text
stringlengths
3
252k
Сембаев Әбу (1887, Тайпақ ауданы) — жылқышы, Социал Еңбек Ері (1948). 1932-1935 жылы «Тайпақ» қаракөл қой өсіру кеңшарында аға шопан, 1936-1957 жылы «Социализм» ұжымшарындажылқышы. Сембаев 1947 жылы құлын алуда жоғарғы көрсеткіштерге жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі атаққа ие болды. ## Дереккөздер
Байзақова Шәрбану Ақылқызы (15.4.1907, қазіргі Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылағаш ауылы — 28.4.1937, Семей қаласы) — қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы актриса. 1927 жылы Қызылорда қаласында қазақ драма театрына қабылданып, онда 1935 жылға дейін қызмет еткен. Сахнадағы алғашқы ойнаған рөлдері—Раушан, Айсұлу (Ж. Аймауытовтың “Шернияз” бен “Сылаң қызында”), одан кейінгі жылдары — Зәуре (Қ.Байсейітов пен Ж. Шаниннің “Зәуресінде”), Қайша (М. Әуезовтің “Бәйбіше-тоқалында”) бейнелерін сахнаға шығарды. Байзақова Шәрбану Ақылқызы сомдаған Перизат (Ж. Тілепбергеновтің “Перизат — Рамазанында”) пен Зәуре (Б. Майлиннің “Майданында”) бейнелерінің театр тарихында ерекше орны бар. Бұлар — көркемдік болмысы, әлеуметтік сыр-сипаты мейлінше айқын ашылған қазақ қыздарының сахналық тұлғалары. Перизат — актрисаның сомдауында махаббатына берік, ол үшін еш қиындықтан тайынбайтын, ашық, ақжарқын, көркі мен биязы мінезі көркемдік тұтастық тапқан бейне. Ал, Зәуренің Байзақова Шәрбану Ақылқызы жасаған бейнесі — қазақ әйелінің қоғамдық саяси-әлеуметтік істеріне араласу үдерісін көрсеткен көзі ашық, көкірегі ояу, ауыл басшысы әрі отбасына адал әйел-ананың сахналық образы. ## Дереккөздер
Жалтыр – Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы жерінде, Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағында, теңіз деңгейінен 152,6 м биіктікте орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 13,5 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 3,1 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша – сәуір аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы – шабындық, жайылым.
Жалтыр – Жайық өзенінің атыраулық алабындағы көл. ## Географиялық орны Атырау облысы Махамбет ауданы жерінде. Каспий ойпатының орта бөлігінде, Нарын құмының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 25,3 м төмен жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 93 км2, ұзындығы 13,4 км, енді жері 8,3 км. Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толысады. Көлге Жайықтың Бағырлай тармағы құяды, көктемде Бақсай өзенінің жайылмасымен ұласады. Жағасы жайпақ, батпақты, сортаң, құмды келеді. Желтоқсан – наурыз айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұщы, шілде – тамыз айларынан бастап суы тым кермектенеді. Алабындағы жайылымды суландыру үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қазақстан — Түркістан облысы Төле би ауданы, Көксәйек ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км-дей жерде, бұта аралас нарқия, бетеге, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен, жонды-белесті тауда қоңыр топырақты жерде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1952-97 жылдары “Победа” ұжымшарының бөлімшесі болып келді. Кейін сол бөлімше негізінде шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. бар. ## Дереккөздер
Қопа — Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Қопа ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қарауылкелді (Байғанин) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 176 адам (92 ер адам және 84 әйел адам) болса, 2009 жылы 261 адамды (130 ер адам және 131 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1963-1997 жылы қой өсіретін кеңшар орталығы болды. Оның негізінде Қопада бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Дереккөздер
Кұмдыкөл – Есіл өзенінің алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 10,4 км2, ұзындығы 5,6 км, енді жері 3,1 км, тереңдігі 2,9 м. Оңтүстік жағалауы құламалы, биіктігі 3-4 м, солтүстік жағалауы көлбеу, онда құрақ, қамыс өсіп, тоғайлар құрайды. Түбі құмды, тегіс. Көл суы тұщы, шаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТжИУ) - Ақтау қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Университеттің бес факультетінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филология; физика-математика; атом-энергетикасы факультеттері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ғылым академиясының бес толық мүшесі мен мүше-корреспонденті, 10 профессор, елуден астам ғылыми кандидат, бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Университеттің бес оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар. ## Тарихы Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім министрінің 1976 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен 1976 жылы Шевченко (қазіргі – Ақтау) қаласында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ) жалпытехникалық факультеті ретінде университеттің ашылуы. Жалпытехникалық факультеттің алғашқы деканы болып Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев тағайындалды. 1983 жылы жалпытехникалық факультеттің деканы болып Табылдиевтің орнына Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 18 қыркүйектегі № 384 қаулысымен 1990 жылы жалпытехникалық факультет В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы ретінде қайта құрылды. Филиалдың алғашқы директоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 472 қаулысымен 1993 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы базасында Ақтау политехникалық институтының ашылды. Институттың алғашқы ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 қаулысымен 1995 жылы Ақтау политехникалық институтына Шаһмардан Есеновтың есімі берілді. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен 1996 жылы Ақтау политехникалық институты мен Атырау педагогикалық университеті Ақтау филиалының негізінде Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрылды.Университет ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды. 2001 жылы Божановтың орнына университет ректоры болып Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов тағайындалды. 2005 жылы Ахметовтың орнына университет ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 502 қаулысымен 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті атауы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті болып өзгерді. 2013 жылы университет ректоры болып Әділбек Қожабекұлы Ботабеков тағайындалды. ## Факультеттері * Қазақстан-Неміс тұрақты ғылымдар институты * Туризм және тілдер факультеті * Бизнес және құқық факультеті * Инжиниринг факультеті * Білім беру факультеті * Ғылым және технологиялар факультеті * Теңіз академиясы * Әскери кафедра * Колледж ## Қоғамдық ұйымдары * Кәсіподақ комитеті * «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы * Cтуденттік парламент ## Кафедралары ### «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультетінің кафедралары * «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы. * «Информатика және жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы. * «Тілдік пәндер» кафедрасы. ### «Мұнай және газ» факультетінің кафедралары * «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасы. * «Мұнайгаз машиналарын жасау» кафедрасы. * «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы. ### «Педагогика» факультетінің кафедралары * «Биология және география» кафедрасы. * «Шет тілдері» кафедрасы * «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы * «Физика және математика» кафедрасы * «Педагогика және психология» кафедрасы * «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы ### «Көлік және құрылыс» факультетінің кафедралары * «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасы * «Құрылыс» кафедрасы * «Теңіз және жерүсті көлігі» кафедрасы ### «Экономика және құқық» факультетінің кафедралары * «Экономика» кафедрасы * «Менеджмент» кафедрасы * «Қаржылық есеп және аудит» кафедрасы * «Құқықтану» кафедрасы ## Оқу нысандары мен жатақханалар 1. Бас ғимарат (БҒ)Алты павильоннан тұрады, ғимараттың дәрісханалары мен кабинеттерінің нөмірленуі бір әріптен және төрт белгіден тұрады:әріп – павильонның белгісі;бірінші және екінші сан – қабат нөмірі;үшінші және төртінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан. 2. № 2 оқу ғимараты (№ 2 ОҒ)Үш павильоннан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үшсанды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 24 ықшам аудан, 2 үй. 3. № 3 Оқу ғимараты (№ 3 ОҒ)Жеті секциядан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үш санды:бірінші саны – қабат нөмірі;екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 11 ықшам аудан, 3 үй. 4. № 1 студенттер жатақханасы (№ 1 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, асханасы бар төрт қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3Б ықшам аудан, 10 үй. 5. № 2 студенттер жатақханасы (№ 2 СЖ)Тұрғын-жай секциялары, оқу залы бар бес қабатты ғимаратОрналасқан жері: Ақтау қаласы, 27 ықшам аудан, 7 үй. 6. № 3 студенттер жатақханасы (№ 3 СЖ).Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, спорт алаңы, асханасы бар бес қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан. 7. Спорт кешені (СК)Құрамында спорт залы (баскетбол, футбол, волейбол), жүзу бассейні, жаттығу залы, бокс залы, күрес залы, шейпинг залы бар екі қабатты ғимарат.Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан. ## Ректорлары * 1976-1983 - Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев * 1983-2001 - Есберген Тоқшылықұлы Божанов * 2001-2005 - Әшімхан Сүлейменұлы Ахметов * 2005-2013 - Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров * 2013-2017 - Әділбек Қожабекұлы Ботабеков * 2017 жылдан бастап - Берік Бақытжанұлы Ахметов ## Дереккөздер
Қопа — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Кеңесту ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1021 адам (537 ер адам және 484 әйел адам) болса, 2009 жылы 1063 адамды (537 ер адам және 526 әйел адам) құрады. ## Тарихы 1976-1996 жылдары аудандық мал бордақылау кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Қопада және Шитүбек, Қалмаққырған ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. ## Дереккөздер
Кұмдыкөл — Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Ақсораң ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Балкашино ауылынан солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Құмдыкөл көлінің солтүстік-шығыс жағасында орналасқан. ## Халқы Негізгі шаруашылық көзі – «Новоникольское» ЖСШ. Кұмдыкөлде дәрігерлік пункт, клуб, кітапхана, дүкен бар. ## Дереккөздер
Құмдыкөл - Есіл алабындағы көл. ## Географиялық орны Көкшетау қыратының орта бөлігінде, Ақмола облысы Бурабай ауданы Қарашілік ауылының батысында 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 377 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 10,2 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 12,8 км. Суы тұщы. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында қатып, сәуірдің аяғында ериді. ## Жағалау сипаты Солтүстік жағалауы жазық, оңтүстік бөлігіндегі жарқабақта шоқ қарағайлар өскен. Солтүстік-батысында Нарөлген тауы, оңтүстігінде Ұрымқай көлдері жатыр. Жағалауы жайылым мен шабындық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Құмдыкөл — Сілеті алабындағы көл. Қойтас тауларының солтүстік-шығысында. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестөбе кентінің оңтүстік-шығысында 50 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 162 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 2 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Суы-тұзды. ## Жағалау сипаты Шығыс жағалауы жарлы, қиыршықтасты келген. Оңтүстігінен Қатпа өзені құйып жатыр. ## Дереккөздер
Бекхожин Әбдіресейіт (1946 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылы) – түйеші. ## Өмірбаяны Таушықтағы ғ82 а. ш-н механикаландыру кәсіптік-техника училищесін бітірген (1964). 1964 – 74 ж. шофер-тракторист, 1979 жылдан Түпқараған ауданы «Жаңажол» кеңшарында түйеші болды. Облыста түйе шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан. 11-сайлауда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты (1985). ## Марапаттары «Еңбектегі ерлігі үшін» (1983) медалімен, КСРО ХШЖК-нің қола медалімен марапатталған.
Құмдыкөл — Сілетітеңіз көлі алабындағы тұщы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Қойтас ауылынан шығысқа қарай 12 км жерде, теңіз деңгейінен 113 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 5,4 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8,3 км. ## Жағалау сипаты Күрделі пішінді көлдің шығысынан шағын Семізбай өзені ағып шығып, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамантұз көлінің батысындағы сорға құяды. Көл жағалауының шығыс және солтүстік жағалауы жазық, батысы мен оңтүстік жағалаулары жарқабақты келген. Жағалауының басым бөлігінде қамыс, құрақ өскен. Суының тұщылығына байланысты және маңындағы елді мекендердің шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету үшін көлге бөгет орнатып, бөген жасаған. ## Дереккөздер
Әбдіразақ Пернебайұлы Әуешов (24.5.1956 жылы туған, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы) – техника ғылымның докторы (2004), профессор (2006). Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ химия-технологикалық институтының аспирантурасын (1984) бітірген. 1978 жылы Қазақ химика-технологикалық институтының физика химия кафедрасында лаборант, 1979–1980 жылы Химия-фармацевтика з-тында аға аппаратшы, 1987–1997 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1997 жылы осы университеттің докторантурасында оқып, кейін лаборатория меңгерушісі болды. Қызылорда облысы әкімдігінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты директорының орынбасары, «Таза технологиялар жасау» ЖШС-нің директоры қызметтерін (2001–2003) атқарды. «Поли(цикло)фосфаттар мен әр түрлі тотықсыздандырғыш реагенттердің жоғары температурада өзара әрекеттесуі және фосфидтер мен фосфорлы құймаларды алу технологиясын жасау» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында жалпы бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ## Дереккөздер
Василий Иванович Абаев (2 желтоқсан, 1900, Тифлис губерниясы, қазіргі Грузия - 12 наурыз 2001, Мәскеу) - этимолог, педагог, профессор. ## Естелік * Новопесчаной көшесі № 21 үйге, 2013 жылдың 18 мамырында мемориалды тақта оратылды. Ол үйде Василий Иванович Абаев тұрған. ## Марапаттамалар * «Отан үшін еңбегі үшін» ордені * Қызыл Ту ордені ## Сыртқы сілтемелер * Василий Иванович Абаев Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Шыңғырлау — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының және Шыңғырлау ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 182 км-дей жерде, Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 6722 адам (3214 ер адам және 3508 әйел адам) болса, 2009 жылы 7005 адамды (3399 ер адам және 3606 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
Құмдыкөл — Сергеев бөгенінің солтүстік-батысындағы тұйық көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылының батысында 16 км жерде орналасқан. Есіл өзені алабында. Теңіз деңгейінен 165 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,5 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді. ## Жағалау сипаты Жағалауы жазық келген. Солтүстігінде Шошқалы, оңтүстік-батысында Жақсы Жаркөл, оңтүстік-шығысында Әлпаш көлдері жатыр. Алабының басым бөлігі жыртылған. ## Дереккөздер
Күренкеев Бекен Жексенбайұлы (17.6.1949 жылы туған, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы) - спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері (1970).Жасөспірімдер арасындағы КСРО біріншілігінің (1968-70) күміс жүлдегері. Жастар арасыңца КСРО чемппионы (1969). "Правда" газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықаралық жарыстың жеңімпазы (1970). 800, 1500, 3000 м-лік қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Алжирде, Францияда, Германияда, Испанияда өткен халықаралық турнирлерге қатысқан. ## Дереккөздер
Түрік қағанаты ( ) — Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен. ## Түрік этнонимы «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алады. ## Тарихы ### Қалыптасуы Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды. ### Түркі қағанаты Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады». Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы ИЕштеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды. ## Сыртқы саясаты Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты. Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады.Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады. Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады. ## Түркі тайпаларының діні Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. ## Түркі мәдениеті Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Теле" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "" Теле"" түрік деген мағына береді. "Түрік" этнонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түрік"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. ## Дереккөздер
Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар. Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай * бұлақтық, * өзендік, * көлдік, * үнгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүнгір. Ол Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған. Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған. Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған. Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған. Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді. ## Дереккөздер
«Gakku TV» (қаз. «Гәкку ТВ») — Қазақстандағы тек отандық контент таратушы тұңғыш музыкалық телеарна. Арна еліміздің барлық қалаларының кабельді және спутниктік желілерінде таратылады. Телеарна қысқа форматты «жедел» ақпарат шығарады. Эфир қазақ және орыс тілдеріндегі музыкалық, жаңалық және ойын-сауық бағдарламаларынан құрылған. Күн сайын отандық әртістердің соңғы 30 жылдағы ең үздік еңбектерінің 400-ге жуығы эфирдегі көрсетілімге шығарылады . Музыкалық контент арнада ақысыз түрде таратылады. ## Деректер * 2013 жылғы 1 қараша — «Gakku TV» телеарнасының құрылған күні. * Телеарнаның негізін салушы — Санжар Мұстафин, қазақстандық продюсер, «Musan Group» компаниясының басшысы. * 2014 жылдың 8 қыркүйегінде жаңалықтар бөлімінің алғашқы саны «Gakku TV» арнасынан шықты. * «Gakku TV» арнасында ең алғаш шыққан бейнебаян — Батырхан Шүкеновтің «Отан-ана» атты туындысы. * 2014 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында «Gakku TV» заманауи музыкалық арнасының ашылуына байланысты «Gakku Дауысы» атты бірінші, жыл сайынғы музыкалық фестиваль өтті. Фестивальға 200 орындаушы, 57 ұжым, 75 концерттік нөмір қатысты. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде Батырхан Шүкенов шақырылды. Музыкалық іс-шара 7 сағатқа созылды. * 2015 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының «Астана» алаңында екінші «Gakku Дауысы» фестивалі өткізілді. 6 сағыттық концертке Қазақстанның елу бестен астам әртісі үлес қосты. Көрермендер саны 40 мыңнан асты. * 2016 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған үшінші жыл сайынғы «Gakku Дауысы» атты қазақстандық танымал музыкалық фестивалі өтті. 90 мың көрермен жинаған концерт фестиваль тарихындағы ең ауқымды шара болып танылды. * 2016 жылғы 18 мамырда Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында тұңғыш «Gakku Әуендері» атты марапаттау салтанаты өтті. Қазақстанның ең үздік хиттері бойынша есеп беру түрінде өткен іс-шара екі сағаттай жүргізілді. Оның телевизиялық нұсқасы YouTube желісіне жүктелді. 2017 жылдың басында оны тамашалағандар саны миллионға жетті. * 2017 жылғы 23 маусымда Астанадағы EXPO-2017 «Амфитеатр» концерт алаңыда «Sound of Gakku» концерті өтті. Шара 2 сағат 40 минут жалғасты. * 2017 жылғы 9 қыркүйекте Өскемен қаласында төртінші жыл сайынғы «Gakku Дауысы» фестивалі өтті. * 2017 жылғы 16 қыркүйекте фестиваль Алматыда өтті. Бас хедлайнер ретінде Димаш Құдайберген шақырылды. Фестиваль тікелей эфирде жүргізілді. Жалпы уақыты 6 сағатқа созылды. Концертке 150 мың адам жиналды. * 2017 жылғы 22 қыркүйекте фестиваль Ақтау қаласында өтіп, Қала күніне түсті. * 2018 жылғы 15 қыркүйекте Алматыда бесінші мерейтойлық Gakku Дауысы фестивалі рекордтық 200 мың адам жинады . Концерттің жүргізушілері Алуа Қонарова, Баян Алагузова, сондай-ақ, Gakku арнасының өкілдері Нұржан Еркінұлы мен Тимур Балымбетов болды. ## Бағдарламалар мен айдарлар * «Gakku NEWS» — әр сағаттың басында «Gakku TV» арнасында шығатын шоу-бизнес, спорт, сән әлемі салаларындағы ең шулы және таңғаларлық жағалықтар. * «Ән-Gimme» — атақты адамдармен тікелей эфирде бейнечат арқылы тілдесу. * «Derec» — бейнеклиптерді түсіру барысы жайлы экранда баяндайтын титрлар топтамасы. * «Backstage» — бейнеклип түсіру барысындағы қызықты сәттерді көрсетеді. * «Gakku Top 10» — отандық телеарнадағы жаңадан шыққан әртістер мен шоу-бизнес саласының озықтары көрермендердің дауыс беруі арқылы бақ сынасатын халықтық чарт. * «Zhauap Ber» — еліміздің жұлдыздарының қатысуымен өтетін «сұрақ-жауап» түріндегі арнаулы айдар. * «Сool Тізбе» — мемлекетіміздің шоу-бизнес жұлдыздарының сауықтық рейтингі. * «Love story» — Қазақстан әртістерінің махаббат хикаялары. * «Follow Wars» — жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап беруі. * «InstaNews» – жұлдыздардың Instagram әлеуметтік желісіндегі посттарын сөз ету. * «Tyńda» — екі шоу-бизнес өкілі тез уақыт аралығында орындаушыларды шешіп табады. * «КиноКөрме» — қазақстандық кино әлемінің репортаждары. * «Follow Wars 2.0» — жобаның жаңа нұсқасы. Бағдарлама кейіпкері әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап береді, ал студиядағы адамдар оның міндетті түрде жауап беруін қадағалайды. * «Ұят-Parade S» — бейнеклиптерді қызықты форматта шолу. * «Newton Tour 2018» — Newton тобының Қазақстан бойынша бірінші гастрольдерінің күнделігі. Жоба YouTube-арнаға шығады. ## Музыкалық блоктар * #Jap-jana — ұлттық эстраданың ең өзекті хиттері. Қазақстандық бейнеклиптердің алғашқы көрсетілімдері осы блокта #tusaukeser хэштегімен шығады. * #Solo — бұл блокта белгілі бір әншінің немесе топтың үш бірдей бейнебаяны қатарынан көрсетіледі. * #Ozgeler — альтернативтік музыка топтамасы (рок, фолк, инди, синти, т.б.). * #Yep-yeski — қазақстан эстрадасының алтын қоры, уақыт сынынан өткен музыкалық хиттер топтамасы. * #Chak-chak — ең үздік заманауи бейнеклиптер топтамасы. * #Altynym-altynym — соңғы 10 жыл ішінде шыққан бейнеклиптер топтамасы. * #Hip-hop — Қазақстанның үздік рэп орындаушыларының бейнеклиптері топтамасы. ## «Gakku FM» радиосы «Gakku FM» — «Gakku TV» негізін салушылары тудырған қазақстандық музыкалық радиостанция. Трансляциялау 2016 жылы 1 желтоқсанда басталды . «Gakku FM» эфирінде тек қана қазақстандық контент: сапалы заманауи музыка топтамалары мен шоу-бизнес, мәдениет және сауық салаларындағы жаңалықтар таратылады. 2020 жылы радио атауы Той думан радиосы деп өзгертілді. ### Аймақтық жиілік ## Дереккөздер ## Сілтемелер * «Gakku TV» ресми сайты * «Gakku FM» радиосы Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2016 жылы. * «Musan Group» ресми сайты * Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша * Facebook желісіндегі ресми парақша * Instagram желісіндегі ресми парақша * Twitter желісіндегі ресми аккаунт * YouTube сайтындағы ресми аккаунт
Әбдірайымов Сейфолла(25.9.1939 ж.т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік а.) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1990), проф. (1991), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы (1987). Қоңырат тайпасы Көтенші руынан шыққан. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1961). 1964 — 65 ж. Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызметкер, 1965 — 78 ж. Қазаққаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болды. 1978 жылдан осы институт директорының орынбасары. Әбдірайымовтің ғылыми зерттеу еңбектері шөлейт аймақтарда өсетін мал азықтық өсімдіктер тұқымын шығаруға арналған. Әбдірайымов Қазақстанның қуаңшылық аудандарында жайылымдарды суландырудың теориялық негізін жасап, 200 мың га суландырылатын жайылым алқабын ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізді. Сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді мал азақтық шөптердің бірнеше сортын (“Сырдариялық” изен, “Арыстық” теріскен, “Жансая” қара сексеуілі т.б.) шығарды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Әсіпов Сапабек (12.11.1925 жылы туған, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Алакөл мекені) -ғалым, филологиялық ғылым кандидаты (1973). Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1963). 1944 - 72 жылдары Қостанай облысында "Большевиктік жол" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордын орынбасары, Амангелді ауданында "Социалистік шаруа", Жангелдин ауданында "Социалистік ауыл" (кейін "Жаңа өмір" - "Новая жизнь") газеттерінде редактор, жауапты хатшы, Жангелдин аупарткомының хатшысы. Қостанай облысында "Қостанай таңы" газетінің әдеби қызметкері, меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1972 - 86 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми редактор, бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қазір шығармашылық жұмыста. "Қазақ қасіреті" (1994), "Қатерлі дерт, қалжыраған халық" (1998), "Танталовы муки степи" (2001) кітаптары бар. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995). ## Дереккөздер
Жоламанов Әбіл Тауфикұлы — 1970 жылы 19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. 1992-1994 жж.Жымпиты орта мектебінің тарих және қазақ тілінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1994-1999 жж. Сырым ауданы әкімі аппаратының жастар ісі, туризм жіне спорт бөлімінің меңгерушісі. 1999-2000 жж. Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жіне кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2000-2002 жж. Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы. 2002-2007жж. Сырым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2007-2008 жж.Сырым аудандық білім бөлімінің меңгерушісі. 2008-2014 жж. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры. 2014 жылдың 01.08-02.12 аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры. 2014 жылдың 02.12 мен 2015 жылдың 05.12 аралығында Батыс Қазақстан облысы мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары 2015 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ## Марапаттары * Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған ## Дереккөздер
Куйбышев — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2013 жылы таратылған. ## Тарихы Т.Масин жылқы өсіретін кеңшарының №3 жылқы фермасы ретінде 1977 жылы құрылған. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 183 адам (94 ер адам және 89 әйел адам) болса, 2009 жылы 17 адамды (8 ер адам және 9 әйел адам) құрады. ## Географиялық орны Ауыл округ орталығы Бөрлі ауылынан 50 шақырым қашықтықа. Ауыл тұтастай Нарын құмында орналасқан. Атырау облысының Құрманғазы ауданының Балқұдық, Сүйіндік ауылдарымен шекараласады. Ауылдың жері құмайт, қалың жынысты құмды адырды, кейбір жерлерінде жазық далалы. Сораң жерлері де кездеседі. Жері шұрайлы, құмында көптеген өсімдіктер, жабайы тал-теректер, жыңғыл, жиде т.б. өседі. Құмында жабайы аңдардан, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, қабан сияқты аңдар көптеп кездеседі. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 13-1 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 217 қаулысымен Темір Масин ауылдық округі бойынша Куйбышев елді мекені таратылған. ## Дереккөздер
Нұрқатов Айқын (9.9. 1928, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылы – 16.4.1965, Алматы) – жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі. ҚазПИ-дың филология факультетін (1950), аспирантурасын (1954) бітірген. Еңбек жолын 1950 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында сын бөлімінің меңгерушісі болып бастап, 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Әдеби зерттеулерінде сөз өнерінің көкейтесті мәселелерін, әдеби үрдіс пен әдебиеттер байланысын жан-жақты қарастырды, Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Шевченко, И.Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, т.б. қаламгерлер шығармасын сан қырынан талдады. “Абайдың ақындық дәстүрі” атты монографиясында Нұрқатов ақын шәкірттерін Абай дәстүрін жалғастырушылар және Абай үрдісін көркемдік-пішіндік тұрғыдан жалғаушылар деп екі топқа бөліп қарады. Нұрқатов зерттеулеріне логик. ой жүйелілігі, пікір айқындығы, тұжырымның дәйектілігі тән, оның еңбектерінде қоғамдық ой-пікір мен көркемдік эстетика талап ұштасқан. ## Шығармалары * М.Әуезовтың творчест-восы, А., 1956 (1965) * С.Мұқановтың өмірі мен творчествосы, А., 1956 * Идея және образ, А., 1962 * Сын века, А., 1965 * Жалғасқан дәстүр, А., 1980 ## Дереккөздер
Құмдыкөл — Есіл алабындағы көл, Зеренді тауларының солтүстік бөлігінде. ## Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданы Кеңөткел ауылының солтүстік-батысында 9 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 288 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,4 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. ## Жағалау сипаты Құрғақ жыдғалармен тілімденген жағалауында қамы, құрақ өскен. Батысында Баршын, солтүстігінде Жолдыбай көлдері бар. Мал суаруға пайдаланылады.
Құмдыкөл — Сырымбет шоқ қарағайының солтүстік-батысындағы тұйық тұщы көл. ## Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Шоққарағай ауылының солтүстік-батысында 6 км жерде орналасқан. Теңіз дегейінен 223 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,1 км. Су жиналатын алабы 104 км2. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айының соңында су қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. ## Жағалау сипаты Жағалауы ойпатты келген. Түбі тегіс, тұнба шөккен. Солтүстігінде Ақбас, оңтүстік-батысында Жетікөл көлдері орналасқан. Көл жағалауы жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Кұмдыкөл – Нұра өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. ## Гидрографикасы Көлемі 10,5 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 1,3 км. Тереңдігі 0,7 м, су жиналатын алабының аумағы 299 км2. Жағалауы көбіне жатық; тек оңтүстігінде 3 км, солтүстігінде 2 км-дей, жағасы жарлы (биіктігі 1-2 м). Түбі тегіс, лайлы. Суы тұзды. Тайыз жерлерінде қамыс пен құрақ өседі. Көлге Қарасу өзені (ұзындығы 16 км) құяды. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толығады. Көл жағалауларын мал жайылымына және пішендік жер ретінде пайдаланады. ## Дереккөздер
Нұрхан Исаұлы Исаев - (5 қазан 1940 жыл, Шалқар қаласы) профессор, ішкі істер қызметінің полковнигі. ## Өмірбаяны мен еңбек жолдары Орта мектепті үздік бітіргеннен кейін еңбек жолын автокәсіпорын жүргізушісінен бастады. Орск қаласындағы №1 техникалық училищесін "Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлендіру" мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген соң, Орск мұнай өңдеу зауытының Орталық тарату станциясында электрик-диспетчер болып жұмыс істейді. * 1960-1962 жылдар - Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. * 1962-1967 жылдар - Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, осы институттың "Тау кен құрылыс-жол машиналары" кафедрасындағы аға инженер-оқытушылыққа қалдырылған. * 1967-1996 жылдар - КСРО көмір өнеркәсібі басқармасының аға инженері, Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағанды металлургия ғылыми-зерттеу институтында бас инженер болып еңбек етеді. * 1969 жылы арнайы қаулыға сәйкес ішкі істер органдарына жұмысқа жіберіледі. Жолды қадағалау инженері, Ақтөбе облыстық Ішкі істер басқармасы Мемлекеттік автоинспекциясының батальон командирі, Қарағанды облыстық Мемлекеттік автоинспекциясы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды (1969-90). * 1990 жылы Талдықорған облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметінде жүргенде КСРО Қарағандыдағы Милиция жоғары мектебінің ректоры қызметіне тағайындалады. * 1993 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік автоинспекциясы бас басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Осы жылы ҚР Министрлер кабинетінің шешіміне сәйкес ол басқарған ІІМ МАИ Бас басқармасы Женева қаласындағы (Швейцария конфедерациясы) Халықаралық жол қозғалысы ұйымында Мемлекет мүдделерін қорғаушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті органы болды. * 1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ол Швейцариядағы Женева Халықаралық жол қозғалысы ұйымының штаб-пәтеріне халықаралық шенеунік (өкіл) ретінде жіберіледі. Үш жылдан астам сол мекеменің Вице-президенті - заң комиссиясының төрағасы қызметін атқарды және кеден мәселелері бойынша БҰҰ Ішкі Көлік Комитетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болды (1995-1998). Егеменді Қазақстанның дүниежүзілік қатынастар жүйесіне интеграциялануына елеулі үлес қоса отырып, олардың халықаралық-құқықтық базасын жетілдіру ісіне еңбегін сіңірді. * Швейцариядан оралғаннан кейін, Қазақстан Жүргізушілер одағы орталық кеңесінің Вице-төрағасы қызметін атқарды. Оның бастамасымен 1998 жылы штаб-пәтері Қазақстан Республикасында орналасқан "Еуразиялық Автомобилистер Альянсы" Халықаралық ұйымы құрылды. Осы ұйымның Бас хатшысы қызметіне тағайындалды. * 2002 жылдан бері М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының әкімшілік-кадр жұмысы жөніндегі проректоры қызметінде еңбет етуде. ## Марапаттары мен жетістіктері * Қажырлы еңбегі үшін бірнеше рет КСРО, ҚР ІІМ және атқарушы билік органдарының құрмет белгілерімен және 15-тен астам медальдарымен марапатталған. Қарағанды облысы халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған. * 20-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрген. * 2005 жылғы сайлауда ҚР Президентіне кандидаттыққа Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. * Екі рет ел Президентінің қолынан құттықтау хаттарын алған. * "Қарағанды қаласының құрметті азаматы", КСРО және ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ЖҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, милиция полковнигі. ## Дереккөздер
Күнби — ежелгі Үйсін мемлекетінің жоғарғы билеушісінің лауазымы. Күнби лауазымы * Ұлы күнби, * Кіші күнби деп бөлінген. Ұлы күнби бүкіл мемлекетті басқарса, кіші күнби бағынышты болғанымен қоса белгіші аумағын ғана басқара алған. ГУНМО, күнби – ежелгі үйсіндердің (б.з.б. 2 ғ. – б.з. 5 ғ.) жоғары билеушісінің лауазымы.Қытай жазбаларында Г. лауазымы үш түрлі жазылған: күнмег, күнлше, күнме. Бұл үшеуінің де дыбысталуы «күнбек», «күнби» сөздерімен жақындау келеді. Қытай жазба деректерінде Үйсін елінің мемлекет басшысы Ұлы күнби және Кіші күнби деп аталған. Кіші күнби Ұлы күнбидің туған баласы не туған-туысқандарынан сайланып, мемлекеттің белгілі бір аумағын ғана басқарған, сондай-ақ, Ұлы күнбиге бағынышты болған. ГУНМО, күнби — ежелгі үйсіндердің (б.з.б. 2 ғ. — б.з. 5 ғ.) жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай жазбаларында Гунмо лауазымы үш түрлі жазылған: күнмен, күнлше, күнме. Бұл үшеуінін де дыбысталуы "күнбек", "күнби" сөздерімен жақындау келеді. Қытай жазба деректерінде Үйсін елінің мемлекет басшысы ұлы және Кіші күнби деп аталған. Кіші күнби ұлы күнбидің туған баласы не туған-туысқандарынан сайланып, мемлекеттің белгілі бір аумағын ғана басқарған, сондай-ақ, ұлы күнбиге бағынышты болған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Оманның 4 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша). Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Оман аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 2 нысан үміткер ретінде тіркелген. ## Тізім Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан ## Әлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әлемдік мұра * Азиядағы Әлемдік мұра нысандары * ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері * ЮНЕСКО ## Сыртқы сілтемелер * Омандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі  (ағыл.). — ЮНЕСКОның ресми сайты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 мамыр 2012. Тексерілді, 2 желтоқсан 2010.
Құлаш — қазақ салт-дәстүріндегі ұзындықты білдіретін өлшем бірлігі. Иық деңгейінде кере созылған екі қолдың ұшының арасын құлаш деген. Ол жобасымен 165-175 см-ге тең.
Тұсау бойы — жылқының алдыңғы екі аяғының арасы. Шамасымен 30-40 см-дей, аз ғана қашықтық. ## Дереккөздер
Қарыс сүйем — бармақ пен ортан қолдың аралығы. Қарыс сүйем 20-см-ге шамалас. ## Дереккөздер
## Өтениязов Әбужан Өтениязов Әбужан – кен инженері, техникалық ғылым кандидаты (1980). Ол кісі 5.5. 1927 жылы, Арал аудaны Бөген ауылында туды. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1954). Жезқазған мыс кенінде (1954 – 1955), Ащысай полиметалл комбинатында (1955 –1984), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен істері институтында (1984 – 1999) басшылық және ғылым жұмыстармен айналысқан. Өтениязов Мырғалымсай кен орнында кен шоғырларын оңтайлы ашу мен дайындаудың жобалық-сұлбалық құжаттарын жасауға және өздігінен жүретін машиналарды (жабдықтарды) қолданып, қазу жүйелерінің тиімдісін таңдауға атсалысқан; ғылым-зерттеу мекемелерімен бірлесе отырып комбинат кеніштерінде шахта оқпандарын жүргізудегі жаңа техника мен технологияны, Ащысай полиметалл комбинатының кеніштерінде әр түрлі қазу жүйелерінің соңғы нұсқаларын ұсынып, өндіріске енгізген. Күрделі тау-гидрогеологиялық жағдайда «Глубокий» кенішін жобалауға және салуға белсенді қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алған. ## Сілтемелер ## Дереккөздер Ю. Мальченко ## Өтениязов Әбужан Өтениязов Әбужан – кен инженері, техникалық ғылым кандидаты (1980). Ол кісі 5.5. 1927 жылы, Арал аудaны Бөген ауылында туды. Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1954). Жезқазған мыс кенінде (1954 – 1955), Ащысай полиметалл комбинатында (1955 –1984), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен істері институтында (1984 – 1999) басшылық және ғылым жұмыстармен айналысқан. Өтениязов Мырғалымсай кен орнында кен шоғырларын оңтайлы ашу мен дайындаудың жобалық-сұлбалық құжаттарын жасауға және өздігінен жүретін машиналарды (жабдықтарды) қолданып, қазу жүйелерінің тиімдісін таңдауға атсалысқан; ғылым-зерттеу мекемелерімен бірлесе отырып комбинат кеніштерінде шахта оқпандарын жүргізудегі жаңа техника мен технологияны, Ащысай полиметалл комбинатының кеніштерінде әр түрлі қазу жүйелерінің соңғы нұсқаларын ұсынып, өндіріске енгізген. Күрделі тау-гидрогеологиялық жағдайда «Глубокий» кенішін жобалауға және салуға белсенді қатысқаны үшін КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығын алған. ## Сілтемелер ## Дереккөздер Ю. Мальченко
Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1968 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. ## Қызметтік жолы * 1992-1994 жылдары «Замандас», «Шипагер» газеттерінде тілші, жауапты хатшы болып қызмет істеді. * 1994-2014 жылдары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситетінде оқытушы (1994-1997), аға оқытушы (1997-2002), доцент (2003-2006), профессор (2006-2014) болып, қазақ әдебиеті кафедрасының жетекшісі болып жұмыс істеді, * 2014 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде еңбек етуде. ## Зерттеулер Сағымбай Ботпайұлы - 300-ден аса ғылыми мақалалардың, 2 оқу құралының, 2 монографияның, 2 электронды оқыту құралының авторы. Профессор Жұмағұлов қазақ әдебиетінің тарихына қатысты көлемді еңбек жазып, алаштану бойынша еңбек етуде. Ол бірнеше ғылым магистрлеріне жетекшілік етті. Шәкірттерінің басым көпшілігі алаштануға қатысты ғылыми диссертацияларын қорғаған. * «Сын сардары». Монография. –Қарағанды: «Арко», 1999. – 133 б. * «Әдебиетші әлемі». Оқу құралы. – Қарағанды: Арко, 2003. – 119 б. * «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 жж)». Монография. – Қарағанды: ЖШС «Гласир», 2008. – 552 б. * «Ғұмар Қараш шығармашылығы». ЭЕМ-ға арналған бағдарлама. Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. №272. 25 мамыр 2007 ж. * «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 жж)». ЭЕМ-ға арналған бағдарлама-электрондық оқу құралы. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. №055. 13 қаңтар 2011ж. ## Дереккөздер
Марк Аронович Айзерман (24 мамыр, 1913, Витебск провинциясы, Ресей империясы - 8 мамыр, 1992, Ресей) - механика және басқару теориясы саласындағы кеңестік ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. ## Қызықты деректер Ол жеке кітапханасындағы ғылыми-техникалық 1500 кітапты МИРЭА кітапханасына берген. ## Сыртқы сілтемелер * Марк Аронович Айзерман(қолжетпейтін сілтеме)
Жанат Жаңқашұлы (1987 жылы туған) — ақын, журналист ## Өмірбаяны Ақын 1987 жылы 16 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Сарыобалы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Тәңір таңбасы» атты кітабы шыққан. Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері. Қазан қаласында өткен халықаралық Ғабдолла Тоқай атындағы фестивальдың дипломанты. Еңбек жолын Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде тілші болып бастаған. Жанат Жаңқашұлы Қарағанды аймағында "Орталық Қазақстанннан" кейінгі екінші қазақ тілді газет ашуды қолға алады. Бастамасы 2013 жылы жүзеге асып, кенді өлкеде "Арқа ақшамы" атты газет жарыққа шығады. Жанат Жаңқашұлы күні бүгінге дейін аталмыш газеттің бас редакторы қызметін атқарып келеді.
Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан. Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған. Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр. ## Марапаттары * 2002 ж. — Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыршы­ жыраулар сайысында 1-орын ; * 2005 ж. — Байғозы батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы­жыраулар сайысында 1-орын; * 2006 ж. — Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы­эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған; * 2008 ж. — Маясар Жапақұлына арналған республикалық айтыста 1-орын; * 2008 ж. — Павлодар қаласында өткен М.Ж. Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде; * 2008 ж. — Алматы облысы Панфилов ауданының 80жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орын; * 2008 ж. — Алматы қаласында өткен «Алашыңды ардақта» атты республикалық айтыста 1-орын; * 2009 ж. — Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде ; * 2009 ж. — Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында Бас жүлде; * 2009 ж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80жылдығына арналған «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста Бас жүлде; * 2010 ж. — Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында 1-орын; * 2011ж. — Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Бас жүлде; * 2011 ж. — Алматы облысы Ұзынағаш ауданында өткен, Ж. Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста 1 орын; * 2011 ж. — Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста 1-орын иеленген. * 2013 ж. — Қарағанды облысында өткен Жидебай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде * 2013 ж. — Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткен республикалық айтыста Бас жүлде * 2013 ж. — Астана қаласында өткен «Жырың болып төгілемін» атты республикалық айтыста 1-орын * 2015 ж. — Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай өткізілген республикалық айтыста Бас жүлде * 2015 ж. — Павлодар қаласында өткен Батыр Баянның 300 жылдығына арналған айтыста Бас жүлде ## Дереккөздер
Дүйсенбек Садырбайұлы Қанатбаев – қазақтың жазушысы, ақыны, аудармашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998) ## Өмірбаяны 1940 жылдың 27 қазанда Түрікменстанның Красноводск ауданы, Сүлмен ауылында (қазіргі Балқан уәлаяты) туған. Медицина училищесін бітіріп (1957), фельдшерлік қызмет атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1965). 1965 — 1973 жылдары республикалық теледидарда аға редактор, 1973 — 1978 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, 1978—1982 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, ал 1982—1986 жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Республикалық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған. Алғашқы өлеңдері 1960 жылы жарық көрген. ## Шығармалары Ақынның негізгі кітаптары: * «Жазира» (1966) * «Жол басы» (1968) * «Серпер» (1970) * «Жетіқарақшы — жеті жұлдыз» (1973) * «Ағын сулар әуейі» (1975) * «Мың сүрлеу, соны соқпақ» (1977) * «Песня бегущей воды» (1978) * «Он бесінен толған-ай» (1979) * «Арнадым саған» (1982) * «Аспан асты, жер үсті» (1984) * «Сейітқұл туралы аңыз» (1985) * «Иек асты, қиян шет» (1988) * «Таңның атысы, күннің батысы» (1989) * «Жатаған ымырт, биік таң» (2000). Өлеңдері орыс, түрікмен, Әзірбайжан, башқұрт, украин тілдеріне аударылған. Мақтымқұлыны, Франческо Петрарканы, Саят-Нованы, Лермонтовты тәржімалады. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. ## Дереккөздер
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады. (орыс.) XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша, моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптарды қорғау үшін жерасты жолдарында сақтауы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр. ## Әдебиетте Зубин Домбровскийдің "Факультет ненужных вещей" кітабында Отырар кітапханасын іздейді. ## Дереккөздер
Бақытжан Құрманғалиев (1934-1980) - композитор.Қытай халық республикасының Құлжа қаласында туған. Синцзянь Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімжа қаласындағы қытай-орыс тілдерінің курсын, 1955 жылы Шанхай консерваториясын баян класы бойынша бітірген. 1955 жылдан Қазақстанда тұрған. 1975-1960 жылдары Алматы консерваториясында композиция класы бойынша оқыған. Көптеген әндердің авторы. ## Дереккөздер Алматы "Өнер"
Ибрагим Нүсіпбаев (1922 - 1987) — Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор. ## Өмірі мен шығармашылығы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Калинин поселкесінде туған. Екі жылдық музыкалық техникумды бітірген, Алматы консерваториясында оқыған. Қазақ КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері, балалар композиторы. Республикамызда балалар әні, балалар хоры мен ансамбльдерінің негізін қалаушылардың бірі композитор И.Нүсіпбаев шығармашылығы жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүюге, еңбекке, білімге деген ынта-жігерге тәрбиелейді. Оның "Екеуміз - әйбат баламыз", "Мектеп вальсі", "Жол жыры" сияқты көптеген әндері бар.
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Палаудың 1 нысаны бар (2012 жылғы мәліметі бойынша). Бұдан басқа, 2012 жылғы жағдайына сәйкес Палау аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 4 нысан үміткер ретінде тіркелген. ## Тізім ## Әлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әлемдік мұра * Океаниядағы Әлемдік мұра нысандары * ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері * ЮНЕСКО ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Палаудағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар * Палаудағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі  (ағыл.)
Қарамерген — Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қала. Қазіргі уақытта ол Алматы облысындағы туристтік нысан ретіндегі шағын қалашық. Қалашықтың алаңы 10,7 гектар жерді қамтиды. ## Тарихы Қарамерген Іле — Бақанас өзендірінің маңайында, Балқаш көліне жақын жерде орналасқан. Қарамерген Ақтамнан біршама үлкенірек. Ақтам қаласы сияқты Қарамергенде XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылды. Өзеннің арнасының өзгеруі қаланы қалпына келтіруге кері әсер етті. Қирату мен эрозияға қарамастан, саман үйлердің қалдықтары мен ирригациялық жүйе жақсы сақталған. Қалада отырықшылық жақсы дамыды. Бұған қарамастан, тоғайлы ормандарда аңшылық та кең өріс алған (қаланың атауы осыдан шыққан). Бұл аймақта тіпті тұран жолбарыстары да мекендеген. Онымен қоса Іле мен Балқашта балық аулау кәсіпке айналған. Қалашықтың өз пішіні бойынша елді мекеннің өлшемі 115 х 120 м тік бұрышты нысан,оның бұрыштары кардиналды нүктелерге бағытталған. Олардың биіктігі шамамен 3 метрге жетеді, ал бұрыштарында дөңгелек пішінді сыртқы мұнаралар бар, олардың биіктігі 4,5 метр. Оңтүстік мұнарадан шығысқа қарай шамамен 20 метр - биіктігі жарты метрлік білікпен қоршалған трапеция тәрізді құрылым. Бекіністің оңтүстік-шығыс жағынан, шамамен 0,8-1 км қашықтықта, қазіргі Ортасу өзенінің арналарының бірінен негізгі канал өтеді. Сондай-ақ, елді мекен аумағында IX-XIII ғасырларға жататын керамика қалдықтары табылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Қарамерген қалашығы Qazaqstan 3D сайтында * Қарамерген қаласы Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2020 жылы. Archaeology.kz сайтында
Қазақ хандығындағы 1-ші азаматтық соғыс (1522−1538) — Қазақ хандығындағы Әз-Жәнібек ханның ұрпақтары арасында болған тақ үшін таластан туындаған қырқыс. Соғыс Қасым ханның өлімінен кейін басталды. ## Алғышарттар Қазақ хандығы 16 ғасырдың басында кез келген қарсыласқа тойтарыс бере алатын аймақтағы қуатты держава болды. Бұл уақытта хандықты Қасым хан басқарған еді. Ол Шығыс Дешті Қыпшақтағы барлық тайпалар мен халықтарды бір мемлекет — Қазақ хандығының айналасына біріктірді. Мемлекеттің тұтастығы Қасымның абыройымен сақталынса да, алайда ол қайтыс болғаннан кейін Әз-Жәнібек ұрпақтары арасында таққа талас басталды. Бұл соғыс Әбу Саид ұрпақтары арасындағы азаматтық соғыс болды. ## Барысы Қасым ханның мұрагері Мамаш хан Ноғай ордасына қарсы тұра алмады. Орда Торғайға дейінгі аумақты өзіне қаратты. Мамаш ханнан кейінгі Тахир ханның кезінде Ойрат мемлекеті Қазақ хандығына шабуыл жасады. Осы сәттен бастап қазақ-ойрат соғысы басталды. ## Дереккөздер
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Барбадостың 1 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша). Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Барбадос аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 2 нысан үміткер ретінде тіркелген. Бұл тізімде 1 нысан мәдени, 1 табиғи критерийлар бойынша іліккен. ## Тізім Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан ## Әлемдік мұра тізіміне үміткер нысандар Берілген кестеде нысандар Юнеско Әлемдік мұра тізіміне қосылуының хронологиялық тәртібінде орналасқан ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Әлемдік мұра * Солтүстік Америкадағы Әлемдік мұра нысандары * ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері * ЮНЕСКО ## Сыртқы сілтемелер * Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Барбадостағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар * Barbados — UNESCO World Heritage Centre  (ағыл.)
Василий Евдокимович Ададуров (Адодуров) (15 наурыз, 1709, Новгород - 5 қараша 1780, Мәскеу) - орыс ғалымы (математик және филолог-русисит), педагог, Санкт-Петербург Ғылыми Академиясының құрметті мүшесі, Мәскеу университетінің кураторы. ## Естелік Туғанының 300 жылдығына орай, Адодуров премиясы тағайындалды. ## Өмірінің соңғы сәттері Ғалым 1780 жылы 5 қарашада қайтыс болды. Василий Евдокимович Адодуров Лазарев зиратында жерленді. ## Сыртқы сілтемелер * Василий Евдокимович Адодуров
Агурский Михаил Самуилович (1933, Мәскеу - 21 тамыз, 1991 Мәскеу) - Кеңес диссиденті, публицист, тарихшы, саясаттанушы, советолог, мемуаршы. ## Өмірбаяны Михаил Самуилович Агурский Мәскеу қаласында 1933 жылы туылған, әкесі Самуил Хаимович Агурсикй - атақты революционер, тарихшы, партиялық қызметкер. Сол қалада 1950 жылы мектепті бітірді. 1955 жылы Вера Кондратьева Федоровнаға үйленген. Жоғары техникалық білім алған. 1960-шы жылдардың басында Экспериментальды ғылыми-зерттеулер металлкесуші станоктар институтында жұмыс атқарған. ## Библиографиясы * Неонацистская опасность в Советском Союзе — Самиздат. * Международное значение «Письма вождям». — Самиздат. * Евреи-христиане в Российской Православной Церкви // Вестник РХД. 1974, № 114; 1975, № 115, № 116. * Обращение к американской интеллигенции. Письмо в «Нью-Йорк Таймс». * Современные общественно-экономические системы и их перспективы // Из-под глыб. — YMCA-Press, Paris, 1974. — 276 с. * Национальный вопрос в СССР. — Орыс.-ағылш. толковый словарь. — New York, 1976. * Религиозная мысль в СССР и социальные настроения интеллигенции. — «Русская мысль», Париж, 1976. 26 февр. С. 4, 12. * К дискуссии о Солженицыне. — 1976. Париж. Русская мысль, 17 маусым. С. 12. (Из редакционной почты). ## Сыртқы сілтемелер * Михаил Самуилович Агурский
Мейрамбек Жанболатов (1938 т.ж.) — Қазақстан сазгері. 1938 жылы Семей облысы Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1962 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1970 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1962 жылдан бастап партия қызметте, Абай аудандық газетінде істейді. Бүгінгі таңда Абай аудандық "Совхоз" туы газетінің қызметкері. Ол "Жүрек бір, тілек бір", "Кең дала", "Сағындым Сарыарқаны" және т.б. әндердің авторы.
Константин Георгиевич Абрамов (19 желтоқсан, 1883, Ногинск - 3 желтоқсан, 1961, Уссурийск) - кеңес зоологы. ## Ғылымға қосқан үлесі Оның тікелей қатысуымен Приморск өлкесінде бірінші қорық салынған - Сихоте-Алиньски. ## Естелік Абрамов атымен, Лазовск қорығының кілті аталды. ## Сыртқы сілтемелер * Дикалюк Г. У истоков заповедного дела. ФГБУ «Лазовский государственный заповедник» (18 қаңтар 2010). Мұрағатталған 3 ақпанның 2016 жылы.
Футболдан Қазақстан Кубогы 2015 финалы — Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен Кубоктың 24-ші финалдық ойыны. Матчта «Астана» және «Қайрат» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 2:1 есебімен «Қайрат» клубы жеңіп, жетінші мәрте Кубокқа ие кетті. ## Финалға дейін жолы ## Матч ### Детальдар ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://kaz-football.kz/15/cup15_stat.shtml#1
Абелев Гарри Израйлевич (10 қаңтар, 1928, Мәскеу - 23 желтоқсан, 2013, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік ғалым, биохимик, биология ғылымдарының докторы. Иммунология және онкология саласының маманы. ## Марапаттамалары * КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978) * Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері (1998) ## Жанұсы * Ағасы - Самуил Израилевич Абелев (1924 — 1943) * Әйелі - Эльфрида-Леокадия Адольфовна Абелева (1923 — 1996) ## Сыртқы сілтемелер * Гарри Израйлевич Абелев мақаласы
Қозған — Есіл алабындағы тұзды көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қараөзек ауылының батысында 8 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 342 м биіктікте жатыр. ## Гидрографикасы Аумағы 8,6 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 14,4 км. Шарасында жыл бойы су болады. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. ## Жағалау сипаты Өзімен аттас қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Көлдің шығысында қарағай, қайың шоқтары өскен. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады. ## Дереккөздер
Жантеміров Әбіл (1920, Жыланды – 1983, Сандықтау ауданы Балкашино ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Екінші дүниежүзілік соғысында батальон командирі болған. 1941 жылдан Калинин және Украинаны азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін Балкашино ауданында ұжымшарды басқарған, ауданы «Азаматтық қорғаныс» бөлімшесін құрған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. ## Пайдаланылған cілтемелер
‘’’Бимағанбетов Көпей‘’’ (1890, Шиелі ауданы «Шал шұңқыры» елді мекені – 1968, сонда) – қайраткер. Перовск (қазіргі Қызылорда) қаласындағы қазақ-орыс мектебінде оқыған. 1918 жылы Шиелі ауданда қазіргі «Бидайкөл» ұжымдық шаруашылығы орналасқан елді мекеннен алғаш мұсылман жастарына арналған мектеп ашуды ұйымдастырып, кейін оның директорлығына тағайындалды. 1923 – 25 жылы Ақмешіт уезіне қарасты «Қосшы» одағы уездік-қалалық комитетінің мүшесі, жауапты хатшысы, 1925 – 26 жылы Шиелі атқару комитетінің төрағасы болды. 1929 – 31 жылы Қызылорда уезі 27-телімінің халық соты, Қазалы, Қармақшы аудандарында халық соты, 1931 – 36 жылы оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Леңгір, Шаян, Келес аудандарында халық соты, ауданы ұжымшарлар одағы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады. 1936 – 38 жылы қуғын-сүргін кезеңінде туған ауылына оралып, сонда қызмет істеді. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады. ## Зерттеулер Айтбай Ботпайұлы - 50-ден аса ғылыми мақалалардың, 1 монографияның авторы. Доцент Жұмағұловтың зерттеулері қазақ әдебиетін дәуірлеуға қатысты. Айтбай Жұмағұловтың шәкірттері көбіне Халық ауыз әдебиеті мен Хандық дәуір әдебиеті бойынша дипломдық жұмыстарын қорғаған. 2012 жылы ғалымның «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми монографиясы жарық көрді. ## Марапаттары Бірнеше облыстық, аймақтық, Республикалық айтыстардың жүлдегері. * 2005 ж. - «Елбасының жолдауы елдіктің арқауы» атты республикалық айтыста жүлделі 1 орын (Атырау); * 2006 ж. - Қостанай облысының 70 жылдығына арналған Республикалық айтыста ІІІ орын; * 2008 ж. - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында өткен Бұқар жырау Қалқаманұлының 340 жылығына арналған Республикалық айтыста Бас жүлде; * 2008 ж. - Алматы облысы Бақанас ауданының 80 жылдығына арналған Республикалық айтыста жүлделі ІІІ орын; * 2009 ж. - Ақмола облысының 70 жылдық мерейтойына және Қөкшетау қаласының 185 жылдық құрметіне арналған Республикалық айтыста ІІІ орын; * 2011 ж. - Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған «Сүйем сені, туған ел…» атты Республикалық айтыста ІІІ орын иеленді ## Дереккөздер
Досбол сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: * Досбол Қорлыбайұлы * Досбол би ауылы — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл. * Досбол — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл.
Төлепбергенов Аманбек Көрпебайұлы— 1977 жылы 4 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. ## Өмірбаяны 1984 жылы В.И. Ленин (қазіргі Әйтеке би) атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1994 жылы өте жақсыға тәмамдаған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетіне түсіп, шығыс филологиясы факультетін парсы тілі мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. 1999-2001 жылдар аралығында орта мектепте мұғалім, 2001-2002 жылдары "Асар" республикалық газетінің Астана қаласындағы арнаулы тілшісі. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасының директоры.. ## Дереккөздер
Кішіқұм ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Шілікті, Ақеспе, Қарашоқат, Шоқысу ауылдары кіреді. Орталығы - Шілікті ауылы. Округ құрамында болған Сарыдүлек, Шағыр ауылдары 2019 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2106 адамды құрады.Округте 4 мектеп (2 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш), дәрігерлік емхана, мәдениет үйі, 44 шаруа қожалығы, АТС, кітапхана, 8 жеке кәсіпкер және темір жол мекемелерінің бөлімдері бар. ## Тарихы Бұл жерде бұрын "Ақкөл", "Қараша", "Қазақстанның 30 жылдығы", "Ворошилов" ұжымшарлары болған. 1964 жылы "Тоғыз" кеңшары ашылды. 1997 жылда бастап кеңшар негізінде 2 өндірістік кооператив және 6 шаруа қожалықтары құрылды, қазір олар саны - 44. Округтен Социалистік Еңбек Ері Н.Қобыландин, жазушы С.Мыңжасарова шыққан. Кеңестік дәуірге дейін бұл жерде Теректі, Толағай деген 2 болыстық болған. Теректі болысына қарайтын қазіргі "Опытный" деген жерде каучук шикізатын дайындайтын Сағыз тәжірибе бекеті ашылып, оны Ж.Таушанов басқарған. ## Дереккөздер
Соломон Юрьевич Адливанкин (29.12.1921, Минск – 14.04.1985, Пермь) – кеңес тіл маманы, Пермь университетінің филология факультетінің деканы (1967–1971), 1970-ші жылдарға арналған бірегей оқулықтардың авторы. прото-славян тілінің фонетикасы, Пермь дерватология мектебінің негізін салушылардың бірі, Акчим диалектінің сөздігін жасаушылардың бірі. ## Марапаттамалары * «Ерлігі үшін» медальі ## Еңбектер тізімі * Адливанкин С. Ю. Говоры бассейна реки Карай в Балашовской области (К вопросу о судьбе местных говоров русского языка в условиях социализма): Автореф. дис. …канд. филол. наук. Саратов, 1954. * Адливанкин С. Ю. Вокализм групп южнорусских говоров на севере Романского района Саратовской области // Учён. зап. / Адыгейск. пед. ин-т. Майкоп, 1957. * Адливанкин С. Ю. К вопросу об истории зияния в русском языке // Учён. зап. / Перм. ун-т. Пермь, 1962. Т. 22, вып. I: Языкознание. С. 5–19. * Адливанкин С. Ю. Об одной словообразовательной модели в современном русском языке // Учён. зап. / Перм. ун-т. Пермь, 1962. Т. 22, вып. I: Языкознание. С. 87–93. * Адливанкин С. Ю. Фонетика в высшей школе // Учён. зап. / Перм. ун-т. Пермь, 1962. Т. 22, вып. I: Языкознание. С. 165–174. * Адливанкин С. Ю., Потапова Н. П., Федорова К. А. Контрольные работы по исторической грамматике русского языка / Перм. ун-т. Пермь, 1963. 14 с.7. * Адливанкин С. Ю. Некоторые вопросы словообразования существительных со значением лица // Тр. 4-й зон. конф. кафедр рус. яз. вузов Урала. Пермь, 1964. Вып. 1: Вопр. фонетики, словообразования, лексики рус. яз. и методики его преподавания. С. 55–67. ## Сыртқы сілтемелер * Вечер памяти С.Ю. Адливанкина
Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов — 1974 жылы, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы. ## Қызметтік жолы Қызметтік жолын 1996 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2005-2006 жылдары аталған университетте қазақ әдебиеті және теория кафедрасының меңгерушісі болды. 2006-2009 жылдар аралығында 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша докторантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2011 жылдан бастап қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ## Зерттеулер Жансая Жаңғазұлы — 100-ден аса ғылыми мақаланың, 3 оқу құралының, 2 монографияның авторы. 2000 жылы «70-80-жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2009 жылы «Қазақ прозасындағы әдеби ағымдар және көркемдік әдіс» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ж.Жарылғапов ұлттық әдебиеттегі көркемдік әдістер мен әдеби ағымдарды, қазақ әдебиетінің идеялық-философиялық тың парадигмаларын, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. * 1.«Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын оқыту мәселелері» (1997)оқу-әдістемелік құрал; * 2. «ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері» (2003)оқу құралы; * 3. «Жанр және көркемдік әдіс» (2011) оқу құрал; * 4. «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» (2009) монография; * 5.«Ұлттық прозадағы әдеби ағымдар типологиясы» (2011) атты монография. ## Дереккөздер
Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан, 1984 жыл, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші. ## Өмірбаяны * А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001) бітіреді.. * ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002). * Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006). * ҚР Президенттік Мәдениет орталығының «Ұлттық дәстүрлер театрында» қызмет атқарған (2007-2012). * 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университеті, Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. * «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» атқарушы директоры. ## Марапаттары 2004 ж. - Астанада өткен «Ауылым - алтын бесігім» атты Республикалық айтыста І орын; 2008 ж. - Алматы облысы Алакөл ауданының 80 жылдығына орай өткен Республикалық айтыста І-орын;2008 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында өткен Республикалық айтыста Бас жүлде;2010 ж. - Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысында арнайы жүлде; 2011 ж. - «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты Халықаралық айтыста жүлделі ІІ орын;2013 ж. - Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Текті сөздің төресі – терме» атты Республикалық байқауда ІІ орын иеленген. ## Дереккөздер
Амангелді Әбілқасымов - (1947 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы) – медицина ғылымның докторы (1993). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық медицина унверситеті) және аспирантурасын (1974) бітірген. Целиноград медицина институтында ассистент (1975–1980), доцент, аға ғылымкер қызметкер (1980–1994), 1994 жылдан Ақмола медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі. Әбілқасымов 80-ге жуық ғылымкер мақаланың авторы. ## Дереккөздер
Жансейіт Абдрахманов (1900—1974) — "Қарағандышахтақұрудың" Костенко атындағы шахтаның тіреушісі, Социалистік Еңбек Ері. Арғын тайпасының Қаракесек руының Әлтөбет бөлімінен шыққан. 1900 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Бадыран аулында ауқатты отбасында дүниеге келген. Жастайынан әкесіне көмектесіп, мал бағумен айналысады. 16 жасынан жергілікті байдың қызметшісі болған. 1929 жылы қазақ ауылдарында ұжымдастыру бастаған кезде Семей қаласына көшіп, диірмен комбинатында ағаш ұстасы болып жұмыс істейді. 1938 жылы отбасымен Қарағанды қаласына көшіп барады. Онда енді ғана салынып жатқан Костенко шахтасына жұмысқа тұрады. Ағаш ұстарасы болуы оның шахтадағы жұмысына көмегін тигізіп, тіреуші болып орналасады. Құрал-саймандарының қашанда сайланып жүруі оның берік тіреуіштерді орнатуына септігін тигізді. Костенко атындағы шахта салынып бітпесе де, 1942 жылдан бастап қолданысқа беріледі. Мемлекет қарағандылық көмірге зәру болады. Соғыс жылдарында Жансейіт Қарағанды көмір бассейндегі үздік тіреуші аталады. Жұмыс нәтижесін жақсарту үшін бірқатар әдіс-тәсілдер мен дағдыларды ойлап табады. Ай сайын шахтағы ұңғымалар бойынша жоспарды орындап, тіпті кейде асырып отырды. Сәйкесінше, көмір өндіру де көбейеді. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Жансейіт Әбдрахманов "Еңбектегі жетістігі" үшін медалімен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің және КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінің грамотасымен марапатталады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 28 тамыздағы жарлығымен көмір өндіруді арттыру, көмір шахталарын қалпына келтіру және салу,еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы жұмыс әдістерін енгізгені үшін Әбдрахманов Жансейітке Социалистік Еңбек Ері атағымен бірге Ленин ордені және "Орақ мен Балта" алтын медалі табысталады. 1957 жылы зейнеткерлікке шыққанша дейін аталмыш шахтада жұмыс істеді. 1949 жылы партия қатарына қабылданды. Қарағанды қаласында өмір сүрді. 1974 жылы қайтыс болды. Ленн орденімен, медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер * Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. — М.: РИЦ "Кавалер", 2008. — Т. 2. — 200 с. * [./Файл:Hero_of_Socialist_Labor_medal.png link=|31x31px] Абдрахманов, Жансеит. Сайт «Герои Страны».
Әібшұлы Мекей (1940 ж, Баян-Өлгей аймағы) - қазақ математигі. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1959-1963 жж. Моңғолия Мемлекеттік Университетін математик мамандығымен тәмамдап, сол университетте мұғалімдікке қалған. 1970-1975 жж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде аспирантурада оқып математика ғылымының кандидаты дәрежесін, 1995 ж. осы университетте математика ғылымының докторы дәрежесін қорғаған. Моңғолия тарихындағы 3-ші математика ғылымының докторы болған адам. 1980 ж. доцент, 1996 ж. профессор атағын және 2004 ж. Моңғолия Ұлтық Ғылым академиясының академигі болған. Ол 1963 ж-дан бүгінге дейін 46 жыл Моңғолия Мемлекттік Университетне ұстаздық етіп келді. Математика саласындағы айналмалы теориясына қатысты еңбегімен танымал. ## Дереккөздер
## Қабашев Рақымжан ҚАБАШЕВ Рақымжан Әбілқасымұлы (17.11.1939 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл а.) – технолог ғылым доктотры (1988), профессор (1989). ҚР Білім беру ісінің үздігі. Томск мемлекеттік архитекторлық академиясын (1963) бітірген. Томск ғыл.-зерт. институтында инжинер (1962–63), «Казводоканалстрой» Жезқазған құрылыс бірлестігінде механик, топ жетекшісі, аға инж.-конструктор (1963–69), Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) аға оқытушы, доцент, аға ғыл. қызметкер (1969–80), Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1980–90), Қазақ көлік және коммуникация академиясының проректоры (1991–2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ автомобиль жолдары университетінің ректоры. «Повышение эффективности землеройных машин на основе совершенствования рабочих органов» деген тақырыпта докторлық диссертыция қорғады. 300-ден астам ғыл. жарияланымның, 14 монографияның авторы. 25 өнертабыс пен патенттің иегері. ## Сілтемелер * Қазақ * коммуникация * патент ## Сыртқы сілтемелер http://www.alashainasy.kz/last_dates/15039/ Мұрағатталған 19 қарашаның 2010 жылы. Қабашев Рақымжан] ## Дереккөздер ## Толықтыру ## Қабашев Рақымжан ҚАБАШЕВ Рақымжан Әбілқасымұлы (17.11.1939 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл а.) – технолог ғылым доктотры (1988), профессор (1989). ҚР Білім беру ісінің үздігі. Томск мемлекеттік архитекторлық академиясын (1963) бітірген. Томск ғыл.-зерт. институтында инжинер (1962–63), «Казводоканалстрой» Жезқазған құрылыс бірлестігінде механик, топ жетекшісі, аға инж.-конструктор (1963–69), Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) аға оқытушы, доцент, аға ғыл. қызметкер (1969–80), Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1980–90), Қазақ көлік және коммуникация академиясының проректоры (1991–2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ автомобиль жолдары университетінің ректоры. «Повышение эффективности землеройных машин на основе совершенствования рабочих органов» деген тақырыпта докторлық диссертыция қорғады. 300-ден астам ғыл. жарияланымның, 14 монографияның авторы. 25 өнертабыс пен патенттің иегері. ## Сілтемелер * Қазақ * коммуникация * патент ## Сыртқы сілтемелер http://www.alashainasy.kz/last_dates/15039/ Мұрағатталған 19 қарашаның 2010 жылы. Қабашев Рақымжан] ## Дереккөздер ## Толықтыру
Әбішұлы Жолбарыс (7.11. 1943, қазіргі Қазалы ауданы, Жалаңтөс Баһадүр ауылы, – 28.11. 2003, Астана) – аудармашы-журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының лауреаты. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген (1969). Еңбек жолын 1963 – 65 жылы Қазалы ауданы «Ленин туы» газетінде тілші болып бастады. 1969 – 90 жылы Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында В.И. Лениннің то¬лық шығармалар жинағы басып шығару жөніндегі Бас редакциясының аға ғылыми редакторы, «Қазақстан» баспасының бұқаралық-саяси әдебиет редакциясының меңгерушісі, Қазақ ақпарат агентігі (ҚазТАГ) бас редакторының орынбасары, 1990 – 97 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында аға кеңесші, сектор меңгерушісі, Хатшылық мүшесі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі болды. Тәуелсіз еліміздің жаңадан жазылған 5 томдық «Қазақстан тарихы» академиялық басылымының алғашқы құ¬қықтарын қазақ тіліне аударды. Аудармашылардың жыл сайынғы дәстүрлі респ. байқауының жүлдесі 2004 жылдан Әбішұлы атындағы жүлде болып қайта тағайындалды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Әбішұлы Сәбит (1938 жылы туған, қазіргі Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы) – ауыл шаруашылығы саласының маманы, зоотехник. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалықинститутын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1961). 1961 – 82 ж. Жаңажол ұжымшары ауданы өндірістік басқармасында бас зоотехник, аудандық партия к-тінде нұсқаушы, «Ильич», «Қарақұдық» кеңшарларында директор, 1983 – 97 ж. облыстық ауылы ш. басқармасы бастығының орынбасары, кейін бастығы қызметтерін атқарды. Мал тұқымын асылдандыру, әсіресе, жергілікті адай жылқысын қалпына келтіру, сондай-ақ қазақтың ет-жүнді бағыттағы айыр түйесін жетілдіру, қаракөл қойының сапасын жақсартумен айналысты. «Өмір өрнектері» (2002), «Досым туралы толғаныс» (2004), «Шоңай Құлыш би» (2006) атты кітаптардың авторы. «Маңғыстау энциклопедиясының» редакциялық алқа мүшесі. «Құрмет белгісі» (1981) ордені, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1966) және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ескендіров Әділ Рза оғлы (әз. Adil Rza oğlu İsgəndərov; 1912 жыл, Гәнжә —1978 жыл, Баку) — кеңес әзірбайжан режиссері, КСРО халық артисі (1959), профессор. 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1930 жылы Бакудың театр техникумын, 1936 жылы ГИТИС-ті бітірді. Сол жылдан Азизбеков атындағы театрда қызмет етеді. 1937-1960 жылдары осы театрдың бас режиссері. Қойған спектакльдеры: М.Ибрагимовтың «Хаяты», С.Вургунның «Вагифы», мен «Фархад пен Шырыны», Э.Мамедханлының «Шығыс таңы» т.б. 1937 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады. Киноға түскен. 1961 жылы киноға ауысты. ## Марапаттаулары КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948), Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендермен марапатталған. ## Дереккөздер
Қасенов Балтабай (15. 03. 1925 жылы туған, Целиноград обл., Атбасар қ.) — қазақ совет философы. Философия ғыл. докторы (1972), доцент. 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1942-1943 жылдары Ақмолада (қазіргі Целиноград) № 33 Ф3У-ды бiтiрiп, слесарь мамандығын алды. 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты, 1949-1954 жылдары А. А. Жданов атынд. Ленинград университетінің филос, факультетiнде оқыды, 1954-1962 жылдары Қарағандының жоғары оқу орындарында ассистент, аға оқытушы. 1963 жылдан Қapaғанды политех. институтының филос. кафедрасының меңгерушiсi. ## Дереккөздер
Әнші. Шығыс Қазақстан облысының тумасы.Орта мектепті Күршім ауылынан бітіріп, 1992-1995 жылдар аралығында Семей қаласындағы музыкалық училищеде, 1995-1999 жылдары Алматы қаласьшдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында білім алды.С. Тұрысбековтің «Секеннің саз отауы» ансамбілінде, «Көпен келе жатыр» театрында, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінде, «Серпер» тобында өнер көрсетті. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» телеарналары ұйымдастырған «Тамаша», «Алтыбақан», «Ән мен әнші», «Шаншар» бағдарламаларына қатысты. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, Моңғол Халық Республикасының Баян Өлгий аймағында, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында өнер сапарында болған. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Бецкой Иван Иванович (1704-1795) - Ресейдің ағартушылық саласына, білім өлкесіне үлес қосқан көрнекті өкілі. Оның катысуымен Москвада, Петербургте туған балаларға госпиталі бар тәрбие үйлерге, өнер академиясының жанындағы комерциялық училищеге әр сословиеден шыққан (крепостнойдан басқалары) ер балаларды қабылдады, кыздарға арнап Смольный институт ашылды. Тәрбие арқылы мемлекетті әділ басқарып, шаруаларға парасатты қарайтын дворяндар мен басқа сословиелерден Бецкой - "Адамдардың жаңа тегін" құруды ойлады. Бецкой ойынша жан-жақты білім алған, ескілік нормаларымен уланбаған бұл адамдар, өз ұрпақтарына адамгершілік пен қоғамдағы оң өзгерістерге жеткізетін ізгілік сенімін ұялатады. Бецкой физикалық күш көрсетуге қарсы болды. ## Дереккөздер
Табылдиев Балтабай (1940 -1994) — Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. .1958 жылы — "Балдырған" журналының суретшісі болған.1960 жылы — Алматыда өткен Қазақстан график суретшілерінің көрмесіне қатысқан.1962 жылы — Бүкілодақтық кітап көрмесінің II дәрежелі дипломын алған (Мәскеу).1965 жылы — Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1965—1970 жылдары Мәскеу полиграфия институтында оқыды.1965 жылы — Бүкілодақтық өнер байқауында дипломмен марапатталды (Мәскеу).1965 жылы — Орта Азия және Қазақстан графика көрмесінде I дәрежелі дипломға ие болды (Ташкент).1970 жылы — "Жазушы" баспасының бас суретшісі.1972 жылы — Шығармашшық топтың есеп көрмесіне қатысушы (Паланга).1974 жылы — Қазақстан Суретшілер одағынын мүшесі.1978 жылы — "Жалын" баспасының бас суретшісі. 1978 жылы — Орта Азия республикалары мен Қазақстан республикааралық байқауында (Ашхабад). III дәрежелі диплом алған.1988 жылы — "Қазақстанның кітап графикасы және плакаты"көрмесіне қатысқан (Ташкент).1990 жылы — "Санат" баспасының бас суретшісі қызметін атқарды. ## Дереккөздер
Артықбаева Нәдия (19.2. 1944 жылы туған, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1998).Қазақ эстрада студиясының алғашқы түлектерінің бірі. Алматыдағы Театр және кино институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген (1997). Ғ. Құрманғалиев пен Р.Қаныбаеваның шәкірті. 1970 жылдан «Қазақконцерт» бірлестігінде еңбек еткен. Оның орындауында: О.Шораяқтың «Әділ іс», Т.Ізтілеуовтың «Күн туса, нұр қашады айдындағы», Нұртуғанның «Би болмас белін жалпақ буғанменен» термелері мен халықтың «Балапан қаз», «Абайкөк», «Қарғам-ау», «Ахау құмған-ай», «Замандас», «Ой Алтай» әндері Қазақ радиосының «Алтын қорына» жазылып алынған. Түркияның Риза қаласында өткен «Чай» фестивалінде лауреат атанды. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, I-том
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. Найман тайпасы Қаракерей руы Сыбан бөлімінен шыққан. 11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шаїмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәїрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Таїир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады.Біржан — Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды. А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Мұхамедханов, Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-кітап [Мәтін] : [Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір ақындардың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары мен алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Дәуір, 1995. - 320 б. * Қ. Мұхамедханов . Том 1 : Зерттеулер, мақалалар. - 2005. - 352 б. - Абай төңірегіндегі ақындар, Абай және XIXғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, Абайдыңөнеге алған мектебі, Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатаев, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев, Мұқамеджан Майбасаров, Бейсембай Жәнібеков, Баймағамбет Мырзаханов, Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Сексенбаев, Әубәкір Оспанов; Абай шығармаларының текстологиясы жайында. * Қ. Мұхамедханов. Том. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер. - 2005. - 328 б. - Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шоңдыбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ыдырыс Мұстамбаев, Қайым Мұхамедханов туралы лебіздер мен естеліктер. * Әріп өлгенде (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Боранбай ақынның Әріп өлгенде айтқаны (1924) [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Тәңірбергенов Әріптің шығармалары мен ол туралы материалдар [Қолжазба] / Қ. Мұхамедханов 1940 жылдары жинаған. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] / жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Мұхамедханов, Қ. Әріп ақын [Мәтін] : [ақын Әріп Тәңірбергенов туралы] / Қ. Мұхамедханов // Екпінді. - 1939. - 10 декабрь. - Б. 3-4. * Мұхаметханов (Мұхамедханов), Қ. Әріп Тәңірбергенұлы [Мәтін] / Қ. Мұқаметханов (Мұхамедханов) // Қазақ ССР : 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т. 4. Тіл. Әдебиет. Фольклор. Өнер. Архитектура. - Алматы, 1989. - Б. 152. * Мұхамедханұлы [Мұхамедханов], Қ. Әріп Тәңірбергенов; Тәуке-Ұрқия айтысы; Әріптің кейбір өлеңдеріне, «Біржан-Сара» дастанына айтылатын кейбір уақиғаға түсініктемелер [Мәтін] // Алаштың ақиығы - Әріп қыран : ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар. - Өскемен, 2014. - Б. 105-175. * Жанатайұлы, К. (1861-1925) Өлеңдері [Мәтін] : Көкбай мен Әріптің Семейде оқып жүрген жылдары әзілдесіп айтысқан өлеңдерінен; Міржақып пен Көкбайдың сөз жарысы; Көкбай-Әріп айтысы / К. Жанатайұлы, кіріспесін және Көкең өлеңдеріне түсіндірмені жазған Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1993. - № 5. - Б. 21-41. * Әріп ақын [Қолжазба] : [творчестволық өмірбаяны] : жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 1-30 п. - Қ-402. - №5. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Жамбылдың Әріп ақын туралы есіндегісінен [Қолжазба] : айтушы Ғ. Орманов; жинаушы Қ. Мұхамедханов. - 1941. - 199-200 п. - Қ-401. - №1. - Латын әрпінде. - ҚР ҒА кітапханасында сақталған. * Мұхамедханов, Қ. Ленин бейнесі ақындар жырында [Телехабар] : [С. Сейфуллин, Әріп ақын туралы] / Қ. Мұхамедханов. - Семей телевидениесі, 1980. - 6 маусым. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ. Мұхамедханов. * Мұхамедханов, Қ. Абай шәкірттері [Мәтін] : [сүйінші дана] / жыйнаған, түсініктерін жазған Қ. Мұхамедханов; сөз басын жазған М. Әуезов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951. - 263 б. - 1951 жылы Қ. Мұхамедханов тұтқындалған соң баспаханадағы кітап терімі шашылып қалған.
Амантай Исин(1951 жылы Шығыс Қазақстан, Семей облысы, Абыралы ауданында туған. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Қазақстан тарихы" факультетінің оқытушысы. Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. Найман тайпасының Байғана руынан. Тарихшы-ғалым (1988). Бірнеше монография және жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Жарық көрген кітаптары: «Әділ сұлтан» эпикалык жыры» (2001), «Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине ХV-ХVІ вв.» (2002, 2004), «Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы: 1999-2003 жж. археологиялық зерттеулер» (2004), «Русские источники по истории Казахстана. Т.1.Посольские материалы Русского государства» (2005).Күйді әкесі, халық ақыны Иса Биназаровтан (1898-1964) үйренген. Музыкалық фольклорға қызығып, 1979-1982 жж. Шығыс Қазақстанның жергілікті күй дәстүрлері өкілдерінің орындауындағы күйлерді үнтаспаға жазып алады. Әсіресе, Ақсуат өңіріндегі қарт күйші Бағаналы Саятөлековтың орындауындағы күйлерді жазып алып, сақтап жеткізуі маңызды. Шұбартаулық Кәмілжан Әбілжанов, аякөздік Әбілхақ Қыңырбеков, ақсуаттық Алшынғазы Байқыдыров, семейлік Мерғали Ибраевтың музыкалық мұрасына ден қояды. Бірнеше күйдің ноталарын 2000-2003 жж. республикалық «Абай» журналында жариялады.2006 ж. Өскеменде өткен «Алтай-Тарбағатай өңірі күй өнері» феставаліне қатысқан. Білім және Ғылым министрлігінің, Ақпарат және мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер 1. Күй. Қазақ халқының атақты күйшілері кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Б.Нұрлыбеков ОҚ облысында бастауыш, орта мектептерде, орта дәрежелі кәсіптік, жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз. ҚР-ғы оқу – ағарту саласын, оның ішінде оңтүстік өңіріндегі ХІХ-XX. ғасырлардағы мектептердің тарихын зерттеп, ғылыми танымдылық еңбектер жасаған белгілі ғалым, бастауыш, орта жоғары оқу орындарында, аудандық, обылыстық мекемелерде, обылыстық партия комитетінде жауапты, басшылық қызметтер атқарған Ұлы Отан соғыс майданында саяси жетекшілік жасаған қөрнекті қайраткер. Б.Нұрлыбеков 1912 жыл Түркістан уезінің Созақ болысына қарасты Сызған ауылында дүниеге келген. Ауылда ескіше сауат ашып, жаңадан ашылған бастауыш мектепті бітіріп, елді сауаттандыру мәдени-көпшілік жұмыстарына бел шешіп араласады. 1930 жылы Шымкентте мұғалімдер даярлайтын 6 айлық курста білім алып, аудан орталығындағы бастауыш мектепте сабақ баре жүріп, оқу менгерушісі қызметін атқарады. 1933 жылдың аудандық оқу бөлімінің ұсынысы бойынша Түркістан станциясында ашылған кәсіптік ФЗО мектебіне мұғалім болып ауысады. Түркістан педучилищесінің оқу ісінің менгерушісі, училище басшысы қызметіне жоғарлатылды. 1939 жылдың басында аудандық партия комитетінің шешімімен Түркістан аудандық оқу бөлімінің менгерушісі қызметіне тағайындалады.1940 жылы Облыстық партия комитетінің ұсынылуы мен облыстық кәсіподақ комитетінің оқу-ағарту саласы қызметкерлері одағының төрағасы болып сайланады. 1941 жылы обылыстық партия комитетіне әуелі нұсқаушы, онан соң кадрлар секторы менгерушісі кызметіне жоғарлатады. 1942 жылы қыркүйек айында майданға шақырылып, 1946 жылдың қыркүйегіне дейін саяси жетекшілік қызметте болады1946жылдың қыркүйегінен бастап обылыстық партия комитетінде сектор менгерушісі, обылыстық тұтынушылар одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары қызметерін атқарып жүріп, Абай атындаға Қазақ Мемлекеттік педагогика институтың бітіреді. 1950-57 жылдары Сталин атындағы Шымкент педагогика институтында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, доценті кафедра менгерушісі, институт кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Б.Нұрлыбеков білім саласында қызмет істей жүріп, республикадағы оқу-ағарту саласының тарихын, бұрынғы Түркістан Республикасының құрамында болған Қазақстаның Оңтүстік облыстарындағы мектептердің тарихын жан-жақты зертеп, көптеген ғылыми енбектер жасады. 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі мектептерінің тарихы (1864-1925) деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дисертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізінде оған доцент ғылыми атағы берілді.Б.Нұрлыбековтың тәрбиесінен шыққан мыңдаған шәкірттерінің қатарында көптеген көрнекті қайраткерлер, ғылым, білім, еңбек, ардагерлері академиктер бар. Балтабай атаның жұбайы қажы Мәкен Сейілқызы ұзақ жылдар мектепте мұғалім, директор болып еңбек еткен Республикадағы кеңінен танымал құрметті жан. Ол кісілер өз отбасында мәпелеп өсірген ұл-қыздары: Альмира, Алима, Ұлжан. Мұрат үлкен немересі Қуандық ғылым мен еңбекте биік нәтижелерге қол жеткізді. Оның ішінде Алима Балтабайқызы әке жолын қуған педагогика ғылымдарының докторы , професор бірнеше жыл Қазақ мемлекеттік қыздар пеагогика институтының Педагогика және психология факультетінің, Қазіргі кезде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Педогогика және мәдениет факультетінің деканы болып қызмет атқарады.Б. Нұрлыбеков Отанымыздың қөптеген орден, медаль, грамоталарымен оның ішінде «Құрмет белгісі» 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталып, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болған. Б. Нұрлыбековтың жарты ғасырдан астам уақыт еліміздің білім-ғылым саласындағы жас ұрпақты тәрбиелеп өсірудегі ерең еңбегін ескеріп, оның есімін мәнгі есте қалдыру мақсатына Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен қаланың бір қошесіне есімі берілді. Ұлағатты ұстаздың еңбек жолы 01.10.1929ж Түркістан қаласындағы педагогикалық училищені аяқтады.01.09.1937ж Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы24.03.1939ж Аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды03.06.1940ж Түркістан аудандық білім бөлімінің менгерушісі05.06.1940ж Облыс комитетінің шешімімен облыстық бастауыш және орта мектептердің төрағасы20.06,1942ж Еңбек резервтерінің облыстық басқармасы саяси бөлімі бойынша бастықтың орынбасары31.07.1942ж Ұлы отан соғысына шақырылды16.09.1946ж Обылыстың партия комитетінің кадрлар бөлімі секторының менгерушісі лауазымына03.10.1947ж ОҚ обылыстың тұтынушылар кеңесі басқармасының төрағасының орынбасары12.09.1950ж Сталин атындағы Шымкент педагогикалық институтынйң директоры01.09.1957ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы18.12.1965ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасында доцент м.а02.12.1967ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті01.12.1971ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі27.04.1977ж «Педагогика» кафедрасының менгерушісі1979-1987ж Шымкент педагогикалық инсуитутының «Педагогика және психология» кафедрасының доценті1989 жылдан Дербес зейнеткер ## Дереккөздер 1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж. 2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы.
Әсімова Күләш (1950, Сырдария ауданы, Шаған ауылы – 6.6. 2006, сонда) – еңбек ардагері. Еңбек жолын 1968 жылы Тереңөзек күріш кеңшарында күрішші болып бастаған. Ыбырай Жақаевтың ізбасары атанып, жыл сайын күріштен мол өнім алып тұрды. 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Азадовский Марк Константинович (18 желтоқсан, 1888, Иркутск - 24 қараша, 1954, Ленинград) - ресейлік және кеңестік әдебиеттанушысы, фольклоршы, этнограф. ## Ғылыми еңбектері * Ленские причитания. — Чита, 1922. * Неизвестный поэт-сибиряк (Е. Милькеев). — Чита, 1922. * Сказки Верхнеленского края. Т. 1. — Иркутск, 1925. * Литература и фольклор: Очерки и этюды. — Л., 1938. * Очерки истории и культуры в Сибири. Вып. 1. — Иркутск, 1947. ## Сыртқы сілтемелер * Азадовский Марк Константинович Мұрағатталған 1 мамырдың 2007 жылы.
Өрісбай Алданов (1902, Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылы– 1992, Маңғыстау облысы, Қазақстан) – еңбек ардагері, жылқышы және шежіреші. ## Өмірбаяны 1944 – 1984 жылдары Бозащы ауылында жылқышы болған. Сонымен қатар ел арасында халық ақындары Абыл, Орақ, Сәттіғұл мұраларын, Иса, Досан, Сүйінқара батырлар туралы деректерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші, шежіреші болып табылған. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан ауыл шаруашылық күніне қатысқан. ## Марапаттары * Еңбек Қызыл Ту ордені. ## Дереккөздер
Азадовский Константин Маркович (14 қыркүйек 1941 жылы, Ленинградта туған) — кеңестік және ресейлік әдебиет маманы, Марк Азадовскийдің ұлы. Германистикадан көптеген ғылыми жұмыс пен публикациялардың авторы (әсіресе Райнер Мария Рилькенің творчествосынан), Ресей мәдениетінің «күміс ғасырының» ақындарының творчествосымен (әсіресе Константин Дмитриевич Бальмонт, Николай Алексеевич Клюевтің) және ресей-еуропа әдеби байланыстарымен көп айналысқан. «Звезда», «Новое литературное обозрение» және «Вопросы литературы» ресейлік әдеби журналдарының коллегия мүшесі. 1999 жылда «Русский Букер» атты әдеби сыйлығы алқасының төрағасы. ## Әлеуметтік позиция 2001 жылы НТВ телеканалын қолғау хатына қол қойды. ## Таңдалған библиографиясы * Бальмонт и Япония. М.: Наука, Главная редакция восточной литературы, 1991 (в соавторстве с Е. М. Дьяконовой) * Жизнь Николая Клюева. СПб.: Изд-во журнала «Звезда», 2002 * История одной фальсификации. М.: РОССПЭН, 2011 (в соавторстве с Лидией Азадовской) ## Сыртқы сілтемелер * Константин Маркович Азадовский
Әбуов Қозытай (23.09.1930, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы – 2.2.1996) – еңбек ардагері. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1953), СОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1969) бітірген. 1953 – 61 жылы Тереңөзек (Сырдария) ауданында әр¬түрлі жауапты қызметтер атқарды, күріш кеңшарын ұйымдастырды. 1965 – 67 жылы облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 1969 – 74 жылы Арал, Қазалы ауаткомдарының төрағасы, 1974 – 79 жылы Қазалы аупарткомының бірінші хатшысы болды. Кейін Жалағаш ауданының «Мәдениет» Жаңақорған ауданының «Келінтөбе» кеңшарларын басқарды. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған (1963). ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
ЕРГЕШБАЕВ Нәлқожа Ақбалаұлы (1.3.1931, Жаңақорған ауданы,Бірлік ауылы – 9.12. 1997, Қызылорда) – партия және шаруашылық қызметкері. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1954), СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1954 – 1961 ж. Арал, Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданында инженер-механик, Шаған МТС-інде инженер-механик, бас инженер, директор, Тереңөзек ауданы «Қазақ ауыл шаруашылық техникасы бірлестігінің» бастығы, 1974 жылы Тереңөзек ауаткомының төрағасы, 1975 – 1985 ж. осы аудан, 1985 – 1992 ж. Сырдария ауданы парткомының 1-хатшысы. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен,медальдармен марапатталған. «Күріш өндіруді мамандандыру және шоғырландыру» атты кітап жазған.
Божанова Алмагүл (14. 3.1946 жылы туған, Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданы Қызылөзек ауылы ) – қызметкер. Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін (1964), Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет) бітірген (1970). 1964 – 72 жылы Тереңөзек ауданындағы Шаған ауылында балалар бақшасының меңгерушісі, Бесөзек ауылындағы мектепте мұғалім болып істеді. 1972 – 77 жылы аудан комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1977 – 83 жылы А.Тоқмағанбетов ауылында мектеп директоры болды. 1983 – 92 жылы ауданы партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары Тереңөзек ауданы Кеңесі атқару комитетінің орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. 1992 – 99 жылы Тереңөзек ауданының әкімі болды. 1999 және 2003 жылы облыстық Мәслихаттың депутаты, хатшысы болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Республикалық ұлттық Кеңестің мүшесі. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Күзембаев Меңдіхан Темірғалиұлы (1921-2003) – полиграфист. [[1938 Алматы қаласындағы екі жылдық линотипистер курсын бітірген. Еңбек жолын 1937 жылы Петропавл облыстық типографиясында теруші-шәкірт болып бастаған. Сол жылы теруші-линотипист, 1941 жылы теру машинасының инструкторы, 1948 жылы Петропавл облыстық баспаханасының директоры, 1950 жылы Алматы полиграфкомбинатының директоры, 1956 жылы ҚазУчпедгиздің директорының орынбасары, 1957 жылы қайтадан Алматы полиграфкомбинатының директоры болып сайланып, осы міндетті 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін үзіліссіз атқарып келді. Отандық полиграфияны Күзембаевтан бөліп қарау еш мүмкін емес, әсіресе, Алматы полиграфкомбинатының тарихы Күзембаевтың өмір тағдыры деуге болады. Өйткені, ол жалпы полиграфия саласында 50 жылдай жұмыс істеген, Алматы полиграфкомбинатын 40 жылға жуық басқарған. М.Т. Күзембаев Полиграфкомбинатқа басшылық еткен жылдары өндірісті ұйымдастыру және оны барынша дамыған құрал-жабдықтармен жарақтандыру, өндіріске жаңа технологияны енгізу арқылы кәсіпорынның қуатын арттыру мәселелері бойынша қыруар шараларды жүзеге асырды. Осы ерен еңбегінің нәтижесінде Алматы полиграфкомбинаты көптеген жылдар бойы полиграфиялық өндірістің көшбасшысы атанды және ол қуатты өндіріс орнына айналды. Күзембаев өндіріс орнында әлеуметтік мәселелерді шешуге де мол көңіл бөліп отырды. М.Т. Күзембаев ел өмірінде үлкен-үлкен қоғамдық жұмыстар атқарды - тоғыз рет Халық депутаттары кеңесінің аудандық және қалалық депутаты болып сайланды. Оның елге сіңірген игі еңбегі үкімет тарапынан әділ бағаланып, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, бұрынғы Одақтың және қазіргі республикамыздың медальдарымен марапатталды. «Қазақ КСР-і мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бірнеше дүркін «КСРО баспа ісінің үздігі» атанды. 1971 жылы КОКП XXIV съезінің делегаты болып сайланды. Сөйтіп, М.Т. Күзембаевтың халқына сіңірген игі еңбегі ұшан-теңіз. Ол ел аузында полиграфия профессоры атанып кетті. ## Дереккөздер
Ақан сері Қорамсаұлы (1843 жылы, Үлкен Қоскөлдің маңы, Ақмола облысы, Ресей империясы – 1913 жылы, сонда) — қазақ ақын, әнші, және сазгер. ## Өмірбаян Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі – Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – “Балқадиша”. Бұл – өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән. 90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі – “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі – “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, – деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі – кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы. ## Шығармалары Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған. ## Музыка және әдебиеттегі үлесі Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған ## Қосымша мәліметтер * [1] — Ақан сері Қорамсаұлы * Ақан сері(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Далдабаев Сәмит (5.11. 1938 жылы туған, Жалағаш ауданы Еңбек ауылы Ынтымақ мекені) – қайраткер, Қазақ КСР-на еңбек сіңірген ауыл шарушылығы қызметкері (1973), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1998). Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан. Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институтын (ҚазҰФУ),СОКП жоғарғы партия мектебін бітірген (1961). 1961 – 64 жылы Тереңөзек ауданында (қазіргі Сырдария ауданы) бас мал дәрігері, малдәрігерлік станциясының бастығы, 1965 – 74 жылы Тереңөзек ауданындағы Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудан ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1975 – 79 жылы Сырдария ауданы Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1979 – 89 жылы Жаңақорған аудандық партия комитетітінің бірінші хатшысы, 1989 – 91 жылы облыс партия комитетінің хатшысы, 1991 – 92 жылы облыс Кеңес төрағасының кеңесшісі, облыс атқару комитетінің бірінші орынбасары, Жалағаш ауданының әкімі (1992 – 97), 1998 жылдан облыс тәртіптік кеңестің төрағасы. «Құрмет белгісі», Халықтар достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Жаңақорған, Жалағаш аудандарының құрметті азаматы. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Жақсылықов Ысқақ (31. 10.1875, Верный уезі, Сарытауқұм болысы — 1930) — Жетісу өлкесінен шыққан алғашқы қазақ зиялыларының бірі, кәсіби дәрігер. 1888-96 ж. Верный ерлер гимназиясында оқыған. 1902 ж. Томск университетінің медицина факультетін бітірген. Қапал уезінің Көксу мекенінде (1902), Жаркент уезінің Подгорненское селосында учаскелік дәрігер болған. 1917 ж. Қарқарада, аштыққа ұшырағандарға жәрдемдесу үшін арнайы пункт ашқан. Оның әйелі Зұбайда — Көкшетау уезі Қотыркөл болысының басқарушысы Иса Мұхамедовтің қызы. Жақсылықтың өмірі мен қоғамдық қызметі туралы әзірше басқа дерек жоқ. ## Дереккөздер
Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы (1952 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – педагог, байланыс маманы, өлкетанушы. ## Өмірбаяны Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік педогогикалық институтын (1974), Атырау темір жол техникумын бітірген (1996). 1974 – 2000 жылдары нөмір үшінші Жетібай орта мектебі, Өтес мектебі, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, М.Әуезов атындағы орта мектеп, «Мейірбике» медициналық колледжінде мұғалім, оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында аға әдіскер болды. 2000 жылдан бастап Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Ақтау бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып жүр. ## Шығармашылығы «Валеология курсына көрнекті көмекші құрал» (2000), «Валеология» (машықтану жұмыстарының жинағы) (2001), «Валеология» (дәрістер жинағы) (2003), «Экология және валеология» (2004), «Экология», «Адай уезінің жазба мұралары» (2006), «Валеологиялық мәдениет қалыптастыру терминологиясы» (2007) кітапшаларының авторы.
Альвин Эрнестович Бимбоэс (1878 жыл, Германия, Кобург — 1942 жыл, Ленинград) — экономист-ғалым, социолог, журналист, қазақ халқының музыкалық шығармаларын жинастырушы. * Мюнхен, Гейдельберг университеттерінде, Карлсруэ қаласындағы политехникалық институтта және Берлиндегі коммерциялық институтта оқыған. * 1911 жылдан Ресейде тұрған. * 1919 — 22 жылдары Ақмолада тұрып, Көкшетау ауданы саяси бөлімінде нұсқаушы болып қызмет атқарған. ## Музыкалық зерттеулері Қызмет бабымен Ақмола губерниясында жүргенде 100-ге тарта қазақтың халық әндерін жазып алған. Олардың арасында Абайдың «Сегіз аяқ», «Татьянаның хаты», лирикалық «Жиырма бес», «Қыз Бикен», т.б. әндері бар. Ақмолада тұңғыш балалар музыка мектебін ашқан. Фортепьяноның, хордың, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен айтуға бірнеше дауыс ырғақтарын өңдеген. Оның 25-і «Музыкалық этнография» жинағына енген. Бимбоэс композиторлар А.К. Глазунов, А.В. Затаевичтермен кездесіп, хат жазысып тұрған. Оларға өзі жазып алған әндердің аудармасы мен өңделген нұсқасы жазылған қолжазбаларын, өзі салған суреттерін берген. Өмірінің соңына дейін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы КСРО Қаржы халық комиссариатының жанындағы Экономикалық зерттеулер институтында, әр түрлі басылымдар редакциясында қызмет істеген. ## Дереккөздер
Полымбетова Фатима Әбілқайырқызы (11.8.1929 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені — 2016) — ғалым-физиолог, биология ғылымының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақстанның еңбегі сіңген ғылыми қайраткері (1991). ҚазҰУ-ды бітірген (1951). 1951 — 93 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында, ал 1994 жылдан Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. Полымбетова мәдени өсімдіктердің биологиялық әр түрлілігін ескере отырып, оларды сақтау, тарату, қорын байыту және республика климатына төзімділігі мен өнімділігін арттыру жөнінде ғылыми бағыт қалыптастырды. Ол дәнді дақылдар, үрмебұршақ, қауын және қызанақтың бірнеше түрлері мен будандарын жинастырып, олардың гендік қорын зерттеді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің қолайсыз факторларға бейімделуінің тұрақты (перманентті) теориясын ұсынды. Оның басшылығымен бидайдың бірнеше жаңа сорттары (“Эритроспермум-350”, “Ақсай”, “Мирас”, “Отан”, “Әлем”, т.б.), құрамы белокқа бай үрмебұршақтың 2 сорты (Жоңғарлық, Ақтәтті) шығарылып, өндіріске енгізілді. Полымбетованың ұсынысымен Қазақстанның континентальды климатының (қысы — суық, жазы — ыстық, құрғақ) өсімдіктерге әсерін модельдеуге бейімделген арнайы жылыжай — фитотрон салынды. Полымбетованың жетекшілігімен 12 ғылыми докторы, 30-дан астам ғылыми кандидаты даярланды. 16 монографиясы, 300-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол 15-тен аса авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Шығармалары: Пайдалы өсімдіктер әлеміне саяхат, А., 1999 (телавт.); Применение физиолого-генетических методов в селекции. “Вестник КазНУ” (серия биологиялық), 2003, ғ2, (вып. 20), ауылы 63 — 66 (соавт.); Генофонд сортотипов фасоли в Республике Казахстан. Материалы Междунар. конф. “Развитие ключевых направлений сельского хозяйства в Казахстане: биотехнология, селекция, генетические ресурсы”, Астана, 2004, ауылы 143 — 148 (соавт.). ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы
Үрмебұршақ (лат. Phaseolus) — бұршақ тұқымдасына жататын белокты дақыл дар тегі. ## Сипаттамасы Тропиктік және субтропиктік өңірлерде өсетін 200-ден астам түрі белгілі. Үрме бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Оның дәнінің жер бетіне көктеп шығуы үшін топырақ қыртысының 5 — 6 см-індегі температурасы 12 — 13°С-тан артық әрі ылғал мол болуы керек. Гүлденуі мен бұршақ түюіне қолайлы температура 20 — 25°С. Оның дәнінде белок 17 — 23%, крахмал 50 — 60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, белогы адам организміне оңай (90%) сіңеді. Өнімділігі орташа алғанда әр га-дан 10 — 12 ц. Басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты үрме бұршақ топырақ құрамындағы азот қорын молайтатын болғандықтан және тез пісетіндіктен көптеген дақылдарға, әсіресе күздік бидайға алғы дақыл болып саналады. Қазақстанда 1991 ж. көкөніс ретінде үрме бұршақтың “Триумф сахарный-764” және “Грибовская-92” сұрыптары аудандастырылып егілді. ## Дереккөздер
Жүсіпқалиев Батырғали-(15.9.1883, Астрахан губ., қамыс-Самар қисымы, 4-болыс 10.2.1916) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Болыстық орыс-қазақ мектебін және Астрахан гимназиясың (1911) тәмамдады. Жылына 300 сом мөлшерінде 1911 ж. Ішкі Орда қазақ қоғамдары белгілеген стипендиямен Саратов ун-тінің мед. ф-тіне түсті. 1912 ж. күздеөз өтінішімен қазан ун-тінеауыстырылды. 1913 ж. Саратовун-тіне қайтып оралды. 1915 ж.университетті бітірген соң Астрахан губ-ның Ішкі Ордадағы1-мед. учаскесіне қызметке жіберілді. Хан ставкасы кентіндедәрігер К.Парамоновпен біргежүмыс істеді. Учаскені аралапжүргенде бөртпе сүзек ауруынжұқтырып, қайтыс болды.Әлжанов А., ШокинӘ., Досаханов Ә., Алғашқықазақ дәрігерлері, А., 1984. ## Дереккөздер
Азат етілген Джанго (ағылш. Django Unchained, [dʒæŋɡoʊ ʌntʃʲeɪənd], Джәңгоу анчейынт) — режиссёр Квентин Тарантиноның спагетти-вестерн жанрындағы 2012 жылы шыққан көркем фильм. ## Сюжеті «Дантист» деген лақап аты бар ақылы түрде қылмыскерлерді жоюмен айналысатын Кинг Шульц Жабайы батыста қауіпті банданың көзін құртпақ болады. Оған бұл іске сенімді көмекші қажет. Осы кезде қашып жүрген Джанго есімді құлды кездестіреді. Десек те, жаңа көмекшінің бұл іске қатысты өз есебі бар. ## Рөлдерде ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Азат етілген Джанго» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * «Азат етілген Джанго» ресми сайты Мұрағатталған 30 шілденің 2012 жылы. * «Азат етілген Джанго» Киностан сайтында Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2015 жылы.
Сағидолла Кәрімов (12.6.1941 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы) – медицина ғылымының докторы (1983). * 1964 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. * 1964 жылдан Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. * 1975 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері вирустар экологиясына арналған. 2 авторлық куәлік алған. ## Дереккөздер
Көтібаров Әли (25.12. 1871, бұрынғы Сырдария облысы Перовск уезі, Патша болысы, 7-а. – ақпан, 1926, Қызылорда облысы Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданы Шіркейлі ауылы) – алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі. Сырдария өңіріндегі белгілі ақсақал К.Итаяқовтың отбасында дүниеге келген. Ташкент гимназиясын (1893), Санкт-Петербург Әскери-медицина академиясын (1898) бітірген. Академияны бітіргеннен кейін (1898) Жаяу әскерлер Суздаль полкіне (Ресей) кіші дәрігер болып тағайындалады. Әскери міндетін өтегеннен кейін, 14-Түркістан линиялық батальонының кіші дәрігері болып тағайындалған. Одан кейін Кершек лазаретіне жіберіліп, 2-Түркістан артиллерия бригадасы 6-батареясының санитарлық бөлімінің меңгерушісі болған. Жетісу майданында ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізген 1918 – 19 жылдары Черкасск қорғанысы аудандарындағы лазаретті басқарды. Оның тікелей басшылығымен лазарет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жетісу ақтардан азат етілген соң, Ташкент қ-на қайта оралып, дәрігер болған. 1922 ж. Перовск уездік (қазіргі Қызылорда қ.) денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. Өмірінің соңына дейін ол қалалық аурухананың меңгерушісі болып еңбек етті. Ол туған ауылында, бабалары жатқан Көтібар мұнарасында жерленген. ## Дереккөздер
Әлібаев Мырзағали Алдабергенұлы (1901, Адай у. – өлген жері белгісіз) – партия, кеңес қызметкері. Форт-Шевченкодағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін (1917), жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1919 ж. Астрахан губернаторлығындағы балық кәсіпшілігінде жұмысшы, БКП(б) мүшесі. Фортты ақтар басып алған соң Астраханға барып, сонда 11-армияның саяси бөлім курсын оқып бітіріп, сол өңірде үгітші-ұйымдастырушы болды. Астраханды ақтар шабуылынан қорғауға қатысқан. 1920 ж. Астрахан губ-нда партия ұйымын құру үшін Маңғышлаққа ауысады. 1921 ж. уездік к-ттің мүшесі. 1922 ж. ҚазОК мүшелігіне кандидат, 1923 – 26 ж. уездік кәсіподақ комитетінің төрағасы, губ. партия комитетінің нұсқаушысы, 1927 – 31 ж. Шу ауданы партия комитетінің хатшысы, 1931 – 33 ж. Шығыс Қазақстан, Семей облысы ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісінің орынбасары, 1934 – 36 ж. Мәскеудегі марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы, өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы, балалар үйі басқармасының бастығы, 1939 – 41 ж. балалар үйінің директоры, 1941 – 51 ж. Ақмоладағыпедогогикалық ин-ттың директоры, партия қызметкері болып істеген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер