text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ақтас — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Бадам ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 524 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жыланды – Торғай қолатының солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбешікті қырат.
## Географиялық орны
Ақмола және Ұлытау облыстары аралығында орналасқан.
## Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылған, ені 5 – 7 км-дей. Абсолюттiк биіктігі 262 м. Солтүстік-шығыс беткейі көлбеу, оңтүстік-батысы тік құлама, қорым тасты, құнарсыз, қиыршықтасты сұр топырақты. Онда шөлейт жердің өсімдіктері және бұта өседі. Қысқы, жазғы мал жайылымы.
## Геологиялық құрылымы
Тау палеоген мен неогеннің сазды және құмтасты шөгінді жыныстарынан түзілген.
## Дереккөздер |
Айкөл — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Бадам ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 327 адам (168 ер адам және 159 әйел адам) болса, 2009 жылы 239 адамды (113 ер адам және 126 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қарасу ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарасу, Әбу Сыздықов, Ақайдар, Есенбаев ауылдары кіреді. Орталығы – Қарасу ауылы. Округ құрамында болған Бестөбе ауылы 2012 жылы таратылған.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1342 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Анаға апарар жол – Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2016 жылы 29 қыркүйекте кесілді. «Анаға апарар жол» картинасы өмірде түрлі қиындықты басынан өткізген адам жайында.
Фильм түсірілімі Қазақстанда, Әзірбайжанда (Баку, Лагич), Белоруссияда (Минск, Брест) болды және 2016 жылдың шілдесінде аяқталды. 3 сағатқа жалғасқан тарихи фильм 1930 жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубетті суреттейді. «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.
## Сюжеті
Ақан Сатаев фильм сюжетінің негізі ретінде бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді қолдана отырып, Қазақстан халқының бұрынғы өмір сүруің көрермендерге баяндайды. Бұл дәуір ұжымдастыруды, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысты мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін сипаттайды. Жалпы бұл фильм баланың анаға махаббатын және ананың балаға махаббатын көрсетеді. Ананың күшті махаббаты, бас кейіпкерге аман қалу, ауыр сынақтарды жеңе алу және аман есен үйге келу көмектесті. Фильмның басты кейіпкері Ілияс орыстардың арасында жүріп Илюха болып кетеді. Бірақ, осыншама азаптан, қиындықтан өтсе де ол анасына апарар жолдан көз жазып қалмайды. Сол жылдар ішінде ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Ілияс, керемет батырлықты, батылдықты, адалдықты және патриотизмді көрсетеді. Ол көптеген қиыншылықтармен кездеседі. Фильмның аяғында ол анаға оралады. Фильм өмір құндылықтарды құрметтеуге және өмірге көз қарасын өзгертуге көмектеседі.
## Басты рөлдерде
## Түсірілім алаңында
Фильм күрделі климаттық жағдайларда түсірілді. Сюжеті бір неше тарих кезеңдерді қамтитын бұл фильм, төрт ай бойы түсірілді. Кинофильмге бас аяғы 2000 адам қатысып, 300 әскери техника тартылған. Драманың кейбір картиналары Беларуссия, Ресей, Әзірбайжан елдерінде түсірілген. Соғыс сахналары Минскіде түсірілген. Олар Днепр үшін болған соғысты көрсетті. Минскде 1942-1943 жылдары жасалған, соғыста атылған қарулар сақталған екен. Бұл сахна ең қиын болған. Оны түсіру тобы он күн түсірген, бұл оларға үлкен тәжірибе болды. Соғыс сахнасы өте қымбатқа түскен, оған үлкен баға берді. Басты кейіпкердің рөлін 4 адам ойнаған. Туған кезіне бір нәресте түсті. Одан соң бала кезі мен жасөспірім кезін екі жас актер ойнады. Әділ 18 жасынан 45 жасына дейінгі аралықты көрсетті.
## Дереккөздер |
Ақарыс (1999 жылға дейін – Қызыл октябрь) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылжар — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Оймауыт — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құтарыс — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Құтарыс ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңатұрмыс — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шапырашты — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 1129 адам (2009).
## Дереккөздер |
Қарасу ауылдық округі – Қостанай облысы Қарасу ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарасу, Восток, Жұмагүл, Майское, Тімтуір ауылдары кіреді. Орталығы – Қарасу ауылы.
## Тарихы
2017 жылы Восточный ауылдық округі құрамында болған Алыпқаш, Қозыбай ауылдары таратылды. 2019 жылы Восточный ауылдық округі таратылып, Қарасу ауылдық округіне қосылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 5947 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Ханқорған — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Теспе — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шапырашты — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қосбұлақ (2010 жылға дейін – Пахтазарибдар) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Молыбай Оразалиев ауылы (2007 жылға дейін – Қызылқазақстан) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақсуабат — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шақшақай тұқымдасы (лат. Motacillidae) - Қазақстандағы 23 торғай тұқымдастардың біреуі. Шақшақай тұқымдастардың 6- 7 туысында 50-53 түр бар.
## Таралуы
Шақшақай тұқымдастардың барлығы көбінесе құрлықта мекендейді. Сондай-ақ жазықтықта ашық үлескілерге және тауларда - шабындықтар, далалар, суқойма жағалары, орман шеті және ірі орман алаңдарына орайлас өмір сүреді. Жерде секектемей жүреді, тез жүгіре алады.Антарктида және кейбір мұхит аралдарынан басқа жер шарының барлығына таралған.
## Биологиялық сипаттама
Бұлар - шағын денелі (20-30 г), денесі созылыңқы сымбатты құстар. Басы - кішкене, тұмсығы - жіңішке және түзу - бастың ұзындығы шамалас. Жабын қауырсындарының реңі алуан түрлі, бірақ қанық емес. Аталықтары мен аналықтарының реңі көбінесе бірдей бола бермейді. Әуендері әжептәуір қарапайым, кейбір әуелеп жүріп ұзақ сайрайтын жадырақтарда ғана өте үнді және әдемі. Ұяларын әдетте жерге салады. Кейбір түрлері қалаларда өмір сүруге бейімделіп, ұяларды тұрғын үйлердің және басқа құрылыстардың шатыры астындағы қуыстарға салады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқаларды көбінесе аналығы 11-12 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда 12-14 күнге дейін, ұядан ұшқан соң бірнеше күн қоректендіреді. Түрлердің көпшілігі бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. Бұл құстардың барлық түрі бунақденелілермен қоректенеді, өсімдіктекті азықтарды сирек пайдаланады. Қазақстанда 2 туыстан (жадырақтар және шақшақайлар) 15 түрдің өкілдерін кездестіруге болады.
## Дереккөздер |
Өтеміс — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстікке қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 1459 адам (2009).
## Дереккөздер |
Алаш (2018 жылға дейін – Чапаево) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылының батыс жақ іргесінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Күнес ауданы (қаз. كۇنەس اۋدانى , қаз. Künes audany) немесе Синьюань ауданы (қыт. 新源县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Дүниежүзіндегі қазақ ең көп әрі тығыз қоныстанған аудан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, яғни 250 000 ға жуық қазақ тұрады, 13 ауыл, 3 ферма, 4 қалашық, 100-ге тарта қыстақтан (елді мекен) тұрады. Қытайдағы ірі туристік орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осында. Үрімжі бағытында аэродром бар. Күнес ауданық 1-орта мектеп (қазақ мектебі) Қытай бойынша қытай ұлтынан басқа ұлттар мектептері ішінідегі ең үздігі болып табылады.
## Дереккөздер |
Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
Қоңырат тайпасы Жиенбет руынан шыққан. Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.
## Шығармашылығы
Әнші 2009 ж. Екі жұлдыз жобасында актриса Әйгерім Жаңылбаевамен бірге қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші қызметін атқарған. 2014 ж. Хабар арнасындағы "Жаңа күн" ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар «Әйгөлек» балалар байқауында жас таланттарға қолдау көрсетіп, сахнада олармен бірге дуэт дайындауға ат салысып жүрген жұлдыздардың бірі.
## Жеке өмірі
Үйленген, 1 ұлы және 2 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылы, қыздары - Райана 2013 жылы, Мәриям 2016 жылы дүниеге келген.
## Марапаттары
* 1996 ж. Тараз қаласында өткен Ш. Қалдаяқов атындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты.
* 1997 ж. Республикалық Жас қанат байқауының «Алтын домбыра» иегері.
* 1998 ж. Алматы – 98 фестивалінің 1–ші орын иегері
* 1998 ж. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
* 2010 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
* 2010 ж. Шымкенттегі жұлдыздар аллеясындағы жеке жұлдызы.
* 2012 ж. «Д.Қонаевқа – 100 жыл» медалі
* 2013 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды.
## Дискография
* 2012 ж. - CD "Бал әнім", Қазақстан.
## Дереккөздер |
Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — қазақстанның эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.
Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері.
Кино саласында да біраз жетістіктерге жетіп үлгерді. 2004 жылы Мосфильм түсірген «Человек ветер» фильмінде Шолпан атты қыздың рөлін сомдап шықты. Отандық кинорежиссерлердің де біраз туындыларының басты рөлдерін сомдап шықты. Олар: 2005 жылы «Сүйінші» фильмінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің анасының рөлін сомдап шықса 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода басты рөлдердің бірі Майра Итаяқованың образын сомдап шығады. 2011 жылы аталмыш фильмнің екінші бөліміне де түседі.
2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасына журналистика факультетіне тапсырады.
Эстрада саласына 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда 10 бейнеклипі отыздан астам әндері бар. 2007 жылы ең алғашқы «Таңғы елес» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады.
2011 жылы тәуекелге бел буып жеке «А.И» драма театрын ашады. Азғантай ғана уақыт өтсе де көрермендерге екі спектаклін көрсетіп үлгерді. Оның бірі Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы болса екіншісі Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясы болып табылады.
## Жеке мағлұматтары
* Діни көзқарасы - Ислам.
* Саяси қайраткер ретіндігі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, И.Н. Тасмағамбетов.
* Хоббиі - би билеу, вокал, спорт.
* Қазақ, орыс және француз тілдерін жақсы меңгерген.
Әбдімүтәлиев Асылжан Сәбитұлы атты бір ұлы бар.
## Марапаттары
* 2004 ж. халықаралық «Азия Дауысы» конкурсының «Қазақ әндері» конкурсындағы Бас жүлдесін иемденген.
* 2006 ж. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
* 2010 ж. «Жылдың үздік әншісі».
* 2015 жылы ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағын алды.
## Дереккөздер |
Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда туған) — эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2009). Құрмет орденінің иегері (2017). Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан.
## Толығырақ
* Мәдина Бақытжанқызы 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан.
* 1992 жылы он үш жасар қыз "әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы ол телевизиялық жарыс "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда гран-приді иеленіп, жүлдегер атанады.1999 жылы Мәдина, "Жас Қанат" байқауында ән шырқайды Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді. Артынша Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған "Мақсат-бақыт бастауы" атты әндері жарық көрді.
* 1999 жылы Мәдина, "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды.
* 2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті. Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы жарық көрді.
## Марапаттары
* 2009 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері
* 2011 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
* 2017 жылы Құрмет орденімен марапатталды.
## Отбасы
Ол ақпанның 2-ші жұлдызында тұрмысқа шықты. Күйеуіннің аты Олжас Смағұлов. Хабар телеарнасында режиссер болып жұмыс атқарады. |
Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп (1972 жылы 9 тамызда Алматыда туған) — актриса, театр педагогы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және ҚР тұңғыш президент қоры сыйлығының иегері.
## Жалпы мәліммет
Дәрия Әбдімәлікқызы Алматыда дүниеге келген. Орта мектепті Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында бітірген. 1993 жылдан бастап Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етеді.
* Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дәрия сан қырлы талант иесі: дауысы әсем кәсіби әнші, мың бұралған биші екенін де атап айту орынды. Мәселен, оның кәсіби әншілігі «Аршын мал алан» мюзиклы мен «Абай» трагедиясында, «Жаужүрек» драмасында көрінсе, актриса 2005 жылы режиссер Б. Атабаевтың «Ақсарай» театрында қойылған «Қыз Жібек» заманауи операсында басты роль Жібектің партиясын орындады.
* Актриса қазақ кино өнеріне де атсалысып келеді. Ол «Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. көркемфильмдеріне түсті.
* 2008ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді. 2012ж. студенттерімен Мәскеуде «Гамлет» спектаклін табысты көрсетті.
## Білімі
* 1989-1993жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театржәне кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді.
* 1998ж. Қазақ Мемлекеттік Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері институтының ағылшын тілі факультетін бітірген.
* 2008ж. Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының камералық ән өнері бөлімін үздік бітірген.
## Сахнадағы рөлдері
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Әйгерім (реж. Е. Обаев), Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Баян сұлу (реж. Қ. Сүгірбеков), Ә. Тәжібаевтың «Жомарттың кілемінде» Несібелі, Ә. Кекілбаевтың «Абылай хан» тарихи драмасында Күлпаш (реж. Б. Атабаев), «Қабыл – Адам Ата перзентіндегі» Эда (автор және режиссері К. Ашир), Д. Амантайдың «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң?..» драмасында Дариға (реж. Қ. Сүгірбеков), Шахимарденнің «Томирисінде» сақ патшайымы Томирис, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Нигар ханум, (реж. Т. әл-Тарази), И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Баронесса (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» комедиясында Таня (реж. М. Ахманов), Д. Исабековтің «Жаужүрек» драмасында Елизавета Андреевна (реж. Е. Обаев), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасында Сағила (реж. О. Кенебаев).
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: К. Гоццидің «Турандот ханшайым» комедиясында Турандот, М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Айғаныш (реж. Т. әл-Тарази), «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклында Шаһаризада (В .Смехов, реж. Т. Аралбай), «Шыңғысханның соңғы мұхитында» Бөрте (автор және реж. Н. Әбдіқадыров), У. Гаджибековтің «Аршын мал алан» мюзиклында Гүлчахра (режиссері Т. әл-Тарази).
## Марапаттары
* 1994 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты
* 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2010 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (театр саласы бойынша)
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
## Жеке өмірі
Жұбайы: актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов. |
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ — Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қаулысына сәйкес құрылған холдинг. 2021 жылдың наурызында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» холдингімен біріктірілді.
Холдингке Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 ақпандағы №748 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына және и Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы №297 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қаулысына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг ат берілді.Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған.
Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару қағидаттарында АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып, холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы - Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы.
## Бағынышты компаниялар
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.
## Миссия, мақсаттар, даму стратегиясы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қантардағы № 52 қаулысына сәйкес «ҚазАгро» холдингі» АҚ миссиясы, пайымдауы, 2011-2020 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері анықталды.
## Холдингтің миссиясы
Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару принципінде АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
## Холдингтің пайымдауы
Холдинг 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы жетекші басқарушы компания болады.Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып Холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.2020 жылы Холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингіне ие болады, ол қызметінің ашықтығы мен адам әлеуетін дамытудың жоғары өлшемі негізінде Холдинг компаниясы тобының корпоративтік дамуының жоғары мәдениетін дәлелдейді.
## Холдингтің қызметінің стратегиялық бағыттары
* Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру.
* Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
* АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу.
* АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру.
## Сыртқы сілтемелер
* http://adilet.zan.kz/rus/docs/P060001247_
* http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzag Мұрағатталған 1 желтоқсанның 2016 жылы. |
Назгүл Әдиетқызы Қарабалина (1978 жылы 28 қазанда Орал облысы, Ақжайық ауданы, Шолохов ауылында туған) — актриса, продюсер, режиссер. Дарын мемлекеттік сыйлығының (2010) және "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының (2002) лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Құрмет орденінің иегері (2016).
## Жалпы мәліметтер
Орал облысы Ақжайық ауданы Шолохов атындағы ауылда дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдар арасында Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесінде оқыды. 1997 - 2000 жылдар арасында Қазақ Ұлттық Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрында дипломдық тәжірибеден өтті. 2001 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы.
## Сахнадағы рөлдері
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Шолпан, «Абайында» Ажар (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Баян (реж. Қ.Сүгірбеков), С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтес (реж. Ә.Рахимов), Ә.Таразидің «Ақын..Періште…Махаббатында» Періште (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев), Т.Нұрмағанбетовтың «Ескі үймен қоштасуында» Айжаңа (реж. Е. Обаев), Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретшісінде» Сұлу (реж. Н. Жақыпбай), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Гүлжан, Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Әйгерім (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Нарышкина (реж. Е.Обаев) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Инкен (реж. Р.Андриасян), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Мехменебану (реж. А.Әшімов), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Келін (реж. А.Кәкішева), М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Оксана (реж. О.Кенебаев), М.Байджиевтің «Қылмысында» Мәриям (реж. О.Сәрсенбек), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Маша (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.«Махаббат дастаны» қойылымы Корея мен Түркиядағы фестивальдарда жеңімпаз болса, «Сұлу мен суретші» Орталық Азия мен Қазақстан театрларының халықаралық фестивалінде бас жүлде иеленді.
## Кино рөлдері
* «Дүние жарық» — Сайра,
* «Құрақ көрпеде» — Келін,
* «Үйректің жүрегі» — Айгүл,
* «Махамбет» — Амазонка,
* «Ауылым — әнім» — Әкім,
* «Періште» — Сая
* «Мангазияға жол» — Қарай т.б.
## Отбасы
* жары: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды, 1 ұлы бар.
## Марапаттары
* "Театр көктемі" дәстүрлі театр фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері
* 2002 ҚР тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты
* 2010 ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* 2016 «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* 2016 "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. |
Назгүл Әдиетқызы Қарабалина (1978 жылы 28 қазанда Орал облысы, Ақжайық ауданы, Шолохов ауылында туған) — актриса, продюсер, режиссер. Дарын мемлекеттік сыйлығының (2010) және "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының (2002) лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Құрмет орденінің иегері (2016).
## Жалпы мәліметтер
Орал облысы Ақжайық ауданы Шолохов атындағы ауылда дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдар арасында Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесінде оқыды. 1997 - 2000 жылдар арасында Қазақ Ұлттық Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрында дипломдық тәжірибеден өтті. 2001 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы.
## Сахнадағы рөлдері
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Шолпан, «Абайында» Ажар (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Баян (реж. Қ.Сүгірбеков), С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтес (реж. Ә.Рахимов), Ә.Таразидің «Ақын..Періште…Махаббатында» Періште (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев), Т.Нұрмағанбетовтың «Ескі үймен қоштасуында» Айжаңа (реж. Е. Обаев), Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретшісінде» Сұлу (реж. Н. Жақыпбай), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Гүлжан, Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемінде Әйгерім (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Нарышкина (реж. Е.Обаев) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Инкен (реж. Р.Андриасян), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Мехменебану (реж. А.Әшімов), Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Келін (реж. А.Кәкішева), М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысында» Оксана (реж. О.Кенебаев), М.Байджиевтің «Қылмысында» Мәриям (реж. О.Сәрсенбек), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Маша (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) т.б.«Махаббат дастаны» қойылымы Корея мен Түркиядағы фестивальдарда жеңімпаз болса, «Сұлу мен суретші» Орталық Азия мен Қазақстан театрларының халықаралық фестивалінде бас жүлде иеленді.
## Кино рөлдері
* «Дүние жарық» — Сайра,
* «Құрақ көрпеде» — Келін,
* «Үйректің жүрегі» — Айгүл,
* «Махамбет» — Амазонка,
* «Ауылым — әнім» — Әкім,
* «Періште» — Сая
* «Мангазияға жол» — Қарай т.б.
## Отбасы
* жары: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды, 1 ұлы бар.
## Марапаттары
* "Театр көктемі" дәстүрлі театр фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері
* 2002 ҚР тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты
* 2010 ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
* 2016 «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* 2016 "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. |
Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова (1943 жылы 8 ақпанда Семейде туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Құрмет орденінің иегері (2003). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Толығырақ
* Ғайникамал Мұқанқызы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласыында туған.
* 1962 жылы Алматы медициналық институтына түскен болатын. Алайда 1965 жылы оны тастап кетуге тура келеді.
* 1969 - 1974 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы консерваториясы)ның "театр бөліміне" "театр және кино актері" мамандығы бойынша білім алды.
* 1969 - 1974 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында болды.
* 1974 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Сол уақыттан бері 80-нен аса небір көркем роль орындап, музыкалық комедия мен фарстан бастап, психологиялық драма және трагедиялық қойылымдардың қай-қайсысында да шеберлік биігінен көрінеді.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» (Махамбет) Бәтима ханым, Айғанша, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Ирма, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Есуй, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» әйел (реж.Н.Жақыпбай) т.б.
## Кинодағы рөлдері
* 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» (реж.Қ.Әбенов),
* «Офицер мырзалар»,
* «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (реж.Ә.Сүлеева),
* «Күнә» (Б.Шәріп),
* «Шұға»,
* «Астана – менің махаббатым»,
* «Ағайынды» (реж. А.Сатаев),
* "Қара шаңырақ" телесериалы және т.б
15-тен аса көркем фильмге түсіп, әрқилы бейнелер жасады.
## Марапаттары
* 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2011 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
* 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2003 - ҚР тұңғыш президентінің қолынан Құрмет орденімен марапатталды
* 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. |
Қаратөбе — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жұлдыз ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 6011 адам (2009). |
Қарабастау (1999 жылға дейін — Орджоникидзе) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 5177 адам (2009).
## Дереккөздер |
Ақтас — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жұлдыз ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 82 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жұлдыз — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жұлдыз ауылдық округі орталығы болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 2774 адам (2009).
## Дереккөздер |
Бадам 2 — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жұлдыз ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 3046 адам (2009).
## Дереккөздер |
Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова (1943 жылы 8 ақпанда Семейде туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Құрмет орденінің иегері (2003). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
## Толығырақ
* Ғайникамал Мұқанқызы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласыында туған.
* 1962 жылы Алматы медициналық институтына түскен болатын. Алайда 1965 жылы оны тастап кетуге тура келеді.
* 1969 - 1974 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы консерваториясы)ның "театр бөліміне" "театр және кино актері" мамандығы бойынша білім алды.
* 1969 - 1974 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында болды.
* 1974 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Сол уақыттан бері 80-нен аса небір көркем роль орындап, музыкалық комедия мен фарстан бастап, психологиялық драма және трагедиялық қойылымдардың қай-қайсысында да шеберлік биігінен көрінеді.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» (Махамбет) Бәтима ханым, Айғанша, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Ирма, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Есуй, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» әйел (реж.Н.Жақыпбай) т.б.
## Кинодағы рөлдері
* 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» (реж.Қ.Әбенов),
* «Офицер мырзалар»,
* «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (реж.Ә.Сүлеева),
* «Күнә» (Б.Шәріп),
* «Шұға»,
* «Астана – менің махаббатым»,
* «Ағайынды» (реж. А.Сатаев),
* "Қара шаңырақ" телесериалы және т.б
15-тен аса көркем фильмге түсіп, әрқилы бейнелер жасады.
## Марапаттары
* 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* 2011 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
* 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2003 - ҚР тұңғыш президентінің қолынан Құрмет орденімен марапатталды
* 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
* Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. |
Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп (1972 жылы 9 тамызда Алматыда туған) — актриса, театр педагогы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және ҚР тұңғыш президент қоры сыйлығының иегері.
## Жалпы мәліммет
Дәрия Әбдімәлікқызы Алматыда дүниеге келген. Орта мектепті Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында бітірген. 1993 жылдан бастап Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етеді.
* Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дәрия сан қырлы талант иесі: дауысы әсем кәсіби әнші, мың бұралған биші екенін де атап айту орынды. Мәселен, оның кәсіби әншілігі «Аршын мал алан» мюзиклы мен «Абай» трагедиясында, «Жаужүрек» драмасында көрінсе, актриса 2005 жылы режиссер Б. Атабаевтың «Ақсарай» театрында қойылған «Қыз Жібек» заманауи операсында басты роль Жібектің партиясын орындады.
* Актриса қазақ кино өнеріне де атсалысып келеді. Ол «Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. көркемфильмдеріне түсті.
* 2008ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді. 2012ж. студенттерімен Мәскеуде «Гамлет» спектаклін табысты көрсетті.
## Білімі
* 1989-1993жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театржәне кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді.
* 1998ж. Қазақ Мемлекеттік Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері институтының ағылшын тілі факультетін бітірген.
* 2008ж. Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының камералық ән өнері бөлімін үздік бітірген.
## Сахнадағы рөлдері
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Әйгерім (реж. Е. Обаев), Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Баян сұлу (реж. Қ. Сүгірбеков), Ә. Тәжібаевтың «Жомарттың кілемінде» Несібелі, Ә. Кекілбаевтың «Абылай хан» тарихи драмасында Күлпаш (реж. Б. Атабаев), «Қабыл – Адам Ата перзентіндегі» Эда (автор және режиссері К. Ашир), Д. Амантайдың «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң?..» драмасында Дариға (реж. Қ. Сүгірбеков), Шахимарденнің «Томирисінде» сақ патшайымы Томирис, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Нигар ханум, (реж. Т. әл-Тарази), И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Баронесса (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» комедиясында Таня (реж. М. Ахманов), Д. Исабековтің «Жаужүрек» драмасында Елизавета Андреевна (реж. Е. Обаев), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасында Сағила (реж. О. Кенебаев).
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: К. Гоццидің «Турандот ханшайым» комедиясында Турандот, М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Айғаныш (реж. Т. әл-Тарази), «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклында Шаһаризада (В .Смехов, реж. Т. Аралбай), «Шыңғысханның соңғы мұхитында» Бөрте (автор және реж. Н. Әбдіқадыров), У. Гаджибековтің «Аршын мал алан» мюзиклында Гүлчахра (режиссері Т. әл-Тарази).
## Марапаттары
* 1994 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты
* 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
* 2010 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (театр саласы бойынша)
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
## Жеке өмірі
Жұбайы: актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов. |
Құрлық (2002 жылға дейін – Октябрьдiң 40 жылдығы) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сарыарық — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ошақты — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Асыларық — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тоған — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
## Тарихы
1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым.
КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.
ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды.
1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді.
1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.
2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.
## Қызметі
* әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
* бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
* ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
* ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
* ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
* ғылыми журналдар шығару;
* халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
* ғылымды танымал етуге қатысу
## Академия президенттері
## Академия ғимараты
Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.
Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді:
* Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі
* Орталық ғылыми кітапхана
* Табиғат музейі
* Археология музейі
* Сирек кездесетін кітаптар музейі
* Қазақстан ғылымының тарихы музейі
* Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия, саясаттану және дінтану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
* Математика және математикалық модельдеу институты
* Экономика институты
* Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
## Басқару органдары
2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары:
* жоғары орган – қамқоршылық кеңес;
* өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы;
* консультативтік-кеңесші орган – төралқа;
* атқарушы орган – басқарма.
### Қамқоршылық кеңес
Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
* ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
### Академиктердің жалпы жиналысы
Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті.
Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
* құрметті атақтар мен наградалар беру;
* Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
* Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
### Төралқа
Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады.
Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
* кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
* Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
* Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
* ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
### Басқарма
Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді.
Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
* Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
* кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
* Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
* Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
## Басқарма құрамы
Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
* Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
* Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
* Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор
* Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты
* Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD
## Академиктер тізімі
Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024)
* Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024)
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024)
* Здоровец Максим Владимирович (2024)
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024)
* Локшин Вячеслав Нотанович (2024)
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024)
* Сұраған Дөрбетхан (2024)
* Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024)
"Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері
* Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы
* Әбділдина Раушан Жабайханқызы
* Әбсаметов Мәліс Құдысұлы
* Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
* Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы
* Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
* Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы
* Әділов Жексенбек Мәкейұлы
* Айтбаев Теміржан Ерқасұлы
* Ақшолақов Серік Қуандықұлы
* Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы
* Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы
* Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы
* Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы
* Ахметова Гульнас Кенжетайқызы
* Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы
* Әшімов Оңдасын Байкенұлы
* Аяшев Оңалбай Аяшұлы
* Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы
* Баешов Әбдуәлі Баешұлы
* Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы
* Байзақов Сәбит Байзақұлы
* Баймаханов Болатбек Бимендіұлы
* Баймұратов Ораз Баймұратұлы
* Байтанаев Бауыржан Әбішұлы
* Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
* Бейсенова Әлия Сәрсенқызы
* Бектұров Есен Әбікенұлы
* Бенберин Валерий Васильевич
* Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы
* Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы
* Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы
* Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы
* Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы
* Білиев Назарбай Қыдырұлы
* Бүктіков Николай Сәдуақасұлы
* Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы
* Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы
* Голиков Владимир Андреевич
* Грибановский Анатолий Павлович
* Григорук Владимир Васильевич
* Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы
* Дәулетов Асқар Ербұланұлы
* Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
* Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
* Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы
* Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы
* Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы
* Елубаев Сағынтай Зекенұлы
* Есполов Тлектес Исабайұлы
* Есполов Айдос Тілектесұлы
* Есім Ғарифолла Есімұлы
* Жамбакин Қабыл Жапарұлы
* Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы
* Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
* Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
* Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы
* Заядан Болатхан Қазыханұлы
* Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы
* Смағұлов Оразақ Смағұлұлы
* Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы
* Қайдарова Диляра Радикқызы
* Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы
* Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы
* Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы
* Қамзабекұлы Дихан
* Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы
* Қасқабасов Сейіт Асқарұлы
* Қайыпов Мәлік Арықтайұлы
* Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы
* Кененбаев Серік Бәрменбекұлы
* Қожамжарова Дария Пернешқызы
* Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы
* Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
* Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
* Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы
* Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы
* Құлажанов Талғат Құралбекұлы
* Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы
* Құлыбаев Талғат Асқарұлы
* Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы
* Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы
* Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
* Құнантаева Күләш Құнантайқызы
* Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы
* Құрманбайұлы Шерубай
* Курскеев Абдрахман Козлоевич
* Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы
* Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
* Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы
* Локшин Вячеслав Нотанович
* Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
* Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы
* Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы
* Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы
* Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы
* Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы
* Мұқашев Болат Нығметұлы
* Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы
* Молдахметов Марат Зейноллаұлы
* Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы
* Момынов Талғат Әшірұлы
* Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
* Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы
* Мырзақұлов Рәтбай
* Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
* Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы
* Оздоев Султан Мажитович
* Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы
* Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
* Ормантаев Камал Сәруарұлы
* Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы
* Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы
* Раисов Төлеген Қазезұлы
* Рақышев Баян Рақышұлы
* Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы
* Рау Алексей Григорьевич
* Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы
* Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы
* Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы
* Сағитов Абай Оразұлы
* Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы
* Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы
* Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы
* Северский Игорь Васильевич
* Сейдуманов Серік Тұрарұлы
* Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
* Сүлеев Досым Қасымұлы
* Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы
* Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы
* Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
* Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
* Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы
* Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы
* Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы
* Тіреуов Қанат Маратұлы
* Төлебаев Райс Қажыкенұлы
* Төлеуов Бораш Игілікұлы
* Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы
* Оразалиев Рахым Алмабекұлы
* Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы
* Харин Станислав Николаевич
* Шоманов Өрісбай Шоманұлы
* Фазылов Серік Драхметұлы
* Шарманов Төрегелді Шарманұлы
* Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы
## Құрылымы
2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды:
* Ботаника және фитоинтродукция институты
* Зоология институты
* Адам және жануарлар физиологиясы институты
* Жалпы генетика және цитология институты
* Микробиология және вирусология институты
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Экономика институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* Философия және саясаттану институты
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
* Сейсмология институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты
* Металлургия және кен байыту институты
* География институты
* Информатика және басқару проблемалары институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Математика институты
* Қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Фитохимия институты
* Ғалымдар үйі
* Орталық ғылыми кітапхана
* «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы
### Бұрынғы құрылымы
1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған:
Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі
* Ядролық физика институты
* Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін)
* Теориялық және қолданбалы математика институты
* В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Каменское плато обсерваториясы
* Асы-Түрген обсерваториясы
* Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
* Ионосфера институты
* Физика-техника институты
* Механика және машинатану институты
* Ғарыштық зерттеулер институты
* Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап)
Жер туралы ғылымдар бөлімшесі
* Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
* У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
* Сейсмология институты
* Тау-кен істер институты
* География институты
Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Металлургия және кен байыту институты
* А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
* Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
* Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты.
Биологиялық ғылымдар бөлімшесі
* Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды)
* Топырақтану институты
* Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты)
* Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты)
* Микробиология және вирусология институты
* Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін)
* Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты)
* М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
* Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін)
* Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты).
Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі
* Философия институты
* Мемлекет және заң институты
* Экономика институты
* Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап)
* Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
* М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
* Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін)
* Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
* Сыртқы экономика орталығы
* Шығыстану институты (1996 жылдан бастап).
Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі
* Химия-металлургия институты
* Органикалық синтез және көмір химиясы институты
* Физиология және еңбек гигиенасы институты
* Қолданбалы математика институты
* Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақстан ғалымдары |
Әбділабад — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қаратөбе ауылдық округі орталығы болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстікке қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 2043 адам (2009).
## Дереккөздер |
Бадам — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қаратөбе ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукент ауылынан оңтүстікке қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 3387 адам (2009).
## Дереккөздер |
Тұрдыабат — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Қаратөбе ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Халқы
Тұрғыны 2205 адам (2009).
## Дереккөздер |
Лии обсерваториясы 1873 жылы Бейрутте (Ливан) қаланған астрономиялық обсерватория. Обсерватория Бейруттың Америкалық университетіне тиесілі. Телескопиялық заманы кезінде Таяу Шығыста пайда болған алғашқы және ең ескі астрономиялық обсервотория болып табылады.
## Обсерватория тарихы
Обсерваторияның алғашқы қызметкері доктор Корнелиус ван Дейк болған. Обсерваторияның атауы "Лии" деп Генри Лиидің құрметіне қойылған. Генри Манчестерден келген, обсерватория құрылысына комақты қаржымен жәрдем көрсеткен бай британдық көпес. 1979 жылы обсерваторияда астрономиялық зерттеулер тоқтатылды.
## Обсерватория құралдары
* 12-дюймдік рефрактор
* 10-дюймдік рефлектор
* 3-дюймдік меридианды құрал
* спектрогелиоскоп
* Ғарыш сәулелерінің анықтағышы
## Зертеулер бағыттары
* Астрономиялық зерттеулер
* Метеорологиялық зерттеулер
## Басты жетістіктері
* Күн көзіндегі дақтарды зерттеу
* 5 жұлдыздық шамаға дейін жететін аспан картасы
## Атақты қызметкерлері
* Корнелиус ван Дейк
* Оуэн Джинджерич
* Мансур Журдак
## Сыртқы сілтемелер
* AUB's detailed history of the Lee Observatory Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2006 жылы.
* A virtual view of the Lee Observatory Мұрағатталған 8 ақпанның 2007 жылы.
* Saad Sami HADDAD alumni article on the Lee Observatory(қолжетпейтін сілтеме)
NASA ADS дерекқорындағы жариялар:
* Ескі обсерваториялар туралы мәліметті іздеу |
Бақыт Шүкіроллаұлы Кенжеев (2 тамыз 1950, Шымкент, Қазақ КСР — 26 маусым 2024, Нью-Йорк, АҚШ) — орыс тілінде шығармалар жазатын қазақ ақыны. 1982 жылы Канада мемлекетіне көшіп, 2006 жылдан бастап Нью-Йорк қаласында тұрды.
## Өмірбаяны
1950 жылы 2 тамызда Шымкентте дүниеге келді. 3 жасынан бастап Мәскеу қаласында тұрған (кей деректерде – Мәскеу қаласында туылды деп жазылған). Қазақ. Әкесі ағылшын тілінің мұғалімі, ал анасы кітапханашы болған. Мәскеу мемлекеттік университетінің химиялық факультетін бітірген. 1977 жылы «Ленинские горы: Стихи поэтов МГУ» атты кітап ұжымында алғашқы рет ақын болып атанған. Оның бірінші өлеңдер жинағы 1984 жылы Америкада басылған болсада жастық шағында мерзімдік баспасөзде жарияланған («Комсомольская правда», «Юность», «Московский комсомолец», «Простор»). Жетпісінші жылдардың басында Кенжеев (Алексей Цветковпен, Александр Сопровскиймен, Сергей Гандилевскимен бірге) «Мәскеу уақыты» поэтикалық тобының негізін қалаушылардың бірі болып саналған. 1982 жылы ақын Канадаға көшіп, 2008 жылы Америкадағы Нью-Йорк қаласына көшіп кеткен. ПЕН-клубының мүшесі. 2000 жылы «Дебют» премиясының Қазылар алқасының бірі болып саналған. Одан басқа, ол «Ак торна» (2011), «русская премия» премиясының, «Кубок мира», «волошинский конкурс» түрік поэзиясының аудармасының, халықаралық байқауының қазылар алқасының бір мүшесі болған. Қазақ, ағылшын, француз, неміс, испан, голландиялық, итальян, украин, қытай және швед тілінде аудармалары жарияланған.
## Шығармашылығы
### Өлеңдер жинағы
* Избранная лирика 1970—1981. — Ann Arbor, 1984.
* Осень в Америке. — Тенафлай, 1988.
* Стихотворения последних лет. — М., 1992.
* Из книги AMO ERGO SUM. — М., 1993.
* Стихотворения. — М.: PAN, 1995.
* Возвращение. — Алматы: Жибек жолы, 1996.
* Сочинитель звезд: Книга новых стихотворений. — СПб.: Пушкинский фонд, 1997. ISBN 5-85767-091-8
* Снящаяся под утро: Книга стихотворений. — М.: Клуб «Проект ОГИ», 2000. ISBN 5-900241-09-2
* Из семи книг: Стихотворения. — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-027-9
* Невидимые: Стихи. — М.: ОГИ, 2004. ISBN 5-94282-229-8
* Названия нет: книга стихотворений. — Алматы: «Искандер», 2005.
* Вдали мерцает город Галич: Стихи мальчика Теодора. — М.: АРГО-РИСК; Тверь: Колонна, 2006. ISBN 5-94128-126-9
* Крепостной остывающих мест. Владивосток: Рубеж, 2008 (переиздание: М.: Время, 2011).
* Послания. — М.: Время, 2011. ISBN 978-5-9691-0514-0
* Сообщение. — М.: Эксмо, 2012.
* Странствия и 87 стихотворений. К.: Laurus, 2013.
* Ремонт Приборов. Гражданская лирика и другие сочинения. 1969—2013. — М.: ОГИ, 2014. ISBN 978-5-94282-735-9
* Довоенное: Стихи 2010—2013 годов. — М.: ОГИ, 2014. — 144 с. ISBN 978-5-94282-745-8
### Романдары
* Плато (1992).
* Иван Безуглов. Мещанский роман (1993).
* Золото гоблинов: Романы («Младший брат», «Золото гоблинов»). — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-101-1
* Обрезание пасынков. М.: Астрель. 2009.
## Марапаттары мен сыйақылары
* «Октябрь» журналының Премиясы (1992)
* Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы (1996)
* «Снящаяся под утро» өлеңдер жинағына «Антибукер» Премиясы (2000)
* «Москва-транзит» (Үлкен премия), (2003)
* «Крепостной остывающих мест» өлеңдер жинағына «Русская премия» (2008)
* «Новый мир» журналының Премиясы
* «Антология» Премиясы (2006)
* «Киевские лавры» атты фестивалінің Лауреаты (2006)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Достық (1993 жылға дейін — Казарма) — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Тассай ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 1351 (2009).
## Дереккөздер |
Қызылсай — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Тассай ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 858 (2009).
## Дереккөздер |
Шәкен Айманов ескерткіші — қазақтың атақты актері, режиссер, 1964ж КСРО-ның халық артісі, қазақ киноматоргафиясының негізін салушысы Шәкен Аймановтың құрметіне орнатылған ескерткіш.
## Сипаттамасы
Ескерткіш 2015 жылдың 15 қазанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында ашылды. Ашылу салтанатына атақты кинорежиссердің немересі — музыкант Дина Айманова қатысты. Қоладан құйылған 4 метрлік мүсін актердің мінезі мен кейіпкердің бейнесін айқындайды. Композицияның авторы – Асқар Нардов. Мұнда Шәкен Айманов өмірінің барысында қолданған камерамен бірге бейнеленген, ал өзі түсірілімге режиссерлік етіп тұрған тәрізді. Бағасы 64 миллиондық ескерткіш меценаттардан жиналған ақшаға қойылды.
## Сілтемелер
Жаңалықтар архиві |
Сиқым — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукенттен солтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Исфиджаб (2007 жылға дейін — Артель) — Түркістан облысының Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Сайрам ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 5443 адам (2009).
## Дереккөздер |
Жібек жолы (1999 жылға дейін – Притрактовое) — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Жібек жолы ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукенттен солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылсу — Түркістан облысының Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Сайрам ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукенттен оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 2099 адам (2009).
## Дереккөздер |
Батырдың өмірбаяны
Жансүгір батыр – Қойлы Атығай руынан шыққан Баубек батырдың қартайған шағында бәйбішесі Мысықтан сүйген баласы. Жансүгір Баубекұлының туған және қайтқан жылдары туралы нақты дерек жоқ. Шамамен 1800 жылдардың басында туып, 1880 жылдары кезінде дүниеден өткен болуы керек.Әкесі Баубек бабамыз шамамен 1690 жылдары туып, 1760 жылдары дүние салған. Атығай ұранды жалпақ елдің жауға бастар ұраншысы Андықожа, Баубек батырлар Қалмақтармен жойқын соғыста атақты Қожаберген жырау, кейінірек Бөгенбай батырдың жасақтарының мыңбасшысы болса керек. Екеуі – бір-біріне немерелес, аталас жандар. Бұлардан кейінгі қол бастар батыр осы Жансүгір батыр болады.
Жансүгірдің батырлық атағы
Жансүгірдің батырлық атағы Үш жүздің баласына жан¬жақтан жау анталап, түстіктен Қоқан қоқаңдап, теріскейден орыстың назары ауа бастаған кезде шығады. Осындай бір кезде Баубектің ескі досы Қараман батыр жасағымен келіп: «Мына жорыққа сарбаздарыңа бас етіп кімді жібересің?» – деп алдынан өтеді. Баубек ұлы Жансүгірді атапты. Содан бұл жасақ құба қалмақпен болған шайқастарда үлкен жеңістерге жетеді. Жансүгір батырлығымен көзге түседі. Басына бақ қонып, абыройы аспандай бастайды. Жансүгірдің жанында өзімен аталас Төлебайдан тараған Мыр¬затай, Жиестен Сарыбай сияқты үзеңгілес серіктері болады. Бұл батырлар елін де, жерін де жауға бермей, тек бірлікті, татулықты ойлаған.Жансүгірдің тағы бір жанындағы досы – Нұрым атты ақын кісі. Нұрым ақынның негізі – естек. ХVІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың бас кезінде Есіл бойына келіп орнаған естектерді қуып тастағанда қазаққа үйленген бір естек ағайын қалып қойыпты. Содан туған Нұрым, қазақтың жиені, жас күнінен батырдың жанында айырылмас дос болып өскен. Алғашқы жастық жалын, лапылдаған жігер көңілдерін көкке өрлеткен кездерінде Әлмембет Мырзабай батыр, Жансүгір батыр, Нұрым ақын үшеуі Кенесары Қасымұлы қол жинап жатыр дегенді естіп, соған барып қосылады. Ол жорыққа шықса да, елде болса да, іргелес қонып, бірге жүріпті.
Батыр туралы естелік
Оның қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауыл маңайында Тереңкөл көлінің жағасында, құбыла бетіндегі шоқ теректің бауырында мешіті болыпты. Нұрым дүниеден өтерінде өзін жерлейтін жерді айтып осы жерді көрсетеді. Кейін Жансүгір батыр өлерінің алдында өсиет етіп, өзін досының жанына жерлетіпті. Бүгінгі күні Жансүгір батырдың жерленген жері Петропавл-Астана тас жолының жиегінде Аралағаш ауыл маңындағы Тереңкөл жағасында ұрпақтары Сексен Исаұлы, Ескендір Мырзатайұлы ауыл ақсақалдар орны жоғалмасын деп қолдан құйып, бір белгі қойыпты. Ол сол қалпы әлі тұр.Бүгінгі күні Жансүгір батырға ескерткіш турғызу жөнінде мәселені шешу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерінен, Аралағаш селосының тұрғындарынан, аудандық мәслихаттың депутаттарынан, округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілер басшыларының санына тұратын ұйымдастырушылық комитеттен Бабамыздың басына кесене орнату жұмысы жүргізілуде.
## Дереккөздер
Аралағаш ауылының мұражайынан алынған деректер |
28 гвардияшылар — Түркістан облысы Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Игілік — Түркістан облысының Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жаңаталап ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Абай ауданындағы тұрғын үй массиві.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
## Халқы
Тұрғыны 3157 адам (2009).
## Дереккөздер |
Таскескен (2017 жылға дейін – Абай) — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауыл, Тегісшіл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Берекелі (2008 жылға дейін – Целинное) — Түркістан облысы Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тегісшіл — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаштан батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көктөбе — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі құрамында болған таратылған ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 268 адам (146 ер адам және 122 әйел адам) болса, 2009 жылы 1432 адамды (696 ер адам және 736 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тілеухан Жұмаханов (15.5.1956, Қызылорда облысы Арал ауданында Ұялы – 6.4.2006, Алматы) – жазушы, аудармашы.
## Өмірбаяны
ҚазҰУ-ды бітірген (1978). 1978 – 79 жылдарында Қазалы ауданында орта мектепте мұғалім, 1979 – 81 жылдарында Қазақ теледидарында редактор, 1981 – 88 жылдарында “Қазақстан әйелдері” журналында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1988 – 93 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясында аға редактор, 1993 – 97 ж. “Жалын” журналы бас редакторының орынбасары, 1997 – 2003 жылдарында “Қазақ энциклопедиясы” бас редакторының бірінші орынбасары, 2003 – 06 жылдарында “Адамар” баспасының директоры қызметтерін атқарған.
## Шығармалары
* Алғашқы әңгімесі “Қыстың соңғы түні” 1985 жылы “Жалын” журналында жарық көрген.
Бірнеше көркем әдеби, ғылым-танымдық кітаптардың, оның ішінде:
* “Қазақстан балалар энциклопедиясының” 1 – 3 томдарының авторы.
* Үнді жазушысы Ананта Муртидің “Самскара”, жапон жазушысы Коба Абэнің “Құм арасындағы әйел” повесть-романдарын, тағы басқалар шығармаларды қазақ тіліне аударған.
* Көптомдық “Қазақстан ұлттық энциклопедиясы”ның 1 – 4 томдарын
* “Қазақстан Республикасы”
* “Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежіресі”
* “Қорқыт Ата”
* “Түркістан”
* “Қазақ мәдениеті”
* “Қазақ әдебиеті”
* “Қазақстан тарихы”
* “Жеріңнің аты – еліңнің хаты” энциклопедия анықтамалықтарын шығаруға жетекшілік еткен.
* Қасым хан. Тарихи баян, Аст., 2004.
## Марапаттары
“Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталған (2001).
## Дереккөздер
## Сілтеме
* Қазақстан балалар энциклопедиясы.(қолжетпейтін сілтеме) |
Бағыж, Бағыс — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мәдениет — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыағаштан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қожақорған — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Арыс ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукенттен солтүстікке қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жуантөбе — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарамұрт — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, Қарамұрт ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсукенттен оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кеңдала (2021 ж. дейін – Горький) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тоқмансай — Ақтөбе облысы Алға ауданы, Тоқмансай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Алға қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 354 адам (177 ер адам және 177 әйел адам) болса, 2009 жылы 366 адамды (185 ер адам және 181 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ескіқорған (2002 жылға дейін – Киров) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бозсу — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қияжол — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратөбе — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дихан (2002 жылға дейін — Садовое) — Түркістан облысы Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құйған (2002 жылға дейін – Октябрь) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ынтымақ — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көгерту — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкбұлақ — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
## Әртістер
Қадырғали Қуандықов Бөкенің рөлінде,
Райхан Халиолдина Шараның рөлінде,
Аятдин Сүлейменов Айдостың рөлінде,
Алма Әлішева Майра келіннің рөлінде,
Арайлым Нұрғожа Маралдың рөлінде,
Еділ Анарбай Айбектің рөлінде,
Жандос Самалбеков Қанаттың рөлінде.
## Продюсерлері
Бас продюсері - Ақылбек Досжанов |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі — ақпарат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұл министрліктің басты мақсаты болып табылады.
## Министрліктiң міндеттерi мен құқықтары
* Ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
* Пошта және байланыс саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу.
* Телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
* Ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру.
* Өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
* Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттандыру саласында халықаралық ынтымақтастық.
* Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру.
* Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау.
* Өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
* Өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
* Заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады.
* Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
* Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді.
* Өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді жасамауға міндетті.
* Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
## Министрліктің функциялары
### Орталық аппараттың функциялары
* Реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.
* Ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту.
* Ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді келісу.
* Реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру.
* Реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу, келісу және бекіту.
* Реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру.
* Соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру.
* Өз құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру.
* Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын бекіту.
* Реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау.
* Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту.
* Шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу.
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру.
* Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту.
* Тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындау.
* Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту.
* Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы)
* Өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту.
* Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту.
* Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
* Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
* Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту.
* Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту.
* Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
* Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамына ұсыныс енгізу.
* Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту.
* Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту.
* Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту.
* Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту.
* Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту.
* Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту.
* Байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту.
* Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту.
* Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту.
* Күзетілетiн аймақтар мен олардағы жұмыс режимiн белгiлеу тәртiбін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту.
* Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту.
* Трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту.
* Радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шетелдерден әкелу тәртiбiн және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту.
* Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту.
* Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау.
* Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту.
* Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн белгілеу.
* Радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын бекіту.
* Көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау.
* Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.
* Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту.
* Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру.
* Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау.
* Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу.
* Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту.
* Пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту.
* Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту.
* Байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
* Телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту.
* Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдаланудың жоспарларын бекіту.
* Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін және байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу тәртібін айқындау.
* Субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу.
* Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу.
* Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау.
* Кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту.
* Арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту.
* Радиожиілік спектрін жоспарлау пайдалану.
* Адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін айқындау.
* Тағайындалған пошта операторын тағайындау.
* Ұлттық пошта операторын айқындау.
* Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту.
* Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту.
* Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру.
* Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту.
* Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту.
* Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу.
* Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту.
* Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келіседі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау.
* Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту.
* Абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту.
* Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту.
* Пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту.
* Пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру.
* Пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізу.
* Пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.
* Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыру.
* Филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру.
* Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау.
* Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
* Телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу.
* Телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту.
* Байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау.
* Халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеу мен пайдалануды айқындау.
* Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту.
* Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту.
* Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту.
* Куәландырушы орталықты айқындау.
* Ғаламторға қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту.
* Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту.
* Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту.
* Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту.
* Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту.
* Өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау.
* Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту.
* Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту.
* Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту.
* Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жоспарларын бекіту.
* Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту.
* Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту.
* Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту.
* Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту.
* Архивтерді және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару үшін ақпараттық жүйелерді айқындау.
* Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту.
* Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту.
* Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне қосу үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын бекіту.
* Сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiту.
* Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту.
* Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту.
* Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту.
* "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту.
* Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту.
* "электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекіту.
* Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту.
* Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту.
* Сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту.
* Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту.
* Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту.
* Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту.
* Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту.
* Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту.
* Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін бекіту.
* Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекіту.
* Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту.
* "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуын және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту.
* "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген, мемлекеттік органдар үшін сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы бекіту
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту.
* Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын келісу.
* Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін айқындау.
* Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту.
* Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту.
* Ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру.
* Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды беру.
* Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау.
* Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
* Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру.
* Мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру.
* Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытындыны беру.
* Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және сарапшылық кеңеске қорытынды беру.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу.
* Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу.
* Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу.
* Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту.
* "электрондық үкіметтің" веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту.
* Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту.
* Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту.
* Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін келісу.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту.
* Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мен мемлекеттік техникалық зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* Монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу.
* Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу.
* Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту.
* Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша салық салу объектілерінің (тұрғын үй, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсарлас, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, тұрғын үй ірге қабатының, жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау
* Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау.
* Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу және бекіту.
* Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту.
* Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту.
* Автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту.
* Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту.
* Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.
* Бір өтініш негізінде электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу және бекіту.
* Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру.
* Электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
* Қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібін бекіту.
* Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу, бекіту және келісу.
* Ғаламторға қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру.
* "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру.
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
* Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
* Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу.
* Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
* Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.
* Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.
* Өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру.
### Ведомстволардың функциялары
* Өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
* Өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
* Ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету.
* Өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
* Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану.
* Біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеу.
* Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ жартыжылдық тексеру жүргізу жоспарларын әзірлеу.
* Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру.
* Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру.
* Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді келісу, әзірлеу және бекіту.
* Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу.
* Соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру.
* Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау.
* Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының орындалуы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру.
* Бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабар тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
* Өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.
* Жастар ұйымдарымен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру.
* Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
* Цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру.
* Отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру.
* Есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізу.
* Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асыру.
* Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе ғаламтор-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу.
* Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру.
* Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
* "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
* Радиожиілік спектрін тиімді пайдалану.
* Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
* Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру.
* Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру.
* Радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
* Азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу.
* Нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу.
* Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу.
* Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру.
* Ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу.
* Азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру.
* Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіруі.
* Пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру.
* Бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
* Радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу.
* Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу.
* Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету.
* Радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзiрлеу.
* Байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру.
* Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу.
* Мемлекеттік техникалық қызметтің қызметін үйлестіру.
* Байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу.
* Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу.
* Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу.
* Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
* Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия саласында және реттелетін нарықтарда реттеуді және бақылауды жүзеге асыру.
* Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу.
* Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
* Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу.
* Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемелерін бекіту.
* Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін айқындау.
* Телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту, тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымның мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсыну тәртібін айқындау.
* Ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
* Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару.
* Мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу.
* Іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту.
* Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
* Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру.
* Ғаламторға қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру.
* Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру.
* Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды
әзірлеу.
* Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу.
* Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу.
* Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау жүргізу.
* Электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу.
* Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
* Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу.
* Ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу.
* Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру.
* Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
## Дереккөздер |
Жібек Бектемір (1 ақпан 1960 жыл, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Үлгілі ауылы) – театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Құрмет орденінің иегері (2009).
## Жалпы мәліметтер
Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының актер мамандығын бітірген (1978-1982 жылдары)1982 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы.
## Шығармашылығы
Театр сахнасында ойнаған рөлдері: М.Мақатаев «Дариға жүрек» – Дариға, Ә.Тауасаров «Аса құрметті Икс» -Сәнәу, О.Сүлейменов «Заман-ақыр»- Мәлике, М.Әуезов «Қаралы сұлу» – Бәтіш, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» – ханша, Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» -әйел, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Күлтай, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Гауһар, Ә.Әбішев «Мәди» – Ділдәш, А.Ысмайлов «Алдар көсе»- Бізбике, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – мама Луиза, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Башорад, Э.де Филиппо «Цилиндр» – Беттина, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – неке қиюшы, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Марта, Т.Теменов «Карменсита» – сыған әйел, т/б.
## Марапаттары
* 2006 жылы ҚР Мәдениет мистрлігінің "Қазақстанның мәдениет қайраткері" құрметті атағы;
* 2009 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* 2015 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі;
## Жеке өмірі
* жұбайы: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров.
* Қыздары - Гүлзира (1983 жылы туған), Гауһар (1989 жылы туған), Іңкәр (1990 жылы туған).
## Дереккөздер |
Сәдуақас Хасенұлы Боқаев (13 наурыз 1907(19070313) Семей — 1937) — физика-матемематикалық ғылымдары бойынша қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш доцент. 1932 ж. Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен. Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж. Алматыға шақыртып алады. 1932 — 36 ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол 1935 — 36 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды. Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
## Дереккөздер |
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
## Толығырақ
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
* Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
* Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңіп алды.
## Шығармашылығы
* 2004 жылы Алматы қаласында Республика сарайында;
* 2005 жылы Астана қаласында Конгерсс-Холлда т.б көптеген қалаларда сазгерлік кештерін берген.
Жеке кештерімен және жеке жобаларымен Қытай, Моңғолия және Швецияда өнер көрсетті. 2015 жылы әлемдік музыкалық студиямен келісім-шарт жасалып, Ұлықпан Жолдасов Швеция астанасы Стокгольмге арнайы шақыртумен барды. Стокгольмде екі ай көлемінде жұмыс жасалып, әлемге әйгілі музыкалық продюсер Niklas Olsson композитордың авторлық әндерін өңдеп, өз студиясында жазып шықты.
* 2016 жылы 14 ақпанда Астана қаласы "Қазақстан Орталық концерт залында" композитордың 50 жас мерей тойы қңында "Өмір-өзен" атты композиторлық кеші өтті.
## Марапаттары
* 2013 жылы "Маңғыстау облысына - 40 жыл" мерейтойлық медальі;
* 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының Үздігі" құрметті белгісі;
* 2016 жылығы 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
* 2016 жылы Маңғыстау облысының "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
## Отбасы
* жары Айған Сайлаубайқызы.
* қызы, эстрада әншісі Фарида Жолдасова. ол 5 жасынан бастап үлкен сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. 13 жасынжа жеке альбомын шығарып, 2006 жылы Алматы қаласында (Республика сарайы (Алматы)нда), 2007 жылы Астана қаласында (Конгресс-Холда)өзінің жеке шығармашылық кешін берді.
* ұлы, музыкант Болат Жолдасов.
## Дереккөздер |
Қоңырат ауданы - 1930-1963 жылдары болған Қарқаралы округі, Алматы және Қарағанды облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Ақтоғай ауылы.
## Тарихы
Тоқырауын ауданының орталығы 1930 жылы Қарамойынға көшіріліп «Басшы» деп аталды. Қарамойындағы Ақатай, Қанафия, Құсайын бұрын салдырған қызыл үй - кеңсе, Ақ үй - мектеп болды. Басқару жүйесі Қоңырат руднигінің әкімшілігіне біріктірілгендігінен де «Қоңырат ауданы» деген ат берілді.
1931 жылы Қоңырат ауданында 5776 үй болса, қасіретті аштық нәубатынан кейін 1932 жылы 3678-і ғана қалған.
1932 жылы құрамында 21 аудан бар Алматы облысы жаңадан құрылып, Қоңырат ауданы таратылған Қарқаралы округінен алынып, Алматы облысының құрамына енгізілген.
1934 жылы Орталық комитеттің шешіміне сәйкес Қарқаралы округі қайыра құрылып, Қоңырат ауданы, Алматы облысынан алынып Қарқаралы округіне қосылған.
1935 жылы Аудан Қазақстанның 15 жылдығында Республиканың ауыспалы «Қызыл туын» жеңіп алған.
1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі таратылып, оның аудандары жаңадан құрылған Қарағанды облысының құрамына берілген Қоңырат ауданы да сол 1936 жылдан бастап бүгінгі Қарағанды облысының әкімшілік құрылымына енгізілген. Сол кезде оның құрамына келесі ауылдық кеңестері кірді: Ақтоғай, Дуаншы, Жәмші, Қарабұлақ, Қаратал, Қашқан, Кеңелік, Кіндікті, Қусақ, Майтас, Сарытерек және Тасарал.
1937-38 жылдары Қоңырат ауданынан 234 адам халық жауы деп жазықсыз айып тағылып, Репрессияға ұшыраған. Олардың 36-сы ату жазасына кесілген.
1938 жылы Орта Азия Соғыс округіне жасаған көмегі үшін Қашағанов Сыздыққа «Құрмет белгісі» ордені табыс етілді. Бұл Қоңырат ауданы бойынша ең алғашқы берілген орден болатын.
1940 жылы Қоңырат ауданына Қарқаралы ауданынан 4 ұжымшар Кеңасу, Жұмыскер, Мәдениет, Қызылжар, Шет ауданынан 3 ұжымшар Қанаттас, Қорғантас, Жәмші қосылып үлкен мал шаруашылықты ауданға айналды.
1941 жылы аудан бойынша 24 тауарлы ферма ұйымдастырылған.
1941 жылы Қоңырат ауданынан 2449 адам майданға аттанған. 1089 адам қаза тауып, хабарсыз кеткен, 1360 адам елге аман оралған. Ұлы Отан соғысында «218» адам ордендермен марапатталған. Қазақстанның 170 ауданы бойынша Совет Одағының Батыры атағын алған 99 қазақтың екеуі Ақтоғайлық болды.
1942 жылы Қоңырат ауданына ССР Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл туы мәңгілікке сақтауға берілген.
1951 жылы ауданның 35 колхозы 11 колхоз болып қайыра ұйымдастырылып, 14 ауылдық кеңестер 11 ауылдық кеңес болып ірілендірілді. Ауданда қой басы 138448-ге, жылқы 7640-қа, сиыр 12423 басқа өсті.
1962 жылы ауыл шаруашылығына жасалған өзгеріс кезінде Қоңырат ауданы Қарқаралы территориялық өндірістік басқармасына қаратылды. Осы жылы Шет, Қоңырат аудандары біріктіріліп, Ақтоғай ауданы деп аталды,орталығы Ақтоғай ауылы болып бекітілді.
## Дереккөздер |
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
## Толығырақ
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
* Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
* Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңіп алды.
## Шығармашылығы
* 2004 жылы Алматы қаласында Республика сарайында;
* 2005 жылы Астана қаласында Конгерсс-Холлда т.б көптеген қалаларда сазгерлік кештерін берген.
Жеке кештерімен және жеке жобаларымен Қытай, Моңғолия және Швецияда өнер көрсетті. 2015 жылы әлемдік музыкалық студиямен келісім-шарт жасалып, Ұлықпан Жолдасов Швеция астанасы Стокгольмге арнайы шақыртумен барды. Стокгольмде екі ай көлемінде жұмыс жасалып, әлемге әйгілі музыкалық продюсер Niklas Olsson композитордың авторлық әндерін өңдеп, өз студиясында жазып шықты.
* 2016 жылы 14 ақпанда Астана қаласы "Қазақстан Орталық концерт залында" композитордың 50 жас мерей тойы қңында "Өмір-өзен" атты композиторлық кеші өтті.
## Марапаттары
* 2013 жылы "Маңғыстау облысына - 40 жыл" мерейтойлық медальі;
* 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының Үздігі" құрметті белгісі;
* 2016 жылығы 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
* 2016 жылы Маңғыстау облысының "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
## Отбасы
* жары Айған Сайлаубайқызы.
* қызы, эстрада әншісі Фарида Жолдасова. ол 5 жасынан бастап үлкен сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. 13 жасынжа жеке альбомын шығарып, 2006 жылы Алматы қаласында (Республика сарайы (Алматы)нда), 2007 жылы Астана қаласында (Конгресс-Холда)өзінің жеке шығармашылық кешін берді.
* ұлы, музыкант Болат Жолдасов.
## Дереккөздер |
Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
## Жалпы мәліметтер
Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды.
* Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері:
Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.
* Астана театрының сахнасында: А. Чеховтың «Ваня ағай» – Елена Андреевна; Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала; М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қарлыға, «Айман-Шолпан» – Теңге; М. Шаханов «Шыңғысханның соңғы күндері» – Ақерке; Д. Исабековтың «Алтын тордағы тоты» – Актриса; Ж. Мольер «Тартюф» – Дарина; Е. Жуаcбек «Үйлену» –Дерекгүл, «Сен үшін» – Әйел; Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Маривонн, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Зейнеп секілді көптеген рольдерді сомдады.
* «Қазақфильм», «Мосфильм», «Қырғызфильм» киностудияларында киноға түскен.
## Еңбек жолы
* 1981-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.
* 1999 жылы Астана қаласының әкімінің шақыруымен әрі ҚР Мәдениет Министірлігінің жолдамасымен Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына және М. Горький атындағы орыс драма театрына қызметке келді.
* Астанадағы "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің "Актерлік өнері және режиссура" кафидрасының профессоры.
## Марапаттары
* Бірнеше дүркін "Ең үздік актриса" аталымы бойынша жүлдегері;
* 1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;
* 2001 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
* 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 10жыл" медалі;
* «Құрмет ордені»
* 2016 жылғы елбасының жарлығы бойынша «Парасат ордені» мен марапатталды.
* "Шабыт" халықаралық фистивальінің лауреаты.
* Көптеген "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хат"тармен марапатталған.
## Жеке өмірі
Жұбайы: театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Юрий Иванович Бекназар-Ханинга. |
Әубәкір Сыдықұлы Рахимов (11 қыркүйек 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында туған) — қазақстандық театр режиссері, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы-режиссері.
## Жалпы мәліметтер
Әубәкір Сыдықұлы 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында дүниеге келген. 1966ж Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылындағы Ы. Алтынсарин орта мектебін үздік бітірді.
1966-1968жж. М.Әуезов атындағы академиялық театрдың актерлік студиясын оқып бітірді. Еңбек жолын 1968ж. Жамбыл облыстық театрында актер болып бастады.
1974ж. Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Театр өнері институының (ГИТИС) режиссерлік факультетіне КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор И.М. Тумановтың (Туманашвили) курсына түсіп, 1979ж. үздік бітірді. Дипломдық жұмысын М.Әуезов театрында О.Бөкейдің «Текетірес» пьесасы бойынша қойған спектаклімен қорғап, осы театрға жұмысқа шақырылды. Сол уақыттан бері режиссер осы сахнада жанрлық шешімі мен көтерген мәселелесі сан алуан 50-ден аса спектакль қойды.
## Білімі
* 1966-1968 жылдары М.Әуезов атындағы театрдың «Актерлік студиясын» бітірген. Алматы қаласы;
* 1974-1979 жылдары А.Луначарский атындағы ГИТИС-ті, «Драма театрының режиссері» мамандығы бойынша бітірген. Москва қаласы.
## Марапаттары
* 1996 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;
* 1998 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 1998 жылы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік мерекелік медалі «Астана медалі»нің иегері.
* 2009 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған.
* 2010 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор (ғылыми атағы);
* 2015 жылы "Қазақ хандығына - 550 жыл" мерейтойлық медалі;
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалі; |
Сайөтес, Сай-Өтес, Өтес, Өтес сайы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Сайөтес ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Батыс Жаркемер үстіртінің шетіне таяу орналасқан.
Өтес – Солтүстік Үстірт шатқалының Қайдақ шығанағына қарап жатқан сай басы. Сайда бірнеше тұщы сулы құдық бар. Құдықтың оңтүстік бетіндегі қыр үстіндегі мола да Өтес атымен аталады.
## Халқы
## Тарихы
1964 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолының салынуына байланысты Өтес кенті құрылды. Ол біраз жылға дейін Үстірттегі геофизикалық барлаушылардың, құрылысшылардың базалық орталығы болып тұрды.
### Қазіргі жағдайы
Қазір Сайөтесте мұнай айдау стансасы және темір жол мен автомобиль жолы тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді.
## Әлеуметтік мекемелері
* Өтес орта мектебі — теміржолшылардың балаларын оқытатын мектеп болып салынып, 1965-1966 оқу жылын 120 оқушы 3 мұғаліммен бастады. 1978 жылы 8 жылдық орталау, 1989 жылдан бастап орта мектеп дәрежесіне көтерілді.
* «Балдәурен» балабақшасы
* «Жауқазын» балабақшасы
## Тағы қараңыз
* Сай-Өтес эксперименті
## Дереккөздер |
Ахмет Ишан Оразайұлы (1861,Сырдария ауданы «Зіңкетер» елді мекені – 1926, Сіңіртек, Сарысу өзенінің бойы) – ағартушы, ишан, тәуіп.
Шыққан тегі Орта жүз - Найман - Ақтас - Тіней.
Әкесі Оразай ишаннан (1807 – 98) сауатын ашып, кейін Бұхарадағы діни медреседе оқыған. Сарысу, Телікөл бойын жайлаған Бағаналы елінде мешіт пен мектеп ұстады. 1881 – 83 жылы екі рет Меккеге қажылық сапармен барып келді. Білімдарлығы мен ақыл-парасаты, әділдігімен Ақмола, Торғай, Жезқазған дуандарына аты мәлім болды.
Ахмет Ишан ескіше оқудың кемшіліктерін ескере отырып, өз үйінің жанынан пәндік білім беретін мектеп ашып, оған жаңаша оқыған И. Сайфуддиновты мұғалім еткен Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатовпен хабарласып, «Қазақ» газетін шығаруға қаражат жағынан қолдау көрсеткен. Газет бетінде қазақ балаларының оқулығына бәйге жариялап, отырықшы өмірдің артықшылығы туралы мақалалар жазған («Қазақ» 6, 1913). Саяси-қоғамдық, әлеуметтік істерге де белсене араласты. 1916 жылы патша өкіметінің 25 маусым жарлығына қарсы Бағаналы елі көтерілгенде, сол көтеріліс басшыларының біріне айналып, төбе би болып сайланды. Тоғыз болыс Бағаналы елінің отырықшылыққа көшуіне бас болып, Сарысу өзенінен бес-алты шақырым жерден Сіңіртек бойына канал қаздырып («Ишан арығы»), егін салдырды. Ахмет институтының тәуіп ретінде де аты шыққан. Сыр елінде шешек ауруына қарсы алғаш рет егу жұмысын жолға қойып, балалар өліміне ара тұрды. 1922 – 23 жылы Телікөл, Сарысу бойын жайлаған тырысқақ (оба) ауруына қарсы күресте қызы Бибісара екеуі мыңдаған кісінің өмірін сақтап қалды.
## Дереккөздер |
Бөкей Барақұлы (шамамен 1737–1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Әлихан Бөкейхановтың 5-атасы.
## Өмірбаяны
1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды. 18 ғасырдың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғасырдың 80–90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған сауда керуендерінің қазақ даласы арқылы өтуіне, сауда жолы торабын Петропавлдан Ямышев бекінісіне ауыстыруға атсалысты. Осы мақсатта Бөкей 1785 жылы атақты би Сарыбағыш Атакебатыр басшылығымен Ресейде болған бірінші қырғыз елшілігіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1786 жылы 2 тамыз бен 1787 жылдың қаңтары аралығында Бөкейдің тапсыруымен құрамында баласы Батыр сұлтан, 2 старшын мен 2 төлеңгіті бар қазақ өкілдігі Санкт-Петербургте болып қайтты. 18 ғ-дың 90-жылдарының басында Ташкент билеушісі Жүніс қожамен тығыз қарым-қатынаста болып, одан 1740–1750 жылдары әкесі Барақ ханның иелігінде болған Иқан қонысын қайтарып алды. Ол жерде Түркістан өңірі Бұхар хандығының қол астына өткенге дейін Бөкейдің қысқы ордасы болды. Бөкей 1816 жылдың басынан Орта жүздегі қаракесек, төртуыл руларына Уәли ханмен бірге билік жүргізді. 1817 жылы маусымда Коряков бекінісінен 180 шақырым жердегі Жайылма өзені бойында хан болып жарияланды.
Бөкейдің 5 әйелінен 11 баласы болған. Балаларының бірқатары Ресей императорларының арнайы жарлығымен 19 ғасырдың 20–30-жылдары Ресей империясының дворяндар сословиесіне кірді. Бөкей Түркістанда жерленген.
## Ұрпақтары
* Шыңғыс-хан: Жамантай (Тұрсын), Солтан(Сұлтан), Ормахай, Абдылда, Жолды, Сіралы, Көшек, Жәңгір, Жәнібек, Көшкінбай, Асан, Жанай, Серғазы
* Көксал: Әли, Тонғаш
* Тәуке: Құсбек, Тубек, Арыстанбек, Қашқымбай, Молдахан, Аппаз, Бопы, Жошы,
* Уәли: Онқа, Жәдек
* Есім: Сығай 1790гр, Шанқай, Сәмеке 1810гр, Калдаман (Калдан)
* Жәңгірр:
* Батыр: Рүстем, Мырзатай, Әшімтай, Бексұлтан,
* Бөрі:
* Сұлтанғазы 1773гр: Құдайменді 1806гр, Тәуке, Абылай, Оспан 1818гр, Дайыр, Сыздық 1826гр, Әбубәкір 1823гр, Бабахан 1832гр, Өмір 1811гр, Ханқожа 1830гр,
* Әбілғазы Әбілпейіз, 4 сына
* Әлеке Нұрпейіс, Абылай
* Абет, (Әбілмәмбет) Машатай, Нұралы, 7 ұл
## Дереккөздер |
Алматы кекіресі (Oxуtropіs almaаtensіs) – бұршақтар тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол Іле Алатауы мен Сөгеті тауының шатқалдарындағы, сондай-ақ Қарғалы, Талғар және Шілік өзендерінің жағаларындағы тастақ топырақты, шалғынды, бұталы, далалы орман алқаптарында өседі. Биіктігі 30 см. Түктенген бозғылт түсті, сабағы көрінбейді. Жапырақтары ұзындығы 20 см-ге жетеді, дөңгелек қатар орналасқан қос жапырақшалары болады. Гүлдері қызғылт күрең түсті, шашақты гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Алматы кекіресі – дәрілік өсімдік. Таралу аймағының біраз жері Алматы қорығына қарайды. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Қаратау көбенқұйрығы (лат. Cousinia karatavica) – астралылар тұқымдасы, көбенқұйрық туысына жататын көп жылдық, сирек кездесетін эндемик өсімдік. Қазақстанда 60 жуық туысы бар. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында таралған. Бұл биік ( 120 см дейін ), шөптесін көпжылдық. Жуан ағаштанған тамырлы. Ұзына бойына бұтақтанған. Кең қалқан тәрізді босаң сыпыртқы құрайды. Сабақ түбіндегі жапырақтар ерекше шоқталып тұрады. Жапырақтардың үстіңгі жағы ашық жасыл, астыңғы жағы қалың өрмекшінің торындай түктен ақ түсті болып көрінеді. Гүл себеттері орташа көлемді, ені 1 см, жұмыртқа пішінді, орақ тәрізді артқа қайырылған, тікенді жұқа жапырақ орамдарымен. Гүлдерінің бәрі бірдей. Түтікті қос жынысты. Ашық сары түсті, орамнан ұзара шығып тұрады. Көбенқұйрық ұзақ гүлдейді, маусымнан тамызға дейін, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Тұқымдары барынша ірі, ұзындығы 0,5 см, сұр, ұшында болымсыз тістері бар, айдарсыз. Жапырағы және жас сабақтарын жабайы және үй жануарлары азық етеді. Мәдени түрде зерттелмеген.
## Дереккөздер |
Әулиеата аққаңбағы(Gypsophіla aulіeatensіs) — қалампыр тұқымдасына жататын аққаңбақ туысының бір түрі, көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратау адырлары мен Мойынқұмның тастақты, балшықты жерлерінде өседі. Шоғырлана өскен сабағының биіктігі 40 — 50 см. Жапырақтары ұзынша, үшкір болады, ерте түседі. Гүлдері ақ түсті келеді. Тұқымынан көбейеді. Шілде — тамыз айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйекте жеміс береді. жеміс қорапшасы домалақ, тұқымы ұсақ болады. Әулиеата аққаібағы — сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Cілтеме |
Алматы шиқылдағы (лат. Juno almaatensis) – құртқашаштар тұқымдасының шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Iле Алатауының Ұзынағаш, Шамалған маңындағы тау етегінде өте сирек кездеседі. Биіктігі 10-15 см болады, жуашығы жұмыртқа тәрізді келеді. Қысқа сабағын 4-8 орақ сияқты қайырылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. Сары жасыл түсті 1-3 гүлі бар. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Тұқымынан, жуашықтарынан көбейеді. Алматы шиқылдағы-сәндік, әрі сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстан “Қызыл кітабына” енгізілген.
## Дереккөздер |
Корольков құртқашашы (лат. Iris korolkowii) – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш туысына жататын өсімдік, Құрғақ ірі қиыршық тасты жердерде, тек Батыс Тянь-Шаньның орта тау беткейлерінде өседі, алдыңғы түрден екі гүлді гүлсидамымен, гүлдерінің түсінің ашық қоңырлығымен ерекшеленеді. Жапырақтары торлы жүйелі, ортасы күңгірт. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-шілдеде піседі. Тұқымын құмырсқалар таратады. әсемдік өсімдігі, Қазақстанның ботаника бақтарында өсіріледі. Жазы құрғақ және ыстық болатны аудандарды көгалдандыруға ұсынылған.
## Дереккөздер |
Қаратау маралтамыры (лат. Rhaponticum karatavicum) – астралылар тұқымдасы, маралтамыр (маралшөп тамыры) туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Биіктігі 5 – 10 см-дей.
* Тамырсабағы өте жуан.
* Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Жапырақ тақтасының жиектері салаланып терең ойықталған. Сабағының тамырға таяу жеріне орналасқан жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жоғарылаған сайын сағақтары қысқарады.
* Гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Себеттің сыртындағы орама жапырақтары шар тәрізді (дөңгелек), түксіз, ені 2 – 2,5 см. Күлтесі қызғылт түсті, ұзындығы 2 – 2,2 см.
* Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі.
* Жемісі – сарғыш, құрғақ тұқымша, оның ұзындығы 6 мм, ені 1,5 – 2 мм. Тұқымшасында үлпек ақ айдаршасы болады, ол тұқымның желмен ұшып таралуына мүмкіндік береді.
## Өсетін орны мен таралуы
Қаратау жотасының және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Қаратау маралтамыры – сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Дереккөздер |
Илария шырышы (лат. Eremurus hilariae) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын сирек кездесетін түр.
## Сипаттамасы
Онша биік емес Алымтау жотасының етегінде (Қапланбек елді мекені маңында) кездеседі. Батыс Тянь-Шань эндемигі. Қазақстан жерінен тыс өте сирек Өзбекстан мен Тәжікстанда таралған. Орта Азия Университетінің атақты ботанигі, профессор Илария Алексеевна Райкова (1896-1981) құрметіне осылай аталған. Аласа таулар мен тау етегіндегі тасты-шағыл тасты және сазды-гипсті беткейлерде өседі. Саны төмен, жерді игеру (құрылыс және жер жырту) және малды шектен тыс жаю әсерінен азайып отыр. Популяцияның қазіргі жағдайын анықтап, ерекше қорғалатын жерлер ұйымдастыру керек.
## Дереккөздер |
Арын Қызырұлы Кизиров (1913 жыл, КСРО, Ақмола облысы, Бәймен ауылы — 7 мамыр 1997 жыл, Қазақстан, Ақмола облысы, Ерейментау қаласы) — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ардагері, мүгедегі.
## Өмірбаяны
1914 жылы Ерейментау ауданына қарасты Бәймен ауылында дүниеге келген. Руы — Қанжығалы Киікбай. 1932 жылы әке-шешеден айырылып, Благодат балалар үйінде тәрбиеленеді. Еңбек жолын 1937-1939 жж. темір жолда бастайды. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына алынады. 1941-1944 жж. Ұлы Отан соғысына қатысып, саперлер бөлімшесінің командирі болады. Бір түнде мина даласын залалсыздандырғаны үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. Соғыста аяғын беріп, еліне қайтады, бірақ еңбекке араласып, 1945 жылы Күншалған ауыл кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Бертін дүкенші болып, зейнетке шыққан. Ол 3-ші дәрежелі "Даңқ" ордендерінің, "Солдат даңқы" орденінің, бірнеше медальдардың иегері. 1997 жылдың 7 мамырында бақилық болды
## Жанұясы
* Әйелі — Күләнда Қамзеқызы Хамзина (1929-2008)Үлкен ұлы — Аманжол Арынұлы Кизиров (1949-1949)Үлкен қызы — Алтын Арынқызы Кизирова (1951 жылы туған)Екінші қызы — Ләйлә Арынқызы Кизирова (1953 жылы туған)Үшінші қызы — Айымгүл Арынқызы Кизирова (1955 жылы туған)Ортаңғы ұлы — Мереке Арынұлы Кизиров (1957 жылы туған)Кіші ұлы — Садық Арынұлы Кизиров (1961 жылы туған)Кіші қызы — Гүлбақша Арынқызы Кизирова (1964-1967)
* Үлкен ұлы — Аманжол Арынұлы Кизиров (1949-1949)
* Үлкен қызы — Алтын Арынқызы Кизирова (1951 жылы туған)
* Екінші қызы — Ләйлә Арынқызы Кизирова (1953 жылы туған)
* Үшінші қызы — Айымгүл Арынқызы Кизирова (1955 жылы туған)
* Ортаңғы ұлы — Мереке Арынұлы Кизиров (1957 жылы туған)
* Кіші ұлы — Садық Арынұлы Кизиров (1961 жылы туған)
* Кіші қызы — Гүлбақша Арынқызы Кизирова (1964-1967)
## Марапаттары
* "Қызыл Жұлдыз" ордені
* 1-ші, 2-ші дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордені
* 3-ші дәрежелі "Даңқ" ордені
* 3-ші дәрежелі "Солдат даңқы" ордені
* "Кавказды қорғағаны үшін" медалі
* "Германиядағы жеңісі үшін" медалі
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.