text
stringlengths 3
252k
|
---|
Еңбекшілдер — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Еңбекшілдер ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Атансор көлінің солтүстік-батысына қарай орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ұйымшыл — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Үлгі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев (11 сәуір 1980 жыл, Қызылорда) — қазақстандық экономист, саясаткер және тұтқын, 2016 жылы бірнеше ай бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
2023 жылғы қарашада оны әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартты. Сәуір айында сот үдерісі барысында ол өз кәнісін мойындады. 13 мамыр күні сот оны 24 жыл түрмеге кесті.
## Жастық шағы және білімі
Қуандық Бишімбаев 1980 жылғы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Дулат тайпасы Шымыр руы Темір бөлімінен шыққан.
* 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
* 2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
* 2001 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінің бизнес-әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
## Мансабы
* Еңбек жолын 2001 жылы "Қазақстан даму банкі" АҚ бас менеджері болып бастаған.
* 2002–2003 жылдары ол — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары.
* 2003–2004 жылдары — "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
* 2004–2005 жылдары — "Маркетингтік және аналитикалық зерттеу орталығы" АҚ басқарма бастығының орынбасары, басқарма мүшесі.
* 2005 жылы — "Ордабасы" корпорациясы" АҚ вице-перезиденті, "Интеркомшина" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
* 2005–2006 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі.
* 2006–2007 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің "Сауда саясатын дамыту оратылығы" АҚ президенті.
* 2007 жылы — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің орынбасары.
* 2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметітк-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
* 2008–2009 жылдары — "Арна Медиа" Ұлттық ақпарат холдингі" АҚ басқармасының төрағасы.
* 2009–2010 жылдары — Қазақстан президентінің көмекшісі.
* 2010–2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары.
* 2011–2013 жылдары — "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
* 2012 жылғы 13 наурыздан — "Қазақстан Даму Банкі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
* 2013 жылғы 30 мамырдан — "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқармасының төрағасы.
* 2014 жылғы сәуірден — "Қазақстан Даму Банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
* 2015 жылғы наурыздан — "Болашақ" ассоциациясы кеңесінің төрағасы.
* 2016 жылғы 6 мамыр мен сол жылғы 28 желтоқсан аралығында — Ұлттық экономика министрі.
## Жеке өмірі
* Атасы: Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаев
* Әкесі: Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев екі рет неке қиған. Тұңғыш әйелі Назым Қаһарманқызы Қаһармановамен некесі 14 жыл бойы созылды, олар 2020 жылғы 5 қазанда, күйеуінің түрмеден шыққанынан кейін ресми түрде ажырасты, екеуінің үш баласы бар. Бірінші некесінен кейін ол 1992 жылы туған Салтанат Амангелдіқызы Нүкеноваға үйленген.
Бишімбаевтың жалпы төрт баласы, үш ұл, бір қызы бар.
## Тұтқынға алынуы
### Жемқорлық үшін тұтқынға алынуы
2017 жылғы 10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бишімбаевты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алғаны үшін ұстады. 12 қаңтар күні оны сол себеппен тұтқынға алды.
2018 жылғы 14 наурызда Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрғанда Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген қаржыдан бір миллиард теңге жымқырған деп айыппен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылғант соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, 4-бөлігінің 2-тармағымен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны өмір бойына басшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды.
2018 жылғы 28 желтоқсанда Түркістан облысы Төлеби аудандық соты Қуандық Бишімбаевтың қамауда ұстау шарттарын жеңілдету туралы өтінішін ішінара қанағаттандырып, жалпы режимдегі колонияда өтеуді ұйғарды.
2019 жылғы 25 қыркүйекте Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты, Шымкенттің Абай аудандық соты экс-министрді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.
### Салтанат Нүкенованы өлтіргені
Салтанат Амангелдіқызы Нүкенова (15 мамыр 1992 жыл – 9 қараша 2023 жыл, Астана) — Бишімбаевтың екінші әйелі, Астананың Достық көшесінің бойындағы "Бау" мейрамханасында күйеуі басынан қатты соқты да, нәтижесінде жедел жәрдем жетпей тұра ол көз жұмған. Өлтірушілік орын алған күні Бишімбаевтың ұсталғаны және адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Камералардан табылған ақпарат бойынша, Бишімбаев өз әйелін 8 сағат бойы ұрып-соққан.
Бишімбаевтың тұңғыш әйелі, Назым Қаһарманова, орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.
11 қазан күні мамандар гастробардағы күзет камераларынан жойылған видеоларды қайтарып ала алғаны белгілі болды. Видеоларда Бишімбаевтың сағат 7:00-де әйелін ұрып соққаны табылды. Бишімбаевтың інісі берген мазмұндамасы камераларда табылған видеолармен сәйкес келді, оның сөзінше ол гастробарда «ұйықтап жатқан» Нүкенованың сағат 16:40-та пульсін тексерген кезде оның өмірден озғанын білді. Нүкенованы 9 қараша күні ешкім көрмегені белгілі және сарапшылар мәліметінше денесінде пышақтау іздері жоқ, болжам бойынша, басына моқал затпен қатты соққы тиюі оның өліміне әкелді.
11 қараша күні Павлодарда Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі өтті. Ол Мәшһүр Жүсіп мешітінде орын алды, туыстары және достары қатысты. Сол күні Бишімбаевтың екі айға қамалғаны белгілі болды.
Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевты «элитарлық және тоталитарлық паразит»ке теңеп, оны түрмеге отырғызудың бүкіл Қазақстан үшін маңыздылығын айтты.
## Дереккөздер |
Яблоновка — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Заурал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құлманова Шолпан Бөрібайқызы (16.1.1951 ж.т., Қызылорда қ.ала) – педагогикалық ғылыми докторы (2001), профессоры ҚазПИ-ді (1972, қазіргі ҚазҰПУ) және Мәскеу педагогикалық ғылыми академиясының аспирантурасын (1978) бітірген. Қызылорда педагогикалық институттында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, декан, кафедра меңгерушісі (1982–99); Алматы қаласындағы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары (1999–2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі. «Научно-педагогические основы воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки» тақырыбында докторы диссертация қорғады. 80-нен астам ғыл. жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Краснофлотское — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Краснофлот ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов (22 желтоқсан, 1857, Астрахан губерниясы Никольск селосы (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы - 1919, Жаңақала) — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мемлекеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты (1888).
## Өмірбаяны
* 1857 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Никольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды.
* 1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтардың бірі, күміс медальмен марапатталған.
* 1881 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курста қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет басшылығы рұқсат бермегендіктен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бастап университеттің Шығыс тілдері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда №877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17 қыркүйектегі ұйғарымымен кандидаттық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.
* ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань губернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады.
* 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының депутациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында болады да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.
* 1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шығады.
* 1 Мемлекеттік думаға Ставрополь және Астрахань губернияларының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губерниясының қазақтарынан Б. Құлманов, ал Ставрополь губерниясының қалмақтарынан Давид Церенджиб Нойон Тундутов сайланады.
* Құлманов 1907 жылы 2 Мемлекеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
* 1917 жылы 21-25 сәуір аралығында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтарының, яғни Бөкей ордасының комиссары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қызыл өкіметі орнағанша атқарады.
* 1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыларының съезі өтеді. Онда Б.Құлманов жер мәселесі жөнінде баяндама жасайды.
* Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскіден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерниясындағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді.
* 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған адамдарды сипаттай келе Бақыткерей туралы:
деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.
* Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Алашорда үкіметінің төрағасының орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлмановтың да түсуі де көп жайтты аңғартады.
* Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
## Дереккөздер |
Пішіні қорапқа ұқсас теңізде қалқып жүретін шағын медузаны – «теңіз сонасы» деп атайды.Адам үшін ең қауіпті улы жәндіктердің бірі. Австралия суларын мекендейтін ең улы тіршілік иесі.Теңіз сонасын жұрт «Австралия жағажайларының құбыжығы» деп те атайды.
Теңіз сонасының төрт бұрышынан ұзындығы 80 см-ге жететін бір немесе бірнеше улы қармалауыштар тарайды. Оның уының күші ересек адамды үш минуттың ішінде өлімге душар етеді.Қармалауыштары бекіген бұрыштардың арасында 6 көзі болады. Олардың екеуі өте жақсы көреді.
Әрбір қармалауышта 500, 1000 бұлшық ет ұлпасы түзілген, гарпун тәрізді инелері арқылы жемтігін шағады. Қармалауыштарының тармағына тиіп кетсең-ақ болғаны, оттай күйдіріп жібереді. Одан адам денесінде қып-қызыл тыртық қалады.Уының қаншалықты дарығанына байланысты шаққан жәндіктердің денесінің денесінде әртүрлі белгілер байқалады. Ал адамды шаққан жағдайда басы ауырып, лоқсиды, тыныс мүшелері жансызданып, жүрек соғысы тоқтайды.
Австралияда жылан, акула, қолтырауыннан төнетін қауіпке қарағанда теңіз сонасының шағуынан көптеген адамдар көз жұмады. Теңіз сонасы – Үлкен тосқауыл рифі жағалауларында көп кездеседі. Бұл медузалар Ируканджи қауіпті медузаларына ұқсайды. Теңіз сонасы жүзіп жүріп, жемтігін шапшаңдықпен аулайды. Олар өте жылдам, секундына 1,8 м аралықта жүзеді. Сонымен қатар жүзу бағытын оңай өзгерте алады.
## Дереккөздер |
Болат Мұратұлы Сыздықов (21 маусым 1956, Қарағанды - 7 мамыр, 2016, Алматы) — КСРО және қазақ гитаристі, Musicola тобының композиторы және өңдеушісі, A'Studio тобының бұрынғы мүшесі.
## Өмірбаяны
Бала кезінен оның музыкаға қызығушылығы болып, әйгілі педагог Александр Мажелянның джаз-гитара курстарын бітірді. Болат 16 жасында Қарағанды филармониясына солист ретінде қабылданып, «Гәкку» ансамблінің құрамында гастрольдік сапармен ел аралады. Болат Қызыл Тулы Орта Азия әскери округі дивизия штабының оркестрінде әскери борышын өтеп жүріп, сыбызғы мен барабанда ойнауды үйренді. Әскерден кейін Қарағанды филармониясының жанындағы «Уақыт және әндер» ансамблінің солисті болды.
1976 жылы Республикалық «Гүлдер» жастар ансамблінің шақыруымен Болат Алматыға қоныс аударады. Ансамбльде жұмыс істеген Болат Шымкент мәдениет институтында сырттай жоғары білім алды. Одан кейін, Болат «Арай» тобының гитаристі болды, оның солисті әнші Роза Рымбаева болды. Ұжым Кеңес Одағының түкпір-түкпірінде гастрольдік сапармен көптеген фестивальдерге қатысты, соғыс жылдарында Ауғанстанда өнер көрсетті, Байкал-Амур магистральда бірқатар концерттер берді. Оларда күніне тоғыз жанды қойылым болатын. Болат ұжымда басты рөлдердің бірін сомдады, музыка жазды, аранжировкамен айналысты, ән айтты.
Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмысы факультетін бітірген (1986), мәдениет саласының қызметкері.
1987 жылы Болат пен «Арай» музыканттары Роза Рымбаевадан бөлініп, «Алма-ата» атты жаңа тобын құрды. Мәскеуге барып, бірден кең танымалдыққа ие болған, кейінірек A`Studio деген атпен танымал болған команда күні бүгінге дейін ТМД елдерінде өте танымал. Болат онда көп жұмыс істемеді. Мәскеуде ол бірден көптеген топтар мен музыканттардан ұсыныстар ала бастады. Болат әртістер арасында сессиялық музыкант және гитарист ретінде атақты болды. Ол әртүрлі студиялық жобаларға қатысты, көптеген танымал әртістер мен ресейлік эстрада жұлдыздарына гитара партиясын жазды.
1990 жылы Болат атақты композитор Максим Дунаевскийдің жетекшілігімен американдықтармен бірге «Америкалы перестройка» жаһандық музыкалық жоба-спектакльіне жұмысқа шақырылды.
1992 жылы Болат Сыздықов өзінің музыкалық жобасын жасау туралы шешім қабылдады. Ол әнші Карина Абдуллинамен танысып, бірігіп Музыкалық дуэт құрады. Musicola аясында Болат АҚШ-тағы "Big Apple Music" халықаралық байқауының[1] Мұрағатталған 23 сәуірдің 2019 жылы. лауреаты болды (1996 ж.) және 10 альбом шығарады. Оған қоса, жеке гитара дискісі Guitar Stories 2009 жылы шықты. Барлық "Musicola" дискілері музыканттардың жеке студиясында жазылған, онда Болат тек музыканттың ғана емес, сонымен қатар кәсіби дыбыс режиссері міндеттерін орындаған.
Қазақстанның тұңғыш Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Болат Сыздықовқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі құрмет атағы берілді.
2014 жылдың 1 ақпанында Болат Сыздықов "Musicola" дуэті құрамында егеменді Қазақстан тарихында тұңғыш рет Монте-Карлодағы бокс рингінде әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин жекпе-жегі алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.
Ол 2016 жылы 7 мамырда Алматыда 60 жасында кенеттен қайтыс болды. Өлім себебі - тромбоз болды[2]
Музыкантпен қоштасу 10 мамырда Алматыдағы Ж. Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті. Еске алу кешіне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Алматыдағы Кеңсай-2 зиратында Батырхан Шүкенов қасында жерленген.
2016 жылдың қараша айында Болат Сыздықовтың туған жері Қарағандыда, Жұлдыздар даңғылында атақты жерлестің құрметіне есімдік белгі ашылды.
## Отбасы
* Әкесі - Сырымбетов Мұрат Сапарғалиұлы, марқұм, металлург болған.
* Анасы - Сыздықова Қалдығыз, зейнеткер.
* Ажырасқан.
* Қызы - Сыздықова Диана (1979).
## Дискографиясы
* «Девочка в платьице белом» — 1996
* «Иллюзия» (кассета) — 1998
* «Я не забуду тебя» — 2000
* «Арман жолдар» (сингл) — 2001
* «Песни» — 2002 (жинақ)
* «Между Алматы и Москвой» — 2003
* «Горький шоколад» — 2004
* «Арман жолдар» — 2005
* «Musicola. The Best» (СD + DVD) — 2006
* «Арман жолдар» + «Кок орік» — 2007
* «Как всегда» — 2008
* «Гитарные истории» (жеке аспаптық альбом) — 2009
* «Арман жолдар» + 3 жаңа өлең — 2011
* «Огонёк» — 2013
* «Лучшие песни» (2 дисктегі жинақ) — 2015
* Musicola әндер жинағы (9 CD 1995—2016 гг.) — 2017
## Дереккөздер |
Уәлиханов — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Уәлиханов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Далабай (1993 жылға дейін — Братолюбовка) — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Далабай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Гастелло — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Гастелло ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Темір адам (ағылш. Iron Man) — Marvel компаниясының комикстері бойынша бір аттас кейіпкердің оқиғасы жайлы 2008 жылы шыққан ғылыми фантастикалық атыс-шабыс фильмі. Фильм Джон Фавроның басшылығымен Marvel Studios кинокомпаниясында түсірілді, ал басты кейіпкер — Тони Старкты, өнеркәсіппен айналысушы және тұтқыннан қашу үшін экзоскелетті жасап шыққан данышпан өнертапқыш, миллиардер, кейіннен Темір адам атымен танылған суперқаһарманды Кіші Роберт Дауни сомдады. Сонымен қатар картинада Гвинет Пэлтроу, Терренс Ховард, Джефф Бриджес, Лесли Бибб, Шон Тоуб, Фаран Таир, Кларк Грегг, Пол Беттани және Тим Гини ойнады.
Фильмді 1990-шы жылдары Universal Studios, 20th Century Fox және New Line Cinema компаниялары дамытып жатты, ал 2006 жылы Marvel Studios түсіру құқығын алады. Бұл Marvel үшін толықтай қаржылай дербес жоба болды. Түсірілім басшысы ретінде Фавро бірінші кезекте фильмді Калифорнияда түсірілетін болып шешті, оған себеп көптеген суперқаһармандар жайлы кинолар Нью-Йоркте түсірілетін еді. Түсірілім барысында актерлер диалогтарын өз бетімен өзгертуге рұқсат берілді, себебі киноның сюжетіне қатты мән берілді. Стэнли Уинстон жасап шығарған резина және металл броньдарды басты кейіпкерді жасау үшін компьютерлік графикпен толықтырылды.
Фильмді көпшілік жақсы ықыласпен қабылдады, әсіресе Роберт Даунидің актерлік жұмысын мақтады. Америка фильм институты «Темір адамды» 2008 жылдың үздік он фильмдер қатарына енгізді. 2010 және 2013 жылдары картинаның екі сиквелі шықты. «Темір адам» Marvel Studios жасаған киноәлемнің бастамасын ашты.
## Сюжеті
Фильмде қару жарақ жасаудан данышпан өнертапқыш, миллиардер Тони Старк бейберекет өмір сүреді, алайда Stark Industries жасаған қару-жарақтар террористтердің қолына түседі. Өзінің жаңа қаруын презентациялауға бара жатқан Тони Старк террористердің тұзағына түсіп сол жерде қамауда болады. Террористердің талабы бойынша Тони Старк қару жарақ жасау қажет болатын, бірақ ол тұтқыннан қашып шығу үшін экзоскелетті жасап шығады.
## Ролдерде
## Марапаттар мен номинациялар
## Жалғасы
## Басқа туындылармен байланысы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты
* «Темір адам» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* «Темір адам» (ағыл.) Rotten Tomatoes
* Iron Man (ағыл.) Marvel.com сайтында |
Донское — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Костычев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сапақ — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Ақсу ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан шығысқа қарай 94 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құдықағаш — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Заурал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстікке қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Пригорхоз — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Степняк қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Пригородное — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Пригородный ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан оңтүстікке қарай 2 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алтын резерві (ағылш. Gold reserve) - әр елдің мемлекеттік орталық банкі ие болған жалпы алтын қоры. Ол жеке тұлғалардың және үкіметтік емес ұйымдардың алтыны мен қағаз және басқа ақша-байлығын қамтымайды.
## Алтын Резерві туралы деректер мен талдаулар
1950ж. Жапонияның алтын резерві 6 тонна ғана болған екен. Ал, бүгіндері ол 765 тонна алтынымен әлемде алдыңғы 8 орында тұр. Дегенмен Жапонияның алтын қоры бұдан әлдеқайда көп. Өйткені оларда банктен алтын сатып алуға тиімді жағдай жасалған. Сондықтан ұлттық байлықтың қомақты бөлігі халықтың қолында, халықтың жеке мүлкі ретінде сақталуда.
1952ж. АҚШ алтын резерві 20663 тонна болған екен. Ал, 1968ж. АҚШ алтын резерві 10000 тоннадан төмен түсіпті.
Әлемде қазір 160 000 тонна алтын бар көрінеді. Олар төрт түрлі нұсқада сақталуда: 1.Әшекей бұйымдар 50.5%;2. жеке қаржы күйінде18.7%;3. Әр елдің банкінде сақталғаны 17.4%;4.Өндіріс, химия, электроника саласында қолданылғаны13.4%. Әлем елдерінің жалпы алтын қоры кезекте 32687.833 тонна.
Көптеген елдердің алтыны өз елінде емес, шетелде, әсіресе АҚШ, Франция, Англия... елдеріндегі Алтын банктерде сақталуда.
Нью-Йорк Федералды резервтік банкі (Federal Reserve Bank) әлемдегі ең үлкен алтын сақтайтын банк болып, онда әлемнің 80 шақты елінің шамамен 5000-7000 тонна алтын резерві (әлемдегі жалпы алтын қорының ширегі) сақталуда. Мысалы Италия алтын қорының жартысы Рим қаласында, жартысы осы Нью-Йорк федралды резервтік банкінде сақталуда. Бұл банк Нью-Йорк қаласы Бостандық көшесі 33 те орналасқан. Оның 12 қабатты Итальяндық үлгідегі гранит ғимаратының астында 25 метр тереңдікте (теңіз деңгейінен 15 метр терең) көп елдің алтыны жарқырай тізулі тұр. Онда 120 шақты бөлім, әр бөлімде жүздеген бөлме бар. Әр бөлім әртүрлі елдерге тән. Бірақ онда жұмыс істейтіндердің өзі қайсы бөлім қайсы елдікі екенін мүлдем білмейді.
Бірақ АҚШ алтын резервінің бәрі түгел Нью-Йоркте емес. Жартысына жуығы Кентукки штатындағы Луисвиллден ондаған шақырым алыстағы Форт Нокс әскери базасында сақталуда. Бұл жер АҚШ -тағы ең қатты қорғалатын өңір есептеледі.
Әлемдегі екінші алтын сақтайтын банк - Англия Банкі. Бұл банктің алтын сақтайтын қоймасы Лондонда болғанымен, жер астындағы орны құпия, ал оның ауыр кілтінің өзі бір метр ұзын екен)) Кілтті дәу құлыпқа салғаныңызбен де алып есік ашылмайды, сіз ондағы микрофонға құпия сөзді айтуыңыз керек.
Алтын десе жұрттың есіне бірден Швейцария банкі түседі. Бірақ ол үшінші орында тұр әрі онда сақталған алтын резерв қоры белгісіз.
Франция әлемде төртінші алтынқұмар ел. Франция банкі францияның 100% алтын резервін (2435.4 тонна) өзі сақтап отыр. Париж 1 райондағы бұл банктің жер астындағы 8 қабатында футбол майданы аумағындай (11 000 шаршы метр) жерге алтындар тізіп қойылған.
Кейбір адамдар мәлім елде өз елінің дәл сондай алтын резерві бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы неміс Peter Boehringer Германияның шетел банкіндегі алтындары утоапия деп қарады. Өйткені немістер де, неміс банктері де Нью-Йоркте Германияның сонша алтыны бар екенін санап көрген жоқ қой. Бұл Германия секілді елдерде 2012 жылдан бастап елдің алтын резервін "Елге қайтару" қозғалысын туғызды. Неміс үкіметі қазір 2020 жылға дейін Германияның 300 тонна алтын резервін Нью-Йорктен елге қайтаруды қолға алып жатыр. 2013 жылы олар Франция банкінен 32 тонна алтынды, Нью-Йорктен 5 тонна алтынды (жоспар 50 тонна болған) елге қайтарды. Алтынды елге қайтару тек Германияның ғана емес, Голландия, Швейцария, Бельгия, Венесуэла секілді біраз елдерде де жалғасын тапты. Олар өз алтындарын АҚШ басқа банктерге кепіл ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады, дағдарыс пен басқа себептерден бұл ұлттық қазына кемуінен және тоналуынан алаңдайды.
Ал, жекелер қолындағы алтынның шамасы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұрады екен. Әлемдік алтын кеңесі (World Gold Council) мәлімдеуінше, үндістандықтар әлемдік алтын қорының 10 пайызын, яғни 10,000 да 15,000 тоннаға дейін алтын ұстап отыр.
АҚШ -тың ең әйгілі экономисті Кейнс айтқан болатын: "Алтынның мемлекет үшін маңызы ерекше. Ол ең соңғы бекінісің, ең қажетті кезде алып шығар қорың. Ешбір басқа нәрсе оның орнын әлі баса алған жоқ".
Ал, еліміздің алтын резерві де біршама тәуір. Қазақстан 264.0 тонна алтынымен (әрбір қазақстандыққа 14.67 грамм) әлемде дәл қазір 21 орында (2017ж. сәуір) тұр. Бірақ алтындарымыздың қайда сақталғаны туралы қазірше нақты дерек жоқ.
## Әр елдің алтын қоры
### 2020
### 2017
2015 жылы 17 шілдеде, Қытай өздерінің алтын резервін күшейтуді қолға алып, 57 пайызға, яғни 1054 -тен 1658 тоннаға дейін өсірді. Бұл олардың 6 жылдан бергі тұңғыш рет өз алтын қорын жариялауы еді.
Алтын қоры әрбір елдегі алтынның физикалық қорын көрсетпейді
### 2015
## Дереккөздер |
Алтын резерві (ағылш. Gold reserve) - әр елдің мемлекеттік орталық банкі ие болған жалпы алтын қоры. Ол жеке тұлғалардың және үкіметтік емес ұйымдардың алтыны мен қағаз және басқа ақша-байлығын қамтымайды.
## Алтын Резерві туралы деректер мен талдаулар
1950ж. Жапонияның алтын резерві 6 тонна ғана болған екен. Ал, бүгіндері ол 765 тонна алтынымен әлемде алдыңғы 8 орында тұр. Дегенмен Жапонияның алтын қоры бұдан әлдеқайда көп. Өйткені оларда банктен алтын сатып алуға тиімді жағдай жасалған. Сондықтан ұлттық байлықтың қомақты бөлігі халықтың қолында, халықтың жеке мүлкі ретінде сақталуда.
1952ж. АҚШ алтын резерві 20663 тонна болған екен. Ал, 1968ж. АҚШ алтын резерві 10000 тоннадан төмен түсіпті.
Әлемде қазір 160 000 тонна алтын бар көрінеді. Олар төрт түрлі нұсқада сақталуда: 1.Әшекей бұйымдар 50.5%;2. жеке қаржы күйінде18.7%;3. Әр елдің банкінде сақталғаны 17.4%;4.Өндіріс, химия, электроника саласында қолданылғаны13.4%. Әлем елдерінің жалпы алтын қоры кезекте 32687.833 тонна.
Көптеген елдердің алтыны өз елінде емес, шетелде, әсіресе АҚШ, Франция, Англия... елдеріндегі Алтын банктерде сақталуда.
Нью-Йорк Федералды резервтік банкі (Federal Reserve Bank) әлемдегі ең үлкен алтын сақтайтын банк болып, онда әлемнің 80 шақты елінің шамамен 5000-7000 тонна алтын резерві (әлемдегі жалпы алтын қорының ширегі) сақталуда. Мысалы Италия алтын қорының жартысы Рим қаласында, жартысы осы Нью-Йорк федралды резервтік банкінде сақталуда. Бұл банк Нью-Йорк қаласы Бостандық көшесі 33 те орналасқан. Оның 12 қабатты Итальяндық үлгідегі гранит ғимаратының астында 25 метр тереңдікте (теңіз деңгейінен 15 метр терең) көп елдің алтыны жарқырай тізулі тұр. Онда 120 шақты бөлім, әр бөлімде жүздеген бөлме бар. Әр бөлім әртүрлі елдерге тән. Бірақ онда жұмыс істейтіндердің өзі қайсы бөлім қайсы елдікі екенін мүлдем білмейді.
Бірақ АҚШ алтын резервінің бәрі түгел Нью-Йоркте емес. Жартысына жуығы Кентукки штатындағы Луисвиллден ондаған шақырым алыстағы Форт Нокс әскери базасында сақталуда. Бұл жер АҚШ -тағы ең қатты қорғалатын өңір есептеледі.
Әлемдегі екінші алтын сақтайтын банк - Англия Банкі. Бұл банктің алтын сақтайтын қоймасы Лондонда болғанымен, жер астындағы орны құпия, ал оның ауыр кілтінің өзі бір метр ұзын екен)) Кілтті дәу құлыпқа салғаныңызбен де алып есік ашылмайды, сіз ондағы микрофонға құпия сөзді айтуыңыз керек.
Алтын десе жұрттың есіне бірден Швейцария банкі түседі. Бірақ ол үшінші орында тұр әрі онда сақталған алтын резерв қоры белгісіз.
Франция әлемде төртінші алтынқұмар ел. Франция банкі францияның 100% алтын резервін (2435.4 тонна) өзі сақтап отыр. Париж 1 райондағы бұл банктің жер астындағы 8 қабатында футбол майданы аумағындай (11 000 шаршы метр) жерге алтындар тізіп қойылған.
Кейбір адамдар мәлім елде өз елінің дәл сондай алтын резерві бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы неміс Peter Boehringer Германияның шетел банкіндегі алтындары утоапия деп қарады. Өйткені немістер де, неміс банктері де Нью-Йоркте Германияның сонша алтыны бар екенін санап көрген жоқ қой. Бұл Германия секілді елдерде 2012 жылдан бастап елдің алтын резервін "Елге қайтару" қозғалысын туғызды. Неміс үкіметі қазір 2020 жылға дейін Германияның 300 тонна алтын резервін Нью-Йорктен елге қайтаруды қолға алып жатыр. 2013 жылы олар Франция банкінен 32 тонна алтынды, Нью-Йорктен 5 тонна алтынды (жоспар 50 тонна болған) елге қайтарды. Алтынды елге қайтару тек Германияның ғана емес, Голландия, Швейцария, Бельгия, Венесуэла секілді біраз елдерде де жалғасын тапты. Олар өз алтындарын АҚШ басқа банктерге кепіл ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады, дағдарыс пен басқа себептерден бұл ұлттық қазына кемуінен және тоналуынан алаңдайды.
Ал, жекелер қолындағы алтынның шамасы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұрады екен. Әлемдік алтын кеңесі (World Gold Council) мәлімдеуінше, үндістандықтар әлемдік алтын қорының 10 пайызын, яғни 10,000 да 15,000 тоннаға дейін алтын ұстап отыр.
АҚШ -тың ең әйгілі экономисті Кейнс айтқан болатын: "Алтынның мемлекет үшін маңызы ерекше. Ол ең соңғы бекінісің, ең қажетті кезде алып шығар қорың. Ешбір басқа нәрсе оның орнын әлі баса алған жоқ".
Ал, еліміздің алтын резерві де біршама тәуір. Қазақстан 264.0 тонна алтынымен (әрбір қазақстандыққа 14.67 грамм) әлемде дәл қазір 21 орында (2017ж. сәуір) тұр. Бірақ алтындарымыздың қайда сақталғаны туралы қазірше нақты дерек жоқ.
## Әр елдің алтын қоры
### 2020
### 2017
2015 жылы 17 шілдеде, Қытай өздерінің алтын резервін күшейтуді қолға алып, 57 пайызға, яғни 1054 -тен 1658 тоннаға дейін өсірді. Бұл олардың 6 жылдан бергі тұңғыш рет өз алтын қорын жариялауы еді.
Алтын қоры әрбір елдегі алтынның физикалық қорын көрсетпейді
### 2015
## Дереккөздер |
Пригородное — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Пригородный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінен солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде, Балықтыкөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасты-Талды — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Жаңадала ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Транспорты
Елді мекен арқылы Жезқазған-Арқалық-Есіл-Астана-Анар-Қарағанды-Ташкент тас жолы, Қостанай-Арқалық темір жолы өтеді.
## Инфақұрылымы
Ауылда орта мектеп, амбулатория, дүкендер, мейрамхана, клуб, наубайхана, орталық сауда орталығы және басқада салалары бар.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ұйымшыл — Түркістан облысы Төле би ауданы, Кемеқалған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кузнецов Степан Леонидович (14. 01. 1879, Кишинёв, — 18. 04. 1932, Москва) — орыс совет актері, Республика халық артисі (1929). Сахналық өнерден арнайы бiлiмi болмаған. Творчествосын 1901 жылы бастады. 1902–1906 ж. армия қатарында болып, рев. қозғалысқа қатысты. 1907—1925 жылдары Киевтiң Со ловцов театры мен Москваның Көркем театрында және МГСПС атьнд. театрда, ал 1925 жылдан өмірінің соңына дейін Кіші театр құрамында ойнады. Ол сан қилы рольдерде ойнап, өзінің өткір мінезі, сахналық бояуы мол суреткер екенін танытты. Әсіресе рольдің сыртқы бейнесіне көбірек көңіл аударды. Гримнің айтулы шебері болған.
## Дереккөздер |
Костычево — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Костычев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Пятигорское — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Пятигорский ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстікке қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алғабас — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Жаңақима ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сегізбаев Сұлтан(1899 – 1939) – мемлекет қайраткері. 1932 – 37 ж. Қазақстан КП ОК-нің аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы партия к-тінің 1-хатшысы болды. 1937 – 38 ж. Өзбек КСР ХКК-нің төрағасы қызметін атқарды.
## Өмірбаяны
Шаруа отбасында дүниеге келген. Тегі қазақ.
1916 жылы Орта Азия көтерілісіне қатысқан. 1918 жылы РКП(б) қатарына кіреді. 1918-1919 жылдары - Түркістан КП(б) Аққорған болыстық комитетінің төрағасы.
1921 жылы Кронштадт көтерілісін басуға қатысты. Сол жылы «Қосшы» одағының жауапты хатшысы болды. Басмашылдыққа қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі.
## Марапаттары
Қызыл Ту орденімен марапатталған (1924).
## Дереккөздер |
Толыбеков Серғали Еспембетұлы (9 Наурыз 1907, Қызылорда облысы бұрынғы Қазалы уезі Байқожа ауылы – 22 Маусым 1995, Алматы қаласы) – экономика ғылымының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым академиясының мүшесі (1962).
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.Шежіре: Серғали-Еспембет-Толыбек-Өтемболат-Малайдар-Қожан-Ақберді-Тәуке-Дөсек-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей
## Қысқаша өмірбаяны:
1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1932–1938 жылдары осы институтта ассистент, доцент. 1947–1950 жылдары институт директоры. 1950–1952 жылдары кафедра меңгерушісі. 1952–1963 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында директор.1963–1974 жылдары ҚазПИ-де ректор. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің кеңесші-профессор қызметтерін атқарған.
Толыбеков «Общественно-экономический строй казахов в 17–19 вв» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Достық — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Уәлиханов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тассуат — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Тассуат ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы - 1986 жылы қайтыс болды) — суретші. Қорасан қожа руынан шыққан. ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.
Ол Қазақ драма театрында М. О. Әуөзовтың романы бойынша қойылған «Абай» спектаклін (1940) безендірді. «Абай» операсында 16 костюмнің үлгісін(акварель, 40х25) және 5 декорация (1944, фломастер, темпера), сондай-ақ, «Абай әні» кинофильмінде 22 костюмнің(1945, акварель, барлығы Әуөзовтың музей-үйі қоры) үлгісін жасады. Ол Абайдың «Қыс», «Көктем» атты өлендеріне арнап (1944-1948) шағын иллюстрациялар (сия, қағаз, қалам, автор отбасының қоры), 1954 жылы Абайдың өлеңцер жинағының мүқабасын, бірінші бетін, 6 иллюстрация (акварель), Абайдыңдастаны, өлеңдері, аудармаларына (1953, ксилография), тақырыпттарына суреттер салды.1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапаттадған.
## Дереккөздер |
Тамара Қасымқызы Дүйсенова (құжат бойынша Босымбекқызы, 11 қаңтар 1965 жыл, Сарыағаш ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бері Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
Дүйсенова бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013—2014, 2017—2018, 2022—2023) мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014—2017) қызметтерінде болған.
## Өмірбаяны
### Жастық шағы және білімі
Тамара Дүйсенова 1965 жылдың 11 қаңтар күні, Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы Ленинское (Ленин) ауылында дүниеге келген.
Дүйсенова 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтында инженер-экономист мамандығына білім алған.
### Саясатқа дейінгі мансабы
Дүйсенова еңбек жолын 1988 жылы Сарыағаш ауданының орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1998–1992 жылдары аралығында Өзбек КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеген.
### Саяси мансабы
1992 жылдан бір жыл бойы, 1993 жылға дейін Сарыағаш аудандық әкімдігінде аға экономист болған. Бұдан кейін, 1994 жылға дейін, Дүйсенова Перизат-холдинг компаниясы бір бөлімінің жетекшісі еді.
1994–1997 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерінде болған. Бұдан кейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметін Дүйсенова 1999 жылы аяқтады.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Бұл жұмысы аяқталғасын, 2006 жылға дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары болып қайта тағайындалған Дүйсенова сол қызметте екі жыл бойы болды.
2008 жылдары Дүйсенова ЕХӘҚ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың ақпанында ол сол қызметін аяқтап, ол алты-ақ ай бойы сол министрліктің вице-министрі болды.
2013 жылдың 27 маусымында президент Назарбаев жарлығымен ЕХӘҚ министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызында жаңа құрылған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі лауазымына тағайындалған себебімен ЕХӘҚ министрлігі тоқтатылды. 2017 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды, министрлік ыдыратылды, Дүйсенова министрліктің тарихындағы жалғыз министрі болып қалды.
2017 жылдың 25 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта құрылды. Тамара Дүйсенова осы министрліктің төрайымы ретінде қайта тағайындалды. Ол өзінің министрлігін 2018 жылдың 9 ақпанына дейін жалғастырды. Оның ізбасары болып Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.
Тамара Дүйсенова — 2019 жылдың наурызынан Аманат партиясы саяси кеңесінің мүшесі және 2020 жылдың желтоқсанынан бері партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер.
2022 жылдың 11 сәуірінде Тамара Босымбекқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындалды. Министр қызметін атқарып жатқан кезінде, 2023 жылдың 8 маусымында премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасары болып тағайындалып, Алтай Көлгіновтің ізбасары болды. ЕХӘҚ министрі ретіндегі қызметін Дүйсенова 2023 жылдың 2 қыркүйегінде аяқтады, бірақ премьер орынбасары болуын жалғастыра берді.
## Жеке өмірі
Тамара Дүйсенова қазақ, орыс, ағылшын, неміс және өзбек тілдерін меңгерген.
Тамара Дүйсенова әкесінің «азан шақыртқан» және шынайы есімі Қасым екенін және әкесінің есімі Қасымқызы деп жазылса дұрыс көретінін айтып кеткен. Дүйсенованың сөзінше қазақтың дәстүрлік себебінен құжатта әкесінің аты Босымбек деп жазылып қалған.
## Марапаттары
Тамара Дүйсенованың марапаттар тізімі:
* Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
* Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
* Құрмет ордені (2010).
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Белағаш — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Белағаш ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақстан — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Есіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 60 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Донское — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Запорожье ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылып Лозовое ауылына қосылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 349 адам (177 ер адам және 172 әйел адам) болса, 2009 жылы 30 адамды (18 ер адам және 12 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қазақ — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Тарасов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Лозовое — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Запорожье ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кенское — Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Отрадный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстікке қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Борукаев Рамазан Асланбекович (24.1.1899, Ресей, Солтүстік Осетия, Правобережный ауданы Зильга ауылы — 9.7.1967, Алматы) — ғалым, геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1954), профессор (1958), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғыл. қайраткері (1958). Ленинград тау-кен институтын бітірген (1931). 1931 — 38 жылдары Бозшакөл геологиялық бөлімінің бастығы, Қазақ геологиялық тресінің бас инженері, бастығы, КСРО ғылым академиясының Қазақстан филиалындағы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы (1938 — 1940), 1941 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтында директордың орынбасары, директор (1964 — 67) болды. Қ.Сәтбаевтың жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғыл.-зерт. жұмыстарының бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Борукаев Қазақстанның әр түрлі масштабтағы геологиялық картасының авторы және редакторы. Лениндік (1958), Қазақстан Мемлекеттік (1982) сыйлықтарының лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдермен марапатталған.
## Шығармалары
1. "Допалеозой и нижний палеозой северо-востока Центрального Казахстана", Сары-Арка, М., 1955.;
## Сілтемелер
1. «Борукаев Рамазан Асланбекович»
2. «Борукаев Рамазан Асланбекович»(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек.Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді.Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады.Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).
## Дереккөздер |
Отрадное — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Отрадный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Западное — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, 2009 жылы таратылып Пригородное ауылына қосылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Державинск қаласынан батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
Тұрғыны 30 адам (2009). |
Калининское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Калинин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қима — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Жаңақима ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Киевское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Киев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қалмақкөл — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Калинин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде, Қалмақкөл көлінің оңтүстік-батысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қайрақты — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Беловод ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Байегіз — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көксай — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Терісаққан ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 188 адам (95 ер адам және 93 әйел адам) болса, 2009 жылы 42 адамды (25 ер адам және 17 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Моховое — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Калинин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Суджанагар (баңлаша সুজানগর, ағылш. Sujanagar) — Әкімшілік орталығы аттас, Бангладештің солтүстік-батысында орналасқан қала. Қала алаңы 6,97 км²-ге тең.2001 жылғы санақ бойынша, қалада 18 272 адам тұрып жатқан, оның ішінде 51,41 %-ы еркектер, әйелдер тиісінше 48,59 %. Қала тығыздығы 1 км²-ге 2622 адам. Сауаттылық деңгейі 36,9 % (Бангладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %).
## Сілтемелер
* Суджанагар Мұрағатталған 15 мамырдың 2011 жылы. (ағыл.) |
Сонатала немесе Сонатола (бенг. সোনাতলা, англ. Sonatala) — Әкімшілік орталығы аттас, Бангладештің солтүстігінде орналасқан қала. Қала алаңы 4,94 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша,қалада 9 982 адам тұрып жатқан, оның ішінде 51,35 %, әйелдер — тиісінше 48,65 %. Қала тығыздығы 1 км²-ге 2 021 адам. Қаланың сауаттылық деңгейі 36,9 % (Бангладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %).
## Сілтемелер
* Сонатала Мұрағатталған 29 қарашаның 2011 жылы. (ағыл.) |
Сонагази (баңлаша সোনাগাজি, ағылш. Sonagazi) — Әкімшілік орталығы аттас, Бангладештің оңтүстік-шығысында орналасқан қала. Қала алаңы 2,09 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 4905 адам тұрып жатқан, оның ішінде 51,62 % еркектер, әйелдер — тиісінше 48,38 %. Қала тығыздығы 1 км²-ге 2346 адам. Сауаттылық деңгейі 45,4 % (Бангладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %). |
Алиана Тейлор «Али» Лохан (ағылш. Aliana Taylor «Ali» Lohan; 22 желтоқсан 1993, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық актриса, әнші және фотомодель.
## Өмірбаяны
Алиана Тейлор Лохан 1993 жылы 22 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында туған және Майкл Лохан және Дина Лохан отбасының ішінде үшінші бала болып туылды. Алидың ата-аналары 1985 жылы үйленген, олар ылғи ұрсысатын, бірақ қайта татуласатын, алайда соңында 2007 жылы ажырасты. Алидың әкесі – бизнесмен және ол бұрыңғы биржа маклері болған, ол кеспе фабрикасын өзінің әкесінен мұраланды, оларда бірнеше рет заңды сақтанбаған мәселелер туған еді. Анасы – менеджер, бұрында – биші болған. Оның үлкен әпкесі Линдсей Лохан – атақтв голливуд актрисасы және әншісі, бұған қоса Алида екі ағасы бар, олар Майкл жане Дакота Лохан, оларда актерлер және модельдер.
## Мансап
Өз мансабын қыз 3 жастан бастады, Ford Models компаниясының моделі ретінде. Али «Vogue Bambini», «Teen Vogue» және «Rave Girl» журналдарында көрінді.
Алидың дебюты, «Ата – анаға арналған қамау» фильмінде 5 жасында болды, басты рөлдерде оның үлкен әпкесі Линдсей ойнаған. Фильмде Алиға аэропорт сахнасында, ауық- ауық рөл түсті.
13 жасында Али өзінің алғаш музыкалық альбомын жазып алды. Ол өлең жаңа жылға арналған, «Lohan Holiday» атты пластинка.
2008 жылы Али отбасылық комедия «Кішігірім құбыжық» фильмінде басты рөлде ойнады. Сол жылы ол «Лохан өмірі» отбасылық реалити- шоуында көрінді, содан кейін оның мансабында 3 жыл тыныштық болды.
2011 жылы Али «Тролль» фильмінде түсті және NEXT моделдік агенттікпен шартқа қол қойды.
## Фильмография
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Али Лохан (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* Лохан отбасысының ресми сайты |
Сингайр (баңлаша সিঙ্গাইর, ағылш. Singair) — Әкімшілік орталығы бір, Бангладештің орталығында орналасқан қала. Қала алаңы 8,31 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 13 567 адам тұрып жатқан, оның ішінде 50,62 % еркектер, әйелдер — тиісінше 49,38 %. Сауаттылық деңгейі 29,9 % (Бангладештің орташа есебімен 43,1 %).
## Сілтемелер
* Сингайр Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы. (ағыл.) |
Новокиенка — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Новокиенка ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кировское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Қызылсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тайпақ — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Жаңақима ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2016 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Старое Перекатное — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Беловод ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2016 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 153 адам (74 ер адам және 79 әйел адам) болса, 2009 жылы 70 адамды (37 ер адам және 33 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тарасовка — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Тарасов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Терісаққан — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Терісаққан ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 71 км-дей жерде, Терісаққан өзенінің оң жақ аңғарында Есілге құяр тұсында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қаратұмсық – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Теңіз көлінің солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 565 м. Батыстан солтүстік-батысқа қарай доғаша иіліп 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Қаратұмсық жонды-төбелі төрткілді-денудациялық жазық. Батыс беткейі шығысына қарағанда біршама тіктеу, өзен, сайлармен қатты тілімденген. Оңтүстік-шығысында жартасты тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстік-шығыс және оңтүстік беткейлері етегінде көптеген көлдер, батпақты телімдер кездеседі. Бірнеше тау шыңдары бар (450 м, 457 м т.б.).
## Геологиялық құрылымы
Протерозой кезеңінің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын аллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
## Өсімдігі
Сортаңды даланың қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-қаулы шөптесіндер өскен. Сор жерлерінде жусан, бетегелі-жусанды өсімдіктер қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Чапаевское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Чапаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қазақ тіліндегі арабизмдер — қазақ тіліне тікелей араб тілінен немесе парсы, түрік тілдерінің әсер етуімен еніп, қазақ сөз қорының бөлігіне айналған бірліктер. 3000-ға жуық арабизм бүгінгі күні қазақ тілінде кеңінен қолданылады.
Ең алдымен, араб сөздерінің қазақ тіліне кіруінің басталуы қазақтар арасындағы Ислам дінінің таралуымен байланысты. Қазақтар үшін жаңа, таныс емес діни терминдер жергілікті тілдерге аударылмай, қазақша айтылуының ескерілуімен тура қабылданып отырған. Мысалы, «мәсжід» сөзі «мешіт» сөзіне айналыпты. Сондай-ақ, арабизмдердің таралуына араб әліпбиінің негізінде құрылған қазақ жазуы да бірден-бір себеп болды.
ХХ ғасырда атеистік құрылыстың кесірінен қазақтардың діндарлық деңгейі кемігеніне және арабизмдердің сол себепті көбеюіне шектеу қойылғандығына қарамастан, жалпы алғанда арабизмдер әдеби қазақ тілінде де, күнделікті ауыз-екі сөздер арасында да сақталып қалған. Олардың сақталып қалуына бірінші латын, кейіннен кирилл әліпбилерінің КСРО заманында енгізудің өзі зарар келтірмеді. Мәселен, Абай Құнанбайұлының еңбектерінде араб тілінен енген кірме сөздер саны орасан зор болғаны сонша, әзірленбеген қазақ оқырманы кейбір сөздердің мағынасын түсінбеуі де ықтимал. Мұндайды басқа да сол дәуірдің ақындары мен жазушыларының әдебиетінен аңғаруға болады.
## Қазақ тіліндегі арабизмдердің мысалдары
Бұл бөлім жалпы қолданылатын арабизмдер тізімін қамтиды.
### Сәлемдесу
* Сәлеметсіз бе / Сәлем / Ассалаумағалейкүм — سلام (сәләәм); اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمُ (әс-сәләәму ’аләйкум)
### Жазумен байланысты
* Кітап (бітік) — كتاب (китәәб)
* Қалам — قلم (қаләм) (жазатын таяқ)
* Дәптер — دفتر (дәфтәр)
* Хат — خط (хатт) (сызық, жазу)
* Мақала — مقالة (мақаалә)
### Мемлекет және құқықпен байланысты
* Мемлекет — مملكة (мәмләкә)
* Үкімет, өкімет — حكومة (хукуумә)
* Арыз (өтініш) — عرض (’ард)
* Отан (атамекен) — وطن (уатан)
* Әкім — حاكم (хәәким)
* Құқық — حقوق (хуқууқ)
* Әділет — عدالة (’әдәәлә)
### Исламмен байланысты
* Дін — دين (диин)
* Сауап — ثواب (сәуәәб) (сый)
* Тәубе — توبة (тәубә)
* Жамағат — جماعة (джәмәә’ә) (қауым)
* Мешіт — مسجد (мәсджид)
* Мұнара — منارة (мәнәәрә)
* Хақ және ақиқат — حق (хаққ) және حقيقة (хақииқа)
* Бісміллә — بسم اللّٰه (бисми-Лләәһ) (Алланың атымен)
* Астапыралла — أستغفر اللّٰه (астағфиру-Ллааһ) (Аллаһ өзі кешірсін)
* Бәрекелді — بارك اللّٰه (бәәрәкә-Ллаһ) (Аллаһ разы болсын!)
* Әумин — أمين (әмиин) (Аллаһ қабыл етсін)
* Дұға, дуа — دعاء (ду’әә)
* Мұқтаж — محتاج (мухтәәдж)
### Уақытпен байланысты
* Уақыт — وقت (уақт)
* Заман — زمان (зәмәән)
* Сағат, сәт — ساعة (сәә’ә)
* Жұма (бесінші күн) — جمعة (джум’ә)
* Ғасыр (жүз жылдық) — عصر (’аср)
### Оқу мен ғылыммен байланысты
* Мектеп — مكتب (мәктәб) (кеңсе, үстел)
* Тағылым, тәлім — تعليم (тә’лиим)
* Ғылым, ілім — علم (’илм)
* Мұғалім — معلم (му’әллим)
* Дәріс — درس (дәрс)
* Тәжірибе — تجربة (тәджрибә)
* Ұстаз, ұста — أستاذ (устәәз)
## Қосымша әдебиет
* С.С. Кеңесбаева. «Қазақ тіліне арабизмдердің енуіндегі сингармонизм әсері. Тіл мен сөйлеу зерттеуі» — Мәскеу, 1971.
* С.С. Кеңесбаева. «Арабизмдердің қазақ тіліндегі фонотактикалық модельдері» — Алматы: «Наука», 1987.
* Ж.Ж. Есеналиева. «Абай туындыларындағы арабизмдер мен фарсизмдердің қолданылу ерекшеліктері» — 1993.
* Г.Ж. Бүркітбай. «Қазақ түсіндірме сөздіктеріндегі арабизмдердің лексикографиялық сипаттамалары» — 2003.
* Г.А. Досжан. «Қазақ тілінің дамуы мен жалпы түркілік терминология» — ЕҰУ. |
Монастырка — Ақмола облысы Жақсы ауданы, Есіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жақсы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 51 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарағай — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Бұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Зеренді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов (6 желтоқсан, 1925 жыл, Павлодар - 23 қазан 2003 жыл) — кинорежиссер, қазақ кино аудару өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1975).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
### Білімі
* Алматы киноактерлер мектебін 1947 жылы бітірген.
* Бүкілодақтық мемлекеттік кино институтын 1958 жылы, Г. Рошаль мен С. Юткевичтің шеберханасында бітірген.
### Қызмет жолы
* Киноактерлер мектебінде оқи жүріп, Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының киноаударма бөлімінде жұмыс істеді. Осы кезден бастап киноаудару өнерінің техникалық, көркемдік сапасына назар аударды.
* 1990 ж. “Айтуар” атты деректі фильмдер түсіретін студия ашты.
## Фильмдері
### Аударған фильмдері
* “Варяг крейсері”
* Мәскеуде оқып жүргенде өзінің тұңғыш жұмысы — “Жас гвардия” фильмін қазақ тілінде сөйлетті.
* Содан бері 500 ден астам фильмді қазақша сөйлетті. Олардың ішінде
* “Автомобильден сақтаныңыз”
* “Гамлет”
* “Нақұрыс”
* “Король Лир”
* “Рүстем туралы аңыз” т.б. кинофильмдер бар.
### Түсірген көркем фильмдері
* “Даладағы қайың” (1957)
* “Мазасыз көктем” (1958)
* “Дауыл” (1959)
* “өмір жолы” (1960)
* “Алматы көктемі” (1962)
* “Найзатас бөктерінде” (1969)
* “Ақын арманы” (1986 — 87, екі сериялы видеофильм; Д. Әбіловпен бірігіп сценарийін жазған) көркем фильмдері
### Түсірген деректі фильмдері
* “Сераға” (1974)
* “Бәрі сен үшін” (1976, Е. Серкебаев жайлы)
* “Ғалым ауылында ” (1990, Сәтбаев жайлы)
* “Тер сіңген жер” (1991)
* “Жүсіпбек Аймауытов” (1992) деректі фильмдерді, көптеген хроникалық фильмдер түсірген.
## Кітаптары
* “Сыр сандық” атты естеліктер кітабы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Бұлақ ауылдық округі — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Еленовка, Жаңаауыл, Жылымды, Қарағай, Қарлыкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Еленовка ауылы.
## Дереккөздер |
Ақтүбек — елді мекен атаулары:
* Ақтүбек – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл.
* Ақтүбек – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Ақтүбек – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл.
* Ақтүбек – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл.
Тағы қараңыз:
* Ақтүбек ауылдық округі
* Ақтүбек орамы (Астана) |
Кеңдала — елді мекен атулары:
* Кеңдала — Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы ауыл.
* Кеңдала — Алматы облысы, Талғар ауданындағы ауыл.
* Кеңдала — Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыл. |
Сыдықов Әлімғазы Оразұлы (19.6.1953 жылы туған, Қытай Халық Республикасы) – химиялық ғылымының кандидаты (1990).
## Жетістіктер
Ғылыми еңбектері краун-эфирлердегі эпоксидті полимерлердің қасиеттерін зерттеп, синтездеуге арналған. Техникалық тұз қышқылын өндірудің жаңа технологиясын өндіріске енгізді (Қарағанды қаласы). Сыдықов Қазақстан Республикасының мыс өндірісінің осмий-рений құрамды техногендік өнімдерін зерттеу нәтижесінде алғаш рет сілтілік металл тұздарын пайдалана отырып, осмийді қорғасын балқымаларына, ренийді ерігіш натрий қағына бөліп алудың технологиясын жасауға қол жеткізді. Сол еңбегі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болды (2005). Алпыстан астам ғылыми еңбек (оның ішінде 1 монография бар) жазған.
## Дереккөздер |
Алтынбаев Мүслім Мұхтарұлы (19 қаңтар 1966, Қарағанды) - генерал-лейтенант, 1983 ж. орта мектептен кейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2005), Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесін (1987), ҚР ҰҚК институтының курсын (1995), РФ ҚМ Әскери- дипломатиялық академиясын 1998), АҚШ Қорғаныс лингвистикалык институтының ағылшын тілі курсын (2004) бітірген. Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесінің курсанты (1983-87), II137 әскери бөлімі командирінің қарамағына жіберілді, ОҚ жалпыәскер армиясы ӘҚ іскер дивизиясы истребительдік авиациялық полкы әскери басқару командалық пункітінің офицері, ӘҚ әскері корпусы көздеу пункіті көздеу штурманы, аға штурманы, 03811 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығының көмекшісі, 14776 әскери бөлімі басқармасы бастығының аға көмекшісі, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, 21346 әскери бөлімі жедел бағыттау бастығы, 22753 әскери бөлімі әскери атташесінің көмекшісі (1987-99), 22753 әскери бөлімі әскери атташесі, 14776 әскери бөлімі басқармасының әскери атташесі, 22753 әскери бөлімінің командирі, ҚР ҚМ Штабтар бастықтары к-ті төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ Бас инспекция бастығы, «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы (1999-2010), «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскері қолбасшысы (2010 ж. наурызынан). 2-дәрежелі «Айбын» ордені, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
* Бұлақ, көз, бастау, қайнар — жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері.
## Елді мекендер
* Бұлақ – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл.
* Бұлақ – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл.
* Бұлақ – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл.
* Бұлақ – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Бұлақ – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл.
* Бұлақ – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл.
## Тағы қараңыз
* Бұлақ ауылдық округі
* Мұхаммед Бұлақ хан |
Қошқар — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған ауыл. Қошқар ауылдық округінің орталығы болды.
## Тарихы
Ауыл 2008 жылға дейін кент статусында болған. Кейін 2009 жылы экологиялық ахуал күрт нашарлауына байланысты ауыл таратылып, тұрғындары Атырау қаласына көшірілген болатын.
## Халқы
2009 жылы ауыл халқы 428 адамды құраған болатын
## Дереккөздер |
Бұлақ ауылдық округі:
* Бұлақ ауылдық округі — Ақмола облысы, Зеренді ауданының құрамындағы әкімшілік бірлік.
* Бұлақ ауылдық округі — Ақтөбе облысы, Қобда ауданының құрамындағы әкімшілік бірлік.
* Бұлақ ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының құрамындағы әкімшілік бірлік.
## Тағы қараңыз
* Бұлақ (айрық) |
Талғар өзені – Іле алабындағы өзен. Ұзындығы 117 км. Су жинау алқабы 444 км². Талғар мұздығынан басталып Қапшағай бөгеніне құяды. Сол Талғар өзені мен Оң Талғар өзені қосылған жерден Талғар деп аталады.Осы жерден 8 км жоғары Оң Талғарға көп сулы Орта Талғар құяды. Арнасы жоғары бөлігінде бұйратты жазық болып кетеді. Көп жылдық мұз бен қардың еруінен толысады.
## Сипаттамасы
Талғар көктемде тау бөктеріндегі қар (жылдық су мөлшерінің 24%і), жазда (жылдық су мөлшерінің 39%-і) 2 рет тасиды. Жылдық ағын су мөлшерінің 37%-і қыркүйек және сәуір айларында өтеді. Сел қаупі күшті өзендердің бірі болып саналады. Суы тұщы. Жылдық орташа су шығыны Талғар қаласының тұсында секундына 10,6 м². Суы тасыған кезде ағаш ағызуға болады. Өзен бойынан шағын СЭС салынған. Бау бақша, егістік және қосымша ауыл шаруашылығы үшін өзеннен 9 канал жүргізілген. Сондықтан да өзен суы Іле өзеніне күз, қыс айларында бірақ жетеді.
## Дереккөздер |
Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы (15.7.1944 ж.т., Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс а.) – тарих ғылым докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академик (1997). Ленинград (қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университеттін бітірген (1970). Қазақстан мемлекеттік теле-радио жүйесінде кіші редактор, бас редактордың орынбасары, Бүкілодақтық радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі (1970–74), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, (1974–81); 1981 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақстан журналистика академиясының президенті. «Партийное руководство средствами массовой информации: история, опыт, проблемы, перспективы» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, 19 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Нұр әд-дін Абд әр-Рахман Жәми (парсы: نورالدین عبدالرحمن جامی; 7 қараша 1414 жыл, Жәм, Хорасан – 9 қараша 1492, Ғират, Хорасан) — парсы ақыны, филолог, философ, музыка зерттеушісі. Әуелі Гераттағы Дилкаш медресесінде, кейін Самарқандағы Ұлықбек медресесінде білім алған. Самарқанда ғалымдармен тікелей араласып, олардын арасында білімділігімен даңқы шыққан. Ғиратқа оралған соң, сарай қызметінен бас тартып, сопылық жолға түскен. Ақын шығармаларында сопылықты насихаттау, халықтың азапты өміріне жаны ашып, қанаушыларды әшкерелеу кабаттаса жырланды. 1456 жылдан Ғиратқа X. Байқараның сарайында қызмет атқаррды.
Осы кезде Әлішер Науаимен танысты. Абд өр-Рахман Жәмидің алғашқы шығармасы - өз дәуірінің энцилопедиясы іспеттес “Алтын шынжыр” дастаны. 1468 ж. Науаидің X. Байқара сүлтанның уәзірі болуы ақын жағдайын жақсартты. Ақын діни-филос. кағидаларында сопылықтың тәңірмен бірігу, сүйіспеншілік туралы категорияларындағы мистикалық мәннің жігін ажыратьп, оған филос. адамгершілік мағына берді. Адамға деген сүйіспеншілікті, гуманизмді, әдептілікті жырлады. Ол, негізінен, дінді жақтағанмен, табиғат шындығын жоққа шығармады.
Абд өр-Рахман Жәмидің даңқын шығарған туындылары лирикалық үш жинақ(1479 - 91) пен жетідастаннан тұратын “һәфт авранг” Атты кітабы. Ал “Жүсіп - Зылиқа”(1483), “Ләйлі - Мәжнүн” (1484), “Сүлеймен мен Ибсол” (1479 - 80) дастандары парсы әдебиетіндегі нағыз шыншыл, гуманистік рухта жазылған туынды болады. “Бәһористан” (1487) атты прозалық шығармасында мұсылмандық шығыс әдебиетінің ірі тұлғалары, оның ішінде өзінің досы Науаи туралы құнды мәліметтер қалдырды.
Соңдай-ақ Әбу Наср әл-Фараби, Сафи әд-Дин, Абд ул-Қадыр сияқты ғалымдардың музыкаға байланысты еңбектерін жете зерттеді. Соның нәтижесінде музыканттардың теориялық қағидалары мен муз. тәжірибелерін өз трактатында ғыл. тұрғыдан жан-жақты қорытты. Музыканың шығуы, интервалдардың арақатынасы, ладтардың мәнерлік мазмұны сияқтьі муз. теориясына қатысты мәселелердің барлығын түгел қамтыды. Абд әр-Рахиан Жәми шығармалары қазақ халқына ертеден таныс. Оның “Жүсіп - Зылиқасы” мен “Ләйлі - Мәжнүні” халық арасында кең тараған. Шығармалары көптеген тілдерге аударылып, мол тиражбен тарады. Казақ тілінде “ Өлеңдер мен дастандар” атты жинағы жарияланды (1968).
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Алтыүй, Нәдек, Шежін ауылдары кіреді. Орталығы – Алтыүй ауылы.
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бірлік, Ақбалшық, Үшкемпір ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1488 адамды (772 ер адам және 716 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Арбузинка, Красная Поляна, Петриковка ауылдары кіреді. Орталығы – Красная Поляна ауылы..
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бірлік ауылы кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 733 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Жамбыл облысы, Шу ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бірлік ауылы кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы.
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Түркістан облысы Келес ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ащысай, Бірлік, Жаңатіршілік, Қосөткел, Құрөзек, Мәдениет, Үшағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы..
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Бірлік, Старобелка ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1192 адамды құрады.
## Дереккөздер |
Олжас Омарұлы Сүлейменов (18 мамыр 1936 жыл, Алматы) — қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы (1990), Қазақстанның Еңбек Ері (2016). Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының негізін салушысы.
## Өмірбаяны
Олжас Сүлейменов 1936 жылғы мамырдың 18 күні Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі – Омархан Сүлейменұлы, қазақ кавалерия полкінің офицері. Шешесі – Бәтима Насыржанқызы Беделбай. Нағашы атасы Насыржан Беделбай – белгілі көпес Ғабдұлуәлиевтің сауда үйінде коммерциялық басқарушы еді.
Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол тармағынан тарайды. Олжас – Жаяу Мұсаның бесінші ұрпағы. Шежіресі: Айдабол — Малғозы — Толыбай — Орман — Төбет — Байжан — Жаяу Мұса — Тайжан — Ақтай — Сүлеймен — Омархан — Олжас.
Белгілі түркітанушы ғалым Лев Гумилев Олжасқа әкесі Омархан атылмай тұрып, екеуі бірге Норильскідегі лагерьде бірге отырып шыққанын айтқан.
### Алғашқы жылдары
1954 жылы Олжас мектеп бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетіне түседі. 1959 жылы оқуын аяқтап, инженер-геолог мамандығын алып шығады. Студент кезінде геологиялық барлау жұмыстарына қатысқан.
1955 жылдан бастап әдеби жолы басталады. Ал 1959 жылы Мәскеудегі А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының ақындық аударма ісі бөліміне түседі. 1961 жылы оқуын аяқтамас бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
1959 жылғы маусымда Олжастың өлеңдер топтамасы алғаш рет орталық басылымда жарық көрді.
1962–1971 жылдарда "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері; "Қазақфильм" киностудиясы сценарлық-редакциялық алқасының бас редакторы; "Простор" журналында журналистика бөлімінің меңгерушісы болып қызмет атқарды.
### Жарқын шағы
1971–1981 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының басқарма хатшысы;
1972 жылдан бастап Азия мен Африка елдерінің жазушыларымен байланыс жөніндегі қазақ комитеттің төрағасы болды. 1975 жылы Азия мен Африка жазушыларының 5-конференциясын Алматы қаласында өткізу идеясының құрылтайшысы еді.
1970 жылдардың басынан 1980 жылдардың соңына дейін Азия мен Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің төраға орынбасары болып қызмет етті.
1975 жылы "Аз и Я" кітабы жарық көрді. Бұл кітап Мәскеуде теріс резонанс тудырып, оған тыйым салынды. Олжастың туындылары 8 жыл бойы басылымға түспей, ақын мүлде жазбай кетті.
1980–1984 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әрі Президиум мүшесі. 1984—1989, 1989—1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1981 жылы КОКП ХХVI съезінің делегаты.
1981–1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. Олжас Сүлейменовтың арқасында 1984 жылғы жазда Сергей Соловьевтің ВГИК-тегі шеберханасы Республикалық байқау жарияланды. Сөйтіп қазақ киноматографиясында "тың толқынның" пайда болуына ықпалын тигізді.
1984–1992 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар Одағының хатшысы болды.
1989 жылғы ақпанда халықаралық "Невада-Семей" ядролық қаруға қарсы қозғалысын құрып, оның Президенті атанды. Қозғалыс мақсаты – Семей ядролық сынақтар алаңын және дүниежүзіндегі басқа да ядролық сынақ алаңдарын жабу еді. Антиядролық қозғалыс түпкі мақсатына жетіп, сынақтар тоқтатылды, ал полигон жабылды. Кейіннен "Невада-Семей" қозғалысы "Қазақстан халық конгресі" партиясы болып жаңадан құрылды.
1991–1995 жылдары Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болды. Оған қоса, 1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1995 жылғы тамыздан бастап Италия республикасындағы, оған қоса 1996 жылғы сәуірден бастап Грекия республикасы мен Мальта республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елші қызметін атқарды.
Елші қызметінде әдеби миссиясын жалғастырып, Рим қаласында 1998 жылы "Жазу тілі" ("Язык письма", адамзат жазуы мен тілінің шыққан тегі туралы) мен "Құдайдың күлкісі" ("Улыбка бога"), 2001 жылы "Айқас параллельдер" ("Пересекающиеся параллели"ғ түркі-славян тілдері туралы), 2002 жылы "Ежелгі түркілер" ("Тюрки в доистории", ежелгі түркілердің тілі мен жазуының шыққан тегі туралы) кітаптары жарық көреді. 2002 жылы "Тюрки в доистории" атты кітабы түркітану саласында көрнекті жетістіктері үшін Күлтегін сыйлығын алды.
2001 жылдан бастап Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
2022 жылы "Байтақ" халық экологиялық партиясы" Олжас Сүлейменовты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну идеясын қозғады.
### Отбасы
Жұбайы – Маргарита Владимировна, 2023 жылы қайтыс болды.
Қыздары: Динара, Мәдина, Ләйлә.
Динара қызынан екі жиені бар: Дәмелі мен Димаш.
Өз атына жазып алған жиені Ескендір Сүлейменовты 2018 жылғы 22 маусым күні Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы көлікпен қағып кетті. Ескендір апатта дүниеден өтті.
## Ақындық
Олжас Сүлейменов өлеңдерін орыс тілінде жазып, басында тек Қазақстанда ғана танымал еді. Бүкіл одаққа есімі алғаш рет 1961 жылғы көктемде шыққан. Әдеби институттағы оқуынан шығып кеткен соң, Алматыға қайтып оралып, "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істей бастады. 11 сәуір күні Байқоңырда болып жатқан оқиғаларды біліп, газет редакторы Федор Боярский Олжасқа "адамның ғарышқа ұшуы туралы" өлең жазуды ұсынды. Түні бойы тыңбай жазып, 12 сәуір күні Гагарин ғарышқа ұшқанын елге жария салғанда Сүлейменовтың өлеңі газет бетіне шығып, Қазақстанның бүкіл қалаларында қуанышты хабар ретінде таратылды. Бұл оқиғадан шабыттанған Олжас небәрі бір аптаның ішінде осы өлеңін ірі "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасына айналдырды. Бұл поэма мамыр айында жарық көрді.
Кейін Сүлейменов бұл туралы: "Менің поэмам бүкіл Орталық телеарналар мен радиотолқындарды паш етті, ірі газеттерде басылып жатты. Апта сайын мені зауыттарға, фабрикаларға, студенттік аудиторияларға шақырып, кездесу өткізетін. Бұл менің үлкен жетістігім!" деп айтқан. Олжастың бұл поэмасы Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің сыйлығына ие болды. Бұл Олжастың алғашқы мемлекет тарапынан берілген сыйлығы еді.
25 жасар Олжас Сүлейменовты АҚШ пен Еуропаға баратын кеңестік делегацияларға қоса бастады. Олжас өз поэмасын Париждегі Сорбонна мен Нью-Йорктегі Колумбия Университетінде оқыған. Сүлейменовты оқуынан шығарған әдеби институт директоры Серегин жақын арада оған телеграмма жолдап, әдеби институтқа оралуын сұраған. Кейіннен Олжас Сүлейменовтың "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасынан үзінді Гагариннің бейіттасына қашалады.
Сүлейменовтың танымалдық лебіне ілесіп, 1961 жылы "Арғымақтар" атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. 1962 жылы "Жарық түндер" ("Солнечные ночи") өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұл өлеңдер жинағы IV Бүкілодақтық жас жазушылар жиналысында атап өтіліп, Николай Тихонов Олжасты ауыз толтырып мақтады.
1964 жылы шыққан "Шығыстың құтты уақыты" ("Доброе время восхода") атты өлеңдер жинағы Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының Орталық Комитетінің сыйлығына ие болды. Әдеби сыншы Лев Аннинский Олжастың одақтық деңгейдегі танымалдығын келесідей түсіндіреді:
Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары қоса алғанда ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болғар, мажар, моңғол және түрік тілдеріне аударылған. Ақын шығармашылығы Францияда ерекше танымал болды. Оның өлеңдері былай тұрсын, бірнеше тұтас өлең жинақтары тәржімаланды.
1969 жылы Олжас КОКП қатарына кірді. 1970 жылы Ленинның туғанына 100 жыл толуына орай, Олжастан поэмаға тапсырыс берді. Бірақ поэманың орнына баспаға өзінің "Глиняная книга" шығармасын алып келіп, бүкіл кеңестік зиялы қауым оны өте жоғары бағалады. Бұл поэмасы Сүлейменовтың ең үздік туындысы болып саналады. Бірақ Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты мүлде басқа "Синие острова" поэмасы үшін алады.
## Зерттеулері
Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.
Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:
* 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрынғыдан кемелдене түсті.
* «1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
* 1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда автор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.
* «Тaрихқа дейінгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.
### Аз и Я
"Слово о полку Игореве" немесе "Игорь жасағы туралы жыр" –Ежелгі Русь әдеби ескерткіші. Жырда 1185 жылы Игорь Святославұлы бастаған русь кінәздерінің половшыларға сәтсіз аяқталған жорығы туралы айтылады. Жыр шамамен 1185 жылы жазылған деген болжам бар. Бұл дастан ежелгі орыс тілінде жазылған деп есептеледі, бірақ орыс лингвистері бірнеше ғасыр бойы дастанның біраз бөлігін түсіне алмай, бұрмалап түсіндірген. Олжас Омарұлы Сүлейменов бұл дастанға алғаш рет 1960 жылы әдеби институт студенті кезінде қызығушылық танытқан.
Олжастың шығармалары орыс тілінде жазылса да, өзі қазақ тілін жақсы меңгерген. Оған қоса, Олжас лингвист, яғни тіл ғылымының маманы болған соң, "Слово о полку Игореве" дастаны ол үшін мүлде қиындық тудырған жоқ. Жас лингвист жырдың түсініксіз сөздерінің сырын ашып, ауқымды зерттеу жұмысын жаза бастайды. 1962 жылдан бастап жыр туралы еңбектері жарық көре бастайды.
АЗиЯлық пайымдау
1963-1966 жылдар аралығында Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде аспирантурада жүрген кезінде "Игорь жасағы туралы жырдағы" тюркизмдер" ("Тюркизмы в "Слове о полку Игореве") атты кандидаттық диссертация әзірлейді. Олжас Сүлейменов дастанды қостілді деп санап, бұл тақырып аясында ауқымды зерттеу жүргізді. Автор дастан половец-орыс тілдері араласқан шығарма, екі тілдің арасында айқын шекара болмай, бірі екіншісін жалғап жырлайтын дастан екенін дәлелдеді. Оған қоса, автор дастандағы тюркизмдер, яғни түркі сөздері кейін орыс тіліне еш өзгеріссіз енгені туралы пайымдайды. Бұл тақырыпты кеңінен 1975 жылы жарық көрген "АЗиЯ. Книга благонамеренного читателя" атты кітабында ашады.
Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында ежелгі русь халқы билингв – қостілді екенін ашық тұжырымдайды. Бұл идеясын жыр екі тілді түсінетін аудиторияға арналғанын, яғни орыс тілін білген адам, половшылар тілін де білгенін көрсету арқылы негіздейді. Сүлейменов қостілді русь халқы идеясын тек бір "Игорь жасағы туралы жыр" негізінде ғана емес, саналуан дереккөздер арқылы дәлелдеуге тырысты.
Кеңестік қыспақ
Империализм мен руссоцентризмді ұстанған Кеңес идеологиясы Моңғол шапқыншылығы, Русь кінәздерінің Алтын ордаға бағынған кезеңінде орыс тіліне мардымсыз ғана "кумыс", "аркан" сияқты тюркизмдер енді деп қабылдайтын. Бірақ Олжас Сүлейменов "АЗиЯ" кітабында Кеңес идеологиясының көзіне көрінбейтін, әркез орыс сөздері болып саналған орыс тіліндегі тюркизмдерді ашып көрсетті. Орыс академиктер қауымы бұл кітапты "ұлы" орыс тіліне бұрын-соңды болмаған қол сұқпа деп қабылдады.
"АЗиЯ" кітабы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кітапқа кеңестік заманға тән «ұлтшылдық», «пантюркизм», «әдістемелік қателер» сияқты айыптар тағылды. Партия басшылығы тез арада кітапқа қатысты жедел шаралар қолданды. Мәскеудегі басшылықтың нұсқауымен Қазақстан компартиясының орталық комитеті кітапқа теріс баға берді. "АЗиЯ" кітабы сатылымнан шығып, дүкен сөрелерінен, кітапханалардан алынды және жойылды. Бұл кітапты басуға рұқсат берген баспа директоры қызметінен босатылды. Ал автор Олжас Сүлейменовтың шығармалары санкцияға түсіп, 8 жыл бойы мүлде жарық көрмей кетті.
Республика басшысы Дінмұхамед Қонаевтың КСРО басшысы Брежневке жеке өтінішімен ғана Сүлейменов "қатаң сөгіс" алып қана құтылды. Сүлейменов сол заманда үлкен танымалдыққа ие болған соң, Сүлейменов ісін КОКП ОК қарауы тиіс еді. Бірақ Брежнев нұсқауымен іс Орталық комитеттен КСРО Ғылым Академиясының қарауына тапсырылды. "АЗиЯ"-ға тыйым салынғаннан кейін, бұл кітапқа КСРО-ның түркі халықтары қызыға бастады. Тәуелсіздік алған соң, бұл кітап қайта басылды.
"АЗиЯ" кітабы Ресей славист ғалымдарымен теріс бағаланды. Олар Сүлейменовті кәсіпқой лингвист емес, әуесқой зерттеуші, әрі фантаст деп атады. Олжастың көзқарасы нақты зерттеу нәтижесі емес, фантастикалық тұрғыдан қарастырылған деп айыптады. Славистер былай тұрсын, Ресейдің тюркологтері де Сүлейменовті жақтамады. Олар Сүлейменов жаңа сөздер ойлап тауып, жаңа грамматика құрастырды. Оның сөзі ойдан шығарылған, ал жазғаны - білімсіздіктің нәтижесі деп айып тақты.
Мұндай қарсы пікірге қарамастан, Тәуелсіздік жылдары Олжас Сүлейменов пікірін өзгеріссіз қалдырып, кітапты кішкене ғана өзгеріс енгізілген редакциясында жариялады.
## Саяси-қоғамдық қызметі
Қазақстанда атом сынақтарына тыйым салу - 1989 жылдың басындағы КСРО халық депутаттығына үміткер болған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сайлау алды бағдарламасындағы ең бірінші пункт еді.
1973 жылы Сүлейменов «Сынақтарға тыйым салынсын!» деген сөздермен аяқталатын, Қазақстан үшін сол кезде ауыр тақырыпқа «Дикое поле» атаулы өлең жазған. Семей ядролық полигонындағы сынақтар туралы сөз қозғаған болатын. Тек 1949-1963 жылдар аралығында Семей маңында сыналған барлық атом және сутегі бомбаларының жарылу күші Хиросимаға тасталған американдық атом бомбасының қуатынан 2500 есе артық болды, бүкіл аймаққа жан түршігерлік экологиялық зиян келтірді.
1989 жылы ақпанда Сүлейменов Қазақстан халқына теледидар арқылы үндеу жасады, келесі күні Алматыдағы Жазушылар одағы ғимарытының алдында ядролық қаруға қарсы «Невада — Семей» қозғалысының құрылғанын жариялады . Ядролық сынақтарға тыйым салу үшін небәрі бір айдың ішінде петицияға 4 миллионнан астам адам қол қойды. Кейін Семей қаласынан депутаттыққа сайланды. Сол жылдың жазында Сүлейменов КСРО халық депутаттарының I съезінде сөз сөйлеп, қозғалыстың мақсаты мен талаптары туралы баяндады. 1989 жылы 19 қазан ядролық сынақтар аяқталғаннан кейін, 1990 жылғы мамыр бірінші үкіметсіз «Антиядролық конгресс» өткізілді. Қозғалысты қолдау үшін шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карпов бастаған бейбітшілік қорынан 400 мың рубль аударылды. Сүлейменов Қазақстан шахмат федерациясының төрағасы болды (1977—1995). Қазақстан Президенті Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигон түпкілікті жабылып, ядролық қаруды сынауға халықаралық мораторий жарияланды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа көптеген елдер қол қойды.
Осындай табыстардан кейін «Қазақстан халық конгресі» (1991-1995) қозғалысы саяси партиясына айналды. Осы жылдар бойы оның басшысы Сүлейменов болды.
## Жыр жинақтары
«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына автор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.
* «Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.
* «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж.
* «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
* «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.
* «Каждый день — утро», Правда, Мәскеу, 1973 ж.
* «Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.
* «Круглая звезда», Художественная литература, Мәскеу, 1975 ж.
* «Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.
* «Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.
* «Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.
* «Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.
* «Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.
* «Свиток», Молодая гвардия, Мәскеу, 1989 ж.
* «Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.
* «Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.
* «Исправляя метафорой мир», Қаржы-қаражат, Алматы, 1996 ж.
* «Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997 ж.
* Собрание сочинений в 7 томах (в 8 книгах, орысша). Алматы, Атамұра баспасы, 2004.
* Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.
* «Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы
* «Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж.
## Шығармалары:
* Нұрлы түндер, А., 1962;
* Қылықты түн, А., 1963;
* Мешін жылы, А., 1967;
* Таңдамалы лирика, М., 1968;
* Ақ дария аспанында, Таш., 1970;
* Атамекен, А., 1972;
* Қалаулы қайырма, А., 1973;
* Жұмыр жұлдыз, М., 1975;
* Көңіл көкжиегі, А., 1976, 1980;
* Определение берега, А., 1976, 1979;
* Трансформация огня. А., 1985;
* Асқардан асу (Преодоление), А., 1987;
* От января до апреля, А., 1989;
* Тюрки в доистории, А., 2002.
## Марапаттары
### Мемлекеттік марапаттар
* 1967 — Еңбектегі ерлігі үшін медаль;
* 1981 — Құрмет Белгісі ордені;
* 1984 — Еңбек Қызыл Туы ордені;
* 1986 — Қазан төңкерісі ордені — 50 жасқа толуына орай;
* 1990 — Қазақ КСР халық жазушысы;
* 2001 — 1-дәрежелі "Барыс" ордені — Қазақстандағы ядролық сынақтарға қарсы жүргізген күресі үшін;
* 2006 — Отан ордені — 70 жасқа толуына орай;
* 2014 — Нәзір Төреқұлов атындағы "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі;
* 2016 — Қазақстанның Еңбек Ері атағы;
* 2016 — "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі;
* 2020 — "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі;
### Шетелдік марапаттар
* 2004 — «За заслуги» ордені (Ингушетия, Ресей) — Ингушетия халқына сіңген еңбегі үшін;
* 2006 — V дәрежелі кәніз Ярослав Мудрый ордені (Украина) — Қазақстан мен Украина халықтарының достығына қосқан үлесі үшін;
* 2006 — «Шохрат» ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достықты орнатуға қосқан үлесі үшін;
* 2007 — "Дружба" ордені (Ресей) — Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын орнатуға қосқан үлесі үшін;
* 2007 — Өнер мен әдебиет орденінің кавалері (Франция).
* 2011 — "Достлуг" ордені (Әзербайжан) — Әзірбайжан мәдениет таратуға қосқан үлесі үшін;
* 2016 — Әзербайжан Республикасы Президентінің құрмет дипломы (Әзербайжан) — Әзербайжан мәдениет өз шығармаларында таратқаны үшін;
* 2017 — 4-дәрежелі Күншығыс ордені (Жапония) — ядролық қарудың таралуына қарсы жүргізген саясаты және Жапон-Қазақ қарым-қатынасына қосқан үлесі үшін;
* 2021 — "Шараф" ордені (Әзербайжан) — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени сабақтастыққа қосқан үшесі үшін;
* 2022 — Құрметті легион орденінің офицері (Франция).
### Сыйлықтар
* 1961, 1963 — Қазақстан комсомолының Орталық комитет сыйлығының лауреаты;
* 1967 — «Доброе время восхода» өлеңдер жинағы үшңн Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағы сыйлығының лауреаты;
* 1973 — «Синие острова» поэмасы үшін Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2000 — Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты;
* 2002 — Күлтегін атындағы халықаралық сыйлық лауреаты – "түркітану саласындағы жетістіктері үшін";
* 2003 — Халықаралық Түркия сыйлығының лауреаты – "түркі әлеміне қосқан үлесі үшін";
* 2013 — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бейбіт және даму Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2018 — Шыңғыс Айтматов атындағы ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы сыйлығының лауреаты;
* 2020 — Мемлекетаралық ТМД "Достастық жұлдыздары" сыйлығының лауреаты.
### Шығармашылық одақтардың марапаты
* 2017 —"ЛиФФт" Еуразиялық әдеби фестиваль алтыны (Еуразия).
### Конфессиялық марапаты
* 2023 — «Мир и согласие» ордені (Қазақстан Православиелік Шіркеуі)
### Құрметті ғылыми атақтары
* 2004 —Әлиев атындағы Қарашай-Шеркеш Мемлекеттік университеттің құрметті докторы;
* 2005 — Маржани атындағы тарих институтының құрметті докторы; (Татарстан Республикасының Ғылым Академиясы)
* 2006 — Баку мемлекеттік университетінің құрметті докторы;
* 2009 — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің құрметті профессоры;
### Құрметті азамат
* 2009 — Семей қаласының құрметті азаматы;
* 2014 — Баянауыл ауданының құрметті азаматы;
* 2015 — Павлодар облысының құрметті азаматы;
* 2019 — Алматы қаласының құрметті азаматы;
## Әдебиеттер:
* Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // в кн. О языке казахской поэзии, А., 1970;
* Гусев В., Национальное, интернациональное и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его “Глиняной книге” // в кн. Герой и стиль, М., 1983;
* Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова, А., 1984;
* Диканбаева С., О стилистическом комплексе в творческом контексте О.Сулейменова // Сб. научных тр., А., 1984;
* Толмачев Г., Повесть об Олжасе, А., 1996;
* Вместе с Олжасом, А., 1996;
* Ким Н.С., Эпидигматические отношения в языке и их реализация в русской художественной речи (на материале поэзии О.О. Сулейменова), Таш., 2002;
* Жуминова А.Б., Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова, А., 2004;
* Сарсембаева А.Ж., Анафора в поэзии О.О. Сулейменова, А., 2005.
## Сыртқы сілтемелер
* «Аз и Я» (орысша)
* «Язык Письма» Мұрағатталған 8 тамыздың 2011 жылы. (орысша)
## Дереккөздер |
Мурау (нем. Bezirk Murau) - Аустриядағы округ. Округтің орталығы - Мурау қаласы. Округ Штирия федералды жеріне кіреді. Жерінің ауданы 1.384,58 кв. км. Халық саны 31 472 адам. Халық тығыздығы 23 адам/кв.км.
## Қалалар мен қауым
* Дюрнштайн
* Фроях-Кач
* Фроях
* Кракаудорф
* Кракаухинтермюлен
* Кракаушаттен
* Кульм-ам-Цирбиц
* Ласниц-Мурау
* Мариахоф
* Мюлен
* Мурау
* Ноймаркт
* Нидервёльц
* Обервёльц-Штадт
* Обервёльц-Умгебунг
* Перхау-ам-Заттель
* Предлиц-Туррах
* Рантен
* Ринег
* Санкт-Блазен
* Санкт-Георген-об-Мурау
* Санкт-Ламбрехт
* Санкт-Лоренцен-Шайфлинг
* Санкт-Марайн-Ноймаркт
* Санкт-Петер-ам-Каммерсберг
* Санкт-Рупрехт-Фалькендорф (61436)
* Шайфлинг
* Шёдер
* Шёнберг-Лахталь
* Штадль-ан-дер-Мур
* Штольцальпе
* Тойфенбах
* Трибендорф
* Винклерн-Обервёльц
* Цойчах |
Бірлік ауылдық округі — Абай облысы Жарма ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Бірлік ауылы. Округ құрамында болған Амангелді, Қарақожа ауылдары 2013 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Бірлік ауылдық округі — Алматы облысы Балқаш ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына кіретін жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Бірлік ауылы.
## Дереккөздер |
Вайц (нем. Bezirk Weiz) — Аустриядағы округ. Округтің әкімшілік орталығы — Вайц қаласы. Округ Штирия федералды жеріне кіреді. Жерінің аумағы 1097,94 км². Халық саны 92 373 адам. Халық тығыздығы 84 адам/кв.км.
## Қалалар мен жамағат
* Альберсдорф-Пребух
* Ангер
* Биркфельд
* Вайц
* Газен
* Герсдорф-ан-дер-Файстриц
* Глайсдорф
* Гутенберг
* Зинабелькирхен
* Ильцталь
* Лудерсдорф-Вильферсдорф
* Маркт-Хартманнсдорф
* Мизенбах-Биркфельд
* Миттердорф-на-Рабе
* Мортанч
* Нас
* Пассайль
* Пишельсдорф-ам-Қулм
* Пух-Вайц
* Раттен
* Реттенег
* Санкт-Катрайн-ам-Оффенег
* Санкт-Катрайн-ам-Хауэнштайн
* Санкт-Маргаретен-на-Рабе
* Санкт-Рупрехт-на-Рабе
* Таннхаузен
* Фишбах
* Фладниц-ан-дер-Тайхальм
* Флойнг
* Хофстеттен-на-Рабе
* Штраллег |
Мортанч (нем. Mortantsch) — Аустриядағы коммуна (нем. GemeindeGemeinde), Штирия федералды жерінде.
Вайц округінің құрамына кіреді. Халқы 1987 адамды құрайды (2005 жылдың 31 желтоқсаны). Жерінің аумағы 17,58 км². Ресми коды — 61730.
## Саяси жағдайы
Коммунаның бургомистрі — Алойс Брайслер (АХП) 2005 жылғы сайлау бойынша.
Коммуна өкілдерінің кеңесі (нем. Gemeinderat) 15 орыннан тұрады.
* АХП 8 орынға ие.
* СДПА 7 орынға ие.
## Сілтемелер
* Ресми сайты |
Бірлік ауылдық округі — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақмектеп, Бірлік ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы. 2004 жылы Жаман, Жантайма, Байты ауылдары, 2005 жылы Қарашоқы, Подхоз ауылдары таратылды.
## Дереккөздер |
Ақмектеп — елді мекен ауталары:
* Ақмектеп — Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы елді мекен.
* Ақмектеп — Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы елді мекен. |
Тоқа Шоңманұлы - (лақап аты Сайдалы Сары Тоқа, 1830, қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы -1904, сонда) - халық композиторы, Тәттімбет күй тарту мектебін дамытушылардың бірі, шертие күйдің шебері. Арғын тайпасы Қуандық руы Сайдалы бөлімінен шыққан. Тоқа жасынанақ асқан домбырашылық өнерімен ел-жұртына белгілі болды. Оның идеялық мазмұны терең, ойлы, сұлу ырғақты "Сары жайлау", "Ерке қыз", "Бел шешер", "Жалғыз ішек", "Қосбасар" (3 нұсқасы), "Боз торғай", "Теріс қақ-пай", "Аққу", "Сары өзен", "Боз айғыр", "Төрт толғау", ("Естірту", "Арнау", "Ана жүрегі". "Немере жоқтауы" деген 4 бөлімнен тұрады) атты күйлері халық арасына кең тарады. Оларды толық сақтап, насихаттаған туысы әрі шәкірті Үлмағамбет пен оның баласы Асылбек (қазір Қарағанды облысы Жанаарка ауднда тұрады) болды. Осы ауданда тұратын домбырашы М.Тілеухановтың орындауында Тоқаның бірнеше күйлері пластинкаға жазылып алынды.
## Дереккөздер |
Катонқарағай — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы ауыл, аудан және Катонқарағай ауылдық округі орталығы.
## Тарихы
1970 жылдың 4 желтоқсаны мен 1997 жылдың 23 наурызы аралығында ауыл Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы болып келді. 1997 жылдың 23 наурызында Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандары біріккеннен кейін аудан орталығы болып Үлкен Нарын ауылы бекітілді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан орталығы мәртебесі кері қайтарылды.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 км-дей жерде, Алтай тауларының, Сарымсақты жотасының баурайында орналасқан. Ресеймен шекаралас аймақ. Ауыл арқылы Үлкен-Нарын — Рахман қайнары автокөлік жолы өтеді.
## Халқы
## Дереккөздер |
Катонқарағай — Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы ауыл, аудан және Катонқарағай ауылдық округі орталығы.
## Тарихы
1970 жылдың 4 желтоқсаны мен 1997 жылдың 23 наурызы аралығында ауыл Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы болып келді. 1997 жылдың 23 наурызында Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандары біріккеннен кейін аудан орталығы болып Үлкен Нарын ауылы бекітілді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан орталығы мәртебесі кері қайтарылды.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 км-дей жерде, Алтай тауларының, Сарымсақты жотасының баурайында орналасқан. Ресеймен шекаралас аймақ. Ауыл арқылы Үлкен-Нарын — Рахман қайнары автокөлік жолы өтеді.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мәлік Ғабдуллин ауылы (2010 жылға дейін – Пухальское) — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан шығысқа қарай 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бәйтерек (2006 ж. дейін — Подлесное) — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Зеренді ауылынан батысқа қарай 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мурзабекова (Мырзабекова) Тұрсын (30.12.1914, Алматы – 6.6.1996, сонда) – тарих ғылымының кандидаты (1956), доцент, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ректор, Қазақ қыздар педагогикалық институтының алғашқы ректоры. Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933). 1933 – 43 ж. оқытушылық қызметте, 1943 – 45 ж. Шымкент қалалық атқару комитетінде, 1945 – 59 ж. Қазақ қыздар педагогикалық институтында (ректор), 1959 – 78 ж. ҚазМУ-де педагогтік қызмет атқарған. Қазақ қыздар педагогикалық институтында ректор бола жүріп, осында білім алатын қыз балалардың білім, тәрбиесімен қатар олардың тұрмыс-жағдайын реттеу мақсатында жатақхана мен оқу корпустарын салуды, тегін тамақтануды ұйымдастырған. Институтқа Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қалаларынан көптеген кітаптар, энциклопедиялар алғызып, кітапхана, химиялық лаборатория ұйымдастыруға атсалысқан. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.