text
stringlengths
3
252k
Брюмер Леонид Владимирович (1889, Украинаның Херсон қ. 1.11.1971, Жамбыл қ.) - белгілі қылқалам шебері, пейзажшы.КСРО және Қазақ КСР-і суретшілер одақтарының мүшесі. 1915 ж. Киев көркемсурет училищесін үздік бітіріп, 1916 ж. Петроград Қаласындағы Суретшілер академиясына оқіға түседі. Алайда тұрмыс жағдайына байланысты оны аяқтай алмай, Киев қаласына қайта оралады. Одан кейінгі жылдары ол Начальник, Қырым, Ялта қалаларында өмір сүріп, сол өңірлердің әсем табиғатын бейнелейтін суреттер салады. Брюмер Леонид Владимирович 1941 ж. неміс халқының да өкілдерімен бірге Қазақстанға жер аударады. 1995 ж. суретші Жамбыл қаласына көшіп келеді. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қолынан қылқаламын тастамай, көп еңбек етеді. Оның Тараз қ. мен облыс табиғатын көркем көріністерін, тарихи-мәдени ескерткіштерін бейнелейтін суреттері көптен саналады. ## Дерекөздер
Баярысов Керімқұл (16.5.1927, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауд. Майлыкент а.) - еңбек ардагері. 1943-48 ж. Түлкібас темір жол стансасында жұмысшы, машинистің көмекшісі, 1948-51 ж. Кеңес Армиясының қатаырында болды. 1951-58 ж. паровоз магинисінің курсын бітіріп, Шу тнмір дол стансасында жұмыс істеді, Сарышаған стансасындағы и темір дол депосын салып, оны іске қосуға тікелей басшылық етті. 1958-70 ж. Жамбыл темір жол стансасының депосында жұмыс істеп, жолауышалр аоезін таситын тепловозды алғаш жүргізушілердің бірі болды. Ленин орденімен, медальдармен марпатталған. Тараз қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер
Гродеков Николай Иванович (1843–12.12.1913, Ресей, Санкт-Петербург қ.) – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясын зерттеуші. Александров кадет корпусында оқыған, кейін Константинов әскери уч-щесін, Николаев академиясын бітірген. 1873 жылға дейін Кавказда әскери қызметте болды. 1873 ж. Хиуа жорығына қатысты, 1879 ж. ген. К.П.Кауфман басқарған экспед. корпус штабының құрамында болып, Ауғанстанның солт. мен Иранның шығыс аудандарына барлаушылық мақсатта сапар шекті. Г. 1880 ж. Ақалтеке өңіріндегі түрікмен тайпаларын жаулап алуға қатысты. 1883–1908 ж. Орт. Азияда әскери әкімш. қызмет атқарды. Сырдария облысы әскери губернаторы (1883–93), Түркістан ген.-губернаторы, Түркістан әскери округінің қолбасшысы (1903–1908), 1902 ж. Ресей Мемл. Кеңесіне мүше болды. Г-тың «Сырдария облысының қырғыздары мен қара қырғыздары» (1889) аталатын еңбегінде әдеттік құқық мәселелеріне байланысты материалдармен қатар, этногр. мәліметтер, тарихи аңыздар, батырлық дастандар жинақталған. Түркістанда болған сапарлары кезінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптарын зерттеп, маңызды деректер жинады. Г-тың Ортa Азия халықтарының байырғы әскери өнері, этнографиясы мен мұсылмандық құқық туралы еңбектерінің бірқатары француз, неміс тілдеріне аударылған ## Дереккөздер <references>
Елжан Амантайұлы Бiртанов (18.10.1971 жыл, Тараз) – Қазақстан денсаулық сақтау минстрі (25.01.2017 жылдан бастап), дәрігер, токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты (1998). ## Өмірбаяны Ұлы жүздің Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан. * 1994 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген соң, Алматы қалалық Жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөлімінде дәрігер-реаниматолог болды. * 1994 ж. АҚШ-тағы Аризона штатының Токсикология орталығында клиникалық токсикологиядан іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында 4 айлық стажировкадан өтті. * 1996 жылдан Қазақстандағы ақпараттық-кеңес Токсикология орталығын басқарады. Орталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының химиялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға енді. * 1998 жылдан Қазақ ұлттық медицина универститетінің кезек күттірмейтін медициналық кафедрасында ассистент. * 2000 жылдан Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Клиникалық токсикология» курсының жетекшісі. ## Жетістіктері * Тусон, Де-Моин (АҚШ), Эрфурт (Германия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Копенгаген (Дания) және Мәскеуде токсикология және улануды бақылау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияларда баяндама жасады. * Еуропа клиникалық токсикология ассоциациясының мүшесі (1997 жылдан). ## Дереккөздер Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
## Майдангеріміз туралы Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды..Жылдан жылға майдангерлер саны азаюда. Бүгінде Қызылорда облысында 64 Ұлы Отан Соғысы ардагерлері бар. Сол ардақты майдангерлердің бірі жерлесіміз – ТӘНЕШ ОРАЗОВ.Тәнеш Оразов Ұлы Отан Соғысының барлық қасіретін басынан өткерген. Соғыс уақытында ол көптеген аштық, аяз,жоқшылық сияқты ауыртпалықтарды бастан кешірді .Тәнеш Оразов 1923 жылдың 23 ақпанында Қызылорда облысының Тереңөзек поселкісіне жақын орналасқан Далакөл ауылында дүниеге келген.Биыл ардагер 92 жасқа толып отыр. Ол 7 жылдық мектепті бітіріп, жақсы білім алды. Кейін Қызылорда педагогикалық училищесіне түсті. Бұл уақытта мұғалім мамандығы өте беделді әрі сұранысқа ие жақсы мамандық болды. Алайда жас жігіттің арманы орындалмады, соғыс басталып кетті...Ол 18 жасында өзінің замандасарымен сұрапыл соғысқа аттанып кете барды. Ақсақал салауатты өмір салтын қолдағандықтан, жастардың да спортпен айналысқанын қалайды. Барынша өз денсаулығын күтеді, темекі шекпейді, таңертең дене шынықтырады, сүтке пісірілген күріш ботқасын ұнатады. Ол, көптеген мемлекеттік наградалардың иегері. Бірақ, солардың ішінде «Құрмет» ,«Сталинградты қорғау», «Ерлік үшін» медальдары қария үшін өте қымбат. ## Мектеп оқушыларымен кездесуі Жеңістің 70 жылдығына орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ардагерлерге барып, сый-құрмет көрсеттік. Ардагермен тілдесіп соғыс жылдарындағы оқиғаларды майдангердің өз аузынан естідік. Ол өзінің білімін соғыс кесірінен пайдалана алмады , сондықтан да қазіргі оқушылардың білім алуын қолдайды . Бізге де «Сендер бақытты ұрпақсыңдар, балалық шақтарың бейбіт заманда өтуде . Оқуға да ,өз білімдеріңді пайдаланып ел болашағын қалауға да мүмкіндіктерің бар . Ендеше сол мүмкіндіктеріңді жақсылап пайдаланыңдар . Еліміздің болашағы өз қолдарыңда! Ел ертеңі білімді ұрпақ.» ,- деп бізге ақ батасын берді. Осылай шаттыққа толы бақытты, бейбіт өмір сүруіміз ардақты ардагерлеріміздің арқасы . Жау жағадан алғанда елі үшін сұм соғысқа аттанған, біз үшін жанын қиып, қасық қаны қалғанша шайқасқан барлық ардагерлердің ерлігіне мәңгілік тағзым ... ## Авторы Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тоқжан Ардақ және Мырзахмет Эльвира ## Майдангеріміз туралы Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды..Жылдан жылға майдангерлер саны азаюда. Бүгінде Қызылорда облысында 64 Ұлы Отан Соғысы ардагерлері бар. Сол ардақты майдангерлердің бірі жерлесіміз – ТӘНЕШ ОРАЗОВ.Тәнеш Оразов Ұлы Отан Соғысының барлық қасіретін басынан өткерген. Соғыс уақытында ол көптеген аштық, аяз,жоқшылық сияқты ауыртпалықтарды бастан кешірді .Тәнеш Оразов 1923 жылдың 23 ақпанында Қызылорда облысының Тереңөзек поселкісіне жақын орналасқан Далакөл ауылында дүниеге келген.Биыл ардагер 92 жасқа толып отыр. Ол 7 жылдық мектепті бітіріп, жақсы білім алды. Кейін Қызылорда педагогикалық училищесіне түсті. Бұл уақытта мұғалім мамандығы өте беделді әрі сұранысқа ие жақсы мамандық болды. Алайда жас жігіттің арманы орындалмады, соғыс басталып кетті...Ол 18 жасында өзінің замандасарымен сұрапыл соғысқа аттанып кете барды. Ақсақал салауатты өмір салтын қолдағандықтан, жастардың да спортпен айналысқанын қалайды. Барынша өз денсаулығын күтеді, темекі шекпейді, таңертең дене шынықтырады, сүтке пісірілген күріш ботқасын ұнатады. Ол, көптеген мемлекеттік наградалардың иегері. Бірақ, солардың ішінде «Құрмет» ,«Сталинградты қорғау», «Ерлік үшін» медальдары қария үшін өте қымбат. ## Мектеп оқушыларымен кездесуі Жеңістің 70 жылдығына орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ардагерлерге барып, сый-құрмет көрсеттік. Ардагермен тілдесіп соғыс жылдарындағы оқиғаларды майдангердің өз аузынан естідік. Ол өзінің білімін соғыс кесірінен пайдалана алмады , сондықтан да қазіргі оқушылардың білім алуын қолдайды . Бізге де «Сендер бақытты ұрпақсыңдар, балалық шақтарың бейбіт заманда өтуде . Оқуға да ,өз білімдеріңді пайдаланып ел болашағын қалауға да мүмкіндіктерің бар . Ендеше сол мүмкіндіктеріңді жақсылап пайдаланыңдар . Еліміздің болашағы өз қолдарыңда! Ел ертеңі білімді ұрпақ.» ,- деп бізге ақ батасын берді. Осылай шаттыққа толы бақытты, бейбіт өмір сүруіміз ардақты ардагерлеріміздің арқасы . Жау жағадан алғанда елі үшін сұм соғысқа аттанған, біз үшін жанын қиып, қасық қаны қалғанша шайқасқан барлық ардагерлердің ерлігіне мәңгілік тағзым ... ## Авторы Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тоқжан Ардақ және Мырзахмет Эльвира
## Биографиясы • Қ.Соңғыбайұлы 1951 жылы Арал ауданы Қара¬құм ауылында дүниеге келген. Мектеп қабыр¬ғасында жүріп-ақ қалам мен қағазды жанына серік етеді. Сөйтіп тырнақалды шығармаларын да дүниеге әкелген. Ол алғаш еңбек жолын кін¬дік қаны тамған өңірде мұғалімдік қызмет ат¬қарудан бастайды. Жылдар өте облыстық кәсіп¬одақ шығармашылық ұйымының директоры, облыстық телерадио хабар¬ларын тарату ком¬паниясында аға редакторлық қызметтерін абыройлы атқарған. Мұнан кейін өмірінің соңына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде қызмет атқарып, сан түрлі та¬қырыпта қалам тербеді. Ол «Жалын» баспасының екі мәрте жүлдесін иеленіп, «Гүлдәурен», «Қыран қия» секілді бір¬неше кітаптарын жарық¬қа шығарған. • Осындай артына өш¬пестей із қалдырған Қази ағамыздың құрметіне ұйымдастырылған облыстық турнирдің өтуіне «Сыр медиа» МКК мұ¬рындық болды. Турнирдің ашылу салтанатына Қази ағамыздың жұбайы Қуанышкүл апа мен інісі, Арал аудандық мәслихат хатшысы Көл¬бай Данабаев келіп, турнирдің дәстүрлі түрде өтіп жатқанына өз ризашылықтарын білдірді. Ақ жалау», «Қазанбай», «Азалы күн» әңгімелерінің жұлыны түгелдей Қарақұм адамдарының тыныс-тіршілігіне арналған.Кейініректе жазылған «Шөңтөбе, Шотай, Балдәурен» повесі дәстүрлі «Жалын»бәйгесінің жүлдегері атанған. ## Отбасы Әйелі:Қуанышкүл апа(Қызылорда) Ұлы:Нұрлан аға(Астана) Немересі:Нарғұлан Қази (Астана) Келіні:Жанар әпке(Астана) Інісі:Көлбай аға ## Әзіл-қалжың • «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Расул ақын Дүйсенбек Аяшұлына інісі ретінде қаттырақ сөйлеп, зекісе керек. Ертесіне Қази Дана¬баев Расулға келіп: - Немене, кеше Дүйсенбек екеуің ұрсысып қалғансыңдар ма? - деп аңқаулана сұрапты. Рекең «иә» дейді ғой. Сонда Қази: - Бәсе, жаңа оны есіктің алдында көрдім, қолында пы¬шағы бар, сені іздеп жүр, - деп кетіп қалыпты. Сасып қалған Рекең: - Ұрыссам, өзімнің інім емес пе?! О неменің онысы несі! - дей берсе керек. ## Қосымша мәліметтер 1. https://www.youtube.com/watch?v=3T8_GcKzPc8 2. https://www.youtube.com/watch?v=q7Jv34JUTU0 ## Авторы Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Маханова Жансая 7D ## Биографиясы • Қ.Соңғыбайұлы 1951 жылы Арал ауданы Қара¬құм ауылында дүниеге келген. Мектеп қабыр¬ғасында жүріп-ақ қалам мен қағазды жанына серік етеді. Сөйтіп тырнақалды шығармаларын да дүниеге әкелген. Ол алғаш еңбек жолын кін¬дік қаны тамған өңірде мұғалімдік қызмет ат¬қарудан бастайды. Жылдар өте облыстық кәсіп¬одақ шығармашылық ұйымының директоры, облыстық телерадио хабар¬ларын тарату ком¬паниясында аға редакторлық қызметтерін абыройлы атқарған. Мұнан кейін өмірінің соңына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде қызмет атқарып, сан түрлі та¬қырыпта қалам тербеді. Ол «Жалын» баспасының екі мәрте жүлдесін иеленіп, «Гүлдәурен», «Қыран қия» секілді бір¬неше кітаптарын жарық¬қа шығарған. • Осындай артына өш¬пестей із қалдырған Қази ағамыздың құрметіне ұйымдастырылған облыстық турнирдің өтуіне «Сыр медиа» МКК мұ¬рындық болды. Турнирдің ашылу салтанатына Қази ағамыздың жұбайы Қуанышкүл апа мен інісі, Арал аудандық мәслихат хатшысы Көл¬бай Данабаев келіп, турнирдің дәстүрлі түрде өтіп жатқанына өз ризашылықтарын білдірді. Ақ жалау», «Қазанбай», «Азалы күн» әңгімелерінің жұлыны түгелдей Қарақұм адамдарының тыныс-тіршілігіне арналған.Кейініректе жазылған «Шөңтөбе, Шотай, Балдәурен» повесі дәстүрлі «Жалын»бәйгесінің жүлдегері атанған. ## Отбасы Әйелі:Қуанышкүл апа(Қызылорда) Ұлы:Нұрлан аға(Астана) Немересі:Нарғұлан Қази (Астана) Келіні:Жанар әпке(Астана) Інісі:Көлбай аға ## Әзіл-қалжың • «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Расул ақын Дүйсенбек Аяшұлына інісі ретінде қаттырақ сөйлеп, зекісе керек. Ертесіне Қази Дана¬баев Расулға келіп: - Немене, кеше Дүйсенбек екеуің ұрсысып қалғансыңдар ма? - деп аңқаулана сұрапты. Рекең «иә» дейді ғой. Сонда Қази: - Бәсе, жаңа оны есіктің алдында көрдім, қолында пы¬шағы бар, сені іздеп жүр, - деп кетіп қалыпты. Сасып қалған Рекең: - Ұрыссам, өзімнің інім емес пе?! О неменің онысы несі! - дей берсе керек. ## Қосымша мәліметтер 1. https://www.youtube.com/watch?v=3T8_GcKzPc8 2. https://www.youtube.com/watch?v=q7Jv34JUTU0 ## Авторы Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Маханова Жансая 7D
Шабден Ералиев (1898, Шу өзенінің бойында, Сарысу ауд. - 2 қараша 1928, Форт Шевченко) - кеңес қайраткері. Сауатын ауыл молдасынан ашып, 1911-15 ж. Түркістан жер шаруашылығы училищесін, 1915-17 ж. Ташкенттегі орыс-қазақ училищесін бітірген. ## Еңбек жолы Еңбек жолын Сарысу ауданының аумағында ауыл шаруашылығы санағын жүргізетін мекемеде тіркеуші болып істеуден бастады. Ұзамай болыстық жер бөлімінің меңгерушісі, одан соң аудандық милиция бөлімінің бастығы міндетін атқарды. 1919 ж. Түркістан майданы саяси басқармасының инспекторы болды. Сол шақта ішкі істер халық комиссариаты курсына оқуға жіберілді. 1921-23 ж. Түркістан милиция басқармасының инспекторы, 1223-25 ж. Ақмола уездік милиция бөлімінің бастығы, Ақмола губкомы бөлім меңгерушісінің орынбасары, губкомның бюро мүшесі болды. 1925-28 ж. Ақмола уездік аткомда әкімшілік бөлімінің бастығы, атком төрағасы болып істеді. Қазақстан Орталық атқару Комитетінің жауапты қызметкері, Адай округтік атком төрағасының орынбасары, ҚазОАҚ мүшесі болды. Дұшпандардың қастандығынан Каспий теңізінде қаза тапты. Форт Шевченкоға жерленген. ## Дереккөздер
Кенешөп (ағылш. Саnnabis) – тұт тұқымдасына жататын бір жылдық талшықты өсімдіктер туысы. Кенешөптің шыққан жері – Орталық Азия. Оны б.з.б. 1 – мыңжылдықта қолдан өсіре бастаған. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен далалық алқаптар мен оңтүстік облысының таулы аймақтарында өсетін екпе Кенешөп немесе үнді Кенешөпті ( С. sativa) және арамшөп Кенешөпті немесе қарасораң (C. Deralis) бар. Олардың биіктігі 50 – 150 см, сабағы жұмыр, жұмсақ, түкті. Жуандығы 8 – 30 мм. Жапырағы 3 -7 ден бөлінген, қандауыр тәрізді, жиегі араның тісі сияқты иректелген. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Кенешөптің талшығы мата, кенеп тоқуға, әр түрлі арқан, жіп есуге пайдаланылады. Дәнінен тағамдық, тех. Май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Кенешөті кейде әсемдік үшінде өсіреді. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін үнді Кенешөпінен ұйықтайтын, тыныштандыратын және спазмаға қарсы қолданатын дәрілік заттар мен ганиш (марихуана) алынады. ## Дереккөздер Қазақстан табиғаты. Энциклопедия. /Бас ред.Б.Ө.Жақып. 2 том. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, Алматы, 2009 ж.
Кенқайраң - құрамында пайдалы құрамдас бөліктері бар ұсақталған тау жыныстарының жер бетіндегі жиынтығы. Кенқайраңды үгілу, көшу процестері кезінде тұрақты минералдар ғана түзе алады (алмас, алтын, платина, касситерит, т.б.) Кенқайраңдар түзілу жағдайына қарай элювийлі, жылжымалы, солифлюкциялық, коллювийлі, делювийлі, пролювийлі, аллювийлі, т.б. болып бөлінеді. Сондай – ақ мұз басу мен аридтік климатты аймақтарда мұздықты, эолдық Кенқайраңдар түзіледі. Түзілу уақытына қарай Кенқайраңдар : көне заманғы (мезозой, палеозой және прекембрий), антропогендік және қазіргі заманғы болып бөлінеді; орналасу жағдайына қарай : жер үстіндегі және көмілген (морена, эффузивті, жылжымалардың астында қалған); құрамына қарай : бір немесе көп минералды; пішініне қарай : қабатты, линза, таспа, ұя пішіндес болады. Олардың ұзындығы бірнеше жүз метрден бірнеше км – ге дейін, ені бірнеше метрден жүздеген метрге дейін, қалыңдығы бірнеше см – ден ондаған метрге дейін болуы мүмкін. Қазақстанда алтынның Кенқайраңды кен орындары Оңтүстік Алтайдың Күршім, Қалжыр, Қалғұтты өзендері алабында, алмастың Кенқайраңды орындары Солтүстік Қазақстан облыстарында (Қаратал, Қарағаш) бар. Қазақстан табиғаты. Энциклопедия. /Бас ред.Б.Ө.Жақып. 2 том. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, Алматы, 2009 ж.
Күпшек, төлке – машинаның, механизмдер мен приборлардың білік немесе басқа бір бөлшек сұғылатындай өзектік тесігі бар әрі цилиндр немесе конус пішінді бөлшегі. Пайдалану мақсатына сәйкес Күпшек подшипникті, бекітпелік, өткелдік т.б. болып ажыратылады. Подшипникті Күпшек өзегіне біліктің ұшы сұғынып тұратын сырғымалы подшипниктің бөлшегі болып саналады. Ол антифрикциялық кеуек, металлкерамик, т.б. материалдардан ( шойын, жез, графит, пластмасса) жасалады. Бекітпелік Күпшек тербелмелі подшипниктің ішкі астарын, т.б. бөлшектерді біліктің ұшына, ал өткелдік Күпшек сабы конус тәрізді аспаптарды станоктың тесігі кең шпинделіне бекіту үшін пайдаланылады. ## Дереккөздер «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 5 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2003.
Су бүргелері, дафния (лат. Daphnia) - бұтақмұртты шаянтәрізділер туысы. Тұщы су айдындарында планктонды тіршілік етеді. Дүние жүзінде 26 түрі, Қазақстанда 4 түрі анықталған. Денесі мөлдір, жұқа карапакс қабатты, ұз. 1-3 мм. Антеннулары қысқа, аналықтарында тұрақты, ал аталықтарында қозғалмалы болады. Ұзын, екі бұтақты антеннулары арқылы секіріп қозғалады. (аты осыған байланысты қойылған) Су бүргелерінің басқа бұтақмұртты шаяндардан гетерогониялық даму жолдары арқылы ерекшеленеді. Аналықтары партеногенетик. Аналықтар жаздың басында, ал аталықтары күзде жетіледі. Су бүргелеріне цикломорфоз (тіршілігінің жыл мезгіліне қарай өзгеруі) тән. Мысалы, бас пішінінің домалақ болуы – төмен температураға, сүйір болуы- жоғары темперетураға байланысты. С.б-мен омыртқасыздар, балық шабақтары қоректенеді. ## Дереккөздер «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
Суылдыр (ағылш. Blysmus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тянь-Шань тауларының сортаң топырақты шалғындарында , өзен бойларында ылғалы мол баптақты жерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі – қысыңқы С. (B.compreessus). Биікт. 15-40 см, тамыр сабағы жатаған, оның жер асты өскіндері болады. Сабағының төменгі жағы қысыңқы, жоғарғы бөлігі үш қырлы келеді. Төменгі қынабы қоңыр түсті, жапырақсыз, ал жоғарғылары 5-7 ұзын, шеті бұдырлы жапырақтан тұрады. Олар сабағынан қысқа болады. Гүлшоғыры 5-10 гүлден құралған масақ. Маусым- тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі –қоңыр-қара түсті, ұзын тұмсықты жаңғақша. С.- мал азықтық шөп. ## Дереккөздер «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
Сүйсіндер тұқымдасы (лат. Orchidaceae) – көп жылдық даражарнақты шөптесін өсімдіктер. Араларында шырмауықтар да кездеседі. Жер шарына кең тараған. Америка мен Оңтүстік Азияның субтропикті , қоңыржай белдемдерінде кездесетін 700 (кейбір деректерде 800-дей) туысы, 35 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда орман шалғындықтарында , аралас ормандар арасында , батпақтарда, өзен аңғарларында, таулардың етегіндегі көлеңкелі жерлерде 15 туысы, 27 түрі өседі. Жапырақтар бүтін жиекті, кезектесіп орналасқан. Гүлдері зигоморфты (бұрыс), қос, дара жынысты, жеке немесе масақ гүлшоғырына топталған. Гүлсерігі 6 жапырақшадан тұрады, олар екі шеңберде орналасқан. Сыртқы шеңбердегі 3 жапырақша бірдей, ал ішкі шеңбердегі 2 жапырақша сыртқыларының бірімен «дулығалас» болады да, ерін деп аталатын үшіншісі өзіндік пішінімен, бояуымен, түбіндегі терең қапшық тәрізді қуысымен айрықша көрінеді. Аталығы біреу, сирек жағдайда екеу болады. Сүйсіндер тұқымдасының көпшілік түрі өздігінен тозаңданады. Сүйсіндер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір ерекшелігі – тозаңданғаннан тұқымы піскенше екі ай, кейде одан да көп уақыт өтеді. Жемісі- қорапша. Тұқымы өте ұсақ, белоксыз, торлы қабатты. Сүйсіндерді осыдан 1000 жыл бұрын Қытайда қолдан өсіре бастаған. Еуропаға 16-17 ғасырда әкелінген, ал 20 ғасырдың басында оларды оранжереяларда өсіре бастаған. Сүйсіндер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігінің тұқымын тағамға пайдаланады, медицинада дәрі алынады және әсемдік үшін өсіреді. ## Дереккөздер «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
Регоналды келісім - белгілі бір географиялық аудандағы (аймақтағы) мемлекеттердің қатысуымен болатын көпжақты халықаралық шарт. Ол саяси, экономикалық, әскери, ғылыми-техникалық, мәдени және заң мәселері жөнінде жасалады. ## Дереккөздер
Өнердегі ұлттық пен интернационалдық - ұлттық мәдениеттердің бір-бірімен байланыста, біріне-бірі ықпал етуі арқылы дамуынан туатын сапалық ерекшелікті бейнелейтін ұғым. Өнердегі ұлттық пен интернационалдық диалектикалық өзара байланысты ұғымдар. ## Дереккөздер
Өнердің ерікті жеті саласы  (лат. sēptem ārtes liberāles) — Эллинисттік Грекиядағы, ежелгі Римдегі және орта ғасырлардығы Батыс Еуропадағы оқу пәндері. ## Басқа терминдер мен аудармалары Өнердің ерікті жеті саласы ұғымын латын тілінде басқаша да атаған: лат. doctrinae liberales «ерікті ғылымдар», лат. liberalia studia «ерікті істер», лат. artes bonae «жақсы өнерлер», лат. artes ingenuae «сырбаз өнерлер». Өнердің ерікті жеті саласына тривиум: грамматика, риторика, диалектиканы, және квадривиум: арифметика, геометрия, астрономия, музыканы қамтитын циклдер енді. Бұл екі цикл антик дәуірінен қалған білім жүйесіне жатады. . Бұл оқу пәндер циклын философиямен айналысу алдындағы дайындық мектебі деп қабылданатын. Бұл оқу жүйесінің негіздеушісі болып дәстүрлі түрде софизм ілімінің уәкілі Гиппий болып есептеледі. ## Дереккөздер
2006 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он бесінші мәрте ойнатылуы. ## Бірінші кезең Бірінші кезең ойындары 2006 жылдың 17 сәуірінде өтті. ## 1/16 финал 1/16 финал ойындары 2006 жылдың 27 сәуірінде өтті. ## 1/8 финал 1/8 финал ойындары 2006 жылдың 10 - 11 мамыр аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/8 финал ойындары 2006 жылдың 24 мамыр - 21 маусым аралығында өтті. ## 1/2 финал ## Финал ## Дереккөздер
2007 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он алтыншы мәрте ойнатылуы. ## Бірінші кезең Бірінші кезең ойындары 2007 жылдың 21 наурыз - 14 сәуір аралығында өтті. ## 1/16 финал 1/16 финал ойындары 2007 жылдың 16 - 19 сәуір аралығында өтті. ## 1/8 финал 1/8 финал ойындары 2007 жылдың 8 - 9 мамыр аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финал ойындары 2007 жылдың 3 - 26 қыркүйек аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финал ойындары 2007 жылдың 23 қазан - 7 қараша аралығында нейтралды алаңдарда өтті. ## Финал ## Дереккөздер
Қазақстан футбол клубтары — Қазақстанның футбол клубтары ## Қазақстан Премьер Лигасы * Ақжайық (Орал) * Ақтөбе (Ақтобе) * Астана (Астана) * Атырау (Атырау) * Жетісу (Талдықорған) * Ертіс (Павлодар) * Қайрат (Алматы) * Оқжетпес (Көкшетау) * Ордабасы (Шымкент) * Тараз (Тараз) * Тобыл (Қостанай) * Шахтер (Қарағанды) ## Қазақстан бірінші Лигасы * Ақтөбе-Жас (Ақтобе) * Ақ бұлақ (Талғар) * Асбест (Жетіқара) * Астана (Астана) * Болат-АМТ (Теміртау) * Восток (Өскемен) * Гефест (Қарағанды) * Екібастұз (Екібастұз) * Каспий (Ақтау) * Қазақмыс (Сәтбаев) * Қайсар (Қызылорда) * Қызылжар (Петропавл) * Лашын (Тараз) * Спартак (Семей) * Сұңқар (Қаскелең) * Цесна (Алматы) * ЦСКА (Алматы) * Іле-Сәулет (Алматы облысы)
Жалаңтөс батыр Құлықұлы, Жалаңтөс батыр Жансарыұлы (1698-1771 ж.) (1696-1768) казіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өңірде өмір сүрген. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. ## Биография Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысады. Жалаңтөстің ерлігі мен шешендігін Қаз Дауысты Қазыбек ерекше бағалаған. Жалаңтөстің артына қалдырып кеткен ақыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» (т. б.). 1996 ж. Ақтоғай ауданының жұртшылығы Жалаңтөстің 300 жылдығын атап өтті. ## Мазары Оның мазары Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында Соқыр зиратында орналасқан. ## Отбасы * 1 әйелі — Тобықты Жуантаяқ Шортан дегеннің қызы, есімі – Жібек. * 2 әйелі — Қаз дауысты Қазыбек бидің қызы Маңқан, * 3 әйелі — қалмақ батырының жалғыз қарындасы Ақсұлу. ### Балалары * Жібектен – * Алтай, * Толыбай, * Әжібай, * Маңқадан – * Бәйгел, * Берістен, * Болтай, * Сәрке, * Ақсұлудан – * ұлдары: * Естай, * Көбен : Үйсінбай, * Рүстем, * Бабатай, * Есет * Қыздары: Санат, Шәйра. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Құлық Жалаңтөс (Соқыр) ұрпақтарының шежіресі. «Арко» ЖШС Қарағанды, 2009 ж.
Муза Гавриловна Исаева (12.1.1929 жылы туған, Ресей, Краснодар өлкесі, Новосель ауданы, Троиц деревнясы) - ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1989), экономика ғылымының докторы (1973), профессор (1977). 1950 жылы Өзбекстандағы Самарқан халық шаруашылық институтын бітірген. 1963 жылы интитут директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып, 1977 жылдан сектор меңгерушісі, 1975 жылдан бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан бас ғылыми қызметкер. Институтының негізгі зерттеулері шаруашылықты аумақтар бойынша ұйымдастыру проблемалары, аймақтық экономикада нарықтық қатынастардың қалыптасуы, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сан жағынан бағалауға арналқан. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Семен Афанасьевич Чуйков(30.10.1902, Пішпек, қазіргі Фрунзе, - 1980) - орыс кеңес кескіндемешісі, КСРО халық суретшісі (1963), КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1958). Алғаш Верныйда (қазіргі Алматы) Н.Г.Хлудовтан, 1921-30 жылдары Мәскеуде Вхутеин мен Вхутемаста оқыды. Мәскеудегі Көркемсурет академиясында (1930-32), В.И.Суриков атындағы Көркемсурет институтында (1947-48) сабақ берді. 1933-37 және 1941-43 жылдары Қырғызстан КСР Суретшілер одағы басқармасының председателі болды. Чуйков өнернамасынан Кеңестік Қырғызстанның жаңа тұрмысы басты орын алды. ## Еңбектері "Кеңестік Қырғызстан қызы" (1948,Мәскеу, Третьяков галереясы), "Отанымның бейбіт өңірінде" (1950,Ленинград, Орыс музейі) т.б. картиналарында бейбіт өмірдің қуанышын, халықтың рухани өсуін, Орта Азия табиғатының сұлу көрінісін шынайы бейнеледі. Үндістанға барған сапарында (1952,57) қарапайым үнді еңбеккерлерінің бейнесін ("Үндістанның қарапайым адамдары жайлы",триптих,1957-60) психологиялық тереңдікпен бейнеледі әрі көптеген пейзаждық полотнолар жазды. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949,1951) мен Қырғызстан КСР Мемлекеттік сыйлығының (1976) лауреаты. Ленин ордені және басқа 3 орден, медальдармен наградталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 153 бет
Turkvision ән байқауы (ағылш. Türkvizyon Song Contest; түр. Türkvizyon Türk Dünyası Şarkı Yarışması) — түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. ## Тарихы 2013 жылдың 15-22 желтоқсаны аралығында осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Ескішеһир қаласында түркітілдес елдер үшін ең маңызды музыкалық жыл жаңалығы «Turkvizyon-2013» өткізілмек. Бұл көптеген мемлекеттер үшін Eurovision ән байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен. ## Форматы Türkvizyon - TÜRKSOY мен TMB TV ойлап тапқан әр жыл сайын өткізілетін ән байқауы. Türkvizyon ән байқауының форматы көбінесе Eurovisionның форматына ұқсас. Türkvizyonда түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. Әр қатысушы мемлекетінің жюрилері өз мемлекетінен басқа қатысушыларға 1-ден 10-ға дейін балл бере алады. Жартылай финалдағы үздік 12 қатысушы финалға жолдама алады. TÜRKSOY одағы болашақта байқауда теледауыс енгізетінін мәлімдеді. Eurovisionға қарағанда келесі байқауды өткізу мәртебесін жеңген қатысушының мемлекетінде емес, түркі мәдениет астанасы саналатын мемлекетте өтеді. ## Қатысушы мемлекеттер Turkvision 2013 жылғы ән бауқауына 24 мемлекет қатысты. Алғашқы байқауға қатысуға 24 мемлекеттен басқа Түрікменстан, Шыңжаң және Чувашия мемлекеттері ниет білдірген, бірақ кейінірек белгісіз себептермен бас тартқан. Қатыспаған – қазір қатыспайтын, бірақ бұрын қатысқан мемлекеттер. ## Жеңімпаздар ## Түсініктемелер
«Нефтчи» (әз. "Neftçi" Peşəkar Futbol Klubu) — Әзірбайжан Премьер Лигасында ойнайтын қазақстандық футбол клубы. Баку қаласындағы "Баксель Арена" стадионы клубтың базасы боп саналады. Сыыйымдылығы 15 000 адам. ## Клубтың тарихы «Нефтчи» футбол клубының ресми тарихы 1937 жылдан бастау алады. 1967 жылға дейін "Нефтяник" атауымен сынға түсті. Кеңес жылдарында Әзірбайжан КСР-інің атынан жоғары лигада ойнап жүрді. 1966 жылы КСРО чемпионатында күміс жүлдегер атанды, бұл КСРО чемпионаттарындағы ең жоғары нәтижжесі. Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш әзірбайжандық клуб (2012/13). ## Жетістіктері ### КСРО дәуірінде * КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1966) * КСРО кубогының жартылай финалисі (1967, 1968, 1970, 1971) * КСРО футбол федерациялары кубогының финалисі (1988) ### Тәуелсіздік дәуірінде * Әзірбайжан чемпионы (1992, 1995/96, 1996/97, 2003/04, 2004/05, 2010/2011, 2011/12, 2012/13, 2020/21)Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері (2000/01, 2006/07, 2018/2019)Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері (1993, 1994/95, 1998/99, 1999/2000, 2005/2006, 2007/08, 2017/18) * Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері (2000/01, 2006/07, 2018/2019) * Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдегері (1993, 1994/95, 1998/99, 1999/2000, 2005/2006, 2007/08, 2017/18) * Әзірбайжан кубогы (1994/95, 1995/1996, 1998/1999, 2003/04, 2012/13, 2013/14)Әзірбайжан кубогының финалисі (2000/01, 2011/12, 2014/15, 2015/16) * Әзірбайжан кубогының финалисі (2000/01, 2011/12, 2014/15, 2015/16) * Әзірбайжан суперкубогы (1993, 1995) * Интертото кубогының финалисі: 2008 * Достастық кубогы (2006) ## Сілтемелер * Ресми сайты Мұрағатталған 7 мамырдың 2019 жылы. ## Дереккөздер
Чалчик Анчинович Чуниженков(10.11.1898 жылы туған, Куюм мекені, қазіргі Таулы Алтай,-1973, Таулы Алтай) - алтай кеңес жазушысы. Шаруа отбасысында туған. 1926 жылы Таулы Алтайдағы кеңес - партия мектебінің даярлау бөлімін бітірді. Селолық Кеңесте хатшы болды, кейіннен "Қызыл Ойрот" газетінде қызмет істеді. 1925 жылдан жаза бастады. ## Еңбектері Чуниженковтың "Туды" (1947), "Менің сөзім"(1953),"Таңдамалы шығармалары"(1959), "Очерктер" (1960) т.б. кітаптары шықты. Чуниженковтың ең елеулі туындысы - "Мундузак" (1962, орыс тілінде 1964) атты өмірбаяндық повестінде Таулы Алтай өңірінде орнаған Кеңес өкіметінңі алғашқы жылдарындағы оқиғалар бейнеленді. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 155 бет
Николай Николаевич Чушкин(03.12.1906 жылы туған, Мәскеу) - орыс кеңес театр зерттеушісі, РСФСР -дің еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнер тану ғылымының докторы (1966). ## Өмірбаяны 1931 жылы Мәскеу университетінің әдебиетп пен өнер факультетін (театр зерттеу циклі бойынша) бітірді. 1937-41 жылдары МХАТ музейіндегі К.С.Станиславский кабинетінің аға ғылыми қызметкері әрі меңгерушісі болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысына қатысты. 1942 - 51 жылдары КСРО Министр Кеңесі жанындағы Театрлар бас басқармасының аға инспекторы, 1951 жылдан К.С.Станиславский мен В.И.Немирович - Данченко еңбектерін зерттеу және жарыққа шығару жөніндегі Мемлекеттік комиссияның аға ғылыми қызметкері болды. 1940 жылдан КСРО Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетте референт, ал 1956 жылдан Лениндік сыйлықтар жөніндегі комитетте театр мен кинематография бөлімігің меңгерушісі. Оның зерттеу еңбектері негізінен спектакльдерге, театр суретшілері мен актерлер өнернамасына арналды. ## Сыйлықтары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 156 бет
Кемелхан Асламбекұлы Шайбеков (24.09.1926 жылы туған, Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Боралдай селосы) - қазақ кеңес заңгері, заң ғылымының докторы (1969), профессор (1970). 1957 жылдан КПСС мүшесі. Алматы заң институтын (1948) бітірген. Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітіріп (1951), кандидаттық диссертация қорғады. 1952 - 55 жылдары Алматы заң институтында, 1956 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор. Шайбеков ауыл шаруашылығы құқығы және табиғат қорғау кафедрасының меңгерушісі болып істеді. 1969 жылы колхоз құқығы тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ол колхоз, совхоз, жер және табиғат қорғау құқықтарының маманы және бұл мәселелер туралы заң жобаларын дайындауға қатысқан, осы тақырыптардан 100 - ден астам ғылыми еңбектің авторы. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 165 бет
Аполлон Иннокентьевич Шадаев(15.12.1902, қазіргі Иркутск облысы,- 15.06.1969,Улан - Удэ) - бурят кеңес жазушысы. 1941 жылдан КПСС мүшесі. ## Өмірбаяны Шаруа отбасысында туған. Педагогикалық техникумды бітірді (1928). Улан - Удэде педагогикалық институтта оқыды (1934-35). Мұғалім болып жұмыс істеді. Шығармалары 1925 жылдан астап жарияланды. ## Еңбектері "Лимбе"(1935), "Баир" (Г. Цыдынжановпен бірігіп жазған, қойылуы 1938), "Көктемгі қуаныш" (1947), "Қанатты балық" (1956), "Эрхэт ұстаның қатесі" (1965) т.б. пьесаларын жазды. Бурятиядағы колхоз құрылысының қалыптасуы туралы жазылған "Мерген" комедиясы (1938) Шадаев есімін кең танымал етті. Ол бурят халық ертегілерін жинап бастыруда да еңбек сіңірді. "Будамшу" (1949), "Сиқырлы тас" (1958) т.б. ертегілер жинақтарын бастырып шығарды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 163 бет
Шабындық қоңырбас (шалғын қоңырбасы, Poa pratensis) - астық тұқымдасына жататын тамырсабақты, қалың шым түзетін, көп жылдық шөптесін өсімдік. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 30-90 см, вегетативті өркендері көп және жақсы жапырақтанған. Жапырақтары ұсақ, жұмсақ. Гүл шоғыры - шашыраңқы сыпыртқы. ## Таралуы Жер шарының қоңыржай аймағында, Еуропада, Кавказ, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Қазақстанда шөлді жерден басқа жерде өзен аңғарлары, тау шабындықтарында өседі. ## Сипаттамасы мен қолданылуы Тұзға төзімсіз, қуаңшылыққа, суыққа төзімді. Көктемде ерте көктейді, тез дамиды, мал отағаннан кейін тез қалпына келеді. Сыпыртқы салғанға дейін барлық мал түлігі жақсы жейді. Гектарынан 25-28 центнер пішен түзеді, 100 кг пішенінде (екпе түрі) 54 азық өлшемі, 5,3 кг қорытылатын протеин, 100 кг көк шөбінде 24 - 25 азық өлшемі, 3,5 кг қорытылатын протеин болады. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 159 бет
Григорий Абрамович Шайн (07.04.1892, Одесса - 04.08.1956, Қырым) - кеңес астрономы, КСРО ҒА - ның академигі (1939). Пермь университетін бітірген (1919). 1921 - 25 жылдары Пулков обсерваториясында, 1925 -45 жылдары осы обсерваторияның Симеиз бөлімінде жұмыс істеді. 1945 - 52 жылдары КСРО ҒА -ның Қырым астрофизика обсерваториясының директоры болды. ## Еңбектері Шайнның ғылыми еңбектері негізінен жұлдыздық спектроскопия мен газ тұмандықтарының физикасына арналған. Ол В.А.Альбицкиймен біріге отырып, 800 - дей жұлдыздың сәулелік жылдамдығын анықтады. Ұзақ периодты айнымалы жұлдыздардың спектріндегі өзгерістерді зерттеп, олардан шығатын сәулелерді бақылады. Кейбір спектрлік кластағы жұлдыздардың шапшаң айналатындығын (американ астрономы О.Струвемен бірге) дәлелдеді. 150 - дей тұмандықты ашты. Жұлдыздар атмосферасындағы изотоптарды, кіші планеталарды, метеорлар ағынын, күн тажын зерттеді. Ол көптеген шетелдік ғылыми мекемелердің құрметті мүшесі. ## Сыйлықтары 2 рет Ленин орденімен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 166-167 бет
Мәмбетбай Шабатов(1864, қазіргі Целиноград облысы, Атбасар ауданы, - 1916, Жезқазған облысы) - Орталық Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалысының күрескері. Қарсақбай , Байқоңыр, Жезқазған жұмысшыларынан, Қарақойын, Қашырлы бойындағы елдердің шаруаларынан құрылған отрядты бастап, Аманкелді қолына қосылды. Шабатов отряды ақ гвардияшылардың Атбасардан шыққан жазалаушы отрядына Қаражарда, Қыпшақ өзені бойында соққы берді. Бірақ күші басым жауға төтеп бере алмай, Терісаққан бойында бірнеше жолдастарымен ерлікпен қаза тапты. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 158 бет
Қарасор — Нұра алабындағы ағынсыз көл. ## Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысында орналасқан. ## Гидрографикасы Аумағы 20 км2. Теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,6 км, енді жері 3,5 км, жағалау бойының ұзындығы 16,5 км. Су жиналатын алабы 276 км2. Жағалауы жайпақ, нашар тілімденген. Шығыс бөлігінде солтүстікке қарай бағытталған және суы мол жылдары Тұзащы көлімен қосылатын жіңішке шығанақ орналасқан. Табаны лайлы. Еріген қар суымен толысады. Суы ащы, мал суаруға жарамсыз, жазда кеуіп қалады. ## Дереккөздер
Евгений Иванович Исаков (14 ақпан 1937, Рузановка ауылы, Сурское ауданы, Ульянов облысы, КСРО — 9 мамыр 2021) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1984; 1970 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі). Мәскеу консерваториясын бітірген (1964). 1964 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Таңдаулы партиялыра: Борис (М. П. Мусоргскийдің "Борис Годуновында"), Рене (П. И. Чайковскийдің "Иолантасында"), Кончал, Галицкий (А. П. Бородиннің "Князь Игорінде"), Нокс (С. Слонимскийдің "Мария Стюартында"), Мельник (А. С. Даргомыжскийдің "Су перісінде"), Филипп ІІ (Дж. Вердидің "Дон Карлосында"), Мефистофель (Ш. Гуноның "Фаустында"), Базилио (Дж. Россинидің "Севиль шаштаразында"), т.б. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Германияда, Въетнамда, Гвинеяда, Данияда, т.б.) болды. 1963 жылы Ивиккауда (Германия) өткен әншілердің Р. Шуман атындағы халықаралық конкурсының лауреаты болды. 1965 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (1970 жылдан доцент) дәріс береді. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Turkvision ән байқауы (ағылш. Türkvizyon Song Contest; түр. Türkvizyon Türk Dünyası Şarkı Yarışması) — түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. ## Тарихы 2013 жылдың 15-22 желтоқсаны аралығында осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Ескішеһир қаласында түркітілдес елдер үшін ең маңызды музыкалық жыл жаңалығы «Turkvizyon-2013» өткізілмек. Бұл көптеген мемлекеттер үшін Eurovision ән байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен. ## Форматы Türkvizyon - TÜRKSOY мен TMB TV ойлап тапқан әр жыл сайын өткізілетін ән байқауы. Türkvizyon ән байқауының форматы көбінесе Eurovisionның форматына ұқсас. Türkvizyonда түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. Әр қатысушы мемлекетінің жюрилері өз мемлекетінен басқа қатысушыларға 1-ден 10-ға дейін балл бере алады. Жартылай финалдағы үздік 12 қатысушы финалға жолдама алады. TÜRKSOY одағы болашақта байқауда теледауыс енгізетінін мәлімдеді. Eurovisionға қарағанда келесі байқауды өткізу мәртебесін жеңген қатысушының мемлекетінде емес, түркі мәдениет астанасы саналатын мемлекетте өтеді. ## Қатысушы мемлекеттер Turkvision 2013 жылғы ән бауқауына 24 мемлекет қатысты. Алғашқы байқауға қатысуға 24 мемлекеттен басқа Түрікменстан, Шыңжаң және Чувашия мемлекеттері ниет білдірген, бірақ кейінірек белгісіз себептермен бас тартқан. Қатыспаған – қазір қатыспайтын, бірақ бұрын қатысқан мемлекеттер. ## Жеңімпаздар ## Түсініктемелер
Жалғау Шәкірұлы Исалиев (21.6.1933 жылы туған. Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы) - дәрігер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастурышысы, медицина ғылымының кандидаты (1972). 1957 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген. 1957 - 62 жылы Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында туберкулез диспансерінің, аудан ауруханасының бас дәрігері, 1962 - 73 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Ұлттық Медицина Университеті) ассистент, 1973 - 76 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау министірлігінің бас акушер-гинекологы, 1976 - 83 жылы Акушерлік-гинекология ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ана мен бала Ғылыми-зерттеу орталығы) директоры, 1983 - 88 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау министірлігінің орынбасары, 1988-93 жылы "Алматы" санаторийінің бас дәрігері қызметтерін атқарған. 1993 жылдан зейнеткерлік демалыста. Исалиев Жалғау Шәкірұлының негізгі ғылыми жұмыстары перинатальдік медецина проблемаларын шешуге арналған. Ол - ұрықтың перинатальдік кезеңдегі шетінеу себептерін анықтап, одан алдын-ала сақтандыру жолдарын негіздеген ғылыми-зерттеу бағдарламасы авторларының бірі. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Turkvizyon ән байқауы 2013 (ағылш. Türkvizyon Song Contest 2013; түр. 2013 Türkvizyon Şarkı Yarışması) Түркияның Ескішеһир қаласында 2013 жылдың 19-21 желтоқсан күндері аралығында өтті.Түркия байқауды өткізу құқығына Түрік тілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет астанасы ретінде ие болды. Әзірбайжандық әнші «Turkvizyon 2013» байқауының жеңімпазы атанды. Фарид Гасанов орындаған «Yaşa» әні кәсіби сарапшылардың ықыласын ерекше аударды. Екінші орынды «Son Hatiralar» әнін шырқаған беларустық Гюнеш Абасова еншіледі. Үшінші орын украиналық өкілі Фазиле Ибраимоваға бұйырды. Келесі 2014 жылғы байқау Татарстан елінде өтті. ## Жартылай финал Жартылай финал 19 желтоқсанда өтті. Финалға үздік 12 орындаушы жолдама алды. Кесте анықтауы:      Финалисттер ## Финал Финал 2013 жылдың 21-ші желтоқсанда өтті. Кестеге түсініктеме:      жеңімпаз,      екінші орын,      үшінші орын және      соңғы орын ## Хабар таратқан арналар Ресми сайт бойынша хабар таратқан арналар тізімі: ## Дереккөздер
Қылыштасу — қылыш қолдану өнері. Ұрыс кезінде қаруды ойнату, жарақаттау, қорғану тәсілдерін қамтиды. Қылыштасудың сермеу, толғау, үйіру сияқты ойнату тәсілдері, кесу, шабу, түйреу сияқты жарақаттау тәсілдері, қарсыласының қаруын қағу, қармау, ілу, қайыру, жұлу сияқты қорғану тәсілдері бар. Қоян-қолтық айқастарда жеңіске жету үшін бұл тәсілдерді жауынгерлер жетік меңгеруге міндетті болды. Орта ғасырларда бұл өнерді шебер меңгерген жауынгерлер қылышкер атанып, олардан арнаулы қосындар құрылған. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Семсерлесу
Муза Гавриловна Исаева (12.1.1929 жылы туған, Ресей, Краснодар өлкесі, Новосель ауданы, Троиц деревнясы) - ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1989), экономика ғылымының докторы (1973), профессор (1977). 1950 жылы Өзбекстандағы Самарқан халық шаруашылық институтын бітірген. 1963 жылы интитут директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып, 1977 жылдан сектор меңгерушісі, 1975 жылдан бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан бас ғылыми қызметкер. Институтының негізгі зерттеулері шаруашылықты аумақтар бойынша ұйымдастыру проблемалары, аймақтық экономикада нарықтық қатынастардың қалыптасуы, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сан жағынан бағалауға арналқан. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Жалғау Шәкірұлы Исалиев (21.6.1933 жылы туған. Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы) - дәрігер, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастурышысы, медицина ғылымының кандидаты (1972). 1957 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген. 1957 - 62 жылы Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында туберкулез диспансерінің, аудан ауруханасының бас дәрігері, 1962 - 73 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Ұлттық Медицина Университеті) ассистент, 1973 - 76 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау министірлігінің бас акушер-гинекологы, 1976 - 83 жылы Акушерлік-гинекология ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ана мен бала Ғылыми-зерттеу орталығы) директоры, 1983 - 88 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау министірлігінің орынбасары, 1988-93 жылы "Алматы" санаторийінің бас дәрігері қызметтерін атқарған. 1993 жылдан зейнеткерлік демалыста. Исалиев Жалғау Шәкірұлының негізгі ғылыми жұмыстары перинатальдік медецина проблемаларын шешуге арналған. Ол - ұрықтың перинатальдік кезеңдегі шетінеу себептерін анықтап, одан алдын-ала сақтандыру жолдарын негіздеген ғылыми-зерттеу бағдарламасы авторларының бірі. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Евгений Иванович Исаков (14 ақпан 1937, Рузановка ауылы, Сурское ауданы, Ульянов облысы, КСРО — 9 мамыр 2021) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1984; 1970 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі). Мәскеу консерваториясын бітірген (1964). 1964 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Таңдаулы партиялыра: Борис (М. П. Мусоргскийдің "Борис Годуновында"), Рене (П. И. Чайковскийдің "Иолантасында"), Кончал, Галицкий (А. П. Бородиннің "Князь Игорінде"), Нокс (С. Слонимскийдің "Мария Стюартында"), Мельник (А. С. Даргомыжскийдің "Су перісінде"), Филипп ІІ (Дж. Вердидің "Дон Карлосында"), Мефистофель (Ш. Гуноның "Фаустында"), Базилио (Дж. Россинидің "Севиль шаштаразында"), т.б. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Германияда, Въетнамда, Гвинеяда, Данияда, т.б.) болды. 1963 жылы Ивиккауда (Германия) өткен әншілердің Р. Шуман атындағы халықаралық конкурсының лауреаты болды. 1965 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (1970 жылдан доцент) дәріс береді. ## Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Turkvizyon ән байқауы 2014 (ағылш. Türkvizyon Song Contest 2014; түр. 2014 Türkvizyon Şarkı Yarışması; тат. 2014 Türkvizyon Cir Bäygese) - Татарстанның Қазан қаласында 2014 жылдың 19-21 қараша күндері аралығында өтті.Татарстан байқауды өткізу құқығына Түрік тілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет астанасы ретінде ие болды. Қазақстандық әнші «Turkvizyon 2014» байқауының жеңімпазы атанды. Жанар Дұғалова орындаған «Ізін көрем» әні кәсіби сарапшылардың ықыласын ерекше аударды. Екінші орынды «Atlar Çaba» әнін шырқаған татарстандық Айдар Сулейманов еншіледі. Үшінші орын башқұртстандық Заман тобына бұйырды. Келесі 2015 жылғы байқау Түркия елінде өтті. ## Бұрын өнер көрсетіп көрген орындаушылар * Қабарда-Балқария және Қарашай-Черкесия: Эльдар Жаникаев (Turkvizyon 2013) * Ирак түрікмендері: Ахмед Дузлу (Turkvizyon 2013) * Румыния: Дженгиз Эрхан Куткалай (Turkvizyon 2013) ## Қатысудан бас тартқан елдер * Алтай Республикасы * Беларусь * Косово * Солтүстік Кипр саяси-құқықтық себептермен, Ресей Солтүстік Кипрді егемен мемлекет ретінде танымағандықтан өнер көрсете алмады. Бұның кесірінен Солтүстік Кипр делегациясының құжаттары Ресейде жарамсыз болып табылады. Солтүстік Кипрды Ипек Амбер «Sessiz Gidiş» (Сөзсіз кетіп бара жатырмын) әнімен ұсынуы тиіс еді . * Шория ## Жартылай финал Жартылай финал 19 қарашада өтті. Финалға үздік 12 орындаушы жолдама алды. Кестеге түсініктеме Финалисттер ## Жартылай финал нәтижелері 1.^ Заңдарға қайшы, Түрікменстанға өзінен берілген қосымша 5 балл қосылған (нәтижесінде 169 балл) Бұл қателікті кейінірек ұйымдастырушылар байқап, қосымша 3 финалистті хабарлады.2.^ Босния және Герцеговинаның орындаушысы 168 балл жинаған. Алғашында техникалық қателіктің кесірінен қосымша 3 балл беріліп, соның нәтижесінде 171 балл жинаған. Бұл қателікте кейінірек жөнделді. ^ ^ ## Финал Финал 2014 жылдың 21 қарашасында өтті. Төменде финалға өткен 15 қатысушы көрсетілген. Алғашында ұйымдастырушылар 12 финалист болатынын хабарлаған, бірақ баллдарды қате санаудың кесірінен финалға Түрікменстан мен Босния және Герцеговина жолдама алды. Алайда ұйымдастырушылар өзінің қателігін көріп, байқау әділетсіз болмау үшін қосымша үш полуфиналист - Саха Республикасы, Болгария және Әзірбайжан финалға жолдама алды. Кестеге түсініктеме Жеңімпаз     Екінші орын     Үшінші орын     Соңғы орын ## Финал нәтижелері ## Жюрилер тізімі ## Хабар таратқан арналар ## Дереккөздер
Turkvizyon ән байқауы 2015 (ағылш. Türkvizyon Song Contest 2015; түр. 2015 Türkvizyon Şarkı Yarışması) - Түркияның Стамбұл қаласында 2015 жылдың 19 желтоқсанда өтті. Қырғызстандық әнші «Turkvizyon 2015» байқауының жеңімпазы атанды. Жийдеш Ыдырысова орындаған «Ким билет» әні кәсіби сарапшылардың ықыласын ерекше аударды. Екінші орынды «Олай емес» әнін шырқаған қазақстандық Орда тобы еншіледі. Үшінші орын түркиялық əнші Горкем Дурмазға бұйырды. ## Бұрын өнер көрсетіп көрген орындаушылар * Албания: Джоана Бейко (Turkvizyon 2014 — финалға өтпеді) * Болгария: Исмаил Матев (Turkvizyon 2014 — финалға өтті, онда 10 орынға ие болды) * Солтүстік Македония: Каан Мазхар (Turkvizyon 2014 — финалға өтті, онда 14 орынға ие болды) * Солтүстік Кипр: Ипек Амбер (Turkvizyon 2014 — саяси және құқықтық себептермен, Ресей бұл елді егемен мемлекет ретінде танымайтындықтан қатыса алмады.) ## Қатысудан бас тартқан елдер * Түрікменстан Су-24 ұшағы инцидентінің кесірінен бас тартқан елдер: * Алтай Республикасы * Башқұртстан * Қабарда-Балқария * Қарашай-Черкесия * Қырым * Құмықия * Мəскеу * Ставрополь өлкесі * Татарстан * Тыва * Хакасия * Саха Республикасы ## Финал Финал 2015 жылдың 19 желтоқсанында өтті. Төменде финалға өнер көрсеткен 21 қатысушы көрсетілген. Кестеге түсініктеме Жеңімпаз     Екінші орын     Үшінші орын     Соңғы орын ## Жюрилер тізімі ## Хабар таратқан арналар ## Дереккөздер
Гюнеш Абасова (белар. Гюнэш Абасава;әз. Günәş Abbasova; 1979 жылдың 2 қыркүйегінде Беларусьтың Барановичи қаласында туған) - әнші. ## Биографиясы Абасованың бала кезі Барановичи қаласында өтеді. Гюнеш бала кезінен музыкаға қызығады. Мектеп оқығанда мектеп хорының басты солисті болады. Абасованың алғашқы ұстазы боп Федор Жиляк саналады.2000 жылы Минскідегі Мемлекеттік жастар эстрада театрында жұмыс жасауға шақырту алады. Ол жақта Абасова «Сябры» студиясында жұмыс жасайды. 2005 жылы Витебскте өткен "Славянский базар" байқауына қатысады. 2006 жылы белгілі беларусьтық авторлардың әні кірген алғашқы жеке альбомын шығарады. Сол жылы "Песня года" телепроектісіне қатысуға шақырту алады. Оның нәтижесінде көрермендер дауысымен "Үздік ән" номинациясына ие кетеді. 2005, 2006, 2008, 2009, 2010 және 2012 жылдары Абасова «ЕвроФест» ұлттық теледидарлық іріктеу проектіне қатысты. Ол сол проектілерде 2 (2009), 4 (2006) оынға және 4 рет финалист (2005, 2008, 2010, 2012) атанған. ## Марапаттары * 2000 — "Мальва-2000" конкурсының көрермендер таңдауы жүлдесіне ие кетті (Польша). * 2001 — "Море друзей" конкурсында дипломға ие кетті (Украина). * 2001 — Ивасюк атындағы ән байқауында 1-інші орынға ие кетті (Украина). * 2002 — "Золотой Скиф 2003" ән байқауында дипломға ие кетті (Украина). * 2003 — "Discovery 2003" ән байқауында дипломға ие кетті (Болгария). * 2003 — "Янтарная звезда 2003" ән байқауында гран-приге ие кетті (Латвия). * 2003 — "Ялта-2003" ән байқауында 1-інші орынға ие кетті (Украина). * 2005 — "Славянский базар 2005" ән байқауында 2-нші орынға ие кетті (Беларусь). * 2010 — "Istanbul Songs 2010" ән байқауында 2-нші орынға ие кетті (Түркия). * 2013 — "Turkvizyon 2013" ән байқауында 2-нші орынға ие кетті (Түркия). ## Дереккөздер
Фазиле Ибраимова (укр. Фазіле Ібраімова;тат. Fäzile Ibraimova;1994 жылдың 10 қыркүйегінде Украинаның Белогорск қаласында туған) - әнші. ## Биографиясы Фазиле Ибраимова 1994 жылдың 10 қыркүйегінде Белогорск қаласында туылды.5 жасынан бастап Фазиле музыкамен айналыса бастады. Әннен басқа Фазиле хореографиямен қызығады. Қазіргі уақытта "Джемиле" қырымтатар ансамблінің вокалисты.2010 жылдан бастап Фазиле Қырым Мәдениет өнер және туризм университетінің студенті. ## Марапаттары * "Южный экспресс" телеконкурсында дипломға ие кетті (Украина). * "Юный виртуоз" конкурсында дипломға ие кетті (Украина). * "Юный дирижер" конкурсында дипломға ие кетті (Украина). * "Turkvizyon 2013" ән байқауында 3-нші орынға ие кетті (Түркия).
Айдар Сулейманов (орыс. Айдар Сулейманов; тат. Aydar Süleymanov;1988 жылдың 15 наурызында Ресейдің Заинск қаласында туған) - әнші. ## Биографиясы Айдар 1988 жылдың 15 наурызында Заинск қаласында туылды. 4 жасынан бастап вокалмен айналысып, балалар музыка мектебін үздік бітірді. Заинск қаласында орналасқан «Сэлэт» республикалық интеллектуалдық лагерінің негізін салушылардың бірі. Татар тіліндегі гимназияны бітірген соң И.В. Аухадеев атындағы Қазан музыкалық колледжіне түсті. 2008 – 2009 жж. аралығы Н.Г. Жиганов атындағы Қазан ұлттық консерваториясының вокал өнері факультетіне оқыды. 2009 жылдан бастап – Мәскеуде орналасқан Ресей театр өнері академиясының (РАТИ) эстрада факультетінің студенті. ## Марапаттары * «Созвездие-Йолдызлык» конкурсының жеңімпазы («Вокал-соло» номинациясы, 2007 ж.). * «Созвездие-Йолдызлык» конкурсының гран-при иегері (2009 ж.). * «Turkvizyon» ән байқауының 2-нші орын (2014 ж.).
Заман (қаз. Заман) — Башқұртстанда (Ресей) 2013 жылы құрылған этникалық топ. ## Тарихы Башқұрт музыкасының ансамблі «Заман этно-проекты» атымен 2013 жылы құрылды. Коллектив басшысы боп Радмир Муфтахин саналады. Алғашқы әнін топ 2014 жылы «Тыуган Йер» (Туған жер) атымен шығарды. Ансамбль 10 адамнан тұрады. Коллектив қатысушылары негізінен Башқұртстан музыкалық оқу орындарының түлектері. «Заман этно-проектының» басты мақсаты - башқұрт дәстүрлі музыкасын сақтау және оны әлемге таныту. ## Қатысқан фестивальдары ### 2014 жыл * «Навруз – 2014» бүкілқалалық мерейтой. * «Қазан – Азия» концерті. * «Салават Низаметдинов атындағы башқұрт музыкасының фестивалі». * «Сабантуй» халық мерейтойы. * Малайзия мәдениетіне арналған фестиваль. * «Октябрь – Этно» концерті. * «Таткызы – 2014» бүкілресейлік конкурс. * «Turkvizyon – 2014» ән байқауы. ## Дереккөздер
Габдулла Рухулұлы Шамуков (24 желтоқсан 1909 жыл, Уфа - 1981) - татар, башқұрт кеңес актері. РСФСР халық әртісі (1957). 1944 жылдан КПСС мүшесі. ## Өмірбаяны 1930 жылы Башқұрттың өнер техникумын, одан кейін Қазандағы педагогикалық институтты бітірді. 1930-46 жылдары Башқұрттың М.Н.Ғафури атындағы драма театрында актер болып, Тоқай (Файзидің осы аттас пьесасында) және Подколесин (Гогольдің "Үйленуінде") рөлін орындады. Ол башқұрт (1940) пен татар (1947) театрында тұңғыш рет В.И.Лениннің сахналық тұлғасын жасады. 1946 жылы Татар драма театрының труппасына ауысты. ## Рөлдері Балтаев (Исанбеттің "Зифасында"), Дормидонт, Телятев(А.Островскийдің "Кешіккен махаббаты" мен "Құтырған ақшасында), Труффальдино (Гольдонидың "Екі мырзаға бір қызметкерінде") т.б. 1933 жылдан педагогикалық қызметпен және көркем сөз оқумен шұғылданады. У.Шекспирдің, Ф.Шиллердің, Эсхилдің, А.С.Пушкиннің трагедияларын, А.С.Грибоедовтың комедиясын татар тіліне аударды. Балаларға арнап бірқатар пьесалар мен актерлер туралы мақалалар жазды. 1964 жылы және 1972 жылы гастрольдік сапармен Алматыда өнер көрсетті. ## Сыйлықтары 1966 жылы Ленин ордені, 1957 жылы РСФСР Халық артисі,1980 жылы КСРО Халық артисі және басқа медальдармен марапатталған ## Дереккөздер
Амир Шарифуддин(Sjarifuddin)(1907 - 19.12.1948) - Индонезия ұлт - азаттық және коммунистік қозғалысының қайраткері. Партиндо ұлттық - революциялық партиясы (1931 жылы негізі қаланды) басшыларының бірі. ## Өмірбаяны 1933 жылы оны Голландия отарлау өкіметі тұтқынға алып, 1935 жылға дейін түрмеде ұстады. Гериндо ұйымын құруға (1937) қатысты, оның председателі, сонымен бірге Индонезия саяси одағының бас секретары болды. Жапон оккупациясы кезінде (1941-1945) Қарсыласу қозғалысы басшыларының бірі, 1943 жылы тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді, кейін ол өмір бойы түрмеде отыру жазасымен ауыстырылды. Индонезия тәуелсіздік алғаннан кейін (1945) түрмеден босатылып, Индонезия Республикасы алғашқы үкіметінің құрамына ақпарат министрі болып кірді. 1945 жылдың аяқ шенінен 1948 жылдың қаңтарына дейін қорғаныс министрі, 1947 жылы шілдеден 1948 жылдың қаңтарына дейін үкімет басшысы. Шарифуддин Социалды партияның председателі және вице - председателі (1945-48), ал ол компартиясымен біріккеннен кейін компартия Саяси бюросының мүшесі болды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 186 бет
Карл Христиан Фридрих Шаппер(Schapper)(30.12.1812-29.04.1870) - неміс және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. Жастайынан революцияға араласты. "Жас Германия" атты республика - демократиялық қастандық қоғамына, Парижге келгеннен кейін "Аласталғандар одағына" кірді. 1836 - 37 жылдары "Аласталғандар одағынан" бөлінген "Әділеттілер одағы" ұйымын құрушылардың бірі болды. 1839 жылы 12 мамырда Франциядан кетіп, Лондонда И.Молль және Г.Бауэрмен бірге Неміс жұмысшыларының ағарту қоғамын құрды. "Бауырлас демократтар" (1845) қоғамын құруға қатысты. "Әділеттілер одағының" басшы органына (Халық палатасы) кірді. Коммунистер одағының I және II - конгрестерінің председателі, Одақ ОК- нің мүшесі болып сайланды. Германиядағы 1848 - 49 жылдары революция кезінде "Жаңа Рейн газетін" шығаруға көмектесіп, Маркс ұстанған бағытты қолдады. 1849 жылы 28 ақпан - 25 мамыр аралығында Кельн жұмысшы одағының председателі. 1850 жылы бірнеше рет түрмеге жабылып, сотталды. 1850 жылы жазда Лондонға эмиграцияға кетті. 1865 жылы Шаппер 1 - Интернационал Бас кеңесінің мүшесі болды, Лондон конференциясына қатысты. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 181 бет
Абзал Жұмашұлы Ералиев — (28 наурыз, 1960 жыл, Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) — Қазақстанның Еңбек Ері (2013 жылы), Қызылорда облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі және Қызылорда облыстық мәслихат депутаты. ## Өмірбаяны Ералиев Абзал Жұмашұлы 1960 жылы 28 наурызда Қызылорда облысы қазіргі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы ауылдық округінде Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) пен Сәрсенбайқызы Кенжегүлдің отбасында дүниеге келген. Әкесі – Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра ауылының тумасы. 1939 жылы медицина мамандығын дайындайтын курсты бітірген уақытында әскерге шақыртылып, азаматтық борышын өтеп жүрген уақытында Ұлы Отан соғысы басталады. Бұл сұрапыл уақыттарда Ералыұлы Жұмаш (Ербатыр) фельдшер-санинструктор қызметін атқарады. 1946 жылы елге оралып, келісімен мамандығы бойынша 12 жыл бойы Аламесек, Шымбөгет, Ақарық, Қосарық, Бесікті ауылдық округтерінде фельдшер қызметін атқарады. 1958-1996 жылдар аралығында Нағи Ілиясов ауылдық округінің учаскелік ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Анасы – Сәрсенбайқызы Кенжегүл Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Ақарық ауылының тумасы. 8 баланың анасы. Ералиев Абзал Жұмашұлы 1967 жылы қазіргі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылындағы №132 Түймебай Айтбаев атындағы қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына барады. 10 жылдық оқу орнын бітірген шағында, 1977 жылы Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалына оқуға түседі. 1982 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1982 жылы әскер қатарына шақыртылып, Отан алдындағы борышын Ресейдің Череповец қаласында Кеңес әскерінің қатарында жүріп өтейді. ## Еңбек жолы * 1984 жылы әскерден оралып, Қызылорда үй құрылыс комбинатында құрылыс шебері болып өзінің еңбек жолын бастайды. 1994 жылға дейін аталмыш мекемеде 10 жылға жуық мастер, прораб, құрастыру учаскесінің бастығы қызметтерін атқарады. * 1994 жылы Қызылорда облысының негізгі еңбек көзі – асыраушысы болып есептелінетін күріш өндірісімен айналысуды ұйғарады. Сойтіп, осы жылы күріш өсірумен және оны өңдейтін «Абзал және Компания» толық серіктестігін ашып, осы компанияның директоры болып қазіргі таңға дейін қызметін атқарып келеді. * 2008 жылдан бастап қоғамдық негізде Облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті болып сайланады. * 2011 жылдан бастап «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясының белді мүшелерінің қатарында. * 2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық мәслихат депутаты болып табылады. ## Жетістігі * 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 25 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды. * 2010 жылы Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 7-ші желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталды. * 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 10-шы қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. * 2012 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Меценат» алтын медалімен марапатталды. * 2013 жылы қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен наградталды. * 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің желтоқсандағы Жарлығы бойынша елге жасаған ерен еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» орденімен марапатталды. ## Отбасы Ералиев Абзал Жұмашұлы 1987 жылы отбасын құрады. Жары – Ильясова Алтынай Абдикаримқызы 1964 жылы 14-ші қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жанұясында 1 ұлы және 1 қызы бар.Қызы – Ералиева Гулнұр АбзалқызыҰлы – Ералиев Мағжан Абзалұлы ## Сыртқы сілтемелер * УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы. * [1] Мұрағатталған 26 мамырдың 2015 жылы. * [2]
## Ажиков Нұритдин Ажиков Нұритдин (1920 жылы Маңғыстау ауданы, Шебір ауылында туды) – Ұлы Отан соғысы ардагері. Майдандағы ерлігі үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Ажиков Нұритдин Ажиков Нұритдин (1920 жылы Маңғыстау ауданы, Шебір ауылында туды) – Ұлы Отан соғысы ардагері. Майдандағы ерлігі үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Азмағамбетов Ізтұр (1928 жылы Маңғыстау ауданы, Түпқараған ауылында туды) – жылқышы. * 1945 – 1983 жылдары өзінің туған ауылында жылқышы болды. * 1975 – 1978 жылдары КСРО халық ш-н дамытуға қол жеткізген ерекше табыстары үшін КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі Бас басқармасының 1 күміс және 2 қола, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1992). ## Дереккөздер
Адамбаев Мінбар (1920, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында туып – 2001, сонда көз жұмды) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Еңбек жолын ұжымшарда жұмысшы болып бастаған. * 1941 – 1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Украина, Беларусь майдандарында болды. Адамбаев өз ғұмырын облыстың аул шаруашылығын өркендетуге арнады. Осы салада жарты ғасырдан астам еңбек етті. * 1944 – 1952 жылдары ферма меңгерушісі, ұжымшар басқармасының төрағасы. * 1952 – 1956 жылдары Маңғыстау облысы (бұрынғы Гурьев облысы) жылқы тұқымын асылдандыру мекемесінің қызметін атқарды. Бірнеше медальдармен, 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Аитов Нариман Әбдрахманұлы (1925 - 1997 жылдар) - философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі. Аитов ресейлік және қазақстандық әлеуметтану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 300-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Олардың ішінде 24-тен астамы ғылыми монографиялар. ТМД елдерінің әлеуметтанушыларының арасында Аитов алғаш рет 1964 жылы қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей отырып, әлеуметтік орын ауыстыру мәселесін алға қойды. Сондай-ақ, ғалым тұлғаның әлеуметтік-кәсіби жағдайының құбылмалығы туралы ойды алғаш айтып, дәлелдеп берді. 1987 жылы жарық көрген "Социализм және теңдік" атты еңбегінде Аитов социализм кезіндегі теңдік және теңсіздік мәселелеріне жаңа көз-қарасын білдірді. Аитов әлеуметтік жоспарлаудың аймақтық жүйесі туралы ілімін өзінің 50-ден астам еңбегінде сипаттап берді. Аитов тұрғыңдардың қоныстану мәселесін зерттей отырып, қоныстану қарым-қатынасын қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде негіздеуші ғалым. Аитовтың соңғы еңбектері: * Қазақстандық ауылдың тағдыры. Алматы, 1991 (К.Ғабдуллинамен бірге). * Өтпелі кезең қоғамы. Алматы, 1993. Өтпелі кезеңдегі жұмысшылардың еңбекке қатынасы. Алматы, 1994. (Е. Раисовпен бірге); * ТМД елдерінің түрғындарының әлеуметтік құрылымы. Уфа, 1995. * Нарық әлеуметтануы. Лекциялар курсы. Алматы, 1995; * Интеллигенция. Социология бөлімінің студенттеріне арналған лекциялар курсы. Алматы, 1996. * Әлеуметтану негіздері. Алматы, 1997. * Тең емес адамдардың теңдігі. Алматы, 1998. * Білім әлеуметтануы. Алматы, 2000. ## Дереккөздер
Михаил Андреевич Шателен(01.01.1886, Петербург, - 31.01.1957, Ленинград) - кеңес электротехнигі, КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі (1931 жылдан). Социалды Еңбек Ері (1956). РСФСР-дің (1934) және Өзбекстан КСР- інің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1943). ## Өмірбаяны Петербург университетін бітірген (1888). 1891 жылдан осы университетте және Петербург тау - кен институтында педагогикалық жұмыспен айналысты. 1893 жылдан Петербург электротехника институтының профессоры. Ол 1901 жылы Петербург политехнология институтын құруға қатынасып, өмірінің соңғы күніне дейін сол институттың профессоры болды. ГОЭЛРО жоспарын жасауға қатынасты. 1929 жылдан КСРО Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі Бас палатасының президенті. 1929-49 жылдары Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық комитетінің мүшесі (1948 жылдан оның құрметті мүшесі) болды. ## Еңбектері Негізгі еңбектері электротехника, жарық техникасы метрология және технология тарихының мәселелеріне арналған. Шателен шетелдегі көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесі болды. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949). 4 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Шиқылдауық жармасқы (лат. Alsophylax pipiens) – жармасқылар тұқымдасына жататын кесіртке. ## Таралуы Шиқылдауық геккон Арал өңірінің барлық аумақтарында кездеседі. Барсакелмес қорығының екі учаскелерінде тіркелген. Денесінің ұзындығы 15 мм болса, құйрығының ұзындығы 13 мм. Олардың бұл аймақта кездесу жиілігі басқа дарақтарға қарағанда азырақ. Себебі, олардың адаптациялық белгілері басқа түрлермен салыстырғанда ерекшеленеді. ## Экологиясы Көктемгі алғаш кездесуі сәуір айының үшінші декадасында тіркелген. топырақ температурасы 10-120С шамасында кездесе бастайды. Шиқылдауық геккондар негізінен түнде жүретіндіктен толық бақыланбаған түр. Олардың түнде белсенді әрекет етуі- олардың қараңғы түске бейім екенін анық түрде дәлелдейді. ## Дереккөздер
Николай Сергеевич Шатский(28.08.1895, Мәскеу, - 01.08.1960, Мәскеу) - көрнекті кеңес геологы. КСРО ҒА - ның академигі (1953, 1943 жылдан корреспондент мүшесі), геология - минерология ғылмының докторы(1940). Мәскеу тау - кен академиясын бітірген (1929), Мәскеу геология - барлау институтының профессоры (1932). Кеңестік тектоника ғылымының мектебін құрушы және ғылыми бағытын дамытушы. ## Еңбектері Шатский геосинклинальдық формациялар туралы ілімді дамытты, рифей тобын, байқал қатпарлығын, көне платформалардағы авлакоген құрылымдарын анықтады. КСРО - нің бірінші тектоникалық картасын жасады, Еуропаның бірінші тектоникалық картасының редакторы болды. Шатский - Лондон, Венгр, Франция, Чехословакия геологиялық қоғамдарының мүшесі. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946), Лениндік сыйлықтың лауреаты (1957). 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен марпатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 196 бет
Қаракесек: * Қаракесек (Арғын) * Қаракесек (Әлімұлы)
Ахмадия (урду: احمدیہ‎, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (араб.: الجماعة الإسلامية الأحمدية‎, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады, 19-шы ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған. Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді. Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды. Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан. Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады. Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып, оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда. ## Атаудың шығу тегі Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың ﷺ екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің ﷺ көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді, яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады. Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған: اور جائز ہے کہ اِس کو احمدی مذہب کے مسلمان کے نام سے بھی پکاریں "Сонымен қатар бұл жамағатты, сенімдік тұрғыда «Ахмадия мазһабын» ұстанған мұсылмандар деп те атауға болады". ## Сенімдеріне түйіндеме Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген: "Алла Тағаланың маған тапсырған тапсырмасы: мен, Құдай мен Оның жаратылысының арасындағы байланысқа нұқсан келтіретін қателіктерді алып тастауым керекпін. Мен, Құдай мен адам арасындағы махаббат пен шынайлықты қалпына келтіру керекпін. Шындықты айтып және діни қақтығыстарды доғарту арқылы, көзден таса болған иләһи ақиқаттарды ашыққа шығарып, бейбітшілікті орнатуым керекпін. Мен, өзімшілдіктің түнегіне жерленген руханиятты қайта жандандыруға шақырылғанмын. Мен бұны сөзбен ғана емес, іс жүзінде көрсетуім керек. Адамға енетін иләһи қуат, дұға-ғибадат пен зейін қою арқылы көрінеді. Мақсатымның мәні, ең алдымен, мен, адамдардың жүректеріне о баста егілген, таза әрі (сәуледей) жарқыраған Алланың Бірлігін қалпына келтіру керекпін. Мен адамдардың жүректерін көпқұдайшылдықтың түрлі ластықтарынан тазартуым керек, өйткені қазіргі уақытта Алланың Бірлігі толығымен жоғалып кеткенді. Бұның барлығы мен арқылы емес, аспан мен жердің Тәңірі болған, Алланың күш-қуаты арқылы жүзеге асады". Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек. Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың ﷺ арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед ﷺ пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген. Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады: "Иман – екі аспектіден тұрады. Оның бірі Құдайға деген махаббат. Екіншісі, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілік, яки басқа адамдардың қайғысын, ауыртпалықтары мен тауқыметін өзіңдікіндей көріп, олар үшін дұға тілейтіндей дәрежедегі мейірімділік". Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан. Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында. ## Ахмадилердің сенімдері Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделген. ## Иманның алты шарты ### Алланың Бір екендігіне сену (Таухид) Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады: "Бір Алланың нұры, сырттағы және іштегі барлық пұттарды жоққа шығарғанда ғана, жүректі нұрға бөлейді. Ол адам болмысының әр бөлігін нұрландырады. Бұған Құдайдың көмегінсіз және Оның пайғамбарының ﷺ көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Адам баласының міндеті, өзінің өзімшілдігін өлтіріп, сайтани тәкаппарлығынан бас тартуы қажет. Ол өзінің ақылгөйлігімен мақтанбағаны дұрыс. Ол өзін надан адам ретінде санап, момын болуы керек. Ол дұға тілеуден босамаса керекті. Міне, сонда ғана Бір Алланың нұры оған нәзіл болады және оған жаңа өмір тарту етіледі". Ортақ пікір бойынша, Құдайдың Бірлігіне қатысты исламдық тағылым барша адамзаттың бірлігіне жол ашады, осылайша, осы мәселедегі барлық кедергілер өздігінен жойылады. Өйткені, адамзат нәсілі әртүрлі ұлт пен ұлыстардан тұратыны абиырлы екені рас. Сондай-ақ, Бір Құдайға иман келтіру, Жаратушы Ие мен Оның жаратылысының арасында абсолютті үйлесім сезімін орнықтырады. Құдай тағала мен Оның сөзінің арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екені түсінікті жағдай. Ахмадия ілімі бойынша, Құдай, барлық кемшіліктерден пәк, барлық кемелдіктердің қайнары ретінде мойындалады. Ахмади-мұсылмандары Құдайды, барлық жерде бар болған мекенсіз Болмыс, құлдарының тілек-дұғаларын, намаз-ғибадаттарын еститін, көретін, және оларға жауап беретін, тірі Құдай ретінде мойындайды. Ахмадилер үшін, Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік сипаттар. Ахмадилердің сенімі бойынша, Құдай, адамзатпен бұрын қалай сөйлессе, қазір де солай сөйлеседі. Осы орайда Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазған: "Құлағы барлар, тыңдаңдар: Алла сендерден не тілейді? Оған адал берілулеріңді тілейді, Оған теңді жерден де, көктен де іздемеулеріңді тілейді. Біздің Құдайымыз – Бір, Ол өткен замандарда тірі болғанындай, кәзір де тірі; өткен замандарда сөйлегеніндей, кәзір де сөйлейді; өткен замандарда естігеніндей, кәзір де естиді. Біздің заманда Ол естиді, бірақ сөйлемейді деген ой – бекершілік. Шын мәнінде ол естиді де, сөйлейді де. Оның барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Сипаттарының бір де бірі уақытша болса да жоғалған емес, жоғалмайды да. Ол – серіктесі жоқ, жалғыз, дара Болмыс; Оның әйелі де, ұлы да жоқ. Ол – мәңгілік, теңдесі жоқ Болмыс; Ол иемденген қасиетке иемденген басқа ешкім жоқ; Оның бір де бір қасиеті әлсіремек емес. Ол жақын, жақын бола тұра алыс. Ол алыс, алыс бола тұра, жақын. Ол – биіктердің биігі, бірақ Одан аласа тұрған біреу бар деп те айтуға болмайды. Ол – көкте, бірақ Оны жерде емес деп те айтуға болмайды. Оның бойында барлық, кәміл де хас қасиеттер жинақталған, Ол жасаған Ізгіліктер – барлық мақтауларға лайық; Ол – барлық кемелділіктің қайнар көзі; Ол – құдыретті; Барлық жақсылық Одан тарайды да Оған қайтып оралады; Ол – барлық байлық-қазынаға Ие, барлық дәреже Оның Өзінде жинақталған; Оның ешбір кемшілік, әлсіздігі жоқ; Жер мен көктердегі барлық жан иелері ғибадат етуге лайықты – Оның Өзі ғана". ### Періштелерге иман келтіру Ахмадия мұсылман жамағаты үшін періштелерге иман келтіру ерекше маңызға ие. Олардың тәлімі бойынша, періштелер Құдай жаратқан рухани болмыстар. Алла Tағала оларды өзіне бағынышты етіп және үкімдерін бұлжытпай орындайтын құрал ретінде жаратқан. Адамдарға қарағанда, періштелерде ерік жоқ және олар өзбетінше әрекет ете алмайды. Періштелер, Құдайдың жетекшілігімен, пайғамбарларға уахи-аяндар алып келеді, пайғамбарлардың дұшпандарына Құдайдың жазасын жаудырады, Құдайды даңқтап-мадақтайды және адамдардың амал кітәптарын жазады. Періштелер көзге көрінбейді. Дегенмен, Ахмадия мұсылман жамағатының сенімдеріне сай, періштелер адамдарға түрлі кейіпте көрінуі мүмкін, алайда бұл көріністер физикалық тұрғыда емес, рухани тұрғыда орындалады. Ахмадилер, періштелерді, өздеріне лайықты келбетке ие рухани болмыс ретінде қадірлейді. Олардың ең басты міндеті, адамзатқа Құдайдың хабарын жеткізу. Құран кәрім бойынша, барлық дүнияуи және рухани әлем періштелер деп аталатын рухани күштер арқылы басқарылады. Олар Құдайға толығымен бағынышты. Ахмади-мұсылмандарының түсіндірмесі бойынша, періштелер берілген бағыт-бағдардан, немесе тапсырылған қызмет-функциядан, немесе Құдай ойластырған жалпы жоспардан еш ауытқымайды. ### Құдайдан түскен кітаптарға иман келтіру Ахмади-мұсылмандары имандылықтың үшінші шартын, пайғамбарларға Құдайдан түскен барлық кітаптарға сенумен байланыстырады. Ол кітаптарға Тәурат, Інжіл, Забур, Құран кәрім жатады. Исламға дейінгі дін тарихы белгілі бір уақытқа, белгілі бір ортаға (белгілі бір халыққа ғана) түсірілген Иләһи өсиеттер ретінде танылады. Осылайша, оларға, сол кезде өмір сүрген адамдардың мұқтаждықтарына сай келетін Иләһи ілімдер берілген, тіптен сол өсиеттердің кейбір жерлері сол адамдардың (сол халықтардың) өмір сүрген уақыты мен ғұрпына ғана сай келгенді. Құран кәрімнен басқа кітаптардың барлығы адам тарапынан өзгертулерге ұшыраған болып есептеледі. Тек Құран кәрім ғана еш өзгертусіз, өзінің бәз қалпында сақталған.Исламға дейін, Құдай Тағала, жер бетінде өмір сүрген әр халыққа, әр қауымға өзінің пайғамбарларын жібергенін Ислам күмәнсіз мойындайды. Сондықтан, ахмади-мұсылмандарының тәлімдеріне сай, Ыбырайымдық дәстүрден тысқары қалған, мысалы Ведалар мен Авеста сияқты кітаптар да Құдайдан түскен кітаптар болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран Кәрім күллі адамзатқа жіберілген соңғы кітап, оның тәлімдері уақытпен (яғни, қандай да бір заманмен) шектелмейді. ### Пайғамбарларға иман келтіру. Ахмадияттың пайғамбарлығына және «Хатаман набийин» («Пайғамбарлық мөрге») сену Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, имандылықтың төртінші шарты, Құдай тарапынан келген барлық пайғамбарларға иман келтірумен байланысты. Әлем заңсыздықтар мен ахлақсыздыққа (яғни, адамгершіліктен жұрдай болған жағдайға) белшеден батқанда, немесе әлемнің біршама бөлігінде осындай сипаттар көрініс тапқанда, немесе қандай да бір шариғаттың ізбасарлары бүлінген кезде, нәтижесінде дінге зақым келіп, дін Құдайдың көмегіме мұқтаж болғанда, Алла Тағала дінді қалпына келтіру үшін пайғамбарын жібереді. Ахмади-мұсылмандары Құран Кәрімде, Тәуратта, Забурде, Інжілде аталған пайғамбарлардан бөлек, Зардұшты, Кришнаны, Будданы және Конфуциді де Құдайдың пайғамбарлары болған деп сенеді. Ахмадияттың сенімі бойынша, Пайғамбар (Нәби), Елші (Расул) және Өкілші (Мурсәл) делінген ислами терминдердің мағыналары бірдей. Дегенмен, Ахмадияттың ұстанымы бойынша, пайғамбарлардың екі үлкен түрі бар. Бірінші түріне жаңа шариғат әкелген пайғамбарлар жатады, мысалға: Тәурат шариғатын әкелген Мұса пайғамбар (ғ.с.) және Құран шариғатын әкелген Мұхаммед пайғамбар ﷺ. Ал екінші түріне ешқандай шариғат әкелмеген пайғамбарлар жатады, мысалға: Ілияс (ғ.с.), Жеремей (ғ.с.), Жақия (ғ.с.), Иса (ғ.с.), Мырза Ғұләм Ахмед (ғ.с.). Осы, екінші түрдегі пайғамбарлар өздерінен бұрынырақ түскен шариғатты орындау үшін келген «орындаушы пайғамбарлар» болып есептеледі, олар сол шариғаттың шеңберінен шықпаған және оған өзгертулер еңгізбеген. Сондай-ақ, бұндай пайғамбарларды - «үммәти нәби», яғни «үмбеттің ішінен шыққан пайғамбарлар» деп те атайды. ### Қиямет күніне иман келтіру Иманның бесінші шарты Қиямет күніне қатысты. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Бір Құдайға иман келтіргеннен кейін, Құран Кәрімде сөз етілген Қиямет күніне иман келтіру өте маңызды қағидат. Ахмадилердің сенімінде, күллі әлем Қиямет күнінде соңына жетеді. Исламның басқа ағымдары мен дін мектептері де осындай ұстанымда. Өлгендер тіріледі. Олар өздерінің амалдары үшін есеп береді. Жақсылық істеген адамдар жұмаққа кіреді, ал жазаға тартылатындар тозаққа тасталады. Ахмадилердің түсінігі бойынша, тозақ уақытша мекен, онда адамдар мәңгілік тұрақтамайды. Ибн Таймийа, Ибн Араби секілді ғұламалар да осындай түсінікте болған. Тозақ - жанды емдейтін «аурухана» іспетті мекен, ондағы жандар күнәларынан тазаратын болады. Ахмадилердің сенімі бойынша, бұндай түсінік Құран Кәрім мен хадистерге негізделген. ### Тағдырға илану Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құдай Тағала ғаламдағы барлық істерді соңына шейін бақылауда ұстайды. Бұл Құдайдың жазған тағдыры болып есептеледі. Осы тағдырдың шеңберінде адамға ерік беріледі, сол арқылы ол өз жолын таңдайды. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, адамдар Қиямет күні өз ниеттері мен іс-әрекеттері негізінде сұраққа тартылады. ## Исламның бес тірегі Исламның негізгі бес тірегі (Аркан әл-Ислам; Аркан әд-Дин) барлық ахмади-мұсылмандары үшін парыз саналады. Олар келесідей: * Шаһада («Алладан басқа ешқандай құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне иман келтіру»), * Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз (жүзді Қыблаға қаратып), * Зекет салығын төлеу (қайырымдылық жолында), * Рамазан айында ораза тұту, * Меккеге қажылық жасау, тым болмағанда өмірінде бір рет. Исламның бес тірегін орындауда ахмади-мұсылмандары сүннеттік ұстанымға қайшы келмейді. Дегенмен, Пәкістанда ахмади-мұсылмандары заңмен қудаланады. Оларға намазға азан шақыруға, мұсылман куәлігін (шаһаданы) айтуға, Құран кәрімді дауыстап оқуға, өздерінің ғибадатханаларын мешіт деп атауға және ислам терминологияларын өздеріне қатысты қолдануға тыйым салынған. Олар басқа да мұсылман елдерінде түрлі қудалаушылықтарға ұшырап жатыр. Ол жерлерде ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға рұқсат етілмейді. Мұндай тыйымдар ислам шариғатында парыз етілген міндеттемелерді орындауда біршама қыйындықтар жасайды. Демократиясы жоғары елдерде тұратын ахмади-мұсылмандары қажылыққа кедергісіз баралғанымен, Сауд Арабияның шектеу заңы оларға да қатысты салынған. ## Ахмадилердің сенім өзгешеліктері Ахмади-мұсымандары ұстанатын исламның бес тірегі мен иманның алты шарты қалған сүнниттік мұсылмандардікіндей болғанына қарамастан, ахмадилердің сенімдерінде кейбір өзгешеліктер бар: ### Иса пайғамбардың екінші рет келуі Бұған қатысты ахмадилердің сенімдері басқа мұсылмандардың сенімдерінен өзгешерек. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Иса айқышқа (крестке) керілді, бірақ ол онда өлмеді, тек есінен таңды және айқышта бар жоғы төрт сағат болды. Сосын, мазар үшін қолданылатын үңгірге қойылған соң, бірер күнде есіне келген. Мырза Ғұләм Ахмедтің пайымы бойынша, Иса көп ғұмыр жасап, қартайған шағында Кашмирде қайтыс болған. Ол Исраилдің жоғалған руларын іздеп табу үшін Кашмирге көшіп барған. Ол Кашмирде Юз Асаф есімімен белгілі болған. Оның қабірі әлі күнге дейін Сринагар қаласының Ханияр көшесінде, Розабал кесенесінде сақталған. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, христиандық және исламдық пайғамбарлықтарда айтылған «Исаның екінші рет келуін» сөзбе-сөз түрде емес, астарлы (салыстырмалы) мағынада түсіну керекті. Олардың ойынша, Исаның екінші рет келуі Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің тұлғасында жүзеге асқан. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди бір адамның қос (символды) лақап аттары , және оның ілімі мен дұғалары арқылы, христиан діні дәурендеген заманда, ислам дәжжәлды тасталқан ететін болады. Осылайша, дәжжәлдың билігі ақырындап сөне бастайды, бұл исламның бейбіт замандағы түбегейлі жеңісін сүйіншілейді. ### Хатаман набийин (Пайғамбарлардың мөрі) Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран кәрім - Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы шариғаты. Олардың сенімі бойынша, Құдай Тағала өткен замандарда Өзінің сүйікті құлдарымен сөйлегеніндей, кәзір де сөйлеседі. Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Олардың сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар ﷺ ең кәміл және ең соңғы шариғатты әкелген, сол арқылы иләһи пайғамбарлық пен адамзаттың рухани дамуы өз шыңына жеткенді. Үмбеттің ішінен шығатын жаңа пайғамбарлардың келуі әбден мүмкін, бірақ олар толығымен Мұхаммед пайғамбарға ﷺ бағынышты болмақ; және оның ілімін еш өзгерте алмайды, немесе жаңа шариғат, жаңа дін әкелмейді. Үмбеттің ішінен шығатын пайғамбарлар, дербес пайғамбар ретінде емес, Мұхаммед ﷺ руханиятының "айнадағы көрінісі" іспетті қарастырылады. ### Жиһад Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, жиһадты үш түрге бөлуге болады: * «Жиһад әл-Әкбар» («Ұлы жиһад») – бұл адамның өз нәпсісінің - ашу, нәпсіқұмарлық, өшпенділік және т.с.с. анайы құштарлықтарымен күресуі. * «Жиһад әл-Кәбир» («Үлкен жиһад») – бұл исламды бейбіт түрде насихаттау, әсіресе «қалам» арқылы исламның хақ ілімдерін әлемге паш ету. * «Жиһад әл-Әсғир» («Кіші жиһад») - шектен асқан діни қудалаушылықтар кезінде және адамның негізгі діни сенімдерін ұстану құқығына қатаң тыйым салынған кезде, шапқыншылықтардан қорғаныс мақсатында жүргізілетін соғыс іс-қимылдары. Ахмади-мұсылмандары пайымдайды, исламдағы алдын-ала айтылған көріпкелдіктерге сай, Мырза Ғұләм Ахмед, соғыс түрінде жүргізілетін жиһадқа тыйым салған, өйткені бұл дәуірде мұндай жиһад тиімсіз құралға айналған. Қазіргі заманда, Ислам - дін ретінде, соғыс түріндегі шапқыншылықтарға ұшырап жатқан жоқ. Қазіргі заманда, Ислам түрлі әдебиеттер мен бұқаралы ақпарат құралдары арқылы шапқыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан, жауап та соған сай болуы керек. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, өшпенділікті махаббатпен жою қажет. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Хазірет Мырза Таһир Ахмед терроризм жайында былай деп жазады: "Ислам - терроризнің барлық түрлеріне қарсы және олардан үзілді-кесілді бас тартады. Бір адам, немесе қандайда бір топ, немесе қандайда бір үкімет тарапынан жасалған кез-келген зорлық-зомбылықтарды Ислам ешқалай ақтамайды". ### Дін және ғылым Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Құдай Тағаланың сөзі мен ісінің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, сол себепті дін мен ғылым бір-бірімен үйлесімді. Осы жайында Ахмадия мұсылман жамағатының 2-ші Халифі Хазірет Мырза Башируддин Махмұд Ахмед былай деген: "Ислам діні, Құдайдың Сөзі мен Ісінің арасында алшақтық жоқ, деп үйретуі арқылы, дін мен ғылым арасындағы талас сөзден құтқарады. Табиғат заңын теріске шығармауды, оған қарсы шығатын сөзге ермей, керісінше, сол заңдылықтарды ізерлеп тексеріп, терең ойланып, олардан пайда көзін іздеп табу керектігін үйретеді. Құдайдың Сөзін Құдайдың Өзі жібереді, сондықтан Оның Сөзі мен Ісінің арасында карама-қайшылықтың болуы мүмкін емес, деп үйретеді Ислам. Алланың Сөзін түсіну үшін, Оның Ісін көру керек, ал Оның Ісін түсіну үшін Оның Сөзіне назар аудару керек". Ахмадилердің пікірі бойынша, ғылым – Құдайдың ісі, ал дін – Құдайдың сөзін тану және олар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, осы тұрғыда ахмади-мұсылмандары Хазірет Адамды (ғ.с.) жер бетіндегі бірінші адам емес, тек қана бірінші пайғамбар ретінде қабылдайды, яғни жер бетінде Хазірет Адамнан (ғ.с.) бұрын да адамдар өмір сүрген. Сондай-ақ, ахмадилер, Құдай тағаланың жетелеуімен болған биологиялық эволюция теориясына сенеді. Нобел сыйлығының ең алғаш мұсылман иегері доктор Әбдус Салам, Ахмадия жамағатының мүшесі болған. Ол Нобел сыйлығын Ядерлы физика саласындағы жетістіктігі үшін алған. Оның мәлімдемесі бойынша, Құран Кәрімнің 750 аяты табиғат заңдылықтарын зерттеуге және адамзат білімін, адам ақылын қоғам игілігі үшін жұмсауға үгіттейді. ### Ахмади-мұсылмандарының басқа да сенім өзгешеліктері * Ахмади-мұсылмандарының сенімдеріне сай, Құран аяттары бір-бірінің күшін жоймайды ("нәсих" пен "мансух" аяттарға қатысты мәселе). Құранның барлық аяттарының заңды күштері бірдей, бұндай түсінік Құранның көркемділігі мен даусыз дәлелділігін айшықтайды. Бір-бірімен үйлесімсіз болып көрінген аяттардың шешімі Ахмадиялық фиқһ арқылы анықталады (мысалға: қандай да бір жағдайға қатысты түсірілген Құран аятын сондай жағдайлардың шеңберінде қарастыру керекті). * Дін тарихы циклденіп келеді және әр жеті мыңжылдықтарда жаңарып отырады. Қазіргі цикл, Адам (ғ.с.) заманынан бері жеті дәуірге немесе аптаның жеті тәулігіне параллелденген дәуірлерге бөлінеді. Әр тәулік күндізгі және түнгі мезгілдерден тұратыны сияқты, әр дәуірдің жарыққа (нұрға) бөленген кезеңі мен түнек басқан (қараңғылық, надандылық жайлаған) кезеңі болады. Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх ретінде алтыншы дәуірде келген, яки, адамзаттың соңғы дәуірі – жетінші дәуірдің алдындағы жаршысы болғанды, өйткені Алланың қарамағындағы бір күн, адамдардың санағы бойынша мың жылға тең. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесіне сай, аптаның алтыншы күні (жамағатпен намаз оқылатын) «жұма» күніне қалдырылған. Бұл, күллі адамзат баласы бәріне ортақ Ислам дінінің астында жиналатын дәуірге арналған күн. ## Тарихы Ахмадияттың тарихы, Мырза Ғұләм Ахмед 1889 жылдың 23-ші наурызында, Үндістанның Лудхиян шаһарында, өзінің алғашқы ізбасарларынан адалдық антын қабылдаған күннен формалды түрде басталады. Дегенмен, Ахмадият қозғалысының тарихы бұдан ертерек, Мырза Ғұләм Ахмед, өзінің келешек тағдыры жайында уахи-аяндар ала бастаған кезден санаса да болады. 19-шы ғасырдың аяғында Қадиан қалашығында, Мырза Ғұләм Ахмед өзін Ислам Мүджаддиді (реформаторы) екендігін жариялады, бұл метафоралы мағынада, бір тұлғаның бойында Исаның екінші рет келуін және имам Мәһдидің анықталуын білдірді. Бұндай тұлғаны мұсылмандар көптен бері күткен, дегенмен мұсылмандардың көбі уәделенген Иса мен имам Мәһдиді екі бөлек адам ретінде қарастырады. Мырза Ғұләм Ахмедтің алғашқы ізбасарлары, негізінен, Үндістанның біріккен Пенжаб және Синд провинцияларында пайда болды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының мәлімдемесі бойынша, оның келуі жайында Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммед ﷺ пайғамбарлық еткен. Ахмадия мұсылман жамағаты Исламның ішіндегі қозғалыс ретінде, сондай-ақ христиан миссионерлері мен индуистік Ария Самаж сектасының Исламға жасаған шабуылына қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар 19-шы ғасырда сол өлкеде кең тараған. ### Бірінші Хилафаттың кезеңі Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, Хәкім Нұруддин уәделенген Мәсіхтің Бірінші халифі болып бірауыздан сайланып, Ахмадия Мұсылман Жамағатына жетекшілік ететін болды. Оның хилафат кезеңі алты жылға созылды. Оның жетекшілігімен Құран кәрім ағылшын тіліне аударылды. Англияда Ахмадияттың ең алғашқы уағыз жүргізу миссиясы ашылды, сондай-ақ Ахмадия Мұсылман Жамағатының түрлі газет, журналдары басыла бастады. Жамағаттың қаржы қажеттіліктері өсе бастағандықтан, оның халифат кезеңінде жамағаттың ресми қазынасы ашылды. ### Екінші Хилафаттың кезеңі Бірінші халиф қайтыс болғаннан кейін, оның өсиетіне сай Мырза Башируддин Махмұд Ахмед екінші халиф ретінде сайланды. Алайда, Мәуләнә Мұхаммед Әли мен Хаджи Кәмәлуддин бастаған топ оның орынбасарлығына қарсы шығып, оны кезекті халиф ретінде мойындаудан бас тартты. Сөйтіп олар Лахор қаласында жаңа Ахмадия қозғалысын құрды. Мұндағы араздыққа Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлығын және Халифат жүйесін түсінудегі доктриналдық өзгешеліктері себеп болған. Тағы бір себеп, жаңа сайланған халифтің жоғары академиялық білімі болмаған және оның жасы cол кезде жиырма бесте еді, сондықтан оған қарсы шыққандардың араздығы, идеялық қақтығыстан бөлек, оған күдікпен қарап, оны менсінбеушіліктен тууы әбден мүмкін еді. Бұл себеп те өз жасауын жасағанды. Дегенмен, Лахорлық қозғалыс көп жетістікке жете алмады. Ахмадия жамағатының басым көпшілігі Халифке адал болып қалды. Ахмадия жамағатының тарихнамасына бұл кез «жікке бөлінушілік» деген атаумен жазылған.Халифті сайлаушы органның мүшелері Мырза Башируддин Махмұд Ахмедті жас кезінде Халиф етіп сайлады. Оның халифаты 52 жылға созылды. Ол жамағаттың ұйымдық структурасын орнатты және Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерде кеңінен уағыз жүргізу іс-шараларын дамытты. Халиф болып сайланғаннан кейін екі аптадан соң, исламды тарату мәселесін талқылау үшін, Үндістанның түпкір-түпкірінен делегаттар шақырылды. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед шетелдерде бөлімшелер ашу үшін және ахмади-мұсылмандарына ахлақи тәлім-тәрбие беру үшін «Тахрик-и-Жәдид» («жаңа жүйе») және «Уакф-и-Жәдид» («жаңа адалдық») деп аталатын екі жүйе еңгізді. Бастапқыда, бұл жүйелер ахмади-мұсылмандарын қанаушыларға қарсы шара ретінде қарастырылды. Ол жамағат мүшелеріне дін жолында өз уақыттарын, мал-мүліктерін жұмсауға үндеді. Уақыт өте келе осы жүйелердің арқасында, жалпы ислам дінін қорғау мақсатында және ахмади-мұсылмандарының сенімдерін түсіндіру мақсатында біршама әдебиеттер басып шығарылды. Сондай-ақ бұл қаражаттар Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерге жіберілетін уағызшыларды дайындауға және ол жақтарда уағыз жүргізу ісін бір жүйеге келтіруге жұмсалды. Екінші Хилафат кезеңінде Ахмадияттың уағыз жүргізу миссиясы 46 елде ашылды. Көптеген шетелдерде мешіттер тұрғызылды. Құран кәрім әлемнің бірнеше негізгі тілдеріне аударылып баспадан шығарыла бастады. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед рухани, діни тақырыптарға арнап біршама еңбектер жазған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімге жасаған он томдық тәпсірі. ### Үшінші Хилафаттың кезеңі 1965-ші жылы қараша айының 8-інде Мырза Нәсір Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының Үшінші халифы болып сайланды. Оның Хилафат кезеңінде уағыз жүргізу ісі кеңінен жүзеге асты, әсіресе Африка құрлығында. Ол кісі, Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясы Ахмадия жамағатын «мұсылман-емес» деп жариялаған кезде, жамағатты шашыратып алмай, бір жетекшілікпен бағыттай білген халиф ретінде қарастыралады. Оның Хилафат кезеңінде «Нусрат Жаһан жоспары» атты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұл қозғалыс - жамағат мүшелері Африка құрлығында қызмет етуіне арналған. Осы қозғалыстың арқасында Африканың кедей өлкелерінде жүздеген медициналық клинакалар мен мектептер тұрғызылып, іске қосылған. Мырза Нәсір Ахмед 1970-ші жылы Батыс Африканы аралап шықты, бұл Ахмадия халифінің құрлыққа жасаған алғашқы сапары болып есептеледі. Испанияға жасаған сапарында, ол "Башарат" мешітінің іргетасын қалады, бұл мешіт қазіргі Испанияның ең бірінші мешіті болып есептеледі. Ол ахмадилердің келесі танымал ұранының авторы: "Мейірімділік баршаға, өшпенділік ешкімге" (басқаша айтқанда: "Барша жанға махаббат, ешбір жанға қиянат") Мырза Нәсір Ахмед екінші халифтің атынан «Фәзле Умар» атты қор ашқан. Оның Халифат кезеңінде Ахмадия жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмедтің айтқан сөздері мен диалогтары, сонымен қатар оның көріпкелдік түстері мен уахи-аяндары толық топтама болып жинақталды. ### Төртінші Хилафаттың кезеңі Үшінші Халиф қайтыс болған соң, келесі күні, яғни 1982-ші жылдың 10-шы маусымында Мырза Таһир Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі болып сайланды. 1984-ші жылы Пәкістан үкіметі №ХХ қаулысын қабылдағандықтан, Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан Англияға көшіп кетті. Бұл қаулы халифке өз міндетін толыққанды орындауға рұқсат бермеді және Хилафат институтына қауып төндірді. Халиф қоныс аударғандықтан, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басқарма орталығы да Пәкістаннан Англияға ауыстырылды. Жамағаттың басқарма орталығы Лондонда, «Фәзл» мешітінің қасында орналасқан. «Фәзл» мешіті Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт. Қоныс аудару кезеңі ахмади-мұсылмандары үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып есептеледі. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Мырза Таһир Ахмедтің кезінде ең бірінші мұсылмандық спутникті арна іске қосылды. Мырза Таһир Ахмед ахмади-мұсылмандарының балаларын жамағатқа қызмет қылуға арнау үшін «Уакф-и-нау» бағдарламасын ашты. Оның Хилафат кезеңінде, қуғын-сүргін құрбандарына жәрдем беру үшін және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында - «Мәриям шәди», «Сәйидинә Биләл» және «Хьюманити фёрст» («Ең бастысы адамгершілік») секілді түрлі қайырымдылық, қоғамдық қорлар ашылған.Мырза Таһир Ахмед үнемі түрлі дін өкілдерімен, түрлі мамандармен және түрлі мәдениет-дәстүрлердің өкілдерімен сұрақ-жауап дәрістерін өткізіп отырды. Сондай-ақ ол көптеген кітаптар жазып шығарды. Олардың ішіндегі ең көрнекілері, қазіргі заманның қоғам мәселелеріне ислам тәлімінің жауаптарын қамтиды, мысалы үшін мына кітаптар: * «Алла үшін өлтіру?» (Мұндайға исламда жол берілген бе, берілмеген бе? - ауд.ред.), * «Абсолютті әділдік принципі», * «Мейірбандылық пен бауырластық», * «Ислам қазіргі заманның сұрақтарына жауап беруде», * «Парсы шығанағындағы дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп», * «Уахи, ақыл, білім және ақиқат». ### Бесінші Хилафаттың кезеңі Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін, Ахмадияттың тарихында алғаш рет сайлау Лондон қаласында өтті, сайлау нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі болып Мырза Масрур Ахмед сайланды. Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы. Исламның ізгі хабарын насихаттау және адамзат игілігі үшін жағдай жасау мақсатымен Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, түрлі мемлекет басшыларымен кездеседі, әлемдік дағдарыстарды шешу үшін бейбіт конференциялар ұйымдастырады. Ұзаққа созылып бара жатқан қақтығыстарды доғарту мақсатында Мырза Масрур Ахмед әлемнің алпауыт елдерінің басшыларына хат жолдаған, олардың ішінде: АҚШ, Ресей, Канада, Сауд Арабия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Иран, Израиль елдерінің басшылары, сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла мен Рим папасы бар. Әлемнің 200-ден астам елінде тұрып жатқан миллиондаған ахмади-мұсылмандарының рухани басшысы ретінде Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, әлем халықтарын Ислам дінінің принциптерімен таныстыруда. ## Демографиясы 2013 жыл бойынша Ахмадия жамағаты әлемнің 207 елінде құрылған, жамағаттың басым көпшілігі Оңтүстік Азияда, Батыс Африкада, Шығыс Африкада және Индонезияда шоғырланған. Ахмади-мұсылмандар жамағаты әлемнің барлық елдерінде өмір сүруде. Дегенмен, кейбір елдерде ахмади-мұсылманы болу заңмен қудаланады. Осындай факторлардың кесірі ахмади-мұсылмандарының нақты жалпы санын шығаруды қыйындатады. Сондықтан, жамағат «оншақты миллион» деген санды береді, алайда көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша жамағат саны бүкіләлем бойынша 10-20 миллион, бұл барша мұсылман үмбетінің 1% құрайды. Бүкіләлемдік христиан энциклопедиясының мәліметі бойынша, Ахмадия жамағаты Исламдағы қарқынды түрде өсіп келе жатқан бірлестік. Ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігі Пәкістанда тұрады, шамамен 4 миллионнан астам. ## Ахмадия Хилафатының ұйымдық құрылымы Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ахмадия Хилафаты - пайғамбарлық жолдағы халифаттың қайта жандануы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, бұл хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің пайда болуымен қайта тұрғызылған. Ахмади-мұсылмандары Мырза Ғұләм Ахмедті үмбетке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди ретінде қабылдайды. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, осы мәселеге қатысты Құран аяттарын (мысалға, "Ан-Нұр" сүресінің 55-ші аяты) мен көптеген хадистерге сай, Халифат тек Құдайдың тікелей араласуымен ғана қайта орнатылуы мүмкін; және де, Құдайдың бұл игілігі шынайы иман келтіріп, ізгі амалдар істеген және Құдай бірлігін ұстанған адамдарға тарту етіледі. Сондықтан, жалғыз ғана адами бастамамен Хилафатты орнатуға талпынған кез-келген әрекеттердің соңы құрдымға алып барады, әсіресе халықтың ахлақтық жағдайы пайғамбарлықтың өсиетіне қайшы келетін болса (яғни, егер олар ізгіліктен принципиалды түрде жұрдай болса). Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, Құдай уахилар мен аян-түстер арқылы мүміндердің жүректеріне, ойларына кімді халиф етіп таңдау керектігін ұялатады. Бұл жерде ешқандай үгіт-насихат пен кез-келген спекуляцияға жол берілмейді. Осылайша, халиф жәй ғана сайлау арқылы емес, ең алдымен Құдайдың қалауымен таңдалады. Ахмадияттың сенім қағидатына сай, халифке міндетті түрде мемлекеттің басшысы болу шарт емес, бұл жерде хилафаттың діни және рухани мән-мағынасы басты назарда ұсталады. Халиф - деген ең бірінші кезекте, Мұхаммед пайғамбар үмбетінің жоғары рухани және ахлақтық деңгейін жоғары ұстатуға, сондай-ақ Ислам тәлімін нығайтып, таратуға бағытталған рухани лауазым болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандары өздерінің халифін «Әмирул мүминин» («Мүміндердің әміршісі») ретінде қабылдайды. Қазіргі уақытта бұл лауазым Бесінші Халиф Мырза Масрур Ахмедке тиесілі. ### Жоғарғы кеңес мәжілісі «Мәжлис аш-шура» немесе жоғарғы кеңес мәжілісі, Ахмадия жамағатында Хилафаттан кейінгі ең жоғарғы құрылым. Жоғарғы кеңес мәжілісі жылына бір рет жиналады. Бұл кеңес халықаралық деңгейде халифтің төрағалығымен өтеді. Оның басты мақсаты, қаржы, түрлі жобалар, білім беру, жамағатқа байланысты тағы басқа сұрақтар жайында халифке кеңес беру болып табылады. Халиф мәжіліс барысында талқыланған ұсыныстарға қатысты өз пікірін білідіріп, нұсқауын беріп, шешімін шығара алады немесе сұрақтың шешімін жетілдіру үшін оны кейінге қалдыра алады. Дегенмен, көп жағдайларда халиф мәжілістің көпшілігі берген кеңес-ұсынысты қабылдайды. Ұлттық деңгейде кеңес мәжілісі Әмірдің (яки, Ұлттық президенттің) төрағалығымен өтеді. Тек соттық іс - шешім шығару мақсатында мінездемесімен халифке жөнелтіледі. Халиф оған қатысты дұрыс деп тапқан шешімін шығарады. ### Орталығы Ахмадия Мұсылман Жамағаты Халиф тұратын жерден басқарылады. Сондықтан, 1984 жылы төртінші халиф Пәкістаннан көшіп кетуге мәжбүр болған кезде, Ахмадия жамағатының ресми ортылығы (Англияның) Лондон қаласына, Әл-Фазл мешітіне көшірілген болатын. 2019 жылы бесінші халиф орталықты, 1985 жылы жамағат өз қаражатына сатып алған жерге, Исламабадқа (Тилфорд, Англия) көшірді. Ахмади-мұсылмандары үшін, Исламның қасиетті Мекке мен Медине қалалары қасиетті қалалар болып саналғанымен, Қадиан қаласы олардың рухани орталығы болып есептеледі. Олар, келешекте Ахмадия Хилафаты Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианға қайтып оралады - деп үміт етеді. Дегенмен, Үндістан екіге бөлінген соң, Пәкістанда 1948 жылы 20 қыркүйекте құрылған ахмадилердің Рабва қаласы, сол уақыттан бері дүниежүзі бойынша жамағаттың көптеген іс-шараларын басқарады. Атап айтқанда, бұл қалада Ахмадия жамағатының екі негізгі органы орналасқан: «Орталық Ахмадилік кеңес» және «Жаңа жоба» кеңесі. Сонымен қатар бұл қалада «Жаңа адалдық» кеңесі де орналасқан. Барлық орталық органдар халифтің нұсқамасына сай жұмыс істейді. «Садр Әнжуман Ахмадия» (яғни, «Орталық Ахмадилік кеңес») 1906 жылы Мырза Ғұләм Ахмедтің бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні бұл орган Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдерінде Ахмадия жамағатының жұмысын ұйымдастыру ісіне жауапты орган болып саналады. Ал, Ахмадия жамағатының Екінші халифімен құрылған «Әнжуман Тахрики Жәдид» (яғни, «Жаңа жоба» кеңесі) Үнді субқұрлығынан тысқары жерлердегі Ахмадия жамағаттарының жұмысына жауапты. Әр кеңес басқарма органдарға бөлінеді, мысалы: қаржы депортаменті, баспа депортаменті, білім беру депортаменті, сыртқы істер депортаменті, шетелдік өкілдер министрлігі және т.б. Жоғарғы кеңестің соңғы шешімі бойынша, жамағат бүкіл әлемде 15 000-нан астам мешіт, 500-ден астам мектеп, 30-дан астам ауруханалар тұрғызған, және де Құран Кәрімді әлемнің 70-тен астам тіліне аударып баспадан шығарған. «Әнжуман Уәкф-и-Жәдид» те (яғни, «Жаңа адалдық» кеңесі) Екінші халифтің бастамасымен құрылған, бұл орган әлем бойынша ауылды мекендердегі жамағаттарға діни ұстаздар даярлап, жұмыстарын үйлестіру ісіне жауапты. ### Білім беру ордалары «Джәмийя Ахмадия» («Ахмадия университеті»), кейде «Ахмадиялық теология және тілдер университеті» деп аударылады. Бұл халықаралық исламдық семинария және білім беру ордасы. Оның дүниежүзі бойынша Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында бірнеше кампустары бар. Ол 1906 жылы «Тәлимүл-Ислам» медресесі (кейінірек «Тәлимүл-Ислам» колледжі) ретінде құрылған. Бұл Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі білім ордасы - ислам ғылымының орталығы және уағызшыларды дайындау мекемесі ретінде Мырза Ғұләм Ахмедпен құрылған. Оның түлектері Халифпен жамағаттың миссионерлері болып (оларды әдетте мурабби, имам, немесе мәуләнә деп атайды), немесе фиқһ (исламдық заң) мәселесін қарастыратын мүфтилер, фақиһтер етіп тағайындалуы мүмкін. Университеттің кей түлектері ислам тарихшылары болып қызмет атқарады. 2008-ші жыл бойынша университеттің 1300-ден астам түлегі жер жүзінде миссионер болып қызмет етуде. ### Қосымша ұйымдар Ахмадия Мұсылман Жамағатының қосымша бес ұйымы бар. Әр ұйым өз мүшелеріне рухани және ахлақи тәлім-тәрбие беру ісіне жауапты. • «Ләджнә Худаммүл» - барлық қосымша ұйымдардың ең ірісі болып табылады, ол жамағаттың 15 жастан үлкен әйел (қыз) мүшелерінен тұрады.• «Мәжлис Худаммүл Ахмадия» - жамағаттың 15-тен 40 жас аралығындағы ер мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Ансарулла» - жамағаттың жасы 40-тан асқан ерлерінен тұрады. • «Насиратүл Ахмадия» - жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы қыз мүшелерінен тұрады. • «Әтфалүл Ахмадия» жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы ер балалардан тұрады. ### Бөлімшелері Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағаты дүниежүзіндегі елдердегі ұлттық жамағаттардан тұрады, олардың өз елдеріндегі ұлттық кеңселері бар. Әрбір ұлттық жамағат аймақтық жамағаттарға бөлінеді, ал аймақтық жамағаттар жергілікті жамағаттарға бөлінеді. Көптеген жағдайларда әрбір жергілікті жамағаттардың өз орталықтары, мешіттері және миссионерлік үйлері бар. Әмір (немесе ұлттық президент) жамағаттың орталық органдарының бақылауында және ұлттық басқарма комитетіне бағынышты болады. Ұлттық басқарма комитеті (немесе ұлттық атқарушы орган): бас хатшы, қаржы хатшысы, уағыз жүргізу бойынша хатшысы, тәлім-тәрбие беру хатшысы, білім беру хатшысы және т.б. ұлттық хатшылардан тұрады. Бұл жүйе аймақтық және жергілікті жерлерде өздерінің ұлттық президентімен және атқарушы органдарымен басқарылады. ## Атаулы күндері Ахмади-мұсылмандары «Ид әл-Фитр» («Ораза айт») және «Ид әл-Адха» («Құрбан айт») секілді исламның негізгі мейрамдарын барлық мұсылмандарға ортақ дәстүрмен атап өтеді. Ахмади-мұсылмандары бұл мейрамдардан бөлек, басқа да бірнеше науқандарды атап өтеді, бірақта олар діни мейрам ретінде қарастырылмайды. Олардың ішіндегі ең негізгі діни науқан «Жалса Салана» («Жылсайынғы жиындар») болып есептеледі. Оның бастамасын Мырза Ғұләм Ахмед орнатқан, бұл жиын жамағаттың жылсайынғы формалды жиналысы болып есептеледі. Жалса Салананың мақсаты жамағат мүшелерінің бірілігін, ынтымағын, достығын нығайтып, діни білімдерін көбейту үшін ұйымдастырылады. Жамағаттың атап өтетін басқа да науқандарына мыналар жатады: «Мәуліт» (Мұхаммед пайғамбардың туған күні), «Ахмадия Жамағатының құрылған күні», «Уәделенген Реформатордың күні» және «Хилафат күні». ## Репрессияға ұшыраулары Ахмадия жамағатының ресми сайтының мәлімдемесі бойынша, бүкіл әлемде ахмади-мұсылмандарының саны 20 миллион шақты адам. Ахмади-мұсылмандары дінді уағыздау және Құран кәрімді түрлі халықтардың тілдеріне аудару ісінде белсенді түрде жұмыс атқарады. Әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар Ислам дінімен ахмади-мұсылмандары арқылы танысқан. Бұған қарамастан, қазіргі көптеген ислам елдерінде ахмадилер «мұсылман емес» деп жарияланған. Олар сол жақтарда жүйелі түрде түрлі қудалаушылықтар мен қысым-қанаушылықтарға ұшырауда. ### Бангладеш Бангладеште фундаменталистік ислам топтары үкіметке талап қойған, Ахмадия жамағатының мүшелері ресми түрде «кәпірлер» ретінде жариялансын деп. Нәтижесінде, радикалды молдалардың үгітімен жаппай ереуілдер, зорлық-зомбылық шаралары ұйымдастырылуы арқылы, Ахмадия жамағаты қудалаушылқтарға ұшырай бастады. «Амнести интернейшнел» ұйымының мәліметі бойынша, Ахмадияттың ізбасарлары нақақтан тұтқындалып, ал кейбірі қастықпен өлтірілуде. 2003-ші жылдың соңында молда Мәуләнә Мұхаммед Хуссейн Мұмтаз бастаған бірнеше ірі ереуілдер Ахмадият мешіттерін тартып алуға бағытталды. 2004-ші жылы Ахмадияттың барлық басылымдарына шектеу қойылған. ### Үндістан Үндістанда ахмади-мұсылмандары көптеп тұрады. Олардың көбі Үндістанның Керала, Рәжәстан, Одиша, Хәриян, Бихәр, Дели, Уттар-Прадеш штаттарында, сондай-ақ Пенжабтың Қадиан аумағына қоныстанған. Үндістанның заңы ахмадилерге мұсылман ретінде қарайды. 1970 жылдың 8 желтоқсанында Кераланың Жоғарғы соты, 206-шы қарал бойынша қабылдаған тарихи шешімі, ахмадилердің мұсылмандық статусын өзгертусіз қалдырған. Соттың шешімі бойынша, ахмадилер мұсылман болып табылады және олар басқа мұсылман секталары тарапынан «діннен шыққандар» деп жарияланбайды, өйткені ахмадилер де исламның негізгі екі қағидасын ұстанады – яки, «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ, және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі».Бұл дегеніміз, Үндістанда ахмади-мұсылмандарының діни нанымына ешқандай құқықтық шектеулер жоқ және олар өздерін мұсылман деп атап, өз дінін еркін ұстай алады деген сөз. Бірақта, Үндістанда «Ихуан әл-муслимин» («Мұсылман бауырлары») сектасының тарпынан ахмадилерге қарсы кейбір дискриминациялар жасалуда. Атап айтқанда, Үндістанның Ислам университеті мен «Дарул Улюм Деобанд» діни мектебі, ахмадилерді «мұсылман емес» деп жариялаған. Үндістанның басқа да ислам секталарының лидерлері Ислам Кеңесінің отырыстарына ахмади-мұсылмандарының қатысуна қарсылық білдіруде. Ислам Кеңесі – бұл исламдық діни лидерлердің тәуелсіз органы, оны Үндістан үкіметі елдегі мұсылмандардың өкілі ретінде қабылдайды. 2012 жылдың ақпан айында Андра-Прадеште уәкуфті кеңес бірнеше теңдесіз қарал қабылдап, Ахмадия жамағатына жататындардың неке рәсімін орындамасын деп, қазиге (ислам сотына) өтініш түсіргенді. ### Индонезия Индонезия тәуелсіздік декларациясын қабылдамастан бұрын, Ахмадия жамағаты бұл елде баяғыдан бар болатын. Дегенмен, ахмади-мұсылмандары Индонезияда діни құқықтары кемсітілген бірлестік саналады. Бұл тенденция 2000-шы жылдары елде исламдық фундаментализмнің белен алуымен күрт ұлғайған. 2008 жылы Индонезиядағы көптеген мұсылмандар Ахмадия қозғалысына қарсылық білдірген. Индонезиядағы Ахмадия жамағатына қарсы қудалаушылықты заңдастыру үшін елдің дін консерваторлары ірі ереуілдер ұйымдастыру арқылы үкіметке қысым көрсетпек болды. Индонезиядағы қоғамдық пікір Ахмадия жамағатына қатысты екіге бөлінді: * Индонезиядағы мұсылмандардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, «Мұхаммед - Құдайдың соңғы пайғамбары» - делінген исламның негізгі принципін Ахмадият мойындамайды, сондықтан Ахмадия жамағатына тыйым салыну керек дейді. Сонымен қатар, ахмадилер ислам белгілерін өздеріне қатысты қолданбаулары керек. Молдалардың пікірі бойынша, ахмадилер Индонезияда дін бостандығына қатысты өз құқықтарын қорғау үшін, өз діндерінің белгілерін қолданулары керек. * Дегенмен, ахмади-мұсылмандары мен басқа да шағын діни бірлестіктердің, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, ахмади-мұсылмандарының дін бостандығы қамтамасыз етілуі қажет, және де конституцияда қабылданған дін бостандығына сай, ахмадилер ислам белгілерін қабылдай ма, қабылдамай ма, оны өздері біледі. 2008 жылдың маусым айында, Ахмадия Мұсылман Жамағаты мүшелерінің уағыз жүргізу құқығын шектейтін заң қабылданды. Сол кезде жамағаттың қарсыластары ахмадилердің екі мешітін өртеп жіберді. Құқық қорғаушы ұйымдар дін бостандығына шектеу қойылғанына қарсылық білдірді. 2011 жылдың 6 ақпанында, Бантен провинциясының Пандегланд елді-мекенінде, Ахмадия жамағатының кейбір мүшелері радикалды топтармен қасақана өлтірілген. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде дін бостандығын шектеген оқиғалар көбейіп кетті, әсіресе қоқан-лоқылық көрсету, жамағатпен намаз оқуға тыйым салу, мешіттерді өртеу секілді оқиғалар. Демократия мен бейбітшілік институтының мәліметі бойынша, 2008, 2009 және 2010 жылдар аралығында әлгіндей оқиғалар 17, 18 және 64 рет қайталаныпты. Бұл деректек барлық дін өкілдерін қудалаушылық әрекеттерді қамтиды. Дегенмен, өздерін таза мұсылмандар санайтын фундаменталистердің тарапынан қудалаушылыққа ұшыраған христиандардан гөрі, ахмадилердің көрген азабтары анағұрлым зұлматты. Индонезияда 2011 жылы Ахмадия жамағатына тыйым салуға шақырған үгіт-насихаттар көбейіп кетті. 2011 жылдың 6 ақпанында ашуға булыққан мың шақты фундаменталистік мұсылмандар, Ахмадия жамағатының шаруашылық үйін қоршап алып, полицияның көзінше үш адамды өлгенше соққының астына алған. Соққының астына алынған жәйттер интернетке салынып, сосын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген. ### Пәкістан Пәкістанда шамамен 4 миллионнан астам ахмади-мұсылмандары тұрып жатыр, бұл ел ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігінің отаны болып табылады. Пәкістан, ахмадилерді ресми түрде «мұсылман емес» деп таныған жалғыз ел, өйткені ондағы ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірі бойынша, ахмадилер - «Мұхаммед пайғамбарды соңғы пайғамбар» деп санамайды. 1974 жылы Пәкістан парламенті ахмадилерді «мұсылман емес» - деп жариялайтын заң қабылдады. Бұл заңның қабылдануына Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясында бас қосқан исламның 72 ағым лидерлерінің ортақ шешімі негіз болған. Пәкістанның конституциясына еңгізілген өзгертуі бойынша, Мұхаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенген адамды ғана – «мұсылман» -деп тануға болады. 1984 жылы, сол кездегі Пәкістанның әскері басшысы генерал Зия-үл-Хақ №ХХ бұйрықты шығарды. Бұл бұйрық ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға және оларға мұсылмандық рәсімдерді орындауға тыйым салды. Бұл деген, енді ахмадилер ислам қағидаттарын ашық түрде орындау құқықтарынан айрылды дегенді білдірді. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына Ахмадилік мешіттерден басқа жерлерде ғибадат етулеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға азан шақырыруға, жұрттың көзінше мұсылманша амандасуға, жұрттың көзінше Құран оқуға, қоғамдық жерлерде уағыз айтуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар оларға өздерінің діни әдебиеттерін басып шығаруға, оны таратуға рұқсат етілмейді. Бұндай әрекеттері үшін ахмадилер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасынан тартылатын болды. Пәкістанның барлық азаматтары төлқұжатын немесе жеке куәлігін алған кезде Мырза Ғұләм Ахмедті "өтірікші" және "жалғаншы пайғамбар" ретінде жариялайтын қағазға қолдарын қойып куәліктерін берулері керек болды. Бұндай куәлікті бермеген ахмадилердің құжаттарына олардың «мұсылман еместігі» жазылады. Бұндай төлқұжатпен Пәкістанның ахмади-мұсылмандарына қажылық парызын өтеуге рұқсат берілмейді. Нобел сыйлығының иегері физик-теоретик доктор Әбдус Салам тірісінде ахмади-мұсылманы болғандықтан, оның қабір құлпытасындағы «мұсылман» сөзі өшіріліп тасталған. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына қатысты қабылданған заңдардың нәтижесінде, халықтың ішінде оларға деген жеккөрініш сезімдерін ұялату және оларды қуғындау шаралары елдің жер-жерінде күрт көбейіп кетті. Ахмадилер түрлі діни топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналды. Пәкістанда Исламның түрлі секталарына қарасты барлық діни мектептер мен медреселердегі басты оқулар, ахмадия сенімдеріне қарсы бағытталған материалдардан басталатын болды. 2005 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, Пәкістанның жеке меншік мектептерінде оқитын оқушылар, елдегі діни толерантылықтың ахуалына қатысты мәселеге өз пікірлерін білдірген болатын. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ахмади-мұсылмандары Пәкістанның тіпті бетке ұстар мектептерінің өзінде де, тең мүмкіншіліктер мен азаматтық құқықтың қорғалуында, жүйелі түрде кемсітушіліктерге ұшырайтын болып шықты. Сауалнама барысында, тіпті осы бетке ұстар мектептердің ұстаздары, ахмадилерге қатысты толеранттылықта, оқушылардан да төмен нәтиже көрсеткен. Ахмадилер пәкістандық Пенжаб провинциясының кейбір мектептері мен университеттерінде жәбір көріп, ұстаздары тарапынан қудалаушылықтарға ұшырауда. Көптеген білім ордаларының директорлары, ұстаздары және өшпенді студенттерінің тарапынан ахмади студенттеріне қоғамдық байкот жариялау, жәбір, қоқан-лоқы көрсету фактілері орыналған.2010 жылдың 28 мамырында ахмади-мұсылмандарына зорлық-зомбылық көрсетудің бүгінгі күндегі ең зұлматты көрінісі орыналды. Экстремисті діни топтың (бәлки, «Тахрика Талибан Пенжаб» тобының) бірнеше мүшесі Лахордағы ахмадилердің екі мешітіне басакөктеп кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Олардың үшеуі сосын өздерін жарып жіберген. Содырлардың шабуылынан 86 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды. Шабуыл жасалған кезде, Ахмадия жамағатының мүшелері мешітке жұма намазына жиналған болатын. Осы террористік актіден кейін, Пәкістанның шағын қауымдарының ісін қарайтын министр Шахзаб Бхатти, көңіл білдіру үшін ахмади-мұсылмандарының жамағатына бас сұққан. ### Палестина Ахмади-мұсылмандары Палестина жерлеріндеде тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2010-шы жылдары тек қана ахмади болғаны үшін, заңды жұбайлардың некелерін заңсыз деп жариялап, некелерін күштеп бұздырту фактілері анықталған. ### Сауд Арабиясы Ахмади-мұсылмандары Сауд Арабияда тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2007 жылдың 24 қаңтарында «Хью́ман райтс вотч» құқық қорғау ұйымы Сауд Арабияның патшасы Әбдуллаға ашық хат табыстаған, хатта Сауд Арабиядағы ахмади-мұсылмандарына қатысты діни қудалаушылықтарды тоқтатуды сұраған. Сауд Арабияның діни заңы бойынша, ахмади-мұсылмандарына Меккеге кіріп қажылық рәсімін орындауға тыйым салынған. ## Сілтемелер * Ахмадия Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақша, қырғызша, орысша, түрікше, арабша, ағылшынша * "Бір Имам, бір Жамағат". Ахмадия Мұсылман Жамағаты – әлемдік қауымдастықтың көрнекі қайраткерлерінің көзімен ## Дереккөздер
Өндіріс жаңашылдарының қозғалысы - жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру және техниканы дұрыс пайдалану жолындағы жаппай қозғалысы. Өндіріс жаңашылдарының қозғалысы социалистік жарыстың жаңа, жоғары сатысы ретінде тұңғыш рет Доннбасста туды. Жарысты А.Г.Стаханов бастады. Ол халық шуының барлық саласына тез тарап, қолдау тапты. Өндіріс жаңашылдарының қозғалысының қарлығаштары: көлік өнеркәсібінде Горький автоздының ұстасы. А.Х.Бусыгин, аяқ киім өндірісінде Ленинградтың «Скороход» фабрикасының жұмысшысы Н.С.Сметанин, тоқыма өнеркәсібінде М.И. және Е.В.Виноградовалар, темір жолда машинист П.Ф.Кривонос т.б. болды. ## Дереккөздер
Өндіріс запастары - тұтынушы кәсіпорынға келіп түскен, бірақ әлі жұмыс орнына берілмеген шикізаттар, материаладр, сатып алынған шала фабрикаттар, және комплектеуші бұйымдар, отын, аспатар т.б. өндіріс құралдары. Материалдық ресурстардың бір бөлігі үнемі өндіріс запастары түрінде болады. Өндіріс запастарын жоспарлау және реттеу өндірістің бір қалыптылығын қамтамасыз ету және айналым қаржыларының айналымдылығын шапшандату үшін қажетті запас мөлшерін азайту мақсатын көздейді. ## Дереккөздер
"Қызыл кітап" — халықаралық құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. ## Қазақстанның "Қызыл кітабына" тіркелген, жойылып кету қаупі бар I санатты жануарлар ### Сырдария тасбекіресі Құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда өте сирек болатын, ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы 27 см. Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек. ### Арал бекіресі (Пілмай) Арал су алқабының ерекше өзгертуіне байланысты популяция жойылып кетуге жақын. Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған құятын өзендер. Ересектерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық-Каспий мен Іле-Балқаш есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірақ оның әдістері, негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды. Өзбекстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1983). Су қоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек. ### Арал албырты Аралдың таралу аймағының шығысында кездесетін түрі, қазір жойылып біткен де шығар. 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ. Бұрын Арал теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Ұзындығы 100 см. Қолдан өсірілмеген, бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін, бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет. ### Шортан тәрізді ақмарқа Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөлітерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг. Саны барлық жерде өте аз. Соңғы жылдары таралу аймағы, ісіресе Қазақстанда тарылды. Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қаупі бар. Соңғы 40 жылда кездеспеген. Оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ сауару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек. ### Шу сүйрік қанаты Тек Арал су алқабында тіршілік етеді. Аз зерттелген. Сирек кездесетін балық. Денесінің Ұзындығы 16 см. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек. ### Жетісу бақатісі Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі. Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен. Дегенмен, бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасында көптеп пайдаланылуы, осы мақсат үшін ауланып, сатылуы, ал кейін таулы жерлерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып, құрып кету қаупін туғызды. Қазір құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісі бақатісі Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" тіркелген; оларды қорғау жөнінде басқа арнайы іс -шаралар жүргізілмеген. Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен, оны көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек. ### Қызғылт бірқазан Аз санды,шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері - заңсыз аулаушылық,өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек. ### Мәрмәр шүрегей Жоғалып кету қаупі бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған. Түркияда 70 - жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек. ### Балықшы тұйғын Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл, Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60 - 70-ке дейін кеміді. Жойылуына негзгі себептер - орманды кесі, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет. ### Ителгі Қазақстанда Бұл түрдің кейінгі 3 - 4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупі бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сату үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағылы, Наурызым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек. ### Бидайық Жойылып кету қаупі бар өте сирек түр. Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарын мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 - 5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғау керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет. ### Лашын Жойылып кету қаупі бар түр. Лашын Жер шарында кең таралғанмен, Қазақстанда анық екі - ақ жерде ұясын тапқан - біреуі Наурызым қорығында, екіншісі - Оңтүстік Алтайда табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, бізде қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883 - 1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберуді ұйымдастыру керек. ### Ақ тырна Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Солтүстік Азияда, Ресейдің солтүстігінде ұялайды. Қазақстанда наурыз - мамыр және қыркүйек - қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын қорытарында ғана қорғалады. ### Дуадақ Жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған. 50-жылдары тың жерлдерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады. Саны он шақты есе азайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18-ден аспайды. Қазақстанның далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет. ### Тарғақ Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан мен Ресейде таралған. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі даланы түгел қамтиды. Қазіргі саны туралы нақтылы деректер жок, бірақ, барлық жерде оның саны бірте-бірте азайып келеді. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жағдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек. ### Шитұмсық шалшықшы Өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әр түрлі аудандарында шашырып жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда Еділ - Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10 - ға дейін шалшықшы есепке алынады. Шектеу факторлары анықталмаған. Сақталған жерлерін іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан - жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек. ### Реликті шағала Жойылып кету қаупі бар түр. Баржоғы 3 жерде - оңтүстік - шығыс Байкал маңында, Ордоста және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі, соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның колониялары орналасқан. Жалпы саны - 5 мыңдай шамасында деп жорамалданады. Қазақстанда әр кезде 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды. Колониялары орналасқан Алакөлде "Реликті шағала" атты қорықша ұйымдастырылған. ### Еуропа қара күзені Қазақстанда жойылған түр. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен-саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін. Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймаларымен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары - жағасында қалың шөп өскен өзектер мен өзендер, көлдер. Қола өсіп - өнеді. Түрді сақтап қалу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет. ### Балжегі (итаю) Сирек кездеседі. Таралу аймағы - Қазақстанның солтүстігі. Үстіртте таралған; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді, сол сияқты боялыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі. Қазақстанда бірен-саран жерлерде кездескені белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған. Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет. ### Қабылан Өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен; шөлді тау бөктерлерін, тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді. Таралу аймағының тарылып, санының кемуінің негізгі себептері - шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік объектілердің санының азаюы және қаскерлік. Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде. ### Қарақал Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған; сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі септері - қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. === Алтай арқары === Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтүстік Алмайда таралған, аласа, орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай; санының азаюына негізгі себептері - қаскерлік және оның мекендейтін жерлерінде шектен тыс мал жаю. Қолда өсірілмейді. ### Қызылқұм арқары Қазақстанда жойылып кеткен; XVIII-XIX ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады. Оларды Шымкент хайуанаттар паркінде өсіру, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанда оларды кейіннен табиғи ортаға қайта жіберу үшін қолда өсіруді ұйымдастыру қажет. ### Қаратау арқары Өте сирек, жойылуға жақын. Тек Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны -100 бас; санының азаюының негізгі себептері - қаскерлік және ол мекендейтін жерлерде малды шектен тыс жою. ### Жалман Тек Қазақстанда ғана: Арал сыртында, Бетпақдалада, Балқаш маңының солтүстігінде, шығысында, Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін, үй тышқанына ұқсас кішкентай ғана аң. Терісі қалың жаңа жүнді, жібекбесі жұмсақ, құлағы едәуір үлкен. Баялыш бұбаларының, ақ жусандардың ішінде жүреді. Жерде жайлап қана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұбаларда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақденелілерді аулап жейді. Жақсы көретін қорегі - шегіртке. Бүйі, қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды. Қорегін іңірде, кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды. Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген.Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның "Қызыл кітаптарында" бұл аңды аулауға тыйым салаынғаны хабарланып, қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет деген ұсыныс жасалған. ## Дереккөздер Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра,2011. ISBN 978-601-282-245-8
Ахмадия (урду: احمدیہ‎, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (араб.: الجماعة الإسلامية الأحمدية‎, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады, 19-шы ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған. Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді. Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды. Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан. Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады. Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып, оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда. ## Атаудың шығу тегі Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың ﷺ екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің ﷺ көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді, яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады. Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған: اور جائز ہے کہ اِس کو احمدی مذہب کے مسلمان کے نام سے بھی پکاریں "Сонымен қатар бұл жамағатты, сенімдік тұрғыда «Ахмадия мазһабын» ұстанған мұсылмандар деп те атауға болады". ## Сенімдеріне түйіндеме Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген: "Алла Тағаланың маған тапсырған тапсырмасы: мен, Құдай мен Оның жаратылысының арасындағы байланысқа нұқсан келтіретін қателіктерді алып тастауым керекпін. Мен, Құдай мен адам арасындағы махаббат пен шынайлықты қалпына келтіру керекпін. Шындықты айтып және діни қақтығыстарды доғарту арқылы, көзден таса болған иләһи ақиқаттарды ашыққа шығарып, бейбітшілікті орнатуым керекпін. Мен, өзімшілдіктің түнегіне жерленген руханиятты қайта жандандыруға шақырылғанмын. Мен бұны сөзбен ғана емес, іс жүзінде көрсетуім керек. Адамға енетін иләһи қуат, дұға-ғибадат пен зейін қою арқылы көрінеді. Мақсатымның мәні, ең алдымен, мен, адамдардың жүректеріне о баста егілген, таза әрі (сәуледей) жарқыраған Алланың Бірлігін қалпына келтіру керекпін. Мен адамдардың жүректерін көпқұдайшылдықтың түрлі ластықтарынан тазартуым керек, өйткені қазіргі уақытта Алланың Бірлігі толығымен жоғалып кеткенді. Бұның барлығы мен арқылы емес, аспан мен жердің Тәңірі болған, Алланың күш-қуаты арқылы жүзеге асады". Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек. Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың ﷺ арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед ﷺ пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген. Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады: "Иман – екі аспектіден тұрады. Оның бірі Құдайға деген махаббат. Екіншісі, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілік, яки басқа адамдардың қайғысын, ауыртпалықтары мен тауқыметін өзіңдікіндей көріп, олар үшін дұға тілейтіндей дәрежедегі мейірімділік". Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан. Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында. ## Ахмадилердің сенімдері Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделген. ## Иманның алты шарты ### Алланың Бір екендігіне сену (Таухид) Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады: "Бір Алланың нұры, сырттағы және іштегі барлық пұттарды жоққа шығарғанда ғана, жүректі нұрға бөлейді. Ол адам болмысының әр бөлігін нұрландырады. Бұған Құдайдың көмегінсіз және Оның пайғамбарының ﷺ көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Адам баласының міндеті, өзінің өзімшілдігін өлтіріп, сайтани тәкаппарлығынан бас тартуы қажет. Ол өзінің ақылгөйлігімен мақтанбағаны дұрыс. Ол өзін надан адам ретінде санап, момын болуы керек. Ол дұға тілеуден босамаса керекті. Міне, сонда ғана Бір Алланың нұры оған нәзіл болады және оған жаңа өмір тарту етіледі". Ортақ пікір бойынша, Құдайдың Бірлігіне қатысты исламдық тағылым барша адамзаттың бірлігіне жол ашады, осылайша, осы мәселедегі барлық кедергілер өздігінен жойылады. Өйткені, адамзат нәсілі әртүрлі ұлт пен ұлыстардан тұратыны абиырлы екені рас. Сондай-ақ, Бір Құдайға иман келтіру, Жаратушы Ие мен Оның жаратылысының арасында абсолютті үйлесім сезімін орнықтырады. Құдай тағала мен Оның сөзінің арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екені түсінікті жағдай. Ахмадия ілімі бойынша, Құдай, барлық кемшіліктерден пәк, барлық кемелдіктердің қайнары ретінде мойындалады. Ахмади-мұсылмандары Құдайды, барлық жерде бар болған мекенсіз Болмыс, құлдарының тілек-дұғаларын, намаз-ғибадаттарын еститін, көретін, және оларға жауап беретін, тірі Құдай ретінде мойындайды. Ахмадилер үшін, Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік сипаттар. Ахмадилердің сенімі бойынша, Құдай, адамзатпен бұрын қалай сөйлессе, қазір де солай сөйлеседі. Осы орайда Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазған: "Құлағы барлар, тыңдаңдар: Алла сендерден не тілейді? Оған адал берілулеріңді тілейді, Оған теңді жерден де, көктен де іздемеулеріңді тілейді. Біздің Құдайымыз – Бір, Ол өткен замандарда тірі болғанындай, кәзір де тірі; өткен замандарда сөйлегеніндей, кәзір де сөйлейді; өткен замандарда естігеніндей, кәзір де естиді. Біздің заманда Ол естиді, бірақ сөйлемейді деген ой – бекершілік. Шын мәнінде ол естиді де, сөйлейді де. Оның барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Сипаттарының бір де бірі уақытша болса да жоғалған емес, жоғалмайды да. Ол – серіктесі жоқ, жалғыз, дара Болмыс; Оның әйелі де, ұлы да жоқ. Ол – мәңгілік, теңдесі жоқ Болмыс; Ол иемденген қасиетке иемденген басқа ешкім жоқ; Оның бір де бір қасиеті әлсіремек емес. Ол жақын, жақын бола тұра алыс. Ол алыс, алыс бола тұра, жақын. Ол – биіктердің биігі, бірақ Одан аласа тұрған біреу бар деп те айтуға болмайды. Ол – көкте, бірақ Оны жерде емес деп те айтуға болмайды. Оның бойында барлық, кәміл де хас қасиеттер жинақталған, Ол жасаған Ізгіліктер – барлық мақтауларға лайық; Ол – барлық кемелділіктің қайнар көзі; Ол – құдыретті; Барлық жақсылық Одан тарайды да Оған қайтып оралады; Ол – барлық байлық-қазынаға Ие, барлық дәреже Оның Өзінде жинақталған; Оның ешбір кемшілік, әлсіздігі жоқ; Жер мен көктердегі барлық жан иелері ғибадат етуге лайықты – Оның Өзі ғана". ### Періштелерге иман келтіру Ахмадия мұсылман жамағаты үшін періштелерге иман келтіру ерекше маңызға ие. Олардың тәлімі бойынша, періштелер Құдай жаратқан рухани болмыстар. Алла Tағала оларды өзіне бағынышты етіп және үкімдерін бұлжытпай орындайтын құрал ретінде жаратқан. Адамдарға қарағанда, періштелерде ерік жоқ және олар өзбетінше әрекет ете алмайды. Періштелер, Құдайдың жетекшілігімен, пайғамбарларға уахи-аяндар алып келеді, пайғамбарлардың дұшпандарына Құдайдың жазасын жаудырады, Құдайды даңқтап-мадақтайды және адамдардың амал кітәптарын жазады. Періштелер көзге көрінбейді. Дегенмен, Ахмадия мұсылман жамағатының сенімдеріне сай, періштелер адамдарға түрлі кейіпте көрінуі мүмкін, алайда бұл көріністер физикалық тұрғыда емес, рухани тұрғыда орындалады. Ахмадилер, періштелерді, өздеріне лайықты келбетке ие рухани болмыс ретінде қадірлейді. Олардың ең басты міндеті, адамзатқа Құдайдың хабарын жеткізу. Құран кәрім бойынша, барлық дүнияуи және рухани әлем періштелер деп аталатын рухани күштер арқылы басқарылады. Олар Құдайға толығымен бағынышты. Ахмади-мұсылмандарының түсіндірмесі бойынша, періштелер берілген бағыт-бағдардан, немесе тапсырылған қызмет-функциядан, немесе Құдай ойластырған жалпы жоспардан еш ауытқымайды. ### Құдайдан түскен кітаптарға иман келтіру Ахмади-мұсылмандары имандылықтың үшінші шартын, пайғамбарларға Құдайдан түскен барлық кітаптарға сенумен байланыстырады. Ол кітаптарға Тәурат, Інжіл, Забур, Құран кәрім жатады. Исламға дейінгі дін тарихы белгілі бір уақытқа, белгілі бір ортаға (белгілі бір халыққа ғана) түсірілген Иләһи өсиеттер ретінде танылады. Осылайша, оларға, сол кезде өмір сүрген адамдардың мұқтаждықтарына сай келетін Иләһи ілімдер берілген, тіптен сол өсиеттердің кейбір жерлері сол адамдардың (сол халықтардың) өмір сүрген уақыты мен ғұрпына ғана сай келгенді. Құран кәрімнен басқа кітаптардың барлығы адам тарапынан өзгертулерге ұшыраған болып есептеледі. Тек Құран кәрім ғана еш өзгертусіз, өзінің бәз қалпында сақталған.Исламға дейін, Құдай Тағала, жер бетінде өмір сүрген әр халыққа, әр қауымға өзінің пайғамбарларын жібергенін Ислам күмәнсіз мойындайды. Сондықтан, ахмади-мұсылмандарының тәлімдеріне сай, Ыбырайымдық дәстүрден тысқары қалған, мысалы Ведалар мен Авеста сияқты кітаптар да Құдайдан түскен кітаптар болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран Кәрім күллі адамзатқа жіберілген соңғы кітап, оның тәлімдері уақытпен (яғни, қандай да бір заманмен) шектелмейді. ### Пайғамбарларға иман келтіру. Ахмадияттың пайғамбарлығына және «Хатаман набийин» («Пайғамбарлық мөрге») сену Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, имандылықтың төртінші шарты, Құдай тарапынан келген барлық пайғамбарларға иман келтірумен байланысты. Әлем заңсыздықтар мен ахлақсыздыққа (яғни, адамгершіліктен жұрдай болған жағдайға) белшеден батқанда, немесе әлемнің біршама бөлігінде осындай сипаттар көрініс тапқанда, немесе қандай да бір шариғаттың ізбасарлары бүлінген кезде, нәтижесінде дінге зақым келіп, дін Құдайдың көмегіме мұқтаж болғанда, Алла Тағала дінді қалпына келтіру үшін пайғамбарын жібереді. Ахмади-мұсылмандары Құран Кәрімде, Тәуратта, Забурде, Інжілде аталған пайғамбарлардан бөлек, Зардұшты, Кришнаны, Будданы және Конфуциді де Құдайдың пайғамбарлары болған деп сенеді. Ахмадияттың сенімі бойынша, Пайғамбар (Нәби), Елші (Расул) және Өкілші (Мурсәл) делінген ислами терминдердің мағыналары бірдей. Дегенмен, Ахмадияттың ұстанымы бойынша, пайғамбарлардың екі үлкен түрі бар. Бірінші түріне жаңа шариғат әкелген пайғамбарлар жатады, мысалға: Тәурат шариғатын әкелген Мұса пайғамбар (ғ.с.) және Құран шариғатын әкелген Мұхаммед пайғамбар ﷺ. Ал екінші түріне ешқандай шариғат әкелмеген пайғамбарлар жатады, мысалға: Ілияс (ғ.с.), Жеремей (ғ.с.), Жақия (ғ.с.), Иса (ғ.с.), Мырза Ғұләм Ахмед (ғ.с.). Осы, екінші түрдегі пайғамбарлар өздерінен бұрынырақ түскен шариғатты орындау үшін келген «орындаушы пайғамбарлар» болып есептеледі, олар сол шариғаттың шеңберінен шықпаған және оған өзгертулер еңгізбеген. Сондай-ақ, бұндай пайғамбарларды - «үммәти нәби», яғни «үмбеттің ішінен шыққан пайғамбарлар» деп те атайды. ### Қиямет күніне иман келтіру Иманның бесінші шарты Қиямет күніне қатысты. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Бір Құдайға иман келтіргеннен кейін, Құран Кәрімде сөз етілген Қиямет күніне иман келтіру өте маңызды қағидат. Ахмадилердің сенімінде, күллі әлем Қиямет күнінде соңына жетеді. Исламның басқа ағымдары мен дін мектептері де осындай ұстанымда. Өлгендер тіріледі. Олар өздерінің амалдары үшін есеп береді. Жақсылық істеген адамдар жұмаққа кіреді, ал жазаға тартылатындар тозаққа тасталады. Ахмадилердің түсінігі бойынша, тозақ уақытша мекен, онда адамдар мәңгілік тұрақтамайды. Ибн Таймийа, Ибн Араби секілді ғұламалар да осындай түсінікте болған. Тозақ - жанды емдейтін «аурухана» іспетті мекен, ондағы жандар күнәларынан тазаратын болады. Ахмадилердің сенімі бойынша, бұндай түсінік Құран Кәрім мен хадистерге негізделген. ### Тағдырға илану Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құдай Тағала ғаламдағы барлық істерді соңына шейін бақылауда ұстайды. Бұл Құдайдың жазған тағдыры болып есептеледі. Осы тағдырдың шеңберінде адамға ерік беріледі, сол арқылы ол өз жолын таңдайды. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, адамдар Қиямет күні өз ниеттері мен іс-әрекеттері негізінде сұраққа тартылады. ## Исламның бес тірегі Исламның негізгі бес тірегі (Аркан әл-Ислам; Аркан әд-Дин) барлық ахмади-мұсылмандары үшін парыз саналады. Олар келесідей: * Шаһада («Алладан басқа ешқандай құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне иман келтіру»), * Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз (жүзді Қыблаға қаратып), * Зекет салығын төлеу (қайырымдылық жолында), * Рамазан айында ораза тұту, * Меккеге қажылық жасау, тым болмағанда өмірінде бір рет. Исламның бес тірегін орындауда ахмади-мұсылмандары сүннеттік ұстанымға қайшы келмейді. Дегенмен, Пәкістанда ахмади-мұсылмандары заңмен қудаланады. Оларға намазға азан шақыруға, мұсылман куәлігін (шаһаданы) айтуға, Құран кәрімді дауыстап оқуға, өздерінің ғибадатханаларын мешіт деп атауға және ислам терминологияларын өздеріне қатысты қолдануға тыйым салынған. Олар басқа да мұсылман елдерінде түрлі қудалаушылықтарға ұшырап жатыр. Ол жерлерде ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға рұқсат етілмейді. Мұндай тыйымдар ислам шариғатында парыз етілген міндеттемелерді орындауда біршама қыйындықтар жасайды. Демократиясы жоғары елдерде тұратын ахмади-мұсылмандары қажылыққа кедергісіз баралғанымен, Сауд Арабияның шектеу заңы оларға да қатысты салынған. ## Ахмадилердің сенім өзгешеліктері Ахмади-мұсымандары ұстанатын исламның бес тірегі мен иманның алты шарты қалған сүнниттік мұсылмандардікіндей болғанына қарамастан, ахмадилердің сенімдерінде кейбір өзгешеліктер бар: ### Иса пайғамбардың екінші рет келуі Бұған қатысты ахмадилердің сенімдері басқа мұсылмандардың сенімдерінен өзгешерек. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Иса айқышқа (крестке) керілді, бірақ ол онда өлмеді, тек есінен таңды және айқышта бар жоғы төрт сағат болды. Сосын, мазар үшін қолданылатын үңгірге қойылған соң, бірер күнде есіне келген. Мырза Ғұләм Ахмедтің пайымы бойынша, Иса көп ғұмыр жасап, қартайған шағында Кашмирде қайтыс болған. Ол Исраилдің жоғалған руларын іздеп табу үшін Кашмирге көшіп барған. Ол Кашмирде Юз Асаф есімімен белгілі болған. Оның қабірі әлі күнге дейін Сринагар қаласының Ханияр көшесінде, Розабал кесенесінде сақталған. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, христиандық және исламдық пайғамбарлықтарда айтылған «Исаның екінші рет келуін» сөзбе-сөз түрде емес, астарлы (салыстырмалы) мағынада түсіну керекті. Олардың ойынша, Исаның екінші рет келуі Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің тұлғасында жүзеге асқан. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди бір адамның қос (символды) лақап аттары , және оның ілімі мен дұғалары арқылы, христиан діні дәурендеген заманда, ислам дәжжәлды тасталқан ететін болады. Осылайша, дәжжәлдың билігі ақырындап сөне бастайды, бұл исламның бейбіт замандағы түбегейлі жеңісін сүйіншілейді. ### Хатаман набийин (Пайғамбарлардың мөрі) Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран кәрім - Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы шариғаты. Олардың сенімі бойынша, Құдай Тағала өткен замандарда Өзінің сүйікті құлдарымен сөйлегеніндей, кәзір де сөйлеседі. Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Олардың сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар ﷺ ең кәміл және ең соңғы шариғатты әкелген, сол арқылы иләһи пайғамбарлық пен адамзаттың рухани дамуы өз шыңына жеткенді. Үмбеттің ішінен шығатын жаңа пайғамбарлардың келуі әбден мүмкін, бірақ олар толығымен Мұхаммед пайғамбарға ﷺ бағынышты болмақ; және оның ілімін еш өзгерте алмайды, немесе жаңа шариғат, жаңа дін әкелмейді. Үмбеттің ішінен шығатын пайғамбарлар, дербес пайғамбар ретінде емес, Мұхаммед ﷺ руханиятының "айнадағы көрінісі" іспетті қарастырылады. ### Жиһад Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, жиһадты үш түрге бөлуге болады: * «Жиһад әл-Әкбар» («Ұлы жиһад») – бұл адамның өз нәпсісінің - ашу, нәпсіқұмарлық, өшпенділік және т.с.с. анайы құштарлықтарымен күресуі. * «Жиһад әл-Кәбир» («Үлкен жиһад») – бұл исламды бейбіт түрде насихаттау, әсіресе «қалам» арқылы исламның хақ ілімдерін әлемге паш ету. * «Жиһад әл-Әсғир» («Кіші жиһад») - шектен асқан діни қудалаушылықтар кезінде және адамның негізгі діни сенімдерін ұстану құқығына қатаң тыйым салынған кезде, шапқыншылықтардан қорғаныс мақсатында жүргізілетін соғыс іс-қимылдары. Ахмади-мұсылмандары пайымдайды, исламдағы алдын-ала айтылған көріпкелдіктерге сай, Мырза Ғұләм Ахмед, соғыс түрінде жүргізілетін жиһадқа тыйым салған, өйткені бұл дәуірде мұндай жиһад тиімсіз құралға айналған. Қазіргі заманда, Ислам - дін ретінде, соғыс түріндегі шапқыншылықтарға ұшырап жатқан жоқ. Қазіргі заманда, Ислам түрлі әдебиеттер мен бұқаралы ақпарат құралдары арқылы шапқыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан, жауап та соған сай болуы керек. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, өшпенділікті махаббатпен жою қажет. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Хазірет Мырза Таһир Ахмед терроризм жайында былай деп жазады: "Ислам - терроризнің барлық түрлеріне қарсы және олардан үзілді-кесілді бас тартады. Бір адам, немесе қандайда бір топ, немесе қандайда бір үкімет тарапынан жасалған кез-келген зорлық-зомбылықтарды Ислам ешқалай ақтамайды". ### Дін және ғылым Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Құдай Тағаланың сөзі мен ісінің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, сол себепті дін мен ғылым бір-бірімен үйлесімді. Осы жайында Ахмадия мұсылман жамағатының 2-ші Халифі Хазірет Мырза Башируддин Махмұд Ахмед былай деген: "Ислам діні, Құдайдың Сөзі мен Ісінің арасында алшақтық жоқ, деп үйретуі арқылы, дін мен ғылым арасындағы талас сөзден құтқарады. Табиғат заңын теріске шығармауды, оған қарсы шығатын сөзге ермей, керісінше, сол заңдылықтарды ізерлеп тексеріп, терең ойланып, олардан пайда көзін іздеп табу керектігін үйретеді. Құдайдың Сөзін Құдайдың Өзі жібереді, сондықтан Оның Сөзі мен Ісінің арасында карама-қайшылықтың болуы мүмкін емес, деп үйретеді Ислам. Алланың Сөзін түсіну үшін, Оның Ісін көру керек, ал Оның Ісін түсіну үшін Оның Сөзіне назар аудару керек". Ахмадилердің пікірі бойынша, ғылым – Құдайдың ісі, ал дін – Құдайдың сөзін тану және олар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, осы тұрғыда ахмади-мұсылмандары Хазірет Адамды (ғ.с.) жер бетіндегі бірінші адам емес, тек қана бірінші пайғамбар ретінде қабылдайды, яғни жер бетінде Хазірет Адамнан (ғ.с.) бұрын да адамдар өмір сүрген. Сондай-ақ, ахмадилер, Құдай тағаланың жетелеуімен болған биологиялық эволюция теориясына сенеді. Нобел сыйлығының ең алғаш мұсылман иегері доктор Әбдус Салам, Ахмадия жамағатының мүшесі болған. Ол Нобел сыйлығын Ядерлы физика саласындағы жетістіктігі үшін алған. Оның мәлімдемесі бойынша, Құран Кәрімнің 750 аяты табиғат заңдылықтарын зерттеуге және адамзат білімін, адам ақылын қоғам игілігі үшін жұмсауға үгіттейді. ### Ахмади-мұсылмандарының басқа да сенім өзгешеліктері * Ахмади-мұсылмандарының сенімдеріне сай, Құран аяттары бір-бірінің күшін жоймайды ("нәсих" пен "мансух" аяттарға қатысты мәселе). Құранның барлық аяттарының заңды күштері бірдей, бұндай түсінік Құранның көркемділігі мен даусыз дәлелділігін айшықтайды. Бір-бірімен үйлесімсіз болып көрінген аяттардың шешімі Ахмадиялық фиқһ арқылы анықталады (мысалға: қандай да бір жағдайға қатысты түсірілген Құран аятын сондай жағдайлардың шеңберінде қарастыру керекті). * Дін тарихы циклденіп келеді және әр жеті мыңжылдықтарда жаңарып отырады. Қазіргі цикл, Адам (ғ.с.) заманынан бері жеті дәуірге немесе аптаның жеті тәулігіне параллелденген дәуірлерге бөлінеді. Әр тәулік күндізгі және түнгі мезгілдерден тұратыны сияқты, әр дәуірдің жарыққа (нұрға) бөленген кезеңі мен түнек басқан (қараңғылық, надандылық жайлаған) кезеңі болады. Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх ретінде алтыншы дәуірде келген, яки, адамзаттың соңғы дәуірі – жетінші дәуірдің алдындағы жаршысы болғанды, өйткені Алланың қарамағындағы бір күн, адамдардың санағы бойынша мың жылға тең. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесіне сай, аптаның алтыншы күні (жамағатпен намаз оқылатын) «жұма» күніне қалдырылған. Бұл, күллі адамзат баласы бәріне ортақ Ислам дінінің астында жиналатын дәуірге арналған күн. ## Тарихы Ахмадияттың тарихы, Мырза Ғұләм Ахмед 1889 жылдың 23-ші наурызында, Үндістанның Лудхиян шаһарында, өзінің алғашқы ізбасарларынан адалдық антын қабылдаған күннен формалды түрде басталады. Дегенмен, Ахмадият қозғалысының тарихы бұдан ертерек, Мырза Ғұләм Ахмед, өзінің келешек тағдыры жайында уахи-аяндар ала бастаған кезден санаса да болады. 19-шы ғасырдың аяғында Қадиан қалашығында, Мырза Ғұләм Ахмед өзін Ислам Мүджаддиді (реформаторы) екендігін жариялады, бұл метафоралы мағынада, бір тұлғаның бойында Исаның екінші рет келуін және имам Мәһдидің анықталуын білдірді. Бұндай тұлғаны мұсылмандар көптен бері күткен, дегенмен мұсылмандардың көбі уәделенген Иса мен имам Мәһдиді екі бөлек адам ретінде қарастырады. Мырза Ғұләм Ахмедтің алғашқы ізбасарлары, негізінен, Үндістанның біріккен Пенжаб және Синд провинцияларында пайда болды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының мәлімдемесі бойынша, оның келуі жайында Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммед ﷺ пайғамбарлық еткен. Ахмадия мұсылман жамағаты Исламның ішіндегі қозғалыс ретінде, сондай-ақ христиан миссионерлері мен индуистік Ария Самаж сектасының Исламға жасаған шабуылына қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар 19-шы ғасырда сол өлкеде кең тараған. ### Бірінші Хилафаттың кезеңі Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, Хәкім Нұруддин уәделенген Мәсіхтің Бірінші халифі болып бірауыздан сайланып, Ахмадия Мұсылман Жамағатына жетекшілік ететін болды. Оның хилафат кезеңі алты жылға созылды. Оның жетекшілігімен Құран кәрім ағылшын тіліне аударылды. Англияда Ахмадияттың ең алғашқы уағыз жүргізу миссиясы ашылды, сондай-ақ Ахмадия Мұсылман Жамағатының түрлі газет, журналдары басыла бастады. Жамағаттың қаржы қажеттіліктері өсе бастағандықтан, оның халифат кезеңінде жамағаттың ресми қазынасы ашылды. ### Екінші Хилафаттың кезеңі Бірінші халиф қайтыс болғаннан кейін, оның өсиетіне сай Мырза Башируддин Махмұд Ахмед екінші халиф ретінде сайланды. Алайда, Мәуләнә Мұхаммед Әли мен Хаджи Кәмәлуддин бастаған топ оның орынбасарлығына қарсы шығып, оны кезекті халиф ретінде мойындаудан бас тартты. Сөйтіп олар Лахор қаласында жаңа Ахмадия қозғалысын құрды. Мұндағы араздыққа Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлығын және Халифат жүйесін түсінудегі доктриналдық өзгешеліктері себеп болған. Тағы бір себеп, жаңа сайланған халифтің жоғары академиялық білімі болмаған және оның жасы cол кезде жиырма бесте еді, сондықтан оған қарсы шыққандардың араздығы, идеялық қақтығыстан бөлек, оған күдікпен қарап, оны менсінбеушіліктен тууы әбден мүмкін еді. Бұл себеп те өз жасауын жасағанды. Дегенмен, Лахорлық қозғалыс көп жетістікке жете алмады. Ахмадия жамағатының басым көпшілігі Халифке адал болып қалды. Ахмадия жамағатының тарихнамасына бұл кез «жікке бөлінушілік» деген атаумен жазылған.Халифті сайлаушы органның мүшелері Мырза Башируддин Махмұд Ахмедті жас кезінде Халиф етіп сайлады. Оның халифаты 52 жылға созылды. Ол жамағаттың ұйымдық структурасын орнатты және Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерде кеңінен уағыз жүргізу іс-шараларын дамытты. Халиф болып сайланғаннан кейін екі аптадан соң, исламды тарату мәселесін талқылау үшін, Үндістанның түпкір-түпкірінен делегаттар шақырылды. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед шетелдерде бөлімшелер ашу үшін және ахмади-мұсылмандарына ахлақи тәлім-тәрбие беру үшін «Тахрик-и-Жәдид» («жаңа жүйе») және «Уакф-и-Жәдид» («жаңа адалдық») деп аталатын екі жүйе еңгізді. Бастапқыда, бұл жүйелер ахмади-мұсылмандарын қанаушыларға қарсы шара ретінде қарастырылды. Ол жамағат мүшелеріне дін жолында өз уақыттарын, мал-мүліктерін жұмсауға үндеді. Уақыт өте келе осы жүйелердің арқасында, жалпы ислам дінін қорғау мақсатында және ахмади-мұсылмандарының сенімдерін түсіндіру мақсатында біршама әдебиеттер басып шығарылды. Сондай-ақ бұл қаражаттар Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерге жіберілетін уағызшыларды дайындауға және ол жақтарда уағыз жүргізу ісін бір жүйеге келтіруге жұмсалды. Екінші Хилафат кезеңінде Ахмадияттың уағыз жүргізу миссиясы 46 елде ашылды. Көптеген шетелдерде мешіттер тұрғызылды. Құран кәрім әлемнің бірнеше негізгі тілдеріне аударылып баспадан шығарыла бастады. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед рухани, діни тақырыптарға арнап біршама еңбектер жазған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімге жасаған он томдық тәпсірі. ### Үшінші Хилафаттың кезеңі 1965-ші жылы қараша айының 8-інде Мырза Нәсір Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының Үшінші халифы болып сайланды. Оның Хилафат кезеңінде уағыз жүргізу ісі кеңінен жүзеге асты, әсіресе Африка құрлығында. Ол кісі, Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясы Ахмадия жамағатын «мұсылман-емес» деп жариялаған кезде, жамағатты шашыратып алмай, бір жетекшілікпен бағыттай білген халиф ретінде қарастыралады. Оның Хилафат кезеңінде «Нусрат Жаһан жоспары» атты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұл қозғалыс - жамағат мүшелері Африка құрлығында қызмет етуіне арналған. Осы қозғалыстың арқасында Африканың кедей өлкелерінде жүздеген медициналық клинакалар мен мектептер тұрғызылып, іске қосылған. Мырза Нәсір Ахмед 1970-ші жылы Батыс Африканы аралап шықты, бұл Ахмадия халифінің құрлыққа жасаған алғашқы сапары болып есептеледі. Испанияға жасаған сапарында, ол "Башарат" мешітінің іргетасын қалады, бұл мешіт қазіргі Испанияның ең бірінші мешіті болып есептеледі. Ол ахмадилердің келесі танымал ұранының авторы: "Мейірімділік баршаға, өшпенділік ешкімге" (басқаша айтқанда: "Барша жанға махаббат, ешбір жанға қиянат") Мырза Нәсір Ахмед екінші халифтің атынан «Фәзле Умар» атты қор ашқан. Оның Халифат кезеңінде Ахмадия жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмедтің айтқан сөздері мен диалогтары, сонымен қатар оның көріпкелдік түстері мен уахи-аяндары толық топтама болып жинақталды. ### Төртінші Хилафаттың кезеңі Үшінші Халиф қайтыс болған соң, келесі күні, яғни 1982-ші жылдың 10-шы маусымында Мырза Таһир Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі болып сайланды. 1984-ші жылы Пәкістан үкіметі №ХХ қаулысын қабылдағандықтан, Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан Англияға көшіп кетті. Бұл қаулы халифке өз міндетін толыққанды орындауға рұқсат бермеді және Хилафат институтына қауып төндірді. Халиф қоныс аударғандықтан, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басқарма орталығы да Пәкістаннан Англияға ауыстырылды. Жамағаттың басқарма орталығы Лондонда, «Фәзл» мешітінің қасында орналасқан. «Фәзл» мешіті Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт. Қоныс аудару кезеңі ахмади-мұсылмандары үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып есептеледі. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Мырза Таһир Ахмедтің кезінде ең бірінші мұсылмандық спутникті арна іске қосылды. Мырза Таһир Ахмед ахмади-мұсылмандарының балаларын жамағатқа қызмет қылуға арнау үшін «Уакф-и-нау» бағдарламасын ашты. Оның Хилафат кезеңінде, қуғын-сүргін құрбандарына жәрдем беру үшін және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында - «Мәриям шәди», «Сәйидинә Биләл» және «Хьюманити фёрст» («Ең бастысы адамгершілік») секілді түрлі қайырымдылық, қоғамдық қорлар ашылған.Мырза Таһир Ахмед үнемі түрлі дін өкілдерімен, түрлі мамандармен және түрлі мәдениет-дәстүрлердің өкілдерімен сұрақ-жауап дәрістерін өткізіп отырды. Сондай-ақ ол көптеген кітаптар жазып шығарды. Олардың ішіндегі ең көрнекілері, қазіргі заманның қоғам мәселелеріне ислам тәлімінің жауаптарын қамтиды, мысалы үшін мына кітаптар: * «Алла үшін өлтіру?» (Мұндайға исламда жол берілген бе, берілмеген бе? - ауд.ред.), * «Абсолютті әділдік принципі», * «Мейірбандылық пен бауырластық», * «Ислам қазіргі заманның сұрақтарына жауап беруде», * «Парсы шығанағындағы дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп», * «Уахи, ақыл, білім және ақиқат». ### Бесінші Хилафаттың кезеңі Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін, Ахмадияттың тарихында алғаш рет сайлау Лондон қаласында өтті, сайлау нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі болып Мырза Масрур Ахмед сайланды. Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы. Исламның ізгі хабарын насихаттау және адамзат игілігі үшін жағдай жасау мақсатымен Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, түрлі мемлекет басшыларымен кездеседі, әлемдік дағдарыстарды шешу үшін бейбіт конференциялар ұйымдастырады. Ұзаққа созылып бара жатқан қақтығыстарды доғарту мақсатында Мырза Масрур Ахмед әлемнің алпауыт елдерінің басшыларына хат жолдаған, олардың ішінде: АҚШ, Ресей, Канада, Сауд Арабия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Иран, Израиль елдерінің басшылары, сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла мен Рим папасы бар. Әлемнің 200-ден астам елінде тұрып жатқан миллиондаған ахмади-мұсылмандарының рухани басшысы ретінде Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, әлем халықтарын Ислам дінінің принциптерімен таныстыруда. ## Демографиясы 2013 жыл бойынша Ахмадия жамағаты әлемнің 207 елінде құрылған, жамағаттың басым көпшілігі Оңтүстік Азияда, Батыс Африкада, Шығыс Африкада және Индонезияда шоғырланған. Ахмади-мұсылмандар жамағаты әлемнің барлық елдерінде өмір сүруде. Дегенмен, кейбір елдерде ахмади-мұсылманы болу заңмен қудаланады. Осындай факторлардың кесірі ахмади-мұсылмандарының нақты жалпы санын шығаруды қыйындатады. Сондықтан, жамағат «оншақты миллион» деген санды береді, алайда көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша жамағат саны бүкіләлем бойынша 10-20 миллион, бұл барша мұсылман үмбетінің 1% құрайды. Бүкіләлемдік христиан энциклопедиясының мәліметі бойынша, Ахмадия жамағаты Исламдағы қарқынды түрде өсіп келе жатқан бірлестік. Ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігі Пәкістанда тұрады, шамамен 4 миллионнан астам. ## Ахмадия Хилафатының ұйымдық құрылымы Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ахмадия Хилафаты - пайғамбарлық жолдағы халифаттың қайта жандануы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, бұл хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің пайда болуымен қайта тұрғызылған. Ахмади-мұсылмандары Мырза Ғұләм Ахмедті үмбетке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди ретінде қабылдайды. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, осы мәселеге қатысты Құран аяттарын (мысалға, "Ан-Нұр" сүресінің 55-ші аяты) мен көптеген хадистерге сай, Халифат тек Құдайдың тікелей араласуымен ғана қайта орнатылуы мүмкін; және де, Құдайдың бұл игілігі шынайы иман келтіріп, ізгі амалдар істеген және Құдай бірлігін ұстанған адамдарға тарту етіледі. Сондықтан, жалғыз ғана адами бастамамен Хилафатты орнатуға талпынған кез-келген әрекеттердің соңы құрдымға алып барады, әсіресе халықтың ахлақтық жағдайы пайғамбарлықтың өсиетіне қайшы келетін болса (яғни, егер олар ізгіліктен принципиалды түрде жұрдай болса). Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, Құдай уахилар мен аян-түстер арқылы мүміндердің жүректеріне, ойларына кімді халиф етіп таңдау керектігін ұялатады. Бұл жерде ешқандай үгіт-насихат пен кез-келген спекуляцияға жол берілмейді. Осылайша, халиф жәй ғана сайлау арқылы емес, ең алдымен Құдайдың қалауымен таңдалады. Ахмадияттың сенім қағидатына сай, халифке міндетті түрде мемлекеттің басшысы болу шарт емес, бұл жерде хилафаттың діни және рухани мән-мағынасы басты назарда ұсталады. Халиф - деген ең бірінші кезекте, Мұхаммед пайғамбар үмбетінің жоғары рухани және ахлақтық деңгейін жоғары ұстатуға, сондай-ақ Ислам тәлімін нығайтып, таратуға бағытталған рухани лауазым болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандары өздерінің халифін «Әмирул мүминин» («Мүміндердің әміршісі») ретінде қабылдайды. Қазіргі уақытта бұл лауазым Бесінші Халиф Мырза Масрур Ахмедке тиесілі. ### Жоғарғы кеңес мәжілісі «Мәжлис аш-шура» немесе жоғарғы кеңес мәжілісі, Ахмадия жамағатында Хилафаттан кейінгі ең жоғарғы құрылым. Жоғарғы кеңес мәжілісі жылына бір рет жиналады. Бұл кеңес халықаралық деңгейде халифтің төрағалығымен өтеді. Оның басты мақсаты, қаржы, түрлі жобалар, білім беру, жамағатқа байланысты тағы басқа сұрақтар жайында халифке кеңес беру болып табылады. Халиф мәжіліс барысында талқыланған ұсыныстарға қатысты өз пікірін білідіріп, нұсқауын беріп, шешімін шығара алады немесе сұрақтың шешімін жетілдіру үшін оны кейінге қалдыра алады. Дегенмен, көп жағдайларда халиф мәжілістің көпшілігі берген кеңес-ұсынысты қабылдайды. Ұлттық деңгейде кеңес мәжілісі Әмірдің (яки, Ұлттық президенттің) төрағалығымен өтеді. Тек соттық іс - шешім шығару мақсатында мінездемесімен халифке жөнелтіледі. Халиф оған қатысты дұрыс деп тапқан шешімін шығарады. ### Орталығы Ахмадия Мұсылман Жамағаты Халиф тұратын жерден басқарылады. Сондықтан, 1984 жылы төртінші халиф Пәкістаннан көшіп кетуге мәжбүр болған кезде, Ахмадия жамағатының ресми ортылығы (Англияның) Лондон қаласына, Әл-Фазл мешітіне көшірілген болатын. 2019 жылы бесінші халиф орталықты, 1985 жылы жамағат өз қаражатына сатып алған жерге, Исламабадқа (Тилфорд, Англия) көшірді. Ахмади-мұсылмандары үшін, Исламның қасиетті Мекке мен Медине қалалары қасиетті қалалар болып саналғанымен, Қадиан қаласы олардың рухани орталығы болып есептеледі. Олар, келешекте Ахмадия Хилафаты Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианға қайтып оралады - деп үміт етеді. Дегенмен, Үндістан екіге бөлінген соң, Пәкістанда 1948 жылы 20 қыркүйекте құрылған ахмадилердің Рабва қаласы, сол уақыттан бері дүниежүзі бойынша жамағаттың көптеген іс-шараларын басқарады. Атап айтқанда, бұл қалада Ахмадия жамағатының екі негізгі органы орналасқан: «Орталық Ахмадилік кеңес» және «Жаңа жоба» кеңесі. Сонымен қатар бұл қалада «Жаңа адалдық» кеңесі де орналасқан. Барлық орталық органдар халифтің нұсқамасына сай жұмыс істейді. «Садр Әнжуман Ахмадия» (яғни, «Орталық Ахмадилік кеңес») 1906 жылы Мырза Ғұләм Ахмедтің бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні бұл орган Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдерінде Ахмадия жамағатының жұмысын ұйымдастыру ісіне жауапты орган болып саналады. Ал, Ахмадия жамағатының Екінші халифімен құрылған «Әнжуман Тахрики Жәдид» (яғни, «Жаңа жоба» кеңесі) Үнді субқұрлығынан тысқары жерлердегі Ахмадия жамағаттарының жұмысына жауапты. Әр кеңес басқарма органдарға бөлінеді, мысалы: қаржы депортаменті, баспа депортаменті, білім беру депортаменті, сыртқы істер депортаменті, шетелдік өкілдер министрлігі және т.б. Жоғарғы кеңестің соңғы шешімі бойынша, жамағат бүкіл әлемде 15 000-нан астам мешіт, 500-ден астам мектеп, 30-дан астам ауруханалар тұрғызған, және де Құран Кәрімді әлемнің 70-тен астам тіліне аударып баспадан шығарған. «Әнжуман Уәкф-и-Жәдид» те (яғни, «Жаңа адалдық» кеңесі) Екінші халифтің бастамасымен құрылған, бұл орган әлем бойынша ауылды мекендердегі жамағаттарға діни ұстаздар даярлап, жұмыстарын үйлестіру ісіне жауапты. ### Білім беру ордалары «Джәмийя Ахмадия» («Ахмадия университеті»), кейде «Ахмадиялық теология және тілдер университеті» деп аударылады. Бұл халықаралық исламдық семинария және білім беру ордасы. Оның дүниежүзі бойынша Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында бірнеше кампустары бар. Ол 1906 жылы «Тәлимүл-Ислам» медресесі (кейінірек «Тәлимүл-Ислам» колледжі) ретінде құрылған. Бұл Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі білім ордасы - ислам ғылымының орталығы және уағызшыларды дайындау мекемесі ретінде Мырза Ғұләм Ахмедпен құрылған. Оның түлектері Халифпен жамағаттың миссионерлері болып (оларды әдетте мурабби, имам, немесе мәуләнә деп атайды), немесе фиқһ (исламдық заң) мәселесін қарастыратын мүфтилер, фақиһтер етіп тағайындалуы мүмкін. Университеттің кей түлектері ислам тарихшылары болып қызмет атқарады. 2008-ші жыл бойынша университеттің 1300-ден астам түлегі жер жүзінде миссионер болып қызмет етуде. ### Қосымша ұйымдар Ахмадия Мұсылман Жамағатының қосымша бес ұйымы бар. Әр ұйым өз мүшелеріне рухани және ахлақи тәлім-тәрбие беру ісіне жауапты. • «Ләджнә Худаммүл» - барлық қосымша ұйымдардың ең ірісі болып табылады, ол жамағаттың 15 жастан үлкен әйел (қыз) мүшелерінен тұрады.• «Мәжлис Худаммүл Ахмадия» - жамағаттың 15-тен 40 жас аралығындағы ер мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Ансарулла» - жамағаттың жасы 40-тан асқан ерлерінен тұрады. • «Насиратүл Ахмадия» - жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы қыз мүшелерінен тұрады. • «Әтфалүл Ахмадия» жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы ер балалардан тұрады. ### Бөлімшелері Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағаты дүниежүзіндегі елдердегі ұлттық жамағаттардан тұрады, олардың өз елдеріндегі ұлттық кеңселері бар. Әрбір ұлттық жамағат аймақтық жамағаттарға бөлінеді, ал аймақтық жамағаттар жергілікті жамағаттарға бөлінеді. Көптеген жағдайларда әрбір жергілікті жамағаттардың өз орталықтары, мешіттері және миссионерлік үйлері бар. Әмір (немесе ұлттық президент) жамағаттың орталық органдарының бақылауында және ұлттық басқарма комитетіне бағынышты болады. Ұлттық басқарма комитеті (немесе ұлттық атқарушы орган): бас хатшы, қаржы хатшысы, уағыз жүргізу бойынша хатшысы, тәлім-тәрбие беру хатшысы, білім беру хатшысы және т.б. ұлттық хатшылардан тұрады. Бұл жүйе аймақтық және жергілікті жерлерде өздерінің ұлттық президентімен және атқарушы органдарымен басқарылады. ## Атаулы күндері Ахмади-мұсылмандары «Ид әл-Фитр» («Ораза айт») және «Ид әл-Адха» («Құрбан айт») секілді исламның негізгі мейрамдарын барлық мұсылмандарға ортақ дәстүрмен атап өтеді. Ахмади-мұсылмандары бұл мейрамдардан бөлек, басқа да бірнеше науқандарды атап өтеді, бірақта олар діни мейрам ретінде қарастырылмайды. Олардың ішіндегі ең негізгі діни науқан «Жалса Салана» («Жылсайынғы жиындар») болып есептеледі. Оның бастамасын Мырза Ғұләм Ахмед орнатқан, бұл жиын жамағаттың жылсайынғы формалды жиналысы болып есептеледі. Жалса Салананың мақсаты жамағат мүшелерінің бірілігін, ынтымағын, достығын нығайтып, діни білімдерін көбейту үшін ұйымдастырылады. Жамағаттың атап өтетін басқа да науқандарына мыналар жатады: «Мәуліт» (Мұхаммед пайғамбардың туған күні), «Ахмадия Жамағатының құрылған күні», «Уәделенген Реформатордың күні» және «Хилафат күні». ## Репрессияға ұшыраулары Ахмадия жамағатының ресми сайтының мәлімдемесі бойынша, бүкіл әлемде ахмади-мұсылмандарының саны 20 миллион шақты адам. Ахмади-мұсылмандары дінді уағыздау және Құран кәрімді түрлі халықтардың тілдеріне аудару ісінде белсенді түрде жұмыс атқарады. Әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар Ислам дінімен ахмади-мұсылмандары арқылы танысқан. Бұған қарамастан, қазіргі көптеген ислам елдерінде ахмадилер «мұсылман емес» деп жарияланған. Олар сол жақтарда жүйелі түрде түрлі қудалаушылықтар мен қысым-қанаушылықтарға ұшырауда. ### Бангладеш Бангладеште фундаменталистік ислам топтары үкіметке талап қойған, Ахмадия жамағатының мүшелері ресми түрде «кәпірлер» ретінде жариялансын деп. Нәтижесінде, радикалды молдалардың үгітімен жаппай ереуілдер, зорлық-зомбылық шаралары ұйымдастырылуы арқылы, Ахмадия жамағаты қудалаушылқтарға ұшырай бастады. «Амнести интернейшнел» ұйымының мәліметі бойынша, Ахмадияттың ізбасарлары нақақтан тұтқындалып, ал кейбірі қастықпен өлтірілуде. 2003-ші жылдың соңында молда Мәуләнә Мұхаммед Хуссейн Мұмтаз бастаған бірнеше ірі ереуілдер Ахмадият мешіттерін тартып алуға бағытталды. 2004-ші жылы Ахмадияттың барлық басылымдарына шектеу қойылған. ### Үндістан Үндістанда ахмади-мұсылмандары көптеп тұрады. Олардың көбі Үндістанның Керала, Рәжәстан, Одиша, Хәриян, Бихәр, Дели, Уттар-Прадеш штаттарында, сондай-ақ Пенжабтың Қадиан аумағына қоныстанған. Үндістанның заңы ахмадилерге мұсылман ретінде қарайды. 1970 жылдың 8 желтоқсанында Кераланың Жоғарғы соты, 206-шы қарал бойынша қабылдаған тарихи шешімі, ахмадилердің мұсылмандық статусын өзгертусіз қалдырған. Соттың шешімі бойынша, ахмадилер мұсылман болып табылады және олар басқа мұсылман секталары тарапынан «діннен шыққандар» деп жарияланбайды, өйткені ахмадилер де исламның негізгі екі қағидасын ұстанады – яки, «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ, және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі».Бұл дегеніміз, Үндістанда ахмади-мұсылмандарының діни нанымына ешқандай құқықтық шектеулер жоқ және олар өздерін мұсылман деп атап, өз дінін еркін ұстай алады деген сөз. Бірақта, Үндістанда «Ихуан әл-муслимин» («Мұсылман бауырлары») сектасының тарпынан ахмадилерге қарсы кейбір дискриминациялар жасалуда. Атап айтқанда, Үндістанның Ислам университеті мен «Дарул Улюм Деобанд» діни мектебі, ахмадилерді «мұсылман емес» деп жариялаған. Үндістанның басқа да ислам секталарының лидерлері Ислам Кеңесінің отырыстарына ахмади-мұсылмандарының қатысуна қарсылық білдіруде. Ислам Кеңесі – бұл исламдық діни лидерлердің тәуелсіз органы, оны Үндістан үкіметі елдегі мұсылмандардың өкілі ретінде қабылдайды. 2012 жылдың ақпан айында Андра-Прадеште уәкуфті кеңес бірнеше теңдесіз қарал қабылдап, Ахмадия жамағатына жататындардың неке рәсімін орындамасын деп, қазиге (ислам сотына) өтініш түсіргенді. ### Индонезия Индонезия тәуелсіздік декларациясын қабылдамастан бұрын, Ахмадия жамағаты бұл елде баяғыдан бар болатын. Дегенмен, ахмади-мұсылмандары Индонезияда діни құқықтары кемсітілген бірлестік саналады. Бұл тенденция 2000-шы жылдары елде исламдық фундаментализмнің белен алуымен күрт ұлғайған. 2008 жылы Индонезиядағы көптеген мұсылмандар Ахмадия қозғалысына қарсылық білдірген. Индонезиядағы Ахмадия жамағатына қарсы қудалаушылықты заңдастыру үшін елдің дін консерваторлары ірі ереуілдер ұйымдастыру арқылы үкіметке қысым көрсетпек болды. Индонезиядағы қоғамдық пікір Ахмадия жамағатына қатысты екіге бөлінді: * Индонезиядағы мұсылмандардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, «Мұхаммед - Құдайдың соңғы пайғамбары» - делінген исламның негізгі принципін Ахмадият мойындамайды, сондықтан Ахмадия жамағатына тыйым салыну керек дейді. Сонымен қатар, ахмадилер ислам белгілерін өздеріне қатысты қолданбаулары керек. Молдалардың пікірі бойынша, ахмадилер Индонезияда дін бостандығына қатысты өз құқықтарын қорғау үшін, өз діндерінің белгілерін қолданулары керек. * Дегенмен, ахмади-мұсылмандары мен басқа да шағын діни бірлестіктердің, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, ахмади-мұсылмандарының дін бостандығы қамтамасыз етілуі қажет, және де конституцияда қабылданған дін бостандығына сай, ахмадилер ислам белгілерін қабылдай ма, қабылдамай ма, оны өздері біледі. 2008 жылдың маусым айында, Ахмадия Мұсылман Жамағаты мүшелерінің уағыз жүргізу құқығын шектейтін заң қабылданды. Сол кезде жамағаттың қарсыластары ахмадилердің екі мешітін өртеп жіберді. Құқық қорғаушы ұйымдар дін бостандығына шектеу қойылғанына қарсылық білдірді. 2011 жылдың 6 ақпанында, Бантен провинциясының Пандегланд елді-мекенінде, Ахмадия жамағатының кейбір мүшелері радикалды топтармен қасақана өлтірілген. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде дін бостандығын шектеген оқиғалар көбейіп кетті, әсіресе қоқан-лоқылық көрсету, жамағатпен намаз оқуға тыйым салу, мешіттерді өртеу секілді оқиғалар. Демократия мен бейбітшілік институтының мәліметі бойынша, 2008, 2009 және 2010 жылдар аралығында әлгіндей оқиғалар 17, 18 және 64 рет қайталаныпты. Бұл деректек барлық дін өкілдерін қудалаушылық әрекеттерді қамтиды. Дегенмен, өздерін таза мұсылмандар санайтын фундаменталистердің тарапынан қудалаушылыққа ұшыраған христиандардан гөрі, ахмадилердің көрген азабтары анағұрлым зұлматты. Индонезияда 2011 жылы Ахмадия жамағатына тыйым салуға шақырған үгіт-насихаттар көбейіп кетті. 2011 жылдың 6 ақпанында ашуға булыққан мың шақты фундаменталистік мұсылмандар, Ахмадия жамағатының шаруашылық үйін қоршап алып, полицияның көзінше үш адамды өлгенше соққының астына алған. Соққының астына алынған жәйттер интернетке салынып, сосын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген. ### Пәкістан Пәкістанда шамамен 4 миллионнан астам ахмади-мұсылмандары тұрып жатыр, бұл ел ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігінің отаны болып табылады. Пәкістан, ахмадилерді ресми түрде «мұсылман емес» деп таныған жалғыз ел, өйткені ондағы ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірі бойынша, ахмадилер - «Мұхаммед пайғамбарды соңғы пайғамбар» деп санамайды. 1974 жылы Пәкістан парламенті ахмадилерді «мұсылман емес» - деп жариялайтын заң қабылдады. Бұл заңның қабылдануына Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясында бас қосқан исламның 72 ағым лидерлерінің ортақ шешімі негіз болған. Пәкістанның конституциясына еңгізілген өзгертуі бойынша, Мұхаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенген адамды ғана – «мұсылман» -деп тануға болады. 1984 жылы, сол кездегі Пәкістанның әскері басшысы генерал Зия-үл-Хақ №ХХ бұйрықты шығарды. Бұл бұйрық ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға және оларға мұсылмандық рәсімдерді орындауға тыйым салды. Бұл деген, енді ахмадилер ислам қағидаттарын ашық түрде орындау құқықтарынан айрылды дегенді білдірді. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына Ахмадилік мешіттерден басқа жерлерде ғибадат етулеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға азан шақырыруға, жұрттың көзінше мұсылманша амандасуға, жұрттың көзінше Құран оқуға, қоғамдық жерлерде уағыз айтуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар оларға өздерінің діни әдебиеттерін басып шығаруға, оны таратуға рұқсат етілмейді. Бұндай әрекеттері үшін ахмадилер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасынан тартылатын болды. Пәкістанның барлық азаматтары төлқұжатын немесе жеке куәлігін алған кезде Мырза Ғұләм Ахмедті "өтірікші" және "жалғаншы пайғамбар" ретінде жариялайтын қағазға қолдарын қойып куәліктерін берулері керек болды. Бұндай куәлікті бермеген ахмадилердің құжаттарына олардың «мұсылман еместігі» жазылады. Бұндай төлқұжатпен Пәкістанның ахмади-мұсылмандарына қажылық парызын өтеуге рұқсат берілмейді. Нобел сыйлығының иегері физик-теоретик доктор Әбдус Салам тірісінде ахмади-мұсылманы болғандықтан, оның қабір құлпытасындағы «мұсылман» сөзі өшіріліп тасталған. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына қатысты қабылданған заңдардың нәтижесінде, халықтың ішінде оларға деген жеккөрініш сезімдерін ұялату және оларды қуғындау шаралары елдің жер-жерінде күрт көбейіп кетті. Ахмадилер түрлі діни топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналды. Пәкістанда Исламның түрлі секталарына қарасты барлық діни мектептер мен медреселердегі басты оқулар, ахмадия сенімдеріне қарсы бағытталған материалдардан басталатын болды. 2005 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, Пәкістанның жеке меншік мектептерінде оқитын оқушылар, елдегі діни толерантылықтың ахуалына қатысты мәселеге өз пікірлерін білдірген болатын. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ахмади-мұсылмандары Пәкістанның тіпті бетке ұстар мектептерінің өзінде де, тең мүмкіншіліктер мен азаматтық құқықтың қорғалуында, жүйелі түрде кемсітушіліктерге ұшырайтын болып шықты. Сауалнама барысында, тіпті осы бетке ұстар мектептердің ұстаздары, ахмадилерге қатысты толеранттылықта, оқушылардан да төмен нәтиже көрсеткен. Ахмадилер пәкістандық Пенжаб провинциясының кейбір мектептері мен университеттерінде жәбір көріп, ұстаздары тарапынан қудалаушылықтарға ұшырауда. Көптеген білім ордаларының директорлары, ұстаздары және өшпенді студенттерінің тарапынан ахмади студенттеріне қоғамдық байкот жариялау, жәбір, қоқан-лоқы көрсету фактілері орыналған.2010 жылдың 28 мамырында ахмади-мұсылмандарына зорлық-зомбылық көрсетудің бүгінгі күндегі ең зұлматты көрінісі орыналды. Экстремисті діни топтың (бәлки, «Тахрика Талибан Пенжаб» тобының) бірнеше мүшесі Лахордағы ахмадилердің екі мешітіне басакөктеп кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Олардың үшеуі сосын өздерін жарып жіберген. Содырлардың шабуылынан 86 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды. Шабуыл жасалған кезде, Ахмадия жамағатының мүшелері мешітке жұма намазына жиналған болатын. Осы террористік актіден кейін, Пәкістанның шағын қауымдарының ісін қарайтын министр Шахзаб Бхатти, көңіл білдіру үшін ахмади-мұсылмандарының жамағатына бас сұққан. ### Палестина Ахмади-мұсылмандары Палестина жерлеріндеде тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2010-шы жылдары тек қана ахмади болғаны үшін, заңды жұбайлардың некелерін заңсыз деп жариялап, некелерін күштеп бұздырту фактілері анықталған. ### Сауд Арабиясы Ахмади-мұсылмандары Сауд Арабияда тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2007 жылдың 24 қаңтарында «Хью́ман райтс вотч» құқық қорғау ұйымы Сауд Арабияның патшасы Әбдуллаға ашық хат табыстаған, хатта Сауд Арабиядағы ахмади-мұсылмандарына қатысты діни қудалаушылықтарды тоқтатуды сұраған. Сауд Арабияның діни заңы бойынша, ахмади-мұсылмандарына Меккеге кіріп қажылық рәсімін орындауға тыйым салынған. ## Сілтемелер * Ахмадия Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақша, қырғызша, орысша, түрікше, арабша, ағылшынша * "Бір Имам, бір Жамағат". Ахмадия Мұсылман Жамағаты – әлемдік қауымдастықтың көрнекі қайраткерлерінің көзімен ## Дереккөздер
Байжігіт руы: * Байжігіт (Сіргелі) * Байжігіт (Найман)

Бура руы: * Бура (найман) * Бура (сары үйсін)
Қаракесек (Болатқожа) – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі арғын тайпасының "Бес мейрам" аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен: Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас тарайды. Ш. Құдайбердіұлы Майқы мен Бошанды тоқалдың бел балалары, қалғандарын асыранды ұлдар деп есептейд. Мұндай пікірлерді Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ә. Бөкейхан, М. Тынышбаев та айтқан. Халық арасында кей шежірелерде болатқожаны даралап "төрт қаракесек" (болатқожа, қамбар, жалықбас, шұбыртпалы), басқаларында "үш қаракесек"(шұбыртпалы кірмейді) деседі. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы бүкіл арғын тайпасымен бірдей болғанымен, арғын ішінде болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран еткен. ## Территория Қарағанды облысының шығысын, Шығыс Қазақстан облысының батысын, Павлодар облысының оңтүстігін мекендейді. ## Болатқожа руы Болатқожа руы Бошан (Таз, Байбөрі, Машай,Жанту, Манат), Әлтеке (Алмұрат, Дос, Қойкел, Сапақ, Есболат, Өтеген), Сарым (Тоқсан, Өтеміс), Қара (Қожас, Жарас, Бәркөз, Өтеп, Тақабай, Мұрат, Дүзен, Тоқан) және Шор (Дүйсенбай, Шекшек, Тілеубай, Әйтімбет, Қожам, Әлтөбет) сияқты аталарға бөлінеді. ## Шежіресі Арғы атасы Арғын-ата, одан Қодан-тайшы, одан Ақжол би аталған - Дайырқожа. Дайырқожадан: * Бәйбішесінен ҚарақожаҚарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, ШегендікМейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) * Қарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, ШегендікМейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) * Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, Шегендік * Мейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек) ## Y-ДНК анализі 74%-ы Y-ДНК гаплогруппасы G1 ## Пікірлер 1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады." деген екен. ## Тұлғалар ### Тізімдер: ### Адамдар: ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Қаракесек шежіресі», бірінші том Павлодар қаласында, «ЭКО» ЖШС баспаханасы , Кітаптың таралымы – 500 дана
Торы, Торықыпшақ — Орта жүз қыпшақ тайпасының тармағы, “бес таңбалы Қыпшақ” аталатын ру-тайпалық одақтың бір бөлігінің аты. Шежірелерде Ұзын, Торы, Қарабалық, Бұлтың, Көлденең руларын топтастыруда бірізділік жоқ. Торы бір нұсқада Қарақыпшақтан таратылатын болса, енді біреуінде Қарамергеннен (Қарадөңнен) өрбітіледі. Бұл жағдай Торының түп-төркіні тереңіректе, әріректе жатқанын аңғартады. 10 ғасырда өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный еңбегінде венгр, печенег және уз тайпалары туралы айтылады. Уз тайпасы орыс жылнамаларында және соларға сүйеніп жазылған П.В. Голубовский, Н.А. Аристов, С.А. Плетнева, Н.А. Баскаков, А.М. Хазанов зерттеулерінде, көбінесе торки делінеді. Аристов бұл жұртты 12 ғасырда тарих бетінен өшіп кетті деп санайды. Дегенмен, тіл және тарих деректеріне жітірек үңілсек, 10 – 11 ғасырлардағы торық тайпасы мен қазіргі қыпшақтың торы руы бір ел екеніне, тек этноним тұлғасының аздап өзгергеніне көз жеткізуге болады. Бұл өзгеріс – оғыз, қыпшақ тілдеріне тән құбылыс. Оларда 11–14 ғасырлар арасында бірқатар сөздердің ортасы мен аяғындағы қ, к, ғ, г дыбыстарын түсіріп сөйлеу заңдылығы болған. Мәселен, “Ұлық болсаң – кішік бол”, “Қостың кішігі болғанша – иттің күшігі бол” дейтін нүсқаларда сақталған “ұлық”, “кішік” сөздерінің қазіргі қазақ тілінде “ұлы”, “кіші” болып, сол сияқты “құмған”, “кигіз”, “бігіз” лексемаларының “құман”, “киіз”, “біз” болып айтылатыны осы лингвист. заңдылыққа байланысты. Демек, моңғол шапқыншылығына дейінгі тарихта қатар аталатын уз, торық тайпалары Алтын Орда ыдырағаннан кейін ұзын, Торы деген есіммен қазақ халқын құрауға қатынасқаны байқалады. Хазанов торықтардың бір бөлігі 11 ғасырда қыпшақтарға бағынғанын және бара-бара оларға сіңісіп кеткенін жазады. 9–11 ғасырларда оғыз бірлестігіне кірген торықтар көне заманда қай тайпасымен де одақ болған. Мұны қазіргі Торғай өз-нің атынан да көруге болады. Шежіре бойынша торыдан қитаба, түйішке, көкмұрын, шашты тарайды. Китабадан еділ, бигелді, шоғал, бессары, қара, қайыпберлі, қосай, сартымақ; түйішкеден: ыстыбай, жетім, дәулетбике, мырзабек (көрпе), қойбақ, баянтаңат, назарымбет, женет; шаштыдан шағыр, шегір, байсары, малай, құтым, айдарғазы, бошай; көкмұрыннан қарамойын, лақ (қалғандары беймәлім) аталары өрбиді делінеді. Торыдан таратылып жүрген аталардың ішінде эндогамиялық және экзогамиялық бірлестіктердің бар екенін де ескеру қажет. Қазан төңкерісіне дейін Торы жұрты Торғай, Қабырға, Жыланшық, Сырдария өзендерінің бойын мекендеген. “Әліп таңба Қыпшақтың атағы озған алаштан” (“Қобыланды батыр” жырынан) және “Ой байласам – құдай жоқ, Ой бастасам – Қыпшақ жоқ” деген нақылдардан бұлардың таңбасы әліп – Қ, ұраны – Ойбас екені байқалады. ## Y-ДНК анализі Көкмұрын (N=1) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы О3 (N=1). Тағы бір торы қыпшақ R1b1a2 (N=1) ## Тұлғалары * Иманжүсіп Құтпанұлы * Әбдісалан Нұрмаханов * Мұхтар Шаханов * Мұстафа Шоқай * Әбділда Тәжібаев * Бұдабай Қабылұлы ## Дереккөздер ## Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Өндіріс қуатының балансы — жабдықтарды немесе еңбек құралдарының түрлерін пайдалану дәрежесіне және ұдайы өндірістің ерекшелігіне байланысты қуаттардың өзгеруін сипаттайтын арнаулы баланс. Өндіріс қуатының есепті және жоспарлы балансы жасалады. Өндіріс қуаттары кәсіпорындар және салалар бойынша есептеледі. Қуат көлемі жаңа жаңа техниканы енгізуге, өнімнің номенклатурасы мен ассортиментінің және жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты дүркін-дүркән қайта есептелініп отырады. ## Дереккөздер
Сүйіндік: ## Ру бөлімдері * Сүйіндік (Орта жүз) * Сүйіндік (Кіші жүз) ## Топонимика * Сүйіндік ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауылдық округ. * Сүйіндік — Сүйіндік ауылдық округінің орталығы. ## Тұлға * Сүйіндік Кенжетайұлы Айсақов
Шатыршөп (Сужелкек Sium) - шатырша гүлділер тұқымдасының бір туысы. Көп жылдық шөптесін өсімдіктер. ## Таралуы Еуразия, Солтүстік Африка мен Солтүстік Америкада таралған 10 - 15, бұдан Қазақстанда 3 түрі бар. Ең көп таралғаны жалпақ жапырақты шатыршөп (Sium latifolium) Еуропада, Кавказ, Сібірде және Қазақстанда тайыз суда, су жиегінде, батпақты жерде өседі. ## Биологиялық сипаттамасы Бұл сабағы тік, қырлы, іші қуыс, жоғарғы жағы тармақты, биіктігі 1 метр не бұдан да биік, гүлі ақ, улы (әсіресе тамыры) өсімдік (сиыр уланады). Гүлі мен жемісі құрамында 80 %-ға дейін лимонен болатын эфир майлы өсімдік. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 197 бет
Никола Шауй (14.03.1912 жылы туған) - Ливан және Сирия Коммунистік қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны 1933 жылы Сирия Коммунистік партиясына (СКП) кірді. 1934 жылы СКП ОК - нің мүшесі, 1937 жылы СКП ОК- нің хатшысы болып сайланды. 1939- 41 жылдары айдауда болды. СКП Сирия Компартиясы және Ливан Компартиясы (ЛКП) болып екіге бөлінгеннен кейін (1944) ЛКП ОК мүшесі және хатшысы болды. 1958 - 65 жылдары ЛКП ОК Саяси бюросының мүшесі және хатшысы. 1965 жылдан ЛКП ОК - нің бас хатшысы. КПСС 21,22,24,25 - съездерінде, Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңестеріне (1960,1969, Мәскеу) ЛКП -нің делегацияларын басқарып келді. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 198 бет
Өндіріс құрал-жабдығын өндірудің озат өсу заңы - ірі машиналы өндіріске негізделген ұлғаймалы ұдайы өндірістің экономикалық заңы. Бұл заң өндіріс құрал-жабдығын өндірудің тұтыну заттарын өндіруге қарағанда басымырақ дамуының объективтік қажеттілігін керек етеді. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс өндірістің техникалық және органикалық құрылымының артуына негізделген жағдайда ғана қоғамдық өндірістің өсуі оның өндіріс құрал-жабдығын жасайтын бөлімшесінің неғұрлым тез дамуы нәтижесінде болады. ## Дереккөздер
Bilim Media Group — Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы, инновациялық компания. ## Тарихы Компания тарихы 2011 жылдан басталады. Компанияның алғашқы жобасы imektep.kz бастауыш мектеп бағдарламасына негізделген онлайн білім беру платформасы болатын. Кейін компания itest.kz ұлттық бірыңғай тестіне дайындалуға арналған онлайн платформасын және bilimland.kz деп аталатын интерактивті сабақтардан тұратын білім беру платформасын іске қосты. Команияның негізгі құрамы Халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен құралған. BilimLand жобасы технологиялық даму ұлттық агенттігінің қаржылай қолдауы негізінде дайындалып, алғашқы сатылымдары 2013 жылы басталды. Білім беру платформаларының алғашқы тұтынушысы Назарбаев Зияткерлік мектептері автономиялық білім беру ұйымы болды. 2015 жылы қосылған мектептер саны 300 ден асты, ал 2016 жылы 1000 мектептен асты. Bilim Media Group "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің мүшесі. Сонымен бірге компания WikiBilim қоғамдық қорының Қазақстанның ашық кітапханасы kitap.kz жобасына техникалық және қаржылай демеушілік көрсетіп келеді. Компанияның басшысы Рауан Кенжеханұлы 2014 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары қызметіне ауысты. 2016 жылдың қыркүйек айында Рауан Кенжеханұлы компанияға қайта оралды. ## Өнімдері ### Bilimland BilimLand — көптілді білім беру онлайн-платформасы. Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group компаниясы құрды. Қызмет Қазақстан (bilimland.kz), Ресей (bilimland.ru), Өзбекстан (bilimland.uz) және АҚШ (bilimland.com) елдерінде жұмыс істейді. Bilimland мектеп пәндерін оқытуға арналған бірнеше онлайн-платформаларды қамтиды. ### Онлайн Мектеп Онлайн Мектеп — Қазақстанның барлық нүктелерінен оқушыларды қашықтықтан оқытудың онлайн платформасы болып табылады. 2020 жылы Орталық онлайн-оқыту саласындағы инновациялық компания Bilim Media Group-пен бірлесіп Online mektep цифрлық білім беру платформасын әзірлеп, іске қосты (www.bilimland.kz). Негізгі мақсат – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын онлайн режимде бейімдеп оқыту мүмкіндігін беру. Online Mektep елдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін үлгілік оқу жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарға арналған барлық пәндерден цифрлық білім беру контентін қамтиды. ### Twig-Bilim Twig-Bilim – видео фильмдер түріндегі оқуға арналған ресурстар ұсынатын, көптеген халықаралық марапатқа ие маңдайалды британдық білім беру компаниясы. Bilim Media Group жəне Twig компаниялары бірлесе отырып қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерге əлемге үздік деп танылған онлайн білім беру қызметін ұсынады. 13 тілге аударылып, 35 елде іске қосылған бұл инновациялық оқыту құралы 2012, 2013 жəне 2014 жылғы білім беру технологияларының бүкілəлемдік көрмесінде (BETT) қатарынан үш мəрте ең үздік атанды. Бұл білім беру кешені мектеп бағдарламасындағы химия, физика, биология, математика, география және жаратылыстану пəндері негізіндегі өте қызықты 2000-нан аса қысқа фильмнен (3 минут) тұрады. Əр фильмге көрнекі құрал ретінде дайындалған тақырыпқа сай иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тест тапсырмалары берілген. Фильмге негіз болған материалдар əлемге танымал ВВС жəне Associated Press студияларының мұрағаттарынан алынған. Соның арқасында бұл платформа қазақ тілін, ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеруде таптырмас көмекші құралға айналды.
## Қысқаша мәлімет Сарыүйсін – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа. Ұраны – Байтоқты. Таңбасы – Абақ. Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сары бәйбіше) анадан тараған ұрпағы.Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан. * Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі * Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі * Сары би * Алтай шешен * Жандосай батыр * Қошқар батыр * Жартыбай батыр * Тоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісі * Сәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі ## Қысқаша шежіресі Бәйдібек → Байтоқты → Сарыүйсін → Мырзақаз → Жақып, Қалша ## Жалпы мәлімет Халық жадында сақталып, атадан балаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғұмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVII ғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар. Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлек-бөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлек-бөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысыл-таяңда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген. Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бір-бірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыр-аяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында там-тұмдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бұл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26 поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жұртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүз-жүзге бөлініп, ырың-жырыңға кіргенін Ұлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XII-XIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз ұл көрген делінеді. Сол тоғыз ұл ержетіп, дұшпанына жұмылған жұдырықтай ұйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдерінен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малын айдап, жөңкілтіп жүріп береді. Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз ұл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) өздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған ұлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір ұл көреді. Туғаннан аяқ-қолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сап-сары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, Алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыйлық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен. Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпе-бет қан майданда жекпе-жекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапа-тармағай елдің барлығы араласқан қоян-қолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бұны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты ұмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиын-тойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды бырт-бырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, тұрып алыпты. О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын құрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан еңкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға көшіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріп төңкеріп түсіпті. Әне-міне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті. Қолпаштаушылар оны тіл-көзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлел-сымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кез келген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кей-кейде қисынға симайтын бұрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақұлдатқан, Әлкей Марғұлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Түргештер хандығы жайлы мағлұматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік құрған Тургеш қағанатының құрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Түргеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Түргештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз). Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген түргештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы заңды құбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы ұрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жер-жерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бұтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс. Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал, Құйылдырдың балалары Қырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға, тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бұдан 1012 ғасыр бұрын өмір сүрген айтулы ұрттың ұрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіп-көбейәп барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секілді біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін құрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірлі-жарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды. Сондай этнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне, сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осының нәтижесінде казақ-қырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Ұлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бұрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алатын өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Құрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Тұрды, Жартыбай сияқты батырлар, Тоқаш Бокин, Сәбит Оразбаев сияқты елге танымал ел ағалары шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Ұраны Байтоқты, таңбасы Абақ. ## Тұлғалар * Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева * Тоқаш Бокин * Жұбаныш Бәрібаев * Әнуарбек Жүнісәлі * Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев * Торғын Жылқышықызы Тасыбекова * Әлімқұл Бүркітбаев * Кеңесхан Ақаев * Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов * Айтжан Тұрарұлы Шаңғараев ## Дереккөздер ## Қысқаша мәлімет Сарыүйсін – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа. Ұраны – Байтоқты. Таңбасы – Абақ. Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сары бәйбіше) анадан тараған ұрпағы.Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан. * Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі * Сары биАлтай шешенЖандосай батырҚошқар батырЖартыбай батырТоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісіСәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі * Сары би * Алтай шешен * Жандосай батыр * Қошқар батыр * Жартыбай батыр * Тоқаш Бокин – Жетісудағы ұлт–азаттық қозғалыстың жетекшісі * Сәбит Оразбаев – Қазақ КСР−нің халық әртісі ## Қысқаша шежіресі Бәйдібек → Байтоқты → Сарыүйсін → Мырзақаз → Жақып, Қалша ## Жалпы мәлімет Халық жадында сақталып, атадан балаға мирас болып келе жатқан шежірелерде Сарыүйсін тайпасы Бәйдібек бабаның Сары бәйбішесі Марау анамыздан таратылып, тіркестегі "Сары" сөзін, бір деректе Гүлжамал, бір деректе Марау аталатын, анамыздың түрімен байланысты шыққан дейді. Шежіренің негізі ауыз екі айтылатын аңыз болғандықтан біз аңызда айтылып, соңғы ғасырларда санаға сіңген деректерді негізге алуды жөн көрдік. Себебі Бәйдібек бабаның өзін бір деректер Ақсақ Темір көреген (хан тұқымынан қыз алған адамға берілген атақ) заманында ғұмыр кешкен десе, бір деректер (шежірелерде айтылатын аталар өмір сүрген уақытына дәлірек келтіру үшін) XII ғасырда, ал бір деректер біздің дәуіріміздің VIVII ғасырларында өмір сүрді деп дәлелдейді. Осының барлығы, біздің ойымызша, үстірттікген шыққан сияқты. Бәйдібек бабаның тарихта болғаны бұлжымас ақиқат, әруақты бабаның қай дәуірде өмір сүргендігін дәлелдеп айтуды тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Бірақ, түркі тілдестер әлемінде "Аталық" деген ұғым бар. Осы ұғымға сәйкес Алаша хан туралы аңызда айтылатын, ханның ала шықты деген жорамалмен елден шығарылып жіберген баласын іздеп баратын жүздерді (ұлы, орта, кіші) айналып өтуге болмайтын сияқты. Сол аңызда алғашқы жүз жігітті бастап барып, хан баласын қайтып елге көшуге үгіттеген Ақарыс Бекарыс өзіне ергендердің, Жанарыс та, солар сияқты, қасына ергендердің атасы болып шығады. Осы үш адамға бөлек-бөлек еріп барған бір қазақтың балалары, үш батырға еріп хан тапсырмасын орындауға бөлек-бөлек барғаны үшін, үш жүзге бөлініп шыға келеді. Бұдан шығатын қорытынды ой, халқымыздың көшпенді тірлігінде жаугершілік заманда қол бастап, бейбіт заманда топ бастап, қысыл-таяңда сөз бастай алатын адамдарға сол кездегі ел билеушісі "аталық" дәрежесін берген. Сол себептен де Бәйдібек бабаның аталық болғандығын мойындау керек сияқты. "Аталық" дәрежесін алғандардың айналасындағы бір-бірімен туыстас халық сол адамның еліміз дегенді бір ауыздан мойындайтын болған. Елдің аты аталғанда "Аталық" атын алған адамның есіміне қосылып айтылу дәстүрі болған. Сол дәстүр ақыр-аяғында бүкіл елді сол адамның баласы деп ататқызған сияқты. Бұл мәселе де шешімін болашақтан күтіп жатқан күрделі зерттеулерді талап ететін дүние. Егер Ақарыс, Беқарыс, Жанарысқа ергендердің барлығы да қазақ деген халықтың балалары екендігі, олардың тегі, тілі, генетикалық сәйкестігі бірдей екендігін болашақ дәлелдеп көрсетсе, қазіргі қазақтардың арасында там-тұмдап болса да бой көтеріп қалып жүрген "Мен сенен гөрі қазағырақпын" деген сасық пікір жоққа шығарылып, халқымыздың ынтымағы арта түсер еді деген ойымыз да жоқ емес. Бұл мәселенің жауабының ұштығы Н.Аристовтың "26 поколение тюркоязычных племен" деген еңбегінде жатқан сияқты. Түркі, қазақ жұртын көп зерттеген ғалым, қазақтың жүз-жүзге бөлініп, ырың-жырыңға кіргенін Ұлы Шыңғыс хан мемлекетінің іргесі сөгіле бастаған XII-XIII ғасырларға жатқызып, дәйектеп дәлелдейді. Бір деректе Бәйдібек бабаның әкесі Қараша би Арыстан бидің ару қызы Марауды ұлына айттырып әпереді. Бәйдібек баба бір деректе Марау анамыздан он үл, бір деректе тоғыз ұл көрген делінеді. Сол тоғыз ұл ержетіп, дұшпанына жұмылған жұдырықтай ұйымдасып шабар жасқа келгенде, еншісі мен жері Бәйдібек бабаның басқа әйелдерінен бөлек жатқан Сары бәйбішенің ауылын жау шабады. Еркектері жорықта жүрген қорғансыз ауылдың бар малын айдап, жөңкілтіп жүріп береді. Бүл хабар құлақтарына жеткен тоғыз ұл (Қазыбек, Жәнібек, Толыбек, Тайлыбек, Әлібек, Тастанбек, Сенбек, Қарабек, Сарыбай) өздерінің күшіне сеніп ешкімді көмекке шақырмастан жауды өздері ғана қуады. Әккі жау жалтаң жолмен жүріп, тоғыз батырды ел арасынан ұзап шығуға мәжбүр етеді. Ақыры қуып жеткендер олармен қазіргі Шымкент маңындағы Ақсу бойында арпалысады. Сол жерде үш ұл мерт болады. Қалған алтауы жауды соғыса отырып қуып, қазіргі Күйік асуына таяу жерге жеткенде мерт болады. Ол жерлер күні бүгінге дейін "Алты сары" деп аталады. Өсіп, өркендеп қалған ұлдарынан айырылған Сарыбәйбіше мосқал тартқан жасында тағы бір ұл көреді. Туғаннан аяқ-қолдарында кемістік бар баланы бай мен бәйбіше алласына шүкірлік айтып, елеусіздеу Сирақты деген есіммен атапты. Сап-сары үлпек шашы мен, сергек мінезі баланы кейінірек ел арасында Сергек сары атандырыпты. Бір деректерде, Алланың берген сиы дегенді меңзеп, Сыйлық сары деп те атайды. Үйсін деген сөздің түбірі ырыс, байлық дегенге сайғандықтан, оның байлығына сай халық өз ішінде сары үйсін атап кетіпті. Ал енді бір деректе Марау ананың кенжесі жау шапқан кезде жеті жастарда екен. Сол Сарыбай ер жетіп, ағаларының кеткен кегін қайтару үшін, жаумен болған бетпе-бет қан майданда жекпе-жекке қарсы шыққандарды қылышпен шауып, қауынша айырып, шоқпармен соғып бастарын мылжалап, найзамен бауырсақты шиге шаншығандай іліп тастай беріпті. Жапа-тармағай елдің барлығы араласқан қоян-қолтық соғыста айналасын балауса құраққа шалғы түскендей жайпапты. Бұны көрген жау нояны: "Анау жүрген сары үйсінді жыға алмасақ, бізге жеңіс жоқ" деп айқай салыпты. Содан бастап бәйбішенің кенжесі Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті делінеді. Содан бастап үйсіндердің басқыншыларға қарсы болған сол соғысында ерекше ерлік көрсеткен Сарыбайдың атағы Сарыүйсін болып тарап, өз аты ұмтыла бастапты. Тағы бір деректе үш жүздің басы қосылған үлкен жиын-тойда Үргеніш жақтан келген түйе балуанға ешкімнің дәті барып, күресуге шықпай қойыпты. Түйе балуан өзіне тағылып әкелінген темір шынжырды бырт-бырт үзіп, күресуге шықпай жатқан қарсыластарының апшысын онан сайын қуырып, тұрып алыпты. О сы кезде ортаға Үйсін бабаның әруағына айқайлап сиынып бір жас жігіт шыға келіпті. Балуандар қол алысып, күресе бергенде түйе балуан қолын құрғату үшін ысқан топырақтың алақанында іркіліп қалғанын балаң жігіттің кезіне байқатпай шашып жіберіпті. Бұндай әділетсіздікті күтпеген жас балуан сасып қалғанда, түйе балуан еңкейіп жауырынынан қапсыра құшақтап басынан асырып атып жібермек болып шалт қимылға көшіпті. Балаң балуан бұға қалып, оның екі аяғының арасынан өтіп бара жатып, кетеріп төңкеріп түсіпті. Әне-міне дегенше басынан аттап, жеңісті иеленіпті. Қолпаштаушылар оны тіл-көзден сақтау үшін басына шапан бүркеп ел арасына алып кіріп кетіпті. Күрестің тез біткеніне таң қалған елі "Кім жықты?", "Жыққан кім?" деп ду ете түскенде бір ақсақал: "Үйсін бабасының әруағын шақырып ұрандап шыққанына қарағанда, Үйсіннің бір сары баласы жықты" депті халыққа. Сол кезден бастап Сарыбай Сарыүйсін аталып кетіпті. Қалай десек те Сарыбайдың Сарыүйсін аталуына әкелетін осындай аңыздар көп. Олардың кейбіреуінде санаға симайтын, "дәлел-сымақтар" келтіруге тырысады. Біз жоғарыда негізге алған деректеріміздің барлығы аңыздардан алынып отыр. Кез келген аңыз өзі туған заманның саясатына сүйене отырып дүниеге келеді. Өздеріңіз байқағандай, аңыздардың негізгі мақсаты ел бірлігі. Ел бірге болуы үшін түбі бір болуы керек деген қағиданы негізге алған аңыздарда кей-кейде қисынға симайтын бұрмалаулар да аз кездеспейді. Сондықтан да тарихи деректердің орны әрқашан да ерекше болып шығады. Осыған орай жоғарыда аталған еңбектерде негізін мақұлдатқан, Әлкей Марғұлан еңбектерінде, жалпы дүниежүзілік тарихта аты аталатын Түргештер хандығы жайлы мағлұматтардың айтары көп сияқты. Біздің дәуіріміздің 699766 жылдары билік құрған Тургеш қағанатының құрамына кірген халықтар өздерін сарыүйсіндерміз ден атағаны тарихтан белгілі. Олай болса, Түргеш қағанаты тарих сахнасынан кеткен кезде, оның орнында қалған халықтың Сарыүйсіндер аталуы санаға қонатын сияқты. (Түргештер туралы мақаланы осы кітаптан оқисыз). Ендеше тарих сахнасында өз кезімен шығып, батысындағы, терістігіндегі байтақ өлкені билеген түргештердің басынан билік кеткенде, сол қағанаттағы халықтың бытырауы заңды құбылыс. Осының нәтижесіңде сонау ішкі Қытайға сіңіп кеткен сарыүйсіндер туралы деректер біздерге орыс тарихшыларының, қытай жылнамашыларының жазбаларында, Казбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" кітабында айтылады. Аңыздағы ұрпақсыз қалды деген тоғыз ұлдың жер-жерге тарап кеткен ұрпақтарының он тармақтан бір ғана бұтағы қалуынан бүгінгі сарыүйсіңдердің таралуы сонау, алыстан басталса да, сан жағынан кенжелеп қалуына әкеліп соқтырған. Өзімен бірге өскен аталар арасында осы себептерден саны жағынан бірнеше есе кем болуы заңды. Мұндай мысалдарды Қоңырат тайпасының таралуынан да көруге болады. Олардың шежіресінде 34 атаның аты аталып, осы күні төртеуінен ғана тараған ұрпақтар туралы деректер бар. Қалғандары көршілес халықтарға сіңіп кеткен дейді аңыз. Мүндай жайт ескіден келе жатқан қазақ тайпаларының барлығына да сай қүбылыс. Осы орайда Үлы жүздегі Төбейдің төрт баласы Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр туралы да айта кеткен жөн сияқты. Үйсін тарихында Мекірейілден тарайтын Мың жүзден тоқсан баулы қыпшақтар Қара Қыпшақ Қобыландының елі тарайды делінеді. Ал, Құйылдырдың балалары Қырық жүз аталып Қоқандық сарттарға сіңіп кетті делінеді. Жалпы, тарих тереңіне көз салар болсақ сонау заманнан аты белгілі тайпалардың қазіргі саны тым аз болатындарын көптеп көруге болады. Мысалға, тарихта ерте аталатын Чігілдің тікелей ұрпақтары Шапыраштыдағы Шыбыл мен Албан, Арғындар ішіндегі шыбыл тармақтары деп айтар болсақ, бұл үшеуінің де қазіргі үрпақтары басқа тайпалармен салыстырғанда, аз. Ал, бұдан 1012 ғасыр бұрын өмір сүрген айтулы ұрттың ұрпақтары осы он ғасыр ішінде көбейіп-көбейәп барып, қанша болатынын елестету қиын. Алайда, тарихтың дөңгелегі небір дүрілдеген мемлекеттердің өздерін шаңына жұтып кетті емес пе? Сол секілді біздің заманымыздан бұрынғы 15 ғасырларда белгілі болған қаңлы, үйсін одақтарының кейінгі тағдырын көріп отыр емеспіз бе? Тарап бөлшектеніп, бөлініп сайын сахара төсінде қаншама елге айналып кетті. Міне солардың бір бөлігі Сарыүйсін. Өйткені Сақтар мен Үйсіндер бір заманда ғұмыр сүріп, кейінгісі дәуірлеп бел алғанда Сақтардың бір бөлігі Үйсін құрамына сіңген соң, сол алдыңғысының ішінде жүрген бірлі-жарым топтар Үйсін құрамында өз әтнонимдерін өз аттарын сақтап қалды. Сондай этнонимнің бірі Сақ яғни, сары. Міне, сол Сақ тайпасы Үйсін тобында жүріп, Үйсіннің Сақысымыз яғни Сарыүйсінбіз (Сары) деп өздерін атап кетті. Осының нәтижесінде казақ-қырғыз шежіресінде Сарыүйсін есімі пайда болды. Сонымен, Ұлы жүздегі Бәйдібек бабаның Бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын Сарыүйсіндер шежіресін бастамас бұрын, жоғарыда айтылған жайларға сүйене отырып, төмендегідей қорытындыға келуіміз керек. Сарыүйсіндер Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау анамыздан тарайтын ұрпақтар. Олардың қазақ тарихында алатын өз орыны бар. Сарыүйсіндерден Сары би, Алтай шешен, Құрақ, Қошқар, Жандосай, Елемес, Тұрды, Жартыбай сияқты батырлар, Тоқаш Бокин, Сәбит Оразбаев сияқты елге танымал ел ағалары шыққан. Ел арасында "Дәу Қали", Сарыүйсін Қали аталған атақты ел ағасы Ордабайдың Қалиы сияқты, ардалар шыққан. Сарыүйсіндердің қазіргі мекендері Алматы облысы Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Қарасай батыр аудандары, Жамбыл облысының Шу, Талас, Құлан аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығүрт, Сарыағаш, Келес аудандары. Ұраны Байтоқты, таңбасы Абақ. ## Тұлғалар * Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева * Тоқаш Бокин * Жұбаныш Бәрібаев * Әнуарбек Жүнісәлі * Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев * Торғын Жылқышықызы Тасыбекова * Әлімқұл Бүркітбаев * Кеңесхан Ақаев * Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов * Айтжан Тұрарұлы Шаңғараев ## Дереккөздер
Адам Шафф (10.03.1913 жылы туған, Львов, -12.11.2006) - поляк философы. Поляк ҒА- ның толық мүшесі. ## Өмірбаяны Львов университетін (1935), сондай - ақ Париждің Саяси ғылымдар мектебін (1936) бітірді. 1935 - 45 жылдары КСРО - да болып кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. 1945 жылдан Лодзь мен Варшавадағы жоғары оқу орындарында философия кафедраларын басқарды. 1950 - 57 жылдары Поляк жұмысшы партиясы ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар институтының директоры. 1957 - 68 жылдары Поляк ҒА- ның Философия және социология институтының директоры. 1968 жылдан сол институтта таным теориясы секторының меңгерушісі болып істейді. ## Зерттеулері Шаффтың философия ғылымындағы зерттеп жүрген саласы - диалект, материализм, оның ішінде таным теориясы, тіл тану, философфия тарихы мәселелері. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 198 бет
Мұсатай Шахшин (07.01.1906 жылы туған, Қарағанды облысы,-1989) - Қазақстан партия қызметкері. 1931 жылдан КПСС мүшесі. ## Өмірбаяны 1928 - 29 жылдары Қызыл Әскер қатарында болды. 1929 - 36 жылдары Қарқаралы округы финанс бөлімінде салық инспекторы. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан , Абралы , Бесқарағай (қазір Семей облысында) аудандарында аудандық финанс бөлімінің меңгерушісі. 1937 жылы Павлодар облысы финанс бөлімінің меңгерушісі. 1938 жылы КСРО Мемлекеттік банкісінде қазақ бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1939 - 41 жылдары Қазақ КСР Халкомсовы жанындағы құрылыс материалдары өндірісі бас басқармасының бастығы. 1942 жылы Қазақстан КП ОК - нің өнеркәсіп жөніндегі, кейін мал шаруашылығы жөніндегі хатшысы, 1943 жылы Қазақстан КП ОК- нің 3 хатшысы, 1945 жылы Қазақстан КП ОК - нің мал шаруашылығы жөніндегі хатшысының орынбасары, одан кейін ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1952 - 54 жылдары Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1 - хатшысы, 1954 - 61 жылдары Көкшетау облысы кәсіподақтары кеңесінің председателі. 1961 жылдан одақтық дәрежедегі зейнеткер. 2 - 3 сайлауда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. Қазақстан Компартиясының 3 - 6 - съездерінде ОК мүшелігіне сайланды. ## Еңбектері 1 - дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 201 бет
Елена Митрофановна Шатрова(31.05.1892, Мәскеу, - 15.07.1976, сонда) - орыс кеңес актрисасы, КСРО халық артисі (1968). 1949 жылдан КПСС мүшесі. ## Өмірбаяны 1912 жылы жеке меншік сахна өнері мектебін бітірді. Сахна өнері бойынша А.П.Петровский, А.А.Санин және С.И.Яковлевтен сабақ алды. 1912 - 32 жылдары Харьков, Краснодар және Мәскеу театрларында қызмет етті. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Кіші театр труппасына ойнап, Купавина , Лидия, Кукушкина (А.Островскийдің "Қасқырлар мен қойлар", "Құтырған ақша" және "Түсім орнында"), Анна Андреевна (Гогольдің "Ревизорында"), Матрена (Л.Толстойдың "Қараңғылық патшалығында"), Панова (Треневтің "Любовь Яроваясында"), Малягина (Ромашовтың "Ұлы күшінде"), Потапова (Софроновтың "Москва салтында") т.б. рөлдерді орындады. 1968 жылы гастрольдік сапармен Алматыда өнер көрсетті. 4- 5 сайлауда РСФСР Жоғары Кеңесінің депутаты. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1947,1948). 2 рет Ленин орденімен, Қазан революциясы және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марпатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 196 бет
Мұхамед Аронұлы Шашаев(18.08.1929 жылы туған, Астрахань облысы) - қазақ кеңес микробиологы, медициналық ғылым докторы (1973). 1956 жылдан КПСС мүшесі. Алматы медициналық институтын бітірді (1953). Орта Азия оба ғылыми - зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері(1953-54), Талдықорған оба індетіне қарсы күрес бөлімшесінің бастығы (1954 - 56), Гурьев облысы, Ганюшкино оба індетіне қарсы күрес бөлімшесінің дәрігері (1956 - 58), Орта Азия оба ғылыми - зерттеу институтының дәрігері (1958 - 62), осы институттың диагностикалық препараттар жасау лабораториясының (1962 - 65), эпидемиология бөлімінің (1965 - 69), 1969 жылдан микробиология бөлімінің меңгерушісі. ## Еңбектері Шашаевтың 60 ғылыми еңбегі жарық көрді және үш авторлық куәлігі бар. Бұл еңбектері аса қауіпті жұқпалы аурулардың микробиологиясын және генетикасын зерттеуге арналған. ## Сыйлықтары Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 202 бет
Ахмадия (урду: احمدیہ‎, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (араб.: الجماعة الإسلامية الأحمدية‎, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады, 19-шы ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған. Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді. Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды. Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан. Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады. Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып, оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда. ## Атаудың шығу тегі Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың ﷺ екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің ﷺ көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді, яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады. Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған: اور جائز ہے کہ اِس کو احمدی مذہب کے مسلمان کے نام سے بھی پکاریں "Сонымен қатар бұл жамағатты, сенімдік тұрғыда «Ахмадия мазһабын» ұстанған мұсылмандар деп те атауға болады". ## Сенімдеріне түйіндеме Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген: "Алла Тағаланың маған тапсырған тапсырмасы: мен, Құдай мен Оның жаратылысының арасындағы байланысқа нұқсан келтіретін қателіктерді алып тастауым керекпін. Мен, Құдай мен адам арасындағы махаббат пен шынайлықты қалпына келтіру керекпін. Шындықты айтып және діни қақтығыстарды доғарту арқылы, көзден таса болған иләһи ақиқаттарды ашыққа шығарып, бейбітшілікті орнатуым керекпін. Мен, өзімшілдіктің түнегіне жерленген руханиятты қайта жандандыруға шақырылғанмын. Мен бұны сөзбен ғана емес, іс жүзінде көрсетуім керек. Адамға енетін иләһи қуат, дұға-ғибадат пен зейін қою арқылы көрінеді. Мақсатымның мәні, ең алдымен, мен, адамдардың жүректеріне о баста егілген, таза әрі (сәуледей) жарқыраған Алланың Бірлігін қалпына келтіру керекпін. Мен адамдардың жүректерін көпқұдайшылдықтың түрлі ластықтарынан тазартуым керек, өйткені қазіргі уақытта Алланың Бірлігі толығымен жоғалып кеткенді. Бұның барлығы мен арқылы емес, аспан мен жердің Тәңірі болған, Алланың күш-қуаты арқылы жүзеге асады". Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек. Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың ﷺ арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед ﷺ пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген. Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады: "Иман – екі аспектіден тұрады. Оның бірі Құдайға деген махаббат. Екіншісі, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілік, яки басқа адамдардың қайғысын, ауыртпалықтары мен тауқыметін өзіңдікіндей көріп, олар үшін дұға тілейтіндей дәрежедегі мейірімділік". Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан. Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында. ## Ахмадилердің сенімдері Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделген. ## Иманның алты шарты ### Алланың Бір екендігіне сену (Таухид) Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады: "Бір Алланың нұры, сырттағы және іштегі барлық пұттарды жоққа шығарғанда ғана, жүректі нұрға бөлейді. Ол адам болмысының әр бөлігін нұрландырады. Бұған Құдайдың көмегінсіз және Оның пайғамбарының ﷺ көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Адам баласының міндеті, өзінің өзімшілдігін өлтіріп, сайтани тәкаппарлығынан бас тартуы қажет. Ол өзінің ақылгөйлігімен мақтанбағаны дұрыс. Ол өзін надан адам ретінде санап, момын болуы керек. Ол дұға тілеуден босамаса керекті. Міне, сонда ғана Бір Алланың нұры оған нәзіл болады және оған жаңа өмір тарту етіледі". Ортақ пікір бойынша, Құдайдың Бірлігіне қатысты исламдық тағылым барша адамзаттың бірлігіне жол ашады, осылайша, осы мәселедегі барлық кедергілер өздігінен жойылады. Өйткені, адамзат нәсілі әртүрлі ұлт пен ұлыстардан тұратыны абиырлы екені рас. Сондай-ақ, Бір Құдайға иман келтіру, Жаратушы Ие мен Оның жаратылысының арасында абсолютті үйлесім сезімін орнықтырады. Құдай тағала мен Оның сөзінің арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екені түсінікті жағдай. Ахмадия ілімі бойынша, Құдай, барлық кемшіліктерден пәк, барлық кемелдіктердің қайнары ретінде мойындалады. Ахмади-мұсылмандары Құдайды, барлық жерде бар болған мекенсіз Болмыс, құлдарының тілек-дұғаларын, намаз-ғибадаттарын еститін, көретін, және оларға жауап беретін, тірі Құдай ретінде мойындайды. Ахмадилер үшін, Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік сипаттар. Ахмадилердің сенімі бойынша, Құдай, адамзатпен бұрын қалай сөйлессе, қазір де солай сөйлеседі. Осы орайда Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазған: "Құлағы барлар, тыңдаңдар: Алла сендерден не тілейді? Оған адал берілулеріңді тілейді, Оған теңді жерден де, көктен де іздемеулеріңді тілейді. Біздің Құдайымыз – Бір, Ол өткен замандарда тірі болғанындай, кәзір де тірі; өткен замандарда сөйлегеніндей, кәзір де сөйлейді; өткен замандарда естігеніндей, кәзір де естиді. Біздің заманда Ол естиді, бірақ сөйлемейді деген ой – бекершілік. Шын мәнінде ол естиді де, сөйлейді де. Оның барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Сипаттарының бір де бірі уақытша болса да жоғалған емес, жоғалмайды да. Ол – серіктесі жоқ, жалғыз, дара Болмыс; Оның әйелі де, ұлы да жоқ. Ол – мәңгілік, теңдесі жоқ Болмыс; Ол иемденген қасиетке иемденген басқа ешкім жоқ; Оның бір де бір қасиеті әлсіремек емес. Ол жақын, жақын бола тұра алыс. Ол алыс, алыс бола тұра, жақын. Ол – биіктердің биігі, бірақ Одан аласа тұрған біреу бар деп те айтуға болмайды. Ол – көкте, бірақ Оны жерде емес деп те айтуға болмайды. Оның бойында барлық, кәміл де хас қасиеттер жинақталған, Ол жасаған Ізгіліктер – барлық мақтауларға лайық; Ол – барлық кемелділіктің қайнар көзі; Ол – құдыретті; Барлық жақсылық Одан тарайды да Оған қайтып оралады; Ол – барлық байлық-қазынаға Ие, барлық дәреже Оның Өзінде жинақталған; Оның ешбір кемшілік, әлсіздігі жоқ; Жер мен көктердегі барлық жан иелері ғибадат етуге лайықты – Оның Өзі ғана". ### Періштелерге иман келтіру Ахмадия мұсылман жамағаты үшін періштелерге иман келтіру ерекше маңызға ие. Олардың тәлімі бойынша, періштелер Құдай жаратқан рухани болмыстар. Алла Tағала оларды өзіне бағынышты етіп және үкімдерін бұлжытпай орындайтын құрал ретінде жаратқан. Адамдарға қарағанда, періштелерде ерік жоқ және олар өзбетінше әрекет ете алмайды. Періштелер, Құдайдың жетекшілігімен, пайғамбарларға уахи-аяндар алып келеді, пайғамбарлардың дұшпандарына Құдайдың жазасын жаудырады, Құдайды даңқтап-мадақтайды және адамдардың амал кітәптарын жазады. Періштелер көзге көрінбейді. Дегенмен, Ахмадия мұсылман жамағатының сенімдеріне сай, періштелер адамдарға түрлі кейіпте көрінуі мүмкін, алайда бұл көріністер физикалық тұрғыда емес, рухани тұрғыда орындалады. Ахмадилер, періштелерді, өздеріне лайықты келбетке ие рухани болмыс ретінде қадірлейді. Олардың ең басты міндеті, адамзатқа Құдайдың хабарын жеткізу. Құран кәрім бойынша, барлық дүнияуи және рухани әлем періштелер деп аталатын рухани күштер арқылы басқарылады. Олар Құдайға толығымен бағынышты. Ахмади-мұсылмандарының түсіндірмесі бойынша, періштелер берілген бағыт-бағдардан, немесе тапсырылған қызмет-функциядан, немесе Құдай ойластырған жалпы жоспардан еш ауытқымайды. ### Құдайдан түскен кітаптарға иман келтіру Ахмади-мұсылмандары имандылықтың үшінші шартын, пайғамбарларға Құдайдан түскен барлық кітаптарға сенумен байланыстырады. Ол кітаптарға Тәурат, Інжіл, Забур, Құран кәрім жатады. Исламға дейінгі дін тарихы белгілі бір уақытқа, белгілі бір ортаға (белгілі бір халыққа ғана) түсірілген Иләһи өсиеттер ретінде танылады. Осылайша, оларға, сол кезде өмір сүрген адамдардың мұқтаждықтарына сай келетін Иләһи ілімдер берілген, тіптен сол өсиеттердің кейбір жерлері сол адамдардың (сол халықтардың) өмір сүрген уақыты мен ғұрпына ғана сай келгенді. Құран кәрімнен басқа кітаптардың барлығы адам тарапынан өзгертулерге ұшыраған болып есептеледі. Тек Құран кәрім ғана еш өзгертусіз, өзінің бәз қалпында сақталған.Исламға дейін, Құдай Тағала, жер бетінде өмір сүрген әр халыққа, әр қауымға өзінің пайғамбарларын жібергенін Ислам күмәнсіз мойындайды. Сондықтан, ахмади-мұсылмандарының тәлімдеріне сай, Ыбырайымдық дәстүрден тысқары қалған, мысалы Ведалар мен Авеста сияқты кітаптар да Құдайдан түскен кітаптар болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран Кәрім күллі адамзатқа жіберілген соңғы кітап, оның тәлімдері уақытпен (яғни, қандай да бір заманмен) шектелмейді. ### Пайғамбарларға иман келтіру. Ахмадияттың пайғамбарлығына және «Хатаман набийин» («Пайғамбарлық мөрге») сену Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, имандылықтың төртінші шарты, Құдай тарапынан келген барлық пайғамбарларға иман келтірумен байланысты. Әлем заңсыздықтар мен ахлақсыздыққа (яғни, адамгершіліктен жұрдай болған жағдайға) белшеден батқанда, немесе әлемнің біршама бөлігінде осындай сипаттар көрініс тапқанда, немесе қандай да бір шариғаттың ізбасарлары бүлінген кезде, нәтижесінде дінге зақым келіп, дін Құдайдың көмегіме мұқтаж болғанда, Алла Тағала дінді қалпына келтіру үшін пайғамбарын жібереді. Ахмади-мұсылмандары Құран Кәрімде, Тәуратта, Забурде, Інжілде аталған пайғамбарлардан бөлек, Зардұшты, Кришнаны, Будданы және Конфуциді де Құдайдың пайғамбарлары болған деп сенеді. Ахмадияттың сенімі бойынша, Пайғамбар (Нәби), Елші (Расул) және Өкілші (Мурсәл) делінген ислами терминдердің мағыналары бірдей. Дегенмен, Ахмадияттың ұстанымы бойынша, пайғамбарлардың екі үлкен түрі бар. Бірінші түріне жаңа шариғат әкелген пайғамбарлар жатады, мысалға: Тәурат шариғатын әкелген Мұса пайғамбар (ғ.с.) және Құран шариғатын әкелген Мұхаммед пайғамбар ﷺ. Ал екінші түріне ешқандай шариғат әкелмеген пайғамбарлар жатады, мысалға: Ілияс (ғ.с.), Жеремей (ғ.с.), Жақия (ғ.с.), Иса (ғ.с.), Мырза Ғұләм Ахмед (ғ.с.). Осы, екінші түрдегі пайғамбарлар өздерінен бұрынырақ түскен шариғатты орындау үшін келген «орындаушы пайғамбарлар» болып есептеледі, олар сол шариғаттың шеңберінен шықпаған және оған өзгертулер еңгізбеген. Сондай-ақ, бұндай пайғамбарларды - «үммәти нәби», яғни «үмбеттің ішінен шыққан пайғамбарлар» деп те атайды. ### Қиямет күніне иман келтіру Иманның бесінші шарты Қиямет күніне қатысты. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Бір Құдайға иман келтіргеннен кейін, Құран Кәрімде сөз етілген Қиямет күніне иман келтіру өте маңызды қағидат. Ахмадилердің сенімінде, күллі әлем Қиямет күнінде соңына жетеді. Исламның басқа ағымдары мен дін мектептері де осындай ұстанымда. Өлгендер тіріледі. Олар өздерінің амалдары үшін есеп береді. Жақсылық істеген адамдар жұмаққа кіреді, ал жазаға тартылатындар тозаққа тасталады. Ахмадилердің түсінігі бойынша, тозақ уақытша мекен, онда адамдар мәңгілік тұрақтамайды. Ибн Таймийа, Ибн Араби секілді ғұламалар да осындай түсінікте болған. Тозақ - жанды емдейтін «аурухана» іспетті мекен, ондағы жандар күнәларынан тазаратын болады. Ахмадилердің сенімі бойынша, бұндай түсінік Құран Кәрім мен хадистерге негізделген. ### Тағдырға илану Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құдай Тағала ғаламдағы барлық істерді соңына шейін бақылауда ұстайды. Бұл Құдайдың жазған тағдыры болып есептеледі. Осы тағдырдың шеңберінде адамға ерік беріледі, сол арқылы ол өз жолын таңдайды. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, адамдар Қиямет күні өз ниеттері мен іс-әрекеттері негізінде сұраққа тартылады. ## Исламның бес тірегі Исламның негізгі бес тірегі (Аркан әл-Ислам; Аркан әд-Дин) барлық ахмади-мұсылмандары үшін парыз саналады. Олар келесідей: * Шаһада («Алладан басқа ешқандай құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне иман келтіру»), * Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз (жүзді Қыблаға қаратып), * Зекет салығын төлеу (қайырымдылық жолында), * Рамазан айында ораза тұту, * Меккеге қажылық жасау, тым болмағанда өмірінде бір рет. Исламның бес тірегін орындауда ахмади-мұсылмандары сүннеттік ұстанымға қайшы келмейді. Дегенмен, Пәкістанда ахмади-мұсылмандары заңмен қудаланады. Оларға намазға азан шақыруға, мұсылман куәлігін (шаһаданы) айтуға, Құран кәрімді дауыстап оқуға, өздерінің ғибадатханаларын мешіт деп атауға және ислам терминологияларын өздеріне қатысты қолдануға тыйым салынған. Олар басқа да мұсылман елдерінде түрлі қудалаушылықтарға ұшырап жатыр. Ол жерлерде ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға рұқсат етілмейді. Мұндай тыйымдар ислам шариғатында парыз етілген міндеттемелерді орындауда біршама қыйындықтар жасайды. Демократиясы жоғары елдерде тұратын ахмади-мұсылмандары қажылыққа кедергісіз баралғанымен, Сауд Арабияның шектеу заңы оларға да қатысты салынған. ## Ахмадилердің сенім өзгешеліктері Ахмади-мұсымандары ұстанатын исламның бес тірегі мен иманның алты шарты қалған сүнниттік мұсылмандардікіндей болғанына қарамастан, ахмадилердің сенімдерінде кейбір өзгешеліктер бар: ### Иса пайғамбардың екінші рет келуі Бұған қатысты ахмадилердің сенімдері басқа мұсылмандардың сенімдерінен өзгешерек. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Иса айқышқа (крестке) керілді, бірақ ол онда өлмеді, тек есінен таңды және айқышта бар жоғы төрт сағат болды. Сосын, мазар үшін қолданылатын үңгірге қойылған соң, бірер күнде есіне келген. Мырза Ғұләм Ахмедтің пайымы бойынша, Иса көп ғұмыр жасап, қартайған шағында Кашмирде қайтыс болған. Ол Исраилдің жоғалған руларын іздеп табу үшін Кашмирге көшіп барған. Ол Кашмирде Юз Асаф есімімен белгілі болған. Оның қабірі әлі күнге дейін Сринагар қаласының Ханияр көшесінде, Розабал кесенесінде сақталған. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, христиандық және исламдық пайғамбарлықтарда айтылған «Исаның екінші рет келуін» сөзбе-сөз түрде емес, астарлы (салыстырмалы) мағынада түсіну керекті. Олардың ойынша, Исаның екінші рет келуі Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің тұлғасында жүзеге асқан. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди бір адамның қос (символды) лақап аттары , және оның ілімі мен дұғалары арқылы, христиан діні дәурендеген заманда, ислам дәжжәлды тасталқан ететін болады. Осылайша, дәжжәлдың билігі ақырындап сөне бастайды, бұл исламның бейбіт замандағы түбегейлі жеңісін сүйіншілейді. ### Хатаман набийин (Пайғамбарлардың мөрі) Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран кәрім - Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы шариғаты. Олардың сенімі бойынша, Құдай Тағала өткен замандарда Өзінің сүйікті құлдарымен сөйлегеніндей, кәзір де сөйлеседі. Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Олардың сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар ﷺ ең кәміл және ең соңғы шариғатты әкелген, сол арқылы иләһи пайғамбарлық пен адамзаттың рухани дамуы өз шыңына жеткенді. Үмбеттің ішінен шығатын жаңа пайғамбарлардың келуі әбден мүмкін, бірақ олар толығымен Мұхаммед пайғамбарға ﷺ бағынышты болмақ; және оның ілімін еш өзгерте алмайды, немесе жаңа шариғат, жаңа дін әкелмейді. Үмбеттің ішінен шығатын пайғамбарлар, дербес пайғамбар ретінде емес, Мұхаммед ﷺ руханиятының "айнадағы көрінісі" іспетті қарастырылады. ### Жиһад Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, жиһадты үш түрге бөлуге болады: * «Жиһад әл-Әкбар» («Ұлы жиһад») – бұл адамның өз нәпсісінің - ашу, нәпсіқұмарлық, өшпенділік және т.с.с. анайы құштарлықтарымен күресуі. * «Жиһад әл-Кәбир» («Үлкен жиһад») – бұл исламды бейбіт түрде насихаттау, әсіресе «қалам» арқылы исламның хақ ілімдерін әлемге паш ету. * «Жиһад әл-Әсғир» («Кіші жиһад») - шектен асқан діни қудалаушылықтар кезінде және адамның негізгі діни сенімдерін ұстану құқығына қатаң тыйым салынған кезде, шапқыншылықтардан қорғаныс мақсатында жүргізілетін соғыс іс-қимылдары. Ахмади-мұсылмандары пайымдайды, исламдағы алдын-ала айтылған көріпкелдіктерге сай, Мырза Ғұләм Ахмед, соғыс түрінде жүргізілетін жиһадқа тыйым салған, өйткені бұл дәуірде мұндай жиһад тиімсіз құралға айналған. Қазіргі заманда, Ислам - дін ретінде, соғыс түріндегі шапқыншылықтарға ұшырап жатқан жоқ. Қазіргі заманда, Ислам түрлі әдебиеттер мен бұқаралы ақпарат құралдары арқылы шапқыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан, жауап та соған сай болуы керек. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, өшпенділікті махаббатпен жою қажет. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Хазірет Мырза Таһир Ахмед терроризм жайында былай деп жазады: "Ислам - терроризнің барлық түрлеріне қарсы және олардан үзілді-кесілді бас тартады. Бір адам, немесе қандайда бір топ, немесе қандайда бір үкімет тарапынан жасалған кез-келген зорлық-зомбылықтарды Ислам ешқалай ақтамайды". ### Дін және ғылым Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Құдай Тағаланың сөзі мен ісінің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, сол себепті дін мен ғылым бір-бірімен үйлесімді. Осы жайында Ахмадия мұсылман жамағатының 2-ші Халифі Хазірет Мырза Башируддин Махмұд Ахмед былай деген: "Ислам діні, Құдайдың Сөзі мен Ісінің арасында алшақтық жоқ, деп үйретуі арқылы, дін мен ғылым арасындағы талас сөзден құтқарады. Табиғат заңын теріске шығармауды, оған қарсы шығатын сөзге ермей, керісінше, сол заңдылықтарды ізерлеп тексеріп, терең ойланып, олардан пайда көзін іздеп табу керектігін үйретеді. Құдайдың Сөзін Құдайдың Өзі жібереді, сондықтан Оның Сөзі мен Ісінің арасында карама-қайшылықтың болуы мүмкін емес, деп үйретеді Ислам. Алланың Сөзін түсіну үшін, Оның Ісін көру керек, ал Оның Ісін түсіну үшін Оның Сөзіне назар аудару керек". Ахмадилердің пікірі бойынша, ғылым – Құдайдың ісі, ал дін – Құдайдың сөзін тану және олар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, осы тұрғыда ахмади-мұсылмандары Хазірет Адамды (ғ.с.) жер бетіндегі бірінші адам емес, тек қана бірінші пайғамбар ретінде қабылдайды, яғни жер бетінде Хазірет Адамнан (ғ.с.) бұрын да адамдар өмір сүрген. Сондай-ақ, ахмадилер, Құдай тағаланың жетелеуімен болған биологиялық эволюция теориясына сенеді. Нобел сыйлығының ең алғаш мұсылман иегері доктор Әбдус Салам, Ахмадия жамағатының мүшесі болған. Ол Нобел сыйлығын Ядерлы физика саласындағы жетістіктігі үшін алған. Оның мәлімдемесі бойынша, Құран Кәрімнің 750 аяты табиғат заңдылықтарын зерттеуге және адамзат білімін, адам ақылын қоғам игілігі үшін жұмсауға үгіттейді. ### Ахмади-мұсылмандарының басқа да сенім өзгешеліктері * Ахмади-мұсылмандарының сенімдеріне сай, Құран аяттары бір-бірінің күшін жоймайды ("нәсих" пен "мансух" аяттарға қатысты мәселе). Құранның барлық аяттарының заңды күштері бірдей, бұндай түсінік Құранның көркемділігі мен даусыз дәлелділігін айшықтайды. Бір-бірімен үйлесімсіз болып көрінген аяттардың шешімі Ахмадиялық фиқһ арқылы анықталады (мысалға: қандай да бір жағдайға қатысты түсірілген Құран аятын сондай жағдайлардың шеңберінде қарастыру керекті). * Дін тарихы циклденіп келеді және әр жеті мыңжылдықтарда жаңарып отырады. Қазіргі цикл, Адам (ғ.с.) заманынан бері жеті дәуірге немесе аптаның жеті тәулігіне параллелденген дәуірлерге бөлінеді. Әр тәулік күндізгі және түнгі мезгілдерден тұратыны сияқты, әр дәуірдің жарыққа (нұрға) бөленген кезеңі мен түнек басқан (қараңғылық, надандылық жайлаған) кезеңі болады. Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх ретінде алтыншы дәуірде келген, яки, адамзаттың соңғы дәуірі – жетінші дәуірдің алдындағы жаршысы болғанды, өйткені Алланың қарамағындағы бір күн, адамдардың санағы бойынша мың жылға тең. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесіне сай, аптаның алтыншы күні (жамағатпен намаз оқылатын) «жұма» күніне қалдырылған. Бұл, күллі адамзат баласы бәріне ортақ Ислам дінінің астында жиналатын дәуірге арналған күн. ## Тарихы Ахмадияттың тарихы, Мырза Ғұләм Ахмед 1889 жылдың 23-ші наурызында, Үндістанның Лудхиян шаһарында, өзінің алғашқы ізбасарларынан адалдық антын қабылдаған күннен формалды түрде басталады. Дегенмен, Ахмадият қозғалысының тарихы бұдан ертерек, Мырза Ғұләм Ахмед, өзінің келешек тағдыры жайында уахи-аяндар ала бастаған кезден санаса да болады. 19-шы ғасырдың аяғында Қадиан қалашығында, Мырза Ғұләм Ахмед өзін Ислам Мүджаддиді (реформаторы) екендігін жариялады, бұл метафоралы мағынада, бір тұлғаның бойында Исаның екінші рет келуін және имам Мәһдидің анықталуын білдірді. Бұндай тұлғаны мұсылмандар көптен бері күткен, дегенмен мұсылмандардың көбі уәделенген Иса мен имам Мәһдиді екі бөлек адам ретінде қарастырады. Мырза Ғұләм Ахмедтің алғашқы ізбасарлары, негізінен, Үндістанның біріккен Пенжаб және Синд провинцияларында пайда болды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының мәлімдемесі бойынша, оның келуі жайында Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммед ﷺ пайғамбарлық еткен. Ахмадия мұсылман жамағаты Исламның ішіндегі қозғалыс ретінде, сондай-ақ христиан миссионерлері мен индуистік Ария Самаж сектасының Исламға жасаған шабуылына қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар 19-шы ғасырда сол өлкеде кең тараған. ### Бірінші Хилафаттың кезеңі Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, Хәкім Нұруддин уәделенген Мәсіхтің Бірінші халифі болып бірауыздан сайланып, Ахмадия Мұсылман Жамағатына жетекшілік ететін болды. Оның хилафат кезеңі алты жылға созылды. Оның жетекшілігімен Құран кәрім ағылшын тіліне аударылды. Англияда Ахмадияттың ең алғашқы уағыз жүргізу миссиясы ашылды, сондай-ақ Ахмадия Мұсылман Жамағатының түрлі газет, журналдары басыла бастады. Жамағаттың қаржы қажеттіліктері өсе бастағандықтан, оның халифат кезеңінде жамағаттың ресми қазынасы ашылды. ### Екінші Хилафаттың кезеңі Бірінші халиф қайтыс болғаннан кейін, оның өсиетіне сай Мырза Башируддин Махмұд Ахмед екінші халиф ретінде сайланды. Алайда, Мәуләнә Мұхаммед Әли мен Хаджи Кәмәлуддин бастаған топ оның орынбасарлығына қарсы шығып, оны кезекті халиф ретінде мойындаудан бас тартты. Сөйтіп олар Лахор қаласында жаңа Ахмадия қозғалысын құрды. Мұндағы араздыққа Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлығын және Халифат жүйесін түсінудегі доктриналдық өзгешеліктері себеп болған. Тағы бір себеп, жаңа сайланған халифтің жоғары академиялық білімі болмаған және оның жасы cол кезде жиырма бесте еді, сондықтан оған қарсы шыққандардың араздығы, идеялық қақтығыстан бөлек, оған күдікпен қарап, оны менсінбеушіліктен тууы әбден мүмкін еді. Бұл себеп те өз жасауын жасағанды. Дегенмен, Лахорлық қозғалыс көп жетістікке жете алмады. Ахмадия жамағатының басым көпшілігі Халифке адал болып қалды. Ахмадия жамағатының тарихнамасына бұл кез «жікке бөлінушілік» деген атаумен жазылған.Халифті сайлаушы органның мүшелері Мырза Башируддин Махмұд Ахмедті жас кезінде Халиф етіп сайлады. Оның халифаты 52 жылға созылды. Ол жамағаттың ұйымдық структурасын орнатты және Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерде кеңінен уағыз жүргізу іс-шараларын дамытты. Халиф болып сайланғаннан кейін екі аптадан соң, исламды тарату мәселесін талқылау үшін, Үндістанның түпкір-түпкірінен делегаттар шақырылды. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед шетелдерде бөлімшелер ашу үшін және ахмади-мұсылмандарына ахлақи тәлім-тәрбие беру үшін «Тахрик-и-Жәдид» («жаңа жүйе») және «Уакф-и-Жәдид» («жаңа адалдық») деп аталатын екі жүйе еңгізді. Бастапқыда, бұл жүйелер ахмади-мұсылмандарын қанаушыларға қарсы шара ретінде қарастырылды. Ол жамағат мүшелеріне дін жолында өз уақыттарын, мал-мүліктерін жұмсауға үндеді. Уақыт өте келе осы жүйелердің арқасында, жалпы ислам дінін қорғау мақсатында және ахмади-мұсылмандарының сенімдерін түсіндіру мақсатында біршама әдебиеттер басып шығарылды. Сондай-ақ бұл қаражаттар Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерге жіберілетін уағызшыларды дайындауға және ол жақтарда уағыз жүргізу ісін бір жүйеге келтіруге жұмсалды. Екінші Хилафат кезеңінде Ахмадияттың уағыз жүргізу миссиясы 46 елде ашылды. Көптеген шетелдерде мешіттер тұрғызылды. Құран кәрім әлемнің бірнеше негізгі тілдеріне аударылып баспадан шығарыла бастады. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед рухани, діни тақырыптарға арнап біршама еңбектер жазған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімге жасаған он томдық тәпсірі. ### Үшінші Хилафаттың кезеңі 1965-ші жылы қараша айының 8-інде Мырза Нәсір Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының Үшінші халифы болып сайланды. Оның Хилафат кезеңінде уағыз жүргізу ісі кеңінен жүзеге асты, әсіресе Африка құрлығында. Ол кісі, Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясы Ахмадия жамағатын «мұсылман-емес» деп жариялаған кезде, жамағатты шашыратып алмай, бір жетекшілікпен бағыттай білген халиф ретінде қарастыралады. Оның Хилафат кезеңінде «Нусрат Жаһан жоспары» атты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұл қозғалыс - жамағат мүшелері Африка құрлығында қызмет етуіне арналған. Осы қозғалыстың арқасында Африканың кедей өлкелерінде жүздеген медициналық клинакалар мен мектептер тұрғызылып, іске қосылған. Мырза Нәсір Ахмед 1970-ші жылы Батыс Африканы аралап шықты, бұл Ахмадия халифінің құрлыққа жасаған алғашқы сапары болып есептеледі. Испанияға жасаған сапарында, ол "Башарат" мешітінің іргетасын қалады, бұл мешіт қазіргі Испанияның ең бірінші мешіті болып есептеледі. Ол ахмадилердің келесі танымал ұранының авторы: "Мейірімділік баршаға, өшпенділік ешкімге" (басқаша айтқанда: "Барша жанға махаббат, ешбір жанға қиянат") Мырза Нәсір Ахмед екінші халифтің атынан «Фәзле Умар» атты қор ашқан. Оның Халифат кезеңінде Ахмадия жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмедтің айтқан сөздері мен диалогтары, сонымен қатар оның көріпкелдік түстері мен уахи-аяндары толық топтама болып жинақталды. ### Төртінші Хилафаттың кезеңі Үшінші Халиф қайтыс болған соң, келесі күні, яғни 1982-ші жылдың 10-шы маусымында Мырза Таһир Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі болып сайланды. 1984-ші жылы Пәкістан үкіметі №ХХ қаулысын қабылдағандықтан, Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан Англияға көшіп кетті. Бұл қаулы халифке өз міндетін толыққанды орындауға рұқсат бермеді және Хилафат институтына қауып төндірді. Халиф қоныс аударғандықтан, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басқарма орталығы да Пәкістаннан Англияға ауыстырылды. Жамағаттың басқарма орталығы Лондонда, «Фәзл» мешітінің қасында орналасқан. «Фәзл» мешіті Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт. Қоныс аудару кезеңі ахмади-мұсылмандары үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып есептеледі. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Мырза Таһир Ахмедтің кезінде ең бірінші мұсылмандық спутникті арна іске қосылды. Мырза Таһир Ахмед ахмади-мұсылмандарының балаларын жамағатқа қызмет қылуға арнау үшін «Уакф-и-нау» бағдарламасын ашты. Оның Хилафат кезеңінде, қуғын-сүргін құрбандарына жәрдем беру үшін және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында - «Мәриям шәди», «Сәйидинә Биләл» және «Хьюманити фёрст» («Ең бастысы адамгершілік») секілді түрлі қайырымдылық, қоғамдық қорлар ашылған.Мырза Таһир Ахмед үнемі түрлі дін өкілдерімен, түрлі мамандармен және түрлі мәдениет-дәстүрлердің өкілдерімен сұрақ-жауап дәрістерін өткізіп отырды. Сондай-ақ ол көптеген кітаптар жазып шығарды. Олардың ішіндегі ең көрнекілері, қазіргі заманның қоғам мәселелеріне ислам тәлімінің жауаптарын қамтиды, мысалы үшін мына кітаптар: * «Алла үшін өлтіру?» (Мұндайға исламда жол берілген бе, берілмеген бе? - ауд.ред.), * «Абсолютті әділдік принципі», * «Мейірбандылық пен бауырластық», * «Ислам қазіргі заманның сұрақтарына жауап беруде», * «Парсы шығанағындағы дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп», * «Уахи, ақыл, білім және ақиқат». ### Бесінші Хилафаттың кезеңі Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін, Ахмадияттың тарихында алғаш рет сайлау Лондон қаласында өтті, сайлау нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі болып Мырза Масрур Ахмед сайланды. Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы. Исламның ізгі хабарын насихаттау және адамзат игілігі үшін жағдай жасау мақсатымен Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, түрлі мемлекет басшыларымен кездеседі, әлемдік дағдарыстарды шешу үшін бейбіт конференциялар ұйымдастырады. Ұзаққа созылып бара жатқан қақтығыстарды доғарту мақсатында Мырза Масрур Ахмед әлемнің алпауыт елдерінің басшыларына хат жолдаған, олардың ішінде: АҚШ, Ресей, Канада, Сауд Арабия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Иран, Израиль елдерінің басшылары, сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла мен Рим папасы бар. Әлемнің 200-ден астам елінде тұрып жатқан миллиондаған ахмади-мұсылмандарының рухани басшысы ретінде Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, әлем халықтарын Ислам дінінің принциптерімен таныстыруда. ## Демографиясы 2013 жыл бойынша Ахмадия жамағаты әлемнің 207 елінде құрылған, жамағаттың басым көпшілігі Оңтүстік Азияда, Батыс Африкада, Шығыс Африкада және Индонезияда шоғырланған. Ахмади-мұсылмандар жамағаты әлемнің барлық елдерінде өмір сүруде. Дегенмен, кейбір елдерде ахмади-мұсылманы болу заңмен қудаланады. Осындай факторлардың кесірі ахмади-мұсылмандарының нақты жалпы санын шығаруды қыйындатады. Сондықтан, жамағат «оншақты миллион» деген санды береді, алайда көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша жамағат саны бүкіләлем бойынша 10-20 миллион, бұл барша мұсылман үмбетінің 1% құрайды. Бүкіләлемдік христиан энциклопедиясының мәліметі бойынша, Ахмадия жамағаты Исламдағы қарқынды түрде өсіп келе жатқан бірлестік. Ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігі Пәкістанда тұрады, шамамен 4 миллионнан астам. ## Ахмадия Хилафатының ұйымдық құрылымы Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ахмадия Хилафаты - пайғамбарлық жолдағы халифаттың қайта жандануы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, бұл хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің пайда болуымен қайта тұрғызылған. Ахмади-мұсылмандары Мырза Ғұләм Ахмедті үмбетке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди ретінде қабылдайды. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, осы мәселеге қатысты Құран аяттарын (мысалға, "Ан-Нұр" сүресінің 55-ші аяты) мен көптеген хадистерге сай, Халифат тек Құдайдың тікелей араласуымен ғана қайта орнатылуы мүмкін; және де, Құдайдың бұл игілігі шынайы иман келтіріп, ізгі амалдар істеген және Құдай бірлігін ұстанған адамдарға тарту етіледі. Сондықтан, жалғыз ғана адами бастамамен Хилафатты орнатуға талпынған кез-келген әрекеттердің соңы құрдымға алып барады, әсіресе халықтың ахлақтық жағдайы пайғамбарлықтың өсиетіне қайшы келетін болса (яғни, егер олар ізгіліктен принципиалды түрде жұрдай болса). Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, Құдай уахилар мен аян-түстер арқылы мүміндердің жүректеріне, ойларына кімді халиф етіп таңдау керектігін ұялатады. Бұл жерде ешқандай үгіт-насихат пен кез-келген спекуляцияға жол берілмейді. Осылайша, халиф жәй ғана сайлау арқылы емес, ең алдымен Құдайдың қалауымен таңдалады. Ахмадияттың сенім қағидатына сай, халифке міндетті түрде мемлекеттің басшысы болу шарт емес, бұл жерде хилафаттың діни және рухани мән-мағынасы басты назарда ұсталады. Халиф - деген ең бірінші кезекте, Мұхаммед пайғамбар үмбетінің жоғары рухани және ахлақтық деңгейін жоғары ұстатуға, сондай-ақ Ислам тәлімін нығайтып, таратуға бағытталған рухани лауазым болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандары өздерінің халифін «Әмирул мүминин» («Мүміндердің әміршісі») ретінде қабылдайды. Қазіргі уақытта бұл лауазым Бесінші Халиф Мырза Масрур Ахмедке тиесілі. ### Жоғарғы кеңес мәжілісі «Мәжлис аш-шура» немесе жоғарғы кеңес мәжілісі, Ахмадия жамағатында Хилафаттан кейінгі ең жоғарғы құрылым. Жоғарғы кеңес мәжілісі жылына бір рет жиналады. Бұл кеңес халықаралық деңгейде халифтің төрағалығымен өтеді. Оның басты мақсаты, қаржы, түрлі жобалар, білім беру, жамағатқа байланысты тағы басқа сұрақтар жайында халифке кеңес беру болып табылады. Халиф мәжіліс барысында талқыланған ұсыныстарға қатысты өз пікірін білідіріп, нұсқауын беріп, шешімін шығара алады немесе сұрақтың шешімін жетілдіру үшін оны кейінге қалдыра алады. Дегенмен, көп жағдайларда халиф мәжілістің көпшілігі берген кеңес-ұсынысты қабылдайды. Ұлттық деңгейде кеңес мәжілісі Әмірдің (яки, Ұлттық президенттің) төрағалығымен өтеді. Тек соттық іс - шешім шығару мақсатында мінездемесімен халифке жөнелтіледі. Халиф оған қатысты дұрыс деп тапқан шешімін шығарады. ### Орталығы Ахмадия Мұсылман Жамағаты Халиф тұратын жерден басқарылады. Сондықтан, 1984 жылы төртінші халиф Пәкістаннан көшіп кетуге мәжбүр болған кезде, Ахмадия жамағатының ресми ортылығы (Англияның) Лондон қаласына, Әл-Фазл мешітіне көшірілген болатын. 2019 жылы бесінші халиф орталықты, 1985 жылы жамағат өз қаражатына сатып алған жерге, Исламабадқа (Тилфорд, Англия) көшірді. Ахмади-мұсылмандары үшін, Исламның қасиетті Мекке мен Медине қалалары қасиетті қалалар болып саналғанымен, Қадиан қаласы олардың рухани орталығы болып есептеледі. Олар, келешекте Ахмадия Хилафаты Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианға қайтып оралады - деп үміт етеді. Дегенмен, Үндістан екіге бөлінген соң, Пәкістанда 1948 жылы 20 қыркүйекте құрылған ахмадилердің Рабва қаласы, сол уақыттан бері дүниежүзі бойынша жамағаттың көптеген іс-шараларын басқарады. Атап айтқанда, бұл қалада Ахмадия жамағатының екі негізгі органы орналасқан: «Орталық Ахмадилік кеңес» және «Жаңа жоба» кеңесі. Сонымен қатар бұл қалада «Жаңа адалдық» кеңесі де орналасқан. Барлық орталық органдар халифтің нұсқамасына сай жұмыс істейді. «Садр Әнжуман Ахмадия» (яғни, «Орталық Ахмадилік кеңес») 1906 жылы Мырза Ғұләм Ахмедтің бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні бұл орган Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдерінде Ахмадия жамағатының жұмысын ұйымдастыру ісіне жауапты орган болып саналады. Ал, Ахмадия жамағатының Екінші халифімен құрылған «Әнжуман Тахрики Жәдид» (яғни, «Жаңа жоба» кеңесі) Үнді субқұрлығынан тысқары жерлердегі Ахмадия жамағаттарының жұмысына жауапты. Әр кеңес басқарма органдарға бөлінеді, мысалы: қаржы депортаменті, баспа депортаменті, білім беру депортаменті, сыртқы істер депортаменті, шетелдік өкілдер министрлігі және т.б. Жоғарғы кеңестің соңғы шешімі бойынша, жамағат бүкіл әлемде 15 000-нан астам мешіт, 500-ден астам мектеп, 30-дан астам ауруханалар тұрғызған, және де Құран Кәрімді әлемнің 70-тен астам тіліне аударып баспадан шығарған. «Әнжуман Уәкф-и-Жәдид» те (яғни, «Жаңа адалдық» кеңесі) Екінші халифтің бастамасымен құрылған, бұл орган әлем бойынша ауылды мекендердегі жамағаттарға діни ұстаздар даярлап, жұмыстарын үйлестіру ісіне жауапты. ### Білім беру ордалары «Джәмийя Ахмадия» («Ахмадия университеті»), кейде «Ахмадиялық теология және тілдер университеті» деп аударылады. Бұл халықаралық исламдық семинария және білім беру ордасы. Оның дүниежүзі бойынша Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында бірнеше кампустары бар. Ол 1906 жылы «Тәлимүл-Ислам» медресесі (кейінірек «Тәлимүл-Ислам» колледжі) ретінде құрылған. Бұл Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі білім ордасы - ислам ғылымының орталығы және уағызшыларды дайындау мекемесі ретінде Мырза Ғұләм Ахмедпен құрылған. Оның түлектері Халифпен жамағаттың миссионерлері болып (оларды әдетте мурабби, имам, немесе мәуләнә деп атайды), немесе фиқһ (исламдық заң) мәселесін қарастыратын мүфтилер, фақиһтер етіп тағайындалуы мүмкін. Университеттің кей түлектері ислам тарихшылары болып қызмет атқарады. 2008-ші жыл бойынша университеттің 1300-ден астам түлегі жер жүзінде миссионер болып қызмет етуде. ### Қосымша ұйымдар Ахмадия Мұсылман Жамағатының қосымша бес ұйымы бар. Әр ұйым өз мүшелеріне рухани және ахлақи тәлім-тәрбие беру ісіне жауапты. • «Ләджнә Худаммүл» - барлық қосымша ұйымдардың ең ірісі болып табылады, ол жамағаттың 15 жастан үлкен әйел (қыз) мүшелерінен тұрады.• «Мәжлис Худаммүл Ахмадия» - жамағаттың 15-тен 40 жас аралығындағы ер мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Ансарулла» - жамағаттың жасы 40-тан асқан ерлерінен тұрады. • «Насиратүл Ахмадия» - жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы қыз мүшелерінен тұрады. • «Әтфалүл Ахмадия» жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы ер балалардан тұрады. ### Бөлімшелері Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағаты дүниежүзіндегі елдердегі ұлттық жамағаттардан тұрады, олардың өз елдеріндегі ұлттық кеңселері бар. Әрбір ұлттық жамағат аймақтық жамағаттарға бөлінеді, ал аймақтық жамағаттар жергілікті жамағаттарға бөлінеді. Көптеген жағдайларда әрбір жергілікті жамағаттардың өз орталықтары, мешіттері және миссионерлік үйлері бар. Әмір (немесе ұлттық президент) жамағаттың орталық органдарының бақылауында және ұлттық басқарма комитетіне бағынышты болады. Ұлттық басқарма комитеті (немесе ұлттық атқарушы орган): бас хатшы, қаржы хатшысы, уағыз жүргізу бойынша хатшысы, тәлім-тәрбие беру хатшысы, білім беру хатшысы және т.б. ұлттық хатшылардан тұрады. Бұл жүйе аймақтық және жергілікті жерлерде өздерінің ұлттық президентімен және атқарушы органдарымен басқарылады. ## Атаулы күндері Ахмади-мұсылмандары «Ид әл-Фитр» («Ораза айт») және «Ид әл-Адха» («Құрбан айт») секілді исламның негізгі мейрамдарын барлық мұсылмандарға ортақ дәстүрмен атап өтеді. Ахмади-мұсылмандары бұл мейрамдардан бөлек, басқа да бірнеше науқандарды атап өтеді, бірақта олар діни мейрам ретінде қарастырылмайды. Олардың ішіндегі ең негізгі діни науқан «Жалса Салана» («Жылсайынғы жиындар») болып есептеледі. Оның бастамасын Мырза Ғұләм Ахмед орнатқан, бұл жиын жамағаттың жылсайынғы формалды жиналысы болып есептеледі. Жалса Салананың мақсаты жамағат мүшелерінің бірілігін, ынтымағын, достығын нығайтып, діни білімдерін көбейту үшін ұйымдастырылады. Жамағаттың атап өтетін басқа да науқандарына мыналар жатады: «Мәуліт» (Мұхаммед пайғамбардың туған күні), «Ахмадия Жамағатының құрылған күні», «Уәделенген Реформатордың күні» және «Хилафат күні». ## Репрессияға ұшыраулары Ахмадия жамағатының ресми сайтының мәлімдемесі бойынша, бүкіл әлемде ахмади-мұсылмандарының саны 20 миллион шақты адам. Ахмади-мұсылмандары дінді уағыздау және Құран кәрімді түрлі халықтардың тілдеріне аудару ісінде белсенді түрде жұмыс атқарады. Әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар Ислам дінімен ахмади-мұсылмандары арқылы танысқан. Бұған қарамастан, қазіргі көптеген ислам елдерінде ахмадилер «мұсылман емес» деп жарияланған. Олар сол жақтарда жүйелі түрде түрлі қудалаушылықтар мен қысым-қанаушылықтарға ұшырауда. ### Бангладеш Бангладеште фундаменталистік ислам топтары үкіметке талап қойған, Ахмадия жамағатының мүшелері ресми түрде «кәпірлер» ретінде жариялансын деп. Нәтижесінде, радикалды молдалардың үгітімен жаппай ереуілдер, зорлық-зомбылық шаралары ұйымдастырылуы арқылы, Ахмадия жамағаты қудалаушылқтарға ұшырай бастады. «Амнести интернейшнел» ұйымының мәліметі бойынша, Ахмадияттың ізбасарлары нақақтан тұтқындалып, ал кейбірі қастықпен өлтірілуде. 2003-ші жылдың соңында молда Мәуләнә Мұхаммед Хуссейн Мұмтаз бастаған бірнеше ірі ереуілдер Ахмадият мешіттерін тартып алуға бағытталды. 2004-ші жылы Ахмадияттың барлық басылымдарына шектеу қойылған. ### Үндістан Үндістанда ахмади-мұсылмандары көптеп тұрады. Олардың көбі Үндістанның Керала, Рәжәстан, Одиша, Хәриян, Бихәр, Дели, Уттар-Прадеш штаттарында, сондай-ақ Пенжабтың Қадиан аумағына қоныстанған. Үндістанның заңы ахмадилерге мұсылман ретінде қарайды. 1970 жылдың 8 желтоқсанында Кераланың Жоғарғы соты, 206-шы қарал бойынша қабылдаған тарихи шешімі, ахмадилердің мұсылмандық статусын өзгертусіз қалдырған. Соттың шешімі бойынша, ахмадилер мұсылман болып табылады және олар басқа мұсылман секталары тарапынан «діннен шыққандар» деп жарияланбайды, өйткені ахмадилер де исламның негізгі екі қағидасын ұстанады – яки, «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ, және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі».Бұл дегеніміз, Үндістанда ахмади-мұсылмандарының діни нанымына ешқандай құқықтық шектеулер жоқ және олар өздерін мұсылман деп атап, өз дінін еркін ұстай алады деген сөз. Бірақта, Үндістанда «Ихуан әл-муслимин» («Мұсылман бауырлары») сектасының тарпынан ахмадилерге қарсы кейбір дискриминациялар жасалуда. Атап айтқанда, Үндістанның Ислам университеті мен «Дарул Улюм Деобанд» діни мектебі, ахмадилерді «мұсылман емес» деп жариялаған. Үндістанның басқа да ислам секталарының лидерлері Ислам Кеңесінің отырыстарына ахмади-мұсылмандарының қатысуна қарсылық білдіруде. Ислам Кеңесі – бұл исламдық діни лидерлердің тәуелсіз органы, оны Үндістан үкіметі елдегі мұсылмандардың өкілі ретінде қабылдайды. 2012 жылдың ақпан айында Андра-Прадеште уәкуфті кеңес бірнеше теңдесіз қарал қабылдап, Ахмадия жамағатына жататындардың неке рәсімін орындамасын деп, қазиге (ислам сотына) өтініш түсіргенді. ### Индонезия Индонезия тәуелсіздік декларациясын қабылдамастан бұрын, Ахмадия жамағаты бұл елде баяғыдан бар болатын. Дегенмен, ахмади-мұсылмандары Индонезияда діни құқықтары кемсітілген бірлестік саналады. Бұл тенденция 2000-шы жылдары елде исламдық фундаментализмнің белен алуымен күрт ұлғайған. 2008 жылы Индонезиядағы көптеген мұсылмандар Ахмадия қозғалысына қарсылық білдірген. Индонезиядағы Ахмадия жамағатына қарсы қудалаушылықты заңдастыру үшін елдің дін консерваторлары ірі ереуілдер ұйымдастыру арқылы үкіметке қысым көрсетпек болды. Индонезиядағы қоғамдық пікір Ахмадия жамағатына қатысты екіге бөлінді: * Индонезиядағы мұсылмандардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, «Мұхаммед - Құдайдың соңғы пайғамбары» - делінген исламның негізгі принципін Ахмадият мойындамайды, сондықтан Ахмадия жамағатына тыйым салыну керек дейді. Сонымен қатар, ахмадилер ислам белгілерін өздеріне қатысты қолданбаулары керек. Молдалардың пікірі бойынша, ахмадилер Индонезияда дін бостандығына қатысты өз құқықтарын қорғау үшін, өз діндерінің белгілерін қолданулары керек. * Дегенмен, ахмади-мұсылмандары мен басқа да шағын діни бірлестіктердің, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, ахмади-мұсылмандарының дін бостандығы қамтамасыз етілуі қажет, және де конституцияда қабылданған дін бостандығына сай, ахмадилер ислам белгілерін қабылдай ма, қабылдамай ма, оны өздері біледі. 2008 жылдың маусым айында, Ахмадия Мұсылман Жамағаты мүшелерінің уағыз жүргізу құқығын шектейтін заң қабылданды. Сол кезде жамағаттың қарсыластары ахмадилердің екі мешітін өртеп жіберді. Құқық қорғаушы ұйымдар дін бостандығына шектеу қойылғанына қарсылық білдірді. 2011 жылдың 6 ақпанында, Бантен провинциясының Пандегланд елді-мекенінде, Ахмадия жамағатының кейбір мүшелері радикалды топтармен қасақана өлтірілген. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде дін бостандығын шектеген оқиғалар көбейіп кетті, әсіресе қоқан-лоқылық көрсету, жамағатпен намаз оқуға тыйым салу, мешіттерді өртеу секілді оқиғалар. Демократия мен бейбітшілік институтының мәліметі бойынша, 2008, 2009 және 2010 жылдар аралығында әлгіндей оқиғалар 17, 18 және 64 рет қайталаныпты. Бұл деректек барлық дін өкілдерін қудалаушылық әрекеттерді қамтиды. Дегенмен, өздерін таза мұсылмандар санайтын фундаменталистердің тарапынан қудалаушылыққа ұшыраған христиандардан гөрі, ахмадилердің көрген азабтары анағұрлым зұлматты. Индонезияда 2011 жылы Ахмадия жамағатына тыйым салуға шақырған үгіт-насихаттар көбейіп кетті. 2011 жылдың 6 ақпанында ашуға булыққан мың шақты фундаменталистік мұсылмандар, Ахмадия жамағатының шаруашылық үйін қоршап алып, полицияның көзінше үш адамды өлгенше соққының астына алған. Соққының астына алынған жәйттер интернетке салынып, сосын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген. ### Пәкістан Пәкістанда шамамен 4 миллионнан астам ахмади-мұсылмандары тұрып жатыр, бұл ел ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігінің отаны болып табылады. Пәкістан, ахмадилерді ресми түрде «мұсылман емес» деп таныған жалғыз ел, өйткені ондағы ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірі бойынша, ахмадилер - «Мұхаммед пайғамбарды соңғы пайғамбар» деп санамайды. 1974 жылы Пәкістан парламенті ахмадилерді «мұсылман емес» - деп жариялайтын заң қабылдады. Бұл заңның қабылдануына Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясында бас қосқан исламның 72 ағым лидерлерінің ортақ шешімі негіз болған. Пәкістанның конституциясына еңгізілген өзгертуі бойынша, Мұхаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенген адамды ғана – «мұсылман» -деп тануға болады. 1984 жылы, сол кездегі Пәкістанның әскері басшысы генерал Зия-үл-Хақ №ХХ бұйрықты шығарды. Бұл бұйрық ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға және оларға мұсылмандық рәсімдерді орындауға тыйым салды. Бұл деген, енді ахмадилер ислам қағидаттарын ашық түрде орындау құқықтарынан айрылды дегенді білдірді. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына Ахмадилік мешіттерден басқа жерлерде ғибадат етулеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға азан шақырыруға, жұрттың көзінше мұсылманша амандасуға, жұрттың көзінше Құран оқуға, қоғамдық жерлерде уағыз айтуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар оларға өздерінің діни әдебиеттерін басып шығаруға, оны таратуға рұқсат етілмейді. Бұндай әрекеттері үшін ахмадилер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасынан тартылатын болды. Пәкістанның барлық азаматтары төлқұжатын немесе жеке куәлігін алған кезде Мырза Ғұләм Ахмедті "өтірікші" және "жалғаншы пайғамбар" ретінде жариялайтын қағазға қолдарын қойып куәліктерін берулері керек болды. Бұндай куәлікті бермеген ахмадилердің құжаттарына олардың «мұсылман еместігі» жазылады. Бұндай төлқұжатпен Пәкістанның ахмади-мұсылмандарына қажылық парызын өтеуге рұқсат берілмейді. Нобел сыйлығының иегері физик-теоретик доктор Әбдус Салам тірісінде ахмади-мұсылманы болғандықтан, оның қабір құлпытасындағы «мұсылман» сөзі өшіріліп тасталған. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына қатысты қабылданған заңдардың нәтижесінде, халықтың ішінде оларға деген жеккөрініш сезімдерін ұялату және оларды қуғындау шаралары елдің жер-жерінде күрт көбейіп кетті. Ахмадилер түрлі діни топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналды. Пәкістанда Исламның түрлі секталарына қарасты барлық діни мектептер мен медреселердегі басты оқулар, ахмадия сенімдеріне қарсы бағытталған материалдардан басталатын болды. 2005 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, Пәкістанның жеке меншік мектептерінде оқитын оқушылар, елдегі діни толерантылықтың ахуалына қатысты мәселеге өз пікірлерін білдірген болатын. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ахмади-мұсылмандары Пәкістанның тіпті бетке ұстар мектептерінің өзінде де, тең мүмкіншіліктер мен азаматтық құқықтың қорғалуында, жүйелі түрде кемсітушіліктерге ұшырайтын болып шықты. Сауалнама барысында, тіпті осы бетке ұстар мектептердің ұстаздары, ахмадилерге қатысты толеранттылықта, оқушылардан да төмен нәтиже көрсеткен. Ахмадилер пәкістандық Пенжаб провинциясының кейбір мектептері мен университеттерінде жәбір көріп, ұстаздары тарапынан қудалаушылықтарға ұшырауда. Көптеген білім ордаларының директорлары, ұстаздары және өшпенді студенттерінің тарапынан ахмади студенттеріне қоғамдық байкот жариялау, жәбір, қоқан-лоқы көрсету фактілері орыналған.2010 жылдың 28 мамырында ахмади-мұсылмандарына зорлық-зомбылық көрсетудің бүгінгі күндегі ең зұлматты көрінісі орыналды. Экстремисті діни топтың (бәлки, «Тахрика Талибан Пенжаб» тобының) бірнеше мүшесі Лахордағы ахмадилердің екі мешітіне басакөктеп кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Олардың үшеуі сосын өздерін жарып жіберген. Содырлардың шабуылынан 86 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды. Шабуыл жасалған кезде, Ахмадия жамағатының мүшелері мешітке жұма намазына жиналған болатын. Осы террористік актіден кейін, Пәкістанның шағын қауымдарының ісін қарайтын министр Шахзаб Бхатти, көңіл білдіру үшін ахмади-мұсылмандарының жамағатына бас сұққан. ### Палестина Ахмади-мұсылмандары Палестина жерлеріндеде тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2010-шы жылдары тек қана ахмади болғаны үшін, заңды жұбайлардың некелерін заңсыз деп жариялап, некелерін күштеп бұздырту фактілері анықталған. ### Сауд Арабиясы Ахмади-мұсылмандары Сауд Арабияда тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2007 жылдың 24 қаңтарында «Хью́ман райтс вотч» құқық қорғау ұйымы Сауд Арабияның патшасы Әбдуллаға ашық хат табыстаған, хатта Сауд Арабиядағы ахмади-мұсылмандарына қатысты діни қудалаушылықтарды тоқтатуды сұраған. Сауд Арабияның діни заңы бойынша, ахмади-мұсылмандарына Меккеге кіріп қажылық рәсімін орындауға тыйым салынған. ## Сілтемелер * Ахмадия Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақша, қырғызша, орысша, түрікше, арабша, ағылшынша * "Бір Имам, бір Жамағат". Ахмадия Мұсылман Жамағаты – әлемдік қауымдастықтың көрнекі қайраткерлерінің көзімен ## Дереккөздер
Байыл, Байлы — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі ошақты тайпасынан тарайды. Жазба әдебиетте Байыл руы 15 ғасырдан мәліметтік Байылдан Байсары, Қасқа, Қабыл, Созақ аталары тарайды. Ұраны — Бақтияр, таңбасы — тұмар. ## Дереккөздер
Ахмед Шауки (араб.: أحمد شوقي‎; 16 қазан 1868 жыл – 14 қазан 1932 жыл) — мысыр-араб ақыны, жазушы, және аудармашы. ## Өмірбаяны Каирдегі заң мектебін (1884), осы мектептің аудармашылар курсын (1886) бітірген. Кейіннен Францияда оқып, білімін көтерді. ## Еңбектері "Булон орманы" атты өлеңдер мен мысалдар топтамасын, "Ұлы Али - бей немесе Мамлюктер мемлекеті" (1893) драмасын жазды. "Деншавай туралы естелік" (1906), "Ніл аңғарындағы ірі оқиғалар" (1894), "Мустафа Кәмил" (1908) т.б. өлеңдерінде отаршылдыққа қарсы үн көтерді. Шауки "Жастарға", "Отан" т.б. өлеңдері мен "Қызыл бостандық" поэмасында ағылшын отаршылдарына қарсы араб халқын бірігуге шақырды. "Клеопатра"(1927), "Камбиз" (1931) атты тарихи драмаларын жариялады. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 198 бет * Esat Ayyıldız, “Ahmet Şevki’nin Mısır İstiklalinin Müdafaası İçin Sömürge Yöneticisine Hitaben Nazmettiği Lâmiyye’sinin Tahlili”, Arap Edebiyatında Vatan ve Bağımsızlık Mücadelesi, ed. Ahmet Hamdi Can – İhsan Doğru (Ankara: Nobel Bilimsel Eserler, 2021), 1-26.
Жансая Әбдімәлік (12 қаңтар, 2000, Алматы) — қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған . Суан тайпасының Бағыс руынан шыққан. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.) Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. Жансая бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйреніп, жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен әрі қарай шахмат бойынша өз білімін жеттілдірді. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ол 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды. ## Дереккөздер
Ер Қосай - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы уақ тайпасынан таратылады. Ер Қосай-тарихта болған адам есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. Ер Қосай Қаракөз, Көкшекоз, Қарабас, Қаракерей, Шоқа, Әжібек, Абрай, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз, Есен, Қазы, Жауқашар аталарына болінеді. Ұраны - Жаубасар. Таңбасы-бақан, ашамай ## Дереккөздер
Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты - 1977 жылдан бастап жыл сайын швейцариялық жүйесімен өткізіледі; 1974 және 1976 жылдары Әлем кубогы ойнатылды. Чемпионатқа қатысу үшін 1980 жылға дейін, жас санаты 17 жасқа дейін ойыншыларға рұқсат етілді, 1981 жылдан 16 жастан егде емес ойыншылар қатыстырыла бастады. Кеңестік ойыншылар чемпионатқа 1976 жылдан қатысатын болды. ## Жеңімпаздар ## Қайнары ## Әдебиет * Шахмат. // Энциклопедиялық сөздік — Б. 456, 616.
Жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты (ағылш. World Youth Chess Championship) — қыздар мен ұлдар арасындағы балалар ірі шахмат бәсекесі, жарысқа жас санаты 8, 10 және 12 жастағы балалар және жасы санаттары 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар қатысады. Ізашары лигасы чемпионаты Жастар кадеттері болды. 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында 1974 жылы Францияда басталды. 1975 және 1976 жылы, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі санатына бойынша жарыс өткізілді. 1976 жылы осындай чемпионатқа Гарри Каспаров қатысты. 1977 жылы, ФИДЕ турнирді (17 жасқа дейін) кадеттер арасындағы әлем чемпионатын ретінде тіркеген болатын. 1981 жылы, жасы шегі онда жылдың басында, 16 жылға төмендеді. Сондай-ақ, осы жылы, бірінші рет жарыс жеке қыздар арасында өтті. 1979 жылы, Балалар Халықаралық 14 жасқа дейінгі санатта алғаш рет балалар Әлем кубогы өткізілді. Ол 1979, 1980, 1981 және 1984 жылдары төрт рет өткізілді. 1985 жылы ол турнирдің «Бейбітшілік үшін Дүниежүзілік жастар шахмат фестивалі» бірінші басылымында енгізілді. Кейіннен, ол 10-ден 12 және 18 жасқа дейінгі санатына қосылды. 1987 жылы, жарысқа 10, 12, 16 және 18 жас үшін санатта жоғары енгізілген. Бөлек өткен 16 жыл санаты сол турнирде. 1988 жылы, жарыс 16 18 жыл және санат енгізілген, бірақ жарыс бөлек өткізілді. Бұл жарыс барлық бес жас санаттарын енгізілген 1989 жылға дейін болған жоқ. Ол 1990, 1991, 1995 және 1997 жылы болды, себебі кейінірек, санаты 16 18 жаста басқа санаттарға бөлек атқарды. 1997 жылы турнирдің атауы «Әлемдік жастар шахмат чемпионаты» болып өзгертілді. 8 жасқа дейін жас тобы бірінші рет 2006 чемпионатта таныстырылды. ## 18 жасқа дейін жеңімпаздар ## 16 жасқа дейін санаттағы кадеттер турнирінің жеңімпаздары ### 18 жасқа дейін бейресми санат (кадеттер) ### 17 жасқа дейін санат ### 16 жасқа дейін Санат ## 14 жасқа дейін жеңімпаздар ### Жасөспірімдер ### Жасөспірімдер және қыз балалар ## 12 жасқа дейін жеңімпаздар ## 10 жасқа дейін жеңімпаздар ## 8 жасқа дейін жеңімпаздар ## Сыртқы сілтемелер * Several results, all age categories: 1974-2004 * Several results, all age categories: 1974-2004 Мұрағатталған 26 ақпанның 2009 жылы. * World Cadet Chess Championship: 1974-2007 * Results 1997 edition: U10, U12, U14 and U16, U18 Мұрағатталған 8 ақпанның 2012 жылы. * Results from Mark Crowther, The week in chess: 1999 Мұрағатталған 11 маусымның 2008 жылы., 2000 Мұрағатталған 4 шілденің 2008 жылы., 2001 Мұрағатталған 28 тамыздың 2008 жылы., 2002 Мұрағатталған 16 сәуірдің 2009 жылы., 2003 Мұрағатталған 11 қаңтардың 2007 жылы., 2004 Мұрағатталған 12 наурыздың 2009 жылы., 2005, 2006 Мұрағатталған 4 қаңтардың 2009 жылы., 2007 Мұрағатталған 16 сәуірдің 2009 жылы. * Results from chess.gr: 1996 Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы., 1998 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы., 2001 Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы., 2002 Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы., 2003 Мұрағатталған 21 шілденің 2011 жылы. * Homepages: 2002 Мұрағатталған 27 қаңтардың 2008 жылы., 2004,2005, 2006 Мұрағатталған 1 шілденің 2014 жылы., 2007 * Biography of Tea Lanchava: 1988-1990 * Biography of Amelia Hernández: 1988 Мұрағатталған 27 мамырдың 2015 жылы. * English successes in the championship: 1974-2006 * Romanian successes in the championship: 1974-2007 Мұрағатталған 17 наурыздың 2018 жылы. * 2007 edition from Chessbase: [1], [2], [3], [4], [5] * On the 1983 edition of the U16: 1983 Мұрағатталған 9 ақпанның 2012 жылы. * On the 1979 edition: 1979 Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. * On the 1987 edition: 1987 * World Youth Championships 2012: chess-results.com
Ерте ортағасыр — Батыс Рим империясының құлдырауынан кейін басталған еуропалық тарихтың кезеңі. Шамамен 476-1000 жж. аралылығында 5 ғасырға созылған. Ерте ортағасырлар кезеңінде Халықтардың ұлы қоныс аударуы орын алған, викингтер пайда болған, Италияда остготтардың, Аквитанияда вестготтардың патшалығы құрылған, сонымен қатар гүлденген уақытында Еуропаның үлкен бөлігін алып жатқан Франк мемлекеті де бой көтерген. Солтүстік Африка мен Испания Араб халифатының құрамына кірген, Британдық аралдарда көптеген англдардың, сакстердің, кельттердің кішкентай мемлекеттері пайда болған. Скандинавияда, онымен қоса Еуропаның орталық және шығыс бөлігінде, Ұлы Моравияда да мемлекеттер құрылған. ## Римнің құлдырауы Б.з. 2 ғ.-дан бастап Рим империясының қуаты азая бастады - жүре-бара теңіз саудасы да қалалардың дамуы да әлсіреді, халық санының өсуі де кеміді. 150 жылы империя халқының саны шамамен 65 миллион болса, 400 жылы бұл цифра 50 миллионға дейін кеміді. Болжам бойынша бұл Еуропадағы климаттың өзгеруімен және ортажылдықтемператураның төмендеуімен байланысты, климат өзгеруінің салдарынан өнім де азайды. 2 ғасырдан бастап Рим империясында дағдарыс басталды. Траянның жетістіктерінен кейін, 117 жылы билікке Публий Элий Адрианның келуінен кейін империя Месопотамияны жоғалтты. 3-ғасырда римдардың германдармен қақтығысуы басталады. Рим Траян еңбекпен алған Дакияны жоғалтады. 330 жылы Константин император астананы Босфор қаласына көшіреді. Ол б.з.б. 7 ғасырда негізделіп, Византия деп аталған. Оның орнында Константинопольдың іргесі қаланады. Бұл қала Жаңа Рим деп аталған (бірақ императордың өлімінен кейін Константинополь аталады). 395 жылы соңғы император Феодосий империя жерлерін екі ұлының – Аркадий мен Гонорийдің бөлуді жөн көреді. Батыс Рим империясының және Римнің орталығының императоры 11 жастағы Гонорий атанады, ал Шығыс Рим империясының императоры 18 жастағы Аркадий атанады. Бірінші Рим өзінің маңыздылығын жоғалта бастайды, кішкене уақыттан кейін ұрлыққа ұшырайды. Феодосий Медиоланда өмір сүруді ұнатты, ал 402 жылы әрқашан варварлардың соққысына ұшарайтын Батыс империяның астанасы кішкентай, бірақ жақсы бекітулі порт ы қала Равеннаға көшеді. 410 жылы Рим вестготтардың соққысына ұшырап, үлкен зардаптар шегеді. 455 жылы Римді Солтүстік Африкада тәуелсіз мемлекет құрған вандалдар жаулап алады. Олар қаланы тек тонап қоймай, көптеген архитектіра мен өнер ескерткіштерін бұзады.Батыс империясының біржолата құлдырауы византиялық император Зенонның кесірінен болады. 476 жылдың 23 тамызында өзара соғыстар кезінде Одоакр қолбасшы Римді жаулап алады, ал 16 жастағы римдік император Ромул Август биліктен құлайды. Зенонның келісімімен Одоакр Батыстың императоры ретінде Юлийді мойындайды. 480 жылы Непот өз күзетшілерімен өлтіріледі, ал оның тәжін Византияға жібереді, осыдан кейін Зенон батыс императорларын сайламауды жөн көреді. Көптеген ғалымдар 476 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды. Кейбір ғалымдар Рим империясында христиандарды қууды тоқтатқан кезді, христиандық дін басты дінге айналған кезді, яғни 313 жылды Ортағасырдың бастамасы деп санайды. ## Халықтардың ұлы қоныс аударуы Халықтардың ұлы қоныс аударуы — IV-VII ғасырлардағы Еуропадағы көптеген этникалық қоныс аударулардың басты атауы. Бұл қоныс аударуды жаһандық миграция үрдісі деп санауға болады және оның ерекшелігі - бүкіл германдық қоныс аударушылардың ең соңғы барған жерлері, яғни Батыс Рим империясы V ғасырдың басында әлдеқашан римдықтармен тығыз қонысталған еді. Сондықтан ұлы қоныс аударуға германдық және романизацияланған халықтың ортасындағы мәдениетті, содан соң діни дауласулар ере жүрді. Қоныс аудару үрдісі германдықтар мен романдық арасындағы қақтығыстың негізін салды. Қоныс аударуға славяндық халықтар, түрік, иран (алан) және фин-угорлық тайпалар қатысты. ## Христиан дінінің таралуы. Еуропаның жандануы Германдық тайпалардың христиандануы IV ғасырда готтардың үндеуінен басталып, бүкіл Ерте ортағасыр кезеңінде жалғасты. VI және VII ғасырларда христиандық наным-сенімді ирландық,шотландық миссионерлер таратты, VIII және IX ғасырларда - англо-саксондықтар Каролингтік жандану кезеңі нде үлкен рөл атқарды. 1000 жылдарға қарай христиандық дін Скандинавия мен Балтықтың бөлшектенген жерлерін санамағанда бүкіл Еуропада таралды. ## Дереккөздер * ↑ раннее Средневековье. Лопатин В. В., Нечаева И. В., Чельцова Л. К. Прописная или строчная? Орфографический словарь. — М.: Эксмо, 2009. — С. 368. — 512 с. * ↑ Дата образования Византии как отдельного государства довольно дискуссионна; существует большой разброс мнений: Наиболее распространенная дата — 330 год н. э. — основание Константином Великим Константинополя; также встречаются даты: 1) конец III века (начало раздельного управления Римской Империей при Диоклетиане); середина IV века (превращение Константинополя в полноправную столицу, время Констанция II); 395 год (разделение Империи на Западную и Восточную); 476 год (гибель Западной империи); середина VI века (правление императора Юстиниана I); середина VII века (эпоха после войн Ираклия I с персами и арабами). См.: Дашков С. Б. Императоры Византии. М., 1996. С. 8. * ↑ Halsall, Paul Byzantium. Fordham University (1995). Тексерілген 21 маусым 2011. Архивировано из первоисточника 23 тамыз 2011.
Василий Козьмич Шебуев(13.04.1777, Кронштадт, - 28.06.1855, Петербург) - орыс кескіндемешісі. ## Өмірбаяны 1782-97 жылдары Петербург Көркемсурет академиясында (И.А.Акимов пен Г.И.Угрюмовтан) оқыды. Римдегі Көркемсурет академиясының зейнеткері (1803-07). 1832 жылдан Петербург Көркемсурет академиясының ректоры әрі профессоры (1812). ## Еңбектері Орыс классицизмінің ірі өкілі, асқақ суретші, белді педагог болған Шебуев өмір көріністерін шыйнайы бейнелеуге ("Бал ашу", 1805, Мәскеу,Третьяков галереясы;Швыкин портреті, 1833 Ленинград, Орыс музейі) талпынды. Дегенмен Шебуев негізінен діни кескіндемеге бой ұрғандықтан оның батырлық - патриоттық тақырыптағы шығармаларын да ("Көне Иголкиннің ерлігі" , 1839,Орыс музейі) академизм белгілері көрініс берді. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 228 бет
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады. Шынында да, ешбір процесс қандай да болмасын қатаң тығайындалған бір параметрдің мәнінде жүрмейді. Температураның, қысымның немесе көлемнің тұрақтылығын бұзуға әсер ететін қандай да бір жағдайлар болады. Тек лабораториялық жағдайларда ғана қайсыбір параметрлердің тұрақтылығын тым дәлірек сақтауға болады, бірақ жұмыс істейтін техникалық құрылғыларда және табиғатта бұл іс жүзінде мүмкін емес. Изопроцесс - бұл нақты процестің идеалдандырылған моделі. Ол шындықты тек жуық қана бейнелейді. ## Изотермиялық процесс Температура тұрақты болғанда макроскопиялық денелердің термодинамикалық жүйесі күйінің өзгеру процесін изотермиялық деп атайды. Газ температурасын тұрақты етіп ұстау үшін ол температурасы тұрақты болып тұратын үлке жүйемен - термостатпен - жылу алмасатындай болу керек. Өйткені сығылғанда немесе ұлғайғанда газдың температурасы өзгеретін болады. Егер атмосфералық ауаның бүкіл процес барысында елеулі өзгермесе, онда ол термостат қызметін атқара алады. Идеал газ күйінің теңдеуіне сәйкес тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісіне тұрақты болады, яғни T = const {\displaystyle {{p}{V}}=const}. {\displaystyle {{p}{V}}=const}. Егер газдың температурасы өзгермесе , онда оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.Бұл заңды тәжірибие жүзінде ағылшын ғалымы Р. Бойль, одан біраз кейінірек француз ғалымы Э. Мариотт ашты. Сондықтан ол Бойль - Мариотт заңы деп аталады. Бойль - Мариотт заңы кез келген газ үшін, сондай-ақ олардың қоспасы үшін де, мысалы, ауа үшін де дұрыс. Тек атмосфералық қысымнан бірнеше жүз есе жоғары қысымдарда ғана бұл заңның ауытқуы елеулі байқалады. Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде изотерма деп аталатын қисық сызық арқылы кескінделеді. Газдың изотермасы қысым мен көлемнің арасындағы кері пропорционал тәуелділікті өрнектейді. Қисық сызық мұндай түрін математикада гипербола деп атайды. Әр түрлі тұрақты температураға әр түрлі изотермалар сәйкес келеді. Егер V = const болса, температура жоғарлағанда қысым күй теңдеуіне сәйкес артады. Сондықтан жоғарлау Т2 температураға сәйкес изотерма, төменірек Т1 температураға сәйкес келетін изотермадан жоғары жатады. Компрессормен ауны сығу процесін немесе ыдыстағы ауаны соырп, шығарғанда поршень астындағы ауаның ұлғаюын - шамамен изотермиялық процесс деп есептеуге болады. Шынында, бұл жағдайда температура өзгеретіні рас, алайда алғашқы жуықтауда ондай өзгерісті елемеуге болады. Егер газдың температурасы өзгермесе , онда оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады. ## Изобаралық процесс. Қысым тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изобаралық деп аталады. {\displaystyle p\cdot V={\frac {m}{M}}R\cdot T} теңдеуіне сәйкес, қысымы өзгерсе газдың кез келгенкүйінде көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады: {\displaystyle {p}=const} болғанда, {\displaystyle {\frac {V}{T}}=const.}Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің темпертураға қатынасы тұрақты болады. {\displaystyle {p}=const} болғанда, {\displaystyle {\frac {V}{T}}=const.}Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің темпертураға қатынасы тұрақты болады. Бұл заңды 1802 жылы француз ғалымы Гей - Люссак тэжірибе жүзінде тағайындаған және сондықтан ол Гей - Люссак заңы деп аталады. {\displaystyle {\frac {p}{T}}=const} қатысқа сәйкес тұрақты қысымда газдың көлемі температураға тәуелді болады, яғни: {\displaystyle {V}=const\cdot T} {\displaystyle {V}=const\cdot T} Бұл тәуелділік график түрінде изобара деп аталатын түзумен кескінделеді. Әр түрлі қысымға әр түрлі изобара сәйкес келеді. Қысым артқан сайын, тұрақты температурада Бойль - Мариотт заңы бойынша газдың көлемі кішірейеді. СОндықтан жоғарырақ р2 қысымға сәйкес келетін изобара төменірек р1 қысымға сәйкес келетін изобарадан төменірек жатады. Төменгі температуралар аймағында идеал газдың барлық изобаралары Т=0 нүктесінде түйіседі. Бірақ бұл нақты газдың көлемі шынында да нөлге айналды, ал күй теңдеуі сұйықтарға қолданылмайды. Жылжымалы поршеньді цилиндрдегі газды қыздырғанда оның ұлғаюын изобаралық процесс деуге болады. Онда цилиндрдегі қысымның тұрақтылығы поршеньнің үстіңгі бетіне атмосфералық ауа қысымның әсері арқылы жүзеге асады. ## Изохоралық процесс. Көлем тұрақты болғанда термодинмикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изохоралық деп атайды. Күй теңдеуінен газдың көлемі өзгермеген кездегі кез келген күйінде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болатыны шығады: {\displaystyle {V}=const} болғанда, {\displaystyle {\frac {P}{T}}=const.}Егер газ көлемі өзгермесе, онда массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатынасы тұрақты болады. {\displaystyle {V}=const} болғанда, {\displaystyle {\frac {P}{T}}=const.}Егер газ көлемі өзгермесе, онда массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатынасы тұрақты болады. Бұл газ заның 1787 жылы француз физигі Ж. Шарль ашқан және сондықтан ол Шарль заңы деп аталады. {\displaystyle {\frac {P}{T}}=const.} теңдеуіне сәйкес көлем тұрақты болғанда газ қысымы температураға сызықтық тәуелді болады, яғни {\displaystyle {p}=const\cdot T} {\displaystyle {p}=const\cdot T} Бұл тәуелділек графикте түзумен кескінделеді де, ол изохора деп аталады. үрлі көлемге түрліше изохора сәйкес келеді. Температура тұрақты болғанда, Бойль - Мариотт заңына сәйкес, газ көлемі ұлғайғанда оның қысымы азаяды. Сондықтан үлкен V2 көлемге төмен жатады. {\displaystyle {p}=const\cdot T} теңдеуге сәйкес барлық изохоралар Т=0 нүктесінен басталады. Демек, абсолют нөлде идеал газдың қысымы нөлге тең. Кез келген жабық ыдыстағы немесе электр шамындағы газды қыздырғандағы газ қысымының ұлғаюы изохоралық процесс болып табылады. Изохоралық процесс көлемі тұрақты газ термометрлерінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
## Ботаникалық сипаттамасы. Тікенді қараөрік биіктігі 2,5 – 3 м бұталы өсімдік. Бұталарының көбінің ұщында қолға кіретін өткір тікендері болады. Жапырақтары майда, пішіні жұмыртқаға ұқсас. Гүлдері ақ түсті, оның сабақтары ұзын, гүл жапырақшалары мен тостағаншаларының қалақшалары бес – бестен болады. Бұл өсімдіктің ерекшелігі – олардың жапырақшаларынан бұрын наурыз – сәуір айларында гүлі шығады. Жемісі ккәдімгі сары өріктің жемісіне ұқсас, бірақ оның түсі қара көк болады. ## Табиғатта таралуы. Тікенді қара өрік орманның шетінде, тастақты, таулы беткейлерінде, өзен жағаларында, жабайы бұталардың арасында өседі. Жамбыл, Алматы, талдықорған, Шымкент облыстарының таулы аудандарында кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде қара өріктің гүлдерін, жапырағын, қабығын және тамырын жинайды. ## Химиялық құрамы. Тікенді қара өріктің гүлдері мен жапырақтарының ішектің жиырылып – созылуын үдететін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Сондықтан да оны мал дәрігерлігі практикасында күйісінен жаңылған, іші жүрмей қалған малды емдеуге қолданады. Өсімдіктің дәрілік тұнбасын жасау үшін 50 грамм ұнтақталған гүлі мен жапырағын қайнаған 0,5 литр суға салып 30 минут тұндырады. Осы тұнба жас бұзауларға – 120 – 150 мл, ал қозыларға – 30 – 60 мл, ірі малға 200 – 300 мл мөлшерінде күніне 2 – 3 рет азықтандырардан 30 минут бұрын беріледі.Өсімдіктің 10 грамдай (2 шай қасық) қабығы мен ұнтағын жарты литр қайнаған суға салып, 15 минут бүллкілденіп қайнатады. Тірілей салмағы 40 – 50 кг бұзауға күніне 3 рет 120 – 140 мл суытылған тұнба ішкізіледі. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың асқазан - ішек ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Дәрілік жалбыз тікен — "Қайнар", 1988. — Б. 46-47. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Ботаникалық сипаттамасы. Тікенді қараөрік биіктігі 2,5 – 3 м бұталы өсімдік. Бұталарының көбінің ұщында қолға кіретін өткір тікендері болады. Жапырақтары майда, пішіні жұмыртқаға ұқсас. Гүлдері ақ түсті, оның сабақтары ұзын, гүл жапырақшалары мен тостағаншаларының қалақшалары бес – бестен болады. Бұл өсімдіктің ерекшелігі – олардың жапырақшаларынан бұрын наурыз – сәуір айларында гүлі шығады. Жемісі ккәдімгі сары өріктің жемісіне ұқсас, бірақ оның түсі қара көк болады. ## Табиғатта таралуы. Тікенді қара өрік орманның шетінде, тастақты, таулы беткейлерінде, өзен жағаларында, жабайы бұталардың арасында өседі. Жамбыл, Алматы, талдықорған, Шымкент облыстарының таулы аудандарында кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде қара өріктің гүлдерін, жапырағын, қабығын және тамырын жинайды. ## Химиялық құрамы. Тікенді қара өріктің гүлдері мен жапырақтарының ішектің жиырылып – созылуын үдететін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Сондықтан да оны мал дәрігерлігі практикасында күйісінен жаңылған, іші жүрмей қалған малды емдеуге қолданады. Өсімдіктің дәрілік тұнбасын жасау үшін 50 грамм ұнтақталған гүлі мен жапырағын қайнаған 0,5 литр суға салып 30 минут тұндырады. Осы тұнба жас бұзауларға – 120 – 150 мл, ал қозыларға – 30 – 60 мл, ірі малға 200 – 300 мл мөлшерінде күніне 2 – 3 рет азықтандырардан 30 минут бұрын беріледі.Өсімдіктің 10 грамдай (2 шай қасық) қабығы мен ұнтағын жарты литр қайнаған суға салып, 15 минут бүллкілденіп қайнатады. Тірілей салмағы 40 – 50 кг бұзауға күніне 3 рет 120 – 140 мл суытылған тұнба ішкізіледі. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың асқазан - ішек ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Дәрілік жалбыз тікен — "Қайнар", 1988. — Б. 46-47. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Керейіт — (моңғ. кэраид — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді. Ұраны – Ақсақал, таңбасы: й, // – шылбыр. ## Шығу тегі Орта жүздегі керейлерден тараған. Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда. 4—13 ғғ. — христиандық дінінде болған. Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген.Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған.Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады. Керейіттердің этникалық тегі туралы мәселе өте маңызды. Бұл жөнінде зерттеушілерде бір пікір жоқ. Рашид адДин өз шығармасында XIII ғасырда керейіттер түркі тілдес емес, қайта монгол тілдес болған деп көрсетеді. Нақ осы автор басқа бір жерде керейіттердің шыққан тегі туралы мәселеде оншама үзілдікесілді айтпайды. Ол «ертеректе монғол атын алмаған» халықтар арасында керейіттер де болды деп жазады. Ал бұдан әріректе «керейіттер өздеріп мақтапу үшін монғолдар деп атай бастады», ал ерте кезде «бұл атауды мойындамайтын» деп көрсетеді.Бұл пікірді былай деп түсіну керек: монғолдар үстемдік еткен кезеңде олардың бодандары, соның ішінде керейіттер де өздері монғолдар болмағанымен, жаулап алушылардың этникалық атауын қабылдаған. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монголдарға жатқызған. ГруммГржимайло да керейіттердің түріктерден шықңанына күмән келтіреді. Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарамаңарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин олардытүріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Бірбірімен байланысы болмаса да, X. Ховорс иен А. А. Аристов бір мезгілде керейіттердің түріктерден шыққаны туралы пікірге келген. X. Ховорс өз пайымдауын керейіт хандарының түрік есімдері мен атақтарын көрсетуге негіздеген.Керейіттердің шығу тегі туралы С. Аманжолов та соншалықты айқын көзқарас ұстанды, ол «керейлер (керейіттер В. В.) ешқашанда монғолдар болған жоқ және монғолдар деп аталған емес» деп жазды. Ал одан әрі: «Монғолдар шапқыншылығы кезінде батысқа қоныс аударуға мәжбүр болған бөлігі (керейлердің В. В.) керейіттер деп аталды, ал бұрынғы жерінде қалғандарының бәрі өз атауларына «іт» жалғауын қабылдамады».Бізге бұл мәселені інешуді екі тұрғыдан қарастыру қажет тәрізді. Біріншіден, керейіттер мен керейлерді бір тайпа деп санау дұрыс па: өйткені бір зерттеушілер оларды бір тайпа деп санауға бейім, ал басқалары олай емес. Екіншіден, керейіттердің монғолдарға немесе түріктерге жататындығы туралы мәселе біріншісімен тығыз байланысты және белгілі бір дәрежеде соған тәуелді. Шығыстанушы Н. А. Аристов, В. В. Бартсльд, М. Тынышбаев пен С. А. Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді. Н. А. Аристов бұлайша балауға түсіндірме бермейді, жай ғана керейлер мен керейіттер жөнінде бір тайпа ретінде айтады. В. В. Бартольд та нақ сөлай істейді. М. Тынышбаев болса, неғұрлым сақ, өйткені керейіттер керейлердің Шыңғысханнан қашу кезінде бөлініп шығып, батысқа кеткен бөлігі болуы мүмкін деп жазады. М. Тынышбаев сияқты С. А. Аманжолов та жоғарыда өзіміз көргендей, керейіттерді керейлердің бір бөлігі деп есептейді. Керейіттер туралы айта келіп, X. Ховорс оларды керейлермен ешбір байланыстырмайды. ГруммГржимайло керейлер цюйлинь, ал керейіттер кэле (хэре) деп аталатын «ЦзиньЛяо Юань саньшиюйцзе» («Цзииь, Ляо және Юань әулеттерінің тарихтарында кездесетін байырғы халық атауларын түзетулер сөздігі») сияқты деректемеге сілтеме жасай отырьш, оларды әр түфлі тайпалар деп санайды.М. Тынышбаев пен С. А. Аманжоловтың батысқа кеткен керейлер керейіттер деп атала бастаған деген пікірін, біздің пікірімізше, онша дәл емес дегеннен бастайық. Біз деректемелерден шығыста, атап айтқанда, Монғолияда да керейіттер мекендегенін білеміз. Біздің бұрын көрсеткепіміздей, бұл жөнінде Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини айтады. «Қасиетті аңызда» (§ 96, 104, 105, 126 және басқа) керейіттер (кэлеити) туралы айтылады. Басқа да бірқатар деректер мұны айқын дәлелдейді. Мәселен, «Юаньшиде» Онханның серігі Хасан кэлеи (керейіт) тайпасынан шыққан делінген. Керейіттер кэлеи туралы «Синь Юаньшиде» де айтылады. Демек, керейіттердің ІНыңғысхан талқандан, батысқа кеткен керейлерден шыққандар болуы мүмкін емес, өйткені олар Моиғолияда сонау XII ғасырда, мүмкін, одан да бұрын болар, мекендеген. Керейіттердің болғаны және олар мекендеген жер жөнінде Н. Д. Мартин хабарлайды, ол керейіттер Толе, Орхон, Онгон өзендері бойынша көшіп жүрген және шығысында наймандармен шектесіп жатқан деп жазады. Біз Н. Д. Мартиннің керейіттер мекендейтін жер деп Рашид адДин айтқан жерлерді атайтынын көреміз. Бұл пікірді «Юаньши» де растайды, онда «Ванхан алқашқыда (бір кезде) осы жерлерде тұрды» делінген. Бұл арада Енисейдің оңтүстікбатысында, қырғыздардың оңтүстікшығысында, ТаннуОланың солтүстігінде жатқан Цзяньчжоу Кемчжаут аймағы айтылып отыр. Сонымен, бізге белгілі деректемелердің бәрінде керейлер емес, керейіттер туралы айтылады. Бұдан шығатыны: көптеген зерттеушілердің айтып жүргеніндей, керейлер мен керейіттерді бір деп санауға, керейіттер керейлердің «батысқа кеткен» бөлігінен шыққап деп есептеуге болмайды. Біз XXIII ғасырларда керейлер болған жоқ, керейіттер болған, олар өздерін Шыңғысхан талқандағанға дейін ертедегі феодалдық күшті мемлекет еді, ал «олардың көсемдері құдіретті патшалар болған» деп сапаймыз. Керейіттерді Шыңғысхан талқандағаннан кейін олардық бір бөлігі Ертістің томенгі ағысын бойлай қашын, оның мүмкін болған жерінде орын тепкен. Керейіттердің бір болігі Ертістің батыс жағына, содан соң одан да әрі қарай бет алған. Олардың көбісі өздерімен көршілес Алтай халықтарының құрамыиа кірді. Бірқатары тіпті басқа халықтардың құрамыида да өздерінің бастанқы этиикалық атауын сақтап қалғаи. Керейіттердің Ертіс бойымен, содан соң Сөлтүстік Қазақстан даласына кеткен болігі өз атауындағы «іт» жалғауын жоғалтып, «керей» деп атала бастаған да, содан соң дербес керей тайнасы ретінде қазақ халқының құрамына кірген. Керейіттерді біз доолос тайпасы қырғыздарының арасынан да көреміз. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Кіші жүзге кірген керейіт руының шыққан тегі туралы мәселе бізге қысқаша алғанда осылай сияқты. ## Тұлғалар * Нысанбай Жаманқұлұлы ашамайлы * Мүсірәлі Жәдікұлы * Алдаберген Бисенов * Төлеген Дәуітбаев * Зейнолла Жарқынбаев * Мәтен Өтешұлы Бижанов * Сәмит Далдабаев * Шахизат Хамитұлы Төребаев * Ахун Азаматұлы Мырзабай * Әбу-Жәлел пір
Лев Дмитриевич Шевяков (03.01.1889, Горький облысы, Ветлуга қаласы, — 03.07.1963, Мәскеу) - тау - кен ісі саласындағы көрнекті кеңес ғалымы, КСРО ҒА- ның академигі (1939), профессор (1920), технология ғылымының докторы (1935). ## Өмірбаяны Екатеринослав (қазіргі Днепропетровск қаласы) тау - кен институтын бітірген (1912). 1912 - 29 жылы осы институтта ассистент, доцент, профессор. 1929 - 32 жылдары Сібір технология институтының, 1933 - 44 жылдары Свердловск тау - кен институтының, ал 1944 - 52 жылдары Мәскеу тау - кен институтының профессоры. 1952-63 жылдары КСРО ҒА- ның А.А.Скочинский атындағы Тау - кен істері институтының бөлім меңгерушісі болды. Шевяковтың ғылыми еңбектері мен қазудың жаңа жүйесі мен оның теориясына, Кузбасс, Донбасскендерін, Курск магниттік аномалиясының темір кендерін зерттеуге әрі оларды тиімді жолмен өндіру мәселелеріне арналған. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 230 бет
## Ботаникалық сипаттамасы. * Ақ мия – биіктігі 30 – 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. * Тамыры ұзын, жан – жағына жақсы тарамдалған. * Сабағы тік өседі. * Бұтақшалары көп. * Жапырақтары сұрғылт – көк түсті, үш – үштен топталып өседі. * Гүлдері – ірілеу, сары түсті. * Сабақтын ұш жағында өседі. * Маусым – шілде айларында гүлдейді. * Жемісі – тұқым дәнекшесі көп бұршақ. Оның ұзындығы 4 – 5 см шамасында болады. Жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі. ## Табиғатта таралуы. Республикамыздың шығыс, оңтүстік – шығыс облыстары тауларының тастақты беткейлерінде, қорықтарда, шөл және шөлейт аймақтарда өседі.Дәрілік шикізат ретінде ақ мияның шөбі гүлдеп тұрған кезде орақпен немесе шалғымен орылып алып, кептіріліп, тездеп кептіріледі де, ұнтақталынады. Өсімдіктің улы болуына байланысты оны жинау және кептіру кезінде сақтық шараларын сақтаған жөн , яғни халат, резеңке қолғап, көзілдірік кию қажет. ## Химиялық құрамы. Өсімдіктің құрамында термопсин, гомотермопсин, пахикарцин, метилцитизин деп аталатын улы алколоидтар, сапониндер, илік заттар, аскорбин қышқылы, шайыр, эфир майлары, ал жемісінің құрамында цитизин деп аталатын улы алколоид болады. ## Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында өсімдіктің шөбі мен жемісі мал ішегіндегі гельминтті құрттарды түсіру үшін пайдаланылады. Тұнба ірі мал үшін 1:100, ал жас төл үшін 1:200 қатынаста дайындалады, яғни 1 грамм кептіріліп, ұнтақталған дәрілік зат қайнаған 1 литр суға, ал 1:200 қатынаста дайындалғанда 0,5 грамы 1 литр суға салынып тұндырылады. Малға орта есеппен берілетін мөлшері - ірі қара мен жылқыға – 0,5 – 0,8 г, қой мен бұзауға – 0,1 – 0,2 г, 3 – 4 айлық қозыға тұнба 1:200 қатынаста жасалып, 50 – 70 миллиметрден күніне 2 рет, яғни ертеңгісін және кешкісін ішкізіледі. Осындай мөлшерде берілгенде, мал ішегіндегі гельминт құрттары өліп, қимен бірге сыртқа шығады. Сондай – ақ, өкпе мен бауырдағы құрттарды жою үшін де осы тұнба қолданылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың гельминт құрттарын түсіруге қолданылатын өсімдіктер // Ақ мия немесе у таспа шөп — "Қайнар", 1988. — Б. 220-221. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Ботаникалық сипаттамасы. * Ақ мия – биіктігі 30 – 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. * Тамыры ұзын, жан – жағына жақсы тарамдалған. * Сабағы тік өседі. * Бұтақшалары көп. * Жапырақтары сұрғылт – көк түсті, үш – үштен топталып өседі. * Гүлдері – ірілеу, сары түсті. * Сабақтын ұш жағында өседі. * Маусым – шілде айларында гүлдейді. * Жемісі – тұқым дәнекшесі көп бұршақ. Оның ұзындығы 4 – 5 см шамасында болады. Жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі. ## Табиғатта таралуы. Республикамыздың шығыс, оңтүстік – шығыс облыстары тауларының тастақты беткейлерінде, қорықтарда, шөл және шөлейт аймақтарда өседі.Дәрілік шикізат ретінде ақ мияның шөбі гүлдеп тұрған кезде орақпен немесе шалғымен орылып алып, кептіріліп, тездеп кептіріледі де, ұнтақталынады. Өсімдіктің улы болуына байланысты оны жинау және кептіру кезінде сақтық шараларын сақтаған жөн , яғни халат, резеңке қолғап, көзілдірік кию қажет. ## Химиялық құрамы. Өсімдіктің құрамында термопсин, гомотермопсин, пахикарцин, метилцитизин деп аталатын улы алколоидтар, сапониндер, илік заттар, аскорбин қышқылы, шайыр, эфир майлары, ал жемісінің құрамында цитизин деп аталатын улы алколоид болады. ## Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында өсімдіктің шөбі мен жемісі мал ішегіндегі гельминтті құрттарды түсіру үшін пайдаланылады. Тұнба ірі мал үшін 1:100, ал жас төл үшін 1:200 қатынаста дайындалады, яғни 1 грамм кептіріліп, ұнтақталған дәрілік зат қайнаған 1 литр суға, ал 1:200 қатынаста дайындалғанда 0,5 грамы 1 литр суға салынып тұндырылады. Малға орта есеппен берілетін мөлшері - ірі қара мен жылқыға – 0,5 – 0,8 г, қой мен бұзауға – 0,1 – 0,2 г, 3 – 4 айлық қозыға тұнба 1:200 қатынаста жасалып, 50 – 70 миллиметрден күніне 2 рет, яғни ертеңгісін және кешкісін ішкізіледі. Осындай мөлшерде берілгенде, мал ішегіндегі гельминт құрттары өліп, қимен бірге сыртқа шығады. Сондай – ақ, өкпе мен бауырдағы құрттарды жою үшін де осы тұнба қолданылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың гельминт құрттарын түсіруге қолданылатын өсімдіктер // Ақ мия немесе у таспа шөп — "Қайнар", 1988. — Б. 220-221. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Зернебек Шілдебайұлы (1949 жылы 10 тамызда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Бостандық ауылында дүниеге келген) - қазақ жазушысы. Ысты руынан шыққан. ## Өмірбаяны 1967 жылы "Ойық" орта мектебін бітірген.1967-1969 жылдары Қазақстан мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының механика факультетінде оқыған.1967-1969 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы "Ойық савхозында аудандық байланыс торабының радиомонтері" болды.1970-1971 жылдары Алматыдағы номер екінші баспаханада жұмысшы.1971-1976 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филиология факультетінде оқыған. ## Карьерасы 1976-1978 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы "Тамды" орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,1978-1985 жылдары Жамбыл облысының Қордай аудандық ұйымының жауапты хатшысы.1985-1987 жылдары Алматыдағы "Мектеп" баспасының корректоры,аға редакторы,1987-1989 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі 1989-1991 жылдары Қазақстан мектебі журналында ғылыми редактор Қазақ тілі мен әдебиеті журналы мен оның Ұлағат қосымшасының бас редакторы және кейіннен осы журналдардың бас директоры атанды. ## Еңбектері Көптеген әдеби-публицистикалық ,ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мақалалары,өлеңдері мен жыр-толғаулары аудандық,облыстық және мерзімдік басылым беттерінде жарияланған."Кеудемдегі кептерім" атты (1999) өлеңдер жинағының авторы."Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" белгісімен және Құрмет Грамотасымен марапатталған. ## Дереккөздер / Қазақстан жазушылары : анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 437 бет.
Динара Рамазанқызы Сәдуақасова (31 қазан 1996, Астана, Қазақстан) — қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер (2012). Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген. Шындап он жасында қатыса бастаған.Шахматтан басқа музыка, теннис, жүзумен айналысады. Тілдерді үйренеді. Орта мектепті үздік бітірген. 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді. Қазақстанның әйелдер арасында ең жас гроссмейстері (гроссмейстер 2012 жылы 16 жасында атанды) 2011 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталуы «Жастар-2011» жастар сыйлығын «Жылдың жас спортшысы» байқауында жеңіп алды «Интеллектуальная нация — 2011» форумының спикері. 8 наурызға арналған Қазақстан Республикасы Президентімен мерекелік кездесуге қатысушысы (07.03.2012) 2013 жылғы «SportReview» журналына сәйкес үздік спортшы атанды. " Караван " газеті бойынша 2014 жылдың үздік спортшысы деп танылды. 2014 жылдың наурыз айында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» шахмат турнирі өтті 2014 жылдың жазында өзінің стипендиясына өз тарапына негізделген «Шахматтан алғашқы қадамдар» кітабын жариялады «Респект спортсмен» («Халық таңдаулысы 2014») санатындағы ұлттық сыйлығының лауреаты «Отважная пешка», «Белая ладья», «Мемориал П. Измайлова» (Ресей), «Х. Омарованы еске алу» (Қазақстан), «Г. Агзамованы еске алу» (Өзбекстан), «Мемориал Л. Руденко-2009» Халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы. 2016 жылдан қазақстандық оқушылар Динара Сәдуақасованың «Шахматтың алғашқы қадамдары» кітабымен шахмат үйренеді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы желтоқсанда Динара Сәдуақасова ерекшеленген бір топ мәдениет пен өнер өкілдерімен бірге «Құрмет» орденімен марапатталды . ## Шахматтағы жетістіктері * 2004 — вице —чемпион, Азияның 8 жасқа дейінгі қыздар арасында. * 2007 — вице — чемпион, 12 жасқа дейінгі қыздар арасында * 2010 — әлем чемпионы, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында, * 2010 — Дубай Шейхінің Кубок иегері * 2010 — әлем вице — чемпион, 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында * Сегіз дүркін Қазақстан әйелдері арасында Республикасының абсолютті чемпионы 10,12,14,16,18 жасқа дейін. * 2012 — 17 жасқа дейінгі оқушылар арасында әлем чемпионы. * 2012 — 16 жасында Қазақстан әйелдері арасында ең жас халықаралық гроссмейстер. * 2014 — «Memorial Ridha Belkadhi Women’s Tournament» (Тунис) жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир бірінші орын иегері * 2014 — "Benasque open" әйелдер арасында бірінші орын мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде бірінші орын (Испания) * 2014 — Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан Республикасының құрама командасының ең үздік нәтижесі (Тромсе), без замен и поражений набрала 8,5 очков из 11 возможных * 2014, қыркүйек — 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы (Дурбан, ОАР). * 2015, маусым — Әйелдер арасында Орталық Азия чемпионы (ФИДЕ аймақтық 3.4. турнирінде (Душанбе, Тәжікстан) . * 2015, қазан — Ереванда өткен университтер арасындағы Еуропа чемпионатын жеңіп алды (Армения), УГГУ (Екатеринбург, Ресей) атынан қатысты. * 2016, сәуір — Азия халықтарының кубогында қола медаль алған Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші тақтайы (Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері) . * 2016, маусым — Ташкентте әйелдер арасында шахматтан Азия чемпионатында Динара, үндістандық тек жарты ұпайға Бхакти Кулкарниден ұтылып күміс медаль жеңіп алды . * 2016, тамыз — 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы (Бхубанесвар, Индия). ## Дереккөздер
## Ботаникалық сипаттамасы. Шоқпарбас плаун – жылдық төрт мезгілінде де көгеріп тұратын, көп жылдық, споралы, бұталы өсімдік. Сабағы жер бетіне қисайып, жайылып өседі. Жер бетіндегі жайылып жатқан сабақтан бұтақшалар тік өседі де, биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жапырақтарының пішіні сопақша, жұмыртқа тәрізді. Олардың ұшында өткір, ақ түсті, ұзын шаш сияқты жіңішке зат, ал бұтақшаларының ұшында 3 – 4 споралы масақшасы болады.Шілде айының екінші жартысында масақшалардан сары түсті ұнтақ – споралар төгіледі. Оларға су жұқпайды,жылтылдап сусып тұрады. ## Табиғатта таралуы. Республикамыздың оңтүстік, шығыс облыстары тауларының тастақты беткейлерінде, аршалы ну тоғайлардың, жабайы бұталардың арасында өседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жас бұтақшаларын және спораларын жаз, күз, көктем айларында жинап алады. Ол үшін плаунның жас бұтақшаларын өткір қайшымен кесіп алып, майдалап турайды да, көлеңке жерге кептіріп, қағаз қапшықтарға салып сақтайлһды. Кептірілген спораларды ірі көзді елеуіштермен елеп алады. ## Химиялық құрамы. Өсімдік бұтақшалары мен спораларының құрамында плаватин, ликопотин, плаватоксин деп аталатын алколоидтар, клетчатка, споронин, минералды заттар, қант және басқа да заттар болады. ## Қолданылуы. Халық емінде өсімдіктің ұнтақталған дәрілік заты вазелинмен, салидолмен араластырылып бұзаулардың тазқотырын, құлынның түрлі қышымаларын емдеген. Малдың буындарына жағып, ісігін қайтарған.Әдетте плаунның 20 пайыздық майлы қоспасы дайындалып, дәрі ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шоқпарбас плаун. — "Қайнар", 1988. — Б. 193. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Ботаникалық сипаттамасы. Шоқпарбас плаун – жылдық төрт мезгілінде де көгеріп тұратын, көп жылдық, споралы, бұталы өсімдік. Сабағы жер бетіне қисайып, жайылып өседі. Жер бетіндегі жайылып жатқан сабақтан бұтақшалар тік өседі де, биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Жапырақтарының пішіні сопақша, жұмыртқа тәрізді. Олардың ұшында өткір, ақ түсті, ұзын шаш сияқты жіңішке зат, ал бұтақшаларының ұшында 3 – 4 споралы масақшасы болады.Шілде айының екінші жартысында масақшалардан сары түсті ұнтақ – споралар төгіледі. Оларға су жұқпайды,жылтылдап сусып тұрады. ## Табиғатта таралуы. Республикамыздың оңтүстік, шығыс облыстары тауларының тастақты беткейлерінде, аршалы ну тоғайлардың, жабайы бұталардың арасында өседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жас бұтақшаларын және спораларын жаз, күз, көктем айларында жинап алады. Ол үшін плаунның жас бұтақшаларын өткір қайшымен кесіп алып, майдалап турайды да, көлеңке жерге кептіріп, қағаз қапшықтарға салып сақтайлһды. Кептірілген спораларды ірі көзді елеуіштермен елеп алады. ## Химиялық құрамы. Өсімдік бұтақшалары мен спораларының құрамында плаватин, ликопотин, плаватоксин деп аталатын алколоидтар, клетчатка, споронин, минералды заттар, қант және басқа да заттар болады. ## Қолданылуы. Халық емінде өсімдіктің ұнтақталған дәрілік заты вазелинмен, салидолмен араластырылып бұзаулардың тазқотырын, құлынның түрлі қышымаларын емдеген. Малдың буындарына жағып, ісігін қайтарған.Әдетте плаунның 20 пайыздық майлы қоспасы дайындалып, дәрі ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шоқпарбас плаун. — "Қайнар", 1988. — Б. 193. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы. * Бұл өсімдікті халық арасында әртүрлі атайды. Айталық, республикамыздың оңтүстігінде көк бас жоңышқа, бал гүлі, аңыздық үш жапырақты жоңышқа, шығыс облыстарды гүлі ара, дәрілік жоңышқа деп атайды. * Жабайы жоңышқа – биіктігі 50 см – ге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. * Тамыры жуандау, өзекті, жан - жағына қосымша тамырлары тараған. * Сабағы жіңішке, тік өседі, бұтақшалары көп, үш жапырақты. * Гүлдері топтасып, ірі гүл шоғырын құрайды, түсі – ақшыл - көк. * Жемісі – бір дәнекті, кішкентай ғана жұмыртқа тәріздес бұршақ. * Шілде – тамыз айларында гүлдейді. ## Табиғатта таралуы. Бұл өсімдік жабайы түрде республикамыздың оңтүстік, шығыс, солтүстік облыстары ормандарының шетінде, бұталар арасында, сайлы – қыратты жерлерде, жол бойында, су жайылып, тартылған шалғындарда жиі өседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік толық гүлдеп болған кезде, гүл шоғыры ғана қайшымен ептеп қиылып алынады. Ол аса құрғатылмай кептіріліп, фанерь, кардон жәшіктерде салынып, құрғақ қараңғы бөлмелерде сақталады. ## Химиялық құрамы. Жоңышқаның гүл шоғырының құрамында трифолин деп аталатын гликозид, эфирлік майлар, аскорбин қышқылы, каротин, В тобындағы дәреумендер, алколоидтар, смолалық заттар, изофлавноидтар, биохинон деген заттар бар. ## Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында тыныс алу органдары ауыратын бұзаулардың, қозыладың қақырығын түсіру үшін қолданады. Тұнба 1:10 қатынаста жасалып, бұзауға 150 – 200 мл мөлшерінде 3 – 4 рет ішкізіледі. Ал, қозыға – 25 – 50 миллилитрден күніне 3 – 4 рет ішкізсе тыныс алу жеңілдеп, жалпы күйі жақсарады.Сақау ауруына шалдыққан құлынға жоңышқаның 1:5 қатынаста дайындалған ертіндісін ішкізсе, жалпы күйі жақсарып, тез оңалады. Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // жабайы жоңышқа — "Қайнар", 1988. — Б. 147-148. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Ботаникалық сипаттамасы. * Бұл өсімдікті халық арасында әртүрлі атайды. Айталық, республикамыздың оңтүстігінде көк бас жоңышқа, бал гүлі, аңыздық үш жапырақты жоңышқа, шығыс облыстарды гүлі ара, дәрілік жоңышқа деп атайды. * Жабайы жоңышқа – биіктігі 50 см – ге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. * Тамыры жуандау, өзекті, жан - жағына қосымша тамырлары тараған. * Сабағы жіңішке, тік өседі, бұтақшалары көп, үш жапырақты. * Гүлдері топтасып, ірі гүл шоғырын құрайды, түсі – ақшыл - көк. * Жемісі – бір дәнекті, кішкентай ғана жұмыртқа тәріздес бұршақ. * Шілде – тамыз айларында гүлдейді. ## Табиғатта таралуы. Бұл өсімдік жабайы түрде республикамыздың оңтүстік, шығыс, солтүстік облыстары ормандарының шетінде, бұталар арасында, сайлы – қыратты жерлерде, жол бойында, су жайылып, тартылған шалғындарда жиі өседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік толық гүлдеп болған кезде, гүл шоғыры ғана қайшымен ептеп қиылып алынады. Ол аса құрғатылмай кептіріліп, фанерь, кардон жәшіктерде салынып, құрғақ қараңғы бөлмелерде сақталады. ## Химиялық құрамы. Жоңышқаның гүл шоғырының құрамында трифолин деп аталатын гликозид, эфирлік майлар, аскорбин қышқылы, каротин, В тобындағы дәреумендер, алколоидтар, смолалық заттар, изофлавноидтар, биохинон деген заттар бар. ## Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында тыныс алу органдары ауыратын бұзаулардың, қозыладың қақырығын түсіру үшін қолданады. Тұнба 1:10 қатынаста жасалып, бұзауға 150 – 200 мл мөлшерінде 3 – 4 рет ішкізіледі. Ал, қозыға – 25 – 50 миллилитрден күніне 3 – 4 рет ішкізсе тыныс алу жеңілдеп, жалпы күйі жақсарады.Сақау ауруына шалдыққан құлынға жоңышқаның 1:5 қатынаста дайындалған ертіндісін ішкізсе, жалпы күйі жақсарып, тез оңалады. Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // жабайы жоңышқа — "Қайнар", 1988. — Б. 147-148. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Іле құртқашашы (лат. Iris pallasii) – құртқашаштар тұқымдасының құртқашаш туысына жататын өсімдік. ## Ботаникалық сипаттампасы. * Іле құртқашашы – биіктігі 20 – 40 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. * Тамыры ақшыл түсті, жуан, көптеген қосымша тамыр – сабақшалары болады. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтарының пішіні кәдімгі қылыш тәрізді. * Сабақтағы жапырақтарының пішіні сопақтау, жүрек секілді. * Өсімдік сәуір – мамыр айларында гүлдейді. * Оның гүлі – көкшіл түсті, ірі, көздің жауын алады. ## Табиғатта таралуы. Қазақстан территориясында іле құртқашашы шөбінің жиырма түрі бар.Өсетін аймақтарында байланысты оларды орыс құртқашашы, сібір құртқашашы, шығыс, батыс құртқашашы, қылыш құртқашашы, ірі жапырақты құртқашаш және тағы басқалай да атайды.Осы аталып өткен шөп түрлерінің шипалық қасиеттері бір – біріне шамалас. Іле құртқашашы Алматы, Талдықорған облысында Іле өзені жағалауындағы шабындықтарда, құмды жерлерде қалың болып өседі.Кейбір жерлерде оны сәндік өсімдік ретінде мәдени де өсіреді.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік әбден гүлдеп болған кезде, яғни шілде – тамыз айларында,тамырын күрекпен қазып алып, топырақтан тазалайды. Кептіріп, майдалап турайды да, кардон, фанерь жәшіктерге салып, құрғақ орындарда сақтайды. ## Химиялық құрамы. Оның тамырының құрамында геридин гликозиді, крахмал, қант, эфир майлары және басқа да заттар бар. ## Қолданылуы. Тамыр тұнбасымен өкпесі, өңеші қабынған бұзау, құлын, қозыны емдейді.Тұнба 1:10 қатынаста дайындалады. Берілу мөлшері – бұзау мен құлынға – 10 – 20 г, қозыға – 5 – 8 г. Тұнба оларға осы мөлшерде күніне 3 рет ішкізіледі. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // іле құртқашашы — "Қайнар", 1988. — Б. 158-159. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы. Үшкір азинеума – биіктігі 50 – 100 см шамасында болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік. Сабағы тік өседі, ұзына бойында жапырақтар жиі орналасқан. Өсімдіктің өне бойын қыл тәріздес тікенектер басып тұрады. Жапырақтары сопақша – ланцет пішіндес, ұш жағы сүйірлеу келеді. Гүл тостағаншалары масақтанып, топ – топ болып өседі. Гүлдері – майда, көк және көкшіл түсті, гүл жапырақшалары болмайды. Жемісі кішкене жәшік тәрізденіп тұрады. Өсімдік маусым – тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі. ## Табиғатта таралуы. Бұл өсімдік Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының тастақты беткейлерінде, тау етектеріндегі құмды – тастақты жерлерде, ал Қаратау мен батыс Тянь – Шань тауларының кейбір жерлерінде қалың өседі. ## Химиялық құрамы. Өсімдіктің химиялық құрамын 1957 – 1958 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің ғалымдары зерттеп, өсімдік шөбі мен тамырының құрамында 0,8 пайыз шамасында сапониндер бар екенін анықтады. Жалпы республикамыздың малшылар қауымы бұл өсімдікті улы деп есептейді. Ол өсіп тұрғанда оны ешқандай мал жемейді. Ал пішенге араласып кеткен шөбінен күйіс қайыратын мал уланады. Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдікпен уланған мал азда болса да кездесіп жүр. Сондықтан, өсімдіктің қалың өсетін жерлерінен мал азығын дайындағанда жергілікті мал дәрігерлері шабылған пішен құрамына тым көп араласып кетпеуін қадағалап, сақтық шараларын жүргізулері керек. Ғылым жаңалығы.Соңғы жылдары медицинада осы өсімдіктің тамыр тұнбасы өкпе және сүйек туберкулезін емдеуге қолданылып жүр. Дәрілік шикізат тамыз – қыркүйек айларында қазылып алынып, суық суға жуылады да, көлеңке жерде кептіріліп, майдаланады. Кептірілген майда дәрілік зат кәдімгі қымызға салынып, 5 – 7 күн бойы ашытылады. Содан соң дәрілік зат сүзіліп алынып, тағы да кептіріледі, ал қымыз тұнбасы ауру адамға күніне 2 – 3 стаканнан ішкізіледі . Тамыр тұнбасымен алапес ауруын емдеуге болады. Ол үшін тұүнба арнайы жасалған схема бойынша ішкізіледі. Келекшекте бұл өсімдіктің тамыр тұнбасының бұзаудың өкпе туберкулезін емдеуге қолданылуы мүмкін. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Үшкір азинеума — "Қайнар", 1988. — Б. 234-235. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. ## Ботаникалық сипаттамасы. Үшкір азинеума – биіктігі 50 – 100 см шамасында болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік. Сабағы тік өседі, ұзына бойында жапырақтар жиі орналасқан. Өсімдіктің өне бойын қыл тәріздес тікенектер басып тұрады. Жапырақтары сопақша – ланцет пішіндес, ұш жағы сүйірлеу келеді. Гүл тостағаншалары масақтанып, топ – топ болып өседі. Гүлдері – майда, көк және көкшіл түсті, гүл жапырақшалары болмайды. Жемісі кішкене жәшік тәрізденіп тұрады. Өсімдік маусым – тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі. ## Табиғатта таралуы. Бұл өсімдік Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының тастақты беткейлерінде, тау етектеріндегі құмды – тастақты жерлерде, ал Қаратау мен батыс Тянь – Шань тауларының кейбір жерлерінде қалың өседі. ## Химиялық құрамы. Өсімдіктің химиялық құрамын 1957 – 1958 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің ғалымдары зерттеп, өсімдік шөбі мен тамырының құрамында 0,8 пайыз шамасында сапониндер бар екенін анықтады. Жалпы республикамыздың малшылар қауымы бұл өсімдікті улы деп есептейді. Ол өсіп тұрғанда оны ешқандай мал жемейді. Ал пішенге араласып кеткен шөбінен күйіс қайыратын мал уланады. Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдікпен уланған мал азда болса да кездесіп жүр. Сондықтан, өсімдіктің қалың өсетін жерлерінен мал азығын дайындағанда жергілікті мал дәрігерлері шабылған пішен құрамына тым көп араласып кетпеуін қадағалап, сақтық шараларын жүргізулері керек. Ғылым жаңалығы.Соңғы жылдары медицинада осы өсімдіктің тамыр тұнбасы өкпе және сүйек туберкулезін емдеуге қолданылып жүр. Дәрілік шикізат тамыз – қыркүйек айларында қазылып алынып, суық суға жуылады да, көлеңке жерде кептіріліп, майдаланады. Кептірілген майда дәрілік зат кәдімгі қымызға салынып, 5 – 7 күн бойы ашытылады. Содан соң дәрілік зат сүзіліп алынып, тағы да кептіріледі, ал қымыз тұнбасы ауру адамға күніне 2 – 3 стаканнан ішкізіледі . Тамыр тұнбасымен алапес ауруын емдеуге болады. Ол үшін тұүнба арнайы жасалған схема бойынша ішкізіледі. Келекшекте бұл өсімдіктің тамыр тұнбасының бұзаудың өкпе туберкулезін емдеуге қолданылуы мүмкін. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Үшкір азинеума — "Қайнар", 1988. — Б. 234-235. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Бұл – бір жылдық шөп тектес улы өсімдік. Қазақстанның оңтүстік батыс және солтүстік аймақтарындағы шөлді, шөлейт жерлерде өседі. Оның құрамында протоанемонин деген улы зат болды. Мүйізді шөңгебаспен оңтүстік облыстарда ақпан – наурыз , солтүстік және батыс облыстарда сәуір – мамыр айларында өсімдік гүлдеген кезінде қой, әсіресе қозылы саулықтар уланады.Кептірілген шөп улылық қасиетін жоғалтады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Мүйізді шөңгебас — "Қайнар", 1988. — Б. 240. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. https://halykemi.wordpress.com/about/