text
stringlengths
3
252k
Шоған — қазақ халқының құрамындағы рулар тобы. Шежіре деректеріне қарағанда Шоған абыз ұрпақтары Ұлы жүз Албан руынан тарайды. Шоғаннан Тұрымжан, Дәулен, Алжан, Шажа рулары өрбітіледі. Бірқатар шежірелер мен Қазақ совет энциклопедиясында (12-т) Алжанды Мәмбет, Шажаны Үмбет деп те атайды. Х. Арғанбаев еңбегінде Шоғаннан тұғыжым (айтбай, сиқымбай) мен дәулет (аманқұл, жәдік) ұрпақтары таратылады. Шоғаннан тараған ұрпақтар қазіргі Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерінде, біраз бөлігі Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі Текес, Іле өзендері өңірін, Өзбекстанның Бостандық аудандарын, Тәшкен шаһарларын мекендеген. Ұзақ уақыт бірнеше мемлекеттер (КСРО, ҚХР) құрамында өмір сүру Шоғаннан тараған ұрпақтардың өзара байланысын әлсіретіп, этникалық аумағының бөлінуіне алып келді. Бүгінгі күнде Қазақстан, Қытай, Монғол, Ресей және Қырғыз елдеріндегі Шоғаннан тараған ұрпақтары мен Албан шежіре деректері жинақталып,қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жанжақты баяндалуда. Алматы обылысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында Шоған абыз мешіті, мәдени орталығы, Шоған абыз бен өз дәуірінің оза шапқан ұрпақтарының ескерткіші орнатылған. Ұраны — Райымбек. Таңбасы — сызықты дөңгелек. ## Дереккөздер [[Санат:Қазақ рулары]
Маңғытай — Орта жүз ішіндегі қоңырат тайпасының құрамындағы ру. Маңғыт, қытай бірлестіктерінен тұрады. Маңғыттар 14 ғ-да Едігемен бірге қазақ жеріне келген. Алғашқыда олар Ұлытау, Кеңгір өңірін мекендеп, кейін Ташкент маңына ойысқан. Едіге мен Ақсақ Темір қақтығыстарының бірінде олар көп шығынға ұшырады. Ал қалғандары қытай руының көсемі Саңғыл бидің ұйымдастыруымен бірігіп Маңғытай руына айналды. Маңғытайлардың бір бөлігі қоңыратттың құрамына, қалған бөлігі құраманың құрамына енді. Маңғытай болу қиын, Маңғытай болсаң баю оп -оңай ## Тұлғалар * Нәзір Төреқұлов * Исраил Сапарбай * Едіге * Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов * Маңғыт мырзалары * Ноғай әмірлері * Ақпанбет батыр * Мүкамал батыр ## Дереккөздер
Қаракесек — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Кіші жүзде Алшын-Құдияр тентек. Құдияр тентектен екі бала өрбиді Қайырбай (Қаракесек), Қыдырбай (Байұлы). Қайырбай Қаракесектен: Байсары, Әлім, Шөмен. Әлім-Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Ұланақ (Қаракесек, Қайырбай атасын қолында баласы боп өсіп, қара шаныраққа ие болып қалып, Қаракесек аттанып кетті), Айнық, Тегінболат (бұл екеуі Қарасақал аттанып кетті), Тайқожа(Ақкете). Ұланақ (Қаракесектен) 1. Есіл, 2. Тобыл Тепер (Қазан Тебер Тентек, еншісіне өкпелеп, қазан теуіп кетіп калған, содан сон Қазан Тебер, Тепер, Тобыл Тепер аттанып кетті). Қаракесектердін ортақ ұраны «Ақпан». (Ақпан батыр әулие). Ұланақ Қаракесек: * Есіл. * Тобыл-Тепер. * Есіл: 1. Үнгіт, 2. Жолай. * Үнгіт: 1. Табаншы, 2. Естек, 3. Жақау батыр (хан депте атаған). * Табаншы: 1. Мөнкебай, 2. Тенізбай, 3. Байыс. * Естек: 1. Кәдірқұл, 2. Құланшы, 3. Кешубай, 4. Қалша. * Жақау: 1. Тінібек, 2. Жақсылық, 3. Аман, 4. Түмен (бұл екі аталық Аман-Түмен болып кетеді), 5. Ноғай, 6. Шонай, 7. Қасаболат, 8. Малайсары, 9. Шой. * Жолай: 1. Есенгелді. * Есенгелді: 1. Кемпір, 2. Байыс (Мырзас), 3. Байбағыс, 4. Назар, 5. Бекназар. * Тобыл Тепер: 1. Айнық, 2. Арық. * Айнық: 1. Бөзқозы, 2. Көгей. * Бөзқозы: 1. Әлжан. * Әлжан: 1. Әлдіберді, 2. Танат, 3. Қосақ, 4. Қалпақ. * Көгей: 1. Жаналы, 2. Көшелік. * Көшелік: 1. Жылқыайдар. * Жылқыайдар: 1. Әжімбет, 2. Дәулетімбет, 3. Өмір, 4. Шуылдақ, 5. Бексары. * Жаналы: 1. Қонақбай, 2. Шеке. * Шеке: 1. Шәуке, 2. Ізбасар, 3. Елібай, 4. Жандыр. * Қонақбай: 1. Әліқұл, 2. Әйтек. * Әліқұл: 1. Қайыпберді, 2. Жолан, 3. Тәй тәй, 4. Бердібай, 5. Кәдір, 6. Қожасай. * Қайыпберді: 1. Айбас, 2. Қойбас. * Жолан: 1. Жанабай, 2. Пұсырман, 3. Аман (Жаман), 4. Есен, 5. Құлшық. * Тәй тәй: 1. Қарабай, 2. Қарабек, 3. Сәнкібай, 4. Айғыр, 5. Елемес, 6. Сарыбай. * Бердібай: 1. Құлет, 2. Жанұзақ, 3. Жантай, 5. Балапан. * Кәдір: 1. Сарша, 2. Бозан. * Әйтек: 1. Манғыбай, 2. Бүркітбай. * Арық: 1. Шүрім-Қоныр. * Қоныр: 1. Бөкет, 2. Қонай. * Бөкет: 1. Айтқұл, 2. Шонқа, 3. Қасаболат. * Қонай: 1. Бекжігіт, 2. Торғай, 3. Мүсеріп. Бірқатар ғалымдар (Н.А.Аристов, т.б.) Қаракесек руын Орта жүздегі Арғын тайпасындағы қаракесектермен туыс деп жорамалдайды. Қаракесек руы негізінен 17 ғасырдың 2-жартысы — 20 ғасырдың басында Ырғыз, Қазалы уездерін мекен етіп, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Қыстаулары: Құланды, Қаратал түбектерінде және Сырдарияның жағасын бойлай орнаеласқан. Таңбасы — босаға. 1787 жылдың қыркүйек айында старшын болып Қаракесек руына - Сегізбай би, Байұлына - Торманбет би, Жетіруға - Тіленші батыр келеді. Көп ұзамай, бұл билік те өзгеріске ұшырады. Сонымен ақырында Қаракесек тайпасының билігі - Сартай батыр биге, Қаракөбек би, Мұратбек би қолдарына көшті. Тобыл Тепер Қаракесектің қоныстанған жері Орскіден, Мартөк, Ақтөбе қаласының орыны, Қобда, Алға, Темір аудандары, қыстауы Байғанин ауданы Жем бойы Сам Матайменен Үстіртін үстімен Каспий тенізіне дейін. Бөзқозы батыр (ұзын оқты Бөзқозы мерген), Әлжан батыр би, Алпысби би, Алпысби би ұлы Әлдіберген батыр, Базарбай батыр, Жылқыайдар батыр, Қос Алдаберген батырлар (Әлжан, Жылқыайдар аталығынаң), Құрмансейіт батыр, Айбалталы шынжырлы Тәй тәй батыр, Құлсары батыр, Қосан батыр, Жанболат (Топан) палуан, Жолан би, Жанабай би , Төлеубай батыр, Кейкі батыр, Шеке батыр, Алтынбай балтагер, Ақжігіт найзагер. Тобылдын ұрпақтарын Төрт Тепер деп атаған деседі (Әлжан, Қоныр, Жаналы, Жылқыайдар) халықтың ауызында, мағынасы Төрт Теперден қалған аталықтар тарап отыр. ## Тұлғалар ## Дереккөздер
Қожбанбет — Ұлы жүз Албан тайпасынан тараған ата. Қожбанбеттен: * Ағым, * Сары, * Тілеу ұрпақтары өрбіген. Олар Қазан революцисына дейін Әулиеата, Жетісу жерлерін мекен еткен. Ұраны - Бақтияр, таңбасы - абақ таңба. ## Тұлғалар ## Дереккөздер
Тарақты — Орта жүз құрамындағы тайпа. Ұраны — Жауғашар, Байғозы. Таңбасы — тарақ. ## Тарихы Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке де Тарақты шежіресін зерттеуде көп еңбек сіңіріп, оның тарихи рөлін анықтауға лайықты үлес қосқан. Ол былай дейді: «Тарақты – үлкен тайпа, оның ұраны үшеу: «Ақжол», «Қарақожа», «Жауқашар» («Жаубасар» деп те айтушылар бар). Таңбасы – үш тісті тарақ. Тарақты тегінде лақап аты болса керек. Азан аты – Ақтанберді екен. Бір соғыста ол қолына үш тісті істігі бар сойыл ұстап шығыпты да, «Жауқашарлап» ұран салып қарсы кезіккен дұшпанды сонымен түйрей беріпті. Ұрыс біткен соң қолбасшы: «Тарақ найзалы батыр, бері жақында», – деп жөнін сұрап, жаудан түскен олжаның басын беріпті. Содан былай Ақтанберді «Тарақ найзалы батыр» аталып, ақырында «Тарақты» есімін иеленіпті. Құрамы жөнінен Тарақты – рулық деңгейден баяғыда асып, ірі тайпа, қауымдастық межесіне жеткен ел. Мәшһүр Жүсіп шежіресінде: «Орта жүз Тарақтымен қосылып жеті арыс ел атанған» дейді (Шығармалары. 14-бет).Арғын руларының белгілі білгірі Мұса Шорманов,Семейлік өлкетанушы Н.Я.Коншин өз жазбаларында Орта жүзге негізінен сегіз арыс ел қосылатынын, соның бірі Тарақты екенін атап көрсетеді. Ал Тарақты тайпасының ноқта ағасы атануына келетін болсақ, ол қазақ қауымында ерекше статусы бар әрі көптен қалыптасқан дәреже-құрмет болып табылады. Мұндай жоғары мәртебеге Ұлы жүзде – Жалайыр, Орта жүзде – Тарақты, Кіші жүзде – Табын ие болған. Бұл тек осыларға тиесілі рәсім саналады. Басқалар бұған таласа алмайды. Бәрінің де елдік таңбасы – үш тісті тарақ. Барша қазақ хандарынан өрбіген төрелердің де елдік таңбасы – үш тісті тарақ екенін еске саламыз. Бұлардың арасында қандай байланыс барлығы анықталмаған. Ежелден орныққан салт-рәсім бойынша ноқта ағасы атанған ел өзімен туыстас руларға аға болып, қалың Алаштың ұйытқысы ретінде құрметтелген. Бұл жерде Тарақтының басқалармен туыстығы және ноқта ағасы болуына байланысты жазушы-зерттеуші Марал Ысқақбайдың «Шыңғыс ханның нәсілі моңғол ма, түрік пе?» деген мақаласынан мына бір қисынды пікірді келтіруді жөн деп санаймыз. Ол былай дейді: «… тарақ таңбалы Жалайыр мен Тарақтыны да шежіреші қарттар бір тайпадан тараған бұтақтар деп санайтын. Жалайырдың Ұлы жүзге ноқта аға болуын, Тарақтының Арғынға ноқта аға болуын (Бұл жерде Марал жаңсақ айтып отыр. Шежіре бойынша Тарақты бүкіл Орта жүздің Ноқта ағасы сол Шыңғыс ханның құдірет-күшінің арқасы деп қарайтын… Демек, Жалайыр, Тарақты, Төре арасында белгілі бір дәрежеде ілік-шатыстық бар екені ақиқат. Әйтпесе, оларға жеке-жеке иеленер таңба табылмай қалмаған шығар». Осы деректерге сүйене келе көптеген ғалымдар Тарақты руын Орта жүздегі бөлек руға жатқызады. ## Тұлғалар ## Қоныстануы 1785 жылғы санақ бойынша Семей дуанында 400 отбасы Тарақты болса, ал 1833 жылғы санақта Ақмола өлкесінде – 1790, Қарқаралыда 590 отбасы өмір сүргендігі айтылады.Сонымен бірге Баянауыл, Көкшетау және Атбасар өңірлерінде де Тарақты руларынан қайда, қанша отбасы барын шежіреші қарттар да толықтыра түседі. Мәселен, шежіреші Қанафия Сыздықұлы Ақмола уезіне қарайтын Сарысу Тарақтысында 1920 жылы 2200 отбасы, екі болыс болғанын айтады. Бұлар негізінен: Апай-Тоқтауыл, Әлеуке-Көгедей және Қыдыр. Есіл мен Нұра бойында 1800 отбасынан тұратын бір болыс қоныс тепкен. Олардың көпшілігі Сары, Қарқаралы мен Семейде 2500 отбасы, 6 старшын Әлі Тарақтысы болған. Тарақтылардың ежелгі атамекені – Сырдария бойында болғанын, Шиеліде – Жәші,Сары, Қаратау мен Түркістанда – Қыдырлар көп екенін айтуға тиіспіз. Бұрын Жиделібайсынды мекен еткен сегіз болыс Тарақты өзбекке сіңіп кеткен. Олар: Алакөз бен Шәуке тұқымдары. Бөгежін ұрпағының 7 болыс елі Шығыс Түркістан мен Қытайда. Статистикалық мәліметтер бойынша 1915 жылы қазақ халқының саны 5, 5 миллион адам болған. Ал Тарақты тайпасы 37 мың түтінді құрап, жалпы саны 185 мың адамға жеткен. Бұл әрине, толық мәлімет емес.Қорыта айтсақ, Тарақты ұлысы бүкіл Қазақстанға, оның ішінде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында, сол сияқты одан тысқары жерлерде көптеп қоныстанған іргелі ел болып табылады. Өкінішке қарай, тағдыр тәлкегімен шашырап кеткен. Бытыраңқылықтың мәнісін дуалы ауыз қарттарымыз «Атамыз төресі жоқ жерге төре болыңдар, қожасы жоқ жерге қожа болыңдар» деп бата берген екен» деп түсіндіреді. ## ДНҚ Арғынның басқа руларынан айырмашылығы Тарақты арасында G1a гаплогруппасы басым емес. Оларға J1 (33,3%) және C2 (23,8%) гаплогруппалары тән. ## Дереккөздер
Алтай-Қарпық — қазақ халқының құрамындағы рулар тобы. 1875 ж. Бұқар қаласында жарық көрген Сайдаққожа Жүсіпұлының (1805-1885) "Қазақ тайпаларының тарихы" деп аталатын кітабындағы деректерге қарағанда қазақ жүздерінің құрамына кірмейтін 8 тайпаның бірі құрамалар. Құрамадан — қатаған, баршылық, қоңырат, қыпшақ, тарақты, маңғытай, моғолтай, ноғайлы, алтай-қарпық, дүрмен рулары тарайды(бұларды көпшілікке белгілі қоңырат, қыпшақ, тарақты, т.б. ру-тайпалармен шатыстыруға болмайды). Алтай-Қарпық түріктің қарлұқ бұтағынан өрбіген. Ертеде Алтай тауларының бөктерін мекендегендіктен алтайлық қарлұқтар деп аталған. Осы алтайлық қарлұқтар қалың қазақ арасына келген соң Алтай-Қарпық аталып кеткен. Ал қазақ халқының құрамына еңбей тыс қалғандары қазіргі уақытта Алтай бөктерін мекендейді. Шамамен 600 мың адам. Қазақ халқының құрамындағы Алтай-Қарпықтан — Қаратоқа, Сарытоқа, Алтай аталары тарайды. Олар Өзбекстан Республикасының Бұқар, Хиуа қалалары төңіректеріне қоныстанған. ## Тұлғалар * Сара Назарбаева - Сармантай руынан ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://e-history.kz/kz/contents/view/1705 Мұрағатталған 29 қазанның 2017 жылы. * Алтай шежіресі, 1020 бет. «Темірқазық» баспасы атаусыз дереккөздерде мағлұматы болуы қажет
Сары — Орта жүз Қоңырат тайпасының Жетімдер руының бір тармағы. Сарыдан Құба, Тебей, Қосай, Барақ, Ерсімбет, Сұлу, Құл, Бөгембай, Кенжеқара, Қыра, Беген, Қара аталары өсіп-өнген. 1917 жылғы төңкеріске дейін Сарылар 300 түтін (үй) болған. Олар қазіргі Түркістан облысындағы Түркістан, Қантағы, Сауран, Шәуілдір, Шоқтас, Асық атаны мекендеген. ## Дереккөздер
Сары — Ұлы жүз Албан тайпасының тармағы. Шежіре бойынша Албаннан: * Сары * Шыбыл Сарыдан: * Сүйерқұл * Сүйменді Сүйерқұлдан туған 4 баланы “Төрт шам сегіз сары” деп те атайды. Сарыдан тараған аталардан Шоған, Қожбамбет, Жарты, Досалы, Шажа, Алжан, Құрман, Қыстық, Тоқан, Баба, Жәнібек, Қара кісі, Сары, Таз деген рулар қалыптасқан. Сарыдан тараған ұрпақ 1889 жылғы санақ бойынша 10300 түтін (үй) болған. Бұлар 1917 жылға дейін қазіргі Алматы облысының Нарынқол, Ұйғыр, Кеген, Шелек ауданы, Қырғызстанның Теріскей Алатауын, ҚХР-дың Текес, Іле бойын мекендеген. ## Дереккөздер
Бозым — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүздегі албан тайпасынан таратылады. Бозымнан Сары, Шобал, Жаншық аталары тарайды. Ұраны —Райымбек. Таңбасы — дөңгелек. ## Дереккөздер
«Жексұрын мен» (ағылш. Despicable Me) — Illumination Entertainment компаниясы шығарған компьютерлік мультфильм. Әлемдік премьера 2010 жылдың 27 маусымында, Қазақстанда премьера 2010 жылдың 8 шілдесінде өтті. ## Сюжеті Сырт көзге жексұрын көрінсе де, іштей мейірімді Грю әлемдегі ең зұлым адам екенін дәлелдеу үшін Айды ұрламақ болады. Оған өзі құрған миньондар армиясы көмектеседі. Оның бұл ойына бәсекелестері мен өзі асырап алған үш кішкентай қызды күтіп-бағуға қатысты мәселелер кедергі болады. ## Кейіпкерлер * Грю Фелониус Мексон — басты кейіпкер және суперзұлым, бірақ шын мәнінде жақсы адам. Қу, залым және батыл. * Доктор Нефарио — кәрі өнертапқыш-ғалым, Грюдің көмекшісі. * Вектор (шынайы аты — Виктор Перкинс) — мистер Перкинстың баласы және зұлымдық бойынша Грюдің қарсыласы. Теңіз жануарларымен бірге қару шығаратын бейбақ. * Марлена — зұлым әжей, Грюдің анасы. Каратэмен айналысады. * Мистер Перкинс — толық адам. Вектордың әкесі және Зұлым Банкінің директоры. * Мисс Хэтти — толық ханым, сырт көзге жақсы, бірақ іс жүзінде ашуқор және күйгелек (әсіресе қыздармен). Жетім қыздарға арналған балалар үйінің директоры. * Марго — қыздардың ең үлкені және ең ақылдысы. Қыздардың ішіндегі ең белсендісі. Көзілдірік киеді. * Эдит — қыздардың ортаншысы, сары шашты қыз, әрқашан қызғылт тоқылған бөрік киіп жүреді. Қорқынышты фильмдерді сүйіп көреді. * Агнес — қыздардың ең кішісі. Жалғыз мүйіздерді жақсы көреді. * Миньондар (ағылш. minion — бағынушы; қызметші; жалшы; атарман) — «Kinder - сюрприз» типты шоколад жұмыртқадан шығатын пластмасс цилиндрлік қорабына ұқсас сары ағзалар. Дөңгелек көзілдірік киіп жүретін, екі немесе бір көзді келеді. Бір-бірімен өз тілінде сөйлесіп, кейбір кезде адамға түсінікті сөздер айтады. Миньондар қалай пайда болғаны белгісіз: балалар бөлмесінде миньон суреттелген FINAL (ағылш. қорытынды) сөзімен сызба тұр, бұның арқасында топшылауға болады: миньондар - генетикалық эксперименттің өнімі. Басқа тірі ағзалар сияқты олар тамақ жейді, сусын ішеді және ұйықтайды. Бірақ олар ғарышта скафандрсыз жүре алып, ұйықтағанда жарқырайды. «Танысу күні» мультқосымшасында миньондар мына фразаны айтады:«Біз бір отбасымыз, себебі біз бір мутацияланған ДНҚ тізбегінен құрылғанбыз». Миньондарды Грю өзінің әскері және көмекшісі ретінде қолданылады. Олар ақылсыздау, бірақ еңбекқор және күлкілі. Грю миньондарға жақсы қарайды, бір-біріне ұқсаса да барлығының атын біледі. Миньондар бұған оны шексіз қадірлеумен жауап береді. * Фред МакДэйд — Грюдің көршісі. Фильмнің басында көршінің иті оның ауласын ластап кеткенде және Грю айға зымыран ұшырғанда пайда болады. Фильмді ол маңызды рөл атқармайды. ## Марапаттары мен номинациялары * 2010 — «Спутник» премиясының «үздік анимациялық фильм» номинациясы. * 2010 — «Teen Choice Awards» премиясының «үздік жазғы фильм» номинациясы. * 2011 — «Алтын глобус» премиясының «үздік анимациялық фильм» номинациясы. ## Музыкасы Фильмде көбінесе Фаррелл Уильямс пен Эйтор Перейраның композициялары қолданылған. 2010 жылдың 6 шілде күнінде Ханс Циммер продюсерлеген, Эйтор Перейра жазған Фаррелл Уильямстың фильмдегі композициялары біріккен Despicable Me: Original Motion Picture Soundtrack альбомы шықты. Альбом промо-CD және толыққанды альбом түрінде жарияланған. ## Жалғасы 2012 жылдың 4 наурызында «Лоракс» мультфильмімен бірге «Жексұрын мен 2» сиквелінің алғашқы ресми тизері көрсетілді. Фильм сюжеті мен кейіпкерлері құпия сақталып, тизерде өлең айтып жатқан төрт миньон көрсетілген. Қазақстанда премьера 2013 жылдың 15 тамызында өтті. ## Қысқаметражды мультфильмдер Фильмның Blu-ray Disc және DVD Discке шығуына студия арнайы кейіпкерлер қатысқан үш қысқаметражды мультфильм шығарды. Қысқаметражды мультфильмдер қосымша-бонус ретінде жасалды. Бұл мультфильмдердің атауы мен сюжеті мынадай: * «Үйдің түрін түбегейлі өзгерту» (ағылш. Home makeover) — Марго, Эдит және Агнес миньондармен бірге Грю жоқ кезде әлеуметтік жұмысшының келуіне үйді дайындайды; * «Танысу күні» (ағылш. Orientation day) — миньондар жаңа келген миньондарға Грю лабораториясының қауіпсіздік ережелері мен жұмыс ұйымдастырылуы туралы айтады; * «Банан» (ағылш. Banana) — лабораториядағы жұмыс кезінде миньондар бір-бірімен банан үшін жанжалдасады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Жексұрын мен (ағыл.) Internet Movie Database сайтында * Жексұрын мен (ағыл.) Rotten Tomatoes сайтында * Жексұрын мен (ағыл.) Metacritic сайтында * «Жексұрын мен» (ағыл.) Box Office Mojo сайтында * Жексұрын мен (ағыл.) AllMovie сайтында
Сары — Кіші жүз байұлы тайпасының Алаша руынан тараған ата. Сарыдан Қожамберді, Қожағұл, Малай ұрпақтары өсіп өнген. Олар қазіргі Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарын мекендеген. ## Дереккөздер
Қарасаз бірнеше елді мекеннің атауы: * Қарасаз — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл * Қарасаз — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл. * Қарасаз — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл.
## «Шығыс аңызы» Абайдың «Масғұт» атты поэмасындағы алғашқы мазмұн, яғни, Масғұтқа Қыдыр шалдыңақ, сары, қызыл - үш гүл таңдатуын баяндайтын бөлімі мен Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты әңгімесі бір-біріне уақиға желісі жағынан ұқсас келеді. Абай: «Арун-Рашид халифа заманында, Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт...» - деп бастап, сол жігіт бас салып, тонап жатқан жерінен шалды арашалап алғанын айтса, Тургеневтің баяндауында да әңгіме солай басталады. Тек жігіттің есімі Джиаффар (Жапар) делінген. Риза болған шал Масғұтқа бір гүлдің басындағы үш жемісті таңдатып: - десе, Тургенев әңгімесінде шал жігітке бір ағашқа өсіп тұрған үш жемісті таңдатып, ағын жесең - жаннан асқан ақылды боласың, қызылын жесең - бай боласың, сарысын жесең - әйелдер сені жақсы көреді дейді. Масғұт елден бөлек ақылды болсам, ақылсыз, арсыздарды көргенде, көңілде тыныштық тұрмас, бай болсам, жұрт күндер деп, екеуінен бастартып: - деп, қызыл жемісті таңдаса, Жапар тым ақылды болу бір азап, бай болсаң, елдің бәрі көре алмайды деп, жесең, сені әйелдер ұнатады деген сары жемісті таңдайды. ### Ұқсатық Абай поэмасындағы Масғұт «Шамси-жиҺан» атаныпты, мағынасы «бұл дүниенің күні» деген сөздің орайына Тургенев әңгімесінде Жапар «солнце вселенной» делінген. Осы айтылғандардан Абайдың поэмасындағы мазмұн мен Тургеневтің әңгімесінде баяндалған мазмұнның түпкі негізі бір, шығыстық ескі аңызға барып тірілетінін байқаймыз. Мазмұнның өзгеше құрылыс-қалпы, уақиғаға Қыдыр шалдың араласуы және жиһан кезген қарапайым адам болып жүруі, оның Масғұтқа ерекше қасиеті бар үш жемісті таңдатуы - бәрі де шығыстың ескі аңызының сипатын танытады. ### Мың бір түн сипаты Уақиға Бағдатта, Арун-Рашид халифаның заманында болған деп айтылғандықтан, алдымен «Мың бір түн» әңгімелері ойға оралады. Апайда, бізге белгілі «Мың бір түн» әңгіме-аңыздарынан дәл осы мазмұн кездеспейді. «Мың бір түн» әңгімелерінің М. А. Салье аударған орыс тіліндегі сегіз томдық жинағында оныншы түнінде айтылған әңгімеде Арун-ар-Рашидтіңуәзірі Жапар аталады. Сонда «Мың бір түннің» бізге белгісіз толық бір нұсқасында осы мазмұн бар-ау, соны Абай мен Тургенев білген-ау деп жорамал жасасақ, бұл мазмұн алғашқы түндердің әңгімесінде болуға лайық. Бұл мазмұнның өзінше бөлек ауызша айтылуы, таралуы да мүмкін. Кезінде Тургеневті зерттеуші белгілі академик М. А. Алексеев осы әңгіме жайында сұрағанымызда, бұл өзі орыс жазушының шығармасындағы бір оқшау тұрған бөлекше мазмұн, ол оны атақты шығыстанушы Н. В. Ханыковтан (1822-78) ауызша естіп білуі мүмкін деген пікір айтқан еді. Ал, Абай болса, шығыс әдебиетімен жақсы таныс, аңыз-әңгімелерге қанық болған ғой. Сондықтан Тургенев білген мазмұнды оныңда білуі әбден қисынды. ### Қосымша жазу Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында «Масғұт» поэмасының тұсында «Тургеневтен» деген жазу бар. Бұл жазу қосымша басқа сиямен жазылған, кейінірек Тургенев әңгімесін білген біреудің көрсеткені болуы керек. Абай шығармасын белгілі мазмұнға құра отырып, оның мәнін өз кезіндегі қоғамдық өмірге байланыстыра қарағанда қалай түсінуге болатынына да айрықша көңіл қояды. Өзінің ғылым-білімді, ақылды өте жоғары бағалайтынын және еңбекпен мал тауып дәулетке жетуді қолдайтынын аз сөзбен түйіп айтады. Сол замандай-ақ надандар «ақыл мен мал екеуін асырай алмай», өмірдің дәмін бұзған дей келіп, қазіргі кездеде надандық көбеймесе азайған жоқ деп налиды. - деп тебіренеді. Бұдан біз Абай Масғұт әңгімесін жай бір ескі аңыз деп қана қарамай, сол әңгіме негізінде өз заманындағы жұрттың тағдырын ойлап, қатты толғанғанын байқаймыз. Тіпті, осы елді, жерді мүлде тастап, басқа жаққа кетер едім, бірақ, қиып кете алмаймын деген сөзін, жайдан-жай оңайшылықпен ақтара салмайтын ішкі сырын дәл осы тұста айтуы, әрине, тегін емес. Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе - Абай поэмасында Тургенев әңгімесінде жоқ екінші белім тағы бар. Егер поэманың жоғарыда сез болған алғашқы бөлімі ақынның 1909 жылғы жинағында басылса, екінші бөлімі 1939 жылы жинағына Мүрсейіт қолжазбалары бойынша алғаш кіргізілген. Мұндағы «Сол Масғұт халифаға уәзір бопты» деп басталатын әңгіме ез алдына бөлек уақиға, бірақ, мағынасы алғашқы әңгімеге бір жағынан жалғас келеді, өйткені, мазмұнның мәні ақылсыз, есалаң адамдардың ішінде ақылды болып жүру мүмкін емес деген пікірге саяды. ### Оқиға Баяндалатын жай-жағдай басқа болғанымен, сол Масғұттың басынан кешкен уақиға. Және бұл да ғажайып сипаты бар өсиет әңгіме, тәмсіл түрінде келеді. Қысқаша еске түсірсек, баяғы Қыдыр шал бір уақытта Масғұтқа аян беріп, пәлен күні жауын жауады, сол жауын суының кеселі бар, барлық су бұзылады, ішкен адам жынды болады деп сақтандырған соң, Масғұт халифаға осы хабарды айтып, екеуі таза судан ішіп алып, аман қалады. Бірақ, есінен адасып, жынды болған жұрт хан мен оның уәзірі Масғұт ақылынан адасқан деп, өлтірмекші болады, оларды да бұзылған жынды судан ішуге мәжбүр етеді. Осы әңгімеден қандай ғибрат алуға болатынын Абай: - деген сөздермен жақсы аңдатады.Ал, осы әңгімедегі мазмұнның шығу тегі, қайдан келгені жайында ойлансақ, онда Арун-ар-Рашид патша, оның уәзірі Масғұт атапатындықтан, осының өзі шығыс елінің, соның ішінде арабтардың ескі аңызынан алынған ба деген сауал алдымен ойға оралады. Алайда, әзірше бұл жағы бізге белгісіз. Оның есесіне дәл осындай мазмұн «Бирма халықтарының ертегілері» деген орыс тілінде басылған кітапта («Сказки народов Бирмы». М. , 1976, 263-264-6.) бар екені анықталды. Ертегі орысша аудармада: «Когда все пьют дождевую воду, ее приходится пить и королю» деп аталады. Мұнда патшаның орнына король, ал Қыдырдың орнына жұлдызға қарап болжау айтатын дана адам алынған. Одан басқа алшақтық кездеспейді. Жауын жауып, су бұзылуы, ішкендер түгел есінен адасқаны, аяғында жынданған жұрттан сескеніп, король мен ақылшысы жұлдыз санаушы да жынды судан ішіп, есінен айрылатыны - бәрі де тұп-тура ұқсас келеді. Бирма ертегісі Абай заманында орыс тіліне аударылмаған. Қалай да бұл мазмұн тек Оңтүстік - шығыс Азияда емес, қазақ елімен шектес, мәдени байланысы орныққан шығыс елдерінде де белгілі болған деп санау қисынды секілді. ## Дереккөздер ## «Шығыс аңызы» Абайдың «Масғұт» атты поэмасындағы алғашқы мазмұн, яғни, Масғұтқа Қыдыр шалдыңақ, сары, қызыл - үш гүл таңдатуын баяндайтын бөлімі мен Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты әңгімесі бір-біріне уақиға желісі жағынан ұқсас келеді. Абай: «Арун-Рашид халифа заманында, Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт...» - деп бастап, сол жігіт бас салып, тонап жатқан жерінен шалды арашалап алғанын айтса, Тургеневтің баяндауында да әңгіме солай басталады. Тек жігіттің есімі Джиаффар (Жапар) делінген. Риза болған шал Масғұтқа бір гүлдің басындағы үш жемісті таңдатып: - десе, Тургенев әңгімесінде шал жігітке бір ағашқа өсіп тұрған үш жемісті таңдатып, ағын жесең - жаннан асқан ақылды боласың, қызылын жесең - бай боласың, сарысын жесең - әйелдер сені жақсы көреді дейді. Масғұт елден бөлек ақылды болсам, ақылсыз, арсыздарды көргенде, көңілде тыныштық тұрмас, бай болсам, жұрт күндер деп, екеуінен бастартып: - деп, қызыл жемісті таңдаса, Жапар тым ақылды болу бір азап, бай болсаң, елдің бәрі көре алмайды деп, жесең, сені әйелдер ұнатады деген сары жемісті таңдайды. ### Ұқсатық Абай поэмасындағы Масғұт «Шамси-жиҺан» атаныпты, мағынасы «бұл дүниенің күні» деген сөздің орайына Тургенев әңгімесінде Жапар «солнце вселенной» делінген. Осы айтылғандардан Абайдың поэмасындағы мазмұн мен Тургеневтің әңгімесінде баяндалған мазмұнның түпкі негізі бір, шығыстық ескі аңызға барып тірілетінін байқаймыз. Мазмұнның өзгеше құрылыс-қалпы, уақиғаға Қыдыр шалдың араласуы және жиһан кезген қарапайым адам болып жүруі, оның Масғұтқа ерекше қасиеті бар үш жемісті таңдатуы - бәрі де шығыстың ескі аңызының сипатын танытады. ### Мың бір түн сипаты Уақиға Бағдатта, Арун-Рашид халифаның заманында болған деп айтылғандықтан, алдымен «Мың бір түн» әңгімелері ойға оралады. Апайда, бізге белгілі «Мың бір түн» әңгіме-аңыздарынан дәл осы мазмұн кездеспейді. «Мың бір түн» әңгімелерінің М. А. Салье аударған орыс тіліндегі сегіз томдық жинағында оныншы түнінде айтылған әңгімеде Арун-ар-Рашидтіңуәзірі Жапар аталады. Сонда «Мың бір түннің» бізге белгісіз толық бір нұсқасында осы мазмұн бар-ау, соны Абай мен Тургенев білген-ау деп жорамал жасасақ, бұл мазмұн алғашқы түндердің әңгімесінде болуға лайық. Бұл мазмұнның өзінше бөлек ауызша айтылуы, таралуы да мүмкін. Кезінде Тургеневті зерттеуші белгілі академик М. А. Алексеев осы әңгіме жайында сұрағанымызда, бұл өзі орыс жазушының шығармасындағы бір оқшау тұрған бөлекше мазмұн, ол оны атақты шығыстанушы Н. В. Ханыковтан (1822-78) ауызша естіп білуі мүмкін деген пікір айтқан еді. Ал, Абай болса, шығыс әдебиетімен жақсы таныс, аңыз-әңгімелерге қанық болған ғой. Сондықтан Тургенев білген мазмұнды оныңда білуі әбден қисынды. ### Қосымша жазу Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында «Масғұт» поэмасының тұсында «Тургеневтен» деген жазу бар. Бұл жазу қосымша басқа сиямен жазылған, кейінірек Тургенев әңгімесін білген біреудің көрсеткені болуы керек. Абай шығармасын белгілі мазмұнға құра отырып, оның мәнін өз кезіндегі қоғамдық өмірге байланыстыра қарағанда қалай түсінуге болатынына да айрықша көңіл қояды. Өзінің ғылым-білімді, ақылды өте жоғары бағалайтынын және еңбекпен мал тауып дәулетке жетуді қолдайтынын аз сөзбен түйіп айтады. Сол замандай-ақ надандар «ақыл мен мал екеуін асырай алмай», өмірдің дәмін бұзған дей келіп, қазіргі кездеде надандық көбеймесе азайған жоқ деп налиды. - деп тебіренеді. Бұдан біз Абай Масғұт әңгімесін жай бір ескі аңыз деп қана қарамай, сол әңгіме негізінде өз заманындағы жұрттың тағдырын ойлап, қатты толғанғанын байқаймыз. Тіпті, осы елді, жерді мүлде тастап, басқа жаққа кетер едім, бірақ, қиып кете алмаймын деген сөзін, жайдан-жай оңайшылықпен ақтара салмайтын ішкі сырын дәл осы тұста айтуы, әрине, тегін емес. Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе - Абай поэмасында Тургенев әңгімесінде жоқ екінші белім тағы бар. Егер поэманың жоғарыда сез болған алғашқы бөлімі ақынның 1909 жылғы жинағында басылса, екінші бөлімі 1939 жылы жинағына Мүрсейіт қолжазбалары бойынша алғаш кіргізілген. Мұндағы «Сол Масғұт халифаға уәзір бопты» деп басталатын әңгіме ез алдына бөлек уақиға, бірақ, мағынасы алғашқы әңгімеге бір жағынан жалғас келеді, өйткені, мазмұнның мәні ақылсыз, есалаң адамдардың ішінде ақылды болып жүру мүмкін емес деген пікірге саяды. ### Оқиға Баяндалатын жай-жағдай басқа болғанымен, сол Масғұттың басынан кешкен уақиға. Және бұл да ғажайып сипаты бар өсиет әңгіме, тәмсіл түрінде келеді. Қысқаша еске түсірсек, баяғы Қыдыр шал бір уақытта Масғұтқа аян беріп, пәлен күні жауын жауады, сол жауын суының кеселі бар, барлық су бұзылады, ішкен адам жынды болады деп сақтандырған соң, Масғұт халифаға осы хабарды айтып, екеуі таза судан ішіп алып, аман қалады. Бірақ, есінен адасып, жынды болған жұрт хан мен оның уәзірі Масғұт ақылынан адасқан деп, өлтірмекші болады, оларды да бұзылған жынды судан ішуге мәжбүр етеді. Осы әңгімеден қандай ғибрат алуға болатынын Абай: - деген сөздермен жақсы аңдатады.Ал, осы әңгімедегі мазмұнның шығу тегі, қайдан келгені жайында ойлансақ, онда Арун-ар-Рашид патша, оның уәзірі Масғұт атапатындықтан, осының өзі шығыс елінің, соның ішінде арабтардың ескі аңызынан алынған ба деген сауал алдымен ойға оралады. Алайда, әзірше бұл жағы бізге белгісіз. Оның есесіне дәл осындай мазмұн «Бирма халықтарының ертегілері» деген орыс тілінде басылған кітапта («Сказки народов Бирмы». М. , 1976, 263-264-6.) бар екені анықталды. Ертегі орысша аудармада: «Когда все пьют дождевую воду, ее приходится пить и королю» деп аталады. Мұнда патшаның орнына король, ал Қыдырдың орнына жұлдызға қарап болжау айтатын дана адам алынған. Одан басқа алшақтық кездеспейді. Жауын жауып, су бұзылуы, ішкендер түгел есінен адасқаны, аяғында жынданған жұрттан сескеніп, король мен ақылшысы жұлдыз санаушы да жынды судан ішіп, есінен айрылатыны - бәрі де тұп-тура ұқсас келеді. Бирма ертегісі Абай заманында орыс тіліне аударылмаған. Қалай да бұл мазмұн тек Оңтүстік - шығыс Азияда емес, қазақ елімен шектес, мәдени байланысы орныққан шығыс елдерінде де белгілі болған деп санау қисынды секілді. ## Дереккөздер
Ақбұлақ шайқасы, Қиыл қырғыны — 1836-38 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқас. ## Көтерілістің бастауы 1838 жылы қуғын көріп, тайсойған құмындағы кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген ауылын құпия түрде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай, жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, Бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне, жергілікті билеушілерге наразы азаматтармен сөз байласып, қол жия бастайды. Көтерілісшілердің ізінен көз жазып қалған патша әкімшілігі Исатайдың қайда қыстағанын анықтамақ болғанымен, бір-біріне қарама-қайшы сан алуан деректерден шатасады. Ел іші жіберілген тыңшылар арқылы Исатайдың 5 наурызда Жемге беттегенін естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский көтерілісшілерге қарсы арнайы топ құрады, оның басшысы қанішер қатігездігімен аты шыққан полковник Даниловский болады. Жансыздар арқылы Исатайдың әр қадамын бақылап отыру Баймағамбет сұлтан Айшуақұлына тапсырылады. Ол патша әкімшілігіне жолдаған ақпарында: «17 маусымда 3000 адамнан құралған көтерілісшілер Жем өзенінің жағалауындағы Көкпекті жазығында жиын өткізді» деп хабарлайды. Осы жиында Исатай батыр мен Қайыпқали сұлтан сөз сөйлеп, халықты патшындарға көтерілісшілерге қарсы қол жиюды міндеттейді. Жағдайды қадағалап отырған Орынбор генерал-губернаторы Сағыз, Ойыл алабына беттеген Исатай жасағына қарсы жазалаушы отряд шығару туралы жарлық шығарады. Отрядқа басшы етіп Исатайға қарсы соғыста тәжірибе жинақтаған полковник К.К.Гекені тағайындайды. Геке әскерінің құрамында Орынбор тұрақты полкі (250 адам), Елек казак-орыстары (50 адам), Орал казак-орыс полкі (100), жаяу әскер бөлімі (50), артиллерия бөлімі (2 зеңбірек) және әскери-шаруашылық бөлімі болды. Қобда, Қиыл арқылы жүріп отырып, 10 шілде күні кешкі сағат 7-де жазалаушы отряд Ешкіқырған өзенінде Баймағамбет жасағымен тоғысады. Содан олар түні бойы 50 км жол жүріп, Ақбұлақ өзенінің Қарағанды арнасына қосылып, Қиылға құятын құлшасына жетеді. Таңсәріде осы адырлы қуысқа, Суықбұлақтағы Баймағамбет ауылын шабуға беттеген көтерілісшілердің жолына бекініс құрады. ## Ішкі қайшылық Шілде айының басындаОйылға 3000 қолмен жеткен көтерілісшілердің күн өткен сайын қатары сирей береді. Шілденің 5-6-сы күні Кіші жүзге хан болудан үміткер Қайыпқали сұлтан Исатаймен келісе алмай, әскерін таратып жібереді. Шекті назар руының басшысы Жүсіп би Құланұлы да кетіп қалады. Көтеріліс басшылары қатты сеніп, көмек күткен табын Жоламан Тіленшіұлы Ырғыздан бері шыққанымен, жолшыбай шекаралық бекіністерге шабуын жасап, кешігіп жатады. Ал 400 жігіт жиып, ұрысқа бел буған Асау Барақұлы аяқ асты айнып қалады. Алдын ала Исатаймен келісіп, сөз байласқан тілеуқабақ Есет Көтібарұлы да шешуші сәтте төбе көрсетпейді. ## Қанды шайқас Ақырында, 11 шілдеде Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен мұздай қаруланған Геке отряды мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып отырғанын біле тұра, Исатай кері шегінбейді, тайсалмастан шабуылға шығады. Өйткені, кері шегіну өлімге пара-пар еді: біріншіден, қансоқты жорықтан қалжырап, бастары іри бастаған көтерілісшілер тарап кетеді, екіншіден, осы жолы бетін қайтармаса, жасанған жазалаушылар отряды Исатайдың соңына түсіп, жазықсыз елді қырғынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан Исатай өзіне сеніп, қоддап-қол - паштаған елін қырғынға душар етіп, қарғыс естігеннен гөрі ата жауымен алысып өлуді абырой санайды. Әуелі АқБұлақтың арғы бетіне бекінген отрядқа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Геке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді. Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Геке отряды бекіністе қалын, Баймағамбет қарауындағы казак-орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғыдары- майтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мұндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак-орыстар сасып қалып, кері қашқанда опыр-топыр болады. Жұлдызша аққан Исатай жігіттері оларды жайпап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылады. Қашқандар жарқабақтан секіріп, ат жалдап арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак-орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңдыздап шыға келеді. Бетпе-бет шайқас басталады да, еті қызған Исатай сарбаздары оларды да жайпап өтеді. Ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жәңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км-ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак-орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады. Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек-кезек көлденең тартқанымен «ат көтіне мінгесіп қашты деген өсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі пистолетпен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак-орыстардың 8-ін өлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойнының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста шейіт болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады. Екі жақтан біраз адам шығын болады, бірақ олардың нақты саны ресми деректерде әр түрлі көрсетілген. Хас батырлық пен қайсарлықтың үлгісіндей осы шайқас уақиғасы туралы қарсы соғысқан полковник Гекенің өзі «Исатай көзсіз батырлығының құрбаны болды» десе, тарихшы А.Ф.Рязанов «Исатай Тайманұлы қазақ халқының ұлттық батыры» деп бағалады. Осы соғыста қаза тапқан көтерілісшілердің мүрдесі «Шейітсайға» жерленген. Жергілікті жұрт оны «Қырғын мола» деп атайды. ## Дереккөздер
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. Осы шешімнен кейін Қазақстан футбол клубтары 2002/03 жж. маусымнан бастап еурокубоктерде өнер көрсету құқығына ие болды. ## 2002/03 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Жеңіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Қайрат және Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Жеңіс ### Қайрат ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2003/04 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ертіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Жеңіс,Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ертіс ### Жеңіс ### Атырау ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2004/05 жж. маусым УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитеті, Қазақстан Футбол Одағының өтінішін қарағаннан кейін, 2004/05 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына Ертіс, Тобыл және Қайрат-Алматы ҚТЖ клубтарын қатысуға рұқсат бермеуге шешім қабылдады. ### Ел рейтингісі Еурокубоктерге Қазақстан клубтары қатыспаған соң, УЕФА тарапынан ел рейтингі берілген жоқ. ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2005/06 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Қайрат-Алматы ҚТЖ (УЕФА Чемпиондар Лигасы) клубы қорғады. Жолдама алған басқа 3 клуб (Ертіс, Тараз ФК және Тобыл) УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2005/06 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. ### Қайрат ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2006/07 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Қайрат(екеуі де УЕФА Кубогы) және Шахтер (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. Жолдама алған Астана УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2006/07 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. Ол клубтың орнына Ақтөбе клубы өнер көрсетеді деп шешілді. ### Ақтөбе ### Қайрат ### Тобыл ### Шахтер ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2007/08 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Астана (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Алматы, Ақтөбе (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы және УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Астана ### Алматы ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2008/09 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Шахтер (екеуі де УЕФА Кубогы) және Жетісу (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Жетісу ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2009/10 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Ертіс және Оқжетпес (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ертіс ### Оқжетпес ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2010/11 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Шахтер және Атырау (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2011/12 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Тобыл (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Шахтер және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Тобыл ### Ақтөбе ### Шахтер ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2012/13 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Жетісу және Ордабасы (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Жетісу ### Ордабасы ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2013/14 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Астана және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Астана ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2014/15 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Шахтер, Астана және Қайрат (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Шахтер ## Түсініктемелер
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. Осы шешімнен кейін Қазақстан футбол клубтары 2002/03 жж. маусымнан бастап еурокубоктерде өнер көрсету құқығына ие болды. ## 2002/03 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Жеңіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Қайрат және Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Жеңіс ### Қайрат ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2003/04 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ертіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Жеңіс,Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ертіс ### Жеңіс ### Атырау ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2004/05 жж. маусым УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитеті, Қазақстан Футбол Одағының өтінішін қарағаннан кейін, 2004/05 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына Ертіс, Тобыл және Қайрат-Алматы ҚТЖ клубтарын қатысуға рұқсат бермеуге шешім қабылдады. ### Ел рейтингісі Еурокубоктерге Қазақстан клубтары қатыспаған соң, УЕФА тарапынан ел рейтингі берілген жоқ. ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2005/06 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Қайрат-Алматы ҚТЖ (УЕФА Чемпиондар Лигасы) клубы қорғады. Жолдама алған басқа 3 клуб (Ертіс, Тараз ФК және Тобыл) УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2005/06 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. ### Қайрат ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2006/07 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Қайрат(екеуі де УЕФА Кубогы) және Шахтер (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. Жолдама алған Астана УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2006/07 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. Ол клубтың орнына Ақтөбе клубы өнер көрсетеді деп шешілді. ### Ақтөбе ### Қайрат ### Тобыл ### Шахтер ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2007/08 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Астана (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Алматы, Ақтөбе (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы және УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Астана ### Алматы ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2008/09 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Шахтер (екеуі де УЕФА Кубогы) және Жетісу (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Жетісу ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2009/10 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Ертіс және Оқжетпес (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ертіс ### Оқжетпес ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2010/11 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Шахтер және Атырау (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2011/12 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Тобыл (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Шахтер және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Тобыл ### Ақтөбе ### Шахтер ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2012/13 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Жетісу және Ордабасы (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Жетісу ### Ордабасы ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2013/14 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Астана және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Астана ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2014/15 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Шахтер, Астана және Қайрат (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Шахтер ## Түсініктемелер
Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек (1977 жыл, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылы) - қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны * 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. * Еңбек жолын 1998 жылы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мекемесінің инженері болып бастаған. * 1999-2003 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі, ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөлімінің бас маманы * 2003-2005 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімдерінің меңгерушісі * 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі * 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімдерінде бас инспектор, бөлім меңгерушісі * 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. * 14.09.2012 жыл - 16.07.2015 жылдары - Сарысу ауданының әкімі. ## Басқа мәліметтер * Үйленген, жеті бала тәрбиелеуде. * «Нұр Отан» партиясының мүшесі. ## Дереккөздер
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. Осы шешімнен кейін Қазақстан футбол клубтары 2002/03 жж. маусымнан бастап еурокубоктерде өнер көрсету құқығына ие болды. ## 2002/03 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Жеңіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Қайрат және Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Жеңіс ### Қайрат ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2003/04 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ертіс (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Жеңіс,Атырау (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ертіс ### Жеңіс ### Атырау ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2004/05 жж. маусым УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитеті, Қазақстан Футбол Одағының өтінішін қарағаннан кейін, 2004/05 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына Ертіс, Тобыл және Қайрат-Алматы ҚТЖ клубтарын қатысуға рұқсат бермеуге шешім қабылдады. ### Ел рейтингісі Еурокубоктерге Қазақстан клубтары қатыспаған соң, УЕФА тарапынан ел рейтингі берілген жоқ. ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2005/06 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Қайрат-Алматы ҚТЖ (УЕФА Чемпиондар Лигасы) клубы қорғады. Жолдама алған басқа 3 клуб (Ертіс, Тараз ФК және Тобыл) УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2005/06 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. ### Қайрат ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2006/07 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Қайрат(екеуі де УЕФА Кубогы) және Шахтер (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. Жолдама алған Астана УЕФА генералды секретариат пен Жарыстар өткізу комитетімен 2006/07 жж. Еуропа клубтары арасындағы жарыс маусымына қатысуға рұқсат ала алмады. Ол клубтың орнына Ақтөбе клубы өнер көрсетеді деп шешілді. ### Ақтөбе ### Қайрат ### Тобыл ### Шахтер ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2007/08 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Астана (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Алматы, Ақтөбе (екеуі де УЕФА Кубогы) және Тобыл (Интертото Кубогы және УЕФА Кубогы) клубтары қорғады. ### Астана ### Алматы ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2008/09 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Тобыл, Шахтер (екеуі де УЕФА Кубогы) және Жетісу (Интертото Кубогы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Жетісу ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтінгі Қазақстан клубтарының ешқайсысы УЕФА клубтар рейтінгіне кіре алған жоқ. ## 2009/10 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Ертіс және Оқжетпес (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Ертіс ### Оқжетпес ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2010/11 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы және УЕФА Еуропа Лигасы), Тобыл, Шахтер және Атырау (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Тобыл ### Шахтер ### Атырау ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2011/12 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Тобыл (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Шахтер және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Тобыл ### Ақтөбе ### Шахтер ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2012/13 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Жетісу және Ордабасы (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Жетісу ### Ордабасы ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2013/14 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Шахтер (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Ақтөбе, Астана және Ертіс (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Шахтер ### Ақтөбе ### Астана ### Ертіс ### Ел рейтингісі ### Клубтар рейтингі ## 2014/15 жж. маусым Осы маусымда Қазақстан атын еурокубоктерде Ақтөбе (УЕФА Чемпиондар Лигасы), Шахтер, Астана және Қайрат (үшеуі де УЕФА Еуропа Лигасы) клубтары қорғады. ### Ақтөбе ### Шахтер ## Түсініктемелер
Аванг Сариян (малайша Awang Sariyan), (20 қазан, 1953 жыл, Рамбах, Телук-Каранг, Понтиан, штат Джохор) - Малайзияның белгілі лингвисті және ағартушысы. ## Басты еңбектері * Kesantunan Bahasa (Тілдік этикет) (Beijing Foreign Studies University, 2009) * Falsafah dan Logika Melayu (Малайзиялықтардың философиясы мен логикасы) (Synergymate, 2007) * Santun Berbahasa (Тіл этикеті) (Dewan Bahasa dan Pustaka, 2007, 2013) * Tertib Mengarang (Хаттар шарттары) (Dewan Bahasa dan Pustaka, 2007) * Tuntunan Bahasa (Тіл нұсқаулығы) (Pearson, 2006) * Ceritera Bahasa (Тіл туралы әңгімелер) (Dewan Bahasa dan Pustaka, 2005) * Konsep Kesalahan Bahasa (Концептуалды тіл қателері) (Dewan Bahasa dan Pustaka, 2003) * Isu-isu Bahasa Malaysia (Малайзия тілінің мәселелері) (Fajar Bakti, 1985) — Pemenang Hadiah Bahasa PLM-Public Bank 1985 * Kunci Bahasa Malaysia (Малайзия тілін зерттеуге негізтейтін кілт) (Sasbadi, 1985) * Bahasa Malaysia Tingkatan 3 (Малайзия тарихы. Орта мектептің 3-ші сыныпқа арналған оқулық) (Dewan Bahasa dan Pustaka, 1990) * Sejarah Malaysia Tingkatan 1 (Малайзия тарихы. Орта мектептің 1-ші сыныпқа арналған оқулық) (Analekta, 1978) * Sejarah Malaysia Tingkatan 2 (Малайзия тарихы. Орта мектептің 2-ші сыныпқа арналған оқулық) (Analekta, 1979) * Sejarah Malaysia Tingkatan 3 (Малайзия тарихы. Орта мектептің 3-ші сыныпқа арналған оқулық) (Analekta, 1980) * Tatarakyat Tingkatan 4 (Мемлекетттану. Орта мектептің 4-ші сынып оқулығы) (Analekta, 1979) * Tatarakyat Tingkatan 5 (Мемлекетттану. Орта мектептің 4-ші сынып оқулығы) (Analekta, 1980) * Kamus Bahasa Melayu KBSR (Малай тілінің сөздігі) (Fajar Bakti (1988, 1990) * Kamus Bahasa Malaysia (Малай тілінің сөздігі) bersama Lutfi Abas (Pustaka Delta, 1987) * Borneo and the Homeland of the Malays: Four Essays (Dewan Bahasa dan Pustaka, 2005) * Renungan untuk Bangsa (Ұлт туралы ойлар) (Persatuan Linguistik Malaysia, 2009) * Asas Falsafah dan Pemikiran Melayu Berteraskan Islam (Penerbitan Ilham Baru, 2010)
Сарыбұлақ ауылдық округі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Сарыбұлақ ауылы кіреді. Орталығы – Сарыбұлақ ауылы. Округ құрамында болған Сортүбек ауылы 2018 жылы таратылған. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 404 адамды құрады. ## Дереккөздер
Сарыбұлақ ауылдық округі — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Қазансу, Қараағаш, Сарыбұлақ, Шилісу ауылдары кіреді. Орталығы – Қараағаш ауылы. ## Дереккөздер
Қазақ балеті- ұлттық сахна өнерінің бір түрі. Мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 жылы Қазақ академиялық драма театры жанында музыкалық студия құрылды. Осы студия классикалық би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін ("Қара жорға", "Келіншек", "Бүркіт - қоян") көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесесын негізге алып, Әли Ардобус қойған "Айман - Шолпан" музыкалық спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде Қазақ музыка театры (қазіргі академия опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың "Шұға", "Қыз Жібек" спектакльдеріне аралаған балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классикалық би сабақтарын енгізіл, ұлттык қазақ хореографиялық өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, Қ.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.). 30-жылдардың аяғында Қазақ балеті жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды "Қалқаман - Мамыр" балетінің (24.6.1938) тұсау-кесер қойылымы Қазақ балеті үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған М.Әуезов, комп. В.Великанов, балетмейстері Л.Жуков, суретшісі О.Таңсықбаев). 1937 жылы 17 қаңтарда музыкалық театр негізінде Қазақ опера және балет театры құралды. 40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады ("Аққу көлі", "Коппеллня", "Шопениано", "Жизель"). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еуропа бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореографиялық өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетекшісі А.Селезневтің ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореографиялық училищесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 жылы балет труппасының жетекшісі М.Моисеев В.Великановпен бірге "Қамбар - Назым" балетін сахнаға шығарды. 50- жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Д.Әбіровтің келуімен Қазақ балетін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классикалық орыс балеті дәстүрлерін сактай отырып, "Қамбар - Назым", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" секілді эпостық, фольклор мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне үлкен театр сахнасында "Достық жолымен" балеті (балетмейстер Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қазақ биі сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті. 60-жылдары "Шопениана", "Болеро", "Франческа да Римини" бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы .Хачатурянның "Спартак" балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алды. 70 - 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған "Фрески" балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнері жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың "Ақсақ құлан" балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың "Әлия" балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды. 80 - 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды ("Мадам Баттерфляй", 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; "Корсар", "Ұйқыдағы ару", 1991, В.Владимиров). 1991 - 2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. Қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. "Дәстүр сыйлығы" балет фестивалі, 'Талша Уланова сыйлығы", "Қазақстандықтар - әлем балетінің жұлдыздары" атты байқау дар өтті. 21 ғасырдағыдың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі.Б.Аюханов жетекшілік ететін Классик, би ансамблі республикалары балет өміріне 60- жылдары "Алматының жас балеті" би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылды. Ұжым - камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды ("Гамлет", музыкалық А.Исакова, "Қылмыс пен жаза", музыкалық Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты. ## Дереккөздер
Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991). ## Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. * Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960). * 1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім * 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер * 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім * 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды. * 1969-1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде * 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді. ## Шығармашылығы Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді. ## Марапаттары Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972). ## Дереккөздер
Сабырхан Ыбыраев (22 наурыз 1987 жыл) - Қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында 2008-2009 жылдары 5 ойын өткізген. ## Карьерасы ### Ұлттық құрамада Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2008 жылы 23 мамырда Мәскеуде Ресейге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Бұл ойында Қазақстан 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. ӘЧ-2010 іріктеуінде үш кездесуге қатысты, соның екеуі Англиямен болған матчтар. 2009 жылы 6 маусым күні Алматыда Англиямен ойында құрама сапында соңғы рет аңға шықты (0:4) ## Статистикасы ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы * Гумилев Л.Н., Древние тюрки, М., 1967 * Қазақстан тарихы, 1-т., А., 1996 ## Тағы қараңыз
Қара-Еске қаған (Қара Ыссық қаған, Коло Исиги кэхань, Қара қаған, Ашина Кэло, Исицзи) (? – 553) – Түрік қағанатының екінші қағаны (552 – 553, 6 ай), Бумын қағанның үлкен ұлы. Таққа әкесі өлгеннен кейін отырған. Жужандар Анағұйдың інісін билікке әкеліп, Түрік қағанатына қарсылық көрсете бастайды. Лайшаң тауының маңында түріктер жужандарды тағы да жеңіліске ұшыратты. Осы шайқаста Қара-Еске қаған қайтыс болып, жужандар толық талқандалудан аман қалды. ## Дереккөздер
Тобо хан, Табар, Таспар – ежелгі Түрік қағанатының 4-қағаны (572 – 81). Тобо хан билік құрған кезде, қағандық едәуір күш-қуат жинады. Оның аумағының ұлғаюы көптеген реформаларды жүзеге асыруды талап етті. Солардың бірі бірнеше ірі иеліктер құру және қағандықты – Шығыс (телелер) және Батыс (тардуштар) қағандық деп екіге бөлу еді. Тобо хан көршілес елдерді жаулап, иелігін ұлғайтып отырды. Ежелгі жылнамалардың бірінде Тобо хан Қытайды түпкілікті күйрету ниетінде еді, бірақ император сарайы түркілерге жыл сайын 100000 м жібек мата, т.б. алым-салық төлеп тұруға келісті деп атап жазған. Тобо ханның билік құрған кезі – ежелгі түркі қауымындағы мұрагерліктің белгілі жүйеге келген кезеңіне сәйкес келді. ## Дереккөздер
Ел Кюлюг Баға Ышбара, Шаболио Ниету (т.-ө.ж.б.) — Түрік қағанатының қағаны (581 — 87), Тобо қағанның ұлы. Ол Түрік қағанатының шығыс және батысқа бөліну қарсаңындағы ең қабілетті, алғыр, батыл қағаны болған. Осы кезеңде күшейіп, әрі түркілерге қарсы “қырғи қабақ” саясат ұстанған Суй әулетіне тойтарыс берді. 581 ж. өзінің одақтастары Датоу қаған және Або қағандармен біріге отырып, 400 мыңдық әскермен Суй империясының астанасы Чананьға дейінгі жерлерді қоластына қаратты. Алайда 6 ғ-дың 80-жылдарының аяғында өз жақтастары арасында басталған ала ауыздықтардың салдарынан қағанат әлсіреп, ыдырау үрдісі басталды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Амрак қаған ( қытайша: 阿史那庵逻 (ashinaanluo) - Яньло; жеке аты қытайша: 庵逻 — Ашина Аньло) — Тобо қағанның ұлы, Түрік қағанатының (Көк түріктері) 581 жылдан билік еткен 5-ші қағаны. ## Басқаруы Ол Тобо қағанның ұлы. Қайтыс боларының алдында әкесі Амрактың немере ағасы Төременді таққа отырғызуды аманаттаған. Алайда Далобянь (Төремен, Мұқан қағанның кіші жұбайынан) тегі төмен дәрежелі деп саналып, ақсүйек қауымы оны қаған болуға лайықсыз деп тапты. Шетудің (Баға Ышбар қаған) қысымымен олар Амракты қаған етіп сайлады. Төремен жаңа сайланған қағанды орнынан түсіріп, тақты иеленуді көздеді. Ал оның қызметшілері қағанды көпшіліктің көзінше балағаттап, жазасыз қалып жатты. Түрік ақсүйектерінің жиынында ержүрек әрі батыл Шетуді қаған сайлауға шешім қабылданды. Төремен Апа-хан деген лауазым алып солтүстікке кетіп қалды. Шету Баға Ышбар қаған атанды. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Садыр — Орта жүз Найман тайпасының руы.Ұраны – Алдияр, Қаптағай!; Таңбасы – Босаға ## Шежіре Садыр руы Орта жүз найман тайпасынан тараған ру. Шежіре жинаушы Қ. Омарбековтың, Орысбай шежіресін жазып алған Базарқұл Көккөзұлының таратуынша Найманның Білгебай тармағынан: Сүгірші — Құрманай, Төлеқытай—Садыр, Қытайби, Төртуыл. Садырдан —Тоң, одан : Шүйе, Саржетім, Есенқұл, Түгелбай. Қытайбиден: Қаракерей, Матай. Енді бір деректерде бұлардың кенжесі —Аталық. ## Мекендеген аймақтары Бұдан тараған ұрпақ —Қызай. 19 ғ-дың 2-жартысында Лепсі уезінің оңтүстік-батыс шекарасын, Балқаштың оңтүстік жиегінен Жоңғар тауының етегіне дейін Басқан, Лепсі бойын, Матай,Керейқұмды, Мысықжол, Басқопа, Үшжол құмын, Талдықары, Қарабөгет аңғарын мекендеген. Орта жүздің өзге тайпаларына қарағанда Найманның әрбір руының таңбасы және ұраны бар.. ## Тұлғалар ## Дереккөздер ## Әдебиет * Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ —начало ХХ в.) Алматы, 1968 * Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племён. СПБ 1896
Құлан қыпшақ — Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының үлкен бір руы. Құлан қыпшақтың арғы атасы Ақтамқожа, Ақтамқожадан - Сүлімалып, Сүлімалыптан - Ақкөбек, Ақкөбектен - Мүйізді, Сарыабыз туады. Сарыабыздан - Құтан, Құлан тарайды. Құлан - төрт ата, олар: * Пұсырманқұл, * Қайдауыл, * Қырымқожа, * Бұғаз. Пұсырманқұл мен Қайдауылдың ұрпақтары Қазан революциясына дейін Жетісу өңірін мекендеген, Қытай жерінде де кездеседі. Ал Қырымқожа мен Бұғаздан тараған нәсілдер Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Жезді, Есіл, Торғай, Ертіс өңірлерін қоныстаған. Бұл төрт атаның ішіндегі ең көп тарағаны - Бұғаздың ұрпақтары. ## Y-ДНК анализі Y-ДНК гаплогруппасы Q1a (N=1) ## Дереккөздер
Сарықыпшақ — қыпшақ тайпасының бір тармағы, қазақ шежіресі бойынша Қыпшақтан Сүлімалып, Көбекалып (Ақ көбекалып)—Мүйізді Сарыабыз. Саңғысынан алты арыс ел тарайды. Олар: Қарақыпшақ, Сарықыпшақ, Қытайқыпшақ, Құланқыпшақ, Торықыпшақ. Сарықыпшақтың тарихи дерегі толық жиналмаған.. ## Дереккөздер
Мырза - Ұлы жүз Жалайырдың Шуманағынан тарайтын ру. Шежіре бойынша Мырза Әліке, Бәйбіше, Аман деген аталарға бөлінеді. 1865 жылғы санақта Мырза 1310 түтін болған. Қазан төңкерісіне дейін бұрынғы Талдықорған облысының Қарақой, Бурақой, Дауылбай, Қайрақты, Қусақты таулы үстірттерін, Сарыкөл, Қызыл мен Тамшыбұлақ өзендері, Шарбақты сайының сол жағындағы Дастар, Жосалы, Шеладыр деген жерлерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр. Таңбасы—тарақ.. ## Тұлғалар * Қабылиса (Қабан) ## Дереккөздер
Жансары — Орта жүз Уақ тайпасының Ергенекті руынан тараған атаның бірі. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жинаған шежіреде және тарихи деректер бойынша Жансары — Уақтың Ер Көкше руына жататын Ергенектінің төрт атасының (Бидалы, Баржақсы, Шайгөз) бірі. А. Левшиннің көрсетуінше, Жансарының таңбасы жалпы Уақ руларының таңбасымен бірдей, ал Н.И. Гроденовше — Х; ұраны — Жаубасар. Қазан төңкерісіне дейін Жансары Павлодар, Омбы уездерін мекендеген.. ## Дереккөздер
Сарықыпшақ — қыпшақ тайпасының бір тармағы, қазақ шежіресі бойынша Қыпшақтан Сүлімалып, Көбекалып (Ақ көбекалып)—Мүйізді Сарыабыз. Саңғысынан алты арыс ел тарайды. Олар: Қарақыпшақ, Сарықыпшақ, Қытайқыпшақ, Құланқыпшақ, Торықыпшақ. Сарықыпшақтың тарихи дерегі толық жиналмаған.. ## Дереккөздер
Шұға, Шоға — Орта жүз Уақ тайпасынан тарайтын ру. Шежіре деректеріне қарағанда, Шұғадан Сарыбаян, Сарыша, Бәйімбет, Мұрат және Сіргелі аталары өніп-өскен. Ал этнограф М. Мұқановтың жазбалары бойынша, Шұғадан Еліс, Мүлкіс деген 2 ата тарайды. Шұға ұрпақтары Қазан төңкерісіне дейін жазда Шар, Ащысу, Шаған және Ертіс өзендері бойлары мен Сарқыт, Әлжан тауларын жайлап, қыста Қоянды, Қазалы, Қарауылшоқы, Байтемір, Шат қыраттарын, Сарыбұлақ озені бойын, Қарасор көлдерін қыстаған. Шұғаның ұраны—Жаубасар. Таңбасы—Х (ашамай). ## Тұлғалар * Қайым Мұқамедханов ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Шұға * Шұға (көл) * Шұға (ру) * Шұға (фильм)
Шұға, Шоға — Орта жүз Уақ тайпасынан тарайтын ру. Шежіре деректеріне қарағанда, Шұғадан Сарыбаян, Сарыша, Бәйімбет, Мұрат және Сіргелі аталары өніп-өскен. Ал этнограф М. Мұқановтың жазбалары бойынша, Шұғадан Еліс, Мүлкіс деген 2 ата тарайды. Шұға ұрпақтары Қазан төңкерісіне дейін жазда Шар, Ащысу, Шаған және Ертіс өзендері бойлары мен Сарқыт, Әлжан тауларын жайлап, қыста Қоянды, Қазалы, Қарауылшоқы, Байтемір, Шат қыраттарын, Сарыбұлақ озені бойын, Қарасор көлдерін қыстаған. Шұғаның ұраны—Жаубасар. Таңбасы—Х (ашамай). ## Тұлғалар * Қайым Мұқамедханов ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Байназар: * Байназар (тау) * Байназар (ру)
Баржақы — Орта жүздегі Уақ тайпасының Ерқосай руынан тараған ата. Баржақының шешесі Ергенекті Найман қызы болғандықтан, оның ұрпағы басқа үш туысының (Бидалы, Жансары, Шайкөз) ұрпағымен қабат Ергенекті Уақ атанған. Баржақы бұрынғы Петропавл уезінің Есіл өзені бойын мекендеген. Ұраны —Жаубасар.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Шәйкөз — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша Орта жүздегі уақ тайпасының құрамына енеді. Шәйкөзден Жолымбет (Жәнібек), Шойқара, Қатымқұл, Қосай аталары тарайды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Петропавл у-нің Пресногорьков болысын, Аманқарағай, Баянауыл округтерін мекендеген. Жазда Үй, Тобыл өзендері алаптарын, қыста Жаңакөл, Тоқсан, Сақалы, Кішкенекөл, Ыстықкөл, Төрекөл, Жыланды, Көшербай, Жарқайың, Байқотан көлдері алқабын қоныстанған. Ұраны — Жаубасар, таңбасы — ергенек. ## Сілтемелер * Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Байназар — Орта жүздің Уақ тайпасына жататын Ерқосай руының бір атасы. Байназар Абрай, Әжібек болып екіге бөлінеді. Қазан төңкерісіне дейін олар Павлодар уезінің солтүстік-батысындағы Құлынды даласын мекен еткен.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Бидалы — Орта жүз Уақ ішіндегі Ерқосай руынан тараған ата. Бидалының шешесі Ергенекті Найман қызы болғандықтан, оның ұрпағы басқа үш туысының (Баржақы, Жансары, Шайкөз) ұрпағымен қоса Ергенекті Уақ атанған. Қазан төңкерісінен бұрын Петропавл уезінің Есіл өзені бойын мекендеген. Ұраны (Жаубасар) мен таңбасы Уақ тайпасына ортақ.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Әлімбет * Әлімбет - Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. * Әлімбет — Орта жүз құрамындағы Уақ тайпасының бір руы.
Әлімбет — Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасының бір руы. Қазан төңкерісінен бұрын негізінен Павлодар уезінде тұрып, Ертіс жағасын мекендеді. Қазір де сол арада тұрады.. ## Сілтемелер
Бозым — Кіші жүз Жетіру ішіндегі табын руынан тараған ата. Бозымды Төртуыл деп те атайды. Бозым Айдар, Қожантай, Қожабай, Тайган, Қараманке болып бөлінеді. Бозым Қазан төңкерісінен бұрын Орал уезін мекендеген.. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Бозым * Бозым (Ұлы жүз) * Бозым (Кіші жүз)
Қараш Елді мекен: * Қараш – Абай облысы Жарма ауданы, Шар қалалық әкімдігі құрамында болған ауыл, 2007 жылы таратылған. Тау: * Қараш – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерінде орналасқан жота. Рулар: * Қараш – Кіші жүздің Байұлы бірлестігі Адай тайпасының құрамындағы ру. * Қараш – Кіші жүз Әлімұлы рулар бірлестігінің Қарамашағынан тараған ата.
Тұлан қаған (қытайша: 都藍可汗 - Дулань-хан Юнъюйлюй; жеке аты қытайша: 阿史那雍虞闾 - Ашина Юнъюйлюй, Юн Улуқ, Он Йоллығ) — Баға Ышбара қағанның ұлы, Түрік қағанатының 588 жылдан 599 жылға дейін билік еткен 8-ші қағаны. ## Басқаруы Жанама деректер бойынша 583 жылы ол Төремен Апа-ханға қарсы жорыққа қатыстқан. Баға Ышбар қағанның қайтыс болуынан кейін түрік ақсүйектері Тұланды жаңа қаған етіп сайлады. Жаңа қаған Суй империясымен достық қарым-қатынаста болуды көздеп императорға сыйлықтар жөнелтті. Император оған 2 000 жібек кесегін тарту етті. Түріктер Қытаймен сауда қатынастарын жасауды көздеп императорға 10 000 жылқы, 20 000 қой, 500 түйе мен ірі қара сыйлады. Император түріктермен сауда қатынастарын ашуға бұйрық берді.589 жылы Суй Вэнь-ди Чэньи қағанның әйелі қытайлық Чжао Цзюньге (Цянь Цзинь) Чэнь әулетінің отбасылық жәдігерін апарып берді. Чжао Цзюнь Чэнь әулетінен шыққан еді, осылайша император оны бейтараптандыруға тырысты. Патшайым императорға өлеңмен жауап бердіИмператор патшайымның әрекетін өрескелдік деп бағалады. Суй Вэнь-ди Чжао Цзюньды сатқын деп айыптап, оны лауазымынан айырды, алайда қағаннан алып кете алмады. Император Нюданды төрт әнші құлдармен бірге қағанға сыйлап, одан Чжао Цзюньды тартып алуды ойлаған еді. ## Тағы қараңыз
Қараш — Кіші жүз Әлімұлы рулар бірлестігінің Қарамашағынан тараған ата. Қарамашақтың төрт баласы (Оразгелді, Ораз, Жаншүкір, Қараш) реңдері қара болғандықтан "төртқара" атанып кеткен. Қараш—Аппақ, Тоқпан болып бөлінеді. Қараш ұрпағы Қазан төңкерісіне дейін негізінен Ақтөбе облысының территориясын мекендеді. Таңбасы — + (Айқыш).Қарашұлы Аппақтан Құламан, Байсиық, Жалтыр, Көзгене.Аппақұлы Байсиықтан Құлтас. Құлтастан Қарағой, Қараша, Бекше, Оразкелді (Наурызбай), Ораз, Байбақты, Жанбақты, Торы (Келтеқара), Сары, Тумаш.Аппақұлы Жалтырдан Шынтас (Ақкиіз).Қарашұлы Тоқпаннан Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл би. Сейітқұл биден Сейітпанбет, Төлес, Ақша хан, Дүйсеней, Қалматай, Матай, Қият, Жалаң (Жалаңтөс) Баһадүр, Қожамқұл. Ақша ханнан Шал, Бәйбек, Бөкенші, Жоламан, Бекпанбет, Желкілдек, Қанысбек.Ақшаұлы Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Айтық (Әйтеке) би. ## Дереккөздер
Қарашор — Орта жүз Арғын тайпасына кіретін Қаракесек руының атасы. Шежіре деректеріне қарағанда Қаракесектен тарайтын Таңастың немерелері Қожас, Жаманқара және Баты ұрпақтары түгелдей қосылып "Қарашор" атанған. Қазан төңкерісіне дейін Қарқаралы уезін мекендеген, мал, егін шаруашылығымен айналысқан.. Қара (Қожас, Жарас, Бәркөз, Өтеп, Тақабай, Мұрат, Дүзен, Тоқан) және Шор (Дүйсенбай, Шекшек, Тілеубай, Әйтімбет, Қожам, Әлтөбет) сияқты аталарға бөлінеді. ## Тұлғалар * Дидар Қамиев * Сеңкібай Оразғұлұлы (Қожас) * Бахия Атшабарұлы Атшабаров (шор) * Марат Төлегенұлы Жыланбаев (шор) ## Дереккөздер
Қараша * Қараша * Қараша (Орта жүз) * Қараша (Кіші жүз) * Қараша (ауыл) * Қараша (қорым)
Жабғу Баға қаған (қытайша:莫何可汗); туған кезде аты Ашина Чулохоу (қытайша:阿史那处罗侯)) — (т.ж.б.- 588) - Түрік қағандығының жетінші қағаны (587 -588), Бумын қағанның немересі. Ақылды, қулығымен астыртын іс-әрекеттерге шебер адам болған. Ағасы Ишбар қағанның тұсында Ч. ресми қағанға қарсы топ ішінде болды. Бірақ билікке Ишбар қағанның ұлы Юн-Улуқтың ұсынысымен және қолдауымен келді. Ч. билікке келер келер тұста Түрік қағандығының ішкі саяси жағдайы өте қиын еді. Ел ішінде тақ таласы жүріп жатты. Ч- дың қаған болып отыруы, яғни ресми қағанға қарсы топ өкілінің билікке келуі және Юн-Улуқтың оны қолдауы ішкі шиеленісті біршама бәсендетті. ## Тағы қараңыз
Қараша — Орта жүз Қоңырат тайпасының Жаманбай руынан тараған ата. Шежіре деректеріне қарағанда, Қазан төңкерісіне дейін Қараша қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданың мекендеген. Ұраны —Көкен.. ## Дереккөздер
Елтегін Бұйрық хан немесе Нилі хан (қытайша: 泥利可汗 (nilikehan), арм. Йаль-тегин, парсы: Пармуда‎ немесе Барамуда, Или-тегин) — 603 жылдан бастап Батыс Түрік қағанатының бірінші қағаны. ## Басқаруы Қара Шұрын Түрік иран-түрік соғысынан кейін Нілі ханды Пайкенд аймағының билеушісі етіп тағайындады. Парсы деректеріне сүйенсек Бахрам Чубинның әскеріне қарсылық көрсеткен, алайда ақырында тұтқынға түсіп қалады да (немесе келіссөздер үшін берілген) VI Ормизд ке жіберіледі, ол оны жақсы қарсы алып Пайкендке қайтарады. Қара Шұрын Түрік қаған атанғаннан кейін Нілі хан Түрік қағанатының батыс аймағының билеушісі болды. VII ғасырдың басында Қара Шұрын Түрік Тоғонға қашқаннан кейін таққа талас басталған еді. Нілі хан осы соғыстардың барысында қаза болды. ## Тағы қараңыз
Қараша — Кіші жүз Байұлының Жаппас руынан тараған ата. . ## Дереккөздер
Шұбыртпалы — Орта жүз Арғынның Мейрамынан тараған ру. Шежіреде Мейрам баласы Тоқтауылдан тараған ұрпақ. Қазан төңкерісіне дейін Шұбыртпалы негізінен Қарқаралы уезінің оңтүстігіндегі Желдітау мен Аяқ Сартерек және Тоқрауын өзендері алқабын мекендеген. Мойынты болысында Шұбыртпалының Көкдала, Күйелі деген аталары (500 түтін) Тайатқан, Шұнақ тауларын қыстап, жазда Батпақсу аңғарын жайлаған. Шұбыртпалының аздаған бөлігі Қарқаралы уезінің Сарыбура болысы мен Семей уезінің Малыбай болысын да (Көктерек өзені алқабы) мекендеген. Шұбыртпалы мал өсіріп, егін еккен. ## Тұлғалар * Ағыбай Қоңырбайұлы * Нартай Бекежанов * Марат Оралбайұлы Әбсеметов * Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков * Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ## Әдебиет * Материалы по Киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. т 3,6 и 10. СПБ. 1876 ## Дереккөздер
Таман қаған (Ничу Чуло хан) – 604 – 612 жылы Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі. Ашина әулетінің Істеми ханнан тараған ұрпақ өкілі. ## Басқаруы Шығу тегі былайша болып келеді: Істеми – Қара Шұрын Түрік – Янг Соух тегін – Нілі хан – Таман хан. Түрік қағанатында 581 жылы басталған билік үшін талас-тартыстар 7-ғасырдың алғашқы жылдары қағанатты екіге бөледі. Соңғы қаған Қара Шор Түрік 604 жылы қаза тапқаннан соң, Шығыс бөлікте Қытай императоры қытайшыл топтың жетекшісі, сатқын Жанғар ханды билікке отырғызады. Жанғар ханның билігін Батыс бөліктегілер мойындайды. Бұл кездерде Жетісу мен Шығыс Түркістанда бес тайпалы дулу одағының ықпалы басым болатын. Дулу тайпаларының бектері мен ру көсемдері Шығыс бөліктің Қытайға тәуелді болғанын көріп, Құрылтай шақырмай-ақ Нили-ханның жас баласы Таманды таққа отырғызады, оған Нигу Чуло-хан деген атақ береді. Таман хан өте жас болғандықтан бүкіл билік дулулардың қолында болады. Мұндай жағдайда Ашина әулетінің Батыс бөліктегі өкілдері қарсылық білдіреді. Қарсы топты Қара Шор Түріктің немересі Шегуй-хан басқарады. Оның иелігі Ташкент аймағы еді. Жайлауы Талас өзенінің бойындағы Мыңбұлақ деген жердегі нушибилер жерінде болатын. Нушиби тайпаларынан қолдау тапқан Шегуй хан Таман ханға қарсы шығады. Қытай елшілері бұл күресті үдете түседі. Олар Шегуйді ұлы хан екенін мойындап оған ақ қауырсынды бамбук жебе жібереді. Бірақ ол Таман ханның қолына түседі. Шегуй-хан 612 жылы Таман ханға қарсы аттанып, оның әскерін талқандайды да, билікті өз қолына алады. Таман хан болса, Қытайға қашады. Бірақ оны қытайлар Шегуй-ханның елшілеріне ұстап береді. Таман хан сол жылы өлтіріледі.
Әлсейіт Ақпанбетұлы (22.7.1943. Қызылорда облысы Сырдария ауданы)– жазушы. ## Өмірбаяны * Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1966). * 1966-73 жылдары Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер. * 1973-77 жылдары "Мектеп" баспасында редактор. * 1977-81 жылдары қазақ КСР оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтында; * 1981-90 жылдары Қазақ радиосында * 1991 жылы "Балдырған", "Айгөлек" журналдарында қызмет атқарған. * ҚР Білім беру ісінің үздігі. ## Шығармалары * Алғашқы өлеңдері 1964-65 жылы өлкелік "Оңтүстік Қазақстан", облыстық "Ленин жолы" газеттерінде жарияланды. * "Тұңғыш кітап" (1977) * "Бал дәмі" (1980) * "Hұp жауған күн" (1984) * "Той үстінде" (1988) * "Қатын қашқан" (1994) атты өлеңдері мен әңгімелері, хикаялары бар. * Жазушының "Түнгі көбелек" трагикомедиясы 1998 жылы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында, "Дүние-думан" комедиясы 2001 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. . ## Дереккөздер
Шегу қаған (т. ж. б. — 630) — Батыс түрік қағанатының билеушісі (612 — 630). ## Басқаруы Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істемі хан — Қара Шор Түрік — Янг Соух хан — Шегу қаған Қара Шұрын Түрік Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты. 604 жылы бес тайпалы дулу ұлысының бектері Таман ханды құрылтайсыз таққа отырғызғанда, бес тайпалы Нушеби ұлысының бектері оған бағынудан бас тартып, Шегу ханды хан көтерді. Шегу ханның иелігі Нушибилер жерінде болатын. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарысты одан әрі шиеленістіру үшін Қытай императоры Шегуй ханға қолдау көрсетті. Таман хан әлі жас болғандықтан, бүкіл елдегі саяси жағдайға бақылау орната алмады. Қағандықтың әрбір ұлысының билеушілері Қытаймен жеке қатынастар орнатып, елшіліктер жібере бастады. Император Шегуй ханның елшілігіне ақ қауырсынды бамбуктен жасалған жебе беріп, оны қаған ретінде мойындайтынын білдірді. Бірақ бұл жебе жолда Таман ханның қолына түсті. Бұл оқиға Шегуй ханды Таман ханға қарсы ашық соғыс жариялауға түрткі болды. 612 жылы Шегуй хан Таман хан әскерін талқандап, өзін шығысқа қарай қуды. Осы жылы өткен Құрылтайда Шегуй хан Тон Жабғу хан деген атпен Батыс Түрік қағандығының тағына отырды. Тон Жабғу хан билікке келісімен елдегі ресми билік ішкі жағдайларға толық бақылау орнатты. Қағандықтың жағдайы жақсара бастады. 619 жылы Жоңғариядағы телес билеушілері Тон Жабғудың билігін өз еріктерімен қабылдады. Билеушінің ордасы Ташкенттің солт-ндегі көгалды кең алқапта орналасты. Ол осы жерде Византия мен Қытайдан келген елшілерді қа-былдады. Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды. Оның ордасына шет елдерден көп елшілер келді. 627 — 30 жылы Ордаға келген елшілер арасында үнді уағыздаушысы Прабхакармитра, қытайлық будда дінін уағыздаушы Сюань-Цзан, т.б. болды. Шегуй хан қастандықпен өлтіріліп, әкесінің ағасы Хюлюг Сібір хан таққа отырды. Дегенмен, кейбір әдебиеттер мен оқулықтарда Тон Жабғу хан мен Шегуй хан есімдері екі адамға қатысты айтылады. Оларда Тон Жабғу хан Шегуй ханның туған інісі делінеді. ## Сілтемелер ## Тағы қараңыз
Қара Шұрын Түрік қаған (шамамен 535 – 604) – Түрік қағанатының батыс бөлігінің билеушісі (576 – 599), Түрік қағанатының соңғы қағаны (600 – 603). Істемінің ұлы. Түрік қағанатының көрнекті қолбасшысы, азамат соғысы кезіндегі ханзадалардың ішіндегі күштісі осы болған. Қара Шұрын Түрік әкесімен бірге 555 жылы эфталиттерге қарсы соғысқа қатысқан. 556 жылы өзі қол бастап Жоңғарияны бағындырған. 558 жылы ағайындары Түрксанф пен Бөріхан иеліктерін құру үшін Еділ мен Орал өңірлеріне жорық ұйымдастырған. 576 жылы Істемі қайтыс болғаннан кейін Тобо қаған соғыста шыныққан, өмірлік тәжірибесі мол Қара Шораға елдің батыс бөлігіне билік жүргізуді және әскерлерге қолбасшылық етуді тапсырады. Ол Тардуш хан деген атпен қағаннан кейінгі екінші адамға айналды. ## Билікке келуі Батыстағы билікті өз қолына алғаннан кейін Византияға төте жол ашуды ойластырып, Еділ мен Солтүстік Кавказ аралығын билеп отырған інілері Түріксанф пен Бөрі ханға батысқа жорыққа аттануға бұйрық береді. Бөрі ханның әскері 576 жылы Босфорды алып, Византия әскерімен шайқасқа түседі. Түркі-Византия соғысы 576 – 584 жылдардың аралығында болған. Қап тауының баурайындағы лаздармен болған шайқаста 300 000 әскер қаза тапқан деген дерек бар. 581 жылы түркі әскерлері біраз жеңістерге жетіп, Түрік қағанатының батыс шекарасын Византияға дейін кеңейтеді. Тобо қағанның будда дінін қабылдап, түркілердің арасына осы дінді уағыздау үшін будда миссионерлерін қаптатып жібергеніне наразылық білдірді. 581 жылы Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін, билікке Ишбар қаған келді де, Қара Шора Түрік Тардуш Муған қағанның ұлы Төременмен бірігіп орталық билікке қарсы топ құра бастады. Ишбар қағанның 582 – 583 жылдар аралығындағы Қытайға жорығында Қара Шора Түрік Тардуш императордан алтыннан соғылған бөрі басын сыйға алған соң өзінің әскерін майданнан алып кетті. Төремен де солай еткен. Сөйтіп, қытайлар толық талқандалудан аман қалады. 584 жылы Қара Шора Түрік Тардуш Ишбар қағанмен соғысып жатқан Төременге көмек берген. Ишбар қаған қайтыс болғаннан кейін билік басына келген жаңа қаған Чулохоуға қолдау көрсетіп, Төременге қарсы шығады. Бірақ, Төремен өлтірілгеннен кейін, Қара Шора Түрік Тардуш батыс бөлікті Түрік қағанатын бөліп алып, жеке мемлекет құру үшін күрес жүргізген. 589 жылы Қара Шора ұлы Ян Саухты (Саба) 300 000 әскермен Иран қарсы аттандырады. Герат шатқалында болған шайқаста иран қолбасшысы Бахрам Чубин Ян Саухты алдап қақпанға түсіреді. 20 мың әскерімен тар шатқалдың ортасында қалған ол қаза табады. Ян Саух өлгеннен кейін қолбасшылық Нили ханға өтеді. Ол шегіне жүріп шайқасып, Бахрам Чубинді тұтқындай жаздайды. Іле Нили ханның өзі торға түседі. Бірақ, иран шахы оған сый-сияпат көрсетіп, құрметпен шығарып салады. Сөйтіп, Қара Шораның Ұлы Жібек жолына үстемдік ету үшін жасаған бір жорығы сәтсіз аяқталады. 593 жылы қағанаттағы билік Қара Шора Түріктің қолына өтеді. 598 жылы сатқын Жаңғар ханды жазалау мақсатымен Қытай жеріне жорық жасайды. Шекарадағы әскердің күштілігіне қарамастан түрік әскері қытайларды Ұлы қорғанға дейін ығыстырады. Жаңғар Қара Шорадан кешірім сұрамақ болады. Бірақ, Чжань Сунь шэнь деген қытай оны бұл райынан қайтарады. Келесі жылы Қара Шора Ян Со бастаған қытай әскерімен шайқасқа шығып, жеңіліс табады. 599 жылы Дулан қаған қаза табады. Осыдан кейін Қара Шора Түрік Тардуш өзін қаған жариялайды. Бірақ қағанаттың шығыс бөлігінің бектері мен рубасылары оны мойындамады. Қағанның құрылтайсыз билікке келуін, шығыс бөліктегілер оны қолдамауын қытай императоры шебер пайдалана білді. 601 жылы Қара Шора Түрік Тардуш қаған Қытайға басып кіріп, қытай қолбасшысы Хань Хунның әскерін талқандады. Бірақ, бұл жеңіс ұзаққа созылмады, қытай тыңшыларының ұйымдастыруымен телес тайпаларының конфедерациясы көтеріліс жасады. Көтеріліс Селенгі өзенінен Тянь–Шаньға дейінгі аумақты қамтыды. Осы көтеріліс кезінде Қара Шораның немересі Нили-хан (Елтегін Бұйрық қаған)қаза табады. Қара Шора Түрік Тардуш қағанның әскерін талқандалып, ол Тоғанға қашуға мәжбүр болды. 603 жылы Қытайдың қолдауымен Жанғар қаған шығыс бөлікке қаған болып, батыс бөлігі біржолата бөлініп шығып, жеке мемлекет құрды. Ал, Қара Шора болса Тогонда тибеттіктердің қолынан қаза табады. ### Тағы қараңыз
Әбдірахман Көшерұлы Айсарин (1898 – 1938) (Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы - 1938) - Жазушы, публицист. ## Өмірбаяны * 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919). * 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер * 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы * 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер * 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты * 1926 – 1932 жж. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист * 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. * 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды. ## Шығармашылығы 1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген * «Болсаң, Болаттай бол» * «Мәжен» * «Той тарқар» * «Бәсекелестер жиыны» * «Жол айырығы» * «Айжанның азабы» (1924) * «Мырзалар» (1927) * «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері * «Көн құрысса, қалпына барады» * «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. ## Сыртқы сілтеме • АЗАТТЫҚ БОЛҒАН АРМАНЫ, ерлер еді елдің ардағы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Шегу қаған (т. ж. б. — 630) — Батыс түрік қағанатының билеушісі (612 — 630). ## Басқаруы Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істемі хан — Қара Шор Түрік — Янг Соух хан — Шегу қаған Қара Шұрын Түрік Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты. 604 жылы бес тайпалы дулу ұлысының бектері Таман ханды құрылтайсыз таққа отырғызғанда, бес тайпалы Нушеби ұлысының бектері оған бағынудан бас тартып, Шегу ханды хан көтерді. Шегу ханның иелігі Нушибилер жерінде болатын. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарысты одан әрі шиеленістіру үшін Қытай императоры Шегуй ханға қолдау көрсетті. Таман хан әлі жас болғандықтан, бүкіл елдегі саяси жағдайға бақылау орната алмады. Қағандықтың әрбір ұлысының билеушілері Қытаймен жеке қатынастар орнатып, елшіліктер жібере бастады. Император Шегуй ханның елшілігіне ақ қауырсынды бамбуктен жасалған жебе беріп, оны қаған ретінде мойындайтынын білдірді. Бірақ бұл жебе жолда Таман ханның қолына түсті. Бұл оқиға Шегуй ханды Таман ханға қарсы ашық соғыс жариялауға түрткі болды. 612 жылы Шегуй хан Таман хан әскерін талқандап, өзін шығысқа қарай қуды. Осы жылы өткен Құрылтайда Шегуй хан Тон Жабғу хан деген атпен Батыс Түрік қағандығының тағына отырды. Тон Жабғу хан билікке келісімен елдегі ресми билік ішкі жағдайларға толық бақылау орнатты. Қағандықтың жағдайы жақсара бастады. 619 жылы Жоңғариядағы телес билеушілері Тон Жабғудың билігін өз еріктерімен қабылдады. Билеушінің ордасы Ташкенттің солт-ндегі көгалды кең алқапта орналасты. Ол осы жерде Византия мен Қытайдан келген елшілерді қа-былдады. Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды. Оның ордасына шет елдерден көп елшілер келді. 627 — 30 жылы Ордаға келген елшілер арасында үнді уағыздаушысы Прабхакармитра, қытайлық будда дінін уағыздаушы Сюань-Цзан, т.б. болды. Шегуй хан қастандықпен өлтіріліп, әкесінің ағасы Хюлюг Сібір хан таққа отырды. Дегенмен, кейбір әдебиеттер мен оқулықтарда Тон Жабғу хан мен Шегуй хан есімдері екі адамға қатысты айтылады. Оларда Тон Жабғу хан Шегуй ханның туған інісі делінеді. ## Сілтемелер ## Тағы қараңыз
Еджі мекендер: * Дәулетбай – Абай облысы Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған. * Дәулетбай – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Дәулетбай – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руының ішіндегі Теке елінің бір тармағы.
Баһадүр қаған, Күлбагатур, Кюлюг Сыбихан (Күйлік Сібір хан), Кюлюг-Сібір хан, Мохэду, — 630 жылдан 631 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының билеушісі. Дулу тайпаларын басқарған. Тон қағанды тақтан тайдырып, өлтірген. "Мо-хэ-ду" сөзі "Баһадүр" сөзінің қытай тілінде бұрмалауынан шыққан. "Баһадүр" сөзі ежелгі парсы тілінен аударғанда "күннің ұлы", "құдайдың ұлы" дегенді білдіреді. Ежелгі түркі тіліне Ұлы Жібек жолының бойымен тараған манихей діні арқылы енген ## Басқаруы Жаңа қаған Тон қағанды жақтаушылардың көп бөлігінің қарсылығына тап болды. Нушеби тайпалары бірден көтеріліске шықты. Көтеріліс басында Нишу Қана шад тұрды. Күлік Сібір Тан империясымен қатынас жасауға тырысты: елшілік жіберді, тіпті құдандалық ниетінде жасырмаған. Ли Шиминь қағанаттағы жағдайдың тұрақсыз екенін, ішкі қантөгіс салдарынан қаған билігінің әлсірегенін, әрі кімнің болашақ қаған болатыны жайлы білмейтінін айтты. Көп ұзамай Тон қағанның ұлы Ирбис Ышбара Нушебилерге қарай қашты, ал олар оны қаған сайлады. Өзге ақсүйектер де Ирбисты қолдады.631 жылы Баһадүр қағанды барлық одақтастары сатып кетті, ал оның өзі Алтай тауына қарай қашты, алайда нушебилер оны қуып жетіп, Баһадүр қаған қаза болды. ## Тағы қараңыз
Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова (10 наурыз 1956 жыл, Қостанай облысы, Амангелді ауданы «Родник» кеңшары) - аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны * 1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы N21 орта мектепті бітірген. * 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. * Еңбек жолын 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректорлықтан бастаған. * 1981 жылы «Қазақстан әйелдері" журналында әдеби қызметкер * 1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген. * 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен. * Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етуде. ## Шығармашылығы Республикалық газет-журналдарда әңгіме, өлең, аудармалары жарияланып тұрады. * «Қыз өссе, ұл есейсе» (1998) * «Н.Қайыпова» (2003) * «Жапырақтары жанымның» (2006) * «Мағыналас мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігі» (2006) атты кітаптардың авторы. Белгілі фольклорист ғалым, филология ғылымдарының докторы О.Нұрмағамбетовтың артында қалған еңбектерін жинақтап, * «Өмір өрнектері» (2003) атты кітап етіп шығарған. * «Шаңырақ» энциклопедиясының материалдарын аударуға атсалысқан. * Мұғамила Әуезованың «Әкем туралы» атты кітапшасын, М.Асаубаеваның өмірбаяндық хикаятын орыс тіліне аударған. * Сондай-ақ орыс тіліне Махамбет өлеңдерінің жолма-жол аудармасын жасаған. * «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған «Әлемдік саясаттану антологиясында» грек ойшылдары Демокриттің, Аристотельдің, Платонның, Сократтың, батыс ойшылдары Бенедикт Спинозаның, Джон Локктың, Паскаль Блездің жекелеген еңбектерін аударған (2005). ## Дереккөздер
Сы Жабғу қаған (қытайша: 肆葉護可汗 - Сыеху кэхань, жеке аты қытайша: 阿史那咥力 - Ашина Сыли) —— 631 жылдан 633 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының билеушісі. Нушеби тайпасының қолдауына ие болған. Нушеби тайпасының және бай Пайкенд аймағының билеушісі Нишу Дулудың қолдауымен Дулу тайпасының қолдауын иемденген Баһадүр қағанды тақтан тайдырған. ## Басқаруы Нушеби тайпасының билеушілері жаңа қаған Батыс Түрік қағанытында әкесі Тон қағанның кезіндегі бірлікті қалпына келтіреді деп ойлады. Қаған билікке келісімен сеяньтоға қарсы жорыққа аттанды. Нәтижесінде қаған қолы талқандалды. Қаған өзінің жаман қасиеттерін: қырсықтығын, ызақорлығын, күмәншілдігін көрсете бастады. Ол Или хан жайлы қаңқу сөздер естіп, оны жазалауға бұйрық берді. Нишу Дулу да көп ұзамай қағанның оны өлтіретінін біліп Қарашарға қашады. Муби Тархан нушебиліктерден қол жинап қағанның қосынына аттанды. Қаған қаңлылардың жеріне қарай қашты. Тан империясының жылнамасының хабарлауынша, ол құсадан қайтыс болған. Сюаньцзан өзінің Да Тан си юйцзи еңбегінде, Ілбіс қағанның будда ғибадатханасын тонамақ болған сәтте Балхта қаза болды дейді.663 жылы Қарашара Нишу Дулу хан оралып, нушебиліктер оны қаған етіп сайлады. ## Тағы қараңыз
Ешбар Елтеріс қаған (қытайша: 沙钵罗咥利失可汗 - Шаболосилиши кэхань (тақтағы есімі), жеке есімі қытайша: 阿史那同俄 - Ашина Тунъэ. Тонг шад, Ышпара Төліс-шад, Ышпара Эльтерши Шир, Толыс шад, Тонг шад (т.ж.б. – 639) ) — 634 жылдан 639 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Қара теңіз бойында орналасқан аймақты басқарған Тон жабғу қағанның інісі Баға шадтың ұлы. Шығу тегі: Істемі хан – Тардуш қаған – Янг Соух – Баға шад – Ешбар Елтеріс. Ол Нишу Дулу қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырған. ## Басқаруы Билігінің алғашқы кезеңі көптен күткен тыныштықпен өтті. 637 жылы қаған Қытай императорына елшілік жіберіп, құдандалық жайында сөйлесуге тырысты. Император елшілікті жылы қабылдады, алайда неке жайлы әңгіме қозғамады.Ешбар Елтеріс елде басқаруды қайта құрып, «Он – оқ бұдун жүйесін енгізді. Қағанның он оқ, яғни, он түменнен тұратын әскері болды. Әр түменде 10 мың адам. «Бұдун» сөзі «ел», «халық» деген ұғымды білдіреді. Бірақ та, басқарудың бұл жүйесі мемлекетті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Билік үшін талас бұрынғыдан да күшейе түсті. Батыс түріктердің арасында Ешбар Елтерістің саясатына қарсылықтар күшейді. Қағанаттың өмір сүруіне дулу мен нушеби тайпаларының бітпейтін бақталастығы үнемі қауіп төндіріп отырды. Сондықтан да қаған оларды бөлшектеуді ойлады. Ол дулу тайпасына бес және нушеби тайпасын бес аймаққа бөліп, әр аймаққа жеке билеушіден тағайындады. Әр билеушіге қаған биліктің белгісі ретінде жебе сыйлаған. Осылайша Батыс Түрік қағанаты Он-оқ түріктері елі атанды. 638 жылы қыста қастандық ұйымдастырушылар ордаға кенеттен шабуылдады. Ешбар Елтеріс өзіне берілген жүзге жуық сарбазымен, інісі Бөрі шадпен бірге шегініп, Қарашар билеушісіне қашып кетті. Қастандық ұйымдастырушылар таққа Юйгу Шадты (Үкі шад) отырғызды. Бірақ бұл нушебилерге ұнамады. Бұл жағдай қағанаттың екіге бөлінуіне алып келді. Екі иелік арасында соғыс болып, Юйгу Шад Қарашарды талқандады. Ешбар Елтеріс елге қайта оралды. Нушебилер оны қуанышпен қарсы алды. Юйгу шад пен Ешбар Елтерістің арасындағы соғыс қан төгісті болды. Ақыры, екі жақ бітім жасасты. Алайда, бұл бітім әлсіз болып шығады. Юйгу Шадтың жақтастары Ешбар Елтеріске тыныштық бермей ақырында ол Ферғанаға қашуға мәжбүр болды. 639 жылы Ешбар Елтеріс Ферғанада қаза болды. Оның орнына ұлы Икюлиши отырды. ## Тағы қараңыз
Басыл Тегін, Поши-Дэлэ - Елтегін Бұйрық қағанның інісі әрі мұрагері. Ашина әулетінің Істемі ханнан тараған таомағының өкілі. Істемі хан - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Басыл-тегін. 603 жылы Тардуш қаған Қытайдан жеңіліс тауып, хабарсыз кеткеннен кейін Түрік қағанатында дүрбеллең басталады. Атасының ізін сала қағанаттың батыс бөлігінің билеушісі Елтегін Бұйрық қағанда қайтыс болады. Қытайдың қолдауына ие болған Жанғар қаған таққа отырады. Бірақ, оның құрылтайсыз билікке келуі батыстағы тайпаларға ұнай қоймайды. Олар Тардуш қағанның ұрпақтарын билікке әкеліп, қағанатты бөліп алуға әрекет жасайды. Осы оқиғалардан сескенген қытайлар тақ мұрагері Басыл тегінді астанаға алдап шақырып алып, сарайдағы бір шендінің қызына үйлендіріп, өздерінде ұстап қалады. Ал, Батыс қағанатта дулу тайпаларының қолдауымен билік басына Елтегін Бұйрық қағанның кәмелет жасына толмаған ұлы Таман қаған отырады. Сөйтіп, "қас пен көздің" арасында Манчжуриядан Азов теңізіне дейінгі ауқымды территорияны жаулап алып, билеп-төстеп тұрған далалық империя Түрік қағанаты екіге бөлініп кетеді. ## Тағы қараңыз
Нишу Дулу қаған (қытайша: 阿史那泥孰 - Ашина Нишу, жеке аты қытайша: 咄陆可汗 - Долу кэхань, титулын алғанда: қытайша 吞阿娄拔奚利邲咄陆可汗 - Туньалоубасилибидолу кэхань) — 633 жылдан 634 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Нушеби тайпасының қолдауына ие болған. Ілбіс қағаннан Қарашарға қашып, қайта келісімен қаған сайланды. ## Басқаруы Ол Баға шадтың, яғни, Яң Соух тегін — Савэ ханның бесінші баласының, ұлы. Оның әкесі Персиямен соғысқан. 603 жылы Елтегін Бұйрық қайтыс болғаннан кейін Нишу Дулу бай өлке Пайкендтың билеушісі болып тағайындалды. Нишу Дулу Қытайда жүрген кезінде Тан Тай-цзунмен кездескен. Белгілісі Баға шад пен Ли Шимин анда дос болған. Нишу Дулу таққа отырғаннан соң Қытайға елші жіберіп, биліктен бас тартты. Ли Шиминь Лю Шаньинды қағанатқа жалау мен грамота беріп аттандырды. Олар императордың оны қаған ретінде мойындайтынын жеткізді. Түріктер императордан музыкалық аспаптар мен жібек алды. Көп ұзамай қаған сырқаттанып, қайтыс болды. ## Тағы қараңыз
Ашина Дучжы қаған (Ашина Шиюйбэйтин) — 676 жылдан 679 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. ## Өмірбаяны Ашина Мише шад қаза болған соң қағанаттың ыдырауына алғышарттар қалыптасты. 671 жылы Ашина Дучжы фуянь губернаторлығының басшысы болып тағайындалып, жауласқан тайпаларды тыныштандыру жайлы тапсырма алды. 676 жылы Дучжы айтарлықтай күш жинап өзін 10 аймақтың (дулу мен нушеби) ханы, яғни қаған деп жариялады.676 жылы Дучжы Тибетпен (патша Мансон Мацэн མང་སྲོང་མང་བཙན немесе Дуйсон Манпочжэ འདུས་སྲོང་མང་པོ་རྗེ) Қытайға қарсы одақтасты. Түріктер Кучке шабуыл жасады. Пэй Синцзянға қағанға тойтарыс беруге бұйрық берілді, алайда Синцзянь қулыққа басты. Синцзянь парсы ханзадасын отанына дейін апарып саламын деп, Тұрфанда қалып қойды. Ол жергілікті билеушілерге шақырту жіберді. Дучжы да сақтықпен Синцзянға келді. Ол қағанды, оның одақтастарын, түрік ханы Личжефуды бірден тұтқындап, Чанъаньға жөнелтті. ## Тағы қараңыз
Құшрақ Бури қаған (Ашина Хушэло-шад, Ашина Хусиньло) — 679/693 жылдан 704 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. ## Биографиясы Нушеби тайпасының билеушісі Ашина Бучжень шадтың ұлы. Ол әкесі сияқты Тан империясының қолшоқпары болды. Сондықтан онымен қоластындағы адамдар санаспады. Ол Қытай еліне жақпай қалған болу керек, себебі империядан атақ-даңқ, шен-шекпеннің барлығы Ашина Юанькин шадқа бұйыратын. 693 жылы Юанькин Қытайда өлім жазасына кесілді, ал батыс түріктері көтеріліске шығып, Ашина Шуцзыды (阿史那俀子) қаған сайлады.Ашина Суйцзы тибеттіктермен одақтасып, Қытайға шабуыл жасады. Ван Сяогай оның әскерін Линьцюань түбінде талқандады. Хань Сычжун тибеттіктерден Нишумус шаһарын тартып алды. 699 жылы Хушэло батыс аймақтың қолбасшысы болып тағайындалды, ол Учжилэ ханмен соғысуға бекінді. Қаған өзінің әскери күшін есептеп Қытайға 60-70 мыңдық қолмен оралды. 704 жылы ол Чаньаниде қайтыс болды. ## Тағы қараңыз
Ашина Хелу қаған (тақтағы есімі қытайша: 沙钵罗可汗 - Шаболокэхань, жеке есімі қытайша: 阿史那贺鲁 - Ашинахэлу) — 653 жылдан 657 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Қағанаттың бірлігін аз уақыттың ішінде қалпына келтіре алды. Тан империясымен тең емес соғысқа түсуге мәжбүр болды, бұл соғыс қағанаттың тәуелсіздігін жоғалтуына себеп болды. ## Жас кезі Ол Бури шадтың ұлы, әрі Баға шад Елтебердің немересі, Яң Соух тегін Савэның шөбересі, Қара Шұрын Түріктің шөпшегі болған. 633 жылы Нишу Дулу Хелуге Жабғу лауазымын берді. Хэлу бес аймақты басқарған (Чуюе, Чуми, Гусу, Гэлолу және Нушеби). 646 жылы Ирбис Шегуй хан чуюе мен чумилер бас көтерді дегенді естіп, Хелуды олардың көсемі деп шешті. Хэлу Қытайға қашып кетіп, Таң Империясына қызмет ете бастады. Көп ұзамай ол Батыс аймақтағы жерлер үшін түріктермен соғысты. 653 жылы Таң елінде оның дұшпандарының саны көбейді. Ол Хиюнның кеңесімен, Таң елін тастап, Батыс қағанатқа қайтып оралды. ## Басқаруы Түріктер Хелуды азат етуші ретінде қарсы алды. Сөйтіп Мыңбұлақ аймағында ол Халлыг Ышбара Жағбу қаған деп жариялады да Ирбис ханды өлтірді. ## Тағы қараңыз
Үшлік хан (т. ж. б. — 708) — 699 — 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі. ## Басқаруы Түргештер 6 ғасырдан бері Жетісудағы Шу мен Іле өзендері аралығын мекендеп, кейіннен Батыс Түрік қағанатының құрамына енген. Қағандықты қытайлар талқандағаннан кейін, бұл өңірлерде Ашина әулетінің Қытай берілген өкілдері билік жүргізді. 7 ғасырдың соңында болған Шығыс Түрік қағанаты мен Қытай арасындағы соғыстар және Қытайдың қол астындағы көшпелі тайпалардың көтерілістері нәтижесінде Жетісуда түргеш тайпалары күшейді. Үшлік ханның түргеш тайпаларының көсемі және Қытай үкіметі бекіткен тархан-кеңесші деген атағы болды. Ол 699 ж. Ашиналық Хусэлоны Жетісу ығыстырып, өзін хан етіп жариялады. Үшлік хан мемлекетте әкімш. реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды. Ол елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 әкімш. аймаққа бөлді. Хандықтың астанасы болып Шу бойындағы Суяб қаласы таңдалды. Үшлік ханның екінші жазғы ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік хан 8 ғасырдың басындағы Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. 708 жылға дейін Үшлік хан Жетісудағы барлық ұсақ тайпаларды бағындырып, әскер санын 200 мыңға дейін жеткізді. Ол 708 ж. қыс айларының бірінде қайтыс болған. Тағына үлкен ұлы Саға (Сақал) отырды. ## Сілтемелер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том ## Тағы қараңыз
Тұқарсан Құтшар қаған (Тузосяньгучокэхань) — 738-739 жылдары билік еткен Түргеш қағанатының қағаны. ## Басқаруы Баға тархан Сұлу қағанды өлтірген соң, Тұқарсан Суяб шаһарына бекініп қара түргештермен бірге Баға тарханға шабуыл жасады. Тан елшісі Гай Гяюнь оларды татуластыру үшін аттанды. Баға тархан қытайлармен Сиюя кнәздерін өз жағына қаратты. Қаған жеңіліс тауып, інісі Шеху Тунь Абомен бірге қашқан сәтте қолға түсті. Қашғар кнәзі Фумын Линча түргештердің иеліктерін, тіпті Суяб шаһарын басып алып ханшаларды олжалады. Көп ұзамай сиюй кнәздері көшпенділерге бас ұрып, Тан еліне бағынудан бас тартты.Тұқарсан Құтшар Чанъаньға апарды, ол тақтан бас тартып әскери шен мен кнәздік атақ алды. Император Ашина Синды қаған деп жариялады. Алайда Баға тархан түргештерді қарсы шығуға үндеп, Тан елінің Сұлу қағанды өлтіргені үшін оның алдында қарыздар екенін айтты. Император Баға тарханды қаған деп жариялады. ## Тағы қараңыз
Николай Павлович Авдулов (10 шілде 1899 жыл - 22 мамыр 1938 жыл, Саратов) - орыс биологі, цитолог, морфолог, өсімдіктер систематигі. ## Жанұсы * Әйелі - Екатерина Мечиславовна (1897—1975) * Ұлы - Андрей Николаевич Авдулов (1930 — 2008) * Немересі - Николай, фармаколог, АҚШ-та тұрады. * Немересі - Александр, японист, Канадада тұрады. ## Сыртқы сілтемелер * Биографиясы Мұрағатталған 26 тамыздың 2017 жылы.
Арық-бұға (т.ж.б. — 1265/66) — Шыңғыс хан империясының ханы (1260 — 64), 1259 — 66 ж. империядағы билік үшін күреске белсене араласқан. Шыңғыс ханның баласы Төлейдің 10 ұлының алтыншысы. Төлейдің бәйбішесі Соркуктани-бегімнен Мөңке, Құбылай, Хулагу және А.-Б. туады. Соркуктани-бегім — Керей ханы Онның інісі Жақанбудың қызы. Ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін (1259) Қытайда Құбылай, Монғолияда А.-Б. бір мезгілде (1260) таққа отырған. Екеуі Шағатай ұлысын иелену үшін күрес бастады. Құбылай бұл ұлысқа Шағатайдың немересі Абишкені аттандырады. Оны Таңғұт жерінде А.-Б-ның адамдары қолға түсіреді. А.-Б. Шағатайдың басқа бір немересі Алғұйды өз атынан атасының (Шағатайдың) ұлысына жіберді. Алғұй Мауереннахрды иеленіп, Шағатай ұлысына енбеген Хорезм мен Ауғанстанды бағындырды. Өз билігін орнатқан Алғұй А-Б-ға бағынбай, оның елшілерін өлтіріп (1262), оған қарсы соғыс ашты. А.-Б. Алғұйды жеңгенімен Құбылайдан жеңіліс табады да, Монғолияны тастап, Ертістің жоғары жағына кетеді. Жанындағы көптеген сұлтандар мен әмірлер оның орынсыз қаталдығына төзбей Құбылай жағына өтеді. Биліктен күдер үзген А.-Б. өз еркімен кешірім сұрап Құбылайға келді (1264). Бұдан кейін А.-Б. ауырып, ұзақ өмір сүре алмады. Рашид әд-Диннің мәліметі бойынша оның 5 ұлы, 17 немересі болған. ## Дереккөздер
Легкунец Раиса Ефимовна (10.5.1938 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы Новоникольск ауылы) – ғалым, химия ғылымының кандидаты (1971). Әл-Фараби атындындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966 – 71 жылдары аспирант және ҚР ғылым академиясының Химия ғылыми институтында жұмыс істеген, 1971 – 2002 жылдары ҚазҰУ-дың химия факультетінде аға ғылыми қызметкер болды. Негізгі ғылыми еңбектері үлкен молекулалы қосылыстардың гидродинамикалық қасиеттері мен полимерлердің айқас-талғамды еріткіштер қоспасындағы әрекеті тақырыптарына арналған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986). ## Сілтемелер * Химия * Ғылым * Қазақстан ## Дереккөздер <references>
Теркун қатын - Хорезм шаһы Текештің әйелі, Мұхаммед Хорезм шаһтың анасы. ## Билікке араласуы Теркун - оның есімі, қатын болса оның құрметті лауазымы. Хорезм шаһы Текеш қайтыс болған соң, Теркун қатын ұлы Мұхаммедті таққа отырғызып, елді бірге басқарады. Теркун қатын - қаңлы тайпасының беделді билеушісі Қыранның қызы. Ол арғын руынан шыққан келіні Айшешекті жек көрген. Оның ұлы Жәлеләддинге Мұхаммед шаһ пен Теркун қатын бала кезінен сенімсіздікпен қараған. Хорезм мемлекетінің түбіне жеткен де осы Теркун қатын мен Айшешек арасындағы ұрыс-керіс себеп болды. Теркун қатын әскери қолбасшылыққа шебер немересі Жәлеләддинді сарайдан аластаудың жоспарын шаһқа ұсынды. Мұхаммед шаһ Шыңғыс хан әскерінен жеңіліс тапқан соң Қап тауына, ал немересі Жәлеләддин Иранға қашқаннан соң Теркун қатынның өмірі босқындықпен аяқталды. Шыңғыс хан әскерінен Шығыс Иранға қашып, тау басындағы қамалға тығылады. Оны моңғолдар сусыз қалдырып, қолға түсіреді де Самарқанға әкеледі. Самарқанда қартайып қайтыс болады.
Киров ауылдық округі – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кировское, Иваноровное, Ксеньевка, Моховое ауылдары кіреді. Орталығы – Кировское ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 777 адамды құрады. ## Дереккөздер
Сарманбеков Төлепберген Рахымұлы — суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1993). ## Өмірбаяны * 1973 жылы орта мектепті бітірген. * 1980 жылы Косов халықтық көркемөнер кәсіпшілігі техникумының (Украина) металл өрлеу бөлімін бітірген. Арнаулы жолдамамен Батыс Қазақстан облысына келген, осы аймақтың қолданбалы өнер әдібі мен өрнектеу нақыпттарын жақсы меңгерген. Негізінен зергерлік бұйымдар жасаумен айналысады. Суретшінің туындылары («Сәукеле», «Саба», «Торсық», т.б.) Алматы, Орал қалаларының музейлеріне қойылған. ## Дереккөздер
Киров ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Кирово, Агроном, Восточное, Ильич, Мирное, Трудовое ауылдары кіреді. Орталығы – Кирово ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1523 адамды құрайды. ## Дереккөздер
Еңбекші ауылдық округі — Павлодар облысы Железин ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбекші, Уәлиханов ауылдары кіреді. Орталығы – Еңбекші ауылы. 2006 жылы Тельман ауылы таратылды. 2013 жылы округ құрамына таратылған Уәлиханов ауылдық округінен Уәлиханов ауылы қосылды. 2018 жылы Обозное ауылы таратылды. ## Дереккөздер
Баға тархан немесе Күли Шор(туған жылы белгісіз – 739ж.) – Түргеш қағанатының қағаны (шамамен 738 – 739ж.ж), сары түргештердің билеушісі. Сұлу қаған тұсында беделді қолбасшы болып, әр түрлі жорықтарға қатысты. 737 ж. қаған басқарған әскерлердің арабтардан жеңілгенін пайдаланып, Баға тархан Сұлу қағанды және оның мұрагерін өлтіріп, өзін қаған деп жариялады. Оның тұсында сары және қара түргештер арасындағы соғыс күшейе түсті. Осы алауыздықты пайдаланған Хорасандағы араб билеушісі Насыр ибн Сейяр 739 ж. Түргеш қағандығына басып кіріп, Баға тарханды қолға түсірді. Олар Баға тарханды өлтірілгеннен кейін, Түргеш қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. ## Дереккөздер * Қазақ энциклопедиясы ## Сілтемелер * Barthold V.V. Four Studies on the History of Central Asia — Leiden: Brill, 1956. Barthold V.V. Four Studies on the History of Central Asia — Leiden: Brill, 1956. * The History of Al-Tabari, Vol. XXV, The End of Expansion: The Caliphate of Hisham A.D. 724–738/A.H. 105–120 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-569-4. The History of Al-Tabari, Vol. XXV, The End of Expansion: The Caliphate of Hisham A.D. 724–738/A.H. 105–120 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-569-4. * Blankinship Khalid Yahya The End of the Jihâd State: The Reign of Hishām ibn ʻAbd al-Malik and the Collapse of the Umayyads — Albany, NY: State University of New York Press, 1994. — ISBN 978-0-7914-1827-7. Blankinship Khalid Yahya The End of the Jihâd State: The Reign of Hishām ibn ʻAbd al-Malik and the Collapse of the Umayyads — Albany, NY: State University of New York Press, 1994. — ISBN 978-0-7914-1827-7. * Gibb H. A. R. The Arab Conquests in Central Asia — London: The Royal Asiatic Society, 1923. Gibb H. A. R. The Arab Conquests in Central Asia — London: The Royal Asiatic Society, 1923. * Grousset René The Empire of the Steppes: A History of Central Asia — New Brunswick, NJ: Rutgers University Press, 1970. — ISBN 0-8135-1304-9. Grousset René The Empire of the Steppes: A History of Central Asia — New Brunswick, NJ: Rutgers University Press, 1970. — ISBN 0-8135-1304-9. * The History of Al-Tabari, Vol. XXVI. The Waning of the Umayyad Caliphate: Prelude to Revolution, A.D. 738–744 / A.H. 121–126 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-810-3. The History of Al-Tabari, Vol. XXVI. The Waning of the Umayyad Caliphate: Prelude to Revolution, A.D. 738–744 / A.H. 121–126 — Albany, NY: State University of New York Press, 1989. — ISBN 0-88706-810-3. * Kennedy Hugh N. The Great Arab Conquests: How the Spread of Islam Changed the World We Live In — Philadelphia, PA: Da Capo Press, 2007. — ISBN 978-0-306-81740-3. Kennedy Hugh N. The Great Arab Conquests: How the Spread of Islam Changed the World We Live In — Philadelphia, PA: Da Capo Press, 2007. — ISBN 978-0-306-81740-3. * The Türk Empire // History of civilizations of Central Asia, Volume III: The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750 — Paris: UNESCO Publishing, 1996. — P. 327–348. — ISBN 92-3-103211-9. The Türk Empire // History of civilizations of Central Asia, Volume III: The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750 — Paris: UNESCO Publishing, 1996. — P. 327–348. — ISBN 92-3-103211-9. * Skaff Jonathan Karam Sui-Tang China and Its Turko-Mongol Neighbors: Culture, Power, and Connections, 580–800 — Oxford University Press, 2012. — ISBN 0199734135. Skaff Jonathan Karam Sui-Tang China and Its Turko-Mongol Neighbors: Culture, Power, and Connections, 580–800 — Oxford University Press, 2012. — ISBN 0199734135. ## Тағы қараңыз
Жанғар қаған (қытайша: 启民可汗 - Иличжэнь-доу Циминь-хан; жеке есімі қытайша: 阿史那染干 - Ашина Жаньгань) — 599 (603) - 609 жылдары билік еткен Шығыс Түрік қағанатының билеушісі. ## Басқаруы Түрік қағанаты екіге: Батыс және Шығысқа бөлінгенде Жанғар Суй империясы аумағында қаған сайланды, алайда ешқандай да билікке ие болған жоқ, барлық билік Қара Шұрын Түріктің қолында болды. Оның өлімінен соң Жанғар іс жүзінде билікке ие болды, алайда оған тек Шығыс аумақ қана бағынды. Ал Суй империясының ойынша ол Түрік қағанатының қағаны болған. ## Билік жолы 597 жылы Жағбу Баға қағанның ұлы Жанғар Толыс хан деген атақ алған. Ол қидандарды, татарларды, татабтарды басқарған. Ол қытай ханшасын әйелдікке алуды ойлап, қытай шенеунігі Пэй Гюймен кездеседі. Шенеунік ханшайымды алғың келсе, қағанның әйелі Чэнь әулетінің бұрынғы ханшасын өлтір деген талап қояды. 597 жылы Жанғар патшайымға жала жауып, қаған патшайымды өлтіреді. Осыдан кейін қаған, Жанғардың жала жапқанын сезіп қалып, оны қуғындауға көшеді. ## Тағы қараңыз
Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев (1971 жылы туған) - Сарысу ауданының әкімі (2015-2016), ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны * 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын “зооинженер” мамандығы бойынша, 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық институтын “экономист” мамандығы бойынша бітірген. * Еңбек жолын 1997 жылы Рысқұлов ауданында “Ақбұлақ” АҚ-ында зоотехник-селекционер болып бастады. * 1999 жылдан бастап Рысқұлов ауданының әкімдігінде, комитетінде, басқармада ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. * 2012-2015 жылдары Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары болды. * 2015 жылғы мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған. * 2015 жылдың 16 шілдесінен - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі. * Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №435-ө өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. ## Дереккөздер
Шібір қаған (т.ж.б. - 619) - бірінші Шығыс Түрік қағанатының билеушісі (608-619). 608 ж. күзде Қытайға жартылай бағынышты түркілердің билеушісі қайтыс болды да Суй әулетінен шыққан императо Ян-ди оның орнына Дұғишадты тағайындады. ## Басқаруы Дұғи " Шибір хан" лауазымын қабылдады. Көп ұзамай Қытайда ян-диге қарсы көтеріліс басталды. Осыны пайдаланған Шибир қаған көтерлісшілермен одақтасып, Ішкі Қытайға жорық жасады. Көп ұзамай Шибир қағанның Қытайға жасаған шапқыншылықтары империяның астанасына дейін жетті. Ол көтерісшілердің басшылы Ли Юаньнің император тағына отыруына көмектесті. 618 ж. Ли Юань таққа отырып, өзін Гаоцзу императормын деп жариялап, Тан әулетінің негізін салды. Бірақ билікке қол жеткізген табғаштар түркілерге байырғы қытайлардан бетер жау болып шықты. Сондықтан Шибир қаған оларға қарсы 619 ж. жорыққа аттанды. осы жорық барысында Шибир қаған аяқ астынан ауырып, қайтыс болады. ## Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007. ## Тағы қараңыз
Еңбекші ауылдық округі – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Жантақсай, Жаңатұрмыс, Нұрлытаң, Тәңірберген Жайлыбаев, Шұғыла ауылдары кіреді. Орталығы – Тәңірберген Жайлыбаев ауылы. ## Дереккөздер
Еңбекші ауылдық округі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбекші, Қосүйеңкі ауылдары кіреді. Орталығы – Еңбекші ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1741 адамды құрады. ## Дереккөздер
Ілікбек қаған (қытайша: 處羅可汗 - Чуло-хан; жеке есімі қытайша: 阿史那俟利弗設 - Ашина Силифушэ) — 619 жылдан 620 жылға дейін билік еткен Шығыс Түрік қағанатының билеушісі. Тан империясының жауларына қолдау көрсете отырып, империяны әлсіретуге тырысқан. ## Басқаруы Таққа отырысымен Ичжэнге үйленген (ол оның үшінші күйеуі болды). Ол Цзинчэнгуан билеушісі Ван Шичунмен одақтасуға тырысты. Алайда Ли союй — Лучжоулік тан губернаторы түрік керуенін тонап 10 000 бас қойды олжалады. Қаған Суй Сяо патшайымға қауіпсіз орын ұсынып, Суйлік біраз ықпалды адамдарды өзіне қаратты. Ян Чжаодао қағаннан ван атағын алды. Динсян қаласында суйлік қашқындар орналасып, оларды 10 000 түрік сарбазы қорғап тұрды. Тан мен түрік қолдары арасында шайқас басталды. Қағанның бауыры Були Шэ 2000 әскермен Лю Учжоумен бірігіп, Бинчжоуды үш-ақ күнде басып алды. Тан елімен соғыс ауыр болғандықтан, уәзірлер қағанды соғысты тоқтатып бітімге келуге үгіттей бастады. Бірақ қаған олармен келіспеді. ## Тағы қараңыз
Еңбек ауылдық округі – Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы әкімшілік бірлік. ## Әкімшілік құрамы Құрамына Еңбек ауылы кіреді. Орталығы – Еңбек ауылы. ## Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1979 адамды құрады. ## Дереккөздер
Қара—Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі ру. Бесшам Шапыраштының Асыл руының ішіндегі Теке елінің Дәулетбайынан тарайды. Дәулетбай батырдың үлкен ұлы. Аңырақай шайқасында қалмақтың бас батыры Аңырақты жекпе-жекте жеңген Бөлек батыр - Қараның ұлы. ## Мекені Қара ұрпақтары басқа да Текенің ұрпақтарымен 17-18 ғасырдан Түрген өзенінің аңғарын мекен етеді. Қазіргі күні ең қалың шоғырланған елді мекен - Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданының, Ақши ауылы. (Түрген өзенінің аңғарында) ## Белгілі ұрпақтары * Бөлек Қараұлы * Ахметжан Сәлімбаев * Әбдіғалым Сәлімбаев - аудандық білім басқармасының төрағасы, мектеп директоры * Әбдінағым Медербайұлы - шежіреші, бас бухгалтер * Амангелді Рақымбаев - журналист ## Дереккөздер * "Бәйдібек баба - алып бәйтерек. Сарыүйсін. Шапырашты" (Толық шежіре), Алматы, 2003 * Шелегім мен Есігім - жерұйығым, бесігім: тарихи-деректі ғұмырнама /Нұрсадық Сарғожаев.- Алматы: Білім, 2001 * "Елім Теке-Дәулетбай" Нұрсадық Сарғожаев
Қапаған қаған, Қабылан, Мочур (туған жылы белгісіз – 716 ж.) – Шығыс Түрік қағанатының бас қағаны (691 – 716). Құтлық қағанның немере інісі, Күлтегін мен Білгенің немере ағасы. ## Басқаруы Қапаған Қаған түрік қағандығының қуатын арттырып, оның әскерін күшейтті.Шығыс түрік қағандығының иелігін Темір қақпадан (Дербент) Қадырхан тауына, Тоқарыстаннан Ұлы Хинган тауларына, Сарыөзенге (Хуанхэ) дейін ұлғайтуды мақсат етті.Қапаған қағанның Қытаймен соғыстары негізінен Сарыөзеннің Солтүстік жагалауларында жүргізілді. 694 жылы басталған қытаймен соғыстары Қытай корғанының арғы жағында жатқан Ордос түркілерін елге қайтару мақсатында жүргізілді. 697 жылы қытай шапқыншылығына ұшыраған қидандарды түгелімен, бүкіл Маньчжурия өзіне қосып алды. 706 жылы Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. 706-07 жылдары қытай және та¬табы шапқыншылықтарына тойтарыс беріп отырды. 709 жылы тоғыз-оғыздарды женді. 711-12 жылдары Енисей аздары мен шіктерін өзіне қаратты. 712-13 жылдары Алтайдан асып, Жетісудағы он оқтарды бағындырды. Сырдариядан өтіп, Темір қақпаға жалғас жатқан Тоқарыстанға жетіп, соғдыларды күйрете жеңді. 714 жылы қайта бас көтере бастаған табғаштарға алты рет соққы берді. Қапаған Қаған үдере көшпек болган тоғыз- оғыздарды тоқтатып, Ұлы Құм даланың (Гоби) солтүстігінде оларға күйрете соққы берді. Қапаған қаған қытай заңына негізделген заңды бұзып, ежелгі түркілер заңын қалпына келтірді. 716 жылы Толы өзенінің жағасында Бай-егу (Байырғы) тайпасы Қапаған қағанның әскерімен шайқасып, күйрей жеңілді. Шағын ғана жасақпен жорықтан оралып келе жатқан Қапаған қағанға байегулер тұтқиылдан шабуыл жасап өлтіреді де, қағанның басын қытайларға апарып береді. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз
Халеда Зия Бегум(бенгалша খালেদা জিয়া; 1945 ж. тамыздың 15-інде), - Баңладеш премьер-министрі (1991 - 1996; 2001 - 2006 жж.), ұлтшылдар партиясының жетекшісі. Баңладештің солтүстік-батыс бөлігінде Динаджпур деген жерінде кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы генерал Зияур Рахманға тұрмысқа шықты.Кейін Зияур Рахман Баңладештің президенті болып кетті және Баңладеш Ұлтшыл партиясын ұйымдастырды. Зияур Рахманды 1981 жылында өлтірді. 1983 жылы Халеда Зия Бегум күйеуі негізін қалаған партиясын жетекшісі болып кетті. "Авами лиг" партиясымен бірге, Хуссейн Мұхаммед Эршадқа қарсы күрескен. 1991 жылында сайлауында жеңіп, Баңладештің премьер-министрі болып кетті. Үндістанмен қарым-қатынастарын бұзып, Ганг суының бөліну мәселесін туғызды.Керісінше, Пәкістанмен қарым-қатынастарын жақсартты. Білім беру саласына көбірек қаржыны беріп, міндетті бастауыш білім алу туралы заң қабылданып, қыздарға арналған 10-сынып мектептерін ашылуына үлес қосты. Эршадтың диктатурасынан кейін демократиялық өзгерістерін өткізді. 1996 жылында "Авами лиг" партиясына жеңіліп, орнынан кетті. 1999 жылында "Авами лиг" құрастырған үкіметіне қарсы саяси ереуілін ұйымдастырды. 2001 жылы өткен сайлауында жеңіп, қайтадын премьер-министр болып кетті.
Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары. Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді. Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты. Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті. ## Дереккөздер
Инел қаған, Богю-кэхань (қытайша: 拓西可汗 - Тоси кэхань, жеке есімі қытайша: 阿史那匐俱 - Ашина Фуцзюй) — 716 жылдан бастап Шығыс Түрік қағанатының қағаны болған. Қапағанның аяқастынан қаза болуы ордада біраз әбігерлік тудырды. Іс жүзінде барлық әскер Күлтегінге бағынса да, Қапаған қағанның билікті үлкен ұлы Білгеге қалдыруды аманаттаған болатын. (Білге қаған мен Білге-могилянь аттас адамдар). Уәзірлер Инелді (Білге) қаған етіп сайлады. 699 жылы Инел кіші хан атанып, әкесінен мұраға батыс қанаттың 40 000 сарбаздық әскері қалды, сондықтан қытайлар оны 拓西 — Тоси (тура аударғанда батыстың кеңейтушісі). 716 жылы маусымда ол қаған сайланды. Күлтегін көп ұзамай әскери күшін пайдаланып Инел қағанды өлтіріп, таққа ағасы Білге Могилянды отырғызды. ## Тағы қараңыз
Бағашұр шад Ілік қаған Кат Иль – хан Баһадүр – шад, Хйели Дучи, Ілік хан, Ел қаған, Эль қаған, Киелі хан, Ашина Доби – Шығыс Түрік қағанатының қағаны (620 – 630/34)(қытайша: 頡利可汗 - Хйели-хан Дуби; жеке есімі қытайша: 阿史那咄苾 - Ашина Доби) — 620 жылдан 630 жылға дейін билік еткен Шығыс Түрік қағанатының қағаны. ## Басқаруы Таққа отырған бойда ордасын солтүстікке, Хингай тауларының баурайына көшірді. Пинянда Се Цзюй Таң империясына қарсы көтеріліс бастады және қағаннан көмек сұрады. Вуюань қаласының билеушісі Чжан Чансунь бес қаламен бірге қағанға берілді. Ли Юань қағанға Қытайдың ішкі шаруаларына араласпауын сұрап Юйвэнь Ханді жіберді. Чуло – ханның баласы Юэшэ Шэ 10 000 түрік әскерімен Ордосқа баса көктеп кіріп, Линчжоу қаласын қоршады. Қаған Ичжэн атты әйелге үйленді (ол бұның төртінші күйеуі болды), ал Шибир – хан Түрік – шадтың ұлы Шибобиді Төліс – хан, яғни, шығыс қанаттың билеушісі етті. Қаған әйелі мен оның туыстарының азғыруымен, Суй империясын қалпына келтіремін деген сылтаумен Таң империясымен соғысты. Атты әскерінің қалаларды ала алмайтынына қарамай, түркі әскері мықты болды. Ли Юань беріп отырған салық пен сый – сияпатқа қарамай қаған бейбітшілікті бұзып, Таң империясына шабуыл жасады. 621 жылдың жазында қаған бастаған 10 000 түрік әскері Яньмэнге шабуыл жасады. Губернатор Даэн шабуылдың бетін қайтарды. Ли Юань қағанмен келісімге келгісі кеп, оған елші жіберді. Бірақ қаған елшілерді тұтқынға алды. Бұған жауап ретінде император Жехай және Ашиде – тегін атты түрік елшілерін абақтыға жапты. Қаған Дайчжоуға (Шаньсиге) шабуыл жасады. Сяо Цзи бастаған Таң әскері жеңіліс тапты. Түркілер Хэдунды тонап, Яньчжоуға бағыт алды. Таң әскерлері түркілерге ауыр соққы бергісі келді. Бірақ олар жеңіліп жатты немесе шегінді. 622 жылдың басында қаған елге қайтуды ойлады. Император Ли Юань түркі елшілерін қайтарды және бітімге келуді ұйғарды. Бірақ, Даэн атты уәзір «Түркілердің арасында жұт басталды. Соны пайдаланып олар басып алған жерлерді қайтып алуға болады» деп императорды шабуыл жасауға көндірді. Даэн генерал Дуцзи Шэнмен бірге солтүстікке аттанды. Шэн түркілер өте күшті болған соң әскеріне Синьченьде қалуға бұйрық берді. Даэн түркі әскерлерінің шабуылына ұшырады. Даэньнің өзі өлді, ал оның әскері жойылды. Түркілер шабуылдарын үдете түсті. Кат – Иль – хан Синчжоуды, Лю Хэйде Динчжоуға шабуыл жасады. Ли Гаоцзин қағанның әскерінің бетін қайтарды. Кат Иль – хан шегініп, 150 000 атты әскер жинап алды. Содан кейін Яньмэньге Бинчжоуға, Фэньчжоуға және Лучжоуға шабуылдады. Түркілер 5 мың адамды тұтқынға алды. Қаған бірнеше мың әскерін Юаньчжоу мен Линчжоуға жіберді. Қытайлар түркілердің бетін қайтару үшін әскер жинады. Оларды жеңімпаз Ли Цзяньчэн басқарды. Таң әскерлері түркілерді қоршап алды. Шэнь Фу Фэньшуй өзенінің бойында 500 адамды өлтіріп, 2000 атты айдап әкетті. Сяо И 5000 түркіні тұтқындады. Түркілер Дачжэньгунь бекінісін басып алды. Юйвэнь Синь мен Ян Шидао олардың олжасының көп бөлігін қайтарып алды. Таң патшасының көп әскерінің келе жатқанын біліп, қаған елге қарай шегінді. Соғыс 623 жылы солтүстік шекарада жалғасты. Ли Цзяньчэнді тағы да солтүстікке жіберді, бірақ түркілердің шабуылы одан әрі күшейе түсті. 624 жылы түркілер бірнеше нәтижесіз жорықтар жасады. Көп қол жинап, Бичжоуды қоршады. Ли Шиминь мен Юань Цзидің әскерлері қамалды қорғады. Қаған мен Толис – шад әрқайсысы 10 мың адамнан тұратын екі қанат әскерді бастап шықты. Қытай әскері жеңіле бастады. Сол себепті Ли Шиминь келіссөз жүргізгісі келді. Бірақ қаған оған жауап қайтарған жоқ. Сол кезде Ли Шиминь Төліс – ханға бұл дауды 100 адамды шайқастырып шешуге ұсыныс айтты. Осыны естіген қаған Төліс – ханның адалдығына күмән келтірді. Қаған Ли Юаньға бітімге келу үшін елші жіберді. Император бұған келісті. Кат Иль – хан өзінің әскерін алып кетті. 625 жылы қаған Шаньсиге шабуылдады. Синьчен түбіндегі шайқас түркілерлердің жеңісімен аяқталды. Император түркілерге қарсы өзінің ең мықты деген әскерін жіберді. Солардың бірін императордың ұлы Ли Шиминь басқарды. Түркілер Лучжоу мен Циньчжоуға дейін жерлерді өте қысқа уақыт ішінде басып алды. Қытайлықтардың үш әскері жеңіліс тапты. Бірақ, түркілер Гуанвуда күшті қарсылықққа ұшырады. Дао Цзунның әскері жеңді. Бірақ, түркілер әрі қарай жылжыды. Кездескен елді – мекеннің барлығын тонап, Юаньчжоуға бағыт алды. 626 жылы түркілер Юаньчжоу мен Линчжауды қоршады. Личжоудың түбінде оларға Ли Цзин басқарған әскер соққы берді. Түркілер шегінгенмен, олар Қытайдың жерінен кеткен жоқ. Циньчжоудың түбінде түркілер Чой Чжаодан жеңіліс тапты. Қаған Угунға шабуыл жасауға шешім қабылдады. Гаолинді қоршады. Цзиянның маңында Гин Дэюй түркілерге шабуыл жасады. 1000 адамын өлтіріп, Сыгиня Умучоны тұтқынға алды. Қаған келіссөз жүргізді. Чжишими Сыли атты түркі елшісі Чананьға барды. Сол жерде ол енді император Ли Юань емес Ли Шиминь екенін білді. Ли Шиминь келіссөзден бас тартып, елшіні Гао Шилян, Фан Сюаньлин, Чжоу Фанмен және алты атқосшысымен бірге тұтқынға алды. Ол Вэйхэ өзеніне келді. Өзеннің сол жағасында түркілердің 100 мың әскері тұрды. Астанадан императордың әскері шықты. Қытайлар өзеннен өтіп, шеп құрды. Ли Шиминь өзі қағанға келіп, оның атының жүгенінен ұстап, «бейбітшілік пен соғыстың біреуін таңда» деді. Қаған бейбітшілікті таңдап, келісімге келді. 627 жылы сеяньто, хуйхо – ұйғыр және байегу тайпалары көтеріліске шықты. Төліс – хан Шибоби олардан жеңіліс тауып, кейін шегінді. Сол үшін қаған оны қамауға алды. Қыста қар көп түсіп, жұт болды. Түркілер Қытай жерінен аң аулады. 628 жылы Төліс – хан өзінің қидандарымен бірге көтеріліс жасады. Ли Шиминь Төліс – ханды қолдады. Ли Цзин қағанның ордасына шабуыл жасады. Бірақ қаған қашып үлгерді. Ли Цзин түркілермен соғысу үшін 100 мың әскер алды. Көптеген тайпалар қағанды сатып, қытайларға берілді. Төліс – хан да Қытайға қашып барды. Дао Цзун түркілерді жеңіп 10 мың адам мен көп малды олжалап қайтты. 630 жылы Ли Цзин Уянмин тауында қағанды қуып жетті. Кансуми атты ақсақал Суй әулетінің патшайымы Сяо Хоу мен оның жиені, Қытай императорының тағына үміткер Ян Чжэндаоны қытайларға ұстап берді. Кат Иль-хан да тұтқынға түсті. Қытайлар қағанды Чаньаньға алып келді. Ли Шиминь қағанға кешірім жасап, оған отбасымен бірге тұруға Тайпудан үй берді. Бірақ, қаған бұрынғы әдеті бойынша киіз үйде тұрды. Көңілсіз әуендер айтып, жылап, күннен – күнге жүдей берді. 634 жылы жазда Кат Ильхан Баһадүр – шад іш құсадан қаза тапты. Кат Иль-ханның өлімінен кейін шығыстүркілер қытайлықтарға тәуелді болып қалды. ## Тағы қараңыз
Нұртаза Ералин (1882/87, бұрынғы Қостанай уезі, Аманқарағай болысы, 9-ауылы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1910 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін бітірген. 1910 – 19 жылдары Құртоғай ауылдық мектебінің, Пешков 1-сыныпты училищесінің, Қостанай 2-сыныпты мектебінің мұғалімі болып істеді. 1919 – 24 жылдары Қостанай уездік халық ағарту бөлімінің нұсқаушы-ұйымдастырушысы, азық-түлік комиссарының орынбасары, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, атқару коммитетінің жауапты хатшысы болды. 1924 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін Қазақ АКСР-і әділет халық комиссары, 1925 – 37 жылдары Орынбордағы өлкелік кеңес партия мектебінің лекторы, Қазақ мемлекеттік сауда конторы уәкілінің орынбасары, Қазақ астық сауда басқармасының басқарушысы, “Ақтөбехимқұрылыс” бастығының орынбасары, Қазақ өлкелік мүгедектер кооперациясы одағы басқармасының төрағасы, Шу ауданы атқару коммитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1960 жылы қаңтар айында ақталды. ## Дереккөздер
Ишкенов Энвер Рахымұлы (18.4.1949 жылы туған, Латвия, Рига қаласында) ғалым, химия ғылымдарының кандидаты (1978), доцент (1988). Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды бітірген (1972). 1972 жылдан ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер, оқытушы, сонымен бірге 2001 жылдан Ұлттық минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу республикалық мемлекеттік кәсіпорнында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылым еңбектері сусыз жүйелердегі қышқыл-негізді әрекеттесу және сирек металдар химиясы мен технологиясына арналған. Ол иод пен бромның мыс өндіру өнімдеріндегі маңызды мөлшерін анықтап, олардан тазалығы жоғары радиогенді осмий мен иодты бөліп алу технологиясын жасаған. ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері (2005). ## Шығармалыры * Способ получения металлического осмия из осмийсодержащих продуктов, А., 2000 (соавторы); * Изучение явления транспорта органических лигандов в молекулярных кристаллах методом криометрического титрования, А., 2002; * Способ извлечения и получения элементного иода из иодосодержащих промышленных продуктов, А., 2003 (соавторы). ## Сілтемелер * Элемент Мұрағатталған 18 шілденің 2011 жылы. * Panorama * Шикі заттарды өңдеу Мұрағатталған 19 наурыздың 2011 жылы. ## Дереккөздер
Құрақбай Үсенұлы Егізбай (5.9.1949, ІХР, Ақсу ауданы – 28.1.2007, Алматы) – Қазақтың атақтымүсіншісі, мәдениет қайраткері. Алматы обылысы Райымбек ауданы Шоғансай өңірі, Ұлы жүз Албан ішіндегі Шоған абыз-Назар руының Ыстыбай тармағынан. Атасы Өтеген, апасы Алишаның қолында өскен. Бала кезінен үлкен кісілердің тарихи әңгімелеріне құмар болған ол, жаны өнерге, тарихқа, ұлттық өнерге жақын болды.Арғы ата-бабасынан бері қол өнер ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан Құрақбайдың ауылын Ыстыбай шебердің ауылы, яғыни Шаңырақшылар ауыла деп атайтын. Шаңырақтан бастап, киіз үйдің керек-жарағын түгел өзі дайындаумен қатар, ер-тұрман әбзелдерін жасап, қамшы өріп, етік тігетін болыпты. Әжесіде үйдің жасау жабдықтарын түгелдей өз қолынан шығарады екен. Сырмақ сырып, кілем, алаша тоқыған, құрақ құрап, киіз басқан. Үйдің айналасына ұстайтын ши тоқыған. Өз әкесі Үсен – ағаш шебері болған кісі. Есік, терезе, сандық жасаумен, жиһаз жасаумен айналысып өткен кісі. Үсеннің кіндігінен тараған он бір баланың 7-еуі ұл, 4-еуі қыз. Солардың ішіндегі тұңғышы Құрақбай ата кәсібін жалғаған, 1975 жылы Құрақбай Алматы қаласындағы көркем сурет училищесінің мүсін бөліміне түсіп, екі жылдан соң оның қолөнер бөліміне ауысып, 1980 жылы темірді көркемдеп өңдеу бөлімін (қазіргі колледж) бітірген. Мүсінші М. Әйнековтің шәкірті. Алматы қаласындағы “Қазреставрация” (1980 – 89), “Мирас” қолданбалы өнер бірлестігі (1989 – 94), Республикалық Орталық мұражай (1994 – 96) және Джами бірлестігінде (1996 – 2001) жұмыс істеген. Ол Райымбек ауданы Қайнар ауылында әділ би, данагөй дарын иесі, сарабдал саңлақ Шоған абыз бен өз дәуірінің оза шапқан ұрпақтарының, 20-дан астам халық батырларының (Райымбек батыр, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ілебасы тауы бөктерінде, 1996; Қарасай батыр, Қарасай ауданы, Байсейіт батыр, Байсейіт ауылы, екеуі де 1998; Қарақұл батыр, Сүмбе ауылы, 1999; Жауғаш батыр, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, 2006; Ұзақ батыр, Алматы облысы, Сарыбастау ауылы, 2007), бек-билердің (Албан-Асан, Алматы облысы, 1999; Мөңке би, Ақтөбе қаласы 2000), ақын-жазушылар (Мұқағали Мақатаев, Алматы қаласындағы 140-гимназия, 1993; Көдек ақын, Қызыл шекара ауылы, 1999; Бердібек Соқпақбаев, Алматы облысы Қарасаз ауылы) мен мемлекеттік қайраткерлерінің (Мұстафа Шоқай, Қызылорда облысы Шиелі кенті, 1998; Дінмұхамед Қонаев, Алматы облысы, Талғар қаласы, 2002) мүсін-ескерткіштері, мүсіндік портреттері мен бюстері және құлпытастардың авторы. Егізбай қолынан туған әр алуан мүсіндік туындылар динамикаға құрылған композиц. бірлігімен, бірегей табиғи тұтастығымен ерекшеленді. Ол қолданбалы өнер саласында да жемісті еңбек етіп, көптеген муз. аспаптарды жасады, мұражайлар қорындағы көнерген экспонаттарды қалпына келтіру жұмысына да елеулі үлес қосты. Оның қолынан шыққан дабыл, домбыра, нарқобыз, кепшік, шертер, шіңкілдек, т.б. халық музыкалық аспаптары Алматы қаласындағы Орталық тарихи, халық музыка аспаптары және Абай (Шығыс Қазақстан облысы) мұражайыларында сақтаулы. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын оқып бітірген Гаухар әке жолын жалғастырып жүр. Өзінің «Мүсінші Құрақбай» атты кітабында Құрақбай Үсенұлының кісілік болмысын, өнер жолындағы ұлан ғайыр еңбегін, өнерпаздық қабілет – қарымын, көк тіреген қазақтың мақтанышы, биік төрі Хантәңірінің етегінде Қайнар ауылында сол қолымен жүрек тұсына Құран кітабын қойған, оң қолына айшықты аса таяғын ұстаған қыран қабақ, бадана көзді, қыр мұрынды, XVI-XVII-ші ғасырларда өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей шешен биі, айбыны асқақ Шоған абыз Сүйерқұлұлы ескеткіш-монументі, айбынды батыр, ағынды дария қақ жарылып жол берген қасиетті Райымбек бабамыздың аруақты тұлғасын асқақтата көтергені, Қарасай, Жауғыш, Байсейт, Ұазақ, Қарақұл батырлардың, ұрпағымды басқыншыға құл етпеймін деген Жәрмеңке, халқымның болашағы қайтсе жақсы болады деген Ораз Жандосов, сөз зергерлері ақтөбелік Мөңке би, аспантаулық Албан – Асан, заманының қуғын - сүргінімен өмірі өткен Көдек ақын, патшалық Ресейге де, Кеңес өкіметіне де жақпай, азапты өмірді арқалап кеткен Құмай болыс, күллі қазақ баласының жан – жүрегін баураған «Менің атым Қожа» атты кітап пен фильмнің авторы жазушы Бердібек Соқпақбаев, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сияқты асыл тұлғалардың келбетін мүсіндеп, халқына қайтарып, ұмытылмастай із қалдырғаны туралы толық суреттелген. ## Дереккөздер