text
stringlengths
3
252k
Рахат Құсайынұлы Қосбармақ (1972 жылы туған, Бейнеу ауданы,Қызыләскер ауылы ) – журналист, 2006 жылдан Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. * ҚазҰУ-ды бітірген (1994). * 1990 – 1991 жылдары студенттердің республикалық «Өркен» газетінде корректор, тілші * 1992 – 1993 жылдары «Жас қазақ» * 1991 – 1993 жылдары «Рауан» газетінде тілші * 1994 жылы «Таңшолпан» телекомпаниясында редактор * 1994 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының телерадиокомпаниясында редактор, бас редактор, аға редактор, төрағаның орынбасары * 2003 жылы «Ар» телестудиясында * 2004 – 2005 жылдары Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі * 2006 жылы «Отан» РСП, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ төрағасының орынбасары болды. * Қазір «Ар.кz» газетінің бас редакторы. * «Кемпірқосақ» (1996), «Жаздың ең соңғы күні» (1999), «Бекет ата» (2000) кітаптарының авторы. * Республикалық дәрежедегі бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, облыс әкімінің Құрмет грамотасы (1997), алғыс хаттарымен (2000), бірнеше дипломдармен марапатталған. * 2002 – 2003 жылдары «Шабыт» фестивалінің дипломанты. ## Дереккөздер
Иманғалиева Күлипа (1927-1992, Атырау қаласы)-актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1960). Алматы хореография училещесін бітірген (1946). 1948 жылдан қазіргі Атырау облысы драма театрының құрамында қызмет етті. Ойнаған рольдері қатарында Ақтоқты, Баян (Ғ.Мүсіреповтің ("Ақан сері - Ақтоқты" мен "Қозы Көрпеш – Баян Сұлуында"), Ботагөз С.Мұқановтың осы аттас романы бойынша), Қарагөз (М.Әуезовтің осы аттас трагедиясында), т.б. бар. ## Дереккөздер
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ,“Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...” ## Еңбектері 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожа Сұлтанқожаұлымен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзілмеген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді. Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар. Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған. Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ” – 200 жол­дан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қолжаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б. Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтелдер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян. Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген. Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт – Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген. Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын-Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген. Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б. Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін тү­гел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмай­тын­дығы, диалектілік ерек­шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жө­ніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығар­маны кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім. Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольк­лор­дың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жыр­лардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгі­ме­лердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; ма­қал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топ­тамасы, т.б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақт­ы жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршы­лардың шарты. Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгіле­рінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым бі­лімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей оты­рып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әң­гімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұ­рады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған. Қолжазбадағы кейбір материал­дардың жа­зылған жылдары да көрсе­тілген. Мәселен, “Тө­бет ішіндегі Жан­келді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар. Жалпы ауыз әдебиеті мен фоль­клорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс­педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экс­педиция сапар­ларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалым­дар көптеген ауыз әде­биетін жинай­тын тіл­шілер мен өз елінің мә­дениеті мен фоль­клорына жанашыр көз­қараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фоль­клорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды. Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті. В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін салатыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз. Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен XX ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады. * Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. * Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады. * Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз. * Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар. * Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы; * Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; * Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері. Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған. Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен. Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады. Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады. Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді.Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады. Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық. Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады. Жинаушылықтың бесінші ұста­нымы – Мәшһүр Жүсіп фоль­клорды этно­графиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халық­тардың шығу тегіне, рулық құ­рамына, қоныс аударуына, қалып­та­суына, тіпті олардың тұрмыс-тірші­лігіне, қор­шаған табиғи орта­сына, киетін киім­дері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәсе­лен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген. ИМАНИсламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған. "Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..." Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ. ## Сілтемелер * Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шайтанның саудасы
Арыс — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Отырар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылының солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Арыс — Түркістан облысы Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Береке — Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарғалы Обасы – Қазақстандағы тас, топырақ үйіндісінен тұратын көне зират. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында орналасқан. 1939 жылы Жетісу археолог экспедагогика (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Зерттеу нәтижесінде зираттан қыш ыдыстар, жапырақ тәрізді қола пышақтар, біздер, дән үккіштер табылды. Тас табытқа салынып жерленген адамдардың сүйегі аршылды. Қарғалы обасынан табылған заттар Жетісуда б.з.б. 8–7 ғасырларда сақ мәдениетінің қалыптасу кезеңін көрсетеді. ## Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Қалилаханов Төңірберген (10.4.1916, Сарқант ауданы, Кесік құмы) — жазушы, драматург. Талғар қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. "Ленин жолы" газетінде әдеби қызметкер, Ақсу театрында директор болды. ұлы Отан соғысы жылдары алған жарақаттардың салдарынан қос жанарынан айырынса да зерттеу жұмыстарынан қол үзбеген. Ақсу ауданы газетінде редактор болды. Қалилаханов ақын Сара шығармашылығын зерттеушілердің бірі. "Ақын Сара" кітабының авторы. Жазушы қаламынан туған "Абылай аманаты", "Алтын бесік" пьесалары облыс қазақ драма театрының сахнасында қойынған. Тарихи тақырыпта жазылған "Қазақ каганаты", "Қара шаш" пьесалары бар. Қ. "Қыпша" ертегі драмасының, "ӘсетМақпал" либреттосының, "Ақын Сара" киносңенарийінің авторы. Тарихи-танымдық мақалалары мерзімді басылымдарда жарияланған. Жазушының "Түп төркін", "Хандар шыққан Қазақстан" тарихи хикая өңтімелер ңиклі, "Қош, қонақжай дүние", "құдақұрмет", "Балаларыма" деген өлең-поэмалары бар. Қалилаханов Талдықорған қаласында, Қосағаш ауылында, Жансүгіров кентінде акын Сараға ескерткіштің орнатылуына ұйытқы болған азаматтардың бірі. ## Дереккөздер
Береке (2002 жылға дейін – Коминтерн) — Түркістан облысы Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан батысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Нығымет Мыңжани (22. 3.1922, Тарбағатай аймағы Толы ауданы – 22.6.1993, сонда) – тарихшы, этнограф, әдебиет зерттеушісі. 1941 жылы Үрімжідегі Моңғол-қазақ училищесін және полиция училищесін бітірді. 1945–49 жылы Шыңжаң өлкелік Қаржы департаментінің бас хатшысы, 1949–50 жылы өлкелік үкімет бас хатшысының орынбасары, 1950–52 жылы ҚКП ОК Шыңжаң басқармасының бастығы, 1952–58 жылы Бейжің ұлттар баспасы қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі болды. 1958 жылы “оңшыл” ретінде тұтқындалып, 1976 жылға дейін түрмеде отырды. 1978 жылы толық ақталып, аз санды ұлттар тілін зерттеу институтында ғылыми жұмыстармен айналысты. Мыңжани қазақ, ұйғыр, ескі түркі тілдерін білумен қатар қытай, орыс, араб тілдерін де меңгерді. 1980 жылдан қазақ тарихымен айналысып, “Шыңжаң қазақтары” (1981), “Қазақ ру-тайпалары мен ұрандары” (1982) және мемлекеттік тапсырыс бойынша “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбектер жазды. Ол “Тіл – әдебиет” (1942), “Қазақ тарихының дерегі” (1949), “Қазақ хандығының ауыз әдебиеті” (1980), “Қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму дәуірлері” (1981), “Қазақ қиссасы”, “Бақтияр және оның қырық бұтағы” (1982), “Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастан жанры” (1982), “Қазақ халық дастандарының тарихына тән кейбір деректер жайында” (1982), “Қорқыт ата кітабы және қазақтың Қорқыт жыры жайында” (1984), “Қазақтың мифтік аңыздары” (1986) атты көптеген зерттеу еңбектер жазды. Ғалымның 1987 жылы “Қазақтың қысқаша тарихы” және “Қазақтың мифтік аңыздары” атты монографиялары жарық көрді. Сондай-ақ Мыңжанидың “Тұрмыс тілшісі” повесі (1948) мен өлеңмен жазылған “Қарлығаш” романы қытай қазақтары әдебиетінің өсу жолындағы елеулі шығармалар болды. Мыңжани аударма саласына да үлкен еңбек сіңірді. Ол “Сәлиха-Сәмен” дастанын, Шәкәрімнің “Қазақ шежіресін”, Абайдың “Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы” атты еңбектерін қытай тіліне аударды. Сондай-ақ қытайдың ескі әдеби тілінде жазылған “Су бойында” (3-томын), “Қызыл сарай түсі” (4, 6-томдарын) сияқты классикалық шығармаларды қазақ тіліне аударды. ## Дереккөздер
Береке — Жетісу облысы Ақсу ауданы, Матай ауылдық округі құрамындағы темір жол айрығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жансүгіров ауылынан солтүстік-батысқа қарай 87 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Береке — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Кафр-аз-Зият қаласы — Мысырдың қаласы. Тант губернаторлығының батысында, 14 км қашықтықта. Нілдің оң жақ жағалауында орналасқан. Халық саны 500 000 адам (2007 жылғы халық санағы бойынша). Жалпы ауданы 1230 км². Қала тұрғындары қағаз, сабын шығарумен және химиялық өнеркәсіппен айналысады. Теміржол станциясы бар. ## Дереккөздер
Тобық Жармағамбетов (1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы — 1973, Ақтөбе қаласы) — жазушы. 1957 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген. Сосын өзінің туған поселкесінде орта мектепте мұғалім болған. Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редакторы болып істеген. Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті редакциясында және өмірінің соңғы кездерінде мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет істеген. Повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында қалам тартты. Шығармалары: Нәзік бұлттар. А., «Жазушы», 1966; Екі жүрек. А., «Жазушы», 1968; Сентябрь түні. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Соңғы хат. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Ақ жауын. І томдық. А., «Жазушы», 1984. ## Шығармашылығы * Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді. * “Екі жүрек” (1968) * “Қызыл ай” (1970) әңгімелері * “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды. * Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді (1984). ## Дереккөздер
Тоғыз нүктелер шеңбері — бұл үшбұрыштың тамаша нүктелерінің бірі. Оны әдебиетте жиі {\displaystyle O_{9}} деп белгілейді. Әйтсе де төменде тоғы нүктелер шеңбері {\displaystyle N} деп белгіленген. Тоғыз нүктелер шеңбері — үшбұрыштың қабырғаларының орталарынан жүргізілген шеңбер. Оны Эйлер шеңбері, Фейербах шеңбері, алты нүктелер шеңбері, Терквем шеңбері, он екі нүктелер шеңбері, Фейербах нүктелерін қосқанда , n-нүктелер шеңбері, жартылай-сырттай сызылған шеңбер деп те атайды.Бұл шеңбер өз атын келесі теоремадан алған: ## Қасиеттері * Тоғыз нүктелер шеңбері центрі Эйлер түзуінде жатады, дәл ортоцентр мен сырттай сызылған шеңбер центрін қосатын кесінді ортасында. * Фейербах теоремасы. Кез келген үшбұрыштың тоғыз нүктелер шеңбері іштей сызылған шеңберді және сол үшбұрыштың барлық үш тысқары сызылған шеңберлерін жанайды.
Береке — Ақмола облысы Аршалы ауданы, Елтоқ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аршалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Достық атауының мағыналары: ## Елді мекендер ### Абай облысы * Достық – Жаңасемей ауданындағы ауыл. ### Ақмола облысы * Достық – Жарқайың ауданындағы ауыл. ### Ақтөбе облысы * Достық – Мәртөк ауданындағы ауыл. ### Алматы облысы * Достық – Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл. * Достық – Талғар ауданындағы ауыл. ### Батыс Қазақстан облысы * Достық – Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Достық – Бөрлі ауданындағы ауыл. * Достық – Тасқала ауданындағы ауыл. ### Жетісу облысы * Достық – Алакөл ауданындағы ауыл. * Достық – Қаратал ауданындағы ауыл. ### Павлодар облысы * Достық – Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Достық – Павлодар ауданындағы ауыл. ### Солтүстік Қазақстан облысы * Достық – Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. ### Түркістан облысы * Достық – Жетісай ауданындағы ауыл. * Достық – Келес ауданындағы ауыл. * Достық – Мақтаарал ауданындағы ауыл. * Достық – Мақтаарал ауданындағы ауыл. * Достық – Сайрам ауданындағы ауыл. * Достық – Сарыағаш ауданындағы ауыл. * Достық – Төле би ауданындағы ауыл. * Достық – Шардара ауданындағы ауыл. ## Басқа мағыналар * Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. * Достық – Жамбыл облысы Қордай ауданы Степное ауылында орналасқан ауыл шаруашылық кәсіпорны. * Достық ордені * Достық бекеті * Достық ансамблі * Достық каналы * Достық даңғылы (Алматы) * Достық көшесі (Астана) * Достық (футбол клубы, Алматы)
Ыбырайым Сүлейменов (1908, Сарысу ауданы, Ұйым ауылы – 15 қазан 1943, Ресей, Невель қаласы) – 2-дүниежүзілік соғыс қаһарманы. ## Өмірбаяны Орта жүз Тарақты руынан шыққан. * Сарысу ауданының «Қызыл Күншығыс» кеңшарында еңбекке араласады. * 1939 жылы Жамбыл ауданындағы Жамбыл МТС-нде тракторшы болып істейді. * 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып мергендікке баулынады. * Калинин майданының сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде №470000 мергендік винтовкасымен 79 фашисті жер жастандырады. * Великие Луки қаласы үшін болған шайқаста 60 жаудың көзін жояды. 1943 жылы күзінде Невель қаласы үшін болған кескілескен шайқаста Сүлейменов 102 фашисті өлтіріп, өзі де асқан ерлік көрсетіп қаза табады. Ержүрек жауынгердің денесі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметовамен бірге Невель қаласының орталығына қойылған. ## Марапаттары * Ленин ордені * Қызыл Жұлдыз ордені * «Ерлігі үшін» медалі ## Есте сақтау Оның ерліктері жайлы 3-ші тегеурінді Армияның командирі болған генерал К.Н. Галицкийдің * «1941 – 44 қаһарлы жылдар шежіресі» Ә.Нұршайықовтың * «Невель түбінде» * «Автопортрет», Қ.Шәріповтің * «Қатардағы қаһарман» * «Қаруластар» атты кітаптарында Б. Адамбаевтың * «Ыбырайым батыр» атты поэмасында академик С.Бәйішевтің * тағы басқа естеліктерінде кеңінен баяндалады. ## Есімімен аталады: * Невель қаласында көше * Сарысу ауданындағы Ұйым ауылында орта мектеп * Тараз қаласындағы орталық көшелердің бір ## Дереккөздер
Мұнай кенорны - бір немесе бірнеше тұтқышпарда жинақталған, бірыңғайқұрылымдық элементтермен сипатталатынжәне бір ғана жергілікті алаңда орналасқанмұнай жатындарының жиынтығы. Мұнай кенорныкристалдық іргетасы келбрийге дейінтұрақтанған платформаларда, қатпарлы негізіпалеозойлық жас платформаларда, шеткіойысымдарда, эпипталтформалық және эпигеосинклиндік орогендік аймақтарда орнығуыықтимал. Оны сипаттаушы негізгі өлшемдер:геологиялық құрылысы, өнімді горизонттары мен флюидтік тіректердің сипаттамасы,тұтқыштары мен жатындарының типтерімен саны, жатындардағы көмірсутектердіңфазалық күйі, қорлары және алаң бойыншаолардың тығыздығы. Жатындарының саныжөнінен бір жатынды, бірнеше жатынды,көмірсутектердің фазалық мөлшері жөніненмұнай, газ-мұнай, газ-конденсат-мұнай кенорындары болып ажыратылады. ## Дереккөздер * Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі — 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енген орталық атқарушы органы. 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Бұл туралы №917 Жарлыққа қол қойылды. Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. ## Тарихы Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді. ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету. ## Құрылымы * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ## Министрлікті басқарғандар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы.
Сиыр обасы — сиырлар және т.б. ірі жұптұяқтылар(африкалық бизондар, бөкендер, бұғылар, керіктер, гнулар) ауыратын вирусты инфекциялық ауру. Сиыр обасы өлітию түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықтарының, ісініп өліеттенуі, дене қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирустық ауру. ## Тарихи деректер Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дәуіріміздің бастапқы кезеңінде кездеседі. Б.з.б. ғ-да Аристотель өзінің «Historia Animalium» атты еңбегінде дертке сипаттама берген. Италиялық дәрігер және профессор Бернардино Рамадзини оның жұқпалы екендігін 1712 жылы анықтаған. Қоздырушысының 1902 жылы Морис Николь мен Әділ Мұстафа ашты. 19 ғасырдың аяғына дейін сиыр обасы лаң түрінде дүниежүзіне кең тарады. Дертке соңғы рет 2001 жылы Кенияда үй жануарлары ұшыраған. 2010 жылдың 14 қазанында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ауруды жою науқанының аяқталуына жақындығы туралы және 2011 жылдың маусым-айында ол бүкіл әлемде түп-тамырымен жойылатыны туралы мәлімдеді. ## Қоздырушысы Ауру қоздырушысы - Rinderpest morbilli virus, құрамында РНҚ бар парасовирустар тұқымдастығының Morbillivirus туыстастығына жататын вирус. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада және өлшемде полиморфты келеді. Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал кейбірі жіпше тәрізді болады. Сиыр обасының, ит обасының және қызылшаның вирустарының өзара ортақ антигені бар. ## Төзімділігі Сиыр обасының вирусы сыртқы ортада онша төзімді емес, 60°С қыздырғанда бірнеше минутта, тұрғын үй температурасы жағдайында 3-4 тәулікте өледі. 20°С-та 3-6 айға дейін сақталады. Шіріген көңде тез өледі. Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат аралығында жойылады, бірақ, сүйек майында 30 күнге дейін сақталады. Күннің көзінде 30сағат, ал жайылымда 36 сағат ішінде өледі. Сойылған малдың етінде вирустың сақталуы аутолиз поцесінің жылдамдығына байланысты. Егер сүт қышқылы уақытылы түзіліп, тұздалған етте 3 айға дейін сақталады. Сойылған малдың терісінде, көлеңкеде кептірілсе, вирус зардаптылығын 48 сағат, ал байыздалмаған малдың терісінде 24 сағат жояды. Дезинфекция үшін 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бұл ерітінділердің әсерінен вирус бірнеше минут ішінде өледі. ## Індеттік ерекшеліктері Сиырдың обасымен сиырдан басқа африкалық бизондар, бөкендер, бұғылар, керіктер, гнулар және енеке ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру шошқаның кейбір тұқымдарына да жұғуы мүмкін. Бұзау ересек сиырға қарағанда обаға өте бейім. Кейбір сиыр тұқымдары, мысалы, жапонның қара сиыры, кореяның сары сиыры, Үндістанның таулы аймақтарындағы сиырлар обаға сезімтал келеді. Ауру тұрақты жайлаған өлкелерде жергілікті мал біршама төзімді. Обаны жасанды жолмен сиырдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардан үй қояны мен ит бейім келеді. Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нәжіс, несеп, сүт, сілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөлініп шығаратын ауырған және ауырып жазылған малдар атқарады. Обадан өлген малдың өлексесі, ауырып жұққанда тез жазылып кететін қой, ешкі, бөкендер, шошқа т.б. жануарлар қоздырушысының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аңдар, құстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының малды күтетін адамдар, көлік, жем-шөп, су, төсеніш, арқылы да таралуы мүмкін. ## Өтуі мен симптомдары Жасырын кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады. Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-қа көтерлуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі мезгілде ғана аздап төмендейді. Жем-шөп жеуі саябырлап, ішек-қарында атония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің конъюнктивасы қызарып, қабықтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күңгірттенеді, көздің алдыңғы камерасында эссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады. ## Патологиялық-анатомиялық өзгерістер Өлексе өте арық. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, қан кернеген. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, оның астында алқызыл ойылым болады. Құрсақ қуысындағы сұйықтық қызқылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардың қабырғасы қалыңдап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталайды. Өліеттенген эпителий сұрғылт-сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, қан кернеп, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі. Тік ішектің қабырғасы қанталап, өліеттенген ірімік массамен бүркеліп тұрады. Көкбауыр аздап ұлғайып, капсула асты қанталайды. Өт қабындағы өттің мөлшері көбейіп, исі жағымсызданады, ал кілегейлі қабығын қан кернейді, ұсақ ойылымдар кездеседі. Бүйректері өзгеріске ұшырап, астаушысының кілегейлі қабығы домбығып, қанталайды, несепке қан араласады. Жүрек созылып, миокард азғындап, болбырайды. Эндокард және эпикард қанталайды. Өкпе домбығып, қан кернейді, кейде қабынған ошақтар ұшырасады. Миды қан кернеп, домбығады, гистологиялық тексеру лимфоцитарлық іріңсіз энцефалитті айқындайды. ## Емі Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынған. Ауырған мал сойылып, өлексе өртеледі. ## Дауалау және күресу шаралары Обаны болдырмау үшін шекаралық аймақты қатаң бақылап, ауру шығу қаупі төнген сәтте бейім жануарларды жедел егу керек. Сиыр обасы шыға қалған кезде елді мекенге карантин қойылып, малдың қай түлігі болмасын ол жерден әкетуге тиым салынады. Сонымен қатар, ол жерден жем, мал өнімдері алынбайды, тері дайындалмайды, адамдардың келіп-кетуіне, көлік қатынасына рұқсат етілмейді. Тәулік бойы кезекшілік бекітілген күзет қойылады. Барлық сиыр малын қолда ұстап бағады. Ортақ суаттан суаруға тиым салынады. Күн сайын термометрия жүргізіп, температурасы барын оқшаулап, 2-3 күнде ыстығы қайтпаса сойып, терісімен қоса өртейді. Күн сайын қораны тазалап, дезинфекциялайды. Ауру шыққан жердегі барлық сиыр малын бір мезгілде обаға қарсы егеді. 10 күн өткен соң жайылымға шығарады. Ауру мал тұрған қораны әктеп, кемінде 4 күнге жауып тастайды. Карантин соңғы ауырған малды жойғаннан соң 21 күннен кейін алынады. Ол жерден мал әкетуге карантин алынғаннан кейін 5 айға шектеу қойылады. Бұл мерзім өткенде шеттен обаға бейім малды әкелуге рұқсат етіледі. Әкелінетін мал обаға қарсы алдын-ала егілуге тиіс. ## Дереккөздер
Береке — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Береке ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Ильминский Николай Иванович (23 сәуір 1822, Ресей, Пенза – 27 желтоқсан 1891, Қазан қаласы) – орыс педагогы, миссионер. ## Өмірбаяны * Пенза діни семинариясын (1842) бітірген. * Қазан діни академиясын (1846) бітірген. * Қазан діни академиясында оқытушы (1846–51) болған. * Шығыс тілдерін жете меңгеру мақсатында ғылыми сапармен Сирия, Мысыр, Түркияны (1851–54) аралады. * Қазан діни академиясында шығыс тілдерінен сабақ береді (1854–58). * Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы (1858–61). * Қазан университеттінің профессор (1861–72) қызметтерін атқарған. * 1872 жылдан өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған Қазан мұғалімдер семинариясының директоры болды. ## Ғылыми жұмыстары * «Материалы к изучению киргизского наречия» (Қазан, 1861) атты 200 беттік еңбегінің алғашқы 40 беті Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған да, қалған 160 беті Қазақша-орысша сөздік ретінде берілген. * Басқа да түркі тілдерін зерттеумен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырумен де («Ер Тарғын», Қазан, 1862; «Қисса Рабғузи», Қазан, 1859), этнограф, тарих мәселелерімен де шұғылданды (мыс., «Бабыр сұлтанның жазбалары», 1857). Патшалық Ресей үкіметі Еділ, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминский Николай Ивановичтің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Осыған орай мектепте оқытудың білімдік мәнінен гөрі діни-насихаттық жағы басым болды. Осындай кемшіліктерге қарамастан Ильминский Николай Иванович отар халықтардың білім беру ісін дамытуға елеулі үлес қосты. Араб әліпбиі орнына орыс графикасына негізделген әліпби ұсынды. Ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринмен қызметтес болып, ол туралы естелік жазды. ## Дереккөздер * Профессор Н.И.Егоров. Выступление на чувашском языке (Круглый стол, посвященный к 195-летию со дня рождения Н.И. Ильминского, 120-летию Н.Н. Поппе и 145-летию К.П. Прокопьева). Чăвашла. * Сергей Щербаков: Миссионерско-просветительская система Н.И. Ильминского и чуваши: две стороны одной медали * Agabazar: Сумбур вместо гармонии
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі — 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енген орталық атқарушы органы. 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Бұл туралы №917 Жарлыққа қол қойылды. Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. ## Тарихы Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді. ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету. ## Құрылымы * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ## Министрлікті басқарғандар ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы.
Боранбаев Қанай (1896, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылы — 15.1.1938, Ресей, Магадан) — 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі, заңгер. Верный ерлер гимназиясында оқыған. Оны бітірген соң, белгілі қоғам қайраткері Б. Сырттановтың тікелей қолдауымен Варшава университетінің заң факультетіне түскен. Оның 3 курсын бітірген соң, белгісіз себептермен оқудан шығып кеткен. 1918 — 19 ж ол Ташкент қаласында Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан құрылған Жетісу облысы төтенше комиссарының көмекшісі, 1919 — 21 ж өлкелік партия к-тінің хатшысы әрі Түркістан майданы 3-дивизиясы ревтрибуналының мүшесі, 1921 — 23 ж облыстық төтенше комиссияның тергеу бөлімінің меңгерушісі, 1924 ж Жетісу облысының прокуроры болды. Осы жылдары төтенше өкіл ретінде Қытай еліне бірнеше рет барып, ауа көшкен қазақтарды елге қайтару ісімен айналысқан. 1924 ж 27 қарашасында юстиция халық комиссары және республика прокуроры лауазымына тағайындалады. Боранбаев жаңа қызметінде сот-тергеуші, прокуратура органдарының жұмыстарын уақыт талабына сай ұйымдастырып, мәселелердің коллегиалды жолмен шешілуіне назар аударады. Комиссариаттың ішкі жұмыс тәртібі туралы ережені бекітіп, әр қызметкердің міндетін айқындайтын нұсқамалар әзірлейді. Комиссариаттың құрамына қазақтың іскер, білімді заңгер-мамандарын тарту бағытын батыл ұстанып, ұлттық кадрларды тәрбиелеуге көңіл бөлді. Кейін Орал қаласының прокуроры қызметін атқарған. 1926 — 28 ж ауыл шаруашылығы банкінің бастығы. Өмірінің соңғы жылдарында Қырғызстан, Өзбекстан республикаларында әр түрлі жұмыс істеген. 1933 ж “Қызыл Чарвадор” кеңшарында (Өзбекстан) директор болып тұрған кезінде “троцкийшіл, ұлтшыл, контрреволюцияшыл” деген саяси айыппен сотталып, Магаданға жер аударылған. 1938 ж 15 қаңтарда лагерьде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін НКВД-ның үш адамнан құрылған соты оны ату жазасына кескен. Боранбаев 1963 ж 3 қыркүйекте Өзбек КСР Жоғары сотының ұйғарымымен толық ақталды. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Достық — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл, Достық ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде. ## Халқы ## Тарихы Негізі 1946 жылы «Путь к коммунизму» мақта ұжымшарының құрылуына байланысты қаланып, Ждановское ауылы аталған. 1991-1997 жылдары Достық ұжымшары деп аталды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. ## Инфрақұрылымы «Достық» мәдениет үйі, орта мектеп, емхана, кітапхана бар. Ауылдан мақта өсірушілер бригадирі Социалистік Еңбек Ері Ли Гым Ие шыққан. ## Дереккөздер
«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Сәдуақасов. А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар "Еңбекші қазақтың" бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған. Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болады. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрды. «Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары. ## Марапаттары «Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді. Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр. Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты. ## Таратылуы Жазылым бойынша — 87 % Бөлшек саудада— 13 % Ұжымдық жазылуда — 9 % Жеке жазылуда — 78 % VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары). Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды. Газетті тарататындар: «Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар. «Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды. Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл. Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000. «Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті ## Сыртқы сілтемелер * Ресми торабы Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Боранбаев Әнуар (1948 жылдың 1 наурызы Қостанай облысы Амангелді ауданында туған — 1999 жылдың 14 желтоқсаны Алматыда қайтыс болған) — актер, Қазақстанның халық артисі (1998). ## Өмірбаяны Алматы консерваториясын бітірген (1970). Ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды. "Актер үшін қашан да рөл жасау, рөл дауысы шықса, одан артық қуаныш жоқ" деген сөздер Әнуар Боранбаевтың көрермендеріне арналған алғыс сөздер. Аңғарымпаз, ойы жүйрік, өресі кең, тілге шешен, үні әсем, еңбекке икемді. Қоғамдық жұмыстарға да өз үлесін қосқан актерлердің бірі болған. Қазақ газетіндегі сұхбатының соңын: «Құрметтерін білдірген азаматтарға, өнеріме көрсеткен ықыластары үшін үлкен ризашылығымды айтқым келеді» деген ілтипат сөздермен аяқтаған. ## Театрдағы және фильмдегі рөлдері Алғашқы ойнаған рөлдері — М.Әуезовтің “Түнгі сарынындағы” мұғалім Сапа мен Ә.Әбішевтің “Белгісіз батырындағы” Жандос. Боранбаевтың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Олардың ішінде “Қарагөздегі” Сырым, “Айман — Шолпандағы” Арыстан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Бірсімбай, “Еңлік — Кебектегі” Кембай, ұлы жазушы аударған У. Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Люченцио рөлдері — актердің үлкен шығармашылық жемісі. Сондай-ақ, Еламан (Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде”), Жәкен (Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде”), Момын шал (Ш. Айтматовтың “Ақ кемесінде”), Бөгембай (Т. Ахтановтың “Антында”), Майсалбек (Айтматовтың “Ана — Жер-Анасында”), Тергеуші (Әуезовтің “Қилы заманында”), Полковник (С. Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Незнамов (А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптыларында”), т.б. бейнелері — актердің сахналық табыстары болып табылады. Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Мысалы, Тастан (“Гауһартаста”), Қойшы (“Біздің үй көгілдір таулар ортасында”), Рысқұлов (“Түрксібте”), т.б. ## Фильмографиясы * 1974 - Қанатсыз фронт - Бейсембаев * 1975 - Дала гүрсілі - Таңатаров * 1975 - Гауһартас - Тастан * 1977 - Тел өскен ұл - Көкеш * 1977 - Фронт шебінің арғы жағындағы фронт - Бейсембаев * 1980 - Мінезі қиын балалар - Сағымбеков * 1981 - Ақырғы аманат - Қасымов * 1981 - Жаудың тылындағы фронт - Бейсембаев * 1982 - Мен сіздің туысыңызбын - Ораз Рахметов * 1985 - Біздің үй көгілдір таулар ортасында - қойшы * 1986 - Сену және білу - Асан * 1986 - Түрксіб - Рысқұлов * 1990 - Созақтан шыққан Гамлет әлде Мамайя Кэро - эпизод * 1991 - Жансебіл - эпизод ## Дереккөздер
Хамит Ерғалиев ауылы (1998 ж. дейін - Новобогат) — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Қамысқала ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы Аққыстаудан солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3347 адам (1682 ер адам және 1665 әйел адам) болса, 2009 жылы 3451 адамды (1742 ер адам және 1709 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3719 адамды (1919 ер адам және 1800 әйел адам) құрады. ## Этимологиясы Көнеден қалған ауызекі әңгімелерше қарағанда, бұл жердегі басты байлық көзі - теңіз балығы болған. Орыстың бай көпестері иелік қылған теңіз байлығының бір тартым учаскесі ауылдың оңтүстігінде орналасып, ауланған балықтар Гурьев қаласына, кейде Астраханға жіберіліп отырылған.1841 ж. қазіргі ауылдың орнынан қамыстан алғаш үйлер құрылысын бастаған. Алыстан көрінетін, әрі қамыс материалынан салынған балықшылар үйлерін халық Қамысқала деп атап кеткен. Ауылдың Новобогат аталуының да өз жорамалдары бар. Бұл мекенге кезінде С.Разин, кейін 1880 жылдарда Негайдың баскесерлері бас сауғалаған. Жергілікті байлардың молаларға тыққан алтындарын тауып, алып кетпекке келген Новиков, Выборнов, Богатиков деген үш адам осы жерді қоныс қылып қалып қойған деседі. Міне, осы үш адамның фамилияларынан Новобогат атауы пайда болған десе, өлкетанушы М.Намазғалиев: «Бұл атау осы аумақтан мұнай көзі табылып, ел жаңа байлыққа кенелген шақта қойылған жер атауы», - деп пайымдайды. ## Тарихы Ауыл шежіресінің ең басты дерегі Қамысқала алаңына «Ағайынды Нобельдер» мұнай фирмасының келуімен, олар өндірген мұнай өндірісімен үндеседі. 1911 ж. 250 нүктеге ағаштан белгілер қағылып, геологиялық зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. 1915 ж. Орал қаласынан Анатолий Ковалев деген орыс жігіті келіп, мұнай айыратын шағын зауытты іске қосса, Гурьев қаласынан келген Сергей Толстов екінші май айыру цехын ашып, мұнайдан бензин, керосин, солярка айыра бастайды. Кейін шағын зауыт пен «Ащыбұлақ» деп аталған ағылшын мұнай өндірісі біріктіріліп, Қамысқала өндірістік комбинаты болып құрылды. Жаңа кәсіпорын директорлығына жергілікті азамат Жұмағали Иманғалиев тағайындалды. 1957 жылы құрылған «Новобогат» кеңшарының орталығына айналған тарихи ауыл келбетін өзгертіп, жаңа мектеп ғимараты, 1966 ж. облыста алғашқы болып типтік жобадағы 35 кереуеттік аурухана, сауда нысандары, 1970 жылдар бастауында мәдениет үйі, типтік балабақша құрылыстары салынды.Тәуелсіздік жылдарында селолық округ орталығынан Новобогат орта мектебі, бала-бақша ғимараттары бой көтерді.Ауыл қазіргі уақытта Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын Хамит Ерғалиев есімімен аталады. 1928-1930, 1939-1957 жылдары Новобогат ауданының орталығы болды. ## Елді мекендегі көшелер * Ибатолла Шөкетаев көшесі * Зейнолла Әбежанов көшесі * Сәулеш Әдиев көшесі * Жұмағали Айтбаев (Жаңақұрылыс) көшесі * Қинаш Сахуалин көшесі * Ғилымғали Жәңгіров көшесі * Серік Жұмағалиев (Парк) көшесі * Мұхиден Ғалиев көшесі * Шаймардан Сариев көшесі * Мадияр Қостанбаев көшесі * Иманғали Жұбанов (Завод) көшесі * Қуан Қасымов көшесі * Ұлыш Сапарғалиева көшесі * Ахмет Жұбанов көшесі * Зинетолла Қарабалин көшесі * Қабдығали Хисин (Бақсай) көшесі * Қамысқала көшесі * Хамит Балмолдин (Ембі) көшесі * Амангелді Иманов көшесі * Жамбыл Жабаев көшесі * Ысқақ Әбілов (Шошақ ағаш) көшесі * Төре Дәулетияров (Юрий Гагарин) көшесі * Ұзаққали Сабыров көшесі ## Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауылда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, 2 балабақша, Новобогат дәрігерлік амбулаториясы, жанар-жағармай бекеті, т.б. әлеуметтік нысандар бар. ### Мектептер * Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп — (бұрынғы Амангелді мектебі), 1929 жылы мектеп 7 жылдық, 1939 жылы орта мектеп болып құрылған. 1966 жылы қазіргі жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектепте 90 мұғалім жұмыс жасауда. * Новобогат орта мектебі — 1975 жылы орталау білім беретін мектеп ретінде ашылып, 1998 жылдан бастап орта мектепке айналдырылды. 2004 жылы 30 тамыздан бастап типтік үлгідегі мектеп үйі пайдалануға берілді. Мұғалімдер саны - 38, оқушылар саны - 257, сынып саны - 17. ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * "Айжұлдыз" бөбекжай-балалар бақшасы — 2016 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру басқармасының демеушілігімен салынып 2017 жылы пайдалануға берілді. Бала бақша екі қабатты, сиымдылығы 100 балаға арнап салынған. * „Аққу“ балабақшасы — 1983 жылы 90 орындық мекеме болып өз жұмысын бастады. 2016 жылдың 31 тамызында атауы "Аққу" бөбекжай-балабақшасы болып өзгертілді. ### Саз мектебі * Новобогат балалар саз мектебі — 1991 жылы Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің филиалы болып, 1995 жылы өз алдына саз мектебі болып ашылды. Мектеп оқушыларға домбыра, қобыз, сырнай мамандықтары бойынша аспаптарды жете меңгерту бағытында жұмыс жасайды. ## Шаруа қожалықтары «Қабибулин», «Бекет», «Серижан» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қараны асылдандыру жұмыстарын қолға алып, ет өнімін өндіру бағытында игілікті жетістіктерге жол ашып отыр. ## Діни ұйымдар қызметі «Қамысқала» мешіті — 2004 жылы салынған. Жалпы аумағы 0,36 га. Мешіт ерлер залы (80,7 шаршы метр), әйелдер залы (42 шаршы метр) және имам бөлмесінен тұрады. Оның 14 метрлік 1 мұнарасы және екі бүйірінде 10 метрлік екі мұнарасы бар. Үлкен күмбезі негізгі зал үстіне салынған. Мешіт дала түстес кірпіштен қаланған. Қасбеті Орта Азиялық мешіттер сәулетін еске салады. Ғибадатхана михрабына шаһадат калимасы, ал екі жағына «Алла» және «Мұхаммед» деп жазылған. Күмбез астына «Аятул курси» аяттары өрнектелген. Еденге «Алматыкілем» фабрикасының кілемі төселген. Мешіт үйінің құрылысы Исатай ауданының Құрметті азаматы, Нұрпейіс Мақашевтың бастамасымен салынды. Құрылысты жүргізген мердігер «Ғимарат» ЖШС. ## Дереккөздер
* Тұщықұдық — Атырау облысындағы ауыл. * Тұщықұдық — Маңғыстау облысындағы ауыл. ## Тағы қараңыз * Тұщықұдық ауылдық округі
Көктоғай ауданы (ұйғ. كۆكتوقاي ناھىيىسى; Köktoqay nahiyisi, қаз. كوكتوعاي اۋدانى; Көктоғай ауданы) немесе Фуюн уезі (қыт. 富蕴县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Әкімшілік орталығы — Қуертіс кенті. ## Тарихы Көктоғай 1937 жылы Бурылтоғай ауданынан жеке бөлініп шықты. 1959 жылы әкімшілік орталығы Көктоғай кентінен Қуертіс кентіне ауысты.Бұл жер аты алты Алашқа мәлім болған әйгілі, 20 ғасырдың "Шыңғысханы" аталған Оспан Батыр Исламұлын дүниеге әкелген қойнауы құт дарыған киелі өлке. Қазақтың Қаны көп төгілген Қанды өлке. * 1946 жылы Кеңес одағы ядролық қару жасауға күш салған тұста, Көктоғайда мол уран қорын тауып, уран кенін ашады. Сол жылы Қытайда АҚШ қолдауындағы Гомин үкіметі мен Кеңес одағы қолдауындағы Компартия арасында азаматтық соғыс қайта жанданды. Құрама Штаттар Кеңес одағының ядролық қару өндіру, уран қорына ие болуына кедергі келтіру мақсатында Қытайдың Гомин үкіметі арқылы Алтайдағы төңкеріс жетекшісі Оспан батырмен байланыс орната бастайды. Нәтижесінде, Оспан батыр мен Гомин билігі қою қарым-қатынас орната бастайды. Сол жылы Оспан батыр Көктоғай мен Шіңгілдегі ел ағаларының басын қосып, жиын өткізеді. Содан бастап Көктоғай мен Шіңгіл халқы ШТР немесе біріккен үкіметке салық төлеуден бас тартады. Бұл дербестік алудың белгісі еді. Сол тұстағы үкімет басшылығындағы Дәлелхан Сүгірбайұлы пен Ысқақбек генерал Оспан батырды райынан қайтаруға да құлшынып көреді, бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталады. * Әйгілі адамдары: Оспан батыр, Ізғұтты батыр... ## Географиясы Аудан солтүстігінде Моңғолиямен, шығысында — Шіңгіл ауданымен, батысында — Бурылтоғай ауданымен, оңтүстігінде — Чанцзы-Хуэй автономиялық аймағымен шекараласады.Шыңжаң Ұйғыр автономялық ауданының терістігінде, Алтай аймағының шығысынан, Ертіс өзенінің жоғарғы ағарынан орын алған, Алтай аймақтық әкімшілік мекемесі тұрған Алтай қаласынан тасжол аралығы 237.3 км., Іле Қазақ автономялық обылысының орталығы Құлжа қаласынан 1196 км., Шыңжаң Ұйғыр автономялық ауданының орталығы Үрімжі қаласынан 480 км. қашықтықта؛ солтүстігінде Моңғолиямен, Шіңгіл ауданы мен шекараласып, батысында Буырылтоғай ауданымен жалғасып, оңтүстігінде Жұңқар ойпатына сұғынып кіріп, Санжы Хұйзу(Дүңген) автономялық обылысының Шонжы, Жемсәрі сияқты аудан, қалаларымен шекараласады. Көктоғай ауданының жерінің шығысынан батысына дейінгі бойлығы 333 км., оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі бойлығы 133 км., бүкіл аудан жерінің әкімшілік аудандарға бөліну аумағы 33 мың 699 шаршы км., жайылымдық аумағы 54 мың 277 шаршы км. * Көктөғай ауданының жер бедері Көктоғай ауданының жер бедері солтүстігі биік, оңтүстігі аласа келіп, теңіз деңгейінен биіктігі әдетте 800 метрден 1200 метрге дейін . * Жылдық орташа қыраусыз мезгілі 140 күн болады да,ҚХР-ның суық, ызғарлы аудандардың бірі. Жылдық орташа жауын шашын мөлшері 158.3 миллиметр. * Көктоғәй ауданының жаратылыстық кен байлығы мол, табиғаты көркем болып, онда Таңбалы тас, Әмірсана, геология 3 нөмірлі кен сияқты әйгілі саяхат орындары бар. * Көктоғай ауданы Азия – Еуропа ұлы құрлығының кіндік тұсында, Памирден Бежарға дейінгі жер сілкіну қимыл өңіріне орналасқан, ұлы құрлықтың ішкі бөлігіндегі жер сілкіну жиілік дәрежесі ең жоғары, қуаты ең күшті болатын өңірдің біріне жатады. Автономыялы аудан мен Көктоғай ауданындағы жер сілкінісін бақылау тарауларының материалдарына негізделгенде Көктөғай, Тұрғын, Қарасеңгір тауы желісінде 1931 жылы 11 тамыз сағат 5 те 8 балл күшті жер сілкінген. 1976 жылдан 1985 жылға дейінгі 10 жылда осы ауданда 0.8 – 4.5 балға дейінгі жер сілкінісі 113 рет болды. Әр жылы орта есеппен 12.6 рет туылған. 0.8 балдан төменгі жер сілкінісі тоқтаусыз болып тұрады. Жер сілкінісі – Көктөғай ауданының жеріндегі елеулі апаттардың бірі. ## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Көктоғай ауданы 5 қалашыққа және 6 ауылқа бөлінеді: * Қуертіс қалашығы (قۋەرتىس قالاشىعى)(库额尔齐斯镇) * Көктоғай қалашығы (كوكتوعاي قالاشىعى)(可可托海镇) * Шакүрті қалашығы (شاكۇرتى قالاشىعى)(恰库尔图镇) * Қара Төңке қалашығы (قارا توڭكە قالاشىعى)(喀拉通克乡) * Дүре қалашығы (دۇرە قالاشىعى)(杜热乡) * Тұрғын ауылы (تۇرعىن اۋىلى)(吐尔洪乡) * Күрті ауылы (كۇرتى اۋىلى)(库尔特乡) * Қызыл шілік ауылы (قىزىل شىلىك اۋىلى)(克孜勒希力克乡) * Темекi ауылы (تەمەكى اۋىلى)(铁买克乡) * Қарабұлғын ауылы (قارابۇلعىن اۋىلى)(喀拉布勒根乡) ## Дереккөздер * http://www.qazaqtimes.com
Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов (10 шілде 1942 жылы туған, Алматы қаласы - 24 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Алматы) — әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы (2003). ## Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан. * 1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген; * 1964–1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы * Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер; * 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді. ## Еңбектері * «Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері. Тұрсынов монографиялық еңбектер * «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», 1976; * «Қазақ бақсы-балгерлері», 1997; * «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау», 1999; * «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», 2001; * «Атамекен. Казахи. История. Этнография. Культура», 2002) мен 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. ## Дереккөздер
Ибраев Тілепалды (1928 жылы туған, Жуалы ауданы Рысбек батыр ауылы) – заңгер. Алматы мемлекет заң институтын 1948 жылы бітіріп, заңгерлік қызметін Гурьев облысы (қазіргі Атырау) прокурорының көмекшісі болудан бастаған. Гурьев қаласының прокуроры болды. 1955 жылдан Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, облыстың прокуроры, 1962 – 1964 жылы Түркістан облысының прокуроры, Өлкелік прокуратураның жалпы бақылау бөлімінің бастығы болды. 1965 жылы Көкшетау облысының прокуроры, юстицияның 3-дәрежелі кеңесшісі (генерал-майор) дәрежесі беріледі. 1970 – 1977 жылы Талдықорған облысының, 1977 – 1984 жылы Жамбылоблысының прокуроры болып қызмет істеді. ## Дереккөздер
Мерғали Ибраев (1942-1997) - журналист, драматург, ақын және прозаик. 1942 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдің педагогикалық институтына түсіп, армия қатарына барып келген соң аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарады.Осы тұста қаламы ұшқыр журналист, ойлы да өрнекті жазатын ақын ретінде таныла бастайды. 1970-1978 жылдары " Лениншіл жас" ( Жас алаш) газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі болып істейді.1969 жылы Қазақстан жастарының " Жас керуен" атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап "Темір тұлпар", "Күміс тау", "Өнегелі өркен", "Құтты қоныс", "Судағы сәуле" атты өлең жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты. " Мерғали ақын және шын ақын",- деп жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, Мерғали Ибраевтың шығармалары тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмұнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады. Ақын 40-қа жуық ән мен күйдің авторы. Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, ақын туындыларын ел жүрегіне ұялата түсуде.Ағамыздың ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Құрманғазы өміріне арналып жазылған тұңғыш драманың авторы. Сол сияқты "Қалқаман-Мамыр, "Құрманғазы", "Шәкәрім", "Қайырлы таң, әке!" сияқты драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды. Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы Мерғалидың өмір жолындағы басты қызметі - журналистік.Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз ұлтын сүю, оның болашақ тағдырын, мәдениетін, тілін рухани байлық салт-дәстүрін марапаттау оның журналист"к туындыларының өзегі. Бір ғана мысал Қайта құру деп аталатын кезеңде "Семей таңы", "Ақжол", атты айдар ашты, осы бөлімніңі арнайы ұйымдастырушы да, оның тұрақты авторы да Мерғали болды, нақты архив материалдарына сүйене отырып жазған тарихи мақаласының саны 50-ден асып кетті. Мерғали Ибраев әдебиетке сіңірген еңбегі үшін "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Журналистер одағының сыйлығымен бағаланған.
Күлшара Біләлқызы Айнағұлова (21.11.1948 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қ.) - кинотанушы, сцеңарийші. 1971 ж. Мәскеу қаласындағы Кинематография институтын (проф. Н.П. Туманованың класы бойынша) бітірді. 1971 - 74 ж. "Жаңа фильм" жарнамалық кино бюллетені редакциясында редактор, 1974 - 87 ж. Әдебиет және онер интының театр, кино болімінде кіші ғыл. қызметкер, 1990 - 96 ж. КСРО кино қоры жанындағы Кинопрокат шығармашылық-өндірістік бірлестігі Қазақ болімшесінің төрағасы қызметін атқарған. 2001 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы. Айнағұлова негізінен деректі кино мәселесімен, М.Бегалин, Ш.Айманов, т.б. кино қайраткерлері жайында зерттеуеңбектер, кино туралы көптеген мақалалар мен деректі фильм сценарийлерін жазды. ## Дереккөздер
Балғымбаев Салтанат (1929 жылы туған, Атырау қаласы) – инженер-барлаушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геологы. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1955). 1955 – 64 ж. Қаратон бұрғылау конторында, мұнай барлау тресінде аға инженер, Мақат бұрғылау конторында өндірістік-техникалық бөлім бастығы, бас инженер, директор, 1964 жылдан «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің, «Қарақия мұнайбарлау» конторының бастығы, бас инженер болды. Балғымбаев Ембі мен Маңғыстауда Алтыкөл, Мартыши, Жаңаталап, Забурын, Қоңыртас, Өзен, Жетібай, Теңге, Тасболат, Қаражанбас кен орындарын барлауға елеулі үлес қосты. ## Дереккөздер
Байдалиева Тәнім Түсіпқалиқызы (1929, бұрынғы Гурьев облысы Жылыой ауданы Қараарна ауылы – 1998) – педагог. Гурьевпедогогикалық институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1951). 1954 – 89 ж. Гурьев, Маңғыстау облыстарының мектептерінде мұғалім болды. Еңбек Қызыл Ту (1971), Октябрь революциясы (1976) ордендерімен, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ КСР-ініңеңбек сіңірген мұғалімі» атағының иегері. ## Дереккөздер
Рамазан Думан 1967 жылы 1 тамызда Семей облысының (қазіргі Абай облысы) Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарында дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Сол жылы республикалық «Халық кеңесі» газетіне қызметке орналасып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық Балалар және жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының Бас директоры. 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Көкжал» атты прозалық кітабы жарық көрген. «Хан Кененің қазасы», «Алланың өмірі» сияқты прозалық кітаптардың, тарихи, әдеби зерттеулердің авторы. Көркем әңгімелері мен хикаяттары республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр. «Кенесары» атты деректі фильмнің сценарийін жазып, кеңесші ретінде оны түсіруге белсене атсалысқан. Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бүлқышев атындағы сыйлығының иегері. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың бас жүлдегері. 2005 жылы Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Президентінің алғыс хатымен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942, Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16 қыркүйек 2009 жыл, Астана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003). ## Өмірбаяны Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. Орта жүздің Тарақты руынан. * 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау, Ақтау кеңшарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді. * 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Ол Әл-Фараби атындағы университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды. * «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975) * Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976) * 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. * 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы. * 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы. * 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. * 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры. * 1999 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі. ## Шығармашылығы * Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген * «Қыр хикаялары» (1977) * «Тауға біткен жалбыз» (1979) * «Кеніш» (1979) * «Алпамыс батыр» (1979) * «Серпер» (1982) * «Ақ қыз» (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері * «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981) * «Мың бір маржан» (1989) * «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992) * «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993) * «Күй шежіре» (1993) * «Көшпелілер тарихы» (1995) * «Ойтолғақ» (1997) * «Күй шежіре» (2-т.; 1997) * «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді. ### Аудармалары * Гомердің «Илиада» * «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974) * И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. ## Қанатты, нақыл сөзі Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында былай деген болатын: . Бұл сөз оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы іспеттес. ## Марапаттары * «Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады. * «Құрмет» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Шәрбану Құмарова - 1936 жылы, 13 мамырда Алматы облысының Есік қаласында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін бітіреді. Сол жылы «Қыз сыры» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. 1961 — 1966 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1966 — 1968 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968—1972 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (бүгінде «Парасат») журналында жауапты хатшы. 1972 — 1974 жылдары М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1976—1986 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, «Қазақстан әйелдері», «Парасат» журналдарында қызмет етті. 1991 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999), «Құрмет» орденінің иегері. Алматы облысы Есік қаласында Ш.Құмарова атындағы көше бар. ## Шығармалары * Қыз сыры. Әңгіме-новеллалар. «Жазушы», 1961; * Терезелер. Новеллалар. «Жазушы», 1964; * Қос шынар. Әңгіме, повесть. 1968; * Сәуірдің ақ таңы. Повестер. «Жазушы», 1971; * Қазбауыр бұлттар. Әңгімелер. «Жалын», 1980; * Белое утро апреля. Рассказы-новеллы, «Жазушы», 1978; * Қызыл қайың. Әңгімелер. «Жалын», 1979; * Женщине сорок лет. Повесть. «Советский писатель», 1980; * Өмірім менің - өнерім. Деректі роман (Шара Жиенқұловамен бірге жазылған.) «Жазушы», 1983; * Әйел шырағы. Повестер. «Жазушы», 1985; * Жердің тұзы. Әңгіме, повестер. «Жазушы», 1991; * Құлжа жолы. Повестер, әңгіме-эссе. «Жазушы», 1977; * Сезім патшалығы. Роман. 1 кітап. «Ана тілі», 2003; * Сезім патшалығы. Драмалық шығармалары: «Кімнің тойы» Комедия (М. Әуезов театрында Роман. 2 кітап. «Ана тілі», 2005;1977-1979 жж. қойылған). * «Бір бойдақтық хикаясы». (Халық театрларында қойылған); * «Қара сандық». Драмалық повесть; * «Күләш-Шара». («Өмірім менің - өнерім» кітабының желісі бойынша). ## Дереккөздер
Барғалиев Қалқай (1893-1970, Астрахань облысы). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1916). 1921-1956 жылдары — «Ембімұнай» тресі меңгерушісінің орынбасары, «Қазгидрогеофизика» тресі меңгерушісі, «Ақтөбемұнай» тресі геологиялық-іздеу кеңсесінің директоры, Шұбарқұдық мұнай кәсіпщілігі басқармасының директоры, «Қазақстанмұнай» бірлестігі қауіпсіздік техникасы белімінің бастығы. ҚазКСР мұнай өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері (1952). «Еңбекте ерекшеленгені ушін» медалімен марапатталған (1950). ## Дереккөздер
Ахметқалиев Мырзабай (1925, Атырау қаласы). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ Мемлекеттік университеты бітті (1956). 1956-1962 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Ескене МАБ мұнай өндіру операторы, инженер-геолог, аға геолог. 1962-1970 жылдары - Қазақ КСР-нің Геология министрлігінде мұнай мен тереңдете бұрғылау бөлімінің инженері, бас маманы, Геологиялық қорының аға геологы, бастығының орынбасары. 1970-1988 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспары геология және минералды қорлар бөлімінде бас геолог, бас маман. 1988 жылдан - зейнеткер. I дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекежанов Марал (1928, Атырау облысы). Гурьев мұнай техникумын (1949) және Мәскеу мұнай институтын (1956) бітірген. 1945-1958 жылдары — зерттеу бригадасының операторы, техник-геолог, геолог, аға геолог. 1958-1989 жылдары — Мақат бұрғылау кеңсесінде, Шұбарқұдық, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде геолог, аға геолог, Мақат мұнай кәсіпшілігібасқармасында, «Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында аға геолог. 1989 жылдан зейнеткер. «Ерен еңбегі үшін» (1970), «Еңбекардагері» (1990) медалдарымен марапатталган. ## Дереккөздер
Балгенжиев Қанали (1926, Атырау облысы). ФЗО-ның Қосшағыл мектебін бітірген (1943). 1943-1945 жылдары - Қошқар МАБ бұрғышының көмекшісі. 1945-1982 жылдары - «Қазмұнайбарлау» тресі Мұнайлы, Қараарна, Боранкөл, Прорва, Гран МББ бұрғышы. 1982 жылдан - зейнеткер. Ерен еңбегі үшін медалімен медалымен марапатталған (1976). ## Дереккөздер
Баймолдаев Жолмұқан (1900-1962, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1920-1955 жылдары — Доссор, Комсомол мұнай кәсіпшіліктері дизелді электр станцияларында моторшы,«Қазақстанмұнай» комбинаты Доссор мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы. Ленин (1962), Еңбек Қызыл Ту (1951) ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1948) марапатталған. ## Дереккөздер
Бермағамбетов Нәзен (1908-1975, Атырау облысы). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген рационализаторы (1968). 1927-1975 жылдары Доссор, Мақат, Комсомол мұнай өндіру басқармаларында кілтші, ұңғымаларды жер асты жөндеу бригадасының операторы, мұнай өндіру шебері. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекенов Майлан (1897-1960, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1915-1936 жылдары - Доссор мұнай өндіру кесіпшілігінде жұмысшы, оператордың көмекшісі, оператор. 1936-1956 жылдары - Қосшағыл мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай өндіру операторы, шебері. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Әбуев Қыдыр(1942-1991, Атырау облысы). 1959-1991 жылдары - Сағыз МӨБ-де оператордың көмекшісі, оператор, Комсомол мұнай айдау станциясында тауар операторы. Ill дәрежелі Еңбек даңқы орденімен (1986), медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бегалиев Ожақай (1927-1985, Атырау қаласы). Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген геолог-барлаушысы(1977). Мәскеумұнай институтын бітірген (1961 ).1946-1956 жылдары — «Қазақмұнайбарлау» тресіндегі геология-іздестіру кеңсесі крелиустік барлау партиясының бастығы. 1956-1964 жылдары — Батые Қазақстан геологиялық барлау басқармасында ірілендірілген қурылымдық іздестіру барлау партиясының бастығы, аға геологі. 1964-1972 жылдары — Атырау геология-іздестіру мұнай экспедициясының бастыгы. 1972-1985 жылдары — Каспий маңы мұнай барлау терең бұрғылау экспедициясының бастығы, «Қазақмұнайбарлау» басқармасы бастығының орынбасары. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Балмұқанов Қажиғали (1896-1984, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1922-1956 жылдары — «Ембімұнай» бірлестігі Доссор, Бекбике, Комсомол мұнай кәсіпшілігі басқармасында ұңғыма ларды жер асты жендеу жұмыстары бригадасының операторы, мұнай өндіру операторы. Ленин орденімен (1951) және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1947). ## Дереккөздер
Бекешов Сағызбай (1924, Атырау облысы). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941-1942 жылдары — Ескене мұнай барлау цехында бұрғышының көмекшісі. 1947-1951 жылдары —«Қазақмұнайбарлау» тресінің геологиялық-іздестіру кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері. 1951-1986 жылдары — Құлсары барлау-бақылау, ұңғыма сынау және тексеру кеңселерінің Қаратон, Төбежік мұнай барлау бөлімшелерінде бұрғышы, бұрғылау шебері. 1986 жылдан зейнеткер. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Беклиев Әбутай (1928-2000, Атырау облысы). Гурьев мұнай техникумын бітірген. 1943-1948 жылдары — Мақат, Қосшағыл мұнай кәсіпшіліктерінде есепші, бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер. 1948-1967 жылдары — Құлсары мұнай барлау кеңсесінде бас бухгалтер, бас экономист. 1967-1973 жылдары — «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында, Оңтүстік Ембі мұнай барлауэкспедициясында партия комитетініңхатшысы. 1973-1977жылдары — Жылыой аудандық партия комитетінің I хатшы. 1977-1990 жылдары — Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында экономика-жоспарлау бөлімінде бастық, экспедиция бастығының орынбасары. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекенов Талғат (1960, Семей облысы). Семей мал дәрігерлік институтын (1980), БЛКЖООК-нің жанындағы Жоғары мектепті (1989) бітірген. 1989-1992 жылдары — кеншар комсомолкомитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО-ның аудандық комитетінің I хатшысы, Қазақстан ЛКЖО-ның жауапты ұйымдастырушысы, Қазақстан ЛКЖО ОК-нің іс басқарушысы. 1992-1994 жылдары — ҚР жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитеті төрағасының көмекшісі, бөлім бастығы. 1994-1997 жылдары — ҚР Мұнай-газ өнеркәсібі министрлігінде орынбасар, іс жүргізуші. 1997-1999 жылдары — «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясының бас менеджер-әкім. 1999-2002 жылдары — «ҚазақОйл-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас менеджері. 2002-2004 жылдары — «Қазақ мұнай инвестиция компаниясы» акционерлік қоғамының бас менеджері. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ОБ» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің директоры. ## Дереккөздер
## Еңбекжолы 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. 1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған. Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады. Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет Армиясы қатарына шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды. 1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қозыке Бишімбайұлы органда істеген алғашқы жылдарынан бастап-ақ барлау жұмыстарында адамдардың менталитеті мен психологиясын меңгергендігін орынды қолдана білетін және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыра алатын, тапқыр да білгір чекист ретінде көріне білді. Бұл қасиеттері оған 5-6 жылдың арасында он мемлекеттік мәні бар маңызды қылмыстарды әшкерелеуге көмектесті. 1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп, заңсыз консульдықпен және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты. ## Марапаттамалары 1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды. Сол кезде ол кісінің басшылығымен, КСРО орталық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, елде саяси жағдайды ушықтыру мақсатында астыртын жұмыс жасап, құпия мағлұматтар жинап жүрген шетел барлау агенттерін әшкерелеу ісі нәтижелі аяқталды. Ол кезде Одақтың немесе Қазақстан көлемінде шетелдік барлау қызметкерлерін әшекерелеу және оларды ұстау өте сирек кездесетін жағдай болатынын айта кету керек. Осы тапсырманы мүлтіксіз атқарғаны және ержүректігі үшін Қозыке Бишімбайұлы ерекше мемлекеттік награда - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Қозыке Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді.80 жылдық мерейтойы құрметіне Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды. Көрнекті совет чекисі, офицер, адамгершілігі мол, ерекше шығармашыл тұлға - Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаевтың өнегелі өмірі - баршамызға үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын Отанына қызмет етуге арнады. Жоғары кәсібилік, чекисттерге тән сезімталдығы, патриоттық сезімі, ержүректілігі мен аянбай еткен еңбегі әрқашан оның жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда оның бар болмысы «Чекист ыстық жүректі, салқын қанды, қолы таза болуы тиіс» деген белгілі ұғымға толығымен сай келеді. ## Еңбектері 1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы стратегиялық жағынан маңызды өндірістермен байланысты шетел мамандарын бақылауды қамтамасыз ететін бөлімшені басқарды. Чекистердің кәсібилігі мен жігерлілігінің арқасында ғылыми-техникалық барлау бойынша құнды мағлұматтар алынып, экономикалық диверсия жүргізу мақсатында жүрген шетел фирмаларының сапасыз құрал-жабдықтар әкелуіне тосқауыл қойылды. 1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызыл-Орда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды. Осы жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің арнайы объектілері бойынша төтенше іс-шараларды нығайтуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілді. Байқоңырдағы ғарыш аймағы мен ұшу комплекстері құрылған күнінен бастап, қазірге дейін шетел барлау қызметкерлерінің арнайы топтың назарында болып келеді. Облыстық басқармамен Орталық органдардың бірге жұмыс жүргізу нәтижесінде ерекше режимдегі объектілер контрбарлау іс-шараларымен сенімді денгейде қорғалды. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен және тікелей басшылығы арқасында шетелдердегі қазақ эмиграциясының орталықтарымен қарым-қатынас орнату іс‑шаралары жүргізіліп, ол қазақтардың тарихи отанына оралуына бастама болды. Қозыке Бишімбайұлы үлгілі басшы бола білді. КСРО МҚК инспекциясының анықтамаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды басқарып қана қомай, сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңызды операциялардың жоспарлануы мен жүзеге асуына тікелей қатысып белсене араласқаны туралы мағлұматтар бар. Қол астында істеген қызметтестері оның әріптестерінің жұмыс және тұрмыс жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлгені туралы шын көңілмен еске алады. Айта кететін болсақ, оның бастамасымен және тікелей басшылығымен Қызыл-Орда облысы МҚК басқармасының қазіргі жаңа ғимараты салынды. Қозыке Бишімбаев облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол Қазақстан Компартиясы Облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де Облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды. Құрметті демалыста бола тұра, нәтижелі өмір сүруге деген құлшынысын сақтап келеді. Туған халқының және ата-бабаларының тарихын зерттеп, тарихи очерктер жазумен айналысып жүр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласады. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен «Шымыр ата» қоры құрылып, 2002 жылы ол кісінің басшылығымен Ташкент қаласында қазақ халқының көрнекті қайраткері Шымыр атаның мавзолейі тұрғызылды. Қозыке Бишімбайұлы - жан-жақты шығармашыл, өнерге бейім адам болғандықтан, әдебиет пен музыкада да бір қырынан көріне білді. ЧК органдарының 50, 60 жылдықтарына арнап шығарылған Республикалық Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Чекисты Казахстана» және «Мы из ЧК» кітабында жарық көрген «Вояж Пападопулоса» атты очерк сол кісінің қаламымен жазылған. Ол – бірнеше кітаптың авторы. 1998 жылы көпшілікке танымал «Өмір сазы - өз елім» атты әндер жинағы жарық көріп, 2001 жылы ол қайта өңделіп шықты. Бұл жинаққа енген әндердің сөзі де, және көпшілігінің әні де мерейтой иесінің еншісінде екенін айтпай кетуге болмайды. 2001 жылы Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап «Ардақты елім – асқар белім» атты жыр жинағын құрастырып дайындады. Оның «Пойманы с поличным» деректі повесі 2001 жылы жазылып, 2003 жылы «Өмір өлең өзегім» атты өлең жинақтары жарық көрді.2004 жылы жазылған «Ордабасы сарыны» атты күйі оркестрге лайықтап өңделді. Бұл күй үш бөлімнен тұрады: «Халық зары», «Аттан» «Шайқас». Бұл шығарма қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресуіне арналды. ## Дереккөздер 1. ↑http://www.velchel.ru/ ## Еңбекжолы 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. 1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған. Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады. Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет Армиясы қатарына шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды. 1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қозыке Бишімбайұлы органда істеген алғашқы жылдарынан бастап-ақ барлау жұмыстарында адамдардың менталитеті мен психологиясын меңгергендігін орынды қолдана білетін және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыра алатын, тапқыр да білгір чекист ретінде көріне білді. Бұл қасиеттері оған 5-6 жылдың арасында он мемлекеттік мәні бар маңызды қылмыстарды әшкерелеуге көмектесті. 1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп, заңсыз консульдықпен және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты. ## Марапаттамалары 1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды. Сол кезде ол кісінің басшылығымен, КСРО орталық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, елде саяси жағдайды ушықтыру мақсатында астыртын жұмыс жасап, құпия мағлұматтар жинап жүрген шетел барлау агенттерін әшкерелеу ісі нәтижелі аяқталды. Ол кезде Одақтың немесе Қазақстан көлемінде шетелдік барлау қызметкерлерін әшекерелеу және оларды ұстау өте сирек кездесетін жағдай болатынын айта кету керек. Осы тапсырманы мүлтіксіз атқарғаны және ержүректігі үшін Қозыке Бишімбайұлы ерекше мемлекеттік награда - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Қозыке Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді.80 жылдық мерейтойы құрметіне Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды. Көрнекті совет чекисі, офицер, адамгершілігі мол, ерекше шығармашыл тұлға - Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаевтың өнегелі өмірі - баршамызға үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын Отанына қызмет етуге арнады. Жоғары кәсібилік, чекисттерге тән сезімталдығы, патриоттық сезімі, ержүректілігі мен аянбай еткен еңбегі әрқашан оның жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда оның бар болмысы «Чекист ыстық жүректі, салқын қанды, қолы таза болуы тиіс» деген белгілі ұғымға толығымен сай келеді. ## Еңбектері 1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы стратегиялық жағынан маңызды өндірістермен байланысты шетел мамандарын бақылауды қамтамасыз ететін бөлімшені басқарды. Чекистердің кәсібилігі мен жігерлілігінің арқасында ғылыми-техникалық барлау бойынша құнды мағлұматтар алынып, экономикалық диверсия жүргізу мақсатында жүрген шетел фирмаларының сапасыз құрал-жабдықтар әкелуіне тосқауыл қойылды. 1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызыл-Орда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды. Осы жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің арнайы объектілері бойынша төтенше іс-шараларды нығайтуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілді. Байқоңырдағы ғарыш аймағы мен ұшу комплекстері құрылған күнінен бастап, қазірге дейін шетел барлау қызметкерлерінің арнайы топтың назарында болып келеді. Облыстық басқармамен Орталық органдардың бірге жұмыс жүргізу нәтижесінде ерекше режимдегі объектілер контрбарлау іс-шараларымен сенімді денгейде қорғалды. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен және тікелей басшылығы арқасында шетелдердегі қазақ эмиграциясының орталықтарымен қарым-қатынас орнату іс‑шаралары жүргізіліп, ол қазақтардың тарихи отанына оралуына бастама болды. Қозыке Бишімбайұлы үлгілі басшы бола білді. КСРО МҚК инспекциясының анықтамаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды басқарып қана қомай, сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңызды операциялардың жоспарлануы мен жүзеге асуына тікелей қатысып белсене араласқаны туралы мағлұматтар бар. Қол астында істеген қызметтестері оның әріптестерінің жұмыс және тұрмыс жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлгені туралы шын көңілмен еске алады. Айта кететін болсақ, оның бастамасымен және тікелей басшылығымен Қызыл-Орда облысы МҚК басқармасының қазіргі жаңа ғимараты салынды. Қозыке Бишімбаев облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол Қазақстан Компартиясы Облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де Облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды. Құрметті демалыста бола тұра, нәтижелі өмір сүруге деген құлшынысын сақтап келеді. Туған халқының және ата-бабаларының тарихын зерттеп, тарихи очерктер жазумен айналысып жүр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласады. Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен «Шымыр ата» қоры құрылып, 2002 жылы ол кісінің басшылығымен Ташкент қаласында қазақ халқының көрнекті қайраткері Шымыр атаның мавзолейі тұрғызылды. Қозыке Бишімбайұлы - жан-жақты шығармашыл, өнерге бейім адам болғандықтан, әдебиет пен музыкада да бір қырынан көріне білді. ЧК органдарының 50, 60 жылдықтарына арнап шығарылған Республикалық Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Чекисты Казахстана» және «Мы из ЧК» кітабында жарық көрген «Вояж Пападопулоса» атты очерк сол кісінің қаламымен жазылған. Ол – бірнеше кітаптың авторы. 1998 жылы көпшілікке танымал «Өмір сазы - өз елім» атты әндер жинағы жарық көріп, 2001 жылы ол қайта өңделіп шықты. Бұл жинаққа енген әндердің сөзі де, және көпшілігінің әні де мерейтой иесінің еншісінде екенін айтпай кетуге болмайды. 2001 жылы Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап «Ардақты елім – асқар белім» атты жыр жинағын құрастырып дайындады. Оның «Пойманы с поличным» деректі повесі 2001 жылы жазылып, 2003 жылы «Өмір өлең өзегім» атты өлең жинақтары жарық көрді.2004 жылы жазылған «Ордабасы сарыны» атты күйі оркестрге лайықтап өңделді. Бұл күй үш бөлімнен тұрады: «Халық зары», «Аттан» «Шайқас». Бұл шығарма қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресуіне арналды. ## Дереккөздер 1. ↑http://www.velchel.ru/
Балмұқанов Жәнібек (1930, Атырау облысы). 1946-1948 жылдары — Комсомол мұнай өндіру кәсіпшілігінде деэмульсатор цехының слесары. 1948-1956 жылдары — Бекбике, Қаратонмұнай өндіру кәсіпшіліктерінде және Тереңөзек мұнай барлау кеңсесінде жұмысшы, бұрғышының көмекшісі. 1956-1962 жылдары — Құлсары бұрғылау кеңсесінің Жантай бұрғылау бөлімшесінде, Мақат бұрғылау кеңсесінің Алтыкөл бұрғылау бөлімшесінде қондырғы моторисі. 1962-1985 жылдары — Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғы қондырғысының дизелист-моторисі. 1985 жылдан зейнеткер. 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекмағамбетов Төлеп (1896-1956, Атырау облысы). Ембі ардагері. 1914-1919 жылдары — Новобогат кәсіпорны ағайынды Нобельдер кәсіпорнында бұрғылаушы-жұмысшы, бұрғылау шы. 1920-1933 жылдары — «Қазмұнайбарлау» тресінің бұрғышысы. 1933-1950 жылдары — Байшонас, Ескене мұнай кәсіпшіліктерінде ұңғыма ларды жер асты жендеу жұмыстары бригадасында аға оператор, шебер. 1950-1953 жылдары — Сағыз мұнай кәсіпшілігі басқармасында аға оператор. Ленин орденімен (1951) және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бектілеуова Айсұлу (1930, Атырау облысы). 1948-1988 жылдары — Ескене, Доссор мұнай өндіру басқармаларында мұнай өндіру операторы. 1988 жылдан зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бектілеуов Айқожа (1906 - 1950, Атырау облысы). 1921-1950 жылдары — Доссор, Ескене мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде оператор көмекшісі, мұнай өндіру операторы, Қосшағылмұнай және Құлсарымұнай мұнай өндіру басқармаларында ұңғыма ларды жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасында оператор, бригада шебері. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекқұлов Құсен (1903-белгісіз, Атырау облысы). 1924-1940 жылдары — «Ембімұнай» тресі Доссор кәсіпшілігінде кірпіш зауытында жұмысшы, Доссор кәсіпшілігінде қурылыс кеңсесінің жұмысшысы, каротажды бұрғылау жүйесінде жұмысшы, бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі. 1940-1945 жылдары — «Қазақстанмұнай» комбинаты Сағыз кәсіпшілігінде бұрғылау шебері, шеберхана нұсқаушысы. Ленин орденімен марапатталған (1952). ## Дереккөздер
Бектілеуова Ағила (1915 - 1987, Атырау облысы). 1941-1971 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі Қосшағыл мұнай өндіру басқармасының мұнай дайындау және қотару цехындаоператордың көмекшісі, оператор; Құлсарымұнай мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру операторы, аға оператор. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекмұрзиев Сақтапберген (1927, Атырау облысы). КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы және рационализаторы. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1955). 1943-1945 жылдары — Ескене мұнай өндіру кәсіпшілігінде моторшының шәкірті, ұңғыма ны жер асты жендеу бригадасының кілтшісі. 1955-1958 жылдары — Қошқар мұнай өндіру басқармасында оператор, мұнай өндіру цехының шебері, техника бөлімінің бастығы. 1958-1960 жылдары — Ескене мұнай өндіру кәсіпшілігінің меңгерушісі. 1960-1970 жылдары — Байшонас мұнай өндіру басқармасы техника бөлімінің бастығы, басқарма бастығы. 1970-1987 жылдары — «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында өндіріс-техника бөлімі бастығы. 1987 жылдан зейнеткер. ## Дереккөздер
Досанов Оңайбай (1928, Атырау облысы). Атырау мұнай техникумын бітірген (1959). * 1953-1977 жылдары — Қаратон мұнай кәсіпшілігінде комсомол комитетінің хатшысы, мұнай өндіру операторы, ұңғыны жер асты жендеу бригадасының тереңдік сораптарын жендеу цехының шебері, кәсіподақ комитетініңтөрағасы, ұңғыны жер асты жендеу цехының бастығы. * 1977-1983 жылдары — «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында ұңғыны жер асты жендеу шебері. * 1983 жылдан зейнеткер. Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО Мұнай өнеркәсібінің үздігі. ## Дереккөздер
Барғалиев Мұрзаш (1931, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1954). 1956-1957 жылдары — «Қазақмұнайбарлау» тресі Даңғар мұнай барлау алаңында бұрғылау шебері. 1957-1962 жылдары — Маңғышлақ мұнай барлау геология-іздестіру экспедициясында аға инженер, бас инженер. 1962-1965 жылдары — Озен мұнай барлау экспедициясында өндіріс диспетчері қызметі бастығы. 1965-1970 жылдары — Оңтүстік Маңғышлақ мұнай барлау экспедициясында өндіріс диспетчері қызметі бастығы, өндірістік-техника бөлімініңаға инженері, экспедицияның бас инженері. 1970-1991 жылдары — «Маңғышлақмұнай» бірлестігіндегі Жетібай бұрғылау кеңсесінің жетекші инженері, бас технологтың орынбасары, бас технолог. 1991 жылдан зейнеткер. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған ## Дереккөздер
Аманғалиев Байғабыл (1933-1995, Атырау облысы). Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері (1991). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1956). 1956-1993 жылдары - Комсомол, Қошқар МАБ оператор, ұңғымаларды жер астында жөндеу мен мұнай өндіру бригадасының шебері, бас инженер, Мақат МГӨБ ОИТҚ-ның бастығы. ## Дереккөздер
Бердіғұлов Сәрсенбек Табылдыұлы (1947, Маңғыстау облысы). Бүкілодақтық сырттан оқитын политехникалық институтын бітірген (Мәскеу, 1979). 1965-1967 жылдары — «Каспий маңыкен-металлургия комбинаты» өндірістік бірлестігінде аспапшы. 1967-1968 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі өндіріс базасында жук тасушы. 1968-1970 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1970-1973 жылдары — «Қазақмұнайтехникалықжабдықтау» тресінде жук тасушы. 1974-1994 жылдары — Қазақ газ өңдеу зауытының техника қондырғысының операторы, смена бастығы, диспетчер, учаске бастығы, бөлім бастығының орынбасары, өндіріс бөлімінің бастығы, бас технолог, бас инженер, зауыт директоры. 1994-1995жылдары — «АКПО» акционерлік қоғамының техникалық директоры. 1995-1996 жылдары — «Этилен» АОЗТ техникалық директоры, 1996-2004 жылдары — кейіннен Газ өңдеу Басқармасыболып аталған Қазақ газ өңдеу зауытының директоры. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ӨБ»« акционерлік қоғамының «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының газ өңдеу Басқармасының бастығы. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Бердиев Махмуд (1928, Атырау облысы). Гурьев мұнай техникумын бітірген. 1944-1969 жылдары - оператордың көмекшісі, оператор, қондырғы бастығы. 1969-1981 жылдары - цех бастығы, аға диспетчер, аға инженер, кадрларды дайындау бөлімінің бастығы. 1981-1998 жылдары - «АМӨЗ» АҚ бірінші бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен және ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Бекенжанов Алтынмұрат (1948 , Түпқараған ауданы Қызылқұм жері – 1991) – бұрғылаушы. Гурьев (Атырау) мұнай техникумын бітірген (1979). Қарақия мұнай-газ барлау экспедициясының Доңға алаңында бұрғылаушы, шебер болды. 1972 ж. комсомол жастар бригадасын басқарған. Қазақстан ЛКЖО 13-съезінің делегаты (1974), Еңбек Қызыл Ту (1976) орденімен, КСРО Геология министірлігінің алтын белгісімен (1977) марапатталған. ## Дереккөздер
Биғазиева Сара (1951, Атырау облысы). Атырау политехникумын бітірген (1973). 1968-1973 жылдары — Байшонас мұнай кәсіпшілігі басқармасында Тентексор бөлімшесінде мұнай өндіру цехы операторының көмекшісі, операторы. 1973-1980 жылдары — Қарсақ мұнай кәсіпшілігінде қабаттарға су жіберу цехының операторы, шебері. 1980 жылдан «Ембімұнай» бірлестігі орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының инженері. 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен және медальдармен марапатталган. ## Дереккөздер
Бешімов Наурызғали (1934, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын (1958), Жоғары партия мектебін (1981) бітірген. 1958-1964 жылдары - Қосшағыл ірілендірілген мұнай өндірубасқармасында мұнай өндіру операторы, шебері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы. 1964-1967 жылдары - Прорва мұнай өндіру басқармасында бөлімше бастығы, меңгерушісі. 1967-1973 жылдары - Құлсары ұңғыма ларды күрделі жөндеу кеңесінде бас инженер, директор. 1973-1974 жылдары - «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы. 1974-1975 жылдары - «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі бастығының орынбасары. 1975-1985 жылдары - Қазақстан КП Мақат аудандық комитетінің 1 хатшысы. 1985-1989 жылдары - «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде бас директордың орынбасары, екінші бөлімнің бастығы. 1990-1995 жылдары - «Құлсарымұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - зейнеткер. 2005 жылдан - «Мұнайшы» қоғамдық қорының қамқоршылық комитетінің мүшесі. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Досниязов Төлеген (1963, Атырау облысы). Жаңаөзен мұнай техникумын бітірген (1988). * 1981-1983 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1984-1989 жылдары — Өзен БЖБ-да бұрғышының көмекшісі, Өзен БЖБ комсомол комитетінің хатшысы. * 1989-2000 жылдары — Өзен БЖБ-да бұрғышы, шебердің көмекшісі, бұрғылау қондырғысының бастығы. * 2000-2001 жылдары — «Жаңаойлсервис» ЖШС-де бұрғылау қондырғысының бастығы. * 2001 жылдан «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨБ-де бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу басқармасында Кардвелл-200 бұрғылау қондырысының бастығы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Бердімұратов Асқар (1949, Атырау облысы). Гурьев политехникалық техникумын (1967), Әзірбайжан мұнай және газ институтын (1975) бітірген. 1977-1983 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде инженер-технолог, Орталық өндірістік қамтамасыз ету базасында цех бастығы. 1983-1996 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі, «Маңғыстаумұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында бас механик. 1997- 2002 жылдары — «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамында эксперт, аға эксперт, сектор меңгерушісі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы белімінің бас менеджері. 2002-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз»МК» жабық акционерлік қоғамы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің бас менеджері. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ӨБ»« акционерлік қоғамы механика-энергетика департаменті директорының орынбасары. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалімен, ҚР Елбасының Алғыс грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» МК» жабық акционерлік қоғамының күміс белгісімен марапатталған. Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. ## Дереккөздер
Бертіпеуова Күнзира (1923, Атырау облысы). 1941-1978 жылдары — «Доссормұнай» мұнай кәсіпшілігі басқармасы тұрмыстық бөлімінде от жағушы. 1978 жылдан зейнеткер. «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» (1967) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Аманғалиев Сағын (1934, Атырау қаласы). «КМБ» тресі жанындағы топографтар курсын бітірген (1952). 1952-1974 жылдары - Каспий маңы МБЭ-нің Гурьев геологиялық-іздеу кеңсесітопопартиясының топографы, аға топографы, аға технигі. 1974-1994 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігі Балықшы БББ, Мұнара жөндеу кеңсесінің инженер-геодезисі, топографы. 1994 жылдан - зейнеткер. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1986). ## Дереккөздер
Аманғалиев Ибрагим (1935, Атырау облысы). Уфа мұнай институтын (1959) және КСРО сыртқы істер Министрлігінің Жоғары дипломатиялық мектебін (1969) бітірген. * 1959-1961 жылдары - Қаратон мұнай кәсіпшілігінде шебердің көмекшісі, мұнай өндіру шебері, сынақтық учаскенің инженері. 1961 жылдан - партиялық жұмыста. * 1969-1981 жылдары - КСРО-ның Индонезиядағы елшілігінде екінші хатшы, бірінші хатшы, КСРО-ның Ирандағы елшілігінде Кеңесші. * 1981-1984 жылдары - КОКП ОК жауапты қызметкері. 1984-1998 жылдары - КСРО-ның Алжир мен Индонезиядағы елшіліктерінде кеңесші, Қазақстан Республикасының Әзіірбайжандағы төтенше және өкілетті елшісі. * 1998 жылдан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер миинстрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Аманиязов Сейсенғали (1917-2003, Атырау облысы). 1932-1938 жылдары - Ескене МАБ әскерилендірілген күзеттің жауынгері, жүк тасушы, жұмысшы. [Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1977 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Ескене МАБ поселкелік Кеңестің хатшысы, мұнай үңғымалары дебиттерін өлшеуші, мұнай кәсіпшілігі қурал-жабдықтарын жөндейтін слесарі. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Амангелдин Сәлкен (1933-1999, Атырау облысы). Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1956). * 1957-1958 жылдары - Байшонас пен Қарсақ МАБ коллектор, геолог. * 1958-1979 жылдары - Құлсары, Солтүстік Үстүрт, Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедицияларында геолог, аға геолог, бастықтың орынбасары. * 1979-1999 жылдары - Балықшы, Жылыой БББ, «Қазақойл-бұрғылау » АҚ аға геолог, бас геолог, бастықтың кеңесшісі. «Еңбек ардагері» (1990), «Ерен еңбегі үшін» (1988) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Амантөрлиев Қалау (1927-1985, Атырау облысы). 1947-1982 жылдары - Мақат, Қошқар мұнай кәсіпшіліктерінде жұмысшы, тракторшы, ұңғымаларды жер астында жөндеу бригадасы көтергіш-тракторының машинисі. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Амантөрлин Ғалымжан (1956, Атырау қаласы). Бүкілодақтық сырттай оқытатын политехникалық институтты (1982), Бүкілодақтық қаржы-экономика институтын (1992) бітірген.Техника ғылымдарының кандидаты. * 1973-1974 жылдары - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің слесары. * 1974-1999 жылдары - АМӨЗ-дің операторы, аға операторы, қондырғы бастығы, бөлім бастығы, цех бастығы, бас технологы, бас инженері, бас директордың бірінші орынбасары, департамент директоры. * 1999 жылдан - Атырау мұнай өңдеу зауытының президенті. * 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайды өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» медалдарымен марапатталған. 4 патенттің авторы, 24 ғылыми еңбектің серіктес авторы. ## Дереккөздер
Анисимов Федор Семенович (1897-1967, Горький облысы). Мәскеу кен академиясын бітірген (1924). * 1914-1918 жылдары - Гурьев ояздық қазына мекемесінде көшіріп жазушы, қосалқы кәсіпорындар Қоғамында кеңсеші. * 1918-1919 жылдары - Орал қаласындағы Николаев полкіндегі әскери қызметін өтеген. * 1920-1939 жылдары - Орал-Ембі ауданындағы мұнай өнеркәсібі Басқармасында бухгалтердің көмекшісі, мұнай жұмыскерлері кооперациясы Басқармасында есепші, «Ембімұнай» тресінде, Доссор кәсіпшілігінде техник-барлаушы, геологиялық-барлау кеңсесінің жоспарлау бөлімінде техник-нормалаушы, экономист, бөлім бастығы, Доссор бұрғылау кеңсесінде жоспарлау бөлімінің бастығы. * 1939-1959 жылдары - «Қазақстанмұнайбарлау» бірлестігінде жоспарлау белімінің бастығы. Ленин орденімен марапатталған (1952). ## Дереккөздер
Артығалиев Ырзабек (1960, Атырау облысы). Алматы энергетика институтын (1983), Ленинград саясаттану институтын бітірген. * 1983-1991 жылдары - Ембі электр желілері кәсіпорынындаэлектр монтері, инженер, аға инженер, Қазақстан Коммунистік партиясы Ембі аудандық комитетінде нусқаушы, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунист партиясы Гурьев облыстық комитетінде уйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, партиялық жумыстар бөлімінің меңгерушісі. * 1991-1998 жылдары - «Теңгизмұнайгаз» ӨБ бас директорының көмекшісі, кадрлар бөлімінің бастығы, коммерциялық жұмыстар бөлімінің бастығы, Павлодар МӨЗ бас директорының орын- басары, «ҚазақойлКоммерция» ЖІІІС атқарушы директоры. * 1998-2001 жылдары - Жылыой ауданының әкімі. 2001 жылдан - «Теңгизшевройл» ЖШС-ның жер қорлары басқармасының менеджері ## Дереккөздер .
Аманиязов Қалабай (1929, Маңғыстау облысы). Атырау политехникумын бітірген (1958). 1944-1949 жылдары - «Маңғыстаукөмір» тресінің есепшісі, бухгалтері. 1949-1953 жылдары -Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1953-1989 жылдары - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінің аға есепшісі болып ұзақ жыл қызмет етті. 1989 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты. «Ерен еңбегі үшін» (1979), «Еңбек ардагері» (1989) медалдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Аустниязов Аманғали (1902-1968, Атырау қаласы). 1917-1935 жылдары - Доссор кәсіпшілігінде от жағушы, майшы, куш станциясының машинисі, автокөлік кеңсесінің слесарі. 1935-1955 жылдары - Қосшағыл кәсіпшілігінде автогараж слесары, кәсіпшілік комитетінің төрағасы, автогараж механигі, бұрғылау бөлімінің механигі. Қосшағыл поселкелік Кеңесінің депутаты (1948). Ленин орденімен (1951), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» (1948) медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Әділханұлы Сайын (1944, Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы – 2002, Ақтау қаласы) – педагог, журналист. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1968). 1968 – 92 ж. Тұрыш, Өзен мектептерінде мұғалім, «Жаңарған Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі, облыстық телевидениеде, «Маңғыстау» газетінде редактор, 1992 – 2002 ж. «Адай» газетінде бас редактор қызметтерін атқарды. «Досан батыр» (1998) кітабының авторы. ## Дереккөздер С.Әділханұлының өз қолымен жазылған өмірбаянынан үзінді: "Мен, Әділханұлы Сайын 1944 жылы 13 сәуірде Маңғыстау ауданының Қаратөбе ауыл Советінде дүниеге келдім. Әкем Шабайұлы Әділхан «Жас бірлік» колхозында ферма меңгерушісі болды. Шешем Ақсұлу Оңғарқызы осы колхоздың мүшесі болды. Руым Мұңал-Жары-Даулеталы-Төлебай. Атам Шабай-Досан батырдың серігі болған адам. Нағашым-Жары-Мұрат (Кеще).1949-1950 жылдары шаруашылық жайымен отбасымыз Жылыой жеріндегі Сарықасқа, Тайлан мал жайылымына, Қарақұм Отгондік учаскесіне қоныс аударды. Өйткені Маңғыстаудың колхоздарына сол жерден уақытша пайдалануға қоныс берілген болатын. Сөйтіп, мен 1952-1953 оқу жылынан бастап Қарақұм жетіжылдық мектебінің (Бұғабай деген жер) екінші класынан бастап мектеп есігін аштым. Осы мектепті бітіріп шыққаннан кейін 1958 жылы Гурьев облысы, Балықшы ауданына қарасты Еркінқала селосындағы Ленин атындағы орта мектеп-интернатта сегізінші класты жалғастырдым. Осы мектеп-интернатты 1962 жылы бітірер кезде бүкіл кластастар болып, ауыл шаруашылығында еңбек етуге бастама көтердік. Сөйтіп, Гурьев облыстық комсомол комитетінің жалдамасымен 1962 жылғы Еркінқала мектебінің түлектері Гурьев облысы, Махамбет ауданының «1май» совхозына жұмысқа келдік. Қыздар сауыншы болды, бұзау бақты, ал ер балалар сиыр бақты. Мен бақташы болдым. Бір айта кететін жай: бізге соңғы оқу жылында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген Фариза Оңғарсынова (қазіргі белгілі ақын, Қазақстан парламентінің мүшесі, қоғамдық қайраткер) да сауыншы болып бізбен бірге барған болатын. Мен мектепте оқушылар комсомол комитетінің секретары болғанмын, ал Фариза апай оқытушылар комсомол комитетінің секретары болған еді. Апай денсаулығына байланысты сауыншы болып ұзақ істей алған жоқ, Бізді бастап барған қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, класс жетекшіміз Бақтығали Тәжіғалиев деген ұстазымыз еді, ал комсомол-жастар бригадасының жетекшісі Бақытжан Махмудов деген малбегі еді. Бұл бастама Қазақстан бойынша тұңғыш бастама деп есептелініп, аудандық, облыстық партия, комсомол комитеттері айрықша қамқорлық жасады. Совхозда жұмыс істей жүріп, тракторшы мамандығын меңгердім. Совхоздағы комсомол ұйымының секретары болдым. Көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып, әр мерекеде совхоз еңбекшілеріне концерт, пьеса қоятынбыз, түрлі ойындар ұйымдастыратынбыз. Көрші ауылдарға да барып өнер көрсетіп тұру дәстүріміз болған. Осы совхозда екі жыл бойы абыроймен еңбек етіп, жақсы мінездеме алып, бәріміз оқу орнына аттандық. Мен Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім.Бұл фаультетке түсуімнің себебі мектеп қабырғасында жүргенде-ақ өлеңдер жазатынмын. Бірқатар өлеңдерім облыстық газетте басылған болатын. Совхозда жұмыс істеп жүрген кезде Махамбет аудандық «Малды өңір» газетінде «Сәт сапар» беріліп, онда бір топ өлеңдерім жарияланған еді. «Сәт сапардың» текстін жазған – Қырықбай Бекбаев деген аудандық газеттің журналисі. Облыстық газетте ұсақ-түйек мақалаларым да шыққанды. Өкінішке орай, жарияланған өлең, мақалаларымның қиындылдары өзімде сақталмапты.Университетте оқып жүрген кезде топ комсоргі бодым, домбыра оркестіріне қатыстым. Көптеген ақын-жазушылармен кездестік. Екі рет Маңғыстау аудандық «Жаңа Өмір» газетінде өндірістік пактикада болдым. Сол кезде шыққан материалдарымның да қиындылары сақталмапты. «Несіпбай Манашев-журналист» деген тақырыпта диплом жұмысын жазып, оны «Өте жақсы» деген бағаға қорғап шықтым. Қаз.МУ-де әскери кафедра болғанды. Диплом жұмысын қорғағаннан кейін Отар-2 әскери бөлімшесінде жаттығудан өтіп, емтихан тапсырдық. Кіші лейтенант атағы берілді. Ол кезде журналистика факультетін бітіргендерге Қазақстан Орталық Комитетінің идеология бөлімі жолдама беретін. Мені Орталық Комитет Гурьев облыстық партия комитетінің қарамағына жіберді. Әкемнің сырқаттығына байланысты обкомнан рұқсат сұрап, бір оқу жылына Маңғыстау ауданының Тұрыш деген жеріндегі орта мектепте мұғалім болуға келістім. Сөйтіп, диплом алғаннан кейінгі алғашқы еңбек жолымды қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болудан бастадым. Осы бір оқу жылы менің педагогикалық жұмысқа деген қабілетімді айқындап берді. Мектептегі өңшең тәжірибелі ұстаздардың арасында шыңдалып шықтым. Бұл болашақтағы ұстаздық жұмысыма негіз болды. Бірақ уәде бойынша Гурьев облыстық партия комитетінің құзырына қайтып баруға тура келді. Обком мені облыстық «Коммунистік еңбек» газетіне әдеби қызметкер етіп жұмысқа қабылдады. Онда ауыл шаруашылығы бөлімінде болып Гурьев облысының түгелге дерлік совхоздарында жол сапарда болып, көлемді-көлемді материалдар жаздым. Өкінішке орай сол кездегі материалдарымның да қиындылары сақталмапты. 1969 жылдың 15-ші желтоқсанында обком мені жаңадан ашылатын Өзен аудандық «Жаңарған Маңғыстау» газетіне бөлім меңгерушісі етіп жіберді.Осы газетте 1973 жылдың 13-ші сәуірінде жабылып қалғанға дейін жұмыс іседім. Газетінің жабылу себебі оның базасында жаңадан құрылған Маңғышлақ облысының облыстық «Коммунистік жол» газетіне шығатын болды. Сөйтіп «Жаңарған Маңғыстау» жабылып, оның журналистері «Комунистік жолға» ауысты. 1970-1973 ж.ж. аралығындағы «Жаңарған Маңғыстауда» да сан алуан жанрда, түрлі тақырыпта өзекті мәселелерді көтерген көлемді-көлемді материалдарым шығып еді. Кезінде олардық қиындыларын жинауды ескермеппін. Өмірі қысқа болса да, «Жаңарған Маңғыстау» газеті ауданның айнасы бола білген еді. Әр жыл сайын ақындар айтысын өтізуді дәстүрге айналдырдық. Жұртшылық арасындағы мақала, өлең жазуға қабілеті бар адамдардың творчестволық көзін аштық. «Коммунистік жол» газетінде екі ай жұмыс істегеннен кейін өз еркіммен жұмыстан кетуіме тура келді. Өйтені, отбасылық жағдайым салт жүріп жұмыс істеуге қиындық туғызды. Ол кезде жаңа құрылып жатқан облыстық кадрларға пәтер беру жайы мүлде қиын еді. Осы екі айда жарияланған материалдарымның қиындылары сақталмапты.1973-ші жылдың тамыз айынан бастап, жаңадан ашылған Өзен станциясындағы №555 8-жылдық теміржол мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Осы мектепті жеті жылдай жұмыс жасадым. Мұғалімдік кәсіптің қыр-сырларын жан-жақты меңгердім. Қазақ тілі сабағын оқыту методикасының сан түрлі әдістерін күнделікті жұмысымда қолдануды жүзеге асырдым. Талай рет ашық сабақтар өткізіп, қала, облыс мұғалімдеріне тәжірибемді таныта бастадым. Менің іс-тәжірибем туралы облыстық газет бетінде материалдар шықты. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту тәжірибеммен өзімнің де ондаған материалдарым облыстық «Коммунистік жол», республикалық «Қазақстан мектебі» газет-журналдарында жарияланды. Олардың кейбіреулерінің қиындылары бар. Қалалық оқу бөлімі тәжірибемді таратты. Өз тәжірибем туралы облыстық педагогикалық оқуларға үзбей қатысып, бірінші, екінші, үшінші орындарға ие болдым.1978 жылы Қарағандыда өткен республикалық педагогикалық оқуға қатысып, Министрліктің «Құрмен Грамотасына» ие болдым. Озат мұғалім ретінде қалалық, облыстық оқу бөлімдерінен алған мақтау, құрмет грамоталарым әлденешеу. Осы жылдар ішінде Жаңа Өзен қаласында өткен ақындар айтысына бірнеше рет қатыстым.Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық мқұғалімдердің білімін жетілдіру институтының сырттай аспирантурасына түсіп, «Қазақ тілін оқуты методикасы» жайлы тақырып алдым. Ғылыми жетекші Қаз.МУ-дың профессоры Х.Арғынов болды. Бір-екі жылда кандидаттық дисертация қорғайтын мүмкіндігім де бар еді. Бірақ менің педагогикалық жұмысқа жан-тәніммен беріліп, алға қойған мақсатымды отбасылық қиын жағдай болып кетті. Семья жағдайына байланысты жедел түрде облыс орталығы Шевченко қаласына көшуге тура келді. Ол кезде Шевченкода бір ғана қазақ мектебі болатын. Мектепке жұмысқа орналасып, ғылыми жұмысымды жалғастыруға мүмкіндік болмады. Сөйтіп, журналистік мамандығыма қайта оралдым. Маңғыстау облыстық телевидениесіне редактор болып қызметке кірдім. Телевидениеде ауыл-шаруашылығы, өнерәсіп салалары бойынша хабарлар ұуымдастыру маған жүктелді. Облыстың саналуан өнерәсіп орындарында, совхоздарында үнемі жол сапарда болып, проблемалық хабарлар ұйымдастырып, қызметтік міндетімді адал орындадым. КОКП ХХVI съезінің делегаты, Өзен кен орнының мұнайшы-операторы Ағжан Қадымова жайлы ұйымдастырған «Ағжан асуы» деген хабарым республиалық телеэфирден көрсетілді. 1984 жылы облыстық «Коммунистік жол» газетіне аға тілші болып жұмысқа ауыстым. Онда өнеркәсіп бөлімінде болып, мұнай-газ, құрылыс, транспорт тақырыбында әртүрлі жанрда көптеген мақалаларым жарық көрді. Олардың көпшілігі сақталған. Маңғыстау облысы Гурьев облысына қосылып, «Коммунистік жол» газеті жабылған соң, аз уақыт №86 Маңғышлақ станциясындағы теміржол мектебінде уақытша жұмыс істедім. Ақтау қалалық «Маңғыстау» газеті ашылғанда, соған аға тілші болып келдім. Бұл кезде жазған мақалаларымның да бірқатары сақталған.1992 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш тәуелсіз газет – «Адай» газетіне бас редактор болдым. Ол кезде оның құрылтайшысы «Береке» бірлестігі болатын. (Мырзашөлдегі). Кейін ол «Адай» газетін қаржыландыра алмай қалды. Газетті қайткенде де шығара беру мақсатымен 1995 жылда өзім оған құрылтайшы болдым. Сөйтіп 1996 жылдан бері «Адай» газетінің әрі құрылтайшысы, әрі бас редакторы болып, оны осы кезге дейін шығарып келдім. Газеттің барлық шыққан сандары сақталған. Газет шығарумен бірге №11 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып та жұмыс жасадым. Мектеп директорының халықтық педагогика жөніндегі орынбасары болдым. Мектептің халықтық педагогикалық моделін жасап, оқушыларға ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбие беруде біршама игі шараларға мұрындық болдым. №11 мектепте де қазақ тілінен сабақ беруде тәжірибемді көрсете білдім. «Құрмалас сөйлемді оқытудың тиімді жолдары» деген тәжірибем жеке буклет болып, Ақтау қаласының мектептеріне тарады. Шарелхан Әленовтың облыстық деңгейдегі атаулы мектебінің мүшесі болып, сан түрлі тақырыпта баяндамалар жасадым. Облыстық семинарда жасаған «Халқын сүйген ақын оны сынай да білген» деген тақырыпта Ұлы Абайдың 150 жылдығына орай жасаған баяндамам облыстық «Маңғыстау» газетіне жарияланды. Облыстық білім басқармасы арнаулы комиссиясының шешімімен маған жоғарғы санат (категория) 14-ші разряд берілді. «Маңғыстау» газетінде жүрген кезде тарихи метериалдарға, жергілікті батырлар мен билердің өміріне айрықша назар аударған едім. Бұл бағытта бірқатар материалдар жарияланған да болатын.Әсіресе, 1870-1874 жылдары Маңғыстаудағы Иса, Досан бастаған көтеріліс жайлы материалдар жинақталды. Досан батыр туралы Е.Жаманбайұлы екеуміздің көлемді тарихи очеркіміз «Маңғыстау» газетінің бірнеше нөмерінде басылды. 1998 жылы «Досан батыр» атты кітап құрастырып шығардым. Онда Досан батырдың ерлік тарихымен қоса, ол туралы жазылған өлең-дастандар енгізілді. Біздің жазбамыздан кейін «Досан батырдың» портреті салынды. Шетпеде ескерткіш орнатылды, Қаратөбе жерінде ас берілді. Сөйтіп батырдың елге танылуына себепші болдық. Досан батыр туралы кейін «Алтын Орда» газетіне мақала жарияладым. (2001 жылы)Мен 1995-1996 оқу жылында Маңғыстау өнер колледжіне тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмысқа ауысқанмын мұнда да көптеген игі шаралардың ұйытқысы болып, облысытық деңгейдегі түрлі шараларға белсене қатыстым. Қаламгерлік өнерім де үзілген жоқ.Қазақстан мұнайының 100 жылдығына арналған журналистік шығармалар бойынша облыс әкімінің конкурсында 1-жүлдеге ие болдым. «Адай» газеті қиындыққа қарамастан жалғасын тауып шығып жүрді, әсіресе оның Бекет атаның 250 жылдығына арналған сандары жұртшылықтың көңілінен шықты. Журналистік пен педагогиканы қатар игеріп, екеуіне де қосқан үлесім бар десем, артық айтқандық емес..."
Арсланов Анвар (1940-1995, Атырау қаласы). Атырау мұнай техникумын бітірген (1958). * 1958-1966 жылдары-ЖМБЭ моторшы, машинист, бұрғылау қондырғыларының механигі. * 1966-1976 жылдары - Оңтүстік Ембі МБЭ аға механигі, бас механигі. * 1976-1986 жылдары - «ҚазМұнайГазгеология» ӨБ мұнара құрастыру кеңсесінің бас механигі, бастығы. * 1986-1990 жылдары - Каспий маңы МБЭ бас механигі. * 1990-1995 жылдары - «Атыраумұнайгеология» АҚ Солтүстік Ембі МБЭ бас механигі. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Аустниязов Аққали (1895-1957, Атырау қаласы). Ембі ардагері. 1911 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінде ағылшындарға жалданып курьер, слесарь болып жумыс істеген. 1920-1923 жылдары - Астрахан қаласында балықшы. 1923-1956 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Доссор, Мақат, Сағыз, Байшонас, Тентексор, Қосшағыл мұнай кәсіпшіліктерінде мұнай кәсіпшілігі құрал-жабдықтарын жөндейтін слесарь, мұнай өндіретін оператор, шебер, механик. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Асқарбаев Нұғман (1943, Қытай). Қазақ политехникалық институтын бітірген (1969). * 1969-1992 жылдары - Қаратон МАБ мұнай мен газ өндіру операторы, Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, «Өзенмұнай» МГӨБ оператор, шебер, инженер, АИТҚ ауысымының бастығы, мұнай өндіру цехы бастығының орынбасары, ұңғымаларды күрделі жөндеу цехының бастығы, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай мен газ өндіру цехының бастығы. * 1992-1996 жылдары - «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы. * 1996-2003 жылдары - «ХаррикейнҚумкөлмұнай» АҚ ОИТҚ бастығы. 2003 жылдан - зейнеткер. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1999). ## Дереккөздер
Арыстанов Пірімтай (1939, Түркістан облысы). Ташкент политехникалық институтын бітірген (1966). * 1966-1982 жылдары - КМБЭ бұрғылау учаскесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, инженер, аға инженер, учаске бастығы, мұнай барлау бастығы, экспедиция бастығы. * 1975-1979 жылдары - экспедиция парткомыныңхатшысы. * 1982-1985 жылдары - Қазақстан Коммунист партиясы Ералы аудандық комитетінің бірінші хатшысы. * 1985-1988 жылдары - Маңғышлақ облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. * 1988-1990 жылдары - Қазақстан Коммунист партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті өнеркәсіп-көлікбөлімінің нұсқаушысы. * 1990-1998 жылдары - облыстық экология және табиғатты қорғау басқармасының бастығы. * 2002 жылдан - зейнеткер. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Атагөзиев Құлымғара (1928, Атырау облысы). Атырау мұнай техникумын бітірген (1952). * 1944-1946 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Сағыз бұрғылау цехының коллекторы. * 1946-1949 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. * 1949-1987 жылдары - «Сағыз» ірілендірілген мұнай кәсіпшілігінде ұңғымаларды зерттеу операторы, ұңғымаларды жер астында жөндеу бригадасы мен мұнай өндіру цехының шебері, басқарма кәсіподақ комитетінің төрағасы, мұнай өндіру цехының бастығы. * 1987 жылдан - зейнеткер. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1979), «Еңбек ардагері» (1987) медальдарымен, «Мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1985) белгісімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ахмеджанов Кәрім (1906-1967, Атырау облысы). Партия-кеңесмектебінбітірген (1926). 1920-1933 жылдары - Доссор мұнай кәсіпшілігі электр цехында электр монтерінің оқушысы, электр монтері, шебер, цех бастығы, Коммунистік партия Гурьев округтік комитетінің нусқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1933-1966 жылдары - Коммунист партияның Денгиз, Мақат аудандық комитеттерінің екінші хатшысы, Ескене, Байшонас мұнай кәсіпшіліктері кәсіподақ комитетінің терағасы, «Гурьевэнерго» тресі мұнай кәсіпшіліктері бастығының орынбасары, трест басқармасының орынбасары. «Құрмет белгісі» ордені (1945) мен медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дәулетов Ағыс (1894-1968, Атырау облысы). KCPO Мұнай өнеркәсібі үздігі. 1921—1956 жылдары Мақат мұнай кәсіпшілігінде ұңғымаларды жер асты жөндеу бригадасында жумысшы,кілітшінің көмекшісі, кілітші, мұнай өндіру цехында оператор. 1956 жылдан зейнеткер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Ахметжанов Хәкім (1921-1989, Атырау облысы). Техника ғылымдарының кандидаты (1961). Орал педагогика институты мен Мәскеу Жоғары Әскери гидрометереология институтын (1944) бітірген. 1944-1948 жылдары - Балтық әскери-теңіз флотында ескери инженер. 1948-1950 жылдары - Гурьев педагогика институтында физика кафедрасының меңгерушісі. 1950-1961 жылдары - Қазақ КСР ГА мұнай мен табиғи тұздар ғылыми институтында лаборатория меңгерушісі. 1961-1981 жылдары - Қазақ гидрометеорология ғылыми-зерттеу институтының директоры. II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендері мен көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дәулетбаева Тәрбие (1935, Атырау қаласы). «Ардақты Ана» (1978). 1955-1986 жылдары — Доссор мұнай кәсіпшілігі басқармасында қабаттарға су жіберу цехында оператордың көмекшісі, оператор. 1986 жылдан зейнеткер. «Құрмет белгісі» (1970), Ана Даңқы, Алтын Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Дәулетов Тоғызбай (1913—1988, Атырау облысы). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1967). Ембінің ардагері. 1931-1938 жылдары — Қосшағыл мұнай кәсіпшілігініңбұрғылау бөлімшесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1938-1946 жылдары — Құлсары барлау-бұрғылау кеңсесінде бұрғышы, бұрғылау цехының шебері, 1946-975 жылдары — Солтүстік Үстірт мұнай барлау экспедициясында бұрғылау шебері, бұрғылау бөлімшесінің бастығы, экспедиция бастығының орынбасары, бас диспетчер, бұрғылау қондырғысы басшысы, бөлімше бастығының орынбасары, уңғыларды сынау және зерттеу инженері, технология бөлімінің аға инженері. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дәуітбаев Құлқай (1930, Атырау облысы). Доссор №19 кәсіптік училищесін бітірген (1946). 1946-1969 жылдары — Құлсары мұнай-газ өндіру басқармасы мұнара турғызу цехында ағаш шебері. 1969-1990 жылдары — "Саратовтрансгаз" бірлестігі Құлсары желілік өндірістік басқармасында күзетші, ағаш шебері. 1990 жылдан зейнеткер. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (1989). ## Дереккөздер
Дәулетов Шайхым (1898—1987, Атырау облысы). 1929-1960 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі Мақат мұнай кәсіпшілігі басқармасында уңғыны жер асты жөндеу бригадасының жұмысшысы, кілітшісі, аға кілітшісі. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Денов Жұмабай (1903-белгісіз). 1929 жылдан Қарабатанда бұрғылау жұмысшысы, бұрғышы. Тақыр-Булақ (1947), Ұшқын (1948), Биікжал (1948), Қаратон (1950) мұнай алаңдарын барлаған. 1951 жылдан Өзен геологиялық-барлау экспедициясында бұрғылау жұмысшысы. Ленин орденімен (1951), Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Досбаев Жауылбай (1934, Атырау облысы). Ақтас кен орнын бірінші ашқан (1968). Атырау мұнай техникумын (1960) және Ташкент политехникалық институтын (1976) бітірген. * 1950-1953 жылдары — Құлсары бұрғылау кеңсесінде электрмен дәнекерлеуші. * 1953-1956 жылдары — КСРО әскери-теңіз флотында қызмет атқарған. * 1956-1960 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі Байланыс кеңсесі Құлсары телефон станциясында электр механигі, аға техник. * 1960-1965 жылдары — Құлсары мұнай кәсіпшілігі басқармасында мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды күрделі жендеу кеңсесінде бұрғышы, бұрғылау шебері. * 1965-1975 жылдары — ЖМБЭ-да бұрғылау шебері, инженер, аға инженер, бұрғылау алаңының бастығы, бас инженердің орынбасары. * 1975-1976 жылдары — Қазақстан КП Ералиев аудандық комитетінің нусқаушысы. * 1976-1982 жылдары — Маңғышлақ облыстық халықтық бақылау комитетінде нусқаушы, бөлім меңгерушісі. * 1982-1988 жылдары — КСРО Газ өнеркәсібі министрлігі «Каспийсыртыгазтасымалдау» ӨБ бас директорының орынбасары. * 1988-1990 жылдары — Атырау облыстық халықтық бақылау комитетінде нусқаушы, өндіріс жене көлік бөлімінің меңгерушісі. * 1990-1995 жылдары — облыстық баспахананың директоры, Атырау облысындағы «Полиграфия» ӨБ бас директорының орынбасары. * 1995 жылдан зейнеткер. Жер қойнауын барлау ісінің үздігі (1972). «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған (1985). ## Дереккөздер
Димағамбетов Амандық (1940-1981, Түрікменстан). Қазақ KCP Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1981). 1958-1966 жылдары - "Түрікменмұнай" бірлестігі «Небитдагмұнай» мұнай-газ ендіру басқармасында мұнай-газ өндіру операторының көмекшісі, операторы. 1966-1981 жылдары - «Маңғышлақмұнай» өндіріс бірлестігі «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай-газ ендіру операторы. 2-ші және 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Досқалиев Жәукен (1931, Атырау облысы). 1948-1957 жылдары — Қосшағыл, Байшонас МКБ-да электр монтері, механика шеберханасының токары. 1957-1987 жылдары — «Ембімұнай» бірлестігі «Доссормұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы Қарсақ мұнай кәсіпшілігінде токарь, механик, технолог, слесарь. 1987 жылдан зейнеткер. 3-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Достанов Темірхан (1939-1996, Атырау қаласы). Доссор кәсіптік училищесін бітірген (1959). 1956-1957 жылдары —Доссор автомобиль жендеу зауытында слесарьдың көмекшісі. 1959-1994 жылдары — Байшонас, Доссор МКБ-да моторшы, бұрғылау цехы бұрғылау құрылғылары машинист, Таңатар мұнай өндіру бөлімшесінде оператор, аға оператор. «Еңбек ардагері» (1990) және Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен (1994) марапатталған. ## Дереккөздер