text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қызғылт жирен саршұнақ – бұл дене тұрқы 25-34, құйрығының ұзындығы 5-9 сантиметрдей біршама ірі келген кеміргіш.
Сондықтан оны кейде үлкен саршұнақ деп те атайды. Ұйқыға кетер алдында еркектерінің салмағы 900-1500 грамға дейін барады. Жотасы жылтыр сары немесе сұрғылт қоңыр. Оның екі ұртын қызыл жирен қоңыр дақтар, көзінің айналасын дөңгелене біткен қоңыр сақина тәрізді жолақ қоршап жатады. Саршұнақтың бұл түрін осы белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.
Қазақстанда қызғылт жирен саршұнақ Орал, Гурьев, Ақтөбе, Торғай облыстарының кейбір аудандарында тараған. Оның шығыстағы таралу шекарасы Есіл өзеніне дейін барады.Әсіресе бұл саршұнақтың көп тараған жері – Ақтөбе облысының Мартөк, Ленин, Қобда, Новоресей, Алға аудандары. Мұнда саршұнақ мекендеген жерлердің әр гектарына есептегенде 12-18 қызғылт жирен саршұнақтан келеді. Кей жерлерді кішкентай саршұнақпен бірге мекендесе, кей жерлерде қызылұрт саршұнақ бар жерлерде кездеседі. Бірақ бұлардың мекені басқаша болып келеді. Қызғылт жирен саршұнақ көбінесе далалық аймақтарда қоныстанады.
## Дереккөздер |
Қызылұрт саршұнақ – кішкентай саршұнақтан сәл ғана ірілеу келеді. Дене тұрқы 23-30, құйрығы 4-8 см. Жотасының түсі сарғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтары болады. Бауыры ақшыл сары. Бұлардың бір айырмашылығы ұртында жирен дақтары бар. Қазақстанда қызылұрт саршұнақ негізінен тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда көп таралған. Ол Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық аудандарында және Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шығысындағы аудандарында бір гектар жерде 10-нан 20-ға дейін саршұнақтан келеді. Қызылұрт саршұнақтың қорегі өсімдіктердің жапырақ –сабақтары, дәндері және насекомдар. Бұл кеміргіштер шамамен 40 түрлі өсімдікті қорек етеді. Мұның ішінде қара құмықты, көдені, ебелекті, бедені, май таспаны, жусанды, жауқазынды, баданалы қоңырбасты т.б. өсімдіктерді құнығып жейді. Кейде шыбын-шіркейді, әсіресе қоңыздарды, жұлдыз құрттарын, көктемде тіпті өздерінің жаңа туған балаларын да жеп қояды. Қызылұрт саршұнақтың тіршілік жағдайы көбінесе кішкентай саршұнаққа ұқсайды. Бұлар да қысқы ұйқыдан көктемнің басында оянады және ол мекендейтін жерінің жағдайына байланысты болады. Мысалы, солтүстік-шығыста олар наурыз айының аяғында, ал оңтүстікте осы айдың бас кезінде ұйқыдан жаппай оянып, тіршілік қамына кірісіп, жан-жаққа тарайды. Көктемде қар тез еріп, топырақ тез жылынса, саршұнақтар да жаппай жер бетіне шығып, шағылысады. |
Жоңғар ергежейлі атжалманы лат. Phodopus sungorus - аламантәрізділер тұқымдасына жататын кеміргіш. Тұрқы 10 см дейін, салмағы 45 грамға дейін барады. Үй жануары ретінде кеңінен қолданылады.
Кеміргіштердің осы түрінің аяқтарын жүн басқан, арқасында қара немесе сұр жолағы болады. Құйрығы өте қысқа келеді. Жүндерінде аздап ақ түсті талшықтар бар. Шығыс Қазақстан, Хакасия және Батыс Сібірдің далалы және шөлейт аймақтарында кең таралған.
## Дереккөздер |
Төлеген Сәбитұлы Досмағамбетов (1940-2001) — Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы. Ол 1940 жылы солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұрттық ауданында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін және архитектура институтын (1965) бітірген. Оқуын бітірген соң КСРО СО мүшесі болды, ал 35 жасында респуликаның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері болды.
Қазақ халқының батырлық тарихын бейнеленген оның жұмыстары республиканың әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан Сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтбаев , Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні . Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіров және олардың ұлы замандастарының портреттері туындаған.
Төлеген Досмағамбетовтің соңғы көптеген жұмыстары Қазақстанның жаңа астанасы — Астананың келбетін суреттеді. Ол Есіл өзені арқылы өтетін көпірге орнатылған — барыс мүсіні, Тағы бір мүсінді баланың өмірін құтқарған қасқыр туралы аңызға арнаған Ол мүсін Астана қаласының орталығында тұр. Төлеген Досмағамбетовтің өзі былай дейді:
## Дереккөздер |
Ойықтістер (лат. Solenodontidae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Гаити мен Кубаның орманды және бұталы шіліктерінде мекендейтін 1 туысы, 2 түрі белгілі. Дене тұрқы 30-35 см, салмағы 1кг-дай. Әр түрлі омыртқасыздармен, бақалармен, кесірткелермен қоректенеді.
## Түрлері
* Solenodon cubanus – Куба ойықтісі
* Solenodon paradoxus – Гаити ойықтісі
## Дереккөздер |
Кіші саршұнақ – саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі, денесінің тұрқы 17-24, құйрығы 3-4 см.
Қысқы ұйқыға кетер алдында салмағы әдетте 300-400 грамнан аспайды. Жотасының жүні сұр, аздаған сары күрең теңбілдері болады. Бауыры ақшыл сары болып келеді.
Қазақстанда бұл кеміргіштердің мекені көп территорияны алып жатыр. Ол Гурьев, Орал, Ақтөбе және Град облысының барлық аудандарында, Целиноград облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Жезқазған облыстарының солтүстік және батыс, сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік аудандарында таралған. Әсіресе алғашқы төрт облыстың территориясында кішкентай саршұнақ мекендейтін жерде көбіне бір гектарда 5-тен 35-ке, ал кейде 100-ге дейін саршұнақ кездеседі. Тек Орал облысында ғана бұл саршұнақтың қоры 200 миллиондай.
Ол көбіне сары, сортаңдау топырақты жусанды далаларда өсімдігі сирек жерлерде мекендейді. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегіндегі жайылымдық жерлерде, жол бойында және егіс маңында көп кездеседі. Ал кейбір аудандарда күздік бидай және көп жылдық шөп егістіктерінде тұрақты тіршілік етеді. Тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда жыртылмай қалған жерлерді мекендейді. Бұл жерлерде тіпті егістікте де көптеп кездесе беретіні байқалып отыр. Кіші саршұнақтар шөбі аласа өскен жерлерден ін қазады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда інін көп жылдар бойы пайдаланады. Оны әр жыл сайын тереңдетіп жер бетіне 1-1,5 текше метр топырақ шығарады. Міне, осыдан барып далада төмпешіктер пайда болады, оларды саршұнақ төбешіктері деп атайды. Саршұнақтар мекендеген жерлерді анықтау оңай. Ескі төбешіктердің диаметрі 2-3 метрге, ал биіктігі 50 мантиметрге дейін барады. Егістік жерлерде мұндай төбешіктер болмайды. Төбешіктер саршұнақтың тіршілік етуі үшін үлкен роль атқарады. Көктемнің алғашқы мезгілінде қар еріген уақытта, жауын-шашын болған кезде саршұнақтар осы төбешіктерді мекендеп аман қалады.
Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда кішкентай саршұнақ інді өте көп қазады. Олардың ескі мекендерінде бір саршұнаққа 10-ден 30-ға дейін ін келеді. Бір гектарда 500-700 інге дейін және 50-80 төбешік кездеседі. Саршұнақтың уақытша және тұрақты індері болады. Уақытша індер қарапайым келеді. Бұлардың тереңдігі 50-80 см, ұзындығы 80-100 см. Бұл індерін күндіз қоректенуге шыққанда немесе қауіп-қатер төнген кезде пайдаланады. Саршұнақтар қысқы ұйқыдан көктемде қар кетісімен оянып, тіршілік ете бастайды. Оңтүстік аудандарда наурыз айында оянса, апрельдің бас кезінде оянады.
Бұлардың ұйқыдан ояну кезеңі ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы желсіз, күндізгі температура плюс 6-8 градус болса, онда саршұнақтар 10-15 күнде қысқы ұйқыданжаппай оянып, жер бетіне шығады. Ал ауа райы өте салқын (жауын-шашынды, көк тайғақ) болса, көбісі інінде қырылып қалады. Міне, осылайша саршұнақтардың ұйқыдан оянуы 30 күнге дейін созылады. Ұйқыдан оянған кезде еркектері 170-250 грамм, ал ұрғашылары 140-200 грамм салмақ тартады. Ұрғашылары ійнен сыртқа шыЛқан соң, бірнеше күннен кейін-аЛ шағылыса бастайды. Шағылысу кезеУі аяқталысымен бблар ескі індерін тазалап, кеУейтіп немесе жаңа:ін Лазуға кіріседі. Балаларын 22-26 күндей көтереді. Балалары қызылшақа, соқыр болып туады. Көздерін 20 күн дегенде ашып, 25 күн шамасында жер бетіне әр іннен 4-5-тен шыға бастайды. Олар алғашқы кезде індерінен алыс кетпей, өсімдіктердің нәзік жасыл жапырақтарымен қоректенеді. Бұл кезде әрбір баласының салмағы 40 г шамасындай болады. Ал салмағы 60-80 грамға жеткен кезде жан-жаққа тарап, өздері ін қазып немесе ескі уақытша індерде тіршілік ете бастайды. Май айының аяғында, июньнің бас кезінде саршұнақтарының еркектерінің салмағы 400-500 грамға, ұрғашыларының салмағы 300-350 грамға дейін жетіп, аз уақыттан кейін қысқы ұйқыға кетеді.
## Дереккөздер |
Ергежейлі боз қосаяқ (лат. Salpingotus pallidus) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.
Қазақстанда ғана, оның ішінде Қызылорда облысындағы Арал өңірінде (Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары) және Алматы облысындағы оңтүстік Балқаш құмдарында (Сарыесік Атырау) кездеседі. Дене тұрқы 52 – 61 мм, салм. 8,9 – 12,5 г. Өзі тектес басқа қосаяқтардан ерекшелігі – арқасы боз түсті болады. Ғылымға 1984 жылдан бастап белгілі. Саны аз, таралу аймағы шағын. Ін қазып, сонда тұрақты тіршілік етеді. Інінің ұзындығы 215 см-ге жетеді. Ергежейлі боз қосаяқ – түн жануары. Ол өсімдіктердің дәнімен, жемісімен және түрлі қоңыздармен, шегірткелермен қоректенеді. Қыркүйекте қысқы ұйқыға жатады. Бұл кезде денесіне жинаған майдың үлесі жалпы салмағының 28%-ын құрайды. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянып, мамыр – шілде айларында 2 рет көбейе алады, әрқайсысында орта есеппен 4 – 5 қосаяқтан туады. Бұлар келесі көктемде жыныстық жағынан толық жетіледі. Ергежейлі қосаяқтың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Бозтүсті ергежейлі қосаяқ сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
## Статусы
III-ші санат. Сирек таралу аймағы тар түр, Қазақстан фаунасының әндемигі.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Туыстың әлемдік фаунадағы төрт түрінің бірі. Қазіргі Тұранның территориясында пайда болған алғашқы формаларының бірі ретінде қарастырылады.
## Таралуы
Таралу аймағы екі оқтауланған учаскеге бөлінеді, оның біреді Солтүстік Арал өңірінде, ал екіншісі – Оңтүстік Балқаш өңірінде орналасқан. Солтүстік Арал өңірінде Аралмаңы Қарақұмында, Үлкен және Кіші Борсық құмдарында мекендейді . Оңтүстік Балқаш өңірінде Іле-Қаратал өзендері аралығының солтүстік бөлігінде кең тараған , сол сияқты Аксу-Қаратал өзендері аралығынан да табылған .
## Мекендейтін жерлері
Солтүстік типті құмды шөлдерде мекендейді. Арал өңірі Қарақұмында жусанды – астық тұқымды өсімдіктер қскен бекінген құмдарда , Үлкен Борсық құмында – құмдардың тегістелген шеттерінде мекендейді. Оңтүстік Балқаш өңірінде барлық типтегі құмдарда – жоталы, жоталы-адырлы, ірі бекінген құмдарда – десе де жоталар мен шағыл құмдардың етектерінде, олардың арасындағы онқықтарда, сол сияқты құмды жазықтар мен бекінген аласа моталы құмдарда кездеседі .
## Саны
Аз десе де аңтайлы биотоптарде жекелеген жылдары біршама кәдімгідей. Арал өңірінде 10 км автомаршрутта 3-тен 11-ге дейін қосаяқ есепке алынған, қоныстану тығыздағы 1га-да 2-3 басты құрады . Оңтүстік Балқаш өңірінде 10 км автомаршрутта бір қосаяқ, бірақ жекеленген оңтайлы жерлерде 1 км жаяу маршрутта 8-10 басқа дейін жетеді .
## Негізгі шектеу факторлары
Анықтармаған. Белгілі бір дәрежеде, әсіресе жастары, жыландардың (1998 ж. шығыс айдаһаршасының қарнынан бұл қосаяқтың 2аласын таптың) және жапалақтардың, ең алдымен үй бағызының оңай жемтігі болады, Оңтүстік Балқаш өңірінде соңғысынаң саны біршама жоғары.
## Биологиялық ерекшіліктері
Жеке тіршілік етеді. Қысқы ұйқыға жатады. Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді. Жазғы індері кішкентай (ұзындағы 40 см-дей, тереңдігі 8 см) және қапапайым құрылысты (шығу аузы 2-3 және бір ұя камерасы). Негізгі қорегі – тұқым мен насекомдар, өсімдіктің жасыл бөлігі шамалы болса да үнемі кездеседі. Көбеюінің басталуы кеш түседі. Арал өңірінде – маусымның бірінші онкүндігі , Оңтүстік Балқаш өңірінде – сәуірдің аяғы – мамырдың баса. Солтүстік Арал өңірінде біраналыққа 2-4, орташа 2.8, ал Оңтүстік Балқаш өңірінде – 4-5, орташа 4.1 эмбрионнан келеді . 10-11 айда жыныстық жағынан жетіледі. Табиғатта тіршілігінің ұзақтығы 2.5, ал қолда – 3 жыл .
## Қолда өсіру
Қолда ұстауға оңай үйренеді. Торда 3 рет ұсталып өсірілгені, оның екі жағдайында ұрпақ алынғаны белгілі.
## Қабылданған алынған қорғау шаралары
Алынбаған.
## Қорғауды керек ететін шаралары.
Арнайы қорғау шаралары қолданылмайды.
## Зерттеу үшін ұсыныстар
Боз түсті ергежейлі қосаяқтың белгі популяцияларына тұрақты түрде мониторинг жүргізу.
## Дереккөздер |
Кемеркөл (2018 жылға дейін — Виноградовка) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Наумов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-батысында 32 км-дей жерде, Кемеркөл көлінен солтүстікке қарай орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еңбек (2005 ж. дейін – Трудовое) — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл, Еңбек ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының оңтүстігінде 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақсу — Ақмола облысының Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты кент, Ақсу кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Степногорскіден солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сәдубек — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Тельман ауылдық округі құрамында болған ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Атбасар қаласынан шығысқа қарай 30 км-дей жерде.
## Халқы
2009 жылы тұрғыны 55 адам болған. |
Мунтжактар (лат. Muntiacus) – бұғылар тұқымдасына жататын марал туысы, 8-ге жуық түрі бар. .
Азияны мекендейді, Англия мен Францияға орналастырылған.
Жотасының биіктігі 40-65 см, салмағы -15-35 кг. Түсі сұр, сары немесе қоңыр. Еркектерінде азулы тістері және қысқа мүйізі бар. Салмағы шамамен 40-50 кг болатын алып мунтжак (М. vuquangensis) 1993-94 жылдары Орталық Вьетнамда табылған. Мьянма және Таиландтағы Феа (M.feae) мунтжагының жоғалу қаупі бар, қалған түрлері сирек кездеседі.
## Мінез-құлығының ерекшеліктері
Мунжактардың еркектері өз аймақтарын басқа еркектердің енуінен қорғайды. Олар кездескен кезде, әдетте, төбелеске келеді, онда қысқа мүйіздер өткір азу тістер ретінде қолданылмайды. Бұл бұғылар қуанғанда немесе қобалғанда иттердің үргеніне ұқсас дыбыстар шығарады.
Әйелдердің жүктілігі шамамен 7 айға созылады, содан кейін әдетте бір бала туады, оны анасы оны өз бетінше ұстанғанша қалың бұталарға жасырады. Бұл бұғылар өсімдік тағамдарымен қоректенеді: жапырақтар, шөптер, бүршіктер, құлаған жемістер.
Бір қызығы, сүтқоректілердің жаңа түрлерінің ашылуы екіталай деп есептелетін 1990 жылдары алғаш рет мунджактардың 5 жаңа түрі ашылған және сипатталған.
Азия елдерінде мунджактарды аулайды, олардың еті деликатес болып саналады.
## Мүйіздері
Олар мүйіздердің өте қарапайым құрылымында ерекшеленеді: әрбір мүйізде ұзындығы 15 сантиметрден аспайтын бір ғана, ең көбі екі бұтақ бар. Бұғылардың барлық дерлік түрлері сияқты тек аталықтарының мүйіздері болады.
## Дереккөздер |
Марат Кененбайұлы Мәзімбаев (1 наурыз, 1974 жылы туған, Қазақ КСР Жамбыл облысы Қордай ауылы) – Қазақстандық кәсіби боксшы, кәсіпқой боксшы, екінші жеңіл салмақ категориясында сөйлейді. IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).
## Өмірбаяны
1974 жылы 1 наурызда Кордай кентінде дүниеге келген (Жамбыл облысы). Төртінші сыныпта боксты оқуға кірдім. 13 жасында алғашқы жетістік болды — жасөспірімдер арасында республика чемпионатын жеңіп алды. Осыдан кейін Республикалық Олимпиадалық резерв мектебіне түсті. Спорттық орта мектебінің түлегі және Ішкі істер министрлігінің академиясы. Сиднейдегі Олимпиадаға қатыса алмағаннан кейін, кәсіби мансапты бастау туралы шешім қабылдады. Кәсіби сақинадағы алғашқы жекпе-жек 2001 жылы болды. 2005 жылы IBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағына ие болды және WBO Intercontinental World Champion. Өз мансабын 2007 жылы аяқтады. Промоутер болды. Бірнеше жыл бойы Ішкі істер министрлігінің академиясында, онда ол сабақты және самбо үйретті. Тараз қаласындағы №3 Олимпиадалық резерваттың облыстық балалар-жасөспірімдер мектебін басқарды. 2013 жылдан бастап «Жамбыл» бокс клубын басқарады.
## Толығырақ
Алғашқы бапкерлері – Н.П. Фролов, С.Болдырев.
* Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы (1993 – 96).
* Шығыс Азия ойындарының (1997, Пусан, Оңтүстік Корея) күміс жүлдегері.
* Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1998, Дублин,Ирландия).
* Азия ойындарының қола жүлдегері (1998, Бангкок, Тайланд).
* 1997 ж. Германияның Галле қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдені иемденді.
* Кәсіпқойлар арасында ІВА тұжырымы бойынша әлем чемпионы (2005, Алматы).
* WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы (2005, Алматы).
## Сілтемелер
* Марат МӘЗІМБАЕВ: Бокстан біржолата кеткен жоқпын
## Дереккөздер |
Мәлік Әуесханұлы Өскенбай (22 ақпан 1966 жылы туған, Панфилов ауданы, Талдықорған облысы (қазіргі Жаркент қаласы, Алматы облысы) — Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. «Кескіндеме, мүсін, театр-декорация өнері» мамандықтарының пәндік-циклдік комиссиясының меңгерушісі суретші, мүсінші. Көптеген мақалалар мен оқулықтардың авторы. Қазақ тіліндегі суретшілерге арналған тұңғыш "Пластикалық анатомиясы" кітабының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен өнер колледждеріне арналған мүсін мамандықтарын даярлау бағдарламасының авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Ы.АЛТЫНСАРИН» атындағы төс белгісімен марапатталды .
## Биография
* 1966 жылы 22 ақпан Талдықорған облысы Панфилов қаласының туылды, кейін Алматы қаласына көшіп келді.
* 1973 -1981 жылдары №115 Орта білім беретін мектебін бітірді.
* 1981-1985 жылдары Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркем - сурет училищесін бітірді. Білімі жоғары.
* 1985-1987 жылдары Совет Әскері қатарында КОМИ АССР-де іскери борышын өтеді.
* 1985-1992 жылдары Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем-сурет институтын бітірді.
* 1992 жылдан бері О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы.
* 1993-2005 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында анатомия, мүсін және сурет пәндерінен сабақ берді.
* 2001-2005 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының өнертанушы мамандығы бойынша аспирантурасын бітірді.
* 2005 жылдан бері О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінде «Кескіндеме, мүсін, сәндік театр өнер бөлімінің» бөлім меңгеруші.
## Көрмелер
* 2019 жыл. «Қазақстан суретшілерінің жылдық есеп көрмесі»;
* 2018 жыл. «Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 85-жылдық мерей тойына арналған көрме»;
* 2017 жыл. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Пластикалық ізденіс» атты жеке шығармашылық көрме;
* 2016 жыл. Дөңгелек үстел автордың «Пластикалық ізденіс» атты жеке шығармашылық көрмесіне арналған, кездесу кеші;
* 2016 жыл. Қазақстан Республикалық суретшілер одағының ұйымдастыруымен «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме»;
* 2015 жыл. Қазақстан Республикалық суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме»;
* Қазақстан Республикасының ұлттық музейі «Ұлттық дәстүрлер және әлемге айқара ашылу» атты көрме. 2014. Мүсін: «Теңіз тұңғиығында», материал: қара гранит, 30 x13 x11 (184 бет).
* «Тәуелсіздік толғауы». Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 80 жылдығына арналған көрме. 2013. «Желтоқсан ызғары», мүсін, материал: мрамор, гранит (75 бет).
* «Мүсін монументальды-сәндік өнер». 2013. «Бостандық», мүсін, материал: қола, гранит, (92 бет).
* «Қазақ бейнелеу өнерінің алтын бесігі». О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 75 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған көрмесінің жинақтамасы. 2013. 173б. «Әуен», мүсін, материал: гранит; «Талпыныс», мүсін, материал: гранит, 2013 жыл. (128 бет).
* «Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі». 2012. 64 б. «Хан», мүсін, материал: ағаш; «көш», мүсін, материал: қола, гранит; «Студент қыз», мүсін, материал: қола, гранит (46 бет).
* «Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі». 2010. 54 б. «Құрбандық», мүсін, материал: гранит; «шаман», мүсін, материал: қола, гранит, (32 бет).
* «Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің мұғалімдерінің көрмесі». 2009. 43 б. «Бақсы», мүсін, материал: қола, гранит, «медитация», мүсін, материал: қола, гранит (27 бет).
* Республикалық «...бүгін, ертең...» атты көрме. 2009. «Сақ қызы», мүсін, материал: қола, гранит; «Шаман», мүсін, материал: қола, гранит, (67 бет).
* «Ғасырлар тоғытындағы қазақстанның көркем өнері». «Отырған қыз бала». Мүсін, материал: гранит, размер: 20 x 30 x 13. 1999 жыл. (26 бет).
* 2007 жылы «Республикалық суретшілер одағының есеп беру көрмесі»;
* 2005 жылы Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 100-жылдық мерей тойына арналған «Менің Қазақстаным» атты көрме-конкурс: «Абылай хан» атты шығармашылық мүсін, материал ағаш;
* 2004 жылы «Жас дарын» атты республикалық көрме: «Сырласу» мүсін, гранит тас, ағаш;
* 2000 жылы «Халықаралық жастар фестивалі» көрме: «Ана мейірімі» материал күйдірілген қыш;
* 2001 жылы «Қызғалдақ және адам» халықаралық фестивалі: «Қызғалдақ ұстаған қыз» графика;
* 1999 жылы «Халықаралық жастар фестивалі» көрме: «Отырған батыр тұлғасы» материал теракотта;
* 1998 жылы «Туркияның мәдени орталығында» жеке көрме өткізілді, мүсіндер: «Ұлы дала аруы» материал ағаш, «Жаңғырық» материал ағаш, «Балуан» материал ағаш, «Желтоқсан» материал ағаш, «Ғашықтар» материал тас;
* 1997 жылы «Жігер» атты халықаралық жастар фестивалі, «Сағыныш» материал ағаш;
* 1996 жылы «Кісен ашқан» атты халықаралық көрме, «Желтоқсан» рельефті мүсін ағаш;
* 1995 жылы «Арт-Евразия» атты халықаралық көрме «Репрессия құрбандары» материал ағаш;
## Жарияланған ғылыми публикациялар
* «Нобай - бейнелеу өнерінің негізі» оқулығы. 2020. ;
* «Адамның бас суретін бейнелеу» оқулығы. 2018. ;
* «Бейнелеу өнері, еңбекке баулу музыка және сызу» мектепте, Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, № 5-6, 2016 ж. «Сурет салу методикасын құру» атты мақала. 30-32 бет.
* «Аңыз адам» журналы № 15 (99) тамыз 2014 жыл. «Данышпан суретші (1452-1519 жж) Леонардо да Винчи, адамзат мақтанышы» тақырыбында мақала.
* Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Қазақстан Республикасында үздіксіз көркем-суреттік білім беру: сәндік қолданбалы өнер – 2012», мақала тақырыбы: «Особенности становления скульптуры древнего Казахстана» - 301 -303 бет
* «Пластикалық анатомия» оқулығының авторы. 2006 жыл, 304 бет ;
* 2005 жыл Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастыруымен «Қазіргі ғаламдану жағдайында өнер дамуының көкейкесті проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, мақала тақырыбы: «Ертедегі Қазақстан мүсін формаларының анималистикасы»;
* 2005 жыл О.Тансықбаев атындағы АСҚӨК ұйымдастыруымен «Орал Тансықбаевтың 100-жылдық мерей тойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы», мақала тақырыбы: «Мүсіндегі көлем және кеңістік», «Материалдың композиция және мүсін формасына әсері»;
* 2005 жыл Академик Орал Таңсықбаевтың туған күніне арналып «Өнерпаз болсаң арқалан» атты айдарымен 2005 жылдың 25-26 мамыр аралығында өткізілген колледж оқушы-жастарының ғылыми-практикалық конференциясына 2-курс студенті Анитов.Қ.Б. «Алғашқы қауымдағы мүсін, ертедегі Шығыс және антика мүсіні» мақаласының жетекшісі: Өскенбай М.Ә.;
* 2005 жыл мүсін бөліміне арналған: мүсін, композиция, шеберлік, технология пәндерінен Типтік оқу бағдарлама жинағының авторы, қазақ және орыс тілдерінде құрастырылып баспаханадан шығарылды;
* 2005 жыл «Пластикалық анатомия» пәнінен Типтік оқу бағдарлама жинағының авторы. қазақ және орыс тілдерінде құрастырылып баспаханадан шығарылды;
* 2005 жыл «Қазақ және оның патшалары мен хандарының шежіресі» атты кітабының 1 томының соавторы.
* 2002 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастыруымен «Мәдениет-Өнер-Білім: тенденциялар және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
* 2004 жыл Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы және ұлттық білім жүйесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
* 2003 жыл Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастыруымен «Білімнің ұлттық моделі: мамандарды кәсіби даярлау әдіснамасы және қазіргі технологиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
## Марапаттар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
ҚРСО ұйымдастыруымен Қазақстан суретшілерінің 2019 жылғы есеп беру көрмесінде мүсін номинациясы бойынша "Жылдың үздік шығармашылығы" үшін Әбілхан Қастеев атындағы алтын медалімен марапатталды, куәлік №198.
2017 жылы 10.05. № 246-к, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды;
2008 жылы 16.09. № 01826, Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгісімен марапатталды;
ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құттықтау хат;
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Youtube Channel/Youtube каналы
* Суретші уақыт ағымында
* Бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт және көркемдік ізденістер.(видео) Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2017 жылы.
* Дөңгелек үстел: "Бүгінгі қазақ бейнелеу өнері" Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2017 жылы.
* Мәдениет порталыKazakh TV: The hero of the program is Malik Oskenbay, sculptor
* Огни Алатау: "Древние тотемы сакской эпохи, ставшие символами государственности Казахстана" |
Қайнар (2007 ж. дейін — Қызылту) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Жалғызқарағай ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-шығысында 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ерназар — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Ақкөл қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының батысында 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қараөзек — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Новорыбин ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының шығысында 36 км, Қозған көлінің шығысында 7 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сыдықов Әміржан (1898-1984). Бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ә.Сыдықов ұстаздық жолын сонау 1918 жылы бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы Мәскеудегі халыққа білім берудің орталық институтын тамамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А.Блонский, Н.К.Крупская секілді аса көрнекті ғылым педагогтар болды. Институтты бітіргеннен кейін 1928 жылға дейін коммуна мектебінде, жалпы білім беретін орта мектептерде істеді. Сонан кейін Семейдің губерниялық халыққа білім беру бөлімінде меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1928-1943 жылдары Қазақ КСР оқу комиссариатында-әдіскер, ал 1943 жылы өмірінің ақырына дейін педагогикалық ғылымдарының Ы.Алтынсарин атындығы ғылыми- зерттеу институтында ғылыми қызметкер, секторр меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры болып істеді.
* Тұңғыш мақалаларын: "Темірқазық" (Мәскеу) және "Таң" (Семей) журналында жарық көрді.
## Дереккөздер |
Тоғай кермаралы немесе Бұхар бұғысы (лат. Cervus elaphus bactrianus) – жұптұяқтылар отряды, бұғылар тұқымдасына жататын аң. Жойылып бара жатқан түр. Орта Азия мен Қазақстанның шөлді аймақтарында таралған ақмарал бұғысының 8 түршесінің бірі.
## Биологиялық сипаттамасы
Дене мөлшері шағын, шоқтығының биіктігі 120 см-дей. Денесіндегі жүнінің түсі ақшыл-сарғыш, мүйіздері әдетте бес тармақты.
Өзен жайылмаларындағы қамыс, тоғайларды мекендейді. Қазақстанда 19 ғасырдың аяғына дейін Сырдария өзеннің бойын, оның Қызылорда қаласына құятын жеріне дейін, кейбір зерттеушілер оларды өзеннің жоғарғы ағысына дейінгі жерлерді мекендеген деген пікір білдіреді. 20 ғасырдың басында тоғай бұғысы республикамызда толықтай жойылды (соңғы тоғай бұғысы Сыр бойында 1956 ж. атылған). Тоғай бұғысын Қазақстанда қайтадан көбейту мақсатында 1981 жылы Іленің ортаңғы ағысында орналасқан Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық ш-да жерсіндірілді. Жалпы саны – 210 – 250 бас (2005). Өсімдіктермен (жиде, сексеуіл, жыңғылдың бұтақтарымен) қоректенеді, әсіресе, теректің жапырағын сүйсініп жейді. Негізінен, бір жерде (тұрақты) тіршілік етеді, бірақ ормандарда өрт шықса не жазғытұрым өзен тасқыны болса, қоныс аударады. 1,5 – 2,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Тамыздың аяғынан қыркүйекке (кейде қазан айына) дейін күйекке түсіп, мамыр – маусымда төлдейді. Аналығы жалқы (өте сирек екі) бұзау табады. Тоғай бұғысының жаулары – қасқыр мен жабайы иттер, ал жаңа туған бұзауларына түлкілер үлкен қауіп төндіреді. Қазір тоғай бұғысы Арал-Пайғамбар, Қызылқұм, Бадай-Тоғай қорықтарында (Өзбекстан) және Сарыхосор қорықшасында (Тәжікстан) қорғалады. Саны өте аз, жойылған жануарлардың қатарына жатады. Сондықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Таралуы
Орталық Азия эндемигі. Өткен дәуірде Амудария мен Сырдария бойындағы тоғайларда және Қызылқұмда таралған. XX-ғасырдың орта кезінде Қазақстанда Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы тоғайларда мекендеді; бұл жерден соңғы бұғы 1956 жылы өлтірілді. Мүмкін Қаратауға да енген болар. Сондай-ақ ақмарал бұғысының осы түрі Іле өзені бойында мекендеуі мүмкін. 1981 жылы Бұхар бұғысы Іле өзенінің сол жағалауындағы Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығына жарсіндірілді.
## Мекендейтін жерлері.
Шөл аймағының өзендері бойындағы тоғайлар мен қамысты қопалар.
## Саны.
Қазақстанда ешуақытта саны көп болған емес. 80-шы жылдардың орта кезінде 60 бұғы, 90-шы жылдары – 200, ал қазірде – 350 тоғай бұғысы тіршілік етеді.
## Негізгі шектеуші факторлар.
Қазақстанда оны есепсіз қырыпжою және мекендейтін қоныстарының өзгеруі (тоғай ағаштарын кесу мен өртеу, жағалаудағы жерлерді жырту, шөп шабу, есепсіз мал жаю).
## Биологиялық ерекшеліктері.
Сырдария бойында бұғылар әртүрлі маусымда қонысын ауыстырып өтырды. Көктемде су тасуы мен өсімдіктердің гүлдейтін незінде Қызылқұмға шығып кетсе, су қайтқан соң олар сыр бойына қайта оралатын еді. Топ құрайтын жануарлар; ал аналықтары төлдер алдында және одан соң жеке бөлініп тіршілік – етеді. Көбіне таңертең және кешкілік жайылады. Күйлеуі-тамыздың аяғы мен қазанның басы, төлдеуі – мамыр-маусым айларында. Көбіне бір, сирек – екі тас бұғы дүниеге келеді. Жынытық жетілуі 1,5-2,5 жастарында болады. Негізгі азықтары - әртүрлі шөптер, бұталар мен ағаштардың жапырағы, өркендері мен жемістері. Қоректену алаңдары мен егістіктерде де жақсы қоректенеді. Бәсекештері – елік, жабайы шошқа. Жаулары – қасқырлар мен қанғырып жүрген иттер. Жаңа шүған жас бұғыларға түлкі мен шиебөрі қауіпті.
## Қолда өсіру.
Алматы хайуанаттар паркінде өніп-өседі. 2001 жылы Сырдария өзені бойында бұхар бұғысын өсіру үшін питомник ұйымдастырылған. Қазірде онда 17 бұғы бар. Келешекте тоғай бұғысын Сыр бойындағы қолайлы жерлерге жерсіндіру жоспарланып отыр.
## Қабылданған қорғау шаралары.
Халықаралық табиғат қорғау адағының Қызыл кітабына, «Жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда жасау конвенциясының» 2-ші қосымшасына енген. Қазақстанда Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында қорғалады.Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттек басқармасы "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығында Сыр сұлуы кермаралды бұхар бұғыларының тұқымбағы 2000 жылы құрылды. Тұқымбақ құрылғандағы бұхар бұғыларының саны 8 бас болса, 2013 жылдың мәліметі бойынша 65 басқа жетіп отыр. Қзаіргі таңда Бұхар бұғыларын күтіп-баптауға толықтай жағдай жасалған және мемлекет қорғауына алынған.
## Қорғауды керек ететін шаралар.
Сырдария өзені бойында, Қызылқұмда және Балқаш бойында ерекше қорғалатын табиғи территориялар ұйымдастырып, оларға бұхар бұғысын жерсіндіру қажет. Өзендер бойындағы тоғайларды сақтап, қалпына келтіру керек. Сыр бойындағы бұғы питомнигін осы жануарлар көбейтуге арналған Ұлттық Орталыққа айналдыруда ойластырған жөн. Генофондысын консервация жасау жұмысын жүргізүде керек.
## Зерттеу үшін ұсыныстар.
Тоғай бұғысының қарашеңгел популяциясына тұрақты мониторинг қажет.
## Дереккөздер |
Сауранбаев Хати - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жетісуда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1898 жылы бұрынғы Жетісу облысы (қазіргі Жамбыл облысы), Ескішу болысы, 3 - ауылда (қазіргі Белбасар) туған.
## Еңбек жолы
* Бала кезінде жалшы болып, бай малын баққан.
* 1929 жылдан бастап "Белбасар" ауыл шаруашылығы артелінің мүшесі болған.
* 1933-1958 жылдары осы колхоздың председателі болды. Колхоз қант қызылшасынан рекордты өнім алып, Алтын кітапқа енген.
* Ұлы Отан соғысы кезінде колхоз жақсы көрсеткіштері және майданға азық-түлік, киім-кешек жібергендері үшін КСРО Қорғаныс Министрлігінен алғыс алып, Үлкен советтік энциклопедияға енгізіледі.
* 1947 жылы колхоз мал өсіруді жоспардан тыс орындайды: ат басын - 104,2, ірі қара мал - 103, қой-ешкі - 112,2, түйе - 109 пайыз, 1397 ц астық өткізеді.
## Наградалары
* Ленин ордені
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Сақов Өмірбай (1922 жылы Төңкеріс елдімекенінде туылып, өскен) - Ұлы Отан соғысының ардагері.
## Отбасы және балалық шағы
Балалық шағын Төңкеріс елді мекенінде өткізеді. Өмірбай жасы сегізге келгенде шешесі Қойлықбай Қуанышбайқызы 1930 жылы дүниеден өтеді. 1930 жылдардағы аштықтың дәмін әбден көріп шыққан. Үш ұлдың үлкені болғандықтан, Сақов Өмірбайға жан қинарлықтай салмақ түсті. Оқу жасына келгенімен, өмір үшін күресіп жүрді. Үйден таң ата масақ теруге шығып, күн батқан кезде оралатын кездері жиі болатын. Осындай қиыншылықтармен Өмірбай бастауышты бітіріп, жеті жылдық мектепті аяқтамай кеткен. Колхоздың жұмысына шығып, 6 өгіз қосып, көктемде соқамен жер жыртып, арба айдап, тракторға су таситын.
## Соғыс жылдары
1941 жылдың 11 желтоқсанында әскерге алынып, Жамбылдағы 105-атты әскер дивизиясының 268-атқыштар полкінің 3-пулеметші эскадронында пулеметшы болды. Алғашында Атшабар базары маңындағы ескі қораларда 1942-жылдың мамырына дейін жаттығуда болды. Қазанның 27- 28- де оларды соғысқа жібереді. Бағыты Сталининград майданы болды. 6 қарашада майдан шебіне жетіп, 11 қарашада таңғы 4-те Сталинград шайқасы басталды. Өмірбай Сталинград маңындағы Сирабикин, Орловский, Тансинский, Морозовский, Белая Голитва стансалары мен Ворошиловский, Луганский, Страбельский, Красный Лиман, Константиновский Славянка елдімекендері, Чернышевская, Запорожская облысы мен Днепропетровск, Киев, Бердичев, Людский, Тобольск, Краков Братислава қаласын азат ету шайқастарына қатысқан. 2 мамырда Берлинді алды.1945 жылдың 22 шілдесінде Мәскеудегі Жеңіс шеруені қатысқан жерлесіміздің жауынгерлік есебінде немістің жойылған 11 танкісі, он жеті автомәшине, қырық автоматшысы бар.
## Медальдары
Сақов Өмірбай соғыстағы ерлігі үшін
* Қызыл Ту
* Қызыл Жұлдыз
* II дәрежелі "Отан соғысы"
* екі дүркін I дәрежелі "Отан соғысы " ордендерімен
* "Берлинді алғаны үшін"
* "Праганы азат еткені үшін"
* "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.
* Ұзақ жылғы жемісті еңбегі ескеріліп, Еңбек Қызыл ту орденімен әспеттелді.
## Соғыстаң соңғы қызметі
1946-жылдың аяғында демобилизация болып, келер жылдың басында туған жерге оралды. Соғыстан кейінгі жылдары партия ұйымының мүшесі болып сайланды. Бірінші рет Алматыдағы қалхозшылар съезіне делегат болып, 1963 жылы Мәскеудегі көрмеге қатысқан.1950 жылдың қазанында партия ұйымының хатшысы болған. Сол кезде қалхоз іріленіп, "Төңкеріс", "Красный боец", "Молотов", "Красный октябрь" қалхоздары бірігіп, "Молотов" қалхозы болып қайта құрылды. Өмірбай іріленген қалхоздың жылқы фермасының бастығы, шаруашылық біргәдірі болып қызмет етті. Кейін 18 жылдай №1 тауарлы-сүт фермасын басқарды, 10 мәрте бес жылдықтың жоспарын мерзімінен бұрын орындап, социалистік жарыстың озаты атанды. "Бес жылдықтардың ударнигі" төсбелгілермен марапатталған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Төлеби ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Зайыбымен он перзент тәбиелеп өсірді.
## Дереккөздер |
Жанбек Нығметұлы Сауранбаев (5 мамыр, 1940 жыл- 24 ақпан 2016) - волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері.
## Өмірбаяны
Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі.
* 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды.
* Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді.
* 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанды.
* 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді.
* Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды.
* Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді.
* 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады.
* 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі.
## Дереккөздер |
Нығмет Тінәліұлы Сауранбай (5 мамыр 1910, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты- 17 қараша 1958, Алматы) - Қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымының докторы (1943), профессор (1944), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946), Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1945).
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* Халық-ағарту институтын бітірген (1932, Қостанай).
* 1932 – 34 жылдары Республикалық Халық-ағарту омиссариатында нұсқаушы болып жұмыс істеді
* 1934 – 39 жылдары КСРО Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтының Ленинград бөлімшесінің аспиранты, Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатының мектептер жөніндегі ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
* 1939 жылдан 1946 жылдары аралығында КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының тұңғыш директоры.
* 1946 – 51 жылдары «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Хабарлары» журналының алғашқы редакторы.
* 1947-56 жылдары Қазақ КСР ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің хатшысы,
* 1956 жылы Қазақ Ғылым академиясының вице-президенті болып сайланып, ол қызметті 1958 жылға дейін атқарды.
* 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тілтану институтының қазақ тілінің тарихы және диалектологиясы бөлімін басқарды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихы мен синтаксисіне, әдеби тіл тарихы, түркітану, диалектология, орфография, жазу, емле, сөздік түзу мәселелеріне арналған. Морфология саласында ол қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары, олардың мағыналары, синтаксистік қызметі жайында және қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады..
«Құрмалас сөйлем», «Қазақ тілінің грамматикасы», «Синтаксис», «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері», «Жай сөйлемдердің байланысу амалдары», «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелері» деген еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің қалыптасу жолдарын басқа да түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің даму жүйесімен, сондай-ақ тарихи жазба ескерткіштер мәтінімен салыстыра зерттеді. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі», «Қа-зақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты мақалалары әдеби тіл туралы алғашқы ғылыми тұжырымның бастауы болды. Сауранбаев Қазақстанның әр аймақтарына тұңғыш рет диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды, ғылыми еңбектері қазақ диалектологиясы пәнінің қалыптасуына игі ықпал етті.
Ол «Орысша-қазақша» сөздіктің жалпы редакциясын басқарған. Ғалымның «Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис» оқулығы білім беру саласьшда үлкен сұраныска ие болды. 1954 жылы Шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік XXIII конгресіне Кеңес делегациясының құрамында қатысып баяндама жасаған. Сондай-ақ Иран, Ирак, Англия, Үндістан елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысқан.
Н. Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Әдеби тілдің тарихы жөнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды:
* "Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі" (1954)
* "Қазақ тілінің жасалуы туралы" (1954)
* "Қазіргі қазақ тіліндегі диалекттер" (1955)
* "Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы" (1960)
## Марапаттары
Нығмет Сауранбайдың ғылыми жұмыстарын, ұйымдастырушылық қабілетін және қоғамдық еңбектерін жоғары бағаланып:
* екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен
* медальдармен
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған.
## Есте қалдыру
* Алматы қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі қоғам қайраткері, академик Нығмет Сауранбаев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.
* Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Шарбақты ауылындағы 8 жылдық мектепке
* Қордай ауылында көшеге ғалымның есімі берілген.
## Дереккөздер |
Алтай Сейдірұлы Көлгінов (15 қаңтар 1978, Түркістан) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы наурыздан қызметтегі Қазақстанның Эстониядағы елшісі. Көпшілікке 2022–2023 жылдары Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары және 2019–2022 жылдары Астана әкімі ретіндегі қызметі үшін белгілі.
Көлгінов саяси мансабының көбісі әкімдіктерде өткізді: ол Орал қаласының (2013–2016), Батыс Қазақстан облысының (2016–2019), Астана қаласының әкімі (2019–2022) ретінде қызмет еткен.
## Өмірбаяны
Алтай Көлгінов 1978 жылғы 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. Сіргелі тайпасының Жайдақ руынан шыққан.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - құқықтану мамандығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - мамандандырылған мемлекеттік және жергілікті басқару;
Абердин университеті, Ұлыбритания, «Болашақ» президенттік бағдарламасы - халықаралық коммерциялық құқық мамандығы.
### Қызмет жолы
2000–2001 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет еткен.
2001–2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады.
2008–2010 жылдары — «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары.
2010–2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013 жылғы 4 сәуірден Орал қаласының әкімі.
2016 жылғы 26 наурыздан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
### Астана қаласының әкімі
2019 жылғы 13 маусымнан бастап президент Тоқаевтың жарлығымен Астана әкімі болып тағайындалды .
2022 жылғы 8 желтоқсан күні Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды.
### Премьер-Министрдің орынбасары
2022 жылғы 9 желтоқсан күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары болып тағайындалды.
Үкіметте ол әлеуметтік мәселелерге қатысты блоктың басшылығында болған еді.
2023 жылғы 8 маусымда Президент жарғысы бойынша Алтай Көлгіновтің қызметінен босатылғаны белгілі болды. Оның ізбасары Тамара Дүйсенова болды.
Бірнеше күннен кейін Көлгінов өз Facebook парақшасында осы жайлы үндеу жасады, ол жерде ол атқарған жұмыстарын тізіп шықты.
### Эстониядағы елші
2024 жылғы 27 наурызда ол Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды да, саяси мансабын жалғастыра берді.
## Сын
2020 жылы жұмысын оң бағалайтын әлеуметтік желідегі пікірлерге 125 миллион теңге жұмсамақ болғаны үшін сынға ұшырады.
Көлгінов әкімдігі тұсында Астанадағы Талдыкөл көлі жойылды.
Көлгінов Астана әкімі болған кезінде «Көлгінов – 20%» деген лақап атқа ие болды. Бұл сан әкімнің мемлекеттік сатып алу мәмілелерінен алатын болжамды компенсациялар туралы айтады. 2024 жылғы 6 маусымда оның бұл лақап ат туралы пікірін сұрағанда, сол кезде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болған Көлгінов лақап атын сынап, оны «айып» деп атап, журналистке ондай нәрселерді сұрамауды сұрап, «солар жауапты болады» деп жауап беріп, «мемлекеттік қызметкерлерге осындай шабуылдар [басқа біреудің бұйрығымен] болып тұрады» деп мәлімдеді де, «Өтінемін, бұлай етпеңіз. Мен әкім ретінде тұрғындардың мүддесі үшін әріптестеріммен бірге адал жұмыс жасадым. Мен өз жұмысымнан ұялмаймын» деп те қосты. Осы оқиғадан бірнеше күн өткен соң Көлгінов вице-премьер қызметінен босатылды.
## Марапаттары
* Халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері (2006-2007)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
* «Астанаға 20 жыл» медалі (2018)
## Дереккөздер |
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (9 мамыр, 1954 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) — Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Төрағасы.
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан.
* С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор.
* Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді.
* 1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі.
* 1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды.
* 1999-2000 жылдары ҚР әділет министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
* 2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы
* 2009 жылдан – ҚР Бас прокуроры.
* 2011 жылғы сәуірде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
* 16 қазан 2013 жылдан - ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы.
## Қоғамдық қызметтері
* ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы
* ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі
* Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.) төрағасының орынбасары болып табылады.
* Қазіргі кезде Дүниежүзі заңгерлер ассоциациясының мүшесі
* ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы
* ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА Кеңесінің мүшесі.
## Оның жетекшілігімен
Оның жетекшілігімен
* «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
* «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
* «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»
«Аралық соттар туралы»
* «Прокуратура туралы»
* «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары
* соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.
* Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ арнаулы экономикалық және ювеналды соттар мен алқа билер сотын құруға байланысты заң актілерін әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге тікелей қатысты.
* Оның жетекшілігімен ҚР Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, Сотты қалыптастыру стратегиясы әзірленді.
* Қазақстан Республикасының Судьялар одағын құру туралы бастама жасалып, ол Халықаралық судьялар ассоциациясына кірді.
* ҚР Бас прокуроры болған кезде құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті.
* Қазақстан прокурорлары ассоциациясын құру туралы бастама көтеріп, ол құрылым қазіргі кезде Халықаралық прокурорлар ассоциациясының толық құқықты мүшесі болды.
* Соттағы көп жылғы тәжірибесі негіз болған ауқымды және жемісті жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сот жүйесі мен сот билігінің құрылуы және қалыптасуына байланысты алты монография, 50-ден астам ғылыми жұмыс жазылды. Бұл еңбектердің бәрінде сот төрелігі мен прокуратура органдарының мәселелері, олардың тиімділігін арттыру жолдары жан-жақты зерттеліп, сондай-ақ еліміздегі тәуелсіз сот төрелігінің қалыптасуына, құқықтық мемлекеттегі оның рөлін бекітуге, адам құқықтары мен бостандығын қорғауға салмақты және шынайы талдау жасалды.
## Марапаттары
* «Парасат» (2003)
* II дәрежелі «Барыс» (2011) ордендерімен
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006)
* «Астананың 10 жылдығы (2008)
* «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл»
* «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)
* «МПА СНГ. 20 лет» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
* «Құрметті судья» құрметті атағы
* «Үш би» кеуде белгісі
* «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» кеуде белгісіне ие болды.
* Ұлттық «KazRATING» рейтинг агенттігі мен «Литер Media» компаниясы бірлесе жүргізген жыл сайынғы республикалық «Жыл саясаткері» конкурсының (2008) нәтижесі бойынша Қ.Мәми сар абдал саясаткер болып танылды.
## Отбасы
Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар.
## Дереккөздер |
Тұмсықбетті Соверби киті Солтүстік Атлант және Солтүстік теңіз тұмсықбетті киті ретінде танылған. 1804 жылы белгілі болған киттердің ішіндегі ең алғашқысы. Тұмсықбетті Соверби киті Шығыс Атлантикадағы Нантаккеттен Лабрадорға және Батыс Атлантикадағы Малеирадан Норвегия көліне дейін таралған. Ұзындығы - 4-5 м, ал салмағы 1 тоннаға жуық болады. Аталық киттердің астыңғы жағындағы тістері бір- бірінен алшақ орналасқан. Ал аналықтарының тістері өте ұсақ немесе көрінбейді. Арқа жағы – көк сұр түсті, ал астыңғы жүзбеқанаттары аппақ немесе күміс сияқты жылтырап тұрады. Тұмсығы ұзындау, ал басы томпақ келеді. Тереңдігі 200-1500 метрлік суға сүңгиді. Бунақденелерімен, кальмармен және ұлулармен қоректенеді. Буаздық кезеңі 12 ай және дүниеге жаңа келген ұрпағының ұзындығы 2 метрден асады, ал салмағы 170-185 кг болады.
## Дереккөздер |
Мереке (2023 жылға дейін — Ерофеевка) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының оңтүстік-батысында 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Байрд киті — тұмсықбетті киттер арасындағы ең ірісі. Сонымен қатар ол "Солтүстік алып шөлмек мұрын" және "төрт түсті алып кит" деген атаулармен де танымал. Оның денесі ұзынша келген. Түсі көкшіл. Киттің бауырында ақ дақтары бар. Бұл киттер Тынық мұхитының солтүстік аймағында көп кездеседі. Тұмсықты Байрд киттері терең суларда жүзгенді ұнатады. Тұмсықбетті Байрд киттері топтасып тіршілік етуге бейімделген. Терең суларда жүзгенді ұнатады. Олардың 1 үйірінде, кем дегенде, 30 кит болады.
## Кездесетін жерлері:
Бұл киттер, негізінен, Тынық мұхитының Солтүстік бөлігінде, Алеут аралдарының маңында, Калифорния, АҚШ, Ванкувер, Канада және Жапонияның айналасындғы суларда тіршілік етеді.
## Қоректенуі
Тұмсықбетті Байрд киті кальмар, сегізаяқ, макрель теңіз шабақтарымен және судың ең терең жерін мекендейтін балықтармен қоректенеді.
* Тұмсықбетті Байрд китінің жаңа туған ұрпағының ұзындығы 4,5 метр, салмағы 12 тоннаға дейн жетеді. Басқа тұмсықбетті киттер секілді, бұл киттер де су астында 25-30 минутқа дейін жүзіп жүреді. Өмір сүру ұзақтығы- 70 жыл. Тұмсықбетті Байрд китінің буаздық мерзімі 17 айға дейн созылады екен.
## Дереккөздер |
Жанбек Ақатұлы Елеуов (20.07.1925 жылы туған, Ресей, Алтай автономиялық облысы, Усть-Кан ауданы Турато селосы - 21.04.1996, Тараз) – Кеңес Одағының батыры (16.10.1943). Барнауыл (Ресей) қаласындағы полк мектебін бітіргеннен кейін, майданға жіберілген. Ол алтыншы атқыштар дивизиясының 25-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысты. 1943 ж. Қыркүйек айында Днепр және Припять өзендерінен өтіп, жау қамалын талқандауда көрсеткен ерен ерлігі мен батырлығы үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары туған ауданында мектеп директоры, аудандық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды. 1956 ж. Қазақстанға көшіп, Шығыс Қазақстан , Гурьев (қазіргі Атырау) облысының жалпы білім беретін мектептерінде еңбек етті. 1972 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы ДОСААФ мекемесі жанындағы атқыштар клубының бастығы болды.
## Дереккөздер |
Кеңес — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-шығысында 23 км-дей жерде, Жағалбайлы көлінің солтүстік-батысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қарасай (2009 ж. дейін — Степок) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының оңтүстік-шығысында 71 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Рамадан (2019 жылға дейін — Кирово) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының оңтүстік-шығысында 12 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Арман Константинұлы Шілманов (20 сәуір, 1984 жыл, Теміртау) — 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері.
Атырау қаласында тұрады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Нәтижелер деректері |
Ақбұлақ (2021 ж. дейін – Кирово) — Түркістан облысы Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Айдарлы (2019 жылға дейін — Красный Горняк) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Кеңес ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Форт-Шевченко – Маңғыстау облысындағы қала, Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы.
## Географиялық орналасуы
Каспий теңізінің шығыс жағасында, облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Орта ғасырларда бұл жерде теңіз айлағы – Кетікқала қалашығы орналасқан. Бекініс аумағында жүргізілген археол. қазбалар нәтижесі бойынша Кетікқала қалашығы 10 – 15 ғ-ларда Еуропа мен Орталық Азияның экономикалық орталықтарымен сауда байланыстары болғанын айғақтайды. Каспий теңізінің шығыс жағалауын игеру мақсатында 1716 ж. Ресей патшасы Петр І-нің әмірімен А. Бекович-Черкасский басқарған экспедиция осы жерде алғашқы «Әулие Петр» орыс қамалының іргетасын қалады. 1846 ж. штабс-капитан М.И. Иваниннің басшылығымен Ново-Петровск бекінісі бой көтерді. 1857 жылдан бекініс маңында пайда болған қала Форт-Александровск, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Форт-Урицкий, 1939 жылдан қазіргі атымен аталады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында көптеген орыс шаруалары келіп қоныстанды. Олар балық шаруашылығымен айналысты. Балық аулау мен итбалық соғу – Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген түрікпен және қазақ тайпаларының ежелгі кәсіптерінің бірі болған.
Қаланың шетінде Қорғантас тауында қираған бекіністің қалдықтары сақталған. 1882 ж. Форт-Александровск Маңғыстау уезінің орталығы болып, 1896 ж. оған қала атағы берілді. 1850 – 57 ж. мұнда украинның ұлы ақыны Т.Г. Шевченко айдауда болды. 1932 ж. Шевченконың мемориалдық мұражайы ашылды. 1928 ж. Форт-Шевченкоға қала мәртебесі қайта берілді. 1939 – 63 жж. Шевченко ауданының орталығы, 1972 – 1992 жж. облыстық бағыныстағы қала болып келді. 1992 жылдан қала жаңадан құрылған Түпқараған ауданының орталығы, аудандық бағыныстағы қала.
## Экономикасы
Каспий теңізі қайраңынан табылған мұнайды игеруге байланысты Форт-Шевченко соңғы 5 жыл ішінде қауырт дами бастады. Шет ел мұнай-газ компаниялары базасы осы қалада орналасқан. 2006 жылы қаланың 160 жылдық мерейтойы өтті. Қалада ӨК, комбинат, автокөлік кәсіпорны, т.б. мекемелер бар.
## Инфраструктурасы
Қалада баспахана, ауданға байланыс бөлімі, 4 мектеп, 6 балабақша, мәдениет үйі, 2 кітапхана, 3 мұражай, қонақ үй, автоматты телефон станция, аудандық аурухана мен емхана, дәріхана, санэпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Облыс орталығымен және аудандағы елді мекендермен автомобиль жолы арқылы байланысады.
## Қарауға тұрарлық жерлер
Форт-Шевченко қаласында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы азаматтық сәулет ескерткіштері орналасқан. Қалада Маңғыстау өлкесі тарихында елеулі із қалдырған белгілі тас өңдеу шебері Ідіріс Серікбаев, бай кәсіпкер, меценат З. Дубский, түрікмен ақыны Хатам-шайыр, жырау Мұрын Сеңгірбайұлы, т.б. тұрған. Қаладағы тарихи ғимараттар: Ново-Петровск бекінісінің қалдықтары (1846), Шевченко мемориалдық мұражайы (1847 – 57), Төменгі (1851) және Жоғарғы (1862) Түпқараған шамшырақтары, халық үйі (1880 – 82), Қорғантас түбіндегі ғибадатхана (1891), қалалық байланыс торабының ғимараттары (1912), Қ.Серікбаевтың тұрған үйі (1929), М.Сеңгірбайұлының тұрған үйі (20 ғ-дың ортасы, қазіргі Мұрын жырау мемориалдық мұражайы), т.б.; бұлардың барлығы да мемлекеттік қорғауға алынған.
## Дереккөздер |
Юрий Васильевич Мельниченко (5 маусым, 1972 жыл, Джалабад) - Қазақстандық грек-рим күресінен палуан, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Үш дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстаннның жеті дүркін чемпионы, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының күрес федерациясы мен ассоциациясының вице-президенті.
## Биографиясы
* 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келді. Ұлты - украиндық.
* Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы.
## Спорттағы жетістіктері
1996 жылы Атлантада алауын жаққан XXVI жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшін де аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Сондықтан 57 келіде ел намысын қорғау сеніп тапсырылған жерлесіміз алыстағы Америкаға тас-түйін дайындықпен барған еді.
Алғашқы белдесуінде Юрий Мельниченко 2 дүркін әлем чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен кездесті. Қарсыласы осыған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген тәжірибелі балуан. Бірақ, жерлесіміздің жеңіске деген айрықша жігері мен шыңдалған шеберлігі өз дегенін істеді. Қарсыласын қапсыра құшақтап доғадай иіле лақтырған жерлесімізге төрешілер ең жоғары баға 5 бал берді. Мұнымен тоқтамаған Юрий белдесуді 10:0 есебімен өз пайдасына шешті.
Екінші-үшінші айналымда қазақ балуаны тиісінше Еуропаның экс-чемпионы украиндық Руслан Хакимовпен және әлем біріншілігінің жүлдегері румын Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, тегі түрік, Германия азаматы Иылдызбен күресті. Әккі қарсыласынан 3:0 есебімен айласын асырып, құрама қоржынына кем дегенде күміс медальді олжалап қойды.
Алайда, кеудеде атойлаған алдаспан намыс Юрий Мельниченкоға қол созымда тұрған алтынға шешуші ұмтылыс жасауды бұйырды. Әрине, бұл бұйрықты орындау оңай шаруа емес еді. Өйткені, ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі әлем чемпионы Деннис Хоол күтіп тұрған болатын.
Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бітіспес бәсекелесін өзге емес дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.
Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. Осы бір аумалы-төкпелі қиын кезең мен даңқты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов Юрий Мельниченконың үлкен спорт пен жеке өміріндегі болашағын Қазақстанмен байланыстыруына үлкен ықпалын тигізді.
Барлық қажетті жағдай жасалған «Дәулет» кәсіпкой спорт клубында Дәулет Тұрлыханов пен атақты ресейлік бапкер Геннадий Сапуновтын жіті бақылауымен жаттыға бастаған Юрий Мельниченко енді ересектер бәсекесінде жаңа асуларды бағындыруға білек сыбана кіріседі. Төккен тері ақталып, 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.
## Дереккөздер |
Мүкті тістілер (Edentata). Оңтүстік Америкада тісі шала жетілген азғана сүтқоректілер бар. Олардың тістері мүлдем болмайды, немесе эмалы мен түбі болмайды және түрлі топтарға жіктелмеген. Ми сыңарлары кіші, қатпарлары болмайды. Коракоидалары жауырынымен кейінірек бірігіп кетеді.
## Тұқымдастары
Біздің заманымызға дейін бұлардың үш тұқымдасы сақталған.
Еріншектер немесе Жалқауаң (Bradypodidae) ағашты жердімекендейтінтүн жануары. Уақытының көпшілігін ағаштың бұтағына арқасын төмен қаратып, ілініп тұрып өткізеді. Олар өсімдік жапырағымен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарын мекендейді.
Құмырсқажегіштер (Myrmecophagidae) құмырсқамен және термиттермен қоректенеді. Бұлардың тұмсығы және тілі өте ұзын болады. Тілінде желім сияқты шырыны болады, тістері болмайды. Бұлар тек кана Оңтүстік және Орталық Америкада тараған.
Сауыттылардың (Dasypodidae) денесі тері тектес сүйекті сауытпен қапталған, сондықтан оларды сауытты мүкі тістілер деп атайды. Сүйекті сауытының үстінде мүйізді қалқандары болады. Сауыттылардың әрбір қалқаны бірімен-бірі қосылып кетпей, қозгалғыш қабілетін сақтаған. Осы қалқандары арқылы жауларынан пассивті қорғанады. Олар шөлді жерлерді мекендеп, аралас азықтармен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Америкада және Солтүстік Американың оңтүстігіне тараған.
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Құрылыс — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Новорыбин ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мәмсейіт Тұрлыбек Ілиясұлы - 1949 жылы Хан Тәңірі қойнауындағы Текес өңірінде дүниеге келген. 1975 жылы [[Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті]]нің журналистика факультетін бітірген. 1976 жылдан бастап біріңғай баспа саласында ғана қызмет істеп келеді.
"Жазушы", "Өнер", "Рауан", "Атамұра" баспаларында редактор, жетекші редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Бұл күнде Астана қаласындағы "Елорда" баспасында қызмет істейді.Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. "Тоғысқан толқын", "Зерделілік айнасы", "Дидар" атты әдеби-сын, "Беторамал", "Түсіме тау кіреді", "Бесік пен Несіп","Плач охотника" (орысша), "Қарқара көтерілісі", "Әулиешоқы" аталған әңгімелер мен повестер жинақтарының, сондай-ақ, қазақ-қырғыз әдеби байланысын зерделеген "Егіз елдің әуені" зерттеу еңбегінің және "Ғибраты мол ғүмыр" сериясы бойынша жарық көрген "Шерхан Мұртаза" атты ғұмырбаяндық — эсселік кітаптарының авторы.
2003 жылы жазушының "Таңжарық" атты романы жарық көрді. Бұл шығарма 2005 жылы Қытайда басылып шықты. Жазушы үздік әдеби шығармалар жабық бәйгесінің жүлдегері. 1996 жылы қаламгер Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықты иеленсе, 2000 жылы Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты атанды.Баспа саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" атағын иеленді.
## Дереккөздер
Zzzz
xxxxМәметов Сүлеймен — 1952 жылы 1 мамырда туған. 1976 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген соң бұрынғы Талдықорған облысының Киров (қазіргі Ескелді) аудандық газетіндетілші, 1980-1995 жылдары республикалық "Жалын", "Балауса" баспаларында редактор, 1995 жылдан "Егемен Қазақстан" газетінде бөлім меңгерушісі.
"Жыр-бесік" атты (өлеңдер) алғашқы жинағы 1983 жылы, одан кейін "Ана суреті" (1985, әңгімелер), "Перзент парызы" (1995, повестер мен әңгімелер) атты кітаптары оқырман қолына тиген. Орыс балалар жазушыларының әңгімелерін аударуға, әралуан жинақтар құрастыруға ат салысқан. Қазақ ертегілерінің екі томын құрастырып, оның алғашқы томы 2000 жылы "Балауса" баспасынан жарық көрді.
## Дереккөздер |
Қына (2009 ж. дейін — Искра) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласынан шығысқа қарай 74 км-дей жерде, Қына көлінің шығысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақкөл орман шаруашылығы (2018 жылға дейін — Алексеев орманшар) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Ақкөл қалалық әкімдігіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-батысында 7 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қына — Есіл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына ауылының батысында, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 2,3 км2, ұзындығы 2,4 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,9 км. Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуір айының орта шенінде ериді. Алабы егістікке игерілген.
## Дереккөздер |
Нәдіров Қазым Садықұлы (18.2.1957 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Шолақтау кенті) – ғалым, техникалық ғылыми докторы (2001). Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педегогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1978). 1978 – 83 жылдары орта мектепте мұғалім, Химиялық-фармацевтикалық зауытта (Шымкент қаласы) инженер, 1983 – 86 жылдары Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аспирант болды. 1986 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметте. 2004 жылдан университеттің мұнай және газ факультетінің деканы. Нәдіров Табиғи және техногендік қайталама шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологияларын құру және ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Сілтемелер
* Мемлекеттік сыйлық
* Инновация
* Оңтүстік Қазақстан
## Дереккөздер |
Нәдіров Айтқали Нұрышқалиұлы (20.6.1940 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Таскала ауданы Ширяев а.) - ақын. Орал педагогикалық институтын бітірген (1968). 1968 - 88 ж. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы газет редакцияларында қызмет істеген. 1988 - 92 ж. Қа- зақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысы бойынша уәкілі, 1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы "Аққұс" қауымдастығы Батыс Қазақстан облысы бөлімшесі басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір облыстық теледидарда жұмыс істейді. Тырнақалды туындылары респ. жас ақындардың "Жас керуен" үжымдық жинағында жарияланған (1969). "Жүрек толқындары", "Көк майса" (1970), "Еркін есейіп келеді" (1975), "Тыныштықты тілеймін" (1980). "Еңбек зейнеті" (1985), "Самал" (1990), т.б. кітаптары жарық көрген. Респ. жастар поэзиясы фестивалінің дипломанты (1972). Тасқала ауданының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Жесір қара өрмекші – қарақұрттар тобына жататын өрмекшілердің бір түрі.
Жесір қара өрмекшілер солтүстік және оңтүстік, батыс қара өрмекшілері болып бөлінеді.
Денесінің ұзындығы – 12 мм, аяқтарының ұзындығы да 12 мм шамасынды.
Кеудесі шар тәрізді. Аналықтарының да, аталықтарының да реңі қара, кейде қоңыр түсті болып келеді. Балалары ақ немесе ақшыл-сары түсті, кейіннен түлеген сайын қараяды.
Кейде аналықтары ұрықтағаннан кейін аталықтарын жеп қояды. Осыған байланысты оларды «жесір қара өрмекші» деп атайды.
Аналықтары 300-400-дей жұмыртқа салады. Олардың балалары улы емес, бірақ аналары тәрізді олар да піллә кезінде бір-бірін жеп қояды. Сондықтан 1-12 аралығында өрмекші өмірге келеді.
Жесір қара өрмекшілер – өрмекшітәрізділердің ішіндегі ең улысы болып саналады. Олардың уының күші сылдырмақты жыландардың уынан күштірек.
Дегенмен жесір қара өрмекшінің уы адам үшін қауіпсіз.
Жануарлар аналық қара өрмекшінің уынан зардап шексе, жәндіктер үшін аталығының уы қауіптірек.
Бұл өрмекшілер жер шарының барлық жылы, қоңыржай бөлігінде таралған.
Жесір қара өрмекшілер дара тіршілік етеді, тек ұрықтану кезінде ғана бірігіп өмір сүреді.
## Дереккөздер |
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (17 қыркүйек 1949, Ақтөбе қаласы – 23 қаңтар 2000, Алматы қаласы) – қоғам қайраткері, ҚР Парламентаризм мен демократия негізін қалаушылардың бірі, ҚР парламенті мәжілісінің тұңғыш төрағасы, Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы (1998).
## Балалық шағы
Марат Оспанов 1949 жылы қыркүйек айының 17 – ші жұлдызында Ақтөбе қаласында жарық дүние есігін ашқан. № 6 орта мектепте алғаш мектеп табалдырғын аттап, білімнің алтын қайнарымен сусындаған, № 2 мектепті тәмәмдаған. Бала кезінен зейіні мол боп өскен. Оны білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының айтуы бойынша М.Оспанов еңбекқор, қарапайым, бәрін білуге құштар, зейінді оқушы болған, спортқа бейім болған, шаңғы және де футбол спорт түрлеріне қызығушылық танытқан. Басқа да балалар секілді өзінің ортасы болған. Бала кезінен бастап бойында көшбасшылық қасиеттер басым болған.
## Өмір жолы
* 1971 жыл — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау, есептеу орталығының ғылым зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер.
* 1971 жыл — Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.
* 1972–1976 жж. — Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі.
* 1979 жыл — ҚазМУ-дың аспирантурасын (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
* 1979-1990 жж. — Партия ұйымының хатшысы.
* 1990-1991 жж — Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Экономикалық реформа, бюджет пен қаржы мәселесі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
* 1991-1992 жж. — ҚР Мемлекеттік Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары.
* 1992-1994 жж. — ҚР Қаржы министрінің 1-орынбасары – Бас салық инспекциясының бастығы.
* 1995 жыл — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетелдік капиталды игеру жөніндегі комитеттің төрағасы.
* 1996-1999 жж. — ҚР Парламентінің бірінші шақырылымдағы Мәжілісінің төрағасы.
* 1999-2000 жж. — «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
* 1995-2005 жж — 1 және 2-шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
## Ғылыми еңбектері
* 1997 жылы - «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Оспанов елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласып, республика Парламентінің қалыптасуына, саяси және экономикалық реформалардың әзірленіп, жүзеге асырылуына үлес қосты. Ол қаржы және бюджет, салық т.б. экономикалық салаларға арналған 100-ден астам ғылыми мақала, 8 монография:
* «Гармонизация налоговых отношении», 1997;
* «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношении, 1997; т.б.) жазды.
* 1999 жыл «Тұрақтанудан өсімге қарай» (1999-2005) атты дағдарысқа қарсы экономикалық бағдарламасын жариялады, кейін бұл ҚР Үкіметінің экономикалық бағдарламасында негіз етіп алынды. Экономика ғылымы саласында 6 кітабы бар.
## Есте қалдыру
* Ақтөбе қаласындағы көшенің бірі
* Батыс Қазақстан медицина академиясына М.Оспанов есімі берілген.
* Ақтөбе қаласында Марат Оспанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді.
* 2001 жылы шілде айында есімі берілген медицина академиясына қола бюсті қойылды.
## Марапаттары
* 2-дәрежелі «Барыс» орденімен (1999) және медальдармен марапатталған.
## Қосымша мәліметтер
* Марат Оспанов
## Дереккөздер |
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев (30 шілде 1967 жыл, Октябрьск) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы маусымнан Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
Бұрын Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі (2021–2024), Энергетика министрі (2019–2021), Атырау облысының әкімі (2016–2019) және Батыс Қазақстан облысының әкімі (2012–2016) лауазымдарында болған.
## Жастық шағы және білімі
Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан.
* Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы.
* Қазақ мемлекеттік басқару академиясы,
* Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.
* Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
## Биографиясы
* Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
* 1993–1995 жылдары - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
* 1995–1996 жылдары - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
* 1996–2006 жылдары - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
* 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
* 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.
* 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары.
* 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
* 2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
* 2016 жылғы 26 наурыздан – 2019 жылдың 16 желтоқсанына дейін Атырау облысының әкімі.
* 2019 жылғы 16 желтоқсаннан - 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.
* 2021 жылғы 7 қыркүйектен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.(2024 жылы 16 мамырда облыс әкімі қызметінен босатылды)
* 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* 2010 жылы Құрмет ордені;
* "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі;
* "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі;
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Сасық күзен (лат. Mustela eversmanii) – сусарлар тұқымдасының күзендер туысына жататын кішілеу жыртқышы (денесінің ұзындығы 53 см, салмағы 2 кг).
Күзеннің ұзын, иілгіш денесі құйрығынан 2 есе ұзын. Қоңырқай жұмсақ үлпілдек терісі әдемі, ол аң терісі кәсібінде - жоғары бағаланады. Күзен - епті, батыл және өжет жыртқыш, қоян немесе тауық тәрізді олжасын оңай ұстайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жылына бір рет көбейеді. Ақпан айында шағылысып, мамыр айында 4-тен 20-ға дейін ұрпағын береді, олар өсіп жетілгенше інінде болады, сүтпен қоректендіреді. Інінен шыққаннан кейін де анасы қоректендіріп, әрі қорегін ұстау әдістерін үйретеді. Табиғаттағы кез-келген жыртқыш сияқты ауру, әлсіз т.б. жануарларды ұстау арқылы табиғи сұрыптауда маңызды қызмет атқарады. Құс фермасы үшін - қауіпті зиянкес.
Қазақстанда жылына күзеннің 1000 терісін дайындайды.
## Дереккөздер |
Сусарлар тұқымдасы (лат. Mustelidae) – жыртқыш сүтқоректілер отрядының Сусар тәрізділер кіші сабының бір тұқымдасы.
Сусар тәрізділер — жыртқыштар тұқымдастары. Денесі ұзын, икемді, аяқтары қысқа, бессаусақты, тырнақтары көрінбейді. Көпшілігі толық немесе жартылай өкшесінен басатындар; кейбір түрлерінің саусақтар аралығы жүзу жарғағымен байланысқан; теңіз камшатының артқы аяқтары жүзу ескегіне айналған. Жүні қалың, үлпілдек, көптеген түрлерінің жүні түбіттенген. Көпшілігі бір жылда екі рет түлейді. Жақсы жетілген анал бездері күшті иісті зат бөліп шығарады. 64 түрі, 24 туысы белгілі. Олар: сусар, құну, аққалақ, сасық күзендер, 13 түр, оның ішінде аққіс, аққалақ, сарыкүзен, Еуропалық және американдық су күзендері, сасық күзендер, борсықтар; тарбағаннын 3 түрі, кәмшат және теңіз кәмшаты бар. Австралия мен Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. ТМД-да 8 туыстың 16 түрі кездеседі. Олар жерде, суда және ағаштарда тіршілік етеді. Көпшілігі моногамдар және жылына бір рет 1 ден 18 дейін бала табады. Ет жегіштер. Өте бағалы терілі кәсіпшілік және аң шаруашылық жануарлары.
## Қазақстандағы түрлері
* Сарғыш күзен – Mustela altaica
* Ақкіс – Mustela erminea
* Сасықкүзен – Mustela eversmannii
* Еуропа қара күзені – Mustela lutreola
* Аққалақ – Mustela nivalis
* Шұбар күзен – Vormela peregusna
* Тас сусары – Martes foina
* Орман сусары – Martes martes
* Борсық – Meles leucurus
* Итаю – Мellivora capensis
* Құндыз – Lutra lutra
## Дереккөздер |
Сілеті — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Сілеті ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде, Сілеті бөгенінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Наумовка — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы ауыл, Наумов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-батысында 43 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Абдолла Ахметұлы Розыбакиев(31 қазан 1897 жыл, Верный уезінің, Көлжат ауылы – 28 қараша 1937 жыл) — ұйғыр текті кеңестік қоғам қайраткері. 1917 ж. сәуірде Верный (Алматы) қалалық мұсылман жұмысшылар одағының хатшысы болып сайланды. 1918 ж. Жетісу облыстық ревкомына мүшелікке өтті.
Ол Ораз Жандосов, Павел Виноградов, Тоқаш Бокин, т.б. қоғам қайраткерлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес үкіметін орнатуға қатысты. 1920 жылдың көктемінде Жаркент уездік, қалалық ревкомының төрағасы болып тағайындалды. Сол жылдың соңында өзі ұйымдастырған ерікті ұйғыр полкінің комиссары ретінде Ферғана “даласында” басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1921 ж. тамызда БК(б)П Жетісу облыстық комитетінің хатшылығына әрі облыстық “Қосшы” одағының төрағалығына сайланды.
1924 ж. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі комиссияның мүшесі болды. 1925 – 27 ж. Мәскеудегі коммунистік университетте оқыды. БК(б)П Қызылорда округтік комитетінің бірінші хатшысы (1929, мамыр – 1930, наурыз), Қазақ АКСР-інің дайындау комиссары (1930 жылдың соңы – 1932 ж.), Шығыс Қазақстан облысының Павлодар аудандық (кейін округтік) партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан КП ОК-нің баспасөз және баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1921 ж. маусым айының басында Ташкентте, кейін Алматыда ұйғыр тілінде шыға бастаған “Камбағарлар авази” (“Кедей дауысы”) газетін ұйымдастырушы әрі редакторы болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Алматы қаласындағы бір көшеге Розыбакиев есімі берілген.
## Дереккөздер |
Әкбарова Зинат-(15.1.1935 жт„ Алматы облысы Жаркент қ.) - актриса, Қазақстанның халық артисі. (1992). Алматы хореография училищесін бітірген (1955). Осы жылдан Ұйғыр музыка театрында биші, кейін актриса болды. Әкбарова жасаған образдар қызу қанды, өткір мінезімен айқындалады. Олар; Майымхан, Ләйліхан, Гулзара (Д.Асимов пен А.Садыровтың "Анарханында"), Гүлбадам (Д.Асимов пен B.И. Дьяковтің "Ғарип пен Сәнәмында"), Гүлшеһра (Ұ.Гаджибековтің "Аршин мал алаңында"), Айхай (Х.Хамзанның "Майсарының айласында"), Назугум (Қ.Хасанов пен C.Башоянның "Назугумында"), Әмал (С.Жамалдың "Қара райханында"), Яренка (А.Александровтың "Малиновкадағы тойында"), т.б. рольдері. Ә. үйғырдың фолькл. "Нава" ансамблінің құрамында да өнер көрсеткен.
## Дереккөздер |
"Красный Казахстан" — саяси-экономикалық журнал, БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің органы. 1926 жылдың майынан тамызына дейін Қызылордада ай сайын шығып тұрады ("Партийная жизнь Казахстана"). Тиражы 1000 дана. Журнал БК(б)П 14-съезі мен Қазақстан өлкелік 5-партконференциясының шешімдерін жүзеге асыруға және Қазақстан коммунистерінің теориялық білімдерін жетілдіруге,өлке шаруашылығын соц. жолға салудың көкейтесті мәселелерін талқылауға зор көңіл бөлді. |
Әмеди Хасенов (19 қазан 1927 жыл, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 26 мамыр 1990 жыл, Алматы) – филолог, филиологиялық ғылым кандидадты (1955 жыл), профессор (1988 жыл). Қазақстан Педагогикалық Институтының (ҚазҰПУ) филология факультетініңтін (1949), кейін осы институттың аспирантурасын (1952) бітірген. 1952-54 жылдары шет ел тілдері кафедрасының меңгерушісі, 1953-54 жылдары жоғары партия мектебінде, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, 1957 жылдан Мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тәлем тілдері университеті) қазақ-орыс тілдері және жалпы тіл білімінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Республикалық «Халық ағарту үздігі» атағы берілген.
## Шығармашылығы
* Имена числительные в современном казахском языке, АКД., А., 1954;
* Жай сөйлемдер синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері, А., 1957;
* Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, А., 1957;
* Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері. Көмекші оқу құралы, А., 1957;
* Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. Оқу құралы, А., 1958;
* Тіл біліміне кіріспе.Оқу құралы, А., 1990.
## Дереккөздер |
Рахмонберди Мадазимов — Қырғызстан театр қозғалысы құрылтайшысы және ұйымдастырушысы, Бабур атындағы Ош Мемлекеттік академиялық өзбек музыкалық және драма театры негізін қалаушы және бірінші көркем жетекшісі.
## Өмірбаяны
Мирзо Рахмонберди қажы Мухаммадазим аләм ұлы (Мадазимов) Өзген қаласында 1875 жылы дүниеге келген. Ол әкесі Мухаммадазим сияқты Меккеге қажылыққа жасауға, молда құрметтелуі болды; Ол қатты ауырып, тіпті үмітсіз дұға өңделген. Рахмонберди қажы Мадазимов Ташкентте Түркістан генерал-губернаторы кеңсесін баспаханасында 1914-1915 жылы оның екі кітаптар жазушы «Ош мінездемесі», «Атауларының сөздігі» жарияланған болды.
1914 жылы Ош орыс-ана мектеп мұғалімі Балтиходжа Сұлтанов бар Рахмонберди Мадазимов басшылығымен театр үйірмесі құрылған
1918 жылы Рахмонберди Мадазимов басшылығымен Ош аудандық басқа ағарту көшбасшылары мен мұғалімдермен Бекназар Назаров, Иброхим Мусабоев, Журахон Зайнобиддинов, Назирхон Камолов, A.Саидов, A.Эшонхонов, Абдукодир Исхоков, Исроилжон Исмоилов, Жалил Собитов Қырғызстанның оңтүстігінде алғаш рет құрылған жергілікті мұсылман актерлердің Түркістан майданының революциялық әскери кеңесінің концерт бригадасы отырысында әуесқой театр тобы негізделген. Театр тобының алғашқы негіздеуші және көркемдік жетекшісі Рахмонберди Мадазимов Қырғызстанның оңтүстігінде театр қозғалысының бірінші құрылтайшысы және ұйымдастырушысы болды. 1919 жылы үйірме драма труппасының құрылды. Бұл труппа театр өнерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар Қырғызстанның оңтүстігінде кәсіби музыкалық өнерді дамыту атқарды.Топтың репертуарында болғандықтан, театр қойылымдарын, сондай-ақ қосымша кәсіби музыкант болуды жолында арнайы сахналық қойылымдар болды музыкалық сүйемелдеу үшін халық әуендер, өңдеу жүзеге асырылатын, көптеген концерттер ұйымдастырды.
Кейінірек бұл театрдың труппасы |Бабур атындағы Ош Мемлекеттік академиялық өзбек музыкалық драма театрының құру үшін негіз болды.
Ташкентте Хамза атындағы Өзбек Ұлттық академиялық драма театры (тиісінше 1913 жыл - 27 ақпанда 1914 жылы құрылған) кейін Ош қаласында өзбек театры, Орталық Азиядағы екінші көне кәсіби театр болып табылады.Рахмонберди Мадазимов театр бөлігі ретінде ол спектакль Ош ауданының барлық аудандары, барып, ол қару басмаштық өнер және мәдениет күрескен.Ол бірге оның туыс бар, Ош қалалық полиция негізін қалаушы және бірінші басшысы Балтиходжа Сұлтанов басмаштық жою белсенді қатысты.
1932 жылы Өзген қаласына кету байланысты Ош өзбек драма театры құрылтайшысы Рахмонберди қажы Мадазимов театры кетіп, Өзген қаласында 1933 жылы мамыр соңында қайтыс болды.Рахмонберди Мадазимов лайықты көптеген жылдар бойы мәдениет және өнер қызметке әкесінің жұмысын жалғастырды екі ұлы Бабыр Ош атындағы театрда жұмыс істеді. Уринбой және Журахон Рахмонов Бабур атындағы Ош музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі болды және Қырғызстан мәдениет және өнер дамуына зор үлес қосқан, жас актерлер көп әкелді.
## Театрда жұмыс істеу
* 1919 - M.Бехбудий “Әке өлтіруші” (Падаркуш) Маннон Ұйғыр «Түркістан дәрігеры»
* 1920 - Хамза «Улану өмір».
* 1921 - Гүлом Зафарий «Жетім».
* 1922 - Хамза «Жала азабы».
* 1923 - Камил Яшин «Лолахон».
* 1924 - Махмуд Рахмон «Оңтүстіктен есеп».
* 1925 - K.Яшин және M.Музаффаров «Гүлсара».
* 1926 - K.Яшин «Екі коммунист».
* 1927 - K.Яшин «Достар».
* 1928 - K.Яшин «Iшінде».
* 1929 - Гүлом Зафарий «Халима» K.Яшин «Aжi-Aжi».
* 1930 - Умаржон Исмоилов «Мақта саласындағы тарых».
* 1931 - Н.В. Гоголь «Үйлену».
* 1932 - Маннон Ұйғыр «Аудармашы».
Сонымен қатар, ол көптеген концерттерге қатысты.
## Жеке өмір
Әкесі: Ибни Мухаммадазим аләм (1876 жылы қайтыс болған). Ана: Бибі Салиха (1850-1922) Өратепа қаласы тумасы. Жұбайы: Бибихон (1884-1922). Балалар: Назокатхон (1902-1934), Хожинисо (1907-1932), Уринбой (1910-1980), Назиржон (1912-1917), Журахон (1917-1977).
## Жазған кітаптары
* «Ош мінездемесі», Түркістан генерал-губернаторлығы Ташкент қаласының кеңсесін баспаханасы, 1914 жыл.
* «Атауларының сөздігі» Түркістан генерал-губернаторлығы Ташкент қаласының кеңсесін баспаханасы, 1915 жыл.
## Әдебиет
* Ош облысының энциклопедиясы. «Театр өмір» бөлім, Қырғыз КСР Ғылым академиясының жарияланған, 110-бет, 1987 жыл, Фрунзе қаласы
* Өзбекстан ұлттық энциклопедиясы, Өзбекстан Ғылым академиясы, Ташкент, 2000-2006 жылдар, (Ў әріп, 219 бет), Мемлекеттік ғылыми баспасы «Өзбек ұлттық энциклопедиясы", Ташкент.
* «Қырғызстан» Ұлттық энциклопедиясы, 5 том, 763 бет. Мемлекеттік тіл және энциклопедияның орталығы, Бішкек, 2014 жыл. бас редактор Асанов Ү. А. К 97. Б..
* А. Абдугафуров «Ош академиялық театры». 2010 жыл, Ош қаласы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Актер әулеті
* Олар ізашарлар болды
* Центразия тұлғалар Мұрағатталған 31 қаңтардың 2018 жылы.
* Центразия тарих Мұрағатталған 17 қарашаның 2015 жылы.
* Атақты өмірбаяны
* [1]
* Дерексіз
* Театрдың тарихы Мұрағатталған 14 қарашаның 2015 жылы. |
Кәдімгі айырқұйрық (лат. Forficula auricularia) – айырқұйрықтылар тұқымдасына жататын талғаусыз жәндік. Ұзындығы 12-14 мм (аналық), 13-17 мм (еркек).
## Дереккөздер |
Карминді айлаулықтар сымыры (Porphyrophora arnebiae) – айырқұйрықтылар тұқымдасына жататын кошениль жәндік, тар эндемикті, сирек кездесетін түр. Тек қана Оңтүстік Қазақстанда таралған: Арыс маңынан (Дәрменеден) табылған. Өзбекстаннан да белгілі. Қазақстанда цитвар жусанының ( Artemisia cina) егістігінен жиналған. Түрді қорғау үшін табиғи тіршілік ортасында шағын қорықшалар ұйымдастыру қажет.
## Дереккөздер
«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005 |
Карминді Виктория сымыры (Porphyrophora victoriae Jashenko) — сирек кездесетін жергілікті түр. Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау жотасында) таралған. Құрғақ жусанды-түрлі шөпті далаларда тіршілік етеді. Acanthophyllum pungens-тің екі жылдық бұтақтары мен сабақтарында дамиды, циста тәрізді дернәсілдері бұтақтарда күлтелер тәрізді орналасады.Дернәсілдер сыртынан сабақ қабыршақтарымен жабылған және және көбіне сабақта ісік тәрізді болады. Ересегі маусымның алғашқы онкүндігінде пайда болады, маусымның ортасынан бастап жұмыртқа салады.
## Түрді қорғау
Түрді қорғау үшін белгілі популяцияның тіршілік ортасында қатаң қорғау тәртібін ұйымдастырып, мұнда ешқандай шаруашылық және т.б. жұмыстар жүргізуді тоқтатып, энтомологиялық қорықша немесе жақын маңдағы қорықтың қорғау бөлімін ұйымдастыру керек.
## Тағы қараңыз
Қызыл Кітап
## Дереккөздер
«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005 |
Карминді айлаулықтар сымыры (Porphyrophora arnebiae) – айырқұйрықтылар тұқымдасына жататын кошениль жәндік, тар эндемикті, сирек кездесетін түр. Тек қана Оңтүстік Қазақстанда таралған: Арыс маңынан (Дәрменеден) табылған. Өзбекстаннан да белгілі. Қазақстанда цитвар жусанының ( Artemisia cina) егістігінен жиналған. Түрді қорғау үшін табиғи тіршілік ортасында шағын қорықшалар ұйымдастыру қажет.
## Дереккөздер
«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005 |
Өрнек — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Наумов ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-батысында 28 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Талқара (2009 ж. дейін — Красный Бор) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының батысында 24 км-дей жерде, Талқара өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Радовка — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Ақкөл қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-батысында 22 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Филипповка — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Наумов ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2013 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының батысында 40 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тастыадыр (2007 ж. дейін — Лидиевка) — Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Жалғызқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ақкөл қаласының солтүстік-шығысында 48 км-дей жерде, Итемген көлінің шығысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Серікжан Урстемұлы Мұжықов (1989 жылы 17 маусымда туған) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" футбол клубының және Қазақстанның ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
## Мансап
### Клубтық мансабы
С. Мұжықов өзінің мансабын «Көксу» және «Жетісу-2» клубтарында бастаған. Ал 2008 жылдан бастап С. Мұжыков талдықорғандық Жетісудің ойыншысы болды.
"Жетісу" құрамындағы УЕФА Еуропа Лигасында гол соққан жалғыз ойыншы. Бұл гол 2012 жылы 12 маусымда "Лех" футбол клубының қақпасына соғылған.
### Ұлттық мансабы
Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2011 жылы 10 тамызда Сирия ұлттық құрамасына қарсы өткізеді.
2018 жылы 5 маусымда Әзірбайжанмен жолдастық кездесуде құрамадағы тұңғыш голын соқты.
## Жетістіктері
* Қазақстанның ең үздік 33 ойыншысы: 2010, 2011
* Қазақстанның күміс жүлдегері: 2011
* Қазақстан чемпионы: 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019
## Сілтемелер
* Футболшының профилі |
Қосты – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу.
## Географиялық орны
Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) мен Қытай шекарасында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2343 м. Беткейлік шайылумен бірге бойлық бағытта эрозия әрекеттері дамыған. Асудың солтүстігінен Терісайрық, оңтүстігінен Сарыемел өзендерінің салалары таудың биік белдеулерінен бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, қырлы жоталарға ұласады. Маусым-қазан айларында салт атты адам өте алады.
## Өсімдігі
Асу бойында қайың мен көк теректен тұратын шағын орман кездеседі.
## Дереккөздер |
Біртал — Ақмола облысы Есіл ауданы, Интернациональный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ходжаев тегі бойынша мына кісілерге сілтеме беруі мүмкін:
* Алим Ходжаев
* Равиль Шәріпұлы Ходжаев
* Убайдулла Ходжаев |
Қазақша ет пісіру (бесбармақ)Етті үлкен қазанға салып,су құйып пісіреді.Бір қайнаған соң сорпа бетіне шыққан қанды көбігін сүзіп алып тастайды.Қатты қайнатпай баппен пісірсе,ет жұмсақ әрі сорпасы да дәмді болады.Малдың етін өз терісіне немесе қарнына салып,қазылған шұқанаққа көміп,үстіне от жағып пісіруді көмбе,жеркөмбе,сірне,егер бағлан еті болса сырбаз деп атайды.Табақ тарту-қонақтарға тиесілі мал етінің кәделі,сыбағалы мүшелерін бөлу. Қазақ салтында бас табақ,сый табақ,орта табақ,аяқ табақ деп негізгі төрт түрге бөлінеді.Мәнісі мен ахуалына қарай-құдағи ,күйеу,қыз,келін,жерік,соғым қатарлы табақтары жасалады.Табақ тартылардан бұрын "бастың жолын ашу"салты орындалады.Ол-бастың маңдай ортасын тігінен және көлденеңнен тіліп,төрт бұрышы бар шаршы таңба салу.Бұл "төрт құбылаң сай болсын"дегенді білдіреді.Бас табаққа-бас,жамбас қоспаларымен,сый табаққа-асықты жілік,ортан жілік салынуы керек.Осы мүшелерге қосымша белдеме,омыртқа,қазы,қарта,жал мен жая тең бөлініп тартылады.Аяқ табақ ауыл адамдары үшін еттің қалған мүшелерінен жасалады.Төс пен асықты жілік-күйеу мен келіннің сыбағасы.Келінге-ұлтабар(ұл тапсын),қыз балаға-жүрек(ержүрек болсын),балаға құлағың жақсыға үйір болсын деп бастан құлақты сыбағалап,әнші бол деп қыз балаға таңдайды ұсынады.Құдаларға құйрық май(молшылық,ырыс,тоқшылық үшін)мен бауырды(бауырдай тату-тәтті болу үшін)асатады.Сойылған қойдың мойнын бітеу мүжудің өзіндік сыры бар.Бала дүниеге келгенде,бітеу мүжілген мойынды кереге басына ілу "мойны берік болсын,тез қатайсын",ал жаңа отау иесінің оны шаңырақтан шығаруы "босағасы берік болсын" деген ырымнан туған.
## Тағы қараңыз
* Қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдары
* Қазақтың ұлттық тағамдары
=== Дереккөздер === |
Жаңа Қаратон кенттік әкімдігі — Атырау облысы Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Әкімшілік орталығы әрі құрамындағы жалғыз елді мекен — Жаңа Қаратон кенті.
## Тарихы
Қаратон және Сарқамыс ауылдары тұрғындарын көшіруге байланысты 2000 жылы наурыз айында құрылды. Округ әкіміне Балтабай Ибраев тағайындалды.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша кенттегі халық саны 6966 адамды құрайды.
## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
Кент көлемінде 4 шаруа қожалығы бар. Аталған қожалықтарда және жеке тұрғындарда барлығы 1107 ірі қара, 1318 қой-ешкі, 295 түйе, 154 жылқы, 133 құс бар.Сонымен қатар көлік жуу стансасы, ағаш шеберханасы және төсем тас шығаратын цех жұмыс жасайды.
## Дереккөздер |
Аққұдық сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
Құдықтар:
* Аққұдық (құдық, Ақтөбе облысы)
* Аққұдық (құдық, Қостанай облысы)
* Аққұдық (құдық, Қарағанды облысы)
* Аққұдық (құдық, Маңғыстау облысы)
* Аққұдық - Атырау облысы
Елді мекендер:
* Аққұдық – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Атырау облысы, Жылыой ауданының Жем ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Аққұдық – Атырау облысы, Жылыой ауданының Майкөмген ауылдық округі құрамындағы ауыл.
* Аққұдық – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Павлодар облысы, Павлодар ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданындағы ауыл.
* Аққұдық – Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданындағы ауыл.
Шоқы:
* Аққұдық – Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан шоқы.
Көл:
* Аққұдық көлі
Тағы қараңыз:
* Аққұдық ауылдық округі (Мәртөк ауданы)
* Аққұдық ауылдық округі (Хромтау ауданы)
* Аққұдық - қыстау, Қызылқоға ауданы |
Құлсары қалалық әкімдігі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Әкімшілік орталығы әрі құрамындағы жалғыз елді мекен — Құлсары қаласы.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қаладағы халық саны 64458 адамды құрайды.
## Дереккөздер |
Двуречное — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Двуречный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Елтай — Ақмола облысы Есіл ауданы, Знаменка ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сілкімелі-сылдырлы музыкалық аспаптар
## Сылдырлы аспаптармен байланысты ұстанымдар
Белгілі бір заттық дүниеге табиғатта тыс жолмен әсер ету үшін қолданылатын діни-ғұрыптық әдістер аспаптар жүйесінде де молынан кездеседі. Бұл ретте қоңырау, сылдырма, күлдіреуік секілді сылдырлы аспаптардың орны ерекше. Бұл аспаптар дабылды-соқпалы аспаптардың қайсыбіріне қосымша бір элемент ретінде қолданылғамен, олардың халық тұрмыс-салтында атқаратын жеке орны бар. Бірқатар анықтамалар мен деректерде олар тек музыкалық мақсатқа сай ызмет атқаратын құрал ретінде біржақты көрсетілген. Шын мәнісінде олардың музыкалық аспапқа айналуына дейінгі қызметі халықтық-этнотұрмыстық қам-қарекеттердің сан алуан түрлерімен басйланыста өрбіп-дамыған. Қоңырау сылдырмақтар өзінің алғашқы даму, қолданылу кездерінде әсіресе, діни ғұрыптық нанымөсенімдерде үлкен роль атқарған. Мәселен б.з.д. VII-VI ғ.ғ. жасалынған қола қоңыраулардың әуел баста музыкалық мақсатқа сай емес, заманына сай халықтық әдет-ғұрыптар мен діни ұстанымдарда қолданылғаны осыны аңғартады.
Алғашқы қауым тудырған дәстүрлі өнер әр уақытта сиқырлы діни ғұрыптардың сан алуан қызмет-қарекетімен қат-қабат байланыста болып келеді. Әр түрлі сілкімелі-сылдырлы аспаптардың қашанда сиқырлы, діни-ғұрыптық, бақсылық-емшілік мәні бар суреттермен безендірілетіні де содан. Ежелгі адамдардың түсінігінде сылдырлы аспап-құралдар ішкі әсерді сыртқа шығарудың немес әр адамның жан-дүниесінің ғарышпен байланысын реттеп отыратын құрал ретінде саналған. Ертедегі кейбір тайпалар мен халықтар арасында сылдырмақ-қоңырау аспаптарына қасиет қонған деген наным-сенім сақталған. Сол себептен кейбір бақсылар құс бейнелі сылдырмақтар қолданатын болған.
*
*
* |
Қарағай — қылқанжапырақты ағаш. Сондай-ақ келесі елді мекен атаулары;
## Қазақстан
* Қарағай — Ақмола облысы, Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданындағы ауыл.
## Ресей
* Қарағай — Башқұртстанның Архангел ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Башқұртстанның Куюргазин ауданындағы ауыл.
## Тағы қараңыз
* Қарағай өзені |
Қарағай — қылқанжапырақты ағаш. Сондай-ақ келесі елді мекен атаулары;
## Қазақстан
* Қарағай — Ақмола облысы, Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданындағы ауыл.
## Ресей
* Қарағай — Башқұртстанның Архангел ауданындағы ауыл.
* Қарағай — Башқұртстанның Куюргазин ауданындағы ауыл.
## Тағы қараңыз
* Қарағай өзені |
Елтай — Ақмола облысы Бұланды ауданы, Алтынды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Макинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тұрғызба — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 198 адам (109 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 126 адамды (71 ер адам және 55 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңында 2-бабында Ұлттық мерекелерге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні деп жазылған. 5-бапта. Мереке күндері туралы Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
## Ұлттық мерекелер күнтізбесі
## Түсініктемелер
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
Тәуелсіздік күні |
Алтынтүсті қолақоңыз (лат. Cetonia aurata) – қатты қанаттылар сабы, тақтамұрттылар тұқымдасының қолақоңыздар туысына жататын ірі жәндік. Ұзындығы 23 мм., мұрттары қара. Жеті түршесі белгілі. |
Сақалды кекілік (лат. Perdix daurica) — тауықтәрізділер отрядының Қырғауылдар тұқымдасының Шілдер тегіне жататын құс.
## Сипаттамасы
Ересек сақалды кекіліктің арқасы көкшіл-сұр, қанатының жамылғысы қауырсындары көкшіл, теңбілді, ақшыл қоңыр, маңдайы мен мойны қоңыр, жемсауы сарғыш қара теңбілді.
## Таралуы
Сақалды кекілік Орта Азия мен Оңтүстік Алтайдан Монғолияға және Солтүстік Қытайға дейін таралған. Кавказ сырты, Орта Азия, Оңтүстк Алтай, Шығыс Тянь-Шаньда, Қазакстанда Алтай, Тарбағатай, Маңғыстауда, Іле, Теріскей, Жонғар, Қырғыз Алатауында таралған, топтанып жүреді.
## Көбеюі мен қоректенуі
Сәуір-мамырда 13-33 жұмыртқа салады. Өсімдік дәні, насекомдармен қоректенеді. Сақалды кекілікті дәмді ету үшін спорт әуесқойлары аулайды
## Дереккөздер |
ДӘРІБАЕВ Самал (22.4.1971 жылы туған, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы) – педагог, филология ғылымының кандидаты (2002).
Қазақ ұлт¬тық университетінің филология факультетін бітірген (1993). Еңбек жолын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты А.Қыраубаева атындағы гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі¬нен бастайды. 1995 – 1998 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, №162 қазақ орта мектебінде және ҚазҰПУ-де оқытушылық қызметтер атқарды. 1998 – 2002 ж. Алматы қаласындағы №167 мектептің директоры болып қызмет істеді. Қазір Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің кафедрасында қызмет етеді.
«Қазақстан Республикасының жыл мұғалімі» байқауының бас жүлдегері, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. |
Уринбой Рахмонов (4 (17) наурыз 1910 - 5 қазан 1980) — кеңес қырғыз актер және театр қайраткері, Ош қаласында Бобур театрының негізін қалаушы, жазушы, ақын.
## Өмірбаяны
Уринбой Рахмонов қызметкерлер отбасында, Ош қаласында 4 наурыз 1910 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Рахмонберди Мадазимов Қырғызстандағы театр қозғалысы қалаушы, Ош қаласының театрының бірінші құрылтайшысы және ұйымдастырушысы, революциялық, басмашылар қарсы күресте белсенді қатысушысы болды. Уринбой Рахмонов 1927 жылы, 17 жаста болған кезде, ол Ош театр өзінің әртістік мансабын бастады. Ол, сонымен қатар, театр актері жұмыс істеді театрының қалыптастыру мен ұйымдастыру қиын жылдары қосымша он лауазымдарды атқарды: ол режиссер көмекшісі, драматург, әнші, сырнайшы, суфлер, суретші, гримші, ақын болды, ол шағын пьесалар және өлең үшін ән жазған, сол кездегі Қырғыз ССР халық әртісі бірінші биші Розия Муминова биледі.
Уринбой Рахмонов 1949 жылдан 1954 жылға дейін Қара-Суу ауданы Қызыл-Қыштақ ауылдық кеңесі төрағасы болып жұмыс істеді, ол 1954 жылдан бастап 1965 жылға дейін Қызыл-Қыштақ ауылында поштаның бастығы болып жұмыс істеді. 1965 жылдан бастап сауда-саттық жүйесінде жұмыс істеді. Бірақ, ол 1949 жылы театр кету болғанына қарамастан, ол тағы көпке дейін 1958 жылға дейін, ұзақ уақыт бойы театрға барды және жұмыстың кейін басты және эпизод рөлдерді театрда ойнады. Оның өлеңдері жарияланды. 12 бала тәрбиеледі. Үлкен ұлы Дилдорбек Бабыр атындағы Ош театрында актер болуп жұмыс істеді және екі фильмдерде эпизодтық рөлдерге атқарды. Тағы бір ұлы Дарвишбек балуан Рахмонов, сондай-ақ өнер қызметке өз өмірін арнады және «Калдиргоч» (Қарлығаш) цирк труппасын көркемдік жетекшісі жұмыс істейді.
## Театр актері жад
Жергілікті билік органдарының шешімімен Ош облысының тыс оның атын тағайындау арқылы театрының негізін қалаушы еске мәңгі болды.Уринбой Рахмонов құрметіне Ош облысының Кара-Суу ауданының Қызыл-Қыштақ ауылында көшесінің аталды.
## Жеке өмір
Әкесі: Рахмонберди Мадазимов (1875-1933). Ана: Бибихон (1884-1922). Бірінші зайыбы: Турсунхон Туйчибоева (1918-1954). Балалар: Дилдорбек қажы (1941), Дилоромхон (1943), Давлатбек (1949-2006), Дарвишбек (1952), Бахридилхон (1954), Донишбек (1957), Дилфузахон (1960), Сталин (1962), Махфузахон (1964), Дилрабо (1971).
## Театрда жұмыс істеу
* 1927 - K.Яшин «Достар».
* 1928 - K.Яшин «Iшінде».
* 1929 - Гүлом Зафарий «Халима» K.Яшин «Aжi-Aжi».
* 1930 - Умаржон Исмоилов «Мақта саласындағы тарых».
* 1931 - Н.В. Гоголь «Үйлену».
* 1932 - Маннон Ұйғыр «Аудармашы».
* 1933 - Гаджибеков «Аршин мал алан».
* 1934 - Н.В. Гоголь «Ревизор».
* 1935 - Нәзір Сафаров, Зиё Саид "Тарих дейді", K.Яшин «Өртеп жібереді».
* 1936 - Ж.Турусбеков «Өлім орнына», K.Тренёв «Любовь Яровая» Тожизода «Комсомол взвод».
* 1937 - Шиллер «Алдау және махаббат», Ш.Хуршид «Фархад және Ширин».
* 1938 - C. Гольдони «Екі қожайынға бір қызметкер», Сабир Абдулла, «Өзбекстан саберi».
* 1939 - Билль-Белоцерковский «Шекара», Хамза «Бай және жұмысшы», Сабир Абдулла «Тахир және Зухра».
* 1940 - Хамза «Холисхон», K.Яшин «Боран».
* 1941 - K.Яшин және M.Mухамедов «Гүлсара», Хуршид «Лейла және Мәжнүн», Сабир Абдулла, «Құрбан Омаров».
* 1942 - K.Яшин «Басқыншылардан өліміне!», Хамза «Майсараның қылықтары», Корнийчук «Алдыңғы».
* 1943 - Сабир Абдулла "Давран ата", Умаржон Исмоилов «Зафар».
* 1944 - K.Яшин «Нурхон» М. Ордубади «Қалыңдық соң 5 сом».
* 1945 - Уйгун «Өмір жыры»
* 1946 - Мұхтаров «Әйелдер құрметте».
* 1947 - Уйгун «Көктем», Хуршид «Фархад және Ширин».
* 1948 - K.Tренёв «Қызыл галстук», Уйгун «Өмір әні», Уйгун «Олтiнкол».
* 1949 - Фатхуллин «Гүлтешелері», Хамид Алимжан «Семург».
* 1950 - Акрам Исмаил «Әділет», Сабир Абдулла «Алпамыш».
* 1951 - Бөкенбаев «Тоқтағұл», Хуршид «Лейли және Мәжнүн».
* 1952 - Шүкір Садулла «Ёрилтош», Махмуд Рахмон «Қуаныш», Абдулла Каххар «Жібек сузана».
* 1953 - Иззат Сұлтан «Әлішер Науаи», Н.В. Лысенко «Наталка Полтавка», K. Яшин «Нурхон».
* 1954 - Шүкір Садулла «Өрісіне мерекелеу», Бахром Рахмонов «Жүрек құпиялары».
* 1955 - K.Яшин «Oфтобхон», Рабиндранат Тагор «Ганг өзенінің қыз».
* 1956 - K.Яшин «Равшан және Зулхумор», Фатхуллин «Отанды қалтқысыз сүю», Ахмедов «Құпияларды кеуде».
* 1957 - Сабир Абдулла «Алпамыш», Самад Вургун «Юлдуз».
* 1958 - Хамид Алимжан «Ойгул және Бахтиёр», M.Шатров «Революция атымен».
Сонымен қатар, ол көптеген концерттерге қатысты.
## Жазған кітаптары
«История Рахмоновых из рода тысячников правивших городами Ош и Уратепа» , 420 б, Ош қаласы, 2016 жыл
## Әдебиет
* «Ош өзбек музыкалық драма театры» / А.Абдуғафуров. – Фрунзе: Қырғызстан, 1980. – 7 б., 11. – 59 б. 21 см, ҚБҚ 85,4. (өзб.), (орыс) және (қырғыз)
* «Ош академиялық театры» / А.Абдуғафуров. – Ош: «Азия принт», 2010. – Б.1, 3, 42. – 52 б. (Өзб.)
* «Қырғызстанның гүлденуі жолында» Қырғызстанның көрнекті өзбектері туралы энциклопедиялық басылым / Жетекшілігімен. Жураева Б.Ж. (Абдугафуров А., Рахманов Д.Д., т.б.). – Ош: «Ризван», 2017. – 30 б. – 336 б. — ISBN 978-9967-18-344-5. ӘОЖ 351/354. BBK 66.3(2Ci). (өзб.), (орыс) және (қырғыз)
* «Шетелдегі қырғыздардағы поэтикалық сөздің мәселелері» / Сабирова В.К., Сарыбаева Г., Ерназарова Г.Б.. – Ош: Ош мемлекеттік университеті, 2018. – Б.3. (орыс.)
## Сілтемелер
* Актер әулеті
* Олар ізашарлар болды
* Центразия тұлғалар Мұрағатталған 10 тамыздың 2017 жылы.
* Атақты өмірбаяны
* История театра Мұрағатталған 14 қарашаның 2015 жылы.
* Уринбой Рахмоновтың өлеңдери өзбек тілінде Мұрағатталған 11 ақпанның 2016 жылы.
* Уринбой Рахмоновтың өлеңдери өзбек тілінде
* Дерексіз Мұрағатталған 20 наурыздың 2016 жылы.
* Театрдың тарихы Мұрағатталған 14 қарашаның 2015 жылы. |
Уринбой Рахмонов (4 (17) наурыз 1910 - 5 қазан 1980) — кеңес қырғыз актер және театр қайраткері, Ош қаласында Бобур театрының негізін қалаушы, жазушы, ақын.
## Өмірбаяны
Уринбой Рахмонов қызметкерлер отбасында, Ош қаласында 4 наурыз 1910 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Рахмонберди Мадазимов Қырғызстандағы театр қозғалысы қалаушы, Ош қаласының театрының бірінші құрылтайшысы және ұйымдастырушысы, революциялық, басмашылар қарсы күресте белсенді қатысушысы болды. Уринбой Рахмонов 1927 жылы, 17 жаста болған кезде, ол Ош театр өзінің әртістік мансабын бастады. Ол, сонымен қатар, театр актері жұмыс істеді театрының қалыптастыру мен ұйымдастыру қиын жылдары қосымша он лауазымдарды атқарды: ол режиссер көмекшісі, драматург, әнші, сырнайшы, суфлер, суретші, гримші, ақын болды, ол шағын пьесалар және өлең үшін ән жазған, сол кездегі Қырғыз ССР халық әртісі бірінші биші Розия Муминова биледі.
Уринбой Рахмонов 1949 жылдан 1954 жылға дейін Қара-Суу ауданы Қызыл-Қыштақ ауылдық кеңесі төрағасы болып жұмыс істеді, ол 1954 жылдан бастап 1965 жылға дейін Қызыл-Қыштақ ауылында поштаның бастығы болып жұмыс істеді. 1965 жылдан бастап сауда-саттық жүйесінде жұмыс істеді. Бірақ, ол 1949 жылы театр кету болғанына қарамастан, ол тағы көпке дейін 1958 жылға дейін, ұзақ уақыт бойы театрға барды және жұмыстың кейін басты және эпизод рөлдерді театрда ойнады. Оның өлеңдері жарияланды. 12 бала тәрбиеледі. Үлкен ұлы Дилдорбек Бабыр атындағы Ош театрында актер болуп жұмыс істеді және екі фильмдерде эпизодтық рөлдерге атқарды. Тағы бір ұлы Дарвишбек балуан Рахмонов, сондай-ақ өнер қызметке өз өмірін арнады және «Калдиргоч» (Қарлығаш) цирк труппасын көркемдік жетекшісі жұмыс істейді.
## Театр актері жад
Жергілікті билік органдарының шешімімен Ош облысының тыс оның атын тағайындау арқылы театрының негізін қалаушы еске мәңгі болды.Уринбой Рахмонов құрметіне Ош облысының Кара-Суу ауданының Қызыл-Қыштақ ауылында көшесінің аталды.
## Жеке өмір
Әкесі: Рахмонберди Мадазимов (1875-1933). Ана: Бибихон (1884-1922). Бірінші зайыбы: Турсунхон Туйчибоева (1918-1954). Балалар: Дилдорбек қажы (1941), Дилоромхон (1943), Давлатбек (1949-2006), Дарвишбек (1952), Бахридилхон (1954), Донишбек (1957), Дилфузахон (1960), Сталин (1962), Махфузахон (1964), Дилрабо (1971).
## Театрда жұмыс істеу
* 1927 - K.Яшин «Достар».
* 1928 - K.Яшин «Iшінде».
* 1929 - Гүлом Зафарий «Халима» K.Яшин «Aжi-Aжi».
* 1930 - Умаржон Исмоилов «Мақта саласындағы тарых».
* 1931 - Н.В. Гоголь «Үйлену».
* 1932 - Маннон Ұйғыр «Аудармашы».
* 1933 - Гаджибеков «Аршин мал алан».
* 1934 - Н.В. Гоголь «Ревизор».
* 1935 - Нәзір Сафаров, Зиё Саид "Тарих дейді", K.Яшин «Өртеп жібереді».
* 1936 - Ж.Турусбеков «Өлім орнына», K.Тренёв «Любовь Яровая» Тожизода «Комсомол взвод».
* 1937 - Шиллер «Алдау және махаббат», Ш.Хуршид «Фархад және Ширин».
* 1938 - C. Гольдони «Екі қожайынға бір қызметкер», Сабир Абдулла, «Өзбекстан саберi».
* 1939 - Билль-Белоцерковский «Шекара», Хамза «Бай және жұмысшы», Сабир Абдулла «Тахир және Зухра».
* 1940 - Хамза «Холисхон», K.Яшин «Боран».
* 1941 - K.Яшин және M.Mухамедов «Гүлсара», Хуршид «Лейла және Мәжнүн», Сабир Абдулла, «Құрбан Омаров».
* 1942 - K.Яшин «Басқыншылардан өліміне!», Хамза «Майсараның қылықтары», Корнийчук «Алдыңғы».
* 1943 - Сабир Абдулла "Давран ата", Умаржон Исмоилов «Зафар».
* 1944 - K.Яшин «Нурхон» М. Ордубади «Қалыңдық соң 5 сом».
* 1945 - Уйгун «Өмір жыры»
* 1946 - Мұхтаров «Әйелдер құрметте».
* 1947 - Уйгун «Көктем», Хуршид «Фархад және Ширин».
* 1948 - K.Tренёв «Қызыл галстук», Уйгун «Өмір әні», Уйгун «Олтiнкол».
* 1949 - Фатхуллин «Гүлтешелері», Хамид Алимжан «Семург».
* 1950 - Акрам Исмаил «Әділет», Сабир Абдулла «Алпамыш».
* 1951 - Бөкенбаев «Тоқтағұл», Хуршид «Лейли және Мәжнүн».
* 1952 - Шүкір Садулла «Ёрилтош», Махмуд Рахмон «Қуаныш», Абдулла Каххар «Жібек сузана».
* 1953 - Иззат Сұлтан «Әлішер Науаи», Н.В. Лысенко «Наталка Полтавка», K. Яшин «Нурхон».
* 1954 - Шүкір Садулла «Өрісіне мерекелеу», Бахром Рахмонов «Жүрек құпиялары».
* 1955 - K.Яшин «Oфтобхон», Рабиндранат Тагор «Ганг өзенінің қыз».
* 1956 - K.Яшин «Равшан және Зулхумор», Фатхуллин «Отанды қалтқысыз сүю», Ахмедов «Құпияларды кеуде».
* 1957 - Сабир Абдулла «Алпамыш», Самад Вургун «Юлдуз».
* 1958 - Хамид Алимжан «Ойгул және Бахтиёр», M.Шатров «Революция атымен».
Сонымен қатар, ол көптеген концерттерге қатысты.
## Жазған кітаптары
«История Рахмоновых из рода тысячников правивших городами Ош и Уратепа» , 420 б, Ош қаласы, 2016 жыл
## Әдебиет
* «Ош өзбек музыкалық драма театры» / А.Абдуғафуров. – Фрунзе: Қырғызстан, 1980. – 7 б., 11. – 59 б. 21 см, ҚБҚ 85,4. (өзб.), (орыс) және (қырғыз)
* «Ош академиялық театры» / А.Абдуғафуров. – Ош: «Азия принт», 2010. – Б.1, 3, 42. – 52 б. (Өзб.)
* «Қырғызстанның гүлденуі жолында» Қырғызстанның көрнекті өзбектері туралы энциклопедиялық басылым / Жетекшілігімен. Жураева Б.Ж. (Абдугафуров А., Рахманов Д.Д., т.б.). – Ош: «Ризван», 2017. – 30 б. – 336 б. — ISBN 978-9967-18-344-5. ӘОЖ 351/354. BBK 66.3(2Ci). (өзб.), (орыс) және (қырғыз)
* «Шетелдегі қырғыздардағы поэтикалық сөздің мәселелері» / Сабирова В.К., Сарыбаева Г., Ерназарова Г.Б.. – Ош: Ош мемлекеттік университеті, 2018. – Б.3. (орыс.)
## Сілтемелер
* Актер әулеті
* Олар ізашарлар болды
* Центразия тұлғалар Мұрағатталған 10 тамыздың 2017 жылы.
* Атақты өмірбаяны
* История театра Мұрағатталған 14 қарашаның 2015 жылы.
* Уринбой Рахмоновтың өлеңдери өзбек тілінде Мұрағатталған 11 ақпанның 2016 жылы.
* Уринбой Рахмоновтың өлеңдери өзбек тілінде
* Дерексіз Мұрағатталған 20 наурыздың 2016 жылы.
* Театрдың тарихы Мұрағатталған 14 қарашаның 2015 жылы. |
Калачи — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Красногор кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Игілік — Ақмола облысы Есіл ауданы, Красногор кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан солтүстікке қарай 5 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Елтай — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Тайбай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 19 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тәспі Тәсбих (арабша – Алланы, пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) – Алланы дәріптеу, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі. Мұсылмандар Т-сі 33-тен үшке бөліп тізген 99 тастан немесе 33 тастан тұруы мүмкін. Кейде 999 тасқа дейін тас тізілген тәспі қолданылады. Белгілі бір мөлшерде қайталанатын дұғаларды жаңылмай оқу, Құран аяттарын қайталап оқып жаттау үшін пайдаланылады. Тәспі тастан, шыныдан, өсімдік дәнегінен, ағаштан, металдан, т.б. жасалады. Тәспі тастары әр түрлі әшекеймен немесе Алланың 99 көркем есімдерін жазып әсемделеді. 33 тастың өзара біріккен жерін ажырататын ерекше пішіндегі тас болады, оны “қожасы” деп атайды. Негізгі біріккен жерінде “Бисмилласы” деп аталатын әшекейлі, шашақты үлкен тас орнатылады. Тәспі орнына саусақ буындарын санау арқылы 33 сан мөлшерін есептеуге болады.
## Сілтемелер |
Тері жемірі (лат. Dermestes lardarius) – қатты қанаттылар сабы, тері жегіш қоңыздар тұқымдасына жататын жәндік. Ұзындығы 7-9,5 мм. |
Капр қоңызы (лат. Trogoderma granarium) – қатты қанаттылар сабы, тері жегіш қоңыздар тұқымдасына жататын жәндік. Ұзындығы 2-3 мм. |
Қарағайлы, Бүркітті – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау тізбектерінен тұратын қарағайлы алқап.
Ірі шоқылары – Сұлтаншоқы, Жаманшоқы. Таулардың кейбіреулері әр қилы пішіндерден тұрады. Қарағайлының басты ерекшелігі – жергілікті климаттық әсердің салдарынан биіктігі 10 – 12 м ғана болатын қабығы қалың, бұталары иіліп жерге дейін жететін кәдімгі қарағайлы алқап. Бұталы ағаштардан арша, қара ырғай, тобылғы, итмұрын, ұшқат, тал, шөптесіндерден Маршалл жебіршөбі, бөденешөп, мысықтабан, бозкілем, т.б. өседі.
Орман жеміс-жидектерге, саңырауқұлақтарға бай. Жануарлар дүниесінде елік, түлкі, қоян; құстардан байбақ, бүркіт, қаршыға, сұңқар, қара бозторғай, тырна, т.б. тіршілік етеді. Қарағайлыда 1974 ж. қорықша ұйымдастырылған. Онда топырақ қорғау, су қорғау шаралары жүргізіледі. Қарағайлының рекреациялық (демалыс) маңызы бар.
## Дереккөздер |
Болат Манашұлы Атабаев (14 мамыр 1952 жылы туған, Алматы облысы, Тентек ауылы ) — режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) стажировкада болды.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынас тілдері университетін (1974), театр және көркемсурет институтын (Ә.Мәмбетов пен А.Пашков шеберханасы бойынша) бітірген (1983). 1990 ж. Мюнхен (Германия) ұлттық театрынан тәлім алған. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатын", А.Закстың "Өз ошағың" драмаларын, В.Гейнцтің "Жүздеген жыл толқын дарын да", "Адамдар және тағдырлар" тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың "Қос мұңлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", сондай-ақ, И.Оразбаевтың "Шыңғысхан", М.Метерлингтің "Соқырлар", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", А.П. Чеховтың "Шағала", Ә.Кекілбаевтің "Абылай хан", Б.Брехттің "Тоғышардың тойы", М.Әуезовтің "Қарагөз", т.б. спектакльдер қойды. Республикалық неміс театрының директоры болды.
Атабаев өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты" т.б.) қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, осында Б.Римованың "Қос мұнлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат" (екеуі де 1991), И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан" (1994), Қ.Ысқақтың "Жан қимақ" (1995), Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" (1996), Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан" (1998; спектакль премьерасы Астана қаласында өтті), А.Чеховтың "Шағала" (1998), М.Метерлинктің "Соқырлар" (1993), Б.Брехттің "Тоғышардьң тойы" (1999); сонымен қатар Р.Мұқанованың "Қаралы сұлу" (М.Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театры), Р.Болгтың "Кішкене сері" (1981, Германиядағы Пархим театры) т.б. спектакльдерді қойып, ол батыл сахналық эксперименттерге баратын, спектакльдің көркемдік- эстетикалық мән-мазмұнын ашуға ден қоятын ізденімпаз режиссер екенін байқатты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.zonakz.net/articles/?artid=28816
* http://www.nomad.su/?a=3-200408310008 Мұрағатталған 13 шілденің 2012 жылы.
* http://www.geokz.tv/article.php?aid=4100(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.kubkz.com/downloads/dvk-12-08-04.doc(қолжетпейтін сілтеме)
* http://news.namba.kg/read.php?id=519881 |
Қаракөл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Қаракөл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласының оңтүстік-батысында 35 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаныспай — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Жаныспай ауылдық округі орталығы. Іргесі 1954 жылы қаланған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, диірмен, наубайхана бар. Жаныспайдың жанынан Алматы – Қостанай автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Ковыльное (6 км).
## Дереккөздер |
Ковыльное — Ақмола облысы Есіл ауданы, Жаныспай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Есіл қаласының солтүстік-батысында 21 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құралай Ертісқызы Байзақова (13 қаңтар, 1958 жылы туған Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2005).
## Өмірбаяны
* ҚазМУ-ды (1980, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1983) бітірген соң осы университетте
* доцент (1992)
* кафедра меңгерушісі (2000–2005),
* декан (2005–2009),
* профессор қызметтерін атқарады.
## Ғылыми еңбектері
* «Эволюция конституционной доктрины голлизма: политические и внешнеполитические аспекты» деген тақырыпта докторлық диссертатция қорғады.
* 150-ден аса ғылыми еңбектің, 11 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Николай Павлович Барбот де-Марни (31 қаңтар, 1829, Пермь губерниясы — 4 сәуір, 1877, Санкт-Петербург) — орыс геологы, Санкт-Петербург тау-кен институтының профессоры (1866).
## Ғылыми еңбектері
* Ғылым зерттеулерін 1860—1862 жылдары Қалмақ (Ноғай) даласына жасаған экспедициясынан бастады. Ол Ресейдің еуропалық бөлігінің, Орал тауларының геологиялық құрылымын зерттеді. Барбот де-Марни Орта Азия мен Қазақстан жерлерін зерттеу үшін (1874) Санкт-Петербург университеті жанындағы жаратылыстану зерттеушілер қоғамы және Ресей географиялық қоғамының Әмудария бөлімшесі жасақтаған 2 экспедицияға қатысты.
Экспедиция жүргізетін геол. зерттеулердің негізгі мақсаты — Арал-Каспий алабының шөлдерінде плейстоцен дәуіріндегі теңіз шөгінділерінің жоқтығын дәлелдеу және құм төбелердің пайда болу жағдайларын айқындау болды. Барбот де-Марни Маңғыстау түбегіндегі Қаратау мен Алатау тауларында, Үстіртте, Әмудария аңғарында, Арал төңіректерінде және Қызылқұмда болып, географиялық және геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ірі геологиялық құрылымдардың негізінен бор кезеңінде түзілгенін анықтады. Әмудария алабы плейстоцен дәуірінде теңіз түбі емес, құрлық болғанын дәлелдеп, осы жердің геол. тарихы жөнінде сол уақытқа дейін орын алып келген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар, Барбот де-Марни шөлейт жерлердегі үздік-үздік теңіз қырқаларының таралу принциптерін тұжырымдады.
## Сыртқы сілтемелер
* http://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/67377/Барбот
* http://persona.rin.ru/view/f/0/22605/barbot-de-marni-nikolaj-pavlovich
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.