text
stringlengths 3
252k
|
---|
Аманкелді Құрбанұлы Саданов (28 мамыр 1951 жыл, Талап ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — жалпы микробиология, микроорганизмдер экологиясы және топырақ биотехнологиясы салалары бойынша ірі ғалым. Биология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры.
## Білімі, қызмет жолы мен еңбектері
Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қызылорда Мемлекеттік университеті) биология факультетінің түлегі. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөліміне қарасты В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын және Мәскеу қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақ биологиясы кафедрасының докторантурасын бітірген. 1982 жылдан 1994 жылға дейін ҚазССР ҒА Микробиология және вирусология институтында еңбек етті. А.Қ. Саданов кандидаттық (1984) және докторлық (1995) диссертациялық жұмыстарының зерттелуі барысында Қазақстан үшін ең маңызды жаңа ғылыми бағыт – топырақ биотехнологиясын және топырақ микробиологиясын зерттейтін ғалымдарды біріктіре отырып, ғылыми өз мектебін қалыптастырды.
1994 жылдан бастап А.Қ. Саданов Қазақ ауыл шаруашылығы институтының экология кафедрасының профессоры (1994-1995) қызметіне ауысып, одан кейін аталған кафедраның меңгерушісі (1995-2001) болып қызмет етті (кейіннен – Қазақ Ұлттық аграрлық университеті).
2002 – 2004 жж. А.Қ. Саданов Астана қаласындағы «ҚР Ұлттық биотехнология орталығы» Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. А.Қ. Садановтың тікелей қатысуымен Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы, Степногорск қаласындағы халықаралық мониторингтік зертханасы және Ұлттық биотехнология орталығының экологиялық биотехнология зертханасы құрылды.
2004 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылған ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Биологиялық зерттеу орталығы» РМК Бас директоры болып тағайындалды. Орталықтың құрамына биология саласы бойынша 9 ғылыми институттар енді. Аталған орталық жоғары оқу орындары мен биологиялық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестірумен айналысуды қамтамасыз етті.
1998 – 2010 жылдары аралықтарында А.Қ. Саданов Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Микробиология және вирусология институты жанындағы кандидаттық, кейіннен докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы болып сайланды.
2010 жылы А.Қ. Саданов ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» РМК-на Бас директор болып тағайындалды, ал 2018 жылдың мамыр айынан бастап «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Орталық) құқықтық мұрагері болып табылады.
А.Қ. Саданов жалпы микробиология, микроорганизмдер экологиясы және топырақ биотехнологиясы салаларының ірі маманы бола тұра, микробиология мен вирусологияның түрлі маңызды бағыттары бойынша да іргелі және қолданбалы зерттеулерін дамытуға ерекше назар аударды. Бұнымен қоса, А.Қ. Садановтың ғалым және Орталықтың Бас директоры ретінде басты ұстанымдарының бірі «ғылыми зерттеу – технологияны әзірлеу – өндіріске енгізу және оларды коммерцияландырудың» толық циклін жүзеге асыру. Бұны толықтай жүзеге асыру үшін Орталық жанынан ең жоғары заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған биологиялық және медициналық препараттар шығаратын «Өнеркәсіптік микробиология» микробиологиялық зауыты ашылды. Республикамызда алғаш рет А.Қ. Садановтың тікелей жетекшілігімен ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, медицина және ветеринария салаларына арналған 8 жаңа отандық биопрепараттардың («Ризовит-АКС» биотыңайтқышы, «Фосфобацирин-АС», «Фитобацирин», «Казбиосил» биопрепараттары, «Полилактовит» пробиотигі, «Бентобак» пробиотикалық азықтық қоспасы, «Бакойл-KZ» препараты, «Розеофунгин-АС» антибиотигі) технологиялары әзірленіп, олардың өндірісі ұйымдастырылды. Жыл сайын аталған зауыттан 40-50 тонна әртүрлі биопрепараттар шығарылып, сатылымға жіберіліп отыр.
Көп жылдық жүргізіп келген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне көз жүгіртсек, оның авторлығымен 1036 ғылыми еңбектері жарық көрген, оның ішінде 620 ғылыми мақалалары, 24 монография, жоғары оқу орындарына арналған 39 әдістемелік құралдары мен оқулықтары даярланып, 155 авторлық куәлік пен патент, тауар белгілері алынған. Оның жетекшілігімен 40 кандидаттық және 17 докторлық диссертация қорғалды.
А.Қ. Саданов Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы президиумының мүшесі және академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі және ҚР Үкіметі жанындағы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қеңестің мүшесі.
## Ғылыми атақтары
* 1995 жылы - Биология ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
* 1996 жылы профессор ғылыми атағы;
* 2011 жылы академик ғылыми атағы.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1999 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» белгісі;
* 2005 жылы «Құрмет ордені»;
* 2011 жылы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
* 2011 «Әл-Фараби» атындағы күміс медалі;
* 2012 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы;
* 2019 «Парасат ордені».
## Әдебиет
* Аманкелді Құрбанұлы Саданов. — Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2011. — 196 б. — ISBN 978-601-7254-22-3. |
Қыдыр Мәмбетұлы ауылы (2008 жылға дейін – Қазығұрт) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айво (ағылш. Aiwo) — Науру (әкімшілік бөлінуінің бірлігі) округі. Аралдың батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы — 1,00 км², халқы — 1 092 адам (2005). Кейде, Айвоны Наурудың бейресми астанасы деп атайды, бірақ елдің ресми астанасы жоқ, ал бейресми астанасы ретінде жиі Ярен қаласы аталады.
Айво округінде Науру өнеркәсібінің басым бөлігі орналасқан.
* Айво желекжолы;
* Жаңа қайық порты;
* Чайнатаун;
* O’dn Aiwo Hotel отелі (Наурудағы екі отельдің бірі, жеке меншік болып табылады);
* Электр стансасы;
* жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері;
* Наурудың фосфат корпорациясы.
Айво округінен Науру парламентіне екі депутат сайланады. |
Деруэнт — Тасмания аралындағы өзен. Сент-Клэр өзенінен бастау алып, оңтүстік-шығыс бағытта Хобарт жеріне қарай құяды. Өзеннің ұзындығы км-ді қамтиды.Нью-Норфолк қаласының төменінде өзен үлкейіп, біртіндеп эстуарийге айнала бастайды.Өзеннің зерттелу тарихы Тасманияның тарихымен тікелей байланысты. Себебі, 19 ғасырда еуропалық-аралға қоныстанушылар осы жерге алғаш көшіп келген. Содан кейін, жақын арада Хобарт қаласы пайда болып, қазірде ол Тасманияның астанасына айналған.Деруэнт өзені өзінің маңайындағы халықты ауыз сумен қамтиды және 1930-1960 жылдары салынған гидроэлектростанцияларда энергия өндіріп, халық үшін энергия көзі болып табылады.
## Тарихы
### 18 ғасыр және одан да ерте
Көп жылдар бұрын, өзеннің жағасы ормандарға толы болып, онда тек тасмандықтар өмір сүрді. Олар бұл жерде британдық қоныстар пайда болам дегенше, яғни, 8 000 жыл бойы өмір сүрді. 1793 жылдың қаңтар-желтоқсан айлар аралығында Сторм ағысының жанында Жозеф Антуан де Брюни д’Антркасто атты француз теңіз саяхатшысы экспидиция жүргізді. Ағыстың солтүстік бөлігін зерттеу арқылы экспидиция офицері д’Антркасто Шарль-Франсуа Ботан-Бопре және оның көмекшілері үлкен өзеннің келіп құятынын аңғарған. Олар оны Rivière du Nord («солтүстік өзен») деп атаған. 1793 жылы, бірнеше айдан соң , осы жерді ағылшын теңіз жүзушісі Джон Хейз зерттеп, Камбриядағы Деруэнт өзенінің құрметіне оны да Деруэнт деп атайды. Ағылшын тілінде Derwent сөзінің көптеген нұсқалары бар. Оның бірі, бұл сөз кельт тілінде «мөлдір су» дегенді білдіреді деп болжаса, бірі бриттік тіл бойынша "еменге толы аумақ" дегенді білдіреді деп болжайды.
## Дереккөздер
{{ https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%80%D1%83%D1%8D%D0%BD%D1%82_(%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B0,_%D0%A2%D0%B0%D1%81%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F) }} |
Басты мақала: Қысқы Универсиада 2017
2017 Қысқы Универсиада ойындарындағы мәнерлеп сырғану — мәнерлеп сырғанудан XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиададағы жарыс. Жарыс жеке жүру (ерлер және әйелдер) және мұздағы би бойынша өтті.
Барлық мәнерлеп сырғанудағы жарыстар 2017 жылғы 1-ші және 5-ші ақпан аралығында Алматы қаласында өтті. Турнирдің өткізу стадионы — Алматы Арена.
## Қатысушылар
Әр мемлекеттен үш қатысушыдан артық мәлімдеме алыну қажет болды. Универсиадада алғаш рет қатысушыларға шектеу жүргізілді. Жалғыз жүру сайысында 36 қатысушыдан артық, ал би дуэтінде 25-тен аспау қажет.
## Медальдар
### Медальдар санағы
## Нәтижелер
### Ерлер
### Әйелдер
WD = фигурист жарыстан шығарылды.
### Мұздағы би
## Дереккөздер |
Анвар Шыңғысұлы (10.05.1962 жыл, Жебірейіл ауданы, Әзірбайжан) — əзірбайжан ғалым-этнограф, тюрколог, публицист. Әзірбайжан Журналистер одағының мүшесі.
## Биография
1962 жылы 10 mамырта Әзірбайжанның Жебірейіл ауданының Худоярлы ауылында дүниеге келді. 1977-1980 жылдары Баку кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы. 1980-82 жылдары Хабаровск қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. 1990 жылы журналистика мамандығы бойынша Баку мемлекеттік университетін тамамдады. «Араз» газетінің тілшісі (1990-1993). 1994 жылдың 27 тамызынан «AzTV» Ұлттық телеарнасының Бас редакторының орынбасары.
“Сой” баспасының бас редакторы.
Ол əзірбайжан халқының өмірі мен тұрмысы, әдет-ғұрпы жайында ғылыми еңбектер жазды.
"Қарабақ хандығы" (2008), "Қарадақ хандығы" (2011), "Сараб хандығы" (2013), "Урмия хандығы" (2013), "Марага хандығы" (2013), "Ардабил хандығы" (2014), "Зенжан хандығы" (2015), "Халхал хандығы" (2016) кітаптарының авторы.
## Еңбектері
* «Əфшарлар», «Хуршидбану Натаван», «Навваб» деректі фильмдерінің авторы.
* Қажарлар ва Қажар ауылы, Баку, "Шуша", 2008, 368 с.
* Дипломатия Каджарского Ирана, Баку, "Мутарджим", 2014. — 240 с. — ISBN 978-9952-28-200-9.
* Казахи (историко-этнографическое исследование). Баку: изд-во "Мутарджим", 2017. — 200 с. — ISBN 978-9952-28-344-0
* Мехмандаровы, Известия АИРО, Выпуск 3. Баку, 2002.с. 42-49;
* Калабековы, Известия АИРО, Выпуск 4. Баку, 2003. с. 7-16;
* Потомки Бехбудали-ага // Известия Азербайджанского историко-родословного общества. Выпуск 5. Баку, 2004. С. 18—29;
* Потомки Абульфат-хана Карабахского // Известия Азербайджанского историко-родословного общества. Вып. 6. Баку, 2007. С. 55—70;
* Эриванские ханы: Род и потомство, Известия АИРО, выпуск 6,Баку, 2007. С.71-77;
* Велибековы:поколенная Родословная роспись, Известия АИРО, выпуск 7,Баку, 2010. ст.57-63;
* Потомки Мухаммед Касим-ага // Известия Азербайджанского историко-родословного общества. Выпуск 7. Баку, 2004. С.48-56;
* Агаевы и Алиевы: потомки Али аги Амир оглу, Известия АИРО, выпуск 8,Баку, 2012, ст. 61-71;
* Ахундовы, "Генеалогия народов Кавказа. Традиции и современность". Владикавказ. 2010. ст.271-287;
* Нариманбековы, Известия АИРО, выпуск 8, Баку,2012. ст. 72-77;
* Мукаддамы:Марагинские ханы, Известия АИРО, выпуск 9, Баку,2014. ст. 66-76;
* Ахвердиевы, Известия АИРО, выпуск 9, Баку,2014. ст. 77-82;
* Конституционная революция в Иранского историографии, Известия Педагогического Университета, Баку, 2014, №1, с.169-174;
* Кирманские афшары: Их истории и некоторые этнографические особенности, Археология и этнография Азербайджана, 2014,№2, с.191-196; |
Жігерген — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Жігерген ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жігерген ауылдық округі – Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Айнатас, Диқан, Жігерген, Қызылбұлақ, Тесіктөбе, Ұғым ауылдары кіреді. Орталығы – Жігерген ауылы.
Кестеде кішірек жазумен тиесілі ауыл маңындағы тұрғылықты тұрғыны бар, ұлттық санақ қорытындысына енген мекен-жайлар көрсетілген.
## Дереккөздер |
Қызылбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айнатас — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан оңтүстікке қарай 3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Барон Дивавеси Вака (ағылш. Baron Divavesi Waqa, 31 желтоқсан 1959 жылы) — Науру Республикасының саясаткері және композиторы, 2013 жылдың 11 маусымынан бастап Науру президенті.
## Өмірбаяны
Барон Вака 1959 жылдың 31 желтоқсанында Наурудағы Боэ округінде дүниеге келді.
Бала кезінен музыкамен айналысып, кейін музыкант болды. 2003 жылдың мамырынан бастап тұрақты түрде Боэ округінен Науру парламентіне сайланады. Бірақ ұзақ уақыт бойы әртүрлі президенттер жанындағы елдің қоғамдық жұмыстар министрі қызметін атқарған. Кейін президент жанындағы білім беру министрі ретінде тағайындалды.
2013 жылдың 8 маусымында Наурудағы өткен парламент сайлауында парламенттің жаңа құрамы таңдалды, ал өз жұмысын 3 күннен кейін бастады.
2013 жылдың 11 маусым күні Науру парламенті Барон Ваканы елдің президенті ретінде сайлады. Сайлау кезінде ол оның қарсыласы, бұрынғы қаржы министрі Хон Роланд Куннан 2,5 есе артық дауыс жинады. Президент алғашқы рет үкіметті басқармайды, елде президент және премьер-министр қызметтерін бөлді. Премьер қызметіне Наурудың бұрынғы президенті Людвиг Скотти тағайындалды..
2014 жылдың қаңтарында парламент президентті қызметтен кетіру процесін (импичмент) жүргізуді жасап көрді, бірақ бұл әрекет жүзеге асырылмады.
2016 жылы өткізілген парламенттік сайлауы кезінде елде жаңа парламенттің құрамы сайланды. Парламенттің алғашқы отырысында президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру процесі кезінде үлкен жеңіске жетті.
2016 жылдың шілде айында өткен парламенттік сайлауда ол жаңа парламентке сайланды. Парламенттің бірінші отырысында 13 шілдеде президенттік сайлау өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша қазіргі президент Вака сенімді жеңіске жетті (16-дан 2-ке дейін). Парламент ел премьер-министрінің лауазымына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Вака сондай-ақ үкіметті басқарды, онда ол сыртқы істер министрінің қызметін атқарған.
## Саяси рөл
Вака 2003 жылғы мамырда Боэ сайлау округінің өкілі болып табылатын Науру Парламентіне сайланды. Президент Людвиг Скоттің басшылығымен ол Ішкі істер және білім министрі қызметін атқарды; дегенмен, ол Сэнттің Рене Харрис пен ауыстырылуына байланысты қызметтен кетуге тура келді. Ол парламентте орын алды.
2004 жылы 23 сәуірде Вака және оның әріптестері Кирен Кеке, Дэвид Аден және Фабиан Рибау Яренің Халықаралық Науру әуежайында наразылықтарға қатысты; бұл Аустралиядағы ауғандық баспана іздеушілерге және Үміт Флотилиясына қарсы мемлекеттік саясатқа қатысты наразылықты, сондай-ақ парламентте кездесетін тосқауылға қарсы болды. Барлық төртеуі наразылыққа қатысуына байланысты он төрт жыл түрмеде болды; Алайда, Скоттің қайтадан көтерілуіне байланысты келесі маусымда айып тағылған. Скотт тағы бір рет Білім және ғылым министрі болуға Вака тағайындалды.
Вака 2007 жылы болған министрлік дағдарыс кезінде Әкімшілігіне адалдығын сақтап қалды. Демек, Вака кейіннен Президент Маркус Стефеннің әкімшілігінде қызмет етуге шақырылмады.
Вака маусым айында президент болып сайланды, ол бұрынғы қаржы министрі және оппозициялық үміткер Роланд Кун 13-тен 5-ке дейін дауыс берді. Президент Дабвидо үкімет фракциясы тарапынан сайланды.
2014 жылдың қаңтарында Аустралияның тұрғыны магистр Питер заңы депортациялауға және Аустралия азаматы Джеффри Эймс визасының күшін жоюға қатысты сенімі болды. Үкімет сондай-ақ фиджи заңгерлерінің көмегімен төтенше жағдай туралы заң жобасын әзірлеуге тырысты. Ол парламент сенушісі Кэти Ле Ройдың қызметінен босатылғаннан кейін және австралиялық екеуі де Стивен Стивен Блиимнің отставкаға кетуінен кейін болды. Үй Министрі Чарем Скоттің айтуынша, бұл «Австралиялық экспатрианттар» оппозициямен лигалық деп аталатын «басқаратын жүйе жүйесі» символикасы.
## Құрмет және марапаттар
* Гранд Кордонмен керемет Джейд ордені (Қытай Республикасы, 2019 жылғы наурыз)
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Жеке өмір
Барон Вака Луиза Вака-мен үйленген. Олар Баррон Стивенсон есімді бір баланы бірге қабылдады.
## Сыртқы сілтемелер
* Науру президенті
*
## Дереккөздер |
Айша Төкебайқызы Абдуллина (22 маусым, 1916 жылы Алматыда туған) – қазақстандық және кеңестік театр актрисасы, әнші. Қазақ КСРның Халық артисі (1958). Түркістан облысының Құрметті азаматы (2002). Қазақстан Республикасының Президенттік сыйлығының және степендиясының иегері.
«Парасат ордені» және «Құрмет Белгісі ордені» мен марапатталған. Сахнагер Ұлттық театр сыйлығының иегері (2017).
## Толығырақ
* Айша Төкебайқызы 1916 жылы 22 маусымда Алматыда дүнеге келген.
* Қазақ мемлекеттік академия драма театры жанындағы студияны бітірген (1935). Осы театр сахнасында Еңлік пен Алтыншаш (М.О.Әуезовтің "Еңлік — Кебегі" мен "Аққайыңында"), Мәрзия мен Дәмелі (Ғ.М.Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқтысында") рөлдерін орындады. Ол музыкалық спектакльдерге де қатысып, Қыз Жібек (Е.Г.Брусиловский мен Мүсіреповтің осы аттас музыка драмасында), Айман (Брусиловский мен Әуезовтың "Айман — Шолпанында") т.б. секілді сахналық бейнелерді жасады. 1944 ж. концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге арналған концерттерге қатысты. 1947 ж. Шымкент облысы драма театрына ауысты. Айша Абдуллина сомдаған Дездемона (У.Шекспирдің "Отеллосында"), Мария (Н.В.Гогольдің "Ревизорында"), Галчиха (А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендерінде") бейнелері де актерлік шеберліктің жарқын үлгісі болып қалды.
## Мемлекеттік қызыметтері
* 1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен арнайы Сталиннің алтын медалі;
* 1942 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы;
* 1943 жылы КСРОның «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;
* 1946 жылы КСРО жоғарғы кеңесінің жарлығымен «Құрмет Белгісі» Орденімен;
* 1946 жылы ІІ дәрежелі «Отан соығысы» Ордені;
* 1958 жылы «Қазақ КСРнің Халық артисі» құрметті атағы;
* 1970 жылы «Лениннің туғанына 100жыл» медалі;
* 1976 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
* 1996 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
* ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
* «Н.Назарбаевтың арнайы жеке алғыс хаты» екі мәрте марапатталған.
* «Ұлы отан соғысына 20,30,40,50,60,65,70 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.
* ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары мен «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісінің иегері.
* Түркістан облысының Құрметті азаматы (2002 жылдан);
* 2017 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығының иегері.
* 2016-2017 жылғы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясының иегері;
* Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл).
## Дереккөздер |
Бақтияр Байқараұлы Тайлақбаев (8.4.1959 ж.т., Қызылорда облысы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
## Өмірбаяны
* 1981 ж. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін бітірген.
* 1993 ж. Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясын бітірген.
* 1983 ж. "Гүлдер" жастар ансамблінің әншісі, сондай-ақ, "Қазақконцерт" бірлестігінде өнер көрсеткен.
* 1991 ж. Алматы облыстық филармониясының жанындағы "Наурыз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.
* 1992 ж. "Талант" мәдени-ағарту орталығының директоры, әрі көркемдік жетекш. Оның репертуарында қазақ және шетел композиторларының әндері бар.
## Жетістіктері
* Бүкілодақтық және Халықаралық байқаулардың лауреаты.
## Марапаттары
* Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері.
## Дереккөздер |
Айнатас — Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылсеңгір — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тесіктөбе — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақбастау — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ащыбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2012 жылы Қазығұрт ауылының құрамына енгізілген.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 1 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 693 адам (359 ер адам және 334 әйел адам) болса, 2009 жылы 1207 адамды (620 ер адам және 587 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ынталы — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан оңтүстікке қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аққұм — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кезеңбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2012 жылы Қазығұрт ауылының құрамына енгізілген.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылының оңтүстік іргесінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 819 адам (411 ер адам және 408 әйел адам) болса, 2009 жылы 1039 адамды (544 ер адам және 495 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қосағаш — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алтынтөбе — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.
1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді .
Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.
Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.
## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары
### Білім-тәрбие беру институттары
О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты
### Факульттері
Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары:
* Агробиология және фитосанитария факультеті
* Технология және биоресурстар факультеті
* Ветеринария факультеті
* Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті
* Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
* Инженерлік факультеті
Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады.
## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
### Ғылыми-зерттеу институттары
Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты
### Ғылыми орталықтары
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы
## Дереккөздер |
2017 Қысқы Универсиада ойындарындағы трамплиннен секіру 30-шы қаңтар мен 5-ші ақпан аралығында Алматы қаласында өтті. 5 медаль комплекті ойналды. Өткізу орны: Халықаралық трамплиннен секіру комплексі «Сұңқар».
## Медальдар санағы
## Нәтиже
### Ерлер
### Әйелдер
### Аралас топтық
## Дереккөздер |
Игорь Витальевич Миркурбанов (1964 ж.) – кеңестік, ресейлік және израильдік актер, режиссер, тележүргізуші. «Золотая маска», «Хрустальная Турандот», сыйлықтарының лауреаты. Олег Табаков және «Московский Комсомолец» сыйлықтарының екі дүркін лауреаты.
## Мансабы
1985-жылы Новособирск консерваториясын, дирижерлік факультетін, «симфоникалық оркестр дирижері мамандығы» бойынша кафедрасын тамамдаған.
1990-жылы РТӨИ-ының режиссерлік факультетін «актерлік өнер» мамандығы бойынша аяқтады.
1992-жылға дейін Маяков атындағы театрда, 1992-жылдан 2002-жылға дейін «Гешер» театрында актер мамандығында жұмыс атқарды.
Израиль телеарнасында «Двойной удар» және «Тормозов.net» бағдарламаларының режиссері және жүргізушісі болған.
Бейт-Цви театр мектебінде білім берген.
Түрлі халықаралық фестивальдардың қатысушысы және жеңімпазы (Вена, Авиньон, Эдинбург, Париж, Базель, Рим, Мельбурн, Токио, Нью-Йорк).
Хаусманна (Бохум, Германия), Судзуки (Тога, Сидзуока, Жапония) театрларымен бірге қызмет еткен.
2013-жылдан бастап Чехов атындағы МКТ-ың актері. Сондай-ақ, Мәскеу Театрының спектальдарына қатысып жүр.
## Дереккөз
Орыс Уикипедиясынан алынған. |
Қырыққыз (2011 жылға дейін – Лесхоз) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылында орналасқан.
## Театр тарихы
* Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен алғаш рет театр шымылдығы ашылды.
* 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды.
* 1930 жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Бейісов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Қ.Әділшінов, Ш.Айманов, С.Майқанова, З.Құрманбаева, С.Телғараев, А.Абдуллина, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, Г.Сыздықова, т.б. сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай-ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, .А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма театрынан музыка театр (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры), т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шетел классикасынан қойылған спектакльдер театр ұжымының шығармашылық бағыт-бағдары мен ізденіс-табыстарын айқындады. 1941–1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан көп орын алды. Театр труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
## Театрдың қойылымдары
* Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
* Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж. Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман “Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.
* Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды.
## Гастрольдік сапарлар
* Театр ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды.
* Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
* 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.
## Театрдың марапаттары
* 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды.
* 1946 жылы Еңбек Қызыл ту ордені мен марапатталды.
* 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды.
* 1961 жылы Театрға халық жазушысы, Социолситік Еңбек Ері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың есімі берілді.
## Театрдың алғашқы құрамы
* Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері: И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров және де Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
## Тетрдың қазіргі актерлік құрамы
* КСРО халық артисі: Асанәлі Әшімұлы Әшімов Қазақстанның халық артистері: Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, Зәмзәгүл Шәріпова, Нүкетай Мышбаева, Торғын Тасыбекова, Шайза Ахметова, Гүлнәр ЖақыповаҚазақстанның еңбек сіңірген артистері: Баян Имашева, Салиха Қожақова, Рахилям Машурова, Төлеубек Аралбай, Бақыт Жанғалиева, Айдос Бектеміров, Ғазиза Әбдінәбиева, Меруерт Өтекешова, Шәмшігүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Оразхан Кенебаев, Ғайникамал Байқошқарова, Бақтияр Қожа, Омар Қиқымов, Болат Әбділманов, Шынар Асқарова, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Азат Сейтметов және т.б. Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегерлері: Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров және т.б
## Театр құрлымы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2020 жылы. |
Бақабұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жіңішке — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Талдыбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Басты мақала: Қысқы Универсиада 2017
2017 Қысқы Универсиада ойындарындағы биатлон 31-шы қаңтар мен 7-ші ақпан аралығында Алматы қаласында өтті. 9 медаль комплекті ойналды. Өткізу орны: “Алатау” шаңғы және биатлон кешені.
## Медальдар санағы
## Нәтиже
### Ерлер
### Әйелдер
### Аралас Эстафета
## Дереккөздер |
Жалғызтал (1993 жылға дейін — Ковыльное) — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Жалғызтал ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 624 адам (316 ер адам және 308 әйел адам) болса, 2009 жылы 386 адамды (209 ер адам және 177 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Шұбар тоқылдақтар туысы немесе Тоқылдақтар (лат. Dendrocopos) – Тоқылдақтәріздестер отрядына жататын Тоқылдақ тұқымдастарының ақ, қара және қызыл түстердің үйлесімінде жабын қауырсындармен сипатталатын кішкене және ірі денелі тоқылдақтар туысы. Шұбар тоқылдақтар туысы отыз үш түрден тұрады. Қазақстанда солардың төртеуі кездеседі.
Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады..
## Тұмсықтары
Аталған тұқымдасқа жататын құстардың барлығы ағаш діңдеріндегі жәндіктерді алу үшін ағаштарды тесіп тастайтындығымен белгілі. Олар жәндіктерді өздерінің ұзын тілдерімен алады. Кішкентай тоқылдақтар мен дүпілдіктерге қарағанда тоқылдақтардың тұмсықтары ұзынырақ, үшкірірек және мықтырақ болып келеді.
## Қоректері
Тоқылдақтар, кішкентай тоқылдақтар және дүпілдектер – бунақденелілермен, жәндіктермен және басқа да омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбіреулері, сонымен қатар, жемістермен, шырындармен және шірнелермен де қоректенеді. Олардың ұзын тілдерін жабысқақ шырыш қаптап тұрады, соның көмегімен қоректерін ұстайды.
## Дереккөздер |
Тұғыртас — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылдихан — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еңбек — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Басты мақала: Қысқы Универсиада 2017
2017 Қысқы Универсиада ойындарындағы тау шаңғы спорты 30-шы қаңтар мен 7-ші ақпан аралығында Алматы қаласында өтті. 9 медаль комплекті ойналды. Өткізу орны: “Шымбұлақ” тау-шаңғы курорты.
## Медальдар санағы
## Нәтиже
### Ерлер
### Әйелдер
### Топтық біріншіліктер
## Дереккөздер |
Жеңіс — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңажол — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тілектес — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарабастау — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарабау — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үшбастау (2021 жылға дейін – ХХ лет КазССР) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер
] |
Жанат батыр — жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түсіп, аты жәдік руының ұранына айналған батыр. Керейдің Абақ тармағының жәдік руынан шыққан Жанат батыр Ер Жәнібектің жүзбасы болған. Туған және өлген жылдары белгісіз, бірақ та сол кезден хабар беретін жұпыны мәліметтер мен жазушы Қабдеш Жұмаділовтың "Дарабоз" романындағы қысқаша баяндаудан азаткер батырдың шамамен 1695-1760 жылдары аралығында өмір сүргенін, Ер Жәнібектің тұсындағы әйгілі қаракерей Қабанбай батырдың тапсырмасымен кезекті бір шекара күзетіне 500-дей шағын қолмен шыққанда бұдан алдын ала хабар алып жолын тосқан жоңғардың қалың қолына тап болып шайқаста қаза тапқанын білуге болады. Сонда Жәнібек батыр қасындағы Шерушінің Байтайлақ батыры, Жәнтекейдің Шақабай батырмен бірге Жанатты былай деп жоқтаған екен:
Қайран ағам-ай, есіл ерім-ай!Жанат өлді дегенше жар құлады десеңші,Жанағаңнан айырылды дегенше,Жарты жаның шықты десеңші! -деп қатты қайғырған деседі. Осы жоқтауға және ел ауызындағы аңызға қарағанда Жанат Жәнібек батырдан мүшел жас үлкен, Қабанбай батырмен шамалас болған.
Жанат батыр жоңғар қолымен бетпе бет келгенде көшпенділердің әдеті бойынша қалмақ батыры Эрдэнэ-ні жекпе жекке шақырады. Мұнысы арт жаққа хабарға кеткен жігіттерінен қосымша көмек келгенге дейін уақыт ұту еді. Мұны біліп қойған жау қолы ежелгі салтты бұзып жекпе жек демей тура кескілескен шабуылға көшеді. Тағы да сол аңызға сүйенсек, жаудың екі бірдей оғынан ауыр жараланып әлсіреген батыр басына қылыш тигенде аттан құлайды. Бұл шамамен 1755-1760 жылдары болған оқиға. |
Қаржан — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Алтынтөбе ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жұмысшы — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сынтас (2002 жылға дейін – Жаңатұрмыс) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Қарабау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үшбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шанақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Шанақ ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
№32-темір жол айрығы — Түркістан облысы Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абай — Түркістан облысы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстікке қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ызабұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құмайлықас — Түркістан облысы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бершінтөбе (2007 жылға дейін – Чапаево) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Үлгілі — Түркістан облысы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жоғарғы Жылыбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Майлыошақ (1992 жылға дейін – Кирово) — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ерболат Беделхан – 1980 жылы қыркүйек айының 24-інші жұлдызында Моңғолияда дүниеге келген. Әнші, биші, хореограф, продюссер, актер, және сценарийші.
* Астана қаласының мемлекеттік филармониясында балет артисті болған
* Сүйікті әке және жолдас.
Досы «Дауыс International» тобының экс-солисткасы Асыл Беделхан.
* Лақап аты – Ерка.
* Анасы Шыңғысханның тікелей ұрпағы.
* Ол өзінің барлық өмірін шоу-бизнеске арнады.
Ерболат Беделханнан алынған сұхбаттан үзінді: –Анаңыздан есте қалған кеңес? –Өмірден түңілмеу. Қандай жағдай болмасын, жігеріңді жоғалтпай, жігіттік намысқа нұсқан келтірмеу. –Махаббат үшін жасаған батыл қадамыңыз? –Менің алғашқы махаббатымда, соңғы махаббатым да – Асыл есімді аяулы жарым. Махаббат жолындағы батыл қадамым деп, өзімді батылдыққа шақырып, Асылға сөз салуым. Мен үшін ерлік осы.
Қазірде Ерболат Беделхан «Орда» тобының солисті, «Ninety One» тобының продюссері. «Ninety One» тобының ең алғашқы бейнебаяны 8-қазанда жарық көрді. Топтың атын неліктен «тоқсан бір» деп қойғанын былай түсіндірді: «91 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алды. Тек еліміздігін еркін емес, музыканың да еркіндігі мағынасында топты осылай атауды ұйғардық» Топ 5 жігіттен құралған. Кенжесі 19-да, үлкені 24-те. (2017) |
Шоқтас (2007 жылға дейін – Пушкино) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бостандық — Түркістан облысы Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – алпыс жыл бойы Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны.
Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Сол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.
1938 жылы салынған алғашқы ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат қоныстанған. 60-ыншы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 120 тұрғын бөлмесі, 42 репетиторилері, оқу және спорт залы бар кең дәлізді жатақхана салынды.2000 жылдың қараша айында консерваторияға қазіргі заманғы төрт қабатты ғимарат пайдалануға берілді. (Абылай хан даңғылы 86).
## ...осы күнге дейін
Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.
Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.
Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
## Факультеттер
Оқу процесін 4 факультет қамтамасыз етеді:
* Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуианитарлық пәндер факультеті
* Аспаптық орындаушылық факультеті
* Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультеті
* Халық музыкасы факультеті
## Ректорлар
* 1944—1945 — Иван Круглыхин
* 1945—1951 — Ахмет Жұбанов
* 1951—1957 — Иван Круглыхин
* 1957—1967 — Құддыс Қожамияров
* 1967—1975 — Еркеғали Рахмадиев
* 1975—1987 — Ғазиза Жұбанова
* 1987—1997 — Дүйсен Қасейінов
* 1997—2018 — Жания Әубәкірова
* 2018—қ.у. — Арман Жүдебаев
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы
## Дереккөздер |
Бандар-Сери-Бегаван (малайша بندر سري بڬاوان, Bandar Seri Begawan) — Бруней сұлтанатының елордасы және ең ірі қаласы. Бруней-Муара округінің әкімшілік орталығы.
## Географиясы
Бандар-Сери-Бегаван Малай архипелагының солтүстігіндегі Калимантан аралында орналасқан. Қаланың оңтүстік шегімен ағып өтетін және кеме жүзетін Бруней өзеннің сол жақ жағалауында орналасқан. Қаланың солтүстік бөлігі Оңтүстік Қытай теңізімен шайылады.
## Климаты
Қаладағы климат — экваторлық, ылғалды, жауын-шашын жыл бойы түседі, жылына шамамен 3000 мм. Орташа айлық температура — +26…+28°С.
## Тарихы
1970 жылға дейін қала Бруней деп аталған.
Қаланың орналасуы үш рет ауысқан: алғашқы қоныстар Кота-Бату мукимінде орналасқан, кейін — Кампонг-Айерде және соңғысы, қазіргі қаланың аумағында.
1920 жылы қоныс қала және британ иелігінің орталығы статусына ресми түрде ие болды. 1970 жылдың 5 қазанында қала атауы Брунейдің бұрынғы сұлтаны Омар Әли Сайфуддиннің құрметіне Бандар-Сери-Бегаванға ауыстырылды (малай тілінен «Жоғары мәртебелінің қаласы» дегенді білдіреді).
Заманауи тарихта қаланың аумағы алты рет ұлғайтылды: 1931, 1936, 1940, 1949, 1956 жылдары. 2007 жылдың 1 тамызында Бруней сұлтаны қала аумағын 12,87-ден 100,36 км²-ге дейін кеңейтуге рұқсат берді.
## Транспорты
Бруней елордасы елдің батыс бөлігімен автомобиль жолдарымен біріктірілген. Шығыс бөлігі шығанақпен бөлінген, оған теңіз жолымен немесе Малайзия аумағымен ғана жетуге болады.
Брунейдің халықаралық әуежайы қала орталығынан 11 км қашықтықта орналасқан. Әуежай бүкіл елге қызмет атқарады.
Су транспорты өзен бойымен қаланың орталығынан Кампонг-Айерге дейін жүретін катер тәріздес таксимен ұсынылған (жергілікті атауы — пенамбанг). Сонымен қатар катерлер елорданы Бангар және Лимбанг қалаларымен біріктіреді.
## Көрнекті жерлері
Қалада көптеген көрнекті тарихи және мәдени ғимараттар орналасқан, соның ішінде Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешіті, патшалық кесенелер, сарайлар және көптеген мұражайлар, оның ішінде ең негізгісі Музей Брунейдің ұлттық мұражайы.
Қалалық саябақтар арасындағы ең бастысы Персиаран-Дамуан. Саябақта АСЕАН мүше елдерінің өкілдерімен жасалған мүсіндер ұсынылған. Сонымен қатар бұл саябақта Калимантанда ғана мекендейтін үлкен мұрынды маймылдарды кездестіруге болады.
## Бауырлас қалалар
* Нанкин, Қытай
* Сеул, Оңтүстік Корея
* Пхеньян, КХДР
* Гавана, Куба
* Сантьяго-де-Куба, Куба
## Галерея
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Бандар-Сери-Бегаванның ресми сайты Мұрағатталған 3 қарашаның 2016 жылы. |
Қарабау — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Егізқара — Түркістан облысы Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстікке қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сауран — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Жібек жолы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шанақ — Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-батысқа қарай 92 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көшқорған — Түркістан облысы Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еңбекшідихан — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Иассы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаражон — Түркістан облысы Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ескі Сауран (2022 жылға дейін – №30-темір жол айрығы) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
## ҚазҰМУ миссиясы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет
## Университет құндылықтары
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):
* Елге қызмет (лат. Servire)
* Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
* Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
* Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
* Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
* Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
* Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
## Тарихы
Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.
1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты..
Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.
### Соғыс жылдары
Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.
Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.
### XX ғасыр
Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.
XXI ғасыр
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.
2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.
Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды.
* Медициналық симуляция орталығы
* Коммуникативті дағдылар орталығы
* Фармацевтикалық дағдылар орталығы
* Тіс емдеу дағдылар орталығы
* Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
* Апат медицинасы орталығы.
* Компьютерлік сынып
## Халықаралық ынтымақтастығы
ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:
## ҚазҰМУ символдары
### Логотипі
Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.
«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.
### Туы
Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.
### Гимн
Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.
### Университет атауы
Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:
* 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
* 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
* 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
* 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
## Факультеттер мен кафедралар
Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.
* Жалпы медицина мектебі 1
* Жалпы медицина мектебі 2
* Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
* Фармация мектебі
* Стоматология мектебі
* Педиатрия мектебі
* Халықаралық факультет
* Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)
Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
### Жалпы медицина факультеті
Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.
## Инфрақұрылым
Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.
### Институттар
* Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ)
* Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
* Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы.
* Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
### Клиникалар
Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.
* Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы.
* ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
## Ректорлары мен директорлары
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.
## Әйгілі түлектері және қызметкерлері
Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:
* Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
* Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер.
* Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты.
* Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері.
* Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап).
* Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды.
* Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия)
* Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы.
* Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Дереккөздер |
Нұртас — Түркістан облысы Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстікке қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жалаңтөс (1993 жылға дейін – Будённый) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстікке қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жібек жолы ауылдық округі – Түркістан облысы Сауран ауданы аумағындағы бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ескі Сауран, Сауран ауылдары кіреді. Орталығы – Сауран ауылы.
## Дереккөздер |
Ынталы — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Майдантал ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қамшы ақпарат агенттігі — 2012 жылы 18 мамырда құрылған. Қазақ тілінде ақпарат тарататын қазақстандық интернет ресурс. ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №16300-ИА куәлігі берілген. Агенттік ақпарат беру форматына 2016 жылы орыс тілін де қосты. http://qamshy.kz доменімен тіркелген. Ақпарат айдынына қосылған 5 жыл ішінде 50 мыңнан астам материал жариялаған. Қазіргі уақытта күн сайын 50-70 арасында материады халыққа ұсынады. Құрушы әрі жоба жетекшісі журналист Біләл Қуаныш.
Әлем қазақтары еркін ақпарат ала білуі үшін үш әліпбиде (төте, латын, кирилл графикаларында) ақпарат тарату функциясы қосылған. Қазақ тілінің әр кезеңде қолданған графикалары Әлемнің әртүрлі аумақтарындағы оқырмандарын еркін ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Қамшы жаңалықтарына 2017 жылдың сәуір айынан бастап аудиоподкаст жүйесін қосты. Оқырмандар өзге шаруасын істеп отырып та Қамшыдан жедел әрі өзекті ақпарат ала алады. Ол үшін мақалалар тақырыпшасы шетіне орналасқан ойнату белгішесін түртсе болғаны.
"Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде ойнайды" цитатасын ұран етеді. Осындай жолдары бар Дүр Қамшы атты рухты әнді Қанат Ислам рингке шыққанда пайдаланып жүр. Ән Қамшы агенттігінің гимні ретінде жазылған.
## Сыртқы сілтеме
* Қамшы ақпараттық агенттігі |
Ойық — Түркістан облысы Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 63 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құмтиын — Түркістан облысы Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарашық — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Қарашық ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан шығысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шекербұлақ (2007 жылға дейін – Қызылжол) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шыпан — Түркістан облысы Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сұлтанбек Қожанов ауылы (2007 жылға дейін – Спецхозобъединение) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтас — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қабылсай — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратөбе (2008 жылға дейін – Қызылшаруа) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстікке қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Білім беру түрі жоғарғыЗаңды мекенжайы 100009, Қарағанды қ., Академическая көш., 9Қала КарагандаЖекеменшік түрі мен ұйымдастыру-құқықтық нысаны Жекеменшік, мемлекеттік емес білім беру мекемесіҚұрылған, қалыптасқан жылы: 1966 ж.Ректордың тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә) (тел.: жұмыс, ұялы, үй) Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы тел. жұм.: 8 (7212)44-16-22E-mail Факульттер саны 5Мамандықтардың саны 0Мамандықтардың саны (мамандықтар тобының ішінде). Бакалавриат:
Барлығы: 18
Мамандықтардың саны (мамандықтар тобының ішінде). Магистратура:
Барлығы: 14
Мамандықтардың саны (мамандықтар тобының ішінде). Докторантура: 3Мамандықтардың саны (мамандықтар тобының ішінде). Резидентура: Мамандықтардың саны (мамандықтар тобының ішінде). Аспирантура: Оқушылар контингенті 0Оқушылар контингенті(мамандықтар тобының ішінде). Бакалавриат:
Барлығы: 17294
Оқушылар контингенті(мамандықтар тобының ішінде). Магистратура:
Барлығы: 88
Оқушылар контингенті(мамандықтар тобының ішінде). Докторантура: Оқушылар контингенті(мамандықтар тобының ішінде). Резидентура: Оқушылар контингенті(мамандықтар тобының ішінде). Аспирантура: ПОҚ
Барлығы: 1076
Материалдық-техникалық базасы: Ғимараттардың саны 1Ғимараттардың жалпы ауданы (шаршы метр) 45400Оқу-зертханалық ғимараттар жалпы аудан (шаршы метр) 35200Жатақханалар саны 3Жатақханалар жалпы аудан (шаршы метр) 10200Жатын орындар (шаршы метр) 770Бар болған жағдайда құрылымдық бөлімшелер атауы (колледж, біліктілікті көтеру институты және т.б.):
Всего: 1 |
Шағыр — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Атамекен (2020 жылға дейін – Қожатоғай) — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде орналасқан. Ауыл төңірегінде эфемероидті өсімдіктер аралас қоңырбас, өлең, т.б. өсімдіктер өседі.
## Тарихы
Монтайтас ауылдық кеңесі 1932 жылдың 21 наурызынан 1963 жылдың қаңтарына дейін Арыс ауданы құрамында, 1963 жылдың қаңтарынан 1965 жылдың қаңтарына дейін Ленин ауданының құрамында, 1965 жылдың қаңтарынан 1967 жылдың тамызына дейін Бөген ауданының құрамында, 1967 жылдың тамызынан 1989 жылдың қазанына дейін Ленин ауданының құрамында, 1989 жылдың қазанынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Арыс қаласының құрамында болды, 1994 жылдың 5 қаңтарынан бастап Монтайтас ауылдық округі болып құрылып, құрамына Ақтас, Бақырша, Қабылсай, Қожатоғай, №42-темір жол айрығы, Тоғансай, Шағыр елді мекендері енді. Негізгі айналысатын саласы – мал шаруашылы. Монтайтас ауылдық округі құрылғаннан кейін мал шаруашылығы қарқынды дамыды. Сол уақыттан бері Қожатоғай елді мекені деп аталып кеткен. Қожатоғай арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді. Қожатоғай елді мекені облыстың және ауданның орталығымен темір жол арқылы да, тас жолмен де байланыс жасайды. Қожатоғай елді мекенінің жер көлемі – 1300,3 га. Халық саны – 1393 адам. Тұрғын үй саны – 205 үй. Білім беру мекемесі – 1 мектеп. Мектеп жанынан ашылған мектеп жасына дейінгі мекеме – 1 балабақша бар.
## Халқы
## Дереккөздер |
№42-темір жол айрығы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тоғансай — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шойтөбе — Түркістан облысы Сауран ауданы Иассы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазүйректер туысы немесе Италақаздар (лат. Tadorna) – Қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасы тармағына жататын 35 туыстың біреуі. Қазүйрек туысты құстар – қаздармен ортақтығы бар ірі денелі (1-1,5 кг) үйректер, бәлкім бұл екі тұқымдас тармақтар арасында өтпелі буын болуы да мүмкін. Жерде жүру сипаты және қанатын сирек қағып қаз типтес көптеген мөлшерлестіктері үйректерге жақын. Туыс атауы ұялардың орналасу типтеріне байланысты аталған, олар жерден қазылған жерде және қуыстарда ұя салады. Өсімдіктекті және жануартекті азықтармен қоректенеді. Негізгі қорегі – сораңның өркендері мен тұқымдары, астық жиналғаннан кейінгі егістікте қалған дәндер, су өсімдіктері, сондай-ақ шегіртке тұқымдастар, шаянтәріздестер, бунақденелілердің дернәсілдері. Қазүйрек туыстыларда жеті түр бар, Қазақстанда солардың екі түрі – сарыалақаз және қызылүйрек ұялайды
## Дереккөздер |
Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімов (30 қаңтар 1938 жыл, Самарқан — 2 қыркүйек 2016 жыл, Ташкент) — өзбекстандық мемлекеттік қайраткер, Өзбекстанның тұңғыш президенті, Өзбекстан ғылым академиясының академигі (1994), Өзбекстан Қаһарманы (1994).
Кәрімов билігін оппозициялық БАҚ-пен диктаторлық және авторитарлық деп сипатталған.
## Өмірбаяны
1938 жылы 30 Қаңтарда Самарқанта дүниеге келген. Оның үйі махалла Дахбедиде, қаланың тарихи орталығындағы Бибі Ханым мешітінің артында орналасқан.
Ресми өмірбаяны бойынша, ұлты өзбек (басқа мәліметтер бойынша, оның әкесі өзбек, ал анасы тәжік). Әбдіғанидің әкесі қызметкер, анасы Санобар үй шаруасындағы әйел болған. Ислам Кәрімовтың айтуынша, анасы Самарқантан тыс жерде болған жоқ.
Отбасында сегіз бала болды — бір апа Мехринисо және жеті ағайынды: Амонулло, Ибодулло, Арслан, Куддус, Икром, Ислом, Хуршид. Әбдіғани қызметкер болып жұмыс істеді, қатал, өзіне және басқаларға талапшыл, қатал адам болды. Ол қатаң тәртіп пен тәртіпті ұстанды, ұлдардан да талап етті. - Құрметке махалла. Санобар үй шаруасындағы әйел болатын. Кәрімовтар отбасындағы барлық ұлдардың жоғары білімі болды, олардың үшеуі мектепті алтын медальмен бітірді, үшеуі ғылым кандидаттары болды — олар Ибод Әбдіғаниұлы, Куддус Әбдіғаниұлы және Ислам Әбдіғаниұлы.
Оның балалық шағы туралы аз мәлімет бар, нәтижесінде жас кезінде Кәрімовтың өмірбаянының екі нұсқасы бар — біреуі бойынша ол үлгілі студент, екіншісі — бұзақы және қараңғы тұлға.
## Президенттігі
Кәрімов "Тәуелсіздік жолында: мәселелер мен мұраттар", "Өзбекстанның дербестігі мен даму жолы", "Тәуелсіздік және руханият", тағы басқа көптеген еңбектердің авторы. Ол тәуелсіз мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерін қалыптастыруға, оның халықаралық қарым-қатынастарын орнықтыруға, ішкі тыныштық пен татулық ахуалын орнатуға көп үлес қосты. Сыртқы саясатта ТМД-ның, түркі халықтары мемлекеттері басшыларының саммиттерін, кездесулерін белсенді ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды. Кәрімов 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ын, 1992 жылы 10 мамырда Ашғабатта Орталық Азия экономикалық ынтымақтастық ұйымын (ОАЭЫҰ), 2001 жылы 14 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) (1996 жылы 26 сәуірде "Шанхай бестігі" ұйымы болып құрылған) құруға белсене қатысты. 1997 жылы 10 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы "Мәңгілік достық туралы" шартқа қол қойды. Қазақстанға достық сапармен әлденеше рет келді. Екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты жетілдіріп, жақсарта түсу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен көптеген кездесулер өткізді. Халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Кәрімов әлемнің бірнеше елдерінің жоғары марапаттарымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен берілген "Алтын қыран" орденімен (02.06.1997) марапатталды.
### Хронологиясы
* Орта Азия политехникалық институтын және Ташкент мемлекеттік экономикалық университетін бітірген;
* 1960–1961 жылдары "Ташсельмаш" зауытында көмекші шебер, аға шебер, технолог болды;
* 1961–1966 жылдары Ташкент авиация]] өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер, конструктор болды;
* 1966–1983 жылдары Өзбекстан Мемлекет жоспарлау комитетінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, төрағаның бірінші орынбасары қызметтерін атқарған;
* 1983–1986 жылдары Өзбек КСР Қаржы министрі.
* 1986 жылы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекет жоспарлау комитетінің төрағасы болды;
* 1986 жылы желтоқсанда Өзбекстан Компартиясы Қашқадария облысын комитетітінің бірінші хатшысы болып тағайындалды;
* 1989 жылы маусымда Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды;
* 1990 жылы 24 наурызда Өзбекстан Ұлы Кеңесі сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министрлер Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды;
* 1991 жылы тамызда Өзбекстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, елдің саяси жүйесін жетілдіру ісіне тікелей басшылық жасап, нақты шараларды жүзеге асырды;
* 1995 жылы 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен президенттік уәкілдігі 2000 жылға дейін ұзартылды;
* 2000 жылы өткен бүкілхалықтық сайлауда Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды;
## Дереккөздер |
Жиделі — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Жиделі ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жосалы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Байырқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаражантақ — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты, Дермене ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Теміржолшы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты, Дермене ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан солтүстікке қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақырша — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Монтайтас ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Арыс қаласынан оңтүстікке қарай 32 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Келмембет Келдібайұлы (шамамен 1648 – 1673) – батыр. Алшынның Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан. Ел ішінде тараған аңыздар мен әңгімелерде Келмембет пен Әлдеберлі батыр екеуінің есімі қатар айтылады. Ауызша шежірелердің бірінде Келмембет батыр Әлдеберлінің әкесі делінсе, енді бірінде керісінше, Келмембет Әлдеберлінің баласы деп, тағы бір аңыз-әңгімелерде екеуі тіпті бір адам деп көрсетіледі.Келмембет батыр бірде жасақ арасынан Сарғасқа атпен суырылып шығып, алдырмай тұрған жау қамалын бұзады. Содан “Сарғасқа атты сарбаз” атанып кеткен. Молдахмет Дабылұлы (1893–1946) Келмембетке арнап “Сарғасқа атты Келмембет” атты дастан жазды. Жазушы Құланбай Көпішев 1958 ж. Алматыдан “Сарқасқа атты сарбаз батыр”, 1998 ж. Мәскеуден “Воин на саврасом коне” деген атпен жыр жинақтары шықты. “Жұлдыз” журналында, “Түркістан” газетінде Келмембет батыр туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелер жарияланды. 1999 ж. Қызылорда қаласының орталығында Келмембет батырға арнап ескерткіш орнатылып, ол туралы жеке жинақ жарық көрді (1998). Келмембет батыр әулетінен Бәйтік, Тоғанас, Сарман батырлар, Жәрімбет, Қалдан билер, Т.Жүргенов, Қ.Қабылов сынды қоғам қайраткерлері тараған. М.Тынышбаевтың 1925 ж. Ташкентте шыққан “Материалы к истории киргиз-казахского народа” деген еңбегінде шөмекей тайпасының аталығы Келмембет ұранын “Сарғасқа” деп көрсеткен.
Шежіре: Келмембет (Сарықасқа/Сарғасқа)-Келдібай-Бозғұл-Шөмекей
## Дереккөздер: |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.