text
stringlengths 3
252k
|
---|
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылында орналасқан.
## Театр тарихы
* Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен алғаш рет театр шымылдығы ашылды.
* 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды.
* 1930 жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Бейісов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Қ.Әділшінов, Ш.Айманов, С.Майқанова, З.Құрманбаева, С.Телғараев, А.Абдуллина, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, Г.Сыздықова, т.б. сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай-ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, .А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма театрынан музыка театр (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры), т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шетел классикасынан қойылған спектакльдер театр ұжымының шығармашылық бағыт-бағдары мен ізденіс-табыстарын айқындады. 1941–1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан көп орын алды. Театр труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
## Театрдың қойылымдары
* Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
* Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж. Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман “Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.
* Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды.
## Гастрольдік сапарлар
* Театр ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды.
* Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
* 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.
## Театрдың марапаттары
* 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды.
* 1946 жылы Еңбек Қызыл ту ордені мен марапатталды.
* 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды.
* 1961 жылы Театрға халық жазушысы, Социолситік Еңбек Ері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың есімі берілді.
## Театрдың алғашқы құрамы
* Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері: И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров және де Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
## Тетрдың қазіргі актерлік құрамы
* КСРО халық артисі: Асанәлі Әшімұлы Әшімов Қазақстанның халық артистері: Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, Зәмзәгүл Шәріпова, Нүкетай Мышбаева, Торғын Тасыбекова, Шайза Ахметова, Гүлнәр ЖақыповаҚазақстанның еңбек сіңірген артистері: Баян Имашева, Салиха Қожақова, Рахилям Машурова, Төлеубек Аралбай, Бақыт Жанғалиева, Айдос Бектеміров, Ғазиза Әбдінәбиева, Меруерт Өтекешова, Шәмшігүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Оразхан Кенебаев, Ғайникамал Байқошқарова, Бақтияр Қожа, Омар Қиқымов, Болат Әбділманов, Шынар Асқарова, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Азат Сейтметов және т.б. Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегерлері: Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров және т.б
## Театр құрлымы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2020 жылы. |
Рахман Омар (2 наурыз, 1973 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2007). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1994 жылдан).
## Толығырақ
* Рахман Омар 1973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген.
* 1990 - 1994 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы театр және көркемсурет институтының) актер мамандығы бойынша бітірді.
* 1994 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
М.Әуезов «Жас Абай» – Абай, «Желсіз түнде жарық-ай» – Абай, «Қаралы сұлу» – ауыл баласы, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек, Т.Нұрмағанбетов «Біз түріктерміз»- Сабыр, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Торсан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» – шәкірт, С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» – Жымбала, «Қыз жиырмаға толғанда» – Есімсейіт, Ш.Айтматов «Жан азабы» – Мәңгүрт, Иран-Ғайып «Алтын Ажал» – Ғалижан, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – Кәрім, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- нұсқаушы, А.Кирий « Зона немесе шиебөрілер» - 202-ші тұтқын, «Көп ішінде – жалғыздар» – Алдан, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сұңғат, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Сембин, «Карменсита»- Цун капитан, «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» – құс бейнесі, «Жамбылдың даңғыл да, тарғыл жолдары» – Қасым Тоғызақов, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ахмет Хазин, т/б.
## Марапаттары
* 2007 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
* 2016 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. |
Оскар (Оскар-Иоганн-Виктор) Николаевич Андерсон (1887—1960) - Ресей-неміс математигі және экономисті. Эконометрикалық қоғамының негізін қалаушылардың бірі және оның мүшесі (1933), американдық Статистикалық қауымдастығының мүшесі (1952), Ұлыбритания Корольдік Статистикалық қоғамының құрметті мүшесі (1956), Вена және Мангейм университетінің құрметті докторы.
## Өмірбаяны
2 тамызда 1887 жылы Минскіде неміс отбасында дүниеге келген. Оның әкесі - Николай Андерсон Қазан университетінде угор тілі профессоры болған. Үлкен ағалары: Вильгельм (1880-1940) - астрофизиг, ал Вальтер (1885-1962) - этнолог және фольклоршы.1906 жылы Қазан қаласындағы орта мектепті бітіріп, Қазан университетінде оқуын жалғастырған. Содан кейін Санкт-Петербург политехникалық институтына ауысып, 1912 жылы бітірді (басқа дерекөздерге қарағанда 1910 жылы). А. А. Чупровтың оқушысы.1915-1917 жылы мемлекеттік қызмет атқарды және Түркістан қаласында іссапарда болды. 1917 жылдан бастап Украина ғылым академиясының Киев Коммерциялық институты және демографиялық институтында жұмыс істеді. 1920 жылы Совет Ресейден кетіп қалды.1924 жылдан бастап шет елде жұмыс атқарды: кезектен тыс профессор жұмысын істеп, 1929-1933 жылы - Варна Коммерциялық институтының (Болгария) профессоры болды. 1935 жылдан бастап - София университетінде Экономикалық зерттеулер Статистикалық институтының директоры болды. 1942 жылдан бастап Германияда жұмыс істеді – Киль университетінің профессоры, 947 жылдан бастап, 1956 жылға дейін Мюнхен университетінің статистика департаментінің бастығы болды. 1960 жылы, 12 ақпанда Мюнхенде көз жұмды.
## Дереккөздер
* http://www.philosophy.by/belarus-eu/a_291_r.html
* http://www.gks.ru/free_doc/new_site/rosstat/stbook11/tom8.pdf Мұрағатталған 27 тамыздың 2018 жылы. |
Чапаев — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Комсомол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 216 адам (115 ер адам және 101 әйел адам) болса, 2009 жылы 156 адамды (85 ер адам, 71 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Омар Жұмабекұлы Қиқымов (1959 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1982 жылдан).
## Толығырақ
* Омар Жұмабекұлы 1959 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.
* 1982 жылы М. Әуезов атындағы театр жанындағы студияны бітірген.
* 1982 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Мұңайтпас, М. Әуезовтің «Абайында» Нарымбет, Оразбай (реж. Ә. Мәмбетов) Баймағамбет (реж. Е. Обаев) «Айман-Шолпанында» Көтібар, Арыстан (реж. Ә. Мәмбетов), Маман (реж. Е. Обаев), «Қарагөзінде» Жарылғап (реж. Б. Атабаев), «Қилы заманында» Ақжелке (сахналық нұсқасы Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов), С. Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» драмасындағы Сәбит Мұқанов, О.Бөкеевтің "Құлыным меніңде" Дулат (реж.Қ.Жетпісбаев), Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясындағы Нұрбай, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» Исатай (реж. Е. Обаев), С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Пысықай (реж. Б. Атабаев), А. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Қайрақбай (реж. О. Кенебаев), Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерден (реж. Н. Жұманиязов), Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Досберген (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақтың әкесі (реж. Е.Обаев), С. Асылбекұлының «Империядағы» кешінде» Сұлтанбек (реж. А. Кәкішева), Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» драмасында Жарқынбек (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) т.б. көптеген бейнелерді сомдаған.
## Кино рөлдері
«Өгей әке», «Тоғызыншы ұлдан сақтан!», «Қара бала», «Намыс», «Заман-ай», «Махамбет», «Көшпенділер», «Біржан сал» т.б. фильмдердегі әрқилы рөлдері актердің шығармашылық биіктері. «Ісім ізім», «Қилы заман», «Молықбай қобызшы», «Шығыс жұлдыздары» телефильмдеріне түскен.
## Марапаттары
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2012 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі |
Аян Өмірәліұлы Өтепберген (26 сәуір, 1992 жылы Алматыда туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2012). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2016 жылдан).
## Толығырақ
* Аян Өмірәліұлы 1992 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған.
* 2008 - 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы жанындағы колледжге "Музыкалық драма және кино актері" мамандығы бойынша бітірген.
* 2011 - 2015 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының “Театр өнері” факультетін “Музыкалық драма театрының актері" мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Асхат Маемировтің шеберханасында білім алды.
* 2011 жылдан Қазақфильм актері
* 2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында: М.Әуезовтің "Абайында" Айдар (реж. Е.Обаев), М.Омарованың "Ақтастағы Ахикосында" Ахиконың әкесі (реж. А.Маемиров) және т.б.
## Кинофильмдері
* 2011 жылы Жаужүрек мың бала фильмінде Таймас рөлінде
* 2012 жылы Олимп шыңы телехикаясы
* 2015 жылы Рэкетир 2
* 2016 жылы Қазақ елі (телесериал) Бұрындық хан рөлінде
## Марапаттары
* 2012 жылы Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері атанды
* 2013 жылы Жаужүрек мың бала фильміндегі Таймас рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды.
* 2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталған. |
Новое — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сорочин ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін қысқартылған "Краснознамен ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 722 адам (345 ер адам және 377 әйел адам) болса, 2009 жылы 368 адамды (180 ер адам, 188 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Орынбор Шекара Комиссиясы жанындағы қазақ мектебі - патша өкіметінің қазақ жерінде отаршылдық қанауды күшейту мақсатында құрған жалпы білім беретін оқу орны. Өкімет мектеп алдына қазақ феодалдары мен ру басылары балаларын болашақта қазақ өлкесін басқаруға даярлау, патша өкіметіне шын берілген әкімдер тәрбиелеу және оларды орыс тілінде сауаттандыру мақсатын қойды. Орынбор Шекара Комиссиясы жанындағы қазақ мектебі 1850 жылдың 20 тамызында салтанатты түрде ашылды. Алғашқы жылы мектепте 30 бала оқыды. 1857 ж. мектепті тұңғыш рет 20 бала бітірді, солардың ішінде қазақ халқының болашақ атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болды. Мектептің білім дәрежесі орыстардың приход және уездік уч-щелері дәрежесінде болды, уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалім сол екі тілді де білуі тиіс болған. Мектептің оқу жоспарында мынадай пәндерді оқыту көрсетілді: мұсылман заңы, орыс тілі (оқу,таза жазу,грамматика), арифметика, қазақ тілі, тергеу жүргізу,орыс және қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізу, гимнастика. Орынбор Шекара Комиссиясы жанындағы қазақ мектебі 19 жыл жұмыс істеді, осы мерзімде мектепті 48 қазақ жастары бітірді. Мектептің қазақ жастарын орыс мәдениетіне баулуда бірқатар рөлі болды. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының басты ерекшелігі - қазақ жастарының орыс тілі мен әдебиетін жете меңгеруіне айрықша көңіл бөлінуі. Бірақ патша үкіметі үшін мектеп пайдалы болмағандықтан, Александр II патша 1868 ж. 2 желтоқсанда мемлекеттік советтің мектепті жабу туралы ұсынысын бекітті. Мектеп 1869 ж. жабылды.
## Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 8-ші том.1976 |
Қарашілік — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Севастополь ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 277 адам (145 ер адам және 132 әйел адам) болса, 2009 жылы 210 адамды (11 ер адам, 99 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ленинградское — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Севастополь ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. 2019 жылға дейін қысқартылған "Ленинград ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 650 адам (332 ер адам және 318 әйел адам) болса, 2009 жылы 355 адамды (183 ер адам, 172 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ортоүшбұрыш деп негізгі (бастапқы) үшбұрыштың биіктік табандары оның төбесі болатын үшбұрышты атайды. ΔABC үшін ортоүшбұрыш бұл жағдайда Δabc-ға тең, яғни Δabc үшбұрышының төбелері (a, b, c) ΔАBC-ның биіктік табандарына тең.
## Қасиеттері
* Фаньяно есебі. Берілген сүйір бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған үшбұрыштардың барлығының арасында ең кіші периметрге ие – ортоүшбұрыш.
* Сүйір бұрышты үшбұрыш биіктіктері сол үшбұрыштың ортоүшбұрышының бұрыштарының биссектрисалары болады. Сондықтан, сүйір бұрышты үшбұрыш ортоцентрі берілген үшбұрыштың ортоүшбұрышына іштей салынған шеңбер центрі болады.
* Егер АВС сүйір бұрышты үшбұрышы үшін BC, AC және AB қабырғаларында жататын тиісінше A1, B1 және C1 нүктелері үшін мына заңдылық орындалса:∠BA1C1 = ∠ CA1B1 , ∠CB1A1 = ∠AB1C1 және ∠AC1B1 = ∠BC1A1
онда A1B1C1 — АВС үшбұрышының ортоүшбұрышы.
* Егер бұл сүйір бұрышты үшбұрышқа сырттай шеңбер сызып, үшбұрыштың үш төбелерінен шеңберді жанап өтетіндей түзу сызсақ, онда бұл түзулердің қиылысуы берілген үшбұрышқа қатысты тангенциалды үшбұрыш болатын үшбұрыш пайда болады.
### Тектес үшбұрыштардың қаситтері мен ұқсастықтары
* Бастапқы ΔABC үшбұрышы ортоүшбұрышқа қатысты үш сыртқы биссектрисалар үшбұрышы болады.
* Ортоүшбұрыш пен тангенциалды үшбұрыштар өзара ұқсас (Зетель, салдар 1, §66, 81-б.).
* Ортоүшбұрыштың Жергонн үшбұрышы мен бастапқы үшбұрыш өзара ұқсас.
* Үш сыртқы биссектрисалар үшбұрышының үш сыртқы биссектрисалар үшбұрышы мен бастапқы үшбұрыш өзара ұқсас.
* Жергонн үшбұрышының ортоүшбұрышы мен бастапқы үшбұрыш өзара ұқсас.
### Басқа да қасиеттері
* Ортоүшбұрыш ауданы тең: S_орто= S/(2abc)^2 (a^2+b^2-c^2)(a^2+c^2-b^2)(b^2+c^2-a^2)
бұл жерде S - АВС үшбұрышының ауданы; a, b, c - оның тиісті қабырғалары.
* Δabc ортоүшбұрышына сырттай сызылған шеңбер ΔABC үшбұрышы үшін Эйлер шеңбері болып табылады (тоғыз нүктелер шеңбері), яғни ол бірдей уақытта ΔABC үшбұрышының медианаларының 3 табандары арқылы өтеді. Ал бұл 3 медиана табандары ΔABC үшбұрышы үшін қосымша үшбұрыш төбелері болады.
* ΔABC үшбұрышы төбелерінен жүргізілген берілген ΔABC үшбұрышына сырттай сызылған шеңбер радиустары Δabc ортоүшбұрышының сәйкес қабырғаларына перпендикуляр болады. (Зетель, салдар 2, §66, 81-б.).
## Әдебиет
* Понарин Я. П. Элементарлық геометрия. В 2 т. — М.: МЦНМО, 2004. — С. 38-39.
* Зетель С. И. Жаңа геометрия үшбұрыш. Пособие для учителей. 2-ші басылым. М.: Учпедгиз, 1962. 153. с. |
Маяк — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Маяк ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстікке қарай 26 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1964 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде “Маяк” кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылдан кейін кеңшар негізінде мұнда 3 ЖШС құрылды.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1409 адам (687 ер адам және 722 әйел адам) болса, 2009 жылы 954 адамды (485 ер адам, 469 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Павлыш Спасское — Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Тимирязев ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстікке қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 126 адам (2009).
## Дереккөздер |
Тимирязевка — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы ауыл, Тимирязев ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Сарыкөл кентінен солтүстікке қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1147 адам (577 ер адам және 570 әйел адам) болса, 2009 жылы 872 адамды (435 ер адам, 437 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Богородское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 329 адам (170 ер адам және 159 әйел адам) болса, 2009 жылы 192 адамды (91 ер адам және 101 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Болат Ишанбайұлы Қарақұлов (27.03.1942, Алматы - 16.12.2014, Алматы) - музыкатанушы, фольклоршы.
## Өмірбаяны
* Мәскеу консерваториясысының дирижерлік-хорлық факультетін бітірген.
* 1967-1969 жж. - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хорлық дирижерлік кафедрасының дәріскері.
* 1970 жж. ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы өнер және мәдениет Институтында жұмыс істейді.
## Ғылыми жұмыстары
Қарақұловтың ғылыми қызметі музыкалық фольклор мен халықтық ән өнерінің алғашқы нұсқаларына тарихи-теориялық талдама жасаумен ерекшеленеді. Оның зерттеулік жұмысы қазақтық әндік музыкалық өнерін анықтап, зерттеуге бағытталған. Ол Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі ән-әуендердің ерекшеліктерін біртіндеп құрылуы тарихи процесінің заңдылықтарын ашуға тырысады.
## Шығармалары
Б.Қарақұловтың «Асыл мұра» музыкалық-этнографиялық жинағы республиканың музыкатану ғылымына қосылған елеулі үлесі болып табылады.
## Дереккөздер |
Валерьяновка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстікке қарай 28 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 638 адам (302 ер адам және 336 әйел адам) болса, 2009 жылы 492 адамды (233 ер адам және 259 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Достияр — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, "Мақсұт ауылдық округі" (округ 2019-жылы қысқартылған) құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км жерде.
## Халқы
Тұрғыны 38 адам (2009). |
* Тобыл кенттік әкімдігі – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Тобыл қалалық әкімдігі – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Анатолий Цой - 1989 жылы 28 шілдеде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Бойы = 183 см. "Эстрадный вокал" сайысында қола жүлдесін жеңіп алған. "The X factor", "Superstar.kz" сайыстарына қатысып,"MBAND"тобының жеке орындаушысы болып саналады.
## " Меладзеға барғым келеді" бағдарламасы
"ВиАграға барғым келеді" теле шоуының сәтті аяқталуынан кейін, Константин Меладзе жаңа жігіттер тобын құруды қолға алады.
2014 жылы 30 сәуірде жігіттерге арналған кастинг өткізілді. Бағдарламаны Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Украина телеканалдарында көрсетті. Қыздардың өнерін бағалайтын Анна Седокова, Полина Гагарина, Ева Польна, ал жігіттердің өнерін бағалайтын Сергей Лазарев, Владимир Пресняков, Тимати төраға болды.
22 қарашада жеңімпаздарды SMS хабарламалар арқылы анықтай бастады. Нәтижесінде Анатолий Цой, Артём Пиндюра, Владислав Рам, Никита Киоссе жеңіске жетті.
## MBAND
2014 жылы желтоқсан айында "MBAND" атауын алған топтың "Ол оралады" атты алғаш әнінің бейнебаяны шықты. Бұл ән телешоуда айтылған болатын. Негізінде ән 24 қарашада шыққан болатын. Әуенін Константин Меладзе, ал сөзін Константин Меладземен бірге Артем Пиндюра жазды. "Ол оралады" әні Алтын граммофон сыйлығына иеленді. Алғаш сахнаға 2015 жылы 14 ақпанда "Big Love Show 2015" концертінде шықты. Осыдан кейін топ гастрольдық сапарларын бастады.
2015 жылы наурызда "Маған бер" әні шықты. Әннің сөзін Константин Меладзе, Никита Киоссе, Артем Пиндюра, ал әуенін Константин Меладзе мен Никита Киоссе жазған.
Наурызда "Kids’ Choice Awards 2015" жүлдесінде "Ресейлік музыкалық серпінді жыл" атағын жеңіп алды. Ал, мамыр айында өткен "RU.TV 2015" те топ "Нағыз сый" атағына иеленді.
"Муз-тв 2015" жүлдесінде "Жыл сүйікті әншілері" болып танылған.
2015 жылы 29 мамырда "Love Radio" радиостансасында "Маған қара" әнін орындаған.
2015 жылы 8 маусымда "Fashion People Awards-2015" рәсімінде "Жыл жаңалығы" жүлдесіне иеленді.
## Өлендері
## Дереккөздер |
Ғалым Әбілсейітұлы Әбілсейітов (1940 жылы туған) — Ғылым және жаңа технологиялар экс-министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің экс-вице-премьері, КСРО Ғылым академиясының технологиялық лазер бойынша ғылыми-зерттеу орталығының бірінші директоры, лазерлік технология саласында маман, техника ғылымдарының докторы.
## Марапаттары
Ғалым Әбілсейітов студенттік құрылыс отрядтарының бүкілодақтық қозғалысының жетекшілерінің бірі болды.
* Кеңес Одағының «Құрмет белгісі» ордені - 4 курс студенті болған кезінде марапатталды. КСРО ҒА НИЦТЛ директоры болып жүріп, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
* Ғылым және техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).
## Дереккөздер |
Ленинское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде.
## Халқы
Тұрғыны 28 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев (1977 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған) — актер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Құрмет орденінің иегері (2016).
## Толығырақ
* Жандарбек Алайдарұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауд.) дүниеге келген.
* 1994 -1998 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
* 1998 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
* 2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Балпық, «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Қодар, «Қилы заманында» Түнқатар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Еркін, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әмірсана, Әбілмансұр, Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Қазақ, Шахимарденнің «Томирисіндегі» Ардашир, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Айбар, Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Байшаур, Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында…» Дүниенің тұтқасы, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлтан, «Жаужүрегінде» Троицкий, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Бизнесмен, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Иса, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Әлібек, «Империядағы кешінде» Айдар Сейтқалиұлы, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Түнқатар, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Қарасартов т.б. бейнелерді сомдайды.
## Кинофильмдері
* 2002 жылы «Сардар» – Бекзада (реж.Б.Қалымбетов),
* 2009 жылы Біржан сал фильмі – Сал рөлінде реж:Д.Жолжақсынов
* «Болашақ» телесериалы – учаскелік милиционер (С.Тәуекелов),
* «Айналайын» көркем фильмі учаскелік милиционер (А.Сатаев) т.б.
## Марапаттары
* 2010 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
* ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері
* 2016 жылы ҚР Мәдениет министрінің қолынан Құрмет ордені мен марапатталды. |
Азат Райымбекұлы Сейтметов (1964 жылы 14 желтоқсанда Алматыда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1988 жылдан).
## Толығырақ
* Азат Райымбекұлы 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
* Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және театр актері" мамандығы бойынша бітірген.
* 1988 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Долгов (реж. Е.Обаев), «Қарагөзінде» Матай (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (реж. Х.Әмір-Темір), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Жорабек (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Шөмбай (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Байбол, Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанов (реж. О.Кенебаев), «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), «Актрисасында» Самат (реж. Н.Жұманиязов), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Шибұт (реж. Қ. Қасымов), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Скрипкашы, Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Шұбараяқ ояз, Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Шотбай, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол (реж. Ә. Рахимов), Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Асылхан (реж. Е. Обаев), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Қойгелді (реж. Т. әл-Тарази) т.б көптеген бейнелерді сомдайды.
## Марапаттары
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері.
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2016 жылы Пусонда өткен "Seoul International Drama Awards" халықаралық кинофистивальінің "Ең Үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша жеңіп алды.
## Кинофильмдері
* 1986 жылы Лейтенант С. фильмі (реж: Т.Арғыншаев)
* 1990 жылы Айналайын фильмі (реж: Б.Қалымбетов және А.Сатаев)
* «Қара шегіртке» (реж. С. Өтепбергенов)
* 2007 жылы «Періште» (реж. Ә. Әлпиев)
* 2011 жылы "Балалық шағымның аспаны" фильмі (полиция қызыметкері) (реж:Р.Әбдрәшів)
* 2012 жылы "Құрбылар" фильмі
* 2013 жылы "Ол және Ол" фильмі (С.Жолдас)
* «Рэкетир» (реж. А. Сатаев)
* «Әсел және оның достары мен құрбылары» (реж. А. Қарпықов)
* 2014 жылы Абайлаңыз, сиыр! комедиясы
* 2015 жылы "СВАДЬБА НА ТРОИХ" комедиясы (реж:А.Бисембин)
* 2015 - 2016 жылдары "Жібек" телесериалы (Жібектің әкесі басты рөлде) (реж: А.Сахаманов)
* 2016 жылы Өгей жүрек (мини-сериал) әкесі рөлінде
* 2016 жылы Анаға апарар жол фильмі (Жансейіт рөлінде) (реж:А.Сатаев)
## Отбасы
* Әкесі: театр режиссері, ҚР халық артисі, профессор Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов
* жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Темірсұлтанова
* 1 ұл, 2 қызы бар. |
Притобольское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 292 адам (134 ер адам және 158 әйел адам) болса, 2009 жылы 238 адамды (114 ер адам және 124 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Мирное — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 252 адам (118 ер адам және 134 әйел адам) болса, 2009 жылы 111 адамды (57 ер адам және 54 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Козыревка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1738 адам (844 ер адам және 894 әйел адам) болса, 2009 жылы 1470 адамды (731 ер адам және 739 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Белозеров Евгений Степанович (туған. 25 шілде 1936, Кировград, Свердлов облысы) — дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1977), Қазсср ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1990). Медицина институтының ректоры (1985-1987), Алматы мемлекеттік медицина институтының (1987-1995)
## Өмірбаяны
1961 жылы педиатрия факультетін Свердлов мемлекеттік медицина институтын бітірген.
2 жыл ішінде кафедра инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі қ. Сухой лог Свердлов облысы. 1966 жылы аяқталғаннан кейін аспирантура, ассистент Свердловск және Тюменском медициналық институттарында, 1972-1978 жылдары — кафедра меңгерушісі, жұқпалы аурулар. "1978-1983 жылдары — проректор СММИ, 1983-1985 — кафедра меңгерушісі, жұқпалы аурулар, бір мезгілде проректор Курского медицина институтын.
"1985-1987 жылдары — ректоры СММИ, 1987-1995 — ректоры АГМИ жеңді, бір мезгілде — кафедра меңгерушісі, жұқпалы аурулар. 1995 жылдан бері Әскери-медициналық академиясы (Санкт-Петербург).
## Ғылыми қызметі
1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады ("Динамика микроэлементтер науқастарда вирусты гепатит"), 1974 жылы докторлық ("Клиникалық-биохимиялық және гистохимиялық көрсеткіштері науқастарда вирусты гепатит және описторхоз").
300 астам ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде, 46-монография, 3 оқулық және 9 әдістемелік ұсынымдар. Ең маңызды монографиялар: "Іш сүзегіне және паратифтерге" (1978), "Описторхоз" (1981), "Дәрілік асқынулар" (1981, 2001), "Бруцеллез" (1985), "Сальмонеллез" (1992), "Әлеуметтік-экологиялық аспектілері, адам денсаулығы" (1993),
"Бактериялық дизентерия" (1993), "Дифтерия" (1994), "Гепатит" (1994), "Оба" (1995), "ЖИТС" (1995), "Иммунодефициты және донозологические нысанын иммуносупресии" (1998), "Клиникалық иммунология", 2001, "ВИЧ-инфекция" (2000, 2003), "Инфекция нерв жүйесінің прогредиентті", 2007, "Очерктер жалпы инфектологии" "Баяу инфекция", 2007, 2009, . Автор 2 үшін оқулықтар, медициналық жоо студенттері мен 1 — педгогических: — "Клиникалық иммунология және аллергология", 1993 жыл (Рұқсат етілген Бас басқармасы оқу орындарының СССР ДСМ арналған оқулық ретінде медициналық жоо-ның), рецензенттер белгілі иммунолог, еліміздің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, проф. В. И. Пыцкий (Мәскеу) және мүше-корр. КСРО МҒА проф. Л. А. Трунов (Новосибирск): — "Жұқпалы аурулар" (2001, 2005, 2015, 2016 жж.).
Соңғы 10 жыл бас редакторының орынбасары ғылыми-тәжірибелік дәрігерлер үшін "Медлайн-экспресс", редакциялық кеңесінің мүшесі "Ульянов медициналық-биологиялық" журналының, рецензируемого ЖАК.
Дайындады 88 кандидаттардың және 23-ғылым докторлары. Оның оқушы: академик В. И. Мидленко, профессор г. Г. Брыжахин, В. И. Кравцов, с. С. Чукмаитов, а. А. Шортанбаев, А. Х. Секербаев, Г. У. Алшинбаева, Г. С. Архипов, б. Б. Сағындықов, К. Б. Садыков, Т. б. Генинг, Н. К. Шаймарданов[kk], Л. М. Киселева, А. Л. Бондаренко, Р. И. Розенсон, Е. А. Огай, Р. Х. Багайдарова, А. Ж. Қарабеков, Л. И. Жуков, Г. А. Утепбергенова, Т. С. Джасыбаева, Н. Ж. Шәйжүнісов, М. А. Л. Арямкина, И. Л. Соловьева.
## Марапаттары
* "Денсаулық сақтау үздігі" белгісі
* Әл-Фараби Атындағы сыйлық
* Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР
## Дереккөздер
* Белозеров Евгений Степанович. ЦентрАзия (10 шілде 2016). Тексерілді, 13 желтоқсан 2016. |
Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — актер. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2015). ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Толығырақ
* Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген.
* 2004 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген.
* 2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Айдар (реж. Е. Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы: Н.Оразалин, реж. Ә. Рахимов), Т .Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә. Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж. Қ. Сүгірбеков), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Абай (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын (реж. Н. Жақыпбай), Т. Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Қалауын т.б. көптеген бейнелерді сомдайды.
## Фильмографиясы
* 2012-2014 – «Тағдыр» - эпизод
* 2013 – «Бауыржан Момышұлы» - Бауыржан Момышұлы
* 2015 – «Жат» - эпизод
* 2015 – «Шлагбаум» - эпизод
* 2016 – «Анаға апарар жол» - Мұқан
* 2016 – «Қазақ елі» - Жәнібек
* 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Әбіш
* 2016 – «Тараз» - Сапар
* 2018 – «Алтын Орда» - Мұсаб
## Марапаттары
* 2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері атанды.
* Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
* Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" Орденінің иегері.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2017 жылы Қазақстан Кинематографистер Одағының "Жыл таңдауы 2017" сыйлығының "Үздік Ер адам рөлі" (Тараз фильмі) аталымы бойынша марапатталды.
* Театр көктемі фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері. |
Григорий Моисееевич Идлис 1928 жылының 22 қараша айында туып, 2010 жылдың 29 наурыз айында қайтыс болған. Кенес одағының және Ресей астрономы.
## Өмірбаяны
Пенза қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1946 жылы Ленинград университетіне оқуға түсті. Отбасымен Алматы қаласына көшіп, Қазақ университетіне ауысқан болатын. Физика-теоретика және математика, екі мамандығы бойынша 1951 жылды аяқтаған. Фесенков В.Г. басшылығымен ҚазақКСРО астрофизика университетінде аспирантураны аяқтаған. 1954—1972 жылдары университетте қызмет жасаған (жұлдыз динамикасы бөлімінің басшысы болып , 1964—1972 жылдары институт директоры болған). Физика-математика ғылымдарының докторы (1964). 1969 жылдан бастап Қазақ университетінің профессоры болып, сондай-ақ сабақ берген. 1972 жылдан бастап жаратылыстану тарихы және АН КСРО техника университетінде жұмыс істеп, физика-математика ғылымдарының тарихы білімінің меңгерушісі болған. Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының мүшесі болған (1998).
Негізгі еңбектері: жұлдыз жүйелерінің динамикасы, космогония, космология, Күн жүйесінің кіші денелерінің мәселелері және күн-жер байланыстары аймағында.
1952 жылы, ол планеталық апақашықтық О. Ю. Шмидт занының сәйкессіздікті атап өтті және планеталық Фесеников заңы тұрақты планеталық ісін ұзартты.
1953 астероиды, бұл үшін бақылау деректерді көрсетті, метеорыдын және метеор бөлшектер олар қатты денелердің кездейсоқ ұсақтауды нәтижесінде туындайтын үзінділерді мөлшері мен массасы ықтималдығы бөлу заңдар алынған қанағаттандыру. Галактика нәтижесінде П П Паринаго авитациялық әлеуетін нақтылау, сондай-ақ 1954 жылы Галактиканың алғашқы екі соңына аналитикалық модельдерді салынған - белгілі бір әлеуеті бар - сфералық және жалпақ.(«идис моделі»).
Г.Г. Кузьмин жұлдыздық жүйелер динамикасын, қозғалыс үшінші интегралын енген талдауды құрастырды . 1956 жылы, ол шексіз Әлемнің құрылымдық Селигер осы жүйелердің параметрлерін бойынша шектеулерсіз жойылды түрлі ғарыш жүйелері космологиялық гравитациялық парадокс релятивистлик массаны ақаулар негізделген дәлелдеді.
1957-1958 жылдары, Роберт Дикке (АҚШ) және Б. Картер (Англия) (1960-1970) бұрын, алға және деп аталатын антропоцентристік (техногендік немесе антропным) саналады әлемдік бізді көріп тұрғанын принципі, оның барлық негізгі сипаттамалары ол табиғи өмір пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарын қанағаттандыратын және жоғары интеллектуалды нысандарын дейін дамыту үшін, өйткені ол құрылымдық таусылмас Әлемнің кезінде барлық ықтимал әлемнің жиынынан шығып тұр. Бір гравитациялық линза дәйектілікпен әсерінен алыс галактик массасын анықтау әдісін шығарды.
1962 жылы Роберт X. Гайнуллина және З. Х. Курмакаевпен бірге Роберт X. бірінші Галактикалардың бірқатар гравитациялық линза әсерін анықтады. 1965 жылы микрокосмос элементар бөлшектер (1965) сыртқы баламалы метолактика теріңіз эквивалентты бөліктермен, оған сәйкес тұжырымдамасын әзірледі. бірге бірінші Галактикалардың бірқатар гравитациялық линза әсерін анықтады.
## Жарияланымдар
* «Ғарыштық күші өрістер мен галактикалық материяның құрылымын және эволюциясы кейбір» (1957);
* «Ғарыштық Ана» (1957);
* «Жұлдызды жүйелердің құрылымы мен динамикасы» (1961);
* (1970), «еңбекті ғылыми ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу институттарының оңтайлы құрылымын математикалық теориясы».
* «Арызбен Ақиқат» (2004)
* «Элемент» (2008)
## Дереккөздер
* Колчинский И.Г., Корсунь А.А. Родригес М.Г. Астрономдар. Өмірбаяндық деректер. - Киев: Наукова ҚМДБ, 1986. |
Апановка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 787 адам (383 ер адам және 404 әйел адам) болса, 2009 жылы 575 адамды (288 ер адам және 287 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қоржынкөл — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 257 адам (128 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 124 адамды (69 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Варваринка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 371 адам (180 ер адам және 191 әйел адам) болса, 2009 жылы 302 адамды (166 ер адам және 136 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Баталы — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде, Жақсы Алакөл көлінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 451 адам (221 ер адам және 230 әйел адам) болса, 2009 жылы 421 адамды (266 ер адам және 155 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Исламбек Ержанұлы Қуат (12 қаңтар 1993, Ақадыр, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Астана" клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
## Мансабы
Арғын тайпасының Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.
### Клубтық
Ол Астаналық " Жеңістің" түлегі, өзінің кәсіпқой мансабын Исламбек 2011 жылы көкшетаулық «Оқжетпестің» сапында бастады. Қуат «көкшеліктерге» Бірінші лиганың жарыс кестесінде екінші орын алып Қазақстанның Премьер-лигасына шығуына жәрдемдесті. Маусым соңында Исламбек Қуат Қазақстанның үздік жас ойыншысы атағын алды.
Келесі жылы талантты жартылай қорғаушыға «Ақтөбе» назар аударып, Қуат чемпиондардың қатарына ауысты.
2013 жылы Исламбек «Астанаға» ауысты. Астаналық клубтар кіл легионерлердің көлеңкесінде қалып, алаңға онша шыға алмады, есесіне 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
2014 жылдың маусымынан "Қайраттың" ойыншысы атанды. Қайраттықтар сапында бес рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
2020 жылы 1 қаңтарда "Орынборға" ауысты. Клуб сапында үш ойын ғана өткізді. Оған COVID-19 пандемиясына байланысты, қатаң режимдегі карантин себеп болды. Чемпионат жаздың ортасына дейін тоқтатылды да, қайта жалғасқан соң Исламбек жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды.
2020 жылы қыркүйекте "Химкиге" ауысты.
2021 жылдың басында Қазақстанға қайта оралып, "Астана" сапына қосылды.
### Құрама сапында
2015 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан құрамасының сапында Чехияға қарсы ойында дебютін жасады. Бұл ойын 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің шеңберінде өткен еді. 2015 жылы 10 қарашада Нидерланд құрамасының қақпасына алғашқы добын соқты.
Келесі кездесуде Ригада 13 қазан күні Латвия құрамасына қарсы жалғыз гол соғып, қазақстандық команданың топтағы соңғы орынан шығуына көмектесті. Бір қызығы, осы Латвиямен болған нәтиже Түркия құрамасына финалдық турнирге тікелей жолдама әперіп, Исламбек бір күннің ішінде Түркияда да танымал боп шыға келді.
2017 жылы 10 маусымда ӘЧ-2018 іріктеуінде Дания құрамасының қақпасына бір гол соқты, бірақ бұл ойында Қазақстан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Арада тура бір жол өткен соң, ЕУРО-2020 іріктеуінде Сан-Мариноның қақпасына гол соқты (4:0).
Ұлттық құрамадағы бесінші голын 2020 жылы 3 қыркүйекте сырт алаңда Литва қақпасына (УЕФА Ұлттар Лигасында) енгізді, бұл ойында Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алтыншы голды 2021 жылы 7 қыркүйекте сырт алаңда Босния және Герцеговинаның қақпасына соқты, бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
## Жетістіктері
«Оқжетпес»
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2011
* Қазақстанның үздік жас ойыншысы (1): 2011
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2012
«Астана»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2013
«Қайрат»
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2014
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2015, 2016, 2017, 2018, 2019
* Қазақстан кубогы (3): 2014, 2015, 2017, 2018
* Қазақстан суперкубогы: 2017
## Дереккөздер |
Майлин (1992 жылға дейін — Ақтөбе) — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 127 адам (62 ер адам және 65 әйел адам) болса, 2009 жылы 64 адамды (32 ер адам және 32 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
* Қонақай (Терісаққан алабындағы көл)
* Қонақай (Түндік алабындағы өзен) |
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді:- Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.
## Толығырақ
* Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
* 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.
* 1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.
* 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.
## Кино
Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.
## Кітаптары
* «Майраның әні»
* «Жан бөлек»
* «Алаштың Асанәлісі»
* «Менің жанрым – күнделік»
* «Ғұмыр-дария»
## Ол туралы
* Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды.
* Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады.
* Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды құрметті атағы 2017 жылдың 18 мамырндағы ҚР президенті - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақ кино өнеріне сіңірген айрықша зор еңбектері үшін өзі марапаттады. (Астана, Ақорда).
Қазақстан Республикасының марапаттары
* 2000 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
* 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен марапатталды.
* 2003 жылы Ең алғашқы "Шәкен жұлдыздары" фистивальінің лауреаты
* 2007 жылы Парасат ордені
* 2007 жылы Құрмет ордені (70 жас мерей тойы қарсаңында)
* 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" төсбелгісі;
* 2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады (Астана, Ақорда);
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі
* ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
* ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
КСРО марапаттары
* Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі
* 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйллығының иегері
* 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері
* 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі.
* 1980 жылы КСРО халық артисі
* КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
* КСРОның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері
Халықаралық марапаттары
* 2007 жылы Ресейдің Ломоносов атындағы алтын Орденімен марапатталған.
* 2011 жылы ТМДның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» Ордені;
* 2013 жылы «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
* 2007 жылы Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталды.
* Алматыда жеке жұлдызды аллеясы ашылған.
Құрметті атақтары
* Қазақстанның бірнеше аудандарымен ауылдарының құрметті азаматы
* 2002 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы
* 2015 жылы Алматы қаласының құрметті азаматы
* 2017 жылы Түркістан облысының құрметті азаматы
* Сарысу ауданының құрметті азаматы
* Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры
* Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері
* 2015 жылы Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын медалі;
* Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Қазақ театрының дамуына орасан зор үлесін қосқаны үшін» арнайы аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)
## Дереккөздер |
Николаевка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 491 адам (252 ер адам және 239 әйел адам) болса, 2009 жылы 430 адамды (221 ер адам және 209 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бұжыр — Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы, Шекті бөлімі.
Бұжыр Бөлекұлынан жеті ұл. Бәйбешеден екі ұл - Назар, Шүрен. Тоқалдан бес ұл - Ақмалай, Олжабай, Шағатай, Бұғыбай, Жанабай. Шыңғыс сауытын Бөлекке беріп, Бөлектен Бұжырға, Бұжырдан Назарға қалған сауыт, бұл сауыт қазір мұражайда тұр.
## Сауыт
Тарихи тұлға. Шамасы бұдан 300-350 жыл бұрын өмір сүрген. Бұжыр палуан тұлғалы, қайратты да ірі болған. Қазақ пен қалмақ соғысында аса ерлікпен көзге түскен. Дүниеден өтерінде сауытын үлкен баласы Назарға, дулығасын - Шүренге, қылышын - Жекейге берген деп айтылады ауызекі әңгімеде. Сауыты - темір шынжырдан тоқылған кең көйлек сияқты дүние, ілгегі де шыншыр іспетті дөңгелек екен. Назарда екі батыр болған - Жәлімбет, Тыным. Кейін сауыт Тынымға, найзасы - Жәлімбетке тапсырылады. Сөйтіп сауыт қолдан - қолға көшіп, Дүзмағамбеттегі Абылази (1925 ж. туған) үйінде сақталған. Қатал заман кесірінен сауыт 40 жыл жер астында жатып, тот басқан. Сауыт қазірде Ақтөбе облыстық мұражайында сақтаулы.
## Ұлдары
* Назар Бұжырұлы,
* Шүрен Бұжырұлы,
* Ақмалай Бұжырұлы,
* Олжабай Бұжырұлы,
* Шағатай Бұжырұлы,
* Бұғыбай Бұжырұлы,
* Жанабай Бұжырұлы.
## Дереккөздер |
Ақсуат — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Новоильин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 495 адам (237 ер адам және 258 әйел адам) болса, 2009 жылы 397 адамды (189 ер адам және 208 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Красносельское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1376 адам (669 ер адам және 707 әйел адам) болса, 2009 жылы 1341 адамды (631 ер адам және 710 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Оқшы ата - Сыр бойы халқы әулие санайтын адам. Шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, ал Оқшы ата – кейіннен елдің берген есімі. Бұл оны Ысқақ бабтың баласы деп танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы түркі тайпаларының арасына ислам дінін таратқан әулие болып шығады. Түрколог Әуелбек Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Қазір батырдың көне қорымы бар өңір кезінде шаһар болған деседі. Ел ішінде ІХ–Х ғасырлардан бастау алып, ХV–ХVІ ғасырларда белгі қойылған қорымның күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар да аз емес.
## Оқшы батыр
Шиеліде Оқшы ата мен Есабыз әулиенің аты қатар аталады. Бір қорымда қатар жатқан екі арысты жұрт бөліп-жармай, бірге атап, бірге құран бағыштайды. Сол сансыз аңыздардың бірі Көгентүптің жастайынан жетім қалып, күнкөріс үшін ел аралап кетуінен басталады. Өстіп ел кезіп жүрген ол жалғыз қызы бар бір кемпір-шалға кезігіп, асыранды ұл атанады. Әке-шешелі болған жігіт енді есейгенінде қос қарт пен қарындасына қамқорлық көрсетіп қана қоймай, оларды асырау үшін егін егіп, диқандықпен айналасады.
Еңбекшіл болып ержеткен ер азаматтың кірпігіне көзі көргеннің бәрі таңданатын. Себебі тым қалың болып өсетін, қалындығы сондай, тіпті көзін жауып тұрады екен. Сол Көгентүп кірпігін қолмен көтеріп қалғанда, бір күншілік жердегіні көреді деген сөз де сол заманда желдей есіп тұрған-ды. Сондықтан көбіне ауыл арасындағы малын жоғалтқан адамдар ағылып Көгентүпке келеді екен. Осылай ірілі-ұсақты баққанын тауып беріп жүрген оның аты ауыздан-ауызға тарайды. Алайда осы ел көп ұзамай қалмақтың қолына өтеді. Жаулап алған жұртына хан өз тәртібін орнатып қана қоймай: «Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа қызын беретін болсын!»-деп шарт қояды. Көп ұзамай-ақ ауыл адамдары ханның сөзін екі етпей, жарлығын жүзеге асыруға кірісті. Содан тағдыры таразыға түскен бойжеткендер көбейіп, ел іші нілдей бұзыла бастайды. Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, оған қыз беру кезегі Көгентүптің үйіне келіп жетеді.
Үйіне келген ханға қыздарын қимай, қос қария зар еңіреп жылағанда, кермеде байлаулы тұрған ат тыпыршып, қосыла зор дауыспен кісінеп коя береді. Кісінеген аттың дауысы арпа орып жатқан Көгентүптің құлағына жеткенде ол арпаның қылтығын алақанына салып құран оқып, жебе етіп, “Құдайдың оғы болып атыл” деп ханға бағыттап үрлеп жібереді. Көп ұзамай қаза болған хан туралы ел: «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтқарған кім болды екен» — деп толғана бастайды. Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді біреуінің пышағы қан жалаған талай жігіттер ханды өлтірген өзі екенін айтып қызу талас-тартыс жүріп жатады. Сонда Көгентүптің ата-анасы: «Біздің баламыздан да сұраңдаршы, мүмкін сол білер кім өлтіргенін»,-дейді. Жиналған жұрт адам жіберіп, Көгентүпті алдыртады.
Келген соң, «ханды мен өлтірдім» деп, таласқан талай азаматтарды көріп, Көгентүп ханның неден өлгенін сұрайды. Жүрегінен жаралы болып өлгенін естіген соң: «Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегіне қадалып тұрса, менің атқан оғым, — дейді. Расында да солай болып шығады. Осылайша Көгентүп Оқшы атанады.
## Кесене
Оқшы ата кесенесі сазды лаймен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Фундаменті де күйдірілген кірпіштен 0,8м тереңдікте салынған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы 1,1-1,2м. Көпірі 25х25 көлемді күйдірілген кірпіштен салынған. Олардың бүліну себебі лайдың дымқыл сыз тарту себебінен ылғалданған. Шиеліге қарасты Жөлек ауылынан 7 шақырым жерде, теміржол торабында орналасқан. Оқшы Ата 1043 жылы қайтыс болып, қазіргі өз атымен аталатын «Оқшы Ата» мазаратында жерленген.
## Сілтемелер |
Бақбақ шарабы (ағылш. Dandelion Wine) — америкалық жазушы Рэй Брэдбери жазған роман. Бұл кітап ең алғаш 1957 жылы жарық көрді. Әлемнің 100 басты кітаптар тізіміне кірген.
## Сюжет
Он екі жасар Дуглас әр жазда әр нәрсені ең бірінші рет істеп көреді. Ол бірінші маусымда азанда ерте тұрып бар ауылды оятады. Дуглас өзінің інісі Томмен, анасымен, әкесімен, екә әжесімен және атасымен Иллинойс штатындағы кішкентай Гринтаун қалашығында тұрады. Осы 1 маусымнан 1928 жылдың қайталанбас жаз айы басталады. Әр жаз сайын Дугластың отбасысы ең алғаш іс-әркеттері бақбақ теруге барады. Осы жазда да Дугласс Томмен, әкесімен бақбақ шарабын жасау үшін бақбақ теруге барады. Бұл күн Дуг үшін ерекше күн болады. Ол ең алғаш бұл күгнде артынан қарап тұрған тылсым күшті сезгендей болады. Алайда артқа қараса ол күш болмағандай барлығы да тынышталып қалады. Осылай екі күн не болып жатқанын түсінбей жүреді. Тек үшінші күні ғана ол бұл күшті сезініп, өзінің тірі екенін, өмір сүретінін түсінеді. Осы жазда ол өзінің інісі Томмен әртүрлі қызыққа батады. Бірақ, қуанышпен бірге қайғы келіп, ол бір әжесінен айырылады. Тек әжесінен емес, бұрыннан танитын қарт адамдардан да. Дәл осылай оқиға бірінен соң бірі өжалғасып, өрби береді.
### Дереккөздер |
Асенкритовка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Асенкритов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 957 адам (486 ер адам және 471 әйел адам) болса, 2009 жылы 1032 адамды (525 ер адам және 507 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алматы технологиялық университеті — технолог мамандарын даярлайтын жекеменшік жоғары оқу орны.
1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда:
* астық, ұн, жарма және құрама жем технол.;
* қантты өнімдер технол.;
* ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы;
* ет пен ет өнімдер технологы;
* сүт пен сүт өнімдері технологы;
* тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру;
* тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары;
* тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы;
* тігін бұйымдарын құрастыру;
* биотехнол.;
* тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру;
* экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша);
* кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша);
* тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау;
* халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады.
Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.
1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торбеті |
Журавлёвка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 183 адам (95 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 108 адамды (56 ер адам және 52 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Әйет ауылдық округі – Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Әйет, Журавлёвка, Красносельское, Оренбургское, Щербиновка ауылдары кіреді. Орталығы – Әйет ауылы.
## Тарихы
2013 жылы таратылған Красносельский ауылдық округі қосылды. 2017 жылы Әйет, Воронежское ауылдары таратылды. 2018 жылы Таран ауылдық округі Әйет ауылдық округі болып өзгертілді.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 6074 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Барсуковка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 81 адам (2009).
## Дереккөздер |
Қызылжар — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 381 адам (193 ер адам және 188 әйел адам) болса, 2009 жылы 410 адамды (210 ер адам және 200 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Нагорное — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 57 км-дей жерде, Қаратомар бөгенінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 540 адам (266 ер адам және 274 әйел адам) болса, 2009 жылы 434 адамды (214 ер адам және 220 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Евгеновка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 86 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1197 адам (596 ер адам және 601 әйел адам) болса, 2009 жылы 421 адамды (203 ер адам және 218 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
### Олимп батырлары
Олимп батырлары - американдық жазушы Рик Риордан жазған "Перси Джексонның" жалғасы болып табылатын 5 фантастикалық кітаптардан тұратын кітаптар жиынтығы. "Олимп батырлары" кітаптар жиынтығының ең алғашқысы 2010 жылы жарық көрді.
### Кітаптар
## Жоғалған батыр
Бұл кітап 2010 жылы жарық көріп, көптің сұранысына ие болды. Кітап Персидің титандардан кейінгі өмірі туралы баяндайды. Барлық соғыстан аман-есен шығып, жаңа өмір бастағалы жатқанда Перси жоғалып кетеді. Сол уақытта жартықандар лагерінде Джейсон өзінің 2 досымен келеді. Аннабет баста Джейсонға ашуланып жүреді. Кейін ойын өзгертеді. Гиганттармен соғыс басталғалы жатқандықтан ұзақ уақыт бойы араздасып келе жатқан екі лагерь бірігуі үшін Юнона, яғни, Гера Джейсон мен Персидің жадыларын алып, екі лагерьді біріктіру үшін оларды бір-бірінің үйіне жібереді. Джейсонның достары: Лео, Пайпер. Оракулмен айтылған сөзге байланысты Лео, Пайпер, Аннабет және Джейсон тағы Перси және 2 жартықұдай бірігіп, Геяның оянуына қарсы әрекетке баруы керек болады. Лео және Гефест үйіндегі жартықұдайлар "Арго2" деген ұшатын кеме салады.
## Нептун ұлы
Бұл кітап 2011 жылы жарық көрді. Кітап Персидің жеті жартықұдай миссиясында көрген қиыншылықтары жайлы баяндайды. Бұл кітапта Перси өзіне екі дос тауып алады. Олардың аты Хейзел және Фрэнк. Хейзел төменгі әлемнің құдайы Плутонның баласы, ал Фрэнк соғыс құдайы Марстың баласы. Олар үшеуі Танатос - өлім құдайын тұтқыннан шығаруға жолға аттанады. Олардың жолында көптеген қиындықтар кездеседі, бірақ үшеуі бір-біріне әрқашан қол ұшын созғаны үшін тірі қалды. Кітап соңында, олар қалған төртеуімен: Джейсон - аспан құдайы Юпитердің баласы, Лео - Гефесттің, өнер құдайының баласы, Пайпер - әдемілік құдайы Афродитаның баласы және Аннабет - білім құдайы Афинаның баласымен кездеседі.
## Афина белгісі
Кітап 2012 жылы жарық көрді. Бұл кітапта жеті батыр бастарын қосады. Олар бірге Афина Парфенос атты артефактты табу керек, ал əрі қарай Аннабет өте қорқынышты жерасты туннельде жүру керек. Бірақ Лео атты жартықұдайға Эйдолон еніп, ол арқылы римдіктерге соғыс ашады. Сөйтіп, жетеуі римдіктерден қашып, жолға шығады. Римдіктер оларды кешірмеді, сол үшін олардың артынан армия жіберді. Жеті батыр қашып, айла арқылы сол армияны өздерінен алыстатады. Бірақ жол ортасында Джейсонға түс келеді, ол Никоны - Аидтың (рим. Плутон) баласы гиганттардың тұтқынында. Жəне ол Перси мен Аннабеттің қаны жерге төгілсе, Гея ұйқыдан тұратынын білді. Сөйтіп, Аннабет өзі артефактты іздеуге барады, қалғаны Никоға көмектеседі. Соңында, Аннабет Афина Парфеносты табады жəне Нико құтқарылады, бірақ Арахна - өрмекші құдайы Аннабет пен Персиді Тартарға өзімен бірге алып кетеді.
## Аид үйі
Кітап 2013 жылы жарық көрді. Бұл кітап Аннабет пен Персидің Тартардағы өмірі жəне олардың жаңа жерлерге үйренуі. Олар жолында көптеген қиындықтарды көреді, солардан өтеді. Ал жоғарғы əлемде Нико жəне қалған бесеуі Перси мен Аннабет екеуі бара жатқан жерге жол жүреді. Ол ещтеңе болмас еді, бірақ олардың жолында өте көп монстрлар кездеседі. Перси мен Аннабет өздеріне дос тауып алады - Япет. Ол титан. Үшеуі бірге олар "өлім қақпасына" жетеді. Сонда Япет өз өмірі арқылы Перси жəне Аннабетті құтқарып, жоғарғы əлемге шығарады. Бірақ жоғарғы əлемнен Лео жəне Хейзел əлі "Өлім Қақпасын" ашпады, ал уақыт тығыз болып тұрды жəне оларға гигант кедергі келтірді, сонда Лео өзінің жұмыс жасайтын заттарымен есікті ашады да, сол жерден Перси мен Аннабет шығады. Оларда күш қалмаған еді, бірақ дəл сол уақытта оларға Джейсон, Фрэнк, Пайпер жəне Геката - магия құдайы қосылады. Бірге олар гигантты жеңеді.
## Олимп қаны
Кітап 2014 жылы жарық көрді. Бұл кітапта жеті батыр гиганттарға қарсы шығады. Біріншіден олар гиганттардың планын біліп алады, сол арқылы өздеріне қауіпсіз тактика құрастырады. Кейінірек, жетеуі де Ника - жеңіс құдайын ұстап алады, себебі ол Зевспен бірге болу керек. Батырлар ежелгі грек жеріне барып, гиганттармен соғысады, оларға көмекке құдайлардың өзі келеді. Бірақ соғысу ортасында Перси жəне Аннабеттің қаны төгілді, сол үшін Гея ұйқыдан оянды. Сол жетеуі қайтадан жартықұдайлар лагеріне келеді. Сол жерде Гея тұрды. Лео Геяны аспанға көтеріп, Джейсонмен бірге оны өлтіреді. Осыдан кейін барлығы жақсы болды.
### Кейіпкерлер
Жартықұдайлар - бойында құдайдың да, адамның да қаны кездесетін жаратылыстар. Джейсон - 16 жасты Зевс баласы.Пайпер - 16 жасты Афродита баласы.Лео - 16-17 жасты Гефест баласы.Перси - 17 жасты Посейдон баласы.Хейзел - жасы белгісіз, əкесі Аид.Фрэнк - 16 жасты Арес баласы.Аннабет - 16-17 жасты Афина баласы.Құдайлар - бар әлемді жаратқан және басқара алатын жаратылыстар. Титандар - құдайларға дейінгі әлемді билеген жаратылыстар. Адамдар - қарапайым пенделер.Гея - Жер құдайы, ең бірінші құдай.Гиганттар - Геяның балалары.
## Олимп батырлары
Олимп батырлары - американдық жазушы Рик Риордан жазған "Перси Джексонның" жалғасы болып табылатын 5 фантастикалық кітаптардан тұратын кітаптар жиынтығы. "Олимп батырлары" кітаптар жиынтығының ең алғашқысы 2010 жылы жарық көрді.
### Кітаптар
## Жоғалған батыр
Бұл кітап 2010 жылы жарық көріп, көптің сұранысына ие болды. Кітап Персидің титандардан кейінгі өмірі туралы баяндайды. Барлық соғыстан аман-есен шығып, жаңа өмір бастағалы жатқанда Перси жоғалып кетеді. Сол уақытта жартықандар лагерінде Джейсон өзінің 2 досымен келеді. Аннабет баста Джейсонға ашуланып жүреді. Кейін ойын өзгертеді. Гиганттармен соғыс басталғалы жатқандықтан ұзақ уақыт бойы араздасып келе жатқан екі лагерь бірігуі үшін Юнона, яғни, Гера Джейсон мен Персидің жадыларын алып, екі лагерьді біріктіру үшін оларды бір-бірінің үйіне жібереді. Джейсонның достары: Лео, Пайпер. Оракулмен айтылған сөзге байланысты Лео, Пайпер, Аннабет және Джейсон тағы Перси және 2 жартықұдай бірігіп, Геяның оянуына қарсы әрекетке баруы керек болады. Лео және Гефест үйіндегі жартықұдайлар "Арго2" деген ұшатын кеме салады.
## Нептун ұлы
Бұл кітап 2011 жылы жарық көрді. Кітап Персидің жеті жартықұдай миссиясында көрген қиыншылықтары жайлы баяндайды. Бұл кітапта Перси өзіне екі дос тауып алады. Олардың аты Хейзел және Фрэнк. Хейзел төменгі әлемнің құдайы Плутонның баласы, ал Фрэнк соғыс құдайы Марстың баласы. Олар үшеуі Танатос - өлім құдайын тұтқыннан шығаруға жолға аттанады. Олардың жолында көптеген қиындықтар кездеседі, бірақ үшеуі бір-біріне әрқашан қол ұшын созғаны үшін тірі қалды. Кітап соңында, олар қалған төртеуімен: Джейсон - аспан құдайы Юпитердің баласы, Лео - Гефесттің, өнер құдайының баласы, Пайпер - әдемілік құдайы Афродитаның баласы және Аннабет - білім құдайы Афинаның баласымен кездеседі.
## Афина белгісі
Кітап 2012 жылы жарық көрді. Бұл кітапта жеті батыр бастарын қосады. Олар бірге Афина Парфенос атты артефактты табу керек, ал əрі қарай Аннабет өте қорқынышты жерасты туннельде жүру керек. Бірақ Лео атты жартықұдайға Эйдолон еніп, ол арқылы римдіктерге соғыс ашады. Сөйтіп, жетеуі римдіктерден қашып, жолға шығады. Римдіктер оларды кешірмеді, сол үшін олардың артынан армия жіберді. Жеті батыр қашып, айла арқылы сол армияны өздерінен алыстатады. Бірақ жол ортасында Джейсонға түс келеді, ол Никоны - Аидтың (рим. Плутон) баласы гиганттардың тұтқынында. Жəне ол Перси мен Аннабеттің қаны жерге төгілсе, Гея ұйқыдан тұратынын білді. Сөйтіп, Аннабет өзі артефактты іздеуге барады, қалғаны Никоға көмектеседі. Соңында, Аннабет Афина Парфеносты табады жəне Нико құтқарылады, бірақ Арахна - өрмекші құдайы Аннабет пен Персиді Тартарға өзімен бірге алып кетеді.
## Аид үйі
Кітап 2013 жылы жарық көрді. Бұл кітап Аннабет пен Персидің Тартардағы өмірі жəне олардың жаңа жерлерге үйренуі. Олар жолында көптеген қиындықтарды көреді, солардан өтеді. Ал жоғарғы əлемде Нико жəне қалған бесеуі Перси мен Аннабет екеуі бара жатқан жерге жол жүреді. Ол ещтеңе болмас еді, бірақ олардың жолында өте көп монстрлар кездеседі. Перси мен Аннабет өздеріне дос тауып алады - Япет. Ол титан. Үшеуі бірге олар "өлім қақпасына" жетеді. Сонда Япет өз өмірі арқылы Перси жəне Аннабетті құтқарып, жоғарғы əлемге шығарады. Бірақ жоғарғы əлемнен Лео жəне Хейзел əлі "Өлім Қақпасын" ашпады, ал уақыт тығыз болып тұрды жəне оларға гигант кедергі келтірді, сонда Лео өзінің жұмыс жасайтын заттарымен есікті ашады да, сол жерден Перси мен Аннабет шығады. Оларда күш қалмаған еді, бірақ дəл сол уақытта оларға Джейсон, Фрэнк, Пайпер жəне Геката - магия құдайы қосылады. Бірге олар гигантты жеңеді.
## Олимп қаны
Кітап 2014 жылы жарық көрді. Бұл кітапта жеті батыр гиганттарға қарсы шығады. Біріншіден олар гиганттардың планын біліп алады, сол арқылы өздеріне қауіпсіз тактика құрастырады. Кейінірек, жетеуі де Ника - жеңіс құдайын ұстап алады, себебі ол Зевспен бірге болу керек. Батырлар ежелгі грек жеріне барып, гиганттармен соғысады, оларға көмекке құдайлардың өзі келеді. Бірақ соғысу ортасында Перси жəне Аннабеттің қаны төгілді, сол үшін Гея ұйқыдан оянды. Сол жетеуі қайтадан жартықұдайлар лагеріне келеді. Сол жерде Гея тұрды. Лео Геяны аспанға көтеріп, Джейсонмен бірге оны өлтіреді. Осыдан кейін барлығы жақсы болды.
### Кейіпкерлер
Жартықұдайлар - бойында құдайдың да, адамның да қаны кездесетін жаратылыстар. Джейсон - 16 жасты Зевс баласы.Пайпер - 16 жасты Афродита баласы.Лео - 16-17 жасты Гефест баласы.Перси - 17 жасты Посейдон баласы.Хейзел - жасы белгісіз, əкесі Аид.Фрэнк - 16 жасты Арес баласы.Аннабет - 16-17 жасты Афина баласы.Құдайлар - бар әлемді жаратқан және басқара алатын жаратылыстар. Титандар - құдайларға дейінгі әлемді билеген жаратылыстар. Адамдар - қарапайым пенделер.Гея - Жер құдайы, ең бірінші құдай.Гиганттар - Геяның балалары. |
Байшуақ (2023 жылға дейін — Елизаветинка) — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Байшуақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1154 адам (512 ер адам және 642 әйел адам) болса, 2009 жылы 909 адамды (426 ер адам және 483 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Набережное — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Байшуақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Қаратомар бөгенінің солтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 433 адам (202 ер адам және 231 әйел адам) болса, 2009 жылы 279 адамды (143 ер адам және 136 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Майское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Май ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2700 адам (1254 ер адам және 1446 әйел адам) болса, 2009 жылы 2097 адамды (973 ер адам және 1124 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дегелектәріздестер немесе Сирақты құстар отряды(Ciconiiformes) - 6 тұқымдастардан (құтандар, қайықтұмсықтылар, китбастылар, балғабастылар, дегелектер, тырнақұтандар тұқымдастары) біріктіріліп, 118 түрден тұратын өте әртекті топ. Олардың аяқ құрылысы барлығына ортақ - әдетте жіліншігі мен сирақтың төменгі бөлігі белгісіздеу, ұзын болып келеді. Артқы төртінші саусағы дамыған, орта және сыртқы саусақтардың түпкі жағы әлсіз және жіңішке жарғақпен байланысқан. Қалған бөліктері бірінен-бірі ерекше ажыратылады. Олардың дене мөлшері 100 граммнан 6 килограммға дейін жетеді. Отрядтың ұсақ өкілдері жұмсақ қауырсынды, ал ірі өкілдерінің қауырсындары тығыз және қатқыл. Тұмсықтары әр пішінді болғанымен, үнемі ұзын болып келеді.Күндізгі кешкілікті және түнгі құстар түрі бар, негізінен алғанда суда және су маңында болады. Жануартекті жеммен қоректенеді. Алайда аулау жолдарында айырмашылық көп - жүргенде және ұшқанда қарауылдап, тасадан қарау, тұмсығымен барлап қараудан бастап, өлексемен қоректенуге дейінгі әдістер бар. Олар жемдерін бөлшектемей, тұтастай жұтады. Әр түрлі жағдайларда ұялап, жиі шоғыр түзеді.
## Дереккөздер |
Приреченское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Май ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 162 адам (83 ер адам және 79 әйел адам) болса, 2009 жылы 176 адамды (89 ер адам және 87 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Пернебек Момынұлы Момынов (1931 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған) — музыка зерттеушісі, өнертанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
## Толығырақ
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
* Пернебек Момынұлы 1931 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.
* 1951 - 1956 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
* 1956 - 1961 жылдары Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж директоры.
* 1961 - 1964 жылдары Алматы музыкалық колледжінің мұғалімі.
* 1964 - 1968 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігінің "оқу-әдістемелік және эстетикалық музыкалық жұмыс" бөлімінің меңгерушісі.
* 1968 - 1981 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры.
* 1981 - 1986 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бөлім меңгерушісі, декан, доцент лауазымдарын атқарған.
* 1986 - 1990 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.
* 1990–2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі
* Бүгінде Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры.
## Шығармашылығы
Пернебек Момынұлы «Ән-музыка оқулығы, 3-класс» (1967 ж.), «Музыканы тыңдап, түсіне білу» (1969 ж.), «Ән музыка сабағы 6-класс оқулығы» (1974 ж.), «Музыка әлеміне саяхат» (1982 ж.), «Преподавание музыки в начальных классах в общеобразовательных школах Казахстана» (1982 ж.), «Мектеп оқушылары мен студент жастардың музыкалы-эстетикалық тәрбиесі мен білім беру педагогикалық проблемалары» (1993 ж.), «Музыкалы-эстетикалық тәрбие. 1-2 том» (2002 ж.) және т.б кітаптардың авторы.
## Марапаттары
* 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Ленінің туғанына 100 жыл" медалі
* "Ұлы отан соғысна 65, 70 жыл" медалі
* "Еңбек ардагері" медалі және т.б медалдарымен марапатталған.
* Қазақ КСР Оқу ағатру ісінің үздігі;
* ҚР Білім беру ісінің Үздігі;
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері;
* Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры;
* Педагогика ғылымдарының кандидаты;
* доцент;
## Оқушылары
* Арыстанбек Мұхамедиұлы, Шілдебаева.П, Ешекеев.М, Досаева.А және т.б танымал өнер жұлдыздары. |
Әйет — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 60 адам (2009).
## Дереккөздер |
Оренбургское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан батысқа қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 503 адам (238 ер адам және 265 әйел адам) болса, 2009 жылы 327 адамды (160 ер адам және 167 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Щербиновка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 220 адам (103 ер адам және 117 әйел адам) болса, 2009 жылы 166 адамды (78 ер адам және 88 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жеңіс Сейдуллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры (2018 жылдан бастап), "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007). Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2018)
## Толығырақ
* Жеңіс Сейдуллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
* 1978-1982 – Шымкенттік музыкалық училище, «Музыка теориясы» бөлімі, «Хор дирижері» мамандығы
* 1982-1985 – Республикалық эстрада өнер студиясы, «Эстрадалық вокал» бөлімі;
* 2000-2005 – Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» университеті, «Экономика және менеджмент» бөлімі, «Экономист» мамандығы;
* 2012 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі.
Еңбек жолы
* 1984-1987 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің оркестр әртісі;
* 1989-1994 – Сүйінбай атындағы Облыстық филармония оркестрінің әртісі;
* 1994-1997 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері;
* 1998-2004 – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі және ұйымдастырушысы;
* 2005 – «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратында «Идеология» бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
* 2006-2013 – «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «Гүлдер» ансамблінің директоры;
* 2013 – «Қазақ әуендері» АҚ Алматы қаласындағы Аймақтық директоры;
* 2013-2014 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры;
* 2014 – «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры;
* 2016-2018 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры;
* 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек етуде.
### Жетістіктері
* 2006 жылы 8 желтоқсанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2007 жылы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
* 2010 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалі
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2015 жылдың 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
* 2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
* 2015 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының құрметті азаматы атағы
* 2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" алтын медалі
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалі
* 2018 жылы «Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталған.
* 2019 жылы ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған. |
Жамбаскөл — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2021 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 36 адам (17 ер адам және 19 әйел адам) болса, 2009 жылы 32 адамды (14 ер адам және 18 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Береговое — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Калинин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 42 км-дей жерде. Қаратомар бөгенінің шығыс жағалауында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1552 адам (756 ер адам және 796 әйел адам) болса, 2009 жылы 1581 адамды (756 ер адам және 825 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Баубек - Шекті (Жаманақ) тайпасынан тараған ру.
Баубектен үш ұл тарайды, Темірбақты, Көкбөрі, Жанқылыш.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
Баубек руынан кімдер бар? Мұрағатталған 3 сәуірдің 2017 жылы. |
Дәуіт – Қаратүп түбегі мен Берг бұғазы аралығындағы тау.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы Кіші Арал теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 161 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге, енді жері 2 км-ге созылып жатыр. Беткейі жайпақ, шығыс, оңтүстік-батыс бөліктері 36 м-лік тік жартасты қабаттармен көмкерілген.
## Геологиялық құрылымы
Аллювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған палеоген жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Шөлдің сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын өседі.
## Дереккөздер |
Баян Байғожина (1926, Абай ауданы, Арқат ауылы - 27.04.1945, Германия, қ) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, мерген.
## Өмірбаяны
1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Арқат ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанған. Белорусь, Литва, Польша, Германия жерлерін азат ету ұрыстарына қатысады. 1945 жылы 27 сәуірде Гиденбург қаласы үшін болған ұрыста 15 фашисті құрытып, ерлікпен қаза табады.
### Марапаттары
Ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз, 2,3-дәрежелі "Данқ" ордендерімен, "Жауынгерлік ерлігі" үшін медалімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Ефрейтор Байғожинаның ерлік өмірі туралы әскери тілші П.Кузнецов 1945 жылы "Комсомольская правда" газетінде "Шыңғыстаудың баяны" деген мақаласын жариялады. "Алматыдан Берлинге дейін" атты кітабында Баянның есімін тағы да құрметпен еске алады. Журналист Қ. Молдақашев "Баян" атты поэма жазды. Қарауыл ауылындағы бір көшеге Баян есімі берілген.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* http://www.kremnik.ru/node/462329 |
Воронежское — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 120 адам (2009).
## Дереккөздер |
Өріс - Шекті (Жаманақ) бір тармағы.
Өрістен екі ұл тараған - Есенәлі, Айдарбек.
Айдарбектен төрт ұрпақ тараған - Ардана, Татыран, Алтынбай, Күлік.Есенәліден екі ұрпақ тараған - Палуан және Кішкене.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Шекті руын талдап берсеңіз Мұрағатталған 3 сәуірдің 2017 жылы. |
Есім Жүкеұлы Сегізбаев (1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданында туған) — актер, педагог. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі.
## Толығырақ
* Есім Жүкеұлы 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген.
* 1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірген.
* 1958 - 1961 жылдары-әскер қатарында болды, аға лейтенант.
* 1961 - 1965 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кино және драма актеры мамандығын бойынша бітірген.
* 1965 - 1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті.
* 1978 жылдан негізгі кәсіби мамандғы «Актер шеберлігі» пәнінен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды.
* Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
## Шығармашылығы
* 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.
* Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.
* «Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.
* Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл.
## Марапаттары
* 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
* 1983 жылы "Еңбек ардагері" медалі
* 1996 жылы ҚР Білім беру ісінің Үздігі
* 1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіның Құрмет грамотасымен марапатталған.
* 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (құрметті атағы)
* 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* президент жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталған.
* ҚР Мәдениет саласының Үздігі (құрметті медалі)
* 2015 жылы "ҰЛы отан соғысына 70 жыл" медалі
* Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалі
* Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті пеадгогикалық төсбелгісі және т.б медалдармен марапатталғ |
Қайыңдыкөл — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл, Белинский ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1076 адам (530 ер адам және 546 әйел адам) болса, 2009 жылы 551 адамды (285 ер адам және 266 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Алабұталы — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Камышин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 185 адам (85 ер адам және 100 әйел адам) болса, 2009 жылы 167 адамды (76 ер адам және 91 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Таза Шаңдақ — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Камышин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 838 адам (397 ер адам және 441 әйел адам) болса, 2009 жылы 509 адамды (247 ер адам және 262 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Северное — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Камышин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 181 адам (96 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 92 адамды (49 ер адам және 43 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Дарико Сопыжанқызы Хасанғалиева (1943 жылы 25 мамырда Қарағандыда туған) — қазақстандық дәрігер - фтизиатр. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық "Қызыл жарты ай" қоғамының төрайымы. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Құрмет, Шапағат ордендерінің иегері. Ескендір Хасанғалиевтың жұбайы.
## Толығырақ
* Дарико Сопыжанқызы 1943 жылы 25 мамырда Қарағандыда дүниеге келген.
* Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірген.
* Мәскеудегі Денсаулық сақтау министрлігінің өкпе аурулары орталық ғылыми зерттеу институтының клиникалық ординатурасын бітірген. мамандығы дәрігер - фтизиатр.
* 1973 - 1980 жылдары Алматыдағы өкпе аурулары ғылыми зерттеу институтында анестезиология және жан сақтау бөлімінде жұмыс істеген.
* 1980 - 1983 жылдары Алматыдағы өкпе аурулары ғылыми зерттеу институтынның кәсіподақ төрайымы қызметінде,
* 1983 - 1987 жылдары Алматы қаласындағы Ленин аудандық денсаулық сақтау комитетін басқарған.
* Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық "Қызыл жарты ай" қоғамының төрайымы.
## Марапаттары
* 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған.
* Қазақстанның Қызыл жарты айының Құрмет грамотасымен марапатталған.
* Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет" орденімен марапатталған.
* 2004 жылы Қазақстанның мемлекеттік марапаты "Шапағат медалі" мен марапатталған.
## Отбасы
* Тұрмыс құрған. Жары: Қазақ ССР халық артисі, композитор Ескендір Хасанғалиев.
* Баласы: композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев
* Қыздары бар. |
Александрополь — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Фёдоров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 485 адам (230 ер адам және 255 әйел адам) болса, 2009 жылы 271 адамды (137 ер адам және 134 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қамысты Шаңдақ — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Камышин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 416 адам (197 ер адам және 219 әйел адам) болса, 2009 жылы 226 адамды (105 ер адам және 121 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Смаилов — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 78 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 902 адам (420 ер адам және 482 әйел адам) болса, 2009 жылы 303 адамды (158 ер адам және 145 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Приозёрное — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл, 2019-жылға дейін қысқартылған "Приозёрный ауылдық округі" орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйет ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1042 адам (507 ер адам және 535 әйел адам) болса, 2009 жылы 668 адамды (328 ер адам және 340 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Приозёрное — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Фёдоров ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылының оңтүстік-шығыс іргесінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 458 адам (219 ер адам және 239 әйел адам) болса, 2009 жылы 403 адамды (198 ер адам және 205 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — 1943 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Шымкент қаласындағы 76 техникалық мамандықтар және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы жоғары оқу орны.
## Тарихы
Сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде, 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Осы жылдың 29 маусымында КСРО Халкомы жанындағы жоғары мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық Комитет пен КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі комисарының «Қазақ КСР-і Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы» білескен бұйрығы шықты. Бұл ел басына күн туған сол бір ауыр кезде ертеңгі жеңіске деген нық сенімнің көрінісі еді. Қирап қалған мыңдаған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің инженер мамандарын даярлау қажеттігін ел басшылары күні бұрын ойластырған болатын.
Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ. Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1993 жылы Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орны еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді.
## Құрылымы
* Ректорат
* Ғылыми Кеңес
* Оқу-әдістемелік Кеңес
* Оқу-әдістемелік басқарма
* Тіркеу кеңсесі
* Тәрбие ісі жөніндегі басқарма
* Орталықтар
* Кәсіподақ
* Бітіруші түлектер Ассоциациясы
## Университет құрамындағы факультеттер
Университеттің құрамында – 14 факультет:
* Агроөнеркәсіп факультеті
* Ақпараттық технологиялар факультеті
* Заң факультеті
* Жаратылыстану-педогогикалық факультеті
* Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті
* Құрылыс және көлік факультеті
* Механика және мұнайгаз ісі факультеті
* Педагогика және мәдениет факультеті
* Дене шынықтыру және спорт факультеті
* Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті
* Филология факультеті
* Химия-технологиялық факультеті
* Экономика және қаржы факультеті
* Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті
* Әскери кафедра
## Оқу процесі
Шет ел студенттерімен жұмыс жасау факультеті және колледж бар. Университет білім берудің халықаралық стандарттарына ауысқан, бакалавриатта, магистратурада, phD докторантурада мамандарды дайындау барысында оқытудың кредиттік технологиясы мен үш деңгейлі жүйесі жұмыс истейді. Университет жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша білім беру қызметтеріне ИСО 9001:2000 сәйкес халықаралық сертификациядан өткен. Университетте елге танымал ғалымдар мен мамандар, білім беруге, мәдениетке және спортқа еңбегі сіңген қызметкерлер жұмыс атқарады: 120 – ғылым докторы, 604 – ғылым кандидаты, 4 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР ҰИҒА академигі, 1 Қазақ білім беру академиясының академигі, 1 педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым акадмиясының академигі. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде АҚШ, Германия, Испания, Бельгия, Ресейдің ғалымдары шақырылған.
## Материалдық-техникалық базасы
Университеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 46 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1700 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 1200 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады.Университетте 87 мамандық бойынша 31 мыңнан астам студенттер оқиды. Олардың ішінде 8873 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде инженерлік мамандық студенттері контингентінің артуының тұрақты тенденциясы қалыптасты. Соңғы екі жыл көлемінде біздің университет ұтып алған грант нәтижесінде республикадағы 2-ші орынды иеленіп келеді. ОҚУ Германиялық ASIIN агенттігінде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудан өткізу арқылы техникалық сала мамандарын даярлаудың жоғары сапасын дәлелдеген қазақстандық ЖОО-лардың алғашқысы болды. Университет ректорының бастамасымен кәсіпорындармен, ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету және маркетингтік зерттеулер жүргізумен айналысатын мансап және маркетинг орталығы ашылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры – ҚР ҰҒА академигі,
## Студенттік өмір
ОҚУ – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 2002 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады. Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады. Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Студенттердің әр ұлттың мәдениетіне әрекеттесуімен өзара толысу үшін, университет ректоры У.Қ.Бишімбаевтың бастамасымен университетте студент белсенділерінің базасымен, құрамында 29 ұлт өкілдерінен тұратын ОҚУ-да Кіші халықтар Ассамблеясы құрылған. Университет базасында 2005 жылдан бастап, жалпы ОҚУ-дың 450 студенттерінен құралған 20 облыстық студенттік құрылыс отряды (СҚО) штабы жұмыс жасайды. Университетте барлығы 250 студенттен 10 отрядтан тұратын «Жасыл ел» штабы құрылған. Отряд бағдарламасының мақсаты ОҚО-ның табиғатын қорғау заңдарын, қалалар мен аудандардағы табиғатты қорғаудағы экологиялық және оны көгалдандыру мәселелерін қамту болып табылады. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет факультеттерінде дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықта-рының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын 20 клуб қызмет атқарады.Университет студенттерінің көркем-шығармашылық қабілеттерін, таным іс-әрекеттерін, рухани, өнегелі және физикалық потенциалын телінуі үшін қоғамдық мамандықтар факультеті (ҚМФ) жұмыс істейді.Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 6500 студент жастар «Жастар Рухы», 3200 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады.Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын «М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттік кәсіподақ комитеті» қызмет атқарады. Студенттік кәсіподақ комитеті жаппай мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруға белсенді түрде қатысады.Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, «Президенттік миля» атты денсаулық фестивалі, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін гимнастика, шейпинг, күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған тренажерлық залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқарады. Университетте жыл бойы жүзу бассейні жұмыс істейді. Студенттер мен ПОҚ абонементінің бассейнге түсу ақысы 50%-ға төмендетілген. Жазғы демалыста «Машат» және «Біргөлік» шатқалдарында орналасқан университеттік спорттық-шипалы лагерьлер жұмыс істейді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Университеттің ресми сайты Мұрағатталған 7 қарашаның 2023 жылы. |
Ағаштыкөл, Боталыкөл – Торғай өзені алабындағы тұщы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында, Үрпек ауылынан шығысқа қарай 3,5 км-дей жерде, Торғай өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
## Сипаты
Ұзындығы мен ені шамалас, жыл бойы суы ортаймайды. Жағалауларының ұзындығы 10-12 км, ауданы 25-30 км2. Торғай өзенімен қолдан қазылған арық арқылы жалғастырылған. Көктем сайын су тасығанда айдыны өзен суымен және жауын-шашынмен толысып тұрады. Оңтүстік жағалаулары сыңсыған қалың жыңғыл, тал, қамыс, қоға, шағыр, алабота, ши. Солтүстік беткейі Торғай өзеніне дейін шабындық. Көктемде қоға арасына құстар ұя салып, суында табан, алабұға, шортан, ақшабақ тіршілік етеді. Жаз бойы ел жайлап, мал жайылады. Солтүстік-батыс жағалауындағы төбенің басына 19 ғасыр ескерткіші – күйдірілген кірпіштен қаланған Маңғал тамы, бұрын Иманов атындағы кеңшардың бір фермасы болған Ағаштыкөл ауылы орналасқан. Бұл жерлерде 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған көтерілісші сарбаздар полковник Тургеневтің жазалаушы отрядына қарсы соғысты (қ. Доғал-Үрпек шайқасы).
## Дереккөздер |
Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан). ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2017).
## Толығырақ
* Байұлы тайпасының Қызылқұрт руынан шыққан.
* Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген.
* 1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген.
* Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген.
* 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
* Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген.
## Еңбек жолы
* 2002 - 2004 жылдары Алматы консерваториясыннда болашақ мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған.
* 2004 - 2015 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің музыкалық аспаптарының кафедрасында оқытушы, аға оқытушы.
* 2010 - 2013 жылдары осы оқу орнында доцент міндетін атқарған.
* 2013 - 2015 жылдары Ескендір Хасанғалиев студиясының директоры.
* 2015 жылы Астана опера мемлекеттік опера және балет театрының директорының орынбасары қызыметін атқарған.
* 2015 жылдан Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры лауазымын атқарады.
## Марапаттары
* 2012 жылы ҚР тұңғыш президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
* 2012 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
* 2012 жылы "Ильхом" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
* 2011 жылы елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған.
* 2015 жылы "Қазақстан халқы ассаблиясына 20 жыл" медалі
* 2016 жылы елбасының жарлығымен ҚР Мәдениет министрінің қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2017 - ТМД Ассамблиясының құрмет грамотасы
* 2017 - Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (ғылыми атағы)
## Отбасы
* Әкесі: композитор, Қазақ ССР халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Ескендір Хасанғалиев
* Анасы: дәрігер, Құрмет орденінің иегері Дарико Хасанғалиева
* Үйленген. 1 қызы бар. |
Жұмабай Ахметұлы Орманбаев (1906 –1985) – журналист, жазушы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының түлегі. 1927 жылы Орта Азия коммунистік университетін бітірген.
## Қызмет жолы
* Ташкентте студенттердің "Кедей айнасы" журналының редакторы, әрі университет комсомол ұйымының хатшысы.
* 1927−1935 жылдары "Лениншіл жас" (Қызылорда), "Еңбек майданы" (Қарқаралы), "Сыр бойы" (Қызылорда), "Колхоз жолы" (Көкшетау), "Ленин туы" (Петропавл), "Қарағанды пролетариаты" (Қарағанды) газеттерінде редактор болды.
* 1941−1966 жылдары Ақмола облысы "Коммунизм таңы" газеттерінде, "Жаңа өмір" журналында істеді.
## Еңбектері
1928 жылы − "Жылқышылар", 1967 жылы − "Қос басшы", 1968 жылы − "Шопан Дадеш", 1972 жылы − "Тұзақталған шортан" атты кітаптары жарық көрді.
## Дереккөздер |
Қарабас Көшейұлы – халық батыры, би, күйші. XVIII ғасырда Торғай өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Арғы тегі кіші арғыннның шақшақ руынан бастау алады. Шақшақ Жәнібек тарханның ұлы атасы, Есім ханның тұсында ерлігімен көзге түсіп, жасақты қол бастаған кісі. Шақшақтан туған Бақай, Көшей, Дүзей, Есназар, Ақназар есімді алты ұл жаугершілік заманда «Шақшақтың алты бөрісі» атанған. Көшейден Аю, Қарабас, Қошқар, Тіней есімді төрт ұл тарайды. Қарабас батыр батыр болып өскен. Болашақ қайын жұрты Сарымырзаның ауылын Тұрсын шапқанда, соңынан жалғыз қуып барып, қалыңдығы Қиялсұлуға қоса бүкіл малын алып қайтқан.
## Ел аузындағы деректер
### Көріпкелдігі
Батыр туралы ел аузында сақталған аңыз көп. Қазіргі Шақшақ Жәнібек ауылының батыс жағындағы Қарсақбасы тауы Қарабас батырдың қарауыл төбесі болған көрінеді. Қарт батыр тоқсаннан асқан шағында әулетінің ат жалын тартып мінер азаматтары жорықта жүргенде өзінен-өзі назаланып: «Иә, Алла, мені оттың басында, ошақтың қасында аласың ба? деп налыған екен дейді. Айтқандай түс ауа ауылға жау шауып, төсекте жатқан қарт батыр жайдақ атқа міне салып, қалың қолға қарсы ұмтылып, осы шайқаста қаза атпқан. Батыр көріпкелдігі бар әулие болған. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Сарыбұлақ ауылының батыс жағындағы ұзын төбенің басында орналасқан үлкен қорым «Қарабас әулие қорымы» деп аталады. Қорым көлемі бұл төңіректі үлкен ел қоныс екенін дәлелдейді. 18-19 ғасырларда осы тұстан керуен жолы өткен, пошта қатынасы орнаған. Әулие қорымы қасиетті орын саналып, басына түнеп, тәу етушілер әлі күнге үзілмей келеді.
### Күйшілігі
Қарабас батыр әулиелігіне қоса дәулескер күйші болған. 96 жасында жауға шапқан қарт батырдың «Қарабас» күйі қазақ жұртының ең көп тараған музыкалық шығармаларының бірі. Бұл күйді кезінде белгілі этнограф А.В. Затаевич күйші Махамбет Бөкейхановтың тартуында нотаға түсіріп, «Қазақтың 500 әні мен күйі» (1931) кітабына енгізген. Күйдің 1934-1939 жылдары академик А. Жұбанов нотаға түсірген нұсқасы Қазақстан Ғылым Академиясының орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Халық ақыны А. Әбіқаев «Қаражорға» күйін де Қарабастікі дейтін. Ақын С. Тұрғынбеков «Қрабас күйі» атты баллада жазып, 1965 жылы Жангелдин ауданының «Жаңа өмір» газетінде жариялады. Батыр, күйші, әулие өміріне байланысты филология ғлымының докторы, музыка зерттеуші А. Сейдімбеков, жазушы Ә. Кекілбаев, журналист С. Мыпқалиев шығармалары мен зерттеулерінде құнды деректер береді. Қарабас батырдан тараған Құдайберген, Есберлі, Қожамқұл, Қойбағар ұрпақтары бүгінде үлкен рулы жұртқа айналды.
## Дереккөздер |
Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков (1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысы — 19 қаңтар 2021) — қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.
* Совхохда жүргізуші болып жұмыс жасаған.
* 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильіміне спорттық іс-шараларына шақырту алады.
* 1966 жылы "Қилы кезең" фильміне түседі.
* 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (реж: Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастайды.
* 1968 жылы "Көгілдір такси" фильімне түсті.
* 1978 жылы "Қан мен тер" фильмінде эпизоттағы рөлді сомдаған.
* 1979 жылы "Егер сіз он екі жасқа болғанда" фильміндегі Қатештің әкесі рөлінде және т.б бас аяғы 12 кинофильмге түскен.
## Марапаттары
* ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткер" құрметті атағымен марапатталған.
* 2005 жылы "Ұлы отан соғысына 60 жыл" медалі
* 2010 жылы "Ұлы отан соғысына 65 жыл" медалі
* 2015 жылы "Ұлы отан соғысына 70 жыл" медалі
* 2015 жылы "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік медалі
* 2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* Алматы облысының Құрметті азаматы
* Көксу ауданының құрметті азаматы
* ҚР президентінің және облыс әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
* 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы.
## Отбасы
* 10 баласынан 20 немере, 7 шөбере сүйген.
## Дереккөздер |
Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова (1963 жылы 8 тамызда Алматыда туған) — кәсіби музыкант, музыкалық - педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Достастық жұлдызы" Халықаралық сыйлығының лауреаты (ТМД 2015). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (2014 жылдан). Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
## Толығырақ
1981 - 1986 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын "Фортепиано" мамандығы бойынша оқу бітірді. 1984 - 1998 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің мұғалімі, Концертмейстері және ұйымдастырушы ұстазы. 1989 - 1998 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "музыкалық білім әдістемесі, музыкалық аспаптар, музыкалық білім және музыкалық теориясы әдістемесі" кафедрасының оқытушысы. 1998 - 2001 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің Фортепиано мұғалімі және 2001 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы болса, ал 2004 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша асперантураны аяқтады. 2008 жылдан бастап доцент атанды. Республикалық және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ұйымдастырушысы болып табылады. Тәуелсіз аккредиттеу агенттігі және рейтингтер орталығының сарапшысы болып саналды.
## Еңбек жолы
* 1984 - 1998 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің мұғалімі, Концертмейстері және ұйымдастырушы ұстазы.
* 1989 - 1998 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "музыкалық білім әдістемесі, музыкалық аспаптар, музыкалық білім және музыкалық теориясы әдістемесі" кафедрасының оқытушысы.
* 1998 - 2001 жылдары Алматыдағы №1 Әміре Қашаубаев атындағы балалар музыкалық мектебінің Фортепиано мұғалімі.
* 2001 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
* 2008 жылдан доцент
* 2008 - 2009 жылдары осы оқу орнының "эстрадалық өнер бөлімі" кафедрасының деканы.
* 2009 - 2014 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры.
* 2014 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымында.
## Марапаттары
* Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
* 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2012 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорының жұмысын атқара бастады. 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі
* 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі
* 2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
* 2015 жылы ТМД елдері арасындағы "Достастық жұлдызы" халықаралық сыйлығы және алтын белгісімен марапатталған (Ресей, ТМД);
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* ҚР тұңғыш президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
* ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы мен алғыс хатымен марапатталған.
* Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.
## Отбасы
* Әкесі: әнші, Қазақ КСР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғали Нүсіпжанов
* Анасы: Айгүл
* Бауырлары: Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар. |
Байқайың — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Ленин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 227 адам (110 ер адам және 117 әйел адам) болса, 2009 жылы 72 адамды (41 ер адам және 31 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сақал Керей - Орта жүз Ашамайлы Керейден тараған ру. Шежіре деректері бойынша Асан,Үсен,Сапар деген үш атаға бөлінеді. Окт.соц.революциясына дейін Петропавл у-н, Көлденең Есіл бойындағы жолдыөзек өңірін, қазіргі Солт.Қазақстан облысының Булаев ауданындағы Қарақоға станциясын, "Қызылқорған" к-зын, Керей аулын, Омбы облысының Есілкөл ауданын мекендеген Сақал Керей егіншілікпен,аңшылықпен,қолөнермен,мал шаруашылығымен шұғылданған.
## Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-ші том.1976 |
Жаңақой — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Ленин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 435 адам (211 ер адам және 224 әйел адам) болса, 2009 жылы 214 адамды (102 ер адам және 112 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Сайтас, Сайтас-Қотан, Ұзын Шыңғырлау – Түркістан облысы Келес ауданындағы өзен.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 58 км, су жинау алқабы 520 км2. Қыратты жазықтан басталып, Сырдарияға жетпей тартылып қалады. Арнаса жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Өзен суын Келес ауданының шаруашылықтары толығынан пайдаланады.
## Дереккөздер |
Бопай (туған-өлген жылдары белгісіз) — Кенесары Қасымұлы көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі, Кенесарының қарындасы. Көкшетауда дүниеге келген. Қасым төренің Саржан, Есенкелді, Ағатай, Көшек, Кенесары және Наурызбай атты 6 ұлының арасындағы жалғыз қызы. Деректерде Бопы болып та кездеседі. Бопай бойжеткен шағында Әбілқайырдың Сәмеке деген ұлына ұзатылады. Жастайынан сұлулығымен, өжеттігімен көзге түскен. Өзінің күйеуі мен оның туыстары сұлтан Сартеке, Досан Әбілқайыровтарды көтеріліске қосылуға тартады. Олардан келісім ала алмаған соң, 1837 ж өзінің 6 баласын ертіп, көтерілісшілерге қосылады. Бопай 600 адамнан тұратын ерекше топты басқарады. Көтерілісшілердің бұл тобы Кенесары әскерлерін жабдықтаумен шұғылданып, елден зекет, көтеріліске қосылмаған сұлтандардан мал-мүлік жинады. Бопай қатысқан шайқастардың ішіндегі ең ірісі — 1838 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының терістік батыс аудандарына бағытталған Аманқарағай дуанына шабуылы. 1840 жылы Қасым төре, балалары Көшек, Бопай қолдау іздеп, Хиуаға барар жолда (Созақ маңында) Ташкент бегінің қолына түсіп, Бопай Әзірет бекінісіне қамауға алынады. Көшек Ташкентке жіберіледі. Тұтқында жүріп Бопай Кенесары әскерінің құрамындағы ұлы Нұрқанның Ақтөбе жасағының қолына тұтқынға түскенін естиді.
Бопай 1847 жылы қырғыз манаптарына қарсы шабуылда Кенесарымен бірге болған. Дүние салған жері Ырғыз бойы. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Бопай атында ауыл бар. Зираты осы ауылдың тұсындағы төбешік басында орналасқан.
## Естеліктер
Тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегіндегі былай дейді: «Өзінің əскери ерліктерімен Кенесарының қарындасы Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы күндерінен-ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің күйеуі Сəмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке жəне Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен. Олар келісім бермеген соң Бопай 1837 жылы өзінің күйеуін жəне оның туыстарын тастап, өзімен алты баласын алып, өз тағдырын көтерілісшілер тағдырымен біржола қосады. Бопай зекет жинайтын жəне көтеріліске қосылмаған сұлтандардың мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын 600 адамдық ерекше топты басқарды».
Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында былай жазылған:«Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет қырқасынан байын, малын тастап алты баласымен Кенесарының қарындасы Бопай да барып қосылды деген де рас па? - Рас. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық бөрі емес пе. Бопай қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уəли ханның ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді.- Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со жерде десеңізші... - Неге? - Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болған жоқ па еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған бермеген. Алты бала тапса да Бопай Жанайдар десе ішкен асын жерге қояды деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары ордасында қосылған болар».
## Дереккөздер |
Банновка — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Баннов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1188 адам (576 ер адам және 612 әйел адам) болса, 2009 жылы 1061 адамды (494 ер адам және 567 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.
## Университет тарихы
### Құрылуы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты және М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі 1944 жылдың сәуір айында СОКП Орталық Комитеті бюросының қабылдаған “Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог-мамандар дайындау” туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды.
Қабырғасы жаңа қаланған институттың құрамындағы физика-математика, тарих, тіл және әдебиет факультеттерінің әрқайсысына 30-дан студент қабылдауға және 2 жылдық дайындық курсын ашу, оған 60 талапкер қабылдау және олардың тамағы, киімі, кітап т.б. керек-жарағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім шығарылды. Инсти-тутқа Гоголь көшесіндегі 119 үйді оқу ғимараты, Лесная көшесіндегі 86 үй жатақхана ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматы құрылыс тресіне оқу орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, ал ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне 300 адамды жиһаз, төсек-орынмен жабдықтау тапсырылды.
Институт ашылуын Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірді.
### Алғашқы құрылысы
Оқу жылының бірінші жартысында 9 кафедрадан тұратын 3 факультетте 20 ұстаз, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 7 оқытушы дәріс берді. Институттың директоры болып Қ.Оспанов тағайындалды.
Ал 1945 жылдың 11 қыркүйегінде институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпашылығына қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы ректор-дың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.
### Алғашқы оқытушылар
Білім алуға келген қыздарға М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ғ.Құрманғалиев, Т.Тәжібаев, К.П.Персидский, А.Жұбанов, Ш.Батталова, О.А.Жәутіков, Н.Сауранбаев, Ә.С.Тұрсынбаев, В.А.Есенғалиева, Х.Х.Махмутов, С.Т.Толыбеков, Х.Жұманов, К.Қармысов, К.Айманов, М.Балақаев, Е.Косюхин, Ө.Байділдаев, К.Барманқұлов, И.Маманов, А.А.Федулова, Д.Т.Тұрсынов, З.Ахметов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс берді.
### Институттың толығуы
Жылдар өткен сайын институтта оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар ұла-ғатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкін-діктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады.
Соғыс біткен соң республикада оқу орындары, мәдени орталықтар, кітапханалар санының өсуіне байланысты жоғары білімді мамандар керек болды да, институтта педагогикалық мамандықтарға қоса кітапханатану, ән-музыка кафедралары ашылып, кейін олар жеке факультетке айналды.
Музыка факультетінің аяқтан тік тұруына белгілі композитор Б.Байқадамовтың ат-қарған еңбегі зор болды. Кафедра құрамында пианист-концертмейстер В.С.Пирогова, музыка теориясының мамандары Б.М.Жүсіпалиев, Ә.Әбдікәрімов, Қазақстан компози-торлар одағының мүшесі Ө.Бәйділдаев, Д.Б.Ботпаев, И.К.Кереев, А.Ф.Славопицкая, Ә.Бапи, З.А.Попова т.б. жұмыс істеді.
1968 жылы Е.Хасанғалиевтың ұйымдастыруымен құрылған “Айгүл” квартеті Марат Балтабаевтың басқаруымен вокальды-аспаптық ансамбль жетпісінші, сексенінші жылда-ры Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық, Республикалық байқау-лардың жүлдегері атанды.
Оның құрамында – Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, Д.Ерғалиева, М.Жүнісова, С.Ұзақбаева, А.Арықова, Қ.Омарова, Р.Әлисова, М.Ысқақова, З.Әлібековалар өнерімен қалың жұртшылыққа ертеден-ақ танымал болды.
### Түлектерінің арасында елімізге танымал тұлғалар
Аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, ҰҒА академигі осы оқу орнын 16 жыл басқарған Күләш Құнантаева, “Даңқ белгісі” орденімен, “Қажырлы еңбегі үшін” медалінің иегері, институттың үшінші ректоры болған Ажар Ыбраева, Жоғарғы Кеңестің депутаты Ж.Күленова, қоғам қайраткерлері — Халықты әлеуметтік қорғау министрі болған, Парламент Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты З.Қадырова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты А.Османова, белгілі қоғам қайраткерлері Ж.Әмірханова, О.Асангазиева, ғалымдар Ү.Сұбханбердина, С.Ұзақбаева, З.Жәкішева, көрнекті ақындар Ә.Беркенова, А.Бақтыгереева, белгілі әдебиет сыншысы Ә.Бөпежанова, әншілер М.Ералиева, Ұ.Айнақұлова, Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, Ұ.Белғозиевалар – университет мақтаны-шы, халықтың алдында шоқтығы биік аяулы қыздары.
Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің “Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік” деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді.
### Қазіргі жағдайы
Қыздар ғана білім алатын ЖОО-на Елбасының қамқорлығы өлшеусіз. Қазіргі таңда барлық оқу корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал күр-делі жөндеуден өтті. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» салынды. Университет мәртебесі берілуі 2008 жылы 11 қыркүйекте Үкімет қаулысымен рәсімделді.
Білім беру жүйесі
Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, қазірде 19 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық кадр дайындалуда. Сонымен қатар 12 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартын және басқа жоғары оқу орындарымен 6 мамандық бойынша оқу стандартын жасауы – біздің ғалымдардың ғылыми әлеуетінің үнемі артуының дәлелі. Соңғы бес жылда 17 ғылыми-теориялық халықаралық және республикалық конференциялар өтті.Ғылыми зерттеу жұмысы 33 кафедра, әлеуметтік және гендерлік институты, іргелі ғылыми-зерттеу орталығы, 3 дербес зертханалар арқылы жүргізіледі. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық оқу орында-рының студенттеріне арналған “Педагогика тарихы” оқулығын, «Педагогика» термино-логиялық сөздігін, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 томдық “Адам-зат ақыл-ойының қазынасы” және “Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясын”'' құрастырды. Осы факторлар білім сапасының жақсаруына тікелей әсер етуде. Университет алғаш-қылардың бірі болып кредиттік оқу жүйесіне көшіп, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасауда. Жуырда 4 мамандық бойынша докторантура (PҺD) ашылды.
Сапа
Оқу сапасы және білім берудегі қызметті көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде сапа менеджменті жүйесінің элементтері негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі жасалынып, оқу үдерісіне енгізілді. Сол арқылы әр студенттің оқуға түскеннен бітіргенше оқу сапасын қадағалап отыруға болады. Егер ата-ананың интернетке шығатын мүмкіндігі болса әр кезде өз баласы туралы мәлімет алуына болады.
Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында “Сапа менеджменті” жүйесі 2004 жылдан бері университетте ресми мақұлданып, халықаралық, отандық стандарт талаптарына сәйкес білім беру нәтижелері мен білім беру сапасын жоспарлау, басқару, бағалау рәсімдерін іске асыруға қатысты ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Білім сапасы менеджментін енгізудегі басты мақсат - педагогикалық білім беру саласындағы озық технологияларды басшылыққа ала отырып, университеттің тиімді қызмет етуін үнемі жетілдіру арқылы студенттердің білім сапасын жоғарылату мен білім берудегі алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Атқарылған іргелі жұмыстар барысында 2008-2009 оқу жылының басында ЖШС “ІnterCert” Сертификаттау Орталығының университеттегі жоғары кәсіби мамандар даярлаудың деңгейіне жоспарлы аудит өткізіп, нәтижесінде бакалавриат және магист-ратура бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған білім беру сапасының ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының базалық талаптарына сай екендігін растады. Бұны аталған сертификаттау ұйымының 2008 жылдың 4 желтоқсанында университетке берген №04185 (тіркеу нөмірі №01915) Сәйкестік сертификаты дәлелдейді.
Оқу үдерісін жетілдіру барысындағы үздіксіз жүргізілетін мақсатты жұмыстардың айқын нәтижесі – жыл сайын 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін мемлекетік аралық бақылауда (МАБ) жоғары көрсеткішке қол жеткізуі болып табылады. Мәселен, 2008-2009 оқу жылында МАБ нәти-жесі 92 пайызға өсіп, білім сапасының артып отырғанын аңғартты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Акредиттеу Орталығының басшылығымен 2006 жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан рейтингте университетіміз педагогикалық оқу орындары ішінде абыройлы екінші орынға ие болып келеді.
Рухани іс-шаралар
Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында “Қазақ аруы” атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық “Бөбек” балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.
Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.
Біздің қыздар өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорт-тағы жетістіктеріміз қуантады. Соңғы универсиададан 89 ЖОО ішінде 7 орынға шықты.
## Университет құрылымы
### Ректор
Педагогика ғылымдарының докторы,профессор
Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова
## Факультеттер
### Мақсаты
Дүниежүзілік білім нарығы мен бәсекелестікке қабілетті терең білімді, жоғары кәсіби деңгейдегі ұлт мамандарын, тілшілер мен әдебиетшілерді, аудармашыларды даярлауға лайықты үлес қосу.
Кафедралар
* Қазақ тіл білімі,
* Қазақ әдебиеті,
* Тіл теориясы және оқыту әдістемесі,
* Орыс тілі мен әдебиеті,
* Шет тілін оқыту әдістемесі,
* Базалық негізгі және екінші шетел тілдері,
* Практикалық шетел тілдері кафедрасы.
Mамандықтар
* Жоғары кәсіптік білім (бакалавриат):
«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В050205 – Филология»
«5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті»
«5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі»
«5В020700 - Аударма ісі»
* Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура):
«6М020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
«6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»
«6M011900 – Шет тілі: екі шетел тіл»
* Докторантура:
«6Д020500 - Филология: қазақ филологиясы»
«6Д011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
Оқу мерзімі:
* Бакалавриат (4 жыл)
* Магистратура (2 жыл)
Профессор-оқытушылар құрамы
Ғылым докторлары - 14
Ғылым кандидаттары - 38
Академ.доцент – 1
Аға оқытушылар – 49
Магистрлер – 20
Оқытушылар –28
Ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-ы 48,6% құрайды
Факультет деканы
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Сатбекова Айгүл Амантайқызы27 мамыр 1967 жыл.
1989 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірді
Факультет тарихы
Филология факультеті университет қабырғасы қаланған 1944 жылы құрылды. 67 жылдық тарихы бар филология факультеті жоғары білімді ұлттық кадрларды даярлауға зор үлес қосып келеді.
Факультет декандары
* К.Барманқұлов (1944-1946жж; 1947-1951 жж.),
* Г.Акабова (1946-1947жж.),
* Х.У.Ишанов (1951ж; 1952-1959жж.),
* Н.А.Еремина (1952ж),
* Б.Искаков (1959-1967жж.),
* Г.Искакова (1967-1968 жж. ),
* З.Ахметов (1969-1975жж.),
* С.И.Исаев (1975-1987жж.),
* Қ.Түліков (1987-1988жж.),
* Х.Садыков (1989-1990жж.)
Бөліну кезеңі
Факультет 1992 жылы қазақ филологиясы және орыс филологиясы болып екіге бөлінді. Орыс филологиясын К.Ж.Мыңжасарова (1990-1992 жж.), Б.Х.Исмағұлова (1994-2000 жж.) басқарса, қазақ филологиясына Б.Ш.Абылқасымов (1992–2000 жж.), Б.Ө.Сманов (2000-2004 жж.), А.Сәтбекова (2004-2008 жж.), Г.Ж.Пірәлиева (2008-2010) жетекшілік етті. Қазіргі уақытта факультетке п.ғ.д., профессор А.А.Сатбекова басшылық жасайды.
Қайта құрылу кезеңі
2001 жылы тарих-филология факультеті болып қайта құрылған кезде 7 кафедра жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап тарих пен шетел тілдері өз алдына жеке факультет болып бөлініп шығып, таза филология факультеті деп аталды.2011 жылдың 14 қазанындағы Университет ректорының №160 бұйрығына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оңтайландыру мақсатында Шетел тілдері факультеті Филология факультетінің құрамына енгізілді.
Оқытушы қызметін атқарған танымал ғалымдар
* М.Ә.Сүлейменова,
* И.Е.Маманов,
* М.Балақаев,
* Ж.Жулаева,
* Д.Нұрқанова,
* М.Дүйсебаева,
* Х.Ишанов,
* Қ.Құттыбаев,
* Т.Р.Қордабаев,
* К.Барманқұлов,
* З.Ахметов,
* Х.Садықов,
* Б.Балапанова,
* С.Нұғманова,
* Б.Әбілқасымов т.б.
Танымал түлектер
Бұрынғы университет ректоры, профессор Ш.Беркімбаева,профессор К.Құнантаева, Еңбек ері Р.Нұртазина, Парламент депутаттары М.М.Жүйріктаева мен З.Қадырова, ғалым Ү. Субханбердина, ақын А.Бақтыгереева, ғалым, қоғам қайраткері А.Ә.Осман.
Оқу-әдістемелік кабинеттер
* Факультетте әр жылдары өнімді еңбек еткен әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалым академик З.Ахметов атындағы,
* Әлемге танымал әдебиетші, тілші ғалымА.Байтұрсынов атындағы,
* Профессор С.Исаев атындағы,
* Профессор Ә.Құрышжанұлы атындағы ,
* Профессор А.Аблақов атындағы ,
* әйгілі ұстаз, Еңбек ері Р.Нұртазина атындағы .
Үйірмелер
«Назқоңыр», «Ізденіс», «Інжу-маржан», «Үміт», «Пегас», «Жас әдіскер», «Лингва».
### Жаратылыстану факультеті
Кафедралар
* Химия,
* Биология,
* География,
* Экология
Профессор-оқытушылар құрамы
10 ғылым докторы, профессор, 1 профессор міндетін атқарушы, 8 ғылым кандидаттары доцент, 17 ғылым кандидаттары, доцент міндетін атқарушы,22 аға оқытушы, 25 оқытушы. Орташа жас көрсеткіші 50 жас шамасында.
Mамандықтар
* Бакалавриатура
«5В011300-Биология»
«5В060700-Биология»
«5В060900-География»
«5В011600-География»
«5В011200-Химия»
«5В060800-Экология»
* Магистратура
«6М060900 – география»
«6М011200-химия»
«6М011300-Биология»
* (PhD) докторантура
6D060600-химия,6D011300-биология
Факультет тарихы
1944 жылы ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының құрамында алғашқы ашылған факультеттердің бірі – жаратылыстану факультеті болды. Іргесі университетпен бірге қаланып, еліміз мектептерін жарты ғасырдан аса жоғары білімді химия, биология жғне география пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі факультет – жаратылыстану-география.
Факультет декандары
* Н.Баяндин,
* Т.Т.Таубаев,
* C.Д.Дүймағамбетова,
* К.С.Сахибзадаев,
* Р.Ғ.Хамитов,
* Ғ.Б.Бірмағамбетов,
* М.Ғ.Тартенова,
* А.Ү.Үмбеталина,
* Б.Ю.Юсупов,
* Ж.Ж.Қожантаева
Факультеттің аса көрнекті ұстаздары
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н.Досжанов, елімізге және басқа да шет елдерге белгілі ғалымдар ҚР ҰҒА академигі Л.К.Клышев, академик М.К.Гильманов, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж.Қожантаева.
Бірігу кезеңі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы студенттер контингентінің күрт қысқарған экономикалық қиыншылық кезінде физика-математика факультетімен біріксе, 2006 жылдың тамыз айының 2-ші жұлдызындағы №100 бұйрықпен жаратылыстану факультеті «Жаратылыстану-география» факультеті болып ашылды. 2011 жылы қазанның 5 жұлдызындағы №154 бұйрығымен «Жаратылыстану-география» факультеті «Жаратылыстану» болып өзгертілді. Алғашында факультет құрамында химия және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, биология және география кафедралары болды.
Бөлініп шығу кезеңі
Студенттер контингентінің артуына байланысты 2007 жылы биология кафедрасының құрамынан экология кафедрасы жеке бөлініп шықты.Экология кафедрасы 2007 жылдан ашылып, жұмыс істеп келеді.
### Өнер және мәдениет факультеті
Бағыты
Жоғары дәрежелі кәсіби білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа менеджменті, білім берудің жаңа технологияларын қолдану, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын ғылыми және кәсіби-біліми ортаны; 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары негізінде жоғары оқу орнын басқару жүйесін, ғылыми кадрлар әлеуетін, оқу-тәрбие үдерісін және материалдық базаны қалыптастыру.
Кафедралар
* Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Т.Ә.Қоңыратбай)
* Музыкалық аспаптар (кафедра меңгерушісінің м.а. доцент м.а. Д.С.Жанайдарова)
* Хорды дирижерлау және ән (кафедра меңгерушісі профессор М.М.Бурунчин);
* Хореография (кафедра меңгерушісінің м.а. аға оқытушы Р.Б.Сабдалиева)
* Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева)
* Кітапханатану және библиография (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Г.И.Нұржанова);
* Кәсіптік білім (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.А.Дәрменова)
Мамандықтар
* Бакалавриат:
5В010600 – «Музыкалық білім»
5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері»
5В040900 – «Хореография»
5В091000 – «Кітапхана ісі»
05041800 – «Кітапханатану және библиография»
5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы»
5В012000 – «Кәсіптік білім»
5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»
* Магистратура:
• 6N0106 – «Музыкалық білім» (магистратура)
• 6М012000 – «Кәсіптік білім» (магистратура)
Факультет тарихы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі.Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетінде 1961-1962 оқу жылында музыкалық бөлім болып ашылып, 1967-1968 оқу жылы өз алдына жеке факультет болып құрылды. Бұл - музыка мамандығы бойынша мектеп мұғалімдерін дайындайтын тұңғыш ұйымдастырылған бірден-бір факультет болатын.
Факультеттің ашылуына және оған білікті мамандар жинап ұйымдастыру ісіне ат салысқан белгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов.
Факультет декандары
* Искакова Бәкібала,
* Байділдаев Өмірбек,
* Ботбаев Дүнгенбай,
* Балтабаев Марат,
* Есназаров Өмірзақ,
* Жуйкова Людмила,
* Меңдіаяқова Қуанышкүл,
* Тульков Қансейіт,
* Амирова Әмина,
* Бекмұхамедов Бекен,
* Момбек Әлия.
Факультет өзгерістері
1991 жылы факультетте 13.00.02-оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандығы бойынша аспирантура ашылды.
2001 жылы факультет 050106-музыкалық білім мамандығы бойынша Республикада тұңғыш болып кредиттік оқыту жүйесіне көшті, еліміздегі 15 ЖОО-да қолданылып отырған жаңа стандарттар, типтік бағдарламаларды құрастырды.
2002 жылы магистратура бойынша лицензияға ие болды.
2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет І Республикалық “Үздік музыка мұғалімі” конкурс-фестивалі өткізілді, оған ЖОО-ы студенттері мен профессор-оқытушы құрамы қатысты. Қазіргі уақытта бұл конкурс-фестиваль Қазақстанның басқа ЖОО-да жалғасын тауып келеді.
### Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті
Факультетінің миссиясы
Үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын қолдану, жаңа білім технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу, ойластырылған әлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану ұстанымы негізінде жоғары біліктілікті кадрларды дайындауды жүргізетін заманауи ғылыми-білім беру ортаны қалыптастыру.
Стратегиялық мақсаты
«Факультеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» жоғары білім беру жүйесіндегі кешенді өзара байланысқан бағыттарды қамти отырып, жоғары оқу орнын басқару жүйесі, кадрлық потенциал, білім беру үрдісі, ғылыми қызмет, тәрбие үрдісі, ақпаратты-коммуникациялық жүйелер және материалдық база қалыптастыру.Факультеттің стратегиялық бағытары мынадай:
* инновациялық технологиялар негізінде білім беру жүйесін және ғылыми зерттеулерді модернизациялау арқылы экономикалық кеңістікте Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
* әрбір студентке оқытудың мазмұнын, түрін және әдістерін таңдауда барынша мүмкіндіктерді беру арқылы білім берудің еуропалық стандарттарын ендіру;
* ғылымның, жоғары технологиялардың және экономикадағы инновациялық сектордың басым бағыттарына бет-бұрыс жасау;
* ақпараттық айқындылықтың жоғары дәрежелілігі және халықаралық білім беру кеңістігіне және ғылыми зерттеулерге жаһандану;
* университетте ерекше интеллектуальды ортаны, инновациялық бөлімдермен инфрақұрылымды құрайтын арнайы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін қалыптастыру;
* еліміздің барлық кеңістігінде алдыңғы қатарда болуға ұмтылу, сондай-ақ әлемдік және білім беру кеңестігінде университеттің мақұлдануын және имиджінің жақсаруына қол жеткізу.
Факультет мақсаты
Жоғары біліктілікті, алдыңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және инновациялық кешен ретіндегі инновациялық университетке айналу, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдіру және интеллектуальды капиталды жинақтап көбейту.
Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру.
Кафедралар
* «Дүниежүзі тарихы»;
* «Құқық және басқару негіздері»;
* «Қазақстан тарихы»;
* «Экономика, есеп және туризм»
* «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер».
Мамандықтар
* Бакалавриат:
5В011400 – Тарих
5В011500 – Құқық және экономика негіздері
5В020300 – Тарих
5В050100 – Әлеуметтану
5В050600 – Экономика
5В050700 – Менеджмент
5В050800 – Есеп және аудит
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В090200 – Туризм
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
* Магистратура:
6М020300 – Тарих
6М050100 – Әлеуметтану
6М090500 – Әлеуметтік жұмыс
* Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (кїндізгі)
Орта біліммен – 5 жыл (сырттай)
Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен – 2 жыл
Оқытушылар құрамы
Факультетте 9 ғылым докторы, 35 ғылым кандидатын, профессор қызмет атқарады.
### Физика-математика факультеті
Кафедралар
* Физика
* Математика
* Информатика және қолданбалы математика
* Ақпараттық жүйелерді оқыту
Мамандықтар
5В010900 - Математика
5В011000 - Физика
5В011100 - Информатика
5В060200 - Информатика
5В070300 - Ақпараттық жүйелерді оқыту
* Магистратура
6М010900 - Математика
6М011000 - Физика
6М011100 - Информатика
6М060200 - Информатика
* Оқу мерзімі:
Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі)
Орта кәсіптік біліммен– 3 жыл
Жоғары кәсіби біліммен–2 жыл
Профессор-оқытушылар құрамы
Факультетте барлығы 86 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Оның ішінде тәжірибесі мол 11 - ғылым докторы, 26 - ғылым кандидаты, доценттер, 22 - аға оқытушы, 27 - оқытушылар.
### Педагогика-психология факультеті
Кафедралар
* Мектепке дейінгі және бастауыш білім:
* Теориялық және практикалық психология:
* Дене тәрбиесі және валеология:
* Арнайы және әлеуметтік педагогика:
* Жалпы педагогика.
Мамандықтар
* Бакалавриатура
5В010100 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
5В010200 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі”
5В010300 - “Педагогика және психология”
5В050300 - “Психология”
5В010800 – “Денешынықтыру және спорт”
5В010500 – “Дефектология”
5В012300 - “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану”
* Магистратура
6М0101 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”
6М0503 - “Психология”
6М0105 – «Дефектология»
6М0103 - “Педагогика және психология”
## Дереккөздер |
Цабелевка — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Баннов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 466 адам (234 ер адам және 232 әйел адам) болса, 2009 жылы 370 адамды (177 ер адам және 193 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Жаркөл — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Фёдоров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылының солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 832 адам (418 ер адам және 414 әйел адам) болса, 2009 жылы 790 адамды (376 ер адам және 414 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарақопа — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Баннов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 387 адам (188 ер адам және 199 әйел адам) болса, 2009 жылы 338 адамды (160 ер адам және 178 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Чехов — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Баннов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 763 адам (353 ер адам және 410 әйел адам) болса, 2009 жылы 676 адамды (324 ер адам және 352 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Белояровка — Қостанай облысы Фёдоров ауданы, Вишнёвый ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 388 адам (187 ер адам және 201 әйел адам) болса, 2009 жылы 260 адамды (128 ер адам және 132 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.