text
stringlengths
3
252k
Ысқақова Сәуле Сәбитқызы (Теміртау, ҚКСР; 12 қыркүйек 1972) Ресейлік әнші және дубляж актрисасы. ## Өмірбаяны Сәуле Ысқақова 1972 жылы қазақстандық Теміртау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтын (орыс. Ленинградский государственный институт театра, музыки и кинематографии ЛГИТМиК) бітірді. ## Мансабы Қазіргі кезде Зазеркалье Санкт-Петербург мемлекеттік балалар музыкалық театрының солисті (сопрано), сонымен қатар Anima, Primavera және Soledad Orquesta танго ансамбльдерімен өнер көрсетеді. Театралдық музыкадан бөлек, Ысқақова классикалық музыка және неміс lied бағытындағы жеке концерттерін береді. 2004 жылдан бастап тангомен және Астор Пьяццолланың музыкасымен әуестеніп, сол жылы ол Пьяццолланың лирикалық серіктесі Орасио Феррердің Санкт-Петербургке сапары кезінде бірге өнер көрсетті. 2005 жылы италияндық Казале-Монферрато қаласында өткен Piazzolla Music Awards фестивалінде Anima ансамблімен бірге "Premio della critica" (Сыншылар сыйлығы) сыйлығына ие болды. 2007 жылы Тампере қаласында (Финляндия) Танго Әлемі фестивалі Мұрағатталған 21 қарашаның 2008 жылы.нде және 2008, 2009 және 2010 жылдары Санкт-Петербургтегі Белые ночи Мұрағатталған 24 маусымның 2008 жылы. танго фестивалінде өнер көрсетті. 2011 жылдың ақпанында Ысқақова Ресей Федерациясының еңбегі сіңірген әртісі (орыс. Заслуженная артистка Российской Федерации) атағына ие болды. ## Фильмографиясы ### Дубляж актрисасы ## Дереккөздер
Амангелді — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Арын Қызырұлы Кизиров (1913 жыл, КСРО, Ақмола облысы, Бәймен ауылы — 7 мамыр 1997 жыл, Қазақстан, Ақмола облысы, Ерейментау қаласы) — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ардагері, мүгедегі. ## Өмірбаяны 1914 жылы Ерейментау ауданына қарасты Бәймен ауылында дүниеге келген. Руы — Қанжығалы Киікбай. 1932 жылы әке-шешеден айырылып, Благодат балалар үйінде тәрбиеленеді. Еңбек жолын 1937-1939 жж. темір жолда бастайды. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына алынады. 1941-1944 жж. Ұлы Отан соғысына қатысып, саперлер бөлімшесінің командирі болады. Бір түнде мина даласын залалсыздандырғаны үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. Соғыста аяғын беріп, еліне қайтады, бірақ еңбекке араласып, 1945 жылы Күншалған ауыл кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Бертін дүкенші болып, зейнетке шыққан. Ол 3-ші дәрежелі "Даңқ" ордендерінің, "Солдат даңқы" орденінің, бірнеше медальдардың иегері. 1997 жылдың 7 мамырында бақилық болды ## Жанұясы * Әйелі — Күләнда Қамзеқызы Хамзина (1929-2008)Үлкен ұлы — Аманжол Арынұлы Кизиров (1949-1949)Үлкен қызы — Алтын Арынқызы Кизирова (1951 жылы туған)Екінші қызы — Ләйлә Арынқызы Кизирова (1953 жылы туған)Үшінші қызы — Айымгүл Арынқызы Кизирова (1955 жылы туған)Ортаңғы ұлы — Мереке Арынұлы Кизиров (1957 жылы туған)Кіші ұлы — Садық Арынұлы Кизиров (1961 жылы туған)Кіші қызы — Гүлбақша Арынқызы Кизирова (1964-1967) * Үлкен ұлы — Аманжол Арынұлы Кизиров (1949-1949) * Үлкен қызы — Алтын Арынқызы Кизирова (1951 жылы туған) * Екінші қызы — Ләйлә Арынқызы Кизирова (1953 жылы туған) * Үшінші қызы — Айымгүл Арынқызы Кизирова (1955 жылы туған) * Ортаңғы ұлы — Мереке Арынұлы Кизиров (1957 жылы туған) * Кіші ұлы — Садық Арынұлы Кизиров (1961 жылы туған) * Кіші қызы — Гүлбақша Арынқызы Кизирова (1964-1967) ## Марапаттары * "Қызыл Жұлдыз" ордені * 1-ші, 2-ші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордені * 3-ші дәрежелі "Даңқ" ордені * 3-ші дәрежелі "Солдат даңқы" ордені * "Кавказды қорғағаны үшін" медалі * "Германиядағы жеңісі үшін" медалі ## Дереккөздер
Еңбекші (2008 жылға дейін – Энгельс) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылының солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Аққорған — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жабайытөбе (2002 жылға дейін – Будённый) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шырылдақ (2008 жылға дейін — Қазақ ССР-інің 15 жылдығы) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Біртілек (2008 жылға дейін – Чапаев) — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Біртілек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құрылыс — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылының шығыс жақ іргесінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Керегетас (2002 жылға дейін – Қызыл Октябрь) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстікке қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ораз ата (2021 ж. дейін – Димитрово) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов (20 мамыр 1934 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған) – қазақстандық опера және камералық әншісі. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры. «Парасат» Орденінің иегері. ## Жалпы мәліметтер Алматы облысының «Еңбекші қазақ» ауданның Қаракемер атты мекенінде Нариман 1934 жылдың мамыр айының 20-жұлдызында өмірге келді.Нариман Нұрмағамедұлы опера және балет театрының табал-дырығын 1963 жылы аттады. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнауда. 46 жыл қас қағымдай өте шықты.Нариман 1957 жылы Алматыда ұйымдастырылған жастардың Республикалық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Қазақстан Ленин комсомолының бірінші хатшысы қолынан диплом алды. Фестиваль барысында оның әншілікке деген дарынын таныған Байғали Досымжанов және Бекен Жылысбаев Нариманға консерваторияға түсуге ақыл береді. Ол ақыры консерваторияға 1957 жылы қабылданып, Бекен Жылысбаевтың шәкіртіне айналды, ал опералық класс өнері бойынша тәлім-сабақты Құрманбек Жандарбековтен алды. Қос ұстаз Нариманның әншілік қанатын 5 жыл бойы баптай түсті. Ол консерваториядағы студенттік шағынан бастап Алматы опера және балет театрының басшыларына дауысы қатты ұнағасын сондағы қойылымдарға қатыса бастады, ал 1963 жылы консерваториядағы оқу жылдарын тәмамдағасын опера және балет театрында әнші-солист қызметін атқаруға кірісті. Театрдың табалдырығын аттағаннан бастап-ақ өзін қалың қауым алдында дарынды кәсіби әнші екенін бірден байқатты, театр басшылары оның күрделі вокалдық дәрежеге жететініне толық сенді. Нариман Қаражігітов операның бір партиясынан соң екіншісін игеріп алып кетуі шұғыл дамып, шеберлігі арта берді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» – Айдар, Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сарасындағы» – Біржан, Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғынындағы» – Балпан, «Жалбырында» – Елемес, «Қыз Жібегіндегі» – Төлеген, Монцарттың «Дон Жуанындағы» – Дон Оттави, Мусоргскийдің «Борис Годуновындағы» – Самозванец, Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» – Қараман, Рубинштейннің «Демо-нындағы» – Синодал рөлдері тамаша орындады. Әсіресе, Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсында бас партияны игеруде өзі-нің қолтаңбасын айқын танытты. . Сахнаға алғаш шығарған рөлі Сыдық Мұхамеджановтың комедиялық «Айсұлу» операсындағы – Әубәкір образы. Бұл әртістің репертуарындағы алғаш орындалған кейіпкер. Ол партияны да өнерге деген жан-жақтылықты серпілісте, шебер түрлену бағытында орындады. Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» қазақ операсының ұлттық мәдениеті тарихындағы түндікті алғаш ашты. Театрдың опералық қойылымының тұсау кесері. Биссимилласы содан басталды, қанатын толғай қағуға кірісті. Мұнда махаббаттың, пәк сүйіспеншіліктің асқақ шыңы сипатталып, жырланды. Опера желісінде Төлеген жауыздықтан мерт болғасын, Қыз Жібек мұндай орны толмас қайғыны көтере алмай өзін-өзі пида қылады, өмірімен қоштасады. Төлеген рөлін өткен мезгілдерде Қанабек Байсейітов және Байғали Досымжанов орындаған. Әрі қарай тізгін Нариман Қаражігітовтің қолына тапсырылды.Абай, Мұхтар, Шәкәрімдердің туған елі – Семейде қойылған Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы Роза Жаманова мен Нариман Қаражігітовтің басты рөлдерді орындауымен жемісті өтті. 1968 жылы Нариман Нұрмағамедұлы Канаданың Монреал қала-сында дүниежүзілік көрмеге қазақстандықтарды Байкен Әшімов, Сабыр Ниязбеков, Саттар Имашев бастап келген делегация құрамында болды. Ол сонда Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сәуле» және халық әні «Ақбақайды» үлкен шабытпен орындады.Накең әншілігімен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарды. Ол 1967 жылы жеке классикалық әндерден сабақ берді, дәрістер оқыды. Оның шәкірттері қатарында белгілі әншілер – Ғафиз Есімов, Болатбек Бө, Мұрат Құсайынов. Бұл күндері Накең Қыздар педагогикалық университетінің профессоры. ## Марапаттары * 1967 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 1976 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы; * КСРОның «Еңбек ардагері» медалінің иегері. * 2014 жылы «Парасат ордені» мен марапатталған. * Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің профессоры. әдебиет * Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г
Ақниет — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қанағат — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңаарық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңаарық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Игілік — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мереке Арынұлы Кизиров (2 қараша 1957 жылы, КСРО, ҚазКСР, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында туды) — қазақстандық мемлекет қайраткері. ## Өмірбаяны 1957 жылдың 6 қарашасында Ерейментау қаласында дүниеге келген. Руы — Қанжығалының ішінде Киікбай. 1964-1974 жылдары Ерейментау қаласындағы №2 негізгі мектебінде оқып, 1974 жылы еңбекке араласқан. 1975-1977 жылдары әскер қатарында болған. 1977-1979 жылдары Ерейментау жол аралығында жол жөндеушісі болды. 1979-1981 жылдары Целиноград темір жол транспорты техникумында оқиды. 1981-1987 жылдары Ерейментау жол аралығында мастер көмекшісі, кейін аға мастер болды. 1987-1994 жылдары линия бастығының орынбасары. 1994-2005 жылдары Екібастұз жол аралығында директор болды. 2005-2007 жылдары Павлодар магистральды торабында бөлім бастығы. 2007-2012 жылдары Екібастұз жол директоры. 2012 жылы біраз Павлодар стансасы Пойыздарды қалпына келтіру бастығының орынбасары болды. Қазіргі таңда "ҚР теміржолшылар кәсіподағы" Павлодар филиалының еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторы. ## Марапаттары * "Қазақстан темір жолына 100 жыл" медалі * "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі ## Дереккөздер
Тыңтөбе (2008 жылға дейін – Целина) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сіргелі (2023 жылға дейін – Чичерино) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Нұрбану сұлтан (осман. نور بانو سلطان‎ — Nûr Banû Sultan, түр. Nurbanu Sultan; 1525 жыл — 7 желтоқсан 1583 жыл) — II Сәлімнің әйелі (хасеки сұлтан), III Мұраттың анасы (уәлиде сұлтан). ## Өмірбаяны ### III Мұрат тұсында III Мұраттың анасы Уәлиде Нұрбану сұлтанның гаремдегі беделі артты, алайда алғашқы 4 жыл II Сәлімнің әпкесі Михримах сұлтан гаремнің басшысы болды. Михримах сұлтан гаремді анасы Хасеки Хүррем сұлтан ажалынан кейін және өз ажалына дейін 1558-1578 жылдары 20 жыл биледі. Ақырында, Михримах сұлтан 1578 жылы қайтыс болған соң, Уәлиде Нұрбану сұлтан гаремнің жаңа басшысы болды. Нұрбану сұлтанның гаремдегі тұтас билігі оның ажалына дейін, 1583 жылға дейін, жалғасты. Сонымен қатар Нұрбану сұлтан мемлекеттік істерге де ықпалы зор болды, себебі III Мұрат мемлекеттік мәселелерге қатысты шешімдер қабылдаған кезінде анасының кеңесін тыңдайтын. Паоло Контарини дожға жазған хатында былай дейді: III Мұраттың тұсында "қатындар сұлтанаты" өз жалғасын тапты, себебі сұлтанға анасынан басқа сүйікті күңі де зор ықпал етті. Сұлтан өз күңін өте қатты сүйді, бірақ Сафиенің ықпалын төмендету үшін Нұрбану сұлтан Мұратқа басқа да күңдер жіберіп отырды. Бұл Уәлиде сұлтанның қолынан келсе де, ақырында сұлтан үшін Сафие ең сүйікті күң болып қала берді. 1583 жылы Нұрбану сұлтан қайтыс болған соң, Сафие өз беделін сезіне бастады. Анасы жанындай жақсы көрген III Мұрат анасының жаназасын зор сән-салтанатпен өткізді және Мимар Синанға анасының құрметіне мешіт салуға әмір берді. Мешіт Әтік Уәлиде мешіті деген атау алды. Джанфранческо Моросини айтуы бойынша: Уәлиде сұлтан қайтыс болған соң, Моросини сол жайлы өзінің Венециядағы депешасына жеткізді: III Мұрат өз анасын қатты қадірлеп, жақсы көретін. ## Өнерде * «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014, Нұрбану сұлтан рөлінде — Мәруа Болуғур) ## Дереккөздер
Дархан (1993 жылға дейін – Красино) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2023 жылға дейін Құркелес ауылдық округі құрамында болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Ауыл көріністері * * * * ## Дереккөздер
Алғабас — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан солтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Келес — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ортатөбе — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңаталап — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құлтума (1993 жылға дейін – Ударник) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жылысу (2008 жылға дейін – Қызылқазақстан) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құркелес (2008 жылға дейін – XXII партсъезд) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақ үй (2018 жылға дейін – Белый дом) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан солтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Нұрлыжол (2008 жылға дейін – Мичурин) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бесқұдық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақсу (2008 жылға дейін – Канал) — Түркістан облысы Келес ауданы, Жүзімдік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Орталық стадион — Павлодар қаласында орналасқан стадион. Бұрынғы атауы — «Трактор». Ертіс ФК-нің стадионы. ## Келбеті және деңгейі Стадионда 105 × 68 метр өлшемімен ойын алаңы мен 11,828 көрермендерге арналған орындықтар бар. «Орталық» стадионы қайта жаңартуға 2001 және 2007 жылдары ұшырады. Мынадай өзгерістер жүзеге асырылды: ### 2001 жылғы қайта жаңарту * Жанкүйерлерге арналған автокөлік паркі салынды. * БАҚ үшін арнайы аумақ кеңейтілген, операторлар үшін алаң құрылған. * Команданың киім ілетін орны мен мәжіліс залы кеңейтілген. * Футбол алаңының ауқымды жаңарту жасалған. * Көгалдарды суару жүйесін қалпына келтірілді. * Барлық алты жарықтандыру мұнаралары қалпына келтірілді. * Қоғамдық дәретханалар күрделі жөнделді. ### 2007 жылғы қайта жаңарту * Табиғи шөп Нидерландыда жасалған жасанды газонға ауыстырылды. * Стадионның шағын алаңы салынды. * УЕФА стандарттарына сай, 30 см өлшемді пластиктен жасалған орындықтар батыс, солтүстік, шығыс трибуналарда қойылған. * Жүгіру жолына алфальт төселді. * VIP-бөлмелер жөнделді. * Сыртта жөндеу: барлық құрылымдық бөліктерді бояу, стадион қабырғалары сайдингпен жабылған, ағаш терезелер пластикке ауыстырылды. 2007-2008 жылдардағы маусымның алдында ескірген электронды таблолар, ойын жағдайларын мен басқа ойындарды қарауға бейімделген LCD-мониторы қойылған. 2009-2010 маусымында Ертіс футбол командасы жасанды газонда жылыту өрісінде жаттықты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Орталық» стадионыfc-irtysh.narod.ru
Өмірсерік Қалиұлы Қалиев (1947 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданы Басқан ауылы - 2017 жылы 16 қыркүйек Алматы облысы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Ақсу ауданының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының жоғарғы санаттағы артисі. ## Толығырақ Құрманғазы атындағы консерватория жанындағы театр бөлімін бітірген (1974). Ақсу ауданы "Өмір нұры" газетінде, Діңтек ауылындағы орта мектепте, Қаракөз ауылындағы клубта жумыс істеген. 1975 ж. бүр. Талдықорған облыс драма театрының құрамына қабылданды. Қ. М.Әуезовтің "Абайында" — Абайдың, "Қарагөзінде" — Асанның, "Түнгі сарынында" Тәнекенің, "Еңлік-Кебегінде" — Еспенбеттің, Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқтысында" — Мынқаудың, "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында" — Қарабайдың рөлдерін ойнады. Қ. 80-нен аса образ жасаған актер. ## Марапаттары * 1992 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы; * 2000 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» нің иегері атанды. * «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» құрметті атағының иегері. ## Дереккөздер
Оңтүстік — Түркістан облысы Келес ауданы, Жүзімдік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Аманжар (2002 жылға дейін – Екінші Бесжылдық) — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңақоныс — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мақташы — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарабура әулие (2002 жылға дейін – Клим) — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жамбыл — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бесқұбыр — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Қошқарата ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
1 Мамыр (2021 ж. дейін – Первое Мая) — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алғабас — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бесауыл (2008 жылға дейін – Калинин) — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ұшқын — Түркістан облысы Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Атақоныс (2002 жылға дейін – Большевик) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бақышсай (2002 жылға дейін – Қызыл Жұлдыз) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратал — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сәмбет Саттаров (2021 ж. дейін – Орджоникидзе) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жиделі (2002 жылға дейін – Хлоппункт) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынталы (2002 жылға дейін – Фрунзе) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбек — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жетітөбе — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ошақты — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Ошақты ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан батысқа қарай 834 км-дей жерде. ## Тарихы 1957 жылы Келес ауданында құрылған Абай атындағы мақта кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Халқы ## Дереккөздер
Саңырау — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарыжылға — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны. 1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді . Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар .Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше. ## Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары ### Білім-тәрбие беру институттары О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтыБіліктілікті арттыру институтыКөп тілді білім беру институтыЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтыОқушылар контингентін қалыптастыру институты ### Факульттері Университет құрамындағы факульттеттер мен білім-тәрбие беру институттары: * Агробиология және фитосанитария факультеті * Технология және биоресурстар факультеті * Ветеринария факультеті * Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті * Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті * Инженерлік факультеті Университет бакалавриат бойынша 52 білім беру , 90 магистрлік бағдарламаны және 21 докторантураны ұсынады. ## Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ### Ғылыми-зерттеу институттары Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтыАнималогия мәселелері ғылыми-зерттеу институтыКонсалтинг және агробизнес ғылыми-зерттеу институтыАгроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу институтыОрман ғылыми-инновациялық институтыСу проблемалары және жерді мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты ### Ғылыми орталықтары Қазақстан-Жапон инновациялық орталығыҚазақ-Корей инновациялық орталығыТұрақты егін шаруашылығы орталығы ## Дереккөздер
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті — Қостанай қаласында орналасқан жоғары оқу орны. 1993 ж. тамызда бұрынғы Қостанай педагогика институты негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 3 сәуірдегі № 384 Қаулысы негізінде университетке Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілді. 1998 жылы 25 қыркүйекте А. Байтұрсынұлы мұражайы ашылды. 2000 жылығы ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен университетке Қостанай ауыл шаруашылығы институты қосылды. "Жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 128 Қаулысы негізінде университет құрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты. ## Әр жылдардағы университет басшылары: Хусаин Хасенұлы Валиев техника ғылымдарының докторы, профессор,Еуропа Кеңесі Халықаралық академиясының академигі (ЮНЕСКО),Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Академиясының толық мүшесі. 2001-2008 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылы Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды 2015 жылғы 25 қарашадан ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болып қайта тағайындалды. Асқар Мырзахметұлы Наметов ветеринария  ғылымдарының докторы, профессор.2009 жылдың 19 қаңтарында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры қызметіне тағайындалды. 2015 жылғы 14 қыркүйекте ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы лауазымына тағайындалды. Алма Иригибаевна Дощанова ҚР экономика ғылымдарының кандидаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №ЖҚ – 16 бұйрығымен ШЖҚ РМК А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры лауазымына тағайындалды. Сеитбек Бекенович Куанышбаев география ғылымдарының докторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 22 шілдедегі ЖҚ №106 бұйрығына сәйкес Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына тағайындалды. ## Университет құрылымы Университет құрылымында Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық, Үздіксіз білім беру институттары, Ауыл шаруашылығы ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары факультеті, Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар, Құқық және экономика факультеттері бар.   15 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. 7,5 мың студент оқиды. Оқу жүйесін 57 кафедра ұйымдастырады. Құрамында Физика және ақпараттық технология, Стратегиялық басқару, Агроөнеркәсіп кешенінің жаңа технологиялары, Лингвистикалық ғылыми зерттеу институттары бар. 9 мамандық бойынша аспирантура, бірқатар факульттерде магистратуралар бар. Университеттің ғылыми кітапханасының қорында 708107 дана кітап бар. Ауыл шаруашылығы саласының студенттері үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мақсатында оқу және ғылыми өндірістік бөлімшелер құрылған. 4 спорт залы, ашық спорт алаңдары, “Жастар” студенттік драма театры, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрлері, фольклорлық ансамбль, т.б. студенттік шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. ## Дереккөздер.
Бекбота (2017 жылға дейін – Жамбыл) — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Байғабыл — Түркістан облысы Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан батысқа қарай 57 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ащыкөл — Түркістан облысы Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бозай — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Бозай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 58 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Майдабозай — Түркістан облысы Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шолантөбе — Түркістан облысы Келес ауданы, Бозай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тентексай — Түркістан облысы Келес ауданы, Бозай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қалғансыр — Түркістан облысы Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан батысқа қарай 67 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Әлімтау — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Әлімтау ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жайдаққұдық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тасқұдық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан солтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тартоғай — Түркістан облысы Келес ауданы, Бозай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көктал — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан солтүстік-батысқа қарай 94 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынтымақ — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Жартытөбе ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көлтоған (2021 ж. дейін – Әзірбайжан) — Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бостандық (1993 жылға дейін – Новоабад) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірлік — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Баян хан - Алтын Орда құрамындағы Шығыс Дешті - Қыпшақ немесе Орда-Ежен ұлысының билеушісі (1301 - 09). ## Биографиясы Шығу тегі: Шыңғыс хан - Жошы хан - Орда Ежен хан - Сартақтай - Қоныша хан (Кончи, Коюнчи, Кучи) - Баян хан. Ұзақ уақыт Орда-Ежен ұлысын билеген (1280 - 1301) Қоныша, Ирандағы Құлағу әулетінің билеушілері Арғұн ханмен (1281 - 92 жылы билік құрған), кейін Газан ханмен (1295 - 1304 жылы билік құрған) тығыз қарым-қатынас орнатып, елшіліктер алмасқан. Баян хан Қонышаның Нүкілін қатын атты әйелінен туған. Ол билік басына келісімен Құбылықтың (Кублук) қарсылығына ұшырайды. Рашид әд-Дин жылнамасында: деп жазылған. XIV ғасырдың басында Баян хан Құбылықтың кенеттен жасаған соққысына төтеп бере алмай, Алтын Орда ханы Тоқтадан (Тоқтай) жәрдем сұрайды. Алтын Орда ханы әскери көмек көрсете алмай Қайду мен Дуваға елші жіберіп, Құбылықты Ордаға жіберуін талап етеді. Баян ханға ұлысты билеу туралы жарлық береді. Баян ханның Газан ханмен арадағы жақындығы Қайду мен Дуваның Хулагу әулетінен шыққан билеушіге қарсы күресіне кедергі болды. Сол себепті Қайду мен Дува Тоқта ханның жарлығына құлақ аспай, Орда Ежен ұлысы тағына Баян ханның орнына Құбылықты отырғызбақ болады. Баян хан Құбылық пен Қайду, Дува әскерлеріне қарсы 18 рет соғысып, оның 6-на өзі қатысты. 1303 жылы қыста Баян хан елшілері Иранда болып, Газан ханнан көмек алады. Осы соғыстар нәтижесінде, ол ұлыстың басым бөлігіне иелік етеді де, Құбылыққа аз бөлігі тиеді. Баян ханның Шәді, Мүкі, Сасы Бұқа, Солжикутай атты 4 ұлы болды. Баян хан қайтыс болған соң билікке Сасы Бұқа келді (1309 - 15). ## Сыртқы сілтемелер Қазақ энциклопедиясы ## Тағы қараңыз
Құрама — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Гумер Баширов (7.01.1901, Татарстан - 7.05.1999, Қазан), татар жазушысы, қоғам қайраткері. Соғыс кезіндегі ауыл өмірін суреттеген «Намыс» (1948) романы үшін 1951 ж. Мемлекеттік сыйлық алды. Роман қазақ тіліне (1954) аударылды. Ол Әуезовпен жақсы таныс, кітаптарына қолтаңба жазып сыйлаған, пікір-ой алмасып жүрген. Әуезов өзінің «Кейбір ұлт жазушыларының романдары» (1950) деп аталатын мақаласында «Намыс» романын жоғары бағалайды. «Баширов романының кейіпкері Нафиса образы қаһармаңцық еңбек арқылы барлық жағынан толық берілген. Роман композициясын тартқан сымдай тұтас құру жөнінде Баширов жақсы үлгі көрсетті. Башировтың кейіпкерлері алуан түрлі күреске бірден назар аударып, өздерінің жігер-қайратын жан-жаққа бытыратып жібермейді. Бұл романда жеке адамның өз істері мен қоғамдық істер бірімен-бірі мықтап ұштасып, роман бөлімдерінің ұзына бойына аралас жүріп отырады. Сондықтан да романдағы тартыстар шынайы суреттелген» деп, шығарманы түп нұсқасында оқыған жазушы көп ерекшеліктерін басқа ұлт жазушыларының романдарымен салыстыра отырып ашады. «КСРО халықтары әдебиеттерінің өркендеуі» деген еңбегінде: «Башировте тіл шеберлігі айқын, жарқын ұғымдылықпен үйлес келеді. Ол өз халқының жазба әдебиетіндегі жақсы дәстүрді татар деревнясындагы колхозшының шешен, шебер тіл байлығымен жақсы үйлестіріп, ке- лістіре пайдаланған», «совет дәуіріндегі тұрмысты шебер суреттейтін жазушы-романист» десе, «Орта Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерін социализм дәуірінде дамуы туралы» мақаласында (Е. Лизуновамен бірге) татар жазушысын негізгі кейіпкерлермен қатар, қосымша персонаждарды да айқын, терең, бедерлі етіп суреттейтін шебер қаламгер деп бағалаған. ## Дереккөздер
Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған) — әнші. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. ## Жалпы мәліметтер Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды. ## Өнер жолы * Он тоғыз жасқа келген Нұрғалиды ән өнерін кәсіби, жан-жақты білім алу мақсаты алға тартты. Ол 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Ұстазға Нұрғалидың кең тынысты, сазды дауысы ұнады. Нұрғали консерваторияны бітірген соң Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Осы кезде Нұрғали Қазақстанның кейбір аймақтарында концерттер бере бастаған. Мұнда ол екі жылдай әншілік қызмет атқарды. Ол жеке әнші болуды аңсады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетіне әкелді. Бұл ұжымда Нұрғали музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы ұжымда Нұрғали Нүсіпжанов (1966 – 1976) он жыл қызмет етті. Қызмет бабы Нұрғалиға әншілікті кең атқаруға бағыштады, ол концерттерге тікелей қатысуды қалады. Оның бұл талабы 1976 жылы орындалды. Нұрғали Нүсіпжанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, ол әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. ## Білімі 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ұстазы Қазақ КСР халық артисі Надежда Николаевна Самышина. ## Шығармашылығы Қазақтың әйгілі композиторы, халық қаһарманы, КСРО халық артисі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан. * Әнші Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты. Енді Нұрғали жастарды таңдауға, ансамбльге тартуға белін бекем буып кірісті. Әрі қарай ансамбль еліміздің түпкір-түпкіріде концерттер бере бастады. Алжирде де өнерлерін көрсетіп, сол елдегі Кеңес елшілігі қабылдауында болған-ды, сонда, ұжым Құрмет мақтау қағазымен марапатталды. * Жанұя, туған-туыстары Нұрекеңнің 70 жылдық мерейтойы қңында «Өз елім» (мақалалар, сұхбаттар жинағы) кітабын жарыққа шығарды. * Қазақ халқының толағай көңіл ықыласымен сүйетін әншісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл күндері қазақ халқына аянбай, барлық табиғат берген дарынын арнауда. Оның алдағы жылдары сүйсіндірер шығармашылығы үдей түсер. ## Гастролдік сапары Нұрғали Нүсіпжанұлының концерттік бай бағдарламасымен бүкіл Қазақстанды шарлап, ең алыс деген елді мекендерде өнерін көрсетіп, республикамыздың алыс-жақын аудандары мен облыстарында, шалғай елді мекендерде шағын фольклорлық, эстрадалық ансамбльдердің көптеп дүниеге келуіне ықпал етті. Ақиық әнші Қазақстанның орындаушылық өнерін Швеция, Финляндия, Моңғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Грекия, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша, Қытай сияқты және басқа да көптеген шет елдерде абыроймен таныта білді. ## Еңбек жолы * Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әнші; * 1966 – 1976 жылдары Қазақ телевизиясы мен радио хабарын тарататын мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісі; * 1976 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекші әншісі болған (20жыл); * Қазіргі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің солисі болып жұмыс істейді. ## Марапаттары * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы); * Қазақстанның халық әртісі (құрметті атағы); * Өзбекстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (құрметті атағы); * Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты; * Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты; * «Құрмет ордені»; * 2011 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған. * 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальі; ## Отбасы * Бірінші жанұясы: жары - Айгүл * Балалары: Бибігүл Нүсіпжанова, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар. * 2019 жылы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші танымал журналист Жадыра Сейдештіге үйленді. ## Дереккөздер
Жаңатұрмыс — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сөк-Сөк — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылды. ## Халқы ## Дереккөздер
Дастан — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңақұрылыс — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Зортөбе (2008 жылға дейін – Ворошилов) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарабау (2008 жылға дейін – Қазақ ССР-інің 13 жылдығы) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарақия ауданы - Маңғыстау облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Солтүстігінде Маңғыстау, батысында Мұнайлы ауданы, оңтүстігінде Түркіменстанның Балқан уәлаяты, шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасымен шектеседі. 1973 жылы құрылды. 1993 жылға дейін Ералиев ауданы деп аталды. Жер аумағы 64,3 мың км2. Тұрғыны 33,5 мың адам (2014). Аудан құрамындағы 10 елді мекен 2 кенттік, 4 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Құрық ауылы. ## Табиғаты Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан. Ауданның батысындағы Ащысор (–39 м) мен Қарақия (–132) ойыстарын Маңғыстау мен Кендірліқиясай үстірттері бөліп жатыр. Қарынжарық ойысы (–70 м) мен Қарашек к-нің қазаншұңқырлары (–21 м) Үстірттің оңтүстік бөлігімен шектеседі. Ауданның ең биік жері Батыс Үстірт кемерлі шыңындағы Қараман шоқысы (340 м). Шығысындағы Үстірт бөлігінің жер бедері төрткілді болып келеді. Батысындағы Каспий теңізі жағалауы жарқабақты. Мұнда Қазақ шығанағы, Кендірлі, Ақсу, Тоқмақ шығанақтары бар. Бұларды кезінде Исан түбегі деп атаған. Мұнда теңіз адының әсерінен пайда болған неше түрлі ғажайып бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Қарақия ауданының жер қойнауында мұнай мен газдың, ұлутастың, уранның кендері мол. Маңызды мұнай кен орындарына Жетібай, Өзен, Теңге, т.б. жатады. Олар 20 ғасырдың 60 жылдарынан бері кеңінен пайдаланылып келеді. ### Өсімдік пен жануар әлемі Сор, сортаңды сор, ауданның көтеріңкі келген тұсында қиыршықты сұр, сортаңды сұр топырағында, негізінен жыңғыл, сексеуіл, изен, жүзгін, бұйырғын, т.б. сораң шөптер өскен. Ауданда емдік шипалы өсімдіктер көптеп кездеседі. Олар: ерқұны, жалбыз, киікоты, жантақ, жусан, адыраспан, т.б. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шиебөрі, күзен, ақбөкен, арқар, қарақұйрық, т.б. бар. Ауданда Қаракөл-Қарақия мемлекеттік қорықшасы, Үстірт қорығы орналасқан. Мұнда кеміргіштердің 40, құстардың 100, өсімдіктердің 400 түрі өсіріледі. ### Сулары Жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс айдыны мен жазда қарасуларға бөлініп қалатын сортаң сулы өзеншелерден (Қарақия ойысындағы Ащыағар өзені т.б.) және тұзды Қарашек көлінен тұрады. Теңіз жағалауында Александрбай және Қазақ шығанағы орналасқан. Шығанақтан Ада құмқайыры арқылы Кендірлі шығанағы бөлінеді. ## Климаты Қарақия ауданының климаты континенттік. Каспий теңізі тек ауданның жағалық өңірі климатына ғана әсері бар. Аудандағы қаңтар айының орташа температурасы –7С, шілдеде 26С. Қыста қар жамылғысы жұқа және ұзақ жатпайды. Жауын-шашын тым аз, жылдық орташа мөлшері 75 – 100 мм. Жыл бойы желді болып тұрады. ## Халқы Халық өте сирек қоныстанған. Әр 1 км2-ге шаққанда 0,4 адамнан, ал облысы маңызы бар Жаңаөзен қаласы, Жетібай, Мұнайшы кенттері орналасқан аймақта 4,6 адамнан келеді. Ауыл тұрғындары 8 елді мекенде ғана шоғырланған. Ірі елді мекендері: Құрық а. (7,2 мың адам), Жетібай (9,1), Мұнайшы (3,6) кенттері және Бостан (1,4), Сенек (1,8) ауылдары. 2019 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 37 мың адам. ## Экономикасы Қарақия ауданының бір ерекшелігі – мұнда егістік пен шабындық жерлердің болмауы. ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 498,8 мың га. Жерінің басым көпшілігі (80%-ға жуығы) жайылымнан тұрады. Осыған байланысты аудан ауыл шаруашылық бағытында негізінен төрт түлік мал өсіруге маманданған. 1995 жылға дейін Қарақия ауданында қаракөл қойын өсіретін 2 кеңшар (Қарақұдық және Ералиев атындағы), Құланды жылқы зауыты және Қызылөзен түйе кеңшары жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап олардың негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Одан басқа ауданда мұнай-газ барлау экспедицияициясы, құрылыс-монтаж кәсіпорны, материалдық жабдықтау базасы, автобаза, бірнеше байланыс бөлімшелері, т.б. жұмыс істейді. Мұнда «Тасболатойл корпорейшн», «Ер-Сай», «Упетром Посерко» атты шетелдік компаниялар жұмыс істеп аудан халқын жұмыспен қамтып отыр. ## Инфрақұрылымы Білім беру саласы бойынша ауданда 13 орта, 5 бастауыш, 1 жұмысшы жастар мектебі, өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер мектебі бар. Денсаулық саласында ауданы аурухана мен емхана, өкпе және жұқпалы аурулар ауруханасы, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдш. пункт және ауданы сан-эпидемиол. ст., 3 фельдш.-акушерлік пункт, минералдық ыстық сумен емдейтін орын, т.б. мекемелер бар. Ауданаралық жол қатынасы, негізінен республикалық және халықар. маңызы бар Құрық – Ақтау – Жаңаөзен, Жаңаөзен – Марата (Түрікменстан), сондай-ақ Ақтау – Жаңаөзен т. жылы арқылы іске асырылады. Аудан аумағында Бекет ата, Шопан ата жер асты мешіттері орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі Аудан құрамындағы 7 ауылдық округке 8 елді мекен біріктірілген: ## Әкімдері * Әділбек Дауылбаев 2009-2017 * Қыдырберді Беков 2018-2023 * Сымбат Төретаев 2023- ## Дереккөздер
Достық — Түркістан облысы Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шытыр немесе ащы (зәрлі) сарғалдақ (лат. Ranunculus аcris) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын сарғалдақ тегінің, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. ## Сипаты * Биіктігі 70 см-ге дейін жетеді. * Сабақтары қысқа және тығыз түк басқан сайлары бар. * Тамырлары түзу және қысқа көптеген ұсақ қосымша тамырлары бар. * Жапырақтарының сағақтары ұзын, бес бөлік жапырақшалардан тұрады. Жапырақшалардың әрқайсысы бірнеше бөлшектерге бөлініп тілімделген. Олардың сағақтары өсімдіктің сабағын жарым жартылай қоршай орналасқан. * Гүлдері алтындай сары. Гүл сабақтарының да ұзына бойына созылған сайлары бар. Гүл тостағаншасының 5 түкті қалақшалары бар. * Жемісі шар тәрізді көптеген жаңғақшалардан тұрады. Мамыр айынан бастап бүкіл жаз бойы гүлдейді. Өсімідік бірінші рет 6 жылдығында гүлдейді. Шытыр арамшөп тәрізді бақшаларда, егістік жерлерде, шабындықтарда және батпақты жерлердің шеттерінде, өзендер мен көлдердің жағаларында да көп кездеседі. ## Химиялық құрамы Оның құрамында ұшпалы зат – протоанемонин(анемонол) бар, иісі өткір, дәмі тіл қуырарлықтай ащы болады. Протоанемониннің көздің, мұрынның, кеңірдектің кілегей қабығын түршіктіретін қасиеті бар. Шытырдың құрамында протоанемониннен басқа аскорбин қышқылы, каротин, илік заттар, алкалоидтар, жүрек глюкозидтері және флавонды қосылыстар бар. ## Қолданылуы Дәрі мақсатында зәрлі сарғалдақтың шөбін пайдаланады. Оны бас ауруды, ревматизмді, подаграны,жараны, күйікті, шиұанды емдеу үшін, сондай-ақ тонус көтеретін дәрі ретінде де пайдаланады. Өсімдік құрамындағы ротоанемонин - улы зат. Оның аз мөлшерінің өзі орталық нерв жүйесін қуаттандырғыш әсер етеді. Қандағы эритроциттер мен гемоглобиндерді көбейтуге көмектеседі. Микробтарға қарсы және фунгустикалық әсері бар. Зәрлі сарғалдақты усарғалдақпен қосып (тері туберкулезін емдеу үшін) дәрімай ретінде пайдаланады. Е.Залесованың деректері бойынша сарғалдақты жарыққа және бел ауруын емдеу үшін қолданады. Өсімдіктің гүлімен кейде безгекті де емдейді. ### Сақтық шарасы Шытыр жалпы улы өсімдіктердің қатарына жатады, сондықтан онымен емдеуді тек қана дәрігердің байқауымен жүргізген дұрыс.Шытыр шөбі денеге тисе дереу қызартып, қышытады. Кейде оның тиген жері ісініп күлдірейді, іріңдеп кетуі де мүмкін. Ішке кетсе асқазан жолдарын тітіркендіреді, уландырады. Кісінің басы айналады, дене қуаты азайып, әлсірейді, қан тамырының соғуы жиілейді, кейде адам талып та қалады. Жайылымдарда осы өсімдікті жеген малдардың уланатын жағдайлары да жиі кездеседі. ## Мал дәрігерлігінде қолданылуы Шытырдың көктемде малдың қай түрі болса да жей береді, бірақ қой мен ірі қара малы оны көбірек жеп қойса – уланады. Әсресе шытыр аралас өсетін жайылымға қойды ашқарынға жайған кезде мал жаппай уланып, іші кебеді, аузынан сілікей ағып, жүріп – тұрудан қалады. Уланған қой аяқтарын серпіп, тынысы тарылады. Сөйтіп ауа жетпей өледі. Уланған малды аман алып қалу үшін арнайы трокармен немесе іші қуыс кездікпен қарнын теседі. Осы тесіктен марганцовканың әлсіз ертіндісі құйылады. Жалпы шытырдан малды сақтау үшін оны ертеңгісін және кешкісін шытыры бар жайылымға жаймау керек. Дайындалған пішеннің құрамындағы шытыр шөбінен мал уланбайды. ## Синонимдары Келесі синонимдары кабылданған: * Ranunculastrum acre Fourr. * Ranunculastrum boraeanum Fourr. * Ranunculastrum nemorivagum Fourr. * Ranunculastrum vulgatum Fourr. * Ranunculus acer auct. * Ranunculus acris var. latisectus Beck ## Тағы қараңыз * Дәрілік өсімдіктер ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // шытыр — "Қайнар", 1988. — Б. 230. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Қоралас — Түркістан облысы Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ердәулет (2008 жылға дейін – №52 разъезд) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ұшқын (2002 жылға дейін – Комсомол) — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, Ұшқын ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тасқұдық — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарысу — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан батысқа қарай 51 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Құрықсай — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
№50-темір жол айрығы — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2023 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қалихан Ысқақұлы Ысқақ (14 наурыз, 1935 жылы Катонқарағай ауданы, Топқайың - 13 тамыз, 2014 жылы Алматы) – қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Аягөз ауданының және Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы. ## Жалпы мәліммет Найман тайпасы Көкжарлы руынан шыққан. Қалихан Ысқақұлы 14 наурыз, 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің «Филология» факултетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шығады. ## Еңбек жолы * 1967 – 1972 жылдары Мәскеудегі екі жылдық ценаристер мен режиссердің жоғарғы курсын бітірген соң Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында аға реактор қызыметін атқарды. * 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағыда драматургия секциясын басқарды; * 1998 жылдан Қақатың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімін басқарды; * «Жұлдыз» журналының проза бөлімін де басқарды. * «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. ## Шығармашылығы * Қалихан Ысқақұлы проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: “Қоңыр күз еді” атты алғашқы повесі 1963 ж. жарық көрген. Кейін “Дос хикаясы” (1963), “Менің ағаларым” (1965) повестер мен әңгімелер жинақтары, “Тұйық” (1975), “Қара орман” (1980), “Ақсу – жер жаннаты” (1989) романдары басылды. Пьесалары республика театрының сахнасында қойылды. "Сарша тамыз" (1968), "Ұшы қиырсыз жол" (1969), "Қараша қаздар қайтқанда" (1985). «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен тілдерінде аударылды. * драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық , облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым». Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. * кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді.Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты. * аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген. * Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақаов жүзден астам мақала очерктер жариялады. ## Жеке қасиеттері Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант.Хоббиі - бильярд.Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, драма, кинодраматургия. ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Дәметкен Акбарқызы, зейнеткер. Қызы - Ысқақова Самал Қалиханқызы (1960 жылы туған); ұлдары - Абылай (1968 жылы туған), Әлихан (1970 жылы туған). ## Марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. * 1992 жылы «Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін егеменді тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. * 1994 жылы Аягөз ауданының Құрметті азаматы (атағы); * 1994 жылы Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы (атағы); * 2000 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері. * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2007 жылы «Парасат ордені»нің иегері. * «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. * Халықаралық Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты; * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсізідігне 20 жыл» медалі; * С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры (атағы); ## Дереккөздер
Жаңаауыл — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамында болған ауыл. Қазіргі уақытта Дарбаза ауылының құрамына енгізілген. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 905 адам (455 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 1121 адамды (554 ер адам және 567 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
№51-темір жол айрығы — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ащысай (2021 ж. дейін – Коммунизм) — Түркістан облысы Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер