text
stringlengths
3
252k
Қаратаев Бейсебай (1865, Жамбыл ауданы, Күрті болысы — 1936) — ақын, əнші. Бұрынғы Қастек ауданының Күрті болысындағы 16 ауылдың старшыны болған. Осы өңірдегі 1916 ж. ұлтазаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Кейін "қазақ халқына бостандық алып келген" Кеңес өкіметін құруға белсене қатысып, әкімшілік қызмет атқарған. Екеуара айтыста Тұмар қыздың оны "Сен бе едің Бейсебайым медаль таққан, Советтің жалаңаяқ отын жаққан" деп кеткен. О.Жандосов туысы болғандықтан Қаратаев 1937 ж. "халык жауы" атанын, атылып кеткен. Оның артында әні және "құсалық" атты дастаны қалған. ## Дереккөздер
Белағаш — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Белағаш ауылдық округі орталығы. Іргесі 1944 жылы қаланған. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бородулихадан батысқа қарай 20 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Тереңкөл (2008 жылға дейін – Қашыр) — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, аудан және Тереңкөл ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 96 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Нұртас Ахатов (1961, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қоскөл а.) — ғалым, филология ғылымдарының кандадаты (2004), Қазақстан білім беру ісінің үздігі (2000) және құрметті қызметкері (2007). Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген (1987). Зеренді ауданындағы мектепте мұғалім (1987 — 90), 1993 жылдан Ж.Мусин атынд. Қазақ пед. уч-щесінің директоры. Көкшетау қ-лық мәслихатының 3-, 4-шақырылуының депутаты. Мақтау қағаздарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры — Қостанай облысы Арқалаық қаласында орналасқан театр. Театр директоры Мұқатова Отаркүл Оразбаевна. Театр 2001 жылы 2001 жылдың 19 қантарында №13 Арқалық қаласы Әкімінің шешімімен құрылған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін театр және әртістер бірнеше рет номинацияларда марапаттар алған, Астана қаласының "Алақай жазғы демалыс", Петропавл қаласының "Айман-Шолпан» (комедия), Қостанай қаласының "Мұңлық - Зарлық" (драма), Көкшетау қаласының "Күнә" (драма) Республикалық театрлар фестивалдеріне қатысты. Спектакльдерді құру және шығаруға Қазақстан Республикасының кәсіби қоюшы режиссерлерін шақырылған: Ж.Хаджиев, Д.Жанботаев, Ж.Есенбеков, С.Қарабалин, Т.Ракишева, Г.Арынов. Тәжірибемен алмасуға Қарағанды драма театры, И.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық орыс қуыршақтар театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыка және драма театры келген. Штат саны 55 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер – 24, әкімшілік персонал – 5, шығармашылық персонал – 5, техникалық персонал – 21. Отыратын орындар – 320. Жалпы алаңы - 6390 шаршы метр. ## Дереккөздер
Несіп Жүнісбайұлы (10 желтоқсан 1950 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданы "Көпбірлік" ауылы) - спорт журналисті, жазушы,спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ## Өмірбаяны ### Білімі * 1970 жыл - Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады. * 1996 жыл - Қазақ дене шынықтыру институтын сырттай бітіріп, бапкер-ұстаз мамандығын алды. ### Қызмет жолы * 1968 жыл - Кеңес Одағы армиясының қатарына алынып, КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етеді. * Негізгі қызметін республикалық "Лениншіл жас" газетінде бастап, осы газеттің спорт және әскери-патриоттық тәрбие бөлімін басқарды, газеттің Редакция Алқасының мүшесі, кәсіподақ, комсомол, партия ұйымдарының хатшысы болды. * 1991 жылы қаңтар айында республикалық "Спорт" газетіне бас редактор болып тағайындалады. Республикалық "Спорт" газетін сәл үзілістермен 2014 жылға дейін, яғни зейнетке шыққанша басқарды. ### Қоғамдық қызметі * ҚР спорт Комитетінің Алқа мүшесі болып сайланды. * Қазақстан журналистер одағының мүшесі. * Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, басқарма мүшесі. * Халықаралық спорт журналистері Қауымдастығының (AIPS) мүшесі * Азия спорт журналистері Одағының (ASPU) Атқару комитетінің мүшесі (1994-2006 жж.) * Азия Олимпиадалық Кеңесінің (ОСА) баспасөз комитетінің мүшесі болған тұңғыш әрі жалғыз журналист. * Азия спорт баспасөзі Одағы президентінің кеңесшісі. * Қазақстан спорт баспасөзі Қауымдастығын құрушы және тұңғыш президенті (1992 - 2013 жж.). * Республикамызда таза қазақ балаларынан ғана тұратын "Намыс" кәсіпқой футбол клубын құрушы және президенті (1991 - 1996 жж.). * Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының тұңғыш президенті (1991 ж.) * спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Тоғызқұмалақтан респуликамыздың вице-чемпионы, Республикалық ұлттық спартакиадасының чемпионы, командалық есепте республика чемпиондары болған Алматы қаласы командасының бас бапкері. ## Шығармашылығы Он Олимпиада ойындарының, бес футболдан әлем чемпионатының куәгері, спорт тақырыбына жазылған, әдеби және деректі тақырыпқа жазылған 20-ға тарта кітабы бар. * "Үшінші раунд" * "Ауылдан шыққан алыптар" * "Футболмен тыныстаған Испания" * "Әкемнің қамшысы" * "Намыс жыртар ұл қайда?!" * "Мексикадағы футбол тойы" * "Мұстафа Өзтүрік" * "Ережесіз "белдесу" * "Бас иемін!" * Сонымен қатар, Қазақстан өз егемендігін алғалы ұлттық командамен қатысқан Олимпиадаларының шежіресі боп саналатын орыс тілінде жазылған "Олимпийский маршрут" кітаптарының төрт томы өз алдына. ## Марапаттары * Қазақстан Журналистер Одағын сыйлығының иегері. * Баубек Бұлқышев атындағы журналистер сыйлығының иегері. * Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің "Жылдың үздік журналисі" марапатының иегері. * Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері. * "Жалын" баспасы жабық әдеби конкурсында "Рингтегі тағдыр" повесті екінші жүлде алған. * Көптеген творчестволық ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың наградаларының иегері * ҚР Президентінің Алғыс хаты * Астана қаласының 10 жылдығы медалі * Қазақстан Халық Ассамблеясы 20 жылдық құрмет медалінің иегері. * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ## Дереккөздер
Ахатов Амантай (15.10.1942 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылы) – ғалым, ауыл шауашылық ғылыми кандидат (1983 жылы). Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институттын (Қазақ ұлттық агралық университеті) бітірген (1966 жылы). 1966 жылдан Қазақ қой шауашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер. Ахатовтың негізгі ғылыми жұмыстары қылшық жүнді құйрықты қойларды селекциялық жолмен жетілдіруге, асылдандыру және жаңа тұқымдарын алуға арналған. Қылшық жүнді сарыарқа қойы авторларының бірі. Сарыарқа қылшықты қойы Орталық Қазақстанның шөл, шөлейт және құрғақ далалы аймақтарының қатал климатына бейімделген. Ахатов етті-майлы қой шауалықтары жөнінде 50-ден астам ғылыми еңбек жариялаған. ## Сілтемелер * Қазақстан * Көкпект * Қарағандыкөл ## Дереккөздер
Жаппархан Асаинов (1919, Астрахан ауданы, Қоскөл а. — 1963, Алматы қ.) — Социалистік еңбек ері (1943). * 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. * Еңбек жолын 1939 ж. «Красный Пахарь» ұжымшарында бастаған. * 1943 ж. жау ұшақтарының шабуылы кезінде А. басқарған әскерлер қару-жарақ тиелген жанып жатқан вагондарды бөліп тастап, қалған вагондарды өрттен аман-сау алып қалған. Аса бағалы жүкті аман алып қалғаны үшін қазақтар арасында алғаш Соц. Еңбек Ері атағына ие болған. * 1946 жылдан Алматы қ-ның көлік кәсіпорнында жұмыс істеді. ## Сыртқы сілтеме * АСАИНОВ ## Дереккөздер
Нағашыбай Қорғанбекұлы Атшабаров (1953 ж.т., Ресей, Челябі облысы Біреді ауданы Калинин с.) — заңгер-құқықтанушы, ҚР ҰҚК-нің генерал-майоры. ҚР ҰҚК-нің ардагері. ## Фактілер Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. * ҚазМУ-ды (ҚазҰУ-ды, 1979 ж.) * КСРО МҚК Жоғ. курсын (1980) бітірген. * Еңбек жолын 1971 ж. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара кеңшарындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. * 1979 жылдан ҚР ҰҚК-нде жұмыс жасайды. * Спорттың самбо, акробатика, шаңғы және гір көтеру түрінен спорт шеберлігіне кандидат. * 1982 — 84 ж. «Вымпел» арнайы бөлім құрамында Ауғанстан жерінде болған. * Алматы, Мәскеу, Талдықорған, Ақтау, Қостанай, Қарағанды қалаларында,Астана қ-ндағы ҰҚК орт. аппаратында міндетін атқарған. * ҚР ҰҚК Ақмола облысы департаментінің бастығы қызметін атқаруда. * Орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Глава государства присвоил высокие воинские звания и наградил отличившихся военнослужащих Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Аменд Александр Филиппович (16 қаңтар 1929, Линёво, Волгоград облысы — 18 ақпан 2012, Челябинск)- педагогика ғылымдарының докторы, профессор. ## Марапаттамалары * «Құрмет белгісі» (1976) * Достық ордені (1995) * Құрмет ордені ## Библиография Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті Г. С. Шкребень. — Челябинск, 2009. — 1144 бет — ISBN 978-5-85716-791-5. ## Сыртқы сілтемелер * [amend-af.narod.ru]
Серік Әкпенұлы Аяғанов (10 сәуір 1952 ж.т., Біржан сал ауданы Степняк қ.) — ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2003), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2005). Әкесі - Аяғанов Ақпен (1906-1958), ҰОС қатысқан, жол шебері болған. Анасы - Аяғанова Бәтен (1912-1991), үй шаруасымен айналысқан. * Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген (1975), дәрігер. * Көкшетау экономика және менеджмент институтын (2005) бітірген. * 1975 жылдан - Қарағанды қалалық №3 ауруханасының дәрігер-интерні. * 1976 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының хирург-дәрігері. * 1981 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының бас дәрігері. * 1987 жылдан - Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі. * 1992 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері. * 2005 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы. * 2011 жылдан бастап Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады ## Ғылыми жұмысы * Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Асциттіксиндромды шағын инвазивтік технологияларды қолдану арқылы анықтау және кешенді хирургиялық емдеу». * «Құрсақ аймағының және іш қуысының ауруларын видеоэндоскопиялық зерттеу» (Санкт-Петербург қаласы, 2001) * «Бауыр және ет шығару жолдарының хирургиясы женіндегі жетекші оқу құралы» (Санкт-Петербург қаласы, 2003) оқу құралдарының, 30 жарияланымның авторы. ## Қоғамдық қызметі * Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (1999-2005). * Ақмола облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды (2005-2011). ## Марапаттары * ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2002). * Кәсіподақтар қозғалысының үздігі (2002). * «Құрмет» орденімен (2002); * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) * «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) * «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ## Басқа да мәліметтер * Әскери атағы - медицина қызметінің запастағы капитаны. * Үйленген. Жұбайы - Аяғанова Сәуле Ахметжанқызы (1955 жылы туған), мейірбике. ¥лдары - Ербол (1978 жылы туған), Петропавл қаласында банк бас қармасының орынбасары; Ерлан (1983 жылы туған), Ақмола облысы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі. ## Дереккөздер
Қостанай облысының сурет галереясы 2008 жылы ашылған. Галеряның ашылуы қаланың мәдени өмірінде маңызды және көп күтерлік оқиға болып табылған. Галерея Алтынсарин 133 көшесі мекен-жайы бойынша Қостанай қаласының орталығында жайлы орналасқан, галерея алып жатқан ғимарат он тоғызыншы ғасырдың соңы жиырмасыншы ғасырдың басындағы азаматтық сәулет өнерінің көрнекті үлгісі болып табылады және Қостанай қаласының тарихи орталығын қалыптастырады. Бөлек тұрған сурет галереясын құру Қостанай қаласының көркемөнер өмірінің көпжылдық шығармашылық дамуының заңды нәтижесі болды. Елу жылдан астам жыл бұрын, «Қостанайдағы Қазкөркемөнерқорының көркемөнер-өндірістік шеберханалар» кәсіби суретшілердің алғашқы шығармашылық бірлестігін құрды, олар Алматыдан 1959 жылы келген, ақырында бұл бірлестік облыстағы көркемөнер өмірінің орталығы болды. Сол кездегі шеберханалардың негізгі қызметі - ғимараттарды, мәдениет үйлерін безендіру, көрнекті үгіт болып табылған. Өрнектер, сграффито, нақыш, витраждар, сәндік және тасқа салынған мүсіндер – осы өндірістік жұмыстарды шеберхана суретшілері орындаған. Олардың әрқайсысы бір уақытта шығармашылығын көрсетті. Сонымен қатар Қостанайлық суретшілерінің республикалық көрмелеріне қатысуы оларға жалпы шығармашылық процеске белсенді түрде қатысуға және сәтті түрде өзін көрсетіп шығуға мүмкіндік берді. Суретшілер жоғары бағаларға ие болды, олардың шеберлігі нығайып, жетілдіріле берді. Ақырында 1993 жылы Қостанайда Қазақстанның Суретшілер одағының облыстық бөлімшесі құрылған, ал 2008 жылы қалада облыстық сурет галереясы ашылған. Галереяда ғимараттың екі қабатында орналасқан үлкен үш көрме залы бар. Астыңғы қабатында Қостанай қаласының белгілі суретшілерінің шығармашылық шеберханалары орналасқан: Быков Вадим, Новоселов Юрий, Шалунова Светлана. Осында шеберлердің жұмыстарын көруге және суреттер, портреттер, пейзаж және біртума композицияға тапсырыс жасауға болады. Галерея ғимаратында көркемөнер салоны бар, салонда белгілі шеберлер мен жас суретшілердің авторлық жұмыстарын алуға болады. Галереяда шеңберінде бейнелеу өнерінің суретші-шеберлерінің және жас авторларының тақырыптық және жеке көрмелері үнемі болып отырады, көрмелерде қала тұрғындары мен қонақтары көрсетілген жұмыстармен таныса алады. 2013 жылы Қостанай облысының сурет галереясы бес жылдық мерейтойын өткізді, өзінің жасына қарамастан, мұражай қызметкерлері жасаған жұмыстарының нәтижесін жиынтықтады. Сурет галереясы меңгерушісінің айтуынша, бес жыл ішінде осында 50-ден астам жеке және тақырып бойынша жиналған көрмелер өткізілген, сурет галереясы шынымен бүкіл облыстық мәдени өмірінің орталығы болды. Осында жеке және тақырыптық көрмелер ашылып отырады, атақты суретшілер мен мүсіншілердің шығармашылық кештері өткізіледі. Осыдан басқа, қостанайлық көрермендері республиканың түрлі қаларынан, жақын және алыс шетелдегі суретшілерінің суреттері көрсетілген. 2013 жылы 21 тамызда өткен мерейтолық вернисажында облыстың танымал суретшілері салған , 37 автопортрет қойылған. Олардың арасында Георгий Соков, Леонид Игошин, Николай Васильевич Торшин, Вадим Быков, Сергей Луговой, Светлана Шалунова, Олег Кусков, Баян Баталова. Суреттер әр түрлі техника арқылы орындалған: акварель, қарындаш, құрғақ бояу жаққыш, өңдеме, аэрография, коллаж, гипс. Әрбір жұмыс көрерменге кенеп пен суретші арасындағы жеке, сырлы әңгімені көрсетіп тұрады. Көрменің қонағы екі рет Санкт-Петербург қаласының балауыздан жасалған мүсіндердің мұражайы болды, Қостанай тұрғындары көшпелі экспозицияда 50 астам экспонатты, Гиннес рекордтар кітабындағы кейіпкерлердің мүсіндерін, Чарли Чаплинді, танымал мультфильмдердің кейіпкерлерін, Джек Торғайды және т.б. көрді. Галерея қызметкерлері оның қорларын әрдайым толықтырады, сонымен қатар жаңа қызықты көркемөнер көрмелерді ұйымдастырып отырады, олар галерея қонақтарын көруге қуана-қуана қарсы алып, галереяның топтамасын құрайтын өнердің көптеген суреттері мен бұйымдарын келушілермен таныстыра отырып, экскурсияларды өткізеді. Тақырыптық және жеке суретшілер - бейнелеу өнерінің шеберлері мен жас авторлардың көрмелері өткізіледі, онда қала тұрғындары мен қонақтары ұсынған жұмыстармен таныса алады.Шығармашылық салонда сыйлыққа тарту, үй мен офистің интерьерін рәсімдеу үшін авторлық жұмыстарды сатып алуға болады. Ол суреттер ұзақ жылдар бойы көңіл-күйіңізді көтереді.Жертөледе Вадим Быков, Юрий Новоселов, Светлана Шалунова сияқты суретшілердің шығармашылық суреттері орналасқан. Онда суреттерге, кісінің суреті, әсем көрініс бейнеленген суреттер, қызықты композицияларға тапсырыс беруге болады. Күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін экскурсиялар өткізіледі. 50-20-32 телефоны арқылы көп адамдар келу үшін өтінімдер қабылданады. Сурет галериясының залдарында тұсаукесерлер, көрмелер, мәжілістер, конференциялар, сондай-ақ шығармашылық кездесулерді өткізуге болады. ## Дереккөздер
Үлкентұмсықты шүрілдек(лат. Charadrius leschenaultii) — Татрең тұқымдасының шағын құсы. Түркия мен Сириядан Оңтүстік Сібірдің таулы жүйелері мен Орта Азия мемлекеттеріндегі шөл және шөлейт жерлерін мекендейді. Шығыс Африканың, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Аустразияның теңіз жағалауларында қыстайды. Салмағы 90-100 г. Денесінің үсті сұр-сарғылт, төменгі жағы ақ түсті. Үлкен тұмсықты шүрілдектің жемсауынан көлденең жалпақ сары жолақ өтеді. Қылықтары: тез жүгіреді, жер бетіне жақын екпіндей ұшады. Жоны - сұрғылттау қызыл қошқыл, бауыры - шаңқандай ақ. Аталығының жемсауында жалпақ қызғылтсары жолақ болады, көзінің төңірегі үлкен қара теңбілмен қоршалған. Тұмсығының жуандығы атауынан көрініп тұр. Жерде тез жүгіреді және жер бауырлап, екпіндеп ұшады. Шығыс Закавказьеден Монғолияға дейінгі шөлде қоныстанады. Қазақстанда оңтүстік бөліктегі тығыз топырақты шөлде өмір сүреді. Ұясын көбінесе өсімдіктері жоқ мүлде сусыз үлескілердегі шұңқырға салады. Салындыдағы 3 теңбілді. жұмыртқаларды ата-енелері басады. Жас балапандар қанатына көтерілген соң үлкен үйірге жиналып, көбінесе өзіне ұқсас сарысағақ шүрілдекпен бірге суатқа қарай ұшады. Қазақстанда наурызда пайда болады, ұшып кетуі бақыланбаған. ## Дереккөздер
Шаушүрілдек (лат. Charadrius dubius) — татреңтәрізділер отрядының шүрілдектер туысынын шағын денелі құс, денесінің ұзындығы 14-15 см, массасы 31-46 кг, қанатын 32-48 см аралығында қозғайды. Көп тараған аймағы Солтүстік Африка, Еуразия, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарының аралдарын мекендейді. Су жағасын, тірі жан аз аймақты мекен еткенді көздейді. Ал, жұбын тапқан мезетте, жерді айнала қозғалып жуандалған дыбыс шырқайды. Қазақстанда барлық жерге таралған. Малтатасты және құмдауыт қайраңдарға ұялайды. Көбінше тұқымын колония құру арқылы орналастырады. Оны жерге, кішігірім ойыс аймақтарға, ашық жерлерге құрады. Көбінше сәуір мен маусым айлар арасында жұмыртқа туады. Жұмыртқасының төрт түсі бар: палевті, ақ, құмды және тоқ түсті дақты. Жұмыртқа үстін күндіз аналық жынысты зуек басса, түнде аталық жынысты зуек басады. Балапан 24-27 күн ішінде жұмыртқаны жарып шығады. Жас зуектар 30 күннен кейін ғана ұшуға бейім болады. Қауіп төнген мезетте зуек домалақ пішінге айналып, жерде жатады, содан соң ғана ұшып кетеді. Көбінше жәндіктермен, яғни бунақденелілермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. ## Дереккөздер
Шерғала (Шерқала) — VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын. ## Орналасуы Шерғала Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған аттас таудың маңында орналасқан. Шерғала Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. ## Сипаттамасы Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз. Шерқала - арабша Арыстан қала деген мағынаны білдіреді. Қаланың есіміне араб араласуына қарағанда, Шерқала арабтардың VII-IX ғасырлардағы шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен болса керек, одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналып, Арыстан қала аталуы ықтимал. Шерқала 50 м биіктігі бар,оңтүстік батысқа қарай атылғалы жатырған арыстан іспеттес пирамида. Үстіне шығатын жол жоқ, тау жақ беткейіне екі жағына екі бастион қосымша тұрғызылған, қамал қабырғалары табиғи тау тасы мен күйдірілген кірпіштен қаланған. Шығыс бетіндегі бастионнан шатқалдың түбіндегі тунельге жол тартылған. Тунель 5 м жоғарылаған соң, екі бағытқа екі тарау болып, тау үстіне шығады. Таудың басқа жерінде жоғары шығатын жол жоқ. Қарауылшыларға азық-түлік жеткізетін, қарауыл қарауылдайтындардың шығатын жолы осы болуы керек. Қамалдың ұзындығы 300 м, бірнеше жүз әскері ат-көлігімен сиятындай. Қамалдың басындағы шың бауырында торғайдың ұясына ұқсас екі-үш адамдық іші өртелген орындар бар. Менің ойымша бұл орындар күзетшілер немесе садақшыларға арналған орын секілді. Мұнда уй құрылысы жоқ, адам қоныстануға қолайсыз. Сондықтан ол қасындағы Қызылқаланың тыныштығын қорғаған деген ойдамын. Қызылқаланы зерттеу барысында келесі деректерге қол жеткіздім. Ол Ақмыш деген орталық Қаратаудан солтүстікке қарай ағып жатқан қос бұлақ қосылған тұмсықта салынған.Қызылқала-ежелгі сауда сарайы. Айналасы бір шақырымдай, дәлірек айтсақ, 800 м, төрт бұрышы қорған. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, ішкі жағы күйдірілген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берген деп ойлаймын. Қызылқаланың оңтүстік жағында шағын төбе бар, онда биік мұнара сондай-ақ кірпіш күйдіретін пеш те болғанын аңғардым. Кірпіш өртеуге жергілікті қоңыр көмірді пайдаланған. «Қызылқалалықтар кірпіш өртеп,күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі ыдыстар шығарған. Бір ғажабы солардың мықтылығы, желге де, суға да төзімділігі қайран қалдырады...» дейді Қызылқаланы зерттеуші археолог Андрей Астафьев. Қызылқаланы зерттеу барысында осы қала орнында археологиялық зерттеу нәтижелерімен санасып отырдым. Олар Қызылқала туралы былай дейді: «Қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардың сынығына қарап, Қызылқаланы салу кезеңдері X-XII ғасырға жататыны анықталды. X ғасырда Хорезм мемлекеті аумағындағы қалалардың қарқындап өскені туралы деректер бар. Хорезмнің белсенді жүргізген саясаты нәтижесінде Поволжьемен арадағы сауда жолы дами түсті. Дәл осы жолдың бойында Қызылқала елді мекені пайда болды: »|4|Қызылқаланың көлемі 25га, қосымша 200 құрылыс салынған, мәдени қабаттары 2 м астам, ортағасырлық қала. Оны қоршай салынған қабырғаларының қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м болған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін бекіністің қабырғаларының қалыңдығы 2 м. кесек тастармен өрілген, соның әсерінен қабырғаларының биіктігі 6-7 метрге жеткен. Қазіргі уақытта 13 мұнараның орны тексерілу үстінде. Өзінің маңызы бола тұра Қызылқала көп өмір сүрген жоқ. Қызылқаланың құлдырауы 1220-1221 жылғы қыстағы Шыңғыс хан әскерлерінің Хорезмді талқандауынан кейін басталды. Азия мен Еуропа сауда байланыстары бұзылды. XII ғасырдың соңында Каспий теңізі ұлан байтақ құрғақ жерді су астына қалдырып, деңгейі 26-27 метрге дейін көтерілді. Сауда керуендері жаңа жолмен жүре бастады. Қызылқала одан алыста қалды, сөйтіп оның тұрғындары ертеңге деген сенімінен айырыла бастады. Тарихи деректерге жүгінсек, Маңғыстау арқылы өтетін сауда керуені XIX ғасырда өмір сүруді тоқтатты. Қала қабырғалары XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін тұрды да, еліміздегі ұжымдастыру тұсында оның қабырғалары құлатылып, құрылыс материалдары ретінде пайдаланылды.Дүниежүзі ғалымдарының аузын аштырып, көзін жұмдыртатын бір жаңалықты республиканың Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары ашып отыр. Ол-Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты дәлелдейді. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның көне қалалары тізімі
Ақ шеңгел (Halіmodendron) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта түріндегі өсімдік. Қазақстанда Алматы, Қызылорда облыстарында қалың шілік болып өседі. Дүниежүзінде Еуропа, Азия, Моңғолия, Иран және ТМД-ның кейбір елдерінің тоғайлы сортаң, құмды беткейлерінде таралған. Биікт. 2 – 3 м, тікенінің ұзындығы 2 – 6 см. Жапырақтарының ұзындығы 3 – 4 см жұп қауырсынды, гүлі қызғылт, күлгін түсті. Жемісі сарғылт қоңыр, ұзындығы 1 – 3 см, ені 0,7 – 1,2 см бұршақ, тұқымы қызыл қоңыр, жылтыр түсті. Тұқымынан, қалемшеден және тамыр арқылы көбейеді. Ақ шеңгелді елді мекендерді, шөл және шөлейт жерлерді көгалдандыру үшін, арық бойына егеді. Мал жемейді, тамырынан алынатын сары бояуды жүн бояуға пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды. ## Дереккөздер
Көкөзек — Жетісу облысы Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстікке қарай 33 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Сарысағақ шүрілдек (лат. Charadrius asiaticus) — татреңтәрізділер отрядының Татрең тұқымдасының Шүрілдектер туысының құсы, нағыз шөл балықшысы. Сарысағақ шүрілдек дене мөлшері және реңі бойынша жуантұмсық шүрілдекке ұқсас. Жоны - сұрғылттау қызыл қошқыл, бауыры -- шашқандай ақ. Сарысағақ шүрілдек (оны каспийлік шүрілдек деп те атайды) аталығының көз айналасында қара теңбіл болмайды, ал қызылсары жолақ жуантұмсық шүрілдектікіне қарағанда әлдеқайда жалпақ. Жолақ тек қана жемсауды емес, төстің алдыңғы бөлігін де алып жатады және сыртынан жіңішке қара жолақ көмкереді. Тұмсығы жуантұмсық шүрілдектің тұмсығынан екі есе жіңішке, ал аяғы - ұзындау. Жуантұмсық шүрілдекке қарағанда біршама солтүстіктегі шөлде: Ставропольдің ортаңғы жазықтарынан Зайсанға дейін, оңтүстікте - Ауғанстанға дейін қоныстанады. Қазақстанда шөл, шөлейт және құрғақ далаларда өмір сүреді. Жеке-жеке жұп түзіп, орын тебеді. Ұядағы үш жұмыртқаны ата-енелері кезектесіп басады. Балапандар ұялық шұңқырда екі күннен артық болмайды, бұдан соң ата-енелерімен бірге көшпенділік жасайды. Қанатынан көтерілген жас балапандар ересек құстармен бірге үлкен үйірге жиналады да, алма-кезек құстардың екі түрі шөлдік сіуқоймаларға ұдайы қатысады. Қазақстанда наурыздан қыркүйек бойы кездеседі. Алайда соңғы онжылдықта бұл түрдің саны кеміп барады. ## Дереккөздер
Ұйқыашар - қазақ халқының салты. Той, мереке алдындағы түнде қыз-келіншектер, жігіттер ұйықтап қалмасын деп, жақсы тағамдардан ұйқыашар деген тамақ дайындайды. "Ұйқыашар" қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған. ## Дереккөздер
Дəмету — Қазақтың ескіден келе жатқан ырымы. Дəметудің əр түрі бар. Ал ырымда жас-келіншектердің дəметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата-енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дəмететін əдеті бар. Əсіресе, балалы жас келіндер дəметсе - оның мəселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса, оның емшегі ісіп кетеді. Ал үлкен кісілер, аналар, əжелер жас келіншегі бар үйге "дәметіп қалар" деп, қашанда қалтасына дəм-тұзын сала жүреді. Бұл - əркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым. ## Дереккөздер
Тулақ шашу - жүн сабарда, сабап болған соң берілетін шашу табағы. Халқымыздың əрбір іс, шаруаның басталу, аяқталу сəтін жай өткізбей, оны атап өтіп және соған сәйкес əдет-ғұрыптар, ырымдар жасап отырған. Соның бірі - жұрттың бəрі біле бермейтін тулақ шашу салты. Мұны көбінесе əйелдер жасайды. Киіз, текемет басатын үй оған қатысатын əйелдерге жүн сабар алдында «тулақ шашуын шашып» тамақ береді. ## Дереккөздер
Шерғала (Шерқала) — VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын. ## Орналасуы Шерғала Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған аттас таудың маңында орналасқан. Шерғала Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды. ## Сипаттамасы Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз. Шерқала - арабша Арыстан қала деген мағынаны білдіреді. Қаланың есіміне араб араласуына қарағанда, Шерқала арабтардың VII-IX ғасырлардағы шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен болса керек, одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналып, Арыстан қала аталуы ықтимал. Шерқала 50 м биіктігі бар,оңтүстік батысқа қарай атылғалы жатырған арыстан іспеттес пирамида. Үстіне шығатын жол жоқ, тау жақ беткейіне екі жағына екі бастион қосымша тұрғызылған, қамал қабырғалары табиғи тау тасы мен күйдірілген кірпіштен қаланған. Шығыс бетіндегі бастионнан шатқалдың түбіндегі тунельге жол тартылған. Тунель 5 м жоғарылаған соң, екі бағытқа екі тарау болып, тау үстіне шығады. Таудың басқа жерінде жоғары шығатын жол жоқ. Қарауылшыларға азық-түлік жеткізетін, қарауыл қарауылдайтындардың шығатын жолы осы болуы керек. Қамалдың ұзындығы 300 м, бірнеше жүз әскері ат-көлігімен сиятындай. Қамалдың басындағы шың бауырында торғайдың ұясына ұқсас екі-үш адамдық іші өртелген орындар бар. Менің ойымша бұл орындар күзетшілер немесе садақшыларға арналған орын секілді. Мұнда уй құрылысы жоқ, адам қоныстануға қолайсыз. Сондықтан ол қасындағы Қызылқаланың тыныштығын қорғаған деген ойдамын. Қызылқаланы зерттеу барысында келесі деректерге қол жеткіздім. Ол Ақмыш деген орталық Қаратаудан солтүстікке қарай ағып жатқан қос бұлақ қосылған тұмсықта салынған.Қызылқала-ежелгі сауда сарайы. Айналасы бір шақырымдай, дәлірек айтсақ, 800 м, төрт бұрышы қорған. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, ішкі жағы күйдірілген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берген деп ойлаймын. Қызылқаланың оңтүстік жағында шағын төбе бар, онда биік мұнара сондай-ақ кірпіш күйдіретін пеш те болғанын аңғардым. Кірпіш өртеуге жергілікті қоңыр көмірді пайдаланған. «Қызылқалалықтар кірпіш өртеп,күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі ыдыстар шығарған. Бір ғажабы солардың мықтылығы, желге де, суға да төзімділігі қайран қалдырады...» дейді Қызылқаланы зерттеуші археолог Андрей Астафьев. Қызылқаланы зерттеу барысында осы қала орнында археологиялық зерттеу нәтижелерімен санасып отырдым. Олар Қызылқала туралы былай дейді: «Қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардың сынығына қарап, Қызылқаланы салу кезеңдері X-XII ғасырға жататыны анықталды. X ғасырда Хорезм мемлекеті аумағындағы қалалардың қарқындап өскені туралы деректер бар. Хорезмнің белсенді жүргізген саясаты нәтижесінде Поволжьемен арадағы сауда жолы дами түсті. Дәл осы жолдың бойында Қызылқала елді мекені пайда болды: »|4|Қызылқаланың көлемі 25га, қосымша 200 құрылыс салынған, мәдени қабаттары 2 м астам, ортағасырлық қала. Оны қоршай салынған қабырғаларының қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м болған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін бекіністің қабырғаларының қалыңдығы 2 м. кесек тастармен өрілген, соның әсерінен қабырғаларының биіктігі 6-7 метрге жеткен. Қазіргі уақытта 13 мұнараның орны тексерілу үстінде. Өзінің маңызы бола тұра Қызылқала көп өмір сүрген жоқ. Қызылқаланың құлдырауы 1220-1221 жылғы қыстағы Шыңғыс хан әскерлерінің Хорезмді талқандауынан кейін басталды. Азия мен Еуропа сауда байланыстары бұзылды. XII ғасырдың соңында Каспий теңізі ұлан байтақ құрғақ жерді су астына қалдырып, деңгейі 26-27 метрге дейін көтерілді. Сауда керуендері жаңа жолмен жүре бастады. Қызылқала одан алыста қалды, сөйтіп оның тұрғындары ертеңге деген сенімінен айырыла бастады. Тарихи деректерге жүгінсек, Маңғыстау арқылы өтетін сауда керуені XIX ғасырда өмір сүруді тоқтатты. Қала қабырғалары XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін тұрды да, еліміздегі ұжымдастыру тұсында оның қабырғалары құлатылып, құрылыс материалдары ретінде пайдаланылды.Дүниежүзі ғалымдарының аузын аштырып, көзін жұмдыртатын бір жаңалықты республиканың Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары ашып отыр. Ол-Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты дәлелдейді. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның көне қалалары тізімі
Ерлердің белдігі — Қазақтың және Еуразия даласының басқа да көшпенді халықтары киімінің міндетті элементі. Белдікке түрлі қару-сайман, жолға қажетті заттар ілумен қатар, ол атқа отырғанда ыңғайлы әрі қажетті бұйым болды, біріншіден, белдікпен киімді тез және мықтап жауып, қымтауға болады, екіншіден, ол белді қынап, қарын тұсты қатты шайқалудан қорғап тұрады. Сондықтан белдікті көшіп-қонғанда, жауға шапқанда және ат жарысынде ерлер де, әйелдерде міндетті тұрде тапқан. Белдік жинағының мазмұны әрбір ер адамның беделіне, әлеуметтік орнына байланысты, ол практикалық және талғамдық тұрғыдан ғана емес, мән-мағыналық жағынан дасипатталады; белдікке магиялық, әдет-ғұрыптық және басқа да мағыналар жинақталған. Ерлер белдігі 3 топқа бөлінеді: * күнделікті, * әскери, * салтанатты. Күнделікті тағатын белдік жіңішкелеу, сәндік шытыра аз қолданылады, тек күміс жалатылған айылбасы болады. Кейде мұндай белдіктің төменгі жағына жолға қажетті заттар байланатын сақиналар орнатылады. Оны сақиналы белдік деп те атайды. Жауынгерлік белдіктің 2 түрі бар: қылыш белдік және кісе белдік. Белдіктің бірінші түріне қылыш, қанжар салатын былғары қын немесе садаққа арналған қорамсақ ілінген. Белдіктің бетіне зерлі өрнек түсіріліп, мыс немесе күміспен қапталған. Екінші түрі кісе белдік жіңішкелеу келеді, оған түрлі мақсаттарға арналған былғары қалташалар ілінеді. Олар: қын, оттық салатын қалта немесе кісе, оқшантай, құты, қорамсақ, кездік салатын – қандауыр. Ал салтанатты белдікті тек той-томалақтарда ғана киетін болған. Олар өте әдемі металл көздемелермен әсемделеді және олар ауыр болып келеді.
Филипп Яковлевич Рубахо (1923—1943) — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қара теңіз флотының Новороссисктегі әскери теңіз базасындағы 393-ші жеке батальонында қызмет еткен. 1-ші дәрежелі старшина. Кеңес Одағының батыры. ## Биографиясы 1923 жылы 23 қаңтарда Ақсай станицасында (қазіргі Ростов облысындағы Ақсай қаласы) ресейлік флоттың офицері болған жұмысшының отбасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Ол жетімдер үйінде өсті. Сол жерде қазақтарға тән емес, тарихқа белгілі есіміне ие болған.Филипптың білімі орта. Ол ата-анасынан өте ерте айырылды. Сондықтан Батумдық балалар үйінде оқыған. Жасөспірім кезінде ол ірі мергендік жарыстарында топ жарып «Ворошилов атқышы» белгісіне ие болды. Әскери теңіз флотында 1941 жылдан бастап қызмет еткен. Қара теңіз флотының Туапсин базасындағы музыкалық топтың мүшесі болды. Алайда көп ұзамай ұрыстық кемелерге ауысты. Оның құрамында жүріп алғаш рет Ұлы Отан соғысына қатысты. 1941 жылдың қыркүйегінде қоршауда қалған Одессаға қарсы жорыққа аттанды. Рубахоға теңізде ұзақ соғысуға тура келмеді: теңіз жаяу әскері құрамынан ол құрлықтық майданға аттанды. Атақты Севастополь қорғанысына қатысып ерліктің ерен үлгісін көрсетті. ## Марапаттары * КСРО Жоғарғы Президиумының 1944 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығы бойынша неміс-фашистік басқыншыларына қарсы көрсеткен батылдығы мен батырлығы үшін 1-ші дәрежелі старшина Рубахо Филипп Яковлевичке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. * Ленин орденімен (1944) және Қызыл Жұлдыз орденімен (1943) марапатталды. ## Естелік ## Дереккөздер
Ананьич Борис Васильевич (4 наурыз, 1931, Ленинград - 20 шілде 2015, Санкт-Петербург) - Ресей және кеңестік тарихшы. ## Жанұясы * Әкесі - Василий Емельянович Ананьич * Анасы - Анна Никитична ## Басты еңбектері * Ресейлік және халықаралық капитал (1897—1914) * Ресей банк үйлері (1860—1914) ## Сыртқы сілтемелер * Профильі
Бітеу буын — ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыстар қоршаған буын. Мысалы: бал, таң, көз, тарс, төрт, қант, бұлт, штамп, класс, грамм, мектеп, балдай, жылдам, балдырған, бірлестік. ## Дереккөздер
Қарауылтөбе — Жетісу облысы Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстікке қарай 15 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Орда — қазақстандық музыкалық топ. Топ алғаш рет "Бауыржан шоу" театрының құрамында ағайынды отбасылар Беделхан және Оразбековтердің қосылып ән айтуымен көріне бастады. ## Топтың тарихы Топ атауы 2001 жылдың 1-ші сәуірінде күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді. Жігіттер алғаш рет 9-шы мамыр күні Република сарайында өткен концертте өнер көрсетеді. Дәл сол уақытта "Белгісіз жан", "Махаббатым" әндері шығарылып, жазылады. Кейін ағайындылар театрдың барлық музыкалық және би қойылымдары үшін жауап береді. 2002 жылы "Бауыржан шоу" театрынан бөлініп, жекелей кәсіби әнші-биші топ ретінде шығармашылық жұмыстарын бастайды. Өте келе бұл шешімдерінің дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп береді. Сол жылы барлық хит-парадтардың бірінші орынадарынан көрінген "Кеш мені" әні дүниеге келеді. 2003 ж. «Орда» өзінің алғашқы клипін түсіру үшін Ташкент қаласына барады. Себебі, сол кезде көпшілік Қазақстандық бейнебаяндар "Өзбекфильмнің" павильондарында түсірілетін. Түсіру жұмыстарын өзбек режиссеры Бахадыр Юлдашев жүргізеді. Бейнесаз бірден, чарттардың жоғары орындарынан көрініп, радио және телеарналардағы хит-парадтардың алдын бастайды. Сол кезде ән 24 апта бойы көшбасшы орнын ешкімге берген емес. Ол жылдары топ бәсекелестері ретінде "Бангор" тобы мен Ділназ Ахмадиевалар ғана болған. Еш продюсері, қолдаушысы, материалдық қоры жоқ топтың осындай деңгейге көтерілуі сәттілік деп қана түсіндіре аламыз. "Кеш мені" әні шыққаннан кейін Алуа Қонарова есімді продюсер топқа деген қызғушылығын таныта бастайды. Жаңа продюсер топтың танымалдылығын арттыру үшін жұмыс істей бастайды. Түрлі сапарлар мен гастрольдер сол кезде ұйымдастырылады. Көрермендер жігіттердің шынайы талантын бағалап, олардың өзіндік сахналық образының бар екендігіне көздері жетеді. 2004 ж. «Орда» "Бангормен" танысып, өздерінің жеке студияларын аша бастайды. Дәл осы студияда топтың бірінші күйтабағына кірген әндер жазылады. Сол жылы 16-жасар Жанарға ұсыныс жасап, “Meaning of the life” атты ағылшын тіліндегі алғашқы әндерінің мәтінін жаздыртады. Ән бейнебаяның ресейлік режиссер Дмитрий Коробко түсіреді. Бұл әнді жазу барысында топқа әртістер арасында жақсы таныс Бағым көмектеседі. 2005 ж. Шымкент қаласындағы аншлагпен өткен концерттен кейін "Шымкент пиво" компаниясының басшысы өз қызығушылығын көрсетеді. Бұдан кейін Тоқтар Жүсіпұлы Түлешев "Орда" тобының ресми продюсері атанады. Ол жылы Алматылық студиядағы жұмыстармен қатар, альбомның Мәскеуде жазылуы жөніндегі келіс-сөздер жүргізіледі. Сол кезде коммерциялық өлеңдерді жазу мен орындау жөніндегі ұсыныстар ресейліктер тарапынан көп түсетін. Бірақ, біз бас тартып жүрдік. Араға бір жыл салып, альбомды жазу жұмыстары Мәскеудегі “Music records“ студиясында басталып кетті. 2007 ж. топ орындаушылары Лондондағы қазақ диаспорасының шақыруымен өзінің шоу-бағдарламасымен тұманды альбионға жол тартады. Сонымен қатар, питерлік режиссер К.Черепковпен түсірілген “Jam on” атты және режиссер Д.Захаровтың мәскеуде түсірген "Қилы заман" атты бейнесаздары шығады. Ордалықтардың "Не покидай" әні "Еуропа +" радиосы жүргізетін хит-парадының жеңімпазы атанады. “Easton records“пен серіктестік жұмыстары басталады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Топтың ресми сайты
Дауымов Ерғали (1911-1997) — шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері (1957). 15 қазан 1911 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті aуылында туған. ## Еңбек жолы * 1927 жылы Жымпиты орыс мектебін, 1937 жылы Алматы зоотехникалық-мал әрігерлік институтын бітірген. * 1937 жылы жолдамамен Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Фурманов ауданындағы «Қызыл партизан» кеңшарында аға зоотехник қызметіне кіріседі. * Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, елін қорғайды. * 1946-1952 жылдары Батыс Қазақстан облысы шаруашылық білім беру саласында қызмет етті. * 1953 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының оқытушылары құрамына қабылданды. * 1954 жылы артта қалған шаруашылықтарды көтеруге үн қосқан отыз мыңдықтар сапында Жамбыл облысының Мерке ауданындағы «Қазақстан» ұжымшарына басқарма бастығы болып барады. Осы шаруашылықты озат еңбек ұжымы қатарына қосады. ## Марапаттары * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1957) ## Тағы қараңыз * Социалистік еңбек ерлері ## Дереккөздер * Ғайсағали СЕЙТАҚ, Қос майданның қаһарманы(қолжетпейтін сілтеме), Орал ѳнiрi, 12 наурыз 2015 жыл №29 (20110), стр. 9 * Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2016 жылы., стр. 10
Шідерті — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Шідерті ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінің шығысында 75 км-дей, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 103 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1963 жылы қаланған. 1976 жылы «Шідерті» кеңшарының негізінде Молодёжный ауданында мал өсіру бірлестігі құрылды. 1990 жылдары жекешелеңдірілді. Жерінің жалпы ауданы — 25,0 мың га. Округте 5 шаруа қожалығы қызмет істейді (2005). ## Инфрақұрылымы Елді мекендерінде (Шідерті, Жақсы Қандыадыр, Жаман Қандыадыр ауылдары) орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, пошта, клуб, кітапхана, АТС бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. ## Дереккөздер
Лесное — Абай облысы Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Бесқарағайдан батысқа қарай 70 км-дей жерде. ## Дереккөздер
Альбенский Анатолий Васильевич (19 қазан 1899 - 4 шілде, 1984) - кеңестік ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. ## Марапаттамалар * Ленин ордені (1954) * Қызыл Ту ордені (1967) ## Сыртқы сілтемелер * Анатолий Васильевич Альбенский Мұрағатталған 17 сәуірдің 2013 жылы.
Андреев Александр Игнатьевич (12 наурыз, 1887 Санкт-Петербург - 12 маусым, 1959, Ленинград) - орыс тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. ## Естелік Александр Игнатьевич Андреев атымен Антарктидадағы тау шыңы аталған. ## Жанұясы * Әкесі - Игнатий Андреевич; * Анасы - Екатерина Ильинична. ## Сыртқы сілтемелер * Библиография(қолжетпейтін сілтеме)
Атбасар балық — сүйекті балықтар отряды, тебен балықтар тұқымдасының бір түрі. Тебен балықтар тұқымдасына, сондай-ақ сыбызғы балық және теңіз айдаһарлары жатады. Атбас балықтардың 32 түрі бар. Олар тропиктік және қоңыржай климатты аймақтардағы су айдындарының саяздау жерлерінде тіршілік етеді. Атбасты балықтар суасты шөптесіндердін, маржан рифтерін және мангр өсімдігі көп өскен жерлерді мекендеді. Еуропада Темза өзенінің сағасынан атбас балықтардың шоғыры табылып жүр. Ересектердің дене тұрқы-2-30 см аралығында. Денесін балықтардікіндей қабыршық емес, сүйекті жұқа сақиналар жапқан. Арқа қанаттарын ирелеңдетіп, спираль тәрізді оратылған ұзын құйрығын өсімдіктерге орап, суда тігінен қалқып тұрады. Пішіні ерекше, балықтан гөрі шахмат ойынындағы атқа ұқсайды. Уылдырық салатын қалтасы құйрық астында орналасқан, ол жабық тұрады. Қалтаның алдыңғы бөлімінде уылдырық салатын кішкентай саңылау болады. Уылдырығын аналығы аталықтың қалтасына салады. Уылдырық аталықтың денесінде өсіп-жетеліп, дүиеге келеді. Атбас балық - аталығы бал туатын жер бетіндегі бірден-бір жануар. Орта есеппен 5-10 жыл өмір сүреді. Планктондармен, балық уылдырықтарымен және майда жәндіктермен қоректенеді. Басында бесбұрышты жұлдыз тәрізді тәжі бар. Түтік сияқты тұмсығының ұшында сыбызғы балықтікендей кішкентай тіссіз қисық айызы болады. Қоршаған ортаға бейімделіп,реңін өзгерте алатындықтан олар су өсумдіктер арасынан байқалмай да қалады. ## Біле жүр * Атбас балықтың денесіндегі сақиналар саны әрқайсысында әртүрлі болады. * Атбас болықта тіс те,асқазан да болмайды.Жеген тамағы ас қорту жүйелерінен тез өтіп кететіні сонша,ол үнемі тамақ жеп жүруге мәжбүр. * Жақсы жүзе алмайтындықтан көбінесе теңіз түбінде қозғалмай тұрады.
Альтшулер Семён Александрович (24 қыркүйек 1911 Витебск - 24 қаңтар, 1983, Қазан) - кеңестік физик. ## Марапаттамалары * Қызыл Жұлдыз ордені * Қызыл Ту ордені * «Құрмет белгісі» ордені * Үш Отан соғысы ордені ## Еңбектері * С. А. Альтшулер. Парамагнитті дыбысты жұту (1961). ## Сыртқы сілтемелер * Семён Александрович Альтшулер
Шәкір Шәкімшәрімұлы Ыбыраев (1950 жыл Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) - фольклортанушы, ғалым, филологиялық ғылымдардың кандидаты, профессор. 1973 жылы ҚазҰУ-ды бітіріп, Мәскеудегі әлем әдебиетінің институтында білімін жалғастырып, бұл оқу орнын 1976 жылы бітіреді. 1979 жылы ҚР ҰҒА Шығыстану институтының аспирантурасын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын ол Әдебиет және Өнер институтында кіші ғылым қызметкері болып бастайды, 1882-89 жылдары ҚазҰУ-ға доцент, 1995-2000 жылдары Әдебиет және Өнер институтының директоры болып қызмет атқарады. ## Еңбектері Ғалымның "Қорқыт ата", "Қазақ эпосы", "Эпос әлемі", "Оғыз батырлық эпосының поэтикасы", "Дастан құрылымы" секілді 60-тан астам ғылыми мақалалары жарық көрді. ## Марапаттамалары Фольклор және түркітану саласындағы зерттеуі үшін 1998 жылы Түркияның Ататүрік мәдениет, тіл және тарих қоғамының мүшесі болып сайланады. Ал 1991 жылы ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері атанды. ## Дереккөздер
Ырғақты қара сөз немесе Ритмикалық проза деп шешендік қара сөзді айтады. Сөйлем, сөйлемшелердің өренкті ықшамдылығынан ырғақ реттілігі байқалып тұрады. Бұл термин ежелгі грек, латын және орта ғасыр әдебиетінде қалыптасты, сөйтіп 16-19 ғасырларда Еуропа прозасына әсер етті. Бұл әсіресе Карамзин және Гогольдің шығармаларынан байқалады. Ритмикалық прозаны өлеңмен шатастыруға болмайды. Қазақтың шешендік қара сөздерінде ырғақ бар. Қазақ әдебиетінде, мысалы, Аймауытовтың шығармаларында ырғақты қар сөз үлгісі кездеседі. ## Дереккөздер
Боранғали Ырзабаев (15 қаңтар 1932 жыл, Ақтөбе облысы, Темір ауданы - 2 наурыз 1995 жыл) — Қазақстан жазушысы, тілші, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Халық шаруашылығының көрмесі» медальмен, «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Алғашында ол аудандық мектепте мұғалім болып істесе, 1959 жылдан бастап Павлодар облысы «Қызыл ту» газеті редакциясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1962-65 жылдары «Лениншіл жас» гезетінің Тың өлкесі бойынша меншікті тілшісі, 1965-67 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Павлодар облысындағы, Орал облысындағы тілшісі болған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Жас Дәурен» кітабында жарық көреді. ## Еңбектері Өлеңдері: * Қадірлі қалалар, * Ұшуға қанат керек, * Жер жүрегі соғады, * Бақ жұлдызым, * Ертіс Жайық арасы * Егінді көл жұлдызы (Очерктері). ## Дереккөздер
Рахметолла Ыдырысов (1 қыркүйек 1928 жыл, Астана - 18 қаңтар 1991 жыл) — ғалым, филиология ғылымынң кандидаты. 1946 жылы ҚазҰУ-ды біртіреді. 1946-54 жылдары сол кездегі Ақмола облысындағы «Лениншіл Жас» газетінде әдеби қызметкер, село жастары бөлімінің меңгерушісі, "Пионер", "Білім және Еңбек" журналының редакторы, 1961-63 жылдары "Лениншіл жас" газетінің редакторының орынбасары, 1963-66 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының редакция меңгерушісі, 1966-71 жылдары "Қазақстан КП ОК" насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1971-77 жылдары "Қазақ календарінінің" бас редакторы болып ж9мыс атқарады. Оның «Отты жылдар шежіресі» атты кітабі 1971 жылы жарық көреді. ## Дереккөздер
«Батаклан» (фр. Bataclan) — Париждегі театр, XI аймақтағы Вольтер бульварында орналасқан. ## Тарихы «Батаклан» кафе-шантан ретінде негізледі. Бірінші қабатында театры бар кафе орналасқан, ал үстінгі қабатында үлкен би залы болған. Театр 1865 жылдың 3 ақпан күні ашылды, кейін тетардың иелері жиі ауысып тұрды. 1926 жылы ғимарат сатылып, кинотеатр ретінде жұмыс істей бастады. 1933 жылы өрт кезінде ғимарат зақымдалған және ішінара қирады. 1950 жылы жаңа қауіпсіздік стандартарына сай ғимарат ішінара бұзылды, ал 1969 жылы кинотеатр жабылды. 2006 жылы театрдың қасбеті түпнұсқалық түстерге боялды, бірақ түпнұсқалы пагода қалпына келтірілген жоқ. 2015 жылдың 13 қараша күні Париж қаласында болған басқа террорлық актлермен қатарлас Батакланда атыс орын алды, шабуыл нәтижесінде шамамен 100 адам кепілге алынды. Тұтқынға алу және кейінгі құтқару операцияның барысында 100-ден астам көрермен мерт болды. * * * * * ## Тағы қараңыз * Париждегі террорлық актлер ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * bataclan.fr Батаклан — ресми сайты
Тоғытба – Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Түлкібас ауданында, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ағып өтетін өзен, Сусіңген көлінен үш шақырымда орналасқан. Өзеннің орта белінде қола дәуірінің жартастағы белгілері - иероголифтер табылған. ## Дереккөздер
Мойынқұм — Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қорағаты ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Төле би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Мерғали Жанғалиұлы Ыбыраев (13 маусым 1942 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл кенті — 1997 жыл қараша айы, Семей) — ақын, публицист, этногроф, драматург, сазгер. Ол 1965 жылы Семей педагогикалық институтын бітіреді. Ол ауылдық мектептерде мұғалім, Абай ауданындағы "Совхоз туы" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, "Лениншіл жас" газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1979-97 жылдары "Семей таңы" газеті мен қайта шыққан "Абай" журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.Белсенді ғылым публицист қызметі үшін Кенжебаев атындағы атындағы республикалық сыйлықтың иегері. ## Еңбектері Ол "Темір тұлпар", "Өнегелі өркен", "Судағы сәуле", "Күміс" тау өлең жинақтары, екі томдық "Жоғалған өзен" романының авторы.Оның Шәкәрім, Жігер спектакльдері Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында қойылған. Және де ол көптеген әндердің авторы.Қалқаман Мамыр спектаклінің музыкасын жазған. ## Дереккөздер
Күлән Шілдебаева (29 желтоқсан 1929 жыл, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — 20 қаңтар 2000 жыл, Тараз) - қазақ кеңес ақыны. Күлән Шілдебаева Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Алматыда орта мектепте мұғалім қызметін атқарған. 1957 жылдан бастап Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық етті.Лақап аты – Күншуақ. ## Шығармашылығы Тұңғыш жыр жинағы "Арманым" 1962 жылы жырық көрген. Ол ондаған ән мәтіндерінің авторы. Кітаптары: "Тұңғыш кітап", "Арманым". Өлеңдері: "Қыз көңіл", "Бойжеткендер". Өлеңдер мен дастандары: "Іңкәрім", "Меруерт гүл", "Можжевельник", "Стихи". ## Дереккөздер
Шынияз Шанайұлы (1819 жылы Нарын құмы, Сарытөбеде туған) — суырыпсалма ақын. Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс оқиғасын, Атырау елдерінде кең тараған ерлік, батырлық жырларды халық арасында жырлаған. Жас кезінінен Шалкиіз, Қастуған, Доспамбет жырларын жаттап өседі. Патша үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесінен» кейінгі ауыр халық халін жырлаған. «Уақытша ереже» қысымына наразы болып, ата қонысын тастап, өзге елдерде өмір кешкен. Халық арасында кең тараған "Жебесі шын болаттан садағымның" деп басталатын айтулы жырын сол сапарда қоштасар алдында суырыпсалма қасиетімен шығарған. ## Дереккөздер
Қарасу – Шідерті алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Сарыбұлақ тауының батыс етегіндегі бұлақтардан алып, №8 тораптан төменде Шідерті өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрографикасы Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 304 км. Ұзындығы 27 км болатын шағын 5 саласы бар. Өзен арнасының жағалауы орта ағысында жарқабақты келген, Шідертіге құяр сағасында жайылма құрайды. Аңғары шабындық және жайылым. ## Дереккөздер
Зəмзəгүл Нүсіпбайқызы Шəріпова (31 тамыз 1931 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — ҚазКСР халық әртісі, Құрмет Белгісі орденінің иегері. ## Кызмет жолы * 1966 жылы Қазақ КСР халық əртісі. * 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап Қазақфильм студиясында жəне Қазақ радиосында қызмет етті. * 1953 жылы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. ## Ойнаған рөлдері * Ə.Əбішевтің "Кім менің əкем?" атты драмасындағы Лағыл * Ақтоқты (Мүсіреповтың "Ақан сері - Ақтоқтысында") * Айжан (Мұқановтың "Шоқан Уəлихановында") * Дездемона (Шекспирдің "Отеллосында") * Дəмеш (Тəжібаевтың "Көңілдестерінде") * Нұрсұлу (Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айы" мен "Ой, жігіттер-айында") жəне т.б. ## Дереккөздер
## Өмірбаяны Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. ## Шығармашылығы Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. ## Марапаттамаcы Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады. ## Өмірбаяны Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. ## Шығармашылығы Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. ## Марапаттамаcы Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Зәуірбекова Бәтима (29.8. 1946 жылы туған, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы) – гобеленші, сәндік-қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Бәтиманың жас кезінен-ақ сурет өнерін таңдауына ауыл-аймаққа атағы шыққан ісмер анасы Бибіханның әсері мол болған. Ал, гобелен өнеріне жол сілтеген ұстазы – Қ. Тыныбеков. «Астық жинау», «Мелодия» сияқты алғашқы туындылары өткен ғасырдың 70-ші жылдары Мәскеудегі көрмеде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туындыларынан тіршілік тынысы айшық бояулар арқылы көрсетіліп, күнделікті тұрмыс көрінісі, дүниенің жарасымдылығы жан-жақты байқалыс танытты. Гобелен – кілемдердің бояуларының қанықтығы мен тазалығы автордың жан-дүниесінің нәзіктігін, өмірге деген шыншыл көзқарасы мен махаббатын білдіріп тұрады. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқумен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова «Әйгерім» атты еңбегінде түр-түстерді мейлінше құбылтып көрсетсе, «Құнарлылық» деп аталатын суретінде өмірдің сәнін келтіретін әйел-ананы аса жоғары дәріптейді. Шығармашылық ой-қиялын шарықтау шегіне жеткізе отырып дүниеге келтірген «Дала мадоннасы» атты еңбегінде көркемдік көріністерді жинақтап көрсетудің ең жоғары үлгісін байқатады. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысып аталған еңбектерінен тыс «Көктем», «Жер-ана», «Кешкі Алматы», «Қазақстан кемпірқосағы», «Астық мерекесі», «Береке», «Жас Абай», «Бақыт құстары», «Күй», «Сазгер» сияқты аса ірі, кең ауқымды шығармалары арқылы жоғары бағаланып, сыйлықтар мен лауреаттық атақтарды иеленіп келеді. Оның суреткерлік өнері, тамаша туындылары жайлы шығарылған альбом-кітапта (авт. Ш.Тоқтабаева), Түркияда шығарылған каталогта (1999), «Мелодия» атты деректі фильмде кеңінен сөз болған. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі. ## Дереккөздер
## Өмірбаяны Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. ## Шығармашылығы Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. ## Марапаттамаcы Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады. ## Өмірбаяны Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. ## Шығармашылығы Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. ## Марапаттамаcы Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Шұғыбан Қауметұлы (1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы - 1943 жылы Сібір өлкесінде дүниеден өтеді) — қазақ жазушысы, аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген. Мектепте мұғалім, журналитст болып қызмет еткен. Қазақстан КПОК-інде жауапты қызмет атқарған. «Простор-2» журналының бас редакторының қызметін атқарған. ## Еңбектері Ол бірнеше кітаптың авторы. Сондай-ақ Нұрмановтың «Құланның ажалы» романынын, Кекілбаевтың «Бәйге торы» повесін, Ашировтың бірнеше повестерін орыс тіліне аударған. Өз шығармалары: "Мир наших увлечений", "Время открытий", "Литературно критические статьи", "Люблю и помню", "Поэма и стихи". ## Дереккөздер
Talan Towers — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан қоғамдық- іскерлік кешен. Кешен подиумнан және ішінде кеңселер, сауда орындары, қонақ үй мен тұрғын жайлары бар екі зәулім ғимараттан тұрады. 30 қабатты Talan Towers Offices зәулім ғимаратында бизнес орталық, ал 25 қабатты ғимаратта The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі мен резиденциялар орналасқан. Екі ғимарат өзара сауда галереясымен қосылған. Жалпы аумағы — 106 194 м². Қазақстанның «Верный Капитал» компаниялар тобының тапсырысы бойынша салынып, 2017 жылы ашылған. 2018 жылғы наурызда жоба LEED GOLD сертификатын алды. ## Тарихы Talan Towers көпфункциялы кешенінің құрылысына дайындық жұмыстары 2012 жылы басталды. 2013 жылдың 18 маусымында іргетасы қаланды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңі 2016 жылы күзде, ал екіншісі — 2017 жылы көктемде аяқталды. 2017 жылдың 3 маусымында The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің ғимараты ашылды. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде Talan Towers Offices бизнес орталығының зәулім ғимараты ашылды. 2018 жылдың 15 наурызында Talan Towers LEED халықаралық сертификатын GOLD санаты бойынша алды. 2019 жылдың қыркүйегінде Talan Towers Executive Hub кеңселік кеңістігінің тұсаукесері болып өтті. Кейінірек, тағы осы айда Talan Gallery атты үш қабатты сауда галереясы ашылды. Ол Talan Towers сәулеттік кешенінің бір бөлігі болып табылады. 2019 жылдың 13 қарашасында Talan Towers ғимараттарында Tesla Supercharger зарядтау қондырғылары орнатылды. Бұл Tesla компаниясының ТМД аумағындағы ресми түрде ұсынылған ең бірінші зарядтау қондырғылары. ## Сәулеті мен дизайны Жобаны жүзеге асыруға 100 шақты компания қатысты, олардың арасында дизайнерлік бюролар, кеңесшілер мен мердігерлер бар. Құрылыс жұмыстарына қатысушыларды үйлестірумен АҚШ-тың Turner International компаниясы айналысты. Talan Towers ғимараттарының сәулетттік концепциясын АҚШ-тың SOM (Skidmore, Owings & Merrill) компаниясы жасады, ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бурдж-Халифа, АҚШ-тағы John Hancock Center, Трамп-тауэр, сондай-ақ World Trade Center және Freedom Tower зәулім ғимараттарының жобасын жасаған. Ғимараттарды тұрғызумен Renaissance, Metal Yapi, KONE, KUKBO, «Энергопроект» және «Элит Констракшн» құрылыс компаниялары айналысты. Кешен нысандарының дизайнын жасауға бірден бірнеше компания атсалысты: Pringle Brandon Perkins + Will, Callison и Richmond International. Talan Towers ғимараттарының ішкі әрлеу жұмыстарына Италия, Испания, Бельгия, Германия, Қытай, Түркия мен Үндістанның карьерлерінен әкелінген табиғи тастардың 56 түрі пайдаланылды. Олардың арасында юра дәуірінің «Лаймстоун» тастары, Sahara Noir, Perlato Bianco, Bianco Carrara, Crema Marfi және Calacatta мәрмәр тастары бар. ## Сипаттамалары Talan Towers кешені өзара сауда галереясымен қосылған екі зәулім ғимараттан тұрады. — 106 194 м². ### Talan Towers Offices Talan Towers Offices аталатын бірінші ғимараттың биіктігі 145 м және 30 қабаттан тұрады. Бизнес орталықтың жалпы аумағы 31 908,3 м2. Talan Towers Offices ғимаратында жылуды сақтайтын жасыл шатыр технологиясы, су үнемдеу және тамшылатып суару, жасыл желекті суару үшін жаңбыр суын қайталап пайдалану жүйелері, күн қуатымен жұмыс істейтін батареялар қолданылады. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде ғимарат ішіндегі температура мен жарықты оңтайландыруға арналған қуат үнемдеуші әйнек пайдаланылған. ### The Ritz-Carlton, Astana Екінші зәулім ғимарат — The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі 25 қабатты мұнараның 17 қабатын иемденеді және 157 бөлмеден, Mokki және Selfie Astana мейрамханаларынан, Mokki Cafe, Өzen лобби-лаунж, The Ritz-Carlton SPA, Astana және аумағы 1400 м² астам мәжіліс залдарынан тұрады. The Ritz-Carlton, Astana ғимаратының жоғарғы жеті қабатын The Ritz-Carlton Residences, Astana атты 27 резиденция иемденіп жатыр ### Паркинг Talan Towers ғимараттарында екі қабатты автотұрағы бар және олар 550 орынға есептелген. ## Фотогалерея * * * * * * * * * * * * ## Тағы қараңыз * Абу-Даби Плаза * Қазақстандағы ең биік ғимараттарының тізімі ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Ресми веб-сайт
Мерғали Жанғалиұлы Ыбыраев (13 маусым 1942 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл кенті — 1997 жыл қараша айы, Семей) — ақын, публицист, этногроф, драматург, сазгер. Ол 1965 жылы Семей педагогикалық институтын бітіреді. Ол ауылдық мектептерде мұғалім, Абай ауданындағы "Совхоз туы" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, "Лениншіл жас" газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1979-97 жылдары "Семей таңы" газеті мен қайта шыққан "Абай" журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.Белсенді ғылым публицист қызметі үшін Кенжебаев атындағы атындағы республикалық сыйлықтың иегері. ## Еңбектері Ол "Темір тұлпар", "Өнегелі өркен", "Судағы сәуле", "Күміс" тау өлең жинақтары, екі томдық "Жоғалған өзен" романының авторы.Оның Шәкәрім, Жігер спектакльдері Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында қойылған. Және де ол көптеген әндердің авторы.Қалқаман Мамыр спектаклінің музыкасын жазған. ## Дереккөздер
Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында туған) — актер, театр қайраткері. Қазақ КСР халық артисі (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). Отан, Парасат, Достық және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты. ## Толығырақ Сары Үйсін руынан шыққан. * Сәбит Қоңырбайұлы 1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген. * 1955 - 1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген. * 1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. ## Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. Олардың үздіктері қатарында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Жантық, Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» Дүрбіт, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Жаяу Мұса, А. Островскийдің «Жазықсыз айыптылардағы» Муров, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Исабек, О. Бодықовтың «Дала тұтқынындағы» Достоевский, Т. Ахтановтың «Антындағы» Әбілхайыр хан, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен теріндегі» Сүйеу, Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігітіндегі» Асан, Д. Исабековтің «Тыныштық күзетшісіндегі» Демесін, Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымындағы» Серебряков, т.б. сияқты біріне-бірі ұқсамайтын кесек кейіпкерлер бар. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамытудағы еңбегі үлкен. Бұл кезеңде ол жасаған күрделі бейнелер қатарында А. Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамаз» драма-диалогындағы Әбдінәсім шал, Д. Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуіндегі» Айтөре, Б. Мұқайдың «Өмірзаясындағы» Әли, қырғыз драматургы М. Ғапаровтың «Тұзды шөліндегі» Президент, К. Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентіндегі» Ібіліс, М. Байсеркеновтің «Абылайханның ақырғы күндеріндегі» Бұқар жырау, Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасындағы» Абдулла және қырғыз драматургы Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасындағы басты кейіпкер Қария сынды бір-біріне ұқсамайтын, жан дүние драматизмі күшті кейіпкерлерін жүрегінде заманның дерті бар әлеуметтік тип деңгейіне көтерді. Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М. Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рольдерінде кезең-кезеңімен жарқырай көрінді. ## Марапаттары * Сәбит Қоңырбайұлының ұлттық өнерге сіңірген зор еңбегі бағаланып: * "Қазақ КСРның еңбегі сіңген артисі" * 1976 жылы "Қазақ КСРның Халық артисі" құрметті атақтары берілді. * 1994 жылы "Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі" * 1994 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атанды; * КСРОның «Еңбек Қызыл Ту ордені» * 1996 жылы «Парасат ордені» иегері; * 2008 жылы ҚР Ең жоғарғы айрықша белгідегі «Отан ордені» иегері атанды. * 2016 жылы 80 жылдық мерей тойы қңында ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін І дәрежедегі «Достық ордені» марапатталды. * ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" құрметті белгісінің иегері. * 2016 жылғы Қазақстан президеентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. * 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. ## Дереккөздер
Қойбағар — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, Қойбағар ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Құндызды өзенінің бастауында. ## Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1871 адам (931 ер адам және 940 әйел адам) болса, 2009 жылы 1723 адамды (843 ер адам және 880 әйел адам) құрады. ## Тарихы Іргесі 1940 жылы “Қойбағар” темір жол стансасын салуға байланысты қаланды. ## Кәсіпорындары Қойбағарда вагон жөндеу, кірпіш және нан зауыттары, шағын тігін цехы, астық қоймасы, т. ж. және автомобиль вокзалдары, мұнай базасы, т.б. жұмыс істейді. ## Инфрақрылымы Ауылда орта мектеп, аурухана, кітапхана, т.б. бар. ## Дереккөздер
Қарасай (1993 жылға дейін — Куйбышево) — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаштан батысқа қарай 6 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Ынтымақ — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаштан оңтүстікке қарай шамамен 3 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Ислам Шұғайыпұлы (10 қараша, 1932 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоян ауылы - 2001 жылы қайтыс болды) — ақын. * 1967 жылы ҚазҰУ-ды бітіреді. * 1954-56 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауданаралық Жаңақала театрында артист болған. * Қамыс театрында директордың бірінші орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. * Алматы облыстық статистикалық мекемесінің аға экономисі * Жамбыл атындағы мемлекеттік филормониясында, Қазақтың жастар театрында әртіс * Қазақ радиосының "Кірпі" сықақ журналының бас редакторы болған. ## Еңбектері * "Самал" * "Тұлпар" * "Жаңылтпаштар" * "Найза" * "Қисық айна" * "Жас өрен" * "Естімеген елде көп" т.б оннан астам кітаптың авторы. * "Ұлы октябрь дауылы" поэмасы * "Әсем қала Алматым" * "Құрманғазы - Күн Бабам" * "Сартай бала-Сырымдай" * "Болсыншы ашық аспан" * "Қаһарман жауынгер", т.б шығармалары республикалық өнер байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері болған. ## Дереккөздер
Қайназар - Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаштан оңтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Еңбекшіарал — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаштан батысқа қарай шамамен 2,5 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Тайпақ Шоқайұлы (1900 жыл, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шиелі аулы - 1952 жыл, Қарақалпақ АКСРі) — ақын. Таз жырау деген лақап атпен белгілі болған. Филология ғылымының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев көп зерттеген қазақ әдебиетіне аты белгілі ақын Әубәкір (Кердері) Шоқановтың (1858-1912) немересі. Таз жырау бір сөзінде өзінің жас кезінен бастап өлең шығарғандығын былай жазады: Сұрасаң менің атым Тайпақ бала,Ағалар бұл сөзімді байқап қара. Жас шағында өлеңге жүйрік болғандықтан оған сөзді құдай берген, — деп бүкіл ел таңырқап «Құдайберген» деген лақап есімі аталады. Осылайша өзінің бала кезінде қойылған аты Тайпақ жас шағында ағып тұрған өлеңге жүйрік болғандықтан «Құдайберген» деген лақап тағылса, кейін үлкейгенде «Таз жырау» атанып кетеді. Әмудария өзенінің құйылысындағы қазақтар арасында «Құдайберген» және «Таз жырау» атымен танылып кеткен. Тайпақ деген шын атын көпшілік біле бермейтін дәрежеде ұмытылған. «Арғы атам Әбубәкір, әкем Шоқай» деп басталатын ұзақ өлеңінде өзі туралы баяндайды. Әйгілі ақын Әбубәкір Керденің немересі екенін айтады. "Жақсы болса ағаңыз", "Кісіге күніңді салмасын", "Он сегіз жасқа келгесін", "Жігіттік деген бір дәурен", "Мысалы бұл жастығының алқызыл гүл", "Жақсыға айтқан сөзім ем болады". тәрізді терме - толғаулары ел аузында сақталған. ## Дереккөздер
Қара сыбаға — қазақ халқының салты. Қазақ сыйлы адамдарына, жақын-туыстарына жыл сайын тиісті сыбағасын сақтап отырған. Оны әдейі сақтау да, сол сияқты кісілердің келіп өз сыбағасын жеу де үлкен парыз әрі сыйластық, құрмет белгісі. Сыбаға сақтамау да, сақталған сыбағаны тата алмау да бір сын. Сол сияқты сыйлы адамдар қайтыс болған күнде де көзкөргендер ол адамның сыбағасын үзбей оның отбасына, әйеліне немесе балаларына әдейі жіберіп отырған.Мұны халық ұғымы мен салтында "қара сыбаға" деп атайды. ## Дереккөздер
Ырысты Әбдірахманқызы Шотбаева(10 маусым 1928 жыл, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы - 1994 жыл, Бестөбе) - Қазақстан ақыны, жазушы. Ақмола қаласында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курста оқып, бастауыш сынып мұғалімі болады. Осымен бір мезетте Ақмола педагогогикалық училищесінде оқып, оны соғыстан кейін бітіреді. Ақмола облысы, Ерейментау ауданында мұғалім болған. Кейіннен Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтын сырттай бітіріп, 1958 жылдан бастап облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде поэмалары, әңгімелері, пьесалары, сондай ақ балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жарық көре бастайы. Пьесалары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, Павлодар облыстарының театрлырының репертуарларынан орын алған. ## Шығармашылығы * "Ереймен етегінде", поэмалар - 1973 ж. * "Нұра -бақыт өзені", өлеңдер - 1977 ж. * "Толқында Нұра", өлеңдер мен поэмалар -1983 ж. ## Дереккөздер
Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967). ## Өмірбаяны Алматы облысының, Іле ауданына қарасты Комсомол совхозында 1938 жылы туған. Әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт Әнуарбек, одан кейін Әнуар деп атап кетті. Жастайынан өнерге бейім болған ол әнші болуды армандады. Дегенмен кейіннен өмір ағысы оны актерлікке алып келді. 1956 ж. консерваторияның драма бөліміне түскен. Алайда ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барған. 1958 ж. түсіп, екі жылда бітіріп шығады. Әнуардың сахнадағы алғашқы өмірі Қарағандыда басталды. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екі қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдады. 1964 ж. Алматыға оралып, М. Әуезов театрына жары Баян екеуі орналасты. Ірі талант иесінің қалған өмірі осы Алматыда жалғасты. ## Шығармашылығы мен марапаттары Сахнада Әзірбайжан Мәмбетов, кинода Шәкен Айманов секілді ірі тұлғалар Әнуарды өз­деріне жақын тұтты. Табиғи талант екенін тани білді. Оның есімі халық арасында 1965 ж. «Ән қанатында» фильмінен кейін таныла бастады. Жалпы, кинодағы ақын Мұсаның (Иса Байзақов) рөлінде ойнауға көптеген актерлер шақырылды. Алайда ол орынға С. Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының әлі кеңінен таныла қоймаған актері Әнуар Молдабеков таңдап алынды. Алғашқы роль - алғашқы жеңіс. Мұсаның бейнесі ерекше сәтті шықты. Осы үшін Әнуар аға Молдабеков Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол осы Мұсаны алғаш ойнағанынан-ақ өзінің алысқа баратынын, талай шыңға шығатынын танытты. 1970 ж. Республиканың еңбек сіңірген артисі, артынан халық артисі деген атаққа да қол жеткізді. Бірақ бұл жерде Әнуардың сахна мен кинода жүріп алған атақтарына тіреліп тұрған ештеңе жоқ, халық оны «Ән қана­тындағы» Мұса арқылы, «Қан мен Тердегі» - Еламан, «Қыз Жібектегі» - Шеге арқылы кеңінен білді. Тіпті «Қыз Жібек» фильмінен кейін оны біраз уақыт халық Әнуар деудің орнына Шеге деп атап жүргені де белгілі. Одан басқа А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнаған. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетті, жылы лебіздер айтылды. ## Фильмдері * «Қыз Жібек» * «Қан мен тер» * «Ән қанатында» * «Өтелмеген парыз» * «Әпкем менің Люся» (1985) ## Қызық жайттар * «Қыз Жібек» фильмінде Әнуарға алдымен Төлегеннің, сосын Бекежанның ролін берген. Кейін Шегеге лайық актер табылмаған соң, ақынжанды, жаны нәзік Әнуарды сол рольге бекіткен. Сол Шегенің роліне дайындалып жүріп, домбыра үйренемін деп төрт домбыраны шаққан көрінеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Cілтесең – семсер, қорғансаң – қалқан болған...
Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Орданың бірнеше түрі бар. * Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы. * Алтын үзік – аса лауазымды хан отбасы тұратын 24 қанатты үй. * Ақ шаңқан – 18 қанат орда , 12 қанат – елбасылар , бай , билер тұратын киіз үйлер. * Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай үй.
Тааль — тұщы көл, Филиппин Республикасының символы. Көл ішіндегі аралда орналасқан кішкене көл мыңдаған жыл бұрын жанартау атқылауы нәтижесінде пайда болған. ## Галерея * * * * ## Сыртқы сілтемелер * Mysteries of Taal. Author Thomas Hargrove talks about the 1754 eruption that changed Taal Lake. * Taal Lake at Global Nature Fund. * Taal Lake at the Society for the Conservation of Philippine Wetlands, Inc. * Trek to Taal Volcano Мұрағатталған 20 қаңтардың 2018 жылы.. Guide to Taal Lake from Philippine Journeys. * Some interesting Islands and Lakes Мұрағатталған 22 сәуірдің 2016 жылы. * International Lake Environment Committee: Lake Taal Мұрағатталған 6 наурыздың 2012 жылы. Dr Brian Cox "The Wonders of Life" BBC Series1 episode1. 2013. Discussion on L. Taal with footage.
Накуру — Кениядағы көл. Накуру көлі өзінің әсемдігімен емес, жергілікті фаунасының әдемілігімен ерекше. Тереңдігі 3 метрді құрайтын көлдің ащы суында көп мөлшерде фитопланктондар бар. Осы планктондарды жеу үшін мұнда мыңдаған қоқиқаздар келіп, Накуру көлін алқызыл түске бояйды.
Теңіз аскөгі немесе Критмум (лат. Crithmum) — Шатыргүлділер сабының Шатыршагүлділер тұқымдасының монотипті тегі, жалғыз биологиялық түрі - Теңіз аскөгі (лат. Crithmum maritimum L.) көпжылдық өсімдігі. Солтүстік Африка, и, Оңтүстік Еуропа, Кавказ елдерінде, Ұлыбритания және Нидерландта кең таралаған. Теңіз аскөгі косметикалық мақсатта пайдаланады. Ол ерекше ылғалдандырғыш қасиетке ие. Теңіз аскөгі балдырындағы белсенді заттар терідегі керамид атты заттың синтезін жақсартады, нәтижесінде тері жақсы ылғалданады. Сондай-ақ бұл балдырды артық салмақпен күресетін косметикалық заттарға да қосады. Ал цитрусты иісі үшін оны парфюмериялық салада да қолданады.
Қара уылдырық - нағыз мерекелік, бай дастарханда тұру керек қара уылдырық әлем бойынша ең қымбат тағамдардың қатарына кіреді. Табиғатынан ерекше дәмді тағам сонымен қатар А, D, E, F дәрумендеріне бай. Соның арқасында ол терінің қорғаныс қабатын берік қылып, терінің қартаюын бірнеше жылға шегере алады. Биологиялық белсенді заттарға толы уылдырық теріні коллагенге байытып отырады, нәтижесінде әжімдер адамды ұзақ уақыт мазаламайды.
Қоқысшылар қаласы немесе Маншият-Насир (араб.: منشية ناصر‎, Manšīyat Nāṣir) — Мысыр елінің астанасы Каир қаласының маңындағы христиан копт Кварталы, оның халқы кейіннен қайта өңдеу және жою мақсатында бүкіл қала бойынша қоқыс жинаумен айналысады. Каир губернаторлығының маркизі мәртебесіне ие.Бұл аудан 1969 жылы қала әкімшілікгі қоқысшыларды бір жерге орналастыру идеясынан пайда болған. ## Тарихы Аудан 1969 жылы Каир қалалық әкімшілігі барлық қоқыс жинаушыларды Мокаттам (араб) төбелеріне жақын жерде (المدم) шығыс шетінде, Саладин цитаделінің жанында, Каир цитаделі шоғырландыруға бұйрық берген кезде пайда болды. ## Халқы Кварталды Египеттің негізгі ұлттық және діни азшылықтарының бірі — коптами мекендейді. Қаладағы қоқысты жинау — олардың көп жылдардан бері дәстүрлі кәсібі. Блокта дүкендер, кафелер және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар. Мұнда шамамен 40 000-нан астам адам тұрады. 2017 жылға қарай мұнда 250 мың адам тұрды. ## Заббалиндер Египетте қоқыс жинаумен өмір сүретін адамдар ерекше әлеуметтік топқа бөлінеді — заббалиндер (араб.: زبالين‎‎, Zabbaleen). Қоқыстарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу отбасылық бизнес болып табылады және жергілікті стандарттар бойынша онымен айналысатындарға салыстырмалы түрде жақсы табыс әкеледі. Үй иелері қоқыс жинаушыларға өз аумағынан қоқыс шығару үшін белгілі бір ақы төлейді. Мемлекет бұл қызметті реттемейді, бірақ оған кедергі келтірмейді. Кварталдағы әдеттегі үйдің бірнеше қабаты бар: біріншісінде қоқыстарды сұрыптауға және орауға арналған үлкен бөлмелер, жоғарғы қабаттары тұрғын үй. Көптеген үйлердің шатырларында сұрыпталған және қайта өңдеуге дайын бумалар мен қаптамалар бар. Кейбір үйлерде қайта өңдеуге болмайтын қалдықтарды жағуға арналған металл платформалар бар. Азық-түлік қалдықтары шошқа азығы ретінде пайдаланылады, сондықтан мұсылмандар бұл әрекетті өздері үшін «таза емес» деп санайды. Бұл архаикалық жүйе әлемдегі ең тиімді жүйелердің бірі болып саналады — заббалиндер жиналған қоқыстың 85%-на дейін кәдеге жаратады. Қауіпті медициналық қалдықтарды, пайдаланылған шприцтерді және сол сияқтыларды қамтитын қоқыстарды сұрыптау және жалаң қолмен өңдеу нәтижесінде заббалиндердің 42%-ы В және С гепатиттерімен ауырады, басқа инфекциялар да жиі кездеседі және орташа өмір сүру ұзақтығы 55 жыл. Он жастағы және одан кіші балалар қоқыстарды ересектермен бірдей сұрыптауға қатысады. ## Экологиялық жағдайы Тоқсан халқының негізгі бөлігінің нақты қызметі тұрақты жағымсыз иіс тудырады, ол барлық жерде жүреді. Қалдықтардың бір бөлігін ашық ауада жағу Каирдегі ауаның ластануына ықпал етеді, ол осы параметр бойынша әлемдегі ең қолайсыз болып саналады. Алайда, бұл жағдай осы мегаполис жағдайында мәжбүрліромаға келу болып табылады, өйткені қазіргі заманғы тұжырымдамалар бойынша мұндай қарабайыр, қолмен жою қаланы таза ұстауға мүмкіндік береді, бұл ыстық климат жағдайында өте маңызды. ## Сәулет және көрнекті орындары ### Әулие Симеон Илеуші Монастырі Блоктың жоғарғы бөлігінде әулие Симеон етікшісінің керемет копт православие монастырі салынған (араб.: سمعان الخراز‎‎‎), Таудың тереңіндегі ғимараттардан, үңгірлерде орналасқан бірнеше шіркеулер мен часовнялардан тұрады. Жартастың мөлдір қабырғаларында әртүрлі Інжіл мен библиялық тақырыптардағы көріністер ойылып, боялған. Мұнда балабақша, мектеп және бірқатар қайырымдылық христиан мекемелері орналасқан. Әулие Мария мен әулие Симеон соборы Таяу Шығыстағы ең үлкен собор болып табылады және жиырма мың адамға дейін сыяды. Әулие Симеон Илеуші Копт православие шіркеуі Құрметтейтін Әулие («былғары шебері», «аяқ киім тігуші» деп те аталады), ол X ғасырда осында өмір сүрген және аңыз бойынша халифа әл-Муизздің (953-975) алдында мокаттам тауын орнынан жылжытумен танымал болған. 1991 жылы тамызда Каирдің ескі бөлігіндегі шіркеулердің бірінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде оның жәдігерлері табылды, олар қазір оның есіміндегі монастырьда сақтаулы. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Монастырь туралы саяхат жазбалары. * Әулие Симеонның тарихы. * Қоқысшылар қаласының суреттері (Маншият-Насир). * Каирдегі қайғылы оқиға орнында құрметті христиан әулиесі тұрған. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Қоқысшылар қаласы
Кептертұлға шағала (лат. Larus genei, лат. Chroicocephalus genei) — шағын денелі (250-350 г) шағалалар тұқымдасының құсы. Кептертұлға шағала жіңішкелеу және ұзын тұмсығы көзге түсіп танылатын, мөлшері және қысқы жабын қауырсындары бойынша көл шағалаға өте ұқсас. Көл шағаланың күйттеу кезінде басы қошқыл реңді болады, ал кептертұлға шағаланың бүкіл денесі ақшыл қалпында өзгеріссіз қалады. Оның бауырындағы жабын қауырсындары қызғылт реңкті болып келеді. ## Таралуы Қара Теңіз бен Кіші Азияның жағалауынан шығысында шығыс Иран және Пәкстанға дейін таралған. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Теңіз-Қорғалжын ойпаңында, Балқашта және Сырдарияның төменгі сағасында ұялайды. Алайда көшпенді дарақтардың қай жерлерде болса да кездесуі мүмкін. Теңіз жағалауларын немесе тұзды және тұздылау көлдерді ұнатады. ## Биологиялық сипаттамасы Шоғырлары үнемі дерлік - аралдарға, ерекше жағдайда қорысты (топкие) жағалауға орнығады. Салындыдағы 2-3 теңбілді жұмыртқаларды аталығы мен аналығы үш апта басады. Балапандар жұмыртқадан жарып шыққаннан кейін екі күнде суға қарай кетуге тырысып, шағын топ түзеді. Кептертұлға шағалалар негізінде бунақденелілермен (оларды даладан аулайды) және ұсақ балықтармен қоректенеді. Қазақстанда сәуірден қазанға дейін болады. ## Дереккөздер
Үшсаусақты шағала (лат. Rissa trydactyla) — Татреңтәрізділер отрядының Шағалалар тұқымдасына жататын Rissa туысының дене мөлшері көл шағала шамалас (500 г шамасында, қанатының алымы бір метрден сәл артады) шағала. Үшсаусақты шағала қанатының үстіңгі беті сұрғылттау келеді, қанат ұшында қара дақтар жоқ, қалған денесі - ақ. Аяғы - қошқыл сұр, тұмсығы - сары-жасылдау. Еуразия және Солтүстік Американың биік ендіктеріндегі жартасты жағалауларда қоныстанады. Шоғыр түзеді және дұрысын айтқанда әлеуметтік құстар. Ұялау кезінде ғана жағаға тәуелді, басқа уақыттарды ашық мұxитта өткізеді. ## Қоректенуі Бұл шағала негізінде ұсақ балықты жейді, дегенмен бунақденелілер және басқа жәндіктермен де қоректенеді, ал маусым қолайлы болса - тіпті жағалаудағы жидектерді де жейді. ## Мекен ортасы Олар мұxит жағалауын бойлай бір орыннан екінші орынға көшеді, дегенмен континентке терең ұшып енгені де мәлім. Мәселен, үшсаусақты шағала Қазақстан, әсіресе Солтүстік Каспийге бірнеше рет келгені белгілі. ## Дереккөздер
Құлан — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Ақбиік ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан солтүстікке қарай 4 км-дей жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Әбжыландар - сужыландар тұқымдасының туысы, ұзындығы 2,4 метрге дейін жетеді. Денесінің арқа жағы бір түсті, кейде қара қошқыл жолағы не дақтары бар, ал құрсақ жағы біркелкі ашық түсті болады. Əбжыландардың 30-ға жуық түрі Оңтүстік Еуропада, Азияның, Солтүстік және Шығыс Африканың, Солтүстік Американың қоңыржай және тропиктік алқаптарында таралған. Бұл жыландар өздерінің бас қалқанымен және улы тістерімен белгілі. Олардың бастарының артқы жағында жалпақ бос тері болады, осының себебінен бастарында қалқан бар секілді көрінеді. Олар бір нәрседен қорыққан немесе секемденген кезде денелерінің алдыңғы бөлігін көтеріп алып, қалқаны көрінердей етіп мойындарын тік ұстайды. Əбжыландар тышқандармен, кесірткелермен, құс балапандарымен, кейбірі жəндіктермен де қоректенеді. Қорегін денесімен орап, тұншықтырып барып жұтады. Қазақстанда əбжыландардың 8 түрі кездеседі, оның 4 түрі "Қызыл кітапқа" тіркелген. ## Дереккөздер Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. -Алматы"Мектеп", 2002.
Кәдімгі шағала (лат. Larus ridibundus) - шағала отрядына жататын құс. Салмағы 190-300 грам. Ересек шағаланың басы қара қоңыр, арқасы ақшыл сұр, құйрығы мен бауыры ақ сұр, қанатының 1-2 үлкен желпуіш қауырсындарының ұшы қара. Кәдімгі шағала Батыс Еуропада, Моңғолияда, Солтүстік Қытайда таралған. Қазақстанда қамыс, қоға, тал қалың өскен өзен, көл жағасында, батпақты шалшық сулы жерледе кездеседі. Кәдімгі шағала 2-3 кейде 1-4 жұмыртқа салып, 22-24 күнде мамық қауырсынды, шұбар балапан шығарады. Кәдімгі шағала әр түрлі омытқасыздарды, ұсақ балықтарды, ұсақ кемірушілерді жейді. Кәдімгі шағала - жыл құсы. Ол Атлант мұхитының Еуропа жағалауынан Африкаға дейін, Жерорта теңізі, Қара теңіз, Каспий, Қызыл теңіз жағалауында, Оңтүстік-Шығыс Азияда қыстайды да, көктемде қайтып келеді. ## Дереккөздер
Шақшақтар туысы (лат. Saxicola) - Қазақстандағы Торғайтәрізділер құстар отрядының Шыбыншылар тұқымдасына жататын 13 туыстың біреуі. Шақшақ туысты құстар - шағын денелі (14-18 г) құстар. Олар әдетте бұталы шалғындарды мекендейді, жамылғы қауырсындарының реңінде қошқыл реңктер басым болады. ## Мекен ортасы Шақшақ туысты құстар - жыл құстары, Африкада және Азияның оңтүстік өңірлерінде қыстайды. ## Шақшақтардың түрлері Қазақстанда 3 түрі: * жағал шақшақ, * қара шақшақ және * қарабас шақшақ кездеседі. Бұдан басқа Қазақстаннан тысқары Алтайда мекендейтін үлкен шақшақ бір рет Зайсан қазаншұңқырына ұшып келіп енді. ## Дереккөздер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шақшақтар туысы
Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков (қыркүйек 1916— ақпан 1944) — Ұлы Отан Соғысына қатысушы, 8-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының мергені, аға сержант. Барлығы 397 жауды жер жастандырған. Орта жүздің ішіндегі Найман тайпасының Қаракерей руынан. ## Биографиясы Ол 1916 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданында Насырхан Әбдібекұлының отбасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Төлеуғали аңшылықпен айналысқан, оның мергендігіне өзге аңшылар мен ауыл ақсақалдары таңдай қағатын. 1932 жылы туыстарының шақыруымен Төлеуғали Оңтүстік Қазақстандағы «Пахта-Арал» кеңшарына көшіп барып масақшы болып жұмыс істеді. Сол жерде ол Қызыл Әскер құрамына алынып Хабаров аймағында қызмет етті. Қызметі аяқталғаннан кейін Төлеуғали туып-өскен кеңшарына оралып мақта бригадасына басшылық еткен еді. Жұбайы — Әбдібекова Найсымкүл. 1942 жылы мамырда Шымкент облысының жаңадан жасақталған сарбаздар тобымен Төлеуғали Калинин майданына келіп жетті. Мергендер қатарына алынды. 8-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының әскери іс-әрекеттердің қысқаша есебінде 1942 жылдың өзінде аға сержант Әбдібековтің 219 фашисттің көзін жойғаны жазылған. Толық емес екі жылдың ішінде – 1942 жылдың 14 мамырынан 1944 жылдың 21 ақпанына дейін атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібековтің өзінің мерген винтовкасынан 397 фашистті(қолжетпейтін сілтеме) жойыған. 1942 жылғы «Комсомольская правда» газетіндегі Төлеуғали Әбдібеков туралы жазба: Тулеуғали мергендігімен қатар, ұстаздық қасиетімен де ерекшеленді. Ол өз полкінде мергендік қозғалысын ұйымдастырып, 32 мергенді дайындады. 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының «Красноармейская» газеті 1942 жылы 18 қыркүйекте «Отан үшін» деп жазады: «Енді мерген Абдыбековтің қолында жойылған 102 гитлерлік бейбақ бар, олар енді ешқашан жерімізге сасық иіс таратпайды.» Мылтық, фашистер өмір сүрмейді. , - дейді мерген(қолжетпейтін сілтеме). ## Соңғы меже 1944 жылы 22 ақпанда Әбдібековтің неміс мергенімен соңғы жекпе-жегі болды. Әбдібековтің жағдайы нашар еді, ол суық тиіп, бір кезде неміс мергені оны бірінші тауып, Әбдібековты атты. Әбдібеков мойнынан ауыр жараланғанымен, қайтарған оқпен неміс мергенін сол жерде өлтірді. Бұл оның жойған соңғы жауы болды. 23 ақпанда Әбдібеков 6-шы дәрігерлік-санитарлық батальонда алған жарақатынан қаза тауып, Калинин облысы Новосокольники ауданы Насва станциясының солтүстік-шығысында осыдан тура бір ай бұрын қайтыс болған досы Григорий Постольниковтың жанына жерленді. (қазіргі Псков облысы). Соғыстан кейін Псков облысының Монаково ауылындағы бауырлас әскери зиратына қайта жерленді. ## Дереккөздер
Сары шақшақай (лат. Motacilla flava) — Шақшақай тұқымдастараның Шақшақайлар туысы тармағына жататын құс. Бұлардың, қалған шақшақайларға қарағанда, құйрығы едәуір қысқа болады. Сары шақшақай шағын денелі (16-20 г) құс. Аталықтарының жабын қауырсындары - ашық сары, ал аналықтары мен жас құстардың сарғылттану дәрежесі әр түрлі - сұрғылт жасылдау реңді болады. ## Мекен ету ортасы Қазақстанның солтүстік жартысында қоныстанады да, көктемде және күзде Африка мен Азияның оңтүстік өңіріне ұшып бара жатқан жолда оңтүстікте кездеседі. Ылғалды шалғындарда өмір сүреді, көбінесе суқоймалар жағалауында тіршілік етеді. ## Қоректенуі Өзге шақшақайлар сияқты нешізінде құрлықта қоректенеді, дегенмен бунақденелілердің соңынан қуып, көбінесе ұшып жүреді. Ұялары қалың шөп арасында болады. Салындыдағы 4-6 жұмыртқа өте теңбілді болып келеді. Жұмыртқаны ұдайы аналығы басады да, балапандарды аталықпен бірлесіп, екеулеп қоректендіреді. Бір жылда 2 салынды пайдаланады. Сарымаңдай шақшақай (лат. Motacilla flava lutea) – бұл да сары шақшақайға ұқсас құс. Сарымаңдай шақшақайдың одан айырмашылығы – тек қана аталығының басы лимон өңдес сары немесе жасылдау сарғыш болуында, алайда қасы ашық сары түсті болады. Қазақстанда батыс өңірлерде, сондай-ақ жіңішке тілкемдерде – Ертістің жайылмасында, республиканың нағыз орталығында – Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқырында (Ақмола облысы) ұялайды. ## Дереккөздер
Қарабас шағала (лат. Larus melanocephalus) - Татреңтәрізділер отрядына жататын Шағалалар тұқымдасының құсы, көл шағалаға ұқсас орташа денелі (қанатының алымы - 1 метрге жуық) шағала. Көл шағаладан айырмашылығы қарабас шағаланың басы қошқыл қоңыр емес, көмірдей қара, одан басқа ересек жасануында қанат жиегінде қара жолақ болмайды. ## Мекен ортасы Бұл құс Жерорта теңізі, Азия және Қара теңіздердің жағалауларында қоныстанады. Қазақстанда тек қана Солтүстік Каспий маңындағы Еділ және Жайық өзен аралына, сондай-ақ Маңғышлақ түбегіне ұшып келгені мәлім. ## Тариxы Қарабас шағаланың әр түрлі үлескілерге таралу аймағында бірсыпыра айырмашылықтар болғандықтан, ғалымдар арасында оны жүйелеуде көптеген пікірлер туындады. Мамандар соңғы онжылдықта Солтүстік полюс айналасында таралған түрлі бірқатар дұрыс ажыратылмаған түрлерді бөлшектеп бөлді. Сондықтан XIX және XX ғасырларда біздің республика сипатталған құсты, қазір қарабасшағала деп атайды. ## Дереккөздер
Қасқа шалшықты (лат. Numenuis phaeopus) — Татреңтәрізділер отрядының Тауқұдірет тұқымдастарына жататын туысының құсы. үлкен шалшықтыдан аздап кішілеу құс. Қасқа шалшықшының қанат алымы - 87-92 см шамасында. Ол үлкен шалшықтыдан төбесіндегі қошқыл телпегімен, бойлай созылған жіңішке жолақтарымен және ақшыл қасымен ерекшеленеді. Дөрекілеу қырқылдаған дауысымен де (шалшықшылардың көпшілігі таза сыбызғы үндес ысқырық шығарады) жақсы ажыратуға болады. Еуразия және Солтүстік Американың орманды тундрасында қоныстанады, алайда кездейсоқ пайда болады. Қазақстанда тек қана көктемде (сәуірдің ортасынан мамыр бойы) және күзде (қыркүйек, қазан, қараша айларында) ұшып өткенде кездеседі. Бұл құс Қазақстан аумағына тек кездейсоқ бірнеше рет ұшып енгені мәлім. Сирек кездесетін, таралу аймағы тар, көнетоз түр, Сібірдің жергілікті түрі ретінде Ресейдің Қызыл кітабына тіркелген. ## Дереккөздер
Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) — бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар — несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады. Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Несепағардың қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі — кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі — көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы — борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы — етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі — ұзынша қабат, ортаңғы — сақинаша қабат және сыртқы — ұзынша қабат. Бұлар — бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттары. Сыртқы — сірлі қабығы: ішкі — борпылдақ дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителийден) құралған. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігіиің сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы). ## Дереккөздер
Әбжыландар - сужыландар тұқымдасының туысы, ұзындығы 2,4 метрге дейін жетеді. Денесінің арқа жағы бір түсті, кейде қара қошқыл жолағы не дақтары бар, ал құрсақ жағы біркелкі ашық түсті болады. Əбжыландардың 30-ға жуық түрі Оңтүстік Еуропада, Азияның, Солтүстік және Шығыс Африканың, Солтүстік Американың қоңыржай және тропиктік алқаптарында таралған. Бұл жыландар өздерінің бас қалқанымен және улы тістерімен белгілі. Олардың бастарының артқы жағында жалпақ бос тері болады, осының себебінен бастарында қалқан бар секілді көрінеді. Олар бір нәрседен қорыққан немесе секемденген кезде денелерінің алдыңғы бөлігін көтеріп алып, қалқаны көрінердей етіп мойындарын тік ұстайды. Əбжыландар тышқандармен, кесірткелермен, құс балапандарымен, кейбірі жəндіктермен де қоректенеді. Қорегін денесімен орап, тұншықтырып барып жұтады. Қазақстанда əбжыландардың 8 түрі кездеседі, оның 4 түрі "Қызыл кітапқа" тіркелген. ## Дереккөздер Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. -Алматы"Мектеп", 2002.
Шаубалшықшы (лат. Limnocryptes minimus) - Тауқұдірет тұқымдастарына жататын аяғы қысқа кішкене денелі (30-40 г) балшықшы. Жонының жабын қауырсындары - бойлай созылған қызылсары жолақтары бар қошқыл қоңыр, жемсауы және төсі - ақ түсті алабажақ қызылсары реңді. Тұмсығы - ұзын, соңғы үштен бір бөлігі сезімтал. Түнде және іңір қараңғылығында өмір сүреді. Қорғаныш реңі болғандықтан, күндіз аяқ астынан ұшуды ұнатады. Бұл түрдің құсойнағы назар аударады. Құсойнақ шарқтаған биіктікте, әуеде өтеді және тығыз топырақта "топ-топ-топ" деп дүбірлеткеніндей оғаш дыбыс шығарады да оны бірнеше рет қайталайды. Шаубалшықшылар шөптері аз ашық лайлы мибатпақтарға ұялайды. Салындыда 3-4 жұмыртқа болады. Қазақстанда көктемде - наурыз-сәуірде, күзде - қыркүйек-қазанда болады. ## Дереккөздер
Шөпілдек (лат. Tringa totanus ) - Татреңтәрізділер отрядының Тауқұдірет тұқымдастарына жататын дене бітімі ізетші типтес шағын денелі балшықшы. Шөпілдектің жоны қошқыл дің тәріздес теңбілді сұрғылт күрең, бауыры қара-бозғылт теңбілді ақ. Ұшып жүрген құстан қанаттың ақ жиегі және ақ реңде жоны жақсы көрінеді. Тұмсығының түбі қызыл, реңі қошқыл, аяғы қызғылтсары қызыл, сондықтан "қызылаяқ" деп те аталады. ## Мекен ету ортасы Батыс Еуропадан Солтүстік Монғолия және Қытайдың үлкен бөлігіне дейін қоныстанады. Қазақстанда республиканың солтүстік жартысында, сондай-ақ ұялауға қолайлы батпақты үлескілері мен ылғалды шалғындары бар Сырдарияның оңтүстік аңғарында, Шу және оңтүстік Балқаш маңында ұялайды. Ұясы әдетте шөппен жақсы жасырылған төмпешік үстіндегі құрғақ шұқырда болады. Салындыдағы көбінесе төрт теңбілді жұмыртқаларды ата-енелері жиырма бес күнге жуық басады, бұдан соң сонша уақыт балапандарды өргізеді. Қазақстанда ақпаннан қазанға дейін кездеседі, жеке дарақтары қарашаға дейін кешігеді. ## Дереккөздер
Шиқылдақтар (лат. Certhia) — торғайтәрізділер отрядының негізгі туысы. Шиқылдақ туыстылар - шағын немесе орта денелі (сегіз немесе он екі грамм) бунақденелілермен қоректенетін орман құстары. Денесі жіңішке, созылыңқы және жіңішке имек тұмсықты құс. Ағаш діңіне тоқылдақтарша құйрығын тірек етіп, тек қана жоғары өрмелейді. Сондықтан құйрығының ұшы үшкір және қатқыл. Жабын қауырсындары ұзын және қобыраған. Бунақденелілермен қоректенеді. Отырықшы құстар. Аталығы мен аналығының тү і бірдей. ## Таралуы Еуразия Солтүстік Африканың ормандарында таралған шиқылдақ туысты құстардың алты түрі бар, Қазақстанда екі түрі - кәдімгі шиқылдақ және гималайлық шиқылдақ кездеседі. ## Шиқылдақтардың түрлері Шиқылдақтақтардың бірнеше түрі бар: гималайлық шиқылдақ, кәдімгі шиқылдақ және қара шиқылдақ. Бұл шиқылдақтақтар мекен ету ортасына сәйкес "гималайлық", түсіне қарап "қара", барлық жерде кездесетіндігіне, түрі-түсі аса ерекше еместігіне қарап "кәдімгі" деп аталған. ## Түрлері * Certhia americana * Certhia brachydactyla * Certhia discolor * Кәдімгі шиқылдақ - Certhia familiaris * Гималайлық шиқылдақ - Certhia himalayana * Certhia nipalensis}} * Certhia tianquanensis ## Дереккөздер
Айдарлы түйеқұс - жайдақ төсті құстардың қазуар тектестер отрядына жатады. Салмағы 80-90 кг. Басында мүйізді айдары, мойнында қауырсынсыз қалың тері қатпары болады. Денесін жапқан қауырсыны қылшық тәрізді ұзын. Аяғы - 3 башпайлы.Жаңа Гвинея, оған көршілес жатқан аралдарда, Австралиялың солтүстік-шығысында тараған. 3-8 жұмыртқа салып, оларды қоразы шайқайды. Қорегі - өсімдіктердің жемісі жəне түрлі жəндіктер. ## Дереккөздер
Қайым Қабділрашид — Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Ақсуат (Тарбағатай) ауданында Көкжыра ауылында 1932 жылы мамырдың 1інде дүниеге келді. Ол 1950-1955 жылдары Алматыдағы С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетін бітірді. 1997 жылы танымдық ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Уақ тайпасынан шыққан. Қабділрашид Қайым 1969 жылы "Мектеп" баспасынан тұңғыш рет "Қызықты зоология" кітабын жарыққа шығарды. Ол — "Аяулы хайуанаттар", "Бионика — табиғат перзенті", "Жануартанудан танымдық ойындар", "Биология және техника" кітаптарының авторы, тұңғыш оқулық — "Жануартану", жаңа буын оқулығы "Биология" авторларының бірі және биологиялық, экологиялық, салауаттануға арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктердің, басқа да, жиыны 20-дан астам кітаптардың авторы. Оның қолымен "Қазақ энциклопедиясын (III—XII томдардың) және "Қазақстан ұлттық энциклопедиясы" мақалалары жазылды және жазылуда. Қабділрашид Қайым " Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері", "Баспа ісінің озық қызметкері" (КСРО) белгілерімен, басқа да мақтау кағаздармен марапатталды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, биолог-журналист, еңбек ардагері. Қабділрашид Қайым "Биология, география және химия" журналының жарық көруіне мұрындық болды. Қазір "Таптым-таптым! Эврика!" журналының бас редакторы. ## Дереккөздер
Акантодтар (лат. Acanthodii) – жойылып кеткен балықтардың қарапайым жеке класы. Кейде А-ды жақжелбезектілер деп те атайды. Бұлар тұщы суларда таралған. Акантодтың дене тұрқы орташа, тығыз жауып тұратын сүйекті тақташалармен қапталған. Жүзбеқанаттарының негізі жалпақ болып келген, ірі жұп көкірек, құрсақ жүзбеқанаттарының аралығында қосымша ұсақ жүзбеқанаттары болған. А-дың осы ерекшелігіне қарап ғалымдар, олардың ерте кезде денесінің екі бүйірінде болған тұтас қатпарлардың қалдығы, жұп жүзбеқанаттарының пайда болуына бастама берген деп жорамалдайды. Акантодтардың арғы тектеріне тән жақ доғаларында жеке бунақтар сақталған. Денесі ұзынша, ұршық пішінді болған. Басы, денесі сүйекті тақташалармен және көптеген қабыршақтармен қапталған. Бас қаңқасы көбіне шеміршекті кейде сүйектенген. Жақ доғасы үлкен, үстіңгі жағы 3 – 4, ал астыңғы жағы 1 – 2 элементтен түзілген. Көпшілік түрлерінде желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылып, кейбіреулерінде сүйекті желбезек қақпақтар пайда болған. Жақ және тіласты доғаларының арасында желбезек саңылаулары сақталған. Олардың белдеулері мен жұп желбезекқанаттарының қаңқасы қазіргі кездегі шеміршекті балықтардың қаңқасына ұқсас болған. А. палеозойдың девон кезеңінде тіршілік етіп, пермьде біржола жойылған. Қазіргі кезде А-дың бір тармағынан шеміршекті балықтар, екінші тармағынан сүйекті балықтар пайда болған деп болжам жасалады. ## Дереккөздер
Шалгез батыр - батырлық жыр. Бұл жырды ауыз әдебиетін жинақтаушы Батыс Қазақстандық Ақмади Есқалиев Сыр өңірінде ел аузынан жазып алған. Жырда Ноғайлы заманында өмір сүрген әрі батыр, әрі жырау Шалгез батырдың қалмақтарға қарсы соғысқа жалғыз өзі аттанып, опасыз адамдардың шағыстыруымен Мамай ханның жаман атты мініске беруіне қарамастан жау батырын өлтіріп қайтқандығы, сондай-ақ Шалгез батырдың Орақ мен Мамайға өкпелеп елден кетуі сөз болады. Жыр ерте замандағы ағайын араздығын ашық көрсетіп, мұның елдікке, ауыз біршілікке тигізер кесірін меңзейді. Ел ішінде «Шалгез батыр» немесе «Шалгез жырау» деген атпен танымал болған жырдың қолжазбасы Әдебиет және өнер институтының мәтінтану бөлімінде сақтаулы. ## Дереккөздер
Ақұнтақты саңырауқұлақтар - саңырауқұлақтар класы периспориялар қатарына жатады. Бидай, жүзім, алма және тағы басқа өсімдіктерге зияны көп. Өсімдіктердің клеткаларына өсінділерін жіберіп, тірі органикалық заттармен паразитті қоректенеді. Жіпшумақтарынан жоғары қарай конидий сабағы көтеріліп, базипетальді бағытта (ең ескілері ұшында) кондилер (споралар) түзіледі. Кондилердің біразы ауаның ағынымен таралады. Біразы сол зардапталған өсімдік мүшелерінің бетіндегі жіпшумаққа түседі. Жаз бойы кондилердің бірнеше генерациясы түзіледі. Күзде зардапталған өсімдік мүшелерінің жіпшумақтарының арасында майда, жай көзбен қоңыр-қара нүкте тәрізді болып көрінетін, қыстап шығатын жемістік денелері жетіледі. Оларда жынысты көбеюдің нәтижесінде түзілген қалталардың ішінде аскокпоралар жетіледі. Көктемде өсімдіктердің алғаш зақымдалуы аскокпоралар арқылы жүреді. ## Дереккөздер
Акантария (лат. Acantharea) — қарапайымдардың сәулелілер класс тармағының отряды. Теңізде тіршілік етеді. 17 тұқымдасы, 49 туысы, 140-тан астам түрі кездеседі. 20 сәулелі инелері болады. ## Дереккөздер
Несіпбай Аманбайұлы Ашамаев (1895 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) — Қазақстанда социалистік өндірісті ұйымдастырушылардың бірі. 1924 жылдан КОКП мүшесі. Еңбек жолын 1905 жылы байға жалшы болудан бастаған. 1915жылы Екібастұз кенінде балғашы,кейін қорғасын мырыш зауытында құюшы, горновой болып жұмыс істеді. Ол 1925-1927 жылдары Қазақ өлкелік кен жұмысшыларының одағының председателі болып қызмет атқарады. [[1929-1930 жылдары Риддерде, қазіргі Лениногор, кеншілердің аудандық кәсібодағы комитетінің председателі, ал 1931-1933 жылдары Мəскеудегі түсті металдарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі орталық басқармасының председателінң орынбасары болса, 1938 жылы Шымкент облысындағы Полиметалл комбинат бюросында секретар қызметін атқарады. Ал 1960 жылы халық депутаттары Ащысай поселкелік Советінің атқару комитетінің председателі болды. Сөйтіп, екінші сайлауда КСРО БОАК мүшелігіне кандидат, кейіннен мүшесі, бесінші және алтыншы сайлауларда ҚазССР ОАК-не мүше болып сайланды. ## Дереккөздер
Ұлттық ойын-сауық жарыстарда киетін киімдер - жалпы спорт ойын-сауық жарыстарда киетін киімдер сияқты қарапайым әрі қимылдауға оңай болған. Денені спорт ойынында болатын жарақаттардан қорғау үшін, мұндай киімдерді қатты, ширақ маталардан тігеді. ## Әртүрлі жарыстардағы киім түрлері Балуан күрестіру – қазақта өте ертеден келе жатқан ата салтымыз. Қазақ халқы балаларын жастайынан күреске баулыған. Балуандар кәзекейшең, беліне мата белбеу буып, кең балақ шалбар киіп күреске түскен. Кейде жалаң шалбармен ғана кеудесін жалаңаштап беліне кездеме белбеу буып, жалаң аяқ күрескен. Күрескенде киетін кәзекей қалың кездемеден мықты тігілуі шарт болған. Тәртіп бойынша балуандар белбеуден ғана ұстаулары керек. Бәйге – қазақтың ата-бабадан келе жатқан ғажап салттарының бірі. Ат бәйгеде көбіне аттың беліне жеңіл болсын, күш түспесін деп бәйге атына жас балаларды мінгізеді. Шабандоздар басына шыт орамал тартады, үстіне жейде, кәзекей, жалаң шалбар, аяғына жеңіл етік киеді. Қыз қуу – қазақтың еш елге ұқсамайтын аса ерекше ұлттық ойыны. Мұны қызықтауға кәрі-жас, еркек-әйел, бала-шаға түгел қатысқандықтан халық өте көп әрі көңілді болады. Той болған соң келген қонақтар киімдерінің де жақсыларын киеді. Ойынға қатысушы жігіттер басына қалпақ, тақия, үстіне жейде, кәзекей, жалаң сым, етік киеді. Қыздар болса басына үкілі тақия немесе бөрік үстіне желбір көйлек, кестелі кәзекей, жекет, кестелі тізе қап, аяқтарына шеттік , көксәуір етіктер киіп түседі. Қазақ көкпарға бастарына тақия, қалпақ сияқты жеңіл баскиім немесе жалаң бас, үстеріне жалаң жейде, сыртынан кәзекей киіп, беліне мата кездемеден белбеу буынып, жалаң шалбар, аяғына етік киіп түскен. Аударыспаққа түсетін жігіттер де көкбарға түскен жігіттердей киінеді. Күміс ілу, қарауыл ату сияқты ойындардың бәріне киетін киімдер негізінен ұқсас болады. ## Дереккөздер
Алтай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылды. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан батысқа қарай 50 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Маралды (1992 жылға дейін – Маралиха) — Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, Маралды ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Күршім ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде. Төңірегі - көгілдір орман көмкерген көрікті өңір. ## Тарихы 1913 жылы Ресейден қоныс аударып келген шаруалар "Кеңсу" деп аталатын өңірде іргесін қалады. Маралиха 1957 жылға дейін алтын өндіретін прийск, одан кейін жаңадан ұйымдастырылған Маралиха қой шаруашылығының орталығы болды. Машина-трактор шеберханасы, ауданның тұрмыс қажеттіліні өтейтін комбинаттың бөлімшесі жұмыс істейді. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, учаскелік аурухана бар. ## Дереккөздер
## Сыйыт дәстүрі Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген, яғни халық тілімен айтсақ «өлікке түскен» (немесе басына, ортасына, аяғына түскен) адамдарға – марқұмның атынан киім үлестіреді: бас жағына түскенге баскиімін, ортасына түскенге шапанын, аяғына түскенге етігін (шұлғауымен) атап, таза, тұтынылмаған киімді үлестіретін салт болған.Бұған қосымша өзі қатарлас адамдарға басқадай ұсақ киім, көйлек және басқа кәде қоса ұсынады. Өлік әйел адам болса, әйел киімін, еркек болса ер адам киімін үлестіреді және бұл айтылғандар шартты түрде орындалатын ереже қатарында. Егер киімі берілмей үй-іші қараулық жасаса, аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар. ## Су құю дәстүрі Ал су құйған төртінші кісіге арнап бір шаршы ақтық байлайды. Бұған қоса шымылдық ұстаған, көр қазған, жаназа шығарған, талқы оқыған, дұға бағыштаған дегендерге міндетті түрде киім үлестіру заңдылық емес Сырдың төменгі бойында бұл ғұрыпты «сандық ашу» деп атайды. Үлестірген киімді алған адамдар «қабыл болсын», «тие берсін» деп ниеттерін білдіреді. Моңғолиядағы қазақтар арасында сақталған архаикалық салттың бірі – өлген ер адамды жерлеген кезде оның «құба тон» деп аталатын ең сыртқы киімі бейіт басына апарғанша оң жамылдырылып, ал көрге түсірілген соң теріс айналдырылады.Мәйітті жер қойнауына бергеннен кейін зират басында марқұмға себі тиетін ғұрып «атасының киітін тарату», яғни киім, зат үлестіру ғұрпы өткізіледі. Ертеде Қазақстанның кей өлкесінде айталық Жетісуда әрбір рудың өкілдеріне бір-бірден шапан үлестірген. Бұл ғұрып қазіргі күні өңірдегі үш тайпаның немесе үш рудың, кейде үш жүзге деп арнап үш шапанды үлестірумен ауысқан. Онда ортаға атап үш шапан тастайды және оны аталған топтың ең сыйлы адамдарының бірі алады. Кеңінгі уақыттарда қоғамдық даму заңдылықтарына байланысты шаршы шыт, беторамал, ақша үлестіріліп жүр. Оның мәні марқұмның тіріде біреуге артық-ауыс кеткен қарызының өтеуі десе, ғұрыптың ертедегі мәні оның аты айтып тұрғандай ата жолымен киіт, киім үлестіру марқұмның артында қалған затын, киімін үлестіру екендігін байқауға болады. Ұзақ жасап, бақытты тұрмыс кешкен балалары ауқатты адам өлсе, ондайда тиын ақшаларды шашу етіп шашқан. Қасиетті адамның өзі киген киімімен тәбәрік деп ырымдап бір-бір беторамалдан кем еместейін қырқып алуға әркім тырысқан. ## Дереккөздер ## Сыйыт дәстүрі Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген, яғни халық тілімен айтсақ «өлікке түскен» (немесе басына, ортасына, аяғына түскен) адамдарға – марқұмның атынан киім үлестіреді: бас жағына түскенге баскиімін, ортасына түскенге шапанын, аяғына түскенге етігін (шұлғауымен) атап, таза, тұтынылмаған киімді үлестіретін салт болған.Бұған қосымша өзі қатарлас адамдарға басқадай ұсақ киім, көйлек және басқа кәде қоса ұсынады. Өлік әйел адам болса, әйел киімін, еркек болса ер адам киімін үлестіреді және бұл айтылғандар шартты түрде орындалатын ереже қатарында. Егер киімі берілмей үй-іші қараулық жасаса, аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар. ## Су құю дәстүрі Ал су құйған төртінші кісіге арнап бір шаршы ақтық байлайды. Бұған қоса шымылдық ұстаған, көр қазған, жаназа шығарған, талқы оқыған, дұға бағыштаған дегендерге міндетті түрде киім үлестіру заңдылық емес Сырдың төменгі бойында бұл ғұрыпты «сандық ашу» деп атайды. Үлестірген киімді алған адамдар «қабыл болсын», «тие берсін» деп ниеттерін білдіреді. Моңғолиядағы қазақтар арасында сақталған архаикалық салттың бірі – өлген ер адамды жерлеген кезде оның «құба тон» деп аталатын ең сыртқы киімі бейіт басына апарғанша оң жамылдырылып, ал көрге түсірілген соң теріс айналдырылады.Мәйітті жер қойнауына бергеннен кейін зират басында марқұмға себі тиетін ғұрып «атасының киітін тарату», яғни киім, зат үлестіру ғұрпы өткізіледі. Ертеде Қазақстанның кей өлкесінде айталық Жетісуда әрбір рудың өкілдеріне бір-бірден шапан үлестірген. Бұл ғұрып қазіргі күні өңірдегі үш тайпаның немесе үш рудың, кейде үш жүзге деп арнап үш шапанды үлестірумен ауысқан. Онда ортаға атап үш шапан тастайды және оны аталған топтың ең сыйлы адамдарының бірі алады. Кеңінгі уақыттарда қоғамдық даму заңдылықтарына байланысты шаршы шыт, беторамал, ақша үлестіріліп жүр. Оның мәні марқұмның тіріде біреуге артық-ауыс кеткен қарызының өтеуі десе, ғұрыптың ертедегі мәні оның аты айтып тұрғандай ата жолымен киіт, киім үлестіру марқұмның артында қалған затын, киімін үлестіру екендігін байқауға болады. Ұзақ жасап, бақытты тұрмыс кешкен балалары ауқатты адам өлсе, ондайда тиын ақшаларды шашу етіп шашқан. Қасиетті адамның өзі киген киімімен тәбәрік деп ырымдап бір-бір беторамалдан кем еместейін қырқып алуға әркім тырысқан. ## Дереккөздер
Көксауыр етік – малдың сауыр терісенен өңделген былғарыдан сәндер тіккен аяқкиім түрі. Көксауыр – жақсылап иленген көкке, кейде жасылға, қызылға қандыра бояған өте сапалы былғары. Көк сауырмен көбіне кебісті тігіп, әшекейлейді. Ондай кебістерді «көк сауыр кебіс», «көк ала» кебіс деп атайды. Көк сауыр етікке әртүрлі ою-өрнек бастырады.Осындай материалдан тігілген кебіс те көкше кебіс немесе көксауыр кебіс деп аталады. «Кигені Айман қыздың көкше кебіс». Көк етіктің қонышы, күшіні оюланып, кестеленіп тігіледі. Ертеде көк етікті көбінесе сал-серілер, батырлар киген. «Көк етікті кез келмей, көн етіктіге бармай отырған қыз» деген сөз көк етіктің кімдерге лайық екенін аңғартады. Қызыл – етік қызыл түсті былғары етік. Қоңыраулы етік – өкшесі қоңыраушылармен әшекейленген етік, сауыр көк жасыл былғары етік, сармантай – қонышы тізеден жоғары келетін сәнді етік, жібек етік – жібектен тігілмеген, бірақ қонышы жібекпен кестеленген сәнді етік. Әміркен деп жергілікті тілде сырлы былғарыны айтқан. Соған орай қатты жылтырап тұратын әміркен етік, әміркен мәсі, әміркен кебіс аталатын аяқкиімдер тігілген материалына байланысты айтылған. Осындай таспамен кестеленген етікті де сәндік үшін киген. ## Дереккөздер
Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина (1939, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы-1991) - домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. ## Өмірбаяны * 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың класы бойынша) бітірді. * 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің домбырашы-солисі. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іссапарларда болды. Ол қазақтың халық композиторлары: Құрманғазының, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қазанғаптың күйлерін орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар. ## Дереккөздер
Қазине — жібектен қалыңды-жұқалы етіп тоқитын мата. Бұрынғы ұзатылатын қыздардың: «Қазине қамзол кидім қиылмаған,Жапанда жатыр жылқым жиылмаған,Бар ма екен қыздан сорлы бұл жалғанда,Топырақ туған жерден бұйырмаған,» - деген С.Мұқановтың осы «қазине» сөз болады. ## Дереккөздер
Еркін кəсіпкерлік аймағы — егеменді ұлттық-мемлекеттік аумақтың оқшауландырылған бөліктері. Мұндай аймақтарға отандық жəне шетелдік кəсіпкерлік үшін белгілі бір жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалады. Оларға шетелдік капиталды жұмсау, жаңа техника мен технологияны жедел игеру, экспорттық əлеуетті ұлғайту, т.б. үшін тартымды жағдай жасайтын ерекше(жеңілдікті) кедендік, салық тəртіптемесі енгізіледі. Еркін кəсіпкерлік аймақтардың алуан түрлілігіне қарамастан (еркін сауда, бірлескен кəсіпкерлік аймақтарды, ерекше экономикалық жəне экспорттық-импорттық аймақтар, т.б.) олардың арасынан негізгі тұрпаттарын бөліп көрсетуге болады, олар: кеден салығын салудан босатылған жəне кеден бақылауы оңайлатылған сыртқы экономикалық қызметпен байланысты аймақтар; атқарымдық аймақтар (мыс., технологиялық парктер, технополистер, еркін сақтандыру аймақтары, т.б.); сыртқы экономикалық қызметтен түсетін пайданы көбейту, осы аумақтың экономикасын жедел дамыту мақсатымен елеулі жеңілдіктер пайдаланылатын кешенді аймақтар. ## Дереккөздер