text
stringlengths
3
252k
Пугачёво — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Пугачёв ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Шыңғырлау өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1426 адам (708 ер адам және 718 әйел адам) болса, 2009 жылы 2070 адамды (1034 ер адам және 1036 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Успен ауылдық округі – Павлодар облысы Успен ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белоусовка, Травянка, Успенка ауылдары кіреді. Орталығы – Успенка ауылы. 2018 жылы округ құрамына Қозыкеткен ауылдық округінен Травянка ауылы және таратылған Белоусов ауылдық округінің Белоусовка ауылы қосылған. ## Дереккөздер
Успенка — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Успен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде, Елек өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 770 адам (359 ер адам және 411 әйел адам) болса, 2009 жылы 442 адамды (217 ер адам және 225 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қаракемпір — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Успен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде, Елек өзенінің сол жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 122 адам (59 ер адам және 63 әйел адам) болса, 2009 жылы 2 адамды (1 ер адам және 1 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Бестау — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Пугачёв ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 255 адам (149 ер адам және 106 әйел адам) болса, 2009 жылы 118 адамды (57 ер адам және 61 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Масайтөбе — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Бөрлі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 91 адам (51 ер адам және 40 әйел адам) болса, 2009 жылы 36 адамды (21 ер адам және 15 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Диқанбай Қапсәлемұлы, Диқанбай Қапсалаңұлы (шамамен 1800 - 1876, Жетісу өңірі) - батыр, би. Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасының ботбай руынан шыққан. Әкесі Қапсәлем, арғы атасымен ел қорғаған, аты ұранға айналған батырлар болған. Диқанбай ерлік істерімен аты қалған батыр ғана емес, ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді шешуге араласқан би ретінде белгілі адам. Қазақ халқының тарихынан мол мағлұмат беретін орыс түркітанушысы Н.Аристов жазып алып жариялаған Диқанбай батыр шежіресі күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. ## Дереккөздер
Қожамжаров Оразалы 1932 жылы Іле ауданы Жетіген ауылында туған-батыр. Тегі Дулат руының Ботпай тармағынан шыққан. Ол 1846 жылы Сыпатай батырға ілесіп, Шу өзенінің бойында қырғыз руларымен арасындағы жер дауынан туындаған қақтығысқа қатысады. Кейін сол өңірге қоныстанып қалады. 1859 жылы Үлкен орда приставы Г.А. Колпаковскийдің нұсқауымен ұйымдастырылған Шу алқабын зерттеу экспедициясына көмектесіп, оларды қоқандықтар мен қырғыздар шабуылынан қорғауды міндетіне алады. 1860 жылдары аталығының Сыпатай, Диқанбай т.б батырлармен Жетісу өңірлерін азат етуге қатысып, Пішпек, Тоқпақ және Ұзынағаш шайқасында ерлік көрсеткен, осыған орай ақпанда патшалық Ресейдің "Батылдығы үшін" күміс медалімен марапатталған. Архив деректерінде марапатталған Ұлы жүз қазақтарының арасынан Қожамжаровқа орыс армиясының подполковнигі шені берілгендігі жазылған. 1882-1891 жылдар аралығында ол білгір әрі әділетті рубасы ретінде Шу болыстығына бірненше рет басқарушы, би сайланған. (ОМА,44-қор, 1-тізбе,31569-іс), Жамбыл облысы Шу ауданынындағы батырдың денесі жерленген жер қазір "Оразалы ауылы"( бұрынғы Октябрь) деп аталады. Оның баласы Рахымбай да батыр болған. ## Сыртқы сілтемелер Жетісу энциклопедия "Арыс" баспасы Алматы 2004
Қарағанды ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Киров ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарағанды ауылы кіреді. Орталығы – Қарағанды ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 612 адамды (299 ер адам және 313 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қызылтал — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. 2013 жылға дейін таратылған Қызылтал ауылдық округі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1139 адам (558 ер адам және 581 әйел адам) болса, 2009 жылы 3068 адамды (1552 ер адам және 1516 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Приурал ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Приурал ауылы кіреді. Орталығы – Приурал ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1280 адамды (659 ер адам және 621 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қарақұдық (2020 ж. дейін – Тихоновка) — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Қарақұдық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ақсай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 679 адам (337 ер адам және 342 әйел адам) болса, 2009 жылы 356 адамды (182 ер адам және 174 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қарақұдық ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Тихонов ауылдық округі деп аталды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарақұдық ауылы кіреді. Орталығы – Қарақұдық ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 317 адамды (165 ер адам және 152 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қарашығанақ — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 292 адам (183 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 248 адамды (123 ер адам және 125 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақбұлақ ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақбұлақ ауылы кіреді. Орталығы – Ақбұлақ ауылы. Округ құрамында болған Сатайкөл ауылы 2017 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 776 адамды (406 ер адам және 370 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны. 1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді . Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше. ## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары ### Білім-тәрбие беру институттары О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты ### Факульттері Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары: * Агробиология және фитосанитария факультеті * Технология және биоресурстар факультеті * Ветеринария факультеті * Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті * Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті * Инженерлік факультеті Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады. ## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ### Ғылыми-зерттеу институттары Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты ### Ғылыми орталықтары Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы ## Дереккөздер
Пролетарка — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 46 адам (26 ер адам және 20 әйел адам) болса, 2009 жылы 9 адамды (6 ер адам және 3 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сатайкөл — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ақсай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 16 адам (8 ер адам және 8 әйел адам) болса, 2009 жылы 21 адамды (12 ер адам және 9 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Кіші Айдархан — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан батысқа қарай 32 км жерде, Қараөзеннің (Үлкен Өзеннің) сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 277 адам (147 ер адам және 130 әйел адам) болса, 2009 жылы 252 адамды (133 ер адам және 119 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жаңажол ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңажол, Кіші Айдархан, Сарыкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңажол ауылы. Округ құрамында болған Нәрік ауылы 2003 жылы, Теңдік ауылы2021 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1326 адамды (681 ер адам және 645 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Төртқұлақ — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 61 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 189 адам (100 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 218 адамды (120 ер адам және 98 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сарыкөл (1993 ж. дейін — Факеево) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Қараөзеннің (Үлкен Өзеннің) оң жағалауында, өзен сағасына жақын жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 497 адам (239 ер адам және 258 әйел адам) болса, 2009 жылы 553 адамды (278 ер адам және 275 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Теңдік — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 164 адам (84 ер адам және 80 әйел адам) болса, 2009 жылы 90 адамды (43 ер адам және 47 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақсай қалалық әкімдігі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсай қаласы мен Аралтал, Қызылтал ауылдары кіреді. Орталығы – Ақсай қаласы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 43080 адамды (20859 ер адам және 22221 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
* Қызылоба ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әжібай Болпышұлы (XVII — XVIII ғ.) — Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Кете руынан шыққан би. 1749 жылы малды жұттан аман алып қалу үшін елін Жайықтың оң жақ бетіне (ішке) көшіруге Ресей әкімдерінен рұқсат алған. Әжібай Ресей отаршыларының шығысқа қарай жылжуына мейлінше кедергі жасап, қайткенде де халқының ата қонысын сақтап қалуға тырысты. Тевкелев, Левшин жазбаларында Әжібай есімі жиі аталады. Оны ел арасында әулие ретінде де қастерлейді. ## Дереккөздер
«Qazsport» — 2013 жылы ашылған тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарна. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы құрамына кіреді. Телеарна тәулігіне 18 сағат хабар таратады. ## Тарихы 2013 жылдың 1 шілдесінде ашылды. Ашылу рәсімі Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтті. Спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «QAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді. ## Логотиптері * * * ## Бағдарламалары * «СПОРТты ТАҢда» таңғы спорттық, ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламасы * «SPORT REVIEW» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы ## Директорлары * Есей Жеңісұлы (2013) * Диас Ахметшәріп (2013-2014) * Павел Цыбулин (2015-2020) * Нағи Бақытбеков (2020 жылдан бері) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Qazsport» телеарнасының ресми сайты * «Qazsport» телеарнасының онлайн көрсетілімі * «Qazsport» телеарнасы (YouTube) * «Qazsport» телеарнасы (ВКонтакте) * «Qazsport» телеарнасы (Instagram) * «Qazsport» телеарнасы (TikTok) * «Qazsport» телеарнасы (Facebook) * «Qazsport» телеарнасы (Telegram) * «Qazsport» телеарнасы (X) * «Qazsport» арнасы Интернет мұрағатында: kazsport.kaztrk.kz сайты (2013-2018 жылдары)}
Бірлік — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1033 адам (503 ер адам және 530 әйел адам) болса, 2009 жылы 1256 адамды (600 ер адам және 656 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Плантация — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Пятимар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 215 адам (106 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 181 адамды (89 ер адам және 92 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Пятимар — Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы ауыл, Пятимар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1533 адам (763 ер адам және 770 әйел адам) болса, 2009 жылы 1337 адамды (678 ер адам және 659 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Карташово — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Меңдешев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 153 адам (79 ер адам және 74 әйел адам) болса, 2009 жылы 156 адамды (93 ер адам және 63 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Балғын — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Меңдешев ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 103 адам (56 ер адам және 47 әйел адам) болса, 2009 жылы 91 адамды (47 ер адам және 44 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Балдырған — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 131 адам (72 ер адам және 59 әйел адам) болса, 2009 жылы 59 адамды (32 ер адам және 27 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Дмитрий Рябуха (1922, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка селосы-1972) - балалар жазушысы. 1940 жылы Семей қаласында бір жылдық мұғалімдер курсын бітіріп, мектепте ұстаздық еткен. 1952 жылдан журналистік қызметке ауысып, «Учитель Казахстана»газетінде әдеби қызметкер, «Советский Казахстан» (қазіргі «Простор») журналында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редактор боп қызмет істеген. Ақынның «Колхоз даласы» («Колхозное поле») атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы шықты. Содан кейінгі жылдар да «Дорогой мира», «Новоселы», «Малыши», «Навстречу жизни», «О тех, кто рядом», «Маляр небесных тор», «Сказка о правде», «Свирель Аман-жола», «Мы на земле не гости», «Фигуры с натуры», «Чиликане» атты өлең кітаптары мен сурет кітап-шалары жарық көрді. А.Тоқмағамбетовтің, М.Хакімжанованың, Ж.Саинның, С.Мәуленовтің, Қ.Сатыбалдиннің көптеген өлеңдерін орыс тіліне аударды. «Үлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Жуалыой — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 497 адам (252 ер адам және 245 әйел адам) болса, 2009 жылы 626 адамды (334 ер адам және 292 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үштас — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған . ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 219 адам (106 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (33 ер адам және 27 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Саралжын — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 361 адам (190 ер адам және 171 әйел адам) болса, 2009 жылы 129 адамды (66 ер адам және 63 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үшкемпір — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан шығысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 379 адам (185 ер адам және 194 әйел адам) болса, 2009 жылы 268 адамды (145 ер адам және 123 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақбалшық — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Көшім өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 307 адам (161 ер адам және 146 әйел адам) болса, 2009 жылы 247 адамды (131 ер адам және 116 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әділ Ералыұлы Ахметов (30 қыркүйек 1984 жыл Алматы) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері (2007 жылдан). Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). ## Толығырақ * Әділ Ералыұлы 1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. * 2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген. * 2007 жылдан бастап Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері. * Мемлекеттік және Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі. * Көптеген киноларға түскен дарынды танымал актер. ## Марапаттары * 2014 жылы Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері * 2015 жылы "ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері" қоғамының "Ұлы жеңіске 70 жыл" медалі * 2017 жылы "Астана ардағым" мерекелік сыйлығының иегері * 2017 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. * 2017 "ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясына 20 жыл" медалі * 2017 Қырғыз Республикасы Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. (Қырғызстан). * Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. * ҚРның Мемлекеттік степендиясының иегері * ҚРның Президенттік степендиясының иегері
Борық — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Пятимар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстікке қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 364 адам (193 ер адам және 171 әйел адам) болса, 2009 жылы 336 адамды (177 ер адам және 159 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тегісшіл — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Борсы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 424 адам (220 ер адам және 204 әйел адам) болса, 2009 жылы 339 адамды (183 ер адам және 156 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Еңбекші — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 163 адам (81 ер адам және 82 әйел адам) болса, 2009 жылы 205 адамды (103 ер адам және 102 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
## Онжылдықтар және жылдар ## Онжылдықтар және жылдар
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — 1943 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы 76 техникалық мамандықтар және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы жоғары оқу орны. ## Тарихы Сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде, 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Қирап қалған мыңдаған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің инженер мамандарын даярлау қажеттігін ел басшылары күні бұрын ойластырған болатын. Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ. Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті. КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды. 1993 жылы Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орны еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды. 1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. ## Құрылымы * Ректорат * Ғылыми Кеңес * Оқу-әдістемелік Кеңес * Оқу-әдістемелік басқарма * Тіркеу кеңсесі * Тәрбие ісі жөніндегі басқарма * Орталықтар * Кәсіподақ * Бітіруші түлектер Ассоциациясы ## Университет құрамындағы факультеттер Университеттің құрамында – 14 факультет: * Агроөнеркәсіп факультеті * Ақпараттық технологиялар факультеті * Заң факультеті * Жаратылыстану-педогогикалық факультеті * Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті * Құрылыс және көлік факультеті * Механика және мұнайгаз ісі факультеті * Педагогика және мәдениет факультеті * Дене шынықтыру және спорт факультеті * Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті * Филология факультеті * Химия-технологиялық факультеті * Экономика және қаржы факультеті * Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті * Әскери кафедра ## Оқу процесі Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған. ## Материалдық-техникалық базасы Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады.Университетте 87 мамандық бойынша 31 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын мансап және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі, ## Студенттік өмір ОҚУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жастар Рухы», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады.Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2023 жылы.
Ұзынкөл — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Ұзынкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1152 адам (617 ер адам және 535 әйел адам) болса, 2009 жылы 827 адамды (419 ер адам және 408 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Серік Дәулетәліұлы Абас-шах (29 ақпан, 1964 жыл, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар ауылы) - қазақстандық тележурналист, продюсер. ## Өмірбаяны Серік Абас-шах бұрынғы Шымкент облысының Түлкібас ауданының Тұрар ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1989). ### Еңбек жолы * 1981-1982 жылдары - Шымкент облысының «Қызыл Жұлдыз» кеңшарының жұмысшысы. * 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (арнайы бөлімде). * 1989 жылдан - Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының қызметкері. * 1997 жылдан - «Хабар агенттігі» бағдарламалық қызметінде жұмыс істейді. * 2001-2011 жылдары - «Хабар» агенттігі» АҚ бас продюсері. * 2011-2013 жылдары - "Қазақстан" Ұлттық арнасында бас продюсер; * 2013-2014 жылдары - "Ел арна" телеканаланың директоры; * 2014-2016 жылдары жеке шығармашылықпен айналысқан; * 2016 жылдың қараша айынан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Басқарма төрағасының кеңесшісі ### Шығармалары «Бей хабар қалмаңыз...» кітабының авторы (Алматы қаласы, 2005). ### Телебағадарламалары * "Жетпіс жеті күн" * "Абайдың қара сөздері" * "Ұят болмасын" * "Алтыбақан" * "Ауылдың алты ауызы" * "Өлең сөздің патшасы" * "Еркектің аты еркек" * "Әйелдер-ай, әйелдер" * "Сонымен, солай дейік...", * "Айтуға оңай"" т.б. телебағдарламалардың жетекшісі. ### Жеке өмірі * Әкесі - Абасов Дәулетәлі (1912-1974), Ұлы Отан соғысына қатысқан, кеңшарда жұмыс істеген; * Анасы - Абасова Задан (1926-2016); * Жұбайы - Әбдірахманова Әлима Ерсайынқызы (1977 жылы туған), ТВ режиссерінің ассистенті; * Қыздары -Тоғжан (1992 жылы туған) және Ажар (2004 жылы туған); * Ұлдары - Санжар (2001 жылы туған) және Қайсар (2010 жылы туған).. ## Дереккөздер
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі. ## Толығырақ * Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген. * 2004 - 2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін жеке орындаушы мамандығын бітірген. * 2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында солисті болды. * 2013 жылдан Астана Опера театрының жетекші опера әншісі. ## Шығармашылығы Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар. Ресей, Австралия, Франция, Корея Республикасы, Италия және т.б шетелдерде гастрольдік сапарларда болды. ## Жетістіктері * Халықаралық "Шабыт" фистивальінің лауреаты * Н.Тілендиев атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлдегері * Б.Төлегенова атындағы халықаралық фистивальінің бас жүлде иегері * «Тоти Даль Монте» халықарылық конкурстың бас жүлде иегері (Трэвизо, Италия) * Arena di Verona халықаралық опера әншілері конкурсының бас жүлде иегері (Италия) ## Марапаттары * Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты * 2011 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған * 2016 жылы ТМД халықаралық парламент ассамблиясының "ТМД мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін" алтын медалі * 2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.
Рахат — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты ауыл. ## Тарихы Іргесі 2012 жылы Жаңаөзен қаласынан «Рахат», «Ақсу», «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын бөлу арқылы құрылған. ## Халқы ## Инфраструктурасы Рахат ауылында 4 орта мектеп пен 3 мемлекеттік балабақша, 3 жекеменшік балабақша, 1 емхана қызмет атқарады. Рахат ауылы ауыз су, электр желісімен, газбен қамтамасыз етілген. ## Дереккөздер
Салтанат — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 209 адам (109 ер адам және 100 әйел адам) болса, 2009 жылы 124 адамды (64 ер адам және 60 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Теңге — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Теңге ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Жаңаөзен қаласының оңтүстік іргесінде орналасқан. ## Халқы Ауылда 3 мектеп, 2 балабақша бар. ## Дереккөздер
Өнеге — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 399 адам (213 ер адам және 186 әйел адам) болса, 2009 жылы 272 адамды (142 ер адам және 130 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Күйгенкөл ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жасқайрат, Қолтабан, Құрсай, Өнеге ауылдары кіреді. Орталығы – Жасқайрат ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 943 адамды (488 ер адам және 455 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Маржан Өмірзаққызы Арапбаева (1978 жылы 7 ақпанда Шымкентте туған) — Қазақстанның танымал эстрада әншісі, композитор. Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Өмірбаяны ### Балалық шағы Маржан қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан әнші ретінде сахнаға шығып, жанкүйерлердің жүрегін жаулап, танымал болуды армандаған. 14 жасында қыз «Әнші балапан» музыкалық байқауына қатысып, сол уақыттан бастап шығармашылық өмірдің құйынына айналды. ### Жастық шағы Мектепті бітірген соң, еліміздегі ең беделді жоғары оқу орнының музыка факультетіне оқуға түседі. Оның дауысын мұғалімдері назардан тыс қалдыра алмады. Жақсы оқып, өзінің болашағына сенді. Студенттік өмірден кейін Маржан музыкалық салаға бет бұрды. Өнер көрсетіп, түрлі байқауларға қатысып, таланты үшін марапаттарға ие болды. 2002 жылы әнші «Жас қанат» шарасында және «Азия дауысы» фестивалінде тамаша өнер көрсетті. Оның шығармашылық таланты Қазақстан Президентінің сыйлығымен марапатталды. Маржан Арапбаеваға нағыз танымалдық 2003 жылы кезекті байқауға қатысқаннан кейін келді. Содан кейін бойжеткен фестивальдердің лауреаты атанып, «Қайырлы кеш, Астана!», «Үшінші ауысым» сынды шоу-бағдарламаларға қатысты. Маржан Арапбаеваның орындауында "Сәлем саған туған ел", "Соңғы вальс", "Қазақстаным", "Гүл сезім", "Арманыма асығып барамын", "Сол ма?", "Иә, солай", "Сен мықтысын", "Jeteme", "Өкінішті сезім", "Қазақ елі", "Жасасын өмір", "Қыздар мен жігіттер", "Сен едің", "Мазалама", "Сүйемін сені" және т.б көптеген жігерлі әндері халыққа кеңінен танылған. ## Марапаттары * 2002 жылы Республикалық "Жас қанат" конкурсының дипломанты атанып, сол жылдардан бастап елге таныла бастады. * 2004 жылы "Жаңа толқын" (новая волна) халықаралық конкурсының 2 орын иегері атанды. * 2004 жылы халықаралық "Азия дауысы" ән байқауында Ресейдің халық әртісі Николай Басковпен дуэт орындады. * Маржан Арапбаеваға 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Жігер (2007 ж. дейін — Большевик) — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 146 адам (82 ер адам және 64 әйел адам) болса, 2009 жылы 65 адамды (36 ер адам және 29 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Люция Қажығалиқызы Төлешова (1941 жылы 22 мамыр - 2021 жылы 3 тамыз , Алматы қаласы) — әнші, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры. ## Өмірбаяны * Люция Қажығалиқызы Төлешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахан облысында дүниеге келген. * 1962 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірген. Училище қабырғасында жүрген кезде А.В. Молодовтың жетекшілігіндегі капеллада ән салды. * Музыкалық училищені аяқтаған соң Гнесиндер атындағы Мәскеу мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтына түседі. Шеберлігін шыңдау мақсатында Люция Қажығалиқызы Р. Керрер, С. Рихтердің дәрістеріне қатысып, олардың берген білімін барынша сіңіруге тырысты. Оған Гнесина, Шостакович, Хачатурян, Чаплин, Дмитриевпен араласу бақыты бұйырыпты. * Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті болып, «Чио-Чио сан», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларында басты рольдерді сомдады. * 1968 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінің жанынан Гүлдер ансамбльі ашылғанда Люция Қажығалиқызы әншілердің дауысын қойып, вокалдан ұстаздық етті. * 1970 жылы композитор, Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген өнер қайраткері Мансұр Сағатовтың шақыруымен Мемлекеттік телерадиокомитетінің әншісі ретінде қабылданып, әр жанрдағы әндерді шебер орындап, Қазақ радиосының «Алтын қорын» толықтырды. Ел елді аралап, әріптестері Рашид Мұсабаев, Суат Әбусейітов, Зейнеп Қойшыбаева, Гүлвира Разиева, Венера Қармысова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды халық қалаулыларымен бірлесіп қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосты. * 1970 - 1996 жылдары қазақ телевизия және радио солисті болды. * Ю. Силантьев жетекшілік еткен Орталық телевизия оркестрімен жұмыс істеп, Минск, Киев, Кишиневте өнер көрсетті. * Л.Қ. Төлешованың жеке концертін Кеңес Одағының Орталық телевизиясы түсірді. Ол қазақ эстрада өнерін Грузия, Армения, Әзірбайжан, Балтық елдерінде паш етті. Чехословакия, Германия, Финляндияға гастролдік сапар жасады. * 1995 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры. * 80 жастан асқан шағында белгілі қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер қайраткері, атақты педагог Люция Төлешова қайтыс болды. Қаралы хабарды қазақстандық театр режиссері Асхат Маемиров өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыка академиясын тәмамдаған Люция Төлешова өзінің саналы ғұмырын кәсіби эстрада өнеріне арнады. Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті. Люция Қажығалиқызы тәрбиелеген шәкірттер - Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Г.Қаспақова, М.Мүсірәлі, Ж.Арыстанбаева, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Б.Ретбаев т.б. Қазақстанның өнер кеңістігінде белгілі әншілер мен орындаушыларға айналды. ## Шәкірттері * Люция Қажығалиқызының елімізге және шет елдерге танымал эстрада әншілері халықаралық фистивальдерінің лауреаттары бар. * Қазақстан Республикасының Халық әртістері: Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Қапаш Құлышева * Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері: Толқын Забирова, Сәкен Майғазиев, Гаухар Қаспақова және т.б көп. * Халықаралық және республикалық фистивальдерінің лауреаттары: Бағым Мұхитденова, Гүлмира Жүкіпбаева, Сәкен Майғазин, Жадыра Арыстанбаева, Нұрлан Албан, Әлішер Каримов, Бердібек Құлғараев, Гүлия Айдарханова, Бақыт Шадаева, Қайрат Түнтеков, Меруерт Мүсірәлі сынды тамаша әншілерді өнерге баулып, ұстаздық міндетін адал атқарған Люция Төлешова бүгінде еңбектің зейнетін көріп, торқалы тойында осы шәкірттерінің өнерін Алматы жұртшылығына таныстырды. ## Қосымша мәліметтер * Люция Қажығалиқызының бір ерекшелігі - орыс романстарын, сонымен қатар Қазақстан композиторларының ән-романстарын ерекше сезіммен жеткізіп орындай біледі. Сонымен қатар, патриоттық әндерді өз бояуында жеткізе білген шебер әнші. * Әнші Люция Төлешованың орындауында Қазақ радиосының «Алтын қорында» 347 әні сақталған. * Люция Қажығалиқызы алыс-алыс ауылдарды, шалғай елді мекендерді аралап өнер көрсетсе, Мәскеудегі Орталық телеарналардан жиі көрініп, Минск, Киев, Кишинев сахналарында әлденеше ән салған. Сонымен қатар Грузия, Армения, Азербайжан, Прибалтика елдерінде, Чехославакия, Германия, Финляндия сынды шетелдерде қазақ эстрадасын дәріптей білді. * Мұрат Әуезовтың ұйғаруымен «Жас қыран» атты ансамбль құрылып, Люция Қажығалиқызы сол ансамбльдің әншісі болады. Өзінің болашақ жары Амангелді Смағұловты Люция Мәскеуде жолықтырыпты. Амангелді кейін самбо, дзю-додан дүниежүзі чемпионы, КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы болды. * 1975 жылы Литвада Жеңістің 30 жылдық мерейтойында Жақсыгелді Сейіловтың «Ана туралы баллада» әнін нақышына келтіріп орындап, дипломант атанғаны бар. * Жалпы одақтық театр қауымдастығының мүшесі. ## Марапаттары * Люция Қажығалиқызының еңбегі ескеріліп, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған. * ҚР Білім беру ісінің үздігі * ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері * Өнертану профессоры * Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. * 2016 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * 2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды.
Таловка — Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы ауыл, Талов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1120 адам (552 ер адам және 568 әйел адам) болса, 2009 жылы 853 адамды (423 ер адам және 430 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Майтүбек (2007 ж. дейін — Августовка) — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Талов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 123 км-дей жерде, Сарыөзеннің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 169 адам (91 ер адам және 78 әйел адам) болса, 2009 жылы 133 адамды (67 ер адам және 66 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақадыр (2007 ж. дейін — Молочный) — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 194 адам (93 ер адам және 101 әйел адам) болса, 2009 жылы 81 адамды (43 ер адам және 38 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ақоба ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақоба ауылы кіреді. Орталығы – Ақоба ауылы. Округ құрамында болған Жиембет, Мәңгүр ауылдары 2003 жылы таратылған. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 651 адамды (321 ер адам және 330 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жұмағали Пәрінбекұлы Маханов (1962 жылы 16 ақпанда ОҚО Созақ ауданы Шолаққорғанда туған) — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрың актері (1983 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006). ## Толығырақ * Жұмағали Пәрінбекұлы Маханов 1962 жылы 16 ақпанда ОҚО Созақ ауданы Шолаққорғанда дүниеге келген. * 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының) «Театр және кино» факультетін бітірген. * 1983 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрың актерлік құрамында қызмет етеді. * «Тамаша», «Па, шіркін, пародия» ойын-сауық отауларында өнер көрсетті. «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі болды. «Біздің көшенің тұрғындарында» сол көшенің тұрғыны болып ойнады. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение, «Жетінші палатасында» Виктор, «Қыздай жесір-штат қысқартуында» Еркін, С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Жолаушы шал, Ә.Таразидің «Ақын…Періште… Махаббатында» Асау жігіт (реж. Ә.Рахимов), М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» абитуриент, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Ши мойын (реж. Б.Атабаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Әдік (реж. Т.әл-Тарази), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Гриша, Т.Нұрмағамбетовтің "Қожанәсір тірі екенінде" Түрік (реж.О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» комиссия мүшесі (реж. О.Кенебаев), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен Ұры» қойылымында оператор (реж. Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан) және т.б көптеген рөлдері бар. ## Кинофильмдері * «Көріпкел» фильмінде Асқар (реж. А.Қарпықов) «Жол» фильмінде Нұрлан, «Қарама-қарсы тексерісінде» такси жүргізуші (Д.Қожақанов), «Ай кратері жиегіндеде» Қайсар (реж. С.Баймұханов), «Жел қызында» МАИ капитаны (реж. Ж.Пошанов) «Айналайын» фильмінде Аманғали (реж. Б.Қалымбетов), «Болашақ» сериалында емделуші (реж. С.Өтепбергенов), "Біржан сал" фильмінде Тілмаш (реж. Д.Жолжақсынов), "Дорога к матери" Теміржолшы (реж. А.Сатаев) т.б. ## Марапаттары * 1994 жылы — Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері * 2006 жылы — ҚР Мәдениет Қайраткері * 2017 жылы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
Жайық — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Байқоныс ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 157 адам (71 ер адам және 86 әйел адам) болса, 2009 жылы 274 адамды (137 ер адам және 137 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген. * 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген * 1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады. * Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында админ болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді. * 2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған. ## Кинорөлдері * 2015 - Жат / Чуждый (Қазақстан) * 2015 - Қара өзен / Чёрная река (өндірісте) - Монхэ * 2015 - Кемпiр / Старуха (Қазақстан) * 2014 - Бұлттарға бағытталған соқпақ жол / Тропинка к облакам - Есенкелді * 2013 - Көшбасшы жолы / Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Қазақстан) - Мақатай, мектеп күзетшісі * 2013 - Бөгде ғаламшарлықтардың кінәсі жоқ / Инопланетяне ни при чём (Қазақстан) * 2013 - Таңдау құқығынсыз / Без права на выбор (Қазақстан, Ресей, Украина) - ата * 2013 - Joker (Қазақстан) - Дили-Дили * 2012 - Шал / Старик (Қазақстан) - Қасым - басты рөл * 2012 - Байқоңыр | Baikonur (Германия, Ресей) * 2011 - Уранды дауыл / Урановый тайфун (Қазақстан) - көзілдірікті ата * 2011 - Жарқын күндер / Солнечные дни (Қазақстан) - сатушы * 2011 - Гәкку * 2011 - Дәрігер Ахметова / К вам едет доктор Ахметова (Қазақстан) - Серік, жедел жәрдем жүргізуші, Ахметованың досы * 2010 - Қызғылт қоян туралы хикая / Сказ о розовом зайце (Қазақстан) - Қайрат * 2010 - Ғашық жүрек / Коктейль для звезды (Қазақстан) * 2008 - Сталинге сыйлық / Подарок Сталину (Қазақстан) - Фаты, дүнген * 2008 - Келiн / Невестка | (Қазақстан) - келіннің әкесі ## Марапаттары * Халықаралық кинофистивальдарының жүлдегері * 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
## Онжылдықтар және жылдар ## Онжылдықтар және жылдар
Саят Темірболатұлы Исембаев (1975 жылы 14 қазанда туған) — қазақстандық танымал кино актері. ## Толығырақ * Саят Темірболатұлы Исембаев 1975 жылы 14 қазанда туған * 1993 жылы Хореографиялық училищені бітірген. Алғаш рет «Десант» фильмінде ойнаған болатын. Кейін «Рэкетир» фильмінде басты рөлді сомдап үлкен атаққа ие болды. Ол тағы «Сказ о розовом зайце» фильмінде өз шеберлігін көрсеткен. * Саят «Рэкетир» фильміне алдына ала дайындалмаған. Себебі ол жәй кастинге келген, кейін оны режиссер байқап басты рөлді сомдауға шақырған. * 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мемлекеттік медалімен марапатталды. ## Фильмографиясы * Бауыржан Момышұлы (телесериал) * Сказ о розовом зайце (2010) * Подружки (сериал, 2012) * Ағайынды (телесериал) (2009) * Рэкетир (2007) * Плач матери о манкурте (2004) * Каждый взойдет на Голгофу (сериал, 2003) * Десант (2000). ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Саят Исембаев Мұрағатталған 23 ақпанның 2015 жылы.
Ақжол (2004 жылға дейін – Бакаушино) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Белес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 234 адам (125 ер адам және 109 әйел адам) болса, 2009 жылы 202 адамды (103 ер адам және 99 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Абай көшесі * Бейбітшілік көшесі * Достық көшесі * Жеңіс көшесі * Орталық көшесі * Тәуелсіздік көшесі ## Дереккөздер
Маржан Өмірзаққызы Арапбаева (1978 жылы 7 ақпанда Шымкентте туған) — Қазақстанның танымал эстрада әншісі, композитор. Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Өмірбаяны ### Балалық шағы Маржан қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан әнші ретінде сахнаға шығып, жанкүйерлердің жүрегін жаулап, танымал болуды армандаған. 14 жасында қыз «Әнші балапан» музыкалық байқауына қатысып, сол уақыттан бастап шығармашылық өмірдің құйынына айналды. ### Жастық шағы Мектепті бітірген соң, еліміздегі ең беделді жоғары оқу орнының музыка факультетіне оқуға түседі. Оның дауысын мұғалімдері назардан тыс қалдыра алмады. Жақсы оқып, өзінің болашағына сенді. Студенттік өмірден кейін Маржан музыкалық салаға бет бұрды. Өнер көрсетіп, түрлі байқауларға қатысып, таланты үшін марапаттарға ие болды. 2002 жылы әнші «Жас қанат» шарасында және «Азия дауысы» фестивалінде тамаша өнер көрсетті. Оның шығармашылық таланты Қазақстан Президентінің сыйлығымен марапатталды. Маржан Арапбаеваға нағыз танымалдық 2003 жылы кезекті байқауға қатысқаннан кейін келді. Содан кейін бойжеткен фестивальдердің лауреаты атанып, «Қайырлы кеш, Астана!», «Үшінші ауысым» сынды шоу-бағдарламаларға қатысты. Маржан Арапбаеваның орындауында "Сәлем саған туған ел", "Соңғы вальс", "Қазақстаным", "Гүл сезім", "Арманыма асығып барамын", "Сол ма?", "Иә, солай", "Сен мықтысын", "Jeteme", "Өкінішті сезім", "Қазақ елі", "Жасасын өмір", "Қыздар мен жігіттер", "Сен едің", "Мазалама", "Сүйемін сені" және т.б көптеген жігерлі әндері халыққа кеңінен танылған. ## Марапаттары * 2002 жылы Республикалық "Жас қанат" конкурсының дипломанты атанып, сол жылдардан бастап елге таныла бастады. * 2004 жылы "Жаңа толқын" (новая волна) халықаралық конкурсының 2 орын иегері атанды. * 2004 жылы халықаралық "Азия дауысы" ән байқауында Ресейдің халық әртісі Николай Басковпен дуэт орындады. * Маржан Арапбаеваға 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Құрсай — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 170 адам (79 ер адам және 91 әйел адам) болса, 2009 жылы 111 адамды (56 ер адам және 55 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген. * 1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген. * 1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. * 1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Көкбай (реж. Ә.Мәмбетов), Әзімхан (реж. Е.Обаев), «Айман-Шолпанында» Балпық (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Көбей (реж. Ж.Хаджиев), Еспембет (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Рахымбай (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков) Айдар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Молда (реж. Ә.Рахимов), А.Сүлейменовтің «Кегінде» бекзада Сарын (реж. Ә.Рахимов), Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Шарыш (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Омар (реж. Б. Омаров), И.Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Абай, Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Дуана сарбаз (реж.Т.әл-Тарази), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Дәулетбек, Асылхан, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Болтай (реж. Б.Атабаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Шәукен (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Макс (реж. М.Ахманов), Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Қыдырәлі (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Матақов (реж. Ә.Рахимов), Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасында» Орақ (реж. Т. әл-Тарази) және т.б көптеген рөлдері ойнайды. ## Кинорөлдері * «Ағайындылар» – тергеуші Толғанбаев (реж. А. Сатаев), «Жайлаудағы оқиға» – Бай, «Махаббат жағалауы» – Бас редактор, «Алтын алқа» – Оператор, «Ақсұңқар» – Жаршы («Хабар» арнасы, реж. М. Бидосов) «Мент» – подполковник (реж. М. Оспанов), «Таңқалдырған хикая-1» – Бай, «Таңқалдырған хикая-2» – Режиссер («Хабар» арнасы, реж. Б. Санитас) және т.б ## Марапаттары * 2016 — "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
Белес (2004 жылға дейін – Ростоши) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Белес ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1511 адам (745 ер адам және 766 әйел адам) болса, 2009 жылы 1495 адамды (742 ер адам және 753 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Абай Құнанбаев көшесі * Атамұра (Западный переулок) көшесі * Әлия Молдағұлова көшесі * Болашақ (Западная) көшесі * Достық көшесі * Жағалау (Набережная) көшесі * Жамбыл көшесі * Жеңіске 60 жыл көшесі * Құрманғазы көшесі * Махамбет Өтемісов көшесі * Мәншүк Мәметова көшесі * Мектеп көшесі * Мерей (Восточный переулок) көшесі * Мир көшесі * Новая көшесі * Рауан (Овражная) көшесі * Ростошинский тұйық көшесі * Сәбит Мұқанов көшесі * Татулық (Заовражная) көшесі * Тәуелсіздік көшесі * Терминал ТОО Жайықмұнай көшесі * Шоқан Уәлиханов көшесі ## Дереккөздер
Иманғали Жұмаев атындағы ауыл — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Тау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 190 адам (99 ер адам және 91 әйел адам) болса, 2009 жылы 117 адамды (59 ер адам және 58 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жұмағали Пәрінбекұлы Маханов (1962 жылы 16 ақпанда ОҚО Созақ ауданы Шолаққорғанда туған) — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрың актері (1983 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2006). ## Толығырақ * Жұмағали Пәрінбекұлы Маханов 1962 жылы 16 ақпанда ОҚО Созақ ауданы Шолаққорғанда дүниеге келген. * 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының) «Театр және кино» факультетін бітірген. * 1983 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрың актерлік құрамында қызмет етеді. * «Тамаша», «Па, шіркін, пародия» ойын-сауық отауларында өнер көрсетті. «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі болды. «Біздің көшенің тұрғындарында» сол көшенің тұрғыны болып ойнады. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение, «Жетінші палатасында» Виктор, «Қыздай жесір-штат қысқартуында» Еркін, С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Жолаушы шал, Ә.Таразидің «Ақын…Періште… Махаббатында» Асау жігіт (реж. Ә.Рахимов), М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» абитуриент, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Ши мойын (реж. Б.Атабаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Әдік (реж. Т.әл-Тарази), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Гриша, Т.Нұрмағамбетовтің "Қожанәсір тірі екенінде" Түрік (реж.О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» комиссия мүшесі (реж. О.Кенебаев), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен Ұры» қойылымында оператор (реж. Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан) және т.б көптеген рөлдері бар. ## Кинофильмдері * «Көріпкел» фильмінде Асқар (реж. А.Қарпықов) «Жол» фильмінде Нұрлан, «Қарама-қарсы тексерісінде» такси жүргізуші (Д.Қожақанов), «Ай кратері жиегіндеде» Қайсар (реж. С.Баймұханов), «Жел қызында» МАИ капитаны (реж. Ж.Пошанов) «Айналайын» фильмінде Аманғали (реж. Б.Қалымбетов), «Болашақ» сериалында емделуші (реж. С.Өтепбергенов), "Біржан сал" фильмінде Тілмаш (реж. Д.Жолжақсынов), "Дорога к матери" Теміржолшы (реж. А.Сатаев) т.б. ## Марапаттары * 1994 жылы — Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері * 2006 жылы — ҚР Мәдениет Қайраткері * 2017 жылы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген. * 1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген. * 1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. * 1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Көкбай (реж. Ә.Мәмбетов), Әзімхан (реж. Е.Обаев), «Айман-Шолпанында» Балпық (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Көбей (реж. Ж.Хаджиев), Еспембет (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Рахымбай (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков) Айдар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Молда (реж. Ә.Рахимов), А.Сүлейменовтің «Кегінде» бекзада Сарын (реж. Ә.Рахимов), Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Шарыш (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Омар (реж. Б. Омаров), И.Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Абай, Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Дуана сарбаз (реж.Т.әл-Тарази), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Дәулетбек, Асылхан, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Болтай (реж. Б.Атабаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Шәукен (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Макс (реж. М.Ахманов), Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Қыдырәлі (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Матақов (реж. Ә.Рахимов), Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасында» Орақ (реж. Т. әл-Тарази) және т.б көптеген рөлдері ойнайды. ## Кинорөлдері * «Ағайындылар» – тергеуші Толғанбаев (реж. А. Сатаев), «Жайлаудағы оқиға» – Бай, «Махаббат жағалауы» – Бас редактор, «Алтын алқа» – Оператор, «Ақсұңқар» – Жаршы («Хабар» арнасы, реж. М. Бидосов) «Мент» – подполковник (реж. М. Оспанов), «Таңқалдырған хикая-1» – Бай, «Таңқалдырған хикая-2» – Режиссер («Хабар» арнасы, реж. Б. Санитас) және т.б ## Марапаттары * 2016 — "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі * 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
Ерболат Қасымұлы Тоғызақов (1948 жылы 25 наурызда Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). ## Толығырақ * Ерболат Қасымұлы Тоғызақов 1948 жылы 25 наурызда Алматыда дүниеге келген. * 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген * 1974 жылы КСРО кезеңіндегі Госкин жанынан құрылған киноөндірісі ұйымдастырушыларының екі жылдық курсын аяқтады. * Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында админ болды және түрлі жұмыстарды атқарып жүрді. * 2008 жылы Ермек Тұрсыновтың «Келiн» фильміне түсіп, дебютті қадам жасаған. ## Кинорөлдері * 2015 - Жат / Чуждый (Қазақстан) * 2015 - Қара өзен / Чёрная река (өндірісте) - Монхэ * 2015 - Кемпiр / Старуха (Қазақстан) * 2014 - Бұлттарға бағытталған соқпақ жол / Тропинка к облакам - Есенкелді * 2013 - Көшбасшы жолы / Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Қазақстан) - Мақатай, мектеп күзетшісі * 2013 - Бөгде ғаламшарлықтардың кінәсі жоқ / Инопланетяне ни при чём (Қазақстан) * 2013 - Таңдау құқығынсыз / Без права на выбор (Қазақстан, Ресей, Украина) - ата * 2013 - Joker (Қазақстан) - Дили-Дили * 2012 - Шал / Старик (Қазақстан) - Қасым - басты рөл * 2012 - Байқоңыр | Baikonur (Германия, Ресей) * 2011 - Уранды дауыл / Урановый тайфун (Қазақстан) - көзілдірікті ата * 2011 - Жарқын күндер / Солнечные дни (Қазақстан) - сатушы * 2011 - Гәкку * 2011 - Дәрігер Ахметова / К вам едет доктор Ахметова (Қазақстан) - Серік, жедел жәрдем жүргізуші, Ахметованың досы * 2010 - Қызғылт қоян туралы хикая / Сказ о розовом зайце (Қазақстан) - Қайрат * 2010 - Ғашық жүрек / Коктейль для звезды (Қазақстан) * 2008 - Сталинге сыйлық / Подарок Сталину (Қазақстан) - Фаты, дүнген * 2008 - Келiн / Невестка | (Қазақстан) - келіннің әкесі ## Марапаттары * Халықаралық кинофистивальдарының жүлдегері * 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
Асан (2010 жылға дейін — Набережное) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Шаған өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 614 адам (299 ер адам және 315 әйел адам) болса, 2009 жылы 946 адамды (462 ер адам және 484 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Октябрьское — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде, Деркөл өзенінің Шағанға құяр сағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 403 адам (190 ер адам және 213 әйел адам) болса, 2009 жылы 540 адамды (274 ер адам және 266 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Зелёное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Зелёнов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км жерде, Деркөл өзені жағалауындағы қара жусан аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен бетегелі-бозды дала белдемінде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2200 адам (1086 ер адам және 1114 әйел адам) болса, 2009 жылы 1603 адамды (804 ер адам және 799 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1936 жылы астық өсірумен айналысатын “Путь к коммунизму” ұжымшары ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылдан Зеленоеде 24 шаруа қожалығы құрылды. ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт және отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. ## Дереккөздер
Жамбыл — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде, Деркөл өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 509 адам (243 ер адам және 266 әйел адам) болса, 2009 жылы 660 адамды (310 ер адам және 350 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Ғалы (Мұхамбетқали) Сағындықұлы Базаров (1910 жыл, Торғай уезі, Қараторғай болысы Ағаштыкөл ауылы) - Ақын, жыршы, соғыс ардагері. Мұсылманша әжеуптәуір білім алған Ғалы жас шағынан жыр жаттап, жиын-тойларда ән салып, аң аулап, серілік құрған. * 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысында тапқырлығы мен батыл қимылдары үшін армия қолбасшысы Г.К. Жуковтан тоғыз рет алғыс алған. * Соғыстан жеңіспен оралған соң «Ағаштыкөл» ұжымшарында ұзақ жылдар бойы бригадир, ферма меңгерушісі болып қызмет атқарған. Ғалы Базаров ауыл тұрғындарын үйіне жинап «Көрғұлы», «Көрғұлы мен Безерген», «Науазхан», «Наурызбай мен Қаншайым» жырларын жатқа айтқан. Ол осындай тоғыз қиссаны жатқа білген. «Ағаштыкөл» ұжымшарының төрағасы, ауруханада жатқан Шілдебай Ахметовтың атынан жазған ұзақ толғауы өмір, адамгершілік, достық, сыйластық қарым-қатынас, еңбекқорлық, отаншылдық мәселелерін қозғайды. Көптеген жоқтау жырлары сақталған. Торғай өңірінде ХІХ ғасырдың ортасында болған айтулы оқиғаларды арқау етіп, аса қымбат тарихи деректер беретін «Шашамбай болыс өлген соң», «Сейтқасым – Әмбал» тарихи дастандарын жазды. Бұл туындылары жергілікті газетте жарық көрді. Ағайындас ақын Әбілжан Өтеев дүниеден озған соң, бітіре алмай кеткен діни тақырыптағы «Сейітбаттал» дастанының соңғы тарауларын жазды. ## Дереккөздер
Сырым батыр (2022 ж. дейін — Котельниково) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Бейбітшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 319 адам (159 ер адам және 160 әйел адам) болса, 2009 жылы 232 адамды (118 ер адам және 114 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Әл-Фараби көшесі * Бауыржан Момышұлы көшесі * Панфилов көшесі * Шоқан Уәлиханов көшесі ## Дереккөздер
Астафьево — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Бейбітшілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 188 адам (89 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 60 адамды (34 ер адам және 26 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Әлия Молдағұлова көшесі * Дина Нұрпейісова көшесі * Құрманғазы көшесі * Мұхтар Әуезов көшесі ## Дереккөздер
Елді мекен: * Жалаулы – Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл. * Жалаулы – Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Жалаулы – Павлодар облысындағы көл. * Жалаулы – Қостанай облысындағы өзен. * Жалаулы – Абай облысы Үржар ауданындағы тау. * Жалаулы – орам. * Жалаулы – мекенжұрт. * Жалаулы – қойма.
Белес ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Белес, Ақжол ауылдары кіреді. Орталығы – Белес ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1711 адамды (855 ер адам және 856 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Мұхамеджанов Байғоныс (1914, бұрынғы Торғай оязы Наурызым ауданы, Қайғы ауылында – 1994, Наурызым ауданы, Қайғы а.) – мәдениет қызметкері, әнші. Балалық шағынан белгілі өнерпаз әкесі Мұхамеджан әншінің өлеңдері мен әндеріне бауыр басып өскен. 1936 жылы әнші-ақын Н.Ахметбеков Амангелді көшесінде ұйымдастырған ауданаралық халық театрына алғашқылардың бірі болып келіп, ірге тасын қаласқан. Кейін Қостанай филармониясын басқарды. Әнші 1938 жылы Алматыда өткен әншілер байқауында ақын Н.Ахметбековтен кейінгі екінші орынды иеленді. Халық әндерімен қатар әнші-сазгер әкесі Мұхамеджанның шығармаларын насихаттауға, өлкеде ән-күй, театр өнерінің дамуына көп еңбек сіңірді. Әр кездерінде Торғай өлкесінен халық әндері мен күйлерін жинаған музыка зерттеушілері А.Затаевич пен Т.Бекхожинаға өз әкесінің әндерін де жаздырған.
ШАЛДЫБАЕВ Нақан Шалдыбайұлы (1955 жылы туған, Амангелді ауданы, Еңбекші ауылы) – ұстаз, қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1973 жылы Орта мектепті бітірісімен комсомол-жастар бригадасында аға шопан болып бастады. 1980 жылы Арқалық педагогикалық институтының математика мамандығы бойынша үздік бітірді. 1980-2006 жылдар аралығында Арқалықтағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры болып істеді. 2006 жылдан Арқалық қаласы оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарып, 2010 жылдан Арқалық қаласы әкімінің орынбасары, 2012 жылы арқалық ауданы мәслихатының хатшысы болып сайланды. Қазіргі таңда осы күнге дейін Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы болып келеді. ## Дереккөздер
Ысқақов Сұлтанбек (07.02.1947, Жангелдин ауданы, Торғай – 07.11.2012, Астана) – құрылысшы-инженер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Қазақ политехн. интернатын (1970), Алматы жоғары партия мектебін (1984) бітірген. Еңбек жолын 1970 жылы Торғай боксит пен басқармасында прораб болып бастаған. 1973-75 жылдары ҚЛКЖО Арқалық қаласы к-ті жанындағы Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы штабының бастығы болды. 1975 жылдан партия қызметіне ауысып, Арқалық қ., Торғай облысы партия к-ттерінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1984 жылы Жоғары партия мектебін бітіріп келген соң Торғай облысы партия к-тінің құрылыс бөліміндегі қызметін жалғастырып, 1986-90 жылдар аралығында Қазақстан компартиясы Арқалық, Жетіғара қаласы к-ттерінің екінші хатшысы болып істеді. 1990-4 жылдары Торғай облысы к-тінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылы халық депутаттары Торғай обылысы мәслихатының хатшысы болып сайланды. 1997 жылы Арқалық қаласы әкімінің кеңесшісі болып істеп, 1998 жылы Астана қаласындағы Орталық мемлекет мұрағатта бас маман, 2001-2011 жылдары аралығында басқарма бастығы, директоры қызметтерін атқарды.
Ырысбайұлы Әбіш (1867, қазіргі Амангелді ауданы, 7-а. Жалдама бойы – 27.08.1937) – 1916 жылғы Торғай көтерілісі басшыларының бірі, сарғаскер. Көтерілісшілердің алғашқы тобымен бірге қолына қару алып, патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы барлық қимылдарғы қатысқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін өлкеде серіктестіктер мен ұжымшарлар ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, Шиаяқ а-нан «Құмкөл» серіктестігін құрған. 1931-1932 жылдарындағы аштық кезінде Жалдама өзенін бөгеп, суармалы егіншілікті дамытуға мұрындық болды. 1935 жылы «Жасбуын» мектебінің негізін қаласып, 60 балалық интернат үйін салдырған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен ұсталып, атылды.
Хамзин Батырхан (05.02.1918, Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылы – 1966, сонда) – соғыс және еңбек ардагері, агроном. 1930-36 жылдары аралығында ауылдағы бастауыш мектебінде оқып, 1942-52 жылдары Петропавл қаласындағы ұжымшар басқармасы тқрағаларын даярлайтын ауыл шаруашылық мектебін бітірген. 1936-39 жылы кеңес армиясы қатарына шақырылғанға дейін Жетіғарада кен қазушы болып істеді. Ленинград қаласы түбінде әчкери борышын өтей жүріп, 1939 жылдың қысында 7-армия құрамында кеңес-фин соғысына қатысты. 1940 жылы ленинградтағы кіші командирлер даярлайтын 3 айлық курсты бітірді. 1941 жылы Солтүстік-Батыс майданы әскерлерінің құрамында шайқасқа кіріп, 1942 жылы Старосестрорецк түбінде жарақаттанған. Емделіп шыққан соң Свердловск қаласындағы әскери зауытқа жұмысқа жіберілді. 1946 жылы елге оралып, «Тамқамыс», «Ақшығанақ» ұжымшарларында бөлімше меңгерушісі, ұжымшар басқармасының төрағасы болып істеді. Бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланған.
Сабыр Шеркешбайұлы Адай (30 қыркүйек 1960, Шоманай ауданы, Қарақалпақстан) — қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (2006). Президент сыйлығының иегері (2006). Құрмет орденінің иегері (2017). Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (2021). ## Толығырақ Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. * Сабыр Шеркешбайұлы Адай 1960 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстан Шоманай ауданында дүниеге келген. * Алматы эстрада, цирк өнер студиясының күй класын бітірген (1981). Орал педагогикалық институтында оқыған. * 1981 – 1984 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінінің көркемдік жетекшісі. * 1984 – 1990 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры. * 1989 – 1993 жылдары аралығында өткен республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Ақтауда Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Байғанинде Асау-Барақтың, Оралда Сырым батырдың, Шымкентте Үш би (Ордабасы), Көкшетауда Абылай ханның тойларында және Орта Азия – Қазақстан ақындарының айтысында жүлделі орындарға ие болған. * 1991 – 1996 жылдары аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары. * 1997 – 1999 жылдары Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықта шығармашылық бөлімінің бастығы. * 1999 – 2002 жылдары облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. * 2001 - 2006 аралығында Республикалыық "Үш қиян" газетінде қызмет атқарды. * 2005 - 2011 "Адай" қорының президенті. "Otpan - Отпан" газетінің құрылтайшысы. * 2004 жылы "Адай Ата - Отпан тау" этно-мәдени орталығын салу идеясының авторы және ұйымдастырушысы. ## Шығармашылығы * "Таңғы нөсер" (1990) атты өлеңдер жинағы. * "Кетемін көкке жұлдыз боп" (1996) атты өлеңдер жинағы. * "Жұмбақ түннің жылуы" (1999) атты өлеңдер жинағы. * "Әр қазақ – менің жалғызым" (2002) атты өлеңдер жинағы. * “Адай Ата” кітабы (2005-2007) ж.ж * "Қазақстан - Жалғыз Ұлы Қазақтың" (2010) атты өлеңдер жинағы. * "Серттесу" (Таңдамалы) (2011) атты өлеңдер жинағы. * "Қарапайым қағидалар" (2013) * "Алтынзер" Мұрағатталған 24 желтоқсанның 2017 жылы. (Ұлт пен Ұл) - (2016) атты өлеңдер жинағы. * "Керуен көшеді..."(Адай ата - Отпан тау” этномәдени орталығы және деректер мен қағидалар) (2019) * "Нәзира" (2020) атты өлеңдер жинағы. * "Уыз ана" (2021) атты өлеңдер жинағы және сахналық қойылым. * "Ер Жалау" (2022) атты жыр жинағы. * "Мырзалы Хан" (2023) атты жыр жинағы. Алматы қаласы. * "Әр қазақ – менің жалғызым" (Таңдамалы) (2023) атты өлеңдер жинағы. * "Алаштың Әлімханы" (2024) атты жыр жинағы. Алматы қаласы. ## Марапаттары * 1987 — Бүкілодақтық халық шығармалық фестивалінің лауреаты * 2003 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі * Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби шығармашылық байқауының жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты * 2003 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. * Президент сыйлығының иегері (2006). * Бейнеу (2005), Маңғыстау (2007), Мұнайлы (2017), Түпқараған (2017) аудандарының және Ақтау (2020), Жаңаөзен (2021) қалаларының «Құрметті азаматы» мәртебесімен марапатталған. * 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған. * Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (2021) * Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар жане инжиниринг университетінің Құрметті Профессоры. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР: * 2008 — "Астанаға 10 жыл" медалі * «Қосай» Атаның 500 жылдық медалі (05.05.2010) * ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалі (10.11.2011) * Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін (2013 жыл) * ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі (29.11.2016) * "Қашаған ақын" атындағы естелік медалімен марапатталады. * «Ақтау қаласына 50 жыл» естелік медалі * «Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне сіңірген авторлық еңбегі үшін «Адай-Ата» төс белгісі * «Төлеген Айбергеновке 80 жыл» естелік медалі * Асау-Барақ 250-270 жылдығына медалі * Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін (қазан, 2018 жыл) * "Қалнияз жырау" атаның естелік медалімен марапатталады(2019 жыл). * Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мемлекеттік тілді насихаттау мен оны өмірге ендірудегі қайраткерлігі үшін "Ана тілі" айрықша белгісімен марапатталды (2020). ## Дереккөздер
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған. Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында;  UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында. ## Тарихы 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды. 1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді. 1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды. 1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды. 1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды. 1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді. 1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды. 2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. ## Университет басшылары Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж. Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж. Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз) Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж. Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж. Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж. Ермеков Әділ,1954-1963 жж. Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж. Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж. Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж. Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж. Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж. Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж. Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж. Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін. ## Мұражайлар Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар. ## Дереккөздер
Балабаново — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Чиров ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 94 км-дей жерде, Кіші Быковка өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 218 адам (107 ер адам және 111 әйел адам) болса, 2009 жылы 91 адамды (43 ер адам және 48 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сайкенов Ералхан (1938, Амангелді ауданы, Үрпек ауылы – 23.10.1989, Арқалық) – Амангелді ауданынан шыққан алғашқы жоғары білімді зоотехник, КСРО спорт шебері. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын «Сарыторғай» жылқы зауытында зоотехник болып бастап, бас зоотехник қызметін атқарған. Кейін арқалық ауданы «Аңғар» кеңшарында бас зоотехник болып, Амантоғай, Амангелді ауданында дайындық бөлімінде жауапты қызметтер атқарды. Сайкенов Ералхан Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ қазақша күреспен айналысып, оқушылардың ауд., обл. жарыстарында жүлде алып жүрді. 1960 жылы студенттердің Мәскеуде өткен бүкілодақтық спартакиадасында 78 кг салмақ категориясы бойынша бірінші орын алды. Бұдан кейін Орта Азия және Қазақстан студенттерінің аймақтық бәсекесінде чемпион атанды. Ол алғаш спорт шеберінің нормасын орындап, аудан жастары арасында күрес өнерінің өрістеуіне көшбасшы болды. Амангелді кентіндегі орталық спорт залына Сейкенов Ералхан есімі берілген.
Хазима Нұғманова (1958 жылы 11 қаңтарда Ресей Волгоград облысында туған) — Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). ## Толығырақ * Хазима Нұғманова 1958 жылы 11 қаңтарда Ресей Волгоград облысы Палласов ауылында дүниеге келген * 1976 - 1978 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияның актерлік мамандығын бітірген. * 1978 - 1980 жылдары Атырау облыстық қазақ драма театрында актриса * 1980 - 1984 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ радиосында диктор * 1984 - 1993 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының әртісі * 1993 - 1999 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы * 1999 - 2000 жылдары С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының әртісі. * 2001 - 2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы * 2005 - 2011 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрының әртісі * 2010 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледжінің оқытушысы * 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында. ## Сахнадағы негізгі рөлдері * М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Түнгі сарын» -Жүзтайлақ, «Қарагөз» – Қарагөз, Т.Ахтанов «АНТ» – Бәтима ханым, А.Сүлейменов «Қыздай жесір немесе штат қысқарту» – Үрия, М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай!» – Зәуре, Бану, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Зүбәржат, Шафақ, А.Камю «Калигула» – Цезония, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын, Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез» – Махаббат, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Ақмарал, «Кенесары, Наурызбай» – Бопай ханша, Б.Мұқай «Тойы көп үй» – Назгүл, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия және т.б ## Марапаттары * 2006 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі ## Отбасы * Жары: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов * Екі ұл, бір қызы бар.
Торғай геологиялық барлау экспедициясы – Арқалық қаласында ашылып, өлке аумағындағы жерасты кен көздерін зерттеумен айналысқан ғылыми орталық. 1958 жылға дейін Орталық Қазақстан геологиялық басқармасының құрамында болып, кейін Солтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының қарамағына кіргізілген. 1964 жылы осы кезеңде алдында қойған міндеттерді орындап біткен мекеме ретінде жабылды да, 1968 жылы Арқалық геологиялық партиясы, 171 жылдан ТГБЭ болып қайта жұмыс істей бастады. Экспедиция Амангелді бокситті ауданы тобын, Қаратомар жерасты тұщы су көздерін барлады. Алтын, түсті және сирек металдар, құрылыс материалдары кен орындарын іздестірді. Боксит кен орнының негізінде Торғай боксит кен басқармасы жұмыс істейді. Экспедицияны әр жылдары П.С.Гурин, А.Тоқсынбаев, В.Ф.Халецкий, Е.А.Ерекешов, В.Г.Тищенко, С.М.Есқожин басқарып, М.А.Қалменов, С.Б.патрикевич, Е.Қ.Қонысбаев, Ю.П.Рылов, А.Е.Ниязов бас геолог болып істеді. Экспедиция құрамында 1 Қазақ КСР еңбек сіңірген геологі қызмет атқарып, 13 ғалым орден-медальдармен марапатталған.
Богатск — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Янайкин ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 149 адам (79 ер адам және 70 әйел адам) болса, 2009 жылы 87 адамды (47 ер адам және 40 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Ақсу (Красная) көшесі * Мәншүк Мәметова көшесі * Саржайлау (Полтавская) көшесі * Шағала (Степная) көшесі ## Дереккөздер
Кіші Шаған — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 138 адам (67 ер адам және 71 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (41 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Көктерек (Набережная) көшесі * Сарыжайлау (Столбовая) көшесі ## Дереккөздер
Өркен (2010 жылға дейін — Степное) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстікке қарай 46 км-дей жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 336 адам (174 ер адам және 162 әйел адам) болса, 2009 жылы 338 адамды (185 ер адам және 153 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Әлдебек Сатайұлы (1720–1800) — Абылай хан заманында өмір сүрген атақты би әрі шешен. ## Өмірбаяны Әлдебек шешен 1720 жылы Ертіс бойында туған. Би 80 жас ғұмыр кешкен. Әлдебек бидің зираты қазіргі Омбы облысындағы Тавричанский ауданына қарасты Байтұяқ ауылына жақын жерде тұр. Әлдебектің әкесі Сатай Алтайұлы. Руы Ашамайлы Керейдің он үшінші буыны Тарышы. Ол Танаш бидің Балға, Балта, Көшебе, Тарышы болып таралатын төрт ұлының кенжесі. Тарышы Танаш бидің екінші әйелі Әлимадан туған. Тарышының да және оның ұлы Смайылдың да есімдері шежіреде болмаса, көпшілікке танымал емес. Оның есесіне Смайылдан туған ұлдары Ақсары мен Күрсары есімдері ру атына айналып, шежіреге ғана емес, тарихи айналымға да енді. Ақсарыдан әлемге әйгілі ақын-композитор Біржан сал Қожағұлұлы өрбісе, Күрсарыдан он екі мың жылқы біткен Сағынай, ұлы әнші Ермек Бекмұханбетұлы Серкебаев тағы басқалары өрбіді. "Күрсары Әлдебектей шешімді бол", -дейді Сегіз сері өзінің батасында. Әлдебек шешеннің әкесі Сатай Алтайұлының төрт әйелінен алты ұлы болған. Әлдебек би Сатайдың бәйбішесінен туған тұңғышы әрі бір анадан жалғыз, екінші әйелінен Үкі, Жандос, Боқбасар, үшінші әйелінен Шонақа, төртінші әйелінен Жолбарыс. Жолбарысты ел арасында кейде "Естек" дейді. Өйткені оның шешесі башқұрт қызы екен. Бұл жерде Күрсары керей Сатай Алтайұлын шапырашты Сатай Текеұлымен, қыпшақ Сатай Көбегенұлымен, табын Сатай Жақсыбайұлымен шатастырмауды өтінемін."Әке балаға сыншы"-дейді ғой. Сатай Алтайұлы ұлдарының бала күнінде оларға мынадай сипаттама беріпті: "Әлдебекті-дуалы ауыз, Үкіні-береке, Жандосты-үндемес, Боқбасарды-төбелес, Шонақаны-битбермес, Жолбарысты-қонақасы" -депті. Сатай Алтайұлы патшалы Ресей армиясының капитаны И.Г. Андреевтің 1789 жылы басылған, одан соң екінші рет 1998 жылы Алматының "Ғылым" баспасынан шыққан "Описание средней орды киргиз-кайсаков" атты кітабінің 102-бетінде:"Волость Кульсары-кирейская, в которой старшина Шатай-мурза и Мурзагул-мурза. Подвластных оных почитается кибиток 70. Лучших людей кроме и жен до 250 человек. кочевье свое имеют смешано с прочими волостями по реке Иртыш от станцы Пяторыжского до крепости Железинской. Лошадьми и скотом весьма богаты", деп жазды. Әлдебек би Сатайұлы жастайынан билікке араласып, ағайынның жоғын жоқтаған, бірақ үнемі әділ болған, сондықтан елі ерекше құрметтеп сыйлаған. Сатай Алтайұлынан туған Әлдебек мықты адам болмапты. Әлдебек шешен айтты деген өткір уытты, кесімді-шешімді шешен сөздер кезінде хатқа түспеген. Оның ел аузынан жазып алынған кейбір нұсқалары ғана бізге жетіп отыр.Әлдебек бидің "соқыр" атануына оның жасында бір бетіне аса қатерлі дерт күйдіргі шыққандықтан бір көзі тыртықтау екен. Хан сайланбаған Қасымның бір ызалы сөзінен кейін Әлдебек би Сатайұлының "соқыр" деген лақат аты қоса аталатын болыпты. ## Әлдебек бидің Қасымды хан сайлануына қ болуы Абылай хан қартайған шағында, яғни шамасы 1779-1780 жылдары би, болыс, ақсақалдарды ордасына шақыртыпты. Ондағы мақсаты өзінің қалмақ әйелінен туған баласы Қасым төрені орнына хан сайлатпақ еді. Сөйтіп, Бурабайда арнайы үй тіктіріп, исі қазақтың игі жақсыларын жинаған көрінеді. Сонда Әлдебек би шақырылғандардың ең соңынан келеді. Ол есіктен кіре жиналғандарға оң жағынан бастап қол беріп төрге жетеді. Төрде Қасым шалқасынан түсіп жатқан көрінеді. Әлдебек би қолын ұсынғанда Қасым басын көтерместен саусақтарын созыпты. Би үміткердің қолын қағып жіберіп, қатарға отырып әңгімеге кіріседі. Сонда тәкаппар әрі әкесі Абылайханның өзі ұсынғандықтан болар мейманасы тасыған Қасым төре: -Уай, мынау: "Аттыға жол, жаяуға сөз бермей отырған соқырың кім өзі?-дегенде Әлдебек би бөгелместен: Әлдебек бидің мына сөзіне қатты ашуланған ханзада садағына жармасқанда, көпшілік Қасымды тоқтатыпты. Қасымның мұндай өрескелдігіне шыдамаған Айтбай батыр: - Уа, Қасым, не қыласың соқырға,Соқыр бекер сөйлеп отыр маТілді қалай бумақпыз.Осындай жиын-топырда?Нағашың қалмақ болғанда,Әкең сенің сарт еді.Мұны елден жасырма.Жасырып кайда барасың,Басынып сен құтырма! - дейді Сөз өтіп бұрында ашуланып отырған Қасым одан сайын түтігіп: - Басына темір телпек киген мына тазың кім өзі? - дейді. Сонда Айтбай батыр: Руым Ақжал болғанда,Байкелтірдің баласы,Атым Айтбай батырмын.Өз бетіммен келгем жоқ,Әкең Абылай шақырды,"Хан сайла деп Қасымды".Сайлауға келіп жатырмын,Ел қорғаны батырға.Келмей жатып ақырдың.Қамалын бұзып қанша рет,Жылқысын алып сонша рет,Қалмаққа тізе батырдым.Бізден кек алғың келді ме,Нағашың қалмақ кәпірдің! - дегенде Қасым орнынан атып тұрып, қылышын суырады. Көпшілік тағыда қойдырады. Осы жәйттен соң көп кешікпей-ақ хан Абылай жиналғандарды ордасына кіргізіп, Қасымды хан сайлау үшін келген ру басыларының, билер мен батырлардың пікірін білу үшін олардың сөзін тыңдайды. - Уа, жұртым, не дейсіңдер? - деп көпшілікке сөз бергенде, алдымен Айтбай шешен ортаға шығыпты: - Уа, Абылай хан ием,Бақытты туған адамның,Артықта болар талабы.Сайламаймын хандыққа,Қасым деген балаңды.Хан болғанмен айырмас,Жақсы менен жаманды.Шешіп төре бере алмас,Адал менен харамды.Сен сүйіп қатын қылғанмен,Арғы тегі арамды! Қанша айтқанмен "Ханда қырық кісінін ақылы бар" демекші Абылай бұл сөзге онша шамданбайды. Мәжілісті одан әрмен жалғастыра беріпті.- Тағы кім сөйлейді? - дегенде, енді Әлдебек шешен, қамшысын бүктеген күйі алға шығыпты: - Уа, Абылай, хан ием,Хан соқыр болса,Халқы қор болады.Қара соқыр болса,Акылы мол болады.Инабатты кісіден,Хан сайласақ,Көпке тиіп пайдасы,Әділеті зор болар.Тәкаппар кежір адамнан,Хан сайласақ тақсыр-ау,Қаһарын шашып халыққа,Айдаһардай сор болады.Қарауыл қойсак тырнадан,Қиқу бастан кетер ме?Түсінбеске айтқан зар,Құлағынан өтер ме?Қолқалама Қасымды,Болмай жатып басынды.Сынбасын сағың бекерге,Көп сөйлетіп қайтесің,Осы айтқаным бекер ме. Әлдебек шешен осылай дегенде, өзге би, шешен, байлар, батырлар Айтбай мен Әлдебекті қуаттап, Қасымды хандыққа сайламай қояды. Абылайдың орнына сол жолы хан болып, онын үлкен баласы Уәли сайланып кетеді . ## Әлдебек бидің соқыр атануының себебі Әлдебек би Сатайұлының "соқыр атануының негізгі себебі мынада: алдымен Әлдекеңнің көзі қитарлау болған. Көшпенді қазақтың күнкөрісі, әрі байлығының өлшемі мал болғаны аян. Сол малға жұғатын ауыр індетті ветеринария тілінде: "Сибирьская язва" деп екі-ақ сөзбен атаса, қазақша бұл індет төрт түлік малға ғана емес, адамға да жұғып зақымдайтын болғандықтан: адамға жұқса-"күйдіргі", ірі қарада -"қараталақ, тоғалаң" жылқыда -"жамандат", түйеде -"ақшелек, қарабез", қой мен ешкіде "ылаң, ұшпа" деп аталған. Жасында осындай ауыр дертке ұшырап, әупірімдеп әрең жазылған Әлдебек би қисайыңқырап бітсе керек. Сөйтіп, "Турасын айтқан туғанына жақпайды" дегендей, Әлдебек бидің әділ шешіміне разы болмағандар, оның өткір тіліне іліккендер, оны өздерінше мұқатып, "соқыр" атаған. ## Әлдебек би туралы тарихи шындықты бұрмалаушылық Шешендік сөздері көптеген жинақтарға енгізілген Әлдебек бидің есімі бір кітапта: "Қаракерей соқыр Абыздың баласы Әділбек", екіншісінде "Қаракерей соқыр Абыздың немересі Алдабек", үшінші кітапта: "Әлдебек Абызұлы", деп алуан түрлі жазылып жүр.Қазақ тарихында Найманның Қаракерей руынан шыққан ақылгөй қарт соқыр Абыздың болғаны рас. Кезінде Арғынның тобықты руынан шыққан жігіт Кебек пен Найманның Матай руынан шыққан қыз Еңліктің арасындағы сүйіспеншілік пен трагедиялық жағдай тарихта 1740 жылы болғаны анық. "Еңлік-Кебек" поэмасының желісінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің тырнақалды шығармасы "Еңлік-Кебек" пьесасын жазған. Пьесадағы басты бейненің бірі халқымыздың ақылгөй данасы Соқыр Абыз екені аян. Бірақ, бұлардың Әлдебек би Сатайұлына ешқандай қатысы жоқ . ## Әлдебек бидің ұрпақтары Әлдебек би Сатайұлының өз буынынан Шопа, Қаумен, Сасық, Майдан есімді төрт ұлы болған. Ағайынды төртеуден өрбіген ұрпақ баршылық. Бидің тұңғышы Шопаның шөпшегі Сәлмен Зекенұлы Секербаев өзінің атақонысында Аманкелді ауылдық округінің әкімі болды. Майданынан тараған бір ұрпағы Шиябиден Қойшыбаев біз Шияп дейтінбіз. КазМУ-ды бітірген талантты журналист еді. Кезінде Қазақ радиосында қызмет атқарған. Шиябиден Қойшыбаев 1974 жылы 35 жасында кенеттен қайтыс болды. Әлдебек би туралы мәліметтерді қағаз бетіне түсіруші - бидің інісі Үкінің ұрпағы Рәшат Иманұлы. Рәшат орта мектептен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Тауман Амандосов, Әбілпайыз Ыдырысов тағы басқа ұстаздардан тәлім алған. Әлдебек бидің өзінен және бауырларынан тараған тағы басқа да ұрпақтары бүгінде Астана, Көкшетау, Павлодар қалалары мен Уәлиханов ауданы Амангелді ауылында тұрып жатыр. ## Әлдебек бидің мүсіні 2004 жылы 4 тамыз Ақмола облыстық сотының сол кездегі төрағасы Ө.С. Қожабаевтың бастауымен және облыстық М.М. Ғибәділовтың көмегімен Әлдебек би Сатайұлының мүсіні Ақмола облыстық сотының ғимаратына орнатылды. Кейін М.М. Ғибәділовтың жетекшілігімен сот ғимаратында мұражай ұйымдастырылып Әлдебек бидің мүсіні сонда орналастырылды. Сонымен қатар Уәлиханов ауданы Кішкенекөлдегі аудандық сот ғимаратына да Әлдебек бидің мүсіні орнатылған. ## Дереккөздер
Колесово — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 585 адам (294 ер адам және 291 әйел адам) болса, 2009 жылы 613 адамды (306 ер адам және 307 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Әбдірахман Әйтиев көшесі * Дина Нұрпейісова көшесі * Жігер (Набережная) көшесі * Исатай Тайманов көшесі * Құрманғазы көшесі * Нефтепроводное управление көшесі * Придорожная көшесі * Сұңқар көшесі * Школьная көшесі ## Дереккөздер
Мари Маргерит Сесиль Алиса Луиза Давлюи (фр. Marie Marguerite Cécile Alice Louise Daveluy Marie Marguerite Cécile Alice Louise Daveluy-{Marie Marguerite Cécile Alice Louise Daveluy}-; 20 наурыз 1936, Викториавилл, Квебек дүниеге келген) — канадалық әнші (сопрано) және музыканың педагогі.  Раймона Давлюи есімді органистің әпкесі. Б1956-1959 жж. Вена қаласында Фердинанд Гроссман мен Виктор Грефта оқыған. 1959 жылы алғашқы рет сахнаға Зальцбургтік операсындағы Рихард Штраустың «Ариадна на Наксосе» атты операсындағы Цербинеттаның партиясын орындаумен шыққан. Зальцбургтегі екі маусымнан кейін 1961-1966 жж. 30 партияға жуық орындаған Гейдельберг операсында ән шырқаған. Кейін Мари Канадаға қайтып келіп, өзінің мансабын жалғастырып, жүре-жүре камералық репертуарға ауысқан және канадалық композиторлардың камерно-вокалдық әндерінің бірнешеуін дискке жазған. 1971-1984 жж. Труа-Ривьерде Квебек университетінде вокал сыныбын жүргізген. 1984 жылдан бастап Квебек консерваториясында сабақ жүргізеді. Маридың оқушыларының арасында  Карина Говен және Мари Николь Лемьё бар.