text
stringlengths
3
252k
Елді мекендер: * Тасөткел – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл. * Тасөткел – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл. * Тасөткел – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл. * Тасөткел – Жамбыл облысы Шу ауданы, Ескішу ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Тасөткел – Жамбыл облысы Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Тасөткел – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Тасөткел бөгені * Тасөткел суару жүйесі
Тамды — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Тамды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Алға қаласынан оңтүстікке қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2029 адам (970 ер адам және 1059 әйел адам) болса, 2009 жылы 2081 адамды (1038 ер адам және 1043 әйел адам) құрады. ## Галерея * * ## Дереккөздер
Тамды — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Жосалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 54 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 342 адам (170 ер адам және 172 әйел адам) болса, 2009 жылы 216 адамды (113 ер адам және 103 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Тамды (2006 жылға дейін – Молодёжное) — Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде, Ор өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 815 адам (513 ер адам және 302 әйел адам) болса, 2009 жылы 577 адамды (297 ер адам және 280 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Каспий: * Каспий — Каспий теңізінің қысқаша атауы. * «Каспий» — Қазақстандағы Ақтау қаласының футбол клубы. * Каспий — Атырау облысындағы елді мекен.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. ## Ғалымдар зерттеуі Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). ## Өмір сүрген кезеңі Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды."Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді". Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді. Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен: Шақырса келмес ханымды,Бура қуып келтірді.Қалжы-бұлжы дегізбей,Тура қуып келтірді.Бастай көр қатын құртыңды,Сала көр қатын майыңды, - - депті.Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным! - Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, — деп Асан жырлап кетті:- Ай, Жәнібек хан!Айтпасам білмейсің.Жайылып жатқан халқың бар,Аймағын көздеп көрмейсің.Қымыз ішіп қызарып,Мастанып қызып терлейсің.Өзіңнен басқа хан жоқтай,Өзеуреп неге сөйлейсің?Қорған салдың бейнет қып,Қызметшің жатыр ішіп-жеп.Он сан ноғай бүлінді,Мұны неге білмейсің?Қатын алдың қарадан,Айрылдың хандық жорадан.Ел ұстайтын ұл таппас,Айрылар ата мұрадан.Мұны неге білмейсің?Құладың құстың құлы еді,Тышқан жеп жүні түледі.Аққу құстың төресі,Ен жайлап көлде жүр еді.Аңдысып жүрген көп дұшпан,Еліңе жау боп келеді.Құлың кеп сені өлтірер,Осыны Асан біледі.Мұны неге білмейсің?Осыны көрдім түсімде,Біл десе де білмейсің.Ей, Жәнібек, ойласаң...Қилы-қилы заман болмай ма,Суда жүрген ақ шортан,Қарағай басын шалмай ма?Мұны неге білмейсің?Айтқан тілді алмасаң,Енді мені көрмейсің! Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты.Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады. Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады: Қырында киік жайлаған,Суында балық ойнаған,Оймауыттай тоғай елінің,Ойына келген асын жейтұғын,Жемнен де елді көшірдің,Ойыл деген ойыңды,Отын тапсаң тойынды,Ойыл көздің жасы еді,Ойылда кеңес қылмадың.Ойылдан елді көшірдің,Елбең-елбең жүгірген,Ебелек отқа семірген,Екі семіз қолға алып,Ерлер жортып күн көрген.Еділ деген қиянға,Еңкейіп келдің тар жерге.Мұнда кеңес қылмасаң,Кеңестің түбі нараду...Ақылды белден алдырдың,Көңілді жаман қалдырың...Нәлет біздің жүріске!Еділ менен Жайықтың,Бірін жазға жайласаң,Бірін қысқа қыстасаң,Ал, қолыңды маларсың,Алтын менен күміске! Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты: Еділ бол да, Жайық бол,Ешкімменен ұрыспа.Жолдасыңа жау тисе,Жаныңды аяп тұрыспа.Ердің құны болса да,Алдыңа келіп қалған соң,Қол қусырып барған соң,Аса кеш те қоя бер,Бұрынғыны қуыспа.Ақың болса біреуде,Айыбын тап та ала бер.Ерегісіп ұрыспа!Сенікі жөн болса да,Алтын шықпас дұрысқа.Өзіңе біреу тимесе,Кейін қарай жылыста.Мінезі жаман адамға,Енді қайтып жуыспа,Тәуір көрген кісіңмен,Жалған айтып суыспа.Өлетұған тай үшін,Көшетұғын сай үшін,Желке терің құрысып,Әркімменен ұрыспа.Жөнге баспай тырысып,Орынсыз жерде жем болма.Ашу-дұшпан, артынан,Түсіп кетсең қайтесің,Түбі терең қуысқа! Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан: - Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:- Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:Төс табаны төрт елі,Атан жүрер жер екен.Төсегінен түңілген,Адам сүрер жер екен... - депті.Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау: Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, - деп бастаған екен дейді ел.Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол: Әділдіктің белгісі,Біле тұра бұрмаса.Ақылдының белгісі,Өткен істі қумаса.Жамандардың белгісі,Жауға қарсы тұрмаса;Залымдардың белгісі,Бейбіттің малын ұрласа.Надандардың белгісі,Білгеннің тілін алмаса.Шамаңша шалқып көре бер,Қабірге әзір қоймаса.Артыңда қалар атақ жоқ,Тіріде данқың болмаса,- деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз: Бұ заманда не ғаріп?Ақ қал алы боз ғаріп.Жақсыларға айтпаған,Асыл шырын сөз ғаріп.Замандасы болмаса,Қария болар шын ғаріп.Қадірін жеңге білмесе,Бойға жеткен қыз ғаріп.Ел жағалай қонбаса;Бетегелі бел ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдын шалқар көл ғаріп.Мүритін тауып алмаса,Азғын болса пір ғаріп.Ата жұрты бұқараӨз қолында болмаса,Қанша жақсы болса да,Қайратты туған ер ғаріп.Ғалымды хатим еткендер,Мақсатына жеткендер,Жас кәрілер отырып,Алдынан сабақ алмаса,Қарамаса жүзіне,Ғалым да болса ол ғаріп, - деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты: Ердің құны сөз емес,Есебін тапқан сабазға.Төрден орын тимейді,Патша болсын малы азға.Мойнын бұрып сөз айтпас,Көңілі қалған аразға.Атадан жауып айтпаңыз.Алғаным асыл ару деп,Күн шығарып жатпаңыз.Атамның малы көп-ті деп,Атты басқа тартпаңыз.Есенінде, тірідеБір болыңыз бәріңіз.Ақыретке барғанда,Хақ қасында тұрғанда,Қыдырдың өзі болғай жарыңыз. Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі: Есті көрсең кем деме,Бәрі тұйғын табылмас.Қарындасың жамандап,Өзіңе туған табылмас.Адам әзіз айтар деп,Көңілінді салмағын.Нәпсі алдаушы дұшпаның,Насихатын алмағын.Бақыты оянған ерлердің,Әрбір ісі оң болар.Дәулеті күнге артылып,Не қылса да мол болар.Тазылары түлкі алып.Қаршығасы қаз іліп.Сөз сөйлесе жөн болар.Не десе де жарасар."Бай", "байсың" деп ат қойып,Ел аузына қарасар.Арғымаққа міндім деп,Артқы топтан адаспа!Күнінде өзім болдым деп,Кең пейілге таласпа!Артык үшін айтысып,Достарыңмен санаспа!Ғылымым жұрттан асты деп,Кеңессіз сөз бастама!Жеңемін деп біреуді,Өтірік сөзбен костама!Сара жолдан жаңылған.Ханға зират қазылмас,Сөгілгелі тұр қабырғаң,Кеселің бар жазылмас,Тарқат ханым шеріңді,Намазыңа асыкпа.Құрыштан берік елімді,Алауыздыкпен жасытпа!Біреу өсірген қауынды,Тұрсың босқа жарғалы.Досыңнан іздеп жауыңды,Тұрсың жалғыз қалғалы.Үмыттың қазақ даласын,Ұлғайттың жанды жарасын,Бір атаның баласын,Екіге бөліп барасын,Жолын ханым талпасаң,Бүлінеді барлық жұрт.Таң боп қайта атпасаң,Басқалы тұр қара бұлт... Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді.Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді: Көлде жүрген қоңыр қаз,Қыр қадірін не білсің?Қырда жүрген дуадақ,Су қадірін не білсін?Көшіп-қонып жүрмеген,Жер қадірін не білсін?Көшсе кона білмеген,Қонса көше білмеген,Ақылына көнбеген,Жұрт қадірін не білсін? "...Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады".Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен", - депті.Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті.Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен", - депті.Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті.Ащы бойына келгенде, артына қарап: "А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен", - депті.Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті.Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май", - деп жүре беріпті.Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің", - депті.Есіл өзенін көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен", - депті.Торғай өзенің көргенде: "Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен", - депті.Терісаққан өзенін көргенде: "Сарыарқаның тұздығы екен", - депті.Сулы Келес, Құрлы Келес өзендерін көргенде: "Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін кара! Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен". Екі Келес, бір Талас,Бал татыған жерін-ай,Ағайының аралас,Тату екен елің-ай.Желмаяға өңгертіп,Алып кетер едім-ай,Сыймаған соң алдыма,Әттең, дүние, дедім-ай! - депті.Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті. - Ерейментауына қарап тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды тау екен" дейді.- Қарақойын - Қашырлы деген жерге келгенде "Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен" деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ - құян болса керек".- Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: "Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?" - деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: "Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас" - деген екен.- Шыңғырлауды көргенде: "Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің" - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: "Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік", - депті.- Жуалының қара топырақты, қыртысы құнарлы жерін көргенде: "жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер" дейді. Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті.Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті.Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол" - деп ескертіпті.Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде "Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер" деп жүріп кетіпті.Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: "Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола қоймас" - деген екен.Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан әулие айтыпты: - Екі бассаң - бір базарСаудасы кызған жер екен.Екі бассаң - бір мазарМолдасы азған ел екен - депті.Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді. ## Толғаулары Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше. ## Философия дүниетанымы Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді: * этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды. * Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары. * Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған. * Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында. ## Дереккөздер
Асан ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Асан, Үштаған ауылдары кіреді. Орталығы – Асан ауылы. ## Тарихы Асан ауылдық округі Атырау облыстық әкімиятының 12. 10. 2006 жылғы № 245 қаулысы мен III сайланған Атырау облыстық мәслихатының 08.12.2006 жылғы 343-ІІІ шешімі негізінде құрылды. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1150 адамды (605 ер адам және 545 әйел адам) құрады. Округте 100 ден астам зейнеткер, 34 I, II, III топ мүгедектері, 9- ҰОС кезінде тылда жұмыс жасағандар, 1 ауған соғысының ардагері, 31 «Алтын алқа» және 18 «Күміс алқа» иегерлері мекен етеді. ## Сипаттамасы Округтің барлық жер аумағы 149900 га, жайылым -122200 га көлемінде. Округ оңтүстігінде Еңбекші, Дыңғызыл ауылдық округі жерлерімен, батысында Азғыр, Сүйіндік ауылдық округі жерлерімен, солтүстігі және солтүстік шығысында Батыс Қазақстан облысы жерімен, шығысында және оңтүстік шығысында Атырау облысы Исатай ауданының жерлерімен шектеледі. ## Инфраструктурасы 2 мектеп, 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. 7 жеке кәсіпкер, 31 шаруа қожалығы жұмыс істейді. ## Округ әкімдері Асан ауылдық округінің алғашқы әкімі болып Ж.Жаманқұлов тағайындалды. Одан кейін Н.Әубекеров, Г.Қабдірашитов округ әкімі қызметін атқарады. ## Асан ауылдық округінің жер-су атаулары Маймақ — Үштаған мекенінің солтүстігінде 15 шақырым жердегі Маймақ аталатын биік төбелі жер. Бұл жердің атауы осындағы қорымнан туындайды. Мал жайып жүрген малшы қанша мерзім өткені белгісіз, биік төбе басынан тапжылмай тұрған атты көреді. Ниеті ауып барса, аттың дәл алдында ұзыннан сұлап түсіп өліп жатқан адамды көреді. Әлгі малшы қарға-құзғынға жем қылам ба, әрі мәйіті бүлініп кетер деген ниетте бұйырған жер осы деп жерлегелі жатқанда саусағындағы алтын сақинада көне жазумен «Маймақ» деген сөзді көреді. Лаубай — жер атауы, кезінде елді мекен болған. Аудан орталығы Құрманғазы ауылының терістігінде 110 шақырым жерде орналасқан, биік ақ шағыл төбе, батыс іргесінде жағасында аздаған ауыл орналасқан, соры бар, жері бұдырлы. Үштаған — Қазіргі Үштаған ауылынан 30-35 шақырым жердегі кешегі колхоз, совхоз кезінде қоғам малы қыстайтын, елді саудамен, азық-түлікпен қамтамасыз жасау үшін дүкен болған үлкен ескі орын. Қазір бұл аралықта үлкен су жоқ, бірақ жазғытұрым қар еріп, мол жауған жаңбыр сулары жиналатын, көпке дейін құрғамай суы сақталатын үлкен-үлкен сайлар бар. Шамамен 1915 жылдар шамасында осы өңірді жайлаған Тәжібай Бүйінтаев деген байдың жазғы жайлауы болған. Сол кезден бері қарай шекаралас жатырған Астрахан, Теке, Үйшік округтерінің басқарушылары мүдделі мәселелері туындағанда осы Тәжібай байдың ауылына жиналып кеңесетін болған. Осы жерді ошақтың үш бұтындай деген тұжырыммен «Үштаған» деп атап қойған. ## Дереккөздер
Қорағаты — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Қорағаты ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1930 жылы Түркістан – Сібір темір жолын салуға байланысты қаланған. ## Дереккөздер
Көптоғай ауылдық округі: * Көптоғай ауылдық округі — Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы әкімшілік бірлік. * Көптоғай ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Тағы қараңыз * Көптоғай
Орлы ауылдық округі — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Калинин ауылдық округі деп аталған. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Орлы, Шестой, Каспий ауылдары кіреді. Орталығы – Орлы ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2560 адамды (1347 ер адам және 1213 әйел адам) құрады. ## Тарихы Округтегі ауылдық кеңестің құрылу тархы 1922 жылдан басталады. Нарын құмдағы, Қошалақ өңірінде құрылған Қошалақ ауылдық кеңесіне алғаш төраға болып Есенбаев Әдиет басқарды. «Жаңа жол», «Жаңаталап», «Жаңа тұрмыс», «Еңбекші» серіктестіктері кейін 1937-38 жылдары шағын колхоздарға айналып, 1956 жылға дейін жұмыс істеді. 1956 жылы аталған шағын колхоздар бірігіп, «Жаңа жол» және «Еңбекші» колхоздары болып іріленген. Кейін 1962 жылы «Жаңажол», «Еңбекші», «Красный Каспий» ұжымшарлары біріктіріліп Калинин атындағы кеңшар құрылды.Бұл күндері округте 49 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, 67 жеке кәсіпкер тіркелген. ## Инфрақұрылымы Округте Н.С.Манаев атындағы орта мектеп, «Өнерпаз» мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, музыка мектебі филиалы, «Балдырған» балалар бақшасы, «Ақбота» тойханасы, супермаркет, бірнеше дүкендер, т.б қызмет көрсету орталықтары бар. Округ ауылдары түгел газбен, ауыз су құбырымен қамтылған. ## Орлы ауылдық округі бойынша жер, су атаулары Дондуков — Құрманғазы ауылының Батысында 10 шақырым жерде, Орлы округіне қарасты бұрын мекен болған төбе. Шарон өзенінің тарамдары жанай өтеді. Сол өңірде кезінде ең биік қарауыл төбе болған. Дондуков деген княздің есімі. Кеңес үкіметін орнату кезінде қызылдар мен ақтардың әскерлері биіктікті иемдену үшін көп шығынға ұшырап шайқасқан орын. Кейін елді мекеннің тұрғындары қоныс аударып жан-жаққа тараған. Ағаш үй — Шарон өзенінің Болды саласының жағасында, Орлы ауылынан 3 шақырым, аудан орталығынан 8 шақырымдай қашықтықта орналасқан мекен аты. XIX ғасырда Шарафуддин қажының алғаш мешіті болған. Қазан төңкерісінен кейін жергілікті халық жиналып, мектепке арнап саман тастан төбесін шатырлап үй тұрғызған. Оны ағаш үй деген, сол атау иеленіп меншіктелген. Өзен жағасы балық аулауға ыңғайлы, алғашқы балықшылар серікгігіқұрылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ел ыдырап тараған. Бұрынғы үлкен ауылдың орнына мал шаруасымен айналысқан 2-3 жанұя мекендеген. Көлденең — Орлы ауылының оңтүстік батысында 3 км жерде орналасқан төбе. Ұзындығы 1,5 км-ге шығыстан батысқа ұзынына созылған. Төбе көлденең ұзыннан орналасуына қарап, қима жолдары жолдарға көлденең жатқандықтан аталған. Сазды — Аудан орталығының солтүстігінде 60 шақырым жерде, Ганюшкино - Азғыр тас жолының бойында орналасқан. Жер қыртысы сазды болғандықтан Сазды деп атанған. Суық төбе — Орлы ауылының солтүстік шығысында 5 шақырым жерде, өзен жағасында орналасқан. Маңында төбеге пана болатын өскен ағаш, не қырат жоқ, жалаңаш төбе. Мал мен жанға пана болатын, суықтан арашалайтын қорғанышы болмағандықтаң, ызғарлы желдің өті болғандықтан Суықтөбе атанған. Шестой — аудан орталығы Құрманғазы ауылынан оңтүстік шығысында 15 шақырым жерде орналасқан. Балықшылардың аулаған балықтарын қабылдайтын батағалар болды. №6 батаға осы жағада орналасқандықтан Шестой деп ауылды атаған. Орлы — Құрманғазы ауылының батыс жағында 5 шақырым жерде Атырау - Астрахан тас жолы бойында орналасқан. Бұрын құрғақ, қоға өскен үлкен көл. Тұрғындар көл ортасындағы аралшықтардан мал азығын дайындаған. Мал жеп кетпеуі үшін дайындаған пішендерінің айналасын орлаған. Соғай сай Орлы аталып кеткен. ## Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер * Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі * Қ.Құрманғалиев тұрған үйдегі мемориалдық тақта * Д.Серікбайқызына жұмыс орны балабақша қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта ## Дереккөздер
Мүшәйрә — Шығыс елдерінің әдебиетінде кездесетін өлеңшілер айтысының бір түрі. Мүшәйрә өзбектің, кейбір басқа түрік тілдес халықтардың әдебиетінде кездеседі. Өзбек поэзиясындағы мүшәйрә үлгісін Зұлфия ақын бір өлеңінде әсерлі суреттейді. Мүшәйрәнің Үндістанда қолданылатын түрін Мұхтар Әуезов сипаттап берген болатын. Үндістанда кең тараған мүшәйрә өлеңшінің ән салып, өнер таластыруы түрінде кездеседі. Екеуі қатар жарыса әндетіп, бір-бірінен дауыс-үнін асыруға тырысады. Қайсысының даусы жетпей, тоқтаса, сол жеңіледі. Соңғы жылдары қазақ поэзиясында мүшәйрә жазба ақындардың жыр мерекесі, жыр жарысы ретінде өткізіліп жүр. ## Дереккөздер
Насихат өлең — уағыздау, ақыл-кеңес айту сарыны басым келетін өлең, қазақтың ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақындық поэзиясында өте жиі кездесетін өлең-жыр нұсқалары. Насихат өлеңнің таңдаулылары өнеге боларлық, тағлым аларлық, ғибраттылық, дидактикалық мәнімен, ойды көркемдеп, нақышты сөздермен жеткізетін бейнелілігі, тартымдылығымен құнды болған. Насихат өлеңнен сол замандағы қоғамдық көзқарастар, арман-мұраттар, халықтың адамгершілікке, еркіндікке, әділдікке ұмтылысы, жақсы мен жаманды қалай түсінетіні айқын танылады. Пұт болдым деп мақтанба,Одан да ауыр батпан бар.Би болдым деп мақтанба,Асқар ала тау мененАр жағында аспан бар... Ақындар поэзиясындағы насихат өлеңнің озық үлгілері бүгін де өзінің тәрбиелік, көркемдік мәнін жойған жоқ, олар оқырмандарды, әсіресе, жастарды адамгершілікке, жақсы мінезі мен саналы қылыққа үйретеді. ## Дереккөздер
Қиғаш ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қиғаш ауылы мен Дина Нұрпейісова темір жол айрығы (разъезі) кіреді. Орталығы – Қиғаш ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1111 адамды (588 ер адам және 523 әйел адам) құрады. ## Сипаттамасы Қиғаш ауылдық округі Құрманғазы ауданының батыс бөлігінде, оңтүстік-шығысында Дыңғызыл ауылдық округімен, оңтүстігінде Қиғаш өзенін сағалап, батысында Ресей федерациясының Астрахан облысы, Красный Яр ауданының Кіші Арал, Байбек селоларымен шекаралас орналасқан. ## Тарихы 1996 жылы 11 желтоқсанда Қиғаш селолық округі ашылып, 1997 жылгы 03 шілдедегі аудан әкімінің шешімімен Ақкөл селолық округіне қосылды.Округ аймағы 2007 жылға дейін Ақкөл ауылдық округінің құрамында болды. 2007 жылдың 15 наурыздағы Құрманғазы аудандық мәслихатының шешімімен 1487 гектар жер жаңадан түзілген Қиғаш ауылдық округіне берілді. ## Инфрақұрылымы Округ аумағында мекемелер: «Қиғаш» бас су сорғы станциясы, Қиғаш жалпы орта мектебі, «Айгөлек» балабақшасы, Қазақстан теміржолы мекемесі, «Сазды» шекара заставасы, Қиғаш ауылдық клубы, дәрігерлік амбулатория, 7 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер орналасқан. ## Округ әкімдері * 1996-1997 ж.ж. Құрманбай Жиенбаев, * 2007-2009 ж.ж. Құралай Борашқызы Ғилажева, * 2009-2013 ж.ж. Айбек Ануарбекұлы Нұрғалиев, * 2013-2017 ж.ж. Жігер Махмудұлы Жанқанов, * 2017-2018 ж.ж. Айдарбек Фатихоллаұлы Зиноллаев, * 2018 жылдың қараша айынан бастап Жігер Махмудұлы Жанқанов ## Дереккөздер
Нақыл өлең — ғибратты, тағлым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер. Қазақтың ауыз әдебиеті дәстүріне сүйенген ақындар поэзиясында осындай нағыз халықтық үлгідегі нақыл сөздер тізбегіндей болып келетін өлеңдер жиі кездеседі: Ақсам батпай күн шықпас,Ажал жетпей жан шықпас.Етектен кетсең, жең болмас,Ежелгі дұшпан ел болмас.Екі жақсы дос болмас,Дос болса, түбі бос болмас. ## Дереккөздер
Насыр - араб, парсы, кейбір түркі тілдес халық әдебиетінде қарасөз (проза). Насырдың бірнеше түрін ажыратады: * кәдімгі құрылысы еркін көркем проза (қарасөз) * ырғақты проза (қарасөз) * ұйқасты проза (қарасөз) Қазақта "насыр" термині кітаби ақындардың шығармаларында кездеседі. ## Дереккөздер
Натуралдық мектеп - 19 ғасырдың 40-50 жылдарында әдебиетте пайда болған орыс сыншыл реализмінің бағыты. Бұл мектептің көркемдік принциптерін негіздеуші Н.Гоголь болып табылады. Натуралдық мектеп принциптерін ұстанушы жазушылар өмірді боямасыз, қаз-қалпында бейнелеу қажеттігіне ден қойды. Өз кезеңдеріндегі келеңсіз құбылыстарды, азған-тозған қоғамдық құрылысты аяусыз әшкерелеуге тырысты. Натуралдық мектепке И.Гончаров, Н.Некрасов, И.Тургенев, Ф.Достоевский, А.Герценнің алғашқы шығармалары жатады. Орыс әдебиетшісі В.Белинский осы мектептің ең басты идеологы, теориялық принциптерін жасаушы ретінде көрінеді. Кейін В.Майков, А.Плещеев т.б. жалғастырды. Натуралдық мектептің өкілдері "Отечественные записки", кейін "Современник" журналдарының төңірегіне топтасты. ## Дереккөздер
Ойлу йырлары — құмық халық поэзиясының жанрлық түрі, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғайтын жыр үлгісіндегі өлеңдер. Өлшемі 7-8 буынды, тармақтары түйдек-түйдегімен еркін топтасады. Қазақ поэзиясындағы толғауды еске түсіреді. Жыраулар өнернамасына тән белгілері анық байқалады. ## Дереккөздер
Наурыз өлеңдері — қазақтың маусымдық фольклорына енетін үлгілер, жаңа жылға арналған құттықтау, тілектер. "Наурыз" парсы тілінде "жаңа күн" деген сөз, яғни жаңа жылдың бірінші күні. Қазақта наурыз - ай аты, басталуы наурыздың 22-іне - күн тоғысына сәйкес келеді. Мейрам күндері (3-4, кейде 7-10 күн аралығы) көкпар тартылып, әр-түрлі ойын-сауық, тамашалар болып, өлең айтылған. Наурыз өлеңдері тұрмыс-салтқа байланысты ертеде қалыптасқан. Қазіргі кезде жаңғыртылып, жаңаша айтылып жүр. ## Дереккөздер
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. ## Өмірбаяны Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады. ## Шығармалары Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді. Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. ## Соңғы күндері Дина Кенжеқызы 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. Балжан Нұрпейісова әжесінің соңғы күндері туралы былай дейді: «Ол кісі өле-өлгенше сөзінен жаңылысқан емес. Киелі қара домбыраны бала кезінен серік етіп, құдіретті өнеге тұтқаны соншалық, көз жұмарының алдында бес-он минут бұрын өзінің төсегінің тұсында ілулі тұрған домбырасын алдырып, мәпелей сипап, аялай қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйін шертті. Әлсіз саусақтары икемге келмей жатса да, күйді көкірегінде жаңғыртып жатып дүниеден озды». ## Дереккөздер
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты тіл ғылымының теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеуга бағытталған ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақ ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімі ретінде әрекет етеді. Қазақ тілі мен түркітанудың іргелі де қолданбалы мәселелерін зерттеумен айналысады. Институтта қазақ тілінің құрылымы мен тарихы, диалектологиясы, ономастика мен терминологиясы, қоғамдық қызметі, туыстас және өзге де тілдермен байланысы, мәдени өмірдегі орны, т.б. мәселелер көне түркі, ортағасырлық, кейінгі ортағасырлық жазба ескерткіштер негізінде зерттеліп, тіл білімінің жетістіктері мен нәтижелері жұртшылыққа насихатталып отырады. Институт ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар жоғары білікті мамандар (ғылым кандидаттары мен докторларын) даярлайды. Институттың негізгі мақсаттары: * мемлекеттік тілдің ғылыми-лингвистикалық базасын жасау (қазақ тілінің ұлттық тіл ретіндегі нормативтік сөздіктерін, академиялық сипаттағы Қазақ грамматикасын, көптілді аударма сөздіктерді дайындау; терминологиялық зерттеулер жүргізу, ұлттық сөздік қорды жинақтап, байытып отыру; жұртшылықтың сөз мәдениетін, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп тереңдететін лингвоәлеуметтік//мәдени// елтанымдық зерттеулер мен құралдар әзірлеу); * Институттың зерттеу бағытының инновациялық сипатын айқындайтын әлемдік лингвистиканың дамуына сәйкес қазақ тіл ғылымын дамыту (когнитивтік, антропоөзектік бағыт, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, психолингвистика, прагмалингвистика, компьютерлік лингвистика, функционалды грамматика, мәтін лингвистикасы т.б.); * іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары аясында қазақ тіл білімінің қазіргі даму үдерістері мен жаңа үрдістерін белгілеу; * қазақ тілі мен түркі тілдерін салыстырмалы, салғастырмалы аспектілерде қарастыратын зерттеулер жүргізу; * Қазақстан бойынша кәсіби біліктілігі жоғары лингвист-мамандар дайындау. ## Институт тарихы 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстан базасы жасақталып, 1936 жылы оның құрамында Ұлт мәдениеті институты құрылған. Алғашқы директоры С.Аманжолов|С.Аманжолов. Институттың тіл, әдебиет, халық шығармашылығы және тарих секторлары аталмыш база негізінде 1938 жылы шаңырақ көтерген КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі Тіл, әдебиет және тарих институтының (алғашқы директоры Нығмет Сауранбаев) құрылуына негіз болды. 1945 жылы институттан Тарих, археология және этнография институты мен Тіл және әдебиет институты бөлініп шықты. 1961 жылы Қыныш Сәтбаев пен Мұзтар Әуезовтың бастамасымен Тіл және әдебиет институтының негізінде Әдебиет және өнер институты мен Тіл білімі институты (директоры академик Ісмет Кеңесбаев) қайта құрылды. 1990 жылы 26 ақпанда институтқа Ахмет Байтұрсынұлының аты берілді. Қазіргі кезде институт құрамында грамматика, лексикология, фонетика, тіл мәдениеті, қолданбалы лингвистика бөлімдері және тілдер кафедрасы бар. Сондай-ақ ономастика, терминология, әдеби тіл тарихы, этнолингвистика топтары жұмыс істейді. ### 1990 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Тіл білімінің дамуы ерекше қарқын мен жаңа сипат алды. Бұл ең алдымен қазақ тілінің Қазақстан Республикасы мемлекет құрушы ұлтының тілі ретінде мемлекеттік мәртебе алуымен – саяси фактормен, осы мәртебесінің қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңды түрде бекітілуімен – құқықтық фактормен, қазақ тілінің қолданыс аясынан, кеңеюімен қатар қолдану мәдениеті сапасының артуымен – әлеуметтік лингвистикалық фактормен, қазақ тілінде сөйлейтін тілдік тұлғалар саны мен сапасының артуымен – демографиялық фактормен, қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің көркеюі, тарихи санасының жаңғыруымен – тарихи фактормен, сол сияқты басқа да қазақ тілді қоғам үшін тың факторлармен байланысты болды. Осы факторлар негізінде қазақ тілінің дамуында тың әрі қарқынды даму үрдістер орын алды. Қазіргі тіл білімінде қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тілдегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқындау, тілдегі кейбір үдерістердің бағытын тілдік жүйенің іргелі, қоғам сұранысына тиімді жауап беретіндей болуы үшін дұрыс арнаға бұру мақсатында дәстүрлі ғана емес бейдәстүрлі – антропоцентристік бағыттағы әлемдік тіл ғылымы салалары бойынша да күрделі зерттеулер жүзеге асырылды. Институт – қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық қорын жинақтау, жүйелеу, нормалау негізінде қазақ тілі және тіл ғылымы бойынша құнды зияткерлік (интеллектуалдық) мүліктің сақтаушысы жинақтап, байытушысы болып табылатын бірден бір мекеме. Мұнда көлемі 5 миллионнан астам картотекадан тұратын Ұлттық тілдің сөздік қоры бар. Осы күнге дейінгі шыққан сөздіктердің сөзтізбесіне негіз болған, үнемі толығып отырған бұл сөздік қор еліміздің мемлекеттілігінің бірден бір нышаны ретіндегі мемлекеттік тілдің лексика-фразеологиялық байлығын, сөзтізбелік құрамын айқындайтын құнды мұра болып табылады. Сонымен бірге Институт жанынан қорғалған кандидаттық және докторлық жұмыстардың қоры және үнемі толығып отыратын 6 мыңнан аса лингвистикалық әдебиет жинақталған арнайы кітапханасының қоры жоғарыда айтқан ұлттық сөздік қормен бірге Институттың құнды зияткерлік қорын құрайды. ### Тіл мәдениеті бөлімі Тіл мәдениеті бөлімі 1971 жылы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақайұлы Балақаевтың бастамасымен құрылды. Бөлімнің ашылуына баспа өнімдерінің тілдік сапасына, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға деген қоғамдық сұраныстың күшеюі де түрткі болды. Бөлімде алғашқы жылдары ғылым докторлары М.Балақаев, С.Талжанов, ғылым кандидаттары И.Ұйықбаев, Ө.Айтбаев, З.Бейсенбаева, Қ.Неталиева, Н.Уәли, Ж.Манкеева, А.Алдашева қызмет етті. 1971-1980 жж. аралығында бөлімді басқарған профессор М.Балақаевтың негіздеуімен қазақ тіл білімінде алғаш рет тілдік нормаItalic text 1980-1994жж. бөлімді филология ғылымдарының докторы, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері профессор Рабиға Сыздық басқарды. Бөлім «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» (1981-1984 жж.), «Қазақ көркем әдебиет тілінің мәдениеті» (1985-1989 жж.), «Қазақ поэтикалық тілінің сөз мәдениеті» (1990-1993 жж.) тақырыптарымен іргелі зерттеулер жүргізді. Олардың негізінде «Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі» (1983 ж.), «Сөз мәдениеті» (1984), «Көркем текске лингвистикалық талдау» (1989 ж.), «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988 ж.), «Сөз сазы» (Р.Сыздықова, 1983 ж.) кітаптары жарияланды. Соңғы зерттеуде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, әдеби тілдегі жеке сөздердің, біріккен сөздердің, ритмикалық топтардың дыбысталу нормалары көрсетіліп, орфоэпиялық ережелері түзілді. Сөйтіп, кодификациялау жұмыстары іске асырылды. Сөз мәдениеті функционалдық аспектіде қарастырыла бастады. Бұл жылдары бөлім меңгерушісі Р.Сыздықтың бастамасымен және тікелей ұйымдастыруымен Тіл мәдениеті бөлімі қызметкерлері теле, радио, баспа («Жазушы», «Жалын», «Қайнар» баспалары) қызметкерлері, М.Әуезов атындағы драмалық театр актерлеріне, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ қыздар педагогтік институты, Ауылшаруашылық институты, Педагогикалық институты, Театр және өнер институты, Семей, Ақтөбе, Қарағанды педагогикалық институттары, бастауыш мектеп, қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектеп (№2, №12 мектептер) мұғалімдеріне сөз мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, сахна тілі, әдеби тілдің орфоэпиялық нормасы, жастар тілінің мәдениеті, жазу нормасы, стилистика туралы іргелі тұжырымдарды таныту үшін семинар, баяндама, дөңгелек үстелдер, эфир арқылы берілетін арнаулы хабарлар («Сөзстанға саяхат»), тіл үйірмелері үзбей ұйымдастырылып тұрды. Институт көлемінде жүргізіліп отырған «Лингвистикалық жұма» теориялық семинарының ұйымдастырылу шараларына Бөлім меңгерушісі басшылық етіп отырды. Бөлім қызметкерлері Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне түзетулер мен толықтырулардың жасалып, бекітілуіне (1983 ж.), осы ережедегі нормалардың қалыптануына, жұртшылықтың жеңіл қабылдауына түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Осы жылдардан бастап Қазақ тілі орфографиялық сөздігі корпусын толықтыру, емле ережелеріне енгізілген түзетулер негізінде құрастыру, сөзтізбеге алынған бірліктерді, іріктеу, жүйелеу жұмыстары үзбей атқарылып, 1988 ж. Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің 4-басылымы жарыққа шықты. Осы орфограммаларды түсіндіру мақсатында 1989 ж. Қазақ тілі орфографиялық анықтағышы түзетіліп, қайыра жарияланды. «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988) атты ұжымдық монография жарық көрді. Іргелі зерттеулермен қатар бөлім үнемі қазақ тілінде пайда бола бастаған жаңа сөздер мен қолданыстарды тіркеп, жүйелеумен айналысты. Соның нәтижесінде 1985 ж. және 1990 ж. «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар» жинағы жарыққа шықты. 1988 ж. ақталған А.Байтұрсынұлы еңбектерін қазіргі графикаға түсіріп, 1992 ж. «Тіл тағылымы» кітабының жариялануына бөлім қызметкерлері үлкен үлес қосты. Жаңадан шығып жатқан қазақ тіліндегі көркем әдебиеттердің тілі мен стилін зерттеу нысаны ретінде үнемі назарында ұстап отырды. 1994-2008 жж. аралығында бөлімді филология ғылымдарының докторы, профессор Уәли Мақажанұлы Нұргелді басқарды. Бұл жылдары «Қазіргі қазақ тіліндегі функционалдық стильдердің қалыптасуы мен дамуы» (1994-1996 жж.), «Тіл мәдениетінің ғылыми негіздері» (1997-1999 жж.), «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі» (2000-2002 жж.), «Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі жаңа қолданыстар» (2003-2005 жж.), «Қазақ жазуының қалыптасу кезеңдері, даму жолдары мен бағыттары» (2006-2008 жж.) атты іргелі зерттеулер жүргізілді. Мұнда сөз мәдениеті функционалды тұрғыдан, сөз мәтінмен байланыста қарала бастады. Сөз мәдениеті мен тіл мәдениеті ұғымдарының аражігі ажыратыла сөз етілді. Сөз мәдениеті тіл мәдениетінің бір құрамдас бөлігі ретінде тілді қолдануды, жеке тұлғалардың сөз саптау мәдениетін нысан етті. Сондықтан Тіл мәдениеті бөлімі тілдік норманы, орфографиялық, орфоэпиялық норманы айқындайтын сөздік, анықтағыштар шығару, жұртшылықтың лингвистикалық біліктілігін көтеретін мақала, кітап шығаруды мақсат тұтты. Алдымен Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне түзетулер енгізді (2000 ж.); Қазақ тілі орфоэпиясының негізгі ережелері түзілді. Осы негізде Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің үш (2001, 2005, 2007 ж.), «Қазақ тілі анықтағышының» екі (1996, 2000 ж.), «Сөз сазының» екі (1995, 2000 ж.) басылымы, Қазақ тілі орфоэпиялық сөздігі (2005 ж.), Орфоэпиялық анықтағыш (2004 ж.) жарық көрді. Сөз мәдениеті негіздері мектеп бағдарламаларына енгізіліп, пән ретінде оқытыла басталды: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған «Сөз мәдениеті» оқулығы, әдістемелік құралдар (2006 ж.), «Емлесі қиын сөздер» сөздігі пайдаланылуға енгізілді. Р.Сыздықтың зерттеулерінде көркем мәтіндегі тілдік таңбалар эстетикалық мәнділік ретінде, эстетизм, функционализм тұрғысынан қарастырылды. Бөлім меңгерушісі Н.Уәли зерттеулерінің негізінде оған дейін мәселе ретінде қойылмаған жазба тіл мен ауызша тілдің аражігі ажыратылды; әрқайсысының өзіндік нормалары, құрылымдық ерекшеліктері қарастырыла бастады; сөз мәдениетінің коммуникативтік, этикалық және эстетикалық нормасы сараланды; сөз мәдениеті тілдік мәнділіктермен ғана шектелмейтіні, тілдік емес мәнділіктермен де байланысатыны, автор - оқырман, сөйлеуші - тыңдарман арақатынасы субъект-объект түрінен субъект-субъект түріне, екі тараптың да тең үстемдігіне құрылатыны туралы жаңа тұжырымдар айқындалды. Бұл зерттеулер Н.Уәлидің «Сөз мәдениетінің теориялық негіздері» (2007 ж.), Қ.Күдеринованың «Қазақ жазуының онтогенездік дамуы» (2006 ж.), Н.Әміржанованың «1929-1940 жж. латын әліпбиі негізіндегі қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері» атты докторлық және кандидаттық жұмыстарында қорғалды, «Тілтанымдық зерттеулер» (2009 ж.) жинағында жарық көрді. Бөлім қызметкерлері сондай-ақ «Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстанның және басқа да елдердің тәжірибелеріне ғылыми талдау жасай отырып, латын әліпбиіне көшу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу» атты тәуекел зерттеу бағдарламасы бойынша зерттеу жүргізді (2007 ж.). Тақырып жетекшісі болған Н.Уәли қазақ жазуының жаңа латын графикасына көшу барысында атқарылатын жұмыстар мен қарастырылуы тиіс міндеттер туралы бастама пікірлер ұсынып, соны идеялар көтерді. Зерттеу нәтижесі «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы» (2007 ж.) атты жинақта жарық көрді. 2008 жылдан қазірге дейін бөлімді филология ғылымдарының докторы Күдеринова Құралай Бимолдақызы басқарады. Бөлімде филология ғылымдарының докторлары Р.Сыздық, Н.Уәли, Қ.Күдеринова және филология ғылымдарының кандидаты Н.Әміржанова қызмет етеді. «Ауызша коммуникация тілінің мәдениеті» (2009-2011 жж.) тақырыбы зерттелу үстінде. Онда ауызша тілдің өзіне тән құрылымдық және нормалық ерекшеліктері таспаға түсірілген қазіргі қазақ сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі, ауызша әдеби тіл материалдарының транскрипциясы негізінде талданып, айқындалып келеді. Ауызша сөздің ресми және бейресми түрлері талданып, айырмашылықтары, сөйлеу тіл нормаларының тілдік емес нормалармен байланысы, этикалық нормалар, эстетикалық нормалардың вербалды, бейвербалды коммуникациядағы ерекшеліктері зерттелуде. Қазіргі қазақ кодификацияланған ауызша тілі орфоэпиясындағы үдерістер, дыбыс вариацияларының түрлері, жаңа дыбыстық вариациялардың шығу негізі, синтаксистік ықшамдалулар, кодификацияланған ауызша тілдің жазба тілмен сәйкестігі, сәйкес емес тұстары нақты материалдар негізінде дәлелдеу мақсат етіліп отыр. Зерттеуде қазақтың ауызша шешендік сөздерінің әр кезеңдегі субъектілері және тақырып мазмұны мен мақсаттарына қарай ажыратылып, жеке айтыс үлгілерінің тілдік-көркемдік жағы талданды. Бөлімінің айналысатын негізгі тақырыптары * қазақ тіл мәдениетінің негіздері * әдеби тілдің нормалану заңдылықтары; * көркем шығармалар тілінің стилі мен ерекшеліктері; * қазақ тілі орфографиясы; * қазақ тілі орфоэпиясы; * қазақ жазба тілінің мәдениеті; * қазақ ауызша сөйлеу тілінің мәдениеті; * қазақ тілі стилистикасының мәселелері; * қазақ жазуы мен әліпби және графика мәселелері; * бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі. Бөлім қызметкерлері туралы ақпарат Меңгерушісі – Исаева Жанат АманжолқызыКүдеринова Құралай БимолдақызыРәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық Нұргелді Уәли Мақажанұлы Әміржанова Назира Серікқызы ### Ономастика бөлімі 1971 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жарлығымен Тіл білімі институтында ономастика бөлімі ашылып, филология ғылымдарының кандидаты А.Әбдірахманов бөлім меңгерушісі болып бекітілді. Бөлімде ғылым кандидаты Е.Қойшыбаев пен екі ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Бұл кезде «Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігі» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Т.Жанұзақов 1976 жылы «Основные проблемы ономастики казахского языка» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алғашқы топонимист ғалымдар Е.Қойшыбаевтың «Краткий толковый словарь топонимов Казахстана» (1974), О.Сұлтаньяевтің «Понятные непонятности» атты оқу құралы (1973), А.Әбдірахмановтың «Топонимика және этимология» (1975), «Қазақстан этнотопонимикасы» (1979) атты кітаптары да ұлттық ономастиканың болашағы мен дамуына тілдік, тарихи-деректік тұрғыдан қосқан үлес деп есептеледі. Ал қазақ ономастикасының ұлттық лингвистика ғылымында дербес сала ретінде түпкілікті орнығуына Т.Жанұзақовтың 1976 жылы қазақ антропонимия, этнонимия, космонимия, зоонимия салаларын жан-жақты тілдік тұрғыдан, әсіресе этнографиялық деректерге молынан иек арта отырып зерттеген «Основные проблемы ономастики казахского языка» атты докторлық диссертациясы ұлттық ономастикадағы кезеңдік жұмыс ретінде бағаланатын айтарлықтай үлес болды. Қазақ ономастикасының осы кезеңдегі ұлкен жетістігі - ол қолданбалы ономастика, топонимиканы стандарттау, транскрипциялау мәселесі біршама ғылыми шешімін тапқандығы. Қазақ ономастикасын ұлттық тіл білімінің жеке бір саласы ретінде зерттеудің ғылыми-ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып, 1979 жылы жабылып қалған ономастика бөлімі 1981 жылы Тіл білімі институтының құрамында қайта ашылды, меңгерушісі болып профессор Т.Жанұзақов бекітілді. Содан бері бөлімде ономастиканың түрлі саласы бойынша Т.Жанұзақовтың бастамасымен 300 мыңнан астам бай картотекалық қор жасалды, Республикаға ономаст-ғалымдарды дайындауда да бөлімде көп ізгілікті іс атқарылды. Осы кезге дейін ономастикалық зерттеулер толқын тәріздес сипатта келіп, ономастикалық ізденістер жүйелі, жоспарлы қалыпқа ие бола бастады. Оған қоса қазақ ономастикасының негізгі бөлімдерін қамти зерттеген кешенді сипаттағы тұңғыш еңбек Т.Жанұзақовтың «Очерк казахской ономастики» атты монографиясы (1982) ономастикамыздың қалыптасу тарихына өзіндік үлес қосты. 1981-1994 жылдар аралығында ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкерлер Е.Керімбаев, Д.Жүнісов, Ә.Сапарбекова, А.Мұқатаева, Қ.Рысберген, Г.Мадиева, Р.Баймағамбетова, Г.Сағидолдагийн, А.Мектепов, Ш.Рахметов, Н.Оңғарбай және т.б. жұмыс жасап, ұлттық ономастиканың деректік қорын әр түрлі көздерден жинақтап, толықтыруға атсалысты. Бөлімнің жоспарлы жұмыстарына сай Е.Керімбаевтың «Атаулар сыры» (1984), «Тюркская ономастика» (1984), Е.Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» (1985), «Қазақ ономастикасының мәселелері» (1986), Т.Жанұзақовтың «Қазақ есімдері» (1988), «Есіміңіз кім?» (1989) атты кітаптары жарыққа шықты. 1981-1985 жылдары Т.Жанұзақовтың басшылығымен бөлім мамандары Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Торғай, Целиноград облыстарына арнайы ұйымдастырылған кешенді экспедицияларда болып, топонимиялық аса құнды материалдар жинап қайтты, нәтижесінде 40 мыңға жуық жер-су аттары, аңыз-әңгімелер жазып алынып, өңделіп, ғылыми айналымға түсті. Экспедиция материалдары «Орталық Қазақстанның жер-су аттары» (1989) атты ұжымдық монография түрінде жарық көрді. 80-ші жылдары қазақ ономастикасының ғылыми танымалдылығы артып, сол кездегі Одақ көлемінде қалыптасқан түркітану саласындағы Мәскеу, Ташкент, Баку сынды беделді ғылыми орталықтардың біріне айналды. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, оның ономастика бөлімі Республиканың облыс орталықтарындағы жоғары оқу орындарына көптеген жоғары білікті мамандар дайындады. Тіл білімі институтында туыс тұркітілдес аймақтардан Сібір, Кавказ, Орта Азия республикаларынан көптеген докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Әзербайжан, Қарашай-Балқария, Хакасия т.б. республикалар мен аймақтардың ғалымдары ономастика бөлімінде талқыланып, Институт жанындағы диссертациялық кеңесте докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғады. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі қоғамымызда көптеген саяси, мәдени саладағы оң өзгерістер әкеліп, ұлттық сананың жаңғыруына, қазақ ономастикасының ұлттық мүдде негізінде дамуына зор ықпалын тигізді. Қайта құру кезеңінен бастап, еліміз тәуелсіздікке ие болған жылдардан бері Республикада ономастика саласында нормативтік-құқықтық тұрғыдан Тіл білімі институты тікелей мұрындық болып, осы кезеңде ономастика бөлімі, проф. Т.Жанұзақтың тарапынан көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Т.Жанұзақов Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумына Мемлекеттік ономастика комиссиясын құрудың қажеттілігін, оның мақсаты мен міндетін, мемлекеттік мәні мен маңызын сипаттап хат жазды. Нәтижесінде 1989 жылы 30 қарашада Жоғарғы Кеңес мәжілісінде Т.Жанұзақов баяндамасы кеңінен талқыланып, Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастика комиссиясын құру, оның жұмысын Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі Институты атқару жайлы шешім қабылданды. Қазақ СССР Жоғарғы Советінің осы шешіміне сәйкес Қазақ ССР Министрлер Советі 1990 жылдың 20 сәуірінде Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыдан соң академик Ә.Қайдаров, Т.Жанұзақов жазған «Қазақ КСР-індегі Мемлекеттік және әкімшілік-территориялық бірліктердің атауларын реттеудің, елді мекендердің аттарын өзгерту және тарихи, географиялық атауларын қалпына келтірудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» 1991 ж. 20 қыркүйегінде «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Бұл Тұжырымдама Республикамыздағы тарихи атауларды қалпына келтіру, жаңарту, жаңғырту және әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын реттеу, елді мекендердің аттарын өзгерту мәселесінде ауылдық, селолық, аудандық, қалалық, облыстық, Мемлекеттік ономастикалық комиссия жұмысында басшылыққа алатын бірден-бір басты нұсқау ретінде міндетті түрде қолданылып келеді. 1991 жылдан бастап еліміз өз алдына мемлекет болып, тәуелсіздік алған уақыттан бастап жұртшылық фамилиялары мен әке аттарының жазылуындағы қазақ тіліне тән емес –ов, -ев, -ова, -ева, ович, -евич, -овна, -евна сияқты қосымшаларды алып тастап, олардың орнына халқымыздың тарихи қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес үлгілерімен жазу жайлы өтініш-тілектер айтты. Олар жайлы «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Жас алаш» газеттері беттерінде қызу дискуссия орын алғаны белгілі. Еріксіз таңылған –ов пен –ев-тен, -ин мен –н-нан құтылу, төл фамилиямызды қалыптастыру, бір ретке келтіру мақсатында академик Ә.Қайдаров, проф. Т.Жанұзақовтардың «Қазақстан республикасындағы қазақ азаматтарының есімдері мен әке аттары және фамилияларын реттеу туралы Тұжырымдамасы» Мемлекеттік ономастикалық комиссияның 1994 қарашада өткен мәжілісінің шешімімен бекітілді. Бөлім «Қазақстанның географиялық атаулары» тақырыбын зерттеу нәтижесінде «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған облысы» (1990); «Қазақстанның географиялық атаулары. Ақмола облысы» (1998); «Қазақстан Республикасының топонимдері. Топонимия Республики Казахстан» (2001) сынды ұжымдық сөздіктер топтамасы мен Қ.Рысбергеннің «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана» (2000) атты монографиясы жарық көрді. Қазақстан егемендік алып, қоғамымызда ұлттық рухани, мәдени жәдігерліктері мен құндылықтарды жаңғырту процесінің өріс алуы еліміздің мыңдаған ұмыт болған атаулары қайтарылды, жер-су атауларымыз жаңа ұлттық мазмұнға ие бола бастады. Сондықтан мыңдаған жаңғырған тарихи атаулардың этимологиясы беріліп, халыққа жеткізу қажеттілігіне және Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы жер-су атауларына қатысты көптеген тың тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру қажеттілігіне байланысты облыстық топонимдік сөздіктер топтамасын әзірлеу ісі қолға алынды. 2000-2002, 2003-2005 жылдар аралығындағы бөлімнің іргелі зерттеулері екі бағытта жүргізілді: қазақ жер-су атауларының тарихи-этимологиялық негіздер мен семантикалық мазмұнындағы этномәдени факторлар ғылыми-теориялық тұрғыдан дәйектелді. Аталмыш кезеңде бөлім мына тақырыптар бойынша жұмыс істеді: «Қазақстан топонимдерінің этимологиясы. Топонимдік сөздіктер жасау» (2000-2002), «Қазақстан топонимдерін тарихи-этимологиялық тұрғыдан зерттеу. Облыстық топонимдердің этимологиялық сөздіктерін жасау» (2003-2005). Нәтижесінде Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының топонимдік сөздіктері жасалды. Бұл аралықтағы зерттеулер нәтижелері ықшамдалып Институт әзірлеген «Тілтанымдық зерттеулер» атты екі ғылыми жинақта (2007) жарияланды. 2003 жылдан бастап Қ.Рысберген бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. «Қазақ ұлттық топонимиясының когнитивтік негіздерін зерттеу» (2006-2008) іргелі тақырыбы мен «Ұлттық идеяның қазақ ономастикалық жүйесіндегі көрінісі» (2007-2009) атты қолданбалы сипаттағы зерттеулердің бірқатар нәтижелері 2010 жылы бөлімде қорғалған екі докторлық диссертацияда көрініс тапты: Қ.Рысберген «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері», С.Иманбердиева «Тарихи ономастикалық кеңістік (X-XIV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)». Аталмыш екі ғылыми жобаны зерттеу нәтижесінде ұлттық когнитивтік база – халықтың санасындағы топонимдік ақпарат пен білімдерді құрылымдаудың, сақтау мен таратудың әмбебап бірлігі ретінде танылатындығы көрсетілді. Топонимдік ақпараттағы түрлі номинациялық аспектілер мен менталдық түсініктерді когнитивтік әдіс-тәсілдер арқылы зерттеу топонимдік концептіні құрылымдау жолдары айқындалды. Сондай-ақ, ұлттық топонимдік жүйедегі және тарихи ономастикондағы прецеденттік феноменонимдердің орны айқындалды. Онимдердің концептуалдық талдауындағы фреймдік құрылымның ішкі иерархиялық ерекшеліктері айқындалып, топонимдік концептісінің алгоритмдік матрицасы әзірленді. Жалпы концептілер мен топонимдік концептілердің іргелі сипаттары, концепт түрлері мен типологиясы айқындалды. антропонимдерден, фитонимдерден жасалған топонимдердің лингвомәдени сипаты көрсетілді А.Иасауидің «Диуани хикмет», Ж.Баласағұнның «Құтты білік», Хорезмидің «Мұхаббат-наме» поэтикалық шығармаларындағы прецеденттік есімдердің мазмұны мен мәтіндегі қызметтері анықталды. Ұлттық топонимиядағы ұлттық сана көрінісі, қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында аса өзекті ұлттық идея, ұлттық бірегейлік проблемаларымен үндеседі. Өзге мәдениет пен тілдің әсерінен төлтума аталым үдерісінің өзгергендігі көрсетілді. Сондай-ақ қазақ атаулары орыс тілінде транскрипциялау барысында екі тілдің фонологиялық, этногенетикалық жүйесінің айырмашылығына байланысты қатты бұрмалауға ұшырағандығы мысалдармен дәйектелді. Орысша транслитерацияланған қазақ тіліндегі атаулар кері ретранслитерациялану барысында алғашқы мазмұнымен көбіне алшақтап кеткендігі көрсетілді, яғни төлтума топонимиконның айтарлықтай бөлігі дүбараланған, төлтума болмысынан арылғандығы анықталды. «Қазақ этносы жалқы есімдерін этномәдени және тілдік – тарихи парадигмада зерттеу» (2009-2011) тақырыбы зерттелу үстінде. Қазақ жалқы есімдер жүйесінде көрініс тапқан ұлт менталитетінің қалыптасу жолдары қарастырылуда және қазақ жалқы есімдерінде кодталған ұлттық сана мен этнотаным ерекшеліктері саралануда. Түрлі дискурстық формациядағы - көркем дискурс, саяси-публицистикалық дискурс және фольклорлық дискурстағы ономастиконның ұлттық санадағы қызмет түрлері қарастырылу үстінде. Зерттеу шеңберінде алғаш рет қолға алынып отырған көркем концепт ерекшелігі мен көркем мәтін ономастикалық кеңістігіне қатысты хронотоп теориясы мен публицистикалық, фольклорлық мәтін ономастикасының қызметі, прагматикалық аспектілері қарастырылып отыр. Бөлім қызметкерлері туралы ақпарат Меңгерушісі – Рысберген Қыздархан Құрмашқызы, филология ғылымдарының докторы, профессорЖанұзақ Телғожа СейдінұлыОңғарбай Нұржамал БекенқызыАштахметова Жанар ҚазтайқызыПашан Дана Мұсабекқызы ### Фонетика бөлімінің тарихы Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаев болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді. 60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелді. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін талдаумен байланысты қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударды. І.Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962.). Фонема теориясына келгенде І.Кеңесбаев дәстүрлі фонология мектебінің принциптерін ұстанады. «Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп атаймыз» дейді ғалым. Екпін категориясы сөз болғанда, І.Кеңесбаев оның үш түрін көрсете келіп: лебізді (динамикалық), үнді (тоникалық), квантитатив, яғни қазақ және басқа түркі тілдерінде лебізді екпіннің үстіне квантитатив екпін қосылады дейді. Қазақ тілінде сөз екпінінен басқа фразалық (ритмикалық) екпін де болады, себебі «сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес». Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған. Ж.Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін зерттеп кеткен ғалым: фонемалар құрамы және олардың айтылу ерекшеліктері, сингармонизм заңдылығы, буын жігі және кейбір просодикалық мәселелері (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы, 1988.). Ж.Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына үлес қосқан. Оның мәні мен жаңалығы, біріншіден, фонемалар бір-біріне қарсы қойылып айқындалады, екіншіден, олар тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табады деп ғалым нақты мысалдармен дәлеледейді. Ғалым фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған, «қазақ тілінің көне заңдарын, тарихын жақсы білмейінше, оның қазіргі заңдарын, дамуын жақсы білуге болмайды» деп қазақ тіліне байланысты ламбдаизм, ротацизм құбылыстарын және дыбыстарының ілгерілеу процестері жайында сөз қозғаған. Сондай-ақ Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтып кеткен. Бұл ғалымдардың тұсында қазақ тілінің дыбыс құрылысын өмірдің сұранысына сәйкес экспериментті түрде зерттеу қажеттілігі туындады. Сол уақытта бөлім қызметкерлері эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, кандидаттық диссертацияларын қорғап шыққан (Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев, Н.Түркпенбаев, М.Райымбекова, А.Қошқаров, С.Кеңесбаева, З.Базарбаева). 1986 жылы эксперименттік фонетика лабораторияның аясында фонетика бөлімі ашылып, Ә.Жүнісбеков бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бері З.Базарбаева бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 90-шы жылдардан бастап, Қазақстан егемендік алғаннан бері қазақ тілінің фонетикалық жүйесі үндестік заңы (сингармонизм) тұрғысынан қарастырыла бастады. Бөлім қызметкерлері экспериментті жұмыстармен қатар теориялық проблемалармен де шұғылданатын болды. Сингармониялық бағытты қолға алып, оның ұғымдары мен терминологиясын жасап, теория деңгейіне көтерген Ә.Жүнісбеков болатын. Аталған бағыттың ұстанған өзіндік принциптері бар: сингармонизм теориясы бойынша фонема мен екпін есепке алынбайды. Сингармонизмнің ең кіші функциональды бірлігі сингема деп танылады және ол төрт түрлі сингармониялық тембрмен сипатталады: езу жуан, езу жіңішке, ерін жуан, ерін жіңішке. Бұл бағыт бойынша қазақ фонологиясын үндесім фонология деп біледі. Сонымен қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрамы анықталып, жүйе ретінде берілген: барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері анықталған (А.Жүнісбек Қазақ фонетикасы, Алматы, 2009, 17 б.т.; Введение в сингармоническую фонетику, Алматы, 2008, 108 б.). Ғалымның айналысатын проблемалары: Жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі. Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Бұл ең бастысы қазақ тілтанымында орнығып қалған «европацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді. Сөздік екпін акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымына ғана тән болғандықтан, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің құрылымынан іздемеу керек. Әуен немесе тон тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше тонды, мысалы, қазақ не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Үндесім немесе сингармонизм тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қазақ тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше сингармонизмді, мысалы, қытай не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Олай болса: сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды; тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды; сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды. Қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім). Теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданбалы лингвистика (оның ішінде әдістеме де бар) үшін әліпби дыбыстардың санымен шектелу жеткіліксіз болып отыр. Себебі дыбыстардың әліпби тізбегі тілдегі ақиқат дыбыстардың бір тобын ғана қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Т, С (әліпби атауы – ты, сы) дауыссыз дыбыстары бар. Ал осы дыбыстар тек тыс сөзінің құрамында ғана кездеседі де, дәл сол Ты, Сы айтылым үлгілері тіс, тұс, түс сөздерінің құрамында кездеспейді. Өйткені, Ті, Тұ, Тү, Сі, Сұ, Сү дыбыстарының жасалымы да (артикуляциясы), естілімі де (перцепциясы) басқа екені эксперимент арқылы анықталып отыр. Ендеше, теориялық фонетика дыбыс түрленімінің мүмкін болған үлгілерін түгел анықтауға тиіс, онсыз ғылыми нәтиже толық болмайды; бұны қолданбалы лингвистика қолғанат қондырғылар құрастырғанда ескерілуі керек, онсыз ақпарат (байланыс) желісінде ақау болады; әдістеме өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреткенде пайдалану керек, онсыз акцент жойылмайды. Қазақ тілінде (түркі тілдерінде) үнді-европа тілдеріне тән фонема жоқ. Ендеше сол тілдерге тән аллофон да жоқ. Себебі үнді-европа тілдері екпінді (акцентті) тілдер, ал қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармониялық) тіл. Түркі (қазақ) тілдерінің үнді-европа тілдерінің ізімен талданып жүргендігі бұған дейінгі тілтанымдағы европа-өзімшіл (европацентристік) ұстанымның басымдылығынан болып отыр. Өкінішке орай, қазақ (түркі) фонетистері әзірге европацентризмнен арыла алмай келеді. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігі болады. Қазақ сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кішкене дыбыс бөлшегі үндесім дыбыс болғандықтан, оны үндесім фонема немесе сингармофонема деп атауға тура келеді. Осыған орай, үндесім фонеманың варианттары үндесім аллофон немесе аллосингармофонема деп аталады. Тағы да европацентризмге ұрынбас үшін үндесім фонема (үндесім аллофон) немесе сингармофонема (аллосингармофонема) атауларының орнына ықшам әрі сингармонизмнен туындайтын сингема және аллосингема атауларын енгізген жөн болады. Қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер. Қазақ тілінің жасалым негізіне «Қазақ тілі дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының жиынтығы» деген анықтама берілген. Ендеше қазақ тілі дыбыстарының жасалымына қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын дәл анықтап, оның жүйесін (айырым белгілерін) дұрыс сипаттап шығу үшін ең алдымен қазақ тілінің жасалым негізін анықтап алу қажеттілігі туындайды. Олай болмаған жағдайда қазақ тілінің дыбыс құрамы дәл анықталмайды, дыбыс жүйесі дұрыс сипатталмайды. Өкінішке орай, ондай жаңсақтықтар қазіргі қазақ фонетикасында баршылық. Жаңсақтықтардан арылудың жолы тек қазақ тілінің жасалым негізіне сүйенгенде ғана табылады. Қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина). Адамзат тілінің әлеуметтік (лингвистикалық) жағымен бірге, оның физиологиялық жағы да бар. Буын адамзат тілінің құрамды бөлшегі болғандықтан, оны екі жағынан да талдауға болады. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық пайымдаулар буын табиғатының шешімін таба алмай отырғандықтан, буын табиғатын физиологиялық жолмен іздеу қажеттілігі туындайды. Өйткені тіл физиологиясы дегеніміз тіл артикуляциясы болғандықтан, буын тіл артикуляциясының туындысы болып табылады. Бұл – барлық тілдерге тән ортақ пайымдау, басқаша айтқанда, буын барлық тілдерге тән физиологиялық бірлік. Бірақ дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының өзіне тән бірегей буын құрауыш (просодика слога) амалы бар. Сөйлеу үстінде (сөз құрамында) өзара кірігіп, бір тұтас болып айтылатын (жасалатын) дыбыс тіркесін (немесе дербес дауыстыны) буын дейміз. Буын тілдегі әрі қарай бөлшектенбейтін ең кіші жасалым (артикуляциялық) бірлік болып табылады. Қазақ (түркі) тілінде буыннан кіші морфема болуы мүмкін емес, ендеше қазақ грамматикаларында ескеріліп жүрген дауыссыз морфемалар жалған нәтиже болып табылады. Қазіргі таңда қазақ тілінің дыбыс жүйесі екі теориялық бағыттың принциптері бойынша зерттеліп келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі фонологиялық теория негізінде қалыптасқан (І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев). Екінші - сингармониялық теория негізінде қалыптасқан (А.Жүнісбеков, Ж.Абуов). Дәстүрлі теорияны ұстанатын ғалымдар фонема - тілдегі шағын, сөз мағынасын ажырататын функциональды бірлік деп есептейді. Ал сингармониялық теория бойынша, фонеманың қызметін сингема деген просодикалық бірлік орындайды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды. Суперсегментті фонетика дегеніміз сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, оның қызметін, бірліктерін, компоненттерін (әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі т.б.) тіл білімінің басқа салаларымен (синтаксис, семантика) байланысты қарастырады. Осы орайда ғалым З.Базарбаеваның бастамасымен интонология өз алдына жеке білім саласы ретінде қалыптасып (З.Базарбаева «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі», Алматы, 1996, 11 б.т.; «Қазақ тілі: интонология, фонология», Алматы, 2008, 20 б.т.), бөлімнің жас ғылыми қызметкерлері кандидаттық диссертациялар қорғап шықты (А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Сондай-ақ сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен әдістері бар. Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері бар, олар интонема деп аталады. Қай тілде де интонемалардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды - интонология зерттейді. Қазіргі уақытта қазақ тілінің интонемалары және олардың варианттары анықталып, экспериментті түрде сипатталған. Сөйлемнің барлық түрлерінде де интонеманың өзіндік орны, атқаратын қызметі анықталды. Қазақ тіліндегі анықталған интонемалар тұңғыш рет сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік ретінде қарастырылды. Сөйлемнің қай – қайсысы да интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсысының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемнің сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруы үшін интонеманың мәні ерекше. Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталады және бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып табылады. Интонемалар фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдерімен және ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варианттардың қайсысын қолдану-қолданбау сөйлеушінің мақсаты мен еркіне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты дифференциялау қасиеті болғандықтан, негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату болып табылады. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттері экспериментті зерттеу арқылы айқындалды. Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қарым - қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуші, оларды бір-бірінен ажыратушы қызмет атқарады. Интонацияның компоненттері тілдердің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып, просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді. Барлық тілдерде қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызы, мәнінің шамалы екенін білдіреді. Әр тілдегі просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы ерекшелігіне байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілі интонациясының әуеніне әсер ететін, оның ерекшелігін түзетін осы тілдегі сөз екпіні екені белгілі. Орыс тілінің бұл әмбеорынды жылжымалы сөз екпінінің сөздердің морфологиялық формаларын ажыратуда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын анықтаудағы мәнін айтуға болады. Ал қазақ тілін алатын болсақ, мұнда әр сөзге түсетін екпін жоқ екені белгілі. Қазақ тілінде, француз тіліндегі сияқты синтагманың соңғы сөзіне түсетін синтагмалық екпін бар екені экспериментті түрде дәлелденген. Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы да түрленіп тұрады. Ол кейде жай хабарлы коммуникативті мағынаны білдірсе, кейде хабарға үстеме эмоциональды мағынаны, ал кейде фактылар туралы айтылған ойлардың мағыналық ақиқаттығының бір-бірімен сәйкестігін, тағы да басқа сезімге, түйсікке байланысты факторларын айқындап тұрады. Интонацияны сөйлемдердің түрлерін түзуде олардың синтагмаларын ажыратып, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп айтқанда, сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен түсінісуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі деп санауға болады. Сонымен қазақ тілінің интонациялық жүйесі алғашқы рет егжей-тегжейлі зерттелуінің арқасында оның қортындылары ғылыми айналымға түсіп, интонациялық деңгейдің тілдегі орны, рөлі мен маңызы анықталып, интонология қазақ тіл білімінде, түркітануда тұңғыш рет жаңа сала ретінде танылды. Бөлім қызметкерлері «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының ғылыми негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері» атты тапсырмасы бойынша 2000-2002 жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова). Сөз болып отырған кезең аралығында жүргізілген зерттеулерде жүйелі құрылым болып табылатын мәтін бүтіннен бөлшекке қарай деген методологиялық негізде қаралады. Сөз ағымындағы негізгі жетекші ой өзара мағыналық қатынасқа түсетін жеке-дара ойлар тізбегінен құралады, сондықтан олардағы просодикалық тәсілдер де белгілі бір байламда тұрады. Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері интонация межесінде арнайы экспериментті-инструментті әдісті қолдану арқылы алғаш рет зерттелді. Зерттеудің мақсаты қазақ мәтінін сұрыптап алып, оларды алдымен күрделі фразалық тұтастыққа, құрмалас сөйлемге, күрделенген сөйлемге, жай сөйлем түрлеріне, синтагмаларға жіктеп, мәтіннің мазмұндық мүшеленуінің интонациялық көрсеткіштерін, мазмұн мен интонация және синтаксис ара қатынасын ашып көрсету болатын. Мәтіннің мүшелену нәтижесінде оның сегментті және суперсегментті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. Мәтінді сегментке мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін, олардың өзара қалай байланысатынын, мәтін құрамында орналасу ретін, просодикалық тәсілдердің қайсысы айырықша қызмет атқаратынын байқауға болады. Мәтін аумағында интонациялық құралдың қызметін талдау, оның интонациялық және семантикалық сипаттамаларының ара қатынасын белгілеу, мәтіннің семантикалық дәрежесін көрсетуде интонацияның рөлі ерекше, себебі ол интонациялық өлшемдер мен басқа тіл өлшемдері арасында өзара әсер түрінің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ интонациялық бірліктер басқа да тіл бірліктерінің байланысын, бір-біріне қатысын жеткілікті түрде көрсетіп бере алады. Сөйлеу барысында лексика-грамматикалық тәсілдермен бірге, ал кейде жалғыз өзі-ақ сөз мазмұнын, тіл бірліктерінің мағыналық ара-қатынасын жеткізе алады. Мәтін деңгейінде просодикалық тәсілдерді талдау барысында жаңа нәтижелерге жетуге болады. Мәтін мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау үшін ең алдымен оның құрамдас бөліктерін іріктеп, олардың өзара байланысу қағидаларын саралап алудан бастау керек. Мәтіннің мағыналық жіктері мен семантика-грамматикалық байланыстарын, әуеннің құбылуы, қарқынның баяулауы мен жылдамдауы, үдемелігінің күшеуі, тоналды дипазондар мен интервалдардың өзгеруі және басқа да интонациялық компоненттерінің көрсеткіштерінен байқауға болады. Сондай-ақ мәтін бөлшектері біріне-бірі ұласып, бірінен-бірі өрбіп, бірімен-бірі үндесе үйлесіп бір ойды просодикалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Зерттеуде мәтіннің күрделі фразалық тұтастық деңгейінде мүшеленуін, кешенді түрде, яғни функциональды-семантикалық (дискурстық бағыт) және прагматикалық (пресуппозиция тұсынан) қырларынан қарастырудың тиімділігі айқындалып, дәлелденді. Қазақ тілі мәтінінің мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде мүшеленген бірліктеріндегі интонация көріністері сипатталып, олардың мәтін құрамында орналасу реті айқындалды. Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуіндегі просодикалық құралдар қызметі олардың әрқайсысының сөз семантикасына тәуелді түрде өзіндік көрініс тауып бірігуі нәтижесіндегі кешенді құбылыс ретінде қарастырылды. Интонацияның сөйлеу тіліндегі көріністері, оның компоненттерінің мәтін бөлшектерінде ара-қатынасы мен өзара байланысуында алатын орны және басқа да қасиеттері мүмкіндігінше жан-жақты тексеріліп, анықталды. Мәтіннің құрылымы мен жасалуына қызмет атқарып, әрі ондағы айтылған сөздің коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік қырларын анықтауда сөз әуенінің көтерілуі мен бәсеңдеуі, сөз бөлшектерінің белгілі бір уақыт аралығындағы ұзақтылығы, сөз ағымындағы кідіріс, айтылымның қайсыбір бірлігін ерекшелеп тұлғаландырудағы қарқын мен үдемелік және адамның көңіл-күй ахуалын жеткізудегі дауыс реңкінің рөлі экспериментті әдістер арқылы сипатталды. Интонация және оның бірліктері мен компоненттерінің қазақ тілінің түрлі синтаксистік құрылымдарында өзара әрқилы күрделі қатынастарға түсіп, мәтін сегменттеуде, мәтін бөлшектерін семантикалық-құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор екені эксперимент арқылы дәлелденді. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымдардың аяқталған-аяқталмағандығы, олардың кідіріс арқылы бөлінуі, ол құрылымдардың интонациясының әуені, қарқыны, ұзақтылығы, үдемелігі, тональды диапазоны мен деңгейі ондағы айтылған ойдың мазмұнына тікелей қатысып, мәтіннің сегменттерге мүшеленуінде зор қызмет атқаратыны дәлелденді. Қазақ тілі фонетика саласында әлі де болса да түпкілікті шешілмеген мәселелер жеткілікті, мысалы қазақ тілінің тарихи фонологиясы кенжелеп жатыр. Сондықтан Институттың фонетика бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша тарихи фонетикасы мен диахрондық фонология проблемаларымен шұғылданып, мынадай мақсат қойып отыр: қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдерінің фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы олардың дыбыс жүйелеріне диахрондық аспектіде фонологиялық талдау жүргізу. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2009-2011 жылдарға жоспарланған іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ тілі фонологиялық жүйесін диахрондық аспектіде зерттеу» (жет. З.М.Базарбаева) деген тақырып бойынша жұмыс істелініп жатыр. Бұл тақырып 2006-2008 ж. орындалған жұмыстың жалғасы болып табылады. Сонда қазақ тілінің фонетика-фонология жүйесіндегі дыбыстың дивергенция процесі мен фонологизация құбылысының тарихи негізі тілдің дыбыстық құрылымы дамуының шешуші факторы ретінде ретроспекциялық тұрғыдан зерттелген. Фонологизация құбылыстары негізінде дыбыстардың фонематикалық статусқа көтерілуі қарастырылды. Дыбыстардың позицияға байланысты аллофондары дербес фонемаларға ауысу процесі зерттелінді. Қазіргі түркі тіліндегі дауысты дыбыстардың сипаты көне түркі ескерткіштерімен байланысты қаралды. Дауысты дыбыстардың құрамы мен функциясы анықталып, ата түркі тіліндегі вокализмнің сипаты салыстырмалы әдіс арқылы нақтыланды. Қазақ тілі фонология жүйесінің даму кезеңдері мен қалыптасу жолдары белгіленіп, тарихи факторлар мен заңдылықтар анықталды. Орындалып жатқан зерттеу диахрондық фонология мәселелерін үш принциптің (жүйелілік, тарихилық, себептілік) аясында қарастырылды. Түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы сипатталды. Фонетика-фонология құбылыстарының нәтижелерімен бірге байырғы дыбыс жүйелерінің дамуына себеп болған механизмдер де тарихи факторлар арқылы анықталды. Туыстас тілдермен қатар туыстас емес тілдердің де фонологиялық құбылыстары мен заңдылықтары ескерілді. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сүйене отырып, вокализм мен консонантизмнің ата тілі моделін жасауда диалектілік және типологиялық материалдар да қарастырылды. Сонымен туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері анықталады және фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері белгіленіп, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипатталады. Салыстырмалы-тарихи әдістердің негізінде туыстас түркі тілдерінің жақындық дәрежесі мен ортақ белгілері айқындалады және вокализм мен консонантизм жүйелерінің ататілі моделі жасалады. Түркі тілдерінің генеалогиялық классификациясының негізінде олардың дыбыс жүйелері диахрондық аспектіде зерттеледі. Түркі тілдерінің даму кезеңдері анықталып, әр кезеңге тоқталып, әсіресе бізге қатысты тілдердің қыпшақ тобы қарастырылады. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сәйкес алдымен туыстық жағынан жақын тілдердің дыбыс жүйелері зерттеледі. Ең алдымен олардың генеалогиялық жақындығы ескеріліп, қазақ тілінің фонологиялық жүйесі қыпшақ тобына кіретін қарақалпақ татар, башқұрт тілдерінің фонема жүйелерімен қатар зерттеледі. Кейін қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтары қарлұқ тобына енетін өзбек, ұйғыр тілдерімен де салыстырыла қарастырылады, себебі бұл тілдердің ара жігінің айырылуы шамамен XIV–XV ғасырға таман келеді. Сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс құбылыстары оғыз тілдерімен де салыстырыла зерттеледі. Туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірмен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтап, соның нәтижесінде фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері анықталады. Сонымен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілі моделі ұсынылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәні зор. Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тарихи фонетика, тарихи грамматика, лексикология, этимология проблемаларымен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да тарихи фонетиканың зерттелуінің маңызы зор екені дау тудырмайды. Себебі қазақ тілі тарихи фонетикасының дыбыс құбылыстарын анықтау үшін ең алдымен туыстас түркі тілдерінің және қосымша туыстас емес тілдердің материалдарын ұқыптылықпен қарастыру керек. Жұмыста алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында түркітануға кіріспе, көне түркі тілі, түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәндері бойынша дәріс оқуда пайдалануға болады және тарихи фонетикадан студенттерге бағдарлама мен силлабус дайындауға болады. Ұлттық тіліміздің қазіргі лексика-грамматикалық формаларының даму эволюциясын, лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың архетиптері мен байырғы, түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтаудың маңызы ерекше. Бөлімнің жас қызметкерлері тарихи фонетика мәселелерімен шұғылданып, кандидаттық диссертацияларын қорғап (Ж.Жұмабаева), талқылаудан өткен (Н. Оспангазиева). А.Фазылжанова бұл тақырыпты докторлық диссертация деңгейінде орындап жатыр. А.Аманбаева тарихи морфонология мәселелерімен шұғылданып жүр. Бөлімнің қызметкерлері теориялық проблемалармен бірге қолданбалы мәселелермен де шұғылданады. «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу тапсырмасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздері және компьютерлік бағдарламасы» (2003-2005 жж.) атты бағыт бойынша зерттеу жүргізілді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Фонетика-фонологиялық теориялардың негізінде, қазақ тіл білімінде және жалпы түркологияда да әлі қаралмаған сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген күрделі проблема қолға алынды. Бұл проблемаға демеу болатын теориялық және практикалық зерттеулер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс және интонация жүйелері айтарлықтай экспериментті түрде зерттелінді. Әрбір дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, көлемді мәтіндердің фонетика-фонологиялық сипаттамалары мейлінше қаралды. Сондай-ақ қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктері анықталды. Оларға артикуляторлық-акустикалық талдау жасалды. Үндесім фонема мен интонемалардың варианттары айқындалып, олар модель, кесте түрінде берілді. Бұл қолданбалы проблеманы шешудің нәтижесінде қазіргі өмір талабына сай біраз жұмыстар атқаруға болады. Соңғы кезде бүкіл әлемде сөзтанушы компьютерлік бағдарламалар шығару жұмысы жүргізіліп отырғаны баршаға аян. Мысалы пернетақтадан мәтінді тергенше, оны ауызша айтқан анағұрлым ыңғайлы. Кейбір жағдайларда, мысалы автокөлік жүргізгенде, цифрлы құралдармен хабар алмасудың осы түрі айтарлықтай қауіпсіз болады. Ал зағип болып қалған немесе көру қабілеті төмен адамдар үшін – бұл компьютермен хабарласудың бірде-бір мүмкіншілігі. Бірақ хабарлау үшін компьютердің дауысын есіту керек емес пе? Сондықтан сапалы тіл интерфейсі тілді танып қана қоймай оны құрастыра (синтездеу) білуі, яғни сөйлесімге жағдай жасап, оны туындата білуі керек. Сөз синтездеу дегеніміз – бұл сөйлеп тұрған адам мен компьютер арасындағы жаңа байланыс арнасы. Оны қолданудың оңай көзі – мәтінді, тіпті кітаптарды дауыстатқызу және телефон арқылы арнайы кеңейтілген мәлімет, мысалы ақпарат қорынан заң мәтінін алу. Сөз синтезаторы не істей алуы керек? Олардың негізгі ролі – жазылған мәтіндерді дауыстау. Қазақ тілтанымының кенжелеп қалып отырған саласы қолданба-қолғанат қондырғылар құрастырудың теориялық және техникалық негіздемесі болып отыр. Сондықтан қазақ мәтінін синтездеу амалын қарастыру осы зерттеудің маңызын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ сөйленімінің сегментті және суперсегментті модельдеріне сүйене отырып, қазақ мәтінін синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау. Зерттеу нысаны – жасанды тіл мәтіні: үндесім сегменттер, үйлесім сегменттер және ырғақты топтар, синтагмалар, сөйлемдердің интонациялық көрсеткіштері, интонемалар және оның варианттары. Сөйлемдердің құрылымдық-коммуникативтік түрлеріне сүйене отырып, интонациялық ерекшеліктерін экспериментті әдістер арқылы зерттеп, олардың түрлі модельдерінің просодикалық көріністері сипатталды. Сөйлеу актісінің құрылу ұстанымдарымен, оның қандай бөлшектерге мүшеленуі және оның бөліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы мен оларды синтездеуде сегментация тәсілдерінің қайсысы семиологиялық мағына ажыратушы қызмет атқаратындығы анықталды. Сөз легінің мағына жағынан бөлшектеніп қабылдануында интонацияның мелодикалық, темпоральдық, динамикалық құралдарының қызметі айқындалды. Интонация сөйлеу (мәтін) бірліктерін өзара ұйымдастыру мен біріктіруге қызмет ете отырып, олардың арасындағы логикалық байланыс дәрежесін көрсетіп, оларды мағыналық үзіктерге бөлетіні эксперимент арқылы дәлелденді. Сөз актісін мүшелеуде және біріктіруде ырғақтық, синтагмалық, фразалық, логикалық және басқа да екпін түрлері үлкен рөл атқаратыны айқындалды. Қазақ тілінде айтылған сөз актісінің (мәтіннің) семантика-интонациялық мүшеленуі мен бірігуі фонетикалық және семантика-интонациялық ең кіші бірліктер болып саналатын ырғақты топтар мен синтагмалар арқылы жүзеге асатыны дәлелденді. Қазақ сөзін синтездеуге қатысатын интонацияның компоненттері мен қызметі және қазақ сөйленімін құрайтын интонема модельдері жан-жақты сипатталып, қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің суперсегментті негіздері анықталды. Мәтін синтездеуге қатысатын просодикалық бірліктердің сипаттамасы берілді және интонема модельдерін ажырататын акустикалық параметр көрсеткіштері белгіленді. Сондай-ақ эксперименттік-фонетикалық талдау негізінде қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктерінің позициялық және комбинаторлық варианттары қарастырылды. Әрбір бірліктің фонологиялық қызметі мен фонетикалық табиғаты ашылды. Негізгі және үстеме белгілердің фонетикалық сипаты анықталды. Интонация түрлерінің фонетикалық ықпалы белгіленіп, оның дыбыс түрленіміне әсері айқындалды. Қазақ тіліндегі сегменттердің құрамы мен жүйесі айқындалып, олардың кестесі мен модельдері түзілді. Қазақ мәтінін құрап тұрған бөлшектерге ыдыратудың фонетика-фонологиялық жолдары айқындалып, тіл құрақтарын іштей ұйыстырып тұрған фонетика-фонологиялық белгілерінің басы ашылды. Сөйтіп қазақ мәтінінің (буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) табиғи естілімін қамтамасыз ететін тілдік белгілер түгенделді. Дыбыс түрленімінің акустика-артикуляторлық модельдері, кестелер мен сызбалар дайын болды. Қазақ интонациясының интонема модельдері, оның варианттары мен вариациялары анықталды. Эксперимент арқылы алынған нәтижелер осы бағыттағы теориялық және практикалық зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Зерттеу қолданба тілтаным саласында сөз болып отырған мәселе бойынша компьютерлік бағдарлама жасаудың лингвистикалық және әдіснамалық негізі болып табылады. Сонымен сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген зерттеу проблемасынан елеулі қорытынды күтілуде. Атап айтқанда, қазақ тілінің жасанды сөйленім үлгілерін дайындауға жол ашылды. Қазақ сөзінің табиғи дыбысталу жолдарын анықтап, жасанды сөз, мәтін құрастырылды. Қолданбалы проблемалар аясында 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін өзге тілді ұлттар өкілдеріне оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері және оның бағдарламасы» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жет. З.М.Базарбаева). Жұмыстың мақсаты: тіл білімінің жаңа бағыты болатын интонология туралы мәліметтер беріп және оның заңдылықтарын, сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін көрсетіп, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ интонациясын үйрету. Қазіргі таңда өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылып жатқаны белгілі. Сондықтан бұл жұмыста просодикалық тәсілдер арқылы тілді үйренудің әдістері қарастырылды. Сонымен қатар оқыту технологияларын, яғни білім беру әдіс тәсілдері мен оқыту құралдарын қазақ тілі бойынша білім берудің теориясы мен практикасы межесінде ұтымды қолданудың жолдары белгіленді. Жұмыста қазақ тілін «екінші тіл», яғни қазақ тілін өзге тілді ұлт өкілдеріне оқытудың теориялық мәселелері, оның формалары мен әдістері зерттеледі. Қазақ тілін «екінші тіл» ретінде оқыту жүйесі мен оны тәжірибелік және теориялық тұрғыдан үйрету жолдары, берілетін білім көлемі, білім берудегі негізгі ұстанымдар, әдістер мен тәсілдер, олардың жіктелуі мен құрылымы дидактикалық теориялар негізінде қарастырылды. Қазақ тілін басқа тілді ұлттарға оқытудағы тілдік және танымдық материал мазмұны ғылыми тұрғыда қарастырылып, сөйлеу тілін үйрету үшін қажетті білім қорын сұрыптау, таңдау жолдары коммуникация теориясы және прагмалингвистика аясында зерттелді. Интонема модельдерінің варианттары, вариациялары, олардың сөз ағымындағы көрінісі, просодикалық тәсілдердің түрлері сияқты өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға қажетті білімдер сараланды. Өзге тілді ұлт өкілдеріне арналған суперсегментті фонетикаға қатысты экспериментті-фонетикалық талдаулар жүргізудің нәтижесінде қазақ тілі интонациясының түрлеріне беретін жиырма жеті варианттан тұратын интонема модельдері анықталып сипатталды. Жұмысының нәтижесі ретінде өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілі интонациясын оқытудың негізінде жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылды. 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Латын әліпбиіндегі оргтехника құрастырудың лингвистикалық негіздемесі» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жет. А.Жүнісбек).Үндесім түйметақта латын таңбалары негізінде құрастырылатын болғандықтан, қазақ жазуына жасалатын реформаның теория-практикалық негіздемесі талданды. Фонетика-фонологиялық талданым нәтижесінде латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиінің ұлттық нұсқасы мен интернет нұсқасының жобасы дайындалды. Қазақ тілінің төл әріптерінің (таңбаларының) кездесім жиілігі анықталып, кестеге түсірілді және көрнекі сызбасы жасалды. Қазақ тілінің төл әріп-таңбаларының кездесім жиілігіне қарай олардың түйметақтадағы орны белгіленеді. Түйметақтаның екі әуезді үлгісі ұсынылып, оның мәтінтерім реті көрсетілді. Түйметақтаның төрт әуезді үлгісі ұсынылып, оның мәтінтерім реті көрсетілді. 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» қолданбалы зерттеу бағдарламасының «Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат. identicus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» атты ғылыми-зерттеу жүргізілді (жет. А.Фазылжанова). Қазіргі кездегі мультимәдениеттілік меп мультимәдени қоғамдардың типтері мен түрлері анықталды; олардың этникалық және әлеуметтік сияқты негізгі типтері болатыны көрсетілді, олардың ішінде қазіргі Қазақстан үшін тиімді болатын үлгі ізделіп, бірқатар басқа мәдениеттердің болуымен қатар мемлекетқұрушы ұлттың мәдениетіне үстем (доминант) мәдениет түрінде басымдық беретін мультимәдени қоғам үлгісі тиімді ретінде ұсынылды. Мультимәдениет («мультикультурализм») түрлерінің тілдік бірегейлікке қатысы, онымен байланыстылығы көрсетілді. Тілді өзге ұлт өкілдеріне, болашақ полилингвитерге үйретуде ортақ ұлттық бірегейлік қалыптастыру үшін лингво мәдени-семиотикалық таңбалар жүйесін, ұлттық концептілерді, әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық элементтерін, ұлттық стереотиптер мен аялық білімдер жүйесін меңгерту қажет екені анықталды. Қазақ тілін тіл үйренуші мен қазақ тілін ана тілі ретінде тұтынушы кез келген Қазақстан азаматы білуге тиіс қазақ тілінің әлеуметтік, тарихи, мәдени, лингвистикалық параметрлері анықталды, яғни қазақ тіліне қатысты ғылыми дискурста репрезентацияланған білімдер жүйесі берілді. Тілдік бірегейлік, ұлттық бірегейлік аспектілеріндегі мемлекеттік тілге оқытудың жаңа тұжрымдамасының ғылыми лингвистикалық, лингвосоциологиялық негіздері көрсетіледі. Тілдік бірегейліктің негізі болып табылатын қоғамдық сананың эстетикалық, саяси, ғылыми сияқты т.б.түрлері анықталды. Тіл мен мәдениеттің байланысын көрсететін лингвомәдени тілдік таңбалардың парамеологизмдер, бейэквивалентті лексика, сияқты т.б. түрлері айқындалды. Лингвомәдени тілдік таңбаларды тіл үйрету курс, бағдарламаларына енгізу көздері ретіндегі қазақ тілінің жаңа сападағы нормативті сөздіктері көрсетілді. Жаңа тілтанымдық, лингвомәдени білімдер жүйесінің көздері ретіндегі қазіргі қазақ тілінің сөздіктеріндегі жаңартпалар анықталды. Жаңа білімдер жүйесі мен тілтанымдық жаңартпалардың қазақ тілі пәні мазмұнын байытудағы рөлі көрсетілді. Жаңа мазмұндағы қазақ тілін оқытудың жаңа тұжырымдамасының тілдік бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы айқындалды. Мектеп бағдарламасы мазмұнына енгізуге болатын қазақ тілінің жаңа түсіндірме сөздігіне енгізілген лингвомәдени-семиотикалық бірліктер және олардың ұлтты бірегейлендіруші когнитивтік, мәдени мазмұны көрсетілді. Фонетика бөлімі болашақ бағдарламасында қазақ тілі дыбысының қорын жасау деген бір үлкен проблеманы алға қойып отыр. Бұл әрине бір екі жылдың жұмысы емес, ұзақ перспективті жоспар. Біріншіден, белгілі жазушылардың, саясаткерлердің, ғұлама ғалымдардың, әртістердің сөйлеген сөзін таспаға жазып алып, фонетика бөлімінің қорына енгізу. Бұл қазақ қоғамындағы элитаның дыбыс қоры ретінде сақталып, қазақ сөйлеу тілінің үлгісі болып табылады. Олардың сөйлеген сөзі кітаби тілдің ауықымында ресми іс қағаз, ғылыми, көркем әдебиет, публицистикалық стильдердің ауызша түріне жатады. Қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөзі сегментті және суперсегментті фонетиканың орфоэпиялық нормасына сәйкес келіп, синтагмалардың ара-жігі, ой екпіні мен кідірісі тиісті жерінде дұрыс белгіленіп, дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі, баяулауы мен жылдамдығы ескеріліп, қалың жұртшылыққа ұсынылады. Болашақта ана тіліміздің дыбыс және интонациялық жүйесі әдеби тілдің нормасына сәйкес қолданылып, сөйлеу сөзінің үлгісі ретінде қалыптасатынына сенеміз. Екіншіден кітаби тілдің ауызша түрі мен қатар дайындықсыз (спонтанды) сөздің де үлгілері берілуі тиіс. Екі немесе үш адамның диалог, полилогта сөйлеген сөздерін таспаға жазып алып, дайындықсыз сөз ағымында көрінетін просодикалық тәсілдердің заңдылықтары да ескеріледі. Дискурсқа қатысушылары нақтылы берілген жағдаятта ауызша (вербальды) түрде қолданылатын тәсілдерді мейлінше аз пайдаланып, сөз арқылы жеткізілетін ақпараттың орны әуен, қарқын, үдемелік және басқа да қарым-қатынас құралдарымен (вербальды емес) толықтырылады. Дайындықсыз (спонтанды) сөйлеуге тән диалогта кейбір сөйлемдердің дыбыстары жұтылып кетеді, кідірістің хезитация және вокалданған түрлері жиі кездеседі. Үнемдеу принципіне сәйкес дайындықсыз сөз легінде уақыт үнемдеу мақсатымен кейбір сөз қысқарып айтылады. Сонымен кітаби тілдің ауызша түрі мен дайындықсыз (спонтанды) ауызекі сөздің өзгешеліктері анықталып, фонетика бөлімінің қорына енгізіліп, үлгі ретінде халыққа ұсынылады. Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан жазу тілінің байлығын көрсететін қағазға түскен картотекалық қор мен қатар ана тіліміздің дыбыс қоры да сөйлеу үлгісі ретінде Тіл білімі институтының жанында сақталады деп сенеміз. Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор. Фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкеріА.Аманбаева - фонетика бөлімінің меңгерушісіЖанар Жұмабаева - фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкеріОспанғазиева Назгүл Бақытқызы – фонетика бөлімінің ғылыми қызметкері Терминология бөлімінің тарихы Қазақ ССР-і Ғылым академиясының Тіл білімі институтының Терминология және аударма бөлімі алғаш рет 1981 жылы құрылды. Құрамында филология ғылымдарының кандидаттары А.Есенғұлов, Р.Өрекенова, ғылыми қызметкерлер А.Құсайынов, Б.Бекмұхамедов, Т.Аппақова, М.Шәріпова, С.Жетпісов, Р.Сарқұлова, Н.Әшімбаева, Ж.Нәлібаев сынды ғалымдар мен жас мамандар болды. Сол құрылған кезден бастап 1989 жылға дейін бөлімді ҚР ҰҒА-сының академигі, филология ғылымдарының докторы Ө.Айтбайұлы басқарып келді. Осы жылдар аралығында бөлім қызметкерлері ең алдымен картотекалық қор жасауға кірісті. Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде 1980 - жылдарға дейін жарық көрген екітілді терминологиялық сөздіктер бір ортаға жинақталып, әліпбилік тәртіпке келтірілді. Бірнеше жылға созылған бұл күрделі жұмыс бөлімнің 500 мыңға жуық тілдік бірлікті қамтыған картотекалық қорының негізі болды. 1981-1993 жылдары Терминология және аударма бөлімі сол кездегі ҚСРО Министрлер Советі (қазіргі Министрлер Кабинеті) жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссиямен тікелей тығыз байланыста болды. Ғылымның әртүрлі саласында пайда болып, ала-құла қолданылып жүрген терминдердің бір ізге түсуіне, ғылыми тұрғыдан реттелуіне бөлім қызметкерлері атсалысты. Осы ретте бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлының аталмыш комиссияның ғалым-хатшысы ретінде Мемтерминком ережесінің қайта жазылуына, түрлі салалар бойынша сөздіктердің талқыдан өтіп, жарық көруіне зор үлес қосқандығын атап өту керек. Сондай-ақ осы кездері М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының профессоры Қ.Бектаев тобымен өзара шартқа отыру арқылы жинақталған сөздіктер ЭЕМ сарабынан өткізіліп, ғылымның ірі бес саласы бойынша түзілетін әртүрлі сөздіктердің өзегіне айналды. Аударма ісіне қатысты да сол кездері жарнамалар аудару, түрлі мекемелерден түсіп жататын құжаттар, нұсқаулықтар, стандарттар жобаларын аудару тәрізді жұмыстар жолға қойылды. Бұл қазақ терминологиясы және аудармасының тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да қатар жүзеге асырылып отырғандығын көрсетсе керек. Бөлімнің ең басты мәселесі - бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлының жетекшілік етуімен осы жылдары қазақ терминологиясы туралы зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерге арналған бірқатар тақырыптар нысан ретінде алынып, айтарлықтай деңгейде өзіндік үлестерін қосты. Атап айтқанда, «Қазақ терминологиясының жасалу көздері» (1981-1984); «Қазақ әдеби терминологиялық лексикасының дамуы» (1985-1987); «Қазақ тілі терминологиясын қалыптастырудың және дамытудың принциптері» (1988-1990). Нәтижесінде мынадай ұжымдық жинақтар мен кітаптардың жарық көргендігін атап өту керек: “ Тіл мәдениеті және баспасөз». Алматы. Ғылым. 1968; «Өрелі өнер». Алматы. 1976; «Сөз өнері». Алматы. Ғылым. 1978; «... ұлт саясатын бұрмалаушылар». Алматы. Ғылым. 1981; «Қазақ терминологиясының мәселелері». Алматы. Ғылым. 1986; «Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері». Алматы. Ғылым. 1987; «Термин және олардың аудармалары». Алматы. Ғылым. 1990. Қазіргі таңда жарық көріп отырған «Қоғамдық ғылымдар терминдерінің орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігінің» екі томдық нұсқасының негізі сол кезде қаланған еді. Бұл бөлім атқарған ең күрделі жұмыстардың бірі. Ө.Айтбайұлының құрастырушы ретінде де әрі жетекшілігімен аталмыш сөздік бірнеше рет өңделіп, сұрыпталып, толықтырылды. Қоғамымыздағы айрықша тарихи кезең – 1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына байланысты бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлы вице-президент болып сайланды. Осыған орай бөлімнің меңгерушілігіне филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қалиұлы тағайындалды. Профессор Б.Қалиұлының жетекшілігімен қазақ терминологиясы мен аудармасына қатысты зерттеулер және практикалық жұмыстар, жарық көріп жатқан жаңа сөздіктер арқылы картотека толықтыру істері өз жалғасын тапты. Бөлім қызметкерлерінің қатары жас ғалымдармен және мамандармен нығайтылды. Сол жылдары бөлімге келген А.Мұқатаева, Ш.Құрманбайұлы, Н.Шүленбаев сынды жас мамандар қазақ терминологиясына жете ден қойып, қазіргі кезде, атап айтсақ филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы белгілі терминші-ғалым, Институт басшысы деңгейіне дейін көтерілді. 1995 жылы бөлім меңгерушісі филология ғылымдарының докторы Б.Қалиұлы басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім меңгерушілігі қызметін филология ғылымдарының докторы Ө.Айтбайұлы қайтадан өз қолына алады. Сол кезден бастап 2005 жылға дейін академик Ө.Айтбайұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті міндетін қоса атқара жүріп, кезінде өзі негізін қалаған ауқымды жұмыстарды жалғастырады. Мәселен, мемлекеттік маңызы зор, ірі ғылымдар секцияларын қамтыған «Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелері» атты бағдарламаның қосқан үлесі айрықша (1997-1999). Одан кейінгі жылдары қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы қызмет атауларын мемлекеттік тілде жүйелеудің ғылыми негіздерін зерттеу» (2000-2002); «Мемлекеттік тілде терминдік лексиканы қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері» (2003-2005) атты іргелі ғылыми жобалар да ойдағыдай жүзеге асырылды. 2005 жылы бөлім меңгерушілігі міндетіне жас ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Лексикология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қ.Айдарбек тағайындалды. Қазіргі кезге дейін бөлімнің іргелі ғылыми зерттеулеріне, қосымша атқарылатын аударма істеріне, әртүрлі мекемелер мен ұйымдардан түсетін құжаттарға, стандарттар жобаларына лингвистикалық сараптамалар жасауға, сөздіктер түзуге және т.б. жаңа серпінмен жетекшілік жасап келеді. Қазақ терминологиялық жүйесі тың бағытта қарастырылатын іргелі зерттеу «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық аспектісі» (2006-2008). Бөлім жүргізген бұл іргелі-ғылыми зерттеуде қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері алғаш рет кешенді түрде қарастырылып, олардың аталымдық табиғаты ашылып, белгілері көрсетіліп, жасалу жолдары анықталып, түрлері мен үлгілері айқындалып, даму, қалыптасу заңдылықтары дәлелденді. Жоғарыда аталған зерттеуден кейін қазіргі қазақ терминологиялық қорын қалыптастыруда өзіндік қиындық туғызып отырған біріздендіру, нормалау, стандарттау, реттеу мәселелеріне арналған «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық негіздері мен лингвистикалық принциптері (стандарттау, жүйелеу, реттеу, біріздендіру, нормалау)» (2009-2011) атты ғылыми жобалар жаңа бағытта, жаңаша қөзқараста жан-жақты зерделенуімен ерекшеленеді. Бұл жобаны мақсаты: қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыру теориясының негіздемесін жасау және оның заңдылықтарын айқындау, оны тарихи және лингвомәдени аспектіде қарастыру, ұлттық терминологиялық қорды қалыптастыру кезіндегі терминологиялық жұмыстар түрлерін, заңдылықтарын анықтау, стандартталатын, жүйеленетін, реттелетін, біріздендірілетін терминдік бірліктер құрамын, тобын анықтау, лингвистикалық принциптеріне талдау жүргізу. Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерудің бір жолы оның ғылыми тілін жетілдірудегі терминологиялық жұмыстар (реттеу, стандарттау, жүйелеу, біріздендіру) мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу, сонымен қатар ғылыми атауларын ұлт тілінде қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болған үғымдардың тіліміздегі ұлттық тұрғыдан дұрыс баламалармен және жаңа атаулармен толықтыру қажеттілігі терминологиялық жұмыстар теориясына жаңаша көзқарасты талап етеді. Терминдік жүйені біріздендіру мақсатында қазақ тілі табиғатына сай терминдік инновациялар мәселесі аударылатын, стандартталатын бірліктердің пайыздық үлесін анықтап, оларды белгілі бір жүйеге түсіруді қажет етіп отыр. Терминжасам барысында оның теориялық негіздерін белгілеуге, терминологиялық жұмыстардың тілдік принциптерін жүйеге түсіру, аудармашыларға, сала мамандарына нақты бағыт-бағдар беретін заман талабына сай әдістемелік нұсқауларға мұқтаждық туып отыр. Осы жоба негізінде әрбір бөлім қызметкері өзіне тиісті «Қазақ терминологиясының жүйелілік негіздері» (Қ.Айдарбек); «Қазіргі таңдағы терминологиялық жұмыстардың практикалық аспектіде зерттелу жайы» (Ө.Айтбайұлы); «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі (терминдерді лексикографиялық тіркеудің ғылыми-практикалық әдістемесі)» (Б.Қалиев); «Қазақ терминдарінің нормативтік параметрлері» (Р.Шойбеков); «Қазақ терминологиясын стандарттаудың ғылыми теориялық негіздері» (Б.Жонкешов); «Қазақ терминологиясын реттеудің лингвистикалық принциптері» (Н.Әшімбаева); «Терминологиялық бірліктерді тілішілік біріздендіру түрлерінің тілдік ерекшеліктері» (Л.Қисамединова); Сонымен қатар кейінгі жылдары бөлім қызметкерлерінің ғылыми жағынан өсуіне де жете мән беріліп отыр. Бөлім меңгерушісі Қ.Айдарбек 2009 жылы докторлық диссертациясын, ғылыми қызметкерлер Н.Әшімбаева, Ш.Нұрмышевалар кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғады. Қазіргі кездегі Терминология бөлімінің құрамында 1 академик (Ө.Айтбайұлы); 2 ғылым докторы (Б.Қалиұлы, Қ.Айдарбек); 3 ғылым кандидаты (Б.Жонкешов, Н.Әшімбаева, Ш.Нұрмышева); 1 кіші ғылыми қызметкер (Н.Шүленбаев); 1 лаборант (А.Ақкөзова) жұмыс істейді. Терминология бөлімінің қызметкерлері іргелі ғылыми зерттеулермен ғана айналысып қоймай, жалпы Институттың тыныс-тіршілігіне де белсене атсалысуда. Әртүрлі деңгейлерде өтетін конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, радио-телехабарларға, сұқбаттарға үнемі қатысып, ғылыми, ғылыми-көпшілік басылымдарда жалпы тіл, терминология, тіл мәдениеті, лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным және т.б. мәселелерін қарастыратын еңбектерін жариялап отырады. Терминология орталығының қызметкерлері туралы ақпарат Бөлім меңгерушісі - Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы, филология ғылымдарының кандидатыӘшімбаева Нағима Мәсімахынқызы – Терминология орталығының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидатыОмарова Аягүл –Терминология орталығының кіші ғылыми қызметкері, Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлы – Терминология орталығының ғылыми қызметкеріБисенғали Ақмарал Зинол-Ғабденқызы - Терминология орталығының аға ғылыми қызметкеріЕскендір Жарас - Терминология орталығының лаборанты Этнолингвистика бөлімінің тарихы Этнолингвистиканың барлық тілдерге қатысты әмбебап ғылым ретінде толық қалыптасып, дами түсуіне кейінгі кездерде түркі тілдері негізінде көбейе бастаған ізденістер мен зерттеулердің, соның ішінде қазақ тілінің де қосып отырған үлесі аз емес. Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық бағыт ХХ ғасырдың 80 жылдарынан басталады. Бұл саланың дамып, өсіп-өркендеуіне Ә.Қайдар, И.Копыленко, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәлиұлы, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Б.Момынова, Р.Шойбеков, Ғ.Аронов, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, Б.Қарағұлова т.б. ғалымдар өз үлестерін қосып келеді. Этнолингвистика – этностың инсандық болмысын һәм дүнияуи табиғатын, оның даму заңдылықтарын басқа емес, тек тіл феномені арқылы танып-білудің ғажайып мүмкіншіліктерінен, яғни “этностаным” мен “тілтаным” арасынан туындаған жаңа да дербес сала. Тіл білімінде оған: “Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и народом и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии языка” (Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966, с. 539), – деген анықтама беріледі. Жалпы тіл білімінде бұл сала және оның мақсат-мүддесі теориялық тұрғыдан көптен бері-ақ белгілі болса да, іс жүзінде, әсіресе түркі тілдерінде кең қолданыс таба алмай келе жатқандығы мәлім. Қазақ тіл білімінде бұл мәселемен алғаш (1970-жылдардан бері) шұғылдана бастаған ғалым Ә.Қайдар болды деп айта аламыз. Содан бері бұл салада ірілі-ұсақты жүздеген еңбек дүниеге келіп, қазақ тілінің өз табиғаты мен ерекшелігіне сәйкес қазақ этнолингвистикасының бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі айқындалып, ғылыми тұжырымдамасы (концепциясы) жасалды. Көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Міне, осы қыруар игілікті істердің ұйытқысы да, бағдарлаушы, басқарушы көшбасы да академик Ә.Қайдар екендігі ғалымдар қауымына көптен белгілі. Бұл саланың Қазақстан топырағында дүниеге келіп, қалыптасуына оның жеке басының және көптеген шәкірттерінің қосқан үлесін, этнолингвистикалық нысандар мен зерттеу әдіс-тәсілдерін, мақсат-мүдделерін ғылыми-практикалық мәнін арнайы зерттей келіп, “Основы этнолинвистики” (Алматы, 1995, с. 180) атты кітап жазған әйгілі ғалым, проф. М.М.Копыленко акад. Ә.Қайдар төңірегінде “қазақ этнолигвистикалық мектебі қалыптасты” деп түйеді. Шынында да, кейінгі 15-20 жыл беделінде жалпы осы мәселеге және оның нақтылы мәселелеріне қатысты жазылған диссертациялар мен басқа еңбектердің жалпы саны (М.М.Копыленконың көрсетуі бойынша) бір мыңнан асады. Осылардың біразы акад. Ә.Қайдар ұсынған тақырыптар мен этнолингвистика мәселелері болып саналады. Қазақ тіл білімі саласында этнолингвистикалық ізденістердің етек алып, оған ғылым ізденуші жастардың ден қоюында, оқырман қауымның қалауынан шығып, оларға деген сұранымның арта түсуінде өзіндік біраз сыры бар деп ойлаймыз. Біріншіден, этнолингвистикалық зерттеулерден өзінің тұрақты мақсат-мүддесіне байланысты таза лингвистикалық категориялардың өздерін емес, этностың өзін түсінуге қажетті тілдік (лексика-фразеологиялық, т.б.) фактілердің ішкі мазмұнын терең де жан-жақты ашуға бағышталатынын көреміз. Демек, бұл мақсаттың рухани-мәдени танымдық мәні зор деген сөз. Екіншіден, этнолингвистикалық зерттеуге тіл байлығымыздағы кез-келген құбылыс, дерек, тақырып (фразеология, мақал-мәтел, ономастика, жұмбақ, өнер, төрт түлік мал, т.б.) объект бола алады. Өйткені ол фактілердің барлығы этнос болмысын тануға қатысты және оларды әдеттегі лингвистикалық формальдық тұрғыдан ғана емес, одан әлде қайда тереңірек, жан-жағын үңгілей түсіп, індете зерттейді. Мәселен, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің этнолингвист ғалым әдеттегідей қоғамда қалыптасқан ауыс мағынасында ғана емес, сонымен қатар сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан мотивтерін (уәждерді) анықтауға тырысады. Демек, тіл деректері тек өзінің коммуникативтік қызметі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар кумулятивтік, яғни рухани, мәдени қазынаны өз бойында сақтаушы мұра, бұлақ ретінде сырын ашады. Үшіншіден, тіліміздің лексика-фразеологиялық байлығын әліпби тәртібімен түзілген әр алуан лексикографиялық (сөздік, энциклопедия т.б.) еңбектер арқылы меңгеру мүмкін емес. Этнолингвистикалық зерттеулердің ең басты ерекшелігі – барша деректердің тақырыптық, мағыналық, логикалық жүйе негізінде берілуінде т.т. Міне, осы тәрізді тәсілдерге байланысты этнолингвистикалық зерттеулер тілдің ішкі дүниесін толық ақтарып көрсету арқылы оның небір тамаша танымдық мүмкіншіліктерін де пайдалана алады. Осылардың барлығы акад. Ә.Қайдар ұсынған, оларды біртіндеп кеңейтіп, тереңдетіп, дамытып келе жатқан этнолингвистикалық ілімнің негізгі принциптері болып саналады. Академик Ә.Қайдардың бұл сала бойынша бірсыпыра еңбектері шықты: Этнолингвистика // Білім және еңбек. –1985. – №10. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, “Ана тілі”, 1998, 8-29-б.; Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их этнолингвистическое объяснение (Бұл да сонда, 30-40-б.); Этностық болмыс ұғымдары // Ана тілі, 1990; Культ слова у тюркских народов // Тезисы XXIX ПИАК, Ташкент, 1986, с. 63-65; Жеті қазына // Ана тілі, 1990, т.б. (жалпы саны 12 еңбек). Қазақ этнолингвистикасы – бүгінде жаңа ғылыми бағыттан жеке ғылым саласына айналған дербес пән. 2000 жылы Этнолингвистика бөлімі ұйымдастырылып, ғылыми қызметі мен зерттеу нысандары кеңейе түсті. Тәуелсіз Қазақстанның туын биік ұстар ұлтжанды ұрпақ, білікті маман тәрбиелеу – Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған басты мақсат. Осы мақсатқа сай «Этнолингвистика» пәні еліміздің жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде оқытылып келеді. Пәннің оқу-әдістемелік кешенін, типтік-оқу бағдарламасын жасауда ғалымның тікелей бағыттауымен қазақ тілінің табиғаты мен ерекшелігіне сәйкес жазылған ғылыми зерттеулер басшылыққа алынды. 2000-2010 жж. бөлімді қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Шоқан Уәлиханов атындағы I дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қайдар басқарды. Бөлімде 2000-2002 жылдары «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты тақырып бойынша көптеген ғасырлар бойы жиналып қордаланған және әлі де жинақталып жатқан өте бай тіліміздің лексикалық байлығы, заттар мен бізді қоршаған табиғи құбылыстардың атаулары, адамдардың қоғамдық қарым-қатынасына, тұрмыс-салтына, бұрынғы көшпелі ру-тайпалар мен бүгінгі қауымның өмір сүру тәсілдері мен әдет-ғұрпына байланысты сан алуан тілдік деректер – лексика-фразеологиялық, паремиологиялық, ономасиологиялық, кәсіби-терминологиялық, эвфемистік, теңеу-салыстыру, т.б. ұлан-ғайыр этнолингвистикалық мағыналық бірліктер жинақталды. «Қазақтар: ана тілі әлемінде» деп аталатын еңбектің мақсаты – қазақ тілінің сөздік қорындағы жарты миллиондай (Ә.Қайдардың жобалауы бойынша) мағыналық бірлігін (“смысловые единицы” мәнінде) қамтитын 3 томдық этнолингвистикалық сөздігін жасап, XXI ғасырда өмір сүретін ұрпаққа өз болмысын танытатын ана тілінің асыл қазынасын мирас етіп қалдыру. Бұл жұмыспен ғалым 30 жылдан астам уақыт шұғылданып келеді.2003-2005 жылдары «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ тіліндегі қос сөздер табиғаты: зерттеу, сөздік» атты тақырып бойынша қазақ тілінің сөздік қорындағы қосарлама және қайталама қос сөздердің барлығы дерлік жинақталып, жүйеленіп, қолданыс аясы мен мағыналары мәтін негізінде ашылып, түсініктеме берілді, олардың арнайы сөздігі жасалды. Көне де ең байырғы бұл категорияның сөзжасам жүйесіндегі өзіндік ерекше орны мен тәсілдері айқындалып, тілдік қарым-қатынастағы атқаратын қызметтері жан-жақты сипатталып, мағыналық, эмоциональды-экспрессивті, жалпылау, жіктеу, қайталау т.б. осы сияқты мағыналар мен мағыналық реңктерді, бояу-нақыштарды берудегі өзіндік ролін айрықша атап көрсете алатын зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде екі бөлімнен – зерттеу мен сөздіктен тұратын «Қазақ тіліндегі қос сөздер табиғаты» атты (30 б.т.) монография жазылды. 2006-2008 жылдары «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретіндегі негізгі даму үрдістері мен бағыттары» атты тақырыпта іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері» атты тақырып бойынша этимологиялық зерттеудің принциптері айқындалды; ғылыми, қызықты және жалған (халықтық) принциптері сипатталды; қазақ тілі бойынша жүргізілген этимологиялық зерттеулер мен этимологиясы айқындалған сөздердің жалпы саны анықталды; этимологиялық сөздікке негізінен бір, екі буынды түбірлер еніп, оларға қатысты сөзжасам модельдерінің тізімі берілді; этимологиялық анықтамалар тек қазақ тілі бойынша ғана емес, жалпы түркітануға байланысты қарастырылды. 2007-2009 жылдары Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының тірегі бағдарламасы аясындағы “Қазақстанның болашағы және қазақ этносының өзіне тән қасиеттерін (феноменін) танып-білу, дамыту” атты тапсырмасы бойынша қазақ тілінің лексика-фразеологиялық-паремиологиялық байлығын мүмкін болғанынша түгел қамтып, мағына-мәніне, қолданысына түсініктеме беретін, жүздеген тақырыптардан тұратын единицалар жинақталып, жүйеленіп берілді. Зерттеу, негізінен, қазақ этносының табиғи, рухани болмысы туралы тілдік сипаттамаларды, оның рухын, дүниетанымын, ұғым-түсінігін білдіретін тілдік деректерді жүйелеп, жинақтап көрсетуге бағышталды. Зерттеу жұмысының нәтижелері «Қазақ қандай халық?» (2008) атты жинақ пен «Қазақтар ана тілі әлемінде» (2009) атты 3 томдық этнолингвистикалық сөздікте толық көрсетілді. Оның 1-томы жарыққа шықты. Бұл қазақ этносының басқа түркі, т.б. этностардан көптеген (тәрбиесі, ділі, тілі, діні жағынан) ерекшелігінің барлығын, түпкі мақсатқа тез жетудің ең оңтайлы жолы екендігін сипаттайтын приоритеттеріміздің бірегейі болып саналады. 2010 жылдан қазірге дейін бөлімді филология ғылымдарының докторы Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы басқарады. Бөлімде филология ғылымдарының докторы, академик Ә.Туғанбайұлы, филология ғылымдарының докторы Р.Шойбеков, филология ғылымдарының кандидаты Г.Исаева, филология ғылымдарының кандидаты Э.Өтебаева, кіші ғылыми қызметкерлер А.Жауғашарова, З.Садырбаева, Е.Бесіров және аға лаборант Г.Тлегенова қызмет етеді. Бүгінгі таңда бөлім қызметкерлері 2009-2011 жылдарға арналған “Қазақ ұлттық әдеби тілі және оның Уақыт пен Кеңістіктегі даму жолдары: ұлттық, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды жинақтау, сақтау, жаңғырту” атты іргелі зерттеу бағдарламасы аясында “Имитатив теориясы және қазақ тілі байырғы лексикалық қорының қалыптасу процестері” тақырыбы бойынша еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш ілкі түбірлерінің пайда болу, қалыптасу тарихының эволюциялық процестерін талдап, қазақ тіліндегі еліктеуіштердің 500-дей бір буынды түбірлерін жіктеп, оларға түсініктеме беруде. Бөлім қызметкерлері туралы ақпарат Шойбеков Рүстембек Нұсқабекұлы, филология ғылымдарының докторы, доцент. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бас ғылыми қызметкері Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі Серікқызы Маржан - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Этнолингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Нұстаева Ардана - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Этнолингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Бөлім тарихы туралы ақпарат Тіл тарихы және диалектология бөлімі тілдің тарихи дамуын жазба ескерткіштер тілі құрылымы арқылы дәйектеуді мақсат етеді. Сонымен қатар тілдің аймақтық ерекшеліктерін саралап жіктеу, оның әдеби тіліміз лексикасының молығуы мен грамматикасының кемелденуінде маңызды рөл атқаратындығы да осы бөлімде жасалған теориялық зерттеулердің нәтижесінде жүзеге асырылды. Тілдің өткен тарихын зерделемей тұрып оның бүгінгі қалпына баға беру қиын. Себебі, тарихи сөздік қор мен сөздік құрамды айқындау арқылы ғана бүгінгі тілдің қалыптасу ерекшеліктерін анықтай аламыз. Сөз құрамының тарихи негіздерін ашу оңай шаруа емес. Қазіргі қазақ тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілу сатыларын анықтау үшін түркі ескерткіштері тілін тереңінен талдағанда анық көз жеткізуге болады. Осындай ірі мәселелерді шешу барысында 1956 жылы тіл тарихы және диалектология бөлімі ашылған болатын. Бұл бөлімнің алғашқы меңгерушісі Нығмет Тінәлұлы Сауранбаев болды (1956-1958 жж.). Көне және ортағасырлардағы жазба тілдің әр кезеңдегі ескерткіштері – қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын анықтауға жол ашатын бірден бір құрал болып табылады. Қазіргі тіліміздің қалыптасып, осы дәрежеге жетуі ең алдымен қоғамдық ой сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе жазба әдебиеттің кең өріс алуына тікелей байланысты. Өйткені, жазба тарихи ескерткіштердегі таңдаулы сөз үлгілері жинақтала келе жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын осы бөлімде қызмет еткен түркітанушы ғалымдар әр қырынан қарастырып, көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеудегі, оның ертедегі күй-қалпын сипаттаудағы алар орнын біршама айқындап берген болатын. Осымен байланысты ұзақ жылдар бойы қазақ әдеби тілін диахрондық аспектіде зерттеу нәтижесінде ғалымдар көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, академик Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбанов, Ә.Құрышжанов, С.Омарбеков, сондай-ақ академиктер Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, профессорлар Б.Әбілқасымов, О.Нақысбеков, Б.Сағындықұлы, т.б. ғалымдар қазақ тілінің тарихи күй қалпын көрсететін құнды еңбектерін жарыққа шығарды. Мәселен көне түркі жазба ескерткіштерін тереңінен зерттеген ғалымдардың бірі Ғ.Айдаров 1960-1963 жылдар аралығында қызмет етіп “Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі” (1986), “Орхон ескерткіштерінің тілі” (1990), “Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі” (1991) атты еңбектерін жарыққа шығарды. Белгілі түркітанушы Ә.Құрышжанұлы (1958-1985 жж.) ескі түркі ескерткіштерінің тарихы мен тілін зерттеп, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Иүгінеки, А.Ясауи сынды ғұламалар еңбектерін аудару ісімен шұғылданды. 1957-1991 жылдары еңбек еткен ғалым Е.Жұбанов тіл тарихына қатысты “Литературно-лингвистические особенности “Козы Корпеш-Баян сулу”” (1967), “Эпос тілінің өрнектері” (1978), “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосының текстологиясы” (1994) т.б. еңбектерін жарыққа шығарды. Тіл тарихы бөлімінде 1972-1985 жылдары еңбек еткен белгілі ғалым Қ.Өмірәлиевтің «XV-XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі», «VIII-ХII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері», «Оғұз қаған эпосының тілі» атты іргелі монографиялары түркітану саласындағы маңызды зерттеулердің қатарынан орын алады. Сондай-ақ қазақ тілінің тарихы мен түркітану саласына қатысты өзекті мәселелер академиктер Ә.Қайдардың (“Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986), “Түркітануға кіріспе” (1992) т.б.), Р.Сыздықтың (“Сөздер сөйлейді” (1980), “Сөз сазы” (1983), “Қазақ әдеби тілінің тарихы” (1984), Язык “Жамиғат тауарих” Жалайри” (1989), “Ясауи хикметтерінің тілі” (2004), “Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар” (2009) т.б.), профессорлар Б.Әбілқасымовтың (“Алғашқы қазақ газеттерінің тілі” (1971), “XIX ғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілі” (1982), “XVIII-XIX ғғ. қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары” (1988), “Әбілғазы ханның “Түркі шежіресі” және оның тілі” (2001) т.б.) М.Малбақовтың («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының текстологиясы” (1992), «Қазақ сөздіктері» (1995), «Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері» (2002), т.б.) атты еңбектерінде кеңінен қозғалған. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде диалектология саласының теориялық-әдістанымдық негізінің жетіліп дамуына үлес қосқан диалектолог-ғалымдар академик Ш.Сарыбаевтың (“Қазақ диалектологиясы” (авт. бірі 1967), “Казахская региональная лексикография” (1976), “Қазақ тілінің аймақтық лексикасы” (авт. бірі 1989) т.б.), профессор О.Нақысбековтың (“Языковые особенности казахов Чуйской долины” (1963), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі” (авт. бірі 1969), “Қазақ тілінің ауыспалы говоры” (1972), “Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы” (1982), т.б.) және ғалым С.Омарбековтың (“Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер” (1965), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі” (авт. бірі 1969) т.б.) зерттеулері мен еңбектері жергілікті диалектілер мен сөйленістердің тіл тарихында алатын орнының ерекше екенін айқындап берді. Бөлім айналысатын өзекті мәселелер А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының құрылымына сай тіл тарихы және диалектология бөліміндегі іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары да ұзақ жылдарға бағдарланған жоба бойынша жүргізіліп келеді. Қазіргі кезеңде, 2009-2011 жылдар аралығындағы жоспарланған тақырыпқа орай қазақ тілінің тарихи сөздігін түзудің ғылыми негіздерін зерттеу мен қазақ тілінің тарихи сөздік қорын жинақтау мәселесі міндеттелген болатын. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі өткір әрі күрделі проблемалардың бірі болып табылатын тарихи сөздік жасаудың ғылыми-теориялық, құрылымдық мәселелерін анықтай отырып, одан әрі қазақ тілінің тарихи сөздік қорын жинақтап, оның ғылыми сипаттамасын жасау сондай-ақ қазақ тілінің үлкен тарихи сөздігін жасау істері өз кезегін күтіп тұр. Тарихи лексикаға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын бұлайша сатылап жүргізудің басты себептері, біріншіден, тарихи сөздік жасау ісінің теориялық, құрылымдық мәселелерін жан-жақты зерттеп, айқындап алудың қажеттілігіне, екіншіден, тарихи сөздік қордың құрамын анықтап, оған кешенді тілдік тұрғыдан ғылыми сипаттама жасаудың қажеттігіне, үшіншіден, тіліміздің тарихи сөздігін жасаудың қажеттілігіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі таңда бөлім айналысып отырған басты өзекті мәселелер мыналар: Қазақ тілінің тарихи сөздік құрамына енетін қомақты тілдік материал іс жүзінде жазба ескерткіштерде қамтылған. Әсіресе ғылымға белгілі мұрағаттар ішінен ерте және орта ортағасырларда жарық көрген филологиялық трактаттар мен әдеби мұраларда кездесетін лексикалық бірліктерді түгендеп, жинастырып, олардың әрбіріне қатысты мағыналық ерекшеліктерді (сол мәтіндегі (контекстік қоршауымен анықталатын) мағынасы, кейінгі дәуірлерде ұмыт болған, яғни қазіргі тілімізде мүлдем қолданылмайтын реликт дәрежесіндегі сөзформалар, әдеби тіл ауқымына жатпайтын, бірақ аймақтық сөйленістерде сақталған сөз қолданыстар, ескерткіштегі бастапқы мағынасы түрлі өзгерістерге ұшыраған, яғни семантикалық аясы кеңейген немесе тарылған бірліктер, тарихи тұрғыдан еркін тіркес, ал синхронды тұрғыдан тұрақты тіркестерге айналған түрлі фразеологизмдік оралымдар, метафоралық мәнде жұмсалған бірліктер, қазіргі тіл тұрғысынан этимологиясы күңгірт саналатын көнерген сөздердің семантикасы т.б.) анықтау үшін орасан жұмыс жүргізілуі тиіс. Атқарылып отырған жоба тақырыбының өзектілігі осы мәселелермен тікелей байланысты. Сонымен қатар, тіл тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан тілді қолданушылар әр заманда оның өзіне дейінгі жинақталған сөздік қорын, қалыптасқан заңдылықтарын қолдана отырып, тілішілік (интралингвистикалық) және тілден тыс (экстралингвистикалық) факторларға байланысты өз тарапынан әр түрлі ереже-қағидаларды енгізетіні, сөздік құрамды әр түрлі қырынан байытатыны және қандай да бір бөлігін (мақсатты түрде немесе стихиялы түрде) қолданыстан мүлде шығарып тастайтыны, я болмаса бұрыннан келе жатқан қолданыстарды әр түрлі қырынан өзгертетіні белгілі. Тілдің осындай даму және қалыптасу заңдылықтарын қазіргі кезде актив қолданылатын (мұрагер, жалғас) тілдер деректерімен салыстыра отырып айқындау бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселелер қатарынан орын алып отыр. Осымен байланысты, олардың арасындағы сабақтастықты анықтау бөлімде жүргізіліп жатқан зерттеулердің басты мақсатының бірі болып саналады. “Қазақ тілінің тарихи сөздігін түзудің ғылыми-теориялық негіздері” атты тақырып тіліміздің байырғы сөздік қорын жазба ескерткіштер материалдары бойынша қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадам болмақ. Себебі, күні бүгінге дейін қазақ тіл білімінде кейбір жекелеген лексемалардың этимологиясын ашуға, ескерткіштер тілінің лексикалық, морфологиялық ерекшеліктерін қарастыруға арналған еңбектер болғанымен, тұтастай тарихи сөздік жасалмаған. Бұл үшін ғылымға белгілі тарихи жазба мәтіндерді жинастырып, олардың әрқайсысында қамтылған лексикалық бірліктерді есепке алу, сөзтізбесін жасау қажет болып отыр. Әрі қарай жинақталған сөздік құрамды түрлі ұғымдық тақырыптық топтар бойынша жіктеу, әр топқа тән негізгі кілт ұғымдарды бөліп көрсету, олардың тарихи дереккөздердегі қолданыстық ерекшеліктерін айқындау, қазіргі тіліміздегі жалпыхалықтық сөздік қорындағы көріністермен салыстыру т.б. міндеттері тұр. Осы міндеттерді шешу үшін елімізде және республикадан тыс жерлерде сақталған тарихи ескерткіштердің қолжазбаларын т.б. нұсқаларын жинастыру маңызды. Түптеп келгенде тіліміздің байырғы лексикалық қорын анықтауға бағытталған бұл зерттеу тарихи сөздік түзудің ғылыми-теориялық негіздемесін жасап алуды қажет етеді. Жалпы айтқанда тіл тарихы және диалектология бөлімі негізінен мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің арғы тарихи дамуын диахрондық және синхрондық бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Соңғы оны жыл көлеміндегі бөлімде жүргізілген жұмыстарға тоқталар болсақ: 1) 2003-2005 жж. орындалған «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік тілдің лексика-фразеологиялық қорын толықтырудың тарихи көздері» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік тілдің лексика-фразеологиялық қорын қазақ тілінің тарихи сөздік құрамындағы бірліктер мен жаңа қолданыстарды ғылыми сараптама тезінен өткізу арқылы байытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері анықталған. Мұның өзі мемлекеттік тілдің сөз байлығын арттырудың мүмкіндіктерін молайтады. Аталған бағдарлама бойынша орындалған тақырыптың нәтижелері жекелеген монографиялық еңбектер мен ұжымдық жинақтарда жарық көрген. Сондай-ақ, бұл бағдарлама материалдары «Тілтанымдық зерттеулер» атты жинақта жарияланған. 2) 2006-2008 жж. орындалған «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде негізгі даму үрдістері мен бағыттары» атты іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша «Ортағасырлық қыпшақ және қазіргі қазақ тілдерінің тарихи сабақтастығы» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілді. Орындалған тақырыптың нәтижелері республикалық және шетелдік басылымдарда мақалалар түрінде жарық көрген. Жекелеген тақырыптар бойынша ұжымдық зерттеулердің қолжазбалары даярланған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары «Тілтанымдық зерттеулер» мен басқа да жинақтарда жарыққа шықты. Бөлімдегі қызметкерлер турлы ақпарат Бөлім меңгерушісі. Мамырбекова Гүлфар Мәжитқызы – (білқасымұлы БабашНақысбекұлы ОқасМалбақов Мырзаберген Малбақұлы Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы Құсмолданова Меруерт Қыдырбекқызы Компьютерлік лингвистика бөлімінің тарихы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында статолингвистика саласының белгілі ғалымы Қалдыбай Бектаевтың жетекшілік етуімен 1970 жылы құрылған «Тіл статистикасы және автоматтандыру» атты ғылыми топ өз бастауын 1969 жылы өткен «Статистическое и информационное изучение тюркских языков» атты Бүкілодақтық ғылыми жиыннан алады. Осы кезеңнен бастап қазақ тілін статистикалық тұрғыдан зерттеу ісі жүйелі түрде қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Олардың алғашқысы ретінде 1973 жылы жарық көрген «Қазақ тексінің статистикасы» атты ғылыми жинақты атауға болады. Сонымен қатар 1973-1974 жж. Р.Г.Пиотровский мен Қ.Б.Бектаевтың «Математические методы в языкознании» атты екі бөлімнен тұратын, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының жарық көруі де осы жаңа саланың жетістігі саналады. Статистикалық лингвистика қазақ тіл білімінің жаңа саласы ретінде қалыптасқандықтан, оның проблемалық мәселелері күн санап анықтала бастады. Солардың бірі қазақ мәтінінің әр әріпке (дыбысқа) шаққандағы ақпараттық өлшемін, яғни энтропияны анықтау болды. Осы орайда белгілі ғалым Қ.Б.Бектаев пен оның шәкірті Д.А.Байтанаеваның қазақ мәтініне қатысты тәжірибелік мәліметтер негізінде жүргізілген ақпараттық-статистикалық ғылыми ізденісінің (1973) орны ерекше. Сондай-ақ көркем әдебиет, публицистика, ғылыми-техникалық мәтіндер мен 2 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1959, 1961) материалдары бойынша Қ.Б.Бектаев ЭЕМ арқылы жасаған қазақ тілі буындарының жиілік сөздігі (1973) буынның ішкі құрылымына және сөздің буындық құрылымына ықтималды-статистикалық әдісті қолданған зерттеулердің көрнектісі деп айта аламыз. Аталмыш топқа жетекшілік еткен Қ.Б.Бектаевтың 1978 жылы басылып шыққан «Статистико-информационная типология тюркского текста» атты монографиясы қазақ тіл білімінің статолингвистика саласына қосылған сүбелі еңбек қана емес, сондай-ақ басқа да тілдерді зерттеу тәжірибесінде әр тілді жалпы типологиялық тұрғыдан бағалауда қолданылатын статистикалық критерийлердің үлес салмағын «өлшеуге» арналған іргелі ғылыми зерттеу ретінде мойындалады. «Тіл статистикасы және автоматтандыру» ғылыми тобының зерттеу нысанына негізінен статистикалық құрал ретінде электронды-есептеу машиналары (ЭЕМ) көмегімен жасалатын әліпби-жиілік сөздік, жиілік сөздік және кері әліпби жиілік сөздіктер материалдары алынды. 1978 жылы отандық түркітану ғылымы үшін ортағасырлық жазба ескерткіші «Кодекс Куманикус» мәтіні тұңғыш рет ЭЕМ жадына енгізіліп, ол бойынша автоматты түрде «Куманша-қазақша жиілік сөздігінің» алынуы қазақ тіл білімінің тарихы үшін елеулі оқиға деуге болады. Ал 1979 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі» атты ұжымдық монография ғылыми топ қызметкерлерінің статистикалық лингвистика саласына қосқан айтулы еңбегінің нәтижесі екендігі даусыз. Бұл еңбекті жасауға филол. ғ. к., жетекші ғылыми қызметкер А.Қ.Жұбанов, кіші ғылыми қызметкерлер А.Р.Зекенова, А.Б.Белботаев, К.Алдабергенова қатысты. 1991 жылы «Тіл статистикасы және автоматтандыру» ғылыми тобы мен «Түсіндірме сөздік» бөлімі біріктіріліп, Қолданбалы лингвистика бөлімі болып аталып, ғылыми қызметі мен зерттеу нысандарын кеңейте түсті. Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі ретінде тағайындалған, кейін компьютерлік лингвистика ғылыми тобына жетекші болып қазірге дейін өнімді етіп келе жатқан филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Жұбановтың зерттеулерін қазіргі қазақ қолданбалы лингвистикасының бастауы десек артық айтқандық болмас. Ғалымның басшылығымен 90-шы жылдары М.Әуезовтің толық шығармалар жинағы ЭЕМ жадына енгізіліп, нәтижесінде 1995 жылы «М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік сөздіктері» атты жиілік сөздіктер жүйесі жарық көргендігі бұл сөзімізге дәлел бола алады. Осы орайда қолданбалы лингвистика бөлімі қазақ тілін автоматтандыру ісінің жаңа сатысына көтеріліп, 1991-1993 жылдары «Қазақ тілінің «ҚАЗЫНА» атты автоматтандырылған картотекалық базасын жасау» атты тақырыпты қолға алғандығы қазақ тіл білімінде ғана емес, түркі тіл біліміндегі орасан зор жаңалық болды деп ауыз толтырып айта аламыз. Осы жылдары бөлім қызметкерлері Институтта жасалып жатқан «Қазақша-орысша сөздікті» дайындауға барынша атсалысты. Сонымен бірге қазақстандық статистика саласының ғалымдары тіл ерекшелігін мәтіндердің жанрлық (стильдік) түрлеріне қарай ажыратуды мақсат ете отырып, балалар әдебиеті мен бастауыш сыныптарының оқулықтарына, драмалық шығармаларға, газет тіліне, ғылыми-техникалық стиль, математикалық стиль тілдеріне және т.б. статистикалық жолмен зерттеу жүргізе бастады және мұндай зерттеулер күні бүгінге дейін жалғасын тауып отыр. 1991-1993 жылдар аралығында бөлімде «Қазақ тілінің қолданбалы саласындағы проблемалары» атты тақырыпты орындауда филол. ғ. д., профессор Ә.Болғанбаев, А.Жұбанов, Ш.Дәулетқұлов, С.Бизақов сияқты ғалымдар өнімді еңбек етті. 1998 жылы аталмыш бөлім Институттың құрылымдық өзгерістеріне байланысты «Компьютерлік лингвистика» ғылыми тобы деген атауға ие болды. Атауы мен мәртебесі өзгергенімен, зерттеу бағыт-бағдары айқын Ғылыми топтың өз қызметін әрі қарай тиімді жалғастыруына осы топқа жетекшілік етіп келе жатқан филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Жұбановтың «Квантитативная структура казахского текста» (1987) және «Основные принципы формализации содержания казахского текста» (2002) атты монографиялары қазақ қолданбалы лингвистикасының дамуына қосылған елеулі үлес болды. Бірінші аталған ғылыми еңбекте қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты түрде электронды-есептеу машиналары (ЭЕМ) арқылы статистикалық әдіспен зерттеу мүмкіндігі мен сөз таптарының ықтималды-үлестірімді заңдылықтары зерттелсе, екінші монографияда қазақ мәтінінің мәтін лингвистикасы тұрғысынан мазмұнын формальдау жолдары және мәтіннің туындау (порождение) проблемалық мәселелері қарастырылады. Сонымен, 1970-2000 жылдар аралығындағы ғылыми ізденістер, негізінен, жеке автор шығармаларын, функционалдық стильдерді, сондай-ақ толық әдеби тіл қамтылған мәтіндерді статистикалық әдіс-тәсілдермен зерттеу тәжірибесінде әртүрлі жиілік сөздіктер жасаудың өзекті (актуалды) мәселе екендігін көрсетті. Себебі олардың негізінде аса маңызды және күрделі мәселелерді: тілді лексика-грамматикалық нормалауға, түркі тілдерін өзара салыстырмалы-типологиялық зерттеуге және олардың компьютерлік қорын жасауға зор мүмкіндік жасады. Қазақ тілінің көптеген кезек күттірмейтін мәселелері, мәселен, лексикография саласы бойынша компьютерлік қор (база) жасау, қазақ мәтіндері корпустарының компьютерлік базасын құрастыру және қолданбалы лингвистика саласының басқа да мәселелері «Компьютерлік лингвистика» ғылыми тобының 2000 жылдардан бастап жүргізген ғылыми ізденістерінен көрініс тапты. Мәселен, 2000-2002 жылдары «Қазақ мәтіні мазмұнын формализациялаудың негізгі принциптері», 2003-2005 жылдары «Қазақ тілінің сөздіктер және иллюстративті-мәтіндік қорларының көпаспектілі компьютерлік базасы (Қазақ тілінің лексикалық қорларының компьютерлік базасы)», 2006-2008 жылдары «Қазақ тілінің компьютерлік базасы: лексикалық қордың ашық жүйесі», 2007-2009 жылдары «Қазақ тілінің терминологиялық қорының компьютерлік базасын жасау және оны терминдік әлеуеті жоғары дереккөздермен толықтыру» атты іргелі зерттеу тақырыптары нәтижелі орындалды. Бүгінгі күні Компьютерлік лингвистика ғылыми тобы «Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына» атты ұлттық компьютерлік қоры» атты тіл біліміндегі жаңа сала – корпустық лингвистика мәселелерімен айналысуда. Бөлім қызметкерлері туралы ақпарат Жаңабекова Айман ӘбділдәқызыАйнұр Аралбекқызы ҚаршығаеваТынышбекова Әйгерім АлдабергенқызыӘбдіғалиева Аида БекбергенқызыБарменқұлова Аида Серікханқызы, Кожахметова Ақтоты, Бесіров Еркін, Тлегенова Гүлден. ### «Әлеуметтік тіл білімі» орталығы туралы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2012 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан ашылғалы отырған Әлеуметтік тіл білімі орталығы институтта 70-жылдардың аяғынан 90-жылдардың басына дейін қызмет атқарған осы бағыттас бөлімнің ғылыми-кадрлық құрамын негізге алып отыр. Сондықтан бүгінгі орталық жайлы ақпарымызды бұрынғы бөлім тарихынан бастауды жөн санадық. Қаз ССР ҒА Тіл білімі институтының орыс тілі бөлімі 1978 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор М.М.Копыленконың жетекшілігімен «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімі болып қайта құрылды. Бөлім құрамында филология ғылымдарының кандидаттары Б.Х.Хасанов, З.Қ.Ахметжанова, Р.М.Таева, Ж.М.Утесбаева, Л.М.Кисамединова, Т.Жолтаева сияқты белгілі тілші-ғалымдар жұмыс істеді. Бөлімнің атауына сәйкес еңбек ұжымы М.М.Копыленконың жетекшілігімен қостілділік, тілдік қатынас пен интерференция мәселелерін шешуге күш салды. Бұл орайда негізгі жұмыс бағыты ең алдымен Қазақстандағы орыс тілінің қызметі (қолданысы) мен қазақ-орыс қостілділік (билингвизм) мәселелеріне арналды. 1982 жылы М.М.Копыленко мен С.Т.Саинның «Функционирование русского языка в Казахстане» (Алма-Ата: Наука, 1982. -112 с.) атты кітабы жарық көрді. Аталмыш еңбекте қазақтардың әртүрлі коммуникативтік актідегі тілдік қатынастарына әлеуметтік-лингвистикалық аспектіден талдау жасалды. Зерттеу жұмысына Қаз ССР-нің төрт облысы бойынша әртүрлі демографиялық, кәсіби, әлеуметтік топқа жататын 4,5 мыңнан аса қос тілді қазақтар (билингвтер) тартылды. Зерттеу нәтижесінде алынған тілдік фактілер ЭЕМ (ЭВМ) жадына салынып, әртүрлі кестелер мен сызбаларға түсірілді. Соның негізінде осы мәселе бойынша көптеген ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар жасалды, көптеген әлеуметтік факторлардың қазақ-орыс қостілділігіне тигізетін әсері айқындалды. Әртүрлі демографиялық, кәсіби және әртүрлі жастағы қазақ топтарының орыс тілін қолдану ерекшеліктері анықталды; қазақтардың аймақтық тұрақ-жайына, біліміне байланысты орыс тілін қолдану ерекшеліктері, мақсаты, орыс тіліне жақындығы айқындалды. Жұмыста қостілділіктің көрінісі болып табылатын қазақ көркем мәтіндеріндегі орыс кірме сөздерінің қолданылу сипатына ерекше назар аударылды. Монография коммуникацияға қатысушылары қазақ тілін ана тілі деп есептейтін және барлығы орыс мектебінде оқыған гомогендік ұлттық ортадағы орыс тілінің қолданысын (қызметін) қарастыруымен ерекшеленеді. Осы орайда «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінде қызмет істейтін ұжымның барлық ғылыми еңбектері үлкен маңызға ие болды. Бұл еңбектерде көтерілген мәселелер мен қолданылған әдіс-тәсілдер сол кездері қазақстандық ғана емес, советтік тіл білімі үшін де үлкен жаңалық еді. «Орыс тілі мен әлеуметтік лингвистика» бөлімінің еңбектері жарық көргеннен кейін осы мәселе бойынша диссертациялық жұмыстар жазыла бастады. Бұл жұмыстарда «Орыс тілі және әлеуметік лингвистика» бөлімінің ұжымы көтерген мәселелер жалғасын тапты. Осы мәселе бойынша 1995 жылы Г.С.Сүйінованың «Речевое поведения казахов-билингвов» (ғылыми жетекшісі – З.Қ.Ахметжанова) атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. Бұл жұмыста сөйлеу актісіне қатысушы қазақтардың дайындықсыз сөйлеу актісіндегі аудиотаспаға жазылған материалдары бойынша бір коммуникативтік жағдаяттағы бір тілден екінші тілге ауысу үдерістеріне талдау жасалған. 1999 жылы Г.Д.Алдабергенованың «Исследование влияния билингвизма на развитие личности детей» (ғылыми жетекшісі – З.Қ.Ахметжанова) тақырыбында кандидаттық диссертациясы қорғалды. Бұл жұмыста ерте қалыптасқан қостілділіктің (билингвизмнің) балалардың логикалық, интеллектуалдылық жағынан дамуына әсер ету мәселелеріне эксперименттік әдіспен талдау жасалған. 1999 ж. Ж.Е.Кенжебаеваның «Казахские вкрапления-кальки в русских переводах казахской художественной прозы» тақырыбында қорғалған кандидаттық диссертациясында М.М.Копыленко мен С.Т.Саинаның монографиясының бір тараушасында қарастырылған мәселелер әрі қарай дамытылып, жалғасын тапты. 2006 жылы Д.Д.Шайбакова «Функционирование неорганического языка в полиэтническом государстве» (Ғылыми кеңесшісі – А.Е.Карлинский) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Бұл жұмыста Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы туралы М.М.Копыленко және бөлім қызметкерлері жасаған эксперимент нәтижелері мен 25 жыл өткеннен кейінгі жағдайы салыстырылған. Қазақстандағы қазақ-орыс қостілділігінің рөлі мен орнын зерттей келе, «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінің ұжымы М.М.Копыленконың жетекшілік жасауымен қостілді қазақтардың орыс тілінде сөйлеу ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеуге жұмылдырылды. Зерттеу барысында ең алдымен қазақ-орыс интерференциясы мен тілдік жүйенің барлық деңгейлерінде кездесетін екінші тілде сөйлеудегі бірінші тілдің әсерінен болатын қателіктерге талдау жасалған. Нәтижесінде интерференция бойынша кешенді экспериментті зерттеулер жүргізілген. 1984 жылы М.М.Копыленко мен З.Қ.Ахметжанованың «Фонетическая интерференция русской речи казахов» (Алма-Ата: Наука, 65 с.) атты монографиясы жарық көрді. Монографияда парадигматикалық және синтагматикалық интерференция фонетикалық деңгейде зерттеледі (просодика және фонотактика негізінде). Жұмыста қазақ және орыс тілдерінің фонологиялық жүйесіне қысқаша сипаттама берілген. Бір жүйеден екінші жүйеге ауысудағы дыбыстық ерекшеліктерге тәжірибе жасалып, жекелеген фонемалардың сәйкестігі (эквивалентность) мен сәйкессіздігі (неэквивалентность) туралы қорытындылар жасалған. Сондай-ақ фонемалық тіркесімділіктің құрылымы қарастырылған, фонемалық тіркесімділіктің өнімділік дәрежесіне қарай болатын айырмашылықтары айқындалған, екі тілдегі фраза просодиясының ерекшеліктері көрсетілген. Екінші тілдің бірінші тіл әсерінен потенциалды интерференция өрісін жасайтыны анықталып, өрістік эксперимент жолымен қазақтардың орыс тілінде сөйлеуіндегі қазақ тілінің фактілік интерференциясы айқындалады. Информанттардан магнитофонға жазылып алынған дайын мәтіндер алынып, анкета толтырылды. Эксперимент нәтижесінде олардың территориялық орналасуы, жас ерекшелігі, жынысы, білімі, айналысатын ісі, мектепке дейін орыс тілін білу, білмеуі сияқты ақпараттар алынды. Монографияның құндылығы екі аспектіден көрінеді: алғаш рет лингвистикалық зерттеу тәжірибесінде орыс тілінің орфоэпиялық нормасын меңгеру дәрежесі мен қос тілді адамдардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері арасындағы арақатынас (корреляция) айқындалды; алғаш рет интерференция жасау әдістемесі эксперименттік тұрғыдан тәжірибеден өткізілді. Бұл осыдан кейін тілдік жүйедегі басқа деңгейлердегі интерференцияларды зерттеуде қолданылды. 1987 жылы «Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов» (Алма-Ата: Наука, 1987. -120 с.) атты ұжымдық жұмыс жарияланды. Авторлар лексикалық интерференцияның жалпыхалықтық қостілділік бойынша жүйелі түрде зерттелмегендігін атап көрсетеді. Зерттеушілердің мақсаты қазақ-билингвтердің орыс тілінде сөйлеуі мен орыс тілінде айтылған мәтінді қабылдауындағы типтік лексика-семантикалық қателерді анықтау және оларға лингвистикалық және әлеуметтік-лингвистикалық тұрғыдан талдау жасау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін жиі қолданылатын 50 лексемадан тұратын тест сұрақтары қолданылды. Билингвтердің орыс лексикасын қабылдау шеңберіндегі лексикалық интерференцияны қарастыру мынадай нәтижелер берді: лексикалық интерференцияға әсер ететін негізгі факторлар мыналар: а) лексеманың қандай да бір сөз табына қатысы; б) лексемалардан тұратын тіркестер саны; в) олардың мағыналық (семдік) сипаты; г) лексемалардың нормаға сәйкес (нормативті) және нормаға сәйкес емес (нормативті емес) қолданысы арасындағы семантикалық айырмашылық дәрежесі. Қазақ-билингвтердің орыс тілінде сөйлеуіндегі интерференцияға жасалған талдау мынаны көрсетті: қазақ тілінің интерференциясы көбінесе күрделенген универбтерді қолдану кезінде көрінеді. Олардан кейін өзінің қазақ тіліндегі күрделенген полисемияға құрылған баламаларымен (эквиваленттерімен) байланысты лексемалар, содан кейін қарапайым полисемияға құрылған қарапайым универбтер мен лексемалар орын алады. Морфологиялық интерференция парадигматикалық және категориялық шеңберде зерттелді.«Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінде жасалған лексика-семантикалық интерференция жасау әдістемесін зерттеу осыдан кейін де өз жалғасын тапты. Мәселен, 2000 жылы Б.Н.Сүлейменованың «Лексика-семантическая интерференция в сфере многозначных глаголов в ал-брать» (ғылыми жетекшісі – З.Қ.Ахметжанова), 2004 жылы С.Х.Амандықованың «Лексико-семантическая интерференция в казахской речи билингвов (на материале глаголов движения» (ғылыми жетекшісі – З.Қ.Ахметжанова) атты кандидаттық диссертациялар қорғалды. 1988 жылы «Проблемы казахско-русского двуязычия» атты ұжымдық еңбек жарық көрді. Еңбекте авторлар фразеологиялық және синтаксистік интерференцияны талдау және тілдік жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі интерференцияға жасалған зерттеулердің жалпы нәтижелерін көрсетеді. Бұл бағыт қазіргі қазақстандық лингвистикада да жалғасын тапты. 2010 жылы С.Төлееваның «Интерференция в английской речи казахов-билингвов на уровне простого предложения» тақырыбында кандидаттық диссертациясы қорғалды. «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінің жұмыс бағыттарының бірі қазақ және орыс тілдерінің көркем мәтіндегі арақатынасын зерттеу мәселесі болды. Жұмыс нәтижелері «Казахское слово в русском художественном тексте» (Алма-Ата: Наука, 1990 ж.) атты ұжымдық монография болып жарық көрді. Бұл зерттеу Қазақстанның орыс тілді жазушыларының шығармаларында қолданылған «казахизмдерге» функционалды және семантикалық тұрғыдан талдау жасауымен ерекшеленеді.«Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінің белсенді түрде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары әрбір қызметкердің ғылыми қызығушылығын туғызды. М.М.Копыленко А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына келгенге дейін де белгілі ғалым еді, ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша үлкен тәжірибесі мен көптеген ғылыми жарияланымдары болды. Бұл институтта ғалым 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Оның жалпы жарияланымдар саны 300-ден астам, олардың ішінде монографиялар саны – 14. М.М.Копыленко лингвистика ғылымының түрлі мамандықтары бойынша 6 ғылым докторы мен 78 ғылым кандидатын дайындады. 2010 жылдың қараша айында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты М.М.Копыленконың 90 жылдық мерейтойын атап өтіп, «Концептосфера – ғаламның ұлттық тілдік бейнесінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, көрнекті ғалым еңбектерінің екі томдық жинағы жарық көрді. (М.М.Копыленко «Избранные труды по языкознанию». – Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2011. -Т. 1, 2). Жалпы бет саны 1028 болатын дөңгелек үстел материалдары «Концептосфера – ғаламның ұлттық тілдік бейнесінің негізі» (Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2010. -334 б.) тақырыбында жинақ түрінде жарық көрді.Белгілі әлеуметтанушы (социолингвист) филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Х.Хасанов 40 жылға жуық уақыт қазақ-орыс әдеби қостілділігі, қазақ тілінің қазақстандық қоғамның түрлі салаларында мемлекеттік тіл ретінде қолданылу мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Белгілі ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова түрлі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді: салғастырмалы тіл білімі, тіл теориясы, лингвомәдениеттану, аударма теориясы, лингводидактика, лексикография және т.б. Қазақстандағы функционалды грамматика мәселелері З.Қ.Ахметжанованың еңбектерінен бастау алады. Бұл сала бойынша ғалымның 150-ге жуық еңбегі жарық көрді. З.Қ.Ахметжанованың жетекшілігімен 13 докторлық, 57 кандидаттық диссертация қорғалды. З.Қ.Ахметжанованың шәкірттері, атап айтқанда, филология ғылымдарының докторлары М.Ш.Мұсатаева, А.К.Жұмабекова, З.Ш.Ерназарова, А.Р.Бейсембаева, А.Д.Жакыпов, М.С.Жолшаева, Ж.Есеналиева және т.б. Сондай-ақ салғастырмалы тіл білімі бойынша белгілі маман, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.М.Таева мен интонология саласының маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Утесбаеваны да атап айтуға болады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері Л.М.Кисамединова – «Орысша-қазақша фразеологиялық сөздіктің» құрастырушыларының бірі және «Казахское слово в русском художественном тексте» атты ұжымдық монография авторларының бірі. Ғылыми қызметкер, түркітанушы Т.Жолтаева – «Орысша-қазақша фразеологиялық сөздіктің» құрастырушыларының бірі және «Казахское слово в русском художественном тексте», «Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов» атты ұжымдық монография авторларының бірі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімінде жасалған жұмыстарды қорытындылай келе, М.М.Копыленконың жетекшілігімен атқарылған бөлім жұмысының нәтижесінде неғұрлым кеңірек зерттелген мәселелер қатарына қостілділік және интерференция, көркем мәтіндегі қазақ және орыс тілдерінің арақатынасы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі сияқты тақырыптарды жатқызамыз. Бүгінде 90-жылдардың басында жұмысын тоқтатқан «Орыс тілі және әлеуметтік лингвистика» бөлімі «Әлеуметтік тіл білімі» орталығы болып қайта құрылу үстінде. Оның құрамында «Тіл экологиясы», «Тіл және қоғам» мен «Тіл саясаты және инновациялық оқыту» секторлары жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Грамматика бөлімінің тарихы Грамматика бөлімінің тарихы КСРО ҒА Қазақ филиалы Тіл, әдебиет және тарих институты құрылған кезден басталады. Институттың алғашқы директоры Н.Сауранбаев осы бөлімде қызмет етіп, грамматика мәселелерімен (Қазақ тіліндегі есімшелердің мағынасы мен қызметі. – Алматы, 1944; Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1948; Қазақ тілінің грамматикасы. – А. 1944; 1953; Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы. – Алматы, 1990; Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі (докт. дисс.). – Алматы, 1948; Қазақ тіліндегі көсемшенің семантикасы мен қызметі (канд. дисс.). – Алматы, 1940 т.с.с.) айналысқаны мәлім. Бөлімде қазақ тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан М.Балақаев, Ғ.Бегалиев, Қ.Есенов, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Қалыбаева, Б.Қасым, Т.Қордабаев, Ғ.Мұсабаев, И.Ұйықбаев, А.Ысқақов, Н.Оралбаева, Қ.Есенов, Б.Нұрғазина (Б.Қайымова), Ф.Мұсабекова, В.А.Есенгалиева, Н.Демесінова, Б.Қасым, Қ.Неталиева, Р.Әмір, Ә.Ибатов, Ұ.Салиева, И.Ұйықбаев, Е.Жанпейісов, Т.Әбдіғалиева, З.Ахметжанова, Қ.Рысалды, З.Ерназарова, Б.Қапалбеков, М.Жолшаева, А.Бексейітова, Г.Садирова т.с.с. ғалым-зерттеушілер қызмет етті. Әр жылдары М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, З.Ерназарова, Б.Қапалбеков сияқты ғалымдар бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Бөлім қызметкерлерінің еңбектері қазақ тілі грамматикасы теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ тілі грамматикасында белгілі бір категорияны танып-танытуда әртүрлі көзқарастардың, бағыттардың қалыптасуына негіз болды. Н.Сауранбаев еңбектерінде қазақ тіліндегі есімше және көсемше категорияларының өзіндік ерекшеліктері сипатталды (Қазақ тіліндегі көсемшенің семантикасы мен қызметі (канд. дисс.). – Алматы, 1940; Қазақ тіліндегі есімшелердің мағынасы мен қызметі. – Алматы, 1944 т.с.с.). А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектеріндегі көсемшелердің танылуын әрі қарай дамыта отырып, Н.Сауранбаев -ып/-іп/-п, -а/-е/-й, -ғалы/-гелі қосымшаларын көсемше көрсеткіштерінің қатарында қарастырады. Бүгінгі таңдағы зерттеу еңбектерінде де осы көрсеткіштер көсемше тұлғалары ретінде танылып келеді. Қазақ грамматикасында көптеген талас тудырған әрі бөлім қызметкерлерінің ерекше көңіл бөліп, арнайы зерттеген категориялардың бірі – сын есімнің шырай категориясы (Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімдердің шырайлары. - Алматы, 1951). Бұл мәселе қазақ ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезде де зерттеліп, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов еңбектерінде сипатталған еді. Қолданған атаулары, шырайды жасалуына қарай дараламай, мағыналық ұқсастықтарына байланысты топтастыра беру жағынан С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектері А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріне ұқсас.Бөлім қызметкерлері қазақ тілінде көптеген талас тудырып жүрген, күрделі сөз таптарының бірі – етістікті арнайы зерттеді (Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. (канд. дисс.). – Алматы, 1949; Қазақ тіліндегі етістікті негіздер (докт. дисс.). – Алматы, 1960; Етістіктің лексико-грамматикалық сипаты. – Алматы, 1971 т.с.с.). Әсіресе етіс категориясының бар-жоқтығы туралы мәселе қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітануда да талас тудырған еді. І.Кеңесбаев 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбановтардың үлгісімен етістің 6 түрін көрсетіп, салт, сабақты етістіктерді етіс ретінде танығанмен, кейінгі еңбектерінде етістің 4 түрін ғана атайды. Етіс түрлерін (өздік, ортақ, ырықсыз, өзгелік) тану жағынан кейінгі ғалымдар арасында алшақтық байқалмайды. С.Аманжолов қана өздік етісті етіс қатарына қоспайды. 30-жылдардың аяғынан бастап, көрсеткіштері бірдей болғандықтан, сабақты етіс пен беделді (өзгелік) етіс біріктіріліп, салт, сабақты етістер етіске тән мағынасы мен қызметіне қарамастан, етіс аясынан алшақтатыла бастады. Бұл үрдіс 1957 жылы Уфада өткен етіс мәселесін қарастырған координациялық кеңесте де өріс алды. Бірқатар түркологтар төрт етістің жасалуына негіз болады деп есептеп, негіз етісті (основной или исходный залог) етіс категориясының құрамына қосып жүр. Оның басқа етістер сияқты өзіндік көрсеткіші де, етіс категориясына тән мағынасы да жоқ. Қазақ тілінде негізгі етісті етістің бір түрі деп көрсеткен еңбектердің қатарына: «Қазақ тілінің грамматикасы» (етіс категориясын жазған – А.Хасенова); А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология»; Ш.Бектұров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» т.б. еңбектерді жатқызуға болады. Тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде етістіктің ең көп талас тудырып, түрліше сипатталып жүрген категорияларының бірі – шақ категориясы. Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде, одан бұрын немесе кейін өтуіне байланысты осы шақ, өткен шақ, келер шақ түрі барлық ғалымдарда да бірдей анықталғанымен, оның түрін, көрсеткіштерін тануда зерттеуші ғалымдар арасында пікірталастар туындайды. Бұл мәселе де бөлім қызметкерлерінің назарынан тыс қалмаған (Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы (канд. дисс.). – Алматы, 1949; Қазіргі қазақ тілі грамматикасы (авт. бірі). – Алматы, 1961 т.с.с.). Т.Қордабаев еңбектерінде де отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің ерекшелігі сөз болады. «Осы шақтың кейбір көрсеткіштері туралы» деген мақаласында Т.Қордабаев жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктерінің морфологиялық ортақ қасиеттерін көрсете келіп, шақтық мағыналары жағынан бұл етістіктердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтады. Атап айтқанда: а) жатыр, тұр етістіктерінің жанды заттарға да, жансыз заттарға да қолданылатынын, ал жүр, отыр етістіктерінің жанды заттарға қатысты ғана қолданылатынын; ә) жатыр, тұр етістіктері үзілістері болып тұратын, дәл сөйлеу үстінде ол амалдың болып жатпауы да мүмкін екендігін, жалпы «осы кезде болып жүр» деген мағынада қолданылатынын, ал отыр, тұр етістіктерінің дәл сөйлеу үстінде, қазір болып жатқан іс-әрекеттерді білдіру үшін жұмсалатынын айта келіп, соған сәйкес жатыр, жүр етістіктері арқылы жасалған осы шақты «жалпы осы шақ», ал отыр, тұр етістіктерінің қатысуымен жасалған шақ түрін «нақ осы шақ» деп атауды ұсынады. Шақ категориясының ішінде қиын да күрделісі – өткен шақ екені белгілі. Өткен шақты ғалымдар түрлі қырынан қарастырған. Мәселен, Т.Қордабаев, А.Ысқақов өткен шақты сөйлеушінің амалды өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушысы сенерліктей етіп хабарлауына байланысты айғақты (немесе анық), айғақсыз (немесе танық) деп жіктесе, «Современный казахский язык», Ы.Маманов, «Қазақ тілі грамматикасы» (Қ.Неталиева), Ғ.Әбуханов, М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Құлкенова, «Қазіргі қазақ әдеби тілі», Ш.Бектұров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» сияқты еңбектерде іс-әрекеттің бұрынырақта не жуық арада өтуіне байланысты жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ деп топтастырылған. Сонымен қатар «Современный казахский язык», Ы.Маманов, М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Құлкенова еңбектерінде бұрынғы уақытта дағдылы түрде өтіп тұрған қимыл-әрекетті жеке топтастырып, «дағдылы өткен шақ» деп береді. Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де ұзақ уақыт бойы зерттеліп, көптеген талас тудырып жүрген мәселенің бірі көмекші етістікке байланысты. Ы.Маманов құрамында көмекші етістігі бар күрделі формалардың қимылдың фазасын (саты) жасауға қатысатынын айта келіп, оның 6 түрін көрсетеді. Олар: а) қимылға дайындық; ә) қимылды жасауға бейімделу; б) қимылдың басталуы; в) істің өтуі; г) бітер алдындағы іс; ғ) істің бітуі. Н.Оралбаева «Аналитические формы глагола в современном казахском языке» деген докторлық диссертациясында Ы.Мамановтың жоғарыда келтірілген 6 фазасын 3 фазаға сыйғызуға болатынын айтады. Ғалым «фаза қимылдың басталуы мен аяқталуына дейінгі аралықты қамтуы керек» деген тұжырым жасай отырып, қимылды істеуге дайындалу, қимылды жасауға бейімделу сияқты сипаттамалар фаза шеңберінен тыс қалатынын, себебі мұнда қимылдың әлі бастала қоймағанын ескертеді. Сол сияқты бітер алдындағы іс пен біткен іс деп аталатын фаза түрлерін жинақтап, бір фаза ретінде беруге болатынын көрсетеді. Сөйтіп, қимылдың өту фазасын: а) қимылдың басталуы (-а баста, -п қоя бер, -п сала бер, -п жүре бер); ә) қимылдың орындалып жатуы (-п келе жат, -п бара жат, -п бар, -п кел, -п жат, -п тұр, -п отыр, - п жүр); б) қимылдың аяқталуы (-п бол, -п біт, -п шық, -п қой, -п кет, - п қал, -п болып қал) деп жіктейді. Көмекші етістіктердің видке қатысуына қарай топтастырып, саралауға тырысатын еңбектердің қатарында Н.Сауранбаевтың «Семантика и функций деепричастии в казахском языке» (1944), «Русско-казахский словарь» (Под общей редакцией проф. Н.Т.Сауранбаева (1954), «Современный казахский язык» (1962), 1956 ж. координациялық кеңесте сөйлеген сөзі, И.Ұйықбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі етістік көріністері» (1958), кеңесте сөйлеген сөзі, Н.Х.Демесинова «Сопоставительная грамматика русского и казахского языков (синтаксис)» (1966) т.с.с. атауға болады. Қазақ тілінде көрініс (вид) категориясы бар деп түсіндірушілер оны түрліше топтастырады. Н.Сауранбаев аяқталған (законченный), аяқталмаған (продолжительный) және белгісіз (неопределенный) деп үшке бөлсе, И.Ұйықбаев пен Ы.Маманов созылыңқы (аяқталмаған) көрініс (сыпат), аяқталған көрініс (сыпат) деп екіге топтастырады. И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев еңбектері көмекші етістіктердің өзіндік ерекшелігін танытуда елеулі үлес болды. И.Ұйықбаев көмекші етістіктерді тұрақты, тұрақсыз деп екіге топтастырады да, тұрақты көмекші етістіктерге е-, жазда етістіктерін, тұрақсыз көмекші етістіктерге кет, баста, жібер, отыр, тұр, жатыр т.б. етістіктерді жатқызады. Ғалым кет, қал, шық, ал, қой, өт, бол, сал, таста т.с.с. етістіктердің аяқталған көрініс жасауға қатысатынын, жат, жүр, отыр, тұр етістіктерінің аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын, ал, бар, кел, түс, көр, е- етістіктерінің негізгі етістікке байланысты кейде аяқталған, кейде аяқталмаған көрініс жасауға қатысатынын айтады. Аяқталған көріністің өз ішінен: қимылдың аяқталуы, қимылдың шапшаңдығы, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылдың жорта жасалуы, қимылдың бір рет болуы, қимылдың бағыты, қимылдың басталуы, қимылдың бола жаздауы, аяқталмаған көріністің: қимылдың аяқталмауы, қимылдың қайталануы, қимылдың үдеуі, қимылдың жол-жөнекей болуы, қимылды жасауға әзірлік сияқты мағыналық реңктерін (видовые оттенки – И.Ұ.) көрсетеді. Көмекші етістіктер табиғатын, оның өзіндік ерекшелігін түсіндіруге тырысқан ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым көмекші етістіктерді толымды және толымсыз көмекші етістік деп топтастырады. Толымды көмекші етістіктерге негізгі мағынасын сақтап, етістіктерге түрлене алатын, дербес сөз ретінде де, аналитикалық (сараламалы) етістік құрамында да қолданыла алатын етістіктерді (ал, бер, бар, баста, тұр, отыр т.б.) жатқызады да, толымсыз етістіктерге (лексикалық) толық мағынасы жоқ е- етістігінен өрбіген формаларды жатқызады (екен, емес, еді, еміс-еміс т.б.). Сонымен қатар А.Ысқақов жатыр, жүр, отыр, тұр қалып етістіктерінің, бол, қыл, ет көмекші етістіктерінің, жазда, де етістіктерінің мағыналық ерекшеліктері мен қызметіне арнайы тоқталады. Ғалым көмекші етістіктердің қызметі мен өзіндік ерекшелігін, сипатын танып, ажырата білу үшін аналитикалық форма, аналитикалық форманттардың мағынасы мен қызметін айқындау қажеттігін айта келіп, басты-басты аналитикалық форманттарға сипаттама береді. Сөз тудырудың синтаксистік немесе аналитикалық тәсілдері А.Ысқақов, К.Аханов, С.Қожамқұлова, Ы.Маманов, С.Исаев еңбектерінде көрініс тапқан. Етістік тудырушы қосымшалардың түрін, табиғатын, мағыналық ерекшелігін сөз еткен ғалымдардың бірі – А.Хасенова. Ғалымның бұл саладағы пікір-тұжырымдары «Глагольные основы казахского языка» (1960), «Аффикстер жайлы бірер сөз» (1975), «Қазіргі қазақ тіліндегі -с және -дас аффикстері туралы» (1955), «Сөз тудырушы аффикстердің сөздерді байланыстыру функциялары» (1975) т.б. еңбектерінде баяндалған. Етістік тудырушы қосымшалардың табиғатын сөз еткен ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым туынды етістіктерді – есім негізді етістіктер және етістік негізді етістіктер деп екі топқа бөліп, етістік негізді етістіктердің қатарына етіс жұрнақтарымен қатар амалдың (істің) өту сипатын білдіретін жұрнақтарды (-ла/-ле, -қыла/ -кіле, -мала/-меле, -ғышта/-гіште, -ыңқыра/-іңкіре, -ымсыра/-імсіре, -ыстыр/-істір) жатқызады. Осы тұрғыдан келгенде, ғалымның жіктеуі А.Хасенова еңбектерімен сарындас. А.Ысқақов есімдерден етістік тудырушы өнімді қосымшалар ретінде -ла/-ле, -лан/-лен, -лас/-лес, -лат/-лет, -ай/-ей, -қар/-кер, -ар/-ер, -ал/-ыл, -ық/-ік, -сы/-сі, (-ымсы/-імсі), -сын/-сін, -сыра/-сіре, -ра/-ре, -ырай/-ірей т.с.с. атайды да, осылардың ішінде -сын/-сін және -сыра/-сіре жұрнақтарының ғана мәнін түсіндіреді. Қазіргі қазақ тілі грамматикасына қатысты көп жылғы ізденістердің нәтижесі ретінде 2002 жылы Астанада фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларын қамтыған, қазақ тілінің бүкіл грамматикалық құрылысын, барлық деңгейін бірге алып қарастырған біртұтас еңбек «Қазақ грамматикасы» деген атпен (784 бет) басылып шықты. Қазақ грамматикасында» қазіргі қазақ тіліндегі соңғы жылдардағы нәтижелерді, қорытындыларды ендірмек болған оң талпыныстары көрінеді. Онда морфонология, интонация, сөзжасам сияқты тіл білімі салалары арнайы сөз болды. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған ХХ ғасырдың басындағы тіл білімпаздарының (атап айтқанда, Қ.Кемеңгерұлының) еңбектерінде сөзжасам (словообразование) дербес сала ретінде арнайы берілсе, ғалымның репрессиялануына байланысты кейінгі зерттеушілерде бұл үрдіс сабақтастық таба алмай, ұзақ уақыт бойы сөзжасам морфология аясында сөз болып келгені мәлім. «Қазақ грамматикасында» «Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы» деген атпен беріліп, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы, сөзжасам жүйесі, тәсілдері, сөзжасамдық мағына, туынды сөздер, күрделі сөздер, сөзжасамдық мағына туынды сөздер, күрделі сөздер, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты ұғымдарына түсініп беріліп, сөз таптарының сөзжасамдары берілген. «Қазақ грамматикасында» сөздің морфемалық құрамы, сөздің морфологиялық құрылымы бөлімдерін С.Исаев, ал сөзжасамға арналған тарауын Н.Оралбаева жазған. Сөзді топтастыруда «Қазақ грамматикасының» авторлары сөзді топтастыру принциптерін (семантикалық (грамматикалық); негізгі (морфологиялық) және синтаксистік принцип) көрсете отырып, қазақ тілінде 10 сөз табы бар деп, бұрыннан танылып жүрген 9 сөз табының үстіне модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде келтірген. «Қазақ грамматикасында» сөйлемнің ойлау-танымдық, қарым-қатынас құралы болу сияқты тілдің ең маңызды қызметтерін жүзеге асыратын бірден-бір құрал екендігіне тоқтала келіп, оның өзіне тән белгілерін көрсетеді. Олар: құрылымдық белгі (сөйлем мүшелері); семантикалық белгі (предикативтілік). «Қазақ грамматикасында» құрмалас сөйлем түрлерін анықтауда предикативтік орталықтың бір-біріне қатынасы, байланысы негізгі өлшем болатынын айта келіп, құрмалас сөйлемдер өз ішінен салалас, сабақтас болып сараланған. Сонымен қатар құрмалас сөйлемнің құрылымдық жағы ескеріліп, екі компонетті құрмалас сөйлем, көп компонентті құрмалас сөйлем болып жіктелген де екі компонетті құрмалас сөйлемдер өз ішінен салалас және сабақтас құрмалас сөйлем, көп компонентті құрмалас сөйлем көп компонетті (сыңарлы) салалас, көп бағыныңқылы сабақтас және аралас құрмалас сөйлем болып топтастырылған. «Қазақ грамматикасы» бұрынғы басылымдармен салыстырғанда, сандық жағынан да, сапалық жағынан да жетіліп, интонолония, сөзжасам, морфонология т.с.с. жаңа салалардың еніп, тіл біліміндегі жаңа бағыт, жаңа көзқарастар қамтылған. Соңғы кезде тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру жаңа қарқын алып келеді. Қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмасында жүйелік-құрылымдық зерттеулерден антропоцентристік қағидаға негізделген, тілдің когнитивтік, прагматикалық қызметін аша түсетін, дүниетанымдық әлеуетін ғылыми тұрғыдан пайымдауға арналған зерттеулер кең өріс алды. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған зерттеулерге ерекше мән беріліп отыр. Бөлім қызметкерлерінің зерттеулері сипаттама лингвистикадан функционалды бағыттағы зерттеулерге ойысып, тілді динамикалы, үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс ретінде қарастыра бастады. Қазақ тіл білімінде функционалды грамматиканың алғашқы нышандары А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Маманов, С.Исаев еңбектерінен бастау алса, кейін З.Ахметжанова (Сопостовительные исследования лексики тюркских и русского языков (канд дис). – Алматы, 1981.; Принципы сопостовительного функционального исследования казахского и русского языков (докт. дисс.). – Алматы, 1989), Қ.Рысалды (Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты (қазақ және неміс тілдері негізінде). (докт. дисс.). –Алматы, 2007), Н.Сәрсембаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды. 2006-2008 жылдары «Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік ретіндегі негізгі даму үрдістері мен бағыттары» атты тақырыпта іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі» тақырыбы бойынша: 2009-2011 жылдары «Қазақ ұлттық әдеби тілі және оның уақыт пен кеңістіктегі даму жолдары: ұлттық, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды жинақтау, сақтау, жаңғырту» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ тіліндегі квалитативті-квантативті негізді функционалды-семантикалық өрістер» атты тақырыбы бойынша: «Ұлттық идея – Қазақстанның дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы аясында «Қазақ тілі – ХХ ғасырдың басындағы ұлттық идеяның өзегі» (тақырып жетекшісі – ф.ғ.к. О.Жұбаева) атты тапсырма-тақырып бойынша ХХ ғасырдың басындағы тілші ғалымдардың лингвистикалық еңбектеріндегі ұлттық идеяның көріністерін саралаудың маңызы қорытылды. Қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша алынған нәтижелер: Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшірудің ғылыми-теориялық негіздеріне арналған «Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркменстанның және басқа да елдердің тәжірибелеріне ғылыми талдау жасай отырып, латын әліпбиіне көшу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша бөлім қызметкерлері Институттың басқа да бөлімдерімен, қоғамдық ғылымдар институттарымен бірлесе отырып, мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткізді: Қазақстандағы 1929-1940 жылдар аралығындағы латын әліпбиін қолдану тәжірибелері зерттелді; Қазақстанда 1929-1940 жж. қолданылған латын жазуына негізделген қазақ әліпбиінің орфографиялық ерекшеліктері, жазу мәселесіне байланысты туындаған түрлі айтыстар мен көзқарастарға талдау жасалды, Қазақстандағы 1929-1940 жылдар аралығындағы латын әліпбиіне негізделген жазудың фонетика-фонологиялық, графика-орфографиялық принциптері мен негіздері анықталды. О.Жұбаева Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. 1.2.3, 1.2.5 тараушалары. Алматы, 2007.О.Жұбаева Қазақстанда 1929-40 жылдары қолданылған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі //Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы материалдар Алматы, 2007. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар көп томдық түсіндірме сөздік құрастыру ісіне А.Жаңабекова, О.Жұбаева сияқты бөлімнің қызметкерлері қатысып келеді. Он бес томдық «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» құрастыру, редакциялау ісіне А.Жаңабекова мен О.Жұбаевалар араласып, жауапты шығарушы болды. Бүгінгі таңда когнитивтік бағыттағы зерттеулерде тілдегі білімнің көрінісін сипаттауға бағытталған ізденістер жанданып келеді. Морфология теориясының дамуы ондағы когнитивті үдерістерді талдауды қажет етіп отыр. Сол арқылы морфологиялық категориялар мен тұлғалардың тілішілік ерекшеліктері айқындалып, тілде концептуалды мазмұнның репрезентацияландағы морфологиялық бірліктердің орны көрсетіледі. Мұндай зерттеулер тілді құрылымдық немесе функционалды қырынан зерттеумен қатар қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан сипаттауға жол ашады, морфологияның тіл жүйесіндегі орнын айқындап, сөйлеу-әрекетіндегі маңызын түсінуге, морфологиялық категориялардың тұрпат және мазмұн межесін тануға мүмкіндік береді. Морфологиялық категорияларды осылайша талдау тілді коаны Надек ауылында дүниеге келді. 1992 жылы аталған ауылда №16 Надек орта мектептің 1-сыныбына барып, 2003 жылы 11-сыныпты бітірді.2003 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы бакалавриат бөлімін, 2007-2009 жылдары магистратура бөлімін бітірді.2008-2011 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға лаборант қызметін атқарған.2011 жылы айынан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. Лексикология бөлімінің тарихы Тіл білімі институты құрылғаннан бастап, лексикология, тарихи лексикология мәселесі тіл тарихы, диалектология, ономастика, терминология т.б. бөлімдердің ішінде сабақтас қарастырылып келді. Жеке лексикология бөлімі 1981 жылы ашылды. Бөлімді 2008 жылға дейін профессор К.Ш.Хұсайын басқарды, 2008 жылдан бері бөлім меңгерушісі – профессор Ж.А.Манкеева.Бөлім ашылғаннан бастап, 2003 жылға дейін Лексикология бөліміндегі зерттеу жобаларының дені құрылымдық тіл білімі шеңберінде, яғни лексикалық бірліктердің мағынасы мен ескілік атауларының ауыспалы, тура, тарихи, көне мағыналары мен этнографизмдік қызметтері қарастырылып, біршама ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрді. 2003 жылдан бастап негізгі бағыт ретінде осы уақытқа дейін айқындалған лексикалық тың мағыналардың, көне атаулардың уәждемесін, этимологиясын, таңбалануын, мәдени құндылыққа ие болу ерекшелігін терең анықтау мақсатында антропоцентристік, оның ішінде лингвокогнитологиялық бағыт бойынша зерттеу мақсаты белгіленді. Тілдік құрылым жүйесінде лексикалық аспектінің ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны болуы академик І.Кеңесбаевтың Ғ.Мұсабаевпен бірлесіп жазған еңбегінен басталып (І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазақ тілі. Лексика, фонетика. 1962 ж.), К.Ахановтың (Тіл біліміне кіріспе. 1962 ж.), Р.Барлыбаевтың (Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. 1968 ж.), А.Ысқақовтың (Көптомдық түсіндірме сөздіктің маңызы мен мақсаты және ғылыми теориялық негізі жайында // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1 том. 1974), Ә.Болғанбаевтың (Қазақ тілі лексикологиясы. 1979 ж.), Е.Жанпейісовтің (Қазақ прозасының тілі. 1968 ж.); Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведении М.Ауэзова). 1989 г.), Т.Жанұзақовтың (Основные проблемы ономастики казахского языка. 1976 г.), А.Ибатовтың (Сөздің морфологиялық құрылымы. 1983 ж.), Б.Қалиевтің (Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. 1988 ж.), С.Бизақовтың (Тілдік норма және варианттылық. 1997) т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылып, жалғасын тапты. Қазақ тілінің сөз байлығының көрсеткіштері ретіндегі тілдік деректерінің лексика-грамматикалық, лексика-семантикалық, лексика-тақырыптық, этимологиялық, тарихи, этнотанымдық дәйектері Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, Б.Әбілқасымов, Ә.Нұрмағанбетов, Б.Сағындықұлы, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Ғ.Әнесов т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылып, лексикология саласының теориялық-әдістанымдық негіздерін қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосты. Өмірдегі қандай да бір құбылыстың, мәдени-әлеуметтік жайлардың, кәсіп пен шаруашылықтың сан-саласына, малға, егінге т.б. қатысты атаулардың көнерген тобының, яғни тарихи лексика мен кәсіби лексиканың зерттелуі А.Махмұтов, Е.Жұбанов, А.Айғабылов, Қ.Айтазин, Ә.Ахметов, Р.Шойбеков, Е.Қосбасаров т.б. ғалымдардың еңбектерінде нақты қарастырылды. Сонымен бірге қоғам өмірінде болып жатқан жаңа үрдістермен байланысты туындап, қалыптасушы жаңа қолданыстар да институттың ғалымдарының назарынан тыс қалған жоқ (Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар (авторлар бірлестігі). (1985, 1990); Жаңа атаулар (авторлар бірлестігі). (1992) т.б. Лексика құрамында ерекше орын алатын саланың бірі – тұтас бір ұғымды білдіретін, лексикаланған сөз тіркестері саналатын фразеологизмдер. Бұл орайда қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі академик І.Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігі» (1977) – жалпы түркітанудағы осы саладағы сүбелі еңбек. Лексикалық қор, сөз байлығы тек жалпы тілдік жүйеге қатысты құрылымдық сипатта ғана анықталмайтыны белгілі. Сөз байлығының көркемдік-мәдени-танымдық әлеуеті, эстетикалық мәні жеке шығармашылықта жан-жақты ашылып, айшықталады. Осыған орай Тіл білімі институтының лексиколог-ғалымдары әзірлеп, жүйелеген кешенді еңбек – «Абай тілі сөздігінің» (1968) антропоөзектік бағыттағы кейінгі лексикологиялық зерттеулер үшін бастамалық мәні мен тезаурустық сипатын атап өткен жөн. Себебі кез келген тілдің лексикасын, сөз байлығын жүйелеп, жинақтайтын қойма – сөздік. Осы мәні мен қызметіне сәйкес сөздіктер жалпыхалықтық тілді байытады, әдеби тілді дамытудың көздерін ашады, тарихи-танымдық, кәсіби т.б. тұрғыдан ақпарат береді. Сондықтан Тіл білімі институты ұжымының ғылыми-өндірістік зерттеу нәтижелері ретінде жарық көрген түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, диалектологиялық, синонимдік, терминологиялық т.б. сөздіктер де қазақ тілінің лексикалық қорын дәйектеген еңбектер.Осы тұрғыдан Институт ұжымы шығарған «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінен» (1968) бастап, фразеологиялық, диалектологиялық, түрлі салалар бойынша түзілген терминологиялық т.б. сөздіктердің және лексикографиялық зерттеулердің (М.Малбақов. Қазақ сөздіктері. 1995 ж.; Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің құрылымдық негіздері. 2003 ж.) мәні теориялық та, практикалық та жағынан аса құнды, лексикологиялық зерттеулерге ғылыми, деректік, дәйектік негіз ретінде маңызды. Осымен байланысты анықталатын лексикалық мағына – таңба деңгейіндегі сөздің жалпы сапа қасиеттері арқылы, нақты айтқанда, сөздің семантикасы, ономасиологиялық уәжі, прагматикасы арқылы анықталатын күрделі құрылым. Лексикология бөлімінің қызметкері Қ.Айдарбек атаудың негізі үшін алынған белгіні, уәжді арнайы зерттесе (Қ.Айдарбек. Адамға қатысты атауларды ономасиологиялық тұрғыдан талдау: канд. дисс. 1999 ж.), бөлім қызметкері А.Хабиева лексикалық мағынаның прагматикалық аспектісін коннотация арқылы анықтайды (Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер (Махамбет шығармашылығы негізінде: канд. дисс. 2007 ж.)). Ал қазіргі таңдағы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне, қоғамдық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, ғылыми-мәдени даму деңгейіне сәйкес терминологиялық өрісті кеңейтудің бір жолы – терминдену үдерісінің негізгі көзі ретінде де лексика нысаны Тіл білімі институтында жан-жақты зерттелуде (Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айдарбек т.б. еңбектері). Қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңғыруы мен ұлттық тұтастықтың дамуын қамтамасыз ететін, рухани күштің арқауын ұстайтын негізгі құралы тіл құдіреті мен сөз байлығы арқылы сақталған ұлттық тіл екені қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық сан салалы әрекеттерінде айқындалуда. Бұл жайт тілді зерттеу мәселесінің ғылыми-әдістанымдық негізін жаңаша құруды қажет етуде. Оның негізгі тетігі – ұлттық құндылық ретіндегі тілдің ерекшелігін, сөз өнерінің өзіне тән болмысы мен табиғатын ашу. Басқаша айтқанда, ол – тіл туралы онтологиялық көзқарасты сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихымен, мәдениетімен тығыз байланыста, кешенді сипатта, тұтастықта қарау (Е.Жанпейісов. Этнолексика казахского языка (на материалах произведении М.Ауэзова). 1989 г.; К.Хусаин. Сопоставительно-лингвокультурологический аспект исследования // Тілтанымдық зерттеулер. 2007 ж.; Ж.Манкеева. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. 2008 ж. т.б.). Нақты айтқанда, бұл бағыт – өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын лингвистикалық зерттеулерге сүйеніп, сонымен бірге тіл мен қоғам, тіл мен ұлт т.б. тіл мен мәдениет сабақтастығының тілдік көріністері ретінде экстралингвистикалық та факторлардың әсерімен жаңа сапада қалыптасушы антрополингвистикалық парадигма. Атап айтқанда, қазақтың ұлтық-мәдени құндылықтары атауларының тілдік көрінісін сипаттайтын қазақ лексикасының лингвомәдениеттанымдық аспектісі жан-жақты зерттелуде: қазақтың ұлттық кәсіби шаруашылығына қатысты бірліктер мен тіркестердің лингвомәдени сипаты, төрт түлік малға қатысты этномәдени ерекшеліктің мәтіндік көрінісі; қазаққа тән көңіл күй лебіздері мен алғыс, қарғыс сөздерінің тілдегі қолданысы; қазақ халқының қарым-қатынасында қалыптасқан амандасу, қоштасу, сұхбаттасу сияқты қарым-қатынас этикетінің тілдік қызметі, мәдени ерекшелігі, қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының лингвомәдени сипаты; ұлттық ойындар мен сауық кештерінің лингвомәдени мәні; қазақ тіліндегі заттық және материалдық мәдени лексика жүйесі; қазақтың қолөнер атауларының этномәдени қызметі мен мәні т.б. Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы қазақтың сөздік құрамында бар мәдени атаулардың және лингвомәдени мәні бар бірліктердің негізгі қоры жинақталды деуге болады. Енді қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық қызметін іске асыру үшін қазақтың мәдени құндылықтарын басқа халыққа тиімді әрі айқын үйрету барысында лингвоелтанымдық бағыттың қажеттілігі анықталды. Осымен байланысты өзге ұлт тіліндегі баламасын, аударылымын салыстырмалы, салғастырмалы түрде анықтайтын лингвомәдени зерттеу жобасын одан әрі кеңейтіп, жалғастыру мақсаты қазақ тілі лексикасының лингвоелтанымдық аспектілерін зерттеуге ұластырды. Осыған орай лексикалық бірліктердің бір ұлт танымында тілдік таңбалану құбылысын зерттеу нәтижесінде антропоцентристік бағыттан тарайтын когнитивтік тіл білімі, психолингвистика сияқты салалары арқылы қазаққа лайықты ұғымды қабылдау, тану, сезіну, тұшыну, ақпаратты жеткізу, тарату қабілеттеріндегі өзгешеліктер анықталады. Соның нәтижесінде тек қазаққа ғана тән мәдени құндылықтар, барлық ұлттарға тән мәдени құндылықтар, түркі тілдес халықтарға тән мәдени құндылықтар, аймақтық, диаспоралық ортаға тән мәдени құндылықтар шегі ажыратылып, олардың тілдегі, мәтіндегі көріністері талданып көрсетілді. Жоғарыда көрсетілген кешенді бағыттағы зерттеулердің нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын, оның ішінде жалпыхалыққа әлі танылмай отырған көне мәдени атаулар мен ескілік сөздерді, таныс емес, ұмыт қалған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, наным-сенімдер мен ұлттық пайымдауларды, таным-түсініктерді көркем әдебиеттерден, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, публицистикалық еңбектерден жинақтап, ұлттық лингвомәдени қорды толықтыру негізінде жалпы қазақ мәдени кеңістігіндегі этномаркерленген лексикалық сөздік қорды жасауға болады. Бұл – қазіргі қазақ қоғамының жаңа рухани-әлеуметтік жаңғыру, өзгеру деңгейіне сәйкес ұлттық мүдде сұранысы мен талабын қанағаттандыратын өзекті мәселе. Бұл бағыттың адамтанымдық сипаты қазақ тіл білімінде де кейінгі кезеңде өріс алып келе жатқан мәтін лингвистикасы, «тілдік тұлға» теориясы, дискурстық талдау негізінде лексикология бөлімінде орындалған диссертациялардың зерттеу арқауы арқылы нақты көрініс тапты (Г.Имашева «М.Дулатұлы шығармаларындағы ғаламның тілдік бейнесі»: канд. дисс. 2007 ж.; Ж.Ермекова «Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы»: канд. дисс. 2010 ж.; Г.Сабирова «Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу» (Ж.Нәжмеденов өлеңдері негізінде): канд. дисс. 2010 ж. т.б.). В. фон Гумбольдттің пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сөз байлығы мен көркем тілі арқылы сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Демек, бұл парадигмаға сай зерттеу нысаны болатын тіл – объективті дүниенің субъективті бейнесі. Соған сай ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын тілдің негізгі құралы – әр ұлт тілінің лексикалық байлығы. Оның мазмұнын құрайтын ұлттың рухани дүниесі, сонымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, жалпы ұжымның (ұлттың) тұрмысы мен дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. Оның негізгі бір сипаты – оңайлықпен өзгере салмайтын тұрақтылығы. Осыған орай мазмұнында ұлт болмысы бейнеленген лексикалық қор арқылы ұлт өмірінің желісі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. В. фон Гумбольдттің пікіріне сүйеніп, осы бағыттың Ресейдегі көрнекті өкілі А.А.Потебня т.б. ғалымдар тілді халықтың мәдениетімен біртұтас байланыста болатын шығармашылық құбылыс деп санайды. Тілді, негізінен, таңбалық жүйе деп қарау және сол кезеңде қатты дами бастаған дәл ғылымдардың әсерімен тілдік бірліктердің құрылымы мен қызметіне ерекше назар аудару ішкі форма, семантика мәселелерін ығыстырып тастады. Нақты айтқанда, ХХ ғасыр басындағы тіл білімінің дамуы негізгі назардың субстанциялық көзқарастан құрылымдық-функционалдық көзқарасқа аууымен сипатталады. Тіл білімі тарихының бір кезеңін көрсететін осы бағыт, атап айтқанда, структурализм бағыты негізінен Ф. де Соссюр есімімен байланыстырылады. Тілдің сыртқы тұлғасына, құрылымына көңіл бөлген Ф. де Соссюр ілімі тілді синхрондық тұрғыдан зерттеуді күшейтіп, диахрондық жағынан қарастыруды әлсіретті. Соған сай тілдің негізгі қызметі ретінде оны қарым-қатынас құралы деп бағалап, кеңестік тіл білімінде оның танымдық, руханилық қызметіне дұрыс мән берілмеді. Тіл білімінің әрі қарай құрылымдық жүйе негізінде жүргізілген жан-жақты зерттеулерінің нәтижесі мен даму барысында тілдің ішкі мәнін негіз деп санап, тілді жүйелі құбылыс немесе таңбалы жүйе деп қарау лексика саласын кешенді сипатта және тарихи деривация мен номинация шегінде қарастырумен ерекшеленеді. Осымен байланысты тілдің лексикалық байлығының ішкі формасы мен мазмұнын, халқымызға тән рухани қазынасын бойына сіңіріп, сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізген ана тілінің құдіреті тілдің мұрагерлік (куммулятивтік) қызметімен байланысты. Соның негізінде ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған көне тамырлы сөздердің тарихына үңіліп, жасалу және сақталу жолдарының тілдік құралдарын анықтау, мағыналық даму заңдылықтарын көрсету, көнеру себептерін ашудың лексикологияға, тарихи лексикологияға қатысты теориялық мәні болса, ал түсіндірме, этимологиялық, екітілді аударма сөздіктер жасауға, оларды сапалық-мазмұндық жағынан неғұрлым жетілдіре түсуге көмектесіп, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа сай практикалық та жүк көтереді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ұлттың инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тілі арқылы ғасырлай бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну міндетін құрылымдық лингвистиканың лексикология саласының шеңберінде толықтай іске асыру мүмкіндігі шектеулі екендігі байқалады. Сондықтан зерттеу өрісінің кеңеюі лексикология қойнынан этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану сияқты іштей жіктелуді қажет етті. Осы бағыттағы лексикологиялық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып, көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мағына-мазмұнын ашуға бағытталғанын байқасақ, енді бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тұла бойы тарихқа тола тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болу уәждерін айқындауды мақсат ететінін көреміз. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегін, оның салт-дәстүрін, ата-бабаларының тағылымын, елдік қасиетін, қоршаған табиғи ортасын, сондай-ақ этнос өмір тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бұл бағыттағы зерттеулердің орындалуы лексикология бөлімінің төмендегі ғылыми жобаларында көрініс тапқан: «Қазақ тіліндегі лингвомәдениеттанымдық концептілер және олардың жүйесі әртүрлі тілдерде салыстырылуы» (2003-2005 жж.); «Қазақ тілі лексикасының лингвоелтанымдық аспектілері» (2006-2008 жж.); «Қазақ мәдени кеңістігінің этномаркерлік лексикасы» (2009-2011 жж.); «Ұлттық идея – Қазақстанның дамуының негізі» қолданбалы зерттеу бағдарламасы аясында «Қазақ тілінің ұлтты рухани тұтастырушылық қызметі» (2007-2009 жж.). Өз бастауын лексикологиялық зерттеулерден алған бұл бағыттағы ізденістер бірте-бірте өздерінің зерттеу нысанын, бағыт-бағдарын айқындап, тәсілін ұстартып, даму, жетілу және соған сай жіктелу үстінде. Соның айғағы – Институттағы лексикологияның бір тармағы іспеттес жеке этнолингвистика бөлімі. Сол бөлімде орындалған академик Ә.Қайдардың «Қазақтар: Ана тілі әлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігі. Сонымен бірге бұл салаға қатысты әртүрлі тақырып бойынша қорғалған диссертациялардың (Е.Жанпейісов, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева, Қ.Ғабитханұлы, Б.Сағын, С.Сәтенова, А.Жылқыбаева, А.Мұқатаева, Қ.Аронов, Р.Шойбеков, Б.Уызбаева, М.Мұсабаева, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева, Ә.Алмауытова, А.Ока т.б.) зерттеу тіні лексикологиямен сабақтас та, тамырлас та. Оның нақты дәлелін жоғарыда көрсетілген лексикология бөлімінің ғылыми-өндірістік жоспарлары негізінде орындалған іргелі зерттеулерінің тақырыптарынан да көруге болады. Сонымен, этнолингвистика – халықтың этногенезін, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, этнос болмысымен материалдық және рухани тұтастықта мәдениетін сипаттайтын лексикологияның жаңа саласы. Осы екі саланың ортақтығы, ерекшелігі, зерттеу пәні т.б. қырлары туралы академик Ә.Т.Қайдаровтың және проф. Е.Н.Жанпейісов пен М.М.Копыленко еңбектерінде жан-жақты айтылған (Ә.Қайдаров Тарихи лексикология және этнолингвистика // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. 1988 ж., 33-38 бб.; Ә.Қайдаров. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. 1998 ж.; Ж. Манкеева. Қолға алынған келелі іс // Білім және еңбек, 1985, № 9; Е.Жанпейі - Советская Этнолингвистика // Ана тілі, 1994, № 3, 20 қаңтар; Төрт түлік төңірегінде: жылқы // ҚР ҒА-сының Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2006 ж., №1; Төрт түлік төңірегінде: сиыр // ҚР ҰҒА-сының Хабарлары. 2006 ж., №4; Төрт түлік төңірегінде: қой, ешкі. ҚР ҒА-сының Хабарлары. 2006 ж.; М.М.Копыленко. Основы этнолинвистики. 1995 ж.) Осымен байланысты қазақ тілі лексикасының қыпшақтық қабатын ажырату және анықтау, тектес материалдарды теңестіру, инварианттарды салыстыру т.с.с. әртүрлі мәселеге қатысты ғалымдардың істеп жатқан жұмыстары қазақ тілі лексикасын және оның қалпына келтіріліп отырған ежелгі мәдени атауларын даму үстіндегі өлшем ретінде қарастыруға болады деп топшылауға мүмкіндік береді. Себебі жалпы қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көріне береді. Бірақ тілдің дамуының сенімді теориясын жасау үшін нақты тілдік деректер белгілі бір жүйеге негізделген кең түрдегі зерттеулерді талап етеді. Тек соның негізінде ғана қыпшақ лексикасының жалпы түркілік қордан бөлініп шығып қалыптасуын және одан әрі қарай жеке тілдерге ыдырауын айқындай аламыз. Жалпытүркілік лексиканың айырмашылығы, негізінен, дыбыстық және морфологиялық (құрылымдық өзгерістер) деңгейлерді қамтиды да, семантикалық тұрғыдан жалпытүркілік біркелкілік сақталған. Қазіргі түркі тілдерінің көптеген грамматикаларының лексика бөлімінде, басқа да әртүрлі зерттеулерде жалпытүркілік атаулардың сан түрлі саласы көрсетілген. Қазақ тіліндегі олардың жалпытүркілік қабатын айқындау байырғы (базистік) лексиканың мағынасы мен құрылымын фоно-морфо-семантикалық корреляция негізінде қатар зерттеу арқылы анықтаудан басталады. Ал байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құрылымы бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан да академик Ә.Т.Қайдаровтың «Структура односложных корней-основ в казахском языке» (1986) атты үлкен монографиясының көздеген мақсаты – түбір моносиллабтардың фоно-морфо-семантикалық табиғатын ашу. Онда қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығының негізін құрайтын бір буынды түбірлер-негіздер талданып, сипатталады. Осы кітаптың қосымша сөздігінде жеке қолданылатын моносиллабтар ғана емес, тарихи туынды түбірлерде «сүрленіп» қалған, мағынасы күңгірттенген «өлі» түбірлер де берілген. Мәселенің бұлайша қойылуының маңыздылығы аталмыш еңбекте әрбір түркі тіліндегі «бір буынды түбір-негіздер бүкіл базистік лексиканың өзегін құрайтындығымен» түсіндіріледі. Жалпы тіл заңдылығына сәйкес өзгеріп, әлденеше қырынан көріне алатын лексиканың оралымдық, икемділік мүмкіндігін көрсететін ерекшелігі – бөлім қызметкері, профессор С.Бизақовтың еңбектерінде (Қазақ тіліндегі сөз варианттары: докт. дисс. (2002)) жан-жақты қарастырылған жарыспалылық (варианттылық) құбылысы. Тілді байыту, жетілдірудің амал-тәсілдерін дамыту құралы ретінде ғалым оның дублет, морфологиялық, лексикалық, фонетикалық варианттарын дәйектеп көрсетеді. Сол сияқты лексиканың номинативтік және этимологиялық қырларының тарихи қалыптасуында дыбысбейнелеуіш сөздердің де рөлі үлкен екені белгілі. Осы орайда бұл құбылысты арнайы зерттеген проф. К.Ш.Хұсайынның «Звукоизобразительность в казахском языке» (1988) атты еңбегі және оның салыстырмалы талдау көлемін кеңейтіп, дыбысбейнелеуіш бірліктерді функционалдық та, тарихи да тұрғыдан қарастырған «Дыбысбейнелеуіш теориясының негіздері» (2009) атты еңбегі. Соның нәтижесінде лексикалық бірліктердің дыбысбейнелеуіштік тегі анықталып, қазіргі қазақ тілінің лексикасының дыбыстық, морфологиялық және семантикалық ерекшеліктеріне дыбысбейнелеуіштік құбылыстың тигізер әсері айқындалған. Осы мақсатта ғалым алғаш рет қазақ тілі лексикасының негізінде бір және екі буынды түбір-негіздер деңгейінде дыбыстың түркітануда бейнелеу мәселесін зерттейді. Бұрынғы кеңестік түркітануда қыпшақ тілдерінің лексикасы, оның лексика-семантикалық топтары жөнінде еңбек аз жазылған жоқ. (Юлдашев А.А. Лексика (Проспект) К сравнительно-исторической грамматике тюркских языков. Т. 4. - М., 1981; Мусаев К.М. Лексика тюркских языков в сравнительном освещении. - М., 1975; Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. - М., 1984; Историческое развитие лексики тюркских языков. - М., 1961; Исследования по грамматике тюркских языков. - М., 1962, Ч. 4. Лексика; Юнусалиев Б.М. Киргизская лексикология. - Фрунзе, 1959, Ч.1; Меметов А.М. Источники формирования лексики крымско-татарского языка. - Ташкент, 1988 т.б.). Соның бірі лексикалық құрамы қазіргі қыпшақ тобындағы (әсіресе Орта Азия аймағындағы) тілдердің лексикасымен толық ия ішінара ортақтығымен ерекшеленетін қазақ тілінің де лексикалық құрамын зерттеуге қазақ тіл білімі дамуының барлық кезеңінде назар аударылып отырды. Лексикологияның жекелеген мәселелерін қарастырған ғылыми еңбектер, әртүрлі сөздіктер жарық көрді. (Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Өңделіп, толықтырылған II басылымы (1988); Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы (1991) Түсіндірме сөздік пен диалектілік және ономастикалық, терминологиялық лексиканың қорын жасау мақсатындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында миллиондаған карточка тізілді. Сонымен бірге сөздердің семантикалық және тақырыптық топтары бойынша да зерттеулер жүргізілуде (Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі (1962); Айгабылов А. Профессиональные слова плодоовощеводства в казахском языке: автореф. дисс. канд. филол. наук (1976); Айтазин К. Профессиональная лексика рыбного хозяйства Казахстана: автореф. дисс. канд. филол. наук (1973); Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі (1991); Бизақов С. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі (2005) т.б. Соның негізінде жинақталған қазақ тілі лексикасы тарихи тұрғыдан туыстас түркі тілдерімен, ескі жазба ескерткіштерімен, тіл дамуындағы әртүрлі тілдік деңгейлердегі тарихи сілемдермен салыстырылып, диахронды түрде талдауды қажет етеді. Оның басталуын түркі тілдерінің лексикасын зерттеуші К.М.Мұсаевтың «Лексикология тюркских языков» (М., 1984) атты монографиясымен байланыстыра қараған жөн секілді. Аталған еңбекте қыпшақ тілдерін, оның ішінде батыс қыпшақ тобының лексикасын салыстыра қараған осы бағыттағы зерттеулердің негізі жасалды деп қарауға болады. Өкінішке орай, осы тектес зерттеулердің жалпытүркілік тұрғыдан типологиялық сипаты әртүрлі объективті себептерге байланысты қажетті жалғастығын таппай қалды. Шын мәнінде қазақ тілінің лексикалық құрылысының дамуын жеке бөліп қарастыру мүмкін емес. Себебі жалпы қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрініс береді. Бірақ тілдік дамудың сенімді теориясын жасау үшін нақты тілдердің зерттелуінің мәні ерекше. Бұл қазіргі лингвистика ғылымы деңгейінің осы ия басқа тілдік мәселелердің теориялық шешімдерін ғана емес, сонымен бірге нақты тілдік деректерге негізделген кең түрдегі зерттеулерді талап етеді. Бұл тұрғыдан тілдің лексикалық деңгейі жай тілдік деректердің жиынтығы емес, ұлттың мәдени болмысын айғақтайтын таусылмас көз. Қазақ тілі лексикасының да негізгі өзегі басқа түркі тілдерінікі сияқты мынадай маңызды қолданыс аяларымен байланысты сөздерде көрінеді: рухани байлық, материалдық болмыс, табиғат құбылыстары, фауна және флора, еңбек құралдары, ағза атаулары т.б. Ол салалардың нақты зерттеу нәтижелері Е.Жанпейісовтың (Этнолексика казахского языка (на материалах произведении М.Ауэзова. 1989 г.), Б.Қалиевтың (Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. 1988 ж.), С.Сәтенованың (Образно-фоновая основа устойчивых выражений образованных на основе лексики скотоводства в казахском языке: канд. дисс. 1997 г.; Ж.А.Манкееваның (Қазақ тіліндегі мәдени лексика: докт. дисс. 1997 ж.) т.б. зерттеулерінен көрінеді. Соның ішінде қыпшақ тілдеріндегі лексикалық тұлғалардың байырғылығын және біркелкілігін жан-жақты көрсететін бірден-бір сала – күнделікті тұрмысқа қажетті, материалдық мәдениетке қатысты зат атаулары.Материалдық мәдениеттің сан қырлы салаларына қатысты қыпшақ тобына жататын тілдерде қалыптасқан атауларға тарихи-этнолингвистикалық зерттеу жасау өте күрделі еңбекті талап етеді. Осы мақсатқа сай Ж.А.Манкееваның «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» (2008) атты монографиясында тарихи-рухани көздерден жинақталған мәдени атаулар тіл мен таным сабақтастығында кешенді сипатта қарастырылады.Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін тілдік деректердің ұлтты тұтастырушы қызметі когнитивтік лингвистиканың антропоцентристік бағыты тұрғысынан сипатталады. Қазақ тіл білімінде осы үрдістің жалғасып, өріс алуын «тіл – ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, материалдық өндіріс пен тұрмыс күйін ұлттың рухани дүниесімен сабақтас сипаттайтын этнотаңбалар жүйесінің өзекті арқауы» деген қағидамен сипаттауға болады. Соған сәйкес этнос болмысын оның тілі (этнолексикасы) арқылы танып білу мақсатынан туындаған жоғарыда атап көрсетілген лексикологияның жаңа да дербес саласы – этнолингвистика. Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде проф. Е.Н.Жанпейісовтің еңбектері өзінің теориялық деңгейімен, бай этнографиялық материалымен, кең ауқымды салыстырмалы, этимологиялық талдауларымен ерекшеленеді (Жанпейісов Е.Н. «Абай жолы» эпопеясының тілі. 1976 ж.; Жанпеисов Е.Н. Историко-этимологические заметки // Известия АН КазССР. Сер. филол., 1980, № 1; Жанпеисов Е.Н. Об этнографической лексике в произведениях М.Ауэзова // Вестник АН КазССР. 1983, № 3; Жанпейісов Е.Н. Этнолингвистика // Ана тілі. 1994, № 3, 20-қаңтар; т.б.) Солардың арасында М.Әуезовтің шығармаларының материалы негізінде қазақтың этномәдени лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған монографиясының орны бөлек (Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведении М.Ауэзова). 1989 г.) Осы еңбекте материалдық мәдениетке, рухани мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және отбасылық қатынастарға қатысты лексикадан тұратын бай материалды талдау үстінде басқа түркі тілдерінің салыстырмалы деректері де кеңінен пайдаланылған. Кітаптың соңында М.Әуезов шығармаларындағы этнолексемалардың тұтас тізімі жүйеленіп берілген. Қазақ тіл білімінде лексиканың этномәдени қырлары жан-жақты қарастырылып, этнолингвистиканың өріс алып келе жатқан тұсында проф. М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы теориялық негіздерін түсіндіруге арналған «Основы этнолингвистики» (1995) атты монографиясы елеулі жаңалық болды. Бұл жұмыс – жаңа зерттеу саласы, жеке пән ретінде тікелей этнолингвистика негіздерін, бұған дейінгі тілді зерттеу қойнауындағы оның нышандарын анықтаған, болашақ даму перспективасын көрсетуге арналған жалпы тіл біліміндегі тұңғыш зерттеу. Қазақ тілінде зергерлік қолөнер саласындағы лексиканың зерттелуіне қатысты оны халықтың тарихымен, рухани мәдениетімен сабақтастыра қарап, ұлттық мәдениет тұрғысынан бағалап, орасан мол тілдік материал жинап, жан-жақты талдап түсіндірген Р.Шойбековтың еңбегінің орны ерекше Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі (1991); Лексика ювелирного искусства казахского языка: канд. дисс. (1987); Қазақ қолөнер лексикасы: докт. дисс. (2006)). Ғалымның «Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы» атты кітабында зергерлік өнерінің шығу тарихы, әшекей бұйымдардың тұрмыста атқарған қызметі, оларды тұтынудағы салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, асыл тастар мен зергерлік аспаптардың ерекшеліктері тілдік, этнографиялық, өнертану тұрғысынан кешенді түрде баяндалады. Автор мұнда зергерлік өнеріне байланысты сөздердің қалай жасалғандығы, мағыналары, этнографиялық мәні, шығу төркіні жайын түсіндіреді. Зергерлік өнеріне қатысты пайда болған этнографизмдерге, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға, тұрақты теңеулер мен сөз тіркестеріне этнолингвистикалық сипаттама береді. Бұл – зергерлік атаулардың тек материалдық мәдениет үлгісі ретіндегі мәнін анықтау емес, оларды ұлттық танымның архаикалық көрінісі ретіндегі мәдени-рухани қызметі мен әшекей бұйымы ретінде күні бүгінге дейін қолданылатын ұлттық мәдени бұйымды танытудың лингвомәдени қағидасы. Тақырыптық топтастыру кәсіби лексикаға экстралингвистикалық сипаттама беруге, заттар мен құбылыстардың өздеріе тікелей бағытталған сөз топтарын анықтауға, лингвистикалық жалпы шолу жасауға, оның қазіргі кезеңдегі біртұтас жүйесін көрсетуге ыңғайлы әдістердің бірінен саналады» деген бағасымен негізінен келісе отырып, дегенмен, оның өне бойы жеткілікті болмайтынын, жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін кейде ономасиологиялық, лексика-семантикалық топта қарастырудың да қажеттілігі де байқалады. Қазақ халқының рухани өрісіне қатысты лексиканың бір саласы – оның ұлттық-мәдени болмысын танытатын, адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында туындайтын, жағымды және жағымсыз көңіл-күйді сипаттайтын идиоэтникалық сөз орамдары. Ондай сөздер әр адамның мінез-құлық ерекшелігінен, өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасынан, жұмыстағы, үйдегі қалыптасқан жағдайынан, тұрмыс-тіршілігінен туындайтын, солардан байқалатын эмоциялық жағдаймен байланысты айтылады. Ғалым С.Бизақов «Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдары» (2007) атты монографиясында: «Қуанышы мен қиыншылығы, ризашылы-ғы мен реніші, жетістігі мен кемшілігі, өкініші мен қайғы-мұңы, жиіркеніші мен сүйініші, сыйлауы мен жек көрініші қатар жүретін бұл фәни дүниеде тіршілік иесінің эмоцияға толы тебіренісі мен сезімін танытатын сөзқолда-ныстарын көңіл-күй лебіздері» – деп атайды. Көңіл-күй лебіздеріне қатысты лексика адамдардың күнделікті қарым-қатынасында жарасымды үйлесім табу нәтижесінде орын алатын қилы құбылыстарды сіңіріп қорытатын адам жанының сырлы әлемі іспеттес. Олар өзінің сыр-сипаты жағынан да, мағына тиянақтылығы мен тұтастығы жағынан да тіркесе айтылуы мен стиль жағынан да, қолданылу сәттері жа-ғынан да өзіне тән ерекшелігі бар тіліміздің қалыптасқан сөз топтарын, сан-салалы тізбегін, тіліміздің өзіне лайық ұлттық қасиетін айқындайтын айрықша бір бөлігі. Бүгінгі күнгі тіл білімінде қазақ лексикасын зерттеудің жаңа лингвистикалық бағытқа сай жалғастығын функционалды, когнитивті лингвистика салаларынан таба алады. Соның нәтижесінде адам қоғамының қарым-қатынас және таным құралы (оның нақты көрінісі – лексика) ретіндегі тілдің тарихи-динамикалық категория ретінде жаңа деңгейдегі зерттеу нысанына айнала алатын ғылыми негіздері бар. Осымен байланысты қазақ тіліндегі мифологиялық лексика, көркем мәтін кеңістігіндегі мәдени коннотация мен концептуалдық жүйе, тезаурустық лексика т.б. лексикалық байлықты кешенді зерттеуге арналған Қ.Ғабитханұлы, А.Хабиева, А.Әмірбекова, Г.Сабирова т.б. еңбектерінің мәні аса өзекті (Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. 2006 ж.; Хабиева А. Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер (Махамбет шығармашылығы негізінде): канд. дисс. 2007 ж.; Әмірбекова А. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша): канд. дисс. 2006 ж.); Сабирова Г. Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжмеденов өлеңдері негізінде): канд. дисс. 2010 ж.). Антропоөзектік бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулердің барысы тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие екенін көрсетіп отыр. Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады. Мысалы, тіл мен мәдениеттің атауына ұйытқы болған этнографизмдер – ана тілі байлығының бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының бірі және бүгінде жалпыхалықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздер мен сөз тіркестерінің мағына-мәнін танытатын мәдени әрі тарихи ақпараттар көзі. Бірақ этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар ететін этнографизмдер, тілімізде мағынасы ұмыт болған әртүрлі этноатаулар олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мәдениеттің жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен жеткізу – ұлт болмысын, ұлт мәдениетін танытудың бір жолы. Осыған орай, қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер, ескіліктер т.б. этнодеректер мәдени-рухани байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені диалектілік лексикада, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің құрамында, тарихи көркем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор мен эпос тілінде сақталған. Осыған орай қазіргі лингвистика саласындағы ғылыми ой дамуының жаңа үрдістері оның айқын адамтанымдық бағытын белгілейді. Осылайша мәдени- әлеуметтік әрекет үстіндегі тілді тұтынушының тілін (оның ішінде ең «сезімтал» бөлігі лексикалық деңгейі) тануда адамды, социумды жан-жақты зерттеу тіл білімінде өз кезегінде функционалды парадигма туғызды. Осымен байланысты қазіргі лингвистиканың құрылымын өзгерткен әртүрлі ғылыми теориялар, оның дәстүрлі түрде қалыптасқан салаларының арасындағы шекараны тоғыстырып, кешенді сипатпен толықтырды. Соның нәтижесінде жалпы тіл білімінде қалыптасқан социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану т.с.с. сабақтас ғылым салалары зерттеу нысанының өзегін тілдің өзі емес, тілді құрал ретінде пайдаланатын тілді тұтынушының болмысын, іс-әрекетін, таным-пайымын зерттеуге бағытталған адамтанымдық мақсат құрайды. Атап айтқанда, сол тілде сөйлеушінің ішкі әлеміне ерекше көңіл бөлу мақсаты тіл білімінің басқа да (философия, тарих, психология, логика, әлеуметтану, этнография, мәдениеттану т.б.) ғылымдармен тоғысуына әкелді. Осының нәтижесіндегі лингвистикалық зерттеулердің тұтастық (интеграциялық) сипаты ерекше көрінетін лексикалық деңгейдегі тілді ұлтпен біртұтас жүйе ретінде айқындайды. Соның нәтижесінде лексиканың, көне атаулардың таңбалану уәждемесінің мәдени құндылыққа ие болу ерекшелігінің анықталуы адамтанымдық бағыттағы лексикологиялық зерттеулердің өзегіне айналды. Бөлім қызметкерлері «Мәдени мұра» бойынша, басқа да Институт шығарған әртүрлі сөздіктердің автор, құрастырушы, жауапты шығарушы, редакторлар алқасының құрамында еңбектеніп келеді (Онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» - Ж.Манкеева; «Синонимдер сөздігі», «Варианттар сөздігі» - С.Бизақов; «Қазақша-орысша сөздік», «Қазақша-орысша-ағылшынша этнолингвистикалық сөздік», «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік» - К.Хұсайын). Болашаққа ұласатын жұмыстарда заттық және рухани мәдени ұғымдардың тілдік көріністері (этнографизмдердің, лингвокультуремалардың,лингвоелтанымдық бірліктердің, этномаркерленген ескіліктердің) мәдени ұғым ретінде санада қалыптасуы мен аталуы, сөз ретінде ұлт жадында терең сақталуына негіз болатын стереотиптік, ассоциативтік, перцептивтік, сенсорлық т.б. психикалық аппараттардың қызметтерін психолингвистикалық талдау мәселелері жан-жақты зерттелуі тиіс. Бұл лексикологиялық зерттеулерді антропоөзектік парадигмаға сай жүргізіп, тіл арқылы этнос болмысын танудың когнитивтік деңгейіне терең бойлауға мүмкіндік береді. Бөлім қызметкерлері туралы ақпарат ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексикология бөлімінің бас ғылыми қызметкері – Манкеева Жамал Айтқалиқызы, филология ғылымдарының докторы: 10.02.06 – түркі тілдері (1997 ж.), профессор (2002 ж.). Ж.А.Манкеева 1950 жылы 26 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған. 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітіріп, осы университеттің аспирантурасына (күндізгі бөліміне) қалдырылған. 1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді. 2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды. ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланысты Қазтест жобасына, басқа да оқулықтар мен сөздіктерге сарапшы ретінде қатысады. Қазіргі қазақ тіл білімін дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді. 1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы. Әмірбекова Айгүл Бәйдебекқызы - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Ғабитханұлы Қайрат - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Хабиева Алмагүл Алтайқызы - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты. Талғатқызы Гүлнара - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Лексикология бөлімінің ғылыми қызметкері. ## Дереккөздер
Он бір буынды өлең — қазақ поэзиясында бұрыннан жиі қолданып келе жатқан өлең өлшемі. Өлең тармағы үш бунақтан құралады. Басқа екі бунақ 3 буын, 4 буын, немесе, 4 буын, з буын болып еркін ауысып түсе береді. Ал соңғы үшінші бунақ үнемі 4 буынды болып келеді. Онбір буынды өлеңнің тағы бір өлшемдік үлгісі бар, оның өзгешелігі-алғашқы екі бунақтың екеуі де 4 буынды болып келеді. Қалың қара бұлт арылып басымнан,Тәңір жазса, өш алармын қасымнан.Жан бауырым, жыламашы егіліп,Мен садаға мөлдіреген жасыңнан. Бунақтардың орын ауыспайтындықтан, бұл өлшем түрінде өлең ырғағы біркелкілеу, сондықтан бұл негізгі түріне қарағанда азырақ қолданылады. Дегенмен, Абайдан кейінгі дәуірде бұл өлшем түрі көптеген ақындардың шығармаларында кездесіп отырады. ## Дереккөздер
Шамшаттар тұқымдасы (лат. Fagaceae) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы. Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан (талшын). Жапырақ түсетін және мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұталар, басым қоңыржай және субтропикалық облыстарда кеңінен тараған 8 туыс, 950 түрді біріктіреді. Шамшаттар мен емендер жалпақжапырақты орман түзетін негіз болып табылады. Ағаштар кезекті жай жапырақты, ерте түсетін бөбе жапырақтары бар, гүлдеуі жапырақ ашалғанға немесе ашылғаннан кейін жүреді. Бір үйлі өсімдік, гүл шоғыры дара жынысты. Гүлдері бір жынысты, дұрыс, ұсақ, гүл шоғырының негізгі осінде топтанып немесе бірден орналасады. Гүл қоршауы қарапайым, түссіз, 4-7 жарнақта. Аталық гүлдеріндегі аталықтары бос, олардың сандары гүл қоршауының жарнақтарының санынан екі есе артады. Аналық гүлдеріндегі аналығы 3-6 жемісжапырақшалы. Түйіні төменгі. Жемісі – жаңғақ. Тұқымы ірі ұрықты эндоспермсіз.Негізгі өкілдері – емен, шамшат, каштан. Қазақстанда еменнің (орыс. дуб черешчатый - лат. Quercus robur) аязға төзімді 1 түрі өседі, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Шамшаттардың ағашы бағаланады, еменнің қабығында дубильді заттар болады оны медицинада қолданады. Каштан мен еменнің жемістерін тамаққа пайдаланады, кофеге суррогат болып табылады. Тығындық еменнен тығын жасайды, шығысазиат еменінің жапырағымен қытай емен жібекқұртының кокондарын қоектендіріп, олардан ерекше жібек сорттарын алады. ## Дереккөздер
Ботамойнақ (1993 жылға дейін — Свердлово) — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Ботамойнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 4 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Диқан — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Нұғыман Сәрсенұлы Манаев (17.09.1894, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Жанбай ауылы - 1942) — ғалым, ағартушы, мемлекет қайраткері. Уфадағы "Ғалия" медресесін бітірген (1916). Бейімбет Майлинмен бірге "Садақ" атты қазақ оқушыларының қолжазба журналын ұйымдастырып, қосымша редакторы болған. "Айқап" журналында мақалалары, 1915 жылы "Аяқталмаған романнан үзінді" көркем туындысы жарияланған. Медреседен кейін туған ауылында ұстаздық етіп, "Талап" мектебінің негізін салады. Болашақ мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырған. 1919 — 22 жылдары жергілікті кеңес, оқу-ағарту жұмысына басшылық жасайды. 1923 - 25 жылдары Бөкей губерниясы атқару комитетінің орынбасары, губерния партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1925 - 26 жылдары Орал губерниясында бөлім меңгерушісі, 1926- 29 жылдары Жетісу губерниясы, Ақтөбе округ партия комитетерінің бірінші хатшысы, 1929 - 30 жылдары Қазақ АКСР-інің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары аудармашылық және шығармашылық жұмыспен айналысқан. "Иман ислам" (Т.Жароковпен бірге) кітабы, "Жастар арасында", "Азамат" шағын пьесалары бар. Шәңгерей Бөкеев өлеңдері, Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" романы жайлы зерттеулері ұлттық әдебиеттану ғылымына қосылған сүбелі үлес болып табылады. Манаев 1934 жылы Шәңгерейдің өлеңдер жинағын жеке кітап етіп бастырып, алғы сөзін, өмірбаянын, түсініктерін жазған. ## Толығырақ 1918 жылы Уфадағы “Ға-лия” медресесін бітірген. 1916 – 20 жылдары Уфадағы “Шығыс баспасы” баспаханасында әріп теруші, корректор, “Орал” газетінде жауапты хатшы, мектеп мұғалімі, кедейлер комитетінің төрағасы, Астрахань қалалық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1921 – 28 жылдары Теңіз уездік атқару к-тінің төрағасы, Бөкей, Орал губернияларында халық ағарту, үгіт-насихат бөлімдерінің меңгерушісі, Орал қаласындағы “Қы-зыл Ту” газетінің редакторы, 1926 – 28 жылдары Жетісу губерниясы және Ақтөбе округтік комитетітінің жауапты хатшысы, 1929 – 30 жылдары Қазақ АКСР-і халық ағарту халық комиссары, 1932 – 37 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының, Қазақ өлкелік комитеті мәдени-ағарту бөлімінің қызметкері, Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеулер институтында аудармашылар секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, ату жазасына кесілген. 1958 жылы мамыр айында ақталды. ## Дереккөздер
Қайнар — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан шығысқа қарай 9 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Оралым — өлең сөздегі синтаксистік өрнектер, сөйлемдердің өрнектелу үлгілері. Ахмет Байтұрсынов кіргізген термин. Синтаксистік оралымды өрнекті сөйлем, көлемді, күрделі құрмалас сөйлемдер деумен бірге, тізбектеліп, әр түрлі тәсілмен топталып, тұтасып келетін және тиянақты бір ойды білдіретін сөйлемдер шоғыры деп қараған дұрыс сияқты. Өлең сөзде тармақтардың тұрақты мөлшерде, белгілі ретпен топтасуы шумақ деп аталатыны белгілі. Шумақ құрылымы алдымен өлең өлшемі, ырғағының тұрақтылығына байланысты келеді. Әрине, әр шумақ синтаксистік сипаты жағынан, яғни, сөйлемдерінің құрылыс-қалпынан да тиянақтылық танытады. Ал бірақ оралымның одан айырмасы-ол бір шумақты да, бірнеше шумақты да, кейде тіпті өлеңді түгелдей қамтитын синтаксистік өнер, сөйлемдердің мағыналық жағынан әр түрлі тәсілмен топтасуы, шумақсыз өлеңде де тұтасып келетін сөйлемдер шоғыры. Жыр тармақтарының әр түрлі көлемде түйдек-түйдек болып еркін топтасуы синтаксистік оралым үлгілеріне кейде жақын келуі мүмкін. Алайда оралым-шумақты өлеңге, түйдекті жырға, шумақсыз өлеңде де ортақ ұғым, өзінше синтаксистік тұтастығы бар өрнекті сөйлемдер. Өлеңде құрмалас сөйлемге кіретін жай сөйлемдерді әр түрлі ретпен топтастырып, синтаксистік оралымды өте күрделі етіп, өрнектеп келтіру мүмкіндігі мол. А. Байтұрсынов ұқсатпалы, қайшы, шартты, жалғасыңқы серіппелі, айырықты, қорытпалы деп атаған оралым түрлері бұған дәлел бола алады. Осының бір-екеуіне қазіргі поэзиядан мысал келтірейік: Қайшы оралым: Көкейіне қонсын деп қазағымның,Бір өлеңді бір емес, жазамын мыңЖазып-жазып қалжырап,Келесі күнРахатын көремін азабымның.Болмай бірақ тұрмайды бір ағаттық,Бірге тойлап қызығын жұрағаттың,Бөсіп-бөсіп түнімен, Келесі күнТартып жатам азабын рахаттың. Шартты оралым: Достарымнан жақсылық күтпес едім,Көре тұра мінімді сынамаса.Өміріме көңілім бітпес еді,Мен өлгенде біреулер қуанбаса. Кейде құрылысы қарапайым сөйлемдерді де тізбектеп келтіргенде синтаксистік оралым өте айшықты, мағыналық жағынан сыйымды, кең тынысты болып шығатынын көреміз. Мысалы, Махамбеттің "Ереуіл атқа ер салмай" дегенге, соған құрылысы ұқсас ықшам шартты сөйлемдерді тізбектеп жалғастыра келіп, "Ерлердің ісі бітер ме?" деп аяғында бір-ақ қайыратыны белгілі. Синтаксистік біртұтастығы бар оралым, тіпті, бір жай сөйлемнің құрылыс-қалпын сақтай отырып, бірыңғайлас сөйлемдерді қатарластыраса тізбектеу арқылы да жасауы ықтимал. ## Дереккөздер
Дәулеткерей ұғымы келесі мағыналар береді: ## Тұлғалар * Дәулеткерей — қазақ күйшісі. * Дәулеткерей Кәпұлы * Дәулеткерей сұлтан ## Елді мекен * Дәулеткерей — Құрманғазы ауданындағы ауыл.
Қаратау — Жамбыл облысындағы қала (1963 жылдан), Талас ауданының орталығы (1997 жылдан) және темір жол бекеті. ## Географиялық орны Облыстың оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі – Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1946 жылы Шолақтау кенті болып қаланған. Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланысты. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы флотациялық әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды. Қаратау 20 ғасырдың 60 – 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комбинаты салынды. 1965 – 85 жылдары Қаратауда республика деңгейдегі құрылыс ұйымдарының сала аралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. Жартас бөгені салынды (1944, сыйымдылығы 6 млн. м³). 1948 жылы Кеншілер саябағы ашылды. 1970 – 80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық технология университет) бөлімшесі ашылды. 1966 жылы құрылыс техникумы, кәсіби-технология училище құрылды (қазіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экономикалық байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, Пермь, Қоқан, Алмалық, Самарқан, Чарджев қалаларындағы химия кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады. ## Өнеркәсібі 1990 жылға дейін Қаратауда 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары «Қаратау» АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қалада химия, құрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. кәсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылық жүйесінің басқармасы, «Сарытас», «Қаратау» кен байыту басқармасы» акционерлік қоғамдары, «Мәрмәртас» кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, «ҚаратауНан», «Құрылыс-Жанар», «Жолаушы автокөлік кәсіпорны» акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. ## Инфрақұрылымы Бірнеше жалпы білім беретін мектептер, музыка, спорт мектебі, кәсіптік-технологиялық мектеп, Қаратау кен құрылысы колледжі, 2 аурухана, емхана, мәдениет сарайы, стадион, кітапхана, мешіт, т.б. мекемелер бар. Қаланың орталық алаңының өзіндік архитектура ансамблі қалыптасқан. Қаратау қаласының іргесінде ежелгі Тамды елді мекенінің орны (Тамдыкент немесе Пергант) сақталған. ## Дереккөздер
Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев (9 қаңтар 1946 жыл, Исатай ауданы Атырау облысы) — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымының кандидаты, «Қазақ түрік мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Құрмет орденінің иегері. 1970 жылы Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. 1972-1979 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің шебері, бас инженері, ҮҚК-нің бастығы. 1979-1984 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы. 1984-1985 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1985-1987 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің басқарушысы, облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы. 1987-1990 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс», «Ембімұнайқұрылыс» трестерінің бастығы. 1990-1992 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитетінің, Халық депутаттары қалалық кеңесінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - Гурьев қалалық әкімшілігінің басшысы. 1993-1999 жылдары - «Магденли-халықаралық тасымал» фирмасының, «АТМА-Әуежай Атырау және тасымал» акционерлік қоғамынының бас үйлестірушісі. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ президенттерінің кеңесшісі. 2002-2004 жылдары - «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның президенті, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. «Құрмет» орденімен, С.Радонежскийдің 1-ші дәрежелі медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі»мен марапатталған. ## Дереккөздер
Кион-хох — Ресейде Солтүстік Осетияда орналасқан тау (Алагир мен Ираф аудандарының шекарасы), биіктігі 3423 метр. Ол Басты Жотаға параллель, бірақ одан 20-25 шақырым алыс Қара Таулар жотасынжда орналасқан. Оның оңтүстігінен, тау жотасының жанында Дигориядан Осетияға жол жүргізілген. Нақтырақ айтқанда, Урухтын бастауынан Ардонның бастауына дейін көтерілген.
Көк қарға, (Coracias garrulous),- көк қарға тәріздестер отрядының бір түрі. Биік тау қыраттарын, өзен алқаптарын, орманды даланы және кең таулы алқаптағы кеңсайларды мекендейді. Оның негізгі қорегі құрт-құмырсқалар, қоңыздар, бұзаубас, шегірткелер, шекшек т.б. Көк қарға өзен жарқабактарынан ін қазып не ағаш қуысына, түрлі саңылаулы жерлерге ұя салады. Қайсыбір кездерде басқа құстардың тастап кеткен ұясын пайдаланады, көбіне қара қарғаның немесе сауысқанның ұясын пайдаланады. Ұя салу бірінші жұмыртқадан басталып, 18-19 күнге созылады. Көк қарға Африканың оңтүстігінде қыстайды. Жыл құсы. ## Көк қарға жұмыртқасы Жұмыртқалардың астына ештеңе төсемейді, жұмсақ топырақтың үстіне жұмыртқаларын баса береді.Көк қарға 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың түсі ақ, азғана жылтарағы болады. Жұмыртқаның көлемі: (33-36) х (25-28) мм. Балапандар жұмыртқадан кезегімен рет бойынша шығады. ## Дене тұрғы Ересек көк қарғаның аналығы мен аталығының түсі бірдей, әдемі құс. Көк қарғаның басы, мойны, кеудесі, бауыр тұсы, қанаттары жасылды-көкті болып келеді, тамағының асты жағы күмістей жалтырап тұрады. Арқасы, қағар қанатының ішкі түстері қоңырқай болып келеді. Қанаты 182-202, құйрығы 119-139, жіліншігі 22-25, тұмсығы 25-34 мм. ## Дереккөздер Шығыс Қазақстан. Безендірілген атлас. Шығыс-Қазақстан облысы 2012-144 бет
Майқоға (лат. Typha latifolia) – қоғалар тұқымдасына жатады. Өзен мен көлдердің жағалауында, сулы батпақты жерлерде өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі, негізінен солтүстігінде жиі. Майқоға жуан тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 100-150 см., тамырсабақтары жайыла өскен; таспа тәрізді жалпақ жапырақты, ені 4-6 мм.; аталық және аналық шоқ гүлдері ұзынша цилиндр пішіндес, 3-8 см; аналық гүлдері қара-қоңыр, жұмсақ болып келеді. Аналық гүлдері жалғыз аналықтан тұрады, аналығы ұзынша; түкті келген ұзын тағанда (гинофор) орналасқан бірұялы жатында жалғыз тұқым бүршігі дамиды. Аталық собық аналық собықтан жоғары орналасқан. Гүлсеріктері түкшелі. Бірүйлі өсімдіктер. Маусым-тамызда гүлдейді. Жемісі – дән, ұшуға бейімделген ұзынша шашақты қанатша тәріздес желге көтергіші бар. Жуан тамырсабақтары крахмалға бай болады, жеуге жарамды. Қоғалар қалың болып өседі. Жапырақтарынан түрлі бұйымдар тоқуға, қоғаның өзінен қағаз өндіруге болады. Крахмалға бай тамыр сабақтары – ондатраға, нутрийге, тағы басқа аңдарына таптырмайтын азық.
Шірікбақай (лат. Paronychia contagiosa) — тұяқтың шіруі және аша терісінің болжырауы арқылы ерекшеленетін зооноздық жүқпалы ауру. ## Тарихи деректер Ауруды ұзақ уақыт бойы некробактериозбен, яғни сарыппен шатастырып келеді. 1910 жылы Францияда Gohier аурудың ерекшеліктерін сипаттады, ал аустралиялық зоолог William Ian Beardmore Beveridge 1941 жылы қоздырушысын бөліп алды. В.Пичугин Орта Азия аймағында бұл аурудың бар екендігін хабарлады. Грипашев Қостанайда шірікбақайдың қоздырушысын бөліп алды. ## Қоздырушысы Қоздырушысы - лат. Bacteroides nodosus - бактериодтар туыстастығына жататын грамтеріс микроб. Түрі таяқша тәрізді түзу немесе аздап йілген, көлемі ірі, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді. Екі ұшы аздап жуандаған, түрі гантелге ұқсайды. Бұл ірі таяқшаның айналасында көбінесе ұсақ грам теріс микробтар орналасады. Ауасы бағасыз жағдайда арнайы қоректік орталарда өседі. Сыртқы ортада төзімсіз. Жайылымда 2 аптадан артық сақталмайды. ## Індеттік ерекшеліктері Шірікбақайға қой мен ешкінің барлық тұқымдары шалдығады. Әйтседе биязы жүнді қойлар қылшықты жүнділеріне қарағанда жиі ауырады. Жас төл уыздан алған иммунитеттің нәтижесінде жеңіл ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой мен ешкі. Олар іріңді өліетті экссудатпен микроб бөліп шығарады. Ауырып жазылған малдың зақымданған ұлпасында қоздырушы 3-4 жыл бойы сақталады. Мұндай мал әкелінген отарда індет байқалып, кейіннен тұрақтанып қалады. ## Өту мен симптомдары Жасырын кезеңі 3-6 күн. Ауру негізінен созылмалы өтеді. Шірікбақайдың негізгі белгілері: қой мен ешкінің жүргенде ауырсынып, аяғын баса алмай, тұяқ ашасы домбығып, жүні түсіп, терісінің беті көшкінденіп, әртүрлі бозғылт дақтардың пайда бола бастауы. Бұл кезде өзгеше шірік иіс пайда болады. Зақымдану жеңіл-желпі болғанда тұяқтың кейбір жері, әдетте ішкі немесе өкше жағы, босаңсып, қобырайды. Ал зақымдану біршама болғанда тұяқ мүлдем сыдырылып, түсіп қалады. Ауырған мал ақсап, жүре алмай қалады да, жүдеп кетеді. Көп жағдайда шірікбақайға сарып қабаттасып, аралас инфекция түрінде өтеді. Мұндай жағдайда ауру өте асқынып, дерт процесі тереңге кетеді. Астыңғы тарамыстар өліеттеніп, абсцессалар пайда болады. Микробтар мен оның улары қанға түсіп, өлітиюі мүмкін. Буаз саулықтар іш тастайды. Мұндай асқынған жағдайда отардағы малдың 40-70% ауырып, өлім көрсеткіші жоғары болады. ## Патологиялық-анатомиялық өзгерістер Патологиялық-анатомиялық өзгерістер негізінен тұяқта және оның айналасындағы ұлпаларда кездеседі. Тұяқ сыдырылып түсіп қалады, ал түспеген жағдайда жұқарып, жұмсарады. Кейбір тұстары өліеттенеді. Тұяқты қопарып алғанда өліеттенген жердегі ұлпалардың түсі ақшыл-сарғыш келеді, жағымсыз шірік иіс шығады. ## Емі Ауырған малды бөліп алып емдейді немесе сояды. Емдеу үшін зақымданған тұяқты тазалап, хирургиялық шаралар қолданады. ЖЫлы сумен сабындап жуып, өліетті бөлінділерден, жабысқан қыл-қыбырдан әбден тазалайды. Антисептикалық ерітінділермен сүртеді. Тұяқтың өсіп кеткен, өліеттенген, ірі кеулеген жерлерін мұқият жонып, жонылған және кесілген қалдықтарын өртеп жібереді. ## Дауалау және күресу шаралары Аурудың алдын алу үшін малды дұрыс бағып-күтіп, азықтандыру керек. Қойды тек қана бұл аурудан сау шаруашылықтан алуға болады. Сырттан әкелінген қой мен ешкіні бір айлық карантинде ұстайды. Ауруға қарсы ең басты сақтық шара - ретті түрде малдың тұяғын қарап, өсіп кеткенін жонып, арасын тазалап отыру қажет. Дауалық шара ретінде қойларды жылына екі рет аяқ ваннасынан өткізеді. Ванна үшін 10% формалин немесе 5% параформ пайдаланылады. Бұл мақсатта 5-10% тотыяйын, 10-20% цинк сульфаты ерітінділерін қолдануға болады. ## Дереккөздер
Тимирязев Климент Аркадьевич (3.6.1843, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 28.4.1920, Мәскеу қ.) – табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы орыс мектебінің негізін қалаушы. Санкт-Петербург ғылым академиясының корр. мүшесі (1890 жылдан). Санкт-Петербург университетін бітірген (1865). 1869 жылдан Егіншілік және орман академиясында (қазір К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу а. ш. академик) оқытушы болды. 1877 ж. Мәскеу университетіне профессорлыққа сайланды, өмірінің соңғы 10 жылында жазушылық-шығармашылық жұмыспен айналысты. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты өсімдік физиологиясына арналған. Тимирязев негізінен фотосинтез процесін зерттеді; спектрлік анализді қолдана отырып, фотосинтездің белсенділігі түсетін жарықтың қарқындылығына байланысты болатынын, ол үшін жарық спектрінің қызыл және көк сәулелерінің маңызды рөл атқаратынын бірінші болып дәлелдеді. Тимирязевтің қолдауымен Санкт-Петербург академиясының аумағында өсімдіктерді қолдан өсіруге арналған Ресейдегі бірінші вегетац. үй салынды. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімін Ресейде ең алғаш насихаттаушылардың және оны ілгері дамытушылардың бірі болды. Ол қазіргі кезде тіршілік етіп жүрген организмдер ұзақ уақыт эволюцияның нәтижесінен пайда болған деп көрсетті. “Дарвин теорияларының қысқаша очеркі” (1865), “Ч.Дарвин және оның ілімі” (15-басылымы, 1941), “Биологиядағы тарихи әдістер” (1922), “Өсімдіктің құрғақшылықпен күресі” (1893), т.б. еңбектерінде өсімдік физиологиясын, тіршіліктің, дүниенің табиғи құбылыстарын тәжірибелік әдістермен ұштастыра жүргізудің тиімділігін материалистік тұрғыдан дәлелдеді. Тимирязев Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1911), Глазго (1901), Кембридж (1909), Женева (1909) университеттерінің құрметті докт., Эдинбург ботаникалық қоғамының мүшесі (1911) болды. Мәскеу қаласында Тимирязевке ескерткіш орнатылып, Мәскеу а. ш. академиясына, Ресей ғылым академиясының Өсімдік физиологиясы институтына, Мәскеудің бір ауданына Тимирязев есімі берілді, тұрған үйінде мұражай ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
Бозша мөңке (лат. Carassius auratus) — тұқыттәрізділер отрядының тілікшелілер тұқымдасына жататын балық. Шығыс Қазақстанда ірі ақпайтын суқоймаларыңда, сондай-ақ, Ертіс өзені су қоймаларыңда кең тараған. Бозша мөңке өзінің «туысы» алтын мөңкеден ірілеу және ол салмағы жағынан 3 кг дейін жетсе, дене тұрқы 50 см дейін жетеді. Арқа қанаты ұзын болады. Жыныстық жағынан бозша мөңке 3-4 жасында жетіледі. Уылдырық шашуды мамырдың аяғында бастап, тамызда аяқтайды. Бозша мөңке шамамен 350 мың уылдырық шашады. Бозша мөңке уылдырығын жағалаудағы өсімдіктерге, қамыс пен қоғаның түбіне, су асты шөптерге шашады. Бозша мөңкенің өзіне тән қызықты ерекшелігі бар. Балықтың бұл түрінің аналығы аталығының қатынасынсыз уылдырық шаша береді, ал сол шашылған уылдырықтар балықтардың басқа түрлерінің шоғалының құйылуы (сазан, табан, шортан, алабұға) арқылы да жетіле береді. Бозша мөңке хирономидтің ұсақ дернәсілдерімен және су өсімдіктерімен қоректенеді. Мөңке қола өсіруге бейім балықтың түрі. Сондықтан оларды тоған жасап сонда өсіреді. ## Дереккөздер
Бердіұлы Әлмен (1888, Маңғыстау ауданы Басқұдық ауылы – 1964) – сәулетші, молда. Ескіше оқып сауат ашқан. Түрікменстанда ағаш шеберханасында жұмысшы (1929), кейін Маңғыстауға келіп ферма басқарған, егін салып, бақ отырғызумен (1936) айналысқан. Оның атымен аталған «Әлмен бақ» Үштаған ауылында күні бүгінге дейін сақталған. Бердіұлы тас қашау өнерін жетік меңгеріп, қойтас, құлпытас, бестас жасаған. Бердіұлының қолынан шыққан туындылар «Жандай», «Сонадай» мен «Ақтөбе» қорымдарында кездеседі. ## Дереккөздер
Саид Шағимерденұлы Сейфуллин (3.10.1905, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 22.5.1985, Алматы) — геолог-барлаушы, геология-минералогия ғылымы кандидаты (1960). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонт мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1965). Мәскеу Геология барлау институтын бітірген (1932), Қ.И. Сәтбаевтың шәкірті. Еңбек жолын 1929 ж. Жезқазған кенішінде бастап, 1956 жылға дейін бас геолог, геология-барлау экспедиясының бас инженері қызметтерінде болды. 1956 — 78 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында лаборатория меңгерушісі, 1978 — 85 ж. ғылыми кеңесші болды. Сейфуллин Қазақстанда металлогения ғылымын дамытуға үлес қосты. Сейфуллиннің басшылығымен жер қыртысындағы мыс кенінің орналасу заңдылықтарын ашу, геол. барлау, кенді пайдалану жұмыстарын жоспарлау және тиімді бағыттау жолға қойылды. Осы мақсатта бірқатар мыс кен орындары қалыптасуының геол.-құрылымдық, минералдық геохим. жағдайларын зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыстар атқарылды. Сейфуллин Жезқазған өңіріндегі мыс кендерін (Сарыоба, Қыпшақпай) алғаш ашты (1939 — 40). Оңтүстік Қазақстанда құмды тақтатастарды табу жұмыстарына басшылық етті. Сейфуллин екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальмен марапатталған. ## Шығармалары Геолого-структурные условия формирования месторождения Джезказгана, А.-А., 1964 (соавт.); Стратиформные месторождения меди западной части Центрального Казахстана, А.-А., 1976 (соавт.).
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ,“Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...” ## Еңбектері 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожа Сұлтанқожаұлымен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзілмеген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді. Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар. Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған. Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ” – 200 жол­дан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қолжаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б. Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтелдер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян. Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген. Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт – Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген. Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын-Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген. Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б. Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін тү­гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай­тын­дығы, диалектілік ерек­шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө­ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар­маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім. Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршы­лардың шарты. Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле­рінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым бі­лімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты­рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әң­гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ­рады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған. Қолжазбадағы кейбір материал­дардың жа­зылған жылдары да көрсе­тілген. Мәселен, “Тө­бет ішіндегі Жан­келді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар. Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль­клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс­педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс­педиция сапар­ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым­дар көптеген ауыз әде­биетін жинай­тын тіл­шілер мен өз елінің мә­дениеті мен фоль­клорына жанашыр көз­қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль­клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды. Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті. В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін салатыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз. Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен XX ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады. * Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. * Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады. * Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз. * Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар. * Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы; * Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; * Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері. Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған. Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен. Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады. Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады. Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді.Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады. Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық. Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады. Жинаушылықтың бесінші ұста­нымы – Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген. ИМАНИсламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған. "Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..." Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ. ## Сілтемелер * Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шайтанның саудасы
Мангейм мектебі (нем. Mannheimer Schule) — XVIII ғасырдың ортасында Мангейм қаласында пайда болған немістік өнер және орындау бағыты. Осы мектептің композиторлары төрт симфониялық жеке цикл ойлап тауып, классикалық классикалық симфония жасап шығарды. Осы мектепке едәуір пайдасын тигізген В.А.Моцарт болды. ## Орындаушы стиль XVIII ғасырдың ортасына таяу уақытта Мангеймнің сарай әншілер хорында ең үздік музыканттар жиналып, белгілі бір уақыттарда аспапты музыканың негізі қаланған Чехия мен Моравияда болып келген орындаушылар ең бастысы скрипкашылар мен виолончелде ойнаушылар және композиторлар бірікті. 1745 жылы Карл IV Теодордың курфюстрі уақытынды оркестрді скрипкашы және композитор Ян Стамиц басқарды. Чех музыкалық мәдениеті ұйымның жеке орындаушылық стильдерінің пайда болуына және құрылуына ерекше әсері тигізді. Замандас адамдардың айтуы бойынша «мангейм мәнеріне» динамикалық контрастттарға ерекше көңіл бөлу, үлкен, дауыстың ұзақ үдеуі және төмендеуі, «мангеймдік толқын» деп аталынған арнайы мелодиялық айналымдардың жақсы белгіленуі, кейбір ұнамды әшекей бұйымдар тән дүниелер мен элементтер болды. Негізінен алып қарағанда, мангеимдік орынаушы үлгісі сентиментализмге ұқсас, әрі жақын болды. Мысалы: аспапты музыканың бас кезеңдерінде езімді жалындарға баса көңіл аударылды; сол уақытта стильді тенденциялар-рококок да пайда болды. XVIII ғасырдың ортасы үшін мангеим оркестрі өте үлкен және ауқымды болып көрінгенімен, оның құрамына: 30 ішекті аспап, 2 флейта, 2 гобой, кларнет, 2 фагота, 2 түтік, 4 валторна, литавра кірді. Стамицқа сол уақыттар үшін ерекше, сирек жұмыс жасап жұғару мүмкіншік туындады. Оркестрді белгісіз динамикалық реңктердің жіңішке градиациялары ерекшеледі. Сол кездегі критиктердің бірі былай деп жазған екен: «Пиано, форте, ринфорцандрның толық орындалуы, бірқалыпты дауыстың төмендеуі және өсуі және дауыстың бірден әрең естілетін дыбысқа дейін айнылуы — бұның бәрін тек Мангеймде ғана естіге болатын еді» ## Шығармашылығы Болашақ "Жалпы музыка тарихының" авторы Чарлз Бёрни 1772 жылы Мангеимде болып қайтып, Мангеим сарай хор әншілер Карл Теодордың оркестрін "бірдей ұрыс жоспарын жасай алатын, кездейсоқ адаммен де қорықпай ұрысуға дайын" генералдардан тұратын үлкен, қуатты армиямен салыстырды. Мангеим оркестрінің Ян Стамиц сияқты ең танымал музыканттары, әрі композиторлары  — Ф. К. Рихтер, А. Фильс, мангеимдіктердің екінші ұрпағына жататын К. Каннабих, 1757 жылғы Стамицтің қазасынан кейін оркестрді басқарған , Дж. Тоэски, И. Френцль, И. Хольцбауэр, П. Риттер және Стамицтің балалары Карл мен Антон[5]. Сарай хор әншілеріне арнап бұл композиторлар симфония жанрының пайда болуына түрткі болған жаңа репертуар ойлап тапты. XVIII ғасырдың ортасында оркестр құрамы ережеге сәйкес кездейсоқ таңдалға болды. Сол себепті де композиторлардың шығармашылығы олардың қолда бар дүниесіне тікелей байланысты және тәуелді болды. Көбінесе үрмелі және әшекті аспаптар Карл Теодордың капелласы мангеим композиторларына қолайлы жағдай және барынша жақсы жағдай жасады. ## Дереккөздер
Бартоғай бөгені — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Шілік өзенінің таудан шыға беріс аңғарында, Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. ## Гидрологиялық режімі және сипаты Су қоймасы 1980 жылдары ауыл шаруашылығына қажетті суды жинақтау үшін Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км-дей жерде Шелек өзенін 60 метрлік темір-бетонды бөгенмен бөгеліп, салына басталды. Абсолюттік биіктігі – 1067 м. Солтүстіктен оңтүстікке 6 км-ге созылған, ені 3 км, орташа тереңігі 25 м, ең терең жері 60 м-ге жетеді. Аумағы 13 км2, суының көлемі 320 млн./м3 (пайдалы көл. 250 млн./м3). Жағалауы жарқабақты. Бөген 1986 жылы толық пайдалануға берілді. Бөген суымен Іле Алатауы етегіндегі 150 мың га жер суғарылады. Бөгенге ағып келетін судың жылдық орташа мөлшері 1 млрд./м3-ге жетеді немесе бөгеннің сыйымдылығынан 3 есе артық. Су деңгейінің өзгеруі жылына 25 м-ге дейін жетеді, сондықтан аумағы 13 – 5,6 км2 аралығында өзгереді. Суқоймаға Түрген, Есік, Қаскелең сынды өзендері құяды, ұзындығы 170 км болатын Үлкен Алматы каналы бастау алады. Суының минералдығы төмен (0,172 – 0,234 мг/л). Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты кальций тобына жатады. Суы жұмсақ, әлсіз сілтілі.Бартоғай бөгенінде сазан, тұқыбалық, мөңке, форель, т.б. балықтар тіршілік етеді. Суды жіберу маусымы ауылшаруашылығы маусымы саналатын жаз айларында жүзеге асады. Атап айтқанда маусым айынан бастап, қыркүйек айына дейінгі аралықта суқоймасынан секундына 100 куб метр су жіберіледі. Бұл кезде 100 метрден асатын ерекше үлкен фонтанды көруге болады. Бұл фонтандар тауды тесіп салынған 3 метрлік тоннел арқылы аққандықтан, қысым салдарынан туады. ## Табиғаты Су қоймасы әдемі табиғатпен қатар суасты жәндіктеріне де бай. Суқоймасы маңында экологиялық туризмді дамып келеді. Өйткені Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықта, орналасқан. Әрі табиғаты әсем. Мұнда жыл сайын мыңдаған туристер келіп, демалады. Бөген маңында табиғат аясында серуендеп, балық аулаумен қатар, Шелек өзені бойымен рафтинг ұйымдастыруға болады. Шелек өзені Іле, Күнгей Алатауларының сілемдеріндегі қар суларынан бастау алады. Өзен 3500 шақырым биіктіктен ағып келеді. Бастау алған тұсынан бастап, Бартоғай бөгеніне дейін 70 өзен-көл құйылады. Сондықтан, өзен рафтингпен айналысатындар үшін таптырмас мекен. Бөгенге Алматы-Нарынқол тасжолымен Бәйтерек, Бәйдібек би, Шелек, Байсейіт ауылдары арқылы баруға болады. Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Көкпек ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бартоғай қазақ тілінде тоғайлы жер, орманды жер деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай бөгеннің тау жақ беткейі тоғайлы болса, айналасы жартасты, тықыр болып келеді. Мұнда Бартоғай бұғысы, дала жыланы, түлкі, қасқыр сынды аңдарды кездестіруге болады. Сондай-ақ, «Қызыл кітапқа» енген сирек өсімдіктер жиі кездеседі. Бартоғай - ежелгі шатқал. Шатқалдың барлық жағын таулармен қоршаған, олар желден қорғалған. Шатқалдың ортасында кең шалғын жатыр. Бір кездері егістік жері болған, ескі арықтардың іздері сақталған. Бартоғайда көне ежелгі қорғандар көп. Қойылған тастар топырақпен жабылған және одан әрең көрінеді. Мұндағы қорғандардың көп болуы кездейсоқ емес. Бартоғай ежелден адамдарды тарта отырып, қасиетті саналған. Онда салт-дәстүрлер орындалды, мерекелер тойланды. ## Сыртқы сілтемелер * Бартоғай су қоймасы [1] ## Дереккөздер
Кудряшов (орыс. Кудряшово) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Кудряшов ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы Халқы 1071 адам (2009 ж.). 1999 жылғы санақ бойынша 1215 тұрғыны болған. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1099 адамды (541 ер адам және 558 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары * Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп — 1929 жылы бастауыш, 1943 жылы 7 жылдық, 1967 жылдан орта мектеп болып жұмыс жасап келеді. 2009 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілген. * «Асылай» бөбекжай-балабақшасы * Кудряшов ауылдық клубы ## Ауыл суреттері ## Елді мекендегі көшелер * Абай көшесі * Айбын көшесі * Бейбітшілік көшесі * Филипп Мазуров көшесі ## Дереккөздер
Вольное (укр. Вільне) — Украинадағы Киев облысының Згуров ауданына кіретін ауыл. Халық саны - 212 адам (2001 жылдың санағы бойынша). Пошталық индексі - 07623. Телефон коды - 4570. Аумағы - 0,917 км². ## Жергілікті кеңес 07644, Київська обл., Згурівський р-н, с.Нова Олександрівка, вул.Перемоги,4, тел. 5-86-31 (укр.) ## Сыртқы сілтемелер * Вольное на сайте Верховной рады Украины  (укр.) * Административно-территориальное устройство Киевской области Мұрағатталған 5 ақпанның 2012 жылы.  (укр.)
Арендт Николай Фёдорович (Николас Мартин Арендт, 23 сәуір, 1786 жыл, Қазан - 2 қазан, 1859 жыл, Санкт-Петербург) - дәрігер, хирург. ## Ғылыми еңбектері * «Medicin. Schriftstell.-Lexicon»;«Graefe’s und Walthev’s Archiv»: «Medic. Zeitung Russland’s», 1855 жыл. * Hirsch, August: «Biograph. Lexicon der hervorragenden Aerzte aller Zeiten u. Volker»; * «Inland», 1860 жыл ## Жанұясы * Ағасы - Арендт Андрей Фёдорович. Симферополь атақты дәрігері; * Шөбересі - Арендт Андрей Андреевич (дәрігер); * Баласы - Арендт Николай Андреевич (1833—1893) * Ғалым екі рет отбасы құрған.Бірінші әйелі - Мария Яковлевна Гиммис (1848 жылы қайтыс болған), екінші әйелі - Генриетта Ричардовна Шиллингворт.
Төреғали Төреәліұлы Әлиханов (14 қазан 1992 жыл, Байқоңыр) — қазақстандық тинпоп жанрының әншісі. ## Өмірбаяны Төреғали Төреәлі 1992 жылдың 14 қазан күні, Байқоңыр қаласында дүниеге келген, 2009 жылы Ю. Гагарин атындағы 8-мектеп бітірген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011). Төреғали Төреәлі мансабын айтыстарға қатысып бастаған. Айтысқа қатысуының басталғанына 4 жыл өткенде республикалық айтыстарда 4 темір тұлпар мінген. Эстрадаға көшкені досы Қайнар Алагөзовтің сөзіне жазылған сазгер Шымберген Сүлейменовтің "Іздеме" әнінен бастаған. Мансабында кейінірек орындаған әндердің үлкен бөлігі де Қайнар Алагөзов жазған әндер екені белгілі. ## Жеке өмірі Төреғали Төреәлінің продюсері — әкесі Төреәлі Төлепов. Анасы Аягөз Төлепова — орыс тілі пәнінің ұстазы. Төреәліұлының Фариза және Дина есімді екі қарындасы бар. Төреғали Төреәлі үйленген, екі қыздың әкесі болып келеді. ## Сын ### «Алло» әні жайлы дау Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханмен бірге орындаған «Алло» әні екі әншінің танымалдылығына үлкен әсер етті. Төреғали Төреәліұлының әкесі, әрі продюсері Төреәлі Төлепов Ерке Есмахан жайлы сыни пікір айтты: Төлеповтің осы даулы пікірі үшін Есмаханның сол кездегі продюсері Баян Мақсатқызы «Алло» әнінің фильм түріндегі жалғасын жасау жайлы жоспарларын бұзды, Есмаханға әнді орындауға тыйым салынды. ### Павлодардағы концерті 2017 жылдың 21 желтоқсан күні Төреәлінің Павлодардағы концерті кезінде «Ұнамай ма? Шығып кетіңіз» деген қарияға айтылған дөрекі сөзі үшін сынға алынды. Павлодар облысының билігі Төреәліні концерттерге шақырудан бас тартатынын айтқан және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған қатысты шара қолданылатынын айтып кеткен, және Төреғалиді ісі үшін сынға алды. ### 2023 жылы сотталуы 2023 жылдың маусымында Төреғали Төреәліұлының есірткіге мас күйінде көлік жүргізуі және оның полициямен тоқтатылуы көрсетілген видео қоғам назарына түсті. Әншінің адвокаттары оның мас күйінде болғанын мойындамады, тек оның жол ережесін бұзғанын мойындады. Инцидент нәтижесінде 14 маусым күні Төреғали Төреәлі қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. 15 маусым күні Төреәлінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева өзінің Instagram парақшасында әншінің ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. 16 маусым күні Төреәлінің 20 тәулік бойы изоляторда қамалуы және оған қарсы «билік өкілін қорлау (378-бап) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша» қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. ## Дереккөздер
Берт Сакман (нем. Bert Sakmann; 12 маусым 1942, Штутгарт, Германия) — неміс физиолог, Эрвин Неермен бірге «Жасушаларында бір иондық арналар функциясын қатысты ашылулары үшін» және жергілікті әлеуетін бекіту әдісін жасақтағаны үшін 1991 жылғы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Профессор; Гейдельбергтегі Макс Планк қоғамында медициналық зерттеулер институтының директорының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды (қазір - құрметті ғылыми қызметкер). Гейдельберг университетінде оқытушылықпен айналысқан. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Берт Сакманның Нобельдік комитеттің сайтындағы өмірбаяны  (ағыл.) * Гейдельберг Макс Планк қоғамы Медициналық ғылыми-зерттеу институтының нұсқаулығы Мұрағатталған 14 мамырдың 2009 жылы.  (ағыл.)
Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1979 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы 257 қаулысымен кітапханаға ақын Сағи Жиенбаев есімі берілді. Кітапхана оқу залы, Интернет залы, абонемент, өнер əдебиеттері, əдістеме-библиография, өңдеу, толықтыру бөлімдерінен тұрады. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 60 мыңнан астам кітап қоры, оның ішінде: Қазақстан тарихы, психология, мəдениеттану, құқық, экономика, атақты қазақ жəне шетел философтары жайлы кітаптар жəне көркем əдебиеттер, 200-ден аса газет, журналдар бар. Кітапхана қоры кітапхана ісін автоматтандыруға байланысты пайда болған дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушы көздер, видео-аудиокассета, компьютерлік əдебиеттер жəне электрондық катологтармен толықтырылуда. Оларды бүгінде оқырмандар электрондық католог арқылы пайдаланады. 1989 жылы "Құрдастар" эстетикалық клубы құрылды. 2003 жылдан "Кітапхана мəдени демалыс орталығы", 2006 жылдан "Кітапхана: мəдениет диалогы" бағдарламалары жұмыс жасайды. 2008 жылы Интернет зал ашылды. ## Дереккөздер
Саиднасыр Мирджалилов(өзб. Saidnosir Mirjalilov, 1884—1937) — өзбек ағартушысы, ауқымды бизнесмен. ## Биография Түркістандағы бірінші джадидтік мектептің негізін қалағандардың бірі. 1914 жылы Түркістанда жібек матасының зауытын салған. 1917 жылдан бастап ол бизнеске қызыға бастады да, Ташкентке көшіп барды. Саиднасыр ақпан көтерілісінен кейін, Шура-и-Исламның мүшесіне айналды. 1917 жылдың қарашасынан ол Түркістанның автономиясының мүшесі болды. 1918 жылы ол автономия жойылғаннан кейін ол кетуге мәжбүр болды. Ол Самарада, Тифлисте, Түркияда болды. 1921 жылы Отанына қайтып келді де, "Түркістан" деген сауда-индустриялық кәсіпорын ашты. Содан жиналған қаражатқа ол "Кумак" (көмек) деген ұйым ашады. Онда Германиядағы Түркістаннан келген дарынды балаларды оқытады. 1925 жылдан бастап Саиднасырды біпнеше рет тұтқындады. Ол Соловец аралдарындағы лагерьде 3 жыл болды. 1937 жылдың 9 қазанында ол 3-інші рет тұтқындалып, атылды. Саиднасыр Мирджалиловтың 5 қызы болған. Олардың бірі — Зарифа Саиднасырова Өзбекстандағы ғылымның еңбексіңірген қайраткері атанды.
Қазақтың өзі қонағын ерекше сыйлап, оны төріне оздырып отырған. Былайша айтқанда, «Қонақ келсе – құт келедіге» балаған ғой. Қонақ күтудің осылайша өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Ең сыйлы да құрметті қонағы - құдасына киімнен тарту еткен. Оны қазақ арасында киіт деп аталған. Ол негізінен құдалық кезінде екі жақтың бір-біріне киім түрінде берілетін болған. Алайда күнделікті тұрмыста ішінара жүзеге асқанымен, бүгінде атауы анағұрлым ұмытылыңқыраған көне бір дәстүр бар. Бұл тарапта ол нендей дәстүр, қандай атау деп жатқан боларсыз?!.. Расында, кәдімгі киіттен сәл-пәл ғана айырмы бөлек, тек ол құдалық кезінде емес, басқа уақыттардың барлығында сыйға тартылатын бағалы шапан немесе ол сарпай деп аталады. Ел арасында сарпай шапан деген атауы да жоқ емес. Қазақ шапан кигізуді сарпай жапты деген. Сарпай атауы көбінде еліміздің оңтүстік өңірінде немесе Түркіменстан қазақтарының тілінде сақталған болатын. Сарпай ертеде едәуір ұзын, мол пішілген бағалы, әрі сәнді киімнің атауы болған. Өз кезегінде сарпайды қарақалпақ пен қырғыз еркектері де киген. Түркі халықтарына сарпай атауы сірә, парсы тілінен енген тәрізді. Яғни, парсы тіліндегі сәрапа «бастан-аяқ», «тұтас» деген ұғымда қолданылады. Олай болса, сарпай о баста-ақ ұзын және мол пішіліп тігілген сәнді киім, «бастан-аяқ денені түгел жауып тұратын шапан» дегенді білдірді. Осы тұрғыдан келгенде, сарпайды бүгінгі қазақтың да кеңінен пайдаланып, өзінің құдасына және құрметті кісісіне сыйлай беруін бек құптар ек. Оның үстіне, бір-бірімізге сарпайды тарту арқылы ұмытқыраған сол дәстүрмізді қайта тірілтіп, оны барынша дәріптеуге зор мүмкіндік болары сөзсіз. ## Дереккөздер
Бұл мақалада жылқылар мен пони-лердің тұқымдарының тізімі берілген. ## Жылқы тұқымдары * Абиссин * Абстанг * Абтенай * Авелин * Адаев * Әзірбайжан * Азор * Албан * Алтай * Альтер-реал * Англо-норманн * Андалуз * Ағылшын-араб * Аппалуза * Ара-Аппалуза * Араб * Арден * Аргентина * Арьежуаз * Ауксуа * Ахалтекин * Ацтек * Бавария * Балеар * Берберий * Башкир * Битюг * Босния * Брабансон * Брамби * Бранденбург * Бретон * Будённов * Булон * Ұлыполь * Венгер * Вестфаль * Владимир * Шығыс-болгар * Вюртемберг * Вятс * Ганновер * Гафлин * Гидран * Голланд * Голштин * Гонтер * Гронинген * Делибоз * Дестриэ * Джэбе * Дон * Жемайт * Иберий * Ирландия * Исланд * Кабардин * Қазақ тұқымы * Калмық * Камарг * Камполина * Канадалық * Катхиавари * Карабаир * Карабах * Карачаев * Каспий * Кигер-мустанг * Кински * Кишбер * Кырғыз * Кладруб * Клейдесдаль * Клеппер * Кливлендтік * Крестьян * Кнабструп * Комтойс * Коник * Колорадо рейнджер * Креольдік * Кубинский иноходец * Кустанайская * Латвийская * Липпицианская * Литовский тяжеловоз * Локайская * Лошадь Скалистых гор * Лузитанская * Малопольская * Мангаларга * Мареммано * Марвари * Мезенская * Миссурийский фокстроттер * Монгольская * Морган * Мустанг * Новоалександровская тяжелоупряжная * Новоалтайская * Новокиргизская * Нониус * Ольденбургская * Орловский рысак * Пасо фино * Перуанский пасо * Першерон * Печорская * Пинцгауская * Польский коник * Польский тяжеловоз * Португальская спортивная * Приобская * Русская верховая * Русский рысак * Русский тяжеловоз * Советская тяжелоупряжная (советский тяжеловоз) * Соррайя * Старая фламандская * Суффолькская * Тавдинская * Татарская * Теннессийская прогулочная * Терская * Тракененская * Трэйт дю Норд * Украинская верховая * Уэльский коб * Финская * Флоридский крэкер * Французский англо-араб * Французский рысак * Французский сель * Фредериксборгская * Фризская * Фризская споортивная * Фьордская * Хакнэ * Цыганская (иначе тинкер, ирландский коб) * Чилийская * Чистокровная верховая * Шагия * Шайр<meta />ская * Шведка * Шленская * Ютландская * Якутская
Юсуф Чим - түрік актері, әнші және модель. ## Өмірбаяны Юсуф Чим Түркиядағы Ыстамбұл қаласында 1991 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген. Ол үш баладан кейінгі туған үйдің кенжесі. Юсуф Анатолы кәсіби – техникалық мектепте жоғары оқуда оқыған. Содан кейін ол Ыстамбұл қаласындағы Арель университетінде радио және теледидар факультетіне қосылды. 2009 жылдан бастап, жарнамаларда түсе бастады (AVEA, Г.С. Mobile, Castrol, Blast, İpragaz). 2011 жылы Юсуф «Түркия үздік моделі» атағын жеңіп алды. Осыдан кейін Günsel Ülkü, Forever Young, Damat, Kiğili, Tween, Ralp Lauren, Hatemoğlu, Polo, Mango, Marks&Spencer секілді атақты дизайнерлердің шоуына қатыса бастады. Юсуф Чим бала кезінен бері музыкамен айналысады, 2013 жылдың тамызында, ол өзінің алғашқы жеке альбомын «Olsun Bi Kere» шығарды. 2014 жылы режиссер Тайфун Гюнейер Чимды өзінің жаңа "Езра" сериалында басты рөлді сомдауға шақырады. Осы сериалда Юсуф түрік полиция комиссары Мұстафа болып ойнайды. Киноға түсумен қатар ол жаңа альбом шығару бойынша жұмыс істеді. ## Фильмография ## Дереккөздер
Бейбіт Нұғманов (1985 жылы 29 шілдеде Қостанайда дүниеге келген) — грек-рим стиліндегі қазақ балуаны, Азия чемпионатының жүлдегері. ## Мансабы 2006 жылы Азия чемпионатында қола жүлдесіне ие болды, бірақ әлем чемпионатында тек қана 30-шыны орынға иеленді. 2008 жылы Дэйв Шульц атындағы жарыста қола жүлдемен отанға оралды. 2011 жылы Азия чемпионатында қола жүлдесін кайта алды. Ал 2012 жылы Иван Поддубныйдың атындағы жарыста қола жүлдеге ие болды.
Айбек Нұғымаров — самбошы, түйе палуаншы және қазақ күресінің күресшісі, ауыр салмақта халықаралық спорт шебері. Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы. ## Биографиясы Айбек Нұғымаров (3-маусым, 1987 ж.) - Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубыгінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы, Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста "Қазакстан Барысы" атағын алды (2013 ж.). Бапкері - Серік Қоржыкенов. ## Жетістіктері 2013 жылы "Қазақстан барысы-2013" атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаровқа 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сыйға тартылса, күміс жүлдені иеленген Ержан Шынкеевке 30 мың АҚШ доллары, ал қоланы қанағат тұтқан Н.Ерсұлтановқа 10 мың АҚШ доллары тарту етілді. "Әлем барысының" 2-орын иегері. ## Дереккөздер
Тұщықұдық ауылдық округі — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тұщықұдық, Қияқты ауылдары кіреді. Орталығы – Тұщықұдық ауылы. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1971 адамды (992 ер адам және 979 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Исатай ауылдық округі: * Исатай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы таратылған әкімшілік бірлік. * Исатай ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Кәдімгі бөріқарақат немесе Зерек (лат. Berberis vulgaris) — Бөріқарақат тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Ол бұтақты болады да жапырақтары спираль тәрізді бұралып өседі. Ұзындығы 1-2 метрге дейін жетеді. Тамыры ағашқа ұқсас, жерге тармақталып тарайды да, бұтақтары үшке бөлініп түйінделіп өседі, олардың қысқа бұталарында жапырақтар шоғыры болады. Желектері мен аталықтары тостағанша жапырақшаларға қарсы орналасады, төменнен жоғары қарай ашылады. Жемісі – қызыл түсті, сопақша миуа. ## Таралуы Орта Азияда, Ресейдің Еуропалық бөлігінде және Кавказда өседі. Жатаған тауларда, қалың орманды, өзенді сайларда, жылғаларда, бөктер тау беткейлеріндегі бұталар арасында өседі. ## Химиялық құрамы Кәдімгі бөріқарақатың барлық өн бойы алкалоидтарға бай. Тамыр қабығы мен жапырақтарынан берберин C20H19NO5 алкалоиды бөлініп алынды, сонымен бірге едәуір мөлшерде пальматин – С21H21NO4, колумбамин – C20H19NO4, яртрорицин – C20H23NO4 және оксиакантин C19H21NO3 бар. ## Жинау және өңдеу әдісі Тамыры, қабығы және жемісі дәрі болады. Тамыры мен қабығын жылдың әрқандай мезгілінде, көбінесе көктем, күз айларында жинап алып, тазалап, жапырақтап турап кептіреді. Тамыры және сабағының қалың қабығының астындағы сары астары сары дәрі болады. ## Қолданылуы Ащы дәмді, суық райлы, ыстықты басып, дымқылдықты құрғатады, уытты қайтарады. Соңғы кездерде Амур зерегінің жапырақтарынан тұнба ретінде дәрі жасалып, он босағаннан кейін жатыр гипетониясына, оснымен бірге басқа дәрілермен қоса жатыр эндометриті мен субинволюциясын емдеу үшін қолданады. Зерек жапрағынан жасалған тұнбаның қан тоқтатарлықтай қасиеті болады және жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына мүмкіндік береді, жүрек соғысының ритмін жиілетіп, амплитудасын арттырады., қан қысымын төмендетеді. Онымен бірге зирек препараттары өт қабының тонусын төмендетіп, олардың қысқартуын сиретеді де амплитудасын төмендетеді. Өт қабығы аурулары ( ұзаққа созылып қайталап отыратын холецистит, өт қабының дискензиясы) кезінде олар өт ағысын жақсартып, әр түрлі ауруларын басып және оның қабыну құбылыстарын азайтады. Зерек жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгектің салдарынан үлкейген көкбауырды және бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады, онымен бірге босанғаннан кейінгі жатырдың жиырылып, қалпына келуі үшін қолданылады. Оның жемісін асқа тәбетті көтеруге, шөл қандыруға, қызу көтеріліп, аласұру жағдайында қызуды төмендететін, іш өткенге, геморрой ауруына, сондай-ақ өт жүргізетін, несеп жүргізетін және қан жүрісін жақсартатын дәрі ретінде пайдаланады. Зерек тамырларының қабығынан суға салып тұндырған тұнбаны шеммен және сары ауруларымен қосарлана жүретін бауыр және бүйрек ауруларына, әсіресе өт тасы аурулары мен подагра, ревматизм және құяң ауруларына қарсы пайдаланады. Сол сияқты жатырдан қан кеткенде оны қан тоқтататын дәрі ретінде де жиі қолданылады. Тамыр қайнатындысын асқазан ауруларын, безгек, ревматизм, плеврит және туберкулез аураларын емдеуге кеңінен қолданылады. Зеректің кептірген қабығы мен тамырынан жасалған тұнбасын қан тоқтатын, тер шығаратын дәрі ретінде де пайдаланады. Зиректің әр түрлерінен жасалған препараттарды шетелдерде безгек салдарынан болған ісінген көк бауырды, қарын мен ұлатбардың жарасын жазу үшін пайдаланады. Құрамында берберин алкалоидының болатынына негіздеп қатерлі ісіктерге қарсы да қолданады. Берберин алкалоидының қатерлі ісікке қарсы тұрарлық қасиеті барлығын 1996 жылы К.Балицкий, А.Воронцова, А.Карпухиналар дәлелдеген болатын. Зирек сабағын тибеттік медицина да сарыауруға қарсы қолданады. Тамыр қабығынан жасалған қайнатындыны – коньюнктивит (көздің дәнекер қабығының қабынуы) ауруы және жараны жазатын дәрі ретінде, ал гүлдерінен іш өтуге және шірінше ауруына қарсы қолданылатын дәрілер жасайды. ## Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы * Бактериалық дизентерияға, ішек асқазан қабынуға: сары ағаштан 15 г-ды суға қайнатып ішеді. * Қайталамалы сүзекке: сары ағаштан 2 г турап,оны 10 л суға қайнатып, 5 л қалғанда әр ретте 100 мг-нан күніне 2-3 рет ішеді. * Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына: сары ағаш 30г, тұт ағаш (шелковица) * Ауыз ойылуға, тамақ ауруына: сары ағаш тамырынан 15 г-ды суға қайнатып, ауызды күніне бірнеше рет шаяды. ## Дереккөздер
Нарын ауылдық округі — Абай облысы Аягөз ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шынқожа ауылы. Округ құрамында болған Қарауыл, Төленді ауылдары 2017 жылы, Ай ауылы 2024 жылы таратылған. ## Дереккөздер
Юра музейі (нем. Jura-Museum) — палеонтологиялық музей, Германияның Айхштетт қаласында орналасқан. Музейде Юра дәуірінің тасқа айналған жануарлары сөреге қойылған, бұлар негізінен Зольнхофен әктас өндіретін карьерінен табылған. Экспонаттар ішінде птерозаврлардың, археоптерикстің, юравенатордың т.б. тасқа айналған сүйек қалдықтары бар. Қалдықтардың жасы Юра кезеңіне жатқызылады. Музейде қазып алынған балық, наутилиус т.б. сүйектерінен аквариум жасалған. Осыған қарап Юра дәуірі фаунасымен қазіргі заманғы жануарларды салыстыруға болады. ## Музей экспонаттары * * * * * * * *
Э́мерод Ту́бия (ағыл. Emeraude Toubi, 1 наурыз 1989, Канада) - американдық актриса, модель, биші. «Сумеречные охотники» атты теле хикаяда Изабель Лайтвудтың рөлімен әйгілі болды. Тубия көптеген сән байқауларына қатысты, сондай-ақ танымал брендтердің жарнамаларында түскен және «Model Latina» шоуының екінші маусымында бесінші орынды жеңіп алған. ## Өмірбаяны Эмерод Тубия 1989 жылдың 1 наурызында Канадада дүниеге келді. Бірақ Техас штатындағы Браунсвиль қаласында өсті. Қазіргі кезде Эмерод Флорида штатында Майами қаласында тұрады. ## Фильмография ## Дереккөздер Орысша уикипедиядан аударылған
Тұщықұдық ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тұщықұдық, Айбас, Қызылүй ауылдары кіреді. Орталығы – Тұщықұдық (Чапаев) ауылы. Бегайдар ауылы 2007 жылдан бастап Айбас ауылының құрамына енгізілген. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5156 адамды (2695 ер адам және 2461 әйел адам) құрады. ## Тарихы Тұщықұдық ауылдық округі тарихы 1801 жылдардан бастау алатын «Бөкей ордасы», 1812 жылдан «Бөкей хандығы», 1845 жылдан хандық билік ыдырап, Ішкі Орда атанған құрылымдардан бастау алады. Бөкей сұлтан Жайықтың батыс беткейіне көшіп шыққанында, алғашқы қоныстанған жері (Бөкей шешесі орны) осы селолық округ аумағы еді. 1831 ж. Хан жарлығымен 48 ауылдық болыс (84 старшындық) құрылымын құрады. Солардың бірі Нарын құмындағы №6 Тұщықұдық старшындығы деп аталады. Оның алғашқы старшыны болып руы Қосай Адай Айболат Шалқарұлы сайланады. 1845 ж. Астрахан губерниясы құрамында бес қисым, екі округ болған. Бұл басқару кезеңінде Тұщықұдық ауылының бір бөлегі Мақаш Бекмұхамедов басқарған №2 округке, енді бір бөлігі №1 округке бағындырылды. №1 округгі Молдағали Шынтаев басқарған кезде округтің басқару кеңсесі Тұщықұдық ауылдық округі аумағындағы Сартөбе деген мекенге орналасыпты. 1928 ж. жаңа аудандар құрылған кезеңде Айбас, Бабан, Орпа, Дуаберген ауылдық кеңестерімен бірге Тұщықұдық ауылдық кеңесі де Есбол (Индер) ауданы қарамағында болған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымындағы №1 сессиясының шешімімен 1938 ж. 15 қаңтарында Гурьев облысы құрылғанда Бақсай ауданы құрамында болған Тұщықұдық ауылдық кеңесі 1939 ж. 16 қазанында Новобогат ауданы қайта құрылған кезде осы жаңа ауданның құрамына енді. ## Әлеуметтік нысандары Ауылдық округте 3 мектеп, 1 балабақша, мәдениет үйі, 1 дәрігерлік емхана,2 фельдшерлік пункт, 4 кітапхана, 1 байланыс бөлімшесі, 2 телефон стансасы, аудандық саз және спорт мектептерінің филиалдары т.б. әлеуметтік нысандар халыққа қызмет жасайды. Ауыл мәдениетін өркендетуде Аққыстау халық театры, «Әжелер» ансамблі, «Балдырғандар» балалар оркестрі ұжымдары, көшпелі автоклубтар белсенді қызмет жасауда. Алыс елді мекендердің ішінде Қызылүйде бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана мен селолық клуб, Айбаста кітапхана мен медициналық пункт қызмет жасайды. Тұрғылықты халық ауыз сумен қамтылған. ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Ауылдық округ бойынша 83 шаруа қожалығы мен 342 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Округ бойынша 5805 бас мүйізді ірі қара, 8370 бас қой, 2879 бас ешкі, 5296 бас жылқы, 2349 бас түйе малы бағып күтілуде.Тұщықұдықта 31 дүкен, 2 кафе-бар, 1 тойхана, 1 жанар-жағар май құю бекеті, 1 автокөлік тегершігін жөндеу шеберханасы, 2 шаштараз жұмыс жасайды. ## Тұщықұдық селолық кеңес төрағалары, әкімдері: Шәпен Нұрсүлтанов, Бұқарза Нысанғалиев, Әзен Хасанов, Ғизат Симатов, Мардаш Нұрекешов, Абдолла Құрманов, Бөлекбай Молдағалиев, Рапыш Бәлекова, Мақтым Оспанова, Ғалім Сатқанов, Едіге Мамаев, Сафиолла Рахметов, Мақсот Ідірісов, Хабиболла Құрманғалиев, Қаби Құспанов, Ибатолла Жұмағазиев, Амангелді Салахов, Дина Әмірова, Мүтиғолла Насиханов, Шеген Неталиев, Мәди Өтеғалиев. ## Тұщықұдық ауылдық округінің жер-су атаулары * Бегайдар — Нарын құмының бір бөлігі. Исатай ауданының солтүстік шығыс шекарасында. ## Дереккөздер
* Қамысқала ауылдық округі – Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл. * Қамысқала ауылдық округі – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
Нарын ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңа Жанбай, Мыңтөбе, Нарын ауылдары кіреді. Орталығы – Нарын ауылы. Үштаған 2007 жылдан бастап Мыңтөбе селосының құрамына енгізілген. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1145 адамды (632 ер адам және 513 әйел адам) құрады. ## Сипаттамасы Ауылдық округтің 298 555 га. ауылшаруашылығы бағытында жер көлемі бар. Шығысында Нарын құмы өңіріне қарай Жанбай ауылдық округі, Үштаған бойында Тұщықұдық ауылдық округі, батысында Құрманғазы ауданы және оңтүстік-батысында Зинеден ауылдық округі жерімен шектеледі. Ауылдық округгің орталығы Нарын бекеті Атырау - Астрахан теміржолы бойында, Аудан орталығынан 50, облыс орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан. ## Тарихы Нарын ауылдық округі Исатай ауданындағы ең жас мемлекеттік құрылым болып табылады. Атырау облыстық әкімшілігінің «Исатай ауданында Забурын ауылдық округі жерінен Нарын және Жанбай ауылдық округтерін құру туралы» 2002 жылдың 21 ақпандағы №96 қаулысы, Атырау облыстық мәслихатының 19.04.2002 жылғы XVII сессиясының «Исатай ауданында Нарын, Жанбай ауылдық округтерін құру және Исатай, Забурын ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы» шешімі негізінде құрылды. Округте Жаңа Жанбай елді мекенінің салынуы, 1989 жылдан бастап Каспий теңізінің тасуынан сол кездегі Забурын совхозының орталығы Жанбай селосына су басу қаупі төнгендіктен туындады. Ауылдық округ аумағында Тайман газ айдау стансасы мен 1997 ж. ашылған «Сазанқұрақ» мұнай кен орны тұрғылықты халықты жұмыссыздықпен қамту мәселесіне өз әсерін тигізді. ## Әлеуметтік нысандары Ауылдық округ орталығы Нарын ауылында Нарын орта мектебі, Жаңа Жанбай елді мекенінде бастауыш мектеп бар, оларда 204 бала оқуға тартылған, 25 орындық Нарын балабақшасы жұмыс істеуде. Ауылдық округ тұрғындарына ФАП, 2 кітапхана, клуб, пошта, «Қазақтелеком» бөлімшесі қызмет көрсетеді (2018 ж.).Қиғаш - Маңғышылақ су құбыры, КТК мұнай-газ құбырлары ауылдық округі жерінен өтеді. Ауылдық округтегі Нарын ауылы мен Жаңа Жанбай елді мекені толық газбен және ауызсумен қамтылған. Ауылдық округ ғаламтор жүйесімен қамтылған. Ауылдық округ көлемінде «Сазанқұрақ» өндірістік кен орны, «Мыңтеке» кен орны, «Тайман» газ айдау алаңы өндіріс орны және Атырау - Астрахан тас және теміржол желісі өтеді. ## Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Ауылдық округке қарасты жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында 01.01.2018 жылға 1441 бас мүйізді ірі қара, 5189 бас қой-ешкі, 1059 бас жылқы, 1009 бас түйе бағылып, ауы-шаруашылық өнімдерімен жергілікті халықты қамтамасыз етуде. ## Нарын ауылдық округі әкімдері * 2002-08 жж. - Рахметолла Ғұбашев; * 2008-13 жж. - Ерболат Насимуллин; * 2013-14 жж. - Махамбет Ғилымов; * 2014 жылдан- Рухолла Такенов. ## Нарын ауылдық округінің жер-су атаулары * Сазанқұрақ — Нарын құмының оңтүстік жиегіндегі Нарын ауылдық округінің аумағындағы жер атауы. Сазанкұрақ Бөкей хандығы кезінде беріш Ағатай руының қонысы болған. ## Дереккөздер
Қамысқала ауылдық округі (2008 жылға дейін – Новобогат ауылдық округі) — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Хамит Ерғалиев, Жасқайрат, Ауқайраң ауылдары кіреді. Орталығы – Хамит Ерғалиев ауылы. Ақкүтір ауылы 2007 жылдан бастап Х.Ерғалиев ауылының құрамына енгізілген. ## Жалпы сипаттама Округ оңтүстігінде Каспий теңізімен, шығысында Махамбет ауданы, батысында Тұщықұдық және Аққыстау ауылдық округтерімен, солтүстігінде мемлекеттік жер қорымен шектеседі. Округ жер аумағы 295471 мың гектар. ## Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3897 адамды (2016 ер адам және 1881 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1928 ж. Новобогат ауданы құрылғанда Новобогат селосы аудан орталығы болып бекітілді. Алғашқы білім ордасы - Амангелді орталау мектебі ашылды. Қамысқала құм өңірінен ат, түйе көліктерімен келіп қатынайтын аудан халқының бас қосар ортасына айналды. 1954 жылдарда құралған МТС (машина-трактор стансалары) осы ауылдағы Ембі аталатын жерден ашылып, базалық құрылыстар салынды. Еліміз егемендік алған жылдардан бері Новобогат селосы аталып келген ауыл 2008 жылғы сәуірдегі Атырау облыстық мәслихатының сессиясы шешімімен Қамысқала ауылдық округі жаңа атауға ие болды. ## Әлеуметтік нысандары Округте 2 орта мектеп, бастауыш мектеп, саз мектебі, мәдениет үйі, 2 балабақша, аурухана, пошта бөлімшесі, телефон статсасы, 2 жанар-жағармай бекеті, 2 тойхана, 2 кафе-бар т.б. әлеуметтік нысандар бар (2018 ж.) Ауылдық округке қарайтын Ауқайраң, Жасқайрат елді мекендері де өсіп өркендеуде. ## Шаруа қожалықтары Тәуелсіздік жылдарында 71 шаруа қожалығы құрылып оларда 145 адам еңбек етуде. Шаруа қожалықтары мен жеке секторды қоса есептегенде, округ бойынша 3953 бас мүйізді ірі қара, 3837 бас қой, 1109 бас ешкі, 3390 бас жылқы, 1213 бас түйе малы бағылып, олардан түскен өнім халықтың тұтыну рыногын қамтамасыз етуде. «Кабибулин», «Бекет», «Серижан» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қараны асылдандыру жұмыстарын қолға алып, ет өнімін өндіру бағытында игілікті жетістіктерге жол ашып отыр. ## Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері: * Жұмағали Иманғалиев * Жұбатқали Жасмағамбетов * Сұлтанғали Қазиев * Қалмен Мырзашев * Едіге Мамаев * Құби Мусин * Шамғон Қалиев * Есжан Есенбергенов * Ғалым Сатқанов * Сәбила Сәлімова * Иба Суханова * Сәдуақас Әдиев * Ұлыш Сапарғалиева * Бағытжан Қыдырова * Хамидолла Сүндетов * Ибраим Қарабалин * Қабдреш Әженов * Ізбасқан Хисин * Асылбек Мажанов * Қабдіғали Ғұбашев * Орынбай Дәулетияров * Бағыт Қадырова * Жайдарбек Зайдуллин * Қажығали Науанов * Самат Қайырденов * Мұғи Түсіпқалиев * Бекболат Мусин * Сансызбай Сәменов * Рафиғат Тажиденова. ## Дереккөздер
Қошқар – жыныстық қуаты жетілген еркек қой. Тұлға: * Қошқар – 18 ғ. өмір сүрген би. Елді мекендер: * Қошқар – Атырау облысы, Мақат ауданындағы ауыл. * Қошқар – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы ауыл. Тау: * Қошқар – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан тау. Көлдер: * Қошқар – Алматы облысындағы ағынды көл. * Қошқар – Батыс Қазақстан облысындағы көл. * Қошқар – Шығыс Қазақстан облысындағы тұзды тұйық көл.
Негізгі ұғым: Өркен – Ботаникада жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ. Елді мекендер: * Өркен – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. * Өркен – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл. * Өркен – Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл. * Өркен – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Өркен – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл. * Өркен – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл. Тағы қараңыз: * Өркен көшесі (Алматы) * Өркен көшесі (Астана) * Өркені өсу
Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан және одан тарайтын жапырақтар мен бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердін бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, гүлдер орналасқан. Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерінде атқарады. ## Өркен түрлері Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. * ұзарған өркен - буынаралығы ұзын болса, * қысқарған өркен - буынаралығы қысқа болса. Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді. ## Дереккөздер
Эже́н Доде́нь (фр. Eugène Dodeigne; 27 шілде 1923, Руврё,  Льеж провинциясы , Бельгия — 24 желтоқсан 2015, Ленсель,  Нор департаменті, Франция) — француздық мүсінші. Эженнің алғашқы ұстазы – күмбез жасаушы әкесі еді. Кейінірек Туркуендегі мүсіндеу курсын және Париждегі көркемөнер мектебін аяқтады. 1949 жылдан бастап Францияның солтүстігіндегі Бондю жерінде тұрады.Графикамен және мүсіндеумен шұғылданады, өз таңдауын абстракты формаларға береді. Оның мүсіндері аса ірі емес , бірнеше ондық сантиметрге дейін жететін тегіс өңделген кескіндемелерден,ірі өрескел фактуралы тастарға дейін кездеседі.1955 жылдан бастап өз мүсіндерін жасауда Суаньиден әкелінген көгілдір тасты пайдаланады.1960 жылдардан бастап Доденнің туындылары Франияның Клод Бернар, Пьер Лёб, Жан Буше сияқты ірі галереяларында назарға ұсынылады. Кейінірек әлем бас иген туындылар Берлин, Гановер,Роттердам, Брюссель және Питтсбург көрмелерінде қойылады.1970 жылдардан Эжен Доденнің мүсіндері Еуропаның Антверпен, Гановер,Гренобль, Дюнкерк, Лилля, Льеж , Париж, Утрех және т.б қалаларында ашық аспан астындағы қоғамдық орындарда шығарылады. Сонымен қатар Доденнің мүсіндері Аустрия, Бельгия, Германия, Нидерланд, АҚШ ,Франция және Швейцария елдерінің музейлерінде және жекеменшік топтамаларында кездеседі. Эжен Додень 2015 жылдың 24 желтоқсанында 92 жасында көз жұмады. ## Мүсіндері * * * * * * * * * ## Дереккөздер * Eugène Dodeigne (ағылш.). Encyclopædia Britannica. * ↑ Перейти к:1 2 François Dournes. Eugène Dodeigne (фр.). Exporevue. * ↑ Перейти к:1 2 Mort du sculpteur français Eugène Dodeigne (фр.). Le Monde.
Өгізшағала (лат. Larus cachinnans) – шағала тұқымдасына жататын құс. ## Сипаттамасы Ересек өгіз шағаланың басы, мойны, құйрығы, және бауыры ақшыл, ал арқа жоны мен қанат қауырсындары күңгірт сұр болып келеді. Тұмсығы сары, ұшы қызыл сарғыш келеді. Қара түсті қанатының ұшы ақ теңбілді, аяғы – қызғылт. Қыста төбесінде қошқыл секпілдер болады. Дене тұрқы 60 см-дей, қанатын жазғандағы алымы – 1,3 м, салм. 700 – 1800 г., қанаты 400-485 мм, табан сүйектері 55-88 мм, тұмсығы 47-65 мм. Өгізшағала Қазақстан жеріндегі шағалалардың ең ірісі. ## Мекені Тұзды және ірі тұщы су қоймаларын мекендейді. Өгізшағала – солт-те жыл құсы, оңт-те отырықшы құс. Қазақстанға ерте көктемде (наурыздың басы) ұшып келіп, Балқаш – Алакөл ойысында, Шалқартеңіз, Зайсан көлінің маңында жеке жұптасып, кейде шоғыр түзіп, ұя салады. ## Тұрмыс қалпы Негізгі қоректері шаян тәрізділер мен моллюскалар, сондай-ақ балықтармен, кеміргіштермен, жұмыртқалармен және құстардығ шақа балапандарымен де қоректенеді. Ұясын қамыс пен шөптен салады, кейде табиғылығын сақтау үшін қарапайымдау етіп, кейде айқындап салады . Төсеніш ретінде құрғақ шөп шалаң мен қауырсындарды пайдаланады. Ұяларының көлемі 9 дан 30 см дейін жетеді, диаметірі 20-40 см , кейде одан да үлкен болады. Ұясына 3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларының түсі ашық-жасыл немесе қоңыр қылаң түстес болады, қою сұр теңбілдері бар . Жұмыртқаларының көлемі 69 х 49 мм. Өгіз шағала - мамыр-маусым айларында топтасып келіп ұя сала бастайды. Бірінші жұмыртқасынан бастап басып оны 26 тәуліктей шайқайды. Қатпайтын теңіздердің жағасын қыстап шығады. Балапандары бір жарым айда қанаттанып ұшады, суда жақсы жүзеді. Өгізшағала – шағалалардың ішіндегі жыртқышы. Қорек талғамайды, ұсақ кемірушілерді, балықтарды, жәндіктерді жейді. Қыс түсе бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді. Отырықшы түрлері Каспий және Арал т-дерін қыстайды. ## Дереккөздер * Шығыс Қазақстан. Безендірілген атлас. Шығыс Қазақстан облысы, 2012.
Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі «Һорқұт» сөзінен шыққан. «Хор» деген көне түркі тіліндегі «Өр» деген сөз, «Һор» деп те айтылған. Ал, «құт», ол кәдімгі «құт», «береке», «игілік» деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі «жоғарыдан келген құт» деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда, зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Әлкей Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт — түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады. ## Қорқыт ата туралы аңыз Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. «Қорқыт» сөзінің этимологиясын Ә.Қоңыратбаев «құтты адам, құт әкелетін адам» деп көрсетсе, Сейіт Қасқабасов «өмір сарқылды, адам өлді» деген мағынаны білдіреді деп санайды. Ермек Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд»). Онда Қорқыт ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген философиялық тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі. Бұл аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. ## Қорқыт ата энциклопедиялық жинағы Қорқыт Ата — энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт Ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау, поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген. ## Қорқыт ата күйлері Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”. ### «Ұшардың ұлуы» күйі «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады. ### «Башпай» күйі «Башпай» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді. ## Қорқыт ата кітабы Қорқыт ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа шықты (1999). ## Қорқыт ата ескерткіші Қорқыт ата ескерткіші — сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады. ## Қорқыт ата мазары Қорқыт Ата мазары — тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы” жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт ата ескерткіші. ## Тағы қараңыз * Қорқыт ата (энциклопедия) * Қорқыт ата кітабы * Қорқыт Ата ескерткіші * Қорқыт ата мазары * Қорқыт ата атындағы көше (Алматы) * Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ## Дереккөздер *
Бостандық ауданы — Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығына сәйкес 1966 жылы 31 қаңтарда Калинин ауданы болып құрылып, 1995 жылы Бостандық ауданы болып өзгертілді. ## Әкімдері * Александр Слободянюк (1996) * Евгений Шатов (1997 — 1997) * Байдалы Дәрімбетов (1998 — 1999) * Алмат Мурзин (1999 — 2002) * Амангелді Каримуллин (2002 — 2009) * Зәуреш Аманжолова (2009 — 2013) * Раушан Асанова (2013 — 2015) * Бекқали Торғаев (2015 — 2018) * Алтай Рахымбетов (2018 — 2023) * Санжар Алин (2023 жылдан бастап) ## Қарулануы Бостандық - Алматы қаласының қару-жарағы ең көп ауданы. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қару айналымын бақылау және лицензиялау бөлімінің аға инспекторы Рақым Толоқұловтың мәліметінше, жалпы қалада 1973 адамның 69 860 дана суық қаруы бар. "Тіркелген қарулардың ішінде: кесілген: 8017, тегіс оқпанды - 34 643, газды - 10 279, травматикалық оқпен атылатын газды қару - 10 440, травматикалық - 6079, пневматикалық - 371, электр қаруы - 31 дана. Бостандық ауданында 10 460 адам қару ұстайды, бұл - қала бойынша ең үлкен көрсеткіш. Екінші орында Әуезов ауданы келеді - 10 442 адам, Медеу ауданы үшінші орынды алып тұр, мұнда 9876 адам қаруын заңдастырып алған", - деді Толоқұлов. Полиция өкілдерінің айтуынша, 1 желтоқсанға дейін қару ұстайтындардың тек 97 пайызы ғана сигнал беру жүйесі бар сейф сатып алған, бұл көрсеткішке Бостандық ауданы да еніп отыр. Еске сала кетейік, қаруы бар адам оны сақтайтын жерге сигнал беру жүйесін орнатпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 1852 теңгеге дейін, ал заңды тұлғаларға 9-13 мың теңге аралығында айыппұл салу қарастырылған. Полиция Алматыдағы Бостандық ауданын қылмыс көп болатын аудан ба, жоқ па - оны хабарламады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 19 мамырдың 2014 жылы.
Серікжан Урстемұлы Мұжықов (1989 жылы 17 маусымда туған) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" футбол клубының және Қазақстанның ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Мансап ### Клубтық мансабы С. Мұжықов өзінің мансабын «Көксу» және «Жетісу-2» клубтарында бастаған. Ал 2008 жылдан бастап С. Мұжыков талдықорғандық Жетісудің ойыншысы болды. "Жетісу" құрамындағы УЕФА Еуропа Лигасында гол соққан жалғыз ойыншы. Бұл гол 2012 жылы 12 маусымда "Лех" футбол клубының қақпасына соғылған. ### Ұлттық мансабы Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2011 жылы 10 тамызда Сирия ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. 2018 жылы 5 маусымда Әзірбайжанмен жолдастық кездесуде құрамадағы тұңғыш голын соқты. ## Жетістіктері * Қазақстанның ең үздік 33 ойыншысы: 2010, 2011 * Қазақстанның күміс жүлдегері: 2011 * Қазақстан чемпионы: 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 ## Сілтемелер * Футболшының профилі
Серікжан Урстемұлы Мұжықов (1989 жылы 17 маусымда туған) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" футбол клубының және Қазақстанның ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. ## Мансап ### Клубтық мансабы С. Мұжықов өзінің мансабын «Көксу» және «Жетісу-2» клубтарында бастаған. Ал 2008 жылдан бастап С. Мұжыков талдықорғандық Жетісудің ойыншысы болды. "Жетісу" құрамындағы УЕФА Еуропа Лигасында гол соққан жалғыз ойыншы. Бұл гол 2012 жылы 12 маусымда "Лех" футбол клубының қақпасына соғылған. ### Ұлттық мансабы Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2011 жылы 10 тамызда Сирия ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. 2018 жылы 5 маусымда Әзірбайжанмен жолдастық кездесуде құрамадағы тұңғыш голын соқты. ## Жетістіктері * Қазақстанның ең үздік 33 ойыншысы: 2010, 2011 * Қазақстанның күміс жүлдегері: 2011 * Қазақстан чемпионы: 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 ## Сілтемелер * Футболшының профилі
Нұртас Абайұлы Адамбаев (1981 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның танымал комедия актёрі, шоумен, режиссёр, продюсер және сценаристі. КВН-ның жоғарғы лигасында «Астана.kz» ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен. «ҚызыҚ радиосы» және «Наша KZаша» атты скетчкомдарда түскен. ## Өмірбаяны Орта жүз Тарақты руынан шыққан. 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін бітірген. КВН-ның жоғарғы лигасында ұзақ уақыт өнер көрсеткен. 2012 жылы Алматыда бес жыл бұрын өз көлігімен қаққан Мақсат Құбандықовтың отбасы Нұртасты көлікпен қаққан үшін соттап 400 млн теңге көлемінде қаржы талап етті, жәбірленген азамат апаттан кейін соқыр болып, шетелдегі емшілерді керек етті.2012 жылы «Forbes» журналы «Наша KZаша» қатысушыларын қазақстандағы шоу-бизнес өкілдері ішіндегі үшінші орынға ие деп санады.2015 жылы "Халықтың сүйіктісі" атты Ұлттык премия лауреатына ие болды. ## Фильмография ## Телевизия * 2008 жылдан бастап — Наша Казаша — әртүрлі рөлдер * 2009 жыл — Қызық радиосы * 2012 жылдан бастап— KZландия — әртүрлі рөлдер ### Наша Казаша жобасындағы рөлдер * Бахтияр Бахтиярұлы Котшелеков — бизнесмен * Аға лейтенант Тенгебаев — полиция қызметкері-жемқор * Мұғалім шала-казақ тілі * Камилла — «Шағала» * Апшуберов Ербол — гопник * Жозе — гитарист * Серик Серикұлы — заманауи ақын * Тусқанов Марат * Дольшекперов отбасының отағасы — әке * Сабина келін ## Дереккөздер
Нұрлан Жамалов — қазақ күресіне қатысушылардың бірі. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006). Самбодан Азия чемпионы (2009). ## Биографиясы Нұрлан Жамалов 1986 жылы 20 маусымда Өзбекстан Республикасы, Шыршық қаласында дүниеге келген. Ақмола облысы Көкшетау қаласының арланы. Бапкері: Бекім Жапаров. Ақмола облысы. ## Жетістіктері Қазақ күресінен ҚР Халық ойындарының жеңімпазы (2011). Қазақ күресінен ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері (2011). Қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2008). Cамбодан Азия чемпионы (2009) Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006). ## Спорттық атағы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақ күресінен спорт шебері. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Алмалы ауданы — Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласының халық депутаттары кеңесінің шешімі бойынша Сталин ауданы болып құрылған. 1961 жылдың 9 қарашасында Сталин ауданының атауы Совет ауданы болып өзгертілді. Ал 1995 жылдың 12 желтоқсанында Совет ауданы қазіргі Алмалы ауданы боп өзгертілді. Алмалы ауданы қаланың дәл ортасында орналасқан. Бұл аудан көп жылдар бойы қаланың әкімшілік орталығы, сондай-ақ қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің орталығы болып саналып келді. Қазіргі санақ бойынша Алмалы ауданында 449 өнеркәсіп мекемесі мен 624 сауда орындары жұмыс істеуде. Аудан аймағында 20 ЖОО, 19 СУЗ, 29 мектеп, 21 мемлекеттік және 8 жеке меншік балабақша, 29 денсаулық сақтау мекемелері, 5 мұражай, 8 кітапхана, 2 кинотеатр және 5 театр орналасқан. ## Әкімдері * Қайрат Жаңабергенов (2005-2008) * Марат Пірінбеков (2008-2012) * Серік Құсайынов (2012-2016) * Жасұлан Естенов (2016-2018) * Бекқали Торғаев (2018-2021) * Серік Құсайынов (2021) * Ержан Сейтенов (2021-2023) * Айдар Жәкібаев (2023-2024) * Арман Шамшин (2024 жылдан бастап) ## Дереккөздер
Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін қызғалдақтарға жатады. ## Сипаттама Биіктігі 10-25 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 см, қара қоңыр, терілі, қатты, ішкі жағы түкті қабықты. Сабағы жалаңаш, жапырақ саны екеу, үштен сирек, едәуір алшақ орналасқан, қайырылған, кейде шамалы бұйра, жалаңаш, таспа сызықты, төменгісі едәуір жалпақ, ені 4-10 мм, гүлден аспайды. Гүлі біреу, екіден сирек, гүл серігі ақ, зорға байқалатын қызыл реңді, түбі сары, ұзындығы 15-25 мм, сыртқылалары ұзынша таспа тәрізді, сүйір, сырты күлгін, ішкісінен екі есе дерлік жіңішке, ішкілері жұмыртқа тәрізді, доғал, сүйір ұшы қысқа, түбі жіңішкерген және осы жері шамалы кірпікшелі, аталықтары гүл серігінен 2-2,5 есе қысқа. Олардың жіпшілері сары, сүйір үшы қысқа, түйіні аталықтарынан қысқа, бағаны өте қысқа, қорапшасы ұзынша, ені 1 см, ұзындығы 1,5 см, қысқа тұмсықты. Наурыз- сәуір айларында гүлдейді. ## Қазақстанда таралуы Құмды, сирек сазды шөлде өседі. Қызылқұм флористикалық аймағында кездеседі. ## Дереккөздер
Нұртас Абайұлы Адамбаев (1981 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның танымал комедия актёрі, шоумен, режиссёр, продюсер және сценаристі. КВН-ның жоғарғы лигасында «Астана.kz» ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен. «ҚызыҚ радиосы» және «Наша KZаша» атты скетчкомдарда түскен. ## Өмірбаяны Орта жүз Тарақты руынан шыққан. 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін бітірген. КВН-ның жоғарғы лигасында ұзақ уақыт өнер көрсеткен. 2012 жылы Алматыда бес жыл бұрын өз көлігімен қаққан Мақсат Құбандықовтың отбасы Нұртасты көлікпен қаққан үшін соттап 400 млн теңге көлемінде қаржы талап етті, жәбірленген азамат апаттан кейін соқыр болып, шетелдегі емшілерді керек етті.2012 жылы «Forbes» журналы «Наша KZаша» қатысушыларын қазақстандағы шоу-бизнес өкілдері ішіндегі үшінші орынға ие деп санады.2015 жылы "Халықтың сүйіктісі" атты Ұлттык премия лауреатына ие болды. ## Фильмография ## Телевизия * 2008 жылдан бастап — Наша Казаша — әртүрлі рөлдер * 2009 жыл — Қызық радиосы * 2012 жылдан бастап— KZландия — әртүрлі рөлдер ### Наша Казаша жобасындағы рөлдер * Бахтияр Бахтиярұлы Котшелеков — бизнесмен * Аға лейтенант Тенгебаев — полиция қызметкері-жемқор * Мұғалім шала-казақ тілі * Камилла — «Шағала» * Апшуберов Ербол — гопник * Жозе — гитарист * Серик Серикұлы — заманауи ақын * Тусқанов Марат * Дольшекперов отбасының отағасы — әке * Сабина келін ## Дереккөздер
Бекіре тәрізділер отрядына жататын ірі балық. Сібір өзендерінде Колымадан Обь өзендеріне дейін таралған. Шығыс Қазақстан аймағында Ертіс өзенінде, Зайсан көлінде және Қара Ертісте таралған. Сібір бекіресінің дене тұрқы – 3 метрге, салмағы – 200 кг-ға дейін жетеді. Ол өте баяу өседі, 5 жасқа жеткенде 60-70 см-ге, ал 7 жасқа келгенде 100 см-ге жетеді. Сібір бекіресінің аталығы 11-13 жасқа толғанда жыныстық жағынан жетіледі. Ұрғашысы уылдырық шашуға 17-18 жасқа келгенде ғана жетіледі. Ертіс өзені бассейнінде Сібір бекіресінің уылдырық шашуы 300 мың уылдырыққа жетеді. Бекіренің шабақтары шаян тәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскалармен, балықтармен (бұзаубас, майшабақ т. б.) қоректенеді. Ертіс өзенінің бассейнінде Сібір бекіресі азайып кетті. Бұқтырма су қоймасында мүлдем құрып кетті десе де болады. Өйткені плотина құрылысы олардың уылдырық шашуға баратын жолын қиып тастады да, негізгі табиғи уылдырық шашатын жеріне жетпей қалды. Сібір бекіресі Шығыс Қазақстанның су қоймаларында құрып барады. Бекіренің осы ерекше түрі бүгінде қорғауды талап етеді. Оны көбейтудің жолдарын іздеу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі болып отыр. ## Дереккөз "Күншығыс" энциклопедиясынан.
Ержанов Мэлс Төленұлы (1931-92) - театр суретшісі, графикші, плакатшы. Кескіндеме саласында жұмыс істеген. Оның «Абай әндері» жазылған күйтабақ үшін конверттер (гуашь, 25 х 25), «Татьянаның хаты» (1971, линогравюра), «Көне Верный» топтамасына енетін «Абай көшесі» (1959, қағаз, картон) жұмыстары бар. «Татьянаның хаты» суретінде қолына кітап ұстаған Абайдың жазу үстелі жанындағы орындықта ойға шомған келбеті бейнеленген. ## Дереккөздер
Руслан Темірұлы Ержанов (27 қараша 1976 ж.т., Алматы) — шахматшы, халықаралық гроссмейстер (1997). ## Өмірбаяны Ержанов шахматты бес жасында үйренді. Оның жаттықтырушылары — анасы Наркиса мен әкесі Темір Ержановтар. Қазақ мемлекеттік құрылыс-сәулет академиясын бітірген (1999). ## Марапаттары Ержанов 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында екі рет Азия құрлығының күміс жүлдегері (1992, Доха, Катар; 1994, Куала-Лумпур, Малайзия), 26 жасқа дейінгі шахматшылар арасында дүниежүз. чемпионаттың күміс жүлдегері (1997, Буэнос-Айрес, Аргентина), Азия құрлығының күміс жүлдегері (1999, Пекин, Қытай), Азия құрлығы қалалары арасындағы чемпионаттың жеңімпазы (2000, Бейрут, Ливан) атанды.
Тегістік – бекіністі мекен. 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылының аумағында, Талас өзенінің сол жағында орналасқан. ## Сипаты Сырты дуалмен қоршалған, қатар жатқан үш орыннан тұрады. Біріншісі қисық төртбұрышты, ауданы 271*259 м²; екіншісі трапеция тәрізді, ауданы 80*83 м², үш бұрышында мұнараның қалдықтары сақталған. Үшіншісі тік төртбұрышты, ауданы 85*85 м². Мұның да үш бұрышында мұнараның қалдықтары сақталған. Қазбадан табылған заттарға қарағанда Тегістік 8 – 12 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың мекені болған. ## Дереккөздер
Теофиль Абега М’Бида-(фр. Theophile Abega Mbida; 9 шілде 1954 жыл, Н'Комо — 15 қараша 2012 жыл, Яунде) — Камерундық футболшы және саясаткер. Африка «футбол аңызы». ## Клубтық мансабы Абега өз кәсіби мансабын 1974 жылы  «Канон Яунде» клубында бастады. Сол клубпен бірге ол көптеген турнирлерді жеңді. 1984 жылы ол Францияга, көшіп «Тулуза» клубында ойнады. «Тулуза» клубында ол 20 матч өткізіп, 3 гол соқты. Өз мансабын ол Швейцариялық «Вевей-Спорт» клубымен аяқтады, ол жерже ол 1985 жылдан 1987 жылға дейін ойнады. ## Өлімі Абега Яунде бас ауруханасында жүрек тоқтағандықтан 15 қарашада 2012 жылы қайтыс болды. ## Жетістіктері ### Клубтық * Камерунның чемпионы : 1974, 1977, 1979, 1980, 1982 * Камерун убогінің иесі: 1975—1978, 1983 * Африканың чемпиондары кубогінің иесі: 1978, 1980 ### Жеке * Африканың жыл футболисті: 1984
Бәйтерек — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қаратөбе ауылдық округі құрамында. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Скриптонит (ағылш. Scryptonite; шынайы есімі Әділ Оралбекұлы Жәлелов; 3 маусым 1990, Ленинский, Павлодар облысы) — қазақстандық рэп-орындаушы және битмейкер, Gazgolder лейблінің мүшесі. Алғаш рет 2013 жылы VBVVCTND өлеңінің видеоклипі арқылы танымал болған Скриптонит екі жылдан кейін «Дом с нормальными явлениями» (қаз. Қарапайым құбылыстары бар үй) атты алғаш альбомын шығарды. Бұл альбомды өнер сүйер қауым жақсы қабылдап, 2015 жылы ол үздік орыс тілді рэп-альбомдардың қатарына енді. ## Өмірбаяны ### Алғашқы жылдары Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан. Әділ Жәлелов 1990 жылы 3 маусымда Павлодар қаласына жақын орналасқан Ленинский елді мекенінде дүниеге келді. Музыкамен жас кезінен әуестенген Скриптонит 11 жасында рэпке қызығушылық танытып, 15 жасында өзі әуен құрастыра бастады. ### Алғашқы жетістіктер 2009 жылы Скриптонит өзінің досы Әнуармен (Niman) JILLZ атты топты құрды. Олардан басқа топ құрамына Юрий Дробитько (Юрик Четверг), Саян Жымбаев (Truwer), Азамат Алпысбаев (Six O) және Айдос Жұмалинов (Strong Symphony) енді.  Gazgolder компаниясымен келісімге келмей тұрып-ақ Скриптонит бірнеше синглдар жазып үлгерді. Олардың көбісі хитке айналып, Скриптонит өнерінің жанкүйерлері пайда болды, сондай-ақ ол нағыз трэп-музыканы орындаушы ретінде белгілі болды.2013 жылы Скриптонит  Niman’мен бірге VBVVCTND бейнеклипін жасап шығарды (VBVVCTND — «Выбор без вариантов — всё, что ты нам дал». Осыдан кейін Скриптонитке ресейлік Gazgolder продюсерлік центрі қызығушылық танытты. 2014 жылдың 27 ақпанында Скриптонит лейблдің ресми мүшесі болып жарияланады. Дәл осы 2014 жылды Скриптонит кейінірек өмірінің ең күрт өзгерген кезеңі деп ата өтті. 2015 жылы Скриптонит Баста мен Смоки Моның альбомдарына қатысып, Даша Чарушамен бірге «Космос» өлеңін жазады. Бұл сингл iTunes чартында көш бастап, The Flow сайтының «2015 жылдың 50 үздік өлеңі» тізімінде 22 орынды алды. Скриптониттің қатысумен түсірілген «Лёд» және «Миллионер из трущоб» өлеңдерінің бейнеклиптері YouTube сайтында миллиондаған көрсетілімге қол жеткізді. «Миллионер из трущоб» клипі Rap.ru сайтының «2015 жылдың орысша үздік клиптері» тізімінде 2-ші орынға ие болды',The Flow сайты «Лёд» өлеңін «2015 жылдың 50 үздік өлеңдері» тізімінде 46-шы орынға орналастырды. 2015 жылдың қазан айында Скриптонит Jagermeister Indie Awards жүлдесіне «хип-хоп» номинациясы бойынша финалистердің қатарына енді. ### 2015 жыл. «Дом с нормальными явлениями» Скриптониттің «Дом с нормальными явлениями» деп аталатын дебюттік альбомы 2015 жылы 24 қарашада жарық көрді және iTunesтың ең танымал альбомдар тізімінде Орыс рэпері Oxxxymiron-ның «Горгород» альбомын басып озып, британдық әнші Адельдің жаңа альбомынан төмен болып, 2-нші орын алды. Gazeta.Ru газетінің шолушысы Ярослав Забалуев: "бір сағатқа жуық уақыт ішінде Жалелов тек концептуалды, атмосфералық жұмыстарды ғана емес, сонымен қатар жанрлардың алуан түрін - Нью-Йорктегі хип-хоптан бастап госпелға дейін көрсетеді" дейді. «Стиль» әніне арналған бейнеклип «2015 жылдың үздік орыс клиптері» тізімінде 5-ші орынға ие болды, ал әннің өзі «2015 жылдың 50 үздік тректері» тізімінде 15-ші орынды иеленді. Сол тізімде «Танцуй сама» әні 3 орынға ие болды. «Дом с нормальными явлениями» альбомы 2015 жылдың ең сәтті ресейлік рэп-альбомдарының біріне айналды, ал Скриптонитті Colta.ru интернет-басылымы жыл рэпері деп таныды. Gazeta.Ru газетінің ойынша альбом «2015 жылдың ең жақсы 20 альбомы» тізіміне еніп, «Афиша» бойынша «жылдың үздік 30 альбомы» тізімінде 6 орынға ие болды. Альбом Rap.ru және The Flow деректері бойынша ең жақсы орыс тілді альбомдар тізімінде 1 орын алды. ## Дискография ### Студиялық альбомдар * 2015 — «Дом с нормальными явлениями» * 2017 — «Праздник на улице 36» * 2017 — «Уроборос: Улица 36 / Зеркала» * 2019 — «2004» ### Мини-альбомдар * 2017 — Open Season (Jillzay құрамында) * 2019 — Solitude (Gruppa Skryptonite құрамында) * 2019 — «Замерз» * 2019 — «Не ври, не верю» (104-пен бірге) * 2020 — PVL is back (Niman-мен бірге) ### Жинақ * 2015 — «К тебе» (Gazgolder әртістерімен бірге) * 2016 — 718 Jungle (Jillzay құрамында) * 2019 — «Musica36: Как я провел это лето» (Musica36 әртістерімен бірге) ### Синглдары ## Видеография ## Дереккөздер
Жұма — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Өрнек ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірлесу–Еңбек — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбек — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан шығысқа қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылшарық — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Талас — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол стансасы. ## Географиялық орны Тараз қаласының солтүстік-шығыс шетінде, аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Джагга (чага, чагга, вачагга) — Танзанияның солтүстік-шығысында орналасқан банту тобының халқы. Негізінен Килиманджароның маңайында қоныстанған. Құрамдарында туыстас этникалық топтар бар: джагга (кичагга тілі), мочи, мачамбе (машами), меру (руо, руа тілі), вунджо, ромбо (усери), руша, кахе, гвено. Халқының саны 2 миллионнан астам адам. (2006, бағалау). ## Тілі Банту халықтар тобының чага тілдер тобында сөйлеседі. Сонымен қатар суахили және ағылшын тілі де халық арасында таралған. ## Діні Көбінесе христиан дінін ұстанады, негізінен католиктер, және де мұсылмандар-сүниттер де кездеседі. ## Тарихы Джагганың арғы аталары 2-ші ширекте - 2-ші мыңжылдықтың ортасында Паре тауының аймағынан, яғни оңтүстіктен Килиманджароға қоныс аударды. Осыдан кейін кушиттік жергілікті тұрғындар ассимиляцияға ұшырап, джагга құрамына еніп кетті. Шығыс Африканың бантутілді халықтарының дәстүрлі мәдениеті кушиттердің (жас қанды тұтыну, т.б.) және нилоттардың әсерінен өзгерістерге ұшырады. ## Кәсібі Негізінен қолдан террасалаған егін шаруашылығымен (банан, тары), мал шаруашылығымен айналысады. Банандар ер адамдардың, ал ямс пен сүт әйелдердің тағамы деп есептеледі. Банан мен тарыдан сыра (мбеге) әзірлейді. XIX ғасырдан бастап кофе өсірумен айналыса бастады. Халықтың бір бөлігі қалаларда (Аруша, Дар-эс-Салам) тұрады, бизнеспен айналысады, мұғалім, қызметкер болып жұмыс істейді. Ағаштан бұйымдар (ыдыс-аяқ, қалқан) жасау, ұсталық (темірді паре-көршілерінен алады) жақсы дамыған. ## Өмір салты Халықты көсем (манги) басқарады, оларды XX ғасырдың басында жоғарғы көсем (манги мкуу) біріктірген болатын. Және де бұл титулдар қазіргі джаггаларда да сақталған. Туысқандық саны патрилинейлік болып табылады. XX ғасырдың басына дейін ерлердің (нгаси) және әйелдердің (шиджа) бастамалары жүзеге асырылатын, онда сүндетке отырғызу бірге жүретін. Дәстүрлі наным-сенімдері - ата-бабалырының табынушылығы, яғни Күн құдайына (Рува) сыйыну және т.б. Негізгі музыкалық аспаптары - сыбызғы мен дағыра. Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Терезесі жоқ, шөппен жабылған дулыға тәрізді тұрғын үйлері 19 ғасырдың аяғынан бастап суахили типіндегі төртбұрышты үйлер алмастырды. Дәстүрлі киім-жүннен жасалған жамылғылар, бас киімдер, таңғыш маталар. Негізгі тағамдары - банан, сүт, ет. ## Дереккөздер
Шайқорық — Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қуатбекұлы Дәуіт (12 желтоқсан 1937 жыл, Ақсу ауданы, Үлгілі ауылы - 20 ақпан 2002 жыл) — агроном, Қазақстан еңбек қайраткері, Қуатбекұлы Дәуіт кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысып оралмады. Дәуіт анасының қолында тәрбиеленіп, 1945 жылы Үлгілі бастауыш мектебіне оқуға барды. 1949 жылы аудан орталығындағы Ақсу селосындағы Ы.Алтынсарин атындаға мектепке ауысып, орта білім алып шықты. 1956 жылы Алматыдағы қазақтың мемлекеттік ауылшаруашылығы институтына түсіп, 1961 жылы ғалым-агроном мамандығын алды. Дәуіттің жұбайы Нұршәкен Ділдәбекқызы екеуі бір ауылда, бір айда туып мепктепте оқыған, 1960 жылы отау тіккен, олардың еңбек жолдары да бірге басталып, үкіметті арнайы жолдамасымен жоғары білімді жас мамандар Көкшетау облысына жұмысқа жіберілді. Щучье ауданы, Щучинск кеншарына келген Дәуіт агроном, Нұршәкен есепші болып орналасты. Көп ұлттың өкілдері тұратын ауыл оларды бауырына басып, еңбекте тез тіл табысып кетті. кеншар Бурабай курортынан небәры үш шақырым жерде еді. Бұлар курорттты ет-сүт, жеміс-жидек сияқты өнімдермен қамтамасыз етіп тұрды. Оның артындағы ұрпаұқтары: қызы Шолпан - Кенжетау қаласында қалалық денсаулық сақтау мекемесі бастығының орынбасары, ұлы Бауыржан - Алматы қаласындағы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде жауапты қызмет атқарады. Әке жолын қуған Данияр - агроном, Солтүстік Қазақстан облысының Ұзынкөл ауылшаруашылығы кооперативін басқарады. Кіші қызы туған ауданындағы еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде қызмет атқарады. ## Марапаттары Арада төрт жыл өткенде мазасыз да, тындырымды еңбегінің арқасында Дәуіт Мәскеудегі Бүкілодақтық Халықшаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, «Тынды игергені үшін» медалімен марапатталды. ## Қызмет жолы * 1971 Аудандық ауылшаруашылыға басқармасы бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Келесі жылы наурыз айында аудандағы ең үлкен шаруашылық Ленин атындағы кеңшарына (қазіргі Кеңжыра) директор болып барды. * 1977 жылы аудандық статистика бөлімінің бастығы болып істеді. * 1979 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орталық комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. * 1980 жылы Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. * 1989 жылы Дәуіт Ақсу қант зауытына директордың шикізат дайындау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Дәуіт Қуатбекұлы екі жылдай ауырып, 2002 жылы 20 ақпанда өмірден озды. ## Дереккөздер
Astana Dragons (қазақша – Астана Айдаһарлары) — Қазақстанның киберспорт ұйымы. 2013 жылдың шілдесінде құрылған. Ұйымның демеушісі - Қазақстан киберспорт федерациясы. ## Жоба жайлы Жобаның басты бағыты — Counter-Strike (Контр-Страйк) ойыны. Біраз уақыт өткен соң Point Blank және LOL секілді ойындардан құрама командалар құрды. Әр бағыттағы командалардың өз ұйымдастырушылары бар. Контр-страйк ойынының ойыншылары үшін Киевтен пәтер жалға алынып жаттығулар өткізілген.2013 жылдың желтоқсанынан бастап Astana Dragons командасы ImbaServer.NET атты ресейлік хостинг сервермен келісім шартқа отырған. ## Counter-Strike: Global Offensive 2013 жылдың шілдесінде CS GO ойынына арналған ең бірінші команда құрылды, және ол негізгі команда болып тағайындалды.Айдаһарлардың ең бірінші жеңісі Techlabs Cup UA 2013 болды. Айдаһарлар қарсыластарын жеңіп, онлайн іріктеуді ойлағандай өтті. Киевта өткен лан финалда, ойыншылар Fnatic командасын 2:0 есебімен жеңді.Келесі Dream Hack деген лан турнир Румынияда өтті. Айдаһарлар топтпн бірінші орынмен шықты. Келесі турда n!aculty командасын жеңіп жартылай финалға өтті, алайда олар 2:1 есебімен NIP командасына жеңілді. Нәтижесінде олар 3-4 орынды Украиндік NA’VI командасымен бөлді.2013 жылдың қарашасының басында ESWC әлем чемпионатында 3 орынға иеленді.Әлем чемпионатынан кейін командада бірнеше өзгерістер орын алды. Ұйымнан Иоанн Сухарёв шығып кетті, оның орнына Арман Масин есімді киберспортшы шақырылды. Жаңа құрама командамен DreamHack Winter 2013 чемпионатына дайындала бастады, бірақ топтан екінші орынмен шығып 1/8 финалда американдық compLexity командасына ұтылып, чемпионаттан ұшып кетті.Жылды сәтті аяқтаймыз деп үміттенген команда өз мақсаттарына жете алмай қалды. SLTV StarSeries-тің сегізінші маусымында команда тек қана төртінші орынға ие болды. Ұйым жабылғаннан кейін команда қатысушылары ұйымсыз ойнап жүрді бірақ EMS Katowice 2014 турнирінің алдында команданы HellRaisers ұйымы келісім шартқа отырды. ### Бұрынғы ойыншылар 2013 жыл 19 шілде — 6 қараша аралығында ойнаған ойыншылар. * Украина Егор «Markeloff» Маркелов * Украина «ANGE1» Карасёв * Украина «Edward» Сухарёв * Қазақстан Даурен «AdreN» Кыстаубаев * Ресей Михаил «Dosia» Столяров ### Жетістіктер Статистика Турнирлер бойынша жинақы статистика ## Point Blank 2013 жылдың 9 қазанынан бастап жобада Point Blank дивизионы пайда болды, Айдаһарларға A-Gaming командасының ойыншылары жиналды. ### Бұрынғы ойыншылары * Ресей Денис «Gray» Данилюк * Ресей Кирилл «Belgiume» Лукьянов * Ресей Сергей «Push» Ивлев * Ресей Олег «z1» Коновнин * Ресей Родион «PVO» Строганов * Ресей Кирилл «Makko» Башкатов ### Жетістіктері ## League of Legends 2013 жылдың 26 қарашасында пайда болған үшінші League of Legends дивизионы, бүкіл бестік польшалық мықты ойыншылар. ### Бұрыңғы ойыншылар * Польша Марцин «Xaxus» Мазцка * Польша Марцин «Jankos» Янковский * Польша Ремигий «Overpow» Пуш * Польша Павел «Celaver» Коприанюк * Польша Оскар «VandeRnoob» Богдан ### Жетістіктер ## Дереккөздер
Сəтқұлов Дамир Жұмаханұлы 1961 жылдың 2 шілдесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңа жол ауылында туған, ұзақ жылдар бойы сот және құқық қорғау органдарында абыройлы еңбек етіп келді. Сəтқұлов Дамир Жұмаханұлы 1980 жылы Шымкент автомеханикалық техникумын, 1992 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген. Дамир Жұмаханұлы өзінің еңбек жолын, 1980-1981 жылдары техникумның жолдамасымен Ақтөбе қаласына келіп?, бірінші авто-комбинатында қозғалтқыш жөндеу учаскесінің бастығы қызметінен бастаған. 1981-1983 жылдар əскер қатарында болып,1983 жылдан 1986 жылға дейін Қазығұрт автобус паркінде инженерлік техникалық қызметтер атқарған. Сот саласындағы қызметін Төлеби аудандық сотында 1986 жылдың маусым айынан бастап, сот мəжілісінің хатшысы, сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін 1992 жылдың маусым айына дейін атқарған. 1992 жылдың маусым айынан 1993 жылдың маусым айына дейін Төлеби аудандық салық комитетінің заңгері. 1993 жылдың сәуір айынан бастап, Ақтөбе облысы, Қарабұтақ аудандық прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші қызметтерінде 1995 жылдың желтоқсан айына дейін болған. 1995 жылдан 2000 жылға дейін Ақтөбе облысы, Алға ауданының прокурорының орынбасары, 2000 жылдың шілде айынан бастап 2004 жылдар аралығында Əйтеке би ауданының прокуроры, 2005-2010 жылдар аралығында Ембі қаласының прокуроры, 2010 жылдан бастап Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен, мемлекетіміздің қалыптасуындағы прокуратура қызметіндегі жоғары көрсеткіштеріне байланысты бірнеше рет марапатталған, 3-ші дәрежелі "Прокуратура озаты" төсбелгісі берілген, сыныптық шені аға заң кеңесшісі. ## Дереккөздер
Орта ғасырлардағы еуропалық музыка мәдениеті VI ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңнен жеткен музыка үлгілерінің барлығы дерлік христиандық шіркеумен байланысты еді. Бұл жағдай 12-ғасырға дейін созылып, бір жағынан шіркеу, екінші жағынан халықтық музыка қатар өмір сүрген. Тек ХІІ-ХIIІ ғасырлардан бастап азаматтық рухтағы музыкалық-поэтикалық шығармашылық туып, олар шіркеу музыкасынан бөліне бастады. Батыс Еуропа үшін антикалық дәуірден орта ғасырларға өту үлкен қоғамдық өзгерістер тудырды. Сол негізде ежелгі грек мәдениетінен өзге христиандық музыка өрістеп, діни сюжеттерді негізгі тақырып етті. Ендігі жерде өмірге деген махаббат пен жігер, жеке тұлғаның дамуы емес, дінге табыну үстемдік құра бастады. Сол себепті орта ғасырлардағы музыка шығармаларының мазмү-ны, тақырыптары мен сюжеттері шіркеумен байланысты болды. Әрине, христиан дінінің таралуынан оның Еуропа елдерінде қабылдануына дейін талай уақыт өткен. Бірте-бірте үстемдік құра бастаған христиан дінінің Римнің мемлекеттік дініне айналғаны да белгілі.
Паскагула (ағылш. Pascagoula River) — Солтүстік Америкадағы өзен. Паскагула АҚШ-тан ағып өтеді ,Миссисипи штатындағы Чикасоу және Лиф өзендерінен бастау алады. Джордж және Джексон аумақтарынан ағып, Мексика шығанағына құяды. Өзен ұзындығы - 130 км, ауданы-23000 км².
Куэ́й (фр. Coueilles, окс. Coèlhas) — Оңтүстік Пиреней құрамына кіретін Франция коммунасы. Департамент — Жоғарғы Гаронна. Л’Иль-ан-Додонның құрамына кіреді. Коммуна аймағы- Сен-Годенс. INSEE коды - 31152. ## Географиясы Коммуна Париж оңтүстігінен 630 км, Тулузаның оңтүстік-батысынан 55 км қашықтықта орналасқан. Коммуна бойында Осу өзені ағып өтеді. ## Климаты Климаты- қоңыржай-теңіздік. Қысы қарлы, көктемі жаңбыр мен найзағайға толы, жазы құрғақ әрі ыстық, күзі күншуақты. ## Адам қоныстануы 2010 жылғы санақ бойынша Куэй коммунасында 87 адам тұрады. ## Басқарушылары 2001-2014 жыл аралығында Морис Фабарон мэр, ал 2014-2020 жыл аралығында Бернар Фабарон мэр басқарады. ## Экономика 2010 жылы 36 белсенді, оның ішінде 27 адам белсенді, 9 адам белсенсіз. 9 адам ішінде 3 адам оқушы және студент, 3 адам зейнеткер, 3 адам белсенсіз.
Кəдірбай Ешенқұлұлы Жарқынбеков (сәуір 1961 жыл, Көкібел, Түркістан облысы) — Қазақстан инженер-геологы. Ташкент мемлекеттік университететін бітірген. Шымкент қаласындағы ЮжГИИЗ мемлекеттік инженерлік іздестіру институтында, комсомол органдарына жұмыс атқарды. 2002 жылдан Астана қаласына келіп, өзінің жобалау мекемесін ашып, Астана қаласының сәулет саласына өзіндік үлес қосып келеді. Қазақстан Темір Жолы Акционерлік қоғамының 40 қабаттық əкімшілік-кеңсе ғимаратының жобалау жұмыстарын жүргізді. Өзі басқаратын "ТехноАктив" ЖШС-гі Қорғаныс министрлігіне қарасты Астана қаласындағы 20 га аумаққа орналасқан "Қазақстан Қорғаныс Университетінің" техникалық-экономикалық негіздемесінің авторы. Байқоңыр қаласындағы салынған 1200 орындық қазақ мектебі, 340 орындық балабақша комплексі жобаларының егесі. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка қаласындағы 300 орындық орыс мектебі, Новоишимка кеніндегі 400 орындық мектеп пен 200 орындық интернаттың жобалау жұмыстарын, Қорғаныс министрлігіне қарасты Щучинск қаласындағы "Ботакөз" санаториясы, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз қалаларындағы "Қазақстан Темір Жолы" Акционерлік қоғамына қарасты объектілердің жобалау жұмыстарын жүргізді. Кəдірбай Ешенқұлұлы өзінің туған жеріне, туыс-бауырларына деген қамқорлығын үзген емес. Көкібел ауылындағы ата-бабалар мекені "Оқжүніс" мешітінің құрылысына өзіндік үлес қосып, ішкі əрлендіру және құрылыс жұмысын сонау 1994 жылы өз қаражатына істетті. 2007 жылы "Суан ата" ұрпағына ас беріп, ел ағалаларына ат мінгізіп, қажылыққа жолдама алып беріп, тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай көмек жасады. Əр жылы "Суан қорына" қаржылай жəрдемін үзген емес. 2010 жылы Совет одағының батыры генерал Сабыр Рахымов туралы белгілі қоғам қайраткері Əкім Ысқақ жазған "Тұңғыш генерал" кітабының қаржылай демеушісі болды. Кəдірбай Ешенқұлұлының бастауымен Астана, Алматы, Тараз қалаларының көшелеріне Совет одағының батыры генерал Сабыр Рахымовтың есімі берілді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Оңтүстік қорғаныс шебі бөліміне Сабыр Рахымовтың атының берілуі ықпал етілді. ## Дереккөздер
Икилилу Дуанин (фр. Ikililou Dhoinine; туған жыл. 14 тамыз 1962 жыл, Джоези, Комор) — коморлық саясаткер, 2011 жылдың 26 мамырынан бастап Комор президенті болып тағайындалды. ## Биография Икилилу Дуанин 1962 жылы 14 тамызда Джозиде, Коморда дүниеге келді. Дуанин оқыған білімі бойынша - фармацевт. 2006 мен 2011 жылдар аралығында, яғни Ахмед Абдаллы Самби президенттің билігі тұсында Комордың вице-президентінің міндетін атқарды. Анчжуан аралына Африкандық одақ басып кірді және Мохаммед Бокар президенттік лауазымынан айырылды. Дәл осы оқиғадан кейін, 2008 жылдың 26 мен 31-ші наурыз аралығында Дуанин аралдың уақытша президенті болып тағайындалды. Ол 2010 жылы өткен президенттік сайлаудың бірінші турында 28,19 % дауыс алды. Екінші турда Мухаммед Саид Фазулмен және Абду Джабирмен кездесіп, 61,12 % дауыспен жеңіп шығып, президент болып сайланды. Осы сайлауда Дуанинге билік партиясының белді мүшесі президент Ахмед Абдаллы Самби қолдау көрсеткен болатын. ## Жеке өмірі Қазіргі уақытта Дуанин отбасын құрған және екі баланың әкесі. ## Дереккөз Орыс википедиясы
Бекемкүл Батырбекқызы (22 мамыр 1945 жыл, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңа-Базар ауылы) — ақын-жазушы, сәулетші, əнші, философ, суретші, қобызшы. Бекемкүл Батырбекқызы Қазығұрт тауының күнгей бетінде шаруа отбасында дүниеге келген. 1952 жылы осы ауылдағы М.Горький (қазіргі Елшібек батыр) атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына барып, оны 1962 жылы өте үздік бағамен бітіреді. 1962-1966 жылдары Алматы қыздар педагогика институтының студенті болып, оның қазақ тілі мен əдебиеті мен факультетін айрықша дипломмен аяқтады. 1966-1979 жылдары ҚСЭ-де ғылыми қызметкер бола жүріп, 1973-1975 жылдары Мұқтар Əуезов атындағы "Əдебиет және өнер" институтынында фольклор бөлімінде сырттай аспирантураны бітірген. 1979-1980 жылдары Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы "Прогресс" газетінде редактордың орынбасары, 1980-1991 жылдары Алматыдағы "Жалын" жастар баспасында насихатшы редактор, 1991-1995 жылдары Президент органы "Халық кеңесі" газетінде қызметте болды. 1994 жылы көп балалы ана ретінде зейнетке шықты. 2000-2001 жылдары К.Байсейітова атындағы дарынды балалар мектебінде, 2001-2004 жылдары нөмір төртінші қалалық емханада қазақ тілінен ұстаздық етті. Бекемкүл Батырбекқызы сәулетші, əнші, философ, суретші, қобызшы, дәрігер, есепші мамандықтарын меңгерген. "Қазығұрт қызғалдағы"(1979-1980 жылдар), "Ақ сезім"(2003 жыл), "Сұлу сезімді сұңқарым"(2004 жыл), "Өмір өрнектері"(2005 жыл), "Нұр шапағаты"(2009 жыл), "Жаңа жыр" атты жыр жинақтарының авторы. 1995 жылы Түркияның Анкара қаласында өткен бүкіл əлем құрылтайында "Түркия-Қазақстан" əні (М.Омаровтікі) бас жүлдеге ие болып, 2012 жылы Алматыдағы тіл мерекесінде "Ана тілім" өлеңі екінші орын, 1996 жылы "Егемен елім-ай" жене "Қазығұртым ауылым" Республикалық қазақ радиосының "Туған ел туралы жырлар" бəйгесінде бірінші орын алды. 2001 жылы Алматыда өткен "Біз естімеген бір əн" бəйгесінде "Ақ маңдай əже"(М. Сүндетованікі), 2004 жылы Махамбет ақынның туғанына 200 жыл толу құрметіне ЮНЕСКО шеңберінде өткен əн бәйгеде (Махамбет баба"(əні Д.Тілендінікі) жүлделі орынға ие болды. 2005 жылы Шымкентте өткен "Арай" атты əн бəйгесінде "Айша бибі" гран-при алды. "Ана даңқы" орденімен, медальдарымен марапатталған. . ## Дереккөздер