text
stringlengths
3
252k
Айдын Ақанұлы Айымбетов (27 шілде 1972, Заря Коммунизма ауылы, Талдықорған облысы) — қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы- жалайыр. ## Білімі Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. ## Әскери қызметі 1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель.Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарады. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді. ## Әскери атағы Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан). ## Ғарыштық даярлығы * 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді. * Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді. * 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. * 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды. * 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді. * 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады. * 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. * Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды. ## Марапаттары Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке * «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015) * Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі * «Отан» ордені (2015) ## Отбасылық жағдайы Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998). ## Дереккөздер
Сасықкөл – Үй өзені алабындағы көл. ## Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы жерінде, Новотроицкое ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 209 м биіктікте. ## Гидрографикасы Дөңгелек пішінді көлдің ауданы 20,9 км2, ұзындығы 5,4 км, ең енді жері 5 км-ге жетеді. Көл жағалауы жатық. Солтүстігінде (3 км жерде) жазда құрғап қалатын батпақты-шалшықты Шұбаркөл соры орналасқан. Көл суы кермек татиды. Жер асты, қар суымен толығады. Көктемде Шұбаркөл сорымен ұласып кетеді. Суында балық бар. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Тар жамбас – жамбас қуысы сүйектерінің ауытқуы. Тар жамбас кезінде оның барлық өлшемдерінің немесе бір ғана өлшемінің, қалыпты өлшемдерімен салыстырғанда екі не одан жоғары сантиметрге қысқа болады. ## Жамбас сүйектерінің ауытқу себептері: * Әйелдің сәби кезінде рахитпен ауыруы * Жамбас сүйегінің остеомиелиті, туберкулезбен ауруы * Жыныс мүшелерінің жетілмеушілігі * Жамбас қуысы сүйегігінің жарақаттануы * Гормональдік жетіспеушілік * Жыныстық жетілу кезіндегі физикалық жүктемелер ### Жіктемесі * Анатомиялық тар жамбас – жамбас қуысының анатомиялық құрылысының немесе көлемінің (мөлшерінің) өзгерісі. * Клиникалық (функциональді) тар жамбас – нәрестенің бас өлшемдерінің қалыпты жамбас қуысы өлшемдеріне сәйкес келмеуі. ### Морфорентгенологиялық жіктеме (рентгенопельвиометриялық нәтиже бойынша) * Гинекоидты жамбас (қалыпты әйел жамбасы) * Андроидты жамбас (приматтарға тән) – жамбастың тік өлшемінің көлденең өлшемінен асуы. * Платипилоидты: тік өлшемінің кішіреюі ### Тарылу дәрежесі және түріне байланысты * Жиі кездесетін:Жамбастың көлденең тарылуы – 45.2 %Жамбастың кең бөлігінің тік өлшемінің кішіреюі – 21.8 %Жай жалпақ жамбас – 13.6 %Жалпы бірегей тарылған жамбас – 8.3%Жалпақ рахиттік жамбас – 6.8%Қалғандары – 4.1 % * Жамбастың көлденең тарылуы – 45.2 % * Жамбастың кең бөлігінің тік өлшемінің кішіреюі – 21.8 % * Жай жалпақ жамбас – 13.6 % * Жалпы бірегей тарылған жамбас – 8.3% * Жалпақ рахиттік жамбас – 6.8% * Қалғандары – 4.1 % * Сирек кездесетін Көлденең тарылған жамбас * Сегізкөз ромбының үзаруы — көлденеңіне қарағанда тігінен. * Жамбастың шыға берісінің көлденең өлшемінің азаюы * Мықын сүйегі қанатының тік орналасуы * Аздаған лонный бұрыш * Қынаптық зерттеу кезінде шынайы конюгата қалыпты көлемді Жалпы бірегей тарылған жамбас Жамбас қуысының бірегей 1.5 см-ге тарылуы Жай жалпақ жамбас * Барлық тік өлшемдерінің кішіреюі * Мықын қанатының кең иілген * Сегізкөз ромбының вертикальді өлшемі 11 см-ден кіші Жалпақ рахиттік жамбас * Бұндай жамбас рахиттің нәтижесінде пайда болады. Рахиттің бастан өткізудің басқа да көріністері: * бас сүйегі квадрат тәрізді * маңдай, шүйде бөмпегі, төбе сүйегінің айқындығы * бұғанасы S-тәрізді болуы * аяғы О-, Х- тәрізді болуы Рахит кезінде жамбастың қалыптасуы Дамудың артта қалунының әсерінен бала үнемі жата беруі және де сүйектің фосфор- кальций алмасуының бұзылысы әсерінен нәрестенің омыртқасы, сегізкөзі тегістеледі. Нәресте отыра, жүре бастаған кезде сегізкөз артқа иіледі. Құйымшақ ілмек тәрізденеді.Сегізкөздің иілу бұрышының өзгереді. ## Диагностикасы Анамнез : сәби кезінен бастап дамуы, жыныстық жетілу кезеңі, өмірдің барлық бойындағы аурулары жайлы сұрастыру. * Сыртқы қарау, жамбасты өлшеу, ұрықтың өлшемі * Қынаптық зерттеу * Рентгенопельвиометрия * УЗИ ## Биомеханизм ерекшелігі ### Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас * Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығынан ұзақ уақыт жоғары тұрып, бірден қондырылмауы * Төбе жігі қуыстың қиғаш өлшемдерінің біріне сәкес келіп, бастың үлкен көлденең өлшемі оның екінші қиғаш өлшеміне қарама- қарсы тұрады (тік өлшемінен үлкен) * Бастың қатты иілуі * Алып жүру нүктесі кіші еңбек. Жамбас қуысының өткізгіш бағытының бойымен бас қазық секілді қуысқа тіреледі. Бастың пішіні өзгеріп, кіші еңбектің ортасына босану ісігі болады. * Шат бұрышың тарылуы ### Жалпақ рахиттік жамбас * Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына ұзақуақыт қондырылмауы * Төбе жігі жамбас қуысының тек көлденең өлшемінде тұрады * Бас шамалы шалқаяды * Бастың асинклитикалық қондырылуы ### Жай жалпақ жамбас * Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына ұзақ уақыт бойы қондырыла алмауы * Төбе жігі жамбас қуысының тек көлденең өлшемінде тұрады * Бастың жеңіл шалқаюы * Бастың асинклитикалық қондырылуы * Бастың көлденең әрі төмен тұруы ## Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері Тар жамбас қуысындағы жүктіліктің бірінші жартысы еш өзгеріссіз өтеді. Екінші жартысы кеш гестоздармен асқынуы мүмкін. Жүктіліктің соңғы апталарында бастың, кіші жамбас қуысына қондырылмауынан, жатыр түбі жоғары тұрады, нәрестенің жатыр ішіндегі қозғалысы артып, дұрыс жатпай, қағанақ суы мезгілінен бұрын кетуі мүмкін. Босануыдың бірінші және екінші кезеңдерінде мынандай асқынулар байқалады: * Қағанақ суының алдын ала немесе ерте кетуі * Кіндік қынапқа түсіп, нәрестенің тұншығуы * Толғақтың әлсізденуі * Жатыр, жатыр мойынның жарақаттануы, жарылуы * Нәрестенің жарақаттануы ### Тар жамбас кезінде босануды өткізу Босануды өткізу босану ағымының ерекшелігіне байланысты болады. Анатомиялық тар жамбасты әйел босанарға 2 апта бұрын акушерлік стационарға жатқызылуы тиіс. Босанар алды бөлімінде босанушыны жан- жақты тексеру керек. Ұрықтың орналасуын, мөлшерін, жағдайын бағалау қажет. Ілеспелі акушерлік және экстрагенитальді патологияны анықтау. Жүкті әйелдің зерттеу нәтижесін бағалап, жоспарлы түрде кесар тілігін жасау үшін көрсеткіштерді айқындау: * ІІІ –ІV дәрежеде жамбастың тарылуы * Экзостоздың болуы, ісітер, маңызды жарақаттан кейінгі деформациялар * Ұрықтың ірі кезіндегіжамбастың І-ІІ дәрежедегі тарылуы, ұрықтың дұрыс емес орналасуы, мерзімінен асқан жүктілік, жатырдың тыртығы ## Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары Тар жамбас қуысты алдын ала анықтап, босану тәсілін дер кезінде дұрыс шешу керек. Әйелдер кеңесінде жамбас қуысы тар әйелдерді ерекше есепке алып, 2-3 апта бұрын перзентханаға жатқызу керек. Рахиттің профилактикасын дұрыс ұйымдастыру. Инфекциялық, жарақаттық жағдайлардың алды алу ## Дереккөздер
Сасықкөл — Алакөл қазаншұңқырының солтүстік-батыс жағында орналасқан көл. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы мен Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан көл. ## Гидрографикасы Ауданы 736 км2 (аралдарымен қоса есептегенде 747 км2), ұзындығы 49,6 км, ені 19,8 км, жағасының ұзындығы 182 км, орташа тереңдігі 3,32 м (ең терең жері 4,7 м). Суының көлемі 2,43 млрд. м3. Шарасының түбі тегіс, батыстан шығысқа қарай аздап еңкіштеу келеді. Қарашаның аяғында қатып (ақпандағы қалыңдығы 60 — 62 см), сәуірдің бас кезінде мұзы ери бастайды. Көктемде су деңгейі көтерілген кезде Ұялы (Қошқаркөл) көлімен (Алакөл мен Сасықкөл аралығында) жалғасып кетеді. Деңгейінің жылдық ауытқуы 0,65 м. ## Жағалау сипаты Оңтүстік-шығыс бөлігінде Аралтөбе түбегі (абсолютiк биіктігі 117 м), солтүстік-батысында Аралтөбе аралы бар. Көл жағасы аласа, қамыс өскен. Сасықкөлге Тентек, Қарақол, Ай өзендері құяды. ## Құрамы Суының минералдылығы 0,27 г/л — 2,16 г/л, мөлдірлігі 0,2 — 2,6 м. Көл суы химиялық құрамына қарай гидрокарбонатты келеді. ## Аң-құстары Көлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабұға, көкбас, т.б.). 1946 жылы мұнда Алакөл мемлекеттік ондатр шаруашылығы құрылып, 1956 жылдан ондатр терісі дайындалды. Көлде үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балықшы, шағала, жағалауындағы қамыс арасында қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық), т.б. мекендейді. ## Дереккөздер
Сасықкөл — Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 8 км жерде, Абай ауданының аумағында орналасқан ағынсыз көл. ## Гидрографикасы Айдынының ауданы 16,1 км2. Ұзындығы 8 км, енді жері 3,9 км. Көл суының көлемі 25 млн м3, ең терең жері 5,5 м, жағалауының ұзындығы 23,8 км. Көктемде еріген қар суы есебінен қоректенеді. Қазіргі кезде көлге Тентекөлінің ескі арнасы арқылы Шерубай-Нұра және Жартас бөгенінің суы жіберілуде. ## Жағалау сипаты, өсімдігі мен жануаралары Суы тұшы, егін және мал суаруға пайдаланылады. Көл жағасында құрақ, қоға, қамыс, сондай-ақ балдыр, шылаң, мүйізжапырақ, егеушөп өседі. Ондатра мекендейді , үйректер ұялайды . Ихтиофаунасы: табан, алабұға, шортан, тұқы, сазан, аққайран , лақа , теңгебалық, торта, көксерке, таутан. ## Дереккөздер
Райысова Қаныша Мұсабайқызы (10.5.1956 ж.туған, Алматы облысы Бұрынғы Қапал ауданы Қоңыр ауылы) — айтыскер ақын. Республикалық айтыстардың бірнеше мәрте жүлдегері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, ақындар мектебінің ұстазы, Алматы облысының құрметті азаматы. Алматыдағы білім беру университетінің "Бухгалтер-аудит" мамандығын тәмамдап, сол оқу орнының қазақ әдебиеті бөлімін бітірген. 1989 жылдан әр түрлі деңгейдегі жыр сайыстарына қатыса бастаған. Талдықорған қаласындағы "Балалар өнер мектебінің" ақындық, шеберлік, шешендік сөздер пәнінен дәріс беретін ұстаз. ## Жүлделері мен марапаттары: 1991 жылы "Қазақ тілі" қоғамының бас жүлдесі, 1993 жылы Қаракерей Қабанбайдың 300 жылдығында ІІІ-орын, Қабылиса жыраудың 300 жылдығында - Бас бәйге, 1996 жылы ЮНЕСКО бойынша өткен Абайдың 150 жылдығында, лауреат, ІІІ-орын, Абылай ханның 280 жылдығында ІІІ-орын, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығында І-орын, Доскей ақынның тойында Бас бәйге, Жезқазғанда Ұлытау күнінде ІІ-орын, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың тойында ІІ-орын, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 100 жылдығында І-орын, Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдығында І-орын, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 120 жылдығында ІІ-орын, Бақтыбай Жолбарысұлының 155 жылдығында ІІ-орын, 2001 жылы - "Аңырақай - тарихым, Тәуелсіздік - тағдырым" атты республикалық айтыста ІІІ-орын, 2003 жылғы Ә.Қосбасаровтың 80 жылдығында Бас бәйге, 2005 жылы Шоқан Уәлихановтың 170 жылдығында ІІІ-орын иеленді. Қытай Халық Республикасында, Ресейде, Өзбекстанда, сондай-ақ облыс ауқымында өткен айтыстарда бірнеше рет арнаулы жүлделерге ие болды. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты Елбасының мақтау грамотасымен марапатталды. ## Дереккөздер
Первицкий Владимир Яковлевич (18.12.1928 жылы туған, Чаплыгин хуторы, қазіргі Краснодар өлкесі, Кавказ ауданы) - ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашыл-механизаторы. Владимир Яковлевич Первицкий звеносының жұмыс тәжірибесі колхоз, совхоздың кеңінен қолданылуда. КПСС 23-съезінің делегаты, 6-сайлау СССР Жоғарғы Советінің депутаты. ## Биография * 1959 жылы - Кубан ғылыми-зерттеулік институтының трактор және ауыл шарушылығы машиналарын сынау тәжірибе шаруашылығында механикаландырылған звено жетекшісі * 1961 жылы - Социалистік Еңбек Ері * 1962 жылы - РСФСР-дің еңбек сіңірген механизаторы * 1962 жылдан - КПСС мүшесі * 1968 жылы - Владимир Яковлевич Первицкийдің звеносы жүгері өсіру жұмысын толық механикаландырып, 1631 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде 606 гектар жерге жүгері егіп, әр гектарынан 63,6 центнер собық жинады ## Марапаттары Ленин комсомолы сыйлығын алды, Ленин ордені, Октябрь Революциясы ордені, басқа 2 орденмен және медальдармен марапатталды. ## Дереккөздер
Жонглерлік өнер– цирк өнерінің бір түрі; үш немесе онан да көп затты белгілі бір ырғақпен лақтырып және қағып алып қолда ойнату машығы. ## Дереккөздер
ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы (1951 жылы туған, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы ) – Философиялық ғылыми докторы (1997), профессор (2000). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысының Отар станциянда инженерболып бастаған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1987–98), ал 1998 жылдан Оңтүстік Қазақстан заң институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1995 жылы «Логическое и историческое в исследовании феномена казахской культуры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы 30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монография мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. ## Дереккөздер
Ынтықбаев Еркен-композитор, продюсер. ## Өмірбаяны 1960 жылғы 2 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген.1974 жылы музыка мектебінін фортепьяно сыныбын бітірген. 1974-1979 жылдары музыкалық училищеде, 1979-1985 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда білім алды. 1985 жылдан Қазақ мемлекеттік облыстық филармониясының жанындағы «Арқас» тобында, 1987 жылдан «Дос-Мұқасан» тобының, 1989 жылдан «Арай» тобының құрамында музыкант болды. 1999 жылдан Т.Жүргенов атындағы академияда, К.Байсейітова атындағы мектепте ұстаздық етті.1997 жылы «Мэри Лонг», 1998 жылы «Аян» топтарын құрды (бұл топтар республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, байқаулардың жүлдегері атанды). Бірнеше деректі фильмдерге музыка жазды. ## Шығармашылық жұмыстары «Анажан», «Алматым-Астанам», «Жерім - жаннатым», «Қазақ елі», «Жұлдызды жылдар», «Ертегіге - ертеңіме сенемін», «Арманға арнау», «Күлімдеген көздер», «Анық-қанығым», «Алтын сағым», «Қара маған, қара», «Бұлбұл сайрасын», «Арман-ай», «Ән қанатым», «Алматым менің», «Ақ ордам - Астанам», «Мәңгі іздеймін», «Өмірде мына сен барсың», «Закон разлук», «Белый стих», «Королева», «Цветы», «Я тебя люблю», тағы басқа да көптеген әндердің; «Жанель», «Анель» фортепьяноға арналған пьесаларының; «Откровение», «Прикосновение», «Моим друзьям» аспаптық шығармаларының авторы. ## Жетістіктері 1974 жылы Алматы қаласында өткен республикалық пианиношылар байқауының иегері, 2001 жылы «Алтын диск» жүлдесінің «Ең үздік ән» аталымы бойынша «Қазақ елі» әні үшін жеңімпаз атанды. 2005 жылы «Алматы туралы ең үздік ән» байқауында «Алматым менің» әні үшін дипломға, 2007 жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған байқауында «Ақ ордам - Астанам» әні үшін арнайы сыйлыққа ие болды. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. ↑http://kitaphana.kz/
Сембай Бердімұратов — 1921 жылы Гурьев облысының "Тегісшіл" ауылында дүниеге келген. Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан. ## Майдангер 1942-1945 жылдарда пулеметші және танктерді ататын зеңбіректердің дәлдеушісі болып Ұлы отан соғысына қатысқан. Жауынгерлік үш орден, бірнеше медальдардың иесі. ## Ұстаз Ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін "Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі", " КСРО халық ағарту ісінің үздігі" атақтары берілген. ## Қаламгер КСРО халық жазушылар одағының мүшесі. Мезгілінде Гурьев облысының, Махамбет аудандық "Малды өңір" газетінде шығармашылық жұмыспен айналысқан. "Білім және Еңбек" журналының, 1982 жылы өткізілген байқауның лауреаты. ## Мәдениет қызметкері Атырау облысы, Махамбет ауданының орталығында қазақтың белгілі ақыны, батыр Махамбет Өтемісұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырып, оған республикалық дәреже бергізіп, 2002 жылға дейін сол мекеменің директоры болып қызмет еткен. ## Ақындық жолында 1939 жылы Гурьев облысы жас ақындарының слетіне қатысқан. Бұрын "Жайқоңыр", "Дала дауысы", Жастық әуені" жыр жинақтарында топтама өлеңдері шыққан. Соңғы жылдары, өзінің жеке "Туған жер тынысы", "Өмір кезеңдері", "Тағдыр таңбаларыә өлеңдер жинақтары жарық көрген. "Атырау қаламгерлерінің шығармалары" топтамасының 15 томы " Сембай" аталып, ақынның өлеңдері шығарылған. 2004 жылы "Тіршілік тынысы" атты естеліктері басылды. Сәкең айтыс ақыны. Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста Маңғыстау ақыны Тілеумұрат Қожабеков екеуінің айтысына дәрежелі екінші орын берілген. Өзінің бұл өмірдегі жеткен ең биік жетістіктерінің бірі болып, Сембай аға 2005 жылы "Қазақстанның зиялы азаматтары" энциклопедиясына енгізілген. "Сезім саздары" атты өлең және әңгімелер жинағы Сембай Бердімұратовтың 85 жасқа толу мерей тойына арнап дайындалған.
Хасенұлы Иген (1942 ж.т. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі.. 1965 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларға арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", "Атырау" энциклопедияларын шығаруға тікелей жетекшілік етті. 1998 жылдан "Атамұра" баспасында жетекші маман. Тарих саласындағы оқулықтар мен энциклопедиялық басылымдарды баспаға әзірлеу ісіне көп еңбек сіңірді. Бірнеше шағын пьесалардың, "Тобылғылы дала толғауы" (2002, әңгімелер, повестер) мен "Төрт ана" (басқа авторлармен бірге) жинақтарының авторы. Шетел тілінен бірқатар кітаптарды (В.Белов "Үйреншікті шаруа", И.Дубинский, Мухадезе "Орджоникидзе", Дж.Родари "Джельсомино суайттар елінде") аударған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1980), Мәдениет қайраткері құрмет белгісімен (2002) марапатталған. ## Дереккөздер
Дәрмағанбетов Шәкірат (1928 жылы туған, Арал ауданы Қаратерең ауылы) – журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1960 жылы). Қызылорда педогогикалық институтының тарих факультетін бітірген (1950 жылы), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979 жылы). 1950 – 57 жылы Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінің директоры, 1957 – 60 жылы партия ұйымының хатшысы, Арал ауданы партия комитет|комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1960 – 65 жылы Арал ауданы «Социалистік Арал» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазалы ауданы «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, 1965 – 91 жылы облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінің меншікті тілшісі болған. «Еңбек ардагері», (1985 жылы), тағы да басқа бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Жақсылық Бекқожаев – (1930 жылы Қызылорда облысы – 2006 жылы Қызылорда қала) тележурналист, БАҚ саласының топ-менеджері. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған (1955-63). Кеңес, партия саласында қызметтер атқарып (1963-90), Қызылорда облысы телерадио комитетін басқарды (1991). Телеарнаның облыстағы тұңғыш басшысы. Қызылорда облыстық телеарнасының ашылуына көп еңбек сіңірген тұлғалы азамат, білікті басшы. Үлкен ұжымға басшылық жасай жүріп, шығармашылықты серік еткен қаламгер. Қыз бен дала, Сыр сұлуы, Жадыра деректі фильмдері республикалық телеарнаның алтын қорынан орын алды. Халықтар Достығы орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО Теледидары мен радиосының үздігі, КСРО-ның Құрметті радисі. ## Дереккөздер
Қоғабай Сәрсекеев (1939 1 сәуір Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылы — 2014 17 қараша Алматы) — жазушы, журналист, публицист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Парасат орденінің иегері. Қостанайдың құрметті азаматы (2005). ## Толығырақ * Қоғабай Сәрсекеев 1939 1 сәуір Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. * Ы. Алтыңсарин мектебінің түлегі. * 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетінің түлегі. * 1963 - 1967 жылдары "Қазақстан пионері", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде әдеби қызметкер * 1967 - 1982 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы * 1983 - 1986 жылдары "Кітап жаршысы" ("Друг читателя") газетінің редакторы болды * 1986 - 1990 жылдары "Жалын" баспасында бас редактор, республикалық "Қазақкітап" бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. * Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды. * Өмірінің соңына дейін "Қазақ" газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салды. * 2014 жылы 17 қарашада Алматыда қайтыс болды. ## Шығармашылығы * Қоғабай Сәрсекеевтың алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. * "Кілт", "Қараша қаздар" деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жетпісінші жылдардың басында жарық көрді. Халық батыры А.Иманов туралы романыныц алғашқы бөлігі 1979 жылы, жалғасы саналатын "Заманақыр" кітабы 1990 жылы "Жазушы" баспасынан, орыс тілінде "Смута" деген атпен "Жалын" баспасынан жарық көрді. "1937 жыл" дейтін әңгімесі * * 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. * "Жол устіндегі әңгіме", "ұлы устаз немесе Алаштың Ахметі — Ахмет Байтурсынов жайлы ой түйін", "Портреттер" деп аталатын әңгіме-эсселері менекі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді. ## Марапаттары * Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері * Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты * Халықаралық ақпараттану академиясының академигі * Халықаралық Еуразия академиясының академигі * Францияның алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану акадехмиясы алтың медалінің иегері * Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты * Қостанай және Торғай қалаларының құрметті азаматы * ҚР Президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат орденімен марапатталған.
Көптілеуов Тұраш (6 қараша 1926) — Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты жауынгер. ## Өмірбаяны ### Әскерге дейін Ол 1926 жылы қарашаның 6-жұлдызында Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Ембі ауыл советінде дүниеге келген. 1933 жылдан 1941 жылға дейін білім алған. Кейін оқуын 1942 жылы Қосшағыл кентіндегі техникалық мектепте жалғастырады. Бұл жерде 6 ай оқып, 1942-1944 жылдар аралығында Құлсары қаласында ағаш шебері болып жұмыс атқарды. ### Әскердегі жылдары 1944 жылы армияға аттанды. Екі ай бойы Чкаловқаласында болып, жұмыс атқарады. Кейін өзімен құрдас, 1926 жылы туғандар болып өз еріктерімен соғысқааттанды. 1944-1945 жылдары дивизия 375 полк, 1ші белорустықфронт болып Берлинді алуға жүріп кеткен. 1945 жылы 28 сәуір күні снаряджарқыншағынан жарақат алды да, бір құлағы естімей қалады. Соның әсеріненауруханаға түсіп, 1 ай емделеді. Жеңіс күнін де Германия елінде өткізугетура келді. Алайда мейрамнан кейін де оларды елде ұстап қалды. Мегеров қаласынакомиссия келіп, солдаттарды топтарға бөліп жібереді. Ол 20-шы солдат болыпдесанттар қатарына қосылады. Кейін, Белоруссияның Полоцк қаласында, станца Барабуха01667 әскер бөлімшесінде қызметін жалғастырды. ### Әскерден кейін Соғыстыңаяқталғанына 5 жыл болғанда, 1950 жылы 15 қазанда елге оралады. 1952-1982 жылдар аралығында "Орталық геологиялық барлауэкспедициясында" бұрғылаушы мастер болып жұмыс атқарады. ## Марапаттары * Жуков медалі * Ұлы жеңіске 20 жыл * Ұлы жеңіске 30 жыл * Совет әскерінің флотына 30 жыл * Ұлы жеңіске 40 жыл * КСРО қарулы күштеріне 60 жыл * КСРО қарулы күштеріне 70 жыл * Жеңіске 60 жыл (Украина) * Ұлы жеңіске 50 жыл * Ұлы жеңіске 60 жыл * Жеңіске 60 жыл (Беларусь) * Астанаға 10 жыл * Тыл ардагері ## Дереккөздер
Бақытжан Қанапиянов - 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған.Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды. 1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүние-жүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты. ## Отбасы Шығу тегі – төре, Сұлтанмамет сұлтанның ұрпағы. Әкесі Мұсахан Қанапьянов – мұғалім, облыстық халық ағарту басқармасының бастығы, Көкшетау облысындағы мектеп директоры. Мемлекет қайраткерлерінің Сержан Қанапьянов пен Ерұлан Қанапьянов ағасы – композитор, меценат, Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткері. ## Шығармалары * Ночная прохлада. Стихи. А., «Жалын», 1977; * Отражение. Стихи. А., «Жалын», 1979; * Чувство мира. Стихи. А., «Жазушы», 1982; * Ветвь, Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; * Линия судьбы, А., «Жазушы», 1987; * Айст над Припятью. Киев. «Молодь», 1989; * Кочевая звезда. А., «Жазушы», 1991; * Время тишины. Бостон (ОША), 1995; * Над уровнем жизни. М., «Художественная литература», 1999; * Тікшырқау. А., «Жібек жолы», 2000; * Ландшафты. А., «Жібек жолы», 2001; * Каникулы кочевья. А., «Жібек жолы», 2003; * Плывут облака. М., «Русская книга», 2003; * Новые стихи. А., «Жібек жолы», 2002; * Смуглая лу на. Өлендермен поэмалар. А., «Атамүра», 2005; * Весы. Этюдтер, очерктер, мақалалар. А., «Жібек жолы», 2008; * Тоғыз томдық шығармалар жинағы. А., «Жібек жолы», 2006-2009. ## Дереккөздер Үлгі:Asia-writer-stub
Шәкір Жексенбаев – әскери қайраткер, генерал-майор (16.10.1943). Ордадағы жоғары бастауыш училищені (1917), М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны (1924), жоғары әскери-химия академия курсты (1931) бітірген. 1918 Жексенбаев Бөкей Ордасында кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1919 жылы көктемде Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, жеке қазақ атты әскер дивизиясында эскадрон командирінің көмекшісі болды. 1924 – 41 жылдары Қызыл Армия бөлімдерінде, Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының әскери-химия басқармасында, Қиыр Шығыс ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды. Екі дүниежүзінде соғыс кезінде Батыс бағыт, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары командалық қызметтерде болды. 1945 – 49 жылдарда К.Е. Ворошилов атындағы химия шабуылдан қорғану әскери академиясының кафедра меңгерушісі, Кеңес Армиясы химия әскерлер басқармасы бастығының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, Беломор әскери округінда химия қызметінің бастығы, 1949 – 58 жылында В.В. Куйбышев атындағы Әскери-инжинерлік академияның кафедра бастығы, аға оқытушысы қызметтерін атқарды. 1958 жылда демалысқа шығып, Мәскеуде тұрды. Жексенбаев Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Сілтемелер * Генерал Жексенбаев * Батыс Қазақстан облысы(қолжетпейтін сілтеме) ## Дереккөздер
Айғабылұлы Айтбай (16.3. 1936, Ташкент облысы Шиназ ауданы Көтерме а. – 7.6.2001, Алматы қаласы) – филологиясы ғылыми докторы (1997), Қазақ КСР-і (1970) және КСРО оқу ісінің үздігі (1980). Ташкент педогогика институтын (1959) бітірген. Ауылдық орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1959–72), «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми, аға ғылыми редактор (1972–78), Білім проблемалары ғылыми-зертхана институтында бөлім меңгерушісі (1978–84), 1984 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарған. «Қазақ тілі морфонологиясы» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Айғабылұлы Айтбай 6–7-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» (К.Ахановпен бірге) оқулығы, жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988), «Қазіргі қазақ тілі» (1991) оқу құралдары авторларының бірі. ## Дереккөздер
Белботаев Алмасбек Батанұлы (1949 ж. т.), тілтанушы. Филология ғылымының кандидаты (1992). Негізгі еңбектері лингвистика мәселелеріне арналған. «Құманша-қазақша жиілік сөздікті» жасауға (1978), «Қазақ тілін үйренушілерге» (орыс тілінде, 1-том, 1992; 2-том, 1993; 3-том, 1994) кітабын Құрастыруға қатысты. Әуезовтің «Өскен өркен» романының жиілік сөздігін» (1988), «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің алфавиттік-жиілік сөздігін» (1989) құрастырды (авторлармен бірге). Әуезовтің «Үндістан очерктеріндегі жалқы есімдердің түсіндірме сөздігі»; «М.О.Әуезов шығармаларындағы (драматургия, повесть) етістік сөздердің үлестірімділік-желілік сөздігі» («Қазақ тексінің статистикасы», 2-шығарылуы, 1990, 162-187, 188-189) деген мақалаларын жариялады. ## Дереккөздер
Бүркітов Отарәлі (13.10.1954 жылы туған, Қаратөбе ауданы) - тілші- ғалым, филология ғылыми кандидаты (1995), доцент (1997). Орал педагогика институтын (1979), ҚазМУ-дің аспирантурасын (1985) бігірген. Орал педагогика институттында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1989-93), факультет деканы (1993-95), Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (1996- 99) қызметтерін атқарған. 1999- 2001 ж. әл-Фараби атындағы, ҚазМУ-дің аға ғылыми қызметкері. Қазір Батыс Қазақстан гуманит. академиясының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. Ғылыми жұмыстары қазақ тілінің тарихы, теориясы, стилистикасы, қазіргі қазақ көркем шығармаларының тілі, түркітану мәселелерін зерттеуге арналған. Бүркітов — алғашқы қазақ тіл білімі өкілдерінің бірі, көрнекті ғалым Қ.Жұбанов ілімін республикалық деңгейде насихаттаушы, 80-ге жуық ғылыми еңбек авторы. ## Дереккөздер
Белботаев Алмасбек Батанұлы (1949 ж. т.), тілтанушы. Филология ғылымының кандидаты (1992). Негізгі еңбектері лингвистика мәселелеріне арналған. «Құманша-қазақша жиілік сөздікті» жасауға (1978), «Қазақ тілін үйренушілерге» (орыс тілінде, 1-том, 1992; 2-том, 1993; 3-том, 1994) кітабын Құрастыруға қатысты. Әуезовтің «Өскен өркен» романының жиілік сөздігін» (1988), «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің алфавиттік-жиілік сөздігін» (1989) құрастырды (авторлармен бірге). Әуезовтің «Үндістан очерктеріндегі жалқы есімдердің түсіндірме сөздігі»; «М.О.Әуезов шығармаларындағы (драматургия, повесть) етістік сөздердің үлестірімділік-желілік сөздігі» («Қазақ тексінің статистикасы», 2-шығарылуы, 1990, 162-187, 188-189) деген мақалаларын жариялады. ## Дереккөздер
Перцов Виктор Осипович (01.07.1898 жылы туған, Харьков - 09.02.1980) - совет әдебиет сыншысы, ғалым. Виктор Осипович Перцовтың негізгі еңбегі В.В.Маяковский шығармашылықтарына арналған. ## Биография * 1922 жылы - Москва университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірді. * 1921 жылдан - жаза бастады. * 1929 жылы - «Ертеңгі күннің әдебиеті» атты алғашқы кітабы шықты. * 1937 жылы - «Совет әдебиеті туралы этюдтер» * 1946 жылы - «Ерлік және қаһарман. Совет әдебиеті туралы этюдтер» * (1958, 1961) жылдары - «Жазушы және жаңа шындық» , * 1969 жылы - «Айбарлы жылдардың ақындары мен жазушылары» т.б. кітаптарын жариялады. * (1969 - 1972) жылдары «Маяковский. Өмірі мен творчествосы» атты күрделі зерттеуі * 1973 - СССР Мемлекеттік сыйлығын алды ## Марапаттары Виктор Осипович Перцов «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. ## Сыртқы сілтемелер * Виктор Осипович Перцов * Үлкен совет энцилопедиясынан ## Әдебиеттер * Гончаров Б., Плодотворное исследование, «Знамя», 1970, №7. ## Дереккөздер
Қобда, Үлкен Қобда – Елек алабындағы өзен. ## Географиялық орны Қазақстанның Ақтөбе ( Алға, Қобда аудандары) және Ресейдің Орынбор облыстары жерімен ағады. ## Бастауы Қобда ауданындағы Көксай ауылының солтүстік-шығысында 5 км, Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жерінен басталады. Орынбор облысының (Ресей) Покровка селосы тұсында Жайық өзенінің саласы Елек өзеніне құяды. ## Гидрологиясы Ұзындығы 225 км, су жиналатын алабы 147000 км2. Алабында жалпы ұзындығы 133 км болатын 37 саласы бар. Ірі салалары: Ащықара, Қарақобда, Сарықобда, Тамды, Терісаққан, Сауқайың, Кіші Қобда, Итқырған (Ешкіқырған), т.б. Орта ағысындағы арнасы 200-250 м, аңғары бас жағында 3-4 км, жайылмасы 1,5-2, кейде 3 км. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қобда ауылы тұсында 5,5 м3/с. Суы тұщы, жер суғаруға, тоғанда құс, балық өсіруге пайдаланылады. Өзен өңірі жақсы шабындық, мал жайылымы. ## Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы — Саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі). Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: * Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 12010000912112200008574 * Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200857 * Су алабының коды — 12.01.00.009 * ГЗ томының нөмірі — 12 * ГЗ бойынша шығарылуы — 2 ## Дереккөздер
Асанбай Асқарұлы Асқаров (15 қыркүйек 1922 жыл, Тәтті ауылы Меркі ауданы, Жамбыл облысы – 13 тамыз 2001 жыл, Алматы) — көрнекті мемлекет, партия және қоғам қайраткері, Алматы облыстық (1959–1965), Жамбыл облыстық (1965–1978) және Шымкент облыстық (1978–1985) партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері (22.02.1982). Дулат тайпасының Ботбай руынан шыққан. Орта ғана шаруасы бар әкесі Асқар 1930 жылы қайтыс болды. Асанбайдың атасы Асылбек би болған, ол 1916 жылы Ақкөз батыр бастаған көтеріліске қатысқан. ## Еңбек жолы А.А. Асқаров мектептен кейін Фрунзедегі педагогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, еңбек жолын мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастайды.1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде, саяси училищеде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласы Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған.1978-1985 жылдары – Түркістан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған. ## Қызметтері Көп жылдар КОКП және Қазақстан КП-сының Орталық Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың Атқару комитеттерінің депутаты болып сайланды. Асанбай Асқарұлының көп жылдардағы Кеңес Үкіметі мен халқына, коммунистік партияға сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағы (1982) берілді. Ол 5 мәрте Ленин орденімен, көптеген медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төрт жылдан аса уақыт қамауда болды. Асқаровқа жағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. А. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді. А.А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. А. Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы. ## Дереккөздер
## Айналиев Имамади Әлиұлы Айналиев Имамади Әлиұлы (1937 жылы туған, Астрахан облысы, Володар ауданы) – партия, кеңес қызметкері. ГПИ-ді (қазіргі Атырау ун-ті) бітірген (1967). 1957 – 73 жылдары Володар педагогикалық училищесінде оқытушы, Володар ауданы партия комитетінде инструктор, бөлім меңгерушісі, 1973 – 81 жылдары Ақтау қаласы партия комитетінде ұйымдастырушы, сектор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған (1970). ## Дереккөздер ## Айналиев Имамади Әлиұлы Айналиев Имамади Әлиұлы (1937 жылы туған, Астрахан облысы, Володар ауданы) – партия, кеңес қызметкері. ГПИ-ді (қазіргі Атырау ун-ті) бітірген (1967). 1957 – 73 жылдары Володар педагогикалық училищесінде оқытушы, Володар ауданы партия комитетінде инструктор, бөлім меңгерушісі, 1973 – 81 жылдары Ақтау қаласы партия комитетінде ұйымдастырушы, сектор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен марапатталған (1970). ## Дереккөздер
Гүлбану Зарлыққызы Айманбетова (25.03.1959 жыл, Алматы қаласы) - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары. ## Өмірбаяны * 1981 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. * 1981-83 жж. - АХШИ оқытушысы. * 1983-87 жж. - С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару институтының стажер зерттеушісі, аспиранты. * 1987-91 жж. - АХШИ оқытушысы. * 1991-94 жж. - ҚР Мемлекеттік статистикалық комитетінің басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, макроэкономикалық көрсеткіштер және халық шаруашылығын талдау жетекші басқармасының бастығы. * 1994-2001 жж. - ҚР Ұлттық банкінің экономикалық статистика басқармасының бастығы, статистика басқармасының бастығы, зерттеулер мен статистика департаменті бастығының орынбасары, бастығы. * 2001 жылдан - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары. ## Марапаттары * Құрмет грамотасы (1990) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) мерейтойлық медалі * ҚР Президентінің Алғыс хаты (2001). ## Дереккөздер
Айжолов Тұрсын Ғабиденұлы(1942 ж. т.) – ген.-майор (1993). 1960 жылдан Қарулы Күштер қатарында. Мурманск жоғары теңізшілер уч-щесін (1966) бітірген. 1997 жылдан жоғары шекарашылар командалық уч-щесінің бастығы.
Асылбек Сүйеуханұлы Айдаров (1940 жылы Маңғыстау облысы Құрық ауылында туған) — журналист, мұғалім. ҚР Білім беру ісінің Үздігі. Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1972 жылдан). Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы (2000). Қазақстанның Құрметті журналисті. ## Толығырақ * Айдаров Сүйеуханұлы 1940 жылы Маңғыстау облысы Құрық (Ералиев) кентінде балықшылар отбасында дүниеге келген. * 1964 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы мемлекеттік университет) филология факультетін бітірген. * Марксизм-ленинизм университетін бітірген. * 1964 - 1970 жылдары Ералиев (Құрық) ауданында мектеп мұғалімі және директоры; * 1970 - 1976 жылдары «Жаңарған Маңғыстау» газетінде редактордың орынбасары, қалалық халыққа білім беру бөлімінде инспектор, «Коммунистік жол» газетінде тілші, * 1976 - 1990 жылдары Қызылсай ауылындағы мектепте директор, Жаңаөзен қалалық партия комитетітінің үгіт-насихат бөлімінің және қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі. * 1990 - 2010 жылдары «Жаңаөзен» газетінің бас редакторы. * 2010 жылы еңбек демалысына шыққан. * Жаңаөзен қаласы әкімі жанындағы қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. * Құрық, Жаңаөзен қалалық Кеңесі мен Маңғыстау облыстық Мәслихатының депутаттығына сайланған. * «Ауылға Сүгір келді деп...» және «Мен Есенғали Шайырың» атты кітаптарды құрастырушы, «Жаңаөзен –мұнайшылар астанасы», «Жаңарған Жаңаөзен», «Өткен күннің белгілері», «Қарашаңырақ Қызылсай», « Қуанғали Сарбөпеұлы» атты кітаптардың авторы. ## Марапаттары * КСРОның жоғарғы мемлекеттік марапаты "Құрмет белігісі" Орденімен марапатталған. * КСРОның "Еңбек ардагері", "Ерен еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" және "КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі" медалдарымен марапатталған. * 2000 жылы Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы (атағы); * 2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі * 2005 жылы "Қазақстан Республикасының конститутциясына 10 жыл" медалі * 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі * Елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған. * Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасының жеке алғыс хатымен екі мәрте марапатталған. * Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрмет грамотасы; * Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы; * Қазақстанның Құрметті журналисті атағының иегері. * "Жаңаөзен мұнайына 40 жыл" медалі; * Қазақстан журналистер одағының дипломанты. * Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері.
Аймағамбетов Майлыбай Аминұлы (1944 жылы Түрікменстан, Түрікменбашы ауданында, Омарата кентінде туды - 2015 жылы Ақтауда қайтыс болды) – инженер-электрик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, ТМД-ға еңбек сіңірген энергетигі. ## Өмірбаяны * ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1970). * 1963 – 1965 жылдары «Қазақстанмұнайгаз» бірлестігінде жүргізуші-оператор. * 1974 – 1982 жылдары Бүкілодақтық «Одақгазөңдеу» бірлестігіне қарасты Қазақ газ өңдеу з-тының энергиямен жабдықтау цехының бастығы, бас энергетик, 1982 – 96 жылдары «Маңғышлақ электр желілері» кәсіпорнының директоры болды. * 1996 жылдан бастап «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның президенті. ## Марапаттары мен атақтары «КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1981), РАҚ БЭЖ-нің «Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен (2005) марапатталған. 2006 жылдан Ақтау қ-ның құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Айдарбекова Ташінбала - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы қазіргі Алматы облысы), Жаңаталап колхозының звеношысы (1940). 1906 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған. ## Еңбек жолы мен жетістігі * 1930 жылы Шұбар колхозын ұйымдастыру барысында алғашқылардың бірі болып колхозға кіреді. * 1930-1940 жылдары сол колхозда колхозшы болып еңбек етеді. * 1940 жылы еңбекқор кохзошы ретінде таңдалып қызылшашылар тобының звеношысы етіп тағайындалады. Оның бригадасы қажырлы еңбектің арқасында 2 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 820 центнерден , 4,5 гектар жерден 450 центнерден өнім алады. * 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. ## Наградалары * "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) * Ленин ордені * "Орақ пен Балға" алтын медалі * Социалистік Еңбек Ері (1948) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * История народов Средней Азии
Айсаев Сәтжан Ұшқанбайұлы (1958 жылы туған, Маңғыстау облысы, Таушық ауылы) – ғалым, техника ғылыми кандидаты (2007). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1980). 1980 жылы ҚазПТИ-дің (қазіргі ҚазҰТУ) Ақтау бөлімшесінде оқытушы, 1997 жылдан АқтМУ-дың кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. Білім беру саласындағы жетістіктері үшін бірнеше рет мақтау грамоталарымен марапатталған. ЖАК бекіткен басылымдарда 15-тен астам ғылыми мақалалары жарияланып, мұнай-газ саласында әдістемелік-көмекші құралдары жарық көрді. ## Дереккөздер
## Айжақыров Асқанбай Айжақыров Асқанбай (1900 жылы Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылында туды – өлген жері басқа) – партия қызметкері. * (1927) Орынбор жұмысшылар факултетін бітірген. * Алматы қаржы техникумын бітірген (1936). Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1921 – 1929 жылдары Форт-Александровскіде Адай округі еңбек инспекторы, денсаулық бөлімінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің төрағасы. * 1930 – 1971 жылдары Павлодар Қазақ драма театрында директор, қаржы-экономика салаларында жетекші қызметтер атқарды. 3-дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер ## Айжақыров Асқанбай Айжақыров Асқанбай (1900 жылы Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылында туды – өлген жері басқа) – партия қызметкері. * (1927) Орынбор жұмысшылар факултетін бітірген. * Алматы қаржы техникумын бітірген (1936). Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1921 – 1929 жылдары Форт-Александровскіде Адай округі еңбек инспекторы, денсаулық бөлімінің меңгерушісі, ауылдық кеңестің төрағасы. * 1930 – 1971 жылдары Павлодар Қазақ драма театрында директор, қаржы-экономика салаларында жетекші қызметтер атқарды. 3-дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Айтбаев Мәжит, Қобызшы Қорқыт (1914, Қызылорда облысы —1945, Дрезден) – майдангер ақын. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1937 — 39 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, студенттер даярлау курсының бастығы, Қазақстан жазушылар одағынының Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгімелері мерзімдік баспасөздерде, жинақтарда жарияланып тұрған. Көркем аудармамен айналысқан. 1939 жылы Айтбаев әскерге алынып, батыс шекарада қызмет атқарды. 1941 жылы тұтқынға түседі. “Түркістан ұлттық бірлік комитетіне” мүше болып “Жаңа Түркістан”, “Милла Түркістан” газеттерін шығарысқан, “Милли әдебиет” альманағының бас редакторы болған. 1943 жылы Берлинде “Абылайхан” атты өлеңдер жинағы шықты. Оған екі дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі енген. Шығармаларын Қобызшы Қорқыт деген бүркеншік атпен жазған. Шерлі ақын шынында да Қорқыт болып күңіренеді. Алтайды, Арқаны, Сырды сағынады, Тұранды, Түркістанды іздейді, туған жерге тәуелсіздік туын тігуді армандайды. Сағынышын сарнаумен шығарып, осы жолда қан төгудің өзі қасиетті деп өзін алдарқатады. Ақынның басқа да жинағы болған деген пікір бар.“Милли әдебиеттің” 1944 жылғы бір саны түгел Айтбаевтың 30 жылдығына арналды. “Жырлайын Алтын Алтай баурайында” дейтін өлеңінде күйікпен өткен күндеріне өкінеді де, түбі Алтын Алтай баурайында жыр төксем, соның бәрінің орны толады, деп өзін өзі жұбатады. Айтбаев 1945 жылы Дрезденде бомба жарылысынан дүние салды. “Абылайхан” жинағындағы өлеңінің бәрі, “Милли Түркістан”, “Милли әдебиеттен” табылған 30 шақты жыры 1991 — 95 жылдары Қазақстанда жарияланды. ## Дереккөздер
Еркесары Адыранова (1939 ж. т., Сырдария ауданы Маханбет ауылы) – еңбек ардагері. ## Өмірбаяны * Орал қаласындағы сауда техникумын (1962) бітірген. * Қарағанды сауда институтын бітірген (1972). * 1958–60 ж. Қызылорда облыстық тұтынушылар одағына қарасты сауда базасында еңбек етті. * 1962–69 ж. Сырдария аудандық тұтынушылар қоғамының сауда мекемесінде бас есепші * 1969–95 ж. Сырдария аудандық тұтынушылар қоғамының сауда мекемесінің директоры қызметін атқарды. ## Жетістіктері * Адыранованың есімі Қазақстанның алтын «Құрмет кітабына» енгізілген. * Ол Сырдария ауданының «Құрметті азаматы». ## Дереккөздер
Мағзұмов Тоқтарбек, жазушы (1958) Мағзұмов Тоқтар 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қызыл Жұлдыз аулында туған. 1975-1977 жылдары ауыл мектебінде жұмыс істеген. 1982 жылы Алматы қаласының Ауылшаруашылық институтының агроном мамандығы бойынша, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару жүйесі факультетін бітірген. 1982-1992 жылдары Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық басқармасында, 1992-1997 жылдары Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы 1997-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы болып қызмет істеген. 2007 жылдан бері Өскемен қалалық ауылшаруашылық басқарма бастығы. 2003 жылы «Қыз суреті» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрген. «Байберді асуы» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының авторы. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Аймедова Маягөзел (28.5.1941 жылы туған, Түркіменстан) — түркімен актрисасы, Түркменстанның халық артисы (1982). 1964 жылдан Ашгабаттың балалар мен жасөспірімдер театрында істеген. Студент кезінен киноға түсе бастады. Негізгі рөлдері Жахан (“Тасқаладағы оқиға”, 1961), Өгүлкиік (“Келін”, 1972, КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1973), Артықгүл (“Әйел ат ерттегенде”, 1975), Ақжамал (“Жоқ деп айта біл” 1976), Жамал (“Жамалдың терегі”, 1980, Мәскеу Халықаралық фестивалінің сыйлығы 1981). 1983 жылы “Қарақұм көлеңкеде 45Ә” фильміне түсті. Аймедованың психологиялық нәзік тереңдікпен, қарапайым сыпайылықпен сомдаған образдары көрерменге шығыс әйелдеріне тән ұстамдылықты, төзімділікті, кішіпейілдікті дәл жеткізеді. Аймедова режиссер Ходжадурды Нарлиевпен бірігіп “Әйел ат ерттегенде” және “Жамалдың терегі” фильмдерінің сценариін жазған. ## Сілтемелер
Кәкен Хамзаұлы Қамзин - Филология ғылымдарының докторы, профессор. Прозашы. Жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Белгілі журналистика теоретигі. 80-ге жуық ғылыми мақала мен 4 көркем прозалық шығарманың авторы. Оның шығармашылығын өзінің уақытында қазақ әдебиетінің классигі Т.М.Мүсірепов, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты Р. Тоқтаров, белгілі әдебиет сыншысы – С. Әшімбаевтар жоғары бағалаған. Кәкен Хамзаұлының ғылыми ізденістерімен Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан ғылыми жұртшылығы таныс. ## Өмірбаяны Кәкен Хамзаұлы Қамзин - 1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №9 қазақ орта мектеп- интернатын бітірген. Мектепті аяқтаған соң 2 жыл ұжымшарда жұмыс істеді. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін атқарды. 1994 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді. 1999 жылы оқытушы- педагог профессор Т. Қожекеевтің жетекшілігімен «Семипалатинские областные ведомости» газетіндегі «Е.П.Михаэлистің журналистік қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004 ж доцент атағын алды. Өзінің ғылыми қызметін жалғастырып 2010 жылы «Қазақ публицистика жанрының эволюциясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазір ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Филология ғылымының кандидаты, доцент.«Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2002 жылы « Ә.П.Михаэлистің журналистік қызметі» атты монографиясы жарық көрді. Бірқатар туындылары орыс, неміс, қарақалпақ тілдеріне аударылған. ## Еңбектері * Е.П. Михаэлистің журналистік қызметі. Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 204 б. * Қазақ журналистикасы. Ұжымдық монография, 3 томдық, 1 том. — Алматы: Таймас, 2008.-286-320 бб. * Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі. Монография. – Алматы: Экономика, 2009.- 400 б. * Журналистика негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 142 б. * Талдамалы журналистика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 312 бет. * Е.П. Михаэлистің журналистік және әлеуметтік қызметі. Монография. – Алматы: Ұлағат, 2013. – 160 б. * Ақпараттық кеңістіктегі медиа мәтін траекториялары. – Государственная информационная политика в Казахстане: взгляд в будущее. – Алматы: ИП Волкова А.В., 2010. 101-105 бб. * Жанровый ряд современной журналистики // Международная научно-практическая дистанционная конференция «Современная филология: теория и практика», 2-3 шілде 2012, Москва. С. 137-142. * Montage as mental organization of the text //The 2nd International Conference on European Science and Technology,9-10 мамыр 2012, Wiesbaden, Germany. * Mounting localization of reality // XXV International Research and Practice Conference «Problems of modern pedagogics and psychology», 16-21 мамыр 2012, Great Britain. * Жизненное пространство в журналистских текстах. – Мысль, №7, 2012. С. 44-49. * Инновационный расклад на базе солидарного информационного мышления. – Мысль, №8, 2012. С. 61-64. * Природа современных новостных блоков. – Материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы исследования истории и процессы развития казахской журналистики», посвященной 100-летию газеты «Қазақ» и 140-летию со дня рождения великого ученого, политического и общественного деятеля, внесшего неоценимый вклад в духовне развите казахской нации, Ахмета Байтурсынова. 1 феврлаля 2013. С.153-157. * Montage as mental organisation of the text. – International Conference on European Science and Technology. Materials of the II InternationalResearch and Practiice conference.Vol.III. мамыр 9-10, 2012. P. 160-165. * Harmonization of journalistic text with remote thinking. – Science, Technology and Higher Education. Materials of the international research and practice conference.Vol.I. Westwood, Canada. желтоқсан 11-12, 2012. P. 351-355. * «Семипалатинские областные ведомости» газеті Абай айналасы туралы. – Абай институтының хабаршысы.№1, 2013. 3 -12 бб ## Марапаттары Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа…( повесть ) шығармасы 2008 жылы «ZER-SU» корпорациясының балаларға арнап жариялаған халықаралық әдеби конкурсының Бас бәйгесін жеңіп алды. ## Дереккөздер http://magkaznu.com/ru/bio/%D0%BA%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B8%D0%BD-%D0%BA%D0%B0%D0%BA%D0%B5%D0%BD-%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87/ Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2015 жылы.
Акобиров Жәнібек (1952) - белгілі журналист, прозашы. Журналистика одақтары Халықаралық Конференциясы Кеңесінің мүшесі, оннан астам кітаптың авторы. Кітаптары эстон, өзбек, вьетнам, болгар, украин, т.б. тілдеріне аударылған. ## Дереккөздер
Арғынбекова Майра 1961 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шорға ауылында туған. Қазақ. Әкесі- Кизатов Қалам (1917-1976), жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Кәрімова Күлпаш (1928-1998), сатушы болып жұмыс істеген. Өскемен музыкалық училищесінің вокал бөлімшесі факультетін бітірген (1986), хор, академикалық хор, эстрадалық ансамбль әртісі. 1978 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар театрында автоклуб меңгерушісі. 1982 жылдан - Өскемен музыкалық училищесінің студенті. 1987 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Мариногорск ОМ ән пәнінің мұғалімі. 1989 жылдан - Мәдениет үйінің қызметкері (Мариногорск). 2002 жылдан бері - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма төатрының актері. Мәдениет қайраткері (2009). Тұрмыс құрған. Жұбайы - Арғынбеков Серікбек Алдабергенұлы (1958 жылы туған), «Тоқтаров» ЖК басқарушы механигі.Ұлдары - Арғынбеков Талап Серікбекұлы (1986 жылы туған), Алдабергенов Дарын Серікбекұлы (1992 жылы туған);қызы - Арғынбекова Әйгерім Серікбекқызы (1987 жылы туған). ## Дереккөздер
Бадуев Саид Сулейменович ( 1904, Грозный, - 20.12.1943) – чечен жазушысы, чечен әдебиетін бастаушы. Бадуевтің әдеби қызметі 1927 жылдан басталады. «Құдық», «Бешто», «Отты тау» әңғімелерінде Бадуев өткендегі ұлттық езгіні суреттеп, діни соқыр сенімге қарсы күреске шақырды. 1930 жылы «Әдет» атты әңгімелер жинағы, «Аштық» повесі және «Молдаға күнде той бола бермес» пъесасы жеке-жеке кітап боп басылды. Бадуев – «Қызыл қамал», «Цаэбаның үйленуі», «Алтын көл», «Саяси бөлім» (1934) пъесаларының авторы. «Петимат» (1930) поэмасында тау халықтарының әйелдері күндікте ұстауына қарсылық білдіреді. 1935 жылы «Біздің бақ» атты өлеңдер жинағы шықты. ## Дереккөздер
Шахарбану Есенғұлова - Актриса, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1980).1946 жылы 16 мамырда Тарбағатай ауданында дүниеге келген. КСРО мемлекеттік Ленин орденді академиялық кіші театры жанындағы И.Щепкин атындағы театр училищесінің драмалық театр және кино факультетін бітірген (1972).1964-1967 жылдары Тарбағатай ауданындағы орта мектепте музыка пәнінен сабақ берді. Торғай, Жезқазған, Орал облыстық қазақ драма театрларында актриса болды. 2001 жылдан Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актрисасы. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің, Қазақстан комсомол одағының және «Жалын» баспасының бірлесіп ұйымдастырған байқауында бәйгеге ие болған.Лақап аты – С. Күшбаев. ## Дереккөздер
Қапаев Сүйiн (1927 жылы туған, Ставрополь өлкесі, Қарашай-Черкес автоном. обл., Адыгей-Хабль ауд., Еркiн Жұрт аулы) — ноғай совет жазушысы. Черкeccк, пед. училищесiн, Ставрополь пед. институтын бiтiрдi. Бiраз жыл туған аулында мектепте мұғалiм болды. 1955 жылдан берi аудандық, обл., («Ленин йолы») газеттерде және баспада редакторлық қызмет амқарып келедi. Қапаев творчестволық жолын 50-жылдардың 1-жартысында өлең, әңгiме жазудан, орыс жазушыларының шығармаларын ноғай тiлiне аударудан бастады. Алғашқы әңгiмелер жинағы Черкесск қаласында 1957 жылы «Өткел» деген атпен басылды. Қапаев — ноғай әдебиетінде әңгіме жанрыв қалыптастырушы жазушылардың бiрi. ## Дереккөздер
Қапан(Қандөзи) Қамбарұлы(1921-2005) - 1 шілдеде Түркістан облысы, Түркістан ауданының Қандөз аулында дүниеге келген. Түркістан қаласының балалар үйі мен интернатында тәрбиеленіп, педучилищені бітірген соң, ауыл мектебінде мұғалім болды. Алғашқы өлеңдерінің бірі аудандық «Қызыл Түркістан» газетінде жарық көрді. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақстан Орталық партия комитеті жанындағы республикалық партия мектебін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында отыз жылдан аса жауапты қызметтер атқарған.Қазақ университетінің журналистика факультетінде жиырма жылға жуық дәріс оқыды, ғылыми-зерттеу жүмыстарымен де айналысты. «Түпнұсқа және аударма» деген кітап жазып, кандидаттық диссертация (1969) қорғады. Докторлық диссертациясы «Ерлік эпосы» деген атпен 1979 жылы «Жазушы» баспасынан жеке монография болып жарық көрді. «Жорық жырлары», «Өшпес жалын» ғылыми-зерттеу еңбектер! кітап болып шықты. Отыз шақты кітаптың авторы. «Қанды жылдар» дилогиясы — «Ашыну» (1987) мен «Жаза» (1991) «Жазушы» баспасынан шықты. «Ақадырдың ақ шағаласы» (1982), «Махаббаттың тұрағы» (1994), Қаракөзайым (1996), « Меңсұлу» (1997), «Сейітқасымның жүлдызы» (1997), «Екі арудың махаббаты» («Махаббат кітабы» атты романдары топтамасында, 2003) романдары; «Көксеңгір», «Ақ қайың», «Ертісте», «Алтай аясында», «Тау-дағы қала», «Ақ жалын», «Туған жер» атты повестері жарық көрді. «Әзірет Сұлтан» атты деректі роман-хамсасы үш том болып басылды. Түркістан қаласының Құрметті азаматы. М. Кольцовтың, А. Д овженконың, Н.Ановтың, В.Ванюшиннің бірсыпыра әңгімелерін, «Гүлшешек» кітабын қазақшалады. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ұлы Отан соғысына қатысушы», «Георгий Жуков» және басқа 12 жауынгерлік-мерекелік медальдар-мен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі-нің Құрмет Грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. ## Дереккөздер
Болат Әбдірахманұлы Баекенов (21 қараша 1942, Гурьев, Гурьев облысы, Қазақ КСР — 24 тамыз 2023) — әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1992), профессор, ҚР ҰҚК-нің бірінші Төрағасы. ## Өмірбаяны 1960 ж. Орал қ. ауыл және орман шарын механициялау техникасын бітірісімен Қарағанды облысы Сарань қаласына жолдамамен жіберілді. Жергілікті қалалық ДОССАФ автоклубының меңгерушісі, одан кейін автобазда автомеханик болып істеп, сонымен бірге автоклуб курсында сабақ оөткізді. * Кеңес әскері қатарында мерзімді қызмет атқарды (1961 -1962), * 1964 жылдың желтоқсан айынан Сарань қалалық халыққа білім беру бөлімі мектепаралық оқу-өндірістік шеберханасының меңгерушісі болды. * 1966-1973 ж. — комсомол және партия жұмыстарын атқарып, Сарань қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Сарань қалалық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. * 1971 ж. — Қарағанды облысы комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланып, Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін сырттай бітірді. * 1973 ж. —Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен КСРО мемлекеттік кауіпсіздік комитеті Жоғары мектебінің басшылық кұрамдарын дайындау курсына жіберіліп, оны бітірген соң мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық басқармасы қарсы барлау бөлімі бастығының орынбасарлыгына тағайындалды. * 1977-1980 ж. — Қарағанды облпартия комитеті әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің шешімімен мемлекет қауіпсіздік органдарына қайта жіберіліп, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды. * 1982-1985 ж. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (МҚК) Инспекторлық басқармасының аға инспекторы, * 1985-1987 ж. — мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Көкшетау облысы басқармасының бастығы. * 1988-1990 ж. — Қазақ КСР МҚК төрағасының орынбасары, * 1990-1991 ж. — МҚН Алматы облысы басқармасының бастығы, * 1991 ж. казанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан МҚК (1992 ж. шілдесінен ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды. * 1993 ж. желтоқсанынан 1994 ж. қазан аралығы — қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін атқарды. * 1994 ж. қазан - 1995 қараша аралығында — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі, * 1997 наурызда - Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Күзет қызметі бастығы болып тағайындалды. Баекенов 2001 ж. мамырында қызметінен босату және жасына байланысты ҚР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен запасқа шыгару жөнінде рапорт берді. Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды. Қазіргі күндері күндері ҚР Күзет ұйымы Ассоциациясын басқарады. ## Марапаттары Баекенов ҚР ҰҚК-нің Құрметті қызметкері, Сарань қаласының Құрметті азаматы. Құрмет ордені, көптеген медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Байбарақов Ешімбет [18.7.1938, Алматы облысы Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Ұзынбұлақ ауылы] — ғалым, экономика ғылым докторы (1987), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1991), Қазақстанның еңбек сіңерген ауыл шаруашылық қызметкері (1990). Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. Алматы зоотехника-малдәрігерлік (1962) және Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1969) бітірген. 1962—1974 жылы әкімшілік-шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарған. 1974—1994 жылы “Абай” өндірістік құс шаруашылығы бірлестігінің бас директоры, 1994—1996 жылдары “Абай” аймақтық акционерлік компаниясының президенті болды. 1996—1999 жылдары Қазақ мемлекетін басқару академиясының проректоры, 1999 жылдан сонда профессор. Байбарақов Ешімбет ғылым-зерттеу жұмыстары құс шаруашылығы технологиясын жетілдіруге, ондағы өнімнің өзіндік құнын кемітуге, еңбек өнімділігін және шығын қайтарымдылығын арттыруға негізделген. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. ## Шығармашылығы * Производство яиц на промышленной основе, А.-А., 1979; * Резервы промышленного птицеводства, А.-А., 1985; * Книга о продуктах птицеводства, А.-А., 1990; ## Дереккөздер
Әбдужәлелов Фазыл (1913 — 1974) — ноғай қаламгері, қазіргі заманғы ноғай әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол шығармашылық жолын өлең, әңгіме жазудан бастап, ірі прозалық туындылар жасауға көшті. Оның “Жеңілген жаулар” пьесасы (1936) мен “Көптің ішіндегі екеу” повесі ноғай әдебиетіне қосылған зор үлес болды. Әбдужәлелов ноғай әдебиетіндегі ірі эпик. жанрлардың қалыптасып, дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның “Асантой” повесінде (1955) ноғай халқының аянышты тұрмысы мен аяусыз қанауға қарсы үні көрініс берсе, “Қатты ағын” (1960), “Ұжымның егіндігі жақсы” (1966) романдарында ноғай ауылдарындағы ұжымдастыру қамы, ал “Мықтылар әулеті” (1950), “Әкесінің баласы” (1968) повестерінде халықтардың фашизммен күресі шынайы суреттеледі. Ноғай халқының қазіргі тұрмысы мен қажырлы еңбегі, мәдени өмірі “Шұғыл бұрылыстар” (1961), “Жақсы нышан” (1962), “Ақсу жағасында” (1962), “Жолдар, жолдар...” (1964), “Көктем келгенде” (1967), “Сұр тозаң” (1970) повестерінде жан-жақты қамтылған. Отанды сүю, халықтар достығы, ерлік дәстүрі, замандастарының қажырды еңбегі, бейбітшілік үшін күрес — Әбдужәлеловтің “Кубань шулайды” (1955), “Кубань — менің әнім” (1957), “Қалам қайралғанда” (1969) атты жыр жинақтарының негізгі тақырыбы болды.
ДОСЖАНОВ Мақсұт Жарылқасынұлы (1955 жылы туған, Қызылорда қаласы) –ғалым, техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесін (1981), Мәскеу қаласындағы В.В. Куйбышев атындағы инженер-құрылыс институтының аспирантурасын (1990) бітірген. 1981 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ассистент, оқытушы, декан, проректор қызметтерін атқарып келді. Қазіргі кезде облыс технологиялық паркінің директоры. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты құрылыс механикасына арналған. Досжановтың 2 монографиясы, 3 оқу құралы және 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаласы жарық көрген. «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1981). ## Дереккөздер
Мейір Ғарифоллаұлы Ескендіров – 24.10.1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.Тарих ғылымдарының докторы (2006), профессор (2007), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). ## Қысқаша өмірбаяны * 1995 - Семей педагогика институтын; * 2001 - Қазақ заң академиясын; * 1995 - Семей мемлекет университетін бітірген; * 2004–2008 - Семей педагогика институтының проректоры болды; * 2008 жылдан - Семей мемлекеттік университетінің ректоры. ## Еңбектері «Социальное и экономическое развитие Восточного Казахстана (вторая половина ХІХ – начало ХХІ вв.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстары Шығыс Қазақстанның тарихи мәселелеріне («Восток Казахстана на стыке столетий, вторая половина ХIХ – начала ХХІ вв.»; «Восточный Казахстан в годы силовой модернизации, 20–30 жж.») арналған. ## Дереккөздер
Бекмергенов Мақаш Бекбергенұлы - қазақ совет әдебиет зерттеушісі, филол. ғыл. докторы, профессор. 1963 жылдан КОКП мүшесі. ҚазПИ-ді бітірген. 1932-42 ж. Қызылорда обл-ында мұғалім, 1942-49 ж. Қызылорда пед. институтында оқытушы, 1949 жылдан Ташкентте ұстаздық етеді. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазақ совет әдебиетіндегі революция тақырыбына, Ғ. Мүсірепов творчествосына арналған. Бұл салада "Сөз зергері", "Азаматтық үшін алысқандар", "Дүбірлі дәуір шежіресі" атты монографиялары жарық көрді. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Фатима Жұмағұлқызы Балғаева (5 мамыр 1926, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы — 2005, Алматы) — қобызшы, Қазақстан халық әртісі (1981). Алматы консерваториясын бітірген (1950). 1942 жылдан Қазақ халық аспаптар оркестрінде өнер көрсетті. Балғаева аса шебер қобызшы ретінде халықтың ән, күйлерімен бірге Қазақстан композиторлары (Е.Г.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Қ.Мусин, т.б.), Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын төрткүл дүниеге таратты. Балғаева — Берлинде өткен бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалі байқауының лауреаты (1951). Бухарестегі жастар мен студенттердің фестиваліне қатысты (1953). Мәскеуде өткен фестивальде Мәскеудің Үлкен театрында симфониялық оркестрдіңсүйемелдеуімен А.Жұбановтың қобызға арнаған “Көктем вальсін” орындап, лауреат атанады (1957). 1960 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық қызметін атқарып келді (1978 жылдан профессор). Сексенге жуық шәкірттер тәрбиелеген, олардың ішінде М.Қалембаева, Г.Ізтілеуова, Р.Нұртазина, З.Бисембаева, Н.Сиражев, К.Ахметова, т.б. бар. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, қобызды әлемге паш еткен қобызшы ұстаз Фатима Жұмағұлқызы Балғаева ­ 2005 жылы дүниеден озды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Алаш айнасы. Республикалық қоғамдық-саяси портал Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
Қайыпназаров Байнияз (25. 08. 1916 жылы туған, қазіргі Қарақалпақ ACCP-i, Шымбай ауд.) — Қарақалпақ совет ақыны, 1953 жылдан КОКП мүшесi. 1932-1946 жылы ауылдық мектептерде мұғалім, оқу iciнің меңгерушiсi, директор болып iстедi. 1946-1967 жылдары Қарақалпақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында iстедi. 1967 жылдан «Қарақалпақстан» баспасының көркем әдебиет бөлiмiнде редактор. Шығармалары 1935 жылдан бері жариялануда. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1940 жылы жарық көрді. Ол - «Халыққа қызмет қыламын» (1947), «Алтын күз» (1950), «Қуаныш жыры» (1952), «Бозжап бойында» (1955) атты өлеңдер жинақтарының авторы. А. С. Пушкин, Т. Г. Шевченко т. б. ақындардың шығармаларын қарақалпақ тiлiне аударды. Қайыпназаров шығармалары орыс, өзбек, қазақ тiлдерiнде де жарық көрді. ## Соғыс жылдарында Жүрегінде жауға қаһары бар миллиондаған жауынгердің бірі қатардағы жауынгер Байнияз Қайыпназаров болды. 1941 жылы соғыс бастала салысымен Байнияз соғысқа аттанады. Соғыстың қиын күндерінде Сталинград майданында Колючкин ауданын азат ету шайқасында ауыр жараланып, госпитальда емделіп, жарасы жазылып, қайтадан соғысқа аттанады. Бұл жолы Байнияз миллиондаған батырлардың арасында жүріп, көптеген басқалармен бірге халық жауы болған фашистік басқыншыларды туған жерімізден қуып, жермен-жексен етеді. Берлинге қарай шайқастардың бірінде қайтадан ауыр жараланады. Ауыр жарақаттан кейін соғысқа жарамсыз болғандықтан, комиссияның соңғы шешімімен 1944 жылы соғыстан оралды. ## Шығармашылығы Ақынның алғашқы өлеңдері 30-жылдардын орталарында жарыққа шықты. ### Кітаптары Қарақалпақ тілінде: * "Қосықтар" (1940); * "Халыққа қызмет қыламын" (1947); * "Алтын күз" (1950); * "Қуаныш қосықтары" (1950); * "Бозжап бойында" (1955); * "Көк емен" (1956); * "Қызыл гүл" (1958); * "Сүй достым" (1962); * "Менің Отаным" (1956); * "Менің бахтым" (1968); * "Екі аяз" (1970); * "Наруан" (1972); * "Ержан көк" (1974); * "Гүлдәсте" (1981); * "Мен сенің бир шақаңмын" (1977); * "Таңдалмалы шығармалары" (1974, 1981, 1985, 1993, 1996); * "Жарлы адам һәм ғарғалар патшасы" (1985) * "Таң гүлі" (1995); * "Жарлының кенже баласы" (1995); * "Мөлдір бұлақ" (1989); * Ақынның 100 жылдығы Қарақалпақстан Республикасы көлемінде кең түрде белгіленіп, 2017-жылы "Таңдалмалы шығармалары" басып шығарылды. ### Аударма Б. Қайыпназаров туысқан халықтар поэзиясынан Твардовскийдің "Василий Тёркин", Ш. Рашидовтың "Кашмир өлеңі" поэмаларын, сондай-ақ, Лермонтов, Мицкеевич, Ян Райнис, Шевченколардың өлеңдерін аударуға қатысты. ### Нама жазылған өлеңдері * Гүлнара * Мен сенің бір шақаңмын * Еңбек ет * Сүй еңбекті * Бір гүл көрінді де кетті * Гүл артында тұрар сүйгенім * Көрдің бе * Шымбайым * Келші, жаным, күлімдеп * Мен сазенде, сен бақсы * Ана * Баһадырлар ерлігі * Сұлу қызға * Ділбар * Көңлімде барсың ## Отбасы Анасы: Гүлжәмила Өмірлік жолдасы: Асанова Бибижан (1926 жыл, 5 июль - 2008 жыл, 20 сентябрь) Перзенттері: * Сәулехан * Ұлзада * Зира * Мақсет * Нұрзада (1960 не 1961 жылы қайтыс болған) * Гүлшат * Рано * Жанна Ақын 2001 жылы 21 қаңтарда дүниеден өтті. Денесі Нөкіс қаласындағы "Сәлмен ата" қойымшылығына қойылды. Өмірлік жолдасы Бибижан Асанова 2008 жылы 20 қыркүйекте дүниеден өтті һәм ақынның қасында жерленді. ## Дереккөздер
Бекмергенов Мақаш Бекбергенұлы - қазақ совет әдебиет зерттеушісі, филол. ғыл. докторы, профессор. 1963 жылдан КОКП мүшесі. ҚазПИ-ді бітірген. 1932-42 ж. Қызылорда обл-ында мұғалім, 1942-49 ж. Қызылорда пед. институтында оқытушы, 1949 жылдан Ташкентте ұстаздық етеді. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазақ совет әдебиетіндегі революция тақырыбына, Ғ. Мүсірепов творчествосына арналған. Бұл салада "Сөз зергері", "Азаматтық үшін алысқандар", "Дүбірлі дәуір шежіресі" атты монографиялары жарық көрді. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Орынбеков Мұқанмадияр Серікбайұлы – совет философы, филос. ғылымдарының докторы. МГУ-ді бітірген, КСРО ғылым академиясының Философия ин-тының аспирантурасын бітірген. 1967 жылдан ҚазССР ғылым академиясының Философия және право ин-тында лаборант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер. Ғыл.-зерт. еңбектері диалектик. Материализм, әлеум. Таным мен жаратылыстанудың филос. проблемалары, ғылымының методлогиясы мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Баймұратов Ораз(14.9.1935 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Дүйсеке ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991), Халықаралық және ҚР Инженерия академияларының академигі (1992). Уақ тайпасынан шыққан. Мәскеу алтын және түсті металдар институтын бітірген (1957). Экономикалық институтының ғылым қызметкері, аспиранты, бөлім меңгерушісі (1957–1980), өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының орынбасары (1980–1983), төрағасы (1983–1994) қызметтерін атқарды. Қайта құру кезеңінде Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, ондағы Республикалар кеңесі төрағасының орынбасары (1991–1992) болды, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қаржы, бюджет және банктер жөніндегі тұрақты комитетін (1994–1995) басқарды. 1996 жылдан Қазақстанның Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1971 жылы «Экономическая эффективность капитальных вложений в промышленное производство» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Баймұратовтың зерттеулерінің негізгі бағыты – ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі, экономиканың басым бағыттарын анықтау теориясы, аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері, нарықтық қарым-қатынасқа көшу мәселелері. Баймұратов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын ғылыми болжау, Алматы қаласы, Балқаш, Арал, Каспий өңірлерін кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге ат салысты. Баймұратов 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1980). ## Шығармалары * Методы оценки и анализа перспективы капитальных вложений, А.-А., 1972; * Экономические приоритеты, А.-А., 1985; Наука и производительные силы, А.-А., 1991; * Государственное регулирование экономики, А., 1998 ## Дереккөздер
Кешоков Әлім Пшемахұлы (22.7.1914, Қабарда-Балқар Республикасы, Чегем ауданы Шалуша ауылы) – Қабарда-Балқар Респ. халық ақыны (1964), Соц. Еңбек Ері (1990). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Солт. Кавказ пед. ин-тын (1935), КОКП ОК-ті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1953) бітірген. Алғашқы шығармалары 1934 жылдан жариялана бастады. “Тау етегінде” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1941 ж. жарық көрді. “Салт аттының сапары” (1946), “Жастық өлкесі” (1968), “Өлеңдер мен поэмалар” (1946), “Киелі тас” (1964), т.б. шығармаларында Кешоков қабарда-балқар халықтарының бейбіт өмірін бейнеледі. К. бірқатар прозалық және драм. шығармалар да жазды. “Ғажайып кезең” атты романында (1 – 2 кіт., 1960) тау халықтарының 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезіндегі бастан кешкен қиындықтарын суреттеді. Кешоковтың “Тау етегінде” (1941), “Жастық өлкесі” (1948), “Жаңа үйде” (1956), “Киелі тас” (1964), “Тавро” (1969), “Батыр тостағаны” (1977), т.б. өлеңдер мен поэмалар жинағы, тарихи тақырыпқа жазылған “Құздар қалғымайды” (1 – 2 кіт., 1960 – 66), “Ай туды” (1977), “Алмұрт түсі” (1980), “Әмірге арналған алдаспан” (1988) романдары жарық көрді. “Сынған таға” романы қазақ тіліне аударылып, (1987, ауд. Д.Нұрмұханбет, Т.Жанаев) кітап болып шықты. РКФСР Мемл. сыйл. лауреаты (1968), 5 орденмен және медальдермен марапатталған. ## Дереккөздер:
Орынбеков Мұқанмадияр Серікбайұлы – совет философы, филос. ғылымдарының докторы. МГУ-ді бітірген, КСРО ғылым академиясының Философия ин-тының аспирантурасын бітірген. 1967 жылдан ҚазССР ғылым академиясының Философия және право ин-тында лаборант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер. Ғыл.-зерт. еңбектері диалектик. Материализм, әлеум. Таным мен жаратылыстанудың филос. проблемалары, ғылымының методлогиясы мәселелеріне арналған. ## Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Уәлихан Зейнеп (шамамен 1812 жылы, Баянауыл – 1880-жылдардың соңы, Сырымбет қонысы) – Шоқан Уәлиханның анасы. Белгілі Баянауыл биі Шорман Күшіктің қызы, Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шорманның апасы. Уәли ханның жесірі Айғаным оны өзінің ұлы Шыңғыс сұлтанға айттырады. Зейнептен 7 ұл (Шоқан, Жақып, Мақы, Махмет, Ахмет, Қозыке, Қоқыш), 2 қыз (Ұрқия, Рахия) туады. Зейнеп көрікті әрі ақылды, сонымен қатар тәкәппар әрі әміршіл болған. Шоқанның демократиялық көзқарасының қалыптасуына көп ықпал еткен. Шыңғыс Уәлиханмен бірге 1850 – 1860 ж. Көкшетау қаласында тұрған. ## Дереккөздер
Исабеков Шамсат (22.3.1955 жылы туған, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласы) – қайраткер. Жамбыл гидромелиоривтік-құрылыс институтын (1977) «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген. 1977 – 1982 жылы әр түрлі құрылыс ұйымдарында инженер, 1982 жылы автоколоннада бөлім бастығы, директордың орынбасары болды. 80-жылдардың соңынан кәсіпкерлікпен айналысты. 1998 жылдан Республика таэквондо федерациясының президенті, Ұлттық Олимпиада к-тінің мүшесі. Исабеков 2000 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. ## Дереккөздер ## Сыртқы Сілтемелер * ИСАБЕКОВ Шамсат Жаксылыкович(қолжетпейтін сілтеме) * Адрес дома * Атырауская школа таеквондо – лучшая в стране(қолжетпейтін сілтеме) * Рейтинг влиятельнейших людей в Жамбылской области Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы. * Биография
Кемалов Жақсыкелді (1960). Әнші, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Ресей – Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Бірінші республикалық «Жігер» (Алматы, 1985), республикалық «Жастар дауысы» (Алматы, 1987), фестивалінің лауреаты 1988 жылдан беріҚ.Байжанов атындағы коцерттік бірлестік әншісі. Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық»,Біржан Салдың «Айбозым», Ақан серінің «Жамал қыз» әндерін ешкімге ұқсамайтын өзіндік мәнерімен орындайды. Көптеген шет елдерде өнер көрсетті. Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы. ## Дереккөздер 1. Қазақстан әншілері кітабы , 2011ж. 2. ↑http://www.shuak.kz/ Мұрағатталған 4 ақпанның 2014 жылы.
Кешубаев Нарынбай (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз шаруалары көтерілісінің (1836 – 37) белсенді қатысушысы. Бөкей ордасындағы Беріш руынан шыққан. Бөкей ордасындағы билеушілер озбырлығына және патша үкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы күресті. Кешубаев – 1836 жылы 23 қазанда Махамбет Өтемісұлы тағы басқалармен бірге старшындар Ж.Бояровпен, Қ.Өтеповті тұтқындап, жылқысымен қоса, көтерілісшілерге айдап алып келген. Кешубаев – 1837 жылы 17 ақпанда Қарауылқожаның 300 қойын айдап әкелген Исатайдың 36 сарбазының бірі. ## Дереккөздер
Кутахов Павел Степанович ( 03 (16). 08. 1914 жылы туған, Малокирсановка селосы, қазiргi Ростов облысының Матвеево-Курганский ауданы — 03. 12. 1984, Москва) — кең. әскери қайраткерi, авиация бас маршалы (1972). екі рет Кең. Одағының Батыры (01. 05. 1943, 15. 08. 1984), КСРО-ның еңбек сiң. ұшқышы (1966). Шаруа семьясында туған. 1942 жылдан КОКП мүшесi. Кең. армиясында 1935 жылдан қызмет атқарады. Ұшқыштардың әскери мектебiн (1938), Жоғары офицерлiк ұшу-тактикалық курсын (1944), К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияны (1957) бітірген. 8-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты. Ленин орденiмен, 5 рет Қызыл Ту, 1-дәрежелi Отан соғысы, Александр Невский, 2 рет Қызыл жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Ысқат – қайтыс болған адамның тіршілігінде өтелмеген ғибадаттарын кешу, жасаған күнәсін жеңілдету үшін атқарылатын парыз. Өлік жөнелтудің ежелгі жосын-жоралғылары ислам ережелерімен біте қайнасып, араластүрде атқарылғандығының айқын бір дәлелі осы ысқат беруден көрініс тапқан. Шариғат мұны ысқат-підия ретінде кедейлерге беруді міндеттеген.Қазақта ысқаттың атқарылуы екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі, қайтыс болған адамның тірі күнінде қаза кеткен намаздары мен рамазан айындағы оразасыз өткізген күндері үшін кедей, кемтарларға садақа ретінде таратылады. Екіншісі, жаназа, дәлел (Құран Кәрімнен аят аудару рәсімі) шығарған молданың өтеміне, ақысына беріледі. Аталмыш рәсімдерге қатысқан молдаларға түйе жетектетіп, ат мінгізген. Ал, бұған шамасы келмегендер сиыр, қой беріп немесе шапан жапқан. Ысқат малы берілетін дәлел шығару рәсімінің сипатын Х.Арғынбаев былай деп таратты: «Аңқау елге арамза молда» – деп халық аузында айтылғандай, кей жағдайда молдалар асыра сілтеп ысқатқа шығарылған малдан көбірек алуға тырысқан. Ысқатқа таратылатын садақа шығыны қайтыс болған адамның ағайын-туысы әкелген аза малының есебінен толықтырылды. Шариғат бойынша жалпы садақа, алым түрлері астықтай берілетін болса, қазақтар төрт түлік мал түрлерінен беретін болған. Ислам дінінде бір адамның күнәсін екінші адам көтеретіндігі жөнінде қағида жоқ. Керісінше, ақыретте әрбір адам баласы өз күнәсі үшін өзі жауапқа тартылатындығы ескертілген. Бірақ араб тіліндегі исқат сөзі шегеру, кеміту мағынасын білдіретіндігін ескерсек, шариғатта да қаза болған адамның тіршілікте орындалмаған ғибадаттарының өтем ретінде белгілі бір жоралғыға рұқсат берілді. Ал қазақтың тіршілік цикліндегі атқарылатын сан алуан ғұрыптық рәсімдер саласында ысқат ысырапшылдық сипат алды. Бұл жайт исламның қағидаларына мүлдем қайшы болғандықтан, қазір жаназа шығару барысында ысқат беруге тыйым салынған. ## Дереккөздер
Осип Иванович Дранше́ (1824—1849) — француз қойылымдарындағы орыс провинциалық актері. Сол кездегі атақты Петербург балеринасы Софьи Драншенің кіші інісі. Өз ғұмырының 25 жылында ол өзін қажымас актер, "керемет комик" репутациясын меңгерді. Харьков театрында өнер көрсетті, осы кезде оған атақты провинциалы актер Карп Соленик қызмет көрсетті және кейбір рөлдерінде Осип Карптан да асып кететін. ## Өмірбаяны Осиптің әкесі Жан Дранше француз және сахна суретшісі, қиын механикалық декорацияларды құрастырудағы шебер болды. Оның өнері оған көптеген атақтар алып берді. Одан кейін, өз кезегінде 1819 жылы халықаралық жиын болған «Рауль де Креки́» қойылымы оған атақ алып берді. Осыдан кейін Жана Дранше туралы деректер жоғала бастайды.1830-жылы оның қызын Петербургтегі театр мектебінің тәрбиеленушісі ретінде көреміз. Бұл мектепте, бала актерлер, сахна жұмысшылары, қызметшілер мен жетімдер тәрбиеленді. 1836-жылы жиырма жастағы мектеп бітіруші Софья Дранше мектепті ерекше бітірді. Патша Николай 1 балерина сұлудың Смайловый Василимен некесіне ерекше көңіл бөлді. Осы кезде патша қызды өз шапағатына бітті. 1842-жылы Петербург театрында жаңа жұлдыз-патшаның сүйікті балеринасы Осип Дранше пайда болды. Көбінесе ол «Ревизоре» қойылымындағы Гибнер рөлін ойнады. Петербург театрлық мектебін 1830-1840 жылдары бітірушілер он сегіз жаста болатын. Мектеп бітіруден кейін тағы екі жыл толықтай мектептің қамқорлығында болды. Оларды пансионер деп атады. Осындай пенсионерлердің қатарында Осип Дранше болды. ## Дереккөздер
Григо́рий Ефи́мович Грумм-Гржима́йло (5.2.1860, Ресей, Санкт-Петербург - 3.3.1936, сонда) - орыс ғалымы, Орталық Азияны зерттеуші. 1884-87 ж. Памирге, Алтайға, Тянь-Шаньға және Қашқарияға бірнеше рет саяхат жасады. 1889-90 ж. ресей География қоғамының Орта Азиялық экспедициясын басқарды. Экспедицияны бүкіл Шығс Тянь-Шань және Наньшань тауларын, Оңтүстік Жоңғарияның құмды шөлдерін зерттеді, Бэйшань тауы мен Турфан қазаншұңқырын ашты. ## Жетістіктері Оның "Батыс Қытай саяхатының сипаттамасы" деген 3 томдық еңбегінде өлкеге географиялық, этнографиялық және тарихи сипаттам берілген. Осы еңбегі үшін Грумм-Гржима́йлоға Ресей География қоғамы Н.М. Пржевальский атындағы сыйлық, Францияда Париж Ғылыми академиясының П.А. Чихачев атындағы сыйлық берілді. 1903-14 ж. "Батыс Моңғолия және Ұраңқай өлкесі" (3 томдық) және басқа географиялық, тарихи және этнографиялық еңбектерін осы өлкелерді зерттеуші ғалымдар қазіргі кезге дейін кеңінен пайдаланады. Грумм-Гржима́йло Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектеріне айрықша көңіл бөліп, оның өмірі мен қызметі туралы мақалалар жазды. Шығыс Тянь-Шаньның Богдо-Ола таулары мен Памирдегі мұздықтар, Сихотэ-Алиндегі асу Грумм-Гржима́йло есімімен аталады. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Петкер Борис Яковлевич (28.10.1902,Харьков)- совет актері, КСРО халық әртісі (1963). 1945 жылдан КОКП мүшесі. 1918-1919 жылдары Харьковтың драма мектебінде оқып, М.М.Тархановтан сабақ алды. осындағы Н.Н.Синельников театрында (1919-1920) қызмет етті. 1922 жылы Корш театрының драма студиясын бітіргеннен кейін, осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. 1933 жылдан Мәскеудің театрының актері. Негізгі рольдері: Плюшкин (Гогольдің "Өлі жандары" бойынша), Василий Шуйский (А.К.Толстойдың "Патша Федор Иоанновичында"), Адвокат (Л.Н.Толстойдың "Анна Каренинасы" бойынша) т.б. киноға түскен. Сахналық тапқырлық мен тұрмыстық детальдардың шебері, өткір мінезді актер. 1961 жылы гастрольдік сапармен Алматыда өнер көрсетті. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Әбдіманап Бапанұлы Көпберген (6.7.1946 жылы туған, Жамбыл облысы , Талас ауданы Ақкөл ауылы) – қоғам қайраткері. * Ысты руынан шыққан. * Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының зоотехникалық (1970) * әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1997) бітірген. * 1965 – 1986 жылы Талас ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехнигі * Сарысу ауданының «Түгіскен» асыл тұқымды мал з-тында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник-селекционер, шаруашылық партия к-тінің хатшысы. * 1986 – 1993 жылы Сарысу ауданы «Сарысу» кеңшарының директоры * Сарысу ауданы атқару к-тінің төрағасы, осы ауданның әкімі. * 1994 – 1999 жылы ХІІІ шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. * 1999 жылдың желтоқсан айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің ауыл шаруашылығы хатшылығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары. ҚР журналистер одағының мүшесі«Аманатқа адалдық» кітабының авторы * «Астана» медалінің * «КСРО-ның өнертапқышы» атағының иегері. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Көпберген Әбдіманап Бапанұлы(қолжетпейтін сілтеме)
Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов (10 желтоқсан, 1955 жыл, Ақкөл ауылы, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық кинорежиссер және сценарийші. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988).. Оның "Отырардың күйреуі" екі сериялы фильмі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына (1992), Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда (1991) киносыншылар халықаралық ассоциациясының "Фипресси" жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс табақша" жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс жарты ай" Бас жүлдесіне ие болған. Ал «Абай» екі сериялы фильмі (1995, "Ард-фильм" және "Қазақфильм" студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің "Күміс Семург" жүлдесін (1997); Гатчина қаласында (Ресей) өткен "Әдебиет және кино" 5-кинофестивалінде "Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін" және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған (1998). 1997 жылы "Ард-фильм" және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы көркем фильмдерінің режиссері болған. Ол "Мутанттар" (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ ұлттық Өнер академиясында курс жүргізеген (1996). ## Фильмография * 1992 — «Отырардың күйреуі» * 1995 — «Абай» * 1999 — «1997 — Записи Рустема с картинками» * 2008 — «Қош бол, Гүлсары!» * 2018 — «В безмолвии» * 2022 — «Хирург» * 2023 — «Жел тоқтаған жер» ## Дереккөздер
Ғалия Құсайынқызы Балтабаева (Ғалия Балтабай) (1 маусым 1948 жыл Павлодар облысы Железин ауданы Аққайың ауылы) – тележурналист. * Қыпшақ тайпасының Бұлтың руынан шыққан. 1966 жылы Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап, Әль-Фараби атындағы университетінің журалистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы «Аққайың» мектебінде бастап, 1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. 1983 жылы Павлодар телерадиокомитетіне ауысады. 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады. Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды. 20-дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен. 1997 жылы Ғалия Құсайынқызы Астана радиосына қызметке ауысады. Сол жылдары ол талай мәрте Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған. Ал 2001 жылы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалақ конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. Бұл республикадағы жалғыз қалған облыстық радио екенін мақтанышпен айтуымыз. Ғалия Құсайынқызы 42 жыл еліне тапжылмастан қызмет етіп, 61 жасында зейнетке шықты. ## Кітаптары Ғалия Құсайынқызы Балтабай – * «Тұғыры биік тұлғалар» * «Иса ақын және оның ұрпақтары» * «Емші құдыреті» * «Әрбір үйге радио қажет» * «Есімдері ел есінде» * «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа ұлағат» * «Тағдырларды біріктірген – Қазақстан», тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған * «Ақмола облысы» атты және Железин ауданына арналған екі томдық * «Туған жер перзенттері» 1 том * «Туған жер перзенттері» 2 том * «Шипасымен шуақ шашқан» атты кітаптардың авторы. * «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмвйды» * «Ұлтын ұлықтаған асыл ана» * «Өмір шыңы» * «Қалдырған ізің - мәнгілік» * «Жаным жадырады жақсы тілектерден» ### Наградалары * «Құрмет» орденінің иегері * «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. * ҚР-ның мәдениет қайраткері * ҚР-ның құрметті журналисі * «Павлоадар облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2013). * Павлодар облысының Құрметті азаматы. Ғалия Құсайынқызының есімі «Кто есть кто в Республике» және республикалық «Почитаемые люди земли казахской», «Известные женщины Павлодарского Прииртышья», сол сияқты Павлодар облыстық «Кто есть кто» кітабына да енген. ### Күрескер қызы қазақтың 10-нан астам кітапты жарыққа шығарды. Екі-үш кітапқа редакторлық қызмет көрсеткен. Атап өтсек, Кереку өңірінің мемлекет және қоғам қайраткерлері жайлы жазылған «Тұғыры биік тұлғалар», Республикалық дәрежедегі емші атанған Үміт Сұбатылова жайлы «Халық емшісі», Павлодар облыстық радиосы жайлы дүниеге келген «Әрбір үйге радио қажет» деген және суырып салма әрі жазба ақыны, сегіз қырлы бір сырлы, дарынды жерлесіміз, Ертіс ауданының тумасы- Иса Байзақов жайлы «Иса ақын және оның ұрпақтары» сол сияқты «Есімдері ел есінде», «Шипасымен шуақ шашқан» деген кітаптары мен астаналық соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған «Ұлы Жеңіс–ұрпаққа ұлағат», Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақмола облысы» атты және Павлодар облысы, Железин ауданының соғыс және еңбек ардагерлері жайлы дайындаған «Туған жер перзенттері» атты кітабы мен Алжир лагерінде отырған, сталиндік репрессияға ұшырап, саяси қуғындалып, жазықсыз жапа шеккен аналарымыз бен қыз-келіншектердің тағдыры жайлы жазылған «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» деген кітаптарын айтуға болады. «Тағдырларды біріктірген-Қазақстан» басылымын Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Назарбаев оның қабылдауында болған саяси қуғындалғандардың ұрпағы Тұрар Рысқұловтың қызы – Сәуле Рысқұлова мен атақты балерина Мая Плисецкаяның туған інісі, Алжир лагерінде анасымен бірге отырған Азари Плисецкийге, Ілияс Жансүгіровтың ұлы – Саят Жансүгіровтерге осы еңбекті тапсырып тұрып: «Тағдырларды біріктірген – Қазақстан» кітабы - «Сіздер үшін арнайы жазылған, бұл - ата-аналарыңыздың қиын тағдыры - ол бүгінгі ұрпаққа ой салар, болашағын болжайтын құнды дүние »,- деген еді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Успех в жизни определяет семья
«Чихэн» (кор. 지행역) — тіреу жұмыстарына, жүк түсіруге арналған бірінші сызықтағы Сеул метро станциясы; бұл Тондучхон территориясындағы бес станцияның бірі болып саналады (барлығы бір сызықта). Ол екі аралдық платформалармен ұсынылады. Станция Кореяның темір жол корпорацияларына қызмет көрсетеді. Чихэндон кварталында  (мекен-жайː 424-1 Jihaeng-dong, 2285 Pyeonghwaro)  Тондучхон қаласында орналасқан (Кёнгидо провинциясы,  Корея Республикасы) Жолаушылар тасқыны-бір сызықта 14 504 адам/күн ( 2012 жылғы көрсеткіш). Станция 2005 жылдың 30 қаңтарында ашылды, ал екі жылдан кейін астаналық метрополитен системасымен бірікті. Бірінші Сеул метрополитенінің Тондучхонға дейінгі ұзындығы 23,2 км-ді көрсетті және тағы тоғыз бірдей станция ашылды: Соёсан, Тондучхон, Посан, Тондучхончунан, Чихэн, Токчон, Токке, Янджу, Нокян. ## Көрші станциялар ## Дереккөздер
Кен шырағы - жер асты қазба жұмыстарында жарық көзі ретінде пайдаланылатын шам. Оның орнықты, жергілікті және жеке кісіге арналған түрлері бар. Орнықты рудник шырағы қопарылыс жұмыстары біткен күрделі қазбаларда орнатылады. Мұндай шамдар электр тогымен қоректенеді, олардың сырты қалың әйнекпен қапталады. Жергілікті рудник шырағы жер астында жұмыс істейтін машиналар мен механизмдерге орнатылады. Машинаның қозғалысына сәйкес мұндай шам арқылы жұмыс орнына үнемі жарық түсіп тұрады. Кеншырағы - ең қуатты шырақтардың бірі олып есептеледі. ## Дереккөздер
Бокстан бірінші ауыр салмақта чемпион — кәсіби боксшыларға берілетін атақ. Қазіргі уақытта атақты бере алады: * Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (ББА, WBA) (бұрынғы NBA), 1921 жылы негізі қаланған, * Бүкіләлемдік бокс кеңесі (ББК, WBC), 1963 жылы негізі қаланған, * Халықаралық бокс федерациясы (ХБФ, IBF), 1983 жылы қаланған * Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ББҰ, WBO), 1988 жылы құрылған. Ұйымдар пайда болғанға дейін атақ абсолютті берілген. ## Атақ иелері ### Сілтемелер 1 Кейінірек Дуайт Мұхаммед Кауи ретінде белгілі.2 Чемпиондықтан алынып тасталды деп танылуы, чемпиондық істен / міндетті немесе тағайындалған қарсыласына қарсы атағын қорғаудан бас тартқаны үшін кері қайтарып алынады.3 Бас тартылған атау. ### Басқа бөлімшелерде чемпиондық белбеуді жеңіп алған бірінші ауыр салмақтағы чемпиондар * Бракстон, Михальчевски, Хилл және Тиоззо барлығы жартылай ауыр салмақтағы чемпиондар. * Холифилд и Тони являются только два бывших чемпионов тяжелом, чтобы выиграть кусок супертяжелом весе. Тони также завоевала титулы в среднем весе и суперсреднем * Тек Холифилд пен Тони ғана ауыр салмақты атағын ұтып алған екі бұрынғы бірінші ауыр салмақтағы чемпиондар. Тони орташа және супер орташа салмақтағы атағын да жеңіп алған. ### 1980 жылға дейін бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпиондары Бірінші ауыр салмақ класы ББК (WBC) арқылы 1979 жылы ашылды, және белбеу Мате Парлов пен Марвин Кэмел арасындағы жекпе-жек жеңімпазына берілуі тиіс болатын. Ұрыс тең аяқталды, және чемпиондық 1980 жылы 31 наурыздағы олардың арасындағы реваншта дейін Кэмэл иеленгенге дейін бос болды. ББА (WBA) 1982 жылы талап арыз кейіннен Оззи Окасио мен Робби Уильямс арасындағы шайқаста өз белбеуін ашты, бұл жолы Окасио жеңген болатын.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған. Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында;  UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында. ## Тарихы 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды. 1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді. 1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды. 1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды. 1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды. 1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді. 1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды. 2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. ## Университет басшылары Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж. Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж. Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз) Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж. Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж. Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж. Ермеков Әділ,1954-1963 жж. Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж. Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж. Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж. Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж. Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж. Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж. Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж. Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін. ## Мұражайлар Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар. ## Дереккөздер
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған. Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында;  UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында. ## Тарихы 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды. 1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді. 1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды. 1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды. 1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды. 1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді. 1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. 2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды. 2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. ## Университет басшылары Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж. Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж. Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз) Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж. Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж. Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж. Ермеков Әділ,1954-1963 жж. Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж. Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж. Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж. Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж. Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж. Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж. Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж. Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін. ## Мұражайлар Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар. ## Дереккөздер
Нұрқанат Жақыпбай (Жақыпбаев) (1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — режиссер, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995). Парасат, Достық ордендерінің иегері. Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері (2007 жылдан). ## Толығырақ Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. * Нұрқанат Жақыпбай 1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. * 1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясы)бітірген. * 1983 жылы Т.Жүргенов атыныдағы Қазақ ұлттық өнер аадемиясының "режиссура" мамандығы бойынша бітірген. ## Еңбек жолы * 1969 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актерлік құрамына алынады. * 1995 жылдан осы театрдың бас режиссері қызыметін атқарды. * 1984 жылдан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздық қызыметін бастады. * 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенттік шыршасының бас режиссері. * 2007 жылдан Астана қаласы әкімдігінің шақыртуымен Астана жастар театрын ашып әрі көркемдік жетекші лауазымында қатар алып келе жатыр. Театрдың актерлік құрамында басым көпшілігі өзінің шәкірттерінен құарлған. ## Шығармашылығы Театр сахнасында Сә Сейфуллин (Ә.Тәжібаевтың “Монологтарында”), Асқар (С.Мұқановтың “Ботагөзінде”), Әбіш (Б.Майлиннің “Шұғасында”), Еркебұлан (С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Горацио (У.Шекспирдің “Гамлетінде”), Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтотысында”), Нияз (Т.Ахтановтың “Махаббат мұңында”, Бақытжан (О.Бөкеевтің “Қар қызында”), т.б. рөлдерді сомдады. Жақыпбай киноактер ретінде де танымал болған. Ол бейнелеген Таңат (“Шоқ пен Шер”), Сарман (“Жаңа жыл кешінде”), Саржан (“Жамбылдың балалық шағы”), Армоль (“Киттер қайтып кеткенде”), т.б. образдар қазақ киносының тарихына енді. Жақыпбай Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында “Жау тылындағы бала” (авт. Қ.Қайсенов, О.Бөкеев), “Махаббат аралы” (Ә.Тауасаров), “Қыз жиырмаға толғанда” (С.Балғабаев), “Кер құла атты Кендебай” (Т.Алшынбаев), “Миғұла терісі үстіндегі сот” (Ш.Айтматов, М.Шаханов), т.б. спектакльдерді қойды. Ол Абайдың жастық шағын бейнелейтін “Желсіз түнде жарық ай” (1995), Ш.Айтматовтың шығармалары бойынша сахналаған “Жан азабы” (2000) спектакльдері үшін республикалық театр фестивальдерінде “ең үздік режиссер” атағын алған. ## Марапаттары * бірнеше мәрте Халықаралық және республикалық театр фистивальінің "Үздік режиссер" атылымы бойынша жүлдені қанжығасына байлаған дарын иесі. * Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі. * 1995 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды. * 1995 жылы Республикалық театр фистивальінде "Үздік режиссер" аталымы; * 2009 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» берілді. * 2016 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" кәсіби театр сыйлығының "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша лауреаты; * 2016 жылы "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері. * 2016 жылғы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. (Астана,Ақорда 13 желтоқсан); * Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл). ## Дереккөздер
Иван Сергеевич Бердинский (16 маусым 1918, Пермь қаласы — 19 мамыр 1997, Пермь қаласы) — Совет, Ресей химигі, профессор. ## Биография Анасы — Анна Павловна Бердинская. Әкесі — Сергей Григорьевич Бердинский. № 17 Перьм гимназиясын бітірген. ## Марапаттамалары * «Қызыл жұлдыз» ордені ; * «Отечественной войны II степени» ордені; * «Трудового Красного Знамени»ордені; * «За победу над Германией» медальі; * «За оборону Москвы» медальі; * «За освобождение Варшавы» медальі; * «За отвагу» медальі; ## Сыртқы сілтемелер * Биология химия кафедрасының тарихы
Каленжин (кипсигис, мараквет, сабаот, туген, элгейо, эль-мало) — Кения аумағында өмір сүретін этникалық топ. Олар нилот ұлтына ұқсас. Календжиндер құрамына: кипсигис, мараквет, нанди, покот, сабаот, туген (тукен), элгейо және басқа да кіші этникалық топтар енеді.Жалпы адам саны - 3,6 млн (2008) ## Тілі Каленжиндер ана тілі ретінде каленжин тілінде сөйлейді. Суахили және ағылшын тілдері екінші және үшінші тілдер ретінде кеңінен қолданылады. ## Тарихы Деректерге сүйенсек, календжиндердің отаны Элгон тауы, басқа нұсқа бойынша Ежелгі Египет болып саналады. Календжиндер Орталық таулардың батыс беткейлері мен керио аңғарын мекендейді. ## Діні Каленжин діні күннің символы болған Асис атты құдайға сенді. Қайтыс болған ата-бабалардың рухына тағзым етіліп, олардың құрметіне құрбандық шалынды. Бүгінгі таңда, Кениядағы көптеген тайпалар сияқты, Каленжиндер де өздерінің кейбір дәстүрлі нанымдарымен араласқан христиан дінін ұстанады. ## Кәсібі Каленжиннің негізгі дәстүрлі кәсібі - егіншілік, жүгері мен бидай, аз дәрежеде құмай мен тары сияқты дәнді дақылдарды өсіреді.Нандилер, кипсигилер және т.б. арасында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған. Сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығы (көбінесе сүтті мал) біріктірілген. Каленжиндердің едәуір бөлігі Кениядағы қалаларға көшті, онда көптеген қызметкерлер Кения үкіметінде, әскери, полиция, банк, қаржы және бизнесте жұмыс істейді. ## Өмір салты Каленжиннің құрамында Мет ақсақал кеңесі деп аталатын әртүрлі Каленжин рулары мен қосалқы руларының мүшелерінен тұратын ақсақалдар кеңесі бар. Бұл кеңес Кения тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде құрылған. Тайпадағы отбасылық қатынастар полигамдық.Дәстүр бойынша, Каленжиннің жерлеу дәстүрі бойынша тек ұрпақ әкелген отбасылар жерленеді, ал «баласыздарды» жыртқыштардың талауына тастайды. Дәстүрлі тұрғын үйі - бұтақтардан жасалған жақтаулы лашық, төбесі шөппен жабылған. Сүт Каленжин диетасының негізгі бөлігі болып табылады. Угали, күріш немесе чапати қуырылған етпен, әдетте сиыр етімен немесе ешкі етімен, кейде тауық етімен бірге беріледі.Дәстүрлі жеңіл тағам марио (жүгері шелпектеріне ұқсайды) бүгінгі күнге дейін танымал. Дәстүрлі мурсик сусыны мен бал ежелден деликатес (кариесе) ретінде танымал. ## Дереккөздер
Дабысын қоңырқұмы - Бетпақдаланың солтүстік-батысында, Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы құмды алқап. Қарағанды облысы жерінде орналасқан. Абсолютті биіктігі 250 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км-ге жетеді. жер бедеріне ұсақ төбелі қырқалы жазықтар тән. Құмның сұр қоңыр топырағында еркекшөп, жусан, қияқ, құмаршық, теріскен, жүзгін өскен. Сәл минералданған тұщы суы жер бетіне жақын (1-2 м) жатыр. Құмды алқап жыл бойы жайылым ретінде пайдаланады. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Данайлар - Аргос аралын мекендеген ертедегі грек тайпасы. Гомер эпосындағы Данайлар - Трояны қоршауға алған гректердің атауы. Аңыз бойынша, Данайлар Трояға күшпен басып кіре алмай, қала қорғанының жанына ішіне қарулы жауынгерлер тығылған ағаш ат қалдырады да, өздері кетіп қалады. Көріпкел Лаокоонның "сыйлық тарту еткен Данайлардан қорқамын" деп ескерткеніне қарамастан (Вергилий, энеида, ІІ, 49), троялықтар ағаш атты қалаға алып кіргізеді. Түн ортасында онда жасырынған жауынгерлер ағаш аттан шығып, қала қақпасын қайта оралған жасақтарына ашып береді. Троя талқандалып, жаудың қол астына қарайды. Ел арасындағы "данай сыйлығы" деген қанатты сөз осыдан қалған. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Яков Христофорович Петерс (латышша: Jēkabs Peterss; 21.11.1886, Латыш ССР-і, Кулдиг ауданы, Никрацский ауылы - 25.04.1938, «Коммунарка», РСФСР, КСРО) — Кеңестік мемлекеттік және партия қайраткері. Жұмысшы. Латвиядан шыққан Ресей революционері, ВЧК жасаушыларының бірі және алғашқы басшылары. НКВД ішіндегі тазалау кезінде атылды. 1918 жылғы 7 шілдеден 22 тамызға дейін ВЧК төрағасының орынбасары Феликс Дзержинский, ВЧК төрағасының врио. ВЧК-ГПУ құрметті қызметкерінің № 2 төсбелгісі болды. ## Өмірбаяны * 1904 жылдан — Компартия мүшесі; * 1904 жылы -— Латыш с.д. жұмысшы партиясының Либава ұйымына кірген (ЛСДЖП); * 1909 жылдан — эмиграцияда болды; * 1917 жылы қазан күндерінде — Петоград соғыс-революция комитетінің мүшесі. 2-съезінің делегаты, БОАК-тың мүшесі; * 1918 жылы — солшыл әсерлер бүлігін жоюға қатысқан басшылардың бірі болды; * 1919 жылы — Петоград, кейін Киев бекіністі аудандарының коменданты; * (1920 - 1922) жылдары — РК(б)П ОК-нің Түркістан Бюросының мүшесі, Бүкіл ресей төтенше комиссиясының (ВЧК) Түркістандағы өкілетті уәкілі; * 1923 жылдан — Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) коллегия мүшесі; * (1930 - 1934) жылдары БК(б)П Мәскеу басқылау комитетінің председательі. 1928 жылы ескі большевиктердің Бүкілодақтық қоғамына кірген кезде жасалған өмірбаянында Питерс өзінің фермердің ұлы екенін, сегіз жасынан бастап көрші фермалардан азық-түлік пен мал бағуды іздеуі керек екенін, ал он төрт жасынан бастап фермерлермен бірге көрші жер иесінен жалдау бойынша жұмыс істей бастағанын көрсетті. Алайда, 1917 жылы Питерс американдық журналист Бесси Биттимен сөйлескенде «сұр Баронның» ұлы екенін айтты (Балтық жағалауында бай шаруа қожалықтары осылай аталған) және оның әкесі жалдамалы жұмысшылар болған. 1904 жылы Либаваға көшіп, Латвия социал-демократиялық жұмысшы партиясына қосылды. 1905-1907 жылдардағы революция кезінде сауалнамаға сәйкес шаруалар мен фермерлер арасында үгіт жүргізді. 1907 жылы наурызда қамауға алынды. Ереуіл кезінде зауыт директорының өміріне қастандық жасады деп айыпталды, бірақ 1908 жылдың аяғында оны Рига әскери соты ақтады. ### Эмиграцияда (1909-1917) 1909 жылы ол Гамбургке қоныс аударды, содан кейін бір жылдан кейін Лондонға көшті. Лондонда өзін тапқан орыс коммунистерін жабдықтауға көмектескен Федор Ротштейн патша үкіметінің қуғын-сүргінінен қашып, бір тиын ақшасыз болған Питерспен «араласу» керек екенін есіне алды, ағылшын тілінде бір сөз білмеді. Ол латыш өлкесінің Лондон Социал-демократия тобының (SDLC), Британдық Социалистік партияның және латыш Коммунистік клубының мүшесі болды. 1910 жылы 23 желтоқсанда Лондон полициясы 16-17 желтоқсанға қараған түні Houndsditch тонау әрекеті кезінде полицейлерді өлтіруге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Питерс қарақшыларды оның немере ағасы Фриц Сварс басқарды деп мәлімдеді (Fritz Swars), бірақ Питерстің өзі ешкімді өлтірген жоқ. Көп ұзамай, 1911 жылы 3 қаңтарда әйгілі «Сидней көшесін қоршау» болды, онда бірнеше латвиялық террористер күні бойы полициядан атылды. Лаңкестердің ошағы тек әскери бөлімдердің қатысуымен жойылды; сол кездегі ішкі істер министрі Уинстон Черчилль сол жердегі операцияны басқарды. Әдетте анархистік топтың қолбасшысы Петр Пятковпен Петр-«суретші» (ағылш. Peter the Painter), қамауға алынды, 5 ай түрмеде отырды, содан кейін 1911 жылы мамырда сот дәлелдемелердің жоқтығы үшін ақталды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол Уинстон Черчилльдің немере ағасы Клэр Шериданмен кездесті. Алайда, «кештердің бірінде Клэр Яковтың тағы бір саяси пікірталасқа деген қызығушылығын кенеттен жоғалтқанын байқады, ал оның себебі Клэрдің досы болды — Лондон банкирінің қызы өте жас, тыныш Мамыр». Британдық банкир Мэйзи Фриманның қызына үйленді. 1914 жылы Питерстің қызы Мэй дүниеге келді. Ақпан төңкерісіне дейін Питерс ірі ағылшын сауда компаниясының импорт бөлімінің басқарушысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чичерин бастаған социалистік топтар комитетінің мүшесі болды. ### 1917 жылғы Революция 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ол Мурманск арқылы Петроградқа келді. Ригада жұмыс істеді, SDLK ОК мүшесі және SDLK ОК РСДРП(б) өкілі болды. Солтүстік майдандағы әскери бөлімдер арасында жұмыс жүргізді, 1917 жылғы тамыз-қазан айларында 12-ші армия ВРК мүшесі болды. Қаланы немістер басып алғаннан кейін Ригадан кетуге мәжбүр болды және әскерлермен бірге шегініп, Вольмарда тоқтады, онда ол «цина» газетінің редакторларының бірі ретінде жұмыс істеді. Содан кейін ол Лифляндия губерниясының шаруаларынан Александр Керенский шақырған Демократиялық жиналысқа өкіл ретінде жіберілді. 1917 жылдың қазан күндері — Петроград ВРК мүшесі, кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінің делегаты, ВЦИК мүшесі. Әскери бөлімдерді қарулы көтеріліске дайындады. ### ВЧК-ГПУ-дағы жұмыс Қазан төңкерісінен кейін-алқа мүшесі және төрағаның көмекшісі (негізінен орынбасары) және төтенше комиссияның қазынашысы. 1918 жылдың сәуірінен бастап-партиялық ұйымның бірінші хатшысы. Оның есімімен «латыш тұлғасының» бейнесін қалыптастыру байланыстырылған: «пролетарлық қырғын» ведомствосындағы екінші тұлға Я.Х. Питерс болды, ол Балтық жағалауындағы социал-демократиялық школутын қиын мектептен өткен жолдастары мен жерлестерін чекистер қатарына кеңінен тартты 1905-1907 жылдардағы жауынгерлік жасақтарға қатысу және қастандық жасау тәжірибесі бар болатын. Локкарттың қастандығын ашуға қатысып, 1918 жылғы солшыл көтерілісті жоюға жетекшілік етті. 1918 жылы 6 шілдеде Мирбахты өлтіру Дзержинскийдің өзі қол қойған құжаттармен жасалғандықтан, Феликс Эдмундович уақытша ВЧК төрағасы қызметінен алынып тасталды, ал оның орнын тек коммунистерден жаңа ведомство алқасын құрған Яков Питерс алды. 22 тамызда (Дзержинский оралғаннан кейін) Петер оның орынбасары болып бекітілді. В.И. Ленинге қастандық жасаған Ф.Е. Капланның дел бойынша тергеу жүргізді. Оның тікелей мойындауына қарамастан, ол іс жүргізуге асықпады, қастандықтың себептерін де, ықтимал серіктестерін де анықтауға тырысты. Мәскеу мен Қазанда Б.В. Савинковтың «Отан мен бостандықты қорғау Одағын» таратуды басқарды. 1919 жылы 9 қаңтарда Я. Питерс ВЧК Президиумының отырысына қатыса отырып (одан басқа М.И. Лацис, И. К. Ксенофонтов және хатшы Мурнек) қаулы шығарды: «ВЧК — ның бұрынғы императорлық соттың адамдарына үкімі ОСК-ға хабарлау арқылы бекітілсін». Осы Жарлық бойынша Петроградта ұлы герцогтар Николай Михайлович, Георгий Михайлович, Павел Александрович және Дмитрий Константинович атылды. Ол Мәскеу ревтрибуналында жұмыс істеді, 1918 жылдан бастап — кезек-кезек отыратын оның үш Төрағасының бірі болды. 1919 жылы наурызда ВЧК төрағасының орынбасары болып оның орнына И. Ксенофонтов келді, ал Питерс сол айда Петроградқа жіберілді, онда ол ішкі қорғаныс бастығы, содан кейін бекіністі ауданның коменданты болып тағайындалды. 1919 жылы 11 маусымда Я. Питерс «Петроградты тексеру бойынша нұсқаулық» әзірлеп, аудандарға жіберді. Аталған құжатқа сәйкес, әрбір аудан барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды бас тексеру жүргізілген учаскелерге бөлінді. Бұл іс-шаралардың негізгі міндеті қару табу болды. Аңшылық мылтықтардың иелерін қоспағанда, өздерімен бірге тиісті рұқсатсыз атыс қаруы бар барлық адамдар; қашқындар; қандай да бір тіркеуді алмаған азаматтар; тұруға мүлдем рұқсаты жоқ адамдар тінту кезінде ұсталуға тиіс болды; барлық бұрынғы полиция шендері қоршауға алынғанға дейін және барлық бұрынғы жандарм офицерлері мен КЕҰ. 14 маусымда барлық күдікті орындар мен аудандардың ғимараттарын, барлық діни ғибадатханаларды, қоңырауларды, шатырларды, жертөлелерді, сарайларды, қоймалар мен алаңдарды мұқият тексеруді бастау туралы бұйрық берілді. 1919 жылы шілдеде Солтүстік корпустың ақ әскерлері (кейіннен Солтүстік-Батыс армиясы) Петроградтан шегініп, Петроградтың ішкі қорғаныс бастығының Питерс басқарған кеңсесі 7-ші армияның РВС Қаулысымен жойылып, оның орнына Петроград бекіністі ауданы бастығының кеңсесі құрылды. Питерс бекіністі ауданның коменданты және қорғаныс комитетінің мүшесі болды. 1919 жылы тамызда Питерс Киев бекіністі ауданының коменданты және гарнизон бастығы болып тағайындалды. Осы уақытта қаланың өзі Ресейдің оңтүстігінде Деникин мен Петлюра әскерлерінің басшылығымен ақ армияның бөлімдерін әр түрлі жағынан басып алды. Орыс эмиграциясының қоғам қайраткері, заңгер және жазушы Алексей Александрович Голденвейзер өзінің «Киев естеліктерінен» естеліктерінде мыналарды атап өтті: Әскери тұрғыдан ештеңені өзгерте алмай, Питерс пен Лацис ішкі жауға қарсы ойнай бастады < утром> бір күні таңертең газеттер шексіз ұзын, екі баған, атылғандар тізімімен шықты. Олардың саны 127 адам болған сияқты; атыс мотиві Кеңес өкіметіне деген дұшпандық пен еріктілерге жанашырлық танытты. Шындығында, кейінірек белгілі болғандай, Питерс күшейткен Төтенше жағдайлар алқасы жаппай атуды шешті және тұтқындардың тізімінен кем дегенде компаға келуге болатын барлық адамдарды таңдады <...> атылғандардың нақты саны газеттерде көрсетілген тізіммен шектелмеді. Большевиктер кетер алдындағы соңғы күні Чекке ешқандай есеп пен бақылаусыз атылды. Киев құлағаннан кейін Питерс — Туладағы әскери кеңестің мүшесі. 1919-1920 жылдардың қысында Мәскеуде темір жолдарда соғыс жағдайын жүргізу бойынша СТО Арнайы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1920 жылы қаңтарда-Солтүстік Кавказдағы Чека-ның жарты атағы, Солтүстік Кавказ теміржолының комиссары. ### Түркістанда 1920-1922 жылдары — РКП(б) ОК Түркістан бюросының мүшесі, Түркістандағы ТЧК өкілетті өкілі және Ташкент ЧК бастығы болды. Дутов, Анненков, Энвер пашаның большевиктерге қарсы құрылымдарына қарсы операцияларды басқарды. 1921 жылы мамырда Ташкентте Лондон бойынша таныс Ф.А. Ротштейнмен кездесті, ол Персияда жарты атақ болып тағайындалды және чекистердің Қарулы отрядымен бірге оны Персияға ертіп барды. 1921 жылдың жазында Питерстің бұйрығымен профессор П.П Ситковский және Ситковский клиникасының барлық дәрігерлері зиянкестік айыптары бойынша қамауға алынып, түрмеге жабылды. Питерс сотты индикативті ету туралы шешім қабылдады және өзі бұл процесте қоғамдық айыптаушы ретінде сөйледі. Лениннің 1921 жылғы 13 қыркүйектегі А. А. Джоффқа жазған хатында М.П. Томский және А.Г. Правдинмен бірге орыс шовинизміне бет бұрды деп айыпталған — бұл Питерсті Түркістаннан Мәскеуге қайтарып алуға себеп болған сияқты. ### Мәскеуде 1922 жылы ақпанда Питерс Мәскеуге шақырылып, 1922 жылы 2 маусымда құрылған ГПУ Шығыс бөлімінің алқа мүшесі және бастығы болып тағайындалды. Жаңа бөлім Кавказда, Түркістан, башқұрт, татар және Қырым Автономиялық республикаларында, Бұхара және Хорезм Халық республикаларында чекистердің жұмысын біріктірді. Жаңа бөлімге Шығыс елдерінен ИНО ГПУ-ОГПУ-ның корордональды бөлігінің материалдарын әзірлеу жүктелді, ИНО үшін Шығыс бөлімінің жедел міндеттерін орындау міндетті болды. Шығыс бөліміндегі бөлімдерді Питерстің орынбасары Владимир Стирне, Федор Эйхманс және Михаил Казас басқарды. Шығыс бөлімінде жұмыс істеген Питерс 1925 жылы ОГПУ Шекара әскерлерінің бас инспекторы болды. 1927 жылы желтоқсанда ВЧК-нің 10 жылдығына орай ол Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1929 жылдың соңында Питерс КСРО Ғылым Академиясы мекемелерінің қызметкерлерін тазарту жөніндегі комиссияны басқарды. 259 академик пен корреспондент мүшелердің 71-і, негізінен гуманитарлық ғалымдар қуылды. Олардың көпшілігі «академиялық іс» деп аталатын қамауға алынды. Бір жылдан астам уақыт бойы бұл іс бойынша тергеу жүргізілді. 70 жастағы академик С. Ф. Платонов пен оның серіктестері ОГПУ Кеңес өкіметін құлату, Уақытша үкімет құру, содан кейін Ресейдегі монархияны қалпына келтіру ниеті үшін айыпталды. 1929 жылы 31 қазанда Я.Х. Питерс алқа мүшесі және ОГПУ Шығыс бөлімінің бастығы қызметінен босатылды. Оның өмірбаянының чекистік кезеңі ресми түрде аяқталды, дегенмен Питерс бақылау органдарында жұмысын жалғастырды. 1930-1934 жылдары-ВКП(б) Мәскеу бақылау комиссиясының төрағасы. 1923-1934 жылдары — БКП(б) Орталық бақылау комиссиясының мүшесі, 1927-1934 жылдары-Орталық бақылау комиссиясы төралқасының мүшелігіне кандидат және оның Төралқасының қабылданған мүшесі. 1934 жылдан-БКП(б) ОК жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, партиялық бақылау комиссиясы Бюросының мүшесі. 1937 жылы 27 қарашада контрреволюциялық ұйымға қатысты деген айыппен қамауға алынды. 1938 жылы 25 сәуірде Коммунарка полигонында атылды, содан кейін чекистердің жарияланған фотосуреттерінен алынып тасталды. 1956 жылы 3 наурызда КСРО ҚК ақталды. ## Отбасы * Әкесі — Христофор Питерс (латыш. Kristofer Peters) (өмір жылдары белгісіз). * Бірінші әйелі — Мэй (Мэйси) Фриман (ағылш. Maisie Freeman) (1914-1971), Лондон банкирінің қызы. * Қызы — Мэйси Питерс-Фриман (1914 -?), Яков Питерс Чека басшысының орынбасары болғаннан кейін, ол әйелі мен қызын Кеңестік Ресейге келуге шақырды. 1928 жылы келген олар оның жаңа отбасы бар екенін анықтады. Мэйсидің қызы ешқашан Англияға орала алмады. * Екінші әйелі — Антонина Захаровна Питерс (1896-1986), Бүркіт қаласында дүниеге келген; орыс. 19.06.1938 ж. КСРО НКВД жанынан ТЖД ретінде сотталды, Қарлагтың Ақмола ЛЖ-8 ИТЛ-ге 8 жыл. Босатылған 12.04.1946. * Ұлы — Игорь Питерс, Юрий Трифонов пен Лев Федотовтың серігі. Ата-анасы қамауға алынғаннан кейін ол лагерьде болды, содан кейін ол туберкулезден қайтыс болды. Анатолий Аграновский Игорь Питерс НКВД-ның құпия агенті болды деп мәлімдеді. ## Шығармалары * Петерс Я. О чистке советского аппарата. — М.: Московский рабочий, 1929. * Петерс Я. Чистка соваппарата и контроль масс. — М.: ГИЗ, 1930. * Петерс Я. Отчетный доклад о работе МКК ВКП(б). — М.: Партиздат, 1934. * Петерс Я. Воспоминания о работе в ВЧК в первый год революции // Пролетарская революция. — 1924. — № 10 (33). — С. 5—32. // Составители: В. Гончаров, А. Кокурин. Гвардейцы Октября. Роль коренных народов стран Балтии в установлении и укреплени большевистского строя. — Москва: Индрик, 2009. — С. 373—381. — 492 с. — 1000 экз. — ISBN 978-5-91674-014-1. ## Кинофильмдер * Эдуард Павулс («Заговор послов», 1965) * Олег Мокшанцев («Шестое июля», 1968) * Гирт Яковлев («Петерс», 1972) * Пеэтер Урбла («20 декабря», 1981) * Владимир Семионичев («Бой на перекрёстке», 1982) * Богдан Коминовский («Рейли: король шпионов[en]», 1983) * Артём Каминский («Маска и душа», 2002) ## Марапаттары Яков Христофорович Петерс Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Яков Христофорович Петерс Мұрағатталған 15 сәуірдің 2016 жылы. * ZURKA DUBOF, JACOB PETERS, JOHN ROSEN, NINA VASSILEVA, Killing > murder, Theft > theft from a specified place, 25 сәуір 1911. * Виктор Тополянский. Чекист № 2 Мұрағатталған 21 желтоқсанның 2014 жылы. * Петерсоммен әңгіме. Мәскеу таңы, 1918, № 81 ## Әдебиет * Штейнберг В. А. Екаб Петерс: (латышский чекист). — М.: Политиздат, 1989. — 208 с. — (Герои Советской Родины). — 200 000 экз. — ISBN 5-250-00439-3. * Штейнберг В. «Он одолел самых опытных…» // Наука и жизнь : журнал. — 1989. — № 6. — С. 67-72.
Дальверзинтепе - Өзбекстанның оңтүстігіндегі ескі қала орны. Дальверзинтепе 3-4 ғасырларда Кушан патшалығының орт алығы, саудасы мен өнеркәсібі дамыған ірі қалаларының бірі болған. қала орнын 1967 жылдан Өзбекстанның өнертану экпедициясы (жетекшісі Г.А. Пугаченкова) зерттеген. Қала үш бөліктен - доғал келген цитадель, тік бұрыштышахристан және қосымша қала аймағынан тұрады. қазба жұмыстары барысында қолөнершілер мен көзешілердің жұмыс орындары табылған. Қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көрсететін үй орны аршылды. 1972 ж. алтын көмбеден табылған білезік, сырға, алқа, т.б. заттар сол заманғы зергерлердің талғамы жоғарылығын көрсетеді. Ал үй қабырғаларындағы бейнелер ежелгі грек өнері ықпалын білдірумен қатар сақ-сармат халықтарына тән "аңдар стилінің" нышаның аңғартады. Соның ішінде көне үнді жазуы сақталуының ерекше маңызы бар. Үндістанмен байланысты аңғартатын екі будда ғибадатханасы (3-4 ғ-лар) зерттелді. Оның бірі қаланың орталығына орналасқан. Онда будда бейнесінде бірнеше мүсіндер гипстен, саздан жасалып, түрлі түске боялған. 6-7 ғ-ларда астананың Бедрач қаласынан ауысуына байланысты Дальверзинтепе бірте-бірте қирай бастады. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Даур жотасы (орыс. Дау́рский хребе́т; бурятша: Дагуур дабаан) — Ресейдің (Чита облысы) Байкал сыртының орталық бөлігіндегі жота. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыскқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. жота Джила өзенінің жоғарғы бастауынан Ульдуруг өзенінің құйылысына дейінгі аралықты алып жатыр. Абсолютті биіктігі 1526 м. Геологиялық құрылымдары герцин қатпарлығының нәтижесінде пайда болған гранит және кристалл тақтатастарынан түзілген. Жота климаты тым континентті. Қаңтар айындағы орташа температура - 23-32°С, шілдеде 15-19°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 250-400 мм. Даур жотасы аумағынжа көп жылдық тоң жатыр. Беткейі мен баурайында қарағай мен майқарағай орманы өседі. ## Дереккөздер
Кәкімжанов Зейнолла Қалидоллаұлы (15 тамыз 1959, Шар) — «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы. ## Өмірбаяны 1959 жылы 15 тамызда Семей облысы Шар қаласы туған. 1985 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген, экономист-кибернетик. Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). «Еуразия» ХЭА академигі (1997). * 1976 ж. - Семей азаматтық құрылымдар дистанциясында ағаш шебері-станокшы. * 1977ж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. * 1979-1980 жж. - М.В. Ломоносов атындағы ММУ дайындық бөлімінің тыңдаушысы. * 1985-1987 жж. - ҚазКСР Мем. жоспар жанындағы ҒЗЭИ экономисі, кіші ғылыми қызметкері. * 1987-1991 жж. - КСРО ҒА Экономика және ғылыми-техникалық прогресті болжау институтының аспиранты. * 1991 ж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗЭИ аға ғылыми қызметкері. * 1991-1992 жж. - ҚазКСР Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультативтік орталығының кеңесшісі. * 1992-1993 жж. - «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасы» АҚ вице-президенті, «КИНКО» компаниясының бас директоры. * 1993-1994 жж. - Қазақстан банкаралық валюталық биржаның бас директоры, «Жана ұрпақ» ИЖҚ басқарушысы. * 1994-1997 жж. - «Қазақстанның акционерлік халықтық жинақ банкі» АОЗТ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы. * 1997 ж. - ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасының орынбасары. * 1997-1998 жж. - ҚР Президентінің көмекшісі - Орнықты даму жөніндегі ұлттық кеңес төрағасының орынбасары. * 1998-1999 жж. - «НСБК-групп» ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы» ЖАҚ төрағасы. * 1999-2002 жж. - ҚР мемлекеттік кіріс министрі. * 2002 ж. - ҚР МКМ Кеден комитетінің төрағасы міндетін атқарушы. * 2002-2003 жж. - ҚР қаржы министрі. * 2003 жылдан - «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы. ## Дереккөздер
Есенов Өтеу (23.9.1932 ж.т., Жаңақала ауданы, Казарма селосы) — Қазақ КСР-на еңбек сіңірген құрылысшы (1981), КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1979). Казарма орта мектебін (1951), Қазақ мемл. а. ш. институтын (1956) бітірген. Алматы облысындағы учаскелік инженер-техник, Қазақ КСР су ш. мин-гінде аға инженер (1956-60), Атырау облысы су ш. басқармасының (1961), Батыс Қазақстан өлкелік су ш. және суландыру жүйесі басқармасының (1964) бастығы, «Алма-атаводстрой» тресінің басқарушысы (1965), Қазақ КСР мелиорация және су ш. министрінің орынбасары (1968), «Ертіс-Қарағанды» каналы құрылысы басқармасының (1972), «Каз-главселезащита» бас басқармасының бастығы (1977), «Главриссовхозстрой» басқармасы бастығының орьшбасары, бастығы (1982-87), респ. «Казоргтех-возстрой» тресінің басқарушысы (1987-95) қызметтерін атқарды. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жаңақала аудның қүрметті азаматы (1990).Қазір Алматыда тұрады. ## Дереккөздер
Қажымұқан Жамалов(4.5.1935 ж.т., Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майбұлақ ауылы) – технология ғылымдарының докторы (1999), професор (2001). Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шымкент мемлекеттік педагогикалық иннститутын (1961), Өзбекстан ғылым академиясының аспирантурасын (1964) бітірген. 1972 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмыстарының бағыты жазық рельефті гелиоқондырғылардың жылу және энергетика сипаттамаларын зерттеуге арналған. Жаңа ғылыми практикалық нәтижелері ауыл шаруашылығына енгізілген. 60-тан аса ғыл. еңбегі бар. ## Дереккөздер
Бинеш Оразұлы Жарбосынов (13.05.1932, Атырау - 25.06.1996, Алматы) - ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1985), профессор (1986). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1986). ## Қысқаша өмірбаяны * 1955 - Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. * 1955 — 59 ж. - Атырау, Ақтөбе қалаларында уролог-дәрігер. * 1959 — 62 ж. - Ақтөбе медицина институтында (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) жалпы және факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті; * 1962 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық медицина университетінде аспирант, урология кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі болды. * 1990 - Бинеш Оразұлы Жарбосыновтың басшылығымен Алматы қаласында Урология ғылыми орталық ашылды. Ол — осы орталықтың тұңғыш директоры болды. ## Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері урология мәселелеріне арналған. Бинеш Оразұлы Жарбосынов Қазақстанда ер адамның жыныс органдарының аурулары: қосалқы жыныс безі аденомасы, жыныс безінің қабынуы, варикоцеле (сол жақ ен сағағы венасының кеңеюі) мен крипторхизм (еннің ұмаға түспеуі) салдарынан ер адамның белсіз қалуы (еркек бедеулігі) белгілерін анықтап, оларды хирургиялық жолмен емдеу әдістерін ұсынды. Бинеш Оразұлы Жарбосынов Қазақстан урологтарының 1-съезі (1991) мен 2-конгресін (1995) ұйымдастырып, 4 халықаралық симпозиум өткізді. Ол Қазақстан урологтары ассоциациясының төрағасы, Денсаулық сақтау министірлігінің бас урологі болған. “Парасат” орденімен марапатталған. Алматыдағы Урология ғылыми орталығы оның есімімен аталады. Осы орталықта Бинеш Оразұлы Жарбосыновқа орнатылған ескерткіш-бюст және мұражай бөлмесі бар. Шығармалары: * Чреспузырная аденомэктомия, А.-А., 1975; * Жақсы сөз — дертке шипа, А., 1977; * Мужское бесплодие, А.-А., 1988; * Бүйрек аурулары, А., 1992. ## Дереккөздер
Сиыршы — Жалайыр тайпасының cырманақ тармағынан тарайтын ру. Орыс географы қоғамының Н.А. Абрамов басқарған зерттеушілері жинаған мәліметтерінде 1864 жылы С-дан тараған сырымбет, бәйімбет аталары 800 түтін болған. Қыстаулары — Жалғызағаш пен Лаба тауы, жайлауы Ешкіөлместе — Қызылжора сайы, Қараталдың оң жағы. Сиыршының ұраны мен таңбасы жалайырмен бірдей. ## Тұлғалар * Бақтыбай Жолбарысұлы * Ескелді би Жылгелдіұлы ## Сыртқы сілтемелер
Жәтіков Темкен Мұқашұлы (18.7.1932 жылы туған, Павлодар облысы Аққулы ауданы Төсағаш ауылы) — ғалым, геология-минералдық ғылымының докторы (1988). 1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1955 — 1970 жылдары Шығыс Қазақстан геология басқармасының экспедицияларында геолог, партия бастығы, аудандық аға геолог қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Геология ғылымдар институты Алтай бөлімінің меңгерушісі, институттың жетекші ғылыми қызметкері, асыл металдар лабороторяның меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері колчедан-полиметалл және алтын кен орындарының жер қыртысында орналасу заңдылықтарын зерттеуге, олардың қорын болжаудың геологиялық негіздерін жасауға арналған. Қазақстандағы алтын кен орындарын жіктеп, кентас орналасатын құрылымдарды анықтады. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1996). “Еңбек даңқы” медалімен марапатталған (1970). ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы ## Дереккөздер
Закириянов Қалит (1932-2004), ұстаз, қоғам қайраткері, тарих ғылым кандидаты. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген(1955). 1955-1992 жылы жауапты комсомол, партия қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің инспекторы, Жезқазған облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚазКСР-нін Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы болып істеді. 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Ақышев Төкіш (Төлепберлі) (1.9.1932 жылы, Қарағанды облысы Ақтоғай ауылы – 25.6.1999 жылы, Алматы) – ғалым, Қазақстанда геофизика саласын ұйымдастырушы. ## Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққан. Үш мәрте “Кен орнын алғаш ашушы”. Геологиялық - минералдық ғылым докторы (1990 жылы), професор (1990 жылы). Жер қойнауын барлаудың үздігі. Қарағанды мемлекет мұғалімдер институтын (1951 жылы), Қазақ тау - кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1957 жылы) бітірген. 1951 – 52 жылдары Ақтоғай орта мектебінде мұғалім. 1957 – 70 жылдары Орталық Қазақстандағы Ақадыр геофизикалық экспедициясында оператор, геофизик, аға геофизик, кешенді далалық партиясының басшысы, экспедиция бастығы болды. 1970 – 81 жылдары Алматы облысы Іле геофизикалық экспедициясын басқарып, “Мамыр” қалашығын салдырды. 1981– 87 жылдары “Қазгеофизика” геологиялық өндірістік бірлестігінің бастығы, 1987 – 91 жылдары КСРО геологиялық минералдық Каспий аймақтық өндіріс бірлестігінің бастығы, 1992 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазҰТУ геофизика кафедрасының меңгерушісі болды. Ақышевтың негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геофизика саласына арналған. Ғалымның тікелей қатысуымен көптеген ірі кен орындары: Ұзынжал (қорғасын, мырыш), Көктенкөл (молибден, вольфрам), Құмадыр (қорғасын, күміс, алтын), Қосағалы мен Тұяқ (темір), Қызылтас (мыс), Жүнді (қорғасын, күміс), Шу - Сарысу (газ), т.б. ашылды. Каспий ойпатынан 2000-ға жуық мұнай мен газ көздері құрылымдарының орны анықталып, бұрғылауға дайындалды. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын барлау жұмыстарына қосқан үлесі үшін Ақышевқа КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы (1989 жылы), 1968 – 83 жылдары Қазақстанның металлогениясы мен басты тау - кен аймақтарын кешенді зерттеудегі ғылыми еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1985 жылы) берілді. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 8 монографияның, 11 геологиялық картаның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның “Алтын кітабына” енген. ## Сілтемелер * Ақтоғай * Көктенкөл * Қарашығанақ ## Дереккөздер
Қабиев Одақ (20. 05. 1932 жылы туғын, Орал облысы, Қаратөбе aуданы, Құскөл к-зы — 09.03.1987) - фармаколог, мед. ғыл, докторы (1968), профессор (1970). 1961 жылдан КОКП мүшесi. Алматы мед. институтын бiтiрдi (1954). Осы институттың аспиранты (1954 — 1957), фармакология кафедрасының ассистентi (1957-1961). 1961 жылдан Қазақтың онкология және радиология ғыл.–зерт. институтының эксперименттiк бөлiмiнiң меңгерушiсi. 1973 жылдан осы институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары. Қабиев — 1 монография және 75 ғылми еңбентiң авторы. Денсаулық сақтау мин-лiгiнiң ғьлми кенес бастығының орынбасары, респ. фармакология және фармация комиссиясының бастығы, онкологтар қоғамының бас секретары. ## Дереккөздер
Маржан Енбаева (1924 жылы Индер ауданы Есбол селосына қарасты «Толыбай» құмы – 16 маусым 2015 жыл Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылы) — Социалистік Еңбек Ері. 1950-ші жылдары жазылып, талай ән кештерінде шырқалған танымал «Маржан қыз» әнінің кейіпкері. Маржан қыз Ағасы Шалабай екеуі әкесі Енбайға жылқы бағысты. Кейін 1944 жылы 19 жастағы Шалабай соғысқа аттанды. Жылқы бағудың барлық мехнаты енді қаршадай қыз бен әкесіне түсті. «Әкемді жүнжітіп жібергені жылқының жайы емес, жалғыз ұлының соғыста хабар-ошарсыз кеткені болды. Көзі жұмылғанша «Шалабайым келіп қалар» деп елеңдеумен есікке қарап жатты. Ағатайымнан қара қағаз келмеген соң мен де үмітімді жоймадым. Бірақ Шалабай сол кеткеннен оралмады», - деген еді Маржан әжей өткен күндерді еске алып. Зейнеткерлік жасқа дейін жылқы баққан Маржан Енбаеваның бағымына 1942-1946 жылдар аралығында 237 құлын сеніп тапсырылған болатын. Еңбегі еленіп, оған 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол кезде Маржан небәрі 24 жаста еді. М.Енбаеваның ерлігі елді елең еткізбей қоймады. Оның даңқы республикаға жайылып, бірқатар басылымдардың бас кейіпкері болды. Жылқышы қыз ақындардың да шабытын оятты. Белгілі сатирик ақын Садықбек Адамбеков Маржанды өлеңіне арқау етіп «Маржан қыз» өлеңін жазып, оған танымал композитор Әбілахат Еспаев ән жазды. Сөйтіп бұл ән өткен ғасырдың елуінші жылдарында жұртшылықтың сүйікті әніне айналып еді.Елтай ауылындағы өзі тұрған көшеге есімі берілген. ## Дереккөздер
Лышан алып буддасы (ағылшынша: Leshan Giant Buddha, қытайша: Lèshān Dàfó}}) — Қытай Халық Республикасының Сычуан өлкесінің Лышан қаласына қарасты Ымишан тауының шығыс баурайында, Минжяң, Дадухы және Чиң-ижяң сынды үш өзеннің құйғанына қасқая қарап тұрған, Линйүншан тауының тау жолын сағалай таудан шауып, тастан қашап жасалған айбынды мүсін. Ол мыңдаған жылдардың жауын-шашынын бастан кешірсе де, күні бүгінге дейін буырқанып аққан Минжяң өзені жағасында бәз-баяғысынша мызғымай тұр. Ол әлемдегі ең үлкен Будда мүсіні есептеледі. Бетін батысқа беріп отырған, әлпеті салауатты, тұтас биіктігі 71 м келген осынау Бұдда, Таң дәуіріндегі құз жартастан ойылған мүсіндер ішіндегі өнер туындыларының бірегейі, Майтрея бұдданың дүние жүзіндегі тастан бәдізделген, отырған бейнедегі ең алып бұрханы. Алып бұдданың бас тұрқы 14,7 м, бетінің ені 10 м, иық кеңдігі 24 м, құлақ тұрқы 7 м, құлақ саңлауына екі адам тік тұрып сиып кете алатындай. Аяқ үстінің кеңдігі 8,5 м, аяғының үстіне жүзден аса адам сиып отыра алады. Бұрханның қашалуы нәзік те жатымды, сұлба сызықтары жарасымды, ұлы тұлғасының салыстырмасы ершімді, кескіні айбатты келіп, толысқан Таң мәдениетінің салиқалы да салтанатты үлгісі байқалып тұр. Жұрт осынау дүниедегі құз жартастан ойылған мүсінді көргенде, “Бұдданың өзі бір тау, таудың өзі бір Бұдда екен” -деп қайран қалмайтындары жоқ. ## Тарихы Лышан алып буддасы, әсілі Майтрея буддасы (Maitreya — Буддизм Дхяна мазһабының бодһисаттвасы, “Мейір иесі” деген мағынада) еді. Қытай Таң дәуірінде Майтреяға табынған. Әсіресе әйел патша — У Зытянның күштеп дәріптеуі арқасында, бүкіл елде Майтрея мүсінін қашау кең өрістеп жүре берген. Сондықтан, Монах Хайтұң Лышан алып буддасын қашайтын кезде Майтрея бұддасы таңдап алынды. Оның үстіне ол нұр мен сағадат жаудыратын болашақ бұддасы саналатын. Оның бұл сипаты су апатын жойып, өзенді сабасына түсіру тілегіне сай келе кеткен. Лышан Алып буддасы, Таң Шуанзұңның Кайюан жылнамасының бастапқы жылы (713 жылы) қашалған. Сол тұста Минжяң, Дадухы, Чың-ижяң сынды үш өзен осы арада тоғысып, өркештеген ағын Лин-йүншан тауының етегіне ұрылып жататын. Тасқын мезгілінде су онан әрі буырқанып, ары-бері өткен кемелерді жартасқа ұрып быт-шыт ететін. Лин-йүнцы бұдда храмының діни аты Хайтұң деп аталатын бір монағы судың сұсын көріп қатты алаңдап, алып будда жасап, Будданың құдіретімен асау тасқынды шаужайлау қиялына тізгін береді. Алып бұдда б.з. 803 жылы, яғни 90 жыл дегенде қашалып бітеді. ## Сипаты Лышан Алып бұддасының басы тау төбесінде, ал аяғы өзенді басып, екі қолын тізесіне қойған. Алып бұдданың дене тұрқы сымбатты, сұсты келбетпен өзенге төніп отыр. Оның мүсінделу үлгісі қою Қытайлық түс алған. Лышан Алып бұддасының тұтас тұлғасы фәнилік емес, басындағы айдары, кең иығы, биік те ұзын қасы, кең танауы … …бәр- бәрі бұддизм номдарының өлшеміне сай бәдізделген. Үнді бұрхандарындағы “кең иық, қынай бел” онда атымен жоқ. Оның орнына шымыр кең иық пен керілген кеуде келген, Таң дәуірінің толықтық сымбатын қастерлейтін салты байқалып тұр. Лышан алып бұддасы екі аяғын салбыратып тік отыр. Бұл үнді бұрхандарының малдас құрып отыруымен ұқсамайды. Өйткені, ол судың сесін қайтару үшін қашалған. Мұндай салмақты, алаңсыз отырыс кемешілердің қатты ағын мен қатерлі қайраңды жеңуіне қайрат пен сенім бағыштайды. Алып бұдданың аса шеберлікпен әрі көзден таса жобаланған су сарқу жүйесі бар. Оның ширатпа айдары, жағасы, киім қатпары, қос білегі, көкірегі сияқты жерлердің бәрінде жасырын су ағарлары, құлағының арты, жаурын жақтарына түгел жасырын саңылау шығарылған. Осынау ағарлар мен саңлаулар су сарқу, дым бөлу, желдету рөлін атқарып, бұдданы шіріп жемірілуден сақтап тұр. Алып бұдданың екі жағындағы жартасқа әр қайсысының биіктігі 10 м келетін, қолына атпалы найза ұстаған, сауыт киген екі дхармапала жауынегері қашалып жасалған, неше жүздеген ойықтарға мыңдаған бұрхандар тастан бәдізделген, осының бәрі орасан ауқымды бұддизмге тән тас ойма өнер шоғырын қалыптастырған. Алып бұдданың сол жағындағы “бейіс түндігін” төменге түскенде, ұзындығы 500 м Лин-йүншан жақтаулы жолы бар. Ал оң қапталында 9 иінді ағаш жақтаулы жол жатыр. Алып бұдданың екі жағындағы жартас үгілмелі қызғылт тау жынысы. Лышан тауының үгілмелі қызғылт жартасының массасы бостау, гранит тасынан жұмсақ, мүсіншіліктің таптырмайтын материалы. Бірақ ойылған мүсін оңай жеміріліп, желге мүжіліп кетеді. Лышан тауындағы Алып бұдда осындай тау жынысынан жасалған. Әр патшалық оған жөндеу жүргізіп отырды. 1962 жылы Қытай үкіметі арнаулы қаржы босатып жалпы беттік жөндеу жасады, 1992 жылы Алып бұдданың басына түбегейлі жөндеу жасады. Сонымен бірге, оған ұласымды құрлығылар мен қызмет өтеу құрылымдарын толықтырды. ## Әлемдік мұралар қатарына енуі 1992 жылы желтоқсан айында Ымишан-Лышан Алып бұддасын Юнеско “Әлемдік мәдениет және табиғат мұрасы” деп бекітіп, «Дүние жүзілік мәдениет және табиғат мұрағаттары тізіміне” кіргізді. БҰҰ- ның мұратану мамандары, оны “Дүниедегі Сфинкс және Ніл аңғарындағы Перғауындар жылғасы сияқты әр қандай тас мүсіндермен сәулет таластыра алады.”- деп бағалады. Алып бұдданың оң жақ артында Таң дәуірінде жасалған Лин-йүнцы бұдда храмы тұр. Оны жай тілде Алып бұдда храмы дей салады. Храм ішінде Тәңрі сарайы, Махавира сарайы және Ном қоймасы қатарлы үш ғимарат шоғыры бар. Қазіргі Лин-йүнцы храмы, оның 1667 жылы қайта салынған тұлғасы. Бұдда храмының дәл орталық қақпасының маңдайшалығында ежелгі Қытайдың әйгілі қаламгері Су Дұңпоның “Лин-йүн Дхиана ауласы” деген арнау сөзі, оның екі босағалығы ретінде: -деп жазылған. Бұл босағалық сөз адамдардың Бұдизм тағлыматының салиқалылығына құрмет сезімін қозғаумен бірге, Лин-йүнцы храмының географиялық орнын да ескертеді. Оның үстіне бұл сөйлемге Алып бұдда деген сөз шеберлікпен қиыстырылған. Ном қоймасы бұрын буддизм номдарын сақтайтын орын болған. Оны 1930 жылы жаңадан салған. Оның құрылымы мен сырт тұрқынан таяузамандық сәулет үлгісі менмұндалап тұрады. Астынан “Дхармакария Хай құжырасы”ашылып, Алып бұдда жасатушы Хайтұң дхармакария мен оның ісін жалғаструшылардың тұтас дене мүсіні қойылған. Бұл оларды құрметтей жүруді келер ұрпаққа аманаттап тұрғандай. Лышан Алып бұддасының көрініс аумағы Ымишан көркем көріністі аумағының көлеміне кіреді. Ол мемлекеттік “4А дәрежелі” көрініс аумағы, алыс-жақынға аты әйгілі көркем көріністі саяхат өңірі. Бұрынғы қытайларда: “Өрде Ымиге табын, Ылдида Лин-йүнге табын.” -деген тәмсіл қалған. ## Саяхат қызметін өтеу Көктем мен күз Лышан саяхатының ең жақсы мерзімдері. Лышан Алып бұддасы мен Лин-йүншанды саяхаттаушылар Чыңдудан магистралдық автобусқа не саяхат автобусына мініп барады. Саяхатшылар Чыңдудың Шиннанмын(Саяхаттық көлік қатынас орталығы) Автовокзалынан магистралдық автобусқа мінсе, жол бойы жылдам тасжолмен жүріп, 2 сағаттан аса уақытта жетеді. Өз көлігімен баратын саяхатшылар Чыңду Йұңфың айқас көпірі арқылы Чың-я жылдам тасжолына түсуіне болады. Күнмиң жақтан келетін жолаушылардың пойызға мініп келуіне болады. Лышан кемежайының жолаушылар кемесі Чұңчиң, Ибин сияқты Чаңжяң жағалауындағы жерлерге төте қатынайды. Лышаннан Ымишанға дейін 30 ш, автобус та бар, сондықтан Лышанды, Алып бұдданы және Ымишанды бір ғана қатынас желісімен саяхаттауға да болады. ## Ерекше ас-сулар Лышан сулы өңір, сондықтан оның тағамдары да осы ерекшелікті өзіне сіңірген. Олардың ең әйгілілері Шиба бұршақ ірімшігі мен Минжяңның өзен балығы. Шиба бұршақ ірімшігі: Шиба Лышанның іргесіндегі Минжяң өзені бойындағы бір қалашық. Ол жердің суы тұнық әрі салқын болғандықтан, бұршақ ірімшігін жасауға бап келеді. Сөйтіп ол Сычуанның әйгілі тағамының біріне айналған. Саяхатышлар Лышан қаласындағы кез келген дәмханадан дәмді де жаңа Шиба бұршақ ірмшігінен дәм татуына болады. Үш өзен құйғанындағы кемежай маңында Шиба бұршақ ірімшігін бет-жүздік еткен дәмханалар тіпті көп. Бұл адәмханалар бұршақ ірімшігінен бір-бірінен мүлде басқаша жүзден артық, Қытай тағамдарының шоғырлы көрмесі деуге тұрарлықтай тағамдар шығарады. Минжяңның өзен балығы: Лышан қаласы сыртындағы Минжяң, Чиң-ийжяң, Дадухы өзендерінің суы таза, ежелден балығы тәтті болуымен даңқы шыққан. Соның ішінде тұмсықты саққұлақты тұщы су балықтарының таңдаулысы деуге болады. Тұмсықты саққұлақ қабыршықсыз, қылтаны аз, денесі нығыз, еті әрі семіз әрі дәмді келеді де, бу моншасымен пісіріп жеуге ең үйлесімді келеді. Тұмсықты саққұлақ көбінесе мемлекеттік қонақасылардың дастарқанынан орын алады. Ал жай саяхатшылар онан дәм татқысы келсе, әрі қалтасына сын (1кг/200 юаннан астам), әрі аузының салымына сын (балықшылар оны үнемі ұстай ала бермейді). ## Базарлықтар Лышан тауының Қытай медицинасындық дәрі-дәрмектері: Пісте, сайсағыз, таудаған, дужұң, жоса сияқтылар тұтас қытайға даңықты. Атақты шайларынан: Ышин, жуиечиң, Юн-уча сияқтылары “Хаңжоу Лұңжиң”, “Фужян Мынхұң”шайларымен үзеңгілес. Бұдан басқа: Ақ балауыз, тұмсықты саққұлақ (балық), архат бамбугінен жасалған аса таяқ, бамбуктен тоқылған қолөнер бұйымдары, “Жядиң торқасы”, Ыми күлшесі, қытайша суреткерлік қағаздары, Жяжяң бұршақ ірімшігі, сұң қаламы, тянма, апелсин сияқтлылар. ## Gallery * * * * * * * * ## Сыртқы сілтемелер * Лышан Алып Бұддасы Мұрағатталған 27 мамырдың 2015 жылы. * UNESCO * More information Мұрағатталған 3 наурыздың 2016 жылы. * Leshan Grand Buddha - Da Fo ## Дереккөздер
Қаскелең – Іле Алатауындағы асу. ## Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Қарасай ауданы) мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан. ## Жер бедері Биіктігі 3716 м. Іле Алатауының солтүстігіндегі Қаскелең өзенінің жоғарғы аңғарынан Қаскелең арқылы Шоң-Кемін өзенінің саласы Оңтүстік Қаскелеңнің бастауынан соқпақ жол өтеді. Асуда жыл бойы қар жатады. Тәңір тауын алғашқа зерттеуші П.П.Семенов-Тян-Шанский 1856 жылы осы асудан өткен. ## Дереккөздер
Баутин — Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ауыл, Баутин ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде, Каспий теңізі жағасында орналасқан. ## Тарихы 1849 жылы Николаевск станицасы ретінде құрылған. 1922 жылы Маңғыстау уезінің екінші партия конференциясының өкімімен А.Е.Баутиннің есімімен ауыстырылды. ## Халқы ## Өнеркәсібі Баутин Қазақстандағы ірі балық өнеркәсібі орталықтарының бірі. Мұнда балық және итбалық аулау базасы, балық консервілеу зауыты, кеме жөндеу кәсіпорны жұмыс істейді. Зауыттың балық консервілеу, балық ұнын дайындау цехтары, итбалық терісін өңдеу, балықты бұқтыру, қаңылтыр қалбырын жасау өндірістері бар. Көлік және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары жұмыс істейді. ## Транспорты Баутин тұрғындары облыс орталығы – Ақтау және Форт-Шевченко қалаларымен автомобиль жолы арқылы, Атырау, Астрахан қалаларымен теңіз жолы арқылы қатынасады. ## Инфраструктурасы Ауылда 1 мектеп- лицейі, 1 мектеп-гимназиясы /қазақша және орысша/, Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы, 2 балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 кітапхана, пошта бөлімшесі, 6 қонақ үй, кафе-бар, 26 сауда нүктесі, 2 шаштараз, 3 балаларға арналған ойын алаңы, телефон станциясы, су тұщытатын қондырғы орналасқан. Ауылда көптеген шетелдік, отандық компаниялар жұмыс жасайды. ## Көрікті орындары Баутин ауылы өзінің тарихи мұраларымен танымал. Мысалы төменгі және жоғарғы маяктар (1863 жыл), теңізагенттігі, «Меркурий» солтүстік–кавказ компаниясы (1887 жыл), А.Е.Баутинге қойылған ескерткіш (1927 жыл), Әліби Жангелдинге қойылған ескерткіш тақта (1978 жыл), балық шаруашылығын алғашқы ұйымдастырушы Дубский Захар Кузмичтің тұрған үйі (1913 жыл). ## Дереккөздер
Үлгі:Координациялық тізім Бокстан жартылай ауыр салмақта чемпион  — атақ, спортшы-боксшыларға беріледі. Қазіргі уақыттағы жартылай ауыр салмақтағы лимит 175 фунт (79,38 кг). Қазіргі уақыттағы кәсіби бокстағы беделді ұйым саналатындар: * Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (ВБА, WBA) (бұрыңғы NBA), 1921 жылы негізі қаланған, * Бүкіләлемдік бокс кеңесі (ВБС, WBC), 1963 жылы құрылған, * Халықаралық бокс федерациясы (МБС, IBF), 1983 жылы құрылған * Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ВБО, WBO), 1988 жылы құрылған. ## Атақ иегерлері ## Сілтемелер * BoxRec Мұрағатталған 8 мамырдың 2006 жылы. * Бокстан жартылай ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан жартылай ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан жартылай ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі ## Қайнары Үлгі:Координациялық тізім
Үлгі:Ақпараттық тізімБокстан 1-ші орташа салмақта чемпион  — атақ, спортшы-боксшыларға беріледі. Қазіргі уақытта атақты бере алатын ұйымдар * Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (ВБА, WBA) (бұрыңғы NBA), 1921 жылы негізі қаланған, * Бүкіләлемдік бокс кеңесі (ВБС, WBC), 1963 жылы құрылған, * Халықаралық бокс федерациясы (МБС, IBF), 1983 жылы құрылған * Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ВБО, WBO), 1988 жылы құрылған. Ұйымдар құрылғанға дейін абсолютті берілген. ## Сілтемелер * WBA ресми сайты * WBC ресми сайты * IBF ресми сайты * WBO ресми сайты
Үлгі:Координациялық тізім Бокстан орташа салмақта чемпион — атақ, спортшы-боксшыларға беріледі. Қазіргі уақыттағы орташа салмақтағы лимит 160 фунт (72,57 кг). Қазіргі уақытта атақты бере алатын ұйымдар * Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (ВБА, WBA) (бұрыңғы NBA), 1921 жылы негізі қаланған, * Бүкіләлемдік бокс кеңесі (ВБС, WBC), 1963 жылы құрылған, * Халықаралық бокс федерациясы (МБС, IBF), 1983 жылы құрылған * Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ВБО, WBO), 1988 жылы құрылған. ## Атақ иегерлері ## Қайнары ## Сілтемелер * BoxRec Мұрағатталған 8 мамырдың 2006 жылы. * Бокстан орташа салмақта WBC нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан орташа салмақта WBA нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан орташа салмақта IBF нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі * Бокстан орташа салмақта WBO нұсқасы бойынша чемпиондар тізімі Үлгі:Координациялық тізім
Бокстан екінші орташа салмақта чемпион  — атақ, спортшы-боксшыларға беріледі. Қазіргі уақытта атақты бере алатын ұйымдар * Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (ВБА, WBA) (бұрыңғы NBA), 1921 жылы негізі қаланған, * Бүкіләлемдік бокс кеңесі (ВБС, WBC), 1963 жылы құрылған, * Халықаралық бокс федерациясы (МБС, IBF), 1983 жылы құрылған * Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ВБО, WBO), 1988 жылы құрылған. ## Атақ иегерлері Үлгі:Координациялық тізім