text
stringlengths 3
252k
|
---|
Анненков Борис Владимирович (1889, Киев губерниясы. — 25.8.1927, Семей) — Сібір казак әскерінің атаманы. Шыққан тегі — дворян. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1918 — 20 ж. Кеңес өкіметіне қарсы ақ казактарды бастап соғыс жүргізді.
1918 ж. Анненков тың құрама дивизиясы (10 мыңға жуық адам) Қазақстанның солтүстік., орталық аудандары мен Ертіс бойында, ал 1919 жылдың қаңтарынан Жетісуда әскери-соғыс диктатурасын орнатты. Жүріп өткен жерлерін қанға бояды. Қазақ ауылдарын, орыс селоларын қырғынға ұшыратты. Бесіктегі нәрестелерді найзаға ілді. Қарсыластарын атып-шауып, “Азап вагондарында” қинап, пароход пешіне жақты (өскемендік Я.Ушанов т.б.). Анненковшылдар Омбы мұражайынан тонап алған қанішер казак атаманы Ермак туының астында соғысты.
1919 жылдың соңында Колчак Анненковты Жетісудағы ақтар армиясының қолбасшысы етіп тағайындады.
1920 жылғы сәуірде Қытайға өтті.
1926 ж. ұсталып, әскери трибуналдың үкімімен азамат соғысы жылдарындағы бейбіт халыққа жасаған қиянаты үшін атылды.
## Дереккөздер |
Көлқамыс — Қостанай облысы Жангелді ауданы, Албарбөгет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 186 адам (89 ер адам және 97 әйел адам) болса, 2009 жылы 180 адамды (101 ер адам және 79 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шевченковка – Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Большевик ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019-жылға дейін қысқартылған "Шевченко ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жітіқара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 976 адам (500 ер адам және 476 әйел адам) болса, 2009 жылы 527 адамды (270 ер адам және 257 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарғалы — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Шеген ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 194 адам (97 ер адам және 97 әйел адам) болса, 2009 жылы 108 адамды (77 ер адам және 31 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қаламқарасу — Қостанай облысының Жангелді ауданындағы ауыл, Қаламқарасу ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 537 адам (272 ер адам және 265 әйел адам) болса, 2009 жылы 402 адамды (196 ер адам және 206 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ахмет Байтұрсынұлы ауылы (2018 жылға дейін — Қарасу) — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1026 адам (545 ер адам және 481 әйел адам) болса, 2009 жылы 871 адамды (440 ер адам және 431 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Рахманқұл Бердібайұлы Бердібаев (2 желтоқсан, 1927 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы Көкіш ауылы - 3 сәуір, 2012 жылы) — әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1983). Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1984). Түркия Президентінің «Түркі еліне қызыметі үшін» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.
## Толығырақ
Бердібаев зерттеулерінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз етеді. «Абай және ауыз әдебиеті» (Абай тағлымы. - А., 1986, 237-243-6.) еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізіңде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгімелерінің жиі кездесетіндігіне назар аударады. Ауыз әдебиетінің ұйқас, ырғақ, дыбыс қуалаушылық, жоқтау, суреттеу тәсілдері сияқты үлгілері ақын өлеңдерінде кеп қолданылғандығын атап көрсетеді. Б. Абай поэзиясының шығыс шайырларының шығармаларымен байланысы жайлы бірсыпыра байламдар жасаған. Соның бірі «Науаи мен Абай» («Соц. Қазақстан», 1960, 16 қыркүйек) атты мақалада ұлы ақындардың шығармашылық ұқсастықтары мен даралық тұстары егжей-тегжейлі зерттелген.
Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Сюжет және характер» (1964), «Идея және композиция» (1967), «Сәз зергері» (1973), «Шығарма шарты» (1980), «Өшпес өнеге» (1985) т. б. мақалаларын жазса, «Тарихи роман» монографиясында (1997) «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын (8-112-бөттер) «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында (1997) Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты 40 шақты еңбегі жарық көрді.
## Хронологиясы
* Түркістан педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Қызыл-орда пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін (1949) бітірген.
* Ащысай кентіндегі орта мектепте мұғалім,
* 1949—1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ орта мектептерінде директор, аудандық оқу бөлімінің инспекторы,
* 1953-1954 жылдары ҚазМУ-дің аспиранты,
* 1955—1959 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, сын бөлімінің меңгерушісі болған.
* 1960—1972 жылдары әдебиет тарихы және теориясы мәселелері бойынша «Әдебиет пен өмір», «Роман және заман», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағылымы» тәрізді кітаптары, «Қазақ романы», «От легенды к роману», «Қазақ тарихи романы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» монографиялары жарық көрді.
* 1961 жылы кандидаттық («Қазіргі қазақ романындағы сюжет проблемасы»),
* 1971 жылы докторлық («Қазақ романдарының теориялық мәселелері») диссертация қорғайды.
* 1968—1970 жылдары ашылған Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының жауапты хатшысы,
* 1973-1995 жылдары Қазақ КСР ҒА тартып, «Жастық кешуі» (1966),
* «Солдат сыры» (1968),
* «Фарида» (1978) атты әңгімелер мен повестер жинақтарын жариялады.
## Жетістіктері
* М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі,
* ҚазМУ мен ҚазПИ-де ауыз әдебиетінен дәріс оқиды.
* «Қазақ фольклористикасының тарихы» деген еңбегі үшін Р.Бердібайға және бірнеше фольклоршыға Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді.
* ҚР Үғылым академиясының академигі.
* Түрік тіл қүрылымының (Түркия), Халықаралық Ш.Айтматов қоғамдық академиясының, Халықтық (экологиялық) академияның мүддесі, Ш.Уәлиханов атындағы, «Түрік дүниесіне қызмет» сый-лықтарының иегері.
* «Парасат» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамотасымен марапатталған.
* «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1983).
* «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1992) атағын алды.
* 1995 жылдан бері Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
## Шығармалары
Ғалымның қаламынан «Қазақ эпосы», «Сарқылмас қазына», «Кәусәр бүлақ», «Эпос — ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі» секілді еңбектер туды.Түбі бірге туысқан халықтар әдебиетімен өзара байланысы оның «Гүлстанның бүлбүлдары», «Достық кемесінде», «Сарқылмас қазына» деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдар да шыққан «Байқалдан Балканға дейін», «Жүлдыздар жарығы», «Ел боламыз десек» атты жинақтарда жалғасын тапты. Оның сыншылық, әдебиетшілік, фольклоршылық, түріктанушылық саласындағы ізденістері 42 кітап, мыңнан артық мақала түрінде жарыққа шықты.Ғалымның бүлардан тыс атқарған игілікті ісі — М.Әуезов мүражай үйінде 35 жыл бойында Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетін басқарып, қазақ халқының соңғы 1500 — 2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына 500 дәріс өткізуі. Бүл еңбегі үшін сол кездегі Бүкілодақтық «Білім» қоғамының ең үлкен сыйлығы — Вавилов медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ноғайбаева Саумал - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңаталап колхозының звеношысы (1946). 1906 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930 жылы құрылған Жаңаталап колхозын алғашқылардың бірі болып жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болады. Қызылшадан жоғары өнім алу жолында қажырлы еңбек етеді.
* 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. Осы жылы қызылшашылар тобының звеношы болып тағайындалады. Өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 335 центнерден, ал 2 гектардың әр гектарынан бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш көрсетіп - 808 центнерден өнім алып, міндеттемелерін ойдағыдай орындайды.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" (1946)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии |
Әлмырза Әлиұлы Ноғайбаев (1947 жыл, Шиелі ауданы) – әнші, сазгер. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996 ж.). Алматы қаласындағы эстрада студиясын (қазіргі эстрада-цирк өнері колледжі) Ғ. Құрманғалиевтың әншілер класы бойынша бітірген (1967). 1967 жылы Қарағанды мемлекеттік филормониясының әншісі. 1997–2010 жылдары Шиелі ауданы Балаби аудандық мәдениет үйінің директоры. 1977 жылы «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. 1998 жылы Ашғабадта өткен Азия және Қазақстан әнші-сазгерлері фестивалінде бас жүлде алды. Ноғайбаев 60-қа жуық ән жазған, оның ішінде «Думан», «Бір үзім нан», «Ләйләжан», «Қара мең», т.б. әндері кең тараған. «Құрмет» орденімен, «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Шиелі ауд-ның құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Милысай (1993 жылға дейін — Юбилейное) — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Шилі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 142 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 809 адам (405 ер адам және 404 әйел адам) болса, 2009 жылы 388 адамды (199 ер адам және 189 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Саға — Қостанай облысының Жангелді ауданындағы ауыл, Қызбел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 132 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1399 адам (693 ер адам және 706 әйел адам) болса, 2009 жылы 505 адамды (259 ер адам және 246 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сарысу — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Жаркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 337 адам (183 ер адам және 154 әйел адам) болса, 2009 жылы 338 адамды (169 ер адам және 169 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тентексай — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Жаркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 174 адам (89 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 80 адамды (48 ер адам және 32 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
## Тарихы
### Атаулар
### АХШИ
КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды.
Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды.
1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.
### ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ
1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды.
1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды.
2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.
1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді, 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды.
2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16].
2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18].
### Қазіргі заманы
2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті.
2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді.
2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.
2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді.
2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады.
2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы, 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.
## Рейтингтердегі Университет
## Мектептер
* Экономика және менеджмент мектебі
* Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
* Цифрлық технологиялар мектебі
* Бизнес мектебі
* Гуманитарлық мектеп
## Ғылыми орталықтар
* Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC).
* Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI).
* HR зерттеу орталығы (HRRC).
* Жібек жолы істері орталығы (SRCC).
* Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы (CEBR).
* Data Science зертханасы.
## Серіктес ЖОО-лар
Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар.
## Кампустар
Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар.
Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан.
2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20].
2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45].
2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар.
## Ректорлар
* 1963 —1975 жж. — Александр Иванович Белов
* 1975 — 1982 жж. — Виктор Дмитриевич Руднев
* 1982 — 1988 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 1988-1992ж. — Василий Евдокимович Черкасов
* 1992—1995 жж. — Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев
* 1995—2005 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
* 2005—2012 жж. — Әли Әжімұлы Әбішев
* 2012—2014 жж. — Серік Аманжолұлы Святов
* 2015—2018 жж. — Кшиштоф Рыбиньски (Польша)
* 2018—2020 жж. — Эндрю Вахтель (АҚШ)
* 2020—2021 — Станислав Буянский (Ресей, АҚШ) Ректор С.Г. Буянский Университеттің ұйымдастырушылық реформасының бастамашысы болды, оның шеңберінде Президент және провост лауазымдарын бір мезгілде енгізу жолымен ректор лауазымы жойылды [22].
## Президенттер
2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов.
2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы.
## Еншілес ұйымдар
* Нархоз университетінің экономикалық колледжі
* «ESF» корпоративтік қоры
* «ҚЭУ-сервис» ЖШС
## Белгілі түлектер
* Данияр Талғатұлы Ақышев
* Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
* Қайрат Нематұлы Келімбетов
* Наталья Артёмовна Коржова
* Аслан Есболайұлы Мусин
* Нұртай Салихұлы Сабильянов
* Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев
* Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов
* Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин
* Болат Жамитұлы Өтемұратов
## Дереккөздер |
Лаумуллин Мұратбек Ізбасарұлы - Орта Азия мен Қазақстанда Совет өкіметін орнату және нығайту жолында күресуші. 1918 жылдан Компартия мүшесі. 1918 жылы Әндіжан Советінде, Әндіжан-Ташкент т. ж-нда аштыққа қарсы күресу жөніндегі комиссияда жұмыс істеді. 1919 жылы Әндіжан уезі Әскери-рев. трибуналы председателінің орынбасары, Перовскіде Ерекше төтенше комиссияның председателі. 1920-21 ж. Ферғана облысы тұрғын халықтары істері жөніндегі ерекше өкіл, Шымкент уездік милициясының бастығы, Шымкент уездік ревком председателінің орынбасары. СССР Байланыс халкоматының Қазақстандағы өкілінің 1-орынбасары және ҚАССР Халкомсовының мүшесі. 1933-1934 жылы Москвада Бүкіл одақтық байланыс академиясында оқыды. 1934-1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасының бастығы. Л.-Советтердің Бүкіл түркістандық 11-съезінің, Советтердің Бүкіл росс. 10-съезінің делегаты, Түркістан ОАК-нің президиум мүшесі болды.==Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 7-ші том.1975== |
Шұбалаң — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Қаламқарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 299 адам (154 ер адам және 145 әйел адам) болса, 2009 жылы 234 адамды (125 ер адам және 109 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тоқанай — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Жаркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 92 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 182 адам (97 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 137 адамды (75 ер адам және 62 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шилі — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Шилі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 706 адам (341 ер адам және 365 әйел адам) болса, 2009 жылы 466 адамды (238 ер адам және 228 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шилі ауылдық округі – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шилі, Милысай ауылдары кіреді. Орталығы – Шилі ауылы.
## Тарихы
2019 жылы Милысай және Шилі ауылдары қосылып, Шилі ауылдық округі құрылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 854 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Алёшинка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Алёшин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 466 адам (221 ер адам және 245 әйел адам) болса, 2009 жылы 378 адамды (173 ер адам және 205 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақсуат — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Соснов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың халық саны 275 адам (139 ер адам және 136 әйел адам), 2009 жылға сәйкес, ауылда 217 адам (108 ер адам, 109 әйел адамдар) тұрады.
## Дереккөздер |
Алқау — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Алёшин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 183 адам (91 ер адам және 92 әйел адам) болса, 2009 жылы 162 адамды (78 ер адам және 84 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сужарған — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Сужарған ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 764 адам (410 ер адам және 354 әйел адам) болса, 2009 жылы 509 адамды (267 ер адам және 242 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ошағанды — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Қызбел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 135 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 192 адам (96 ер адам және 96 әйел адам) болса, 2009 жылы 99 адамды (48 ер адам және 51 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Архиповка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстікке қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 709 адам (349 ер адам және 360 әйел адам) болса, 2009 жылы 681 адамды (320 ер адам, 361 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Михайловка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Михайлов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстікке қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1359 адам (653 ер адам және 706 әйел адам) болса, 2009 жылы 1165 адамды (566 ер адам, 599 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Байғожа — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Қарақоға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 67 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 212 адам (112 ер адам және 100 әйел адам) болса, 2009 жылы 151 адамды (72 ер адам, 79 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұзынқарасу — Қостанай облысының Жангелді ауданы, Қызбел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 133 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 333 адам (177 ер адам және 156 әйел адам) болса, 2009 жылы 174 адамды (88 ер адам және 86 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Төлеңгіт — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Қарақоға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 72 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 369 адам (172 ер адам және 197 әйел адам) болса, 2009 жылы 194 адамды (100 ер адам, 94 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құлшықай — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Қарақоға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 232 адам (104 ер адам және 128 әйел адам) болса, 2009 жылы 308 адамды (142 ер адам, 166 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Борки — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін қысқартылған "Борков ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1387 адам (688 ер адам және 699 әйел адам) болса, 2009 жылы 1098 адамды (560 ер адам және 538 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Татьяновка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 487 адам (241 ер адам және 246 әйел адам) болса, 2009 жылы 233 адамды (103 ер адам және 130 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұзынағаш — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Қарақоға ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстікке қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1360 адам (652 ер адам және 708 әйел адам) болса, 2009 жылы 1019 адамды (507 ер адам, 512 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Маңғыт әулеті — Бұхар хандарының әулеті (1753–1920); Аштархандар әулетін ауыстырып, Мұхаммед Рақым (1753–1758) әмір атанды. Маңғыт әулетінің атақты өкілдері: Даниял би (1758–1785), Шаһ-Мұрад (1785–1800), Хайдар (1800–1826), Насрулла (1826–1860), Мұзаффар әд-Дин (1860–1885). Маңғыт әулеті феодалды бытыраңқылықпен дәйекті түрде күрес жүргізді. Маңғыт әулетінің тұсында феодалды қанаудың күшеюі ірі халық көтерілістеіне қытай-қыпшақ (1821–1825), Самарқан қолөнершілерінің (1826), шаруалардың (1885, 1888, 1889) көтерілісіне әкеп соқты, Мұзаффар әд-Дин әмір тұсында 1868 жылғы келісім мен 1873 жылғы толықтырылған келісім бойынша Бұхара хандығы Россияның протекторатын мойындады. Маңғыт әулеті 1920 жылға дейін билік құрды. Халық революциясының нәтижесінде Маңғыт әулеті құлатылып, Бұхар Халықтық Совет Республикасы орнады.
## Дереккөздер |
Мезин қонысы - Десна өзенінің оң жағалауындағы Мезин селосында 1908 жылы Ф.К.Волков ашқан кейінгі палеолит қонысы.Бұл қоныста 1909-1961 ж. М.Я.Рудинский, П.П.Ефименко, И.Г.Шовкополяс т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның мадлен мәдениетінің ерте кезеңіне жататындығын анықтады. Мезин қонысынан үйлердің қалдықтары, кремний мен сүйек өңдейтін орындар, терең ошақтар, жануарлардың сүйектері сақталған қойма т.б. аршылған. 4 мыңнан астам шақпақ тастан істелген түрлі құралдар(қырғыштар,тілгіштер,тескіштер, кішкене үшкір тастар т.б.) табылды. Бұлармен бірге мамонт тісінен жасалған білезіктер, әйелдердің және аңдардың мүсіндері алынды. ==Қазақ Совет энциклопедиясы 7-том 1975 жыл== |
Мұхаммед әл-Мәһди (араб.: محمد المهدى; 3 тамыз 744, Бағдат — 27 тамыз 785) — Ислам халифатының 21-ші халифасы, мүміндер әмірі. Әл-Мансұрдың баласы әрі ізбасары.
## Өмірбаяны
Халиф Әл-Мансұр өз баласына жақсы білім беруге тырысқан. Оның тәлімгерлерінің бірі ғалым Әбу Ғұбайдулла Мұғауия болды. Ол келешек халифаны көптеген ғылымдарға, мемлекеттік басқару негіздеріне үйретті, Сасанидтердің мемлекеттік жүйесіне деген сүйіспеншілігін оятты. Араб грамматикасы мен поэзиясын араб филологы әл-Мүфаддала әд-Дабби үйретті. Әл-Мәһди үшін ұстаз тіпті 66 ең үздік араб ақындарының антологиясы "әл-Мүфаддалият" атты кітап шығарды.
Замандастарының айтуынша әл-Мәһди сыртқы әдемілігімен, сымбаттылығымен, ұзын бұйра шаштарымен ерекшеленеді. Пендешілік өмірден аулақ әкесі әл-Мансұрдан гөрі әл-Мәһди пендешілік өмірге жақынырақ болды. Тіпті оның махаббат хикаялары жайлы аңыздар да бар. Поэзия мен саз өнерін қатты сүйді. Оның тұсында халиф сарайы өзінің бай мәдениетімен, сән-салтанатымен, сәнділігімен ерекшеленетін сарайға айналған. Сонымен қатар әл-Маһдидің сүйіп шұғылданатын өнері аңшылық болған.
758 жылы әл-Мансұр өз мұрагерін Хорасан наменгері етіп тағайындады. Хорасанның орталығы Рей қаласы болатын. Әл-Мәһдидің бас кеңесшісі ықпалды Бармакид әулетінен болған Жақия ибн Халид болды. Соңғысы халифтің өмір жолында өте жақын серігі болып қала берді. Сонымен қатар әл-Мәһдиге йемендік күң Хайрузан өте жақын болатын.
768 жылы Хорасаннан келген әл-Мәһди жаңа елорда Бағдаттың құрылысында қатысып, өзіне арнап жеке сарай салды (Русафа ауданында). 772 жылы мұрагер халифке Евфрат жағалауында, Бағдаттан солтүстікке қарай орналасқан тағы бір қаланы салуға көмектесті. |
Қызылту — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Будённый ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 266 адам (148 ер адам және 118 әйел адам) болса, 2009 жылы 213 адамды (109 ер адам және 104 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Будённовка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Будённый ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1379 адам (665 ер адам және 714 әйел адам) болса, 2009 жылы 1051 адамды (509 ер адам және 542 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жарқайың — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Қарақоға ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстікке қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 297 адам (145 ер адам және 152 әйел адам) болса, 2009 жылы 207 адамды (108 ер адам, 99 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Каменка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Введен ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың халық саны 197 адам (98 ер адам және 99 әйел адам), 2009 жылға сәйкес, ауылда 118 адам (61 ер адам, 57 әйел адамдар) тұрады.
## Дереккөздер |
Чернышевка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 271 адам (127 ер адам және 144 әйел адам) болса, 2009 жылы 223 адамды (103 ер адам, 120 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Көктерек — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 359 адам (186 ер адам және 173 әйел адам) болса, 2009 жылы 402 адамды (179 ер адам, 223 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Красносельское — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Первомай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратлыған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 185 адам (84 ер адам және 101 әйел адам) болса, 2009 жылы 83 адамды (36 ер адам, 47 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Красная Пресня — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Краснопреснен ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың халық саны 1736 адам (837 ер адам және 899 әйел адам), 2009 жылға сәйкес, ауылда 1221 адам (536 ер адам, 685 әйел адамдар) тұрады.
## Дереккөздер |
Молодёжное — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Краснопреснен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың халық саны 133 адам (66 ер адам және 67 әйел адам), 2009 жылға сәйкес, ауылда 91 адам (42 ер адам, 49 әйел адамдар) тұрады.
## Дереккөздер |
Қаражар — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстікке қарай 60 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 371 адам (2009).
## Дереккөздер |
Қарамай — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстікке қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 321 адам (163 ер адам және 158 әйел адам) болса, 2009 жылы 107 адамды (57 ер адам, 50 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шиелі — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Ломоносов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстікке қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 239 адам (120 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 213 адамды (109 ер адам, 104 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.
## Географиялық орны
Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Меркі ауданымен, батысында Байзақ, Жамбыл аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
## Жер бедері
Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы –6 – 8°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан.
## Жануарлары мен өсімдіктері әлемі
Өсімдіктерінен тау шатқалдарында бұта аралас қайың, терек, жеміс ағаштары, тау бөктерінде сұлыбас, қылқан боз, бетеге, Қорағаты өзенінің солтүстік жағалауынан бастап жусан түрлері басым, күйреуік, баялыш, жыңғыл, сексеуіл, ши, т.б. шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, таутеке, арқар, ақбөкен мекендейді.
## Халқы
Тұрғындары 64 512 адам (2019). Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (92,13%), одан басқа орыстар (4,13%), т.б. басқа ұлт өкілдері (3,75%) тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 6,6 адамнан келеді, басым көпшілігі (87 – 89%-ы) ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км²-ге 18 адамнан келеді.
## Әкімшілік бөлінісі
42 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
## Экономикасы
Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері (2005) 845,6 мың км², оның ішінде жыртылған жері 148,1 мың га, шабындығы 19,9 мың га, жайылымы 685,7 мың га.
Ауданда 1997 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, астық, қант қызылшасы, етті-сүтті мал, жылқы өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 жылқы, 1 асыл тұқымды қой болған. Кейіннен олар әр түрлі шаруашылық субъектілерге біріктірілген. 2005 жылы 12 өнеркәсіп кәсіпорны, оның ішінде 2 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес кәсіпорындары тіркелген. Аудан аумағында 100-ден астам шағын кәсіпорын тіркелген, оның жұмыс істейтіні – 88. Жеке кәсіпкерлік саны – 239. Аудандағы барлық жұмысшылардың саны 11,8 мың адам, ал еңбек ресурстарының жалпы саны 31,0 мың адам.
Тұрар Рұсқылов ауылында жоғары оқу орнының бөлімшесі, ауылы шаруашылығының колледжі бар. Жалпы білім беретін мектептердің саны (2005) – 44, оның ішінде 1 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқу өндірістік комб. бар, одан басқа 1 балабақша, мәдениет үйі, 6 клуб, 9 кітапхана, мұражай, аудандық аурухана, емхана, диспансер, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшер-акушерлік пункт тіркелген.
## Архитектура
Аудан ежелгі (1 – 16 ғасырлар) тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Тарихи-археология ескерткіштерге Көкдөнен, Қызылшаруа елді мекендері аумағында орналасқан 1 – 4 ғасырлардың қорғандары, Көгершін және Құлан ауылдарының (Шөңгір шатқалы) тұсында “Қорғандар даласы” деп аталатын үйсіндердің 20-ға жуық ежелгі тұрақты мекендері, Қызылшаруа ауылы маңында сақаласы үйсін дәуірінің қорғандар тобы (12), Қарақат ауылынан 1 км жерде 7 – 9 ғасырлардағы Төрткүл бекінісі, Ақбұлақ шатқалынан (бұрынғы Луговой жылқы зауыты) 400 м жерде петроглифтер, Қаракемер ауылы жанында 7 – 13 ғасырлардағы Байтымбет елді мекенінің орны бар. Ауданның басқа да елді мекендерінде (Абай, Алғабас, Құрамыс, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка, Қарақыстақ шатқалы және Мөңке сайы, т.б.) ежелгі қалалар, қорғандар мен бекіністер жұрттары көптеп кездеседі. Жалпы, Тұрар Рұсқылов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Харьковское — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Соснов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 914 адам (441 ер адам және 473 әйел адам) болса, 2009 жылы 842 адамды (416 ер адам, 426 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Никитинка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Соснов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 274 адам (129 ер адам және 145 әйел адам) болса, 2009 жылы 235 адамды (112 ер адам, 123 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жүнісбеков Мұратбек (01.05.1944 жылы туған, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Дзержинск ауылы) — әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1989). 1971 ж. Республикалық эстрада-цирк студиясын (Ж.Елебековтың класы бойынша) бітіріп, Алматы облыстық филармониясында жұмыс істеді. Жүнісбеков өзін әнші ретінде ғана емес, сонымен қатар он саусағынан өнер тамған шебер ретінде де көрсете білді. 1986 ж. республика қолөнер шеберлерінің көрмесінде, 1987 ж. Ялтада өткен көрмеде жүлдегер атанып, 1987 ж. Ашхабадта өткен қолөнер шеберлерінің бүкілодақтық көрмесінің лауреаты атағын алды. 1989 ж. өнер сапарымен Парижде өткен көрме-концерт, музыка аспаптары көрмесіне қатысты. Жекеменшік музыка аспаптары мұражайы бар.
## Дереккөздер |
Теңіз — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Теңіз ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1159 адам (578 ер адам және 581 әйел адам) болса, 2009 жылы 843 адамды (415 ер адам, 428 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Лесное — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 468 адам (231 ер адам және 237 әйел адам) болса, 2009 жылы 424 адамды (209 ер адам, 215 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ивановка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Первомай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан оңтүстікке қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 172 адам (85 ер адам және 87 әйел адам) болса, 2009 жылы 169 адамды (73 ер адам, 96 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақбұлақ — Қостанай облысы Науырзым ауданы, Буревестник ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 71 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 167 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жамбыл — Қостанай облысы Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан шығысқа қарай 1 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 274 адам (139 ер адам және 135 әйел адам) болса, 2009 жылы 154 адамды (77 ер адам, 77 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қожа (1993 ж. дейін — Новонаурзумский) — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Қожа ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1280 адам (661 ер адам және 619 әйел адам) болса, 2009 жылы 826 адамды (416 ер адам, 410 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мереке (1993 ж. дейін — Комсомольский) — Қостанай облысы Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 963 адам (470 ер адам және 493 әйел адам) болса, 2009 жылы 448 адамды (232 ер адам, 216 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Раздольное — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Раздольный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1544 адам (768 ер адам және 776 әйел адам) болса, 2009 жылы 1175 адамды (590 ер адам, 585 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қайғы — Қостанай облысы Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 171 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 261 адам (130 ер адам және 131 әйел адам) болса, 2009 жылы 71 адамды (28 ер адам, 43 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылында орналасқан.
## Театр тарихы
* Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен алғаш рет театр шымылдығы ашылды.
* 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды.
* 1930 жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Бейісов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Қ.Әділшінов, Ш.Айманов, С.Майқанова, З.Құрманбаева, С.Телғараев, А.Абдуллина, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, Г.Сыздықова, т.б. сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай-ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, .А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма театрынан музыка театр (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры), т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шетел классикасынан қойылған спектакльдер театр ұжымының шығармашылық бағыт-бағдары мен ізденіс-табыстарын айқындады. 1941–1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан көп орын алды. Театр труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
## Театрдың қойылымдары
* Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
* Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж. Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман “Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.
* Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды.
## Гастрольдік сапарлар
* Театр ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды.
* Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
* 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.
## Театрдың марапаттары
* 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды.
* 1946 жылы Еңбек Қызыл ту ордені мен марапатталды.
* 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды.
* 1961 жылы Театрға халық жазушысы, Социолситік Еңбек Ері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың есімі берілді.
## Театрдың алғашқы құрамы
* Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері: И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров және де Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
## Тетрдың қазіргі актерлік құрамы
* КСРО халық артисі: Асанәлі Әшімұлы Әшімов Қазақстанның халық артистері: Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, Зәмзәгүл Шәріпова, Нүкетай Мышбаева, Торғын Тасыбекова, Шайза Ахметова, Гүлнәр ЖақыповаҚазақстанның еңбек сіңірген артистері: Баян Имашева, Салиха Қожақова, Рахилям Машурова, Төлеубек Аралбай, Бақыт Жанғалиева, Айдос Бектеміров, Ғазиза Әбдінәбиева, Меруерт Өтекешова, Шәмшігүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Оразхан Кенебаев, Ғайникамал Байқошқарова, Бақтияр Қожа, Омар Қиқымов, Болат Әбділманов, Шынар Асқарова, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Азат Сейтметов және т.б. Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегерлері: Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров және т.б
## Театр құрлымы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2020 жылы. |
Шилі ауылдық округі – Қостанай облысы Науырзым ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Шилі ауылы кіреді. Орталығы – Шилі ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 697 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Урожайное — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Урожайный ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 861 адам (407 ер адам және 454 әйел адам) болса, 2009 жылы 697 адамды (334 ер адам, 363 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақшакөл — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Урожайный ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 26 адам (2009).
## Дереккөздер |
Анновка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Урожайный ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 55 адам (2009).
## Дереккөздер |
Новониколаевка — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 267 адам (150 ер адам және 117 әйел адам) болса, 2009 жылы 98 адамды (57 ер адам, 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Урожайный ауылдық әкімдігі – Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы Чехов ауылдық округі Урожайный ауылдық әкімдігі болып қайта құрылған.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Урожайное ауылы кіреді. Орталығы – Урожайное ауылы. Округ құрамында болған Ақшакөл, Анновка ауылдары 2017 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 778 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Сауытбек Абдрахманов (7 қараша, 1951 жыл Қазығұрт ауданы) – журналист, кино сыншысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
## Өмірбаяны
Сары Үйсін руынан шыққан.
* Қазақ мемлекеттік университетті бітірген (1975).
* «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі (1975 – 87)
* Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі (1987 – 90) қызметтерін атқарды.
* ҚР Президентінің, Министр Кабинетінің аппаратында аға референт, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1990 – 95),
* ҚР Мәдениет министрінің 1-орынбасары болды.
* 1997 – 2000 ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті.
* 2000 – 03 ж. «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президенті
* 14.9.2003 – 12.7.2004 ж. ҚР Ақпарат министрі
* 2004 жылғы шілдеден «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті.
## Кино саласындағы еңбегі
Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. М.Әуезов шығармаларының экрандалуы, Сауытбек Абдрахманов Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.
## Шығармалары
«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Бер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен төлтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы.
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалан, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармалары^ арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2-ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы.
## Жетістіктері
* Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
* Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты.
* Б. Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981) лауреаты.
* Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты.
* «Жыл журналисі» (2006) атағын алған.
* Филология ғылымының докторы.
* 2005 жылы «Парасат» орденінің иегері.
* Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен марапатталған.
* Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған.
* Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі.
## Дереккөздер |
Ананьевка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Веселоподол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 286 адам (146 ер адам және 140 әйел адам) болса, 2009 жылы 258 адамды (135 ер адам, 123 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Барвиновка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Барвинов ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1886 адам (998 ер адам және 888 әйел адам) болса, 2009 жылы 1400 адамды (692 ер адам, 708 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Весёлый Подол — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Веселоподол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1328 адам (654 ер адам және 674 әйел адам) болса, 2009 жылы 1068 адамды (510 ер адам, 558 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Новобарвиновка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Барвинов ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 229 адам (113 ер адам және 116 әйел адам) болса, 2009 жылы 132 адамды (67 ер адам, 65 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ақбұлақ ауылдық округі (2010 жылға дейін – Чехов ауылдық округі) – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақбұлақ, Қарашілік, Жас Ұлан ауылдары кіреді. Орталығы – Ақбұлақ ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1307 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ковалёвка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Большие Дубравы ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 67 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 12 адам (2009).
## Дереккөздер |
Дубинка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Севастополь ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 199 адам (100 ер адам және 99 әйел адам) болса, 2009 жылы 181 адамды (92 ер адам, 89 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Приозёрное — Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Соснов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылынан шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 226 адам (112 ер адам және 114 әйел адам) болса, 2009 жылы 160 адамды (67 ер адам, 93 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мрас-су, Акмрас - РСФСР-дің Кемерово облысындағы өзен. Томь өзенінің (Обь алабы) сол саласы. Ұзындығы 338 км, алабының ауданы 8840 км2. Абакан тау жотасынан басталып, Таулы Шорияның терең аңғарларымен иректеліп, арналарында табалдырықтар жасай ағады. Аралас қоректенеді. Орташа су шығыны сағасынан 6 км жерде 173 м3/сек. Қарашада қатып, сәуірде мұзы түседі. Ағаш ағызылады. Сағасында Мыски қ. салынған. М. алабында темір рудасын өндіретін кен орындары бар. ==Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 8-ші том.1976== |
Шилі — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Шилі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1143 адам (582 ер адам және 561 әйел адам) болса, 2009 жылы 697 адамды (354 ер адам, 343 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериал жарық көрді.Бұл ауқымды тарихи жобаның авторы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған. Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашев.
## Фильм туралы
«Қазақ хандығы» сериалы «Қазақ елі» деп аталатын тарихи циклді сериалдың алғашқы бөлігі болып есептеледі. Жобаны жүзеге асыруға әу баста 5 млн доллар бөлінген. Кейін краудфандинг тәсілі арқылы отандастарымыз қосымша 101 млн теңге жинады. Сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен түсіріліп жатыр.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфифингте Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетіні ерекше аталып өтілді. Бұл туралы хабарды 2014 жылы қараша айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын.
2017 жылы 5 қаңтарда жалпыұлттық прокатқа шыққан аталмыш толықметражды көркем фильм, қазақстандық прокатта 72 млн. астам қаржы жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыңнан астам сеанс, оның 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы:
"Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспарына сәйкес, республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттерден де қаражат қарастырылды, өзге қаражат көздерінен де қаржы тартылады. Бұл шаралардың көп шығынды болмайтынын айтқым келеді. Негізінен, олар тарихи және идеологиялық бағыттағы шаралар болады. Бір ғана бұқаралық шара өтеді - қорытынды шара: қыркүйек айында Шу мен Талас бойында сахналандырылған қойылым болады, қалған шаралар ғылыми бағытта. Әрине, Қазақ хандығы туралы сериалдың түсіріліміне қаржы жұмсалады. Қазір бюджет нақтыланып жатыр, сценарий түпкілікті дайын болған кезде оның бюджеті де белгілі болады",
Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың:
Қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз",
## Сюжеті
ХV ғасырдың орта тұсында Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.
## Рөлдерде
## Түсіруші топ
* Режиссері: Рүстем Әбдірашев.
* Бас продюсері: Арман Әсенов .
* Продюсері: Іңкәр Әбдіраш .
* Сценарист: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашов
* Актерлер: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдіраш, Дінмұхамед Әкімов және басқалар.
* Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов, Жаннат Баймұқанова.
* Операторы: Сапар Койчуманов, Александр Плотников, Андрей Маслов.
* Композиторы: Әбілқайыр Әбдіраш.
* Компания: Шәкен Айманов атындағы АҚ «Қазақфильм» киностудиясы, «Centaurus Rustem Abdrashev production»
## Түсірілім барысы
Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы және Алматы облысында өткен. Түсірілімнің бір бөлігі «Қазақфильмнің» павильондарында құрылған декорацияларда, сонымен қатар киностудияның аумағында суретшілер тұрғызған Шайбаншаһтың сарайында өткен. Фильмді жасауға 500-ден астам адам жұмылдырылған, олардың 200-ге жуығы түсірілім тобының мүшелері. Түсірілімдер бес айға созылып, 30 нысан пайдаланылған.
## Дереккөз
https://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazak-handyigyi-turalyi-serialdyin-kashan-korsetletn-belgl-268149/ https://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazak-handyigyi-turalyi-serial-tusrled-257959/ http://www.kazakhfilmstudios.kz/kaz/press/news/8789/ Мұрағатталған 18 сәуірдің 2017 жылы.https://brod.kz/kz/news/kazahstanskaya-premera-film-kazahskoe-hanstvo-almaznyj-mech-kz/ |
Ермаковка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Тагиль ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде, Сарыкөл көлінің шығыс жақ жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 253 адам (131 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 163 адамды (87 ер адам, 76 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Златоуст — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Златоуст ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1383 адам (675 ер адам және 708 әйел адам) болса, 2009 жылы 1080 адамды (527 ер адам, 553 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Соналы — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Тагиль ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 340 адам (159 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 274 адамды (130 ер адам, 144 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Комсомольское — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Комсомол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1383 адам (675 ер адам және 708 әйел адам) болса, 2009 жылы 1080 адамды (527 ер адам, 553 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Күнтимес — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Златоуст ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 229 адам (125 ер адам және 104 әйел адам) болса, 2009 жылы 182 адамды (91 ер адам, 91 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Комсомол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 496 адам (250 ер адам және 246 әйел адам) болса, 2009 жылы 315 адамды (153 ер адам, 162 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ленинское — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Комсомол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 232 адам (113 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 200 адамды (92 ер адам, 108 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Крыловка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сорочин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 816 адам (404 ер адам және 412 әйел адам) болса, 2009 жылы 781 адамды (383 ер адам, 398 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мелитополь — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сорочин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 204 адам (91 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 169 адамды (80 ер адам, 89 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Островное — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сорочин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 360 адам (173 ер адам және 187 әйел адам) болса, 2009 жылы 244 адамды (115 ер адам, 129 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қараоба — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сорочин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен батысқа қарай 29 км-дей жерде, Қайнаркөл көлінің оңтүстігінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 226 адам (293 ер адам және 263 әйел адам) болса, 2009 жылы 435 адамды (223 ер адам, 212 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сорочинка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Сорочин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен батысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 739 адам (346 ер адам және 393 әйел адам) болса, 2009 жылы 752 адамды (366 ер адам, 386 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шамалған – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Алматы облысының Қарасай ауданы аумағындағы өзен. Ұзындығы 88 км, су жиналатын алабы 526 км2.
## Бастауы
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан басталып, Қасқажол төбесі тұсында Қаскелең өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғары ағысында таулық сипатта, тар шатқалды, таудан сағасына дейін бірте-бірте кеңейеді. Мұздық, қар, жаңбыр суымен толығады. Кішігірім 86 саласы бар. Көп жылдық орташа су ағымы Шамалған ауылынан 6 км жоғарыда 1,30 м3/с; тасынды өтімі 0,52 кг/с. Сел қаупі бар өзендердің бірі. Өзен суы бойында орналасқан елді мекендердің тұрмыстық-шаруашылық қажеттерін өтеуге, егістік, шабындық жерлерді суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Севастополь — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Севастополь ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1313 адам (631 ер адам және 682 әйел адам) болса, 2009 жылы 850 адамды (406 ер адам, 444 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ізбасар Рақымбайұлы Рақымбаев (20 қазан 1937 жыл, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық ғалым, биолог, биология ғылымының докторы (1980), профессор (1985), Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Өмірбаяны
Рақымбаев 1937 жылғы 20 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылында дүниеге келген.
1960 жылы К.А. Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітіріп, 1963 жылға дейін Ботаника институтының биохимия зертханасының ғылыми қызметкері болды.
1963–1967 жылдары Рақымбаев Мəскеудің технологиялық институтында аспирантурада оқыды, 1981 жылға дейін Бас ботаника бағытының физиология зертханасының меңгерушісі болды. Сол жылы Докторлық диссертациясын Мəскеудегі Физиология институтында қорғайды.
1981–1989 жылдары Рақымбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физиология және биохимия кафедрасының меңгерушісі болды, одан кейін Бас ботаника бағытының директоры.
1993 жылы Рақымбаев Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының ұйымдастырып, оның алғашқы директоры болды. 2006 жылдан бастап сол институттың бас ғылыми қызметкері.
## Ғылыми жұмыстарының мəселесі
Рақымбаев ғылым мен өндірістің жаңа саласы — биотехнология ғылымының іргесін қалаушы. Оның ғылыми еңбектері өсімдіктің өсуі мен дамуын реттеуге, организм және жасуша деңгейіндегі гормоналды механизмдерін зерттеуге арналған. Рақымбаев өсімдік онтогенезіндегі фитогормондардың динамикалық топографиясы туралы теориялық түсінікті ұсынып, оның тәжірибе жүзінде негізін қалады. Бұл жаңа ғылыми идеяны бүкіл әлем ғалымдары мойындады және ол «Өсімдіктің өсуі» оқулығы (М., 1984) мен «Annual review of Plant Physiology» (1985, vol. 48) халықаралық басылымында жарық көрді.
Оның in vitro биологиясы бойынша ғылыми зерттеулерінің нәтижелері соматикалық және жыныс жасушалары культурасындағы пролиферация, дифференцировка, морфогенез және регенерация процестерінің цитофизиологиялық механизмдерін түсінуге мүмкіндік берді. Бұл күрделі репродуктивті даму процестері андрогенез бен гиногенез туралы қазіргі заманғы түсініктердің кеңеюіне одан әрі кең жол ашты. In vitro жағдайында жыныс жасушалары морфогенезі бағдарламасы дамуының гаметофитті жолдан спорофитті жолға ауысуының жасушалық механизмдерін анықтап, соның негізінде селекция процесін жылдамдатудың және жеңілдетудің биотехнологиялық әдістерін жасады.
Ол шәкірттерімен бірге сирек кездесетін және жер бетінен жойылып бара жатқан өсімдіктерді клондаудың аса тиімді биотехнологиясын, гаплоидты организмдерді алудың әдісі мен жасуша селекциясын, жасуша инженериясын, өсімдік генофондын өте төменгі температурада (-1960°С) сақтанудың тәсілдерін жасады. Оның теориялық және қолданбалы әдістері бидай мен күріштің жаңа, мол өнім беретін сорттарын шығару арқылы іске асырылды.
Оның белсене араласуымен Қазақстанның биотехнология саласы бойынша ғылыми-техникалық саясатының Концепциясы, биологиялық әртүрлікті сақтаудың және тиімді пайдаланудың Концепциясы жасалды. Ол Ресей Федерациясы Өсімдіктер физиологиясы қоғамы Президиумының құрметті мүшесі, Халықаралық биотехнология қоғамының мүшесі, Халықаралық өсімдікті көбейту қоғамының мүшесі, «Биотехнология. Теория және практика» журналы редколлегиясының мүшесі, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы болған (1994–2006).
## Ғылыми еңбектері жəне шəкірттері
Рақымбаев өсімдіктер физиологиясы, биохимиясы және биотехнологиясына арналған 370 ғылыми еңбектің, соның ішінде 7 монографияның, 7 брошюра мен 21 оқулықтар мен оқу-методикалық әдістемелердің авторы. Бұл еңбектер өсімдік биологиясының теориялық және әдістемелік негізінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бидайдың 4 және күріштің 2 сортының авторы.
Ол өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды, 8 ғылым докторы мен 27 ғылым кандидаттарын дайындады.
## Ғылыми мектебі
Ол өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды, 8 ғылым докторы мен 30 ғылым кандидаттарын дайындады. Шәкірттері Қазақстанда және шет елдердің (Ресей, Үндістан, Аустралия, Израиль, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан) ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарында қызмет етеді.
## Монографиялары
* Вегетативное микроразмножение растений (Алматы, Ғылым, 1985)
* Культура клеток и биотехнология растений (Алматы, ҚазМУ, 1991)
* Биотехнология зерновых культур (Алматы, Ғылым, 1992)
* Культура клеток и клеточная инженерия растений (Алматы, ҚазМУ, 1994)
* Эмбриология растений (Алматы, ҚазМУ, 1996).
## Марапаттары
* Тың жерлерді игергені үшін медалі (1968)
* Ерен еңбегі үшін медалі (1970)
* Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
* Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан еңбектері үшін медалі (2004 ж.)
* ҰҒА үлкен алтын медалі (2010)
* 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл медалі (2015)
## Дереккөздер |
Асылбек Жасаралұлы Еңсепов (5 сәуір, 1980 жылы Ақтөбеде туған) – қазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1998).
## Білімі
* А.Жұбанов атындағы музыкалық мектепті бітірген.
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
## Шығармашылығы
* Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1992 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері.
* 1998 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
* 2004 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* 2004 жылы Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының "ТАРЛАН" тәуелсіз сыйлығының иегері атанды
* 2016 жылыдың 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
## Отбасы
* Әкесі - Жасарал Еңсепов (Педагогика ғылымдарының кандитаты, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі)
* Анасы - Фарида (Үй шаруашылығында)
* Жары - Айжан Нүсіпбекова
* Бауырлары - Айбек, Сырым. |
Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов (1973 жылы 1 тамызда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында туған) — актер және режиссер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2000). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры (2015 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
## Толығырақ
* Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы 1 тамызда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген.
* 1992 - 1996 жылдары "театр және кино актері" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген.
* 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.
* 2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды
## Еңбек жолы
* 1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актер
* 1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актер
* 2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актер
* 2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі
* 2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі
* 2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы
* 2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы
* 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры
* 2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры
* 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.
## Мемлекеттік марапаттары
* 2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
* 2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
* 2015 жылы "Қазақстан конституциясына 20 жыл" медалі
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
* 2017 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* 2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған
## Отбасы
* 1 ұл, 4 қызы бар. |
Тынышгүл Берікбайқызы Сұлтанбердиева (4 ақпан, 1955 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы (1993 жылдан).
## Толығырақ
* Тынышгүл Сұлтанбердиева 1955 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында дүниеге келген.
* 1971 – 1974 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы театр студиясын бітіріп, драма артисі мамандығын алды.
* 1974 – 1976 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті.
* 1976 – 1978 жылдары Қазақтың мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында,
* 1978 – 1993 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті.
* 1993 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.
## Шығармашылығы
* Тынышгүл Сұлтанбердиева отандық бірнеше телесериалдарға, көркем фильмдерге түскен.
* Ғ.Мүсірепов атындағы театрда: Иран-Ғайып «Желжуан» – Бәйек, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Мүнира, Ш.Айманов «Желсіз түнде жарық ай» – Ана, Т.Нұрмағамбетов «Біз түріктерміз» – Сәния, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» – Ана, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәметкен, «Қыз Жібек» – Шәйін, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» – Мақпал, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Мәдина, В.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Королева, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Фатима ханым, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат»– Миллердің жұбайы, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорот, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Нұрия, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Мыстан кемпір, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Текті, және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.
## Марапаттары
* 2012 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған. |
Жақсыбек Құрманбеов (1 қаңтар, 1945 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданында туған) — актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2000). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1975 жылдан).
## Толығырақ
* Жақсыбек Құрманбеков 1945 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
* 1969 -1973 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.
* 1973-1975 жылдары Торғай облыстық қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті.
* 1975 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»-Қолбасшы, Қ.Ысқақ « Апа-апатай» – Шал, Қ.Жетпісбаев « Алтыатар» -Доғал, М.Хасенов «Қайсар» – шахтер, «Пай пай, жас жұбайлар ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Әке мен бала» -Хулиган, М.Әуезов «Алуа» – Ораз, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» , «Ақан сері – Ақтоқты» – Жылкелді, О.Бөкей «Жау тылындағы бала» – Жомарт, «Қар қызы» – жендеттер, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – 1-ші Чекис, Т.Минниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Ғалым, «Алау жалды арғымақ» -Данко, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – етікші шал, М.Әуезов «Ай Қарагөз» – Жабай, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Кроссворд шешкіш, Т.Ахтанов «АНТ» – Сейітқұл және т.б көптеген бейнелерді жасады.
## Мемлекеттік марапаттары
* 2000 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің "Қазақстанның мәдениет қайраткері" құрметті белгісімен марапатталды.
* 2009 жылы "Ерен Еңбегі үшін" мемелекеттік медалімен марапатталған. |
Күлжәмилә Белжанова (11 желтоқсан, 1958 жылы Астанада туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2006).
## Толығырақ
* Күлжәмилә Белжанова 1958 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Целиоград (қазіргі Астана қаласында) дүниеге келген.
* 1980-1984 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет өнері институтының) актер мамандығын бітірген.
* 1984-1987 жылдары Абай атындағы Семей облыстық музыкалық-драма театрында актриса болып еңбек жасаған.
* 1987 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.
* Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің доценті.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Жібек, «Ең әдемі келіншек» -Зухра, Т.Минуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Диляфруз, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Перизат, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Перизат, «Махаббат айдыны» – Алисэлла, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» -Гүлдана, Ф.Оңғарсынова «Бақыт пен мұң» – Бақыт, Б.Майлин «Неке қияр» -қалыңдық, Ә.Тарази «Індет» – Әзиза, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бопи, Мәнсия,С.Елубаев «Аспаннан түскен адам» және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.
## Марапаттары
* 2006 жылы "Ерен Еңбегі үшін" медалі
* 2013 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.