text
stringlengths 3
252k
|
---|
Ақсай (1993 ж. дейін — Ленинградское) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрынғы Ақсай ауылдық округінің орталығы.
## Тарихы
1964 жылы жоғары оқу орындарының, оның ішінде ленинградтық студенттерден құралған құрылыс отрядтары Гурьев қаласынан Махамбетке апаратын тас жол бойында, құс фабрикасы мен осы кәсіпорын жұмысшыларына арналған үйлер салды. Олардың құрметіне бұл елді мекен Ленинградский деп аталды. 1993 жылғы 7 қазанда Ленинградское ауылы Ақсай ауылы болып өзгертілді.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан солтүстікке қарай 7 км-дей жерде. Бұрынғы атаулары Ленинградское, Птицефабрика (1993 ж.дейін)
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1147 адам (562 ер адам және 585 әйел адам) болса, 2009 жылы 1671 адамды (829 ер адам және 842 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4444 адамды (2176 ер адам және 2268 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп
* Дәрігерлік амбулатория
* "Ақсай" ауылдық клубы
## Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер
Ауылда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: геологиялық барлаулар мен ізденулер, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы, бөлшек саудада сату, жүк автомобиль көлігінің қызметі, бетон, цемент, және осыларға ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарды көтерме саудада сату, құрылыс-монтаж жұмыстары, фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді.
## Ауыл суреттері
## Елді мекендегі көшелер
* Ақжайық көшесі
* Ақбалықсай көшесі
* Атырау көшесі
* Достық көшесі
* Жібек жолы көшесі
* Исатай Тайманов көшесі
* Қазақстан көшесі
* Құрманғазы көшесі
## Дереккөздер |
Мақта:
* Мақта — құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.
* Мақта — халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылатын маңызды шикізат. |
Петровка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Балкашин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бесағаш ауылдық округі келесі әкімшіілк бірлік атауларын білдіреді:
* Бесағаш ауылдық округі — Алматы облысы Талғар ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Бесағаш ауылдық округі — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Тақтар таласы ұғымы келесі мағыналарды білдіреді:
* Тақтар таласы — америкалық жазушы Джордж Мартиннің "Алау иен мұз жыры" романдар циклінің алғашқы кітабы.
* Тақтар таласы — Джордж Мартиннің "Мұз бен от жыры" романдар циклі бойынша түсірілген фэнтези телехикая. |
Нариманово — Астрахан қаласының халықаралық әуежайы. Қаланың оңтүстік шеткі бөлігінде орналасқан.
3 авиакомпания: Аэрофлот, S7 Airlines және Победа тұрақты түрде күнделікті Мәскеуге ұшатын рейстерді жүзеге асырады. Сондай-ақ, Сочиге ("Саратовские авиалинии" ә/к) және Ақтау (Қазақстан) және Стамбул (Түркия) қалаларына халықаралық рейстерді жүзеге асырады.
В класындағы аэродром, Ан-24, Ан-72, Ан-74, Б-767, B-757, А-320, А-321, Ил-76, Ту-134, Ту-154, Ту-204, Як-40, Як-42 және одан жеңіл барлық ұшақтарды, сондай-ақ барлық типті тікұшақтарды қабылдай алады.
Әуе кемесінің максималды ұшу салмағы — 191 тонна. ҰҚЖ классификациялық саны (PCN) 63/F/C/X/T. Әуеайлақ (аэродром) жабдығы ұшақтарға ИКАО бойынша I санатты метеоминимумға сәйкес қонуға орындауға мүмкіндік береді (ҰҚЖ-дағы көрінуі 800 метр, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі 60 м).
Астрахань аэродромынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде Приволжский әскери аэродромы орналасқан; ол 1963 жылдан 1979 жылға дейін Астраханның негізгі әуежайы болып келді. Астраханнан оңтүстік-шығысқа қарай екі спорт әуеайлағы бар — Осыпной Бугор және Три Протока.
## Дереккөздер |
Лесхоз — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Балкашин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылының солтүстік-шығыс іргесінде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Меньшиковка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Ақсораң ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Новосёловка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Весёлов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Преображенка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Белгород ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Смольное — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Ақсораң ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Новоромановка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан шығысқа қарай 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Раздольное — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Белгород ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан шығысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер
. |
Приозёрное — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан батысқа қарай 38 км-дей жерде, Жақсы Жалғызтау көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ұлан (2006 ж. дейін — Острогорка) — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тучное — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Васильев ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Быстримовка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Лесной ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бесікті — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Атырау қаласының солтүстігіне қарай 20 км-дей жерде орналасқан.
## Тарихы
1930 жылы іргесі қаланған. 1929 жылы 18-ауыл, Талқайраң, Аспа ауылдары бірігіп тұңғыш Бірлік колхозы болып балық шаруашылығымен айналысқан. 17-ауылға қоныс тепкен Кендірлі ауылының тұрғындары 1930 жылы Жайық бойына келіп, сөйтіп Бесікті ауылының ірге тасы қаланған.Алғашқыда Бесікті Талқайраң селолық кеңесіне бағынған, жергілікті адамдар колхоз малын бағып, егін еккен. Кейіннен Кондаур, Бесікті, 18-ауыл бірігіп Сталин кеңшары болған. 1957-1958 жылдары Қайыршақты селолық кеңесіне қараған.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 688 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 856 адам (432 ер адам және 424 әйел адам) болса, 2009 жылы 1021 адамды (499 ер адам және 522 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1063 адамды (548 ер адам және 515 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Бесікті мектеп-интернаты
* "Бесікті" ауылдық клубы
* “Бесікті” демалыс орны
* «Тұлпар» демалыс кешені
## Шаруашылығы
Ауылда негізінен егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Егінде көбінесе бақша дақылдары, жемісжидектер, көкөністер өседі.
## Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер
## Елді мекендегі көшелер
* Әбдір Егізбаев көшесі
* Бисембай Дүйсенғалиев көшесі
* Қабдол Нұржанов көшесі
* Қадіржан Үмбетияров көшесі
* Молдағали Балғожин көшесі
* Сәния Бәрменова көшесі
## Дереккөздер |
Нұресіл (2016 жылға дейін Воздвиженка) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Нұресіл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
Бұл ауылда Совет Одағының батыры Дмитрий Степанов дүниеге келген.
## Дереккөздер |
Жайнақ — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Арайлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бірлік — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Оразақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Зелёный Гай — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл көшелері
* Алаш (Ясельная) көшесі
* Болашақ (пер.Фруктовый) көшесі
* Бірлік (Новая) көшесі
* Достық (Новый хутор) көшесі
* Наурыз (Зелёная) көшесі
* Самал (пер.Фруктовый-2) көшесі
* Ы.Алтынсарин (Луговая) көшесі
## Дереккөздер |
Жаңажол — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде, Жалаңаш көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Алманиязов Ағыбай Алмасұлы(24.9.1914 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы — 14.6.1992 жыл, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1953); профессор (1953), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966). Ташкент ауыл шаруашылық институтын бітірген (1936). 1938 — 41 жылдары Түркістан облысы жер басқармасының агрономы, Бүкілодақтық мақта өсіру ғылми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері, 1953 — 59 жылдары Ташкент ауыл шаруашылық институтының, 1959 — 84 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі болды. Алманиязовтың ғылыми-зерттеу жұмыстары өсімдік биологиясын, оның ішінде бидай, жүгері, қызылша, бақша дақылдары, жоңышқа және мақта эмбриологиясын, цитологиясын және селекциясын зерттеуге арналған. Ол сондай-ақ жоңышқа өсімдігіндегі цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты тапқан. Бұл зерттеудің Орта Азия мен Қазақстанда жоңышқаның гетерозистік будандарын алуда маңызы зор болды. Қауынның “Қазақстан — 1”, “Қазақстан — 2” деп аталатын сорттарын шығарды. Қазалы қаласының орталық көшелерінің біріне Алманиязовтың есімі берілген.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Қабанбай батыр ауылы (2001 ж. дейін – Рождественка) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Қабанбай батыр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Ауылдың негізін 1895 жылы Еділ мен Солтүстік Кавказдан қоныс аударған немістер құрған. 1989 жылы ауыл тұрғындарының 68% немістер болды.
## Көрнекі жерлер
Қабанбай батыр кесенесі монументалдық ғимараты бар. 2015 жылы Ұлттық Пантеон құрылысы басталды. Пантеонға Қазақстанға әйгілі саясаткерлер, өнер адамдары жерленеді.
## Дереккөздер |
Дорогинка — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Широков ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қараөткел (2006 ж. дейін — Ильинка) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Қараөткел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызыл балық (2022 ж. дейін — Атырау) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Атырау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2347 адам (1180 ер адам және 1167 әйел адам) болса, 2009 жылы 2202 адамды (1184 ер адам және 1018 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3180 адамды (1567 ер адам және 1613 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп — 1916 жылы Герасимовка батағасында қазіргі Ақаралдың маңында екі кластық қазақ, орыс мектебі ашылған. Ол Манаш, Маслинск, Вакуров, Үлбішін, Березка батағалары тұрғындарын қамтыған. Мектептің басшысы Нәубетов Қамидолла болды. Кейін бұл мектеп орнына 1925 жылы Манаш бастауыш мектебі құрылған. 1935-1936 жылдары орталау мектепке айналған, ал 1939-1940 жылдары А.А.Андреев атағын иемденіп, 1940 жылы орта мектеп болған. 1942 жылы соғыс жағдайына байланысты орталау, ал 1954 жылы қайта орта мектеп болды. 1956-1957 жылы «Қызыл балық» колхозының көшіп, Жайық бойына келуіне байланысты мектеп «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектеп атауын алды. Ауыл тұрғындарының тілегіне орай, 1992 жылы мектеп түлегі, қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова есімі берілді.
* «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы
## Діни ұйымдар
* Атырау ауылдық мешіті
## Ауыл суреттері
## Елді мекен көшелері
* Абай көшесі
* Айбек Салин көшесі (№10 көше)
* Алматы көшесі
* Бәдел Қошкелдиев (Набережная) көшесі
* Жәлел Иманғалиев көшесі (№7 көше)
* Золотенок көшесі
* Ибатолла Шекенов көшесі (№1 көше)
* Күләш Байсейітова көшесі
* Қадірәлі Балманов көшесі
* Қисмет Көшәлиев көшесі
* Қисмет Мәсәлімов көшесі (№2 көше)
* Қуанәлі Құрмашев көшесі
* Қыдырбай Ищанов көшесі
* Нәби Әбілғазиев көшесі (№8 көше)
* Тарих Құмаров көшесі (№9 көше)
* Фазыл Дахиев көшесі (№5 көше)
* Ферма көшесі
* Тағай Жұмашұлы көшесі (№20 көше)
## Дереккөздер |
Қаражар — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қажымұқан (1992 жылға дейін — Будённое) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еркінқала — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Еркінқала ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде Жайық өзенінің саласының жағалауында орналасқан.
## Тарихы
1930 жылы ұжымдастыру кезінде «Еркінқала» балықшы колхозының негізінде қалыптасқан. 1957 жылы Ленин атындағы колхоздың орталығы болды.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 2099 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 2536 адам (1247 ер адам және 1289 әйел адам) болса, 2009 жылы 3333 адамды (1668 ер адам және 1665 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10939 адамды (5340 ер адам және 5599 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік нысандары
* Еркінқала орта мектебі - Еркінқала мектебі 1931-жылы бастауыш сынып болып ашылды. 1934-жылы мектеп 7 жылдық болып қайта құрылды. 1940-1950 жылдар аралығында Еркінқала орталау мектебі жұмыс жасады. 1950-1960 жылдар аралығында орталау мектеп орта мектепке айналды. 1983 жылы 624 орынды жаңа мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді.
* №37 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы
* Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы,
* Мәдениет үйі
* Музыка мектебі
## Діни мекемелері
«Қайтпай сұлтан» мешіті — 850 орындық мешіт 2022 жылы 14 қазанда пайдалануға берілді. Мешітте ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар бар. Сондай-ақ, мешіт жанынан асхана, имам үйі де пайдалануға берілді.
## Кәсіпкерлік
Ауыл негізінен балық, мал, егін шаруашылығымен айналысады. Ауылда бекіре өсіру зауыты,, "Ақ желкен", "Еркінқала" өндірістік кооперативтері балық өсіру және тұщы суда балық аулаумен айналысады.
Ауылда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: инженерлік ғимараттар құрылысы, тамақтануды қамтамасыз ету, жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау, жүк автомобиль көлігінің қызметі, өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді. Бірнеше азық-түлік, құрылыс дүкендері бар. Елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Ауыл суреттері
## Елді мекен көшелері
* Атамұра көшесі
* Ақжайық көшесі
* Ақжелкен көшесі
* Әлләзи Әленов көшесі
* Баймырза Жексемалиев көшесі
* Балықшылар көшесі
* Батыр Өтеев көшесі
* Бөлекқайыр көшесі
* Гиният Шапауов көшесі
* Ғалымжан Елеманов көшесі (№4 көше)
* Дүйіш Есқалиев көшесі
* Жастар көшесі
* Желтоқсан көшесі
* Жеңіс көшесі
* Жұмабай Даулетов көшесі
* Зіну Сартымбетов көшесі (№43 көше)
* Қарапа Наурызалиев көшесі (№40 көше)
* Қидас Көшербаев көшесі
* Қызыл теңізші көшесі
* Сабыртай Айтмағамбетов көшесі
* Серғазы Төлепов көшесі
* Сәулен Оразалин көшесі
* Тапан Асанов көшесі
* Тәжден Қасанов көшесі (№34 көше)
* Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі
* Тәуелсіздіктің 10 жылдығы өткелі
* Шамырат Аманов көшесі
* Шәріп Түсіпқалиев көшесі
## Дереккөздер |
Қосшы — Ақмола облысындағы облыстық маңызы бар қала. Қарамағында Тайтөбе ауылы бар.
## Географиялық орны
Облыс орталығы Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км-дей, Астана қаласынан оңтүстікке қарай 2-3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
2021 жылы 27 шілдеде Президент Жарлығымен Қосшы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды және Целиноград ауданынан бөлінді.
## Әкімдері
* Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов (08.2021 бастап)
## Дереккөздер |
Қосшоқы — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Арайлы ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жарлыкөл (2018 ж. дейін — Красноярка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Жарлыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарамеңді батыр (2018 ж. дейін — Семёновка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жент — Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы ортағасырлық қала орны.
Қалада мұсылман дінін ұстанған түркі тайпалары қоныстанған. Жент 10 — 12 ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы негізгі үлкен қала болған. Осы маңда орналасқан Жанкент, Баршынкент, Ашнас (Асанас), Хувар (Жувар) қалалары бірігіп, Жент өлкесінің қалалар тобын құрады. Қала көркейіп, үлкен беделге ие болғаны сондай, кейбір деректерде Арал теңізін Жент көлі деп жазған. Мыс., Жаһаннамеде мынадай жолдар бар: Женттің маңында Жент көлі деп аталатын көл бар, оны кейде хорезмдік деп те атайды. Көлдің аумағы 100 фарсах, ені 32 фарсах, суы ащы. Сырдың төменгі ағысындағы басқа қалалар секілді Женттің де 14 ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ештеңе айтылмайды. 13 ғасырдың 2-жартысында Сырдың бойындағы қалаларды аралаған Орта Азия ғалымы Жамал Қарши бір кездегі қаланың орнынан кішігірім елді мекенді көрген. В.В. Бартольд бұл өңірдегі қалалардың 15 ғасырдан бастап қаңырап бос қалуы Сырдарияның өз арнасын басқа жаққа өзгертуімен байланысты болар деп пайымдайды. 1967 жылы Сыр бойындағы қалалардың қираған орнын зерттеген П.И. Лерх Женттің орнын Қорқыт Ата мазарының маңынан іздеу керек деген болатын. Бұдан кейін Бартольд Жент орны Қызылордадан 25 км жердегі Қышқала деп болжаған. Тек 1946 жылы Сырдария мен Әмударияның аралығында орналасқан ескерткіштерді толық аралап шыққан С.П. Толстов Женттің негізгі орнын тапты. Ол Қызылордадан 115 км жерде орналасқан Жанқала жұрты. Жанқалада 1946 — 48, 1957 — 58 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі Толстов) зерттеу жүргізіп, жиналған қыш ыдыстардың негізінде қала 10 — 13 ғасырлар аралығында болған деп топшылады. Жанқаланың өзінде күрделі қазба жұмыстары жүргізілмегенімен, оның айналасындағы көне суғару жүйелері біршама зерттелген. Зерттеу қорытындысына қарағанда, қала тұрғындары егін шарушылығымен айналысқан деп айтуға болады.
## Дереккөздер |
Қаратомар — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Шалқар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақторғын ханым - 550 жылдық қазақ тарихындағы ең сұлу да, көркем әйелдердің бірі. Ақторғын Ханым жайында деректер жоқтың қасы Ақторғын ханымның есімі тек аңыздарда кездеседі. Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романында Ноғай шонжарының қызы ретінде алғаш таныстырылады.
## Хақназардың әйелі
Хақназар ханның соңғы әйелі,сондықтан Ақторғын ханға да, жанындағы батыр, билеріне де еш ықпал ете алмады. Көп тоқалдың бірі болғандықтан "Ханша" дәрежесіне қол жеткізе алған жоқ. Әрі ханымның бойында мансапқорлық секілді қасиеттер жоқ еді.
## Тәуекел ханның әйелі
1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, жас жесірге сексендегі Шығай хан емес, оның ұлы Тәуекел үйленді. Ал 1582 жылы билікке Тәуекел сұлтан келгенде, Ақторғын «Ханша» атанды. Дегенмен Тәуекел ханға Ақторғыннан гөрі, анасы Яхшым-бегім көбірек ықпал етті. Өзінің әйелдік парызын орындап, күйеуіне Хусейн және Мұрат сынды ұлдарды сыйлады.
## Есім ханның қалауы
1598 жылы Тәуекел хан соғыста қайтыс болады. Салт бойынша әмеңгерлік жолмен Ақторғын ханша марқұмның інісі Есім ханға тұрмысқа шығуы керек еді, алайда Ақторғын қайын інісіне емес, өз сүйгеніне қосылуды жөн көрді. Жиембет жыраудың араласуымен Ақторғын ақыры дегеніне жетті.
## Дереккөздер |
Опан (2018 ж. дейін — Антоновка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Ақжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Өтеп Батырбек Туғанбайұлы (19.10.1946, Түлкібас ауданы Жиынбай ауыл – 3.4.1992) – суретші.
1966 – 71 ж. Алматы көркемсурет учелищесінде оқып жүріп Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтына ауысып, оны үздік бітіріп шыққан. 1974 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1971 – 74 ж. Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің және М.Әуезов атындағы институттың көркемсурет-графика факултеті н де оқытушы болды. 1974 жылдан облысы суретшілер қорында қызмет атқарды. Өтеп Батырбек Туғанбайұлы – Қазақстандағы қолданбалы өнер саласын, соның ішінде тоқыма саласын (гобелен) енгізген кәсіпқой суретші. Оның «Түркі эпосы», «Бозторғай», «Той» деген туындылары Халықар. көрмелерде жоғары бағаланып, түрлі дипломдармен марапатталған. Бұл туындылар Астана қаласындағы Президент резиденциясына ілінген. Басқа да жұртқа танымал «Отбасы», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Атамекен», «Өскен өңір», «Өркендер», «Біржан – Сара», т.б. көптеген туындылары бар. Олардың бірқатары гобелен, батик, текемет пен сырмақ түрінде орындалған. Шығармаларының алтын арқауы – туған жерге деген сүйіспеншілік. 1997 ж. Шымкент қаласының орталығы кө¬шелерінің біріне суретшінің есімі берілді. 1994 жылдан бері облысы Өтеп Батырбек Туғанбайұлы атындағы қайырымдылық қор жұмыс істейді. Қордың басты мақсаты – талантты жас суретшілердің өнер туындыларын жарыққа шығару, ұлттық қолданбалы өнер саласын дамытуды насихаттау. Шымкент қаласында Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атындағы дарынды балаларға арналған орта мектеп бар. Суретші туындыларының барлығы дерлік авторлық құқықпен қорғалған.
## Дереккөздер |
Қызылсуат — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, 2019 жылы құрылған Қызылсуат ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан шығысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру.
Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. Қазір де Қарақалпақстанға кеткендердің 80 пайызы Маңғыстау облысына көшіп келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тұрып жатыр.Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.
Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас.Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан жерлерін жайлаған, көп бөлігі қалмақ шапқыншылығы кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.
## Шығу тегі
Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрынғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған.
Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен.
Көне түркі тілінде қазіргі Тибет жері Тобот, Тобон, Табын деп аталған.
Ал қытай мемлекетін Табғач деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тоба, туба тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған.
Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар арасында бар. Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ.
Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр.
Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, Бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін салғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, ал және белгілері дулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жузден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды және тарақ таңбасының жалайыр тайпасынан шыққанын табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді.
Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойыпша, Сырдария табындарының ұрандары «Сәрке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарыпың ұраны «Алаш». С.И. Руденко өз еңбектерінің бірінде моңғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондай-ақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьның тарихын былайша негіздеуге болады. Моңғолдардың шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батыс Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сол кезде-ақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономикалық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсерінен бөлініп кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Ибн Фадман айтқан Башқұрт халқының құрамына енген.Моңғолдарға дейінгі уақыттың өзінде-ақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өз жерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлыжүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген, олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады.
## Қаракесек арасында
Орта жүздегі Арғын Қаракесек арасында 19 ғ аяғында Нұра болысында 100 шаңырақ табын болған. Олар 18 ғ. ортасында Маңғыстау жақтан келген Жарбол және Құлбол деген ағайындылардын ұрпағы. Бұл екі ағайын төрелермен қызға дауласып бір төрені (ханды) өлтіріп содан Сарыарқаға қашып келген.
## Тұлғалар
* Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
* Барақ Сатыбалдыұлы
* Бұқарбай Естекбайұлы
* Жоламан Тіленшіұлы
* Жүзжасар Ақылұлы
* Байтабын Дербасұлы
* Қайқы Ұзақұлы
* Смағұл Абатұлы Елубай
* Шортанбай Ерубайұлы
* Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов
* Төлеген Айбергенұлы Айбергенов
* Қалжан Ахун Бөлекбайұлы
* Алданазар Бұқарбайұлы
* Дәуіт Асауұлы
* Досжан Қашақұлы
* Нұрлан Асқарұлы Ноғаев
* Қармыс Досанов Қарақойлы
* Бибісара Ерханқызы Асаубаева
* Сабина Абайқызы Алтынбекова
* Бөкенбай батыр Қараұлы
## Дереккөздер |
Алдашев Ахмет Алдашұлы(1937) – мед. ғыл. докт. (1973), проф. (1978). Қазақстанның еңб. сің. ғыл. және тех. қайраткері (1988). Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыр ауруларының пайда болу себептерін дәлелдеп, олардың биохим. механизмін ашты. Қарағанды мед. ин-тын бітірген (1960). Сонда патофизиология кафедрасында ассистент (1961 — 66). Респ. Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың ғыл. істер жөніндегі орынбасары (1966 — 75), Одақтық Медицина Академиясының Тағам ин-тының Қазақ бөлімшесінде директордың орынбасары, директоры (1975 — 82) болды. Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының ректоры (1982 — 2001), 2002 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектерінің бағыты тағамтану және витаминология мәселелеріне, экол. зиянды факторлардың адам организміне әсерлерін тексеруге арналған. А. құрқұлақ, ақшамсоқыр, т.б. аурулардың пайда болуы витаминдер жетіспеушілігінен ғана емес, сонымен қатар организмде кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдарының тапшылығынан екенін алғаш дәлелдеді. 250-дей ғыл. еңбектің, оныңішінде 6 монографияның авторы. Қазақстан Республикасының мемл. сыйл. лауреаты (2001). Парасат, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Алдашев Ахмет Алдашұлы (4.9.1937 жылы туған Солтүстік Қазақстан облысы Біржан сал ауданы Кішкентай ауылы) — медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1978). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1988). Қарағанды медицина институтын бітірген (1960). 1961 — 66 жылдары сонда патофизиология кафедрасының ассистенті. 1966-75 жылдары республикалық Өлкелік патология институтында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, 1975 — 82 жылдары КСРО медицина Ғылым Академиясының Тағам институтының Қазақ филиалында директордың орынбасары, директоры болды. 1982 жылдан Республика дәрігерлер білімін жетілдіру институтының директоры әрі гигиена кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері тағамтану, тамақтану гигиенасы және витаминология мәселелеріне арналған. Бұл тақырыпта 200-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның 20-дан астамы шетелдерде жарияланған. Ол құрқұлақ, рахит, ақшам соқыры ауруларының пайда болуы витамин тапшылығымен қатар амин қышқылдарының және сүт тағамдарындағы кальций, фосфор тұздарының жетіспеушілігінен болатынын дәлелдеп, олардың биохимиялық механизмін ашты. Сондай-ақ үлкен қалалардағы экологияның бүлінуіне электромагниттік толқындардың әсер ететінін анықтады. Алдашевның жетекшілігімен 5 докторлық және 16 кандидаттық диссертациялар қорғалған. Алдашев Құрмет белгісі және Парасат ордендерімен (1998) және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы" |
Нұра — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Қабанбай батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (1923 жылы 10 наурызда Таразда - 1988 жылы 11 наурызда Алматыда) — кеңестік танымал кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1972).
## Өмірбаяны
* Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы 1923 жылы 10 наурызда Таразда дүниеге келген. Қорасан қожа руынан шыққан.
* Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады.
* Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А.Довженко шеберханасында) бітірген.
* 1952 жылдан “Қазақфильм” киностудиясында режиссер.
* 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын “Ана мен бала” атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда “Біз Жетісуданбыз” (1958), “Егер біздің әрқайсымыз” (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), “Шыңдағы шынар” (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – “Қыз Жібек” фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы “Бізді танып қойыңдар” көркем фильмін түсірді.
## Фильмографиясы
### Режиссер ретінде
* 1955 - Ана мен бала
* 1958 - Біз Жетісуданбыз
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
* 1965 - Шыңдағы шынарда
* 1969-1970 - Қыз Жібек
* 1985 - Біздікілерді біл!
### Сценарист ретінде
* 1955 - Ана мен бала
* 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
* 1965 - Шыңдағы шынарда
* 1985 - Біздікілерді біл!
## Марапаттары
* 1970 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді.
* 1972 жылы “Қыз Жібек” фильмі үшін Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* “Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Көкарна (бұрынғы атауы – Курилкино) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1082 адам (552 ер адам және 530 әйел адам) болса, 2009 жылы 2534 адамды (1274 ер адам және 1260 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Садовое — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Родина ауылдық округінің құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Ауыл көшелері
* Абай көшесі
* Ишимская көшесі
* Конституция көшесі
* Тәуелсіздік (Центральная) көшесі
## Дереккөздер |
Әнуар Нұрланұлы Нұрпейісов — актёр. 1985 жылы 11 наурызда Қарағанды қаласында туған.Қарағанды қаласындағы "Мұрагер" мектебін бітірген. Білімі - жоғары. Қазақстан-Британ техникалық университетінде мұнай-газ факультетінде оқыған.
## Фильмографиясы
* "Ағайынды" телехикаясы 2009 жыл
* "Ағайынды-2" телехикаясы 2011 жыл
* "Жерұйық" киносы 2011 жыл
* "Олар" киносы 2013 жыл
## Дереккөздер |
Отаутүскен — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Шалқар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасөткел бөгені — Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын тұсында орналасқан. 1963 жылы іске қосылып, 1974 жылы қайта жөнделген.
## Гидрологиялық сипаты
Ауданы 78 км2, ұзындығы 18 км, енді жері 8,5 км, орташа тереңдегі 8,0 м, ең терең жері 31,0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м3. Су жиналатын алабы 27 мың км2. Бөген арқылы аудан шаруашылықтарының 42,1 мың га жері суарылады. Бөген Қазақстанның маңызды мелиорациялық құрылыстарының бірі.
## Дереккөздер |
Шамшат Аужанұлы Әлiбеков(12.2.1928 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы кентi) – педагог, филология ғылымның докторы (1993), профессор Қызылорда педагогикалық институтының (1949, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университетi) филология факультетiн бiтiрген. 1949–1956 жылы Жалағаш ауданы Мақпалкөл орта мектебiнде мұғалiм, мектеп директоры болған. Шымкент педагогикалық институтында, кейiн ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) философия кафедрасында қызметтер атқарған. Ғылыми еңбектерi поэма жанрын, Абай шығармашылығын, қазақ фольклорының эстетикалық мәселелерiн зерттеуге арналған. Әлібеков «Қазақ фольклорының эстетикасы» кiтабының, 100-ден аса әдеби, ғылыми-зертеу мақалаларының авторы.
## Дереккөздер |
Арыс — Түркістан облысындағы қала. Жергілікті атқарушы орган - Арыс қаласының әкімдігі. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады.Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Қожатоғай, Жиделі, Монтайтас.
## Халқы
## Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар
24 маусым 2019 жылы Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Арыс қаласы төтенше жағдай орын алу салдарынан (Әскери бөлімше де жарылыс) қала эвакуациялық жабық болды. Барлық тұрғындар мен зардап шеккендер қауіпсіз орындарға көшірілді. Қаланың көп тұрғындары Шымкентке эвакуацияланды. 3 адам қайтыс болған, 89 адам ауруханаға жатқызылған. 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Жарылыстардың пайда болу себептері анықталуда.
## Арыс қаласы құрылынуының хролоногиялық тәртібі
-1905 жылы теміржол құрылысы басталды;
-1907 жылы Арыс станциясы салынды;
-1928 жыл 17 қаңтарда Арыс ауданы құрылды;
-1932 жыл 11 наурызда Арысқа «Жұмысшы поселкісі» мәртебесі берілді;
-1956 жыл 31 шілдеде Арыс аудандық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болды;
-1965 жыл 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы Бөген ауданы Шымкент облысының облыстық бағыныстағы қала болып атанды;
-1988 жыл 25 шілдеде Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, орталығы Арыс қаласы болды;
-1989 жыл 13 қарашада Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Бөген ауданындағы Монтайтас ауылдық кеңесі мен Чардара ауданының Тахыркөл ауылдық кеңесі Арыс қаласына өтті;
-1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып кұрылып, қаланы басқару Арыс қаласының әкіміне өтті.
## Тарихы
Арыс өңірі ертеде Қазақ қырған, ал Арыс өзені Үржі деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер-су атауларын құрап келгенін аңғартады.
Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр.
Археологтардың қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман, қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген. Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен, қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан.
Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан.
Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады.
Қазақ даласының халқы ұзақ жылдар бойы жоңғар шапқыншылығынан азап шекті. Шапқыншылықтың кесірінен қазақ халқының ханы Абылай орыстың патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласында Ресей патшасының өкілдері келе бастады, олардың мақсаты жоңғар шапқыншылығанан қорғау еді. Осы жағдай Ресеймен экономикалық, сауда-саттық қатынасты жақсартып, одан әрі қарай теміржол құрылыс жұмыстарының басталуына үлкен себеп болды.
Кең байтақ қазақ жерінің әр өңірі мен елді мекендерінің өз тарихы, халқының тұрмыс тіршілігінің өсу, өрлеу кезеңдері алмасып отырады. Қазақстан аймақтарында темір жол құрылыстары ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басында салына бастады. Арыс өңірінің тарихи бет-бейнесін ашуда, қаламыздың бой көрсетуіне себепші болған темір жол торабын айтуға болады. 1900-1906 жылдары Арыста әкімшілік-қоғамдық орталық құрылды. Оның құрамында вокзал, темір жол, әкімшілік, аурухана ғимараты, қызметкерлер үшін тұрғын үйлер болды. Өңірдегі тұратын халықтар жол бойында, әр түрлі құрылыс орындарында істеп осындағы жұмысшылармен қоян-қолтық араласа бастады. Өткен ғасырдың басында (1900 ж.) Орынбор-Ташкент теміржолы жүргізілді. Ал, 1904 жылы Арыс стансасы салынды.
Арыс стансасында жұмыс істейтін жұмысшылардың балалары білім алуы үшін 1922 жылы алғашқы мектеп ашылды. Сол жылдары Түрксіб құрылысы мен қатар, Арыс қаласында үлкен болашағы зор өзгерістер қолға алынды. Алғаш рет 17 қаңтар 1928 жылы Арыс ауылына жақын ауылдар мен осы ауыл халқының базасында Арыс ауданы құрылды. Қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткізіп, енді-енді тыныстап келе жатқанда Ұлы Отан соғысы басталды. Арыс аймағынан отан қорғауға аттанған жауынгерлер, ерліктің қайталанбас сәттерін көрсетіп, көбі ордендермен, медалдармен марапатталып, Кеңес Одағының батырлары атанды. Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бейсен Сейтенұлы Онтаев, Берген Исаханов, Садық Исмайлов, Иван Журба, Нағи Илиясовтар Кеңес Одағының батыры. «Тоғыз жолдың торабы», «Орта Азия қақпасы» атанған Арыс жерінен темір жол саласындағы ерен еңбектері үшін Социолистік Еңбек ері атағымен Әуезхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбаев, Сырлыбек Байжанов, Көпжан Мұхамеджанов, Задария совхозының өсіп өркендеуіне Республикамызда айрықша танылуына еңбек еткен Боранбек Шүкірбеков аталарымыз баршамыздың мақтанышымыз.
Одаққа белгілі болған, экономикасы өркендеген, халқының әл-ауқаты өскен Арыс ауданына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1956 жылдың 31 шілдесінде Арыс облыстық бағыныштағы қала статусына ие болды.
## Экономикасы
### Қаржы саласы
Соңғы нақтыланған жалпы бюджет көлемі 9.101 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 1.826 млн. теңгеге артты.
Жергілікті кірістер жоспары 2.571 млн. теңге болса, нақты 2.981 млн. теңге түсіп, жоспар 116,0% орындалды, 2014 жылмен салыстырғанда 1.749 млн. теңгеге немесе 2,4 есеге артқан.
### Өнеркәсіп саласы
2015 жылы 7.279 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,8% құрады.
Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемі 5,489 млн теңгені құрады.
### Кәсіпкерлік саласы
2015 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 3484 бірлікке жетті. Оның ішінде: 524 бірлік заңды тұлға, 1069 шаруа қожалығы және 1891 бірлік жеке кәсіпкерлер.
2015 жылы ШОК өндірілген өнім көлемі және ұсынылған қызметтер көлемі 17.182,5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5% артты немесе 587,2 млн. теңгеге артық өнім алынды.
2015 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны7615 адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4% немесе 253 адамға артқан.
2015 жылы бөлшек сауда көлемі 1.224,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6% артқан.
Қаржы ұйымдары арқылы 2015 жылы 3496 бірлік бизнес субьектілеріне және жеке тұлғаларға барлығы 1.472 млн. теңге көлемінде несие берілді.
Индустрияландыру картасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-нің 2015 жылғы жобалық қуаттылығы жоспары 2400 тоннаны құраса, ағымдағы жылы нақты орындалғаны 2.657 тоннаны құрап 111,0% орындалды.
«Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд теңге құрайтын жылына 1.817 мың бас асыл тұқымды жұмыртқа шығаратын фабрикасы жобасы мақұлданды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2016-2018 жылдар аралығы, қазіргі таңда жобалық құжаттары дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.
«KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС –нің баламалы электр энергиясын өндіру жобасы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы жер қорынан күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін аумағы 30 га жер телімі берілді. Жоба құны 6.090 млн. теңгені құрайды. Геодезиялық және топографиялық жұмыстар басталады. Өндірілетін электр қуаты 12 мВт. Жаңадан 30 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Индустрияландыру картасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар:
Арыс қаласынан индустрияландыру картасына жобаларды енгізу мақсатында құны 164,0 млн. теңгені құрайтын «ЖК Б.Сарбасов» жаңа ұн диірмені кешенін ашу жобасы.
Жобалық құны 100,0 теңгені құрайтын «ЭСЕД» ӨК-і ет өнімдерін өндіру цехының жобасы.
Жобалық құны 200,0 теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған:
2015 жылы бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 3 жобаға «Жылдық пайыздық мөлшерін субсидиялау», 3 жобаға «Кепілдік беру» және гранттық 1 жобаға қолдау көрсетілді.
### Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы
Есепті кезеңде 9.012 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.
Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2014 жылмен салыстырғанда барлық түрінен артты.
2014 жылы 20,1 мың га жерге егіс егіліп, 12 мың га суармалы жер игерілсе, 2015 жылы 22,5 мың га жерге егіс егіліп, 14,3 мың га суармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2,4 мың га-ға, суармалы жерлер 2,2 мың га-ға артты.
Тамшылатып суғару әдісімен ағымдағы жылы 939 га жерге егіс егілді.
Жаңадан 36 дана ауылшаруашылығы техникалары алынып, жылдық тапсырма толық орындалды.
Қала дихандары өткен жылғы ауа райының қолайсыз болуына қарамастан егіншілік талаптарын сақтап, 6344 тонна астық, 11665,5 тонна жүгері, 1777 тонна мақта, 100475,4 тонна бақша, 10616,3 тонна көкөніс және 1332 тонна картоп өнімдерін өндірді.
Сонымен қатар 5,73 мың тн ет, 14,85 мың тн сүт, 6,46 млн дана жұмыртқа өндірді. Қала халқының сұранысы толығымен қамтамасыз етілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 1200 бас, алынғаны 1703 бас, немесе 142% орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 900 бас қой алу межесі берілсе, нақты алынғаны 1962 бас немесе, 218,0% орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы орнына 165 басқа орындалып тапсырма 103,0% орындалды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны 28402 га оның ішінде суармалысы 1257 га, тәлімі егістік 3397,0 га жайылым 23471 га. Осы пайдаланбай жатқан жер иелерінің тізімдері жинақталып жерді қайтару мақсатында сотқа талап арыз берілді.
Қалада 2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында тапсырма 124 ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашу керек болса, ашылғаны 136 бірлік, немесе 109,6% орындалды.
Шағын жанұялық сүт фермасын құру тапсырмасы 27 бірлік, орындалғаны 31 бірлік, немесе 114,8% орындалды.
Құс фермасын құру тапсырмасы 1 бірлік, орындалғаны 2 бірлік, немесе 200%.
Сүт қабылдау бекетін құру тапсырмасы 2 бірлік, орындалғаны 2 бірлік немесе 100%-ға орындалды.
### Табиғатты пайдалану және қорғау саласы
«Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 183,6 га жерге 77,13 мың түп егілді.
### Құрылыс саласы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3.823 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,4% орындалған.
2015 жылы 493,5 млн. теңгеге 19576 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып 2014 жылмен салыстырғанда 150,9 % құрады.
Аққала елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Арыс қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді.
Арыс қаласындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Арыс қаласы «Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 60, 90 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілі аясында Монтайтас ауылында 150 қалада 240 орындық бала бақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Төрт орта мектептің, бір бала бақшаның және дендросаябақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
## Коммуналдық шаруашылық және көлік саласы
2015 жылы қаланың 13 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, қалалық бюджеттен қаланың 7 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, аяқ жолдар төселіп, суағарлар орнатылды, көшелер мен аяқжолдар жарықтандырылды.
Стадион шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына қалалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Көктем-2» тұрғын ауданындағы қазандықтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«Көктем — 2» тұрғын ауданында канализациялық насос стансасының және канализация жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Қалаға жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесінің 2014-2015 жылдарға арналған, қайта құру және жаңарту нысандарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қаладағы орталық жылу қазандығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер сапалы жылумен қамтамасыз етілді.
Жөндеуді қажет ететін ауыз су, кәріз және жылу жүйелері толық ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Қаладағы 4 скверлерге абаттандыру жұмыстары жұргізілді.
Дермене, Монтайтас, Сырдария, Жиделі және Байырқұм елді мекендеріндегі саябақтарды қоршау жұмыстары жүргізілді.
Арыс қаласының Ақынбеков көшесіндегі №127 және Әл-Фараби көшесіндегі №7 үйдің қасбеттеріне светодиотты шамдармен көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын дайындаудың кестесі жасалып, 6 елді мекеннің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқалары дайындалып, барлық елді мекендер бас жоспарының оңтайландырылған нұсқаларымен 100% қамтылды.
## Ішкі саясат, діни ахуал және жастар саясаты саласы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрамында 25 мүшесі бар, 4 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, 154 кездесу өтіп, 13521 адам қамтылды.
Жолдауды БАҚ арқылы халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы айдарлар ашылып, телеарнадан 36 сюжет, басылымдарда 48 мақала шықты. Сонымен қатар 50 билборд орнатылды.
Діни экстремизм, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында қала әкімдігі мен қалалық білім бөлімі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрылып, арнайы іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
## Білім беру саласы
2015 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 80,9 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 балға артты.
10 білім беру нысандарын (9 мектеп, 1 бала бақша) күрделі жөндеуге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 918,3 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балаларды бала бақшамен қамту 80,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан.
Т.Тәжібаев атындағы №1 балалар үйіне облыстық бюджеттен 81,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.
Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 12,5% қамтылды. Инклюзивті білім беруді дамыту 29,2% құрады. Білім қоры 2,0% -ды құрады.
## Денсаулық сақтау саласы
Қала бойынша есепті кезеңде 1832 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім 20,3% құрады. 2015 жылы туберкулез ауруымен алғаш рет 37 науқас тіркелген, алғашқы аурушаңдық 2014 жылмен салыстырғанда 19,5%. кеміген.
Ақдала ауылында дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
Қалалық түберкулезге қарсы диспансердің сыртқы қоршауы жүргізіліп, толық аяқталды.
## Мәдениет және спорт салалары
Қалада мәдениет және спорт салаларында белгіленген тақырыптық және бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде.
Байырқұм ауылдық клубы күрделі жөндеуден өткізілді.
## Әлеуметтік қамсыздандыру саласы
2015 жылы 1442 азамат өтініш жасап, 1081 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 535 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
2015 жылы 18 жасқа дейінгі 6673 балаларға 124,0 млн. теңге жәрдемақы төленді.
Тұрғын-үй көмегіне 2015 жылы 348 отбасына 13,5 млн. теңге төленді. 2015 жылы 12 отбасындағы 66 адамға 610,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.
2015 жылдың шілде айынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасына 38 отбасы қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 6,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында әлеуметтік жобаларды арттыру мақсатында 2015 жылы 24 мекемемен меморандум түзіліп, 4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.
## Тағы қараңыз
Арыс қалалық әкімдігі
## Галерея
*
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Арысь на сайте Южно-Казахской области(қолжетпейтін сілтеме)
* Арыс қаласы мәслихатының ресми сайты(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Өтеміс — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Ақмол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ибатов Әрсен Медетұлы (17.4.1926 жылы туған, [[Оңтүстік Қазақстан облысы]] Бөген ауданы) – филология ғылыми докторы (1990), профессор ҚазПИ-ді (1955, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1960) бітірген.«Қазіргі Қазақ тілі. Морфология» атты ұжымдық еңбектің «Есімдік», «Сан есім», «Үстеу» бөлімдерін (1962–70) жазған; екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» (1971–80) жасауға қатысты. 13–14 ғасырларда орта түрік және қыпшақ жазба ескерткіштерін, олардың Қазақ әдеби тіліндегі көріністерін зерттеді, ал 1987 жылдан «Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи процестер», «Түркі ата тілін қалпына келтіру проблемалары» деген тақырыптар бойынша жұмыс істеп келеді. «Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметінің» қолжазбалар тобы» атты тақырыптың жетекшісі. «Сөздің морфологиялық құрылымы (15 ғасырдағы Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштердің тілі негізінде)» деген тақырыпта докторы дисс. қорғады.
## Дереккөздер |
Закарин Асқар (15.12.1908, 9-аулында, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы – 18.1.1990, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, физика-математика ғылым кандидаты (1948), профессор (1970). Орынбордағы жұмысшылар факультетін (1931), Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1937). ҚазПИ-де ассистент, оқытушы (1937–41) болды. Екінші дүниежүзінде соғысқа қатысқан (1941–46). ҚазПИ-дің (1950–53), ҚазМУ-дың (1953–55 және 1961–70) ректоры, кафедра меңгерушісі (1970–84), Қазақ КСР-і Оқу министрі (1955–58), Қазақ КСР-і Мин-лер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі (1958–61), Қазақ КСР-і жоғары кеңесінің төрағасы (1963–67) қызметтерін атқарды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы ) — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған (2000 жылы).
## Жалпы мәліметтер
* Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), курстарымен тұтас келіп, Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде”), Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Людмила (А. Островскийдің “Кешіккен махаббатында”) сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.
* Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. Сол кезден бастап актриса Қазақ драма театрының сахнасында Қарлыға, Әйгерім (Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысы” мен “Абайында”), Күнікей (Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Сәуле (Т. Ахтановтың “Сәулесі” мен Ә. Әбішевтің “Достық пен махаббатында”), Майра, Маржан (Ә. Тәжібаевтың “Майрасы” мен “Көңілдестерінде”), Катарина, Эмилия, Королева Маргарита (Шекспирдің “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ричард ІІІ-сінде”), Катерина, Негина, Кручинина (Островскийдің “Найзағай”, “Таланттар мен табынушылар” және “Жазықсыз жапа шеккендерінде”), Мехменебану, Әйел (Н.Хикметтің “Фархад — Шырыны” мен “Елеусіз қалған есіл ерінде”), Айша апай (Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ана (Қ.Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Луиза (Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатында”), Диана (Лопе де Веганың “Шөп қорыған итінде”), Беатриче (Мольердің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Сидзу (Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), Ана және Сот (М. Байжиевтің “Қалыңдық пен күйеуінде”), Соқыр әйел (М. Метерлинктің “Соқырларында”), т.б. әр ұлттың характеріндегі сан қырлы образдарды сомдады.
## Шығармашылығы
* Бөкееваның табиғи дарыны мен актерлік шеберлігі қазақ театрының сахнасында небір айшықты бейнелерді дүниеге келтіріп, бірнеше буын көрермендердің мәдени-көркемдік талғамын қалыптастыруға әсер етті. Әлемдік классиканың, орыс және басқа халықтардың таңдаулы шығармаларындағы әр алуан бейнелерді дәл сол елдің таңдаулы шеберлері дәрежесінде сомдай білген Бөкеева, сонымен бірге, тек қана қазақ актрисасы болып қала білді. Оның Қарлығасы ерліктің, өрліктің, қайраттың, елдікті сынар намыстың, сонымен бірге нәзік жанды әйелдің жиынтық бейнесі. Ел қорғауда батыр қыз әке алдында ибалы, бірақ әпербақан еркектердің алдында қара тастан бетер қайсарлық танытады. Ал махаббат алдында нәзік, тіпті дәрменсіз. Бөкееваның ойнауында Қарлығаның осы мінезінің бәрі дәлелді, сенімді, ерге ер, серіге сері деген қазақ қызының бейнесін жан-жақты ашады. Ал, оның оттай лаулап, құйындай ойнаған Катаринасы кезінде ерекше құбылыс деп танылып, қазақ өнерінің дәрежесін Шекспирдің өз еліне танытқан. Сонда да Бөкеева “ағылшынданып” кеткен жоқ, қайта Катаринаны қазақ қызының бойындағы ашық, еркін, ерке де ұстамды, жүрек қозғайтын қылықты мінездерімен байытты. Бөкеева сомдаған Қарлыға, Әйгерім, Мехменебану, Сәуле, Катерина образдары қазақ театрының тарихындағы айрықша шоқтығы биік туындылар, канондық нұсқалар. Бөкееваның тағы бір қыры — көркемсөз оқу. Ешқандай декорациясыз, костюмсіз, үн мен мимиканың қуатымен тұтас бейнені елестету үшін үлкен шеберлікке қоса іштей терең тебіреніс, толғаныс, сезім керек.
* 1952 жылы қойылған “Абай” спектаклінде Бөкеева бастаушының бейнесін атқарды. Сахнадағы өтіп жатқан оқиғаны сырттай бақылап тұрғандай әсер қалдыратын Бастаушы — Бөкееваның үні, оқиғаға сай мимикасы, дауысының дірілі Абай заманы мен оның замандастырының қам-қарекетін көз алдыңызға әкелетін. Сондықтан да бұл жұмысы үшін Бөкееваға КСРО Мемлекеттік сыйлыйлығын (1952) берілді.
* Бөкеева орыс театрларында қойылған А. Афиногеновтың “Қарсаңда”, А. Толстойдың “Иван Грозный”, А. Корнейчуктың “Жеңімпаздары” сияқты спектакльдерге қатысып, өз өнерінің тағы бір қырын байқатты.
* Ол бірнеше киноға түсіп, қазақ киносының қалыптасуына да үлес қосты. “Райхан”, “Асау Ертіс жағасында”, “Даладағы дарақ”, “Тұлпардың ізі”, т.б. фильмдер қазақ киносы тарихындағы кезеңді туындылар. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызметпен айналысқан Бөкеева өзінің тағы бір дарынын танытты. Еліміздің барлық театрларында қызмет істейтін оның шәкірттері қазақ театр өнеріне айтарлықтай үлес қосты.
## Еңбек жолы
* 1938-1942 жж Шымкент облысы қазақ драма театрының әртісі;
* 1942 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі. (1942-2011)
* 1965 жылдан бастап ұстаздық қызыметін атқарды.
## Шәкірттері
* Қазақстанның халық артисттері: Ә. Кенжеев, Қ. Тастанбеков, Д. Жолжақсынов, Т. Жаманқұлов, М. Өтекешева, Р. Машурова және т.б
## Марапаттары
Х.Букееваның қазақ ұлттық өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбегі үшін:
* 1946 - "Құрмет белгісі" Ордені
* 1952 - КСРО Мемлекеттік сыйлыйлығының лауреаты (“Абай” спектакліндегі "Айгерім" бейнесі үшін)
* 1957 - Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі)
* 1959 - КСРОның ең жоғарғы Ленин ордені берілді.
* 1964 - КСРО халық әртісі
* 1974 - Профессор
* 1987 - "Халықтар Достығы" Ордені
* 2000 жылы ҚР президентінің жарлығымен ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталды.
* Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен де марапатталған.
## Жеке өмірі
* Хадиша Букееваның жұбайы қазақ опера әншісі, педогог-профессор Қазақ КСР халық артисі (1954), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстанның ең жоғарғы «Отан ордені»нің иегері Байғали Досымжанұлы Досымжанов (1920-1998жж).
## Естеліктер
* Актрисаның туған жерінде музей ашылған, бас көшеге есімі берілген.
* 2014 жылы актрисаның атымен аталатын Орал қаласында драма театрына есімі берілген.
## Дереккөздер |
Төлекова Мереке Көкенқызы (27 Мамыр 1955 жылы туған, Қарағанды қаласы) – тарих ғылымының докторы (2003), профессор (2008).
## Қысқаша өмірбаяны:
1976 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1981 жылдан осы оқу орнында доцент, профессор қызметтерін атқарады.
«Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897–1999)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Дереккөздер: |
Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1.5.1896, Батыс Қазақстан облысы Бөрте ауданы Жайық ауылы — 5.5.1945, Алматы) — қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1942). Бөрте 2 сыныптық училищесін (1912), Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын (1916), ҚазПИ-ді (1928) бітірген. 1917 — 21 жылдары Ақбұлақ уезі Талды болысы Сазды ауылында мұғалім. Орынбор қаласындағы мектепте, оқытушылар инситутында (1921), әскери мектепте (1925), Шымкент қаласындағы педтехникумда (1926) оқытушы болды. 1929 ж. Қазақстан Оқу комиссариатында, Ауыл шаруашылық институтында, Ұлт мәдениеті инстиутында (1931 — 39), Оқу комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтында және ҚазПИ-де (1939 — 42) қызмет істейді. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін Тіл, әдебиет, тарих инстиутында сектор меңгерушісі болған. Жиенбаевтың “Қазақ тілі” (1930), “Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі” (1935), “Үлкендерге хат таныту методикасы” (1935), “Грамматика талдауыш” (1936), “Сөйлемнің тыныс белгілері” (1941), “Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы” (1941), “Сөздіктің жасалу мақсаты мен принципі” (1945), т.б. еңбектері жарық көрген.
## Дереккөздер |
Жабай (2018 ж. дейін — Миновка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Софиевка ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 72 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Монтақаев Қалдыбай Жұмағалиұлы (15.1.1950, РФ, Алтай Республикасы, Құлынды ауданы Қаракөл ауылы — 17.10.2008) – сәулетші. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1980), КСРО Халық сәулетшісі (1991). ҚазПИ-ді бітірген (1972). 1972 – 81 жылы Алматы Жобалау интернатында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, шеберхана бастығы болды. 1982 жылдан осы интернаттың бас сәулетшісі қызметін атқарды. Монтақаев 1996 – 2000 жылы Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті, 1999 жылдан Шығыс елдері Сәулет Академиясының вице-президенті, оның Қазақстандағы бөлімшесінің төрағасы, 2000 жылдан “Алматыгипрогор” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Алматыдағы 12 қабатты экспериментті тұрғын үйдің (1976), Қазақстан КП ОК ғимаратының (1980), қазіргі Алматыдағы Президент сарайының (1985), Республика алаңы кешенінің, “Айнабұлақ”, “Ақсай”, “Орбита” ықшам аудандарындағы бірқатар кешенді құрылыстардың, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Қазақстан мәдени орталығының (1986) жобасының авторлар тобын басқарған. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Президент резиденциясы, Үкімет және Парламент үйі, бірқатар министер, Конгресхолл, Астана аэропорты мен аэровокзалы, орталық әмбебап дүкені және Астанадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш жобаларын жасады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Афина қаласында өткен Акрополь мұражайына арналған халықаралық байқаудың дипломанты, дүниежүзілік Бьеннале фестивалінің лауреаты (1989, 1990). Қазақстанның 2000 жылғы “Жыл сәулетшісі” атағын алған. “Құрмет” орденімен марапатталған (1997).
## Дереккөздер
## Толықтыру |
Зұлпықаров Мәсімжан (16.7.1925 жылы туған, Еңбекшіказақ ауданы, Шелек ауылы) — жазушы, 1951ж. ҚазПИ-дің (қаз. АлМУ) филология факультетін бітірген. 1961-80 ж. ҚазПИ-де оқытушы, Қарасай ауданындағы ауылыРозыбакиев атындағы орта мектеп директоры, "Біздің Отан" газеттерінде тілші қызметтерінде болды. 3-тың алғашқы өлеңдер жинағы — "Таң сыры" (1957).Бұдан кейін оның "Коммунар" (1960), "Ризвангүл" (1962) өлеңдер жинақтары, "Өмір ағысы" (1965) атты прозалық шығармасы жарияланды. 3. драматург ретінде де белгілі. 1964 ж. республика Ұйғыр музыкалыұ драма театрында "Дөрігер керек пе?" деген пьесасы қойылды.
## Дереккөздер |
Ыбырай Алтынсарин (2018 жылға дейін – №96-темір жол айрығы) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
№93-темір жол айрығы — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Тасты ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2017 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тастақ — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Тасты ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |
Қобыкөл, Құбакөл — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Атбасар ауданы, Есенкелді ауылының оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 348 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 8 км2 (суы мол жылдары 10 км2), ұзындығы 4 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13 км. Суының жоғарғы деңгейі сәуірде, төменгі деңгейі қазан айында, су деңгейі жылына 0,3 м-ге ауытқып отырады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Жағалауы батпақты, қамысты келген. Көл мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Амангелді — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Дамба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Облыс орталығы Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Мұрағат жазбаларында Амангелді атындағы колхоздың алғашқы ұйымдасуы мен өркендеуі – қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы территориясында болған. Бұл өңірдегі негізгі шаруашылық балық аулау болғандықтан, алғашқы кезде «Рыболовецкое кредитное товарищество» деген серіктік құрылып, оған ауылдағы бар адамдар біріктіріле бастаған. Сөйтіп, 1929 жылы наурызда Забурын ауылдық советіне қарайтын әр түрлі серіктіктер құрылған. Колхоз Дамбы елді мекеніне 1956 жылы келіп қоныстанған. 1955-56 жылдары Забурын ауыл Советінен Аманкелді колхозын Дамбы ауылына көшіру туралы қаулысынан кейін көшіп келген. Дамбы ауылының құрамында болып, кейіннен Амангелді ауылы болып бөлініп шықты.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 322 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 478 адам (242 ер адам және 236 әйел адам) болса, 2009 жылы 1814 адамды (863 ер адам және 951 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1754 адамды (844 ер адам және 910 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Дамбы өнер мектебі
* "Дамбы" ауылдық мәдениет үйі
## Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік
Ауылда «Амангелді», «Тілекші» балық аулау кооперативтері, монша, көлік жуу нысандары, сұлулық салоны, шағын маркеттер т.б.бар. Елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Елді мекендегі көшелер
* Абай көшесі
* Амангелді көшесі
* Жалмұхан Бермағамбетов көшесі
* Жангелдин көшесі
* Желтоқсан көшесі
* Наурыз көшесі
* Стадион көшесі
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер |
Преображенка — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Дамба, Дамбы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Дамба ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан.
## Этимология
1948-50 жылдары Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр саласын тереңдету мақсатында су астын қазу жұмыстары жүргізілген. Қазылған топырақтар өзеннің екі жағалауына үйіліп қолдан "дамба" жасалынған. 1950 жылдардан бастап осы дамбалар басына халықтар көшіп келіп қоныстана бастаған. Сол жылдардан бастап бұл өңір «Дамба» аталып кеткен.
## Тарихы
Гурьев облыстық атқару комитетінің Новобогат ауданындағы балықшы колхоздары «Дамбы» елді мекеніне көшіру туралы шешімнің негізінде 1955 жылдан бастап Новобогат ауданынан балықшы колхоздар көшіп келіп, Жайық өзені бойына орналаса бастаған. 1955-56 жылдары «Социалистік жол» колхозының жартысы Дамба ауылына көшіп келіп (жартысы қазіргі Құрманғазы ауылында) бұл жерді Кіші Дамба ауылы деп атаған. Ал Үлкен Дамба ауылына «Амангелді» колхозы орналасты.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 1997 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1967 адам (954 ер адам және 1013 әйел адам) болса, 2009 жылы 1229 адамды (610 ер адам және 619 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2442 адамды (1204 ер адам және 1238 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Амангелді атындағы орта мектеп — 1948-49 оқу жылында бастауыш түрінде ашылды. 1954 жылы №7 жеті жылдық білім беретін мектеп, 1969 жылы орта мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке халық батыры, ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі болған Амангелді Имановтың есімі берілді.
* «Ынтымақ» бөбекжай-балабақшасы
## Шаруашылықтары және кәсіпшілік
Ауылда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Теңізде, тұщы суда балық аулау, тамақ өнімдерін көтерме саудада сату, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді.Ауылда балық қорғау инспекциясы, бірнеше сауда нүктелері, монша т.б.бар. Ауыл маңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Солтүстік Каспий экологиялық базасы мекемелері орналасқан Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
## Елді мекендегі көшелер
* Бабаш Құспанов көшесі
* Ғаббас Қабышев көшесі
* Кәрім Қапаров көшесі
* Махамбет көшесі
* Өтеғали Теміров көшесі
* Шарапиден Шаңбаев көшесі
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://www.youtube.com/watch?v=seH3Pgz42Gs Дамба(клип) |
Сарыадыр — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы – Қабанбай батыр ауылынан шығысқа қарай 13 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Көкарна (бұрынғы атауы – Курилкино) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1082 адам (552 ер адам және 530 әйел адам) болса, 2009 жылы 2534 адамды (1274 ер адам және 1260 әйел адам) құрады.
## Ауыл суреттері
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Тайтөбе — Ақмола облысы Қосшы қаласына қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Қосшы қаласынан батысқа қарай 2 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Патшайым Тәжібаева (1920 – 1991) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған.
## Өмірі
Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ол 1920 жылы қазіргі Төле би ауданының Қарақия елді мекенінде дүниеге келген. Патшайымның атасы Есенқұл ел басқарған көзіқарақты, дәулетті адам болыпты. Әкесі Тәжібай сол заманның білімді азаматы болып, орыс тілін жетік білгендіктен үкімет жұмыстарына араласқан. Әкесі ерте қайтыс болып, жетімдіктің, жоқшылықтың тақсыретін ерте тартқан Патшайым балалар үйінде тәрбиеленген. Бауыры Лашкер екеуі сонда жүріп сауат ашып, ары қарай жетіжылдық мектепті бітіреді. Табиғатынан қайсар, алғыр мінезді Патшайымды өмірдің ащысы мен суығы шыңдай түседі.
## Білімі
1936 жылы Алматыдағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үш жылда аяқтайды. Бұдан соң Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің геология-минерология факультетіне түсіп, 1943 жылы бірінші дәрежелі диплом алып шығады. Геолог-минеролог мамандығын алған Патшайым Индустрия университетінің кен-металлургия факультетіне аспирант болып қабылданып, Қазақтың Ғылым Академиясын да бітіреді. Сондай-ақ, 1948 жылы Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдайды.
## Еңбек жолы
Бұдан кейін белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақстанның пайдалы қазбаларын, жер қойнауындағы байлықтарын ел игілігіне жарату жолында еңбектенеді. «Қарағым, ауыр мамандықты қалаған екенсің, жер қазу, тас жинау тезек теруден ауыр» деген ұстазы Қаныш Сәтбаевтың сөзі оны қаймықтыра алмаса керек. Қиындықтан қашпайтынын жұмыс барысында көрсете біледі. Алғашқы еңбек жолын Жезқазған-Ұлытау аймағынан бастапты. Ұстазымен бірге тау-кен орындарын зерттейді. Жастайынан қиындыққа төзе білген Патшайым жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жер қойнауының литологиясын зерттеп, Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалады және ұйымдастыра білді. Геология ғылымына өлшеусіз үлес қосумен қатар, Қазақстандағы мұнай-газ көздерін ашу мәселелері бойынша белсенді де көлемді жұмыстар жүргізеді. Елдегі ең мол мұнай өнімі бар Құмкөл кені туралы ең алғаш Патшайым Тәжібаева болжам жасап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған.
## Ғылымдағы орны
180-нен астам ғылыми еңбек жазған. Рентген лабораториясын ашқан. Ол – Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Жапония, Канада сияқты ірі мемлекеттерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар жасаған танымал ғалымның бірі.
.
Шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеген. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарын ашқан. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог, литология ғылымының негізін қалаушы.
## Ғалым жайлы жазылған кітаптар
* «Асыл тастар асқар тауда туады»,
* «Ғылымда дара, өмірде дана»,
* «Патшайым десе – Патшайым».
Қазақтың біртуар ақыны Жұбан Молдағалиев «Бәйтерегі ғылымның» атты өлеңінде:
«Ғылымда дара, өмірде дана Патшайым» деп аталатын кітапта ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы жазған пікірлері мен естеліктері, ғалымға арнаған өлең жырлары, естелік-эсселері топтастырылған. Кітапты құрастырғандар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Айтмұханұлы Досанов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, академик, профессор Құралай Қошқарова. Алматы, Шымкент қалаларындағы, Оңтүстіктегі Қазығұрт ауданындағы үлкен көшелер, екі бірдей мектеп Патшайым Тәжібаева есімімен аталады..
## Марапаттары
Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Америка, Жапония, Германия, Венгрия сияқты елдердің ғылыми қауымдастығының мүшесі. Ол Халықтар достығы және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Отбасы
Жолдасы – белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров.Қыздары Қарлығаш және Құралай. Кіші қызы – академик Құралай Аққошқарова, ал күйеу баласы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов.
## Дереккөздер |
Сарыкөл (2006 ж. дейін — Павлоградка) — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Рақымжан Қошқарбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде, Кіші Сарыкөл мен Үлкен Сарыкөл көлдерінің орта тұсында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құрсай — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2465 адам (1184 ер адам және 1281 әйел адам) болса, 2009 жылы 3062 адамды (1484 ер адам және 1578 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі — алғаш рет 1965 жылы 25 тамызда орыс-қазақ тілінде дәріс беретін сегізжылдық «№25 орта мектебі» болып ашылды. Алғашында негізгі мектеп, соңынан жалпы орта мектеп болды. Мектеп ғимараты 1 қатарлы, 300 орындық. Балықшы аудандық атқару комитеті кеңесінің 1974 жылғы 20 тамыздағы №184 шешімімен №25 мектеп Құрсай орта мектебі деп аталды. 1992 ж. 18 наурыз Балықшы халық депутаттары кеңесінің VІІІ сессиясының №6 қаулысына сәйкес Құрсай орта мектебі Алтынсарин атындағы орта мектебі деп аталады. 50 жыл қызмет атқарған мектеп ғимараты бұзылып, 2014 жылы 300 орындық типтік мектеп салынды.
## Дереккөздер |
Баймырзаев Орысбай Жұбайұлы (17.10.1939 жылы туған, Нүкіс) —сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңерген архитекторы (1981). Мәскеу архитектуралық институтын бітірген (1967). Сол жылдан бастап Қарақалпақстан құрылыс және сәулет істері жөніндегі басқармасының аға сәулетшісі, Беруни қаласының бас сәулетшісі болған. 1970—1982 жылдары Алматы қала құрылысын жобалау институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, жобалау ісінің бас сәулетшісі, жобалау шеберханасының жетекшісі. 1982—1983 жылдары Алматы құрылыс жобалау бас басқармасы бастығының, кейін қаланың бас сәулетшісінің орынбасары, 1983—1993 жылдары Алматы сәулет және қала құрылысы Бас басқармасының бастығы болды. 1993 жылдан “Рахат” біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары. Баймырзаев — Қазақ драма театры (1980), “Байланыс” көрме павильоны (1981), Жер серіктерімен байланыс жасайтын лаборатория (1982), “Рахат” қонақ үйі (1993), т.б. авторы. Қазақ драма театры ғимаратының жобасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атағы берілген (1982).
## Дереккөздер |
Қушоқы — мыс өндірілген көне кен орны. Орталық Қазақстандағы Берікқара мыс кенішінен батысқа қарай 20 км жерде. Қушоқы жанынан гранит тастан қаланған тоған төріздес кен байытатын құрылыс орны және кен өндірегін құралдар табылды. Қушоқыда б. з. б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан кен өндіріле бастаған. Бұл Қ. маңындағы тұрғындардың мыс қорыта білгенін аңғартады.
## Дереккөздер |
Шалқар (2010 жылға дейін – Егіндікөл) — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Шалқар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Ақмол ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Егінді көлінің солтүстік-батысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасқала:
* Тасқала — Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Тасқала — Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданындағы ауыл, аудан орталығы.
## Тағы қараңыз
* Тасқала ауданы
* Тасқала ауылдық округі |
Құрсай:
## Елді мекен
* Құрсай — Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы ауыл.
* Құрсай — Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
* Құрсай — Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданындағы ауыл.
## Өзен
* Құрсай — Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен. |
Раздольное — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Нұресіл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақмол ауылынан солтүстікке қарай 20 км-дей жерде, Есілдің сол жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шұбар — Ақмола облысы Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Округ орталығы - Қоянды ауылынан оңтүстікке қарай 4 км-дей, Астана қаласының солтүстік-шығысында 3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мирный ауылдық округі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Мирное ауылы кіреді. Орталығы – Мирное ауылы.
## Дереккөздер |
Қараадыр — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Петров ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің оңтүстік-батысында 49 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жұпарағаштар (лат. Myrіstісa) – Myristicaceae тұқымдасының дара жынысты, қос үйлі міңгі жасыл ағаштар туысы.
Тропиктік аймақта (Үндістанның оңтүстігі, Малай архипелагы, Полинезия аралдары) өсетін 100 – 120-дай түрі белгілі. Биіктігі 6 – 18 м-дей, сабағы көп бұтақты болады. Жапырағы етжеңді, ұсақ ақ түсті, гүлі хош иісті келеді. Жемісі шырынды, сары түсті, ені 3 – 7 см, пішіні шабдалыға ұқсайды. Тұқымының қабығы қатты, хош иісті. Жұпарағаш 60 – 80 жылдай жеміс береді, бір ағаштан жылына 1500 – 2000 дана жеміс жиналады. Жұпарағаш медицинада және парфюмерия өнеркәсібінде пайдаланылатын эфир майын алу үшін, сондай-ақ, дәм-татымдық өсімдік ретінде өсіріледі.
## Сілтеме |
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев (орыс. Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев, туған күні – 29 қыркүйек 1966 жыл) — Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі.
## Өмірбаяны
Екі жоғары білімі бар. 1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген "экономика" мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі: экономист — саяси экономиканың оқытушысы.
1993 жылы АҚШ-тың Миннесота қаласындағы Қолданбалы экономика департаментінің Миннеаполис штаты университетін бітірген, ғылым магистрі дәрежесі бар.
1990 жылы — еңбек жолын Сыртқы істер Министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшы лауазымынан бастаған.
1992 жылдан 1993 жылға дейін — Дүниежүзілік банк департаментінің ауыл шаруашылығы күйіне сараптау бойынша ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің, АҚШ-тың кураторы.
1993 жылдан 1994 жылға дейін — Деволопед Текнолоджи Рисорста Технологиялар маркетингі жобасын басқарды, Миннеаполис, АҚШ.
1995 жылдан 2004 жылға дейін — бизнес құрылымдарында басшылық қызметтерді атқарды.
2003 жылдан 2009 жылға дейін — "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, бас директоры қызметін атқарды.
2004 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде — Халықаралық бизнес университетінің президенті.
2007 жылдың ақпан айынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, .
2008-2009 жылдары — "Инвестициялық қор" АҚ тәуелсіз директоры лауазымын атқарды .
2009 жылдан 2012 жылға дейін — "FrontierMiningLtd" директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір мезгілде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды.
2010 жылдан 2011 жылға дейін — Алматы қаласы қаржы орталығы Академиясының директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2011 жылдан 2012 жылға дейін — "Қазақстандық жылжымайтын мүлік" АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, .
2012 жылдан 2013 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2014 жылдың 7 ақпанынан тамызына дейін — Қазақстан Респубилкасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі.
2014 жылдың 17 тамызынан 2015 жылғы шілдеге дейін — Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму бойынша вице-министрі.
2016 жылғы 10 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі болып тағайындалды .
2016 жылдың мамыр айында Ерлан Сағадиевтің 2009 жылдан бастап оффшорлық шоттарды ашу бойынша Mossack Fonseca фирмасының қызметтерін пайдаланғаны белгілі болды . Сағадиевтің өзі ұзақ уақыт бизнесмен болғандығын және Панамалық офшорлардан өз атын көруден еш таңқалмайтынын мәлімдеді.
## Ата-аналар
Әкесі Кенжеғали Сағадиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор , Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3 және 4-шақырылымдарының депутаты, ҚР ҰҒА академигі президенті (1994 — 1996).
## Дереккөздер |
Талқайран — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан солтүстікке 11 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 659 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 721 адам (374 ер адам және 347 әйел адам) болса, 2009 жылы 935 адамды (472 ер адам және 463 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1386 адамды (692 ер адам және 694 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Талқайраң негізгі мектебі
* "Талқайраң" ауылдық клубы
## Елді мекендегі көшелер
* Дүсіп Мұқанов көшесі
* Кенжеш Есмұханов көшесі
* Тәжі Сәуіров көшесі
* Тәжік Таңатаров көшесі
* Ізбасар Жұмалин көшесі
## Дереккөздер |
Мирный ауылдық округі:
* Мирный ауылдық округі – Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Мирный ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. |
Жаңаталап — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Атырау ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1511 адам (776 ер адам және 735 әйел адам) болса, 2009 жылы 2605 адамды (1306 ер адам және 1299 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5307 адамды (2658 ер адам және 2649 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік нысандары
* Жамбыл атындағы орта мектеп
* Дәрігерлік амбулатория
* Мәдениет үйі,
## Кәсіпкерлік
«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты», "Жамбыл атындағы" өндірістік кооперативі, көлік жөндеу нысандары, шағын маркеттер, тойханалар т.б. жұмыс істейді.
## Ауыл суреттері
## Елді мекен көшелері
* Айтқұл Исмағұлов көшесі
* Ащыкөл (переулок Каспийский) көшесі
* Бабатөбе (Спортивная) көшесі
* Байғазы (Первомай) көшесі
* Байшонас (Октябрь) көшесі
* Бестөбе (Зарослый) көшесі
* Бесшоқы (Ферма) көшесі
* Жамбыл Жабаев көшесі
* Жаңа құрылыс (Новостройка) көшесі
* Каспийский көшесі
* Хасан Өтегенов көшесі
* Хисма Сұлтанов көшесі
## Дереккөздер |
496 разъезд — Атырау облысындағы Атырау қалалық әкімшілігіне қараған разъезд (темір жол айрығы). Геолог ауылдық округінің құрамына кірді. 2019 жылы қала құрамына енгізілді.
## Халқы
1999 жылы халық саны 88 адам болса, 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 92 адам тұрады.
## Дереккөздер |
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев (орыс. Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев, туған күні – 29 қыркүйек 1966 жыл) — Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі.
## Өмірбаяны
Екі жоғары білімі бар. 1990 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген "экономика" мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі: экономист — саяси экономиканың оқытушысы.
1993 жылы АҚШ-тың Миннесота қаласындағы Қолданбалы экономика департаментінің Миннеаполис штаты университетін бітірген, ғылым магистрі дәрежесі бар.
1990 жылы — еңбек жолын Сыртқы істер Министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшы лауазымынан бастаған.
1992 жылдан 1993 жылға дейін — Дүниежүзілік банк департаментінің ауыл шаруашылығы күйіне сараптау бойынша ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің, АҚШ-тың кураторы.
1993 жылдан 1994 жылға дейін — Деволопед Текнолоджи Рисорста Технологиялар маркетингі жобасын басқарды, Миннеаполис, АҚШ.
1995 жылдан 2004 жылға дейін — бизнес құрылымдарында басшылық қызметтерді атқарды.
2003 жылдан 2009 жылға дейін — "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, бас директоры қызметін атқарды.
2004 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде — Халықаралық бизнес университетінің президенті.
2007 жылдың ақпан айынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, .
2008-2009 жылдары — "Инвестициялық қор" АҚ тәуелсіз директоры лауазымын атқарды .
2009 жылдан 2012 жылға дейін — "FrontierMiningLtd" директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір мезгілде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болды.
2010 жылдан 2011 жылға дейін — Алматы қаласы қаржы орталығы Академиясының директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2011 жылдан 2012 жылға дейін — "Қазақстандық жылжымайтын мүлік" АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, .
2012 жылдан 2013 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2014 жылдың 7 ақпанынан тамызына дейін — Қазақстан Респубилкасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі.
2014 жылдың 17 тамызынан 2015 жылғы шілдеге дейін — Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму бойынша вице-министрі.
2016 жылғы 10 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі болып тағайындалды .
2016 жылдың мамыр айында Ерлан Сағадиевтің 2009 жылдан бастап оффшорлық шоттарды ашу бойынша Mossack Fonseca фирмасының қызметтерін пайдаланғаны белгілі болды . Сағадиевтің өзі ұзақ уақыт бизнесмен болғандығын және Панамалық офшорлардан өз атын көруден еш таңқалмайтынын мәлімдеді.
## Ата-аналар
Әкесі Кенжеғали Сағадиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор , Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3 және 4-шақырылымдарының депутаты, ҚР ҰҒА академигі президенті (1994 — 1996).
## Дереккөздер |
Томарлы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атырау қаласының солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 2657 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 3050 адам (1503 ер адам және 1547 әйел адам) болса, 2009 жылы 5036 адамды (2494 ер адам және 2542 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 18879 адамды (9468 ер адам және 9411 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі
* №39 орта мектеп — 2019 жылы қыркүйек айында Жұлдыз ықшам ауданынан 624 орындық мектеп болып ашылған.
* «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
* «Шағала» бөбекжай-балабақшасы
* Спорт кешені
## Діни ұйымдар
* «Анашым» мешіті — 2021 жылы 27 желтоқсанда ашылған. Мешіттің сыйымдылығы 500 адамға арналған.
* «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешіті — 2010 жылы Жұлдыз-1 ықшам ауданында салынған. Жалпы ауданы 310 шаршы метр. Үлкен залдың аумағы 288 шаршы метр, әйелдер намаз оқитын бөлменің көлемі 12 шаршы метр, имамның қызметтік бөлмесінің ауданы 10 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 5,5 метр, мұнараның биіктігі 16 метр, Күмбезінің биіктігі 9 метр.
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер |
Теңдік — Атырау облысындағы Атырау қалалық әкімшілігіне қараған темір жол станциясы. Геолог ауылдық округінің құрамына құрамына кірді. 2019 жылы қала құрамына енгізілді.
## Халқы
1999 жылы халық саны 131 адам болса, 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша 183 адам тұрады.
## Елді мекендегі көшелер
* Асан қайғы көшесі
## Дереккөздер |
Әнуар Нұрланұлы Нұрпейісов — актёр. 1985 жылы 11 наурызда Қарағанды қаласында туған.Қарағанды қаласындағы "Мұрагер" мектебін бітірген. Білімі - жоғары. Қазақстан-Британ техникалық университетінде мұнай-газ факультетінде оқыған.
## Фильмографиясы
* "Ағайынды" телехикаясы 2009 жыл
* "Ағайынды-2" телехикаясы 2011 жыл
* "Жерұйық" киносы 2011 жыл
* "Олар" киносы 2013 жыл
## Дереккөздер |
Алтайское — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Новокубан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің оңтүстік-батысында 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Белое Озеро — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Петров ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің оңтүстік-батысында 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Төңкеріс — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің оңтүстік-шығысында 31 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Гуляйполе — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Раевка ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің солтүстік-батысында 26 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Степное — Ақмола облысы Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінің оңтүстігінде 1 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
## Облыс экономикасы
Атырау облысы – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда мұнай-химия кластерінің инновациялық жобаларынан басқа энергетика, өнеркәсіп әндірісі, агроөнеркэсіптік кешен, құрлыс индустриясы, машина жасау секілді салалар да үздіксіз дамуда.
## Негізгі минералдық ресустар
Атырау облысы Каспий ойпатының портқа жақын оңтүстік бөлігін алып жатыр. Облыстың өнеркәсіптік өңдеуге жарамды барланған мұнай қоры Қашаған кен орындағы қорды қоса алғанда шамамен 1,8-2,5 млрд. тоннаға бағаланады. Облыс аумағында борат, бор, тұзды кен, ас тұзы мен каллий тұзы, құрылыс материалдарының (бор, гипс, саз, құм, әктас) бірігей кен орындары табылады.
## Өнеркәсіп
Өңірде 600-ден аса ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі өңір экономикасының базалық саласына жатады.Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің негізін «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнагаз» АҚ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компанисы және тағы да басқа әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі компаниялар құрайды.Өңдеу өнеркәсібінде «Атырау МӨЗ» ЖШС ұсынылған мұнай өңдеу саласы кәш бастап келеді.Тек қана 2013 жылдың ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 4581,2 млрд. текше м газ өндірілді.Атырау облысының кәсіпорындары сыртқы экономикалық қызметтің белсенді қатысушылары болып табылады. Мысалы, 2013 жылы сыртқы сауда айналымы 28,8 миллиард АҚШ долларын құрады.
## Ауыл шаруашылығы
Атырау облысының ауыл шаруашылығы негізінен мал шаруашылығымен дамыған. Барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара мал басының саны 2014 жылғы 1 қантардағы мәлімет бойынша 145,7 мың басқа, қой мен ешкі – 506 мың басқа, жылқы – 46,7 мың басқа, түйе – 28 мың басқа және құс түрлері – 121,6 мың басқа жеткен.Сонымен қатар, облыста өсімдік шаруашылығы да қарқын алып келеді. Оның дамуы үшін барлық жағдай жасалған: 2014 жылға егін егу көлемі 7 131 га құрайды. Оның ішінде көкөністерге 4 000 га, баубақща үшін 3131га жер бөлінген.
## Көлік қатынасы
Облыстағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2643 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы жолдар – 990 шақырым, облыстық маңыздағы жолдар – 1653 шақырым.Атырау облысындағы көліктің негізгі жүйесін теміржол көлігі құрайды, ол ішкш, сондай-ақ, халықаралық тасымалдар қызметін атқарады. Облыстағы теміржолдың ұзындығы – 737,1 шақырым.Атырау қаласындағы әуежайы халықаралық мәртебиге ие.Ұзындығы 110 метрге жететін габаритті өзен-теңіз тобындағы 2 кемеге дейін қабылдай алатын «Атырау өзен порты» АҚ өзен порты жұмыс істейді.Порттың заманауи инфрақұрлымы түрлі кемелерді қабылдап, қойма алаңын, ірі габаритті модульдерді құрастырұға қоймай, сондай-ақ, ірі мұнай және басқа да инветиялық жобаларды іске асыруға, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
## Мәдениет саласы
Атырау облысында 278 мемлекеттік мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Салада 2 мыңнан астам қызметкерлер еңбек етуде. Кітапханалардың кітап қоры – 10%(2 172 112), кітап берілімі - 9% (3 960 628), оқырмандар мен келушілер саны - 9% (1 671 546) өскен.Клубтық мекемелермен өткізілген шаралар - 8% (5977), қатынасқан көрермендер саны - 12% (1 557 668), клубтық мекемелер жанындағы үйірмелер мен ұжымдар саны - 9% (533), мұражайлармен ұйымдастырылған көрмелер саны – 9,6% (222) өсті. Концерттік ұйымдармен барлығы 152 концерт, оның ішінде 26т гастрольдік сапар өткізілді. Театр ұжымы 34 спектакль, 6 жаңа қойылым қойды.Облыста республикалық және жергілікті мемлекеттік қорғауға алынған 317 тарихи және мәдени екерткіштер бар.Атырау облысында мемлекеттік күнтізбелік мереркелерге арналған іс-шаралармен қатар халықтың мәдени, әдеби, рухани жетістіктеріни кеңінен насихаттау мақсатында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыралады. Облыстың талантты өнерпаздарын республикалық және халықаралық байқауларға қатыстыруға жағдай жасалып отыр.
## Дереккөздер
## Облыс экономикасы
Атырау облысы – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда мұнай-химия кластерінің инновациялық жобаларынан басқа энергетика, өнеркәсіп әндірісі, агроөнеркэсіптік кешен, құрлыс индустриясы, машина жасау секілді салалар да үздіксіз дамуда.
## Негізгі минералдық ресустар
Атырау облысы Каспий ойпатының портқа жақын оңтүстік бөлігін алып жатыр. Облыстың өнеркәсіптік өңдеуге жарамды барланған мұнай қоры Қашаған кен орындағы қорды қоса алғанда шамамен 1,8-2,5 млрд. тоннаға бағаланады. Облыс аумағында борат, бор, тұзды кен, ас тұзы мен каллий тұзы, құрылыс материалдарының (бор, гипс, саз, құм, әктас) бірігей кен орындары табылады.
## Өнеркәсіп
Өңірде 600-ден аса ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі өңір экономикасының базалық саласына жатады.Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің негізін «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнагаз» АҚ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компанисы және тағы да басқа әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі компаниялар құрайды.Өңдеу өнеркәсібінде «Атырау МӨЗ» ЖШС ұсынылған мұнай өңдеу саласы кәш бастап келеді.Тек қана 2013 жылдың ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 4581,2 млрд. текше м газ өндірілді.Атырау облысының кәсіпорындары сыртқы экономикалық қызметтің белсенді қатысушылары болып табылады. Мысалы, 2013 жылы сыртқы сауда айналымы 28,8 миллиард АҚШ долларын құрады.
## Ауыл шаруашылығы
Атырау облысының ауыл шаруашылығы негізінен мал шаруашылығымен дамыған. Барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара мал басының саны 2014 жылғы 1 қантардағы мәлімет бойынша 145,7 мың басқа, қой мен ешкі – 506 мың басқа, жылқы – 46,7 мың басқа, түйе – 28 мың басқа және құс түрлері – 121,6 мың басқа жеткен.Сонымен қатар, облыста өсімдік шаруашылығы да қарқын алып келеді. Оның дамуы үшін барлық жағдай жасалған: 2014 жылға егін егу көлемі 7 131 га құрайды. Оның ішінде көкөністерге 4 000 га, баубақща үшін 3131га жер бөлінген.
## Көлік қатынасы
Облыстағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 2643 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы жолдар – 990 шақырым, облыстық маңыздағы жолдар – 1653 шақырым.Атырау облысындағы көліктің негізгі жүйесін теміржол көлігі құрайды, ол ішкш, сондай-ақ, халықаралық тасымалдар қызметін атқарады. Облыстағы теміржолдың ұзындығы – 737,1 шақырым.Атырау қаласындағы әуежайы халықаралық мәртебиге ие.Ұзындығы 110 метрге жететін габаритті өзен-теңіз тобындағы 2 кемеге дейін қабылдай алатын «Атырау өзен порты» АҚ өзен порты жұмыс істейді.Порттың заманауи инфрақұрлымы түрлі кемелерді қабылдап, қойма алаңын, ірі габаритті модульдерді құрастырұға қоймай, сондай-ақ, ірі мұнай және басқа да инветиялық жобаларды іске асыруға, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
## Мәдениет саласы
Атырау облысында 278 мемлекеттік мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Салада 2 мыңнан астам қызметкерлер еңбек етуде. Кітапханалардың кітап қоры – 10%(2 172 112), кітап берілімі - 9% (3 960 628), оқырмандар мен келушілер саны - 9% (1 671 546) өскен.Клубтық мекемелермен өткізілген шаралар - 8% (5977), қатынасқан көрермендер саны - 12% (1 557 668), клубтық мекемелер жанындағы үйірмелер мен ұжымдар саны - 9% (533), мұражайлармен ұйымдастырылған көрмелер саны – 9,6% (222) өсті. Концерттік ұйымдармен барлығы 152 концерт, оның ішінде 26т гастрольдік сапар өткізілді. Театр ұжымы 34 спектакль, 6 жаңа қойылым қойды.Облыста республикалық және жергілікті мемлекеттік қорғауға алынған 317 тарихи және мәдени екерткіштер бар.Атырау облысында мемлекеттік күнтізбелік мереркелерге арналған іс-шаралармен қатар халықтың мәдени, әдеби, рухани жетістіктеріни кеңінен насихаттау мақсатында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыралады. Облыстың талантты өнерпаздарын республикалық және халықаралық байқауларға қатыстыруға жағдай жасалып отыр.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.