text
stringlengths
3
252k
Досмұқанова Хадиша (1948, Атырау облысы). Атырау политехникумын бітірген (1983). 1966-1996 жылдары — «Өзен» мұнай-газ өңдеу басқармасында оператордың көмекшісі,оператор. 1996 жылдан «Теңге» бірлескен кәсіпорнында аға оператор. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986). 2-ші және 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен (1981, 1986) марапатталған. ## Дереккөздер
Дүзбаева Мейрамкүл (1966, Алматы облысы). В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген (1987, 2004). * 1987-1991 жылдары — «Қазалтын» КБКЖолымбет кеніші байыту фабрикасында шебер. * 1991-1994 жылдары — ҚР Экономика министрлігі ЭжНҚҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер. * 1994-1999 жылдары — ҚР Мемлекеттікмүліккомитетіндежетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік мүлік комитеті басқармасы департаменті және ҚР Қаржы министрлігі активтері басқармасының бастығы. * 1999-2000 жылдары — Мемлекеттік мүлік және ҚР Қаржы министрлігі жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары. * 2000-2002 жылдары — президенттің кеңесшісі, «Қазақойл» ҮМКң ЖАҚ-ның атқарушы директоры. * 2002-2003 жылдары — «Қазақстан даму Банкі» ЖАҚ-ы президентінің кеңесшісі, «Каспий өндірістік-қаржылықтобы» ЖШС-і бас директорының кеңесшісі. * 2003-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы президентінің кеңесшісі. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы атқарушы директоры. ## Дереккөздер
Досбаева Зеил (1933, Атырау облысы). Саратов политехникумын бітірген (1975). * 1948-1959 жылдары — «Қазэнергомұнай» тресі Қамыскөл орталық электр станциясында кезекші электрик, электр монтері. * 1959-1983 жылдары — Құлсары МКБ-да оператордың көмекшісі, дэмульсация, өндіру цехтарында оператор, МұнайлыМКБ-да кадрлар жөніндегі нұсқаушы, Ералиев ауданы Халық жинақтау кассасында бақылаушы, меңгеруші, «Маңғышлақмұнай» бірлестігі мұнай аспаптары- мен жабдықтау бөлімінде аға инженер. * 1983 жылдан зейнеткер. «Ерен еңбегі үшін» (1958) және «Еңбек ардагері (1983) медальдарымен, Ана Даңқы орденімен(1968) марапатталған. ## Дереккөздер
Дүйсәлиев Әубәкір (1894— 1964, Атырау облысы). АҚШ-та Одақ бойынша алғашқы болып тағлымдама алған бұрғышы (1930). КСРО-ның Құрметті мұнайшысы (1953). Ембінің ардагері.1910-1930 жылдары — Доссор МКБ-да жұмысшы, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1930-1954 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі Мақат бұрғылау кеңсесінде бұрғылау шебері, ағабұрғылау шебері, бұрғылау цехының бастығы, Сағыз МКБ-ның директоры. Ленин орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен жене медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Досбаев Қырықбай (1892—1943, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1913-1931 жылдары — Доссор мұнай кәсіпшілігінде оператордың көмекшісі, мұнайды көлікпен тасушы. 1931-1936 жылдары — Мақат, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде бұрғылау жұмысшысы, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1937-1943 жылдары — Байшонас мұнай кәсіпшіл ігі басқармасында ұңғыларды жер асты жендеу бригадасының шебері. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Досқарин Жанбай (1926, Атырау облысы). 1942-1952 жылдары — Мақат МКБ-да токарь, механика шеберханасы цехында шебер. 1952-1971 жылдары — №19 КБ директорының орынбасары, Мақат, Доссор МКБ-де еңбекжәнетехникалықнормалаужөніндегі аға инженер. 1971-1989 жылдары — «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында арнайы және ерекше жұмыстар жөніндегі аға инженер. 1989 жылдан зейнеткер. «Ерен еңбегі үшін» (1946) және «Еңбекте үздік болғаны үшін» (1970) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Дүзбаев Сатыбай (1948, Атырау қаласы). Мәскеудің М.И.Губкин атындағы МХжГӨ институтын бітірген (1972). * 1972-1973 жылдары — «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай-газ өндіру операторы. * 1973-1979 жылдары — «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында Орталық инженер-технология қызметін ауысым бастығы, аға инженері, бастығы. * 1979-1984 жылдары — «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы. * 1984-1993 жылдары — «Теңізмұнайгаз» өндіріс бірлестігінде бас технолог, мұнай өндіру бөлім бастығының орынбасары, өндіріс бөлімінің бастығы, бас инженер. * 1993-1994 жылдары — Бостон қаласындағы (АҚІІІ) Массачусетс университетінің тыңдаушысы. * 1994-1995 жылдары — АҚШ-тың "Шеврон" компаниясында тағылымдамада болды, жұмыс істеді. * 1995-1997 жылдары — «Оңтүстік отын-энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті. * 1997-2000 жылдары — «Қазақойл» ҰМК муанй-газ өндіру және таысмалдау департаментінің директоры. * 2000-2002 жылдары — «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ президенті, басқарма төрағасы. * 2002-2004 жылдары — «Қазақойл-Ембі» ААҚ-ы жаңа кен орындарын игеру және қабаттардың мұнайлылығын арттыру департаментінің директоры. * 2003-2004 жылдары — «Ембімұнайгаз» ААҚ-ы жаңа технологиялар департаментінің директоры. * 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ-ы инновациялық технологиялар департаментінің директоры. «Ерен еңбегі үшін» (1999) медалімен, Өндірісті дамытуға ықпал ету Қауымдастығының Алтын медалімен (Франция, 2001) марапатталған. ## Дереккөздер
Дүйсенғалиев Исламғали (1910-1984, Атырау облысы). Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұнайшысы (1958). Ембінің ардагері. * 1925-1930 жылдары — жалдамалы жұмыста. * 1930-1945 жылдары — Доссор МКБ-да жұмысшы,оператордыңкөмекшісі, оператор, аға оператор. * 1945-1970 жылдары — Мақат МКБ-да ұңғымаларды жер асты жендеу жұмыстары бригадасының операторы, аға оператор, бригада шебері. * 1970-1980 жылдары — Гурьев машина жасау зауыты ұсталық цехында балғашы, уста, шебер, цех бастығы. «Құрмет белгісі» орденімен (1942), Еңбек Қызыл Ту (1944) орденімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Досымбетов Құрманбай (1923, Атырау облысы). [[Ұлы Отан соғысы|Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941-1942 жылдары — геологиялық-іздеу партиясында моторшының көмекшісі, моторшы. 1947-1969 жылдары — Новобогат, Қошқар барлау крелиустік партияларында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, Маңғышлақ ұңғымаларды тексеру және сынақтан өткізу кеңсесінде бөлімше бастығы. 1969-1975 жылдары — Қарағия «Водозабор» МБЭ-да бөлімше бастығы. 1975-1983 жылдары — Балықшы БЖБ-да инженер, су және бумен жабдықтау цехының бастығы. 1983 жылдан зейнеткер. 1-дәрежелі Отан соғысы (1985), «Құрмет белгісі» (1966) ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ислам Шұғайыпұлы (10 қараша, 1932 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоян ауылы - 2001 жылы қайтыс болды) — ақын. * 1967 жылы ҚазҰУ-ды бітіреді. * 1954-56 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауданаралық Жаңақала театрында артист болған. * Қамыс театрында директордың бірінші орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. * Алматы облыстық статистикалық мекемесінің аға экономисі * Жамбыл атындағы мемлекеттік филормониясында, Қазақтың жастар театрында әртіс * Қазақ радиосының "Кірпі" сықақ журналының бас редакторы болған. ## Еңбектері * "Самал" * "Тұлпар" * "Жаңылтпаштар" * "Найза" * "Қисық айна" * "Жас өрен" * "Естімеген елде көп" т.б оннан астам кітаптың авторы. * "Ұлы октябрь дауылы" поэмасы * "Әсем қала Алматым" * "Құрманғазы - Күн Бабам" * "Сартай бала-Сырымдай" * "Болсыншы ашық аспан" * "Қаһарман жауынгер", т.б шығармалары республикалық өнер байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері болған. ## Дереккөздер
Дүйсенғалиев Баймұрат (1929, Атырау облысы). Қазақ мемлекеттік университеты бітірген (1957). 1954-1957 жылдары — Мұнай химиясы өнеркәсібі жұмысшыларының республикалықкәсіподақ комитетінде нусқаушы. 1957-1962 жылдары — «Мұнайхимқурылыс» тресінің Мақаттағы «Қазмехқурастыру» басқармасында жұмыс жүргізуші, бухгалтер, жабдықтау инженері. 1962-1964 жылдары — «Маңғыстаумұнайгазбарлауң тресінде Еңбек және жалақы жөніндегі экономист. 1964- 1991 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі нормативтік-зерттеу станциясында бөлімнің аға инженері, станса бастығы. 1991 жылдан зейнеткер. КСРО-ның Мұнай өнеркәсібі үздігі. ## Дереккөздер
Ырысты Әбдірахманқызы Шотбаева(10 маусым 1928 жыл, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы - 1994 жыл, Бестөбе) - Қазақстан ақыны, жазушы. Ақмола қаласында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курста оқып, бастауыш сынып мұғалімі болады. Осымен бір мезетте Ақмола педагогогикалық училищесінде оқып, оны соғыстан кейін бітіреді. Ақмола облысы, Ерейментау ауданында мұғалім болған. Кейіннен Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтын сырттай бітіріп, 1958 жылдан бастап облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде поэмалары, әңгімелері, пьесалары, сондай ақ балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жарық көре бастайы. Пьесалары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, Павлодар облыстарының театрлырының репертуарларынан орын алған. ## Шығармашылығы * "Ереймен етегінде", поэмалар - 1973 ж. * "Нұра -бақыт өзені", өлеңдер - 1977 ж. * "Толқында Нұра", өлеңдер мен поэмалар -1983 ж. ## Дереккөздер
Тайпақ Шоқайұлы (1900 жыл, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шиелі аулы - 1952 жыл, Қарақалпақ АКСРі) — ақын. Таз жырау деген лақап атпен белгілі болған. Филология ғылымының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев көп зерттеген қазақ әдебиетіне аты белгілі ақын Әубәкір (Кердері) Шоқановтың (1858-1912) немересі. Таз жырау бір сөзінде өзінің жас кезінен бастап өлең шығарғандығын былай жазады: Сұрасаң менің атым Тайпақ бала,Ағалар бұл сөзімді байқап қара. Жас шағында өлеңге жүйрік болғандықтан оған сөзді құдай берген, — деп бүкіл ел таңырқап «Құдайберген» деген лақап есімі аталады. Осылайша өзінің бала кезінде қойылған аты Тайпақ жас шағында ағып тұрған өлеңге жүйрік болғандықтан «Құдайберген» деген лақап тағылса, кейін үлкейгенде «Таз жырау» атанып кетеді. Әмудария өзенінің құйылысындағы қазақтар арасында «Құдайберген» және «Таз жырау» атымен танылып кеткен. Тайпақ деген шын атын көпшілік біле бермейтін дәрежеде ұмытылған. «Арғы атам Әбубәкір, әкем Шоқай» деп басталатын ұзақ өлеңінде өзі туралы баяндайды. Әйгілі ақын Әбубәкір Керденің немересі екенін айтады. "Жақсы болса ағаңыз", "Кісіге күніңді салмасын", "Он сегіз жасқа келгесін", "Жігіттік деген бір дәурен", "Мысалы бұл жастығының алқызыл гүл", "Жақсыға айтқан сөзім ем болады". тәрізді терме - толғаулары ел аузында сақталған. ## Дереккөздер
Орда: * Орда — түркі-моңғол тайпаларының әскери-әкімшілік орталығы, мемлекет басшыларының тұрағы, (астана). * Орда — салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. * Орда — қазақстандық музыкалық топ. Топоним * Орда ауданы — Батыс Қазақстан облысы құрамындағы Бөкей ордасы ауданының бұрынғы атауы. * Орда — Ресейдің Новосибир облылысыдағы өзен. Поп мәдениетте * Орда (Warcraft) — Warcraft ойындар сериясындағы қарсылас жақ. * «Орда: Северный ветер» — компьютерлік ойын. * «Орда» — ресей фильмы.
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған (7-сыныпқа арналған, А,, 99-102-беттер, 1933). ## Дереккөздер
Дөңестік пен ойыстық, математикада — y=f(x) функциясы (қисық сызығы) графигінің әрбір доғасы өзінің хордасынан төмен (не жоғары) жатпайтындығын көрсететін қасиеті. f(x) функциясы графигінің дөңестігі төмен (ойыстығы жоғары) бағытталса, функция дөңес деп, ал оның графигінің ойыстығы төмен (дөңестігі жоғары) бағытталса, функция ойыс деп аталады. Егер үздіксіз f(x) функциясының f’(x) туындысы алынатын болса, онда қарастырылған аралықтың барлық нүктелерінде дөңестік f’’(x)>=0, ал ойыстық f’’(x)<=0 шарты орындалғанда ғана жүзеге асады. Өзінің кез келген нүктесінің маңайында, дөңестік қисық сызықтың доғасы осы нүкте арқылы жүргізілген жанамадан төмен жатпайтындығымен, ал ойыстық қисық сызықтың доғасы осы нүкте арқылы жүргізілген жанамадан жоғары жатпайтындығымен сипатталады. Беттердің дөңестігі мен ойыстығы да осыған ұқсас анықталады. ## Пайдаланған әдебиеттер Қазақ энцклопедиясы
Бейсембинов Заңғар - 1962 жылы 31 қазанда туған. * 1979 жылдары Киев қаласындағы Республикалық көркем-сурет мектебінде оқыған. * 1984 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінің театр декорациясы бөлімінде оқиды. * 1986—1991 жылдарыТ.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театркөркем-сурет академиясында оқыған. * 1984—1986 жылдары Алматы қаласындағы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында қызмет істейді. * 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. * 1996—1997 жылдары Алматы қаласындағы Арт-Центр қоғамдық бірлестігінің мүшесі. * 1998—1999 жылдары Артбюро Б-Олдрт инктің мүшесі. * 2000 жылы "Адамант" ЖШС-нда, * 2001 жылы "Бауыр +" баспасында қызмет атқарды. Кескіндемелік жұмыстары Қазақстан, Ресей, Украина, Грекия, Түркия, О.Корея, Германия, Бельгия, Голландия, АҚШ, Канада, Швеция елдерінің мемлекеттік және жекеменшік қорларында сақтаулы. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке қорында сақтаулы. Қазақстан бейнелеу өнеріне қосқан қомакты үлесі Біріккен ұлттар ұйымының да диплом, грамоталарымен аталып өткен. ## Дереккөздер
Алмас Кішкенбаев (1 шілде 1985, Қызылорда) — әнші. Республикада алғаш өткен «SuperStar KZ» 2004 жылғы байқауының жеңімпазы. Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген (2004). Қазір Алматыдағы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық бөлімінде оқиды. 5–6 жасында облыстық «Әнші Балапан» байқауында жеңіп шығып, Ақдәулетова класына оқуға алынды. 1995 жылы Францияның Париж, Мате қалаларында Нұртуған жыраудың «Кәнекей тілім сөйлеші» термесін орындаған. Сол жылы Павлодар қаласында өткен «Айналайын» фестиваліне қатысып, ашылу салтанатында арнау ән орындады.
Мұратбек Тауфиқұлы Жоламанов (13.10.1966, Жымпиты ауданы, Жосалы ауылы — 28.4.2000, Орал қаласы) - суретші.1985-1988 ж. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің көркемсурет-безендіру бөлімінде оқыған. Алматы көркемсурет училищесініңживопись бөлімін үздік бітірген(1990). 1991 ж. Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойынаорай Алматы қаласында өткен республикалықконкурста «Сырым батыр» аттыпортреті жүлделі орын алды.1991-1996 ж. Алматы театр, киножәне көркемсурет институтындаоқып бітірген. «Хан көтеру»атты дипломдық жұмысы еңүздік картина ретінде бағаланып, сол институттың қорында, алөзі сонда қызметке қалдырылған. Жоламанов институт жанынан Қазақстан жас суретшілер ұйымынқұруға жетекшілік етті. Көптеген сурет көрмелеріне қатысқан.Денсаулығына байланысты 1997ж. туған жері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына қайтып келеді. Тұңғыш жекекөрмесі 1999 ж. Орал қаласында өтті.Жоламановтың артында «Құлагер», «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге туралы жыр»,«Сарын», «Қазанат», «Тұмар»,«Қорқыттың теңізге келуі», «Керей-Жәнібек», «Жаман ырым немесе қағанатгың құлауы», «Қызғыш құс», «Жекпе-жек», «Аттиланың елесі», т.б. картиналарықалды. ## Дереккөздер
Сәйділ Омарұлы Талжанов (6 желтоқсан 1906 жыл, Тоқтамыс ауылы, Нұра ауданы, Қарағанды облысы – 10 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — жазушы. аудармашы, ғалым, филология ғылымының докторы (1972). Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931). ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі. 1956 - 72 Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин шығармаларын орыс тіліне аударған . Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин. С.Талжанов, М.Горький, В.Г. Белинский, Ф.М Достоевскийдің шығармаларын қа­зақ тіліне аударған. ## Шығармалары 1957 жылы "Ұстаның үйі", 1959 жылы "Степной Сокол", 1965 жылы "Адам туралы аңыз", 1979 жылы "Өткен күндер сөйлейді" атты кітабы жарық көрді."Жол болсын", "Шындық шұбар", "Түсінбеймін" деген өлеңдері "Жаңа әдебиет" журналдарына басылып шықты. ## Дереккөздер
Қуаңдария — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Қуаңдария ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде, Қуаңдария өзенінің бойында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1166 адам (622 ер адам және 544 әйел адам) болса, 2009 жылы 926 адамды (505 ер адам және 421 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1963 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшар орталығы болды. 1997 жылдан «Шалғасқат» АҚ, 2000 жылдан «Таңатар» ЖШС болып аталады. Негізгі кәсібі мал өсіру, бақша егу, ұн тартатын, жүн бұйымдарын өңдейтін цехтар жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Бес гүл көлі (ағылш. Five Flower Lake; қытайша:五花海, Wǔhuā Hǎi) – Қытайдың Цзючжайгоу ұлттық паркындағы көптеген су бөгендерінің бірі. Тереңдігі бар болғаны 5 метр болатын көлдің түбінде бір-бірімен айқасып өскен ағаштар бар. Көгілдір түсті көл суы мен айналасын қоршаған ағаштардың тудырған әсем көрінісін көру үшін күніне мыңнан астам туристер келеді екен.
Байбосынов Көшер (1921, Адай уезі, Ақшымырау ауылы – 1995) – соғыс ардагері, шопан. 1942 ж. Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңісті Еуропа жерінде қарсы алған. 1945 – 85 ж. «Бозащы», «Ақшымырау» кеңшарларында шопан болып еңбек еткен. Отан соғысы орденімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Жүсіп Таубайұлы (1882–1916 жж., Қармақшы ауданы, Ақжар а.) – ақын. Шығыс медресесінде оқыған. Жасынан шығармашылықпен айналысқан. 1902 ж. «Шаһнаманың» «Ескендірнамасын» аударған. «Әбу Әли ибн Сина», «Бес бәйіт», «Алдар Көсе», «Мыстан кемпір» атты дастан, хикаялармен қоса, 1905 ж. «Алдар Көсенің шайтанды алдауы», 1913 ж. «Замана жайы» дастандарын жазған. Таубайұлының «Балалар, үгіт мынау қолданасың», «Естімекке қылмай опа дүние жәни», «Жөнейтке», «Сақыбы Сағадаттың біздің адал», т.б. жыр-толғаулармен қатар 1913 ж. Шораяқтың Омарымен, Ержанұлы Ыбырашпен айтысқа түскен. Таубайұлының шығармаларын Сырдария экспедициясы кезінде (1920) алғаш жинап, зерттеген Ә. Диваев болды. Жиналған деректерді 1940–1970 жж. Н. Майқанов, Ү. Толыбеков, Ә. Қайнарбаев, М. Байділдаев академия қорына тапсырған. Бүгінде ақынның мұралары Орталық кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. ## Әдебиет Қазақ энциклопедиясы — Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС. — ISBN 9965-9746-4-0. Қазақ энциклопедиясы — Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС. — ISBN 9965-9746-4-0.
Алдан Зейноллаұлы Смайыл (3 қазан 1946, Ақтау ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) – жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). ## Өмірбаяны * ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1970). * Еңбек жолын 1970 жылы Қазақ радиосынан бастайды. * 1975 – 90 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы “Коммунизм нұры” газетінің бөлім меңгерушісі * 1990 – 95 жылдары Ақмола облысы “Тіл және мәдениет” қоғамының төрағасы * “Қараөткел” газетінің бас редакторы * 1995 – 97 жылдары Ақмола облысы телерадио компаниясы төрағасының орынбасары * 1997 – 2002 жылдары Қазақстан телерадио корпорациясы Астана студиясының бас директоры * 2002 – 2007 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің директоры * “Астана жазушыларының кітапханасы” редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарды. * 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. ## Шығармалары * Тұңғыш көркем шығармасы “Тамыздың таңы” 1979 жылы жарық көрген. * “Ақ жалын” (1982) * “Найзақара” (1985) * “Сағынтып келген көктем” (1987) * “Арқаның Бетпақ деген даласы бар” (2000) повесть, романдарында адам мен қоғам, өмір мен өлім жайлы философиялық ой толғайды. * Д.Сэллинджердің “Жар жағалаған жалғыз” романын қазақ тіліне аударған (2005). ## Марапаттары * Халықаралық “Алаш” (2005) сыйлығының иегері. * Қазақстан Журналистер одағының (2002) сыйлығының иегері. * “Тамұқтан келген адам” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (2006). ## Отбасы Үйленген. Жұбайы - Саухат Жұмагүл Берденқызы (1949 жылы туған). Ұлы - Смайыл Еркебұлан Алданұлы (1972 жылы туған). ## Дереккөздер
Телғараев Сейфолла Пірімұлы (14 желтоқсан 1910, Қызылорда – 25 тамыз 1975, Алматы) – актер, педагог, Қазақ КСР-інің халық артисті (1958). ## Өмірбаяны Ташкент қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1931 жылы Мәскеудегі Жұмысшы жастар театрына режиссерлер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін 1932 жылы Қазақстан Өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Қарағанды қаласында Жұмысшы жастар театрын ұйымдастырып, оның көркемдік жағын басқарды. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті. Осы театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлдерінің бірі – І.Жансүгіровтің «Кек» драмасындағы Тастабан. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамымен Қазанда, Уфада, Нүкісте және Бішкек қаласында өнер көрсетті. Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы театр студиясында педагогикалық қызметпен де шұғылданды. ## Ойнаған рөлдері Ол, негізінен, комедиялық рөлдерде ойнаған. Осы бағыттағы басты рөлдерінің бір тобы: Жапал, Қараман, Шал (М.Әуезов, «Еңлік – Кебек», «Қара қыпшақ Қобыланды» мен «Айман – Шолпан»), Тымақбай (Ғ.Мүсірепов, «Амангелді»), Жайнақ (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Баймағамбет, Жиренше (Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абайы»), Жартыбай (Ә.Әбішев, «Қырағылық»), Yдері (Ш.Хұсайынов, «Марабай»), Байбол (Ә.Тәжібаев, «Той боларда»), Дауылбай (Қ.Мұхамеджанов, «Құдағи келіпті»), Құдайберген, Маңғаз (Т.Ахтанов, «Сәуле» мен «Күтпеген кездесу»), Минутка (Б.Ф. Чирсков, «Жеңімпаздар»), Бобчинский (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Лафлеш (Ж.Б. Мольер, «Сараң»), Родриго, Грумио (У.Шекспир, «Отелло» мен «Асауға тұсау»), т.б. Актер өнері көрерменді баурап алар табиғи ойынының және ақжарқын, нұрлы юморының молдығымен ерекшеленді. 1942 жылдан киноға түскен: Көкбай («Абай әні», 1945), Мақсұт («Дала қызы», 1954), Сайран («Біз осында тұрамыз», 1957), Хакім («Өмір жолы», 1959), Ербол («Алдар Көсе», 1964), т.б. ## Фильмографиясы * 1945 - Абай әндері - Көкбай * 1954 - Дала қызы - Мақсұт * 1955 - Қыз-жігіт - Мұрат * 1959 - Өмір жолында - Хәкім * 1960 - Бір ауданда - Нұранбеков * 1961 - Көкжиек - қойшы * 1961 - Ән шақыруда - завклуб * 1962 - Жол түйісі - халық мәслихатшысы * 1964 - Алдар көсе - Ербол * 1966 - Ән қанатында - жігіт * 1971 - Ерекше күн - Әсем аға * 1972 - Арман асуы - эпизод ## Марапаттары Қазан Революциясы және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
1937 жылы Зайсан ауданы, Кеңсай ауылында туған. Әнші, актер, режиссер, импровизатор, КСРО Мәдениет Министрлігінің үздік қызметкері, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері. 1955 жылы М.Әуезов мектебін бітіріп, кәсіптік-техникалық училищеге түсті. Сол жылы училище атынан республикалық әншілер конкурсына қатысып, жеңімпаз атанды (17 жаста еді). Жюри мүшелері Е.Серкебаев, Б.Төлегенова консерваторияға қал деп ұсыныс жасады. 1958 жылы әскери борышын өтеу үшін Белоруссияға Брест қамалына келеді. Әскери округтік әншілер байқауында жеңімпаз атанып, Александров атындағы ән-би ансамбліне шақырылады. 1961 жылы Зайсан халық театрының режиссері болып, театрда көркемөнерпаздар өнерін дамытып, спектакльдер қояды. 1963 жылы Ақжар-Зайсан бірігіп, яғни екі аудан Республикалық юнкурста жеңімпаз атанып Москваға жолдама алады. М.Әуезовтың «Қарагөзінде» - Сырым, Ш.Айтматовтың «Жәмиласында» - Оспан бейнелерін сомдады. Кремль сахнасында жасаған 2 образ да Москва жұртшылығын дүр сілкіндірді. Осы еңбсгі жоғары бағаланып, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің «Құрмет» грамотасымен 23 жасында ардақталды. Кинофильмге түсті. 1970-1972 жылдары Марқа өңірінің өнерін көтеріп, «Халық театры» - атағын алуға көп тер төгеді. 1973 жылы Алматыдағы ішкі істер ансамблінде әнші болып үлкен табысқа жетіп, алғысқа бөленді.1974 жылдан өмірінің соңына дейін (2002 жыл) Зайсан театрында режиссер болды. «Айнакөл» ансамблін құрып, «халықтық» атаққа жеткізді. 1974 жылы алғаш рет Зайсан өңірінде ұмыт болған ата-баба дәстүрін жалғап, жаңа салт «Беташар» жасады. Оны үнемі үйлену тойлардың бәрінде айтып, үгіттеп көптеген шәкірттеріне үйретті. 1973 жылы облыстық қазақша күреске қатысып, ауыр салмақтан 93 кг-да 1 орынды жеңіп алды.1984 жылы Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген ақындар айтысында термеші ретінде бас жүлдені алды.1987 жылы Москвада өткен 15 республика қатысқан ән-би мерекесі фестиваліне қатысып, ВДНХ-ның медалімен және лауреат медалімен марапатталды.1988 жылы мамырда Болгар Халықтық Республикасында қазақ ұлт аспаптар оркестрі құрамында ән салды (Пловдив, София қалаларында). 2001 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтан алғысхат алды. Жұбайы Күлзипа да өлкемізге танымал әнші болды. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Самал Бердібекқызы Соқпақбаева (14.3.1950 ж.т., Алматы) - аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1974-84 ж. Қазақстан Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кызмет істеген. 1984 ж. "Жалын" баспасында аға редакторы, "Қазақфильм" киностудиясы "Мирас" бірлестігінің басқарма мүшесі, "Заң және уақыт" журналы бас редакторының орынбасары, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Баспа орталығының директоры, бас редакторы. Ш. Айтматов пен М. Шахановтың пьесалары мен шығармаларын, сондай-ак, Б. Соқпакбаев, С. Бақбергенов, М. Сқақбаев, С. Адамбеков, С. Омаров, Б. Нұржекеұлы, М. Гумеров, Қ. Сегізбаев, т.б. көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. ## Дереккөздер
## Ищанова Сара Сара 5.18.1960 жылы Алматыда туды.Сара Алматының пионерлер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне 5 жасынан қатыса бастады, мектеп қабырғасында оқыған жылдарда әнші атала бастады.18 жасында Сара Абай атындағы ҚМАОБ театры жанындағы студияға қабылданды. Оған ұстаздықты Бибігүл Төлегенова атқарды. Осы студияда 2 жыл оқығасын театр басшылары оны 1981 жылы Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында әншілік өнерін классикалық дәрежеде қалыптастыруына жолдама берді.Сараның консерваториядағы ұстазы, үлкен театрдың әншісі Ирина Константиновна Архипова. Консерваторияда білім алған соңғы жылдары Мәскеуде жұмысқа қалу мүмкіншілігі туды. Бірақ ұстазы – КСРО халық әртісі И.К. Архипова: «Сара, сен Алматыда өз халқыңның опера әншісі болуың керек»,– деп ақыл берді.Алматы опера және балет театрында алғашқы атқарған партиясы П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегиндегі» Ольга рөлі, оған Римский – Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Любаша рөлі жалғасты.Сара Ищанова қысқа мерзім ішінде Алматы опера және балет театрының прима-солисіне айналды. Оның опералық серіктестері – Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, С.Байсұлтанов, Стригубенко. Олардың бәрімен де Сара аса тиімді үндестікпен, шеберлікпен опера партияларын орындады. Қандай опералық партияларды алып қарасақта, кейіпкер рөліне терең бойлап, көрермендердің көңілін толық қанағаттандыра алды.1993 жылы Алматыда П.И. Чайковский шығармаларына арналған Кеңес Одағы өнерпаздарының фестивалі атқарылды. Бұл жолы Сара Ищанова музыка өнерін сынаушылардың көзіне ұнамды ілінді. Ол П.И. Чайковский, Джузеппе Верди, Жорж Бизе үшеуінің опералық партияларын айырықша қалайды. Соларда кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашуда терең бойлайды, кейіпкермен әртіс біріккендей сезім тудырады. Ол қандайда кейіпкер рөлінде де осындай дәрежеге көтерілді, көрермендерді өзі атқарып тұрған рөлге сендіре алады. Оның шеберлік әншілік қасиеті әр партияда жаңа қырынан көрініп, қайталанбас мөлшерде көтерілгендігі айқындалды Сара Ищановаға опера өнеріндегі атқарған еңбектері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. ## Дереккөздер ## Ищанова Сара Сара 5.18.1960 жылы Алматыда туды.Сара Алматының пионерлер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне 5 жасынан қатыса бастады, мектеп қабырғасында оқыған жылдарда әнші атала бастады.18 жасында Сара Абай атындағы ҚМАОБ театры жанындағы студияға қабылданды. Оған ұстаздықты Бибігүл Төлегенова атқарды. Осы студияда 2 жыл оқығасын театр басшылары оны 1981 жылы Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында әншілік өнерін классикалық дәрежеде қалыптастыруына жолдама берді.Сараның консерваториядағы ұстазы, үлкен театрдың әншісі Ирина Константиновна Архипова. Консерваторияда білім алған соңғы жылдары Мәскеуде жұмысқа қалу мүмкіншілігі туды. Бірақ ұстазы – КСРО халық әртісі И.К. Архипова: «Сара, сен Алматыда өз халқыңның опера әншісі болуың керек»,– деп ақыл берді.Алматы опера және балет театрында алғашқы атқарған партиясы П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегиндегі» Ольга рөлі, оған Римский – Корсаковтың «Патша қалыңдығындағы» Любаша рөлі жалғасты.Сара Ищанова қысқа мерзім ішінде Алматы опера және балет театрының прима-солисіне айналды. Оның опералық серіктестері – Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, С.Байсұлтанов, Стригубенко. Олардың бәрімен де Сара аса тиімді үндестікпен, шеберлікпен опера партияларын орындады. Қандай опералық партияларды алып қарасақта, кейіпкер рөліне терең бойлап, көрермендердің көңілін толық қанағаттандыра алды.1993 жылы Алматыда П.И. Чайковский шығармаларына арналған Кеңес Одағы өнерпаздарының фестивалі атқарылды. Бұл жолы Сара Ищанова музыка өнерін сынаушылардың көзіне ұнамды ілінді. Ол П.И. Чайковский, Джузеппе Верди, Жорж Бизе үшеуінің опералық партияларын айырықша қалайды. Соларда кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашуда терең бойлайды, кейіпкермен әртіс біріккендей сезім тудырады. Ол қандайда кейіпкер рөлінде де осындай дәрежеге көтерілді, көрермендерді өзі атқарып тұрған рөлге сендіре алады. Оның шеберлік әншілік қасиеті әр партияда жаңа қырынан көрініп, қайталанбас мөлшерде көтерілгендігі айқындалды Сара Ищановаға опера өнеріндегі атқарған еңбектері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. ## Дереккөздер
Інербаев Қорабай – малшы, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1891 жылы қазіргі Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ащыкөл ауылында туған. ## Еңбек жолы * 1929 жылға дейін байлардың малын баққан. * Бағалы аңдар терісін өңдеу кәсібімен айналысқан. * 1940 жылдан жылқы фермасының меңгерушісі болады. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сәлтемелер * Инербаев Корабай, Ел қаһармандары  (орыс.)
Бабаханов Абдулла (1910 жылы туған, Тоқмақ) - өзбек совет архитекторы, КСРО халық архитекторы (1970). 1943 жылдан КОКП мүшесі, Ташкент мемл. ун-тінің инженерлік мелиорациялық факультетінің архитектор бөлімінін бітірген (1933). Москвадағы архитектор институтының аспирантурасында оқыған (1934-38). Ташкент қаласының бас архитекторы (1938-41). Бабаханов - Өзбек КСР Мин. Советінің Құрылыс және архитектор істері жөніндегі мемл. комитет председателінің орынбасары, комитет председателі (1955-59), 1963жылдан Ташкент политех. ин-ты архитектор ф-тінің кафедра меңгерушісі, профессор (1965). Бабаханов Өзбек КСР Сыртқы істер миниістрлігі үйінің (1946-47), душанбе қаласындағы Лахути атындағы драма театрының (1954) т.б. жобаларын жасады. Бірнеше ордендермен марапатталған. ## Дереккөздер
Ащыкөл – Сарысудың төменгі бөлігі Боқтықарын өзенінің құйылысындағы көл. ## Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерінде орналасқан. Солтүстігі Бетпақдала, оңтүстігі Мойынқұмға жалғасады. ## Гидрографикасы Аумағы 74,2 км2. Жағасы жайпақ, құмды келген. Жалпы ойысында Телікөл, Ақжайқын және Ащыкөл шаралары қалыптасқан. Ойыстың шығысын Тоғызкентау, оңтүстігін Қатыншоқай құм массиві алып жатыр. Атырабы – мал жайылымы. ## Дереккөздер
Зелилий Мұхаммед Садық – ұйғырдың классик ақыны. Шығармаларын парсы тілінде де жазған. Ол 1674 жылы Жаркендте дүниеге келген. Зелилий «Шілтендер туралы әңгіме» (1733), «Мұхаммед Шериптің өмірі» (1742) атты көлемді дастандармен бірге қасида, ғазал, рубаи, мухаммас, мустаһзад түріндекөптеген өлеңдерін қалдырды. Қашғар,Ақсу, Артуш, Кучар,Тұрпан,Қумул,Хотан т. б. ұйғыр қалаларын аралап, «Сапарнамасын»жазды. Зелилий поэзиясы тақырыпқа бай. Арам ниетті адамдарды сынап,адалдық пен таза махабатты, Отан сүйгіштікті беріле жырлаған. Зелилий шығармалары 18ғ-дағы ұйғыр поэзиясынбиік белеске көтерді. ## Дереккөздер Имин Турсун, Зелилий шеирлиридин, «Тарим», 1957, №12,;Маматахунов У., уйғур әдәбияти классиклари, А.,1960.(қолжетпейтін сілтеме)
Ащыкөл — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 334 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 6 км2 (кейбір құрғақшылық жылдары 3,8 км2). Көктемгі қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, көл түбінде тұнба шөккен. Суында алабұға, мөңке балық тіршілік етеді. ## Дереккөздер
Тұрсынбаев Әбді Бошанұлы (20.08.1910, Түркістан облысы Түркістан қаласы – 4.04.1999, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1957), профессор (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1970). ## Қысқаша өмірбаяны: 1928–1931 жылдары Алматы мал-дәрігерлік техникумында; 1931–1932 жылдары Ташкент жоспарлау-экономикалық институтында оқыған. 1937 жылы Мәскеу мемлекеттік экономикалық институтын бітірген; 1937–1943 жылдары Семей педогогикалық институтында проректор, қазіргі Атырау мұғалімдер институтында ректор, орта мектепте директор;1945–1948 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) кафедра меңгерушісі; 1948–1954 жылдары Алматы заң институтында кафедра меңгерушісі; 1956–1967 жылдары ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі; 1967–1977 жылдары Қазақ КСР-і «Білім» қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1957 жылы «Қазақстанда колхоз құрылысының жеңуі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер:
Өмірбек Бәйгелді (15 сәуір 1939 жыл, Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы — 3 сәуір 2024, Астана) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, зейнеттегі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы. Бұрын Парламент Сенатының төрағасы (1996–1999), Қазақстан президентінің кеңесшісі (1995) және Жамбыл облысының әкімі (1990–1995) лауазымдарының иесі болған. Қазіргі таңда Бәйгелді 1992 жылдан бері Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі және 1998 жылдан бері Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі болып келеді. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Өмірбек Бәйгелді Жамбыл ауданының Қызыл Октябрь (қазіргі Ерназар) ауылында дүниеге келді. 1955 жылдың тамыз айынында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы ретінде мансабын бастады. Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік бітірді. 1957 жылдың шілде айынан бастап комсомол ұйымының хатшысы. 1962 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Свердловск ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары. 1966 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы және 1975 жылдың тамыз айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1984 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1990–1993 жылдары Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты, заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі. 1990 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, және 1990 жылдың маусым айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Сонымен қатар 1990 жылдың шілде айынан Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметін бастаған, бұл қазіргі Жамбыл облысы әкімінің аналогы. 1995 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, және 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. Бірінші қызметін 2011 жылғы дейін жалғастырса, екіншісін 2005 жылы ғана аяқтады.Астанадан тыстағы Ұлттық пантеонда жерленген. ## Марапаттары ### Ордендері және медальдері * Еңбек Қызыл Ту ордені (1973); * Халықтар Достығы ордені (1980); * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); * Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005); * Қазақстан Парламентіне 10 жыл (2006). ### Атақтары * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; * Жамбыл облысының құрметті азаматы. ## Отбасы Өмірбек Бәйгелді үйленген, оның жұбайы — Сүйіншәлиева Мәнсия Шандәулетқызы. Мәнсия Сүйіншәлиева мен Өмірбек Бәйгелдінің үш ұлы, Темір (1965 туған), Байнұр (1969 туған) және Дәуір (1972 туған) бар. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы. Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан. * Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). * Нарынқол ауданында мұғалім болды. * "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген. * "Балдырған" журналында қызмет атқарған. * Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). ## Биографиясы Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайыз тармағынан шыққан. Бердібек 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және т.б қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, ол өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды. Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948), кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57) бітірген. Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі. ## Шығармалары * "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы * "Он алты жасар чемпион" (1951) * "Бақыт жолы" (1952) * "Алыстағы ауылда" (1953) * "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965). * "Дала жұлдызы" (1960) * "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965) * "Гауһар" (1966) повестерін жазды. * "Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. * "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958) * "Әпенденің айласы" (1960) * "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. * "Өзім туралы. Жекпе-жек": повесть - А.: Қазақ. мемлекет. Көркем әдебиет баспасы, 1957.- 166 б. * "Өлгендер қайтып келмейд"і: Роман және әңгімелер.- А.: Жазушы, 1979.- 464 б. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969). ## Естеліктер * Туған ауылы Қостөбе мен Алматыдағы көшелер, Нарынқолдағы орта мектеп оның есімімен аталады. * Нарынқолда жазушының қоладан жасалған ескерткіш-бюстін Алматы суретшілер одағының төрағасы Ескен Сергебаев орнатты. ## Дереккөздер
Ароматты қосылыстар — молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдар бір-бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды. ## Топтастыру Ароматты қосылыстарға негізінен ароматты көмірсутектер (мыс., бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен) және олардың туындылары (мыс., анилин, бензой қышқылы, фенол т.б.), сондай-ақ кейбір бензоидты емес (мыс., азулен) және гетероциклды (мыс., фуран, тиофен, пиридин т.б.) қосылыстар жатады. ## Қолдануы Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады.
Құмарұлы Ясиын (1957 ж.т.), Қытайда тұратын қазақ этнографы. «Ұлы даланың рухани арнасы», «Қазақтың салт-дәстүрлері» (Шыңжаң, 2007 ж.) атты көлемді жинақтары жалпы қазақ елінің шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларындағы ұлттық дәстүрлердің өзіндік орны мен қызметін, маңызын шебер жеткізе білумен құнды ғылыми туындылар қатарына жатады. Ясиын Құмарұлы: “Қазақ тарихына қатысты деректердің 50 пайыздан астамы қытай мұрағат деректерінде жатыр” деген екен. Ясин ҚҰМАРҰЛЫ (басылымдарда Ясиын Құмарұлы, Ясын Құмарұлы, Я Құмарұлы деп бірнеше түрлі алынып жүр), 1957 жылдың күзінде, Қытайдың ШҰАР Баркөл қазақ автоном ауданының көрікті Бәйгетөбе жайлауының етегінде туған. 1983 жылы Шыңжаң университетінің математика факултетін бітірген. 1989 – 1990 жылдары Шаңхай Фудан университетінің математика факултетінде Дербес диффренциял теңдеулер бағытында аспиранттық білім толықтырған. 1983 жылдан 2003 жылдарға дейін Шыңжаң университеті математика факултетінің оқытушысы, «Шыңжаң университеті ғылыми журналы»-ның редакторы міндетін өтеген. 2003 жылдан қазірге дейін «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» журналының бас редакторының орынбасары. Аға редактор (Аға зерттеуші).Ясин Құмарұлының басты зерттеу бағыты - қазақ мәдениетін қамтыған байырғы көшпелілер мәдениетінің тарихы. Оның қазірге дейін қытайдағы және Қазақстандағы түрлі ғылми басылымдарда «Абстракт математика және объективтік шындық», «Сұлулықтың анасы жаратылыс», «‹Кодекс Куманикс› және ‹Абай жолы› романының тіл құрылмасының статикалық салыстырмасы», «Түркі тілдерінің лексикалық парқын мөлшерлеудің мәтематикалық әдістерін қарастыру», «Чулар мен түркі халықтарының тіл-мәдениет байланысы туралы», «Қытай бейнелі жазуы және терістік даласындағы жартас суреттері», «Ұндістер, Шаңдар және Терістік көшпелілерінің тарихи мәдени байланысы», «Сүйек-саут жазуынан терістік көшпелілерінің салт-дәстүріне назар», «Жебе, ру, тудың 3500 жылдық таңғажайып байланысы», «Тіл - мәдениет тарихының айғағы: шүмер, тохар, қытай, түркі тілдеріндегі кей мәдениет атаулары», «Терістік көшпелілерінің қытайдың орта жазық әскери мәдениетіне әсері», «‹Қас› (қаш) сөзінің тегі және евразиадағы өзен-су аттары», «Терістік көшпелілері және Таң-Соң жырлары», «Байырғы түркі жазуындағы кей әріптердің тегі», «Қытай бейнелі жазуының генезесін қарастырудың түркологиядағы маңызы», «Қазақ ру таңбаларындағы ортақтық - от пен күн симулы», «Қаратау жартас суреттері және қаражорға биі», «Грифоннан бөрі төтеміне дейін», «Бүкіл халықтық әскери қоғам және қазақ хандығы» сияқты 140 тан астам мақаласы жарияланды.Ол «Қазақ шежіресін зерттеу» атты қытай мемлекеттік қоғамдық ғылымдар қорының зерттеу бағдарламасын айтарлықтай нәтижемен тамамдады. «Шыңжаңдағы аз ұлттардың наным-сенімі және қоғамы» атты қытайдың мемлекеттік қоғамдық ғылымдар қорының зерттеу бағдарламасының «Қазақтың наным-сенімі және қоғамы» атты тармақ темесін жазу міндетін орындады. Қазірге дейын 12 кітабы басылым көрді. Оның 2003 жылы басылым көрген «Алыстағы ата мұра» атты монографиясы ШҰАР дың 7-кезекті философия-қоғамдық ғылымдар силығының үздік туынды силығын еншіледі. Осы зерттеулерінің жалғасы ретінде 2011 жылы басылым көрген көлемді монографиясы «Көшпелілер және орта жазық мәдениеті» 2014жылы ШҰАР-дың 10 кезекті философия-қоғамдық ғылымдар силығының 3-дәрежелі туынды силығына қол жеткізді. «Қазақтың салт-дәстүрі» атты кесек еңбегі 2006-жылы Үрімжіде өткізілген мемлекеттік 16-реткі кітап көрмесінде силанды, 2008 жылы ШҰАР-дың алтыншы реткі кітап силығының 3-дәрежелі силығын иеленді, сондай-ақ таңдаулы туынды ретінде мемлекет іші-сыртындағы кітап көрмелеріне қойылды. Жасаған «Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі» атты 8000 мақал қамтылған түсіндірме сөздігі 2012 жылы жарық көріп, жұрттың жылы жүзбен қабылдауына ие болды. Автордың бұдан басқа «Қазақтың силастық мәдениеті», «Қазақтың көлік мәдениеті», «Қазақтың шежіре мәдениеті», «Қазақтың наным-сенім мәдениеті», «Қазақтың би мәдениеті» сияқты жұртты өзіне баураған бірнеше кітаптарі арыт-артынан жарық көрді. Таяуда ғана «Сақтан қалған сарқыттар» атты қазақ мәдениеті мен сақ мәдениетінің мүрагерлік байланысын зерттеген көлемді монографиясы басылым көрді. Дерек көзіЯсин Құмарұлы: «Сақтан қалған сарқыттар», Шынжаң Әсемөнер-фото сурет баспасы, Үрімжі, 2015жыл. ## Дереккөздер Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.Дерек көзі Ясин Құмарұлы: «Сақтан қалған сарқыттар», Шынжаң Әсемөнер-фото сурет баспасы, Үрімжі, 2015жыл.
Сүлейменов Ысқақ - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Октябрь колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1943). 1916 жылы Жамбыл облысы, Жалпақтөбе ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1936 жылы "Октябрь" ұжымшарына жұмысқа кіріп, қатардағы колхозшы болып еңбек етеді. * 1943 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Бригада жоспарды жыл сайын асыра орындап, қант қызылшасынан мол өнімін алып отырды:1945 жылы 22 гектар жердің әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 481 центнерден;1946 жылы 220 центнердің орнына 521 центнерден;1947 жылы 220 центнердің орнына 638 центнерден. * 1945 жылы 22 гектар жердің әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 481 центнерден; * 1946 жылы 220 центнердің орнына 521 центнерден; * 1947 жылы 220 центнердің орнына 638 центнерден. ## Наградалары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер
Сүлейменов Сұлтан Тәшімбайұлы (20.8.1928, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті – 22.6.1996, Алматы) – ғалым, Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару, т.б. мәселелерге арналған. Қазақстан ЖЭС-терінен шығатын көмір қалдықтарын кешенді қайта өңдеу мен құрылыс материалдарын пайдалану саласын кеңейту үшін күл-қождық қалдықтардың қасиеттерін зерттеуді жүйелеумен айналысты, күл-керамикалық материалдарды өнеркәсіптік негізде өңдеудің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік беретін лабораториялық және теориялық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жылу-энергететикалық шикізаттарды үнемдеуге ықпал етті. Сүлейменов С. Т. – 313 ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 6 монографиясы бар), 90-дай авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалар * Новые силикатные и органические материалы, А.-А., 1967 (соавт.); * Стекло и стеклокристаллические материалы из горных пород Казахстана, А.-А., 1969; * Электротермические фосфорные шлаки – сырье для производства стеклокристаллических материалов, А.-А., 1976 (соавт). ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сүлейменов Нұрбол (1977 ж.т., Алакөл ауданы) - спортшы, самбо, дзюдо күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 13 - Азия ойындарының қола жүлдегері (1998). Азия (5-орын, Осака) және Әлем (8-орын, Бирменгем, Англия) чемпионаттарына қатысқан. ## Дереккөздер
Манабаев Ақылбек, ақын (1934-1984). Ақылбек Манабаев 1934 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Қараүңгір ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Сонда оқу бітірген соң «Тарбағатай» газетінің редакторының орынбасары болып қызмет еткен. 1962 жылы Үржар ауданына келіп жұмысшы, кітапханашы, «Алға» газетінде журналист болып еңбек етті. 1967 жылдан өмірінің соңына дейін «Семей таңы» газеті редакциясында әдеби қызметкер болды. Семейлік ақындар ортасында Ақылбек Манабаев толғаныс, тебіренісі майда, ырғақты, нәзіктікпен, жұмсақтықпен тіл қатып, сырласар сипатымен ерекшеленеді. Ақынның таланты ана сүтімен дарыған тума талант. Анасы Бәтиманы ауыл арасындағы той-жиынға қос атпен алдыратын. Ақылбек сол анасынан нәр алған еді. Ақынның «Жазира», «Самал сазы», «Мәуелі бәйтерек», балаларға арналған «Алтын мен көпір», «Тау тескен» атты кітаптары өзінің көзі тірісінде жарық көрді.«Анама хат», «Жүрек сөйлейді» кітаптары қайтыс болғаннан кейін жан жарының араласуымен жарық көрді. Ақын-көпшілік өлендерінде нақыштың нәзіктігіне, сүйріктігіне сүйінгіш, солардан сыр түйгіш қаламгер. «Жазира» атты жыр жинағы сияқты «Самал сазы» да өмірге іңкәр құштарлықпен жазылған.Ақылбек Манабаевтың жазған жырларынан табиғат тамашалары кең орын алады. Сонымен қатар өзінің тұстастарына қарағанда қазақ тілінің өзіне тән поэтикалық-этнографиялық сөздік қоры бай. Ақын ежелгі ізгі дәстүрді де орынды ұстанады. Көп жастардың аузына түсе бермейтін тұрмыс-салтта қалыптасқан бұйымдар мен заттық теңеу, баламаларды жиі қолданады. «Самал сазы» атты жинағына кірген екі баллада аңызға құрылған. 1989 жылы шыққан ақынның «Жүрек сөлейді» атты кітабына негізінен ең таңдаулы өлеңдерді мен балладаларды, «Чили балалары» атты поэма енді. Өміршең де өрелі өлең жолдарынан ақын жанының тынысы, дүрсілі аңғарылады. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Сүлейменов Өсербай (1977 жылы туған, Талдықорған қаласы) - спортшы, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998). Әлем (1998 ж. 7-орын) және Азия чемпионаттарына (2000) қатысқан. ## Дереккөздер
## Сүлейменов Бекежан Сүлейменов Бекежан (12.12.1912, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 30.6.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылым докторы (1965), професор (1968), ҚР ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1972). Мәскеудегі К.Либкнехт атындығы Мемлекетік педагогикалық институттың тарих факультетінтін бітірген (1938). 1938 – 1942 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттінде оқытушы, 1942 – 1943 жылдары қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттінің ректоры, 1943 – 1945 жылдары КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институтты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1946 – 1952 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттында бөлім меңгерушісі болды. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Осы жылы Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттына ғылым қызметкер болып орналасты, 1957 жылдан институтттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі агрорлық мәселе, 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы ғылым еңбектерін жариялады. Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағын құрастыруға жетекшілік етті. 1980 жылы Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. ## Дереккөздер ## Дереккөздер ## Сүлейменов Бекежан Сүлейменов Бекежан (12.12.1912, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 30.6.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылым докторы (1965), професор (1968), ҚР ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1972). Мәскеудегі К.Либкнехт атындығы Мемлекетік педагогикалық институттың тарих факультетінтін бітірген (1938). 1938 – 1942 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттінде оқытушы, 1942 – 1943 жылдары қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттінің ректоры, 1943 – 1945 жылдары КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институтты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1946 – 1952 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттында бөлім меңгерушісі болды. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Осы жылы Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттына ғылым қызметкер болып орналасты, 1957 жылдан институтттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі агрорлық мәселе, 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы ғылым еңбектерін жариялады. Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағын құрастыруға жетекшілік етті. 1980 жылы Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. ## Дереккөздер ## Дереккөздер
Арғын Арынұлы Сүлейменов (15.10.1916, Павлодар облысы, Май ауданы Қызылқұрама кеңшары – 13.6.1998, Алматы) – хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы (1966), профессор (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1964). Қазақ медицина институтын бітірген (1940). 1951 – 1973 жылдары сол институтта факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті, доценті, оқу ісі жөніндегі проректор, 1972 – 1982 жылдары. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, 1982 – 1986 жылдары бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, Қазақ Кеңес энциклопедиясының медицина редакциясы редколегиясының төрағасы болды. Негізгі ғылыми еңбектері онкология және радиология мәселелеріне арналған. Ол өңеш және өкпе қатерлі ісіктері мен сүйекте жаңадан пайда болған қатерсіз ісікті емдеу жолдарын жетілдірді. Сәулемен жарақаттану кезіндегі өзгерістерге радиацияның қолайсыз әсерлерін анықтап, соған байланысты емдеу тәсілдерін табуға ат салысты. Сәуле ауруы жағдайында қан ауыстыру арқылы емдеу жолын ұсынды. 200-дей ғылыми еңбектері, оның ішінде 11 монографиясы жарық көрді. Оның басшылығымен 11 докторлық және 12 кандидаттық диссертациялар қорғалды. ## Шығармалары: * Лечение травматического шока условиях лучевой болезни замещением крови, А.-А., 1968; * Лечение доброкачественных новообразований кости, А.-А., 1977. * "Замещение крови в комплексном лечении комбинированного лучевого поражения" / А. А. Сулейменов. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - 170 с. - Б. ц. * "Опыт рентгенографического изучения резорбционной функции лимфатической системы" : Автореферат дис. на соискание ученой степени кандидата медицинских наук / Ин-т клинич. и эксперим. хирургии Акад. наук Казах. ССР. - Алма-Ата : [б. и.], 1953. - 15 с.; 20 см. ## Әдебиет * «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Мехлис Қасымұлы Сүлейменов (01.03.1939 жылы туған, Қарағанды қаласы) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1982), профессор (1985), Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының (ВАСХНИЛ) корреспондент мүшесі (1985), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1990). ## Зерттеулері Негізгі ғылыми-зерттеулері дәнді дақылдар өсіру технологиясы мен ауыспалы егіс мәселелеріне арналған. Сүлейменов егістік танаптарда қар тоқтатып, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау құралдарын кең қолдана отырып, астық түсімділігін сүдігерсіз-ақ әрбір гектардан 25 – 30 центнерге, тіпті одан да жоғары көтеруге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Республикада бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемін арттыру мәселелерін көтерді. ### Марапаттары Сүлейменов 140-қа жуық ғылыми еңбектің авторы, оның 15-і шет елдерде жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен, ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен және бірнеше медальдармен марапатталған. ### Шығармалары * Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделывания яровой пшеницы, М., 1986; * Какому быть полю, А., 1991; * Оценка основных элементов почвозащитной системы земледелия и изменившихся социально-экономических условиях. Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях, НПЦЗХ, Шортанды, 2003. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Ащыкөл – Шарықты тауының шығыс сілеміндегі күмбез пішінді тау. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 13 км, Шарықты тауының шығысында 5,5 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м, ұзындығы мен ені 1,5 км. Көлбеу келген беткейлері нашар тілімденген. ## Геологиялық құрылымы Девон тау жыныстарын алювийлі-делювийлі ірі кесек тасты шөгінділері жапқан. Күңгірт қоңыр топырақты жер бедерінде қараған, сұлыбас, көде шөптесін өсімдіктері өскен. ## Дереккөздер
Тайыр хан — (1523—1533) билік құрған Қазақ Ордасының билеушісі. Тайыр хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті. Тайыр ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. ## Дереккөздер
Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов (13 шілде 1947 жылы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). ## Толығырақ * Жүсіпбек Тәшірбайұлы 1947 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде дүниеге келген. * 1971 жылыҚазақ химия-технологиялық институтын бітірген. * 1974 жылы Мәскеу химия технологиялық институты аспирантурасын бітірген. ## Еңбек жолы * Қазақ химия-технологиялық институтының, «Жалпы силикат-тар технологиясы» кафедрасының кіші ғылыми қызметкері * 1971 – 74 жылдары Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық инсти-тутының аспиранты * 1974-77 жылдары Құрылыс материалдар кафедрасының аға оқытушысы, жалпы инженерлік факультет деканының орынбасары * 1977-1992 жылдары Құрылыс материалдары кафедрасының доценті қызметін атқарушы, сырттай оқу проректорының орынбасары, құрылыс материалдары және топы-рақтану кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректорының міндетін атқарушысы * 1992-98 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректоры * 1998-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарГУ проректоры * 2008-11 жылдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры * 2011 жылдан бастап Құрылыс материалдар және конструкциялар кафедрасының меңгерушісі; ## Шығармашылығы * Строительные материалы на основе местного сырья, Жамбыл, 1993; * Строение и свойства силикатных и других неметаллических тугоплавких материалов, А., 1997. 160-қа жуық ғылыми еңбектің, оқу құралының авторы, 34 авторлық куәлік пен патент алған. ## Ғылыми атақтары * 1988 жылы Техника ғылымдарының докторы * 1989 жылы профессор құрметті ғылыми атағы * 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. ## Мемлекеттік марапаттары * Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің күміс медалі (КСРО); * Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің қола медалі (КСРО); * 2006 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы; * 2012 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;
Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы (1955 жылы туған, Казталов ауданы, Қаракөл ауылы) - композитор. Қызылорда педагогика институтының музыкалық факультетін бітірген. 70-тен астам әні бар, олар «Ауыл кеші көңілді» атты ұжымдық жинаққа енген «Әкем-әнім», т.б. Бүкілодақтық 1, 2, 3-көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты. «Жігер» жастар фестивалінің дипломанты. ## Дереккөздер
Артық Сарыханұлы (шамамен 11 ғасырдың 2-жартысы – 12 ғасырдың 1-жартысы) — қыпшақ ханы, әйгілі қолбасы, батыр. Орыс жылнамаларында “половецтердің Шарухан (Сарыхан) әулетінен шыққан Отрок хан” деп те аталады. Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін әлем патшалары өздерінің таңдаулы әскери жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр, Византия, Венгрия, Еуропа мен Азия елдерінің билеушілері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап, қаһарлы күш ретінде пайдаланды. Кезінде Батысқа жөңкіген қыпшақтар 1116 жылы Еділді бетке алып ежелгі қонысына қайта жылжығанда Артық хан Дөң (Дон) өзенінің аймағында жауға тосқауыл жасады, Киев князі Вл. Мономахтың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізді. 1118 жылы Грузия (Гүржістан) патшасы Давид ІV-нің (Дәуіт, Давид — құрылысшы) арнайы шақыруымен қыпшақ ханы Артық 45 мың атты әскермен Қап тауына келіп, Гүржістанды басқыншылардан азат етті. 1112 жылы Дидгори айқасында Артықтың 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп, 300 мыңдық парсы қолына соққы берді. Грузиндер тарихында айрықша орын алған осы шайқастың нәтижесінде Грузия ұлттық тәуелсіздік алды. Артық Тұрантоқты атты қызын Дәуітке берді. Артық хан Қап тауында 8 жыл тұрып Дешті Қыпшаққа қайтты. “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деген сөз Артықтан қалғандығы жөнінде деректер бар. Артықтың баласы Қоншақ орыстың “Игорь полкы туралы жырындағы” басты тұлғалардың бірі. ## Дереккөздер
Сүлейменов Иманбек (16.8.1914, Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылы – 1995, Алматы) – ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1947), професор (1948), Қазақстан ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1964). Қазақтың ауыл шаруашылығы иннститутын (1935), К.А. Тимирязев атындындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспирантурасын (1938) бітірген. 1938 – 1940 жылдары осы академияда ассистент, аға ғылым қызметкер, 1940 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтында директордың оқу және ғылым жұмыс жөніндегі орынбасары, 1940 1942 жылдары Қазақ КСР-і Жер халкомының орынбасары болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 – 1947 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында директордың оқу және ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, өсімдік өсіру кафедрасының доценті, меңгерушісі, 1947 – 1953 жылдары Қазақ егіншілік ғылым-зертеу институттында лаборотория меңгерушісі, 1953 – 1961 жылдарында Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институттында кафедра меңгерушісі, 1961 – 1971 жылдарында Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтының професоры, 1971 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылығы институттында кафедра меңгерушісі, професор қызметін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері егіншілік және өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Сүлейменов жаздық және күздік бидайдың биологиясы мен селекциясын, оны өсірудің кейбір технологиясын зерттеді. Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайында жаздық бидайды себу мерзімдерін белгілеп берді. Сүлейменовтің 170-тен астам ғылым еңбегі (оның 7-і монография) жарияланды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақсылық Түменбаев (5 қаңтар 1944, Арал ауданы Сазды ауылы – 1993) – жазушы. * ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика ф-тін бітірген (1968). * 1968 – 1975 ж. облысы «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр Бойы») газетінде қызметкер * 1975 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары * респ. «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. ## Шығармашылығы Алғашқы шығармалары 1968 жылдан респ., облысы баспасөзде, «Жалын» альманахында жариялана бастады. * «Қардағы іздер» (1977) * «Қимас қазына» (1979) * «Мен сүйген қыз» (1981) * «Тас бөгет» (1984) * «Махаббат қорығы» (1990) * «Ақырғы демім біткенше» (1993) атты повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударған. ## Жетістіктері * Жастарға арналған көркем шығармалардың респ. жабық байқауында 2-, 3-бәйгені алған. * Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Есте сақтау * Туған жерінде мектепке, көшеге Түменбаевтың есімі берілген. ## Дереккөздер
Ғаббасов Араб Мақаұлы(12.12.1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 2002) – а. ш. ғыл. докт. (1945), профессор (1954), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1930). 1932–41 ж. педагогтік қызметте, 1941–1946 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, Қазақстан ғылым академиясының бөлімшелері мен базалары кеңесі төрағасының орынбасары, 1946–1950 ж. Қазақстан ғылым академиясының Шөл игеру ин-тының директоры, 1951–1977 ж. Ботаника ин-тында бөлім меңгерушісі болды. Өзі ұйымдастырған және басшылық еткен Шөл игеру ин-тында, Жезқазған, Іле ботан. бақтарында алыс текті будандастыру және мутагенез әдістері арқылы бидай мен жүгерінің түраралық және туысаралық будандарын алды. Олардың селекциясы мен генетикасын зерттеді. Табиғи жайылымдарды пайдалану шараларын белгілеп берді. Бидай мен қарабидай буданының (тритикале) коллекциясын жасады. ## Дереккөздер <references>
ЕГІЗБАЕВ Ідіріс (1903, қазіргі Қармақшы ауданы – 19, сонда) – қайраткер. 1920 жылы Қармақшыдағы түземдік училищеге түскен. 1925 жылдан жастар қозғалысына араласты. 1928 жылы кеңес жұмысына тартылып, облыс милиция бастығы болды. 1929 жылы байларды тәркілеуге, 1930 жылы Қарақұм, Қызылқұмдағы (Қарақтағы) шаруалар көтерілісін басуға қатысқан. 1938 жылы Қарсақбай ауданы партия комитетінде хатшы, Қазақстан Орталық партия аппаратында жауапты қызметтер атқарды. 1940 жылдары «Шіркейлі» каналының құрылысын басқарды. 1950 жылдары Сырдария, Тереңөзек, Қармақшы аудандарында партия,кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарып, аудан экономикасы мен мәдениетін дамытуға үлес қосты.
Көпбұтақты жыңғыл (лат. Tamarix hispida) — Жыңғылдар тұқымдасының Жыңғыл тегіне жататын сәндік және дәрілік өсімдік, Қазақстанда Жыңғылдар тұқымдасының ең кең таралған түрі. Көпбұтақты жыңғыл шағын құстар мен жануарларға ыңғайлы пана ретінде қызмет етеді. Топырақ құрамындағы тұздың концентрациясы бұл бұталы өсімдіктің өсуіне кедергі болмайды, оның жапырақтарындағы өзіндік бездерартқылы тамырпмен сіңетін тұз шығарылады. ## Биологиялық сипаттамасы Көп жылдық сортаңға, ылғалды топыраққа арналған. Тамыз айынан күзге дейін гүлдеп, жемісін береді. Әрбір ересек жыңғыл бұта желде ұшып жүретін кішкентай, саны айтарлықтай тұқым береді. Тұқым келесі күні ылғал жерге түскеннен кейін өне бастайды. ## Кездесетін жерлері Тұзды шөлдер, құм, ақ сортаң, сортаң, сілтілік шалғын, өзендер, теңіздер мен көлдер алқаптары секілді жерлерде кездеседі. ## Таралуы Еуропа, Орта Азия, Арал, Каспий, Тянь-Шань, Қарақұм жерлерінде кездеседі.
Солтүстік қазақ мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1976 ж. жаңакавказ және мазаев биязы жүнді қой тұқымдары саулықтарының қазақтың құйрықты қойларымен будандарын америка рамбульесі, алтай, аскания, кавказ қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қойдың жүн өнімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында австралия мериностарымен будандастыру жұмыстары жүргізілді. Қойлардың дене бітімі берік, ірі, солтүстік-шығыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Қошқарлары 100 – 110 кг, саулықтары 60 – 65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан 12 – 15 кг, саулығынан 5,5 – 6,5 кг биязы жүн қырқылады, орта есеппен ұзындығы 9,0 – 11,0 см, жіңішкелігі 60 – 64 сапаға (20,6 – 25,0 мкм) тең. Жүнінің біркелкілігі, иректілігі, шайыр сапасы мен мөлшері меринос жүнге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Саулықтарының төлшеңдігі 120 – 140%. Асыл тұқымды . Павлодар облысының “Бесқарағай”, Қостанай облысының “Сұлукөл” шаруалықтарында өсіріледі. Қой тұқымын жетілдіру жұмыстарымен Қазақ қой шаруашылығы. ғылыми-зерттеу институтының биязы жүнді қойларды өсіру және асылдандыру бөлімінің ғалымдары айналысады. ## Дереккөздер
Әлия Қаһарманқызы Бөпежанова (1952 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакентте туған) — журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстан Журналисттер Академиясының Академигі. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі (2008 жылдан). ## Өмірбаяны * Әлия Қаһарманқызы 1952 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакентте дүниеге келген. * 1973 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін бітірген. * 1978 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің асперантурасын бітірген. * Еңбек жолын Сарысу ауданында мұғалімдіктен бастаған (1973). * Республикалық баспаларда (1975-1980), "Қазақ әдебиеті" газетінде (1980-2001), * "Алтын Орда" апталығында (2001-2004), "Хабар" АО агенттігінде (2001-2013) қызмет еткен. * Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясында "Қазіргі өнер сыны" авторлық курсын оқыды (2003-2013). * ҚазМем. М.Әуезов атынд.акад.драма театры әдебиет бөлімі меңгерушісі (1993-1998 және 2008ж.дан қазірге дейін). * Алғашқы рецензия, сын мақалалары "Жұлдыз" журналы, "Қазақ әдебиетінде" жарияланды. ## Шығармалары * "Өрнектер". Әдеби сын кітабы. 1991. * "Дүние - имани құбылыс". Әдеби сын кітабы. 2001. * "Өнер - жеке тәжірибе". Әдебиет, театр сыны. 2007. * "Мәдениет - жасампаз сана". Мәдениет, өнер сыны. 2008. * "Атырау облыстық драма театры". Зерттеу. 2015. * Мақалалары бірнеше ұжымдық жинақта, шетелдік басылымдарда жарық көрген. ## Аудармалары И.Ракша. "Қайран, дүние..." Повестер жинағы, 1985. Д.Бидни, Малиновский, Леви-Строс. Философиялық-мәдениеттанушылық еңбектері ("Мәдени мұра" жобасы, 2004-2005) А.Лауринчюкас. "Соңғы аманат". Драма, 1985 Р.Солнцев. "Мұнар да мұнар, мұнар күн..." Драма, 1987. П.Какабадзе. "Үш ару". Драма, 2014. ## М.Әуезов театрының сахнасында қойылған аудармалары Е.Замятин. "Еділ патша". Трагедия. 1996 В.Смехов. "Әлі баба және қырық қарақшы", Мюзикл, 1998. А.Чехов. "Апалы-сіңлілі үшеу". Драма, 2013. Шекспир. "Отелло". Трагедия. Сахналық нұсқа, 2014 ## Кітап жобалары Жазушы-драматург А.Сүлейменов (1996, 2001, 2007, 2009), көрнекті сахнагерлер Ф.Шәріпова (2006), Ә.Молдабеков (2007), Е.Жайсаңбаев (2010), сондай-ақ Х.Елебекова (2012), Е.Обаев (2011), Т.Тасыбекова (2013), жазушы, режиссер С.Нарымбетов (2009) шығармашылықтары бойынша. ## Марапаттары * 1991 жылы Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты * 1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Құрмет" Грамотасымен марапатталған. * 2001 жылдан Қазақстан Журналисттер Академиясының Академигі. * 2002 жылы "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты * 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі * 2012 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі ## Дереккөздер * "Тараз" энциклопедиясы. "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 2003 * "Қазақ әдебиеті" энциклопедиялық анықтамалығы. "Аруна" баспасы, 2005. * Қазақстан жазушылары: Анықтамалық. "Ан арыс" баспасы, 2009. * Республикалық театр фестивалі анықтамалығы, Астана, 2015. * "Атырау облыстық драма театры" кітабы, "Бейбарыс" баспасы, 2015 ## Шығармалары * Алғашқы рецензия, сын мақалалары «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жастар жастар туралы», «Сөзстан», «Уақыт және қаламгер» жинақтарында жариялайды. «Өрнектер» (1991) әдеби сын, «Дүние — имани құбылыс» (2001) әдеби сын, өнер, мәдениеттанушылық жинақтарының, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Сүлейменов шығармашылығы бойынша «Парасат падишасы» (1998), «Болмыспен бетпе-бет» кітаптарының (2001), «Кек» драмалық (2001) жобаларының авторы. * Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді: А.Кимнің, сондай-ақ Азия жазушыларының әңгімелерін (1979,1984), И.Ракшаның «Қайран, дүние» (1985) повестер жинағын, А.Лауринчюскастың «Соңғы аманат» (1987), Р.Солнцевтің «Мұнар да мұнар, мұнар күн» (1989) драмаларын, Е.Замятиннің «Еділ патша» («Атилла», 1996) трагедиясын, В.Смеховтвщ «Әлибаба және қырық қарақшы» (1998) мюзиклі («Мың бір түн» желісімен) және әдеби-сыни, мәдени-философиялық көптеген мақалаларды орыс тілінен қазақшаға аударды. ## Дереккөздер
Шоңайнақ (лат. Carduelis cannabina синонимы лат. Acanthic cannabina) — құнақ тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Алдында Acanthis туысына қосылған. Қазақстанда Тянь-Шань, Сауыр, Алтай тауларында, Жайық өзенінің жағалауларында, республиканың солтүстік шекаралық жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 13,5 см-дей, салмағы 19 – 22 г. Аталығының маңдайы, төсі – шымқай қызыл, жабыны – қоңырқай түсті, бауыры мен қапталы – ақ. Аналығында қызыл түс болмайды. Жыл құсы. Наурызда ұшып келіп, қалың бұталар арасына, ағаш бұтақтарына ұя салады. Ондағы 4 – 5 жұмыртқаны, тек аналығы 13 – 14 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын аталығы мен аналығы бірлесіп қоректендіреді, олар 13 – 15 күндей ұяда болады. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Өсімдіктердің тұқымымен қоректенеді. Қазан айында қыстау үшін Еуропаның оңтүстігіне, Кіші Азия түбегіне ұшып кетеді. Шоңайнақ қолға тез үйренеді, оның әдемі үні үшін үйде жиі ұсталады. ## Дереккөздер
Көпен Әмірбек (29 наурыз 1950, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы — 9 қараша 2022, Астана) — журналист, сықақшы, Қазақстанның қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Көпен Әмірбек қоңырат тайпасынан шыққан. ҚазҰУ-ді (1974) бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған. 1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты. Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен. ## Дереккөздер
* Ащыөзек (Балқаш алабы) * Ащыөзек (БҚО) * Ащыөзек суландыру жүйесі
Бес институционалдық реформа - ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2015 жылы ұсынған сайлау алды платформасы. Платформа экономика, заң саласы, ұлттық бірыңғайлылық, экономикалық диверсификация және ашық экономика мәселелерін көтереді. ## Дереккөздер
Болашағы біртұтас ел - Қазақстан Республикасында қабылданған, мемлекетте тұрақтылықты сақтауға бағытталған саяси идеология. ## Дереккөздер
Тәжібаева Айманкүл (1888, Қараөзек ст. – 28.11. 1952, Алматы) – халық ақыны, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. Әуезов Тәжібаевтың анасы. 7 жасынан бастап ауыл молдасынан хат танып, парсы, шағатай тілдерінде жазылған дастандарды оқиды, насихаттайды. Қазақ ауыз әдебиетін жетік білген. Алғашқы өлендерінің бірі - 1915 жылы күйеуі Тәжібайдың қазасына шығарған жоқтауы. «Анадаусы» (1948), «Ана сыры» (өлең-жыр жинақтары жарық көрді. Әуезовті өмір бойы құрметтеп, сыйлап өткен, талантына тәнті болған. Ұлы жазушы «Әбділда Тәжібаев» деген мақаласында Айманкүлдің өмірбаянынан біраз мағлұмат бере келіп: деп, болашақ ақын қыздың тәлім-тәрбие алған ортасынан хабар береді. Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жарияланған. Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. Т-ның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген. ## Дереккөздер ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Камал Сәруарұлы Ормантаев (11 қыркүйек 1936 жылы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Октябрь ауылында туған) — қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақ КСРның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1980). Қызылорда облысының Құрметті азаматы. ҚР Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999). ## Толығырақ * Байұлы тайпасының Алтын руынан шыққан. * Камал Сәруарұлы 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Октьябр ауылында дүниеге келген. * 1959 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (бұрынғы Алматы ММУ) бітірген. * 1963 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, кафедра меңгерушісі, * 1980-1985 және 1993-2001 ж. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болды. ## Ғылыми шығармашылығы Негізгі ғылыми еңбектері балалар хирургиясына арналған. К.Ормантаев балалардың бассүйегі мен миы зақымданғанда қолданылатын емдеу әдістерін жетілдіріп, оның патогенезін анықтауда кешенді зерттеулер жүргізді; бассүйек пен миға жасалатын операцияның бес жаңа әдісін тәжірибеге енгізді. Химиялық жолмен болатын өңеш күйігін зерттеп және оны емдеудің алты жаңа әдісін анықтады, сондай-ақ іріңді перитонит пен жедел гематогенді остеомиелит болған жағдайда іріңді іш қуысынан түтік арқылы шығарудың бірнеше тәсілін ұсынды. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады. * Бүгінгі таңда Қаз ГМУ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі болып істейді. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Жыл дәрігері номинациясы бойынша "Алтын адам" (2000,2001) сыйлықтарын алған ## Ғылыми атақтары * 1971 жылы Медицина ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); * 1972 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. * 1994 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. ## Мемлекеттік марапаттары * 1980 жылы ебасының жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері» құрметті атағы берілді; * 1999 жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды; * 1999 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды; * 1999 жылы Қызылорда облысының Құрметті азаматы (құрметті атағы); * 2002 жылы «Алтын адам» Ұлттық жыл таңдауы сыйлығы; * 2004 жылы екінші мәрте «Алтын адам» Ұлттық жыл таңдауы сыйлығы; * 2004 жылы «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты; * 2016 жылы ҚР Президенті жарлығымен ІІ дәрежелі "Достық ордені" мен марапатталды.
Мәскеев Қуаныш Мүбәракұлы (12.2.1922 жылы туған, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы) — ғалым, фтизиатр, медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1981). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1955). 1955 — 1963 ж. Алматы облысында дәрігер фтизиатор. 1963 — 1975 ж. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында доцент, профессор, проректор, 1975 — 1987 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры. Негізгі ғылыми еңбектері тыныс органдары, сүйек-буын, лимфабездері туберкулезіне және оны қоздыру микробтарын зерттеуге арналған. Ол кеңірдек, перифериялық және ішек лимфабездері туберкулезінің үлгісін алу үшін әр түрлі вируленттік микробтарды жануарларға жұқтыру арқылы тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде макроорганизм мен туберкулез қоздырушыларының арасында жүретін күрделі процестерді ашып, туберкулездің морфогенезі мен фтизиогенезіндегі ғылымда кейбір талас тудырып жүрген сұрақтардың жауабын тапты. Мәскеев экологияға қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындардың жас ерекшеліктеріне қарай бронхит, жедел және созылмалы пневмония ауруларының себептері мен маскүнемдікке шалдыққан адамдарда болатын деструктивті туберкулездің өту жолдарын анықтап зерттеді. Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Мұқатов Табылды (16.1.1947 жылы туған, Атырау облысы, Орна а.) — суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі (1979). * 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін, * 1973 жылы Украинадағы И.В.Федоров атындағы полиграфия институтын суретші-график мамандығы бойынша бітірген. Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген (1973—75). * 1975 жылдан бастап республиканың баспа саласында кітап көркемдеу бөлімдерінде редактор суретші қызметтерін атқарған. М.Әуезовтың "Шу асау", І.Жансүгіровтің "Құлагер", Ы.Шорековтың "Исатай— Махамбет", "Қазақтың көне алтыны" кітаптары бүкілодақтық, халықаралық көрмелерде дипломдармен марапатталған. Живопись жанрындағы еңбектері көптеген елдердің жеке жинағында сақтаулы. Кітап саласында соңғы еңбектері: Фирдоуси "Шахнама", "Жеті ғасыр жырлайды" (поэзия антологиясы). 2003 жылы ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арнап "Құм жазуы" қарпімен орындаған еңбегі ЮНЕСКО-ның алтын медаліне және аймақаралық Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды. "Арыс" баспасында жарык көрген "Махамбет әлемі" сериясын, Ж. Нәжімеденовтің "Менің Қазақстаным", т.б. көптеген кітаптарды безендіруші. ## Дереккөздер
Аппасова Жамал Ахмедиқызы (20.8.1932, Қарағанды облысы Нұра ауданы, Жамбыл ауылы – 21.8.1981 , Жамбыл қаласы) –денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Қазақ мемлекеттік медицина институтытын бітірген (1955). 1955 – 1958 ж Жуалы ауданы, Билікөл учаскелік ауруханасында бас дәрігер, 1958 – 1960 жылдары қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1960 – 1973 жылдары Тараздағы №1 қалалық аурухананың бас дәрігері. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. Аппасова Жамал дәрігерлік қызмет ету барысында тамаша ұйымдастырушылығымен тынылып, принципшілдігі мен жоғарғы білімділігінің арқасында әріптемтер мен ел арасында үдкен құрметке ие болды.Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1967). Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталды. Тараз қаласының бір көшесінде оның есімі беріліп, облыстық аурухананың кіре берісіне ескерткіш тақта орнатылды.
Апатаева Ольга Ғалымжанқызы (14.9.1948 ж.т., Жамбыл қ) – баскетболшы, КСРО спорт шебері. Алматы қыздар педагогикалық институтына кітапхана факультетін бітірген (1970). Сол институтта физкультура кафедрасында оқытушысы. Апатаева 1965 жылы республика құрама командасында және 1966 жылы КСРО жастра құрама командасында ойнады. Ленинградта «Буревестник» қоғамының қоғамының біріншілігіне қатысып, 1967 жылы алтын медаль алды. Орта Азия мен Қазақстан қыз-келіншектерінің Душанбе қаласында өткен тұңғыш спартакиадасында (1968) Апатаева Республика баскетбол косандасы құрамында ойнап, жүлде алып қайтты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (1946-1997, 2001-2014, 2017-қазірге дейін) — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. ## Тарихы Алғашында 1920 ж. қазанда Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты ретінде құрылды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде 1946 ж. наурыздан қызмет етіп келді. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі деп аталды. 1997 жылы қазанда Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құрылды. 1999 жылы қаңтарда ол Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып өзгертіліп, қазан айында одан Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік бөлінді. 2001 жылы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік Денсаулық сақтау министрлігі ретінде қайта құрылды. 2002 жылы 1 қаңтардан бастап министрліктің ведомстволары құрылды. 2014 жылы 6 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біріктіріліп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрылды. Министр қызметіне бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды. 2017 жылы 25 қаңтарда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына Елжан Біртанов тағайындалса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқаруды Тамара Дүйсенова жалғастырды. ## Министрліктің негізгі міндеттері * Халықтың денсаулығын сақтау; * Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу; * Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; * Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; * Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту. ## Құрылымы Министрліктің құрамында келесі ведомстволар бар: * Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті * Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ## Қарамағындағы мекемелер * "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ * "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" ММ * "Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы" ММ * "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК * "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК * "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК * "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК * "Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК * "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК * "Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК * "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК * "Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК * "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" ШЖҚ РМК * "СҚ-Фармация" ЖШС * "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ * "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ * "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ * "Астана медицина университеті" КеАҚ * "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ * "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ * "Семей медицина университеті" КеАҚ * "Turar Healthcare" КеАҚ * "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КеАҚ * "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС * "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК * "Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы" ШЖҚ РМК * "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ * "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ ## Министрлер тізімі ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Қарабайлар (лат. Plegadis) – Threskiornithidae тұқымдасының үш түрден тұратын тырнақұтандар туыстас құстар. Қошқыл реңі, төмен иілген ұзын тұмсығымен ерекшеленеді. Қазақстанда жалғыз ғана түрі тіршілік етеді. ## Түрлері Туыста 3 түр бар : * Plegadis falcinellus * Plegadis chihi * Plegadis ridgwayi ## Дереккөздер
Сәтбаев мұздығы – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық, Лепсі өзені осы мұздықтан басталады. ## Географиялық сипаты Ауданы 7,5 км², ұзындығы 5,5 км, абляциялық, еру және булану ауданы 4,7 км², мұздығының көлемі 0,50 км³. Ені 1 км-ге жуық, мұздық тілі 2950 м-ге дейін төмендейді. Фирн 3520 м биіктіктен өтеді. ## Ашылуы Мұздықты алғаш рет 1912 жылы С.Е. Дмитриев, 1915 жылы В.В. Сапожников зерттеді. 1947 жылы ҚазССР ҒА-сы Географиялық секторының 1983 жылдан бастап институт экспедициясы абляция аумағын, мұздың жылу жылдамдығын бақылап, нақты қорытындылар жасады. Сол жолы мұздыққа және оның шыңына совет геологы, ғалым және қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді. ## Дереккөздер
Ұлттық азаматтық авиация мектебі (фр. École nationale de l'aviation civile) — Еуропаның ең ірі авиациялық университет болып табылады. 1949 жылы негізі қаланған, ол барлық авиация қызметі үшін қалыптастырады: және т.б. техник, инженер, ұшқыш, әуе қозғалысына контроллер. Ол мүшесі болып табылады France AEROTECH. ## Дереккөздер
Құлыбай, Құлбай – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тау. ## Географиялық орны Төртқұдық кентінің солтүстігінде 3 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 321 м. Ұзындығы мен ені 1,5 км. Солтүстік беткейі тіктеу, жарқабақты, басқа беткейлері көлбеуленіп далаға ұласады. Беткейі жонды-белесті келген. Оңтүстігінде Үлкен Сарыадыр тауы бар, батысынан Теміртастау өзен ағады. Шығысында 8 км жерде Ерейментау-Павлодар темір жолы және 4 км жерден Астана-Павлодар автомобиль жолы өтеді. Оңтүстігінде 2 км жерде бірнеше кеніштер орналасқан. ## Өсімдігі Беткейінде бұта аралас жусан, бетеге, боз, селеу, сұлыбас, қозықұлақ, т.б. шөптесіндер өседі. Етегі мал жайлымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Созақ (қыр. Сузак; өзб. Suzoq/Сузоқ) — аудан орталығы. Қазіргі Қырғыз Республикасының Жалалабат облысы Созақ ауданындағы ауыл, ауылдық округтің орталығы. ## Халқы Тұрғыны: * 24,1 мың адам (2009) ## Дереккөздер
Созақ (қыр. Сузак; өзб. Suzoq/Сузоқ) — аудан орталығы. Қазіргі Қырғыз Республикасының Жалалабат облысы Созақ ауданындағы ауыл, ауылдық округтің орталығы. ## Халқы Тұрғыны: * 24,1 мың адам (2009) ## Дереккөздер
Қазы — Павлодар облысы Аққулы ауданы, Малыбай ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2013 жылға дейін таратылған "Қазы ауылдық округі" орталығы болған. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Аққулы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Қазы көлінің солтүстігінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Кеңес ешкісі немесе Кеңестің түбітті ешкісі — жергілікті ешкіні ангор ешкісінің текесімен будандастыру арқылы 1962 жылы Қазақстанда және Орта Азия респубикаларында шығарылған. ## Сипаты Ешкісі 39, текесі 60 кг тартады. Олардан сәйкесінше 1,8-2,1 кг және 2,8-3,1 кг түбіт алынады. 100 ешкіден 118 лақ алынады. Таңдаулы асыл тұқымдылары Семейде өсіріледі. ## Дереккөздер
Ақсеңгір — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақсеңгір — Алматы облысы Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Петри тостағаны — аласа әрі жалпақ келген цилиндрлі, әйнек не пластмассадан жасалған, қақпағы бар ыдыс, неміс бактериологы Юлиус Рихард Петридің құрметіне аталған, ол Роберт Кохтың ассистенті болған. Микробиология және химияда қолданылады. ## Өзге де қолданылуы Петри тостағандары сондай-ақ сұйық ортада немесе қатты агарда эукариоттық жасуша өсіру кезінде қолданылады. Бос Петри тостағандары өсімдіктердің бастапқы өсу кезеңін бақылау үшін, өте кішкентай жануарлардың мінез-құлқын бақылау үшін не өзге де күнделікті зертханалық шаруаларға қолданылуы мүмкін - мысалы пеште сұйықтықтарды құрғату немесе үлгілерді тасымалдау не сақтау. ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз * Микробиология * Микроағза * Юлиус Рихард Петри
Қойшыбаев Мұрат (22 тамыз 1942 жылы туған, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтасты ауылы) – а. ш. ғылым доктор (1993), профессор (2001). Қазақстанның еңбек сің. ғылым қайраткері (2009). Қазақ а.ш. академиясының корр. мүшесі (1997). Алматы мемлекеттік а.ш. институттын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық аграр университетті) бітірген. Алматы облысында өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном (1964–1966). Қазақ өсімдік қорғау ғылым-зертеуш институтында кіші (1966–1973), аға ғылым қызметкер (1973–1985), бөлім меңгерушісі (1986–2009) болды. 2010 жылдан бас ғыл. қызметкер қызметін атқарады. «Биологические основы комплексной защиты проса от основных болезней в Казахстане» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 300-ге жуық ғылым жарияланым мен 3 монографияның авторы, 3 авторлық куәліктің иегері. ## Дереккөздер
Сарбас — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасының Абақ Керей тармағынан таратылады. Керейдің аз руы. Көбі Алтай тауында қоныстанғанымен, 19ғ. соңы мен 20 ғ. бас кезіндегі әр - түрлі саяси ахуалдарға байланысты жан - жаққа бөлініп кеткен. Қазіргі таңда ҚХР Син Цзянь, Мори, Баркөл, Іле, Ақсай Қазақ авт. аудандарында, Қазақстанда - Алматы, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстанда, Моңғолияда - Бай Өлке, Қобда аймақтарында, Еуропада - Нидерланды, Вестерес, Стокгольм, Берлин, Мюнхен, Францияда, Түркияда мекендейді. Ұраны болған Сартоқай батыр - Аягөз, Бұлантыда болған Қазақ - жоңғар шайқастарына қатысқан белгілі батыр. Сартоқай немесе Сартқай атымен аталатын жер су аттары кездеседі. Қазақстан мен ҚХР шекаралық аймақтарында "Сартоқай" өзені бар. Сартоқай батыр туралы деректер өте аз сақталған. Таңбасы — Балға тәріздес. (Т) Сарбас руының малға салатын ен таңбасыда осы (Т) үлгісінде болып келеді. Абдолланың өз есімі - Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Міне осылайша Бейбарыстың тағдырын қайталаған тағы бір алып тұлға өмірге келді. Әкесі Сары атасы Үрзікенің қол астында балуан, батыр, өжет мінезді, елпек болып, ағасы Буратайдың ел басқаруындағы бас қолғанатына айналған. Әкесі Сары Үрзікеұлы, кең иықты, қапсағай денелі, Буратай ауылының 500 жылқысын шырғасын шығармай қайыратын мықты палуан екен. Анасы Зәуке - Керей, Жәнтекей ішінде Тасбике, атақты Әліп батырдың немере туысы Құсайын Тәйжінің қызы. Қоңқақ мұрын, сарғыш келген, биік бойлы, қайратты да мығым әйел болған. Жастайынан еркекше киініп, жылқы баққан екен. Әйелі Замзия - араб қызы. Ұлдары: Байсал, Адынан, Әділ. Қыздары: Нәдия, Әбдісәм, Сәмия, Әриш. Бұрынғы әйелінен туған бір қызы болған, есімі белгісіз. Шәкен Сарыұлы 1941 жылы асырап алған ұйғыр әкесімен бірге Сауд-Арабия еліне келген. 1942 жылдан бастап Мекке қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік Әскери Университетке қабылданады. Шәкен оқу бітіргесін Мекке қаласында жол сақшысы болып істеген. Кейін Шекара Қорғаныс армиясында, Шекара Қорғанысының есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады. Екі рет мемлекет тарапынан марапатталған. Атап айтқанда, «Ерекше еңбегі үшін» марапаты мен «Мемлекетке еңбегі сіңірген генарал» атағы беріліп, Министр дәрежелі әскери қызметкерге айналады. Өткен ғасырдың 70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарған кейін Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі қызметіне дейін көтерілген. 1992 жылы зейнетке шығып туған жері Баркөл Қазақ Автономиялы ауданына барып қайтты. Өз өмірінде 39 мәрте қажылық еткен Шәкен қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті. Қазір біздің білетініміз: Шәкеннің 2 ұлы ұшқыш, бір ұлы Аднан Шәкенұлы Әл-Бұхари әкесінің жолын қуған жоғары лауазымды қызметте. Алла қаласа алдағы уақытта, Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари туралы ақпаратымызды толықтырып, жинастырып немере апайы Займоллақызы Өпеннен туған жиені Қайрат Қайполлаұлының нағашы атасы туралы жазған өмірбаяндық сипатсөзін (очеркін) жариялайтын боламыз. Қайрат Қайполланың ол шығармасында 1930-1980 жылдар аралығындағы Қытайдағы қазақ өмірі мен 1930-1950 жылдардағы зұлматты тағдырлары мен Шәкен қажының 13 жасқа дейінгі қазақы өмірі мен одан кейінгі қазақсыз өмірі баяндалады.[2] Қожақапан балуа, Буратай тәижі (тәйжі - шен, лауазым) Кәбен тәижі, Белгілі жазушы Қабылқақ Күлмесханұлы (17. 11.1944 жылы туған, ҚХР) - ақын. "Тұманды дала", "Үрнақ", "Иенде", "Керсағым", "Домалақсел" повестері және бірнеше әңгімелері бар. [1]'Қабылқақ Күлмесханұлы (17. 11.1944 жылы туған, ҚХР) - ақын, жазушы. ҚР жазушылар одағының мүшесі."Тұманды дала", "Үрнақ", "Иенде", "Керсағым", "Домалақсел", "Шытырман жылдар" повестері және бірнеше [әңгіме]лері бар.Отанға оралғаннан кейін "Тұманды дала" повесті Жұлдыз журналының 1993 жылғы 11 санында аударылып жарық көрді. Қабылқақ Күлмесханұлы - 1993 жылы ҚХР алғашқы заңды түрде қазақ көшін бастады. Іледегі Педогокикалық учелищені бітірген. ҚХР дегі Гансу өлкесіндегі Ақсай Қазақ Автономиялық ауданындаға аз сандық қазаққа, мұғалім болып, ағартушылық қызыметтерін атқарды. Қазақстанға алғаш рет Шуға, одан, 1997 жылы Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Нұрлы ауылына көш бастап келді. Кейін 2005 жылы Алматыда қайтыс болды. Қазірде 2 ұлы 3 қызы бар. Олар Алматы обл. Іле ауд. Боралдайда тұрады. бірінші көш1912-жылы мұңғұлдар алтай еліне кең көлемді шабул жасаған. бұл оқиғаны тариыхта «мұқыр толқа» оқиғасы деп атайды екен. осы мұқыр қолқа шабуылынан үріккен буратай ауылдары бәркөлге келген. алайда көп байздап тұра алмаған. мұндағы басты себеп: құмыл-бәркөл арасынан бір ұйғұрдың жүз жылқылық дүниесі тоналады. бұл дүниені «осылар тонады»,-деп үкімет буратай тайжының шаяхымет, құнапя, сымағұл қатарлы үш жігітін найманмолла деген адамның жала жәбуімен қолға алады. «жұз жылқылық мал-мүлік төленсе адамдар түрмеден шығады, төленбесе адамдар атылады» деген үкімде шығады. буратай елінен жүз жылқыны жинап бәркөлге айдап бара жатқан жолда «үш жігіт атылды» деген хабар келеді. буратай бәркөлге кіріп, «малыңды берсем, адаммды неге атасың?»,-деп дау көтереді. үлкен жаңжал-төбелес шығады. үрімжіге деиін арыз көтеріп, бұл оқиғаны тексертіп «үш жігіт нақақ» деп ақталады. бәркөл әкімі мәнсәбінән алынады. үш жігітке жала жапқан найманмолла үлімге үкім етілгенде қашып кетіп сол бойы із-дерексіз кетеді. осыдан кеиін буратай:«бұл жер малға жәйлі боғанмен, адамға тұрақ болмайды» екен деп алтайға ат басын бұрады. бұл 1914-жылы еді.екінші көш1924-жылы алтайдан бура тәйжі, шақабай ноғайбай үкірдәй, « жер тарылды, бәркөлге мал отарлатамыз»,-деп 2000 түтіммен алтайдан бәркөлге көшкен. буратай ауылы қуаршаға келгенде алдарынан бәркөл ауданынң (қара шипан) әкімі қасында әліп үкірдәй, әшірәп шаңызұң (ұйғұр) бірнешеуі қуыршақ әскерлері бар алдарынан шығады. ауылға келгенде өте сұсты келеді. «бұл не қылған ел? қайдан келген? дереу көшсін!»,-деп қоқайланады.мұны естген буртай тәйжі «әліпке айтып адамдарды үйге түсіріңдер:,-деиді. үйге келгенде әкім суық рай байқатады. есіктен кіре тәйжіні тежеи:- сен кімсің? қайдан келдің? бұл сен жүретін жер емес!,-деп ақырады. буртай әкімге:- мені сенің әкеңмін! қайдан келген, кім екенімді мынадан көр!,-деп астындағы аю терсінің астынан сарқалталы гүңсі қағаз алып, әкімнң алдына тастайды. «кешіріңіз, түсінбестік болды»,-деп кешірім сұрайды. сүйтсе, бұл қағаз алтайдан көшерден ілгері, үріжіде яңызшыңның берген «буратай тәйжінң елі, бәркөлге деиін мал оттатады. ешкімнің жолын тосуына болмайды» деген бекітпе жолдамасы екен. осыдан кеиін үркердеи болған жұрт көңілі орнығып, қонақтар қонақ үйде арнайы күтіледі. ертесі аттанарда, әкім буратайдан тағы бір мәрте кешірім сұрайды.тайжы әкімге:-кеше мен саған, сенің әкеңмін деген едім, үйткені менің жасым сенен үлкен сондықтан айтылған сөз болатын. жөн білетін азамат екенсің, сенде көңіліңе ауыр алма,-деиді. әкім аттанарда тағы «келген екенсіз бәркөлдің жері кең, шөбі шүйгін, суы тұнық қай жеріне барып мал жәйылтуыңызға болады»,-деп аттанады.үшінші көш1926-жылдың көктемі. «жұрт көңілі алтайға ауды, елді, жерді сағындық»,-деп алтайға қайта көшкен. малдың жәйімен көшкен елдің алды бәйтікке, арты мори жерінде отырғанда, буратай тайжының көкірек ауыруы шұғыл асқынып дүние салады. сүйегі моридың « төбел там » деген жеріне қойылады. осы жерде ел тайжынң басын үйлеп қорған тұрғызып, қырқын берген соң алтайға жалғасты көшеді. бұл 1926-жылдың тамыз айы екен.төртінші көш1933-жылдың соңы. сырт мұңғұлдан атты әскер, айроплан шығып алтай елін бомбылайды. қангелды, секел ауылдары шабуылға ұшырайды. мұны тарихта «жалғыз айроплан заманы» деиді екен. осыдан үріккен ел бәйтік, қаптық, көксеркеге келіп, одан бәркөлге өткен. алды буратайдың балалары қабдолла, займолла, қайбар бастап келген. 1934-жылдан 1950-жылға деиін бәркөлде орнықты өмір өтікізген.бесінші көш1950-жылдың 11-айда кәбенінң бастауында буратай ауылдары қыстаймыз деп, сантахудың шығсы сақасанжге түсіп, соғым сойып қыстап жатқанда, алтайдан оспанынң артынан шыққан қапас батыр, кешәпәт, шамшитқан 40 жігітпен ауылдың үстінен түседі. бұл еліміз азат болып, азаттық армяның бәркөлге келіп жатқан кезі, бүкіл ауыл үлкен мәселеге тап болады. бұл ахуалды қалай шешу жөнінде кәбен тайжы қапаспен ақылдасқанда, қапастың кәбенге айтқаны:-« екеуіміздің мына кездесуімізді шешудің шарасы екеу бірі: еліңді бастап менімен бірге гәнсуге көш, не көрсекте бірге көреміз. ал екншісі: саған ең пайдалы шара мені ұстап байлап-матап қазыргы келіп жатқан патшаға тапсырып бер. сонда сен ең жақсы адам боласың. бірақ мұндай етуге сенің шамаң келмеиді. үйткені, мен жасанған жауымын. ал қаламын десең еркің қал. бірақ ертең қапасты ат-көлік, азықпен қамдап шығарып жіберген деген сөзде сенің кеинігіңе қандай болады, оны өзің ойланып көр»,-деиді. «ауызы күйген сорпаны ұрып ұрттайды» кәбенінң көз алдына шыңшысай түрмесіне кеткен ағалары елестеиді. жаңа келіп жатқан көмпәртяні түсінбеиді. 1951-жылы 1-айдың 4-күні кәбен, мұқадыл, қапас бастап (мың түтін) сақадан гәнсуге көшеді. азаттық армя елді қайтарып келу үшін өмір тауынан тосқан екен. түн, қалың көш аяқ астынан атылған мылтық дауысынан шошынған тіркеулі қалың түйе бір-біріне оралып қала береді де, адамдардың көбі жаяу-жалпылы салт қашып шықты. ертесі қапас бастатқан бір бөлім азаматтар қалған мал-мүлікті қайтарып келеміз,-деп барып азаттық әрмямен атысып, қапасқа оқ тиып ортан жілгі үзіліп жараланады. басқалары қалған түйеден азынаулақ түйе алып қайтып келеді. қыстың қақаған суығы ел жалғасты көшіп, қананбар тауынан асып, қайызға барса, бұрын кеткен оспан, жанабыл, салақиттан елі осы қайызда екен. бұған кәбен, мұқадыл, қапастың 40 жігіті келіп қосылдық. бұл 1951-жылы 1-ай мөлшері.аз күн елге қосылып ұйқы қанып тынғып қалғанда, таңға жақын бүкіл дүние зелізәлә мылтық үні, зеңбірек дауысы бір-біріне ұласып бүкіл қайыз сілкініп тұрған секілді. сүйтсек, арнайы оспанды қуғындаған түйелі туан, дұнхуаңынан шғып келіп, бір түнде қайызды қоршауға алып, таңға жақын шабуылға өткен екен. осы күні оспан қолға түсті. жанабыл атысып отырып оққа ұшты. қатын-бала қалып азаматтар қалтын, қанамбар тауына қашып шығып кетті.қашып кеткендерге азаттық армя арт-артынан елші жберіпм партяның саясатын үгіттеп тұсындыру қызметын алып барғандықтан 3-айдың соңында келіп азаттық армяға бағынып құралдарын армяға тапсырды. елді қайыздан көшіріп, шөлен тауының бөктеріне әкеліп қонстандырды. сол жылы көктемде малды кене буып қатты жұт болды. 6-айда жәйләу таулар көктеді. ел басқарған әскери басшылардың нұсқауы бойнша ел қотарыла жәйлауға көшті.алтыншы көшөтегенінң ел бүлдіруі 1951-жыл 6-айдың 8-күні мөлшері. осы күні біздің ауыл жәйлауға көшкен. біз мал айдаған екі бала едік. жолда сансанғолдың ішінен жәйләудән келе жатқан өтен мен әубәкірге кезіктік. (өтен руы ителі 1945-жылдары мұңғұлядан келіпті. оқыған жігіт екен) олар бізге жәйләу көктепті, біз бөктерден мал іздеп барамыз,-деп жөнін айтып кетті. өтен бөктерден ел ішнде қызмет істеп жүрген лянжаң мен қорғаушысна кезігіп ел қайда? дегенде, « ел жәйлауға шығып кетті »,-депті. сонсоң олар:-онда бізді елге ертіп бар,-деп айтқан соң «мақұл» депті де сансаңғолдың ел жоқ бір тұйық ашасына шығарып беиғам келе жатқан лянжаң мен қорғаушысын өлтіреді. жамандық жерде жатама, қанды оқиға бір кеште бүкіл елге тарайды. шошынған ел қыстан әрең шыққан арық-тұрақ көліктермен үркіп көшеді. ертесі қайызға барсақ қатты көктепті, ел көлік жәйілтіп жатқанда елді қалың семіз атан түйе басты да кетті. біреуді біреу білмеиді ел жапа-тармағай түйе талап жатыр...сүйтсек, бұл түйелер шөлен тауының бөктерінде елді күзетіп жатқан түйелі туанынң бір лян әскері бар болатын. өтен лянжаңды өлтіріп, елді үркітіп жіберіп, озының бірнеше, ақсай, әлеи, қамит, әлымқан қатарлы серіктермен бірге түн қатып барып әскерді аңдиды. тәңертең түйелер өріп, төмен барғанда қуып айдай жөнеледі. ел талап жатқан түйе осы екен. айдап келгендері 800 деи атан екен. мұны түйе алмағандарына өтен өзі үлестріп береді. үй басы бірден түйе тигенде, ел көліктен қамсыз болып қалады. сол күні бесінде елде көшті. жем артуға, түйе жаюға алып қалған 40-50 түйеге екіден мінгесіп қуғыншы әскерде келді. алды мақайға қарай қайқайтып жіберіп, өзінің бірнеше жөлдәсімен қайыздың терең жырасынан жол тосқан өтен, әскер үстілеріне жетіп келгенде адамдарына тиспеи, қалың бидайықтың арасына шөгеріп тастаған түйені қырып тастап, өтендер аттанып кете береді. әскерлер амалсыз жаяу қалады. үріккен ел күнлүн тау қойнауына сыңып жоқ болады. бұл тарихта «өтенінң ел бүлдіруі» деп аталады. жетінші көш1958-жылы ақсай ауданынң бірінші орынбасар әкімі болып отырған кәбен буратай ұлы ақсай ауданына, гәнсу өлкелік үкіметке, орталық ұлттық істеріне өтніш жазды. «ата мекенім алтай еді, қоғамдық түрлі себептермен гәнсуге келген едім, заман тыншталды. қазыр ел-жұртым туған жерді сағндық мекенге қайтсақ, қайда болсада бір партяның басшылығына бағынамыз. кезінде шинжяң уәкілдер үйірмесіне шинжяңға, ата мекенім алтайға қайтамын, деп уәде берген едім.үкімет тарауларының өтіншімді бекітіп берулеріңізді сұраймын»,-деп тұрып алған соң орталықтан тартып үкімет кәбенінң шинжяңға көшу талабына қосылады. 1958-жылы 9-айда кәбен бастаған буратай ауылдары гәнсу өлкесі ақсай ауданынан көшеді. мәшинәмен көшкендері сол жылы, мәлмен көшкендері мажыңды қыстап келесі жазында бәркөлге келеді. осы жылдары дәл солшыл солақай лушянынң үдеп, істиіл дұрсытаудың етек алған кезі. бұдан тыс 1959-жылы шіңгілден қалман, жүкеи тобынң дүрбелең оқиғасына дүп келеді. көш бәркөлде тоқтайды. кәбен, шамардан бірнешеуі істиіл дұрыстауға қатынасады. бұл барыста « кәбен алтайға ата мекеніне бара жатқан жоқ, қайта қалман, жүкеи тобына қосылғалы барады, көшпенді банды»,-деп кәбен, шамардан, кәгібәт, япас қолға алынады. басқалары ауыр еңбекке жегіледі. бұл жағдай партя орталық көмитетінің 3-жалпы жиынына деиін жалғасады. 3-жалпы жиынынан кеиін жағдай түбегеилі өзгерді. солшыл люшян тұсындағы жалған, обалды делөләр ақталды. кәбен бастап тарымға кеткендер қайтып келді. жөңгө көммөнистік партяның 3-жалпы жиын қарары, әділ де дұрыс саясаты бүкіл ел халықымен бірге буратай ауылдарын, ұрпақтарын нұр шұғылаға бөледі. ұрпақтар білім алу жолына түсті. жоғары оқу орындарында, қоғамдық қызметтерде, елі орнықты түрлі шаруашылқпен шұғылданып бай-бақытты өмір өтікізуде. XVIII ғасырда Абақ Керей Сарбас руының жан саны 1080 түтін болды. Батырдәндек Түменұлы, Белдемше Құлтайұлы, Буратай Белдемшеұлы сияқты билік басындағы адамдар болды. 1905 жылы басқару жүйесіне, Қаракөк тас (билік дәрежесі) 10 зәңгі қосып сайлайды. Сайланған адамдар тек Шұбарайғыр, Жәдік, Шеруші, Жәнтекей, Қарақас, Сарбас, Молқы руларынан болған. Сарбастан Белдемше Құлтайұлы болды. 1908 – 1909 жылдары ең алдымен Көктоғай, Шіңгілді мекендеген Буратай Белдемшеұлы беріледі [4]1912 жылы Дамбийжанцан бастаған Моңғол әскерінің шабуылынан соң Сарбас руының Буратай, шақабай руының Тары, Ноғайбай бастаған 1000 түтіні Баркөлге ауды; 1934 жылы Сарбастан Қабдолла, Ителі Сұлтаншәріп, Молқы Қапталбай бастаған 200 түтін Баркөлге келді; [4]Дерек көздер:1.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 2.http://old.abai.kz/node/15957 3.Мәуліқан Займоллұлы. Буратай елінің көш жолы // http://kultegin.com/kaz/forum.php?mod=viewthread&tid=26370 4. Қазақ Ру – тайпаларының тарихы. – Алматы: «Алаш тараихи – зерттеу орталығы», 2014. – 194, 196 бб ## Дереккөздер
Керімбекова Айсара(15 маусым 1965, Алматы облысы Кеген ауданы Ақтасты ауылы) – самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992), дзюдодан спорт шебері (1990), самбодан дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Калининград, 1988), А.Харлампиев атындағы халықар. турнирдің екі мәрте жеңімпазы (Мәскеу, 1988, 1989), КСРО Кубогінің күміс жүлдегері (Александровск, 1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991), Азия чемпионы (Владивосток, 1992), дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Минск, 1992), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 1994, Бішкек, 1995), дзюдодан ТМД елдері чемпионатының күміс жүлдегері (Брянск, 1995). 1992 ж. еліміздің таңдаулы он спортшысы қатарына енді. Қазір Алматы қ-ндағы қазақ-араб колледжінде дәріс береді. ## Дереккөздер:
Бозшакөл — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Төртқұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол станциясы. Іргесі 2012 жылы қаланды. ## Географиялық орны Екібастұз қаласынан батысқа қарай 84 км-дей жерде. Ауылдан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде Бозшакөл мыс кен орны орналасқан. ## Халқы
Алаш Орда (1917 – 1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ Алаш автономиясының үкіметі. ## Алаш Орда құрылтайы 1917 ж. желтоқсанның 5 – 13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы – Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Әлихан Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…».Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы – большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді. ## Сыртқы істері Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды.Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды. Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына – Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады. Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты. Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын. 23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет – Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді. Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады. Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады. 1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды. Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті: 1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс. 2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін. 3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз. Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды. Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі – аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді. Осыдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды. ## Алаш Орда қайраткерлерінің тізімі ## Алашорда туралы фильмдер * 1990 – «Мағжан» Мағжан Жұмабаев режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» * 1993 – «Міржақыптың оралуы» Міржақып Дулатұлы режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» * 1994 – «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақтелефильм» * 2009 – «Алашорда» режиссері: Қ. УмаровЖанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы Жанр: Деректі фильм Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Әнес Сарай: «Батыс Алашордашылары сепаратистік бағыт ұстанған жоқ» * Алаш идеясы және «ЕСЕП» партиясы. Ержұман Смайыл * Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!» * Жапондардың өз елін өркендету мұраты Алашорда идеяларына ұқсас еді * Алашорда – Азаттықтың алтын күні * Ербол Тілеш. «Алаштың» жолы Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2010 жылы. * Р.К. Нурмагамбетова. Движение Алаш и Алаш-Орда. Историография проблемы. 1920-1990-е жж. XX века. Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы. (орысша)
Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (18 шілде 1912, Алматы — 21 мамыр 1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). ## Өмірбаяны Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан. * 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. * Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады. Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады. * 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады. * 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады. * 1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды. * Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды. * 1940 — 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етті. * 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды. * 1966 — 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, “Қара жорға”, “Қырық қыз” билері дүниеге келді. Жиенқұлова — сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. ## Шәкірттері * Қазақстанның халық артисі Г.Талпақова * Қазақстанның еңбек сіңірген артистеріҚ.ҚарабалинаБ.Байжұманова, т.б. * Қ.Қарабалина * Б.Байжұманова, т.б. ## Фильмографиясы * 1938 - Амангелді - Балым * 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - балетмейстер ## Марапаттары * Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). * Ленин орденімен * 2 рет Еңбек Қызыл Ту * “Құрмет Белгісі” ордендерімен * медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер
* Балбырауын — көпжылдық өсімдік. * Балбырауын — Құрманғазының күйі. * Балбырауын — Сахналық би. * Балбырауын — Астанадағы көше. * Балбырауын — Қарағанды облысындағы темір кен орны.
Ақдәулетұлы Мейірхан (10.8.1951. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) – журналист. Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1981). Еңбек жолын шопандықтан бастап, тракторшы, Қарабұтақ ауданы комсомол комитетінде қызметкер, «Жаңа өмір» газетінде тілші, «Пионер» журналында аға редактор, «Арай-Заря» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Қаржы-Қаражат» баспасының бас редакторы, «Дәуір-Время» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Алтын Орда» газетінің бас редакторы (1981-2004), 2004 жылы қараша айынан бастап ЖШС «Шамшырақ» директоры. 2001 жылдың сәуір айынан «Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. «Бастау» (1980), «Шырақ ғұмыр» (1984), «Жалғыз досым - жүрегім» (1990), «Дәруішнама» (1996) кітаптарының авторы. ## Дереккөздер
Аралбай батыр Әлібекұлы (шамамен 1685-1778; ұрпағы он бір-он екінші атаға жеткен ру аты Аралбай батыр есімімен аталады) — есімі ел аузыңда қалған белгілі батыр. Арғын тайпасының Алтай руынан тарайды. Аралбай Қарпық Барғана батыр, Найман Наймантай батырмен үзеңгілес дос болған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Көжек атанған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ғана ұл туған. Аралбайдын бәйбішесі Айса ұлы жүз Сиқым-Жаныс Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай атанады, Аралбайдын үшінші әйелі Тансұлу Танақызы, одан Байтоқа, Сеңкібай, Бәйтелі, Жабағы, Жабықтуған. Бұлардың әрқайсысы рулы ел, бір-бірімен қыз алысуға жеткен. Бізге жеткен аңыздар бойынша, кезінде батыр бабамыз жер қайысқан жылқыға өріс іздеп, көктемге қарай сонау қиырдағы Түменге, қар жауа қияндағы Ұлытауға бет түзеген. Сондай алыс сапарлардың бірінде 86 жасында (1686-1772; кейбір деректерде 1685-1778) Ұлытаудағы қыстағында көз жұмыпты. «Рухы осы жерде мәңгі дамыл тауыпты» - дейтін көнекөз, көкірегі ояу аталарымыз.Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Қазақ халқының тағдыр-талайында ерліктің айбынын көрсетіп, елдің қорғаны болған тарихи тұлғалар шоғырындағы дулығалы батырлардың алар орны ерекше. Аты аңызға айналған сондай ержүрек жанның бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманы — Аралбай батыр Әлібекұлы.XVII – XVIII ғасырлар қазақ халқының жауын бірде жеңіп, бірде жауынан өзі жеңіліп өткізген толассыз шайқасымен, тәуелсіздік үшін жан алып, жан берген ерлік күресімен сипатталады.Есім, Салқам Жәңгір, Қарасай, Көшек, Шерубай батыр және басқа батырлар туралы жырлар, аңыз-әңгімелер бұл тұста жастың жүрегінде, қарттың есінде еді. Аралбай батыр бір жағынан осындай теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан көзін ашып көргені елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығы болды. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, ата-мекенін жаудан азат ету туралы алыс арманға, тұтас халық ардақ тұтқан асыл мұратқа бастады, ата жолын қуып, батыр болуға құлшындырды.Әлібекұлы Аралбай ат жалын тарта бастағанда Тәуке ханның батыры болған. Аңыз әңгіменің бірінде Тәуке хан Қанжығалы Бөгенбай батырға "қалмаққа аттанамыз, қол жина" деп жарлық береді. Бөгенбай Арқадағы аты шығып жүрген жас перен батырлар Алтай Аралбай мен Тоқа Барғанаға "сарбаз жинап, тез жетіңдер" деп сәлем айтады. Ол екеуі Арқадағы қоныстанған ауыл-ауылды жағалап, жігіт жинайды. Тарақты Наймантай батырдың азамат балалары соғыста шейіт болып, батырдың қартайып отырып қалған кезі болса керек. Аралбай мен Барғана Наймантай батырға соқпай кетсек өкпелер, сәлем беріп, батасын алайық, қосатын жігіті болса оны көрейік, деп Наймантайдың аулына келеді. Балқаштың ну қамысының ықтасына қонған екен. Күздің қара суығы. Батырға сәлем беріп, келген жайларын айтады. Наймантай батыр: "Балаларымның бәрі қалмақтармен болған қақтығыста қаза болғанын өздерің білесіңдер. Өзімнің түрім мынау. Он үш жасар балам бар соны қосайын” дейді. "Батыр екесі-ау, тойға бара жатқан жоқпыз, соғысқа барамыз. Он үш жасар баладан бізге не пайда, батаңызды берсеңіз болады", - депті Аралбай мен Барғана.“Қомсынсаңдар ертпей-ақ қойыңдар. Бірақ менен туғаны рас болса, сендерге масыл болмас",- дейді Наймантай батыр."Батыр ата, он үште отау иесі болғанымен, жауға шауып, аруақ шақыру бұғанасы қатпаған балаға оңай болмас. Сонша сенім артатын балаңыздың не қасиеті бар",- дейді Аралбай."Оған атамыздың аруағы қонған ба деп топшыладым. Кеше талай жорыққа мінген, қоса жасасып келе жатқан жалғыз атымды жолбарыс жарып кетіпті. Соған назаланып енді мені даланың тышқаны да басынғаны ғой деп налып жатып қалдым. Менің күйзелгенімді көрген балам үйден шығып кетіп еді. Қамыс жаққа кетіп бара жатқан баласына шешесі қайда барасың десе, атамның атын жарған тышқанға барам депті. Барма, жазым қылады дегеніне көнбей, кетіп қалыпты. Қатыным: "Қу қақпас, енді қалған жалғыздың түбіне жететін болдың. Анау атамның атын жарған тышқанды өлтірем деп кетті" деп дауыс қойды. Шыдай алмай садағымды алып, баланың ізімен қамыс ішіне кірдім. Жолбарыс атты жарған жерінен ұзамаған екен. Артында келе жатқан мені бала сезер емес. Жолбарыс оны көріп, құйрығын шапақтап, қарсы қарап жатып алды. Аңға атыларда пәтшағар сөйтеді ғой. Бала не қылар екен байқайын, жолбарыс шапса атып қалайын деп, садағымды кезеніп тұра қалдым. Балам барып жолбарыстың үстіне атша мінді де, кездігін өкпесіне сұғып алды. Жолбарысты қозғалтпай буып тастаған баламның аруағы бар екен деп Құдайға тәубе қылдым. Ана ілулі тұрған соның терісі",- депті Наймантай батыр. Сөйтіп, Байқозы батырдың атағы 13 жасында қалмақтармен айқаста шыққан екен.Аралбай батыр 1726 жылғы Бұланты, 1729 жылғы Аңырақай шайқастарына қатысқан. Тәуке хан өлгеннен кейін Әбілмәмбет ханның батыры болған. Абылай қолдаған.Әдеби – тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Аралбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1742 жылдардың шамасы екендігіне мегзейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. 1740 жылы ойрат әскері Сарыарқаға қарай төгілді. Жауды күтіп сақадай сай отырған Абылай қолы қарсы шабуылға көшті. Бірнеше салмақты ұрыстарда жау қолын ойсырата жеңген қолдың басында "Алтайлап!" - жауға қарсы шауып, Қазақ туын жоғары көтерген Аралбай, Қызылқұрт, Нияз, Шерубай, Тауасар батырларға риза болған төбе би Төленің "Арғын болсаң Алтай бол!" - деп шын жүрегінен бата беретіні осы жолы болса керек.Жеңіс екі жақты болып жатты. Күзде саябырлаған тәрізді болған ұрыс ақпан айында Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржи бастаған отыз мыңдық ойрат шерігі жолдағының бәрін жайпап жоғары қарай жылжи түсті.Қанды шайқас қыстан озып, жазға ұласты. Қысқы майданда Есіл мен Тобылға дейін ұрыс жалғасып жатты. Бұл уақытта Алтай жігіттеріне қолбасы болған Аралбай неше түрлі қиянкесті соғыстарда аты шығып, Лама Доржидің бір қолын тас-талқан етеді.Аралбайдың інісі Төлес (Тілес) те батыр болған. Ол 1725 жылдары туған. Байқозы батырдың тәрбиесінде болған. 1745 жылы Қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін Жоңғар хандығына ие болған Лама Доржи қазақ еліне шапқыншылықты қайта бастайды. Осы кездегі қалмақтармен бір соғыста 1745 жылы Төлес (Тілес) батыр қаза болады.Төлестен (Тілестен) Тайлақ жалғыз туады. Одан өніп-өскен балалар болған. Олар бір ел болып, Алатау асып, сол жақта үрім-бұтақ жайып, тұрып жатыр деген деректер бар. Оларды әзірше ешкім білмейді. Төлес (Тілес) қаза болған соң оның әйелін Аралбай батыр алады. Одан Барақ (Ботақан-Барақ) дүниеге келеді.Ботақан-Барақтың кейінгі ұрпағы 30-40 шаңырақтан асқан емес. Барақтан тараған Смайылұлы Рақыжан асқан шебер зергер, молда болған; Қуанышов Шәкіжан милиция полковнигі, Сарысу ауданының тұңғыш милиция бастығы болған.Аралбай батырдың баласы Бәйтелі батыр 1729 жылы туған, 1799 жылы қайтыс болған. Бәйтелі Тарақты Байқозы батырдың шәкірті, үзеңгілес серігі болған. Жанама аты Жәнекең деп аталады. Бәйтелі қалмақтың Айманақ батырын жекпе-жекте жеңген. Айманақты аттан құлатқан жердегі тау Иманақ атанып кеткен.Аралбай батырдың бәйбішесі Айса – Ұлы жүз Үйсіннің Дулатынан тарайтын Сиқым-Жаныс руынан. Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай (немесе Айса) атанған.Аралбай Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Кежек атаған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ұл туған.Әйгілі Өмірұлы Кенже атбегі 1778 жылы туып, 1862 жылы қайтыс болған. Кенженің бәйбішесі Қарабас ұзатылғанда әкесі қызына Қаракесек Қара руының бір байынан қалап алған жүйрік торылардың тұқымынан бір бесті айғыр мінгізеді. Ол торының тұқымы шетінен жүйрік болып “Кенжеторы” аталады. Кенесарының қарындасын алған Батырбай төре Қызылтаудың терістік бетіндегі Жалғызағаш деген қыстағын Кенжеге бір жүйрік ат пен бір қыран бүркітке сатқан. Кенжемен құда болып, Нұркүміс деген қарындасын Кенженің Байсалбай деген екінші ұлына ұзатқан. Батырбай сұлтанның Кенжемен араласуының басты себебі Кенже торылардың жүйріктігіне қызыққаннан еді. Кенже тек жүйрік аттардың иесі ғана емес, асқан сыншы атбегі болған. Кенжеторыдан тараған жүйріктерді қарындасы Қақы екеуі жаратып,баптап бәйгіден келтірген.Аралбайдың немересі Кенженің әйелі – Қарабас бәйбіше өте көрікті, ақылды адам болған. Кенже мен Қарабастан Дос, Байсалбай, Берді, Ардабай деген төрт ұл туған. Қарабас стансасы сол кісінің мазары үстінен өткен теміржол бойында Қарабас атымен аталған.Діни сауаты мол, Ислам дінін уағыздаушы Ардабай молда Кенжеұлы 1801 жылы туып, 1874 жылы қайтыс болған. Кенженің үлкен баласы Дос Түркістан, Пішпек-Тоқпақ жағына кіре тартып, сауда-саттық жүргізеді екен. Кенже кіші ұлы Ардабайды 9 жасында үлкен баласына ертіп Түркістандағы Қарнақ медресесіне жібереді. Ардабай ол медреседе 6 жыл оқып еліне келеді. Келісімен ауыл балаларын оқытуға кіріседі. Одан Байсалбайдың Мәндібайы, Бердінің Қали, Ыбырайым деген балалары, өзінің Нұртаза, Зария, Әубәкір, Ілияс деген балалары оқыған. Осылардың ішінде Мәндібай мен Әубәкір жақсы оқып олар да кейін ірі молда болған. Ардабайдан Аралбай Өтебай болыстың немересі Айқышбайұлы Жәкеш қалпе оқыған. Осы Ардабайдан сабақ алған Мәндібай ірі молда болып, Шаққан Ахметті оқытса, Шаққан Ахмет қажының шәкірттері Алтай-Қарпықтың барлық ауылдарында болған.Керей Тұрлыбекке ас беріледі деп сауын айтылғанда 70-ке келген Кенже атын жаратып, бәйгеге қосуға жібереді. Керей Тұрлыбектің асы 1848 жылы Қызылжардағы (Петропавл) Белқараған деген жерде берілген. Оның асына жеті дуан ел шақырылған. Аттың, адамның, ат-тұрманның сұлуына бәйге жарияланады. Алсай Қонақбайдың Қарақұлақ аты ат сұлуы болып, Тарақты Сағал адам сұлуы болып, ер-тұрман сұлулығынан Кенженің алтын ері бас бәйге алады. Ол ерді Қырғыз Жүзбай деген ұста соққан. 560 аттан Кенжеторы бірінші болып келеді. Оған Кенженің үлкен ұлы Достан туған 13 жастағы Елбай мініп шапқан екен.Елбай Аралбай батырдың үлкен әйелі Айсадан туған сырт Аралбай атанатын Нұрабай, Ақжігіт, Мәме, Жидебай, Сары, Бақа батыр, Сарғалдақ, Боздақ, Төбет ауылдарының биі болған.Елбай тісінің қаны тиылмаған соң, Сайдалы руының қожасы Әбдірейім қожаны шақыртады. Қожа көріп жіберіп:"Ажал тамырының аузы ашылған екен, қамдарыңды жасай беріңдер",- деп ем қолданбапты. Елбай бір тәулікке жетпей қайтыс болыпты. Қазіргі Ақтасты су қоймасының жанындағы Тілеке аталатын шошақ моланың қасындағы көп қорымға жерленген. Аралбай батырдың үшінші әйелі Таңсұлу – Тама Әлім-Жәгіден тарайтын Жабал руының қызы. Таңсұлудан – Байтоқа, Сәңкібай, Бәйтелі (Жәнекең), Жабағы (Танаң), Жабық (Бөпең) деген ұлдар туған. Қазір бұлардың әрқайсысы рулы ел. Барлығын қосып Таңсұлу деп атайды.Атақты Байтоқа би (1727-1776) осы Аралбай батырдың кіші әйелі Таңсұлудан туған. Бекше Байдалы бимен немере, құрдас. Бұл кісі де тура шешетін Абылай ханның тура билерінің бірі болған. Ағайын арасындағы қақтығыстарды болдырмай, қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын болған. Байтоқа отырған жерде Байдалы билікке араласпаған. Ағын судай ақын Байдалы көп сөйлеп бара жатса Байтоқа "қарыс-қарыс" дегенде үндемей отырып қалады екен. Ішкен тамағында тазалық болмаса, көзінен басыр болып, жатып қалады екен. Бұл қасиет Байтоқаның немересі Қосыбайдан туған Кеттебекке ауысқан. Ол кісі жолаушы шыққанда шай қайнататын суды өзіне белгілі бұлақтан таза суды торсыққа құйдырып ала жүреді екен. Ұлытауда «Аралбай» деген өзен бар. Соның бастау алатын тұсында Аралбай батырдың көне зираты сақталып қалған. Соңғы жылдары осыны растайтын мұрағат деректері табылды: «Ресей империясының «Жерге орналастыру және жер шаруашылығы бас басқармасының» арнайы тапсырмасымен 1908-1909 жылдары Көкшетау мен Ереймен, Атасу мен Сарысу, Торғай мен Ұлытау өңірін шарлап, тау-тас, өзен-көл, тарихи атаулар мен қоныстарды түгел зерттеген тау-кен инженері А.Козыревтің «Гидрологическое описание важной части Акмолинской области» деген еңбегінде Ұлытаудан Арғанатыға қарай көсілетін жазықта Аралбай өзені ағып жатқаны, соның бастау алатын тұсында Аралбай деген адамның зираты бар екені анық жазылған».Орыс зерттеушісі еңбегіндегі осынау құнды тарихи деректерге сүйене отырып, Аралбай батырдың белгілі ұрпақтары батырдың соңғы аялдаған жеріне барып, әлгі өзен мен зиратты көзбен көргендерін ерекше сезіммен былай баяндайды: «Біздер Ұлытауға іліккеннен Аралбай батыр хақындағы шындыққа кенелдік. «Қазақтың мына аруақты тауы мен осынау ұланғайыр өлке бағзыдан Арғын ата ұрпағының мекені емес пе, - деді қарсы алған, төрге оздырған қариялар. Сол Арғынның артық туған асылы, Алтайдан шыққан баһадүр Аралбай батырдың зираты осында».Ұлытау ауданының орталығында осы сөзге арқаланып қонып шықтық та, ертеңіне өлке тарихынан хабары мол Тоқан ақсақал мен Айбас құдамыздың бастауымен Арғанатыны бағыт алдық. Даланың қиын жолымен сексен шақырымнан астам жүрген соң, қарсы алдымыздан «Аралбай өзені» деген белгі көрінді. Бағзыдан аруақты батыр атындағы өзен осы арада жолды кесіп өтеді екен. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай болды. Шілденің ыстығында шіліңгірленген өзен батыр ғұмыр кешкен заманынан қалған, күн көзінде сан жылдар көнерген күміс белдеудей созылып, таң әулетіндегі солғын сәулемен әлсіз толқынданады.«Аралбай зираты бұл жерден қашық емес», - деді жол бастаған қария. Енді соларды көруге асығып тұрған шығарсыңдар. Қозғалайық». Даланың қара жолы бірде белден бел қуады, бірде сай-салалы жазықты кезіп кетеді. Көп ұзамай бұрынғы Шеңбер кеңшарының Үңгірлі ауылына жеттік. Бабамыздың зираты осы жерден қарға аттам ғана екен. Соған бастап келген Бүркіт деген азамат таудың тарғыл тасынан қаланған төрт бұрышты бейітті осы маңның елі баяғыдан Арғынның Алтай бұтағынан шыққан Аралбай батырдың тамы дейтінін айтты. «Үлкен әкем бала кезімнен осы зираттың басына ертіп әкеліп, Аралбай батырдың аруағына құран бағыштайтын» - деді.Зират жерге біршама шөккенімен, аса бұзыла қоймаған. Бір бұрышы құлапты, төрт құлағына қойылған ақ тастардың бірі бар, бірі жоқ. Әуелде әлде терезе, әлде есік болған маңдайшалы тұсынан бүгінде бала ғана кіріп шыға алады. Жапсарлана салынған тас зират та осы шамада сақталған. Оны Бүркіт Аралбай батырға ерген туыстарының бірінікі деп тоқтады.Маңайда құлпытас секілді белгісі бар бірнеше тас қабыр жатыр. Қаланбаған, үйілген тарғыл тастар сонау Сақ пен Ғұн заманынан хабар беретіндей. Батыс беттегі аласа төбенің үзіктері осындай зираттарға толы.Келген ел қуаныштан толқыды, толқыды да тебіренді. Толқымасқа болмайтын да еді. Бұл жерде атақты Әз Тәукеден басталатын күреске де, ерлікке де, елдікке де толы ұлы тарихтың тегеурінді тұлғасы – даңқты батыр байыздап жатыр еді. Сол аруақты батырмен бірге қиын да тағдырлы тарихтың өзі де тұнып тұрғанды.Көкіректе көшіп кеткен көп жылдар күмбірледі. Аралбай батырдың, көзге ерлігімен ерте түскен жас батырдың Үш Жүздің басын алғаш қосқан Әз-Тәукенің сеніміне еніп, Канжығалы қарт Бөгенбайдың әкесі Ақшамен бірге өткерген жорықтары, кейін Бөгенбайдың өзімен тізе қосып, Еділден бері асқан қазақтарды Түменге дейін қуғаны, 1726 жылы Бұлаңтыда, 1729 жылы Аңырақайда, 1740 жылы Сарыарқада Жоңғардың қалың қолына «Алтайлап!» атой салғаны көкейде жаңғырықты. Арқаның Нияз, Байғозы, Шерубай, Тауасар сынды жойқын батырларын Абылайға бастап барып, осы ерен топпен бірге жау қазақ даласын тастап қашқанша аттан түспеген қаһарман өзіндей Жоталы-Арғанатыда ел-жұртына қош-есен бол депті.Бабамыздың рухына мал шалынды, құран оқылды, қазық қағылып белгі қойылды. Енді тау етегіндегі Аралбай қыстағына асықтық. Қараса көз тоятын көркем жер екен. Шығысқа қарасаң, айбынды Арғанаты еңсеңді көтереді, етектегі қалың тал тұлпар жалданып жігеріңді жаниды. Қос қаптал тастақ жота-белмен белін шарт буып, дұшпанына түйілген қарт батырдай әне-міне жөнеп беретіндей. Шалғыны кеудені қағып, шілігі бой балқытып, тобылғысы нар қызылданып жанарыңды жайқалтады.Талды өзектен биікте ескі қора-қопсының сілемі байқалады. Бертінде осында қоныстанған малды ауылдан қалған бірен-саран үйлер де шөгіп біткен. Ал кеңістікте батыр заманының дарабоз даңқы жаңғырығы басылғандай, дала желі гу етіп ұйтқып, тау алқабы сілкініп сала берді.Көрікті жерде, аңсап келген жерде, батырдың табаны тиген киелі жерде ұзақ аялдадық. Тарих бізбен осылай тілдесті, біз осылай қасиетті тарихымызбен табыстық».Сөз соңында айтарымыз, Аралбай батырдың өз кіндігінен туған балаларының бейіттері қазіргі Жаңаарқа ауданының аумағында жоқ. Ал Аралбай Әлібекұлының немерелерінің молалары Жаңаарқа жерінде. ## «Аралбай» руы туралы қысқаша бір ауыз сөз «Аралбай» руы «Арғын-Қуандық-Мойын» ру-тайпасының бір негізгі тармағы болып саналады. Аралбай батырдың төрт әйелінен 11 ұл туған.Аралбай атасынан тоғыз әулет таралады. Үшінші баласы Тотыдан және бесінші ұлы Темірден ұрпақтар жоқ. Сондықтан осы еңбекте «Аралбай» руынан тараған тоғыз ата шежіресі қарастырылған, яғни «Құттыбай», «Жоламан», «Өмір», «Байтоқа», «Бәйтелі (Жәнекең)», «Сәңкібай (Шанаң)», «Жабағы (Танаң)», «Жабық (Бөпең)», «Ботақан-Барақ».Бізге жеткен аңыздар бойынша, кезінде батыр бабамыз жер қайысқан жылқыға өріс іздеп, көктемге қарай сонау қиырдағы Түменге, қар жауа қияндағы Ұлытауға бет түзеген. Сондай алыс сапарлардың бірінде 86 жасында (1686-1772; кейбір деректерде 1685-1778) Ұлытаудағы қыстағында көз жұмыпты. «Рухы осы жерде мәңгі дамыл тауыпты» - дейтін көнекөз, көкірегі ояу аталарымыз. ## Дереккөздер
Першин Стефан Яковлевич (1.8. 1910, Ресей, Орынбор облысы Новотроицк қаласы - 3.2.1984, Алматы) - дыбыс операторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). 2-дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1933 жылы Алматы байланыс политехникумын (кейінгі байланыс электротехникалы) бітірді. 1937 - 41 ж. Санкт-Петербургтің кино инженерлері институтында оқыды, әрі Алматының киношежіре студиясында, 1955 жылдан өмірінің соңына дейін "Қазақфильм" студиясында дыбыс операторы болып қызмет етті. Першин деректі-шежірелік, ғылыми-көпшілік және көркем фильмдерді қазақ тілінде жазып шығару жұмысына алғашқылардың бірі ретінде белсене атсалысты. 10-нан астам көркем ("Менің атым Қожа", 1963; "Артымызда Мәскеу", 1967; "Махаббат тәмсілі", 1975, т.б.), 50-ден аса деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің дыбысын жазуға қатысты. 2 рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дүниежүзілік көрме — 1929 жылы болған дүниежүзілік көрме.Сондай-ақ бұл іс-шара Испан алаңы атауымен Барселона және Севилья қалаларында қатар өткен шара. Лондондағы Хрусталь сарайы және Париждегі Эйфель мұнарасы бой көтергендіктен испан жұрты да әлем назарына ілігуді, өзінше жаңалық әкелуді мақсат тұтты. Және сол мақсатына жетті. 1929 жылы аталмыш қалаларда Иберия-Америка бүкіләлемдік көрмесі өтіп, әлем жұртының көшін Пиреней түбегіне бұрған болатын. Севилья қаласының оңтүстігінде орналасқан Испан алаңының орнында ортағасырларда халықтың қазына сақтайтын қоймасы болған. 1715 жылы бұл жерде Суидадела қамалының іргетасы қаланды. Алайда, бұл қамалды 1905 жылдарға дейін тек көз сүйсінетін, ресми шаралар өткізетін орынға айналдырды.Ал, Испан алаңының салына бастау 1928- 1929 жылдардан басталған еді. Әрине, осында өтетін Экспо бүкіләлемдік көрмесіне орай Барселонада олимпиадалық стадион да салынып үлгерді. Экспоға байланысты бірнеше ғимараттарды бұзуға тура келді. Он жыл бұрын салынған алыстан менмұндалаған биік мұнаралар, зәулім ғимараттар орнын босатты. Екі бірдей Венециялық мұнара тұрғызылып, Экспо павильондарына жол ашатын қақпа есебінде салынды. Қазір бұл ғимараттар Мария-Кристина ханым көшесінде орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде бүгінге дейін көрмелер мен жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Осы Испан алаңында салынған субұрқақ әлемде теңдессіз сәулет өнерінің жемісі. Бір субұрқақтың негізінде өрлеуді, сенімді, батырлықты, өнерді, тіпті сауданы да көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Испан алаңының жан-жағындағы ғимараттар да көненің көзі, ежелгі тарихи ғимараттар. Мәселен, бұрын бұқалармен өнер көрсететін коррида аренасы тарихи ғимараттардың бірі. Бүгінде сауда орталығына айналып кетті. Қалған бөлігі ұлттық көркемөнер мұражайына және көрме орталығына айналған.Испан алаңын көгалдандыру жұмыстары француз ландшафт сәулетшісі Жан-Клод Форьестенің көмегімен жүзеге асты. Субұрқақтың айналасындағы гүлдер, павильондар, бәрі-бәрі сол маманның қолымен жасалды. Ал, субұрқақты, алаңның айналасындағы доғалдау салынған ғимараттардың барлығы испан сәулетшісі Анибал Гонсалестің шеберлігімен, бас жоспарымен салынды. Сондай-ақ, Анибал Гонсалестің бастамасымен жүзеге асқан ғимараттар 1920 жылдардағы ең танымал арт-деко стилінде бой көтерді. Ал, субұрқақтың айналасында бедерленген дүниелердің барлығы алфабит бойынша рет-ретімен жасалды. ## Сыртқы сілтемелер * nindo.ru Мұрағатталған 30 қазанның 2013 жылы. * europuzzle.ru
Жылқайдаров Мұқтар (1897-1937), әнші, термеші, ақын, сазгер. Алғашқықа ауыл молдасынан дәріс алып, кейін Атбасардағы орыс-қазақмектебінде оқыған. Жастайынан енерге үйір болып өседі. қазан теңкерісінен кейін ауылдағы мойынсерік, артельге мүше болып, 1928 жылға дейін ауылда еңбек етеді. 1929-1930 жылдары «байдың баласы» деген желеумен Қарсакбай абақтысына қамалады. Одан босанып шыққан сон, Онтүстік Қазақстан өңірінде әр түрлі қызметге жүріп, «Қызыл отау» жұмыстарына белсене араласады. 1932 ж. Ташкент радиокомитетінің әншісі болып жұмыска орналасады. Сондағы пед. Техникум дасабақ береді. 1937 ж. «халық жауы»деген жаламен Ташкент түрмесіне жабылады. Одан арғы тағдыры беймәлім. Жылқайдаров өлен жазып, ән шығарған.«Сарыарка туып-өскен жерім едін, Ақшоқы күңде шыққан белім едін. Көк көденің толқыған ойқырында, Жүйрік пен жорға мініп желіп едім.Сарыаркада сар дала, Сапқын соққан саз дала.Он жетіге келгенде, Толықсиды қыз бала», депбасталатын «Сарыарқа» әні ел арасында Мұқтардікі делінеді. Қазақ өнерінің жанашыры А. В. Затаевичтің «Қазақ халкының мың әні» деген жинағында М. Жьлқайдаров тыңорын дауымен 25 ән,терме жазып алғандығы баяндалады. ## Дереккөздер
Кеңесбай Табылдиев (29 сәуір 1931 ж.т., Жамбыл облысы Тараз қ.) – геол.-минерал. ғылымының докторы (1997). ## Өмірбаяны Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Шолақтау кенішінде геолог (1953–57), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі (1957–76), Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтау бөлімшесінде факультет меңгерушісі, доцент, профессор (1976–92) болды. 1996 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызмет атқарды. ## Еңбектері «Закономерности размещения фосфоритоносных формаций Южного Казахстана и перспективы поисков фосфоритов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Татыр шөп (Шағыртікен лат. Onopordon) - күрделі гүлділер тұқымдасының бір туысы. Уөбіне екі жылдық, кейде көпжылдық шөптес өсімдіктер. ## Биологиялық анықтамасы Сабағының биіктігі 50-150 см, жоғарғы жағы тармақталып өседі. Жапырағы үлкен, қалың, шеті тікенекті. Гүл шоғыры - себет. Жемісі - тұқымша, ірі, сопақша келген. Тұқымы шілде-қыркүйекте піседі. ## Таралуы мен өсетін жерлері Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп. Көбіне Европаның Ортажер теңізінің маңындағы елдерде, Солтүстік Африка, Канар, Кавказ, Батыс және Орта Азия елдерінде таралған. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Татыр шөп жол бойында, далада, қыратты жерлерде өседі. ## Зияны Шабындық және егіншілікке зиянды, сондықтан оны тұқымы піскенге дейін шауып тастап, жерді терең жырту керек. ## Түрлері Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп. * Onopordum acanthium L. - Тікенді татыршөп * Onopordum acaulon L. * Onopordum anatolicum Boiss. & Heldr. ex Boiss. * Onopordum bracteatum Boiss. & Heldr. * Onopordum carduchorum Bornm. & Beauverd * Onopordum caricum Hub.-Mor. * Onopordum cynarocephalum Boiss. & Blanche * Onopordum illyricum L. * Onopordum leptolepis DC. * Onopordum nervosum Boiss. * Onopordum nogalesii Svent. * Onopordum seravschanicum Tamamsch. * Onopordum tauricum Willd. * Onopordum turcicum Danin ## Дереккөздер
Орынбай Дайырбеков (1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) — ғалым. Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері (1990). Денсаулық сақтау ісінің үздігі. ## Толығырақ Дулат тайпасының Жаныс руынан. * Орынбай Дайырбеков 1942 жылы 10 қаңтарда Түркістан облысы Төле би ауданы Көксаяқ ауылында дүниеге келген. * 1968 жылы Алматы мемлекеттік медицина инистиутын бітірген. * Еңбек жолын 1968 жылы Ұлы отан соғысы мүгедектерінің республикалық госпиталінде дәрігер - рениматлог қызыметінен бастаған. * 1971 - 1988 жылдары Қазақ емдік-тәжірибелік хирургия институтының кардиохирургия бөлімінде хирург-дәрігер, аспиранты, Алматы қаласындағы қалалық №4 ауруханасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері, Алматы облысы ауруханасының бас дәрігері, облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. және эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. институты директорының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды. * 1999 - 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры. * қазіргі таңда А.Н. Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталдық хирургия ғылми-зерттеу институты директоры лауазымында. * Негізгі ғылыми еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тәсілдерін қолдануға арналған. Ал ғылыми жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған. ## Марапаттары * 1990 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері * 1993 - Медицина ғылымының докторы * 1996 - профессор * 1998 - "Астана" медалі * 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігне 10 жыл" медалі * 2002 - ҚР тұңғыш президентінің алғыс хаты * 2004 - Құрмет ордені * Парасат орденінің иегері * Төле би ауданының құрметті азаматы * Түркістан облысының құрметті азаматы * Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі. ## Дереккөздер
Салманов Орынбай (1925 ж. т., Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы) – мал дәрігері, Ұлы Отан соғысының ардагері. Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1980 жылға дейін Маңғыстау облысындағы кеңшар, ұжымшарларда мал дәрігері болып қызмет атқарған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
ЖАНӘДІЛОВ Орынбай (1933, Арал ауданы – 1977, Қызылорда қаласы) – теміржолшы, КСРО-ның құрметті теміржолшысы. Ташкент темір жолы институтын бітірген (1956). 1956 – 1961 ж. Жамбыл депосы, Жамбыл темір жол бөлімшесінде қызметте болды. 1961 – 1977 ж.Қазалы вагон депосы, Шымкент кәсіподақ саласында жауапты қызметте, Қызылорда темір жол бөлімшесін басқарды. Жанәділов бірнеше рет Қызылорда кеңесінің депутаты, болып сайланды. Бірнеше мемлекеттік ордендер мен медальдардың иегері. Облыста темір жол саласының өркендеуіне үлкенүлес қосқан.
Баймұхамедов Мұхамеджан (1811 — 19.4.1896) — Ресей армиясының генерал-майоры (1869), Әбілқайыр ханның шөбересі, генерал-майор Айшуақов Баймұхамедтің баласы, Ресейдің отарлау саясатын қолдаушы. Әкесінің жолын қуып, жергілікті әкімшілік қызметте болған. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға араласып, хорунжий атағын алған (1839). 1841 жылы 28 ақпанда Кіші жүздің батыс бөлігіндегі 8-дуан басшысы болып тағайындалған. Қазақ даласында Ресей отаршылдығы тәртібінің орнығуына ат салысып, түтін салығын жинаумен, қолға түскен орыс тұтқындар мен қашқындарды босатумен, орыс көпестерінің, керуендерін күзету ісін ұйымдастырумен, т.б. шаруалармен шұғылданған. Маңғыстаудағы Ново-Петровск бекінісінің салынуына көмектескені үшін 1846 жылы 14 қарашада старшина атағына ие болған. 1846—1947 жылдары Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Санкт-Петербургте император Николай І-нің қабылдауында болды. Сол қалада ұлы князь, болашақ император Александр ІІ-нің ординареці міндетін атқарды. 1853 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовскийдің экспедициялық корпусы құрамында Ақмешітті алуға қатысқаны үшін подполковник шенін алды. Перовскийдің ұсынысымен, 1855 жылы 15 қарашада Кіші жүздің орталық бөлігіне аға сұлтан болып тағайындалды. 1855 — 1956 жылдары Есет Көтібарұлы қозғалысын басуға, орыс әскерлерінің 1865 жылы Ташкентті, 1873 жылы Хиуаны жаулап алу жорықтарына қатысты. Орск —Ырғыз—Қазалы—Перовск почта желісін салғызды, далалық мектептер аштырды. Патша үкіметіне сіңірген еңбегі үшін І-дәрежелі Станислав, І-және ІІІ-дәрежелі Анна ордендерімен, 1853—1956 жылы Қырым соғысы құрметіне арналған қола медальмен марапатталды. Санкт-Петербург пен Мәскеуде бірнеше рет болған. Далалық өлкеден Александр ІІІ мен Николай ІІ-нің императорлық таққа отыру рәсімдеріне шақырылған. ## Дереккөздер