мың дана. Кітаптар Қазақстанның аймақтардағы балалар кітапханаларына тегін берілді.
2014 жылы «Нұр-Жақсылық» қоғамдық қорымен бірге банк компьютерлік сауаттылық бойынша тегін оқу курсын ұйымдастырды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар, статистика мен эконометрика бойынша білім алып жатқан студенттер үшін «Kaspi мәліметтер зертханасы» жобасы іске қосылды.
2014–2015 жылдары банк «Taiburyl», қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Білімді қолдау» бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеге степендия тапсырды.
### Мәдениет
Банк түрлі мәдени бағдарламалардың тұрақты серіктесі болды, оның ішінде:
* Халықаралық әйелдер күні құрметіне «Медеу» мұз айдынындағы;
* «Денис Тен және достары» мұз шоуы;
* «Astana Piano Passion» жас пианистердің халықаралық конкурсы;
* «Art of Storytelling» фестивалі.
2014 жылдан бастап банк жыл сайын заманауи этникалық музыканың халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің бас серіктесі болып жүр.
Банктің қолдауымен көпсериялы әскери-шытырман «Жоғары құлау» атты фильмі түсірілді.
### Спорт
2014 және 2015 жылдары банк қазақша күрестен өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің бас демеушісі болды.
2017 жылы Kaspi VI Алматы Марафонның бас демеушісі болды.
## Сыни көзқарас
2013 жылы азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев банкті жасырын және екі еселенген пайыздары бар деп айыптады. Банк жеке тәртіппен өсімпұлдың мөлшерін азайту туралы талаптарын қанағаттандырғаннан кейін 4 қарызгер өз талаптарынан бас тартты. Соттың араласуынан кейін банк тарабынан ешқандай құқық бұзушылық таппады.
## Дереккөздер |
Ерсары — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстікке қарай 54 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 68 адамды (40 ер адам және 28 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сатымшеген — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 62 адамды (33 ер адам және 29 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қандық — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 107 адамды (66 ер адам және 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Рая Әбдешқызы Көзденова (1945 жылы 29 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған) — педиатр дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Құрмет орденінің иегері.
## Толығырақ
* Рая Әбдешқызы Көзденова 1945 жылы 29 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
* 1962 - 1968 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (бұрынғы Алматы мемлекеттік медицина иниституты)ның Педиатрия мамандығы бойынша бітірген.
* Еңбек жолын 1968 жылы Шиелі ауданының орталық ауруханасында учаскелік педиатр дәрігер болып бастаған.
* 1991 жылдан - 2013 жылға дейін Қызылорда медицина колледжінің директоры болды.
* 2013 жылдан Қызылорда облысының медицина ардагерлері кеңесінің төрайымы лауазымында.
* Көптеген ғылыми медициналық еңбектердің авторы.
* Облыстық маслихатқа депутат болып сайланған.
## Марапаттары
* Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор
* КСРОның "Еңбек Қызыл Ту" Ордені және медалдары бар.
* ҚРның Құрмет орденінің иегері
* 1998 - Астана медалі
* 2001 - Ерен еңбегі үшін медалі
* 2011 - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* 2016 - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
* Еңбек ардагері медалі
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің Үздігі
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медалі
* Көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған. |
Бекет — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шаған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 178 адам (93 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 113 адамды (60 ер адам және 53 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
## Тарихы
1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым.
КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.
ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды.
1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді.
1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.
2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.
## Қызметі
* әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
* бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
* ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
* ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
* ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
* ғылыми журналдар шығару;
* халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
* ғылымды танымал етуге қатысу
## Академия президенттері
## Академия ғимараты
Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.
Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді:
* Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі
* Орталық ғылыми кітапхана
* Табиғат музейі
* Археология музейі
* Сирек кездесетін кітаптар музейі
* Қазақстан ғылымының тарихы музейі
* Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия, саясаттану және дінтану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
* Математика және математикалық модельдеу институты
* Экономика институты
* Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
## Басқару органдары
2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары:
* жоғары орган – қамқоршылық кеңес;
* өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы;
* консультативтік-кеңесші орган – төралқа;
* атқарушы орган – басқарма.
### Қамқоршылық кеңес
Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
* ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
### Академиктердің жалпы жиналысы
Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті.
Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
* құрметті атақтар мен наградалар беру;
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
### Төралқа
Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады.
Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
* кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
* Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
* Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
* ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
### Басқарма
Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді.
Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
## Басқарма құрамы
Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
* Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
* Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
* Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор
* Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты
* Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD
## Академиктер тізімі
Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024)
* Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024)
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024)
* Здоровец Максим Владимирович (2024)
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024)
* Локшин Вячеслав Нотанович (2024)
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024)
* Сұраған Дөрбетхан (2024)
* Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024)
"Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері
* Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы
* Әбділдина Раушан Жабайханқызы
* Әбсаметов Мәліс Құдысұлы
* Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
* Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы
* Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
* Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы
* Әділов Жексенбек Мәкейұлы
* Айтбаев Теміржан Ерқасұлы
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы
* Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы
* Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы
* Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы
* Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы
* Ахметова Гульнас Кенжетайқызы
* Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы
* Әшімов Оңдасын Байкенұлы
* Аяшев Оңалбай Аяшұлы
* Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы
* Баешов Әбдуәлі Баешұлы
* Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы
* Байзақов Сәбит Байзақұлы
* Баймаханов Болатбек Бимендіұлы
* Баймұратов Ораз Баймұратұлы
* Байтанаев Бауыржан Әбішұлы
* Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
* Бейсенова Әлия Сәрсенқызы
* Бектұров Есен Әбікенұлы
* Бенберин Валерий Васильевич
* Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы
* Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы
* Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы
* Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы
* Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы
* Білиев Назарбай Қыдырұлы
* Бүктіков Николай Сәдуақасұлы
* Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы
* Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы
* Голиков Владимир Андреевич
* Грибановский Анатолий Павлович
* Григорук Владимир Васильевич
* Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы
* Дәулетов Асқар Ербұланұлы
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
* Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
* Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы
* Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы
* Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы
* Елубаев Сағынтай Зекенұлы
* Есполов Тлектес Исабайұлы
* Есполов Айдос Тілектесұлы
* Есім Ғарифолла Есімұлы
* Жамбакин Қабыл Жапарұлы
* Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы
* Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
* Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
* Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы
* Заядан Болатхан Қазыханұлы
* Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы
* Смағұлов Оразақ Смағұлұлы
* Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы
* Қайдарова Диляра Радикқызы
* Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы
* Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы
* Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы
* Қамзабекұлы Дихан
* Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы
* Қасқабасов Сейіт Асқарұлы
* Қайыпов Мәлік Арықтайұлы
* Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы
* Кененбаев Серік Бәрменбекұлы
* Қожамжарова Дария Пернешқызы
* Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы
* Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
* Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
* Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы
* Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы
* Құлажанов Талғат Құралбекұлы
* Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы
* Құлыбаев Талғат Асқарұлы
* Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы
* Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы
* Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
* Құнантаева Күләш Құнантайқызы
* Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы
* Құрманбайұлы Шерубай
* Курскеев Абдрахман Козлоевич
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы
* Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
* Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы
* Локшин Вячеслав Нотанович
* Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы
* Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы
* Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы
* Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы
* Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы
* Мұқашев Болат Нығметұлы
* Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы
* Молдахметов Марат Зейноллаұлы
* Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы
* Момынов Талғат Әшірұлы
* Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
* Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы
* Мырзақұлов Рәтбай
* Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
* Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы
* Оздоев Султан Мажитович
* Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы
* Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
* Ормантаев Камал Сәруарұлы
* Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы
* Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы
* Раисов Төлеген Қазезұлы
* Рақышев Баян Рақышұлы
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы
* Рау Алексей Григорьевич
* Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы
* Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы
* Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы
* Сағитов Абай Оразұлы
* Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы
* Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы
* Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы
* Северский Игорь Васильевич
* Сейдуманов Серік Тұрарұлы
* Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
* Сүлеев Досым Қасымұлы
* Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы
* Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы
* Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
* Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы
* Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы
* Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы
* Тіреуов Қанат Маратұлы
* Төлебаев Райс Қажыкенұлы
* Төлеуов Бораш Игілікұлы
* Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы
* Оразалиев Рахым Алмабекұлы
* Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы
* Харин Станислав Николаевич
* Шоманов Өрісбай Шоманұлы
* Фазылов Серік Драхметұлы
* Шарманов Төрегелді Шарманұлы
* Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы
## Құрылымы
2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды:
* Ботаника және фитоинтродукция институты
* Зоология институты
* Адам және жануарлар физиологиясы институты
* Жалпы генетика және цитология институты
* Микробиология және вирусология институты
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Экономика институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия және саясаттану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Сейсмология институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты
* Металлургия және кен байыту институты
* География институты
* Информатика және басқару проблемалары институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Математика институты
* Қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Фитохимия институты
* Ғалымдар үйі
* Орталық ғылыми кітапхана
* «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы
### Бұрынғы құрылымы
1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған:
Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі
* Ядролық физика институты
* Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін)
* Теориялық және қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Каменское плато обсерваториясы
* Асы-Түрген обсерваториясы
* Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* Механика және машинатану институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап)
Жер туралы ғылымдар бөлімшесі
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Сейсмология институты
* Тау-кен істер институты
* География институты
Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Металлургия және кен байыту институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты.
Биологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды)
* Топырақтану институты
* Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты)
* Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты)
* Микробиология және вирусология институты
* Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін)
* Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты)
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін)
* Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты).
Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі
* Философия институты
* Мемлекет және заң институты
* Экономика институты
* Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап)
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін)
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Сыртқы экономика орталығы
* Шығыстану институты (1996 жылдан бастап).
Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі
* Химия-металлургия институты
* Органикалық синтез және көмір химиясы институты
* Физиология және еңбек гигиенасы институты
* Қолданбалы математика институты
* Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақстан ғалымдары |
Кемер (2020 ж. дейін – Социализм) — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шаған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, Барбастау өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 611 адам (309 ер адам және 302 әйел адам) болса, 2009 жылы 529 адамды (259 ер адам және 270 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Долинное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Долин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 999 адам (487 ер адам және 512 әйел адам) болса, 2009 жылы 935 адамды (445 ер адам және 490 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоныссай — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Долин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 260 адам (130 ер адам және 130 әйел адам) болса, 2009 жылы 151 адамды (75 ер адам және 76 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шөптікөл — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Долин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 532 адам (271 ер адам және 261 әйел адам) болса, 2009 жылы 342 адамды (177 ер адам және 165 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Долин ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Долинное, Қоныссай, Төңкеріс, Шөптікөл ауылдары кіреді. Орталығы – Долинное ауылы. Округ құрамында болған Ақсай, Жаңаталап ауылдары 2011 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1628 адамды (823 ер адам және 805 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алғабас — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Богданов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 344 адам (167 ер адам және 177 әйел адам) болса, 2009 жылы 268 адамды (135 ер адам және 133 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Характерлі би (мәнерлі, сипатты) – француз тіліде «De dance haracter» - сахналық бидің бір түрі.Бастапқы ұғымда ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр араығында характерлі бейнелері бар , тұрмыстық образдағы бейнелер аталды. Көп жағдайда интермедияда кездесіп отырды. Басты іс-әрекет жасаушылар шеберлер, шаруалар, қарақшылар т.б. Би қимылдары белгілі бір кейіпкердің іс-әрекетін көрсететін қимылдардан тұрды, яғни қимылдар классикалық негізден ауықтып отырды. ХІХ ғасырда характерлік биді халық биінің сахнада өңделген биі деп атай бастады. Олар балет спектаклльдерінде кездесіп отырды. ХІХ ғаасырдың 1830-50 жылдарында ұлттық калоритке көп кқңіл бөліне бастады. Романтикалық балеттерде де ұлттық нақышта кездесе бастады.Характерллік бидің халық биінен айырмашылығы классикалық би жүйесінің тәсілдерін қолдану.
## Тарихы
ХҮІІІ ғасырдың аяғында характерлік бидің экзерсисі қалыптасты. Уақыт өте оқу пәні ретінде жүйеге бекітілді. Барлық халық биінің қимылдары классикалық би шеңберінде орындалды. Қазіргі замандағы балет спектакльдерінде характерлік би эпизод ретінде кездеседі және ол толығымен балет мазмұнының кейіпкер образын ашудың тәсілі ретінде қабылданады. «Бахчисарайский фонтан», «Щелкунчик», «Князь Игорь».
ХІХ ғасырда Петербор-оратор училищесінде халық биі пән ретінде пайда бола бастады. Себебі, балеттік спектакльддерде венгр, испан билері орындала бастады. Характерлік билердің орындаушы шеберлері Герцер, Ширяев. ХІХ ғасырдың 90 ж – Ширяев өз ұсынысымен «Характерлік биді» жүйелендірді. Ол характерлік биді негізгі пән деңгеіне көтерді. Уақыт өте келе жаңа жаңашылдықты қолдаушылар көбейді. Оқу пәні ретінде басқа да хореографиялық училищелердің оқу бағдарламаларына енді.ХХ ғ. 20 жылд. Көптеген әуесқой би үйірмелері, ансамбльдері , студиялар, балет театрлары құрыла бастады. әртүрлі конкурстар, көркемдік-шығармашылық олимпиадалар өте бастады. Бұның бәрі жетекші мамандардың көбеюіне алып келді. Осы мәселені шешуге ескі мектептердің шеберлері үлкен роль атқарды.Ең басты жаңалықтардың бірі Лопухов, Ширяев, Бочаровтың «Основы характерного танца» кітабының жарық көруі болды. Көптеген жылдар бойы жинақтаған тәжірибенің арқасында бұл еңбек «Халықтық-сахналық биді оқытудағы » ең алғашқы кітап саналды.ҰОС кейін көптеген арнаулы оқу орындары ашыла бастады. «Халық биі» оқу процесінде үлкен орын алды. Пән негізгі ретінде характерлік биді оқытудың жүйесі алынды. Білімді мамандар әуесқой, кәсіби би ұжымдарын басқарды. Және халық хореографиясының дәстүрлерін сақтап, жалғастырып отырды.1960 жылы өнер институттарның «Хореография бөлімдерінде балетмейстер-педагогтарды дайындай бастады. Кәсіби пәндердің ішінде «Халықтық-сахналық биге» үлкен көңіл бөлінді. Халықтық-сахналық би орындаушыларын және педагогтарын Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институының профессоры Ткаченко үлкен еңбек атқарды. Ол 1954 «Народный танец кітабын жазып шығарды. Бұл басылым 1967 жылы қайта шығарылды. Ткаченко станок жанындағы жаттығуларды жүйелеп , кеңейтті. Жаңа атаулар қолдана бастады. Сонымен қатар, Блатованың «Оқу-әдістемелік құралы», Борзованың 2 бөлімнен тұратын «КСРО халықтарының билері» атты және Ткаченконың «Халық биін оқыту әдістемесі» кітаптары жарық көрді.Халық биінің орындаушыларын дайындаудағы басты мақсаттардың бірі актерлық шеберлікті дамыту, дене қозғалғыш аппаратын дамыту, әр қимылдың мәнері сипатын меңгеру. Сахнада әр ұлттың өзіне тән ерекшелігін көрсетуге аталған талаптар өте маңызды орын алады. |
Қабылтөбе — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Теректі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 42 адамды (20 ер адам және 22 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жайық — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Теректі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 482 адамды (253 ер адам және 229 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Богдановка — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Богданов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде, бетеге боз, жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, қуаң далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 649 адам (314 ер адам және 335 әйел адам) болса, 2009 жылы 507 адамды (248 ер адам және 259 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1936 жылы «Родина» астық өсіру ұжымшары ретінде қаланды. 1997 жылдан Богдановкада 9 шаруа қожалығы, 1 серіктестік құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Тасаншеген — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2020 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 155 адам (78 ер адам және 77 әйел адам) болса, 2009 жылы 55 адамды (31 ер адам және 24 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дуана — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 107 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 588 адам (299 ер адам және 289 әйел адам) болса, 2009 жылы 344 адамды (172 ер адам және 172 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Данди университеті (ағыл. University of Dundee) — Шотландиядағы британдық университет. Тоғыз мектепті қамтиды: әлеуметтік ғылымдар; ғылым мен инженерия; медицина; гуманитарлық; өнер мен дизайн; және т.б.
Университеттің негізгі корпусы Данди қаласында орналасқан. Онда (негізгі корпуста) Өнер мен Дизайн Колледжінің Джорданстондық Дункан филиалы орналасқан. Университетте Найнвелс ауруханасында және Керколди қалашығында университеттік акушер мектебінің бір бөлігі болып табылатын кампустар бар. Университеттің беделі мынандай салаларда оқитын студенттердің арқасында айтарлықтай жоғары: құқық, медицина, жаратылыстану ғылымдары мен өнер. Бұл қант диабеті, онкологиялық аурулар мен неврологияны зерттеудің көрнекті ғылыми орталығы болып келеді.
Мұнда шамамен 100 елден келген студенттер оқиды.
1881 жылы Сент-Эндрюс университетінің колледжі ретінде негізі қаланды. 1897 жылы Университеттік колледж Сент-Эндрюс университетінің құрамына кірді. 1954 жылы ол Квинс-колледж деп атауы өзгертілді (ағыл. Queen's College). 1967 жылдың 1 тамызында тәуелсіз университеттің статусын алды. 1994 жылы университеттің құрамына факультеті ретінде өнер колледжі кірді. 2001 жылы Солтүстік колледжінің (педагогикалық) Данди кампусы университеттің факультеті болды.
## Рейтингтер
* Жылдың шотландиялық университеті Times & Sunday Times Good University Guide 2016
* Times Higher Education 16-орында '150 under 50 2016' |
Қоғалытүбек — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 101 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 494 адам (263 ер адам және 231 әйел адам) болса, 2009 жылы 394 адамды (209 ер адам және 185 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құтсиық — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 112 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 504 адам (246 ер адам және 258 әйел адам) болса, 2009 жылы 314 адамды (166 ер адам және 148 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарабас — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2020 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 95 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 369 адам (188 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 242 адамды (129 ер адам және 113 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қызылжар — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 117 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 488 адам (243 ер адам және 245 әйел адам) болса, 2009 жылы 439 адамды (214 ер адам және 225 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Лесопитомник — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Подстёпный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 459 адам (218 ер адам және 241 әйел адам) болса, 2009 жылы 637 адамды (321 ер адам және 316 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Юбилейное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Подстёпный ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 419 адам (212 ер адам және 207 әйел адам) болса, 2009 жылы 474 адамды (232 ер адам және 242 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тұқпай — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Подстёпный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 58 адам (29 ер адам және 29 әйел адам) болса, 2009 жылы 177 адамды (84 ер адам және 93 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құмақсай (2023 жылға дейін — Новопавловка) — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Құмақсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 763 адам (375 ер адам және 388 әйел адам) болса, 2009 жылы 648 адамды (319 ер адам және 329 әйел адам) құрады.
## Ауыл көшелері
* А. Құнанбаев (60 лет Октября) көшесі
* Астана (Колхозная) көшесі
* Бірлік (Целинная) көшесі
* Жастар көшесі
* Тәуелсіздік (Советская) көшесі
* Ы. Алтынсарин (Мичурин) көшесі
## Дереккөздер |
Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ораз (1975 жылы туған) — исламтанушы, діни қайраткер. 2017-2020 жж. аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас (мүфти) болған. Бұл лауазымға ол 2017 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында сайланған болатын.Бас мүфтилік қызметтен ол 2020 жылы 7 ақпанда Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс IX құрылтайында өз еркімен кетті.
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.
## Білімі
* 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.
* 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.
* 1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.
* 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
* 2014-2016 жылдары "Нұр Мүбəрак" университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған.
## Еңбек жолы
Діни саладағы жұмысы Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметінен басталған. Ислам институтының ұстазы, ректоры, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Алматы қаласы әкімшілігінің діни істер бөлімінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасында дирекция директоры қызметін атқарды.
* 2000-2001 жылдары ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти;
* 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Бас имамы;
* 2011-2013 жылдары ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы;
* 2013 жылы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.
* 2017 жылы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.
* 2020 жылы 7 ақпанда ол Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс IX құрылтайында өз еркімен Бас мүфтилік қызметтен кетті.
## Бастамалары мен жобалары
* «Дін мен дәстүр сабақтастығы»;
* «ҚМДБ-ның жалпы жұмысындағы негізгі төрт бағыт (көркем уағыз, оқу-ағарту, жат ағыммен жұмыс, қайырымдылық)»;
* «Дәстүрлі Ислам жауһарлары»;
* «Құран Кәрім. Қазақша сөзбе-сөз аудармасы»;
* «Қазақстандағы бірыңғай діни рәсімдер жүйесі»;
* «Жаназа және жерлеу рәсімдері»;
* «Жұма уағызы», «Дін – насихат»;
* ҚМДБ пәтуаларының ортақ базасы – www.fatua.kz Мұрағатталған 5 ақпанның 2018 жылы. сайты
* «Ислам және рухани жаңғыру»;
* «Ислам және ұлы дала өркениеті»;
* «І Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы».
## Авторлық еңбектері:
* «Ораза – кешірім айы»;
* «Тәпсір тұнығы» (30-пара);
* «Тәпсір тұнығы» (29-пара);
* «Тәпсір тұнығы» (28-пара);
* «Әзірет Сұлтан» – Ұлы дала темірқазығы».
## Марапаттары:
* Қапқаз және Орта Азия елдері арасында өткен Кувейт мемлекетінің басшысы Сабах әль-Ахмед әль-Жабер әс-Сабах атындағы Құран жарысының бас жүлдегері;
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарының иегері;
* Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы;
## Өмірдегі ұстанымы:
«Өзгеруді өзіңнен баста».
## Қызметтегі ұстанымы:
«Жауапкершілік пен тиянақтылық – сапалы қызмет кепілі».
## Жеке өмірі:
Отбасылы. 7 баланың әкесі.
## Қоғамдық пікірлері:
### Дәстүрлі Ислам туралы
Ислам мекен мен уақытқа тәуелді емес. Дейтұрғанмен, әр халықтың ұзын-сонар тарихы, өзіне тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – Алланың хикметі.Біз не үшін дәстүрлі Ислам деген терминді қолдануға мәжбүр болдық? Исламды дәстүрлі, дәстүрлі емес деп бөлу қандай қажеттіліктен туды? Дінді ұстанудың жолы осы екен деп, қалай еліктесек те, бәрібір араб бола алмаймыз. Түбіміз түрік дегенмен, салтымыз бен санамыз басқа. Пәкістанның, ауғанның киімін кисек те, пуштун болу қолымыздан келмейді. Өйткені, біздің сан ғасырлық сара жолымыз бар. Біз дала заңына бағынған халықпыз. Менталитетімізге мейлінше жақын дәстүрлі дініміз Исламнан қуат алған ұлтпыз. Көпшілік қауым қош көрген ұғымдар мен әдеттердің жиынтығын дәстүр дейміз. «Дәстүрлі Ислам» деп мұсылман үмбетінің басым көпшілігі, соның ішінде әйгілі ғалымдардың ұстанып келген, сонау ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінен бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып жатқан діни жолды айтамыз. Намазды айтпағанда, жайнамаз, тәспінің өзін қастерлеген кешегі батагөй ақсақалдарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың жолы. Қажылыққа барған кісі қасиетті Меккеден «тәбәрік» әкелсе, балаша қуанатын, қонағын құрметтеп, ұрпақ үшін ұдайы дұға қылатын ата-бабалардан қалған сара жол – дәстүрлі Ислам неге бүгін кәдемізге «жарамай» қалуы тиіс?! «Таза Исламды» ұранға айналдыру кім үшін керек?! Мың жылдан астам тарихы бар, дала заңы демократиясының негізі саналған дініміздің құқықтық мектебі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы жұртымыздың жүрер жолы болған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы дәстүрлі Исламды насихаттайды және бірлігімізді нығайта түсу үшін мұсылман жамағатын Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырады. Төл мәзһабымызға Діни сенім бостандығы туралы заңымызда да айрықша мәртебе берілген. Кейде кейбір ел ағаларының аузынан: «Халықты бір мәзһабты ұстануға үндеу – қалған мәзһабтың құқығын шектеу емес пе?» – деген уәжді естіп қаламыз. Әбу Ханифа мәзһабы – Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен мұсылмандардың ұстанған жолы. Әбу Ханифа мәзһабы дала халқының болмысына, табиғатына жақын болды. Имам Ағзам – мәзһаб негізін қалаған ғұламалардың ұстазы болған. Либералды жолды таңдауымыздың тағы бір сыры – мәзһабымыздың жергілікті салт-дәстүрімізге құрметпен қарауында.Алла Тағала қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінде: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет...» деп бұйырған. Шариғатқа қайшы келмеген ғұрып әрқашан, әр дәуірде құпталып отырған. Біздің бабаларымыз Ислам дінін осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын жүрек қалауымен қабылдады. Содан бері исламдық дәстүрлі діни мектеп, орта жол қалыптасты. Қазақ топырағында бұрын-соңды діни алауыздық, келіспеушілік, түсінбеушілік болған емес. Ал қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында пайда болған түрлі діни көзқарастар о бастағы бағытынан, тамырынан, алтын қазығынан алшақтай бастағанының айғағы деп айтар едік.
### Дін мен дәстүр туралы
Дін мен дәстүр – қос қанатымыз. Бұл екеуі бірінсіз бірі жүре алмайтын өте жақын ұғымдар. Алла өз пенделерін ұлттарға, ұлыстарға бөліп жаратқан. Қаласа, бүкіл адамдарды бір ғана ұлт етіп жаратар еді. Ұлтты өзгелерден ерекшелеп тұратын басты құндылығы, ол – дәстүрі. Өзіндік дәстүрі, мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Араб, парсы, түрік, ағылшын болсын, өзбек, қырғыз, қазақ болсын, бәрінде де бірінен бірін ерекшелендіріп тұратын дәстүрлері болады. Ол әр ұлттың ішер асынан, киген киімінен, қонақ күтуінен, мереке тойлауынан, бала тәрбиесінен, үйленіп, шаңырақ көтеруінен көрінеді. Ал біздің діни құндылықтарымыз дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен. Тіпті, мұсылмандық мінездер дәстүріміз арқылы бойымызға дарып, қанымызға сіңіп кеткен десек те артық болмас еді. Мысалы, қазақта үлкен тұрғанда кіші сөйлемейді. Отбасында ең қадірлі адамдар – ата-ана. Өзі жемеген тәттіні қазақ қонағына сақтап отырады. Осы секілді дәстүрлеріміз өте көп.Дәстүр – қуатты күш, кез келген ағымға төтеп беретін құндылық. Салтын сақтай білген қоғамға ешкім іріткі сала алмайды. Бұл тәжірибеде дәлелденген нәрсе. Мәселен, үлкеннің сөзін тыңдау, ата-ананың айтқанын екі етпеу, молдаға құрмет көрсетіп, оның уағызына амал ету – біздің дәстүрімізде бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Ол ешкімге жаңалық емес. Сондықтан біз әдет-ғұрпымыздың осындай игілігін көбірек пайдалануымыз керек.Біздің талдауымыз бойынша, расымен де, жат ағымда жүргендердің басым бөлігі өз дәстүрін қадірлемейді. Олар қазақы таным-түсініктен алшақтай бастағандар. Олар үшін Отанның, жердің, тілдің, дәстүрдің, т.б. қадірі жоқ. Ал дін мен дәстүр жобасы теріс діни көзқарасты түзетуге ықпал етеді. «Мен – қазақпын, Қазақстан мемлекетін құраушы негізгі ұлт – қазақ» деп түсінген адамның патриоттық әрі жауапкершілік сезімі оянады.Дін мен дәстүр – жікке бөлінген жамағатты ортақ мүддеге жұмылдыратын жол. Біз оны діни тәжірибедегі жұмысымыздан айқын аңғардық. Осы бағытта мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама қабылданып, дін мен дәстүрді насихаттайтын біртұтас идеологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс деп санаймыз.Халқымыздың түсінігінде «ұят болады» деген үлкен ұғым бар. Ата-әжелеріміз, ата-анамыз кішкентайымыздан бастап санамызға «ұят болады» деген ұғымды сіңіріп өсірді. Міне, дәстүр дегеніміз осы. Сол «ұят боладының» арқасында қаншама арсыз әдеттен сақтандық. Өзінен, адамдардан, Алладан ұялатын кісі жамандыққа әсте жол бермейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014-2015 жылдарды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Жыл басында «Дін мен дәстүр» кітабын шығардық. 2017 жылы екінші нұсқасы оқырмандарымыздың қолына тиді. ҚМДБ-ның «Хикмет» телерадиостудиясы «Дін мен дәстүрдің» аудио нұсқасын әзірлеп шығарды. Осының бәрі халық өзінің діні мен дәстүрінен ажырап қалмаса екен деген игі тілектен туып жатқан дүниелер.
### Қазақ мұсылмандығы жайлы
Біз кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Ұлтпен қатар өмір сүріп келе жатқан дініміз, өміршең діліміз, тамыры терең тарихымыз бар.2016 жылы біз Орталық Азия ғұламаларының форумын өткіздік. Бұл – Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған тұңғыш тарихи шара десек, артық айтқанымыз емес. Тәжікстанның, Қырғызстанның Бас мүфтилері, ғұлама-ғалымдары қатысқан халықаралық форумда Қарар қабылдап, Үндеу жарияладық. Өйткені, біздің тағдырымыз, тамырымыз, тарихымыз бір. Ғалымдар Орталық Азияның қалыптасқан исламдық дәстүрлі ағарту мектебінің рөлін, ықпалын арттыру туралы бастаманы бірауыздан қолдады. Біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру, сан ғасырлық тарихы бар діни ұстанымды қайта жаңғырту туралы идея көпшілік қолдауға ие болды.Иә, діни мектеп – кешенді жүйе. Біздің мақсатымыз – бүгінгі мұсылман жамағатын ортағасырлық дәуірдің діни, рухани мұрасымен терең таныстырып, сабақ алып, бүгінгі жағдайымызбен сабақтастырып, Ислам өркениетінің қайта өрлеуіне қызмет ету. Игі идеяның дамуына үлес қосатын қабілетті, байсалды, заманның өзі талап етіп отырған бәсекеге төтеп беретін, жылт еткен ағымға алданып, соңынан ере бермейтін зиялы ортаны қалыптастыруды, жастарды осыған тәрбиелеуді көздейміз. Астанада өткен тұңғыш имамдар форумында қабылдаған «Бүгінгі мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тарихи құжатымыз да осынау мақсатты бағдар еткен. Жуырда Елордада басқосқан ҚМДБ-ның жұмысын жетілдіру бойынша Сарапшылар Кеңесінің мүшелері де Орталық Азия исламдық дәстүрлі мектебін қайта қалыптастыру қажеттігін талқылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламның Орталық Азия мектебінің ұстанымдарын қайта жаңғыртуда көшбасшы бола алатыны айтылды. Шариғат негізі (фиқһ), Ислам этикасы (ахлақ), негізгі діни ұстанымдар, Ислам негіздері туралы мол мұра қалдырған ханафи мектебінің белді өкілдерінің тізбегі мен олардың еңбектерін қайта зерттеу жұмысын бастап кеттік.Қазақ мұсылмандығы туралы сөз еткенде, Түркістан, Сайрам, Самарқан, Бұқара, сонымен қатар алғашқы қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ сынды ортағасырлық қалаларды, рухани, діни ордаларды мақтанышпен мысал етеміз. Исламның тамыры жайылған Мәуренаһрда жергілікті дін ғұламалары діни шешімдер мен қаулылар шығарып отырды.Аталған ортағасырлық ғалымдардың шежірелік тізбегі мен олардың еңбектерін қазақ даласынан шыққан ағартушы-ғалымдарымыз, ойшылдарымыз – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің рухани мұраларымен ұштастырып, сабақтастырып, халқымызға жеткізуде ғалымдарымыз, дін қызметкерлері белсенділік танытып келеді. Қазақ мұсылмандығының қалыптасқан рөлін арттыру мәселесі басты назарымызда. Бұл идеяны жүзеге асыруға біздің қабілетіміз де қауқарымыз да жетеді.Орталық Азия дәстүрлі мектебі – сыртқы діни ықпалға төтеп беретін тегеурінді күш, қазақ мұсылмандығының ұстыны, халықты бірлікке бастайтын берік жол, рухани тірек.Күн санап көрініс тапқан діни ағымдар осы рухани тірегімізге тіреліп, кері құлап, әлсіреп қала бермек. Бұл – діни дүрдараздыққа ырық бермейтін бабалар жолы.
### Бірлік туралы
Біз «әһлі сүнна уал жамағат», яғни пайғамбарымыздың және сахабалардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Қажылық, құрбандық, жамағатпен оқылатын намаздар, т.б. игі амалдар мұсылмандарды бірлікке тәрбиелейді. Әбу Зарр (р.а.) риуаят еткен өсиетті сөзінде пайғамбарымыз:«Кімде-кім көпшіліктен бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деп, көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан. Асыл діннен қуат алған халқымыз: «Көппен көрген ұлы той», – деп, ұрпақты ұйымшылдыққа тәрбиелеген. Мұсылманшылық – адам қаласа істейтін, нәпсіге ауыр келсе, тастай салатын саудагердің заты емес. Мұсылман деген атына жараса дін әмірін толығымен мойындап, шамасы келгенше орындауы шарт. Хазіреті Омар (р.а.) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында Алла елшісінің ﷺ:«...Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Әлбетте шайтан жалғыз жүргенмен бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жәннаттың төрін қаласа, жамағаттан ажырамасын...», – деген сөзін мінберде тұрып қадап айтқан.
### Жастар туралы
Жастарымыз көпшіл, мемлекетшіл, ұйымшыл, қоғамшыл болса, жақсы отбасы құрса дейміз. Олар әсіре діншіл болмаса екен. Біз жастардың қоғамнан бөлініп қалмауын барынша қадағалауымыз қажет. Уағыздарымызда осы қоғамда өмір сүргеннен кейін халықтың бүгінгі жағдайымен, салт-дәстүрімен санасу қажеттігін айтамыз. Иә, дінге білімсіз келген жастарға көркем насихат керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жат ағымның жетегіне кеткен жастарға қатысты ұстанымы осындай. Кінә тағып, қоғамнан бөліп тастаған оңай шаруа, әрине. Ол біздің баламыз, бірімізге іні, бірімізге бауыр емес пе? Қамқорлық қажет-ақ. Қоғамнан жылу сезінген бала бүгін адасса, ертең қайта айналып, қазығын табады.Дәстүрлі емес Ислам дегеннен шығады, Қостанайда өкіл имам қызметін атқарып жүргенімде, имамға бағына бермейтін бір азамат болды. Енді не істеу керек? Ұрысу, күшпен бағындыру, талап ету – біздің ұстанатын жол емес. Дін – нәзік дүние. Адам дінге жүрек қалауымен келеді. Сонымен, имамдар әлгі жігітті дәстүрлі дінге қанағаттандыру жолдарын қарастырды. Тек сөзбен емес, амалмен. Қайғысы мен қуанышына ортақтасты, қолдан келгенше отбасына көмектесті. Күндердің күнінде бала-шағасы имамдарды жақсы көре бастады. Діни сенімде көзқарасы қатайып кеткен жігіттің үйіне барған сайын азық-түлік, балаларына киім-кешек үлестірді. Кәмпит беріп, көңілдерін аулады. Балалары имамды көрсе: «О-о-о, дядя имам келе жатыр», – деп қуанатын болды. Бәріміз ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой. Адам әсерленбей тұрмайды. Сонымен шынайы ниет пен жүйелі амалдың арқасында қатайған жүрек жібіді. Жігіт қатарымызға қосылып, қазір көзқарасы дұрыс, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Ислам – кешірім діні. Даналық, кешірім жолын ұстансақ, ағым деген ағып өте шығатын дүние. Олардың жүрегіне жол таба білсек, түбі ортамызға оралатынына сенемін.
### Қажылық туралы
Қажылық – мұсылмандардың қаржымен, дене қуатымен жасалатын ерекше бір құлшылық түрі. Жағдайы жеткен мұсылман өмірінде бір рет қажылық жасаса, парызын орындаған болады. Бір емес, бірнеше рет бару – әр адамның өз еркі. Қасиетті Қағба, Мекке мен Мәдина қалалары мұсылманды өзіне әрдайым құштар етіп тұрады. Қажылық – туристік немесе атақ-абыройға кенелу сапары емес. Қажылыққа сән үшін, «қажеке» деген атақ үшін бару дұрыс емес. Ол Алла мен пенде арасында болатын айрықша бір құлшылық.Қажылыққа қатысты тағы бір мәселе: қасиетті жерге барып келген кейбір бауырларымыз білместікпен баяғы әдетіне салып, Аллаға ұнамсыз әрекеттерге бой алдырып жатады. Халық арасында олардың шариғатқа қайшы амалдары туралы әңгімелер айтылып қалуда. Бұл нені көрсетеді? Қажы болып келу Алла алдында ғана емес, халық алдында да жауапкершілігі жоғары құлшылық. Мұсылмандар қажы атағына лайық өмір сүрмесе, қажылық деген ұлық құлшылықтың қадірі мен қасиеті қаша бастайды.
## Дереккөздер |
Алып туралы ән әлде Дала батырлары — 1942 жылы Қазақфильм кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм.
## Сюжет
Шабуылдың бірнеше күнінен кейін Кеңес Әскерінің бір отряды демалуға орналасады. Аялдауда Күреген жауынгер басқа жауынгерлерге Толағай батыр туралы аңыз айтып береді. Толағай туралы әңгіме экранда жанданады. Содан кейін қайтадан фронт өмірінің жай күндері көрсетіледі. Жауынгерлер тобы, олардың ішінде Күреген өзеннен өтіп, жау әскерінің дотын жою тапсырмасын алады. Көп ұзамай қарсыластың атыс нүктесі сол жағалаудан аспанға әуелейді. Гитлершілерді кеңес әскерлерінің өткеліне енуге жол бермеу үшін Күреген олармен жекпе-жекке шығады. Осы айқаста батыл жауынгер жау оғынан жараланады. Ол келіп үлгерген жауынгер жолдастардың қолында мерт болады.
## Рөлдерде
* Күрекен — Қапан Бадыров
* Толағай — Жағда Оғызбаев
## Марапаттары
«Евразия» ХКФ-ның «Звездное кино Алма-Аты» бағдарламасына қатысушы (Алматы, 1998).
## Дереккөздер |
Алып туралы ән әлде Дала батырлары — 1942 жылы Қазақфильм кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм.
## Сюжет
Шабуылдың бірнеше күнінен кейін Кеңес Әскерінің бір отряды демалуға орналасады. Аялдауда Күреген жауынгер басқа жауынгерлерге Толағай батыр туралы аңыз айтып береді. Толағай туралы әңгіме экранда жанданады. Содан кейін қайтадан фронт өмірінің жай күндері көрсетіледі. Жауынгерлер тобы, олардың ішінде Күреген өзеннен өтіп, жау әскерінің дотын жою тапсырмасын алады. Көп ұзамай қарсыластың атыс нүктесі сол жағалаудан аспанға әуелейді. Гитлершілерді кеңес әскерлерінің өткеліне енуге жол бермеу үшін Күреген олармен жекпе-жекке шығады. Осы айқаста батыл жауынгер жау оғынан жараланады. Ол келіп үлгерген жауынгер жолдастардың қолында мерт болады.
## Рөлдерде
* Күрекен — Қапан Бадыров
* Толағай — Жағда Оғызбаев
## Марапаттары
«Евразия» ХКФ-ның «Звездное кино Алма-Аты» бағдарламасына қатысушы (Алматы, 1998).
## Дереккөздер |
Шалқар — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстікке қарай 75 км-дей жерде, Есенаңқаты өзенінің Шалқар көліне құяр сағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 257 адам (129 ер адам және 128 әйел адам) болса, 2009 жылы 186 адамды (99 ер адам және 87 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
АХЖ-10 — Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-шы қаралымы. 2007 жылдың қаңтары бойынша медициналық диагноздадың көпшілік мақұлдаған жіктемесі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған. АХЖ-10 22 кластан (бөлімнен) тұрады, олардың әрқайсысы аурулар мен күйлер кодтарының тарауларынан тұрады.
Аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ) туралы жалпы ақпарат алу үшін, Аурулардың халықаралық жіктемесі мақаласын қараңыз.
## Сыртқы сілтемелер
Аурулардың халықаралық жіктемесі // Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ағыл.) |
Ұзынкөл — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Ұзынкөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде, Барбастау өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1254 адам (609 ер адам және 645 әйел адам) болса, 2009 жылы 891 адамды (447 ер адам және 444 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Приречное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Приречный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1151 адам (557 ер адам және 594 әйел адам) болса, 2009 жылы 761 адамды (375 ер адам және 386 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Аққұдық (2007 жылға дейін — Константиновка) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 402 адам (201 ер адам және 201 әйел адам) болса, 2009 жылы 202 адамды (111 ер адам және 91 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сегізсай (2007 жылға дейін — Лебедевка) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 104 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 354 адам (184 ер адам және 170 әйел адам) болса, 2009 жылы 177 адамды (89 ер адам және 88 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақсуат — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Қараағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 319 адам (159 ер адам және 160 әйел адам) болса, 2009 жылы 289 адамды (144 ер адам және 145 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алмаз ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алмаз, Аққұдық, Сегізсай ауылдары кіреді. Орталығы – Алмаз ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 723 адамды (372 ер адам және 351 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарғалы — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Қараағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 142 адам (74 ер адам және 68 әйел адам) болса, 2009 жылы 44 адамды (23 ер адам және 21 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қараағаш (2007 жылға дейін — Новопетровка) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Қараағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1074 адам (541 ер адам және 533 әйел адам) болса, 2009 жылы 628 адамды (318 ер адам және 310 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қайыңды — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Қараағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 403 адам (203 ер адам және 200 әйел адам) болса, 2009 жылы 264 адамды (137 ер адам және 127 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Леонид Михайлович Жежеленко (1903 - 1970) — сценарист.
## Өмірбаяны
Ленинград сахна өнері институтының актерлік факультетін бітірген (1923).
1936 жылдан (үзілістермен) — «Ленфильм» киностудиясының жоғарғы редакторы және редактор-консультант.
1942—1945 жылдары — Алматыдағы және Мәскеудегі сахна студиясының редакторы; 1959—1961 жылдары - Бухаресттегі (Румыния) киностудияның әдеби консультанты.
## Фильмографиясы
### Сценарист ретінде
* 1942 - Алып туралы ән
* 1953 - Жолдастың ары
* 1956 - Іздеушілер
* 1968 - Белая үстіндегі найзағай
## Дереккөздер |
Ұрысай (2010 жылға дейін — Правда) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 452 адам (228 ер адам және 224 әйел адам) болса, 2009 жылы 314 адамды (169 ер адам және 145 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақсоғым — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 89 адам (51 ер адам және 38 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (46 ер адам және 39 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мырзақара — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 132 адам (67 ер адам және 65 әйел адам) болса, 2009 жылы 79 адамды (43 ер адам және 36 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Талдысай — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде, Елек өзенінің сол жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 211 адам (111 ер адам және 582 әйел адам) болса, 2009 жылы 127 адамды (72 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Амангелді — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 371 адам (189 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 282 адамды (154 ер адам және 128 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ащысай — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ащысай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1161 адам (579 ер адам және 582 әйел адам) болса, 2009 жылы 698 адамды (343 ер адам және 355 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Торыатбас (2007 жылға дейін — Марксизм) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ақтау ауылдық округі құрамына кіреді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Шыңғырлау өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 292 адам (138 ер адам және 154 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (59 ер адам және 73 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтау ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Белогор ауылдық округі деп аталған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақтау, Торыатбас ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтау ауылы. Округ құрамында болған 2-я Пятилетка ауылы 2006 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 458 адамды (241 ер адам және 217 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шоқтыбай — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 422 адам (196 ер адам және 226 әйел адам) болса, 2009 жылы 359 адамды (164 ер адам және 195 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақтау (2018 жылға дейін – Белогорка) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ақтау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде, Шыңғырлау өзенінің жағасында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1231 адам (634 ер адам және 597 әйел адам) болса, 2009 жылы 543 адамды (278 ер адам және 265 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі - Семей қаласында орналасқан, көп жылғы тарихы бар оқу орны. Бұл колледжде қазақтың ұлт зиялылыры, ақындары, академиктері, журналистері, ағартушылары, жазушылары, ғалымдары алғашқы қадамдарын бастады.
## Тарихы
Республикамыздағы бай тарихы, дәстүрі бар, алаштың көрнекті тұлғалары білім алған, іргелі оқу орны М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қысқаша тарихы:
* 1903 жылы 1 шілдеде мұғалімдер семинариясы үш негізгі класс және бір дайындық класы ретінде құрылады.
* 1904 жылы бес кластық жүйеге ауысып төрт класс негізгі, бір класс дайындық тобы болады.
* 1920 жылы халыққа білім беру институты болып өзгерді.
* 1922 жылы осы оқу орнының негізінде екі педтехникум (қазақ, орыс) ашылады.
* 1937 жылы педтехникум базасында екі педучилище құрылады.
* 1953 жылы екі педучилище біріктіріліп, К.Д.Ушинский атындағы педагогикалық училище ашылады.
* 1957 жылы оқу орны жабылып, 1963 жылы қайта ашылады.
* 1967 жылы оқу орнына М.О.Әуезов есімі беріледі.
* 1992 жылы 22 мамырда педучилище колледж болып құрылады.
1903 жылы 23 қыркүйекте өз жұмысын бастаған мұғалімдер семинариясы бастауыш училищелер мен бастауыш орыс-қазақ мектептеріне және ауылдық қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлады.1906 жылы 5 қазанда мұғалімдер семинариясының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Семей мұғалімдер семинариясының алғашқы директорлары Александр Владимирович Белый, 1906 жылы 2 қыркүйектен бастап Михаил Николаевич Березников болды.Мұғалімдер семинариясында Ә.З.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.И.Сәтбаев, Қ.Нұрмұхаметов, Б.Сәрсенов т.б. ұлт зиялылары білім алып, ағартушылық, қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдарын бастады.Мұғалімдер семинариясы 1920 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс жасап, халыққа білім беру институты болып қайта құрылды. 1922 жылы осы оқу орнының құрылымдық негізінде екі педагогикалық техникум (қазақ, орыс) ашылады. 1924 жылы 24 қаңтарда халыққа білім беру институты жабылып, оның барлық мүлкі Семей педагогикалық техникумдарына беріледі.Семей қазақ педагогикалық техникумының 1922 жылдың 1 желтоқсанында директорлығына тағайындалған көрнекті алаш қайраткері, педагог Ә.З.Сәтбаев бұл қызметті 1927 жылдың шілде айына дейін атқарады.
Қазақ педагогикалық техникумында көрнекті алаш қайраткері Халел Ғаббасов, педагог, журналист Сейітбаттал Мұстафин, педагог, жазушы, драматург Тайыр Жомартбаев, педагог, театр қайраткері Ғалиақпар Төребаев, ағартушы-журналист, педагог Мәннан Тұрғанбаев, білікті ұстаздар И.Ф.Виноходов, Е.И.Мертвецов т.б. жемісті еңбек етті. Ә.Сәтбаевтан кейін қазақ педагогикалық техникумы мен училищесін 1930–1940 жылдары А.Жиенғалиев, Ш.М.Мұхаметов, К.Хамитов, Т.И.Жайықбаев, Т.Мусин, М.С.Муртазин басқарды.Семей қазақ педтехникумынан оқып, тәлім–тәрбие алған көрнекті қайраткерлерден: академик Әлкей Марғұлан, тарих ғылымының докторы, профессор Мұсатай Ақынжанов, 1941–1955 жылдары Қазақ ССР оқу министрі болған, педагогика ғылымдарының докторы Әбдіхамит Сембаев, Қазақ ССР Ішкі Істер Министрі Шырақбек Қабылбаев, белгілі журналист Ғайса Сармұрзин, талантты ақын, журналист, педагог Тұрлыхан Қасенұлы, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісов, көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықов т.б. атап өтуге болады.Орыс педагогикалық техникумы мен училищесін 1920–1950 жылдары А.Я.Михайлов, В.Ф.Бобошкин, Н.В.Чурсин, А.Л.Микешин, П.М.Хомутов, Л.И.Тюрин басқарды. Орыс педагогикалық техникумының көрнекті түлектері ғалым, педагог Л.М.Перелыгин, Социалистік Еңбек Ерлері М.А.Носова, Д.М.Парий, Кеңес Одағының Батырлары В.Бунтовских, В.Шулятиков т.б. болды.1937 жылы екі педагогикалық техникум базасында екі қазақ, орыс педагогикалық училище құрылады. Қазақ педагогикалық училищесіне ұлы ойшыл, ақын Абайдың есімі берілсе, орыс педагогикалық училищесіне 1945 жылы ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің есімі беріледі.
Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты педагогикалық училище мектептердегі оқытушылардың көпшілігінің майданға аттануына байланысты туындаған маман кадрлардың жетіспеушілігін шешуге зор үлес қосты. Оқу орны уақытша сол кездегі Жданов, 3 (Молотов, 3) көшесіндегі ғимаратқа көшті. Педагогикалық училищенің ғимаратында әскери госпиталь, ұшқыштар мектебі орналасты.
Отан соғысының отты жылдарында оқу орнының көптеген түлектері майданға аттанып, Отанымызды жаудан қорғап, жанқиярлық ерліктер көрсетті. Совет Одағының Батырлары, оқу орнының түлектері Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятиков, В.Бунтовских т.б. есімдері құрметпен аталады.1953 жылы екі педагогикалық училище біріктіріліп, К.Д.Ушинский атындағы педагогикалық училище деп аталады. 1950–1960 жылдары оқу орнын Г.У.Уразалин, Т.Ақажанов, А.В.Бартыков. У.Ә.Әбішев, Ж.Д.Дәукеев басқарды.1953 жылы педагогикалық училищенің 50 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтеді. 1953 жылғы 10 қыркүйектегі халық ағарту министрлігінің бұйрығымен бір топ педагогикалық училищенің ұстаздары: А.А.Красильникова, Н.Ф.Гечелло, Н.П.Вельская, М.Шаяхметова, З.П.Хомутова, В.С.Назирова, А.Г.Цикунова т.б. мемлекеттік наградалармен марапатталды.1957 жылы Қазақ ССР Халық Ағарту Министрлігінің педагогикалық училищелерді тарату туралы бұйрығына сәйкес педагогикалық училище талапкерлерді қабылдауды тоқтатады. Барлық материалдық құндылықтар Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына беріліп, таратылған училищенің базасында «Бастауыш білім беру әдістемесі» факультеті ашылады. Бірақ педагогикалық училищені тарату туралы шешімнің дұрыс еместігін уақыт өзі дәлелдеп көрсетіп, 1963 жылы педагогикалық училище қайтадан ашылады. Педагогикалық училищенің директорлығына іскер басшы, ұлағатты ұстаз А.Т.Бекбаев тағайындалады. Басында оқу процесі №16 мектептің ескі ғимаратында екінші ауысымда жүргізілді. Педагогикалық ұжымның қалыптасуына Л.К.Малахова, Н.И.Мищенко, С.Т.Қайырбекова, В.Шихов, Ю.Я.Осинцев, Ф.М.Попов, В.В.Быкунова, Е.П.Дементова т.б. белсене ат салысты. 1965 жылы училищеге Ленин көшесі 55, №10 жетіжылдық мектептің ғимараты берілді.
1967 жылы 6 желтоқсанда М.О.Әуезовтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Төрағасының № 828 бұйрығымен білім ордасына ұлы жазушының есімі берілді. 1970 жылы наурызда училище Ш.Уәлиханов көшесіндегі бұрынғы ғимаратына оралып, 400 орындық жатақхана салынды, 1987 жылы М.О.Әуезовтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында байырғы ғимаратқа қатарлас жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. Педагогикалық училищенің 25 жылдай басшысы болған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Асылхан Табылдыұлы Бекбаев оқу орнының материалдық–техникалық базасының қалыптасып, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Осынау қасиетті білім ордасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп жас ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беруде зор табыстарға жеткен А.Т.Бекбаев, А.Г.Ломтева, Н.С.Райымбекова, Н.О.Мищенко, В.Н.Бутенко, В.А.Крюкова, Э.А.Сахарова, В.И.Осинцева, Г.Ф.Левкович, М.Т.Байгушев, Г.Х.Ахмерова, Л.К.Малахова, А.М.Мирошин, В.И. Богомолов, Е.К.Дементова, Б.Н.Қожахметова, А.Х.Шихов, Г.А.Вострикова, С.В.Чернова, т.б. есімдері құрметпен аталады.1983, 1984, 1985 жылдары оқу орны білім мен тәрбие беру саласындағы үздік жетістіктері үшін Қазақ КСР Халық Ағарту Министрлігі мен Кәсіподақ қызметкерлері Республикалық комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен және еліміздегі тоғыз педагогикалық училищелердің қатарында Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды.Семей педагогикалық училищесі кезеңінің көрнекті түлектерінен Б.Жамақаев, У.Әбділманов, Г.А.Бадамбаева, М.Жұмаханова, Х.Матаев, Б.Исабаев, М.Жанболатов, Ә.Сәдуақасов т.б атап өтуге болады.
1987 жылы А.Т.Бекбаевтың зейнеткерлік демалысына шығуына байланысты педагогикалық училищенің басшылығына М.С.Мұхамеджанов келді. Қайта құру кезеңінің қиыншылықтарына қарамастан оқу орнының қалыптасқан тамаша дәстүрін одан әрі сақтап, оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдіруге белсене араласты. Біраз жылдардағы үзілістен кейін 1997–2010 жылдар аралығында директорлық қызметті жалғастырды.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты әлемдік білім беру кеңістігіне шығуымыз, білім беру жүйесіне де жаңа өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. 1992 жылы 25 мамырдан бастап оқу орны педагогикалық колледж болып қайта құрылды. 1992 жылы оқу орнының басшылығына философия ғылымының кандидаты, ұстаз–ғалым Н.Қ.Қалиевтің келуімен ұжымдағы ғылыми–зерттеушілік жұмыстардың деңгейі, сапасы артты. Қазақ мектептерінің көптеп ашылып, маман кадрларға деген сұраныстың өсуіне байланысты мемлекеттік тілде оқытатын топтардың санын көбейтуге көңіл бөлінді. Бүгінде оқу орнын білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Ш.А.Жанаева басқарып отыр.Республикамызға танымал іргелі білім ордасында 100–ден астам мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 44–і жоғары санатты, білікті ұстаздар, 1–ғылым кандидаты, 2–Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, 2–«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 5–«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері.
## Колледж туралы
Колледжде 9 пән бірлестіктері бар:
* Әлеуметтік-экономикалық ПӘК
* Қазақ тілі мен әдебиеті ПӘК
* Орыс тілі мен әдебиеті ПӘК
* Шетел тілі ПӘК
* Педагогика және психология ПБ
* Математика және информатика, жаратылыстану ПӘК
* Дене тәрбиесі ПӘК
* Музыка ПӘК
* Бейнелеу өнері ПӘК
Колледждің 4 оқу ғимараты, 1 жатақханасы, 50379 дана кітап қоры бар кітапханасы мен электронды оқу залы, интернет залы, интернет жүйесіне қосылған 5 компьютерлік сыныбы, 3 лингофонды кабинет, интерактивті тақталы 34 оқу бөлмесі, 3 мультимедиялық кабинет, 2 спорт залы бар.Колледжде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 12 мамандық бойынша 1170 студент білім алуда. Колледждегі 33 оқу кабинетіне оқу орнының айтулы түлектерінің есімі берілген.Колледж ұжымы салауатты өмір салтын таңдаған. Білім алушылар спорт, ырғақ залдары және «Спартак» стадионы мен «Дельфин» бассейнінде, қыс мезгілінде «Тисса» шаңғы базасында денсаулықтарын шыңдайды. Оқу орнында 100 орындық асхана жұмыс істейді. Күрделі жөндеуден өткізілген 400 орындық жатақхана білім алушылардың жүйелі білім алуына толықтай мүмкіндік береді.Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру мақсатында оқу орнында мониторинг орталығы жұмыс жасайды. Көркемөнерпаздар үйірмесі, поэзия клубы, Жайдарман командасы, «Оратор» дебат орталығы, спорт секциялары, пән үйірмелері жұмыс істейді.Оқу орнындағы мұражай залы құнды фотосуреттермен және мұрағат құжаттарымен жабдықталған. Оқу орнының 110 жылдық мерейтойы қарсаңында колледж тарихы жіті зерттелініп, Қазақстан Республикасы Орталық мұрағаты, Омбы, Томск, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаттарымен байланыс орнығып, мұрағат деректері топтастырылған танымдық–ғылыми сипаттағы көлемді кітап әзірленді.
## Колледждің жетістіктері
2006 жылы облыс әкімі жүлдесіне арналған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында өткен «Білім ұясы» байқауында колледж І орын иеленіп, облыс әкімінің арнайы жүлдесі – қаржылай сыйлықпен марапатталды.
2006 жылы облыс оқу орындары арасында педагогикалық мамандықтар бойынша өткен олимпиадада колледж командасы І орын иеленді.
2007 жылы өткен облыстық ғылыми–әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы байқауында колледждің әдістемелік жұмысы «Әдістемелік жұмысты жинақтау және тарату» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру үшін шеберлер мектебі, шыңдалу мектебі, жас оқытушылар мектебі жұмыс жасайды.2008 жылы облыстық байқауда колледждің тәрбие жұмысы жүлделі І орынды иеленіп, республикалық деңгейде насихаттау мен тарату туралы шешім қабылданды.
2011–2012 оқу жылында колледжде «Жастар және қазіргі әлем: халықаралық ынтымақтастық контексінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазіргі педагогикалық идеялар контексіндегі Жақия Шайжүнісовтың мұрасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
2012–2013 оқу жылында М.О.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына «Әуезов мұрасы және қазіргі жастардың гуманитарлық тәрбиесі мәселелері» және Н.Құлжанованың туғанына 125 жыл толуына арналған «Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың қазіргі бағыттары»
2013-2014 оқу жылында «Кәсіптік білім беру жүйесіне педагогтар дайындау», «Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің өзекті проблемалары: қоғам, мәдениет, жеке адам» халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциялар, М.Шайжүнісовтың 100 жылдығына орай «Бастауыш мектеп пен бала бақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері» атты облыстық ғылыми–тәжірибелік конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
2014-2015 оқу жылында облысаралық «Абай оқулары» байқауы, «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбында облыстық Президент оқулары ұйымдастырылды. 2015-2016 оқу жылында «Дін-қоғам-мәдениет: өзара әрекеттестік мәселелері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, М.О.Әуезовтің туғанына 118 жылдығына арналған «Әуезов оқулары», Қ.Мұхамедханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Қ.Мұхамедханұлы және ұлт мұраты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен «Көптілділік – білім беру дамуының жаңаша беталысы» тақырыбында аймақтық семинар-практикум, «Көптілділік қазіргі заманғы білім берудегі басымдылықтардың бірі ретінде» атты облыстық семинар, «Жастардың құқықтық сауаттылығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Оқудағы үздік білімімен, қоғамдық жұмыстардағы ереше белсенділігімен көзге түскен білім алушыларға жылма-жыл «М.О.Әуезов атындағы стипендия» тағайындалып, есімі Құрмет тақтасына жазылады, арнайы төсбелгі және куәлікпен марапатталады.
Педагогикалық колледждің ғылыми әдістемелік тақырыбы «Оқу–тәрбие үрдісін ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жетілдіру». Осы міндеттерді жүзеге асыру жолында 10 пән бірлестігі ғылыми-әдістемелік ізденіс жұмыстарын жүргізуде.Оқу орны халықаралық және еліміздегі іргелі оқу орындарымен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлуде. Ресейдің Барнаул, Рубцовск педагогикалық колледждерімен, Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясымен, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжімен т.б. екіжақты ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
## Сілтеме
* Колледждің ресми сайты Мұрағатталған 26 қаңтардың 2018 жылы. |
Жағда Ордабайұлы Өгізбаев (1912 - 1962) — актер.Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1942).
## Өмірбаяны
Кәсіби сахналық қызметін 1931 жылы Риддердегі жұмысшы жастардың театрында бастады.
1932 - 1962 жылдары Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жұмыс жасады.
1935 жылы Қазақ драма театры қарамағындағы студияны бітірді.
1940 жылдан КОКП мүшесі. Сол жылдан фильмге түсе бастады.
1948 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Сол жылы Ш.Аймановпен бірлесіп Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” (Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) қойды .
## Ойнаған рөлдері
Қазақ драма театры труппасында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Түнгі сарын”, “Тас түлектер”, “Сын сағатта” және “Қара қыпшақ Қобыланды”), Махамбет (М.Ақынжанов, “Исатай – Махамбет”), Жанбозов (Әуезов пен Ә. Әбішев, “Намыс гвардиясы”), Айбас (Әбішев, “Қырағылық”), Кошкин (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), Чибисов (Н.Ф. Погодин, “Мылтықты адам”), Лавров (Б.Ф. Чирсков, “Жеңімпаздар”) сияқты күрделі, сан алуан сахналық рөлдерді орындады. Ол өзінің сахналық кейіпкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық бояуының қанық болуына ден қоятын актер болды. Киноға да түскен: Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Әбіш (“Абай әні”, 1945), Малбағар (“Дала қызы”, 1954), Өтеш (“Бұл Шұғылада болған еді”, 1955).
## Марапаттары
2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Фильмографиясы
* 1940 - Райхан - Бұлұт
* 1942 - Алып туралы ән - Толағай
* 1943 - Фронт - Шаяхметов
* 1945 - Абай әндері - Әбіш
* 1952 - Жамбыл - эпизод
* 1954 - Дала қызы - Малбағар
* 1956 - Даладағы қайыңдар - эпизод
* 1957 - Ботакөзде - эпизод
## Дереккөздер |
Қызылкөл — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Қызылкөл ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 338 адам (171 ер адам және 167 әйел адам) болса, 2009 жылы 148 адамды (73 ер адам және 75 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жағда Ордабайұлы Өгізбаев (1912 - 1962) — актер.Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1942).
## Өмірбаяны
Кәсіби сахналық қызметін 1931 жылы Риддердегі жұмысшы жастардың театрында бастады.
1932 - 1962 жылдары Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жұмыс жасады.
1935 жылы Қазақ драма театры қарамағындағы студияны бітірді.
1940 жылдан КОКП мүшесі. Сол жылдан фильмге түсе бастады.
1948 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Сол жылы Ш.Аймановпен бірлесіп Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” (Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) қойды .
## Ойнаған рөлдері
Қазақ драма театры труппасында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Түнгі сарын”, “Тас түлектер”, “Сын сағатта” және “Қара қыпшақ Қобыланды”), Махамбет (М.Ақынжанов, “Исатай – Махамбет”), Жанбозов (Әуезов пен Ә. Әбішев, “Намыс гвардиясы”), Айбас (Әбішев, “Қырағылық”), Кошкин (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), Чибисов (Н.Ф. Погодин, “Мылтықты адам”), Лавров (Б.Ф. Чирсков, “Жеңімпаздар”) сияқты күрделі, сан алуан сахналық рөлдерді орындады. Ол өзінің сахналық кейіпкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық бояуының қанық болуына ден қоятын актер болды. Киноға да түскен: Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Әбіш (“Абай әні”, 1945), Малбағар (“Дала қызы”, 1954), Өтеш (“Бұл Шұғылада болған еді”, 1955).
## Марапаттары
2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
## Фильмографиясы
* 1940 - Райхан - Бұлұт
* 1942 - Алып туралы ән - Толағай
* 1943 - Фронт - Шаяхметов
* 1945 - Абай әндері - Әбіш
* 1952 - Жамбыл - эпизод
* 1954 - Дала қызы - Малбағар
* 1956 - Даладағы қайыңдар - эпизод
* 1957 - Ботакөзде - эпизод
## Дереккөздер |
Қозы жасы - ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған. Бұл - еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бала еңбектің қиындығын көріп, дәмін татқан. |
Жіңішке — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 247 адам (119 ер адам және 128 әйел адам) болса, 2009 жылы 93 адамды (43 ер адам және 50 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақбұлақ ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақбұлақ, Қотантал ауылдары кіреді. Орталығы – Ақбұлақ ауылы. Округ құрамында болған Ағатан ауылы 2011 жылы таратылған.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 517 адамды (282 ер адам және 235 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті — Семей қаласында орналасқан жоғарғы оқу орны. 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, технологиялық инститтутардың бірігуінен құрылды. Қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген.
## Университет тарихы
Шәкәрім университеті 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық университтерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда университет жоғарыда аталған бойынша ұзақ және бай тарихын дәріптеуде.
Семей педагогикалық институты еліміздің ең көне білім ордаларының бірі болып есептеледі. Іргетасы 1934 жылы қаланған. Ал Семейлік зоотехникалық институты 1952 жылы ашылса, Семей технологиялық институтының тарихы 1963 жылдан бастау алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылғы 1 ақпандағы № 304 бұйрығымен үш жоғары оқу орнының (педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік және технологиялық) бірігуі негізінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті құрылған.
1999 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1436 қаулысымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп атауын өзгертті.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 129 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы қаулысы негізінде ЖОО құрамына бұрынғы Мемлекеттік қаржы институты кірді.
2004 жылдың ақпан айында Семей мемлекеттік педагогикалық институты жеке ЖОО ретінде бөлінген еді. Алайда 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік педагогикалық институты біріктіріліп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті болып құрылды.
Шәкәрім Университеті кең сұранысқа ие әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, бизнес және құқық бойынша көп деңгейлі мамандарды дайындайды. Мамандықтар салаларында қырықтан артық бакалавриат, бірнеше жоғары арнайы білім беру, отызға жуық магистратура мамандықтары, бес мамандықтардар бойынша докторанттарды дайындайды.
Университет Ресей, Германия, Беларусь Республикасы, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Венгрия, Түркия, Польша, Словения, Балтық жағалауы, Украина, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Университет оқытушылары мен студенттер АҚШ-та, Венгрия, Польша, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуда.
Университеттің белсенді студенттері өз шығармашылық қабілеттерін “Конгресс”, “Парасат”, дебат клубтарында, “Enactus”,Қазақстан студенттер альянсында, сән студиясында және басқа да жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады.
## Факультеттер
* Филология факультеті
* Ветеринария және агроменеджмент факультеті
* Жаратылыстану-математика факультеті
* Инженерлік-технологиялық факультеті
* Гуманитарлық-экономика факультеті
## Дереккөздер |
Алтынбел ауылдық округі – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы әкімшілік бірлік. 2013 жылға дейін Новоберёзов ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алтынбел, Егінді, Майемер, Үштөбе ауылдары кіреді. Орталығы – Алтынбел ауылы.
## Дереккөздер |
Ардақ (2018 жылға дейін – Полтавка) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, Ардақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1177 адам (636 ер адам және 541 әйел адам) болса, 2009 жылы 550 адамды (280 ер адам және 270 әйел адам) құрады.
## Ауыл көшелері
* Астана (Октябрьская) көшесі
* Бейбітшілік (Мир) көшесі
* Достық (Советская) көшесі
* Жастар (Комсомольская) көшесі
* Құлагер (Целинная) көшесі
* Тәуелсіздік (Коммунистическая) көшесі
* Ынтымақ (Восточная) көшесі
## Дереккөздер |
Сұлукөл — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 68 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 179 адам (91 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 41 адамды (18 ер адам және 23 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бауыржан Сабзалұлы Ибрагимов (1962 жылы 4 қазанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылында туған) — танымал сатира актері. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1993). Құрмет орденінің иегері (2012).
## Толығырақ
* Бауыржан Сабзалұлы Ибрагимов 1962 жылы 4 қазанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылында дүниеге келген.
* Еңбек жолын ауылда шопан болып бастаған.
* Алматы театр және көркемсурет институтының театр және кино факультетін бітірген (1983).
* «Тамаша» ойын-сауық театрының белді мүшесі болған.
* Мәскеуде өткен Халықаралық эстрада артистері байқауының лауреаты (1991).
* 1992 жылдан өзі ашқан «Бауыржан-шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры.
* 1993 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі құрметті атағымен марапатталған. Құрмет орденінің иегері (2012).
## Дереккөздер |
№12 әскери киножинақ - Жауынгердің ұлы — 1942 жылы Қазақфильм кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм.
## Сюжет
Майданның бір бөлігінде шабуылдап жатқан гитлершілер өз алдына бір топ кеңестік әйелдер мен балаларды бір жерге жинайды. Бұл жағдай кеңестік әскерге жау бойынша оқ атуға жол бермейді. Қолында емшектегі баласы баржас әйел жауынгерлерді жау бойынша атуға шақырады. Бұл әйел фашисттік автоматтың оғынан қайтыс болады.
Бірақ бұл қулық дұшпандарға көмектеспей, кеңес жауынгерлері қанаттардан оқ ашады. Әйелдер мен балалар кеңестік жертасаларға сәтті жетіп үлгереді. Жау қасында гитлершілер өлтергін әйелдің баласы ғана қалады. Оны құтқаруға жауынгер жіберіледі, бірақ ол жау оғынан мерт болады. Бұған қарамастан басқа батыл жауынгер баланы құтқарады. Бұл жауынгер — қазақ ұлтты Айманов. Айманов баланы асырап алу тілегін білдіріп, өзімен бірге Қазақстанға алып кетеді.
## Рөлдерде
* Сәбит Айманов — Қапан Бадыров
* Петр Воробьев — Олег Жаков
* Кротов — Евгений Немченко
* Клава — Манефа Соболевская
* Смирнова — Лариса Емельянцева
## Дереккөздер |
Ибрагимова Мәрзия - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), қазіргі Байзақ ауданы, "Красная Звезда" (қазіргі "Қызыл Жұлдыз") колхозының қызылшашылар бригадасының звеношысы (1942). 1918 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1938 жылдан "Красная Звезда" (қазіргі Қызыл Жұлдыз) колхозында қызылша өсіруші болып жұмыс істейді.
* 1942 жылдан қызылшашылар бригадасының звеношысы болады.1945 жылы 6 гектар жердің әр гектарына 230 центнер қант қызылшасын өсіреді.1946 жылы оны 350 центнерден орындайды.1947 жылы 4 гектар жердің әр гектарынан межеленген 220 центнердің орнынан 822 центнерден өнім алып, рекордтық көресткіш көрсетеді.
* 1945 жылы 6 гектар жердің әр гектарына 230 центнер қант қызылшасын өсіреді.
* 1946 жылы оны 350 центнерден орындайды.
* 1947 жылы 4 гектар жердің әр гектарынан межеленген 220 центнердің орнынан 822 центнерден өнім алып, рекордтық көресткіш көрсетеді.
## Марапаттар
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945)
* 3 рет Ленин ордені (28.03.1948; 11.04.1949; 15.06.1950);
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі
* Еңбек ардагері медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл»
* Тыңға 50 жыл
## Дереккөздер |
Бесоба — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 283 адам (142 ер адам және 141 әйел адам) болса, 2009 жылы 204 адамды (106 ер адам және 98 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұқар жырау ауданы — Қарағанды облысының солтүстік шығысындағы әкімшілік бірлік. Аудан 1938 жылы құрылды. Аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ботақара кенті.
## Географиялық орны
Аудан батысында Нұра, шығысында Қарқаралы, оңтүстігінде Абай, Шет аудандарымен, солтүстігінде Осакаров және Павлодар облысының Баянауыл аудандарымен шектеседі.
## Тарихы
1938 жылы 14 ақпанда Ворошилов ауданы болып құрылып, орталығы Колхозное ауылы болды. Ауданға Баянауыл ауданының 4 ауылдық кеңесі, Қарқаралы ауданының 4 ауылдық кеңесі, Тельман ауданының 2 ауылдық кеңесі және Қарағанды қалалық кеңесінің 4 ауылдық кеңесі енді.
1941 жылы Ақжар, Елтай, Зеленая Балка, Миньков, Сенокосный ауылдық кеңестері Тельман ауданына берілді.
1944 жылы Калинин, Пролетар, Пушкин ауылдық кеңестері және Семізбұғы кенттік кеңесі құрылды.
1954 жылы Жаңақала ауылдық кеңесі Пушкин ауылдық кеңесіне қосылды.
1957 жылы Тельман ауданынан Кузнецкий ауылдық кеңесі берілді.
1961 жылы Ворошилов ауданы Ульянов ауданы және орталығы Колхозное ауылы Ульяновское ауылы болып өзгертілді. Пролетар, Шалқар ауылдық кеңестері таратылды. Үлгі ауылдық кеңесі Бабаев ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1962 жылы Ворошилов ауылдық кеңесі Хорошев, Колхозный ауылдық кеңесі Ульянов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1963 жылы Ульянов ауданы таратылып, аумағы Тельман ауданының құрамына енді. Семізбұғы кенті Қарағанды қаласының қарамағына өтті.
1964 жылы Ульянов ауданы қайта құрылып, Қарағанды қалалық кеңесінен Семізбұғы кенті және Тельман ауданынан Ақбастау, Ақжар, Бабаев, Дмитриев, Калинин, Көкпекті, Кузнецкий, Пушкин, Ульянов, Үштөбе, Хорошев ауылдық кеңестері берілді.
1967 жылы Пролетар, Петров ауылдық кеңестері құрылды.
1970 жылы Ақбастау ауылдық кеңесі Тельман ауданына берілді.
1972 жылы Ульяновское ауылына қалалық кент мәртебесі берілді.
1973 жылы Суықсу, Ботақара ауылдық кеңестері, 1975 жылы Озёрный ауылдық кеңесі құрылды.
1977 жылы Қарақұдық ауылдық кеңесі құрылды. Семізбұғы кенті ауылға айналып, Озёрный ауылдық кеңесінің құрамына енді.
1997 жылы 23 мамырда таратылған Тельман ауданының аумағы еніп, Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып өзгертілді.
## Шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 748,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер бар болды, оның ішінде 259,3 мың га егістік алқаптар.2006 жылғы астыққа 153,8 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 95,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 2,7 мың га, көкөніс – 0,8 мың га.
* 2006 жылы: 60,8 мың тонна дәндер; 43,7 мың тонна картоп; 17,3 мың тонна көкөніс дақылдары; 23,2 мың тонна ет (тірі салмақта); 59,6 мың тонна сүт; 64,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
* 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 57,7 мың бас; қой мен ешкі – 45,2 мың бас; шошқа – 49,2 мың бас; жылқы – 12,2 мың бас; құс – 686,9 мың басты құрады.
* Өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: көмір өндіру.
2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2624,8 млн. теңгені құрады.
## Әлеуметтік құрылымдары
• 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 10769 оқушы; • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 182 оқушы оқиды;• 36 кітапхана; • 13 клуб типті мекеме; • 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым; • 1 мұражай жұмыс істейді.
## Халқы
Тұрғындары 57 175 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,27%), орыстар (24,94%), немістер (3,57%), украиндар (3,29%), татарлар (1,72%), беларустар (1,15%), басқа ұлт өкілдері (3,06%).
## Әкімшілік бөлінісі
67 елді мекен 5 ауылдық, 3 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:
## Дереккөздер |
Қосбаз — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 175 адам (94 ер адам және 81 әйел адам) болса, 2009 жылы 100 адамды (56 ер адам және 44 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Аққозы ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қоржын, Аққозы, Бесоба, Қосбаз ауылдары кіреді. Орталығы – Қоржын ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 740 адамды (404 ер адам және 336 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Аққозы — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғылықты тұрғындары болмады, 2009 жылы тұрғындар саны 47 адамды (22 ер адам және 25 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жігерлен — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2011 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 524 адам (271 ер адам және 253 әйел адам) болса, 2009 жылы 44 адамды (23 ер адам және 21 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Егіндікөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Егіндікөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1879 адам (938 ер адам және 941 әйел адам) болса, 2009 жылы 1437 адамды (697 ер адам және 740 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жусандыой ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жусандыой, Ханкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Жусандыой ауылы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1049 адамды (552 ер адам және 497 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қотантал — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шыңғырлау ауылынан оңтүстікке қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 288 адам (144 ер адам және 144 әйел адам) болса, 2009 жылы 128 адамды (67 ер адам және 61 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алакөл — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 362 адам (180 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 288 адамды (144 ер адам және 144 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сәуле — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 390 адам (201 ер адам және 189 әйел адам) болса, 2009 жылы 335 адамды (182 ер адам және 153 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көксерек — Мұхтар Әуезовтың Көксерек әңгімісесінің желісімен түсірілген көркем фильм. Фильм 1973 жылы түсірілді, ал бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті.
Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.
## Мазмұны
Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты нағашы ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген.
Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған "Көксерек" деп ат қояды. Бөлтірік шамалы есейген соң ауылдың маңына келген өз қандастары - қасқырлардың исін сезіп, солармен бірге қашып кетеді.
Құрмашты Көксерек қауып алады, жара жазылмастан Құрмаш қайтыс болады.
Фильмнің басында Октябрь революциясына дейінгі қазақ даласында болған оқиға деген титр болады. Фильм мазмұнында кедей таптың байлардың соққысына соғылғандығын және тап арасындағы әділетсіздікті көрсетуге тырысқан.
## Шығармашылық топ
* Сценарий авторы – Андрей Кончаловский
* Редактор – Әбіш Кекілбаев
* Дирижер – Нұрғиса Тілендиев
* Оператор – Қадыржан Қырырәлиев
* Композиторы – Дүнгенбай Ботбаев
### Негізгі кейіпкерлер мен актерлер
* Құрмаш (бас кейіпкер бала)— Қамбар Уәлиев
* Ақанғұл (Құрмаштың нағашы ағасы) — Сүйменқұл Чокморов
* Құрмаштың әжесі — Әлиман Жанғорозова
* Қасен — Қарғамбай Сатаев
* Байдың ұлы — Нұржұман Ықтымбаев
## Фильм туралы деректер
Көксеректің рөлінде ойнатылған екі қасқырдың екеуі де Мәскеуден әкелінген.
Фильм Қырғыз Алатауының тауларының баурайында, Ыстықкөл көлінің жағалауында түсірілген.
Құрмаштың рөлінде ойнаған актер Қамбар Уәлиев бір сұхбатында: "киноға түскеннен соң, мен күлуден қалдым" деген.
## Дереккөздер
* Тамашалау |
Қарғалар мен бидай алқабы (нидер. Korenveld met kraaien, фр. Champ de blé aux corbeaux) — нидерланд суретшісі Винсент ван Гогтың әйгілі суреттерінің бірі.
Зерттеушілердің пайымдауынша, сурет 1890 жылдың 10 шілдесінде, Ван Гогтың өлімінен 19 күн бұрын Овер-сюр-Уазде салынған. Кейбір деректер бойынша, Винсент ван Гог бұл суретті салу барысында өзіне қол жұмсады. Бұл пайым «Lust for Life» фильмінде көрсетілген, ондағы Кирк Дуглас сомдаған Ван Гог осы суретті салып бітірісімен, алқапта тұрып, өз басына оқ атады. Алайда, олай болғанын растайтын еш дәлел жоқ, оған тек суреттің жалпы депрессивті кейпі ғана сілтейді. Ұзақ уақыт бойы бұл жұмыс Ван Гогтың ең соңғы суреті деп есептелді, бірақ суретшінің хаттарының зерттеулері оның ең соңғы суреті «Бидай алқаптары» екенін көрсетеді. Алайда, бұл сұраққа әлі де анық жауап жоқ.
## Әдебиет
* Ingo F. Walther and Rainer Metzger. Van Gogh: the Complete Paintings. — Benedikt Taschen, 1997. — ISBN 3-8228-8265-8. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.