text
stringlengths
3
252k
Ақжар — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Бауырсақ — қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарқанында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз (қыр. боорсок), татар (тат. бавырсак), өзбек (өзб. boʻgʻirsoq, бўғирсоқ), башқұрт (башқ. бауырһаҡ), моңғол (моңғ. боорцог) мен ноғайларда да кездеседі. Дәмді бауырсақ үшін керек заттар: сұйық май, 1 жұмыртқа, қаймақ, ұн, құрғақ ашытқы, жылы су, қант және тұз. Қаймақты ашыған айран немесе майонезбен алмастыруға болады. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. ## Тағы қараңыз * Бауырсақ күні
Үлкен Алматы бөгеті - Үлкен Алматы өзен аңғарында тұрғызылған. Алматы қаласына қауіп туғызатын сел тасқынын бөгейді. Бөгеттің жобасын С.Я. Жук атындағы Гидропроект институтының Қазақ филиалы 1974-75 жылдары жасады. Құрылысы 1976-79 жылдары жүргізілді. 1980 жылы пайдалануға берілді. Бөгеттің биіктігі 40 м, ұзындығы 422 м, оның ішінде бітеу бөлігі 282 м, сел ағызатын бөлігі 140 м. Бөгеттің бітеу бөлігі дөңбектас малтатастан үйілген бөгеттен және оның ернеуінде тұрғызылған темір бетондық тіреуші үстемеден тұрады. Сел тасқынынның артық көлемін бөгет арқылы өткізіп жіберу үшін түрлі ағызушы қондырғылар жүйесі жасалған. Сел бөгенінің сиымдылығы 8,2 млн м³. Толған кезінде бөген бірте бірте тазартылып отырады. Бөгет қайта биіктетілген. ## Дереккөздер
Үлкен Алматы бөгеті - Үлкен Алматы өзен аңғарында тұрғызылған. Алматы қаласына қауіп туғызатын сел тасқынын бөгейді. Бөгеттің жобасын С.Я. Жук атындағы Гидропроект институтының Қазақ филиалы 1974-75 жылдары жасады. Құрылысы 1976-79 жылдары жүргізілді. 1980 жылы пайдалануға берілді. Бөгеттің биіктігі 40 м, ұзындығы 422 м, оның ішінде бітеу бөлігі 282 м, сел ағызатын бөлігі 140 м. Бөгеттің бітеу бөлігі дөңбектас малтатастан үйілген бөгеттен және оның ернеуінде тұрғызылған темір бетондық тіреуші үстемеден тұрады. Сел тасқынынның артық көлемін бөгет арқылы өткізіп жіберу үшін түрлі ағызушы қондырғылар жүйесі жасалған. Сел бөгенінің сиымдылығы 8,2 млн м³. Толған кезінде бөген бірте бірте тазартылып отырады. Бөгет қайта биіктетілген. ## Дереккөздер
Арқалық — Қостанай облысының оңтүстігіндегі қала, бұрынғы Торғай облысының орталығы. Қаланың негізі 1956 жылы қаланып, қала статусына 1965 жылы ие болды. Гугл Карталар мәліметтеріне сәйкес, Арқалық қаласынан облыс орталығы Қостанай қаласына дейінгі қашықтық — 463 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық — 554 км. Арқалық қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес 2019 жылы 1-ші қазан күні тұрғындар саны 40690 адамды, оның ішінде: қалалықтар - 27360, ауылдықтар - 13330 құраған. Қала облыс орталығымен теміржол арқылы байланысқан (Державинск-Арқалық темір жолының Есіл бұтағының ақырғы станциясы). Қостанай қаласынан Арқалық қаласына апаратын автожол асфальтталған, бірақ қазіргі кезде жолдың күйі мәз емес, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жезқазған бағытындағы автожолмен жеңіл көлікпен өту қиын, тас төселінбеген, жауын-шашынды ауа-райында жүк таситын көлікпен жүрудің өзі қиын. ## Тарихы Арқалық 1956 жылы геологтер мен құрылысшылар кенті болып негізі қаланды. Қаланың салынуы соғыстан кейінгі жылдары мұнда боксит кенінің (алюминий өндірісіне арналған шикізат) ашылуына байланысты. 1956 жылы 17 мамырда қабылданған КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің бірлескен қаулысында: «Амангелді боксит кен орнының негізінде Торғай боксит кеніштері салынып, пайдалануға берілсін» деген бөлек жол жазылған. 1960 жылдары Арқалық Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы болып жарияланып, мұнда КСРО-ның түкпір-түкпірінен жастар ағылып келе бастады. 1965 жылы Арқалық қала мәртебесін алып, 1970 жылы Торғай облысының орталығы атанды. Қала 1980 жылы өзінің гүлдеуіне жетті: мұнда ет комбинаты, құс фабрикасы, сүт зауыты, элеватор, керамика фабрикасы, тігін фабрикасы, радиобөлшектер зауыты жұмыс істеді, авиамотор зауытының құрылысы басталды, Торғай боксит кен басқармасы (ТБРУ) КСРО-дағы боксит кенінің 20%-ын өндірді. Алайда өнеркәсіптік өндірістің жетістіктеріне қарамастан, Торғай облысының экономикасы Қазақстанның басқа өңірлерінен даму жағынан қалыс қалды, өйткені 90%-ы аграрлық бағытта болды. Облыс республикалық бюджеттен үнемі дотациялар талап етті, сондықтан 1988 жылы маусымда жойылып, аумағы Қостанай және Ақмола облыстарының арасында бөлінді. Облыс орталығы болудан қалған қаладан инфрақұрылымның бір бөлігі (мысалға, облыстық радиостанция) көшіріліп, бірқатар келешегі бар өнеркәсіптік объектілер тоқтап қалды. 1989 жылы Арқалықтың белсенді тұрғындарымен Торғай облысы қалпына келтіру бойынша оргкомитет құрылып, республика басшылығына үндеуінің арқасында Торғай облысы 1990 жылдың тамызында екінші рет құрылып, Арқалық қайтадан облыс орталығы болды. ## Халқы Тұрғыны: * 40 690 адам (2019); * 40 813 адам (2010); * 46 084 адам (1999). * 62 367 адам (1989); * 15 108 адам (1970); ## Әкімшілік құрамы Қала әкімшілігіне 4 ауылдық округ пен 9 ауыл қарайды: * Аңғар ауылы * Ашутасты ауылдық округі * Әбдіғаппар хан ауылы * Восточный ауылы * Екідің ауылы * Жалғызтал ауылы * Көктау ауылы * Қайыңды ауылдық округі * Молодёжный ауылдық округі * Родина ауылдық округі * Үштөбе ауылы * Фурманов ауылы * Целинный ауылы ## Географиялық орналасқан жері Арқалық қаласы 1956 жылы құрылған, Қостанай облысының оңтүстік жағында орналасқан. Қала Қостанай облысының Амангелді ауданымен, Ақмола облысының Жарқайың ауданымен, Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі. Жер бедері. Қала аумағы негізінен Қазақ жазық бедерімен сипатталады. Жергілікті жер шығысында Терісаққкан, батысында Ашутасты өзенінің арасындағы жазықта, Торғай үстірті манында орналасқан. Қаланың шығыс бөлігінде (403м) ең биік, Ақжар өзенінің жазығы бойынша негізгі абсолюттік (305м) төменгі белгілері байқалады. Ауданың абсолюттік белгісі 330-380м болып табылады. Топырағы. Арқалық қаласы құрғақ дала аймағында орналасқан. Қаланың солтүстік (көп) бөлігі сарғылт шағын аймағына жатады, аймақтың оңтүстігі –теңбілденген сортаң ашық сарғылт топырақтан тұрады. Қаланың жалпы жерінің аумағы 1558,7 мың га құрайды. Ауылшаруашылығы жер-суының аумағы 1516,9 мың га, оның ішінде 355,1 мың га, немесе 23,4% - егістік, 1148,8 мың га (75,7%) – жайылым жерін алып жатыр. Арқалық қаласының жері өзінің табиғи ерекшелігіне қарай негізінде ауылшарушылық жерінен (97%) тұрады, орман ауданы мен көгалдандыру алаңдары қаланың жер қоры құрылымында небары 0,36%, су асты және саз батпақ 0,53%, әр түрлі қажеттіліктерге 2,11% құрайды. Өсімдігі. Қаланың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді. ## Табиғи ауа-райы жағдайы Ауа райы жазы ыстық және қысы суық, күрт континентальді (күрт өзгермелі). Орташа ауа температурасы қаңтарда -17 С градус, шілдеде +21...+24 С градус. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 270 мм, Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы - 170-180 тәулік. Тұрақты қар жабынының ұзақтығы - 139 күн. ## Аймақта экономиканың мамандануы Қаланың негізгі ресурстарында өнеркәсіптік саланың рөлі басым. Қалада тау-кен қазушы, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасап жатыр, тау-кен өңдеу өнеркәсіптері және электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату жөніндегі кәсіпорындар қызмет етеді. Қазіргі заманғы көп салалы өнеркәсіп заманауи ірі, орта, шағын кәсіпорындардан тұрады.Шағын Арқалық қаласының өзіндік ерекшелігі негізгі саның бар болуы, қала құрылысының және өмір салтының артықтылығы болып табылады. Жетекші қала құрушы ірі кәсіпорын – «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалы Торғай боксит кеніш басқармасы кәсіпорны. 2011 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша кәсіпорын жұмысшыларының саны 1073 адамды құрады. Кәсіпорын бокситтерді және отқа төзімді сазбалшықтарды өндірумен айналысады. Павлодар алюминий зауытына - бокситтер, Ресейге - отқа төзімді сазбалшықтар шикізаттары жеткізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы – қаланың материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады. Ауылшаруашылық тауарларын өндірумен 30 ЖШС, 316 шаруа қожалығы, және 3 мемлекеттік заңды тұлғалар (АҚ, РМК, МҚК және т.с.с) айналысып, 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша жалпы - 9851,9 млн тг, оның ішінде: 4,712,8 млн тг - өсімдік шаруашылығы өнімдерін, 5136,5 млн тг - мал шаруашылығы өнімдерін өндіріп, 2,6 млн тг құызмет көрсету арқылы табыс түсірген. 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша қалалық аумақтағы сиырлар - 8771, жылқылар - 7477, түйелер - 23, қойлар - 22983, ешкілер - 8581, шошқалар - 5642, құстар - 719156 бас.Арқалық қаласы бойынша 2019 жылғы 01 қазанындағы реси мәліметтерге сәйкес орташа еңбекақы мөлшері 2018 жылға қарағанда (95554 теңге) 14,5% өсіп, 109406 теңгені құрады. ## Қаладағы оқу орындары Арқалық қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарында қалада жалпы білім беретін 26 мектеп жұмыс жасаған. Оның ішінде 16 – орта, 8 – негізгі, 2 –бастауыш мектептер. 12 мектепте білім мемлекеттік тілде, 13 мектепте – қазақ және орыс тілдерінде, ал 1 мектепте – орыс тілінде беріледі. 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес қала мен оған қарасты ауылдық аймақтарда орта білім алушылар саны - 6700 оқушыны құраған . * Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты * Торғай гуманитарлық колледжі * Торғай агро-техникалық колледжі * Арқалық медицина колледжі * "Қазтұтынуодағы" Арқалық экономика және құқық колледжі * Ы.Алтынсарин атындағы гимназия * №1 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп * №2 орта мектеп * №3 Б.Майлин атындағы орта мектеп * №4 Кейкі батыр атындағы орта мектеп * №5 М.Әуезов атындағы орта мектеп * №6 А.Құнанбайұлы атындағы орта мектеп * №8 орта мектеп * №10 орта мектеп 2000 жылға дейін №7,9,11 орта мектептер жабылған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Арқалық қаласының ресми сайты Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2011 жылы. * Арқалық қаласының фотоальбомы Мұрағатталған 8 наурыздың 2008 жылы.
Ұзынкөл совхозы - Қостанай қаласындағы, Ленин ауданында 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған. Орталық мекені - Ленинское поселкесі. Негізгі өндірісі - астық өндіру, қосымша сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдалайтын жерінің ауданы 39 610 га, оның 24 838 га-сы жыртылған. Шаруашылықта 134 трактор, 120 астық комбинаты, 54 жүк автомобилі т.б техника, 6638 ірі қара, оның ішінде 2000-ы сауын сиыр, 254 жылқы бар. 11 бесжылдықта орта есеппен жылына 24,2 мың т астық,3305 т сүт,763 т ет өндіріп, мемлекетке 16,4 мың т астық, 2968 т сүт, 735 т ет өткізді. Егілген 18,7 мың га дәнді дақылдардың әр гасының 13 ц түсім алды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім мөлшері: 4,5 млн сом, таза табысы 9,9 млн сом болды. Совхозда үш мектеп, төрт балалар бақшасы, төрт клуб, бес асхана, т.б мәдени тұрмыстық қызмет көрсету органдары бар. 107 адамы КСРО ордендерімен және медальдарымен, ал олардың сегізі Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Геннадий Головкин – Давид Лемье – орта салмақтағы ppv чемпионаты кезінде өткізілген шайқас, осы күресте WBA super, IBO, WBC interim және IBF сияқты титулдар үшін күрес жүргізілген. Дода 2015 жылдың қазан айының он жетісі күні Мэдисон Сквер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ өтті және халқымыздың спортшысы Генадий Головкиннің сегізінші раундтағы техникалық нокауты арқасындағы жеңісімен аяқталды.Осы шайқаста американдық Стив Вилис рефери болды және Гленн Фелдман, Джули Ледерман, Стив Вишфелд төрелік етті. Үш төрешінің де берген есебі күрес аяғында 70:62 болды. Трансляция HBO PPV болды.Жарыс өткеннен кейінгі интервьюде Геннадий әлемнің басқа да ең керемет, күшті боксшыларымен шайқасуға дайын екенін айтты. Сол кештің өзінде Головкиннің IBF титулына жаңа талапкер анықталды. Ол багамдық боксшы Туреано Джонсон болып шықты.
Алтай қасқыржидегі (лат. Daphne altaica) – көкендер тұқымдасы, Сирек кездесетін, дәрілік эндемиктік, қалдық түрі. қасқыржидек туысына жататын бұта. Алтай, Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай, Сарыарқа өңірлерінің тау бөктерлерінде, жапырақты ормандарында, бұталар арасында өседі. Биікт. 40 – 80 см, жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді, ұзындығы 2 – 6 см болады. Ақ жұпар иісті. 3 – 7 гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында орналасқан. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қара түсті сүйекше. А. қ-не өзінің өсетін табиғи ортада жиі болатын өрт үлкен зиян келтіреді. А. қ. – сәндік өсімдік әрі өте сирек кездесетін реликті түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. негізгі кауіп төндіруші - өрттер мен малды шектен тыс бағу. Азутау жотасының оңтүстік баурайында (Мрамор тауы) ботаника қорықшысын ұйымдастыру қажет ## Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы" * Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
Усасыр(лат. Dryopteris filix-mas) - папортник тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Талдықорған, Алматы облыстарына тараған. Қылқан жапырақты және аралас ормандарда, тауда, жартас арасында, тастақты жерлерде кездеседі. Спорасы тамызда және қыркүйекте пайда болады. Биіктігі 30-150 см. Көген тамыры жуан, құрамында антгельминтик ретінде пайдаланылатын алкалиод-фильмарин бар. Жапырағы ірі, сопақтау болып келген, қауырсын тәрізденіп екі рет тілімденген. Дәрілік, улы, әсемдік өсімдік. ## Дереккөздер
Бейнелi жады - елестерге, табиғат көрiнiстерiне, сонымен бiрге дыбыстар, дəмге негiзделген жад iздерi. Ол көру, есiту, сипай сезу, иiстiк жəне дəмдiк болып бөлiнедi. Егер көру, есiту естерi əрбiр жете дамыған адамның өмiрлiк бағытбағдарында қалыптасатын болса, онда сезiмдiк, иiстiк пен дəмдiк естер адамның кəсiптiк қасиеттерiне жатады. Сəйкес түйсiктер сияқты мұндай ес түрлерi iсəрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемiстiгi болған жады түрлерiнiң орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерiлуi мүмкiн, мысалы, соқырдың денесiмен сезiнуi, естiгiштiгi, ал кереңнiң көргiштiгi, иiскей, жанаса сезгiштiгi ж.т.б. ## Дереккөздер
Қарасан (лат. Gangrena emphysematosa, орыс. эмфизематозный карбункул) — жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жануарлардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei. ## Тарихи деректер Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 жылы Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысының 1887 жылы С.Арлуэн мен Ж.Томас ашты. 1925 жылы Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды. ## Қоздырушысы Қоздырушысы - лат. Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлеске мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады. ## Індеттік ерекшеліктері Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұланмен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммунитеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен коңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал. Инфекция қоздыруысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге бойлауына ауыздың кілегейі қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жұғады. ## Дерттенуі Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады. ## Патологиялық-анатомиялық өзгерістер Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады. ## Емі Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБ/кг дозада етке 0,5% новокаин ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мг/кг мөлшеріне бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы ағзада 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі. ## Дауалау және күресу жолдары Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді. ## Дереккөздер
Әділеттің ақ жолы — Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы шығарған кітабы. Кітапта автордың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері де, соңғы 20-30 жыл ішінде елімізде, соның ішінде әсіресе Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы оның жеке өзінің пікірлері де, белгілі саяси және қоғам қайраткерлеріне берген бағалары да бар. Мұның бәрі де туған республикамыздың өміріне, ондағы нақты жағдайлар мен проблемаларға, оларды шешуде кездескен қиындықтарға, қателіктерге, оларды жою жолындағы принципті күреске тікелей байланысты тартымды баяндалуы кітаптың әрбір қазақстандық үшін құндылығын арттыра түседі. ## Дереккөздер
Қадырғалиев Есенаман (1937 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында дүниеге келген, 2014 жылы сонда қайтыс болған). 1952 жылы Интернационал 7- жылдық мектебін бітіреді.1952 жылдың күзінде Орал механизаторлар курсын (6 ай) бітіріп шығады.Сол жылы Профсоюз қатарына кіреді.1953 жылдың жазында өз ауылына келіп трактор рульіне отырып, 1955 жылға дейін тракторшы болып қызымет атқарады. 1958 жылы «Участнику уборки урожая на целине» медалымен наградталған.1956-57 жылдар арасында көмекші бригадир болып жұмыс жасады.1955 жылы Ленин комсомолы қатарына кіреді.1957 жылдан бастап 1981 жылдың қазан айына дейін трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс жасады.1981 жылдың қазан айынан бастап Қоскөл совхозы №3 фермасында ферма меңгерушісі болып 2 жыл жұмыс атқарады.Содан кейін қайтадан өз жұмысына оралды.1965 жылдың желтоқсан айында партия қатарына кіреді.Аудандық ХХVІІІ – ХХІХ – ХХХ – шы партия конференциясының және облысытық ХХІІІ – ХХІV партия конференциясының делегаты болып сайланады.Аудандық ХХІХ – партия конференциясында Қазақстан Коммунистік партиясы Қаратөбе аудандық комитетінің мүшесі болып бекітіледі.2-3 рет Қоскөл селолық советінің депутаты болып сайланады.1970 жылдың 24-ші наурызында “Лениннің туғанына 100 жыл толу қарсаңында Еңбекте үздік шыққаны үшін” мерекелік медалымен наградталады.1971 жылы 18 мамырда “Құрмет белгісі” орденімен, 1979 жылы ”Социалистік жарыстың жеңімпазы” белгісімен наградталды. Бірнеше рет облыстық, аудандық, совхоз пртия ұйымдарының құрмет грамоталарымен мараппатталады.1980 жылы Москваға Бүкіл Одақтық ауыл шаруашылық көрмесіне барды. 1982 жылы «СССР- ге 60 жыл» медалымен,1990 жылы «Ударник двенадцатой пятилетки» медалымен марапатталған.1989 жылдың міндеттемедегі 53000 центнер табиғи шөп дайындаудың орнына 86 000 центнер шөп дайындап, оның 90%- ін І класқа жеткізгені үшін сол жылы көптеген марапаттауларға ие болған.1991 жылы 23-ші сәуірде ”Ленин орденімен” наградталады.1993жылы “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы” және 1995 жылы ”Қазақстанның азаматы” деген құрметті атақтар алады. 1992 жылы еңбек демалысына шықты.1997 жылы қаңтар айынан бастап Ханкөл ауылы Жусандыой шаруашылығынан бөлініп өз алдына ”Ханкөл өндірістік Кооперативі” болып ұйымдасқаннан кейін халықтың қалауы бойынша бригадир болып сайланды.Жетістіктері:1991 жылы міндеттемедегі 50 центнер табиғи шөптің орнына 60 000 центнер табиғи шөп дайындағаны үшін 1991 жылы 24 маусымнан 8- ші шілдеге дейінгі екі апталық тапсырманы 115%- ке орындаған1989 жылы 17 шілде мен 31 шілде аралығында аудандағы фермалар арасында жеңімпаз атанған1987 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы[[Сурет:|jpeg|fff|200px|]]
Шаймерденов Саян Сафуанұлы (27.11.1953, Алматы — 15.2.2002, сонда) — хоккейші, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1981), Қазақстан Республикасына еңбек сіңіршен жаттықтырушы (1987). Азия хоккей федерациясы кеңесінің мүшесі (1999). Бапкерлері — В.А. Алешин, Э.Ф. Айрих. Алматының “Динамо” және КСРО құрама командасы сапында өнер көрсеткен. Бұрынғы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1975). КСРО-ның жастар арасындағы (1971) және ересектер арасында 9 дүркін чемпионы (1972 — 73, 1975 — 79, 1981 — 82), екі рет күміс жүлдегері (1974 — 80). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1979). Еуропа чемпиондары кубогының (1982, Париж, Франция) және КСРО кубогының иегері (1982). “Динамоның” алты жыл (1976 — 82), КСРО құрамасының бес жыл (1977 — 82) капитаны болған. 1982 жылдың соңында бапкерлік жұмысқа ауысты. Көгалдағы хоккейден қыздар құрама командасының бас бапкері және респупликалық көгалдағы хоккей федерациясының президенті болды. Шаймерденовке Алматы қаласында көше аты берілген. ## Сілтемелер * Хоккей * Хоккей Федерациясы * Спорт ## Дереккөздер
Урожайный совхозы - Қарағанды облысы, Нұра ауданында 1961 жылы құрылаған. Орта мекені - Майоровка поселкесі. Негізгі өндірісі астық өндіру болып табылады, ал оған қосымша сүт алу бағытындағы ірі қара шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің жалпы ауданы 36020 га, оның 17862 га-сы жыртылған. Шаруашылықта 100 трактор, 71 астық комбайны, т.б техника, 3110 ірі қара, оның ішінде 934-і сауын сиыр, 136 жылқы, 1925 шошқа бар. 11-ш3 бесжылдыққа орта есеппен жылына 15,4 мың т астық, 2178 т сүт, 474 т ет өндіріліп, мемлекетке 8,2 мың т астық, 1980 т сүт, 349 т ет өндіріп, өткізді. Әр сауын сиырдан 1975 кг cүт сауылды. Ауыл шаруашылығың жылдық өнім мөлшері - 2,6 млн соманы құрайды. Совхозда орта мектеп, балалар бақшасы, клуб, асхан және т.б мәдени тұрмыстық қызмет көрсету органдары жұмыс істеген. 76 адамы КСРО орденімен және медальдарымен, оның ішінде үшеуі Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Үшкіржеміс жидесі (лат. Elaeagnus oxycarpa) – Жиде тұқымдасына жататын ағаштың бір түрі. Бұта түрлері де бар. Шығыс Қазақстанда жиде орманды жерлерден басқа барлық жерлерде өседі. Үшкіржеміс жидесі – жапырақ тастайтын ағаш, ұзындығы 3-15 м жетеді, қызғылт-қоңыр қабықты және бұталары тікенді тырбия жайылған. Күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтарының ұзындығы 4,5 см, ені 1,5 см болады. Гүлі қос жынысты, ұсақ, хошиісті, жапырақ бауырына 1-3 жерден орналасады. Жемісі сүйекті жұмыртқатәріздес, шамамен ұзындығы 1 см, сарғыш не қызғылт, ұн тәріздес ұнтақты. Тау бауырында, тегіс далада, құмды далада, көл мен өзендердің арасындағы тоғайда өседі. Жиде әсемдік өсімдіктер қатарына жатады. Жида мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі. Жиденің жемісі өте шірнелі. Үшкіржеміс жиде тұқымынан, тамыр өскінінен немесе тамыртүбінен көбейеді. Жемісі – жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Ресурстық пайдасы: топырақты бекітуге, құм көшкінін тоқтатуға, ағаш алуға, тамаққа, дәрілікке пайдалануға және шырынын алуға болады. ## Синонимдар * Elaeagnus angustifolia var. caspica Sosn. * Elaeagnus angustifolia var. iliensis Musch. * Elaeagnus angustifolia var. orientalis (L.) Kuntze * Elaeagnus angustifolia subsp. orientalis (L.) Soják * Elaeagnus angustifolia var. spinosa Kuntze * Elaeagnus argentea Moench nom. illeg. * Elaeagnus caspica (Sosn.) Grossh. * Elaeagnus dactyliformis Schltdl. * Elaeagnus erivanensis Fisch. ex Schltdl. * Elaeagnus hortensis M.Bieb. * Elaeagnus igda (Servett.) Tzvelev * Elaeagnus iliensis (Musch.) Musch. * Elaeagnus incana Lam. * Elaeagnus inermis Mill. * Elaeagnus litoralis (Servett.) Kozlowsk. * Elaeagnus longipes var. hortensis (M. Bieb.) Maxim. * Elaeagnus moorcroftii Wall. ex Schltdl. * Elaeagnus orientalis L. * Elaeagnus oxycarpa Schltdl. * Elaeagnus songarica var. kozlovskajae Tzvelev * Elaeagnus songorica (Bernh. ex Schltdl.) Schltdl. * Elaeagnus spinosa L. * Elaeagnus tifliensis Vis. * Elaeagnus tomentosa Moench nom. illeg. * Elaeagnus turcomanica Kozlowsk. ## Дереккөздер
Сарыкөл ауданы — Қостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр. ## Географиялық орны Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі. ## Халқы Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%. ## Әкімшілік бөлінісі 23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген: ## Шаруашылығы Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады. ## Әлеуметтік құрылымдары Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. ## Дереккөздер
Тұзбұршақ (лат. Petrosimonia) - Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда оның барлық өңірінде тараған он түрі кездеседі. Сор және сортаң топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 5-50 см. Сабағы түзу, түбінен бастап тырбия бұтақталған, тықыр, кейде түкті болып келген. Жапырағы таспа пішіндес, кезектесіп немесе қарама қарсы орналасқан. Гүлі қос жынысты, жапырақ қолтығына орналасқан, гүлшоғыры масақ, жемісі дәнек. Сібір тұзбұршағы (лат. Petrosimonia sibirica) - күзге қарай саны көбейетін түйе азығы. ## Дереккөздер
Байболов Қазыбек Дәулетбекұлы (7.9.1933, Петропавл қаласы — 25.3.1994, Алматы) — хоккейші, допты хоккейден спорт шебері (1958). Алматының СКИФ, “Буревестник”, “Динамо” командаларының құрамында ойнаған. Спорттың осы түрінен КСРО чемпионатының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы (1977) атанды. Қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы футбол-хоккей кафедрасының доценті, меңгерушісі (1972—1994), 1978 жылдан “Динамо” командасының аға жаттықтырушысы болды. Допты хоккейден бірқатар спорт шеберін (В. Бочков, В. Панев, Ю. Варзин, М. Жексенбеков, А. Сәрсекеев, Л. Лобачев, Г. Любченко, С. Шаймерденов, Е. Агуреев, т.б.) даярлап шығарды. ## Дереккөздер
Түбітті ешкі - узақ уақыт сұрыптап, халықтық селекция әдісімен шығарылған ешкі. Түбітті ешкі әр түсті болып келеді. Ешкісі күзде орта есеппен 44-45 кг, көктемде 36-38 кг, текесі күзде 70-75, көктемде 55-65 кг-да дейін тартады. Ешкісінен 120-350 г, текесінен 580-610 г түбіт алуға болады. Түбітің талшығы басқа ешкі тұқымдастарынан ұзындау, яғни орташа есеппен 5-7 см және жіңішкелігі 14,7 мкм. 18-20 айлығында ғана шағылысқа түсіріледі. 100 ешкіден 130-140 лақ алынады. Түбітті ешкі Ресейде Орынбор облысында ғана өсіріледі. Қазақстанда өте аз, басқа ешкі тұқымдарымен будандастыру үшін пайдаланылады. Тұқым жақсарту жұмысымен Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу институты айналысуда. ## Дереккөздер
Трудовой пахарь колхозы - қазіргі Жамбыл қаласы, Свердлов ауданында 1929 жылы құрылған. Орталық мекені Ақжар ауылы. Негізгі өндірісі қант қызылшасын өсіру және оған қосымша кәсіп сүт алу бағытындағы ірі қара және қой шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер ауданы 153 509 га, оның 8820 га-сы жыртылған. Шаруашылықта 95 трактор, 24 астық және қызылша комбайны, 78 жүк автомобилі т,б техника, 4002 ірі қара, оның ішінде 1100-і сауын сиыр, 1120 жылқы, 40.1 қой бар. 11 бесжылдыққа орта есеппен жылына 8 т астық, 23,4 мың т қант қызылшасын, 3764 т сүт, 755 т ет, 137 т жүн өндіріп, мемлекетке 3,7 мың т астық, 23,4 мың т қант қызылшасын, 3460 т сүт, 637 т ет, 127 т жүн өткізді. Егілген 1104 га қант қызылшасының әр га-cынан 212 ц-ден түсім алынды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім мөлшері, орташа жылдық 4,9 млн соманы құрайды. Колхозда екі мектеп, үш балалар бақшасы, мәдениет үйі, кинотеатр және т.б мәдени тұрмыстық қызмет көрсету органдары бар. Колхоздың 75 адамы СССР орденімен және медальдарымен, ал оның ішіндегі төртеуі Ленин орденімен марапатталған. Колхозды Социалистік Еңбек Ері А.Л Нахмачов басқарған. Колхоз 1971 жылы Қазан революциясы орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ілбіс Шегуй қаған — 642 жылдан 650 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. ## Басқаруы Қаған ең алдымен Чанъаньға елшілер жіберді, одан кейін Юкукқа шабуыл жасады. Юкук Байшуйху қамалынында қоршауда қалды. Көп ұзамай Юкук Тоқарстанға кетті. Ал Ілбіс Чанъаньға сый жіберіп, некелесу жайын сұрады. Император Тан еліне: Қотан, Қашғар, Чжуцзюйбо және Цун-лин қалаларын беруді талап етті. Қаған мұндай шарттан бас тартты.646 жылы қаған Ашина Хелу көтеріліске шықты деп ойлап, оған қарсы қол аттандырды. Шығыс Түркістанда расымен де көтеріліс болған еді. Алайда көтеріліске Хелудің қатысы жоқ болатын. Хелу Тан еліне қашып кетті де, біраз уақыт Тан әскерінде қызмет етті. Ол түрік жасағына басшылық жасады. 649 жылы ол өз ордасын жиып, тан гвардиясынан ұлын алдыртып, қағанаттың шекарасына жақындады. Түріктердің көпшілігі Хэлуге қосылды. Ашина Хэлу шайқаста Ілбісті жеңіп, өлтірді. ## Тағы қараңыз
Тұрғын үй құрылыс кооперациясы - кооперацияның бір түрі, халықтың өз қаржыларына және мемлекеттік несие алу арқылы тұрғын үй салу және оны пайдалану үшін ерікті түрде жаппай бірігуі. Тұрғын үй құрылыс кооперативтері қалада, қалашықта, ауылдық округте, ауданда поселкелерде азаматтардың тұрғылықты мекеніне байланысты қалалық, аудандық, халық депутаттарының органдары атқару комитеттерінің тұрғын үй коммуналдық органдардың жұмыс орындары кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда, бұрындары совхоз, колхозда және т.б ауылдық жерлерде орналасқан мемлекеттік кәсіпорындарда, жергілікті органдарда ұйымдастырылған. ## Дереккөздер
Байболов Қазыбек Дәулетбекұлы (7.9.1933, Петропавл қаласы — 25.3.1994, Алматы) — хоккейші, допты хоккейден спорт шебері (1958). Алматының СКИФ, “Буревестник”, “Динамо” командаларының құрамында ойнаған. Спорттың осы түрінен КСРО чемпионатының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы (1977) атанды. Қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы футбол-хоккей кафедрасының доценті, меңгерушісі (1972—1994), 1978 жылдан “Динамо” командасының аға жаттықтырушысы болды. Допты хоккейден бірқатар спорт шеберін (В. Бочков, В. Панев, Ю. Варзин, М. Жексенбеков, А. Сәрсекеев, Л. Лобачев, Г. Любченко, С. Шаймерденов, Е. Агуреев, т.б.) даярлап шығарды. ## Дереккөздер
Трудовик колхозы - Жамбыл қаласы, Қордай ауданында 1935 жылы құрылған колхоз. Орталық мекені Кимшиш ауылы. Негізі өндірістік бағыты - қант қызылшасын өсіру, оған қосымша сүт алу бағытындағы ірі қара және қой шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің жалпы ауданы 47 963 га, оның 7237 га-сы жыртылған. Шаруашылықта 91 трактор, 69 жүк автомобилі, 20 астық, 8 қызылша комбайны, т.б техника,3628 ірі қара ,оның ішінде 1100-і сауын сиыр, 3650 шошқа, 753 жылқы, 35 мың қой мен ешкі бар. 11 бесжылдықта орта есеппен, жылына 7,9 мың т астық, 13,8 мың т ет, 130 т жүн өндіріп, мемлекетке 3,3 мың т астық, 13,8 мың т қант қызылшасын, 1862 т сүт, 848 т ет, 130 т жүн өткізді. Егілген 540 га қант қызылшасының әр гектарынан 254,6 ц-ден түсім алған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім мөлшері, орташа жылдық есеппен 4,8 млн соманы құраған. Колхозда екі мектеп, үш балалар бақшасы, үш клуб және т.б мәдени тұрмыстық қызмет көрсету органдары бар. 39 адамы СССР ордендерімен және медальдармен, оның ішінде бесеуі Ленин орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ябғу, жабғу - түрік билеушілерінің лауазымы. Куман патшалығының теңгелеріне "Явиго" деп жазылған. Түріктерде Ябғу болып айтылады. Ябғу қағаннан бір саты төмен дәрежеде тұрған. Түрік тайпаларын басқарушы лауазым мағынасында ежелгі түрік ескерткіштері мен руна жазуында, араб және парсы тілінде жазылған деректерде жиі кездеседі. Сонымен қатар, Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. ## Дереккөздер Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
Төртінші бесжылдық жоспар - (1946- 50 жылдар) КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамытудың бесжылдық жоспары туралы заңға сәйкес келетін, ҚазССР Жоғарғы Советінің 9-сессиясында, яғни 1946 жылы қабылданды. Бұл бесжылдық жоспар бойынша республиканың халық шаруашылығын дамытуға 8,8 млрд сом мөлшерінде күрделі қаржы бөлінгенді. Қара металлургия мықтап өркендеді. Түсті металлургияны өркендетуге ерекше көңіл бөлінді. Өскеменде қорғасын мырыш комбинаты салынды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жүргізілді. Текелі мыс қорыту зауытының екінші кезегі тіске қосылды. 6 жаңа шахта табылып, қопарылды. Жалпылай айтқанда, аталмыш бесжылдықта СССР - да өнеркәсіп өнімі 1,7 есе өсті. Автомобиль жолдары кеңейді. Автомобильмен жүк тасу көбейді. 1940 жылғымен салыстырғанда, автомобиль саласы 1,9 есе артты. Қызметкерлер мен жұмысшылардың орташа айлық жалақысы екі есеге өсті. Ауыл шаруашылығы интенсивті дамыды. Өнеркәсіп және аграрлық өнім саны артты, осының арқасында азық түлік бағасы едәуір төмендеді. Ауруханалардың мектептердің саны артты. ## Міндеттері * Соғыстан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру * Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының алдындағы дәрежесіне дейін жеткізу * Жалпылай, экономика саласын өркендету. ## Дереккөздер
Ырғыз-Торғай резерваты — Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан мелекеттік резерват.“Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құ­рудағы негізгі мақсат — киік санын кө­бей­ту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жы­лы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде 138763 бас киік бар. Резерват территориясы географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген. Олар “Атан басы” және “Ала­көл” жүйелері. “Атан басы” жүйесі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оңтүстігі Қызыл­ор­да, шығысы Қарағанды, сол­түстігі Қостанай облыстарымен шектеседі. Резерват шекарасына 7 шақырым сайын арнайы белгі қойылған. Онда ““Ырғыз-Торғай” мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аймақ. Кіруге тыйым салынған” деп жазылған.
Тоқты мемлекеттік қорықшасы – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы мемлекеттік жер қорығы, 10 жылға арналып 1982 жылы құрылған. Облыстық мәні бар. ## Жер бедері Аумағы 187 мың га алып жатыр. Қорықша негізінен Көксуат өзенінің аңғары қақ бөлген Жоңғар Алатауы сілемдерінен (Күнгей, Тастау) тұрады. ## Флорасы Қорықшада жусан, жабайы шие, итмұрын, үшқат, зерек жиі кезедседі. Қаулап өскен тау шалғыны, теңіз деңгейінен 100 м тереңдікте жатып, 2500 м биіктіктегі Тянь-Шань шыршасы мен сібір майқарағайымен ұласқан. Осы арадағы шатқалда көктерек пен тал аралас ормандар болды. Субальпі және альпі белдеулерінде алуан түрлі шөп өседі. ## Фаунасы Қызыл кітапқа енгізілген арқар, қарақұйрық, қоңыр аю, барыс, ұлар, қылқұйрық, дуадақ сияқты аң құстармен қатар марал, елік, таутеке, жабайы шошқа, сусар, күзен, ақ тышқан, шіл, құр, тұйғын, кекілік мекендейді. Қорықшада табиғат қорғауымен қатар, аң құс есепке алынып, күз бен қыста оларға қосымша жем беріледі, жыртқыш жануар лар жойылып отырады. ## Дереккөздер
Жаңаталап — Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңатас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Ғабиден Мұстафин (2002 жылға дейін Токаревка) — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы кент. ## Географиясы Нұра өзенінің оң жағын ала, Самарқан және Тұзды бөгендерінің аралығында, аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы Ауылда ауыл шаруашылығы техникалық бірлестігі, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары т.б шағын кәсіпорындар жұыс істейді. Сонымен қатар, орта, сегізжылдық, музыка мектептері, аудандық мәдениет үйі, кинотеатр, аптека, екі клуб, аудан ауруханалары, емхана, санэпидстанция бар. Ертіс-Қарағанды каналы суының келуіне байланысты бұл өңірде көкөніс, бау бақша егу және сүт-етті мал ұстай бағытындағы шаруашылық дамиды. ## Дереккөздер
Түлкібас — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кент, Түлкібас кенттік әкімдігінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-дей жерде. ## Халқы ## Галерея * * * ## Дереккөздер
Алтай шырышы (лат. Eremurus altaicus) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтай шырышының 193 түрі бар, негізінен, тау сайларында, құмайт топырақты шөлдерде кездеседі. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Бұлардың биіктігі 30-130 см, кейде 2 м дейін жетеді. Тамыры ұршық пішіндес, етжеңді. Жапырағы түп жағында, ұзын, сызықты үшқырлы қандауыр пішіндес. Сабағында жапырақ болмайды, оған көп гүлді шашаққа айналған гүл-шоғыры орналасқан. Гүлі қос жынысты, ақ, қызғылт, қызыл, сары несұрғылт түсті. Гүлтұғыры жапырақтарынан едәуір биік. Гүлсерігі қоңырау тәрізді, аталығының саны алтау, жатыны 3 ұялы. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі қорапша. Қорапшасы шар тәрізді тегіс не қатпарлы, үш ұялы болады. Әсем де шірнелі өсімдік. Тамырында декстрин бар, одан желім алынады, жапырақтарынан бояу да алынады. Олардың жапырағын көк кезінде және тамырын жас кезінде қайнатса жеуге жарайды. Алтай шырышы негізінен тау етегінде, тастақты қыраттарда, орман алаңқайларында, құмдауыт далаларда 3500 м биіктікке дейін өседі. ## Дереккөздер
Сібір балқарағайы (Lárix sіbіrіca) (Қарағайлар тұқымдасы) - Оңтүстік Алтай мен Сауыр орманының негізін құраушы. Ағаш биіктігі 30 м, кең пирамидалы басты және қоңыр күрең сызатты қабықты. Басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы мәңгі жасыл емес және қылқаны түсіп қалады. Мамыр-маусымда гүлдейді. Тозаң масақшалары әрең байқалады. Қыркүйек-қазанда пісіп, ашық күрең қоңыр және ашық сары түске өзгереді. Қанатты тұқым күзде шашылады, желмен таралады. Балқарағайдың тіршілік ету мүмкіндігі 500 жыл. Топырақ түріне, ауаның газбен ластануына, ыстануына аса мән бермейтіндіктен қаланы көгалдандыруда өте жоғары бағаланады. ## Дереккөздер
Лақса жұмырбас (лат. Echinops sphaerocephalus) – астралылар тұқымдасының лақса туысына жататын көпжылдық өсімдік.Қазақстанда бұл өсімдік құмды шөлді далаларда тау белдеулері мен тастақты беткейлерінде, шалғындықтар мен бұта-тоғайлардың арасын қалайды. Биік, мықты сабағымен ерекшеленеді, сабағының үстіңгі жағы ақшыл келеді. Сабағы тік өседі, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталған, тікенекті, астыңғы жағы жұмсақ, қалың түкті, кей түрі безді түкті келеді. Лақсаның басқа туыстардан ерекшелігі – себеті бір ғана гүлден тұрады. Олардың бірнешеуі топтанып сабағы мен бұтақтарының ұшында шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Себетінің сыртын 3-5 қатардан құралған тікенекті, жарғақты орама жапырақтарқоршайды. Гүлі қос жынысты, түбі түтікше түтікшн тәрізді біріккен ақ немесе көгілдір түсті, 5 күлтесі, жіпшелері түтікшеге біріккен 5 аталық, аузы қос тілімді аналығы болады. Тостағанша жапырақшасы түрін өзгертіп үлпекке айналған. Ол айдарша жемісінің ұшында орналасқан, желмен ұшып кеңірек таралуына жағдай туғызды. Лақса жұмырбас маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді. Жемісі ірі қақырмайтын қырлы, түкті, айдаршалы тұқымша болады. Лақса жұмырбас улы өсімдік, мал жемейді. Тұқымында 28 пайыздай тез кебетін май болады, ол техникада қолданылады. Лақса жұмырбас сирек кездесетін өсімдік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ## Дереккөздер
Тоқта Бек - Тудур білге Шығынның ұлы. Ол ғасырда үш тайпалық меркіт одағының Үдуд меркіт тайпасын басқарған. «Бек» атануымен бірге билікті өз қолына алды. Тоқта бек 12-13 ғасырларда меркіттің өз Ордасын құрды. Сол кездегі оның әскері, негізінен, құралайды көзге атқан мергендерден құралған. Меркіттер мен моңғол тайпаларының арасынлда жалпы жақын туыстық байланыстар болса да, екі жақ өзара жиі жауласқан. Екі елдің шайқасуынан 1153-1154 жылдары Меркіт батыры Алып Шиледудің қоңыраттардан айттырып алған келіншегін Есугей баһадүрдің тартып алуы себеп болды. Бұл оқиға кезінде меркіттердің жүрегің жаралап, кек алуға итермеледі. Содан жылы күзде меркіттер Темучиннің жаңа үйленген келіншегі Бөртені тартып алып, Есугей әулетін түгелдей қаңғыртып қояды.
Елді мекендер: * Маятас – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл. * Маятас – Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты Екідің ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған. * Маятас – Түркістан облысы Төле би ауданы, Қазығұрт ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына қосылған. Басқа мағыналар: * Маятас көшесі (Астана) * Маятас (тұрақ)
Машат — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тораңғылысай мемлекеттік қорықшасы – қырғауыл, құм қоян және жабайы шошқа санын қалпына келтіріп, одан әрі көбейту мақсатымен 10 жылға арналып, 1978 жылы құрылған. Облыстық мәні бар. ## Географиялық орны мен жер бедері Қызылорда облысы Сырдария ауданының 17,9 мың га жерін алып жатыр. Жаңадария өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл өңірде орналасқан. Жер бедері көсілген жазық, орта шенінде бірен саран құм төбелер кездеседі. Жағалауын қамыс, қоға, қияқ басқан кішігірім өзен көлдер ағып өтеді. ## Флорасы мен фаунасы Құмда сексеуіл өте тығыз өскен. Жаңадария өзенін бойлай қына, тал, терек, тораңғыдан тұратын тізбекті орман және тоғай өскен. Қорықшада жоғарыда аталған аңдардан басқа борсық, түлкі, қарсақ мекендейді. ## Дереккөздер
Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы — Теңіз-Қорғалжын ойысы аумағын қамтиды. Ауданы 40 мың км². Алап суы кабон мен пермьнің жарықшақты құмтастары мен алевролиттерінен, палеогеннің құмды қабаттарынан тұрады. Палеоген суының минералдылығы 1-5 г/л, ұңғыманың тәуліктік өнімі 10-35 м³. Пермь суы 20- 115 м тереңдікте жатыр. Ал ойыстың орталығында минералдылық өлшемі 37 г/л-ге дейін, ұңғыма өнімділігі тәулігіне 10-20 м³. Карбонның сулы жыныстары 2340 м-ге дейінгі аралықта, ұңғымалардың су ағыны жоғары, су өздігінен шығады, олардың шығымы тәулігіне 5-210 м³, минералдылығы 162 г/л-ге дейін жоғарылайды. Алаптың шет жақтарындағы минералдылығы бәсең әрі төмен суы шаруашылық қажетіне пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Рахымбек Мәлікұлы Сабатаев (1904, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезінің Елтай ауылы — 19.12.1982, Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласы) — қазақтың тұңғыш энергетик-инженері, елді электрлендіру саласындағы көрнекті қайраткер, КСРО энергетика және электрлендіру ісінің үздігі (1964). Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін (1927) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген (1934). Ленинград түбіндегі Кашир, Үлбі, Алматы, Өскемен, Бұқтырма СЭС-терін салуда жетекші инженерлік қызметтер атқарды. Ертіс — Қарағанды каналының бас энергетигі, бас инженері болды. Кашир СЭС-ін салу барысында ағылшын мамандарымен тіл табысып жұмыс атқарғаны үшін “ағылшын тыңшысы” деп танылып, қазақ даласындағы ашаршылыққа мемлекет басшылары кінәлі деген пікір білдіргені үшін қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз айыпталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен (1948), Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер:
Үш жолдас (нем. Drei Kameraden) – неміс жазушысы Эрих Мария Ремарктың 1932 жылдан жаза бастаған романы. Бұл шығарма 1936 жылы аяқталып, Gyldendal атты дат баспасында «Kammerater» деген атаумен жарық көрді. 1958 жылы орыс тіліне аударылған. ## Қысқаша мазмұны Шығармадағы оқиғалар 1928 жылдардағы Германияны көрсетеді. Үш жолдас - Роберт Локамп (Робби), Отто Кестер және Готтфрид Ленц. Олардың кішігірім автожөндеу шеберханасы болады. Басты кейіпкер, автожөндеуші Робби өте көрікті әрі сүйкімді қыз Патриция Хольманмен (Пат) танысады. Әртүрлі қоғам өкілі, тағдыры да басқа және аралары жер мен көктей Робби мен Пат бір-біріне шын ғашық болады. Романда олардың дағдарыс, жоқшылық кезеңдегі шын махаббатарының бейнесі суреттеледі. Сонымен қатар, достықтың шынайы бейнесін кейіпкерлер арасындағы достықтан аңғаруға болады. ## Жазушының көтерген мәселесі Роман "адасқан ұрпақ" тақырыбына сай келеді. Сұрапыл соғыстың қиындығын басынан кешкен адамдар қорқыныштың елесінен арыла алмайды. Соғыстың естеліктері басты кейіпкердің ойынан шықпай, әбден қинайды. Оның сүйіктісінің де ауыру себебі осы соғыстың әкелген аштығынан болады. Алайда, осы соғыс үш достың тағдырын бір арнаға тоғыстырып, бастарын қосады: Роберт Локамп, Отто Кестер және Готфрид Ленц. Олар достық жолында құрбан болуда барлығына дайын еді. Сондай-ақ романда олардың өмірге деген құштарлығын айқын аңғаруға болады. ## Кейіпкерлер ### Басты кейіпкерлер * Роберт Локамп (Робби) — романның басты кейіпкері. Жасы отыздар шамасында. Патриция Хольманның ғашығы. Готтфрид Ленц пен Отто Кестер атты достары бар. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Сабырлы, достарына адал және еңбекқор. Ішімдікке құмарлығы бар. * Отто Кестер — романдағы басты кейіпкердің бірі. Жасы Роббимен шамалас. Соғыс кезінде ұшқыш болған. Романда басты кейіпкерлердің жұмыс істейтін автошеберхананың иесі ретінде көрсетіледі. Отто — әуесқой автошабандоз, «Карл» атты машинасымен көптеген бәйгелерге қатысып, бірнеше рет жеңіске ие болған. Бокспен айналысады. * Готфрид Ленц — романдағы басты кейіпкердің бірі. Отто мен Роберттің құрдасы. Әскерде қызмет еткен. Әлемді аралап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Оған куә - оның әртүрлі ашық хаттармен, маркалармен безендіріліп, жапсырылған чемоданы. Ол автошеберханада Отто және Роббимен жұмыс жасайды. Ол өте көңілді, ашық-жарқын, ақкөңіл жан. Әрқашан ортаның сәнін келтіріп жүреді. Достары оны әзілдеп "қиялшыл" деп атайды * Патриция Хольман (Пат) — Басты кейіпкердің ғашығы. Өте көрікті, сыпайы, сезімтал және мейірімді. Жоғарғы қоғам өкілі. Жазылмайтын ауруға шалдығады. Олардың махаббаты шығарманың негізгі мазмұнына арқау болады. ### Қосалқы кейіпкерлер * Альфонс — ішімдік жасайтын мекеменің иесі, Ленцтің жақын досы. Төбелескенді жақсы көреді. Хор арқылы орындалған композицияларды жаны сүйеді. * Валентин Гаузер — Роберттің майдандас жолдасы. Өмір сүру жолында соғыстың барлық қиындықтарына төзе білген. Соғыстан оралған соң өмірінің әр минутына қуанып, соның құрметіне күнде ішімдік ішеді. * Профессор Жаффе — Патрицияны емдеуші дәрігер. * Матильда Штосс — автошеберхананың тазалаушысы, ішімдік ішкенді жақсы көреді. * Роза — кішкентай қызы бар жергілікті жезөкше. Роза қызын балалар үйіне тапсыруға мәжбүр болады. Алайда, қызына әрқашан барып, оған керекті заттарын апарып беріп тұрады. * Ерлі-зайыпты Хасселер — ақшаның тапшылығынан әрқашан керісетін отбасылық жұп. Ақыр соңында олар ажырасып, күйеуі өзіне-өзі қол жұмсайды. * Фердинанд Грау — суретші, портреттерді бейнелеу арқылы ақша табады. Білгішсінгенді ұнатады. * Юпп — автошеберханадағы көмекші бозбала. Автошабандоз болуды армандайды. * Эрна Берниг - өз бастығының көңілдесі болып жүрген хатшы қыз. Роббидің көршісі. * Георг Блок - бейшара студент. Әрқашан жаңа іс бастағысы келгенімен, бұнысынан ештеңе шықпайды. Өте еңбекқор. ## Қойылымдар мен экранизациялар * 1938 — «Three Comrades» («Үш жолдас») фильмі — фильм режиссёрі Френк Борзейги (АҚШ). * 1998 — "Жеңімпаз атынан гүлдер" фильмі . Режиссёрі Александр Сурин. * 1999 — Галина Волчектің қойылымы. "Соврменник" театры. * 2012 — "Үш жолдас" мини-телехикаясы — фильм режиссёрі Тигран Кеосаян. Негізі осы романнан алынғанымен, желісі өзгертілген. ## Дереккөздер
Жүзжанов Исабай (1886, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылы — 1958, сонда) — ағартушы-ұстаз. Оқу-ағарту ісіндегі озық жетістіктері үшін "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Қойшыбаев Ғазиз (10.12.1940, Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды а. – 12.1997, Алматы қала) – ветеринария ғылым докторы (1997). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институттын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық аграр университетті) және КСРО ғылым академиясының аспирантурасын (1970) бітірген. Алматы облысы Ақсу ауданыннда (1964–67), Қазақстан ғылым академиясының Зоология институттында, А.ш. мин. Бас басқармасында (1971–75), Жамбыл гельминтологиялық ғылым-зертеушы институтында (1975–82), Қазақ ветеринария ғылым-зертеушы инситуттында, ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды (1982–96). 1995 ж. «Определение напряженности, оценка и прогноз эпизоотической ситуации» тақырыбында доктор диссертация қорғады. ## Дереккөздер
Иманәлиев Бауыржан (04.02.1954, Алматы облысы , Қарасай ауданы, Жетісу ауылы, - 19.05.2006, Алматы)- баспагер, кітап безендіруші, Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (2004). Алматы энергетика институты (1982), Прага қаласындағы (Чехословакия) баспа ісі институтын (1993) бітірген. ## Қызмет жолы 1982-88 ж. «Главриссовхозстрой» тресінде бөлім меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, 1988-90 ж. «Медекқұрылыс» басқармасында бас механик-энергетик, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1990-92 ж. «Васинкрафт» бірлескен кеңес-швейцария кәсіпорындарында аймақтық директор қызметтерін атқарған. 1993 жылдан «Бауыр» баспасының директоры, сонымен бірге 2000 жылдан «Аруна» баспасы директорының орынбасары болды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы (2004-06) аясында шығарылған кітаптар дизайнінің авторы. Халықаралық және отандық кітап көрмелерінің жүлдегері. ### Дереккөз
1950 жылы туған, 1971 жылы Алматы көркемсурет училищесін бiтipгeн, графика өнерімен шұғылданады, ҚР суретшілер Одағының мүшесі.Валерий Иманасовтың шығармалары қазіргі кезең немесе өткенді ойға салатын пайымдаулар арқылы өрнектелген. Суретші өзінің әpбip туындысындағы сюжеттік мазмұнды уақыт кеңістігіндегі өзгерістер арқылы қарастырады. Ол үшін ең қажеттісі өткен кезең мен қaзipгi уақыттағы жаңалық. Суретшіге тән ерекше белгі әдетке айналған композициялық әдіс-тәсілдермен шектелу ғaнa емес, тарихи өзгерісте болып жатқан күнделікті өмipді өзіндік көркемдікпен шеше білу. ## Дереккөздер 1. Қазақстан суретшілері кітабы , 2011ж. 2. ↑http://www.shuak.kz/ Мұрағатталған 4 ақпанның 2014 жылы.
Досымбетов Тимур Камалұлы (17.7.1957 жылы туған, Алматы қаласында) — спортшы, қазіргі бессайыстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1982), КСРО-ның (1984, Мәскеу), командалық есепте (Е.Минеев, А.Сторостинмен бірге) дүние жүзінің (1982, Рим, Италия) чемпионы. Үш рет 1978 — 80 жылдары Киев, Мәскеу, Ереван қалаларында КСРО кубогін жеңіп алды.1990 жылы республикадағы Ұлттық олимпиялық комитеттің бірінші президенті, Қазақстан бессайыс федерациясының (1992, Алматы) президенті, Халықаралық бессайыс федерациясы техникалық комиссиясының мүшесі (1996, Будапешт, Венгрия) болып сайланды. ## Дереккөздер
Ғаббас Жұматұлы Жұматов (20 қыркүйек 1918, Баянауыл ауылы, Баянауыл ауданы, Семей облысы — 14 маусым 2018, Алматы) — Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы жылдарында Брест бекінісін қорғауға қатысушылардың бірі. ## Өмірбаяны ### Отбасы 1918 жылы 20 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауылында ауыл мұғалімі Жұмат Досқараевтың көп балалы (8 бала) отбасында дүниеге келген. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол тармағынан шыққан. Ғаббастың әкесі Жұмат Досқараев 50 жасында Ташкенттегі Орта Азия университетін бітіріп, жоғары білім дипломын алған. Кейін әкесі жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметпен айналысты, Қазақ КСР Ғылым академиясының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында қызмет етті. Ғаббастың ең үлкен ағасы Әубәкір Жұматов Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітіріп, 1943-1959 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры болды. Ғаббастың тағы бір ағасы Жұматов Хамза Жұматұлы вирусолог-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы (1954), профессор (1958), КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (1961), КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Жоғары аттестациялық комиссияның (ЖАК) мүшесі (1961), Қазақ КСР ҒА академигі (1967). Ғаббастың інісі Сапар Жұматов ММХҚИ бітірген, КСРО Сыртқы істер министрлігінде бірінші дәрежелі кеңесші болған. Ол ұзақ уақыт Франция мен Швейцарияда жұмыс істеді. ЮНЕСКО жанындағы халықаралық комиссияның мүшесі болды. ### Соғысқа дейінгі кезі Ғаббас Павлодардағы толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін Жұматовтар отбасы Алматыға көшіп, Ғаббас 1937 жылы Байланыс техникумын бітірді. Тапсырма бойынша Үлкен Михайловка ауылында (қазіргі Қарағанды қаласының маңы) радиостанцияда техник болып жұмыс істеді. Екі жыл жұмыс істеп, Тау-кен металлургия институтының (қазіргі ҚазҰТУ) геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Бірінші семестрден кейін 1939 жылдың аяғында Жұматұлы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Жұматов орта білімі бар әскерге шақырылғандардың өткір тапшылығына байланысты 6-атқыштар дивизиясының 204-гаубица артиллериялық полкінің 3-дивизиясының 2-артиллериялық батареясының байланыс бөлімінің командирі қызметіне тағайындалды. Бұл бөлімше Брест бекінісінің аймағында орналасқан еді. ### Соғыс 1941 жылы 22 маусымда кіші сержант Жұматовтың әскери қызметі аяқталып (ол кездегі жоғары оқу орындарынан шақырылғандар бір жарым жыл қызмет еткен), әскерден қайтпақшы болған. Германияның КСРО-ға шабуылының алғашқы сағаттарынан бастап Жұматов Брест бекінісін қорғауға қатысты. Бірнеше күн бекіністі қорғағаннан кейін 204-ші гаубицалық артиллериялық полктің штаб бастығы Иван Лукьянчиков шегінуді ұйымдастырып, Жұматовпен бірге қоршаудан Гомел аймағындағы майдан шебіне дейін әскери қызметкерлердің үлкен тобын шығара алды. Жаңадан құрылған артиллериялық бөлімшеде әскери борышын өтеуге міндетті жергілікті тұрғындардың арасынан Жұматов 76 мм зеңбірек батареясының басқарма взводының командирі болып тағайындалды. Біраз уақыттан кейін Жұматов Можайск бағытында Мәскеуді қорғауға қатысқан Бас командалық резервтің 573-зеңбірек артиллериялық полкіне қызметке ауыстырылды. Осы полк құрамында Жұматов 1941 жылы 7 қарашада Қызыл алаңда өткен әскерлер шеруіне қатысты. Мәскеу үшін шайқасқа қатысқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1942 жылы желтоқсанда Жұматов Томбы қаласына көшірілген Днепропетровск артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. 1943 жылдың жазында техникумды бітіргеннен кейін лейтенант Жұматов 5-гвардиялық Дон казактары Қызыл Тулы атты әскер корпусының 150-гвардиялық танкіге қарсы жойғыш полкінің атқыш взводының командирі болып тағайындалды. Жұматов 5-корпустың құрамында Украина, Молдова, Румыния, Югославия, Мажарстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. Будапешт маңында жараланған. Соғыс қимылдарының соңында аға лейтенант атағын алып, батарея командирі қызметіне тағайындалды. Жұматов 1946 жылы әскери қызметтен босатылды. ### Соғыстан кейінгі кезең Әскери борышын өтегеннен кейін Жұматов Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) тарих факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітірді. Университетте марксизм-ленинизм кафедрасының аспиранты ретінде қалып, 1953 жылы оқытушылық қызметке кірісіп, соңында доцент, кейін профессор атағын қорғайды. Ол КОКП тарихын оқытуға маманданған. Университеттің ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Ғылыми қызметтің негізгі бағыты Қазақстандағы тарихи қайта құру мәселелері болды. Жұматов Қазақ КСР КП ОК және КОКП Алматы облыстық комитетінің штаттан тыс оқытушысы ретінде бүкіл Қазақстанды дерлік аралап, дәріс оқыды. 1979 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жұматов Ғаббасқа «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын берді. 1984 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамын басқарды. Ол сондай-ақ Алматы қаласы Калинин ауданы (қазіргі Бостандық ауданы) Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлері қоғамы төралқасының мүшесі болды. Белсенді қоғамдық қызметі үшін әр жылдары Бүкілодақтық соғыс ардагерлері комитетінің Құрмет дипломдары және мақтау қағаздарымен марапатталған. 10 жылдан астам Алматы қалалық соғыс ардагерлері кеңесінің идеологиялық комиссиясын басқарды, Республиканың соғыс ардагерлері істері жөніндегі орталық кеңесінің мүшесі болды. 1960-1990 жылдар аралығында Жұматов Францияға, Болгарияға, Югославияға, Мажарстанға, Италияға және басқа да бірқатар елдерге Екінші дүниежүзілік соғыс туралы дәрістермен бірнеше рет барды. Франциядағы Қарсыласу қозғалысының бұрынғы мүшелерімен конференцияларға қатысты. 2018 жылы 14 маусымда жүз жылдық мерейтойына 3 ай жетпей Жұматов Ғаббас Алматы қаласында қайтыс болды. 15 маусымда әскери құрметпен Кеңсай зиратына жерленді. Осылайша, 2018 жылдың 14 маусымына дейін Жұматов Ғаббас Брест қамалының ең соңғы тірі қорғаушысы болды. ### Отбасы Әйелі — Мақашева Раиса Кәрімқызы. Медицина ғылымдарының докторы. профессор. 1991 жылы қайтыс болды. Қызы — Гүлнар, медицина ғылымдарының докторы. Қызы Майра мен ұлы Жайнар — медицина ғылымдарының кандидаты. ## Дереккөздер
Жамбыл — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Биль (нем. Biel), Бьен (фр. Bienne) — Швейцарияның қаласы, Берн кантонында, аттас көлдің жағасында орналасқан (нем. Bielersee, фр. Lac de Bienne). ## География Биль — Берн кантонында көлемі бойынша екінші орын алып жатыр. Биль қаласы теңіз деңгейінен 434 метр биіктікте орналасқан. Аймағы - 2162,7 га. Бильский көлінің орташа су деңгейі - 429,23 метр. ## Тарихы 11 ғасырда Биль қаласы соғылды, 1275 жылдан бастап жалдауын алған. 1352 жылдан бастап Бернмен мәңгілік союзда болып саналады. 1815 жылдан бастап Берн кантона құрамында кірген. Биль - Швейцарияның ең үлкен екі тілді қала болып саналады. Биль қаласы Юра тауларының етегінде орналасқан. Биль қаласы 14 орамнан тұрады. * Vingelz * Rebberg-Beaumont * IG (Interessengemeinschaft) Plänke * Neumarktstrasse — Oberer Quai * Stadtpark * Zukunft / Kongresshaus * Bahnhof * Mühlefeld * Möösli * Linden * Mett * Ostquartier * Bözingen * Altstadt ## Қаланың этникалық құрамы Тұрғынның саны - 50 852 адам; * 27,6 % қала тұрғындары — 130 елден келген шетелдіктер; * Итальяндықтар — 3904 адам; * бұрынғы Югославия елдері — 1345 адам; * Испандар — 1258 адам; * Түріктер — 807 адам; * Әр түрлі Азия елдерінен келген 1022 адамдар; ## Экономика Биль қаласы сағат өнеркәсібінің әлемдік орталығы болып табылады. Бұл қалада орналасқан штаб-пәтерлер: * Швейцария Федерациясының сағат өнеркәсібінің штаб-пәтері (фр. Fédération de l'industrie horlogère Suisse FH) * Swatch Group  компаниясының штаб-пәтері * Rolex компаниясының өндіріс орталығы * Glycine компаниясының өнеркәсібі және штаб-пәтері ## Спорт Биль — спорттық қала. Биль қаласының 60-дай тіркілген клубтары бар. Спорт клубтарының кейбірлері: * Swim Team Biel/Bienne — жүзу; * EHC Biel/Bienne — хоккей клубы; * Karate-Do Biel/Bienne — каратэ-до; * Triathlon Club Seeland — триатлон; * Спортты гимнастика клубы Bötzingen; * Әйелдердің спортты гимнастика клубы Madretsch; * бірнеше теннистік клубтар: Tennisclub Biel/Bienne, Tennisclub Schlossmatte; * aikido club Biel/Bienne — айкидо; * kashiva kan karatedo Biel-Bienne — каратэ-до клубы; * 8 футбол клубтары: (АС Azzurri Bienne, FC AURORE — Bienne, FC Mett және тағы басқа); * Biel-Bienne Bikers — велоспорт клубы; * Handballsport Biel — гандбол ; * AFC Bienna Jets —  американдық футбол клубы; * FSG Bienne Romande — аэробика және тай-чи; * HotWhells — inlineclub; * VCB Biel-Bienne — әйелдік волейбол клубы; * Leichtathletikclub Biel — жеңіл атлетика; ## Галерея * * * * ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * business-swiss.ch
Тауынсор мемлекеттік қорықшасы — 10 жылға арналып, 1974 жылы құрылған. Облыстық мәні зор болып табылады. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы, Оркашев астық совхозының 55 мың га жерін алып жатыр. Жерінің жартысынан көбі Теңіз, Алакөл, Қайыңды және т.б көлдерден тұрады. ## Флорасы мен фаунасы Мұнда ондаған мың су құстары бар. Атапөтсек, сұр қаз, ақбас қаз, қасқалдақ, үйрек, балықшы деген құстар қорықша үстінен өтіп ұшып бара жатып, уақытша қоныс қылады. Бұлардың ішінде жемсауы қызыл қарашақаз, сұңқылдақ аққу деген бірқатар құстар Қазақстан Қызыл кітабына енізілген. Қорықшада сондай ақ жабайы щощқа, қоян, ондата, күзен, қарсақ, түлкі тіршілік етеді. Аң құсты қорғаумен қатар, мұнда оларды есепке алу, су құстарына арнап қолдан ұя соғу, жыртқыштарды жою сияқты қосымша жұмыстар атқарылған. ## Дереккөздер
Тікенді шағыртікен, тікенді татыршөп (лат. Onopordum acanthium) – астралылар тұқымдасының шағыртікен туысына жататын екі жылдық шөптесін өсімдік. ## Географиялық таралымы Ресейдің еуропалық бөлігінде, Орта Азия елдерінде, Кавказда таралған. Қазақстанда Маңғышлақ, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент облыстарында тараған. Қоқыс арасында, тыңайған және игерілген жерлерде, құмда өседі. ## Сипаты Шілде және Тамыз айларында гүлдейді. Биіктігі 30-200 см. Сабағы түзу, түкті, жапырағы қауырсын не қалақ тәрізді, жиектері тікенді келегн. Гүлі қызыл күлгін, ақшыл күлгін, қызғылт күлгін түстес болып келген. Гүлшоғыры қорапша тәрізді. Жемісі дәнек. Құрамында илік заттар өте көп. Дәрілік, шірнелі өсісдік. Сол себепті де, мал азығы болып ауыл шаруашылығында қолданылады. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Тікенді татыршөп
Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театры — Өскемен қаласындағы мәдени-шығармашылық мекеме. Бұл театр — қала тұрғындарының келу көрсеткіші жоғары болып саналатын мәдени сәулет орталығы, бір ғасырдан астам тарихы бар мәдени ескерткіш. ## Тарихы Жамбыл театры ғимаратының кірпіші 1902 жылы қаланған. Мұнда болған оқиғалар халықтың және толықтай өңірдің тағдырына үлкен маңыз берді. Алғашқы уақытта бұл ғимарат Халық Үйі деп аталған болатын. Осылайша, 1902 жылдың 26 қазанында Халық үйі ғимаратының алғашқы ашылуы болды. 2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды. Халық үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды. Сахнада қойылған бірінші пьесаның аты – «Жұмыстық слобода» болды. Тұрақты кәсіби театр болмағандықтан, 1935 жылы қалалықтар М.И. Калининге труппа қалыптастыруға көмек көрсеуге өтініш білдірді. Өтініш қабылданып, 1936 жылдың қаңтарында Н. Гогольдың үйлену спектаклімен бірінші театрлық маусым ашылды. Театрдың жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драмма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның труппасында Г. Гребенщиковтың «Сүйкімді жігіт», ұлттық эпос мативы бойынша Н. Анненкова-Бернардың «Қамал» драмасы сияқты спектакльдер болған. 1939 жылы Шығыс Қазақстан өз бетімен облыс болып бөлінді және Өскемен қалалық театры облыстық дәрежені иеленді. 1941 жылдың маусымында театр ғимараты фашистік Германияны жеңу үшін барлық күшті жұмылдыру орталығы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары және соғыстан кейінгі онжылдық тарих бетіне жанкешті еңбек және театрлық ерлік ретінде кірді. Жылусыз, алайда көрерменге лық толы театр залында жеңіске сенімді нығайтуға күш-жігер беретін спектакльдер өтетін – «Орыс адамдары», «Шапқыншылық», «Ленинград қабырғасында» және т.б. 1946 жылдың шілдесінде Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, облыстық драма театрға қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың аты берілді. Сол кездегі театр репертуарында орыс және шет ел классикасына үлкен көңіл бөлінетін. Көп жылдар бойы театрда сахна өнерпаздары, ҚР еңбегі сіңген артістері, мәдениет қызметкерлері жұмыс істеген және істеп келеді. 2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» спектаклімен ашты. 2012 жылдың мамыр-маусым айлары кезінде Татарстандағы Қазан қаласында өткен 10 халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінде Татарстан Республикасының мәдениет министрі А.М.Сигабатуллиннің дипломымен және Татарстан Республикасының президентінен Алғыс хатпен марапатталды. ## Труппа Қазақ труппасының әртістері: Кабдуллина Диляра, Аргынбекова Майра, Алпыспаев Сырым, Ниязбеков Қанатбек, Кумарова Мадина, Хамзин Аманжол, Бақтыбаева Гульбақыт, Хасенов Ертай, Серкетаев Жасулан, Калык Хамит, Копабаева Сайраш, Дузбаев Турсынбек, Салбанов Айдын, Маратбек Сырым, Масабекова Жанар, Бадыганов Төлеухан, Исина Мадина. Орыс труппасының әртістері: Кошкин Валерий, Заворыкин Павел, Савин Юрий, Гремина Татьяна, Муравицкий Владимир, Латфи Алла, Коблова Тамара, Нохрина Анастасия, Ястребов Вадим, Егоров Алексей, Воронина Татьяна, Тюлюбаева Дина, Горбанев Максим, Соколова Марина, Коровина Надежда, Засорин Сергей, Красикова Ирина, Пятов Евгений, Снегирова Наталья, Волобуева Юлия, Степанова Светлана, Пак Варвара, Снегиров Игорь.
Таспа (Таспашөп, Сеңгірлек, (лат. Astragalus) – бұршақ тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін, бұта, бұташық өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған 3 мыңға жуық түрі бар. Бұдан малдың жеуіне жарайтындары — 70 шамалы. Соның ішіндегі бастылары: ақбас жоңышқа, қоңырау, тарбақ, ақтаспа, арам жоңышқа, сиыр жоңышка, түлкімасақ, ақшатай, сортаспа, кендірмасақ, таутаспа, сұлы масақ, қасқыр масақ, тарбақай, леман, жіп таспа, сабын таспа, ақ тікен, ала таспа, май таспа және тағы басқалар. Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 314 түрі белгілі. Қазақстанда Таспаның 75 түрі эндемиктер, 11 түрі өте сирек кездеседі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Шалғынды далада, шөлді жерлерде, қиыршық тасты тау баурайында, құлама топырақ шөгіндісінде өседі. Биіктігі 15 – 100 см, сабағы түзу, түкті. Жапырағы сыңар қауырсын пішіндес. Тостағанша жапырақшалары түтік не қоңырау тәрізді. Гүлі сары, қызыл, ақ, кейде сарғыш түсті, олар шашақ, көбінесе масақ немесе шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бұршақ, екі, кейде бір ұялы. Таспаның көпшілік түрі – мал азықтық және дәрілік өсімдіктер, біраз түрі қолдан егіледі. Құрамында алкалоид, глюкозид не сапонин болады, улы түрлері де бар. Геодезияда – сызықтың ұзындығын тұрған орнында өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Таспаны болаттан немесе ені 15 – 20 мм, қалыңд. 0,3 – 0,4 мм және ұзындығы 20 – 50 м, кейде 100 м-ге дейін жететін инвардан жасайды. Өлшеу дәлдігі жер бетінде тікелей бөлу кезінде 1:1000-нан 1:3000-ға дейін, өлшеудің басқа әдістерінде 1:20000 және одан жоғары болады. ## Дереккөздер
Юзанс (ағылш. usance - пайдалану мерзімі) - басқа елге төленуге тиіс аударма вексель бойынша сауда ғұрыпы белгіленген мерзімі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * УЗАНС дегеніміз
Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы – 10 жылға арналып 1968 жылы құрылған. 1978 жылы қызмет мерзімі келесі 10 жылға ұзартылды. Облыстық мәні зор. ## Географиялық орны, жер бедері Шығыс Қазақстан облысы Зайсан және Тарбағатай аудандарының 240 мың га жерін алып жатыр. Маңырақ жотасының далалық бөлігі мен Шілікті аңғарының солтүсті бөлігінде орналасқан. Қорықшаның жерін Құсты, Қызыл қайыңды, Қандысу, Қарасу және т.б өзендер кесіп өтеді. ## Флорасы мен фаунасы Таудың ортаңғы белдеуінде бетеге аралас, астық тұқымдас өсімдіктер, тау етегінде жусан, бетеге аралас көптеген шөп түрлері өседі. Шатқалдар мен тау баурайында бұта мен ағаш, атап өтсек: зерек, итмұрын, үшқат, қараған, тал, мойыл, көктерек. аққайың шоқтанып, жанданып тоғайға айналған. Қорықшада Қызыл кітапқа енгізілген жолақ қарашұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, дала бүркіті, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, қарақұс, арқар, қоян, суыр, елік, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді. ## Дереккөздер
Еңбекші — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 32 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Тамыржусан (лат. Artemisia terrae-albae) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық шөлді және шөлейтті өңірлерінде кездеседі. Құрамында 6-11% шикі протеин, 3,7-9,6% май, 28-45% жасунық, 0,7% эфир майы, 1% сантонин, 10-12% көмірсу бар. 100 кг шөбінде 72-65 азық өлшемі болады. Гектарынан максимум 0,8-4,3 ц құрғақ шөп түседі. ## Сипаттамасы Тамыз және қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі 20-30 см. Тамыры мүлдем ағаштанып кеткен. Сабағы жылтыр, қоңыр түсті. Жапырағы қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлі қос жынысты, ұсақ, сары және күлгін түсті болып келеді. Жемісі дәнек болып табылады. Құнарлы мал азығы. ## Дереккөздер
Жаңаталап — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жаңаталап — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Амангелді — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қызылдала — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай шөлді аймақта 52 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Аштық ойындары — америкалық жазушы Сьюзан Коллинстің шытырман оқиғалы трилогиясы. * Аштық ойындары — аттас роман негізінде түсірілген фильм. * Аштық ойындары: Тұтанған от * Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 1 бөлім * Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 2 бөлім
Коккалар (гр. Kokkos - дəн) — дөңгелек пішінді бактериялар. Олар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді. •Микрококкалар— Micrococcus –коктар бір жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап орналасады. •Диплококкалар– Diplococcus (гр. Diplos - екі жақты) – бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың клеткасы жұптап орналасады. •Стрептококкалар — Streptococcus (гр.Streptos - тізбек) – бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады. •Тетракоккалар - Tetracoccus (гр. Tetra-төрт) перпендикулярлы екі жазықтықта бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады. •Сарцина– Sarcina(лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады. •Стафилококкалар— Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзім шоғыры) – реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры тəрізді орналасады.
Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келедіМузыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық.Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.«Екі ішектің бірін қатты,Бірін сәл - сәл кем бұра.Нағыз қазақ, қазақ емес,Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. ## Домбыра Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы. Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. ### Шертер Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. ### Қылқобыз Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. ### Жетіген Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді. ### Адырна Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. ### Сыбызғы Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. ### Сазсырнай Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. ### Шаңқобыз Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар. ### Мүйіз сырнай Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған. ### Ұран Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар. ### Тұяқтас Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. ### Асатаяқ Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады. ### Сақпан Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген. ### Дабыл Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.кнфункеие ### Даңғыра Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. ### Кепшік Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған. ### Қорытынды Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы.Ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу , аспаптарды дамыту сондай –ақ осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің азаматтық парызымыз.Уақыт шаңына көміліп ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп , қалпына келтіру - әуезшілік шығармалардың мазмұнын жаңа көркемдік сатыға көтеріп қоймай , ұлттық мәдениетімізді байытып , оған дәстүрлік тұрпат беретіні сөзсіз.
Талғар өзені – Іле алабындағы өзен. Ұзындығы 117 км. Су жинау алқабы 444 км². Талғар мұздығынан басталып Қапшағай бөгеніне құяды. Сол Талғар өзені мен Оң Талғар өзені қосылған жерден Талғар деп аталады.Осы жерден 8 км жоғары Оң Талғарға көп сулы Орта Талғар құяды. Арнасы жоғары бөлігінде бұйратты жазық болып кетеді. Көп жылдық мұз бен қардың еруінен толысады. ## Сипаттамасы Талғар көктемде тау бөктеріндегі қар (жылдық су мөлшерінің 24%і), жазда (жылдық су мөлшерінің 39%-і) 2 рет тасиды. Жылдық ағын су мөлшерінің 37%-і қыркүйек және сәуір айларында өтеді. Сел қаупі күшті өзендердің бірі болып саналады. Суы тұщы. Жылдық орташа су шығыны Талғар қаласының тұсында секундына 10,6 м². Суы тасыған кезде ағаш ағызуға болады. Өзен бойынан шағын СЭС салынған. Бау бақша, егістік және қосымша ауыл шаруашылығы үшін өзеннен 9 канал жүргізілген. Сондықтан да өзен суы Іле өзеніне күз, қыс айларында бірақ жетеді. ## Дереккөздер
Сұлыбас (лат. Helictotrichon) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. ## Түрлері Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Негізінен 10 түрі бар. Ең көп тараған түрі - шөл сұлыбасы (Avenastrum desertorum). Бұл түр республиканың барлық өңірлерінде кездеседі. ## Биологиялық сипаты Мамыр және маусым айларында гүлдейді. Биіктігі 30-60 см. Сабағы жіңішке, жылтыр. Жапырағы таспа пішіндес. Масағы 2-6 күлтелі, сыпыртқы тәріздес гүлшоғырына топтанған. Жайылым оты. Гүлдену сатысында құрамында 9,7 % протеин, 1,9% май, 34,4% жасунық, 45,9% азотсыз экстактивті заттар болады. ## Географиялық таралымы Қазақстанның барлық аумақтарында кездеседі. Қуаң далада, тау баурайында өседі. ## Дереккөздер
Сырдария артезиан алабы — Шымкент және Қызылорда облыстарын және Өзбекстанның аз ғана жерін қамтып жатыр. ## Географиялық сипаты Ауданы 200 мың км³. Алап оңтүстік шығыс жағынан Шатқал Құрама таулары мен солтүстік шығысынан Қаратаумен, оңтүстік батысынан Нүратау секілді Қызылұһқұмның орталық бөлігі мен батысынан Арал теңізімен шектелген. сулы қабаты жоғары. Бұл бор шөгінділерінің түзілуімен байланысты. Оның қалыңдығы бассейннің шеткі бөлігінде 200 м-ден, орталығында 700 м-ге дейін жетеді. Суының минералдылығы 1-3 г/л.Ұңғымалардың өнімі 25 л/c-тен 40 л/c-ке дейін жетеді. Суының температурасы кейде 80 °C - қа дейін жетеді. ## Дереккөздер
Су жылан (лат. Natrix tessellata) – Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасының өзі аттас туысқа жататын жыланның бір түрі. Тауда 2800 м биіктікке дейін кездеседі. Суда жақсы жүзеді, су астында жарты сағаттан артық уақыт бола алады. Денесі біршама ірі, ұзындығы 140 см-дей, денесінің үстіңгі жағы сарғыш қоңыр, кейде көлденең салалы ұзын жіңішке жолақты, желке тұсы қара дақты болады. оптанып қыстайды. Көбеюі сәуір – мамыр айларында басталады. Маусым – шілдеде ұзындығы 3 – 4,5 см болатын 6 – 23 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан жыланның ұзындығы 15 – 22 см болады. ## Таралуы Қазақстанның оңтүстік аймағына таралған. Арал теңізі, ағысы қатты тау өзендерінің жағалауларын, қамысты көлдерді мекендейді. Негізінен балықтармен, бақа, құрбақалармен, ұсақ кемірушілермен, кейде құстармен де қоректенеді. Ұстаған жемін тірілей жұтады. Су жыландар балық өсіретін питомниктерге, уылдырық өсіретін шаруашылықтартарға зиян келтіреді. Усыз жылан, сондықтан адамды шаққаны қауіпті емес. ## Дереккөздер
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы (1966 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Күрті ауданында дүниеге келген) - Алматы облысының бұрынғы әкімі. ## Білім алуы Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты. ## Өмірбаяны және Еңбек жолы Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. ## Әкімдік еңбегі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы 2011 жылдың сәуір айы - 2014 жылдың тамыздың 19-ы аралығында Алматы облысының әкімі. ## Дереккөздер * Тарихы терең Талдықорған (Облысты басқарғандар, 35 бет): кітап * http://blog.zhetysu-gov.kz/content-view-1.html Мұрағатталған 25 ақпанның 2013 жылы.
Надирова Айгүл Молдақынқызы - 1965 жылы 31 желтоқсанда Алматы қаласы - Экономика ғылымдарының кандидаты (1995). ## Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтын (1987) экономист мамандығы бойынша; ҚазКСР Ғылым академиясыныңЭкономика институтының күндізгі аспирантурасын үздік(1990) «Өнеркәсіп және оның салаларын басқарудыңэкономикасы, жоспарлануы және ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша бітірген.Экономика ғылымдарының кандидаты (1995). Кандидаттықдиссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның жеңіл өнер-кәсіп кәсіпорындары мысалында иеліктің нарықтық механизмдерін жетілдіру».Бірқатар жарияланымдардың авторы.ІЗО 9001:2008 сапалы менеджмент жүйесі бойынша ішкіаудит жүргізу, тиімді сауда жүргізу, келісім жасау халықаралық сертификаттарына ие.Қазақ, орыс, ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі.«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).1988 жылдан - ҚР Ғылым академиясының Экономика институтының аға ғылыми қызметкері, технология және бизнес университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасыныңмеңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттықуниверситетінің «Экономика» мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының мүшесі. 1991-1994жылдары - ҚР Бухгалтерлер қауымдастығының вице-президенті. ¥К» Жұмыс істеу бойынша жетекші менеджері, «КагТгапзСомі«АҚфилиалының коммерциялықдиректоры, «КАХАР» ЖІІІ"бас директордың қаржы және әкімшілік мәселелер бой».ніша орынбасары.2008 жылдан бері - ҚР Президенті жанындағы Мемлекет басқару академиясының экономикалық және әкімшіш*мәселелер бойынша вице-ректоры.«КагТранзСот» АҚ дамуына қосқан құнды үлесі үиіітграмотасымен марапатталған. «АЛТЕЛ» АҚ үздік ж»м.қызметкері. ## Отбасы Әкесі - Надиров Молдақын Надирұлы, зейнеткер, профессор, Алматы халық шаруашылығы институтының деканыболған. Анасы - Өмірзақова Күлғайша, зейнеткер, Алматы кинотехникумының оқытушысы болған.Үйленген. Ұлы - Сейітжапаров Дияс Ғабдомлаұлы (1986 ж. т.); қызы - Сейітжапарова Дәмеш Ғабдонлақызы (1992 ж. т.). ## Дереккөздер
Ынтымақ — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Тимирязеводан солтүстік-шығысқа қарай 44-км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 258 адам (139 ер адам және 119 әйел адам) болса, 2009 жылы 175 адамды (88 ер адам және 87 әйел адам) құрады. 2020 жылы жергілікті тұрғындар саны 73 адам, ал тұрғын үй саны 20-ны құрады. ## Дереккөздер
Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді. ## Қазақстан жастар одағының сыйлығы Қазақстан жастар одағының сыйлығы – әдебиет пен өнер, ғылым мен техника саласы бойынша талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында екі жылда бір рет берілетін сыйлық. 1964 ж. Қазақстан Комсомолы сыйлығы ретінде белгіленген. Сыйлықтың алғашқы лауреаттары: О.Сүлейменов (“Адамға табын, жер, енді” поэмасы мен “Ақ түндер” өлеңдер жинағы үшін, 1964); Ә.Әлімжанов (“Күнге бет алған керуен” повесі үшін, 1965). Қазақстан жастар одағының сыйлығы соңғы он жылдық ішінде журналистика, кино, қолданбалы өнер, музыка, әдебиет, ғылым мен техника саласында елеулі жетістіктерімен көзге түскен жастарға берілді. Көркемдігі жоғары туынды жазған жас қаламгерлерді қолдау мақсатында 1990 жылдан бастап беріліп келеді. Қазақстан жастар одағының сыйлығының иегерлері: * Г.Салықбаева - "Бір жұтым ауа, қызыл күн" өлеңдер жинағы үшін, * Қ.Бегманов - "Қарашық" өлеңдер жинағы үшін, * М.Қайыңбаев - "Үркердің сұлу сарысы" өлеңдер жинағы үшін, * айтыс ақыны Абаш (Кәкенов) Долдаев, * Е.Аманшаев - "Үзілген бесік жыры" пьесасы үшін, * Е.Дымов, * Т.Ахметжан, * Б.Кенжеев, * М.Тазабеков, * З.Толепова, * Ә.Алпысбай, * М.Ыбыраев. ## Дереккөздер
Атбұлақ — Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Колмыков Иван Карпович 1908 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданында туған. Еңбек жолын колхозшы болудан бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946­-1963 жылдары Баян МТС­да комбайыншы болып істеді. Кейін Киров атындағы кеңшарда машина аула­ сының меңгерушісі қызметін атқарған.1952 жылы 28 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Иван Карпович Колмыковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұған дейін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен және «Еңбегі ерлігі үшін», «1941-­1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер * Айбын Энциклопедия. /Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы. * Герои Социалистического труда — казахстанцы. — Т. 3. — Алма-Ата: Казахстан, 1970 * Герои труда — североказахстанцы. — Петропавловск; 2012
Атмачиди Аким Иванович (22.09.37, Краснодар өлкесі, Джубга с.) — өндіріс ұйымдастырушысы, инженер-экономист. Халық қаһарманы, “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” (1982). Жамбыл (қазіргі Жамбыл технологиялық институты) технологиялық институтын сырттай бітірген (1976). 1959 ж. Семей қаласындағы 1-темір-бетон құрастыру комбинатында техник-лаборант ретінде еңбек жолын бастап, түрлі өндірістік қызметтерді атқарған. 1907 — 95 ж. аралығында осы кәсіпорынның бас директоры болған. Осы кезеңде ол басқарған кәсіпорын құрамында әр түрлі үлгідегі темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін 3 комбинаты, 3 зауыты бар ірі бірлестікке айналды. 1995 ж. Атмачиди “Семей” қаржы-өнеркәсіп тобының президенті болып сайланды. Ол басшылық еткен уақыттың ішінде бірлестік өнім шығару көлемін 21 еседен аса ұлғайтып, респ-дағы базалық салаға айналды. Технологиясы жетілдіріліп, өндірістік процестері автоматтандырылды. Қазақстан Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы Жарлығымен өндірісті ұйымдастыруға сіңірген аса зор еңбегі, республика құрылыс кешенінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін А-ге “Халық қаһарманы” атағы беріліп, “Алтын жұлдыз” ордені тапсырылды. ## Дереккөздер
Қожамбердиев Рахметжан Мұзапарұлы — 1963 жылы 14 тамызда Алматы болысы Үйғыр ауданы Ақтам селосында дүниеге келген. 1985 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтынын тарих факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 1985 жылы үйғыр ауданына қарасты Кіші Диқан (қазіргі Халық қаһарманы М.Тейипов атындағы) селосындагы мектепте тарих, қоғамтану және құқық пәндерінің мұғалімі болып бастаған . 1986 жылы "Мектеп" баспасында Ұйғыр редакциясының редакторы болып орналасып, 1986—1988 жылдары әскери борышын өтеп келгеннен кейін осы баспада редакторлық жұмысын жалгастырған. 1992 жылы Республикалық "Телевизия және радио" корпорациясында Ұйғыр тіліндегі хабарлар редакциясында аға редактор болып қызмет етеді. Республикалық Ұйғыр мәдениет орталығының Жастар комитетінде қоғамдык жұмыстар атқарады. 2002 жылдан "Мектеп" баспасы " ЖШС-ында жетекші редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарып, оқулық шығару ісіне жаңашырлыкпен қарап жүрген тәжірибелі редактор. Р.Қожамбердиев — Ұйғыр мектептеріне арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын Ұйғыр тіліне аударып жүрген қаламы жүйрік аудармашы. Білім беру мәселелері бойынша жазған мақалалары газет-журналдарда жиі жарияланып тұрады. ## Дереккөздер
Атамекен ауылдық округі: * Атамекен ауылдық округі – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы әкімшілік бірлік. * Атамекен ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік. * Атамекен ауылдық округі – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы әкімшілік бірлік. * Атамекен ауылдық округі – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы әкімшілік бірлік. * Атамекен ауылдық округі – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Арда Тұран (түр. Arda Turan; 1987 жылы 30 қаңтарда туған, Ыстанбұл, Түркия) — түркиялық футболшы, «Галатасарай» футбол клубының жартылай қорғаушысы, Түркия құрамасының экс-ойыншысы. ## Карьерасы "Галатасарай" клубының түлегі. Карьерасында "Атлетико Мадрид", "Барселона" секілді атақты клубтарда да доп тепті. 2018 жылы Түркияға оралып, "Ыстанбұл Башакшехир" клубына ауысты.2020 жылы туған клубы "Галатасарайға" оралды. Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2006 жылы алаңға шықты. 2008, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты. 2017 жылы құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. ## Жетістіктері ### Командалық «Галатасарай» * Түркия чемпионы: 2007/08 * Түркия кубогы: 2004/05 * Түркия суперкубогы: 2008 «Атлетико Мадрид» * Испания чемпионы: 2013/14 * Испания кубогы: 2012/13 * Испания суперкубогы: 2014 * Еуропа лигасы: 2011/12 * Суперкубка УЕФА суперкубогы: 2012 «Барселона» * Испания чемпионы (2): 2015/16, 2017/18 * Испания кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 * Испания суперкубогы: 2016 Түркия * Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2008 ### Жеке * Түркия чемпионатының үздік ойыншысы: 2008, 2009 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, Шығыс елдерінің ғалымдары арасында ғылым мен техника саласындағы КСРО алғашқы академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстандағы Ленин сыйлығының бірінші иегері болды. Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлауы үшін Ленин орденімен марапатталды (1940). 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. «Жезқазған ауданының кен орындары» еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды (1942). КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1943). «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» (1943). Тыл ресурстарын жұмылдыруға қосқан үлесі үшін екінші Ленин ордені мен ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды (1945). Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін үшінші Ленин орденін алды (1957). Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын әзірлеуі үшін Ленин сыйлығын жеңіп алды (1958). Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталды (1963). 1924 жылы 25 жасында ғалым қазақ орта мектептерінің оқушылары үшін араб графикасында «Алгебра» оқулығын дайындады, бұл кітап математикалық білім берудің негізін қалады. Оның есімі бүгінде ғылыми институттарда, университеттерде және көшелерде мәңгілікке қалдырылған. Қаныш Сәтбаевтың туған күні 12 сәуір Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді. ## Өмірбаяны ### Балалық шағы және білім алуы Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. Одан кейін оның өмірінде немере ағасы, орыс филологиясының оқытушысы А.З. Сәтбаев (1937 жылы ол атылады) басқарған Семей мұғалімдер семинариясындағы кезең басталады. Семей қаласында Қаныш Сәтбаев Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовпен, демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен кездескен, ал Мұхтар Әуезов және Әлкей Марғұланмен бірге оқыған. Семинарияда атақты ағайынды-өлкетанушы Белослюдовтар, ерлі-зайыпты ағартушылар – Назипа және Нұрғали Құлжановтар сабақ берді. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады. 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов. 1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты. Жас талаптың денсаулығы сыр бергендіктен, диплом алу үшін емтиханды мерзімінен бұрын тапсырады. 1920-1921 жылдары Сәтбаев туған өлкесіне оралып, асқынған туберкулез дертінен қымыз ішіп емделеді. Осы кездерде ол  Шәрипа Омаровға үйленіп, ол некеден Ханиса атты қызды болады. Болашақта Ханиса Қанышқызы медицина ғылымдарының докторы, С.Н. Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің құрметті профессоры, Қазақ ССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткері. ### Томск технология институты Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. 1921 жылы Сібір технологиялық институтының студенті, кейін тұңғыш қазақ математика профессоры Әлімхан Ермековтің арқасында жас Қаныш томскілік геология профессоры, болашақ академик М.А. Усовпен кездеседі. Бұл кездесудің Қаныш тағдырындағы мәні зор. Қаныш, Сібір технологиялық институтының студенті бола жүріп, өзінің өмірлік мұратына айналған жолды таңдайды. Соғыс зардаптарынан күйреген қаланың өмірі жаңадан қалпына келе бастаған кезде, қоғамда азық-түлік, отын және киім сияқты негізгі қажеттіліктердің тапшылығы сезіледі. Осындай ауыр кезеңде Қаныш М. Усовтың қамқорлығын көре отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас әке мен ұл арасындағы туыстық қатынас сияқты жылылық пен сыйластыққа толы болады. Қаныш Томскіде ауыр науқас болған кезде, Усов оны жұбайымен бірге өз үйіне көшіп келуге көндіреді. Осы кезеңде Қаныш Таисиямен танысады, ол кейінірек технологиялық институттың тау-кен факультетінде оған серік болады. Таисия Қанышқа әйелі, досы және одақтасы ретінде қолдау көрсетеді. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде екі қыз дүниеге келеді. Үлкен қызы, Мейіз Қанышқызы, ата-анасының ізін қуып, геолог мамандығын таңдайды және осы салада ғылым докторы атанады. Алайда, екінші қызы Марияш, 12 жасында дүниеден озады. ### Ашаршылық кезеңде 1930-шы жылдары Қазақстанда болған жаппай ашаршылық - қазақ даласының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Бұл кезеңде көптеген ауылдар қаңырап, халық басынан асқан қиындықтар өткерді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев осы қасіретті жылдары елдің қиын жағдайына бей-жай қарамады. Ол, өзі басқарған бөлімдегі жұмысшылар саны мыңға жеткен кезде, аштықтан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігін түсінді және осы бағытта іс-қимыл жасады. Әпкесінің ауылына кездейсоқ барған кезінде Қ.Сәтбаев киіз үйлерде аштықтан көз жұмған адамдарды көріп, шалажансар балаларды кһреді. Арасында өз жиендері де болатын. Бұл жағдай қатты толғандырады және ол бұл балалардың барлығын өз қамқорлығына алуға шешім қабылдайды. Олардың қамқорлығына алынғандардың бірі, Кемал Ақышев кейіннен белгілі археолог ғалым болып шықты. Ол ғылым докторы атанып, Алматы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде әлемге әйгілі "Алтын адамды" табуға үлес қосқан. ### Жезқазғандағы қызметі 1926 жылы Қ.И. Сәтбаев Томск технологиялық институтын табысты аяқтап, тау-кен инженер-геологы дипломын иеленген қазақтың алғашқы азаматы ретінде халық шаруашылығы Орталық кеңесінің қарамағына жіберіледі. Қаныш әлемдегі ең ірі мыс кен орны Қарсақпайда екендігін дәлелдеу үшін аттай 15 жылын сол жерде өткізеді. Мұнда ол «Атбасцветмет» трестінің геология бөлімін басқарды. Оның құрамына Қарағанды көмір бассейні, Успенский мыс руднигі, Спасск мыс балқыту зауытын қамтыған Спасск комбинаты мен салынып жатқан Қарсақпай мыс балқыту зауыты, Байқоңыр көмір шахталары, Жезқазған мыс кеніштері мен Қорғасын кен орнынан тұратын Қарсақпай комбинаты кіретін. Келесі жылы (1927 жылы) ол сол тресттің басқарма мүшесі болып сайланды. Атбасар трестінің қарамағында Карсакпай ауылындағы мыс кен орны және салынып жатқан мыс балқыту зауыты болды. Зауыт құрылысы он жыл бұрын басталған, ағылшындар Қарсақпай аймақты концессияға алып, мыс іздеуге кіріскен. Олар балқыту цехын салып, жабдықтың бір бөлігін орнатқан, бірақ көп мыс таба алмаған. Ақпан төңкерісі басталған кезде ағылшындар зауытты тастап кеткен, кейіннен совет үкіметі оны аяқтауды шешкен. Тресттің бас геологы ретінде Сәтбаев ол жерді тексеру үшін барып, құрылыс жұмыстарының жүрісі туралы білген. Кен орнымен және зауыт басшылығымен айналысқан мамандар аймақтағы мыс өндірісінің даму перспективасына өте скептикалық қарады. Олар, кеннің қоры тек келесі 10-15 жылға жететінін, одан артық еместігін айтты. Дегенмен, Сәтбаев олармен келіспеді. Ол Жезқазған ауданында алдыңғы уақытта анықталмаған үлкен мыс қоры бар деп санады. Геолкомнан бір бұрғылау станогын бөлуін сұрап, аймақта металдың бар-жоғын зерттеуге кірісті. Геолком басшылығы мен Жезказған ауданын жақсы білетін мамандар Сәтбаевтың идеясын сәтсіздікке ұшырайтынына сенімді болды. Алайда, жұмыстар басталғаннан кейін бір жыл өткен соң, Сәтбаев пласты он метрден асатын үлкен руда кенішіне тап болды. Ленинградта жүргізілген талдау нәтижелері бұл руда кенішінің бұрын белгісіз, мысқа бай екенін көрсетті. Осы жаңалықтың арқасында Сәтбаев 1928 жылы да іздеу жұмыстарын кеңейте алды. Тағы үш ірі кен орындарын анықтаған геолог 1929 жылы зерттеу жұмыстарын екі есе арттырады. Осы жылы тағы үш кен орны және бір жаңа руда алабы ашылды. Бұл жағдайларды ескере отырып, Сәтбаев «Қазақстанның Халық Шаруашылығы» журналында мақала жариялап, Жезказған әлемдегі ең бай мыс провинцияларының бірі екенін, тіпті Американың көптеген провинцияларынан да үлкен екенін мәлімдеді. Өз болжамдарына сүйене отырып, жақын жердегі Қарсақпай зауыты Жезказғаннан алынған руданың көлемін өңдей алмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол аймақта су қоймасын салу және кең жолақты теміржол желісін тарту қажеттігін болжады. Бұл ұсыныстарымен ол жоғарғы органдарға тұрақты түрде жүгініп, баспасөз беттерінде сөз сөйлеп, тіпті аймақтың дамуын КСРО-ның бесжылдық экономикалық даму жоспарына енгізуді ұсынды. Сәтбаевтың ұсыныстары трест басшылығы мен Геолком тарапынан кері реакция тудырды. Жас геолог ұсынған Жезказған даму жоспарының орнына, олар 1930 жылғы зерттеу жұмыстарының көлемін өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Сәтбаев өз болжамжарының дұрыстығын дәлелдеуге тырысып, өз ұсыныстарын ВСНХ (Всесоюзный совет народного хозяйства)-ның тау-металлургиялық секторының отырысында қарауға қол жеткізді. Ұзақ талқылаулардан кейін ВСНХ Геолкомның пікірімен келісіп, Сәтбаевтың дәлелдерін жеткіліксіз деп тапты. ВСНХ шешімімен келіспеген Қаныш Имантайұлы 1930 жылдың көктемінде КСРО Госплан төрағасы Г. М. Кржижановскийдің қабылдауына түсіп, өз ұсыныстарын негіздеді. Осыдан кейін Жезқазғанға арналған зерттеуге қосымша қаржы, бұрғылау техникасы және мамандар бөлінді. Келесі екі жылда зерттеу жұмыстарының көлемі арта түсті. Сәтбаевты алаңдатқан аймақтағы су тапшылығы мәселесі шешімін тапты: ол келесі, 1933 жылы аймақта су іздеу мақсатында гидрогеологиялық зерттеулерді бастау туралы келісімге қол жеткізді. 1932 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақстандық геология ғылымында маңызды орын алатын «Жезқазған мыс-кен ауданы және оның минералды ресурстары» атты алғашқы ғылыми монографиясын жариялайды. Бұл еңбегінде ол Жезқазған кен орындарының аса бай екендігін ашып көрсетеді. Бұған дейін ағылшын мамандары мен Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Геологиялық комитеттің қызметкерлері болжамдағандай, 60 мың тонна емес, айтарлықтай көбірек - 2 миллион тоннадан аса мыс қоры бар екендігін анықтайды. Бұл Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми болжамының дәлдігін растайды. 1933 жылы басында ВСНХ Жезказғандағы барлау жұмыстарының қаржыландыруын күрт қысқарту туралы шешім қабылдады. Бөлінген қаржының тек бір пайызы ғана қалдырылды. Мұндай шешімге аймақтың дамымаған инфрақұрылымы себеп болды: ешқандай темір жол немесе автомобиль жолы жоқ, су мен басқа да тұрмыс үшін қажетті шарттар жетіспеді. Қызметкерлерді сақтап, жұмыстарды жалғастыру мақсатында Сәтбаев қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге мәжбүр болды. Ол «Золоторазведка» және «Лакокрассырьё» трестерімен оларға қажетті пайдалы қазбаларды барлау туралы келісімге қол қойды. Алайда, жинақталған қаржы жұмыс көлемін сақтауға немесе одан әрі кеңейтуге жеткіліксіз болды. Сәтбаев М. А. Усов пен оның досы, профессор Владимир Алексеевич Ванюковтың көмегімен КСРО Ғылым академиясында сөз сөйлеп, Жезказған мыс рудасының қоры туралы жасаған қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді. 1934 жылы өткен Академияның үшінші сессиясында үшінші бесжылдық кезеңінде Жезказғанда мыс қорыту комбинатын салу қажеттігі туралы айтылды. Сессия Сәтбаевтың Жезқазған — Қарағанды — Балхаш темір жолын салу туралы ұсынысын да қолдады. Сәтбаев өз ұсыныстарын ауыр өнеркәсіп наркомы Григорий Константинович Орджоникидзеге жеткізді. 1936 жылдың 25 наурызында  ауыр өнеркәсіп халық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе Жезқазған мыс балқыту комбинатын салу бойынша дайындық жұмыстарының басталуы туралы бұйрыққа қол қояды. Осыдан кейін аймақта кең көлемді зерттеу жұмыстары басталды. Кейінірек Жезказған мыс кен орны сол кездегі әлемдегі болжамды қоры бойынша ең ірісі болып шықты. Тек 1938 жылдың басында ғана мыс саласының басқарушы штабы түбегейлі қайта құрылып, Қ.И. Сәтбаев Жаңа ауыр өнеркәсіптің жаңа наркомы Л.М.Кагановичке шақырылады да, 1938 жылдың 10 ақпанында Жезқазған үшін тарихи мәнге ие КСРО НКТП бойынша №50 бұйрық дүниеге келді. Онда жоғары өндірістік қуатты жаңа Үлкен Жезқазған комбинатын жобалауға шұғыл кірісу қажеттігі туралы айтылды. 1939 жылғы 31 қаңтарда БКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы Лазар Моисеевич Кагановичке жолдаған хатында Қаныш Сәтбаев Жезқазғанның келешегіне қатысты өз алаңдаушылығын білдіреді. Онда ол, Жезқазған кен орнының Қазақстандағы мыс өндірісі үшін аса маңызды, сенімді және стратегиялық ресурс екенін атап өтеді. Сәтбаевтың бұл әрекеті, оның айнымас сенімін, қажырлы еңбегін және Жезқазған кен орнының дамуына деген адалдығын көрсетеді. Ол Қазақстанның минералдық ресурстарын игеруде және ғылыми зерттеулерде көрсеткен ерекше жігері арқылы келешек ұрпаққа үлгі бола алды. ### Қазақстан археологиясына қосқан үлесі 1929 жылы Қ.И. Сәтбаев алғаш рет Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қарсақпай ауылына келіп, КСРО ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының "Главцветмет" геологиялық барлау комбинатының бас геологы қызметіне тағайындалды. Геологиялық барлау жұмыстарының қаражаты аз болғанына қарамастан, оның жаяу әдіспен жүргізген зерттеулері пайдалы қазбалардың орналасқан жерлерін анықтап қана қоймай, ежелгі тарих ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі кеніштер, қорғандар және жартастағы суреттерді табуға мүмкіндік берді . 1935 жылы бір экспедиция кезінде Сәтбаев араб әріптерімен жазылған жазуы бар тас плитаны тапты, онда Әмір Темірдің хан Тоқтамысқа қарсы жорығы туралы хат жазылған. Араб әліпбиін бала кезінен білетін Сәтбаев жазудың алғашқы жолдарын оқи алды, бірақ оны әрі қарай оқу үшін мамандардың көмегі қажет болды. Жазу кейіннен зерттелу үшін мемлекеттік «Эрмитаж» музейіне тапсырылды . Кейінірек Сәтбаев Алтыншоқы төбесіндегі қорған үлкен рәсімдік отқа арналған жылу-техникалық құрылыс деп болжам жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша жүргізілген заманауи зерттеулермен расталды . Сәтбаев сондай-ақ Ұлытау, Арғанаты тауларының айналасында және Торғай өзенінің бастауында көптеген археологиялық ескерткіштерді ашты. Ол барлық олжаларды мұқият фотоға түсіруді талап етті, бұл археологиялық деректердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 1935 жылы ағылшынның ағаш фотоаппараты отандық «Фотокор» фотоаппаратымен ауыстырылды, бұл суреттердің сапасын айтарлықтай жақсартты . Сәтбаев Қазақстан археологиясының қалыптасуында маңызды рөл атқарды, ол Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында археология секторын ұйымдастырды. Оның қызметі ұлттық археология мектебінің қалыптасуына және көптеген танымал археологтардың кәсіби өсуіне ықпал етті . Оның көп жылдық зерттеулерінің нәтижелері «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» монографиясында жинақталған, онда қола дәуіріндегі металдарды өндіру және өңдеу процестері туралы мазмұнды қорытындылар ұсынылған . ## Ғылым академиясындағы қызметі Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы ретінде танылған Сәтбаев, 130-дан астам еңбегін, негізінен Жезқазған кен орынына арнап жазды. Оның зерттеулері және жарияланымдары, әсіресе Жезқазған мыс кен орнының зерттелуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосты. 1942 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін, Сәтбаевтың екі маңызды монографиясы жарық көрді. Олардың біріншісі - «Қазақстан мен Кеңес Одағының мыс құмдары» монографиясы, ол Жезқазған қаласындағы жұмыс істеу кезінде жинақталған материалдарға негізделген. Бұл еңбек, жер қойнауын зерттеушінің көпжылдық бақылауларының нәтижесінде жазылған, мыс кендерін тез арада барлау және анықтау бойынша геолог-іздеушілер үшін практикалық ұсынымдар береді. Екінші монографиясы - «Қазақстанда қара металлургияның дамыту мүмкіндіктері туралы», Қазақстанның темір рудасы кен орындарының геологиялық сипаттамасын береді және олардың ішінде металлургия өнеркәсібінің шикізат базасы бола алатын келешегі бар кен орындарын көрсетеді. Бұл еңбектер, мыс және темір рудасының тапшылығы кезеңдерінде өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосқан. Соғыс қарсаңында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзінің маңызды еңбегі «Жезқазған аумағының кен орындары» деп аталатын көлемді монографиясын аяқтайды. Бұл зерттеу жұмысының бастамасы 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» және «Народное хозяйство Казахстана» журналдарында, сондай-ақ басқа басылымдарда жарияланған мақалалардан алынған. Он бес жылдық зерттеулер мен жинақталған материалдар негізінде ол ірі монографияны құрады. 1942 жылы бұл еңбегі үшін ол Мемлекеттік (Сталиндік) екінші дәрежелі сыйлыққа лайық деп танылды. Бұл марапат, шын мәнінде, соғыстың ауыр күндерінде Қазақстанға арзан мыс өндіру арқылы үлкен үлес қосқан Жезқазған кен орынының құрметіне берілген. Осы уақытқа дейін, Сәтбаев қырықтан астам ғылыми еңбек жазды, олардың бірқатары диссертациялық жұмыс ретінде танылды. 1942 жылдың 17 тамызында Жоғары аттестациялық комиссия оның жұмыстар жиынтығын бағалау негізінде Қаныш Имантайұлына геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін береді. Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Төралқасының дерлік бүкіл құрамы Қазақстанға көшірілген болатын. 1941 жылдың ортасында, академиктердің отбасылары мен балалары Қазақ КСР-інің Бурабай шипажайына эвакуацияланып, ал кейбір ғылыми институттар Алматы қаласына - ол кездегі республиканың астанасына орналастырылды. Осының арқасында кеңес ғылымының көрнекті өкілдері Алатау етегіндегі қалада шоғырланды. Олар арасында металлургия саласының мамандары Алексей Александрович Байков және Иван Павлович Бардин, белгілі геолог Владимир Афанасьевич Обручев, кеншілер Леонид Дмитриевич Шевяков және Алексей Александрович Скочинский, химик Эдуард Васильевич Брицке, агрономдар Дмитрий Иванович Прянишников және Николай Васильевич Цицин, транспорт саласының ғалымдары Владимир Николаевич Образцов, топырақтанушы Леонид Иванович Прасолов, тарихшылар Анна Михайловна Понкратова және Николай Михайлович Дружинин болды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев эвакуацияланған ғалымдарға ерекше көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетті. Олардың көбі соғыс салдарынан тұрғын үй жағдайларынан айрылып, қалыпты өмір сүру ритмінен алшақтап қалған еді. Қаныш Сәтбаев және қазақстандық қоғамдастық оларға жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салды. Алматыда тұрғын үй мәселесі өткір болғанымен, ғылыми қауымдастықтың мүшелері бір-біріне көмек көрсетіп, сырттан келген ғалымдарға баспана табуға көмектесті. Академиктер мен олардың отбасылары үшін республика Үкіметі Медеу шатқалындағы ең жақсы демалыс үйін бөлді, бұл оларға жаңа жағдайларға бейімделуге және ғылыми жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді. Қаныш Имантайұлының басшылығымен өткен ғасырдың 40-шы жылдары Қазақстанда Жезді марганец рудаларының кен орны ашылып, іске қосылды. Бұл кен орны Ұлы Отан соғысы жылдарында украиндық Никополь мен Грузиядағы Чиатур кен орнының уақытша қолдан шығып қалуына қарамастан, Кеңес Одағына броньды болат шығаруды жалғастыруға мүмкіндік берді. Соғыс жылдарында КСРО марганец кенінің 70,9% осы кен орнында алынды. ### Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті 1946 жылдың маусым айында, көп жылғы дайындықтан кейін, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстан Ғылым Академиясының (Қазақстан ҒА) тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл оқиға 1944 жылы Қ.И. Сәтбаевтың жетекшілігімен, академияны құруға арналған Үкімет комиссиясының құрылуымен және КСРО Ғылым Академиясының Президенті С.И. Вавилов басқарған, КСРО ҒА-ның он бір академигін қамтитын комиссияның жұмысымен бастау алды. Академия құрылғанда, онда он сегіз Ғылыми Зерттеу Институты (ҒЗИ), сегіз сектор, жеті тәжірибелік станция және үш ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің жалпы саны 1400 адамды құрады, оның ішінде 57 ғылым докторы және 184 ғылым кандидаты болды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылым мен Қазақстанның индустриялық дамуына қосқан үлесі, оның ғылыми басқару және өнеркәсіптік кешендерге тәжірибелік көмек көрсету саласындағы орасан зор ұйымдастырушылық қызметімен айқын көрінеді. Оның басшылығымен Қазақстан Ғылым Академиясында ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, мұнай және табиғи тұздар химиясы, химия-металлургия, тау-кен металлургия, ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі салаларында жаңа академиялық институттар ашылды. 1947 жылы Қаныш Сәтбаевтың Англияға сапары кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Уинстон Черчилльмен болған кездесуі ерекше оқиға болды. Черчилль қалжыңдап: «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрағанда, Сәтбаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап берген. 1946 жылдың соңында Қазақстан Ғылым Академиясы және оның Президенті Сәтбаевтың үстінен қиын кезең басталды. Кейінгі жылдары, атап айтқанда 1951 жылы, Сәтбаев ұлтшылдық, партияға қабылданған кезде әлеуметтік шығу тегін жасырды, ұлтшылдарға қамқорлық көрсетті және 1917 жылы Алаш-Орда үкіметінде үгітші болғанын жасырды деген айыптар тағылды. Осы айыптаулардың нәтижесінде, 1951 жылы 23 қарашада Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті бюросының шешімімен Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президент қызметінен және Төралқасының мүшелігінен алып тасталды. Бұл оқиғалар Сәтбаевтың ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымынан да босатылуы мүмкін екендігін көрсетті. Оның басқару стиліне сын айтылып, институтта түрлі комиссиялар мен тексерулер жүргізіле бастады. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың күрделі кезеңдерінде КСРО Ғылым Академиясы оның кәсібилігі мен еңбекқорлығын жоғары бағалай отырып, қажетті қолдау көрсетті. Оның жеке басын жақсы тани отырып, КСРО ҒА Президенті А.Н. Несмеянов Сәтбаевқа Орал бөлімшесінің басшысы немесе КСРО ҒА Геологиялық-географиялық бөлімшесі төрағасының орынбасары лауазымын ұсынды. Дегенмен, Сәтбаев өзінің республикасына деген міндеттемесін басшылыққа ала отырып, бұл ұсыныстан бас тартып, 1952 жылдың сәуірінде үйіне оралды. КСРО Ғылым Академиясының қолдауы арқасында, Сәтбаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры лауазымын сақтап қалды және Орталық Қазақстанның болжамды металлогениялық картасын құру бойынша жұмысын жалғастырды. 7 жылдан кейін, Сәтбаевтың Орталық Қазақстанның металлогениясы бойынша маңызды ғылыми еңбегі Ленин сыйлығына ұсынылды. Алайда, ол бұл сыйлықты жеке алудан бас тартып, металлогениялық картаны дайындауда ұжымның еңбегін ерекше атап өтті. Бұл әрекеті арқылы Сәтбаев ғылыми қауымдастықтағы ұжымдық еңбектің маңыздылығын және өзінің ұжымдық жетістіктерге деген сенімін көрсетті. 1954 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті басшылығы ауысқан соң, 1951 жылы Сәтбаевқа тағылған айыптаулар қайта қаралып, ғалым кінәсіз деп табылды. 1955 жылдың маусымында ол қайтадан Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болып сайланды және 1956 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мүшесі атанды. Қазақстан аумағы арқылы Ертіс, Есіл, Орал, Сырдария және басқалары бар 2174 өзен ағып өтетіні белгілі. Алайда, өзендердің тек 5,5 пайызы ғана Орталық Қазақстанның үлесіне тиетін. Ғалым Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын белсенді түрде қолдап, Кеңес Одағының түрлі инстанцияларында каналды жобалау ісін жандандыруға жан-жақты ықпал етті. 1959 жылдың жазында Қаныш Сәтбаев, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Алексей Николаевич Косыгин алдында Ертіс-Қарағанды каналының құрылысының маңыздылығын негіздеп, оны келесі жеті жылдық жоспарға енгізуге көмек көрсетті. Бұл құрылыс бүгінде Қаныш Сәтбаев атымен аталады, оның Қазақстан экономикасы мен экологиясына қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, Қаныш Имантайұлы Маңғышлақ түбегіндегі табиғи ресурстарды кешенді зерттеу жұмыстарын жетекшілік етті, мұндағы көмір, мұнай, газ және қара металлургия кен орындарының жаңа кен орындарын зерттеуге басшылық жасады. Бұл жұмыстар Қазақстан экономикасының дамуына және республиканың өнеркәсіптік базасының кеңеюіне елеулі үлес қосты. Қаныш Сәтбаевтың өміріндегі қиын кезеңдер, атап айтқанда 1937 жылы үш ағасының қуғын-сүргін кезінде атылып кетуі және 1951-1952 жылдары ұлтшылдыққа қарсы науқан кезінде Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті қызметінен босатылып, қудалануы, оның денсаулығына ауыр әсер етті. Академик 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында алпыс бес жасқа толар жылы дүниеден озды. Мәдени мұра және тарих Қаныш Сәтбаев Шоқан Уәлихановтың жазып алған «Едіге» жырының мәтінін қайта жаңғыртып, араб және татар тілдеріндегі қазақ оқырманына түсініксіз сөздерден тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясына сай өңдеген. Сәтбаев Ұлытау өңіріндегі басты тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді зерттеуге зор көңіл бөлді. Оның «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегінде Ұлытау өңірінің ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар, қазақ этносының саяси орталығы екендігі толық дәлелденген. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зерттеу сапарларының бірінде, жергілікті тұрғындардың Алтын шоқы шыңында араб жазуымен тас табылғаны туралы айтуы оның назарын аударды. Осы ақпаратқа сүйеніп, Сәтбаев аталған орынды зерттеуге шешім қабылдайды. Бұл тас, Әмір Темірдің қазақ даласына жасаған жорығы туралы ескерткіш болып шықты, ол Темірдің бұйрығымен орнатылған. Бұл ескерткішке Эрмитаж мұражайының директоры, академик Орбели зор қызығушылық танытып, 1936 жылы оны Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) әкеледі. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде тастағы жазба 1391 жылға тиесілі екені анықталды, бұл Темірдің Дешті Қыпшаққа, Алтын Орда ханына қарсы жүргізген жорығының нақты дәлелі болды. Ұлытау таулары қазақ халқының негізгі тайпаларының аумақтарының бастау алған орны ретінде, қазақтардың ежелгі саяси орталығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Бұл ауданда сақталған материалдық мәдениет ескерткіштері, атап айтқанда Кеңгір өзені маңындағы, Жезқазғаннан 65 км оңтүстікте орналасқан, «Алтын Орда стиліндегі» күйдірілген төртбұрышты кірпіштен жасалған үш кесене Ұлытаудың тарихи рөлін айқындайды. Халық аңызы бойынша, бұл кесенелер Алашахан, Шыңғыс ханың ұлы Жошы және сарай сазгері Домбауылдың молалары. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Қазақстанның индустриялық және ғылыми саласының дамуына қосқан үлесімен қатар, тарих саласындағы зерттеулері арқылы да құнды үлес қосты. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың қызы, Шәмшия Қанышқызы Сәтбаева, белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты болып табылады. Ол өз кезегінде Қазақстан ғылымына зор үлес қосқан қайраткер ретінде танылған. Білім беру Қаныш Сәтбаев оқу-ағарту саласына да зор үлес қосты. Ол қазақ орта мектептерінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған, бұл оқулық математикалық білім берудің негізін қалауға көмектесті. Бұл кітапты ғалым 1924 жылы 25 жасында қазақ тілінде араб графикасымен жазып шыққан екен. 592 беттік қолжазба артынша латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшірілген. Музыкалық мұра Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу мен сақтауға да үлес қосты. Ол Александр Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына қазақ халқының музыкалық мұрасының 25 әнін өзі орындап, оларға орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп, енгізген. Ғылыми мұрасы Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау сияқты аймақтарға да айрықша назар аударып, олардың кен орындарының стратиграфиясы, тектоникасы, құрылымы, металлогениясы, геохимиясы және пайда болу тегі туралы терең зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулері арқылы ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешенді әдісін енгізіп, Қазақстанның геологиялық ғылымында жаңа кезеңнің басталуына ықпал етті. Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен және көптеген тәжірибелі мамандардың қатысуымен бірнеше жылдар бойы атқарылған тынымсыз еңбек, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының жасалуына әкелді. Осы карталарды пайдалану арқылы Сарыарқа аймағында көптеген жаңа қара, түсті және сирек метал кен орындары ашылды, біраз кендерге жаңа өндірістік баға берілді. Қаныш Сәтбаевтың бұл жұмыстары Қарағандыдағы металлургиялық завод салуды, Қостанай мен Алтайдағы темір және марганец кендерін, Қаратаудағы фосфорит кендерін игеруді, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуын және бірқатар ғылыми зерттеу институттарының ашылуына бастау болды. Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғалымдары арасындағы ақылшы және тәрбиеші ретінде танылды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық және қазақстандық деңгейдегі комиссиялар мен комитеттерде мүшелік және басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, ол КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет президиумының мүшесі болды. Оның еңбегі төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері атанды. Қаныш Сәтбаев адамдардың талантын танып, жастарды дұрыс жолға бағыттай білді. Ол сонымен қатар, бірқатар жастарды ғылымға әкеліп, тәрбиеледі. Ол дайындаған ғылыми кадрлар кейіннен ірі ғалым болып қалыптасып, Қазақстан ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны белгілі. Осындай адамдардың бірі – ғалым-энергетик Ш.Ш. Шөкин. Оның ықпалымен академик Әлкей Марғұлан сияқты ірі ғалымдар ғылыми қауымдастыққа қосылды. Әлкей Хаканұлы Марғұлан кейіннен археология саласындағы көшбасшы және қазақстандық археология ғылымының негізін қалаушы болып танылды. Сәтбаев, сондай-ақ, геолог Шахмардан Есеновтың кәсіби өсуіне негізгі ықпал етті. Ол Есеновтың талантын танып, кейіннен оны Қазақ КСР Геология министрі лауазымына тағайындауға көмектесті. Қаныш Сәтбаев Евней Букетовті де ғылымға бағыттап, 1960 жылы оны Қазақ ССР Ғылым Академиясының химия-металлургия институтының директоры етіп тағайындады. Евней Арыстанұлы кейін химия саласындағы маңызды жаңалықтардың авторы және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Академиктің басшылығымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі құрылды және Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің құрылуына мұрындық болды. Бұл қадамдар республикадағы геологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарды. Ол академияның құрылымдық бөлімдерін, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды және ғылыми базаларды жоспарлауда негізгі рөл атқарды. Сонымен қатар, ғылыми кадрлар дайындау ісіне аса жауапкершілікпен қараған, ғылыми зерттеулерді халық шаруашылығы мүддесіне сай бағыттап, елдің экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан. Сәтбаевтың басшылығымен Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Қарағанды және Балқаш металлургия зауыттары сияқты ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысы жүзеге асырылды. Ол Ертіс-Қарағанды арнасының салынуын, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлеріндегі табиғи байлықтарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. ### Ғылыми еңбектері * К проблеме большого Джезказгана, журнал Народное хозяйство Казахстана, №1-2, 74–83-бб. (1936) * «Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам картасының методологиясы, нақты базасы мен негізгі тұжырымдары туралы» Главные закономерности пространственного размещения зон эндогенного оруднения в Центральном Казахстане, Советская геология, ҚазССР Хабаршысы. Геология сериясы, 1955, 20 шығ., 3–35-бб. (1955) * «Орталық Қазақстанда эндогендік кендену аймақтарының кеңістікте орналасуының негізгі заңдылықтары» О методологии, фактической базе и основных выводах металлогенических прогнозных карт Центрального Казахастана, Известия АН КазССР, (Советская геология, 1957, №58, 93–109-бб.) * «Түсті металдар кенін кешенді пайдалану бойынша Қазақстан Ғылым академиясының зерттеулері» Исследования Академии Наук Казахстана по комплексному использованию руд цветных металлов, Вестник АН КазССР, ҚазССР ҒА Хабаршысы. 1962, №12, 3–11-бб. (1962) ## Наградалары мен марапаттары * 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданының жер қойнауын барлағаны үшін Ленин орденімен марапатталды. * 1942 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. * Сол жылы «Жезқазған ауданының кен орындары» ғылыми еңбегі үшін екінші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды. * 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. * 1944 жылы «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағы берілген. * 1945 жылы тыл ресурстарын жұмылдырғаны үшін екінші Ленин орденімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. * 1957 жылы Қазақстан ҒА тың және тыңайған жерлерді игеруге жұмылдыру үшін үшінші Ленин орденімен марапатталған. * 1958 жылы Қаныш Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар тобы Орталық Қазақстанның кешенді металлогеникалық болжамдық карталарын құру және әдістемені әзірлеуі үшін Ленин сыйлығына ие болған. * 1963 жылы Қазақстанның геологиялық ғылымын дамытуға және пайдалы қазбаларды зерттеуге сіңірген еңбегі үшін төртінші Ленин орденімен марапатталған. ## Отбасы Қаныш Сәтбаевтың әкесі - Имантай Сәтпаев, ауыл биі болған. Ол өмірінің ширек ғасырынан астам уақыт Нұрым деген әйелімен бірге өткізген. Осы некеден бір қызы дүниеге келіп, бала кезінде қайтыс болған. Әкесінің екінші әйелі - Әлима. Бұл некеден үш бала дүниеге келген: қызы Қазиза және екі ұлы, Бөкеш (Ғазиз) мен Қаныш.Қаныш Сәтбаев өзі бірнеше рет үйленген: * Бірінші некеден екі қызы: Ханифа (дәрігер және физиолог, 1921—2016), Шәмшиябану және ұлы Майлыбай (Мәлеш, 1924—1940) дүниеге келген. Майлыбай 16 жасында қайтыс болған. * Екінші әйелі Таисия Алексеевнадан (қыз кезіндегі тегі Кошкина) қыздары Мейіз, Мириам және бала кезінде қайтыс болған ұлы дүниеге келген. * Азаматтық некеден Камила Досовна Утегеновамен қызы Джамиля туған. ## Тарихи мұра ### Қаныш Сәтбаев есімі берілген нысандар Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі Қазақстанның ғылыми және өндірістік әлемінде кеңінен танымал және құрметтеледі. Оның аты бірқатар білім беру мекемелеріне, кен-металлургия комбинаттарына, сондай-ақ Қазақстанның қалаларындағы көшелерге, мектептерге және аграрлық шаруашылық объектілеріне берілген. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми және өндірістік жетістіктері елдің экономикасы мен білім беру саласын дамытудағы маңызды үлесін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, Алатау жотасының биік шыңы мен мұздағы, сондай-ақ Қаратау жотасында орналасқан ванадий кенінің рудасынан табылған жаңа минерал – сәтбаевит Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Бұл ғалымның Қазақстанның геологиялық зерттеулеріне қосқан зор үлесін мәңгілікке есте сақтауға арналған. Қаныш Сәтбаевқа арналған бірнеше мұражайлар оның ғылыми және қоғамдық қызметіне, сондай-ақ жеке өміріне арналған экспозицияларымен келушілерге ғалымның мұрасын таныстырады. Бұл мұражайлар Қазақстанның мәдени және ғылыми өміріндегі Қаныш Сәтбаевтың орнын көрсете отырып, келешек ұрпаққа ғылымға деген құштарлықты және елінің дамуына үлес қосудың маңыздылығын насихаттайды. * Қазақстан Ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институты * Сәтбаев ғаламшары * Сәтбаев қаласы * Сәтбаев көшесі (Алматы) * Сәтбаев көшесі (Астана) * Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы (Павлодар) * Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті * Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты * Сәтбаевтың мұздығы * «Сәтбаевит» минералы * «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі ### Ескерткіштер * 1999 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев ескерткіші Алматыда қойылды. * 2011 жылы енді бір ескерткіш Қарағандының вокзал алдындағы алаңына орнатылды. * 2017 жылы академиктің мүсіні Степногорскте салтанатты түрде ашылды. * 2021 жылы Сәтбаевқа ескерткіш Астанада өзі аттас көшенің бойында қойылды. ### Сәтбаевтану * Медеу Сәрсеке. ЖЗЛ. Сәтпаев. Мәскеу, Молодая гвардия, 2003 жыл, ISBN 5-235-02625-X * "Қаныш" энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" редакциясы, 2011 жыл. * Артюхова О.А. Валукинский Николай Васильевич // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 80–87 беттер. * АКК – Қазақстанның археологиялық картасы. Алматы: ҚазКСР Ғылым академиясының баспасы, 1960. 450 бет. * Батырбеков Г.О. Академик Сәтбаев және оның замандастары. Алматы: «Рауан», 1999. 176 бет. * Бейсенов А.З., Жұмабекова Г.С., Базарбаева Г.А. Ел орталығындағы ежелгі мұраларды зерттеу жолы: Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы археологиялық экспедициясының құрылу тарихы // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 11–64 беттер. * Григорьев А.П., Телицина Н.Н., Фролова О.Б. Әмір Темірдің 1391 жылғы жазуы // Азия және Африка елдерінің тарихының тарихнамасы және деректануы. 2004. Шығарылым 21. 3–24 беттер. * Крамаровский М.Г. Әмір Темірдің тасы // Алтын Орда. Тарих және мәдениет. Санкт-Петербург: «Славия», 2005. 167–170 беттер. * Қызласов И.Л. Археолог Леонид Романович Қызласов. Өмірбаяндық очерк // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 1. 108–118 беттер. * Лозовский И.Т., Сипайлов Г.А. Қаныш Сәтбаевтың Томскідегі студенттік жылдары. Томск: ТПУ баспасы, 1999. 135 бет. * Марғұлан А.Х. Сарысу мен Ұлытау өзендерінің ескерткіштерін зерттеу // ҚазКСР Ғылым академиясының хабаршысы. 1948. No 2 (35). 53–60 беттер. * Марғұлан А.Х., Әкішев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті. Алматы: «Ғылым», 1966. 435 бет. * Могильницкий В.Б. Сәтбаев жерінде. Қарағанды: Полиграфия, 1992. 157 бет. * Потанин Г.Н. Идыге туралы қазақ жырынан үзінділер (Ч. Валихановтың жазбаларынан) // Валиханов Ч.Ч. Шығармалар толық жинағы, 5 томдық. Алматы: Қазақ кеңестік энциклопедиясының бас редакциясы, 1985. Т. 5. 296–299 беттер. * Рогожинский А.Е. Бетпақдала шетіндегі Тамғалытас тасының белгілері мен жазулары // Орталық Қазақстанның археологиялық мұрасы: зерттеу және сақтау: ғылыми мақалалар жинағы, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының 70 жылдығына арналған. Жауапты редакторлар: А.З. Бейсенов, В.Г. Ломан. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 2. 297–307 беттер. * Боранбаев С. Ұлы мұра // Индустриальная Караганда. 06.04.1999. * Сарсеке М. Феномен. Астана: «Фолиант», 2018. 960 бет. * Сәтбаев Қ.И. Ежелгі Жезқазған // Қазақстан правдасы. 1936. No 148. * Сәтбаев Қ.И. Қазақстан мыс қоры // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 155–162 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Қарағанды бассейнінің түсті және қара металлургиясының дамуы // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 3. 115–154 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Жезқазған өңірінің тарихи-археологиялық деректері // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 44–52 беттер. * Сәтбаев Қ.И. Жезқазған ауданындағы ежелгі ескерткіштер // Таңдамалы. 5 томдық. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т. 5. 69–75 беттер. * Сәтбаева Ш.К. Ошақтың жарығы. Алматы: Қазақстан баспасы, 1999. 184 бет. * Усманова Э.Р., Жұмашев Р.М., Жұмабеков Ж.А., Антонов М.А., Қасбаров А.Р. Алтыншоқы төбесінің жұмбағы: Әмір Темірдің 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорығының бір эпизоды туралы // Тарих, әдебиет, өнер журналы. Ресей Ғылым академиясы. 2018. Т. 13. 7–24 беттер. ## Сілтемелер * Қаныш Сәтбаев. «Қазақтың Қанышы». «Тарих. Тағдыр. Тұлға» YouTube сайтында * Е.Қ. Бейсембетов. Қазақстанның дамуында ұлы ғалымның рөлі * "Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз? * Қаныш Сәтбаев туралы 15 қызықты факт ## Дереккөздер
Балапан қаз, "Ахау сабаз", "Бұл өлке" - ән. Шығарушысы белгісіз. Яғни, халық әні. ## Тарихы "Балапан қаз" әні туралы жалғыз ғана дерек Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Пугачев ауылының тұрғыны, домбырашы Қилыбаев Арғынбек ақсақалдан жеткен. Арекеңнің айтуында "Балапан қаз" әнін Найман еліне келін болып түскен керей қызы шығарған. Бұл қыз ата-анасының оң жағында отырғанда сүйген жігітінен екіқабат болып қалса керек. Ол кез құдандалықты кие тұтып қалыңдыққа ие болатын заман ғой, керей қызы аяғы ауыр қалпында ұзатылады. Кейін перзентті болған керей қызы көкірегіне қамалған мұңын бесік жыры етіп айтады екен. Содан, былайғы жұртқа жайылған. Өкініштісі, әннің сөзі ұмыт болып, ел есінде "Е-е-й, ахау сабаз, Ұшырдым ұясынан балапан қаз" деген қайырмасы ғана қалған. Ел жадындағы жақсы әннің қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосып, жаңадан сөзін жазып, "Балапан қаз" әніне екінші өмір сыйлаған адам — көрнекті ақын, драматург, Моңғолия Жазушылар одағының лауреаты Арғынбай Жұмажанұлы. А.Жүмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. 1973 жылы Тұлба сұмынның Баян-Өлгийдегі мәдени күндері өтеді. Бұл шараның ойдағыдай өтуіне Арғынбай Жұмажанұлы белсене атсалысып, концерттік бағдарламаларға тікелей бас-көз болады. Жаңадан арнайы ән-күйдің шығарылуына, драмалық қойылымдардың көрсетілуіне күш салады. Осы жолы ел жадында сақталған "Балапан қаз" әніне салып айту ұшін арнайы төрт шумақ өлең жазады. Сөйтіп, мәдени күндердің беташары ретінде "Балапан қаз" әні Арғынбай шығарған жаңа мәтінмен алғаш рет айтылады. Әнді киномеханик Қапсөк деген жігіт айтады. Әннің де, мәтінінің де жұрт көңілінен шыққаны сонша, сол күндердің өзінде-ақ бүкіл Өлгий қаласы жастарының сүйіп айтатын әніне айналады. "Балапан қаз" әнінің Арғынбай Жұмажанұлы шығарған мәтіні бұл кісінің 1979 жылы "Меңдікөл" деген атпен Өлгийде жарық көрген жыр кітабының 12-13 беттеріне басылды. Өлеңге "Бұл өлке" деген тақырып берілген. Тақырып астында "Халық әні "Балапан қаз" әуенімен" деген тақырыпша бар. Өлеңнің мәтіні мынандай: Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,Желіге асау құлын байлаған жер.Көзіме от-жалындай көрінеді,Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер. Қайырмасы: Е-е-й, ахау сабаз,Ұшырдым ұясынан балапан қаз. Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,Қаракөз бойын сылап түзеген жер.Көзіме от-жалындай көрінеді,Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер. Қайырмасы: Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.Көзіме от-жалындай көрінеді,Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер. Қайырмасы: Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.Көзіме от-жалындай көрінеді,Алдымнан келін кесіп өтпеген жер. Қайырмасы: Көз көрген азаматтардың айтуында Арғынбай Жұмажанұлы бұл өлеңнің екінші шумағындағы алғашқы екі жолын кейін былай өзгерткен: Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,Сырғасын сұлу кыздың іздеген жер. "Балапан қаз" әнін қазақстандық әншілердің ішінде алғаш айтушы Жанар Айжанова. Жанар бұл әнді 1991 жылы Моңғолияға барғанда үйреніп қайтқан. Кейін "Балапан қаз" әнін Роза Рымбаева, Бағдат Сәмединова сияқты жез таңдай әншілеріміз де келістіре шырқады. Ал, "Көшпенділер" фильмінде "Балапан қаз" әнін белгілі әнші Ұлту Қабаеваға айтқыздық. Ұлтудың айтуындағы далалық табиғилық және әннің иірім-қайырымына, саз-сарынына сәтті нақыс дарытып айтушылық бізге ден қойғызды. ## Дереккөздер
Исмаилов Карим (02. 10. 1907 — 29. 06. 1968) — Тәж. КСР колхоз өндiрiсiнiң көрнекті басшысы, Соц. Еңбек Epi атағын екі рет (1948, 1957) алған. 1932 жылдан КОКП мүшесi. 1928 жылы Душанбеде партия мектебін бiтiрген. 1933-1941 жылдары Орджоникидзеабад ауд. атқару комитеті председателiнiң орынбасары, председателi. 1941-1945 жылдары Ұлы Оган соғысына қатынасты. Ол Ленин орденiмен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгici» ордендерімен, Бүкiл одақтың а. ш. көрмесінің Үлкен және Кiшi алтын, күмic медальдарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Жасыл Сарықас (лат. Phylloscopus trochiloides) - Сарықастар тұқымдасының Сарықастар тегінің орташа денелі сарықас. Жасыл сарықастың жоны - жасылдау, бауыры - сарғыштау ақ, қанатында бір көлденең жолағы бар, оны жап-жаңа қауырсыннан жақсы байқауға болады, тозған қауырсыннан болжап білу қиын. Әдетте аталық бір орында бірнеше әуен орындайды, бұдан соң ағаш бөрікбасына еніп кетіп, әнші құсты көру қиынға соғады. Көктемгі ұшып өту кезінен-ақ сайрай бастайды, сондай-ақ жас балапандар ұядан ұшып кеткенде де сайрауын тоқтатпайды. Ұяларды жерге - ағаш тамырларының астына, тастардың астына, мүктің қалың қабатына немесе қалың өскен шөп өркендеріне жасырып салады. Жасыл сарықастың жұмыртқалары, ұялау орнының жасырын болуына байланысты, басқа жақын түрлерінен ерекше теңбілсіз таза ақ болады.Аналық ұяларды салып,салындыдағы 4-7 жұмыртқаларды 13-14 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда сонша күн қоректендіреді. Жылына бір рет балапан өргізеді. Қыстауға ұшып кету тамызда басталып, қазанда аяқталады. Біз тіпті қарашада кешіккен жасыл сарықастарды Батыс Тәңіртаудан кездестірдік. Жасыл сарықас Тәңіртауда тек қана оңтүстік және шығыстың тауларында ұялайды, алайдаткөптеген жерлерден, соның ішінде далада және шөлде ұшып өткенде кездеседі. ## Дереккөздер
Исмаилов Нүсіп Науғайұлы (1941 жылы туған, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы 1968 ж. Семей мемлекеттік мед. интын бітірді. 1968-78 ж. Семей мемлекеттік мед. институтында аспирант, ассистент, 1978-88 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-гінің өлкелік патол. ҒЗИ-ы филиалының (Өскемен қ.) меңгерушісі. 1988 жылдан I.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің кафедра меңтерушісі. 80-нен аса ғылыми еңбегі жарияланған. ## Дереккөздер
Рабик Исмаилов (2 қыркүйек 1934 жыл, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, филиология ғылымдарының кандидаты. * Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетін бітірген. * 1960—1963 жылдары «Мектеп» баласына қызметке ауысып, корректордан бас редакторға дейін көтеріледі. * 1973 жылы «Ұйғыр драматургиясының дамуы мен қалыптасу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды. * 1992—1997 жылдары республикалық ұйғыр мәдениет қоғамын басқарды. * Бүгінгі таңда ұйғыр мектептерінің мәселері жөніндегі үйлестіру орталығының төрағасы. ## Шығармалары * «Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері» (1966) * «Іздену жолында» (1976) * «Заман және қаһарман» (1987) * «Уйгурская драматургия от «Анархана» до...» атты монографиялар * 2 жинақтың * ұйғыр әдебиеті, мәдениеті және қазіргі дәуірдің өзекті проблемаларын сөз еткен 200-ден астам мақалалар, очерктер * 9 және 11 сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиетінің» авторы. * Тарих, география, педагогика, философия, экономика саласындағы оқулықтарды ұйғыр тіліне аударды. ## Марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Құрмет Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер
Жанғалин Мұхтар (1910–1975) - 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ пединститутының тарих факультетін бітірген.1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.Әдеби қызметін 30-шы жылдары қоғамдық саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударды. ## Аудармалары * Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1949; * Т.Семушкин. Аласталған Алитет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1950; * А.Макаренко. Ұстаздық дастан (бірігіп аударған), А., ҚМКӘБ, 1951; * Лев Толстой. Соғыс және бейбітшілік. А., 1963; * Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза. А., «Жазушы», 1972; * Т.Семушкин. Аласталған алитет. Роман. ІІІ кітап. (Ғ.Ахмедовпен бірігіп аударған.) Екінші басылым. А., «Жазушы», 1985. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Жаналин Мұрағатталған 3 қарашаның 2014 жылы. * Вритерс
Құтбай Дүрбаев (Құттыбай) (25 мамыр 1906, бұрынғы Ақмешіт уезі, Өзгенттөбе ауылы — 4 қаңтар 1971, Өзбекстан, Жоғары Шыршық ауданы) — Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының музыкалық-поэтикалық мұрасын жинап насихаттаушы, орындаушылық дәстүрді жалғастырушы. Қожа руынан шыққан. * Дүрбаевтың “Құтбайдың өзімен таныстыруы”, “Құтбайдың Нартайға айтқаны” деген термелерін өнер зерттеуші Т.Бекхожина жазып алып, “Қазына” этнографиялық жинағында жариялаған (1979). * “Кенжеқожаның термелері”, “Кенжеқожаның ақындарға берген сыны”, т.б. Құтбайдың орындауында нотаға түскен. * Оның репертуарындағы “Аю мен адамның достығы”, “Мерт болған жолбарыс”, “Кенжеқожаның 1-термесі”, т.б. “Қазақтың 200 әні” (1972), “Қазақтың музыкалық фольклоры” (1982) жинақтарына енген. * Дүрбаевтың түрікмен халқының аса көрнекті ақыны Мақтымқұлының сөзіне жазылған “Сұлу” (“Қалқа”) атты әні халыққа кең танымал. ## Дереккөздер:
Исмаилов Шахимұрат Шаимұлы (1956 жылы туған, Алматы қ.) - ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002). 1979 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын, 1987 ж. Мәскеудегі туберкулез аурулары ҒЗИ-ның аспирантурасын бітірген. 1987-99 ж. ҚР туберкулез проблемаларының ұлтгық орталығында кіші, аға ғылыми қызметкер, бас дәрігер, директор, 1999-2002 ж. бөлім меңтерушісі қызметтерін атқарды. Ол республика туберкулезге қарсы күрес бағдарламасын жасаушылардың және оны іске асырушы жетекші мамандардың бірі. Әлемнің денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) грантының иегері (2002). Париж, Монреаль, Хельсинкиде халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Өкпе ауруларының диагностикасы мен емдеу тәсілдерін зерттеуге арналған 180-нан аса ғылыми еңбек жариялаған. 10 патенті бар. ## Дереккөздер
Ынтымақ — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Бөріжар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Нияз сері Бекдәулетұлы (сәуір 1818, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы – қараша 1893, Ресей, Түмен губерниясы Қосқарағай орманы) – ақын, сазгер. * Біржан сал ұстаз тұтқан. * Әкесі Бекдәулет егін егіп, құсбегілікпен айналысқан. * Болашақ сері әуелі ауылдағы Қожаберген-Асқан, 1824 – 30 ж. Болатынай, 1830 – 34 ж. Қызылжар медреселерінде оқып, өз ортасында білімді адам саналған. * Досы Сегіз серінің Ресей отаршыларына қарсы қақтығыстарында қолына қару алып, қайрат көрсеткен. * Күрескер ақын Ресей үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, 1857 жылдан кейінгі өмірін Түмен губерниясында өткізді. ## Шығармашылығы Нияз сері ел ішінде әнші, ақындығымен танылған. Оның жас кезінде шығарған * “Аққұм” * “Іңкәр” әндері халық арасына кең тараған. * Атақты “Нияз” әнінде Сегіз серінің ерлік істері мен өнерін * “Сегіз сері – Патшайым” атты көлемді дастанында оның махаббатын жырға қосады. * Сазгердің “Нияз” әні “Қазақтың 200 әні”(1972) жинағына * “Балқурай” * “Гүлдерайым” * “Жариям-айдай” * “Жеңешем-ай” * “Ой көк”әндері “Қазақ әндері антологиясының” бірінші кітабына (1991 ж.) енген. ## Дереккөздер
Сағыр Аймағамбетұлы Камалов (1905, бұрынғы Ақтөбе уезі, 9-а. – 1938) – жазушы, драматург. * Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. * Өз аулында орталау мектепті бітіргеннен кейін Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыды (1923 – 27). * Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтын бітірді (1931). * 1931 – 37 жылы Алматы музыка мектебінің меңгерушісі * 1938 жылы Қазақ драма театрының директоры қызметін атқарды. ## Шығармашылығы * Тұңғыш шығармасы – “Таңдағы талап” әңгімесі 1930 жылы жарық көрді. * “Ұшқыннан өрт” * “Шахтада” * “Колхоз қарауылы” * “Ұсталды” * “Алтай асуында” * “№21-інші” * “Екпінді №90” * “Ордадағы ойран”, т.б. әңгіме, өлең, мақалалары жарияланды. * “Қанды таяқ” пьесасы (1932 жылы Т.Жароковпен бірігіп жазған) * “Екпін” атты әңгімелер жинағы * “Алтай жолы” романынан үзінді жарық көрді. * “Құттықтаймын” (1936) * “Ер Тарғын” (1937) атты драмалық шығармалары жеке кітап болып шықты. * Камалов либреттосын жазған “Ер Тарғын” операсы (1937, музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі) қазақ театрларының тұрақты репертуарына енді. ## Дереккөздер
Рауан Ержанұлы Қабидолдин (1989 жылы туған) — ақын, журналист ## Өмірбаяны Ақын 1989 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Қазір аталмыш университеттің екінші курс магистранты. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегері ( 1-орын). 2013 жылы «Жылдың үздік ақыны» (Қарағанды облысы), Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» сыйлығының иегері(2007). «Ақ қайың болсын есімің...» жыр жинағының авторы(2014). Бүгінгі таңда «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.
Мирас Болатұлы Асан - 1987 жылы мамыр айының 13 күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты аулында дүниге келген. №21 «Бақты» орта мектебін бітіргеннен кейін академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. «Соңғы раушан», «Бекзат» жыр жинақтарының авторы. Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналдың Бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. Бүгінде "Орталық Қазақстан" газетінде тілші болып жұмыс істейді. Үйленген. Бір баласы бар. ## Дереккөздер
Береке (1999 жылға дейін – Берёзовка) — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Береке (2000 ж. дейін Память Ильича) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы Атырау қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 477 адам (234 ер адам және 243 әйел адам) болса, 2009 жылы 945 адамды (465 ер адам және 480 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3123 адамды (1556 ер адам және 1567 әйел адам) құрады. ## Әлеуметтік нысандары * Береке орта мектебі — Балықшы ауданына қарасты №26 Память Ильича бастауыш мектебі болып 1937 жылы құрылған. 1986 жылы балабақша жанынан екі ғимараттан (бастауыш мектеп, негізгі мектеп) тұратын 4 жылдық мектеп-балабақша болып ашылды. 1992-1993 оқу жылында мектеп-балабақша 7 жылдық орталау мектеп болып ашылды. 1993-1994 оқу жылында 8 жылдық орталау мектеп болды. 1994-1995 оқу жылдарында мектеп түпкілікті 9 жылдық болды. 2001-2002 оқу жылынан бастап мектеп «Береке ауылының негізгі мектебі» деген лицензиясын алды. 2005-2006 оқу жылының ІІ жарты жылдығынан мектеп жанынан шағын орталық жұмыс жасауда. 2017-2018 оқу жылында Береке орта мектебі болып ашылды және жаңа 250 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. * Фельдшерлік-акушерлік пункт Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. ## Діни мекемелері * "Медет" мешіті — 2023 жылы наурыз айында ашылды. Мешіт 300 адамға арналған. Ерлерге және әйелдерге арналған таһаратхана, Құран оқитын бөлме қарастырылған. ## Елді мекендегі көшелер * Абылай хан көшесі * Ахмет Байтұрсынұлы көшесі * Әбу Насыр Әл-Фараби көшесі * Әбілқайыр хан көшесі * Әйтеке би көшесі * Әлихан Бөкейханов көшесі * Әмір Сейдеғалиев көшесі * Бауыржан Момышұлы көшесі * Бұқар жырау көшесі * Жаңа құрылыс көшесі * Зейнелғабиден Тыныбеков көшесі * Исатай көшесі * Кенесары Қасымұлы көшесі * Күлтегін көшесі * Қазыбек би көшесі * Қапиза Тыныбекова көшесі * Қасым хан көшесі * Қобыланды батыр көшесі * Қожа Ахмет Ясауи көшесі * Қуаныш Түсіпқалиев көшесі * Құспан Нұрпейісов көшесі * Махамбет көшесі * Міржақып Дулатұлы көшесі * Нұрмұхан Жантөрин көшесі * Сабила Мұхитова көшесі * Сағадат Нұрмағамбетов көшесі * Сарайшық көшесі * Сарыарқа көшесі * Сұлтан Бейбарыс көшесі * Төле би көшесі * Тұрар Рысқұлұлы көшесі * Халел Досмұхамедұлы көшесі * Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі * Шәмші Қалдаяқов көшесі * Шоқан Уәлиханов көшесі * Ыбырай Алтынсарин көшесі * Ілияс Қыдырғожин көшесі ## Дереккөздер
Сабытаев Шамшадин (1938 ж. т., Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы) – мәдениет қызметкері, КСРО мәдениет қызметінің үздігі (1979). Республикалық мәдени-үгіт бригадалары байқауының лауреаты (1974 – 76). Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық байқаудың жүлдегері (1978). «Құрмет белгісі» орденімен (1986) марапатталған. ## Дереккөздер
Қосмезгіл (2008 жылға дейін – Қызыләскер) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан шығысқа қарай 2,5 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
* Береке – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл. * Береке – Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл. * Береке – Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл. * Береке – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. * Береке – Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Береке – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл. * Береке – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. * Береке – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл. * Береке – Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл. * Береке – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл. * Береке – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл. * Береке – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.
Шұбар — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Шұбар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде Арыс, Шұбар өзендерінің бойында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланды. Бадам, Қажымұқан атындағы кеңшарлардың бөлімшесі, мал тұқымын асылдандыру стансасы болған. 1978 жылдан Бүкілодақтық Лениндік комсомол жастар одағының 60 жылдығы атындағы шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылған. ## Инфрақұрылымы Ауылда Шұбар, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. ## Дереккөздер
Әдік сұлтан (1445 кейін — 1503) — қазақ хандығының сұлтаны, замандастары оны «Дешті-Қыпшақтың ұлы сұлтандарының бірі» деп атаған. ## Биографиясы Әдік Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі - Жәнібек ханның төртінші ұлы. XV ғасырдың соңғы ширегінде ол бауырларымен бірге хандықтың ішкі саясатына араласты, онымен қоса Бұрындық ханның Шибандықтарға қарсы жорықтарына қатысты. Ол Ұлытау уәлаятының әміршісі болған. 1502 және 1503 жылдары Әдік Қалмақтарға қарсы Еділ шайқасын жүргізеді. 1503 жылы Мұхаммед Шайбани Әдік сұлтан тұрып жатқан Ташкентті басып алған кезде, «Тарих-и Рашидидің» хабарлауынша …ол қазақтарға кетіп, Сұлтан Нигар ханым да онымен бірге кетті. Әдік сұлтан сол уақытта қайтыс болды. Оны Қасым хан әйелдікке алды. Әдік сұлтан моғол ханы Жүністің қызы Сұлтан Нигар ханымға үйленген болатын. Олардың екі қызы және саны белгісіз ұлдары болған (Қадыр Әли бидің еңбегінде «Әдік сұлтанның әулеті Бес ұл деп аталады» делінген, тарихшылар осыны ескеріп оның бес ұлы болған деп тұжырымдайды): * .үлкен қызы (аты белгісіз), Көшім ханның ұлы Абдуллах сұлтанға ұзатылған, тұрмыста жүріп біраз уақыттан кейін қайтыс болған * .Чучук ханым, моғолдардың болашақ ханы Рашид сұлтанға ұзатылған * .Тахир, Қазақ хандығының ханы * .Бауыш, Қазақ хандығының ханы. Моғолдардың ханы Рашидтің қарындасы Бәди әл-Жамал ханымға үйленген * .Әбілқасым, Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғыс кезінің құрбаны болды * . Бұйдаш, Қазақ хандығының ханы * .Қожаш немесе Қожа Махмұт хан. Қазақ хандығының ханы.