text
stringlengths
3
252k
Отырар - 15 ғасырда іргесі қаланған киелі мекен. 19-20 ғасырдың басында Отырар өлкесінің тарихи мұраларын В.В.Бартольд, И.П.Пословский, Д.Н.Люшин, И.А.Кастанье, Н.В.Руднев, т.б. археологтар ғылыми тұрғыда зерттеп, көптеген еңбектер жазды.Осы өңірдің ежелгі тарихы туралы сол заманның тарихшылары, географтары, жиһанкездері Птолемей, Геродот, Страбон, араб-парсы тарихшылары Әбу Исхақ Ибраһим әл-Истархи, Абу Райхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Рузбехан, т.б. жазып қалдырды.1947-1968 жылдар аралығында Отырар ескерткіштерін Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция құрамында Е.Е.Агеева, А.Г.Максимова, Г.И.Пацевич және Хорезм археологтарының құрамына Л.М.Левина, В.Б.Андрионов, Б.И.Вайнбергтер зерттеу жүргізді.1969-1970 жылдары Отырар экспедициясы, 1971-2005 жылдардан ОҚО кешенді археологиялық экспедиция құрамына К.А.Ақышев, Е.Смағұлов, С.Ақылбек, Д.Ваякиндер қазба жұмысын жүргізіп, зерттеп келеді.Сонымен қатар, Отырар ескерткіштерін елге танытып, насихаттауда Ө.Жәнібеков, А.Әлімов, А.Алтаев, Е.Бүрлібаевтар көп еңбек сіңірді. 1990 жылдан бері Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі бірлесіп зерттеулер жүргізіп келеді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Отырардың алтын жалатылған қыштары
Отырардың алтын көмбелері деп, ондағы қазба жұмыстары кезінде табылған алтын және күміс теңгелерді айтамыз. Отырар өңірінде жүргізілген қазба жұмыстарының барысында, Отырар мен оның алқабындағы қалалардан көптеген теңге көмбелері табылған. 1948-1949 жылдар аралығында ең алғашқы 100 дана көмбені М.Меркулов Отырар өңіріндегі Қаракөншек қала жұртынан тапқан. 1971-1978 жылдар аралығында Отырардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде де археологтарымыз қолды болып, бірнеше көмбелер аршып алды. * №1 қазбадан жәниттік 13 дана күміс теңге табылды. * №2 қазбадан осындай 48 теңге табылды. * №3 қазбадан 1973 жылы 976 мыс теңге, * №4 қазбадан 1974 жылы 214 дана теңге және 170 дана мыс теңге табылды.1976 жылы * №5 қазбадан 2192 теңге Шахруз күміс теңге көмбесі табылды.Осы жылы аталмыш қазбадан 352 дана мыс теңге және теңге соғуға дайындалған мыс үзінділері шығады. Сол жылы №3 қазба орнынан 1500 дана мыс теңге көмбесі табылған. 1978 жылы №3 қазбадан 278 теңге алынды. 1986 жылы оқушылар кездейсоқ пахса кесектің арасындағы құмырадан 1024 көмбе тауып алады. 1998 жылы Отырардан матаға оралған 69 күміс теңге тауып алады. Дәл осы жылы Құйрықтөбе маңынан шопандар 228 дана күміс теңге қолды болып, мұражайға өткізеді. Көмбе 14-15 ғасырларға жатады. Теңгелердің көлемдері әр түрлі дөңгелекше, сопақша болып жасалған. Екі бетінде араб графикасымен нақышталып жазылған жазулары бар. 184 дана теңгенің көлемдері 1 см-ден 3 см-ге дейін.Салмағы 681,4 грамм. Теңгелердің беткі жағында "Калима" жазылған және теңгенің соғылған жері, уақыты көрсетілген, 6-ншы теңгеде "Самарқандта соғылған" деген жазу бар. Теңгелерде үш түрлі уақыт оқылады: 1380-1381, 1389-1390, 1395-1396 ж.ж. Келесі бетінде "Сұлтан Әмір-Темір көреген" деп жазылған. Теңге көмбелерінің басқа да Отырар қазбасында алтын бұйымдар табылды. Солардың бірі қалып сым қалпындағы алтын кесіндісі екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінің ұзындығы 3 см, диаметрі 6 мм, екінші бөлігінің ұзындығы 2,7 см, диаметрі 5 мм,салмағы 2/24,14, сынамасы 950 градус алтын. ## Дереккөздер
Тундралық аққұр (лат. Lagopus mutus) — Қырғауылдар тұқымдасы құсы, аққұрға өте ұқсас, бірақ аналығының дене мөлшері біраз кішірек құс. Бұдан басқа тундралық аққұр аталығының қысқы жасануында көз арқылы өтетін қара жолақ жақсы бөлініп тұрады. Ұялау биологиясының ерекшеліктері аққұрлардікі сияқты. ## Ерекшеліктері Аққұрға қарағанда тундралық аққұрлар әжептәуір ызғарлы жағдайларда орнығып алып, Еуразия және Солтүстік Американың тундрасы мен биік тауларына қоныстанады. Қазақстанда ормансыз алтайлық биік тауларда өмір сүреді. Тундралық аққұр сансыз шығып тұрған тастары бар шақпалы өлеңді тундрада, яғни арасында ақ құр өмір сүретін тырық қайыңдар тас нуынан жоғары биік тау белдеуінде жоталар суайрықтарын бойлай ұялайды. Маусымдық тік көшпенділік жасамайды, тіпті қары қалың қыста қарды жел үрлеп ысыратындықтан, құстар шөпшекті өсімдіктер мен альпілік бұталарды толық пайдаланып, бүкіл күзгі-қысқы уақытта жоталар қырында өткізеді. ## Дереккөздер
Барсхан, (Жоғарғы Барсхан кейде Барсған) — Ыстықкөлдің (Қырғыз Республикасы) оңтүстік- шығыс жағалауында, Барсхауын өзенінің бойында болған ортағасырлық қала, Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы. Барсхан жайлы алғашқы мәлімет 9 ғасырда араб билеушілерінің сарайында қызмет атқарған Ибн Хордадбектің жазбаларында кездеседі. Шығыс Түркістан мен Батыс Түркістанның арасын байланыстырған сауда жолының бойындағы қалалар мен елді-мекендерді түгел атап шыққан ол, Тараздың маңында Төмен Барысхан, ал Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында Жоғары Барсхан орналасқандығын хабарлайды. 10 ғасырда өмір сүрген араб географы Ибн Жафардың Жоғары Барсхан «төрт үлкен, бес кіші елді мекеннен» тұрады деген мәліметі қазіргі кезде оның қала екендігіне күмән туғызып, орналасқан ауданы белгілі болғанмен, нақты орны анықталмай келеді. 11 ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Махмуд Гардизидің еңбегі мен тағы бір авторы белгісіз дерек бойынша, Жоғары Барсхан қарлұқтардың жікіл тайпасының орталығы болған. Оның билеушісі Манака, кейбір деректерде Тебін Барсхан деп аталған. Қаланың билеушісі қарлұқтардан шыққанымен, қарапайым халық тоғыз оғыздарға қолдау білдіріп отырған. Жазба деректер бойынша , Жоғары Барсхан 8 ғасырда қалыптасып, 13 ғасырға (Шыңғыс хан шапқыншылығына) дейін болған. Гүлденген кезеңі 10-12 ғасырлар аралығы. Осы тұста ол Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығына айналған. Қалада 3000-ға жуық түтін болған. Соғыс жағдайында 6000 әскер шығара алған. Бұл күнде Барсхауын өзенінің бойындағы ондаған қалалар мен елді-мекендердің орындары анықталғанмен, қайсысы Жоғары Барсхан екені белгісіз болып отыр. ## Дереккөздер
Ұшқалақ айқабақ (лат. Acrocephalus paludicola) — Сандуғаштар тұқымдасының шағын құсы. Жолақбас айбаққа өте ұқсас құс. Одан айырмашылығы - түсі сарғыш дақты және шеткі бұлқын қауырсыны - ақшыл. Бұл айырмашылықтарды байқау оңайға түспейді. Кейбір дағдылану кезінде дауысы және әуені бойынша ажыратуға болады. Қазақстанда бұдан 100 жыл бұрын Жайық өзенінің аңғарынан бір-ақ рет кездескен. Бұл сірә сирек ұшып келу жағдайы болса керек. ## Дереккөздер
Шоқай — Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровкадан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде, Жаман Нияз тауының батысында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Кенжебек Мұсабайұлы Барманбеков (21 ақпан 1951 жылы, Қордай ауданы, Қасық ауылы) — суретші монументші. 1967 жылы Масанчи ауылында орта мектепті бітіріп, Бішкек қаласындағы көркем сурет училищесіне оқуға түсті. 1969-71 жылы әскери міндетін өтеп қайтқаннан кейін оқуын Алматыдағы Гоголь атындағы көркем сурет училищесінде жалғастырды. 1973 жылдан киножарнама саласында, республикалық газет-журналдарда суретші болып еңбек етті. 1985 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының " Өнер" комбинантында суретші- монументалист. 1990 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Монументалды туындылары бойынша Халықаралық, республикалық көрмелерге қатысты. Туындылары шет ел және отандық коллекция жинағына енген. ## Дереккөздер
Берден Байқошқаров (28 шілде 1936 жылы, Талас ауданы бұрынғы К.Маркс атындағы ұжымшар) — қоғам қайраткері. Ысты руынан шыққан. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж . Талас ауданындағы " Қызыл Октябрь" ұжымшарында, "Ойық" кеңшарында машина- трактор шеберханасының меңгерушісі, 1962-69 ж. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау жөніндегі Талас территориясы басқармасында бас инженер, басқарма бастығының директоры, 1969-73 ж. "Кеңес" кеңшарының директоры. 1973-74 ж. Сарысу ауданы партия комитетінің 2 хатшысы, 1974-84 ж. Қордай ауданы партия комитетінің 1- хатшысы, 1984-91 ж. Қазақ КСР су шаруашылығы министрлігінің Материалдық-техникасымен қамтамасыз ету , механикаландыру және электрлендіру басқармасының бастығы. 1991-93 ж. Байзақ ауданы Чапаев атындағы кеңшардың директоры. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Қазан Революциясы орденімен және медальдармен марапатталған. «Қордай: кеше және бүгін» атты кітаптың авторы. ## Дереккөздер
Кененбай Бармақов (1900, Әулиеата уезі, Шу аймағының Ата болысы - 1938) — қоғам қайраткері. Меркедегі орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған. 1916 ж. Халық көтерілісіне және Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағының" жұмысына белсене қатысты. 1919 ж. БВКП(б) мүшесі қатарына өтіп, Әулиеата уездік милиция бөлімінің бастығы. 1921 жылдан Пішпек уездік милиция бөліміне ауысып, Қара- Қырғыз автономиялы облыс құрылған соң Әулиеатаға бұрынғы қызметіне оралады. 1927 жылы Орал губерниясы сауда басқармасының бастығы, 1928-29 ж. Алматыда " Қазақорман " кеңесінің төрағасы, 1930-31 жылдары Орал облыстық Жымпиты ауданы атқару комитетінің төрағасы, Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті мүшесі. 1932-35 жылдары Алматыда Республикалық сауда мекемесінің бастығы, 1936-37 жылдары Шығыс Қазақстан облысы атқару комитетінің жауапты қызметкері. 1937 жылы "«халық жауы»" деген жаламен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Бармақов есімі 1960 жылы ақталды. Шу аудандық орталық Төле би ауылындағы көшенің бірі Бармақов есімі берілген. ## Дереккөздер
Александр Александрович Фëдоров-Давыдов (18 наурыз 1900 жыл, Мәскеу - 6 шілде 1969 жыл) - Кеңес өнер зерттеушісі, профессор (1935), РСФСР-дің еңбек сіңіруші өнер қайраткері (1960), КСРО Көркемсурет академиясының мүшесі (1958). 1946 жыдан КПСС мүшесі аталынды. 1929-34 жылдары Третьяков галереясының жаңа орыс өнері бөлімінің меңгерушісі. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1927-31 жылдары жəне 1944 жылдан), Мәскеу тоқыма институтында (1934-44), КПСС ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясында (1948-56) жұмыс істеді. Алексей Александрович еңбектірі негізінен 18-20 ғасырлардың басындағы орыс өнері мен архитектурасына арналған. Совет мəдениетінің күнделіті актуалды мəселелеріне сыни-көркем мақалаларымен араласты. 2 орден жəне медальдармен марапатталған еді. ## Дереккөздер
Байқоразов Айтбек (04.11.1946, Жамбыл қаласы -12.09.1998, сонда) - инженер-экономист, өндіріс ұйымдастырушысы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген (1970). ## Еңбек жолы * 1970-72 ж. Облыс орталығындағы екінші шарап өндіру зауытында аға экономист * 1972-75 ж. Спирт-арақ комбинаты техникалық бөлімінің инженер-конструкторы * 1977-85 ж. Көкшетау арақ-шарап зауытының директоры * 1985-87 ж. Республикалық «Қазспиртпром» бірлестігі бастығының орынбасары * 1987-89 ж. «Алматы Пепсикола» зауытының директоры * 1989-98 ж. Жамбыл спирт-арақ комбинантының бас директоры, " Тараз " АҚ қоғамының президенті болып қызметтер атқарған. «Тараз» футбол командасының президенті болған белгілі меценат. Футболдан Байқоразов атындағы дәстүрлі облыстық турнир өтіп тұрады. ## Дереккөздер
Жанбек Ақатұлы Елеуов (20.07.1925 жылы туған, Ресей, Алтай автономиялық облысы, Усть-Кан ауданы Турато селосы - 21.04.1996, Тараз) – Кеңес Одағының батыры (16.10.1943). Барнауыл (Ресей) қаласындағы полк мектебін бітіргеннен кейін, майданға жіберілген. Ол алтыншы атқыштар дивизиясының 25-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысты. 1943 ж. Қыркүйек айында Днепр және Припять өзендерінен өтіп, жау қамалын талқандауда көрсеткен ерен ерлігі мен батырлығы үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары туған ауданында мектеп директоры, аудандық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды. 1956 ж. Қазақстанға көшіп, Шығыс Қазақстан , Гурьев (қазіргі Атырау) облысының жалпы білім беретін мектептерінде еңбек етті. 1972 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы ДОСААФ мекемесі жанындағы атқыштар клубының бастығы болды. ## Дереккөздер
Үйшік үйінді — кен-металлургия кəсіпорнының маңында үйілген бос жыныс, өндіріске жарамсыз руда (пайдалы қазындымен бірге қазылған), кен байыту қалалардың қалдығы, металлургиялық заттардың күл-қоқысы. Кенді ашық əдіспен қазу жүйесінде * үйшік үйілген орнына қарай:ішкі (кен алынған карьер ішіндегі)сыртқы (карьер сыртына үйілген), * ішкі (кен алынған карьер ішіндегі) * сыртқы (карьер сыртына үйілген), * жер бедеріне қарай:жазық жердежал бетке үйілген, * жазық жерде * жал бетке үйілген, * үйілген қабат санына (биіктігіне) қарай:бір қабаттыкөп қабатты түрлерге ажыратылады. * бір қабатты * көп қабатты түрлерге ажыратылады. ## Жасалу жолы Үйшік үйіндіні жасағанда ең алдымен оның ұзын бойымен алғашқы жал (биіктігі 10-15 м) үйіледі. Ол үшін драглайн,механикалық күрек, абзетцер бульдощер не скрепер қолданылады.Карьерден шығарылған бос жыныс осы жалдың екі жағына төгіліп тапталы отырады. Үйші үйіндінің негізгі өлшемдеріне оның алып жатқан ауданы, биіктігі, жəне оның жақтарының көлбеулік бұрышы жатады. ## Өндірістегі үйшік үйінді Өндірісте үйші үйінді жақтарының орнықты болатын қалпын анықтауға көп көңіл бөлінеді. Жұмсақ жəне беріктігі орташа жыныстар үйшік үйіндісінің биіктігі 30 м,ал қатты жыныстар үйшік үйіндінің биіктігі 60 м-ге жетеді. Кейбір жағдайда ( тау бөктері ,шатқалда) қатты жыныстар үйіндісінің биіктігі 300 м-дей болады.
Қылышбай Ержанұлы ауылы — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Қылышбай ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 9 км-дей жерде. Шу өзенінің төменгі тарамдарының жағалауында, қара сексеуіл , қамыс, құрақ, күйреуік, еркекшөп, теріскен, ши өскен құмайтты сұр, сортаңды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. ## Тарихы 1997 жылға дейін Карл Маркс ауылы деп аталып келді. 1969-97 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін Талдыөзек кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Қазақстанда 1997 жылдан 30-дан астам шаруа қожалықтары құрылды. ## Халқы ## Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітпхана, клуб, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Ауылға елімізге танымал шешен және ақын Қылышбай Ержанұлының есімі берілді (1997). ## Дереккөздер
Есіркепов Оңласын Қарабайұлы (1 қыркүйек 1943 жылы, Свердлов ауданы (Қазіргі Байзақ ауданы, бұрынғы Ровное ауылы) — мемлекеттік қайраткер. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын (1970), Алматы жоғары партия мектебін (1975) бітірген. Еңбек жолын 1962 жылы бастауыш мектептің мұғалімдігінен бастаған. 1970-73 ж. Жамбыл педагогикалық институты комсомол комитетінің хатшысы, қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1973-75 ж.Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1975-85 ж. Жамбыл қант зауытының партбюро хатшысы, Жамбыл қаласындағы Зауыт ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, осы ауданның халықтық басқару комитетінің төрағасы. 1985-91 жылдары қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, екінші хатшысы, облыстық партия комитетінің жауапты ұйымдастырушысы. 1991-99 ж. мемлекеттік мүлік жөніндегі Жамбыл аймақтық комитеті төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары - мемлекеттік мүлік жөніндегі аймақтық комитеттің төрағасы, осы мекеме төрағасының бірінші орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы. 1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры. Бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Дүйсембі Садықұлы Қылышбеков (1956 жылы туған, Талас ауданы, Тоғызкент ауылы) - кәсіпкер, агро-өндіріс ұйымдастырушысы. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (Қазіргі ТарМУ) бітірген (1978). 1978-95 жылдары Талас ауданындағы құрылыс ұйымдарында инженер, бас инженер, Бостандық ауылы спорт мектебінде жаттықтырушы. 1995 ж. "Садық " шаруа қожалығын ұйымдастырып , ауыл шаруашылық дақылдарын, жеміс-көкөніс өсірумен шұғылданды. 2000 ж. "Мирас" фермерлік шаруашылығын ашып, асық тұқымды жылқы, түйе және сиыр өсіре бастады. Негізін сол жылы қалаған " Гауһартас" ЖШС-і жанар-жағармай өнімдерін тұтынушыға жеткізу қызметімен айналысып, жаңадан ашылған Амангелді газ кенін игеру ісіне атсалысып келеді. 2002 жылы Тараз қаласында ерекше архитектуралық киіз үй пішінінде салынған "Мирас" мейрамханалық кешені тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсына бастады. ҚР Президентінің , облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Тәкен Молдақынов (22 сәуір 1948 жылы, Қытай Халық Республикасының Іле-Қазақ ауданында) — әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі (1992). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1972), Қазақ ұлттық университетін (1986) бітірген. 1966-67 ж. Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәдениет үйінде әдіскер. 1967-69 ж. Алматы эстрада-цирк студиясының студенті, 1969-72 ж. консерватория студенті. 1972-91 ж. Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, 1992-94 ж. Жамбыл мәдениет училищесінің директоры, 1995-98 ж. облыстық мәдениет департаментінің бастығы қызметтерін атқарды 1998 жылдан мемлекеттік " Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры. ## Дереккөздер
Шахмат тақтасы немесе Шахмат нотациясы — шахмат тақтасындағы фигуралардың арлы-берлі қозғалысын қағазға түсіретін арнайы жазу белгілері жүйесі. ## Шахмат тақтасының шаршы алаңдарының белгілеуі Вертикалынан {\displaystyle ~a,b,c,d,e,f,g,h} латын әріптерімен белгіленген. Ол әріптер былай оқылады: (а, бэ, цэ, дэ, е, эф, жэ, аш). Горизонталынан бірден сегізге дейін цифрлармен белгіленген. Есеп ақ бұрыштың сол жағындағы алаңынан басталынады. 64 шаршы алаңның әр қайсысының "аты" және "фамилиясы" бар. Олар әріптермен және сандармен белгіленген. ## Фигуралардың белгілеуі Фигураларды жазудың мынадай қысқаша түрлері бар: ## Жүрісті жазу Жүрістерді жазған, талдаған кезде шахмат кітаптары мен журналдарында төмендегідей шартты белгілер кездеседі: : — фигураларды жеу+ — шах++ — қос шах* — мат0-0 — қысқа жаққа рокировка0-0-0 — ұзын жаққа рокировка! — күшті жүріс!! — өте күшті жүріс? — сәтсіз жүріс?? — өте нашар жүріс!? — алдап соғатын жүріс?! — күдіктенетін жүріс= — қарсыластардың мүмкіндіктері бірдей. Жүрістерді толық жазған кезде фигураның тұрған "жері", баратын "орны" көрсетіледі. Жүрістерді қысқаша жазғанда тек фигуралардың келген "орны" жазылады. ## Дереккөздер
Жамбас белдеуі (лат. pelvis) — сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған қағқаның маңызды бөлігі. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі.
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған. ## Кеңес одағының құрылуы 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер – Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік “Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!” деген үндеу, “Бітім туралы”және “Жер туралы”декреттер қабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін – Владимир Ильич Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды. Кеңестер билігі Ресейдің өнеркәсіпті қалаларында шапшаң орнады. Уақытша үкіметке адал күштердің қарсылығы басып-жаншылып, кадеттер партиясы заңнан тыс деп жарияланды, оппозициялық басылымдар жабылды. Алайда 1917 ж. 12 қарашада өткен Құрылтайшылар жиналысына сайлауда большевиктер 25% шамасында ғана дауыс алды. Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді. Халық Комиссарлары Кеңесі, сондай-ақ, олардың жергілікті органдары болып қалыптаса бастаған Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің атқарушы органдары (совдеп) бұрынғы Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың империя тағы құлағаннан кейін құрған ұлттық мемл. бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – “Алашорда” Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 – 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты. 1918 ж. наурызға қарай кеңестік билік бұрынғы Ресей империясы аумағының басым бөлігінде орнады. Банктер, кәсіпорындар мемлекет мүлкіне айналдырыла бастады. Германиямен уақытша бітім жасалды. Ресейдің 2-дүниежүзілік соғыстан шығуы, кеңестік биліктің нығаюы бұрынғы Антанта әскери одағы елдерінің наразылығын туғызып, оның соңы шет ел мемлекеттерінің ақ гвардияшыларға әскери және экон. көмек жасауына әкеп соқты. Кеңестік билікті сақтап қалу үшін большевиктер “әскери коммунизм” саясатына көшті, контрреволюцияға және саботажға қарсы күресетін төтенше комиссиялар (1917 – 22 ж.) құрды, бұқаралық Қызыл Армия ұйымдастырды. Кеңес өкіметінің уақытша төтенше органдары ретінде, Қазан төңкерісі кезеңіндегі әскери-рев. к-ттер тәжірибесін пайдалана отырып, революциялық комитеттер (ревкомдар, 1918 – 20 ж.), сот органдары болып табылатын әскери трибуналдар (1917 – 22 ж.) құрды. Осындай шаралар арқылы Кеңес үкіметі Азамат соғысында жеңіске жетті. Елде жеке-дара партиялық диктатура орнату бағдары айқындала бастады. 3-Бүкілресейлік кеңестер съезінің (23 – 31 қаңтар, 1918) Ресейді Федеративті Республика (РКСФР) деп жариялауына байланысты, 1918 ж. 30 сәуірде Ташкентте РКСФР құрамындағы Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і, Түркреспублика), 1920 ж. 12 қазанда РКСФР құрамындағы Киргиз (Қазақ) автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і, Кирреспублика) құрылды (1919 жылдан съезге дейін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет – Қазревком жұмыс істеді). Кеңес үкіметінің Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізуіне байланысты, 1924 ж. 27 қазанда Түркістан АКСР-і таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж. Қазақ КСР-іне айналды. Алайда орталық Кеңес үкіметі (қ. Кеңес Одағы) одақтас республикаларға дербес билік жүргізу мүмкіндігін берген жоқ. Ресейдегі мемлекттік биліктің сайланбалы органы 1918 – 36 ж. Жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының Кеңестері болды. Қазіргі Қазақстан аумағы алғашқыда жекелеген Ресей губернияларының, 1920 – 36 ж. Қазақ АКСР-і ретінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына қосылатын. Кеңес үкіметінің 1917 – 36 ж. жергілікті және орталық билік органдары – құрамы көп сатылы және ашық дауыс беретін сайлау жолымен қалыптасатын кеңестер съездері болды. ## Жұмысшы депутаттары кеңесі Жұмысшы депутаттары кеңесі - КСРО-дағы мемлекеттік өкіметтің сайланып қойылатын өкілетті органдар. Ол Ресейдегі 1905-07 ж. революцияда, жұмысшылар ереуіліне басшы орган ретінде, бұқаралық творчествосы нәтижесінде құрылды. Кейбір кеңестер революцияның өрлеу кезеңінде қарулы көтеріліске басшылық ететін органына айналды. 1905-07 ж. кеңестердің тәжірбиесі 1917 ж. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясында және Қазан төңкерісінде үлкен рөл атқарды. 1917 ж. Ақпан революциясы барысында құрылған кеңестер пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының органдары болды. Петроград жұмысшылары мен солдаттарының үлгісімен Қазақстан еңбекшілері де кеңестер құруға кірісті. 1917 жылдың наурыз – сәуірінде Қазақстан қалаларының көпшілігінде кеңестер құрылды. 1917 жылдың 7 наурызда Әулиеата горнизонының солдаты Тюрин қаласында митинг өткізді. Онда солдаттар мен жұмысшылардың кеңесі құрылды. 1917 ж. 27 және 31 мамырда өткен жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Сырдария облыстық кеңесі отырысында Әулиеата уезінің II болысынан болыстық атқару комитетінің сайлау кезінде жіберілген бұрмалаушылық жөніндегі шағымдарын талқылаған. 1917 ж. 2 мамырда солдаттар мен жұмысшылар депутаттарының Әулиеата және Бішкек кеңесі бірлескен комиссиясы жазда қуаңшылықтан егіннің және шөптің күйіп кеткенін хабарлап, күзде аштықтан халықты аман алып қалудың шараларын белгілеуді өтінген. 1917 ж. 11 сәуірде солдаттар мен офицерлер депутаттарының комитеті Әулиеата жұмысшылар депутаттар кеңесіне бірікті. Оны слесарь Н.Чернышев басқарды. 1917 ж. 24-25 қыркүйекте жұмысшылар мен солдаттардың Әулиеата кеңесі халықтың талабына сәйкес жалдаптардың қоймаларын тінтіп, асықты ашыққан тұрғындарға таратылып берді. Басмашыларға қарсы күресіп, Кеңес өкіметінің орнығуына аянбай күш жұмсады. ## Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: * Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен. * Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады. Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті. 1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты. 1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады. Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті. ## Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді. 1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды. 1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды. Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.) Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды. 1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды. Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: - Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. - Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. - Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.Кеңес үкіметі ## Кеңес Одағының ыдырауы 1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті. ## Дереккөздер:
Бақ Назарұлы, Бақ батыр, Жалпақ батыр (туған-өлген жылы белгісіз) - қазақ батыры. Руы Тама. Бақ - ерекше жауырынды, кең иықты, нардай зор жігіт болыпты. Оның сыртқы келбетіне қарап жеңгелері атын тікелей атамай, тергей атап Жалпақ деп еркелете айтатын болған дейді. Осыдан Бақ аты тікелей аталмай, Жалпақ атымен тарихта қалады. Бақтың апасы Аман хан әулетіне ұзатылған. Аман апасынан туған сұлтан (Өкінішке орай, әңгіме айтушылар толық атын атай алмай, бірде Қанішер Абылай десе, бірде Тәуке деп отырды) да хан тағына отырған. Қазақтың тарихында Салқам Жәңгір атанған хан қайтыс болғаннан соң, оның екі баласы Уәлибақы мен Тәуке таққа таласады. Хан кеңесі Тәукені хан көтеріп, таққа отырғызады. Тәуке де өзінің маңына өзі секілді жаужүрек, алған бетінен қайтпайтын, «Сен тұр, мен атайын» дейтін қас батырларды жинаған. Сондай жандардың бірі, Тәукенің айтулы батырларының бірі болған Бақ батыр. Батырдың жауынан тайсалмайтын көзсіз мінезіне, қайталанбас ерлігіне сүйсінген хан оған Сырдың бойынан қыстау, Қаратаудың теріскейінен жайлау бөліп береді. Бұл кезеңде Тәуке хан Тәшкенді мекен қылады екен. Тәуке өлгенннен соң Бақ батыр Сауран жағына қарай көшіп кетеді. 1723 жылы жоңғарлар Сауранды алғанда Бақ батыр шегінген елмен бірге Хиуа жағына өтіп кетеді. Араға бірер жыл салып, өзінің отаны Сауранға қайтып келеді. Қаратаудың Суындық асуынан өткен жерінде «Бақтың бауы» деген бау бар. Басы таудан басталып, Сауранның түбінен өтіп Сырға құятын өзенді «Бақтық өзені» деп атайды. Осы өзеннің бойымен Бақтың көші жүрген көрінеді. Жайлауы мен қыстауын жалғастырар жол секілді бұл өзен. Бақ (Жалпақ) батыр Сырдың бойын қыстап жүрген. Оның қарауындағы елдің бір сәт балық аулап, маңайын тамақтандырғаны айтылады. Арал теңізінің шығыс бетінде Жалпақ атты арал болған. Қазір теңіз тартылғандықтан жермен теңесіп кеткен. Сол арал Бақ (Жалпақ) батырдың иелігіндегі жерлердің бірі еді деседі. Бақ батырдың артынан тараған ұрпақтары - Тама тайпасының Дәулеткелді руының Жалпақ деген аталығын құрайды. Олар Түркістан облысының Созақ ауданын мекен етеді. ## Дереккөздер
Құлахмет Халменов - (15.10.1926 жылы, Қызылорда облысы, бұрынғы "Коммунизм" ауылы) - ішкі істер қызметінің генерал-майоры (1970), заң гылымының кандиданты (1972), КСРО Ішкі істер қызметіне еңбегі сіңген қызметкер (1962). ## Еңбек жолы Халменов еңбек жолын халық сотының хатшысынан бастады. Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы 1 жылдық мектебін (1945 ж), КСРО Ішкі істер министрлігінің Москвадағы жоғарғы мектебін бітірген (1948-50). 1958 жылға дейін Халменов Қазақ КСР-і Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жауапты қызметте болды. 1958-59 жылдар аралығында Алматы облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды. 1960-67 жылдар аралығында Жамбыл, ал 1968 ж. Шымкент облысы Ішкі істер басқармасының бастығы. ## Марапаттары Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шымыр батыр, Шымыр ата (туған-өлген жылы белнісіз) — Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие. Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек (ұлы бек) атағына ие болған. Шымырдан шынқожа, бекболат, темірболат рулары тарайды.Олардың ішінен ел мақтанышына айналған шешендер, билер, батырлар, датқалар, қоғам қайраткерлері (Қойгелді батыр, Байзақ датқа, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, тағы басқа) шықты. Шымыр батыр Ташкент қаласының маңында жерленген. Қабірінің басына 2000 жылы кесене тұрғызылды. ## Дереккөздер
Сейіткәрім Серкеұлы Момышев (1951 жыл, Жамбыл облысы) — қазақ мүсіншісі. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1976). Ол Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы мектептегі "Төле би мүсіні", №12 Керімбай атындағы мектептегі "Керімбай", Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында қойылған Тұрар Рысқұлов мүсіндерінің авторы. 1998 ж. Шымкент қаласында өткен бірінші халықаралық симпозиумда дипломат атанды. 2003 ж. А.С.Пушкин ескерткішіне жарияланған облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды. ## Дереккөздер
Бақ Назарұлы, Бақ батыр, Жалпақ батыр (туған-өлген жылы белгісіз) - қазақ батыры. Руы Тама. Бақ - ерекше жауырынды, кең иықты, нардай зор жігіт болыпты. Оның сыртқы келбетіне қарап жеңгелері атын тікелей атамай, тергей атап Жалпақ деп еркелете айтатын болған дейді. Осыдан Бақ аты тікелей аталмай, Жалпақ атымен тарихта қалады. Бақтың апасы Аман хан әулетіне ұзатылған. Аман апасынан туған сұлтан (Өкінішке орай, әңгіме айтушылар толық атын атай алмай, бірде Қанішер Абылай десе, бірде Тәуке деп отырды) да хан тағына отырған. Қазақтың тарихында Салқам Жәңгір атанған хан қайтыс болғаннан соң, оның екі баласы Уәлибақы мен Тәуке таққа таласады. Хан кеңесі Тәукені хан көтеріп, таққа отырғызады. Тәуке де өзінің маңына өзі секілді жаужүрек, алған бетінен қайтпайтын, «Сен тұр, мен атайын» дейтін қас батырларды жинаған. Сондай жандардың бірі, Тәукенің айтулы батырларының бірі болған Бақ батыр. Батырдың жауынан тайсалмайтын көзсіз мінезіне, қайталанбас ерлігіне сүйсінген хан оған Сырдың бойынан қыстау, Қаратаудың теріскейінен жайлау бөліп береді. Бұл кезеңде Тәуке хан Тәшкенді мекен қылады екен. Тәуке өлгенннен соң Бақ батыр Сауран жағына қарай көшіп кетеді. 1723 жылы жоңғарлар Сауранды алғанда Бақ батыр шегінген елмен бірге Хиуа жағына өтіп кетеді. Араға бірер жыл салып, өзінің отаны Сауранға қайтып келеді. Қаратаудың Суындық асуынан өткен жерінде «Бақтың бауы» деген бау бар. Басы таудан басталып, Сауранның түбінен өтіп Сырға құятын өзенді «Бақтық өзені» деп атайды. Осы өзеннің бойымен Бақтың көші жүрген көрінеді. Жайлауы мен қыстауын жалғастырар жол секілді бұл өзен. Бақ (Жалпақ) батыр Сырдың бойын қыстап жүрген. Оның қарауындағы елдің бір сәт балық аулап, маңайын тамақтандырғаны айтылады. Арал теңізінің шығыс бетінде Жалпақ атты арал болған. Қазір теңіз тартылғандықтан жермен теңесіп кеткен. Сол арал Бақ (Жалпақ) батырдың иелігіндегі жерлердің бірі еді деседі. Бақ батырдың артынан тараған ұрпақтары - Тама тайпасының Дәулеткелді руының Жалпақ деген аталығын құрайды. Олар Түркістан облысының Созақ ауданын мекен етеді. ## Дереккөздер
Нұролла Ғарифоллаұлы Фазлаев ( 1909 жылы туған, Татарстан, Мочалей ауылы - 1997 жыл) - Кеңес Одағының батыры (10.04.1943). Ұлты - татар. 253 инженер-құрылыс батальоны құрамында болды. Днепрден және Одерден өту кезінде асқан ерлік көрсетті. Қызыл Тулы 19-шы Ровно инженер-саперлік бригаданың бөлімдері құрамында Сандомирск плацдармы үшін жүргізілген ұрыстарға қатысты. ## Марапаттары Ленин орденімен, 2 дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталды. ## Соғыстан кейінгі өмірі Соғыстан кейін Тараз қаласында тұрып жұмыс істеді. ## Тағы қараңыз * Кеңес Одағының Батыры ## Дереккөздер
Үй қоянын өсіру — ет, тері, түбіт алу мақсатында қоян өсіретін мал шаруашылығының бір саласы. Қазақстанда жеке үй шаруасында үй қоянын өсіру 1927 — 29 жж. өріс алды. 1970 ж. қоян өсіруші әуесқойлардың ұйымы құрылып, олар жеке адамдардың тұқымдық қоян, азық, зоотехникалық-малдәрігерлік көмек алуларына көмектесті. Үй қояндары өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 3 — 4 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Көжектері тез жетіліп, 4 — 5 айлық кезінде шағылысады. Жылына бір ұрғашы қояннан 60 — 70 кг ет, 1,5 кг түбіт алынады. Қоянның еті дәмді, тез қорытылатындықтан жас балаларға, кәрі адамдарға және асқазан, бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңіл, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады. Түбітті тұқымынан жылу өткізгіштігі меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейтін жіңішке, жұмсақ түбіт алынып, әр түрлі тоқыма бұйымдары дайындалады. Жеңіл терісінен аяқ киім, галантерея бұйымдары, құлағы мен табанынан желім, қарнынан ұлтабар ферменті жасалады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде үй қоянын зертханалық жануар ретінде әр түрлі тәжірибелер жүргізуге пайдаланады. Қоянның етті-терілі тұқымдарына: кеңес мардері, шиншилла, шампань, т.б. жатады. Етті тұқымдарына: үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, күміс түсті, қара қоңыр, үлпілдек жүнді ақ қоян, т.б., түбітті қояндарға татар қояны және ангор қоянын жатқызады. Ү. қ. ө. гигиенасы — үйшіктерін құрғақ, суық желден таса жерге орналастыру, жаз айларында ұрғашы қоян жатқан жер желдетіліп тұруы, астын үнемі тазалап тұру қажет. [ ## Дереккөздер
‎‎ Көксарай су қоймасы — Түркістан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 километр төмен, Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 2008—2011 жылдары аралығында салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан. ## Сипаттамасы Қарсы реттегіш Түркістан облысы Арыс ауданы Ақдала және Задар ауылдық округтерінің аумағында, Сырдария өзені бойындағы Шардара су қоймасынан 160 шақырым төмен, Көксарай кентінің оңтүстігінде салынған. Су қоймасының жобалық көлемі - 3 млрд м3, су айдынының ауданы - 467,5 км2, арналық бетон бөгетінің шығыны - 1800 м3/с, ұзындығы 16 км жеткізу арнасының өткізу қабілеті-500 м3/с. су қоймасының бөгетінің ұзындығы 44,7 км, орташа биіктігі-7,7 м, өткізу қабілеті 500 м3 болатын ұзындығы 10,2 км су арнасы . ## Тарихы Құрылыс қажеттілігі Сырдарияның су ресурстарын пайдалану кезінде Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арасындағы өткір экономикалық келіспеушіліктерге байланысты болды. Жазғы суару маусымдарында Шардара су қоймасында және одан шығатын Сырдария өзенінде, әдетте, су жетіспейді (оны Өзбекстан мен Тәжікстан өзені бойындағы егістіктерді суаруға тосқауыл қояды) және Оңтүстік Қазақстанда жүздеген гектар егістіктер өсірілмейді немесе өте өнімсіз. Қырғызстан 1993 жылдан бастап Нарын өзеніндегі Тоқтоғұл су қоймасынан (19,5 км³) су өткізудің ирригациялық-энергетикалық режимінен энергетикалық режимге көшті және қыста суық мезгілде Тоқтоғұл ГЭС-ін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жылдық су жинаудың 55% - (25% орнына) төгіп жатыр. Осы кезеңде суару үшін талап етілмеген су Шардара су қоймасын (5,7 км³) басып, бөгеттің жарылып кетуіне қауіп төндірді. Егер осы судың барлық артық мөлшерін Сырдарияға тастасақ, бұл сөзсіз Қызылорда мен өзеннің төменгі ағысындағы кенттерді су басуына әкеп соғады. 1969 жылғы үлкен су тасқынынан бастап артық су (бір жылда бірден 21 км³) Мәскеудің бұйрығымен олар Шардарадан Өзбек КСР аумағындағы Арнасай ойпатындағы көршілес ағынсыз Айдаркөл көліне тастала бастады. 2005 жылы оның көлемі 44,3 км³-ке жетті және ол толып кетті. Енді Қазақстанға Өзбекстанның су тасқыны кезінде Айдаркөл суын шұғыл түсіруге рұқсаты қажет. Үш елдің бір-бірімен келіссөздер жүргізуге бірнеше рет жасаған әрекеттері нәтижеге әкелмеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім орындалмайды. 2008 жылдың көктемінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы кезекті су тасқыны 3 мыңнан астам үй мен әлеуметтік нысандарды қиратты, бұл мемлекеттің 130 млн долларға қалпына келтіру шығындарына әкеп соқтырды. Бұл, сайып келгенде, Қазақстанды контррегулятор жобасымен айналысуға мәжбүр етті. Су қоймасының құрылысы 2008 жылы басталды. Жұмыстың негізгі көлемі 2010 жылы аяқталды.2010 жылдың көктемінде су қоймасы көлемнің үштен біріне толды. 2011 жылдың басында контррегулятор өзінің алғашқы 2 км3 суын қабылдап, Қазақстанның оңтүстігін қажетсіз су тасқынынан құтқарды. Қауіпті кезеңде жиналған артық су ирригациялық кезеңде Сырдария арнасы бойынша біркелкі түсірілді, бұл кеуіп жатқан аралда су қорын толықтыруға мүмкіндік берді. 2011–2012 жылдардың қысында Сырдария бойынша ағын 1200–1500 м³/с құрады, наурыз айының соңына қарай контрреттегіште 3,1 км³ су жиналды, бұл 51 кентті су тасқынынан қорғауға және Сырдария арқылы Кіші Аралға жазғы түсу үшін су жинауға мүмкіндік берді.2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында болған үлкен су тасқынына байланысты Көксарай контррегуляторы Шардара су қоймасы өткелдерінің жартысын ғана жинақтай алды, сондықтан Оғызсай ойпатында су қоймасын салу қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. ## Толтыру Толтыру: 2010 жылдан 2013 жылға дейін Көксарай су қоймасының тостағанында Сырдария өзенінің 9 км3 астам суы жинақталған, оның ішінде 2010 жылы — 0,91 км3, 2011 жылы — 2,30 км3, 2012 жылы — 3,14 км3, 2013 жылы — 3,02 км3. 2017 жылы жауын-шашынның көп болуына байланысты Шардара және Көксарай су қоймалары толығымен толтырылды, ал Өзбекстанда Арнасайда су қабылдауға мүмкіндік болмады. Сырдарияның төменгі ағысындағы су ағынының жылдамдығы 1800-2000 м3/с құрады, тұрғын аудандар мен егістіктерді су басу қаупі туындады, төрт ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қазақстанда қосымша су қоймасын салу мәселесіне қайта оралды, көлемі 0,6 км3 Күміскеткен шатқалында су қоймасын құру мүмкіндігі қарастырылды. ## Дереккөздер
Бұзау Жарасұлы, Бұзау батыр, Жанжігіт Жарасұлы (1700 жыл, қазіргі Хромтау ауданы аумағы - 1780 жыл, Түркістан қаласы)- қазақ батыры. ## Өмірбаяны 1730 жылы Әбілқайыр хан батыс аймақты орысқа бодандыққа беріп, бекініс салуға келісім бергеннен кейін, шұрайлы жерлерінен айырылған қазақтар малына өріс, өзіне қоныс іздей бастайды. Алдымен Ақтөбе өңіріне аяқ тіреп, ағайын ақылдаса келе Қызылқұм асып, Сыр бойын жайлауға ниет қылады. Шөбі шүйгінді, тұрмысқа қолайлы түбекті таңдайды. Дарияның малға жайлы жағасы Бұзауға құт боп бітеді. Төрт түлігі еселеніп, дәулеті артады. Содан болар, бұл жер бүгінге дейін Бұзау түбегі аталып келеді. Сырдария өзенінің Оңтүстік пен Қызылорда облысының шекаралас, Түркістан қаласына қарасты Майдамтал ауылының аумағында орналасқан. Қартайғанда жиған малын інісі Қосбармаққа аманаттап, өзі дін жолын ұстанады. Елге исламды насихаттап, рухани бірлікке үндейді. Құймақұлақ қарттардың айтуынша, бүгінге дейін Бұзау батырдың өнегелі жолы, ел ішіндегі құрметі, батырлығы, дуалы ауыздығы ауызекі тілде жеткізілгенімен, тарихи зерттеулерге арқау болғаны некен-саяқ. Әлі де болса Орынбор мұрағатында батыр жайында сақталған деректер баршылық. Оның есімі сол кездегі Барақ, Рәмет батырлармен қатар аталған. Әбілқайырға қарсы шығып, орысқа байланған бодандықтан қашқан Бұзаудың тарихын зерттеу кешегі кеңес заманында тарихшылар үшін отқа түсумен бірдей еді. Есесіне ата-бабадан жалғасқан шежірелік әңгімелерде оның қалмақ-жоңғарлармен болған ұрыстардағы батырлық болмысы кең ашылады. Абылай – хан сайланғаннан кейін жер-жерлердегі көшпенді халықтың бетке ұстар батырларын елдің тұтастығын сақтау жолындағы келелі мәслихатқа жинағанда оған Сырдың бойындағы Бұзау да шақыртылады. Мәжілісте дүркін-дүркін атойлап тұратын қалмақ-жоңғардың соққысына Бұзау батырға да қалың қолымен тойтарыс беруді тапсырады. Осындай қиян-кескі шайқастарда батырлығымен ерекше көзге түскен Бұзауға Абылай інілік ілтипатын білдіріп, сенімді серігіне айналады. Ер Мұқам пірге бас иіп, Йассауи кесенесіне шырақшы болады. Қалған өмірін тақуалыққа арнап, 1780 жылы дүние салады. Абылай хан ескі үзеңгілес досының жаназасына қатысып, мүрдесін кесенедегі батырлар жатқан орынға жайғастырады. Келесі жылы хан бабамыздың өзі де өмірден озып, бейіті Бұзаумен қатар қойылады. Мүрденің аяқ жағына Бұзау батырдың есімі айшықталған тасты бертінге дейін тұрғанымен, қазыргі уақытта жоғалып кеткен. ## Батыр туралы жазбалар Бұзау батыр жөніндегі аңыз * Сүлеймен Тәбірізұлының "Созақ өңірі" кітабына * П.Дүйсенбиннің «Үркердей болып көшкен жұрт» жинағына * Н.Рахымжановтың "Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма" кітабына енген. ## Ұрпақтары Бұзау атымен Дәулеткелді руының бір тармағы аталады. Бұзаудан: * баласы Бижігіт Бұзауұлы батыр; * әйгілі Сүгір күйші; * Жаппас Қаламбаев сынды қобызшы, күйші-композитор; * Сегізбайұлы Сағындық (Сегизбаев Сагындык) Қазақстанның құрметті теміржолшысы Ленин орденінің иегері; * Дәулескер күйші Ергентай Борсабайұлы; * белгілі кәсіпкер Сыздық Борсабаев (Қарабура кесенесі басындағы бураның мүсінін жасатқан осы кісі); * белгілі шаруашылық қайраткері Колхоз Сағындықов; * Тоқабай Ерімбетұлы секілді жандар бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақ батырлары ескерусіз қалмаса екен(қолжетпейтін сілтеме)
Бұзау Жарасұлы, Бұзау батыр, Жанжігіт Жарасұлы (1700 жыл, қазіргі Хромтау ауданы аумағы - 1780 жыл, Түркістан қаласы)- қазақ батыры. ## Өмірбаяны 1730 жылы Әбілқайыр хан батыс аймақты орысқа бодандыққа беріп, бекініс салуға келісім бергеннен кейін, шұрайлы жерлерінен айырылған қазақтар малына өріс, өзіне қоныс іздей бастайды. Алдымен Ақтөбе өңіріне аяқ тіреп, ағайын ақылдаса келе Қызылқұм асып, Сыр бойын жайлауға ниет қылады. Шөбі шүйгінді, тұрмысқа қолайлы түбекті таңдайды. Дарияның малға жайлы жағасы Бұзауға құт боп бітеді. Төрт түлігі еселеніп, дәулеті артады. Содан болар, бұл жер бүгінге дейін Бұзау түбегі аталып келеді. Сырдария өзенінің Оңтүстік пен Қызылорда облысының шекаралас, Түркістан қаласына қарасты Майдамтал ауылының аумағында орналасқан. Қартайғанда жиған малын інісі Қосбармаққа аманаттап, өзі дін жолын ұстанады. Елге исламды насихаттап, рухани бірлікке үндейді. Құймақұлақ қарттардың айтуынша, бүгінге дейін Бұзау батырдың өнегелі жолы, ел ішіндегі құрметі, батырлығы, дуалы ауыздығы ауызекі тілде жеткізілгенімен, тарихи зерттеулерге арқау болғаны некен-саяқ. Әлі де болса Орынбор мұрағатында батыр жайында сақталған деректер баршылық. Оның есімі сол кездегі Барақ, Рәмет батырлармен қатар аталған. Әбілқайырға қарсы шығып, орысқа байланған бодандықтан қашқан Бұзаудың тарихын зерттеу кешегі кеңес заманында тарихшылар үшін отқа түсумен бірдей еді. Есесіне ата-бабадан жалғасқан шежірелік әңгімелерде оның қалмақ-жоңғарлармен болған ұрыстардағы батырлық болмысы кең ашылады. Абылай – хан сайланғаннан кейін жер-жерлердегі көшпенді халықтың бетке ұстар батырларын елдің тұтастығын сақтау жолындағы келелі мәслихатқа жинағанда оған Сырдың бойындағы Бұзау да шақыртылады. Мәжілісте дүркін-дүркін атойлап тұратын қалмақ-жоңғардың соққысына Бұзау батырға да қалың қолымен тойтарыс беруді тапсырады. Осындай қиян-кескі шайқастарда батырлығымен ерекше көзге түскен Бұзауға Абылай інілік ілтипатын білдіріп, сенімді серігіне айналады. Ер Мұқам пірге бас иіп, Йассауи кесенесіне шырақшы болады. Қалған өмірін тақуалыққа арнап, 1780 жылы дүние салады. Абылай хан ескі үзеңгілес досының жаназасына қатысып, мүрдесін кесенедегі батырлар жатқан орынға жайғастырады. Келесі жылы хан бабамыздың өзі де өмірден озып, бейіті Бұзаумен қатар қойылады. Мүрденің аяқ жағына Бұзау батырдың есімі айшықталған тасты бертінге дейін тұрғанымен, қазыргі уақытта жоғалып кеткен. ## Батыр туралы жазбалар Бұзау батыр жөніндегі аңыз * Сүлеймен Тәбірізұлының "Созақ өңірі" кітабына * П.Дүйсенбиннің «Үркердей болып көшкен жұрт» жинағына * Н.Рахымжановтың "Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма" кітабына енген. ## Ұрпақтары Бұзау атымен Дәулеткелді руының бір тармағы аталады. Бұзаудан: * баласы Бижігіт Бұзауұлы батыр; * әйгілі Сүгір күйші; * Жаппас Қаламбаев сынды қобызшы, күйші-композитор; * Сегізбайұлы Сағындық (Сегизбаев Сагындык) Қазақстанның құрметті теміржолшысы Ленин орденінің иегері; * Дәулескер күйші Ергентай Борсабайұлы; * белгілі кәсіпкер Сыздық Борсабаев (Қарабура кесенесі басындағы бураның мүсінін жасатқан осы кісі); * белгілі шаруашылық қайраткері Колхоз Сағындықов; * Тоқабай Ерімбетұлы секілді жандар бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақ батырлары ескерусіз қалмаса екен(қолжетпейтін сілтеме)
Ақшатау болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Керней болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы. ## Тарихы 1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Нұра, Тоқырауын, Шұлым болыстарымен Кедей болысына біріктірілді. ## Халқы Керней руы — Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру. Қаракесек — Ақша — Бошан — Машай — Бораншы — Тілеулі — Керней. Кернейден 4 ата тарйды: Балапан, Шаң, Дау (Балта, Түйте), Самырза. Халқы Қаракесек руына кіретін Керней руынан құралды. 1884 жылдағы Керней бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны: * Шаң 350 * Балапан 226 * Балта 300 * Түйте 350 * Барлығы 1226 ## Шежіресі ## Территория Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінісі 8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді: ## Құрылтай * 2005 жылы тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде 170 киіз үй тігілген құрылтай өтті. Ақжал кенті маңында Алматы-Екатеринбург жолының бойында Кернейге ескерткіш белгі қойылды. * 2015 жылы 8 тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай өтті. * 2025 жылы тамыз айының басына Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай жоспарлануда. ## Қоғамдық қайырымдылық қоры «Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қоры 05.11.2003 жылы құрылған. Басшысы Төрехан Майбас ## Өлең Көкбөрі Керней бабаСөзі мен әнін жазған: Оралтай Сүлейменов ## Тұлғалар ## Дереккөздер ## Әдебиет * Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3 * Қазкен Қалиұлы Томпиевтің «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары». — Алматы, 2012 * https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5 ## Сыртқы сілтемелер * http://baq.kz/regional_media/post/463 * http://alashainasy.kz/shezhire/bes-meyram-emes-bes-boshan-60642/ * http://www.abai.kz/post/view?id=2479 * http://inovainvest.ru/delenie-argynov-311.html Мұрағатталған 24 наурыздың 2020 жылы. * http://news.ivest.kz/47226466-pohod-na-turkestan * https://qamba.info/site/book/online/rta-zhuz-rw-taipalary-twraly-angyzdar/content/content_1.xhtml/ Мұрағатталған 13 тамыздың 2018 жылы.
Өтепбергенов Асқар (1914, Маңғыстау ауданы Оңды ауылы – 1991) – еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. ## Өмірбаяны 1935 – 1969 жылдар аралығы - «Екпінді» серіктестігінде есепші, Оңды ауылдық кеңесінің төрағасы, Жаңақорған ұжымшарында басқарма төрағасы, Ленин атындағы ұжымшарда сиыр фермасының меңгерушісі болды. ## Марапаттары * "Қызыл жұлдыз" ордені (1945). * "Еңбек Қызыл Ту" ордені (1946). * Ленин атындағы орден (1950). * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасы. ## Дереккөздер
Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитеті — Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық партия ұйымының басқару органы (1940-1991). Жамбыл облысы Қазақ КСР құрамында 1939 жылы 14 қазанда орталығы Жамбыл қаласы болып Оңтүстік Қазақстан облысының бір бөлігінен құрылды. 1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Шымкент және Қызылорда облыстарымен бірге Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында болды. ## Облыстық комитеттің бірінші хатшылары * 1940—1945 — Михаил Ткаченко * 1945—1952 — Ізмұхамед Еділбайұлы * 1952—1957 — Шолақ Артығалиұлы * 1957—1959 — Махмұт Сапарғалиұлы * 1959—желтоқсан 1962 — Асанбай Асқарұлы * Желтоқсан 1962—желтоқсан 1964 — (ауылдық) Асанбай Асқарұлы * Желтоқсан 1964—1965 — Асанбай Асқарұлы * 1965—1970 — Бименде Садуақасұлы * 1970—1971 — Мұстақым Ықсанов * 1971—маусым 1972 — Мұқатай Жұрмұхамедұлы * Июнь 1972—ақпан 1983 — Хасан Бектұрғанов * Ақпан 1983—3 желтоқсан 1988 — Әнуар Жақыпов * 3 желтоқсан 1988—12 маусым 1990 — Сәбит Байжанов * 12 маусым 1990—7 қыркүйек 1991 — Өмірбек Бәйгелдіұлы ## Тағы қараңыз * Облыс әкімі ## Әдебиет * РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Қатағандар - Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпа. Рәшид әд-Дин қатағандарды көшпелі ру - қатақин деп атап, оларды Алұн гоаның үлкен ұлы Бугунхатакидан таратады. Бір қатар зерттеушілер (Х. Арғынбаев) соған байланысты қатағандар Түркістанда тек Шыңғыс хан дәуірінде, Шағатай сарбаздарының құрамында соларға қызмет етіп, пайда болған деген болжам жасайды. XVII ғасырдың бас кезінде Ташкент билеушісі Тұрсын хан әскерінің негізін қатағандар құраған. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіргенде бүлікшіге тірек болған, қазаққа қарсы қылыш көтерген қатаған руын да қырып жіберген, тірі қалғандарына қысымшылық көрсеткен. Қудалауға ұшыраған қатағандар ыдырап, біраз бөлігі өзбек халқына және қазақтардың Ұлы жүзінің шанышқылы тайпасына сіңісіп кеткен. Кейбір шежіре деректеріне қарағанда, қатағандар ысты тайпасының құрамына, қоңырат тайпасындағы жетімдер руына да араласқан. Қатаған қырғыны Есім ханның жеңісі емес, бүкіл қазақ ордасының орны толмас қасірет болды. ## Дереккөздер
Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары (1939 ж- 1991 ж) ## Тізім ## Дереккөздер
Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, спортшы-жүзгіш, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы. ## Білімі * Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген. * М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген. * Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген. ## Қызмет жолы * 1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі; * 2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы; * 2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі; * 2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі; * 2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі) * 2010-2011 - «КТК» телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасының жүргізушісі; * 2011 – 2014 – «КТК» телеарнасында «Астарлы ақиқат» бағдарламасының авторы және жүргізушісі; * 2011-2012 – «Ретро – FM» радиостансасының қазақ тіліндегі жаңалықтар қызметінің жетекшісі. * 2015 жылдан «КТК» телеарнасында «Эксперимент» бағдарламасының жүргізушісі; ## Қоғамдық қызметі * Алматы қаласында 2015 жылы 30 мамырда өткен айбынды аналардың алғашқы «Anashym» форумының ұйымдастырушысы, идея авторы. * Республикалық іс-шаралар (фестиваль, концерт т.б) жүргізушісі; ## Марапаттары * 2003 жыл. «Кольцо Евразии» халықаралық ақпараттық форумының лауреты; * 2004 жыл. «Время новостей» тәуелсіз БАҚ Республикалық байқауының «Ақпараттық бағдарламадағы күннің ең үздік репортажы» номинациясы бойынша жеңімпазы; * 2007 жыл. «Шабыт» халықаралық фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша лауреаты; * 2012 жыл. «Нұр Отан» ХДП «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының «Көзқарас» номинациясы бойынша лауреаты; * 2012 жыл. «Cosmo FFF» бәйгесі бойынша «Жыл тележүргізушісі» марапатын алған; * 2013 жыл. «Қазақстан Журналистер Одағы» «Астарлы ақиқат» бағдарламасын «Жылдың ең үздік бағдарламасы» деп таныды; ## Көзқарасы және қызығушылықтары * Үлгі тұтар журналистері: Тілеуғабыл Мыңжасар, Ларри Кинг, Опра Уинфри, Познер. * Адам бойында бағалайтын қасиеттері: адалдық, табандылық, қайсарлық * Тауға шығу. Жаяу треккинг: Қазақстан жастары Конгресінің шыңы (4030м); Мәншүк Мәметова шыңы (4194м); Күмбел шыңы (3200 м) және т.б * Хореография: Нұсқаушы хореограф; «Айгөлек» балалар хореографиялық ансамбілінің 12 жыл қатысушысы; Түркия, Болгария, Кипр, Ресей, Украина елдерінде өткен халықаралық би фестивальдерінің лауреаты; * Шахмат: 2-ші разрядты шахматшы; ОҚО құрама командасының мүшесі; * Айкидо: қызыл белбеу иегері; * Тоқыма; * «Монтессори» ілімі; ## Отбасы * Әкесі: Исматулла Төлепберген – техника саласы қызметкері; * Анасы: Зейнегүл Тулеева – дәрігер; * Сіңлісі: Еңлік * Отбасылық жағдайы: тұрмыста; * Балалары: ұлы бар, 2 жаста; ## Әлеуметтік желі парақшалары * https://www.facebook.com/dinatvkz?fref=ts * https://instagram.com/dina_tolepbergen/ ## Дереккөздер * https://www.youtube.com/watch?v=w8-sT_OTjT0 * https://www.youtube.com/watch?v=TBvCFRmgzHQ * https://www.youtube.com/watch?v=gmQaS4nF4xw * https://www.youtube.com/watch?v=taAG3WOeI8Q * http://www.ktk.kz/ru/archive/ToiBestStar/33536(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.ktk.kz/ru/news/video/2012/11/30/20160 * http://news.headline.kz/politics/dina_tulepbergenovavsya_nasha_jizn_sploshnoy_geroizm_i_materialyi_dlya_syujetov_.html(қолжетпейтін сілтеме) * http://www.kp.kz/beauty/1295-2012-12-06-05-58-00 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * http://kz.otyrar.kz/2012/10/dina-tөlepbergenova-otyrarғa-kelmegende-zhurnalist-bolmas-edim/ * http://www.on.kz/u23888/blogpost/34331/ Мұрағатталған 14 сәуірдің 2017 жылы. * http://radiotochka.kz/9844-obschestvu-polezny-mamy-v-dekrete-dina-tulepbergenova.html Мұрағатталған 25 сәуірдің 2015 жылы. * http://detki.kz/interviews/dina-tulepbergenova-rebenok-moya-glavnaya-muza Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Шашыранды жанартау — Шашыранды конус саңылаудан шыққан, еріген лавадан пайда болады. Газдың сығымдалуы әсерінен лава атқылағанда пайда болатын субұрқақ тәрізді сұйықтық жан-жаққа шашырап, түрлі үйінділердің пайда болуына ықпал етеді. Олар "лава шашырандысы" деп аталады. Атқылаған кезде сұйық болғанымен, қатқан кезде шашырандылардың пішіндері әр-түрлі болып өзгереді. Шашыранды конустар - магмасы өте сұйық, конус тәрізді жанартауларға жатады. Мұндай жанартауларды Гавай аралдарынан кездестіруге болады.
Бектұрсын Аманқұлұлы Қалиев (1969 жылы, Шорнақ ауылы Түркістан ауданы, Түркістан облысы) - ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, лингвист. ## Қызметтік жолы Филология ғылымдарының кандидаты, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 1990-1995 жылдары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, филология факультетін үздік дипломмен бітірген.2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Абай өлеңдеріндегі ұйқастың фономорфологиялық құрылымы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1995-2001 жж. Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, 2001-2008 жылдар аралығында аға оқытушы қызметін атқарды.2008 жылдан ҚарМУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып жұмыс істейді. ## Зерттеулер Қазіргі уақытта қауымдастырылған профессор Бектұрсын Аманқұлұлы қазақ тіліндегі фонетика және морфонология мәселелерімен айналысып келеді. «Ұйқастың лингвистикалық сипаты» (2014) монографиясының, «Қазақ тілінің фонетикасы» (2012) атты оқу құралының, «Лингвистикалық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар» (2011), «Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар» (2011), «Диалектологиялық іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқаулар» (2012), «Қазақ тілі. 5-сынып. Қосымша оқу құралы» (М.Қ.Жәкібаев, Қ.Қ.Батталовамен бірге, 2018), «Ballad genre in Kazakh poetry: Monograph» (Ж.С.Рамазановамен бірге, ағылшын тілінде, 2022), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі: көркем мәтінді зерттеп оқу дағдысын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал» (Б.К.Исинамен бірге, 2022), «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқылым және мәтін талдау (мәтінді стильдік ерекшелігіне қарай талдау). Оқу-әдістемелік құрал» (Б.Қ.Исина, М.М.Сулейменовамен бірге, 2022) деген оқу-әдістемелік еңбектердің, 1 электронды оқу құралының және 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Диалект сөздер – тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, сіріңке-кеуірт, күкірт,шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-леген,жам, кірлен, шылаушын,тас. Жергілікті диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлігі говор деп аталады. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Шығыс говоры, Батыс говоры деген ұғым бар. Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше говор енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік бірлестіктегі ұжымның қатынас құралы болып табылатын тілдің бір түрі. Аумақтық диалект – бұл тілдің аумақтық шектелген және әдеби тілмен қатар қолданылатын түрі; тек ауызша формада ғана өмір сүреді және қатаң нормалары жоқ, стильдік тарамдарға бөлінбейтін тіл. Әлеуметтік диалект – бұл әлеуметтік немесе кәсіби бірлескен ұжымның қарым-қатынас құралы; негізінен лексика, семантикалық, фразеологиялық тұрғыдан ерекшеленеді, алайда фонетикалық және құрылысы бойынша әдеби тілден онша алыс кетпейді. ## Дереккөздер
Қарақұдық — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Бұлдырты ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 256 адам (127 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 139 адамды (70 ер адам және 69 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құланөтпес — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Құланөтпес ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен батысқа қарай 145 км-дей жерде, Қорғалжын қорығының оңтүстігінде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Спасск — Қарағанды облысы Абай ауданы, Құрма ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Облыс орталығы – Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде. ## Тарихы Спасск – революцияға дейін Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер. 1902 жылы Спасск мыс қорыту зауытында орыс-қырғыз мектебі ашылды. 1931 жылы наурызда Спасск Қарағандының еңбекпен түзету лагерінің қарамағына берілді (Қарлаг). 1948 жылы әскери тұтқындарды жаппай Отанына қайтару басталды. 1950 жылдың жазында КСРО ІІМ нұсқауы негізінде әскери тұтқындардың № 99 лагері біржола таратылып жойылды. Ауылдың оңтүстігіне қарай 10 км жерде Спасскіде қайтыс болған саяси және әскери тұтқындар зираты (Спасск мемориалы) бар. ## Халқы ## Дереккөздер
Қайыпов Арықтай Қайыпұлы - (10.10.1914, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қарақұдық ауылы – 25.12.1993, Алматы қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1968), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1972). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971), Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Қазақстанның және Орта Азияның металлогениялық картасын құрастырушылардың бірі. Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1939, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және аспирантурасын (1943) бітірген. 1939 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты Шұбартау геология партиясын басқарды. 1943–93 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, сектор жетекшісі, институт директорының орынбасары (1964–66), бөлім меңгерушісі болды. Арықтай Қайыпұлының негізгі ғылыми жұмыстары металлогения саласына арналған. Орталық Қазақстанда Ақмая сирек металл кен орнын ашқан. Арықтай Қайыпұлының Ащысай және Зырянов кендерінде жүргізген зерттеулері жаңа кентас қабаттарын табуға, кендердің жалпы қорын анықтауға мүмкіндік беріп, Алтай қаласында қорғасын комбинатының салынуына негіз болды. Комбинаттың жаңа шикізат қорын тауып, үздіксіз жұмыс істеуіне үлкен үлес қосты. Оның Жетісу Алатауында, Шығыстағы Миөзек – Құсмұрын металлогениялық белдемінде, Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің төм. палеозойдағы жанартаулық жыныстармен байланыстылығы Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды. Бұрынғы еңбектері бойынша докторлық диссертация қорғады. Арықтай Қайыпұлының басшылығымен 11 томдық «Металлогения Казахстана» монографиясы жарық көрді (1977–83). КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1985). Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. ## Дереккөздер
Бұлбүрең — Торғайтәрізділер отряды сандуғаш тұқымдастарға жататын шырылдақтар туысының дене мөлшері орташа ғана өкілі. Бұлбүрең шырылдақтың жоны нағыз бұлбұлдан айырғысыз, бірдей реңкті қызғылтсары қоңырқай болып келеді. Алайда оның қылығы нағыз шырылдаққа ұқсас; ол күннің көп бөлігін қалың өскен шөпте және бұталардың бұтағына қонақтап, ақырын ғана "ячкчк" деумен өткізеді. Әуені су бетінде ауа көпіршіктерінің жарылуынан аумайтын шөпілдеген дыбыстардан басталады, бұдан соң "зерррррр" немесе "зирррррр" типтес шытырлауға ауысады. Аталықтар күйттеу кезеңі қызған кезде тәулік бойы сайрайды. Дауысты дыбыстармен сайрау кезінде олар бұтаның немесе қамыстың ұшар басына қимылсыз қонақтап, басын жан-жағына бұрып қана сайрайтындықтан, құс бірде жақыннан,бірде алыстан сайрағандай болып естіледі. ## Дереккөздер
Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты 1933 жылы 1 ақпанда құрылған. Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары: қойдың, ешкінің, жылқы мен түйенің жаңа тұқымдарын өсіру және жетілдіру; қойды ұтымды бағу мен азықтандыру негізінде мал ш. өнімін көбейтудің әр аймаққа қатысты ғылыми негізделген үлгілерін жасау. Институт ғалымдары етті-сүтті, жартылай биязы жүнді, биязылау жүнді кроссбредті, етті-жүнді кроссбердті және етті-майлы бағытта өнім беретін 5 қой тұқымын, 22 тұқымішілік түрді, етті-сүтті бағыттағы 1 жылқы тұқымын шығарды, қой, ешкі және жылқы шаруашылықтарында 8 технологиялық әдіс өндіріске енгізілді. 11 патент алынып, 5 өнертабыс ұсынылды. Институтта 21 ғылыми докт., 36 ғылыми канд., Қазақстан ҰҒА-ның 1 акадидат және 1 корр. мүшесі жұмыс істеді. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 12 ғылыми докт. мен 50 ғылыми кандидаты даярланған. Ғалымдар зерттеулерінің нәтижелері 8 монографияда, 2 ғылыми еңбектер жинағында, 297 ғылыми мақалада және 12 ұсыныста баяндалды. ## Дереккөздер
Нүрпейісов Кеңес (15.3. 1935 жылы туған, Райымбек ауданы, Саты ауылы) — ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1980), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003; 1987 ж. — корреспондент мүшесі). 1957 ж. ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірді. 1958 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнологиялық институтыңда қызмет істейді. Нүрпейісов Қазақстан тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылым проблемалары жөнінде бірнеше монография, кітапша және 400-ге жуық ғылыми зерттеулер мақалаларын жариялады. Қазақстан мен Орта Азиядағы Азамат соғысы туралы 2 томдық құжаттар жинағын ("Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане". Документы и материалы, т. 1, 1963; т. 2, 1964), Қазақстандағы Қазан революциясының шежіресін (1967), Қазақстан ҒА Тарих, археологиялық және этнографиялық институтының Ақмола, Шығыс Қазақстан, оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облтарында жұмыс істеген ғылыми экспедицияларының зерттеу корытындыларын (в кн.: "Из истории соц. строительства в Казахстане", 1960; "Из истории Октябрь-ской революция и гражданской войны в Казахстане", 1962; "Из истории борьбы за власть Советов в Казахстане", 1963) жариялауға қатысты. 1982 ж. Қазақстан тарихының 5 томдық ужымдық жинағын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техникалық қайраткері (1998). 3 ғылымдары докторы, 25-тен аса ғылым кандидатын даярлады. 300-ден аса ғылым жобаларының, соның ішінде 20-дан аса монографияның авторы. ## Дереккөздер
Әмен Елемесұлы Тұяқов (1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында туған) - кеңестік және қазақстандық жеңілатлетші. Жеңіл атлетикадан КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері (1965). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Маңғыстау облысының құрметті азаматы. ## Толығырақ * Әмен Елемесұлы 1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген. * 1960 жылы Гурьев педагогикалық инистутының (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті)нің физика-математика факултетін бітірген. ## Еңбек жолы * 1960 жылы Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. * Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. * 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс меділінің иегері. * 1962 - 1963 жылдары және 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 200 м-ге жүгіруден алтын медалінің иегері. * 1962 - 1963 жылдары 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы. * 1963 - 1967 жылдары КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы. * 1966 жылы Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері Будапешт, Венгрия. * 1965 жылы кубок жеңімпазы. Штутгарт. Германия. * 1965 жылы АҚШ эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды. * 1966 жылы КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. * 1963 - 1967 жылдары Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу). * 1962 - 1967 жылдары Чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. * Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. * 6 рет КСРО рекордын жаңартты. * 1971 - 1992 жылдары Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер * 1992 - 1999 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды. ## Мемлекеттік марапаттары * Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. * 1965 жылы "Ұлы отан соғысына 20 жыл" медалі * 1965 жылы КСРОның "Құрмет белгісі" Ордені * 1965 жылы КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы берілді. * 1967 жылы "КСРО Қарулы күштерінe 50 жыл" медалі * 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі * 1997 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. * 2007 жылы елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды. * 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі * 2011 жылы Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы * ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған. * ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері. * Маңғыстау облысының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Пальма аралдары (араб.: جزر النخيل‎) — Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай эмиратында орналасқан үш жасанды арал: * Пальма Джумейра, * Пальма Джебель Али, * Пальма Дейра. 2014 жылдың қараша айында, тек Palm Jumeirah аяқталды. Бұл арал жарты ай қондырған құрма ағашына, нысанын қабылдайды. Аяқталған кезде, Palm Jebel Ali ұқсас пішінді өтеді; екі аралдар тұрғын үй, демалыс және ойын-сауық орталықтарының үлкен санына хост болады және Дубай қаласына емес қоғамдық жағажайлар 520 шақырым жалпы қосады. Palm Jumeirah құру кейін көп ұзамай 2001 жылы маусым айында басталды, Palm Jebel Ali жариялады және мелиорациялық жұмыстар басталды. Үшінші арал жоспарланған және құрылысы басталды, бірақ бұл жоба кейінірек және қайта Дейра аралы өзгертілді болатын. ## Құрылысы Palm Islands бельгиялық компаниясы, Ян De Nul және Нидерланды компаниясы, Ван Oord арқылы Парсы шығанағы түбінен тереңдету құм салынған жасанды аралдар бар. құм қажетті аймағына, жаһандық позициялау жүйесі басшылыққа түбін тереңдететін кемелерден, бастап шашатын. бүрку процесс, өйткені құм шашатын кезде ауада өндірілген кемпірқосақ сияқты доғалар сипаттамасы, приборларды ретінде белгілі. Әр Palm ның айналма Жарты сыртқы жиегі үлкен рок толқын тосқы болып табылады. Palm Jumeirah туралы толқын тосқы жартастың миллион жеті тоннадан астам бар; әрбір жыныс кран жеке орналастырылды, оның лауазымы сүңгуір қол қойып және жаһандық позициялау жүйесі үйлестіру берілген. Jan De Nul Group 2001 жылы Palm Джебель Али бойынша жұмыс істей бастады және Palm Джебель Али үшін мелиоративтік жоба 200-meter- қорғалатын, төрт шақырымға түбегінің құру кіреді 2006 жылдың соңына дейін аяқталады болды кең, он жеті шақырымдық ұзақ дөңгелек толқын тосқы. (Ішінара Jebel Ali кіреберіс арна түбін тереңдету жұмыстан шығарылған) мадақтауын болды рок, құм және әк 210.000.000 текше метр бар. Slope қорғау Works жыныстарының шамамен 10,000,000 текше метр бар. ## Экологиялық мәселелер Пальма аралдарының құрылыс шөгінді көлік және толқындық заңдылықтары бойымен, ауданы жануарлар әлемін өзгерістер нәтижесінде, жағалау эрозиясы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етті. Құрылысы бойынша қоздырып шөгінділер тұншықтырып мен зардап шеккендер жергілікті теңіз фаунасы мен өсімдіктер теңізінің жағалауында, төмен сүзеді күн сәулесінің саны азайды. Бойымен тұнба көлікте Нұсқалар, сондай-ақ аралдар жаңа обструкции жылжыту үшін шығанағы әрекет су өзгерген толқын үлгілерге күшейе түсті БАӘ жағалауының бойымен эрозияға құрылымындағы өзгерістер, әкеп соқты. Дубайдағы табылатындықтан экологтардың сүйікті себеп болды. Гринпис тұрақтылығын болмауына Palm Islands сынға алды, және Mongabay.com, орман сақтау жаңбыр арналған сайт, мәлімдей отырып, агрессивті Дубайдағы жасанды аралдар шабуыл болды: Дубай теңіз қоршаған ортаға елеулі өзгерістер көрнекі шрам қалдырып жатқан аралдар салу үшін құм тереңдету және redepositing нәтижесінде, Дубай шығанағы әдетте кристалдық су қатты бұлттанып айналды ила. Құрылыс қызметі жергілікті теңіз түрлерін, сондай-ақ азық-түлік үшін оларға тәуелді басқа да түрлерін қауіп төндіретін, маржан тастары, устрица төсек және теңіз шөп жер асты кен орындарын көму, теңіз тіршілік ету ортасын бүлдіру. Су Жоғарыда, жағажайлар табиғи ағымдардың бұзылуы бар нұқсан келтіреді, ал Oyster төсек, тұнба сонша екі дюйм қамтылған болатын. ## Галерея * * * * * * * * * *
Жолдасбаев Мүсілім (1895, Аршалы ауданы Кенетай ауылы – 1961) – еңбек ардагері, малшы. Социалистік еңбек ері (1948). 1929 жылы «Путь Ленина» ұжымшарына кірген. Вишнев (қазіргі Аршалы) ауданының «Путь Ленина» ұжымшарында бақташы, жылқы фермасының меңгерушісі (1953 – 59) болған. ## Пайдаланылған cілтемелер
Аңғалтатрең (лат. Charadrius morinellus) - орташа денелі (80-90 кило), дене бітімі мығым балшықшы құс. ## Сипаттамасы Дене жамылғысының реңі - қоңырқай түсті. Төсінің үстінен көлденең қоңыр, ақ және қара жолақтар өтеді, ал ақшыл бауырында қара дағы бар. Жерде шүрілдектер сияқты қысқа қадам жасап, жүгіреді. ## Мекені Еуразия және Азияның арктикалық және тау тундраларында мекендейді. Қазақстанда альпілік өсімдіктері мардымсыз, тасты-тасшақпалы тегіс алаңқайларда орын теуіп, Алтай және Сауыр биік тауларында ғана ұялайды. ## Ұялауы Үйірге тез жиналады, тіпті қадау-қадау қауымдастықта ұялайды. Аналығы салындыға 2-4 теңбіл жүмыртқаны тақыр жердегі ұяға салып, оны аталығы басады және балапандарды өргізеді. Аналықтар топтасып, жеке-жеке көшпенділік жасап ұшады. Оңтүстікке де аналықтар шілдеден-ақ алғаш ұшып кете бастайды. Қазақстанда сәуір-мамырдан тамыз-қыркүйекке дейін - 4-5 ай болады. Бұл құс аз зерттелген. ## Дереккөздер
Шаушүрілдек (лат. Charadrius dubius) — татреңтәрізділер отрядының шүрілдектер туысынын шағын денелі құс, денесінің ұзындығы 14-15 см, массасы 31-46 кг, қанатын 32-48 см аралығында қозғайды. Көп тараған аймағы Солтүстік Африка, Еуразия, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарының аралдарын мекендейді. Су жағасын, тірі жан аз аймақты мекен еткенді көздейді. Ал, жұбын тапқан мезетте, жерді айнала қозғалып жуандалған дыбыс шырқайды. Қазақстанда барлық жерге таралған. Малтатасты және құмдауыт қайраңдарға ұялайды. Көбінше тұқымын колония құру арқылы орналастырады. Оны жерге, кішігірім ойыс аймақтарға, ашық жерлерге құрады. Көбінше сәуір мен маусым айлар арасында жұмыртқа туады. Жұмыртқасының төрт түсі бар: палевті, ақ, құмды және тоқ түсті дақты. Жұмыртқа үстін күндіз аналық жынысты зуек басса, түнде аталық жынысты зуек басады. Балапан 24-27 күн ішінде жұмыртқаны жарып шығады. Жас зуектар 30 күннен кейін ғана ұшуға бейім болады. Қауіп төнген мезетте зуек домалақ пішінге айналып, жерде жатады, содан соң ғана ұшып кетеді. Көбінше жәндіктермен, яғни бунақденелілермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. ## Дереккөздер
Аққала — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Жиделі ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 69 км-дей жерде. ## Тарихы Аққала елді ме­кенінің құрылысы 1985 жылдан бас­талып, құрылысшылардың құр­метіне «Құрылысшылар поселкесі» деп аталған. 1989 жылы Шымкент об­лыстық атқару комитетінің қаулы­сы­на сәйкес, Арыс қаласына қарасты «Аққала» жеміс-жидек кеңшары болып қайта құрылған. Арыс алқабындағы елді мекендер мен жер-су атауларына байланысты ел аузында біраз деректер сақталған. Мәселен, қариялардың айтуына қарағанда, көл маңында Аққала деген қала болған. Аққала елді мекенінің жанында Ешкілі көлі бар. Ауыл тұрғындарының ұсынысымен ауыл ел егемендігін алғаннан кейін Аққала деп аталды. ## Халқы ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ## Тарихы 1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым. КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды. 1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді. 1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды. ## Қызметі * әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді; * бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді; * ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру; * ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; * ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; * ғылыми журналдар шығару; * халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; * ғылымды танымал етуге қатысу ## Академия президенттері ## Академия ғимараты Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді: * Ғылым ордасыОрталық ғылыми кітапханаТабиғат музейіАрхеология музейіСирек кездесетін кітаптар музейіҚазақстан ғылымының тарихы музейі * Орталық ғылыми кітапхана * Табиғат музейі * Археология музейі * Сирек кездесетін кітаптар музейі * Қазақстан ғылымының тарихы музейі * Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия, саясаттану және дінтану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты * Математика және математикалық модельдеу институты * Экономика институты * Ақпараттық және есептеу технологиялары институты ## Басқару органдары 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары: * жоғары орган – қамқоршылық кеңес; * өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы; * консультативтік-кеңесші орган – төралқа; * атқарушы орган – басқарма. ### Қамқоршылық кеңес Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі. Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау; * ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау. ### Академиктердің жалпы жиналысы Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау; * құрметті атақтар мен наградалар беру; * Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау; * Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау. ### Төралқа Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру; * кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету; * Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; * Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту; * Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау; * ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру. ### Басқарма Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады: * Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну; * кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру; * Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту; * Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту. ## Басқарма құрамы Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. * Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор * Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор * Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор * Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты * Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD ## Академиктер тізімі Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері * Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024) * Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024) * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024) * Здоровец Максим Владимирович (2024) * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024) * Локшин Вячеслав Нотанович (2024) * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024) * Сұраған Дөрбетхан (2024) * Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024) "Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері * Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы * Әбділдина Раушан Жабайханқызы * Әбсаметов Мәліс Құдысұлы * Әбілқасымова Алма Есімбекқызы * Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы * Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы * Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы * Әділов Жексенбек Мәкейұлы * Айтбаев Теміржан Ерқасұлы * Ақшолақов Серік Қуандықұлы * Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы * Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы * Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы * Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы * Ахметова Гульнас Кенжетайқызы * Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы * Әшімов Оңдасын Байкенұлы * Аяшев Оңалбай Аяшұлы * Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы * Баешов Әбдуәлі Баешұлы * Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы * Байзақов Сәбит Байзақұлы * Баймаханов Болатбек Бимендіұлы * Баймұратов Ораз Баймұратұлы * Байтанаев Бауыржан Әбішұлы * Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы * Бейсенова Әлия Сәрсенқызы * Бектұров Есен Әбікенұлы * Бенберин Валерий Васильевич * Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы * Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы * Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы * Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы * Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы * Білиев Назарбай Қыдырұлы * Бүктіков Николай Сәдуақасұлы * Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы * Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы * Голиков Владимир Андреевич * Грибановский Анатолий Павлович * Григорук Владимир Васильевич * Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы * Дәулетов Асқар Ербұланұлы * Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы * Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы * Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы * Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы * Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы * Елубаев Сағынтай Зекенұлы * Есполов Тлектес Исабайұлы * Есполов Айдос Тілектесұлы * Есім Ғарифолла Есімұлы * Жамбакин Қабыл Жапарұлы * Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы * Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы * Жұрынов Мұрат Жұрынұлы * Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы * Заядан Болатхан Қазыханұлы * Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы * Смағұлов Оразақ Смағұлұлы * Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы * Қайдарова Диляра Радикқызы * Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы * Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы * Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы * Қамзабекұлы Дихан * Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы * Қасқабасов Сейіт Асқарұлы * Қайыпов Мәлік Арықтайұлы * Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы * Кененбаев Серік Бәрменбекұлы * Қожамжарова Дария Пернешқызы * Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы * Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы * Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы * Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы * Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы * Құлажанов Талғат Құралбекұлы * Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы * Құлыбаев Талғат Асқарұлы * Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы * Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы * Құнанбаева Сәлима Сағиқызы * Құнантаева Күләш Құнантайқызы * Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы * Құрманбайұлы Шерубай * Курскеев Абдрахман Козлоевич * Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы * Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы * Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы * Локшин Вячеслав Нотанович * Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы * Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы * Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы * Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы * Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы * Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы * Мұқашев Болат Нығметұлы * Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы * Молдахметов Марат Зейноллаұлы * Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы * Момынов Талғат Әшірұлы * Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы * Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы * Мырзақұлов Рәтбай * Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы * Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы * Оздоев Султан Мажитович * Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы * Омаров Бауыржан Жұмаханұлы * Ормантаев Камал Сәруарұлы * Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы * Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы * Раисов Төлеген Қазезұлы * Рақышев Баян Рақышұлы * Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы * Рау Алексей Григорьевич * Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы * Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы * Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы * Сағитов Абай Оразұлы * Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы * Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы * Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы * Северский Игорь Васильевич * Сейдуманов Серік Тұрарұлы * Сманов Бақтияр Өрісбайұлы * Сүлеев Досым Қасымұлы * Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы * Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы * Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы * Сыдықов Ерлан Бәтташұлы * Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы * Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы * Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы * Тіреуов Қанат Маратұлы * Төлебаев Райс Қажыкенұлы * Төлеуов Бораш Игілікұлы * Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы * Оразалиев Рахым Алмабекұлы * Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы * Харин Станислав Николаевич * Шоманов Өрісбай Шоманұлы * Фазылов Серік Драхметұлы * Шарманов Төрегелді Шарманұлы * Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы ## Құрылымы 2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды: * Ботаника және фитоинтродукция институты * Зоология институты * Адам және жануарлар физиологиясы институты * Жалпы генетика және цитология институты * Микробиология және вирусология институты * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Экономика институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * Философия және саясаттану институты * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты * Сейсмология институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты * Металлургия және кен байыту институты * География институты * Информатика және басқару проблемалары институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Математика институты * Қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты * Ионосфера институты * Физика-техника институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Фитохимия институты * Ғалымдар үйі * Орталық ғылыми кітапхана * «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы ### Бұрынғы құрылымы 1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған: Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі * Ядролық физика институты * Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін) * Теориялық және қолданбалы математика институты * В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтКаменское плато обсерваториясыАсы-Түрген обсерваториясыТянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Каменское плато обсерваториясы * Асы-Түрген обсерваториясы * Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы * Ионосфера институты * Физика-техника институты * Механика және машинатану институты * Ғарыштық зерттеулер институты * Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап) Жер туралы ғылымдар бөлімшесі * Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты * У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты * Сейсмология институты * Тау-кен істер институты * География институты Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі * Металлургия және кен байыту институты * А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты * Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты * Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты. Биологиялық ғылымдар бөлімшесі * Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды) * Топырақтану институты * Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты) * Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты) * Микробиология және вирусология институты * Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін) * Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты) * М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты * Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін) * Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты). Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі * Философия институты * Мемлекет және заң институты * Экономика институты * Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап) * Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты * М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты * А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты * Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін) * Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты * Сыртқы экономика орталығы * Шығыстану институты (1996 жылдан бастап). Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі * Химия-металлургия институты * Органикалық синтез және көмір химиясы институты * Физиология және еңбек гигиенасы институты * Қолданбалы математика институты * Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қазақстан ғалымдары
Батпақ тенрегі (лат. Limnogale mergulus) – тенректер тұқымдасына жататын, Мадагаскар аралында бор кезеңінен, монотипті ондатрға ұқсас сүтқоректі түрі. Батпақты тенректің денесінің ұзындығы 240-260 мм, ал, құйрығының ұзындығы 120-130 мм. Массасы 60-100 г шамасында. Көбінше түнде аса зор белсенділік танытады. ## Мекені Бұл жануар түрі Мадагаскар аралын көптеп мекендейді. Көп уақыт ішінде бұл жануардың ұрпағы қалмаған деп есептеген, дегенмен, біраз уақыттан соң жануар кайта пайда бола бастады. Тенрек көбінше теңіз жағаларында 600-2000 м су үстін мекендейді. Ін қазу арқылы өмір сүреді. Іні судың денгейінен төмен болады. ## Ерекшілігі Құлағы кішкентай, дөңгелектеніп келген, көздері кішігірім, саусақтарының арасы қосылып кеткен. Құйрығы өте күшті, квадрат секілді, жүзуге атсалысады. Жүні калың, қысқа және өте жұмсақ. ## Қорегі Тенрек көбінше су өсімдіктерімен, сонымен қатар, балықтармен, құрбақа, бақалармен, бунақденелілермен қоректенеді. ## Көбеюі Батпақты тенректің көбеюі желтоқсан, ақпан айларында іске асады. Көбінше құрсағында 2-3 тенректен болады. Бұл жануар түрі өте сирек кездесетіндіктен, Кызыл кітапқа енген. ## Деректер Жануарлар энциклопедиясы. ## Дереккөздер
Еуропа аралы (фр. Europa) — Мозамбик бұғазында Африка материгі мен Мадагаскар аралының ортасында орналасқан. Ол Франция елінің құрамына кіреді. ## Еуропа аралы жайлы мәлімет Жалпы аумағы 28 км², теніздің жағасы 22,2 км. Орналасқан координаты 22° 20′ о. е., 40° 22′ ш. б. Арал барлық жағынан кораллды жағажайлармен және рифтермен қоршалған, бұларды 9 км² болатын теңіздік лагуналар теңізден бөліп жатыр. Лагуна мен оның жағасында мангролық түрге кіретін өсімдіктер өседі. Мангролық өсімдіктерден басқа аралда құрғақ орман мен бұталар, сондай - ақ ежелгі дәуірден өсіп келе жатқан өсімдіктерді осы жерден көре аламыз. Еуропа аралы қорықтарға кіреді. Аралда теңіз құстары ұя салады. Бұл арал жасыл тасбақалардың көбейетін бірден - бір орны және де бірнеше мың африкалық коздар өмір сүреді. Олар бұл жерге 18 ғасырда әкелінген. Еуропа аралының ландшафты, флорасы мен фаунасы солтүстік - шығысындағы Басас-да-Индия аралына ұқсайды. Жер көлемі - 127 300 км². ## Тарихы Бұл арал өз атын британиялық Еуропа кемесінен алды. Бұл кеме 1774 жылы ең бірінші болып осы аралды ашты. Арал 1897 жылдан бастап, Францияға тиесілі болды, алайда негізгі териториясын Мадагаскар өзіміздікі деп есептейді. Аралдағы көптеген көрлер бұл жерді 1860-1920 жылдары жаулап алуға тырысқандағы сәтсіздікті көрсетеді. ## Экономикасы Арал тұруға жарамағандықтан, мұнда ешқандай экономикалық қарым - қатынастар жоқ. Сондықтанда, аралға метеорологиялық станция салған. Аралды жиі-жиі ғалымдар зерттейді. Аралда кішкене француздық гарнизон орналасқан. ## Дереккөздер
Қамыс-Самар көлдері – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы аумағындағы су айдындары. Теңіз деңгейінен 6 м төмен жатыр. ## Гидрографикасы Бірнеше көлдерден тұратын Қамыс-Самар көлдерінің жалпы аумағы 8 км2-ге жуық. Ірі көлінің аумағы 5,17 км2, ұзындығы 7 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 43,3 км. Көлдерге Қараөзен өзенінің оң саласы құяды. ## Жағалау сипаты Пішіні күрделі, жағалауы жайпақ келген. Алабының бозғылт қоңыр топырағында қамыс, құрақ аралас шабындық шөптесіндер өседі. ## Дереккөздер
Кенжарық — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Кенжарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінің оңтүстік-батысында шамамен 66 км жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Топаркөл (1999 жылға дейін — Родники) — Қарағанды облысы Нұра ауданы, Кенжарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 86 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Қаражемсаулы маймаққаз немесе қаражемсаулы гагара (Gavia arctica) - Қазақстанда ұялайтын жалғыз ғана гагара. Түрдің оңтүстікте таралу шекарасы Қазақстанда өтеді (оңтүстікке таман тек қана Ыстықкөлде кездеседі). Бұл-орташа денелі (2,2-3,7 кило) құс. Қауырсын жабыны аққара түсті, ол қанаты, мойнының екі жағында және төсінде әжептеуір жіңішке сызықты жолақтармен алмасады. Тамағында қара дақ бар, құс сондықтан да қаражемсаулы гагара деп аталған. Тұмсығы және аяғы-қара, көзі-қошқыл қызыл. Дауысы көбірек есте қалады-ұялау кезеңінде оғаш ыңқылы жиі естіледі, сондықтан дыбыстар тобы гагараның көзжасы деп аталады. Ұяламайтын уақыттарда бұл - үнсіз құс.Қаражемсаулы гагара теңіз деңгейінен 200-2000 м жоғары алуан түрлі суқоймалар жағасын бойлай өмір сүреді. Қамыс - қоғалы қопалардың болуы - барлық суқоймаларға ортақ. Республиканың солтүстік жартысында таралған. Балқаш - Алакөл қазаншұқырында кездеседі, оны оңтүстікке таман Түркістан қаласының өңірінен табуға болады. Қыста Қызылорданың оңтүстігіне таман Сырдариядан кездесіп қалады. Жылыстау кезінде әр жерден кездесуі мүмкін.Ұясы құстың сырғуына қолайлы болу үшін су жиегіне немесе жапырылған қамысқа, қалқыма заттар үймесіне орналастырылады. Ұя астаушысының түбі ұдайы суда тұра алады. Салындыда 2 қошқыл қара секпілді жұмыртқа болады, оны ата - енелері 4 аптаға жуық басады. Бұдан соң тағы 2 айға жуық қошқыл сұр балапандарын қоректендіріп қамқорлық жасайды. * ## Дереккөздер Қазақстан жануарлары сериясы кітабы.Құстар мектеп энциклопедиясы.
## Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттары ### 3-ші мыңжылдықтан VI ғ. б.э.д. дейін Вавилондықтар * XXIV ғ. б.э.д. Саргон I-нің Вавилоннан Кипр аралына дейін жүзіп өтуі. Египеттіктер * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Снефрудың Ніл және Қызыл Теңізбен жүзіп өтуі. * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Хуфхордың Египеттен шығып Эритрей теңізіне жүзіп өтуі. * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Унның Қызыл және Эритрей теңіздерінде жүзіп өтуі. * б.э.д. 2000 ж. Шығыс елдері бойынша Синухиттың саяхаты. * б.э.д. 1500 ж. Пунт еліне Хатшепсуттың экспедициясы. ## Гректердің маңызды саяхаттары мен ашылулары * б.э.д. 631 ж. Жерорта теңізі бойымен Колей Самосскийдің жүзіп өтуі. * б.э.д. Vғ. Гекатейдің Ніл жазығы мен Африканың солтүстік жағалауларына саяхаты. * б.э.д. 455 – 447жж. Геродоттың Египетке, Сицилияға, Солтүстік Қаратеңіз елдеріне кезбелері. * б.э.д. 335 — 324 жж. А.Македонскийдің Үндістанға жорығы. * б.э.д. 325 — 324 жж. Теңіз флотының бастығы А.Македонский – Неархтың Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі мен Парсы шығанағы бойымен жүзіп өтуі. * б.э.д. 325 — 324 жж. Кратердің Александриядан Ормуз проливіне саяхаты. * б.э.д. 320 ж. Пифейдің Британ аралдарының солтүстігіне қарай жүзуі. * б.э.д. 307 — 306 жж. Селевканың Вавилоннан Үндістанға саяхаты. * б.э.д. 290 ж. Мегасфен Үндістанға барып, оны сипаттап жазды. * б.э.д. 210 —202 жж. карфагендік қолбасшы Ганнибалдың Пиренеи және Альпі арқылы Батыс Еуропаға әскери жорығы. ## Жерорта теңізі халықатарының маңызды жорықтары мен саяхаттары * б.э.д. ІІІ ғ. бастап б.э. ІІ ғ. дейін * б.э.д. III ғ. Полибийдің Карфагенннен Африканың шығысына жүзуі. * б.э.д. 120 ж. Евдокстың Александриядан Үндістанға жүзуі. * б.э.д. 66 — 64 жж. Помпейдің Фасиске жорығы. * б.э.д. 58 — 54 жж. Цезарьдың Римнен Галлияға жорығы. * б.э.д. 25 ж. Э. Галлдың Александриядан Марибке (Аравия) жорығы. * б.э.д. І ғ. соңы Жерорта теңізінен шыққанЮба I Канар аралдарына жетті. * б.э.д. 19 ж. Б. Лептистен (Солтүстік Африка) шыққан Л. Вальб Мурзукқа (Сахара шөлі) жаяу жүріп өтті. * б.э. І ғ. басы Гиппал Аравия теңізі арқылы Үндістанға жүзіп өтті. * б.э. I ғ. Александр І-ніңЕгипеттен Оңтүстік-Қытай теңізіне жүзіп өтуі. * б.э. I ғ. Исидордың Ктесифоннан (Парфян патшалығы) Никейге (Кушан патшалығы) жорығы. * б.э. 106 — 117 жж. Траянның Дакия мен Сирияға жорығы. * б.э. Iғ. Диоген Египеттен шығып Виктория көліне (Африка) жетті. * б.э. 70 — 80 жж. С.Флакк, Ю.Матерн Б.Лептистен (Солтүстік Африка) Бенуэ өзеніне дейін(Нигер өзенінің саласы) жүріп өтті. * б.э. 84 ж. Агрикола Британ аралдары бойымен жүзіп өтті. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері * б.э.д. ІІ ғ. бастап б.э. ІІІ ғ. * б.э.д. 139 — 126, 115 жж. Чжан Цянның Сианнан Согдианаға, Бактрияға және Парфяйға елшіліктері. * б.э.д. 36 г. до н.э. Чэнь Танның ғұндарға қарсы жорығы. * б.э. 64 г. н.э. Үндістанға елшіліктер. * б.э. 97 ж. Гань Инның Согдианаға, Бактрияға, Парфияға және Сыпиньге Елшілігі. * б.э. III ғ. Қытай мен Жапония арасында елшіліктермен айрбас жүргізу. ## Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері б.э.д. ІІІ ғ. – б.э. VI ғ. * б.э.д. 273 — 232 жж. Ашоки патшасының Цейлонға жорығы. * б.э.д. II ғ. ЧиеуДаның Гуанчжоуға (Қытай) жорығы. * б.э. 67 ж. Кабьял Матанганың Кабулдан Лоянға (Қытай) жорығы. * б.э. 347 — 350 жж. Самудрагупта Чамптан Венгаға (Үндістан территориясы) дейін жүріп өтті. * б.э. 397 — 431 жж. Гунаварман Суматрада, Явада және Гу­анчжоуда (Китай) болды. * б.э. 526 ж. Бадхитхармның Қытайға саяхаты. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері V — VIII ғғ. * 399 — 414 жж. Сяньның Қытайға, Тибетке, Үндістанға, Цейлонға, Суматраға саяхаттары. * 402 — 424 жж. Чжи Мынның Қытайға, Тибетке, Үндістанға саяхаттары. * 518 — 521 жж. Сун Юнь мен Хуэй Шэнның Қытайға, Такла-Макан шөліне, Памираға, Гиндукушаға саяхаттары. * 629 — 645 жж. Сюань Цзанның Қытайға дейін саяхаты. * 689 — 695 жж. Цзинның Суматраға, Малаккаға, Үндістанға саяхаттары. * 751 — 790 жж. Кунның Монғол Алтайы мен Тянь-Шаньға саяхаты. ## Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері (VII — ХІІ ғғ.) * 627 ж. Прабхакарамитраның Такла-Макан шөлі бойымен Қытайдағы Лобнор өзеніне дейін саяхаты. * 664 ж. Локаятаның Тянь-Шань және Қытайға саяхат. * 716 — 736 жж. Шубкакара мен Бодхисенаның Хонсю аралына (Жапония) жүзіп өтуі. * VIIIғ. Кумарагхошаның Үндістаннан Суматра аралына жүзуі. * XI ғ. Атиша Дипамкараның Суматра аралына жүзуі. ## Араб халифаты елдерінің саяхатары (VIII — XIII ғғ.) * VIII ғ. Сулейман көпесінің Басрадан Қытайға саяхаты. * 921 — 922 жж. Ибн-Фадланның саяхаттары. * X ғ. ортасы Абу Дулафтың тангуттарға (Китай) саяхаттары. * X ғ. ортасы Ибрахим ибн Йакубтың Танжердан батыс славяндықтарға жүзуі. * 1183 ж. Ибн Джубайрдың Жерорта теңізімен жүзіп өтуі. * XII — XIII ғғ. Йакуттың Египетке, Византияға, Сирияға, Орта Азияға саяхаттары. ## Еуропалықтардың Шығысқа саяхаттары XII — XV ғғ. * 1160 — 1163 жж. В. Тудельскийдің Сирина Пале­стинаға және Иерусалимге саяхаты. * 1245 — 1247 жж. Д.П. Карпинидің Франциядан Шара-Ордаға (ұлы ханның ұлысы) сапары. * 1271 — 1285 жж. Марко Полоның Венециядан Хан-балыкқа (Пекин) саяхаты. * 1316 — 1330 жж. Одориконың Порденонеден Мадрастан Суматра аралы мен Қытайға жүзуі. * 1338 — 1353 жж. Д. Мариньоллидің Волгадан Пе­кинге дейінгі саяхаты. * 1419— 1444 жж. Н. Контидің Сириядан Үндістанға жүзуі. * 1253 — 1256 жж. Г,Рубруктың Франциядан Алтын Ордаға саяхаты. * 1106 — 1108 жж. Даниилдың Русьтен Иеруса­лимге қажылығы. * 1466 — 1472 жж. А.Никитиннің Үндістанға «кезбесі». ## Нормандықтардың жорықтары (IXғ. бастап XIIғ. басына дейін) * 983 ж. Эрик Рыжий Фарер аралдарынан бастап Исландия мен Гренландияға жүзу жасады. * 1000 ж. шамасында Лайфтың Гренландиядан Лабрадорға (АҚШ) жүзіп өтуі.. * X ғ. Отер Норвегиядан шығып, достиг мыса Нордкап мүйісіне жетті, одан ары қарай Солтүстік Двина сағасына барды. ## Маңызды орыс саяхаттары (XIV — XVғғ.) * 1364 ж. А. Абакумович и С.Ляпа Объ өзені бойымен Ямал жарты аралына дейін жүріп өтті. * 1379 ж. Стефан Пермский Мәскеуден Котласқа дейін жүріп өтті. * 1389 ж. Митрополит Пимен Мәскеуден Иерусалимге қажылық жасады. * 1420 ж. Зосима Мәскеуден Иерусалимге дейін жетті. * 1436 ж. митрополит Исидордың Мәскеуден Фло­ренцияға саяхаты. * 1483 ж. Ф.Курбский мен И.Салтык Травин Котластан Объке жүріп өтті. * 1496 ж. Г.Истома Холмогордан Данияға дейін жүзіп өтті. * 1497 ж. Д.Зайцев пен Д.Радев Таллиннан Рыбачий жарты аралына дейін жүзіп өткен. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары (XIII — XV ғғ.) * 1221 — 1224 жж. Чан Чунь Пекиннен Кабулға жүріп өтті. * 1403 — 1404 жж. Чжэн Хэнің Үнді мұхиты бойымен жүзіп өтуі. ## Португалдықтардың маңызды теңіз экспедициялары ### XV ғ. бастап XVI ғ. ортасына дейін * 1482 — 1486 жж. Д.Кан Эльминнан (Судан) Крос мүйісіне дейін жүзіп өтті. * 1487 — 1488 жж. Б.Диаштың Лиссабоннан Доб­рая Надежда мүйісіне дейін жүзіп өтуі. * 1487 — 1492 жж. П.Ковильянның Гоадан (Үндістан) Көне Ормузға дейін жүзіп өтуі. * 1497 — 1499 жж. Васко да Гама Үндістанға жетті. * 1500— 1501 жж. П.А.Кабрал мен Д.Диаштың Үндістанға жүзіп баруы. * 1501ж. Гашпар Кортириалы мен Мигел Лиссабоннан эскимостарға дейін жүзіп өтті. * 1501 — 1502 жж. Америго Веспуччидің Лиссабоннан Оңтүстік Америкаға жүзуі. * 1507, 1511, 1513 жж. Д’Албукеркидің Эфиопиядан Аравия теңізі мен Үндістанға жүзуі. * 1509 ж. Сикейра Кочиннан (Үндістан) Малаккиге дейін жүзіп өтті. * 1511 ж. Д.Фернандес Малаккиден Аютияға (Үндістан) дейін жүзіп өтті. * 1511 ж. Руи Да Ку Малаккиден Пегуге дейін (Үндістан) жүзіп өтті. * 1526 ж. Минезиш Малаккиден Жаңа Гвинеяға дейін жүзіп жетті. ## Вест-Үндістан мен Орталық Америка жағалауларына маңызды саяхаттар (1492 — 1520 жж.) * 1492 — 1493, 1493 — 1496, 1498 — 1500, 1502 — 1504 жж. Путешествия Х.Колумбтың Америка жағалауларына саяхаттары. * 1499 — 1500 жж. А. Охеда и А. Весдуччи Үлкен Антиль және Багам аралдарын зерттей отырып, Кадистен Кариб теңізіне дейін жүзіп өтті. * 1500-1502 жж.. Бастидас Севильядан бастап, Дарьенский шығанағына дейін жүзіп жетті. * 1513 ж. Понсе де Леоне Флоридаға жүзді. * 1513 ж. В.Н.Бальбоа Дарьенский шығанағынан Панам­ский каналына жүзіп жетті (Атлант мұхитынан Тынық мұхитына бірінші болып жүзіп өтті). * 1517ж. Ф.Э. Кордова Гаванадан бастап Мексикан шығанағы бойымен Юкатан жарты аралына жүзіп жетті. * 1518ж. Х.Д. Грихальва Матансодан (Куба) Кам­пече шығанағына жүзіп барды. * 1519 ж. А.А. Пинеда Ямайкадан Мексикан шығанағына жүзіп барды. ## Маңызды жер жүзін жүріп өту саяхаттары ### XVI ғ. басынан XIX ғ. 60-шы жж. дейін * 1519 — 1521 жж. Ф.Магелланның саяхаты. * 1785-1788 жж. Ф.Лаперуздың саяхаты. * 1791-1795 жж. Г.Ванкувердың саяхаты. * 1803-1806 жж. И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф. Лисянскийдің саяхаты. * 1807-1809 жж. В.М.Головниннің саяхаты. * 1813-1816 жж. М.П.Лазаревтың саяхаты. * 1815-1818 жж. О.Е.Коцебудың саяхаты. * 1819-1821 жж. Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П. Лазаревтың саяхаты * 1819-1821 жж. З.И.Понафиндинның саяхаты. * 1819-1822 жж. М.Н.Васильев пен Г.С.Шишмаревтың саяхаты. * 1822-1825 жж. М.П.Лазаревтың саяхаты. * 1823-1826 жж. О.Е.Коцебудың саяхаты. * 1826-1829 жж. Ф.П.Литкетың саяхаты. * 1837-1840 жж. Дюмон-Дюрвиль мен Жакиноның саяхаты. * 1831-1836 жж. Р.Фицройдың саяхаты. * 1839-1843 жж. Д.К.Росс, Ф.Р.Крозьедің саяхаты.. * 1852-1854 жж. И.С.Унковскийдың саяхаты. ## Алғашқы туристік ұйымдар * 1841 ж. Т.Куктың қоғамы құрылды. * 1882 ж. Т.Куктың алғашқы туристік дүниені айналып өту саяхаты. * 1857 ж. Ағылшын альпілік клубы құрылды. * 1862ж. Австрия тау клубы құрылды. * 1863ж. Швейцариялық тау клубы құрылды. * 1863 ж. Лондонда алғашқы «Альпілік журнал» құрылды. ## Революцияға дейінгі Ресейдегі және КСРО-дағы туризм * 1777 ж. В.Генштің «Жоспары…» шықты. * 1877ж. тау әуесқойларының Тифлистік бірлестігі құрылды. * 1878ж. Табиғаттанымдық және аль­пілік кавказдық клубының әуесқойлар қоғамы құрылды. * 1890 ж.Қырым тау клубы құрылды. * 1895 ж. Орыс туринг-клубы құрылды. * 1899 ж. «Русский турист» журналы шықты. * 1908 ж. Техникалық білімді тарату қоғамы құрылды. * 1894 — 1898 жж. К.К.Ренгартеннің жер жүзін айналып өту саяхаты. * 1911 — 1913 жж. А.П. Панкратовтың велосипедпен әлемді аралау саяхаты. * 1920 ж. Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюросы құрылды. * 1923 ж. «Советский турист» журналы шықты. * 1926 ж. ЦК ВЛКСМ кезінде туризм бюросы құрылды. * 1928 ж. пролетарлық туризмнің қоғамы құрылды. * 1928ж. «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамының құрылуы. * 1929ж. пролетарлық туризм мен экскурсияның Бүкілодақтық еркін қоғамының (ОПТЭ) құрылуы. * 1932 ж. ОПТЭ-нің Бүкілодақтың бірінші съезді болды. * 1936 ж. ВЦСПС Туристік-экскурсиялық басқармасының құрылуы. * 1939 ж. «КСРО туристі» туралы ереже қабылданды. * 1958 ж. «Спутник» Халықаралық жастар туризмі бюросының құрылуы. * 1962 ж. ВЦСПС Туризм бойынша Орталық Кеңестің құрылуы. * 1901 ж. Орыс тау қоғамы құрылды. * 1918 ж. Бірінші кеңестік туристік ұйымы – Халықтық ағарту комиссариатының (Наркомпрос) мектептік экскурсиялар бюросының құрылуы. * 1922 ж бастап. кеңестік кәсіподақ жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жаппай серуендеулер ұйымдастырды. * 1936 ж. КСРО-ның Орталық Орындаушы Комитеті (ЦИК) туристік-экскурсиялық істі Кәсіби Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің (ВЦСПС) қарамағына, бұқаралық өзіндік (спорттық) туризмді – Дене шынықтырудың Жоғары кеңесіне (ВСФК) өткізіп беру туралы қаулы қабылдады. Кәсіби Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі (ВЦСПС) кезінде бұл қаулыны жүзеге асыру үшін Орталық туристік-экскурсиялық басқармасы (ЦТЭУ) құрылды, ал Дене шынықтырудың Жоғары кеңесі (ВСФК) кезінде Туризмнңің бүкілодақтық секциясы құрылды. * 1956 ж. – КСРО Парижде негізі қаланған және БҰҰ шеңберінде қызмет атқаратын ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағының нақты мүшесіне айналды. * 20 шілде 1962 ж. – ВЦСПС Президиумі «Туризмнің ары қарай дамуы туралы» қаулы қабылданды. * 1969 ж. мамыр – КСРО Министрлер Кеңесі мен ВЦСПС «Елдегі туризм мен экскурсияның ары қарай дамуы бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады. * 1980 ж. – «Елдегі туристік-экскурсиялық істің ары қарай дамуы және оны жетілдіру туралы» тағы бір қаулы қабылдады. ### Қазақстанда туризмнің даму кезеңдері * 1875 ж. – А.В. Хорошкиннің Талғар шыңына шығуы. * ХХ ғасырдың басы. – Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі құрылды. * 1910 — 1912 жж. — Әліби Жангильдинның жаяу «әлемді аралау» саяхаты. * 1913 ж. – Батыс-Сібір казактар бригадасы офицерлерінің ең алғаш атпен жүруі * 1923 ж. – КазЦИК-те дене шынықтырудың Жоғарғы кеңесінің құрылуы. * 1924 ж. – Алматыда Жетісу облыстық дене шынықтыру кеңесінің құрылуы * 1925 ж. – Алматыда «Допризывник» спорт клубы және ең алғаш рет альпинизм секциясы ұйымдастырылды. * 1929 ж. – тау туризмінің энтузиастары Г.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.М. Зимин Іле Алатауына бірнеше рет туристік жорықтар ұйымдастырды және Есік көліне алғашқы туристік жорық жасады. * 1930 ж. – құрамы 16 адамнан тұратын Алматы қалалық пошта және телеграф жұмысшылар ұжымы Ф.Л. Савиннің басқаруымен мына күрделі емес маршрутқа аттанды: Алматы – Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі * 1931 ж. қаңтар – В.М. Зимин мына маршрут бойынша туристердің алғашқы қысқы шаңғы жорығын өткізді: Алматы– Ұзынағаш – Қордай асуы * 1931 ж. – Алматы қаласында Жетісу губерниялық мұражайында ОПТЭ – нің бірінші ұяшығы құрылды. * 1935 ж. бастап – альпинистер жаппай шыңға шығуды жүргізді. * 1935 ж. – В. Зимин Талғар шыңын бағындырды. * 1936 ж. – Е. Колокольников Хантәңір шыңын бағындырды. * 1936 ж. — «Горельник» алғашқы туристік базасы ашылды. * 1936 ж. – «Горельник» лагерінде республикалық альпинистер клубы құрылды. * 1938 ж. – алғаш бұқаралық туристік шара — Көкжайлау үстіртінде слет ұйымдастырылды. (200 қатысушы) * 1948 ж. бастап – Қазақстанда құзға шығу тәжірибелене бастады. * 1952 ж. бастап – Орта Азия мен Красноярск өлкесі командалары арасындадәстүрлі әріптестік жарыстар өткізілді. * 1952 ж. – Қазақстандық туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) ашылуы 1954 ж. бастап – клубтың біріншілігі, 1960 ж. бастап клуб альпинизм бойынша Қазақстан чемпионатттарына қатысты. * 1955 ж. – «Иссык» турбазасы іске қосылды. * 1958 ж. – туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) ортаазиялық туристік-экскурсиялық басқарма деп атала бастады. * 1959 ж. – «Алматы» турбазасының құрылуы. * I960 ж. – Казсовпроф кезінде туризм бойынша Республикалық басқармасының құрылуы. * 1962 ж. – туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) Туризм және экскурсия бойынша кеңестері болып қайта құрылуы. * 1965 ж. – Алматыда және 5 облыстық кеңестерде (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент) Туризм және экскурсия бойынша Қазақ Республикалық Кеңесі ұйымдастырылды. * 1968 ж. – Алматыға таяу жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылында орналасқан «Алматау» турбазасы ашылды. * 1969 ж. – «Елде туризм мен экскурсияны ары қарай дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылданды. * 1970 ж. бастап – Алматы автобазасы жұмыс істейді. * 1975 ж. – «Медеу» мұз айдыны салынды. * 1982 ж. – Эверест (Джомолунгмы, 8848 м) шыңына шығатын алғашқы кеңестік Гималай экспедициясының құрамына К. Валиев, Ю. Голодов, Е. Ильинский, В. Хрищатый, С. Чепчев деген алматылықтар кірді. * 1988 ж. – туризм және экскурсия бойынша кеңестер туристік-экскурсиялық өндірістік бірлестіктер (ТЭПО) болып қайта құрылды. * 1991 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігі құрылды. * 3/VII 1992 ж. – «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. * 1993 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігінің Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт Министрлігі болып қайта құрылуы. * 1999 ж. – Қазақстан Республикасының көлік, коммуникация және туризм Министрлігі құрылды. * 2000 ж. — Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігі құрылды. * 6/III 2001 ж. – «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы» қабылданды. * 13/VI 2001 ж. – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң қабылданды. * 29/Xll 2002 ж. – «2003-2005 жж. туристік саланы дамыту бағдарламасы» бекітілді. ## Халықаралық туризм * 1963 ж. халықаралық туризм және экскурсиялар бойынша БҰҰ-ның конференциясы. * 1968 ж. Халықаралық бүкіләлемдік туристік ұйымның құрылуы. * 27 қыркүйек 1980 ж. Бүкіләлемдік туризм күнінің бекітілуі. * 1980 ж. Манилада туризм бойынша Бүкіләлемдік конференциясының өтуі. * 1985 ж. «Туризм хартиясы» мен «Туристік Кодексі» құжаттарының қабылдануы ## Таяу Шығыс халықтарының маңызды жорықтары мен саяхаттары ### 3-ші мыңжылдықтан VI ғ. б.э.д. дейін Вавилондықтар * XXIV ғ. б.э.д. Саргон I-нің Вавилоннан Кипр аралына дейін жүзіп өтуі. Египеттіктер * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Снефрудың Ніл және Қызыл Теңізбен жүзіп өтуі. * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Хуфхордың Египеттен шығып Эритрей теңізіне жүзіп өтуі. * б.э.д. 3-ші мыңжылдық ортасы Унның Қызыл және Эритрей теңіздерінде жүзіп өтуі. * б.э.д. 2000 ж. Шығыс елдері бойынша Синухиттың саяхаты. * б.э.д. 1500 ж. Пунт еліне Хатшепсуттың экспедициясы. ## Гректердің маңызды саяхаттары мен ашылулары * б.э.д. 631 ж. Жерорта теңізі бойымен Колей Самосскийдің жүзіп өтуі. * б.э.д. Vғ. Гекатейдің Ніл жазығы мен Африканың солтүстік жағалауларына саяхаты. * б.э.д. 455 – 447жж. Геродоттың Египетке, Сицилияға, Солтүстік Қаратеңіз елдеріне кезбелері. * б.э.д. 335 — 324 жж. А.Македонскийдің Үндістанға жорығы. * б.э.д. 325 — 324 жж. Теңіз флотының бастығы А.Македонский – Неархтың Үнді мұхитының солтүстік-батыс бөлігі мен Парсы шығанағы бойымен жүзіп өтуі. * б.э.д. 325 — 324 жж. Кратердің Александриядан Ормуз проливіне саяхаты. * б.э.д. 320 ж. Пифейдің Британ аралдарының солтүстігіне қарай жүзуі. * б.э.д. 307 — 306 жж. Селевканың Вавилоннан Үндістанға саяхаты. * б.э.д. 290 ж. Мегасфен Үндістанға барып, оны сипаттап жазды. * б.э.д. 210 —202 жж. карфагендік қолбасшы Ганнибалдың Пиренеи және Альпі арқылы Батыс Еуропаға әскери жорығы. ## Жерорта теңізі халықатарының маңызды жорықтары мен саяхаттары * б.э.д. ІІІ ғ. бастап б.э. ІІ ғ. дейін * б.э.д. III ғ. Полибийдің Карфагенннен Африканың шығысына жүзуі. * б.э.д. 120 ж. Евдокстың Александриядан Үндістанға жүзуі. * б.э.д. 66 — 64 жж. Помпейдің Фасиске жорығы. * б.э.д. 58 — 54 жж. Цезарьдың Римнен Галлияға жорығы. * б.э.д. 25 ж. Э. Галлдың Александриядан Марибке (Аравия) жорығы. * б.э.д. І ғ. соңы Жерорта теңізінен шыққанЮба I Канар аралдарына жетті. * б.э.д. 19 ж. Б. Лептистен (Солтүстік Африка) шыққан Л. Вальб Мурзукқа (Сахара шөлі) жаяу жүріп өтті. * б.э. І ғ. басы Гиппал Аравия теңізі арқылы Үндістанға жүзіп өтті. * б.э. I ғ. Александр І-ніңЕгипеттен Оңтүстік-Қытай теңізіне жүзіп өтуі. * б.э. I ғ. Исидордың Ктесифоннан (Парфян патшалығы) Никейге (Кушан патшалығы) жорығы. * б.э. 106 — 117 жж. Траянның Дакия мен Сирияға жорығы. * б.э. Iғ. Диоген Египеттен шығып Виктория көліне (Африка) жетті. * б.э. 70 — 80 жж. С.Флакк, Ю.Матерн Б.Лептистен (Солтүстік Африка) Бенуэ өзеніне дейін(Нигер өзенінің саласы) жүріп өтті. * б.э. 84 ж. Агрикола Британ аралдары бойымен жүзіп өтті. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері * б.э.д. ІІ ғ. бастап б.э. ІІІ ғ. * б.э.д. 139 — 126, 115 жж. Чжан Цянның Сианнан Согдианаға, Бактрияға және Парфяйға елшіліктері. * б.э.д. 36 г. до н.э. Чэнь Танның ғұндарға қарсы жорығы. * б.э. 64 г. н.э. Үндістанға елшіліктер. * б.э. 97 ж. Гань Инның Согдианаға, Бактрияға, Парфияға және Сыпиньге Елшілігі. * б.э. III ғ. Қытай мен Жапония арасында елшіліктермен айрбас жүргізу. ## Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері б.э.д. ІІІ ғ. – б.э. VI ғ. * б.э.д. 273 — 232 жж. Ашоки патшасының Цейлонға жорығы. * б.э.д. II ғ. ЧиеуДаның Гуанчжоуға (Қытай) жорығы. * б.э. 67 ж. Кабьял Матанганың Кабулдан Лоянға (Қытай) жорығы. * б.э. 347 — 350 жж. Самудрагупта Чамптан Венгаға (Үндістан территориясы) дейін жүріп өтті. * б.э. 397 — 431 жж. Гунаварман Суматрада, Явада және Гу­анчжоуда (Китай) болды. * б.э. 526 ж. Бадхитхармның Қытайға саяхаты. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары мен елшіліктері V — VIII ғғ. * 399 — 414 жж. Сяньның Қытайға, Тибетке, Үндістанға, Цейлонға, Суматраға саяхаттары. * 402 — 424 жж. Чжи Мынның Қытайға, Тибетке, Үндістанға саяхаттары. * 518 — 521 жж. Сун Юнь мен Хуэй Шэнның Қытайға, Такла-Макан шөліне, Памираға, Гиндукушаға саяхаттары. * 629 — 645 жж. Сюань Цзанның Қытайға дейін саяхаты. * 689 — 695 жж. Цзинның Суматраға, Малаккаға, Үндістанға саяхаттары. * 751 — 790 жж. Кунның Монғол Алтайы мен Тянь-Шаньға саяхаты. ## Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының маңызды саяхаттары мен елшіліктері (VII — ХІІ ғғ.) * 627 ж. Прабхакарамитраның Такла-Макан шөлі бойымен Қытайдағы Лобнор өзеніне дейін саяхаты. * 664 ж. Локаятаның Тянь-Шань және Қытайға саяхат. * 716 — 736 жж. Шубкакара мен Бодхисенаның Хонсю аралына (Жапония) жүзіп өтуі. * VIIIғ. Кумарагхошаның Үндістаннан Суматра аралына жүзуі. * XI ғ. Атиша Дипамкараның Суматра аралына жүзуі. ## Араб халифаты елдерінің саяхатары (VIII — XIII ғғ.) * VIII ғ. Сулейман көпесінің Басрадан Қытайға саяхаты. * 921 — 922 жж. Ибн-Фадланның саяхаттары. * X ғ. ортасы Абу Дулафтың тангуттарға (Китай) саяхаттары. * X ғ. ортасы Ибрахим ибн Йакубтың Танжердан батыс славяндықтарға жүзуі. * 1183 ж. Ибн Джубайрдың Жерорта теңізімен жүзіп өтуі. * XII — XIII ғғ. Йакуттың Египетке, Византияға, Сирияға, Орта Азияға саяхаттары. ## Еуропалықтардың Шығысқа саяхаттары XII — XV ғғ. * 1160 — 1163 жж. В. Тудельскийдің Сирина Пале­стинаға және Иерусалимге саяхаты. * 1245 — 1247 жж. Д.П. Карпинидің Франциядан Шара-Ордаға (ұлы ханның ұлысы) сапары. * 1271 — 1285 жж. Марко Полоның Венециядан Хан-балыкқа (Пекин) саяхаты. * 1316 — 1330 жж. Одориконың Порденонеден Мадрастан Суматра аралы мен Қытайға жүзуі. * 1338 — 1353 жж. Д. Мариньоллидің Волгадан Пе­кинге дейінгі саяхаты. * 1419— 1444 жж. Н. Контидің Сириядан Үндістанға жүзуі. * 1253 — 1256 жж. Г,Рубруктың Франциядан Алтын Ордаға саяхаты. * 1106 — 1108 жж. Даниилдың Русьтен Иеруса­лимге қажылығы. * 1466 — 1472 жж. А.Никитиннің Үндістанға «кезбесі». ## Нормандықтардың жорықтары (IXғ. бастап XIIғ. басына дейін) * 983 ж. Эрик Рыжий Фарер аралдарынан бастап Исландия мен Гренландияға жүзу жасады. * 1000 ж. шамасында Лайфтың Гренландиядан Лабрадорға (АҚШ) жүзіп өтуі.. * X ғ. Отер Норвегиядан шығып, достиг мыса Нордкап мүйісіне жетті, одан ары қарай Солтүстік Двина сағасына барды. ## Маңызды орыс саяхаттары (XIV — XVғғ.) * 1364 ж. А. Абакумович и С.Ляпа Объ өзені бойымен Ямал жарты аралына дейін жүріп өтті. * 1379 ж. Стефан Пермский Мәскеуден Котласқа дейін жүріп өтті. * 1389 ж. Митрополит Пимен Мәскеуден Иерусалимге қажылық жасады. * 1420 ж. Зосима Мәскеуден Иерусалимге дейін жетті. * 1436 ж. митрополит Исидордың Мәскеуден Фло­ренцияға саяхаты. * 1483 ж. Ф.Курбский мен И.Салтык Травин Котластан Объке жүріп өтті. * 1496 ж. Г.Истома Холмогордан Данияға дейін жүзіп өтті. * 1497 ж. Д.Зайцев пен Д.Радев Таллиннан Рыбачий жарты аралына дейін жүзіп өткен. ## Қытайлықтардың маңызды саяхаттары (XIII — XV ғғ.) * 1221 — 1224 жж. Чан Чунь Пекиннен Кабулға жүріп өтті. * 1403 — 1404 жж. Чжэн Хэнің Үнді мұхиты бойымен жүзіп өтуі. ## Португалдықтардың маңызды теңіз экспедициялары ### XV ғ. бастап XVI ғ. ортасына дейін * 1482 — 1486 жж. Д.Кан Эльминнан (Судан) Крос мүйісіне дейін жүзіп өтті. * 1487 — 1488 жж. Б.Диаштың Лиссабоннан Доб­рая Надежда мүйісіне дейін жүзіп өтуі. * 1487 — 1492 жж. П.Ковильянның Гоадан (Үндістан) Көне Ормузға дейін жүзіп өтуі. * 1497 — 1499 жж. Васко да Гама Үндістанға жетті. * 1500— 1501 жж. П.А.Кабрал мен Д.Диаштың Үндістанға жүзіп баруы. * 1501ж. Гашпар Кортириалы мен Мигел Лиссабоннан эскимостарға дейін жүзіп өтті. * 1501 — 1502 жж. Америго Веспуччидің Лиссабоннан Оңтүстік Америкаға жүзуі. * 1507, 1511, 1513 жж. Д’Албукеркидің Эфиопиядан Аравия теңізі мен Үндістанға жүзуі. * 1509 ж. Сикейра Кочиннан (Үндістан) Малаккиге дейін жүзіп өтті. * 1511 ж. Д.Фернандес Малаккиден Аютияға (Үндістан) дейін жүзіп өтті. * 1511 ж. Руи Да Ку Малаккиден Пегуге дейін (Үндістан) жүзіп өтті. * 1526 ж. Минезиш Малаккиден Жаңа Гвинеяға дейін жүзіп жетті. ## Вест-Үндістан мен Орталық Америка жағалауларына маңызды саяхаттар (1492 — 1520 жж.) * 1492 — 1493, 1493 — 1496, 1498 — 1500, 1502 — 1504 жж. Путешествия Х.Колумбтың Америка жағалауларына саяхаттары. * 1499 — 1500 жж. А. Охеда и А. Весдуччи Үлкен Антиль және Багам аралдарын зерттей отырып, Кадистен Кариб теңізіне дейін жүзіп өтті. * 1500-1502 жж.. Бастидас Севильядан бастап, Дарьенский шығанағына дейін жүзіп жетті. * 1513 ж. Понсе де Леоне Флоридаға жүзді. * 1513 ж. В.Н.Бальбоа Дарьенский шығанағынан Панам­ский каналына жүзіп жетті (Атлант мұхитынан Тынық мұхитына бірінші болып жүзіп өтті). * 1517ж. Ф.Э. Кордова Гаванадан бастап Мексикан шығанағы бойымен Юкатан жарты аралына жүзіп жетті. * 1518ж. Х.Д. Грихальва Матансодан (Куба) Кам­пече шығанағына жүзіп барды. * 1519 ж. А.А. Пинеда Ямайкадан Мексикан шығанағына жүзіп барды. ## Маңызды жер жүзін жүріп өту саяхаттары ### XVI ғ. басынан XIX ғ. 60-шы жж. дейін * 1519 — 1521 жж. Ф.Магелланның саяхаты. * 1785-1788 жж. Ф.Лаперуздың саяхаты. * 1791-1795 жж. Г.Ванкувердың саяхаты. * 1803-1806 жж. И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф. Лисянскийдің саяхаты. * 1807-1809 жж. В.М.Головниннің саяхаты. * 1813-1816 жж. М.П.Лазаревтың саяхаты. * 1815-1818 жж. О.Е.Коцебудың саяхаты. * 1819-1821 жж. Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П. Лазаревтың саяхаты * 1819-1821 жж. З.И.Понафиндинның саяхаты. * 1819-1822 жж. М.Н.Васильев пен Г.С.Шишмаревтың саяхаты. * 1822-1825 жж. М.П.Лазаревтың саяхаты. * 1823-1826 жж. О.Е.Коцебудың саяхаты. * 1826-1829 жж. Ф.П.Литкетың саяхаты. * 1837-1840 жж. Дюмон-Дюрвиль мен Жакиноның саяхаты. * 1831-1836 жж. Р.Фицройдың саяхаты. * 1839-1843 жж. Д.К.Росс, Ф.Р.Крозьедің саяхаты.. * 1852-1854 жж. И.С.Унковскийдың саяхаты. ## Алғашқы туристік ұйымдар * 1841 ж. Т.Куктың қоғамы құрылды. * 1882 ж. Т.Куктың алғашқы туристік дүниені айналып өту саяхаты. * 1857 ж. Ағылшын альпілік клубы құрылды. * 1862ж. Австрия тау клубы құрылды. * 1863ж. Швейцариялық тау клубы құрылды. * 1863 ж. Лондонда алғашқы «Альпілік журнал» құрылды. ## Революцияға дейінгі Ресейдегі және КСРО-дағы туризм * 1777 ж. В.Генштің «Жоспары…» шықты. * 1877ж. тау әуесқойларының Тифлистік бірлестігі құрылды. * 1878ж. Табиғаттанымдық және аль­пілік кавказдық клубының әуесқойлар қоғамы құрылды. * 1890 ж.Қырым тау клубы құрылды. * 1895 ж. Орыс туринг-клубы құрылды. * 1899 ж. «Русский турист» журналы шықты. * 1908 ж. Техникалық білімді тарату қоғамы құрылды. * 1894 — 1898 жж. К.К.Ренгартеннің жер жүзін айналып өту саяхаты. * 1911 — 1913 жж. А.П. Панкратовтың велосипедпен әлемді аралау саяхаты. * 1920 ж. Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюросы құрылды. * 1923 ж. «Советский турист» журналы шықты. * 1926 ж. ЦК ВЛКСМ кезінде туризм бюросы құрылды. * 1928 ж. пролетарлық туризмнің қоғамы құрылды. * 1928ж. «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамының құрылуы. * 1929ж. пролетарлық туризм мен экскурсияның Бүкілодақтық еркін қоғамының (ОПТЭ) құрылуы. * 1932 ж. ОПТЭ-нің Бүкілодақтың бірінші съезді болды. * 1936 ж. ВЦСПС Туристік-экскурсиялық басқармасының құрылуы. * 1939 ж. «КСРО туристі» туралы ереже қабылданды. * 1958 ж. «Спутник» Халықаралық жастар туризмі бюросының құрылуы. * 1962 ж. ВЦСПС Туризм бойынша Орталық Кеңестің құрылуы. * 1901 ж. Орыс тау қоғамы құрылды. * 1918 ж. Бірінші кеңестік туристік ұйымы – Халықтық ағарту комиссариатының (Наркомпрос) мектептік экскурсиялар бюросының құрылуы. * 1922 ж бастап. кеңестік кәсіподақ жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жаппай серуендеулер ұйымдастырды. * 1936 ж. КСРО-ның Орталық Орындаушы Комитеті (ЦИК) туристік-экскурсиялық істі Кәсіби Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің (ВЦСПС) қарамағына, бұқаралық өзіндік (спорттық) туризмді – Дене шынықтырудың Жоғары кеңесіне (ВСФК) өткізіп беру туралы қаулы қабылдады. Кәсіби Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі (ВЦСПС) кезінде бұл қаулыны жүзеге асыру үшін Орталық туристік-экскурсиялық басқармасы (ЦТЭУ) құрылды, ал Дене шынықтырудың Жоғары кеңесі (ВСФК) кезінде Туризмнңің бүкілодақтық секциясы құрылды. * 1956 ж. – КСРО Парижде негізі қаланған және БҰҰ шеңберінде қызмет атқаратын ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағының нақты мүшесіне айналды. * 20 шілде 1962 ж. – ВЦСПС Президиумі «Туризмнің ары қарай дамуы туралы» қаулы қабылданды. * 1969 ж. мамыр – КСРО Министрлер Кеңесі мен ВЦСПС «Елдегі туризм мен экскурсияның ары қарай дамуы бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады. * 1980 ж. – «Елдегі туристік-экскурсиялық істің ары қарай дамуы және оны жетілдіру туралы» тағы бір қаулы қабылдады. ### Қазақстанда туризмнің даму кезеңдері * 1875 ж. – А.В. Хорошкиннің Талғар шыңына шығуы. * ХХ ғасырдың басы. – Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі құрылды. * 1910 — 1912 жж. — Әліби Жангильдинның жаяу «әлемді аралау» саяхаты. * 1913 ж. – Батыс-Сібір казактар бригадасы офицерлерінің ең алғаш атпен жүруі * 1923 ж. – КазЦИК-те дене шынықтырудың Жоғарғы кеңесінің құрылуы. * 1924 ж. – Алматыда Жетісу облыстық дене шынықтыру кеңесінің құрылуы * 1925 ж. – Алматыда «Допризывник» спорт клубы және ең алғаш рет альпинизм секциясы ұйымдастырылды. * 1929 ж. – тау туризмінің энтузиастары Г.И. Белоглазов, Ф.Л. Савин, В.М. Зимин Іле Алатауына бірнеше рет туристік жорықтар ұйымдастырды және Есік көліне алғашқы туристік жорық жасады. * 1930 ж. – құрамы 16 адамнан тұратын Алматы қалалық пошта және телеграф жұмысшылар ұжымы Ф.Л. Савиннің басқаруымен мына күрделі емес маршрутқа аттанды: Алматы – Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі * 1931 ж. қаңтар – В.М. Зимин мына маршрут бойынша туристердің алғашқы қысқы шаңғы жорығын өткізді: Алматы– Ұзынағаш – Қордай асуы * 1931 ж. – Алматы қаласында Жетісу губерниялық мұражайында ОПТЭ – нің бірінші ұяшығы құрылды. * 1935 ж. бастап – альпинистер жаппай шыңға шығуды жүргізді. * 1935 ж. – В. Зимин Талғар шыңын бағындырды. * 1936 ж. – Е. Колокольников Хантәңір шыңын бағындырды. * 1936 ж. — «Горельник» алғашқы туристік базасы ашылды. * 1936 ж. – «Горельник» лагерінде республикалық альпинистер клубы құрылды. * 1938 ж. – алғаш бұқаралық туристік шара — Көкжайлау үстіртінде слет ұйымдастырылды. (200 қатысушы) * 1948 ж. бастап – Қазақстанда құзға шығу тәжірибелене бастады. * 1952 ж. бастап – Орта Азия мен Красноярск өлкесі командалары арасындадәстүрлі әріптестік жарыстар өткізілді. * 1952 ж. – Қазақстандық туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) ашылуы 1954 ж. бастап – клубтың біріншілігі, 1960 ж. бастап клуб альпинизм бойынша Қазақстан чемпионатттарына қатысты. * 1955 ж. – «Иссык» турбазасы іске қосылды. * 1958 ж. – туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) ортаазиялық туристік-экскурсиялық басқарма деп атала бастады. * 1959 ж. – «Алматы» турбазасының құрылуы. * I960 ж. – Казсовпроф кезінде туризм бойынша Республикалық басқармасының құрылуы. * 1962 ж. – туристік-экскурсиялық басқарманың (ТЭУ) Туризм және экскурсия бойынша кеңестері болып қайта құрылуы. * 1965 ж. – Алматыда және 5 облыстық кеңестерде (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент) Туризм және экскурсия бойынша Қазақ Республикалық Кеңесі ұйымдастырылды. * 1968 ж. – Алматыға таяу жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылында орналасқан «Алматау» турбазасы ашылды. * 1969 ж. – «Елде туризм мен экскурсияны ары қарай дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылданды. * 1970 ж. бастап – Алматы автобазасы жұмыс істейді. * 1975 ж. – «Медеу» мұз айдыны салынды. * 1982 ж. – Эверест (Джомолунгмы, 8848 м) шыңына шығатын алғашқы кеңестік Гималай экспедициясының құрамына К. Валиев, Ю. Голодов, Е. Ильинский, В. Хрищатый, С. Чепчев деген алматылықтар кірді. * 1988 ж. – туризм және экскурсия бойынша кеңестер туристік-экскурсиялық өндірістік бірлестіктер (ТЭПО) болып қайта құрылды. * 1991 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігі құрылды. * 3/VII 1992 ж. – «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. * 1993 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігінің Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт Министрлігі болып қайта құрылуы. * 1999 ж. – Қазақстан Республикасының көлік, коммуникация және туризм Министрлігі құрылды. * 2000 ж. — Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігі құрылды. * 6/III 2001 ж. – «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы» қабылданды. * 13/VI 2001 ж. – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң қабылданды. * 29/Xll 2002 ж. – «2003-2005 жж. туристік саланы дамыту бағдарламасы» бекітілді. ## Халықаралық туризм * 1963 ж. халықаралық туризм және экскурсиялар бойынша БҰҰ-ның конференциясы. * 1968 ж. Халықаралық бүкіләлемдік туристік ұйымның құрылуы. * 27 қыркүйек 1980 ж. Бүкіләлемдік туризм күнінің бекітілуі. * 1980 ж. Манилада туризм бойынша Бүкіләлемдік конференциясының өтуі. * 1985 ж. «Туризм хартиясы» мен «Туристік Кодексі» құжаттарының қабылдануы
Ертедегі қазақтарда жұмыстары өте ауыр, таңның атысынан күннің батысына дейін иен далада жүргендіктен қойшы, сиыршы, жылқышы, түйешілер жыл маусымдарына байланысты киінген. Үскірік аяз бен ызғырық желден, жауын-шашыннан қорғаныш киім ретінде үстеріне тон, бастарына малақай, қолдарына жылы қолғап, аяқтарына тағалы етік, киіз байпақ киді. Жылы болуы үшін матаға қой мен түйе жүні, мақта қосып күсіп, бидайылап тыстаған, қой терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген шалбарлар да малшыларды суықтан қорғады. Сонымен қатар қысқы киімнің сыртынан кебенек, аба сияқты су да, жел де өткізбейтін сулық киімдерді киді. Бақташылардың киімдерінің бірі қазіргі кезде кездесе өоймайтын жадбағай, башлық, далбай, күләпара деген су өтпес үшін, қатты боранда жел мен қардан қорғайтын, тымақтың сыртынан киетін баскиімдер болған. Мұндай баскиімдер жаз айларында күннің аптабы мен шаңнан қорғаған. Бұл жаздық баскиімге тек мата астар салынып тігілген. Ол әрі жеңіл, әрі қолайлы болған. Қыста киетін жалбағайға түйе жүні немесе мақта салып сырып, бір түсті матамен астарлаған. ## Дереккөздер
Сайрауық шырылдақ (лат. Locustella certhiola) — Торғайтәрізділер отрядының Сандуғаштар тұқымдасының Шырылдақтар туысына жататын басы және жоны теңбілді, құйрықүсті қызғылтсары, орташа денелі шырылдақ құс. Бұл да көптеген шырылдақтар тәрізді бүғыншақ Сайрауық шырылдақтың әні өзіне тән, шырылдақтардан гөрі айқабақтарға өте ұқсас. Аталықтар ұшып келген күннен тамызға дейін сайрайды, сонымен бірге әуен қызған кезде күні бойы, тіпті түнде де сайрайды. Ұялары қалың шөп арасында болады. Шырылдақтар ұларын мүкпен жабады деген мәлімет бар. Салынды да 4-6 жіңішке ирек сызықшалы қызғылт секпілді ұызғылттау жұмыртқалары болады. Ұялаум тіршілігі егжей-тегжейлі айқындалмаған. Мамырда ұшып келіп, қыркүйекте ұшып кетеді. Сайрауық шырылдақтың Қазақстанда тек қана екі жерде шығыста және оңтүстік-шығыста анық ұялайтыны белгілі. ## Дереккөздер
Тау шақшақай (лат. Motacilla cinerea) — Торғайтәрізділер отрядына жататын Шақшақай тұқымдасының негізгі Шақшақайлар туысының ұзын құйрықты құсы. Бұл шағын денелі 14-20 г, әдемі шақшақай барлық сары өңді туыстарынан ұзын құйрығы бойынша жақсы ажыратылады. Жонының реңі де өзгеше-қошқыл, шифер түстес сұр түсті. Қанаты да жіңішке ақ жолақты қаралтым болып келеді. Аналығында ашық сары реңкті тамағында үшбұрышты теңбіл болады. Қазақстанда оңтүстік және шығыстың таулы өлкелерінде өмір сүреді. Әрқашан тау өзенднрі мен бұлақтарының жанында орын тебеді. Ол бұл жерде тастардың арасынан су маңынан бунақденелілерді іздестіреді, көбінесе оларды жерде жүріп қуып жетеді немесе солардың соңынан әуелеп ұшады. Дауысы үш еселенген "цицици", оқта-текте сайрайды, алайда күйттік кезеңде құсойнақ жасайды. Ұяларды су жағасынан онша алыс емес жасырын қалқалы жерлерге салады. Бір жылда екі рет балапан өргізеді. Қазақстанда сәуірден қыкүйек бойы өмір сүреді. Қалған уақыттарды Африкада және Азияның оңтүстігіндегі жерлерде өткізеді. ## Дереккөздер
Республикалық инновациялық қор акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту, инновациялық жұмыстарды қайтарылымды қаржыландыру механизмін іске асыру және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100%-ды құрайды. Инновациялық қорды құру инновацияларды тиімді әрі рыноктық механизмінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі тиіс. ## Міндеттері * отандық және шетелдік инвесторлармен бірігіп венчурлік қорлар құру, механизмдер мен инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу; * коммерциялық нәтиже мен гранттар беру жолымен экономиканы технологиялық жақсарту тұрғысынан әлеуетті перспективкалық болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; * инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында үлестік бақылауға алынбайтын қатысу жолымен инновацияларды енгізуді ақшалай қаржыландыру болып табылады. ## Дереккөздер
Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев (8 шілде 1948, Ленинград қаласы - 21 шілде 2006, Алматы қаласы), генерал-майор (1993). КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф.Э.Дзержинский атындағы Алматы жоғары шекара училищесін (КСРО Министрлік кеңесі жанындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары командалық училищесін (1970ж), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1979 ж) , РФ ҚК Бас штабы Әскери штабын бітірген (1992 ж). ## Еңбек жолы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округының шекара отрядының ақпарат бойынша офицері (1970-72 жылдар); КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Алматы жоғарғы шекара училищесінің курс офицері (1972-76 жылдар) ; М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1976-79 жылдар); Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округы барлау бөлімінің офицері, штаб аға офицері, штаб бастығы, 130 шекара отрядының командирі (1979-84 жылдар), округтық бөлім бастығының орынбасары (1984-90 жылдар), РФ ҚК Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы (1990-92 жылдар); Қызыл Тулы Шыңыс шекаралық округы әскерлері қолбасшысының орынбасары - әскерлерді даярлау бөлімінің бастығы (1992 жыл); ҚР Шекара әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1992-93 жылдар); ҚР республика Ұланның қолбасшысы (1993-95 жылдар); ҚР Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1995-96 жылдар); ҚР Шекара әскерлерінің РФ Шұғыл әрекетті тобының бастығы (1996-98 жылдар); ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің әскери атташесі (1998-2003 жылдар). ## Марапаттары * ҚР-ның құрметті шекарашысы, * Қызыл жұлдыз, * 3-ші дәрежелі "КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" ордендері, * медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Бюджеттен тыс қор – мемлекет қаржы жүйесінің маңызды бөлігі, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген кездері бар қаржы ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде қарастырсақ, бюджеттен тыс корлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. ## Қор мақсаттары * шикізат пен материалдарды ұқсатып шығаратын жаңа технологияларды пайдаланып жарысқа қабілетті өнімдерді шығаратын, сондай-ақ бірге өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асыратын перспективкалық ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылатын сонымен қатар жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру; * инвестициялық жобаларды ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру Қормен ортақ қаржыландыру және бұл жобаларды басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жұмсалатын жекеше инвестицияларды ынталандыру; * отандық өндірісті дамытушы шетелдік ұйымдар арасында өндірістік корпорацияны қамтамасыз ететін Қазақстаннан тыс жерлердегі инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыру арқылы шетелдегі Қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу . ## Түрлері Қазіргі таңда бюджеттен тыс қорлардың мынандай түрлері қоғамда көп кездеседі: * Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры; * Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры; * Міндетті медициналық сақтандыру қоры; * Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры; ## Дереккөздер
Гавриил Абрамович Илизаров ( 1921 жылдың 15 маусымы, Беложева, Подляс воеводалығы, Польша – 1992 жылдың 24 шілдес Құрған, Ресей) — кеңес одағының аса көрнекті хирург-ортопед. ## Өмірбаяны Гавриил Абрамұлы Илизаров Польшаның Белосток воеводалығының Беловежадағы кедей отбасыда алты баланың ішіндегі ең үлкені болып туылады. Болашақ хирургтың әкесі Абрам Илизаровтың ата тегі горско-еврейлік, шығу тегі Кусар; анасы - Голда (Галина) Абрамовна Розенблюм, шығу тегі ашкеназлық Беловежа жерінен. Ол 7 жаста болған кезде отбасы әкесінің туған жері Кусарыға көшеді, ол жерде болашақ хирург сегіз жылдық мектепті, содан соң Буйнаклық медрабфакты бітіреді. ## Жетістіктер мен жұмыстар 1939 жылы Симферопольдық медицина университетінің студенті атанады, бұл университетті 1944 жылы аяқтайды. Дәрігердың мақтау қағазын алғаннан кейін, Долговка аймақ ауруханасының дәрігерінен (1948) - Құрғандық Жалпыаудандық ғылым орталығының жарақат және сынық қалпына келтіру орталығаның бастығына дейінгі жолды өтті (1987). Курган облысының соғыс инфалидтерінің бөлімінің меңгерушісі бола отырып, оның көл алдында жүздеген жауынгерлердің сүйек зақымдауымен келгенін байқай отырып, оларға беріліп отырған емделулерінің қорытындысыз екенін көрген. Г.А.Илизаров сынған сүйектердің өсіру амалын ұсынған болатын. Ұсынылған әдіс және аппарат авторлық куәгерленген болатын. Илизаров аппаратын қолдану эффектті және емделу мерзімі қысқарған болатын. Үлкен іс-тәжірибе аппарат қолданудың диапазоның кеңейткен болатын.1950 жылы ойлап шығарылған Илазаровтың чрескостный қысу- созу құрылғысы сүйек мүшелері мен сүйек ұлпасының дамуының күрделі биологиялық үрдістерін фиксациялық тұрақтылықты үйлесімді ұстап тұрады. Аппарат өз атымен сақинаны еске түсіреді,оған сымдар сүйекке қадалады. Аппарат сақиналары өзекшемен жалғанып тұрады, ол арқылы сүйек күніне 1 мм өсе алады.Илизаров аппараты-универсальды динамикалық құрылым,ол оптимальдық медико-биологиялық және механикалық сүйек өсу ережесі және анатомо-функциянальдық қимыл-тірек аппараты. Өз аппаратының кең қолдануына байланысты, ол өз аппаратының детальдарын және түйіндерін бірыңғайлап алған болатын. Әрбір жағдайға байланысты (ол адамның сүйектеріне, сынуына қарай) дәрігерлер аппарат түрлілігіне байланысты шектеулі детальдардан аппарат құрастырады. Аппарат сүйек жарақатына, сынықтарға, туа біткен деформацияға қолданылады. Сондай-ақ эстетикалық операция кезінде ортопедиялық косметалогияда, яғни, аяқ ұзартуда немесе аяқ түзертуде. Г.А.Илизаровтың әдісін барлығы құптау үшін ұзақ уақыт кеткен болатын. Осы жетістік арқылы Илизаров кандидант атағынсыз медициналық ғылым докторы дәрежесін иеленген болатын. Диссертацияны қорғау перьмде 1968 жылы болған. Диссертацияда көптеген жылдар бойы жасалған сәтті тәжірибелер арқасында мыңдаған науқастардың ауығып кеткені туралы айтылды. Анализ жасай келе, суйек өсуі және тін регенераты туралы белгілі бір заңдылық ашылды; аяқ қолды өсіруге ерік беретін; жетпей тұрған мүшелерді қалпына келтіру табанды, саусақты,білезік сүйекті қоса. Бұл оқиға барлық ел үшін үлкен жаңалық болды. Г.А.Илазаровпен арқа миының бөліктік жылдам қалыпқа келуінің тәжірибесінде алғашқы оң нәтижелерге қол жетті. Травмотологияда және ортопедиядада бұған дейін бұндай фундаментальді тәжірибе дүние жүзінде жүргізілмеген болатын. Г.А.Илизаровтың жұмыстарының дәлдігі адам таңқаларлықтай. Бұның бәрі кеңес одағының ортопедия және травмотология саласы бойынша әлем көшбасшысы болуына ықпал етті. Осы орынды сақтау үшін КПСС орталық комитеті мен КСРО кеңес министрлігінің номері 1098 бұйрығы бойынша 1987 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Кургандық НИИ эксперименттік және клиникалық ортопедия мен травмотологиялық ғылыми орталық ашылды. Ол "Қайта қалпына келтіретін травмотология және ортопедия деп аталды және оның филиалдары Мәскеу облысында, Ленинград, Волгоград, Казань, Уфа, Краснодар, Свердловск, Омск, Красноярск, Владивосток қалаларында орналасты. 1982 жылдан бастап салтанатты шерулер мен Илазаровтың әдістерінің көшбасшы болып келе жатырған шетелдің тәжірибесіне енуі басталды. Шетелдік баспасөз таңғалғандықтан, Илизаровқа «Микеланджело ортопедияда» атағын береді. Испания, Франция, Англия, АҚШ, Мексика және басқа да елдерден келуге шақыру шашылып кетті. Итальяндық компания «Mедикл Пластик» Батыс Еуропа, сондай-ақ Бразилия мен Аргентина елдеріне Илизаровтың аппараттарын өндіру және сауда үшін лицензия сатып алады. Итальяндық ASAMI (Илизаров аппаратының және әдісін зерттеу қауымдастығы) осы әдіс үшін тұрақты халықаралық оқыту курстарын өткізу туралы шешім қабылдайды. Бірауыздан Г.А.Илизаров курс жетекшісі болып тағайындалады. ASAMI Испания, Франция, Бельгия, Португалия, содан соң Мексика, АҚШ және басқа елдерде де пайда болады. Илизаров ғылыми мәжілістерге қатысып, лекция оқу , операцияларға оқытып, үйрету үшін әлемнің 30-дан астам еліне барып көрді. Құрғанның ОТЭКҒИ (Ортопедия және травмотология эксперименттік және клиникалық ғылыми-зерттеу институты) мен шетелдік емдік және ғылыми мекемелер арасында халықаралық байланыстар әрдайым дами берді. Көптеген шетел азаматтары Құрған қаласына емделуге келетін. ## Марапаттар мен атақтар Г.А.Илизаров ұлттық және халықаралық құрметті атақ марапаттарына ие. Оған қадірлі атақ - «Ресей Әлеуметтік Құрамалық Кеңестік Республикасының Құрметті дәрігері» , ғылым және техника жағынан КСРО-ның Лениндік марапаты және Әлеуметтік Еңбек Қайраткері атағы берілді.
Өмірбек Бәйгелді (15 сәуір 1939 жыл, Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы — 3 сәуір 2024, Астана) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, зейнеттегі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы. Бұрын Парламент Сенатының төрағасы (1996–1999), Қазақстан президентінің кеңесшісі (1995) және Жамбыл облысының әкімі (1990–1995) лауазымдарының иесі болған. Қазіргі таңда Бәйгелді 1992 жылдан бері Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі және 1998 жылдан бері Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі болып келеді. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Өмірбек Бәйгелді Жамбыл ауданының Қызыл Октябрь (қазіргі Ерназар) ауылында дүниеге келді. 1955 жылдың тамыз айынында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы ретінде мансабын бастады. Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік бітірді. 1957 жылдың шілде айынан бастап комсомол ұйымының хатшысы. 1962 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Свердловск ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары. 1966 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы және 1975 жылдың тамыз айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1984 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1990–1993 жылдары Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты, заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі. 1990 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, және 1990 жылдың маусым айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Сонымен қатар 1990 жылдың шілде айынан Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметін бастаған, бұл қазіргі Жамбыл облысы әкімінің аналогы. 1995 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, және 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. Бірінші қызметін 2011 жылғы дейін жалғастырса, екіншісін 2005 жылы ғана аяқтады.Астанадан тыстағы Ұлттық пантеонда жерленген. ## Марапаттары ### Ордендері және медальдері * Еңбек Қызыл Ту ордені (1973); * Халықтар Достығы ордені (1980); * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); * Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005); * Қазақстан Парламентіне 10 жыл (2006). ### Атақтары * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; * Жамбыл облысының құрметті азаматы. ## Отбасы Өмірбек Бәйгелді үйленген, оның жұбайы — Сүйіншәлиева Мәнсия Шандәулетқызы. Мәнсия Сүйіншәлиева мен Өмірбек Бәйгелдінің үш ұлы, Темір (1965 туған), Байнұр (1969 туған) және Дәуір (1972 туған) бар. ## Қосымша ақпарат ## Дереккөздер
Бәсенов Төлеу Құлқаманұлы (12.09.1909, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы - 04.05.1976, Алматы) - тұңғыш қазақ архитекторы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура Академиясының коррекция мүшесі (1950). Бәсенов Қазақстанда қазіргі архитектуралық мектептің негізін салып, Архитекторлар одағын ұйымдастырушылардың, архитектура саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі болды. Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітірген (1933). 1933-37 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызмет етті. 1937-41 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы, 1944-54 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура басқармасының бастығы, 1958-76 жылы Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол Алматы қаласының бас жоспарын, Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонын, Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын (1968-69), Халықаралық Алматы әуежайының бірінші кешенін (1936-37), Қазақ опера және балет театрының үйін (1941), Аманкелді ескерткішінің архитектуралық жоспарын (1949-51), тұрғын үйлерді жобалалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шықты. Батыс Қазақстан архитектуралық ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады. Бәсенов “Сам аймағындағы архитектуралық ескерткішер” (1947), “Қазақстан архитектурасындағы өрнектер” (1957), “Архитектура және қала құрылысы” (1974), т.б. еңбектердің авторы. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Төлеу Бәсенов атындағы диплом тағайындалған. ## Сыртқы сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Асқар Тоқпанов (Әлиасқар) (13 қазан, 1915 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы - 22 қараша, 1994 жылы Алматы) — Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1975). ## Толығырақ Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1932 -1933 ж. ҚазҰПУ-да оқыды. 1939 ж. Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын (проф. В.Г. Сахновскийдің жетекшілігімен) бітірді. 1939 -1944 және 1948 - 1951 ж. Қазақ академия драма театрында қоюшы режиссер болып, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай" (1940), Ш.Құсайыновтың "Марабай" Әуезовтің " Сын сағаттасы" (екеуі де 1941) мен "Еңлік - Кебек" (1944), С.Мұқановтың "Жеңіс жыры" (1942), Ғ.Мустафиннің "Миллионер" (1950), А.П. Штейннің "Намыс соты", Д.Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлары" (екеуі де 1948) секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. 1951 - 1953 ж. қазіргі Қазақ академялық балалар мен жас өспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды (1945-1946), Атырау (бұрынғы Гурьев; 1955, 1959), Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Олардың қатарында: М.Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" (1951, 1956; Балалар мен жасөспірімдер театрының Бүкілодақтық фестивалінің 2-дәрежелі дипломы, 1958), Құсайыновтың "Нұрлы тас" (1951), "Көктем желі" мен "Алдар көсесі" (1953 - 1954, бәрі де Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында), Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқтысы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" (1945 - 1946, Қарағанды облысы драма театры) Әуезовтің "Абайы" (инсценировка бойынша, 1955) мен "Қарагөзі" (1959), Мүсіреповтің "Амангелдісі" (1955, қазіргі Атырау облысы драма театры), Т.Ахтановтың "Махаббат мұңы" (1969), Н.Ф. Погодиннің "Кремль куранттары" (1970, Жамбыл облысы драма театры); Ә.Тәжібаевтың "Майрасы" (1957, өзі Ақаевтың рөлін орындады), Б.Майлиннің "Майданы" (1965), А.Үйғын мен И.Сұлтановтың "Әлішер Науаиы" (1983, үшеуі де Қазақ академия драма театрында), т.б. спектакльдері бар. Тоқпанов спектакльдерді қоюмен қатар, кейбір басты рольдерді өзі сомдады: Ыбырай (Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсаринында"), Ленин (Погодиннің "Кремль куранттарында"; Республика театрлар байқауының лауреаты, 1970) т.б. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы мақалалар мен пьесалар ("Тазша бала", "Тасыған төгілер") жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің ("Нора"), А.Н. Островскішдің ("Шьшдық қатты - бақыт тәтгі"), А.П. Чеховтың ("Шағала" мен "Иванов"), А.В. Софроновтың ("аспаз әйел", "Күйеуге сенген аспаз", М.Горькийдің ("Форма Гордеев", инсңенировка) туындыларын аударды. Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Өнер институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы, 1955 - 1963 ж. кафедра меңгерушісі; 1975 жылдан професор) пед. қызметпен шұғылданды. 1955 ж. Алматыда ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. ## Мемлекеттік марапаттары * 1957 жылы «Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді. * 1975 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған. * 1975 жылдан профессор (құрметті ғылыми атағы берілген); * Еңбек Қызыл Ту Ордені * Халықтар Достығы Ордені * Құрмет белгісі Ордені * Еңбек ардагері медалімен және көптеген медалдармен марапатталған. ## Шығармалары Сахна сазы, А. 1969; Кешеден бүгінге дейіп, А., 1976; Іңкәр дүние, А., 1991. ## Дереккөздер
Фуад Таги оглы Алескеров (23 қаңтар, 1951, Баку, Әзірбайжан КСР) - техника ғылымдарының докторы, профессор. ## Марапаттамалары * Ресей ғылым және техника саласының еңбек сіңірген қайраткері (2011) ## Сыртқы сілтемелер * Ф. Т. Алескеров НИУ-ВШЭ сайтында (орысша)
Алемасов Вячеслав Евгеньевич (11 шілде 1923 - 15 маусым, 2006) - ресейлік кеңестік ғалым. ## Марапаттамалары * Қызыл ту ордені * «Құрмет» ордені (1995) ## Сыртқы сілтемелер * Вячеслав Евгеньевич Алемасов
Тасарық – Талас алабындағы өзен. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Талас, Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 285 км2 . ## Бастауы Бастауын Ақкөл қазаншұңқырынан алып, оңтүстікке қарай ағып, Көделі өзеніне оң жағынан құяды. ## Гидрографикасы Жағалауы жайпақ, аңғары 30 – 45 м. Қар және жер асты суымен толығады. Жаз айларында кеуіп қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық және жайылым. ## Дереккөздер
Әділ сауда (ағылш. Fair Trade) — халықаралық еңбектің, экологиялық және қоғамдық реттелудің, сондай-ақ қоғамдық-саяси қатынастағы таңбаланған және таңбаланбаған тауарлардың, қолөнер еңбегінен бастап ауыл шаруашылық өнімдерінің әділ үлгісін қолдайтын, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық қозғалыс. Соның ішінде, бұл қозғалыс дамушы елдердің дамыған елдерге арналған экспортына көп мән береді. Әділ сауда тақырыбындағы талқыланатын басты мәселе — әділ сауданың «әділ емес» екендігі жөніндегі сыни көзқарастар болып табылады. Әділ сауданың қағидаларын қолдаушылардың айтуы бойынша, тауар бағасының тұрақсыздығы көптеген дамушы елдердің ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ете алмайды, осылайша олар қолайсыз жолмен қарыз алуға мәжбүр болады. Сондай-ақ әділ сауданы жақтаушылардың ойынша, нарықтағы бағалар өндірістің экологиялық және әлеуметтік компоненттен құралған ақиқатты құнын көрсете алмайды. Ал, әділ сауда осындай мәселелерді шешуде экономикалық дамуға мүмкіндік беретін, дамушы елдердегі өндірушілер мен қарапайым жұмысшыларға тиімді саудалық жағдай ұсынатын, «этикалық» тауарлардың альтернативті сауда жүйесін орнатуды көздейді. Әділ сауданы еркін сауданың орнын басушысы немесе оның альтернативі ретінді жиі қарастырады. Мамыр айының екінші сенбісі Халықаралық әділ сауда күні болып табылады. Бұл күні Еуропа мен Солтүстік Американың көптеген елдерінде әділ сауданың басты мүдделерін қоғамға түсіндіру мақсатында әртүрлі акциялар мен іс-шаралар өтіп тұрады. 2009 жылы Халықаралық әділ сауда күні 9 мамыр күнімен сәйкес келді. * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Әділ сауда * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Әділ сауда
Тәушбаев Сұлтанбек (1956 ж.т., Жалағаш ауданы Мырзабай ахун а.) – ғалым, тех. ғыл. докт., проф. Жамбыл гидромелиорация.-құрылыс ин-тын бітірген (1980). 1980 – 2003 ж. Қызылорда пед. ин-тында (Қорқыт ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) оқытушы, кафедра меңгерушісі, ф-т деканы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан «Қызылорда су шаруашылығы» мемл. кәсіпорнының директоры. Ғыл. еңбектері Арал-Сырдария аймағы су қорларын болжау әдістері және өзен алаптарындағы геоэкология жүйелерін ескеріп, су қорларын тиімді пайдалану іс-шараларына арналған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Тастаев Нұрберген (15.12. 1957 жылы туған, Жаңақорған кенті) – термеші, ақын, сазгер. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін бітірген (1981). 1981 – 1883 ж. Жаңақорған ауданы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде аға инженер, 1983 – 1986 ж. 17-ші кәсіптік-техника училищесінің комсомол ұйымы хатшысы, өндіріс маманы, 1986 – 1990 ж. «Білім» аудан қоғамының жауапты хатшысы, ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1990 – 1991 жылы «Задария» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1991 – 1993 жылы кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 – 1996 жылы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, 1996 – 2005 жылы аудан мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдан Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары қызметінде. Тастаев айтыскер ақын, термеші, әнші ретінде «Наурыз-89» (Алматы, 1989), Базар жыраудың 150 жылдығы (Ташкент), Т. Рысқұловтың 100 жылдығы (Шымкент), Абайдың 150 жылдығы (Ақтау) тойларына қатысып, өнер көрсеткен. Шешендік өнердің Бүкілодақтық ІІ-ші байқауының дипломанты. Сазгер Т-тың 50-ге жуық әні бар. Оның ішінде «Көңіл сыры», «Гүлім», «Жанымда бір жүрші», «Туған жер», «Ата жұртты сағындым», «Жаңақорған Жаңарығым», «Сен мені қадірлесең», «Досыма», «Қарғашым», т.б. әндері кең тараған. ## Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Қызылсоқ – Айтау тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа шоқылы тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бабасай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Тесік, Тамшы, оңтүстігінде Құрғақшолақ қыстаулары, оңтүстік-батысында Дегерес тауы, сотүстік-шығысында Ақмолақұдық құдығы бар. Таудың саздақты бозғылт топырағында шөл өсімдіктері өскен. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 743 м. Салыстырмалы биіктігі 30-40 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. ## Геологиялық құрылымы Палеозойдың гнейстерінен, кристаллды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. ## Дереккөздер
Қарасу, Жіңішке, Сасықбай – Күрті алабындағы өзен. ## Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауын Майтөбе шоқысы етегінен алып, Күрті өзенінің саласы - Ақсеңгір өзеніне оң жағынан құяды. Жоғары жағында Майбұлақ деп аталады. ## Гидрологиясы Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 380 км2. Өзеннің жоғарғы бөлігі тау шатқалымен, орта және төменгі ағысы жарқабақты және жарлауытты өңірмен ағады. Көктемде су тасиды. Аңғары мал жайлымына және шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Құтырған – Күрті алабындағы өзен, Қарақастек өзенінің тармағы. ## Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 29 км. ## Бастауы Қарақастек ауылынан төменде жылғалардан бастау алып, Алматы-Тарғап автомобиль жолынан төменде Қарасу өзеніне сол жағынан құяды. ## Гидрологиясы Жағалауы тік жарқабақты келген. Көктем айларында тасиды, сел жүру қаупі бар. Арнасында жыл бойы су болады. Аңғары толығымен дерлік игерілген. ## Дереккөздер
Қарақастек — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарақастек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаштан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Шора батыр (тат. Чура Наррәң углы, Чура батыр, қырым. Çora batır) – аңыз, ертегі үлгісіндегі қаһармандық жыр кейіпкері. Шора батыр жөніндегі жыр Румыния, Түркия, Қырым, Қазан татарлары, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар арасында да кең тараған. Қазақтар арасында «Шора Батыр» жыры Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аймағында айтылған. Қазақ нұсқаларының мазмұны алуан түрлі: батыс нұсқаларының тарихилық сипаты басым болса, оңтүстіктегі нұсқалар көркемдігімен ерекшеленеді. «Шора Батыр» Арал маңында да жырланған, бұл үлгілер оңтүстік жырларына көбірек ұқсайды. Батыс Қазақстандағы нұсқаларда бас қаһарман мерт болса, оңтүстіктегі нұсқалар бақытты финалмен бітеді. Жырда қарт Нәріктің баласыздығы, басынан өткен қиыншылықтары, Шораның ғажайып туылуы, ер жетуі, өзі жоқта ата-анасына зорлық қылған Әлі биді кездейсоқ өлтіруі, соның себебінен Қазан қаласына кетуі; Қазанға келген басқыншы жаумен соғысуы, ерліктері айтылады. Бұл оқиғалық желі «Шора Батырдың» барлық нұсқаларында кездеседі. Кейбір нұсқаларда Шораның олжаға келген жау қызынан туған өз ұлымен соғысқаны баяндалады. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің көбінің тарихи негіздері бар. Бас қаһарманның тарихи түп тұлғасы – орыс жылнамаларында аты кездесетін Чура (Чюра) Нарикович деген кісі. Ол Қазан қаласын орыс басқыншыларынан қорғауда көп ерлік көрсеткен. Қазан хандығы үшін болған саяси күресте белсенді қызмет атқарып, ішкі саяси ахуалы шиеленісті күйде тұрған хандықтың жағдайын жақсартуға, бейбітшілік орнатуға үлкен еңбек сіңірген. «Шора Батыр» жырының жариялану, зерттелу тарихы 19 ғасырдың орта кезінен басталды. Қазақ даласына жер аударылған поляк қайраткері Б.Зелесский Мырзақай деген кісіден жазып алған нұсқаны 1857 ж. поляк тілінде жариялады. 1884 ж. Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы Қазан қаласында «Шора Батырдың» бір нұсқасын кітап етіп шығарған. 1895 ж. Ә.Диваев Майлықожа ақыннан жазып алған прозалық нұсқаны орыс тілінде бастырған. М.Әлиакбарұлы нұсқасын редакциялаған Төрткүл болысының қарақалпағы Ермұхамед Нығметуллин үлгісін Ә.Диваев бастырады (1917, 1920, 1922). Кеңес дәуірінде бұл нұсқа С.Сейфуллин, С.Мұқановтар тарапынан өңделіп жарияланды. «Шора Батыр» жөнінде ең алғаш ғылыми пікір айтқан Ш.Уәлиханов болды. «Шора Батыр» жырының Кеңес дәуіріндегі зерттелу тарихы екі кезеңнен тұрады: 1947 жылғы Қазақстан КП ОК-інің ұлттық мұраларға қарсы бағытталған қаулыларына дейінгі және 70 жылдардан кейінгі зерттелу кезеңдері. «Шора Батыр» туралы П.А. Фалев, Мұқтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, А.С. Орловтар зерттесе, екінші кезеңде Р.Бердібай тың ғылыми әдістеме тұрғысынан қарастырды. Ғалым Ә.Оспанұлы мен әдебиет сыншысы Т.Тоқбергенов те «Шора Батырдың» қайта зерттелуіне үлес қосты. 1998 ж. жыр бойынша екі кандидат диссертациясы қорғалды. «Шора Батыр» Оңтүстік Қазақстанда ерте кезден жырланған. Тарихи негізі Қырым және Қазан хандықтары мен Орыс мемлекеті арасындағы оқиғаларда жатқан жырды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне 16 ғасырдың орта тұсында Еділ бойынан Түркістан, Сығанақ қалалары төңірегіне қоныс аударған қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі алып келген деуге негіз бар. Бұл этникалық топ қазіргі қарақалпақтар мен қазақтар құрамындағы қоңырат тайпаларының қомақты бөлігін құрайды. «Шора Батырдың» қарақалпақтардағы және Оңтүстік Қазақстандағы нұсқаларының өте ұқсас болуының басты себебі осында. 19 ғасырдың соңында Қаратау атырабына қоныс тепкен тама руының «Шора Батырдың» бұл өлкеде көп айтылуына үлкен ықпалы болған. Тама руының өкілдері Шораны өз бабалары деп есептейді. Оңтүстік өңірінде жырды Майкөт, Құлыншақ ақындар жырлаған, Молда Мұса жыр желісін өз өңдеуі бойынша хатқа түсірген. Орысша да, ескіше де сауатты ақын көне басылымдар негізінде Шораның өз ұлымен соғысу оқиғасын дамыта жырлап, жырға 2-бөлім етіп қосқан, бірақ ол аяқталмай қалған. Осы нұсқаның алғашқы бөлімі қолжазба түрінде оңтүстік өлкесінде кең тараған. Майкөт Сандыбайұлы жырлаған үлгі де хатқа түсіп, Ә.Диваев тарапынан орысшаға аударылған. Ол Мәскеу мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр. Аударманың түпнұсқасы қайда екенін белгісіз. Бірақ Жетісу өлкесінде тараған қолжазба нұсқалардың осы түпнұсқадан негіз алғаны байқалады. Қырғыздар арасында жырланған жыр түрлері де Майкөт пен Құлыншақ ақындар айтқан нұсқалардан бастау алған. Майлықожаның қара сөз түрінде айтқан үлгісінің негізі Құлыншақ нұсқасында жатуы мүмкін. «Шора Батырдың» Құлыншақтан үйреніп, Жамбыл да жырлаған. «Шора Батырдың» оңтүстіктегі нұсқалары көп өзгеріске түскен. Оларға осы өлкеге жақсы таныс жер-су, кісі есімдері көп енгізілген. Сондай-ақ жыр оңтүстікте бұрыннан айтылып келе жатқан «Алпамыс батыр» эпосымен өзара ықпалдасуға (контаминация) түскен. Шора батыр, Шора батыр Ер шора Кіші жүз Жетіру тайпасынан Тама руынан. Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облыстарында Шора батырдың тікелей ұрпақтары бар. ## Дереккөздер
Әуелбек Ізтайұлы Ізтаев (28 ақпан 1950 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылы) – ғалым, техникалық ғыл. докторы (1993), профессор (1994). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. 1972 жылы Одесса тамақ өнеркәсібі технологияларының институтынтын бітірген. 1973–75 ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы бөлімшесінде (қазіргі Алматы технол. университеті) ассистент, 1975 – 78 және 1990 – 92 ж. Мәскеу тамақ өнеркәсібі институтында аспирант, докторант, 1979 – 96 ж. Алматы технол. университетінде оқытушы, доцент, сырттай оқу факультетінің деканы, Алматы технология және бизнес университетінің проректоры болды. 1996 жылдан Алматы технол.университетінің “Астық және нан өнімдері технологиясы” кафедрасының меңгерушісі қызметінде. Негізгі ғыл. еңбектері элеваторларда, астық, нан өнімдерін өндіру кәсіпорындарында астықты қабылдау, топтастыру, өңдеу, сақтау, ұн, жарма, құрамажем, нан, макарон өнімдері технологияларын дамыту және тех. жабдықталуын ғыл. тұрғыдан негіздеуге арналған. Ол агр. ғылым саласында астық технологиясының жаңа теориясын қалыптастырған, бидайдың жаңа тұқымдарының технол. белгісі бар сұрыптарын шығаруда кешенді матем. үлгілер арқылы ғыл. негіздеме жасады. І-тың 450-ден астам ғыл. еңбегі, соның ішінде 10 монографиясы жарық көрді. Әуелбек Ізтаев бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Әуелбек Ізтайұлы Ізтаев (28 ақпан 1950 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылы) – ғалым, техникалық ғыл. докторы (1993), профессор (1994). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. 1972 жылы Одесса тамақ өнеркәсібі технологияларының институтынтын бітірген. 1973–75 ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы бөлімшесінде (қазіргі Алматы технол. университеті) ассистент, 1975 – 78 және 1990 – 92 ж. Мәскеу тамақ өнеркәсібі институтында аспирант, докторант, 1979 – 96 ж. Алматы технол. университетінде оқытушы, доцент, сырттай оқу факультетінің деканы, Алматы технология және бизнес университетінің проректоры болды. 1996 жылдан Алматы технол.университетінің “Астық және нан өнімдері технологиясы” кафедрасының меңгерушісі қызметінде. Негізгі ғыл. еңбектері элеваторларда, астық, нан өнімдерін өндіру кәсіпорындарында астықты қабылдау, топтастыру, өңдеу, сақтау, ұн, жарма, құрамажем, нан, макарон өнімдері технологияларын дамыту және тех. жабдықталуын ғыл. тұрғыдан негіздеуге арналған. Ол агр. ғылым саласында астық технологиясының жаңа теориясын қалыптастырған, бидайдың жаңа тұқымдарының технол. белгісі бар сұрыптарын шығаруда кешенді матем. үлгілер арқылы ғыл. негіздеме жасады. І-тың 450-ден астам ғыл. еңбегі, соның ішінде 10 монографиясы жарық көрді. Әуелбек Ізтаев бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Елді мекен: * Қызылсоқ – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл. Таулар: * Қызылсоқ – Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан тау. * Қызылсоқ – Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан тау.
Қарабас шөжешымшық (лат. Parus palustris) — Торғайтәрізділер отрядының Шымшықтар тұқымдасына жататын Шөжелер туысының орташа денелі (10-15г) құс. Қарабас шөжешымшық томпышқа және басқа шөжешымшықтарға өте ұқсас, олардан айырмашылығы - басы жылтыр қара реңді. Бұл Сібірдің жалпақ жапырақты ормандарының тұрғыны Қазақстанда тек қана шығыс шекарасында, Бұқтырма және Катонқарағай (Алтай) аймақтарында кездеседі. Ұялау кезеңінен басқа уақыттарда үнемі үйірлесіп жүреді, қауымдас құстар. Ағаш қуысына ұялайды: сірә бір жылда 2 рет балапан өргізетін болар. Бұл құстың биологиясы Қазақстанда зерттелмеген, ол туралы кез келген мәлімет көңіл аударады. ## Дереккөздер
Далалық күйкентай немесе Дала күйкентайы (лат. Falco naumanni) — сұңқартәрізділер отрядының Сұңқарлар тұқымдасының Кәдімгі күйкентайдан біршама кішірек денелі жыртқыш құс. Аталығы өте ашық реңді-басы шұбарланбаған сұр көгілдер,жоны-ашық қызғылтсары, құйрығы-үстіңгі жағы қошқыл жолақты ашық сұр түсті. Кәдімгі күйкентайдан қысқалау келген құйрығы және ақ тырнақтарымен ерекшеленеді. Ірі жәндіктерді негізінде шегірткелер мен қоңыздарды басымырақ қорек етіп, сондай -ақ кесірткелерді, ұсақ кемірушілермен құстарды да жейді. Оңтүстік Еуропа, Алдыңғы және Орта Азияны қоныстайды. Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада қыстайды. Қазақстанда үлкен аумақта тіршілік етеді, бірақ нағыз таулардан аулақ жүреді. Шоғыр түзетін құстар,жылыстау кезінде де шоғырланып ұшады. Жартастарға, кейде құрылыстарға және ағаш қуыстарына ұялайды. Соңғы онжылдықта бұл құстың саны барлық аймақта шұғыл кеми түскендіктен, далалық күйкентай түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне тіркелген. Шығыс Қазақстанда далалы жерлерді, оңтүстігіндегі орманды даланы, қыратты жерлерді мекендейді. Өзен аңғарларында, жағалаудағы жарлы жерлермен бірге құз тастарда да кездеседі. Дала күйкентайының негізгі қорегі майда кеміргіштер, көкқасқа шегірткелер мен қоңыздар, сондай-ақ, кеміргіштер, құрт-құмырсқалар, кейде ұсақ құстарды да аулайды. Ұясын жағалау жанына, үйінді обалардың биігіндегі тастарға салады. Дала күйкентайы кейде басқа құстардың да ұясын паналайды. 2-7 жұмыртқа салады. Дала күйкентайы жыл құсы. Қыстайтын жерлері - Оңтүстік Азия, Африка. 1100 м биікке ұя салғаны біздің аймақта байқалмаған. Қатон-Қарағай мен Бұқтырмада, Берел жағында, Саханың ауыз тұсында көрінген. ## Дереккөздер
Борис Константинович Шишкин - орыс ғалымы. ## Өмірбаяны Б.К. Шишкин діни қызметкер отбасында дүниеге келген. 1911 жылы Томск университетінің медициналық факультетін бітірген. 1913-1915 жылы сол оқу орнында оқыды.1915-1918 жылдары - әскери дәрігер.Жыл 1918-1925 Б.К. Шишкин жылы Тбилисиде ботаника Кавказ мұражайының бөлімі басқарады. 1925 жылы ол 1930 жылға дейін Томск университетінің оралды және морфология және өсімдіктердің систематики кафедрасының профессоры болды.Содан кейін ол институт директоры қызметін атқарған 1938-1949 жылы Ленинградта КСРО ботаникалық институтының қызметкері болып жұмыс істеді.Ленинград университетінің (1945-1958) профессоры. Бүкілодақтық ботаникалық қоғамының (1946-1963) вице-президенті.Борис Қ Шишкин Ленинградта 1963 жылы қайтыс болды, Санкт Серафим зиратына жерленді. ## Сіңірген еңбектері Негізгі жұмыстары гүлді өсімдіктердің (қызғылт отбасы, Umbrella, Asteraceae) және Сібір мен Кавказ ботаникалық география Б.К. Шишкин таксономиясына арналған.Б.К. Шишкин ұжымдық жұмыстардың арасында бірқатар редактор болды - «. Түркіменстан Флора», «КСРО флорасы», «Белорус КСР Флора», «Ленинград облысының Флора»,Жалпы Борис К. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Дереккөздер Яковлев M. С., Смирнов Л. А. Потери науки. Борис Константинович Шишкин // Ботанический журнал. — 1963. — Т. 48, № 5.
Түрік қағанаты ( ) — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. ## Түрік этнонимы «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алады. ## Тарихы ### Қалыптасуы Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды. ### Түркі қағанаты Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады». Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды. ## Сыртқы саясаты Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты. Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады.Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады. Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады. ## Түркі тайпаларының діні Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. ## Түркі мәдениеті Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Теле" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "" Теле"" түрік деген мағына береді. "Түрік" этнонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түрік"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. ## Дереккөздер
Темірлан — Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, аудан және Қажымұқан ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Қоржынды – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы түбек. ## Сипаты Абсолюттік биіктігі 108 м. Ақтөбе облысына қарасты жерінде құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым (мола) бар. Теңізге жағалауы жарқабақты. Биіктігі 32 м-ге дейін жетеді. Жер қыртысы олигоцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Түбектің батысында Құмсуат, шығысында Безымянный мүйістері орналасқан. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала. ## Өсімдігі Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфемерлер құрады. Қоржынды түбегін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған. ## Дереккөздер
Алкалаев Константин Константинович (14 желтоқсан, 1901, Либава - 29 наурыз, 1973, Иркутск) - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Иркутск медициналық институтының ректоры. ## Ұлы Отан соғысы Соғыс кезінде үшінші әйелі Мария Яковлевнамен майданда ауруханада жұмыс істеді (ол - хирург, әйелі - медбике). Соғыс соңына қарай медициналық майор атағына ие болды. ## Марапаттамалары * Қызыл Жұлдыз ордені (1944) * Отан соғысы ордені (1945) ## Сыртқы сілтемелер * Константин Константинович Алкалаев
Алферьев Михаил Яковлевич (1901 - 1983) - кемежасаушы инженер, техника ғылымдарының докторы, профессор, азаматтық соғысқа қатысушы. ## Марапаттамалары * «Құрмет белгісі» ордені * «Мәскеу қорғағаны үшін» медалі ## Естелік 1984 жылы катамаран жүк кемесі Михаил Яковлевич Алферьев атымен «Профессор Алферьев» деп аталды. ## Сыртқы сілтемелер * Виктор Любимов. Да разве сердце позабудет... Мұрағатталған 12 қазанның 2014 жылы.
Алимарин Иван Павлович (11 қыркүйек, 1903, Мәскеу - 17 желтоқсан 1989, Мәскеу) - кеңестік химик-аналитик, Социалистік еңбек Ері, (1980). ## Биография * (1923 — 1953) жылдары - қолданбалы минералогия институты. * 1980 - Социалистік Еңбек Ері * 1989 - Дүниеден озды ## Естелік * Мәскеудегі ұсақ химиялық технология мемлекеттік университетінің аналитикалық химия кафедрасы аталған. ## Сыртқы сілтемелер * Иван Павлович Алимарин(қолжетпейтін сілтеме)
Айкиліктер (араб.‎أصحا الأيكة‎‎) — Шуайб пайғамбарды өтірікші етіп көрсетіп, оны қабылдамаған халық. Құранның 26: 176—184 аяттарында кездеседі. ## Тарихы Құранға сүйенсек Шуайб мадьяниттердің басына түскен қайғыдан құтылып, жақын маңдағы Айки халқына діни үндеу жүргізді. Айкиліктер пұтқа табынып, қарақшылықпен жасап, әрі сауда-саттықтан арамдықпен пайда тапқан. Шуайб пайғамбар оларды Алла Тағалаға бағынуға шақырған, алайда айкиліктер оны тыңдамай, Алла Тағаланың бар екендігін дәлелдейтін таңғажайып нәрселерді көрсетуді сұраған. Пайғамбар таңғажайып дүниелерді көрсеткеннен кейін, айкиліктердің бір бөлігі исламды қабылдаса, қалғаны көнбеген. Сол кезде Алла Тағала оларға құрғақшылық жіберген. Құрғақшылық айкиліктерге Алла Тағалаға иман келтіруге себеп бола алмады. Алла Тағала оларға от шашқан бұлт жіберді де, айкиліктерді жойып жіберді. Айкиліктердің қырғынынан кейін Шуайб пайғамбар мұсылман мадьяниттер мен айкиліктерді ертіп Мадьянға қайта оралды. Ол жақта ол үйленіп, екі қызы дүниеге келді. Қыздарының бірі Мұса пайғамбардың жұбайы болған еді. ## Дереккөздер
Новоникольское — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Ақсораң ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Балкашино ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде, Құмдыкөл көлінің оңтүстік жағасында орналасқан. ## Халқы ## Дереккөздер
Смолянка — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Огнёв кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 102 км-дей жерде. ## Халқы ## Дереккөздер
Жанат Ескендірұлы Жақиянов (4 қараша 1983 жыл, Петропавл, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы, аса жеңіл салмақта (53,5 кг) өнер көрсетеді. Онымен қоса WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион (2015—қ.у.), Петропавл қаласында тұрады, әрі бірінші жартылай орта салмақтағы IBF, WBO және IBO тұжырымы бойынша бұрынғы чемпион Рикки Хаттонның қарамағында жаттығады. ## Кәсіпқой мансабы Жанат 2006 жылы Ғалым Жарлығапов атындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанып, Серік Қонақбаевтың арнайы сыйлығына ие болады. 2007 жылы әуесқой бокстағы соңғы кездесуін Копейск (Ресей) қаласындағы халықаралық турнирдің финалында өткізді. Содан кейін жаттықтырушысы және Азаматтың қолдауымен кәсіби боксқа көшеді. Жанат кәсіпқой рингтегі дебютін 2007 жылы 3 тамызда жасады. Оның алғашқы қарсыласы отандасы Нәби Қадыров болды, айқас Жақияновтың жеңісімен аяқталды. Кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс дәмін Жанат 2008 жылы 4 қазанда ресейлік Сахиба Усаровқа қарсы айқаста татты. 2014 жылы 26 сәуірде Жақиянов EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды. Осы жолы ол француз Карим Гуэрфиды 5 раундта нокаутпен жеңді. 2015 жылы 7 қарашада Йонфрез Парехоны жеңіп аса жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Кәсіби бокста Жанат 27 кездесу өткізіп, оның 26-сін жеңіспен аяқтады. Соңғы кездесуі Йонфрез Парехомен Монте-Карло қаласында өткізіп, жеңіске жетті. ## Дереккөздер
Ақбербаев Иса Бақытжанұлы (11 мамыр 1983, Қостанай, КСРО) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсетеді. Бокспен 1998 жылдан бастап шұғылданады. ## Кәсіпқой мансабы Иса кәсіпқой рингте 2009 жылы бірінші ауыр салмақта дебют жасады. Ол жетінші айқасында WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ақбербаев 2013 жылы қаңтарда АҚШ-та жергілікті боксшы Энтони Феррантемен қолғап түйістірді. Ферранте Исаны 10-шы раундта нокаутқа түсірді, десе де кейіннен айқастың нәтижесі өз күшін жойды. Бұл жағдайға американдықтың допинг-тесттен өтпей қалуы себеп болды. Осылайша бұл айқас өтпеген деп жарияланды. 2015 жылдың ақпанында Иса Ақбербаев 1-ші раундта аргентиналық Рубен Анхель Миноны (25-1) нокаутқа түсірді. 2015 жылы маусымда Берлинде ол Global Boxing Council тұжырымы бойынша атағын сәтті қорғады. Бұл жолы ол 37 жасар бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантосты жеңді. Қазылардың есебі: 117-110, 117-110, 116-111 болды. . ## Дереккөздер
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) — қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ. Қазақтардың арасындағы саяси және ұйымдастырушылық жұмыстарға белсенді араласты. 1919 жылы мамыр және шілде айларында қазақ атты бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі, 1921-1924 жылдары Ақтөбе губерниялық алқаның төрағасы болып тағайындалды. Одан кейінгі жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік мұрағатына жұмыс істеді. 1926 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтөбе қалалық партия комитетінің шешімімен партия қатарынан шығарылды. Қазақ АКСР Кеңестерінің 1-2 съездерінің делегаты болды. * Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. * 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. * Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. * 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. * Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді. * 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. * 1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. * 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды. * 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды. * 1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды. * 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. * Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты. * 1927 жылы діни көзқарастары үшін большевиктер партиясының қатарынан шығарылған. Өмірінің соңына дейін ғылыми - зертханалық жұмыстармен шұғылданған. ## Дереккөздер
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы — барлық мемлекеттік және қоғамдық мұражай үшін әдістемелік орталық, мәдени және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Қазіргі мұражай қорының жинағында 107 мыңнан астам мұражай заттары бар, оның ішінде шамамен 65 мың негізгі қордың заттары. Жыл сайын 100 мыңға жуық адам (2008 жылы – 141277 адам) Меңдіқара ауданы Боровской кентіндегі және Жітіқара қаласындағы филиалдарға, Жітіқара ауданы Тоқтарово кентіндегі секторға барады. ## Мұражай құрылымы Мұражайдың барлық жұмысы негізделетін ең маңызды бөлімдердің бірі қорды есепке алу және сақтау бөлімі болып табылады; * мұражай жиынтығын таныстыру, жаңа экспозициялар мен уақытша көрмелерді құру сияқты негізгі жұмыстар маңызды үш экспозициялық бөлімге: тарихи-экспозициялық, табиғат секторы, кескіндеме және графика бөліміне жүктеледі; * мұражайдың мәдени-ағарту қызметі қазіргі заманғы жағдайда аса маңызды, сондықтан мұражай құрылымындағы ерекше мәнге ие болатын бөлім ғылыми-ағарту және экскурсиялық-көпшілік жұмыстар бөлімі болып табылады; * мұражай қайтадан құрылған мұражайларға ерекше көңіл бөле отырып, облыстағы мемлекеттік және қоғамдық мұражайларға кеңестік-ұсыныстар және тәжірибелік көмек көрсетеді. Осы жұмыстың үйлестірушісі ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімі. Мұражай құрылымына сонымен бірге Меңдіқара ауданының Боровской ауылындағы және Тоқтаров ауылындағы секторымен Жітіқара қаласындағы бөлімшелері кіреді. Мұражай қызметінде фотозертхана ерекше рөл атқарады. Мұражай жиынтығын цифрлық жүйеге ауыстыру, бірегей ескі құжаттарды қалпына келтіру, фотосуреттерді көрмеге қоюға дайындау, табиғат нысандарын, облыс тіршілігіндегі жағдайларды, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының және мұражайдың іс-шараларын суретке түсіру, мұражай басылымдарының үлгісі – мұның бәрі мұражайдың фотоқор сақтаушысы және фотограф міндетіне кіреді. Мұражай жұмысына тарих, өлкетану, жаратылыс тарихы тақырыбындағы және анықтамалық, әдістемелік әдебиеттен тұратын 5 мың дана кітап қоры бар жабық үлгідегі ғылыми кітапхананың көмегі зор. ## Дереккөздер