text
stringlengths
3
252k
Өтеуов Арон Махуұлы (1924 ж. т., Ресей, Астрахан облысы, Володар ауданы, Долгино селосы) – соғыс ардагері, қызметкер. 1941 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Бақсай ауданында мұғалім болды. 1942 – 45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 – 53 ж. мектеп директоры, оқу бөлімінің меңгерушісі. 1953 – 61 ж. Маңғыстау аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1961 – 83 ж. Маңғыстау, Ембі, Теңіз аудандық комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерінің, бірнеше медальдардың иегері. ## Дереккөздер
Некрасовка — Абай облысы Үржар ауданы, Барқытбел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Тәукин Мұхаметқали (1814 – 20.2.1894) – сұлтан, Кіші жүздің Батыс бөлігінің правителі (1847 – 1865). Айшуақ ханның немересі. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқыған. Корпусты толық бітірместен, 1831 жылы 25 қарашада Кіші жүздің Батыс бөлігі басшысының қарамағына әкімшілік қызметке жіберілді. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға қатысты. 1839 жылы Ресейдің Хиуаға жіберген әскери экспедицияның құрамына енді. 1847 жылы Кіші жүздің Батыс бөлігінің сұлтаны (правитель) болып тағайындалды. Сұлтан М.Баймұхамедов бастаған Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Петерборға барып, император [[Николай I-нің қабылдауында болып, “Әулие Владимир” орденімен марапатталды. 1860 жылы екінші рет Мәскеу мен Петерборға Кіші жүз өкілдерімен барды. Осы сапарында Ш.Уәлиханов, П.И. Небольсин, Л.Н. Плотников секілді шығыстанушылармен танысты және императорлық ерікті экон. қоғамға мүше болып қабылданды. Петерборда шығатын “Экономические записки” журналына қазақтардың шаруашылығы туралы мақаласын жариялады. Кіші жүз сұлтандарының шежіресін қағазға түсірумен айналысты. 1865 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. 1868 жылы патша өкіметі қабылдаған “Уақытша ережеге” наразылық танытқаны үшін 1870 жылы Архангельскіге жер аударылып, одан 1874 жылы елге оралды. ## Сілтемелер
Оңдаған Сиқуатұлы Нұрсұлтан (1942 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай ауылы) – химия ғылымының докторы (1997), профессор Гурьев педагогикалық институтын (1965 ## Оқу жолы қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) бітірген. Осы институтта бөлім меңгерушісі, Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында ғылыми қызметкер, Жамбыл (Тараз), Арқалық, Ақмола қалаларындағы оқу орындарында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, Атырау мемлекеттік университетінде оқу ісі жөніндегі проректор (1967–1998) болған. 1998 жылдан Атырау мұнай және газ институтында 1-проректор қызметін атқарады. ## Ғылыми еңбектер * «Плазмохимический метод получения непредельных мономеров и синтез газа в турбулентных потоках из газообразных жидких углеводородов горючего сланца – илигнина» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. * 4 патент пен 4 авторлық куәліктің иегері. ## Дереккөздер
Батпақты — Абай облысы Үржар ауданы, Барқытбел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Каңнамгу (кор. 강남구, 江南區; корей тілінің жаңа романизациалануы: Gangnam-gu) — Корея Республикасының астанасы Сеул қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аудан. Каңнамгу Сеулдегі халқы тығыз орналасқан аудандардың бірі. 2007 жылғы халық санағы бойынша бұл ауданда 560958 адам тұрады, оның ішінді 7054 шетелдік тұрғын. Әлемді дүр сілкіндірген ән осы ауданның құрметіне аталған. ## Атауы Каңнамгу атауының шығу тарихын түсіну өте онай: каң (кор. 강) – «өзен», нам (кор. 남) – «оңтүстік», гу (кор. 구) – «аудан», «шекара». Сөзбе-сөз айтқанда: «өзеннің оңтүстігіндегі аудан». ## Қала картасындағы орналасуы Каңнамгу ауданының солтүстік шекарасын Йонсангу және Сондонгу аудандарынан Ханган атты өзен бөліп тұрады, ал шығыстағы шекарасы Тханчхон жылғасымен тоғысады. Ол жылған арғы бетінде Сонпхагу ауданы шекаралас жатыр. Каңнамгу осы сиақты тағыда көптеген Сеулдегі аудандармен шекаралас жатады. ## Тарихы Чосон әулеті билік құрған кезде қазіргі Каңнамгу Дэванмён мен Ынчжумённің (Кванджу уезі, Кёнгидо провинциясы) бөлігі болған. 1963 жылдың1 қаңтарнда Кёнгидо провинциясының Кванджу және Сихын уездерінің бөліктері Сеул шекарасына бірікті. 1975 жылдың1 қазаннда Каңнамгу және Сочхогу Сондонгу құрамынан шығарылып, ал 1988 жылдың 1 қаңтарнда бір-бірінен тәуелсіз болды. 1998 жылдың мамыр айында Каңнамгу өзін-өзі басқару құқығын алды. ## Жалпы сипаттама Сеулдің басқа аудандарына қарағанда Каңнамгу ауданы олардың кейінірек дамыды, бірақ та қазіргі таңда бұл аудан Кореядағы дамыған аудандарының бірі болып есептеледі. Аудан аумағында көптеген 4-5 жұлдызды қонақ үйлер орналасқан. Каңнамгуда 36 балабақша, 85 орта мектеп, 2 арнаулы мектеп, 3 университет (Тондок әйелдер университеті, СНА Медициналық университетінің кампусы) соған қатар 12 әлеуметтік кітапхана жұмыс істеуде. Каңнамгу шекарасы бойында 4 метро желісі өтеді (2-ші, 3-ші, 7-ші, және Будан желісі), станциялардың жалпы саны - 20. ## Ауданның назар аударарлық орындары Каңнамгуда астаналық және провинциялық тұрғындар мен жергілікті тұрғындардың демалатын бірнеше сауда-ойын-сауық орталықтары орналасқан. Олардың ішінде: COEX|COEX сауда-ойын-сауық кешені және Апкучжондон (кор. 압구정동). Тегеранно жолы (кор. 테헤란로, сөзбе-сөз. «Тегеран көшесі» немесе «Тегерандық көше») ауданның орталығы арқылы өтетін, негізгі көшелердің бірі. Бұл көше бойында ірі оңтүстіккореялық және мемлекеттік корпорациялардың офистері орналасқан. Арагідік ағылшындақтар бұл көшені "Тегерандық алап" (ағыл.Tegeran Valley) деп те атайды. Сол сияқты Тегерано бойында Оңтүстік Кореядағы бірнеше биік ғимараттар орналасқан. Сеул мэриясының ақпараты бойынша Тегерано көшесінде орналасқан компаниялардың ақша табысы, яғни инвестициясы 200 млрд. вона немесе 160 млн. 640 мың АҚШ доллары көлемінде болып табылады. Ауданға «Gangnam Style» (Каңнамгу стилі) атты, оңтүстіккореялық әнші PSYдың әні арналған. Әннің бейнекөрінісі YouTube видеохостингінде 1 600 000 000-ге жуық адам көріп, "Лайк" басудан рекордытты санын жиңап, Гинес рекордатырың кітабына енді. ## Бауырлас елді-мекендер Мемлекет ішінде: * Корея Республикасы Чхорвон уезді, Канвондо провинциясы (7 қыркүйек 1996) * Корея Республикасы Квесан уезді, Чхунчхон-Пукто провинциясы (29 наурыз 2007) * Корея Республикасы Капхён уезді, Кёнгидо провинциясы (21 сәуір 2004) * Корея Республикасы Санджу уезді, Кёнсан-Пукто провинциясы (31 қазан 2007) * Корея Республикасы Синан уезді, Чолла-Намдо провинциясы (9 қараша 1999) * Корея Республикасы Йондогу ауданы ,Пусан қаласы, (5 шілде 2007) * Корея Республикасы Канхва уезді, Инчхон қаласы, (6 сәуір 2001) * Корея Республикасы Йондон уезді, Чхунчхон-Пукто провинциясы, (20 ақпан 2002) * Корея Республикасы Тхонъён қаласы, Кёнсан-Намдо провинциясы, (27 наурыз 2003) * Корея Республикасы Йонджу қаласы, Кёнсан-Пукто провинциясы, (27 ақпан 1998) * Корея Республикасы Посон уезді, Чолла-Намдо провинциясы, (17 ақпан 2007) * Корея Республикасыуезді Пуё, провинциясы Чхунчхон-Намдо, (5 қазан 2001) * Корея Республикасықаласы Пхаджу, провинциясы Кёнгидо, (23 тамыз 2007) Серіктес елді-мекендер: * Корея Республикасы Йондже ауданы, Пусан қаласы, (6 шілде 2007) * Корея Республикасы Ичхон қаласы, провинциясы Кёнгидо провинциясы, (6 сәуір 2001) Шекара сыртында: * Қытай Чаоян ауданы (кыт. 朝阳区, пиньинь: Cháoyáng Qū), Бейжің қаласы, (18 сәуір 1996) * АҚШ Риверсайд қаласы, Калифорния штаты, (11 мамыр 1999) * Қытай Чжуншань ауданы (кыт. 中山区, пиньинь: Zhōngshān Qū), Далянь қаласы, Ляонин провинциясы, (22 маусым 1994) * Қытай Личэн ауданы (кыт. 历城区, пиньинь: Lìchéng Qū), Цзинань қаласы, Шаньдун провинциясы, (15 маусым 2007) * Бельгия Коммуна Волюве-Сен-Пьер (фр. Woluwe-Saint-Pierre), Брюссель қаласы, (21 маусым 1976) ## Түсініктемелер * Каңнамгу // Орысша Уикипедия (GFDL лицензиясы қайнаркөз өңдемелерінің тарихы). Қазақшаға аударылған күні: 17 маусым 2013 жыл ## Дереккөздер
Аралбай батыр Әлібекұлы (шамамен 1685-1778; ұрпағы он бір-он екінші атаға жеткен ру аты Аралбай батыр есімімен аталады) — есімі ел аузыңда қалған белгілі батыр. Арғын тайпасының Алтай руынан тарайды. Аралбай Қарпық Барғана батыр, Найман Наймантай батырмен үзеңгілес дос болған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Көжек атанған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ғана ұл туған. Аралбайдын бәйбішесі Айса ұлы жүз Сиқым-Жаныс Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай атанады, Аралбайдын үшінші әйелі Тансұлу Танақызы, одан Байтоқа, Сеңкібай, Бәйтелі, Жабағы, Жабықтуған. Бұлардың әрқайсысы рулы ел, бір-бірімен қыз алысуға жеткен. Бізге жеткен аңыздар бойынша, кезінде батыр бабамыз жер қайысқан жылқыға өріс іздеп, көктемге қарай сонау қиырдағы Түменге, қар жауа қияндағы Ұлытауға бет түзеген. Сондай алыс сапарлардың бірінде 86 жасында (1686-1772; кейбір деректерде 1685-1778) Ұлытаудағы қыстағында көз жұмыпты. «Рухы осы жерде мәңгі дамыл тауыпты» - дейтін көнекөз, көкірегі ояу аталарымыз.Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Қазақ халқының тағдыр-талайында ерліктің айбынын көрсетіп, елдің қорғаны болған тарихи тұлғалар шоғырындағы дулығалы батырлардың алар орны ерекше. Аты аңызға айналған сондай ержүрек жанның бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманы — Аралбай батыр Әлібекұлы.XVII – XVIII ғасырлар қазақ халқының жауын бірде жеңіп, бірде жауынан өзі жеңіліп өткізген толассыз шайқасымен, тәуелсіздік үшін жан алып, жан берген ерлік күресімен сипатталады.Есім, Салқам Жәңгір, Қарасай, Көшек, Шерубай батыр және басқа батырлар туралы жырлар, аңыз-әңгімелер бұл тұста жастың жүрегінде, қарттың есінде еді. Аралбай батыр бір жағынан осындай теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан көзін ашып көргені елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығы болды. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, ата-мекенін жаудан азат ету туралы алыс арманға, тұтас халық ардақ тұтқан асыл мұратқа бастады, ата жолын қуып, батыр болуға құлшындырды.Әлібекұлы Аралбай ат жалын тарта бастағанда Тәуке ханның батыры болған. Аңыз әңгіменің бірінде Тәуке хан Қанжығалы Бөгенбай батырға "қалмаққа аттанамыз, қол жина" деп жарлық береді. Бөгенбай Арқадағы аты шығып жүрген жас перен батырлар Алтай Аралбай мен Тоқа Барғанаға "сарбаз жинап, тез жетіңдер" деп сәлем айтады. Ол екеуі Арқадағы қоныстанған ауыл-ауылды жағалап, жігіт жинайды. Тарақты Наймантай батырдың азамат балалары соғыста шейіт болып, батырдың қартайып отырып қалған кезі болса керек. Аралбай мен Барғана Наймантай батырға соқпай кетсек өкпелер, сәлем беріп, батасын алайық, қосатын жігіті болса оны көрейік, деп Наймантайдың аулына келеді. Балқаштың ну қамысының ықтасына қонған екен. Күздің қара суығы. Батырға сәлем беріп, келген жайларын айтады. Наймантай батыр: "Балаларымның бәрі қалмақтармен болған қақтығыста қаза болғанын өздерің білесіңдер. Өзімнің түрім мынау. Он үш жасар балам бар соны қосайын” дейді. "Батыр екесі-ау, тойға бара жатқан жоқпыз, соғысқа барамыз. Он үш жасар баладан бізге не пайда, батаңызды берсеңіз болады", - депті Аралбай мен Барғана.“Қомсынсаңдар ертпей-ақ қойыңдар. Бірақ менен туғаны рас болса, сендерге масыл болмас",- дейді Наймантай батыр."Батыр ата, он үште отау иесі болғанымен, жауға шауып, аруақ шақыру бұғанасы қатпаған балаға оңай болмас. Сонша сенім артатын балаңыздың не қасиеті бар",- дейді Аралбай."Оған атамыздың аруағы қонған ба деп топшыладым. Кеше талай жорыққа мінген, қоса жасасып келе жатқан жалғыз атымды жолбарыс жарып кетіпті. Соған назаланып енді мені даланың тышқаны да басынғаны ғой деп налып жатып қалдым. Менің күйзелгенімді көрген балам үйден шығып кетіп еді. Қамыс жаққа кетіп бара жатқан баласына шешесі қайда барасың десе, атамның атын жарған тышқанға барам депті. Барма, жазым қылады дегеніне көнбей, кетіп қалыпты. Қатыным: "Қу қақпас, енді қалған жалғыздың түбіне жететін болдың. Анау атамның атын жарған тышқанды өлтірем деп кетті" деп дауыс қойды. Шыдай алмай садағымды алып, баланың ізімен қамыс ішіне кірдім. Жолбарыс атты жарған жерінен ұзамаған екен. Артында келе жатқан мені бала сезер емес. Жолбарыс оны көріп, құйрығын шапақтап, қарсы қарап жатып алды. Аңға атыларда пәтшағар сөйтеді ғой. Бала не қылар екен байқайын, жолбарыс шапса атып қалайын деп, садағымды кезеніп тұра қалдым. Балам барып жолбарыстың үстіне атша мінді де, кездігін өкпесіне сұғып алды. Жолбарысты қозғалтпай буып тастаған баламның аруағы бар екен деп Құдайға тәубе қылдым. Ана ілулі тұрған соның терісі",- депті Наймантай батыр. Сөйтіп, Байқозы батырдың атағы 13 жасында қалмақтармен айқаста шыққан екен.Аралбай батыр 1726 жылғы Бұланты, 1729 жылғы Аңырақай шайқастарына қатысқан. Тәуке хан өлгеннен кейін Әбілмәмбет ханның батыры болған. Абылай қолдаған.Әдеби – тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Аралбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1742 жылдардың шамасы екендігіне мегзейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. 1740 жылы ойрат әскері Сарыарқаға қарай төгілді. Жауды күтіп сақадай сай отырған Абылай қолы қарсы шабуылға көшті. Бірнеше салмақты ұрыстарда жау қолын ойсырата жеңген қолдың басында "Алтайлап!" - жауға қарсы шауып, Қазақ туын жоғары көтерген Аралбай, Қызылқұрт, Нияз, Шерубай, Тауасар батырларға риза болған төбе би Төленің "Арғын болсаң Алтай бол!" - деп шын жүрегінен бата беретіні осы жолы болса керек.Жеңіс екі жақты болып жатты. Күзде саябырлаған тәрізді болған ұрыс ақпан айында Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржи бастаған отыз мыңдық ойрат шерігі жолдағының бәрін жайпап жоғары қарай жылжи түсті.Қанды шайқас қыстан озып, жазға ұласты. Қысқы майданда Есіл мен Тобылға дейін ұрыс жалғасып жатты. Бұл уақытта Алтай жігіттеріне қолбасы болған Аралбай неше түрлі қиянкесті соғыстарда аты шығып, Лама Доржидің бір қолын тас-талқан етеді.Аралбайдың інісі Төлес (Тілес) те батыр болған. Ол 1725 жылдары туған. Байқозы батырдың тәрбиесінде болған. 1745 жылы Қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін Жоңғар хандығына ие болған Лама Доржи қазақ еліне шапқыншылықты қайта бастайды. Осы кездегі қалмақтармен бір соғыста 1745 жылы Төлес (Тілес) батыр қаза болады.Төлестен (Тілестен) Тайлақ жалғыз туады. Одан өніп-өскен балалар болған. Олар бір ел болып, Алатау асып, сол жақта үрім-бұтақ жайып, тұрып жатыр деген деректер бар. Оларды әзірше ешкім білмейді. Төлес (Тілес) қаза болған соң оның әйелін Аралбай батыр алады. Одан Барақ (Ботақан-Барақ) дүниеге келеді.Ботақан-Барақтың кейінгі ұрпағы 30-40 шаңырақтан асқан емес. Барақтан тараған Смайылұлы Рақыжан асқан шебер зергер, молда болған; Қуанышов Шәкіжан милиция полковнигі, Сарысу ауданының тұңғыш милиция бастығы болған.Аралбай батырдың баласы Бәйтелі батыр 1729 жылы туған, 1799 жылы қайтыс болған. Бәйтелі Тарақты Байқозы батырдың шәкірті, үзеңгілес серігі болған. Жанама аты Жәнекең деп аталады. Бәйтелі қалмақтың Айманақ батырын жекпе-жекте жеңген. Айманақты аттан құлатқан жердегі тау Иманақ атанып кеткен.Аралбай батырдың бәйбішесі Айса – Ұлы жүз Үйсіннің Дулатынан тарайтын Сиқым-Жаныс руынан. Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай (немесе Айса) атанған.Аралбай Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Кежек атаған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ұл туған.Әйгілі Өмірұлы Кенже атбегі 1778 жылы туып, 1862 жылы қайтыс болған. Кенженің бәйбішесі Қарабас ұзатылғанда әкесі қызына Қаракесек Қара руының бір байынан қалап алған жүйрік торылардың тұқымынан бір бесті айғыр мінгізеді. Ол торының тұқымы шетінен жүйрік болып “Кенжеторы” аталады. Кенесарының қарындасын алған Батырбай төре Қызылтаудың терістік бетіндегі Жалғызағаш деген қыстағын Кенжеге бір жүйрік ат пен бір қыран бүркітке сатқан. Кенжемен құда болып, Нұркүміс деген қарындасын Кенженің Байсалбай деген екінші ұлына ұзатқан. Батырбай сұлтанның Кенжемен араласуының басты себебі Кенже торылардың жүйріктігіне қызыққаннан еді. Кенже тек жүйрік аттардың иесі ғана емес, асқан сыншы атбегі болған. Кенжеторыдан тараған жүйріктерді қарындасы Қақы екеуі жаратып,баптап бәйгіден келтірген.Аралбайдың немересі Кенженің әйелі – Қарабас бәйбіше өте көрікті, ақылды адам болған. Кенже мен Қарабастан Дос, Байсалбай, Берді, Ардабай деген төрт ұл туған. Қарабас стансасы сол кісінің мазары үстінен өткен теміржол бойында Қарабас атымен аталған.Діни сауаты мол, Ислам дінін уағыздаушы Ардабай молда Кенжеұлы 1801 жылы туып, 1874 жылы қайтыс болған. Кенженің үлкен баласы Дос Түркістан, Пішпек-Тоқпақ жағына кіре тартып, сауда-саттық жүргізеді екен. Кенже кіші ұлы Ардабайды 9 жасында үлкен баласына ертіп Түркістандағы Қарнақ медресесіне жібереді. Ардабай ол медреседе 6 жыл оқып еліне келеді. Келісімен ауыл балаларын оқытуға кіріседі. Одан Байсалбайдың Мәндібайы, Бердінің Қали, Ыбырайым деген балалары, өзінің Нұртаза, Зария, Әубәкір, Ілияс деген балалары оқыған. Осылардың ішінде Мәндібай мен Әубәкір жақсы оқып олар да кейін ірі молда болған. Ардабайдан Аралбай Өтебай болыстың немересі Айқышбайұлы Жәкеш қалпе оқыған. Осы Ардабайдан сабақ алған Мәндібай ірі молда болып, Шаққан Ахметті оқытса, Шаққан Ахмет қажының шәкірттері Алтай-Қарпықтың барлық ауылдарында болған.Керей Тұрлыбекке ас беріледі деп сауын айтылғанда 70-ке келген Кенже атын жаратып, бәйгеге қосуға жібереді. Керей Тұрлыбектің асы 1848 жылы Қызылжардағы (Петропавл) Белқараған деген жерде берілген. Оның асына жеті дуан ел шақырылған. Аттың, адамның, ат-тұрманның сұлуына бәйге жарияланады. Алсай Қонақбайдың Қарақұлақ аты ат сұлуы болып, Тарақты Сағал адам сұлуы болып, ер-тұрман сұлулығынан Кенженің алтын ері бас бәйге алады. Ол ерді Қырғыз Жүзбай деген ұста соққан. 560 аттан Кенжеторы бірінші болып келеді. Оған Кенженің үлкен ұлы Достан туған 13 жастағы Елбай мініп шапқан екен.Елбай Аралбай батырдың үлкен әйелі Айсадан туған сырт Аралбай атанатын Нұрабай, Ақжігіт, Мәме, Жидебай, Сары, Бақа батыр, Сарғалдақ, Боздақ, Төбет ауылдарының биі болған.Елбай тісінің қаны тиылмаған соң, Сайдалы руының қожасы Әбдірейім қожаны шақыртады. Қожа көріп жіберіп:"Ажал тамырының аузы ашылған екен, қамдарыңды жасай беріңдер",- деп ем қолданбапты. Елбай бір тәулікке жетпей қайтыс болыпты. Қазіргі Ақтасты су қоймасының жанындағы Тілеке аталатын шошақ моланың қасындағы көп қорымға жерленген. Аралбай батырдың үшінші әйелі Таңсұлу – Тама Әлім-Жәгіден тарайтын Жабал руының қызы. Таңсұлудан – Байтоқа, Сәңкібай, Бәйтелі (Жәнекең), Жабағы (Танаң), Жабық (Бөпең) деген ұлдар туған. Қазір бұлардың әрқайсысы рулы ел. Барлығын қосып Таңсұлу деп атайды.Атақты Байтоқа би (1727-1776) осы Аралбай батырдың кіші әйелі Таңсұлудан туған. Бекше Байдалы бимен немере, құрдас. Бұл кісі де тура шешетін Абылай ханның тура билерінің бірі болған. Ағайын арасындағы қақтығыстарды болдырмай, қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын болған. Байтоқа отырған жерде Байдалы билікке араласпаған. Ағын судай ақын Байдалы көп сөйлеп бара жатса Байтоқа "қарыс-қарыс" дегенде үндемей отырып қалады екен. Ішкен тамағында тазалық болмаса, көзінен басыр болып, жатып қалады екен. Бұл қасиет Байтоқаның немересі Қосыбайдан туған Кеттебекке ауысқан. Ол кісі жолаушы шыққанда шай қайнататын суды өзіне белгілі бұлақтан таза суды торсыққа құйдырып ала жүреді екен. Ұлытауда «Аралбай» деген өзен бар. Соның бастау алатын тұсында Аралбай батырдың көне зираты сақталып қалған. Соңғы жылдары осыны растайтын мұрағат деректері табылды: «Ресей империясының «Жерге орналастыру және жер шаруашылығы бас басқармасының» арнайы тапсырмасымен 1908-1909 жылдары Көкшетау мен Ереймен, Атасу мен Сарысу, Торғай мен Ұлытау өңірін шарлап, тау-тас, өзен-көл, тарихи атаулар мен қоныстарды түгел зерттеген тау-кен инженері А.Козыревтің «Гидрологическое описание важной части Акмолинской области» деген еңбегінде Ұлытаудан Арғанатыға қарай көсілетін жазықта Аралбай өзені ағып жатқаны, соның бастау алатын тұсында Аралбай деген адамның зираты бар екені анық жазылған».Орыс зерттеушісі еңбегіндегі осынау құнды тарихи деректерге сүйене отырып, Аралбай батырдың белгілі ұрпақтары батырдың соңғы аялдаған жеріне барып, әлгі өзен мен зиратты көзбен көргендерін ерекше сезіммен былай баяндайды: «Біздер Ұлытауға іліккеннен Аралбай батыр хақындағы шындыққа кенелдік. «Қазақтың мына аруақты тауы мен осынау ұланғайыр өлке бағзыдан Арғын ата ұрпағының мекені емес пе, - деді қарсы алған, төрге оздырған қариялар. Сол Арғынның артық туған асылы, Алтайдан шыққан баһадүр Аралбай батырдың зираты осында».Ұлытау ауданының орталығында осы сөзге арқаланып қонып шықтық та, ертеңіне өлке тарихынан хабары мол Тоқан ақсақал мен Айбас құдамыздың бастауымен Арғанатыны бағыт алдық. Даланың қиын жолымен сексен шақырымнан астам жүрген соң, қарсы алдымыздан «Аралбай өзені» деген белгі көрінді. Бағзыдан аруақты батыр атындағы өзен осы арада жолды кесіп өтеді екен. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай болды. Шілденің ыстығында шіліңгірленген өзен батыр ғұмыр кешкен заманынан қалған, күн көзінде сан жылдар көнерген күміс белдеудей созылып, таң әулетіндегі солғын сәулемен әлсіз толқынданады.«Аралбай зираты бұл жерден қашық емес», - деді жол бастаған қария. Енді соларды көруге асығып тұрған шығарсыңдар. Қозғалайық». Даланың қара жолы бірде белден бел қуады, бірде сай-салалы жазықты кезіп кетеді. Көп ұзамай бұрынғы Шеңбер кеңшарының Үңгірлі ауылына жеттік. Бабамыздың зираты осы жерден қарға аттам ғана екен. Соған бастап келген Бүркіт деген азамат таудың тарғыл тасынан қаланған төрт бұрышты бейітті осы маңның елі баяғыдан Арғынның Алтай бұтағынан шыққан Аралбай батырдың тамы дейтінін айтты. «Үлкен әкем бала кезімнен осы зираттың басына ертіп әкеліп, Аралбай батырдың аруағына құран бағыштайтын» - деді.Зират жерге біршама шөккенімен, аса бұзыла қоймаған. Бір бұрышы құлапты, төрт құлағына қойылған ақ тастардың бірі бар, бірі жоқ. Әуелде әлде терезе, әлде есік болған маңдайшалы тұсынан бүгінде бала ғана кіріп шыға алады. Жапсарлана салынған тас зират та осы шамада сақталған. Оны Бүркіт Аралбай батырға ерген туыстарының бірінікі деп тоқтады.Маңайда құлпытас секілді белгісі бар бірнеше тас қабыр жатыр. Қаланбаған, үйілген тарғыл тастар сонау Сақ пен Ғұн заманынан хабар беретіндей. Батыс беттегі аласа төбенің үзіктері осындай зираттарға толы.Келген ел қуаныштан толқыды, толқыды да тебіренді. Толқымасқа болмайтын да еді. Бұл жерде атақты Әз Тәукеден басталатын күреске де, ерлікке де, елдікке де толы ұлы тарихтың тегеурінді тұлғасы – даңқты батыр байыздап жатыр еді. Сол аруақты батырмен бірге қиын да тағдырлы тарихтың өзі де тұнып тұрғанды.Көкіректе көшіп кеткен көп жылдар күмбірледі. Аралбай батырдың, көзге ерлігімен ерте түскен жас батырдың Үш Жүздің басын алғаш қосқан Әз-Тәукенің сеніміне еніп, Канжығалы қарт Бөгенбайдың әкесі Ақшамен бірге өткерген жорықтары, кейін Бөгенбайдың өзімен тізе қосып, Еділден бері асқан қазақтарды Түменге дейін қуғаны, 1726 жылы Бұлаңтыда, 1729 жылы Аңырақайда, 1740 жылы Сарыарқада Жоңғардың қалың қолына «Алтайлап!» атой салғаны көкейде жаңғырықты. Арқаның Нияз, Байғозы, Шерубай, Тауасар сынды жойқын батырларын Абылайға бастап барып, осы ерен топпен бірге жау қазақ даласын тастап қашқанша аттан түспеген қаһарман өзіндей Жоталы-Арғанатыда ел-жұртына қош-есен бол депті.Бабамыздың рухына мал шалынды, құран оқылды, қазық қағылып белгі қойылды. Енді тау етегіндегі Аралбай қыстағына асықтық. Қараса көз тоятын көркем жер екен. Шығысқа қарасаң, айбынды Арғанаты еңсеңді көтереді, етектегі қалың тал тұлпар жалданып жігеріңді жаниды. Қос қаптал тастақ жота-белмен белін шарт буып, дұшпанына түйілген қарт батырдай әне-міне жөнеп беретіндей. Шалғыны кеудені қағып, шілігі бой балқытып, тобылғысы нар қызылданып жанарыңды жайқалтады.Талды өзектен биікте ескі қора-қопсының сілемі байқалады. Бертінде осында қоныстанған малды ауылдан қалған бірен-саран үйлер де шөгіп біткен. Ал кеңістікте батыр заманының дарабоз даңқы жаңғырығы басылғандай, дала желі гу етіп ұйтқып, тау алқабы сілкініп сала берді.Көрікті жерде, аңсап келген жерде, батырдың табаны тиген киелі жерде ұзақ аялдадық. Тарих бізбен осылай тілдесті, біз осылай қасиетті тарихымызбен табыстық».Сөз соңында айтарымыз, Аралбай батырдың өз кіндігінен туған балаларының бейіттері қазіргі Жаңаарқа ауданының аумағында жоқ. Ал Аралбай Әлібекұлының немерелерінің молалары Жаңаарқа жерінде. ## «Аралбай» руы туралы қысқаша бір ауыз сөз «Аралбай» руы «Арғын-Қуандық-Мойын» ру-тайпасының бір негізгі тармағы болып саналады. Аралбай батырдың төрт әйелінен 11 ұл туған.Аралбай атасынан тоғыз әулет таралады. Үшінші баласы Тотыдан және бесінші ұлы Темірден ұрпақтар жоқ. Сондықтан осы еңбекте «Аралбай» руынан тараған тоғыз ата шежіресі қарастырылған, яғни «Құттыбай», «Жоламан», «Өмір», «Байтоқа», «Бәйтелі (Жәнекең)», «Сәңкібай (Шанаң)», «Жабағы (Танаң)», «Жабық (Бөпең)», «Ботақан-Барақ».Бізге жеткен аңыздар бойынша, кезінде батыр бабамыз жер қайысқан жылқыға өріс іздеп, көктемге қарай сонау қиырдағы Түменге, қар жауа қияндағы Ұлытауға бет түзеген. Сондай алыс сапарлардың бірінде 86 жасында (1686-1772; кейбір деректерде 1685-1778) Ұлытаудағы қыстағында көз жұмыпты. «Рухы осы жерде мәңгі дамыл тауыпты» - дейтін көнекөз, көкірегі ояу аталарымыз. ## Дереккөздер
Новоберёзовка — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Чкалов ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 308 адам (159 ер адам және 149 әйел адам) болса, 2009 жылы 190 адамды (97 ер адам және 93 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Үштөбе — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Алтынбел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Үлкен Нарын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Песчанка — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Палатцы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер .
Новостройка — Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы ауыл, Сарыбел ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Самар ауылынан шығысқа қарай 36 км-дей жерде, Бұқтырма бөгенінің жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарыбел — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Сарыбел ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстікке қарай 30 км жерде, Тұрпан өзенінің жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Сарыбел 1950-97 жылдары жүгері өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Сарыбелде және округке қарасты Садыр, Тұрпан ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. ## Дереккөздер
Қарасақал Ерімбет, Көлдейбекұлы Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын. Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған. Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды. Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. Оның насихаттық өлеңдеріне: * «Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал» * «Әй, балам, саған насихат» * «Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!» * «Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның» * «Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсың?» * «Халықтың қалсын сөзі құлағыңда» Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмтылу жырланса, дастандарына: * «Атымтай жомарт» * «Хазіреті Ғали мен Дариға қыз» * «Әбу Шашма» * «Сәдуақас Сақи» * «Ақтам сақаба» * «Бап Раушан», Құран кітабындағы хикаялар, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған. Сондай-ақ, ол қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты. Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары («Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары», «Ерімбет пен Аппақ», «Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп», «Ерімбет пен Ыбырайым») жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композициялық құрылымымен ерекшеленеді. Қыз бен жігіттің сөз сайысы («Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз») түріндегі айтыстары да ақынның әдеби шығармаларының дәстүрлі табиғатын танытады. Қарасақал Ерімбеттің жазба айтыстарында дидактикалық бағдардағы сюжеттер, нақылдар, мақал-мәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады. Ақын шығармалары «Айтыс» (1965, 2-т.), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992) жинақтарында жарияланды. «Ұлағат сөзім ұрпаққа» (1995) атты жеке жыр кітабы жарық көрді. ## Дереккөздер
Дүниежүзілік көрме (1867) (фр. Exposition universelle d’Art et d’industrie) — 1867–1867 жылы 1 сәуір мен 3 қараша аралығында Париж қаласында екінші рет болып жатқан Дүниежүзілік көрме. Көрмені 11 сәуір күні император ІІІ Наполеон-нің өзі ашты. Көрмеге 10 миллионға жуық адам қатысты. Қатысқан адамдардың ішінде атақты адамдар да болды. Мәселен Португалия патшайымы Мария Пиа Савойская, Швеция ханзадасы Оскар, Бельгия королі II Леопольд және оның әйелі Мария-Генриетта, орыс патшасы II Александр, түрік сұлтаны Абдулазиз, жапон ханзадасы Токугава Акитаке, Отто фон Бисмарктер көрмені тамашалаған. Көрме Марс алаңында (фр. Champ de Mars) болды. Көрменің жалпы ауданы 50 га. ## Көрме ерекшелігі Көрменің ерекшелігі оның павильонында болды. Әлемде бірінші рет павильондарды қосқан көрме пайда болды. Бұл көрмеге қатысқан адамдар тирольдің ауылын, орыстың лашығын, Египеттің керуен-сарайын, Батыс мұнарасын, түріктің моншасын, қытайдың театрын, америкалықтардың кранчосын, ағылшындардың коттеджін, голландық ферманы, жапондық дүңгіршектерді және Римнің жаңартылған катакомбтарын көрді. Ал, Париж қаласы бұл жолғы көрмесінде өзінің көптеген техникалық құралдар, электр шамы, су асты кабель және т.б. құралдарымен таң қалдырды. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дүниежүзілік көрме (1867) * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Дүниежүзілік көрме (1867) ## Сыртқы сілтемелер Толық мәлімет(қолжетпейтін сілтеме)
Дүниежүзілік көрме (2020) немесе Экспо-2020 (фр. Exposition universelle de 1967) — Дубайда (БАӘ) өтетін дүниежүзілік көрме. Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) 2013 жылы 27 қарашада Парижде Бас Ассамблеясында дауыс беру арқылы анықталды. Көрме Дубай, Біріккен Араб Әмірліктерінде 2020 жылы 1 мамырдан 31 қазанға дейін өтеді. Көрме ашылуына әлемдегі ең биік — Дубай-Крик Харбордың (араб.: برج خور دبي‎) мұнараларының салынуы мақсатқа алынып отыр. ## Кандидат қалалар * Аюттхая, Тайланд * Измир, Түркия * Екатеринбург, Ресей * Сан-Паулу, Бразилия * Дубай, БАӘ ## Өтінімдер мен сауда-саттық= БАӘ "Ойлардың байланысы, Болашақтың Құрылымы" деген тақырып пен "Тұрақтылық, ұтқырлық және мүмкіндіктер" атты тақырыпша таңдады. "Қазіргі заманғы мультипликациялық әлемде жалпы мақсаттар мен міндеттемелерге негізделген прогресс пен дамудың жаңа көзқарасы маңызды болып табылады. Некедегі адамның ақыл-ойы, белгілі бір ел немесе нақты қоғамдастық бірегей және керемет болғанымен, біз шынымен бірге бірге жүруіміз керек" деп Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум өтінішті қолдауда айтқан болатын. 2020 жылы Дубайдағы Дүниежүзілік көрме MENA & SA аймағында (Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Оңтүстік Азия) бірінші болып табылады. 2013 жылдың 27 қарашасы, Дубай-2020 жылы көрмені өткізу құқығын жеңіп алған кезде, әлемдегі ең биік ғимаратта, Бурж Халифада от шашты. Келесі күні елдің барлық білім беру мекемелері үшін ұлттық мереке жарияланды. Дубай әміршісі Дубайға «әлемді таң қалдыруға» уәде берді. Әлемдік жәрмеңкенің және оған дайындықтың нәтижесінде БАӘ-де 277 мың жаңа жұмыс орны күтілуде, оның ішінде экономикаға шамамен 40 миллиард доллар инвестиция тартылып, келушілердің кем дегенде 25 миллион және 100 миллионға дейін өсуі күтілуде. Дубай қаласының мэриясының Бас директоры Хусейн Насер Люта аймақтағы ең үлкен зертханаға ие екенін және құрылыс үшін қажетті жаңа материалдар мен технологияларды оңай зерттей алатынын айтты. Әлемдегі ең биік коммерциялық мұнара, Дубайда салынатын, Джумейра көлінің мұнарасында, Бүкіләлемдік көрме-2020-нің құрметіне «Бурж 2020» деп аталды. ## Құрылысы Дубай мен Абу-Даби жолы ортасындағы орналасқан 438 гектарға (1083 акра) созылатын алаң Expo Dubai-2020-ның басты сайты болмақ. Америкалық HOK компаниясы құрған басты жоспар Al-Futtaim Carillion арқылы салынатын үш үлкен павильоны бар Al Wasl (араб тілінен аударғанда "байланыс") орталық алаңының айналасында жасалған. Дубай экономикалық өсім, жылжымайтын мүлік, экологиялық бағыт және қоғамдық жұмыстар сияқты әртүрлі сектордағы инвестицияларға үлкен көңіл бөледі. Соңғы уақытта Дубай жылжымайтын мүлікке үлкен инвестиция жасап қана қоймай, Expo 2020-дан өз жұмысын бастайтын күн энергиясына байланысты әлемдегі үлкен жобасын көрсетті. Ақша құюдан бөлек, мемлекет қоғамдық қатынастарға да көңіл бөлуге тырысады. Бастамасы - 2020 жылға қарай қаланы ең бақытты қылу үшін жасалатын Dubai Happiness Agenda-лық 82 жобасы бар 4 тақырыпқа негізделген 16 бағдарлама. Халықаралық валюта фондының болжамы бойынша, Dubai Expo 2020 Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) өсімін көрсетеді. Соңғы экономикалық құлдырау бойынша World Expo 2020 Dubai жеке меншік көпіршігіне әкелуі мүмкін деген де пікірлер кездеседі. ## Сілтемелер * Expo 2020 Dubai * EXPO 2020 — ресми сайты * ExpoMuseum / Expo 2020, Dubai, UAE * ExpoBids.com Мұрағатталған 4 ақпанның 2020 жылы. Дүниежүзілік көрме жаңалықтары * Екатеринбург Expo 2020ресми сайты
Дүниежүзілік көрме (1967) немесе Экспо 1967 (фр. Exposition universelle de 1967) — 1967 жылы 27 сәуір мен 29 қазан аралығында Монреальда өткен дүниежүзілік көрме. Бұл дүниежүзілік көрме XX ғасырдың ең сәтті көрмесі болып есептеледі. Себебі бұл көрмені 62 ел тамашалаған - бұл сол ғасырдың ең үздік көрсеткіші. ## Тарихы Негізінде Монреаль қаласы бұл көрмені өткізуге ұсынысы 1956 жылдардан басталады. Нақтырақ айтсақ 1958 жылы Монреаль қаласының мэрі Канаданың 100 жылдық мерей тойына байланысты Экспо-67-ні Монреальда өткізу туралы ұсыныс тастаған. Дегенмен Канада бұл мақсатына жақын арада жете алмады. Себебі ХҚБ Дүниежүзілік көрмені Мәскеу қаласында өткізуді жөн көрді. Бірақ қаражаттың жетіспегенінен Мәскеу қаласы бұл ұсыныстан бас тартты. Сонымен Париж қаласындағы ХҚБ 1962 жылы өз ойын өзгертіп Экспо-67 көрмесінің өтетін жерін Канададағы Монреаль қаласына ауыстырды. ## Қатысушы-мемлекеттер Көрмеге 62-ел қатысты. Африка: Алжир, Камерун, Чад, Конго, Эфиопия, Габон, Гана, Кения, Маврикий, Мадагаскар, Марокко, Нигер, Руанда, Сенегал, Танзания, Того, Тунис, Уганда. Азия: Бирма, Цейлон, Тайвань, Корея, Үндістан, Иран, Израиль, Түркия, Жапония, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері. Аустралия Еуропа: Австрия, Бельгия, Чехословакия, Дания, Финляндия, Франция, ФРГ, Грекия, Исландия, Италия, Монако, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, КСРО, Югославия. Латын Америка: Барбадос, Куба, Гренада, Гайана, Гаити,Венесуэла. Солтүстік Америка: Канада, Мексика, АҚШ. ## Галерея * Дүниежүзілік көрме (1967): ұлттық павильондар * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Темірғали Нұрекенов (1858 – 1919) — ұлты қазақ Ресей империясының саясаткері, қоғам қайраткері, Мемлекет Думаның II-шақырылымының депутаты. Руы — Уақ. Семей облысы Павлодар уезінің Сейтен болысын басқарған. 1905 жылы Қарқаралы, Павлодар уезі қазақтарының атынан Ішкі істер министрлігіне наразылық білдіріп, петиция жазуға қатысқан. Петицияны қазақ тілінен орыс тіліне аударған. 1907 жылы Мемлекет Думаның II-шақырылымына Семей облысынан депутат болып сайланып, Мұсылман фракциясы, Конституциялық-Демократиялық Партия мен Сібір группасының мүшесі болған. ## Дереккөздер
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ) — Солтүстік Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. ## Тарихы 1937 жылы аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институты ашылды. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих. 1939 жылы Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді. 1945 жылы Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді. 1955 жылы Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институты Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылды. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы ашылды. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтының Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды. 1994 жылы Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университеті ашылды. 1996 жылы Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледж Солтүстік Қазақстан университеті ретінде біртұтас жоғары оқу орны болып қосылды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылдың 25 мамырдағы №315 бұйрығы негізінде). ## Факультеттер Білім беру 8 факультетте жүргізіледі: * Медицина факультеті * Агротехнологиялық факультет * Тіл және әдебиет институты * Педагогикалық факультет * Инженерлік және сандық технологиялар факультеті * Тарих, экономика және құқық факультеті * Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті * "Foundation" факультеті ## Тарихи мұражай 2006 жылы университетке Петропавл қаласының Абай көшесі 16 мекенжайында орналасқан тарих және сәулет ескерткіш-ғимараты берілді. 2010 жылдан бастап бұл нысанда жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта университет мұражайының жөндеуден өткен залдарында экспозициялық құрал-жабдықтар орнатылған. СҚМУ мұражайының ашылуы 2011 жылдың наурызында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеудің кешенді іс-шараларына сәйкес орайластырылды. Бірінші қабатта демонстрациялық зал, М. Қозыбаев залы, археология және этнология залы. Екінші қабатта мұғалімдер институты, педагогикалық және политехникалық институттар, Солтүстік Қазақстан университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ залдары және қор сақтау, материалдарды жинақтау мен қызметкерлер кабинеті орналасқан. ## Дереккөздер
Кәбір Абдуллин 1943 жылы 11 шілдеде Қытай Халық Республикасының Шағантоғай елді мекенінде туған. Семей педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін тамамдаған.Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол, әр жылдары кеңес атқару комитетінің төрағасы, шаруашылық кәсіподағының төрағасы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеген. Кейіннен облыстық «Семей таңы» газетіне арнаулы тілшілікке ауысып, республикалық «Ара» журналында, араб әліппесімен шетелдік қандастарымызға арналып шығарылған «Біздің Отан», «Шалқар» газеттерінде қызмет еткен.Ақынның әркез жазған өлеңжырлары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Көңіл әуендері» атты ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері, «Күміс күйме» ұжымдық жинағына поэмасы енгізілген. «Алтын мүйіз ақ құлжа» атты жинағы жеке кітап болып 2004 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген. 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан «Құдірет» атты жыр жинағы шыққан.
Қарақоға ауылдық округі – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ұзынағаш, Байғожа, Құлшықай, Төлеңгіт ауылдары кіреді. Орталығы – Ұзынағаш ауылы. Округ құрамында болған Жарқайың ауылы 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1879 адамды құрады. ## Дереккөздер
Абдуллин Нариман (3.3. 1934 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауылы) – байланысшы. ## Өмірбаяны * Новосібір электротехникалық байланыс институтын бітірді. * Еңбек жолын Алматының №2 қабылдау радиостанциясында қатардағы инженерліктен бастап, аға инженер, бас инженер * 1967 жылы Байланыс министірлігінің Алматыдағы №1 радиоорталығының бастығы * 1967-95 жылдары Алматы облысы өндірістік басқармасының бастығы. * 1995-97 жылдары бас директордың кеңесшісі * 1998 жылдан бастап А.Қ."Инте" жобалау институтында инженер. Алматы облысы байланыс мекемелерінің материалдық техникалық негізін жобалап, қарқынды дамытты. Бұл жылдары облыстың барлық аудан орталықтарында және кейбір бөлімшелерде жаңа жобамен байланыс үйлері салынды, телефон байланыстарының станциялық сыйымдылықтары арттырылып, автоматтандырылды. Алматы облыстық телефон байланыс жүйелері симметриялық кабельдер төселумен дамытылып, телефондық арналар саны көбейтілді. ## Марапаттары * "Құрмет Белгісі" * "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен және медальдармен * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, республикалық Байланыс министірлігінің Мақтау қағаздарымен марапатталды. * КСРО байланыс шебері. ## Дереккөздер
Абдуллин Вахит Абдуллаұлы (20.6.1914, Қарағанды облысы Тельман ауданы Қарамұрын станциясы — 12.4.1990, Алматы) — ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1978), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1983). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу қаржы-экономика институтын бітірген (1954). Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институтында кіші ғылыми қызметкер (1955), аға ғылыми қызметкер (1956), бөлім меңгерушісі (1964) болды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты — қой шаруашылығын индустриясын негізге көшіру жағдайында өндірісті, еңбекті және технологияны ұйымдастырудың озық формаларын ғылыми тұрғыда негіздеуге арналған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді. Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы. ## Географиялық орны, климаты Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі. Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады. ## Тарихы Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды. ### Ақжайық ауданы (1977-1997) Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай). 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды. ## Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді. ## Шаруашылығы Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады. ## Халқы Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді. 2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады. ## Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген: ## Ірі елді мекендері ## Дереккөздер
Қарақоға ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қарақоға, Образец, Чистое ауылдары кіреді. Орталығы – Қарақоға ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2501 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Қажығали Мұханбетқалиұлы — жазушы-публицист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014).1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. 2020 жылы 13 шілдеде коронавирустан көз жұмды. ## Еңбек жолы 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін үздік бітірген. Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде редактор, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер болды. Алматыдағы «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары ҚР Президенті аппаратында, Парламенті, «Таң Шолпан» журналында қызмет істеген. ## Еңбектері Р.Акутагава, С.Моэм, П.Мэриме, Ти де Мопассан, Д.Фонвизин, С.Чубек, Л.Хонвано, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, Я.Брыль, Л.Колодезный, т.б. жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түрікмен жазушысы Т.Жұмагелдиновтың «Егес» атты кітабын, орыс жазушысы А.Скалонның «Бақыттың алтайы түлкісі» атты әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған.Өзінің де бірқатар әңгімелері шет елдерде жарияланған ұжымдық жинақтарға енген. «Сырым батыр» атты романының алғашқы тарауларын әдеби журналдарда жариялады. «Сырым Датұлы» жинағын құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған. 2004 жылы «Арыс» баспасынан «Сырым Датұлы» атты жинағын шығарды. Шығармалары: Жұлдызды түндер. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тоғай сыбдыры. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Жаңғырық. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1978; Старые друзья. Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1981; Қайдасың сен, махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984; Дороги жизни. Рассказы и повесть. А., «Жазушы», 1986; Сынық терезе. Әңгімелер мен хикаяттар. «Елорда», 2003; Жалғыз жиен. Әңгімелер менповестер. «Жазушы», 2005; Алабұға, аққайран. «Бауыр», 2008. 2003 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған, Байғанин ауданының Құрметті азаматы. ## Мемлекеттік марапаттары 2002 жылы Байғанин ауданының Құрметті азаматы.2003 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2013 жылы «Құрмет» орденінің иегері.2014 жылы «Тар кезең» тарихи романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 2017 жылы халықаралық қазақ ПЕН-клубы сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер
Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. Руы – Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар жырау аталып кеткен. Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше. Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді. Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды. Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер. Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге – бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15–16 жасында бала жырау атанады. 1858-ші жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907-ші жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анықаласы «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризм¬ге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы, туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын аңдаймыз. Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған.Базар жырауды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жыраулары мен шайырлары өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін ұстанған. Базар жыраудың өлеңдері 20-шы ғасырда ғана баспа бетін көре бастады. 1925-ші жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931-ші жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның шығармаларына Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабай, аса жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә. Дивай, Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбай үлкен еңбек сіңірді. Шежіре: Базар-Оңдас-Тәуке-Қожамсүгір-Андағұл-Қыдыр–Балқы(Қайқы)-Бозғұл-Шөмекей-Әлім(Шөмен) ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Мұздыбай — Абай облысы Жаңасемей ауданы, Приречный ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Семей қаласынан шығысқа қарай 23 км-дей жерде, Ертіс өзенінің сол жақ жағалық аңғарында орналасқан. ## Дереккөздер
Сарыөлең — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақжар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірлік (2009 жылға дейін – Вознесеновка) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 13 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Бірлік (1993 жылға дейін — Вознесеновка) — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіптіОның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен.Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. ## Жоңғар соғысында атқарған ролі Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды. Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын. ## Қытай әскерлеріне қарсы әрекеттері Бөгенбай батыр қартайған шағына дейін ат үстінде жүрген. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.Бөгенбай батырдың ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады. Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әділді алып Қытайға барған. Батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Бұрында бұл жер "Бөгенбай сөресі" деп аталған, ал қазір "Шахта" деп аталады. Денесін қырық күн бальзамдағаннан кейін 45 күнде Ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи — Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ түйемен алып барып жерлеген. ## Дереккөздер
Аэд (грек. aoidos - жыршы) - Ежелгі Грекиядағы (б.з.б 7-8 ғ.) жыршы-орындаушылар. Олар көлемді эпикалық жырларды лира, кифара, форминга секілді аспаптардың сүйемелдеуімен айтатын болған. Аэд бейнесі әйгілі грек дастаны "Одиссеяда" мүсінделген. Аэдтер грек эпосын қалыптастырып, дамытуға ерекше еңбек сіңірген. ## Дереккөздер
Арнау сөз — әдеби шығарманың ішінде стильдік тәсіл ретінде кездесетін авторлық арнау сөз кейіпкерге, оқырманға, табиғат құбылысына, әйтеуір қандай да жанды, жансыз нәрселерге қарай айтылады. Мысал үшін Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романынан бір үзінді алсақ: "Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын?Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың.Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың.Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды.Жас нәуетек жүрегің соқпай жатып өрт болды.Жаңа шыққан жауқазын піспей жатып жоқ болды.Есіл ерке балалық - аяққа құйған астайын шолтаң етті-тоқталды.Жыла, жасың бұла. Жасыңмен қайғың жуылсын.Жасыңнан теңіз жиылсын. Теңізді дауыл толқынтсын.Құтырсын толқын, туласын Зарлатқан сені мұндарлар тұншықсын - суың да улансын.Қатын-қызы тұл қалып, сендей болып шуласын". Ақбілекке қаратып айтылған осы арнау сөз түріндегі автордың лирикалық тағылымы оның өз кейіпкеріне жаны ашығандай, оған ниеттестік білдіргендей, оның қайғысына ортақтасқандай сөйлеп бір сәт өзі баяндап отырған оқиғаға тікелей аралас кетуі нақты түрде берілсе де, ешбір оғаш көрінбейді, қайта әсерлі болып шыққан. ## Дереккөздер
Бозай — Абай облысы Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде, Аягөз өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. ## Дереккөздер
Көкенов Манап(20.5. 1928, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 29.4. 1992, сонда) – айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны (1980). Сыр өңірінің ақын-жыраулары Құлан, Нартай Бекежанов, Балқы Базар, Тұрмағамбет, Қ.Төлеуов шығармаларымен жасынан таныс болған. Көкенов айтыскер ақын ретінде танылды. 1964 ж. Шымкентте өткен айтыста Ө.Қалдыбаевты, 1970 ж. Қ.Төлеуовті, Ж.Жабаевтың 125 жылдық тойында Ә.Қосбасаровты (1972), К.Әзірбаевтың 90 жылдығында А.Бұрбаевты жеңіп, жүлдегер атанған. 1980 ж. өткен респ. айтыстың бас жүлдегері болды. Көкеновтің орындауымен “Күріш алабына”, “Еңбек ордендері”, “Көктау шахтерлеріне”, “Ақындарға” деген өз шығармалары, сондай-ақ, Балқы Базар, Құлан ақындардың термелері күйтабаққа жазылған. Көкенов туралы “Манап аға” атты деректі телефильм түсірілген. Ол сонымен қатар, 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған жазба ақын. Оның толғау, терме, арнау, мысал, шымшымалары ел арасына кең таралған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Әкият немесе Хикаят (араб.: حكاية‎ - аңыз, шытырман оқиғалы әңгіме сөзінен шыққан) - фольклорлық жанр, қазақша баламасы - ертегі. Әкияттың түрлері: танымалы әкият (қиял-ғажайып ертегілер), көнкүреш әкият (тұрмыстық ертегілер), жануарлар турасындағы әкият. Тылсымлы әкият: "Дию патша", "Хан хатын пәм сихерче", "Тылсымлы шәм", "Қара таяқ" т.б. Көнкүреш әкияттарын татар фольклоршылары бірнеше салаға бөлді: "Ғыйбрәтлә әкият" ("Зирак қарт", "Ақыл белән Бахет", "Өч килен", т.б), "Маражалы әкият", "Сатирик әкият". ## Дереккөздер
Гульнас Кенжетайқызы Ахметова (31 шілде 1952, Павлодар, Павлодар облысы, Қазақстан) — қазақстандық ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті мүшесі. Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. ## Білімі 1974 – Павлодар педагогикалық институты, физика-математикалық факультет1984 – ПҒА (Педагогика ғылымдарының академиясы) КСРО, тәрбиелеудің ортақ мәселелері бойынша аспирантуралық жұмыс, Мәскеу1999 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантурасы, Алматы ## Еңбек жолы Ахметова Г.К. еңбек жолының барлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесімен байланысты. 1986-дан 2010 жылдың қазан айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орнының негізгі лауазымдарынан өтті: ассистент – оқытушы – аға оқытушы – доцент – кафедра меңгерушісі – кафедра профессоры – оқу ісі бойынша проректор, әл-фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының проректор-директоры. Қазіргі уақытта құрамына 17 біліктілікті арттыру институты (барлық облыстар, Астана мен Алматы қалалары) кіретін ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ны басқарып келеді. Ахметова Г.К. – білім беру мен ғылым саласында мойындалған маман, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, ХИА академигі, қоғам қайраткері. Қоғамдық өмірге белсенді қатысады: «НұрОтан» партиясының Алматы қаласы филиалының саяси кеңес мүшесі, Алматы әкімдігінің Әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат бойынша комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы саясаткер әйелдер клубының төрағасы. Ахметова Гульнас Кенжетайқызының барлық жұмысы Қазақстанның білім беру жүйесімен тығыз байланысты. 1986 жылдан 2010 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры, университет проректоры қызметтерінде болған. Проректор ретінде ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты жұмыстарына жауапты болған. Профессор Ахметова Г. ғылыми ізденістері білім берудің теориялық және методологиялық мәселелері, оның даму тарихы, жоғары кәсіби білім берудің теориясы мен әдіснамасы, жоғары мектеп дидактикасы мен ЖОО-да тәрбие теориясы секілді тақырыптарды қамтиды. 190-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Ахметова Г.К. бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларының ұйымдастырушысы, әрі жетекшісі. Профессор АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің университеттерінде жоғары білім беру мен Қазақстанның білім беру бағдарламаларының нарықтық экономика мен шетел білім беру стандарттар жүйесіне сәйкестігі бойынша лекциялар оқыған. Бірнеше жыл қатарынан «ҚазҰУ хабаршысы», «Аружан», «Білім-кілті» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. Ахметова Г.К. ҚР ЖАК (Жоғарғы аттестациялық комиссия) эксперттік комиссиясының төрағасы, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Президиум мүшесі. Ахметова Г. жетекшілігімен көптеген докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар қорғалған. 2010 жылдың қарашасынан 2012 жылдың ақпанына дейін Ахметова Гульнас Кенжетайқызы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтты басқарды. 2012 ж. ақпаннан бастап Институт «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ болып қайта құрылып, басқарма төрағасы қызметіне Ахметова Г.К. тағайындалды. ## Марапаттары * 1974 жылы КСРОның «Ерен Еңбегі үшін» (За Трудовое отличие) медалі; * 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі; * 2001 жылы ғылым саласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; * 2004 жылы «Құрмет ордені» иегері; * 2005 жылы «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» медалі; * 2006 жылы «Ажар» қоғамдық сыйлығының «Білім» саласы бойынша иегері; * 2006 – 2008 жылдардағы Қазақстанның Мемлекеттік степендиясының иегері. * 2007 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағының иегері; * 2009 жылы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» құрметті төсбелгісі; * 2011 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған. * Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ның құрметті мүшесі. ## Ғылыми еңбектері * Мұғалім даярлаудың өзекті мәселелері: Монография. – Алматы: Ғылым, 1998.- 131 б. * Образовательный идеал в теории и практике подготовки учительских кадров: Монография. – Алматы: Қазақ университетi, 2000. – 124 б. * Предмет и задачи педагогики: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университетi, 2001 – 44 б. * Концепция реформирования подготовки учительских кадров в Казахстане // Серия педагогические науки: Вестник, КазНУ им. аль-Фараби.– 2001. - № 6.- 3-20 б. * Из истории педагогического образования Казахстана: Сборник научных трудов «Современные проблемы образования и педагогика ненасилия». - Монография: МГУ, 2001.- 14-24 б. * Трансформация образовательного идеала в подготовке учительских кадров в Республике Казахстан: Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 203 б. * Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. - Алматы: Қазақ университетi, 2006. – 220 б. – Соавт.: Исаева З.А. * Образование – дело моей жизни: Книга // Статьи, публикации, выступления.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 252 б. * Методика организации повышения квалификации педагогов в условиях внедрения системы электронного обучения // Книга. - Алматы: АО «НЦПК «Өрлеу» 2013. - 408 б. – Соавт.: Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. * Диагностика и профилактика профессиональных деформаций педагогов: монография / Г.К. Ахметова, А.К. Мынбаева и др. / под общ.ред. Г.К. Ахметовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 142 б. * New system of teachers’ professional development in Kazakhstan universitie: Bulgarian journal of educational research and practice “Pedagogy” // Volume 87, №2, 2015. – Р. 257-261. Сo-auth.: Balakayeva G. ## Дереккөздер
Барақ батыр ауылы (2009 жылға дейін – Дарственное) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 5 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Дүр Оңғар Дырқайұлы (1859, Қармақшы ауданы - 1902) - жырау, ақын. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Дүр Оңгар-Дырқай-Аю- Ақүрпік (Ақөрік)-Сары-Бәкен-Қожас-Қаратамыр-Бозғүл (Бозғыл)-Шомекей ## Сыр бойы, Қармақшы өңірі – жыраулық мектептің үлгісі Қармақшы жері қашаннан-ақ кейбір еңбек ерлері мен өнер тарландарын, елім деп еңіреп туған абзал азаматтарды дүниеге алып келген құтты мекен болып саналады. Қармақшы – Сыр термесі мен жыраулық өнердің туын тіккен қасиетті мекен. Балқы Базардан бастау алған Ешнияз, Кете Жүсіп, Тасберген, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Молдахмет, Сәрсенбайлар жыраулық өнердің дүлдүлдері болған. ## Ақын мұрасы – қайталанбас, сарқылмас мұра Оңғар Дырқайұлы – қазақ әдебиетінің қалыптасуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден бір тұлға. Демек, Сыр сүлейлерінің шығармашылығындағы өскендік пен өркендегендіктің белгісін Оңғар жырау Дырқайұлының туындылары да дәлелдейді. Оңғар Дырқайұлы Сыр аймағына тән жыраулық дәстүрді алдыңғы толқыннан бойына дарыта білуімен қатар, кейінгі толқын – ізін басқан ұрпақтарға ұлағат, өшпес өнерін өнер ете білген. Соның бірі өзімен замандас, әрі үзеңгілес інісі Салқынбайдың Тұрымбеті: Дүниеден уа дариға, Оңғар да өтті,Шығатын небір қымбат сөздің түріҚаумалап халық ортаға алған кезде,Иығын ұшар құстай қомдар еді. «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі Биғали Каюповтың тікелей бастамасымен «Жүз жырау елі» атанған Қармақшы ауданында 2009 жыл «Дүр Оңғар жылы» деп жарияланып, мерейтой шымылдығы ақынның туған жері – Жаңажол ауылында ашылды. «Дүр Оңғар» қоғамдық қоры құрылып, ақынның шығармашылығы зерттелді. Бұрын баспа көрмеген шығармалары жинақталып, «Ерлерім, сөйле дегесін» атты кітабы жарық көрді. Кент орталығында Дүр Оңғарға салтанатты ескерткіш ашылды. Аудандық мәдениет үйінде «Оңғар Дырқайұлы және Сыр өңіріндегі ақындық – жыршылық үрдіс мәселелері» атты ғылыми танымдық конференция өткізілді. ## «Оңғар жыраудың айтыстары» Оңғар Дырқайұлының ескерткішінің ашылу салтанатында баба рухын қастерлеп, өнегелі өнерді ұлықтаған ұрпақтары өрелі істерін алға тартты. ## Халқына даналықты, еліне даралықты жыр еткен – Дүр Оңғар. Тұрмағамбет Ізтілеуов Сырдың саңлақ шайырлары он тоғыз ақынға арнаған «Әр елдің бар бұлбұлы» атты туындысында: Қаратамыр ол – Оңғар,Ақмарал, бүғы һәм арқар.Қоныстанған қысы-жаз,Асқар таудың үңгірі, деп, оны ешкімнің өресі жетпейтін асқар таудың басына шығарып, киелі ақын дегенді меңзейді. Оңғар жырау Дырқайұлы (1859-1902) қазіргі Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының «Жаңажол» ауылында дүниеге келіп, осы өңірде өмір сүрген. Оны кейде «Қаратамыр Дүр Оңғар» дейді. Осындағы Қаратамыр – Кіші жүздегі Шөмекей руынан тарайтын бір аталық. Бұлайша есімі елге танылған адамды туған жерінің немесе шыққан тегінің атымен атау – шығыс халқына тән дәстүр. Жырау жайында әр түрлі дерек бар. Соларды бір-бірімен салыстырып, оның өмірі мен тұрмыс жағдайындағы мәліметтерге сүйенсек, ол үш жасынан-ақ әкеден жетім қалып, таршылық көреді. Оңғар тоғыз жасар кезінен-ақ би-болыстар мен елдің атқамінерлері жиналған үйге қайта-қайта барғыштап, үлкендердің әңгімелеріне құлақ түріп, күнде сол маңды айналып кетпейді екен. Бірде алты қанат ақ боз ат үйдің кең дастарханын жағалай жайғасқан мықтылар өздерінің қалауы бойынша астырған тамақты әлсін-әлсін ортаға алып, сүйсіне тояттай жейді де, айналасындағы жәутеңдеген балаларға асатуды да ескермейді. Солардың қолына дәмеленіп, әбден тісінің суын жұтып тамсанып, шыдамы таусылған Оңғар: Азанда жедің сыр күріш,Түсте жедің сыр күріш.Жетерін білсең жей тұра,Осыларың дұп-дұрыс, - деп өлеңдете айтыпты да қаша жөнеліпті. Мұның оқыстан найзағайдай жалт еткізген өлеңіне таңданған ел ақсақалдары: «Бұл бір нәрсе шығатын бала ғой» деп шамалап, оған ақ тілек білдіріп, бата берген деседі. Ел ішінде Оңғарға байланысты аңыз-әңгімелер көп-ақ. Соның бірі мынадай: Оңғарға түсінде жастай қайтыс болған апасы: «Қалқам, Оңғар саған өлеңді қаппен берейін бе, әлде хатпен берейін бе?» депті. Сонда інісі: «Апа, хатпен бергеніңді тілеймін» деп алақанын жайыпты. Жазған жырларының бәйгеге қосатын пырақтай ұшқыр, түпсіз шыңыраудай терең ойлы, інжу маржандай көркем, хатқа түсіргендей мінсіз болып келетіні содан екен деседі жұрт. Тағдырдың тауқыметін жастай арқалаған Дырқайдың Оңғары жарлылықтың боз шекпенін жамылып жүріп күнелтеді. Дана халқымыз: «Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді» деп, қалай тауып айтқан десейші! Байлығымен есімі Сыр бойына жайылған Досқазы төре бірде Оңғар жыраудың сіңірі шыққан кедейлігін мін қылып әрі мұны жарылқамақ пейілмен:- Жүр, біздің ауылға! Сонда барып жырлайсың, ақысына семіз өгіз берем. Өзі ұсталмаған асау, құлағы жоқ шұнақ, мүйізі жоқ тоқал, - деп мардымси сөйлейді. Сол сәтте жырау оның бетіне тіктеле қарап: Құлағы, мүйізі жоқ неткен өгіз?Қалайша қайырусыз кеткен өгіз?Бер деуші еді ақсүйектер, ал демеуші еді,Айтқаның боп жүрмесін жалғыз өгіз.Сіздерден сұмдық болар алған деген,Өзіңіз күзде соны сойып жеңіз, - дейді мүдірместен. Отты сөз жалыны жүзін шарпығандай кеудесін керген төре теріс айналады. Бұл бір ғана мысал. Оңғар жырау есімі Сыр өңіріне кең тараған. Ауыл аймақтың үлкенді-кішілі жырауларының жиын-тойда «Дүр Оңғар былай жыр толғапты» деп айтар толғаулары мен әңгімелері бір төбе. Ертеректе Шөмекей руының Жанғабыл – Сарғасқа аталығынан шыққан Қалдан би күзде қырдан Сырға құлаған шақта, «Көкшоқы» деген жерде біраз күн аялдап, сол маңның ел-жұртына үлкен той жасайды. Бұл айтулы думанға атағы кеңге жайылған алты жырауды таңдап шақырады. Қалдан би оларға «Сендер бір күн, бір түн тоқтаусыз жырлайсыңдар», - дейді. Осы өнер додасында Дырқайдың Оңғарының ақындық талантына сүйсінген би: «Кәне, сен менің болашағымды болжап, жырға қосшы» депті. Оңғар шарт жүгіне отырып, домбырасын күмбірлете үстемелей қағып-қағып жіберіп: Жалғыз болсаң – топқа басың кіре алмас.Жарлы адам – ел шаңына ере алмас.Жағдайсыздық және қолды жаздырмас,Кемдік – мұнарЕрдің көркін шығармас, - деп табанда екпіндете төккіштеп, әрі қарай оның мінез-құлқын термелеп тізе бергенде Қалдан би ақынның семсер сөзінен қорғаштанып кезекті өзге жырауға беруге ишара білдіреді. Дүр Оңғар - айтыс өнеріне де көбірек ден қойған ақын. Ол өз дәуіріндегі бірталай ірі ақындарымен айтысқан. Бірақ дер кезінде жинап, қағазға түсірілмегендіктен уақыт озған сайын ұмытылып, жұрт аузында айтыс өлеңдерінің аздаған шумақтары ғана сақталған. Бүгінгі ұрпағына толық күйінде жеткен ақынның бұл саладағы шығармаларының саны екі-үшеу-ақ. Соның бірі – Оңғар жыраудың Ырысты қызбен айтысы. Ырысты – Кіші жүздің Шөмекей руындағы Аспан, сонан тараған Төбет аталығынан. Жүрген жері той-думан жыраудың бұл сияқты бірқақпай жырлары өте көп болған. Қияс мінез, жат қылықты жандарды көргенде табан астында суырып салып өткір жырмен іреп тастап отырған. ## Ақыл – мінез, парасаттылығы туралы өлеңдері. Дүр Оңғардың өлең-жырының, толғауларының, айтыстарының тәлім-тәрбиелік мәні зор. Асыл қасиеттерді жоғары қояды. Ол тайсалмай сөйлеп, маржандай асыл сөздерін төге біледі. Дүр Оңғар жырларында мораль мен адамгершілікті бір-бірінен бөліп қарамайды. «Адамшылықтың алды – махаббат, әділет, сезім». Бұл үшеуі бірлікте, олар жеке-жеке күйінде жарамсыз. «Әділет – ізгіліктің анасы», «Кімде әділет жоқ болса, оның ұяты да жоқ». Ал ұят жоқ жерде туыстық бауырмалдыққа, махаббатқа орын жоқ. Себебі ұят жоқтық сенімді жоғалтады. Абай: «Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады» - дейді. Дүр Оңғардың «Кеңеске, кемеңгерлер, салсаң құлақ» өлеңінде: Кеңеске, кемеңгерлер, салсаң құлақ,Көрінсе сезім сұлу кеуілге ұнап.Ұяның ұрлығы – асыл, сұңқарындайКездестік, бүгінгі күн басты құрап.Көрмесек шыдай алмай бір-біреудіКөргенше сағынатын сырттан сұрап.Мінгелі ат үстіне аға едіңдер,Дос түгіл, тақпаған мін дұшпан сынап.Тілектес сырттарыңнан мен қызметкер.Тұзымды ақтамайды деме, бірақ.Қадырдан халық жақсысы, дәнішпандарӘлсізге ақыл-жәрдемі ауысқандар.Бөріге бойын билеп көріне алмай,Шулайды, ала қарға – сауысқандар.Шанамен зейіл қойып, сөйле десең,Жырауың тілін безеп дауыс қамдар.Тұлпардың дүбіріндей жүзден озғанКеледі құлағыма алыс хабар. Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі болып та табылады. Кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Жырау «Өзім туралы» деген өлеңінде. Жақсы жырау емеспін,Сөзін пұлдап, ақы алған.Жалған да жырау емеспінТаусылып сөзі тақалғанСарапта сөзім сыналсаКем емес ат пен шапаннан. дейді немесе «Ерлерім сөйле дегесін» өлеңінде: Сөз пұлдаған емеспін,Әркімнен сұрап – емініп.Қызыл тілім – сөз толға,Назарың салып оң – солға,Сөйле деп саған кім айтарҚалған соң жерге көміліп?! Бұл өлеңдері адамгершілікке негізделген.Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады. Жыраудың «Ерлер қояр құлақты» деген өлеңінде Құдіретімен қайнатып,Шығарар таудан бұлақтыОрында сөзге ықыласпенЕрлер қояр құлақты... Жан сауыңда ойнап-күл,Мәнісін сөздің ойлап біл,Сөндірмей тұрып шырақты.Аумаса жолдан ардақтап,Қадірлеп халқы сыйлайды,Жақсыдан қалған жүрәтті. Қалай да сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Халқымыздың: «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», - деген тамаша мақалы да жылы да жағымды сөйлеудің қаншалық керемет күшке ие екендігін аңғартады. «Әкімдерге сөз айттым» өлеңінде: Әкімдерге сөз айттым,Дәрежесін көтеріпАтадан алтау тусаң да,Бір басыңа жекелік. немесе «Қалданды мақтауы» өлеңінде: Озбаған басыңа бақ нышанаңыз,Атаға асыл дегдар осы араңыз.Ілгері Жиреншенің кеңесіндей,Жайылды жұртқа дарын нысанаңыз.Қай уақытта қарсы келген дұшпаныңды,Табанда тырп еткізбей тұсадығыз.Байтаққа белгілі болды атың, аға,Жайылды досқа дарпың, қасыңа да.Салтанат, дәулет, перзент, даражаң сай,Мыңға тең бір өзіңнің басың, аға. Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор адам ғана солай сөйлей алады. Мүны біз жырау туралы айтылған «Дүр Оңғар айтыпты» деген сөздерден аңғаруға болады. Орынды, әділ сөзге тоқтау - әдептіліктің бір түрі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана да шешен халқымыздың ата салтында жүйелі уәжге тоқтамаудан өткен пәтуасыздық жоқ. Ондайлар туралы халық: «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды», - деп, кейіс білдірген. Сыр елінде Ерназар – Қаратамыр аталығынан шыққан Пышанның Төребайы деген би болған. «Көктабанның» сабатын жайлап отырған кезі екен. Төребай арнайы үш ақын-жырауды: Оңғар, Жиенбай, Түрымбет Салқымбайұлын шақырады. Ағайынды екі ел болыстық пен ауылнайлыққа таласып, бірін-бірі көрместей болған. Арада барымта жүріп дау-дамай көбейіп кетеді. Жыраулар бидің айтқандарын үнсіз тыңдап, екі жақты бірлікке, елдікке шақыру қажеттігін сезінеді. Бір жағынан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты бидің өздерін сынап отырғанын түсінген жыраулар бұл жанжалды басуға күштерін салады. Аузымен құс тістеген айтыскер ақындарымыз әріптестері сөзден сүріндірген жерде дереу тоқтап, жеңілгендерін ашық мойындап отырған.Бұл сөз қадірін танып, мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді. ## Дәуір, салт-дәстүр тынысын білдіретін толғаулары. Халық айтысты үлкен өнер деп бағалап, оны өнер жарысы, таразысы деп қараған Оңғардың Ырысты қызбен айтысында айтыс Оңғар жыраудың байыпты, салмақты сөзімен аяқталады. Ырысты қыз қаншама ақынды сөзбен сүріндіргенмен осы айтыста жауаптан кідіреді.Мұның өзі Оңғардың өз заманында қандай айтыскер ақын екендігін көрсетеді. Ерлерім сөйле, дегесінЕрлерім «сөйле» дегесін,Есендікпенен көрініп,Бас тартайын мен негеҚызметіңнен жерініп.Сатулы сөзім, сірә, жоқСақтанып айтаркеріліп,Барымды базар етейін,Қалмасын жұртым жерініп.Қажымас қара мен жорғаңЕртеңнен шапса тебініп.Халық қаумалап сөйле депАрқалап алса ортағаКетуші едім желігіп.Дүние жүзін сұқтанып,Сөз пұлдаған емеспін,Әркіммен сұрап – емініп.Қызыл тілім, сөз толға,Назарың салып оң-солға,Сөйле деп соған кім айтарҚалған соң жерге көміліп?! Көргенділік жасынан жақсы тәрбие көріп, халқының әдеп, инабаттылық дәстүрін бойына сіңірген дегенді білдіреді. Ол - барлық әдеп түрлерінің жиынтық атауы.Әрбір келер ұрпақ өзіне дейінгі аға буынның қателігін түп-түгел ескеріп, қателік жасамай, өзі де өкінбей, өзгені де опындырмай өссе, қане!Ақын адамдардың қырым-қатынастарындағы екіжүзділіктің, бірін-бірі алдап – арбаудың көбейе бастағанына, халық дәстүрінің қораштана бастағанына («Қыз тойына жалғыз тоқты сойылып, қыздар күңше ұзатылған замана») қартайған кісілердің өз балаларына да қадірсіздене бастағанына («Қартайған соң балаң айтар «қаңғыбас» деп, келінің айтар «алжыған ұйықтап жатпас» деп») күйінеді.Елдің ішкі тұрмысында парақорлықтың етек алып бара жатқанына күйінеді, ата-бабалардан сақталған тұрмыстық қарым-қатынастардың бұзылып бара жатқандығына күйзеледі. «Жаным – арымның садағасы», - дейді намыскер де ержүрек қазақ ері. Адам абыройы үшін қызмет етеді, кейін абырой адам үшін қызмет істейді. Кешегі сұрапыл соғыста ер-азаматтарды туған жерден қашықта арыстанша алыстырған туған елінің, халқының абыройына дақ түсірмеу, сөз келтірмеу еді. Оңғардың «Арқадан жел аударар ақ киікті» атты оқиғалы өлеңінде Қоқан хандығының кезекті бір шабуылында қазақтың Әлім аталығы батыры Басықара бастаған ерлердің жауды талқандағаны, шайқас кезінде Басықараға қоқанның оғы тиіп, ауылға жаралы болып оралады. Қазақтың оқ аттау ырымы бойынша Басықараға тиген оқты шығару үшін алты жүйе Әлімнен қасиетті әйелді іздейді, бірақ табылмайды. Хас батырдың анасы Айымның аттауынан оқ жерге түседі. Оқиғалы тарихи жырдың түйіні қазақ елін қорғаған Басықарадай батырларды және сондай халық ұлдарын тапқан, ар-ұятын мәңгі таза сақтаған Айымдай ару аналар ұлағатын ұрпақтарға ұлықтау. Ақын шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтардың қолданысындағы мағыналы сөздер, сөз тіркестері, халық даналығының қанатты оралымдары мол қолданылады. Мысалы, Бір кеткесін бұл дәурен,Екі айналып келе ме немесе Арқырап жүрген арыстанның,Талайын тәңірім құлаттыЖан- сауымда ойнап күл,Сөндірме тұрып шырақты. Халқымыздың: «Ұлық болсаң кішік бол», «Болған адам болдым демес, болдым десе болған емес», - деуі, адам қанша болып толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, кісілігі мен кішілігін, көпке деген ізеті мен инабатын үзбей, тіршілік етуі тиістігін айтқаны. Мен жырау өлеңдерін оқи отырып, осы қасиеттердің бар екенін байқадым. Мысалы, Көтеріп дәрежесін жақсылардыңТыңдаттым сөз егесі небір беккеБілімді, ақылы артық ағаларсың,Айттың деп ажарсыз сөз айып етпе. («Кеңеске кемеңгерлер, салсаң құлақ») Жыраудың «Заман туралы» өлеңінде: Ант беріп, ақ салдалы малды алды,Ілгері бір момынды отырғызыпЖығып жүр әділ даудып пара аударып,Жаманды шауып алады зор аударып. Айтысып бір-екі адам келсе билер,Залымның жағынады жаласынаБір нәрсе жең ұшынан тастасын деп,Біреуді салып қояды арасына. деп, дүние-малды еңбексіз, қулық-сұмдық, алдап-арбаудан жинап, сонымен күн көріп жүрген екіжүзді, обал-сауаппен санаспайтын, ылғи пәле ойлаумен жүретін жымысқы адамдар туралы айтады. Ата-бабаларымыз біреудің дүние-малына сұқтануды, ақысын жеуді жазғырған. Әсіресе, жетім-жесірдің ақысын жеуді зор күнә, адамдықтан шыққан, имансыздық деп білген. Үш-төрт өлең жолдарында ата-ананың айтқанына көнбей ұят – аятты, имену дегенді білмей ержеткен жастар туралы айтады. Осындай ұрпақтың ертең ұрпағы қандай болатындығын, жуық арада бұл түзеле қоймайтындығын, осындай ұрпақтан халқымыздың әлі талай қасірет шегетінін айтады. Көргенділік – күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау, көңілге келетін сөз айтпау, тұрпайы мінез көрсетпеу.«Қыздар сәнді көрінер» өлеңінде: Қыздар сәнді көрінер,Өзінің тапқан шешесіменКеліншек сінді көрінер,Әлдилеп сүйген бөпесіменСөзің сұлу көрінедіТауып айтсаң төтесіненХас жаманның бір мінезіСөз тыңдайды шекесімен. - деп жырлайды. Жырау әрбір ана қызын тұрмыс құруға әзірлеуі, қызының барған жерде өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі екендігін айтады. Әрбір қыз – болашақ ана. Өмірінің жалғасы, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты дүниеге әкеледі. Дүниеге келген ұрпақтың тілі, ғұрпы, мәдениеті ананың сүтімен, ананың тілімен дариды деген ой айтып отыр. «Қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі бар. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір рақаттанып қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақ жарқын көңілмен күту - көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған Оңғардың «Қонақкәде» өлеңінде: Кете, Шөмен бір туған,Қонысы қатар ел едім.Қонақ деп күтпей әуелі,Келекелеп күлугеКелгенде неғып еледің?Ертеңнен бері бұралып,Ас ішіп, тамақ жемедім.Жайымды сұрап, байеке,«Мейманым қалай» демедің. сол сияқты Ырысты қызбен айтысында: Болмады айтпасқа сөз саған тағы,Шымшыған тиді тілің маған тағы«Атаңнан мейман ұлық» деген қайда?Білмесең, ол – кемістік, шалаң тағы«Қайырлы қабаған ит байлар» деген,Ауылды сен билесең, қараң-дағы«Тентіреп қонағасы сұрадың» деп,Тек жапқан сылтауратып жалаң-дағы.Бетіңше кеткеніңе қайырусыз,Жеңге мен жақсы ат алмас анаң-дағы.Бола алмай ауылға ие, әйелге ер,Ойлап көр, не болғаны ағаң-дағы.Қыдырып қонағасы іше алмаса,Атаң да бір нәсілсіз жаман-дағы.Осымен тоқталарсың тілімді алсаң,Болмаса, бұдан да өзге табам-дағы. Бұдан соң екеуі де қазақтың еншісі айырылмаған, мейірімді, қонақжайлылығын айтып едәуір сөз тартысына түседі. Бұл айтыстағы ерекшелік – екі ақын да инабаттылықты сақтай отырып ұтқыр сөйлейді. Жырау: «Мейман атаңнан да үлкен»,- дейтін мақал халықтың қонақтың мәртебесі мен оған көрсетілуге тиісті сый-құрметке инабаттылық тұрғысынан қарайтынын көрсетеді. Мұндай сөз қонақ түскен үйдің оны ескеруі жайында айтылады. Біздің ертегі, аңыз, өлең-жыр, айтыстарымызда меймандостық жайында көп айтылуының өзі-ақ халқымыздың бұл дәстүрімізге қаншалық зор маңыз бергенін көрсетеді. Ақын өмір қозғалысындағы жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың, тұлпар мен мәстектің тағы басқа қарама-қайшылық сапа иелерінің бағалануындағы мәңгілік тоқталмаған құбылыстар жүйесін тыңдаушылар назарына бейнелі өрнектерімен мегзей ұсынады. «... Ұяның ұрпағы - асыл сұңқарындай,Кездесіп бүгінгі күн басты құрап»Қыдырдан халық жақсы данышпандар,Әлсізге ақыл- жәрдемі ауысқандарБөріге бойын билеп көріне алмай,Шулайды ала қарға, сауысқандар. Адамзат тарихының әуелгі және қазіргі, онымен бірге болашақтағы ұрпақтары дамуының жолындағы мойындалған шындық – жақсы мен жаман қасиеттердің өзгермейтін қайшылығы. Өмір шындығының осы қайшылықты жағдайы – халықтық тәлім-тәрбиенің де арқауы. Оңғардың нақыл, толғау, термесінде де бейнелі тіл өрнегімен жырланған: Жабыдан туған құлын тұлпар болмас,Жапалақ мақтағанмен сұңқар болмасАқ сұңқар аққу өлген айдын көлденҚарғадай өлімтікке іңкәр болмас.Жақсының жанабында болған кісіТарығып, тартып жүдеу кемтар болмас.Жамандар көкірегін көтергенменТең келіп жақсылармен ол пар болмас. Дүр Оңғар Дырқайұлының шығармашылығы – қазақ әдебиетіндегі ғасырлар бойы үздіксіз даму жолында келе жатқан ақындық поэзиядағы көркемдік дәстүр жалғасы. Ақынның шығармалары өзімен замандас ақындар шығармаларымен бірге ұрпақтар тәрбиесіне қызмет етіп келеді. Ақынның шығармашылығындағы нақыл өсиет, тойбастар, бата-тілек, жұбату, қонақкәде, бірқақпайлар, жұмбақ тағы басқа жанрларындағы шығармалары халық әдебиетіндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік (этнопедагогикалық) ұлттық жан ділі сипатты (этнопсихологиялық) сарындар тұтастығымен жырланған. Тойбастар – халықтың тәлім-тәрбие туралы ата-бабаларының адамгершілік ұлағатын айқындайтын жыр. Қарындастың ауылы да,Берекелі ел екен.Әкесі де халқына,Қадірі бар ер екен. Керуендей күнде көшіп бара жатыр,Аңласаң бес күн қонақ қыз дегенің,Базарда пұлы қымбат асыл зердің,Асыл зат дәрежеңді көзбен көрдім. Қарағым, ұят емес жылағаның,Көрінер сырты сұлу сылағанныңЖақсының зайырлығын жаяр жұртқа,Жорғаның мүдірмесін шықпай тілі. «Жүйесін тауып жөн сөйле!» тойбастар өлеңінде қыз ұзату әдет-ғұрпының дәстүрлі тағылымын «Қыздың кетерде жылауының орынды екендігі, ата-ананың, ауыл адамдарының қимастық көңіл-күйлері, кәделерді тиянақты орындау», сонымен бірге осы қыз ұзату тойын өткізіп жатқан қыз әкесінің ауылдың берекелі жағдайы да өлең желісінде қамтылған. Ақын-жыраулар поэзиясындағы көркемдік жалғастық жүйесінде арнау-мадақ өлеңдер үздіксіз жырланумен келеді. Елдің тарихындағы атақты тұлғаларға арналған арнау-мадақ өлеңдері арқылы жеке тұлғалардың атқарған қызметтерінің, адамгершілік-имандылық қасиеттерінің сапалық көрсеткіштері айқындалады. Оңғар ақынның арнау-мадақ өлеңдерінде («Адамзат, дәрежеңді жаңа көрдім!», «Мақтаймын халық жақсысын», «Қалданды мақтауы» т.б.) ел ортасындағы халыққа жағымды іс-әрекеттері бағалай жырланады. Күнделікті тұрмыстық - әлеуметтік қарым-қатынастар арасында адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесі мәселесін тұрақты жырлаған осындай ақын – жыраулар халықтың ортасындағы ұстаз-тәлімгер, тәрбиеші тұғырында бағаланған. ## Дүр Оңғар өлеңдеріндегі тәрбиелік мәні бар ұлағатты сөздер Дүр Оңғар шығармашылығында жас жеткіншектерге тәрбие берерлік көптеген әңгіме, өсиет жырлары, қанатты сөздер де жетерлік. Оңғар ақын туындыларын нақты, өсиет түріндегі жырлар, дәуір, салт – дәстүр тынысын білдіретін толғаулар, арнау өлеңдер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Осы бірнеше саланы қамтыған шығармаларының бәрі де «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» нәрлі дүниелер. Мысалға, оның ақыл, өсиет түріндегі өлеңдерінің кез-келгенінде, «Алқалап келген әлеумет» атты жырында: Алқалап келген әлеумет,Сөзімде болса әуесің-Баһарда дараң гүлдесе,Бұтаққа шашар мәуесінЖасанған жауға кездессе,Батырлар тартар жебесінЖаратқан өзі жар болса,Жарадан сақтар денесінЕгеулі болат, көк найза,Сауыттың сөгер жебесінАжалға етер амал жоқ,Таусылса демің өлесің, - деп бастайды. Осы келтірілген шағын ғана үзік өлеңде кәдімгі алақиғаш өмірдің қатпарлы сырының мәні, мәйегі жатқаны анық. Мұнда ол – көктем нұры төгілгенде табиғат түлеп, жер көгеріп, ағаш бүршіктеп, жапырағын жайып, мәуесін салатынын айтады. Ал басқыншы жау төнгенде елді ерлер ғана қорғайтынын, сондай қатерлі сәтте оларды жаратушы желеп – жебейді деген сенім білдіреді. Егер тұтқиылдан төнген жаудан сақтанып, қорғаштанып, қалың қамалды бұқпалап паналағанмен кем қорғанды көктеп өтетінін, ондайда жан сауғалағанмен үстіңе төнген ажалдан қашып құтылу мүмкін еместігінбайқатады. Оңғар ақын өмірде көргенін көңілге түйіп, сол кішкентай нәрседен келелі философиялық ой туындатады. Мәселен: Ол болмыс туралы шығармасында: Қыздар сәнді көрінер,Өзінің тапқан шешесімен.Келіншек сәнді көрінер,Әлдилеп сүйген бөпесімен.Сөзің сұлу көрінеді,Тауып айтсаң төтесінен.Кем ауылдың кеңесі артпайдыКүн кешкен соң кекесінмен.Хас жаманның бір мінезіСөз тыңдайды шекесімен, - дейді. Бұл ақын жүректің аңғаруымен көркемдеп кестеленген өмірдің шынайы бейнесі. Ақын бұл пәни тірліктегі көңіл алдарқатар жұбанышты жәйттердің жеме–жемге келгенде сағымдай бұлдырай – жоғалып, жапанда жалғыз қалғандай дәрменсіз халге түсіретінін жіті байқап, сол сығымдай бір-екі өлең жолына сыйғызып жіберуге шебер екен. Оған жыраудың: Атадан алтау тусаң да,Бір басына жекелікҚадір білер құрбың мен,Аға – іні не жетсін,Үйреніскен еті өліп, - дегені дәлел. Бәлкім, осы шумақтың алғашқы екі қатары сол Оңғар атаның аузынан шыққаннан кейін мәтелге айналған шығар. Мүмкін, осындай ұшқыр, өткір тілмен мірдің оғындай ғып тура, дәл тауып айтқандығынан да болар, оның Дүр Оңғар атанғаны. Оңғар Сыр сүлейлерінің ішінде көзі тірісінде «Дүр» атағын алған ақын, жырау. Ақын заманды болжай айтқан өлеңінде: «Қиқулап, ұшып қонатынҚу адасты көліненБұл асырып, күн жаумайЖер айрылды шебіненБасынан тайып бақыты,Айрылған хандар еліненҚол бастаған батырдың,Ақ некелі аруларИменбейт онша еріненЕрлерде де жоқ емесЗайыбынан жеріген» Қазіргі заманға терең көзқараспен қарап, қазіргі күнгі тіршілікті сипаттаған секілді. Ол да болса қасиеттің бірі болып есептеледі. Ондай қасиет көптің қолынан келе бермейді десем артық айтпаған болар едім. Сол дәуірдегі ел – жұрт халымыздың салт-дәстүрін қатаң сақтап, соның ішінде қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, ұлыстың ұлы күні, құрбан айт сияқты кәде-дәстүрлерді кәдімгідей дәріптеп, үлкен мереке етіп өткізген. Халқымыз осындай салт-дәстүрлер арқылы барлық қауымды, әсіресе жас ұрпақты инабаттылыққа, іскерлікке, шаруақорлыққа тәрбиелеп отырған. Сондықтан қыз ұзату, келін түсіру секілді маңызды шараларға арнайы жырау шақырып, тойбастар айтқызған. Мұның да тәрбиелік мәні күшті. Оңғар жырау сондай салтанатты думанның пердесін ашуға көп қатысыпты. Бұл да оның ел алдында сыйлаған жырау екендігін айғақтай түседі. Ол жиырмадан астам тойбастар жырын шығарған. Бұл тақырыптағы туындылар бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, көрші ауылда келін түсіретін болса, сол шаңырақтың отбасын, ата-анасын, шыққан тегін, жігіттің болмысын шындық тұрғысында шығармасына арқау еткен. Мысалы: Қожакелді руының дәулетті кісісі Жақабай қызын ұзатқанда шығарғанда «Тойбастар» жырын әуелі бойжеткенге арнайды. Ұзатқан қыз қай кезде,Кетпейтін сірә жыламайЖыламай кеткен қыз болса,Қалатын көпке ұнамайӘлпештеген ата-ана,Туысқан, туған және деБәрі де тұр шыдамай.Көп жыласаң күйзеліп,Көңілі ренжулі екен деп,Кетпейді және сынамай,-дейді. Оның осындай тойбастарының бір түрінде қызға арнаған сөзі: Керуендей күнде көшіп бара жатыр,Аңдасаң бес күн қонақ қыз дегеніңБазарда пұлы қымбат асыл зердің,Асылзат дәрежеңді көзбен көрдім, - деп сабақтайды да, бойжеткенге «Досың да, дұшпаның да сүйсінетін ақылды, парасатты бол»,- деп тілек білдіреді. Мұндай тура түйін – Дырқайұлы Оңғардың зерделі ақын екендігін көрсетеді. Өлеңдері мен толғауларын оқи отырып адамгершілікке негізделген қанатты сөздерді жинадым. Мәселен, «Атадан алтау тусаң да, бір басыңа жетерлік», «Хас жаманның бір мінезі, сөз тыңдайды шекесімен», «Қазған орға жығылар, жаққан отқа жығылар», «Алдыңнан шығып жүрмесін, жақсылық жаман еткенің», «Көп құдайдың бір аты», «Ер – шаңырақ, ел - уық», «Адам – керуен, өмір – жол», «Адамға тумақ – рас, өлмек – мирас», «Жалғыз болсаң, топқа басың кіре алмас, жарлы адам ел шаңына ере алмас», «Жағдайсыздың қолы жаздырмас, кемдік ердің көркін шығармас». «Жақсының жанабында болған кісіТарығып, тартып жүдеу кемтар болмасЖамандар көкірегін көтергенмен,Теңеліп жақсыларға ол пар болмас». «Орынды сөзге ықыласпен,Ерлер қояр құлақты». «Жан сауында ойнап-күл,Мәнісін сөздің ойлап біл». «Бұраңдамай біздің тіл,Жүйесін тауып жөн сөйлеКөрінгенді шандыма».«Жақсының ойын-күлкі мерекесі,Жаманның тойы жұрттың келекесі». «Әркім кетіп бетіменХалықтың ғұрпын бұзбалық». «Анық болса әділдік,Ағайын тұрар қорғанып». «Жамандық жанға ойлама,Жақсыға жасар үлестен,Жүрерсіңдер құр қалып». «Жұртқа болса сенімің,Жүрерсің күндей нұрланып». «Ұл перзент, ұят, иман, әм сұлу жар,Жасартып көрсетеді ердің түсін». «Бұл сөзім баршаңызға бірдей нақыл,Жақсыға жарасады айтқан нақыл». Жырау адамгершілікке тән қасиеттерді өзіндік сөз мәнерімен осылай баға берген. Сыр сүлейі Балқы Базарды өзіне үлгі ұстаз тұтып, оның биік өнерін насихаттаған. Жырау – ауыз әдебитінің ежелгі өкілдерінің бірі, халыққа тәрбиенің алуан түрлерін қамтитын мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің ізін жалғастырушы. Өзінің көргенінен үлкен философиялық үлкен ой түйіп отырады. Адам бойында кездесетін парақорлық, алауыздық, бірліксіз қасиеттерді айтып өткен. Ол халықты бірлікке, сыйластыққа шақырады. Осыны қазіргі күнгі балаларға, жастарға сабақ болсын деген тәрізді. ## Жырау мұрасы – халықтың рухани қазынасы Оңғар Дырқайұлының әдеби мұрасы – мың жылдықтар бойы қалыптасқан, дамыған ақындық-жыраулық өнердің дәстүрлі жалғасы. Оңғар Дырқайұлы Сыр сүлейлері мектебінің көрнекті өкілі ғана емес, ол - сол топтағы және кейінгі кезеңде талай ақындарға ұстаз да болған тұлға. Кестелі көркем, сұлу сөздің сардары Сыр сүлейінің бірі – Шораяқтың Омары «Ұстаздарым» атты өлеңінде:Балқы Базар, Дүр Оңғар«Алқалап» атты қойғандаҚанша пырақ болса даҚарасын көрмей қаңғалар,-деп тебіреніп, Оңғарды Балқы Базармен қатар қояды. «Әр елдің бар бұлбұлы» өлеңінде Тұрмағамбет ақын да Дүр Оңғардың есімін құрметпен атап, өзіне ұстаздығын, ағалығын мойындайды. Ақын шығармаларын бүгінгі жетуіне Сыр өңіріне белгілі әдеби мұра жинаушысы Ә.Қайнарбаевтың, ақын Ә.Әлиасқаровтың, ал кітап етіп шығаруда белгілі этнограф, әдебиетші, журналист Т.Дайрабайдың еңбегі құрметке лайық. Ақын - өз заманының перзенті, сонымен қатар өресі биік өнер иесі. Өз заманының тыныс-тіршілігіне, шындығына парасат көзімен ой түйеді, сарапшы болады. Ақынның толғаулары, тойбастар, арнау өлеңдері, көңіл – қостары, жұбатулары, жұмбақтары, бірқақпайлары, айтыстары, оқиғалы тарихи жырлары – оның ақындық поэзиясындағы ақындық даралығын көрсетеді. Өзі өмірден ерте кетсе де шығармалары ел ішінде әлі күнге дейін айтылып келеді. Осының өзі-ақ Оңғар жыраудың тума талант екендігін дәлелдеп тұр. Оңғар жыраудың мұрасы - өз заманының, уақытының ақиқат шындығын айта алуымен бірге, шыншылдықтың ғана емес, сыншылдықтың да биік өресінен көрінген құнды дүниелер. Ауыздан ауызға озып, санада сіңіп қалған ақын мұрасы ғалымдар мен әдебиет зерттеушілерінің ізденісінің нәтижесінде кітап болып шығып халқына қызмет етуде. Жырау шығармасы болашақтың да керекті кәделі дүниесіне айналды. Қызығады бүкіл әлем даналарға,Осындай біздің ұлы бабаларғаКемеңгер, ақылы дария Дүр бабамызМіне, бүгін ортамызда тірілдіңіз. Тарих қойнауында жатқан өз заманының белгілі тұлғалары ақындар мен жыраулар осылайша халықтан өз бағасын ала бермек. Қорыта айтқанда, артында сұлу сөз бен өлместей мұра қалдырған атақты дара тұлағаларды қалай құрметтесек те артық етпейді. Дүр Оңғар сынды қазақтың қасиетті сөз өнерінің мәңгіліктілігін өзінің шығармаларында өрнектеп өткен дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат, өнеге етіп қалдыру – парызымыз.Жазған :Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдірасылова БибігүлӨңдеген: Информатика пәнінің мұғалімі Жанат Башенова ## Дереккөздер
Бахшы — түрікмен фольклорын жасаушылардың байырғы өкілі, ел аралап, күй шолып жыр айтатын өнер иесі. Кейінгі ұрпаққа түрікмен халқының этикалық мұрасын бахшылар жеткізген. Бұл ретте бахшы қазақ мәдениетіндегі жыршы типімен төркіндес, тектес екені аңдалады. ## Дереккөздер
Қаратал — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл, Қаратал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Зайсан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаратал — Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл, Қаратал ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мақаншы ауылынан шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Буриме (фр. bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған. ## Дереккөздер
Қаратал — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Қулыкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 133 км-дей жерде, Сілетітеңізінен оңтүстікке қарай орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 354 адам (190 ер адам және 164 әйел адам) болса, 2009 жылы 311 адамды (165 ер адам және 146 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Қаратал — Жетісу облысы Көксу ауданы, Еңбекші ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан солтүстікке қарай 3 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ғазал (араб.: غزل‎, әз. qəzəl) - негізінен кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең. Парсы-тәжіктің классикалық поэзиясында Хафизден бастап кеңінен тараған. Негізгі мазмұны махаббат сезімін жырлау болып келеді. Сәтті, сәтсіз махаббат күйі шертіледі. Түркі тілдес әдебиетте ғазалдың айтулы шебері Әлішер Науаи болған. Шығыс поэзиясының әсерімен лирикалық ғазал түріндегі өлеңдер батыс әдебиетінде де пайда болады. Шығыстың ақындарын аудару тұсында бұл үлгі ұшырасып қалады. В.Брюсовтың аяқталмаған "Адамдар түстері" кітабында ғазал түрінде құрылған өлеңдер кездеседі. Қазақ поэзиясында бұл өлең түріне Ақан сері, Әсет және кітаби ақындар назар аударған. Мысалға, Ақан серінің "Көңіл тілегі" атты өлеңін алуға болады: Бағаңа құн жетпестің бірі едіңіз,Бақшада жаңа шыққан гүл едіңіз.Сұқсырдай су ішінде мекен етіп,Ілінбей қармағыма жүр едіңіз.Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа,Қай жерде мекен еткен түнегіңіз.Түн қатып, түнегіңнен ұшқаныңша,Үзілмес, сірә, сізден күдеріміз.Үмітім көңілімдегі бітер едіАртылса ақ төсіңе білегіміз. ## Дереккөздер
Дайна - литван халық әнінің дәстүрлі атауы. Дайна-тақырыптық, мазмұндық әмбебаптығымен ерекшеленетін жанр. Дайна өлеңдерінде литван халқының тұрмыс-тіршілігіне, өткен тарихына, наным-сеніміне, т.б. қатысты жайттар таңбаланады. Дайна - шартты түрде ғұрыптық дайна, махаббат дайнасы, тарихи дайна болып жіктеледі. ## Дереккөздер
Қажым Мүсіпов (1912, бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Алабота ауылы – 1982) – Социалистiк Еңбек Ері (1957). * Еңбек жолын 1931 жылы ұжымшарда есепші болып бастаған. * Тұңғыш ауылдық кеңесінің хатшысы. * 1937 жылдан Қызылту ауданы комсомол комитетінің хатшысы * Қызылту ауданы жер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. * 1942 – 45 жылдары Кеңес армиясы қатарында болып, майдандағы ұрыстарға қатысқан. * Армия қатарынан босатылғаннан кейін Қызылту ауданының кеңестік шаруашылықтарында басшылық жұмыстарда болды. * 1954 жылы Ұялы ұжымшарының төрағасы * 1957 жылы Чапаев кеңшарының директоры болып сайланған. * Кейінгі уақыттарда К.Маркс кеңшарының бас зоотехнигі болған. ## Марапаттары * Социалистiк Еңбек Ері (1957). * Ленин ордені. ## Дереккөздер
Балпақ немесе үлкен сарышұнақ (лат. Spermophilus major) – тиін тұқымдасының сарышұнақ туысына жататын ірі кеміруші. ## Дереккөздер
Дайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы. ## Өмірбаяны Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. ## Күйлері * "Айымжан", * "Көк қаршыға", * "Құла жорға", * "Ителгі", * "Қара нар", * "Кер бала", * "Қайран ұстаз", * "Кеттің, асыл Жиенбай", * "Дайрабай", * "Қожық", * "Тілеубай шаһбаз" Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды. ## Дереккөздер
Тас, табиғи тас — шығу тегі табиғи болып келетін, құм мен металдан өзге минерал немесе қатты тау жынысы. ## Құрылыстағы тастар Құрылыс және өңдеу тастары ретінде кең таралған минералдар мен тау жыныстары: * Гранит — кварц, плагиоклаз, калийлі дала шпаты және слюдадан тұратын магмалық табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: сұр, қызыл, күрең қызыл, қызғылт-алқызыл, алқызыл, қоңырқай қызыл, сұр-жасыл, ірі жарқын дақтары бар қара-жасыл. Ең тығыз, қатты және берік жыныстардың бірі. Құрылыста қаптағыш материал ретінде қолданылады. * Әктас — кальций карбонатынан (кальцит) тұратын, түсі ақ, шөгінді табиғи тас. * Мәрмәр — табиғи тастардың ішіндегі ең танымалы және таңдаулысы. * Порфир — ішінде кварц кристалдарының ірі қосындылары бар ұсақ кристалды магмалық тау жынысына жататын табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: қою-қызыл, қара дақтары бар қоңыр табиғи реңктер. * Доломит — толықтай доломит минералынан құралған шөгінді табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: алқызыл, сары табиғи реңктер. * Оникс — декоративті-безендіргіш тас. Бұл тастар ерекше түстермен көмкерілген. Табиғи тас адамдардың үйлер мен көпірлерді салуға және қасбеттерді қаптауға қолданған ең ескі материалдардың бірі болып табылады. Әдемілігі, беріктігі және төзімділігінің арқасында табиғи тас сарайлар, ғибадатханалар, бақшалар мен кәдімгі үйлерді безендіре алады. ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз * Асыл тастар * Қиыршық тастар * Жартас
Валерьян Семенович Бажанов (2 маусым 1907, Новоузенск—1984) – биология ғылымдарының докторы (1962). * Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің биология бөлімін бітірген (1930). * Орынбор ауыл шаруашылығы институтында (1930-33) * Камчатка облысындағы Пенжі аң-кәсіпшілік станциясында (1933-36) * Алматы қорығында (1936-38) * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1937-42) * КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімінде жұмыс істейді. * Қазак КСР ғылым академиясының зоология институтында (1942-64) жұмыс істейді. * 1964 жылдан Өскемен педагогика институтында жұмыс істейді. * 1967 жылдан Тамбов педагогика институтында жұмыс істейді. ## Ғылыми еңбектері Бажанов алғашқы кезде сүт қоректі жануарларды зерттеген, 1946 жылы Қазақстанның омыртқалы қазба жануарларын зерттеуді ұйымдастырып, 1964 жылға дейін Қазақ КСР ғылым академиясының Зоология институтының палеозоология (палеобиология) зертханасын басқарған. Бажанов 100-ден астам еңбек жазған. ## Дереккөздер
Қасқабұлақ – Кенжебай көлінің солтүстік-батысындағы тұзды көл. Аягөз өзені алабында. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы Тарлаулы ауылының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 440 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2.5 км, енді жері 1 км, жағалауы жайпақ келген. Батысында Қызылқия, шығысында Арқалық таулары, солтүстігінде Шанайбұлақ бұлағы бар. Жауын-шашын және қар суымен толысады. ## Дереккөздер
Қарауыл — Абай облысы Абай ауданындағы ауыл, аудан және Қарауыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Семей қаласынан 180 шақырым, Аягөз қаласынан 153 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдан алыс емес жерде, Шыңғыстау тауларында Жидебай қорығы - Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық мұражай-үйі мен зираты орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 5403 адам (2641 ер адам және 2762 әйел адам) болса, 2009 жылы 5010 адамды (2378 ер адам және 2632 әйел адам) құрады. 2023 жылы тұрғындар саны 5771 адам (2772 ер адам және 2999 әйел адам) болды. ## Атақты тұрғындары * Төлеген Жанғалиев - ақын, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. * Мерғали Ибраев - журналист, драматург, ақын және прозаик. ## Дереккөздер
Қасқабұлақкөл – Шар алабындағы тұзды көл. Шолақтерек көлінің солтүстік-батысында. ## Географиялық орны Абай облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылының шығысында 2,5 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 409 м биіктікте жатыр. Ауданы 6,3 км2, ұзындығы 5,1 км, ең енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 15,4 км, ең терең жері 4,6 м, сыйымдылығы 3,4 млн. м3. Жағалауы тегіс, батпақты келген көлдің орта бөлігінде бірнеше ұсақ аралдар бар. Жауын-шашын және қар суымен толысады. Қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің басында ериді. Көктемде мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тарлаулы — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Тарлаулы ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 95 км-дей жерде, Аягөз өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ## Дереккөздер
Қызылқия – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі аласа тау. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылының солтүстігінде 11 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 531 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Аққияқ, шығысында Қасқабұлақ көлі, батысы мен оңтүстігінде Қараоба таулары бар. ## Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұта аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ## Дереккөздер
Қарауыл — Абай облысы Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 124 адам (65 ер адам және 59 әйел адам) болса, 2009 жылы 101 адамды (59 ер адам және 42 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Жанама ұйқас — жырда негізгі желілі ұйқасқа қосарланып, ара-арасында келетін қатар тармақтардың үйлесімі. Желілі ұйқас түйдек-түйдек болып топтасатын көптеген тармақтарды қамтиды да, арасында қалып отыратын кейбір тармақтар өзара ұйқасады. Мысалы: Күлдір-күлдір кісінетіп,Күреңді мінер ме екеміз?Күдеріден бау тағып,Ақ күреуке киер ме екеміз?Жағасы алтын, жеңі жез,Шығыршығы торғай көзСауыт киер ме екеміз?...Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау ## Дереккөздер
Тоғылық Темір хан (1329 – 1362/63) – Шағатай ұрпағы, Моғолстанның 1347 – 1363 ж.ж. алғашқы ханы. ## Шығу тегі Шыңғыс хан – Шағатай – Мутүген – Есен Дува – Барақ хан – Дува – Инал – Қожа – Тоғылық Темір. ## Өмірбаяны 19 ғ. ортасында Шағатай қағанаты батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Шығыс бөліктегі көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалардың әмірлері мемлекеттің одан әрі ыдырауына жол бермеу үшін шағатайлық хан іздестіреді. Рөлі күшті дулат тайпасының әмірі Болатшы 16 жасар Тоғылық Темірді іздеп тауып, оны 1347 – 48 ж. хан етіп көтереді. Шығыс бөліктегі жаңадан құрылған мемлекет – Моғолстан деп аталады. Оның шекарасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша: «шығыста – қалмақ жерлерімен, Барскүл, Еміл, Ертіспен, солтүстікте – Көкше теңізбен (Балқаш), батыста – Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстікте – Ферғана, Қашқар, Ақсу, Үалыш, Тұрпан уәлаяттарымен шектеседі...» Моғолстанға Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) және Қырғызстанның басым бөлігі енген. Тоғылық Темір хан тұсында Алмалық қаласы астана болды. Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі саяси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, ұлысбегі лауазымын дулат тайпасының әмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір хан ислам дінінің таралуына кең қолдау көрсетеді, өзі 24 жасында Аршададин Мәуленнің ықпалымен мұсылмандықты қабылдайды. Ислам Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мәліметі бойынша, Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты қабылдаған. Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 және 1361 жылдары екі рет Мәуереннаһрға жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте нәтижелі болып, Мәуераеннаһр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Ілияс Қожаны әкім етіп тағайындайды. 1362/1363 жылы 34 жасында Тоғылық Темір хан қайтыс болады. Ол Алмалық қаласында жерленеді. Ұлы Ілияс Қожа хан таққа отырады ## Дереккөздер
Таукент кенттік әкімдігі — Түркістан облысы, Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Таукент кенті кіреді. Орталығы - Таукент кенті. Округ құрамында болған Айгене ауылы 2015 жылы таратылған. ## Ауыл бөлімшелері Ауыл әкімдігіндегі халық саны-6702, отбасылар саны-1672. Бір орта мектеп, бір негізгі мектеп, бір емхана, бір балабақша, бір мәдени-спорт кешені, екі кітапхана бар. Ауыл әкімдігінде “Қазатомөнеркәсіп” корпорациясының 10 филиалы орналасқан. ## Халық қаһармандары 157 адам Ұлы Отан соғысына қатысып, 111-і хабарсыз кетті, 46 соғыс ардагері елге қайтып оралды. Қазіргі кезде бір ардагер бар. ## Ауылдық кеңес төрағалары Таукент поселкесі әкімшілі құрылғаннан бері әкім болып Рысбеков Сапарәлі (1982-1986 жылдары), Николай Иванович Шкуренко (1986-1995жылдары), Болат Зекенов (1995-1998 жылдары), Аманбек Мұсабеков (1998-2002 жылдары), Бекзат Әлмағанбет (2002-2007 жылдары) қызмет атқарды. 2007 жылдан бері Шабден Игіліков ауыл әкімі қызметін атқаруда. Жыныс елді мекені 1928 жылдан 1959 жылға дейін “Октябрь” ауылы деп аталған және сол кезденгі колхоз төрағалары болып Сейсенбиев Әбдіхалық, Берденов, Қаратілеков Несіпбай, Қанаева Мария, Есенжаров Ысқақ қызмет атқарды. 1959 жылы “Октябрь-5” ауылы қазіргі Абай ауылындағы Алғабас колхозына қосылған.1962 жылы Сызған совхозына қосылып, 1 фермасы болып аталды. ## Дереккөздер
Жазбаша айтыс — ерте заманда Шығыс поэзиясында, атап айтқанда, араб, парсы, түрік, монғол әдебиеттерінде болған үрдіс. Осы Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан айтыс дәстүрі қазақ арасына кең тарады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың бас кезінен бастап шықты, оның өзіндік өрнектері бар еді. Жазбаша айтыс ауызша айтыстың қорынан пайда болды, яғни соның заңды жалғасы, бір тарауы сияқты. Жазбаша айтыс сауаттылыққа, отырықшылыққа орай өріс тапты. Сауатты ақындар жұрт алдына шықпай, хат арқылы сөз сайысына түсті. Бұл сайыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы, Молда Мұса мен Манат қыздың хат арқылы айтысы бар. Мұса Байзақов Шығыс сюжеттеріне өлең, дастан жазған кісі. Кейде жазбаша айтыс екі жақ бетпе-бет кездесіп қалғанда ауызшаға айналып кетуі мүмкін. Молда Мұса мен Манат қыздың айтысы солай аяқталған. Жазбаша айтыста ақын әр жайды өлең етпей, бір желінің бойымен жүріп отырады, мұндай айтыста кейде мәдени, тарихи мәліметтер келтіріледі. Жазбаша айтыста ақын асықпай, айтпақ ойын белгілі бір қазыққа байлап айтады. Ауызша айтыста ақындар өлеңді суырып-салма әдісімен табанда шығарса, айтыста ойланып жауап беруге мүмкіндік бар. Мұнда білім, ой тереңдігін байқату жағы басым келеді. 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан Молда Мұса Сырым қызға өлеңмен хат жолдайды: Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай,Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай.Сыртыңнан, Сырым, сенің болдым асық,Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай. Ақын өзі қыранға, қызды ақсұңқарға, асыл тасқа теңейді. Арада бұл хатқа Сыр бойының ақыны Бұдабай араласып, Молда Мұсаға жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. 1913 жылы Сыр сүлейлері Шораяқтың Омары мен Таубайдың Жүсібі хат арқылы айтысады. Егер ауызша айтысқа екі адам қатысатын болса, жазбаша айтысқа кейде бірнеше ақын араласады, айтыс ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып, төрелік айтады. Жазбаша айтысу мәдениеті білімділікті, оқығандықты керек етеді дедік. Соған бір мысал ретінде Таубайдың Жүсібінің екі араға делдалдық сөз айтып жүрген Ыбырашқа жазған жауабында "әбият", "назым", "ғазал", "бәйіт", "мұхаммас" деген Шығыс поэзиясының бес термині кездеседі. Сыр бойының жазып айтысқан ақындары көбінесе ғазел үлгісін жиі қолданған. Жұмбақтап жазып айтысу әдісі де бар. Оған Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Шәді Жәңгіровке он бір буынмен жазған жұмбақ өлеңін айтуға болады. Шәді жұмбақты шешіп, өлеңмен шешуін қайтарады. Ал, Ырысты мен он алты ақынның айтысы да жазу түрінде хатқа түскен айтыс. Мұнда қара өлең формасы мен ғазал араласып келеді. Ырысты мен он алты ақын адамгершілік, ізгілік, еңбек, әділдік, махаббат жайлы толғайды. Жазбаша айтыс өнері кейінгі заман тұсында да тоқтап қалған жоқ, үрдісі жалғасып келе жатқан өнердің бірі. Қалиқан Алтынбаевтың, Жақсылық Сәтібековтің, Мағираш Сәрікованың, Шекербек Садыхановтың, Ақұштап Бақтыгереева мен Жұмаш Сомжүрековтің жазбаша айтыстары осыған дәлел бола алады. ## Дереккөздер
Көркемдік мұра - «мәңгі құндылық» болып есептелінетін біздің осы дәуірімізге дейін ұрпақтан-ұрпаққа сақталынып келе жатқан өлмес, өте құнды мәдени мұра. Көркемдік мұраның құндылығының өзі осы өмір шеңдегінде, шығармада көтерілген мақсаттың ескірмейтіндігінде, яғни мәселенің мәңгілігінде, мазмұн мен тіршілік бар жерде мәңгі болатын тартыста, бүкіл адамзат мүддесі қорғалатындығында. Мысалы, Абайдың кез келген жырын алсаңыз, бүгінгі өмір шындығы, қазақ халқына тән мінез-құлық, бүкіл адамзаттың мәселелерін қозғаған, сол себепті де олардың мәні бүгін де, ертең де жоғалмайды керісінше құны арта түседі. Тегінде, М.Әуезов айтпақшы, "ештеңе де тақыр жерде тумаса керек-ті". олай болса, біздің бүгінгі жетіп отырған әдеби, мәдени, рухани мол мұраларымыз сол көне ғасырларда туып, тамырын кеңге жайған, сөйтіп ғасырлар, жылдар бойы дамып, сұрыпталған дәстүрлер, асыл қазыналар. Және халықтың жүрегіне жеткен туынды ғана мәңгі өмір сүре алады. «Мәңгі құндылық» деген атаудың өзі "уақыттың" кейбір, кездейсоқ адасушылықтарын және басқаларды да қатал сыннан өткізіп, өз орындарына қояды. Дантенің, Шекспирдің, керек десеңіз, Вольтердің өмір сүрген дәуірінде классика деген ұғымның өзі туып қалыптаспаған еді. Оларды осы дәрежеге көтерген, сан ұрпақтың рухани қазынасына айналдырған неміс романтизмінің эстетикалық ойлары болды. Әр ұрпақ өкілінің эстетикалық талғамы, өмірлік талабы, дүние танушылығы алуан түрлілігі соншалық, кейде "мәңгі құндылық" дегеннің өзі күмәнді болып қалады. Өйткені, көркемдік мұраға әр ұрпақ өз түсінік дәрежесінен қарап, бағалайды. Бастапқыда жеке адамның ғана жеке меншігіндегі зат ретіндегі шығарма бертін келе бүкіл адамзаттың мақсат-мұратын көксегендіктен өмір бойы, қай дәуірде де тарихи пікір алысуларға лайық болып, келешек ұрпақтың рухани қажеттілігіне жарап жатқандықтан "мәңгілік құндылыққа ие болып", әдебиетіміздегі көркемдік мұра болып табылары хақ. Ондай туындылармен сан ғасыр өкілдері сырласып, пікірлесе алады. Классикалық шығармалар мен жаңа ұрпақ арасындағы осы әңгіме барысында ол туындының мазмұны өзгеріп қана қоймай, байи да түседі. Ал жас ұрпақ мұндай шығармалардың ұлылығын мойындаумен бірге, кемшіліктерін де, суреткердің санасынан қалыс қалған жайларды да көре біледі. Осыдан барып мұраның өміршеңдегі, өнімділігі, оның адамдарға "қайта оралу" және "қайта өркендеу" дәуірі туады. ## Дереккөздер
Куллият (парсы: کلیات‎', koliyāt) — бір жазушының, не ақынның толық қолжазба шығармаларының жинағын, кейде бір шығармашының еңбегін де куллият дейді. Куллият — классикалық түркі тілдес әдебиеттің термині. Мысалы: Әмір Хұсрау Дехлеви куллияты, Науаи Куллияті. ## Дереккөздер
Жаңатұрмыс — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Зайсан қаласынан оңтүстікке қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
## Ұннан жасалған тағамдар ### Бауырсақ Бауырсақ - шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек. Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа. Ашытқан қамырды есіп, жұқалап жаяды да, бір-келкі етіп кеседі, тақтайға немесе табаққа бір-бірлеп тізіп, 10-15 минут қойып, қабарғаннан кейін пісірсе, іші шикі болмайды. Бауырсақты қалыңдығы 2 см етіп жайып, қызып тұрған майға пісіреді. Бауырсақтың ашытып, ашытпай пісіретін жолы бар. ### Таба нан Таба нан ұнға май, сүт қосып иленеді. Қамырды бір табаның үстіне екінші табаны төнкеріп жауып, шоқтың қоламтасына көміп пісіреді. Оны пешке де немесе духовкаға пісіруге болады. Егер таба қоламтаға көмілсе, оны аудару керек. Таба нанды ашытып немесе ашытпай пісіруге болады. Ашытылған қамыр жұмсақ, ашытылмаған қамырды қатты етіп, иін қандыра илейді. Ашытылған қамырды орап, жылы жерге қояды, алашытылмаған қамырды су шүперекке орап, 20 минуттай тоңазытқышқа (астыңғы жағына) салады. Содан кейін қамырды табаның үлкендігіне қарай 1-1,5 см етіп жайып, майланған табаға салады. Қамыр жақсы ашу үшін екі-үш көтерілуі керек. Көтерілген қамырды қолды сулап басып-басып қою керек, ол қайта көтеріледі. 1 кг бидай ұны, 1 ас қасық ашытқы, 1 шай қасық тұз, 2 жұмыртқа, 200 г май керек.Құйрық май қосылған таба нан – май салып қатты иленген қамырды табаның үлкендегіндей етіп 1 см қалыңдықта жайып, майланған әрі қыздырылған табаға салып отқа (шоқтың ыстық қоламтасына) қояды, немесе пешке салады. Нан табаға салынған соң бармақпен әр жерінен тесіп, сол жерге ұсақ туралған құйрық май салады. Бетіне тағы бір таба жабылады. Құйрық маймен пісірілген таба нан өте дәмді болады. ### Салма Салма асқа етке салынатын ұннан дайындалады. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындалады. Ол дәмді болу үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салу жөн. Қамырды оқтау мен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп,не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріреді. Салма етке жабысып қалмау үшін оны салардың алдында етті сүзіп алады. Оны салған ет жеуге өте жеңіл, әрі сіңімді келеді. ### Май шелпек Май шелпек ұнды сары май қосып илеп, онша жұқалап жаймай пісіреді. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын салуға болады. ### Қаттама Қаттама нанның өте дәмді түрі. Май, жұмыртқа, сүт құйып, қатты етіп иленген қамырды жұқалап жайып, жайманың бетіне май жағады, оны оқтауға орап орап, пышақпен бірнеше бөліп, әр бөлікті қайтадан жаяды. Бөлшектелген нан қазанда қыздырылған майға пісіріледі. Сонда шелпек қатпар-қатпар болып өте дәмді болып піседі. Кейде мұндай қатаманы қазанға май жағып қарма тәрізді етіп пісіруге де болады. 1 кг ұн, 1 шай қасық тұз, 150 г май, 1 стақан сүт, 2 жұмыртқа қажет. ## Дақылдардан жасалатын тағамдар ### Талқан Талқан қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп алады. Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірленетін тамақты «сарталқан» немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады. Талқанды құмшекер салып дастарқанға құрғақ күінде қоюға да болады. Оны кебегі көп тазартылмаған бидай ұнынан ( 2 не 3 сорт ұннан) әзірлеуге де болады. Ол үшін аздап май жағылған қазанға шақтап ұн салып ақырындап қуырыды. Қуырылып қызыл-күрең тартқан ыстық талқанға сары май және құмшекер қосады, сонда ол өте дәмді болады. Оны балалар да сүйсініп жейді. Талқаннан майға, кілегейге, сүтке араластырып жеуге болады. 1 кг талқанға - 200 г құм шекер, 200 г май қажет. ### Бидай көже Бидай көже бидайды шаң-тозаңнан тазартып, аздап су сеуіп, келіге салады да, түктеп кебегінен ажыратады. Кебегін желпіп кептіру үшін түктелген бидайды 10-15 минут кептіріп, астауға салып желпіп кебегінен тазартады. Содан кейін бидайды сулап, келіге салып түйеді. Осылай жаншылған бидайды суға немесе сүтке қосып жайлап қайнатады. Біраз қайнаған соң қазанның қақпағын жауып, 30-40 минут бұқтырып қояды. Содан кейін көженің піскен-піспегенін, тұзын татып қарап, тағы бір рет қайнатады. Піскен кожеге қатық-айран, сүт қосып ішуге болады. Ашытқан көжеге: 300 г жаншылған бидай, 1л су, 1 шай қасық тұз, 1 л айран, қатық керек. ### Тары Тары көже ақталған тарыны суға қайнатып дайындайды. Суығаннан кейін үстіне сүзбе, қатық, сүт құяды. 1 л су, 150 к тары, 100 г қатық, 1 шай қасық тұз. ### Жент Жент (қоспа) – аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Жент былғау шеберлікті талап етеді. Ақталған тарыны келіге түйіп (диірменге немесе аз—аздап кофе тартқышқа салып) ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады. Әдетте жент ешкінің немесе қойдың қарнына салып сақталады. Ол ауа өткізбейді де, жент өзінің иісін, дәмін жоймай, ерімей жақсы сақталады. Жылқы майы болмағанда сары майға былғаса да болады (тоң майға араластыруға болмайды, ол қатып қалады да, жеуге жайсыз болады). Жент көбінесе соғым сойған кезде әзірленеді. 5 стақан тары жармасы, 4 стақан кепкен ірімшік, 2 стақан құмшекер, 2 стақан май керек. Майға илеп пісіріп кептірген бауырсақтың ұнтақталғанын, не бидай талқанын және аздап мейіз қосуға болады.Майсөк (майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті) салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық майы болмағанда жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз тағамына да жатады. ### Майсөк Майсөк (майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті) салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық майы болмағанда жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз тағамына да жатады. Майсөкті көп адамдар рамазан кезінде сүйікті тағам ретінде қолданады. Майсөктің жасалу жолына келетін болсақ, оған: шай кесе тазартылған тары, қант, тұз, май қосылады. ### Бидай қуыру Бидай қуыру – бидайды қуыру үшін алдымен әбден тазартады. Бірнеше рет желпиді. Содан соң жылы сумен мұқият жуады. Қазанды отқа қойып, ұсақтап тұралған май салып шыжғырыды. Май қатты қызығанда бидайды салып қуырады. Бидай күреңдегенде отын сөндіріп, қазанның бетін жуып, 10-15 минут бұқтырады. Оны шаймен бірге береді. 7-8 стақан бидайға 1 стақан құйрық май керек. ### Бөкпе Бөкпе – ақтаған тары сүтке бөрттіріп дайындалады. Кілегейі алынбаған шикі сүтке ақталған тары салып, түбі қарылмайтындай етіп жайлап қайнатады. Сүт суала бастағанда үстіне сары май салып, аздап құмшекер сеуіп, оттың табына бөктіреді. Сүт әбден суалып болғанша тары да піседі. Бабымен піскен бөкпенің беті қабыршақтанып, бауырдай дірілдеп тұрады. Бойына сүт пен майды сіңіріп былбырып піскен бөкпе аса дәмді болады. Бұл үй ішінің күнделік тағамы ғана емес, сонымен бірге сыйлы қонақтарға тартуға жарарлық кәделі ас. Бөкпеге: 1 л сүт, 1 стақан тары, 2 ас қасық сарымай керек. ## Сүт тағамдары ### Айран Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады. ### Қатық Қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. Ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады. Аса құнарлы сүттен ұйытылған қатықтың қаймағы мен кілегейі қалың болады. Піскен сүттен ұйытылған қаттықты сол күйінде ішеді не болмаса кенеп қапқа құйып сүзіп, сары суын шығарып сүзбе жасайды. Сүзбені тұздап «Сүзбе құрт» жасауға да, немесе қарынға салып сүзбе күйінде пайдалануға да болады. Қатықты ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан кейін де сорпаға, көжеге қосса астың дәмін келтіреді. ### Қойыртпақ Қойыртпақ – қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да ашуы білінбейді. ### Шалап Шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Оған бұлақ немесе құдық суын қосқан дұрыс. Өйткені олар өте таза, мөлдір, әрі салқын болады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне құйылатын судың да мөлшері өзгереді. Шалап түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, ғазын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді. ### Қымыз Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіру, ең кемі бір рет ыстап отыру қажет. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан «ескі» дәм шығып тұрады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғаса береді. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбіне жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары төмендегілер:1.Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда аштылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады.2.Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады. 3.Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. 4.Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.5.Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.6.Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.7.Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде 8.қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады.9.Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді. 10.Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.11.Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.12.Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз.13.Қорықтық (тасқорықтық) – тек қана қой - ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі. ### Балқаймақ Балқаймақ шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дасттарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі. 1 стакан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер 1шай қасық бидай ұны керек. ### Кілегей Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшіктері араластыруыға болады. ### Қаймақ Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиырмен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақ қалың болу үшін, сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады. Қаймақты ағаштан, қайыңның тозынан (қабығынан), ысталған темірден жасалған қақпағы бар ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы майлы да жұмсақ болады. Сарқылдап қайнатылған сүттің қаймағы әрі дәмсіз, әрі шандырланып тұрады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдің дәмі келіп, өңі ашылады. Бидаймен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады. ### Құрт Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді.Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына,өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебедіҚұрттың қай түрі болсада өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады: бірі – ақ құрт. Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Кейде аздап тұз қосып, кептіреді. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың осы түрі қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады.Құртты ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан дайындалады. Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар. Атан қарын май - ата қой май мен атан серкенің қарынына салынған май. Қозы қарын май – қозының не лақтың қарнына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынған кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілген мен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзыбар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасынан айырған май» деп атайды. ### Сүзбе Сүзбе айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қатық сүзбе деп екіге бөлінеді. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады. ### Уыз Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні соғымның етінен, шұжық асып, уыз қатырып, көрші-қолаңды шақыратын дәстүр болған.Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады. ### Ірімшік Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді. Ақ ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май, қаймақ, кілегей сияқты майлы тағамдарды қосса дәмді әрі құнарлы ас болады. Ақ ірімшікті шыптаға орап сүзіп алғаннан кейін жұқалап тіліп, өреге жайып кептіреді. Шала кепкен ақ ірімшікті келіге түйіп жаншыса тары сияқты қиыршық ұнтаққа айналады. Мұны тары орнында шайға салып, майға, қаймаққа, кілегейге салып жеуге де болады. Қызыл ірімшікті дайындағанда қазанға құйылған жылы сүтке мәйек немесе үлкен қойдың ұлтабарына уыз толтырып кептірген ұйытқы салып, сүттің бетін қымтап жауып қояды. Жарты сағат тұрғанда сүт ұйып дірілдеп тұрады. Содан кейін мәйекті сүттен алып, қазан астына от жағып қайнатады. Қайнай бере бауыр сияқты дірілдеп тұрған ұйыған сүтті «қылыш» деп аталатын арнаулы ағашпен шақпақтап тіледі. Ірімшіктің өңі біртіндеп қызара береді. Реңі қан қызыл түске еніп, сары суы қойылған кезде қазанды оттан түсіріп салқындатады да, одан соң шыптаға салып сүзеді. Сүзілген қызыл ірімшік бір-біріне жабыспай жеке-жеке бытырап тұрады. Қызыл ірімшікті де өреге жайып кептіреді. Оның аса жағымды өзіндік дәмі болады. Кепкен қызыл ірімшік кеудірлеп үгітіліп тұрады. Қызыл ірімшікті жеке өзін жеуге де, майға, қаймаққа, кілегейге араластырып жеуге де болады. Қызыл ірімшікті жентке қосады. Қаймақ не кілігей қосып келіге жанышқан қызыл ірімшік дастарқан мәзірінің ең кәделі түрлерінің бірі болып есептеледі. Сүтті мәйекке емес айран, іркіткпен ұйытса, оның ірімшігінің түрі қара қошқыл тартып, ірімшіктеніп жеуге жайсыздау болады. ### Сары май Сары май сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар. Атан қарын май - ата қой май мен атан серкенің қарынына салынған май. Қозы қарын май – қозының не лақтың қарнына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынған кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілген мен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзыбар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасынан айырған май» деп атайды. ### Іркіт Іркіт - құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады. ## Ет тағамдары ### Қазақ еті Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады. ### Қазы Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып шығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытыпта жеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігін қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады. ### Қарта Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Қартаны дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Бұдан соң ыстап сүрлеуге арналған қартаны бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (1-2 градус) 1-2 күн қояды. Қартаны 12-18 сағат бойы түтінге ыстайды. Содан кейін 12-15 градус температурада 2-3 күн сақтап кептіреді. Қартаны пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5-2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді. ### Жал Жал - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жылқы сойғанда терісі сыпырылғаннан кейін жалдың өзін мойын омыртқадан сылып (желкені қоспай) алады. Семіз жылқының жалы үлкен кісінің шеңгеліне әрең сиярлықтай жуан болады. Жал шоқтыққа тақау ұшы жуан болып, екінші ұшына қарай біртіндеп жіңішкере береді. Семіз жылқыны халық «Жалы құлағынан асады» деп дәріптейді. Жалдың жуан бөлігінің арасын екі елідей, жіңішкі бөлігі – үш елідей етіп жартылай кертеді де, майда тұз себеді. Соғымға сойған жылқының жалын арша ағашқа іліп, ыстап 1-2 сағат сүрлейді. Сүрленген жал ұзақ уақыт бұзылмай, дәмі өзгермей сақталады. Жалды бас табақ, қос табақ, сый табақ секілді табақтарға салады. Оны тоңазытып жеген де жақсы. Қазіргі кезде жал, қазы, қарта, шұжық сияқты салқын дәм орнында да көп қолданылады. ### Жая Жая – жылқы етінің аса кәделі мүшелерінің бірі. Жылқының терісін сыпырып алғаннан кейін жаяның етін тұтастай бөлек сылып алады. Содан кейін оны қалыңдығы 10 см етіп, жұмырлап тіледі. Сонда салмағы 0,5 кг-нан 5,0кг мөлшерінде болуы тиіс. Содан соң оны тұзы сіңуі үшін 1-2 сағат қойып қояды да, түтінге ұстап, 14-18 сағат бойы ыстайды. Жаяны сыйлы қонақтарға асылған етке қосып береді, яғни оны бас табаққа, қос табаққа сондай-ақ сый табаққа салады.әдетте жаяны тоңазытып жейді. Сол сияқты оны майын қара-кесек етімен бірге турап, көкөніс қосып жеуге болады. Жаяға татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз қосады. ### Сорпа Ет желінген соң сорпаны әкеледі. Сорпа деп қазақ ұғымында малдың, аңның, балықтың, құстың қайнатып пісірілген етінің суға шыққан сөлін, маңызын айтады, яғни еттің ең күшті нәрі. Ең дәмді сорпа сиыр етінің сорпасы, содан кейінгі орынды қой және ешкі етінің сорпасы алады. Жас жылқы мен сиырдың, сондай-ақ, қойдың сорпасы өте дәмді болады. Асылған ет мол болса және ол қайнап жатқанда көбірек сапырса сорпасы дәмді және жұғымды болады. Жас сорпа- жаңа сойылған еттен әзірленеді. Ұсақ тұз салынған соң араластырып, бірнеше сапырады. Қазан астындағы от баяу жануы тиіс. Қазанның беті жабулы болады. Қайнаұға таяғанда және одан кейін анда-санда қазаның қақпағын ашып, көбігін алады. Еттің ең алғашқы қан көбігін алған соң екінші рет көбігін алмай, оны сапырып таратқан жөн. Бір қайнағаннан кейін сорпаның тұзын татып көріп, татымсыз болса үстемеленеді. Жас ет әрі кеткенде 2 сағатта пісіп болады. Етті түсіріп алғаннан кейін қазанның қақпағын жауып, біраз уақыт сорпаны демалдыру керек. Содан кейін 15-20 минут суытып, дастарқанға әкелуге болады. Сорпаның дәмін келтіру үшін әр түрлі сүт тағамдары (кұрт, қатық, сүзбе) қосылады. ### Бас Бас қойдың, ешкінің, сиырдың басын үйтіп, қырып жылы суға бірнеше рет қайталап, мұқият жуып тазартады. Басты үйткенде таза болуы үшін кей жерлерде тісін қағып тастап үйтсе, ал кей жерлерде езуін тіліп, тазалап үйтеді. Содан кейін жағын айырып, тазалап жуады. Қой, ешкінің басы тұтас күйінде, ал жылқының, түйенің басын бөліп асады. Сиырдың басын көз қуысына таяу кеңсірігінен бір шауып, мандайынан қақ жарып, үшке бөледі. Сиырдың әр шекесі бір бастың орнына жүреді. Жылқының шекесін кәдеге жүрмейтіндіктен сый қонақтарға тартпайды. Бас асқан етпен бірге беріледі. ### Сүр Сүр – ыстап кетірілген ет. Етті ұзақ уақыт сақтау үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған тәсіл. Ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең пайдаландылады.Соғымның етін ұшалап, жіліктеп бұзғаннан кейін аударылған қазы, қарта, шұжық қатарлы кәделі мүшелердің бәрін арса ағашқа іледі де, астына жанба,отынды (табылса тобылғы) жалындатпай жағып түтін салады. Түтін етке молырақ тию үшін ет ыстылатын үйдің есік-терезесі түгел жабылады. Арсаға ілінген жас еттің ең алдымен сөлі ағып, біртіндеп құрғайды. Түтін сіңген сайын еттің сырты қарайып тотығып, қатая бастайды. Түтін көп салынса, семіз етің майы еріп тама бастайды. Сондықтан алдымен еттің сөлі құрғағанша ғана түтін салып біраз уақыт ыстауды тоқтатып қояды. Одан соң еттің екінші бетін төңкере іледі де, қайта түтін салады. Бұл жолы түтінді ұзақ салудың қажеті болмайды. Өйткені, сөлінен ажыраған ет тез тобарсиды. Жазғытұры тоң жібіген кезде арсадағы ет те жіби бастайды. Осы кезде екінші рет қайта ысталады. Бұл ең соңғы ыстау. Осыдан кейін соғым еті мейіздей сары боп сүрленеді. Мұндай сүрді қанша уақыт сақтаса да бұзылмайды. Ыс сіңген еттің хош исі, жағымды кермек дәмі болады. Бірақ, оның сорпасы жайсыздау келеді. Сүрдің сорпасы ішуге жарамды болу үшін жас ет қосып асады. Сүр ет пен жас ет араласқанда сорпа дәмді болады. ### Жаубүйрек Жаубүйрек - ұлттық тағамның бір түрі. Жаубүйректі малшылар, жолаушылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сыпырған соң құйрық майын білемдеп кесіп алады. Ішін жарып, өкпе-бауырын суырып алып бауыр мен құйрықты жұқалап жапырақтап, істікке бір май, бір бауыр етіп кезектеп шаншып, үстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтап пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жаубүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптің (шашлық) бір түрі деуге болады. Жаубүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, жуа, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады. ### Борша Борша көбінесе ірі қара етінен дайындалады. Кәуәптің бір түрі. Санның, қолдың, жауырынның қара кесек еттерін ұзыншалап кесіп алады. Әрбір еттің бөлегін пышақты көп батырмай жұқалап тіліп тұз, бұрыш себеді (тұздалған ет болса, тұз себудің қажеті жоқ). Етті темір тордың үстіне салып, жалындатпай шоққа қақтап пісіреді. Пісірген кезде аудармалап отырады. Шоққа қақталып қызыл-күрең тартқан борша өте дәмді болады. Оны әсіресе қымыз, шұбат ішкенде жеген жөн. ### Қарын бөртпе Қарын бөртпе – ел арасында сирек дайындалатын өте дәмді тағам. Көбінесе жаңа сойылған малдың етінен, майынан, бауырынан қосып, ұн мен араластырып, қарынға салып пісіреді. Сойылған қойдың іш майын, етін, бауырын өте ұсақтап турайды. Фарштың үстіне бидай ұнын, сарымсақ, бұрыш, тұз салып жақсылап араластырады. Дайын болған фаршты қарынға не бүйенге салады. Бүйенге салса бір шеті тұйық болады да, екінші ашық ұшын жіңішкертіп жонылған ағаш істікпен түйреп байлайды. Қарынға салса да бір шеті солай түйреліп байланады. Бұжы қайнап жатқанда бұжыны аудармалап, әр жерінен істікпен шаншып желін шығарып отырады. Ол, қазандағы суға толық батып, баяу жанған оттың табында 1,5-2 сағат қайнауы керек. Дастарқанға қарын бөртпені жылылай да, суытып та қою ға болады. Қасына пияз, басқа да көкөністер салады. 300г іш май, 500 г ет, 300 г бауыр, 300 г бидай ұны, 3 бас сарымсақ, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз керек. ### Әсіп Әсіп қойдың бүйенін айналдырып, жақсылап жуып тазалайды. Ет, жүрек және бауырды ұсақтап турайды. Оған бір бас пияз турап, бұрыш, тұз, күріш салып, аздап су құйып араластырады. Содан кейін барлығын ішекке тығып, аузын байлайды да қайнаған суға салып, 50-60 минут қайнатады. Қайнап жатқан әсіпті істікпен түйрелеп желін шығарып отырады. Әсіпке: 2 ас қасық күріш, 100 г бауыр, 100 г жүрек, 20 г қой майы, 1 бас пияз керек. Бұрышты әркім қалауынша салады. Әсіпті дастарқанға қоярда дөңгелектеп кесіп ыстықтай береді. Ішек болмаса, қойдың бүйенің пайдаланады. ### Жөргем Жөргем малдың ащы ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалады. Мал сойғанда ащы ішек пен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін оны айналдырып тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болатындықтан, оны тоқ ішек секілді жалаң қабат өре салмай бірнеше еселеп шумақтайды да, одан соң әлгі шумақтың белінен айналдыра шандып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырған жөргем дәмді болады. Жөргемге: ішек – 100г, пияз – 0,5 бөлігі керек. Әдетке жөргемді дәміне келтіру үшін тұз, бұрыш себеді, дөңгелектеп туралған пияз қосады. ### Қимай Қимай – соғымға сойылған сиыр етінен дайындалатын кәделі тағам. Сиырдың тоқ ішегін тұздап, айналдырып оның ішіне кесек етіп туралған төстік пен төстің етегін, бұрыш, тұз, жуа қосылған етті салады. Қимайға төс етінен басқа сан, қол еттері де пайдаланылады. Шұжық сияқты қимай салынған ішектің де екі ұшы істікпен түйреліп, ыстап кептіріледі. Қимайды асып жеуге де, жазғытұрым ет азайған кезде құырып жеуге де болады. Қимайдың ерекшелігі, оның майы мен қара кесек еті тең болады. Оны кейде «сиырдың қазысы» деп те атайды. Қимайды салқындатып асқан етке қосып береді. Майлы ет 500 г, 1 шай қасық тұз, 2 түйір жуа, жарты шай қасық қара бұрыш керек. ### Шұжық Шұжық жасайтын етті тұздап, бұрыш сеуіп салқын жерге 1-2 күн сақтайды. Шұжық жасауға сан, қол, жон еттерін алады, мойын еті жарамайды. Содан кейін майды да, етті де ұсақтап тұрап, қара бұрыш, сарымсақ қосып, бәрін араластырады. Бір жылқының ішегінен шұжық дайындау үшін 5 кг ет, 5 кг іш май, 10 г қара бұрыш, 50г сарымсақ салады. Барлығын туралған ет пен майға араластырып, содан кейін ішекке салып толтырады. Ішектің екі ұшын істіктеп түйрейді де, жіппен біріктіріп байлайды. Дайындалған шұжықты сырыққа немесе керілген жіпке араларын бір-бірінен алшақтау етіп іліп, 10-12 градус температурада 3-4 күн ұстап дегдітеді. Содан кейін түтінге 12-18 сағат ыстайды. Шұжыққа пиязды дөңгелектеп кесіп қосуға болады. ### Шыртылдақ Шыртылдақ – жылқы етінің сорпасынан қалқып алатын, қатпайтын май. Көп жерлерде тортасы айрылған сары майды да осылай атайды. ### Сірне Сірне –бағланның, кепенің етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын өте дәмді ас. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ , ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төнкеріп, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап ғана су құюға болады. ### Ми палау Ми палау – ұлттық тағамдардың ішіндегі дәмді де, сүйкімді тағам. Оны жасау үшін піскен бастың миын, желке-жүйдесін, екі көзін, бастың құйқасың алып, ұсатып турайды, үстіне шамалап сорпа құйып барлығын араластырады. Сондай-ақ ми палау дәмді болу үшін оған бұрыш, ұсақтап тұралған пияз (1 бас) қосып, тұзды татымына қарай салады. Ми палауға: 200г құйрық май, бастың миы, құйқасы, екі көзі, пияз, бір шымшым қара бұрыш, 3 ас қасық сорпа, 200 г бауыр керек. ### Құйрық-бауыр Құйрық-бауырды су 30-35 градус жылығанда қазанға құйрық майын салып, отты баяу жағып, 15 минуттай қайнатады. Содан кейін бауыр салып, тұз, бұрыш, пияз қосып әбден піскенше қайнатады. Піскен құйрық-бауырды табаққа салып алып, суытады. Бұдан кейін бауырды жұқалап турап, оның үстіне, құйрық майын тұрап салады және дәміне келтіру үшін дөңгелектеп туралған пияз, бұрыш салған тұздық құяды. Құйрық-бауырды асқан еттен бөлек береді. Құйрық-бауырға: 600 г бауыр, 300г құйрық май, 1 бас пияз, жарты ас қасық қара бұрыш, 1 стақан сорпа, жарты асқасық тұз керек. ### Қуырдақ Қуырдақты жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтап әзірлейді. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды. Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.Бал қуырдақтыкөбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана куырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған. Жоңқа құырдақтытоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнап жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрін де суға қайнатпай-ақ майға қуырып әзірлеуге болады. Картоп қосқан қуырдақты сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызырғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30-40 минут қайнатады. Бұрыш салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Картоп қосқан қуырдаққа: сиыр еті 100г, майы 60г, пияз 150г.Қара қуырдақты кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі,бауырдың қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді. Соғым қуырдағын ет піскенге дейін соғым сойған, ішек-қарын аршылған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады. Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті, мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу оған татымына қарай тұз,бұрыш, дөңгелектеп пияз турап салады. Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды.Үкпе қуырдақты етті өте майдалап турап қуырады. Үкпе қуырдақтың еті майда болғандықтан,оны суға бөктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырып пісіруге болады. ## Тағы қара * Қазақ шай мәдениеті ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық тағамдар ## Ұннан жасалған тағамдар ### Бауырсақ Бауырсақ - шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек. Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа. Ашытқан қамырды есіп, жұқалап жаяды да, бір-келкі етіп кеседі, тақтайға немесе табаққа бір-бірлеп тізіп, 10-15 минут қойып, қабарғаннан кейін пісірсе, іші шикі болмайды. Бауырсақты қалыңдығы 2 см етіп жайып, қызып тұрған майға пісіреді. Бауырсақтың ашытып, ашытпай пісіретін жолы бар. ### Таба нан Таба нан ұнға май, сүт қосып иленеді. Қамырды бір табаның үстіне екінші табаны төнкеріп жауып, шоқтың қоламтасына көміп пісіреді. Оны пешке де немесе духовкаға пісіруге болады. Егер таба қоламтаға көмілсе, оны аудару керек. Таба нанды ашытып немесе ашытпай пісіруге болады. Ашытылған қамыр жұмсақ, ашытылмаған қамырды қатты етіп, иін қандыра илейді. Ашытылған қамырды орап, жылы жерге қояды, алашытылмаған қамырды су шүперекке орап, 20 минуттай тоңазытқышқа (астыңғы жағына) салады. Содан кейін қамырды табаның үлкендігіне қарай 1-1,5 см етіп жайып, майланған табаға салады. Қамыр жақсы ашу үшін екі-үш көтерілуі керек. Көтерілген қамырды қолды сулап басып-басып қою керек, ол қайта көтеріледі. 1 кг бидай ұны, 1 ас қасық ашытқы, 1 шай қасық тұз, 2 жұмыртқа, 200 г май керек.Құйрық май қосылған таба нан – май салып қатты иленген қамырды табаның үлкендегіндей етіп 1 см қалыңдықта жайып, майланған әрі қыздырылған табаға салып отқа (шоқтың ыстық қоламтасына) қояды, немесе пешке салады. Нан табаға салынған соң бармақпен әр жерінен тесіп, сол жерге ұсақ туралған құйрық май салады. Бетіне тағы бір таба жабылады. Құйрық маймен пісірілген таба нан өте дәмді болады. ### Салма Салма асқа етке салынатын ұннан дайындалады. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындалады. Ол дәмді болу үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салу жөн. Қамырды оқтау мен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп,не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріреді. Салма етке жабысып қалмау үшін оны салардың алдында етті сүзіп алады. Оны салған ет жеуге өте жеңіл, әрі сіңімді келеді. ### Май шелпек Май шелпек ұнды сары май қосып илеп, онша жұқалап жаймай пісіреді. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын салуға болады. ### Қаттама Қаттама нанның өте дәмді түрі. Май, жұмыртқа, сүт құйып, қатты етіп иленген қамырды жұқалап жайып, жайманың бетіне май жағады, оны оқтауға орап орап, пышақпен бірнеше бөліп, әр бөлікті қайтадан жаяды. Бөлшектелген нан қазанда қыздырылған майға пісіріледі. Сонда шелпек қатпар-қатпар болып өте дәмді болып піседі. Кейде мұндай қатаманы қазанға май жағып қарма тәрізді етіп пісіруге де болады. 1 кг ұн, 1 шай қасық тұз, 150 г май, 1 стақан сүт, 2 жұмыртқа қажет. ## Дақылдардан жасалатын тағамдар ### Талқан Талқан қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп алады. Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірленетін тамақты «сарталқан» немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады. Талқанды құмшекер салып дастарқанға құрғақ күінде қоюға да болады. Оны кебегі көп тазартылмаған бидай ұнынан ( 2 не 3 сорт ұннан) әзірлеуге де болады. Ол үшін аздап май жағылған қазанға шақтап ұн салып ақырындап қуырыды. Қуырылып қызыл-күрең тартқан ыстық талқанға сары май және құмшекер қосады, сонда ол өте дәмді болады. Оны балалар да сүйсініп жейді. Талқаннан майға, кілегейге, сүтке араластырып жеуге болады. 1 кг талқанға - 200 г құм шекер, 200 г май қажет. ### Бидай көже Бидай көже бидайды шаң-тозаңнан тазартып, аздап су сеуіп, келіге салады да, түктеп кебегінен ажыратады. Кебегін желпіп кептіру үшін түктелген бидайды 10-15 минут кептіріп, астауға салып желпіп кебегінен тазартады. Содан кейін бидайды сулап, келіге салып түйеді. Осылай жаншылған бидайды суға немесе сүтке қосып жайлап қайнатады. Біраз қайнаған соң қазанның қақпағын жауып, 30-40 минут бұқтырып қояды. Содан кейін көженің піскен-піспегенін, тұзын татып қарап, тағы бір рет қайнатады. Піскен кожеге қатық-айран, сүт қосып ішуге болады. Ашытқан көжеге: 300 г жаншылған бидай, 1л су, 1 шай қасық тұз, 1 л айран, қатық керек. ### Тары Тары көже ақталған тарыны суға қайнатып дайындайды. Суығаннан кейін үстіне сүзбе, қатық, сүт құяды. 1 л су, 150 к тары, 100 г қатық, 1 шай қасық тұз. ### Жент Жент (қоспа) – аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Жент былғау шеберлікті талап етеді. Ақталған тарыны келіге түйіп (диірменге немесе аз—аздап кофе тартқышқа салып) ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады. Әдетте жент ешкінің немесе қойдың қарнына салып сақталады. Ол ауа өткізбейді де, жент өзінің иісін, дәмін жоймай, ерімей жақсы сақталады. Жылқы майы болмағанда сары майға былғаса да болады (тоң майға араластыруға болмайды, ол қатып қалады да, жеуге жайсыз болады). Жент көбінесе соғым сойған кезде әзірленеді. 5 стақан тары жармасы, 4 стақан кепкен ірімшік, 2 стақан құмшекер, 2 стақан май керек. Майға илеп пісіріп кептірген бауырсақтың ұнтақталғанын, не бидай талқанын және аздап мейіз қосуға болады.Майсөк (майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті) салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық майы болмағанда жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз тағамына да жатады. ### Майсөк Майсөк (майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті) салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық майы болмағанда жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз тағамына да жатады. Майсөкті көп адамдар рамазан кезінде сүйікті тағам ретінде қолданады. Майсөктің жасалу жолына келетін болсақ, оған: шай кесе тазартылған тары, қант, тұз, май қосылады. ### Бидай қуыру Бидай қуыру – бидайды қуыру үшін алдымен әбден тазартады. Бірнеше рет желпиді. Содан соң жылы сумен мұқият жуады. Қазанды отқа қойып, ұсақтап тұралған май салып шыжғырыды. Май қатты қызығанда бидайды салып қуырады. Бидай күреңдегенде отын сөндіріп, қазанның бетін жуып, 10-15 минут бұқтырады. Оны шаймен бірге береді. 7-8 стақан бидайға 1 стақан құйрық май керек. ### Бөкпе Бөкпе – ақтаған тары сүтке бөрттіріп дайындалады. Кілегейі алынбаған шикі сүтке ақталған тары салып, түбі қарылмайтындай етіп жайлап қайнатады. Сүт суала бастағанда үстіне сары май салып, аздап құмшекер сеуіп, оттың табына бөктіреді. Сүт әбден суалып болғанша тары да піседі. Бабымен піскен бөкпенің беті қабыршақтанып, бауырдай дірілдеп тұрады. Бойына сүт пен майды сіңіріп былбырып піскен бөкпе аса дәмді болады. Бұл үй ішінің күнделік тағамы ғана емес, сонымен бірге сыйлы қонақтарға тартуға жарарлық кәделі ас. Бөкпеге: 1 л сүт, 1 стақан тары, 2 ас қасық сарымай керек. ## Сүт тағамдары ### Айран Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады. ### Қатық Қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. Ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады. Аса құнарлы сүттен ұйытылған қатықтың қаймағы мен кілегейі қалың болады. Піскен сүттен ұйытылған қаттықты сол күйінде ішеді не болмаса кенеп қапқа құйып сүзіп, сары суын шығарып сүзбе жасайды. Сүзбені тұздап «Сүзбе құрт» жасауға да, немесе қарынға салып сүзбе күйінде пайдалануға да болады. Қатықты ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан кейін де сорпаға, көжеге қосса астың дәмін келтіреді. ### Қойыртпақ Қойыртпақ – қатық, айран т.б. сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да ашуы білінбейді. ### Шалап Шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Оған бұлақ немесе құдық суын қосқан дұрыс. Өйткені олар өте таза, мөлдір, әрі салқын болады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне құйылатын судың да мөлшері өзгереді. Шалап түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, ғазын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді. ### Қымыз Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіру, ең кемі бір рет ыстап отыру қажет. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан «ескі» дәм шығып тұрады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғаса береді. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбіне жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары төмендегілер:1.Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда аштылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады.2.Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады. 3.Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. 4.Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.5.Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.6.Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.7.Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде 8.қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады.9.Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді. 10.Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.11.Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.12.Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз.13.Қорықтық (тасқорықтық) – тек қана қой - ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі. ### Балқаймақ Балқаймақ шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дасттарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі. 1 стакан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер 1шай қасық бидай ұны керек. ### Кілегей Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшіктері араластыруыға болады. ### Қаймақ Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болады. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиырмен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақ қалың болу үшін, сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады. Қаймақты ағаштан, қайыңның тозынан (қабығынан), ысталған темірден жасалған қақпағы бар ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы майлы да жұмсақ болады. Сарқылдап қайнатылған сүттің қаймағы әрі дәмсіз, әрі шандырланып тұрады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдің дәмі келіп, өңі ашылады. Бидаймен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады. ### Құрт Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді.Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына,өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебедіҚұрттың қай түрі болсада өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады: бірі – ақ құрт. Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Кейде аздап тұз қосып, кептіреді. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың осы түрі қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады.Құртты ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан дайындалады. Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар. Атан қарын май - ата қой май мен атан серкенің қарынына салынған май. Қозы қарын май – қозының не лақтың қарнына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынған кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілген мен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзыбар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасынан айырған май» деп атайды. ### Сүзбе Сүзбе айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қатық сүзбе деп екіге бөлінеді. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады. ### Уыз Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні соғымның етінен, шұжық асып, уыз қатырып, көрші-қолаңды шақыратын дәстүр болған.Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады. ### Ірімшік Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді. Ақ ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май, қаймақ, кілегей сияқты майлы тағамдарды қосса дәмді әрі құнарлы ас болады. Ақ ірімшікті шыптаға орап сүзіп алғаннан кейін жұқалап тіліп, өреге жайып кептіреді. Шала кепкен ақ ірімшікті келіге түйіп жаншыса тары сияқты қиыршық ұнтаққа айналады. Мұны тары орнында шайға салып, майға, қаймаққа, кілегейге салып жеуге де болады. Қызыл ірімшікті дайындағанда қазанға құйылған жылы сүтке мәйек немесе үлкен қойдың ұлтабарына уыз толтырып кептірген ұйытқы салып, сүттің бетін қымтап жауып қояды. Жарты сағат тұрғанда сүт ұйып дірілдеп тұрады. Содан кейін мәйекті сүттен алып, қазан астына от жағып қайнатады. Қайнай бере бауыр сияқты дірілдеп тұрған ұйыған сүтті «қылыш» деп аталатын арнаулы ағашпен шақпақтап тіледі. Ірімшіктің өңі біртіндеп қызара береді. Реңі қан қызыл түске еніп, сары суы қойылған кезде қазанды оттан түсіріп салқындатады да, одан соң шыптаға салып сүзеді. Сүзілген қызыл ірімшік бір-біріне жабыспай жеке-жеке бытырап тұрады. Қызыл ірімшікті де өреге жайып кептіреді. Оның аса жағымды өзіндік дәмі болады. Кепкен қызыл ірімшік кеудірлеп үгітіліп тұрады. Қызыл ірімшікті жеке өзін жеуге де, майға, қаймаққа, кілегейге араластырып жеуге де болады. Қызыл ірімшікті жентке қосады. Қаймақ не кілігей қосып келіге жанышқан қызыл ірімшік дастарқан мәзірінің ең кәделі түрлерінің бірі болып есептеледі. Сүтті мәйекке емес айран, іркіткпен ұйытса, оның ірімшігінің түрі қара қошқыл тартып, ірімшіктеніп жеуге жайсыздау болады. ### Сары май Сары май сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бірден екі үш қабат мәрліге салып, бүктейді де қолмен сығымдап майды сүзеді. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар. Атан қарын май - ата қой май мен атан серкенің қарынына салынған май. Қозы қарын май – қозының не лақтың қарнына салынған май. Қазір майды көбіне сепараторға тартылып алынған кілегейден шайқап та алады. Бірақ бұл тәсілмен май өндірілген мен сепаратордан өткен сүттің іркіт болмайтындығынан құрт алу мүмкін емес. Тұзыбар майды жақтырмайтын адамдар сары майды тортасынан айырып алады. Ол үшін сары майды қазанға салып қайнатады. Қайнаған кезде оның ішіндегі тұзы майдың бетіне қалқып шығады. Бетіндегі тұзын қалқып алып, майдың өзін суытса тұзы жоқ, сап-сары май шығады. Мұны «тортасынан айырған май» деп атайды. ### Іркіт Іркіт - құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады. ## Ет тағамдары ### Қазақ еті Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады. ### Қазы Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып шығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытыпта жеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігін қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады. ### Қарта Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Қартаны дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Бұдан соң ыстап сүрлеуге арналған қартаны бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (1-2 градус) 1-2 күн қояды. Қартаны 12-18 сағат бойы түтінге ыстайды. Содан кейін 12-15 градус температурада 2-3 күн сақтап кептіреді. Қартаны пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5-2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді. ### Жал Жал - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жылқы сойғанда терісі сыпырылғаннан кейін жалдың өзін мойын омыртқадан сылып (желкені қоспай) алады. Семіз жылқының жалы үлкен кісінің шеңгеліне әрең сиярлықтай жуан болады. Жал шоқтыққа тақау ұшы жуан болып, екінші ұшына қарай біртіндеп жіңішкере береді. Семіз жылқыны халық «Жалы құлағынан асады» деп дәріптейді. Жалдың жуан бөлігінің арасын екі елідей, жіңішкі бөлігі – үш елідей етіп жартылай кертеді де, майда тұз себеді. Соғымға сойған жылқының жалын арша ағашқа іліп, ыстап 1-2 сағат сүрлейді. Сүрленген жал ұзақ уақыт бұзылмай, дәмі өзгермей сақталады. Жалды бас табақ, қос табақ, сый табақ секілді табақтарға салады. Оны тоңазытып жеген де жақсы. Қазіргі кезде жал, қазы, қарта, шұжық сияқты салқын дәм орнында да көп қолданылады. ### Жая Жая – жылқы етінің аса кәделі мүшелерінің бірі. Жылқының терісін сыпырып алғаннан кейін жаяның етін тұтастай бөлек сылып алады. Содан кейін оны қалыңдығы 10 см етіп, жұмырлап тіледі. Сонда салмағы 0,5 кг-нан 5,0кг мөлшерінде болуы тиіс. Содан соң оны тұзы сіңуі үшін 1-2 сағат қойып қояды да, түтінге ұстап, 14-18 сағат бойы ыстайды. Жаяны сыйлы қонақтарға асылған етке қосып береді, яғни оны бас табаққа, қос табаққа сондай-ақ сый табаққа салады.әдетте жаяны тоңазытып жейді. Сол сияқты оны майын қара-кесек етімен бірге турап, көкөніс қосып жеуге болады. Жаяға татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз қосады. ### Сорпа Ет желінген соң сорпаны әкеледі. Сорпа деп қазақ ұғымында малдың, аңның, балықтың, құстың қайнатып пісірілген етінің суға шыққан сөлін, маңызын айтады, яғни еттің ең күшті нәрі. Ең дәмді сорпа сиыр етінің сорпасы, содан кейінгі орынды қой және ешкі етінің сорпасы алады. Жас жылқы мен сиырдың, сондай-ақ, қойдың сорпасы өте дәмді болады. Асылған ет мол болса және ол қайнап жатқанда көбірек сапырса сорпасы дәмді және жұғымды болады. Жас сорпа- жаңа сойылған еттен әзірленеді. Ұсақ тұз салынған соң араластырып, бірнеше сапырады. Қазан астындағы от баяу жануы тиіс. Қазанның беті жабулы болады. Қайнаұға таяғанда және одан кейін анда-санда қазаның қақпағын ашып, көбігін алады. Еттің ең алғашқы қан көбігін алған соң екінші рет көбігін алмай, оны сапырып таратқан жөн. Бір қайнағаннан кейін сорпаның тұзын татып көріп, татымсыз болса үстемеленеді. Жас ет әрі кеткенде 2 сағатта пісіп болады. Етті түсіріп алғаннан кейін қазанның қақпағын жауып, біраз уақыт сорпаны демалдыру керек. Содан кейін 15-20 минут суытып, дастарқанға әкелуге болады. Сорпаның дәмін келтіру үшін әр түрлі сүт тағамдары (кұрт, қатық, сүзбе) қосылады. ### Бас Бас қойдың, ешкінің, сиырдың басын үйтіп, қырып жылы суға бірнеше рет қайталап, мұқият жуып тазартады. Басты үйткенде таза болуы үшін кей жерлерде тісін қағып тастап үйтсе, ал кей жерлерде езуін тіліп, тазалап үйтеді. Содан кейін жағын айырып, тазалап жуады. Қой, ешкінің басы тұтас күйінде, ал жылқының, түйенің басын бөліп асады. Сиырдың басын көз қуысына таяу кеңсірігінен бір шауып, мандайынан қақ жарып, үшке бөледі. Сиырдың әр шекесі бір бастың орнына жүреді. Жылқының шекесін кәдеге жүрмейтіндіктен сый қонақтарға тартпайды. Бас асқан етпен бірге беріледі. ### Сүр Сүр – ыстап кетірілген ет. Етті ұзақ уақыт сақтау үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған тәсіл. Ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең пайдаландылады.Соғымның етін ұшалап, жіліктеп бұзғаннан кейін аударылған қазы, қарта, шұжық қатарлы кәделі мүшелердің бәрін арса ағашқа іледі де, астына жанба,отынды (табылса тобылғы) жалындатпай жағып түтін салады. Түтін етке молырақ тию үшін ет ыстылатын үйдің есік-терезесі түгел жабылады. Арсаға ілінген жас еттің ең алдымен сөлі ағып, біртіндеп құрғайды. Түтін сіңген сайын еттің сырты қарайып тотығып, қатая бастайды. Түтін көп салынса, семіз етің майы еріп тама бастайды. Сондықтан алдымен еттің сөлі құрғағанша ғана түтін салып біраз уақыт ыстауды тоқтатып қояды. Одан соң еттің екінші бетін төңкере іледі де, қайта түтін салады. Бұл жолы түтінді ұзақ салудың қажеті болмайды. Өйткені, сөлінен ажыраған ет тез тобарсиды. Жазғытұры тоң жібіген кезде арсадағы ет те жіби бастайды. Осы кезде екінші рет қайта ысталады. Бұл ең соңғы ыстау. Осыдан кейін соғым еті мейіздей сары боп сүрленеді. Мұндай сүрді қанша уақыт сақтаса да бұзылмайды. Ыс сіңген еттің хош исі, жағымды кермек дәмі болады. Бірақ, оның сорпасы жайсыздау келеді. Сүрдің сорпасы ішуге жарамды болу үшін жас ет қосып асады. Сүр ет пен жас ет араласқанда сорпа дәмді болады. ### Жаубүйрек Жаубүйрек - ұлттық тағамның бір түрі. Жаубүйректі малшылар, жолаушылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сыпырған соң құйрық майын білемдеп кесіп алады. Ішін жарып, өкпе-бауырын суырып алып бауыр мен құйрықты жұқалап жапырақтап, істікке бір май, бір бауыр етіп кезектеп шаншып, үстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтап пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жаубүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптің (шашлық) бір түрі деуге болады. Жаубүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, жуа, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады. ### Борша Борша көбінесе ірі қара етінен дайындалады. Кәуәптің бір түрі. Санның, қолдың, жауырынның қара кесек еттерін ұзыншалап кесіп алады. Әрбір еттің бөлегін пышақты көп батырмай жұқалап тіліп тұз, бұрыш себеді (тұздалған ет болса, тұз себудің қажеті жоқ). Етті темір тордың үстіне салып, жалындатпай шоққа қақтап пісіреді. Пісірген кезде аудармалап отырады. Шоққа қақталып қызыл-күрең тартқан борша өте дәмді болады. Оны әсіресе қымыз, шұбат ішкенде жеген жөн. ### Қарын бөртпе Қарын бөртпе – ел арасында сирек дайындалатын өте дәмді тағам. Көбінесе жаңа сойылған малдың етінен, майынан, бауырынан қосып, ұн мен араластырып, қарынға салып пісіреді. Сойылған қойдың іш майын, етін, бауырын өте ұсақтап турайды. Фарштың үстіне бидай ұнын, сарымсақ, бұрыш, тұз салып жақсылап араластырады. Дайын болған фаршты қарынға не бүйенге салады. Бүйенге салса бір шеті тұйық болады да, екінші ашық ұшын жіңішкертіп жонылған ағаш істікпен түйреп байлайды. Қарынға салса да бір шеті солай түйреліп байланады. Бұжы қайнап жатқанда бұжыны аудармалап, әр жерінен істікпен шаншып желін шығарып отырады. Ол, қазандағы суға толық батып, баяу жанған оттың табында 1,5-2 сағат қайнауы керек. Дастарқанға қарын бөртпені жылылай да, суытып та қою ға болады. Қасына пияз, басқа да көкөністер салады. 300г іш май, 500 г ет, 300 г бауыр, 300 г бидай ұны, 3 бас сарымсақ, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз керек. ### Әсіп Әсіп қойдың бүйенін айналдырып, жақсылап жуып тазалайды. Ет, жүрек және бауырды ұсақтап турайды. Оған бір бас пияз турап, бұрыш, тұз, күріш салып, аздап су құйып араластырады. Содан кейін барлығын ішекке тығып, аузын байлайды да қайнаған суға салып, 50-60 минут қайнатады. Қайнап жатқан әсіпті істікпен түйрелеп желін шығарып отырады. Әсіпке: 2 ас қасық күріш, 100 г бауыр, 100 г жүрек, 20 г қой майы, 1 бас пияз керек. Бұрышты әркім қалауынша салады. Әсіпті дастарқанға қоярда дөңгелектеп кесіп ыстықтай береді. Ішек болмаса, қойдың бүйенің пайдаланады. ### Жөргем Жөргем малдың ащы ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалады. Мал сойғанда ащы ішек пен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін оны айналдырып тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болатындықтан, оны тоқ ішек секілді жалаң қабат өре салмай бірнеше еселеп шумақтайды да, одан соң әлгі шумақтың белінен айналдыра шандып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырған жөргем дәмді болады. Жөргемге: ішек – 100г, пияз – 0,5 бөлігі керек. Әдетке жөргемді дәміне келтіру үшін тұз, бұрыш себеді, дөңгелектеп туралған пияз қосады. ### Қимай Қимай – соғымға сойылған сиыр етінен дайындалатын кәделі тағам. Сиырдың тоқ ішегін тұздап, айналдырып оның ішіне кесек етіп туралған төстік пен төстің етегін, бұрыш, тұз, жуа қосылған етті салады. Қимайға төс етінен басқа сан, қол еттері де пайдаланылады. Шұжық сияқты қимай салынған ішектің де екі ұшы істікпен түйреліп, ыстап кептіріледі. Қимайды асып жеуге де, жазғытұрым ет азайған кезде құырып жеуге де болады. Қимайдың ерекшелігі, оның майы мен қара кесек еті тең болады. Оны кейде «сиырдың қазысы» деп те атайды. Қимайды салқындатып асқан етке қосып береді. Майлы ет 500 г, 1 шай қасық тұз, 2 түйір жуа, жарты шай қасық қара бұрыш керек. ### Шұжық Шұжық жасайтын етті тұздап, бұрыш сеуіп салқын жерге 1-2 күн сақтайды. Шұжық жасауға сан, қол, жон еттерін алады, мойын еті жарамайды. Содан кейін майды да, етті де ұсақтап тұрап, қара бұрыш, сарымсақ қосып, бәрін араластырады. Бір жылқының ішегінен шұжық дайындау үшін 5 кг ет, 5 кг іш май, 10 г қара бұрыш, 50г сарымсақ салады. Барлығын туралған ет пен майға араластырып, содан кейін ішекке салып толтырады. Ішектің екі ұшын істіктеп түйрейді де, жіппен біріктіріп байлайды. Дайындалған шұжықты сырыққа немесе керілген жіпке араларын бір-бірінен алшақтау етіп іліп, 10-12 градус температурада 3-4 күн ұстап дегдітеді. Содан кейін түтінге 12-18 сағат ыстайды. Шұжыққа пиязды дөңгелектеп кесіп қосуға болады. ### Шыртылдақ Шыртылдақ – жылқы етінің сорпасынан қалқып алатын, қатпайтын май. Көп жерлерде тортасы айрылған сары майды да осылай атайды. ### Сірне Сірне –бағланның, кепенің етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын өте дәмді ас. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ , ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төнкеріп, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап ғана су құюға болады. ### Ми палау Ми палау – ұлттық тағамдардың ішіндегі дәмді де, сүйкімді тағам. Оны жасау үшін піскен бастың миын, желке-жүйдесін, екі көзін, бастың құйқасың алып, ұсатып турайды, үстіне шамалап сорпа құйып барлығын араластырады. Сондай-ақ ми палау дәмді болу үшін оған бұрыш, ұсақтап тұралған пияз (1 бас) қосып, тұзды татымына қарай салады. Ми палауға: 200г құйрық май, бастың миы, құйқасы, екі көзі, пияз, бір шымшым қара бұрыш, 3 ас қасық сорпа, 200 г бауыр керек. ### Құйрық-бауыр Құйрық-бауырды су 30-35 градус жылығанда қазанға құйрық майын салып, отты баяу жағып, 15 минуттай қайнатады. Содан кейін бауыр салып, тұз, бұрыш, пияз қосып әбден піскенше қайнатады. Піскен құйрық-бауырды табаққа салып алып, суытады. Бұдан кейін бауырды жұқалап турап, оның үстіне, құйрық майын тұрап салады және дәміне келтіру үшін дөңгелектеп туралған пияз, бұрыш салған тұздық құяды. Құйрық-бауырды асқан еттен бөлек береді. Құйрық-бауырға: 600 г бауыр, 300г құйрық май, 1 бас пияз, жарты ас қасық қара бұрыш, 1 стақан сорпа, жарты асқасық тұз керек. ### Қуырдақ Қуырдақты жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтап әзірлейді. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды. Қуырдаққа: 1 кг ет, 500 г өкпе, 500 г бауыр, 300 г жүрек, 200 г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.Бал қуырдақтыкөбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана куырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған. Жоңқа құырдақтытоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнап жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрін де суға қайнатпай-ақ майға қуырып әзірлеуге болады. Картоп қосқан қуырдақты сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызырғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30-40 минут қайнатады. Бұрыш салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Картоп қосқан қуырдаққа: сиыр еті 100г, майы 60г, пияз 150г.Қара қуырдақты кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі,бауырдың қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді. Соғым қуырдағын ет піскенге дейін соғым сойған, ішек-қарын аршылған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады. Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті, мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу оған татымына қарай тұз,бұрыш, дөңгелектеп пияз турап салады. Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды.Үкпе қуырдақты етті өте майдалап турап қуырады. Үкпе қуырдақтың еті майда болғандықтан,оны суға бөктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырып пісіруге болады. ## Тағы қара * Қазақ шай мәдениеті ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ұлттық тағамдар
Талды (Теректі) - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2020 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Зайсан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы Тұрғыны 71 адам (2009).
Қаратау ауылдық округі — Түркістан облысы, Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсүмбе, Бақырлы, Сарыжаз ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Бақырлы ауылы. ## Дереккөздер
Қойтас — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан шығысқа қарай 52 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Шердіаяқ — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Құйған ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2017 жылы таратылған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай, Жіңішке өзенінің сол жақ аңғарында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны 49 адам (2009). ## Дереккөздер
Қожоң — алтай тілінде өлең ұғымын білдіретін халықтық термин. Қожоң 7-8 буынды өлшемде шығарылады, көбіне кезекті ұйқасқа құрылады (абаб). Тақырыбына қарай тарихи қожоңдар, шаруашылық қожоңдары, тойдың қожоңдары, сүйіспеншілік қожоңдары, ойын қожоңдары, әлеуметтік қожоңдар, қоғамдық-саяси қожоңдар болып бөлінеді. ## Дереккөздер
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты (ескі атауы: Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебі) — 2002 жылы Әскери академияның екіге бөлінгенінен пайда болған құрлық әскерлерін дайындап шығаратын әскери институт. Әскери академия Құрлық әскерінің институты мен Ұлттық қорғаныс әскери универстеті болып бөлінді. Негізі 1918 ж. Түркістан әскери округінің училищесі болып құрылған. Кейін Орта Азия әскери округінің училищесі (1969), Алматы жоғары әскери училищесі (1970) болып аталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1997 ж. 11 ақпанда Алматы жоғары әскери училищесі Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы болып қайта құрылды. Алматы жаяу әскерлер училищесі, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептер осы академияның құрамына енеді. Академияда әскери тактика, қоғамдық ғылымдар, шет тілі, автомобиль даярлығы және соғыс машинасы, артиллериялық қарулар мен техникаларды пайдалану, әскери инж. байланыс және жалпытехн. пәндер, физ.-мат., дене шынықтыру және спорт кафедралары жұмыс істейді. Академияда жоғары, арнаулы және орта әскери білімді маман кадрлар даярланады. Мұнда 4 ғыл. докторы (1998), сондай-ақ техника, тарих, физика-математикалық, филология ғылымының кандидаттары дәріс береді. Оқу орны негізі қаланғаннан бері 7000-нан астам офицер кадрлар даярлап шығарды. Ауған соғысының батырлары С.Н. Гущин, Н.Акрамов, Кеңес Одағының Батыры лейт. Шахворостов, генерал-полковник. А.Х. Қасымов, ҚР ІІМ Ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Б.Б. Жанасаев, генерал-майор А.Б. Тасболатов, ген.-майор Ж.К. Рыспаев және генерал-майор Б.Е. Ертаев осы академия түлектері. Академияның сырттай оқытатын бөлімдері бар. ## Мамандықтары Құрлық әскерлерінің әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды: * тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командашысы; * тактикалық танк әскерлерінің командашысы; * тактикалық артиллерия командашысы; * тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы; * тактикалық инженерлің әскерлерінің командашысы; * тәрбиелеу құрылымдарыныі командашысы; * тактикалық сауыттанк әскерлерінің командашысы; * тактикалық азық түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы; * тактикалық киім кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы; * жанар жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы * тактикалық әуе десант әскерлерінің командашысы. ## Дереккөздер
Сарымсакова Лютфи (26. 4. 1896 ж. т., Ақжер қыстағы, қазіргі Ферғана обл.) – өзбек совет актрисасы, КСРО халық актрисасы (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесі. Профессионалды сахналық қызметін 1925 ж. Қоқандта бастады. Әндіжан, Фернанға театрларыда ойнады. 1934-39 ж. Өзбектің музыкалық театырында, ал 1941-73 ж. Өзбектің Мукими атынд. муз. таетрында (Ташкент) қызмет етті. Сахнада балаларының бақыты үшін күрескен аналар бейнесін жасады: Күміскүл, Айсара, Қарт ана (Яшеннің «Екі коммунист», «Гүлсара», «Раушан мен Зұлхұмарында»). Бұдан басқа Шырын (Хуршидтың «Фархад пен Шырынында»), Майсара (Хамзаның «Майсараның айласында») т.б. рольдерді орындады. 1931 жылдан киноға түскен. 5-6-сайл. Өзб. ССР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған.
* Тасты ауылдық округі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік. * Тасты ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы әкімшілік бірлік. * Тасты ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
* Жуантөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жуантөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Тасты ауылдық округі – Қостанай облысы Амангелді ауданындағы әкімшілік бірлік. 2019 жылы құрамына таратылған Қарынсалды ауылдық округінен 2 елді мекен қосылды. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Тасты, Горняк, Қарынсалды ауылдары кіреді. Орталығы – Тасты ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 797 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қаратау ауылдық округі: * Қаратау ауылдық округі — Жамбыл облысы, Талас ауданындағы ауыл. * Қаратау ауылдық округі — Түркістан облысы, Созақ ауданындағы ауыл.
* Жартытөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. * Жартытөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Жартытөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Бостандық, Достық, Құрама, Төңкеріс, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Ынтымақ ауылы. ## Дереккөздер
Абай поэзиясында сол кездегі дәуір шындығы, қат-қабат қоғамдық қарым-қатынастар жан-жақты, терең бейнеленген. Әрине, лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді.В. Г. Белинскийдің Өлең-жырларында ақын көбіне өз атынан сөйлейді. Басқа адамның бейнесін жасап, соның атынан айтуы сирек кездеседі. Мысалы, Абай «Болыс болдым міне-ки...» деген өлеңінде бастан-аяқ болысты сөйлетіп қояды. «Айттым сәлем, қалам қас», «Қиыстырып мақтайсыз...» деген өлеңдерін бірде жігіттің, екіншіде қыздың сөзі етіп құрады. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда Лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады. Себебі, ол ақынның өз бейнесі, жинақталған Лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады. Ақын қоғам өмірі, заман, адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынның өкілі ретінде сөзінеді. Сондықтан жекелеген өлеңнен қалайда ақынның өмірбаянынан нақтылы дерек іздеу үнемі қисынды бола бермейді. Бірталай жағдайда өлеңде айтылған жайдың тар көлеміндегі өмірбаяндық мағынасынан жинақтап, қорытылған жалпы адамзаттық, философиялық мәні әлдеқайда басым жатады.Лирикалық кейіпкердің характері бір өлең-жырда толық ашыла қоймайды. Бір шығармада бір қырынан көрінсе, басқа шығармада екінші қырын танытады. Мысалы, бір өлеңде махаббат сөзімі басым болса, бір өлеңде табиғат сұлулығын сөзіну басым келеді. Бірақ көптеген өлең-жырларды алғанда Лирикалық кейіпкердің тұтас тұлғасын, сан қырлы бейнесін айқын елестете аламыз.Өзінің шығарма парыңа Абай қазақ тіршілігінің ең терең, ең көкейтесті мәселөлерін маңызды әлеуметтік-қоғамдық, моральдық тақырыптарды, халықтың тағдырына, заманның әдет- ғұрпына қатысты мәселелерді кетереді. Ақынның сол көзеңдегі түйінді құбылыстарға осындай сезімталдықпен қарауы және де халықтың тағдыры үшін аса маңызды әлеуметтік мәні зор қоғамдық-тарихи мәселелерді көтере білуі «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Алыстан сермеп.. ,»сияқты әлеуметтік-саяси лирикасының өзекті шығармаларыңда ғана емес, сонымен қатар басқа да тақырыбы, сипаты жағынан алуан түрлі туындыларында да айқын көрінеді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» атты өлеңнің әрбір сөзінен, әрбір бейне суретінен халық тұрмысының жантүршіктірерлі қауыр жағдайы сөзіледі. Ақын халық тағдырының күйінішін сол көздегі қазақ қоғамындағы терең әлеуметтік қайшылықтар тудырған кесапатын кере білді. Қазақ қоғамын жегідей жеген әкімшілдік, әр түрлі топтар тартысы мен алауыздық ақынды ашындырып, ызасын келтіреді. Ақсүйек феодалдардың өз басының пайдағы үшін тұтандырып, әдейі өршітетін рулық тартыс пен жікшіл топтар күресін, осы бір қоғамдық өмір кеселін Абай өз шығармаларында айрықша қатты сынап отырды. Абай ел билеушілерді пайдакүнем, өмірдің күнделікті күйбеңімен әуре боп жүрген ұсақ жандар бейнесінде сипаттайды. Халық үшін ауыр қасиет болып табылатын билеуші феодалдар арасындағы тартыс-таластардың күшеюін ақын қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси дағдарыс көріністерінің бірі деп білді.Сол кездегі қоғамдық өмірді осылай әшкерелеп, сынау Абайға оңай тиген жоқ. Ол ел билеушілердің, ақсүйек феодалдардан, топастоптың жаңалық біткеннің хас жауы екенін сөзінді. Абайдың ақындық, ағартушылық жолы мейлінше қиын, азабы мол, күрес жолы еді. Ол халық мүддесін ойлайтын, ізгі мақсат жолын да қайрат жүмсайтын күштің аз екендігін көріп жиі қапаланды, кейде жалғыздық, бейжайлық сөзімге бой ұрды. Ақынның осы кеңіл-күйі, қайғы-мұң сарыны оның шығармаларынан бірде болмаса, бірде бой керсетіп қалады. Алайда, Абайдың мұңшері өз басының мұңы емес, халықтың тағдырын ойлап толғану екенін көреміз. Халықтың өміріндегі ауыр жағдайларды ол өз жүрегінің шері етіп төгеді. Оның жан дүниесін құлазытқан шер осы ел жайы болады. Бірақ Абай өзі таңдап алған бетінен, алдына қойған мақсатынан еш тайған жоқ. - дейді ол.Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуға шақырады. Тігі, оның еткір құрылған шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселөлеріне жауап беруге тырысу айқын сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық ағартушы-ақынның арман-мұраттарымен ұштасып жатады. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «кекірегі сөзімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, өзінің мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың енімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсат қажетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың барша шығармаларының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, енер іздеген жандар туралы айырықша зор сүйіспеншілік пенайта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді: «Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сенер ме?!» Абай интернатта оқып жүрген қазақ балаларына жүрегі елжірей қарап, жас буындар, жас еркендер осылар деп қуанды. Халықты ағарту, білімді тарату ісін Абай адамдарды қандай да болсын әлеуметтік кеселден азат етудің қуатты қүралы деп түсінді. Ақын ескілік кесену әдетінен топастықтан бойы жоғары, білімді адамдарды аңсады. Ол надандыққа, қандай да болсын төріс, кертартпа ықпалға қарсы түра алатын оқыған, біліммен қаруланған адамдық үрметтеу керек деп санайды. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылық жолына етене жақын және ағарту ісін, енер-білімді жақтаушы Абайдың Озат көзқарастарын білдіреді. Абай адамдардың санасын өзгерту арқылы заманды түзетуге («Түзетпек ем заманды»), қоғамның кемшіліктерін жоюға тырысты. Бірақ әл әдет-ғұрыпты, заманды мүлде өзгертуге, түзетуге, қоғамды бұлдіретін кеселдің тамырын жоюға болады деген сенім оп-оңай іске аса қоймайтынын да аңғарды. Міне, сондықтан ақын шығармаларында торығу, қайғы-мұңға берілу сарыны да барған сайын күшейе тұсті. Қазақ қоғамында надандық, ескілік атаулы өте терең тамыр жайып кетті. Қазақ топырағына өзі еккісі келген идеялар ұрығы көңілге толымды жемісін бермеді деген ащы ой ақынның еңсесін басады. Бірде:«Ермен шықты ит қылып, Бидай шыққан егінге...»- деп, тағы бірде: - деп налиды. Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші шығармаларында қазақ тіршіліғініңең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сөзіне білетіндігінен айрықша айқын көрінді.Еңбек сүйгіштік, жігерлілік, мақсатқа жету, әділеттілік сөзімі, ой тереңдігі сияқты қасиеттерді қастерлей отырып, Абай өнбес іске, ойын-күлкіге мәз болып, уақытты бос өткізушілікті, жел сөзбен, өсек-аяңмен т. б.әуре болып жүрген адамдарды қамшылады.«Алыстан сермеп...» деген өлеңінде Абай ақындығының аса маңызды ерекшеліктері - өмірді көре- гендікпен тани білуі, шындық пен әділеттілікті сарыла іздеуі, халықты «түзу жолға» - мәдени, прогрестік даму жолына шығуға шақыру сияқты аса маңызды идеялар айқын танылады. «Не іздейсің, көңлім, не іздейсің?..», «Журегім, нені сөзесің?..» және сондай басқа да шығармаларында Абайдың өз ішкі жан дүниесін лирикалық тәсілмен бейнелеудегі теңдесі жоқ ақындық шеберлігі айрықша жарқырап керінеді. Бұл шығармаларында ағартушы-ойшыл ақынның, сыншы-әшкерелеуші ақынның тұлғасы барған сайын терең ашыла тұседі. Абай қазақ жұртшылығы алдында ақындық өнердің мүлде жаңа, соны жолын ашу меселесін өзінің міндеті деп сана- ды. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» деген өлеңінде, сол сияқты басқа да бірсыпыра шығармасында Абай бұрынғы жыршылар мен сөз шеберлерінің салып кеткен дайын сүрлеу жолымен жүруге тырыспайтынын ашық айтты. Сөз енерінің кемел суреткері ретінде Абайдың орасан зор тарихи еңбегі мынада: ол жаңа заман қазақ әдебиетінің алдына жаңа міндеттер қоятынын жақсы тұсінді, ұлттық әдебиетті жаңа дәуірдің тілек-талаптарына сәйкес жаңғырту қажеттігін ерекше керегендікпен сөзе білді және де бұл іске өз талантының бар күшімен қызмет етті. Ол заманның Озат идеяларымен сусындаған соны ақындық өнердің дәйекті күрескері болды, жыршының, ақынның өмір шындығына жаңа көзқараспен реалистік әдіспен терең бейнелеу керектігін паш етті. Жоғарыда аталған «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» өлеңінде Абай: - деп, жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін тұсіне білуін талап етеді. «Өлсем, орным каражер, сыз болмай ма...» өлеңінде Абай өз шығармалары туралы толғанып, келер ұрпаққа ұран тастайды. Бұл өлең Абайдың ақын ретінде әдебиетте өзіндік жол салғанын жақсы сөзінгенін тағы да ай қын дә лел дейді. Және осы бір есиет жыр-толғауда ақынның бүкіл өмірін арнап, атқарған ісі.сарылып іздеп тапқан енеге-үлгісі, бүкіл ой-арманын керкем бейнелеген поэзиясы келер ұрпақ, жаңа қауымның кәдесіне асар деген зор сенім бар екенін аңғарамыз. Осы өлеңнің әр сөзі келер үрпаққа арналып айтылуының өзі-ақ Ұлы ақынның болашаққа үлкен үмітпен қарап, өз халқының келешегіне кәміл сенгенін байқатады. ## Дереккөздер
Жуантөбе ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Алғабас ауылы кіреді. Орталығы – Алғабас ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2803 адамды құрады. ## Дереккөздер
Харун Токак (түр. Harun Tokak, 1955 жыл, Ушак уәлияты, Түркия) — түрік жазушысы, қоғам қайраткері. Измир Докуз Эйлүл университетінің Жоғары Ислам институтын тәмамдаған. Түркия Республикасының Ұлттық Білім министрлігінде және Түркия мұсылмандары діни басқармасында қызмет атқарған. Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі Діни Білім беру басқармасында және Түркия Республикасының Үкіметінде кеңесші болып қызмет атқарған. 1997-2008 жылдар аралығында Журналистер мен жазушылар қауымдастығының төрағасы болды. Қауымдастықтың аясында халықтар арасындағы татулықты, мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайту мақсатында «Мәдениеттер арасындағы диалог платформасы», «Диалог Еуразия Платформасы», «Абант платформасы» сынды интеллектуалды ұйымдардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Бүгінде И.Ортайлы, Ш.Айтматов, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, Н.Оразалин, М.Шаханов, Р.Рыбаков, Анар, Б.Мариан, Г.Аласания сынды Еуразия аймағының зиялы қауым өкілдері құрған Халықаралық «Диалог Еуразия Платформасының» төрағасы болып қызмет етуде. Түркияның белді басылымының бірі – «Йени Шафак» газетінің тұрақты жазарманы. «Алда шапқан аттылар», «Жолдағылар», «Саңлақ сардарлар», «Қыналы арғымақтар» сынды шығармалардың авторы. ## Дереккөздер
Ново-Явленка — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Өскемен қаласынан батысқа қарай 7 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Самсоновка — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 5 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Бахтияр Махмұдұлы Ваһабзаде (әз. Bəxtiyar Mahmud oğlu Vahabzadə; 16 тамыз 1925 жыл, Шәкі қаласы — 13 ақпан 2009 жыл, Баку) — кеңестік және әзербайжандық жазушы, ақын, Әзербайжанның Халық ақыны (1984), Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор және КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984). Жетпістен астам жыр жинағының, ондаған драмалық туындылардың, көптеген ғылыми монографиялық еңбектердің авторы. Баку мемлекеттік университетінде 40 жыл бойы қызмет істей жүріп, өз ұстазы Самед Вургунның шығармашылығын және әзербайжан әдебиетінің өзекті мәселелерін зерттеумен айналысқан. Лирикалық өлеңдері әлемнің жиырма шақты тіліне тәржімаланған. Бахтияр Ваһабзаде қоғамдық жұмыспен белсене шұғылданған. Республика Жоғарғы Кеңесіне бес рет, тәуелсіздік тұсында Ұлттық Мәжіліске бір рет депутат болып сайланған. Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов әріптес досы Бахтияр Ваһабзаде туралы: «Ол ең жоғары марапаттардың бәріне ие болды. Бірақ мұның ішіндегі ең биік дәрежелісі – халқының сүйіспеншілігі», – деп жазды. 2012 жылғы 13–15 желтоқсан аралығында Баку қаласында түркі халықтары ғалымдарының қатысуымен І Халықаралық Бахтияр Вахабзаде симпозиумы болып өтті. Енді ол дәстүрлі түрде өткізілетін болады деп ұйғарылды. Автордың қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отырған «Гүлстан» поэмасы 1959 жылы қолжазба күйінде тарап, сол үшін қудалау көрген. Оның желісі 1813 жылғы 12 қазанда Әзербайжан жерін Ресей империясы мен Парсы патшалығы екіге бөліп алу жөнінде келісімшарт жасасқан тарихи оқиғаға құрылған. Келісімшартқа қол қойғандар: Ресей тарапынан – бас қолбасшы, генерал-лейтенант Н.Ф.Ртищев, Иран тарапынан – сыртқы істер министрі Абул-Хасан-хан мырза. Поэмада бұлардың бейнелері шартты түрде ғана көрініс тапқан. ## Дереккөздер
Ново-Троицкое — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. ## Географиялық орны Өскемен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей, Ертіс өзенінің сол жақ жағалау бойында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Нұрмақов Аман Жамелұлы (13 наурыз 1942 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы ] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1991). * Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1965). * 1967 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1995 жылдан) болып жұмыс істейді. ## Ғылыми еңбектері * Негізгі ғылыми еңбектері хирургия мәселелеріне арналған. Ол жаңа жергілікті жансыздандырғыш дәріні (ринокаин) тәжірибелік жолмен зерттеп, алғаш рет хирургия саласында қолданды. Өт қуығында тас байлану ауруын анықтау жолдарын ұсынып, оны емдеу тәсілдерін жетілдірді. Нұрмақовтың басшылығымен нашақор адамдарда іріңді жараның даму барысының ерекшеліктері зерттеліп, бірінші болып оларды емдеу үшін адам плацентасын қолданды. Алғаш рет шығыс медицинасындағы тәсілді хирургиялық операциядан соң пайда болатын асқынулардың алдын алуға және оны емдеуге қолданды. * Нұрмақов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, 3 патенттің және 5 өнертапқыштық ұсыныстардың иегері. ## Шығармашылығы * Хирургические болезни, А., 2001 * Өт қуығында тас пайда болу ауруы, А., 2003 * Хирургиялық аурулардың симптомдары мен синдромдары, А., 2004 ## Дереккөздер
Нұрмақов Кәмел Құрманғалиұлы (25.12.1926 жылы туған, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылы) – құрылысшы инженер, ҚазКСР-іне еңбек сіңірген құрылысшы (1979). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженерлік құрылыс институтын тәмамдаған соң (1955) Алматыдағы “Казместпромстройда” прораб (1955 – 56), “Казгорстройпроект” Мемлекет жобалау институтында инженер-конструктор (1956 – 59), бас инженер қызметтерін атқарды. 1971 – 85 жылдары “Алма-Атагипрогор” Мемлекеттік жобалау институтының директоры. Нұрмақов Алматыдағы “Жетісу” мейманханасы, Байланыс үйі, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ескі және жаңа ғимараттары, “Медеу” мұз айдыны, Ә.Қастеев атындағы Сурет галереясы, т.б.-лардың жобаларын жасауға қатысты. Нұрмақов Алматыдағы Республика алаңындағы ғимараттар жобасын жасады. КСРО Министрлік Кеңесінің (1979), КСРО Мемлекеттік (1982) сыйлығын алған. ## Сілтемелер * Өнертану * Медеу
Сарыжаз — Түркістан облысы Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 127 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ақай Нүсіпбеков(9.12.1909,Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылы – 28.7.1983, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1961), профессор (1963), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. ## Оқу жолы ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1926—1932 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумын бітірген.1934–1937 жылдары Мәскеуде Шығыс еңбекшілері университетінде оқыды. ## Жұмыс жолы 1932 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, осы оқу орнының оқытушысы, директоры, Қазақстан КП Алматы облысы коммитетінің сектор меңгерушісі болды (1933–1934).Қазақстан КП ОК-нің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937–1939), Семейдегі ұжымшар басшыларын даярлайтын республикасының оқу орнының директоры (1939–1941).Үлы Отан соғысы жылдары И.В. Панфилов дивизиясында батарея комиссары, дивизияның саяси бөлімінің қызметкері болған.1945 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болды.1946–1956 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (1953–1956), институт директоры (1956–1982), Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті болды (1968–1976). ## Ғылыми еңбектер Оның ғылыми жетекшілігімен ондаған ғалым кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. А.Нүсіпбеков Қаз. ССР тарихы саласында 100-ден аса ғылыми еңбек, бірнеше көлемді монография жазды. Нүсіпбековтың ғылыми қызметі Қазақ Кеңес мемлекетінің қүрылуы және нығаюы, қазақ жерлерінің біртүтас мемлекет шеңберінде топтастырылуы, Қазақстан жүмысшы табының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан еңбекшілерінің Үлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбегі, тарихты бүрмалаушы буржуазияшыларды әшкерелеу сияқты күрделі де маңызды тақырыптарға арналған. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижелері туралы, қазақ шаруаларының Е.И.Пугачев жетекшілік еткен шаруалар соғысына,Сырым батыр бастаған көтеріліске қатысуы жайында тың пікірлер айтып, ғылыми түжырымдар жасады. А.Нүсіпбеков — екі томдық Қазақ КСР тарихының негізгі авторларының бірі. "Қазақстанда жүмысшы табының қалыптасуы және дамуы" деген еңбегі үшін оған Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. Мәскеуде өткен Шығыс зерттеушілерінің ХХV-халықаралық конгресінде (1960), Бакуде өткен Шығыс зерттеушілерінің халықаралық конференциясында (1967) т. б. халықаралық және бүкіл одақтық конгрестер мен симпозиумдарда, конференцияларда жасаған баяндамалары шет тілдеріне (ағылшын, араб, француз, испан) аударылып жарияланды. А.Нүсіпбеков 1968 жылы "КСРО- Жапония" мөдени байланыс қоғамының шақыруымен Жапонияда болып, Токионың Басэда университетінде қазақ тарихынан лекция оқыды. Венгрия ҒА-да баяндама жасады. А.Нүсіпбеков аудандық, қалалық және облыстық партия комитеттеріне мүше және Алматы қалалық кеңесінің депутаты болды. Қазақстан КП XIII, ХӀV-съездеріне (1971, 1976) ОК мүшелігіне кандидат болып сайланды. ## Марапаттар * Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы (1966) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарын (1982) алған * Ленин (1976), 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (1969) ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Лиро-эпос жанры — бір жағынан, лирикалық, сыршылдық, сарыны бар, екінші жағынан оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа да ие болатын шығарма түрі. Көбінесе Лиро-эпостық жырлар, лирикалық поэма түрінде кездеседі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі ғашықтық жырлар деп аталатын лирикалық поэмаларды ("Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу") осы жанрға жатқызуға болады. Жазба әдебиетінде лирикалық поэмалар Байрон, Шелли, Мицкевич, Пушкин, Лермонтов шығармашылығында кеңінен өріс алды. Лиро-эпикалық шығарманың белгілі сюжеттік құрылымы және адам мінезінің мүсінделіп суреттелуі тұтасып келеді. Лиро-эпикалық шығармада оқиғалар тізбегі мен кейіпкерлердің әрекетінде белгілі бір мақсат болады. Ақын өз қаһармандарының ішкі әлемін даму, өсу бағытында бейнелейді. Мұндайда автор эпикалық жанрдың принциптеріне сүйенеді. Лиро-эпикалық туындыда сюжетке енетін образдардан басқа лирикалық геройдың образы да айқын көрінеді. Қазақ әдебиетінде лирикалық поэманың үлгісі ретінде Мағжан Жұмабайдың "Батыр Баян" атты поэмасын атауға болады. Мұнда уақиға негізі ширақ шиеленіске толы болып келеді. Ал поэманың нәзік лирикалық сипаты, шығарманың негізгі кейіпкері Батыр Баянның көңіл күйінің терең ашылып суреттелуінен де, ақынның өз толғаныстарынан да айқын аңғарылып отырады. ## Дереккөздер
Магтал — монғол фольклорының жанры, Еуропадағы ода, арабтағы мадх, қазақтағы мадаққа сарындас мақтау, мадақтау жырлары. ## Дереккөздер
Танаху (непал. तनहुँ जिल्ला) — Непалдың 75 аудандардың ішіндегі бір аудан. Ол Гандаки аймағына кіреді, ал Гандакидің өзі мемлекеттің Батыс жағына жатады. Ауданның астанасы - Дамаули қаласы. Сьянгджа ауданымен (батыста), Каски және Ламджунг аудандарымен (Солтүстікте), Горкха ауданымен (шығыста), Нараяни аймағындағы Читван ауданымен (оңтүстік шығыста) және Навалпараси мен Палпа аудандарымен (оңтүстікте)шектеседі. Танаху ауданының жер көлемі -1546 км².2011 жылы халық саны 323 288 адам болды, олардың ішінде 143 410-ы - ер адамдар, ал 179 878-ы - әйел адамдар. 2001 жылы халық саны 315 237 адам болды. Халықтың ішінде 86,50% индуинизмға бағынады, 9,44% - буддизм, 1,69 -христиан дінін және 1,29 -ислам дінін қуаттайды. ## Дереккөздер
Мадх — араб поэзиясының жанры, мақтау сарынды өлең. Мадх арналған адамды мамдух дейді. Әл-Асқаридың "Диван алманы" еңбегінде 47 түрлі мадақ сарыны келтіріледі. Араб-парсы поэзиясында "Такид алмадх би-ма йушбиух-з-замм"" деген термин кездеседі. Ол мінез-қылығынан, ісінен кемшілік тапқан болып, мамдухты одан әрі көтермелей түсу үшін пайдаланатын әдісінің бір түрі ұғымында қолданылады. Набига Зубианиден бір мысал: Айқастан із қалғаны болмаса семсерінде,Басында кемшілігі жоқ еді одан өзге. Айқастан із қалғаны болмаса семсерінде,Басында кемшілігі жоқ еді одан өзге. ## Дереккөздер
Кемпірбеков Әсет (23 мамыр 1923 жылы туған, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы) — еңбек және соғыс ардагері. Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Бішкектегі әскери училищеде оқыды. 1944 жылы кіші лейтенант дәрежесінде соғыс майданына аттанды. 1-Белорусс майданы құрамында болып Польшаны азат етуге, Одер өз-н алуға, Померания – Шнейдемюль операциясына, Берлинді алуға қатысты. Көрсеткен ерлігі үшін оған жоғарғы Бас Қолбасшы И.В. Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Рейхстагты шабуылдау кезінде ауыр жарақат алды. Ол басқарған взвод Рейхстагқа ту тігуді қамтамасыз етті. Рейхстагты алуға атсалысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Бірақ оған Мәскеу 1-дәрежелі Отан соғысы орденін берумен шектелді. 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірді. 1947–1964 жылы орта мектеп мұғалімі, оқу ісі меңгерушісі, 1964–1983 жылы Қаракемер орта мектебінің директоры. «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Кемпірбеков есімі «Герой штурма Рейхстага» атты кітапқа енгізілген. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жас Алаш Мұрағатталған 3 қаңтардың 2011 жылы.
Қызылдихан сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Қызылдихан – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Қызылдиқан – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл. * Қызылдихан – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
Бесжылдық, Бесжылдық жоспар — Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. * Бірінші Бесжылдық жоспары (1928 — 32) БК(б)П 15-съезінің шешімдері негізінде жасалды. Бесжылдық міндетіне сәйкес ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүргізілді. Өндіріс орындарын дамытуға баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Қазақстанда 40-қа жуық өнеркәсіп орны салынып, оның ішінде Риддер қорғасын зауыты, Қарсақпай мыс қорыту зауыты, Қарағандыда бірнеше көмір шахталары іске қосылды. 1706 км темір жол салынды. Түркістан-Сібір (Турксиб) және Қарағандыны Сібір жолымен жалғастырған Ақмола темір жолдары пайдалануға берілді. Қазақстанда әуе көлігі пайда болды. * Екінші Бесжылдық жоспары (1933 — 37) БК(б) П 17-съезінде (1934) бекітілді. Бұл жоспар бойынша, Қазақстанда Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химия комбинаты, Алтай, Ащысай полиметалл комбинaттары салынып, іске қосылды. * Үшінші Бесжылдық жоспары (1938 — 42) БК(б)П 18-съезінде (1939) бекітілді. Бұл кезеңде Қазақстанда Балқаш мыс қорыту комбинаты іске қосылды, Жарық — Жезқазған, Рубцовка — Риддер, Қандыағаш — Орск, Ақмола — Қарталы темір жолдары пайдалануға берілді. Жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының саны көбейді. 1938 ж. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы, 1940 ж. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы құрылды. * Төртінші Бесжылдық жоспар (1946 — 50) Ұлы Отан соғысынан кейінгі бүлінген халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамытудың жоспары туралы заңға сәйкес жасалды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынды. Ашық әдіспен көмір өндіретін Екібастұз кен орны кең көлемде пайдаланыла бастады. Қаратон, Мұнайлы, т.б. мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды. * Бесінші Бесжылдық жоспары (1951 — 55) КОКП 19-съезінде (1951) белгіленді. Тың және тыңайған жерлерді игеру маңызды шараға айналды (қара Тың игеру). Қазақстанның халық шаруашылығы 200-дей жаңа кәсіпорындармен толықты. Састөбе және Қарағанды цемент зауыттары, Өскемен — Зырян, Ақмола — Павлодар темір жол учаскелері іске қосылды. * Алтыншы Бесжылдық жоспары (1956 — 60) КОКП 20-съезінің (1956) шешімдеріне сәйкес жасалды. Тың және тыңайған жерлерді игеру одан әрі жалғастырылды. Бесжылдықтың соңғы 2 жылының тапсырмалары өзгертіліп жетіжылдық жоспарына қосылды. Жетіжылдық жоспар (1959—65) КОКП 21-съезінде (1959) белгіленді. Жетіжылдық жоспар кезінде Соколов — Сарыбай кен-байыту комбинаты толық қуатында іске қосылды, Өскемен титан-магний комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Кентау экскаватор зауыты, Жамбыл супер фосфат зауыты, Жітіқара асбест комбинаты салынды, Бұқтырма су электр станциясы, Қарағанды ГРЭС-і, Алматы жылу-электр орталығы, Павлодар мен Өскеменде машина жасау зауыттары пайдалануға берілді. * Сегізінші Бесжылдық жоспары (1966 — 70) КОКП 23-съезінің (1966) шешімдеріне сәйкес жасалынды. Өзен — Жетібай — Шевченко және Теңіз — Жетібай газ құбыры іске қосылып, Павлодар трактор зауыты өз өнімін шығара бастады. Жамбыл және Ақсу (Ермак) ГРЭС-тері, Қапшағай СЭС-і салынды. * Тоғызыншы Бесжылдық жоспары (1971 — 75) КОКП 24-съезінің (1971) шешімдері негізінде жасалынды. Лисаков кен байыту комбинаты, Қазақ газ өңдеу зауыты, Талдықорған қорғасын аккумулятор зауыты, Ақсу ГРЭС-і пайдалануға берілді. * Оныншы Бесжылдық жоспары (1976 — 80) КОКП 25-съезінің (1976) шешімдері бойынша жасалынды. “Богатырь” бірегей көмір разрезінің құрылысы жүргізілді, Жәйрем кен-байыту комбинатының 1-кезегі пайдалануға берілді. * Он бірінші Бесжылдық жоспары (1981 — 85) КОКП 26-съезінің (1981) шешімдері негізінде жасалынды. Бозащы түбегі мен Каспий маңы ойпаты аудандарында мұнай мен газдың жаңа кен орындары игерілді, Шымкентте мұнай айыру зауыты және резина асбест комбинаты іске қосылды. * Он екінші Бесжылдық жоспары (1986 — 90) КОКП 27-съезі шешімдеріне сәйкес жасалынды. Шулбі СЭС-ін салу аяқталды. Екібастұз-2 ГРЭС-інде жаңа қуаттар қосылды. Бақыршық кен-металлургия, Қайрақты вольфрам, Көктіңкөл молибден, Бозшакөл мыс кен-байыту комбинаттарының құрылысы жүргізілді. Бесжылдық жоспарлар кезінде экономиканы басқарудың қатаң орталықтандырылуы Қазақстан өнеркәсібі құрылымын негізінен шикізат өндіруге бағыттады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер әміршіл-әкімшіл әдістермен шешілді. Кәсіпорындарға жоспарлы тапсырма еңбек ұжымының келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, өндірушілер мен тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Мұның өзі тұтас өндіріс салаларының әлемдегі технологиялық прогрестен шет қалып, сапасыз және ескі өнімдер шығарумен айналысуына әкеліп соқты. Республика басшылығы КОКП-ның кезекті съездерінде жоспарланған өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қаншасының қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республика жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, әр Бесжылдықта жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің мұнайдың, т.б. мөлшерімен бейнеленді. Қазақстан тәуелсіздік алып, экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты Бесжылдық жоспарлар жасау тәжірибесінің жаңа жағдайға бейімделген нұсқалары зерттеліп, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік стратегиялық ғылыми негіздемесін жасауға назар аударылды. ## Дереккөздер
Арыстан (лат. Panthera leo) – жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқымының (Felidae) қатарына кіретін, үлкен мысықтар тұқым тармағына (Pantherinae) жататын төрт пантер (Panthera) тұқымының бірі. Жолбарыспен қатар қазіргі мысық тектес аңдардың ең ірісі және кейбір еркектерінің салмағы 250кг-нан асады. Арыстанның ең ірі түрі жолбарыстың ең ірі түрінен үлкен не кіші деп нақты айту қиын. Амур жолбарысының салмағы өте үлкен екендігі де нақты емес. Ең ірі арыстан түрі(мысалы барбариялық) туралы мәлімет тарихта және ғылымда жоқ. Ал қолда өскен арыстанды алатын болсақ,олар әртүрлі тұқым түрлерімен жиі шағылысып жатады. Қолда өскен арыстан жолбарыстан өлшемі мен салмағы жағынан ірілеу болады деген пікір бар, алайда бұл ғылыми дәлелденген факт емес. Арыстанның тарихи мекен ету аймағы қазіргіден әлдеқайда кеңірек болған: ерте орта ғасырда арыстан Африканың шөлді далалары мен тропикалық ормандарынан басқа барлық жерінде бар еді, сонымен қоса Таяу Шығыс, Иран, тіпті кейбір Оңтүстік Еуропада (мысалы, қазіргі Ресейдің оңтүстігінде, 45-інші солтүстік параллель бойымен көтеріле бере, мекен еткен) да кездесетін. Солтүстік және Солтүстік-Батыс Үндістанда арыстан әдеттегі жыртқыш болатұғын. Алайда адамдардың арыстанның артына түсуі және мекен ету аймағының құртылуы арыстандардың Африкада, тек Сахараның Оңтүстігі тарапында ғана сақталуына әкеліп соқты, қазір олардың мекен ету аймағы қатты қысқарды. Азияда кішкене популяция (бірлестік) Гир орманында ғана бар (Үндістанның Гужарат штатында). Кейінгі плейстоценге дейін, шамамен 10 000 жыл бұрын, арыстан сүтқоректілер ішінде саны бойынша жер бетінде адамдардан кейінгі екінші орынды алатын. Олардың қазба қалдықтары Африканың көп бөлігінде, Еуразия территориясында, Батыс Еуропадан Үндістанға дейін және Солтүстік Америкада Юконнан Перуге дейінгі аймақтарда табылған. Үңгір жазуларымен танымал еуропалық үңгір арыстаны қазіргі арыстанның тұқымдас түрі болса керек. Арыстанның сыртқы көрінісі әртүрлі. Олар жыныстық диформизм анық байқалатын сирек жыртқыштардың бірі. Еркектері ұрғашыларынан үлкен болып қана қоймай, сонымен қатар кейбір тұқымдарда едәуір дамып, иықтарын, арқасының кейбір жерлерін және кеудесін жауып тұратын жалдары да болады. Түсінде сары-сұр түстердің түрлі реңктері болады, жалы әдетте терімен бір түстес болады, бірақ қанық тіпті қара да болуы мүмкін. Арыстанның түрлері көп жағдайда жалының түсімен анықталады. Жалынан басқа, денесіндегі жүні қысқа болады, тек құйрығының ұшында бір шоқ ұзын жүн болады. Арыстан әдетте саваннаны мекендейді, бірақ кейде бұталы-ағашты аймаққа немесе орманға да өтуі мүмкін. Басқа мысық тектес аңдармен салыстырғанда арыстандар жеке-жеке емес ерекше топтарда – прайдтарда өмір сүреді. Прайд әдетте туыстас ұрғашылардан, бірнеше ірі аталықтар мен жас күшіктерден тұрады. Ұрғашылары бірігіп азық іздейді, көбіне ірі тұяқты аңдарға шабуыл жасайды. Арыстандар адамдарға әдейі шабуылдамайды, бірақ ондай жағдайлар да көп кездеседі. Арыстандар ерекше мықты жыртқыш, яғни азық тізбегі жоғары деңгейді алады. Табиғатта арыстан он-он төрт жыл арасында өмір сүреді, қолда өссе жиырма жылдан астам өмір сүру мүмкіндігі бар. Әдетте еркектерінің он жылдан астам уақыт өмір сүруі сирек кездеседі. Басқа арыстандармен арпалыстары өмір ұзақтықтарын қатты төмендетеді. Арыстандар популяция санының қайта қалпына келмейтіндей қысқаруынан қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп түрлерге жатады. Соңғы екі онжылдықта Африкадағы арыстан саны 30-50%-ға қысқарды. Арыстанның популяциясы әсіресе қорғалатын территориялардан тыс жерлерде қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп болып келеді. Санының азаюының себебі толық зерттелмеген, алайда ең ірі қауіптеріне мекен ету аймағының жоғалуы мен адамдар тарапынан браконьерлік жатады. Арыстандар сонау Рим империясының кезінен торда ұсталған,ал XVIII ғасыр соңынан бастап зообақтардағы негізгі аңдарға айналды. Бүкіл әлемнің зообақтары жоғалып бара жатқан азиаттық түрін барлау бағдарламасына қатысады. Арыстандар адам мәдениетінде басты рөлдердің бірін алады. Бұл аңдардың суреттері палеолиттен бері атақты, оған Ласко және Шове үңгірлеріндегі қабырға жазулары дәлел. Арыстан антикалық кезеңде және Орта ғасырда танымал болған, олар өз орындарын мүсін өнері, сурет өнері, ұлттық туларда, елтаңбаларда, әдебиетте және фильмдерден тапты. ## Этимологиясы Көптеген роман және латын тілдес елдерде арыстан атауы латын тілідегі “leo” немесе көне грек тіліндегі “λέων” сөзінен шыққан. Алғаш болып арыстан туралы ғылыми сипаттама швед ғалымы Карл Линнеяның “Systema naturae” атты жұмысында жариялады. Өз зерттеу жұмысында автор жыртқыш аңды «Felis Лео» ретінде қарастырды. Panthera тектес ғылыми атауы ежелгі грек тілінен “ πάνθηρ”, ал бұл сөздің түп тамыры шығыс тілінен, нақтырақ айтқанда көне үнді тіліндегі жолбарыс сөзінен, “ पुण्डरीकः” бастау адады. ## Систематикасы және Эволюциясы Арыстан жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқым (Felidae) қатарына кіретін төрт пантер (Panthera) тұқымының бірі. Бұл топқа арыстанмен қоса жолбарыс, теңбілшер (ягуар) және де барыс (леопард) жатады. Тарихи деректерге сүйенсек, арыстан бастапқыда, нақтырақ айтақанда 800 000 – 1 млн жыл бұрын, Африканы мекен еткен. Уақыт өте, Голарктиа аумағына толықтай тараған. Тарихшылар қазба жұмыстарының нәтежесінде Еуропада, Италия қаласы Изерния маңында Пантера лео фоссилис түріне жататын жыртқыш аң сүйектері табылған болатын. Ғалымдар бұл жыртқыш шамамен 700 000 жыл бұрын өмір сүрген деген тұжырымға тоқтады. Шамамен осыдан 300 000 бұрын Еуропаның барлық аумағында және Сібірде өте ірі үңгір арыстаны өмір сүрген. Чукотка мен Алясканың байланыстыратын жоғарғы Плейстоценде арқылы арыстандар Солтүстік және Оңтүстік Америка аумағына да тараған. Осылайша америкалық арыстан (Panthera Leo atrox) қалыптасты. Алайда шамамен 10 000 жыл бұрын арыстаның бұл түрі соңғы мұз басу кезінде жойылып кетті. ## Түрлері Бұрынғы дәстүрлі классификацияға байланысты арыстандарды 12 түрге бөліп қарастыруға болады. Олардың ішінде ең үлкені барбариялық арыстан болады. Дәстүрлі классификацияға байланысты жануарлардың негізгі ерекшеліктері: олардың дене бітімі мен жал бейнесінде деп саналады. Алайда бұл сипаттамаларға байланысты айтарлық айырмашылықтар ерекшеленбегендіктен және арыстанның әр түрінің мекен ету аймағына байланысты өзгермелілігін ескере отырып, соңғы уақытта кейбір ғалымдар, дәстүрлі классификацияның жарты бөлігін жарамсыз деп санайды. Сол себепті, қазіргі уақытта арыстандарды тек сегіз түрге бөліп қарастыру қалыптасқан. Ескере кететін мәселе, олардың ішінде Сары арыстан (Panthera leo melanochaita) есепке алынбаған. Африкада өмір сүретін арыстандардың митохронды өзгерісі өте төмен болуына байланысты, Сахараның оңтүстік аумағын мекен ететін арыстандар бір түр болып табылады. Ал Кенияның шығыс бөлігіндегі, Цаво аймағындағы арыстандары генетикалық ұқсастықтарға қарай, Кенияның батыс аумағындағы арыстандарға қарағанда, Трансвааля арыстандарына жақын болып келеді. ### Қазіргі заманғы Қазіргі уақытта (Голоценовая дәуірі) арыстанның 8 түрлі түрі қарастырылады: * Panthera Leo persica - азиялық, парсы немесе үнді арыстаны. Бұрын ол бүкіл Түркия, Оңтүстік-Батыс Азия, Пәкістан, Үндістан және Бангладеште таралған болатын. Олардың мекен аумағы ыңғайлығына, көп таралуы және арыстанның қымбат бағалылығы браконьерлер үшін оларды оңай нысанаға айналдырды. Осының салдарынан жыртқыштың бұл түрі тек Үндістан елінде, Гир орманында сақталған. Соңғы деректерге сүйенсек, қазігі уақытта арыстанның бұл түрінен шамамен 300 қалды. * Panthera Leo Leo – бербериялық арыстан. Шамадан тыс аң аулау салдарынан, жабайы табиғаттан жоғалған. Дегенмен кейбір араларында аман қалғандарда бар болуы әбден мүмкін. Олар арыстантардың ішіндегі ең үлкен түрілерінің бірі – ер арыстанның дене ұзындығы 3-3.3 м дейін жетеді, ал салмағы - 200 кг асады. Бербериялық арыстандар Мароккодан Египетке дейінгі аумақта таралған болатын. Соңғы жабайы бербериялық арыстан 1922 жылы Мороккода атып алынған. * Panthera Leo senegalensis - Сенегал немесе Батыс Африкалық арыстан. Батыс Африка аумағында, Сенегалдан Нигерия дейінгі аралықта тараған. * Panthera Leo azandica – Солтүстік Конго арыстаны. Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығыс бөлігінде мекен етеді. * Panthera Leo nubica - Шығыс Африкалық немесе масаи арыстаны. Мекен ету аймағы Шығыс Африканы, Эфиопия мен Кениядан Танзания және Мозамбикке дейінгі жерлерді қамтиды. * Panthera Leo bleyenberghi –Оңтүстік батыс Африкалық немесе Катангиялық арыстан. Оңтүстік-Батыс Африкада елдерінде: Намибия, Ботсвана, Ангола, Заир, Замбия және Зимбабведе кең таралған. * Panthera Leo krugeri - Оңтүстік-шығыс Африка немесе Трансвааль арыстаны. Таралу аймағы Оңтүстік Африка Республикасының Трансвааль аймағын қамтиды. Әсіресе Крюгер Ұлттық паркінде кең тараған. * Panthera Leo melanochaita – Кап арыстаны. 1860 жылдан бері арыстаннаң бұл түрі жабайы табиғатта жоғалған деп саналады. Митохондриальды ДНК зерттеу нәтижелері бойынша ғалымдар оны кейде бөлек түрге жатқызады. Кейбір ғалымдардың сенуінше Кап арыстаны оңтүстік Трансваль арыстанының бір бөлігі болуы мүмкін. ### Плейстоцендік * Panthera Leo atrox - американлық үңгір арыстаны. Арыстаның бұл түрі плейстоцен дәуірінде, Солтүстік Америкада Канададан Перуге дейінгі аумақта мекен еткен. Зертеу нәтижелеріне сүйенсек, 10000 жыл бұрын бұл арыстанның түрі жоғалған. Кейде америкалық және үңгір арыстандарын жеке-жеке бөліп қарайды. Бірақ соңғы филогенетикалық зерттеулер, бұл екеуінің де арыстандар санатына жататынын көрсетті. Олар арыстандар арасындағы ең үлкен түрлерінің бірі – дене ұзындығы1,6- 2,5 м, ал салмағы 250-300 кг дейін жететін болған. Әсіресе, оның ерекшелігі ретінде ірі көлемді басы, тығыз келген дене бітімі, қуатты аяғы және ұзын құйрығын айта аламыз. Жалының бар болғандығы жайында нақты дерек жоқ. * Panthera Leo fossilis - еуропалық үңгір арыстаны ретінде белгілі. 500,000 жыл бұрын өмір сүрген. Германия және Италияда табылған сүйектерге қарап, ғалымдар олардың дене бітімі америкалық арыстанға ұқсас болған деген тұжырымға тоқтаған. * Panthera Leo spelaea – еуропалық және еуразиялық үңгір арыстаны ретінде белгілі. Осыдан 3000-10 000 жыл бұрын Еуразияда аумағанда кеңінен тараған. Арыстанның бұл түрі тарихта палеолит кезеңінде піл сүйегінен салынған суретімен және саздан жасалған мүсінімен белгілі. Сақталған суреттер бізге үңгір арыстанының құлағы шығыңқы, шыбықты құйрығы және жолбарыстікіндей жолағы бар болғанын жеткізеді. Аталық арыстандардың мойын айналасында кіші көлемде жалы болған. ### Күмәнді түршелер * Panthera leo sinhaleyus — Шри-Ланка арыстаны. Шамамен 39 000 жыл бұрын арыстанның бұл түрі жойылып кеткен. Шри-Ланканың Курувита атты қаласында табылған екі тісімен ғана тарихта әйгілі. Осы дерекке негізделе отырып, 1939 жылы Поль Пиерис арыстанның бұл түрінің өмір сүргені жайлы жариялады. * Panthera leo europaea — еуропа арыстаны. Тарихшылардың мәлімдеуінше, азия және үңгір арыстанымен ұқсас болған. Алайда деректердің аздығына байланысты еуропа арыстаны күмәнді түршелер қатарына жатады. Шамамен 100 жыл бұрын адамдар тарапынан шектен тыс браконьерлікке байланысты толықтай құрып кеткен. Балкандарда (қазіргі Планина), Францияның оңтүстігінде және Пиреней аралындарында көп тараған. Гректер мен римдіктер арасында аң аулауда жиі кездесетін жануар болып есептелетін. * Panthera leo youngi, немесе Panthera youngi — қытай үңгір арыстаны. 350 000 жыл бұрын Қытайдың солтүстік-шығысында мекен еткен. Бұл түршенің заманауи түршелерге қатысы дәлелденбеген, бәлкім, ол өз басына бөлек түр болған деген пікір де қалыптасқан. * Panthera leo maculates – дақты арыстан немесе марози. Жергілікті тұрғындардың мәлімдемелеріне сүйенетін болсақ, бұл түршені Абердар жотасынан кездестіруге болады. Шығыс Африкалық арыстаннан айырмашылығы кішіректігі және дақты терісінде. Марозидің ізіне түсу үшін сол аймаққа экспедиция жөнелтілген. Алайда экспедиция құрамы белгісіз бір жыртқыштың ізін табады, бірақ ол жануарды не қолға түсіру, тым болмаса суретке түсіру де мүмкін болмады. ## Гибридтер Арыстан жолбарыспен жұптаса алады (амур және бенгал түршелерімен жиірек), бұл жағдайларда – Лигр және Тигролев гибридтері пайда болды. Арыстанды барыспен жұптастырғанда леопон пайда болады, ал арыстан мен теңбілшер (ягуар) гибриді ягулев деп аталады. Марози (дақты арыстан), кейбір ғалымдардың болжамынша – табиғи леопон болып табылады. Конголезиялық дақты арыстан, арыстан, теңбілшер және барысты жұптастырғандағы пайда болатын, үш түрше гибриді болып саналады. Бұрында гибрид хайуанаттар бағында жиі өсірілетін еді; ал қазір арыстан түрлері мен түршелерін сақтап қалу мақсатын ерекше бақылауға алынуына байланысты бұл әрекет қолданылмайды. Лигр – арыстан мен өлекшін (жолбарыстың ұрғашысы)арасындағы гибриді. Дене бітіміне жауап беретін ген тек әкеден өтетін болғандықтан, лигрлер үлкендігі жағынан әрқашан өз ата-аналарынан ірі болады. Оларда екі ата-анасынан да өтетін физикалық сипаттама сақталады (денесінің құм түстес бояуындағы дақтар мен жолақтар). Лигр аталықтары әрқашан ұрықсыз, ал аналықтары болса, көп жағдайда, төлдеуге қабілетті. Лигрдің тек жартысында ғана шынайы арыстан жалы өсіп шығады. Дене ұзындығы – 3-3,5 м, салмағы – 360-450 кг немесе одан көп. Тигролев – жолбарыс пен арыстанның қаншығының гибриді. Лигр аналығы бастапқы түр аталықтарынан төлдете алады, соның нәтижесінде екінші ұрпақ гибридтерін береді. Лигр аналығын арыстанмен жұптастырғанда лилигр пайда болады, ал жолбарыспен болса - талигр болады.Талигр жолбарыстың кейбір белгілері бар және өте үлкен жолбарысқа ұқсайды. ## Дене Бітімі және Сипаты Арыстан – барлық мысық тұқымдастар ішінде иығының биіктігімен ең үлкені болып саналады. Ал салмағы жағынан арыстан мен жолбарыстың түршелері салыстырмалы келеді. Арыстандардың аяқтары мықты, жақтары күшті, ал азу тістерінің ұзындығы 8 см, сондықтан да бұл жыртқыштар жеткілікті үлкен жануарларды өлтіре алады. Арыстанның бас қаңқасы жолбарыстікіне өте ұқсайды, әдеттегідей маңдай ауданы жалпақ және төмендеу. Мұрын тесіктері жолбарыстыкіне қарағанда кеңдеу. Осыған қарамастан, бұл екі түрдің бас қаңқа пішіндері өте ұқсас, айырмашылықтар тек төменгі жақтың құрылысында. Ал түстері болса енеке (сиыр тұқымдас күйіс қайыратын жануар) терісінің түсінен бастап, сарғыш, қызғылт немесе қою қоңыр түстері арасында ауыса береді. Арыстанның денесінің төменгі жағы жоғарғы жағына қарағанда ашықтау, ал құйрығының ұшы қара болып келеді. Арыстанның күшіктері туғанында денелерінде барыстікіне ұқсас қоңыр дақтары болады. Уақыт өте жыныстық жетілістерге байланысты бұл дақтар жоқ болады, бірақ кейбір ересектерде, әсіресе аналықтарда, олар қарын мен аяқтарында сақталуы мүмкін. Арыстандар – жыныстық деморфизмі (қаншырлары (львица) кішілеу және жалы жоқ) жақсы көрсетілген сирек кездесетін жыртқыштардың бірі және мысық тектестілер арасындағы жалғыз өкілі. Аналықтары жиірек аң аулаумен, топқа қорек табумен айналысады. Сондықтан да жалы, аң аулау барысында өзге жануарлардан тығылуға бөгет жасайтындықтан, оларда жал өспейді. Жал түсі ақтан қараға ауысады, ал уақыт өте келе қоюлана түседі. Ересек арыстандардың салмағы аталықтарда 150-250 кг, ал аналықтарда 120-182 кг болады. Ноуэлл мен Джексонның есептеулеріне қарағанда, аталықтардың орташа салмағы 181, ал аналықтардың орташа салмағы 126 кг. Тіпті Кения тауларында атылған арыстанның бірінің салмағы 272 кг дейін жеткені тіркелген [25]. Жалпы арыстандардың дене бітімі қоршаған орта мен таралу аймағына қарай өзгереді. Мысалы, Оңтүстік Африка арыстандары, жалпы алғанда, континенттің шығысындағы арыстандардан 5% ірі әрі ауыр болып келеді. Арыстандардың денесінің ұзындығы басын қосқанда аталықтарда 170-250 см, ал аналықтарда 140-175 см болады. Иық биіктігі аталықтарында 123 см шамасы және аналықтарында 107 см. Арыстанның құйрығының ұзындығына тоқталатын болсақ, аталығында 90 см-ден 105 см дейін жетеді, ал аналықта салыстырмалы түрде қысқа, 70-100 см аралығында. Дене ұзындығы жағынан ең ұзын арыстан 1973 жылдың қазан айында Анголаның оңтүстік бөлігінде атылған қара жалды аталық 3,3 м болып тіркелген. Тарихтағы ең ауыр арыстантардың бірі адам жегіштігімен де танымал. Ол Оңтүстік Африкадағы Шығыс Трансваалде 1936 жылы атылған болатын. Сол уақытта оның салмағы 313 кг тартатын [43]. Қолда өсірілетін арыстандар, заңды түрде, жабайы табиғатты мекендейтін жыртқыштардан салмағы жағынан әлде қайда ауыр болып келеді. 1970 жылы Ұлыбританияның Колчестер жануарлар бағында тіркелген Симба атты арыстанның салмағы 375 кг еді [44]. Ал тарихи кезеңдерде құрып кеткен арыстан түршелеріне келер болсақ, олардың салмағы мен бойы жайлы мағлұматтар жалпы алғанда жеткіліксіз және нақты деректер жоқ. Бірақ, солардың ішіндегі кейбіреуінің, мысалы барбариялық түрше, салмағы жағынын қазіргі ең ірі деген арыстандардан үлкен болуы ғажап емес. Атақты арыстан аңшысы Жюль Жерар 19 ғасыр ортасында былай деп жазған – Ересек аталық арыстанның дене салмағы 600 фунттан (~272 кг) кем емес. Егер бұл деректер рас болса, онда барбариялық арыстан салмағы жағынан орташа алғанда қазіргі таңдағы арыстан түршелерінен де, жолбарыс түршелерінен де ауыр деген тұжырымға келеміз. Одан қосса, Жюль Жерар аталықтардың ізінің үлкендігі жайлы – Саусақтарды ашып тұрғандағы алақанның ауданынан үлкен, өлтірілген арыстанның басын бір адамның көтеруі қиын және топтарының ең күшті деген мүшесіне өлтірілген арыстанның басы мен терісін кигізгенде әлгінің отырып қалғанын жазған. Бұл да осы түршенің үлкендігі жайлы және дене бітімі туралы жанама мағлұмат береді. Әрине, бұл мағлұматтарды дәлелденген деп айта алмаймыз және бұл мағлұматтардың түрше жайлы нақты шешім шығару үшін жеткіліксіз. Аталық арыстан болсын, аналық арыстан болсын, бір ерекше өзгешелігі болып ақ-ұлпа түйін – құйрығының ұшындағы "шашақ" саналады. Ол түйіннің ұзындығы – 5 см шамасында. Жаңа туғанда шашақ болмайды, уақыт өте ол тек арыстанның балаларының 5 айлылығынан бастап дами бастайды. Ал жеті айлық кезінде ол анық байқалады. Кейбір түршелердің шашағынының ішінде "өкшелік" болады. Ол құйрық омыртқасының ұшындағы бөлшектердің бір-біріне жабысқанынан құралады. ## Аң аулауы және қоректенуі Арыстандар – өз құрбанын үйлескен топ болып аулайтын мықты жыртқыш. Арыстан қысқа қашықтықта тез жүгіреді және сол себепті өзінің құрбанына қысқа арақашықтықтан шабуылдайды. Өз құрбанына жақындау үшін көптеген айла-тәсіл қолданады, мысалыға түнгі уақытта шабуылдайды. Арыстан құрбанына 30 метр арақашық қалғанға дейін білдірмей жақындап, топты жан-жағынан қоршайды. Құрбандар қоршауға түскен кезде ең жақын жануарға тап береді. Арыстандар бар күшін салып, өз құрбанына шапшаң секіріп ұстауға тырысады. Қолға түскен жануар көп жағдайда тұншығып жан тапсырады. Ұсақ жануарлар арыстанның табанының соққысынан лезде мерт болады. Африкада арыстанның басты олжасы ретінде гну, ала құлан, енеке саналса, Үндістанда нильгау, жабайы қабан және бұғының кей түрі сияқты ірі сүтқоректілер жатады. Арыстанның басқа жануарларға да шабуылдауы сирек кездесетін жағдай емес. Кейде арыстандар Томпсонның газелі немесе спрингбок сияқты ұсақ жануар, киіктерді азық етеді. Арыстандар топ болып шабуыл жасайтындықтан олар көптеген ірі сүтқоректіні аулай алады. Алайда көп жағдайда олар ересек керіктерге өзі жарақаттанып қалмауы үшін тиіспейді. Жалпы статистикаға жүгінетін болсақ, арыстандар салмағы 190 – 550 кг аралығындағы сүтқоректілерді азық қылады. Африкадағы арыстанның басты олжасы гну және ала құлан. Ересек пілдер, сусиыры, мүйізтұмсық және шапшаң антилопа арыстандарды аса қызықтырмайды. Соған қарамастан, керік және енеке кейбір жерлерде арыстандардың қорегі болады, мысалы, Крюгер Ұлттық саябағында. Маньяра саябағында енеке көп болғандықтан олар арыстандардың ас үлесінің 62% құрайды. Арыстандардың сусиырға шабуылы сирек кездесетін оқиға. Жыртқыштар ересек мүйізтұмсықтан алшақ жүреді. “Chobe” саябағында арыстандардың пілдерге шабуыл жасағаны тіркелген. Саябақ әкімшілігінің айтуы бойынша, аш арыстандар басында кішкентай пілге шабуыл жасаған, ал түнде пілдің көзі көрмейтіндіктен ересек пілдерге де шабуылдаған. Сондай-ақ арыстандар жергілікті мал шаруашылығына да шабуылдайды. Үндістанда бұл жағдай жиі кездеседі. Олар гепард, қабылан, қорқау және ауру жыртқыштарды да қорек етеді. Арыстан бір жегенде 30 кг ет жей алады, егер ұстаған олжасы таусылмаса келесі қоректенуге дейін бірнеше сағат демалады. Ересек арыстанның қаншығына шамамен тәулігіне 5 кг ет қажет, ал еркек арыстанға шамамен 7 кг. Арыстанның қаншығы ашық кеңістікте аң аулайтын болғандықтан, келісілген іс-әрекеттері неғұрлым табысты аң аулауға әкеледі. Бұл әсіресе ірі сүтқоректілерге шабуылда қолданылады. Сонымен қатар, олар топ болып өз олжасын басқа жыртқыштардан қорғайды. Арыстанның қаншығы аң аулауда басты рөл ойнайды. Ал аталық арыстан тек қана ірі жануарларға шабуыл жасайды. Жас арыстандар ересек арыстандардың шабуылын бақылайды. Бірақ, өздері бір жасқа толғанда шабуылдарға қосыла бастайды. Ал, екі жасқа келгенде өздері толықтай аң аулайды. ## Көбеюі және өмірлік циклі Төрт жастағы арыстан қаншығының көбісі ұрпақ жаңғырта алады. Басқа да мысық тұқымдастар сияқты арыстанның жыныстық мүшесінде қарсы бағытта бағытталған тікенектер орналасқан. Бұл тікенектер шағылысу кезінде қаншық арыстанда овуляция тудырады. Арыстанның қаншығы овуляция кезінде бірнеше еркек арыстандармен шағылыса алады. Арыстандар «mating bout» кезінде күніне 20-40 рет шағылыса алады. Арыстандар жабайы табиғат жағдайында өте жақсы көбейеді. Буаздылықтың орташа ұзақтығы 110 күнге дейін созылады. Содан кейін, қаншық арыстан төрт күшікке дейін туады және күшіктерін оңаша жерге тығып қояды. Ол күшіктерін тыққан жерге жақын аумақта ғана аң аулайды. Күшіктер соқыр және әлсіз болып туады. Олардың көздері туғаннан соң бір апта көлемінде ашылады. Жаңа туған күшіктің салмағы орта есеппен 1,2 – 2,1 кг болады. Олар үш аптадан кейін жүре бастайды. Сақтық үшін арыстанның қаншығы күшіктерін айына бірнеше рет басқа жерге тасып, орын ауыстырады. Әдетте, арыстанның қаншығы күшіктері 6 – 8 апта болған кезде ғана қайта топқа оралады. Арыстан күшіктеріне аштықтан өлуден басқа көптеген қауіп төнеді. Мысалы, қорқау, шибөрі, қабылан, бүркіт және жыландар арыстан күшіктеріне қауіпті болып есептеледі. Тіпті енекелер де арыстан күшіктерінің иісін сезіп, оларды қаншық арыстанның тыққан жерінен тауып алып, сүзіп өлтіруі мүмкін. Жалпы алғанда, осындай себептерге байланысты кем дегенде арыстан күшіктерінің 80% екі жасқа жетпей көз жұмады. Арыстан күшіктері топтың басқа мүшелерімен кездескенде қорқады. Алайда, уақыт өте келе олар бір-бірімен және ересек арыстандармен де ойнай бастайды. Арыстан қаншығы басқа қаншықтардың күшіктеріне қарағанда өз күшіктеріне өте шыдамды болады. Еркек арыстан күшіктерге түрлі көзқараста болуы мүмкін, олармен кейде ойнап, кейде маңына да жолатпайды. Арыстан қаншығында лактация 6-7 айға созылады. Еркек арыстанда жыныстық жетілу мерзімі 3 жыл, ал 4-5 жыл болған кезде топтағы басқа еркек арыстанды ығыстыра алады. Арыстандар 10-15 жасында әлсірейді. Бірақ, көбісі бұл жасқа дейін өмір сүрмейді. Еркек арыстандар басқа топты қайта басып ала алмайды. Көп жағдайларда, қаншық арыстан өз күшіктерін басқа арыстандардан қорғайды. Кеңінен таралған пікірге қарамастан, топтан қаншық арыстандар да қуылуы мүмкін. Топ тым үлкен болғанда, жас қаншық арыстандар өз аймағынан кетуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, билікті басқа арыстан алғанда жыныстық жағынан жетілмеген ұрғашы арыстан қуылады. Көшпелі арыстан үшін әрі қарай өмір сүру өте қиын. Кейде көшпелі арыстан қаншықтары бір-бірімен қызтекелік қарым-қатынаста болуы мүмкін. ## Табиғи жаулары, аурулар және паразиттер Өздерінің көлемі және күшінің арқасында ересек арыстандардың табиғи жаулары жоқ. Алайда, арыстандар басқа арыстандардың құрбаны болуы мүмкін және бұл жағдай өте көп кездеседі. Екі топ кездескеде арыстандар бір-біріне ауыр жарақат жасайды. Ауру, ересек арыстандар және олардың күшіктері басқа жыртқыштардың құрбаны болу мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, арыстандар аң аулау кезінде мерт болуы да мүмкін. Арыстандар паразиттерден көп зардап шегеді. Кенелер арыстанның тісі және табаны жетпейтін, құлақ, мойын, шап секілді терісі жұқа жерлерде орналасады. Арыстандар құрттардан зардап шегеді. Олардың басым бөлігі Taenia ленталы құрттары. Құртпен ауыру антилопа етімен қоректенгенде болады. 1962 жылы, Нгоронгоро кратерінде арыстандарды “Stomoxys calcitrans” атты шыбын шағып, олардың саны 70-тен 15-ке дейін азайғаны тіркелген. Осымен қатар арыстан ит обасы мен мысық вирусын жергілікті жануарлардан жұқтыруы мұмкін. 1994 жылы Серенгетидегі ауру өршуінен арыстандарда тырыспа сияқты неврологиялық симптом кездесті. Өршу кезінде энцефалит және пневмониядан бірнеше арыстан қырылды. АҚТҚ-ға ұқсас мысық имуннотапшылық вирусынан Азия мен Намибия арыстандары зардап шегеді. ## Арыстан әдебиет және кино саласында Арыстан бейнесін кинематографияда кездестіруге болады. Ақырып тұрған арыстан американдық кино түсіру және кино өнімдерін жалға берумен айналысатын «Metro Goldwyn Mayer» серіктестігінің ресми логотипі. Логотипте арыстан бейнесін қолдануды суретші Ховард Дитц ұсынған. Эмблемада бейнеленген арыстан Колумбия университетінің спорт коммандасының бойтұмарынан алынған. Осы уақытқа дейін «Metro Goldwyn Mayer» серіктестігінің логотипі үшін бес арыстан суретке түсірілген. Сондай-ақ, арыстан бейнесі Венециялық кинофестивальдің басты сыйы ретінде Алтын және Күміс арыстан мүсініне берілген.Арыстан – балалардың анимациялық қойылымдарының танымал бейнесі. Олардың бірі Дисней студиясының «Король Лев» атты мультипликациялық фильмі және одан кейін артына жылдар салып шыққан екінші және үшінші бөлімдері. Антропоморфты арыстан жапон-американдық «Вокруг света с Вилли Фогом» және 1983 жылы Жюль Верн романы негізінде түсірілген «Вокруг света за 80 дней» мультсериалында басты кейіпкер болып табылады. Бұған қоса антроморфты арыстан 1973 жылғы Дисней студиясының «Робин Гуд» атты анимациялық фильмінде Джон ханзада кейіпінде суреттелген. Бонифация атты цирк арыстаны және оның Африкаға демалысы туралы «Каникулы Бонифация» атты кеңестік мультипликациялық фильмінде баяндалған. (1965 жыл, режиссёр Фёдор Хитрук). Осы мультиплекациялық фильм Чехия жазушысы Милош Мацоурек ертегісі негізінде тусірілген. Алекс атты арыстан «DreamWorks Pictures» студиясының «Мадагаскар», «Мадагаскар 2» және «Мадагаскар 3» мультипликациялық фильмдерінде басты рольде болып табылады. Арыстан және оның күшігі «Большое путешествие» атты мультиплекациялық фильмнің басты кейіпкерлері. Және де арыстанның күшігі «Как Львёнок и Черепаха пели песню» анимациялық фильмінің басты кейіпкері болып табылады. 1996 жылы Стивен Хопкинспен түсірілген «Призрак и Тьма» (ағл. The Ghost and the Darkness) атты тарихи-шытырман оқиғалы фильмінде 1898 жылы Цаво өзені маңындағы темір жол құрылысына кедергі келтірген адам жегіш арыстандар туралы шынайы оқиға суреттелген. Бұл фильмді түсіру барысында темір жол құрылысы басында болған және осы оқиғаларды көрген Джон Генри Паттерсон қолбасшының кітабынан алынған жәйіттер бейнеленеді. Джой Адамсон — табиғаттанушы, жазушы, жануарлар әлемін қорғаушы арыстандар туралы өзінің «Рождённая свободной», «Живущая свободной», «Свободная навсегда» атты кітаптарымен белгілі. Бұл кітаптар 1966 – 1972 жылдар аралығында жарық көрген. Арыстан туралы жазушылар да қарап қалған емес. Ойдан шығарылған Аслан атты арыстан «Нарния күнтізбесі» кітабы және осы кітап негізінде түсірілген фильмнің басты кейіпкері болып табылады. Мұнда, арыстан Нарния әлемінің жасаушысы, апат кезінде көмектесетін Ұлы арыстан ретінде суреттелген.Сондай-ақ, арыстан Конан және Аквилон патшасының символы болып табылады. Бұрын Конан қарақшы болған кезінде, оны Амра деп атаған. Бұл Р.И.Ховардтың аудармасы бойынша «арыстан» дегенді білдіреді екен. Батыл арыстан Сиқыр елі және Зүбаржат қаласы атты ертегінің басты кейіпкерлерінің бірі болып табылады (авторы Александр Волков, құрылтайшысы Лаймен Фрэнк Баум). Джой Адамсон — табиғаттанушы, жазушы, жануарлар әлемін қорғаушы, арыстан туралы өзінің «Рождённая свободной», «Живущая свободной», «Свободная навсегда» атты кітаптарымен белгілі. Бұл кітаптар 1966 – 1972 жылдар аралығында жарық көрген. ## Қазіргі заманғы мәдениетте Арыстандар - спорт түрлерінің танымал бойтұмарлары болып табылады. Арыстан 1966 және 2006 жылдары футболдан Әлем Чемпионатының бойтұмары ретінде бейнеленді. Арыстан - көптеген ұйымдар мен заң фирмаларының эмблемаларының танымал бейнесі. Геральдикалық арыстан Француз автокөлік компаниясы «Peugeot» және Австралиялық «Holden» автокөліктерінің эмблемасы болып табылады. Арыстан мен Күн бейнесі Иранның ресми эмблемасы болып саналады. Бұл бейне 1846 – 1979 жылдары Иранның ұлттық туында бейнеленді. Алдыңғы табанында семсерді көтеріп ұстаған арыстан Шри-Ланканың туында және елтаңбасында орын тапқан. Неміс автокөлік компаниясы «MAN» логотипінде де арыстан бейнеленген. ## Дереккөздер
Серік Керімбекұлы Қонақбаев (25 қазан 1959 жыл, Павлодар) – боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті ## Биографиясы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген. ## Спорт карьерасы Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993). ## Отбасы ## Мәскеу олимпиадасында (1980) ## Марапаттар ## Дереккөздер
Шеңгелді — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Шеңгелді ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Қонаев қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км-дей жерде, Қапшағай су қоймасының солтүстігінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер