text
stringlengths
3
252k
Павлово — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 309 адам (162 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 228 адамды (124 ер адам және 104 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Казахстанская көшесі * Лесная көшесі * Молодёжная көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Кожевниково — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 210 адам (113 ер адам және 97 әйел адам) болса, 2009 жылы 69 адамды (39 ер адам және 30 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Ветеранов көшесі * Достық көшесі * Набережная көшесі * Ремонтная көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Горбуново — Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 247 адам (124 ер адам және 123 әйел адам) болса, 2009 жылы 123 адамды (58 ер адам және 65 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Колхозная көшесі * Минская көшесі * Набережная көшесі * Тюленин көшесі * Центральная көшесі ## Дереккөздер
Жұмат Досқараұлы - (1887 — 6 шілде 1972) — кеңестік қазақ тіл білімінің маманы, диалектолог және ұстаз. Ол қазақ диалектологиясының дамуына зор үлес қосты, осы тақырыпқа арналған 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. ## Өмірдерек 1887 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. 1925 жылы Семей педагогикалық техникумын, ал 1937 жылы Самарқан мемлекеттік университетін бітірді. Павлодар облысының оқу бөлімінде, Қарақалпақ АКСР-де педагогикалық институтта және Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет атқарған. 1944 жылы «Оңтүстік диалектісінің ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1945-54 жылдары Жұмат Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі иститутында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы бөліміні меңгерушісі болды. 1954-65 жылдары аға ғылыми қызметкер болды. ### Үлесі Досқараұлы Қазақстанның барлық аудандарына диалектологиялық экспедиция ұйымдастырып, бағалы материал жинады. Жұмат — қазақ тіл білімі диалектологиясы, семасиологиясы, кәсіби сөздер, тіл тарихы жайлы көптеген ғылыми еңбектерінің авторы. Досқараұлының бастауыш мектептің 2 сыныбына аралға «Ана тілі» оқулығы 1947 жылда 1958 жылға дейін 12 рет басылып шықты. ## Әдебиет * “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 * Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері, 2-бөл., А.,1955 * Қазақ тілі тарихы мен Диалектологиясының мәселелері, А., 1963 ## Дереккөздер
Атамекен ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылға дейін Железнов ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Атамекен, Гремячее, Қайнар ауылдары кіреді. Орталығы – Атамекен ауылы. Округ құрамында болған Соколовка ауылы 2011 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1559 адамды (785 ер адам және 774 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қайнар (2022 ж. дейін — Новенький) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Ауыл көшелері * Ақжайық (Дорожная) көшесі * Аққурай (Ульяновская) көшесі * Әдемі (Московская) көшесі * Береке (Новостройка) көшесі * Болашақ (Школьная) көшесі * Деркөл (Первомайская) көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Жеңіс (Пионерская) көшесі * Құланды (Уральская) көшесі * Құрманғазы көшесі * Сарыжайлау (Ленинградская) көшесі * Тақсай (Детсадовская) көшесі ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 762 адам (379 ер адам және 383 әйел адам) болса, 2009 жылы 767 адамды (388 ер адам және 379 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
## Онжылдықтар және жылдар ## Онжылдықтар және жылдар
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады. ## Университет тарихы ### Құрылуы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды. Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды. Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді. ### Алғашқы құрылысы Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды. Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн. ### Алғашқы оқытушылар Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді. ### Институттың толығуы Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады. Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды. Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді. 1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған “Айгүл” квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды. Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды. ### Түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары. Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік” деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді. ### Қазіргі жағдайы Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді. Білім беру жүйесі Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық “Адам-зат ақыл-ойының қазынасы” және “Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын”'' құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылды. Сапа Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады. Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында “Сапа менеджменті” жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС “ІnterCert” Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді. Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді. Рухани іс-шаралар Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған. Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі. Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты. ## Университет құрылымы ### Ректор Педагогика ғылымдарының докторы,профессор Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова ## Факультеттер ### Мақсаты Дүниежүзілік білім нарығы мен бәсекелестікке қабілетті терең білімді, жоғары кәсіби деңгейдегі ұлт мамандарын, тілшілер мен әдебиетшілерді, аудармашыларды даярлауға лайықты үлес қосу. Кафедралар * Қазақ тіл білімі, * Қазақ әдебиеті, * Тіл теориясы және оқыту әдістемесі, * Орыс тілі мен әдебиеті, * Шет тілін оқыту әдістемесі, * Базалық негізгі және екінші шетел тілдері, * Практикалық шетел тілдері кафедрасы. Mамандықтар * Жоғары кәсіптік білім (бакалавриат): «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» «5В050205 – Филология» «5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» «5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» «5В020700 - Аударма ісі» * Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура): «6М020500 - Филология: қазақ филологиясы» «6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» «6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» «6M011900 – Шет тілі: екі шетел тіл» * Докторантура: «6Д020500 - Филология: қазақ филологиясы» «6Д011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу мерзімі: * Бакалавриат (4 жыл) * Магистратура (2 жыл) Профессор-оқытушылар құрамы Ғылым докторлары - 14 Ғылым кандидаттары - 38 Академ.доцент – 1 Аға оқытушылар – 49 Магистрлер – 20 Оқытушылар –28 Ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-ы 48,6% құрайды Факультет деканы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сатбекова Айгүл Амантайқызы27 мамыр 1967 жыл. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірді Факультет тарихы Филология факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 67 жылдық тарихы бар филология факультеті жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді. Факультет декандары * К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.), * Г.Акабова (1946-1947жж.), * Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.), * Н.А.Еремина (1952ж), * Б.Искаков (1959-1967жж.), * Г.Искакова (1967-1968 жж. ), * З.Ахметов (1969-1975жж.), * С.И.Исаев (1975-1987жж.), * Қ.Түліков (1987-1988жж.), * Х.Садыков (1989-1990жж.) Бөліну кезеңі Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992 жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000 жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000 жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004 жж.), А.Сәтбекова (2004-2008 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. Қазіргі уақытта факультетке п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова басшылық жасайды. Қайта құрылу кезеңі 2001 жылы тарих-филология факультеті болып қайта құрылған кезде 7 кафедра жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап тарих пен шетел тілдері өз алдына жеке факультет болып бөлініп шығып, таза филология факультеті деп аталды.2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізілді. Оқытушы қызметін атқарған танымал ғалымдар * М.Ә.Сүлейменова, * И.Е.Маманов, * М.Балақаев, * Ж.Жулаева, * Д.Нұрқанова, * М.Дүйсебаева, * Х.Ишанов, * Қ.Құттыбаев, * Т.Р.Қордабаев, * К.Барманқұлов, * З.Ахметов, * Х.Садықов, * Б.Балапанова, * С.Нұғманова, * Б.Әбілқасымов т.б. Танымал түлектер Бұрынғы университет ректоры, профессор Ш.Беркімбаева,профессор К.Құнантаева, Еңбек ері Р.Нұртазина, Парламент депутаттары М.М.Жүйріктаева мен З.Қадырова, ғалым Ү. Субханбердина, ақын А.Бақтыгереева, ғалым, қоғам қайраткері А.Ә.Осман. Оқу-әдістемелік кабинеттер * Факультетте әр жылдары өнімді еңбек еткен әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалым академик З.Ахметов атындағы, * Әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалымА.Байтұрсынов атындағы, * Профессор С.Исаев атындағы, * Профессор Ә.Құрышжанұлы атындағы , * Профессор А.Аблақов атындағы , * әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р.Нұртазина атындағы . Үйірмелер «Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт», «Пегас», «Жас әдіскер», «Лингва». ### Жаратылыстану факультеті Кафедралар * Химия, * Биология, * География, * Экология Профессор-оқытушылар құрамы 10 ғылым докторы, профессор, 1 профессор міндетін атқарушы, 8 ғылым кандидаттары доцент, 17 ғылым кандидаттары, доцент міндетін атқарушы,22 аға оқытушы, 25 оқытушы. Орташа жас көрсеткіші 50 жас шамасында. Mамандықтар * Бакалавриатура «5В011300-Биология» «5В060700-Биология» «5В060900-География» «5В011600-География» «5В011200-Химия» «5В060800-Экология» * Магистратура «6М060900 – география» «6М011200-химия» «6М011300-Биология» * (PhD) докторантура 6D060600-химия,6D011300-биология Факультет тарихы 1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология жғне география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география. Факультет декандары * Н.Баяндин, * Т.Т.Таубаев, * C.Д.Дүймағамбетова, * К.С.Сахибзадаев, * Р.Ғ.Хамитов, * Ғ.Б.Бірмағамбетов, * М.Ғ.Тартенова, * А.Ү.Үмбеталина, * Б.Ю.Юсупов, * Ж.Ж.Қожантаева Факультеттің аса көрнекті ұстаздары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов, елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К.Клышев, академик М.К.Гильманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж.Қожантаева. Бірігу кезеңі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды. Бөлініп шығу кезеңі Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты.Экология кафедрасы 2007 жылдан ашылып, жұмыс істеп келеді. ### Өнер және мәдениет факультеті Бағыты Жоғары дәрежелі кәсіби білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа менеджменті, білім берудің жаңа технологияларын қолдану, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын ғылыми және кәсіби-біліми ортаны; 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары негізінде жоғары оқу орнын басқару жүйесін, ғылыми кадрлар әлеуетін, оқу-тәрбие үдерісін және материалдық базаны қалыптастыру. Кафедралар * Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Т.Ә.Қоңыратбай) * Музыкалық аспаптар (кафедра меңгерушісінің м.а. доцент м.а. Д.С.Жанайдарова) * Хорды дирижерлау және ән (кафедра меңгерушісі профессор М.М.Бурунчин); * Хореография (кафедра меңгерушісінің м.а. аға оқытушы Р.Б.Сабдалиева) * Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева) * Кітапханатану және библиография (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Нұржанова); * Кәсіптік білім (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.А.Дәрменова) Мамандықтар * Бакалавриат: 5В010600 – «Музыкалық білім» 5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» 5В040900 – «Хореография» 5В091000 – «Кітапхана ісі» 05041800 – «Кітапханатану және библиография» 5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» * Магистратура: • 6N0106 – «Музыкалық білім» (магистратура) • 6М012000 – «Кәсіптік білім» (магистратура) Факультет тарихы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі.Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетінде 1961-1962 оқу жылында музыкалық бөлім болып ашылып, 1967-1968 оқу жылы өз алдына жеке факультет болып құрылды. Бұл - музыка мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін дайындайтын тұңғыш ұйымдастырылған бірден-бір факультет болатын. Факультеттің ашылуына және оған білікті мамандар жинап ұйымдастыру ісіне ат салысқан белгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов. Факультет декандары * Искакова Бәкібала, * Байділдаев Өмірбек, * Ботбаев Дүнгенбай, * Балтабаев Марат, * Есназаров Өмірзақ, * Жуйкова Людмила, * Меңдіаяқова Қуанышкүл, * Тульков Қансейіт, * Амирова Әмина, * Бекмұхамедов Бекен, * Момбек Әлия. Факультет өзгерістері 1991 жылы факультетте 13.00.02-оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандығы бойынша аспирантура ашылды. 2001 жылы факультет 050106-музыкалық білім мамандығы бойынша Республикада тұңғыш болып кредиттік оқыту жүйесіне көшті, еліміздегі 15 ЖОО-да қолданылып отырған жаңа стандарттар, типтік бағдарламаларды құрастырды. 2002 жылы магистратура бойынша лицензияға ие болды. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет І Республикалық “Үздік музыка мұғалімі” конкурс-фестивалі өткізілді, оған ЖОО-ы студенттері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қазіргі уақытта бұл конкурс-фестиваль Қазақстанның басқа ЖОО-да жалғасын тауып келеді. ### Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті Факультетінің миссиясы Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру. Стратегиялық мақсаты «Факультеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» жоғары білім беру жүйесіндегі кешенді өзара байланысқан бағыттарды қамти отырып, жоғары оқу орнын басқару жүйесі, кадрлық потенциал, білім беру үрдісі, ғылыми қызмет, тәрбие үрдісі, ақпаратты-коммуникациялық жүйелер және материалдық база қалыптастыру.Факультеттің стратегиялық бағытары мынадай: * инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру; * әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру; * ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау; * ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану; * университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру; * еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу. Факультет мақсаты Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту. Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру. Кафедралар * «Дүниежүзі тарихы»; * «Құқық және басқару негіздері»; * «Қазақстан тарихы»; * «Экономика, есеп және туризм» * «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер». Мамандықтар * Бакалавриат: 5В011400 – Тарих 5В011500 – Құқық және экономика негіздері 5В020300 – Тарих 5В050100 – Әлеуметтану 5В050600 – Экономика 5В050700 – Менеджмент 5В050800 – Есеп және аудит 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару 5В090200 – Туризм 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс * Магистратура: 6М020300 – Тарих 6М050100 – Әлеуметтану 6М090500 – Әлеуметтік жұмыс * Оқу мерзімі: Орта біліммен – 4 жыл (кїндізгі) Орта біліммен – 5 жыл (сырттай) Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл Жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл Оқытушылар құрамы Факультетте 9 ғылым докторы, 35 ғылым кандидатын, профессор қызмет атқарады. ### Физика-математика факультеті Кафедралар * Физика * Математика * Информатика және қолданбалы математика * Ақпараттық жүйелерді оқыту Мамандықтар 5В010900 - Математика 5В011000 - Физика 5В011100 - Информатика 5В060200 - Информатика 5В070300 - Ақпараттық жүйелерді оқыту * Магистратура 6М010900 - Математика 6М011000 - Физика 6М011100 - Информатика 6М060200 - Информатика * Оқу мерзімі: Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі) Орта кәсіптік біліммен– 3 жыл Жоғары кәсіби біліммен–2 жыл Профессор-оқытушылар құрамы Факультетте барлығы 86 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Оның ішінде тәжірибесі мол 11 - ғылым докторы, 26 - ғылым кандидаты, доценттер, 22 - аға оқытушы, 27 - оқытушылар. ### Педагогика-психология факультеті Кафедралар * Мектепке дейінгі және бастауыш білім: * Теориялық және практикалық психология: * Дене тәрбиесі және валеология: * Арнайы және әлеуметтік педагогика: * Жалпы педагогика. Мамандықтар * Бакалавриатура 5В010100 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” 5В010200 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” 5В010300 - “Педагогика және психология” 5В050300 - “Психология” 5В010800 – “Денешынықтыру және спорт” 5В010500 – “Дефектология” 5В012300 - “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану” * Магистратура 6М0101 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” 6М0503 - “Психология” 6М0105 – «Дефектология» 6М0103 - “Педагогика және психология” ## Дереккөздер
Гремячее — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 150 адам (80 ер адам және 70 әйел адам) болса, 2009 жылы 65 адамды (31 ер адам және 34 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Бауыржан Момышұлы көшесі * Зелёная көшесі ## Дереккөздер
Махамбет — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Махамбет ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, Крутая өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1674 адам (790 ер адам және 884 әйел адам) болса, 2009 жылы 1859 адамды (899 ер адам және 960 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Абай Құнанбаев (Ленин) көшесі * Абылай хан (4У) көшесі * Әлия Молдағұлова (Новостройка) көшесі * Бауыржан Момышұлы (Октябрьская) көшесі * Бәйтерек (3У) көшесі * Болашақ (2У) көшесі * Гагарин көшесі * Дина Нұрпейісова (Стадионная) көшесі * Дінмұхамед Қонаев (Рабочая) көшесі * Жастар (Молодёжная) көшесі * Жас ұлан (Пионерская) көшесі * Жәңгір хан (Советская) көшесі * Жеңіс (Парк Победы) көшесі * Зелёная көшесі * Исатай Тайманов (Тракторная) көшесі * Кең дала (Степная) көшесі * Қабанбай батыр (Колхозная) көшесі * Қажымұқан Мұңайтпасов (Набережная) көшесі * Мектеп (Школьная) көшесі * Мұхтар Әуезов (Новаторов) көшесі * Мәншүк Мәметова (Комсомольская) көшесі * Островная көшесі * Садовая көшесі * Сырым Датов (Совхозная) көшесі * Тимонин көшесі * Тәуелсіздік (1У) көшесі * Шаған көшесі ## Дереккөздер
Шашын жаю — бұл басына түскен қайғының аса ауыр екенін білдіреді. Әйелдердің жақын туысы, я болмаса өмірлік жолдасы қайтыс болғанда болатын жағдай. Әйел адамдар қайғысын дауыстап, жоқтау айтып, жылап білдірген. Мұны естіген ауыл ақсақалдары ақылын айтып, тоқтау салған. Сол себепті де, қазақтар қыздарына «жақсылық әкелмейтін ырым» деп шашын жайып жүруге тиым салған. ## Дереккөздер
Озёрное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 756 адам (371 ер адам және 385 әйел адам) болса, 2009 жылы 717 адамды (345 ер адам және 372 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
1991 жылы КСРО тарады да, сонымен бірге КСРО футбол құрамасы да бас қосуын тоқтатты. Одан бөлінген республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап, жеке футбол біріншіліктерін өткізуге кірісіп кетті. Сондай-ақ Қазақстан футбол құрамасы да өз алдына ойнай бастады. ## Шолу Футболдан Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы тарихтағы алғашқы ойынын 1992 жылы 1 маусымда Түркімения құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама бұл жылы және алты матч өткізді. Либиямен кездесуден өзгесі "Орта Азия кубогы" турнирі аясында өткізілгенімен, қаттамаға жолдастық кездесу ретінде ғана тіркелді. Барлығы да жолдастық кездесулер. Барлығы 7 ойын: 4 жеңіс, 3 тең ойын. Құраманы жыл бойына ойыншы әрі бапкер ретінде Бақтияр Байсейітов жаттықтырды. Айта кетейік, бұл кезде Қазақстан құрамасы ФИФА-ға әлі толықққанды мүше болмаған-ды. * Құраманың тарихтағы алғашқы голын 1992 жылы 1 маусымда Түркіменстан қақпасына Владимир Нидергаус соқты. * 1992 жылы 3 шілдеде тұңғыш рет Африка құрлығы өкілімен жолдастық кездесу өткізді. * Бақтияр Байсейітов Қазақстан құрамасының бапкерлері арасындағы ешбір кездесуде жеңілмеген жалғыз жаттықтырушы. ## Матчтар ### Матчтар тізімі ## Жыл қорытындысы ## Тағы қараңыз * Қазақстан — Түрікменстан футбол матчы (1992) ## Дереккөздер
Достық — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Достық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде, Шаған өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2926 адам (1381 ер адам және 1545 әйел адам) болса, 2009 жылы 3588 адамды (1692 ер адам және 1896 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Дариян ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Дарьинское, Озёрное ауылдары кіреді. Орталығы – Дарьинское ауылы. Округ құрамында болған Галицино ауылы 2011 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6283 адамды (3089 ер адам және 3194 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақсу (2020 жылға дейін — Владимировка) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 350 адам (176 ер адам және 174 әйел адам) болса, 2009 жылы 246 адамды (123 ер адам және 123 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Абай көшесі * Аққулы (Набережная) көшесі * Аламан (Тупик 1) көшесі * Атақоныс (Тупик 2) көшесі * Әйтеке би көшесі * Жерұйық (Тупик 3) көшесі * Исатай Тайманов көшесі * Махамбет Өтемісұлы көшесі * Саржайлау (Полтавская) көшесі ## Дереккөздер
Достық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Достық, Красный Урал, Чувашинское ауылдары кіреді. Орталығы – Достық ауылы. ## Тарихы 2000 жылдарға дейін Фурманов ауылдық округі деп аталды. 2013 жылы Достық ауылдық округінің Жалын ауылы Макаров ауылдық округіне беріліп, таратылған Чувашин ауылдық округі қосылды. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5132 адамды (2545 ер адам және 2587 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (түр. Hoca Ahmet Yesevi Uluslar arası Türk-Kazak Üniversitesi) — Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан жоғары оқу орны. ## ХҚТУ құрылуы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстанның озық көп салалы университеттерінің бірі. Ахмет Ясауи университеті жыл сайын университеттердің ұлттық рейтингісінде ондықтың қатарынан  (2018 ж. 6-шы орын) көрініп жүрген, заманауи білім және ғылым саясатын жүзеге асыратын, тұрақты кәсіби және тұлғалық дамуды басшылыққа алатын инновациялық университет. Университет классикалық профильдегі университеттердің арасында ең алғашқысы, мұнда тұңғыш рет сонау 1992 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандар даярлығы ашылған болатын. Университет құрамында медициналық факультеті бар халықаралық «full university» жоғары оқу орындарының категориясына кіреді.   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат, интернатура,  магистратура, резидентура және докторантура сияқты көп деңгейлі бағдарламалар жүйесі негізінде жоғары базалық білім беруді қамтамасыз етеді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары, келісімшарт (ақылы) және Түркия квотасы негізінде 105 мамандық бойынша білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Университет құрамында 10 факультет, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, кәсіби колледж, 6 ғылыми-зерттеу институты, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет көрсетуде. Университетте 10 мыңға жуық студент, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар білім алуда. ## Тарихы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу және қалыптасу тарихы түркі өркениетінде ерекше орын алған Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихымен байланысты. Көне қаланың айрықша геосаяси орналасуы мен оның түркі халықтарының мойындалған рухани орталығы ретіндегі маңызын ескере отырып университетті заманауи жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар құрудың негізгі мақсаты түркі халықтарының ғылыми және мәдени көне орталығы, түркі әлемінің заманауи рухани астанасы – Түркістан қаласын жандандыру және дамыту болып табылады. Университет Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасымен 1991 жылы 6 маусымда ашылған болатын (1991 жылғы 06 маусымдағы 329 жарлық, Алматы). Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Түркия Республикасының премьер-министрі Сүлейман Демирелдің ресми кездесуі кезінде 1992 жылдың 1 мамырында «халықаралық университетті» құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. 1992 жылы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстан және Түркия Парламенттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. Университеттің Қазақстан үшін бірыңғай корпоративті басқару жүйесі бар. Қазақстан және Түркия үкіметтері бекіткен Жарғыға сәйкес Үкіметаралық Өкілетті Кеңес (Анкара) Жоғары басқару органы болып табылады, ол университеттің жалпы басшылығын паритеттік бастамада қамтамасыз етеді және он кеңес мүшесінен тұрады, оның ішінде бес мүшесін Қазақстан Республикасы Үкіметі, қалған бес мүшесін Түркия Республикасы Үкіметі тағайындайды. Қаржыландыру республикалық бюджеттен және Түркия Республикасы бюджетінен жүргізіледі. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрылған күннен бастап әрдайым екі бауырлас түркі тілдес мемлекет басшыларының назарында, олар университетке бірнеше рет ресми сапармен келіп, түркі тілдес мемлекеттердің студент жастары арасынан қазіргі заманға сай мамандарға интернационалды тәрбие беру және сапалы даярлау орталығы ретінде оған әрдайым айрықша көңіл бөлді. Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор. 2018 жылдан бастап ХҚТУ түркі тілдес мемлекет университеттер Кеңесінің төрағасы болып табылады, оған Түркияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзербайжанның 19 университеті кіреді. Университет миссиясы – түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастар үшін  сапалы білім ұсыну, инновациялық білім мен ғылыми зерттеулер саласында көшбасшы болу. Мақсаты –  инновациялық ғылыми және білім беру технологияларын белсенді ендіретін, қарқынды түрде дамушы университет құру. Басты құндылықтар: Рухани жаңғыру. Достық, теңдік және толеранттылық, Ашықтық, Өнегелілік, Кәсіпқойлық, Инновациялылық. Университет 2007 жылдың мамырында Болон декларациясына қосылу туралы Меморандумға қол қойды және 2010 жылғы қыркүйекте Болон декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Егер 1991 жылы бірінші іріктеу нәтижесінде университетке 332 студент қабылданса, онда қазіргі студенттер контингенті 10 мыңға жуық студентті, интерндерді, магистранттар мен докторанттарды құрайды, оның ішінде 1,5 мыңға жуық студент (контингенттен 15%) алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінен келген. Үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ үшін алыс және таяу шетелдің түркі тілдес мемлекеттерінің студент жастарын оқытуға 200 арнаулы мемлекеттік білім беру грантын бөледі. Университетке ең дарынды және талантты жастарды тарту мақсатында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен (Анкара) Түркия бюджетінен жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған, бірақ мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсынан өтпеген қазақстандық талапкерлер үшін 500 білім беру гранты бөлінеді. Білім беру қызметі бакалавриаттың 54, магистратураның 30, PhD докторантураның 11, резидентураның 3, интернатураның 7 мамандықтары бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық, заң, әлеуметтік, медициналық, техникалық ғылымдар, білім беру, бизнес, қызмет көрсету және өнер бағыттары бойынша жүзеге асырылады. 2018-2019 оқу жылы университетте 71 доктор, 282 ғылым кандидаты, 67 РhD доктор жұмыс істейді. Оның ішінде 5 % - Түркия мен басқа мемлекеттерден келген шетелдік оқытушылар. Оқу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. ## Оқу үдерісі Университетте үш деңгейлі оқыту жүйесі: Болон үдерісі талаптарына сәйкес бакалавриат-магистратура-докторантура (резидентура) ендірілген. ### 2018-2019 оқу жылы * алдыңғы қатардағы ЖОО-ның озық әлемдік тәжірибесіне бағдарланған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ «Зауыт-Университет» және «Major and Minor» үлгісі бойынша тәжірибеге бағдарланған заманауи оқыту қағидалары түрлендірілді және үйлестірілді; * шетел профессорлары мен мамандар арқылы еуропалық тәжірибемен және әдістермен алмасу, оларды оқу үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды трансляциялау мақсатында университетке шақыру тұрақты негізде жүзеге асырылады; * бакалавриат деңгейінде техникалық мамандықтар мен экономика үшін «Кентау трансформатор зауытымен» дуалды оқыту жүйесі бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді; * педагогикалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына орта мектептің инновациялары (Назарбаев интеллектуалды мектеп тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұн, критерийлік бағалау, сыни ойлау және т.б.) ендірілуде; * ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев университетінің жобалық тәсілі мен тәжірибесі негізінде Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы. құрылды; * студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламалары кеңейтілген; * 3+1, Эразмус + білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын, шетелде білім алушылардың тәжірибесін батыстық ЖОО-на бағыттар бойынша ендіру; * университетті басқару жүйесіне Болашақ, Мевлана, Эразмус т.с.с. бағдарламалар аясында шетелдік оқу орындарында менеджмент саласында кәсіби біліктілікті жетілдіру арқылы әлемдік тәжірибе енгізілді; * Түркияда магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша арнаулы оқу арқылы дәрежелі оқытушылардың үлесі артты; * Инновациялық инфрақұрылымды дамыту элементтері (технологияларды коммерциализациялау оффисі, технопарк, стартаптар т.б.) құрылуда; * тренингтік Кәсіби даму орталығы құрылды (университеттің ОПҚ мен қызметкерлер үшін), мұнда оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі арттырылады, озық университеттердің (Назарбаев Унтиверситет, Мармара, Гази университеттері т.б.) тәжірибесін трансляциялау арқылы олардың кәсіби дағдылары жетілдіріледі; * жаңа Түркістан облысының экономика және әлеуметтік сала қажеттіліктеріне сәйкес агрономия, ветеринарлық медицина, құрылыс, сәулет, жобалық менеджмент сияқты жаңа перспективті мамандықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде; * «Атамакен» ҰКП Түркістан филиалымен, жұмыс берушілермен оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде; * Университетте зертхана, интернет-кластар, спутниктік бейнеконференция жүйесі (онлайн режимінде озық шетел ғалымдарының лекциялары), жаңа бағыттағы компьютерлер, оқу кабинеттері бар, онда оқу үдерісін қарқындатуға және ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік беретін зертханалық жабдықтар, макеттер бар; * Назарбаев Университеті тәжірибесі негізінде Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен дайындық факультетінде «Foundation» бағдарламасы ашылды, оның мақсаты тыңдаушыларды ағылшын және түрік тілдеріне көп деңгейлі тереңдетіп оқыту. Аталмыш бағдарламаға республикалық конкурс қорытындысы бойынша Түркия грантын алған Қазақстан азаматтары және Қазақстан Үкіметінің грантына түскен шетелдіктер қабылданады. «Foundation» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтағандар өздерінің таңдаған бакалавриат мамандығының 1 курсына қабылданып, одан кейін арнайы көптілді топтарда оқиды; * жыл сайын Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы (іріктеу онлайн режимінде, қорытынды сынақ және бағалау тікелей университетте) өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздарына университетте тегін білім беру сертификаты табысталады. ## Факультеттер/мектептер * Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі Мұрағатталған 26 ақпанның 2019 жылы. * Жаратылыстану факультеті * Инженерия факультеті * Әлеуметтік ғылымдар факультеті * Гуманитарлық ғылымдар факультеті * Филология факультеті * Өнер факультеті * Медицина факультеті * Стоматология факультеті * Университеттен кейінгі медициналық білім беру факультеті Мұрағатталған 31 қазанның 2019 жылы. * Дайындық факультеті («Foundation») Мұрағатталған 19 қаңтардың 2019 жылы.. ## Институттар * «Түркология» ғылыми-зерттеу институты * «Археология» ғылыми-зерттеу институты * «Ясауи» ғылыми-зерттеу институты * «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты Мұрағатталған 7 ақпанның 2019 жылы. * «Жаратылыстану» ғылыми-зерттеу институты * «Экология» ғылыми-зерттеу институты ## Университетке қарасты * Студенттер кәсіподағы * Ғылыми кітапхана * Ясауи колледжі * ХҚТУ тарих мұражайы * Түркі халықтарының тарихи панорамалық мұражайы * «Ясауи» мұражайы * ХҚТУ КТК командасы * «Би султан» би ансамблі * Халық аспаптары фольклорлық ансамблі * Студенттік драма театры * Түркі жастарының мюзикл театры * Университет студенттерінің вокалды-аспап ансамблі * Ақпараттық орталық * ХҚТУ Хабарлары * «Ясауи» газеті * Қызметкерлер кәсіподағы * Түлектер ассоциациясы * Жұмыс берушілер кеңесі * «Тұран» баспасы * ХҚТУ дебаттық клубы * ХҚТУ интеллектуалды клубы * Студенттер дискуссиялық клубы * 50- ге жуық өзге де студенттер бірлестігі, клубтар мен ұйымдар * «Ясауи» интернет-радио ## Медициналық клиникалар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – медицина факультеті студенттерінің теориялық білімі мен іс-тәжірибесін үйлестіретін 120 науқас орынға арналған Клинико-диагностикалық орталық пен Стоматологиялық поликлиникасы бар Қазақстандағы жалғыз университет. Клинико-диагностикалық орталық (Клиника) университеттің медицина факультетінің әлеуеті өте зор тәжірибе базасына ие, стандарттарға толық жауап беретін, заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған озық денсаулық сақтау мекемесі ретінде құрылған. Клинико-диагностикалық орталықтың құрылысы Түркия Республикасымен қаржыландырылып, 2006 жылы аяқталды. Қазіргі таңда клиника Түркістан қаласы мен аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер ұсынуда. Клиниканың қызметі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады: медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласында мамандар әзірлеу және дәрігерлерді дипломнан кейінгі даярлау бағыты. Университеттің Клиника-диагностикалық орталығы стационарлық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсетеді, бір ауысымда 50-60 адам қабылдау мүмкіндігі бар травматологиялық пункт жұмыс істейді. Жыл сайын клиникаға медициналық көмекке 65 мың адам жүгінеді, 7 мыңға жуық науқас стационарлық емдеуден өтеді, 1500-ге жуық науқасқа аса күрделі ота жасалады. 2019 жылдан бастап заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған стоматологиялық клиника өз жұмысын бастайды. ## Қашықтан білім беру технологиялары 2001 жылы Анкарада орналасқан және Еуропадан, Түркиядан, ТМД-дан, Қазақстаннан 7 000-ға жуық білім алушы, Түркияның озық университеттерінің 120 астам ОПҚ орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 16 мамандығы бойынша колледж – бакалавриат – магистратура бағдарламаларын жүзеге асыратын ТҮРТЕП халықаралық қашықтықтан оқыту институты құрылды. Бүгінде ТҮРТЕП онлайн білім беру саласындағы көшбасшы, оның тәжірибесін Түркияның озық ЖОО қабылдауда. ТҮРТЕП-тің оң тәжірибесі негізінде 2016 жылдың қаңтарында Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен Түркістанда пилоттық режимде магистратураның 5 мамандығы бойынша ҚазТеп (қазақ тілінде қашықтықтан білім беру технологиясы) қашықтықтан білім беру институты ашылды. ҚазТЕП-те қашықтықтан оқытудың озық тәжірибесі 2019 жылдан бастап бакалавриаттың 20 мамандығы және магистратураның 8 мамандығы бойынша жүзеге асырылатын болады. ҚазТЕП-тің мақсатты аудиториясы – бұл оқу кестесі мен білім беру траекториясы  қолайлы, қазіргі заманға сай озық білім беру тәжірибесі негізінде өзінің тұрғылықты орны мен уақытына қарамастан қашықтықтан екінші жоғары білімді немесе колледжден кейінгі білімді, сондай-ақ магистрлік дәреже алғысы келетін өндірісте жұмыс істейтін тұлғалар. Қазіргі таңда ҚазТЕП өзінің білім алушыларына төмендегілер негізінде сапалы білім бере алады: * авторлық қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының озық ғалымдары мен профессорларын тарту; * заманауи ІТ технологияларды тиімді пайдалану; * барлық ЖОО мен өндірістен озық ғалымдар мен мамандардың мүмкіндіктерін жинау; * тьютор-мықты тәжірибешілердің өз саласында өткізетін практикалық вебинарлары; * ыңғайлы төлем формасымен дербес оқу кестесі. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде өз саласында беделге ие бағыттар бойынша ірі мамандар тартылған болатын, сондай-ақ өзге ЖОО-ның мамандар даярлаудың ерекшелігі мен еңбек нарығы жан-жақты зерттелген болатын. ҚазТЕП-тің мақсаты – халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қашықтықтан білім берудің жаңа тармағын құру. ## Ғылым Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі негізінде білімді, ғылым мен инновациялық қызметті одан әрі біріктіру үдерісі қамтылған. Университет ғалымдары түркология, археология, дінтану, тарих, экономика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, электроэнергетика, биотехнология, медицина т.с.с. салада зерттеулер жүргізуде. Жалпы зерттеулер ҚР-да ғылымды дамытудың 7 басым бағытының ішінде 5 бағыт аясында жүргізіледі: табиғи, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкцияларды тиімді пайдалану; энергетика және машина құрылысы, ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары аясында ғылыми зерттеулер; өмір және денсаулық туралы ғылым; елдің экономикалық өсуі, қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін «Мәңгілік елдің» қажетті ғылыми негіздері. Университет қазіргі таңда перспективті және ұзақ мерзімді сипаттағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындаушысы болып табылады. Университеттің өз ғылыми мектептері құрылды, аймақты әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамытудың өзекті мәселелерін шешу мүмкіндіктері мен ғылыми дайындамалары бар. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушыларды ҒЗЖ мемлекетік бюджеттік бағдарламалар мен түрлі келісімшарттар бойынша орындау үшін білім беру қызметімен өзара байланыстырыла отырып тарту арқылы жүргізіледі. Университетте: * «ҚР Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да бекітілген, университеттің Үкіметаралық Өкілетті Кенесінің 150,0 млн. теңгеге қаржыландыратын ҒЗЖ-ның 12 бастамашы бағыттары; * 11 ЖОО ішілік жобалар; * 13 шаруашылық келісімшарт жобалары; * ҚР Ғылым комитеті қаржыландыратын 11 гранттық жоба бар (2018-2020 ж.ж.); * коммерциаландыру бойынша ғылыми гранттар – университет ғылымын дамытудың жаңа бағыты: республикалық конкурс қорытындылары бойынша Коммерциаландыру бойынша ғылым қорынан 4 ірі грант алынды. Түркияда шығарылатын «Bilig» университет журналы Clarivate Analytics (Tomson Reuters) және Scopus озық халықаралық ғылыми базаларда индексацияланған, ХҚТУ «Хабаршы» журналы ҚР БҒМ Бақылау комитетінің ұсынылған басылымдар тізіміне 2018 жылдың желтоқсан айында қосылған. Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі ашылды, ол университетте құрылатын инновациялық инфрақұрылымның негізгі базалық элементі болып табылады. 2018 жылдың қарашасында Кентау қаласында Кентау трансформатор зауытымен (КТЗ) энергетика, сандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Технопарктің негізі қаланды. Оның дамуы ODTÜ,  BILKENT КИБЕРПАРК, Мармара, Гази, Йылдыз университеттері сияқты Түркия университеттерінің озық технопарктерін құру тәжірибесі негізінде жүзеге асырылатын болады. Студенттер технопаркте әзірленген: «КТЗ мамандары үшін виртуалды жұмыс кеңістігі», «КТЗ үшін электронды құжатайналым жүйесі», «Түркістан аймағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің 3D тур» Стартап жобаларын жүзеге асырды. Түркістан экономикалық еркін аймақта (Түркістан облысы әкімшілігімен бірлесе) ХҚТУ Технопаркін құру жоспарланған. Университетте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан қаласында ендіруге «Smart campus» және «Smart қала» концепциялары әзірленді. Екі талантты жас ғалым, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының PhD докторлары Омаров Бақытжан және Баймуханбетов Бағдат ең ірі әлемдік Scopus (ELSEVIER) компаниясы ұйымдастырған Орталық Азия үшін «BestResearcherinHumanities» категориясында Scopus Award-2018 конкурсында жеңіске жетті. Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университет құрылымына Түркістан аймағының әлеуметтік саласын, экономиканы дамыту мәселелерімен айналысатын «Еуразия» ҒЗИ қосылды. Университеттің археолог-ғалымдары осы жылдың күзінде ежелгі Сығанақ қалашығында ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді, бұл осы нысанды ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне қосу бойынша мәселені көтеруге септігін тигізді. Университеттің археолог-ғалымдары: «Орта түрік жазбаша ескерткіштер тілінде этномәдени атаулар және олардың заманауи түркі тілдерінде көрінісі», «Мұрағатта және қолжазба орталықтарында Түркістан өлкесінің аңыз әңгімелері мен ертегілері: археографиялық зерттеу, жарияланым, пікірлер» (жүз томға кірмеген материалдар), «Орыс дерек көздерінде Түркістан өлкесінің тарихы бойынша тарихи- -этнолингвистикалық көздер», «Түркістан өлкесінен шыққан шығыс әлемінің танымал тұлғалары мен ойшылдары», «Ежелгі Қаңлы халқының жазба мұрасы» жобаларын белсенділікпен әзірлеуде. «Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» президиумымен инновациялық биотехнология әдістерін пайдалану және және Оңтүстік Қазақстанның қола дәуірінен бастап бүгінге дейінгі мәдени және генетикалық басымдығын зерттеу негізінде аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған екі жоба мақұлданды. Университеттің ғылыми жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгені құрайды (университеттің тартылған бюджетінің 15% -ы). ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиясы институты, ҚР БҒМ Тарих және этнология институты сияқты мемлекеттің озық ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды. ### ХҚТУ-нің ғылыми басылымдары * Clarivate Analytics, Scopus (http://ayu.edu.kz/scientific-publications мәліметтер базасына кіретін «Bilig» (Түркияда шығарылады); * «Ясауи университетінің хабаршысы» (философия, тарих, педагогика, филология бағыттары ҚР БҒМ БҒСБК басылымдар тізіміне  қосылды; * «Түркология»; * «Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)»; * «Ayhaber», «Азия-Европа», «Е-бюллетень» ғылыми-танымал және ақпараттық-сараптама журналдары (http://eurasian- research.org/kk/research/asya-avrupa; * «Ясауи университеті» университет газеті. ### Ботаникалық бақ Университеттің Арал-Сырдария экологиялық қолайсыз аймақта құрылған  және ЮНЕСКО халықаралық сыйлығын алған Ботаникалық бағы бар. Ботаникалық бақтың жалпы алаңы 88 га. Бақтың құрылуын 1992 жылы ҚР ҰҒА Ботаникалық ғылыми-зерттеу институты қарап бекітті. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ғалым-ботаниктерінің ойынша Түркістан ботаникалық бағы биологиялық және экологиялық мәселелерді шешу бойынша интродуктивті ғылым орталығы болып табылады. Ботаникалық бақ университеттің жаратылыстану және медицина факультеттері үшін оқу полигоны болып саналады, мұнда оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік қызмет жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай бақ тек ХҚТУ аймағында ғана бар. Ботаникалық бақта декоративті және жеміс ағаштарының 150 түрі мен сорты кездеседі. Ботаникалық бақ негізінде «Ғылым қоры» грантының қолдауымен ҒЗИ нәтижелерін коммерциализациялау бойынша 282 млн. теңге мөлшерінде ірі жобаны жүзеге асыру басталды, оның нәтижелері Түркістан қаласы аумағында «жасыл белбеуді» орналастыруға бағытталатын болады. ## Сапа менеджменті 2018 жылдың желтоқсанында ХҚТУ Түрік стандарттау институтымен TSE (Türk Standardlari Enstitüsü) ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификациялау процедурасынан өтті. ### Рейтинг Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің 2018 жылғы рейтингісіне сәйкес ХҚТУ республиканың көп салалы университеттерінің арасында 6-шы орынды иеленеді. БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік) жасаған рейтингке сәйкес 2018 жылы ХҚТУ-нің білім беру бағдарламалары келесідей орынды иеленеді: 1-ші орын – 5В050700 – Менеджмент, 6М050700 – Менеджмент, 5В011400 –  Тарих. 2-ші орын – 5В050600 – Экономика, 5В010900 – Математика, 5В011200 – Химия. 5В090200 –Туризм. 3-ші орын – 5В060800 – Экология. 2018 жылы «Атамекен» ҰКП рейтинг қорытындысы бойынша университеттің 5В060800 – Экология білім беру бағдарламасы ҚР 40 ЖОО білім беру бағдарламалары арасында 2-ші орынды иеленді. Университет 2018 жылы Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2018 (ARES-2018) Халықаралық жоғары оқу орындар рейтингісінде Қазақстанның 96 ЖОО арасында 11-ші орынды иеленді. Рейтингті Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата жүргізді. ARES-2018  рейтингісіне Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық ассоциация мен Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тіркелімнің қабылдаған және Еурокомиссияның мақұлдаған Еуропалық университеттік білім беру стандартының жаңа ережелері қосылды. ### Аккредитация Университет Қазақстанның екі негізгі аккредитациялық агенттіктерінде БСҚТҚА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік), АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) институционалды және мамандандырылған аккредитациядан өтті. АРТА Білім беру сапасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне (EQAR)  қосылған және ТМД елдерінің ішіндегі Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясы (WFME) мойындаған жалғыз ұйым болып табылады. ## Даму стратегиясы 2018 жылдың қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Үкіметаралық Өкілетті Кенестің шешімімен университеттің 2023 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мақұлданды, ол келесідей стратегиялық басымдықтарды қарастырады: оқыту сапасы мен кәсіби білімді дамыту, тәжірибелік-бағдарланған озық зерттеулерді ұйымдастыру, тиімді серіктестік және халықаралық серіктестікті дамыту, тиімді корпоративтік басқару және инфрақұрылым мен ресурстарды дамыту. 2015 жылдың қыркүйегінде түркі тілдес мемлекет басшыларының V Саммитінде Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаев «ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыруды жылдамдату мақсатында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бүкіл түркі әлемінің оқу орнына айналдыру қажет» деген маңызды бастаманы алға тартты. ## Серіктес-университеттер ХҚТУ 50-ден астам университеттермен ынтымақтастық етеді. Орташа есеппен, 100-ге жуық студент жыл сайын шетелге оқуға жіберіледі. Серіктес-университеттер қатарында: ## ХҚТУ университет кешені Материалдық-техникалық базаның жабдықталу деңгейі бойынша университет Қазақстанның озық ЖОО-ның бірі болып саналады.  Университеттің студенттер қалашығы (кампус) ауданы 227 гектар территорияны алуда. Оның ішінде 88 гектары - ботаникалық баққа, 80 гектары оқытушы-профессорлар құрамына арналған екі қабатты коттедждердің тұрғын үй кешеніне бөлінген, ал 59 гектарға оқу ғимараттары, спорт кешені, 800 орынға арналған Мәдениет орталығы мен басқа да ғимараттар орналасқан. Ашық және жабық спорт алаңдарының жалпы ауданы – 50 000 шаршы м. жоғары. Қалашық аумағында 1 500 орынға арналған жатақханалар кешені, «Тұран» қонақүйі, 400 орынға арналған студенттер асханасы орналасқан. Университет құрамына Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларындағы оқу корпустары мен жатақханалар кешені, 84 орындық үш жұлдызды «Яссы» қонақүйі, жабық жүзу бассейні кіреді. Университет қалашығын салу үшін Түркиядан 100 млн долларға жуық қайырымдылық қаржы құралдары тартылған болатын. Кампус құрылысы Түркістан қаласының өзіне де оң әсерін тигізді: ол тарихи ғана емес, заманауи студенттер қалашығына айналды. Университет кешені (кампус) Б.Саттарханов 29 даңғылы бойынша орналасқан. Кешен құрылысы 1996 жылы басталған болатын. Жобаны озық қазақстандық және түркиялық мамандардың авторлық ұжымы әзірледі. Құрылыс екі кезекпен жүзеге асырылды: бірінші кезек гуманитарлық, жаратылыстану, медицина факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ғимараттарды, Мәдениет орталығын, жатақханаларды, спорт кешенін, поликлиниканы, шаруашылық құрылғыларды салудан тұрды; екінші кезек жаратылыстану ғылымдары, инженерия, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен 400 мың дана кітапқа арналған кітапхана, жатақханалар т.б. құрылысын салуды көздеді. 2018 жылдың қарашасында Үкіметаралық Өкілетті Кенеспен ХҚТУ дамытудың жаңа Бас жоспары бекітілді, ол алдағы 5 жылда жаңа корпустар мен жатақханалар салуды қарастырады: 1-ші кезең – 2500 орынға арналған оқу корпусы, 500 орындық студенттер жатақханасы, ОПҚ үшін 6 сегізпәтерлі екіқабатты коттедж, Ботаникалық бақта оқу-практикалық дәрістер өткізуге арналған ғимарат, Студенттерге қызмет көрсету орталығының кешенді ғимараты. 2-ші кезең – 500 орындық ОПҚ арналған ғимарат, 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, автотехника паркі. 3-ші кезең – 500 орындық оқу корпусы, колледж үшін 1000 орынға арналған оқу корпусы, колледж үшін 600 орынға арналған студенттер жатақханасы, 60 орынға арналған балалар бақшасы, әскери кафедраға арналған ғимараттар кешені, Ғылыми-зерттеу орталығының, Интеллектуалды мектептің, Орталық кітапхананың, әлеуметтік-мәдени нысандардың, сауда орталығының ғимараттар кешені, қоғамдық тамақтану және банк қызметтері кешені, оқытушылар үшін отбасылық жатақхана. ## ХҚТУ студенттер ректораты. Студенттік клубтар мен ұйымдар ХҚТУ студенттер ректораты – мүшелері студенттер контингентімен сайланатын және университет әкімшілігінде студенттердің мүдделерін танытатын ұйым. Ректорат мүшелері дауыс құқығына ие бола отырып ЖОО-ның барлық комитеттерінің жұмыстарына қатысады. 2016-2018 оқу жылы студенттер ректорының міндетін - Берікбаев Диас, 2018 жылдан бастап Тұрсынхан Уміт атқаруда. ХҚТУ базасында 50-ге жуық студенттер клубы жұмыс істейді, оның ішінде: «ШАҢЫРАҚ», «Түркі әлемінің жастары» студенттер клубының басқармасы, «Мұра», «Medical Tokens», «Интеллектуалды ойындар», «Халықаралық қатынастар», «КТК-ХҚТУ Самұрықтары», «Кино және сурет» т.б. интеллектуалды дебаттық клубтар. ## Көшбасшы қасиеттерін дамыту бағдарламасы Тұлғалық даму мен көшбасшылық туралы лекцияларды өткізу үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағдарламасына саясат, бизнес және ғылым жөнінен танымал қазақстандық және шетелдік өкілдер шақырылады. Аталмыш бағдарлама өзінің тыңдаушыларына Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санжар, БҰҰ Жастар және жастар саясаты ісі бойынша Департамент директоры Властемил Самек, Нобель сыйлығының ізденушісі, Орта шығыс техникалық университетінің профессоры Билге Демиргөз (Түркия), Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Байменов Алихан Мухамедиұлы, Қазақстанның мемлекетік саяси қайраткері, дипломат  Абықаев Нұртай Абықайұлы, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрғасының орынбасары Шаимова Айгүл Амантайқызы сияқты тұлғалармен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерімен, блогерлер тобының көшбасшылары Нұрлан Жанайым, Абзал Досым, ғалым және қоғам қайраткері Омар Жәлел т.б. кездесуге мүмкіндік береді. ## Студенттерді орналастыру ХҚТУ аймақтағы ең жақсы жатақханалардың біріне ие. Университет жатақханаларында 3200-ден астам, оның ішінде таяу және алыс шетелден келген студенттер тұрады. Студенттер асхана, кір жуатын орын, компьютер сыныптары, сымсыз Интернетпен өз бетінше сабақ оқу бөлмелерінің қызметтерін пайдалана алады. Мұнда кітапханалар, оқу залы, буфеттер, жаттығу залы, т.с.с. жұмыс істейді. Жатақхана жанында жазғы спорт кешендері мен футбол алаңдары, жабық жүзу бассейні жұмыс істейді. Жатақханада тәулік бойы және демалыссыз қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кезекшілік етеді. ## «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласының бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыру, жастардың бойынан патриоттық және азаматтық сәйкестік сезімін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың тамыз айында «Рухани жаңғыру» ғылыми-практикалық орталығы құрылды. Негізгі міндеттері: * «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпаратты толқын» ішкі бағдарламаларына сәйкес арнайы жобаларды әзірлеу; * ХХІ ғасырда ұлттық сананы қалыптастырудың ғылыми-практикалық әдістемесін «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты 6 басым бағытта әзірлеу. ## Университет студенттерінің спорттық жетістіктері Университет өзінің студенттерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Б.Саттарханов – бокстан бірінші олимпиада чемпионы (2000 ж.), Мұхтархан Ділдәбеков – 1999 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Таңатаров Ақжүрек –Лондон Олимпиадасының  қол жүлдегері (еркін күрес), Дидар Хамза және Бағлан Ибрагимов – Джакарта қаласында өткен «Азиада – 2018» чемпиондары, Бек Нұрмағамбетов, Қайрат Ералиев  – бокстан әлем чемпиондары, Аширов Меиржан – студенттер арасында еркін күрестен әлем чемпионы, Абдығани Бейбарыс – самбодан әлем чемпионы, Абдрахманов Ғалымжан және Құрымбаев Мади – қазақша күрестен әлем чемпиондары, Серікұлы Арман – таэквондодан әлемдік біріншілік жүлдегері, Паиз Жадра – самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Жылқыбаева Айжан – Азия ойындарының күміс жүлдегері – дзюдо (Джакарта), Жақып Біржан – үш Олимпиада қатысушысы (бокс), Лондон Олимпиадасының қатысушылары Ермек Байдуашев, Жұмағалиев Даурен, Ниязбеков Даулет, дзюдо, самбо, қазақша күрестен ҚР чемпионы – Малимгереев Нұрым, баскетболдан әйелдер командасы – ҚР 2-дүркін чемпионы, универсиадалардың 3-дүркін жүлдегері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрама командасы – универсиаданың күміс жүлдегері (тоғызқұмалақ, армрестлинг, волейбол, жағажай футболы, таэквондо), универсиаданың қол жүлдегері (карате, еркін күрес, дзюдо, қазақша күрес, футбол, волейбол) т.б. ## Ректорлар ## Танымал түлектер мен студенттер ## Тағы қараңыз * Халықаралық түрікмен-түрік университеті * «Манас» Қырғыз-Түрік университеті Мұрағатталған 22 ақпанның 2019 жылы. * ## Сыртқы сілтемелер * ХҚТУ-нің ресми сайты (http://ayu.edu.kz/) * ХҚТУ-нің электронды кітапханасы (http://lib.ayu.edu.kz/)
Мирное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Макаров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Шаған өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 271 адам (133 ер адам және 138 әйел адам) болса, 2009 жылы 204 адамды (101 ер адам және 103 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жалын (2020 жылға дейін — Факел) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Макаров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Шаған өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 356 адам (178 ер адам және 178 әйел адам) болса, 2009 жылы 326 адамды (158 ер адам және 168 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Садовое — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Макаров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде, Шаған өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 267 адам (126 ер адам және 141 әйел адам) болса, 2009 жылы 347 адамды (175 ер адам және 172 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер

1996 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Халықаралық ресми матчарын өткізді. Атап айтқанда, 1996 жылғы Азия чемпионатының іріктеу ойындарына қатысып, Сирия, Қатар құрамаларымен бір топқа түсті. бірақ сәтсіз ойнаған "қаршығалар" 3 ұпаймен соңғы орында қалды. ## МАТЧТАР МАТЧТАР ТІЗІМІ 5 ойын: 1 жеңіс, төрт жеңіліс. Доп айырмасы:2-8. Бас бапкер: Серік Бердалин. Жолдастық кездесу Азия кубогы-1996 іріктеуі. 7-топ.
1995 жылдан бастап Қазақстан құрамасын Серік Бердалин жаттықтыра бастады. Құрама бұл жылы екі ойын ғана өткізді. Ол да болса жылдың соңында 1996 жылғы Азия кубогының іріктеу ойындарына дайындық ретінде Араб түбегіне сапар шегіп, Кувейтпен 0:0 есебімен тең ойнады да, Сауд Арабиясынан ірі есеппен ұтылып қалды. Құрама бұл жылы бір доп та соға алмады. ## Матчтар тізімі ## Матчтар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * 1995 жылғы Қазақстан құрамасы
Егіндібұлақ — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Егіндібұлақ ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 669 адам (345 ер адам және 324 әйел адам) болса, 2009 жылы 546 адамды (263 ер адам және 283 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Бейбітшілік (Чапаев) көшесі * Достық (Топорков) көшесі * Жағалау (Набережная) көшесі * Кең дала (Новостройка) көшесі * Құрылысшы (Строительная) көшесі * Махамбет Өтемісұлы көшесі * Мектеп (Школьная) көшесі * Сабыр көшесі * Ынтымақ (Степная) көшесі ## Дереккөздер
Жаңатаң (2010 жылға дейін — Балаган) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Щапов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 374 адам (172 ер адам және 202 әйел адам) болса, 2009 жылы 342 адамды (178 ер адам және 164 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Алматы (Алматинская) көшесі * Жаңа қоныс (Новостроевская) көшесі * Жастар (Молодёжная) көшесі * Жеңіс (Победа) көшесі * Көктем (Столбовая) көшесі ## Дереккөздер
Қаражар (2010 жылға дейін — Черноярово) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Перемётный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 379 адам (181 ер адам және 198 әйел адам) болса, 2009 жылы 268 адамды (125 ер адам және 143 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Поливное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Перемётный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 150 адам (67 ер адам және 83 әйел адам) болса, 2009 жылы 87 адамды (48 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
1997 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Азия құрлығында 9-топта Ирак және Пәкстанмен бір топқа түсіп, барлық ойында жеңіске жетті де, келесі сатыға өтті. Бірақ келесі сатыда бес команданың ішінде соңғы орында қалды. Іріктеу ойындарынан бөлек, қыркүйек айынды Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды. Әлем чемпионатындағы сәтсіз ойындардан соң құраманы 1995 жылдан бері басқарып келе жатқан Серік Бердалин бапкерліктен босатылды. ## Матчтар ### Матчтар тізімі ### ӘЧ-1998 іріктеуі. Азия. 1-раунд. 9-топ. ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Садуов (к), Спарышев, Осипов, Еңсебаев, Фамильцев, Скляров (Котов, 46), Низовцев, Ниязымбетов, Яблочкин (Қадырқұлов, 72), Есмағамбетов (Логинов, 65). Бапкер - С. БердалинПӘКІСТАН: Юнис, Аюб, Ахмед, Рафик, Тарик, Рашид, Юсаф (к), Халик, Ашфак, Умер (Аршад, 59), Башир. Бапкер - Мухаммад Идрис ИРАК: Эмад Хашим, Радхи Шенайшил, Самир Кадим, Хашим Ханун, Катан Чатир (Сахиб Аббас, 75), Хусам Фавзи (Ахмед Радхи, 55), Халид Саббар, Абдул Рида, Лайт Хусейн, Хабиб Джафар (Хайдар Кадир, 60), Хайдар Махмуд. ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Сәдуов (к), Спарышев, Осипов, Еңсебаев, Коноваленко, Котов (Ордабаев, 75), Гумар (Ваганов, 46), Клишин, Логинов, Есмағамбетов (Қадырқұлов, 34). ПӘКІСТАН: Юнис, Аюб, Ахмед, Рафик, Тарик, Рашид (Аршад, 57), Юсаф, Халик, Ашфак, Умер (Зикрия, 67), Насер (Башир, 46). Главный тренер - Мухаммад ИдрисҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Сәдуов (к), Спарышев, Осипов, Еңсебаев (Ваганов, 46), Коноваленко, Котов, Қадырқұлов, Клишин, Логинов (Зубарев, 58), Есмағамбетов (Мәзбаев, 49). ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Садуов (к), Спарышев, Осипов, Фамильцев, Еңсебаев, Котов, Қадырқұлов (Гумар, 46), Клишин, Логинов (Коноваленко, 79), Мәзбаев (Есмағамбетов, 54). ИРАК: Джалил Агул, Радхи Шенайшил, Хайдар Махмуд (Хайдар Джабар, 75), Сахиб Аббас, Халид Саббар, Хусам Фавзи (Катан Чатир, 67), Хашим Ханун (Алаа Кадим, 55), Абдул Рида, Лайт Хусейн, Хабиб Джафар, Аббас Обейд ### Жолдастық кездесу ҚЫТАЙ: Оу Чулян (Цзян Цзинь, 46), Фань Чжии (к) (Сюй Хун, 46), Чжан Эньхуа, Ли Хунцзюнь, Мао Ицзюнь (Се Фэн, 46), Те Ли, Ма Минъю (Суй Дунлян, 46), Ли Мин (Лю Цзюнь, 46), Яо Ся (Чжан Сяожуй, 46), Ли Цзинью (Ху Юнфэн, 46), Ли Бин (Гао Фэн, 46).ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников (Ишутин, 46), Сәдуов (к) (Литвиненко, 46), Спарышев, Осипов, Фамильцев (Гумар, 46, Евтеев, 80), Коноваленко, Суродеев (Қадырқұлов, 46), Еңсебаев (Ниязымбетов, 46), Клишин (Балтиев, 46), Логинов (Мирошниченко, 60), Мәзбаев. ### ӘЧ-1998 іріктеуі. Азия. 2-раунд. В тобы ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: Со Дон Мён, Хон Мён По (Чан Дэ Иль, 78), Ха Сок Чу, Ли Мин Сон, Чхве Ён Иль (к), Ли Ки Хён, Чхве Ён Су, Ким Тхэ Ён, Ли Сан Юн, Ким То Хун (Пак Кун Ха, 70), Со Чон Вон (Ко Чон Вун, 70). ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Сәдуов (к), Спарышев, Осипов, Тимофеев, Фамильцев, Балтиев, Ниязымбетов (Қадырқұлов, 59), Евтеев, Логинов (Литвиненко, 65), Мазбаев (Еңсебаев, 78). БАӘ: Фарадж Мухсин Мусабах, Гулам Али Хасан, Бахит Зухайр Саид, Рашид Исмаил, Ибрагим Али Ахмед, Мунзир Али Хасан (Бахит Саад Мубарак, 62), Хасан Сухайл Табит (Мохамед Али Ахмед, 62), Рашид Хасан Саед, Мохамед Адель Абдулла, Мохамед Обайд Хилал (Абдулсалам Джумаа Анбер, 70), Мохамед Юсиф (Хамис Саад Мубарак, 70).ҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Сәдуов (к), Спарышев, Осипов, Фамильцев (Балтиев, 34), Еңсебаев (Литвиненко, 57), Қадырқұлов, Ниязымбетов (Гумар, 69), Евтеев, Логинов, Мәзбаев ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Садуов (к), Спарышев, Осипов, Тимофеев (Зубарев, 72), Фамильцев, Ниязымбетов (Балтиев, 46), Кұлшынбаев, Евтеев, Литвиненко, Мазбаев (Логинов, 46). ӨЗБЕКСТАН: Бугало, Алиев, Фёдоров, Базаров, Камбаралиев, Ширшов, Марифалиев (Рахманкулов, 38), И.Шарипов (Е.Назаров, 46), Шаймарданов, Шквырин (Хабибулин, 70), Шацких. ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Садуов (к), Спарышев, Осипов, Тимофеев, Фамильцев, Балтиев, Котов (Свешников, 72), Попов (Евтеев, 62), Литвиненко (Логинов, 58), Зубарев. ЖАПОНИЯ: Кавагути (к), Нарахаси, Сома, Ихара, Омура, Ямагути, Акита, Х.Наката, Нанами (Хонда, 85), Миура, Вагнер Лопес ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Сәдуов (к), Спарышев (Қулшынбаев, 74), Осипов, Тимофеев, Фамильцев, Балтиев, Котов (Логинов, 70), Тётушкин (Евтеев, 46), Есмағамбетов, Зубарев. ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: Ким Пён Чи, Хон Мён По, Ха Сок Чу, Ким Тхэ Ён, Чхве Ён Иль, Ю Сан Чхоль, Чхве Ён Су, Со Чон Вон, Ли Ки Хён (Чхве Сон Ён, 60), Ли Сан Юн (Ким Дон Ги, 77), Пак Кун Ха (Ким Дэ Уи, 58). ҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Сәдуов (к), Спарышев, Осипов, Тимофеев, Балтиев, Котов (Қадыркулов, 80), Евтеев, Тётушкин, Есмағамбетов (Логинов, 73), Зубарев (Юрист, 68). БАӘ: Фарадж Мухсин Мусабах, Гулам Али Хасан, Абдулрахман Аль-Хаддад, Мохамед Рабей Салем, Ибрагим Али Ахмед (Бахит Саад Мубарак, 62), Абдусалам Аль-Джунайби, Хасан Сухайл Табит (Мохамед Али Ахмед, 62), Рашид Хасан Саед, Мохамед Джасим, Мохамед Обайд Хилал, Мохамед Омар (Бахит Зухайр Саид, 46). ӨЗБЕКСТАН: Бугало, Ашурматов, Фёдоров, М.Касымов, Камбаралиев, Ширшов (Турсунов, 56), И.Шарипов (Марифалиев, 69), Шаймарданов, Пирматов, Абдураимов, Шквырин (Ж.Ирисметов, 74). ҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Юрист (Ахмедов, 46), Спарышев, Осипов, Фамильцев, Балтиев, Котов, Евтеев (Құлшынбаев, 58), Тётушкин, Есмағамбетов, Зубарев (Логинов, 33). ЖАПОНИЯ: Кавагути (к), Нарахаси (Наканиси, 64), Сома, Ихара, Ямагути, Акита, Х.Наката, Китадзава (Морисима, 83), Нанами, Дзё, Накаяма (Такаги, 64). ҚАЗАҚСТАН: Ишутин (к), Сәдуов, Спарышев, Осипов, Фамильцев, Балтиев, Котов (Тётушкин, 82), Евтеев, Свешников (Юрист, 75), Логинов, Зубарев (Мазбаев, 64).
Калининское — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Перемётный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылының оңтүстік іргесінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1330 адам (649 ер адам және 681 әйел адам) болса, 2009 жылы 1305 адамды (629 ер адам және 676 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Болашақ (2020 жылға дейін — Озёрное) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Перемётный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 448 адам (228 ер адам және 220 әйел адам) болса, 2009 жылы 370 адамды (183 ер адам және 187 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан құрамасын 1998 жылы Сергей Гороховодацкий басқарды. Құрама тек желтоқсан айында өткен Тайландта өткен Жазғы Азия Ойындарына ғана қатысты. Бес матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Екеуінде ұтылып, бір кездесуді тең аяқтады. Доп айырмасы — 8:6 ## Матчтар МАТЧТАР ТІЗІМІ Жазғы Азия Ойындары-1998, 1-кезең ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Солошенко, Коноваленко, Мырзабаев, Евтеев, Каштанов, Свешников, Балтиев (Тетушкин, 46), Лотов, Зубарев (Уразбахтин, 63), Логинов (Макаев, 58). ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Балтиев, Коноваленко, Зубарев, Киров (Солошенко, 70), Ниязымбетов, Свешников (Қадырқұлов, 75), Евтеев, Тетушкин, Хамидуллов, Макаев (Логинов, 61). Жазғы Азия Ойындары-1998, 2-кезең ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Коноваленко, Евтеев, Тетушкин, Солошенко, Свешников, Балтиев, Каштанов (Хамидуллов, 63), Зубарев, Макаев (Уразбахтин, 76), Мырзабаев (Ниязымбетов, 57). ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Коноваленко, Солошенко, Тетушкин, Лотов, Свешников, Хамидуллов (Каштанов, 73), Балтиев (Мырзабаев, ВЗ), Евтеев, Зубарев, Логинов (Макаев, 57) ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Солошенко, Лотов, Евтеев, Тетушкин, Каштанов (Уразбахтин, 50), Қадырқұлов (Свешников, 50), Мырзабаев, Балтиев, Зубарев, Логинов (Макаев, 56).
2002 жылы Қазақстан құрамасы екі матч қана ойнады. 17 сәуірде Латвия құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.25 сәуірде Қазақстан құрамасы УЕФА құрамына қабылданды.7 шілдеде Алматыда Эстониямен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Құраманы бұрынғысынша Вахид Масудов басқарды ## Матчтар Матчтар тізімі№ 54. 17.04.2002. Латвия - Қазақстан 2:1№ 55. 7.07.2002. Қазақстан - Эстония - 1:1
2000 жылы Қазақстан құрамасын Ваит Талғаев басқарды. Құрама бірнеше жолдастық кездесу өткізді және Катарда өткен 2000 жылғы Азия кубогының іріктеуіне қатысты. Бірақ 5 команданың ішінде 2-ші орынға жайғасып, финалдық турнирге қатыса алмады. ## Матчтар ### Матчтар тізімі Вайт Талғаев Владимр Фомичев ### Жолдастық кездесу ### АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУІ. 4-ТОП ### ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ЕСКЕРТУ: Осы жеңілістен соң Ваит Талғаев бапкерлік қызметінен босап, орнына Владимир Фомичев келді. Авдеев алаңнан қуылды (32)
2002 жылдың соңында Қазақстан құрамасының тізгінін тұңғыш рет шет елдік маман ұстады. Ресейлік бапкер Леонид Пахомов құраманы жаттықтыра бастады. 2003 жылы құрама ешқандай ресми жарыстарға қатыспады. Бес жолдастық кездесу өткізді. ## Матчтар Матчтар тізімі * № 56. 12.02.2003. Мальта - Қазақстан - 2:2 * № 57. 27.04.2003. Фарерлер - Қазақстан - 3:2 * № 58. 29.04.2003. Фарерлер - Қазақстан - 2:1 * № 59. 6.06.2003. Польша - Қазақстан - 3:0 * № 60. 20.08.2003. Португалия - Қазақстан - 1:0
Егіндібұлақ ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Егіндібұлақ, Алмалы ауылдары кіреді. Орталығы – Егіндібұлақ ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 514 адамды (281 ер адам және 233 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Таловая — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Шалғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 250 адам (125 ер адам және 125 әйел адам) болса, 2009 жылы 49 адамды (28 ер адам және 21 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Западная көшесі * Заречная көшесі * Комсомольская көшесі * Северная көшесі * Центральная көшесі * Школьная көшесі * Южная көшесі ## Дереккөздер
2004 жылы Қазақстан құрамасы УЕФА туы астында халықаралық турнирлерге қатысуды бастады. 2004 жылдың күзінде ӘЧ-2006 іріктеуінің алғашқы кездесуін өткізді. Бірақ турнирде 7 құраманың ішінде соңғы орын алып, бір ғана ұпай жинады. ## Бапкерлер Жолдастық кездесулердегі сәтсіздіктен соң, Леонид Пахомов қызметінен босатылды. Оған 28 сәуірде Алматыда Әзірбайжан құрамасынан 2:3 есебімен ұтылып қалуы себеп болды. Оның орнына құраманың бұрынғы ойыншысы Сергей Тимофеев келді. Бірақ ол да құраманы күшейте алмай, ӘЧ-2006 іріктеуінде 12 кездесудің біреуінде ғана тең түсіп, 2005 жылдың соңында қызметтен босады. ## Матчтар ### Матчтар тізімі Леонид Пахомов № 61. 18.02.2004. Латвия — Қазақстан — 3:1№ 62. 19.02.2004. Армения — Қазақстан — 3:3№ 63. 21.02.2004. Кипр — Қазақстан — 2:1№ 64. 28.04.2004. Қазақстан — Әзербайжан — 2:3 Сергей Тимофеев № 65. 8.09.2004. Қазақстан — Украина — 1:2№ 66. 9.10.2004. Түркия — Қазақстан — 4:0№ 67. 13.10.2004. Қазақстан — Албания — 0:1№ 68. 17.11.2004. Грекия — Қазақстан — 3:1№ 69. 29.01.2005. Жапония — Қазақстан — 4:0№ 70. 26.03.2005. Дания — Қазақстан — 3:0№ 71. 4.06.2005. Украина — Қазақстан — 2:0№ 72. 8.06.2005. Қазақстан — Түркия — 0:6№ 73. 17.08.2005. Қазақстан — Грузия — 1:2№ 74. 3.09.2005. Албания — Қазақстан — 2:1№ 75. 7.09.2005. Қазақстан — Грекия — 1:2№ 76. 8.10.2005. Грузия — Қазақстан — 0:0№ 77. 12.10.2005. Қазақстан — Дания — 1:2 ### Жолдастық кездесулер ### ӘЧ-2006 іріктеуі
Қазақтан құрамасы 2001 жылы Жапония және Корея-2002 әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Жыл басында құрама тізгінін ұстаған бас бапкер Вахид Масудовтың шәкірттері алғашқы іріктеуден өте алмады. Жыл соңында өз тарихында бірінші рет Еуропа өкілімен жолдастық кездесу өткізді. Ол Эстония құрамасы болатын. Кездесу 0:0 есебімен тң аяқталды. ## Матчтар ### Матчтар тізімі ### ӘЧ-2002 іріктеуі. Азия. Бірінші кезең. 6-топ ### ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ
Тыңдала (2022 ж. дейін Карпово) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Шалғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 333 адам (163 ер адам және 170 әйел адам) болса, 2009 жылы 105 адамды (56 ер адам және 49 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Береке (Целинная) көшесі * Бірлік (Южная) көшесі * Думан (Центральная) көшесі * Северная көшесі * Центральная 2 көшесі * Школьная көшесі * Южная 2 көшесі ## Дереккөздер
Шалғай (2010 жылға дейін — Первосоветское) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Шалғай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 987 адам (475 ер адам және 512 әйел адам) болса, 2009 жылы 947 адамды (449 ер адам және 498 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Ақбидай (Южная) көшесі * Ақжайлау (Северная) көшесі * Ақжол (Степная) көшесі * Алаш (Первосоветская) көшесі * Атамекен (Набережная) көшесі * Бейбітшілік (Мирная) көшесі * Достық (Рабочая) көшесі * Көктерек (Зелёная) көшесі * Мерей (Строительная) көшесі * Самал (Садовая) көшесі * Советская көшесі * Тұмар (Цветочная) көшесі * Тың игерушілер (Целинная) көшесі * Чамчиян көшесі * Шоқан Уәлиханов (Школьная) көшесі ## Дереккөздер
Кирсаново — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 114 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 592 адам (278 ер адам және 314 әйел адам) болса, 2009 жылы 435 адамды (208 ер адам және 227 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Арай (Центральная) көшесі * Дәстүр (Пионерская) көшесі * Жайық (Набережная) көшесі * Желтоқсан (Алма-Атинская) көшесі * Көкжар (Степная) көшесі * Орманшы (Лесхозная) көшесі * Чумаев көшесі * Шамшырақ (Конторская) көшесі * Шаңырақ (Школьная) көшесі ## Дереккөздер
Алмалы (2020 жылға дейін — Чесноково) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан батысқа қарай 27 км-дей жерде, Деркөл өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 170 адам (90 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (42 ер адам және 43 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Бірлік (Бекет) көшесі * Достық (Байкал) көшесі * Жағалау (Хутор) көшесі ## Дереккөздер
Петрово — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 102 км-дей жерде, Емболат өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 151 адам (73 ер адам және 78 әйел адам) болса, 2009 жылы 360 адамды (181 ер адам және 179 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Набережная көшесі * Песчаная көшесі * Петровская көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Спартак — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 89 км-дей жерде, Быковка өзенінің Жайыққа құяр сағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 174 адам (87 ер адам және 87 әйел адам) болса, 2009 жылы 109 адамды (54 ер адам және 55 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Коммунаров көшесі * Мирная көшесі * Октябрьская көшесі * Речная көшесі * Целинная көшесі * Центральная көшесі ## Дереккөздер
1993 жылы құрама бір матч та өткізбеді. Ал 1994 жылы Қазақстан құрамасы төрт кездесу ғана өткізді. Орта Азиядағы құрама командалармен бір реттен кездесіп шықты. "Халықаралық турнир" аталған Өзбекстан тәуелсіздігі кубогы үшін жарыста матчтар тек Ташкентте ғана өтті. Құраманы Бауыржан Баймұхаммедов басқарды. * Төрт ойынның біреуінде ұтып, екеуінде тең түсті. Доп айырмасы — 1:1. * 13 сәуірде Өзбекстан құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл — құраманың тарихтағы тұңғыш жеңілісі еді. ## Матчтар ### Матчтар тізімі ### Протоколдар ## Қорытынды
Сұлу көл (2010 жылға дейін — Чесноково) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Сұлу көл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 104 км-дей жерде, Емболат өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 634 адам (316 ер адам және 318 әйел адам) болса, 2009 жылы 527 адамды (267 ер адам және 260 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Бекет көшесі * Достық көшесі * Мирная көшесі * Набережная көшесі * Северная көшесі * Советская көшесі * Шаңырақ көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Раздольное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Раздольный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде, Рубежка өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 663 адам (338 ер адам және 325 әйел адам) болса, 2009 жылы 582 адамды (298 ер адам және 284 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Белорусская көшесі * Молодёжная көшесі * Октябрьская көшесі * Степная көшесі * Шевченко көшесі * Школьная көшесі * Юбилейная көшесі ## Дереккөздер
Ақбидай (2020 жылға дейін — Красный Свет) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Раздольный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде, Рубежка өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 174 адам (94 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 169 адамды (96 ер адам және 73 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Мерей (Белорусская) көшесі * Шаттық (Первомайская) көшесі ## Дереккөздер
Сұлу көл ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. 2010 жылға дейін Чесноков ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сұлу көл ауылы кіреді. Орталығы – Сұлу көл ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 448 адамды (231 ер адам және 217 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құрманғазы (2022 ж. дейін Чеботарево) — Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы ауыл, Құрманғазы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 95 км-дей жерде, Быковка өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 405 адам (194 ер адам және 211 әйел адам) болса, 2009 жылы 390 адамды (185 ер адам және 205 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Абай көшесі * Достық көшесі * Құрманғазы көшесі * Производственная көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Көпкүтір — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Болашақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстікке қарай 90 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 322 адам (158 ер адам және 164 әйел адам) болса, 2009 жылы 300 адамды (150 ер адам және 150 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кішкенешал — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Ақпәтер ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 169 адам (81 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 64 адамды (31 ер адам және 33 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Аққурай — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Болашақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 306 адам (152 ер адам және 154 әйел адам) болса, 2009 жылы 229 адамды (115 ер адам және 114 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кішкене Талдықұдық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Ақпәтер ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 237 адам (118 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 117 адамды (60 ер адам және 57 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ащысай — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 89 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 330 адам (182 ер адам және 148 әйел адам) болса, 2009 жылы 189 адамды (104 ер адам және 85 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Төреғали — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 99 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 190 адам (106 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 96 адамды (57 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сұлтанов Ерік Хамзаұлы (24 наурыз 1956 жылы дүниеге келді) - Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2017 жылдан бері). Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі (2014-2017). ## Өмірбаяны 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. Еңбек жолын 1978 жылы «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында механик ретінде, одан әрі бас инженер, осы комбинаттың кәсіби одағының басшысы қызметін атқарған. 1992 жылдан бастап Екібастұз қаласындағы ағаш өңдеу комбинатының директоры, 1993 жылы - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңес сәулет, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі болған. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. «Екібастұзшахтақұрылыс» президенті болды. 1996-1998 жылдары мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы болған. 1998-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкім орынбасары болған. 1999-2000 Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің автокөлік жолдары департаментінің директоры. 2001-2002 жылдар аралығында «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары. 2002-2004 Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің автокөлік жолдары комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары «Қазақжолқұрылыс» ЖШС-нің бас директоры болып атанған. 2006-2008 жылдары Астана қаласының әкімінің бірінші орынбасары болған. 2008-2014 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент болып атанған. 27.05.2014-14.03.2017 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2017 жылдың маусымынан бастап – Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі. ## Марапаттары * 2007 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Бостандық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 198 адам (96 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 146 адамды (72 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар. ## Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте. ## Аумағы Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, ең терең жері 14,7 м. Суының көлемі 25 млн. м3, су жиналатын алабы 31,2 км2. ## Жер бедері Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5 – 3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем. ## Жануарлары Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді. ## Дереккөздер
Жаңатаң — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Болашақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 480 адам (232 ер адам және 248 әйел адам) болса, 2009 жылы 352 адамды (174 ер адам және 178 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сұлукөл ауылдық округі – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сұлукөл ауылы кіреді. Орталығы – Сұлукөл ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 731 адамды құрады. ## Дереккөздер
Көмекші — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 477 адам (244 ер адам және 233 әйел адам) болса, 2009 жылы 383 адамды (207 ер адам және 176 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әбіш — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде, Сарыөзеннің (Кіші Өзеннің) сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 301 адам (150 ер адам және 151 әйел адам) болса, 2009 жылы 308 адамды (161 ер адам және 147 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан ұлттық құрама командасын 2013 жылдың соңына дейін Мирослав Беранек жаттықтырды. ӘЧ-2014 іріктеу турниріндегі сүреңсіз нәтижеден кейін Беранек 2013 жылдың соңында қызметінен босады. ## Матчтар ### Матчтар тізімі № 136. 29 ақпан, 2012. Қазақстан-Латвия-0:0№ 137. 1 маусым, 2012. Қазақстан-Қырғызстан-5:2№ 138. 5 маусым, 2012. Армания-Қазақстан-3:0№ 139. 7 қыркүйек, 2012. Қазақстан-Ирландия-1:2№ 140. 11 қыркүйек, 2012. Швеция-Қазақстан-2:0№ 141. 12 қазан, 2012. Қазақстан-Аустрия-0:0№ 142. 16 қазан, 2012. Аустрия-Қазақстан-4:0№ 143. 6 ақпан, 2013. Молдова-Қазақстан-1:3№ 144. 22 наурыз, 2013. Қазақстан-Германия-0:3№ 145. 26 наурыз, 2013. Германия-Қазақстан-4:1№ 146. 4 маусым, 2013. Қазақстан-Болгария-1:2№ 147. 14 тамыз, 2013. Қазақстан-Грузия-1:0№ 148. 6 қыркүйек, 2013. Қазақстан-Фарерлер-2:1№ 149. 10 қыркүйек, 2013. Қазақстан-Швеция-0:1№ 150. 11 қазан, 2013. Фарерлер-Қазақстан-1:1№ 151. 15 қазан, 2013. Ирландия-Қазақстан-3:1 ### Жолдастық кездесулер ### ӘЧ-2014. С тобы іріктеуі
Қазақстан Ұлттық құрамасы ЕУРО-2012 іріктеуін өте сәтсіз бастап, оған кінәлі ретінде Бернд Шторк бас бапкер қызметінен босады. Оның орнына 2011 жылдың басында чехиялық маман Мирослав Беранек келді. ## Матчтар ### Матчтар тізімі Бернд ШТОРК№ 122. 3 наурыз, 2010. Молдова-Қазақстан-1:0№ 123. 11 тамыз, 2010. Қазақстан-Оман-3:1№ 124. 3 қыркүйек, 2010. Қазақстан-Түркия-0:3№ 125. 7 қыркүйек, 2010. Аустрия-Қазақстан-2:0№ 126. 8 қазан, 2010. Қазақстан-Бельгия-0:2№ 127. 12 қазан, 2010. Қазақстан-Германия-0:3 МИРОСЛАВ БЕРАНЕК№ 128. 9 ақпан, 2011. Беларусь-Қазақстан-1:1№ 129. 26 наурыз, 2011. Германия-Қазақстан-4:0№ 130. 3 маусым, 2011. Қазақстан-Әзірбайжан-2:1№ 131. 10 тамыз, 2011. Қазақстан-Сирия-1:1№ 132. 2 қыркүйек, 2011. Түркия-Қазақстан-2:1№ 133. 6 қыркүйек, 2011. Әзірбайжан-Қазақстан-3:2№ 134. 7 қазан, 2011. Бельгия-Қазақстан-4:1№ 135. 11 қазан, 2011. Қазақстан-Аустрия-0:0 ### Жолдастық кездесулер Алаңнан қуылғандар: В. Глеб (90), А. Глеб (90) ### ЕУРО-2012 іріктеуі. 1-топ 68 минутта Кислицын алаңнан қуылды Кургулин алаңнан қуылды (59)
Аманат (2022 ж. дейін Хамино) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Құрманғазы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 91 км-дей жерде, Быковка өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 268 адам (136 ер адам және 132 әйел адам) болса, 2009 жылы 214 адамды (115 ер адам және 99 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Казахстанская көшесі * Қонаев көшесі * Набережная көшесі ## Дереккөздер
Таңат — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде, Қараөзеннің (Үлкен Өзеннің) оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 163 адам (85 ер адам және 78 әйел адам) болса, 2009 жылы 102 адамды (51 ер адам және 51 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңажол — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 51 км-дей жерде, Қараөзеннің (Үлкен Өзеннің) оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1167 адам (582 ер адам және 585 әйел адам) болса, 2009 жылы 1017 адамды (515 ер адам және 502 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жұмабаев Қызыр Ыбырайұлы (1943 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Мамен ауылы) – қоғам қайраткері. * Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. * Павлодар облысы Баянкөл, Көкшетау облысының Уәлиханов, Қызылту аудандарында бас мал дәрігері болып жұмыс жасаған. * Уәлиханов ауданы Гагарин атындағы кеңшарда (1974 – 79), * Рузаев ауданы Шарық кеңшарында (1979 – 83) директор, * Чистополь халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1983 – 87), * Көкшетау облысы агроөндіріс комитеті төрағасының орынбасары, * Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1987 – 91), * Еңбекшілдер ауданы әкімш-нің (1992 – 93), * Көкшетау облысы әкімшілігінің басшысы (1993 – 96) қызметтерін атқарған. ҚР-ның депутаты. Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған. ## Пайдаланылған cілтемелер
Жаңажол ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңажол, Әбіш, Көмекші, Таңат ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңажол ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1491 адамды (755 ер адам және 736 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Омар Жақсылық Мұқашұлы - саяси қайраткер, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2013-2016), Алматы облысы әкімінің орынбасары (2016-2018), Өскемен қаласының әкімі (2018 жылдың тамызынан). ## Өмірбаяны Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (2010). Еңбек өтілі: 2001-2005 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы. 2007-2009 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы. 2007-2009 - "Қазақстан" РТРК" АҚ "Астана" ТРК дирекциясы директорының орынбасары, "Арнамедиа" Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері. 2009-2010 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы. 2011-2013 - Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы. 2013-2016 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2016-2018 - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2018 жылдың тамыздан - Өскемен қаласының әкімі. ## Марапаттар * "Құрмет" ордені (12.2017) * "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі (12.2011). * "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі (12.2016). * "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі (08.2012). * "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (07.2015). ## Дереккөздер
Жұлдыз — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде, Сарыөзеннің (Кіші Өзеннің) сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 752 адам (381 ер адам және 371 әйел адам) болса, 2009 жылы 696 адамды (354 ер адам және 342 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
2016 жылы бас бапкер Юрий Красножан қызметінен босады. Оның орнына Талғат Байсуфинов уақытша жаттықтырушылық қызметін атқарып, үш кездесу өткізді. 2016 жылы 24 маусымда Қазақстан Футбол Федерациясы Талғат Байсуфиновты бас бапкер етіп тағайындады. 2017 жылы ақпан айында Талғат та қызметінен босап, оның орнына Ресейден Александр Бородюк алдырылды. ## Шолу Талғат Байсуфинов 2016 жылдың басында тізгінді ұстады. 24 маусымға дейін міндетін атқарды да, сосын ғана ресми бекітілді. Байсуфиновтың есте қаларлық ойындары баршылық, сырт алаңдағы жолдастық ойындарда Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын ұтты, ӘЧ -2018 іріктеуінің бірінші турында Польшадан 0:2 есебімен ұтылып тұрып Хижниченконың екі голынан соң жеңілістен құтылып кетті. Үшінші турда ЕУРО-2016 турниріне қатысқан Румыниямен 0:0 есебімен тең ойнады. Бірақ сырт алаңдағы екі ірі жеңіліс (Черногориядан 0:5, Даниядан 1:4) қызметтен кетуіне себепші болды. Бородюктің кезінде құрама жеті кездесу өткізіп, алтауында жеңіліп қалды. ӘЧ-2018 іріктеуінің соңғы турында ғана "Астана Аренада" Армения құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады да, топта соңғы орында қалды. 2016 жылы 11 қарашада Ғафуржан Сүйімбаевтың Данияға соққан голы ӘЧ-2018 іріктеуіндегі әдемі голдар қатарына қосылды. ## Матчтар ### Матчтар тізімі Талғат Байсуфинов * № 169. 26 наурыз, 2016. Әзербайжан-Қазақстан-0:1 * № 170. 29 наурыз, 2016. Грузия-Қазақстан-1:1 * № 171. 7 маусым, 2016. Қытай-Қазақстан-0:1 * 30 тамыз, 2016. Қырғызстан-Қазақстан-2:0 (ойыншы алмастыру лимитінен асып кеткендіктен, ресми саналмады). * № 172. 4 қыркүйек, 2016. Қазақстан-Польша-2:2 * № 173. 8 қазан, 2016. Черногория-Қазақстан-5:0 * № 174. 11 қазан, 2016. Қазақстан-Румыния-0:0 * № 175. 11 қараша, 2016. Дания-Қазақстан-4:1 Александр Бородюк * № 176. 22 наурыз, 2017. Кипр-Қазақстан-3:1 * № 177. 26 наурыз, 2017. Армения-Қазақстан-2:0 * № 178. 10 маусым, 2017. Қазақстан-Дания-1:3 * № 179. 1 қыркүйек, 2017. Қазақстан-Черногория-0:3 * № 180. 4 қыркүйек, 2017. Польша-Қазақстан-3:0 * № 181. 5 қазан, 2017. Румыния-Қазақстан-3:1 * № 182. 8 қазан, 2017. Қазақстан-Армения-1:1 ### Жолдастық кездесулер ### ӘЧ-2018 іріктеуі Сергей Малый алаңнан қуылды (64)
Әжібай — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Бірік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстікке қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1118 адам (578 ер адам және 540 әйел адам) болса, 2009 жылы 1122 адамды (577 ер адам және 545 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылту — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бірік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 173 адам (90 ер адам және 83 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (66 ер адам және 66 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Саралжын — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бірік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 218 адам (106 ер адам және 112 әйел адам) болса, 2009 жылы 114 адамды (61 ер адам және 53 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бірік ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Әжібай, Қызылту, Саралжын ауылдары кіреді. Орталығы – Әжібай ауылы. ## Білім беру Білім беру мақсатында Бірік ауылдық округінде 1 орта жалпы білім беретін мектебі бар. Бірік ОЖББ мектеп ғимараты типтік жобамен 2004 жылы салынған. Бірік орта жалпы білім беретін мектепте 2019-2020 жылғы оқу жылында 210 оқушы қабылданды. ## Денсаулық саласы Округ орталығында 1 ауылдық фельдшерлік акушерлік пункт және Саралжын ауылында 1 медпункт жұмыс істейді. ## Ауыл шаруашылық 2019 жылғы есеп бойынша округте- ірі қара 4452 бас, былтырғы жылы 3775 бас, (9,4 %)- қой-ешкі 11450 бас, былтырғы жылы 11000 бас, (4%)- жылқы 2157, былтырғы жылы 1795 (16,2 %) өсіп отыр.- түйе 4 ## Шағын кәсіпкерлік Округтегі шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде айтар болсақ, қазіргі уақытта округте 29 шаруа қожалығы және 3 кәсіпкер патенттік жүйемен жұмыс істеп, тұрғындарды азық-түлікпен және тұрмыста қажетті заттармен қамтамасыз етуде. 2017 жылы іске қосылған «Мирас» тойханасы қазіргі уақытта жұмысын жасап халыққа қызмет көрсетуде. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1029 адамды (530 ер адам және 499 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бейістерек — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 96 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 273 адам (135 ер адам және 138 әйел адам) болса, 2009 жылы 156 адамды (78 ер адам және 78 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қайшақұдық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 108 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 273 адам (128 ер адам және 145 әйел адам) болса, 2009 жылы 195 адамды (99 ер адам және 96 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Батыс Қарахан қағандығы - Мәуреннахрдағы ортағасырлық мемлекет. Қарахан мемлекетінде Әли Арслан хан (қ. Әли ибн Мұса) мен Хасан Боғра хан балалары арасында билік үшін күрес үдей түсіп, бұл күрес 1041 жылы мемлекеттің Шығыс Қарахан қағандығы және Батыс Қарахан қағандығы болып бөлінуіне алып келді. Әли Арслан хан ұрпағының үлесіне тиген Батыс Қарахан қағанатының территориясы Мауераннахрды және Ферғананың батыс бөлігін қамтыды. Сырдария өңірі екі қағанаттың үнемі талас жеріне айналып, оған иелік ету қағанаттардың қуатына орай өзгеріп отырды. Батыс Қарахан қағанатының астанасы алғашында Үзкент, одан соң Самарқан болды. Мемлекет басшысы “хақан” лауазымын иемденді. Батыс Қарахан қағанатында Қарахан мемлекетіндегідей үлестік басқару жүйесі сақталды. Жоғарғы билеуші - хақан жанында басқарушы кеңсе (диуан) болды. Ол мынандай лауазым иелерінен тұрды: уәзір (ходжаий бузурга), қазынашы (әр-расаил), әскербасы (сахибшурат), пошта мен жергілікті билеушілердің қызметін қадағалаушы (сахиббарид), қаржы ісін бақылаушы (мушрифа), сауда ісі мен қолөнер өнімдерінің сапасын бақылаушы (мухтасиба), сот ісін жүргізуші (қази), діни мекемелердің мүлкін басқарушы (уақап). Іс-қағаздары түрік және араб тілдерінде жүргізілді. Батыс Қарахан қағанатында егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер, сауда дамыды. Ұлы Жібек жолы тармақтары Батыс Қарахан қағандығы жері арқылы өтті. Самарқан, Бұхара қалалары ислам мәдениетінің ірі орталықтары ретінде танылды. Батыс Қарахан қағанаты қалаларында мемлекет қаржыландырумен оқытатын медреселер және емдеу орындары болды. 1089 жылы Салжұқ сұлтандығының сұлтаны Мәлік шах I көп әскермен Батыс Қарахан қағанаты шекарасына баса көктеп кіріп, оның астанасы Самарқанды басып алды. Батыс Қарахан қағанаты басшысы Насыр ибн Ибраһим өзін Мәлік шахтың вассалы деп мойындауға мәжбүр болды. Сөйтіп Батыс Қарахан қағанаты салжұқтардың билігіне өтті. Салжұқтар Қарахан әулетінен өздеріне қолайлы адамдардан хақан тағайындап отырды. 1102 жылы Тараздың билеушісі Қадырхан Жабыраил салжұқтардың Мауераннахрдағы саяси үстемдігіне қарсы шықты. Бірақ ол Термез қаласы түбінде салжұқтардан жеңіліп, қаза болды. Махмұд ибн Мұхаммед билігі (1132-41) кезінде Батыс Қарахан қағанатына қарақытайлар шабуыл жасады. 1141 жылы Самарқан қаласы маңындағы Қатуан жазығындағы шайқаста Салжұқ сұлтандығының сұлтаны Санжар мен Батыс Қарахан қағанатының біріккен әскері қарақытайлықтардан жеңіліс тапты. Батыс Қарахан қағанаты қарақытайлардың вассалына айналды. XII ғасырдың ортасына қарай әрбір иелікті билеген ақсүйектер арасында таққа талас үдеп, Батыс Қарахан қағанатын әлсірете түсті. 1156 жылы Батыс Қарахан қағанатындағы билік тізгіні Шығыс Қарахан қағанатын билеген Хасан әулетінің қолына көшті. Батыс Қарахан қағанатының соңғы хақаны Оспан ибн Ибраһим болды. Ол 1212 жылы Хорезм шаһы Мұхаммед ибн Текеш қолынан қаза тапты. Сөйтіп, Мауераннахрда Қарахандар әулетінің билік жүргізуі аяқталды. ## Сыртқы сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Сарықұдық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 90 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 545 адам (285 ер адам және 260 әйел адам) болса, 2009 жылы 342 адамды (181 ер адам және 161 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бозоба — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 270 адам (144 ер адам және 126 әйел адам) болса, 2009 жылы 242 адамды (121 ер адам және 121 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан суретшілер одағы – Қазақстан суретшілері мен өнертанушыларды біріктіретін ерікті шығармашылық ұйым. Одақ өз мүшелерінің көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Басқару органы – съезд, атқару органы – басқармада 12 съезд өтті. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағалары: В.Н. Сладков (1933 – 40), Ә.Қастеев (1954 – 56), Хакімжан Есімханұлы Наурызбай (1956 – 59), т.б. болды. 1998 жылдан Мергенов қайта сайланды. Құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркемөнеркәсіп шеберханалары енді. Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп, көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады. Қазақстан Суретшілер одағының жанынан Қазақстан Көркемсурет Қоры құрылды (1944). ## Дереккөздер
Нұрсай — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Тереңкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 879 адам (453 ер адам және 426 әйел адам) болса, 2009 жылы 740 адамды (379 ер адам және 361 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сексенбаев — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан батысқа қарай 12 км-дей жерде, Сарыөзеннің (Кіші Өзеннің) сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 250 адам (130 ер адам және 120 әйел адам) болса, 2009 жылы 220 адамды (120 ер адам және 100 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Казталов ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Казталовка, Бозоба, Қоныс, Сексенбаев ауылдары кіреді. Орталығы – Казталовка ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6059 адамды (3028 ер адам және 3031 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
* Бостандық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Бостандық ауылдық округі – Жамбыл облысы Талас ауданындағы әкімшілік бірлік.
Бостандық ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бостандық, Қаракөл ауылдары кіреді. Орталығы – Бостандық ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1631 адамды (843 ер адам және 788 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қоныс — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 488 адам (236 ер адам және 252 әйел адам) болса, 2009 жылы 386 адамды (189 ер адам және 197 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қаракөл — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Бостандық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 391 адам (198 ер адам және 193 әйел адам) болса, 2009 жылы 269 адамды (137 ер адам және 132 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сатыбалды — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде, Қараөзеннің (Үлкен Өзеннің) оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 176 адам (92 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 153 адамды (79 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Оразғали — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 176 адам (92 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 153 адамды (79 ер адам және 74 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Саралжын — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 440 адам (233 ер адам және 207 әйел адам) болса, 2009 жылы 337 адамды (173 ер адам және 164 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әнес Төлендіұлы Сарай (1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында туған) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Барыс және Парасат ордендерінің иегері атанған. ## Толығырақ * Әнес Төлендіұлы 1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында дүниеге келген. * 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. * Балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Кеңес Армиясы қатарында болған. * 1964 - 1965 жылдары «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, Балқаш қалалық телевизиясында аға редактор (1966) * 1967 - 1971 жылдары «Жас Алаш» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, бөлім меңгерушісі болды. * 1971 - 1982 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі * 1982 - 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші * 1978 - 1997 жылдары «Жазушы» баспасында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор боп істеді. * 1998 жылдан шығармашылық жұмыста. * Қазақстан Ұлттық пантеонында жерленген. ## Шығармашылығы * «Мүнарлар шақырады» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. 1989 жылы орыс тілінде «Қараша айы келгенде» кітабы шықты. «Қу тазша», «Ару Алматы», «Мұқым менің», «Аңсау», «Тымырсық» пьесаларының авторы. «Біз — жастармыз», «Атаман Анненковтың күйреуі» фильм-дерінің сценарийлерін жазған. «Еділ-Жайық» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. * Мұнаралар шақы-рады. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969; Қараша өткен соң. А., «Жазушы», 1971; Боз қырау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1973; Тосқауыл. Роман. А., «Жазушы», 1976; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1984; Ақ тымық күн. Роман. А., «Жазушы», 1989; Асылдық сын ығы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Исатай - Махамбет тарихы, А., 1997; Адайлардың арғы тарихы. Роман. А., 1998. ## Марапаттары * 1992 — «Еділ-Жайық» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. * 2002 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (құрметті атағы) * 2012 — ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды * 2017 — ҚР тұңғыш президентінің қолынан ІІІ дәрежелі Барыс орденімен марапатталды (Астана Ақорда 13 желтоқсан 2017 жыл). * ҚР көптеген мерекелік медалдармен және ҚР Президентінің жеке алғыс хаттарымен де марапатталған. ## Дереккөздер
Иісбек Рамазанұлы Әбілмәжінов (1955 жылы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — кино және театр актері, театр режиссері, театр педагогы, доцент. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Иісбек Рамазанұлы 1955 жылы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. * 1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "кино және драма актері" мамандығы бойынша бітірген. * 1995 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "драма режиссері" мамандығы бойынша бітірген. * Еңбек жолы * 1984 - 1987 жылдары Абай атындағы Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының актері * 1987 - 1989 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері * 1989 - 2002 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында болды. * 1999 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "актерлік шеберлік" факультетінің доценті * 2013 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Халық әндері" кафедрасының оқытушысы. * 2017 жылы ҚР Президентінінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
Көктерек ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Көктерек, Оразғали, Саралжын, Сатыбалды ауылдары кіреді. Орталығы – Көктерек ауылы. Округ құрамында болған Еламан ауылы 2023 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1544 адамды (777 ер адам және 767 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қособа (2007 жылға дейін — Никонор) — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан шығысқа қарай 126 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 236 адам (112 ер адам және 124 әйел адам) болса, 2009 жылы 194 адамды (100 ер адам және 94 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Беспішен — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Тереңкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 312 адам (165 ер адам және 147 әйел адам) болса, 2009 жылы 229 адамды (125 ер адам және 104 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Батыс Түрік қағанаты (Көне түркілік: ; Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған. ## Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды. ## Аумағы Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды. ## Шаруашылық-экономикалық жағдайы Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды.Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түркілері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) кағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды.Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды. ## Қоғамдық -экономикалық қатынастары Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түркілері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді. Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді.Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Көәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді.VII ғасырдың бас кезінде Батыс Түркі қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол. Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі қағанның басты тірегі болған.Тағы бір бөлім — үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да өз басшысын үй-қаған деп атайды; түркілер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз»'°. Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр.Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердін бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардын мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған.Бағыныштылық арқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түркілердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар — үстем тайпаға мал және аң терісі, т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетгі вассал тайпалар. Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі кұлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек — мұның бәрі қаған меншігіне түседі», — делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде. Түріктің Білге қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түркілер «олардың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты» деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен отбасылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, қол- өнерші, қала салушы, т. с. с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ құл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді. Тәуелділердің тағы бір бөлімі болды. Білге қаған ескерткішінің мәтіндерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: «... менің шын жүректен шыққан сөзімді сендер (бәрің) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіңдер!» Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек; түрік қағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған. Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс Түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түркі болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түріктер теңге соғуды игерді. Теңгелер түрік қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түркі қағаны Шегу (610—18) мен Тон жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Тон жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түркілер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Тан империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Тан империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс Түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Тон жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Тан империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Тан империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. түргештердің басшысы Үшлік қытайлықтарды Жетісудан қуып шықты.. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды. ## Дереккөздер