text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жәнібек Кәрімов (1937 жылы туған, Ақмола облысы Есіл ауданы) – ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1989), профессор (1990).
## Биографиясы
* Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
* Ақмола облысы Есіл ауданы мемлекеттік жоспарлау бөлімінің аға экономисі (1960–61),
* қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аспирант, ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1963–98) қызметтерін атқарады.
Кәрімовтің 82-ден астам ғылыми-зерттеу еңбегі, 3 монографиясы жарық көрген.
## Дереккөздер |
Батырев Яков Иванович (21 наурыз 1910 жылы, Жамбыл ауданы Новомихайлов селосы – 1989 жылы Тольятти) – еңбек және соғыс ардагері, 3 дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері.
## Өмірбаяны
1927-1933 жылдары Новомихайлов селосындағы «Зорька» коммунасында, Буденный атындағы ұжымшарда, 1933-1939 жылдары Преснов МТС-нда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314 атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 жылы мамырда 46 атқыштар дивизиясының жекелеген 40 мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 жылы қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.
## Дереккөздер |
Мұстафин Төлебай — еңбекші, тракторист,
1929 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданының Кенже ауылында туды. Трактористер курсын бітіргеннен кейін 1950 жылы Преснов МТС-інде тракторшы болып істейді. 1957 жылдан «Благовещенка» кеңшарында тракторшы.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Төлебай Мұстафинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
## Дереккөздер |
Жұқа жапырақты көкбас – шатыршагүлділер тұқымдасының көкбас туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
## Сипаты
* Биіктігі жарты метрге жуық.
* Бірінші жылы тек тамыр жапырақтары шығады, екінші жылы гүлдейді. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, ара тісті.
* Сабақ жапырақтары отырмалы, қолдың саласы сықылданып тілімделген, шеттерінде тістері бар. Сабақтары әр бұтада бір-екіден болады. Алғаш шыға бастағанда ол жасыл түсті, ал өсе келе сабағы әуелі ақ түске, содан кейін ақщыл көк түске боялады.
* Гүлдері көк түсті, майда, жұмыртқа тәрізденіп өсімдіктің ең ұшында тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
* Жұқа жапырақты көкбас жолдардың жиегінде, егістіктердің ішінде, құмда және ылғалды жерлерде, бұталардың арасында өседі.
## Емдік қасиеті
Құрамында сапонин, танин, эфир майлары, илік заттар, флавоноидтар бар.Халық медицинасында қақырық түсіретін, аурған жерлерді басатын дәрі ретінде пайдаланады, бронхтың қабынуларын, ұйқысыздықты емдейді. Сонымен қатар жөтелді басу үшін, жүрек ауруын, шеменді, тіс ауруларын емдеу үшін де қолданады.
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Шайкин Есім Шәйкенұлы (1926 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Үлгі ауылы – 2002 жылы, Благовещенка) – Социалистік Еңбек Ері (1976). Еңбек жолын 1943 жылы туған аулында қоймашы болып бастаған, кейін сол ауданның Тегісшіл ауылында есепші болып жұмыс істеген. 1944 жылы Кеңес Әскері қатарына алынып, Берлинді алуға қатысады. 1950 жылы Новорыбин май зауытының директоры, 1952 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1955 жылы Преснов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1962 жылы Республика совхоз басшыларын даярлайтын мектебін бітіріп, «Заградов», «Тораңғыл» кеңшарларының директоры, Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы, Мәскеу, Сергеев аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1985 жылы облыстық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл ауданы «Киров» кеңшарының директоры, Благовещенка селолық округiнiң әкiмi қызметтерін атқарған. Ордендермен және медальдармен марапатталған. Сергеев қаласының Құрметті азаматы.
## Дереккөздер
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 |
Әлібек Файзоллаұлы – журналист, жазушы. Қазіргі ҚазҰТУ-ды бітірген (1977). «Байжансай» кенішінде кен мастері, учаске бастығы болып жұмыс істеді. 1980 ж. кеніштің кәсіподақ комитетті төрағалығына, 1985 ж. халық депутаттары кенттік кеңесінің төрағалығына сайланды. 1987 – 1992 ж. «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992 – 1996 ж. Шымкент қалалық және облыстық әкімшілігінің жауапты қызметкері, 1996 – 1998 ж. «Фемида» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан заңдары» (қазіргі «Заң») журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2002 жылдан «Заң» газеті және «Заң» журналы бас редакторының бірінші орынбасары. «Қатыбезер», «Екі алма», «Ескі сурет», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Ең ұзақ түн» атты прозалық кітаптардың авторы. «Тастанды» атты драмалық туындысы Ж.Шанин атындағы облыстық сазды-драма театрында сахналанды.
## Дереккөздер |
Самарқан Жекебайұлы Сайболатов (2.2.1942 ж. туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Жалғызтөбе стансасы) — инженер-технолог, технология ғылымының докторы (1985), профессор (1990). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964). Құрылыс материалдары өндіріс мекемелерінде (1959 — 69), Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында технолог, лаборатория меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары және ғылыми хатшы (1969 — 88) қызметтерін атқарды. Құрылыстық материалдар, бұйымдар және құралымдар кафедрасының меңгерушісі (1988 — 2003), Қазақ Мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясында декан (1990 — 2000), 2003 жылдан Технология, құрылыс бағалау және сапаны басқару университетінің ректоры. Сайболатовтың негізгі ғылыми еңбектері құрылысқа қажетті керамикалық материалдар технологиясын жасауға арналған. Сайболатовтың қатысуымен жасалған шикізат үнемдейтін технология Ресей, Молдова, Литва, Болгария мемлекеттерінің кәсіпорындарына, Қазақстанда Боралдай, Қарағанды және Жезқазған “Керамика-құрылыс материалдары” құрылыс-өнеркәсіп бірлестіктеріне енгізілді. Әлемдік тәжірибеде ең алғаш Қазақстанда ойлап табылған жаңа керамикалық “золокерам” материалдарының технологиясын жасаушы негізгі авторлардың бірі (ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2003). Сайболатов 35 ғылым кандидаты мен 3 ғылым докторын дайындаған; 500-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 монографияның және 60-тан астам куәліктің авторы. “Құрмет белгісі”, “Құрмет” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер: |
Адольф Михал Валериан Юлиан Янушкевич (пол. Adolf Michał Walerian Julian Januszkiewicz; 9 маусым 1803 жыл, Минск губерниясы, Несвиж қаласы — 19 маусым 1857 жыл, Дягильно) — поляк халқының көрнекті демократ–төңкерісі, көсемсөзші.
Ақсүйектер отбасында туған. Вильнюс университетінің филология факультетіне оқуға түсіп (1821 жылы), ақын Адам Мицкевичтің басқаруымен құрылған студенттердің “Жасылдар” атты ұлт–азаттық қозғалысын жақтайтын жасырын ұйымына мүше болған. Кейіннен Подолия қаласында мұғалім, қалалық сеймге депутат болды.
1830 жылы поляктардың ұлт–азаттық көтерілісіне белсене араласты. Сол көтерілістердің бірінде ол жеті рет жараланып, қолға түсті. 1831 жылы Брест, Мәскеу арқылы Вяткаға жіберілді. Вяткадан Киевке әкелініп, 1832 жылы 4 наурызда әскери сот үкімімен ақсүйек атағынан айырылып, 25 жылға Сібірге жер аударылды. Янушкевич айдаудың алғашқы 12 жылын Сібірде өткізді. Кейіннен Тобылда, Есілде тұрды. Мұнда ол өзі секілді айдауда жүрген отандасы, белгілі ақын Г. Зелинскиймен кездесіп, етене араласты.
Осының нәтижесінде Зелинскийдің қазақ елі туралы “Қазақ” және “Дала” атты дастандарының тууына ықпал етті. 1841 жылы Омбыдағы шекаралық басқармаға ауысуға рұқсат алды. Іс қағаздарын тіркеуші қызметін атқара жүріп, 1843 жылдан бастап қазақ даласына дүркін - дүркін сапарға шығатын экспедициялар құрамына енгізілді. Осы сапарларда көргендері мен білгендерін күнделігіне түсіріп, Польшадағы туыстарына хат арқылы жолдап отырды.
Оны, әсіресе, қазақ елінің меймандостығы, әдет - ғұрпы, тілі, салт - санасы, ақындық, шешендік өнерлері қатты қызықтырды. Қазақтың сол кездегі толағай тұлғалары үйсін Мәуке би, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы, сұлтан Барақ, ақындар Жанақ пен Орынбай жөнінде естелік, пікірлері аса құнды.
Янушкевич қайтыс болғаннан кейін, Францияға қоныс аударған туыстары оны мәңгі есте қалдыру мақсатымен күнделіктері мен хаттарын “Адольф Янушкевичтің өмірі” деген атпен кітап етіп 1861 жылы Париж қаласында, кейіннен 1875 жжылы Берлин қаласында бастырып шығарды. Қазақстанда Янушкевичтің кітабы “Дневники и письма из поездки по казахским степям” деген атпен 1966 жылы Алматыда орыс тілінде, 1979 жылы қазақ тілінде басылып шықты. 2003 жылы Янушкевичтің туғанына 200 жыл толуына орай оның кітабы Астанада “Қазақ даласындағы сапардың жазбалары” деген атпен екінші рет қазақша аударымда басылым көрді. Сол жылы Янушкевич атына пошта маркасы шығарылды. Астана, Семей және Аягөз қалаларындағы көшелерге Янушкевич аты берілген.
## Дереккөздер |
Сахран Константин Владимирович (20.12.1980 жылы туған, Боралдай каласы) - спортшы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның 5 дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Сарханның жаттықтырушысы А. Дьяченко.
## Дереккөздер |
Шөген — түркі тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде қазақтарда ежелгі замандарда кең тараған спорттық ойыны. Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқында ұлттық ойын ретінде қолданылған. Өкінішке орай, бұл ойын қазір түркі дүниесі елдерінде де, қазақ халқының да кейінгі ұрпақтарында ұмыт болған.
Шөген ойынын еске түсіретін спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі. Ағылшын ақсүйектерінің сүйікті әрі машықты спорт ойынынның бірі - Поло. Полоны қазіргі замандастарымыз жақсы біледі, ол ат үстінен доп таяқпен доп қуып бәсекелесу немесе оны "атты хоккей" десе де болады. Бірақ Еуролпаның Полосын тамашалап отырып,т замандастарымыз осы ойын өзіміздің ежелгі ұлттық ойынынмыз екендігін біле бермейді. Оны біз көне түркі мұраларын зерттеу үстінде анықтап білдік. X-XI ғасырлардағы түркі халықтарының ежелгі мұраларында "Шөген" ойыны туралы нақты деректер бар. Жүсіп Баласағұни өзінің атақты дастаны "Құтты бүлік" кітабының "Елшілер қандай болу керектігі туралы баяндалатын" тарауында лосы шөгенді айтып өтеді. Елші тілге шебер, шешен, әдепті, зерелі алғыр болуы керек, әрі шахматты, шөгенді жақсы ойнауы тиіс дейді.
Махмұт Қашқари "Түркі сөздігі" кітабында шөгенді ат үстінен арнайы имек таяқпен доп қуалап ойнайтын спорт түрі деп түсіндереді. Ежелгі Талас, Шу өңірінде өмір сүрген ұлы ойшыл ақын Жүсіп Баласағұнидың айтуынша, жақсы елшілер мен қолбасылар, бектер шөген ойыны жүйрік болған және басқа да шеберлік, ептілік, ақылдылық, сергектік, зеректік қажет әртүрлі ойындарыды, өнерді меңгерген.
Шөген ойыны командалық спорт түрінде 5 рет Олимпиада ойындарына енген. Германияда Берлин қаласында шөген ойыны олимпиада бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап тыйым салынған.
## Қысқаша мәлімет
Шөген - қазақ ұлтының бай мәдениетін, өркениет үлгісін танытатын ойын, сондықтан "Шөгенді" қайта жаңғырту, халқымыздың "Көкпар", "Қыз қуу", "Теңге алу" секілді ойыдарының қатарында. |
Сары ала белдік — қазақтың ұлттық әшекейінің түрі. Ол толығымен немесе жартылай алтынмен қапталады. Оның алтын жалатылған шытырлармен сәнделген түрлері де кездеседі. Қазіргі кезде оны бокс бірлестіктері халықаралық турнирлерде сарапқа салатын арнайы жүлде ретінде қолданады.
## Дереккөздер |
Шолье (фр. Chaulieu) — Франциядағы коммуна. Төменгі Нормандия аймағына қарасты Манш департаментінде орналасқан. Авранш округінің құрамына енеді. Алып жатқан жер аумағы 10,64 км² шамасында.
Коммунаның INSEE коды — 50514, пошта индексі — 50150.
## Демографиясы
2009 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 277 адамды құрады. Халық тығыздығы — 26,03 адам/км².
Халық динамикасы (Insee ):
Тұрғындарының жас шамасы және жынысы бойынша құрамы (2006):
## Тағы қараңыз
* Манш департаментінің коммуналары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты сайтындағы парақшасы Мұрағатталған 5 қарашаның 2012 жылы.
* «Mapquest» картасында орналасуы |
Елді мекендер:
* Тереңөзек – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл.
* Тереңөзек – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы кент. |
Шіркейлі — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Шіркейлі ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Тереңөзек кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
## Тарихы
Ауыл 1997 жылға дейін "Қызылту" деп аталып келген. 1967-96 жылдары күріш өсіретін кеңшардың орталығы болған.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2837 адам (1453 ер адам және 1384 әйел адам) болса, 2009 жылы 2638 адамды (1370 ер адам және 1268 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Абдырық (лат. Perisoreus infaustus) — Қарғалықтар тұқымдасының ең ұсақ түрлерінің бірі.
## Таралуы
Сібір тайгасының ну жерін мекендейді. Қазақстанда тек Алтай таулы ормандарында кездеседі.
## Биологиялық сипаттамасы
Бұл кішілеу қоңыр түсті құстың қанаттары қызғылт сары қауырсынды және құйрығы сатылы. Мұнысы әсіресе ұшқанда жақсы көрінеді. Бұл жеңіл әрі шусыз ұшады және құйрығын желпуіш сияқты тарқатады. Сенгіш құс, әсіресе күзде, қыста адамды бірнеше метрге дейін жақындатады. Дауысы сыңғырлаған "куук-коок" немесе "черр", кейде қараторғай сияқты мыңғырлайды. Уақытының көбін ағаштың ұшар басында өткізеді, осы жерде қоңыз, жұлдызқұрт және басқа жәндіктермен қоректенеді. Сонымен қатар кеміргіштер мен ұсақ құстардан да кет әрі емес. Ұясы ағашта, 3-5 жұмыртқасын аналығы 16-17 күнде басып шығарады. Балапандары ұясында 40 күндей болады, балапандары тамызда қанатына қонып, ұядан ұшады. Барлық жерде сирек, барынша қорғауға лайық құс.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Hans-Günther Bauer, Einhard Bezzel und Wolfgang Fiedler (Hrsg): Das Kompendium der Vögel Mitteleuropas: Alles über Biologie, Gefährdung und Schutz. Band 2: Passeriformes – Sperlingsvögel, Aula-Verlag Wiebelsheim, Wiesbaden 2005, ISBN 3-89104-648-0 |
Итаяқов Көтібар (шамамен 1825, Қызылорда облысы, Құлеке қорғаны маңы – 1906, сонда) — би. Кіші жүз құрамындағы Жаппас тайпасының Жылкелді руынан тарайтын Мойнақ аталығынан. 1870–1880 жылы Царская болысында болыс болған. 1885–1895 жылы “Сарқырама” арығының ақсақалы болып бекітіліп, Перовск қаласының маңына егін егіп, бау-бақша салу ісіне араласады. Көтібар би турасында аңыз-әңгімелер көп тараған. Бейіті Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында, Итаяқов жерленген жерге қойылған мұнара биіктігі 10 метр, екі көлденең шеңбері 4 метр. Ішіне кіріп шығатын ашық қуыс есігі бар, шала күйдірілген саз кірпіштен салынған. Бұл мұнара 1982 жылдан жергілікті ескерткіштерді қорғау қоғамының қарамағында.
## Дереккөздер |
Бірлік — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы Сол жақ Қазалы каналы бойында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 772 адам (403 ер адам және 369 әйел адам) болса, 2009 жылы 733 адамды (396 ер адам және 337 әйел адам) құрады.
## Халқы
Ауыл 1977-1996 жылдары аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Дүр Оңғар (2010 жылға дейін — Жаңажол) — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2229 адам (1125 ер адам және 1104 әйел адам) болса, 2009 жылы 1726 адамды (900 ер адам және 826 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Тамақ алқа — әйелдердің мойнына тағатын әшекейі. Көбінесе Қостанай, Торғай облыстарында қолданылатын бұл әшекей түрі күміс құймаға орнатылған тастардан жасалады да, артынан жіппен байланады
## Дереккөздер |
Мұратхан Егінбаев (1939 жыл, Талдықорған облысы Үйгентас ауданы бұрыңғы Андреевка ауданы) — Қазақстан сазгері. Мұратхан Егінбаев ондаған әндер жазды. Батырлық пен батылдықтың, ақылдың айбыны болған халқымыздың жақсы мен жайсаңдарына, бағландарға арналған шығармалары көп. Олардың қатарында “Асанқайғы”, “Абылай”, “Қаракерей Қабанбай”, “Райымбек баба”, “Махамбет”, “Шоқан”, “Құрманғазы кемеңгер”, “Абайым”, “Жамбыл ата” туралы көркемдігі келісті, тәрбиелік мәні жоғары, тарихтың әр кезеңінен сыр тартқан, елі мен жерін жаудан қорғап, ұрпағына өлмес мұра қалдырған әндерімен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналған Қайрат Рысқұлбеков туралы “Қайраттың азасы”, “Желтоқсан таңы” секілді туындыларын жазып, жұртшылыққа ұсынды. Бұл елдің елдігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды көтеретін патриоттық әуендер қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айтқандық емес.
Ол көптеген ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. Тәуелсіз елімізде жарияланған бәйгелерде бағы жанып келеді. Айталық, 2001 жылы “Жаңа ғасырға – жаңа ән” байқауында “Абылай хан” атты туындысы гран-приді иеленсе, 2004 жылы “Елім менің” атты туындысы үшінші жүлде алыпты. Осы секілді қол жеткен табыстарын тізе берсек, әңгіме желісі біраз жерге ұзары анық. Халық таныған, жұрты қадірлеген, ұрпағы сыйлаған азамат туралы қазақ өнерінің айтулы өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыңжасар Маңғытаевтың мына бір жүрекжарды сөзін қалың қауымға ұсынсақ, Мұратхан Егінбаевтың бүкіл өнердегі болмысы айқындалары сөзсіз.
## Өмірбаяны мен шығармашылығы
1939 жылы Талдықорған облысы Андреевка ауданында туған. Мұратхан Егінбаев 1958 жылы Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылық институтының сәулет өнер факультетіне оқуға түседі. Осы институтта домбра үйірмесін ашып, сол үйірменің жетекшісі болып, оқуы мен өнерді бірге алып жүреді.
## Дереккөздер |
Аранды — Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 384 адам (192 ер адам және 192 әйел адам) болса, 2009 жылы 430 адамды (224 ер адам және 206 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Қамысты — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, аудан және Қамысты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 253 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 5487 адам (2769 ер адам және 2718 әйел адам) болса, 2009 жылы 5344 адамды (2564 ер адам және 2780 әйел адам) құрады.
## Экономика
1957 жылы жергілікті колхоз негізінде Қамысты астық шаруашылығы құрылып, 1994 жылы Қамысты кооперативтік кәсіпорны болып қайта құрылды [4]. Қазіргі таңда кәсіпорын «Ар-Агро Қамысты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі» деп аталады.
## Дереккөздер |
Ермек батыр жыры — қазақ халқының қиялынан туған туынды. Еңлік пен Кебектен қалған ұл Ермектің ер жеткен соң ата-анасының кегін қалай алғаны жайлы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше нұсқасы бар.
Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кейбір эпизодтарында аздаған айырмашылықтар кездеседі. Кіріспе бөлімі, көбінесе, батырлық жырлардағыдай Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасауымен, ата-анасын зұлымдықпен өлтіргені жайлы сөз естіп, кек алуға аттандандығымен басталады да, жас батырдың әке-шешісін өлтірген жақты қырғынға ұшыратқанын баяндауымен аяқталады. Ермек бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. Дастанның негізгі сюжеттік желісі - ру таласынан туған зұлымдықты әшкерелеуге құрылған. Жыр нұсқалары Орталық ғылыми кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорларында сақтаулы тұр.
## Тағы қараңыз
* Еңлік-Кебек
* Жыр
* Қиял
## Дереккөздер |
Гавриил Адрианович Тихов (19 сәуір 1875, Беларусь, Минск облысы, Смолевичи ауылы – 25 қаңтар 1960, Алматы қаласы) – астроном, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946).
1897 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1906–1941 жылдары Пульков обсерваториясында қызмет істеген. 1947–1960 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Астроботаника бөлімін басқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері астрономия мен спектрофотометрияға арналған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
## Жетістіктері:
* Ленин ордені;
* Еңбек Қызыл Ту ордені.
## Дереккөздер |
Айдын Құдайбергенұлы Смағұлов (1 желтоқсан 1976 жыл) — қазақ дзюдошысы, 1996-шы жылы Қазақстан чемпионы, Орталық Азия ойындары чемпионы, 2000-шы жылы Сидней Олимпиадасында Қырғызстан атынан қола медаль иегері атанды.
Айдын Смағұлов Алматы облысы Алакөл ауданының түлегі. Айдын өзінің туған ағасы Рүстемге еліктеп күрес үйірмесіне келді. Бұл өнердің қыр-сырын жергілікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің қол астында жаттықты. Уақыт оза өз қатарының алды болып, ел намысын қорғайтындай дәрежеге жетті. Дзюдо күресі бойынша ел чемпионы атанды, Орталық Азия ойындарында топ жарды, бірқатар халықаралық жарыстарда атой салды.
## Қырғызстан сапында
Алайда 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындары қарсаңындағы ел чемпионатында сәтсіздікке ұшырап, байрақты бәсекеде Қазақстанның туы астында өнер көрсету құқығынан айырылды.
Жасы 26-дан асқан Айдын балуанға қазақстандық бапкерлер сенімсіздік білдіргеннен кейін ол тосын шешім қабылдады. Алатаудың арғы жағына өтіп, айыр қалпақты ағайындардың намысын жыртуды жөн санады. Бұл ретте оның еңбегі еш кеткен жоқ. Айдын Сиднейде қола медальді қоржынға салды. Қырғыздар қалпақтарын аспанға атты. Олардың осылай қуануы да негіссіз емес-ті. Өйткені, 1980 жылы атақты ауыр атлет Қаныбек Османәлиев Мәскеуде алтын алған уақыттан бергі 20 жыл аралығында Қырғызстан құрамасына Олимпиаданың бірде-бір медалі бұйырмаған екен.Айдын Смағұловқа дейін Қазақстанның бірде-бір дзюдошысының Олимпиада тұғырына табаны тимеген.
## Спортқа келуі
Әке-шешесі байланыс саласының қарапайым қызметкерлері. Жалпы аудан орталығы – Үшарал өңірінң барлық жетістігі білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің есімімен тығыз байланысты. Сол кісіден тәлім алған туған ағасы Рүстем қысқа ғана мерзім аралығында көпшілікке танылды. Самбодан бірқатар республикалық жарыстарды ұтты. Грузияда өткен жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионатында алтын медальді олжалап, спорт шеберінің күміс белгісін омырауына тақты. Үлкен ағасы Дастан бокспен айналысты. Екеуі де үнемі жарыста. Үйде болған жағдайдың өзінде жаттығудан қолдары босай бермейді. Үйде Айдынға қарайтын ешкім жоқ. Сол себепті Рүстем өзімен бірге спорт залына алып баратын. Кешкісін ағасының қасында болып, жаттығу барысын тамашалайтын. Бапкері өте байыпты адам. Еш уақытта дауыс көтеріп, балаға ұрыспайды. Ұтсаң да, ұтылсаң да бір қалыпты. Үнемі ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлық танытады. Білмеген жерін тәпіштеп үйретуден еш жалықпайды. Ал Рүстемнің мінезі бөлек. Бір әдісті бір рет қана қайталайды. Көрсетіп тұрғанында қағып алуға тиіссің. Сол тәсілді қайталай алмасаң, бұлқан-талқан болып ашуланады. Көңіл-күйі болса, екінші мәрте қайталауы мүмкін. Егер сонда үйренбесең, қолың бір сілтейді де кетеді. Жай кетпейді, балағаттап, сүйектен өтетін сөздер айтып кетеді. Ағасының бұл қылығы алғашында маған тым ерсі көрінетін. «Дұрыстап үйретсе қайтеді екен» деп жыларман болатын. «Тұра тұр, бәлем, әдіс-тәсілдің барлығын үйреніп алайын, содан кейін қалай күресу керектігін мен саған үйретемін» деп өз-өзін қайрайтын. Балалық қой, есейе келе ағамның не үшін ашуланатынын түсіндім. Балуанға ең әуелі жылдамдық, шапшаңдық, ептілік қажет. Айтылған ақылға құлақ түріп, көрсетілген әдісті әп-сәтте қағып алмаған спортшы боз кілемде шұғыл шешім қабылдай алмай, кібіртіктеп қалуы мүмкін. Ал оның ақыры немен тынатыны белгілі ғой.
## Ушаралдан Өскеменге аттануы
Алакөл өңірінің балуандары белгілі бір межеге жеткенен кейін Өскеменге барып даярлануды сол жылдары дағдыға айналдырған еді. Шығыс Қазақстан облысының орталығына қоныс аударғанда мен де Жанәділ Атаевтың қол астында жаттықтым. Ол кісінің біліктілігі еш күмән туғызбайды. Атаевтің «шекпенінен» талай мықты балуандар шықты. Мен де Жанәділ ағадан көп нәрсе үйрендім. Ол кезде самбодан жеңіл салмақтағы жастар арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы Ержан Омарбаевтің даңқы дүркіреп тұрған. Рүстем оған үнемі сол жігітті үлгі ететін. Жаттығудан кейін ол: «Егер әлемдік деңгейдегі балуанға айналғың келсе, Омарбаевты ұтуға тиіссің. Оны жеңген күні ғана сол мақсатқа жете алатыныңа сенетін боламын», – деп мені қайрайтын. Ол кезде Ержанды ұту мүмкін емес еді. Десек те Омарбаевтің деңгейіне жету үшін Айдын көп тер төкті. Бірте-бірте иық тіресе бастадық. Аздыған табыстарға қолы жетті. Айдын 1996 жылы самбодан жастар арасындағы ел біріншілігінде бас жүлдені олжалағанан кейін дзюдоға ауысты.
## Дзюдоға ауысуы
Тоқсаныншы жылдардың бел ортасында көптеген белді самбошылар дзюдоға ауысып жатты. Өйткені, жапондар ойлап тапқан күрес түрі Олимпиада бағдарламасына енген. Ал барлық спортшының арманы – Олимпиада ойындарында бақ сынау. Сол арманның жетегімен Айдын дзюдо үйірмесінің табалдырығын аттады. Сөз орайы келгенде, оның мықты дзюдошы болып қалыптасуыма жоғарыда есімдері аталған азаматтардан бөлек, сол жылдары Өскеменде жаттыққан алдыңғы толқын ағалармыз көп үлес қосқанды. Атағы алысқа тараған Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев, Сержан Омаров сынды белді балуандардан көп нәрсе үйренді. Оның үстіне 60 келі салмақта елішілік жарыстардың өзінде бәсекелестік өте күшті болды. Сол жылдары Нұрбол Сүлейменов, Базарбек Доңбай, Қасым Табылдинов, Бақытжан Әбдікәрімов, Ержан Омарбаевтың тегеуіріне төтеп беру оңай іс емес еді. Кейіннен қатарымызға Берік Жетпісбаев пен Ерлан Сіләмбаев сынды сайдың тасындай жігіттер қосылды. Сондай мықтылармен бәсекелес болуға тура келді. Соның арқасында тәжірибе жинады, шеберлігін шыңдалды.
1996 жылы ересектер арасында ел чемпионы атанды. Сол жылы жастар арасындағы әлем біріншілігіне аттанып, жетінші орынды қанағат тұтты. 1997 жылы Қазақстан чемпионатының ақтық сынана дейін алқынбай жеткеніммен, шешуші тұста Нұрбол Сүлейменовтен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 1998 жылы Мәскеуде өткен аса ірі халықаралық турнирде қола медальді еншіледі. Сол маусымда Канадада жалауы желбіреген студенттердің әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреді. Басқа да ірілі-ұсақты жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрді.
## Қырғыздар құрамасына ауысуы
Сидней Олимпиадасының қарсаңындағы жарыстарда Айдын өзінің мықтылығын түбегейлі дәлелдей алмады. 1999 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында сәтсіздікке ұшырады. Содан кейін «Олимпиадаға барсам» деген асқақ арманымен қош айтысуға тура келді. Негізі ол жауапты жарыстар қарсаңында тым көп салмақ қуатын. Кейде тіпті 10-12 келіден арылуға тура келеді. Соның салдарынан Олимпиада қарсаңындағы жауапты жарыстарда кеңінен көсіле алмады.
Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылған спортшының көңіл-күйі жайсыз күндердің бірінде Қырғызстанның танымал бапкері Тұратбек Құлыбаев тосын ұсыныс жасады. Бір қызығы, айыр қалпақты ағаны Айдын Қазақстанның ішкі жарыстарында жиі көретін. «Ол кісі бұл жерде не істеп жүр екен?» деген ой да келген. Қырғыздар арасынан намыс туын биік ұстайтын білекті балуандар табылмағаннан соң Тұратбек аға Қазақстанға келіп, өзіне шәкірт қарайластырып жүр екен. Бішкекте өткен Орталық Азия ойындарында ол кісінің Айдынға және 73 келі салмақта күресетін Сағдат Садықовқа көзі түсіпті. Қазақстанның ұлттық құрама командасына екеуінің де іліге алмағанын білгеннен кейін «Бізге кел» деген ұсыныс айтты. Алғашында Айдын мен Сағдат біраз абыржып қалды. «Өз – елім, өзімнің – Отаным тұрғанда, өзгенің намысын жыртқаным қалай болар екен?» деген ой да келді. Содан ағаларымен ақылдасты. Олар: «Ұлттық құрамаға алмағаны үшін сен кінәлі емессің. Қырғыздар қиылып сұрап тұрса, тартынудың реті жоқ. Біле білсең, жат елге кетіп бара жатқан жоқсың. Іргеміздегі қырғыздар – өз ағайындарымыз. Қазақтың бір азаматы бауырлас мемлекеттің даңқын шығарып жатса, несі айып. Есіңде болсын, спорттық ғұмыр қысқа. Оның үстіне, Олимпиада ойындары күнде өтіп жатқан жоқ. Енді төрт жылдан кейін ғаламдық жарысқа бару-бармауың белгісіз. Сол себепті мүмкіндігіңді қалт жіберме», – деп кесімді сөздерін айтты. Бұл шешімге біздің бапкерлер де, басқалары да қарсы болмады. Сөйтіп, Сағдат екеуі 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында Қырғызстанның туы астында өнер көрсетті.
## Сидней 2000
Айдын алғашқы бәсекені Аргентина балуанына қарсы өткізді. Оны еш қиналмай, таза ұтты. Екінші кездесуде бразилиялық Манола Пулоға есе жіберді. Негізі оны ұтуға болатын еді. Бәсеке басталған бетте «диірмен» әдісін жасады. Төрешілер бұл тәсіл «юко» ұпайымен бағалады. Айдын көп ұзамай тағы бір әдіс орындауға бел буды. Сол кезде екеуі боз кілемге бірдей құлады. Татамидегі қазы істің ақ-қарасын ажыратпай, жеңісті Пулоға беріп жіберді. Бұл жеңіліс Айдынды алтыннан айырды. Одан кейінгі бәсекелерде қарсыластары бас көтеруге жарамады. Ресей, Молдова және АҚШ дзюдошыларын «иппонмен», яғни таза ұтты.
Қола үшін таласта қарсыласы Өзбекстанның беткеұстар балуаны Әлішер Мұхтаров еді. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Алматыда өткен Санжар Жандосовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде екеуінің жолы қиысқан болатын. Сол жарыста «қылқындыру» тәсілін қолданған Мұхтаров Айдынды сан соқтырып кетті. Татамиге шығар алдында командалық әріптесі Сағдат Садықов қолдау көрсетіп, Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Бостан Жаңбырбаев ағалық ақылын айтып, намысын жаныды. Қазақстаннның басқа да балуандары мен бапкерлері келіп, сәттілік тіледі. Шамамен кездесудің үшінші минуты болса керек, Мұхтаров іштен ілуге әрекет етті. Айдын оның алдын орауға бекініп, әп-сәтте «диірмен» әдісін қолданды. Қарсыласым қос жауырынымен жерге құлады. Төреші «иппон» деп айғай салды. Өзбек дзюдошысы біресе Айдынға, біресе төрешіге жалтақ-жалтақ қарағады.
Сиднейде Айдын күресіп болғаннан кейін ала тақиялылар байбалам салыпты. Өзбек бапкерлері: «Айдын Смағұлов – Қазақстанның азаматы. Оның Қырғызстанға еш қатысы жоқ. Олар халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережені бұзып отыр. Сол себепті жеңіс біздің балуанға берілуге тиіс» деп шағым түсіруге бекінген екен. Сол кезде қарсыласым азаматтық танытты. Әлішер: «Мен Айдыннан татамидің үстінде, таза бәсеке барысында ұтылдым. Сондықтан да ешкімнің алдына барып арызданбаймын. Оған арым жібермейді. Ондай арзан жолмен келген алтынның маған еш қажеті жоқ», – деп кесімді сөзін айтқан екен. Бұл сөзді естіген өзбектер райынан қайтты.
## Қызық ойлар
Кей адамдар Айдынна «Егер қола медаль үшін айқаста өзбек Мұхтаровпен емес, қазақ Доңбаймен кездескенде не істер едің?» деген сұрақты жиі қояды. Әрине, әр спортшының түпкі арманы – Олимпиада ойындарында атой салу. Айдын да Сиднейдегі ойындарда жүлдеге қол жеткізуді мақсат тұтты. Алланың қалауымен ол арманым орындалды. Ал егер Базарбек екеуінің жолы қиысқанда, Айдын оған еш ойланбастан жол берер еді. Өйткені, Доңбай қазақтың намысын қорғады. Ол болса, өзге елдің туы астында өнер көрсетті. Ондай жағдайда кеудесінде намысы бар әр азамат мемлекеттің мүддесін бәрінен де жоғары қоюға тиіс - дейді Айдын.
## Марапаты
Қырғыз мемлекет басшысы Асқар Ақаев Айдын кеудесіне «Даңқ» орденін тақты.
## Дереккөздер |
Фёдоровка — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, аудан және Фёдоров ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде, Қостанай – Троицк – Челябі темір жолы мен республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында, Жаман Жаркөл көлінің солтүстік жағасында орналасқан..
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 7626 адам (3576 ер адам және 4050 әйел адам) болса, 2009 жылы 6410 адамды (2978 ер адам және 3432 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Iргесін 1920 жылы Еділ бойынан көшіп келген Федоров деген мордва шаруасының отбасы қалаған. 1921 жылдан аудан орталығы (1922 – 1923 жылдары уезд орталығы). 1911 жылы Қостанай – Троицк темір жолын салуға байланысты Жаркөл станция бой көтерді. Федоровка ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарынан бастап (1957 – 1997 жылдары) ұжымшар орталығы болды.
## Дереккөздер |
Кеңпейілділік – адам бойындағы жақсы қасиетті білдіретін этикалық ұғым. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында айналасына жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атап, жоғары бағалаған, кеңдікті адам бойындағы ізгі қасиеттер қатарына қойған. Кеңпейілді мінез көрсету тәрбиелі адамға тән.
Қазақ жерінде қазіргі таңда 136-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. Сонымен қатар біздің еліміз кеңпейіл, жомарт – дархан халық. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде «Бауырмалдық және кеңпейілділік» деген тақырыпты қарастырамыз.
## Кеңпейілділік туралы шумақ
Жақсы болсаң – жердей бол,Шыдап бәрін көтерген.Таза болсаң – судай бол,Жуып бәрін кетірген. |
Шетырғыз ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Қаратоғай, Тұмалыкөл ауылдары кіреді. Орталығы - Қаратоғай ауылы. Округ құрамында болған Шетырғыз ауылы 2013 жылы таратылған.
## Тарихы
1964 жылы "Шетырғыз" кеңшары мен ауылдық Кеңес ұйымдасты.
## Сайлары
Дөңгелексай, Жиделісай, Еспесай, Қопа, Ишансай, Сарысай, Шанке, Қайыңды, Қарасай, Ащысай, Сырлыбай, Тастысай, Аққұрдан, Шығыр, Ұлыталдық.
## Көлдері
Ақтұз, Ақкөл, Байжанкөл, Бақакөл, Жарықкөл, Қамыстыкөл, Сарыкөл, Шилікөл, Шығырлыкөл, Иіркөл, Тұмалыкөл.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 922 адам.
## Дереккөздер |
Қарабалық — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы кент, аудан және Қарабалық кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде, Тоғызақ өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 11 768 адам (5573 ер адам және 6195 әйел адам) болса, 2009 жылы 11 080 адамды (5336 ер адам және 5744 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Арда Тұран (түр. Arda Turan; 1987 жылы 30 қаңтарда туған, Ыстанбұл, Түркия) — түркиялық футболшы, «Галатасарай» футбол клубының жартылай қорғаушысы, Түркия құрамасының экс-ойыншысы.
## Карьерасы
"Галатасарай" клубының түлегі. Карьерасында "Атлетико Мадрид", "Барселона" секілді атақты клубтарда да доп тепті. 2018 жылы Түркияға оралып, "Ыстанбұл Башакшехир" клубына ауысты.2020 жылы туған клубы "Галатасарайға" оралды.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2006 жылы алаңға шықты. 2008, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.
2017 жылы құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
## Жетістіктері
### Командалық
«Галатасарай»
* Түркия чемпионы: 2007/08
* Түркия кубогы: 2004/05
* Түркия суперкубогы: 2008
«Атлетико Мадрид»
* Испания чемпионы: 2013/14
* Испания кубогы: 2012/13
* Испания суперкубогы: 2014
* Еуропа лигасы: 2011/12
* Суперкубка УЕФА суперкубогы: 2012
«Барселона»
* Испания чемпионы (2): 2015/16, 2017/18
* Испания кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18
* Испания суперкубогы: 2016
Түркия
* Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2008
### Жеке
* Түркия чемпионатының үздік ойыншысы: 2008, 2009
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Жұмыр қылыш — Махамбеттің күйі. Қазіргі уақытта Ұлытау тобының орындауында трек және альбомы бар.
1838 жылы Исатай өлгенннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Махамбеттің "Жұмыр, Қылыш" күйі сол кезеңде шыққан. Осылай жасырын жүрген Махамбет, жанында Жұмыр мен Қылыш бар, Байбақты елінің бір ауылында төрелермен отырған Баймағнбет Айшуақовтың үстінен шығады. Міне осы жерде Махамбет пен Баймағанбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Ал Махамбеттің жанындағы Жұмыр, Қылыш батырлар Махамбетті арашалап, ұстатпай топтан шығарып аман әкетеді. Осы оқиғаға байланысты Махамбет жанына ерген жігіттерге разы олып, "Жұмыр, Қылыш" атты күй шығарыпты.
## Сыртқы сілтемелер
* МАХАМБЕТТІҢ «ЖҰМЫР - ҚЫЛЫШ» КҮЙІ(қолжетпейтін сілтеме)
* Махамбеттің күйі - Жұмыр қылыш |
## Футбол лигасының жүйесі
Қазақстан футбол лигасының жүйесі 3 сатыдан тұрады. Басқарушы мекеме екеу: Қазақстан кәсіби футбол лигасы және Қазақстан футбол федерациясы.
## Футбол лигасының жүйесі
Қазақстан футбол лигасының жүйесі 3 сатыдан тұрады. Басқарушы мекеме екеу: Қазақстан кәсіби футбол лигасы және Қазақстан футбол федерациясы. |
Көкек мүгі (лат. Polýtrichum commúne) — Мүктәрізділердің аса кең таралған екі түрінің бірі көкек мүгі.
Көкек мүгі "жасыл мүк" деп те аталады. Көкек мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі көкек мүгінің сабағы мен жапырағы болады. Жасыл мүк топырақтың бетін тұтастай жауып жатқандықтан,басқа мүктерді ығыстырады. Бойна ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпаққа айналуына көмектеседі. Жасыл мүк екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40см. Сабағында бұтақтанбайды. Сабағына тірек ұлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі. Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Біріншісі жыныс жасушалары арқылы көбею, екіншісі спора арқылы көбею.
## Дереккөздер |
Тасты — Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Тасты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан ортылығы - Амангелді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 756 адам (376 ер адам және 380 әйел адам) болса, 2009 жылы 508 адамды (262 ер адам және 246 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ұсынған жобасы.
Ол өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеуді күн тәртібіне қойды. Осы жобаны талқылау барысында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Адам өмір бойы оқуы керек. Бұл алғашқы бастама. Бұл кітаптардың тізімі толыға бермек. Біздің мақсат – ҚазҰУ-ға оқуға келген жас студенттік төрт жылда жүз кітапты оқып шығуы азаматтық борыш екендігін сезіндіру. Өзге жоғары оқу орындары студенттерінен ерекшеленетін басымдығы да осы болмақ. Осылайша, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру қажет. Міне, «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы осындай мақсатта қолға алынып отыр. Бұл рухани, үлкен жоба. Әр университет өз түлегімен мақтанатындығын ескерсек, дайындаған кадрларымыз рухани дүниемен сусындап шықса, мықты маман болары сөзсіз», — деп ойын сабақтады.
Бұл жобаға тек қана еліміздегі жоғарғы оқу орындары ғана емес,еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептеріде атсалысуда. Онда әрбір сейсенбі және бейсенбі күндері кітап оқу сағаттары өткізілуде. Кітап оқу миға арналған жаттығу десек те болады. Солардың бірі Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мектепішілік «Readingtime» жобасы өткізілуде. Зияткерлік мектептердің «100 кітап» жобасы аясында, үштілділікті қолдау бағыты бойынша, тарихты білуге, Қазақ халқының мәдениетін және өзге ұлттардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу мақсатында, көркем әдебиетті қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту арқылы «Кітап оқу уақыты» жүзеге асырылуда, деп хабарлайды. Бұл жобаны іске асыру үшін мектеп әкімшілігі тарапынан үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде тек оқушылар ғана емес, мектептің барлық қызметкерлері, оның ішінде қызметшілер де кітап оқуға мүмкіндік алумен қатар өзіндік даму және танымдық процесіне қатысады. Аталған жобаны қолдау мақсатында ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» көмек ретінде 100 кітаптың тізімін ұсынған болатын. Тізімде қазақтың танымал 60 классикалық шығармасы және әлемдік 40 әдеби кітап бар. «Кітап оқу уақытында» балалар мен үлкендердің қолынан ұлттық үздік шығарма — М. Әуезовтің «Абай жолын», сондай-ақ, әлемге танымал жазушылар В.Гюго, Джон Рональд Руэл Толкиен кітаптарын көруге болады. Мектеп қызметкерлері мен оқушылардың сүйікті кітабын оқуына бар жағдай жасалынған. Барлық қабатта қойылған ыңғайы дивандар, көз тартарлық гүлдер оранжереясындағы орындар, ыңғайлы орындықтармен жабдықталған кітапханада сиқырлы кітап әлеміне енуге мүмкіндік өте мол. Айта кету керек, Назарбаев зияткерлік мектептері оқу мен тәрбие процесінде жетістікке жету жолында жаңа технологияны қолдана отырып, тәжірибе жүзінде қолдануда. «Кітап оқу» жобасы да соның маңызды бір бөлігі. Оқушыларға тек әдеби кітаптарды оқу ғана емес, аудиокітаптарды тыңдау да ұсынылады. Дисней балалар фильмі желісіндегі «Frozen», Сомерсет Моемнің «Theantandagrasshopper» т.б. Оқушылар оқыған әдеби шығармаларын сабақта, кураторлық сағаттарда талқылайды, өз желілерінде түрлі шығармалар жазады, көрмелер ұйымдастырады. Демек, оқушылар рухани баюмен бірге шығармашылық тұрғыда да дами алады. Осылайша Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» стратегиясына өздерінің қомақты үлесін қосып отыр.
Жақында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы Ғылыми кітапханамен бірлесіп «Жүз кітап» жобасы аясында Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» романын талдауға арналған қалалық деңгейдегі оқырмандар конференциясын өткізді.Конференция клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы ҚазҚызМемПУ-дан, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген қонақтарды таныстырып, оқырмандарға шығарманың «Көкбалақ» деген аталу себебі туралы сұрақ қойды. «Көк» аспан түсті білдірсе, ал «балақ» жермен байланыстырып қойылған» деген пікірлер айтылды. Оқырмандар конференциясы одан әрі қызықты өрбіді. Қатысушылар шығарманы оқу барысында өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын ортаға салып, талдаудың көркін қыздырды. Т.Әсемқұловтың орындауындағы «Көкбалақ» күйі орындалды. Алматы қаласының ЖОО-нан келген оқырмандарымыз да тосылып қалмай, өзекті ойларын ортаға салып, күй құдіретінің шексіздігіне таңданыстарын жасырмады. Шығарма тілі мен мазмұны туралы да тың ой қорытулар жасалды. Оқырмандардың әрқайсысы сыни пікірлерімен, ерекше қабілет зейіндерін көрсете білді. Конференция соңында талдау барысында ұтқыр ойларымен көзге түскен оқырмандарды «Болашақ сыншы», «Болашақ әдебиеттанушы», «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман», «Ойлы оқырман» номинациялары бойынша сертификаттармен марапаттады.
## Дереккөздер |
Қож конус — конус тәрізді жанартаудың бір түрі. Оның төменгі жағында жанартаудың қалдықтары жатады. Конус тәрізді жанартау атқылаған кезде лава тек жалғыз саңылаудан ағып шығады. Саңылаудың биіктігі 304 метрге жуық болады. Кратері (ойысы) тостаған тәрізді. Газға толы лава қалдықтарынан шоқтар түзіледі. Мексикадағы Парикутин қож конусы - 1943 жылы, жүгері егістігінде пайда болған жанартау. Американың Солтүстік Аризона штатындағы "Күнбатыс" кратері- қож конус, яғни конус тәрізді жанартауға жатады.
## Қызықты деректер
* Шашыранды және қож конустар қалқан тәрізді және стартожанартауларының араласуынан пайда болады.
* Кейбір шашыранды конус жанартауларын Гавайдағы аралдардан кездестіруге болады.
## Дереккөздер |
Есугей баһадүр (моңғ. Есүхэй баатар) — моңғол тайпасының батыры және дүйім моңғолдың әйгілі билеушісі болған. Ол 12-ғасырда өмір сүрген, туған жылы белгісіз. Есугей ресми түрде хан болып сайланбады. Тек оның ұлы Темучин (Шыңғыс хан) ғана Хотолдан кейінгі маңғолдардың төртінші ханы танылып, ресми түрде таққа отырды. Қамбағай ханның қазасынан соң, Өгеленді жар етеді. Өзінің жаужүректілігімен көзге түскен Есугей ұлы темучин туар кезде, татардың Темучин және Қарабұқа деген батырлардың қолына түседі. Бір кезде маңғол ханы Әмбағанды қолға түсіріп, Қытай ханына берген осы екі батыр шыққан татар тайпалары болатын. Есугей татардың сондай атақты батыры Темучинің өзі тұтқын етіп әкелген сәтте туылғандықтан, әйелі Жошыгүл бегіммен ақылдасып, ұлына ырымдап Темучин деп ат қойып, темір бесікке бөлеген. 1170 жылы қидандармен болған шайқаста Есугейдің даңқы артып, керейт Тұғырыл қағанға көмегі үшін беделі өсе түсті.Енді жасы тоғызға келген Темучинге қалыңдық табуға көшеді. Өзара қыз алысу қалыпты дәстүрге айналған. Ол танысқан, біліскен Меркіт жұртына сапар шегеді. Жолай Дай-ноянға жолығып қалады. Сосын сонда қалып, Даян-ноян Есугейді қонақ болып, құдаласқан сапарынан қайтар жолда, Шекшердің Сары даласында тойлап жатқан татарлардың үстінен түсуі неғайбыл. Татар тайпасының ұйытқы мекені - Ұлы Даланың шығыс бөлігі. Есугейдің оң қатпалға қиыс бұрылуы мүмкін емес. Шөліркеуі де болмаған жайт, сылтау. Ол заманда кісінің сусын құйылған жан торсығы болған. Рәшид-әд-Дин татар шежіресінде Есугей өліміне татарлардың себепкер болғаны айтылмаған. Демек, Есугей батыр өз ажалымен дүние салған.
## Дереккөздер |
Ақтеңбіл дәуіт (лат. Hierodula tenuidentata) — нағыз дәуіттер тұқымдасына жататын жәндік.
Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Ақтеңбіл дәуіттің дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбынын қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кг 300 граммға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Ол аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады.
## Дереккөздер |
Жібек шаруашылығы — қабыршаққанаттылар отрядының бір түрі Жібеккөбелегін жібекті өндіру үшін өсіру.
Жібеккөбелек қазіргі кезде жабайы түрі кездеспейді. Бұдан 5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған. Жібеккөбелекті кейде тұткөбелек деп те атайды. Өйткені ол тұт ағашының жапырағымен ғана қоректенеді. Шет елдерде бұдан басқа емен көбелегінен де жібек өндіріледі. Жібеккөбелектің қуыршаққа айналған кезде, арнайы бөлінетін безінен түзілетін сыртқы қабаты. Піллә өте жіңішке, біртұтас ұзын жібек жіптен тұрады. Одан арнайы өңдеу арқылы табиғи жібек алынады.
Жібек шаруашылығы Жапония, Қытай, Үндістан, Корея, Түркия, Италия, Испания, Бразилия, Орта Азия, Кавказ жерлерінде бар. Қазақстанда жібеккөбелегі Өзбекстанмен шекаралас оңтүстіктегі аудандарда ғана өсіріледі.
Жібеккөбелектің жұмыртқаларын тоңазытқыштарда белгілі температурада сақтайды. Көктемде тұт ағашы жапырақ шығара бастағанда, арнайы бөлмелерде тақта тәрізді темір тордың үстінде өсіреді. Үнемі тұт ағашының жас жапырағымен қоректендіреді. Қазіргі кезде жібеккөбелекті сұрыптау арқылы олардың мол өнім беретін қолтұқымдары шығарылған. Бұл салада Ресей ғалымы Б.Л.Астауровтың еңбегі зор.
* Chinese sericulture process
*
*
*
## Дереккөздер |
Әлітау – Мұғалжар тауының оңтүстік сілемдерінің бірі.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Ұзындығы 5 км, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 354 м. Етегінің жер бедері жыралы сай болып келеді, бор-палеоген кезеңдерінің бор-мергельді және құмдақты - саздықты шөгінділерінен түзілген.
## Өсімдігі
Сортаң келетін топырағында тасбұйырғын, боз жусанды, сораңды өсімдіктер өседі. Бұл өңірді Шалқар ауданы мал азығын дайындау үшін пайдаланып келеді.
## Дереккөздер |
Көк жасыл теңіз шаяны — омыртқасыздардың буынаяқтылар типі жоғары шаяндар отрядына, шаянтәрізділер тұқымдасы на жатады. Он аяғы болғандықтан, жәндікке жатпайды.Атлант мұхитының Оңтүстік және Солтүстік Америкамен шектесетін жерлеріндегі 35 см-ден 2-3 метр тереңдікке дейінгі рифтерде өмір сүреді.
Бұл шаянды көк жасыл түсті жалпақ денесі мен үлкен қысқыштары арқылы ажыратуға болады. Жылтыраған көк-жасыл түсті, жалпақ, тығыз денелі. Екі жақтаулы симметриялы. Денесі баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Бунақты аяқтары түкті. Түксіз түрлері де болады.Күндіз су түбіндегі тастардың арасында тығылып жатады.
Қоректенуге түнге қарай шығады. Негізінен, көк жасыл балдырлармен қоректенеді. Көк жасыл балдырлар көбейіп кетсе, су бетін жауып қалады. Сонда, су ішіне оттегі кірмей, балықтар тұншығады әрі су сапасы төмендейді. Сондықтан, ондай балдырларды жеген көк жасыл теңіз шаяны табиғатқа орасан зор пайда келтіреді.
## Дереккөздер |
Отты шеңбер (ағылш. Ring of Fire) — жанартаулар жиі атқылайтын және жиі жер сілкінетін қауіпті аймақ. Бұл сақина Тынық мұхиты алабын қоршап тұрғандықтан, оны "Тынық мұхитының Отты шеңбері" немесе "Тынық мұхиттық белдеу" деп те атайды. Сақина Жаңа Зеландиядан басталып, Азияны жағалап Аляскаға жетіп, сосын Америка құрлығының оңтүстігіне дейін созылып барады. Отты шеңбердің тұрқы жүзікке, тағаға ұқсайды және 40 мың шақырымға дейін созылып жатыр. Бұл мұхит ойпатының, аралдар доғасы мен жанартаулы тау жоталарының және плиталардың үздіксіз тізбегімен байланысты.
## Отты шеңбердің сыры
Ғалымдар Отты шеңберді зерттеу арқылы жер бетіндегі тектоникалық тақталар қозғалысын анықтайды. 1912 жылы Неміс ғалымы Альфред Вегенер ең алғаш Жер қозғлысы теорияын ұсынды. Вегенердің айтуынша, құрлықтар ауыр материалдардың үстіндегі жеңіл жартастардан құралған. Ол суда жүзген алып заттар секілді материктер тұрақты қатып қалған емес, ақырын қозғалады деген болжам жасады. Кейін ғалымдар Вегенердің көптеген идеялары дәл осы Отты шеңберге сай келетінін анықтады. Сөйтіп олар тақталар тектоникасы деп аталатын теорияны жасады. Тақталар тектоникасы бойынша, жер беті қалыңдығы сексен шақырым болатын көптеген үлкен тақталардан немесе жартастардан тұрады. Тақталар жүзіп, жыл сайын бірден он сантиметрге дейінгі жылдамдықпен баяу қозғалады. Бұл адам тырнағының өсу жылдамдығымен бірдей деген сөз.
Отты шеңберде жер тақталары үшін жаңа материал үнемі жасалып отырады, өйткені магма деп аталатын ыстық сұйықтық Жердің ортасынан мұхит түбіне дейін ағады. Жер бетіндегі барлық тақталар жаңа материалға орын қалдыру үшін аздап қозғалуға тиіс болады. Тақталар бір-бірінен алыстауы, немесе бір-біріне қарай қозғалып, бірінің ішіне бірі енуі мүмкін. Олар бір-біріне тиіскенде, бір тақта екіншісінің астына кіреді. Бұл процесс субдукция деп аталады. Субдукция жер сілкіністерін жиі тудырады. Сондай-ақ, астынғы тақта аса жоғары температура салдарынан еруі мүмкін. Осы процесс себебінен Отты шеңберде байқалатындай, пайда болған магма Жер бетіне көтеріліп, Жанартау болып атқылауы мүмкін.
## Тарихы
Тынық мұхитының айналасындағы жанартаулық белсенділік белдеуінің бар екені алғаш ХІХғ ортасында байқалды. "Олар (Жапон аралдары) Терра-дель-Фуегодан (Tierra del Fuego) Молуккаға (Moluccas) дейінгі Тынық мұхиты жағалауларын қоршап жатқан белсенді жанартаулар аймағына тән."
Әлемдегі жер сілкінулердің 90 пайызы, үлкен жер сілкіністердің 81 пайызы осы Отты шеңбер бойында орын алады. Отты шеңберден кейінгі екінші орында тұрған сейсмикалық аймақ - Жерорта теңізіндік (Альпі-Гималай) белдеуі. Ол Явадан Суматраға дейін, Гималай тауы мен Жерорта теңізін бойлай Атлант мұхитының шетіне дейін созылып жатыр. Қазақстан мұхиттан алыс орналасқандықтан бізге цунамиден онша қауіп жоқ. Дегенмен, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің жер сілкіну қауіптілігі жоғарырақ.
Соңғы 11 700 жылда әлемдегі ең ірі 25 жанартау атқылауының үшеуінен басқасы түгелдей Отты шеңбердегі жанартауларда болған.
Калифорнияның әйгілі әрі өте белсенді Сан-Андреас жарқашы (San Andreas Fault) аймағы трансформды жарқаш болып, ол Мексиканың және оңтүстік-батыс АҚШтың астындағы шығыс тынық мұхитының көтерілуінен бір бөлігі жеміріліп қалыптасқан. Жарықаштың қозғалысы күніне бірнеше рет болатын көптеген кішігірім жер сілкіністерін тудырады, олардың көпшілігі сезілмейді.
Британдық Колумбияның Хайда-Гуайдың батыс жағалауындағы белсенді Шарлотта ханшайым жарқашында (Queen Charlotte Fault) ХХғ ішінде үш ірі жер сілкінісі болды: 1929 жылы 7 балл; 1949 жылы 8.1 балл (Канададағы ең үлкен жер сілкінісі); және 1970ж 7.4 балл.
## Қызықты деректер
* Жер шарының біраз жерін алып жатқан Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік екі сейсмикалық белдеуде жер сілкіністерінің 90 пайызы орын алады.
* Тынық мұхиттық белдеу Американың батыс жағалауын бойлай, шығысқа қарай және Австраияның солтүстігін, сондай-ақ Азияның шығыс жағалауын қамтиды.
## Дереккөздер |
Дала кергісі кейде Дала шегірткесі (лат. Saga pedo Pall.) — Турақанаттылар отрядының Tettigoniidae тұқымдасының өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Еуразияның оңтүстігінде, Пиреней, Аппенин, Балкан түбектерін қосқанда, Қырым, Кавказ, шығыста Зайсан көліне дейін жетеді, сонымен қатар Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда таралған. Орта Азия мен Қазақстанның тау етегі мен далалы аймақтарындағы шалғынды биік шөптесінді және бұталы өсімдікті жерлерінде тіршілік етеді.
Жыртқыш. Жемтігін дәуіт сияқты шөпке немесе бұтаға жасырынып аңдиды. Едәуір ірі шегіртке, дәуіттермен қоректенеді. Соңғы жылдары таралу аймағының азиялық бөлігінде жерді ауылшаруашылығына пайдалану нәтижесінде түр өте сирек кездесетін болды. Түрді қорғау үшін кездесетін жерлерінде қорықшалар ұйымдастырып, жерді жыртқан кезде, олардың тіршілік ортасы — тың жерлерді жыртпай қалдыру керек.
Дала кергісінің қанаты жоқ. Дала кергісі шырылдамайды және жыртқыш. Оны Солтүстік Қазақстаннан, соған жақын аумақтардан кездестіруге болады. Аналығының тұрқы 53-75 мм. Дала кергісі - дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік. Дене бітімі, қорегін аулау тәсілі шекшектен гөрі дәуітке көбірек ұқсас.
Жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі - шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, қоңыздар және дала қандалалары. Тіпті кейде дәуітті де жеп қояды. Ол дәуіт тәрізді аяқтарын жазып жіберіп, қорегін аңдып, қозғалмай ұзақ отырады.
Бір көңіл аударарлық жайт: табиғатта кергілердің аталығы көп кездеспейді. Сондықтан олардың аналықтары партеногенезді жолмен көбейеді. Дәлірек айтқанда аталықсыз ұрықтану. Далалық кергілердің шырылдамауы да соған байланысты болса керек. Дала кергісі даму барысында 8 рет түлейді. 3-4 аптадан соң толық ересек күйге келеді. Ұрықтанбаса да жұмыртқалап, түнде 7 жұмыртқа туады. Жұмыртқалайтын жерді мұртшаларымен тексереді де, әр түрлі тереңдікке жұмыртқаларын орналастырады. Күзге дейін мезгіл-мезгіл жұмыртқалай береді. Тіпті өлген аналық кергінің денесінен тумай қалған 10-28 жұмыртқаларды байқауға болады. Жұмыртқалардан тек аналық кергілер ғана дамиды.
*
*
*
## Дереккөздер |
Бершүгір ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Географиялық орны
Аудан орталығынан - 120, облыс орталығынан - 250 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстігінде Мөңке би, шығысында Шетырғыз ауылдық округтерімен, солтүстігі мен батысында Мұғалжар ауданымен шектеседі. Жер көлемі - 200679 га.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2099 адамды құрады.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Біршоғыр, Сарысай, Алабас ауылдары кіреді. Орталығы - Біршоғыр ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Амангелді ауылдық округі (орталығы Бершүгір ст.) таратылып, Ақтоғай ауылдық округіне (орталығы Қотыртас а.) қосылды. Ірілендірілген округтің жаңа орталығы Бершүгір станциясы болды. Кейін Ақтоғай ауылдық округінен Біршоғыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2019 жылы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір ауылдық округі болып өзгертілді. Сол жылы округ құрамында болған Қарабұлақ ауылы таратылды.
## Инфрақұрылымы
25 шаруа қожалығы, 7 дүкен, 1 кафе-бар, 2 дәріхана, 2 монша, шаштараз, кітапхана, клуб, туб.санаторий, 6 ЖШС-і, фельдшерлік пункт, 1 емхана, пошта бөлімшесі, "Казтелеком", "Транстелеком" байланыс желілері, теміржол бойын көгалдандыру мекемесі, бір орта, екі негізгі мектеп, балабақша бар.
## Дереккөздер |
Орман Дайрабаев (1921 жыл, Ақтөбе облысы, Құйылыс ауылы - 26 шілде 1986 жыл, Шалқар қаласы) — соғыс және еңбек ардагері, педагог, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, "Құрмет белгісі" орденінің иегері (1978). Педагогикалық әдістемелік материалдардың авторы.
## Өмірі
Ақтөбе қаласындағы Байғанин атындағы оқытушылар даярлайтын 2 жылдық институтын 1941 ж. бітірген де мұғалім болған.
1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, келгеннен кейін ұстаздық қызметін жалғастырады. Қызылорда педагогикалық институтында оқыған (1948-1950).
1950 жылдан Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1981 ж. осы мектептен кейін зейнеткерлікке шыққан.
1959 ж. тіл маманы И.Ұйықбаевтың редакциясымен шыққан диктанттар жинағын шығаруға қатысқан авторлардың бірі. "Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосын оқыту туралы" еңбегі бар ("Қазақстан мектебі" журналы, 1965 ж.). "Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері" төсбелгісімен марапатталған (1963). 1977 ж. оған "Аға мұғалім" атағы берілген. "Құрмет белгісі" орденінің иегері (1978).
Ұлы Отан соғысының ардагері, 1959 жылы "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", 1967 жылы "КСРО қарулы күштеріне 50 жыл", 1985 жылы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл" медальдарымен, 1985 жылы екінші дәрежелі "Отан соғысы" орденімен марапатталған .
## Дереккөздер |
Аққолқа бейіті — Бозой ауылынан оңтүстік-батысқа қарай Аққолқа деген жерде тұр. Бірақ, экспедициялар, сондай-ақ обаға қарсы күрес стансасының картасында "Бала мола" деп түсірілген. Себебі, бейіттің ішінде жас баланың қабірі сияқты кішкентай төмпешіктер бар. Кесене ішінің бояуы сол күйінше сақталған. Өзі күйдірген кірпіштен салынған. Жауын-шашын мен жел-құздың аздаған әсері болмаса, кесене бұзылмаған, сол күйінде тұр. Осы кесенеден оңтүстікке қарай 30 метр жерде кірпіш күйдіретін пеш бар. Бірақ, бұл кесенені тұрғызған кім, онда кімдер жерленген, ол жағы белгісіз. Бұл деректерді Шалқар обаға қарсы күрес стансасының биологы Алмат Амандосұлы Баймырза берді.
## Дереккөздер |
Алмағанбет Ахун Бұхарбайұлы (1869 жыл - 1943 жыл Шалқар ауданы, Тұмалыкөл ауылы (бұрынғы №19 ауыл) — ахун, ауыл молдасынан сауат ашып, 12 жасында Қожаназар ишанның медресесінде білімін жалғастырады. Кейін Бұхараға барып оқып, білімін тереңдетіп, қол тапсырып, "ахун" атағын алып, шәкірттерге дәріс береді.
Елге оралған ахун Тұмалыкөл ауылының Көкпектікөл деген жерінде мешіт ұстап, бала оқытқан. Еліміздің мұсылмандар дүниесінің рухани көсемдерімен тығыз байланыста болған.
17 желтоқсан 1937 жылы Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген және ишан А.Төлегеновпен тығыз байланыста болған деген айыппен 10 жылға сотталған, 1943 ж. Барнауыл түрмесінде көз жұмған. 1989 жылы ақталған .
## Дереккөздер |
Жайылым кенелері немесе Қансорғыш кенелер, сонымен қатар Иксода кенелері (лат. Ixodidae) — Өрмекшітәрізділердің кенелер отрядының тұқымдасы, 650-ден астам түрі белгілі.
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық алдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе-екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе-үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі - үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Нимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді.
## Биологиялық сипаттамасы
Қансорғыш кенелер – ең ірі кене, әсіресе, қанға тойып алғанда дене тұрқы үлкейіп 10 – 15 мм-ге, кейбіреулері 20 мм-ге дейін жетеді, аш кезінде 3 – 5 мм. Буынаяқтылардан айырмашылығы – денесі бас, көкірек және құрсақ болып буындарға бөлінбеген. Қансорғыш кенелер аналығының дене тұрқы аталығынан үлкен. Бұлар негізінен ашық далалық аймақтарда, мал жайылатын жерлерде тіршілік етеді. Ересек қансорғыш кенелер ірі жануарлардың (тұяқтылар, жыртқыштар) қанын, ал дернәсілдері – кеміргіштердің, жәндікқоректілердің, ұсақ жыртқыштардың, құстардың қанын сорады. Қансорғыш кенелер аштыққа өте шыдамды, әдетте, бірнеше айға, кейде тіпті 2 жылға дейін шыдайды. Қансорғыш кенелер жылына бір рет көбейеді. Өсімталдығы өте жоғары. Аналығы бір рет жұмыртқа (15 – 18 мыңдай) салады да, өзі өліп қалады. Қансорғыш кенелер – сарып, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, оба, гемоспоридиоз, т.б. ауруларды таратушылар. Олар ауру қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, жәндікқоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда жұқтырады. Бұдан адам және мал көп зиян шегеді. Мысалы, Қансорғыш кенелер шаққан малдың салмағы төмендеп, сүт беруі азаяды. Қансорғыш кенелердің ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және Ixodes rіcіnus – кене энцефалиті ауруын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда және құстарда кездеседі. Ал Dermacentor pіctus және Hyalomma – туляремия, қырым геморрагиялық қызбасының таратушылары.
Еркек дараларда денесінің үстіңгі бетін толық жауыр тұратын қалқанша кездеседі, ал ұрғашы дараларда және личинкаларда қалқанша тек денесінің алдыңғы бөлігінде ғана болады, ал қалған бөліктері жұқа, созылмалы хитин қабатымен қапталған. Мұның маңызы зор, себебі, ұрғашы даралар кқп мөлшерде, массасынан 200-400 есе артық мөлшерде қан сорып ісінеді.Жайылым кенелері тіршілігіне қолайсыз жерлерді - ормандарды мекендейді. Ол жерлерге ұзақ уақыт қоректендіруші жануарлар енбеуі мүмкін, сондықтан олар аштыққа шыдауға бейімделген.
Сонымен қатар, мекен ортасына қоректендіруші жануарлардың еніп келгенін сездіретін ерекше бейімделушіліктері болады:
* Ірі жануарлардың (бұғы, аю, маралдар, т.б.) жүруі салдарынан топырақтың азды көпті тербелісін сезетін өте нәзік сезімтал құрылымдары дамыған.
* Мекен ортасына енген жануарлардың тыныс алуы салдарынан орта температурасының болар болмас өзгеруін сезетін терморецепторлары дамыған.
Сонымен қатар, мекен ортасы олардың дамуы үшін қолайсыз болғандықтан көп мөлшерде жұмыртқа жұмыртқалайды.
### Тайга кенесі
Тайна кенесі көктемгі жазғы энцефалит ауруының тудырушысы және табиғи резервуары. Сібірде, Шығыс Қазақстанда кең таралған. Ересек дараларының мөлшері 2,5 мм, ұрғашылары 4 мм. Личинкалары кемірушілердің, кірпілердің, құстардың қанын сорады және топыраққа өтіп түлейді. Нимфалары бурундуктардың, тиіндердің, қояндардың қанын сорады. Ересек формалары- қарамал, бұғылар, маралдардың қанын сорады.
### Ит кенесі
Ит кенесі туляремия, шотландия энцефалитінің қоздырушысы. Қылқан жапырақты, бұталы аймақтарды мекендейді. Мөлшері, даму циклы тайна кенесіне ұқсас.
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Аргас кенелері немесе мамық кенелер (лат. Argasidae) –– паразитиформ отрядының кенелер тұқымдасы.
Аш кене денесінің ұзындығы 2-13 мм. Денесі жайпақ кутикуласы созылмалы қалқаншасы жоқ. 100 тақау түрі белгілі. Жылы аймақтарда таралған. ТМД кеңістігінде 17 түрі бар. Олар негізінен Орта Азия мен Закавказьеде кездеседі. Құрлық омыртқалы жануарларының қан сорғыштары. Дернәсілдері нимфа мен ересектерінен ерекше. Кенелер көп уақыт (11 жылға дейін) аштыққа шыдайды, ал иелеріне жабылған кезде өз салмағынан бірнеше есе артық қанды өте тез сорып алады. Бір ұрғашы кене тіршілігінде 1000 дейін жұмыртқа салады, ал бір ретте салған жұмыртқа саны 50-200. Белсенділігі түнде басталады. Кейбір түрлері жануарлар мен адамға қауіпті ауру қоздырушыларын тасымалдайды. Құстарда спирохетоз ауру қоздырушысын таратады. Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады.
## Дереккөздер |
Ақкенжеев Шынабай (1939 жылы туған,Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылы) – инженер-гидротехник. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1958 – 59 ж. «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бұрғышының көмекшісі болып бастаған. 1964 – 67 ж. Шардара СЭС-і құрылысында ауысым мастері. Атырау облысы. су ш. жүйесінде мастер, прораб, телім бастығы, 1967 – 73 ж. «Гурьевсуқұрылыс» тресінің Жылжымалы механикаландырылған ғ14 колоннасында бас инженер, 1973 – 90 ж. облысы су ш. құрылыс мекемесінің бастығы, 1990 – 2004 ж. облысының атқару комитетінің күрделі құрылыс бөлімінде «Маңғыстауқұрылысинвест» кәсіпорнын басқарды. 2004 жылдан «Маңғыстау» гидротехникалық ЖШС-нде құрылыс жөніндегі техникалық директор қызметтерін атқарды. Ақкенжеевтің «Тағдырым тоғысқан құрылыстар» (2004) атты кітабы жарық көрді. Ақкенжеев «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1976) медальдары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мағынай — Қостанай облысы Қарабалық ауданы, Победа ауылдық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарабалық кентінен солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 295 адам (152 ер адам және 143 әйел адам) болса, 2009 жылы 110 адамды (57 ер адам және 53 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Теңіз шүрілдек (лат. Charadrius alexandrinus) - Татрең тұқымдасының Шүрілдектер тегінің биологиялық түрі. Шағын денелі (30-40 г шамасында) шүрілдек. Үйлесіміз үлкен басы, қызғылтсары қарғысы және жемсауындағы жалпақ қара жолақтың орнында қапталындағы екі теңбілді денесін жерден көтеріңкі ұстайды.
Дүние жүзіне кең таралған: Еуропа, Азия, Африка, Австарлия және Солтүстік Американың теңіз жағалауына, сондай-ақ көптеген аралдарға қоныстанады. Қазақстанда әсіресе оңтүстік бөлігінде ұялайды, ұшып өткен кезде барлық жерде кездеседі. Көлдер жағасын бойлай қатты сортаңдарға, сондай-ақ құмдауыт және тасмалталы үлескілерге ұялайды. Салындыда көбінесе 4 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды басу кзеңі және соңынан балапандарға қамқорлық жасау 25 күнді алады. балапандарға ата-енелері қамқорлық жасайды
## Дереккөздер |
Жүндібаев Әбділхамит (белгісіз - 1924).Талантты журналист, шебер аудармашы Әбділхамит Жүндібаев (кейде Ғабділхамит) - Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Талсай ауылында туған Алаш орданың белгілі қайраткері.
Бала кезінде Орынбордағы уездік орыс-қазақ мектебін бітіріп (1906), сондағы екі жылдық мұғалімдер мектебіне қабылданады. Бұл мектепті 1909 жылы бітіреді. Сөйтіп, мұғалімдік мамандық алған Жүндібаев Әбділхамит алғашында Ақтөбе уезінде ауылда мүғалім болып қызмет атқарады. Ол өз мамандығын сүйеді, мұғалімдік қызметтің мән-маңызын, халыққа тигізер пайдасын жақсы біледі, бірақ заманның талабын да есінен шығармайды. Жай ғана мұғалім болып, балаларға білім беру арқылы ұлтты ояту мақсатына жете алмайтынын да түсінеді.Жүндібаев Әбділхамит ауылда мұғалімдік қызмет атқарып жүрсе де, ел ішіндегі ірі мәселелерге назар аударып, ұлттың болашағы туралы ойлайды. Қазақ халқын заманның қыспағынан құтқарудың жолын іздейді. А.Байтұрсынұлы редакторлық еткен «Қазақ» газетіне Ресейдің отаршылық саясатына қарсы үн көтерген мақалалар жазды. Қоғамның түйіні шиеленген мәселелеріне талдау жасайды. Сөйте жүріп ойы ұшталып, топшысы бекиді. Өзін саяси күреске осылай дайындаған Ә.Жүндібаев 1917 жылғы «ақпан төңкерісінен» кейін жалпықазақ съездерін шақыруға атсалысады. Бұл кезде ол елдің ықыласына бөленген, жұрт үміт күткен қайраткер ретінде таныла бастайды. Алаш орданың Торғай облыстық бөлімшесінің құрылуына көп күш салады. Алаш партиясын құру туралы бағдарламаға қол қойған жеті саяси қайраткердің бірі болды.1917-1919 жылдары Торғайдағы алашордашылардың қатарында М.Дулатов , М.Есполов, А.Кенжин, С.Қаратілеуов т.б. қайраткерлермен бірге саяси қызметке араласады. Алаш милициясын жасақтаудың маңыздылығын жете түсінеді. Милиция жасақтау ісінде ол өзінің толысқан саяси қайраткер екенін көрсетеді.
Алаш орда таратылған соң ол қазақ халқының жуық арада тәуелсіздік ала алмайтынын, енді саяси күрестің нәтиже бермейтінін жақсы біледі. Сөйтіп, халықтың рухын сақтап қалу жолында күресуді жөн көреді. Кеңес үкіметі тұсында баспасөз саласында жұмыс істейді. Ол қоғамдық саяси әдебиеттерді аудару ісімен шұғылданады. Сөйтіп, әлеуметтік саяси мәдениеттің өсуіне, қазақ тіліндегі саяси терминдердің қалыптасуына ықпал етуді мақсат етеді.Адамның өмірі шекті болғанмен, сол шекті өмірінде ұтымды қимылдап, өнімді жұмыс істейтін адамдар болады. Жүндібаев Әбділхамит - дәл сондай адамдардың бірі. Ол 1924 жылы аурудан қайтыс болады.
## Дереккөздер |
Шежірелі өлке — 2001 жылғы 30 тамыздан бері шығып келе жатқан Шалқар аудандық тәуелсіз газет.
Меншік иесі - "Мұрагер" ЖШС. Газет шығаруды ұйымдастырғандар "Мұрагер" ЖШС директоры Берік Тағанов пен редакторы Мұқамбетәли Есмағанбетов. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде 2001 жылы 25 шілдеде тіркеліп, №2161-г куәлігі берілген. Газеттің негізгі мақсаты мен бағыты - өз оқырмандарын ұлттық рухани байлықпен сусындату. Өзі жарық көрген уақыттан бері газет Шалқар өңірінен шыққан хандар, батырлар, арулар, билер, шешендер, ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, дін өкілдері жайлы мазмұнды танымдық мақалалар жариялады. "Шежірелі өлке" жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, олардың шығармашылығына жеткілікті орын беріп отырады. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, құқық, спорт, медицина, дін, мектеп өмірі, т.б. тақырыптар газет мазмұнын айқындай түседі.
## Дереккөздер |
«Темір алып» (ағылш. The Iron Giant) – 1999 жылы шыққан фантастикалық мультфильм, Warner Bros. Animation шығарған. Тед Хьюз 1986 жылы жазылған «Темір адам» романынан негізінделген. Мультфильмде жалпы суық соғыс кезінде әскери параноя сұрақ туындайды.
## Қызықты фактілер
* Хогарт теледидарда «Brain from Planet Arous» анимациялық нұсқасын көріп жатыр.
* Хогарттың бөлменің қабырғада «Forbidden Planet» фильмнің плакаты ілулі түр.
* Хогарттың әкесі ұшқыш-жоюшы болды. Оның фотосуреті комодта көруге болады.
* Алғашында мультфильм мюзикл ретінде ойластырылған.
## Сыртқы сілтемелер
* Internet Movie Database сайтында |
Танашұлы Уәлитхан – көрнекті Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1887 жылы Ішкі Бөкей ордасы 2-Теңіз жағалауы округі №3 болысында туған. 1908 жылы Астрахань гимназиясын, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң Қазан қаласында адвокаттық жұмысқа тұрған. Осында татар және орыс зиялыларының пікірлес әрі әділеттік жолында күрескер тұлғасы болып қалыптасады. 1917 жылы сәуірде Орынборда өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне шақырылып, мәжіліс төралқасына кіреді. Сол айда Ордада Бөкейлік қазақтардың съезін ұйымдастыру және өткізу шараларына тікелей атсалысады. Осы жолы съездің төралқа төрағасы болып сайланады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік құрылтайға депутат ретінде сайланады. 5-13 желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына енеді. Заңгер Алашорда үкіметін құруға байланысты құжаттардың дайындалуына тікелей ат салысты. Сол жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. 1918 жылдары Алашорда атынан ішкі Ресей мен Сібірде құрылған Комуч, Сібір үкіметі, Уфа директориясы секілді түрлі бағыттағы билік құрылымдарымен келіссөз жүргізуге қатысады. Қайраткер Ж.Досмұхамедұлымен бірге Комучтың даярлық жұмыстарына қатысса, сол шамада өзі Уфа директориясының мәжілісінде болып, сөз сөйлейді. Заңгердің тағы бір батыл саяси қадамы «Ойыл уалаяты» аталып кеткен құрылымды таратып, Алашорданың Батыс бөлімшесін құруға бастамашы болуы еді. Қараша айында Уфа директориясы амалсыз жұмысын тоқтатқанда, заңгер Ә.Бөкейхан, А.Тұрлыбайұлымен бірге Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді. Саяси тактика болып табылатын осы басқосуда ол Алашорданың бейтараптығына кепілдік беретін және түрлі саяси оспадарлықтан сақтайтын билік құрылымын жасақтауды ұсынды. Большевиктер толық жеңгенде қайраткер жаңа биліктің жұмысына тартылды. 1919 жылдан бастап Қазақ әскери ревкомының кеңсесінде, Мемлекеттік баспа ісін ұйымдастыру комиссиясында қызмет атқарды. 1920 жылы Қазақ автономиясын жариялайтын құрылтайға Бөкей Ордасынан өкіл болып қатынасты. Осында Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Кешікпей Қазақ АКСР Заң халық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. 1921-1924 жылдары республиканың Мәскеудегі өкілеттігінің алқа төрағасының орынбасары, Ұлттар комиссариаты жанындағы Қазақстан өкілеттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1924-1937 жылдары Татар АКСР Жоғары сотында жұмыс істеді. 30-40 жылдары екі мәрте репрессияланды. Айдаудан 1955 жылы босатылды. 1968 жылы Алматыда қайтыс болды. |
Ақ алабота (лат. Chenopodium album) — өте кең таралған Қызылқұйрық тұқымдасының біржылдық арамшөбі .
Ақ алабота – кәдімгі арам шөп; жол жиегінде, егістіктерде кездеседі. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі, сондықтан космополит деп те атайды. Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Ақ алабота тік сабақты, көлденең кесіндісінде бес қырлы, жапырақтары өте жиі тармақталған; сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ беттерінде ақшыл дақтары болады. Бұлар бір үйлі, қосжынысты гүлді өсімдіктер. Кейбіреулері екі үйлі. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып, масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі бес тостағанша жапырақшадан тұрады, андроцейінде бес аталығы, гинецейінде екі аналығы болады. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары – ерте, түсі қарасы – кеш піседі. Жемісі – тұқымша.
Гүл формуласы: Р(5)А(2)G(2)
Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады.
Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздығынан айырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.
## Таксономиясы және биологиялық түр ішіндегі жіктелуі
Кейбір түршелері
* Chenopodium album var. album
* Chenopodium album var. centrorubrum Makino — разновидность с Дальнего Востока,
* Chenopodium album var. missouriense (Aellen) Bassett & Crompton — североамериканская разновидность.
* Chenopodium album var. striatiforme Murr
* Chenopodium album var. reticulatum (Aellen) Uotila
Синонимдары
* Anserina candidans (Lam.) Montandon
* Atriplex alba (L.) Crantz
* Atriplex viridis (L.) Crantz
* Blitum viride (L.) Moench
* Botrys alba (L.) Nieuwl.
* Botrys pagana (Rchb.) Lunell
* Chenopodium agreste E.H.L.Krause
* Chenopodium bernburgense (Murr) Druce
* Chenopodium bicolor Bojer ex Moq.
* Chenopodium borbasiforme (Murr) Druce
* Chenopodium borbasii F.Murr
* Chenopodium browneanum Schult.
* Chenopodium candicans Lam.
* Chenopodium catenulatum Schleich. ex Steud.
* Chenopodium concatenatum Willd.
* Chenopodium ×densifoliatum (Ludw. & Aellen) F.Dvorák
* Chenopodium elatum Shuttlew. ex Moq.
* Chenopodium glomerulosum Rchb.
* Chenopodium laciniatum Roxb.
* Chenopodium lanceolatum Muhl. ex Willd.
* Chenopodium lanceolatum R.Br., nom. inval.
* Chenopodium leiospermum DC.
* Chenopodium lobatum (Prodán) F.Dvorák
* Chenopodium missouriense Aellen
* Chenopodium neglectum Dumort.
* Chenopodium neoalbum F.Dvorák
* Chenopodium opulaceum Neck.
* Chenopodium ovalifolium (Aellen) F.Dvorák
* Chenopodium paganum Rchb.
* Chenopodium paucidentatum (Aellen) F.Dvorák
* Chenopodium pedunculare Bertol.
* Chenopodium probstii Aellen
* Chenopodium pseudoborbasii Murr
* Chenopodium riparium Boenn. ex Moq.
* Chenopodium serotinum Ledeb., nom. inval.
* Chenopodium subaphyllum Phil.
* Chenopodium superalbum F.Dvorák
* Chenopodium viride L.
* Chenopodium viridescens (St.-Amans) Dalla Torre & Sarnth.
* Chenopodium vulgare Gueldenst. ex Ledeb.
* Chenopodium vulpinum Buch.-Ham., nom. inval.
* Chenopodium zobelii Murr ex Asch. & Graebn., nom. inval.
* Chenopodium zobelli A.Ludw. & Aellen
* Vulvaria albescens Bubani
## Дереккөздер |
Мөңке би ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Мөңке би ауылы кіреді. Орталығы - Мөңке би ауылы.
## Тарихы
1997 жылы Бершүгір ауылдық округі (орталығы Қайыр а.) таратылып, Солёный ауылдық округіне (орталығы Қауылжыр а.) қосылды. Сол жылы Солёный ауылдық округі Қауылжыр ауылдық округі болып өзгертілді. Кейін Қауылжыр ауылдық округінен Мөңке би ауылдық округі бөлініп шықты. 2007 жылы округ құрамында болған Әбді, Алгелді ауылдары таратылды.
## Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1172 адамды құрады.
Округте орта мектеп, балабақша, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, тұрғындар телехабар қабылдайды. Елді мекен табиғи газ игілігін көріп отыр. Кезінде 6 адам КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған.
## Аумақ тарихы
Бұрынғы өткен қарттардың айтуынша, бізге белгісіз ерте кездерде түскен ұлы Борсықтың орғыл-орғыл бұйрат құмдарын Арал теңізі жағының Құлымбет шыңы тұсынан Шалқар көліне қарай қақ жарып кесіп өтетін "Ноғай жолы" аталатын күре жол бар. Мөңке бидің ата қонысы саналатын осы аймақта қырғыздар мен ноғайлар кезінде ұрпақ өсіріп рулы елге айналған.
## Сайлар
Ақсансай, Ақсерке, Бақатайсайы, Зікірсай, Садысай, Терісбұтақ, Тобылғысай, Тебенсай, Қарағансай, Шилісай, Шаңқұлсай, Қызыллеспе, Құмқұдық, Аққұдық, Қимас, Құттықұдық, Қауылжыр, Майлысай, Ақсай, Жұмырсай, Жайылма, Бақшалысай, Құмсай.
## Көлдер
Ақмолалыкөл, Сүттікөл, Домалақкөл, Жомарткөл, Шыбынкөл, Қопасор, Ұялыкөл, Миялыкөл, Жыңғылдыкөл, Итжуалыкөл.
## Төбе-таулары
Жалшоқат, Құмшоқат, Ырыстышаты, Әбді, Ақжар, Жамантау, Жақсытау. .
## Дереккөздер |
Торайғыр - XVIII ғас. соңы мен XIX ғас. өмір сүрген әрі батыр, әрі жершіл, көріпкел адам болған. Көшіп кеткен елдің қашан көшіп кеткенін дәл айтқан. Қараңғы түнек түн мезгілінде далаға қаққан қазықты дәл таба білген. Көктем келіп мұз жарылып, сең болып ығып кеткен уақыттары, сол сеңнің үстінде ығып кеткен адамдардың санына дейін және олардың қай жерде ығып бара жатқанын айтып отырған. Орынбор генерал-губернаторы Есет Көтібарұлына қарсы бірнеше мәрте жаулаушы отряд жіберіп отырғаны тарихтан белгілі. Сондай отрядтардың бірінің командирі ел аузындағы әңгімені естіп Торайғырды жолбасы етіп қасына ертіп алады. Сонда Торайғыр отрядты Есеттің қонған жеріне емес, көшіп кеткен жұрттың үстінен шығара беріп әбден титықтатқан. Бұған қатты ашуланған отряд командирі құм арасында Торайғырды кескілеп өлтіріп тастайды.
## Дереккөздер |
Шеңгел ауылдық мектебі — Шеңгел болыстықтың "Ақши" деген жерінде 1896 жылы 10 қазанында ашылғанда 22 баланы қамтыған Шалқар аудагыгдағы бірінші оқу орны. Сол кездегі болыс Мырзағұл Шыманұлы елді шақырып той жасаған. Бірінші оқытушылар семинариясын 1896 ж. бітірген Құрақбаев болды. Мектеп қажетіне мемлекет тарапынан 226 сом, Торғай обл. Земстводан - 194 сом, барлығы 420 сом бөлінді. 1897 ж. "Ақтүбекте" 4 бөлмелік шымнан мектеп үйі салынды. Сол жылдың 1-ші тамызында Орынбордағы қазақ оқытушыларын дайындайтын мектепті бітірген Давыдов Матвей оқытушы болып тағайындалды. Осы мектепте 1896-1916 ж.ж. 200-ден аса қазақ балалары білім алған. Мектепке халық қаржылай жәрдем берген. Мысалы, Үдербаев Сарсен 300 сом ақшалай, 150 сом малдай қолдау жасаған. Осы ісі үшін Торғай облыстық оқу училищелерінің инспекторы Иван Хохловтың ұсынысымен С.Үдербаевқа күміс медаль берілген
## Дереккөздер |
Жау бүйрек — ұлттық тағамның бір түрі. Жау бүйректі малшылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сыпырған соң майын білемдеп кесіп алады. Ішін жарып, өкпе-бауырын суырып алып бауыр мен құйрықты жұқалап жапырақтап, істікке бір май, бір бауыр етіп кезектеп шаншып, үстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтап пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жау бүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптің бір түрі деуге болады. Жау бүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, жуа, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады.
## Дереккөздер |
Шекпен тоқу — түйенің майда жүнінен (көбінесе бота, тайлақ жүндерінен) басына жібі жіңішке етіліп және оңқай, солақай иіріледі. Жүннің майдалылығы мен бірге біртұтас болуы шарт. Сосын өрмектің арқауы да жұмсақ жүннен жіңішке етіп иірілуге тиіс. Ақырында өрмекті ширақ қылу керек, сонда шекпен пысық болады. Жүн әуелі түтіледі, шүйкеленеді. Сосын ұршықпен иіріледі. Шамамен, жіп үш-төрт домалақ болғанда өрмек құрылады. Домалақ жіптердің біреуі бостау, бамқасы ширақ иіріледі. Бостауы - арқау. Тегіс, таза жерге төрт қазық қағылады да төрт бұрышқа қағылған сол төрт биік қазыққа үш-төрт бала жүгіріп жіп орайды, бір әйел күзу салып (асты мен үстін байлап) отырады. Сосын екі жақтан нкі мықты қазық қағылып өрмек керіледі. Өрмек құрып, шекпен тоқу үшін үш аяқты мосы, сабау күзу, адарғы және қылыш қажет. Әдетте өрмектің басына көлеңке жасалады. Содан кейін өрмекші екі қабат өрмектің жіптерін қатарынан да, асты мен үстінен де кезек ауыстырып, арасынан арқауын өткізіп тоқуға кіріседі.
## Дереккөздер |
Әмен Елемесұлы Тұяқов (1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында туған) - кеңестік және қазақстандық жеңілатлетші. Жеңіл атлетикадан КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері (1965). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
## Толығырақ
* Әмен Елемесұлы 1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген.
* 1960 жылы Гурьев педагогикалық инистутының (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті)нің физика-математика факултетін бітірген.
## Еңбек жолы
* 1960 жылы Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы.
* Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев.
* 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс меділінің иегері.
* 1962 - 1963 жылдары және 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 200 м-ге жүгіруден алтын медалінің иегері.
* 1962 - 1963 жылдары 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы.
* 1963 - 1967 жылдары КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы.
* 1966 жылы Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері Будапешт, Венгрия.
* 1965 жылы кубок жеңімпазы. Штутгарт. Германия.
* 1965 жылы АҚШ эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды.
* 1966 жылы КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы.
* 1963 - 1967 жылдары Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу).
* 1962 - 1967 жылдары Чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды.
* Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді.
* 6 рет КСРО рекордын жаңартты.
* 1971 - 1992 жылдары Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер
* 1992 - 1999 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
* 1965 жылы "Ұлы отан соғысына 20 жыл" медалі
* 1965 жылы КСРОның "Құрмет белгісі" Ордені
* 1965 жылы КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы берілді.
* 1967 жылы "КСРО Қарулы күштерінe 50 жыл" медалі
* 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
* 1997 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
* 2007 жылы елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды.
* 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
* 2011 жылы Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған.
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері.
* Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Қорғанкөл — Нұра алабындағы көл. Шыбынды көлінің оңтүстік-шығысында.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақбел ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 570 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 2,9 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 км, ең терең жері 3 м, су массасының көлемі 4,70 млн. м3. Жағалауы батпақты, қамысты келген. Еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Мырзаш Алдиярұлы (1824-1888) — Зайсан уезіне қарасты найманның дөртуыл ішінде тұзақшы руынан шыққан атақты қазақтың батыры, жолбасшы, саяхатшы.
Қазақ-қалмақ арасындағы шапқыншылық кезеңді (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұраңқайлармен ұрыс) қатысқан батыры. Қалмақтардың талай соққысынан қазақты аман алып қалған. Барымташылар айдап әкеткен талай малды қарсыласып жүріп қайтарып әкелген.
Қытайдың, әсіресе көрші Жоңғария жерінің географиясын өте жетік білген. Алдиярұлы 1877 жылы Орталық Азияны зерттеуге шыққан орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскийдің 2-экспедициясының жолбасшысы болып, оны Құлжадан Гаченге дейін, ал 1879 жылы оның 3-экспедициясын Зайсаннан Орталық Азиядағы Гашун-Нор көліне дейін бастап апарды.
Осы экспедицияларды Азияның асқар таулары мен құлазыған шөлдерінен, орыс саяхатшыларына наразылық көрсетіп отырған жергілікті халықтың арасынан аман өткізіп, көп көмегін тигізді. Н.М.Пржевальский Алдияров туралы: “Мырзаш, біздің шекарамен өңірлес Жоңғарияны өте жақсы білетін жолбасшы болды... Оны біз еңбегіне орай Гашун-Нордан сыйлығын беріп қайтарып отырмыз” — деп жазды.
## Мырзаш батыр туралы жырлар
Жырдың үш нұсқасы белгілі. Бірі — Ержан Ахметовтің «Әл-қисса Мырзаш батырдың қиссасы», екіншісі — Сағидолла Нұралиннің Мырзаш батыр Алдиярұлы», үшіншісі — Ниязбек Қыдырмоллаұлының үш бөлімді «Мырзаш батыр» атты жыры. Осы томға жырдың үш нұсқасы да ұсынылып отыр.
Соның ішінде ақын С.Нұралин «Мырзаш батыр» жырын екі қайтара жырлаған. Алғашқы нұсқасы М.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтына 1963 жылы, қайыра жырлағаны 1967 жылы тапсырылған. Бұл туралы: «Мен, Нұралин Сағидолла, «Мырзаш батыр» жөніндегі өлең-әңгімені осымен екінші рет жырлап отырмын. Екінші жырлауым одан гөрі толығырақ жазылды, бірақ негізгі түйіні бір сарында» деп, ақынның өзі де ескертіп өтеді.
Осылардың ішінде Н.Қыдырмоллаұлының «Мырзаш батыр» туындысы — жырдың ең көлемді нұсқасы. Мырзаштың өз өміріндегі үш үлкен ерлігі жырдың үш бөліміне арқау олған.
«Мырзаш батыр» жырын алғаш рет ғалым З.Сейітжанұлы зерттеп, оны Шығыс Түркістан өлкесіне де кең тараған жырлардың бірі дей отырып, тарихи типологиялық салыстырулар ж үргізді. Автор: «Әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты ж аңа эпикалы қ жырл ар («А рқалық батыр»), («Қабанбай батыр»), («Мырзаш батыр» т.б.) туа бастады. Басқаша айтқанда, нақты тарихи эпос қалыптасты. Тарихи жырлар тарихилық сипатын көп жоғалтпай, дәстүрлі эпос түрінде дамыды. Ал нақты тарихи эпос — сол тарихи жырлардың даму жолындағы белгілі бір кезеңі, сатысы», — деген пікір айтады. Яғни З.Сейітжанұлы «Мырзаш батыр» жырын нақты тарихи эпостың қатарына жатқызып, оның жанырлық-сюжеттік сипатына, образдар жүйесіне, поэтикалық ерекш еліктеріне талдау жасайды.
«Тарихи деректерге және жыршылардың таныстыруына қарағанда, Мырзаш бұрынғы Зайсан уезіне қарасты дөртуыл ішінде тұзақшы руынан. 1824-1888-жылдар арасында өмір сүрген», — дейді З.Сейітжанов. Яғни:
Алтайдың Сауыр таумен арасында,
Оқушым сөзге қүлақ саласың ба?
Баласы Алдиярдың Мырзаш батыр
Өсіпті осы өңірдің даласында, —
деп, жыр жолдарында көрсетілгендей, Мырзаш аталмыш өңірде өмір сүріп, елін-жерін сырт жаулардан қорғап өткен батыр адам. Ал:
Орта жүз, руы — найман арғы заты,
Аз мөлшер сауын сиыр, мінер аты.
Жалғыз қызы — әжеміз Шәкежан мен
Қара лашық, Шәмшигүл жамиғаты.
Найманнан қалған ұрпақ Төлегетай,
Жомарт бопты қайырымды, дәулеті бай.
Төрт ұлы Төлегетайдың бір-ақ найман,
Төрт тулы Қаракерей, Садыр, Матай.
Дөртуыл Мырзаш батыр шыққан тегі, —
деген жолдар Мырзаштың ата-тегін айқын көрсетсе керек. Сол сияқты:
Мырзаштың өз дәулетін еске алғанда,
Болыпты кедей түрмыс, ауыр халда.
Көп олжа кезіксе де көз тоярлық,
Өмірде қызықпаған дүние-малға, —
деген үзінділерден Мырзаштың астында мінер аты, қолында сауын сиырынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан кедей, бірақ кедей болса дағы өзіне кезіккен мыңғырған мал, аста-төк дүниемүлікке мойын бүрмаған жан болғандығын аңғарамыз.Мырзаштың өмірде расымен болған адам екенін ақын (Ниязбек Қыдырмоллаүлы) жырдың барысында қарасөзбен де, жыр жолдарымен де ауық-ауық еске түсіріп отырады. Сондай кезекті ескертпеге құлақ түрсек:
«Менің мойнымдағы парызым — Мырзаш батырдың келтелеу өміріндегі елді сырт жаудан қорғаудағы үш ерлігін жинақтап, қағаз бетіне түсіру, алайда жоқты бар ғып түсіру емес, неғұрлым ақиқат, адалдыққа баса назар аудара отырып, болған оқиғаның өңін айналдырып бүзбай немесе әңгіменің түпкі негізіне бағынып, сол негіз бойынша түсіру болып табылады. Олай болса, Мырзаштың бүл үшінші бөлімінде сөзге арқау, негіз болып отырған екі дәлелдің бірі — Мырзаш қызы Шәкежан. Ол әкесі Мырзаштан үйреніп, Шәкежан өзінің ұлы Қыдырмоллаға (менің әкем) жеткізіп, Қыдырмолладан маған жетіп отырғандықтан. Ал, екіншісі — ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға қала берген халық ішіндегі көнекөз адамдардың Мырзаштың бұл ерлік істерін ауыз әдебиеті мен қазіргі біздің заманымызға жеткізуінен. Міне, осы екі дерек бір арнаға түскенде ғана мен Мырзаштың үш ерлік жинақтарын қағаз бетіне түсірдім. Қайқайсысының түпнұсқасын осы жоғарғы екі негізге тіредім. Мырзаштың жаудан елдің намысын қорғаудағы екінші қызыл аяқ шапқыншылығындағы ерлігін, шектен асқан атақты помещик Баты-байыр мырза елге әкелген үш қыздың бірі Дадимадан туған Ақпалуан, Тауалпаннан күні бүгін ұрпақтар бар деп алдыңғы жинақтарға жазғам. Сол сияқты осы үшінші бөлімде Мырзашпен бірге жүріп, бірге тұрған, осы соңғы айқаста дабірге болған Ертісбайдан да қазір ұрпақтар бар. Ертісбай Мырзашпен бұндай жағдайларда бірге болған адам екен. Осы Ертісбайдың ұлы Уалхан жетпістің ішінде қайтыс болған. Осы Уалхан әкесі Ертісбайдың Мырзашпен бірге болғандағы ерліктерін баласы Уалханға жеткізіп еді. Мырзаштың ерлік істерін халық арасына бүлжытпай көп таратқан осы тахуа Уалхан екеніне күмән жоқ», — деп, жыр арасында қара сөз түрінде дерек көздерін нақты көрсетеді.
Жырдың барлық нұсқаларында Мырзаштың орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскиймен достығы арнайы сөз етіледі. Өйткені батырдың саяхатшыны Құлжадан Гучинге дейін ертіп, жол бастап жүргені — тарихи шындық. Ал тарихта болған оқиғадан жыршылардың аттап өте алмайтыны белгілі. Мырзаштың саяхатшы ғалыммен бірге жүрген сәттері — оның өмірінің бір бөлігін құрайды. Бүл оқиға жырда көрініс таппаған күнде Мырзаш өмірінің бір қыры, яғни елді-мекенді көп аралаған саяхатшы екендігі және жер жағдайын жетік білген зеректік қасиеті ашылмай қалғандай болар еді. Мырзаштың саяхат барысында көп көмегі тигендігі туралы Н.М.Пржевальский өз еңбегінде арнайы атап көрсетеді:
«Проводником на первое время взят был нами киргиз (қазақ - Г.Р.) Зайсанского пристава Мирзаш Аллиаров, тот самый, который осеныо 1877 года водил нас из Кульджи в Гучен. Мирзаш отлично знал прилежащую к нашей границе западную часть Чжунгарии, где много лет занимался барантою, т. е. воровством лошадей. Как известно, подобный промысел нисколько не презирается у киргизов, наоборот, искусный барантач считается удальцом, заслуживающим удивления и похвалы. Мирзаш своими подвигами снискал себе даже почетное прозвище батыр, т. е. богатырь. Этот богатырь сам сознавался нам, что в продолжение своей жизни (ему тогда было 53 года) украл более тысячи лошадей; неоднократно бывал в самом трудном положении, но обыкновенно выпутывался из беды. Впрочем, болыпой шрам на лбу, нанесенный топором хозяина украденной лошади, ясно свидетельствовал, что не всегда благополучно проходили нашему герою его воровские похождения. Как проводник, Мирзаш был очень полезен; только необходимо было его держать, как говорится, в ежовых рукавицах».
Алайда Мырзаш Н.М. Пржевальский айтқандай ел шауып, мал айдаған барымташы немесе біреудің малын ұрлаған ұры емес.
Жау десе, жалақтаған алмас қылыш,
Өзі барда жасаған елі тыныш.
Жаудан елге кек алған елдің ерін
Кім айтыпты бейпіл сөз жылқы қуғыш, —
деп жырланғандай, Мырзаш тек өзі келіп соқтыққан жаудан ел кегін қайтарушы. Ол ел намысын қолға ұстатып қоя беретін жан емес. Сондықтан да халықтың жоғын жоқтап, намысын қорғауда алға шыққан ержүрек ұлдарының бірінен саналады. Н.М.Пржевальский біржақты баға берген.
«Мырзаш батыр» жырының Н.Қыдырмоллаұлы нұсқасының бірінші тарауының өзі 3480 жолдан (ал барлығы — 10258 жол) тұрады, яғни өте көлемді; екіншіден, тілі де аса шұрайлы, сұлу; үшіншіден, әрбір оқиға, әр құбылыс кеңінен суреттеліп, сан қырынан ашылады. Жырдың өте көлемді, әрі қою сюжетті болуының, Мырзаштың әрбір қасиетінің терең ашылуының бірден-бір себебі — бұл нұсқаны тікелей батыр ұрпағының жырлағандығымен байланыстыруға болады. Сол себепті, жырда Мырзаштың батырлығымен қатар, халқының қамқоршысы, әрі адал азамат және халқының салтын қадірлеген ұлағатты ұлы болғандығы мақтаныш пен, зор құрметпен жырланады. Жинақтай айтқанда, Мырзаштың жалпы адамдық болмысы түгел қамтылады.
Жырда Мырзаш өмірінің көп қыры қамтылған, оқиғалар бірінен-бірі туындап, сан қырынан өрбіп отырады. Және де оның барлығы нанымды, шындыққа жанасымды етіп, өмірдегі қалпында суреттеледі. Әрі жырдың көркемдік деңгейі де жоғары. Әр оқиғаның зор шабытпен жырланғаны соншалық — «ары қарай не болар екен, оқиға қалайша жалғасын табады?» деген зор қызығушылықпен оқылады, яғни жыр оқырманын жалықтырмайды, керісінше, өзіне баурап, елітіп өкетеді. Сондықтан жырдың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, оны негізгі нұсқа ретінде қабылдауға болады. Ал, жалпы, Мырзаш туралы жырлардың үш нұсқасының оқиғалар желісін салыстырып қарағанда, үшеуіне де ортақ боп келетін бірнеше сюжет — мотивтерді аңғарамыз. Олар:
— Мырзаштың өз өмірінде үш ірі соғысқа қатысып, елін жаудан қорғауы;
— Әулиелік қасиетінің болуы;
— Н.М.Пржевальскийге жол көрсетіп, елді мекендерді көп аралаған саяхатшы болғандығы;
— Мырзаштың кедей отбасынан шыққандығы;
— Соңғы жорыққа барғысы келмегендігі, оған еркінен тыс аттанған дығы;
— Қолды болған дүние-мүлік, олжаларды қара басының қамына жаратпай, кедей-кепшікке таратып бергендігі;
— Мырзаштың ақкөңіл, адал, әділ адам болғандығы.
Міне, осы сюжет-сарындар жырдың әр нұсқасында негізгі оқиғаларды баяндауға тірек болып, әрқайсысында өзінше өрнектеледі. Томға ұсынылып отырған мәтін ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқасынан (ӘӨИ. ҚҚ: Ш .874) дайындалды.
Г. Рахымбаев. «Бабалар сөзі»: Жүзтомдық.— Астана: Фолиант, 2010. том 63: Тарихи жырлар. 422 бет - Мырзаш батыр.
Ержан Ахметов нұсқасы. Е.Ахметов нұсқасының көлемі — 448 жол. Жырда алдымен Мырзаштың әкесі Алдиярдың батырлығы, оның Алтайдағы ұранқайлардың қолынан қазатапқаны айтылады. Оның баласы Мырзаш батыр ұранқайларға бірнеше рет аттанып, ел намысын қорғайды. Әкесінің кегін алады. Бір жолы Мырзаш батырдың жолы болмайды. Қанжары жоғалады, қасындағы жолдасы мұны тастап қашып кетеді. Батыр жалғыз өзі жаумен шайқасады. Атынан түскенде ол өзінің қатты ауырғанын біледі. Оны сезген қуғыншылар батырды сойылга жығады, батыр жапанда жалғыз қалып қаза табады. Мырзашты ел-жұрт болып іздейді. Садырбай, Салжан сияқты батырлар бастаған бір топ жігіттер Мырзаштың сүйегін тауып алып қайтады. Батырдың зираты Алтай аймағындағы Қаба деген жерде. Шығарманың соңында жыршы Мырзаш батыр өміріне байланысты түсінік берген. Шығарма бұрын жарияланбаған, тарауға бөлінбеген, 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Жыр мәтіні араб әрпінде жазылған түпнұсқадан (ӘӨИ:Ш .194, 2-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.
Сағидолла Нұралин нұсқасы. С.Нұралин нұсқасының көлемі — 620 жол. 1963 жылғы Шығыс Қазақстан, Семей экспедициясының мүшелері Т. Қанағатов, Т. Бекқожина жинаған. Жырда Мырзаш батырдың жорықтары, орыс ғалымы Н.М.Пржевальскиймен кездесуі баяндалады. Оқиға XIX ғасырдың екінш і жартысында болған. Сағидолла Нүралин «Мырзаш батыр» жырын ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйеніп шығарған. Мырзаш батыр жиһан кезіп, Құлжа, Үрімжі, Гучін, Хами, Қашқар, Хотан, Тибетке барады. Одан Зайсанға бет алған сапарында орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальскиймен кездесіп, оған жолкөрсетуші қызметінатқарған. 1877 жылғы Гучін, 1879-1880 жылдарғы Тибет экспедициясына қатысады. 1888 жылы ел намысы үшін Алтайдағы ұраңқайларға аттанады. Ру басшылары Шотан төре, Қоқы батырлар ұраңқай гүңі (төресі) Сандыжаппен ауыз жаласып, батырды қапылыста қазаға душар етеді. Жыр он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған.
Сағидолла нұсқасында Мырзаштың жиһанкездігі, Н.М.Пржевальскиймен достығы басымырақ жырланған. Шығарманың басында автор тарапынан берілген түсінік сөзінде: «Мен осы Мырзаш Алдияр туралы ел аузындағы әңгімелерді әрбір адамдардан бытыраңқы түрде көп уақыттардан бері естіп келген едім. Әр адам әртүрлі жорамалдармен әңгіме етеді. Кейбіреулер Мырзашты әулие, шарафатты адам болған, оның бастаушы қызыл түлкісі бар. Сол түлкі қайда бастаса, Мырзаш сонда барады. Және күн жайлататын қасиеті болған. Жауымен шайқасқанда екі арасына қалың тұман қараңғылық салып қоятын болған деп те айтады. Атақты ғалым Пржевальскиймен кездесіп жолдас болуы анықталады. Мырзаш алпыс жасынан асқан кезінде ел тілегімен ел есесін алу үшін Қытайға қарасты Қанас деген жердегі мұңғыл тайгасы Ораңқайға барып, сонда қаза тауып, сүйегі алынбай тасқуысында қалған адам екен. Мырзаштың өлімі 1888 жыл екен. Мұны сол жылы туған Шөкір Бекбаев деген ақсақал растайды. Мырзаш шешен тілді адам болмаған, сөзінің көбінде «ана бар ғой» деп сөйлейтін сөзге шорқақ адам болыпты. Ел намысына, ел есесіне жанын құрбан ететін. Елді қанаушыларға қарсы қайрат істейтін. Мал ұрыларын аңдып, олардың ұрлап әкелген малдарын тартып алатын. Оны иесіне немесе ел кедейлеріне үлестіріп беретін адам болыпты. Мырзаш көп жерді аралап, жиһан кезген. Шығыстағы Қашқар Қонан, Қарашар, Құлжа, Орбы, тіпті сонау Тебеттің бергі бетіне дейін барып қайтқан адам екен. Бірақ осы сапарынан белгілі мәлімет жоқ. Мырзашоқымаған қараңғы адам болған. Пржевальскиймен кездесуі осы сапарында болса керек », — дей келе жырда кем іліктердің болуын жоққа шығармайды. Жырдың түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш.ЗЗО, 9-дәп.) сақтаулы тұр. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған материалдар бойынша еш өзгеріссіз әзірленді.
Т. Әкімова. «Бабалар сөзі»: Жүзтомдық.— Астана: Фолиант, 2010. том 63: Тарихи жырлар. 422 бет - Мырзаш батыр.
## Мырзаш батыр Серікбай Байхоновтың Алтай Асу этно-романында
Байхонов С. Алтай Асу. Этно-роман. Серікбай Байхонов. - Алматы: "Алматы - Болашак" АК, 2019.-544 бет. ISBN 978-601-7461-56-0
"Алтай асу " - деп аталатын деректі - көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиhанкез ғалым Николай Михайлович Пржевальскийдін 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан каласынан басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдиярулы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген кызғылыкты оқиғалар аркау болған.
Аты-жөні , суреті КСРО заманында " Казакстан тарихы " окулыгына енген Пржевальский - аңыз адам .Ал оның жеке басына катысты тарихи фактілер жоктын касы .Өйткені ол - барлаушы.Жер бетіндегі көптеген саяхатшылар секілді кәдімгі барлаушы. Осыны бүгінгі окырман біле ме?
Кезінде дүние жүзі мойындаған жаналыктар ашқан ғалымды бүгінде көп адам жабайы түйе мен "Пржевальский жылкысын" ашкан адам ретінде таниды. Сол баяғы " Казакстан тарихы " оқулығына енген түйе мен жылкы. Ол кандай түйе ?.. Кандай жылкы ?..
Аты - жөні мен суреті "Казакстан тарихы "окулығына енген Мырзаш батыр да аңыз адам.Осы екі аңыз адам аңызға бергісіз түйе мен жабайы жылкыны іздеп ,аңыз өлке Тибетке сапар шегуі окырман кауымды бей - жай калдырмайды деп ойлаймыз.
## Пікірлер
## Дереккөздер |
Ақсу — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Еңбекшіл — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Ақтөбе — Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Төменгі Қайрақты — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Төменгі Қайрақты ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Сәкен Сейфуллин (бұрынғы атауы - Жарық) — Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент, темір жол бекеті.
## Географиялық орны
Ауданы орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 71 км жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Халифа-түл-Мәсіх (араб.: خليفة المسيح; урду: خلیفہ المسیح; қазақша аудармасы «Мәсіхтің Мұрагері» немесе «Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары»), кейде жәй ғана халиф делінеді, - ол, бүкіл әлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағатының рухани басшысы және Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің ісін жалғастырушы орынбасары болып табылады. Ахмадия Мұсылман Жамағатының сенімі бойынша, Халифа-түл-Мәсіхті Құдайдың өзі таңдайды. Жамағат мүшелері оны «Амирүл-муминин» (яғни, Мүміндердің әміршісі) деп атайды. Қазіргі уақытта Халифа-түл-Мәсіх лауазымы Мырза Масрур Ахмедке тиесілі.
Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның орынбасарлары Ахмадия жамағатын Қадианнан басқарып отырды. 1947 жылға дейін Қадиан елді мекені жамағаттың орталығы болды. Пәкістан мемлекеті құрылған кезде Ахмадия жамағатының орталығы Рабваға ауыстырылды. Рабва қаласы, Пәкістанда, 1948 жылы Ахмадия жамағаты сатып алған жерге жаңадан тұрғызылған қала болатын. 1984 жылы Пәкістан үкіметі №ХХ-ші қаулысын қабылдады, бұл қаулы бойынша Халифа-түл-Мәсіх өз міндетін атқара алмайтын болды. Сол бір заманда Хилафат институтына (яғни, Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһдидің (ісін жалғастыратын) Орынбарлықтың рухани Институтына) қауіп төне бастады. Сол себепті Төртінші Халифа-түл-Мәсіх Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан көшіп, Англияның Лондон қаласына қоныс тепті. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басты орталығы уақытша Лондонға, «Әл-Фазыл» мешіті тұрған жерге ауыстырылды.
## Қысқаша шолу
Ахмадия жамағаты мүшелерінің сенімі бойынша, Ахмадия хилафаты – ізгілікті Хилафаттың ("Хулафаур-Рашидин") қайта жаңғырған түрі. Олардың пікірі бойынша, ізгілікті Хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің келуімен қайта орнатылған, өйткені ол, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх әрі Имам Мәһди болғанды. Ахмадилердің айтуы бойынша, осы тақырыпқа қатысты Құран аяттары мен көптеген хадистердегі мәліметтерге сай, Халифатты орнату ісі - тек Алла Тағаланың құзырындағы іс. Бұл, Алланың қалауына мойынсұнған, әрі Құдайдың Бірлігін нығайтқан, әрі ізігі амалдар жасаған пенделеріне берілген Құдайдың нығметі болып саналады. Ал кімде кім, Алланың қалауынсыз, тек адами күш-ынталарына сүйеніп, өз араларынан Халифті сайлау арқылы Халифат орнатуға талпынатын болса, Алла Тағала оларға ұзақ жетістік әсте бермейді. Олардың тағдыры жалған пайғамбарлар мен олардың жақтастарының тағдырын қайталайтын болмақ.
Ахмадилердің пайымы бойынша, Халифке әлбетте мемлекет басшысы болу міндет емес. Халиф, ең бірінші кезекте, исламды нығайту және оны жер жүзіне тарату мақсатында, сонымен қатар Мұхаммед пайғамбардың ﷺ орнатқан әлемдік үмметі аясында жоғарғы рухани және ахлақтық қағидаттарды жандандыру үшін қызмет ететін рухани-діни лауазым. Өйткені, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өзі, жәй ғана саяси лидер болып қойған жоқ, ол бірінше кезекте – діни лидер болған. Егер Халифке мемлекет басшысы болып қызмет ету міндеті жүктелетін болса, онда бұл, оның Халиф ретіндегі жалпы функциясына тек қосымша міндет болып қосылады.
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Алла Тағаланың берген уәдесіне сай, Хилафат, олардың ізгіліктігі мен Құдайға деген имандарына қарай, Қиямет күніне дейін жалғасын таппақ. Бүкіл Жамағаттың өркендеуі үшін, Халиф бірлік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ахлақи бағыт-бағдар береді. Халиф өзінің міндетін "Шура" (кеңес беру органының) мүшелерімен ақылдасу негізінде атқарады. Дегенмен, ол кеңес мүшелерінің пікірлерін қабылдауға міндетті емес. Халифа-түл-Мәсіх барлық діни және ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуге өкілетті. Ол Құран мен Сүннетке сай шешім шығарып, әрекет етуіге міндетті.
### Қудрату-с-Санийя (Құдай құдіретінің екінші көрінісі)
Ахмадилердің пікірі бойынша, Уәделенген Мәсіхтің Халифалық тізбегі Құдай құдіретінің екінші көрінісі болып табылады екен. Бұл жайында Мырза Ғұләм Ахмед өзінің «Әл-Уәсийят» атты өсиет кітабында былай деп жазады:
О, қымбатты жандарым! Байырғы заманнан бері Құдай Тағаланың сүннетінде (яғни, әдетінде) келесідей әрекет бар, Ол, қарсыластардың екі түрдегі жалған қуаныштарын жоқ қылу үшін, өз құдіретінің екі көрінісін паш етеді. Демек, Құдай Тағала өзінің байырғы әдетінен кенеттен бас тартады деуге негіз жоқ. Сондықтан, айтқандарыма бола қайғы жұтпаңдар, жүректеріңді мұң баспасын. Сендерге Құдайдың құдіретінің екінші көрінісін көру өте маңызды, бұл сендер үшін берекелі болмақ, өйткені оның көрінісі мәңгілік және Қиямет күніне дейін оның тізбегі үзілмейді. Бұл, екінші құдіреттің көрінісі, мен кетпейінше келмейді. Мен (өмірден) қайтқанда, Құдай сендерге өзінің құдіретінің екінші көрінісін жібереді, бұл көрініс, «Барахийн-и-Ахмадия» атты кітапта Құдай Тағаланың берген уәдесіне сай, сендермен мәңгі қалмақ. Бұл уәде маған қатысты емес, сендерге қатысты берілген. Құдай Тағала маған былай деген: «Мен, Қияметке дейін, сенің ізбасарларыңның Жамағатына жеңіс беремін». Сондықтан, менімен қошайтысар күннің келуі маңызды, өйткені содан кейін сендерге мәңгілікке берілген уәде күні келіп орнығады.
— «Әл-Уәсийят»
— «Әл-Уәсийят»
Дегенмен, «Лахорлық Ахмадия қозғалысы» деген атаумен белгілі тағы бір ахмадилік топ бұл ұстанымды жақтамайды. Олардың пайымы бойынша, дәл осы кітапта сипатталған жетекшілік жоғарғы кеңеске бағынуы керек.
### Құран мен хадистердегі негіз
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құранда Құдай Тағала ізгілікті адамдар үшін Өзінің халифасын тағайындауға уәде берген. Бұған қатысты, Құранның Нұр сүресінде былай делінген:
«Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер (араб.: халифа) қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар».
— Құран Кәрім, Нұр сүресі (24), 55 аят.
— Құран Кәрім, Нұр сүресі (24), 55 аят.
Ізгілікті Хилафаттың қайтадан қалпына келуі жайындағы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ көріпкелдігі «Мұснад Ахмедте» баян етілген.
«Пайғамбарлық сендерде Алланың қалаған уақытына дейін сақталады. Сосын Алла Тағала оны алып алады да, пайғамбарлық жолмен басталатын халифат орнатады, ол Алланың қалаған уақытына дейін сақталады; сосын Алла бұл игілікті де алып алады; сосын күшті-мықты патшалықтың дәуірі келеді, ол Алланың қалаған уақытына дейін сақталады, сосын Алла бұл патшалықты да алып алады, сол кезде қатыгез және зұлым биліктің уақыты келеді, содан кейін қайтадан пайғамбарлық жолмен басталатын халифаттың дәуірі орнайды. Содан кейін (Алланың Елшісі ﷺ) үн қатпады».
### Сайлау жүйесі
Ахмадия Мұсылман Жамағатының сенімі бойынша, Хилафат институты атадан балаға мирас болып қалатын жүйе емес, дегенмен, әзірге Бірінші Халифтен басқа, барлық Халифтер Мырза Ғұләм Ахмедтің тікелей ұрпақтары болып келеді. Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру арқылы Халифті сайлайды. Бұлайша сайлаудың түрін Мырза Бәшируддин Махмұд Ахмед орнатып кеткен. Халифтің тірі кезінде, сайлау комиссиясының мүшелері оның жетекшілігінде болады. Алайда, Халиф қайтыс болған соң, сайлау комиссиясының мүшелері тәуелсіз органға айналып, Уәделенген Мәсіхтің келесі Халифін (Орынбасарын) сайлайды. Сайлау кезінде Халиф болуға лайықты адамдардың есімдері ұсынылады, сол кезде сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын көтеріп, ұсынылған есімдерге дауыстарын береді.
## Ахмадия Мұсылман Жамағатының Халифтері
## Хилафаттың жүзжылдығы
2008 жылдың 27 мамырында, Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері Ахмадия Хилафатының жүзжылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай, Лондонның (Англия) «Эксел» орталығында өткен Ахмадия жамағаты мүшелерінің үлкен жиналысында Хазірет Мырза Масрур Ахмед үндеу жасады. Сол жерде халықаралық масштабта барша әлемде тұратын ахмади-мұсылмандарының адалдық анттын беру рәсімі орыналды. Бұл рәсім МТА International (Эм-Ти-Эй интернейшнл) жерсерікті арнасы арқылы дүниежүзіне көрсетілді, және рәсім Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианмен (Үндістан)және Рабвадағы (Пәкістан) екінші орталықтарымен тікелей қосылған телемост түрінде болды.
## Дереккөздер |
Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев (8 шілде 1948, Ленинград қаласы - 21 шілде 2006, Алматы қаласы), генерал-майор (1993). КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф.Э.Дзержинский атындағы Алматы жоғары шекара училищесін (КСРО Министрлік кеңесі жанындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары командалық училищесін (1970ж), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1979 ж) , РФ ҚК Бас штабы Әскери штабын бітірген (1992 ж).
## Еңбек жолы
КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округының шекара отрядының ақпарат бойынша офицері (1970-72 жылдар); КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Алматы жоғарғы шекара училищесінің курс офицері (1972-76 жылдар) ; М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1976-79 жылдар); Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округы барлау бөлімінің офицері, штаб аға офицері, штаб бастығы, 130 шекара отрядының командирі (1979-84 жылдар), округтық бөлім бастығының орынбасары (1984-90 жылдар), РФ ҚК Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы (1990-92 жылдар); Қызыл Тулы Шыңыс шекаралық округы әскерлері қолбасшысының орынбасары - әскерлерді даярлау бөлімінің бастығы (1992 жыл); ҚР Шекара әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1992-93 жылдар); ҚР республика Ұланның қолбасшысы (1993-95 жылдар); ҚР Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1995-96 жылдар); ҚР Шекара әскерлерінің РФ Шұғыл әрекетті тобының бастығы (1996-98 жылдар); ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің әскери атташесі (1998-2003 жылдар).
## Марапаттары
* ҚР-ның құрметті шекарашысы,
* Қызыл жұлдыз,
* 3-ші дәрежелі "КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" ордендері,
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қарақоңыз қорықшасы – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қарақоңыз шатқалында орналасқан мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша. 1971 жылы Қордай ауданы мемлекеттік орман қоры жерінде құрылған. Жер аумағы 3,1 мың га.
## Флорасы
Қорықшада өсімдіктердің 500-ден астам түрлері кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Кавказ таудағаны, Кәдімгі пісте, недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшәласасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері, т.б. өсімдіктер бар. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге жайылым, шабындық қатаң белгіленген мөлшерде жүргізіледі.
## Дереккөздер |
Ұлытау — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, аудан және Ұлытау ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 135 км жерде, Ұлытау тауларының шығысында орналасқан.
## Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2605 адам (1313 ер адам және 1292 әйел адам) болса, 2009 жылы 2055 адамды (1030 ер адам және 1025 әйел адам) құрады.
## Дереккөздер |
Такааки Кадзита (жапон. 梶田 隆章 Kajita Takaaki, 1959 жылы т.) — Жапон физигі. 2015 жылы Физика саласындағы Нобель сыйлығын Артур Макдональдпен нейтрондық осцилляциясын ашқаны үшін бөлісті.
## Мансабы
Сайтам университетітін 1981 жылы бітірген. 1986 жылы докторлық дәрежесін Токио университетінен алды. 1988 жылдан Токио университетінің Ғарыш сәулелерінің зерттеу институтында (ICRR) (Үлгі:Ағылш) жұмыс істеді, онда 1992 жылы адъюнкт-профессор қызметін алды, ал 1999 жылы — толық профессорлықты. Сол 1999 жылы ICRR ғарыш нейтрино орталығының директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта 2015 жылы Такааки Кадзита Токио университетінің Ғаламдық Кавли физика және математика институтында (Kavli IPMU) (ағылш. Institute for the Physics and Mathematics of the Universe) және ғарыш сәулелерінің зерттеу институтының директоры (ICRR).
1988 жылы Камиоканде тәжірибеде мюондық нейтринолардың атмосфералық нейтринолардың қатарында жетіспеушілігін байқады, ол «атмосфералық нейтриноның аномалиясы» деп аталды. 1998 жылы Супер-Камиоканде тәжірибесінің нәтижесінде Такааки Кадзита қатысты, осы жолы нейтрондық осцилляциялардың барын растады.
## Марапатары
* Асахи сыйлығы (1987, командалық Камиоканде эксперименті қатарында)
* Американдық Астрономиялық қоғамының Бруно Росси сыйлығы (1989, командалық Камиоканде эксперименті қатарында)
* Асахи сыйлығы (1998, Супер-Камиоканде командалық эксперименті қатарында)
* Американдық Физикалық қоғамының В. К. Г. Пановский сыйлығы (2002)
* Юлиус Весс сыйлығы, Карлсруэ технологиялық институты (2013)
* Физика саласындағы Нобель сыйлығы (2015)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Информация на сайте Нобелевского комитета (ағыл.)
* Андрей Борисов Заколебали. Почему за превращения нейтрино присудили Физика саласындағы Нобель сыйлығы // Lenta.Ru, 6 қазан 2015 |
Күзем шай — қазақ халқында ұлттық тағамына, дастарқанына байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлердің бірі. Істің басталар сәтінде де, ол аяқталған соң да халық оны атау, ескерту үшін малды ауылдарда күзем алынып болған соң әр үй бір бірін шайға шақырып көңілді кеш өткізген. Мысалы, күзем алынып болған соң, әр үй бір-бірін шайға шақырып көңілді кеш өткізеді.
## Дереккөздер |
Қазындылар немесе Фоссилиялар (лат. fossilis) — жер қабатының шөгінділерінде сақталып қалған ежелгі хайуанаттардың және өсімдіктердің қазып алынған қалдықтары немесе бұрынғы геологиялық кезеңдердегі тіршілік иелерінің қалдырған таңбалары. Геологиялық кезеңнің құрамдас бөлігі - дәуір. Дәуір жер қыртысы дамуының геологиялық кезеңі барысында қалыптасып үлгерген тау жыныстар қабаты. Осы тау жыныстары қабатынан табылған қазындылар бізге жер тарихы туралы көп мағлұмат береді. Қазындылардың өлшемдері шағын іздерден үлкен қаңқаларға дейінгі аралықта әртүрлі болады. Қазба жұмыстары барысында анықталған іздер, Таңбалар - бұрынғы өмір құпиясын ашудың кілті. Мысалы: аяқ іздері , індер және жерасты жолдары. Қазынды қалдықтарды зерттеу ісімен палеонтология шұғылданады. Қазындыларды үлкен бүлігін қаңқалар толықтырады.Қаңқалардың ең үлкендері - Триас, Юра, Бор кезеңдерінен тұратын Мезозой заманында өмір сүрген динозаврлардікі болған. Қазындылардың пішіні бастапқы қалпындай тасқа айналып тасқа айналып сақталғанымен , түсі , тығыздығы және құрылымы өзгерген.
Қазынды қалдықтарды зерттеу ісімен палеонтология шұғылданады
## Дереккөздер |
Өмірбек Бәйгелді (15 сәуір 1939 жыл, Ерназар ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы — 3 сәуір 2024, Астана) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, зейнеттегі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы. Бұрын Парламент Сенатының төрағасы (1996–1999), Қазақстан президентінің кеңесшісі (1995) және Жамбыл облысының әкімі (1990–1995) лауазымдарының иесі болған.
Қазіргі таңда Бәйгелді 1992 жылдан бері Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі және 1998 жылдан бері Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі болып келеді.
## Өмірбаяны
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Өмірбек Бәйгелді Жамбыл ауданының Қызыл Октябрь (қазіргі Ерназар) ауылында дүниеге келді. 1955 жылдың тамыз айынында Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Қызыл Октябрь» ұжымшарында жұмысшы ретінде мансабын бастады.
Алматы зооветеринарлық институтын (1962) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша үздік бітірді.
1957 жылдың шілде айынан бастап комсомол ұйымының хатшысы. 1962 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы Свердловск ауданы ауыл шаруашылығының өндірістік басқармасы ауылшаруашылық өнімдерінің дайындалуын бақылау бойынша аға зоотехнигі, бас зоотехнигі, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары.
1966 жылдан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бастығы және 1975 жылдың тамыз айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.
1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1984 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Компартиясының Жамбыл облысы Қордай аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1990–1993 жылдары Жамбыл облысының №83 Қордай сайлау округінен сайланған ҚазКСР халық депутаты, заңнамалар, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері комитетінің мүшесі.
1990 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, және 1990 жылдың маусым айынан Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Сонымен қатар 1990 жылдың шілде айынан Жамбыл облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1992 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімшілігінің басшысы қызметін бастаған, бұл қазіргі Жамбыл облысы әкімінің аналогы.
1995 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, және 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. Бірінші қызметін 2011 жылғы дейін жалғастырса, екіншісін 2005 жылы ғана аяқтады.Астанадан тыстағы Ұлттық пантеонда жерленген.
## Марапаттары
### Ордендері және медальдері
* Еңбек Қызыл Ту ордені (1973);
* Халықтар Достығы ордені (1980);
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
* Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
* Қазақстан Парламентіне 10 жыл (2006).
### Атақтары
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
* Жамбыл облысының құрметті азаматы.
## Отбасы
Өмірбек Бәйгелді үйленген, оның жұбайы — Сүйіншәлиева Мәнсия Шандәулетқызы. Мәнсия Сүйіншәлиева мен Өмірбек Бәйгелдінің үш ұлы, Темір (1965 туған), Байнұр (1969 туған) және Дәуір (1972 туған) бар.
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер |
Қара-Еске қаған (Қара Ыссық қаған, Коло Исиги кэхань, Қара қаған, Ашина Кэло, Исицзи) (? – 553) – Түрік қағанатының екінші қағаны (552 – 553, 6 ай), Бумын қағанның үлкен ұлы. Таққа әкесі өлгеннен кейін отырған. Жужандар Анағұйдың інісін билікке әкеліп, Түрік қағанатына қарсылық көрсете бастайды. Лайшаң тауының маңында түріктер жужандарды тағы да жеңіліске ұшыратты. Осы шайқаста Қара-Еске қаған қайтыс болып, жужандар толық талқандалудан аман қалды.
## Дереккөздер |
Әділов Байсейіт (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) - қазақтың қоғам қайраткері.
* Ақмоладағы бастауыш училищені
* Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.
* Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті.
* 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
* “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі.
* 1917 - 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды.
* 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды.
* 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды.
* Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды.
* Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.
## Дереккөздер |
Мұхтар — Қарағанды облысы Шет ауданы, Бұрма ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлыдан батысқа қарай 70 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі – 1846, Маңғыстау, Итібай құдығы) — батыр.
## Өмірбаяны
Қазақ арасындағы ең ірі Алшын тайпасының Адай руының Құнанорыс бөлімінен шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған.
Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді.
## Ұрпақтары
Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842–1915) және Жоламан (1855–1926) батырлар көне Үргеніш қаласының базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан.
## Дереккөздер |
Қайыржан Нәукебайұлы Әділов 24.5.1936 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Пушкин аулы — 2014) – техника ғылымның докторы (1980), профессор (1982), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қарағанды политехнологикалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық унверситеті) бітірген. 1958–1961 жылы Қарағанды көмір комбинатында кен шебері, Қарағанды көмір-химикалық ғылыми-зертеу институтында ғылым қызметкер (1961–1965), Мәскеу тау-кен институтының аспиранты (1965–1968), 1968–1983 және 1986–1987 жылы Қарағанды политехнологикалық институтында оқытушы, доцент, профессор болды. 1983–1986 жылы Кабул политехнологикалық институтында (Ауғанстан) дәріс берді. 1987–1994 жылы Қазақ ұлттық технологикалық университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру институтының лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Әділов жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасады, кен өндіру процестері мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді, шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физика-химикалық өлшемдерін анықтады, жер асты кен жұмыстарының экология қауіпсіздігін негіздеді. Әділов 10 монографияның авторы.
## Шығармалар
* Совершенствование технологии подземной разработки пластовых месторождений, М., 1979;
* Поточная технология угледобычи на шахтах, М., 1991.
## Дереккөздер |
Әділов Ұзақбай (1937, Атырау қаласы). Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1960). 1960-1962 жылдары - «Қазақстанмұнайқұрылыс» тресі 7-ҚҚБ-ында шебер, прораб, аға прораб. 1962-1965 жылдары - Атырау қалалық атқару комитеті күрделі құрылыс бөлімінде бас инженер. 1965-1970 жылдары - «Қазақстанмұнайгеофизика» тресі құрылыс учаскесінің бастығы. 1970-1974 жылдары - ЖМК бастығы. 1974-1988 жылдары - «Ембімұнайқурылыс» тресінің басқармасы, «Атыраумұнайхимқұрылыс» тресі үй құрылысы комбинатының директоры, «Маңгышлақмұнайгазқұрылыс» тресі 7-ҚБ бастығы, «12-Маңғышлақауьілқұрылыс» тресінің басқармасы, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресінің басқармасы. 1988-1990 жылдары - Йемен республикасына шет елдік іссапар. 1990-1992 жылдары - «Сфинкс» концернінде бас директордың орынбасары. 1992-1998 жылдары - «Қаражамбасмұнай» АҚ бастығының орынбасары. 1998 жылдан - зейнеткер. 2004 жылдан - «Мұнайшы» ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әділов Таптым (1948, Түркіменистан). 1967-1976 жыпдары - Красноводск МӨЗ технология цехының кокс қондырғысында оператор. 1976-2000 жыпдары - «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ «ОМГң ӨФ газ өңдеу Басқармасының № 1 газ өңдеу цехында технологиялық қондырғылардың операторы, 2002 жылдан - технологиялық қондырғыларды жөндейтін 5 разрядты слесарь. «Еңбек Қызыл Ту» (1986), «Құрмет» (1999) ордендері мен «Еңбектегі ерлігі үшін» (1981) медалымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Иманбаев Ауғанбай (20.5. 1933, Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек ауылы — 21.11.2002, Алматы қаласы) — тілші-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988). 1957 ж. ҚазМУ-ді бітірген. Содан өмірінің соңына дейін ауылы Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер ретінде лексиография саласында өнімді еңбек етті. Қазақ тілінің 2 томдық (1959, 1961), 10 томдық (1974-86) түсіндірме сөздіктерін құрастырушылардың бірі.
## Дереккөздер |
Байтасов Баһадүрбек (23. 2.1921, Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімшілік Ұйық ауылы—7.7.1995, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1972). Ленинград әскери-шекара училищесін (1948), КСРО ІІМ-нің әскери институтын (1954) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып (1942—1945), зеңбірекшілер тобының командирі болған. 1946—1950 жылдары Тәжік шекара округінің Термез шекара отрядында кіші офицер, 1954 — 1960 жылдары Қырғызстандағы шекара отрядында аға офицер, штаб бастығының орынбасары, 1960—1962 жылдары Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы, 1962 — 1968 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан шекара отрядының бастығы, 1968—1971 жылдары Шығыс шекара округі штаб бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1971 — 1987 жылдары Республика ДОСААФ ОК-нің төрағасы болды. Байтасов халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды (1994 — 1995). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сабырханов Дархан – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.
Дархан Сабырханов (22.6. 1953 жылдары туған, Мақтаарал ауданы Жаңа дала ауылы ) – ғалым, техника ғылым докторы (1997), профессор (1997). Қазақ политехника институтын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1974). 1974 – 80 жылдары Шымкент қорғасын завотында электр дәнекерлеуші, инженер, Қазақ химия-технология институтында инжинер , аға инжинер , аспирант. 1980 – 96 жылдары Қазақ химия-технология институтында кіші ғылым қызметкер, салалық зертхана меңгерушісі, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, докторант. 1996 – 2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті нде химия өндірісі аппараттары мен машиналары кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік бірлестіктің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2003 жылдан агроөнеркәсіп факултетінің деканы. 124 ғылым еңбегі; 1 монография, 3 оқу құралы, 18 өнертабысы жарық көрген. Ғылым мен техника саласы бойынша КСРО Мемлекеттік білім беру комитеті сыйлығының лауреаты, Түркістан облысы мәслихатының мақтау қағазымен, «КСРО өнертапқышы», «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған.
## Еңбек жолы
1953 жылы 22-ші маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Ш.Ділдәбеков атындағы ауылында туған.1974 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Металлургиялық өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді.Қазақ химия – технологиялық институтында 1975 жылдан бастап жұмыс істейді.
1980 жылы 05.17.08 – Химиялық өндірістің процесстері мен аппараттары мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді, 1982 жылы кандидаттық диссертация, 1996 жылы докторлық диссертациясын қорғады, 1997 жылдан бастап 05.17.00 – Химиялық технология бағыты бойынша профессор.Сабырханов Д. ғылыми–зерттеу зертханасының меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор, факультет деканы, институт директоры, оқу – әдістемелік бірлестігі және оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Сабырханов Д. университеттің бірінші проректоры болып, 2012 жылдың маусым айынан оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді.Д. Сабырхановпен 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр дайындалды. Ол 200 ғылыми еңбектерді жариялап, алыс шет елдерде баспадан шығарды, 6 оқулық және оқу құралдарын, 25-тен астам әдістемелік жасалымдары жарық көрді. Д. Сабырханов дайындаған оқулықтар мен оқу құралдары университет және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары білім алушыларының арасында үлкен сұранысқа ие.
## Қызметтері
Д. Сабырханов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы білімінің үздігі», «ҚР ғылымына қосқан үлесі үшін», «ҚР білімінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, А. Байтұрсынов медалімен, «КСРО өнертапқышы» атағымен марапатталған. Ол 2006 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорының гранттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің экология проблемалары бойынша қолданбалы зерттеулер бағдарламасымен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның жасаған жылу-салмақ алмасу аппараттары және шаң-газ тазарту құрылғысы Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан мемлекеттерінің химия, металлургия, мұнайхимия, энергетика, химия – фармацевтика, құрылыс өндіріс салаларында енгізілді.
Д. Сабырхановтың басшылығымен М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің инновациялық-зерттеу жоғары оқу орны ретіндегі «Ғылым –білім - инновация» принципімен және ғылыми зерттеу арқылы жаңа білім және дағдыларды алу жолымен мамандарды дайындау сапасын жоғарылатуды көздейтін Стратегиялық даму жоспары жасалды.Д.Сабырханов жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен типтік нормативтік құжаттар (типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары) жасауды басқара отырып, Қазақстанның білім беру жүйесінің нормативтік базасын құруға үлкен үлес қосты.Д.Сабырхановтың қажымас еңбегінің арқасында университетте оқу процесі толық қамтамасыз етіліп, ПОҚ-мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің мемлекеттік тілде дайындалып, баспадан шығуы жоғары дәрежеге жетті.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына арналған 8 ауыл шаруашылық мамандық бойынша мамандар дайындауды бастау және университетте агроөнеркәсіп факультетінің ашылуы Д. Сабырхановтың еңбегі. Ол мемлекеттік гранттарды иелену бойынша көшбасшы және университеттің алдыңғы қатарлы құрылымы болып табылатын факультеттің материалдық – техникалық дамуы және қалыптасуына қомақты үлес қосты.
Аймақтарға қажетті азық – түлік өнімдерін өндіру және өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, биотехнология, металлургия, электр және жылу энегетикасы, машинажасау мамандықтары бойынша мамандарды дайындаудың бастамашысы болды.
## Марапаттамалары
Д.Сабырхановтың басшылығымен қос диплом бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды оқыту және дайындау ұтқырлығы дамыды. Оның үлкен тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасаудағы ғылыми – практикалық тәжірибесінің арқасында Германия, Түркия, Ресейдің жоғары оқу орындарымен бірлескен хабардарлық ыңғайы негізінде 10 бағыттағы бағдарламалары бойынша түлектер Қазақстан және серіктес жоғары оқу орнының дипломдарын алады.М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бакалавриат және магистратураның 13 білім бағдарламалары бойынша алғашқы болып халықаралық аккредитациядан өтуі, оларға Еуропа қауымдастықтарының «Евробакалавр, Евроинженер, Евроинформатик» үздік белгілерінің берілуі және осы оқу бағдарламаларының түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуі Д. Сабырхановтың еңбегінің нәтижесі. Түлектер бекітілген нұсқадағы дипломмен қатар бүкіл әлемде мойындалған ЮНЕСКОмен бекітілген формадағы «Диплом соплиментті» ала отырып, әлемнің еңбек нарығында үстем құқыққа ие болады.
Д.Сабырханов Ұлттық аккредитация және рейтинг агенттігінің (ҰАРА) және Білім беру сапасын бағалау тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСБТҚА) сарапшысы бола отырып, Қазақстанның білім беру сапасын жоғарылатуға және аккредитация жүйесінің жасалуына қосқан үлесі мол. Қазақстан жоғары оқу орындарының институционалдық және бағдарламалық аккредитациясына қатыса отырып, мамандар дайындау сапасын жоғарылатуға еңбек сіңірді.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. |
Көшім Лекерұлы Есмағамбетова (29.10.1938 — 21.11.2016) – тарих ғылымының докторы (1999).
## Қысқаша өмірбаяны
1965 Мәскеудегі Халықтар достығы университетін бітірген. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды.1984–98 «Қазақ энциклопедиясында» ғылыми редактор;1998 Әлеуметтік және гуманиталық ғылымдар орталығының бастығы болды.2006 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтында бас ғылыми қызметкер.
## Еңбектері
«Зарубежная историография истории Казахстана (с древних времен до начала 90-х жж. XX в.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Көшім Лекерұлы 100-ден астам ғылыми-танымдық мақаланың, оның ішінде бірқатар кітаптардың («Біздер туралы Батыста не жазылған», 1994; «Қазақтар шет ел әдебиетінде», 1994; «Әлем таныған тұлға. М.Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік болмысы», 2008) авторы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет(қолжетпейтін сілтеме) |
Тілешов Ербол Ердембекұлы (22 ақпан 1965 жыл, Қарағанды облысы) — қазақстандық жазушы және саясаткер, 2023 жылғы наурыздан бері Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінде.
## Өмірбаяны
1972 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы «Үлгілі» орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 5–7 сыныптарды Қарағаш орта мектебінде, Бақанастағы 8 жылдық мектепте, 8–10 сыныптарды Талғар ауданындағы Октябрь орта мектебінде оқыған. 1982–1983 жылдары құрылыста жұмысшы. 1983–1985 жылдары Алматы зооветеринарлық институтының студенті, 1985–1987 жылдары әскер қатарында. 1987 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика университетіне түсіп, оны 1992 жылы бітірген.
Филология ғылымдарының кандидаты. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялык көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы. 1996-1999 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының дарынды жас ғалымдарға берілетін арнаулы стипендиясына ие болды.
## Еңбек жолы
1992 жылы Ақмола педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы;
2003–2004 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институты директорының орынбасары;
2004–2007 жылдары Мәдениет министрлігі Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының директоры;
2007–2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры;
2012–2015 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы;
2015–2018 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры
2018–2022 жылдары «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАқ» директоры
2023 жылғы 27 наурызда Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
## Шығармашылығы
Негізгі еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, алаштану, тілтану, қазақ тілін үйрету әдістемесі тақырыбына арналған.
* «Көркемдік әдіс және суреткер» монографиясының,
* «Алаш туы астында»,
* «Қайнар» зерттеу жинақтарының,
* «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығының (Д.Қамзабекұлымен бірге),
* «Алаштың ардағы» танымдық жинағының 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.
## Марапаттары
Тілешовтің мемлекеттік марапаттары:
* Құрмет ордені;
* Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы;
* Астанаға 10 жыл медалі;
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
## Дереккөздер |
Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали (1 маусым 1940 жылы Абай облысы, Абай ауданы - 16 ақпан 2010 жылы Астана) — қазақтың әдебиет танушы ғалымы, Филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.
## Жалпы мәліметтер
Рымғали Нұрғалиұлы 1 маусым,1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей, Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)да туған. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы С.М.Киров атындағы ҚМУ)нің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1966 жылы осы университеттің асперантурасын, 1972 жылы доктарантурасын бітіріген.
## Еңбек жолы
* 1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Қостанай облыстарындағы тілшісі болып очерктер, әңгімелер жазып, фольклор нұсқаларын жинады.
* 1966 -1968 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші болған.
* 1968-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де доцент, профессор, факультет деканы.
* 1986-1997 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған.
* 2000 - 2010 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасаның меңгерушісі қызыметтерін атқарды.
## Ғылыми еңбектері
* 1961 жылы Рымғали Нұрағлиұлының тырнақалды «Сабыр Шәріпов» атты ғылыми еңбегі университет баспасында жарық көрді.
* М.Әуезов шығармашылығының алғашқы кезеңдерін, ұлы қаламгердің драматургиясын монографиялық тұрғыдан зерттеген. Қазақтың алғашқы режиссері, көрнекті драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты танытты, 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті ұжымдық монографиясына (1997) автор болды. «Абай» энциклопедиясының бас редакторы, 11 - сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығының авторларының бірі. «Қазақ ССР. Қысқ энциклопедия», «Ол кім? Бұл не? Шәкірт энциклопедиясы», «Ислам», «Абай», «Философиялық сөздік», «Әлемде талай қызық бар», «Боздақтар. Естеліктер кітабы» сияқты энциклопедиялар мен сериялардың, жобалардың, әдебиет пен өнер, эстетика мен театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, портрет, шолу, мақалалар циклінің авторы.
* Л.Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Погодиннің «Салтанат жыры» пьесасын, Ә.Кешоковтың «Соңғы шақырым» драмасын, П.Брагиннің «17 жайлы хикая» повесін, эстон әңгімелерін, бірнеше көркем фильмдерді қазақ тіліне аударды. «Жұмат Шанин» деректі фильмінің сценариін жазған. «Дән» новеллалар жинағы, «Ай қанатты арғымақ» романы әдеби сында жоғары бағаланған.
* Оның құрастыруымен, алғы сөз, соңғы сөз және түсініктермен, редакциялауымен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,Жүсіпбек Аймауытов,Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин,Мұхтар Омарханұлы Әуезов энциклопедиялық сипаттағы томдары,Ілияс Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағы,Бейсенбай Кенжебаев, Шәкір Әбенов,Қапан Оралұлы Бадыров,Фариза Оңғарсынова,Төлеужан Мұхамеджанұлы Ысмайылов кітаптары басылып шықты.
## Шығармашылығы
50-ден астам кітап, 700-дей ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы. Рымғали Нұрғалиұлының бірқатар еңбектері жарыққа шыққан:
* 1968 жылы «Трагедия табиғаты»
* 1969 жылы «Талант тағдыры»
* 1974 жылы «Артерия», «Сөз өнері», «Қазақ драматургиясы»
* 1979 жылы «Әдебиеттің эстетикалық мәні»
* 1986 жылы «Дәстүр мен қазіргі әдеби процесс»
* 1987 жылы «Қазақ революциялық поэзиясы» және «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі»
* 1989 жылы «Жаңару ағашы»
* 1990 жылы «Ертеңгі бәйге. Роман. новеллалар»
* 1991 жылы «А. Байтұрсынов»
* 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясы»
* 1999 жылы «Әуезов және Алаш» және «Қазақ әдебиеті. Оқулық»
* 2000 жылы «Көркем сөз»
* 2002 жылы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»
* 2003 жылы «Әдебиет теориясы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық-хрестоматия» және т.б.
## Қоғамдық белсенділігі
* Рымғали Нұрғалиұлы Қазан, Рига, Душанбе, Бішкек, Тбилиси, Ереван, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. Америка, Англия, Франция, Германия, Индия, Венгрия, Иран, Түркия, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия елдерінде болып, түрлі жиындарда сөз сөйлеген.
* 1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
* 1991 жылдан Қазақстан Пен-клубының мүшесі.
* Ол терминология және ономастика комитетінің, мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Комитет мүшесі. Бірнеше ғылыми-әдеби басылымның мүшесі болды.
## Мемлекеттік марапаттары
* КСРОның «Жоғарғы мектеп үздігі» құрметті белгісі;
* 1984 жылы КСРОның «Жоғарғы мектептің еңбек сіңірген қызыметкері» атағы;
* 1988 жылы “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* 1998 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағының иегері.
* 2001 жылы «Қазақстан тәуелсізідігіне 10 жыл» медалі;
* 2003 жылы Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты;
* 2003 жылы ҚР «Құрмет» грамотасының иегері;
* 2004 жылы «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызыметкері» құрметті атағы;
* 2005 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапаттады.
* 2005 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;
* 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
* РФның «Шолоховқа 100 жыл» медалі;
* Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің Құрметті профессоры
* Абай ауданының құрметті азаматы.
## Ғылыми атақтары
* 1995 жылы Халықаралық ақпараттану академиясының академигі;
* 2003 жылы Айматов атындағы халықаралық академисының академигі;
* 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі;
* Филология ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы);
* профессор (атағы). |
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.
## Өмірбаяны
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
## Мұралары
Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Иүгінеки. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі. “Ақиқат сыйының” бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда — Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), жылы Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, қаласының Маһмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор. Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.
## Ахмед Иүгінеки гуманизмі
Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді.
## Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастары
Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады.Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Саясат туралы тереңдетілген білімді берудегі тарихи процесінің логикалы-түсініктік көзқарастары көрініс табады. Саясат пен билік, мемлекет пен саяси жүйе, саяси теориялардың тарихы туралы теориялық білімнің пайда болуы мен дамуының тарихы қамтылады. Сондықтан саяси ілімдер тарихының пәнінен тыс түрлі ойшылдар мен саяси қайраткерлердің пікірлері мен ұстанымдары жеке теориялар деңгейінде дами түседі. Саяси ілімдердің өткені мен қазіргісін саясаттанулық талдаудың жалпы жиынтығында ол ерекше орынға ие.Саяси ойдың қазіргі ілімдері мен теорияларының дамуына ортағасырлық Шығыс ойшылдарының еңбектері айтарлықтай ықпал етті. әл-Кинди, әл-Бируни, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ибн Сина, О. Хайям, Низами, Ә. Науаи сынды осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің саяси көзқарастары саяси ілімдер тарихында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы мақаламызда Ахмед Йүгінеки (кей әдебиеттерде Жүйнеки деп аталады) жазған «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Сөз басында айтарымыз, А. Йүгінеки билік үшін күрескен, халықты басқаруға ұмтылған, оларға үстемдік жүргізгісі келген саясаткер емес. Ол өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Бұл арабшадан аударғанда «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді. Сонымен қатар, ол Йүгінекидің лақап аты ретінде де қолданылған.Түркістан шаҺарының күнбатыс бүйірінде көне Йүгінек (Югнек) қыстағында туып өскен, өзінің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хакоик») дастанымен даңқы жайылған Ахмед Йүгінеки (Югнеки) ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына көптен таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Ахмед Йүгінеки есімі энциклопедиялар мен әдебиет тарихы кітаптарында да тұрақты аталады. Зерттеушілер Ахмед Йүгінекидің туған, өлген жылдарын дәл басып айта алмайды. Ақын жөнінде мағлұмат тым аз сақталған. А. Йүгінекидің өмір кешкен заманын ХІІ ғасырдың ақыры мен ХІІІ ғасырдың басы деген тұжырым шындыққа жақын болса керек. Ғасырлар тереңінен еміс-еміс жеткен деректер Ахмедтің көзі көрмейтін зағип болғанын, өзінің зерек, зерделілігінің арқасында ғана ізденіп, білім жиғанын, түркі тілдерін, араб тілін меңгергенін, өз кезінің ең білімдар адамдарының бірі болғанын мәлімдейді. Ал ақынның көлемі бес жүз жолдан артық «Ақиқат сыйы» дастанының көшірме нұсқалары Стамбұл, Анкара, Самарқан кітапханаларында сақталған.Ақын шығармасындағы алғашқы сөзін мейірімді, рахымды Аллаға шексіз мадақ айтумен бастап, Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін пайдаланады. Сондықтан, Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді («Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді алдымен ойлап ал», т.т.). Осындай ұлағатты лебіздер бейнелі салыстырулар мен теңеулерге, нақылдар мен мақалдар-мәтелдерге толы.«Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз. Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің өткен тарихымыздағы қоғам мүшелері үшін данышпандардың сөздері жоғары дәрежеде өз әсерін тигізді. Өлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік ағайындар ұжымымен күшті болуы насихатталды. Өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.Жалпы қазіргі әлемдегі қоғамдық дамудың маңызды мәселесі ретінде саяси лидерлікті түсіну болып табылады. Саясат өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері, идеалдары, білімдері, тәжірибесі, құндылықтары, эмоциялары мен мәдениеті бар субъектілер мен объектілерден құралады. Сонымен бірге, лидерліктің саяси салада саяси басқару негізінде түсінілетіні белгілі. Саяси лидерліктің мәселесі нақты саяси шарттар мен бостандықтар қалыптасқанда ғана айқындала түседі. Қазіргі оқырман А. Йүгінекидің осы көзқарасы арқылы сол кезеңдегі басшылар үшін қажет ұстаным екенін айқындап, оның қазіргі күндегі негізгі биліктік ұғымдарға жат еместігін ұғынамыз. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтар А. Йүгінеки пікірінше жайсаңдылық пен құрмет етушіліктен ажырамайды. Ал оның ажырамас негізгі алғышарттары ретінде қазіргі қоғам саяси плюрализм, көппартиялық, партия ішілік және партияның сыртқы қызметін таниды.Еңбектегі «... дүниенің зұлымдық пен жамандыққа толуы, құлшылықтың риякерлікке айналуы, мұсылмандардың көр еліктеушілікке (тақлит) салынуы, мешіттердің қаңырап қалуы, шарапханалардың толып-тасуы, ғалымдардың амал-істен, захидтердің күнәдан, даналардың (арифтердің) «ракс пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеу, жамандық-індеттің жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді.Қазіргі қоғамда ынтымақтастықты қалыптастырудың негізгі факторы ретінде саяси тұрақтылықты атай аламыз. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси институттардың маңызды қызметі болып табылады. Осы мақсаттарды орындауда билік орындары түрлі саяси механизмдерді қолданады. Тұрақтылық түсінігін саяси жүйеде қолдану барысында ол ішкі және сыртқы өзгерістер шарттарында өз құрылымын сақтап, тиімді қызмет пен дамуға жол ашатын ұғымды білдіреді. Теорияға сәйкес, тұрақты саяси құрылым қоғамның көп бөлігі сол жүйені қолдауда жоғары деңгей танытумен қатар, билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімдік түрде жүргізілуін айшықтайды.Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз.Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Жүйнекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады».Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді.Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет.Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайтын саяси принцип және әлеуметтік сезім. Патриотизм Отанының жетістіктері мен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ.Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның ұкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім.Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды.«Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм - өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», - деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», - делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын».Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді іс-әрекеттер қажет.Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет.Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары.Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды игеруде құрғақ тілде фактілер келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз.Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет өкілдерін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын өмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастардың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рөлге ие. Өйткені, жастар өз саяси ұстанымдарын жоғары оқу орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабылдауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты.Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерінен жеңіл құтылған топ. Олар бірінші болып тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси күштердің өз жақтастары ретінде студенттерді қосуы кездейсоқ құбылыс емес. Жастар – бұл қазіргі қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының негізгі субъектілері болып жастар табылатыны белгілі. Орын алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді арандатушы оқушы жастар тобы көшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімін қолдамады», - деп жазылды [38]. Сондықтан сол кезеңнің саяси процесіне әсер етуді мақсат тұтқан жастардың қимылы мен олардың ықпалын 1986 жылғы болған оқиға көрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразылықтарын ашық көрсете алды.Бүгінгі жағдай көрсеткендей, студенттер еліміздің саяси өміріне кеңінен ықпал ете алады. Жастар қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылататынын түсінді. Бүгінгі күнде біз өзге тарихи және әлеуметтік кеңістікте өсіп жатқан, дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар деп білеміз.Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидерлердің назарын аудартуда. XX ғ. соңы – XXІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып табылған жастар қозғалыстарының саяси процестердегі қимылдары көрініс тапты.Осы революциялар шеңберінде саяси оппозиция жоспарланған және тиімді үйлестірілген қызметі жолымен бұқаралық сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін көтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рөл атқарды. Студенттердің оқиғаға жаппай қатысуы студенттік қозғалыстардың жалпыхалықтық сипатта екенін айқындауға мүмкіндік берді. Осы студенттердің көмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та көрсетудің қажеттілігі саналды.Біздің ойымызша, Грузия, Украина, Қырғызстанда орын алған саяси процестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рөліне үміткер саналған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті заңдылықтары мен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси өмірдегі маңыздылығы жоғарылағанын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік билік органдарына позитивті қатынастарға ықпал ететін, азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселелерін шешетін мемлекеттік жастар саясаты қажет.Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені стандарттау тұлғаның даму мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әсіресе, өзінің құндылық ориентацияларын қалыптастырған студент жастарға қатысты. Сондықтан оқытушылардың басты назарында оқу-тәрбие процесінен бұрын студенттің тұлғалық белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін марапаттап отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет.Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы институт өте жоғары көлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқару ерекшеліктеріне ие. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі БАҚ-тың өмір сүруі оның таралымы ғана емес, демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпаратты ұсынуға қарағанда, сенсациялық ақпараттарды жариялауға үйір. Көп жағдайда демеушілерінің әлеуметтік және саяси тапсырыстарын орындау мақсатында өз материалдарын жариялап жатады. Бұл тұста патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің элементтерін кеңінен пайдалану қажет.Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл шара жүйелі түрде жүріп, саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы өз бағыттарын айқындауға тиіс деп ойлаймыз. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы туралы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін, оның ішінде саяси ілімдер тарихы үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Әдиб Ахмед Йүгінекидің жоғарыда талданған шығармасы өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарымен қазіргі саяси ғылымдардағы жоғары мәні өшпейтін құнды мұра болып қалыптасатынына толықтай сеніміміз бар. Қорыта келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше.
## Шығармалары:
* Ахмед Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971.
* Малов С.Е., Памятники древнетюкской писменности, Тексты и исследования, М-Л., 1951;
* Бердібаев Р., Жазба мұралар, ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966;
* Шербак А.М., Грамматический очерк языка тюркских текстов Х — ХІІІ вв, Из Восточного Туркестана, М-Л., 1971.
## Сілтемелер
* Ахмед Иүгінеки Мұрағатталған 5 маусымның 2016 жылы.
* Ахмед Иүгінеки
* «Тарих» - История Казахстана - школьникам | Тарихи кезең | Орта ... Мұрағатталған 11 маусымның 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Үржар — Абай облысы Үржар ауданы және Үржар ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 км-дей жерде, Тарбағатай тауларының батысында орналасқан.
## Тарихы
1857 жылы 25 наурызда Александр II патша бекіткен “Батыс Сібірдің Жетісу және Іле өлкелерінде орыс тұрғындарын көбейту туралы” Сібір комитетінің ережесіне сәйкес алғаш станица ретінде құрылған. Ол соның алдында ғана құрылған Семей облысының оңтүстік-шығыс бөлігін игеру мақсатында салынды. Үржар станицасы патша үкіметінің қазақ жерін жаппай басып алуды көздеген отарлау саясатын жүзеге асырып, әскери, саяси және экономикалық тұрғыда бекініп алу бағытын мықтап ұстанды. Ол Ресей отарлау жүйесінің маңызды әскери бекінісі әрі әкімшілік-аумақтық орталығы болды. Сібір шептік әскерінің Семейде орналасқан 4-казак бригадасына қарасты 8-Сібір казак полкінің құрамына кірді. Үржар станицасы арқылы Орталық Азия мен Сібірге маңызды керуен жолдары өтті. 1867 - 1879 жылдары Үржар станицасында Қытайдың сауда өкілдігі болып, 1905 - 1915 жылдары қоныстандыру басқармасы орналасты. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Үржар станицасы осы аймақта құрылған аудан орталығына айналды.
## Дереккөздер |
Созақбай Исаұлы Әбдіқұлов — 1954 жылдың 12 тамызы күні Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Шолаққорғандағы Ы. Алтынсарин атындағы мектепті тәмамдаған соң, Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институна түсіп, оны 1975 жылы ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. Кейіннен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау балавры бойынша білім алған.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1975 жылы қараша айынан Ленгір ауданының Победа колхозына аға агроном болып бастаған. 1976-1981 жылдары аралығында Созақ ауданы, Жартытөбе совхозында аға агроном, 1981-1982 жылдары облыстық ауыл шаруашылық басқармасында аға агроном, бөлім бастығы болған.
Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев:
- деп сипаттама берген. |
H II өңірі — жарқырайтын газдар мен плазмалардан құралған тұмандықтар өңірі болып, кейбірінің диаметрі жүздеген жарық жылы болған, жаңа жұлдыз пайда болу өңірлері есептеледі. Бұл газдардан пайда болған жас және өте ыстық көк жұлдыздар айналасына күшті ультракүлгін сәуле шашып, тұмандық газдарын айнала қозғалады.
H II өңірі өзінің миллион жылдық тарихында миллиардтаған ірілі, ұсақты жұлдыз туғызады. Соңында ғаламатжұлдыз жарылысы мен үйіржұлдыздар арасындағы массасы ең үлкен жұлдыздан соққан жұлдыз бораны әсерінде H II өңірінің газдары тарқап, соңында бейне Үркер секілді үйіржұлдыз қалады.
H II өңірі өте көп сутегі атомдарының еркін қозғалу, үйірілуі бойынша аталған болып, мұнда H I өңірі еркін сутегі атомдары аймағын, ал H2 молекулярлық сутегі аймағын көрсетеді. |
Сұр шыбыншы (лат. Muscicapa striata) — шыбыншылар тұқымдасының өкілі.
Сұр шыбыншы орташа денелі 15-20 г құс үйреншікті және көп таралған шыбыншылардың бірі. Бұл орғайдай ғана көріксіз реңді қоңырқай сұр кішкене құста түсі қара тұмсығынан бүкіл төсімен жөнін бойлай созылған қошқыл аламыш жолақтары бойынша тану оңай. Ұшып өтетін бунақденені күтіп, бұтақта еш ауытқымай қонақтауы соңынан әуелеп ұшуы және жемін аулап, бұрынғы орынға немесе көршілес орынға ұшып келуі өте ғажап. Дауысы көптеген шыбыншылар тәрізді мәнерсіздеу әуенді құлақ тұндыратын "ци-че" деген дыбыс.
## Таралуы
Еуропа мен Батыс Азияда таралған. Африка мен оңтүстік-батыс Азияда қыстайды. Қазақстандағы солтүстіктегі орманды үлескілерде қоныстанады, сондай-ақ батыс Тәңіртауда және Қазақстанның шығысында тау ормандарында орын тепкен. Сұр шыбыншылар қылқанды немесе жапырақты болғанына қарамастан жарығы мол, сирек ормандардың
## Дереккөздер |
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы — Қостанай облысында орналасқан мұражай.
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы мәдениет жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің төрағасы Е. Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы және жазушының туылғанына 150-жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Мұражай қаланың тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Мұражай ғимараты екі бөліктен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған. Мұражайдың жалпы алаңы - 818,1 ш.м.
Мұражай қызметкерлері қорларды толтыру үшін үлкен күш жұмсады. Олар Алматы, Омбы, Орск, Орынбор, Санкт-Петербор мұрағаттарында жұмыс жүргізді. Алтынсариннің өмірін зерттеу үшін қажетті материалдарды жинауға Қостанай қаласы мен облысының қоғамы өз үлесін қосты. Ақын, мұғалім, мәдениет, соның ішінде мұражай қызметкерлерінен, қоғамдық қайраткерлерден тұратын «Үгіт-насихаттық пойыз» атындағы делегация Ы. Алтынсарин өмір сүріп жұмыс жасаған орындарға барып қайтты. Үгіт пойызының мақсаты кішкентай Ыбырай оқыған Орынбор қаласындағы Шекара Комиссиясының бұрынғы ғимаратына мемориалды тақтайша орнату болатын.
Мұражай қорында 11820 экспонат, негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған мұражайдағы ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә.
Экспозицияның ең құндысы ақын заттарының ішінде жалғыз дерлік сақталып қалған Алтынсарин отбасына тиесілі таза жүннен тоқылған төсек жабдықтарына арналған қап болып табылады. Сондай-ақ мұражайдан «Шариат-ұл-ислам» кітабының түпнұсқасын табуға болады. Діни шариғат бойынша бұл әдістемені Ы. Алтынсарин бірбеткей моллалардың зиянды ықпалын ауыздықтандыру масатында құрастырған. Сонымен бірге залдарда зергерлік бұйымдардың бай коллекциясы - қазақ зергерлерінің шебер жұмысының нәтижесі қыздар әшекейлерін көруге болады. Мұражайда көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектептерінің түлектері туралы қызықты материалдар бар.Мұражайдың екінші көрмесі ҚР халық жазушысы, танымал ақын, Ыбырай Алтынсариннің туысқаны – Мәриям Хәкімжановаға арналған. Ол қайтыс болғаннан кейін 1995 жылы ол тірі кезінде қолданылған барлық заттар, былайша айтқанда, оның ыстық алақанын есіне сақтап қалған кабинет Мәриямның ұлы Атымтай Хәкімжановпен мұражайға сыйға тартылды.Мұражай қызметкерлері Ыбырай Алтынсариннің, оның ізбасарларының педагогикалық мұрасының тарихын толығырақ жаңғырту және жалпы өңірдің білімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге мұражай мәдени-ағартушылық қызметпен айналысады.
Мұражай қызметкерлері облыстың, республиканың көптеген мектептерімен, мұражайларымен, мұрағаттарымен және өзге де ғылыми, мәдени-ағартушылық мекемелерімен байланыс жасап тұрады. Оқытушының өмірі мен қызметінің жаңа қырларын зертеу жұмыстары жалғасуда.
Ы. Алтынсаринның мемориалдық мұражайдың қызметі көп қырлы: мұражай қорларын жинақтау, көрмеліктерді зерттеу және сақтау, есепке алу, экспозициялық-көрме және ғылыми–ағарту қызметі. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасының тарихын, оның ізбасарлары мен оның жалпы пайда болуын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұражайдағы «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде жас және атақты ақындармен кездесулер ұйымдастырылады, оқушылардың сәнді қолтаңбалы, көркем жұмыстарының көрмесі, тақырыптық кештер, ғылыми педагогикалық конференциялар өткізіледі. Жыл сайын 30 мыңға жуық.
## Дереккөздер |
Шығанақ соғысы немесе Парсы шығанағындағы соғыс (ағылш. Gulf War) — 1990 жылдың 2 тамызымен 1991 жылдың 28 ақпаны аралығында болған соғыс. Бұл — АҚШ-қа сенім білдірген 35 ұлттың өкілінен құралған коалиция күштері мен Ирактың арасындағы Кувейтті азат ету мақсатында болған соғыс.
Ирак әскерінің 1990 жылғы 2 тамызда Кувейтке күшпен басып кіруі АҚШ-ты Сауд Арабиясының аймағында әскери күштерін орналастыруға мәжбүр етті. Ирак Президенті Саддам Хусейн Ирак әскерінің баса-көктеп кіру себебі — ол елдің мұнай өндіру мөлшері Ирактың мұнай өндіруінен 14 млн долларға артық болғандығынан деп жариялайды. Әуеден шабуыл жасау кезінде озық қару-жарақ қолданылғандықтан Ирак құрал-жабдықтарының үштен бірі істен шықты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 1990 жылғы тамыздағы шешіміне сай Ирак әскеріне наразылық білдіріп, оларды қайтару керектігі ескерусіз қалғандықтан мұнай саудасына тыйым салу және бөгет жасауға жол берілді. Кейінірек, жерде жүргізілген 100 сағаттық соғыс барысында, Кувейтте және сол елге жақын жерде орналасқан 500 мың адамы бар қуатты Ирак әскеріне күйрете соққы берілді. Ақпан айының соңына қарай Ирак әскері жеңіліп, Кувейт қайтадан тәуелсіздікке ие болды.
Бұл соғыс кезінде АҚШ елінің шығыны - 61 млрд доллар болды. Соғыс синдромы - Шығанақ соғысы ардагерлердің түрлі психологиялық және тән азабынан зардап шегуі. Алғашқы Шығанақ соғысына қатысқан АҚШ-тың 700 мың ер және әйел адамнан тұратын әскери қызметкерлердің 30 пайызы Шығанақ соғысы аурулары жайындағы мәлімет бөліміне тіркелген.
Генерал Томми Франкстің басшылығымен 2003 жылы Иракқа басып кірген әскер Саддам Хусейнді тұтқынға алды, ал 2006 жылдың 30 желтоқсанында дарға асу жазасына кесілді.
## Дереккөздер |
Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық Зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірріп алынатын бұйымдар.
Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.
Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Жүзік сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Шолпы шаш теңге Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.
Шашбау Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.
Білезік Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.
Қапсырма Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.
АлқаОны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.
## Тағы қараңыз
* Мойынға тағатын әшекейлер
## Дереккөздер
* http://bankreferatov.kz/madenittany/1154-azati-zergerlk-byimdari-men-oyu-rnekter.html |
Айтқали Ғұсманұлы Есенқұлов (24.12.1943 ж.т., Ресей, Орынбор облысы Красная Горка с.) — әскери қайраткер, генерал-майор. Череповец әскери уч-щесінің радиоэлектроника бөлімін, КазМУ-дің тарих ф-тін бітірген. Әскери қызметін КСРО Қарулы Күштерінің Солт. әскер тобында (Польша) қатардағы жауынгер болып бастаған. 1965 — 70 ж. Германиядағы кеңес әскерлері тобында взвод, рота командирі, 1970 — 82 ж. Орта Азия әскери округінде батальон командирінің орынбасары, округтік саяси басқарманың инспекторы, 1982 — 88 ж. Германиядағы кеңес әскерлері тобында саяси бөлім инспекторы, округтік партия комиссиясының хатшысы, 1989 — 92 ж. Белоруссия әскери округінде саяси бөлім бастығының орынбасары, округтік штаб бастығының орынбасары, 1992 ж. Беларусь Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары қызметтерінде болды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс мин. қарамағына жұмысқа ауысып, 1992 — 93 ж. министрдің кеңесшісі, Сыртқы елдермен байланыс бөлімі басқармасының бастығы, 1993 — 97 ж. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, Әлеум.-құқық және тәрбие жұмыстары басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.