text
stringlengths
3
252k
Жұлдызбек Әлімханов(1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы) – медицина ғылымның докторы (1970), профессор (1970). Семей мединалық институтын бітірген (1965). 1965–1970 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) медицина институтының аспиранты, Қазақ ұлттық медицина университетін жанындағы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды. Әлімханов 70 ғылым-зертеу мақала мен 2 монографияның авторы. ## Дереккөздер
Карл Фердинанд Кори (ағылш. Carl Ferdinand Cori, 5 желтоқсан, 1896, Прага, Аустро-Венгрия (қазір Чехия) — 20 қазан, 1984) — америкалық биохимик, «Гликоген каталитикалық айналуын ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1947 жылғы лауреаты (әйелі Герти Коримен бірге). Олар алынған бұл марапатты аргентиналық физиолог Бернардо Усаймен бірге. ## Марапаттары * Америкалық Қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы Ласкер жүлдесі (1946). * Герти Коримен бірге, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1947). * Squibb Award Ішкі секреция зерттеу қауымдастығы (1947). * Америкалық Химия қоғамының Уиллард Гиббс медалі (1948). * Силлиман лекциясы (1952). * «Ғылым және өнер үшін» австриялық құрметті медалі (1957). ## Қайнар көзі ## Сілтемелер * Карл Коридің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны (ағыл.). * Карл Коридің Нобельдік дәрісі Мұрағатталған 7 қарашаның 2016 жылы. (ағыл.). * Милдрен Конның библиографиялық естеліктері (ағыл.).
Рысқалиев Салық (1926 ж. т., Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Өлеңті ауылы) – бұрғылаушы, Социалистік Еңбек Ері. 1949 – 51 ж. бұрғышы, бұрғылау мастері болды. 1958 ж. Ембі кәсіпорнынан Маңғыстауға еңбек етуге алғашқылардың бірі болып келген. Рысқалиев басқарған бригада 3722 м орнына 4999 м тереңдікті бұрғылап зор табысқа жетті (1963). ## Дереккөздер
## Өмірбаяны Рысқалиев Молдағали — еңбек ардагері, республикалық «Арыс» қорының Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінің жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1988). * 1966 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында оқыған. * 1964 жылы СОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. * 1955 жылы әскерден оралған соң Жаңақала ауданның Құлшыққұм ауылдық клубының меңгерушісі ретінде еңбек жолын бастады. * 1956-1961 жылы аралығында Жаңақала ауданның және Орал облстық. комсомол комитетерінде нұсқаушы, 2-хатшы, сондай-ақ бөлім меңгерушісі болды. * 1961-1974 жылы облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. * 1974-1980 жылы Қазақстан КП ОК-інде қызмет істеді. * 1980-1982 жылы Орал облысын атқару комитеті төрағасының орынбасары. * 1982-1988 жылы Тайпақ ауданында партия комитетінің 1-хатшысы. * 1988-1991 жылы Орал облысының теле-радио комитетін басқарды. «Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
ТАҚТАШ Хади (лақап аты; шын аты-жөні — Хади Хайруллович Тақташев) (1. 1. 1901, қазіргі Морд. АССР, Торбеево ауд., — 8. 12. 1931, Қазан) — татар совет ақыны. Шығармалары 1918 жылдан бастап жарияланды. Т. алғаш туындыларында абстрактылы-романтикалық образға әуестенсе, 1923—24 жылдан реалистік поэзияға қадам басты. Оның «Ғасырлар және минуттар» (1924) поэмасы В. И. Лениннің қайғылы қазасына арналса, «Сыркыды ауылы» (1924), «Дауылдан соң» (1924) поэмалары мен «Кәмілген құралдар» (1924) драмасы, «Таң самалы» (1928—29, аяқталмаған) рома-ны рев. салтанатын, жаңа адамның қалыптасу корінісін суреттеді. «Махаббат тәубасы» (1927), «Алсу» (1929) поэмалары мен «Жоғалған сұлулық» (1928) драмасы жастар тәрбиесі про-блемасына арналды. Тақташ шығармалары көптеген тілдерге аударылды. ## Ш ы ғарма Стихи, М., 1948; Стихотворения и поэмы, М., 1955. ## Әдебиет Госман X., Тақташ поэзиясе, Қазан, 1953; История татарской советской литературы, М., 1965.. ## Дереккөздер
Лия Асылбекқызы Нұркина (28 қыркүйек, 1984 жыл, Атырау қаласы) - таэквондошы. ## Өмірбаяны Бала күнінен доп тебуге әуес әкесі Асылбектің жетегіне еріп, спорттағы жеңіс пен жеңілістің не екенін ойына түйіп өскен Лия мектепте оқып жүргенде жеңіл атлетикамен шұғылданды. Кейіннен таэквондоға аңсары ауды. Көзі оттай жанып, алыса кетуге дайын тұрған Лияға бұл өнердің қыр-сырын С.Әділов үйретеді. Жаттықтырушысының сенімін анық сезінгендіктен болар, Нұркина бір жылдан соң облыс чемпионатында І-орынды қанжығасына байлады. Осылайша тасы өрге домалаған ару 2000 жылдары республикаға танымал жаттықтырушы Мүстахим Сәрсенұлы Кабдрашевтың назарына ілігеді. Дәл сол 2000 жылы Лия 59 келі салмақта Ирландияда өткен әлем чемпионатына қатысады. Өкінішке қарай, бұл қадамы сәтті болмады. 2001 жылы Азия біріншілігіне барып, онда да ұтылып қалады. Айтарлығы, осы сәтсіздіктердің барлығы кеудесінде намысы оттай лаулаған Лияның жігерін жаниды. Оның жеке бапкері Бауыржан Төребаев та шәкіртінің жеңісті күндерінің әлі алда екенін айқын сезінген еді. * 2004 жылдан бері - №1 ОРМ БЖСМ нұсқаушы-спортшысы. ## Жетістіктері * Таэквондодан ҚР 5 мәрте чемпионы (2000-2005); * мектеп оқушылары спартакиадасының (Атырау, 2001) жеңімпазы * Каспий маңы мемлекеттері спартакиадасының (Атырау, 2003) жеңімпазы * Қазақстанның 1-ші универсиадасының (Атырау, 2004) жеңімпазы; * Германиядағы Әлем чемпионатының (Гармиш-Партенкирхен, 2003) қола жүлдегері * Франциядағы лицензияланған Олимпиадалық турнирдің (Париж, 2003) қола жүлдегері; * Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері (Душанбе, 2003). * Таэквондодан халықаралық санаттағы спорт шебері (2004). * 2005 жыл — Голландияда өткен халықаралық турнирде — ІІІ-орынға * 2007 жыл — Қазақстан спартакиадасында І-орын * 2007 жыл — Кореяда өткен халықаралық турнирде — ІІ-орын * 2007 жыл — Бангкоктағы Универсиада: қола медаль * 2007 жыл — Вьетнамда өткен лицензиялық жарыстан Олимпиада жолдамасына иелік етті. ## Отбасы * Әкесі - Нұркин Асылбек Ысмағұлұлы (1958 ж. т.), «Бейбарс» әуе компаниясында жұмыс істейді. * Анасы - Нұркина Тамара Қабиденқызы (1960 ж. т.), үй шаруасымен айналысады. * Тұрмыс құрмаған. ## Дереккөздер
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазККШҒЗИ) (ағылш. Kazakh Research Institute of Potato and Vegetable Growing орыс. Казахский научно-исследовательский институт картофелеводства и овощеводства) - картоп, көкөніс және бақша шаруашылығы бойынша республикалық ғылыми орталық. Картоп, көкөніс және бақша шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан Республикасының 11 ғылыми мекемесінің қызметін үйлестіреді . ## Қалыптасу тарихы * 1946 жыл - Республикалық картоп және көкөніс шаруашылығы тәжірибе бекеті құрылды. * 1969 жыл - Республикалық картоп және көкөніс шаруашылығы тәжірибе бекеті базасында Қазақ картоп және көкөніс шаруашылықтары ҒЗИ құрылды. * 1999 жыл - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1017 Қаулысына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Картоп және көкөніс шаруашылықтары бойынша ғылыми-зерттеу институты" республикалық қазынашылық кәсіпорны болып қайта құрылды. * 2002 жыл - "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ" РМҚК болып атауы өзгертілді. * 2003 жыл - "Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік Орталығы" РМК-ның "Картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ" филиалы болып қайта құрылды. * 2006 жыл - "Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу Орталығы" Еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып атауы өзгертілді. * 2007 жыл - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №409 Қаулысына және "КазАгроИнновация" АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен "Картоп және көкөніс-бақша дақылдары ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) болып қайта құрылды. * 2008 жыл - "Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта тіркелді. * 2019 жыл - "Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-не қосылу нәтижесінде "Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС "Қайнар өңірлік филиалы болып өзгертілді. ## Гендік қор, селекция және тұқым шаруашылығы ҚаККШҒЗИ көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың өте бай, ең алуан түрлі, нағыз бірегей гендік қорына ие . 2016 жылдың І-тоқсанында көкөніс-бақша дақылдарының әлемнің 100 елінен әкелінген көкөністердің 157 түрінің 12000 дана үлгілері институттың көкөніс-бақша дақылдары гендік қорын құрайды. Қазіргі уақытта әлемнің 40 елінен әкелінген 2100 үлгісі картоп гендік қорын құрайды . Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-ндағы селекциялық-тұқым шаруашылық зерттеулер дақылдардың 25 түрі: картоп, шалқан пияз, шалот пиязы, сарымсақ, қызанақ (ашық танап пен қорғаулы топырақта), ақ қауданды капуста, тәтті және ащы бұрыш, баялды, қияр (ашық танап пен қорғаулы топырақта), асқабақ, кәді, асханалық сәбіз бен қызылша, аскөк, шалғам, көк және бұршақты көкөністер, салат, қарбыз бен қауын бойынша жүргізіледі . Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне» картоп және көкөніс дақылдарының 159 селекциялық жетістік, оның ішінде ҚазККШҒЗИ-дың 143, оның ішінде: * картоптың - 38; * шалқан пияздың - 11; * шалот пиязының - 2; * сарымсақтың - 6; * ашық танапта өсірілетін қызанақтың - 12; * қорғаулы топырақта өсірілетін қызанақтың - 11; * тәтті бұрыштың - 4; * ащы бұрыштың - 2; * баялдының - 1; * ашық танапта өсірілетін қиярдың - 3; * қорғаулы топырақта өсірілетін қиярдың - 9; * асқабақтың - 3; * қарбыздың - 9; * қауынның - 13; * кәді-цуккинидің - 2; * самсардың - 1; * аққауданды капустаның - 2; * сәбіздің - 2; * асханалық қызылшаның - 2; * шалғамның - 1; * аскөктің - 1; * балдыркөктің - 1; * салаттың – 1; * райханның - 1; * көкөністік үрмебұршақтың - 1; * көкөністік маштың - 1; * көкөністік сояның - 1; * қантты бұршақтың - 1 сорттары мен будандары енгізілген. ҚазККШҒЗИ тұқым шаруашылығы бойынша келесі дәрежелерге ие: * картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының оригиналды тұқымдарын өндіруші; * картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының элиталы тұқымдарын өндіруші; * картоп пен көкөніс-бақша дақылдары бойынша І-ІІ репродукциялы тұқымдарын өндіруші. Картоп пен көкөніс дақылдарын суғарудың озық суүнемдегіш технологиялары ; түрлі көкөніс және картоп ауыспалы егістері, тыңайтқыштар мен зиянды организмдерге қарсы өсімдік қорғау құралдарын пайдалану жүйелері ; тұқым өндірумен айналысатын шаруашылықтар үшін екіжылдық көкөніс дақылдарының қайта отырғызуды қажет етпейтін тұқым шаруашылығы технологиясы; суғармалы көкөніс шаруашылығында топырақтың құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері ; көкөністердің барлық негізгі түрлері бойынша өсіру технологиялары құрастырылды және жетілдірілді.Қазіргі уақытта «жасыл көкөніс шаруашылығы» құрастырылуда. ## Ғылыми ынтымақтастық Институт Ресей Федерациясы, Болгария, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Белорусь, Украина, Әзербайжан, Қырғызстанның жетекші ғылыми орталықтары мен мекемелерімен және халыақарылық Халықаралық картоп Орталығы (CIP), AVRDC-WVC, ICARDA ұйымдары мен АҚШ университеттерімен ынтымастықта жұмыс жасайды. AVRDC-мен (Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы Орталығы) ынтымақтастық нәтижесінде көкөніс дақылдарының жаңа 17 сорты шығарылды . CIP-мен (Халықаралық картоп Орталығы) ынтымақтастық негізінде картоптың жаңа 7 сорты шығарылды. БӨШИ мен басқа да ҒЗҰ-мен ынтымақтасуы негізінде картоп және көкөніс-бақша дақылдары гендік қоры айтарлықтай толықтырылды және кеңейтілді . ## Ғылыми мектептері ҚазККШҒЗИ-да 3 ірі ғылыми мектеп бар, оның ішінде картоп селекциясы мен тұқым шаруашылығы мектебіне 50 жылға жуық уақыт болды, 5 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 PhD-доктор мен 7 ғылым магистрлары дайындалған, осында картоптың 70-тен астам сорты шығарылған; көкөніс дақылдары селекциясы бойынша мектеп 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасайды, 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты мен 8 ғылым магистрлары дайындалған, осындай көкөніс дақыладрының 20 түрі бойынша 100-ден астам сорты шығарылған; көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы мектебінде 4 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 PhD-доктор мен 5 ғылым магистрлары дайындалған. Институттың 10 ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімдері мен зертханаларында 167 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде 4 ғылым докторлары, 16 ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, 1 PhD-доктор мен 27 ғылым магистрлары бар . ## Ғылыми кітапхана және қорғалатын құжаттары Ғылыми кітапхананың жалпы қоры 72 мың дананы құрайды.Институт құрылғаннан бергі жылдарда 100-ден астам кітаптар мен ғылыми еңбек жинақтары, 250-ден аса кітапшалар мен ұсыныстар басылып шықты. Ғалымдардың мыңдаған ғылыми мақалалары еліміз бен шет елдердің түрлі басылымдарында жарияланды. ҚазККШҒЗИ 194 қорғалатын нысанға ие. Ғылыми құрастырылымдарға 200-ден аса қорғалатын құжаттар авторлық куәліктер, селекциялық жетістіктер мен пайдалы модельдерге патенттер, инновациялық патенттер) алынды . ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ҚазККШҒЗИ сайты Мұрағатталған 14 мамырдың 2016 жылы. * Kazakh Research Institute of Potato and Vegetable Growing * Қазккшғзи Казниико
Қайрат Теміршотұлы Нүкенов (Захаровка, Железин ауданы, Павлодар облысы, 15 қыркүйек 1970) — Екібастұз қаласының әкімі. ## Өмірбаяны Қыпшақ руынан шыққан. * Сібір мемлекеттік жол-көлік академиясын бітірген, экономист мамандығына ие. * П.А. Столыпин атындағы Ом мемлекеттік аграрлық университетін оқып бітірген, ғалым-агроном мамандығына ие. * Павлодар облысы Аққу қаласының әкімі қызметін атқарған. * 2016 жылғы 29 сәуірден - Екібастұз қаласының әкімі. ## Дереккөздер
Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов — (25 сәуір 1895 жылы, Семей облысы Қарқаралы уезі - 25 қыркүйек 1937 жылы Мәскеу) - ірі мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны * Арғын тайпасы Қаракесек руының Көшім бөлімінен шыққан. * 1915 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген. * 1931 жылы ВКП (б) ОК жанындағы Коммунистік университетті тәмамдады. * 1915—1918 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі. * 1918 жылы ақпан-мамыр айлары — жұмысшы шаруа депутаттары Қарқаралы уездік кеңесінің хатшысы. * 1918—1919 жж. Ақгвардияшылар түрмесінде. * 1920—1921 жж. — Қарқаралы уездік ревкомының, уездік атқару комитетінің, Семей губерниялық әскери ревкомының мүшесі және бөлім меңгерушісі, губкомның бөлім меңгерушісі, Семей губерниялық атқару комитетінің мүшесі. * 1921 жылдың қазанынан революциялық Трибуналдың төрағасы. * 1923 жылдың 11 сәуірінен РКФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы. Н. Нұрмақовтың Жоғарғы Сот пен губерниялық прокуратураның қалыптасуындағы ролі ерекше зор. * 1923—1924 жж. Юстиция халық комиссары. Осы кезеңде прокуратура мен сот органдарын ұйымдастыру, кәсіби кадрларды даярлау, іс жүргізуге қазақ тілін енгізу жұмыстары аяқталды. Орынборда тұңғыш өлкелік заң курсының ашылуы Нұрмақовтың қызметке келуімен дәл келді. Қысқа мерзімді курстар Семейде, Ақмолада, Қостанайда ашылды. Олардың жанынан еңбек сессиялары ұйымдастырылды. 1922 жылғы 13 шілдеде екінші шақырылған КирЦИК-тің ІІІ сессиясында прокурорлық қадағалау туралы, адвокатура туралы Ережелер қабылданды. 1923 жылғы 28 желтоқсанда КирЦИК жанындағы бас Тәртіптік Кеңес туралы қаулы бекітілді. * 1925 жылғы қыркүйек—қазан айлары — ВКП(б) Киробкомының бөлім меңгерушісі. * 1924 жылғы қазан — 1929 жылғы сәуір — ҚАКСР Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы. * 1929—1931 жж. — Мәскеуде оқуда. * 1931—1937 жж. — ВЦИК хатшысының орынбасары. ВЦИК Президумының бөлім меңгерушісі ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің ҚАКСР ОАК мүшесі. * 1937 жылы атылып, 1956 жылғы тамызда ақталды. ## Сіңірген еңбектері Нығмет Нұрмақов берік қалыптасқан интернационалист болды. Ол туған республика жетістіктерін бүкіл совет елінің табыстарымен тығыз байланыста қарады. Оның Одақтық үкімет алдына қойған бірқатар маңызды ұсыныстары терең дәйектілігімен назар аударды. Мәселен, астықты аудандардың бірі ретінде Қазақстанның ролін арттырудың қажеттігін мәселе етіп қойды. Партиялық және мемлекеттік жұмыстың қай саласында жүрсе де барлық күш-жігерін, ұйымдастырушылық дарыны мен білімін жаңа құрылыс ісіне аянбай жұмсады. ## Дереккөздер
Ақсуат (2010 жылға дейін – Новодолинка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Ақсуат ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының оңтүстік-батысында 59 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алғабас — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының оңтүстігінде 29 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Әжі — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Қойтас ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Көшелері Әжі ауылында келесі негізгі көшелер бар: * Аллажар Теміржанов атындағы көше * Зейін Шашкин атындағы көше * Қаркен Ахметов атындағы көше * Халел Анафин атындағы көше ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының солтүстік-шығысында 52 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Веренка — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының оңтүстік-батысында 39 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жарық — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Тайбай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының оңтүстігінде 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Айтақов Нәдірбай(1894 – 1938) – мемлекет қайраткері. 1923 – 24 ж. Түркістан АКСР-ы ОАК төрағасының орынбасары, төрағасы, 1924 жылғы қарашадан Түрікменстан ревкомының басшысы, 1925 ж. ақпанда Түрікменстан КСР-ы, ОАК-нің тұңғыш төрағасы қызметтерін атқарды.
Қаратал — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Күншалған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан оңтүстікке қарай 66 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жұматов Әубәкір - 1909 жылы Павлодар облысы, Баянауылда дүниеге келген. 1930 жылы Семейде ауылшаруашылық техникумын бітіріп,1936 жылға дейін агрономдық қызмет атқарды. 1936 жылы Мәскеудегі Тимирязев атындағы Ауылшаруашылық академиясында Сталиндік стипендия алып оқиды. 1941 жылы бітіріп, 1943 жылға дейін Талдықорған облысында Сарқанда МТС-ті басқарды. 1943 жылдан 16 жыл бойы, өмірінің ақырына дейін 1959 жылға дейін Алматыдағы ауылшаруашылық институтында ректор болып қызмет атқарды.
Малдыбаев Теберік - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші. 1894 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы жаңадан құрылған "Бірілік-Үстем" колхозына жұмысқа кіреді. * 1942 жылы қызылшашылар бригадасын басқарады. * 1947 жыл қайтадан егіншілер бригадасының бригадирі болады. Ол астық дәнді дақылдарын күтіп-баптау, егу, топырақты дайындау барысында көп еңбектенеді. Қысқа мезгілде әрі жоғары дәрежеде астық өсіру агротехникалық шараларын ұйымдастыра білді. Қажырлы еңбегінің арқасында жаздық және күздік бидай егілген 330 г жердің әр гектарынан 17 ц-ден, ал жоғары өнімді 44 г жердің әр гектарынан 30 ц-ден өнім алған. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
Нұрлан Шайхслямұлы Дүйсенбинов (1973 жылы 4 наурызда туған) - Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі. ## Өмірбаяны * Еңбек жолын "Игілік" банктің филилаында маман ретінде бастаған. * Іле ауданы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы болып қызмет істеген. * Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы. * Павлодар облысы бойынша Салық комитеті бөлімінің басшысы. * 2005 жылы Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. * Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы. * 2008-2014 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары. * 2014 жылдың тамызы - 2016 жылдың сәуірі аралығында - Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы. * 29 сәуір 2016 — қараша 2017 — Ақсу қаласының әкімі. * 2022 жылдың 17 наурыздан бастап Ақсу қаласының әкімі ## Дереккөздер
Қойтас — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Қойтас ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының солтүстік-шығысында 49 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мақатова Рыскүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы), "Қызыл-Әскер" колхозының звеношысы (1941). 1921 жылы Шымкент облысы, Келес ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1939 жылдан " 15 лет Казахстан" колхозында мақта өсіруші болып істейді. * 1941 жылы мақташылар тобының звеношысы болады. Жұмыстарын жігерлене бастаған 4 адамнан тұрған оның тобы 4 гектар және 5 гектар жердің әр гектарына 25 центнерден мақта өсіріп, жыл сайын оның мөлшерін көтеріп отырды:1942 жылы - 30 центнерге;1943 жылы - 35 центнерге;1944 жылы - 93 центнерге;1945 жылы - 111,5 центнерге көтеріп, осы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталады. * 1942 жылы - 30 центнерге; * 1943 жылы - 35 центнерге; * 1944 жылы - 93 центнерге; * 1945 жылы - 111,5 центнерге көтеріп, осы еңбегі үшін Ленин орденімен наградталады. * 1947 жылы "Қызыл-Әскер" колхозына ауысып, 3 гектар жерден 86,1 центнерден, қалған 2 гектардан 50 центнерден мақта алады. * 1948 жылы оның мақта өсіру тәжірибесі кітапқа шығады. ## Наградалары * 2 рет Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Найманқұлова Базигүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Кировск ауданы, "Большевик" колхозының звеношысы (1945). 1921 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Құлбай-Төлебай ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1942 жылы "Большевик" колхозына жұмысқа кіріп, белсенді колхозшы болады. * 1945 жылы оны қызылшашылар тобына звеношы етіп сайлайды:1946 жылы бригада бір гектарлы болып бекітіліп, ол жерден олар 415 центнер қант қызылшасын алады. Жоғары көрсеткіштері үшін колхоз басқармасы тарапынан 6 рет сыйлықтар беріледі, ал 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 531 центнерден, ал 4 гектардың әр гектарынан 807,5 центнерден өнім алады. * 1946 жылы бригада бір гектарлы болып бекітіліп, ол жерден олар 415 центнер қант қызылшасын алады. Жоғары көрсеткіштері үшін колхоз басқармасы тарапынан 6 рет сыйлықтар беріледі, ал 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 531 центнерден, ал 4 гектардың әр гектарынан 807,5 центнерден өнім алады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии Мұрағатталған 21 қазанның 2013 жылы.
Молдабеков Алтынбай - совет кескіндемешісі, сән және қол өнер шебері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Мөлтеков Арын - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Қазақстанда ауыл шаруашылығын көтерушілердің бірі. 1896 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, Тастызек ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылы алғашқылардың бірі болып колхозға жұмысқа кіреді. * Ұлы Отан соғысы жылдары қажырлы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы ХVIII партсъезд атындағы колхозда егіншілер бригадасының жетекшісі болады. * 1947 жылы 12 гектар егін алқабының әр гектарынан 31 ц-ден өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2013 жылы.
Нұрбаев Мұхаметқали - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз колхозының председателі (1945). 1901 жылы Жамбыл облысы, Ақбұлақ ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1929 жылдан колхоз ұйымдастыру жұмыстарында болады. * 1938-1945 жылдар аралығында Ильич атындағы, одан кейін "Октябрь" колхозының председателі болып істейді. * 1945 жылдың басында Жамбыл аудандық жер бөлімін басқарады, 1945 жылдың соңында Қызыл Жұлдыз колхозының председателі болады. Колхоз 1946 жылы қант қызылшасының өнімі бойынша ауданда бірінші орынға шығады. 1947 жылы 75 гектар жердің әр гектарына 563 центнерден, ал 18 гектардың әр гектарына 831 центнерден қант қызылшасы өсіріледі. ## Наградалары * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісі * "Отличник пищевой промышленности" төс белгісі * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сейдәлиев Әлімқұл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Көкөзек колхозының егіншілер, қызылшашылар бригадасының бригадирі (1946). 1905 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Көкөзек ауылында туған. Дулат тайпасының Жаныс руынан. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930-1936 жылдары Көкөзек колхозында колхозшы болады. * 1936 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. * Ұлы Отан соғысына қатысып, 1946 жылы еліне оралған соң қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. 1947 жылы қант қызылшасы бойынша өнімді 178% орындайды. 40 гектар жердің әр гектарынан межеленген 210 центнердің орнына 375 центнерден, ал 5 гектардан - 808 центнерден өнім алып, міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Құбай Мұқанақов - Социалистік Еңбек Ері (1949), шопан, жылқышы. 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында туған. ## Еңбек жолы * 1934 жылдан Куйбышев атындағы ауыл шаруашылық артелінде колхозшы болып істеді. * 1942-1944 жылдары Совет Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. * 1944-1963 жылдары жылқы фермасының меңгерушісі, жылқышы болды. * 1948 жылы жылқы бағуда 112 биеден 109 құлын өсірді. * 1963 жылы Куйбышев атындағы совхозда аға шопан болды. ## Марапаттар * Социалистік Еңбек Ері (1949) * Ұлы Жеңіс 20 жылдығы медалі (1965) * ҚазССР-інің 50 жылдығы құрметін ескерткіш медаль (1970) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии [[
Рысқұлова Жамал - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1905 жылы Алматы облысы, Еңбекші-Қазақ ауданы, Қаракемер ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1938-1945 жылдары "Алға" колхозында колхозшы болды. * 1945 жылы егіншілер бригадасының звеношысы етіп тағайындалады. * 1946 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1947 жылы оның бригадасы межеленген 11 центнердің орнына әр гектардан 20 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Дәутәлі Серіков(1880 жыл – белгісіз) — қазақ Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Жаңалық колхозының звеношысы. 1880 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы алғашқылардың бірі болып Жаңалық колхозына жұмысқа қызылша өсіруші болып кіріп, кейіннен қызылшашылар тобын басқарады. * 1945 жылы ол қызылшадан мол өнім алғаны үшін КСРО Жоғарғы Советінің Президиумының "За трудовую доблесть" медалімен награталады. * 1947 жылы оның тобы табанды еңбек еңбек етіп, нәтижесінде 2 гектар жердің әр гектарына 850 центнерден қант қызылшасын өсіріп, міндеттемелерін асыра орындайды. ## Наградалары * "За трудовую доблесть" (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Татиев Талғат Әбікенұлы 1966 жылы 7 қарашада бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауылында туған. 1991 жылы Семей педагогика институтын бітірген. 1997 жылға дейін Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда суретші-реставратор болды. Сол жерде қалалық жыл сайынғы сурет көрмелеріне қатысып жүрді: «Күзгі салон», «Мен өмір сүремін» көрмесінде ( 1994 ж.) 1997 жылы суретші А.Е. Махномен бірге «САК» тобын құрады.1998 жылы суретшілер тобы Алматылық «Вояджер» галереясында бірлесіп жұмыс істейді. Астаналық көркемсурет өміріне белсене араласып, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының галереялар парады көрмесіне жұмыстары қойылды. Сол жылы «САК» тобы Сорос қорының грантын жеңіп алып, Семейде суретшілердің «Барлық елдердегі Семейліктер бірігіңдер» көркемсурет акциясын өткізді.2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында еңбек етеді. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Түнғатарова Күләй - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, Белбасар колхозының звеношысы (1943). 1941 жылы Жамбыл облысы, Луговское ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1941 жылы Белбасар колхозына жұмысқа кіреді. * 1943 жылы колхоз басқармасы оны қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындайды.1945 жылы қант қызылшасы алқабының әр гектарынан межеленген 103 центнердің орнына 125 центнерден;1946 жылы 110 центнердің орнына - 130 центнерден;1947 жылы 202 центнердің орнына - 500 центнерден өнім алып, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. * 1945 жылы қант қызылшасы алқабының әр гектарынан межеленген 103 центнердің орнына 125 центнерден; * 1946 жылы 110 центнердің орнына - 130 центнерден; * 1947 жылы 202 центнердің орнына - 500 центнерден өнім алып, алған міндеттемелерін ойдағыдай орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Еңбек — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының оңтүстік-батысында 33 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жолбасшы — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Ақмырза ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының батысында 41 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тергеуова Қалдыбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбар ауылдық советі, Жаңалық колхозының звеношысы (1946). 1912 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Жаңалық колхозының қалыптасуына ат салысып, қызылша өсіруші болып жұмыс істейді. Мол өнім алу жолында талмай еңбек етіп, алдыңғы қатарлы колхозшы болады. Көптеген жылдар ішіндегі жемісті еңбегі үшін 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы қызлшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. Осы жылы өздеріне бекітілген 3 гектар жердің әр гектарынан 819 центнерден қант қызылшасын алып, аса жоғары көрсеткіш көрсетеді. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Төкенов Қасым - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1914 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. * Еңбек жолын байларда жалшы болудан бастаған ол, колхоз ұйымдастыру кезінде "Өркенді" колхозына кіріп, көптеген жылдар колхозшы болып істейді. * 1942 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады.1946 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алуға тапсырма алған оның бригадасы сол жылы 20 гектар жердің әр гектарынан 19,5 центнер бидай алады.1947 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 22 центнерден бидай алуға міндеттеме алып, оны 8,2 центнерге артығымен орындайды.1948 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинап, үлкен көрсеткіш көрсетеді. * 1946 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алуға тапсырма алған оның бригадасы сол жылы 20 гектар жердің әр гектарынан 19,5 центнер бидай алады. * 1947 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 22 центнерден бидай алуға міндеттеме алып, оны 8,2 центнерге артығымен орындайды. * 1948 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинап, үлкен көрсеткіш көрсетеді. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қарағайлы (2007 ж. дейін — Стаханово) — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласының солтүстік-батысында 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қалисанов Мырзағали - шопан, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1876 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Теректі Орда жайлауында туған. ## Еңбек жолы * Ұлы Октябрь революциясына дейін байдың малын баққан. * 1932-1960 жылдары Чапаев ауданы (қазіргі Ақжайық ауданы), Куйбышев атындағы колхозда аға шопан болып істеді. * 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген саулықтардың әр жүзінен 144-тен төл алып, отардағы қой санын жүзден мыңға дейін өсірді. ## Наградасы * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме)
Түйтебаева Нұрмаш - Социалистік Еңбек Ері (1971), қызылша өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1937 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхозында (қазіргі Мәдімар ауылы) туған. ## Еңбек жолы * 1952 жылдан қызылшашы болып істейді. * 1965 жылдан Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы), Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхозда (қазіргі Мәдімар ауылы) қызылшашылардың звено жетекшісі болады. * 1972 жылдан КОКП мүшесі. * 1974 жылы өзіне бекітілген учаскенің әр га-нан 550 ц-ден қант қызылшасын жинап, бесжылдық жоспарды 153 пайызға орындайды. ## Жетістігі * Ауыл шаруашылығы озаты. * 1965 жылы - аудандық Совет депутаты. * 9-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. ## Наградалары * "Ерен еңбегі үшін" медалі * Ленин ордені және "Орақ пен балға" Алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1974) * Медальдар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Тұранбаев Сатылған - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1947). 1912 жылы Жамбыл облысында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Ауылдық мектепті бітірген соң, көп жыл колхозда диқаншы болып жұмыс істейді. * Ұлы Отан соғысы жылдары, майданда болып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік медальдармен марапатталып, еліне қайтады. * 1946 жылы колхозда техник болып жұмыс істейді. * 1947 жылы қызылшашылар бригадасына басшылық етіп, өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 809 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Ғалиақпаров Ағаділ - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Бірлік-Үстем" колхозының председателі (1942). 1909 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Колхоздар құрыла бастаған жылдары алғашқылардың бірі болып "Көктөбе" колхозының құрылысын ұйымдастыру барысына ат салсады. * 1928-1935 жылдары советтік және шаруашылық ұйымдарда жауапты қызметтерде болады. * 1935-1942 жылдары Көктөбе колхозының председателі болады. * 1942 жылдан "Бірлік-Үстем" колхозының председателі болып істейді. 1947 жылы дән тапсыру жоспарын мерзімінен бұрын орындап, мемлекет қоймасына 903 центнер астық құяды. Мал шаруашылығын жетілдіру бойынша: жылқы - 108,3%, ірі қара мал - 105,6%, қой-ешкі - 116,4% орындалады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) * "Құрмет белгісі" ордені (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Қожабергенов Әлиасқар (1917, Талдықорған облысы, Қаратал ауданы — 16. 11. 1941) — қаһарман 28 гвардияшы панфиловшылардың бiрi, Сов. Одағының Батыры (21. 07. 1942). Балалар үйiнде тарбиеленген. Ұлы Отан соғысына дейiн Қаратал ауданында тракторист болып jстедi. Қожабергенов 1941 жылы Қызыл Армия Қатарына шақырылып, Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкiнiң құрамында ұрысқa қатысты. Мәскеу түбiндегi Дубосеково разъезiнiң жанында болған кескiлескен шайқаста ол өз жолдастарымен бiрге өшпес ерлік көрсетіп, қаһармандықпен қаза тапты. ## Сілтемелер * Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1.
Ақметжан Қойшығұлов (13 қантар 1905 жылы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы – 17 тамыз 1983 жылы) — Қазақстанның партия, кеңес қызметкері, 1932 жылдан КОКП мүшесi. 1925-1926 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 1926-1929 жылдары Ойыл ауданы, халық тергеушiсi. 1929-1938 жылдары Мемл. қауіпсіздік органдарында iстедi. 1938-1943 жылданы Оңтүстік Қазақстан облысы аткомының председателi, Қаз.КСР Автомоб. транспорты халкомы, Қаз.КСР халкомсовы председателінің орынбасары және Бақылау халкомы. 1943-1947 жылдары Қазақстан К(б) П ОК секретары. 1947-1954 жылдары Қызылорда обл. аткомының председателi, Қаз.КСР Коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары, Қаз.КСР Мин. Советі жанындағы су шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Қаз.КСР. А. Ш. мин-лігінің көшіру-қондыру бас басқармасының бастығы. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгiсi» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Әзбергенов Елгезек (Ақберен Елгезек) (1980), жазушы, ақын. ## Еңбекжолы 1980 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тарих факультетінің түлегі. Қазақтан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.«Көк бөрінің рухы», "Көлеңкелер күбірі" атты өлеңдер жинағының авторы. ## Еңбектері Әзбергенов Ақберен шығармалары: Алтын қалам [Мәтін]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б. Елгезек, Ақберен. Көлеңкелер күбірі [Мәтін] / А. Елгезек. - Астана : Фолиант, 2009. - 152 б. Әзбергенов Ақберен туралы: Ғұмырнама [Мәтін] // Мөлдір сана. - 2010. - 4-18 шілде.- Б.15. Ұмыт қалған ұлттық мүдде [Текст] // Жалын . - 2009. - № 1. - С. 2-17 б. Шайхыұлы, Ермахан. Ағынан жарылсақ... [Мәтін] : сұхбаттар жинағы / Е. Шайхыұлы. - Алматы : Қазығұрт, 2012. - 320 б ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Қостанаев Құдабай (туған—өлген жылдары белгісіз) — этнограф. Перовск қалалық училищесін, 1894 жылы Ташкенттегі оқышулар семинариясын бітірген. Сол жылы Ташкентте «Перовск және Қазалы уездері қырғыздарының этнографиялық очерктері» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте қазақ халқының ою–өрнектері, тұрғын үй құрылысы, көшу тәртібі, үйлену салты, зергерлік өнері, бала тәрбиесі, діні сөз болады. Қостанаевтың еңбегіне оқымыстылар: И. П. Остроумов, М. Ф. Катанов, А. Алекторов назар аударды. М. Ф. Катанов кітапшаны қайта бастыруды ұсынды. ## Дереккөздер
Рамазан Әкімов (1881-1971)— жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1881 жылы, Орал болысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы), Фурманов ауданында (қазіргі Жалпақтал ауданы) туған. ## Еңбек жолы * 10 жасынан бастап байдың атын бақты. * 1933-1960 жылдары - "Правда" газеті атындағы колхозда (қазіргі "Көктерек") жылқышы, аға жылқышы болып еңбек еткен. ## Жетістігі * 1947 жылы 50 биеден 50 құлын, ал 1948 жылы 60 биден 60 құлын алған. * 1948 жылы жылқы басын 293-тен 580-ге өсірген. ## Наградалары * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Социалистік Еңбек Ері - Жоғарғы Кеңес Президиумының 1948 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен. * Құрмет Белгісі ордені ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Әлімбекова Сара - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), "Жаңаталап" колхозының звеношысы (1943). 1900 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы "Жаңаталап" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек жолын бастайды. * 1943 жылы қант қызылшасы бойынша звеношы болып тағайындалады.1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады.1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. * 1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. * 1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады. * 1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) * "За трудовую доблесть" медалі (1946) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Алтынгүл Әлібаева(1918 жыл, Көкөзек ауылы) — Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Свердлов ауданы, Көкөзек колхозының звеношысы (1942). ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1918 жылы Жамбыл облысы қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, Көкөзек ауылында туған. * 1930 жылы Көкөзек ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. * 1942 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болады. 1947 жылы оның тобы 2 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 806 центнерден өнім алады. Қант қызылшасынан жоғары өнім алғаны үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады, ал 1948 жылы КСРО Жоғарғы Советінің жоғары наградасы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1947) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Өтепбаев Нұрбұлан 1951 жылы бұрынғы Семей облысы, Баженова ауылында дүниеге келді. Шығыс Қазақстан өңіріне танымал суретші, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасының профессоры Нұрбұлан Өтепбаев 1969 жылы Семей педагогикалық институтында тұңғыш рет ашылған көркемсурет және графика факультетінің студенті атанды. 1973 жылы институтты тәмамдап, дипломын қолға алған жас маман Абай ауданына жолдама алды. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Жұмаш Қошағанов — Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Қазақстанда ауыл шаруашылығын көтерушілердің бірі. Туған жері Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы. ## Еңбек жолы мен жетістігі * Ұзақ жылдар "Путь Коммунизма" колхозының егін алқабында егіншілер тобының жетекшісі болып еңбек еткен. * 1945 жылы 10 г жердің әр гектарынан 17,3 ц өнім алып, 1947 жылы оны 30 ц жеткізуге өзіне міндеттеме етіп алады. Қыста 8 гектар жерге көң дайындап, көктемде ол көңді шаша және жерді тырмалай отырып, оны 20-22 см тереңдікте жыртады. Сүр жерді жаз бойы 2 рет аударып, егін себу алдында жыртуды қайталайды. Гектарына 140 кг тұқым себу тракторлы тұқым сепкішпен жүргізеді. Аграрлық тәжірибесінің және жұмысты ұтымды ұйымдастыруының арқасында 1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 30 ц өнім алады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) * Медальдар ## Дереккөздер
"Жер-ана шақырады!" (Родина-мать зовёт!) — Ираклий Тоидзенің 1941 жылдың маусымының соңында салған суреті. Бұл сурет Ұлы Отан соғысы уақытындағы әйгілі плакат болып есептеледі . Жер-ананың бейнесі Ресей-анасының бейнесімен байланысты. Ресей анасының образын адамдар Бірінші Дүниежүзілік соғыста және Ұлы Отан Соғысының уақытында көп насихаттаған. Тоидзенің ұлының естеліктері бойынша, суретші Андрей Белыйдың шығармасын сүйген. Бұл жазушының «Позволь же, о родина-мать, в сырое, пустое раздолье, в раздолье твоё прорыдать…»  деген өлең қатары бар. Суретшінің осы суретті салуға осы жазушы түрткі болуы мүмкін . Суреттегі әйелдің ұзақта орналасқан қолы Бірінші дүниежүзілік соғыстағы француздардың агтитациондық плакатынан қайталанып салынған деген болжам бар.[неавторитетный көзі?] Уақыт өткеннен кейін "Жер-ана" образы Кеңес одағының кең таралған образдарының бірі саналды. Онымен қоса осы суретке байланысты көптеген пародиялар, скульптуралар, жарнамалар, халық өнері бар. Плакаттың көркем композициясы мынадай шығармалармен ұқсас: "Сен ерікті болып жазылдың ба? (Ты записался добровольцем?)" (Дмитрий Моор, 1920), американдық плакат "I want you for U. S. Army" (Джеймс Флагг, 1917), сондай-ақ француз картинасы "Бостандық, жүргізуші халық  (Свобода, ведущая народ) " (Эжен Делакруа, 1830), онда автор Францияның ұлттық символы — Марианна- ны бейнелеген. ## Дереккөздер
Тонгибари (баңлаша টঙ্গিবাড়ী, ағылш. Tongibari) — Бангладештің орталығындағы қала. Қаланың аумағы  6,61 км²-ге тең . 2001 жылы санақ бойынша қалада 13 148 адам ьұрып жатқан, оның ішінде ерлер 53,49 %-ды, әйелдер — тиісінше 46,51 %-ды құраған. Халықтың сауаттылық деңгейі көрсеткіші 42,4 % (Бангладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Тонгибари(қолжетпейтін сілтеме) " Банглапедии (ағыл.)
Тонгипара (баңлаша টুঙ্গিপাড়া, ағылш. Tungipara) — Бангладештегі қала. Қаланың аумағы 30,39 км². 2001 жылғы санақ бойынша  қалада 30  747 адам тұрып жатқан, оның ішінде ерлер 51,09 %-ды, әйелдер — тиісінше 48,91 %-ды құраған. Халықтың тығыздығы  1 км²-ге 1012 адам. Халықтың сауаттылық деңгейі  36,1 % (Бангладештің орташа есебі бойынша 43,1 %). Тонгипарада тәуелсіз Бангладеш Республикасының бірінші билеушісі Муджибур Рахман туған. Қала осы арқылы әйгілі. ## Сілтемелер * Тонгипара Мұрағатталған 29 қарашаның 2011 жылы.  (ағыл.)
Ян Тинберген (нидер. Jan Tinbergen; 12 сәуір 1903, Гаага – 9 маусым 1994, Гаага) — нидерланд экономисті. Рагнар Фришпен бірге эконометриканың негізін қалаушыларының бірі және, сондай-ақ аз дамыған елдерде экономист ретінде экономикалық жоспарлау жөніндегі өз жұмысы үшін белгілі. ## Өмірбаян Бес балалы отбасыда бірінші бала болды. Барлық дерлік отбасы мүшелері, ғылым саласындағы құзыретті тұлғалар. Оның әкесі орта мектепте тіл мұғалімі болды. Ғылыми еңбектерде, қарапайым тілді пайдалануға Тинбергеннің әкесі елеулi түрде ықпал етті. отбасында саяси қызығушылық өте озық болды. Ян Тинберген бұрын Социалистік жастар ұйымының ықпалында болып, содан кейін социал-демократиялық партияға кірді. Ол саяси идеялар үшін әскери міндетін атқарудан бас тартты және оның орнына ол мемлекет жанындағы міндетті қызметке кірді. Орталық статистикалық бюросының міндетті қызметін бөлімінде жасады. Университетінде ассистент ретінде кезеңінен кейін, ол бұл кеңсеге оралды. Ол университетте физиканы зерттеді. Алайда докторлық диссертацияны, «Физика және экономика саласындағы ең төменгі мәселелері» атауын қорғады. Диссертациялық назары кейін біртіндеп экономикаға ауысты. Алайда, екеуі де математика университеттік білімге әкелді, статистика жұмыста өз жұмысын жалғастыру үшін экономика саласындағы статистикалық тәжірибесін алу қажет еді, сол себепті осы екі пәндерден сынақтан өтуге өтініш берді. Тәжірибеде Тинберген циклдық ауытқуларды түсінуге тырысу үшін осы жолда жұмыс істеді. Екі осы ауытқулардың сипаттамасы, сондай-ақ гипотезалар, эконометрикалық модельдер эмпирикалық негізін теориясын тестілеу бағытталған. Осы зерттеулерде айтарлықтай Кейнс элементтері бар болғанымен, Кейнс айтарлықтай сын алды. Бұған 1960 жылға дейін жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Тинберген кейінірек әл-ауқат экономика және даму жоспарлау саласындағы жұмыс істеді. Атап айтқанда, ол осы саладағы көптеген халықаралық ұйымдар атынан жұмыс істеді. Әр түрлі жоспарлау әдістерін әзірледі. Табысты бөлу бойынша жұмыс істеді. Ол Түркияда Мемлекеттік жоспарлау ұйымының құруға белсенді қатысты. Ол кіріс-шығыс талдау негізінде бірінші жоспары құруда жетекші рөл атқарды. Ол табысты бөлу жақсарту бағытында бір жағына шықты. Алайда, табыстың анализі, әл-ауқаттан гөрі әділдік капиталдандыруды жақсарту үшін жұмыс істеді. 1969 жылы Рагнар Фришпен бірге «экономикалық талдау үшін қолданылатын динамикалық модельдерді әзірлегені үшін» Экономика саласындағы Нобель сыйлығын алды. ## Маңызды жұмыстары * Business Cycles in the United States, 1919–1932 (1939) * Statistical Testing of Business-Cycle Theories (1939) * International Economic Cooperation (1946) * On the Theory of Economic Policy (1952) * Economic Policy: Principles and Design (1956) * Mathematical Models of Economic Growth (1962) * The dynamics of business cycles: a study in economic fluctuations (1974) ISBN 0-226-80418-6 * Income Distribution. Analysis and Policies (1975) * Der Dialog Nord-Süd: Informationen zur Entwicklungspolitik (1977) * Economic policy : principles and design (1978) * Centralization and decentralization in economic policy (1981) ISBN 0-313-23077-3 ## Сілтемелер * Nobel e-müzesinde otobiyografisi Үлгі:Ing * Nobel Ödülü töreninde Jan Tinbergen takdimi - Nobel-winners.com websitesinde Үлгі:Ing
Күншалған (2007 ж. дейін — Ленинское) — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Күншалған ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан оңтүстікке қарай 55 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ханық Сұлтан Ханым Қасым ханның бәйбішесі яғни заңды түрде әйелі жане оның Мамаш, Хақназар деген ұлдарының анасы. ## Өмірбаяны Ханық Сұлтан Ханым Қасым ханның заңды әйелі. ## Қасым ханнан соң 1521 жылы Қасым хан дүниеден өткен соң қазақ тағына оның ұлы Мамаш отырады. ## Хақназардың бортында 1538 жылы Ноғай мырзаларының шешімі бойынша Хақназар ноғайдың қазақ жеріндегі иеліктерінің билеушісі ретінде тағайындалды. Әйтсе де сол жылдары қазақтың тағы бір тәуелсіз ханы Бұйдаш хан ел билеп тұрған болатын. Хақназар хан Ноғай ордасынан егемендік алып, Бұйдаш ханды жеңіп, бүкіл қазақтың ханы деңгейіне тек 1550 -1560 жылдары ғана қол жеткізді. ## Сыртқы сілтемелер * iie.kz * [1](қолжетпейтін сілтеме)
Төменгі Торғай — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласының солтүстік-батысында 32 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынтымақ (2018 жылға дейін — Новокаменка) — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Олжабай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласының оңтүстігінде 50 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Торғай — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласының солтүстік-батысында 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Өлеңті — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі құрамындағы темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласының шығысында 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шакей — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Күншалған ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан оңтүстікке қарай 56 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жюль Борде́ (фр. Jules Jean-Baptiste Vincent Bordet; 13 маусым 1870, Суаньи, — 6 сәуір 1961, Брюссель) — бельгиялық иммунолог және бактериолог. Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1919 жылғы лауреаты. ## Өмірбаян Брюссель университетін бітіріп, онда 1892 жылы ол медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алды. 1894—1901 жылдары Парижде Пастер институтында И. И. Мечников лабораториясында жұмыс істеді. 1901 жылы ол, кейін 1940 жылға дейін оның директоры болған, ол Брюссельде Пастер институтын құрды. 1907—1935 жылдары Брюссельде университетінде бактериология және паразитологиядан сабақ берді. Негізгі ғылыми еңбектері Ж. Борденің иммунологияға арналған. Ол иммундық жауаптардың негізінде физикалық және химиялық процестер жатады деп тапты, агглютинация, гемолиз, преципитация, дезинтоксикация механизмін көрсетті, иммундық жауапта комлемен жүйесінің рөлін түсіндірді. М. Геемен бірге конглютинация реакциясын ашты. О. Жангумен бірге байланысу комплементін әзірледі. 1906 жылы О. Жангумен бірге бацилланы— көкжөтел қоздырғышын бөліп алды және оның өсіру үшін ұсынылатын шарттарын ұсынды. Анафилаксия туралы ілім әзірледі(1921) және бактериофагалар теориясы, қанның ұюы теориясын ұсынды. 1971 жылғы Бельгиялық почта маркасында бейнеленген. ## Танылуы Үлгі:Planned ## Қайнар көзі ## Сілтемелер * Жюль Борденің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны. Үлгі:Нормативтік бақылау
Қарасу, Қырыққұдық өзегі – Көксеңгірсор алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақмола облысының Біржан сал ауданы және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Қырыққұдық ауылынан оңтүстік-батыста 8 км жерде алып, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қазанғап ауылынан төменде Көксеңгірсор көліне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 96 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Жоғарғы аңғары айқын қалыптаспаған, ортаңғы және төменгі ағысында ені 1,5-2 км-ге дейін жетеді. Беткейлері құлама, кей жерлерінде тік жарлы. Жайылмасының ені 0,1-0,3 км. Арнасы Қырыққұдық ауылына дейін анық білінбейді. Орта ағысында ені 10-30 м, биіктігі 0,5-2 м, төменгі ағысында ені 15-20 м, биіктігі 2-5 м. Көп жылдық орташа су ағымы Қарасу ауылы тұсында 0,080 м3 /с. Сағасынан 43 км жоғарыда мал суаруға арналған ұзындығы 0,8 км, ені 20-50 м, тереңдігі 1 м-ге жететін кішігірім Шамған тоғаны бар. Тоған бөгетінің биіктігі 1,5 м. ## Дереккөздер
Ақбұлақ (2004 ж. дейін – Придорожное) — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан шығысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев (10 маусым, 1975, Алматы) — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, «Қазақтелеком» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы (2010-2024). Математика ғылымдарының кандидаты. ## Қысқаша өмірбаяны * 1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді. * «Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды. * 2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті. * 2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. * 2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды. * 2010 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы. * 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ## Отбасы Анасы - Есекеева Мінаура Жумағалиқызы, ҚазМБА-да математика пәнінің оқытушысы. ## Дереккөздер
Алтай өлкесінің құрамына 9 шекті қала мен 3 аймақтық қала кіреді. ## Дереккөздер
Аңғал батыр (2001 ж. дейін – Жаңаауыл) — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Аңғал батыр ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстікке қарай 45 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алға — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан шығысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Арай — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, 2009 жылы Краснофлот ауылдық әкімдігі құрамына еніп, таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Ұзақбай Жапарұлы Мамин – құрылысшы-инженер. Ол 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған. Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті. Қарағанды тау-кен техникумын бітірген (1959). Еңбек жолын ағаш ұстасы болып бастаған. Целинный халық шаруашылығы кеңесінің УКС-нде инженер (1963 – 65), №1 «Бас элеватор диірмен құрылыс» тресінде, Целиноград қаласындағы ЖМК-29, ЖМК-24 бастығы (1965 – 72), 1980 жылдан Целиноград облысы ауыл құрылысы басқармасы бастығының орынбасары, 1983 жылдан №1 Целиноград элеватор-диірмен құрылысы тресінің бастығы болып жұмыс істеген. 1986 жылы Целиноград агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары, «Целиноград облысы агроөнеркәсіптік құрылысы» бірлестігінің бастығы болып сайланды. Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Кейінгі жылдары Астана қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті. Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері. Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин 2021 жылы 13 маусымда 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. ## Дереккөздер * «Ақмола облысы» энциклопедиясы * Еңбек ардагері Ұзақбай Мамин өмірден озды
Ермұхамед Құдабайұлы Есенов (22 ақпан, 1945, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1994), професор (1996). ## Қысқаша өмірбаяны * 1969 жылы - Қазақ химия-технология институтын бітірген. * 1980 жылы - Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасын бітірген. * 1969 — 73 ж. “Қазмонтажавтоматика” тресінің Шымкент монтаждау басқармасында жұмыс істеді. * 1973 — 96 ж. Қазақ химия-технология институтында ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, декан. * 1996 — 98 ж. Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкенттегі бөлімшесінің вице-президенті әрі уиверситет жанындағы Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар институтының ректоры болды. * 1998 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу істері жөніндегі вице-президенті және Түркістан бөлімінің директоры. * 2001 ж. «Мирас» университетінің ректоры. * 2002 жылдан Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры. ## Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми-зерттеулер жұмыстары химия-технология процестерді автоматтандыруға арналған. Кибернетика және ағын суларды тазарту процестерін химия-технология модельдеу, жүйелі анализ әдістерін қолдану негізінде ағын суларды тазартудың тиімді жүйелерін жобалау әдістемесін жасады. Ағын суларды тазарту процестерінің математика модельдерін және есептеу алгоритмдерін құру принциптерін негіздеді. Оның бірқатар ғылыми еңбектерін Қазақстан мен Ресейдің химиялық зауыттары пайдаланады. Ол 70-тен аса ғылыми және әдістемелік еңбектер жариялаған. ## Шығармалары: * Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматты бақылау және басқару, А., 1995 (телавтор); * Математическое моделирование, синтез и интенсификация систем очистки сточных вод, Туркестан, 2000. ## Жетістіктері ҚР Білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
## Еврей халқының қазақ жеріне көшуі Қазақстан аумағындағы бірінші еврейлер - сарбаздар мен олардың ұрпақтары болды, 1867 жылы бекініске қала мәртебесін ұсынғаннан кейін, олар Верный (қазіргі Алматы) қаласында тұрған. 1870-шы жж. соңында еврей қауымы қалыптаса бастады. 1884 жылы. мамыр айында ашылған синагога кішкентай ағаш ғимаратта орналасқан. 1897 ж. Верныйда 99 еврейлер тұрса, қаламен бірге уезде — 177 еврей тұрды. 1910 жылы Верныйде 206 еврей, Ақтөбе облысында — 35, Ақмолада (қазіргі Астана) — 154. Еврейлер арасында көп дәрігерлер болды: А. Рязанский, Верныйда Қызыл Крест ауруханасың салдыртқан, М. Розенблюм және де басқалары. 1926 ж. Қазақстанда 3600 еврейлер тұрған, 1939 ж. — 19 200.1941-45 жж. көптеген еврейлер Қазақстан жеріне көшірілді, бірінші кезекте Алма-Ата қаласы болды. Олардың арасында атақты кинорежиссерлар, операторлар: Г. Рошаль, С. Эйзенштейн, Ю. Райзман (1903-91); Елдің батыс өңірлерінен келген еврейлер, Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүріп, жұмыс істеді. Олардың көпшілігі өнерінің дамуына көрнекті рөл ойнады, олардың ішінде: Е. Брусиловский —қазақ музыкалық өнердін негізін қалаушылардың бірі; П. Зальцман (1912-85), суретші, П. Филонов оқушысы, Қазақфильмдін бас суретшісі; 1959 ж. еврей халқының саны 28 мың, 1970 ж. — 27 700. 1948-53 жылдары, Қарағандыға, көптеген зиялы еврейлер жіберілген, олардың арасында: Н. Коржавин, аудармашы Ю. Айхенвальд (1928-93), ақын, математик А. Есенин-Вольпин (1924 ж. туған).1950-60-шы жылдары еврей халқының санының өсуі тың және тыңайған жерлерді игеру (1954-1960), өнеркәсіпті, ғылым және мәдениет дамыту мақсатымен жіберілген топтардың келуімен байланысты болды. Мәселен, Целинтрансстрой трестінің басқарушысы Л. Лямин, "Целинэнерго" бастығы В. Левин. Бірінші тың совхоздарың Лия Гольдберг, И. Пимштейн, С. Франк басқарды. Ақмола (Целиноград) — Ақмола ауыл шаруашылық институтының құрылуына белсенді қатысып, 1961-83 жылдары институт ректоры болған- профессор М. Гендельман. 1970-80-ші жылдары еврей халқының саны кішірейді. Көптеген еврейлер Израильге қайтты немесе АҚШ, Канада, Австралия және әлемнің басқа да елдеріне көшті. 1968-91 жылдары Қазақстаннан кеткендер 4 800 санына дейін жетті. Кейбір еврей отбасылары Ресей, әсіресе Мәскеу және Ленинград қалаларына көшіп кетті. 1979 ж. санақ бойынша Қазақстанда 23 500 еврейлер тұратын, ал 1989 жылы санақ бойынша — 19 900. 1980-шы жж. еврей саны өсе бастады. 1989 г. Алматыда "Шалом" еврей мәдени орталығы құрылды. 1990 ж. "Шалом" журналы шыға бастады. 1990-шы жылдары әр түрлі ұйымдар құрылды: Еврей қауымдастығы, "Дрор" (президенті А. Фиглин, 1948 ж.), "Маккаби", Бней-'Акива, Бней-Брит бөлімшелері. Алматыда еврей балабақшалары және мектептері ашылған. "Бет Исраэль" мәдени орталығы, мен Қазақстан—Израиль достық қоғамы құрылды.Еврей қауымының мәдени орталықтары Қазақстанның басқа да қалаларында құрылды.1993 ж. басында алматыда еврей мәдени орталығы ұйымдастырылған. 1994 ж. сәуір айында "Мехина" еврей мектебі ашылған. 1999 ж. халық санағына сәйкес Қазақстанда 6800 еврейлер тұрды. 2000-шы жылдары жетекші еврейскими ұйымдар: Қазақстанның Еврейлер конгресі (екк хаттамасы) және " Мицва" қауымдастығы. Оған қоса үш еврей газеті: "Давар", "Шалом", "Мабат" шығарылды. Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Теміртау, Излучинск, Семей және басқа да елді мекендерде еврей қауымдары жұмыс істейді. Еврей халқысына "Джойнт" көмектеседі, олар Қазақстандағы әр түрлі қайырымдылық орталықтарына көмек көрсетеді. ## Дереккөздер ## Еврей халқының қазақ жеріне көшуі Қазақстан аумағындағы бірінші еврейлер - сарбаздар мен олардың ұрпақтары болды, 1867 жылы бекініске қала мәртебесін ұсынғаннан кейін, олар Верный (қазіргі Алматы) қаласында тұрған. 1870-шы жж. соңында еврей қауымы қалыптаса бастады. 1884 жылы. мамыр айында ашылған синагога кішкентай ағаш ғимаратта орналасқан. 1897 ж. Верныйда 99 еврейлер тұрса, қаламен бірге уезде — 177 еврей тұрды. 1910 жылы Верныйде 206 еврей, Ақтөбе облысында — 35, Ақмолада (қазіргі Астана) — 154. Еврейлер арасында көп дәрігерлер болды: А. Рязанский, Верныйда Қызыл Крест ауруханасың салдыртқан, М. Розенблюм және де басқалары. 1926 ж. Қазақстанда 3600 еврейлер тұрған, 1939 ж. — 19 200.1941-45 жж. көптеген еврейлер Қазақстан жеріне көшірілді, бірінші кезекте Алма-Ата қаласы болды. Олардың арасында атақты кинорежиссерлар, операторлар: Г. Рошаль, С. Эйзенштейн, Ю. Райзман (1903-91); Елдің батыс өңірлерінен келген еврейлер, Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүріп, жұмыс істеді. Олардың көпшілігі өнерінің дамуына көрнекті рөл ойнады, олардың ішінде: Е. Брусиловский —қазақ музыкалық өнердін негізін қалаушылардың бірі; П. Зальцман (1912-85), суретші, П. Филонов оқушысы, Қазақфильмдін бас суретшісі; 1959 ж. еврей халқының саны 28 мың, 1970 ж. — 27 700. 1948-53 жылдары, Қарағандыға, көптеген зиялы еврейлер жіберілген, олардың арасында: Н. Коржавин, аудармашы Ю. Айхенвальд (1928-93), ақын, математик А. Есенин-Вольпин (1924 ж. туған).1950-60-шы жылдары еврей халқының санының өсуі тың және тыңайған жерлерді игеру (1954-1960), өнеркәсіпті, ғылым және мәдениет дамыту мақсатымен жіберілген топтардың келуімен байланысты болды. Мәселен, Целинтрансстрой трестінің басқарушысы Л. Лямин, "Целинэнерго" бастығы В. Левин. Бірінші тың совхоздарың Лия Гольдберг, И. Пимштейн, С. Франк басқарды. Ақмола (Целиноград) — Ақмола ауыл шаруашылық институтының құрылуына белсенді қатысып, 1961-83 жылдары институт ректоры болған- профессор М. Гендельман. 1970-80-ші жылдары еврей халқының саны кішірейді. Көптеген еврейлер Израильге қайтты немесе АҚШ, Канада, Австралия және әлемнің басқа да елдеріне көшті. 1968-91 жылдары Қазақстаннан кеткендер 4 800 санына дейін жетті. Кейбір еврей отбасылары Ресей, әсіресе Мәскеу және Ленинград қалаларына көшіп кетті. 1979 ж. санақ бойынша Қазақстанда 23 500 еврейлер тұратын, ал 1989 жылы санақ бойынша — 19 900. 1980-шы жж. еврей саны өсе бастады. 1989 г. Алматыда "Шалом" еврей мәдени орталығы құрылды. 1990 ж. "Шалом" журналы шыға бастады. 1990-шы жылдары әр түрлі ұйымдар құрылды: Еврей қауымдастығы, "Дрор" (президенті А. Фиглин, 1948 ж.), "Маккаби", Бней-'Акива, Бней-Брит бөлімшелері. Алматыда еврей балабақшалары және мектептері ашылған. "Бет Исраэль" мәдени орталығы, мен Қазақстан—Израиль достық қоғамы құрылды.Еврей қауымының мәдени орталықтары Қазақстанның басқа да қалаларында құрылды.1993 ж. басында алматыда еврей мәдени орталығы ұйымдастырылған. 1994 ж. сәуір айында "Мехина" еврей мектебі ашылған. 1999 ж. халық санағына сәйкес Қазақстанда 6800 еврейлер тұрды. 2000-шы жылдары жетекші еврейскими ұйымдар: Қазақстанның Еврейлер конгресі (екк хаттамасы) және " Мицва" қауымдастығы. Оған қоса үш еврей газеті: "Давар", "Шалом", "Мабат" шығарылды. Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Теміртау, Излучинск, Семей және басқа да елді мекендерде еврей қауымдары жұмыс істейді. Еврей халқысына "Джойнт" көмектеседі, олар Қазақстандағы әр түрлі қайырымдылық орталықтарына көмек көрсетеді. ## Дереккөздер
## Поляк халқының қазақ жеріне көшуі Польша халқы ең алғашқы қоныс аударған ұлттардың бірі болды. Олар Украина мен Белоруссиядан Қазақстанға қоныс аударды.1936 жылғы «Украинадағы қоныс аударушылар туралы» қаулы қабылданғаннан кейін, Украинадағы польша халқы Қазақстанға көшірілді. Қоныс аударғандар көбінесе Житомиров, Киев, Винниц, Кировоград облыс тұрғындарынан құрылды.Польша халқы 1939 - 1941 жылдар аралығында депортацияға қайта ұшырады. Бұл уақытта КСРО құрамына Батыс Украина мен Батыс Белоруссия қосылды. Олар Сібірге, Орта Азияға және Қазақстанға қоныс аударды. 1940 жылы бұрынғы польшалық офицерлер, полицейлер, түрме қызметкерлері, жандармдар, помещиктер, фабриканттар мен щенеуніктер Солтүстік – Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Талдықорған, Алматы, Жамбыл облыстарына қоныс аударды. Олардың арасында жаңа әлеуметтік топтар пайда болды: посадниктер мен босқындар. Посадниктер - Польшадан қоныс аударған, көбінесе Польша әскерінің қызметкерлері болған. Олар Польшада полиция қызметін атқарған. Сондықтан ҚСРО - да олар «халық жауы» болды. 1942 жылы Саратов облысындағы польша халқы депортацияға ұшырады. Олар Алматы облысына қоныс аударды. Соғыс соңында Польшалық қоныс аударушылар Польшаға ораламыз деп үміттенген еді. Алайда 1944 жылы Совет әскері Польша жеріне кіріп, Краев әскеріндегі партия қызметкерлері мен саясатшылар депортацияға ұшырады.Қарағанды облысындағы мемлекеттік мұрағаттан алынған ақпарат бойынша, Қазақстанға 104000 - ға жуық польшалықтар мен олардың отбасы өкілдері қоныс аударған болатын.Германия мен соғыс басталғаннан кейін Совет үкіметі мен Польша иммигранттық үкіметі арасында 1941 жылы 30 шілдеде дипломатиялық қарым - қатынасты қалпына келтіру және ҚСРО жерінде Польша әскерін құру жайлы келісім шартқа қол қойылды .Совет үкіметі азаматтықты ұлт бойынша белгіледі. Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядағы Польшалық азаматтықты тек нақты Польшалықтарға берілген болатын.Көп жылдар бойы Польша азаматтарын қамқорлыққа алу жайлы мәселе Құйбышевтегі Польша Республикасының елшілігінде талқыланбаған болатын. Кейін осы мәселе 1942 жылы талқыланғаннан кейін Қазақстанда 200 - ден аса қамқорлыққа алу ұйымдары пайда болды.Польша үкіметі мен Совет үкіметі арасында қарама – қайшылықтар пайда болғанда жағдай нашарлай түсті. Шынында да Польша елшілігі мыңдаған польшалықтардың өмірін сақтап қалды. Польшалықтар «еңбек әскеріне» шақырылды. Оларға көмір өндірісі саласындағы, металлургия саласындағы қара жұмысардан жұмыс орындары берілді. Соған қарамастан, Польшалықтар тағам өнімдерін табуда қиыншылытармен кездесті. Оларды нанмен қамтамасыз ету ауытқушылықтармен жүргізілді.Польша азаматтарының өмірінде қиыншылықтар пайда болғандықтан, Қазақстан үкіметі іс – шаралар тізбегін құрды. Сол арқылы польшалықтарға материалдық және әлеуметтік көмек берілді . Осы көмек бойынша, бір адамға 2 кг ұн, 1 кг дақылдар, 500 г май, 500 г кондитерлік өнім мен қант, 560 г тұз, 1 бөлік шаруашылық сабыны берілді. Әскерде қызмет ететін Польша азаматының отбасына зейнетақы берілген болатын. Осындай зейнетақы Қызыл әскеріндегі майданға қатысатын адамның отбасына берілген болатын. Сонымен қатар, әскерде қызмет ететін Польша азаматының отбасы тұратын баспанада жөндеу жүргізіліп, өмір сүру жағдайы жақсарған . 1956 жылы Польша азаматтарына қамқорлық аяқталып, оларды қайтадан бұрынғы мекен еткен жеріне қайтарған. Оларды теміржол арқылы жіберген. Бірақ, олардың бұрынғы жеріне қайтқысы келгендер ғана оралған. Қалғандары Қазақстанды жаңа Отаны деп санаған. Осылайша Польша халқының тарихы Қазақстан тарихына тұспа – тұс келген. ## Дереккөздер ## Поляк халқының қазақ жеріне көшуі Польша халқы ең алғашқы қоныс аударған ұлттардың бірі болды. Олар Украина мен Белоруссиядан Қазақстанға қоныс аударды.1936 жылғы «Украинадағы қоныс аударушылар туралы» қаулы қабылданғаннан кейін, Украинадағы польша халқы Қазақстанға көшірілді. Қоныс аударғандар көбінесе Житомиров, Киев, Винниц, Кировоград облыс тұрғындарынан құрылды.Польша халқы 1939 - 1941 жылдар аралығында депортацияға қайта ұшырады. Бұл уақытта КСРО құрамына Батыс Украина мен Батыс Белоруссия қосылды. Олар Сібірге, Орта Азияға және Қазақстанға қоныс аударды. 1940 жылы бұрынғы польшалық офицерлер, полицейлер, түрме қызметкерлері, жандармдар, помещиктер, фабриканттар мен щенеуніктер Солтүстік – Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Талдықорған, Алматы, Жамбыл облыстарына қоныс аударды. Олардың арасында жаңа әлеуметтік топтар пайда болды: посадниктер мен босқындар. Посадниктер - Польшадан қоныс аударған, көбінесе Польша әскерінің қызметкерлері болған. Олар Польшада полиция қызметін атқарған. Сондықтан ҚСРО - да олар «халық жауы» болды. 1942 жылы Саратов облысындағы польша халқы депортацияға ұшырады. Олар Алматы облысына қоныс аударды. Соғыс соңында Польшалық қоныс аударушылар Польшаға ораламыз деп үміттенген еді. Алайда 1944 жылы Совет әскері Польша жеріне кіріп, Краев әскеріндегі партия қызметкерлері мен саясатшылар депортацияға ұшырады.Қарағанды облысындағы мемлекеттік мұрағаттан алынған ақпарат бойынша, Қазақстанға 104000 - ға жуық польшалықтар мен олардың отбасы өкілдері қоныс аударған болатын.Германия мен соғыс басталғаннан кейін Совет үкіметі мен Польша иммигранттық үкіметі арасында 1941 жылы 30 шілдеде дипломатиялық қарым - қатынасты қалпына келтіру және ҚСРО жерінде Польша әскерін құру жайлы келісім шартқа қол қойылды .Совет үкіметі азаматтықты ұлт бойынша белгіледі. Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядағы Польшалық азаматтықты тек нақты Польшалықтарға берілген болатын.Көп жылдар бойы Польша азаматтарын қамқорлыққа алу жайлы мәселе Құйбышевтегі Польша Республикасының елшілігінде талқыланбаған болатын. Кейін осы мәселе 1942 жылы талқыланғаннан кейін Қазақстанда 200 - ден аса қамқорлыққа алу ұйымдары пайда болды.Польша үкіметі мен Совет үкіметі арасында қарама – қайшылықтар пайда болғанда жағдай нашарлай түсті. Шынында да Польша елшілігі мыңдаған польшалықтардың өмірін сақтап қалды. Польшалықтар «еңбек әскеріне» шақырылды. Оларға көмір өндірісі саласындағы, металлургия саласындағы қара жұмысардан жұмыс орындары берілді. Соған қарамастан, Польшалықтар тағам өнімдерін табуда қиыншылытармен кездесті. Оларды нанмен қамтамасыз ету ауытқушылықтармен жүргізілді.Польша азаматтарының өмірінде қиыншылықтар пайда болғандықтан, Қазақстан үкіметі іс – шаралар тізбегін құрды. Сол арқылы польшалықтарға материалдық және әлеуметтік көмек берілді . Осы көмек бойынша, бір адамға 2 кг ұн, 1 кг дақылдар, 500 г май, 500 г кондитерлік өнім мен қант, 560 г тұз, 1 бөлік шаруашылық сабыны берілді. Әскерде қызмет ететін Польша азаматының отбасына зейнетақы берілген болатын. Осындай зейнетақы Қызыл әскеріндегі майданға қатысатын адамның отбасына берілген болатын. Сонымен қатар, әскерде қызмет ететін Польша азаматының отбасы тұратын баспанада жөндеу жүргізіліп, өмір сүру жағдайы жақсарған . 1956 жылы Польша азаматтарына қамқорлық аяқталып, оларды қайтадан бұрынғы мекен еткен жеріне қайтарған. Оларды теміржол арқылы жіберген. Бірақ, олардың бұрынғы жеріне қайтқысы келгендер ғана оралған. Қалғандары Қазақстанды жаңа Отаны деп санаған. Осылайша Польша халқының тарихы Қазақстан тарихына тұспа – тұс келген. ## Дереккөздер
## Кәріс халқының қазақ жеріне көшуі Кәрістер Қазақ жеріне қоныстануды XIX ғасыр соңында бастады, КҚК бірлескен шешімі негізінде және Сталин мен балғалары қол қойған «Қиыр Шығыс облысының шекарасы аудандарынан Кәріс халқының көшіру туралы БКП (б) № 1428-326», 172 мың этникалық Кәріс Орталық Азия жаңа тұрғылықты Қиыр Шығыс шекаралас аудандарда елден шығарылған. Саяси бюросының шешіміне сәйкес (б) УГАК жапон тыңшылық алдын алу мақсатында «21 тамыз 1937 жылы №: P51 / 734... шекаралас аудандарда барлық Кәріс халқын шығару үшін». «Арал теңізі мен Балқаш көлінің және Өзбек КСР-і аудандарға Оңтүстік Қазақстан облысына қоныстаңдыру.Жапония әскерлері Қытай мен Корея, содан кейін жапон империясының бір бөлігі болды басып кірген. Депортациялау 7 шілде, 1937 фактісі талпындырған. Алайда, халық ретінде Кәрістер «дұшпанға көмектесу» атты алымдар алынады. Шығыс Қытай темір жол (20.09.1937 бастап ІІХК бұйрығымен) жапон мемлекеті бұрынғы азаматтары мен бұрынғы қызметкерлеріне ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.Ал 1983 халықтың айтуынша, Кеңес Одағының Кәрістер (350 мың адам) Өзбекстанда өмір сүрген. КСРО ыдырағаннан кейін, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстанның айырмашылығы ол актсіз мәжбүрлеп халықтарды қоныстандыру қабылданды. Өзбекстанда өмір сүріп Кәрістері және басқа да Кәрістер Ресейден, Қазақстаннан көшуді бастады.1937 жылдың күзінде Азаматтық соғыстан кейін этникалық белгілері бойынша КСРО-да депортациялау бірінші болды.Ұзақ уақыт бойы Қиыр Шығыстан Кәрістер тақырыбы депортациялау тыйым арасында қалды. Мұрағат көздеріне қол жеткізу өте қиын болды, себебі мұрағатқа мұқият қарады, оны зерттеуге рұқсат етілмейді. Жұмыстың жариялау естеліктері негізіне сүйенген. Соңғы жылдары, тарихшылар және публицист арқылы бұл мәселеге көбірек көңіл көрсетілетін. Соңында 1920 жылдан бастап, кеңестік басшылық Хабаровск өлкесі шалғай аудандарда Приморье шекаралық аудандарының Кәрістері қоныс жоспарларын құрады. Большевиктер партиясының жоғары органдары тиісінше 1927, 1930, 1932 жылы бұл мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, 25 ақпан, 1930 КОКП ОК Саяси бюросының Сталиннің төрағалығымен арнайы Қиыр Шығыс Кәрістері көшіру мәселесін талқылады. шешім, бәлкім, салдарынан Кәрістер кеңестік болды, бұл шын мәнінде, қабылданған жоқ. шамамен бір бес Кәріс Приморье азаматтық соғыс кезінде өз еркімен Қызыл Әскер мен партизан топтары большевиктер үшін күрескен.Ұлттық баспасөзде 1937 жылдың көктемінде Приморье Кәрістер және жапон шпионы-Кәрістер арасында жапон құлату туралы жарияланымдары пайда бола бастады. Бірақ жалпы алғанда, дұшпанға көмектесу кеңестік Кәрістер өздерінің үйден туралы шешім қабылданғанға тең. «Правда» газетінде наурыз 1937-23 жылғы, атап айтқанда, Кәріс-колхозшы Кәріс шпиона ұстау «Кәрістер - кеңестік азаматтар - жауы тануға үйренді» туралы жазған. Кеңес-Кәріс патриоты халықтың дұшпаны атанады. 4 қыркүйек, 1937 жылғы газеті «Известия», Көшірудің тапсырысынан кейін, жапон Кәріс шпион «шайқасы» Кәріс шекара қожалығының төрағасы екеуі хабарлады.Депортациялау ІІХК, 1937 жылы тіпті қуғын шабыс қарсы тұрды алдында ірі масштабты қуғын жүргізді. Революция кейінгі жылдары алға КОКП Кәріс халқының көшбасшылары құжаттар бар толығымен жойылды. Коминтерн барлық Кәріс бөлім жойылған және жоғары білімі бар Кәрістері аз болды. Қазірдің өзінде қоныс аудару кезінде ІІХК 2,5 мыңға жуық қашқан Кәріслікті қамауға алынды. Субъектісінің арасынан депортациялауға Кәрістерге көп назар аударылды. Қиыр Шығыс аумағында депортациялау бұйрық қабылданған дейін БКП басқармасының, Қызыл Әскер, соның ішінде қоғамның барлық секторларын және органдарға, ІІХК, зиялы және қарапайым азаматтарға қамтыған қуғын әр аумақта бірнеше толқындармен өтті. Жоғары лауазымды адамадарға қуғын-сүргіннің орынына, өзі өлтірді және олардың лауазымдарың Кеңес лауазымдарынан жылжып, Кәріс лауазымдарына аударды. Бұл жаңа бұйрықтарды орындау қатыгез түрде Кеңес адамдарымен жүзеге асырылды. ## Дереккөздер ## Кәріс халқының қазақ жеріне көшуі Кәрістер Қазақ жеріне қоныстануды XIX ғасыр соңында бастады, КҚК бірлескен шешімі негізінде және Сталин мен балғалары қол қойған «Қиыр Шығыс облысының шекарасы аудандарынан Кәріс халқының көшіру туралы БКП (б) № 1428-326», 172 мың этникалық Кәріс Орталық Азия жаңа тұрғылықты Қиыр Шығыс шекаралас аудандарда елден шығарылған. Саяси бюросының шешіміне сәйкес (б) УГАК жапон тыңшылық алдын алу мақсатында «21 тамыз 1937 жылы №: P51 / 734... шекаралас аудандарда барлық Кәріс халқын шығару үшін». «Арал теңізі мен Балқаш көлінің және Өзбек КСР-і аудандарға Оңтүстік Қазақстан облысына қоныстаңдыру.Жапония әскерлері Қытай мен Корея, содан кейін жапон империясының бір бөлігі болды басып кірген. Депортациялау 7 шілде, 1937 фактісі талпындырған. Алайда, халық ретінде Кәрістер «дұшпанға көмектесу» атты алымдар алынады. Шығыс Қытай темір жол (20.09.1937 бастап ІІХК бұйрығымен) жапон мемлекеті бұрынғы азаматтары мен бұрынғы қызметкерлеріне ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.Ал 1983 халықтың айтуынша, Кеңес Одағының Кәрістер (350 мың адам) Өзбекстанда өмір сүрген. КСРО ыдырағаннан кейін, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстанның айырмашылығы ол актсіз мәжбүрлеп халықтарды қоныстандыру қабылданды. Өзбекстанда өмір сүріп Кәрістері және басқа да Кәрістер Ресейден, Қазақстаннан көшуді бастады.1937 жылдың күзінде Азаматтық соғыстан кейін этникалық белгілері бойынша КСРО-да депортациялау бірінші болды.Ұзақ уақыт бойы Қиыр Шығыстан Кәрістер тақырыбы депортациялау тыйым арасында қалды. Мұрағат көздеріне қол жеткізу өте қиын болды, себебі мұрағатқа мұқият қарады, оны зерттеуге рұқсат етілмейді. Жұмыстың жариялау естеліктері негізіне сүйенген. Соңғы жылдары, тарихшылар және публицист арқылы бұл мәселеге көбірек көңіл көрсетілетін. Соңында 1920 жылдан бастап, кеңестік басшылық Хабаровск өлкесі шалғай аудандарда Приморье шекаралық аудандарының Кәрістері қоныс жоспарларын құрады. Большевиктер партиясының жоғары органдары тиісінше 1927, 1930, 1932 жылы бұл мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, 25 ақпан, 1930 КОКП ОК Саяси бюросының Сталиннің төрағалығымен арнайы Қиыр Шығыс Кәрістері көшіру мәселесін талқылады. шешім, бәлкім, салдарынан Кәрістер кеңестік болды, бұл шын мәнінде, қабылданған жоқ. шамамен бір бес Кәріс Приморье азаматтық соғыс кезінде өз еркімен Қызыл Әскер мен партизан топтары большевиктер үшін күрескен.Ұлттық баспасөзде 1937 жылдың көктемінде Приморье Кәрістер және жапон шпионы-Кәрістер арасында жапон құлату туралы жарияланымдары пайда бола бастады. Бірақ жалпы алғанда, дұшпанға көмектесу кеңестік Кәрістер өздерінің үйден туралы шешім қабылданғанға тең. «Правда» газетінде наурыз 1937-23 жылғы, атап айтқанда, Кәріс-колхозшы Кәріс шпиона ұстау «Кәрістер - кеңестік азаматтар - жауы тануға үйренді» туралы жазған. Кеңес-Кәріс патриоты халықтың дұшпаны атанады. 4 қыркүйек, 1937 жылғы газеті «Известия», Көшірудің тапсырысынан кейін, жапон Кәріс шпион «шайқасы» Кәріс шекара қожалығының төрағасы екеуі хабарлады.Депортациялау ІІХК, 1937 жылы тіпті қуғын шабыс қарсы тұрды алдында ірі масштабты қуғын жүргізді. Революция кейінгі жылдары алға КОКП Кәріс халқының көшбасшылары құжаттар бар толығымен жойылды. Коминтерн барлық Кәріс бөлім жойылған және жоғары білімі бар Кәрістері аз болды. Қазірдің өзінде қоныс аудару кезінде ІІХК 2,5 мыңға жуық қашқан Кәріслікті қамауға алынды. Субъектісінің арасынан депортациялауға Кәрістерге көп назар аударылды. Қиыр Шығыс аумағында депортациялау бұйрық қабылданған дейін БКП басқармасының, Қызыл Әскер, соның ішінде қоғамның барлық секторларын және органдарға, ІІХК, зиялы және қарапайым азаматтарға қамтыған қуғын әр аумақта бірнеше толқындармен өтті. Жоғары лауазымды адамадарға қуғын-сүргіннің орынына, өзі өлтірді және олардың лауазымдарың Кеңес лауазымдарынан жылжып, Кәріс лауазымдарына аударды. Бұл жаңа бұйрықтарды орындау қатыгез түрде Кеңес адамдарымен жүзеге асырылды. ## Дереккөздер
Тангайл (баңлаша টাঙ্গাইল) — Әкімшілік орталығы біраттас, Бангладеште орналасқан қала. ## Географикалық орналасуы Қала орталығының биіктігіі теңіз деңгейінен 12 метрде орналасқан. ## Демография Жылдар бойынша халық саны: ## Дереккөздер
Тарагандж (баңлаша তারাগঞ্জ, ағылш. Taraganj) — Әкімшілік бөлінісі біраттас Бангладештің солтүстігінде орналасқан қала. Қала алаңы 11,46 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша , қалада 11 599 адам тұрып жатқан, оның ішінде 52,67 % ерлер, әйелдер — тиісінше 47,33 %-ге тең. Қала тығыздығы  1 км²-ге 1000 адам. Халықтың сауаттылық деңгейі 29,8 % (Бангладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Тарагандж Мұрағатталған 26 қарашаның 2011 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Валерий Павлович Баранник (1922 - 2006) - кеңестік химик. ## Марапаттамалары * Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (10.06.1993) * Сталин сыйлығы (1946) * Қызыл ту ордені * Медальдар ## Сыртқы сілтемелер * Биографиясы
Әли Әжімұлы Әбішев (11.9.1962 жылы туған) – экономика ғылымның докторы (2000). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Гурьев педагогикалық институтында (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы (1986–1989) қызметтерін атқарды. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлкеттік университетінің аспиранты (1989), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, 1-проректор (1993–2005) қызметтерінде болды. 2005 жылдан Қазақ экономика университетінің ректоры. Әбішевтің 100-ден аса ғылым еңбегі жарық көрді. Әбішев Әли Әжімұлы - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры. 1962ж. 11 қыркүйекте туған. 1986 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді; 1993 ж. Ленинград мемлекеттік университетін, 1993 ж. Кентукки штатының университетін (АҚШ) бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2002). Ресей Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі. 1979-81 жж. - Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытының шәкірті, 2 разрядты токарі. 1986-89 жж. - Гурьев педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы. 1989-93 жж. - Ленинград мемлекеттік университетінің аспиранты. 1993-2005 жж. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, деканы, 1-ші проректоры. 2005 жылдан - Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры. «Отан» РСП мүшесі. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚР білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатын алған. «Технологиялық өндіріс тәсілінің қозғалысы» (1998), «Технологиялық өндіріс тәсілінің әлеуметтік-экономикалық эволюциясы» (2000) атты монографияның; экономикалық ғылым теориясы мен методологиясы проблемалары бойынша 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Іскерлік, айқындық, шапшаңдық». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Командаға лайықты жұмыс істей білушілік. Көшбасшылық қасиеттер. Кәсіпқойлық». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазіргі Қазақстанның қаржы аясы - ел экономикасының ең ілгері дамыған секторы». ## Дереккөздер
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан, 1959, Шымкент) — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономика ғылымдарының кандидаты. ## Қысқаша өмірбаяны * Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген. * Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған. * ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.); * ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы * Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған. * Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі * Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған. * Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.) * Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.) * ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.) * «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.) * Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1998 ж.) * Қостанай қаласының әкімі (1998 ж.) лауазымдарында болды. * «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті (2000 ж.) * «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры (2000 ж.) * «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң президенті (2001 ж.). * Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды. * 2007 ж. тамызына дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі. * 2007 ж. тамыздың 28 — Түркістан облысының әкімі. * 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі. * 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. ## Марапаттары * «Құрмет» (2005) ордені * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы. ## Отбасы Үйленген. 2 қызы, ұлы бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘШІМ Нұрғали Сәдуақасұлы
Арсланбек Сұлтанбеков (23 сәуір, 1965 ж. д.к.) — Түркі әлемінде домбырада өнер көрсетуімен танымал ноғай халық жырауы, домбырашысы, әрі ақыны. ## Өмірбаяны Арсланбек Сұлтанбеков 1965 жылы, 23 ақпанда, Қарашай-Черкес автономиялы облысында (ол кезде Совет Одағы). Ол мектепті 1983 жылы бітірді. 1985 жылға дейін әскери борышын Архангельск облысында өтеді. 1985 жылы классикалық гитара сыныбы бойынша музыка мектебін тәмамдады. 1989 жылы Ноғай саз тобын құрып, Nogay Keşeler (Ноғай түндері) атты тұңғыш CD альбомын шығарды. Сол жылы Қарашай-Черкес Республикасының бардтар (ақындар) сайысында бірінші орынды жеңіп алды. 1994 жылы "Қарашай-Черкес Республикасының Халық әртісі" және "Республиканың ең көркем даусы" атақтарына ие болды. Ол өзі зерттеген Шалкиіз Тіленшіұлы, Асан қайғы Сәбитұлы, Қазтуған Сүйінішұлы және Доспамбет жырау секілді XV-XVII ғғ ақындарының жырларына ән жазды. 1997 жылы Санкт-Петербургте Nogai El (Ноғай елі) атты екінші CD альбомын жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1997 жылы ол Мәскеуде өткен Түркі халықтары фестиваліне қатысты. Арсланбектің әндерінің бірі "Фестиваль әні" номинациясын жеңіп алды. 2004 жылы Арсланбек Сұлтанбеков Қазақ елінің елордасы – Астанаға көшіп барды, мұнда ол Қазақстанның президенттік оркестрінде өнер көрсетеді. 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер конкурсында екі бірдей жүлдені ұтып алды. 2008 жылы ол Қазақстанда жүріп, өзінің Ащы су (Aşşı Su) атты тағы бір CD альбомын жарыққа шығарды. Отбасылы, бір ұл, бір қызы бар. ## Дискографиясы * Ноғай түндері (Nogay Keşeler) (1992) * Ноғай елі (Nogay El) (1998) * Ащы су (Aşşı Su) (2008) ## Сыртқы сілтемелер * Facebook парақшасы * Биографиясы  (түрік.) * Арсланбек Сұлтанбеков: Ноғайлар алтын берсе де Атамекенінен кетпейді (видео) Мұрағатталған 3 маусымның 2016 жылы. ## Дереккөздер
Байқоразов Айтбек (04.11.1946, Жамбыл қаласы -12.09.1998, сонда) - инженер-экономист, өндіріс ұйымдастырушысы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген (1970). ## Еңбек жолы * 1970-72 ж. Облыс орталығындағы екінші шарап өндіру зауытында аға экономист * 1972-75 ж. Спирт-арақ комбинаты техникалық бөлімінің инженер-конструкторы * 1977-85 ж. Көкшетау арақ-шарап зауытының директоры * 1985-87 ж. Республикалық «Қазспиртпром» бірлестігі бастығының орынбасары * 1987-89 ж. «Алматы Пепсикола» зауытының директоры * 1989-98 ж. Жамбыл спирт-арақ комбинантының бас директоры, " Тараз " АҚ қоғамының президенті болып қызметтер атқарған. «Тараз» футбол командасының президенті болған белгілі меценат. Футболдан Байқоразов атындағы дәстүрлі облыстық турнир өтіп тұрады. ## Дереккөздер
Жаңалық — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстікке қарай 51 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жүкей — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Үлгі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Жөкей көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы (1905, қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарабұлақ селосы — 1989, Алматы) — көрнекті педагог, педагогика ғылымы докторы (1966), профессор (1967), КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі (1967),Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1931 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін Қазақ ауыл шаруашылық институтында ассистент, химия кафедрасының меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1940 ж. директоры, 1941 — 55 ж. Қазақ КСР-ының Оқу министрі, 1955 — 63 ж. Қазақ мемл. ун-тінде проректор, педагогика кафедрасының меңгерушісі, 1963 — 74 ж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 80-нен астам ғылыми еңбегі бар. Ленин ордені (1945), “Құрмет белгісі” (1960), Еңбек Қызыл Ту ордендерімен (1971) марапатталған.Шығ.: Қазақ совет мектебінің тарихы жөніндегі очеркі, А., 1958; Қазақ совет мектебінің тарихы, А., 1967.С. Қалиев
Жүкей — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Сарыөзен ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2010 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 185 км-дей жерде. ## Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 116 адам (62 еркек және 54 әйел) болса, 2009 жылы 24 адамды (15 еркек және 9 әйел) құрады. ## Дереккөздер
Кан Де Хан - Социалистік Еңбек Ері (1957 жыл), ауыл шаруашылығының озаты. 1912 жылы Ресейдің Приморье өлкесі, Надеждин ауданы, Речное селосында туған. ## Еңбек жолы * 1939 жылдан КОКП мүшесі. * Қазақстанға 1942 жылы келген. * 1944-1976 жылдары Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Шортанды ауданына қарасты "Қазақстанның 18 жылдығы" атындағы колхозды басқарды. Колхозды жоғары рентабельді үлгілі шаруашылыққа айналдырып, экономикалық жағынан дамытуға көп еңбек сіңірді. ## Жетістігі * 7-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. * ауыл шаруашылығының озаты. * Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының бір көшесі Кан Де Хан есімімен аталады. * Кан Де Хан туралы "Имя в памяти потомков..." атты деректі фильм түсірілген. ## Наградалары * 2 мәрте Ленин ордені * Октябрь революциясы ордені * Социалистік Еңбек Ері (1957) * Медальдар ## Дереккөздер
Майлысор — Ертіс алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданында, Заозёрный ауылының оңтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 230 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 8,3 км2, ұзындығы 4,3 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 13,1 км. Негізенен қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. ## Жағалау сипаты Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жайпақ. Шығысы мен оңтүстігінде қамыс шоғырлары қалың өскен. Оңтүстік-батысындағы шағын көлден шығатын қыларна Майлысоосрға жетеді. Шығысында алтын өндіретін №9 шахта орналасқан. Жағалауы - шабындық. ## Дереккөздер
Қарағай (2005 ж. дейін – Сосновка) — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Макинка ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарасор — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Кеңащы ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2008 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстікке қарай 19 км-дей жерде, Қарасор көлінің оңтүстігінде орналасқан. ## Халқы Тұрғылықты халқы жоқ (2009).
Қаратал — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Макинка ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстікке қарай 48 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Карловка — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Үлгі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде, Жөкей көлінің оңтүстік-батысында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996). Өнер жолын Ташкент қаласындағы филармонияда ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған. ## Өмірбаян 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан Роза Бағланованың әкесі Тәжібай бақуатты кісі болған. Әуелі татар қызы Мәриямға үйленген. Кейін Күндей деген шешесі ер адамға ізін жалғастыратын ұрпақ керек деп, екінші рет Ақкүріш деген қазақ қызын алып береді. Екі әйелі қатар босанып, Мәриямнан Ыдырыс деген ұл, Ақкүріштен Роза дүниеге келді. Аумалы-төкпелі кезеңде Тәжібай отбасы Ташкентке қоныс аударады. Роза Бағланова тетелес бауыры Ыдырыстың әскерге кеткенін ғана біледі. Содан ол хабарсыз кеткен. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 2011 жылы 8 ақпанда Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды. ## Еңбек жолы Мектеп бітірген соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді. Ташкентте жүргенде оның ерекше дауысы бірден көзге түседі. "Үйдің тіршілігін жасай жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндеткен қыздың даусын естіп, өзбек филармониясының директоры "Ән айтқан кім?" деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан сол Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым. Одан соң 1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті", - дейді Роза Бағланова бір сұқбатында. Сол ансамбльмен Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. Бірақ ол барлық концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. Бір күні Өзбекстандағы керемет әнші қазақ қызы туралы Жұбан Молдағалиев естиді. Роза Бағланованың Отанына оралуына тікелей себепші болған осы кісі. Ол кезде Жұбан Молдағалиев Москвада Жоғарғы партия мектебінде оқып жүрген. Қазақ ақынының қолдауымен 1949 жылы Роза Бағланова елге оралады. Одан кейін де әкесіндей боп, қызға қамқорлық танытып отырған. Будапештте өткен ән жарысына да Розаны ілестіруге Жұбан Молдағалиев тікелей атсалысады. Роза Бағланова 1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілерінің ІІ-конкурсының дипломанты, 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің ІІ-Бүкілдүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды. Осында КСРО елінің атағын асырып, "Ах, Самара-городок" әнін айтып, Роза Бағланова бас бәйгені қанжығалайды. Осы сапардан оралғанда ол өзін Сталин шақыртып жатқанын естиді. Жалпы, ол кісінің қабылдауында әнші үш рет болыпты. Әншінің жанына жара салған жалған сөз Расында Роза Бағланованың сұлулығына еліткен бір Хрущев емес, олардың қатарында шетелдің мемлекет басшылары, маршалдар, генералдар, хатшылар, колхоз председательдері, совхоз директорлары, шахтерлар, қарапайым азаматтар да болған."Әскери атақты қолбасшыларды майдан даласында көрдім. Маршалдар - Жуков, Малиновский... Бәрі де әніме, үстімдегі қазақтың қынама бел жарасымды ұлттық киіміне қызықты, "дала қызғалдағына ғашық болдық" деді әскер басшылары. Айтылды, өтті, кетті", - деп еске алады өмірінің бұл арасын әнші. Пластикалық отаға қатысты алып-қашпа сөздер Роза Бағланованың жанын ауыртыпты. Әнші ол отаны жетіскеннен жасатпағанын бір сұқбатында былай деп айтып береді:"1944 жылы жауынгерлерге концерт қойып жүргенде, майдан даласында бетімді снарядтың жарықшағы жанып өтіп, көзіме зақым келді. 1979 жылы екі көзім бірдей көрмей қалды. Сол жылы жоспарлы Павлодар қаласындағы концертімнен де қалмадым. Сахнаға жетектеп шыққан адамдар куә. Алдымен Жаратқанның, содан соң дәрігерлердің құдыретімен жанарымды сақтап қалдым. Көпшілікке топырақ шаша алмайсың, көзін әдемілеймін деп пластикалық ота жасатып, соқыр бола жаздапты деп жұрт гуілдеп жүр енді", - деп ренжіген Бағланова. ## Әндері «Әдемі» — Әні Е. Хасанғалиевтікі, сөзі Ә. ТәжібаевтікіӘншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, бірнеше рет күйтабаққа жазылған. ## Әншіге құрмет * Әйтеке би кентіндегі орталық көшеге және мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді. * 30 мамыр 2015 жыл. Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Роза Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш-бюсті қойылды. Роза Бағланова мүсінінің авторы – Қазақстан Республикасының халық мүсіншісі, өнер қайраткері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Биіктігі – 1 м. 42 см, тұғырының биіктігі – 2 м., ені – 97 см болатын бюст қоладан құйылып, тұғыры мрамормен қапталған. * 2022 жылдың 15 сәуірінде Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ескерткіш ашылды. Медеу ауданында биіктігі 4,8 метр қоладан жасалған ескерткіш орнатылды. Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орналасқан. ## Марапаттары * «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі * «Еңбек Қызыл Ту» ордені * «Ленин» ордені * «Шапағат» медалі * «Халықтар достығы» ордені * «Құрмет белгісі» ордені * «Отан» ордені ## Дереккөздер
Кеңащы — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Кеңащы ауылдық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қоғам — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Макинка ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Байшонас ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. Құрамына Байшонас ауылы кірді. Орталығы – Байшонас ауылы болды. ## Таратылуы 2013-14 жылдары округ орталығы әрі жалғыз елді мекен - Байшонас ауылы Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілуіне байланысты округ те таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ бойынша округте 1827 адам тұрды. ## Дереккөздер
Құдабас, Көдебас — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-дей жерде. Ауыл жанынан Қарасу өзені ағады. ## Халқы ## Дереккөздер
Доссор кенттік әкімдігі — Атырау облысы, Мақат ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Доссор кенті. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 13806 адамды (6842 ер адам және 6964 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тасшалқар (2018 жылға дейін — Невское) — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Донской ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан солтүстікке қарай 21 км-дей жерде, Тасшалқар көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Мақат кенттік әкімдігі — Атырау облысы, Мақат ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Мақат кенті. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 13837 адамды (6857 ер адам және 6980 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Сәуле — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Бірсуат ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ескене ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. Құрамына Ескене ауылы кірді. Орталығы – Ескене ауылы болды. ## Таратылуы 2013-14 жылдары округ орталығы әрі жалғыз елді мекен - Ескене ауылы Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілуіне байланысты округ те таратылды. ## Халқы 2009 жылғы санақ бойынша округте 528 адам тұрды. ## Дереккөздер