text
stringlengths 3
252k
|
---|
Гутковский Карл Казимирович (1815, Ресей, Каменец-Подольск губ. – 1867) – Ресейдің әскери қызметкері, Қазақстанды зерттеуші, Ш.Ш.[Уәлихановтың ең жақын достарының бірі. Кадет корпусы мен Ресей Бас штабының әскери академиясын бітірген. Батыс Сібір ген.-губернаторы, князь Г.Г.Горчаковтың аға адъютанты, Семей облысы губернаторының жәрдемшісі (1847), Ұлы жүз қазақтарын басқарушы (1850), Сібір қазақтары облысы басқармасының төрағасы, сол облыстың әскери губернаторының жәрдемшісі (1851–1963) болған. Омбыға келгеннен бастап (1838) Г. әкімш. қызмет атқарумен қатар, қазақ даласын зерттеу ісімен де шұғылданған, Сібір Кадет корпусында геогр. мен геодезиядан сабақ берген. Уәлихановтың ғыл. мұрасын баспаға әзірлеу ісіне ат салысқан. 1865 ж. Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін Орыс геогр. қоғамында ғалымның еңбектерін жинап, баспаға даярлау жөнінде мәселе көтерген. Сол жылы Уәлиханов еңбектерінің толық жинағын жарыққа шығару жөнінде комиссия құрылып, оның жауапты хатшысы болып генерал Г. сайланды.
## Дереккөздер
<references> |
Құлынды даласы, Құлынды жазығы – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі өңір.
## Географиялық орны
Ресейдің Алтай Республикасы мен Қазақстанның Павлодар облысы аумағында.
## Жер бедері
Аумағы 100 мың км2. Теңіз деңгейінен 100-250 м биіктікте жатқан Күшік, Құлынды, Бөрілі (Бурла), т.б. шағын өзендер бар.
## Климаты
Климаты тым континенттік; қаңтардағы орташа температурасы -17 -19°С, шілдеде 19-22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-350 мм.
## Өсімдігі
Карбонатты қара және қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі-бозды, бидайықты, жусанды дала ландшафтысы қалыптасқан.
## Дереккөздер |
Темірболат Тайырұлы Ахметов (7 ақпан 1947 жыл, Көкшетау қаласы) — жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001). ҰҚК-нің запастағы подполковнигі (1997). 1971 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын бітірген соң Ш.Уәлиханов ауданының санэпидстанциясы бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1976-1997 жж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет органдарында қызмет істеп, подполковник шенінде запасқа шықты. 1997 жылдың мамырынан «Барыс» күзет-детективтік агенттігін басқарды.
* Қарағанды медициналық институтын бітірген (1971).
* Бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының бас санитарлық дәрігері (1971 — 1976)
* Көкшетау облысы СЭС-нда зертхана меңгерушісі.
* Қазақстан ҰҚК-нде қызметкер (1976 — 97).
* Қазіргі уақытта «Барыс» детективті агенттігінің басшысы.
## Шығармалары
### Повесттері
* «Алтын самауыр»
* «Үнсіздік анатомиясы»
* «Барыс агенттігі»
* «Кобраның күлкісі»
* «Бағдарламада Сенсация»
### Пьесалары
* «Дертім менің, жұлдызым менің, Сәкен»
* «Шәкәрім»
### Әңгімелері
* «Ұзатып салу»
* «Ер ұрыста қаза табуға тиіс»
* «Инфаркт»
* «Аштық»
* «Ақынның соңғы күні»
### Аудармалары
* Жазушы Қ.Исабаевтың бірқатар туындыларын орыс тіліне аударды.
### Детективтік хикаялары
* «Шахиняның құпиясы»
* «Сатуға арналған брилианттар»
* «Томирис патшайымның диадемасы»
* «Көк күмбездердің панасында»
* «Мамандықтың кесірлері»
* «КГБ өмірінен кейбір болжамдар»
## Дереккөздер |
Күнқыран хан - Ақ Орданың ханы (1251 -1280). Рашидаддин Хамаданидың Жами аль-тауарихында ("Жылнамалар жинағы") Күнқыран Орда Ежен ханның төртінші ұлы делінген. Орда Еженнің Жошы ханның үлкен ұлы екені белгілі. 1256 жылы Күнқыран ханның інісі Құли Парсы жеріндегі Хулагу ханның әскеріне көмекке аттанды. Бағдад қаласын қоршағаннан кейін (1258) белгісіз жағдайда Құли қаза болды. Соның кесірінен Жошы ұлысы мен Илхандар мемлекетінің қарым-қатынасы суый түсті. Оның билігі кезінде Орда Еженнің кейбір ұрпақтары Арықбұғаны хан сайлауға қатысып, Құбылайға қарсы азаматтық соғыста қолдау көрсеткен. Ол қайтыс болғанда бірде-бір еркек кіндікті мұрагері қалмағандықтан, таққа оның жиені Көшу отырды.
## Тағы қараңыз |
«Теджен»— Түркмен темір жолдарының құрылып жатқан бекеті.
## Дереккөздер |
Любовь Алексеевна Абукаева (25 желтоқсан, 1969 жыл, Башқұрт АССР) — марий филологы және фольклоршы. Филология ғылымдарының докторы.
## Биография
1987 жылы Башқұрт мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті. 1990 жылы ол Марий мемлекеттік университетіне оқуға жіберіледі. Ол «Филолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен,1992 жылы бітірді. |
Күләш Ділдәқызы Ахметова (1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын, журналист, аудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Жамбыл облысының құрметті азаматы. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
## Толығырақ
* Күләш Ділдәқызы Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген.
* Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген
* 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін мейірбике мамандығы бойынша бітірген
* 1973 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген
* Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
* «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды.
* Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.
## Марапаттары
* 1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді
* 2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* «Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
* 2006 жылы - Құрмет ордені
* 2017 жылы - Парасат ордені
* Жамбыл облысының құрметті азаматы
* ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әдебиет саласындағы мемлекеттік және президенттік степендияларының иегері.
## Өлеңдері
* Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975
* Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977
* Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979
* Мейірім. «Жалын», 1981
* Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982
* Жасыл жағалау. «Жалын», 1984
* Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985
* Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987
* Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987)
* Наурыз нұры. «Жазушы», 1991
* Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996
* Бақ. «Атамұра», 2006
* Құт. «Дәуір», 2006
* Махаббат. «Дәуір», 2007
* Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011
* День отрады, «Седьмая верста», 2014
* Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014
* Орман. «Фолиант», 2015
* Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015
* Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған.
* А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.
* Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.
## Отбасы
* Әкесі - Ахметов Ділдә, марқұм, жұмысшы болып жұмыс істеген
* Анасы - Құдайбергенова Бегзада, марқұм, қызметкерболып жұмыс істеген
## Дереккөздер |
Оте́нио А́бель (нем. Othenio Abel; 20 маусым, 1875 жыл, Вена - 4 шілде, 1946 жыл, Мондзее) - австриялық палеонтолог.
## Басты еңбектері
* Grundzüge der Paläobiologie der Wirbeltiere, Stuttg., 1912
* Lebensbilder aus der Tierwelt der Vorzeit, Jena, 1922
* Geschichte und Methode der Rekonstruktion vorzeitlicher Wirbeltiere, Jena, 1925
* Vorzeitliche Lebensspuren, Jena, 1935.
## Сыртқы сілтемелер
* Абель Отенио |
«Қыран көлеңкесіндегі жылан» (ағылш. Snake in the Eagle's shadow) — жекпе-жек өнерінің элементтері қолданылған 1978 жылғы гонконгтық фильм. Режиссері Юнь Вопхин (Юань Хэпинмен бірге). Бұл фильм режиссердің тұңғыш жасаған туындысы.
## Сюжеті
Қытай Цин династиясының дәуірінде. Жетім әрі кедей Кань Фук (Цзянь Фу) кездейсоқ куң-фу шебері Пак Чёнтхинюды (Бай Чжантяню) құтқарып қалады. Пак Чентхиню Жылан Жұдырығы мектебінің ең соңғы тірі қалған өкілі болатын. Жылан Жұдырығын жауыз Қыран Тырнағы қауымдастығы жойып жіберген. Кеңжүректі шебер бозбаланы шәкірт етіп алып, өзінің ұрыс стилін үйретті. Ал шәкіртінің таланттылығы соншалық, ұстазының ұрыс тәсілдерін жинақтап, өзінің жеке стилін ойлап табады. Себебі Жылан Жұдырығын пайдаланған Цзян Фу стилдің көп жағдайда, Қыран Тырнағынан қалыс қалатынын байқайды. Ойлап табылған жаңа стиль Цзян Фуге ұстазы мен өзінің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
## Сілтемелер
* Қыран көлеңкесіндегі жылан (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* Hong Kong Cinemagic |
Қоскөл – Қараторғай өзені алабындағы көл.
## Географиялық орны
Арғанаты тауларының солтүстік-батыс бөлігінде. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылының солтүстік-шығысында 43 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 443 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 5 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км, ең терең жері 2,3 м, су көлемі 7 млн. м3, су жиналатын алабы 56 км2. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жауын-шашын және жер асты суларыменг толығады. Мал суаруға пайдаланылады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде Қамыстыкөл көлі, шығысында Ханым, оңтүстігінде Сарыадыр, батысында Қайыңдышоқы таулары бар.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Тобыл алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында, Раздольное ауылынан 12 км оңтүстікте, теңіз деңгейінен 228 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 3,4 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 6,4 км. Шарасында жыл бойы су болады. Көктем айларында бірігіп, жазда екіге бөіленді. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді.
## Жағалау сипаты
Ендік бағытта созылып жатқан көл жағалауы жазық. Батысы мен солтүстігінде қамыс шоғырлары өскен.Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады. 25% алабы егістікке жыртылған.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Атбасар ауданы Есенкелді ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 356 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 1,7 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 6,5 км. Екінші көлдің аумағы 1,6 км2 шамасында. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Шығысында Құбакөл, оңтүстігінде Айдарлы көлдері бар. Жағалауы - шабындық.
## Дереккөздер |
Құздықара, Көздіқара, Қоңқа – Ойыл алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км.
## Бастауы
Бастауын Жасқайрат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде Ойыл өзенінен бөлініп шығып, Байтақ, Қаттыкөл көлдеріне құяды. Жоғары ағысында Орлы көлі орналасқан.
## Гидрологиясы
Жоғарғы және орта ағысы сортаңды шалғынды жазық жермен ағады. Қосқұлақ қыстауынан төменде құмтөбелер арқылы өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Сағасына таяу жерде бірнеше шағын тұзды көлдер жатыр. Арна суы Ойыл өзеніне тікелей байланысты. Жағалау бойы, әсіресе төменгі және жоғарғы ағысы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қоныша хан (Көшу, Қоншы) - 1280-1302 жылдар аралығында билік еткен Ақ Орда ханы.
## Биографиясы
Ол Орда Еженнің үлкен ұлы Сартақтай мен қоңырат тайпасының қызы Құжиянның үлкен баласы. Марко Полоның сөзінше Қоныша ханның кезінде халық саны өте көп болған, әрі бейбіт өмір сүрген. 1280 жылы ол Юань династиясының Ұлыханы Құбылайға достық ниеттегі хат жолдады. Құбылай оған қарымта ретінде үлкен көлемді астық пен Қытайдың бағалы заттарын жіберді. Рашид-ад-Дин Хамаданидың сөзінше ол Персиядағы Илхандық туыстарымен де достық қатынаста болған. Рашид аль-Дин Хамадани Қоныша ханның Қайдумен де одақтас болғанын айтады. Қоныша шағатайлықтардың Ғазна мен Бамиан аймақтарын қол астына қаратты. Шағатай ұлысының ханы Барақ одан Иранға шабуылдамас бұрын қол астындағы жерлерден бас тартуды талап еткенде, Қоныша оның талабымен келіспеді. Ол өте ықпалды билеуші болды. Бөржігіндік билеушілер өзара қырқысқанда Қоныша ханнан көмек сұраған. Қоныша хан 1302 жылы салмағының көбеюінен қайтыс болды.
## Тағы қараңыз |
Ильшат Раисұлы Шабаев — (8 қаңтар 1978, Комсомол, Орынбор облысы, РКФСР, КСРО) — ресейлік биші, мюзиклдердің хореограф әртісі , өзі орындаушы, өзі тректер. MTV телеарнасындағы "Звезда танцпола" жобаның жеңімпазы.
## Өмірбаяны
Ильшат Раисұлы Шабаев Орынбор облысы, Комсомол Александров ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Ильшат Шабаев Орынбор училищесіне түсіп, оқу кезінде ол түрлі би бағыттарда жұмыс атқарады. 18 жасында Мәскеу мемлекеттік мәдениет университетіне (қазіргі МГИК) оқуға түседі. Оқу бітіргеннен кейін Ильшат жыл бойы аты аңызға айналған Игорь Моисеевтің ансамблінде жұмыс істед. Ильшаттың бірінші мюзиклы - әйгілі "Нотр-Дам де Пари".
2003 жылы биші ретінде қызмет атқарды хореограф бастап әнші, қатысушысы, "жұлдыздар Фабрикасы-2" Иракли, гастролируя онымен ел бойынша. Сондай-ақ, хореограф ретінде жұмыс істеді мұндай орындаушылары, Алсу, Влад Топалов, Сергей Лазарев және басқа да.2006 жылы Ильшат жұмыс істеді келісім-шарт бойынша — Израиль би биледі " атты орасан зор шоу "One" белгілі израильдік әнші Риты. Сондай-ақ, ол келісім-шарт бойынша Қытайда.Осыдан кейін Ильшат жаңадан белсенді жұмыс істейді мюзиклах. 2010-2012 жылдары ол ойнаған екі қойылымдарына, режиссер болатын Егор Дружинин. Әңгіме туралы мюзиклах "Махаббат" және "тыңшылық" (пьесасы бойынша Е. Греминой "Көз") Ларисой Долиной және Дмитрий Харатьяном басты рөлдерде және "Мен — Эдмон Дантес" (романының желісі бойынша. Дюма "Граф Монте-Кристо"), онда басты рөлдерді орындап, Дмитрий Певцов және Наталия Власова.Келесі 2013 жылы әйгілі мюзикл "Чикаго", бірнеше рет қойылған Бродвее. Айтуынша, хореограф, дәл осы зал толы болған ол ең үлкен тәжірибе. Ол игерді, мұндай жанр ретінде "Фосси".2014 жылдың жазында Ильшат орындады рөлі Гопчика зал толы болған "Однажды в Одессе ұйымдастыруымен танымал одноименному сериалу.Сондай-ақ, Ильшат қатысты осындай мюзиклах "Bombay Dreams", "Мысықтар".
2014 жылдың күзінде ТНТ телеарнасында басталды жаңа би шоу — проект "Би", "сыйға тартты мүмкіндік барлық сүйетін жылжыту және билеуге, өз күшін сынап, өздерінің сезімін".Бұл телевизиялық жобаға 280-нен астам бишілер 77 қалалар Ресей. Кастинг басталды 2014 жылдың сәуір айында. Бас жүлде телешоу — " ең үздік биші ел 3 миллион сом.Телевизиялық кастинге Мәскеуде Ильшат әділ-қазылар алқасына биі заманауи хореография стилінде астында тректі Lana Del Rey "Young & Beautiful" қарағанда, таң қалдырды судьялар. Тәлімгер Ильшата болды хореограф, режиссер және актер Егор Дружинин.10 жарыс шығарылымы Ильшат станцевал 10 би дуэтте және бір сольно.
## Ескертпелер |
Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан (1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — актер. Қазақстанның Мәдениет қайраткері (2011). Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының және "Екі Езу" әзіл - сқақ театрының директоры..
## Толығырақ
* Нұрлыбек Хайруллаұлы 1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр елді мекенінде дүниеге келген.
* 1986 жылы Орта мектепті бітірген.
* 1990 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы Әль - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты)ның «Мәдени, ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» факультетінің театр бөлімін бітірген.
* 1995 - 1997 жылдары Ақтөбе облыстық филармониясында және Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің театр бөлімінде еңбек етті.
* 1997 - 1999 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетіне меншікті тілші.
* 1998 жылы құрылған ақтөбелік «Екі езу» эстрадалық-миниатюра театрының негізін қалаушысы болды.
* 2008 жылы өзінің «Ауылдағы Айтқыштар» атты жинағын жарыққа шығарған. Ол жинаққа интермедиялар мен монологтар, әзілдер мен өлеңдер жиынтығы енгізілген.
* 2004 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
* 2010 жылдан Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.
* 2013 жылдан Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры.
## Марапаттары
* 2002 жылы Ақтөбе облысының жыл адамы атағы.
* 2004 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет Грамотасы» мен марапатталған.
* 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері құрметті атағы берілді.
* 2012 жылы Ақтөбе облысының әкімінің арнайы сыйлығының иегері.
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жеткерген Байбосынов (16 мамыр1948 жыл; Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы - 20 шілде 2000 жыл, сонда) — қазақ жазушысы, ақын, сазгер.
Өзінің ғашығына арнаған «Сол бір кеш тілге келгенде» атты Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған өлеңге әуенін жазып қазақ халқына танымал болған. Жеткерген жас кезінде осы әннің сөзін өзі жазған көрінеді. Кейіннен Жұмекен Нәжімеденовтің «Сол бір кеш тілге келгенде» атты өлеңін естіп, қатты ұнатады. Содансоң өзі жазған әннің сөзін Жұмекеңнің сөздеріне өзгертеді. Осы жайында тіпті Жұмекен Нәжімеденовпен хат алмасқаны бар. Жеткерген сазгерлігімен қатар ақындығыда қазақ халқына танымал. Жеткергеннің үш баласы бар: Жұбатқан, Сәкен, Ілияс. Немерелері:Жұбатқаннан тараған Арман, Асан, Әлихан. Сәкеннен тараған қызы Аружан ұлдары Абай, Абылай хан, Алдияр. Ілиястан тараған ұлдары Әлияс пен Аят, қызы Айя. |
Қарамола – Ұлытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі шоқылы тау.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Қарсақпай кентінің солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 643 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Солтүстігінде Қантөбе тауы, шығысында Қызылқұдық, оңтүстігінде Тасқұдық құдықтары, батысында Пионер қыстау орналасқан. Тау баурайындағы бұлақтардан Бала Жезді, Тумырза-Сарыбай өзендері бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы протерозой дәуірінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Аласа таудың қоңыр, бозғылт сұр топырақ жамылғасында ырғай, қараған, тобылғы, қылқан селеу, сұлыбас, еркек шөп, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Құздықара – Сағыз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы-38 км.
## Бастауы
Бастауын Шөлтөбе қыстауының батысындағы абсолюттік биіктігі - 200 м болатын жарқабақ етегіндегі бұлақтардан алып, Сағыз өзеніне оң жағынан құяды.
## Гидрологиясы
Жоғары бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, төменгі сағасы Аққұмсағыз құмымен ағады. Жағалауында бұта аралас жусан, бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер өседі. Негізінен көктемгі еріген қар суымен толығады. Жазда тартылып, құрғап қалады.
## Дереккөздер |
Қоскөл — Теңіз-Қорғалжын ойысындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы, Көркем аулының оңтүстік-шығысында 19 км жерде орналасқан. Есіл алабында. Теңіз деңгейінен 332 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, қамыс өскен. Солтүстігінде Шұңқыркөл, шығысында Самарбай, батысында Жарлыкөл, оңтүстігінде Ұзынкөл көлдері жатыр. Суының тұздылығы орташа. Мал суаруға жарамды.
## Дереккөздер |
Тоқтақия хан— 1377 жылы билік еткен Ақ Орданың ханы.Тоқтақия — Ұрыс ханның екінші ұлы. Ұрыс ханның Алтын Орда мен Ақ Орданың ханы болғаны белгілі. 1376 жылы Ұрыс ханның үлкен ұлы Құтлық Бұға Тоқтамыспен шайқаста қаза болғаннан кейін, одан кейінгі жас жағынан үлкен болғандықтан таққа отырды. Ұрыс ханның Тоқтамысқа қарсы жіберген әскерлерге басшылық жасап, оны тас-талқан еткен. Ұрыс хан мен Әмір Темірдің арасындағы шиеленіс 1376 жылға дейін жалғасты. Алайда Ұрыс хан аяқастынан қайтыс болып, Темірлан жағдайды бағамдап, Тоқтамысты барлығын өзі-ақ тындырады деп шешті. Тоқтақия таққа отырса да, көп ұзамай екі ай өткен соң дүниеден өтті. Таққа Ұрыс ханның тағы бір ұлы Темірмәлік отырды.
## Тағы қараңыз |
Қарасай – Сарысу алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 1680 км2.
## Бастауы
Бастауын Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі Желдітау сілеміндегі бұлақтардан алып, Мұңлы тауының шығысында Көктас өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Көктем айларында ғана арансында ағын болады. Суына мал суарылады.
## Дереккөздер |
Карл Айгенман (ағылш. Carl H. Eigenmann; 1863 жыл, Обердердинген - 1927 жыл, Сан-Диего) - неміс-американдық ихтиолог.
## Карьерасы
1886 жылы Айгенман бакалавр дәрежесін алды және Осыдан кейін көп ұзамай Калифорнияға кетті. Ол жақта ғалым өзінің болашақ жары Роза Смитпен танысады. 1887 жылы 20 тамызда олар үйленді және бірге Гарвард университетіне тапсырды.
## Публикация
* The leptocephalus of the American eel and other American Leptocephali, C.H. Eigenmann et al, 1902
* The Freshwater Fishes of British Guiana, including a study of the ecological grouping of species, and the relation of the fauna of the plateau of hatof the lowlands, C.H. Eigenmann, 1912
* On Apareiodon, a new genus of characid fishes, 1916
* The fishes of Western South America. Part I, C.H. Eigenmann, 1922 |
ЛАТЫШЕВ Георгий Дмитриевич (4.11.1907, Ресей, Брянск облысы Бежица қаласы – 3.4.1973, Киев қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1946), профессор (1940), Украина ғылым академиясының корреспонденция мүшесі (1948), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген (1929). Украина (1930–41, 1941–46, 1965–73), Ресей (1953–58) ғыл.-зерт. және жоғары оқу орындарында жұмыс істеді. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтын ұйымдастырып, оның директоры (1958–65) болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері ядролық физикаға (γ-сәулесінің затпен әсерлесуі, ядролық резонанс, γ-дефектоскопия, ядролық спектроскопия) арналған. 1932 ж. К.Д.Си-нельников, А.И.Лейпунский және А.К.Вальтермен бірге КСРО-да тұңғыш рет жасанды үдетілген бөлшектермен атом ядросының жіктелуін жүзеге асырды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1949).
## Дереккөздер
Активный осадок радиотория, М., 1960; Спектрометр с двойной фокусировкой, А.-А., 1962 (соавт.); Ядерный магнитный резонанс в проточной жидкости, М., 1964 (соавт.). |
ЛАМОНОВ Иван Михайлович (1945 ж.т., Ақмола облысы. Макин ауданы Пушкино селосы) – техника ғылымының докторы (1996).
## Өмірбаян
Ламонов Иван Павлодар индустриялық институтын (1973, қазіргі Павлодар мемлекеттік университеті) бітірген. «Целиноэнерго» бірлестігінде инженері, аға инжинер (1973–86), «Целиноэнергоремонт» директоры, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында аға оқытушы (1992–95, қазіргі Астана аграрлық университеті), профессор (1997–98) қызметтерін атқарды. «Создание научных основ и разработка комплексов электротехнического оборудования для восстановления и упрочнения деталей в энергетике методом ионно-плазменной обработки» деген тақырыпта доктторлық диссертация қорғады.
## Еңбектері
30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография, оқу құралдарының авторы, 2 патенті бар. 1995 ж. «Бирмингемнің алтын алауы» атты халықаралық сыйлыққа ие болды.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Қадыров Нұрғали Тасилыұлы (1916-2001) ғалым-мал дәрігері, малдәрігерлік ғылым докторы (1984),профессор (1985). 1942-1945 жылдары ҰОС-на қатысқан. Мәскеу малдәрігерлік академиясын бітірген (1942). Шахтадағы машина машинисінің көмекшісі, машинисі,1937-1938 мал дәрігері, 1946-65 жылдары Ақмола обысы ауыл шарашылық басқармасы мал дәрігерінің бөлімінің бастығы, малдәрігерлік-бактериол. Зертхананың ,1965 жылдан бастап Алматы ауыл шаруыашылық институты эпизоология және паразилогия кафедра меңгерушісі,доценті. Ғылыми жұмысының басты бағыты-қой мен жылқының гельминтозы,эпизоолгия мен малдәрігерлік-профилактикалық шаралар. КСРО ордендерімен және медальдарымен мараппаталған. Астана қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер
А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет. |
Воронов Геннадий Иванович (31.7.1910, Калинин облысы)- Советтік мемлекет және партия қайраткері. 1931 жылдан КОКП мүшесі. Еңбек жолын 1929 жылы Череповец пен Пермь заводттарында электр монтерлік жұмысты бастаған. Томск индустрия институтын (1936) бітірді, Новосибирск марксизм-ленинизм институтында оқыды. 1937-1938 жылдары Томск қаласы,Киров ауданы партия комитеті үгіт-насихат бөлімнің меңгерушісі, 1939-1955 жылдары Чита облысы партия комитетінің секретары және оның 1-секретары, 1955-1957 жылдары КСРО А.ш министрінің орынбасары, 1957-1961 жылдары КОКП Орынбор облысы комитетінің 1-секретары болды. 1971-1973 жылдары КСРО Халықтық бақылау комитетінің председателі. 3-8 сайланған КСРО Жоғары Советінің депутаты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Волконский Григорий Семенович (1742-1824)-князь, инфантери генералы, Орынбор облысының әскери губернаторы (1803-17), 1817 жылдан мемлекеттiк кеңес мүшесі. Оның тұсында Новоилецк шекаралық бекініс шебі салынып, Орынбор шекаралық шебінің сырт жағы қонысқа айналды. Ол үшін қазақтар жерінен ығыстырылды. Шептен малын айдап өткені үшін қазақтардан ақы алу, шекаралық селолар мен қалаларға жұмысқа жалданған қазақтар үшін арнаулы билет жасатып, билет ақы төлету жүйесін енгізді. Оның тұсында Бөкей ордасына қарасты жерлерді оралдық орыс-казак әскерлері басып ала бастады.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Пантусов Николай Николаевич (11.5.1849, Ресей, Херсон облысы Николаев қаласы – 7.6.1909, сонда) – шығыстанушы, этнограф. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген соң (1871), Түркістан өлкесінде қызмет істеді. 1872 – 1908 ж. ол өлкеде әр түрлі әкімшілік қызметтер (Жетісу облысы әскери губернаторының кеңсе меңгерушісі, Жетісу облысы мен Құлжа ауданы бойынша оқу мекемелерінің меңгерушісі, Түркістан генерал-губернаторының айрықша тапсырмалар жөніндегі шенеунігі, т.б.) атқара жүріп, Қоқан жорығына қатысты. Пантусов әкімшілік қызметін ғылыми жұмыстарымен сабақтастыра жүргізіп, қазақ, өзбек, тараншы (ұйғыр), т.б. шығыс тілдерін үйренумен тыңғылықты шұғылданды. Оның ғылыми ізденісі негізінен Жетісудың тарих, археология, нумизматика, этнография, лингвистика мәселелері және шығыс қолжазбаларын зерттеу болды. Жетісуда христиан-несториан қабірлерін тауып, оны зерттеумен айналысты Пантусовтың есімі археологияда кеңінен мәлім болды. Ол Жетісудан, Шу алабынан, қырғыз жерінен мұндай қабірлердің бірнешеуін қазып, олардың басына қойылған құлпытастағы жазулар мен крест арқылы бұл өңірлерде 8 – 10 ғасырларда несториан бағытындағы христиандықтың болғандығын дәлелдеді. Осы еңбегі үшін ол императорлық археологиялық комиссиясының корр. мүшесі (1895) болып сайланды. Түркістан өлкесінен көптеген көне мұраларды (шығыс қолжазбаларын, көне түркі жазба тастарын, теңгелерді) жинап, Ресей мен Түркістан, Жетісу облысы музейлеріне өткізіп тұрды. Жетісу өлкесінен сирия-түркі жазуларын тауып, оқыды, Қоқан хандарының архивін алғашқылардың бірі болып зерттеді. Пантусов басқа да көптеген ғылыми еңбектер жариялаумен бірге Жетісу облысы халықтарының тарихы, археологиясы, этнографиясы, тілі, нумизматикасы жөнінде бірнеше еңбектер, әсіресе Жетісу, Құлжа өлкелеріндегі ұйғыр, қазақ халықтарының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, көптеген еңбектер жариялады. Ол орыс археологиялық қоғамының мүшесі, Мәскеу археологиялық қоғамының корр. мүшесі (1886), толық мүшесі (1889) болып сайланды. Тараншылардың өлең-жырларын жинап, жариялаудағы еңбегі үшін Пантусов орыс географиялық қоғамының кіші алтын медалімен марапатталған. Оның қазақ тілі мен фольклорына байланысты жазған
* “Материалы к изучению казак-киргизского наречия” (1899 – 1904)
* “Образцы киргизской литературы” (1909) еңбектерінің құндылығы жоғары.
## Дереккөздер
* Самойлович А.Н., Хивинская сатира на казах-кирги-зов (посвящается памяти Н.Н. Пантусова), “Уч. зап. Восточного отделения Русского археологического общества”, т. 10, СПб., 1910
* Кононов А.Н., Биобиблиографический словарь отечественных тюркологов, М., 1974. |
Виноградов Павел Гаврилович (30.11.1854, Кострома,- 19.12.1925, Париж)- орыс тарихшысы, орта ғасырдағы Англияның аграрлық тарихын зерттеген ірі ғалым. Мәскеу университетінің профессоры (1884). 1902 жылдан Англияда тұрып, Оксфорд университетінің профессоры болды.1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін оңшылдыққа бой ұрды. Қазан революциясынан кейін Совет өкіметінің дұшпанына айналып, ағылшын азаматтығын қабылдады.
## Негізгі еңбектері
«Лангобард Италиясындағы феодалдық қатынастардың пайда болуы»«Орта ғасырлардағы Англияның әлеуметтік тарихи жөніндегі зерттеулер»«Англиядағы вилландық»«11 ғасырдағы ағылшын қоғамы»
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
## ҚазҰМУ миссиясы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет
## Университет құндылықтары
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):
* Елге қызмет (лат. Servire)
* Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
* Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
* Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
* Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
* Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
* Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
## Тарихы
Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.
1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты..
Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.
### Соғыс жылдары
Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.
Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.
### XX ғасыр
Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.
XXI ғасыр
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.
2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.
Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды.
* Медициналық симуляция орталығы
* Коммуникативті дағдылар орталығы
* Фармацевтикалық дағдылар орталығы
* Тіс емдеу дағдылар орталығы
* Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
* Апат медицинасы орталығы.
* Компьютерлік сынып
## Халықаралық ынтымақтастығы
ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:
## ҚазҰМУ символдары
### Логотипі
Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.
«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.
### Туы
Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.
### Гимн
Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.
### Университет атауы
Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:
* 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
* 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
* 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
* 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
## Факультеттер мен кафедралар
Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.
* Жалпы медицина мектебі 1
* Жалпы медицина мектебі 2
* Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
* Фармация мектебі
* Стоматология мектебі
* Педиатрия мектебі
* Халықаралық факультет
* Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)
Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
### Жалпы медицина факультеті
Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.
## Инфрақұрылым
Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.
### Институттар
* Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ)
* Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
* Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы.
* Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
### Клиникалар
Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.
* Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы.
* ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
## Ректорлары мен директорлары
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.
## Әйгілі түлектері және қызметкерлері
Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:
* Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
* Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер.
* Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты.
* Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері.
* Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап).
* Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды.
* Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия)
* Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы.
* Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Дереккөздер |
Лев Владимирович Кулешов (13. 01. 1899, Тамбов — 29. 03. 1970, Мәскеу) — совет кинорежиссері, кино теоретигi, педагог, профессор (1939), өнер тану ғылыми докторы (1946), РКФСР халық артісi (1969). 1945 жылдан КОКП мүшесi. Кинодағы қызметін 1916 жылы суретшi ретінде бастады. 1918-1920 жылдары Азамат соғысы кезіндегі майдан өмірі жайлы документті фильмдер түсіруге басшылық етті. 1919 жылы Мемл. кино мектебінде оқу шеберханасын ұйымдастырды. Ол - кино өнерінің теориясы мен практикасы жайлы зерттеулердiң авторы. Ленин ордені және Еңбвк Қьгзыл Ту орденмен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Кулешов Павел Николаевич - селекционер-ғалым, КСРО FА-ның корр. мүшесі (1928), профессор (1889). РКФСР-дiң ғылым мен техникаға еңбек сiң. қайраткері (1927). Харьков мал дәрігерлік институтын (1875), Петров егіншілік және орман академиясын 1879 жылы бiтiрді, зоотехния кафедрасына доцент болып сайланды. Ол шетелге барып, Германия, Франция, Швейцария, Англия мен АҚШ -тың мал шаруашылығымен танысты. 1921 жылдан Москва зоотех. институтының профессоры. Мал шаруашылығының түрлі саласынан кептегеп ең- бек жариялады.
## Дереккөздер |
Кулиев Қайсын Шуваевич — балқар совет ақыны. Қаб.–Балқар ACCP-iнiң халық ақыны (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесi. Ұлы Отан соғысына (1941-1945) қатысты. А. В. Луначарский атынд. ГИТИС-те оқыды (1935- 1939). «Армысың, арайлы таңым» деген тұңғыш өлеңi 1937 жылы жарияланды. Кулиев соғыстан бұрын жаңа өмiрдi, туған жер табиғатын көркем бейнелеген лирикалық өлеңдермен көзге түсті. Ол «Менің көршілерім» атты көлемді лирикалық циклінде (1939-1945; бас., 1957) сов. еңбекшiлерiнiң көркем бейнелерін жасады. 3 орденмен және медальдармен марапатталған.
Қайсын Шубаевич Кулиев (1917-85) - ақын. Оның «Армысың, арайлы таңым», «Менің көршілерім», «Аңғарлар жыры», «Кешқүрым», «Дән және жұлдыз» т. б. жыр жинақтары, «Қыс кезі еді» романы жарық көрген. Кулиев шығармалары қазақ оқырмандарына да кең таныс. Ол Абай өлеңдерін ден қоя оқып, үлгі тұтқан. Кулиев «Қымбат мұра» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1971, 5 қараша) Абай поэзиясын қазақ әдебиеті жаңа дәуірінің басы деп бағалады. Ал ақынның туғанына 140 жыл толуына орай жазған «Поэзия батыры» атты мақаласында: «Орыстар үшін Пушкин қандай болса, ағылшындар үшін Шекспир қандай болса, грузиндер үшін Руставели қандай болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесі жоқ ғажайып құбылыс... Ол поэзияның батыры, құдіретті ақылы, қуатты таланты», - деп жазды («Семей таңы», 1985, Ютамыз). Кулиевке «Жаралы жартас» жыр кітабы үшін РКФСР Мемекеттік сыйлығы, «Жер дастаны» өлеңдер жинағы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.
## Дереккөздер |
Солодовников Василий Григорьевич (08.03.1918 жылы туған) — совет экономисті, экономика ғылымының докторы, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі (1966).
1942 жылы Куйбышевтің В.В.Куйбышев атындағы индустриалды институтын және 1946 жылы Бүкіл Одақтық сыртқы сауда академиясын бітірді. Солодвников В.Г. 1949-1961 жж. КСРО Ғылым Академиясының институттарында ғылыми қызметкер, 1961-1964 жж. дипломатиялық жұмыста болды. 1964 жылдан КСРО ҒА Африка институтының директоры, Афканистер халықаралық конгресінің вице-президенті (1965-1973), Лагос университетінің (Нигерия) және Карл Маркс атындағы философиялық университетінің (Лейпциг, ГДР) құрметті докторы. Солодовников В.Г. негізінен дамушы елдердің әлеуметтің-экономикалық және саяси мәселелерін зерттейді.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Эдгем Рахимович Тенишев (тат. Әдһәм Рәхим улы Тенишев) (24.4.1921 жылы Пенза қаласында туған) — совет түркологы, филолог ғылми докторы (1969), профессор (1971). Түркологтардың совет комитеті председателінің орынбасары. КСРО ҒА Тіл білімі институтының түркі тілдері секторында (1960-1964 жылдары аға ғылми қызметкер, 1964 жылдан меңгерушісі) қызмет істейді. 1951 жылдан КОКП мүшесі.1949 жылы Ленинград университеті шығыс факультетін түркі тілдері бөлімін бітіріп, С.Е.Маловтың жетекшілігінде аспирантурада оқыды. 1956-1958 жылдары Бейжіңде аз ұлттар институтында түркі тілдерінен сабақ берді. Осы жылдары Шығыс Түркістан, Ганьсу өлкелерін аралап, ұйғыр, салар, сарыұйғыр тілдерін зерттеді. |
Толубеев Юрий Владимирович( 1.5.1906 жылы туған Ленинград қаласы)-совет актері, КСРО халық әртісі (1956), Соц.Еңбек Ері (1976). 1929 жылы Ленинградтың сахна өнері институтын бітірді. Оқып жүрген кезінен бастап театрда ойнай бастады. 1941 жылға дейін Ленинградтың әр түрлі театрларында қызмет етті. 1942 жылдан Ленинградтың академиялық драма театры труппасында актер. Басты рольдері: Дуанбасы (Гогольдің «Ревизор», Шекспирдің «Гамлет»), Вилли Ломен (А.Миллердің «Коммивояжер қазасында»).
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Толчанов Иосиф Моисеевич (11.5.1891 жылы туған, Мәскеу)- совет актері,режиссер,профессор (1946), КСРО халық әртісі (1962). 1911-1914 жылы Льеж университетінде оқыды. Оқт. революциясынан кейін Мәскеудегі Б.Е.Захава және Ю.А.Завадский жетекшілік еткен Мамонов студиясында драмалық өнер бойынша сабақ алды. Е.Б.Вахтанговтың шәкірті. 1918 жылы Вахтангов студиясына, 1921 жылы Вахтангов атындағы театр труппасына қабылданды. Рольдері: Нюнин (Чеховтың « Үйлену тойында»), Пино (Виртаның «Шарасыздар шайқасында») т.б. 1920 жылдан пед. қызметпен және режиссурамен шұғылданды. Киноға түскен. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1950). Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Ушанов Яков Васильевич (1894, Воронеж губерниясы,-7.11.1918)- Өскемен университетінде Совет өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрескер, уездік Совет аткомының председателі, 1917 жылдан Компартия мүшесі. Ол 1-дүние жүзіндегі соғысқа қатынасып, 1917 жылы қарашада Өскеменге оралды. 1917 жылы желтоқсанның 1-жартысында оның баршылығымен большевиктердің Өскемен қ-лық дербес ұйымы құрылды. Өскемен большевиктері қалалық Советті келісімпаз, ұсақ буржуазияшыл партиялар өкілдерінен тазарту, еңбекшілер бұқарасын Совет өкіметі жағына тарту үшін қажырлы күрес жүргізді. Осы мақсатпен жұмысшылар мен қала гарнизоны солдаттары, қазақ ауылы мен қазақ станицасы еңбекшілерінің арасындағы рев. үгіт күшейтілді. Қала жұмысшыларынан Қызыл гвардия отрядын жасақтау ісі де қолға алынды. Осындай қиын да күрделі жұмыстарды Ушаков басқарды. Я.В.Ушаков басқарған большевиктердің жетекшілігімен 1918 жылы 28 ақпанда Өскеменде Совет өкіметі орнады. Совет өкіметі орнаған соң уездік Совет аткомының председателі болып сайланған ол Шығыс Қазақстанда Совет өкіметін нығайту ісіне және ол өңірдегі соц.құрылыстың алғашқы қадамдарына іскерлікпен басшылық етті. Алайда ол 1918 жылы 11 шілдегі контррев. төңкерісте ақ гвардияшылардың қолына түсіп, 1918 жылы 7 қарашада ақ гвардияшыл жендет-атаман Анненковтың бұйрығы бойынша Өскемен мен Семей аралығында, Ертіс ө.үстінде «Монғол» пароходының пешіне тірідей тасталып, азапталып өлтірілді. Өскемен қаласында Ушановқа қойылған ескерткіш және оның атында көше бар.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Қабулов Уәсіл Қабул ұлы (05. 09. 1921 жылы туған, Ташкент ) — өзбек сов. ғалымы, техника ғыл. докторы (1962), Өзб. КСР FА-ның академигi (1966; 1962 жылдан корр. мүшесi). 1944 жылдан КОКП мүшесi. Ташкенттiң темір жол инженерлері институтын бiтiрген (1949). Өзб. КСР FА-ның Құрылыс институтында (1950—1956) және Есептеу орталығында (1955-1966) қызмет етті. 1966 жылдан Өзб. КСР FА-ның Кибернетика институтынын директоры. Негiзгi еңбектері құрылыстардың сейсмикалық орнықтылығы, тұтac орта механикасын алгоритмдеу мәселесiне арналған. Қабулов — 4 монографияның және 100-ден астам мақалалардың авторы.
## Дереккөздер |
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
## ҚазҰМУ миссиясы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет
## Университет құндылықтары
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):
* Елге қызмет (лат. Servire)
* Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
* Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
* Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
* Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
* Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
* Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
## Тарихы
Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.
1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты..
Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.
### Соғыс жылдары
Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.
Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.
### XX ғасыр
Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.
XXI ғасыр
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.
2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.
Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды.
* Медициналық симуляция орталығы
* Коммуникативті дағдылар орталығы
* Фармацевтикалық дағдылар орталығы
* Тіс емдеу дағдылар орталығы
* Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
* Апат медицинасы орталығы.
* Компьютерлік сынып
## Халықаралық ынтымақтастығы
ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:
## ҚазҰМУ символдары
### Логотипі
Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.
«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.
### Туы
Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.
### Гимн
Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.
### Университет атауы
Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:
* 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
* 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
* 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
* 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
## Факультеттер мен кафедралар
Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.
* Жалпы медицина мектебі 1
* Жалпы медицина мектебі 2
* Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
* Фармация мектебі
* Стоматология мектебі
* Педиатрия мектебі
* Халықаралық факультет
* Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)
Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
### Жалпы медицина факультеті
Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.
## Инфрақұрылым
Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.
### Институттар
* Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ)
* Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
* Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы.
* Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
### Клиникалар
Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.
* Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы.
* ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
## Ректорлары мен директорлары
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.
## Әйгілі түлектері және қызметкерлері
Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:
* Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
* Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер.
* Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты.
* Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері.
* Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап).
* Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды.
* Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия)
* Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы.
* Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Дереккөздер |
Қатынкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік бөлігінде, Қарасор көлінен оңтүстік-батысқа қарай 6 км жерде орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,5 км2, ұзындығы 5,5 км, енді жері 2,2 км, жағалауының ұзындығы 16,3 км, ең терең жері 3,2 м, су жиналатын алабы 364 км2. Су көлемі 17,04 млн. м3. Жер асты, қар суларымен толысады. Көлге Жарым өзені құяды. Су тұзды, кермек татиды, сілтілігі төмен. Көлдегі тұз қоры 500 мың т-ға жетеді (негізінен натрий мен магний хлоридтері).
## Жағалау сипаты
Жағалаулары тік жарлы, бетеге, жусан, қызыл мия, ши өсетін жайылмалық және одан жоғары 2 террасадан тұрады (су деңгейінен 2-5 м биік).
## Дереккөздер |
Аманбаев Мұрат Ермұханұлы 09.04.1955 ж.т. Октябрь ауданы Жұрын с./ мемлекеттік қызметкер. Ақтөбе кооператив техникумың Алматы х.ш. ин-тын бітірген. Еңбек жолын Мұғалжар ауданында есепші болып бастаған. 1980 - 94 ж. Республика Қаржы министрлігі аппаратында, 1994 - 96 ж. "Әлембанктің" басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының қарды, еңбек және ақша айналымы бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қаржы министрінің орынбасары, 1999 - 2001 ж. ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, 2001 жылы ҚР Премьер Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары
## Дереккөздер
А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет. |
Асамбаев Базарбай - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Шұбар ауылдық советі, Жаңалық колхозының бригадирі (1940). 1904 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930 жылы Жаңалық колхозын ұйымдастыру барысына ат салысады.
* 1940 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болады. Сол жылы өнім алудан жоғары көрсеткіш бергені үшін "Құрмет грамотасымен" марапаталады.
* 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, майданда болады. Соғыстан қайтқан соң өз колхозында жұмысын жалғастырып, жоғары өнім алуға бар күш-жігерін салады. 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
* 1947 жылы агротекниханы дұрыс қолдана білудің арқасында оның бригадасы 5 гектар жерден 869 центнерден, 19 гектардан 339 центнерден қант қызылшасын жинаған.
* 1948 жылы 3 гектар жерге 826 центнер қант қызылшасын өсіріп, бұл еңбегі үшін екінші Ленин орденімен нагардталады.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945)
* 2 мәрте Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме) |
Ақниязов Ибадулла – күріш өсіруші, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). 1929 жылы қазіргі Сырдария ауданы, Қызыл диқан ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* Еңбек жолын бұрынғы Тереңөзек ауданы Ленин атындағы ұжымшарда бастаған.
* 1954 жылдан СОКП-ның ХХІ съезі атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын басқарды. Ол басқарған ұжым 18 га егістен 34 ц-ден астық алды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1949)
* Қазақстан Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасы
## Дереккөздер |
Баймұқанова Жаңылдық (1923-1979) — жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1923 жылы Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы). Жанғалы ауданы, Жуантөбе ауылында туған.
## Еңбек жолы
* 1942-50 жылдары «Жаңа-Талап» (кейін «Правда» атындағы) ұжымшарында аға жылқышы болып еңбек етті.
* 1950-1953 жылдары Оралдағы үшжылдық колхоз басшыларын дайындайтын мектебін бітіреді.
* 1963 жылдан бастап Жаңа-Талап совхозының №3 фермасында мал дәрігері болып еңбек етеді.
## Жетістігі
* Ұлы Отан соғысы жылдарында оның әкесімен бірге баққан жылқыларынан майданға әскерлер мінуге жіберіліп отырылды.
* 1947 жылы 57 биеден 57 құлын алып жоғары көрсеткішке жеткен.
## Наградалары
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
История народов Средней Азии |
Ағадаев Бексұлтан (туған және өлген жылы белгісіз) - Аягөз дуанының аға сұлтаны (19 ғасырдың 40-шы жылдары).Кейіннен қаракерей болысының сұлтаны болды. Патша шенеуніктерінің зорлық-зомбылығы, жемқорлығы жөнінде Омбы шекаралық басқармасына шағым берген.
## Дереккөздер
* “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Алтыбаев Қалибек (1943), журналист, сөзжұмбақшы.
## Еңбекжолы
Алтыбаев Қалибек Қизатұлы 1943 жылы 23 сәуірде Зайсан ауданы, Сталин колхозына қарасты Сайқан қыстағында дүниеге келген. Бастауыш білімді «Обалы», «»Ворошилов мектептерінен, орта білімді Дайыр мектебінен сырттай алған.
1976 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы жоғарғы партия мектебін сырттай бітірген. 1957-1963 жылдары Абай, Кендірлік, Зайсан совхоздарында шопан болып жұмыс істеген. 1963-1966 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өткізген.
1967-2003 жылдары комсомол, кәсіподақ,кеңес органдарында, аудандық дайындау мекемесінің директоры, аудан әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, шаруа қожалығының төрағасы қызметтерін атқарған.
## Қызметтері
Қалибек Алтыбаев – қазақтың танымал сөзжұмбақшысы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының құрметті азаматы. «Сан сұраққа саяхат» (1993), «Зайсан өрнектері» (2000), «Абайдың алып айдынынан» (2001), «Шырағың мәңгі сөнбейді» (2003), «Сынаптай сырғыған жылдарым» (2003), «Атамекен Зайсан» (2006), «Үш кемелдің шалқарынан» (2011), т.б. кітаптардың авторы. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Анау-мынау емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Ұлы Абай, Шәкәрімнің, Мұхтардың ізі қалған Семейдің зиялы жұртымен бертінде жақын араласты. Семейдегі республикалық Абай қорының президенті Балтабек Ерсәлімов, Абай қорық-мұражайының бұрынғы директоры Төкен Ибрагимов, өскемендік танымал ұстаз Қанипа Бітібаеваның ой-пікірлерінің, кеңес-пайымдарының пайдасы үлкен болды.Ал енді осы айтылғандарға қарап, Қалибек ағаны өмір бойы жазу-сызумен, сөзжұмбақпен айналысқан жан екен деп ойлап қаларсыз. Мүлдем олай емес. Ол өмір бойы аудан өмірінің ыстығы мен суығына тонып, шаруашылықтарда қызмет етіп келді. Жастық шақта біраз уақыт мал да бақты. Аудандық газетте мақала, өлеңдердері бұрқырап шығып жатты. Оқуды сырттай оқыды. Содан Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Әскерден оралған соң «Кендірлік» кеңшары комсомол ұйымының хатшылығына бекітілді. 1970 жылы «Қаратал» кеңшарына жұмысшы комитетінің бастығы, 1973 жылы Благодарнен ауылдық кеңсесінің төрағасы болып сайланды. Алматының жоғарғы партия мектебін сырттай оқып бітірді. 1987 жылы аудандық дайындау кеңсесіне директор болып келді. 1990 жылдардың басында Семей полигоны жөніндегі арнайы комисссияның төрағасы болды.
Қалибек Қизатұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы.
## Еңбектері
Алтыбаев Қалибек, шығармалары:
Алтыбаев, Қалибек. Тегін білу - тектіліктің тірегі [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Талант, 2009. - 300 б.
Алтыбаев Қ. Атамекен Зайсан [Мәтін] / Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б.
Алтыбаев Қ. Сан сұраққа саяхат [Мәтін] : Сөзжұмбақтар / Алтыбаев Қ. - Алматы : Өнер, 1993. - 64 б.
Алтыбаев Қ. Зайсан өрнектері [Мәтін] : Сөзжұмбақтар: Т. 1. Т.1, 2000
Алтын қалам [Мәтін]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б.
Алтыбаев, Қалибек. Абайды оқы, ойлан, тап [Электрондық ресурс] : [Автoрдың еңбегі тек Абай шығармалары бойынша құрастырылған сөзжұмбақтардан тұрады.] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Интеллект, 2012. - 232 б. с.
Алтыбаев, Қалибек. Ұстаз-елдің тірегі, мектептің жүрегі [Электрондық ресурс] : [Зайсан ауданындағы оқу-ағарту саласының алыс - жақын тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері сөз болады.] / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Рекламный дайджест, 2011. - 404 б. с.
Алтыбаев, Қалибек. Үш кемелдің шалқарынан [Электрондық ресурс] : [Абай, Шәкәрім, Мұхтардың бай мұралары бойынша жасалған сөзжұмбақтар.] / Қ. Алтыбаев. - Семей : [б. ж.], 2011. - 274 б. с.
Байбатыров Ғ. Алып Айдыннан сусындап [Мәтін] : [Зайсандық Қалибек Алтыбайдың "Абайдың алып айдынынан" атты кітабы баспадан шықты. Осы кітап туралы пікір] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2001. - 30 маусым.- Б.4
Байбатыров Ғ. Шежіре кеуде - сырсандық [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2003. - 22сәуір.- Б.4
Дәріқұлов Н. Шырағың мәңгі сөнбейді [Мәтін] : Зайсан ауданының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналады / Дәріқұлов Н., Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2003. - 200 б.
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Балгенжиев Зинел (1931-2005) - бұрғышы, Социалистік Еңбек Ері (1977). 1931 жылы Атырау облысында туған.
## Еңбек жолы
* 1948-1954 жылдары — Құлсары бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы.
* 1954-1956 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.
* 1979 жылы Атырау политехникалық техникумын бітіреді.
* 1956-1991 жылдары — Қазақстан мұнай-газ барлау басқармасы Оңтүстік Ембі барлау терең бұрғылау экспедициясында бұрғышы.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1977)
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Последние герои Мұрағатталған 18 қаңтардың 2014 жылы. |
Байдешова Сейдегүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, "Кеңес-1" колхозының звеношысы (1939). 1913 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1930 жылы "Кеңес-1" колхозына колхозшы болып кіреді.
* 1939 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады.
* 1945 жылы қант қызылшасынан мол өнім алады. Осы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
* 1947 жылы 7,25 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 503 центнерден, сонымен қатар 2 гектар жердің әр гектарынан 841 центнерден өнім жинайды.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Ислам Баукенұлы Баукенов 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданы Қарағаш ауылдық кеңесінің Әлибай ауылында туған. Еңбек жолын 1933 жылы Мамлют ауданындағы «1 Май» ұжымшарында есепші болудан бастады. Содан кейін осы ұжымшардың басқарма төрағасы болып сайланады. 1936-1939 жылдары және 1941-1945 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1950 жылдан «Луч Ленина» ұжымшарының төрағасы қызметін атқарды. 1961 жылы сауын сиырлар гуртының бригадирі, кейін «Березовский» кеңшары бөлімшесін басқарды.1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Еслям Баукенұлына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.Өзінің еліне еңбегі сіңген азамат.Бұл жайлы халқы мойындаған.
## Дереккөздер
Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 |
Бекузаров Руслан Камбулатович – 1927 жылы Солтүстік Осетин АССР-інде туған. 1948 жылдан Ростов облысында бір кеңшардың бөлімше механигі болып істеді. 1954-1956 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы «Восход» кеңшарында бас инженер қызметін атқарды. Ташкенттің ауыл шаруашылығын механизациялау және ирригациялау институтын бітіргеннен кейін 1960 жылдан «Октябрь» кеңшарының директоры, 1963-1981 жылдары Кеңес ауданындағы Чапаев атындағы кеңшарды басқарды.1973 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Руслан Камбулатович Бекузаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1972 жылы ол «Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері» атағын алған болатын.
## Дереккөздер
* Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011-2012.
* Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. |
Байжұманов Әбдіғали - № 1 Қарағанды жылу-электр орталығының аға машинисі, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1912 жылы Қарағанды облысында туған.
## Еңбек жолы
* 1931 жылы Спасск мыс балқыту зауытында істейді.
* 1932-1933 жылдары «Киров көмір» тресінің шахтасында көмір тасып шығарушы болып еңбек етеді.
* 1933-1937 жылдары бу қазандары цехында кочегар, ауа өткізетін насостар бойынша кезекші болады.
* 1937-1945 жылдары Кенес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысады.
* 1945-1967 жылдары № 1 Қарағанды жылу-электр орталығында от жағушы, бу қазанының машинисі болады.
* 1967 жылдан бастап бу қазандары цехының ауысым бастығы қызметін атқарып, өзіне тапсырылған учаскенің үзіліссіз істеуін қамтамасыз етті.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер |
Бектұрғанова Оразгүл - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес (қазіргі Сарыағаш ауданы) ауданы, "Социалистік Қазақстан" колхозының звеношысы (1940). 1919 жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, "Социалистік Қазақстан" ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1938 жылы "Социалистік Қазақстан" колхозына мақта өсіруші болып жұмысқа кіреді.
* 1940 жылы мақташылар тобының звеношысы болады.1942 жылдан бастап оның тобы әр гектардан 18-20 центнерден мақта-шикізатын алып, колхоздағы алдыңғы топтардың қатарына кіреді.1946 жылы өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 40 центнерден мақта жинайды.1947 жылы 3 гектар жердің әр гектарынан 88 центнерден, ал 2 гектар жерден 22 центнерден мақта шикізатын алып, жоспарды артығымен орындайды.
* 1942 жылдан бастап оның тобы әр гектардан 18-20 центнерден мақта-шикізатын алып, колхоздағы алдыңғы топтардың қатарына кіреді.
* 1946 жылы өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 40 центнерден мақта жинайды.
* 1947 жылы 3 гектар жердің әр гектарынан 88 центнерден, ал 2 гектар жерден 22 центнерден мақта шикізатын алып, жоспарды артығымен орындайды.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Бержанов Қаратай Бекемұлы (20.12.1924 жылы дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысы қазіргі Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылы – 23.02.1975 , Алматы қаласы ) – педагогика ғылымының докторы (1966 ) профессор (1967 ). ҚазПИ-ді (1947 , қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1950 ) бітірген. Осы институтта оқытушы, доцент (1947 -1955 ), Алматы обкомында бөлім меңгерушісі (1955 -1957 ), Қазақ қыздар педагогикалық институтының профессоры, кафедра меңгерушісі (1957 -1961 ), ҚазПИ-де доцент(1961 -1967 ), ҚазМУ-да (1967 -1975 , қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы. 1 том. |
Бекбосынова Жамал - Социалистік Еңбек Ері (1948), колхозшы. 1913 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Тастыөзек аулында туған.
## Еңбек жолы
* 1929 жылы 18-ші Партсъезд атындағы колхозында колхозшы болды.
* 1945 жылы - егіншілер бригадасының бригадирі.
* 1947 жылы 11 гектар егістік жерден 30,9 ц бидай жинаған.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1947)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме) |
Балшабеков Хамит, ақын (1939-2007).
## Еңбекжолы
Ақын 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы «Үшқарасу» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болған, ел басқарған. Хамит әкесі мен анасының тәрбиесі мен өнегесін көріп өседі. Халқының көне ән мен жырларына терең үңіліп солар жайлы сыр толғап, жастайынан өлең жазуға әуестенеді.
Ол Дүрбілжіңдегі жеті жылдық орта мектепті бітіреді. Орта мектептен кейін Үрімшідегі тас жол қатынас техникумына оқуға түсіп, оны қытай тілінде оқып бітіреді.1962 жылы ақынның отбасы Қытайдан Қазақстанға оралады. Қарағанды облысының Жезқазған аймағы «Жетіқоңыр» совхозына келіп, әкесі мен анасының қасына малшы болып орналасады. Кейін Қарағандыдағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түседі. Бірақ бұл оқуын аяқтай алмай, кейіннен ақын жоғары білімін Семей қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқуын жалғастырады. Осы оқу орынында ол белгілі ғалымдар Қ. Мұқаметқанов, Қ. М. Жүнісов, Қ. Шаяхметов сияқты ұстаздардан білім алады.1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының «Шілікті» совхозына көшіп келеді. Шілікті орта мектебінде көп жылдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996 жылы құрметті демалысқа шығып, 2007 жылы дүниеден қайтты.Ақын Хамит Балшабеков оқырмандарға «Жылқышы әні», «Балтамыр» , « Қантамыр» тағы басқа жыр жинақтарымен таныс.
## Еңбектері
Балшабеков Хамит шығармашылығы:
Балшабеков Х. Қантамыр [Мәтін] : Өлеңдер, поэмалар, балладалар / Балшабеков Х. - Өскемен : [б. ж.], 2003. - 120 б.
Балшабеков Х. Өмір,саған ғашықпын [Мәтін] : Өлеңдер.Толғаулар.Дастан / Балшабеков Х. - Өскемен : [б. ж.], 1993. - 115 б.
Балшабеков, Хамит. Жылқышы әні [Мәтін] : өлеңдер / Х. Балшабеков. - Алматы : Жазушы, 1969. - 72 бет
Сырласым [Мәтін] : Зайсан ауданы ақын-талапкерлерінің өлеңдері. - Өскемен : [Рудный Алтай], 2008. - 165 б (Введено оглавление)
Балшабеков Х. Айнакөлге алғыс мол [Мәтін] : [Зайсан ауд. көркемөнерпаздары туралы ] / Балшабеков Х. // Достық. - 1997. - 21 шілде.- Б.
Балшабеков Х. Алпысымның ауылын іздеп келем. [Мәтін] : [Өлең] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 23 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Аралбайдың түсі [Мәтін] : [Сықақ әңгіме] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 6 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Әрінбекке, Ақынды танығысы келмеген әкімге [Мәтін] : [өлеңдер] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 28 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Бәйтерек [Мәтін] : [Тарбағатай ауд.И.Нұразхановқа арналған өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 25 сәуір.- Б.
Балшабеков Х. Ертіске кеткен екі арман [Мәтін] : [поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 6 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Есімде қалған бір есім [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. Ұлағатты ұстаз Х.Құдайбергенов жайында] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 4 тамыз.- Б.
Балшабеков Х. Жұлдыздар алыстан жарқырайды [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 2005. - 5 наурыз.- Б.2
Балшабеков Х. Жұлдыздарда жылу бар [Мәтін] : [Тарбағатайлық жас өнерпаздар жайында] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1995. - 26 сәуір.- Б.
Балшабеков Х. Жыланның уы [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1995. - 25 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Көкдауыл [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1994. - 27 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Көкдауыл [Мәтін] / Балшабеков Х. // Семей таңы. - 1999. - 2желтоқсан.- Б.11
Балшабеков Х. Қара көз [Мәтін] : [Өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 24 қаңтар.- Б.
Балшабеков Х. Құдай жолы [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 20 қараша.- Б.
Балшабеков Х. Қыз жүрегіндегі тамшылар [Мәтін] : Тарбағатай ауд.Өлең] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 16 мамыр.- Б.
Балшабеков Х. Мұзтауға бардым [Мәтін] : [Оралхан Бөкеевке арнау] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 27 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Поэзия [Мәтін] : [Поэма] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1995. - 16 наурыз.- Б.
Балшабеков Х. Тағылық тағдыр [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1999. - 21желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Теңіздердің толқынын соңыма ертіп.Қыран монологі [Мәтін] : [өлеңдер] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 15шілде.- Б.
Балшабеков Х. Тораңғының шарт сынған бұтағындай. [Мәтін] : [Жыр дәптерінен] / Балшабеков Х. // Семей таңы. - 1999. - №9-15 қыркүйек(N36).- Б.9.
Балшабеков Х. Төрге шық,амандық [Мәтін] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 4 қыркүйек.- Б.
Балшабеков Х. Тілек [Мәтін] : [Тарбағатай ауданының 70 жылдық мерейтойына орай] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1998. - 2 қазан.- Б.
Балшабеков Х. Ұмытылмас тұлға [Мәтін] : [Қилы заманның қиыншылығын көрген зайсандық Ә.Төгісов жайлы] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1997. - 22қараша.- Б.
Балшабеков Х. Шындықты айттым жасқанбай [Мәтін] : [Ақын С.Ғабдуллинге жауап] / Балшабеков Х. // Дидар. - 1998. - 22 желтоқсан.- Б.
Балшабеков Х. Шыңғыс және торғай [Мәтін] : [Баллада] / Балшабеков Х. // Тарбағатай нұры. - 1997. - 24 қаңтар.- Б.
Балшабеков, Хамит. Пенделерге хат [Мәтін] : поэма / Х. Балшабеков // Ақ Ертіс. - 2011. - № 2.- Б.33-43.
Балшабеков Хамит туралы :
Ғафуров Аслан. Хамит ақын халықтың жүрегінде! [Мәтін] : ақын Хамит Балшабекұлыныңтуғанына 70 - жыл / А. Ғафуров // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 12.- Б.22-24
Байбатыров Ғ. Талантқа тағзым [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. ақын Х.Балшабековтың шығармашылық тойы өтті] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 1995. - 30 қараша.- Б.
Қорабай А.А. Шілікті [Мәтін] : баяндамалар, өмірдеректер, әңгімелер, өлеңдер / Қ. А. Ануарбекұлы. - Өскемен : [б. ж.], 2012. - 196 б
Тоқпатаев У. Менің замандастарым [Мәтін] / Тоқпатаев У. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 440 б.
Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. [2-ші кітап] : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 326 б. (Введено оглавление)
Көпшікбаева Ш. Хамаңның "Қантамырын" оқығанда [Мәтін] / Көпшікбаева Ш. // Тарбағатай нұры. - 2003. - 20 қыркүйек.- Б.3
Қайратұлы Б. Шын ақынның толғағы [Мәтін] : [Тарбағатайлық ақын Х.Балшабековке арналған өлең] / Қайратұлы Б. // Дидар. - 1995. - 28 қаңтар.- Б.
Қайырбаев Ә. Мен де бір күн айналамын көшкінге [Мәтін] : [Тарбағатайлық ақын Х.Балшабеков жайлы үзік сыр] / Қайырбаев Ә. // Қазақстан әйелдері. - 1995. - №2.- Б.24
Нұқайұлы Т. Ақын мен уақыт [Мәтін] / Нұқайұлы Т. // Дидар. - 1995. - 23 қараша.- Б.
Тоқпатаев У. "Санамда сәулесі мол жыр-таңым бар..." [Мәтін] : [Облысымызға танымал тарбағатайлық ақын Хамит Балшабеков туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2001. - 2 қазан.- Б.3
## Дереккөздер
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА |
Болат Бағдатов — Социалистік Еңбек Ері (1981), озат шопан. 7 қараша 1940 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылында туған.
## Еңбек жолы
* 1957 жылдан Семей облысы, Абай ауданындағы Белібаев атындағы совхозда аға шопан болған. 11-ші бесжылдықта жоспардан тыс 1500 қозы өсіріп, 100 мың сомның өнімін өндірген.
* 1965 жылдан КОКП мүшесі болды.
## Жетістігі
* 1986 жылдан Қазақстан Коммунистік Партиясы ОК-інің мүшесі болды.
* 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
## Наградалары
* Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1981)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Бағдатов Болат: б. 229. |
Биімжанов Тұрсынбай (1901-1983)– жылқышы, еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1948). 1901 жылы Целиноград облысы, Ерейментау ауданы, Жолбасшы ауылында туған.
## Еңбек жолы
* 1930 жылы ұжымшарда жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1947 жылы 20 биеден 20 құлын алып, өсірген. 1960-жылдардың ортасында зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, болашақ жылқышыларды тәрбиелеген.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер |
Беспаев Ысқақ (1900-1964) — еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1900 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Атбасар ауданында туған.
## Еңбек жолы
* 1922-1924 жылдары - №7 аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы.
* 1924-1941 жылдары - ауыл мектебінде мұғалім.
* 1942-1950 жылдары - Есіл ауданы Өмірлік ұжымшарының төрағасы.
* 1950-1952 жылдары - мал терісін жинау мекемесінің директоры, "Қазақстанның 30 жылдығы" атындағы колхоздың председателі.
* Ауылдық, аудандық советтердің депутаты болған.
## Наградасы
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
История народов Средней Азии(қолжетпейтін сілтеме) |
Бидашев Орынбай (1923-2003)– шопан, Социалистік Еңбек Ері (1976). 1923 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында туған.
## Еңбек жолы
1940 жылдан 1983-ші жылға дейін «Төменарық» кеңшарында шопан болып, жоспарды абыроймен орындап отырған:
* осы жылдар ішінде кеңшарға 103280 сом таза пайда келтірген;
* 1975 жылы қарауындағы отардың әр 100 саулығынан 220-ға дейін төл алып, 400 қозыны өсімге қалдырған.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1976)
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер |
Бимақанов Мырзаш (1909-1985) — табыншы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). 1909 жылы Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Державин ауданы (қазіргі Жақсы ауданы), №5-ауылында туған.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1929 жылы "Жұмыскер" ұжымшарында бастаған.
* 1930-1942 жылдары "Есіл" совхозында жұмысшы болады.
* 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1947-1956 жылдары "Тасөткел" колхозында мал бағады.
* 1956 жылдан Целиноград облысы, Жақсы ауданы, Шолақсандық кеңшарында табыншы болады. Қазақтың ақбас сиырын бағуда жоғары көрсеткіштерге жетіп, жыл сайын межелеген жоспарды артығымен орындап отырған. 1965 жылы малдың жалпы салмақ өсімі жоспардан 25% -ке артық болған. Табындағы 980 өгізді семіртіп, ет өткізу маусымында олардың әрбірі 353 кг. салмақ тартқан..
## Марапаттары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1966)
## Тағы қараңыз
* Социалистік еңбек ерлері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
История народов Средней Азии |
Беркімбаев Сәлім Фахатұлы 1957 жылы 11 мамырда, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Біршоғыр ауылында дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы. 1973 жылы Шалқар қаласының орта мектебін тәмәмдап, 1979 Ақтөбе медицина институтынының емдеу факультетін бітірген. 1979-1983 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында доктор болып жұмыс атқарып, 1983-1995 жылдары медицина институтының ординаторы, 1986 жылы аспирант ассистенті, кейін кафедра меңгерушісі болған. Кандидаттық және докторлық диссертациялары жүрек ауруларын емдеудің жаңа әдістерін зерттеу мәселелеріне арналған. Өнертапқыштық үш ұсынысы өндіріске енгізілген. Баспасөзде 50 еңбегі жарияланған.
## Дереккөздер
Ақтөбе энциклопедиясы |
Бисенов Алдаберген (26.11.1926-23.06.2002) – Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытушылардың бірі, еңбек ардагері, Социалистік еңбек ері (1971). 1926 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы , Аққұм ауылында туған және сонда қайтыс болған.
Жетіру тайпасы Керейіт руынан шыққан.
## Еңбек жолы
* 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін І-ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.
* 1951–1952 жылдары Тереңөзек ауданының байланыс жүйесінде істейді.
* 1955 жылы Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын бітіреді.
* 1955–1960 жылдары Жалағаш ауданының «Мәдениет» атындағы МТС-та бөлімше механигі және «Еңбек» ұжымшарының бас инженері қызметтерін атқарды.
* 1962 –1972 жылы Жаңаталап кеңшарының директоры болып істейді.
* 1964 жылы жұмыстан қол үзбестен Алматыдағы кеңшар директорларын даярлайтын бір жылдық курсын, ал 1970 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын оқып бітіреді.
* 1972 – 1988 жылдары «Қазақстанның 50 жылдығы» шаруашылығын басқарды. Осы жылдар ішінде ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын биік деңгейге көтеріп, егіншілік ахуалды жақсарту жолында нәтижелі еңбек еткен.
## Жетістіктері
* КСРО жетістіктері көрмесінің алтын және күміс медальдарының иегері.
* Есімі Қазақстанның Алтын кітабына жазылған.
* Аққұм ауылындағы орта мектепке Алдаберген Бисеновтың есімі берілген (2003 ж.).Есімі Жалағаш кентіндегі (2006 ж.), Н.Ілиясов ауылындағы (2006 ж.), Тереңөзек кентіндегі (2016 ж.) көшелерге берілген. Аққұм ауылында ескерткіші бар.
## Марапаттары
* Ленин ордені (1971 ж.)
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі (1971 ж.)
* Социалистік еңбек ері (8.4.1971 ж.)
* Октябрь революциясы ордені (1978 ж.)
## Дереккөздер |
Дмитрий Иванович Будеев — Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ның тракторшылар бригадирі (1946). 1918 жылы Ресейде, Краснодар өлкесі, Крым ауданы, Кеслерово селосында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1946 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға қоныс аударып Мерке МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болады. Оның бригадасы жоғары өнім алу үшін күндіз-түні еңбек етеді:сүрі жер 30 см тереңдікте жыртылады;жергілікті (көң) және минералды тыңайтқыш еңгізіледі;дән себуді 3 күн аралас сепкіш арқылы тыңайтқыш еңгізу қатар жүргізіліп атқарылады;өсінділер шыға салысымен 5 күн бойы арылту жүргізіліп, әр гектарда 100-110 мың қызылша тамыры сақталынады;өсіп-өну кезінде 5 тракторлық тырмалау және қопсыту жүргізіліп, сонымен қатар 5 бораздалы суару және 5 механикаладырылған тыңайтқышпен қоректендіру жүргізіледі;осындай агротехникалық жағдайлардың арқасында 100 гектар жердің әр гектарынан 400 центнерден қант қызылшасы алынады.
* сүрі жер 30 см тереңдікте жыртылады;
* жергілікті (көң) және минералды тыңайтқыш еңгізіледі;
* дән себуді 3 күн аралас сепкіш арқылы тыңайтқыш еңгізу қатар жүргізіліп атқарылады;
* өсінділер шыға салысымен 5 күн бойы арылту жүргізіліп, әр гектарда 100-110 мың қызылша тамыры сақталынады;
* өсіп-өну кезінде 5 тракторлық тырмалау және қопсыту жүргізіліп, сонымен қатар 5 бораздалы суару және 5 механикаладырылған тыңайтқышпен қоректендіру жүргізіледі;
* осындай агротехникалық жағдайлардың арқасында 100 гектар жердің әр гектарынан 400 центнерден қант қызылшасы алынады.
## Наградалары
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Бөгембаев Айтжан - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), "Красная Звезда" колхозының бригадирі (1945). 1893 жылы Жамбыл облысы, Қостөбе ауылында туған.
## Еңбек жолы мен жетістігі
* 1929 жылы "Красная Звезда" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының бригадирі болып істейді.
* 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек армиясында болады.
* 1945 жылы оған қызылшашылар бригадасын басқару тапсырылады.1945 жылы оның бригадасы өздеріне бекітілген 25 гектар жерден 200 центнерден қант қызылшасын жинап, белгіленген жоспардан 20 центнер артық өнім алады.1946 жылы сол жердің әр гектарынан 320 центнерден өнім алады.1947 жылы 25 гектар жеден 524,3 центнерден, ал 4 гектардан 822 центнерден қант қызылшасын жинап жоспарды асыра орындайды.
* 1945 жылы оның бригадасы өздеріне бекітілген 25 гектар жерден 200 центнерден қант қызылшасын жинап, белгіленген жоспардан 20 центнер артық өнім алады.
* 1946 жылы сол жердің әр гектарынан 320 центнерден өнім алады.
* 1947 жылы 25 гектар жеден 524,3 центнерден, ал 4 гектардан 822 центнерден қант қызылшасын жинап жоспарды асыра орындайды.
## Наградалары
* "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945)
* Ленин ордені
* "Орақ пен Балға" алтын медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
## Дереккөздер |
Васильев Семен Ефимович (16 ақпан 1894 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Пронькин селосы – 8 қыркүйекте 1972 жылы, Ресейдің Ставрополь қаласында) – қатардағы жауынгер, «Даңқ» орденінің 3-дәрежесінің толық иегері. Прокопьевск қаласында шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылдың тамыз айынан Екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Васильев 70-атқыштар дивизиясының 538-артиллериялық миномет полкінің байланысшысы болған. 1945 жылы армия қатарынан босатылып, Ақмола облысының «Белгородский» кеңшарында жұмыс істеген. 1964 жылы Ставрополь қаласына көшіп кеткен.
## Марапаттары
* Даңқ ордені 3 дәрежелі (27.05.1944)
* Даңқ ордені 2 дәрежелі (31.08.1944)
* Даңқ ордені 1 дәрежелі (31.05.1945)
## Дереккөздер
* Айбын Энциклопедия
* Орысша уикипедия |
Камиль Галиевич Азиев (16 шілде, 1930 жыл, Каргалытамак, Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы - 9 қаңтар, 1999 жыл) - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1988), профессор (1992).
## Марапаттары
* «Құрмет белгісі» ордені (1980)
* Құрметті белгілері (1975, 1980).
## Сыртқы сілтемелер
* Камиль Галиевич Азиев |
Айзенберг Григорий Захарович (17 желтоқсан, 1904 жыл, Тимковичи (қазір Беларусь - 31 наурыз, 1994 жыл, Мәскеу) - электродинамика және байланыс саласындағы ресейлік ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Лениндік, Сталиндік және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері, 60 ғылыми жұмыстың (оның ішінде монографиялар бар) авторы.
## Жетістіктері
Жемісті ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін Айзенберг Григорий Захарович, екі орденмен және сегіз медальмен марапатталған.
## Сыртқы сілтемелер
* Профессор Айзенберг Григорий Захарович және антенна техникасының дамуына қосқан үлесі
## Дереккөздер |
Григорий Георгиевич Бубнов (9 наурыз 1970 жыл, Мәскеу) — «ВТУ» Мәскеу Технологиялық Институтының ректоры және Президенті, Moscow Business School Президенті, Ресей Жаратылыс Ғылымдары Академиясының (РАЕН) корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, IMD Alumni Club of Russia Президенті, «Физтех-Союз» басқарма мүшесі. Григорий Георгиевич Бубнов
## Ғұмырнама
1993 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын «Қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша «Инженер-физик» біліктілігімен тәмамдады;1997 жылы «Дамыған нарықтық экономикадағы және өтпелі кезеңдегі кәсіпкерлік» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны қорғады;2002 жылы «Кәсіпкерлік және Ресейдің экономикалық өркендеуіндегі оның рөлі» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғады;2006 жылы IMD (Lausanne) оқу орнының Program EMBA бағдарламасын тәмамдады2010 жылы Singularity University оқу орнындағы Exponential Technologies Executive Program бағдарламасын тәмамдады.
## Кәсіби қызметі
Соңғы 15 жылдың ішінде 20-дан астам коммерциялық, қаржылық және коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысты, сондай-ақ, 30-дан астам ұйымды басқаруға қатысты, олардың ішінде: С.Ю.Витте атындағы Мәскеу Университеті, «ВТУ» Мәскеу технологиялық институты, «Физтех XXI», «Высшая школа системного инжиниринга МФТИ» Орталығы, «НПП Медолит» ЖШҚ.
## Ғылыми қызметі
20-дан астам кітаптардың, мақалалардың және монографиялардың авторы және авторласы болып табылады.Кейбір жарияланымдары:
* Бубнов Г.Г., Дарда И.В., Малышев Н.Г., Малышев С.Л., Солдаткин Е.В. ВТУ ақпараттық-білімдік ортасы /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т . 1. — Спб., 2008. — 214-216 б.
* Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Солдаткин В.И. Үлестіре бөлінген типтегі университет /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т. 1. — Спб., 2008. — 213-214 б.
* Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г. ВТУ Қашықтан білім беру технологияларын пайдалану /Телематика-2008: XV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңб. (23-26.06.2008, С.-Петербург). — Т . 2. — Спб., 2008. — 337-338 б.
* Солдаткин В.И., Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Семенов А.В. Қашықтан білім беруді ұйымдық қолдау //Бірыңғай білімдік ақпараттық орта: мәселелері және даму жолдары: VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция-көрме (Омбы, 22-25 қыркүйек 2008 ж.). — Томск: Дельтоплан; Омбы, 2008. — 21-23 б.
* Бубнов Г.Г., Малышев Н.Г., Солдаткин В.И. Көпдеңгейлік үздіксіз ашық кәсіби білім берудің корпоративтік ақпараттық-білімдік ортасы //Білімдік ортаның бүгіні мен ертеңі: IV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Мәскеу, 3 қазан 2007 ж.) /Редкеңес; Жауапты ред. В.И.Солдаткин. — М.: Рособразование, 2007. — 48-50 б.
* Малышев Н.Г., Бубнов Г.Г., Солдаткин В.И. Дүниежүзілік технологиялық университет: жоғары кәсіби білімнің жаһандану жағдайындағы мақсаттары мен міндеттері //Білімдік ортаның бүгіні мен ертеңі: IV Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Мәскеу, 3 қазан 2007 ж.) /Редкеңес; Жауапты ред. В.И.Солдаткин. — М.: Рособразование, 2007. — 143-145 б. |
Темірмәлік хан — 1378-1379 жылдары билік еткен Ақ Орданың ханы. Ұрыс ханның үшінші ұлы әрі мұрагері.
## Басқаруы
Үлкен ағасы Құтлық Бұға 1377 жылы Тоқтамыспен шайқаста қаза болған. Ұрыс хан да шамамен сол уақытта қайтыс болды. Оның мұрагері Тоқтақия болса да, ол екі айдан соң дүниеден өтті. Таққа оның інісі Темірмәлік отырды. Темірмәлік әкесы мен ағасынің қазасына себеп болған Тоқтамыс пен Едігеге қарсы кескілескен соғыс ашып, сатқындарды елден қуып тастайды. Темірмәлік өзінің жағымсыз өмір салтымен белгілі болған. Ол сұлу әйелдерді біреудің әйелі не қызы болғанына қарамай тартып алатын еді. Әрине осыдан соң оның жауларының көп болғаны анық. Әмірлердің кеңесімен Темірмәлік Тоқтамысқа жорық ұйымдастырды. Ұрыс ханның кезінен бері келе жатқан қолбасшылардың арқасында Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Тоқтамыс Темірді паналады. Алайда Темірмәлікке наразы топтар Тоқтамыстың жағына өтіп кетті. Ұрыс ханға қызмет еткен беклербек Қазаншы Темірмәліктен кеткен кезде, оның орнына маңғыт әмірі, әрі Едігенің әкесі Балтышақ тағайындалды. Едіге бұл кезде Тоқтамысқа қызмет етіп жүрген болатын. Сығанақтағы хан сарайындағы ақсүйектер ханға қарсы қастандық ұйымдастыруды ойлады. Осылайша 1379 жылы сығанақтық әмірлер таққа Тоқтамысты отырғызды. Сауран мен Отырар қалалары оған ұрыссыз берілді. Темірмәлік Тоқтамысты шайқаста жеңуді ойласа да, оның әскерлері Тоқтамыс жағына өтіп кетті. Темірмәлік көптеген сенімді әмірлері мен қорғаушыларының көмегімен қашуды ойлады. Алайда ол қолға түсіп, Тоқтамыстың бұйрығымен басы алынды. Онымен бірге беклербек Балтышақ та жазаға тартылды.
## Тағы қараңыз |
Шипагерлік баян — қазақ халқының медицинасының әдіс-тәсілдері жинақталған еңбек.
## Еңбек жайлы
Авторы - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Еңбекті жазуға оған Жәнібек хан бұйрық берген. Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасырдан бұрын жазған медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханның тапсыруымен 1470 ж. (жасы 70-тен асқан шағында) бастаған. Кітабында өзінің аты-жөнін ғана атап, өмірбаянын жазбаған. «Шипагерлік баянда» –жүрек, ми, сөл(адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден(1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет.«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген.Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ бибір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж.Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда («Жалын» баспасында) қазақ тілінде басылып шықты."Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын-ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуң-уейбиндер" тарапынан өртелген. Өтейбойдақтың "Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ, "Шипагерлік баян" кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бүл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ "Шипагерлік баян" — ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. "Шипагерлік баян" кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылүлының тек қана ғүлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды түлғасы болғаны айқын аңғарылады.
## Дереккөздер |
Қаратал – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Бастауын Ұлытау тауының батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Ұсабай қыстауы тұсында Жетіқыз (Қаражыланды) өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 37 км, 8 саласы бар. Ірілері: Танымбай, Айбас. Жағасы тік жарлы. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен аңғарындка шабындық пен жайылымдық жерлер және қыстаулар (Арпабұлақ, Қаратал, Ақмәмбет) бар. Суы ауыз суға және мал сурауға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Едіге би Төлебайұлы (XVII ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың басы) - Тәуке хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі.
## Биография
Орта жүздің Арғын руының Сүйіндігінен тарайтын. «Жеті жарғыны» түзуге қатысқан би, қазақ халқының күш біріктіріп, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру ісінде көрнекті рөл атқарған саясаткер. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының қаржас руынан шыққан. Оның шешендік сөздері ел аузында көп сақталған. Халық арасында Едіге би «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» деп те дәріптеледі.
Едіге би Шоң бидің туған әкесі. Жазушы Қ. Исабаев айтуынша, Баянауыл маңындағы төрт рудың басын қосып, қарадан суырылып шығып, алғашқы аға сұлтан болған осы кісі. Ал оның би ретіндегі қызметін белгілі ғалым, зерттеуші С. Дәуітов шежіреші М.Ж. Копеевтің сөзімен былайша көрсетеді "М.Ж. Көпейұлы шежіреде Төле би мен Едіге би арасындағы әңгімені қысқаша баяндап бергені әрі қызық, әрі. Едіге Төленің ауылын көріп: "Әділ бидің елін, ауылын дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды"", - деген осы екен-ау деп қызығыпты. |
Тайыр хан — (1523—1533) билік құрған Қазақ Ордасының билеушісі.
Тайыр хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.
Тайыр ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды.
## Дереккөздер |
Камал Қармысов (24 сәуір 1912, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас - 21 мамыр 1991, Алматы) — кино және театр актері, Қазақстан халық артисі (1957).
## Өмірбаяны
Камал Қармысов 1912 жылдың 24 сәуірінде қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген.
1927 жылы Қармысов Алматы сауда қызметкерлері клубының драмалық үйірмесіне белсене араласты.
1929 жылы Ташкенттегі Орта Азия университеттінде оқуын бітірді.
1930 жылы Риддер жұмысшы-жастар театрын ұйымдастыруға қатысты.
1931 жылы Камал Қазақ ақадемия-драмалық театрының құрамына қабылданады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
## Ойнаған рольдер
Қармысов - кейіпкердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, оның ішкі жан дүниесімен шебер шендестіре білген актер. Әсіресе, өткір мінезді, сатиралық рольдердің шебері болған. Ол Керім (М.Әуезов пен Л.Соболевтің "Абайында"), Қозы, Жантық (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сүлуында"), Төлеген Тоқтаров (Әуезов пен Ә.Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Гасфорт (Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Қаражан (О.Бөкейдің "Құлыным, меніңінде"), т.б. бар. Қармысов орыс және шетел классик, шығармаларында көп ойнады. Атап айтсақ, Барон (М.Горьқийдің "Шыңырау түбіндесінде"), Хлестақов (Н.В. Гогольдің "Ревизорында"), Гарпагон (Ж.Мольердің "Сараңында"), Яго (У.Шекспирдің"Отеллосында"),т.б. бар.
1945 жылдан бастап киноға түскен, олардың арасындағы ең белгілі рөлдері: Оспан ("Абай әні", 1945), Жантақ ("Махаббат дастаны", 1954), Әлімхан ("Дала қызы", 1954), т.б.
## Фильмографиясы
## Марапаттары
* Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1980).
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені.
* "Халықтар достығы" медалі.
* "Құрмет белгісі" ордені.
## Дереккөздер |
Яков Исаакович Клейнбок (1908 жыл 23 мамыр, Брест – 1961 жыл 15 қаңтар, Алматы) — мал дәрігері, ветеринария ғылымының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). 1944 жылдан КОКП мүшесі.
## Еңбек жолы
1932 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітіріп, осы институттың мал патологиясы және емдеу кафедрасында ассистент, ал 1937 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін осы кафедраны меңгерді. Клейнбок жылқының асқазан органдары ауруларын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті.
## Шығармалары
* Ол 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы;
* Негізгі еңбектері «Диагностика, клиника и терапия заболевания желудка лошадей», «Прогрессивный никробронхит лошадей» және т.б;
## Марапаттары
* 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені;
* Түрлі медальдар.
## Дереккөздер |
## Өмірбаяны
Шоң Едігеұлы, Шоң би (1754, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бұтағынан шыққан.
Шоң Би Едігеұлы (1764-1836)- Орта жүздің атақты биі. Қазақ даласында хандық билікті жою мақсатында 1816 ж. "Төрт ұлы" (Төртуыл) одағын жаңғыртады. Одаққа кірген рулардың билері Ш. б-ді бір ауыздан "Төбе би" деп таниды. 1833 - 1836 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. А.Янушкевич өзінің 1946 ж. Парижде шығарған "Дневники и письма" деген еңбегінде : "Шоң би - үлкен адам болған. Ол халықты ақылмен, әділдікпен басқара білген", - деп жазған. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге бидің ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, қол астындағы халықты төрелердің билігіне қарсы ұйымдастырды. 18 ғасырдың 2-жартысында құба қалмақтардың беті қайтқаннан кейін Шоң би одан жүз жылдай бұрын өз ата-мекендерінен Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Қаржас, Жанболды, Құлболды, Жолболды (Орманшы) ұрпақтарын “Төртуыл” одағына біріктіріп, Баянауыл өңіріне көшіріп әкелді. Бұл істі жүзеге асыруға оған Сәти би, Айдабол руының батыры Олжабай жәрдемдесті. Шоң би “Төртуылға” төбе би болып сайланған соң, төрелерді елден шындап ысырып шығару ісін қолға алды. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзеннің бойына қоныстандырды. Бөкей төре Шоң би жасағына қарсы қол аттандырды. 1817 ж. маусым айында болған бұл шайқаста Шоң би жеңіп шығып, оның халық арасындағы беделі өсе түсті. 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұлтандар басқарды. Шоң би қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би. Шоң би шәкірттерінің ішіндегі ең белгілісі – Шорман Күшікұлы болды. Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. Ол жөніндегі халық арасына тараған аңыз-әңгімелер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде жан-жақты айтылады. Жазушы І.Исабай осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп “Шоң би”, “Серт” атты кітаптар жазды. Павлодар қаласындағы көшелердің біріне Шоң би есімі берілген. Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарып жерленген.Шоң бидің ататегі қазақ шежіресінде былай таратылады. Арғын, оның ішінде Мейрамсопыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек (Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар). Сүйіндіктен Қаржас, Жанболды, Қүлболды, Жолболды (Орманшы) (бұл төрт ауыл аталарын ел "Төртұлы" (Төртуыл) деп атаған екен). Құлболдыдан Айдабол би, одан Жанқозы, одан Төлебай, одан Едіге би. Едіге биден ағайынды Шоң, Торайғыр билер туған.Айдаболдан Жанқозы, Малқозы,Кенжеқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қосжетер (Қошетер), Қожагелді аталарын таратады.
## Арық бимен болған оқиға
Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:-Ар0аның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?Сонда Арық би:-Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті.Шоң би басқа сөзге келмей, жанындагы жігіттерге қарап:-Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын беріңдер, - деп билікті көп созбай тындыра салыпты.Елдің айтуына Қарағанды Шоң би дінсіз де, діншіл де болмаған көрінеді. Керек жерінде дәрет алып, намазға да тұрған, дұға да оқыған. Ал, ел ісінің қауырт та көптігінен ол шарттардың бірін де істемеген кездері болған сияқты. Шоң бидің осы мінезін білетін қожа, молдалар оған көбінесе үйір бола бермеген. Ал, үйір болған күнде, оған әрқилы сұрақтар беріп, сүріндірмек те болыпты.Бір жолы оған Сәлі деген молда барып үйінде қонақ болып отырады. Дастарқан үстінде әртүрлі әңгіме сұрақ болатын әдет қой. Әлгі молда биге мынадай сұрақ беріпті, оған Шоң былай жауап беріп отырыпты:-Еркектің бақытты болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің бақытсыз болмағы неден?-Әйелден.-Еркектің өрісі неден?-Әйелден.Еркектің көрісі неден?-Әйелден. -Еркектің абыройы неден?-Әйелден.-Еркектің абыройсызы неден?-Әйелден.Сөлі молда сәл сабыр етіпті де, енді мынадай сұрақ беріпті:Акылға кең, тілге шешен Шоң би оның сүрағына лайықты қысқаша бірыңғай жауап беріп отырыпты:-Әйелдің адал болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің надан болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің үй болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің би болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің күң болмағы неден?-Еркектен.
-Әйелдің сымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің қымбатты болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің базарлы болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің ақылды болмағы неден?-Еркектен.-Әйелдің бақылды болмағы неден?-Еркектен.Осы жерге келгенде шамасы Сәлі молданың терме сөзі ада болса керек.-Сізге дауа жоқ екен? - депті.-Сұрағыңызға қарай жауап, өзіңізге де сауап, - депті Шоң би.-"Әйелден, әйелден", "еркектен, еркектен", - дей бересіз. Түсіндіріп, таратып айтпайсыз ба, бүл бір-бір ауыз сөзіңізге кім түсінеді? Мәселенкі "жақсы мынадай болады" деп оған дәлел келтірмейсіз бе? - депті молда. Сонда Шоң би:Ей, молдеке, - депті. - "Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын" дегендей, ол сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып, дәлелдер келтіріп, ұзақ-сонар әңгіме ете берсем, таң атып, күн шықпайды. Ел жататын уақыт болды, жатпайсыз ба, таңғы нәсіп тәңірден деген. Мен ертелеп жол жүруім керек, солай молдеке, әзірше сол қысқа жауапты қанағат етіп аттана тұрасыз да.Төрелер қазақ руларын өзара бөліп алып билеген. Ал төресі жоқ рудың қоғамдық істерге араласуға, белгілі бір қоғамдық мәселе жайында өз шешімін, пікірін айтуға құқы бола бермеген. Бұл кара халықты үстем тапқа кіріптар етіп ұстаудың бірден-бір жолы еді. Сондыктан да ондай рулардың билері хан тұқымынан төре сұрап жүрген. Мысалы Ахмет Байтұрсынов Қаракесек руының Шор деген биінің 1748 жылы "еліме хан қоямын" деп Барақтан 14 жасар Бөкей деген баласын сұрап әкелгенін айтады.Ресей үкіметінің Орта жүз қазақтары үшін 1822 жылы шығарған жарлығы бойынша Қарқаралыда тұңғыш ашылған (1824 жылы) сыртқы округқа Қаракесектің әр руын - Шаншарды Тама төре, Алтайды Түгім төре, Шордан тараған үш тармақтың әркайсысын Тәуке, Әбілғазы, Батыр төрелер, Әлтеке- Сарымды, Ғазы төре, Әлтөбетті Әбілмәмбет төре, Қарсен Керейді Құдайменді төре, Қояншы Тағайды Шаңқай төре, Тобықтыны Бірелі төре, Бура найманды Әли төре, Керейді Жәңгір (Бөкейдің немересі) төре басқарып келген екен. ...Айдаболдың Едігесі дүние салған кезде қазақ елінің ішкі әлеуметтік- саяси жағдайы осындай еді. Ал әкесінің билік таяғы қолына тиген Шоң мұндай әділетсіздікке немкұрайды қарай алмады. Ол бірден ел арасынан төрелерді қуу саясатын ұстанды. Бұған көнгісі келмеген төрелер халықты оған қарсы қою мақсатында Шоң жөнінде неше түрлі лақап-өсек таратты. Шоң өз кезегінде халықтан айрылып қалмау үшін ата-баба дәстурін жаңыртуға дейін барды.1730 жылы құба қалмақтың беті қайтқаннан кейін сонау Орта Азиядан Арқаға карай қоныс аударуға бел байлағанда елдің басын қосып, күш жинау үшін Қаржас биі Сәти, Айдабол батыры Олжабай, Сүйіндіктен тараған Қаржас, Құлболды, Жанболды, Орманшы ұрпақтары "Төртұлы" деген одаққа косылып (басқа рулар да кірген) Жоңғар басқыншылығы тегеурінінен жүз жыл бұрын тастап кетуге мөжбүр болған Баянауыл өңіріне кайтып келеді.Міне, Шоңның төрелермен шайқаста күш алу үшін, яғни халықты төңірегінен шығармау үшін жаңғыртқан "Төртұлы" одағы осы еді. Ата дәстүрі қайта бас көтеріп, халық Шоңды "Төртұлыға" төбе би қылып сайлап алғаннан кейін төрелерді елден енді шындап қуа бастайды...Шоң балашағасымен қыруар ауыл болып барып, Бөкейдің жылдағы жаулауы Нұра бойын түгел алып алады. Енді Бөкей атқа қонады. Төрт жүздей Қаракесек жігітгерін сойыл-шоқпармен қаруландырып Нұраға карай жібереді. Мақсат белгілі - Шоңды жайлаудан қуып шығу. Осы тұста Жаңа- батыр баласы Жанақ ақынның (1768-1850) халықты хан қолына беруге шақырған өлеңі еске түседі.Бөкей сұмдық бастады,Қаракесек, Қуандық,Ел ішіне от тастады. Жақынын жау деп таныпты.Қаракесек бауырмен,Біз де карап жатпайық,Араны отыр ашқалы...Жинайык барша халықты,Қаракесек, Қуандық, Егізім деп жүргендер,Сүйіндікке жауықты. Сүйіндік жау деп шауыпты.Ыкыласы олардың, Қамданайы, Шоң аға,Төрелерге ауыпты. Келетін жау қауіпті.Ханның жайлауын басып алу жайлы қимылға барған Шоң да, Жанақ айтқандай, камсыз болмайтын... Халық аузында калған Шоң мен Бөкейдің Нұра соғысы 1817 жылдың маусым айында болады. Сойыл-шоқпар соғылады, бас жарылып, көз шығады, адам майып болады... Сонда да бұл соғыста Шоң жеңіп, халық алдында мәртебесі көтеріліп қалады.Сөйтіп Шоң қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның Мұсасының, Өскенбайдың Құнанбайының, Жайнақтың Ыбырайының, Зілқараның Мұсатының, Естенестің Есенейінің әр кезде әр округқа аға сұлтан болып сайланғаны тарихтан белгілі.Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі катты араздасып калады да, ағасына өкпелген Шоң Бағаналы (Құлнияз) Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға кұлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден "ана топ кімдер, ана көш кімнің көші" деп сұрайды. Әлгі кісі мән-жайды түсіндіреді. "Анау елден кетіп бара жатқан Шоңның көші, мыналар соңынан ере алмай, киып кете алмай тұрған туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.- Ассалаумагалейкум, ата, жол болсын. Қайда көшіп барасыз? - дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады. Сонда бала: - Е, мұнан барсан барасын, Батан алы Бабырға. Өзіне жейтін бас болса, Сыбағаңа тартылар. Бір сындырғы қабырға, Ат пен жігітің сай болса,Барымтасына жарарсың. Қызың сұлу, тазың алғыр болса, Бозбаласына жағарсың. Ел көшкенде, сен түндігңе қарарсың. Мұндағы Торайғыр, Шоң деген, Аттан бір айырылып қаларсың, - дейді.Шоң ойланып тұрып қалады. "Не істейміз?" - деп соңына ерген ел жақсыларынан сұрайды.-Е, не істеуші ек, алға тартамыз да. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынтанда тоқтамағанда, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе? - дейді.-Жоқ, олар осы баланын сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар, - деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген көрінеді.-Алда, ерім-ай, енді қайтсін. Дұрыс-ақ-ау. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл, - депті қасындағы кісілер.Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрган бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:-Уа, кімсің? - дейді.-Кереймін, - дейді Нұрбай.-Керей болсаң атың кім?-Атым Нұрбай.-Нұрбай қарақшы сен бе едің?-Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде калқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді, - дейді Нұрбай батыр.-Жол болсын, неғып жүрсің? - дейді Шоң.-Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.-Сенің атын Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар, - дейді Шоң.-Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз, - дейді Нұрбай.-Қалжыңға түсінбейсің бе, - дейді Шоң.Нұрбай:-"Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас" деген сөз бар. Әділ би болсаң малымды қайтар.Шоң би олардың малын қайтарып береді.

Сарыөзен, Қоңыраулы – Торғай алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақмола облысының Жарқайың, Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 164 км. Су жиналатын алабы 10100 км2.
## Бастауы
Сарыадыр қыратынан басталып, Саға ауылы тұсында Сарықопа көліне құяды.
## Гидрографикасы
Суы мол жылдары Тәуіш өзені арқылы Торғай өзеніне жетеді. Ірі саласы — Үлкен Дәмді өзені. Арнасының ені 20 — 50 м, кей жерінде 160 м-ге жетеді. Жайылмасы 10 — 40 м, кейде 60 — 80 м-ге жетеді. Сарыөзен сәуір — мамыр айларында тасып, су деңгейі 2,5, кейде 4,8 м-ге дейін көтеріледі. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 3,57 м2/с. Жазда иірім қарасуларға бөлінеді. Төменгі ағысындағы суы ауыз суға жарамды.
## Дереккөздер |
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары.Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген.Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі.Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер.Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары.Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
* заңдылык;
* патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
* мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
* мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
* жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
* азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
* мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
* мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
* бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
* бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
* мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
* мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
* мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
* мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.
## Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік қызметкер:
* өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
* қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
* мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
* біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
* орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
* еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
* мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
* зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
* жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
* Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
* Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
* азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
* олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
* өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
* өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
* басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
* мемлекеттік құпияларды сақтауға;
* мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
* кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуғабайланысты шектеулер де көзделген.Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ.Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
* белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
* сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
* мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
* сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
* сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.
## Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі
Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады:саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады;мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады.Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
* Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
* заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;
* тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті.Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады.Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді.Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді.Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек.Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара.Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
## Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігін тоқтату негіздері және олардың жауапкершілігі
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы.Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады.Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
* мемлекеттік органның жабылуы;
* заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
* оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
* сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
* саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
* саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
* оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
* қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
* келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
* табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
* Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
* заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;
аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері.Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады.Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді.Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
* ескерту;
* сөгіс;
* қатаң сөгіс;
* қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
* қызметтен шығару.
Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады.Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.
## Дереккөздер |
Аманат - Сатыбалды Нарымбетовтың фильмі. Басты рөлдерді Санжар Мәдиев пен Берік Айтжанов сомдады. Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген.
## Сюжеті
Фильмнің басты кейіпкері - 19 ғасырдағы қазақтардың Ресей империясына қарсы күресін ұйымдастырған, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы. Фильмде онымен қоса Бұқарбай батыр сияқты ханның сенімді серіктерінің өмірі көрсетілген.Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Фильмді тамашалау арқылы 19 ғасырдағы Кене хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов өміріне саяхат жасауға болады. Фильмді түсіру барысында, Nomad каскадёрлері шайқас эпизодтарына қатысты. Фильм Кенесары хан жайлы фильмдердің алғашқысы болмақ. Бұрында деректі фильмдер түсірілсе де, көркем фильмдер түсірілмеген еді.
## Дереккөздер |
Қараматақ – Қызылтас тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының солтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1001 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі тіктеу, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде қорымтастар жиналған.
## Өсімдігі
Саздауытты қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Сарыөзен – Ертіс алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының және Абай облысы Жаңасемей ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 6056 км2 .
## Бастауы
Мыржық, Ақшоқы тауларынан басталып, Ақмолайсор (Шалқарсор) көліне құяды.
## Гидрологиясы
Сарыөзен шоқылы, жонды өңірді басып өтеді. Өзен бойында кішкене тұйық көлдер көп. Жауын-шашын суымен толығады. Сәуірдің аяғында тасып, жазда иірім қарасуларға айналады. Суы егістік, мал суаруға пайдаланылады. Аңғары шабындық, жайылмасы — мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Арыстанды сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
Елді мекендер:
* Арыстанды – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл.
* Арыстанды – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Өзендер:
* Арыстанды – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы өзен.
* Арыстанды – Сырдария алабындағы Шаян өзенінің оң саласы.
Басқа мағыналар:
* Арыстанды – Түркістан облысындағы қоныс.
* Арыстанды – Қазақстанда (жалпы Еуразияда) табылған ең көне археологиялық мөдениет. |
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек (1974 жыл 19 наурыз, Алматы қаласы) — қазақстан саясаткері, Алматы қаласының әкімі (2015–2019), саясат ғылымдарының кандидаты. Шапырашты руынан шыққан.
## Білімі
* «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»;
* «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог;
* Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.
## Еңбектері
* «Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде)
* «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы;
* «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы;
* «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы;
* 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.
## Қызмет жолы
* 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, ата-анасы — Германиядағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).
* 2002 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы.
* 2003 жылдан — ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі.
* 2004 жылдан — бас инспекторы.
* 2006 жылдан — Хаттама жетекшісі.
* 2009 жылдың тамыз айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
* 2013 жылдың қаңтарынан — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
* 2015 жылдың 9 тамызынан — Алматы қаласының әкімі.
## Қоғамдық қызметі
* ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан);
* Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.
* С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.
## Марапаттары
* «Құрмет» (2008) орденімен;
* «Парасат» орденімен
* «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл»
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),
* «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
* ҚР Президентінің алғыс грамоталарымен (2001, 2010) марапатталған.
## Жеке өмірі
Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Әкесі, Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы — зейнеткер, «Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау» КМК бастығының орынбасары болған. Анасы, Байбек Алтынай Құнғалиқызы — зейнеткер, «Қазгипротамақөнеркәсіп» бөлімінің бастығы, бас маманы қызметін атқарған.
Үйленген. Жұбайы — Байбек Жанар Кенжеғарақызы. 5 баласы бар.
Хоббилерінің ішінде оқу, музыка және спорт бар.
## Дереккөздер |
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Білімі
* 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
* 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген,
## Қызмет жолы
* 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы.
* 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары.
* 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді.
* 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші.
* 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші
* 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы.
* 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі.
* 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
* 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.
* 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
* 7 қазан 2016 жылы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
* 26 желтоқсан 2018 жылы - 18 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
* 18 желтоқсан 2019 жылы - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
* 31 қаңтар 2020 жылы - Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды.
## Марапаттары
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Асқар Исабекұлы Мырзахметов (1 қазан 1962 жыл) - "Нұр Отан" партиясы төрғасының бірінші орынбасары, Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Білімі
* Алматы зооветеринарлық институтын (1984);
* Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988);
* Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген.
## Қызмет жолы
* 1988 жылдан - БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
* 1991 жылдан - «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.
* 1994 жылдан - «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.
* 1995 жылдан - «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.
* 1999 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.
* 2002 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі - ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.
* 2005 жылдан - ҚР ауыл шаруашылық министрі.
* 2006 жылдан - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
* 2007 жылдан - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
* 2009 жылдан бері - Түркістан облысының әкімі.
* 2015 жылғы 8 тамыздан - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына,Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
## Қоғамдық қызметі
* «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
## Марапаттары
* 6 медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы) - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Білімі
* 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
* 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген,
## Қызмет жолы
* 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы.
* 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары.
* 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді.
* 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші.
* 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші
* 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы.
* 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі.
* 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
* 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.
* 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
* 7 қазан 2016 жылы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
* 26 желтоқсан 2018 жылы - 18 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
* 18 желтоқсан 2019 жылы - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
* 31 қаңтар 2020 жылы - Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды.
## Марапаттары
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Қошқар — Аягөз және Қарақол өзендерінің аралығындағы тұзды тұйық көл.
## Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданы Шыңырау ауылының солтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 369 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 2,2 км2, ұзындығы 2 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 6 км, су жиналатын алабы 93 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық келген. Солтүстігінде Қызылқайнар, Қалдар, батысында Ешіге, шығысында Ойсексеуіл көлдері, оңтүстігінде Қалмаққазған құдығы жатыр.
## Дереккөздер |
Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев (1887, Ресей империясы, Торғай облысы – 1938, Алматы, Қазақ КСР) – кеңестік партия және қоғам қайраткері, Қазақ АКСР-і басшыларының бірі.
## Өмірбаяны
* 1887 жылы дәулетті отбасында дүниеге келген. Тегі-Жетіруға жататын кердері руы;
* Болыстық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орал әскери училищесінде, 1908–14 жылдары Марийнск ауыл шаруашылық мектебінде оқиды;
* 1919 жылы қыркүйекте – Жайықтың қазақ бөлігі мен Бөкей ордасын басқару үшін құрылған Қазревком Орал бөлімшесі төрағасының орынбасары;
* 1920 жыл – Жымпиты уездік ревкомның төрағасы; мамыр айында РК(б)П Қазақ облысы ұйымдастыру бюросының құрамына енді; тамыздың басында Бүкілресейлік Төтенше комиссиясының уәкілетті өкілінің орынбасары және Орынбор – Торғай Төтенше комиссиясының төрағасы болып тағайындалды; қазан айында өткен Бүкілқазақ кеңестерінің құрылтай съезінде Қазақ АКСР-і ОАК мүшесі және ішкі істер халкомы болып сайланды; желтоқсан айында Қазақ АКСР-і Халкомкеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ еңбек және қорғаныс кеңесінің төрағасы;
* 1921 жылы 27 қаңтар – 11 маусым аралығында РК(б)П Қазақ облысы бюросы төралқасының жауапты хатшысы болды. Осы қызметте республиканың соц. жолмен дамуының өз ерекшелігі барын, партияның орталықтағы қызмет тәсілдерін Қазақстанға қарапайым көшіре салуға болмайтынын табанды түрде дәлелдеді; маусым айында өткен РК(б)П облыстық конференциясында Мырзағалиевтың тезистері ұлт саясаты жөнінде қабылданған қарарға негіз етіп алынды. Осы жиында ол РК(б)П Қазақ облыстық комитеттінің жауапты хатшылығына сайланды.
* 2-Бүкілқазақ съезінде (1921, қазан) Қазақ АКСР-і ХКК-і төрағасы болып сайланды.
* 1923 жылы қаңтарда РКФСР ХКК-і жанындағы Қазақ АКСР-і өкілі болып тағайындалып, Мәскеуге жіберілді.
* 1925 жылы маусым айында Қазақ өлкелік партия комитетінің Қазақстан аумағын межелеу жөніндегі комиссиясының құрамына кірді. Ол БОАК комиссиясының алдына Торғай облысының төңкеріске дейінгі шекарасын қалпына келтіру, Қостанай және Ақтөбе губернияларын Қазақ АКСР-і құрамында тұтас қалдыру, Орынбор губерниясының қазақтар тұратын бөлігін Қазақ АКСР-і аумағына қарату жөнінде принципті мәселелер қойды. Мырзағалиев тезистері Қазақстан үкіметінің осы мәселе бойынша ұстанған позициясына негіз етіп алынды.
* 1926 жылы 30 маусым – 1929 жылы 28 мамыр аралығында Қазақ АКСР-і қаржы халық комиссары болды.
* 1930–37 жылдары РКФСР Жер шаруашылық халкомында жауапты қызметтер атқарды.
* 1938 жылы ІІХК органдары тарапынан тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
## Дереккөздер |
Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов (1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданы - 2015 жылы 17 тамыз Алматы) — көрнекті композитор, музыка педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1990). Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері (1983). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1970).
## Толығырақ
* Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов 1936 жылы 1 қараша БҚО Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
* 1965 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын Қазақ ССРнің халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Евгений Брусиловскийдің классын бітірген.
* 1964 – 65 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық редактор
* 1965 – 66 жылдары “Мектеп” баспасы музыка редакциясының меңгерушісі болған.
* 1966 – 98 жылдары Алматы консерваториясында дәріс берді (1997 жылдан профессор).
* 1973 – 84 жылдары Қазақстан композиторлар одағы төрағасының орынбасары, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
* 1984 – 87 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры
* 1991 – 98 жылдары Қазақстан композиторлар одағының 1-хатшысы қызметтерін атқарды.
* 1998 жылдан дербес зейнеткер.
## Шығармашылығы
* “Махамбет” операсы (1990)
* “Жер” (1967),
* “Отан туралы кантата” (1972)
* “Мерекелік шеру” (1980)
* “Достық” (1980)
* “Кең-байтақ отаным менің” (1988) кантаталары
* “Халқым туралы поэма” (1969)
* “Кек әні” (1978) вокальды-симф. поэмалары
* “Дала” (1976) симф. картинасы
* “Қуаныш” (1980) симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987)
* “Айтыс” (1972) атты вокальды-хореографикалық композициясы
* “1731 жыл” атты поэма-симфониясы (1987), көптеген ән-романстары қазіргі заманғы отандық кәсіби музыканың дамуына қосылған елеулі үлес болып саналады, сондай-ақ ол бірнеше спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған. Жұманиязов шығармалары жоғары көркемдігімен, ұлттық үн бояуымен ерекшеленеді.
## Марапататры
* 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
* 1983 жылы Қазақ ССРнің еңбегі сіңген өнер қайраткері құрметті атағы
* 1986 жылы СССРдің "Халықтар Достығы" Ордені
* 1987 жылдан профессор
* 1990 жылы Қазақ ССРнің халық артисі құрметті атағы
* 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік нагарадасы Парасат ордені мен марапатталды.
* Орал қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
Көшім (ру) - Орта жүз құрамындағы Арғын кіретін Қаракесек руының үшінші ұрпағы.
Көшім ұрпағы Қарағанды облысын мекендеген. Қазіргі кезде де оның ұрпағы Қарағанды облысын мекендейді.
## Дереккөздер |
Ғұбайдолла хан — 1821-1824 жылдары билік еткен Орта жүз ханы, Көкшетау өңірінің аға сұлтаны әрі Уәли ханның ұлы.
## Басқаруы
1821 жылы Орта жүздің би-батырлары Ғұбайдолланы хан етіп сайлады. Ал патша үкіметінің қазақ даласына қатысты өз жоспары болды. 1824 жылы ол Қытай елшілерін қабылдауы қажет болатын. Патша жасақтары кездесу болатын жерде Ғұбайдолланы, Торайғыр бимен бірге тұтқындап, хандық атақтан бас тартуға мәжбүр етті. Сол жылы ол Көкшетау аймағына аға сұлтан болды. Немере інісі Кенесарыны қолдағаны үшін 1838 жылы Ғұбайдолланы итжеккенге — Сібірдің Березов — Қайыңтұра қаласына жер аударды. Ол тек 1847 жылы ғана немере інісі Кенесары хан қайтыс болған соң қазақ жеріне қайта оралды.
## Дереккөздер |
Гордей Евгеньевич Колесов (18 тамыз 2008 жыл, Мәскеу) — жас шахматшы, вундеркинд. Қытайда 2015 жылы (жасы 6 жыл 5 ай) қытайдың орталық CCTV-1 телеарнасында дарындылар шоуының жеңімпазы, шахмат жарыстарының жеңімпазы, шығармашылық байқаулардың лауреаты, 5 тілді меңгерген (орыс, қытай, испан, ағылшын, француз), қытайдың 555 идиомасын жатқа біледі. Халықаралық шахмат федерациясының Президенті (ФИДЕ) Кирсан Илюмжинов Гордейді «Шахмат әлемінің кішкентай Буддасы» деп атаған. Гордейдің 3 кішкентай қарындастары бар — Милана, Агата және Есения.
## Өмірбаяны
Гордей Евгеньевич Колесов 2008 жылдың 18 тамыз күні Мәскеу қаласында дүниеге келген. Екі айлық кезінде ата-анасы оны Қытайдың тауарлар мен жабдықтар жеткізуге маманданып отырған Optim Consult компаниясын басқарып келе жатқан, әрі елде 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп жүрген әкесі Евгений Колесовқа, яғни Гуанчжоу қаласына алып барады. Ағылшынша жазылатын есімі: Gordey Kolesov, қытайша: 叶伟国, (пиньинь: Yè Wěi Guó — қытай тілінен аударғанда «Е Ұлы ел» немесе «Е Ұлы мемлекет»). Гордейдің теледидарға алғаш шығуы 2014 жылдың сәуір айында, Алексей Лысенковтың «Сам себе режиссер» атты бағдарламасында басталды, Россия 1. Гордей қытайлық иероглифтерді білімін паш етіп, әрі қытай тіліндегі әнді қарындасы Миланамен бірге орындап беріп, «Слабо» айдарының екі мәрте жеңімпазы атанды.
2014 жылдың қыркүйек айында Гордей ҚХР-дағы Ресей Елшілігінің (Бейжің қаласы) жанындағы шет (ағылшын) тілін тереңдетіп оқытуға арналған жалпы білім беру орта мектебінің экстернатына оқуға түсті. Сонымен бірге оның шахматпен де әуестенуі басталады.
2015 жылдың қаңтар айында Гордей қытайдың орталық теледидарында CCTV-1, дарындылар Шоуына қатысып, оның жеңімпазы атанады. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Гордей әкесімен бірге танымал жүргізуші Чжудан мадаммен қалайша қалжыңдасқаны туралы таңырқап тұрып жазды. Олар сол жүргізушіден қытайлық идиоманың мәнін түсіндіріп беру жайында сауал қойып, оны тығырыққа тіреген. Гордей осыншама табысқа жете білген шетелдіктердің арасындағы бірінші адам болды. Орысша субтитрлері жазылған роликті Қытай арнасындағы Youtube желісінде Евгений Колесов 2015 жылдың ақпан айының соңында жариялады да, бір ғана аптаның ішінде 1 млн көрермендер жинап үлгерді. Кейбір комментаторлардың пікірінше, жас ресейлік азамат ресей-қытай достастығына дипломаттарға қарағанда көбірек үлес қосқан, ол әлі келешекте дипломат болады-ау деп топшылап та отырғандар бар. Қытайлық БАҚ ұлының дарындарын тәрбиелеуде әкесінің қосқан үлесі зор деп танып отыр.
Кішкентай дарындылар Шоуында жеңіске жеткен соң, кішкентай Колесовты 15 миллион адамы бар Гуанчжоу мегаполисіндегі жоғарғы шенеуніктер мен генералдардың балалары оқып, білім алатын жабыр артықшылықты мектепке тегін оқуға шақырды. Бір жылдық оқуға төлемақысы 20 мың АҚШ долларынан астам ақшаны құрайды . Гордейдің ата-анасының атына да Гордейді түсірілімдерге қатыстыру үшін қытайлық телеарналардан ондаған шақырулар келіп түсіп жатады.
2015 жылдың ақпан айында ресей-қытай достастық жылдарының және жастар алмасуының аясында өткізілген «Қытай-Ресей. Достық көпірі» атты ресейлік-қытайлық балалар мен жасөспірімдердің көркемөнер шығармашылығы байқауында да (2014—2015 жылдар) Гордей өзінің салған суретімен күміс медальді иеленді. Сол айдың ішінде оған қытай каллиграфиясын қатты қаламсаппен жазу-2014 бастапқы байқауында оқырмандар сүйіспеншілігі жүлдесі берілді. Байқауға Гордей өзінің каллиграфиялық дарындары туралы әңгімелеп берген видеосы жіберілді. Гордейден үлгі алу керектігін айтып, жас дарынның (байқаудағы ең жас қатысушы) табыстарын таңырқай бағалаған ШОС бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Гордейге жүлдені өз қолынан табыс етті . «Церемония рәсімі кезінде дарынды ресейлік бала баршаға Су Шидің (қытайлық Сунь әулетінің ақыны. — Еск. ред.) өлеңін айтып беріп, көрермендердің ұзақ шапалағына бөленді». Гордейдің табыстары жайлы тіпті Қытайдың басты ақпараттық агенттігі «Синьхуа» жариялап жазды,.
2015 жылдың сәуір айында Гордей мен оның әкесі Евгенийді «Пусть говорят» бағдарламасының арнайы түсіріліміне шақырылды. Сол уақытта роликті қарағандардың саны 4 млн асып кеткен
2015 жылдың 1 маусымы күні Интернет желісінде қытайдың орталық теледидарында CCTV-1, дарындылар Шоуының гала-концертіндегі ролигі жарияланды. Гордей XVI ғасырдағы қытайдың классикалық «Батысқа сапар» романының кейіпкері, Мешіндердің патшасы Сунь Укунның жасын есептеп айтып беріп, әділ-қазылар мен қытайлық көрермендерді таң қалдырды, танымал қытайлық тележүргізуші Лю Ивэй, орыс баласының монологын тыңдап, диваннан сырғып түсті. Видеоны жариялағаннан кейінгі 3 күннен соң қараушылардың саны жарты миллионнан асып түсті. БАҚ Гордейді вундеркинд деп атады. Гордей Колесовтың әкесі Евгений НТВ арнасына берген сұхбатында, өз ұлын вундеркинд деп атамау керектігін мәлімдеді, оның пікірінше, «Гордей — көпшілік жақсы көретін бала, ол бар болғаны сонша тәртіпті, әрі оқығаннан ләззат алады». Гордейдің роликтерін сонымен қатар, бұл баланың тіл бойынша қабілеттері жайлы мақтап айтатын, РФ ҚМ әскери аудармашылары институтының студенттері мен МГИМО оқитын болашақ дипломаттар қарап жүреді..
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актёрі Михаил Ефремов, 4 маусымдағы «Ұлттық жаңалықтар қызмет» ақпараттық агенттігіне арнап Топ-5 басты жаңалықтарды дайындап отырып, Гордей жайлы былай деп жазған: «Алты жастағы ресейлік вундеркинд Гордей Колесов Қытайдың орталық телеарнасында трансляцияланған таланттар шоуының жеңімпазы бола білді. Гордей бес тілде сөйлей алады, оның шахмат бойынша бірінші разряды бар және ол осы спорт түрінен Ресейдің құрамасының мүшесі болып табылады. Гордей, сен — біздің болашағымызсың, саған бүкіл ел теңескісі келеді!»
Интернетте Гордей түскен роликтер зор танымалдылыққа ие болып отыр, солардың ішіндегі ең көп қаралғандары: «6-жастағы Гордей Колесов Қытайдың орталық ТД-да, ССTV-1», «Гордей Колесов Қытайдың орталық ТД-да дарындылар шоуын жеңіп алды», «Шэньчжэндегі шахмат бойынша І орын», «Гордей Колесов гитарамен орындаған қытайлық ән», «Қытай. Шахмат жаттығуы», «В. В. Маяковский. Қытайға нота», «Қытайдың 475 идиомалары», сондай-ақ ол әкесімен бірге: Сергей Есениннің қытай тіліндегі «Гой, ты, Русь моя Родная» және Мао Цзэдунның қытай және орыс тілдеріндегі өлеңдерін оқып тұрған роликтер.
Гордей Колесов әлемде Рубик текшесін тез келтіру бойынша ең жас шеберлердің бірі болып табылады.
2015 жылдың көктемінде Қытайдың екі орталық арналары Гордей жайлы әрі оның отбасы жайлы 2 деректі фильм түсірді.
## Шахматпен әуестену
Гордей шахматпен 2014 жылдың жазынан бастап әуестене бастады, ал сол жылдың қараша айында ол Гуанчжоудың шахмат бойынша біріншілігінде қатысып, күміс жүлдегер ретінде танылады.
2015 жылғы қаңтар айының соңынан бастап, Гордеймен арнайы жаттығулармен сабақ беру үшін Гуанчжоуға көшіп барған Андрей Ободчуктің басшылығымен ол шахматтар бойынша жүйелі оқытуын бастайды. 2014 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде Гордей шахмат бойынша бірнеше біліктілік турнирлерінде қатысып үлгерді. 2015 жылдың сәуір айында Гордей Шэньчжэнде шахмат бойынша өткізілген біліктілік турнирінде жеңімпаз атанады да шахмат бойынша бірінші разрядты орындап береді. Чемпион кубогын Гордей қытайлық гроссмейстер, қытайлық әлем чемпиондарының, соның ішінде әйелдер арасындағы үш дүркін әлем чемпионының (2010, 2011, 2013) жаттықтырушысы Е Цзянчуаньның, және де ең жас әйел гроссмейстер Хоу Ифаньның қолынан алды. Таиландта (Паттайя) 2015 жылдың 05-15 мамырында мектеп оқушыларының арасында өткізілген әлем чемпионатында Гордей өзінің жастық санатында жас ресейліктердің арасында үздік нәтиже көрсетіп, ең мықты ондыққа кірді.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ – Нұра алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 126 км, су жиналатын алабы 1949 км2.
## Бастауы
Бақты тауының батыс беткейінен басталып, Байтайлақ тауына жетпей Талды өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Оң жағалауы жарлы, сол жағы жайпақ. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,04 м3/с. Суын шаруашылық қажетіне және мал суаруға пайдаланады.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ – Лепсі алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан, Ақсу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 172 км, су жиналатын алабы 1880 км2.
## Бастауы
Аралқұм құмды алқабындағы Алтыбай көлінен басталып, Лепсі темір жол стансасына 40 км-дей жетпей Лепсі өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Жағасы жайпақ, жайылмасы кең. Көлге құятын Басқан өзенінің суымен толығады. Жазда иірім қарасуларға бөлініп қалады. Алабы — жайылым.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ – Айтау тауындағы өзен.
## Географйиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 210 км2.
## Бастауы
Бастауын Айтаудың шығыс баурайынан алып, әуелі солтүстікке, одан кейін батысқа қарай бұрылып ағады да, Сексеуілдала жазығына жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Су арнасында көктем айларында (наурыз — мамыр) ғана болады. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағалауы мал жайылымы үшін пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ — Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты Шеңгелді ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Қонаев қаласынан шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1977 жылы “Қапшағай” жем-шөп дайындауға маманданған кеңшардың орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде Сарыбұлақта шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Сарыбұлақ (1993 ж. дейін — Куликовка) — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 82 км-дей жерде, Шілік өзенінің Қапшағай су қоймасына құяр тұсында (12 км), құрғақ далада орналасқан.
## Тарихы
1993 жылға дейін “Куликовка” деп аталған. 1979-1997 жылдары Шелек ауданы мал бордақылау бірлестігінің орталығы болған. Оның негізінде Сарыбұлақта шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Өтеміс қажы (толық аты-жөні: Өтеміс қажы Маулана Мұхаммед Дусти,туған-өлген жылдары белгісіз) — 16 ғасырдағы Хиуа тарихшысы, «Шыңғыснама» атты тарихи хрониканың авторы. Ол өзбектің Хорезмді билеушісі (1515-1525) Ілбарсханның (Ильбарс) қол астында қызмет атқарды, қыпшақ даласында билік құрған Шыңғысханның ұрпақтары тарихи шығармалардан кейбір хандардың есімін кездестіргенмен, олардың билік құрған кездегі жағдайларын анықтай алмады. Дегенмен үздіксіз іздену нәтижесінде ол «Шыңғыснаманы» жазып шықты. Бұл шығарманың екі нұсқасы бар. Толық нұсқасы Стамбулда, толық емес данасы Ташкентте сақтаулы. Екінші нұсқасындағы хрониканың, жылнаманың Тоқтамыс жайын баяндайтын тарауы бізге жетпеген. Ол Хорезмнен Еділ бойына, онан әрі Каспий теңізі жағалауынан оңтүстікке қарай саяхат жасаған.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.