text
stringlengths
3
252k
Мирзоев Мирпулат (1949 жылы туған, Сайрам ауданы) – ақын. ТашМУ-дың журналистика факультетін бітірген (1971). 1971–81 жылдары «Еш гвардия» баспасында қызмет атқарды. 1981–87 жылдары Өзбекстан Жазушылар одағында кеңесші, «Еш гвардия» баспасында бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1991 жылдары Өзбекстан Жазушылар одағының хатшысы. Ақын қазіргі кезде «Әлем әдебиеті» журналы бас редакторының орынбасары болды. Алғашқы «Таң шапағы» атты өлеңдер жинағы 1975 жылы жарық көрді. Ақынның «Мейірлі күндер», «Махаббат мезгілдері», «Көгілдір дария», «Сүмбіле», «Әтіргүл мен жұлдыздар», «Қанағат», «Аяулы анам» атты жыр жинақтары бар. Мирзоев аударма саласында да көп еңбек етіп келеді. Ол А.С. Пушкин, Г.Гейне, Р.Ғамзатов, М.Кәрім, Б.Пастернак, т.б. шығармаларын өзбек тіліне аударған. 1999 жылы осы еңбектері үшін халықаралық Б.Пастернак атындағы сыйлық алды. Қазақ ақындары Ж.Молдағалиев, О.Сүлейменовтің шығармаларын өзбек тіліне аударды. Абайдан бастап М.Шахановқа дейінгі көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін өзбек тіліне аударып, мерзімді баспасөз бен жинақтарда жариялады. Осы еңбегі үшін 2001 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығы берілді. ## Сілтемелер
Молдағалиев Әлімжан Қайратұлы (1971 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Егіндіағаш ауылы) – Республика киокушинкай каратэ-до Федерациясының президенті, ҚР-ның спорт шебері (2002), Қазақстанның еңбегін сіңірген жаттықтырушысы (2005). Көкшетау университетін бітірген (2000). Қазақстан (1996, Алматы), Азия (2000, 2002, Ақтау) чемпионаттарының жеңімпазы. Жастар арасында үш әлем чемпионын жаттықтырған (Ш.Қасымов, А.Такенов, Д.Мәжитханов). 1995 жылдан Көкшетау қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-мұғалім, 2003 жылдан Көкшетау қалалық 3-, 4-шақырылған Мәслихатының депутаты. Молдағалиевке «Үздік жаттықтырушы» атағы берілген (2005). ## Дереккөздер «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Ақсукент, Ақсу — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, аудан және Ақсукент ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 183 км, Шымкент қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде. ## Транспорты және ауылшаруашылығы Іргесі ХІХ ғасырда құрылған. Ауылда ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін және қосалқы бөлшектер комбинаты мен құрылыс материалдары комбинаты бар. Ақсукент арқылы Ташкент-Алматы тас жолы өтеді. ## Халқы ## Дереккөздер
Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846, Жамбыл тауы – 22 маусым 1945, Алматы) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. ## Өмірбаяны Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. ## Жылдар бойынша хронология * 1937 жылы ел деңгейінде Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау хаттар алды. Тіпті көрнекті француз жазушысы Ромен Ролланның өзі Жамбыл ақындығының 75 жылдығына орай "Батыс Альпінің жүрегінен қазақ халқының және жаңа адамзаттың жаршысы Жамбылға туысқандық сәлем жолдаймын" деп телеграмма жіберген. * 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социалистік Республикалар халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО халықтарының мызғымас достығын жыр етті. * 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. * Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған жыр еді. * Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болды. * 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. ## Шығармалары ### Өлеңдер * Атаның әлдиі * Балаларға * Балама хат * Бесік жыры * Жастық жыры * Жаңа жыл * Жаңа жыл сәлемі * Жеңіс жырын сайраңдар * Жүз жасаған жүректен * Ленин * Ленинградтық өренім * Шәкірт балаларға * Октябрь толғауы * Сәлем саған комсомол * Сыйлық * Туысқан ел * Чапай * Халық туысқандығы * Өнердің өсуі есік жыры ### Айтыстар * Жамбыл мен Айкүміс * Жамбыл мен Құлманбет * Жамбыл мен Шашубай * Жамбыл мен Досмағанбет ### Дастандар * Өтеген батыр * Сұраншы батыр * Көрұғлы * Бақ, дәулет, ақыл ## Дара тұлға Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. ## Еске алу Жамбылдың есімімен аталады: * Қазақстанның бір облысы – Жамбыл облысы * Жамбыл қаласы (қазіргі Тараз қаласы) * Жамбыл ауданы (Алматы облысы) * Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) * Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) * 39 елді мекен:Жамбыл – Зайсан ауданындағы ауыл.Жамбыл – Катонқарағай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Тарбағатай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Бәйдібек ауданындағы ауыл.Жамбыл – Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округіне қарасты ауыл.Жамбыл – Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты ауыл.Жамбыл – Келес ауданындағы ауыл.Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауыл.Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты ауыл.Жамбыл – Ордабасы ауданындағы ауыл.Жамбыл – Төле би ауданындағы ауыл.Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.Жамбыл – Есіл ауданындағы ауыл.Жамбыл – Уәлиханов ауданындағы ауыл.Жамбыл – Аққулы ауданындағы ауыл.Жамбыл – Ақтоғай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Железин ауданындағы ауыл.Жамбыл – Қарабалық ауданындағы ауыл.Жамбыл – Қарасу ауданындағы ауыл.Жамбыл – Қостанай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Науырзым ауданындағы ауыл.Жамбыл – Шет ауданындағы таратылған кент.Жамбыл – Алакөл ауданындағы ауыл.Жамбыл – Көксу ауданындағы ауыл.Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.Жамбыл – Қордай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Меркі ауданындағы ауыл.Жамбыл – Мойынқұм ауданындағы ауыл.Жамбыл – Ақжайық ауданындағы ауыл.Жамбыл – Бәйтерек ауданындағы ауыл.Жамбыл – Сырым ауданындағы ауыл.Жамбыл – Құрманғазы ауданындағы ауыл.Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл.Жамбыл – Қарасай ауданындағы ауыл.Жамбыл – Райымбек ауданындағы ауыл.Жамбыл – Әйтеке би ауданындағы ауыл.Жамбыл – Мұғалжар ауданындағы ауыл.Жамбыл – Темір ауданындағы ауыл.Жамбыл – Астрахан ауданындағы ауыл.Жамбыл – Зеренді ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Зайсан ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Катонқарағай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Тарбағатай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Бәйдібек ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округіне қарасты ауыл. * Жамбыл – Жетісай ауданы, Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты ауыл. * Жамбыл – Келес ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауыл. * Жамбыл – Мақтаарал ауданы, Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты ауыл. * Жамбыл – Ордабасы ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Төле би ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Есіл ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Уәлиханов ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Аққулы ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Ақтоғай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Железин ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Қарабалық ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Қарасу ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Қостанай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Науырзым ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Шет ауданындағы таратылған кент. * Жамбыл – Алакөл ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Көксу ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Қордай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Меркі ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Мойынқұм ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Ақжайық ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Сырым ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Құрманғазы ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Жамбыл ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Қарасай ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Райымбек ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Әйтеке би ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Мұғалжар ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Темір ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Астрахан ауданындағы ауыл. * Жамбыл – Зеренді ауданындағы ауыл. * Жамбыл — Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. * Жамбыл — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. * Жамбыл — Іле Алатауындағы шың. * Жамбыл мұражайы — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан, тарихи және мәдени мекеме. * Жамбыл футбол клубы — Тараз қаласындағы Қазақстанның футбол клубы. * Алматыда Жамбыл Жабаев көшесі бар. * Ресейде Жамбылдың атымен аталған 11 көше бар. * Украинада 3 көше бар. * Жамбыл атындағы филармония. * Бозқарағанның 1921 жылы қолдан шығарылған бір түрі Жамбыл атымен аталған. Жамбылға арнап шығарылған фильмдер: * Жамбыл — толық метражды көркем фильм (1952); * Жамбыл. Жаңа дәуір — толықметражды көркем фильм. Жамбылға арнап: * Алматыда Жамбыл көшесінде ескерткіш; * Абай атындағы опера және балет театрының жанында бюст; * Есік қаласында ескерткіш; * Атырау облысындағы ауылда ескерткіш; * Киевте ескерткіш; * Таразда ескерткіш; Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. ## Марапаттары * Ленин ордені - КСРО ең жоғарғы мемлекеттік марапаты. * Еңбек Қызыл Ту ордені. * «Құрмет белгісі» ордені. * Сталин сыйлығы (1941). ## Дереккөздер
Шоңайнақтар туысы (лат. Acanthis) — Қазақстандағы қунақ тұқымдасы құстарға жататын 18 туыстың біреуі. Шоңайнақ туысты құстар қысқа, үшкір тұмсықты және құйрығының ұшы терең ойықты (шеткі бұлқын қауырсындар ортаңғыларынан ұзын, шағын денелі (13-20) ұсақ құстар тобы. Құстардың бұл туысында бірнеше түр бар (кейде мұны екі туысқа: Шоңайнақ туысты және шекілдек туысты деп бөледі. Қазақстанда бұлардан төрт түр: шоңайнақ, шекілдек, тау шекілдек және тундралық шекілдек кездеседі. ## Дереккөздер
Нағыз қырқылдақтар туысы (лат. Sterna) — Татреңтәрізділер отрядының Қарқылдақ шағалалар тұқымдасына жататын құстар туысы. Ашық реңді, ұсақ және орташа дене мөлшерлі нағыз қырқылдақ туысты құстардың қара телпегі айыр құйрығы болады. Аяғы - сарғыштау немесе қызғылттау. Тұмсықтың түсі - түрге тән реңді. Туыста 24 түр қамтылады, солардың екеуі ғана Қазақстанда кездеседі. ## Дереккөздер
Бәйтерек (2018 жылға дейін – Манкент) — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Көк шағала (лат. Larus fuscus) — шағалалар тұқымдасына жататын құстардың бір түрі. Көбінесе Солтүстікте болады. Арқа жағы көгілдір келіп, денесінің қалған жерлері мен құйрығы ақ болады. ## Дереккөздер
Сібір бозшағаласы (лат. Larus heuglini) — боз шағала тобынан бөлінген түрлердің тағы біреуі. Басқа шағалалардан өте қошқыл шифер түстес, сұр шапаншасымен ерекшеленеді. Дұрысырақ айтқанда Солтүстік Қазақстанда оқта-текте байқалатын жай ғана көшпенді құстар. Бұл жиынтықтың барлық формаларын анықтау үшін көп тәжірибе керек. ## Дереккөздер
Бәтір нан — қамырды ашытпай, жұқалау етіп жайып, майсыз пісіретін нан. Бәтір нан қазақ даласының әр аймағында әртүрлі айтылады (бәтір, пәтір) және дайындалу тәсілі де түрліше. Шығыс өңірде ашытпай илеп, табаға пісірген нанды, Қырғызстанмен шектес тұратын қазақтар тандырға ашытпай жапқан нанды, Қарақалпақстандағы қазақтар қамырға май құйып илеп, ішіне асқабақ, пияз т.б. қосып, тандырға жауып пісірген нанды бәтір нан пэтір деп айтады. ## Жалпылама Қамыраның қамыры секілді иленіп, табаның көлеміндей ғып жайып, таба қоламтаға қойылады да, бетіне екінші табаны төңкеріп, оның үстін ыстық қоламтамен жабады. Егер қамыр жақсы ашыған болса, нанның көтеріліп пісуі үшін қамырды жұқалау ғып жайған дұрыс. Бәтір күймей, біркелкі пісуі үшін жайылған нанның бетіне саусақпен немесе қасықтың ұшымен ойықтар салады. Сондай-ақ қос табаның астындағы және үстіндегі қоламтаның біркелкі болуын қадағалау қажет. Қызуы азайған қоламтаға кемілсе, бәтірдің піспей қалуы мүмкін, ал таба шала жанған шоққа кемілсе , ол күйіп кетеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қаттама
Айдарлы суқұзғын (лат. Phalacrocorax aristotelis) — үлкен суқұзғынға ұқсас құс. Одан айырмашылығы - айдарлы суқұзғынның тұмсығы едәуір ұзын, басында қауырсындары алға қарай иілген айдарының болуында ғана. Жерорта және қара теңіз жағалауларына орныққан, теория жүзінде оның Каспий теңізі жағалауында орнығуы мүмкін, алайда оның бұл жерге келуі туралы ешқандай айғақ жоқ. ## Дереккөздер
Субүркіттер (лат. Haliaeetus) — сегіз түрі бар жыртқыш құстар отрядының қаршыға тұқымдастарға жататын алпыс үш туысының біреуі. Жыртқыш құстардың ең ірісі - субүркіттер туысына жататын құстар (2-3 кг-дан 6-9 кг-ға дейін), аналығы аталығынан 15-20%-дай үлкен. Жабын қауырсындары көбінесе қоңыр реңді, ересек құстарда ақпен көбірек үйлеседі. Тұмсығы -қуатты, сары түсті. Ірі көлдер, өзендер және теңіздердің жағалауына өте ынтық. Қазақстанда 2 түрі- аққұйрықты субүркіт және кезкұйрықты субүркіт кездеседі. * * * * * * ## Дереккөздер
Сұлыкештер туысы (лат. Emberiza) — Сарыторғайлар тұқымдасына жататын құстардың негізгі туысы. Еуразияның қоңыржай ендіктерінде көбірек таралған сұлыкештер туысы 34-37 түрді қамтиды. Орман дала және шөл зоналардағы бұталы немесе шөбі қалың үлескілерге қоныстанады. Кейбір жекелеген түрлер тауларда Альпілік белдеуіне дейін барады. Қазақстанда кейде өз алдына жеке туысқа бөлінетін тарышыл сұлыкешті қоса есептегенде сұлыкештер туысының 38 түрі бар. ## Түрлер * Emberiza affinis * Emberiza aureola * Emberiza bruniceps * Emberiza buchanani * Emberiza cabanisi * Emberiza caesia * Emberiza calandra * Emberiza capensis * Emberiza chrysophrys * Emberiza cia * Emberiza cineracea * Emberiza cioides * Emberiza cirlus * Emberiza citrinella * Emberiza elegans * Emberiza flaviventris * Emberiza fucata * Emberiza godlewskii * Emberiza hortulana * Emberiza impetuani * Emberiza jankowskii * Emberiza koslowi * Emberiza leucocephalos * Emberiza melanocephala * Emberiza pallasi * Emberiza poliopleura * Emberiza pusilla}} * Emberiza rustica * Emberiza rutila * Emberiza sahari * Emberiza schoeniclus * Emberiza socotrana * Emberiza spodocephala * Emberiza stewarti * Emberiza striolata * Emberiza sulphurata * Emberiza tahapisi * Emberiza tristrami * Emberiza variabilis * Emberiza yessoensis ## Дереккөздер
Құрқылтайрең сұлыкеш (лат. Emberiza rustica) — Торғайтәрізділер отрядының Сарыторғайлар тұүымдасының шағын денелі (15-22 г) сұлыкеш. Жоны - қоңырқай сарғылт және басы - ақ шұбарланған қара. Ол Еуразияның тайгалық зонасында - Скандинавиядан Тынық мұхитқа дейін таралған. Қазақстанда көптеген жерлерден қыркүйек-қазандағы күзгі ұшып өту кезінде аздаған мөлшерде кездеседі. Көктемде Қостанай түбінде сәуірде тек қана бір рет кездеседі. Кейбір жылдары құрқылтайрең сұлыкештер тобы Алматы және Шымкент аймағынан кездеседі. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Құрқылтайрең сұлыкеш * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Құрқылтайрең сұлыкеш
Гүлшанақ - өсімдіктің гүл бүршігінің ішіндегі жаңа дамып келе жатқан, əлі ашылмаған гүл. Гүлшанақтағы гүл бөлімдерінің саны мен орналасу ретіне қарап, гүлдің көлденең қимасының диаграммасын сызып түсіру өсімдіктерді жүйелеп топқа бөлуді жеңілдетеді. ## Дереккөздер
Халелов Мазан (1923, Атырау облысы Исатай ауданы Орпа ауылы – 1965) – партия, кеңес қызметкері. Беріш руының тумасы, тармағы Құлкеш, Байгөл. Кіші жүз. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1940 – 42 ж. ауданы партия комитетінде кітапхана меңгерушісі, 1942 – 46 ж. әскер қатарында рота политругінің орынбасары, Харьков әскери-саяси училищесінің курсанты болды. 1946 – 51 ж. ауданы партия комитеті, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, облысы партия комитетінің нұсқаушысы, 1951 – 65 ж. Шевченко ауданы партия комитетінің хатшысы, облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. С.Мұқановты Мұрын жыраумен, т.б. шежіре қарттарымен кездестірген. Геолог Р.Тұрмағанбетұлының таудан табылған кітапханасын Қазақ КСР-і ҒА-ға жеткізді. Х. атында Атырау қаласында көше бар. 2 рет «Құрмет белгісі» (1948, 1958) орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Аққала — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Аққұйрық құмдауық (лат. Calidris temminckii) – Тауқұдірет тұқымдастарының дене мөлшері және реңі құмғақшаға өте ұқсас құс. Айырмашылығы – қауырсындарында қызылсары реңк болмайды, аяғы – ақшыл, құйрығының жиегі – ақ. Еуразияның тундрасы және орманды тундрасында орын тепкен, кей жерлерде саны құмдауықтан гөрі көбірек. Қазақстанда сәуір, мамырда және шілденің соңынан қазанның басына дейін әдеттегідей ұшып өтеді. Саны онша көп емес, ұшып жүрген дарақтарды жаз бойы кездестіруге болады. ## Дереккөздер
Бізқұйрық құмдауық (лат. Calidris acuminata) – Тауқұдірет тұқымдастарына жажатын құмғақшадан ірірек (45-57 г, қанатының алымы – 36 см шамасында) құс. Тұмсығы – едәуір ұзын, жіңішке, аздап имектеу. Жоны – тот түстес шұбарланған қара қоңыр, томаға, бөтегесі және бауырының алдыңғы бөлігі – қара қоңыр (құстың атауы соған орай берілген), бауырының қалған бөлігінің реңі – ақ. Қаратөс құмдауыттардың күзгі және қысқы реңі: жоны – сұрғылттау, біркелкі реңкті, бауыры – ақ, бөтегесі – сұрғылт түсті. Ұялау кезінде қара шұбар түспен қосылып, денесін біраз жасырады. Еуразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда көктемгі (наурыз, сәуір) және күзгі (шілденің аяғынан қазанның басына дейін) ұшып өту кезінде кездеседі. Ұшып жүрген жеке дарақтарын жаз бойы кездестіруге болады. ## Дереккөздер
Жыланжегіш қырандар туысы (лат. Circaetus) – Сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын туыс. Жыланжегіш қыран туысы жорғалаушылармен қокертенуге бейімделген төрт түрден тұрады. Қазақстанда бір түрі өмір сүреді. ## Дереккөздер
Қысқақұйрық құрақтұмсық (лат. Stercorarius parasiticus) — Татреңтәрізділер отрядының Құрақтұмсықтар тұқымдасына жататын олқыденелі құрақтұмсыққа ұқсас, бірақ дене мөлшері одан кішірек (қанат алымы – 118 см шамасында), құйрық, бұрымшасы едәуір қысқа (6 см шамасында) құс. Каспий маңында, Арал маңында кездеседі, Орталық Қазақстанда бірнеше рет байқалған. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Stercorarius parasiticus
Құмайлар туысы (лат. Gyps) — өлексежегіштер тобынан жыртқыштар отрядына жататын қаршыға тұқымдас құстардың бес түрден тұратын туысы. Қазақстанда екі түрі – табиғатта ерекше ұқсас құмай және ақбас құмай кездеседі. ## Түрлері * лат. Gyps africanus * лат. Gyps bengalensis * лат. Gyps coprotheres * лат. Gyps fulvus - Ақбас құмай * лат. Gyps himalayensis - Құмай (құс) * лат. Gyps indicus * лат. Gyps rueppellii * лат. Gyps tenuirostris ## Дереккөздер
Мамырқұстар туысы (лат. Actitis) – екі ғана түрі бар тауқұдірет тұқымдастарға жататын құстар туысы: * Мамырқұс - лат. Actitis hypoleucos (Еуразияда) * Actitis macularia (Солтүстік Америкада).
Меңіреу құрлар (лат. Tetrao) - құр тұқымдас ірі құстар туысы. Еркектері құсойнақ кезінде бірнеше секундтай естімей қалады. Ұзындығы 56-85 см, салмағы 4-5,5 кг, кейде 6,5 кг-ға дейін жетеді. Еуразияның орманды аймағында 2 түрі бар: * саңырау құр, ТМД-да Шығыс Карпаттан Байкалға дейінгі * тас саңырау құрлары - Байкалдан Камчатка мен Сахалинге дейін таралған. ## Полигамдар Қусойнағы, жыныстық билері. Жерде және ағаштарда өтеді, жерде, қыста ағаштарда, (қарағай, самырсын шыршалар қылқандары, кей жағдайда балқарағай бүршіктерін, ақ қайын және т.б.) қоректенеді. Аңшылық нысаны. Дарвин және Березкин қорығында саңырау құрларды өсіреді. ХТҚО Қызыл кітабында 1 түршесі бар. Табиғатта саңырау құр мен тасты саңырау құр буданы кездеседі, халықта бұлардан тараған ұрпақ аралық деп аталады. ## Дереккөздер
Шөл қунақ (лат. Rhodospiza obsoleta) - шағын денелі қунақ, Қунақ тұқымдасының Шөл қунақтар туысы атты монотипті туысының жалғыз биологиялық түрі. ## Биологиялық сипаттама Қара қанатында кішкентай қызғылт дағы бар, ашық реңді (құла-құм түстес реңкті), салмағы 22-28 г. Ересек құстың тұмсығы - жуан, қысқа, қара реңді, осы белгісі бойынша шөл суықторғайдан шапшаң ажыратуға болады, алайда жас қунақтардың тұмсығы ақшыл болып келеді. Ұшып жүріп "трррю, трррю- ррю, трррю" деп құбылтып, әдемі үн шығарады, ол әуені - назды, әуенді сайрау.Өсімдік үлпегін астына төсеген әдемі тостағанша тәрізді ұясын ағаштар мен бұталардың басына орнатады. Бір жазда екі ұя балапан өргізеді. Салындыдағы 4-6 сирек секпілді көгілдір ақ жұмыртқаларды аналығы 13-15 күн басады, ал аталығы өсімдіктің аршылған тұқымын аналыққа тасып, қоректендіреді. Кейін ата-енесі балапандарға осындай қорек тасиды. Балапандар 12-13 күнде ұяны тастайды. Осы уақыттан бастап аталығы балапандарды өз қамқорлығына алады, ал аналық екінші ұяға жүмыртқа басуға кіріседі. Екінші ұядағы балапандар тамызда ұяны тастайды. Осы уақыттан бастап шөл қунақтар топтарымен қыстауға қарай жылыстайды. ## Таралуы Азияның ішкі аудандарындағы шөлдерде таралған. Қазақстанда шөлді зонаның үлкен бөлігінде - Арал теңізінен Алакөл қазаншұңқырына дейін бұталары бар жерлерде орын тепкен. Тәңіртаудың солтүстік тау етектерін бойлай орналасқан елді мекеннен, соның ішінде ірі қалалар - Шымкент, Тараз, Алматыдан да кездестіруге болады. Оңтүстікке таман, Алдыңғы Азия елдерінде қыстайды. Төтенше жағдайларда Қазақстанның қиыр оңтүстігінен де қыста кездестіруге бола¬ды. Көктемде - наурыз және сәуірде, күзде тамыздан қараша айы бойы ұшып өтеді. ## Дереккөздер
Олқыденелі Құрақтұмсық (лат. Stercorarius pomarinus) — Татреңтәрізділер отряды Құрақтұмсықтар тұқымдасының осы туыстасқа типтес қошқыл реңді құс. Қанатының алымы – 125 см шамасында, құйрық ортасындағы щығыңқы қауырсынының ұзындығы – 11 см шамасында. Қазақстанда бірнеше рет, әсіресе Солтүстік Каспийде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда және Арал маңында кездескен. ## Дереккөздер
Ұзынсаусақ құмдауық (лат. Calidris subminuta) – Татреңтәрізділер отрядының Тауқұдірет тұқымдастарына жататын құмғақшаға өте ұқсас, одан айырмашылығы, атауынан көрініп тұрғандай, ортаңғы саусағы ұзын болып келетін құс. Шығыс Сібірде орын тебеді. Оның негізгі ұялау биотобы – таулы тундра, сондай-ақ тау өзендерінің батпақты аңғарлары. Қазақстанда тек қана шығыс аудандарда өте сирек көзге түседі. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Ұзынсаусақ құмдауық
Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов (25 қазан 1931(19311025) Өзбекcтан, Ташкент облысы Янгиюль қаласы — 11 мамыр 1969, Алматы) — волейболшы, спорт шебері (1960). Қазақстанның (1962), КСРО-ның (1965) еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы малдәрігерлік институтын (1955) және Алматы дене шынықтыру институтын сырттай оқып (1962) бітірген. 1955 —1958 жылдары волейболдан Қазақстанның құрама командасында ойнады. “Буревестник” командасының құрамында республика чемпионы (1954 — 1957). 1955 — 1962 жылдары волейболдан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Жарылғаповтың жетекшілігімен Қазақстан волейболшылары халықаралық кездесулерде жеңіске жетті. Жарылғапов КСРО-ның, Еуропаның, дүние жүзінің және Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін (В.Кравченко, Ж.Сауранбаев, О.Антропов, т.б.) тәрбилеген. 1965 — 1968 жылдары Республикада спорт және дене тәрбиесін, оның ішінде волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан. ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Шұбар ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аралтөбе, Онжас, Шұбар ауылдары кіреді. Орталығы – Шұбар ауылы. ## Дереккөздер
Шұбар ауылдық округі – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Аққойлы, Береке, Жусансай, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбар ауылдары кіреді. Орталығы – Шұбар ауылы. ## Дереккөздер
Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев (17.9.1907, Омбы қаласы – 26.11.1981, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1960), профессор (1968). Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесінде ғылыми қызметкер (1937–39) болды. Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1946–52), Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі (1952–81) қызметтерін атқарған. «Лексика современного казахского языка» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясына, тіл тарихының мәселелеріне арналды. Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаевтың қатысуымен қазақша-орысша, орысша-қазақша, орфографиялық, түсіндірме сөздіктер шықты. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Шығармалары: * Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары. А., 1951; * Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. А., 1951 (авторлардың бірі); * Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы диалектологии. А., 1952; * Лексика соеременного казахского языка. АДД., А., 1960; * Краткий казахско-русский словаръ. А., 1959 (құрастырушылардың бірі); * Казахско-русский разговорник. А., 1961 (авторлардың бірі); * Казахско-русский словарь. А., 1954, 1987 (құрастырушылардың бірі); * Учебник казахского языка для 5—6 классов русских школ. А., 1953 (авторлардың бірі); * Қазақ тілі: учебник казахского языка для 8— 10 классов русских средних школ. А., 1953; * Большой русско-казахский словарь. М., 1954 (құрастырушылардың бірі); * Қазіргі қазақ тілі /лексика, фонетика/. А., 1962, 1975 (авторлардың бірі); * Современный казахский язык. Лексика. А., 1959; * Орысша-қазақша мектеп сөздігі. А., 1960 (құрастырушылардың бірі); * Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. I бөлім. А., 1966; * Қазақ тілінің грамматикасы. I. Морфология. А., 1967(авторлардың бірі); * Қазақстан эпиграфикасы. А., 1971 (авторлардың бірі); * Орфографиялық сөздік. А., 1972 (құрастырушылардың бірі); * Қазақ тілі тарихынан. А., 1988. ## Дереккөздер ## Cілтемелер * Филология * Лексикография * Лексика
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған (7-сыныпқа арналған, А,, 99-102-беттер, 1933). ## Дереккөздер
Торта — Ресейдегі өзен. Рязань облысы, Владимир облысы, Мәскеу облысы жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Ока өзенінің оң жағалауынан 511 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 10 км-ді құрайды. ## Су тізілімінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ока су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Ока Копоново ауылындағысу өлшеу постынан Мокша өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Мокшыге қосылу құйылысына дейінгі Ока тармағының су алаптары, өзен алабы — Ока. Су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: * Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 09010102312110000026221 * Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 110002622 * Су алабының коды — 09.01.01.023 * ГЗ томының нөмірі — 10 * ГЗ бойынша шығарылуы — 0 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы.
Берден Байқошқаров (28 шілде 1936 жылы, Талас ауданы бұрынғы К.Маркс атындағы ұжымшар) — қоғам қайраткері. Ысты руынан шыққан. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж . Талас ауданындағы " Қызыл Октябрь" ұжымшарында, "Ойық" кеңшарында машина- трактор шеберханасының меңгерушісі, 1962-69 ж. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау жөніндегі Талас территориясы басқармасында бас инженер, басқарма бастығының директоры, 1969-73 ж. "Кеңес" кеңшарының директоры. 1973-74 ж. Сарысу ауданы партия комитетінің 2 хатшысы, 1974-84 ж. Қордай ауданы партия комитетінің 1- хатшысы, 1984-91 ж. Қазақ КСР су шаруашылығы министрлігінің Материалдық-техникасымен қамтамасыз ету , механикаландыру және электрлендіру басқармасының бастығы. 1991-93 ж. Байзақ ауданы Чапаев атындағы кеңшардың директоры. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қазан Революциясы орденімен және медальдармен марапатталған. «Қордай: кеше және бүгін» атты кітаптың авторы. ## Дереккөздер
Дадабхай Наороджи (хинди दादाभाई नौरोजी) (4 қыркүйек 1825, Бомбей — 30 маусым 1917, сол жерде) — XIX ғасырдың екінші жартысының үнді қоғамдық қайраткері, бойбейлік парсы, Үндістан экономикасы жөніндегі бірқатар жұмыстардың авторы. Үндістан ұлттық конгресінің негізін қалаушылардың және алғашқы басшылардың бірі. Бір қалыпты буржуазия мен либерал помещиктердің сыңайларымен ағылшын үстемдігінің "шектен шығушылығына" қарсы тұрды. Үндістанның Британ империясының аяғында өзін өзі басқаруын талап етті. ## Дереккөздер
Кенжебек Мұсабайұлы Барманбеков (21 ақпан 1951 жылы, Қордай ауданы, Қасық ауылы) — суретші монументші. 1967 жылы Масанчи ауылында орта мектепті бітіріп, Бішкек қаласындағы көркем сурет училищесіне оқуға түсті. 1969-71 жылы әскери міндетін өтеп қайтқаннан кейін оқуын Алматыдағы Гоголь атындағы көркем сурет училищесінде жалғастырды. 1973 жылдан киножарнама саласында, республикалық газет-журналдарда суретші болып еңбек етті. 1985 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының " Өнер" комбинантында суретші- монументалист. 1990 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Монументалды туындылары бойынша Халықаралық, республикалық көрмелерге қатысты. Туындылары шет ел және отандық коллекция жинағына енген. ## Дереккөздер
Күжіркей(лат. Philomachus pugnax) – татреңтәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанда Жайық өзенінің орта бойындағы далада, ал түлеу кезінде Маңғыстау тауларында, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі жағында, Балқаш – Алакөл, Зайсан қазаншұңқырларында кездеседі. Дене тұрқы 25 см-дей. Арқасы сарғылт, қара қоңыр, төсі сұр, бауыры ақ. Аяғы жазғытұрым сары не сарғылт, күзде қоңыр түсті. Күжіркейдің қораздарының мойнында жазғытұрым қара, ақ, сарғыш реңді жаға тәрізді ұзын қауырсындары болады. Жыл құсы. Полигам. Өзен, көл маңындағы шөпті, ылғалды жерлерге маусымда ұялап, 4 жұмыртқа басады. Негізгі қорегі жәндіктер мен олардың дернәсілдері, сондай-ақ бидай мен арпаның дәндерін де жейді. Күжіркейдің еті дәмді, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Әуесқойлықпен көп ауланады. ## Дереккөздер
Қазүйректер туысы немесе Италақаздар (лат. Tadorna) – Қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасы тармағына жататын 35 туыстың біреуі. Қазүйрек туысты құстар – қаздармен ортақтығы бар ірі денелі (1-1,5 кг) үйректер, бәлкім бұл екі тұқымдас тармақтар арасында өтпелі буын болуы да мүмкін. Жерде жүру сипаты және қанатын сирек қағып қаз типтес көптеген мөлшерлестіктері үйректерге жақын. Туыс атауы ұялардың орналасу типтеріне байланысты аталған, олар жерден қазылған жерде және қуыстарда ұя салады. Өсімдіктекті және жануартекті азықтармен қоректенеді. Негізгі қорегі – сораңның өркендері мен тұқымдары, астық жиналғаннан кейінгі егістікте қалған дәндер, су өсімдіктері, сондай-ақ шегіртке тұқымдастар, шаянтәріздестер, бунақденелілердің дернәсілдері. Қазүйрек туыстыларда жеті түр бар, Қазақстанда солардың екі түрі – сарыалақаз және қызылүйрек ұялайды ## Дереккөздер
Қаздар (лат. Anserinae) — Қазтәрізділер отрядына жататын құстардың тұқымдас тармағының бірі. Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды. Олар әсіресе тундралы аймақта көп болады. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25—28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы. ## Қаздардың түрлері Олардың барлық түрлері 40-тан асады, ал біздегі түрлері — 11. Бұлардың ішіндегі көп кездесетіні: — сұр қаз. Сонымен қатар бір жерде болып, бір жерде болмайтын түрлері: құртұмсық қаз, сұрала қаз, қазанқақтар (казаркалар). Қаздардың жиі кездесетін түрлері: Сұрала қаз (Anser fabalis) — Америкада болады; бұған сұрала қаз, шолақтұмсық қаздар жатады. Австралия қазы (Cereopsinae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см ірі құс, Австралияда (Тасманияда, Австралияның оңтүстігінде, Викторияда) тіршілік етеді; балапанын 30 күн басып шығарады. Австралия қазы тек шөппен қоректенеді. Тепкішекті қаздар (Ріесtopterinae) — көбінесе Африка мен Мадагаскарда кездеседі, бұлардың түрлері —16. Басқа жерге көндікпейді, қолға үйренгенімен көбейе алмайды. Ақ қаз (Chen hyperboreus) — денесінің ұзындығы 86 см, қанаттары — 160 см. Ересектерінің түсі — ақ, жас түрінікі— шұбар болады; кездесетін жерлері — Американың солтүстік-батысы мен шығысы; бұрынғы КСРО-да — Чаун түбегінен бастап Беринг бұғазына дейінгі жерлер. Ақ қаз көктемде өсімдік тамырымен, жазда шөппен, ал күзде тундрадағы өсетін түрліше жидектермен коректенеді; сонымен қатар тұщы сулар мен теңіздегі түрліше майда жәндіктерді жейді. Қолға тез үйренеді. Нил қазы (Chenalopex aegypticus) — көбінесе Африканың, кейде Еуропаның оңтүстігінде мекендейді; Тауық қаз (Cereopsis novaehollandiae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см, еті дәмді; Сұрала қаз (Anser anser) — бұл қазіргі кездегі асыранды қаздардың ататегі. Мұның арқа жағы сұр-қоңырқай, ал бауыры сарғыш-сұр түсте болады. Денесінің ұзындығы 98 см, екі қанатының ұзындығы—170 см. Сұрала қаз құрлықта қоректеніп, сонда тіршілік етеді деуге болады. Олар өсімдіктердің бүршіктерімен, жапырақтарымен, тұқымдарымен қоректенеді. Сұрала қаздың жастары 5—6, ал егделері 14-ке дейін жұмыртқа тауып, балапанын 28 күн басып шығарады. Жастарының еті өте дәмді, мамығы асыранды қаздікінен де құнды болады. ## Дереккөздер
Қасқалдақ туысы (лат. Fulica) — Сутартар тұқымдасының 9 түрден тұратын туыстас құстар. Бұлардың барлығы маңдайында шытырасы бар, түсі және безенуі ерекше көрінетін күңгірт реңді құстар. Саусақтары әдіптеліп көмкерілгендіктен, олар суда жүзе алады. Жақсы жүзеді және сүңгиді. Жұптасып ұялайды және шоғырлары бытыраңқы болады, ал ұяламаған кезде үлкен топ түзеді. Қазақстанда жалғыз ғана түр өмір сүреді. ## Дереккөздер
Қылаң қарлығаш (лат. Riparia diluta) — Торғайтәрізділер отрядының Қарлығаштар тұқымдасының Riparia туысының құсы, жар қарлығаштан жон жабын қауырсынының бозалаңдығымен ерекшеленетін қарлығаш түрі. Қылаң қарлығаш ресми түр ретінде таяуда ғана сипатталады. Құстың бұл түріне Қазақстанның оңтүстік аудандарына қоныстанатын жар қарлығаштар жатқызылады. ## Дереккөздер
Қызыл қунақ (лат. Carpodacus puniceus) — Қунақ тұқымдасының Құралайлар туысының ірі денелі (50-65г) құсы. Ересек аталықтың басы басы және төсі-күмістей жылтыр қызғылт қауырсынды ашық қызыл, ал құйрықүсті-ашық қызғылт. Аналығының реңі - қошқыл үзбе сызықтар бойлай созылған сұрғылт қоңыр, құйрықүсті-жасылдау сары. Орталық Азияның биік тауларында ғана мекендейді. Қазақстанда бұл сирек кездесетін және зерттелмеген қунақ, тек қана мынадай үш жерден: Батыс және Солтүстік Тәңіртауда және Жоңғар Алатауында кездескен. Оның Қазақстандағы ең анық ұялау орны - Іле Алатауының Үлкен Алматы шатқалы. Бұл қунақтың бұған дейін дүние жүзіндегі әзірше жалғыз ұясы 1967 жылы шілдеде ең алғаш осы орыннан табылған. ## Дереккөздер
Əупілдек немесе Көлбұқалар туысы (лат. Botaurus) — Ескекаяқты құстар отрядының Құтандар тұқымдасының туысы. Өзен-көл жағасын, қалың қамыс арасын мекендейді. Қанатының ұзындығы - 32-35 см, салмағы - 900 г. Жемін аулауға түнде шығады, бақа, итшабақ, ұсақ балықтар және су жəндіктерімен қоректенеді. Көбейер кезде ғана жұптасып, басқа уақытта жеке тіршілік етеді. Жыл құсы; жемсауына су толтырып алып, қайта шығарғанда ерекше дыбыс естіледі, əупілдек деп атануы осыған байланысты. ## Түрлері * Botaurus lentiginosus * Botaurus pinnatus * Botaurus poiciloptilus * лат. Botaurus stellaris - Үлкен әупілдек ## Дереккөздер
Қараторғайлар туысы (лат. Sturnus) — торғайтәрізділер отрядының қараторғай тұқымдастарының негізгі туысы. Бұл туыста барлығы он алты түр бар, олардың екеуі (кәдімгі қараторғай және алаторғай) Қазақстанда тіршілік етеді. ## Түрлері * лат. Sturnus pagodarum * лат. Sturnus burmannicus * лат. Sturnus sericeus * лат. Sturnus vulgaris - Кәдімгі қараторғай * лат. Sturnus sturninus * лат. Sturnus contra - Ала қараторғай * лат. Sturnus roseus * лат. Sturnus malabaricus * лат. Sturnus cineraceus * лат. Sturnus albofrontatus * лат. Sturnus melanopterus * лат. Sturnus nigricollis * лат. Sturnus unicolor ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қараторғайлар туысы
Қарақас тұқымдастар (лат. Glareolidae) – 7 туыс және 15 түрі бар Татреңтәрізділер отрядына жататын тұқымдастардың бірі. Сыртқы көрінісі және биологиялық ерекшеліктері ерекше болғанымен, тұмсық құрылысы ортақ болып келетін құстар – жүрдектер де қарақастарға біріктіріледі. Қарақастардың тұмсығы қысқа, аузы – кең, тұмсықүсті – дөңес, пішіні бойынша қарлығаштың тұмсығына ұқсас болып келеді. Тек қана шығыс жарты шарда таралған. Қазақстанда екі туысы: қарақас туыстас және жүрдек туыстастардың өкілдері кездеседі. Бұл құстар көп ұшады және тек қана сыртқы көрінісі емес, қылығы да, кейде ұшып жүріп бунақдене аулайтын қарлығашқа ұқсайды. Жыныстық диформизмі жоқ. Шоғыр түзетін құстар, жерге ұялайды. ## Дереккөздер
Аққұм — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Аққұм ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 85 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Ақдала – Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақдала ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Ақдала – Алматы облысы Балқаш ауданы, Балатопар ауылдық округі құрамындағы ауыл. * Ақдала – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. * Ақдала – Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл. * Ақдала – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. * Ақдала – Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Ақдала – құмды алқап.
Көкқарғалар туысы (лат. Coracias) — сегіз туысы бар Көкқарғатәрізділер отрядына жататын құстардың негізгі туысы. Көкқарға туыстылардың біреуі - көкқарға Қазақстанда өмір сүреді. ## Дереккөздер
Көкқұстар туысы (лат. Myophonus) — Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздес отрядының Шыбыншылар тұқымдасы құстарға жататын 13 туыстың бірі. Дене мөлшері және сыртқы кейпі нағыз сайрақтарды еске түсіреді. Тұмсығы- биік және күшті, тұмсығының ұшы ілмекті. Сайрақтарға қарағанда аяғы ұзындау. Аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей. Оңтүстік Азиядан шығатын күшті ағысты жартасты тау шатқалдарын мекендейді. Қазақстанда бұл туысқа жататын бірнеше түрлердің бірі - көкқұс. ## Дереккөздер
Кекіліктер туысы (лат. Alectoris ) – тауықтәрізділер отряды қырғауыл тұқымдастарға жататын 48 түрдің бірі. Кекілік туыстастар реңі құм реңктес шағын денелі (300-700 г), құстардың 7 түрін қамтиды. Аталығы мен аналығының түсі бірдей. Өте бөлшектенген релифті, көбінесе қуаң жерлерде мекендейді. Тіршілігі үшін міндетті түрде суат болуы қажет. Кекіліктер туысынан Қазастанда жалғыз өкіл- кекілік өмір сүреді. ## Түрлері * Alectoris melanocephala * Alectoris magna * Alectoris graeca * Alectoris chukar – Кекілік * Alectoris philbyi * Alectoris barbara * Alectoris rufa ## Дереккөздер
Көнмаңдай туысы (лат. Povphyrio) – сутартар тұқымдастардың ірі денелі, қошқыл реңді құстар туысы. Бұл туыстың екі түрінің біреуі – көнмаңдай, ол бізде мекендейді, екіншісі – такахэ, Жаңа Зеландияның эндемигі, ірі денелі ұша алмайтын құс. Көнмаңдай (лат. Porphyrio porphyrio) – биіктігі жарты метрге жететін ірі денелі, ашық реңді құс. Жабын қауырсындары, көкшіл және күлгін түспен құлпырған қош-қыл реңді, тұмсығы – ашық қызыл, маңдайы – шытыралы және аяғы – ұзын. Көнмаңдай Африканың тропиктік және субтропиктік аудандарында, Оңтүстік Азияда, Аустралияда, Поленезияда және Малай архипелагында, солтүстікте – Еуропаның оңтүстік аймағына дейін тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий маңында кездеседі. Қамыс қалың өскен су қоймаларда, көбінесе шағын жинақ түзіп қоныстанады. Негізінде су өсімдіктерінің әр түрлі бөліктерімен қоректенеді, дегенмен жәндіктерді де, кейде ұсақ омыртқалы жануарлардыда (бақалар, кесірткелер) жейді. Ұясын жыпырлаған қамысқа немесе су ортасындағы төмпешікке салады. Салындыда алты-тоғыз жұмыртқа болады. Балапандарына аталығы мен аналығы қамқорлық жасайды. Бұл – сирек кездесетін құс, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. ## Дереккөздер
Зымырандар туысы (лат. Alcedo) — ашық өңді, шағын денелі 9 түрден құралған құстар туысы. Африкада, Оңтүстік Еуропада, Оңтүстік Азияда таралған. Зымыран туыстарының барлығы су маңайында өмір сүреді. Балықтармен және ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Қазақстанда бір түрі бар. ## Түрлері * лат. Alcedo atthis - Зымыран * лат. Alcedo coerulescens * лат. Alcedo euryzona * лат. Alcedo hercules * лат. Alcedo meninting * лат. Alcedo quadribrachys * лат. Alcedo semitorquata ## Дереккөздер
Көкектер туысы (лат. Cuculus) - Көкектер тұқымдасына жататын құстардың негізгі туысы (16 туыс 47 түрді қамтитын нағыз көкек тұқымдас тармағы). Орташа және шағын денелі құстар, ұяға масылдық қасиеті бар. Көкек туыстас құстар 12 түрден құралады, олар бүкіл жер жүзіне таралған. Қазақстанда 2 түрі - кәдімгі көкек және меңіреу көкек өмір сүреді. ## Дереккөздер
Аққанатты қайшыауыз (лат. Loxia leucopterus) — қайшыауыздар туыстастардың бір түрі. Ол шыршашыл қайшыауыздан қанатындағы екі ашық ақ көзтартарымен және «биб... биб» дейтін күңгірт бәсең даусымен ерекшеленеді. Сібірден Қазақстанға бір-ақ рет ұшып келіп, Семей аймағында ұсталды. ## Дереккөздер
Жекдуадақтар туысы (лат. Chlamydotis) - Дуадақтар тұқымдасының 11 туыстарының бір түрден тұратын туысының бірі. Орнитологтар соңғы кезде бұл туысты екіге бөлуге көңіл аударуда. ## Дереккөздер
Жылқышылар туысы (лат. Scolopax ) — Татреңтәрізділер отрядынын тауқұдірет тұқымдастарға жататын 24-26 туыстың біреуі. Жылқышы туыстар өзге туыстардың өкілдерінен айтарлықтай ірі. Қанаты дөңгеленген және едәуір жалпақ. Жылқышы туыстарда 5 түр бар, солардың біреуі Қазақстанда өмір сүреді. ## Дереккөздер
Қыстау қарлығаштар туысы (лат. Hirundo) — Passerіformes отрядының қарлығаштар тұқымдастарға жататын құстар туысы. ## Түрлері: * Қыстау қарлығашы - лат. Hirundo rustica * лат. Hirundo lucida * лат. Hirundo angolensis * лат. Hirundo tahitica * лат. Hirundo neoxena * лат. Hirundo albigularis * лат. Hirundo smithii * лат. Hirundo nigrita * лат. Hirundo leucosoma * лат. Hirundo megaensis * лат. Hirundo dimidiata * лат. Hirundo atrocaerulea * лат. Hirundo nigrorufa Қыстау қарлығаш туысының Қазақстанда 2 түрі: * қыстау немесе бұрым қарлығаш және * секпілді қарлығаш түрлері бар. ## Дереккөздер
Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын Жұртшылар туысының (лат. Neophron) бір жалғыз түрі, жыртқыш құс. Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді. Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,1 – 2,4 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады. Жыл құсы. Сәуірде келіп, құз, жыраларға ұялайды. Сәуірдің аяғында ұябасары 1 – 3 жұмыртқа салып, 40 – 42 күн басады, балапандары 2 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйекте жылы жаққа қайтады. Оңтүстік және Орта Азияда қыстайды. Әр түрлі өлексе қалдықтарымен, ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, пайда да келтіреді. Жұртшы – өте сирек кездесетін құс. Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). ## Статусы 3-ші санат. Сирек кездесетін түр, саны қысқаруда. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Туыстың Қазақстан фаунасындағы бірден-бір өкілі. ## Таралуы Африка, Оңтүстік Еуропа, Аравия, Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан; Орта Азия таулары. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауының сілемдері, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында, солтүстік ендіктің 46-на дейін кездеседі. Үндістан мен Африкада қыстайды . ## Мекендейтін жерлері. Аласа шөлді таулардың жартасты учаскелері не ірі жоталардың құрғақ бөктерлері, үстірттәрізді шөл биіктерінің құздары және үлкен жазық кеңістікпен шектесетін өзен жайылмаларының тік жарлары, елді мекендер маңында да кездеседі . Мысалы, бір ұя Жамбыл фосфор заводына жақын, аса газданған, терең сайдан табылған . ## Саны Республиканың барлық жерінде көп емес. Тура деректер жоқ, десе де ұялау кезінде кездесетін бірен-сарандарына және бұл құстардың үлкен шоғыр құрмайтынын (мұндай жиылу ақбас құмайлар мен тазқараларға тән) ескере отырып, Қазақстанда жұртшылардың саны ондаған не бірнеше жүз ұялайтын жұбы бар деп айтуға болады . ## Негізгі әсер ететін факторлар Қаскерлік (браконьерство). Өлекселердің қасына қойған қақпанға түсіп, уланған шақыртқы жеп өлім-жітімге ұшырау. Басқа жыртқыш құстармен (ителгі, бүркіттер) ұялайтын жер үшін бәсекелестік. ## Биологиялық ерекшеліктері Наурыздың аяғы – сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің аяғында ұшып кетеді. Жұбы көп жылдар бойы жазылмайды. Ұялары жартастардың қуысы мен ернеуінде, оны екі құс бірігіп құрғақ бұтақтардан, сүйектерден, шүберек, жүннен салады. Ұялау учаскесінде 3-4 ұя да болады, оларды кезектесіп пайдаланады. Ұяда 1-3, әдетте 2 жұмыртқа сәуірдің аяғында пайда болады, оларды екеуі бірге шайқайды, балапандары 42 күнде жұмыртқадан шығады, ұяны 12 аптадан соң тастайды . Жабайы және үй жануарларының өлекселерімен, қиларымен, жуындылармен қоректенеді, кейде – бауырымен жорғалаушыларды аулайды. ## Қолда өсіру Алматы хайуанаттар паркінде 4 құс бар, оның ішінде 1 жұбы көбеюде, олардан 1987 жылы алғашқы балапан алынған. ## Қабылданған қорғау шаралары. Ақсу-Жабағылы және Үстірт қорықтарында, Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Қаратауда және Іле өзенінің аңғарында қорықтар ашу, қаскерлермен күрес және жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Уланған шақыртқыларды қолдануды шектеу жайында жұмыстарды дайындау қажет. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Жұртшыларды жасанды ұяларға үйрету, соның ішінде Қазақстанның оңтүстігіндегі елді мекендерде, мүмкіндігін зерттеу. ## Дереккөздер
Ақдала — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ақдала ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Арыс қаласынан шығысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Қарабайлар (лат. Plegadis) – Threskiornithidae тұқымдасының үш түрден тұратын тырнақұтандар туыстас құстар. Қошқыл реңі, төмен иілген ұзын тұмсығымен ерекшеленеді. Қазақстанда жалғыз ғана түрі тіршілік етеді. ## Түрлері Туыста 3 түр бар : * Plegadis falcinellus * Plegadis chihi * Plegadis ridgwayi ## Дереккөздер
Шырша қайшыауызы (лат. Loxia curvirostra) - тау өзендерінен жағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайтәрізділердің бір түрі. Қоректері - қыста пісетін шырша тұқымдары. Шыршашыл қайшыауыздың тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі - көктемде жұмыртқаламай, керісінше қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі оларға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауындағы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады. ## Дереккөздер
Қала немесе кент қарлығаштар туысы (лат. Delichon) — торғайтәрізділер отрядының қарлығаш тұқымдасына жататын туыс. Қала қарлығаштар Қазақстанда бір ғана түрі – қала қарлығашы бар. ## Дереккөздер
Ақдала - Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 99 км жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Шекті өзіндік құн - өнімнің бір өлшеміне шаққанда өндіріс көлемін ұлғайту немесе азайту кезінде жұмсалатын толық шығынның көбеюі немесе азаюы. ## Дереккөздер
Ала қарға (лат. Corvus cornix) – торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда кең тараған. Дене тұрқы 47 – 50 см, салмағы 0,6 кг-дай. Ала қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Орман шетіндегі, өзен бойындағы тоғайларға, бақтарда, кейде дара өскен ағаш басына ұя салады. Мекиені 4 – 7 қызыл қоңыр, секпілді көгілдір жұмыртқаны 19 күн басады. Балапандарын кезектесіп 35 күндей ұяда негізінде жәндіктермен асырайды. Тамызда балапандары ұядан ұшады. Ересегі қорек талғамайды. Қазан айында Тянь-Шань тауының етегіне қыстауға ұшып кетеді. Ала қарға пайдалы құстардың жұмыртқасын зақымдап зиян келтіреді. ## Өмір сүруі Ала қарға – қарғалар туысының адамдарға ең белгілі өкілі. Дене мөлшері қара қарғадай (441-600г) бола тұрып, оның өзіне тән реңі бар: басы, тамағы, қанаты және құйрығы – қара, ал қалған жабын қауырсындары-сұр. Бұл жыртқыштыққа икемдігі айқын көрінетін күшті құс. Ормандағы қарға- барлық ұсақ қанаттыларға төнген қатер, ал көлдерде суда жүзетін құстардың ұяларына үлкен нұқсан келтіреді. Адам үйректің, қасқалдақтың немесе сұқсырдың ұяларына тиіп кетсе-ақ болды ( мысалы, қайықпен қасынан жүзіп өтсе), қарғаны тап сол жерден көруге болады. Сөйтіп , бірнеше минуттан соң ұядан тек жұмыртқаның қабығы ғана қалады. Ол балапандарды да дәл солай жәукемдейді. Қазақстанда ала қарға республиканың бүкіл солтүстік жартысында – суда жүзетін құстары көп көлдерде, дала және орманды дала зоналарында қоныстанады. Қыста Қазақстанның оңтүстік жартысына жылыстайды. Әдетте қыс кезінде тау етегіндегі далада және қалалар мен ауылдардың көшелерінде жүреді. Ала қарғалар қыс жылы болса, тіпті тауға биіктей көтеріледі.Ала қарғаның саны соңғы онжылдықта Қазақстанның барлық аумағында өсе түсуде. Сөйтіп суда жүзетін құстарға маманданған аңшылықтар үшін оның зиянды әрекеті жер-жерден өте күшті сезіле бастады. Сірә ала қарғаның санын ретке келтірудің мезгілі жеткен тәрізді. ## Дереккөздер
Қызылтөс жадырақ (лат. Anthus cervinus) - Торғайтәрізділер отрядының Шақшақай тұқымдасына жататын Жадырақтар туысының құсы. Бұл құс Қазақстан арқылы, оның үстіне Жайық өзенінің аңғарын бойлап, үнемі дерлік ұшып өтеді және басқа жерлерде өте сирек кездеседі. ## Дереккөздер
II Жәнібек хан (1598 - 1643) — Қазақ Ордасын 1628-1643 жж. билеген хан Есім ханның екінші ұлы. ## Өмірбаяны Жәнібек хан- Есім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды.Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне ойраттардың (жоңғарлардың) шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады. ## Әдебиет
Нұрулла Зейнурович Юсупов (1 қаңтар 1902 жыл, Баку - 24 шілде 1974 жыл, Алматы) — Қазақстан ауыл шаруашылығының құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. КПСС мүшесі. Бакуде Жоғары партия мектебін , БКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм курстарын бітіреді. Еңбек жолын 1916 жылы Баку мұнай кәсіпшіліктерінде слесарлықтан бастайды. 1923 жылдан партия жұмысында: Баку ауданында партия кеңесінің, Карабах округтік партия кеңесінің секратары, Закавказье өлкелік партия кеңеснің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Жолдама арқылы Қазақстанға келіп, 1932-34 жылдары Қоғалы МТС саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Ал кейін Қазақстан КП ОК-нің бөлім меңгерушісі, кейіннен Алматы қалалық және аудандық партия кадеттерінің секретары болған. 1956-69 жылдары Алматы мебель фирмасының бас директоры болып қызмет атқарады. ## Дереккөздер
Мамаш хан — (1521—1523) билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. ## Басқаруы 1520 жылы Жәдік сұлтан Ноғай Ордасынан жеңіліс табады. 1521 жылы Мамаш таққа отыра салысымен Ноғай Ордасына соғыс жүргізеді. Бірақ Ноғай Ордасы жорықтарда жеңе бастайды. Ал 1522 жылы осыны пайдаланған Моғолстан елі, Жетісу өңіріне ұрыс жүргізеді. Мамаш Негізгі жасағын Ноғай Ордасына қарсы соғысуға қалдырып, ал қалған әскерімен бірге Моғолстанды жеңеді. Сол жылы Қазақ хандығында азаматтық соғыс басталады. 1523 жылы Мамаш қаза табады.
Шекті табыс - өнімнің қосымша өлшемін сатудан алынған ең жоғары табыс. Шекті шығын мен шекті табысты салыстыру керек. Тауарды шекті шығын шекті табыстан төмен болғанда өндірген тиімді. ## Дереккөздер
Мекерия Атымов (12 қаңтар 1935, Маңғыстау облысы Шетпе ауданында дүниеге келген - 1994, Алматыда қайтыс болған, мүрдесі туған жері Маңғыстаудағы Шетпе ата-баба зиратына қойылған) — ғалым, филолог, ғылым докторы. ## Өмірбаяны Атырау оқытушылар интернатын (1954), Орал педогогикалық интернатын (1959) бітірген. 1954 - 1956 ж. Маңғыстау ауданында мұғалім, 1956 -1959 ж. Маңғыстау ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы, 1959 -1961 ж. Орал педогогикалық интернатында оқытушы, 1961 -1964 ж. Әдебиет және өнер интернатында аспирант, 1965 - 1989 ж. осы интернатта кіші аға ғылыми қызметкер, 1989 - 1994 ж. жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. ## Еңбектері мен шығармалары Қазақ романдарының стилі мен поэтикасы саласында зерттеулер жүргізген. Атымов Макерия "Сөз зергерлері" (1966), "Шеберлік проблемасы" (1968), "Қазақ әдебиетіндегі жанр проблемасы" (1971), "Әдебиеттану" (1972), "Жазушы және қаламгер" (1974), "Стиль проблемасы" (1974), "Дәстүр мен жаңашылдық" (1980) сияқты ұжымдық зерттеу еңбектерге ат салысқан. Атымов Мекерия бірқатар ғылыми еңбектер мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралдарының авторы. Шығармалары: Көркем шығарманың композициясы, А., І969; Идея және композиция, А., 1970, Қазақ совет романдарының поэтикасы, А., 1975; "Ақ Жайық" және "Қан мен тер" романдарының стилдік ерекшеліктері, А., 1975; Қазақ романдарындағы замандастар бейнесі, 1977; Қажым Жұмалиев, А., 1987; М.О. Әуезовтің "Абай жолы" романының поэтикасы, А., 1989; Шындық және шығарма, А., 1990. ## Естелік Маңғыстау облысы Шетпе кентіндегі бір қазақ орта мектебі Атымов Мекерия атында. ## Дереккөздер
Тебегенов Темірхан Сақаұлы (18. 11.1949 ж. т., Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Ақжар а.) – әдебиеттанушы ғалым, педагог. Филол. ғыл. докт. (2002), проф. (2004). Қызылорда пед. ин-тының (Қорқыт Ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) филология ф-тін (1972) бітірген. Еңбек жолын 1972 ж. Қармақшы ауданындағы Қуаңдария а-ндағы №186 орта мектепте ұстаз болудан бастаған. 1974 – 1981 ж. облысы орт-ндағы №10 Ы.Алтынсарин орта мектебінде тәрбие жұмысының меңгерушісі, 1981 – 1991 ж. Қызылорда пед. ин-тының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, қазақ әдебиеті мен араб тілі кафедрасының меңгерушісі, 1992 ж. Халықар. [Қазақ тілі қоғамы]] респ. басқармасының мүшесі, Қызылорда облысы ұйымы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Абай атынд. Қазақ ұлттық пед. ун-тінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы. Әдебиеттану және қоғамдық-әлеум. түрлі мәселелер бойынша 300-дей ғыл. мақала мен 8 кітаптар жазған. Т-тің әдеби-сын, зерттеу еңбектері, өлеңдері респ. басылымдарда, ғыл. жинақтарда, «Қазақстан энциклопедиясында», біршама еңбектері шетелдерде (Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, т.б.) жарық көрген. ## Ғылыми қызметі Ауызша авторлық поэзия, әдеби шығармашылық өнер психологиясы, әлем әдебиеттерінің поэтикалық үндестіктері мен ұлттық ерекшеліктері, Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті, Шетелдердегі қазақ әдебиеті мұраларын жинау және зерттеу. 600-ден аса ғылыми басылымдар, олардың ішінде 6 монография («Нартай ақынның әдеби мұрасы».. - Қызылорда: Тұмар, 2010. - 164 б.; «Тәуелсіздік дәуіріндегі жаңа қазақ әдебиеті (XXғ. бас кезі)»:. -Семей: «Үш биік» баспасы, 2013. - 380 б.; «Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі» - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2015. - 432 б.; «Абайтану ұлағаты (2-басылым)». - Қарағанды: «АҚНҰР баспасы». 2016. - 265 б.; «Біртұтас қазақ әдебиеті». - Алматы: Әдебиет, 2018. - 406 б.; «Әлем әдебиеті» оқулығы (1, 2-кітаптары) - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ұлағат», 2019. - 402 б.) Үш мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған (Foll paper acceptance letter. Dubai - onited Arab Emirates // December 11-13, 2014, 20 may 2015.; Theoretical - pedagogical issues of forming professional competence of future philology specialists on the basis Kazakh language historical gram mar and terms // Vol.6, № 4. Editorial office. July.2015 Mediterranean Journal social sciences). ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Аршашыл туысы (лат. Mycerobas) — Қазақстандағы қунақ туысы құстарға жататын 18 туыстың бірі. Бұлар - Орталық Азияның биік тауларында мекендейтін ірі денелі (50 - 70 г) қунақтар. Кәдімгі қунақтардан айырмашылығы - денесі созылыңқы, құйрығы айтарлықтай ұзын, ал аталықтарының реңі аналықтарынан өзгеше болып келеді. Қоректкенуі биік таулардағы қылқанды бұталарға тәуелді. Бар болғаны тұқымдаста 4 түрі болады. Қазақстанда солардың біреуі ғана кездеседі. * Mycerobas affinis (Blyth, 1855) * Mycerobas carnipes Hodgson, 1836 * Mycerobas icterioides Vigors, 1831 * Mycerobas melanozanthos Hodgson, 1836 ## Дереккөздер
Жекешелендіру қоры - жекешелендіруді қаржыландырудың мақсатты көзі, ол мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарда құрылып, қызметкерлердің жеке бетесептері бойынша бөлінеді. ## Дереккөздер
Дуадақтар тұқымдасы (лат. Otididae) — мамандардың бірі жеке отряд қатарына, екіншілері - тырналармен бірге отряд тармағына жатқызған тырнатәріздес құстар тұқымдасы. Бұл тұқымдаста 8 немесе 11 туыс, 22 түр бар. Нағыз құрлықта өмір сүретін орташа және ірі денелі өте алуан түрлі құстар. Аталықтары басы мен мойны әр түрлі әшекейлейтін қауырсындардың дамуымен ерекшеленеді,оны олар құсойнақ кезінде көрнекі көрсетуге пайдаланылады. Аталықтары аналықтарынан едәуір үлкен. Дене бітімі тығыз, күшті және ұзын аяғында тек қана 3 саусақ болады. Қанаты - үлкен және жалпақ . Ұзындау келген мойнында шағын ғана жалпиған басы бар. Тұмсығының түп жағы жалпақ. Жақсы жүреді және жүгіреді, ашық биотопты ұнатады, ұшуы қиынға соғады. Талғаусыз қоректенеді. Соңғы уақытта бұл тұымдас құстардың саны негізгі биотоптың бұзылуымен азайып кетті. Дуадақ тұқымдастардың Қазақстанда 3 түрі өмір сүреді. ## Дереккөздер
Дүйсембі Садықұлы Қылышбеков (1956 жылы туған, Талас ауданы, Тоғызкент ауылы) - кәсіпкер, агро-өндіріс ұйымдастырушысы. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (Қазіргі ТарМУ) бітірген (1978). 1978-95 жылдары Талас ауданындағы құрылыс ұйымдарында инженер, бас инженер, Бостандық ауылы спорт мектебінде жаттықтырушы. 1995 ж. "Садық " шаруа қожалығын ұйымдастырып , ауыл шаруашылық дақылдарын, жеміс-көкөніс өсірумен шұғылданды. 2000 ж. "Мирас" фермерлік шаруашылығын ашып, асық тұқымды жылқы, түйе және сиыр өсіре бастады. Негізін сол жылы қалаған " Гауһартас" ЖШС-і жанар-жағармай өнімдерін тұтынушыға жеткізу қызметімен айналысып, жаңадан ашылған Амангелді газ кенін игеру ісіне атсалысып келеді. 2002 жылы Тараз қаласында ерекше архитектуралық киіз үй пішінінде салынған "Мирас" мейрамханалық кешені тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсына бастады. ҚР Президентінің , облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Тәкен Молдақынов (22 сәуір 1948 жылы, Қытай Халық Республикасының Іле-Қазақ ауданында) — әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі (1992). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1972), Қазақ ұлттық университетін (1986) бітірген. 1966-67 ж. Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәдениет үйінде әдіскер. 1967-69 ж. Алматы эстрада-цирк студиясының студенті, 1969-72 ж. консерватория студенті. 1972-91 ж. Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, 1992-94 ж. Жамбыл мәдениет училищесінің директоры, 1995-98 ж. облыстық мәдениет департаментінің бастығы қызметтерін атқарды 1998 жылдан мемлекеттік " Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры. ## Дереккөздер
Жамал әд-Дин , Жамал әд-Дин бин Мұхаммед Абдуллаһ ат-Турки (туған, өлген жылы белгісіз) — орта ғасыр түркітанушысы, мәмлүк қыпшақтарының тілін зерттеуші. Классик. араб филологиясын, әсіресе, оның лексикографиясын жақсы білген. Ж. ат-Т-дің белгілі еңбегі — “Китаб ул-лұғат әл-муштақ фи лұғат әт-түрк уа-л-қыпчак” (“Түрік және қыпшақ тілдерін оқып үйренушілер үшін жазылған толық кітап”) 1350 ж. шамасында Сирияда аяқталған. Оның қолжазбасының бір данасы Францияның ұлттық кітапханасында сақталған. Ол 1938, 1954, 1958 ж. түпнұсқа күйінде қайта басылып, одан француз, поляк тілдеріне аударылды (баспаға дайындаған А.Зайончковский). Қолжазбаның 1-бөлімі есім сөздеріне арналған үш тараудан құралған, 2-бөлімі (жалпы тізім) етістік сөздеріне арналып, арабша-қыпшақша сөздік түрінде түзеген. Арагідік граммат. ережелер бар. Көне қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің тарихи лексикасын танып білуге аса қажетті еңбектердің бірі. ## Дереккөздер
Жекешелендіру чегі - иеленушінің өтеусіз бөлінетін меншіктегі үлеске құқығы туралы мемлекеттік куәлік. ## Дереккөздер
Сейіткәрім Серкеұлы Момышев (1951 жыл, Жамбыл облысы) — қазақ мүсіншісі. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1976). Ол Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы мектептегі "Төле би мүсіні", №12 Керімбай атындағы мектептегі "Керімбай", Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында қойылған Тұрар Рысқұлов мүсіндерінің авторы. 1998 ж. Шымкент қаласында өткен бірінші халықаралық симпозиумда дипломат атанды. 2003 ж. А.С.Пушкин ескерткішіне жарияланған облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды. ## Дереккөздер
Түргеш қағанаты (түркіше: 𐱅𐰇𐰼𐰏𐰾 - Türügesh) — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.) Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті. ## Түргеш қағанатының қалыптасуы Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «жеңілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Бұл күш Баға тархан деген атағы бар Үшлік бастаған түргештер болды.Бытыраңқылық және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғандай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Тұрфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан».Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлуды отырғызды. Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңахында» былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлу қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді». Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...» Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үшлік қаған (704-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасады. Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылұлудықты өз қолбасшысы Б ға-Тархан өлтіреді. ## Қағанаттың күйреуі Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады. ## Дереккөздер
Аққұм — Түркістан облысы Төле би ауданы, Аққұм ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласының шығысында 2 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Дарбаза — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі, Қожатоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жалпаққұйрық бұлбұлша (лат. Cettia cetti) – торғайтәрізділер отрядына жататын құс. Қазақстанның шөлді-шөлейтті және далалы белдемдеріндегі қалың қамыс пен бұта өскен өзен-көл жағалауларын мекендейді. Дене тұрқы 10 – 12 см, салмағы 12 – 17 г. Денесінің үстіңгі жағы қызғылт қоңыр, бауыры бозғылт, бүйірі қоңыр сұр болады. Құйрығы жалпақ, дөңгеленіп келген. Жыртқыш құстардан қорғану үшін қалың жыңғыл арасында жасырын тіршілік етеді. Көбіне бұл құстың бар-жоғын ашық, сазды даусынан ғана білуге болады. Жалпаққұйрық бұлбұлша – жыл құсы. Қазақстанда наурыздың ортасынан қазан, қараша айларының ортасына дейін мекендейді. Орталық Азияның оңтүстік аймақтарын қыстайды.Тостағанша тәрізді ұясын жерге таяу бұта не шөп арасына, өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарын өріп жасайды. Оған 4 – 5 жұмыртқа салады, оны аналығы 13 – 15 күндей шайқап, тағы осындай уақыт аталығымен бірге қоректендіреді. Балапандары қанаттары қатаймай жатып ұясын тастап, қалың жыңғыл арасына жасырынады. Осылайша өздерін түрлі жыртқыштардан қорғайды. Жалпаққұйрық бұлбұлша әр түрлі жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Ол зиянды жәндіктерді жеп қоршаған ортаға пайда келтіреді, эстетикалық мәні бар, бірақ тіршілігі әлі де толық зерттелмеген. ## Дереккөздер
Бүркіттер туысы (лат. Aquila) – жыртқыштар отрядының қаршыға тұқымдастарға жататын 63 туысының бір туысына жататын құстар. Бұлар – қуқыл қызыл сарыдан қара түске дейін едәуір біркелкі реңді, көптеген түрлері – қошқыл қоңыр, негізінде ірі денелі құстар. Түрлер арасындағы айырмашылықтар онша байқалмайды, сондықтан әр алуан бүркіттерді ажырату үшін жақсы дағды қажет. Орталық және Оңтүстік Америкадан басқа бүкіл әлемде дерлік таралған. Негізгі қоректері – сүтқоректілер. Қазақстанда 4 түрі – бүркіт, қарақұс, шаңқылдақ қыранша және дала қыран кездеседі. ## Дереккөздер
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (28 қараша, 1935 жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Қошалақ - 22 қараша, 1983 жыл, Алматы) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. ## Өмірбаяны * Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан. * 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған. * 1959-74 ж.«Жазушы» баспасының редакторы * «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші * Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші * 1974-78 ж, Қаз.КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы * 1978-83 ж. «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. ## Шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған. Ақынның Ақынның орыс тіліне аударылған «Весенние ветры» (1969), «Мое рождение» (1982), «Тебе говорю, потомок» (1986), «Солнцеворог» (1994) атты өлеңдер жинақтары басылды. 2003 жылы Санкт - Петербург қаласында орыс тіліне аударылған таңдамалы өлеңдері топтастырылған «Я есть» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді. ## Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі шаңқобызшы Гүлсара Піржанованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен , негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды. 2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды. ## Шығармалары Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында Жұмекеннің өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді.Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан жарық көрді: * "Балауса" (1961) * "Сыбызғы сыры" (1962) * "Өз көзіммен" (1964) * "Жоқ, ұмытуға болмайды" (1965) * "Жарық пен жылу" (1966) * "Күй кітабы" (1967) * "Мен туған күн" (1972) * "Мезгіл әуендері" (1968) * "Ұлым, саған айтам" (1970) * "Қызғалдақ жайлы баллада" (1971) * "Ақ шағыл" (1973) * "Кішкентай" (1975) * "Даңқ пен дақпырт" (1977) * "Жеті бояу" (1977) * "Шуақ" (1980) * "Темірқазық" (1981) * "Ашық аспан" (1981) * "Менің топырағым" (1985) * "Ұрпағым, саған айтам" (1988) кітаптары * үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997) * "Мен — тамырмын" дастандар (2001) * "Қасірет пен қайсарлық" (2001) * "Жұмекен" (2002) * "Жаңғырық" (2003). * "Аспан шақырады" (2005) * "Домбыраның қоңыр үні: Көне замандардан бізге жеткен домбыраның бүгінгі акустикасы қандай?" (2007) Ақын жырлары бірнеше шет тілдеріне аударылған. * 1967 жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. ## Дереккөздер
Дегелек тұқымдастар (лат. Ciconiidae) – Дегелектәрізділер отрядының 10 туысқа біріктіріліп, 17 туыстан құралған, конус пішінді ұзын, тік тұмсықты, ірі денелі құстар. Олардың тырнаққұтандардан айырмашылығы – тұмсығы тік, ал құтандардан айырмашылығы – мойны едәуір қысқа (17 омыртқалы). Қазақстанда дегелектердің бір туысының өкілдері кездеседі. ## Дереккөздер
Бірқазандар ( лат. Pelecanus) – ескекаяқты құстар отрядына жататын Бірқазандар тұқымдасының (лат. Pelecanidae, Rafinesque, 1815) құстар тегі. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне суқұзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. ## Дереккөздер
Сатыбалдин Сағындық(1937—2020) – экономист, қоғам қайраткері, экон. ғыл. докт. (1980), проф. (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Ғыл.-зерттеулерінің негізгі бағыттары бух. есеп пен аудиттің халықар. стандарттары, өнеркәсіпте нарықтық тетіктерді қалыптастыру, ҚР-нда өнді
Раушанов Ауданбай (1912, Маңғыстау ауданы Қызан ауылы – 1985) – соғыс және еңбек ардагері, мұнайшы. 1945 ж. бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін Құлсары, Боранқұл мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен. Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі Даңқ, Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қаласы – 29.10. 1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының немересі. Әкесі Ахмет Кенесарының бәйбішесі Күнімжаннан туған кіші ұлы. ## Өмірбаяны 1897 жылы Шымкентте қалалық училищені бітіріп, Әулиеата уездің басқармасында хатшы болып қызмет етті. 1905 жылы Әулиеата уездің қазақтары атынан Ресей империясы Министрлер Кеңесінің төрағасы – С.Ю. Витте атына петиция жазуға қатысты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайға сай Әулиеата уездің қазақтарының саяси белсенділігін арттыру жолында қоғамдық өмірге қызу араласты. Жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған Әулиеата уездің Ұлттық кеңесіне төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Әулиеата уездінде сайлауға түсті. Оның ұйымдастыруымен 1917 жылы 12 қарашада Әулиеата уездің қазақтарының съезі болып өтті. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезіне Сырдария облысы қазақтары атынан қатысып, онда съездің төрағасының орынбасары болды. Түркістан (Қоқан) автономиясына ізгі ниеттілік танытып, оны кеңес өкіметінің әскери күшпен талқандауына наразылық білдірді. 1921 жылдан Сырдария революция комитетінің хатшысы, уездік атқару к-тінде жер бөлімінің меңгерушісі, гидротехник болып қызмет етті. 1930 жылы кеңес өкіметі тарапынан «ұлтшыл» деп айыпталып, тұтқынға алынды. Одан көп ұзамай босатылды.1937 жылы тамызда қайтадан тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1956 жылы Түркістан әскери округі трибуналының шешімі бойынша Кенесарин есімі ақталды. Тараз қаласында Кенесарин тұрған үй әлі бар, ол өзбек орталау мектебінің ғимараты ретінде пайдаланылды. ## Дереккөздер
Дегелектер (лат. Ciconia) — дегелектәрізділер отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Дегелекті кейбір зерттеушілер «ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды. Қазақстанда дегелектің 2 түрі: ақ дегелек және қара дегелек. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Сипаттамасы Дегелектер торлы терімен жабылған ұзын жалаң аяқтарымен сипатталады; тұмсығы ұзын, түзу, конустық; алдыңғы саусақтар кең жүзу қабығымен өзара байланысты, саусақтары қысқа және қызғылт тырнақтарға ие; бас пен мойынның кейбір жерлерінде жалаңаш терісі бар. Еуропада екі түрі бар: қара (C. nigra) және ақ (C. alba); біріншісі қара қоңыр қауырсындармен жабылған; екіншісі, қанаттары мен иықтарын қоспағанда, ақ қауырсынмен жабылған, тұмсығы мен аяғы қызыл. Көшпенді, олар ақпан және наурыз айларында Орталық Еуропаға келеді. Еуропадан басқа, олар Шығыс жарты шардың басқа жерлерінде де кездеседі. Келгеннен кейін олар ағаштардың басындағы және шатырдағы құрғақ бұтақтардан жасалған бұрынғы ұяларына орналасады; олар суға бай аймақтарды жақсы көреді, Голландияда, Исландияда және Оңтүстік Саксонияда көп кездеседі. Англияда олар мүлдем жоқ. Дегелектер қудаланбағандықтан, олар өте сенімді және тұрғын үйге жақын келеді. Дегелектер балықтармен, бақалармен, кесірткелермен, жыландармен, ұлулармен, жауын құрттарымен, дала тышқандарымен, жәндіктермен қоректенеді. Ұрғашысының ұзындығы 8 см шамасында 4-5 ақ жұмыртқа салады. Дауысы әлсіз, шапалақтағандай шығады; ұяда отырған балапандар ғана сықырлайды немесе әлсіз шырылдаған дыбыс шығарады. Олар өте ұзақ өмір сүреді. Ақ дегелектің тұмсық ұшынан құйрық ұшына дейінгі ұзындығы шамалы 1,3 м; биіктігі 1 м. ## Өнерде Ежелгі жазушылар мен ортағасырлық аңыздарда дегелектердің ата-аналары өзі-өзін күтуге шамасы келмей қалғанда оларды дегелектердің өзі тамақтандырады деген аңызды көруге болады. Осы себепті Ренессанс және одан кейінгі кескіндемелерде дегелек ата-анаға деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар, дегелектер Меркурий құдайының арбасын алып бара жатқан құс ретиінде бейнеленеді ## Түрлері * Қара дегелектер (Ciconia nigra) * Ақ қарын дегелектер (Ciconia abdimii) * Ақ мойын дегелектер (Ciconia episcopus) * Малайялық жүнді дегелектер (Ciconia stormi) * Американдық дегелектер (Ciconia maguari) * Ақ дегелектер (Ciconia ciconia) * Қара тұмсық дегелектер (Ciconia boyciana) ## Дереккөздер
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қаласы – 29.10. 1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының немересі. Әкесі Ахмет Кенесарының бәйбішесі Күнімжаннан туған кіші ұлы. ## Өмірбаяны 1897 жылы Шымкентте қалалық училищені бітіріп, Әулиеата уездің басқармасында хатшы болып қызмет етті. 1905 жылы Әулиеата уездің қазақтары атынан Ресей империясы Министрлер Кеңесінің төрағасы – С.Ю. Витте атына петиция жазуға қатысты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайға сай Әулиеата уездің қазақтарының саяси белсенділігін арттыру жолында қоғамдық өмірге қызу араласты. Жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған Әулиеата уездің Ұлттық кеңесіне төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Әулиеата уездінде сайлауға түсті. Оның ұйымдастыруымен 1917 жылы 12 қарашада Әулиеата уездің қазақтарының съезі болып өтті. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезіне Сырдария облысы қазақтары атынан қатысып, онда съездің төрағасының орынбасары болды. Түркістан (Қоқан) автономиясына ізгі ниеттілік танытып, оны кеңес өкіметінің әскери күшпен талқандауына наразылық білдірді. 1921 жылдан Сырдария революция комитетінің хатшысы, уездік атқару к-тінде жер бөлімінің меңгерушісі, гидротехник болып қызмет етті. 1930 жылы кеңес өкіметі тарапынан «ұлтшыл» деп айыпталып, тұтқынға алынды. Одан көп ұзамай босатылды.1937 жылы тамызда қайтадан тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1956 жылы Түркістан әскери округі трибуналының шешімі бойынша Кенесарин есімі ақталды. Тараз қаласында Кенесарин тұрған үй әлі бар, ол өзбек орталау мектебінің ғимараты ретінде пайдаланылды. ## Дереккөздер
Секпілтөс бейнарық — үлкен бейнарықтан кішілеу, реңі соған ұқсас үйрек. Айырмашылығы - тұмсығы едәуір ұзын, бөтегесі және төсі қызғылтсары түсті. Басында айдары бар. Еуразия және Солтүстік Американың тундралық және орманды зонасында мекендейді. Қазақстанда Көкшетау және Қостанай облыстарының солтүстік аудандарында, Балқаш маңының солтүстігінде және Оңтүстік Алтайда өмір сүреді. Биологиясы аз зерттелген. Қазақстанда сәуір-мамыр айларында кездеседі, жеке дарақтары қыста да байқалуы мүмкін. ## Дереккөздер
Көк бұлбұл (лат. Luscinia cyane) – Торғайтәрізділер отрядына жататын Сайрақ тұқымдасының Бұлбұлдар туысының сібірлік-қиыршығыстық түрі. Оның жоны – көк, бауыры – ақ; таяуда ғана Алтайдан – республиканың дәл шығыс шетінен, Қазақстанда табылған. Өзге жерлерде тіпті ұшып өткені де кездеспейді. Оның қысқа сайраған әуені кәдімгі қызылқұйрықтың сйрағанына ұқсастау болып келеді. ## Дереккөздер
Қызылжемсаулы гагара немесе қызылжемсаулы маймаққаз (лат. Gavia stellata) – Маймаққаздар отряд өкілдерінің ең ұсағы, салмағы 1-2,5 кило болады. Күйттеу кезеңінде тармағында қызыл дақ дамиды, құстың атауы осыған байланысты аталған. Алайда күзгі түлеу соңынан ол дақ жойылады. Қазақстанда тек қана жылыстау мезгілінде (сәуірдің аяғында және қыркүйек – қазанның аяғында) кезедеседі, кейде Каспий маңында қыстайды. ## Дереккөздер
Шиаяқ жадырақ (лат. Anthus pratensis) — Торғайтәрізділер отрядының Шақшақай тұқымдастарға жататын Жадырақтар туысының Құсы. Тек қана ұшып өткенде кездесетін және алыстан қарағанда орман жадыраққа өте ұқсас-тек қана ұшып өткенде кездеседі де, алыстан қарағанда орман жадырақтан ажырату қиынға соғады. ## Дереккөздер
Қылқұйрық бұлдырық, қылаңтөс (лат. Syrrhaptes paradoxus) — кептертәрізділер отряды, бұлдырық тұқымдасына жататын құс. Ежелгі қазба қалдықтары Францияда жоғары эоцен қабатынан табылған. Қылқұйрық бұлдырық Қазақстанда Еділ — Жайықтан бастап Зайсанға дейінгі аралықта кездеседі. Көбіне сазды, сортаңды, қиыршық тасты жерлерді мекендейді. Дене пішіні кептердей, тауық тұмсықты, сұңқар төсті. Салмағы 250 — 300 г, қанат құлашының ұзындығы 44 — 50 см. Басқа бұлдырықтарға ұқсас, бірақ құйрығы өте ұзын әрі үшкір (аталуы осыған байланысты) келеді. Аяғының үш саусағы бірігіп кеткен, аң табаны тәрізді. Түсі ақшыл сұр, қызғылт, түрлі өрнекті. Қорегі — өсімдік тұқымдары, жемістері, түрлі жәндіктер. Қылқұйрық бұлдырық — жыл құсы. Наурыз — сәуірде жұп құрып, 2 — 3 жұмыртқасын мекиені мен қоразы кезек шайқайды, кейін балапандарын бірігіп қоректендіреді. Бір жерге топтанып (көбіне 30 — 40-тан, кейде 100-ден), кейде жұбымен ғана ұялайды. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Қылқұйрық бұлдырық ағашқа, бұтаққа қонбайды, жерде тез жүгіреді. Қыстау үшін қазан айында Қазақстанның оңтүстігіне және Жем өзені өңіріндегі құмдарға, Моңғолияға, Солтүстік Қытайға ұшып кетеді. Қылқұйрық бұлдырыққа тән ерекшеліктердің бірі — басқа жаққа жаппай қоныс аударатындығы. Мысалы, 1859 — 1944 ж. Еуропаға қарай жаппай ұшып кетуі 16 мәрте, ал шығысқа қарай қоныс аударуы 1860 — 1923 ж. 10 мәрте қайталанған. Саны жылдан жылға азаюда. Қазақстанда 20 ғ-дың 70 — 80-жылдарында 3 — 10 мың Қылқұйрық бұлдырық болса, 1982 ж. Оңтүстік Балқаш өңірінен 30 — 40 дарабасы, 1983 ж. Бетпақдаланың батысынан 1100-дей ғана кездескен. 1991 жылдан Қылқұйрық бұлдырықты аулауға тыйым салынған. Қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітапына” енгізілген (1996). ## Дереккөздер
Безгелдек (лат. Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Жоны - беделі қоңыр, бауыры - ақ. Аталығының қара мойнында екі ақ мойнақ бар. Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай: екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, тек соңғы жылдарда ғана анда-санда егіс даласынан кездестіруге болоды. Еуразия даласында орныққан. Қазақстанның батыс бөліктерінде көп мөлшерде, ал қалған аумақта кездейсоқ кездеседі. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ. Мамырда аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, бунақденелілермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен және өсімдік өркендерімен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60-шы жылдары жоғала бастады, сондықтан 1978 жылы Қазақстанның Қызыл қітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр. ## Дереккөздер
Жалбағайлар туысы (лат. Platalea) — 6 түрді біріктіретін сирақтылар отрядының тырнаққұтан тұқымдасына (лат. Threskiornithinae) жататын 19 туыстың біреуі. Жалғабай туыстас құстар өкілдерінің қалған құстардан айырмашылығы -тұмсығы түзу, ұзын және тұмсық ұшының жалпақ болуы. Қазақстанда бір ғана түрі бар. ## Дереккөздер