text
stringlengths 3
252k
|
---|
Мусин Баймолда Садыханұлы (29 қыркүйек 1936 жылы туған, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылы) — журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988). 1955 жылы Ұзынағаш орта мектебін, 1960 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1960-62 жылдары Жамбыл облысы Мерке ауданында “Коммунизм туы” газетінде, 1962-69 жылдары “Лениншіл жас” (қазір “Жас Алаш”) газетінде бөлім меңгерушісі болды. 1969-74 жылдары Алматы облысында “Жетісу” газетінде, 1983-87 жылдары Қазақстан КП Алматы облыстық газетінде жауапты қызметкер болып істеді. 1987-98 жылдары Алматы облысында “Жетісу” газетінде бас редактор болды. Алматы облысының (2000) және Жамбыл ауданының (2001) Құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Мусин Балдырған Серғазыұлы (1947 жылы туған) - инженер-құрылысшы.
Семей құрылыс техникумын (1967), Қарағанды металлургия институтын (2002) бітірген.
* 1970-1988 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының жөндеу-құрылыс цехының шебері, учаске бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы, комбинаттын еңбек және кадр басқармасы директорының орынбасары, мамандандырылған жөндеу-құрылыс басқармасының бастығы.
* 1988-2000 жылдары Теміртау қаласы әлеуметтік мәдени-тұрмыстық басқармасының бас инженері, бастығы, «Қалалық жол қызметі» КМК бас инженері.
* 2000-02 жылдары - Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының бастығы.
* 2002 жылы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары,
* 2003 жылы Теміртау қаласы әкімі болып тағайындалған.
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мусин Әлихан Шөжебайұлы (25.11.1908, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Екінші ауылы. – 30.12.1963, Алматы) – кенші ғалым, техникалық ғылымдар докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961).
Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан.
Мәскеу Түсті металдармен алтын институтын бітірген (1937). 1937 – 49 жылдарда Қоңырат кенішінде, Успен кен басқармасында, Лениногор кен басқармасында, Березев кенішінде, Қазақстан ҰҒА-нда инженерлік басшылық қызметтер атқарған. 1949 жылдан өмірінің соңына дейін Тау-кен ісі институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер астынан кен қазып алу кезінде пайда болатын жер қыртысы қабаттарының қысымы мен оның пайда болу заңдылықтарына арналды. Мусин жайпақ орналасқан кен шоғырдың қалың жерін діңгекті-камералап қазу жүйесінің ортасынан ор жүргізіп қазуды ұсынған. Осы ұсынысы Жезқазған кеніштерінде тәжірибелік-өндірістік сынақтан өтті және кен массасын тиеу жұмыстарын толығымен механикаландыруға, камераның өнімділігін 3 есе арттыруға мүмкіндік берді. Ол камералардың төбесі мен тіреуіш кентіректердің тұрақтылығын зерттеуге қажетті жаңа микросейсмикалық аспапты (ПМС-3) жасауға тікелей қатысты. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның және 2 өнертабыстың авторы. Лениногор полиметалл комбинатының кеніштерінде қалың қабатты кендерді қолдан қауырт құлату әдісін енгізгені үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды (1961). “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
## Шығармалары
* Разработка пологопадающих рудных месторождений системой с открытым очистным пространством применительно к условиям Джезказгана, А.-А., 1959;
* Разработка месторождений полезных ископаемых Казахстана, т. 1, М., 1963.
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Успен кен басқармасы
* Тау-кен ісі институты
* “Құрмет Белгісі” ордені |
Шолақ — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мусин Нұрхан [1891, Қостанай обл., Шұбар бол. (қазіргі Қостанай обл., Жетіқара ауд.), - 15. 9. 1942] – совет әскери қайраткері, азамат соғысына қатысушы. Шаруа отбасында туған. 1921 жылдан КОКП мүшесі. Жоғары бастауыш уч-щені (1918), Орынборда атты әскерлер командирлерін даярлайтын курсты (1921), Ленинградта Қызыл Армияның жоғары саяси қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсын (1927) бітірген. 1919 ж. Торғай у-не Ә. Жанкелдин уйымдастырған еріктілер отрядында эскадрон командирі болып, алашордашыларға қарсы күресті. Қостанайды контррев. Күштерден азат етуге қатысып, қаланың қарауыл отрядын басқарды. Қостанай уезінде совдептердің жұмысын жолға қоюға, қазақ жауынгерлері арасында сауатсыздықты жоюға, қала жастарының арасында мәдени-ағарту жұмыстарын уйымдастыруға белсене ат салысты. 1921 – 23 ж. Түркістан майданының штабында жұмыс істеді. 1923 – 25 ж. Ерекше қызмет атқаратын әскери бөлімдер (ЧОН) штабының комиссары, 1925 – 26 ж. Орынборда Қазатком атынд.әскери мектептің комиссары. 1927 – 38 ж. Қостанай губ. Әскери комиссарының көмекшісі, губ. сот председателінің орынбасары, Қазақ атты әскер полкінің комиссары Шымкент окр., Петропавл обл. Әскери комиссары, ҚАССР әскери комиссариатының көмекшісі, губ. сот председателінің орынбасары, Қазақ атты әскер полкінің комиссары, Шымкент окр., Петропавл обл. әскери комисары, ҚАССР әскери комиссариатының бөлім бастығы. М. Советтердің бүкіл қазақстандық ,-съезінде Қазатком мүшелігіне кандидат болып сайланды. |
Құлантөбе — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы елді мекен, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде, Қапшағай су қоймасының солтүстігінде темір жол бойында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасқұм — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы елді мекен, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай темір жол бойымен 23 км-дей жерде, Қапшағай су қоймасының солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақөзек — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерда, Қапшағай су қоймасының солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966).
## Өмірбаяны
Найман тайпасының Бура руынан шыққан.
1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды.
1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды.
Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады.
1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды.
1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды.
## Шығармашылығы
Мусин, негізінен, зиялы қауым өкілдерінің сахналық бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Сырым (Әуезов, “Қарагөз”), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев “Абай”), Махамбет (Ғ.Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т.Ахтанов “Сәуле”), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, “Шағын трагедиялары”), Телегин (А.П. Чехов, “Сүйікті менің ағатайым”) рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол сомдаған рөлдердің қатарында Алшағыр, Абыз (Әуезов, “Қарақыпшақ Қобыланды” мен “Еңлік – Кебек”), Қасболат (Ахтанов, “Боран”), Шегір (Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Мұрат (Ә.Тәжібаев, “Майра”), Штурман (К.М. Симонов, “Келер кез”), т.б. бар.
Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937 – 1946; Сібірде, 1948 – 1954) көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
1954 жылдан киноға түсті: Рүстемов (”Бұл Шұғылада болған еді”, 1955), Сапаров (“Біз осында тұрамыз”, 1956), Баймағанбет (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), Профессор (“Ұлан”, 1977), Ректор (“Қосымша саудалар”, 1979), Төле би (“Жазушы асығады”, 1980), т.б. рөлдерде ойнады.
## Фильмографиясы
* 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - эпизод
* 1956 - Мазасыз көктемде - парторг
* 1956 - Біз осында тұрамыз - Сапаров
* 1957 - Оның уақыты келеді - Баймағанбет
* 1959 - Ертістің жабайы жағасында - Мұратов
* 1959 - Бір түні - Баукенов
* 1960 - Тыныштық - Нұрғали
* 1962 - Жол түйісі - эпизод
* 1966 - Ән қанатында - эпизод
* 1972 - Ас беру - сал
* 1975 - Дала гүрсілі - полковник Түнғалиев
* 1976 - Жануарлар саябағындағы жаз - Жануарлар саябағының директоры
* 1976 - Медальдің үшінші жағы - Оқтаев
* 1977 - Ұлан - эпизод
* 1978 - Қосымша сұрақтар - эпизод
* 1978 - Аманат - Жүніс Шеров
* 1979 - Даладағы қуғын - эпизод
* 1979 - Шешуші шайқас - эпизод
* 1979 - Күміс мүйізді Алатау - эпизод
* 1980 - Суыт жортқан жаушылар - Бөгенбай
* 1980 - Адам төзбес балалар - эпизод
* 1980 - Ебелек - Хайдаров
* 1982 - Қош бол, Медеу - эпизод
* 1982 - Қызыл ағаш үй - эпизод
* 1983 - Жердегі істер - Атаев
* 1983 - Кінәсін өтеу - эпизод
* 1986 - Асуда - эпизод
* 1987 - Айдай сұлу Айсұлу - кеңесші
* 1989 - Кек - эпизод
* 1989 - Сұлтан Бейбарыс - эпизод
* 1992 - "Отызыншысын" - жою! - мұғалім
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы
* Львов Н.И., Казахский театр, Очерк истории, М., 1961
* Сахна саңлақтары, A., 1998 |
Ақөзек — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Матай ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде, Үштөбе - Ақтоғай темір жолы бойында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Бауыржан Қарағызұлы (1982 жыл, 17 қазанда дүниеге келген) — Қазақтың белгілі ақыны. Қазақстанда өткен көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы.
* Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
* Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.
* ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері.
* "Әлемге әйгілі - Астана" атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері.
* Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері.
* ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған" атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты.
* "Табысты қазақстандық - 2012" Ақмола облысы "Жас дарын" сыйлығының иегері.
* Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.
* 2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері.
* Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалімен марапатталған.
* "Жұмбақтасқа жауған күз", "Өң.Мен.Түс.", "Жүрек кітабы", "Топырақ демі", "Галстук" атты жыр-кітаптарының авторы.
* 2023 жылы "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.
30-дан астам өлеңдері «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) 6 тіліне аударылған.
Республикалық "Алаш үні" газетінде тілші, Елордалық "Астана" журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары;Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында "Кітап патшалығы" журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы "Ақпараттық кітапхана жүйесі" Мемлекеттік мекемесінде директор; "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталының" жетекшісі және оның негізін қалаушы; "Мәдениет порталының" бас директоры және оның негізін қалаушы; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры;ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы; ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отырған әке.
## Дереккөздер
http://www.madeniportal.kz/author/11 Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2018 жылы. |
Серік Нұртайұлы Баймағанбетов (8 қыркүйек 1958 жыл, Қызылту ауылы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР) — кеңестік, қазақстандық заңгер, заң ғылымдарының кандидаты; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2009-2011), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2011-2012).
## Өмірбаяны
* М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған.
* 1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды.
* 1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
* 2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі
* Әділет вице-министрі
* Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
* 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
* 2009 жылғы 2-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
* 2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді.
* 2011 жылдың мамыры-2012 жылдың ақпаны аралығы - Қазақстан кедендык бақылау комитетінің төрағасы.
## Марапаттары
* "Құрмет"орденімен марапатталған.
## Отбасы
Үйленген. Қызы бар.
## Дереккөздер |
Жасыл Жебе — DC Comics-тің ойдан шығарылған кейіпкері. Авторлар оның киімін жасағанда Робин Гудке арқа сүйеген: киімі, садағы мен жебелері жасыл түсті. Жасыл жебенің шын аты - Оливер Куин, бірақ отбасы оны Олли деп атайды. Ол өте бай болған, себебі әкесі үлкен компанияны басқарған. Компанияның аты Куин Консолидейтит (Queen Consolidated) болған.
Бір күні Оливер мен әкесі мұхитқа круиз лайнерімен шыққан. Бірақ олар апатқа ұшырады. Оливер оянған кезде ешбір тірі адам болмаған, ал өзі елсіз аралда қалады. Алайда 5 жыл өткенде, оны балықшылар әрең тапқан. Туған қаласына келген кезде ол бір нәрсені байқады: бұл қала өте зиянды, қауіпті болған. Соңынан ол қаланың қаһарманы болуға кірісті.
"Жасыл жебенің" жазушысы - Мартин Вейсигер мен Джоджем Пэпом. Бірінші рет 1941 жылы "Жасыл жебе" туралы комикстер шыққан. Алғашқы 25 жылдарда ол қарапайым болған жоқ, бірақ 1960 жылдардың аяқ кезінде "Жасыл жебе" абыройын тез көтерген. Өйткені Оливер өзіне Жасыл Шамды серіктеске алған. Ал Жасыл Шам сол кезде көп жанкүйерлердің сұранысына ие болды. Осы оқиғадан кейін "Жасыл жебе" өте даңқты кейіпкер болып кетті. |
Баймағанбетов Нұрлыбай (1934 жылы туған, Ембі ауданы Жаңатаң ауылы) – педагог. Гурьев (мұғалімдер) институтын (1954), қазіргі Атырау педагогикалық институтын (1962) бітірген. 1958 – 80 ж. Маңғыстау облысы, Үштаған ауылындағы Ленин атындағы мектепте мұғалім, Жданов, Қарақұм орта мектептерінде директор, 1980 – 2004 ж. Опорный кенттік кеңесінің төрағасы, орта мектепте мұғалім, кенттік музейде ұйымдастырушы болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен (1970), Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1976) марапатталған.
## Дереккөздер |
Нахимовка — Ақмола облысы, Жарқайың ауданындағы ауыл, Нахимов ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Державинск қаласынан 24 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Жанынан Есіл өзені ағады.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ханган (кор. 한강, 漢江, Han-gang, Han'gang)) — Оңтүстік Кореяда орналасқан өзен. Сеул қаласынан ағып, Сары теңізге құяды. Ұзындығы — 514 километр, ені Сеулдің ішінде 1 километрге дейін жетеді. Орташа су шығыны - 670 м3/с. Минималды және максималды ағу екпіні 1:318 болып ерекшеленеді.
## Ханган арқылы көпірлер
Өзенде 27 көпір салынған. Көбісі Сеулдің солтүстік және оңтүстік жақтарын байланыстырады.
## Дереккөздер |
Абдрахманов Рахметулла Хәкімұлы — 1911 жылы Семей қаласында дүниеге келген.Ұлы Отан Соғысына,Курск шайқасына қатысқан. 247 минометті полктың 5-минометті бригадасының құрамында 1942 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 1943 жылдың шілде айына дейін телефонист болып шайқасқа түскен.1943 жылдың 7-маусымында он қолы күрделі жараланып, Вычуга қаласында орналасқан №3080 эвакогоспиталінде 5 ай жатып емделген,алайда,мүгедек болып қалды.Рахметулла Хәкімұлына Ұлы Отан Соғысының 1-дәрежелі мүгедегі атанды.КСРО–ны қорғағаны үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған (№ 3599961).Сондай-ақ, ҰОС аяқталуына орай жыл сайын берілетін мерейтойлық медальдардың иегері.Көлік апатынан жаба шегіп, бас сүйегі мен миына зақым келіп 1978 жылдың 22 маусымында өмірден өтті.
## Сыртқы сілтемелер
http://testent.ru/index/kazakhstan_1941_1945_zhyldardagy_ly_otan_sogysy_deurinde/0-622
## Дереккөздер
Семей қаласының тарихи өлкетану мұражайының тапсырысымен басылып шыққан "Солдаты победы"("Жеңіс жауынгерлері") кітабы,2005 жыл. |
Қалиев Ғабдолла (17.9.1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) – ғалым, филология ғылым докторы (1990), профессоры (1992). Қазақ КСР-і (1968), КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі (1980). 1950 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет істейді. 1958 – 61, 1972 – 77 ж. қазіргі қазақ тілі кафедрасының, 1993 – 2003 ж. жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1993 – 98 ж. оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректор, университеттің жетекші ғалымы (2005). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қалиевтың негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы, әдеби тіл тарихы мәселелеріне арналған. Қалиев қазақ диалектологиясы ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1950 – 54 ж. қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін бірінші болып говорлық деңгейде зерттеді. “Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру” (1985) монографиясы түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданды. 1960 ж. студенттерге арнап қазақ тілінде диалектологияның тұңғыш оқу құралын жазған. 1969, 1996, 2005 ж. диалектология аймақтық сөздіктер жасауға қатысты. Студенттер үшін қазақ тілінің лексикологиясы, диалектологиясы, әдеби тіл тарихы, жалпы тіл білімінің оқулықтарын жазды. 2004 жылдан бері “Мәдени мұра” мемл. бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан 15 томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігін” жасауға қатысып келеді. Қалиевтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы дайындалды. Көптеген медальдармен, 2003 ж. “Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.
## Шығармалары
* Қазақ говорлары жүйесін зерттеу мәселелері. Монография, А., 1977;
* Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, А., 2005;
* Русско-казахский словарь, 3 изд., А., 2005. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2005, 1 – 3-т., 2006 – 07.
* Қазақ диалектологиясының мәселелері 1960.
* Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері, 2002.
* Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру,1985.
## Сілтемелер
* Қалиев Ғабдолла(қолжетпейтін сілтеме)
* КазҰТУ ғылыми кітапханасы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Жаубасар Қалиев (1948 жылы туған), суретші-мүсінші. Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы өнеручилищесін (1970), Санкт-Петербургтегі И. Е. Репин атындағы өнер академиясын бітірген. ҚазақстанСуретшілер одағының мүшесі. Облыстық, республикалық, халыкаралық көрмелердің бірнешедүркін жүлдегері. Қаз дауысты ҚазыбектіңЕгіндібұлақ ауылындағы мүсіні, Құрманғазының«Сарыарқа» әуежайындағы, Мәдидің Қарқаралыдағы мүсіндері, т. б. көптеген ескерткіштерсуретші-мүсінші Жаубасар Қалиевтің қолынан шыққан туындылар.
## Жаубасар Қалиев туралы фильм
1981 — «Кісен ашқан» М.Горьки атындағы ғалымдар үйінің Альфа студиясы, скульптор Жаубасар Қалиев (Қарағанды)
## Дереккөздер |
Жаубасар Қалиев (1948 жылы туған), суретші-мүсінші. Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы өнеручилищесін (1970), Санкт-Петербургтегі И. Е. Репин атындағы өнер академиясын бітірген. ҚазақстанСуретшілер одағының мүшесі. Облыстық, республикалық, халыкаралық көрмелердің бірнешедүркін жүлдегері. Қаз дауысты ҚазыбектіңЕгіндібұлақ ауылындағы мүсіні, Құрманғазының«Сарыарқа» әуежайындағы, Мәдидің Қарқаралыдағы мүсіндері, т. б. көптеген ескерткіштерсуретші-мүсінші Жаубасар Қалиевтің қолынан шыққан туындылар.
## Жаубасар Қалиев туралы фильм
1981 — «Кісен ашқан» М.Горьки атындағы ғалымдар үйінің Альфа студиясы, скульптор Жаубасар Қалиев (Қарағанды)
## Дереккөздер |
Қалиев Әйтен Қайрошұлы - (15.11.1939 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992), профессор (1995). Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және аспирантурасын (1970) бітірген. Осы институтта аға лаборант, ассистент, доцент (1968–94), кафедра меңгерушісі (1994–2006), профессор қызметтерін атқарды. 1991 жылы «Фотомутогенез и фотостимуляция в селекции пшеницы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері шоғырланған күн сәулесін бидай селекциясында пайдаланудың фотомутагенез және фотостимуляциясына арналған. 90-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Қалиев Еркін Жекенұлы (17 сəуір, 1957 жылы туған, Алматы қ.) - ғалым, меценат, физ.-матем. ғыл. канд. 1980 ж. Мәскеу инж.физика институтын, 1985 ж. КСРО ҒА ЕО-ның аспирантурасын бітірген. Қазақстан ҒА Матем. және механика институтында (1980-1982; 1985-1988), Қазақстан ЛКЖО ОК Көрме-ақпарат орталығыныңдиректоры (1989-1991), "Глотур" бірлескен кәсіпорнының директоры (1991-1996), Қазақстан т. жолдарынын уәкілетті басқарушысы (1996-1997), "Қазақстан темір жолы" РМК бас директоры (1997-1998), ҚР Көлік және коммуникациялар министрі. 1998 жылдан "Еркін-Көмек" қоғ. қорының басқарма төрағасы, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қорының президенті. Облыс аумағындағы мәденитарихи ескерткіштерді қорғап, қалпына келтіру жұмыстарына қаржылай көмектесіп, республика Меценаттар клубының мүшесі ретінде мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетеді.
## Дереккөздер |
Өмірсерік Қалиұлы Қалиев (1947 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданы Басқан ауылы - 2017 жылы 16 қыркүйек Алматы облысы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Ақсу ауданының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының жоғарғы санаттағы артисі.
## Толығырақ
Құрманғазы атындағы консерватория жанындағы театр бөлімін бітірген (1974). Ақсу ауданы "Өмір нұры" газетінде, Діңтек ауылындағы орта мектепте, Қаракөз ауылындағы клубта жумыс істеген. 1975 ж. бүр. Талдықорған облыс драма театрының құрамына қабылданды. Қ. М.Әуезовтің "Абайында" — Абайдың, "Қарагөзінде" — Асанның, "Түнгі сарынында" Тәнекенің, "Еңлік-Кебегінде" — Еспенбеттің, Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқтысында" — Мынқаудың, "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында" — Қарабайдың рөлдерін ойнады. Қ. 80-нен аса образ жасаған актер.
## Марапаттары
* 1992 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы;
* 2000 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» нің иегері атанды.
* «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» құрметті атағының иегері.
## Дереккөздер |
Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 4 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Экс рэпері A.Z. Азамат Зенкаев 4 тамызда 2020 жылы топ қатарынан ресми түрде шықты. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
## Тарихы
Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.
### 2015: Айыптама әнімен дебют алуы
Ninety One тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазан айында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанып, 31 наурыз күні топқа Gakku TV арнасының арнайы сыйлығы табысталды. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-альбомы жарық көрді. Альбомның презентациясы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтсе, 8 желтоқсан күні Астана қаласында Хан Шатыр ойын-сауық кешенінде өткізілді.
### 2016: Қайтадан
2016 жылдың 3 ақпанында Ninety One тобының «Айыптама» альбомы «Apple Inc.» компаниясының iTunes медиаплееріне енгізілді.2016 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында топтың «Қайтадан» әніне кезекті бейнебаян жарыққа шықты, ал 5 маусым күні Астана қаласында клиптің тұсаукесері өтті. Бұл бейнебаян да Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы 1 орында тұрып кезекті «Gakku Top Ten» арнайы сыйлығын иеленді. 2016 жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өнерлеріне 1 жыл толуына орай жеке концерттерін берді. Сол жылы топ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында өзінің жеке концерттерін беріп, 23 шілде - 5 тамыз аралығында Қытайда өткен Орда тобының жеке концертіне қатысты.
### 2017: "QARANGY ZHARYQ"
2017 жылдың 1 мамырында төрт айлық үзілістен кейін топ «QARANGY ZHARYQ» атты жаңа толық альбомына енген «Su asty» әніне түсірілген бейнебаянмен сахнаға қайта оралды (comeback). Әннің тұсауы НТК телеарнасында кесілді. «QARANGY ZHARYQ» альбомының алғашқы бөлімінің тұсаукесерінде жігіттер аталмыш альбом бес шағын альбомнан тұратындығын және әр альбомға екі ән енетіндігін айтты. Сонымен қатар альбомның ішінде Қазақстандық алғашқы комикс - пайым («paiym») жарыққа шақты. Пайым атауы - Su Asty Corporation. Қазіргі кезде альбомның тек 2 бөлімі жарық көрді. 2017 жылдың 2 шілдесінде 91 тобы "QARANGY ZHARYQ" атты ресми турын Талдықорғанда бастап, Қазақстанның Тараз (4 шілде), Орал (7 шілде), Ақтау (9 шілде), Қостанай (11 шілде), Өскемен (13 шілде) және Семей (14 шілде) сияқты қалаларында өздерінің жеке концерттерін қойып, 16 шілде күні Қарағанды қаласында турларын аяқтады.
### Топ атауы
Топ атауы алғашында KTI-boys болған. Одан 91- ге ауысты. Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді.
## Сын
Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен, Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов, Төреғали Төреәлі сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов cынды әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалған оған аға буын өкілдері қарсы шыққан болатын.
## Топ әндері
* Айыптама
* Қайтадан
* Қалай қарайсың?
* Ұмытпа
* Қайырлы түн
* У
* Ля
* Tap-Tap
* Бүгінгі күннен
* Su Asty,
* Yeski Taspa Bii'
* M.B.B.A.B.B.D
* Bayau
* Mooz
* Sau
* Ah!Yah!Mah!
* E.YEAH
* ALL I NEED
* BOYMAN
* Why'm
* Men emes
* Bári biled
* Kóilek
* Olar
* Señorita
* Oinamaqo
* Nice Weather
* Taboo (feat. Ирина Кайратовна)
* Darn
* Jurek
* Bope
* Abuse
* Bata
* Qooma
* Suraqtar
## Топ мүшелері
### A.Z
Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ лидері, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS жобасының жеңімпазы.
2020 жылы 4 тамызда "ninetyone" инстаграм парақшасында, Азамат Зенкаев топтан кететіні туралы ресми түрде хабарланды.
### ALEM
Батырхан Абайұлы Мәлік — топ вокалисті, топтың үлкені. 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай финалисті. Барселона (Испания), Берлин (Германия) және Ресей қалаларында өткен халықаралық конкурстар лауреаты.
### ACE
Азамат Қайратұлы Ашмақын — топ вокалисті, топтың көшбасшысы, жетекші биші, 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Інісі бар. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Оңтүстік Кореялық продюсерлік SM Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттік аясында 2012-2015 жылдары Корея Республикасында білім алып келген. Сондықтан қазақ және орыс тілдерінен бөлек корей тілін біледі. Тілдерге деген қызығушылығы өте жоғары. Мистикалық және эзотерикалық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.
### ZАQ
Дулат Болатұлы Мұхаметқали — хореограф, рэпер, 1996 жылдың 8 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Үржар ауданы Үржар ауылындағы "Ілияс Жансүгіров" атындағы орта мектепте 11 жыл оқыған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы. "K-TOP IDOLS" жобасының жеңімпазы. Жас Отан партиясының мүшесі.
### BALA
Данияр Ақылбайұлы Құлымша — топ вокалисті,макнэ. 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Сурет салғанды ұнатады. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің 1 курс студенті. «Brotherhood» аспапты тобының бұрыңғы мүшесі.
### Бұрынғы топ мүшелері
* A.Z Азамат Байболатұлы Зенкаев
## Фандом
Топтың фандомы - ''EagleZ''. «EagleZ» ағылшын тілінен аударғанда "қырандар" деген мағына білдіреді. Соңындағы "Z" әрпінің қойылу ерекшелігі де бар. Бұл тыңдаушылардың қазіргі "Z буыны" екендігін көрсетеді. "EagleZ" атауы топтың атымен тығыз байланысты. Топ мүшелері жанкүйерлерін еркін, биіктегі қыранға теңейді. Жігіттер өздерінің талантымен тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Украина, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Канада, Қытай және басқа мемлекеттерде әйгілі болып, EagleZ-дың саны көбеюде. Шетелдік жанкүйерлер бейнебаян және видеоларына реакция түсіріп, әлеуметтік желілерге жіберіп отырады.
## Дискография
### Синглдер
### Альбомдар/Мини-альбомдар
## Видеография
### Бейнебаяндар
### Ninety One SPACE
Ninety One SPACE - топтың күнделікті өмірі жайлы бейне-күнделік.
1 маусым
2 маусым
3 маусым
Special Edition
## Дереккөздер
## Жүлделері
* GAKKU ӘУЕНДЕРІ 2016: Номинация «Открытия года»
* GAKKU TOP-10 2016: «Айыптама» əні
* ЕМА 2016: «Прорыв года»
* EMA 2016: «Абсолютный радио-хит» Сингл «Қайтадан»
* ЖЫЛ ТАҢДАУЫ 2016
* EMA 2017: «Үздік жігіттер тобы»
* EMA 2017: «Үздік əн» - «Қалай қарайсың»
* ЖЫЛ ТАҢДАУЫ 2017:
* Премия Ticketon 2018: Казахстанский концерт года - «Специальная премия. Выбор Казахстанских зрителей»
* ВЫБОР КРИТИКОВ 2018: Лучшая песня «Mooz» (фильм «Ninety One»)
* ЕМА 2018: Үздік клип "Ah!Yah!Mah"
* ЕМА 2018: Үздік Q-POP əртіс
* МЕЖДУНАРОДНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ "ASTANA DAUSY-2018": СПЕЦИАЛЬНАЯ СТАТУЭТКА И ДИПЛОМ
* JYL TAŃDAÝY 2018
* ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ: "ҮЗДІК Q-POP ƏРТІС"
## Сілтемелер
* Ninety One Instagram-да
* Ninety One YouTube-та
* Ninety One Facebook-те
* Ninety One Twitter-де
* Ninety One Apple Music-те
* Ninety One Periscope-та |
Қалиев Серғазы - (25.6.1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) – педагогика ғылымдарының докторы (1996), профессор (1998). Семей мемлекеттік педагогика институтын (1949) бітірген. 1949–83 жылдары мектептерде мұғалім, директор, инспектор, Қазақ темір жол басқармасының оқу орындарында бөлім бастығы, 1983–87 жылдары республика Мұғалімдер білімін жетілдіру институты директорының орынбасары, Қазақ КСР-і ҒА Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары (1987–93), Қазақ білім академиясында лаборатория меңгерушісі (1993–2000) болды. 2000 жылдан осы академияда орталық директоры қызметін атқарады. «Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Пайдаланылған әдебиетттер |
Қалиев Жекен (7.11.1937 жылы туған, Ақсу ауданы, Ақсу ауылы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1990), ЮНЕСКО істері женіндегі ұлттық комиссия мүшесі. 1957 ж. Алматы шетел тілдері институтын бітірген. 1957-61 ж. Жамбыл ауданы, Үңтіртас орта мектебінде, ҚазПИ-де, 1961-68 ж. ҚазМУ-де педагогика-ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Кейін Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің 1-орынбасары (1968-74), республика Министрлер Кеңесі жанындағы Шетелдік туризм жөніндегі бас басқармасының бастығы (1974-76), республика Шетелдермен достық мәдени байланыстар жасайтын қоғамы төралқасының төрағасы (197684) және т.б. лауазымды қызметтер атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Сыртқы саясат қауымдастығының президенті, 1999 жылдан Қазақстан Парламента Мәжілісінің депутаты. "құрмет белгісі" орденімен, бірнеше отандық және шетелдік медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).
## Өмірбаяны
* Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген.
* 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы.
* 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96).
* 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
* 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
* 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.
## Дереккөздер |
Бостан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан шығысқа қарай 65 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Талдыбұлақ — Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Талғар қаласынан батысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Талдыбұлақ — Жетісу облысы Алакөл ауданы, Теректі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Талдыбұлақ — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде орналасқан.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Талдыбұлақ – Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
* Талдыбұлақ – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл. |
Болғанбаев Әсет (8 наурыз 1928 жылы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қараменде ауылынды туған – 12 қаңтар 1999 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымының докторы (1972 жылы). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. Қарқаралы педагогика училищесін (1947 жылы), Қазақ Мемлекеттік Университетті бітірген (1952 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті). Осы жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты қазақ тілі лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеуге арналған. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» зерттеуі лексикологиядағы іргелі ғылыми еңбек ретінде бағаланды. Болғанбаев бұл монографиясында барлық сөз табына қатысты синонимдерді талдау арқылы қазақ тіліне тән дара заңдылықтарды зерттеді. Синонимдік қатардың, ең алдымен етістікте, сонан соң зат есім мен сын есімде көп кездесетінін көрсетті. «Қазақ тілі лексикологиясы» (1979 жылы) деген еңбегінде синхрондық зерттеу әдісін қолданып, лексикология қағидаларын тың тілдік деректермен толықтырды. Болғанбаев – «Абай тілі сөздігін» (1968 жылы), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі (1974–84 жылдары). Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1988 жылы).
Әсет Болғанбайұлы (1928 - 1999), қазақ тіл білімі маманы. Филология ғылыми докторы (1973). Ақтоғайдың түлегі. КазМУ-ді (1952) бітірген. 1952 жылдан ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтында аспирант, кіші ғылыми, 1958 жылдан аға ғылыми қызметкер, ал 1986 жыдлан бөлім меңгерушісі, 1991 - 1999 жылы бас ғылыми қызметкер. «Қазақ тіліндегі синонимдер» деген тақырыпқа докторлық диссертация қорғаған (1972). Ғылыми-зерт. еңбектері қазақ лексикологиясы мен лексикографиясы мәселелеріне арналған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988). Ол 1947 жылы Қарқара педучилищесін үздік бітіріп, сол жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын бітірген соң 1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтына жұмысқа орналасып, әуелі аспирант, кейін кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып, өмірінің соңына дейін 47 жылдан астам осы институтта еңбек етті. Ә. Болғанбайұлының негізгі еңбектері қазақ тіл білімінің көп ізденісті, жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса жауапты салаларына, яғни лексикологияға және тілдегі сөздердің жайын зерделейтін лексикологияға және сөздік құрамды жинақты түрде көрсететін лексикографияға арналған. Ғалымның көп ізденіп, атақ, дәреже алған еңбектері – осы лексикология мен лексикография саласында жазған монографиялық жұмыстары. Ә. Болғанбайұлы алғаш қазақ тіл білімінде зерттелмей, қолға алынбай жатқан тың, күрделі саласының бірі – синонимдер мен оның варианттылығын зерттеуді қолға алды. Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер» атты кандидаттық (1945), А. Ысқақовтың кеңесшілігімен «Қазақ тіліндегі синонимдер» (1971) атты докторлық диссертациясын қорғады. Ә. Болғанбайұлының 1970 жылы 22 баспа табақпен жарық көрген «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты ғылыми монографиясына отандық және шетелдік ғалымдар оң баға беріп, түркітануға қосылған елеулі үлес деп таныды.
## Шығармалары
1. "Қазақ тiлiнiң синонимдер сөздiгi", Ә. Болғанбаев.- Алматы: Мектеп, 1975.- 308 бет.;
2. “Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы“, Қалиев Ғабдолла, Болғанбаев Әсет - Алматы: Сөздiк-Словарь, 2006.- 264 б.;
## Сілтемелер
1. «ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР» Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Терісаққан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан шығысқа қарай 73 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Аспара — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Тасөткел ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Шу қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Валентин Фердинандович Асмус (18 желтоқсан, 1894, Киев, Ресей империясы - 4 маусым, 1975, Мәскеу, КСРО) — Ресей философы, педагог.
## Отбасы
* Әйелі - Ариадна Борисовна Асмус (1918-2004). Бірнеше баласы болған
* Баласы - Асмус Валентин Валентинович (5.08.1950)
* Баласы- Асмус Василий Васильевич (09.12.1952)
## Еңбектері
* Асмус В. Ф. Логика тарихы бойынша дәрістер: Авиценна, Бэкон, Гоббс, Декарт, Паскаль. — М.: URSS, 2007.
* Асмус В. Ф. Логика. Жүйелі курс. — М.: URSS, 2010.
* Асмус В. Ф. Философия және математика интуиция мәселесі: Тарих очеркі — М.: URSS, 2011.
* Асмус В. Ф. Платон. — М.: URSS, 2013.
* Асмус В. Ф. Неміс эстетикасы XVIII ғасыр. — М.: URSS, 2004.
* Асмус В. Ф. Ресей символикасының философиясы мен эстетикасы. — М.: URSS, 2013.
* Асмус В. Ф. Аристотель эстетикасы. — М.: URSS, 2011.
* Асмус В.Ф. Канта диалектикасы. - М., 1929.
* Асмус В.Ф. Иммануил Кант. - М., 1973.
## Сыртқы сілтемелер
* Асмус В. Ф. «Логика» (1947) Мұрағатталған 25 сәуірдің 2017 жылы. |
Ақарал — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Біржан ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласының солтүстігінде 49 км-дей жерде, Зайсан көлінің оңтүстік аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”), ("Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені"), (Жақсы сөз - жарым ырыс).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мақал-мәтелдер |
Ақарал — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Үшарал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы − Жаркент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тұяқбаев Төрегелді— 1955 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Бөген ауданы, XXI партсъезд атындағы кеңшарда туған..
Төл шығармаларымен қатар, көркем аудармамен де айналысады. А.Лихановтың "Менің генералым" ("Күн түтылған күн"), О.Оразбердиеваның "Өмірімнің таңғы шағы", В.Лукшаның "Жарқырап жаз келді" атты кітаптарын аударған. "Қар адамы" поэмасы үшін "Жалын" баспасының үздік шығармаларға жариялаған конкурсының лауреаты атанды.
Тұяқбаева Базаркүл Жанетқызы— баспагер. 1935 жылды 3 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Орта мектепті 1954 жылы бітіріп, 1959 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алды.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы №89 мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, 1971 жылы "Мектеп" баспасына жұмыска ауысады. 20 жыл аға корректор болған. Осы жылдары баспа саласындағы еңбегі бағаланып, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің грамотасымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Тұяқбаев Жұмамұрат (Отырар ауданында, 10 қыркүйекте 1938 жылы дүниеге келген) — жазушы. 1961 жылы ҚазмУ-ді бітірген. Еңбек жолын Ақмола облысы "Тың өлкесі" газетінен бастаған. 1975 жылдан "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарады. 1991 жылы Шымкент қалалық "Шымкент келбеті", "Понарама Шымкента" газеттерінің бас редакторы болды. Т-ның "Береке бастауы", "Шырай", "Күйреу" атты кітаптары, "Парыз" повесі мен "Иірім" романы жарық көрді. "Құрмет белгілері" орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Шымкент қалалық Мәслихатының депутаты, Шымкент қаласының "Құрметті азаматы".
## Дереккөздер |
Бөктер — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы елді мекен, темір жол айрығы.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде, Қапшағай су қоймасының солтүстігінде темір жол бойында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Қызылдиқан — Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жаңатас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде. Ауыл іргесінен Құрттыбұлақ және Жылыбұлақ өзендері ағып өтеді. Ауыл маңында Қызылдиқан су қоймасы орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Маятас — Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 17 км-дей жерде. Іргесінен Бүркітті өзені ағып өтеді. Ауыл маңында Бүркітті су қоймасы орналасқан.
## Халқы
## Маятастан шыққан танымал тұлғалар
Сәуле Жанпейісова - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты.
## Дереккөздер |
Ақтам — Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарауылкелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км-дей жерде, Жем өзенінің оң жағында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 229 адам (128 ер адам және 101 әйел адам) болса, 2009 жылы 110 адамды (63 ер адам және 47 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Семей облысы — Қазақ КСР (1939-1991) және Қазақстан Республикасының (1991-1997) құрамында болған әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.
## Тарихы
Ресей империясының Семей облысы 1854 жылы құрылды. 1920 жылы облыс Семей губерниясы болып қайта құрылды. Кейін Қазақ КСР құрамында 1939 жылы облыс құрылған кезде оның құрамына Семей қаласы мен Абыралы, Ақсуат, Аягөз, Белағаш, Жаңасемей, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Жаңа Шүлбі, Үржар, Шыңғыстау, Шұбартау аудандары кірді.
1939 жылдың соңында Шар ауданы құрылды.
1940 жылы Шыңғыстау ауданы Абай (орыс. Абаев) ауданы болып өзгертілді.
1944 жылы Белағаш ауданы Бородулиха болып өзгертілді. Жаңа Покров ауданы құрылды.
1953 жылы Абаев ауданы Абай болып өзгертілді.
1955 жылы Абыралы ауданы таратылды.
1957 жылы Жаңасемей ауданы таратылды.
1959 жылы Бесқарағай ауданы Павлодар облысынан Семей облысына берілді.
1962 жылы Бородулиха ауданы таратылды.
1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Шар өндірістік ауданы да құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.
1964 жылы Шар өндірістік ауданы таратылды. Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.
1966 жылы Жаңасемей ауданы, 1969 жылы Мақаншы ауданы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі ауданы, 1972 жылы Шар ауданы, 1980 жылы Таскескен ауданы, 1990 жылы Абыралы ауданы құрылды.
1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.
1997 жылы Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, оның бүкіл аумағы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
## Халқы
Халқы 757 мың (1975).
## Әкімшілік бөлінуі
1989 жылы Семей облысының құрамына 1 облыстық бағыныстағы Семей қаласы мен 14 аудан кірді:
## Әкімдері
* Кешірім Бозтаев (ең бірінші)Найман, Қаракерей, Сыбан
* Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов (1995—1997) Найман, Терістаңбалы
* Виталий Леонидович Метте (наурыз — 17 сәуір 1997)
* Вячеслав Федорович Чернов (1992—1995)
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитеті
## Дереккөздер |
Шолпан Исабекқызы Жандарбекова (1 қаңтар 1922, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 14 қыркүйек 2005 Алматы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1959; 1945 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), КСРО халық артисі (1982).
## Өмірбаяны
* Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
* Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген (1942).
* Оқып жүрген кезінен Қазақ драма театрына қабылданып (1941), сахнаға шыға бастады. Алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Сын сағатта” спектакліндегі Рәш қыз. Жандарбекова отандық драматургтер пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді орындап, мүсінді, сымбатты, ажарлы арулар галереясын жасады. Бұлардың ішінде Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Еңлік, “Қара қыпшақ Қобыландыдағы” Құртқа, “Абай” трагедиясындағы Тоғжан, “Айман — Шолпандағы” Шолпан, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Абай әні” кинофильміндегі Мағыш бейнелері бар. Ғ.Мүсірепов пьесалары қойылымындағы — Ақтоқты (“Ақан сері — Ақтоқтыда”), Баян (“Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда”), Ш.Хұсайыновтың “Алдаркөсесіндегі” Қарашаш, “Қилы-қилы тағдырларындағы” Рәуәш, т.б. бейнелердің ішкі иірімдері мен көңіл күй толғаныстарын нәзік те терең ашқан шеберлігімен Жандарбекова сахна өнері тарихында қалды. Әсіресе, Ақтоқты бейнесін қайталанбас бірегейлікпен мүсіндеді. Ол Салқия (Ә. Әбішевтің “Күншілдігінде”), Марфуға, Ева Бройер (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті” және “Жат елдесінде”), Үрия (Ә.Тәжібаевтың “Той болардасында”), Фатима ханым, Жаңыл (Т.Ахтановтың “Анты” мен “Боранында”), Алмагүл (Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ажар (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”; Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980), Жамал (“Қ.Мұқашевтың “Парторгінде”), т.б. рөлдерді ойнап, өз замандастарының сан қилы кескін-келбетін ашты. Оның Марианна (Ж.Б. Мольердің “Сараңында”), Дездемона (У.Шекспирдің “Отеллосында”), Шырын (Н.Хикметтің “Фархад — Шырынында”), Негина және Кручинина (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушылары” және “Жазықсыз жазалыларында”), Параська (Я.А. Галанның “Таң алдындағы махаббатында”), Кей (М.Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), т.б. бір топ рөлдері — отандық сахнагерлердің классик. шығармаларды меңгеруінің үлгісі іспетті.
* 1945 жылдан киноға түскен: Мағыш (“Абай әнінде”), Баян (“Махаббат дастанында”), Зияда (“Дала қызында”, 1954), т.б. рөлдерді орындады.
* 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
* 1968 жылдан пед. қызметпен (әуелі Алматы мемл. өнер инcтитутында
* 1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында;
* 1983 жылдан профессор) шұғылданады.
## Фильмографиясы
* 1945 - Абай әндері - Мағиш
* 1954 - Дала қызы - Зияда
* 1954 - Махаббат туралы аңыз - Баян-сұлу
* 1962 - Жол түйісі - эпизод
## Марапаттары
* Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980
* Отан ордені
* Ерен еңбегі үшін медалі
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кенжеғозин Марат Балғожа ұлы (30 мамыр 1939 ж. - 24 маусым 2006 ж.) - қазақтың экономист ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Евразияның Халықаралық экономикалық академиясының академигі.
## Өмірбаяны
Кенжеғозин М.Б. 1939 жылдың 30 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында Балғожа мен Жамила Кенжеғозиндердің отбасында дүниеге келген.
## Білім алу жолы
1947-1957 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка орта мектебінде оқып «Алтын белгімен» бітірді.
1957-1962 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында оқып, экономист біліктілігін алып үздік бітірді.
1962-1965 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының «Экономикалық кибернетика» кафедрасында аспирантурада оқыды.
1967 жылдың 19 қаңтарындаГ.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыруды оңтайландырудың экономика-математикалық міндеттері (Солтүстік Қазақстан мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.
1970 ж. «Экономикалық зерттеулердегі математикалық әдістер» мамандығы бойынша КСРО-ның ЖАКмен аға ғылыми қызметкер ғылыми дәрежесі бекітілген.
1982 г. РКФСРНечерноземиялық зонаныңЛенинградтық экономика және ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институттында экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыру және дамытуды кешенді негіздеу жүйесі (қызмет етуінің және құрылысының әдістемесі) тақырыбындағы «Экономикалық зерттеулерде, жоспарлауда және халық шаруашылығы мен оның салаларын басқарудаесептеуіш техникасын қолдану және математикалық әдістер» мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.
1989 ж. Халықтық білім бойынша КСРО-ның мемлекеттік комитетімен «Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі» кафедрасы бойынша профессор ғылыми дәрежесі берілді.
1998 г. Евразияның халықаралық экономикалық академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
2000 г. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
## Қызмет ету жолы
1957-1962 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің студенті.
1962-1965 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің аспиранты.
1965-1968 жж. - Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарушы, аға инженер-экономист.
1968-1979 жж. - Экономика және ауылшарушылығын ұйымдастыру Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Экономикалық кибернетика бөлімінің меңгерушісі.
1979-1985 жж. - КСРО-ның ОСБ есептеу жұмыстарын және есептеуді механизациялау бойынша Жалпыкеңестік Мемлекеттік жобалық-технологиялық институтының Қазақ филиалының директоры.
1985-1988 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің оқу ісі бойынша проректоры.
1988-1994 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің ректоры.
1994-1995 жж. Қазақ мемлекеттікбасқару академиясының ғылым бойынша проректоры.
1995 ж. - 2005 ж. дейін–Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Экономика институтының директоры.Салалық құрылымды орналастыру және оңтайландыруға, келешекті өндірістердің дамуының негізгі параметрлерін үлгілеуге алғашқы рет республикада экономикалық математикалық әдістерді және ЭЕМ қолданды. 1995 ж. ҚРБҒМ Экономика институтының директоры болып тағайындалды және өмірінің соңына дейін қызмет етті. Экономикалық ғылымның дамуына, ҚР БҒМ Экономика институтының күшейуіне және дамуына, Институттың ғылыми зерттеулері деңгейінің жоғарылауы мен олардың нақты экономика мен мемлекеттік басқару органдарындағы сұранысының артуына үлкен үлес қосты. Экономика институты зерттеулерінің нәтижелері 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету бойынша ҚРҮкіметінің қызмет ету бағдарламасын жасау кезінде қолданылды. Кенжеғозиннің жетекшілігімен және оның жеке қатысуымен дайындалған Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты және аймақтық саясат тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тауып бекітілді. М.Б. Кенжеғозин ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Экономикалық Кеңестің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңестің мүшесі болатұра елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді араласты.Үлкен танымалдылықты Марат Кенжеғозинге макроэкономикалық реттеу мәселелері, еңбек және жұмысбастылық, ұлттық өндірістік күштердің жаңғыртылған жүйесін қалыптастыру, аймақтық саясат, нарықтық экономика институттарының дамуы, қаржы нарығы, сыртқы экономикалық қызмет, қаржы дағдарысының салдарынан өту, ақша-кредиттік саясаттың қызмет етуін жоғарылату, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, тұрақты даму және басқада мәселелер бойынша ғылыми еңбектері әкелді.
## Педагогикалық қызмет
М.Б. Кенжеғузиндиссертациялық кеңестердің мүшесі және төрағасы болды, ҚР БжҒМҒжБСБК (КНАСОН МОН РК) Президиум мүшесі, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының экономикалық кафедраларында МАК жұмыстарына төраға ретінде қатысты. Оның жетекшілігімен 17 докторлық және 45 кандидаттық диссертациялар қорғалды.
## Қоғамдық-саяси және ғылыми қызмет
1969-1978 жж.Жалпы кеңестік ғылыми кеңестің мүшесі «Халық шаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» (Мәскеу).
1976-1979 жж. Қазақтың Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ партия ұйымының хатшысы.
1976-1981 жж.Қазақстан Компартиясының Калинин аудандық комитетінің оқу орындарының және штаттық емес ғылыми бөлімінің меңгерушісі.
1981-1989 жж.Қазақстан Компартиясының Алатауаудандық комитеті жанындағы жоғары және арнайы орта білім беру, ғылыми мекемесінің аудандық кеңесінің төрағасы.
1983-1986 жж.Қазақ КСР Ғылым академиясының «Қазақ КСР әлеуметтік-экономикалық дамуы» Ғылыми координаттық кеңесінің «Халық щаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» секциясының мүшесі.
1985-1992 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының президиумы жанындағы ӨКЗК ғылыми кеңесінің мүшесі.
1987-1992 жж.08.00.13 «Экономикалық математикалық әдістер»,08.00.12 «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандықтары бойынша Алматы халық шаруашылығы институты жанындағы экономика ғылымдарының кондидаты ғылыми дәрежесін беру бойынша мамандандырылған кеңестің мүшесі.
1988-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитетінің мүшесі.
1988-1993 жж.Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі жанындағы басқарушы кадрлардың біліктілігін жоғарылатумен халық шаруашылығы мамандарын дайындау бойынша Жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы.
1989-1990 жж.Савой университетінде дәрістер оқу (Анси қаласы, Франция).
1989-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесі президиумының мүшесі.
1989-1992 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесінің жоспарлау, АӨК әлеуметтік және экономикалық дамуы секциясының сарапшысы.
1989-1992 жж.Савой университетімен (Анси қаласы, Франция) бірлескен Франциядағы Қазақстанның АӨК басқарушы кадрларды оқыту бағдарламасының жетекшісі.
1989-1994 жж. ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар және оларды Қазақстанда жүзеге асыру тұжырымдамасын жасау бойынша жұмысшы тобының және коммиссиясының мүшесі.
1990-2005 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты жанындағы 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару», 08.00.01 «Саяси экономия» мамандықтары бойынша, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанында 08.00.10 «Қаржы, ақша айналымдары және несие», 08.00.30 «Кәсіпкерлік экономикасы» мамандықтары бойынша докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша кеңестің мүшесі.
1995-1997 жж.«Қазақстанның халық шаруашылығы» жұрналының редакциялық коллегияның мүшесі.
1995-1998 жж.«Азия-экономика және өмір» халықаралық апталығының редакциялық коллегияның мүшесі.
1995 ж. ТМД мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларға арналған Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық конференциясы секциясының жетекшісі (Санкт-Петербурк қаласы, 17-18 қазан).
1996 ж.– Малайзиядағы нарықтық өзгерістердің тәжірибесін зерттеу бойынша Халықаралық семинарда Қазақстандық делегацияның қатысушысы (Куала-Лумпур қаласы, тамыз).
1996-1999 жж.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің мүшесі.
1996-2006 жж.ҚР Ғылым академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің мүшесі.
1996-2006 жж.ҚР БҒМ Экономика институты жанындағы докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.
1998 ж.– ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басышылығымен барған Румыния (20-22 қыркүйек) және Италия Республикаларындағы (22-24 қыркүйек) Үкіметтік делегацияның мүшесі.
1999-2000 жж.–ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық кеңестің мүшесі.
2000 г.–Япония Үкіметінің шақыруымен "OpinionLeader" бағдарламасы шеңберінде Токио және Киотоның институттарында және экономикалық орталықтарында әртүрлі экономикалық мәселелер бойынша дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысты.
2000 ж. ҚХР үкіметінің шақыруы бойынша Пекинде заманауи экономиканың мәселелері бойынша Халықаралық конференцияларға қатысты (мамыр).
2000-2002 жж. – ҚР ЖАК экономикалық ғылымдар бойынша сараптау кеңесінің төрағасы.
2002-2005 жж. – ҚР ЖАК Президиумының мүшесі.
2002-2006 жж. – Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы ғылыми-эксперттік кеіңестің мүшесі.
2003-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйақылары бойынша комиссиясының Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар секциясының мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша кеңесінің мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Парламентінің Сенаты жанындағы Ғылыми-экспеттік кеңестің мүшесі.
2004-2006 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының Координациялық кеңесінің мүшесі.
1999-2006 жж. – «Экономика және статистика», «Транзитная экономика», «Аналитик», «Труд в Каазахстане», «Реформа» (Қырғазстан) жұрналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі және «Қазақ энциклопедиясы» жұрналының бас редакциясының мүшесі.
2004-2006 жж. – Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының кітаптар сериясының редакциялық коллегиясының мүшесі, 10 томдық «Экономика. Әлемдік классика» басылымының бас редакторы.
## Негізгі туындылары
400-ге жуық жұмыс жарияланған, оның ішінде 25 монография:
* Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Под ред. М.Б. Кенжегузина. - Алматы, - 1997. – 15 п.л.
* Факторно-целевое регулирование экономики (концептуальные подходы) / М.Б.Кенжегузин, В.Ю.Додонов, С.А.Шевелев. - Алматы: Институт экономики, 1999. - 111 с.
* Экономика Казахстана на пути преобразований.- Алматы: ИЭ МОН РК, 2001.- 484 с.
* Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. В двух томах. /Под ред. Кенжегузина М.Б. – Алматы, 2001. – 30 п.л.
* Проблемы устойчивого экономического развития в условиях глобализации. В двух томах / Ответ. ред. М.Б. Кенжегузин- Алматы, ИЭ МОН РК, 2003. - 35 п.л.
* Экономика Казахстана в условиях глобализации: механизм модернизации и функционирования. /Под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы, ИЭ МОН РК. – 2005. -13,7 п.л.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 1: Экономика ғылымының бастаулары / Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. Д. Қ. Қабдиев, О. Ж. Әлиев. - Алматы: Таймас, 2006.- 20,9 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 2: Меркантилистік, физиократтық және классикалық ағымдар/ Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, О. Ж. Әлиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 27,3 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 3: Мәржинализм және кәсіпкерлік негіздері / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин.- Алматы: Таймас, 2005. - 28,5 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 4: Неоклассика / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, Б. Болсанбек. - Алматы: Таймас, 2006.- 31,4 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 5: Экономикалық өсу және бәсеке теориясы / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 33,0 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика. Т. 6: Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 30,0 т. б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 7: Институционализм / Құраст. С. А. Аханов, Қ. Ә. Тазабеков. - Алматы: Таймас, 2006.- 32,0 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 8: Өтпелі экономика теориялары /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 34,9 т.б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 9: Мемлекеттік сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы / Бас ред. М. Б. Кенжеғозин /Құраст. К. Ә. Сағадиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 29,4 б.
* Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 10: Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 32,0 т.б.
## Марапаттаулар
2002 ж. - "Қазақстан ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған.
2004 ж. - Экономикалық реформалардың теориясы мен тәжірибесінің дамуына қосқан үлесі үшін Кембриждік халықаралық биографиялық орталықтың орденімен және дипломы мен марапатталған.
2005 ж. - "Құрмет" орденімен марапатталған.
2006 ж. - "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
2007г.-Шоқан Уалиханов атындағы сыйақының лауреаты.
## Сілтемелер
* Марат Кенжеғозин. Ғалым. Азамат. Тұлға Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
* http://e-history.kz/ru/biography/view/275 Мұрағатталған 13 сәуірдің 2014 жылы.
* http://academy.kz/chleny-main/blogger/listings/kenjeguzin Мұрағатталған 13 сәуірдің 2014 жылы.
* http://kazpravda.softdeco.net/c/1243536456 Мұрағатталған 15 сәуірдің 2014 жылы.
* http://www.ieconom.kz/index.php/ru
* http://www.inform.kz/kaz/article/1232049 Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
* http://www.madenimura.kz/ru/culture-legacy/books/?category=all&page=10 Мұрағатталған 29 тамыздың 2014 жылы.
* http://soltustikkaz.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=11503:2014-05-29-04-46-03&catid=31:tarix&Itemid=40
* http://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=632 Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы.
* http://www.foto.inform.kz/?lang=rus&id=9314(қолжетпейтін сілтеме)
* http://www.azattyq.org/content/article/1152687.html
## Дереккөздер |
Нильс Кай Ерне (нем. Niels Kaj Jerne; 23 желтоқсан, 1911, Лондон, Ұлыбритания — 7 қазан 1994) — даниялық иммунолог, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1984 жылғы лауреаты, «Иммундық жүйені дамытуда және бақылауда ерекше салыстырмалы теориясы үшін және моноклональдік антиденелердің өндіріс принципін ашықаны» үшін алды.
## Өмірбаян
Нильс Ерненің ата-анасы оның ғасырлар бойы ата-бабалары жасаған, Фане дат аралында өмір сүрген.1910 жылы олар, Лондонға көшіп келіп өмірге 23 желтоқсанда Ерне келген. Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында ата-анасы Нидерландқа көшіп келеді, Ерне Роттердамда жастық шағын өткізіп, 1928 жылы бакалавр мамандығы бойынша бітірген. Лейден университетін бітіген соң, осында екі жыл физиканы оқыған. Осыдан кейін Копенгагенге көшіп келіп, ол Копенгаген университетінде медицинаны зерттей бастады, осында 1947 жылы медицинада докторлық, сонда 1951 жылы «Қоян терісіне негізделген дифтериялық токсин және антитоксинмен қоспасында авидитеттікке ғылыми-зерттеу» деген тақырыпта диссертация қорғады.
1943 жылдан 1956 жылға дейін Ерне Дания Ұлттық Сарысу институтында жұмыс істеп, онда 1954-1955 жылдарыКалифорния технологиялық институтына барып тұрды (Пасадина, Калифорния). Осы уақыт ішінде ол антиденелердің түзілундегі өз теориясын тұжырымдады. Оның есіне алуынша, ол тұжырымдама ол Копенгагенде жұмыстан үйіне велосипед мініп келе жатқанда келген.[1]
Ерненің антиденелердің қалыптасу теориясы оны әлемге танымал етті және 1956 жылдан ол ДДСҰ-да Женевада Биологиялық стандарттар және иммунология бөлімінің басшысы болып істеді. 1962-1966 жылдары Питтсбург университетінде (Питтсбург) ол медицина мектебінде микробиология бөлімінің басшысы және микробиология профессоры болды, ДДСҰ сарапшысышылық жұмысын жалғастырды. 1966 жылы Ерне Еуропаға оралып Иоганн Вольфганг Гёте университетітінде (Франкфурт) профессор ұстанымын қабылдады. 1969 жылы Базель иммунология институтының (Базель) директоры болып, зейнетке шыққанша 1980 жылға дейін істеді.
## Тағы қараңыз
* Моноклональдік антиденелер
* Жорж Келер
* Сезар Мильштейн
## Сілтемелер
* Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны Мұрағатталған 1 қарашаның 2001 жылы. |
Ақтам — Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Шиелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 145 адам (76 ер адам және 69 әйел адам) болса, 2009 жылы 88 адамды (47 ер адам және 41 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Бірлік — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 48 км жерде, бетеге, боз, қау, сұлыбас өскен далалық белдемде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1930 жылға дейін “Қарабие” ауылы, ұжымдастыру жылдары “Егінді” ұжымшары, 1961 жылдан “Бірлік” қой өсіру кеңшары болып аталды. Ауылда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Бірлік — Атырау облысы Атырау қаласының солтүстік шетіндегі ауыл, Геолог ауылдық округі құрамында болған. 2019 жылы қала құрамына енгізілді. Бұрынғы атауы Новостройка (Придорожный).
## Географиялық орны
Жайық өзенінің оң жағалауында, темір жол станциясынан 4 км жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1623 адам (820 ер адам және 803 әйел адам) болса, 2009 жылы 2839 адамды (1416 ер адам және 1423 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік нысандары
Ауылда “Атырауснаб” акционерлік қоғамы, Батыс Қазақстанның ұңғыларды геофизикалық әдістермен зерттеу экспедициясы, т.б. өндірістік мекемелер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Мектеп, балалар бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт, көптеген тауарлар базалары орналасқан. Құрылыс материалдарын сататын ірі гипермаркет жұмыс жасайды.
## Ауыл көшелері
* Х. Бөкеева (Актауская, Ақтау) көшесі
* Буровиков көшесі
* Геологоразведчиков көшесі
* Геологоразведчиков өткелі
* Геологопоисковая көшесі
* С. Жантөрин (Загородная) көшесі
* Б. Жоламанов (Дачная) көшесі
* Западно-Казахстанская көшесі
* Рабочая көшесі
* Бекет ата көшесі
* Қ. Сыдиықов көшесі
* С. Торайғыров көшесі (Ш. Жарылғасұлы көш.)
* Бала Ораз көшесі (№1 көше)
* Есет би көшесі (№2 көше)
* Н. Сүгірұлы көшесі (№3 көше)
* Ғ. Мұстафин көшесі (№4 көше, Қорқыт ата көш.)
* М. Бекмағамбетұлы көшесі (№5 көше)
* Сейтек күйші көшесі (№6 көше)
* Ә. Өмірзақова көшесі (№7 көше, Тұмар ханым көш.)
* №8-29 атаусыз көшелер
* №1 атаусыз өткел
## Дереккөздер |
* Әбілқайыр хан (Кіші жүз)
* Әбілқайыр хан (Өзбек хандығы)
* Қарт-Әбілқайыр хан (Ұлы жүз) |
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
## Өмірбаяны
Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.
## Театр
Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).
Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.
Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
## Кино
1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.
## Фильмографиясы
### Актер ретінде
* 1940 - Райхан - Сәрсен
* 1943 - Ақ раушан - Жақпан
* 1945 - Абай әндері - Шәріп
* 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов
* 1952 - Жамбыл - Жамбыл
* 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері
* 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов
* 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе
* 1968 - Тақиялы періште - эпизод
* 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
### Дыбыстаушы ретінде
* 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы
### Режиссер ретінде
* 1954 - Дала қызы
* 1954 - Махаббат туралы аңыз
* 1956 - Біз осында тұрамыз
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер
* 1960 - Бір ауданда
* 1961 - Ән шақыруда
* 1962 - Жол түйісі
* 1964 - Алдар көсе
* 1966 - Ата-бабалар мекені
* 1968 - Тақиялы періште
* 1970 - Атаманның ақыры
### Сценарийші ретінде
* 1960 - Бір ауданда
* 1961 - Ән шақыруда
* 1964 - Алдар көсе
* 1968 - Тақиялы періште
* 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
## Марапаттары
* Қазақстанның халық әртісі;
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968);
* КСРО Халық әртісі (1964);
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
## Естелік
Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Айманов Шәкен Кенжетайұлы Мұрағатталған 1 маусымның 2012 жылы. |
* Әбілқайыр хан (Кіші жүз)
* Әбілқайыр хан (Өзбек хандығы)
* Қарт-Әбілқайыр хан (Ұлы жүз) |
Әділет Лигасы (ағылш. Justice League) — DC Comics әлемінің атақты, күшті, маңызды суперқаһармандарынан тұратын командасы. Ең алғаш рет The Brave and the Bold атты комикстар журналынын #28 шығарылымында (ақпан/наурыз 1960) Суперменді, Бэтменді, Ғажайып әйелді, Флэшті, Жасыл Шамды және Марс аңшысын өз құрамына қосқан. Содан сон өте көп телехикая шыққан, мысалы: «Супер-достар» (1973-1986), жандардыру хикаялар «Әділдік Лигасы» (2001-2004) мен «Шексіз Әділдік Лигасы» (2004-2006), жандардыру фильмдер «Әділдік Лигасы: Жаңа бөгеу» (2008), «Әділдік Лигасы: Екі әлемнің дағдарысы» (2010) және «Әділдік Лигасы: Қаза» (2012).
Бұл лиганың басты өкілдері: Супермен, Бэтмен, Ғажайып Әйел, Флэш, Жасыл шам және Аквамен болған. Алайда көптеген жылдар ішінде лиганың өкілдері әрдайым жаңартылып, өзгерілген. Бірінші Лиганың базасын білдіріп қойған соң олар жаңа базада мұқтаж болған. Олар айнымас Жердің орбитада жаңа штаб-пәтерді орналастырды. Штаб-пәтер өте ыңғыйлы болған, себебі оның ішінде көп жаңа функциялар мысалы телепортация болған. Телепортация көмегімен Әділдік Лигасы Жердің бірдей емес орнына шығу мүмкін. Содан соң әлемнің қаһармаларға бұл өте тиімді болды. Бір сөзбен айтсақ, Әділдік Лигасы комикстарда ең бірінші орын алған. |
Ақтоған (2010 жылға дейін — Заречное) — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан батысқа қарай 59 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мали қалалары (фр. Villes du Mali) — Малидің үлкен елді мекендерінің тізімі. World Gazeteer интернет-сайты бойынша, Малида халқы 3000-нан асатын 34 қала бар.
## Мали қалаларының тізімі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Экспо 2015 — 2015 жылдың 1 мамырынан бастап 31 қазанға дейін Италияның қаласы Милан қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме ұйымдастырушылары таңдаған тақырып «Ғаламшарды қоректендіру. Өмір үшін энергия». (итал. Nutrire il Pianeta, Energia per la Vita)
## Жалпы ақпараттар
Экспо 2015 шарасының Миландағы басшысы Джузеппе Сала. 2013 жылдың 6 мамырында оны премьер-министр Энрико Летта Экспо ұйымдастырылуының билік комиссары етіп сайлады.2011 жылы Итальян үкіметі ООН-ның бар мүшелерін көрмеге шақырған болатын. Экспо 2015 жобасына барлығы 144 мемлекет пен 3 халықаралық ұйым және 11 үкіметке бағынбайтын ұйымдар қатысуы тиіс еді.
## Тарихы
Экспо 2015 иесі 2008 жылдың 31 наурызда Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының дауыс беруімен белгіленді.
Миланның жалғыз қарсыласы Түркиялық Измир қаласы болды.Бастапқы айналымдарда Милан көп дауыс жинап،алға суырылып шыққан жоқ.Бірақ،кейіннен ХКБ-нің шешімі бойынша Милан Измирді 86-да 65 дауыспен жеңіп шықты.
## Жұмыс барысы
2015 жылы 1 мамыр күні Италияның премьер-министрі Маттео Ренци 1-мамыр күні болатын көрмені “Oggi inizia il domani” dell’Italia («Италияның ертеңгі күні бүгіннен басталады») деген ұранмен бастады. Ашылымға Италияның бұрынғы президенті Италии Джорджо Наполитано әйелімен бірге, Романо Проди, Массимо Д’Алема, Грациано Дельрио, сонымен қатар Джорджо Армани, Карла Фраччи, Хавьер Санетти. Папа Римский Франциск қатысты.
## Қатысушы елдер
Көрмеге 145 ел қатысты.Оның ішінде өз павильонын салдырған елдер де ،салдырмаған елдер де болды.Қатысқан 145 ел:
* Ауғанстан
* Мысыр
* Албания
* Алжир
* Ангола
* Экваторлық Гвинея
* Аргентина
* Армения
* Әзербайжан
* Эфиопия
* Бахрейн
* Бангладеш
* Бельгия
* Бенин
* Боливия
* Босния және Герцеговина
* Бразилия
* Бахрейн
* Болгария
* Бурунди,
* Чили
* Қытай
* Коста-Рика
* Германия
* Доминика
* Доминикан Республикасы
* Эквадор
* Кот-д’Ивуар
* Сальвадор
* Эритрея
* Франция
* Габон
* Гамбия
* Грузия
* Гана
* Грекия
* Гватемала
* Гвинея
* Гвинея-Бисау
* Гаити
* Гондурас
* Үндістан
* Индонезия
* Ирак
* Иран
* Ирландия
* Израиль
* Италия (Gastgeber)
* Жапония
* Йемен
* Иордания
* Камбоджа
* Камерун
* Кабо-Верде
* Қазақстан
* Катар
* Кения
* Қырғызстан
* Колумбия
* Коморлар
* Конго Демократиялық Республикасы
* Конго Республикасы
* Хорватия
* Куба
* Кувейт
* Лаос
* Латвия
* Ливан
* Ливия
* Литва
* Малайзия
* Мали
* Мальдив Республикасы
* Мальта
* Мавритания
* Мексика
* Микронезия
* Молдова
* Монако
* Моңғолия
* Черногория
* Мозамбик
* Мьянма
* Непал
* Нигер
* Нигерия
* Оман
* Аустрия
* Пәкістан
* Палау Республикасы
* Палестина
* Панама
* Парагвай
* Перу
* Филиппин
* Польша
* Руанда
* Румыния
* Ресей
* Сан-Марино
* Сан-Томе және Принсипи
* Замбия
* Сауд Арабиясы
* Швейцария
* Сенегал
* Сербия
* Сейшель аралдары
* Сьерра-Леоне
* Зимбабве
* Словакия
* Словения
* Испания
* Шри-Ланка
* Сент-Люсия
* Сент-Винсент және Гренадиндер
* Корея Республикасы
* Сирия
* Тәжікстан
* Танзания
* Тайланд
* Того
* Чехия
* Тунис
* Түркия
* Түрікменстан
* Уганда
* Украина
* Мажарстан
* Уругвай
* Өзбекстан
* Вануату
* Ватикан
* БАӘ
* Ұлыбритания
* АҚШ
* Вьетнам
* Беларусь
## Қазақстанның қатысуы
Қазақстанның өз павильоны болды.Онда еліміздің ұлттық сусындары ішкізіліп،еліміздің салт-дәстүрлері презентация ретінде көрсетілді.Бейресми деректерге сенсек Қазақстан мұндай көріністі істеу үшін 200 ғалымдарды жіберіпті.Туристтердің айтуыншкөзге түсетін،ең әдемі павильон Қазақ елініңкі болыпты.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Италиядағы Қазақстан.
* Италиядағы Қазақстан.Деректер
* 2015 FEEDING THE PLANET, ENERGY FOR LIFE (ағыл.). Official Site of the Bureau International des Expositions. Тексерілді, 10 мамыр 2014.
* Expo Milano 2015: Nutrire il pianeta, energia per la vita (итал.). Governo Italiano. Тексерілді, 10 мамыр 2014.
* EXPO-2015 - Всемирная выставка. ExpoClub. Тексерілді, 11 мамыр 2014. |
Меңнігүл Хисмәтуллина (башқ. Хисмәтуллина Миңнегөл Хәбибйән ҡыҙы, 27 қараша 1927 - 18 ақпан 2004) - белгілі башқұрт ақыны әрі жазушысы.
## Өмірбаяны
1927 жылы Башқұртстанның Шишмә ауданындағы Ябалақлы ауылында дүниеге келген. Дәулекан педагогика училищесін тәмамдап, Башқұрт радиосында, "Башқұртстан қызы" журналында қызмет істеді.
## Шығармашылығы
"Дим тамшысы" (1976) және басқа да өлең кітаптары, "Қала қызы" (1987) повесі мен "Күміскөл бұлағы" (1983) әңгімелер жинағы жұртшылықтың жылы лебизіне ие болды.
## Дереккөздер |
Ұлмамбет Хожаназаров (1938, Өзбекстан, Кегейлі ауданы) - ақын.
## Өмірбаян
* 1960 жылы Қарақалпақ педагогика институтын бітірген.
* "Әмудария" журналының бас редакторы қызметін атқарған.
## Шығармашылығы
"Көңіл екпіні", "Есептегіш", "Жылдарым менің" сынды бірнеше жыр жинақтарының авторы.
## Марапаттары
Өзбекстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер |
Үкіметтің жарлықтары бойынша белгіленген қалалар (жап. 政令指定都市 Сэйрэй ситэй тоси) — Жергілікті өзіндік басқарма туралы заңымен сәйкестенетін, Министрлер кабинетінің жарлығы бойынша берілген ерекше әкімшілік-құқықтық мәртебесі бар жапон қалалар. Осы қалалардың өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелерінде, тек префектураның деңгейінде шешілетін кейбір сұрақтар бойынша шешімдерді қабылдауға (мысалы, қалалық білім алу жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру, қаланы жоспарлау, шағым бизнестің кәсіпорындарын лицензиялау салаларында) құқықтары бар.
Осы мәртебеге ие қалалар, үкімет органдарының әкімшілік деңгейдегі сұрақтарды (мысалы, тіркеу, жылжымайтын мүлікке салынатын салық, медициналық сақтандыру салаларында) шешуге құқықтары бар, қалалық аудандарға(жап. 区 ку) бөлінеді.
Заң бойынша үкіметтің жарлықтары бойынша белгіленген қалаларда минимум 500 000 адам тұруы керек (2005 жылға дейін тек халықтың саны 1 млн-ға жететін қалалар ғана жарлықтар бойынша белгіленген қалалар деген мәртебге ие болған).
Токио астаналық префектура болып саналады, сондықтан үкіметтің жарлықтары бойынша белгіленген қала мәртебесіне талаптанбайды.
## Үкіметтің жарлықтары бойынша белгіленген қалалардың тізімі
2010 жылдың 1 сәуірінде Жапонияда үкіметтің жарлықтары бойынша белгіленген 19 қала болған:
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* 地方自治法第二百五十二条の十九第一項の指定都市の指定に関する政令 (jp). Ministry of Internal Affairs and Communications. — параграф 1, 19 бөлім, статья 252 «Закона Японии о местном самоуправлении». Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 сәуір 2012. Тексерілді, 13 шілде 2010.
* 指定都市市長会 (jp). 指定都市市長会. — Ассоциация мэров городов, определённых указами правительства. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 сәуір 2012. Тексерілді, 13 шілде 2010. |
Қамқалы — Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Қамқалы ауылдық округіне қарасты ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 147 км-дей жерде, Шу өзенінің төменгі сағасында, Бетпақдаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шығанақ — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл, Қамқалы ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жаңатас қаласының солтүстік-шығысында 140 км-дей жерде, Шу өзенінің төменгі сағасында, Бетпақдаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жаңабет ауылдық округі – Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2023 жылға дейін Бобровка ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Жаңабет, Жасқайрат ауылдары кіреді. Орталығы – Жаңабет ауылы. Округ құрамында болған Боброво ауылы 2017 жылы таратылған.
## Дереккөздер |
Абай — Қарағанды облысындағы қала, Абай ауданының орталығы (1997 жылдан).
## Тарихы
Қала негізі Қарағанды көмір алабының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. 1961 жылы қалаға айналған.
## Халқы
## Экономикасы
Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды.
Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясының «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн» ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.
## Инфрақұрылым
Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.
1966 ж. құрылған Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебі бокстан Еуропа чемпионы С. Нұрқазовты, халықаралық спорт шеберлері Б. Аманбаев, Д. Мұңайтпасов, Әлем чемпионы С. Сәпиевті даярлады. Мұнда Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Қапаның орталық бөлігінде Абай ескерткіші орнатылған. Қарағанды—Жезқазған—Қызылорда автомобиль жолы, Қарабас кентінің жанынан Жартас су құбыры өтеді. Ең жақын Қарабас темір жол стансасы 7 км жерде.
## Тағы қараңыз
* Абай (шахта)
## Дереккөздер |
Беріктас деген сөз бірнеше мағына береді:
Елді мекен:
* Беріктас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
* Беріктас — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл.
* Беріктас — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Беріктас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы көне қорым. |
Реней никелі немесе «қаңқа никелі» (ағылшын тілінде кейде spongy nickel деп те атайды) — көптеген химиялық-технологиялық процестерде қолданылатын, мықты, борпылдақ микрокристаллды никелді катализатор. Бұл катализатордың дайындалу әдісін 1926 жылы америкалық инженер Реней Мюррей ұсынған болатын. Құрамында алюминийдің аздаған мөлшері (15 масс.% дейін) және қаныққан сутегісі (33 ат.% дейін) бар, никельден өзге жоғары дисперстік сұр ұнтақ (бөлшегінің көлемі 400-800 нм) кездеседі. Ұнтақ бөлшектерінің көп мөлшерлі бос қуыстарының әсерінен меншіктік беттік аудан 100 м²/г жуық болып келеді. Реней никелі пироферен болып келеді. Яғни, бөлме температурасында ауада өздігінен тұтана алады. Сол себепті, оны су, спирт немесе бензин қабаттарының астында сақтайды. Реней никелін органикалық қосылыстардағы сутектендіру немесе тотықсыздану сияқты әртүрлі процестердің катализаторы ретінде кеңінен қолданады. Мысалы: аренді, алкенді немесе өсімдік майларын сутектендіру. Сондай-ақ ауадаға оттектің тотығу процесін де жылдамдатады. Реней никелінің құрылымдық және жылулық тұрақтысы кең ауқымды реакциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Зертханалық тәжірибелерде оны бірнеше рет қолдануға болады. Реней никелінің каталитикалық түрдегі белсенділігі платина тобындағы металдардан төмен. Алайда, бағасы платина тобындағы элементтерге қарағанда арзан болып келеді.
Реней никелін алюминий мен никельдің (20-50 % Ni; кейде құймаға мырыш пен хромның аздаған мөлшері қосылады) 1200 °C құймасынан алады. Осыдан соң, алюминийді жоюға арналған үгінді құйманы концентрациясы 10-35 % болатын натрий гидроксидінің ыстық ертіндісімен өңдейді. Қалған бөлігін сутек атмосферасында сумен жуып-шаяды. Реней никелін дайындау әдісіндегі басты принцип, белсенді металдардың каталитикалық түрін алуда қолданылады. Мысалы: кобальт, мыс, темір және тағы басқа да металдар.
## Дереккөздер |
## Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташабиіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
## Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген.Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
## Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.
## Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
## Су қоры
Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.
## Табиғат зоналары
### Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
## Дереккөздер
## Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташабиіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
## Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген.Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.
## Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.
## Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
## Су қоры
Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.
## Табиғат зоналары
### Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
## Дереккөздер |
Интернациональное — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл, Интернациональный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Есіл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ержан Халиұлы Байтанаев (23 қаңтар 1981, Тараз, Жамбыл облысы) — қазақстандық журналист, саясаткер, заң ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты.
## Білімі
* Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті, Филология факультеті (үздік диплом).
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті.
* Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университеті, Экономика факультеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы (үздік диплом).
* Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Құқықтану факультеті, «Құқық магистрі» дәрежесі (қызыл диплом).
* Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, Құқықтану факультетінде кандидаттық диссертациясын қорғап, Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының М.Сперанский атындағы құқықтану факультетінің тыңдаушысы.
## Қызмет жолы
* 2001-2002 жылдары — Облыстық «Я студент kz» газетінің тілшісі.
* 2002-2003 жылдары — Облыстық талдамалық «Альтернатива» газетінің мемлекеттік тілдегі бөлімінің шығарушы редакторы.
* 2003-2005 жылдары — Республикалық «КТК» телеарнасының құқықтық бағдарламалар бөлімінің тілші–редакторы.
* 2005-2006 жылдары — Республикалық «КТК» телеарнасының Жамбыл облысындағы, Астана қаласындағы және Қазақстан Республикасы Парламентіндегі меншікті тілшісі.
* 2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Құқық қорғау салаларында қызмет атқарған.
* 2008-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі – төрағаның баспасөз хатшысы, Кеден қызметінің майоры.
* 2013-осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ресми Өкілі.
## Марапаттар
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің, Кедендік бақылау комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
## Дереккөздер |
Аталық Әбдешұлы (13 қазан 1945, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы) - ақын, публицист, сатирик.
## Өмірбаяны
* Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
* Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген.
* 1991 жылдан қазірге дейін (2016 ж.) Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік тіл аудармашысы-сарапшысы болып істейді. Облыстың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге, қалыптастыруға және қолданылу аясын кеңейтуге лайықты атсалысқан.
* Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
## Шығармалары
* «Мен де бір қазақ:...»
* «Іздеген бақты ісімнен»
* "Жарық дүние жымию үшін де жаралған" атты кітапшалары жарық көрген.
* Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына енген. Оның поэзиялық, сатиралық және публицистикалық шығармалары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып келеді.
## Марапаттары
* «Үздік аудармашы» Тұңғыш республикалық конкурсының жүлдегері.
* «Бойтұмар» және «Бойтұмардың оралуы» көркем фильмі сценарийінің (режиссер-авторы І.Сәрсенғалиев, А.Әбдешұлы) авторы. Аталған фильмдер «Туымыз – Тәуелсіздік» шығармашылық фестивалінде 1-ші орынға, «Каспий – достық теңізі» Халықаралық фестивалінің Дипломанты атағына ие болған.
* Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен
* «Астанаға 10 жыл»
* «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»
* «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Струминский Василий Яковлевич (13 қаңтар 1880 жыл, Могилёв уезі (Подольск губерниясы), Ресей империясы, кәзіргі Винница облысы, Украина - 18 шілде 1967 жыл, Мәскеу, КСРО) – педагогика теоретигі және тарихшысы, Ресей СКФС-дың Ғылыми Академиясының мүше-корреспонденті (1945), педагогика ғылымдары докторы (1961), профессор (1926), Орынбордағы қазақ ағарту институтының тұңғыш директоры.
Владимир Васильевич Струминскийдің әкесі
## Еңбектері
1923 жылы «Психология» – «Диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологиялық мәселелері» деп аталатын кітаптың авторы. Бұл еңбек психология ғылымының марксизмге бетбұрыс жасаудағы тұңғыш зерттеу болды. Оның методологиялық олқылықтары туралы сол кездері ғылыми жұртшылықтың сан қилы кереғар пікірлері болды.
## Қазақстанға үлесі
Струминский Қазақстанда оқу-ағарту жұмысына біраз үлес қосты. Оның қаламынан «Еңбек мектебінің қызметкері үшін үстелдік кітап», «Жан сыры» (Орынбор, 1923), «Орынбордағы 1-ші басқыш мектеп шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» (Орынбор, 1924) т.б. еңбектері туындады.
## Атақтары
Кейіннен ол педагогика ғылымдарының докторы, РСФСР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі дейтін ғылыми атаққа ие болды.
## Дереккөздер |
Панаева (Головачёва) Авдотья Яковлевна (лақап аты - Н. Станицкий; 31 шілде (12 тамыз) 1820, Санкт-Петербург — 30 наурыз (11 сәуір) 1893, сонда) — орыс жазушысы. Актер семьясында туған. Петербург театр училищесінде білім алды. Панаеваның"Тальниковтердің үй-іші" (1848) атты алғашқы повесі жанұядағы "тәртіпті" сынағаны үшін цензурадан өтпей қалды. Ол Н.А. Некрасовпен "Әлемнің үш елі" (1848-1849), "Өлі көл" (1851) романдарын жазды. А.Я.Панаеваның "Өмірдің уақ-түйектері"(1854), "Дала бикеші" (1855), "Үйдегі тамұқ" (1857), " Бұлыңғыр Петербургтегі роман" (1860) повестерінде еңбек, күрес және тәрбие мәселелері бейнеленген. А.Я.Панаеваның атын танытқан тәуір шығармасы – "Әйел үлесі" (1862). Жаңа адамдар образын жасауда сәтті шыққан бұл роман Н.Г. Чернышевскийдің ықпалымен жазылған болатын. Ол Шоқан Уәлихановпен таныс болған.
## Дереккөздер |
Отарбаев деген фамилиясы бар тұлғалар:
* Ақкөл Отарбаев
* Жанкелді Отарбаев
* Мұқан Отарбаев
* Рахымжан Отарбаев
* Шаймұрат Отарбаев |
Бақасу — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан солтүстікке қарай, Үйдене өзенінің Зайсан көліне құяр тұсындағы жайылмасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жарсу — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан солтүстікке қарай, Үйдене өзенінің төменгі ағысы тұсында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сарыжыра — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласының солтүстігінде, Үйдене өзенінің төменгі жайылмасында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Кеңсай — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шаян ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км жерде. Боралдай тауының солтүстігінде орналасқан.
## Халқы
## Ауылдан шыққан танымал тұлғалар
* Шалқар Әбішұлы - ақын, термеші, меценат
* Қонысбек Ботпаев - бизнесмен
* Сәбит Жолдасов - тарихшы
## Дереккөздер |
Маржан Тасова (22 қазан 1923 жыл, Шымкент облысы, Әл-Фараби ауданы) — педагог, Қазақ КСР-нің озат мұғалімі, КСРО-ның озат мұғалімі, Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек ері, т.б. көптеген марапаттардың егесі.
## Өмірдерек
Маржан Тасова орталау мектепті бітіргеннен кейін 1940 жылы Түркістан педучилищесін тәмамдайды. Білімін одан әрі толықтыру мақсатында Шымкент қаласындағы Крупская атындағы оқытушылар институтына түседі. Жоғары оқу орнының бірінші курсында оқып жүрген кезінде Ұлы отан соғысының басталуына байланысты оқуды тастап, Алғабас ауданында Төрткүл орталау мектебінде қазақ тілі сабағынан оқытушы болып еңбек жолын бастады. Соғыстан соң білімін қайта жалғау мақсатында 1948 жылы мұғалімдер институтын, одан кейін 1956 жылы Алматы пединститутын бітіреді.
* 1943-1946 жылдары Қызылқұм (қазіргі Әл-Фараби ауданы), Отырар орталау мектебінде директор болып жұмыс істейді.
* 1946-1952 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінде нұсқаушы, қалалық партия комитетінде бөлім бастығы болып қызмет атқарады.
* 1952-1959 жылдары Шымкент қаласында Спатаев атындағы №7 мектепте директордың оқу жөніндегі орынбасары міндетін атқара жүріп, сол мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларға дәріс береді.
* 1960 жылы Шымкент қаласында №2 қыздар интернатында директор болады.
* 1961 жылдан 1984 жылға дейін Қазақ КСР-інің 40 жылдығы атындағы №12 мектеп-интернатының алғашқы директоры болып жұмыс істейді. 1984 жылы құрметті демалысқа шықты.
* 1984-1987 жылдар арасында облыстық педагогикалық қоғамының бастығы болды.
Маржан Тасова еңбек жолында облыстық Кеңестің және қалалық Кеңестің бірнеше дүркін депутаты болып сайланды. Сондай-ақ, қалалық партия комитетінің пленум мүшесі, республикалық профсоюздың пленум мүшесі, облыстық профсоюздың президиумының мүшесі болып бірнеше дүркін сайланды. Кеңес өкіметі кезінде болған мұғалімдердің II, III сьезіне делегат болып қатысты.
«Мектеп-интернат және эстетикалық тәрбие» деген еңбегін бүкіл республикадағы мектеп-интернат басшыларының арасында өзінің жұмыс жүргізу әдісін жазып, пікір алысып, педагогикалық оқуларда баяндама жасады. Кітапшасы облыс, республика көлеміндегі таралымдарда жарық көрді. Бірнеше рет Шымкенттегі оқытушылардың білімін жетілдіру институты плакат шығарып, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында эстетикалық тәрбие және тағы басқа әдістерін облыс көлемінде таратты.
Маржан Тасова өз еңбегін халықпен пікірлесіп, халық ойын ескеріп оқыту мен тәрбиенің жастар арасында қалай жеткізу жөніндегі жас мұғалімдермен кездесу, оларға берген тәлімгерлік кеңестері орталық , облыстық газет-журналдарда жарық көріп отырады. Осындай өнегелі ұстаздың алдында білім нәрімен сусындаған оқушылары бұл күнде республика көлемінде басшы қызметтерде, қазақ академиясында, жоғары оқу орындарының ректоры кызметінде, шаруашылық саласындағы басшылық қызметтерде, сонымен қатар облыс көлеміндегі мектептерде оқытушы болып жұмыс істеуде.
Бүгінде Маржан Тасқызы өзінің қолында тәрбиеленген академик Ө.Жолдасбеков, С.Темірбеков, Ә.Монтаев, Е.Мырзаев, Ә.Әлиев, Т.Қазақбаев, Т.Қалменов, А.Ақаев, Ж.Түймебаев тағы басқа көптеген оқушыларының еңбектерін айтып мақтан ете алады.
1977 жылы қазан айында Маржан Тасқызы Моңғолия халық республикасына Шымкент облыстық партия комитетінің делегациясымен бірге барып қайтты. Ұзақ жылғы еңбегінің қорытындысында
## Марапаттары
* 1941-1945 жылдары «Ұлы Отан соғысы кезіндегі үздік еңбегі үшін» медалі,
* «Еңбек Қызыл Ту» ордені,
* «Қазақ КСР-нің озат мұғалімі»,
* «КСРО-ның озат мұғалімі»,
* «Ұлы Отан соғысының 20 жылдығы» және 30,40,45 жылдары медальдарымен,
* «Еңбек ардагері», кешегі Кеңес Одағының ең жоғары атағы,
* «Социалистік Еңбек ері» деген атақ берілді. Маржан Тасқызы еңбектің ғана майталманы емес, отбасында жолдасы Хайролла екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Қызы Шолпан ғылыми қызметкер, ұлдары жоғары білімді, қызмет істейді.
## Дереккөздер |
Қарабастау свитасы — Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы территориясы Қаратауда орналасқан геологиялық формация, Юра кезеңіне жатады. Птерозаврлардың тас қаңқалары табылған формация. Дүние жүзіне белгілі, ғылыми маңызы бар зерттеу объектісі. 1921 ж. геолог В.Г.Мухин Шұқыршақ аулының оңтүстігінен Қарабастау бұлағының маңынан Юра кезеңіне жататын қазбаларды тапты. Одан соңғы 1923-1925 жылдары З.Ф.Гориздро-Кульчицкая, М.И.Брик, А.В.Мартыновтар тарапынан зерттелді. 1928 ж. Турутанова-Кетова зерттеді, зерттеу еңбегі 1930 жылы жарық көрді.
*
## Палеофауна
### Омыртқалылар
### Омыртқасыздар
## Дереккөздер |
Қазақстанның автомобиль нөмірлері немесе Қазақстанның нөмір белгілері — Қазақстан Республикасының территориясындағы жеңіл және жүк көліктерін, автобустарды, мотоциклдерді, тіркемелер мен арнайы техниканы мемлекеттік тіркеуден өткізгенде берілетін нөмір белгілері.
## Қысқаша тарихы
Алғаш рет Қазақстан аумағында автомобиль нөмірлері кеңес дәуірінде беріле бастады. Тәуелсіздіктен кейін тұңғыш өз нөмірлері 1993 ж. бастап шықты. Қазір қолданыста жүрген соңғы үлгідегі нөмірлер 2012 жылдан бері беріліп келеді.
## 1993 жылғы жүйе
Бұл жүйедегі нөмір форматының ерекшелігі – өзге посткеңестік мемлекеттердің тіркеу нөмірлерінің арасындағы ешқандай мемлекеттік рәмізі болмаған бірегей болуы.
Аймақ кодтары латын әріптерімен белгіленді. Бастапқыда кодтар 18 облыс және 1 қалаға (Алматы) берілді. Кейін 90-жылдардың аяғында елорда ауысқан кезде Астана қаласына бөлек жаңа Z коды берілді. Сонымен қатар елдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде Жезқазған, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай облыстарының таратылуына байланысты бұл облыстарға беріліп келген аймақтық коды (сәйкесінше K, O, U, V, W) бар нөмірлерді шығару тоқтатылды.
### Типтер
Осы форматтағы нөмірлерде төмендегідей категорияларға арналған нөмір типтері қолданылды: жеке тұлғалар, мекемелер, полиция, тіркемелер, арнайы техника, мотонөмірлер, бейрезиденттер, дипломатиялық нөмірлер, жоғары билік органдары, жоғары лауазымды тұлғалар
Жеке тұлғаларға арналған нөмірлер
Бұл типтегі нөмірлер бір немесе екі қатарлы (тип 1 және тип 2) нұсқада шығарылды. Нөмір форматы - жалаусыз. Алдымен бір латын әрпімен белгіленген аймақ коды, сосын үш цифр, одан кейін үш латын әрпімен белгіленген серия.
Заңды тұлғаларға арналған нөмірлер
Полиция нөмірлері
Тіркеме нөмірлері
Мотоцикл нөмірлері
Шетелдік бейрезиденттерге берілетін нөмірлер
Дипломатиялық нөмірлер
## 2012 жылғы жүйе
Бір жылдан астам уақыт талқылаудан соң, 2012 жылы 11 желтоқсанда жаңа форматтағы нөмірлер автокөлік иелеріне беріле бастады. Олардың ерекшелігі - халықаралық стандарттарға сай болу үшін енгізілген мелекетті айшықтайтын туы мен ел кодының болуы және де аймақтардың сандық кодпен белгіленуі.
### Типтер
Жеке тұлғаларға арналған нөмірлер
Заңды тұлғаларға арналған нөмірлер
Полиция нөмірлері
Тіркеме нөмірлері
Мотоцикл нөмірлері
Шетелдік бейрезиденттерге берілетін нөмірлер
Дипломатиялық нөмірлер
## Аймақ кодтары
## Дереккөздер |
Күміс ғибадатхана (кхмер. វត្តព្រះកែវមរកត) — Пномпеньдегі Камбоджа патшасының ресми будда ғибадатханасы. Патша сарайының оңтүстік жағында орналасқан. Ертеректе Ват Убозот Ратанарам атауымен белгілі болған. Ғибадатхананың ресми аты — Преах Вихеар Преах Кео Моракот, бірақ әдетте кхмер тілінде Ват Преах Кео деп аталады. 1866 жылы салынып, 1962 жылы кеңейтілген. Негізгі құрылыс материалы — ағаш.
Ғибадатханада көптеген ұлттық қазыналар сақталады, мысалы алтын және асыл тастармен жасатылған Будда мүсіндері. Айрықша Baccarat (шыны мануфактура Сент-Анн, Баккара қаласы, Франция) француз хрусталінен жасалған Будданың кішірек мүсіні. Мүсін Сисовата I патшаның тапсырысымен сарай шеберханаларында 1906 жыл мен 1907 жылдар аралығында жасалды. Алтын Будда-ның салмағы 90 кг. Нородом Сианук патша билеген кезде, Күміс ғибадатхананың едені бес мыңнан аса салмағы 6 тонна күміс тақталармен бедерленген еді және оның алдынғы бөлігі италиян мәрмәрін қолданумен қайта салынды. Бірақ бұл тақталардың тек шағын бөлігі ғана туристтерге көруге қолжетімді. Ғибадатхананың ішкі қабырғалары Рамаян үнді дастанының батырлары бейнеленген фрескалармен безендірілген. Ғибадатханаға кірерде аяқ киім мен бас киім міндетті түрде шешілуі тиіс.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Lenzi, Iola «Museums Of Southeast Asia». Singapore: Archipelago Press, 2004, p. 200. ISBN 981-4068-96-9. (ағыл.) |
Сарыши — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2020 жылы таратылды.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Зайсан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, Маңырақ тауының солтүстік-шығыс етегінде орналасқан.
## Халқы |
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”), ("Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені"), (Жақсы сөз - жарым ырыс).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мақал-мәтелдер |
Малай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Мұғалжар тауының оңтүстік-батысындағы Шошқакөл бұйратының батысынан алып, Маныссай өзеніне Кедейдектау тауы тұсында құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 60 км. Жағалауы жарқабақты, биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Жар асты, жауын-шашын суларымен толығады. Арнасымен көктемде 10-15 күндей су ағып, кейін қарасуларға бөлініп қалады.
## Дереккөздер |
Арал — Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстікке қарай 86 км-дей жерд, Талас өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Жебірәйіл Турағұлұлы Құнанбаев (1903 - 1930) — Абайдың немересі, домбырашы, скрипкашы, әнші.
## Өмірбаяны
Оспан асырап алып, өз атына жаздырған. Жебірәйіл Ресейдің Томск қаласында орыс мектебінде, сондағы университетте оқыған. Сонда Абайдың өлеңдерін жиі-жиі сахнада орындап жүрген. Абай ауылы жастарының бастарын қосып, скрипка, домбыра, мандолина, сырнай, қобыз аспаптарынан оркестр ұйымдастырған. Ол сауықшыл жастардың өтінішімен "Еңлік-Кебек" пьесасын жазып, оны Ақылия Түрағұлқызының ұзатылу тойында Әйгерімнің отауында сахнаға шығарды.
Жебірәйіл Семей мен Түмен қалаларында орыс мектептерінде оқыды. 1927 ж. жер аударылды. 1930 ж. оны Ташкент қаласына шақырып, Орта Азия ауыл шаруашылыға техникумына оқуға кіргізді. Жебірәйіл ұлы жазушының қарындасына үйленген. Жебірәйілдің Алыпарыслан есімді ұлы Ұлы Отан соғысында қаза тапты.
## Дереккөздер |
Мәңгілік бейнелер — белгілі бір заманда, қоғамдық ортада қалыптасқан мінез-ерекшелігі бар, сонымен бірге бойынан жалпы адамзатқа тән сипат-қасиеттер де айқын танылатын, типтік тұлға дәрежесіне көтерілген әдеби бейнелер.
Олар адмагершілік пен әділетсіздік, махаббат, зұлымдық, қызғаныш секілді жағымды және жағымсыз мінез, іс-әрекеттер арасындағы қайшылықты, тартысты көрсетеді. Ғасырдан ғасыр ауысып, заман өзгерсе де, мұндай бейнелер өзінің танымдық, тәрбиелік мәнін жоғалтпайды. Және бір халықтың әдебиеті көлемінде ғана қалмай, дүние жүзі мәдениетінде танымал бейнелер болады. Мұндай типтік бейнелердің тұлғасынан оларға айырықша тән мінез-сипат, өзіндік кейіп анық көрінеді.
Классикалық әдебиетте кейде ірі тұлғалар көбінесе бір қырынан, бір мінезімен танылады. Мысалы, Отеллоның бойынан алдымен қызғаншақтықты, бірбеткейлікті көрсек, Ягоның мінезінен, іс-әрекетінен әзілдікті, азғырғыштықты көреміз. Дон-Кихотқа адалдық пен аңғалдық тән болса, Гобсекке сараңдық айырықша тән. Сонымен бірге бұл әдеби бейнелердің өмір шындығын, адамның мінез-құлқын терең ашып көрсететін кең мазмұндылығын да ескеру керек. Типтік бейнелер міне-тұлғасы сан қырлы, жан-жақты бола тұра, әрқайсысы өзіне тән, тайға таңба басқандай айқын, даусыз, ой-санаға орнаған қалып, тұрпатымен танылады. Қазақ әдебиетінде батырлық бейнесі Қобыландымен, Ер Тарғынмен байланыстырылса, сұлу, нәзік әрі ақылды ғашық қыз туралы айтылғанда, Жібек, Баян, Ақжүністі еске аламыз. Зұлымдық бейнесі Бекажанмен, сараңдық Қарабаймен байланыстырылады. Әр халықтың әдебиетінде ұшырасатын сом, нанымды жасалған бейнелер өткенді ғана емес, бүгінгі өмірді түсініп-білу үшін өте бағалы. Көне заман тарихына үңілсек, Одиссей сергелдеңге түскен батыр бейнесін білдіреді. Прометей адам үшін азап шекккен жан ретінде есте қалған. Бұлардың бәрі қоғамдық ой-санада үлкен орын алған әдеби бейнелер. Адамзаттың әділдікке, адамгершілікке, таза махаббатқа ұмтылуы, сол биік идеалдар үшін күресі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын мойындасақ, мұндай танымдық, көркемдік қасиеті мол әдеби бейнелердің де адам қауымымен бірге жасайтыны, ешқашан ескірмейтіні талассыз дей аламыз.
## Дереккөздер |
Мухаммас (араб.: مخمس - бес-бестен) — Орта Азия және басқа бірталай Шығыс елдерінің әдебиетінде кездесетін өлең шумағы. Әр шумақ бес тармақтан құралады. Оның екеуін белгілі бір өлеңнен дайын күйінде алып, үшеуін айтушы өзі қиыстырады. Мұхаммас бұрыннан бар өлеңнің сөздеріне түсінік беру, мағынасын айқындау міндетін атқарады. Алғашқы шумақтағы бес тармақ өзара үйлесіп, соңғы тармақ алғашқы шумақтағы ұйқасты қайталап отырады.
## Дереккөздер |
Азамат Тахирұлы Мұсағалиев (орыс. Азамат Тахирович Мусагалиев; 25 қазан 1984, Құмөзек, Астрахан облысы) — ұлты қазақ ресейлік актёр, әзілкеш, тележүргізуші және музыкант, «Камызяк өлкесінің құрамасы» КТА командасының капитаны, тележүргізуші, «Бір кездері Ресейде» шоуының қатысушысы, ТНТ телеарнасында «Логика қайда?», «Интерндер» сериалының актёрі.
## Өмірбаяны
Азамат Мұсағалиев 1984 жылы 25 қазанда Астрахан облысы, Құмөзек қаласында дүниеге келді. Қаладағы №4 мектепте оқыды. Ұлты бойынша — қазақ, адай (ру) тұқымынан шыққан.
Мектепті бітіргеннен кейін мединститутқа емдеу факультетіне түскісі келді, бірақ өз ойынан айнып, нәтижесінде Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің экология және балық қорғау факультетіне түсіп, балық қорғау инженері мамандығын бітірді.
## КТА
КТА-да ол 10-сыныптан бастап ойнай бастады. Азамат бастапқыда өмірді КТА-мен байланыстыруды жоспарламаған. Университетті бітіргеннен кейін Астрахан қаласында инженер-эколог мамандығы бойынша диплом алды, бірақ мамандығы бойынша жұмыс жасамады. Студенттік жылдары ол Ресейдің қалаларын аралап, осылайша ақша табатын қалалық команда құрды.
2007 жылы Азамат Мұсағалиев Астрахан ұлттық құрамасының КТА «Альтернатива» командасының жаңа ойыншысы болды. Көп ұзамай ол Камызяк өлкесінің құрамасының капитаны болып сайланды. Ұлттық құрама КТА Жоғары лигасының маусымында үздіктер қатарынан көрінді.
2011 жылы «Камызяк өлкесінің құрамасы» Премьер-лиганың финалисті болды. Өз командасымен Азамат 2012 жылғы Жоғары лигадағы ойынның жартылай финалына жетіп, 2013 жылғы финалда 2-ші орынға ие болды. Ол кезде Мұсағалиев екі лауазыммен қатар жүрді: капитан және командалық құраманың фронтмені.
Қырғызстанда Азамат 2013 жылы Бішкекте басталған «АЛА-ЖШС» аймақтық лигасының негізін қалаушылардың бірі және бірінші редакторы ретінде танымал.
2015 жылы «Камызяк өлкесінің құрамасы» КТА Жоғары лигасының чемпионы атанды.
## Телевизия
2014 жылы Азамат Бірінші арнадағы «Әзіл сезімі» шоуының қатысушысы болды. Дәл сол жылы TNT-да «Бір кездері Ресейде» шоу-бағдарламасында өнер көрсетті.
2015 жылы «Интерндер» сериалына түсіп, ТНТ-да «Логика қайда?» ойын-сауық шоуының жүргізушісі болды.
2018 жылы ол ТВ-3 арнасында «Әдеттегіден басқа бәрі» жобасының төрешісі болды.
## Жеке өмірі
Азамат Мұсағалиевтің әйелі Виктория Мұсағалиева (2008 жылдан үйленген) және екі қызы бар — Милана мен Ляйсан.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Азамат КиноПоиск дерекқорында
* Азамат Мұсағалиев Instagram-да |
Бекташ, Хаджи Бекташ Уали Нишапури Хорасани (1209, Нишапур- 1271) — бектешия сопылық бауырластығының негізін қалаушы, түркілер арасынан шыққан діндар ғұлама. Аңыз бойынша, ол Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті (немересі деп те айтылады) саналады.
Ұстазы оған «Рум еліне барасың» деп бата берген. Сондай-ақ Бекташтың ұстаздары ретінде Лұқман Пәренде және Баба Илмас-и Хорасанидың аттары айтылады. Бекташ Ясауи ілімін жалғастырып, Орталық Азия мен Кіші Азияның (Анадолы) рухани байланыстарын нығайтуға үлес қосқан.
Шыңғыс хан империясы кезінде Хорезм, Мауереннахр өлкелерінің тұрғындары мен көшпелі түркі тайпаларының бір бөлігі оңтүстік бағытқа ауа көшкені белгілі. Сол кезде Бекташ Хорасан (Иран) мен Әзірбайжан арқылы Анадолы жеріне қоныс аударады. Мұнда әулие атанып, қарапайым халық арасында зор беделге ие болады. Бекташтың көзқарасы мен өмірбаяны жайында бізге толық жеткен жоқ. Жалпы, Ясауи ілімін қаландария жолын ұстанушылардың және шииттердің кейбір идеяларымен ұштастырған.
## Дереккөздер |
Тақсай (2020 ж. дейін – Донецк) — Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы ауыл, Теректі ауылдық округінің құрамына кіреді.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде.
## Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 124 адамды (61 ер адам және 63 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Құс жүнді қалам — қағазда қара сиямен жазуға арналған жазу керек-жарағы. Заманауи құс жүнді қалам, қара сиямен толдыруға арнлаған механизммен, қара сияның сиымдылығымен және металдан жасалған қауырсындан жасалады. Кәзіргі уақытта құс жүнді қалам Батыс Еуропада оқу барысында қолданылады. Күнделікті тұрмыста қолданулыда, құс жүнді қаламдан басқа қалам түрлері озып тұр. Олар жазуға жеңілдіктері көп болған соң озады.
## Тарихы
Ең бірінші құс жүнді қалам б.з.д. 600 жыл бұрын Испанияда пайда болған. Ал темірден жасалған құс жүнді қалам 1803 жылы пайда болды. Болаттан жасалған құс жүнді қалам 1830-ыншы жылдарда пайда болды, алайда 1850-інші жылдарда құс жүнді қаламды сұранысы азайды.
## Сілтеме
* Информационный проект ElitePen.ru Все о мире ручек (рус.)
* http://www.flick.com/~liralen/quills/quills.html (ағылш.)
* Club des collectionneurs de Plumes et Objets d’Ecriture (CCOE) (фр.)
* Les plumes pour l'écriture de Jean-Claude Raymond (фр.) |
Қайыр — Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстікке қарай 82 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
## Өмірбаяны
Мейрамбек Бесбаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде.
Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.
1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.
1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, Алтынбек Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал МузАРТ тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.
2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.
## Дискография
* Ән-Термелер
* Аяулыма
## Фильмография
* 1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт)
* 2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Бесбаев)
* 2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Бесбаев)
## Марапаттары
* ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
* 2010 жылы "Мәдениет қайраткері" медалімен марапатталды;
* 2012 жылғы Президент жарлығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды;
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалімен марапатталды;
## Дереккөздер |
Тасөткел — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Тасөткел ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Хромтау қаласынан шығысқа қарай 84 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 556 адам (264 ер адам және 292 әйел адам) болса, 2009 жылы 352 адамды (175 ер адам және 177 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тасөткел — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Тасөткел ауылдық округінің орталығы
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Төле би ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасөткел — Жамбыл облысы Шу ауданы, Ескішу ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей, округ орталығы - Белбасар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Тасөткел бөгенінің солтүстік-батысында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Тасөткел — Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл, Тасөткел ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Державинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.