text
stringlengths
3
252k
Жалпақ – Қазақстандағы ескі қоныстар тобы. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. 1958 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологялық-этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысының нәтижесінде неолит дәуірінің мәдениетін, ол кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысын сипаттайтын құмыра ыдыстар, тастан жасалған пышақтар, мыс сынықтары, садақ жебелері, т.б. табылды. Бұған қарағанда, қазіргі Қызылқұмның Жаңадария арнасын б.з.б. 4–3-мыңжылдықтарда балық аулап, жеміс өсірген тайпалар мекендеген. ## Дереккөздер
Сабыр Айтхожин (29 наурыз 1895, бұрынғы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі - 19 ақпан 1938, Шымкент қаласы) — тұңғыш қазақ журналистерінің бірі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. * 1919 жылы Үфі қаласындағы "Ғалия" медресесін бітірген соң, Көкшетау, Омбы, Орынбор қалаларындағы халыққа білім беру бөлімдерінде нұсқаушысы болып жұмыс істеді; * 1920 жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік ұлттық съезінің жұмысына қатысты. Омбыда "Кедей сөзі" газетінде редактор; * 1921-22 жылдары РКП Ақмола уездік комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды; * 1922-25 жылдары Петропавлда губкомның "Бостандық туы" газетінің редакция алқасын басқарады; * 1925 жылғы қаңтарда Орынбор қаласында өткен Кеңестердің 4 Бүкілқырғыздық съезіне делегат болды. 1925 жылдан Алматыда тұрып, өлкелік комитеттің тапсыруымен губкомның "Тілші" ("Жетісу") газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. "Қосшы" одағының төрағасы қызметін қоса атқарды. БКП Жетісу губкомының бюро мүшелігіне сайланды, өлкелік 4 партия конференциясының делегаты болды; * 1927 жылы ҚазАКСР Кеңестері 4 съезінің делегаты, Қаз ОАК мүшелігіне кандидат болып сайланды; * 1931 жылы Қаз АКСР Халком Кеңесінде жауапты хатшы, одан кейін іс басқарушысы қызметінде болды; * 1935 жылы – Қаз АКСР-дің 15 жылдығына арналған ҚазОАК мерекелік сессиясының делегаты; * 1936 жылы Айтхожин Мирзоян қаласында (қазір Тараз қ.) аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып жүріп, 1937 жылы қазанда тұтқындалды. 1938 жылы 19 ақпанда атылды. 1957 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Красивое — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Красивое ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Раздольное — Ақмола облысы Есіл ауданы, Свободный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Речное — Ақмола облысы Есіл ауданы, Қаракөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Байкенов Райысхан (1906-1991), актер. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1944). 1935 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Шымкент облыстық қазақ драма театрында қызмет істеді. Байкеновтің актерлік өнерінде елеулі із қалдырған рөлдері Әуезовтің пьесалары негізінде қойылған спектакльдермен тығыз байланысты. Ол әккі карт Қыдыштың («Түнгі сарында»), орыс азаматы Сергейдің (Әуезов пен Әуезов Тәжібаевтің «Ақ кайыңында»), Кебей бидің («Еңлік - Кебекте»), қызу қанды Қобыланды батырдың («Қарақыпшақ Қобыландыда») сахналық тұлғаларын өзіне тән суреткерлік шеберлігімен нанымды, мағыналы етіп сомдады. ## Дереккөздер
Свободное — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Свободный ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Байкенов Нұрлы (1.1.1915, Ресей, Омбы облысы Омбы ауданы Трусовка селосы — 13.8.1991, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1962). Омбы педагогикалық институтын (1936), Мәскеу әскери-саяси академиясын (1952) бітірген. Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. 1940 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылған. 1941—1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, ротаның саяси жетекшісі, корпус саяси бөлімінің инспекторы болған. 1948—1958 жылдары Түркістан әскери округында полк, кейін дивизия командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары, бастығы, 1958—1960 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссариаты саяси бөлімінің бастығы, 1960—1980 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссары болды. 1980 жылы зейнетке шыққан. 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” ордендерімен және медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
Тасоба — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красивое ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 293 адам (139 ер адам және 154 әйел адам) болса, 2009 жылы 5 адамды (4 ер адам және 1 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Байкенов Гүлжан Ғаусылқызы (1963 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (2004). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылым, аға ғылыми қызметкер (1981–2003), 2004 жылы Органикалық синтез және көмір химиясы институтында, жетекші ғылыми қызметкер болды, ал 2005 жылдан Қазақстан–Ресей университеті проректорының кеңесшісі болып жұмыс істейді. 2003 жылы «Синтез, строение и свойства новых полуфункциональных интрил-ацетилен-, фосфор-и серусодержащих производных некоторых алколоидов и их синтетических аналогов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Байкенов 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
Мырзабек Исполұлы Бәйкенов (1955 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (1999), профессор (2003). ## Өмірбаяны * Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1979). * Қазақстан Ғылыми Академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтындаинженер, кіші ғылыми қызметкер (1983–1985)аға ғылыми қызметкер (1985–1995)зертхана меңгерушісі болды (1996–1999). * инженер, кіші ғылыми қызметкер (1983–1985) * аға ғылыми қызметкер (1985–1995) * зертхана меңгерушісі болды (1996–1999). * 2000 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектері * 1997 жылы «Каталитическая гидрогенезация угля и высоковязкой нефти» деген тақырыпта докторлық диссертатциясын қорғады. * 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер
ЖАМАНБАЕВ Қадыр (18.8.1914, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақкүйік ауылы – 15.9.1986, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1973), профессор (1979). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.ҚазПИ-ді (1938, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Еңбек жолын ауданы халық ағарту бөлімінде хатшы, Жаңақорған кентінде бастауыш мектепте мұғалім (1932–34) болып бастады. 1938 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық училищесінде оқытушы болды. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы халық ағарту бөлімінде меңгеруші, орта мектеп директоры (1941–42) қызметтерін атқарды.1952 жылға дейін Жаңақорған ауданы кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі болды. Қызылорда педагогика институтының (1952–54, қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) ректоры, Ақтөбедегі педагогика және медицина институттарында кафедра меңгерушісі (1954–58). Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының (1958–62) және Целиноград педагогикалық институтының ректоры (1962–74), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1974–76), ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1976–86) қызметтерін атқарды. «Исторический опыт по развитию высшей школы в Казахстане (1917–1970 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Красногор — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красногор кенттік әкімдігіне қарасты кент. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Есіл қаласының солтүстігінде 35 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ярославка — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красивое ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Курское — Ақмола облысы Есіл ауданы, Двуречный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Есіл қаласының оңтүстігінде 22 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ауанов Мырзахмет Қожахметұлы (1944 жылы туған, Жаңақорған кенті) – қаржыгер. Алматы халық шаруашылық институтын (Қазақ экономика университетін) бітірген (1966). 1966 – 94 жылы Қаржы министрлігінде экономист, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, қаржы министрінің орынбасары, 1994 жылдан Қазынашылық департаментінің бастығы, 1995 жылдан Қаржы бақылау комитетінің төрағасы, 1999 жылдан Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрінің орынбасары.Ауған соғысына қатысушылардың Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі, 2000 жылы құрылған. Төрағасы – Ауған соғысының ардагері Қ.Баймаханов. Алғашқы құрылған кезден бастап бірлестік ардагерлерге қолдау көрсету мен көмек беру мақсатында жұмыстар жүргізіп келеді. 2005 жылы ұйым облысы Ішкі саясат департаментімен бірлесе отырып бейбіт уақытта әскери қақтығыстарда қаза тапқан жауынгерлер мен азаматтық борышын өтеген жауынгерлерге арналған «Тағзым» атты еске алу кітабын шығарды. 1, 11, 173, 212, 253 орта мектептерде қаза тапқан жауынгерлерге мемориалды ескерткіш тақталар орнатылды. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысы ардагерлері оқу орындарында, жұмысшы ұжымдарында кездесулер, мәдени, спорттық шаралар өткізіп тұрады. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, I-том
Жұмаділ Жаңабайұлы Байкөншеков (8 шілде 1947 жылы туған,Жамбыл облысы Тараз қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан Ғылыми Академиясының академигі (2003). ## Өмірбаяны * Қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген (1971) * осы университте инженер, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, доцент (1971–1980) * 1980–1989 жылы Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі. * Дрезден техникалық университетінде (1989–1999 Германия) және Мидлсекс университетінде (1996, Англия) ғылыми-зертханалық жұмыстарын жүргізді. * Механика және машинатану институтында зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары (1991–1997) болды. 1997-2002 жылдары осы институттың директоры. * 2001 – 2002 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Машина жасау, технология және экология институтының директоры * 2002 жылдан Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) ғыл. істер жөніндегі проректоры. ## Ғылыми жұмыстары Негізгі ғылым еңбектері механизмдер мен машиналар, роботтар мен манипуляторлар механикасы теориясына арналған, мұнай-газ құрал-жабдықтарын жетілдірумен айналысады. Ол манипуляциялық роботтарды зерттеу мен жобалауға байланысты жаңа ғыл. бағытты құрды. Ол жоғары класты механизмдерді талдаудың және жинақтаудың сандық тәсілін тапты. Соның нәтижесінде жаңа негіздегі жүк көтергіш және манипуляциялық құрылғылар жасалды. * 300-ден аса ғыл. жұмыстардың авторы, олардың ішінде 15 монография мен оқу құралдары, Ұлыбританияның, Германияның, Италияның, Францияның, Польшаның патенттерін қоса есептегенде 70 патенті бар. * Машиналар мен механизмдер теориясы бойынша 4 – 10 Бүкілдүниежүз. конгрестерде (Ұлыбританияның Ньюкасл қ., 1975, Канаданың Монреаль қ., 1979, Үндістанның Нью-Дели қ., 1983, Испанияның Севилья қ., 1987, Чехияның Прага қ. 1991, Италияның Милан қ., 1995, Финляндияның Оулу қ., 1999) және басқа да халықар. конференцияларда машина мен механизмдер теориясы мен роботтық текхника жайында баяндама жасады. ## Қоғамдық жұмыстары * Машиналар мен механизмдер жөніндегі халықар. федерацияның қазақстандық к-тінің және докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы. * 7 ғылым докторын, 17 ғылым кандидаттарын дайындады. ## Марапаттары * Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980) * Халықаралық және Ресей инженерлері одағының В.Т.Шухов атындағы алтын медалімен марапатталған (1992). ## Дереккөздер
Әбілқайыр Баймолдин (1909, Павлодар облысы Аққулы ауданы Тақыр ауылы — 4 қаңтар 1944, Невель) — әскери қайраткер, полковник (1944). ## Өмірбаяны * Жоғары офицерлік атты әскер мектебін * Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітірген. * Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. * 1941 жылы 22 желтоқсаннан бастап Чкалов (қазіргі Орынбор) қаласында полк командирі, 1942 жылы 5 мамырдан полк комиссары болды. Невель қаласын азат етуге қатысып, оның бірінші әскери коменданты болып бекітілді. ## Марапаттары * Екі рет Қызыл Ту * Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Есте сақтау * Невель қаласындағы бір көшеге * Тақыр аулындағы мектепке * бұрынғы “Восточный” кеңшарына оның есімі берілген. ## Дереккөздер
Шәкенбай Байназаров - 1930-2002 жылдар аралығында өмір сүрген. 1956 жылы Қазақ медицина институтының емдеу бөлімін бітірген. 1956-1957 жылдары Маңғыстау аудандық туберкулез диспансерінің бас дәрігері, 1957-1964 жылдары Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, 1964-1982 жылдары "Тұщыбек" санаториінің бас дәрігері, 1982-1991 жыл аралығында аудандық емхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1961 жылы "Құрмет белгісі", 1970 жылы "В.И.Лениннің туғанына 100 жыл" мерекелік медальмен, 1978 жылы "Еңбек Қызыл Ту" орденімен наградталған. Жоғарғы категориялы рентгенолог-дәрігер. 1963 жылы "СССР Денсаулық сақтау ісінің озаты" төсбелгісімен марапатталған. 1966 жылы "Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігер" атағы берілген. "Тұщыбек" санаториінің ашылуын ұйымдастырған басшылардың бірі және бірінші бас дәрігері. 1957 жылы Москвада өткен фтизиатр дәрігерлердің 6 съезінің делегаты болды. 2002 жылы "Маңғыстау ауданының құрметті азаматы" атағы берілді. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту * «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Приишимка — Ақмола облысы Есіл ауданы, Двуречный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан оңтүстікке қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Атамекен — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Атамекен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы 2007 жылы Өмірзақ ауылына қарасты "Жалын", "Атамекен", "Арай", "Қаламқас", "Шағала", "Арман", "Көктем", "Тамшалы", "Туған ел" және "Болашақ" тұрғынжай алаптарының негізінде құрылған. ## Инфрақұрылымы Ауылда 2 мектеп бар. Ауыл тұрғындарына 1 жедел жәрдем, 2 БМСККО орталығы қызмет көрсетуде. Ауылда мәдениет үйі және аудан әкімі қолдауымен ашылған Атамекен аула клубы жұмыс жасайды. ## Ауыл шаруашылығы 2016 жылға қарай ауыл бойынша мал бас саны: ірі қара мал – 70, қой- ешкі 435, жылқы – 5, түйе – 4, шошқа –97 құрайды. ## Дереккөздер
Атамекен — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Атамекен ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 24 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылды Достық каналының бір тармағы кесіп өтеді. Ауылдың батысында Жетісай-Шардара тас жолы бар. ## Халқы Халқының басым бөлігі қазақтар. Олардан басқа өзбектер, тәжіктер, орыстар тұрады. ## Дереккөздер
Атамекен — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 625 адам (316 ер адам және 309 әйел адам) болса, 2009 жылы 580 адамды (299 ер адам және 281 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * Болашақ көшесі * Достық көшесі * Ы. Алтынсарин көшесі ## Дереккөздер
Орловка — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Орлов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Есіл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Атамекен — Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Атамекен (2002 жылға дейін – Совхозное) — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, Қазақстан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Тасқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, 1-ші Шежін өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1146 адам (563 ер адам және 583 әйел адам) болса, 2009 жылы 936 адамды (468 ер адам және 468 әйел адам) құрады. ## Ауыл көшелері * А. Иманов көшесі * Бейбітшілік көшесі * Жеңіс көшесі * М. Мәметова көшесі * С. Сейфуллин көшесі * Тәуелсіздік көшесі * Ы. Алтынсарин көшесі ## Дереккөздер
Мүр көбелек (лат. Geometridae) – қабыршақ қанаттылар тұқымдасына жатады. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда кездесетін 15 мыңдай түрі белгілі. Қанатын жайғанда ұзындығы 13 – 50, кейде 80 мм-ге дейін жетеді; қанаттары жалпақ, қоңыр сұр, сарғыш түсті, ірілі-ұсақты жолақтармен көмкерілген, кейбіреулері өте ашық ала-құла түстерге боялған. Кейбір түрінің тұмсығы болмайды. Мүр көбелектерде жыныстық диформизм анық байқалады: жылдың салқын кезінде пайда болған көбелектердің аналықтары қанатсыз немесе жетілмеген қанаты болады. Бұлар негізінен кешқұрым, не түнде белсенді тіршілік етеді. Қуыршаққа айналарда топыраққа, қураған ескі жапырақ арасына жасырынады немесе пілләға оранып, ағаш діңіне бекінеді. Көбінесе қуыршақтары, кейде жұлдызқұрттары мен жұмыртқалары қыстап шығып, көктемде ұша бастайды. Мүр көбелектердің көпшілік түрі – орман және жеміс ағаштарына зақым келтіреді. Мүр көбелекке қарсы ағаштарға инсектицидтер бүркіп, көктемде және күзде ағаш түбін қопсытады. Қазақстанда шығыс аймақтарда Мүр көбелек жиі кездеседі, 1 түрі – мамықты хеймоптена (Cheimoptena pennigera) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды. ## Топтың тарихы 1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. ## Шығармашылығы Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері (“Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б.), халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені” — Е.Хасанғалиев; “Алатау”, “Куә бол” — Н.Тілендиев, “Жыр жазамын жүрегімнен” — Ұ.Жұбанов; “Шофер келді қырманға” — С.Мұхамеджанов, т.б.), сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары (“Той жыры”, “Күт мені” — Сүлеев; “Қайдасың” — Молдабеков; “Қуанышым менің”, “Туған жер” — М.Құсайынов) орын алды.Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды. Танымал әндері * Бәрінен де сен сұлу * Ты — моя мечта * Куә бол * Той жыры * Құдаша * Дударай * Туған жер * Сұлу қыз * Назқоңыр * 16 қыз * Қарлығаш * Жанарым * Ахау бикем * Ақ сиса * Алатау * Алматы түнi * Арал * Қайдасың * Су тасушы қыз * Шофер келеді Қырманға * Ауылың сенің іргелі * Қуанышым менің * Ләйлім-шырақ * Бойжеткен * Ғашықтар әні * Жыр жазамын жүрегімнен * Сағындым сені * Күт мені * Әпитөк * Бақытқа барар жолда * Бетпак Дала * Ахау бикем * Аяулым * Қыздар-ай * Сен менің ертегімсің * Айгөлек * Гүл қала * Ғашықтар әні * Далам менің ## Топ құрамы ## Дискографиясы Альбомдары * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ 0004363-4 * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003443-4 * 1973-ВИА «Дос-Мукасан» — ГД-0003445-6 * 1976-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-07677-78 * 1980-ВИА «Дос-Мукасан» — СМ00 791, (компакт-кассета) * 1983-ВИА «Дос-Мукасан» — С60-19101-009, Компиляциялары * 1972 — 33ГД-0002911 Кругозор 1972 N5 (11) Первый оттиск. Казахские молодежные ансамбли «Дос-Мукасан» и «Айгуль». * 1977 — Г92-06497-98 Кругозор N12(11) Ансамбль «Дос-Мукасан» (Казахстан) * 1980 — С60 13531-2, Песни о целине ## Жетістіктері Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). ## Топ мүшелері Д.Сүлеев, М.Құсайынов, Қ.Санбаев, А.Литвинов, М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Н.Құсайынов, А.Мейірбеков. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұжымның дискографиясы
Шөмекей – Алшын тайпасынан тарайтын ру. Кіші жүздің құрамына кіреді. Ағасы Әлім таңба бермеген соң Шөмекей нағашысына Орта жүзге барып таңба алады. Артынан ұялған ағасы бір баласының таңбасын алып Шөмекейге беріп, тарихта Шөмекей екі таңбалы болады. Шөмекейдің Тәнке тармағының қарақалпақ құрамында болуы да осындай пікірді қостауға мүмкіндік береді. Одан анна, құйын, айтеке, шеруші рулары өрбиді (Т.А.Жданко). Бірақ Кіші жүз Шөмекейінің рулық таңбасы, ұраны дулаттарға ұқсас емес. Соған қарағанда таңбаны кешірек алуы немесе әуел баста өзіне тән таңбасы болуы да мүмкін. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында Шөмекейлер Қазалы оязының, Сырдың төменгі сағасын, Перовск оязының солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе ояздарының шығысын мекендеген. Мал шаруашылығы мен айналысқан. Шөмекей руының Батыс Түрік қағанатының негізгі руларының бір болған Чумуген(Шимойын) тайпасына қатысы жоқ. ## Шөмекей тайпасының толығырақ тарихы Орыс тарихына «Ішкіліктер» (ушкуйниктер) деген атпен енгенін байқауға болады. Ал, осы тайпа орта ғасырда солтүстік, солтүстік-шығыс жерінде өте үлкен күшке айналған. Орыс жылнамаларының /летопись/ жазуына қарағанда, олар Кама, Вятка өзендерінің бойы, Балтық теңізінің жағалауларын мекендеген. Осының жарқын бір көрінісі - Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су топонимдердің осы күнге дейін сақталғаны. Жоғарыда Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су, қала аттары көрсетілді. Тағы бір дәлеліміз, солтүстіктегі Архангельск облысындағы Ақ теңіздің /Белое море/ жағасында Кошкаранцы елді мекенінің болуы. Шежіре бойынша Шөмекейден – Бозғұл – Келдібай – Сейін (Желдір) – Қошқаралы болып тарай­ды. Кошкаранцы мен Қошқаралы бір сөз. Сол сияқты Акись –/Ақиіс/, Кожым /Қожым/, Аксарка /Ақсары/, Усть-Кара /Үсті Қара, Кия /Қиян/, Индиги /Елдегі/, Койда /Қойда/, т.б. түркі тілінде бір Архангельск облысында ондаған елді мекендердің бар болуы, солтүстікте шөмекей тайпаларының тұрған жері екенін айғақтайды. Сол сияқты Пеньза облысында екі Кошкаровка елді мекені бар. Шежіреде Шөмекейден – Аспан – Есімбет – Төбет – Төлес – Қошқар... болып таратады. Казачья /қазақтар/, Шугурово /Сүгір/, Ахатовка /Ахат/, Чунаки /Сунақтар/ атты елді мекендер бар. Солтүстік орыс жерінде түркі тілінде (қазақ) аталған жүздеген жер-су, ауыл /деревня/, қала аттары бүгінгі күнге жеткен.Үшіншіден, X ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін 700 жыл бойы шөмекей тайпасы туралы араб, парсы, орыс жылнамаларында кездеспейді. Соған қарағанда, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін, солтүстіктегі ушкуйник /ішкіліктер/ қауымын құрған осы «Шу тайпаларының» бірі шөмекей тайпалары болуы мүмкін. Осы бір болжамымызға сәуле түсіретін Қ.Салғараұлының «Ұлы Дала» зерттеу еңбегіндегі «Географиялық-аумақтық бөлініс» тарауында: «Ерте заманда үлкен өзен – су бойын мекендегендерді, яғни теңіз, көл, дария жағалауларындағыларды «ғұздар» деп атаған. «Ғұз» атауы байырғы түріктердің өзен-су мағынасын білдіретін «үгүз» деген сөзінен шыққан», - деп жазады (Астана, 2013. 84-б).Шөмекей тайпасы бұрынғы Шу өзенінің бойында тұрғандағы аттарын өзгертпеген, не көрші тайпалар шөмекейлерді «ішкіліктер» деп атауы да мүмкін. Мысалы, ішкі қыпшақтар, ішкі оғыздар деп аталуы, олар негізінен орданың маңайында қоныстанған. Яғни, ішкі /ішкілік/ деп атаған.Орта ғасырда (мүмкін одан да бұрын) Қаратеңіз жағалауын, Қырым түбегін, Кавказ тауының баурайын, Дон, Днепр өзендерінің бойында түркі тайпаларының мекені, қонысы болғаны орыс жылнамаларында жазылған, ал шөмекей тайпасы да солтүстік, солтүстік-шығыс орыс жерінде мекендеген деп айта аламыз.VII ғасырдың ортасында: «Шөмекен /шөмекей/ ұлысы әбден күшейген, ол тіптен жеке ел ретінде тарихта аты белгілі Басмыл, Керғұр (Ғырғыз, /қырғыз/), Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады», - деп көрсетеді . Осы кітапта Шөмекей (Шөмен, Шөмекей) қайдан шықты­ тарауынан оқып білуге болады. Бұған қарап, шөмекей тайпаларының үлкен бір тобы солтүстік орыс жеріне қоныс аударған дейміз.Шуя қаласының Хива деп аталуы, шөмекейлердің Хива қаласында қоныстанғандары, кейінгі бір уақыттарда, аталастары шөмекейлерге, солтүстік-шығыс орыс жеріне көшіп барып, «Молого базарының» маңынан қала салып, Хиуа қаласы деп атап, үлкен сауда орталығына айналдырған болуы керек. Сол сияқты, Кострома қаласы Хорезм қаласы деп аталған. Соған қарағанда шөмекейлердің саудамен айналысқанын байқауға болады. Осы болжамымыздың дұрыстығына С.П.Толстов Гаркавидың «Сказания мусульманских писателей о славянах и русских» атты еңбегіне сүйене отырып мынадай қорытынды жасайды: «Хорезмийская экспансия на север не ограничивается экономическими связами. В X веке Хорезм выступает в качестве активной политической силы по отношению к народам Поволжья. К X веку относится свидетельство ибн-Хаукаля о походах хорезмийцев на границы Булгарского царства, откуда они возвращаются с добычей и рабами», - деп жазуы, солтүстіктегі Молого базары хорезмдіктердің қол астында болған деп айта аламыз . С.П.Толстовтың хорезмдіктер деп айтып жүргені шөмекей тайпалары болуы да мүмкін. «Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады»,-деп жазылудың өзі шөмекей тайпасының жеке ел болғанын білдіреді. Шөмекей тайпасының ауызша шежіресінде: Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Сырым. Сырым, Асанаға дейін төрт ата. Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Байқонды – Есенәлі – Аю. Аю Аспанға дейін алты ата. Бұл арада Левшинің Аюсырым деп жазып отырғаны дұрыс сияқты. Екіншіден, шөмекей руы өздерін бұрынғы атауларымен түрік деп атап, Қазақ хандығына кейін келіп қосылғанын байқауға болады. Жоғарыда «ішкіліктер» /«ушкуники»/ Бату хан әскерімен соғысқаны туралы жазылған. Соған қарағанда, А.И.Левшиннің жазып алған шөмекей руының аңыздарындағы оқиғалар шындыққа жанасады. Алты ата Әлім тайпасына (Қаракесек бірлестігі) шөмекейлер Шыңғысхан солтүстік-шығыс орыс жерін жаулап алғаннан кейін қосылған болуы мүмкін. Бұл да келешекте зерттеуді қажет етеді.Кейбір шөмекей руының аталықтары Арғын руының ішінде кездеседі. Арғын тайпасының, тоқал арғын бір­лестігінің Саржетім аталығында Шақшақ бөліміндегі Көшейдің ішінде Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары бар . Ал, осы аталықтар Шөмекейдің Аспанының Есімбет руының ішінде. Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төлес – Қошқар; Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төбет – Орсақ – Айтқұл – Қарабас; Аспан – Есімбет – Бұғанай – Байқонды – Есенәлі – Аю. . Арғын шежіресінде Қошқар, Қарабас, Аю аталығы Көшейдің екінші әйелі қалмақ әйелінен туған деп жазады. Бұл арадан байқайтынымыз, Үлкен Орда (Алтын Орданың мұрагері), Ноғай ордасы, Қасым, Қазан, Сібір, Астрахан, Қырым хандықтары ыдырап, XVI ғасырдың бас кезінде шөмекей руының негізгі ұйытқы тобынан бөлініп қалып, Аспанның Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары Қазақ хандығына қосылғанда, арғын руының ішінде қалып қойған. Шөмекей руының солтүстік орыс жеріндегі бір бөлігі - «ішкіліктер» III Иван патшаның кезінде Дон казактарына, енді бір бөлігі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігіне қосылған дейміз.Көк түріктер, Ашина түріктері немесе Аспан түріктері деп тарихта жазып жүргендеріміз осы Шөмекей тайпасының Аспан аталығы болуы да мүмкін. Бұл ұшқары ой, пікір болып көрінгенімен, Шөмекей тайпасының өткен-кеткен тарихын егжей-тегжей зерттесе, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттерінің талайы ашылары хақ. ## Шөмекей туралы аңыздар мен мақал-мәтелдер «Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей» Шөмекей өзнің бірінші таңбасын нағашы жұртынан Орта Жүзден алады. Дәстүр бойынша, жиеннің назары қатты, - деген бар, сол себепті жиеннің назаны түсірмейін,- деп нағашылары таңба беруге шешіледі. Ал таңба алу үшін белгілі мөлшерде құн төлеу керек болатын. Бірақ Шөмекейде құн төлейтін малы болмайды. Баланың көңілін қалдырмау керек, бірақ таңбағада құн төлену керек, осы мәселені шеше алмай басы қатқан Орта жүздің билері жігітке шарт қояды: Сайлап он алты жігітті жекпе-жекке шығарамыз, егер жеңсең таңба сенікі, ал егер біреуінен жеңіліп қалсаң бізге ренішің болмасын, - дейді. Шөмекей келісіп жекпе-жекке шығып барлығын жеңіп шығады. Содан соң ол өзінің таңбасын алады. Содан нағашы жұрты Шөмекейге ас береді. Ешкімді күтпей тамақты бастап жіберген Шөмекей үлкендердің келіп қалғанын көріп түйіліп қалады. Арқасынан қағып түсіргенде тамағынан көмекей шығады." «Ет жаманы — көмекей, ел жаманы — Шөмекей» осы нағашы жұрты баланың мықтылығына таңданып айтқан деседі. Осыдан кейін Шөмекей еркін және тәуелсіз болды және  өзнің өжеттілігімен басқа руларға тиімді емес шешімдерді қабылдап тарихта орын алған. Бұл жағдайға жағдай Шөмекейдің көп болғаны да себепші болды. Олар қазақт тарихындағы барлық ірі көтерілістерге белсенді қатысты. Ашып айтып кететін болсақ қазақтың соңғы Кенесары ханға қолдау көрсеткен алғашқылардың бірі Шөмекей екенін атап өткен жөн, бұл жағдайды Ресей империясының Генштабы Л. Мейер полковнигі  былай сипаттайды: «... Біз көргендей 1840 жылы барлық жағынан қуғынға ұшыраған Сұлтан Кеңесары өте ауыр жағдайға түсті, бірақ көп ұзамай оның жағдайы өз қалпына келді:Он Шөмекей руы құрметпен қабылдап хан, - деп жариялады. Артынан сол ауылдың биінің қызына үйленді. Артынан Әлімнің Төтрқара мен Шекті рулары бірге косылып хан ,- деп мойындады. Кеңес өкіметіне қарсы 1930 жылы Шөмекейлер соңғы көтеріліске қатысқан ( «Тоқалар көтерілісі»). Ашығын айтқанда, орыс отаршылдарына қарсы соғысуға Шөмекей руының толық қауқары да дайындығы да жеткілікті болған. Ресеймен достық және тату көршілік туралы келісімге отырған Әбілқайыр хан соңынан осы келісімнің көп бұрмалануының себептерінен қазақ даласы толық бағынышты күй кешті. Қазақ қоғамын еркін және тәуелсіз дамытуға бағытталған бұл дәуірі әрекет көптеген қоғам қайраткерлері болды. Әлихан Бөкейханов Семей қаласында қазақ автономиясын құрғысы келді, Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясының оңтүстігінде құруға тырысты. Бірақ бұл күштер бекер болды. Жалпы көтеріліс қауіпін ескере отырып НКВД, Ресей құпия полициясымен тез-тезден әскери психологтарды жіберіп елді бөліп басқару әрекетіне байланысты әрекеттерді белсенді түрде жүргізіп отырды. Империал Ресей, құпия полиция желісі пайдаланылатын бұрын. Осы әрекеттер рулар арасына араздастықты тудырып ақпатшаға қарсы дайындалған күштерді өзара бөліп отырды. Сонымен қатар, жемқор байларды параға сатып алу  жұмыстары жүзеге асырылып отырды, сырттан мал ұрлыққа арандатушы қолдар жалдады. Және бұл істері ақпатшаға өзінің ойына келген іс-әрекетін жасауға мүмкіндік берді. ## Халық жадында қалған аты аңызға айналған қайраткер туралы ақпараттар. Сәмет Назымұлы (1744-1839) - Алшынның Шөмекей руының Тоқа аймағынан. Ол тарихшылар мен этнографтардың назарынан мүлде шығып қалған кейіпкер. Атақты бартырболған Сәмет қол өнері(қамшы, бау, ертоқым жасаудың қас шебері) бойыншада қас шебер болған. Сатып алған қамшыны Сәмет тоқадан алдым, деген ел аузында аңыздар бар. Тағы бір ауыз-екі әңгіме бойынша, ауыл жәмеңкесінде казактар бір қазақ баласын өлтіріп кетеді. Мәселені шешу үшін ауыл ақсақалдарының алдына өлтірген кісіні(бойы ұзын, денесі үлкен казактың мықты атаманы) алып келеді. Қазақтар жағын жекпе-жекке Сәмет батыр бастап шығады. Айқас ат үстінде басталып кетеді, Сәмет батыр атаманды қамшымен иығынан салып қалып тарты келіп жібереді. Аттар айрылған шақта Сәмет батыр атын тоқтатып ақсақалдарды қасына келіп қарап тұрады. Казактар ой мынау аттан қорқып түсті деп күлгенше болған жоқ, атаманның денесі иығынан беліне дейін екіге бөлініп қалады. Оны көргендер аң-таң болып үнсіз қалады.Атақты батырды өлтіру жолында ақпатша батырдың айналасындағы қосшыларының арасында батыр туралы өсек таратып және оларды ақшалай қаржыландырып отырды. Бін күні Жанқожа үйінде жалғыз қалып, түскі аптапты өткізіп демалып жатқанда, ақпатшаның алдауына түскен нөкерлер үйдің ішіне кіруге батылы бармай, қоршауға алады. Батыр бірнәрсені сезгендей ер-сауытын киіп сыртқа шығады. Батырмен жекпе-жек шығуға батылы бармаған сатқындар кері шегініп алыстан оқ жаудыра бастайды, бірақ көпке дейін батырға оқ тімейді. Батыр сатқындарды жалғыз өзі қуып жүріп ақыры ажалды оқ батырдың сауытының осал жерін тауып кеңсіріктен тиеді, өйткені батыр ер-сауытты кигенде тамағын жабуға үлгермей асығып шығып кеткен болатын. Батыр өзінің өлімі өз бауырларынан болғанына қатты ызаланып, жаратқаннан тәубе сұрап садағына сүйеніп тігінен жан тапсырады. Сатқындар көпке дейін батырдың өлі-тірісін біле алмай қасына жақындауға батылдары жетпейді. Батырға кімдер қастандық жасады дегенде ақпатшаның алтынына сатылғандар бір ауыздан Шөмекейлерді көрсетеді, өйткені осының бәрі алдын ала ұйымдасқан шара болатын. Батырды қоршауға алғанда әдейі Дөйт! - деп ұрандатып келген. Осындай батырдың өлімі туралы елде қайғылы аңыз бар. Шөмекейлердің ұранын пайдаланып ақпатшаның сатқындары талай жерде басқа рулармен араздастыру шараларын жасаған, бірақ Шөмекей ұрпақтарының әрқашанда өз ісіне, сөзіне берік болғандығының арқасында жаланы мойнына қоя алмағандықтан ақпатшаның елден шектету мәселесі өз нәтижесін бермей келген. ## Тұлғалар ## Дереккөздер
Тоғытба – Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Түлкібас ауданында, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ағып өтетін өзен, Сусіңген көлінен үш шақырымда орналасқан. Өзеннің орта белінде қола дәуірінің жартастағы белгілері - иероголифтер табылған. ## Дереккөздер
Сабыр Айтхожин (29 наурыз 1895, бұрынғы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезі - 19 ақпан 1938, Шымкент қаласы) — тұңғыш қазақ журналистерінің бірі. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. * 1919 жылы Үфі қаласындағы "Ғалия" медресесін бітірген соң, Көкшетау, Омбы, Орынбор қалаларындағы халыққа білім беру бөлімдерінде нұсқаушысы болып жұмыс істеді; * 1920 жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік ұлттық съезінің жұмысына қатысты. Омбыда "Кедей сөзі" газетінде редактор; * 1921-22 жылдары РКП Ақмола уездік комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды; * 1922-25 жылдары Петропавлда губкомның "Бостандық туы" газетінің редакция алқасын басқарады; * 1925 жылғы қаңтарда Орынбор қаласында өткен Кеңестердің 4 Бүкілқырғыздық съезіне делегат болды. 1925 жылдан Алматыда тұрып, өлкелік комитеттің тапсыруымен губкомның "Тілші" ("Жетісу") газетінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. "Қосшы" одағының төрағасы қызметін қоса атқарды. БКП Жетісу губкомының бюро мүшелігіне сайланды, өлкелік 4 партия конференциясының делегаты болды; * 1927 жылы ҚазАКСР Кеңестері 4 съезінің делегаты, Қаз ОАК мүшелігіне кандидат болып сайланды; * 1931 жылы Қаз АКСР Халком Кеңесінде жауапты хатшы, одан кейін іс басқарушысы қызметінде болды; * 1935 жылы – Қаз АКСР-дің 15 жылдығына арналған ҚазОАК мерекелік сессиясының делегаты; * 1936 жылы Айтхожин Мирзоян қаласында (қазір Тараз қ.) аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып жүріп, 1937 жылы қазанда тұтқындалды. 1938 жылы 19 ақпанда атылды. 1957 жылы ақталды. ## Дереккөздер
Та́наро (итал. Tanaro, пьем. Tani) — Италиядағы өзен, По өзенінің оң саласы. Пьемонт ауданында үлкендігі бойынша екінші өзен, ал Италияда ұзындығы бойынша алтыншы орындағы өзен. Бастауын Лигуриялық Альпіден алып, По өзеніне құяды. Гальдік уақыт құдайының құрметіне аталған — «Taranusa». Өзеннің қоректенуі таулы, аралас альпілік, жартылай апенниндік. Ұзындығы — 276 км, бассейннің ауданы — 8 234 км². Сағадағы судың шығыны — 131,76 м³/с, орташа — 123 м³/с. Тарих бойы өзен жиі су тасқындарының себепшісі болған.1801 жылдан 2001 жылдар аралығында өзеннің бассейнінде маңайдағы ауылдарды су басуының 136 жағдайы орын алған, ең ауқымды су тасқыны 1994 жылдың қараша айында Алессандрия қаласын су басып, жарым-жартылай қиратқан кезде байқалған. Басты салалары: Бельбо, Бормида және Стура-ди-Демонте. ## Әдебиет * Giovanni Rapetti, I pas ant l'èrba (a cura di Franco Castelli), Alessandria, All’Insegna del Moro, 1987  (итал.)(итал.) * Giuseppe Aldo di Ricaldone «Monferrato tra Po e Tanaro» Gribaudo Lorenzo Fornaca editore Asti 1999  (итал.)(итал.)
Шрипур или Срипур (баңлаша শ্রীপুর, ағылш. Sreepur) — Бангладештің батысындағы қала, Шрипур ішкі округі орталығы. Қала алаңы 3,11 км². ## Халқы 2001 жылғы санақ бойынша қалада 4152 адам тұрды, оның ішінде еркектер – 51,13%, әйелдер — 48,87%. Қала тығыздығы 1 км²-ге 1335 адам. Сауаттылық деңгейі 42,4% (Бангладеш бойынша орта есептік көрсеткіште 43,1%). ## Сілтемелер * Шрипур Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. (англ.)
Каспий миногасы(Caspіomyzon wagnerі) – миногатәрізділер отрядының миногалар тұқымдасының жалғыз түрі. * Каспий тeңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған. Теңізден Еділ, Жайық, Күре, Терек өзендеріне және олардың салаларына өрлейді. * Су электр станциялары салынғанша Еділмен Калинин қаласына, Камамен Чусовойға, Окамен Мәскеу өзеніне, Терекпен Баксананың сағасына, Күремен Мцхета қ-на дейін өрлеген. * Ұзындығы 20 – 55 см, салмағы 30 – 200 г-дай болады. * Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. Қаңқасында сүйекті тіні болмайды, хордасы өмір бойы сақталады. 2 арқа (кейде 1) және құйрық қанаты болады. Қапшықтәрізді желбезектері басының екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. Танау тесігі біреу, ол басының үстінде орналасқан, танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. Аузы соруға бейімделген түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» деп аталатын мүйізді өскіндері болады. Жақтары болмайды. Көбеюі мен дернәсілдік уақыты өзенде (18 – 20°С-та 8 – 9 тәулікте) өтеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. Түрдің түрлену мерзімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем емес. Түрлену аяқталғаннан кейін теңізге қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу үшін өзендерге өрлейді. Уылдырығын (38 мыңға дейін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 – 20°С-қа жеткенде) түбіндегі ұяларына шашады. * Еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болғандықтан көп ауланған. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, *Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер:
Шрибарди или Срибарди (баңлаша শ্রীবর্দি, ағылш. Sreebardi) — Бангладештің солтүстігіндегі қала, Шрибарди ішкі округі орталығы. Қала алаңы 4,16 км². ## Халқы 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 8820 адам тұрады, оның ішінде еркектер – 52,07%, әйелдер — 47,93%. Қала тығыздығы  1 км²-ге 2120 адам. Сауаттылық деңгейі 29,1% (Бангладештің орта есебі бойынша 43,1%). ## Сілтемелер * Шрибарди(қолжетпейтін сілтеме)  (ағыл.)(англ.)
Шивалая (баңлаша শিবালয়, ағылш. Shivalaya) — Бангладештің орталығындағы қала, Шивалая ішкі округі орталығы. Қала тығыздығы 2,83 км². ## Халқы 2001 жылғы санақ бойынша қалада 3611 адам тұрады, оның ішінде еркектер – 51,45%, әйелдер – 48,55%. Сауаттылық деңгейі 39,5% (Бангладештің орта есебі бойынша 43,1%). ## Сілтемелер * Шивалая Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Қуанышев Батыр (9.3. 1954 жылы туған, қазіргі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы) — самбошы, Қазақстанның еңбегісің жаттықтырушысы (1988), халықаралық дәрежедегі төреші (1995) ## Өмірбаяны * 1975 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. * 1976 жылдан облыстық спорт мектебінде жаттықтырушы болды. * 1989 жылдан - Қазақстан Ұлттық күрес және самбо федерациясының мүшесі * 1997 жылдан - Азия халықаралық самбо федерациясы атқару комететтінің мүшесі * 1995 жылы оның бастамасымен Орал қаласында халықаралық жарыстар өткізіліп, облыста ұлттық күрес және самбо федерациясының бөлімшесі құрылды. Сондай-ақ «Батыр» атты палуандардың спорттық клубы ашылды. * Қазіргі кезде Қуаныштаев Батыс Қазақстан облысының самбо құрама командасының аға жаттықтырушысы. ## Шәкірттері Осы кезеңде ол самбодан әлем чемпионы А.Шайхиевті (Нью-Йорк, 1989), Б.Мәмбетовті, сондай-ақ А.Қасымов, М.Оңбағанов, Ә.Қайыров, Т.Хасанғалиев, И.Ерішев, Е.Әлиев, Б.Есендияров және Қ.Есендияров, Қ.Жетпісов сынды даңқты спортшыларды тәрбиеледі ## Марапаттары Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы (1993). ## Дереккөздер
Веденовка — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Веденов ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 77 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көштаев Құтлымбет (т.-ө. ж. белгісіз) – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 жылы патшаға жіберген елшісі. Көштаев Құтлымбет және осы елшіліктің құрамындағы Сейітқұл Құндағұлов патшаға Кіші жүз ханының арнайы хатын тапсырды. Мұнда Әбілқайыр хан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Россияның қол астына қарауға дайын деп сенім білдірген. Өйткені сол кездегі қазақ-башқұрт билеушілері арасындағы қарым-қатынастар едәуір дәрежеде шиеленіскен болатын. Сондықтан да Әбілқайыр патша үкіметінің жәрдемімен қазақ-башқұрт арасындағы жағдайды өз пайдасына шегуге тырысқан. Бұл елшілік ең алдымен патша үкіметінен қазақ жерлерін сыртқы шабуылдан қорғауды өтінген. Олар сонымен қатар патша үкіметі қазақтарды өз қарамағына алса, жасақ беруге дайын екендіктерін білдірді. Ақыры 1731 жылы 19 ақпанда патша үкіметі қазақтарды Россияның қол астына алатындықтары жөніндегі грамотаны қазақ елшілігіне тапсырды. ## Дереккөздер
Брусиловка — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Кенесары ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев (13 ақпан 1940, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы - 30 сәуір 2021, Алматы) — әншi (лирикaлық бaритон), композитор, музыкант. Қазақ КСРнің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010). ## Өмірбаяны * Байұлы тайпасының Қызылқұрт руынан шыққан. * Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген. * Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi. * 1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. ## Шығaрмaшылығы Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көп сaлaлығы тән. Ол музыкaны қaзaқ, орыс, ұйғыр, тaтaр, немiс aқындaрының сөзiне жaзды.қaзiргi қaзaқ композиторлaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре, шебер орындaйды. Xaсaнғaлиев - тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. ## Мемлекеттік Марапаттары * 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; * 1979 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы; * 1984 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі құрметті атағы; * 2000 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды. * 2002 жылы «Астана» медалі; * 2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды; * 2007 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты; * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі; * 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі; * 2015 жылы Ақорда салтанат сарайында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан ең жоғарғы мемлекеттік марапат «Отан ордені» мен марапатттады; * 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі. ## Құрметті атақтары * 2010 жылы Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы; * 2010 жылы Орал педагогика иниститутының құрметті профессоры; * 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; * 2015 жылы Алматы облысы, Үштөбе ауданының құрметті азаматы; * 2015 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы. ## Отбасы * Үйленген. Жары: дәрігер - фтизиатр, Құрмет орденінің иегері Дарико Хасанғалиева * Баласы: композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев * Қыздары бар. ## Дереккөздер
Бекіре балықтар (лат. Acipenseridae) – бұларға бекіре, қортпа, пілмай, калуга, шоқыр, сүйрік балықтары жатады. Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген кулинарлық тағамдар әзірлеуге жарайды. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-ға дейін. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсақ. Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әр түрлі балық консервілерін өндіруде қолданады ## Дереккөздер
Сегізбайұлы Кәдірбек (1941 жылы туған) — баспагер, журналист, жазушы. Лақап аты – Қ. Саянов. * 1967 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. . * Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы болып бастады. * Одан кейін "Білім және еңбек" журналында жауапты хатшы (1974—77). * "Жалын" альманағы мен "Жалын" баспасында бас редактордың орынбасары (1977—86) * Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі (1986-90) * "Санат" баспасында бас редактор (1990—95) болды. * 1995-2004 жылы "Атамұра" баспа корпорациясында корпорация президентінің бірінші орынбасары, баспа директоры, вице-президенті қызметтерін атқарды. К.Сегізбайұлы отыз жылға жуық баспа саласында еңбек етті. Өзі жұмыс істеген баспаларда атқарылған қат-қабат жұмыстың бел ортасында жүрді, істі оңтайлы ұйымдастыра білетін басшы ретінде таныла білді."Атамұра" баспа корпорациясы құрылған күннен бастап тарихи-танымдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға арналған, сондай-ақ жекелеген көркем шығармалар жинақтарын, көп томдық "Қазақстан тарихы" және "Абай тойы", "Ақмола", "Маңғыстау", "Атырау" энциклопедияларын жарыққа шығарды. Орта мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын қазақ, орыс, ұйғыр, ішінара өзбек тілдерінде әзірлеп-шығаруда ұшан-теңіз жұмыс атқарды. Онда, басшылардың бірі ретінде, К.Сегізбайұлының да зор еңбегі бар. * Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одақтарының мүшесі. * Оннан астам әңгіме, хикаяттар жинақтарының, романдардың авторы. 7-8 алыс-жақын шетел тілдерінде жекелеген кітаптары, шығармалары аударылған. Шетел жазушыларының бірқатар кітаптарын қазақ тіліне аударған. * Kөркем шығармалардың республикалық жабық конкурсының екі дүркін бірінші және екінші жүлдесіне ие болған. * 1984 жылы "Біз қалада тұрамыз" жинағы үшін М.Әуезов атындағы сыйлық берілген. * 2001 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Есенжан Сатаев (1888, Сырым ауданы, Қосарал aуылы — 1956) — аға шопан, Социалистік Еңбек Ері (1948). ## Өмірбаяны * 1930 жылдан ауылдағы «Талаптан» колхозының мүшесі * 1936 жылдан бастап аға шопан болды. * 1947 жылы қозы алуда жоғарғы көрсеткіштерге жеткені үшін ең мәртебелі атақ (Социалистік Еңбек Ері, Ленин ордені) иеленді. ## Дереккөздер
Дмитриевка — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы – М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны 1965 ж. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында дүниеге келді.1982 ж. Алматы Мемлекеттік Театр-көркемсурет институтының театр факультетіне «Драма және кино актері» мамандығына оқуға түсті.1984-1986 жж. әскери борышын атқарды.1986-1988 жж. оқуын жалғастырып, бітіріп шықты. ## Еңбек жолы Еңбек жолын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант болып бастады. 1990-1993 жж. осы институттың аспирантурасында оқыды.1994 ж. театртану саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, аталмыш институтта ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.1996-1997 жж. Қазақтың өнер мәселесі бойынша ғылыми Орталығына бөлім меңгеруші.1997-1999 жж. ҚР Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің “Театр және кино” бөлімінің бастығы;1999-2001 жж. Республикалық академиялық неміс драма театрының директоры;2001 ж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында әкімшілік директоры;2004-2008 жж. ҚР Театр қайраткерлері Одағының төрағасы;2008 ж. желтоқсанынан 2013 ж. сәуіріне дейін Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының директоры;2013 ж. 1-сәуірінен М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.Драматургия жанрында табысты еңбек етіп келе жатқан Е. Жуасбектің «Үйлену», «Күлеміз бе, жылаймыз ба?», «Антивирус», т.б пьесалары республика театрларында қойылды. ## Сыртқы сілтемелер * Жуасбек Еркін - Әуезов театр сайтында Мұрағатталған 3 қазанның 2014 жылы. * Еркин Жуасбек назначен директором Казахского государственного академического театра драмы им. М.Ауэзова Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Әмірсана, (моңғ. Амарсанаа; 1722 — 1757, Тобыл қаласы) — Жоңғар нояны, Ойрат ақсүйегінің тұқымы. ## Өмірбаяны Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы ұзатылып келе жатып, қазақ жерінде қыстап қалғанда қазақ батырымен көңіл қосып, ішінде кеткен деген де әңгіме бар. Қонтайшы Қалдан Серен (Цэрен) өлгенен кейін (1745) оның тұқымдарымен күресте жеңіліс тауып, Дабашы екеуі қазақ жеріне қашып келді. Абылай ханның қолдауымен Дабашының хан болуына (1753) көмектесті. Көп ұзамай Дабашыға қарсы қарулы көтеріліс бастап, жеңілген соң Пекинге қашып барды (1754). Жоңғар хандығын жоюды көптен көксеген Қытай осыны желеу етіп, қалмақ жеріне әскер жіберді (1755). Әскердің алдыңғы легін Әмірсана басқарды. Жоңғар жерін жаулап алған Қытай Әмірсананы билеуші етпей, өлтіруді ойлады. Ол қашып шығып, манчжурларға қарсы азаттық күресін бастады. Көп ұзамай Әмірсана жоңғар ханы болып жарияланды. Қытай үкіметі жоңғар жеріне тағы да қалың әскер енгізді. Әмәрсана 200 жігітімен қазақ жеріне қашып келді. Қытай Әмірсананы қайтару жөнінде қатаң талап қойып, елші жіберді (02.1756). Абылай хан оны орындамай, Әмiрсана Ресейге (Алтай уранхайларына) өтіп, сонда шешектен қайтыс болды. ## Отбасы Амурсана 1723 жылы жоңғар-ойрат тайпасынан шыққан асыл анадан және тайша немесе тақ мұрагері хойт-ойрат руы. Амурсананың анасы Бойталақ (博託洛克) қызы болған Сыбан Раптан, қайтыс болғаннан кейін жоңғар-орият тайпасының көсемі Қалдан Бошоқты. Ол алдымен Данджунгке үйленді (丹 衷), үлкен ұлы Лха-бзанг хан, билеушісі хошоуыт-ойрат тайпасы. Данджунг қайтыс болғаннан кейін с. 1717 ж., Оның қайын атасының қолымен, Бойталақ Амурсананың әкесі, а тайша немесе тақ мұрагері хойт-ойрат руы. ## Дереккөздер
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті – Тараз қаласындағы жоғары білікті, жаңа тұрпатты мұғалім дайындайтын жоғары оқу орны. ## Тарихы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы "Жамбыл педагогикалық институты" атауымен құрылды. 1996 жылы ЖОО оңтайландыруға байланысты Жамбыл педагогикалық институтына "Жамбыл университеті" статусы берілді. ЖОО-на қойылатын барлық талаптарға сай келетін Жамбыл университетін негізге ала отырып, 1998 жылы үш жоғары оқу орнының бірігуі нәтижесінде "М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" құрылды. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174, 2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес "Тараз мемлекеттік педагогикалық институты" болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы №657 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. ## Жетістіктері мен тыныс-тіршілігі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің өзгеруіне байланысты 2010 жылғы 3-ақпанда ТарМПИ-ге 29 бакалавриат және 10 магистратура мамандығы бойынша №0137347 АБ сериялы мемлекеттік лицензиясы берілді.Институт 2010 жылғы қыркүйекте Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.2011 жылғы 5-қыркүйекте ТарМПИ ISO 9001 -2008 АFNOR (Франция) халықаралық сертификатын және 2011 жылғы 14- қазанда Интерсерт Консалтинг центр Азия (Қазақстан) сәйкестік сертификатын алды.2012 жылы институт ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының миссиясы – жоғары білікті маман - жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. Институт мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 12 жылдық білім беруге көшуді жүзеге асыру барысында мұғалімдерге жүктеліп отырған жауапкершілік арта түсті. Бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың мүлдем жаңа сапасын жүзеге асыруды талап етеді. Қазіргі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуде мұғалім аса маңызды стратегиялық рөл атқарады. Елімізде білім беру жүйесін жаңартудың қазіргі кезеңі жоғары педагогикалық білім беру маңызының артуымен сипатталады. Қазақстандағы білім беру реформаларының тиімділігі, ең алдымен мұғалім тұлғасына, педагог маман дайындау сапасына тәуелді болатыны белгілі. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінде аккредитацияны табысты өтті және 2012 жылғы 27-желтоқсандағы шешімімен институционалдық аккредитациясы туралы куәлік алды. Институт ректоры (Институт ректорлары), тарих ғылымдарының докторы, профессор, беделді ғалым, ЖОО жүйесінде тәжірибесі мол басшы Қожамжарова Дария Пернешқызы және ТарМПИ ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамаларына үн қосып, жоғары білім беру жүйесін жаңғырту ісіне белсене кірісті. Осыған байланысты институт Ғылыми кеңесі ТарМПИ-дің 2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын бекітті. Аталған құжатта жаңа білім беру технологияларын әзірлеу және ендіру мәселелеріне баса назар аударылған. Білім сапасын бағалаудың қазақстандық Тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша ТарМПИ 2012 жылғы еліміздегі ең үздік төрт педагогикалық ЖОО қатарына енді. 2010 жылғы 17-қыркүйекте институтымыз қазақстандық 30 оқу орнының қатарында Болоньяда Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осы арқылы институт өзінің Болон үдерісінің негізгі ұстанымдары: академиялық ұтқырлықты, ЖОО дербестігін, академиялық еркіндікті, білім мен ғылым интеграциясын және т.б. қолдайтындығын танытты. Елбасы айқындаған еліміздегі білім беру жүйесін интернационализациялау саясатының сәтті жүргізілуінің нәтижесінде халықаралық академиялық ұтқырлық аясында еуропалық ЖОО-на студенттерді оқуға жіберу мүмкіндігі туындады. Осы оқу семестрінде ТарМПИ-де конкурстық іріктеуден өткен 7 үздік студент Чехияның, Польшаның, Болгарияның жоғары оқу орындарына жіберілді. Институтта жүргізілетін зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық деңгейдегі ғылыми тенденцияларға сәйкестендіру мақсатында ТарМПИ алыс және жақын шет елдердің 28 университеті мен зерттеу орталықтарымен әріптестік байланыс орнатып, жоғары білікті мамандарымен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың қатарында Адам Мицкевич атындағы университет, Вроцлав және Зеленогурск университеттері (Польша), Злин университеті (Чехия), Ақсарай университеті (Түркия), Еркін Берлин университетінің Түркология институты (Германия), Сегед университеті (Венгрия), Бериа колледжі (АҚШ), Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Зволендегі технологиялық университет (Словакия), Хобд мемлекеттік университеті (Монғолия), Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институты, Ульяновск мемлекеттік университеті, Кузбасс мемлекеттік педагогикалық академиясы (Ресей) бар.Оқу үдерісін демократияландыру бағытында кредиттік оқыту технологиясы жүйесін жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңашыл әдістерін қолдану, Дублин дескрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын дайындау, көптілді білім беруді жетілдіру сияқты ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Академиялық еркіндікті дамыту бағытында білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны таңдау пәндерімен толықтырылып отырады. Тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге және 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән берілетін жаңа элективті пәндер оқу үдерісіне кеңінен енгізілуде. Элективті пәндер жұмыс берушілердің және еңбек нарығы сұраныстарын талдау негізінде дайындалады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы тапсырмасына сәйкес 2012-2013 оқу жылы қабылданған студенттерге «Өлкетану», «Акмеология негіздері» және «Қазақстан құқығы» пәндері жүргізіледі. Заман талабына сай студенттердің оқытушыларды таңдау мүмкіндігін ескере отырып, білім берудің дәстүрлі әдістерінен инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана бастады.Қазіргі кезде институт ұжымы білім сапасын бағалаудың Тәуелсіз Қазақстандық агентігінде институционалдық аккредитацияның екінші кезеңінен өтуде. ISO 9001:2008 стандарты бойынша француздық АФФНОР агентігінің сертификатын иеленді. Оқытушылар мен студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу деңгейі күн санап өсумен қатар, оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту технологиялары енгізілуде. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрықтарына сәйкес үстіміздегі жылы көптілді білім беруді дамыту аясында институт “5В011400-Тарих”, “5В011100-Информатика” мамандықтары бойынша арнайы бөлімдер ашылатын ЖОО-ның тізіміне енгізілді. Осы арқылы шетелдік серіктес оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі өз жалғасын тапты. Еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық ЖОО - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 29 бакалавр мамандығы бойынша болашақ мұғалімдер дайындау, білім беру, тәрбие жұмыстарын 26 кафедрада 365 оқытушы іске асырады, олардың 149-ы ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, 95-і магистрлер. 2010 жылы институт жанынан ашылған Инновациялық-педагогикалық колледж 2011 жылы Жамбыл облысы әкімінің шешімімен Мәдениет және өнер колледжі болып қайта құрылды. Аймақтың мәдениет және өнер салаларындағы білікті мамандарға сұранысы колледж бейінінің өзгеруіне әкелді. Қазіргі уақытта колледжде 6 мамандық бойынша мамандар даярланып, 700-ден аса студент білім алуда. Ректораттың маман даярлау саясатындағы ұстанымы – іргелі және қолданбалы ғылымның өзекті мәселелері, оның ішінде 12 жылдық білім беру, педагогика, математика, физика, биология, химия, психология, филология салалары бойынша және арнайы құрылған ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу бағытын жандандыратын жоғары білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру. Институтта «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Хабаршысы» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көреді.Жалпы педагогикалық ғылым жетістіктері мен мектеп тәжірибесінің бірлігінсіз педагогтардың сапалы дайындығын жүзеге асырудың мүмкін еместігі анық. Институттың ғылыми-зерттеу бағыты осы келелі мәселені шешуге негізделген. Осыған орай ауыл мектептеріне оқу-әдістемелік және ғылыми-кеңестік көмек көрсететін «ТарМПИ – ауыл мектебіне» атты кешенді бағдарламасы жүзеге асырылады. Институт 2012 жылғы 15-наурызда ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден табысты өтті. Бұл біздің ғалымдардың ҚР БҒМ-нің Ғылым комитеті қаржыландырылатын байқауларға қатысуына жол ашты. Қазіргі таңда профессор М.Мұратбеков, доценттер А.Ибрашева және А.Мәжібаев республикалық гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми-зерттеу жобалары аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Оқу ордамызда қалыптасқан жаңа дәстүр ретінде алдыңғы қатарлы шет елдік ғалымдарды «қонақтық» дәрістер оқуға шақыруды айтуға болады. Соңғы екі жылда институт өз қаражаты есебінен циклді дәрістер оқу үшін Сегед университетінен (Венгрия), Еркін Берлин университетінен (Германия), Әулие Климент Охридский атындағы София университетінен (Болгария), Ресей Федерациясының ірі ЖОО-нан ғалымдар шақырды. Институт Қазақстанның барлық аймақтарында білім, ғылым, өнер, спорт және мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген 30 мыңға жуық мамандарды дайындады. Олардың ішінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Қазақстан мұғалімдері арасында «Еңбек Ері» атағының тұңғыш иегері Аягүл Миразова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева, психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Оспан Сангилбаев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов, ТарМПИ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Талант Бөлеевтерді атауға болады. Бір ғана Тараз қаласында жалпы білім беретін 54 мектептің 30-да біздің институт түлектері директор қызметін атқаруда. Мектепке дейінгі балалар мекемелері басшыларының арасында да ТарМПИ-дің түлектері көп.Бүгінгі таңда ТарМПИ – студенттерінің оқу үдерісін, тұрмыс-тіршілігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағдайында инфрақұрылымы дамыған жоғары оқу орны. Заманауи зертханалармен, лингафонды кабинеттермен, компьютерлік және интернет дәрісханаларымен, интерактивті тақтамен, электронды оқу залдарымен жабдықталған 8 оқу ғимаратында 29 бакалавриат мамандығы бойынша 7 мыңға жуық студент білім алады. Заманауи оптоталшықты байланыс жүйелерінің көмегімен ТарМПИ-дің студенттері мен оқытушыларына Интернет кластарда, кафедралар мен электронды оқу залдарында жоғары жылдамдықты Интернетті тегін пайдалану мүмкіндігі бар.Институттың ғылыми кітапханасының әмбебап кітап қоры үнемі толықтырылып отырады. Ғылыми кітапханада автоматтандырылған КАБИС жүйесін, Республикалық электронды кітапханасын, Springer, Web Knowledge, Thomson Reuters мәліметтер базасын пайдалануға болады. 460 орынды «Студенттер үйінде» оқу залы, Интернет класс, сұлулық салоны, тренажер залы, «Жан сыры», «Айша бибі», «Бәйтерек» клубтары жұмыс істейді. 6 жабық спорт залы мен 2 ашық спорт кешенінде институтымыздың студенттері спорт түрлерімен шұғылданады, олардың қатарында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары ретінде танылған көптеген студенттеріміз бар.Институтта 19 компьютерлік класс, оның ішінде 5 интернет класс, 2 электронды оқу залы бар, 15 аудитория интерактивті тақта проекторларымен, 1 лингофонды кабинет жабдықталған. ЖОО барлық құрылымдық бөлімдері корпоративтік компьютерлік желі арқылы байланыстырылған. Институттың Web-сайттары бар http://www.tarmpi.kz Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы., http://www.tarmpi-innovation.kz Мұрағатталған 2 сәуірдің 2016 жылы., http://ecat.tarmpi.kz Мұрағатталған 13 мамырдың 2020 жылы., http://bibl.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://e-islam.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://portal.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы., http://itb.tarmpi.kz Мұрағатталған 28 наурыздың 2016 жылы..Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің, талантты өнер жұлдыздарының, спорт саңлақтарының легі дайындалды. Олардың қатарында республикалық «Жігер» байқауының лауреаты Д.Өмірәлиев, Мальтада өткен эстрадалық әндерден халықаралық байқаудың лауреаты Т.Әшімбекова, қазақ эстрадасының жұлдыздары Д.Таңатаров, Қ.Маханов, «Жас толқын» республикалық орындаушылар байқауының лауреаты Д.Маханбаева, «Жас қанат» республикалық байқауының лауреаты Б.Сейдуалиева және т.б. бар. Институттың оқу-тәрбие бағыты бойынша болашақ педагогтардың рухани, адамгершілік қырларын дамыту мәселесіне де жете көңіл бөлінеді. Студенттер парламенті, жастар ісі жөніндегі комитет, студенттердің кәсіподақ комитеті, студенттердің заң бұзушылық және жемқорлықтың алдын-алу кеңесі, «Жас Отан» жастар қанаты, ТарМПИ студенттер Альянсы, «Шаңырақ» студенттік ассамблеясы - студенттердің өзін-өзі басқару істері тәрбие саласындағы жұмыс механизмінің жанды көрінісі болып табылады.Жарты ғасырға жуық тарихы бар институт дамуының перспективалары нақты айқындалды. Алдымызда бірқатар мамандықтардың халықаралық аккредитациясын жүзеге асыру, олардың реестрін кеңейту, оқу үдерісінде жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану, педагог мәртебесін көтеру, студенттердің білім алуы мен Студенттер үйінде тұруына қолайлы жағдай жасау, институттың материалдық-техникалық базасын нығайту сынды келелі жұмыстар күтуде. ## Факультеттер * Педагогика факультеті * Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті * Физика-математика факультеті * Химия-биология факультеті * Филология факультеті * Өнер және мәдениет факультеті
Шибчар (баңлаша শিবচর, ағылш. Shibchar) — Бангладештің орталығындағы қала, Шибчар ішкі округі орталығы. Қала алаңы - 11,2 км². ## Халқы 2001 жылғы санаққа сәйкес бұл қалада 20 201 адам тұрады, оның ішінде еркектер - 50,12%, әйелдер - 8,88%. Қала тығыздығы 1 км²-ге 1804 адам. Сауаттылық деңгейі - 43,5% (Бангладештің орта есебі бойынша - 43,1%). ## Сілтемелер * Шибчар Мұрағатталған 23 шілденің 2012 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Роза Үмбетқызы Жаманова (16 сәуір 1928, Ақтөбе, Қазақ АКСР, РКФСР — 27 желтоқсан 2013, Алматы, Қазақстан) — әнші (сопрано). КСРО-ның халық артисі. 1928жылы Ақтөбе Қаласында туған. 1954 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан. Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты. Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері. «Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова. Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 – 1979 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді. ## Дереккөздер
Каллаур Василий Андреевич (1838 жылы туған – 1918 немесе 1919 ж. ө.) – шығыстанушы, Әулиеата қаласының белгілі зерттеушісі. Археология әуесқойларының түркістандық үйірмесіне белсене қатысушы. Каллаур Қазан төңкерісі қарсаңында қазақ халқының тарихы жөнінде нақты материалдарды жинастыруға көп еңбек сіңірді. Ширек ғасыр бойы ежелгі Қазақстанның археологиясын зерттеп, жергілікті өлкетанушылармен бірге археолия. ірі жаңалықтар ашты. Каллаур 1876 жылдан Әулиеата уезінің, 90 жылдардың аяғынан бастап Перовск уезінің бастығы болды. 1908 – 1909 ж. ш. Киевке ауысты. Жетісудағы ежелгі түркі сына жазуларын алғаш ашты. Бұл Талас өзіні алқабындағы Айыртам – Ой қыстауынан табылған тастағы жазу еді. Осы аса маңызды археолия жаңалық жөніндегі хабар Ресей археолия қоғамы шығыс бөлімшесінің жазбаларында басылды. Жазу (С.Е. Маловтың пікірі бойынша ең кемінде 8 ғасырға жатады) Жетісудағы ежелгі түркі тайпаларының мәдениет дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді.Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі көптеген археология ескерткіштерді тізімге алып, тарихи топография мен топонимика тұрғысынан зерттеді. Ол Әулиеата уезіндегі сауда жолдарының жоспарын жасап, оларды Тараздан Шығыс Түркістанға қарай асатын ежелгі жолдармен жалғас деп есептеді және жолдар бойындағы араб жол анықтамаларында көрсетілген ежелгі жер аттарын зерттеушілердің карталарындағы қазіргі аттарымен, тұрған жерімен салыстыруға тырысты. Осы жолдың батыс шегіндегі – Тараздан Исфиджабқа (Сайрамға) дейінгі қала орындарына сипаттама жазып, оларды жазба деректемелердегі ежелгі қалалармен ішінара салыстырып, Әулиеата бекінісінің жоспарын жасады. Бұл жоспар бертін келе ежелгі Таразды зерттеушілерге көп көмек тигізді. Талас өзені бойындағы үлкен магистральды канал мен одан тарайтын арықтар жүйесін, ондағы күзет бекіністерін зерттеді. Сырдария бойындағы қалалардың тарихы жөнінен құнды материалдар жинады. Көптеген бекіністер мен қорғандардың қираған орындарында (Сунақата, Асанас, Құймакент, т.б.) зерттеулер жүргізді. 1901 – 1902 жылы Перовск уезінің Сауран, Приречной, т.б. болыстарындағы қираған ежелгі қалалардың орнын барлап, картаға түсірді. Жаңадария өңіріндегі ежелгі қалалар мен елді мекендерді сипаттап жазды.Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі архитектор ескерткіштер (Әулиеатадағы Қарахан мазары, Талас өзені бойындағы Ақ Кесене, Көк Кесене бекіністері, Сығанақ жанындағы Айша бибі мавзолейі, Көккесене мавзолейі, ежелгі Қазақстанның басқа да архитектура ескерткіштері) жайында құнды деректер қалдырды. Каллаур орта ғасырдағы шығыс қолжазбаларын, акт материалдарын, халық аңыздарын (мыс., Ақыртас құрылысы жөнінде) және т.б. фольклорлық материалдар жинаушы ретінде де танымал. Қазақстандың еңбектерін В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Қазақстанның орта ғасырдағы тарихын зерттеуші басқа да ғалымдар жоғары бағалады. ## Дереккөздер
Жарқайың — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, Балықты көлінің оңтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарауыз, хариус (лат. Thymallus) – тұщы суда өседі, олар ағыны қатты шағын өзендерде, суы салқын әрі таза көлдерде кездеседі. Европалық, Азия мен Солтүстік Американық өзендері мен көлдерінде, сондай-ақ Қазақстанда Марқакөлде тіршілік етеді. Оның жонындағы қанаты биік және ұзын болып келеді де, түрлі-түсті болады. Салмағы 300 грамнан 1,5 килограмға дейін. Еті ақ, онша майлы емес, дәмді, аздаған ұсақ қылтанағы болады, одан неше түрлі балық тағамын әзірлейді. ## Дереккөздер
Қаршілік — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Батыр Баян сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: ## Басқалар * Батыр Баян көшесі (Алматы) — Алматы көшесі. * Батыр Баян (поэма) — Мағжан Жұмабаевтың поэмасы. ## Тұлғалар: * Баян Байболатұлы - батыр. * Баян Қасаболатұлы — батыр.
Вишнёвое — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қордабаев Төлеубай Рақымжанұлы (12.12.1915, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы 9-ауыл – 27.4. 2000, Алматы) – ғалым, филология ғылымының докторы (1968), профессор (1970), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). 1940 ж ҚазПИ-ді бітіріп, МХР-дің Баян-Өлгей аймағында қызмет істеді. 1946 – 93 ж. ҚазПИ-де, Қыздар педагогикалық институтында, Жоғарғы партия мектебінде, Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі болды. Қордабаев 10-нан астам оқулық, ғылым-зерттеу еңбектер, монография жазған. Негізгі ғылым-зерттеу жұмыстары қазақ тілінің тарихи синтаксисіне, мақал-мәтел және поэзия синтаксисіне, тіл графикасы мен орфографиясына, лексикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ жалпы тіл білімі мәселелеріне арналған. Тіл тарихы мен оның құрылымдық мәселелерін зерттеген көрнекті ғалым Қордабаев “Еңбек Қызыл ту”, МХР-дің “Алтын ғадас” орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Құнанбай — 2015 жылда шыққан қазақстандық тарихи драма, Құнанбай Өскенбайұлы туралы өмірбаян-фильм. Премьерасы 2015 жылдың 3 желтоқсанында болды. ## Сюжет «Құнанбай» фильмі атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. ## Рөлдерде * Құнанбай Өскенбайұлы — Досхан Жолжақсынов * Сұлтан Барақ — Айдос Бектеміров * Күнке — Майра Омар * Ұлжан — Қаракөз Сүлейменова * Омбы облысының губернаторы — Яков Горельников ## Сілтемелер * "Құнанбай" Киностан сайтында Мұрағатталған 10 ақпанның 2016 жылы.
Жаңаталап — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Зеленобор ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарабұлақ — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Веденов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаражар (2005 жылға дейін – Черноярка) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шибгандж (баңлаша শিবগঞ্জ, ағылш. Shibganj) — Бангладештің солтүстігінде орналасқан қала, Шибгандж ішкі округі орталығы. Қала алаңы 0,72 км²-ге тең. ## Халқы 2001 жылғы санақ бойынша қалада 2514 адам тұрады, оның ішінде еркектер – 52,63%, әйелдер – 47,37%. Сауаттылық деңгейі 63,2% (Бангладештің орта есебі бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Шибгандж Мұрағатталған 15 қазанның 2011 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Қарағай — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қояндыкөл – Жақсытүкті тауларының шығысындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Бурабай ауданы, Кіндікқарағай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 390 м биіктікте жатыр. Аумағы 5 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Жағалауында ені 50-100 м-ге дейін қоға аралас қамыс өскен. Суы тұщы, мал суаруға, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Жауын-шашын және қар асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Солтүстігінде Ұрымқай, батысында Шыбындыкөл, шығысында ұсақ көлдер жатыр. Алабының басым бөлігі жыртылған. ## Дереккөздер
Санат–насыят жырлары (қыр. Санат-насыят ырлары) — қырғыз халық поэзиясының жанрлық түрі. Халықтың өлең–жырларда да, ақындар шығармаларында кең тараған. Балалық, кәрілік, жақсылық, жамандық, өмір, өлім, жорық, жер, су т.б. әрқилы қоғамдық–әлеуметтік, этикалық мәселелер көтеріледі. Мазмұны жағынан болсын, көркемдік түрі жағынан болсын, қазақтың толғау сөздерімен төркіндес. Өсиеттілік сарыны басым келеді. 7–8 буынды жыр үлгісінде шығарылады. ## Дереккөздер
Жаңатуған (1992 жылға дейін — Боевое) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Веденов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 67 км-дей жерде, Сарыкөл көлінің жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Көбекті төбе (Göbekli Tepe), қазақша Кіндік төбе деп те атауға болады — тас діңгектер кешені, Түркияның шығыс оңтүстік Анатолия өңіріндегі Шанлыурфа қаласынан солтүстік шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. 37°13′23″ с. е. 38°55′21″ ш. б.37.22306° с. е. 38.92250° ш. б. / 37.22306; 38.92250    Төбе (қолдан жасалған) 15м биік, оның диаметрі 300м. Ол теңіз деңгейінен 760м биік. Түрікше Göbekli - "кіндік" дегенді, Tepe - "төбе" дегенді білдіреді, яғни Кіндікті төбе деген мағынада. Оны алғаш 1994 жылы қой бағып жүрген малшы кісі байқаған. Көбекті төбені Неміс археология қоғамының мүшесі Клаус Шмидт (Klaus Schmidt) зерттеді және қазуға қатысып, оның жасын б.з.д. 10-8 ғасырларға тән деп есептеді. Зерттеу бойынша Көбекті төбе екі кезеңнен тұрады, алдыңғысы При-Қышқұмыра Неолит А (Pre-Pottery Neolithic A, PPNA) кезеңіне тән болып, жаппай Т-пішінді тас діңгектер салынған. Ол әлемдегі ең көне мегалит есептеледі. Екінші кезең При-қышқұмыра Неолит B (Pre-Pottery Neolithic B, PPNB) кезеңі болып, тас бағандар кішірек және жылтыратылған әкті едені бар тіктөртбұрыш бөлмелерде тұрғызылған. Көбекті төбе кешені При-құмыра Неолит Б (PPNB) кезеңінен кейін қолданудан қалған. Жас құрылымдар классикалық кезеңге сәйкес келеді. Сөйтіп, бұл тас діңгектер кешені адамзаттың осыдан 11 000 жыл бұрынғы (Б.з.д.9400ж шамасы) бағызы мәдениеттен хабар береді. Бұл деген сөз, Көбекті төбе Мысыр пирамидаларынан бақандай 7 000 жыл бұрын, Стоунхенджден 6000 жыл бұрын салынған, яғни адамзаттың бүгінге дейін табылған ежелгі мәдениет ошақтарының ең көнесі есептеледі. Оны ежелгі мәдениеттің діни шоқыну орыны деп жорамалдаушылар да, немесе әлдебір әлеуметтік орын болған деп жорамалдаушылар да бар. 2020 жылдың мамыр айына дейін геофизикалық зерттеулер бойынша, 20 шақты шеңберде 200 шамасында тас баған байқалды. Әрбір бағанның биіктігі 6м, ал салмағы 10 тоннадай. Олар жерге қойылған оймалы тағантасқа орнатылған. Құрылымның қызметі әлі де сырлы болып тұр. Қазу жұмыстары 1996 жылдан бастап Неміс Архиеология Институты жағынан жүргізілуде, бірақ көп бөлігі әлі ашылған жоқ. 2018 жылы өңір UNESCO халықаралық мұралар тізіміне енді. ## Байқалуы және зерттелуі Көбекті төбеге алғаш рет 1963 жылы Стамбул университеті мен Чикаго университеті ғылыми зерттеу жүргізіп, онда байқалған шағылған тас қадаларға негізделіп, бұл өңірді орта ғасырлық мәдениетке тән көне қаланың орны деп таныған болатын. Олар Көбекті төбені Византия империясының алғашқы мезгіліндегі күйреген қала орны деп есептеп, көп мән бермеді. Американ археологі Питер Бенедикт төбе бетінен жинап алынған литикалардың Акрамикалық неолит дәуіріне жататынын анықтады, бірақ тас бағандарды (Т-пішінді бағандардың жоғарғы бөліктері) қабір тасы деп қате түсініп, тарихқа дейінгі кезеңнің орнын Византия зираты басқан деп есептеді. Төбе ұзақ замандар бойы егіншілік орны болған екен, сондықтан әр дәуірдегі жергілікті тұрғындар бетіндегі тастарды тасып апарып әр жерге үйген, бұл Көбекті төбе мұрасының жоғарғы қабатын бүлдіреді. Диқандар тас бағандарды табиғи тастар деп ойлаған болуы мүмкін, кейбір кезде біреулер бағандарды бұзуға да талпыныс жасапты. 1994 жылы Невалы Чори-де жұмыс істеген Германия археология институтының қызметкері Клаус Шмидт қазатын басқа жер іздеп, Көбекті төбе төңірегіндегі археологиялық белгілермен танысады, әрі 1963 жылғы Чикаго зерттеушілерінің Көбекті төбе туралы зерттеулерін тексереді де, бұл өңірдің адамзаттың алғашқы қозғалыс өңірінің бірі болғанын аңғарады. Ол мыңдаған жыл бұрын бұл өңірде неше жүздеген адамның бірігіп жұмыс жасағанын, аталған төбе айналасынан тек 15 метрдей ғана биік екенін, демек оның жай қарауыл төбе еместігін түсінеді. Тіпті де маңыздысы, ол бұл тас бағаналардың Византия заманындағы тас бағаналарға ұқсамайтынын, оның тарихы тым арыда жатқанын мөлшерлейді. Сөйтіп ол өңірді қайта қазуды жоспарлайды. Келесі жылы Шмидтпен Неміс археология қоғамы, және Шанлыурфа мұражайы бірлесіп қазу жұмыстарын жүргізіп, бірталай Тас бағандарды қазып алды. Олар жер астында қатар-қатар тізілген күйде шеңберді құрап көміліп жатқан екен. Шеңбер орталығында Т пішінді екі алып тас баған орнатылыпты. ## Уақытын анықтау Көбекті төбе стратиграфиясы кем дегенде Таяу Шығыстағы Эпипалаеолит кезеңіне дейінгі адамзат қимылынан дерек береді. Кезеңді анықтау құрлылымы бойынша, Көбекті төбе құрылысы При-қыш Неолит А кезеңінде, яғни б.з.д. 10-шы мыңжылдықта жасалған. Соған ұқсас кішірек құрылыстар При-қыш Неолит кезеңінде, яғни б.з.д. 9-шы мыңжылдықта жасалғанн. Көптеген Радиокөміртекті анализ материалдары жарияланды: Hd үлгілері ретінде қорымның ең төменгі деңгейіндегі көмір алынған, сондай-ақ III деңгейдің белсенді кезеңі аяқталғанға дейінгі уақытты бейнеледі, бірақ құрылымның нақты уақыты бұдан да көне. Ua үлгілері ретінде тас бағандардағы педогендік карбонат жұғындылары алынды, және тек қорым қолданыстан шыққанан кейінгі уақытты көрсетеді - дейінгі шекті (terminus ante quem). ## Сипаты мен кескіні Қазірге дейін аталған тас бағандар кешенінен Шақпақ тастан қашалған 45 кесек тас баған қазып алынды. Тас бағандардың биіктігі 6 м, салмағы 20 тонна шамасында болып келеді. Олар арасы 2-4 метр етіп шеңбер пішінде орнатылған. Жорамал бойынша әлі де көп тас бағандар қазып алынуы мүмкін. Өйткені жердің электромагнит өрісі арқылы бақылау бойынша әліде неше жүздеген тас бағандардың қазуды күтіп жатқаны айқындалған. Тас бағанның пішіні жалпақ пішінді діңгек қадалардан және Т пішінді тас бағандардан құралған. Ол Англиядағы Эйвбериге (Avebury) де, Стоунхендж (Stonehenge) тас бағандарына да ұқсап кетеді. Бұл тік бағандардың көп сандысына жабайы шошқаның, үйректің, ұзын жыланның, су шаянының, түлкінің, арыстанның кескіні қашалған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * https://www.smithsonianmag.com/history/gobekli-tepe-the-worlds-first-temple-83613665/ * Badisches Landesmuseum Karlsruhe (ed.): Vor 12.000 Jahren in Anatolien. Die ältesten Monumente der Menschheit. Begleitbuch zur Ausstellung im Badischen Landesmuseum vom 20. Januar bis zum 17. Juni 2007. Theiss, Stuttgart 2007, * E.B. Banning, "So Fair a House: Göbekli Tepe and the Identification of Temples in the Pre-Pottery Neolithic of the Near East", Current Anthropology, 52.5 (October 2011), 619 ff.: https://www.scribd.com/doc/67961270/Gobekli-Tepe-temples-Ted-Banning-2011 Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2012 жылы. * Andrew Curry, "Seeking the Roots of Ritual," Science 319 (18 January 2008), pp. 278–80: https://web.archive.org/web/20120415112503/http://80.251.40.59/veterinary.ankara.edu.tr/fidanci/Yasam/Gelecege_Miras/Gobekli-Tepe.pdf ## Видео * https://www.youtube.com/watch?v=EhUIHsZXDCo * https://www.youtube.com/watch?v=Pls0YjcL7Zg * https://www.youtube.com/watch?v=NK_hfylYH-w
Саяси–әлеуметтік өлең–жырлар – кезеңдік поэзияның саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтік мақсат-мүдделерді паш ететін саласы. Қоғам өзгеріс алдында, бұқара толқыныс үстінде тұрған алмағайып кезеңде саяси әлеуметтік өлеңдердің белсенділігі арта түсетіні тарихтан белгілі. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың отаршылдық езгісі, қазақ қамы туралы өлең–жырлары - соның айғағы. Саясат рухы, тап күресі совет дәуіріндегі ақындардың көпшілігінің-ақ өлең-жырларынан сезіледі (С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, т.б).Алайда идеологиялық қысымның ырқындағы қазақ совет поэзиясы (басқа да елдер әдебиеті сияқты) бұл тарапта ұраншылдыққа, даурықпа мақтанға көбірек ұрынып қалды. ## Дереккөздер
Генерал Полковник Закир Әсгер Хасанов (әз. Zakir Əsgər oğlu Həsənov) - Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі. ## Өмірбаяны Закир Хасанов Астара облысында 9 маусымда 1959 дүниеге келген. Ол 1980 жылы жоғары әскери командирлері мектебін бітірді, 1985 жылы Германияда Қеңес армиясыда қызмет атқарды. 1985 жылдан 1993 жылға дейін Кеңес қорғаныс министрлігінің Сібір әскери округі, Алтай әскери комиссариатының қызмет атқарды. 1993-2003 жылы, содан кейін өткерген Шекара әскерлерінің Ұлттық қауіпсіздік басқармасының министрлігі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара қызметі Халықаралық қатынастар департаментінің бастығы лауазымына дейін көтерілді. 2003-2013 Әзірбайжан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ішкі әскерлерінің қолбасшысы болып қызмет атқарды. Генерал-майор, Жарлық, № 802 6 мамыр, 2005, генерал-лейтенант ықпал етті, ал ҚР Президентінің Жарлығы № 869, 17 мамыр, 2003 ж. 22 қазанда, Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі 2013 жылы тағайындалды және генерал-полковник атағы берілді. Неміс, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде еркін сөйлей алады. Үйленген, 1 ұлы, 1 қызы бар. ## Әскери-атақтары Генерал-майор (2003) Генерал-лейтенант (2005) Генерал-полковник (2013) ## Марапаттары Қызметте өз міндеттерін орындау үшін бірнеше рет марапаттарға лайық болған: * 15.12.1998 - Құрметті Шекара үшін медалі. * 16.08.2002 - «Әскери еңбегі үшін» медалі * 30.06.2004 - «Әзірбайжан Туы» ордені ## Сілтемелер
Сақынама (парсы тілінен аударғанда шарап құюшыға арналған жыр) – орта ғасырлардағы парсы және түркі әдебиеттеріндегі шағын дастандар жанры. ## Сақынама арқауы Сақынаманың арқауы тіршіліктің жалғандығын, бақтың тұрақсыздығын, келмеске кеткен өткеннің салтанатын, баяғының айбынды патша, батырларын айтатын, сұм өмірдің шырқай шындығын бір сәтке де болса ұмытуға қол ұшын берген сақыны-шарап құюшыны мадақтайтын жырлардан өріледі. Сақынаманың нұсқасы мәснәуи, мутакариб өлшеміндегі өлеңдерден көрінеді. Дербес дастан ретінде сақынама бірінші рет Умид Техранидың (15-16 ғ.) өнернамасында кездеседі. Әбд ән-наби Фахр аз-замани Казвини әр алуан шайырлардың 57 сақынамасын қамтитын "Мәйхана" (шарапхана) атты жинақ құрастырған. ## Дереккөздер
Сегізтармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде қолданылатын шумақ өрнегі. ## Қолданылуы "Сегізаяқ" атты өлеңінде Абай сегізтармақты шумақ түрін өзінше өрнектеген. Оның өз өлшемі бар. Сонымен бірге қазақ поэзиясында сегізтармақты шумақ жеті-сегіз буынды өлеңде қолданылып келеді: Мағжан бұл өлеңінде Абайдың "Сегізаяқта" қолданған ұйқас өрнегін сақтаған. Бұл шумақтың тұтастығын күшейте түскен. Шәкәрім ақын "Ашу мен ынсап", "Өлген көңіл-ындынсыз өмір" атты өлеңдерінде сегізтармақты айқас ұйқастармен топтастырған: ## Дереккөздер
Шаликха (баңлаша শালিখা, ағылш. Shalikha) —Баңладештің батысында орналасқан қала, Қала алаңы 5,13 км²-ге тең.  2001 жылғы санақ бойынша, қалада  4549 адам тұрып жатқан, оның ішінде 54,52 % еркектер ,45,48 % әйелдер.Қала тығыздығы 1 км²-ге 886 адам. Сауаттылық деңгейі 35,2 % құрайды (Баңладештің орташа есебімен 43,1 %). ## Сілтемелер * Шаликха(қолжетпейтін сілтеме)  (ағыл.)(англ.)
Шерпур (баңлаша শেরপুর, ағылш. Sherpur) — Бангладештің Богра округіндегі қала. Қала алаңы 6,74 км²-ге тең. ## Халқы 2001 жылғы санақ бойыншақалада 22 352 адам, оның ішінде 50,68 % еркектер, 49,32 % әйелдер. Қала тығыздығы 1 км²-ге 3 316 адам. Сауаттылық деңгейі  55,1 % (Бангладештің орта есебімен 43,1 %). ## Сілтемелер * Шерпур Мұрағатталған 7 шілденің 2010 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Серілік роман (орыс. рыцарлық роман), (фр. roman chevaleresque), (нем. Riterroman), (ағылш. romance of chivalry), (ис. romance), (итал. romanzo cavallereso) — ақсүйек, асыл тек қауымның бекзадалық қасиеттерін, өмір салтын дәріптеп, ерлікті, адалдықты, көзсіз махаббатты мұрат тұтатын куртуаздық әдебиеттің негізгі жанрларының бірі. ## Сипаты Әуел баста Францияда, серілер дәуірлеп тұрған 12 ғасырда, көне, Айса заманына дейінгі мифология, батырлық эпос аясында дүниеге келген серілік роман сол кезеңдегі Еуропа әдебиетін өлшеусіз байытты, өзімен бірге тың тақырып, соны идеялар, жаңа көркемдік тәсілдер ала келді. Психологиялық мінездеу мен табиғатты нәзік суреттеу нышандары, оқиға тартымдылығына, кейіпкердің жеке басының қадір-қасиетіне ерекше ден қою - осының бәрі Еуропа әдебиетіне серілік роман сыйлаған аса мәнді көркемдік жаңалықтар болатын. Ғашықтық жолына бас тігіп, неше түрлі шырғалаңға түсетін мәрт серілер туралы қызықты шығармалардан Шығысқа жасалған үш бірдей крест жорығының нәтижесінде Еуропада там-тұмдап жете бастаған Шығыс мәдениеті мен әдебиетінің де игі ықпалы байқалады. Серілік романның ең танымал үлгілері - Король Артур, "Дөңгелек стол" серілері, Тристан мен Изольда туралы романдар. Серілік романмен қатар серілік новеллалар, серілік повестер де болған. ## Дереккөздер
Шайлкупа (баңлаша শৈলকুপা, ағылш. Shailkupa) —Баңладештің батысында орналасқан қала. Қала алаңы  20,93 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша қалада 31 788 адам тұрып жатқан,оның ішінде  51,98 % еркектер , 48,02 % әйелдер.Қала тығыздығы 1 км²-ге 1519 адам. Қаланың сауаттылық деңгейі 32,4 % (Баңладештің орташа есебі бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Шайлкупа Мұрағатталған 6 ақпанның 2012 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Чаухали (баңлаша চৌহালি, ағылш. Chauhali) — Баңладештің солтүстігінде орналасқан қала. Қала алаңы 16,33 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша , қалада 12 139 адам тұрып жатқан, оның ішінде 51,61 % еркектер , 48,39 % әйелдер. Қала тығыздығы 1 км²-ге 743 адам. Сауаттылық деңгейі 20,6 % (Баңладештің орташа көрсеткіші бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Чаухали(қолжетпейтін сілтеме) (англ.)
Чуаданга (баңлаша চুয়াডাঙা) —Банладештің батысында орналасқан қала және муниципалитет.  Матхабханга өзені бойында орналасқан. Муниципалитет 1960 жылы қаланған. Қала алаңы  36,12 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 72 081 адам тұрып жатқан, оның ішінде  50,13 % еркектер, 49,87 % әйелдер. Сауаттылық деңгейі 48 % (Банладештің орташа есебі бойынша 43,1 %). ## Сілтемелер * Чуаданга Мұрағатталған 3 наурыздың 2011 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Клинцы — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей, Қояндыкөл көлінің солтүстік-шығысында 2 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Ключевое — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан шығысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кіндікқарағай — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан оңтүстікке қарай 36 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Аққайың (2023 жылға дейін — Красный Кордон) — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласының оңтүстігік-батысқа қарай 19 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев (13 ақпан, 1932 жыл, Алматы) - балетмейстер, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі (1982 жыл), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ балет əртісі жəне педагог, профессор. ## Өмірбаяны * Алматы қазақ хореографиялық училищесіндегі Александр Селезневтің класында оқыды. Училищеде онымен бірге Сара Көшербаева бірге оқыды. 1949 жылы Мәскеуде өткен Бірінші Бүкілодақтық методикалық конференцияда екі биші екінші орынды иеленді. Зәуірбек пен Сара «Раймондадан» және Е.Брусилловскийдің музыкасына жазылған «Балбырауынды» орындады. Олар алдағы жылдарда бір-бірінен үзілмес бишілік серіктестер болды. * Ленинград академиялық хореографиялық училищесін бітірген (1954), режиссер-балетмейстер; Мұнда А.Писарев, А.Бочарова, А.Пушкина, И.Бельский сияқты ұстаздардың жетекшілігімен жөнге қойылған мектептің сабақтарын тыңдады. * 1958 – 62 жылдары А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында профессор Л.Лавровскийдің класында оқып бітірген (Мәскеу, 1962), балет әртісі. * Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2001 жылдан). * 1954 – 58 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет солисі. Бұл жылдары театр репертуарындағы балеттерде басты партияларды П.И. Чайковскийдің «Аққу көлінде» – Принц, «Ұйқыдағы аруында» – Шурале, Л.Ф.Минкустың «Дон Кихотында» – Базиль, Ф.З.Ярулиннің аттас балетінде – Шурале, Р.М.Глиэрдің «Мыс салт аттысында» – Евгений, Б.В.Асафьевтің «Бахшасарай хауызында» – Вецлав пен Нұралы, Н.Тілендиев, Л.Б.Степанов және Е.В.Манаевтың «Достық жолыменінде» – Сабыр рөлдерін орындады. Зәуірбек Молдағалиұлының биші-солистік шебер техникасы, би орындаудағы сұлулық тазалығы, классикалық мәнерінің сезімтал музыкалығы таныла түсті. Ол әрбір партияда бір-біріне ұқсас емес өнерін паш етті. Концерттік жолда оның «Алтын бүркіт» биі асқақ бишілік өнер деп бағаланды. Ол рөлде Мәскеуде атқарылған Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде 1958 жылы бұл биді оның теңдессіз шеберлікпен орындаушылығы бағаланып, Кеңес Одағында оған үлкен танымалдық әкелді. Суретші В.Семизоров Зәуірбек Райбаевтың «Алтын бүркіт» биін орындау сәтін портрет етіп салып, көркемөнердің динамикалы шығармасына айналдырды. Бұл портрет Абай атындағы опера және балет театрының қабырғасында ілулі тұр. * 1962 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері. Алғашқы сахнаға шығарған бір актілік балеттері – «Шопениана», «Францеска да Римни» және «Болеро».Зәуірбек Райбаетың шеберлік жолындағы табысының бірі – оның 1974 жылы Арам Хачатурянның «Спартак» балетін Алматы опера және балет театрында қоюы. Зәуірбек Райбаев Глазуновтың «Раймонда», С.Прокофьевтің «Ромео Джульетта», А.Хачатурянның «Спартак», Ғ.Жұбанованың «Хиросима», Т.Мыңбаевтың «Фрески» балеттер тізбегін сахнаға шығарды. Әрбір балеттің хореографиясы ерекше сазды. * 1970 -1986 жылдары - ҚазКСР Мемлекеттік би ансамблі көркемдік жетекшісі, директоры, «Салтанат» ансамблін құрды. Бұл өнер ұжымы Қазақстан жастарының және Республикалық сайыстың жүлдегері атанды. * 1992 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері. * 2004 жылдан - зейнеткер. ## Марапаттары * «Құрмет белгісі» ордені (1958) * 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. * 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты. * ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958). * ҚР халық әртісі (1982). * «Құрмет» (2001) ордендері * ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы * «Ерең еңбегі үшін» медальімен мараптталды. * 1986 жылы оған ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығы (1986). * Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969). ## Отбасы * Әкесі - Райбаев Молдағали, марқұм, ҰОС қатынасқан, Кеңес Әскерінің офицері. * Анасы - Сүлейменова Тұрсын, марқұм, фармацевт болып жұмыс істеген. * Үйленген. Жұбайы - Талқыбаева Қаншайым (1944 ж. т.), экономист болып жұмыс істеген. ## Дереккөздер
Мезгілсор — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2011 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласының солтүстік-батысында 44 км-дей жерде, Мезгілсор көлінің батысында 3 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Молбаза — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Зеленобор ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей, ауылдық округ орталығы - Зеленый Бордан оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Алейников Сергей Евгеньевич 7 қараша 1961 жылы туған. КСРО және Беларусь футболшысы. Жартылай қорғаушы. 1988 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Кәсіби спорт шебері. 1986, 1990 жылдары әлем чемпионатына, 1988, 1992 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан. Беларусь Ұлттық құрамасы сапында төрт кездесу өткізді. ## Өнер көрсеткен клубтары * Динамо Минск (1981-1989) * Ювентус (1990) * Лечче (1991-1993) * Гамба Осака (1993-1995) * Оддевольде (1996) * Корильяно (1997) ## Марапаттамалары * КСРО Чемпионы 1982 * УЕФА Кубогыны иегері 1990 * Италия Кубогының иегері 1990 * Беларусьтегі жыл футболшысы: (1984, 1986, 1988). * УЕФА кубогы: 1990 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.national-football-teams.com/player/19045.html * http://footballfacts.ru/players/70564
Николаевка — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Новоандреевка — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Златополье ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Наурызбай батыр ауылы — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Зеленобор ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін қысқарған Наурызбай ауылдық округі орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Озёрное — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан батысқа қарай 5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Оқжетпес — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Бурабай кенттік әкімдігіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстікке қарай 16 км-дей жерде, Бурабай көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Сағи Асанәліұлы Әшімов (18 шілде 1961, Алматы қаласы — 18 қазан 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан. * Алматы театр және кино институтын бітірген (1983).Кинодағы ең алғашқы рөлі — “өз дәніңді өсір” фильміндегі Қалам (1978).“Мазасыз балалардағы” Әкім (1980)“Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981),“Қаралы сұлудағы” қызметші (1982)“Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990)4 сериялы “Шоқан Уәлиханов” телефильміндегі (1982—1984) Шоқанқазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдады. * Кинодағы ең алғашқы рөлі — “өз дәніңді өсір” фильміндегі Қалам (1978). * “Мазасыз балалардағы” Әкім (1980) * “Ойлануға бір айдағы” Арыстан (1981), * “Қаралы сұлудағы” қызметші (1982) * “Айсұлу жайлы аңыздағы” Тәуекел хан (1990) * 4 сериялы “Шоқан Уәлиханов” телефильміндегі (1982—1984) Шоқан * қазақтың тұңғыш көпсериялы “Тоғысқан тағыдырлар” телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдады. Әшімов рөлдеріне шынайылық тән. ## Марапаттары Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986). ## Дереккөздер
Оңдасын Байкенұлы Әшімов (21 наурыз, 1951 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Зерендіде туған) — ғалым. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2004 жылдан). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Халықаралық жоғарғы мектебінің және ҚР Инженерлік академиясының академигі. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары «Парасат ордені» мен «Достық ордені»нің кавалері. ## Толығырақ * Оңдасын Байкенұлы 1951 жылы 21 наурызда Ақмола облысы Зеренді ауданыЗеренді де дүниеге келген. * 1973 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы политехникалық институты)ның «Энерготехника» факуельтетін бітірген. ## Еңбек жолы * 1973 – 1975 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы политехникалық институты)нда зертеуші; * 1975 – 1996 жылдары Алматы энергетика және байланыс иниститутында асперанты, кіші, аға ғылыми қызыметкерлер, аға оқытушы, лабаратория меңгерушісі; * 1996 – 2000 жылдары осы иниституттың бірінші про-ректоры болды. * 2000 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖАК төрағасының орынбасары; * 2002 – 2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының маслихат депутаты; * 2002 – 2016 жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болды. ## Ғылыми атағы * 1993 жылы Техника ғылымдарының докторы; * 1995 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі; * 2006 жылдан Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының мүшесі. * 2009 жылдан KNAEN академигі. * 2011 жылдан Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі. * Қазақстан педагогика академиясының мүшесі. ## Мемлекеттік марапаттары * 1980 жылы Қола медаль ENEA КСРО; * 1985 жылы «КСРО өнертапқышы» құрметті белгісі; * 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері(құрметті атағы); * 2005 жылы «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» медалі; * 2006 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. * 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі; * 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі; * 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; * 2015 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені»н алды. * ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған (2001,2005,2006,2011,2012жылдар); * 2013 жылы «Қазақстан Даңқы» құрметті ордені; * 2013 жылы «Қазақстан ұлттық теңгесіне 20 жыл» медалі; * 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі; ## Халықаралық марапаттары * 2006 жылы қазіргі қоғамның зияткерлік дамуына қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық марапат Сократ Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. (Оксфорд, Ұлыбритания); * 2006 жылы Еуропалық интеграция, дамытуға қосқан жеке үлесі үшін - «Біріккен Еуропа» халықаралық марапаты «Біріккен Еуропа» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. (Оксфорд, Ұлыбритания); * 2008 жылы Қазіргі заманғы білім беру мен ғылым саласындағы жеке жетістіктер үшін арнайы «21 ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» атты құрметті дипломы берілді. (Кембридж, Ұлыбритания); * 2012 жылы ғылым және экономика дамытуға сіңірген еңбегі үшін Ресей Жаратылыстану Академиясының арнайы алтын медалі; * 2012 жылы академик И.И.Синягинаның алтын медалі; * 2012 жылы «академик Бараевтың туғанына 100 жыл» мерекелік медалі; * 2013 жылы Вернадскийдің құрметті күміс медалі; * 2014 жылы «Тың жерлерді иегеруге 60 жыл» медалі (РФ); * 2015 жылы «М.И.Ломаносовқа 300жыл» құрметті медалі (РФ); ## Ғылыми еңбектері * 1988 жылы «Балқытылған отқа оксидтері» кітабының авторы. * 2001 жылы «Оксиді материалдарды балқыту үшін Электротехнологиялық жүйелер» еңбектері жарық көрді. * 190-нан астам ғылыми жарияланымдардың авторы; * Оңдасын Байкенұлының авторлық 40 сертификаттар және 1 патенті бар. * Негізгі ғылыми еңбектері электрлі термиялық аппараттарды құрастырудың, электр технологиясының және энергия сақтаудың теориясы мен практикасын зерттеуге арналған. ## Сыртқы сілтемелер * [1] Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * [2]
Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов (1 қаңтар 1937 жылы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлікте туған) — ғалым. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1981). Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры. ## Білімі * 1944 - 1954 жылдары Қазақ темір жолының Шу станциясының №62 орта метебін бітірген. * 1954 - 1960 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниституты металлургия факултетенің "металлургия процестерін автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірген. * 1960 - 1963 жылдары Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының асперантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * 1963 - 1989 жылдары Қазақ политехнологикалық институтынында аға инженер, доцент, кафедра меңгерушісі; * 1976 - 1985 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы Қазақ политехникалық иниститутының ректоры; * 1989 - 1991 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Математика және механика институтынының директорының орынбасары; *1991 - 1994 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ақпараттану және басқару проблемалары институтынының директоры; * 1994 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестациялық камитеттінің төрағасы болды. * 1997 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттану және басқару проблемалары институтынында бөлім меңгерушісі. * 1997 жылдан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің "Ақпараттық технологиялар" кафидрасының профессоры. ## Ғылыми шығармашылығы * 1964 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Тотықталған никель рудаларын шахталық қортуды матаматикалық модулдердің көмегімен зерттеу" тақырыбы бойынша техника ғылымының канидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. * 1972 жылы Мәскеудегі болат және қорытпалар иниститутының "Қара және түсті металдарыды өндіру саласында автоматты реттеу және басқару" мамандығынан "Шахталық пештерде түсті металдардың концентрантары мен рудаларды қортуды оптималды басқару" тақырыбы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дессертация қорғады. * Әшімовтің негізгі ғылым еңбектері бірегейлендірудің теориялық негіздері, автоматтық басқару теориясы, жүйелік талдау, ұйымдастыру жүйелерін басқару, өндірістік процестерді жобалау мен ғылыми-зерттеужұмыстарын автоматтандыру, т.б. мәселелерді зерттеуге арналған. Халықтар достығы орденімен, т.б. медальдермен марапатталған. ## Мемлекеттік марапаттары * 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі; * 1980 жылы "Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері" құрметті атағы берілді. * 1981 жылы "Халықтар достығы" ордені; * 1984 жылы 26 шілдеде "Еңбек Қызыл Ту" Орденімен марапатталды. * 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы; * 1989 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің сыйлығының иегері; * 2006 жылы елбасының жарлығымен Парасат орденімен марапатталды. * 2012 жылғы елбасының қолынан жоғарғы мемелекеттік награда ІІ дәрежедегі Барыс орденімен марапатталды. ## Ғылыми еңбектері * Справочник по теории автоматического управления, М., 1987; * Оптимизация структур данных в АСУ, М., 1988 (соавт.); * Статистическая теория автоматических систем с динамической частотно-импульсной модуляцией, М., 1988 (соавт.); * Введение в теорию систем автоматического управления с изменяющейся конфигурацией, А., 1993 (соавт.). ## Сыртқы сілтемелер * [1](қолжетпейтін сілтеме)
Харинакунда (баңлаша হরিণাকুন্ড, ағылш. Harinakunda) — Баңладештің батысында орналасқан қала. Қала алаңы 19,97 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 17 533 адам тұрып жатқан, оның ішінде 51,06 % еркектер, 48,94 % әйелдер. Қала тығыздығы 1 км²-ге 877 адам. Сауаттылық деңгейі 23,9 % (Баңладештің орташа есебімен 43,1 %). ## Сілтемелер * Харинакунда(қолжетпейтін сілтеме)  (ағыл.)(англ.)
Фени или Фенни (баңлаша ফেনী) —Баңладештің шығысында орналасқан қала. Қала алаңы 7,43 км²-ге тең. 2001 жылғы санақ бойынша, қалада 90 157 адам тұрып жатқан, оның ішінде 53,24 % еркектер,  46,76 % әйелдер. Қала тығыздығы 1 км²-ге 12 134 адам. Сауаттылық деңгейі 68,6 % (Баңладештің орташа есебімен 43,1 %). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Фени Мұрағатталған 3 шілденің 2011 жылы.  (ағыл.)(англ.)
Жайбасарлар (лат. Tardigrada) – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Бұлардың 1150-ге жуық түрі белгілі. Денесінің ұзындығы 0,1-1,5 мм-дей. ## Дереккөздер
№17-темір жол айрығы — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Кенесары ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Райгородок — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, Шыбындыкөл көлінің оңтүстігінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
№19-темір жол айрығы — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Кенесары ауылдық округі құрамында болған темір жол айрығы, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бе́ни (исп. Río Beni) — Боливиядағы өзен. Әр түрлі дереккөздерге сәйкес өзеннің ұзындығы 1178 немесе 1619 шақырымды құрайды. Өзеннің орташа тереңдігі шамамен 9 метр, ең жоғарғы тереңдігі 21,3 метр. Өзеннің орташа ені 400 метр, ең жоғарғы ені 1069 метр. Бени өзенінің жол бойындағы гидрографиясы өте күрделі, жиі бағытын өзгертеді және шоңғалдары өте көп. Бразилияның шекарасында Бени өзені өзге Маморе және Мадре-де-Дьос өзендерімен бірге өз кезегінде Амазонкаға құятын Мадейра өзенін құрады. Өзенде Ангосто дель Бала шатқалында су электр станциясын салу жобасы бар. ## Галерея * * * ## Әдебиет * Бени // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі: 86 томдық (82 т. және 4 қос.) — СПб., 1890—1907.