text
stringlengths 3
252k
|
---|
## Ботаникалық сипаттамасы.
Шатырша толғақшөп – биіктігі 15 – 20 см, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы төрт қырлы түзу, оның жоғары жағында бұтақшалары көптеу болады.Өсімдік тамыры жіңішке, сопақша келген жапырақтары шоғырланып, топтасып орналасқан. Жапырақтары жұмыртқа тәріздес, шеттері бүтін болады.Майда,қызғылт және ақ түсті гүлдері топтасып, шоғырланып орналасады.Өсімдік шілде – тамыз айларында гүлдейді. Гүл жапырақтары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес – бестен болады. Жемісінің жалпы пішіні ұзынша келген қауашақ тәріздес.
## Табиғатта таралуы.
Бұл өсімдік республикамыздың солтүстік облыстарында жиі кездеседі. Олар су жайылған шабындықтарда, көл – өзен жағаларында, сазды жерлерде өседі.Дәрілік шикізат ретінде сабағын, жапырағы мен гүлін гүлдеген кезінде жинап алып, өте құрғатпай, көлеңке жерде кептіреді де, фанерь жәшіктерде сақталады. Дұрыс жиналып, құрғақ жерде сақталған дәрілік шикізат екі жылға дейін шипалық қасиетін жоя қоймайды.Химиялық құрамы.Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында бір процент шамасында генцианин деп аталатын алколоид, эритаурап, эритроцентауран, генциопикрин деген глюкозидтер, сондай – ақ аздаған мөлшерде эфир майлары, аскорбин қышқылы, шайырлы заттар, балауыз және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Халық емінде бұл дәрілік шөп малдың асқазан – ішек жұмысы нашарлағанда, ішектер түйіліп ауырып, желденгенде , өт қалтасы және өт жолы қабынғанда қолданылған. Малшылар, тәжірибесі мол мал дәрігерлері мен фельдшерлер бұл өсімдікпен бүйрек ауруларын да емдеген.
Қазіргі мал дәрігерлігі практикасында шатырша толғақшөппен негізінен асқазан – ішек ауруларын емдейді.
Дәрілік шөп амара тинктурасы деп аталатын ащы тұнба қоспасының құрамына кіреді. Оны жасау үшін андыз тамырының 30 грамы, шатырша толғақшөбінің 60 грамы, кермек жусанның 30 грамы, мандарин қабығының 15 грамы араластырылып, 50 проценттік 850 – 900 мл спиртте 6 – 7 күн бойы ашытылады. Бұл ащы тұнба малдың азыққа тәбетін ашу және асқазан – ішек сөлінің көп шығуы үшін қолданылады.
Оның малға беру мөлшері : жылқыға – 1 – 3 мл, ірі қараға 2 – 8, қой – ешкіге 0,3 – 0,2 мл.
Шатырша толғақшөп мал ішегіндегі жұмыр гельминттерді түсіру үшін қолданылады. Ол үшін шайшөптің - 50, түймешетеннің 50,шатырша толғақшөптің – 50 грамы араластырылып, қоспаның 50 – 60 грамы қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады. Бұл тұнба гельминтозбен ауырған ірі қараға 100 – 150 мл, қойға 30 – 50 мл мөлшерінде тәулігіне 3 рет ішкізіледі.Малдың өт ауруларын емдеу үшін шатырша шөптің 10 грамы, аңдыздың 10 грамы, шайшөптің 10 грамы жақсылап араластырылады да, бір жарым литр салқын суға салып, 10 – 12 сағат тұндырлады ( түнге қарай ). Одан кейін 1 – 2 минут қайнатылып, суытылады.Бұл тұнба ірі қараға – 150 – 250, жылқыға – 120 – 230, қойға – 50 – 90 мл мөлшерінде тәулігіне үш рет ішкізіледі.66-67-68 бет
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың асқазан - ішек ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шатырша толғақ шөп — "Қайнар", 1988. — Б. 66-68. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы.
Шатырша толғақшөп – биіктігі 15 – 20 см, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы төрт қырлы түзу, оның жоғары жағында бұтақшалары көптеу болады.Өсімдік тамыры жіңішке, сопақша келген жапырақтары шоғырланып, топтасып орналасқан. Жапырақтары жұмыртқа тәріздес, шеттері бүтін болады.Майда,қызғылт және ақ түсті гүлдері топтасып, шоғырланып орналасады.Өсімдік шілде – тамыз айларында гүлдейді. Гүл жапырақтары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес – бестен болады. Жемісінің жалпы пішіні ұзынша келген қауашақ тәріздес.
## Табиғатта таралуы.
Бұл өсімдік республикамыздың солтүстік облыстарында жиі кездеседі. Олар су жайылған шабындықтарда, көл – өзен жағаларында, сазды жерлерде өседі.Дәрілік шикізат ретінде сабағын, жапырағы мен гүлін гүлдеген кезінде жинап алып, өте құрғатпай, көлеңке жерде кептіреді де, фанерь жәшіктерде сақталады. Дұрыс жиналып, құрғақ жерде сақталған дәрілік шикізат екі жылға дейін шипалық қасиетін жоя қоймайды.Химиялық құрамы.Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында бір процент шамасында генцианин деп аталатын алколоид, эритаурап, эритроцентауран, генциопикрин деген глюкозидтер, сондай – ақ аздаған мөлшерде эфир майлары, аскорбин қышқылы, шайырлы заттар, балауыз және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Халық емінде бұл дәрілік шөп малдың асқазан – ішек жұмысы нашарлағанда, ішектер түйіліп ауырып, желденгенде , өт қалтасы және өт жолы қабынғанда қолданылған. Малшылар, тәжірибесі мол мал дәрігерлері мен фельдшерлер бұл өсімдікпен бүйрек ауруларын да емдеген.
Қазіргі мал дәрігерлігі практикасында шатырша толғақшөппен негізінен асқазан – ішек ауруларын емдейді.
Дәрілік шөп амара тинктурасы деп аталатын ащы тұнба қоспасының құрамына кіреді. Оны жасау үшін андыз тамырының 30 грамы, шатырша толғақшөбінің 60 грамы, кермек жусанның 30 грамы, мандарин қабығының 15 грамы араластырылып, 50 проценттік 850 – 900 мл спиртте 6 – 7 күн бойы ашытылады. Бұл ащы тұнба малдың азыққа тәбетін ашу және асқазан – ішек сөлінің көп шығуы үшін қолданылады.
Оның малға беру мөлшері : жылқыға – 1 – 3 мл, ірі қараға 2 – 8, қой – ешкіге 0,3 – 0,2 мл.
Шатырша толғақшөп мал ішегіндегі жұмыр гельминттерді түсіру үшін қолданылады. Ол үшін шайшөптің - 50, түймешетеннің 50,шатырша толғақшөптің – 50 грамы араластырылып, қоспаның 50 – 60 грамы қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады. Бұл тұнба гельминтозбен ауырған ірі қараға 100 – 150 мл, қойға 30 – 50 мл мөлшерінде тәулігіне 3 рет ішкізіледі.Малдың өт ауруларын емдеу үшін шатырша шөптің 10 грамы, аңдыздың 10 грамы, шайшөптің 10 грамы жақсылап араластырылады да, бір жарым литр салқын суға салып, 10 – 12 сағат тұндырлады ( түнге қарай ). Одан кейін 1 – 2 минут қайнатылып, суытылады.Бұл тұнба ірі қараға – 150 – 250, жылқыға – 120 – 230, қойға – 50 – 90 мл мөлшерінде тәулігіне үш рет ішкізіледі.66-67-68 бет
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың асқазан - ішек ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шатырша толғақ шөп — "Қайнар", 1988. — Б. 66-68. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
## Ботаникалақ сипаттамасы
Шағыр тікен – биіктігі 0,5 – 1,5 метрге дейі жететін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Ол ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін арам шөп болып саналады. Сабағы тік өседі, ұш жағында бұтақшалары көп болады. Өсімдіктің өн бойын қысқа түк басып тұрады. Содай – ақ адамның қолына кіретін ащы тікені болады.Жапырақтары ірі, шеттері тікенекті, үлкен – үлкен ойықтары болады. Гүлдері – шар тәріздес, ашық қызыл түсті, сабақтың ұш жағында орналасады.Жемісі – тұқымдық қауашақ. Өсімдік маусым тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамызда піседі.
## Табиғатта таралуы
Республикамыздың оңтүстік облыстарының тастақты беткейлерінде, бос жатқан және егістік жерлерде, далалы аймақта, бау – бақша арасында өсе береді.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдеп тұрған кезде жапырағын және гүл корзиналарын жинап алады.
## Химиялық құрамы
Оның химиялық құрамы толық зерттеліп біткен жоқ. Кейбір зерттеулердің қорытындысы бойынша оның құрамында инсулин, флавноидтар, сапониндер және алколоидтар бар екені анықталды.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында зәр айдайтын, іш жүргізетін және іріңді жараларды емдейтін дәрі ретінде қолданылады.
Тұнба жасау үшін 40-50 грамын қайнап тұрған 600 мл суға салып, 25 – 30 минут тұндырады да, суытып, дәкемен сүзіледі.
Оны ірі малға – 30 – 80 мл, уақ малға – 10 – 20 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Қою тұнбасыме іріңді жараларды жуып емдейді.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шағыр тікен — "Қайнар", 1988. — Б. 181. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалақ сипаттамасы
Шағыр тікен – биіктігі 0,5 – 1,5 метрге дейі жететін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Ол ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін арам шөп болып саналады. Сабағы тік өседі, ұш жағында бұтақшалары көп болады. Өсімдіктің өн бойын қысқа түк басып тұрады. Содай – ақ адамның қолына кіретін ащы тікені болады.Жапырақтары ірі, шеттері тікенекті, үлкен – үлкен ойықтары болады. Гүлдері – шар тәріздес, ашық қызыл түсті, сабақтың ұш жағында орналасады.Жемісі – тұқымдық қауашақ. Өсімдік маусым тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамызда піседі.
## Табиғатта таралуы
Республикамыздың оңтүстік облыстарының тастақты беткейлерінде, бос жатқан және егістік жерлерде, далалы аймақта, бау – бақша арасында өсе береді.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдеп тұрған кезде жапырағын және гүл корзиналарын жинап алады.
## Химиялық құрамы
Оның химиялық құрамы толық зерттеліп біткен жоқ. Кейбір зерттеулердің қорытындысы бойынша оның құрамында инсулин, флавноидтар, сапониндер және алколоидтар бар екені анықталды.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында зәр айдайтын, іш жүргізетін және іріңді жараларды емдейтін дәрі ретінде қолданылады.
Тұнба жасау үшін 40-50 грамын қайнап тұрған 600 мл суға салып, 25 – 30 минут тұндырады да, суытып, дәкемен сүзіледі.
Оны ірі малға – 30 – 80 мл, уақ малға – 10 – 20 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Қою тұнбасыме іріңді жараларды жуып емдейді.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шағыр тікен — "Қайнар", 1988. — Б. 181. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
## Ботаникалық сипаттамасы.
* Бұл биіктігі 60 – 70 см, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
* Тамыры тік өзекті,сабағы түзу, бұтақшалары көп.
* Сабағының қабығы өте жұқа болады.
* Тамыр – жапырақтарының сабақтары жіңішке, ұзын, үш тілімделген.
* Сабақтың төменгі жағында орналасқан жапырақтарының сағақтары қысқа, ал оның ұш жағында орналасқан жапырақтары отырмалы.
* Гүлдері – майда, қызғылт түсті, жемісі – домалақ, қоңыр түсті, өте майда екі тұқымшасы бар қауашақ.
* Өсімдік маусым – шілде айларында гүлдейді.
* Жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі.
## Табиғатта таралуы.
Республикамыздың Шымкент, Жамбыл облыстарында кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде негізінен өсімдіктің жемісі қолданылады. Оны тамыз – қыркүйек айларында жинап алады. Дәрілік шикізатты кептіру және сақтау жалпы ережеге сай жүргізіледі.
## Химиялық құрамы.
Өсімдік жемісінің құрамында эфир және қаныққан майлар бар. Эфир майының құрамында линолол және терпен деген заттар, ал қаныққан майлардың құрамына глицерин кіреді. Сонымен қатар, өсімдік жемісінің құрамында аздаған алколоид болады. Әшкөк майы сабын қайнату ісінде де пайдаланылады.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында әшкөктің жемісі малдың асқазан – шек жұмысын жақсартуға, өт жүргізуге және қақырық түсіруге қолданылады. Өсімдік жемісі малға мынандай мөлшерде беріледі : жылқыға – 10 – 25 г, ірі қараға - 25 -50 г, қой - ешкіге – 5 - 10 г, тауыққа – 0,2 – 0,5 г. Әдетте ұнтақталған жеміс малдың жемшөбіне қосып беріледі, егер ондай мүмкіндік болмаса тұнба түрінде ішкізіледі.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // екпе әшкөк — "Қайнар", 1988. — Б. 70. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы.
* Бұл биіктігі 60 – 70 см, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
* Тамыры тік өзекті,сабағы түзу, бұтақшалары көп.
* Сабағының қабығы өте жұқа болады.
* Тамыр – жапырақтарының сабақтары жіңішке, ұзын, үш тілімделген.
* Сабақтың төменгі жағында орналасқан жапырақтарының сағақтары қысқа, ал оның ұш жағында орналасқан жапырақтары отырмалы.
* Гүлдері – майда, қызғылт түсті, жемісі – домалақ, қоңыр түсті, өте майда екі тұқымшасы бар қауашақ.
* Өсімдік маусым – шілде айларында гүлдейді.
* Жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі.
## Табиғатта таралуы.
Республикамыздың Шымкент, Жамбыл облыстарында кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде негізінен өсімдіктің жемісі қолданылады. Оны тамыз – қыркүйек айларында жинап алады. Дәрілік шикізатты кептіру және сақтау жалпы ережеге сай жүргізіледі.
## Химиялық құрамы.
Өсімдік жемісінің құрамында эфир және қаныққан майлар бар. Эфир майының құрамында линолол және терпен деген заттар, ал қаныққан майлардың құрамына глицерин кіреді. Сонымен қатар, өсімдік жемісінің құрамында аздаған алколоид болады. Әшкөк майы сабын қайнату ісінде де пайдаланылады.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында әшкөктің жемісі малдың асқазан – шек жұмысын жақсартуға, өт жүргізуге және қақырық түсіруге қолданылады. Өсімдік жемісі малға мынандай мөлшерде беріледі : жылқыға – 10 – 25 г, ірі қараға - 25 -50 г, қой - ешкіге – 5 - 10 г, тауыққа – 0,2 – 0,5 г. Әдетте ұнтақталған жеміс малдың жемшөбіне қосып беріледі, егер ондай мүмкіндік болмаса тұнба түрінде ішкізіледі.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // екпе әшкөк — "Қайнар", 1988. — Б. 70. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
Өндірістік кеңес - еңбекшілерді іс жүзінде өндірісті басқаруға тартатын социалистік демократияның маңызды формаларының бірі. Өндірістік кеңес жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық инициативасын арттырып, кәсіпорындар мен мекемелердің және ұйымдардың маңызды өндірістік мәселелерін шешуде еңбектің тиімді және нәтижелі болуына көп әсер етеді.
## Қамтылған аймағы
Өндірістік кеңес 300 және одан да көп жұмысшылары мен қызметкерлері бар кәсіпорындарда (комбинаттар, өндіріс бірлестіктері т.б.), транспорт, құрылыс-монтаж, проектілік, конструкторлық, ғылми-зеттеулік ұйымдарында ұйымдастырылды.
## Дереккөздер |
Өндірістік кәсіподақтар конгресі (ӨКК) - АҚШ кәсіподақтарының өндірістік принцип негізінде құрылған ұйымы (1935-1955). 1935 жылы қарашада Американ еңбек федерациясын (АЕФ) кіретін кәсіподақ ұйымдарының бір бөлігінен құрылды. 1938 жылға дейін Өндірістік кәсіподақтар комитеті деп аталды. 5 миллион адамға тарта мүшесі болды (1951). ӨКК-н құру жолындағы күресте АҚШ компартиясы ықпалдығындағы солшыл кәсіподақтар елеулі роль атқарды. 1936 жылы комитетті жақтаушы кәсіподақтар АЕФ құрамынан шығарылды.
## Дереккөздер |
Өндірістік сфера - халық шаруашылығының салаларының жиынтығы, мұнда материалдық игіліктер өндіріліп, тұтынушыларға жеткізіледі. Өндірістік сфераға өнеркәсіп ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт, байланыс, материалдық-технологиялармен жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақтандыру кіреді. Өндірістік сферада еңбек ететіндер ғана қоғамдық өнімді, ұлттық табысты жасайды. Тек материалдық өндірісте қызмет істейтін өндірістік емес сфера қызметкерлерін үшін материалдық негіз жасайды.
## Өндірістік емес сфераны ұлғайтудың басты шарты
Өндірістік емес сфераны ұлғайтудың басты шарты - материалдық өндіріс сферасында қоғамдық еңбектің өнімділігін арттыру.
## Дереккөздер |
Өндірістің шоғырлануы - өндірістің іріленуі, өндіріс құрал-жабдығының, жұмыс күшінің және өнімнің ірі кәсіпорындарда жинақталуы, ірі кәсіпорындар санының өсуі.
## Капитализмнің заңы
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы - капитализмнің заңы. Капиталист өз қолына көп капитал жинақтау арқылы кәсіпорынды кеңейтуге мүмкіндік алады. Өндірістің шоғырлануы капиталдың орталықтануын және шоғырлануын күшейтеді.
## Түрлерінің айырмашылықтары
Өндіріс сферасында да, айналым сферасында да ірі кәсіпорындардың майда кәсіпорындарға қарағанда артықшылығы мол, сондықтан ірі кәсіпорын иелерінің пайда мөлшері де майда кәсіпкерлерден гөрі көп болады. және олардың бәсеке қабілеті де зор.
## Дереккөздер |
Қара алқа (лат. Solanum nigrum) – алқалар тұқымдасына жатады.
## Ботаникалық сипаттамасы.
* Биіктігі 4 метрге дейін жететін бір жылдық, жартылай бұталы өсімдік.
* Жапырақтарының сағақтары ұзын, сопақша үшбұрыштылау болып келген, ұштары сүйір.
* Көкшіл және ақ түсті, ұсақ әдемі гүлдері шатыр тәрізді шоқталып өсіп, жерге қарай иіліп, салбырап тұрады.
* Гүл тостағаншаларының қалақшасы да, жапырақшасы да бес – бестен болады.
* Жемісі – қызыл қоңыр түсті. Ішінде бірнеше тұқымы бар.
* Өсімдік маусым – қыркүйек айларында гүлдейді.
## Табиғатта таралуы.
Қара алқа Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Әсіресе олар ылғалды ормандарда, жабайы өсетін бұталардың, баубақшалардың арасында, өзен мен көл жағалауларында жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде оның жоғары бөлігі, жапырағы, гүлі күз кезінде жиналып алынып, көлеңкеде кептіріледі.
## Химиялық құрамы.
Қара алқаның дәрілік шикізатының құрамында салоецин, саланенин, танин, ащы заттар, С дәреумені, дулкамарин, кейбір органикалық қышқылдар, каротин және басқа да заттар болады.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында қара алқа шөбімен малдың түрлі тері ауруларын, есек жемді, демікпені емдейді. Қара алқаның көктемінде және күзде жинаған жас сабақтарынан тұнба жасайды. Ол үшін бір литр суға 50 грамм майдаланған қара алқа шөбі салынып, орталанғанша қайнатылады. Содан кейін сүзіп алып, тұнбасын тері қышымасына, есекжемге жағып емдейді. Арнайы ыдысқа - спринцовка - тұнбаны сорғызып алып, ептеп жууға да болады.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Қара алқа — "Қайнар", 1988. — Б. 188. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
http://kopilkaurokov.ru/biologiya/uroki/166277http://bilimsite.kz/biologia/3247-alka-tukymdastary.htmlhttp://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/19001 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia.org/Алқалар%20тұқымдасы/ Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
https://halykemi.wordpress.com/about/ |
## Ботаникалық сипаттамасы.
Бұл өсімдік биіктігі 20 – 70 см, бір жылдық шөп тектес өсімдік.Өсімдіктің түбінен шашырап, көп бұтақшалар жапырағымен қосылып топталып тұрады. Тамыр өзегі тік өседі. Жапырақтары сопақшалау, отырмалы.
## Табиғатта таралуы.
Гүлдері түтікше тәріздес, майда, сарғыш, шатыр тәрізденіп жеке – жеке топтасып тұрады. Маусым – тамыз айларында гүлдейді.Өсімдік республикамыздың Шымкент, Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Олар шабындықтарда, мал қораларының маңында, жол бойында өседі.Дәрілік шикізат ретінде оның бүршік атып, жаңадан гүлдеп келе жатқан сабағының жоғары жағы орақпен оралып немесе жүн қырқатын үлкен қайшымен қиып алынады. Дәрілік шикізатты кептіру және сақтау жалпы ереже бойынша жүргізіледі.
## Химиялық құүрамы.
Бұл өсімдіктің хииялық құрамы әлі толық зерттелген жоқ. Дәрілік шикізаттының құрамында кницин деп аталатын ащы глюкозидтік зат, танин, шайыр және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында азыққа тәбетін ашатын ащы зат ретінде, сондай – ақ асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін пайдаланылады. Дәрілік шикізат малға берілгенде оның құрамындағы кницин гдюкозиді ас қорыту мүшелеріне рефлекторлық түрде әсер етіп, асқазан мен ішектің сөл бөлуін, жиырылып – созылуын қалыпқа келтіреді.Мал беру мөлшері : ірі қараға – 25 – 50 г, жылқыға – 10 – 25, қойға – 5 – 10 г. Өсімдік тұнбасы 1:10 қатынаста жасалады немесе 100 грамм дәрілік шикізат қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады да, ірі қараға, жылқыға – 250 – 500 мл, қойға – 50 – 100 мл мөлшерінде күнін 3 рет ішкізіледі.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Бұйра қасқыр шөбі — "Қайнар", 1988. — Б. 69. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Сыртқы сілтемелер
https://halykemi.wordpress.com/about/
## Дереккөздер
## Ботаникалық сипаттамасы.
Бұл өсімдік биіктігі 20 – 70 см, бір жылдық шөп тектес өсімдік.Өсімдіктің түбінен шашырап, көп бұтақшалар жапырағымен қосылып топталып тұрады. Тамыр өзегі тік өседі. Жапырақтары сопақшалау, отырмалы.
## Табиғатта таралуы.
Гүлдері түтікше тәріздес, майда, сарғыш, шатыр тәрізденіп жеке – жеке топтасып тұрады. Маусым – тамыз айларында гүлдейді.Өсімдік республикамыздың Шымкент, Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Олар шабындықтарда, мал қораларының маңында, жол бойында өседі.Дәрілік шикізат ретінде оның бүршік атып, жаңадан гүлдеп келе жатқан сабағының жоғары жағы орақпен оралып немесе жүн қырқатын үлкен қайшымен қиып алынады. Дәрілік шикізатты кептіру және сақтау жалпы ереже бойынша жүргізіледі.
## Химиялық құүрамы.
Бұл өсімдіктің хииялық құрамы әлі толық зерттелген жоқ. Дәрілік шикізаттының құрамында кницин деп аталатын ащы глюкозидтік зат, танин, шайыр және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Мал дәрігерлігі практикасында азыққа тәбетін ашатын ащы зат ретінде, сондай – ақ асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін пайдаланылады. Дәрілік шикізат малға берілгенде оның құрамындағы кницин гдюкозиді ас қорыту мүшелеріне рефлекторлық түрде әсер етіп, асқазан мен ішектің сөл бөлуін, жиырылып – созылуын қалыпқа келтіреді.Мал беру мөлшері : ірі қараға – 25 – 50 г, жылқыға – 10 – 25, қойға – 5 – 10 г. Өсімдік тұнбасы 1:10 қатынаста жасалады немесе 100 грамм дәрілік шикізат қайнап тұрған 1 литр суға салынып, 15 – 20 минут тұндырылады да, ірі қараға, жылқыға – 250 – 500 мл, қойға – 50 – 100 мл мөлшерінде күнін 3 рет ішкізіледі.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Бұйра қасқыр шөбі — "Қайнар", 1988. — Б. 69. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Сыртқы сілтемелер
https://halykemi.wordpress.com/about/
## Дереккөздер |
Дала қылшасы – көп жылдық бұталы өсмдік. Ол шөл, шөлейт аймақтарда, құмда және тастақты беткейлерде өседі. Оның құрамында эфедрин деп аталатын алколоид бар.Өсімдік гүлдеп, тұқымы пісе бастаған кезде улы болады. Оны жайшылықта қай мал түлігі болса да өз бетімен жемейді. Бірақ оны уақ мал, әсіресе қозы – лақтар әуес көріп, жеп қояды да,уланып қалады. Бұл жағдай мал дәрігерлігі практикасында кездеседі. Ал ірі малдың және сақа қойлардың онымен улануы өте сирек кездесетін құбылыс. Осы деректерді жаз айларында қозы – лақ бағатын шопандар естерінен шығармаулары керек.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Дала қылшасы — "Қайнар", 1988. — Б. 240. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.http://densaulyk7.delo.ws/emdik-өsimdikter/ Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.http://45minutkz.blogspot.nl/2013/09/blog-post.htmlhttp://studopedia.net/11_99674_paporotniko-vidnie--POLYPODIOPHYTA.htmlhttp://u-s.kz/publ/8647-adyraspanny-sp-nu-tabiatta-taraluy.html |
## Ботаникалық сипаттамасы.
Сары володушка – көп жылдық, тамыры жерде көлбей өсетін, шөп тектес өсімдік.
* Сабағы түзіу, іші қуыс, сырты жылтыр, биіктігі 150 сантиметрге дейін жетеді.
* Жапырақтарының жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес, тықыр, сабақтың төменгі жағында орналасқан жапырақтарының сағақтары қысқа, ал жоғары жағындағылары отырмалы.
* Гүлдері – сары түсті, алтыншы жылтылдайды, майда, гүл сабақтары қысқа 10 – 15 – тен жиналып, гүл жоғырын жасайды.
* Өсімдік маусым – шілде айында гүлдейді, ал жемісі шілде – тамыз айларында піседі.
* Жемістері сопақшалау болып келген, қоңыр түсті майда дәнектер.
## Табиғатта таралуы.
Бұл өсімдік өзен жағаларында, қайыңды ормандарда, бұталы жерлерде өседі.Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының орманды жерлерінде жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін немесе шөбін пайдаланылады. Оны өсімдік жаңадан гүлдейін деген кезінде жинап, көлеңкеде кептіреді де, ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға салып. Қараңғы орындарда сақтайды. Егер өсімдік дұрыс жиналып, дұрыс сақталса, екі жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
## Химиялық құрамы.
Өсімдіктің жапырағында 400 мг/пайыз С витамині, 30 мг/ пайыз каротин болады. Сонымен қатар, оның құрамында аздаған мөлшерде сапониндер, алколоидтар, фитостериндер, флавоноид – рутин деген заттар бар.
## Қолданылуы.
Халық емшілері өсімдіктің тұнбасы мен қайнатпасын іш айдайтын, өт жүргізетін және малдың жалпы күйін жақсартатын дәрі ретінде қолдаған.
Жаңадан жиналған жапырағын таңса, жазылмайтын жаралардың өзі жазылады. Өсімдіктің 20 грамын бір литр қайнап тұрған суға салып 15 -20 минут тұндырады да, бұзауларға, құлындарға күніне 3 рет 200 – 250 мл мөлшерінде азықтандырардан 30 минут бұрын береді. Қозыларға 20 – 40 миллилитрден ішкізіледі.https://halykemi.wordpress.com/about/http://bilimtime.kz/zharatylystanu/biologiya/988-shyarmashyly-zhoba.html Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.http://bilimdiler.kz/bastaush/5116-darilik-osimdikter.html
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сары володушка — "Қайнар", 1988. — Б. 36-37. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы.
Сары володушка – көп жылдық, тамыры жерде көлбей өсетін, шөп тектес өсімдік.
* Сабағы түзіу, іші қуыс, сырты жылтыр, биіктігі 150 сантиметрге дейін жетеді.
* Жапырақтарының жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес, тықыр, сабақтың төменгі жағында орналасқан жапырақтарының сағақтары қысқа, ал жоғары жағындағылары отырмалы.
* Гүлдері – сары түсті, алтыншы жылтылдайды, майда, гүл сабақтары қысқа 10 – 15 – тен жиналып, гүл жоғырын жасайды.
* Өсімдік маусым – шілде айында гүлдейді, ал жемісі шілде – тамыз айларында піседі.
* Жемістері сопақшалау болып келген, қоңыр түсті майда дәнектер.
## Табиғатта таралуы.
Бұл өсімдік өзен жағаларында, қайыңды ормандарда, бұталы жерлерде өседі.Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының орманды жерлерінде жиі кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін немесе шөбін пайдаланылады. Оны өсімдік жаңадан гүлдейін деген кезінде жинап, көлеңкеде кептіреді де, ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға салып. Қараңғы орындарда сақтайды. Егер өсімдік дұрыс жиналып, дұрыс сақталса, екі жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды.
## Химиялық құрамы.
Өсімдіктің жапырағында 400 мг/пайыз С витамині, 30 мг/ пайыз каротин болады. Сонымен қатар, оның құрамында аздаған мөлшерде сапониндер, алколоидтар, фитостериндер, флавоноид – рутин деген заттар бар.
## Қолданылуы.
Халық емшілері өсімдіктің тұнбасы мен қайнатпасын іш айдайтын, өт жүргізетін және малдың жалпы күйін жақсартатын дәрі ретінде қолдаған.
Жаңадан жиналған жапырағын таңса, жазылмайтын жаралардың өзі жазылады. Өсімдіктің 20 грамын бір литр қайнап тұрған суға салып 15 -20 минут тұндырады да, бұзауларға, құлындарға күніне 3 рет 200 – 250 мл мөлшерінде азықтандырардан 30 минут бұрын береді. Қозыларға 20 – 40 миллилитрден ішкізіледі.https://halykemi.wordpress.com/about/http://bilimtime.kz/zharatylystanu/biologiya/988-shyarmashyly-zhoba.html Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.http://bilimdiler.kz/bastaush/5116-darilik-osimdikter.html
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Сары володушка — "Қайнар", 1988. — Б. 36-37. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
Ұлы Қазақ елінің тарихы.
## Б. д. д. бірінші мыңжылдық пен біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырлар
Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдық пен біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырларға дейін:Сақтар немесе басқаша айтқанда Азия скифтері территориясы Қазақстан, Орта Азия болып саналалы.Осы өңірлерде мекендеген тайпалар одағы келесідей болған: Тиграхауда, [[хаомаварга жекелеген тайпаларына :масагеттер, исседондар, аримаспылар және тағы басқалары кіргені жайлы түрлі мәлеметтер табылған.Бұл кезеңде әскери- демократиялық билік болған және ең жоғарғы орында «патша» болып саналған.
Біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасырда: сақтар парсылармен соғысады.
Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда: Александр Македонскийдің әскерлерімен болған шайқастар қатары өтті. Жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылықтарынын бірігуі болды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырлар – біздің дәуіріміздің бесінші ғасыры: Жетісу алқабынан Іле өзеніне дейін және Ыстықкөлден Балқаш көліне дейін Үйсіндердің мекен етуі. Олардың бишілері –Гуньмо болған, «Ұлы бек» деген мағынада айтылған еді, ал, орталығы Чигучен қаласы болған.
## Б.д. д. 3-2 ғасырлар - б.д.д. 1 ғасыр
Біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырлардан басап: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Сырдария өзенінің аумағында Қаңлылар мекен еткен. Отырықшыланған жер өңдеушілері мен көшпелі мал ұстайшылардың тайпалары болған. Саз балшықтан жасалған үйлердің, қабырғалы бекіністердің және жалпы осының арқасында сол кезеңдегі қала мәдениетінін дамуы байқалды.
Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда: қаңлылар Тан империясына қарсы соғысушы ғұндарға әскери көмек берді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда: ғұндар мемлекетінін шекарсы кеңейеді.Ол-Забайкальеден Тибетке дейін, Хуанхе өзеінен Шығыс Түркістанға дейін созылды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 2-1 ғасырларда: Ғұндар мемлекеті Қазақстан жерін мекен етеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда: ғұндар Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінеді.
## Б. д. д. 170 жылдар - 5 - 6 ғасырлар
Біздің дәуірімізге дейінгі 170 жылдар: ғұндар үйсіндерге жорық жасайды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 90 жылы: Ғұндар жорығы екі толқынға бөлінеді. Олар : Орталық, батыс Қазақстанды, қаңлы иеліктерін жаулап алып, халықтарды түркілендіру процессін бастайды.
5-6 ғасырларда: Жоңғия мен Жетісуға Ұйғыр қағанатының – Орталық Азия тайпаларының өте ертетегі одағы өкілдерінің қоныс аударуы. Батыс Түркілер мен қытайлық Тан империясының күресі болуы.
7 ғасырдың ортасы: Ұйғыр империясының күшеюі және қарлұқтармен болған күрес нәтижесінде жеңіске жетулері. Шығыс Түркістанның түрік тайпалары ұйғыр қағанатының бақылауына алынды.
## 552-603 жылдар
552-603 жылдары: Түрік қағанатының өмір сүрген кезеңі.
582- 593 жылдары: Естемі қаған өмірден өткен соң, Түрік қағанатында билік үшін қырқыс-төбелес басталады. Қағанат әлсірей бастайды, себебі қағанат ішінде әлеуметтік қайшылықтар және алауыздық жаман әсер етеді. Сол уақытта, Түрік қағанат шекарасына шығыстан Қытадың Сүй әйлетінің (581-618) шабуылы күшее түседі. Міне, бұл іс- әрекеттердің барлығы Түрік қағанатының екіге бөлінуіне алып келеді.
594 жыл: хан ордасына төтенше елші ретінде қытайлық Чжан-Сунь Шэнның келеді. Оның негізгі мақсаты түркіт қағанатын бөліп-жару болатын, бұл жолы да ол өзіне қажетті бекті таба қояды. Ол тәж-тақтың мұрагері, ханның немере інісі Жангар – Жәңгір (қытайша айтқанда Жаньгань) еді.
597 жыл: Түркіт қағанатының ішінен қытайшылдар партиясы құрылды.
600 жылы: опасыз Жәңгірдің жақтастарының арасына қытайлық Чжан-Сунь Шэн тыңшылар таңдап алады. Хан ордасына жасырын жіберілген жансыздар тасалап жүріп, түркіт әскері арасына үрей таратады. Ханның өзі шебер әңгімешінің әсерімен ой-қиялды қозып, қорқынышты түстерді көреді. Ырымшыл көшпелілер осындай әңгімелерді көп естіген соң, жүйкелері тозып, қосырей халге түседі. Ақырында, шығыс түркіттер армиясының қолбасшысы Дуланхан өз шатырында өлтіріледі. Кейін, моральдік, әрі психикалық тұрғыда азып- тозған әскерлер, анық жеңгелі тұрған жерінде шабуылды тоқтатуға бел буады. Дәл сол кезекте, Қара-Сор Түрік өзін ханмын деп жария етеді. Оның басты жауы – опасыз Жәңгір тақтың заңды мұрагері болып шығады, ал далаға мырза қолмен себіліп жатқан қытай алтыны соның сөзін сөйлейді... Түркіттер рубасарлары Жәңгір жағына біртіндеп өте бастайды.
## 6 ғасыр
601 жыл: Қара –Сор Түрік Қытай жеріне басып кіріп, генерал Хань Хунның армиясын толығымен талқандай түсіреді.
603 жыл:Түрік қағанатының екі дербес қағанатқа бөлінумен аяқталады. Олар: Шығыс және Батыс қағанат болып қалады.
604 жылдың соңы: Қытай қолжаулығы, опасыз Жәңгір Шыңыс қағанаттың танымал ханына айналды да, сол кезден бастап, Батыс қағанаттан біржолата бөлініп кетеді. Жәңгір далаға қара көрсетуге қорқатын, ондаған бодандарының оған қытайдың қолжаулығы, опасыз сатқын ретінде өш болып көрінді.
Алтыншы ғасыр: түріктер өздерін бір халық ретінде сезінетін. 80 жылдардағы жанжал кезінде ханзадалар өзара таласатын еді, ал олардың жасаулары оп- оңай жеңімпаз жағына шыға беріп отыра беретін. Қара - Сор Түрік қағанаттың екі жағын біріктіріп, оларды бүтін еткенде, бұл ешбір қарсылыққа ұшырамайды, бірақ ол жеңіліп қалысымен, шығыс түріктері жығылғанға – жұдырық деп оны дереу тастап кетеді. Онымен қоса, таза батыс түркіттерінен тұратын, оның нөкері де қаза табады; сөйтіп набыт болғандардың туысқандары мен опасыздары арасында қанды кек жатады. Сол заманның түсінігі бойынша, қайта қосылу мүмкіндігі болмас үшін, осының өзі де жеткілікті болған еді. Енді қағанаттар арасындағы жауығушылығы тек өрши түсуі керекті және әрбір жаңа өлім қатігез дұшпандықты күшейте түсер еді.Суй үкіметі өз позициясын нығайта түсіруі үшін, оған тек даладағы талас – тартыстың жеткіліксіз болатынын сезіп, сатып алу сый-сияпат және мол қолақасы жүйесін кең қолдана бастады...Түрік қағанатын бөлу ісі түркіт халқының ерік – жігері мен тілек- талабына қарсы, бөтен күштің, тіпті жаулық әрекеттің ықпалымен жүзеге асырылуына қарамастан, бір кездері біртұтас болған елдің екі жартысының жолдары мейілінше екі түрлі болып шығады.Кейінірек, мұсылмандар түркіттермен жолығыса жүріп, олардың өз айналасындағы халықтармен ортақ тіл табыса білетін ғажайып қасиетін атап көрсетеді.
## 6-7 ғасырлар
609 жыл: Қара Шұрын Түріктің немересі Шегуй қытай мемлекетіне елшіік жіберіп, некелесу одағын жасауға ұмтылады.
609 жылы: түркіт ханының қызының баласы, қасиетсіз Жәңгір қытай императоры үйінен кінәз қызына үйленіп өайтады. Араға аз уақыт сала барып, ханның бұл әйелі дүние салады да, хан қытай императорынаноның орнын басатын, алмастыра алатын ханшаны сұрайды. Жаңа ханшайым Ичжен көз ілеспес жылдамдықпен әкіленеді, өйткені, кейін анықталғанындай, ол әйел рөліне қоса құпия тыңшы рөлін де атқарады екен.Сыртқы әсері: Көк түркілер үшін асыл мұра болған бұл ұлттық құндылықтар сол дәуірде сырттан жүргізілген саясат салдарынан ұмыт бола бастаған еді. Қытай мәдениетінің әсеріне түкен Көк түркілер ұлттық санасын жоғалта бастады.
Тарихқа көз жүгіртсек қытай мемлекетіне өзара қыз алысып, қыз беріскен көк түркілерге келген қытай ханшалары өзімен бірге өзінің ұлттық мәдениетін, философиясын ұстанушы нөкерлерін ертіп келеді, Көк түркілер қоғамында ғұмыр кешкен. Осы бір сырт мемлекет тарапынан жасалған әрекет Көк түркілердің ел тізгінін қолына ұстаған билеушілер отбасында туған жас түркілердің ұлттықсанасының улануына алып келеді.Өйткені, сырттан келген мәдениет пен көк түркілердің төл мәдениеті өміре ағаш қадам басқан жас көк түркінің бойында теңесті! Жас ұрпақ өзінің төл мәдениетінде емес, өзге мәдениет араласқан мәдениетпен тәрбиеленді. Бұл саф алтынға басқа бір метал араластырғандағы оның сапасымен, құндылығының төмендегеніндей көрінетін жайттардың түрі болды.Анасының тәрбиесімен Қытай мәдениетін, әкесінің тәрбиесімен Ұлы Көк түркі тәрбиесін алған ұрпақтың ұлттық санасының төмендеуіне алып келді,бойдағы ұлтық рухтары әлсіз тартты. Өйткені, туған халқының мәдениеті мен сырттан келген мәдениетімен өскен адамға өз мәдениетін, болмаса басқа мәдениеттің қайсысын таңдаса да бәрібір, себебі ол үшін оның құндылығы бірдей болып табылады.Бұл таңдауда адам ең әуелі тек өзінің жеке сұранысын назарға ала бастауды дұрыс көреді. Бұл жайт ұлттың болашағы үшін аса маңызды ел жастарын Отанын сүюге тәрбиелеуге үлкен кедергі тудырады. Осы орайда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың аса үлкен рөлі көрінеді. Ал бұл дегеніміз, жастарға ұлттық тәрбие беру деген сөз...
Осылайша қос мәдениет негізінде тәрбиеленген Көк түркінің кейінгі билеушілері ел тізгінін қолдарына ұстай алмады.
Жетнші ғасырдың басынан -сегізінші ғасырдың басына дейін 603-704 жылдары: Батыс Түрік қағанаты, оның орталығы Жетісу болды.Ал, Шығыс Түрік қағанаты орталығы-Орталық Азия еді.
Жетінші ғасырда :Шығыс Түрік қағанаты мемлекеті мейілінше күшейіп,аумағы Үндістанмен шекаралас жерге дейін жетті.
Жетінші ғасырдың екінші жартысында: Шығыс Түрік қағанатының Тан империясының әскерлерімен соғысу.
704 жылы: билік басына келген Түркештер тайпасының көсем Үш Елік қаған бастаган мемлекеттің Тәуелсздігін қорғауы.
## 8-9 ғасыр
Сегізінші ғасыр – тоғызыншы ғасырдың ортасы: Орталық Азиядағы тайпаларының өте ертедегі одағы жасалып, Ұйғыр қағанатының құрылу уықыты. Орналасу мекені Жоңғария мен Жетісу, Түркістан аймағы болған.
812-817 жылдар: Отырар қаласын тегістей арабтар жаулап алады.
9 ғасырдың ортасы: саманидтердің Испиджаб, Тараз қалаларын жаулап алған кезеңі, бірақ бәрібір олар өз биліктерін өз қолдарына қалдыры алды. Сол уақыттан бастап, Оңтүстін Қазақстан қалаларының өркендеп өсу кезеңі басталады.
Тоғызыншы ғасыр – тоғызыншы ғасырдың ортасы:Оғыздар мемлекетінің құрылып, олардың Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі жағын қоныс етуі. Қарлұқтардың оғыздарды Жетсудан, Сырдария аумағына қуып тастауына байланысты пайда болған еді. Билеушісі – Жабғу. Ал, астанасы Жанкент , басқаша айтқанда Янгикент қаласы болды.Сегізінші ғасырдың басынан 766 жылға дейін: бұл уақыт-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан Түркеш қағанатының өмір сүрген кезеңі. Түрік қағанатының мемлекеттік- әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлері мен салт – дәстүрлері жалғастырылды. Билік басында Түркеш қаған тағайындалды. Түркештер Шу мен Іле өзендерінің аумақтарында көшіп - қонып жүрді. Уақыт өте, мемлекеттің арасында өзара қақтығыстар да пайда болып отырды.
Сегізінші ғасырдың басынан 766 жылға дейін: Түркеш қағанатының қытай және араб әскерлерімен күрес-шайқастары жүреді.
766-940 жылдары: Қарлұқ мемлекеті, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан аумағында Түркеш мемлекеті құлаған соң, сегізінші ғасырда Алтайдан келген қарлұқтар үйсін ұрпақтарына билікті тартып алды.Сегізнші асырдың ортасы: Ұйғыр қағанаты мен Шығыс Түркістан үшін күрес басталып, оның соны қарлұқтардың жеңілісімен аяқталады.
780 жылдар: ұйғырлар қарлұқтардан мен тибеттіктерден жеңіліс тапқан кезеңі.
840 жылдары: Ұйғыр қағанатын Енисей қырғыздары толығымен талқындаған кезең.
## 9-10 ғасыр
942 жылдан бастап – он екінші ғасырдвң ортасына дейін: Қарахандықтар мемлекетнің өмір сүру кезеңі болды. Мекен еткен аумағы – Оңтүстік азақстан облыстары мен Жетісу өңірлері еді.
942 жыл: қарахандықтар мемлекеті билігі бұрынғы қарлұқ мемлекетінің жерінде тарала бастайды. Араб жазуының көнетүркілік руникалық алфавитті ығыстырып шығаруының басталуы. Мемлекеттің жеке иеліктеріне бөлініп кетуі.
870-950 жылдары: Философ, энциклопедист ғалым Әл – Фарабидің ғұмыр кешкен уақыты.
960 жылдары: Исламды жалпылама қабылдау кезеңі.
Оныншы ғасырдың соңы: Қарахандықтардың Сырдария мен Амудария аралығында орналасқан Мауереннахрды жаулап алу уақыты.
## 9-11 ғасыр
Тоғызыншы ғасырда: Қарлұқ мемлекетінің билігінің чигилдер – шығыс және ягмалар – батыс тарабы болып бөлістерге түседі.
Тоғызыншы ғасырдың ортасы – он бірінші ғасырдың басы: Қимақтар мемлекеті Ертіс өзенінен Жайық өзенеіне дейін және Солтүстік және Шығыс Қазақстан аумағында құрылды. Батыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін қимақтар ерекшеленіп, тайпалардан қимақ одағының орталығы пайда болды.
Тоғызыншы ғасырдан бастап: қимақтардың мемлекеттік құрылымдары ұйымдасып, жоғарғы билеушісі Хақан аталды. Жазғы орталықтары – Намани қаласы болды.
Тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Қимақтар Сырдария алабы мен Арал маңайын жаулап алу үшін оғыздарға көмек көрсетіп, Ұйғыр, Енисей қырғыздары мемлекеттерінен әскери күшті пайдаланып, жер тартып алды. Он бірінші ғасырдың басынан бастап қимақтар Қыпшақ мемлекетіне тәуелді болып қалды.
## 10-11 ғасыр
Оныншы ғасыр: оғыздардың селжұқ – түріктермен күресі жүргізілді.
Оныншы ғасыр: Қарлұқтардың саманидтермен күреседі және ол күрестен олар жеңіс табады. Өзара қырқыстардың орын алуы есебнен, осы уақытта қарлұқтар билігінің әлсіреу кезеңі басталады.
940 жылдары: қарахандықтар династиясы Баласұғын қаласын жаулап алады, Қарлұқ бірлестігіне жататын түрік тілді династиясы – қарахандықтардың билігі құрылады.
Тоғызыншы ғасырдың соңы: Оғыздар хазарлармен бірлесе отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ өзендернің аралығын мекен етті. Қарлұқтар мен қимақтармен және тағы басқа тығыз қарым – қатынас орнатты.
Он бірінші ғасырдың ортасында: Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларымен шайқасып, кейін олар очы соққы нәтижесінен құлады.
## 11 ғасыр
Он бірінші ғасыр: «Бақыт кітабының» авторы Жүсіп Баласағұни және «Түркі сөздернің жинағы» кітабының авторы Махмұд Қашғари өмір сүрген кезеңі. Бұл кезеңде Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрді.
Он бірінші ғасырдың басы: Қарахандықтар мемлекетінің батыс және шығыс бөлып екіге бөлінуі.
Он бірінші ғасырдың басы: Қарақытай (қидандардың) – Солтүстік қытайдағы тунгус – маньчжур тайпаларының шабуылмен басып кіруі. Қарахандықтардың осы уақытта саяси жағынан күрт төмендеу кезеңі болды.
Он бірінші ғасырдың басы: қазақ даласын мекендеген далалық тайпалардың ішінен қыпшақтар бөлініп шыға бастайды. Осыдан кейін, Орталың, Шығыс және Батыс Қазақстанда Қыпшақ мемлекеті орнау кезеңі басталады.
## 11-12 ғасыр
Он бірінші ғасырдың басы: Оғыз жерлерін, Сырдария алабы мен Арал маңайын қыпшақтар жаулап алады. Қазақстан даласында қыпшақтардың Дешті – Қыпшақ деп аталған билік орнатылуы. Еділ бойындағы халықтар мен орыс жеріне қыпшақтардың шабуыл жасауы.
Он бірінші ғасырдың ортасы: Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан құлады.
Он бірінші – он екінші ғасырлар қарахандықтардың селжұқтармен күрес – шайқасы.
Он екінші ғасыр: қазақ даласын мекен еткен қыпшақтардың өз аумақтарын Дунай өзеніне дейін кеңейтулері, орыс жылнамаларында «половцы» атауымен белгілі болулары. Қыпшақтардың 5 тобы белгілі болды: Қазақстан қыпшақтары, оңтүстін орыс қыпшақтары, Еділ бойы қыпшақтары, Днепр қыпшақтары және Дунай қыпшақтарының топтары.
## 13 ғасырдың бірінші жартысы
1218 жылдың жазы: Отырар апаты. Хорезмшахтың Отырар қаласындағы билеушісі Қайырханның бұйрығымен Шыңғысхан жіберген моңғол көпестері жансыздар деп саналып, сауда керуені жойылды. Отырар қаласын қоршау, отырарлықтардың 6 айлық қорғанысы.
1219 жылы қыркүйек: Моңғол әскерлерінің Хорезмге қарсы жорығының басталуы: 150 мың әскердің басшысы Шыңғысхан мен оның балалары Жошы Шағатай Үгетей.
1220 жылдың көктемі: Моңғолдардың Сырдария мен Амудария аралығындағы Мәуеренахрды жаулап алуы.
1220 – 1221 жылдар: Моңғолдардың Орта Азияға шабуылдарының аяқталуы. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігі Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
1220 жылдың ақпаны: Отырар қаласы алты ай қорғаныстан кейін құлады. Үзгенд, Сауран, Сығанақ, жент және тағы басқа қалаларға шабуылдар жасалды.
1221 жыл: Хорезм жаулап алынды.
1221 жылдың көктемінен бастап: моңғолдардың Ауғанстандағы әскери қимылдары. Инд өзенінің жағасында Жалал – ад Диннің хорезмдік әскерлерінің талқандалуы.1223 жылы 31 мамыр: қыпшақ және орыс әскерлерінің Қалқа өзені бойында моңғолдардан жеңілуі, Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Қазақстанның Орталық даласы халқының Моңғол империясының құрамына енуі. Қазақстан аумағының Шыңғысханның ұлдары Жошы хан, Шағатай хан, Үгедей хан құрған 3 ұлыстың құрамына енуі. Жошы ұлысы – Ертіс өзенінен Орал тауларына дейін, Балқаш көлі мен Хорезмнен Еділдің төменгі ағысына дейін яғни Қазақстанның далалық бөлсі кірсе, Үгедей ұлысына Тарбағатай таулары, Жоғарғы Ертіс аймағы яғни Қазақстанның солтүстік – шығыс бөлігі енді. Шағатай ұлысына – Жетісу, Шығыс Түркістан, Мәуеренахр яғни Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік - Шығыс аумағы енді.
1224 жыл: Шағатай ұлысы. Моңғол империясынан ұлыс бөлініп шықты.
1241 жыл: Шыңғысханұлы Үгедей қайтыс болды. 1251 жылы ұлыс жойылып, оның жерлері ұлы хан Мөңкенің жақтастарына тараылып берілді.
## 13-14 ғасырлар
1242 жыл: Батый хан құрамына Жошы ұлысы кірген Алтын Орда мемлекетін құрды. Кейін Шыңғысханның ұлы Шағатай қайтыс болады . Ұлысқа иелік етуші болып – Шағатайдың немересі Қара Хулагу отырды.
1246 жылы: Ұлы ханның жарлығыбойынша Есу – Мөңке билеуші болып тағайындалды.
1248 жылы: Шағатай ұлысында Шыңғысхан балаларының арасында билік үшін күрес басталды.
1251 жылы: Үгедей ұлысы жойылып, ол өзінің өмр сүруін тоқтатады.
Он үшінші ғасырдың орта шені: Үгедей ұлысы ұлы хан Мөңкеге бағындырылды.Құрамында Жошы ұлысы бар Алтын Орда ыдырап, Жошының бұрынғы иелігіндегі жерлерде Батыйдың туыстары Алтын Ордаға жалған түрде бағынған Орда Ежен хан мен Шайбани хандар билеген екі ұлыс пайда болды.
1260 жылдар: Шағатай ұлысында қайтыс болған Мөңке хан ағайындарының арасында Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Орта Азияны билеу үшін өзара қырқыстар басталды. Оның нәтижесі билікке Шағатай ұрпақтарынан Үгедей ханның немересі Хайдудың келуімен аяқталады.
1269 жыл: Шағатай мемлекеті. (он төртінші ғасырдан бастап Моғолстан атанған) Ұлы моңғол ханының билігінен тәуелсіз мемлекет етіп жарияланды.
Он төртінші ғасырдың басы: шағатайлықтар династиясының билігін қалпына келтіру ісі басталды. Хан болып Шағатайдың немересі Доба таққа отырды. Саяси қызмет орталығы – Мәуеренахр болды.
## 14 ғасыр
Он төртінші ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орданың орталық билгі күшейе түсті.
Бір мың үш жүз он екінші - бір мың үш жүз қырық екінші жылдар Жошы ұлысында Алтын Орданы билеген Өзбек ханның кезінде ислам қыпшақ халқының арасында ресми дін ретінде танылды.Шайбанидтердің Орда Ежен ұлысының билеушілеріне бағынышты болды. Ақ Орданың Алтын Ордадан ерекшеленуі .
Бір мың үш жүз он сегіз - бір мың үш жүз жиырма алты жылдар – Шағатай ұлысындағы Кебек ханның билігі.
Бір мың үш жүз отызыншы жылдар – Шағатай ұлысында билік үшін күрестің қайта басталуы.
Бір мың үш жүз елуінші жылдар – Шағатай ұлысында мемлекеттің батыс бөлігінің бірнеше иеліктерге ыдырауы.Құрамында Жетісу,Шығыс Түркістан,Орта Азияның солтүстік-шығысы бар Моғолстан мемлекетінің құрылуы.Моғолстан мемлекет Бір мың бес жүз он төртінші жылға дейін өмір сүрді.
Он төртінші ғасырдың екінші жартысы – Жошы ұлысында – өзара қырқыстың нәтижесінде Алтын Орда бірнеше иеліктерге ыдырады.Қазақстан мен Түркістан аумағында жергілікті билік нығайды.
Бір мың үш жүз қырық сегіз - бір мың үш жүз алпыс ек жылдар – Шағатай ұлысында – шағатайлық Тоғлұқ Темірдің билігі,Мәуереннахрда шағатайлықтардың билікті қалпына келтіруге бағытталған әрекеттері.
Бір мың үш жүз алпыс - бір мың үш жүз жетпіс жылдар – Жошы ұлысында Орыс ханның тұсында Ақ Орда билігі нығайды.Орыс ханның Орта Азиялық Әмір Темірмен күресі.
Бір мың үш жүз жетпіс жылдар – Шағатай мемлекеті.Он төртінш ғасырдан бастап Моғолстан Ортаазиялық Әмір-Темірдің Ақ Ордамен бірігіп жасаған шапқыншылығына қарсы күрес. Темірге тәуелді болу.
Бір мың үш жүз жетпіс тоғызыншы жыл – Жошы ұлысына кірген аумақта – Ұлыстың ханы Темірдің қолдауымен Тоқтамыс хан тағына отырды.
## 14-15 ғасыр
Бір мың үш жүз сексенінші жыл - Жошы ұлысына кірген аумақта – Тоқтамыс Алтын Орда ханы атанды.
Бір мың үш жүз сексен екінші жыл – Тоқтамыс Мәскеу қаласын өртеді.
Бір мың үш жүз тоқсан бесінші жылдар – Жошы ұлысына кірген аумақта – Алтын Орда астанасы – Сарай құлдырауының басталу уақыты басталады.
Он бесінші ғасырдың бірінші жартысында – Шағатай ұлысы аумағында-мемлекеттің ішінара ыдыраушылығының өсуі.
Бір мың төрт жүз сегізінші - бір мың төрт жүз он алтыншы жылдар – Шағатай ұлысы аумағында - Мұхамед ханның билігі, мемекет аумағының басым бөлігін,яғни Шу,Талас аңғарын Темір билеушілерінен босатылады.Өкіметті орталықтарудың уақытша күшеюі. Моңғолдардың батыс тарамы – ойраттардың шабуылына қарсы тойтарыс береді. Феодалдық қырқыстар мен соғыстардың, алым - салықтың көп болуы салдарынан жергілікті халықтың наразылығы тундап, нәтижесінде Моғолстанның әлсірей бастайды. Кейін,біртіндеп ыдырайды.
Бір мың төр жүз жиырмасыншы жылдары – Шағатай ұлысы аумағында – Ақ Орданың үлкен аумағындағы өкімет билігі шәйбанидтік Әбілхайырдың қолына көшті. Мемлекет «Өзбек ұлысы», «көшпенді өзбектер» мемлекеті немесе«Әбіхайыр хандығы» деп аталды.
Қазақстан аумағының батыс бөлігі Алтын Ордадан он бесінші ғасырдың басында бөлініп, он алтыншы ғасырдың екінші жартысында ыдыраған Ноғай ордасының құрамына енді.
Он төрт-он бесінші ғасырлар – Ақ Ордада шаруашылықтың өркендеуі орын алды. Сығанақ, Яссы, Сауран, Отырар, Сайрам және т.б. қалалар қалпына келтірілді.Қолөнер,сауда дамыды.
Он бесінші ғасырдың басында Шайбани ұрпағы Әбілхайыр хан билеген «Көшпелі өзбектер» хандығының көрші ұлыстарға жасалған жиі-жиі шабуылдары мен билікке таласып бағынғысы келмеген сұлтандармен болған ішкі күрестер мемлекеттің әлсіреуіне әсер етті.
## 15-16 ғасыр
1459 жылы: Жәнібек пен Керей Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан ханы Есенбұғаның қарамағындағы Шу, Қозыбасы жерлеріне қоныстанды.
1465 жылы: қазіргі Қазақстан жерінің Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығының шаңырағы көтерілді.
1466 – 1480 жылдарында: елді Жәнібек хан биледі.
1470 жылдарында: қазақ жасақтары Сыр өңірлерінен көріне бастады.
1470 Жылдары: Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұхараға қашады. Жәнібек пен Керей ел билеген кезеңде мемлекет бірыңғай Қазақ хандығы деп атала бастады.
1480 – 1511 жылдары: мемлекет тізгінін Керей ханның ұлы Бұрындық ,немесе кейбір деректерде оны Мұрындық деп те атайды, өз қолына толығымен алды.
## 16 ғасырдың бірінші жартысы
1503 - 1510 жылдары: Қазақ хандығы Мұхамед Шайбани жасаған жойқын шабуылдарға ойдағыдай төтеп бере алды.
1503, 1505, 1506 жылдарында: Мұхамед Шайбани қазақ жеріне көптеген тонаушылық жорықтарды ұйымдастыру кезеңі.
1509 жылы: Мұхамед Шайбани хан қазақтарға қарсы жорық жасайды.
1510 жылы: Мұхамед Шайбани ханның әскер мен Қасым ханның әскери қолбасшысы Мойынсыз Хасан батыр бастаған әскер арасындағы ауыр ұрыс қазақтар пайдасына шешілді. Түркістан маңындағы қалаларының басым бөлігі Қазақ хандығының қоластына толығымен өтті.
1511 – 1518 жылдардың арасында: Бұрындық ханның орнына ел ішінде Кіші Жәнібек атанған Қасым хан ел билеуші тағына отырады. Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын қайтарып алу үшін жүргізілген күрестердің барлығы сәтті аяқталды, тек жеңісті нәтиже көрсетті.
1513 жылы: Қасым хан Сайрам қаласына жорық жасап, оны Қазақ хандығының құрамына қосты.
1514 жылы: Қасым хан Жетісудан әрі өтіп, Қашқарға дейін басып кіріді. Кейін, шығыс Түркістанда жаңа мемлекетті құрды.
1517 және 1526 жылдардың арасында: Мәскеуде болған аустралиялық дипломат Сигизмунд Гербертштейн өз жазбаларында қазақтар туралы түрлі маңызды, да пайдалы мәлеметтер берді.
1511 жылдар мен 1518 жылдар арасында: осы кезеңдегі ел билеген Қасым ханның тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы дүниеге бүр жарып келеді.
Мамаш ханның ел билеуі – мемлекет шекарасын сырттай төнген қауіптен қорғау барысына қанды шайқас – ұрыста өз жанын тапсырып, көз жұмды.
1523 – 1532 жылдардың арасында: Тақыр хан – көрші жатқан қырғыз елімен одақ жасасып, Жетісу мен Ыстықкөл аймағы моғол және қалмақ басқыншылығынан қорғауға аса көп еңбек сіңіреді.
## 16 ғасырдың соңы - 17 ғасыр
1580 жылдарында: Хақназар хан Сібір хан мен Моғолстан ханына қарсы күрес жүргізу үшін Бұхар хан Абдаллах екіншімен шарт жасасады.
1579 жылдарының екінші жартысында: Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен және Хақназар ханның екі ұлын өлтірді.
1580 жылы: Хақназар хан мен оның туыстарына қастандық жасалды.Хақназар хан билік құрған кезеңінің соңына қарай қазақ хандығы батыста Жайық, солтүстікте Есіл мен Нұра, шығыста Шыңғыстай мен Балқаш және Шу өзіні, оңтүстікте Түркістан аралығын қамтыды.
1580 – 1582жылдары аралығында: ел билеген Шығай хан қазақ даласында ислам дінінің таралуына ерекше ықпал еткен тұлға ретінде танымал атанды.
1582 жыл: Түркістан қаласының түбіндегі шешуші айқаста Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері үлкен ерлік крсетіп, Баба сұлтанның әскерін талқындады.
1582, 1584 – 1598 жылдар аралығында: таққа Тәуекел хан отырады.
1583 жылы: Тәуекел хан Абдаллах ханға қарсы жорыққа шығып, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алды.
1597 – 1598 жылдар аралығында: Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерлерін ойсырата оңай жеңді.Бұқара түбіндег ұрыста ауыр жараланған Тәуекел 1598 жылы қайтыс болады.
1598 жылы: жойылған Сібір хандығындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылады.
1598 – 1628 жылдар арасында: еңсегей бойлы ер - Есімнің ел билейді. Есім хан Тұрфан мен Шалышты билеген қазақ ханы Абдар рахимге қолдау жасайды.
## 16 ғасыр - 17 ғасыр
1525- 1550 жылдар аралығында: Бұйдаш хан – Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін күресті жалғастырады. Бұл уақытта Қазақ хандығы аумағында Бұйдаш ханнан өзге Тоғым және Ахмет хандар билік құрған еді. Тоғым мен Бұйдаш хандар Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбектердің шапқыншылығынан қорғауға үлкен күш салады.
1537 жылдар аясында: Тоғым хан біріккен моғол – өзбек әскерімен болған шайқаста тоғыз ұлымен бірдей, бауыры Мәлік сұлтанның ұлы Бәшібек сұлтан және тағы басқа қазақ қырғыз қолдарын бастап келген 37 сұлтан қатысқан қанды ұрыста опат болды. Ал, Ыстықкөл маңында болған қанды ұрыс - шайқаста Ташкент билеушісі Дервіш бастаған өзбек қолдарына қарсы шыққан Бұйдаш хан қаза тапты. Оның өмір сүру жылдары: 1532 – 1537 жылдар аралығында еді. Ахмет хан Орталық Қазақстан үшін жүргізген күресте қанды ұрыстардың бірінде көзін жапты, қаза тапты.
1538 – 1580 жылдардың аралығында: Қасым ханның баласы Хақназар Қазақ хандығының ел билеушісі атанып, ел билеу кезеңін басады.
16 ғасырдың 50 жылдарында: Ноғай елінің Жайық пен Елек өзендерінің бойындағы біраз ұлыстары қазақ хандығының құрамына келіп қосылуы.
## 17 ғасыр
1603 жылы: Бұқар ханы Бақи Мұхамед Ташкент жерінде қазақ сұлтаны Келді Мұхамедтің әскерінен Айғыржан деген жерде жеңіліс табады.
1604 жылы: енді ойрат рулары қазақ ордасына жаушылық жорыққа шығып, жеңіліс табады.
1619 жылы: ойраттармен болған тағы бір ұрыста қазақ сарбаздары ұлы жеңіске жетті.
1603 – 1624 жылдар аралығында: Қазақ – бұқар соғысы болды.
1621 жылдары: Бұқаралық Имамқұлы ханның 160 мыңдық әскері мен 100 мыңдық қазақ – қырғыз әскерлерінің Шахруийа қамалы түбіндегі қанды ұрысы, қазақтардың жеңісі.
1627 жыл Есім ханның ойраттарға жорығы.Тұрсын ханның Түркістанға шабуылдады.
1627 жылы Есім ханның ойраттарды жеңіліске ұшыратқан жорығы.
1628 жылдың күзінде Есім хан өмірден өтіп,Түркістандағы Қожа Ахмед Йассауи кесенесінің жанына жерленді.Ол ел билеген тұста «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы дүниеге келді.
1629(1635)-1652 жылдар-Есімұлы Жәңгір қазақ ханы атанды.
1643 жылы Ойрат ханы Батұр қонтажы Қазақ ордасына жорыққа шықты.
1643 жылы Жәңгір хан бастаған 600 қазақ сарбазы ойраттардың 50 мыңдық қолына қарсы шығып,жеңіске жетті.Ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегіҚосқолаң тауының арасында берік бекінген Жәңгірдің санаулы сарбазы Жоңғардың 50 мыңдық әскеріне қасқайып қарсы тұрды.Дұшпан әскері осы ұрыста 10 мың адамынан айырылды. Ал осының аз-ақ алдында ғана Жәңгір ханнан хабар алған Алшын Жалаңтөс батыр қазақ әскерінің 20 мың сарбазымен ойраттардың ту сыртынан тиіп,оларды күйрете жеңді.
1644 жыл Жалаңтөс батыр басқарған самарқандтық әскерлермен бірге жауға аттанған Жәңгір хан Жоңғар қолын жеңді.
## 1652-1718 жылдар
1652 жылы Батұр қонтайшы Қазақ ордасына қайтадан соғыс бастады.
1680-1715 жылы Жәңгір ханның баласы Тәукенің хан атанып ел булеуі.
1681 жылы Ойрат ханы Ғалдан қазақ хандығына қарсы жорыққа шықты.Бұл жолы қазақтар ауыр жеңліс тапты Сайрам қаласы қоршауға алынды.
1684 жылы ойраттар Сайрам қаласына басып алды.Жетісу аймағы ойраттардың қолына көшті.
1686 жылы ойраттардың қолына көшті.
1689 жылы ойраттарға қарсы бірлесіп майдан ашқан қазақтар ойрат әскерін ауыр шығынға ұшыратты.
1698 жылы ойрат әскерін бастаған Сыбан Раптан қазақ жеріне басып кірді.
1698,1699 жылы Есіл,Ембі,Шу,Талас аудандарындағы ойраттардың шапқыншылығы.
1702,1703 жылдары қазақ әскер ойрат әскерін талқандады.
1708 жылы жоңғарлар қазақ жеріне басып кіруге әрекет етті.
1710 жылы ойраттардың қазақ даласына жасаған ең үлкен жорығы.
1710 жылы Тәуке хан бүкіл қазақ жұртына сауын айтып Қарақұмда құрылтай шақырды.Барша қазақ халқын жоңғарларға қарсы бірігуге шақырған Қанжығалы Бөгенбей,Шақшақ Жәнібек,Тама Есет батырлар Тәуке ханның үндеуіне қолдау білдірді.Құрылтайдың шешіміне сәйкес ойраттармен күресте бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды.
1710-1712 жылдары қазақтар едуір жеңістерге жетті.
1713 жылы жоңғарлар қазақ хандығын жаулап алу әрекеттерін қайтадан бастады.
1714 жылы ойраттардыңмол әскермен қазақ ордасына жасаған шабуылы нәтижесінде қазақ әскері ауыр жеңіліске ұшырады.
1716 жылы ойраттардың екінші шапқыншылығы.Қазақ ордасынынң сырттан келген жауға дұрыс төтеп бере алмауынын бір себебі бытыраңқылық еді.
1717 жылы Қайып және Әбілқаыр сұлтан қазақ ордасының 30 мыңдық әскерімен ойраттарға қарсы ауырұрыста жеңліске ұшырайды.Ұрыс 3 күнге созылды.
1718 жылы-Арыс,Бөген,Шаян өзендернің бойында болған Аягөз ұрысында қазақ жасақтарының ойраттардан жеңілуі.
1718 жылы: жоңғарлар қазақ хандарының астанасы болған Түркістан қаласын басып алуға әрекет етті. Бұл кезеңде Ұлы жүзде өзара келіспеушіліктер, өзара қақтығыстар орын алды. Осының салдарынан сұлтандар арасынан Ұлы жүз ханы болып Жолбарыс, Орта жүхде Семеке, кіші жүзде Әбілқайыр отырса, сонымен қатар тағы басқа ұсақ хандардың, сұлтандардың иеліктері пайда болды. Қазақ хандығы ортақ жау алдында бірігуінің орнвна саяси ыдырауға бет алған еді.
## 1723-1728 жылдар
1723 жылы: Қазақ хандығы бір жағы жоңғар, қалмақ бұхара енді бірде қытай, хиуа, еділ қалмақтарына бащқұрттарға қарсы күрес жүргізуге мәжбүр болды. Бұл кезең қазақ тарихында қанмен жазылған « Алқакөл сұлама» жылдарына айналды. « Елім – ай» жоқтау әні дүниеге келген кезеңі болып табылады. Ұлы Қазақ халқының үштен екісі қырылды.
1724 жылдары: Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақтар алғашқы жеңістерге қолжеткізе бастайды.
1725 жылдары: жоңғарлар Отырар мен Түркістан, Сайрамнан қуылды.
1726 жылы: осы уақыттан бастап барша қазақ жүздерінің бастарын біртұтас біріктіру ісі қолға алынды.
1726 жылдың күзгі уақытында: Ордабасы жерінді барша қазақ халқының құрылтайы болып өтті. Қазақ әскерінің қолбасшысы болып – Әбілхайыр хан сайланды.
1728 жылдың көктем кезеңінде: Ұлытау жерінің Бұланты және Белеуті өзендері бойындағы Қарасиыр жазығында ұлы шайқастар болып жатты. Бұланты шайқасында қазақ әскері жоңғарларды аса ауыр жеңіліске толығымен ұшыратты. Қазақ еліне Ұлы жеңіс сыйлаған бұл жер «Аңырақай» шайқасы еді.
## 1726-1771 жылдар
1726 – 1734 жылдарының арасында: Тәуке ханның бір баласы Сәмеке хан Орта жүзді билеп, Түркістанда Ордабасын ұстап, қазақ жауынгерлерінің басын құрап, жоңарларға қарсы сәтті соғыс қимылдарын жүргізді.
1730 жылы: Абылай жоңғарлардың белді батыры Қалда Сереннің күйеубаласы болған әйнілі Шарыш батырды жекпе – жекке шақырып, оны жеңді.
1730 жылы: бас қолбасшы, әрі Кіші жүздің ханы – Әбілхайыр Қазақстанның шекарасына қарай көшп кетті. Әбілхайырдың дербестікке ұмтылуы қазақ ордасының әлсіреткен факторлрыың негізі болды. Жеке бастың мүддесін ел мүддесінен жоғары қойған сұлтандар әрекетінің салдарынан осындай қауіпті кеззеңде елдің бірігу үдерісі тұйыққа тірелді. Қабанбай, Наурызбай, Жәнібек, Бөгенбай, Есет, Майсарылары және тағы басқа батырлардың жауға шапқан, қарсы шыққан. Бұл кезеңде баршақазақ жүздерінің бірігуіне үш жүздің белді билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сіңірген еңбектері ерекше болды.
1728 – 1730 жылдарының аралығында: қазақтардың жоңғарларға берген тойтарысы жаулаушылық қаупті едәуір азайтты.
1734 – 1771 жылдарының арасында: Болатұлы Әбілмәмбет хан атанды. Үш жүзге бөлінген қазақ хандығының әр жүзінің бөлек – бөлек хан көтерген жаман дәстүрінің ең бір қауіпті зияны – қазақтар ойраттарға қарсы ойдағыдай соғыс жүргізе алмады.
## 1731 - 1750 жылдар
1731 жылы: Кіші жүздің ханы ,Әбілхайыр хан , Ресей патшалығының қол асына қарау туралы ант қабылдады. Жаралы арыстандай жауына айбат шегіп әлсіресе де, әлі де болса соңғы артық демі қалғанша дейін қолына найза ұстап шайқасқан , бейбіт өмірден үмітті, бірақ ең бастысы, оның құндылығы бірлігін жлғалтып, жанталасқан үш жүздің күйі ауыр тартқан осы бір алмағайып уақытта – жүздер алдағы уақыттағы елдің дамуын бірнеше ондаған жылдарға кері шегетін бодандық қамытына өз еріктерімен мойынсұсына бастаған еді.
1730 жылдары: жоңғарлар қауіпі қайтадан күшее бастайтын период. Бұл жағдай әсіресе Орта жүз үшін аса қауіпті болды. Осы жылдары ел билігін Абылай хан өз қолына алды.
1734 жылдың бірінші маусымында: Ұлы жүз Ресейдің қоластына кірді.
1735 жылы: қазақ даласында Орынбор бекінісі салына батады.
1739 жылдық күздік кезеңі: Қалдан Сереннің әскері Сарыарқаға жорыққа шықты.
1740 жылы: ойраттардың әскері күз маусымында Қазақ ордасына тағы бір үлкен жорыққа шығады.
1740 – 1743 жылдары арасында: Кіші жүздің және оңтүстік Орал шегіндегі жерлеріндегі Воздвиженная, Расыльная, Ильмнская, Таналыкская, Уразымская, Кизилская, Магнитная, Каракулская, Прутоярская , Новосергеевская және тағы басқа да бекіністері бой көтереді.
1742 жылы: 200 кісімен шолғынға шыққан Абылай сұлтан ойраттардың үлкен жасағына кездесіп, тұтқынға түсті. Бұл уақытта ел қамын ойлаған ханның еліне қйтуы үшін қазақ ордасынан ойраттарға Әбілмәмбет ханның бел аласы Әбілпейіз сұлтан аманатқа беріледі. Екі ортада жүрген дипломатиялық елшілік өз мақсатын толық орындап шығады. Бұл келіссөздер барысында Қаздауысты Қазыбек бидің дипломат ретіндегі ролі айрықша көрінеді.
1742 жылдың 19 казан айында: указ шығарылады. Онда, қазақтарға салынған бекіністер төңірегінде көшіп – қонуға және жайық өзенінен өтуге рұқсат берілмейтіні атап өтілді.
1748 жылдың бірінші тамызында: 56 жасында тақап келген жасында Әбілхайвр хан сұлтан Барақтың қолынан қаза табады. Барақ сұлтан Әбілхайыр ханның патшалықтың қоластына кіруіне барынша қарсы болған еді.
1748 жылдың екінші қазанында:Әбілхайырдың орнына хан болып оның үлкен баласы Нұралы отырды.
1750 жфлдары аясында:Горькая, Иртышская, Колыванская, Ишимская, Орская және тағы басқа бекініс линиялары салына бастады. Бекіністердің негізгі тұрғындары казактар еді. Бұл іс жүзінде қазақ даласының отарлануының алғашқы қадамдары болды. Отарлық сипаттағы саясатты Орынбор губерниясының губернаторы Неплюеп И. И . ашық ұстанды.
## 1752-1760 жылдар
1752 жылы: Қазақ ордасына ойраттар қайтадан шабуыл жасады.
1753 жылдың қысқы кезеңі: Қазақ ордасына аттанған жоңғар әскеріне қарсы Абылай аз ғана жасырын түрде тікелей Жоңғарияға аттандырып, жоңғар билеушсін мерт етеді.
1753 – 1754 жылдар арасында: қазақ жасақтары Ойрат хандығына қарсы әскери жорықтарды ұйымдастырып, жеңіске жетеді.
1755 жылға дейін : жалғасқан жорықтар кезінде тартып алынған Жетісу аймағын қайта жау қолынан азат етуге мүмкіндік туғызды.
1756 жылы: Қытай әскерін бастаған қос қолбасшы Хадаха және Дардана екі тараптан қазақ даласына жорыққа шықты.
1756 – 1757 жылдары жах маусымында: қытайәскеріне қарсы сарбаздары қарсы тұрды. Жетсу аймағында, одан әрі Аягөз бойында жауға соққы берілді. Қытай әскерлері кейін артқа шегінді.
1757 жылдың жаз айларында: қытай әскері қазақ жеріне екінші мәрте жорыққа шықты.
1757 жылдың 15 мамырында: қазақ ханы Абылай хан Қытайға елшілік жіберіп, Қытаймен саяси қарым – қатынас орнатты.
1765 – 1770 жылдардын аралығында: қазақ әскерлері Іленің сол жағасы мен Шуды толығымен жаудан тазартты.
1760 жылдары: Абылай үш жүзге хан ретінде таныла балтаған кезең.
## 1771-1797 жылдары
1771 жылы барлық қазақ жүздерінің игі жақсысы Түркістан Абылайды ақ киізге салып хан көтерді.
1771 жыл қазақ әскері аса қауіпті жаулары Еділ қалмақтарын талқандады.
1770 жылы қыстың ортасында еділ қалмақтары қазақ жері арқылы Жоңғарияға қарай төш түзеді .
1782-1783 жылдары қатты жұт салдарынан малдары қырылған қазақтар жайылым жерлерді іздеп,бекініс маңына көшеді.
1783 жылдың көктемі қазақтардың тонаушылық әрекеттері салдарвнан қазақтар 4 мың жылқысынан айырылды.
1783 жылы Күші жүзде Байбақты руының әйігілі батыры Сырым Датұлының көтерілісі басталды.
1785 жылы көтерілісшілер Антонов форпостына және Сахарная бекінісіне шабуыл жасады.
1785 жылы Нұралы хан хандытан тайдырылды.
1786 жыл Игельстром реформасының басталуы.
1790 жылы хан тағынан алыныптасталған Нұралы хан өмірден өтті.
1792 жыл Кіші жүзді қамтыған көтерілістің жаңа толқыны.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болды.
1795 жылы Кіші жүздің ханы болып Нұралының ұлы Есім сайланды.
1797 жылдың 30 тамызында бар тараптан қысымшылыққа ұшыраған Сырым Датұлы өз жақтастарының едәуірі бөлігін жоғалтып, одан әрі күресті тоқтатуға мәжбүр болды.
1801-1881 жылдары
1801 жылдың 11 наурызында I Павелдің указы бойынша Еділ мен Жайықтың төменгі сағасында Бөкей ордасы құрылды.Хандығы 25-30 пайыз бай жанұялар жердің 85 пайызын өз қолдарында ұстаса,хандықтағы қара халықтың жері мүлдем болмаған еді.
1802 жылы әйгілі батыр,ел қамын жеген нар тұлға Сырым Датұлы өмірден өтті.
19 ғасырдың 20 жылдарында Елек өзені маңында 29 бекініс салынды.
1823 жылы Жоламан Тіленшіұлы патшалық отарлауға қарсы күрес жүргізетінін айтты.
1824 жыл мен 1836 жыдар арасында осы жайттарға байлынысты патша отаршылдығына қарсы Кенесары Қасымұлының інісі Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс болып өтті.
1825 жылы Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалысты Қарқаралы округы қазақтарының басқарушы сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды.
1832 жылы Саржан батыр өз әрекетн күшейтіп,отарлаушыларға көмек көрсеткен ауылдарды шабуылдады.
1835 жылы Жоламан Тіленшіұлы бастаған Жағалбайлы,Жаппас,Алшын,Арғын ,Қыпшақ рулары белсенді қатысқан көтеріліс одан әрі жалғасын тапты.
1836 жылы Кіші жүзде Исатай мен Махамбет көтеріліс басталды.
1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
1837 жылдың 15 қарашасында Тастөбе деген жерде Исатай мен Махамбет сарбаздары патша әскеріне қарсы шықты.
1838 жылдың 12 шілдесінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер 500 адамынан айырылып Исатай Тайманұлы ерлікпен қаза тапты.
1838 жылы мамыр айында Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін қоршап,оны өртеп жіберді.
## 1841-1847 жылдары
1841 жылдың тамыз айында Кенесары Созақ,Жаңакорған,Ақмешіт,Жлек бекіністерін басып алды.
1841 жылдың тамыз-қыркүйек айында өткен барлық қазақ жүздерінің өкілдері қатысқан құрылтайда Кенесары қазақ жртының ханы болып сайланды.
1843 жылы қазақ жерінде Шекті руының батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басталып,Қуандария бойындағы Хиуа бекінісі талқандалды.
1845 жылы Хиуа бекінісін қалпына келтіруге келген жақсы қаруланған 2 мыңдай хиуалық әскер талқандалды.
1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мыңдық әскерімен қырғыз жеріне басып кіріп,осы әрікетімен Қоқан хандығымен күрес жүргізуді көздеді.Шудың жоғары аңғарында болған аса ауыр ұрыста Кенесары 32 қазақ сұлтанымен тұтқынға түсіп мерт болды.
1847 жылы Ұлы жүзде Есет Көтібарұлының көтерілісі басталды.
## 1852-1870 жылдары
1852 жылы орыс көпесі Ушаков 86 сомға Далабай Тоқтамысовтан Ақмола уезіндегі мыс кен орнын,ал 1856 жылы Игілік Өтепұлынан 250 сомға Қарағанды көмір кен орнын сатып алды.
1856 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі одан әрі жалғасын тапты.
1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шешуші шайқас болып,көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды.
1858 жылдың күзіне дейін Есет Көтібарұлы азаттық үшін күресті тоқтатқан жоқ.
1868 жылдың желтоқсан айында Орал және Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлының көтерілісі басталды.
1869 жылдың наурыз- маусым айларында көтерілісшілері билер мен болыстардың ,старшындардың ауылдарына 41 рет шабуыл жасады.
1867-1868 жылдары Ресей патшалығының әкімшілік-аумақтык реформалары басталды.
1870 жылы Маңғыстау түбегінде Досан Тәжұлы мен Иса Тіленбайұлының көтерілісі басталды.
## 1873 - 1899 жылдары
1873 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліске шықты.
1870 жылдары патша өкіметі қазақ даласына қоныс аударушыларды әкелу шараларын жүзеге асыра бастады.
1897 жылғы Ресей империясының бірнші жалпы санағы бойынша қазақ жеріне қоныс аударғандардың үлесі 11,9%, жергілікті халық 85,7%, басқа халықтар 2,4% құрады.
1863 жылы Спасск мыс зауыты салынды.
1874-1876 жылдары Орынбор теміржолы салынды.
1887,1891 жылдары Семей облысының Өскемен уезінде алтын өндіретін кен орнында жұмысшылардың толқулары болып өтті.
1896 жылы Қазақстанға жер аударылған Орал жұмысшысы А.Ушаков Атбасарда социалистік идеяларды насихаттайтын алғашқы «Маркстік үйірмені» ұйымдастырды.
1898 жылы 5 наурызда Зырянмыс кенішіндегі жұмысшылар ереуілге шығып,еңбек ақысын көтеруді,еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.
1893,1895,1899 жылдары Батыс Сібір теміржолы жұмысшыларының ереуілдері болды.
## 1905-1914 жылдары
1905-1907 жылдардағы алғашқы буржуазиялық-демократиялық революция басылғаннан кейін Стольпиннің аграрлық реформасына сәйкес Қазақстанға қоныс аудару күшейіп,жер мәселесі шиеленісті.1897 жылғы санақ бойынша қазақ өлкесінде орыс шаруаларының үлесі 20% құраса,араға 20 жыл салып барып,1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардыңүлесі 42% -ға жетті.
1907 жылы ағылшындар Жезқазған мыс кен орнын жалға алды.
1905 жылы Ә.Бөкейханұлы,А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы және тағы басқа зиялылардың ұйымдастыруымен патшалық үкіметке қазақ халының мұң-мұқтажы туралы «Қарқаралы петициясы»жолданды.
1913-1918 жылдары «Қазақ» газеті шығып тұрды.
1911 ж. «Айқап» журналы жарық көре бастады.
1914 жылы 1 тамызда Ресей империясы I дүниежүзілік соғысқа кірді.
## 1916 1917 жылдары
1916 жылдың ортасында қазақтардың саны 5 миллион 650 мың адамға жетті. Осы кезде қазақтар саны жағынан дүние жүзінде түркі тілде халықтар ішінде 2 орынға, ал Ресей империясы мен бұрынғы Кеңес Одағында бірінші орында болды. Осыдан 30 жыл өткен соң, яғни большевиктердің үстемдікі тұсындағы демографиялық паттың нәтижесінде,олар 3 орынға түсіп қалды.
1916-45 жылдар ішінде басқа халықтар,социалистік қайта құрудың қиыншылықтарына қарамастан,25-30 пайызға өссе,ал қазақтардың саны 3 миллион 150 мың адамға немесе 45 пайызға кеміді.Қажетті демографиялық өсуді есептегенде қазақ халқы осы жылдарда 65 пайызынан, яғни үштен екісінен айырылды. Мұндай қасиретті 20 ғасырда дүние жүзіндегі бірде-бір халық басынан өткізген жоқ.
1916 жылғы 25 маусымда «бұратана халықтардан» қазақ,қырғыз,өзбек,тәжік,түркімен,дүнген,ұйғырлардан «соғыс аудандарында қорғаныс құрылыстарын жүргізу мен тыл жұмыстары үшін 19 бен 43 жастың аралығындағы еркектерді мобилизациялау туралы» патша жарлығы шықты. Ұлт-заттық көтерілістер басталды.
1916 жылы қазан айында 300 мыңнан аса қазақтар мен қырғыздар Қытайға көшуге мәжбүр болды.
1917 жылы 27 ақпанда патшалық Ресейде екінші буржуазиялық демократиялық революция жеңіске жетті.
1917 жылы наурыз айында барлық жерлерде Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдары құрылы бастады.
1917 жылы наурыз айында қазақ даласында большевиктік идеялар таралып,олардың ұйымдары қызмет атқарып жатты.
1917 жылы 24 қазанда Петроградта Уақытша үкіметке қарсы В.И.Ленин бастаған большевиктер қарулы көтеріліс ұйымдастырды.
1917 жылы 3 қарашада «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» жарияланды.
1917 жылы Әулиеатада,Бөкей Ордасында,Петропавлда,Көкшетауда,Атбасарда,Қостанайда кеңестер орнады.
## 1917 - 1919 жылдары
1917 жылы 26 қарашада Қоқанда Түркістан мұсылмандарының өлкелік IV Төтеншесъезі өтіп, 27 қарашада съезд Түркістан автономиясының Премьер-министрі және Ішкі істер министрі болып М.Шоқай сайланды.
1917 жылы 1 желтоқсанда Түркістан автономиялық үкіметі өлке халқына Үндеу жариялап,онда Түркістан Ресей Федеративтік Демократиялық Республикасының автономиялық бөлгі болатынын мәлімдеді.
1918 жылы Орынборда Кеңестер билігі атамен Дутовтың қарулы қарсылығын басу жолымен орнады.Семейде,Өскеменде,Қарқаралыда,Зайсанда,Верный мен бүкіл Жетісу облысында кеңестік билік орнады.
1919 жылы қаңтар-азық-түлік салғырты туралы декрет қабылданды.
## 1920 - 1921 жылдары
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төрағасы М.И.Калинин мен Халық Комиссарла Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин қол қойған РКФСР құрамындағы «Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы» декретті қабылдады.станасы Орынбор қоласы болы белгіленді.
1920 жылдары салғырт бойынша халықтан 1,5 млн пұт нан тартылып алынған.Мұның бәі халықтың наразылығын туғызып,1920-1921 жылдары Кеңес үкіметінің саясатына ашық бас көтеруге ұласты.
1921 жылы 8-16 наурызда РК(б)П Х съезі өтіп,онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды.ЖЭС-тің мәні:азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып,еңбек міндеткерлігі жойылды;сауда жасауға,жерді жалға алу,жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етіліп,кооперация мен шаруашылық есепке еркндік берілді.
1921 жылдың жазында Қазақ өлкесінің солтүстік-батыс аудандарында құрғақшылық басталып Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы егістктер қурап кетті.Республика бойынша халықтың жартысына жуығы 2,3 миллион адам аштыққа ұшырады.
## 1922-1928 жылдары
1922 жылы Қазақстан халқының саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 милион адамға кеміді.
1925 жылы республиканың астанасы Орынбордан Ақмешітке көшірілді.
1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезі өтіп,онда елді индустрияландыру бағытынакөшіру туралы шешім қабылданды.
1927 жылы сәуірде Түркістан-Сібір темір жолын салу басталды.
1926 жылы Қазақстанда 44 қала қалашық болса,арағы небары 13 жыл салып барып 1913 жылы олардың саны 81-ге жетті.
192 жылы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы БК(б)П XV съезінде ұжымдастыруғабағыт алынып,1932 жылға дейін қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарынаа ұжымдық шаруашылық (колхоз)жүйесіне көшу туралы шешім қабылданды.
1928 жылы байлардың мал-мүлкін күшпен кәмпескелеу басталды.Жасанды ұйымдастырылған аштықтың нәтижесінде –голощекиндік зұлматтан аман қалу үшін 900 мың қазақ (18 процент) шет аймаққа-шекаралас Ресейге,Орта Азияға,сондай-ақ Қытай, Моңғолия, Ауғанстан және Иранға қаша көшті.Өлгендерді және шет жерге көшкендерді қоса есептесек қазіргі Қазақстан Республикасындағы жергілікті халық өзінің 70 процентке жуығынан айырылды.
1928 жылы «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген жалған айыппен 44 адам,қазақ ұлтының зиялы қауымының асылдары бұрынғы Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханұлы,А.Байтұрсынұлы,М.Жұмабайұлы,Ж.Аймауытұлы және т.б. тұтқындалды.Араға 2 жыл салып М.Тынышпайұлы,Х.Досмұхамедұлы сынды зиялылары бар 40-тан астам адам қуғын-сргінге ұшырады.
## 1928-1934 жылдары
1928 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады.Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса,1933 жылдың 1 қаңтарында одан тек 4,5 млн мал басы ғана қалды.
1931-1933 жылы Қазақстанда аштық болып,2,1 млн адам қырылды.
1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғару оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды.
1935 жылы институтқа қазақ халқынының кемеңгер ұлы Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
1929 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ашылды.
1935 жылы профессор С.Асфендиярұлының «Көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы»атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық театры, қазіргі Абай атындағы опера және балет театры ашылды.
1934 жылы Қазақстанда алғаш көркем фильмдер студиясы ашылды.
## 1936 - 1938 жылдары
1936 жылы Жамбыл атындағы филармония ашылды.Осы жылдың мамырында Мәскеуде қазақ мәдениеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі ашылды.
1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан «жапон тыңшылары» деген заңсыз айып тағылып,100 мыңнан аса корей күштеп қоныс аударылды.Сол жылдың күзінде КСРО-ның кавказдық шекасы бойына «шекаралық аймақты тазалау мақсатында» мындаған курдтар,түріктер,әзірбайжандар,ирандықтар Қазақ жеріне кшпен көшіріліп әкелінді.
1920 жылдардың соңында еңбек лагерьлерінің және Еңбек қоныстарының бас басқармасы-ГУЛАГ құрылып,Қазақстанда оның Карлаг,Степлаг,АлЖИР секілді концлагерьлік бөлімдері құрылды.
1938 жылы «Амангелді» көркем фильмі дүниеге келді.
## Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі тарих
### 1941-1945 жылғы
1941 жыл 22 маусымда сағат таңғы 4:00 фашистік Германия Кеңестер Одағына басып кірді.2-ші Ұлы Отан соғысы басталды.Соғыс жылдары Қазақ жерінде барлығы 12 атқыштар,4 кавалериялық дивизия,7 атқыштар бригадасы,50-ге жуық полктар және батальондар жасақталды.Қазақстанда жасақталған 310,312,314,316,391-атқыштар дивизиялары және т.б. әскери құрамалар майданның алғы шептерінде шайқасты.Оның ішінде үш кавалериялық дивизия мен екі атқыштар бргадасы қазақ ұлттық әскери бөлімдері болды.Соғыс кезінде Кеңес армиясы қатарына 1.196.164 қазақстандық жауынгер шақырылды.
1941-1945 жылдары Қазақстан республикасы Одақ бойынша қорғасынның 85%-ын;мыстың 35%-ын;молибденнң 60%-ын;висмуттың 65%-ын;полиметалл кенінің 79%-ын берді.Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 34 млн тонна көмір өндірді.Ақтөбе облысындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тары өндіруде гектарынан 202 центнер өнім жинап,әлемдік рекорд жасады.Ал Қызылорда облысының «Қызыл ту» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақайұлы күріш өндіруде гектарынан 172 центнер өнім жинап,әлемдік рекорд жасады.Мәскеуді қорғауда Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсіп,кейіннен 8-гвардиялық И.Панфилов дивизиясы болып аталды.
### 1946-1986 жылдары
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды,оның ұйымдастырушысы,әрі тұңғыш президенті Қ.Сәтпайұлы болды.
1747 жылы Е.Бекмаханұлы «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын әзірледі.
1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ жасалды.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумында «Елде астық өндіруде ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды.
1954 жылы Кеңес Одағы бойынша жыртылған 13,4 миллион гектар тың жердің 6,5 миллион гектары Қазақстанда жыртылды.
1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді.
1954-1986 жылдар арсында Қазақстанда 600-ден астам қазақ мектебі жабылды.Ғылымдар оның ішінде қоғамдық ғылымдар,тарихта ресми саясаттың «елгезек» қызметшілеріне айналып,ал мәдениет болса ұлттық тамырларынан қол үзіп,сұрқай тартып,өңінен айырыла бастады.Қазақ тілінің жағдайы төзгісіз халге жетті.Ол қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып,тек тұрмыстық тлге айналды.Тілдің өзіндік өрісі де тарыла түсті,өйткені оны жастардың көпшілігі ұмыта бастағаны былай тұрсын, тіпті оларда ана тіліне деген менсінбеушілік пайда болды.Ұлттық мәдениет пен тілден аластаудың осындай ұзақ үрдісі мәңгүрттердің елеулі тобын дүниеге әкелді.
### 1956-1979 жылдар
1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп,сталинизм қылмыстары әшкереленіп,қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды.Қазақстанда Т.Рысқұлов,С.Асфендиярұлы,С.Сейфуллин,Б.Майлин,Н.Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері,ақын-жазушылар ақталғанмен,Алаш қайраткерлері ақталмай қалды.
1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды.
1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады.
1970-1985 ж. Кезеңде Арал теңізі түбі тұз ошағына айналып гепатит,туберкулез сияқты эпидемиялық,сонымен қатар онкологиялық аурулардың өсуіне алып келді.Аталған аурулар көрсеткші одақ көрсеткішінен 15 есеге көп болды.
1975 жылы О.Сүлейментегінің «Аз и Я» кітабын оқуға тыйым салынды.
1979 жылы неміс автономиясын құруға байланысты қазақ жастары өздерінің наразылықтарын білдірді.
1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді.
### 1980-1990 жылы
1980 жылдардың аяғында: Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ұлттық Тәуелсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шыға бастады.
1985 жылы: Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік тұтынатын тауарларды алу үшін екі – үш айлықжалақысын жұмсаса , қалған тоғыз – он айдың жалақысы тауар тапшылығыны байланысты жұмсалмай қалады.
1986 жылы 16 желтоқсанда: Республиканы 1960 – 1962 және 1964 – 1986 жылдар аралығында басқарған Дінмұхамед Ахметұлы 1986 жылы 16 желтоқсанда небары 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумында КОКП ОК өкілі Г. Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР КП ОК – нің бірінші хатшысы лауазымынан босатылды. Осыған байланысты 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қаақ жастары қатысқан Желтоқсан тоқулары басталды.
1988 жылы мамырда – Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Қайрат Рысқұлбек түрмеде белгісіз жағдайлармен қайтыс болады.
1988 жылы – Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920 – 1950 жылдарда қуғын – сүргініне ұшырап , жазықсыз атылып кеткн қайраткерлерді ақтау туралы қаулыны қабылдады. Соған сәйке Ә. Бөкейханұлы , Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы , Шәкәрім Құдайбердіұлы , Мағжан Жұмабайұлы , Жүсіп Аймауытұлы , Х. Досмұхамедұлы , М. Тынышпайұлы сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін ақтауға және олардың мұраларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілді.
1989 жылы белгілі ақын,әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың басшылығымен «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды.
1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заң қабылданды.
1990 ж. 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді.Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдады.
## Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі, Қазіргі Қазақстан Тарихы
### 1991 жыл
Қаңтар
20 қаңтар –Қарағандыда қала тұрғындарының қымбатшылыққа қарсы митингісі болып өтті.
Ақпан
11 ақпан-Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс 3 сессиясы өз жұмысын бастады.Онда президент Н.Назарбаев елде қалыптасқан жағдай туралы сөз сөйледі.
15 ақпан-Жоғарғы кеңес «Жергілкті өзін өзін басқару және Қазақ КСР халық депуттарының жергілікті кеңестері туралы» заңды қабылдады.
Наурыз
11 наурыз- «Егеменді Республикалар одағы туралы» шарт жобасы жарияланды.
15 наурыз-Қазақ КСР Президентінің жарлығымен наурыздың 22-сі көктемгі халық мейрам болып жарияланды.
Сәуір
23 сәуір-одақ құрамына енетін 9 республиканың басшылары КСРО Президенті М.С.Горбачевпен кездесіп,одақтық шарттың негізгі принциптері туралы келісті.
24 сәуір-Қазақ КСР Президенті қызметінің тағайындалғанына 1 жыл толды.Шілде8 шілде-Нова-огаревада КСРО Президенті М.С.Горбачев пен 9 одақтас республикалардың өкілетті басшылары кездесті.8 шілде-Нова-огаревада КСРО Президенті М.С.Горбачев пен 9 одақтас республикалардың өкілетті басшылары кездесті.
9 шілде - Президент Н. Ә. Назарбаев « Қазақ КСР мемлекеттік салық салу қызметін құру туралы» жарлыққа қол қойды.
тамыз
17 тамыз - газеттерде « Егеменді мемлекеттер одағы туралы шарт » жарияланды.
19 тамыз - Мәскеуде КСРО вице-президенті Г. Янаев , премьер-министр В.Павлов бастаған топ мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды.
21 тамызға қараған түн - РСФСР кеңестері үйі алдында қарулы қақтығыс болды. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен республиканың қауіпсіздігін нығайту мақсатында қауіпсіздік кеңесі құрылды.
22 тамыз - Мәскеуде 3 күнге созылған әскери төңкеріс жеңіліске ұшарады. ҚР Президенті Н. Назарбаев республиканың « Құқыққорғау және сот органдарын партиясыздандыру туралы » жарлық шығарды.
29 тамыз - Президент Н. Ә. Назарбаев « Семей ядролық полигонын жабу туралы » бұйрыққа қол қойды.
31 тамыз - Қазақ КСР жоғарғы кеңесініңпрезидиумы 31 мамырда « 1931-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан қаза тапқандарды еске түсірудің жыл сайынғы күні » деп жариялады.
Қыркүйек
Қыркүйек айы - Ақшаның құнсыздануының ( инфляцияның ) өсуі , халықтың негізгі бөлігінің күнкөріс деңгейінің төмендеуі . Нарықтық экономиканы дамытуға жасалған бетбұрыс.
11 қыркүйек - Қазақ КСР космостық зерттеулер агенттігі құрылды.
16 қыркүйек - Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының қаулысымен Шевченко қаласы Ақтау деп аталды.
17 қыркүйек – баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі бас басқарма таратылды – республикада цензура жойылды.
Қазан
2 қазан – « Союз ТМ - 13» космоскораблімен халықаралық экипаж құрамында қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
18 қазан – Мәскеуде сегіз егеменді ел басшылары: Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан « Экономикалық қауымдастық туралы» шартқа қол қойылды.
25 қазан – Президент жарлығымен Қазақ КСР мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, Кеңес Одағының Батыры, генерал Сағадат Нұрмағамбет комитет төрағасы болып тағайындалды.
Желтоқсан
1 желтоқсан – бүкілхалықтық Қазақстан Президенін сайлау болып өтті. Бұл сайлауда Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетті.
8 желтоқсан – Беловежьеде Ресей, Украина және Беларусь басшылары – Б. Ельцин, В. Кравчук және С. Шушкевич Кеңес одағының өмір сүруі тоқтатылғанын жариялады.
10 желтоқсан – республика Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісінде бүкіл халық сайлаған Қазақстан Респбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметке кірісу рәсімі болып өтті. Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы - Қазақстан Республикасы деп аталды.
16 желтоқсан – Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау бірінші желтоқсанға белгіленді.
16 желтоқсан – Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
21 желтоқсан – Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер достастығын құрып, КСР Одағының таратылғандығын мәлімдеді.
25 желтоқсан – КСПО Президенті М. Горбачев Орталық телевизия арқылы сөз сөйлеп, өзінің президенттік қызметтен кететіндігін жария етті.
### 1992 - 1993 жылдар
1992 жылы
Қаңтар айы – Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері құрылды.Қазақстанның ОБСЕ мүшелерін қабылдауы. Республика Президентінің бағаны босату жөніндегі жарлығы, бағаның күрт өсуі, өндірістің құлдырауы.
2 наурыз – Қазақстынның толық өкілетті мүше ретінде БҰҰ – на кіруі.
Маусым айы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы мен мемлекеттік елтаңбасы бекітілді.
Қазан айы – Қазақстан халықаралық Экономикалық Бірлестік ұйымына мүше болып кірді. (ОЭС)
1993 жылы
28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылдануы.
15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енуі. Халықаралық байланыстардың кеңеюі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ – тың, Қытайдың, Түркияның, Францияның, Иранның, Австрияның және басқа да елдердің басшыларымен жоғары деңгейдегі кездесулері.Өнеркәсіптік және коммерциялық обьектілерді жекешелендіру процессінің кеңеюуі.
### 1994 жылы
1994 жылыӘлеуметтік – экономикалық саладағы жағдайы: өндірістің он екі тоқсанда 30 пайызға және одан да әрі құлдырау кезеңдері болады.
Наурыз айы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі сайланады.
Сәуір айы – министрлер Кабинетнің электр энергиясы бағасының босатылуын тоқтатуы.Байқоңыр космодромын Ресейге 20 жылға жалға берілуі және бұл мерзімді одан әрі созуға болатындығы туралы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімнің жасалуы.
Мамыр - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің республика өкіметінің әлеуметтік – экономикалық және құқықтық саясатына сенімсіздік білдіруі.Орта – Азиялық Одақ – Қазақстаның , Қырғызстанның және Өзбекстанның арасында ортақ экономикалық кеңістік жөніндегі келісімге қол қойылды.Рыноқты халық тұтынатын тауарлармен және тамақ өнімдерімен біртіндеп толтыру.
Қазан – Қазақстан Республикасы Үкіметінің өз қызметін тоқтатуы: үкіметтің Жаңа құрамының құрылуы. Министрлер кабинетінің мұнай өнімдерінің бағасын босату туралы қаулысы.
Қараша айы – Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаевтың халықаралық экипаждың құрамында «СоюзТМ - 19» кораблімен ғарышқа ұшуы.Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ – қа , Жапонияға , Италияға , Сауд Аравиясына және басқа елдерге ресми сапары.
Желтоқсан айында – өндірістік емес сала қызметкерлері жалақысының өсуі.
### 1995 жылы
Қаңтар – Белоруссияның , Қазақстанның , Ресей мен Қырғызстанның кеден Одағының құрылуы.Наурыз – Конституция соттың сайлау мен оның өкілеттігі заңсыз деп табуына байланысты Жоғарғы Кеңкс депуттарының қызметін тоқтатуы.
19 сәуір – Президенттің өкілдігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі бүкілхалықаралық референдум.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының бүкілхалықтық референдумның нәтижелеріне сәйкес қабылдануы.
Желтоқсан – Республика парламентінің жаңа құрамын сайлау. Қазақстанның Ислам Конференциясы ұйымыны кіруі.
### 1997 жылы
Сәуір айы – Президенттің «Қазақстан Республикасының Әкімшілік – территориялық құрылысын ретеу жөніндегі шаралар турулы» жарлығы: Талдықорған территориясын Ақмола облысының құрамына, Торғай облысын Ақмола және қостанай облыстарының құрамына ендіру.
Мамыр – Жезқазған облысын Қарағанды облысының , Көкшетау облысын Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енуі.
Қараша – Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ – қа сапары мұнай – газ саласындағы бірсыпыра келісімге қол қою және Қазақстан – Америка қатынастарын « Стратегиялық серіктестік » деңгейіне жеткізу.
Желтоқсан – БҰҰ – ның Бас ассамблеясының 52 – сессиясында Қазақстанның бастамасымен Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынаудың зардабын жобаға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы жарлығымен 1998 жыл «Халық бірліг мен ұлттық тарих жылы » деп жарияланды.Әлеуметтік – экономикалық салада дамуы
* қызметкерлердің номиналдық орта жалақысы 1994 – 1998 жылдың басына дейін 2,6 есеге өсірілді.
* шаруа қожалықтары санының өсуі: 1991 жылдың бірінші қаңтарындағы 324 – тен 1998 жылдың 1 қаңтарындағы 51347 – ге дейін.
Заңдардың қабылдануы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік дамудың « Қазақстан - 2030» мемлекеттік басқару стратегиялық бағдарламасын жариялады.
Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капиталын жан – жақты тартуға бағыт ұстауға бел буды.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы қабылданып, Қазақстандағы тілдер қызметінің құқықтық негіздері белгіленді.
### 1998 жылы
29 қаңтар – Талғат Мұсабаев бастаған «Союз - 27 » кемесі ғарышқа ұшты.
6 мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта ауыстырып атау туралы » жарлығы шықты.
8 маусым – Астана қаласында қазақ халқының азаттығын армандаған үш презенті – Төле би , Қазыбек би , Әйтеке бидің ескерткіш монументі ашылды. Оның ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Шілде – Қазақстан және Қырғызстан республикалары арасындағы мемоекеттік шекараларды бөлуді ретке келтіру жөніндегі меморандумға қол қойылды.Республикалық «Халық денсаулығы » бағдарламасы жарияланды.
Тамыз – шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қоры құрылды.
### 1999 жылы
11 маусым - Қазақстан Республикасының Президентінің «Жамбыл және солтүстік Қазақстан облыстарындағы жекелеген әкімшілік – аумақтық бірлік атауларын қайта атау және Актюбинск қаласы атауының транскрипциясын өзгерту туралы » Жарлығы шықты. Соған орай Актюбинск қаласы – Ақтөбе болып өзгертілді.
17 маусым – Мұхамед Хайдар Дулатидің туғанына 500 жыл толуына орай ЮНЕСКО 1999 жылды «Мұхамед Хайдар Дулати жылы» деп атауға шешім қабылдады.
27 қазан – Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон» жер серігінің бөлігі Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентнен 25 шақырым жерге құлады. Осы апатқа байланысты Үкімет комиссиясы құрылды.
28 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялау туралы жарлығы шықты.
### 2001 жылы
27 ақпан – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен республиканың алдағы 5 жылға экономикалық қауіпсіздігінің Стратегиясы бекітілді.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні Елордада «Отан қорғаушылар» мемориалдық кешені ашылды.
11 мамыр – Астанада қазақ халқының Тәуелсіздігі жолындағы ұлы күрескер – Кенесары ханның ескерткіші ашылды.
18 мамыр – Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетінде ғасырлар тереңінен жеткен Күлтегін ескерткшінің ғылыми көшірмесі орнатылды.
14 маусым – ел азаматтарының ақша қаражаттарын легализациялау бойынша акциясы басталды.
3 қыркүйек – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына «Елдегі жағдай мен 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттар туралы» атты жолдауын арнады.
22 және 25 қыркүйек күндері - Қазақстан Республикасының мемлекеттік іс сапарымен Рим Папасы Иоанн Павел II келді.
22 қазан – Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңес құрылды.
30 қараша – ЮНЕСКО – ның бас конференциясының 31 сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының 2002 – 2003 жылы ақын М. Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына орай және жазушы , драматург Ғ. Мүсіреповтың туғанына 100 жыл толуын атап өту туралы ұсыныстары қабылданды.
### 2007 жылы
21 наурыз – ел президентінің жарлығымен Қазақстан Зеспубликасының әскери доктринасы бекітілді.
27 наурыз – ел президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігі құрылды.
14 мамыр – елбасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін бекітті.
21 маусым – Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласы Семей қаласы болып өзгертілді.
1 шілдеден бастап шикізат салаларынан түскен кірістердің барлығы Ұлттық қорға аударылатын болды.
29 – 30 қараша – Мадридте өткен Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының шетел істері министрлерінің 15 отырысында 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ететіндігі туралы шешім қабылданды.
### 2008 жылы
30 қаңтар – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарының форумында ел президенті «Интеллектуалдық ұлт - 2020» ұлттық жобасын жасақтау туралы идеясын айтты.
6 ақпан – ел президенті Қазақстан халқына жолдауын арнады.
2 сәуір – Нұрсұлтан Назарбаев елемізге алғаш рет әкелінген олимпиада алауының эстафетасын қабылдады.
6 шілде – Астананың 10 жылдық мерей тойы атап өтілді.
29 тамыз – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақорда» резиденциясында олимпиададан жүлделі орындардан көрінген спортшыларды қабылдады. Ұлттық құрама медаль саны бойынша 19 орыннан көрінді.
20 қазан – ел президенті «Қазақтан халықтарының Ассамблеясы туралы» заңға қол қойды.
24 қазан – Қазақстан халықтарының Ассамьлеясының 15 сессиясы өтіп , онда ұлттық бірлік Доктринсын әзірлеу туралы ой айтылды.
13 қазан – Үкіметтің кеңейтілген отырысында екі мемлекеттік ірі «Қазына» және «Самұрық» холдингтернің базасында - «Самұрық Қазына» ұлттық әл – ауқат қорын құру туралы шешім жасалды.
### 2009 жылы
2 ақпан – «Российская газета» басылымында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ключи от кризиса» мақаласы жарияланды. Онда елбасының әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеру жолдары туралы айтылды.
3 ақпан – Германиядағы Қазақстан жылы ашылды.
Ақпан айы – «Нұр Отан» ХДП құрылғанына 10 жыл толды.
1 шілде – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі өз жұмысын бастады.
Қазан айы – «Өзара ықпалдастық - 2009» атты кешенді оқу – жаттығулары өтті.
26 қазан – Қазақстан халықтары ассамблеясының «Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз» тақырыбындағы XV сессияс өтті.
### 2010 жылы
1 қаңтар – Қазақстан , Ресей, Беларуссияның кедендік одағы өз жұмысын бастады.
14 қаңтар – Еуропада Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының тұрақты кеңесінде Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ (ОБСЕ) төрағалығының ресми түрдегі презентациясы өтті.
1 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев № 922 «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары туралы» указға қол қойды.
26 ақпан – «ФРП « Даму» АҚ екінші деңгейлі банктерге кіші және орта бизнесті қолдауға 117 миллиард теңгені аударды.»
12 наурыз - Қазақстан Республикасының Президенті мұнай және газ , индустрия және жаңа технологиялар , экономикалық даму және сауда , мәдениет министрлігінің , байланыс және ақпарат министрліктерінің құрылғандығын хабарлады.
19 наурыз Қазақстан Республикасы 2010 – 2014 жылдарға « Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуы туралы мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды.
18 мамыр – ел Үкіметі «Ұлттық бірлік » доктринасын іске асыру жоспарын қабылдады.
28 маусым – ел призиденті Назарбаев Университетінің ашылу салтанатына қатысты.
1 шілде - Қазақстан және Ресей аумағында Кеден одағының Кедендік кодексі қолданысқа енгізілді.
27 қараша – қытайдың Гуанчжоу қаласында Азия ойындарыаяқталды. Қазақстан құрамасы 79 медальмен: 18 алтын , 23 күміс , 38 қолқа медальмен 5 орыннан көрінді.
1 – 2 желтоқсан – Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті болып өтті. Оның қорытындысы бойынша декларация қабылданды.
7 желтоқсан – Қазақстанда білім беру жүйесін 2020 жылға дейін дамыту бойынша бағдарлама бекітілді.
30 желтоқсан – ел президентінің қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша инициативалық топ тиісті қолдарды жинап бітірді.
### 2011 жылы
19 қаңтар – ел президенті Қазақстан Республикасы « « Назарбаев Университеті (NU) », «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» статусы туралы» заңға қол қойды.
23 ақпан - « Ғылым туралы » заң жарық көрді.
3 сәуір – Республикада кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша ел президенті жеңіске жетті.
8 сәуір - Қазақстан Республикасы президентінің инаугурацясы болып өтті.
27 сәуір – Астанада ТюркПА кеңесінің отырысы болып өтті , ұйымға төрағалық ету эстафетасы Қазақстанға берілді.
18 шілде – ұлттық байланыс спутнигі «Казсат - 2» орбитаға шығарылды.
10 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» мемлекеттік Декларацияны қабылдады.
## Дереккөздер
Жұмжұма Нұржан Сұршаұлы 1 // Ұлы Қазақ елінің тарихы = Ұлы Қазақ елінің тарихы — ЖШС "Руспром", 2012. — Т. 4. — Б. 3-70. — 75 б. — (С89 "Қазақ халқының мұрасы"). — 100 таралым. — ISBN 978-601-204-047-0. |
2008 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он жетінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
Бірінші кезең ойындары 2008 жылдың 9 сәуірінде өтті.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2008 жылдың 23 сәуірінде өтті.
## 1/4 финал
1/4 финал ойындарының алғашқы кездесулері 2008 жылдың 7 мамырда, жауапты кездесулер 14 мамырда өтті.
## 1/2 финал
1/2 финал ойындарының алғашқы кездесулері 2008 жылдың 28 қазанда, жауапты кездесулер 12 қарашада өтті.
## Финал
## Дереккөздер |
## Ботаникалық сипаттамасы.
Қазақстанда жусанның 20 – дай түрі өседі. Олардың ішінде азықтық және дәрілік қасиеттері жағынан қара жусан, бөрте жусан және құм жусаны – шағырдың маңызы зор.Қара жусан мен бөрте жусан биктігі 30 – 45 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабақтары тік өседі, жоғары жағында бұтақшалары көп болады.Жапырақтары күңгірт жасыл түсті, кезектесіп орналасқан, гүлдері майда, сары түсті. Өсімдік шілде– тамыз айларында гүлдейді.
## Табиғатта таралуы.
Қара жусан мен бөрте жусан қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық облыстарының далалы аймақтарында жиі өседі. Кейбір аудандарда ондаған, жүздеген гектар жерді алып жатады. Қара жусан сор және сортаң жерлерде көп кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде жусан сабағының жоғары жағы орылып алынып, көлеңке жерде кептіріледі.
## Химиялық құрамы.
Қара жусан мен бөрте жусанның құрамында 7 – 8% нәруіз, 4 - 5% май, 26 - 28% клечатка бар. Сондай – ақ жусан шөбінің құрамында абсинтин, анабсантин деп аталатын гликозидтер, флавноидтар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, фитонцидтер, каротин және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп тез семіреді.Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады.Дәрілік мақсатпен жусан шөбі жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде орылады.Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас қорытуы жақсарып, тез қоңданады.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдыңтынысалумүшелерініңауруларынемдеуүшінқолданылатындәрілікөсімдіктер // Қаражусан мен Бөртежусан — "Қайнар", 1988. — Б. 80-81. — (Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
## Ботаникалық сипаттамасы.
Қазақстанда жусанның 20 – дай түрі өседі. Олардың ішінде азықтық және дәрілік қасиеттері жағынан қара жусан, бөрте жусан және құм жусаны – шағырдың маңызы зор.Қара жусан мен бөрте жусан биктігі 30 – 45 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабақтары тік өседі, жоғары жағында бұтақшалары көп болады.Жапырақтары күңгірт жасыл түсті, кезектесіп орналасқан, гүлдері майда, сары түсті. Өсімдік шілде– тамыз айларында гүлдейді.
## Табиғатта таралуы.
Қара жусан мен бөрте жусан қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық облыстарының далалы аймақтарында жиі өседі. Кейбір аудандарда ондаған, жүздеген гектар жерді алып жатады. Қара жусан сор және сортаң жерлерде көп кездеседі.Дәрілік шикізат ретінде жусан сабағының жоғары жағы орылып алынып, көлеңке жерде кептіріледі.
## Химиялық құрамы.
Қара жусан мен бөрте жусанның құрамында 7 – 8% нәруіз, 4 - 5% май, 26 - 28% клечатка бар. Сондай – ақ жусан шөбінің құрамында абсинтин, анабсантин деп аталатын гликозидтер, флавноидтар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, фитонцидтер, каротин және басқа да заттар бар.
## Қолданылуы.
Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп тез семіреді.Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады.Дәрілік мақсатпен жусан шөбі жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде орылады.Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас қорытуы жақсарып, тез қоңданады.
## Дереккөздер
Шәріпбаев Н. Малдыңтынысалумүшелерініңауруларынемдеуүшінқолданылатындәрілікөсімдіктер // Қаражусан мен Бөртежусан — "Қайнар", 1988. — Б. 80-81. — (Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. |
Уәлиев Нұргелді Мақажанұлы (01.07.1945 ж.Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауданы т.) - филология ғылымдарының докторы (2007), профессор. (1968, қазіргі ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы.) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972) бітірген соң осы институтта кіші (1973–90), аға (1990–95) ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995–96), институт директорының орынбасары (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
## Н.Уәлиевтің ғылыми еңбектері
Қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған.
Олардың негіздері:
* «Сөз мәдениеті» (1984);
* «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988);
* «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993);
* «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007)
* «Фразеология және тілдік норма» (1997);
* «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар);
* «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар);
* Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007) т.б.
Н.Уәлиев – жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006) атты оқулықтың авторы .
## Зерттеу бағдарламаларына қатысуы
Институттың іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша ол «Қазіргі қазақ тілі функционалдық стильдерінің қалыптасуы мен дамуы», «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» (1997-2002), «Қазақ жазуының дамуы мен қалыптасу кезеңдері» (2005-2008) атты тақырыптардың ғылыми жетекшісі болды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Н. Уәлиевтің басшылығымен он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» құрастырылуда. Қазіргі кезде Сөздіктің ХV томының барлығы дерлік жарық көрді.
Н.Уәлиев – ғылыми ұйымдастыру жұмыстарына және жоғары білікті ғылым кадрларын даярлау ісіне атсалысып жүрген ғалым; қазіргі кезге дейін 13 ғылым кандидатын даярлады.
Н.Уәлиев ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылдана жүріп, Қыздар педагогтік институтында дәрістер оқып, осы институттың аспиранты Ғалия Шәріпжанованың кандидаттық жұмысына ғылыми жетекшілік жасады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында студенттердің практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық жасап, Тіл білімі институты мен Университеттің қазақ тілі кафедрасы арасындағы ғылыми байланысқа ұйытқы болды. Сондай-ақ Университеттегі А.Байтұрсынұлы атындағы зертхана кабинеттің ашылуына атсалысты.
## Марапаттары мен атақтары
* Филология ғылымдарының докторы (2007)
* Профессор
* «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісі (1996 ж.)
* «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2006 ж.)
* Халықаралық INTAS қорының стипендиаты (1998-1999)
* Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты (2008-2010)
* Құрмет ордені (2013)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* ҚазҰУ Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
Жалтыр – Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылының батысында 10 км жерде орналасқан тұзды көл. Құлынды жазығының ортасында, Ертіс өзенінің оң аңғарында. Теңіз деңгейінен 139 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 8,7 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 22,8 км. Шығысында Малыбай, батысында бірнеше ұсақ тұзды көлдер бар. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айының соңында суы қатып, сәуір айында ериді. Суы кермек. Мал шаруашылығына, балық шаруашылығына пайдаланылады. |
Гибсон шөлі - Батыс Австралиядағы шөл. Солтүстігінде Үлкен құмды шөл, ал оңтүстігінде Үлкен Виктория шөлімен шектеседі. Шөл құрлықтың көне платформалық бөлігінде, мүжілулер мен үшілулер нәтижесінде қалыптасқан. Жер бедері төбелі-белесті келеді. Абсолюттік биіктігі 762 м. Аумағының басым көпшілігі шақпақтастар қамтыған, шығысында бұйратты құмды жалдар, батысында сор жерлер кездеседі. Шөлдің климаты континенттік, құрғақ. Қаңтардағы орташа температура 28-30°С, шілдеде 12-14°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм. Топырағы қызғылт-қоңыр, өсімдік жамылғысы негізінен мальгаскрэб, сарыағаш, бұталар мен астық тұқымдасына жататын спинифекс шөптерінен тұрады. Маусымдық өзендерінің (криктер) бойында Ливингстон пальмасы өскен тоғайлар кездеседі. Жануарлардан кенгуру, вамбат, көртышқан, егеуқұйрық, эму, қоқыс тауығы, т.б. мекендейді. Шөлді 1873 жылы ағылшын саяхатшысы Э.Джайлстың экспедициясы ашқан, оған экспедициясының мүшесі А.Гибсон есімі берілген.
## Дереккөздер
Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2 |
Қарасор — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы тұзды көл. Майқайың кентінен оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, теңіз деңгейінен 250 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,7 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км. Көлдің жағалауы жазық, кейбір жерлерінде қамыс шоғырлары кездеседі. Батысынан шағын өзен құяды. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Жағалауы - шабындық.
## Дереккөздер |
Өндірісті халықаралық мамандандыру және кооперациялау - социалистік елдерде сала аралық және ішкі салалық халықаралық социалистік еңбек бөлінісін дамытудың аса маңызды формалары.
## Мақсаты
Бір тектес өнім (дайын бұйымдар, машиналар, тетіктер, детальдар, шала өнімдер, шикізаттар мен отындар жүйелері) бойынша өзара алыс-беріс жасау жөніндегі ұзақ мерзімді өндірістік-сауда байланысын орнату. Әрбір елде өндірістің экономикалық тиімділігін арттырып, техникалық дәрежесін көтеруге көмектеседі.
## Қызметі
Өндірісті халықаралық мамандандыру және кооперациялау барысында халықаралық шаруашылық шарттары мен келісімдері жасалынады. Ірі социалистік өндірістің артықшылығын пайдаланудың қосымша мүмкіндіктерін аша отырып, өндірісті халықаралық мамандандыру және кооперациялау еңбекті социалистік кооперациялаудың территориялық шекарасын кеңейтеді, бірін-бірі толықтыратын өндірістік құрылымды жасайды.
## Дереккөздер |
Өнеркәсіп бірлестігі - СССР-де шаруышылықты басқару органы, өнеркісіпті басқарудың үш буынды жүйесіндегі орта буын. Ол өнеркәсіп орындарынан, ғылми-зерттеу, конструкторлық, жобалау-конструкторлық, технологиялық ұйымдардан т.б. тұратын біртұтас өндірістік-шаруашылық комплексі.
## Сапалық құрамы
Өнеркәсіп бірлестігінің құрамына сондай-ақ өндіріс бірлестігі және комбинаттар кіруі мүмкін. «Бірлестіктер - өнеркәсіп өндірісін басқарудағы сапалық жаңа құбылыс. Олар кәсіпорындардың жай жиынтығы емес, қайта біртұтас өндірістік шаруашылық комплексі болып табылады. Бұларда ғылым мен өндіріс біртұтас біріккен, мамандану мен кооперациялау кеңінен өрістеген» (КПСС, XXV съезінің материалдары).
## Дереккөздер |
Қарасор — Өлеңті алабындағы көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы Бозшакөл кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, теңіз деңгейінен 223,3 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 6,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км. Пішіні сопақша келген көлдің жағалауында қамыс, құрақ өскен. Шығысынан Темірастау өзені құяды. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Жағалауы шабындыққа пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Үлгі:Infobox Military Conflict
Үлгі:Моңғол-татар езгілеу дәуірінің шайқасыҚалқадағы шайқас (31 мамыр 1223 жылғы) — біріккен орыс-қыпшақ әскері мен моңғол корпусы арасындағы ұрыс, 1221—1224 жылдардағы Жебе және Сүбедейдің жорығы аясында болды. Шайқас қазіргі Донецк облысы , Қалка өзенінінің аңғарында өтті. 1223 жылы 31 мамырда қыпшақтар мен негізгі орыс күштерінің 3 күннен соң ойсырай жеңіліп, моңғолдардың толығымен жеңісімен аяқталды. Шайқаста көптеген князьдері және оңтүстік және орталық Русьтің боярлары қаза тапты. |
Қарасор — Сілетітеңіз алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 21,7 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Созылыңқы келген көлдің аумағы 21,4 км2, ұзындығы 15,1 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 41,8 км. Батысы мен шығысы жарқабақты, қалған жағалаулары жайпақ. Онда қамыс шоғырлары өскен. Алабының басым бөлігі жыртылған. Жазда көл суы азайып, шалшықты батпаққа айналады.
## Дереккөздер |
Қарасор — Шағалалы алабындағы көл.
## Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының солтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 123,4 м биіктікте орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 75,5 км2, ұзындығы 27,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 73,2 км.
## Жағалау сипаты
Түбі тегіс, жағалауы саздақты жазық. Төңірегі ойдым-ойдым батпақты сор. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Атырабының 10%-ынан астамы егістік, тың жері бозды-бетегелі, жусанды келген. Көл маңы жайылым ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасор – Ертіс алабындағы тұйық көл.
## Географиялық орны
Павлодар облысы Май ауданындағы Жұмыскер ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 144,7 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 28,3 км2, ұзындығы 9,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 46 км, тереңдігі 1,2 м. Жағалаулары қатты тілімденген. Көл қазаншұңқыры батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Батысынан Түндік өзені құяды. Жаз айларында кеуіп қалады.
## Дереккөздер |
Қарасор — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағындағы көл.
## Гидрографикасы
Аумағы 44,3 км2, ұзындығы 17,2 км, енді жері 5 км, жағалау бойының ұзындығы 78,7 км. Батыстан шығысқа қарай созылған. Көлге Бала түндік өзені құяды. Қар, жаңбыр суларымен толығады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы. Кей жерлері егістікке пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қайырболат Мұқанұлы Есенов – филология ғылымдарының докторы (1983).
## Өмірбаяны
Омбы пед. училищесін (1947);1995 ҚазМУ-ды (қазіргі Қазақ Ұлттық Университет) бітірген;(1947–50), Омбы облысындағы №1 жетіжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім;1955–57 Көкшетау облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институтында қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі;1957 жылдан өмірінің соңына дейін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Есенов қазақ тіл білімі синтаксисінде күрделенген сөйлемдер категориясының теоритігі негізін қалады. «Қазіргі әдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қайырболат Мұқанұлы 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.
## Дереккөздер |
Мартбек Мамраев ауылдық округі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2006 жылға дейін Ақжол ауылдық округі деп аталды.
## Әкімшілік құрамы
Құрамына Ақжол, Жаңанегіз ауылдары кіреді. Орталығы – Ақжол ауылы.
## Дереккөздер |
Құммен сурет салу (ағылш. sand art, sand animation) - құмды өнер,құмды анимация ) – бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты. Бастапқы кезеңде бұл өнер түрі мултьфильмдердің, анимациялық фильмдердің сюжетін жасауда кең қолданылған. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік. Себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Құммен сурет салу өнерінің тарихы ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та бастау алды. Бұл өнердің пайда болуына себепші болған, сонымен қатар құмды анимацияны мультипликацияға енгізген америкалық режиссер Кэролайн Лиф (Caroline Leaf) болды. Оның 1969 жылы «Құм немесе Питер мен қасқыр» атты бірінші құмды фильмі (С.Прокофьеваның әуеніне сүйемелдене отырып) жарық көрді. Осылайша, Кэролайн Лиф мұны дипломдық жұмысы ретінде қорғаған. Алайда жас аниматордың бұл еңбегін ешкім елемеген. Тек 1974 жылы жарыққа шыққан «Үйрекке үйленген үкі» атты құмды фильмі көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Содан бері құмды анимация фильм, мультфильм, түрлі жарнамалық роликтерде, концерттік бағдарламаларда қолданылды. Осы бір сәтте Кэролайның есімі бүкіл әлемге тарайды. Жас аниматордың еңбегі жөнінде естіген америкалық Ференц Цако есімді суретшінің де бұл өнерге қызығушылығы артады. Ол үстел үстіне бейне-камера қойып, халықтың көз алдына сурет арқылы кино түсіреді. Сол мезетте Ференц құм арқылы санаулы секундтың ішінде күрделі қимылдарды көрсете алды. Цако "Ad Astra" атты ғарыштық тақырып бойынша құмның қимылдануының бірінші фильмін жарыққа шығарды. Ференц Цаконың осы секілді бірнеше кинолары Канн кинофестивалінде бірнеше мәрте жүлделі болды. Құммен сурет салу нағыз өнер ретінде белгілі Израильтың суретшісі Илана Яхав арқылы қалыптасты. Құммен сурет салудың артықшылығы: өмірді жақсы қырынан қабылдауға бейімдейді, есте сақтау қабілетін дамытады. Жылдамдықты сезініп, уақытпен жұмыс істеуге үйретеді.Құм бойдағы жағымсыз энергияны сіңіріп алады.Дәрігерлер сал ауруымен ауыратын балаларға құммен сурет салуға кеңес береді екен. Өйткені, саусаққа тиген құм түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан қантамырларын іске қосады екен. Жүйке жүйесін тыныштандырып, балаға сенімділік сыйлайтыны тағы бар. Бүлдіршіндердің шығармашылық қасиеттерді дамытады.
## Қазақстанға таралуы
Құммен сурет салу өнері Қазақстанға 2009-2010 жылдары келді.
### Құммен сурет салу шебері - Дәулетбек Тойшыбаев
Дәулетбек Тойшыбаев- құммен сурет салу өнерін алғаш жан-жақты дамытқан – қылқалам шебері. Жас суретші бейнелеу өнерінің жаңа түрін ғаламтордан көріп, қатты қызыққан. Осылайша ол осы өнер жөнінде көп ізденеді. Содан кейін Д.Тойшыбаев әйнекке құммен сурет салуды кәсіби тұрғыда меңгереді. Бүгінде ол әйнек бетінде құммен анимациялық суреттер салуға машықтандыратын үйірме ашып, шәкірт тәрбиелеуде.
### Құммен сурет салу шебері - Р. Сапаралиева
Р. Сапаралиева – майлы бояумен жан бітірудің хас шебері. Сонымен бірге құммен сурет салу да оның кәсіби ермегі. «Өнердің осы түрінде ең бастысы – әйнектің астынан түсірілетін жарық» дейді ол. Құмды сепкен кезде үстінен бастастырған сайын реңкі өзгеріп, суретке ажар кіргізеді.. Сонымен қатар Р.Сапаралиеваның айтуы бойынша: «Талай сурет салдым, әттең, сол сәтті бейнелерді таспаға түсіріп алмағаныма өкінемін. Шәкірт тәрбиелеуге де болады. Ол үшін оқушының әйнек тақтасы болғаны дұрыс. Құммен сурет салуды сурет салуға ебі бар талапкер тез меңгереді».
## Сурет салу қағидалары
Құммен сурет салудағы негізгі қағидалар:
* Үдемелік. Сурет салу жылдамдығы және кадрдың ауысуының жиілігі жоғары болуға тиіс, әйтпесе бұл көрермендерді тез шаршатып, оларға қызықсыз болып кетуі әбден мүмкін;
* Салынған суреттің әсер қалдыруы(эффектілігі). Суреттер бейнелеуші, эффектілі әрі кенеттен болған жағдайда, ол суреттер көрермендерде ерекше әсер қалдыра алады.Бұндай өнер туындыларына көрермендердің тамсана қарауы,салынған құмдағы суреттің эффектілігін анық байқауға жол ашады;
* Бейненің ауысуы түпнұсқалық болуға тиіс. Бастапқы кезеңде бейнелердің ауысуы баяу басталып, әрі қарайғы ауысу бірқалыпты болуға тиіс. Әрине, әрбір суретші бейнелерінің кезек бойынша ауысуы түпнұсқалық, кенетте пайда бола отырып көрерменге ерекше әсер қалдыруға ұмтылуы керек;
* Сюжет және шығармашылық идея құрылымы. Әрбір аяқталған құмды бейне «құмды фильм» деп аталады, яғни бұл тек қана құмды суреттердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге толығымен құмды анимациялық фильм болып есептелінеді. Сол себепті бұл өнерді драматургия деп атауға да болады. Онымен құмды фильмдер құрылымды шығармашылық негіздегі идеямен қалыптасады.
Айталық, мүсінші Джейми Уордлидің Әлем жағалауларына салған үлкен құмды суреттері әлемді таңқалдыра отырып, бейнелеу өнері негізінде ерекше із қалдырды. Оның бұл өнерге қызығушылығы Норвегияға барған сапарында оянады. Солайша Джейми Уордли алғаш рет мүсін өнерімен танысады. Джеймидің суреттерінің басты ерекшеліктері ол жасаған бейне рухани құндылықтармен жіне қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Осындай жағалауларға салынған суреттердің әрқайсысы дерлік, шамамен800метр бола алды. Ал бұндай ғажап өнер туындысын тамашалау үшін көрермендердің бірнеше сағаттық қана уақыттары бар. Себебі алып толқындар бұндай әсем көріністі оңай шайып кетеді.
## Пайдаланылған әдебиеттер
* http://www.art.ioso.ru/wiki/index.php/Art_sand Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
* https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F
* http://www.akjolgazet.kz/?p=19150 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
* http://kz.otyrar.kz/2015/03/%D2%9B%D2%B1m%D2%93a-suret-salatyndar/
* http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=427536 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
* http://www.syrboyi.kz/akparat/5041-iyalday-beyned-saldym-mmen.html Мұрағатталған 31 мамырдың 2015 жылы.
* https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%8F
* http://dzyuba.biz/%D1%8D%D0%BA%D1%81%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81/ Мұрағатталған 31 мамырдың 2015 жылы.
* http://www.akjolgazet.kz/?p=19150 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
* http://wiki.uspi.ru/index.php/%D0%A0%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%BF%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%BC#.D0.92.D0.BB.D0.B8.D1.8F.D0.BD.D0.B8.D0.B5_.D1.80.D0.B8.D1.81.D0.BE.D0.B2.D0.B0.D0.BD.D0.B8.D1.8F_.D0.BF.D0.B5.D1.81.D0.BA.D0.BE.D0.BC_.D0.BD.D0.B0_.D0.B4.D0.B5.D1.82.D0.B5.D0.B9
## Сыртқы сілтемелер
* Құмда қалай анимация жасау керек екендігін үйретуде
* Лайтбокс өндіруші компанияның ресми сайты Мұрағатталған 9 наурыздың 2018 жылы. |
Қарасор — Тобыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында ораналсқан, Бейімбет Майлин ауданына қарасты Мақсұт ауылынан солтүстікке қарай 4 км-дей жерде, теңіз деңгейінен 184 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Күрделі пішінде көлдің аумағы 25,3 км2, ұзындығы 11,6 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 38,8 км.
## Жағалау сипаты
Көлдің жағалауында қамыс, құрақ өскен. Шығыс жағалауы жарқабақты (биіктігі 10 м-ге жетеді). Көктем айларында және суы мол жылдары батысындағы шағын көлдермен бірігіп кетеді. Алабының басым бөлігі жыртылған.
## Дереккөздер |
Қалбике Өмірбайқызы Есенова– филология ғылымдарының докторы (2007), доцент (2006).
## Қысқаша өмірбаяны
1990–91 Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда гуманит. ун-ті) бітірген соң осы оқу орнында оқытушы болып істеді;1991–92 Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі ин-тында ғыл. тәжірибеден өткен және аспирантурасында (1992–95) оқыған; осында кіші, аға ғыл. қызметкер болды;2003 жылдан ҚазҰПУ-да доцент қызметін атқарады. «Қазіргі қазақ мәтінінің прагматикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зертхана жұмысының бағыты – прагмалингвистика, прагмастилистика және бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Есенов 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ(қолжетпейтін сілтеме) |
Қарасор, Үлкен Қарасор — Тобыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Жамбаскөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жердде, теңіз деңгейінен 197 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Сопақ пішінді көлдің аумағы 19,1 км2 (құрғақшылық жылдары аумағы 11,7 км2 кішірейеді), ұзындығы 9,3 км, жағалау бойының ұзындығы 52,8 км. Жонды-белесті келген алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
2009 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он сегізінші мәрте ойнатылуы. Финалдық матч тұңғыш рет Астанадағы жаңа стадион — "Астана Аренада" өтіп, "Атырау" 1:0 есебімен "Шахтерді" ұтты.
## Бірінші кезең
Бірінші кезең ойындары 2009 жылдың 25 сәуірінде өтті.
## Екінші кезең
Жеребе бойынша тікелей 1/4 финалына жолдама «Жетісу» (Талдықорған) және «Атырау» (Атырау) клубтары алды. Екінші кезең ойындары 2009 жылдың 20 мамырында, жауапты ойындар 23 маусымында өтті..
## 1/4 финал
1/4 финал ойындары 2009 жылдың 27 тамыз - 18 қазан аралығында өтті.
## 1/2 финал
## Финал
## Дереккөздер |
Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов (30 қыркүйек 1941, Алматы) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры (2013 жылдан).
## Толығырақ
* Майдан Күнтуарұлы 1941 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген;
* 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген;
* 1963 – 1966 жылдары КСРО Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты;
* 1966 – 1991 жылдар Қазақ КСР-і Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, азаматтық құқық ғылымдары бөлімінің меңгерушісі;
* 1991 – 1992 және 1994 – 1995 жылдар ҚР Ғылыми Академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры;
* 1992 – 1994 жылдар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Бас ғалым-хатшысы болды;
* 1995 жылдан Қазақ гуманитарлық заң университетінде жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
* 2013 жылдан Каспий жеке қоғамдық университетінің құқықтық ғылыми-зерттеу институтының директоры.
## Қоғамдық белсенділігі
ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің, ҚР Жоғары соты ғылыми-консультативті кеңесінің, ҚР Парламенті Сенатының сараптама кеңесінің, ТМД Экономикалық соты ғылыми кеңесінің мүшесі. ҚР Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан.
## Шығармалар:
* Ответственность за нарушение сроков исполнения договорного обязательства, А., 1971;
* Структура договорно-хозяйственных связей, А., 1980;
* Право и предпринимательство в РК, А., 1994;
* Право и иностранные инвестиции в РК, А., 1997;
* Комментарий к Гражданскому кодексу РК (общая часть), в 2-х кн., А., 1998;
* Energy Charter Treaty, London, 1997;
* Право и собственность в РК, А., 1998.
## Ғылыми атақтары
* 1966 жылы Заң ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы);
* 1980 жылы Заң ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
* 1985 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді;
* 2000 жылдан Еуропалық құқық Академиясының академигі (Будапешт);
* 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Мемлекеттік марапаттары
* 1986 жылы «Қазақ КСР Алтын кітабына» енді.
* 1999 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды.
* ТМД халықаралық парламент ассамблиясының құрмет грамотасымен марапатталған (1978, 2007 жылдары);
* 2004 – 2006 жылдары екі мәрте «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі» мен марапатталған (ҚР БжҒ министрлігі);
* 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі;
* 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі;
* 2016 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» берілді.
## Дереккөздер |
Көшім (ру) - Орта жүз құрамындағы Арғын кіретін Қаракесек руының үшінші ұрпағы.
Көшім ұрпағы Қарағанды облысын мекендеген. Қазіргі кезде де оның ұрпағы Қарағанды облысын мекендейді.
## Дереккөздер |
Қарасор — Теңіз алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 317 м биіктікте. Аққошқар көлінің оңтүстігінде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,7 км, су жиналатын алабы 157 км2. Көл суы Құланөтпес өзенінің суымен толығып отырады.
## Жағалау сипаты
Көл жағалауы жазық, онды қамыс, құрақ өскен. Жағалауы жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасор — Тобыл алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы Краснооктябрьск кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 217 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Созылыңқы келген көлдің аумағы 10,7 км2, ұзындығы 9,2 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 30,7 км. Солтүстік және шығыс жағалаулары көтеріңкі. Жаз айларында құрғап, шалшықты батпаққа айналады.
## Дереккөздер |
Қарасор — Обаған алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылынан шығысқа қарай 11 км жерде, теңіз деңгейінен 214 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Сопақ пішінді көлдің аумағы 6,7 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 9,9 км.
## Жағалау сипаты
Жағалауы және су айдынының біршама жерінде қамыс шоғырлары өскен. Алабы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Мирное — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Мирный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.
## Тарихы
Іргесі 1973 жылы қаланған. Жерінің жалпы ауданы - 7,9 мың га.
## Халқы
## Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, ауылдық-дөрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Округтің аумағында ТОО-1,27 шаруа қожалықтары бар (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Қарағанды-Павлодар автомобиль трассасынан 4 км жерде орналасқан. Ең жақын орналасқан Шоқай темір жол стансасы ауылдан батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Дереккөздер |
Қарасор – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы көл. Қарқаралы қаласынан солүстікке қарай 45 км жерде.
## Аумағы
Ауданы 155 км2, ұзындығы 43,5 км, ені 7,3 км, жағасының ұзындығы 103 км, орташа тереңдігі 1,1 м, су көлемі 160 млн. м3. Су жиналатын алабы 8750 км2. Көл жағасы негізінен жазық. Құламалы жағасының биіктігі 8 м-ге дейін жетеді.
## Дереккөздер |
Мұратбаев — Түркістан облысы Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Абай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Келес өзенінің жағалауында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1957–96 жылдары мақта өсіретін өзімен аттас кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде ауылда Ғ. Мұратбаев атындағы ЖШС құрылды.
## Инфрақұрылымы
Мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Жетісай – Сарыағаш – Шымкент автомобиль жолы өтеді.
## Дереккөздер |
Бірінші Мамыр (2006 жылға дейін – Первомаевка) — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Бірінші Мамыр ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстікке қарай 11 км жерде, Бадам өзенінің бойында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
1961 жылы құрылған “Первомайский” көкөніс-сүт кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Первомаевкада ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
## Инфақұрылмы
Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт жұмыс істейді. Первомаевка ауылына жақын Ақмешіт, Қырыққыз сияқты табиғаты көрікті туристік жерлер бар.
## Дереккөздер |
Мұратбаев — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Мұратбаев ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 8 км жерде, Сырдария атырауында.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1329 адам (670 ер адам және 659 әйел адам) болса, 2009 жылы 1640 адамды (847 ер адам және 793 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда Ғ. Мұратбаев атындағы ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Первомайский — Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы кент, Первомай кенттік әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шемонаиха қаласынан оңтүстікке қарай 46 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1957 жылы Ертіс химия-металлургия зауытын салуға байланысты қаланған. Қазіргі кезде мұнда “Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Механикалық зауыт” акционерлік қоғамдары, нан зауыты, тұрмыс қажетін өтейтін цех, байланыс бөлімшесі, өкпе ауруына шалдыққан балаларды емдейтін санаторий, тубдиспансер жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Первомайское — Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Боровской ауылының батыс іргесінде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 2378 адам (1157 ер адам және 1221 әйел адам) болса, 2009 жылы 2217 адамды (1043 ер адам, 1174 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Ауыл 1954 жылы ұйымдасқан Боровский астық кеңшары және ауылдық кеңестің орталығы болды. Кеңшар негізінде астық өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол станциясы — Қостанай (93 км).
## Дереккөздер |
Первомайское — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Фёдоровка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1444 адам (700 ер адам және 744 әйел адам) болса, 2009 жылы 889 адамды (454 ер адам және 435 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1942 жылы қаланып, 1996 жылға дейін астық өсірумен айналысатын кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде Первомайскоеде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылды.
## Дереккөздер |
Первомайское — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Первомай ауылдық әкімдігі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Әулиекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1638 адам (802 ер адам және 836 әйел адам) болса, 2009 жылы 965 адамды (472 ер адам және 493 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1954 жылы Чернышевский атындағы астық кеңшарының орталығы ретінде қаланған. 1996 жылдан кеңшар негізінде Первомайскоеде шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол станциясы — Аманқарағай (51 км).
## Дереккөздер |
Кенен Әзірбаев (2024 жылға дейін — Покровка) — Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Өтеген батыр ауылынан оңтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1954-97 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Покровкада ӨК және бірнеше шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
## Дереккөздер |
Қарасор — Сілеті алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданының солтүстігінде, Бестөбенен оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
## Гидрографикасы
Аумағы 16,6 км2 (қуаңшылық жылдары 5,9 км2 болады). Теңіз деңгейінен 159 м биіктікте жатыр. Көлдің ұзындығы 7,9 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 29,6 км. Суы 395 км2 жерден жиналады. Негізінен қар суымен толысады. Шағын 6 сала құяды. Суы тұзды және кермекті. Қуаңшылық жылдары кеуіп қалады.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Солтүстік-батысы мен оңтүстік жағалаулары өте қатты тілімденген. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Қарасор — Ақмола облысы Біржан сал ауданының батысындағы көл. Тасшалқар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, теңіз деңгейінен 268 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,4 км2, ұзындығы 3,6 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 10,6 км. Көктемгі қар және жер асты суларымен толысады. Жазда құрғап қалатын шағын 2 жылға құяды. Суы ащы, мал суаруға жарамсыз.
## Жағалау сипаты
Жағалауы тік жарқабақты, түбі тегіс, тұнба шөккен. Алабында қайың, қарағай, теректен тұратын шағын шоқ орман өскен.
## Дереккөздер |
«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Сәдуақасов. А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар "Еңбекші қазақтың" бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.
Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болады. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрды.
«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.
## Марапаттары
«Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.
Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.
Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.
## Таратылуы
Жазылым бойынша — 87 %
Бөлшек саудада— 13 %
Ұжымдық жазылуда — 9 %
Жеке жазылуда — 78 %
VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары).
Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды.
Газетті тарататындар:
«Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар.
«Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды.
Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл.
Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000.
«Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
2010 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он тоғызыншы мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
## Екінші кезең
## 1/8 финал
## 1/4 финал
## 1/2 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## Финал |
Керменбаев Нұржан 1989 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Ән айтуды кішкентай кезінен бастаған. № 19 мектепте 9- сыныпқа дейін білім алған. Жезқазған музыкалық колледжін тәмәмдаған. (2009). 2006 жылғы «SuperStar KZ» мегажобасының жеңімпазы. 2009 жылы Юрмала қаласында өткен халықаралық «Жаңа толқын» байқауына қатысқан. Қазір «Арнау» дуэтінің әншісі.
## Дереккөздер
1. Қазақстан әншілері кітабы , 2011ж.
2. ↑http://www.shuak.kz/ Мұрағатталған 4 ақпанның 2014 жылы.
3. http://kaztrack.ru/load/n_rzhan_kermenbaev/12 Мұрағатталған 3 ақпанның 2014 жылы. |
Моңғол-татар шапңыншылығының жаңа тарихнамасы-Үзақ уақыт бойы кеңес тарихының ғылымында отандық тарихымызды багалаудың ежелден таныс бір ғана ресми жолы болғаны бәрімізге белгілі. Бұл жерде маңызды оқиғалар мен фактілер,көрнекті тарихи түлғалар көрсетілмей, халык тарихының қайғылы беттері туралы аңыз ашылмады. Қазақ халқының бай мәдени және тарихи мүралары, дүние жүзілік тарихтағы көшпенділер өркениетінің рөлі толык бағасын алмады. Әлемдік мәдениеттіңдамуы тек отырыкшы өмірмен ғана байланысты қарастырылып,адамзат мәдениеті мен техникасының жетістігі еуропалық өрке-ниетке тән күбылыс ретінде көрсетілді. Қазақстан тарихы ОртаАзияны мекендеген түркі халықтарының тарихынан көпе-көрінеубөлініп карастырылды. Үзақ уақыт бойы көшпенділердің бүкілтарихы еуропалык центризмнің жағымсыз түрғысынан, яғни жау-лаушы варвар — дала адамы бейнесінде сипатталып келді.Көшпенділер әлемі — дүние жүзілік өркениеттің бір бөлігі. Еу-разиялык континенттің тарихындағы көшпенділердің рөлі орасанзор. Енисейден Дунайға дейінгі алқапта осы күнге дейін түрғантас мүсіндер соның айтағы сиякты. Көшпелі тайпалар одағыныңежелгі мемлекеттерді ойсырата жеңгендігін тарих беттерінен көп-теп кездестіруге болады. Мысалы, кансыраған Рим империясынасоңғы нүкте койып, ежелгі ғүндар мен сасандық Иранды үйрет-кен көшпелі арабтар осының дәлелі. Б.з.д. XI ғ. Кіші Азияда пайда болған селжуктар күші азая бастаған Византияны жаулап алып, оның халқына жаңа өмір сыйлады. Кіші гірім князьдықтарға бөлінген Киев Русі XIII ғ. жеңімпаз Шыңғыс хан әскеріне тойтарыс бере алмады. Бірақ, кейін Алтын Орда, қыпшақтардың әскер басшыларымен одак кұрған Орыс мемлекеті тевтан рыцарьларын бытшыт қылып, жаңа мемлекет қүра білді.Көшпенділер басқа дүниеден бөлініп қалмай, егін шаруашылығымен айналысқан қоғаммен түрақты байланыс жасап отырды. Ондай кездесулерден пайда екі жақты болып, халықтар мен нәсілдердің араласуы жүріп жатты. Ал бүрынғылардың орнына тарихи аренада жаңа адамдар, үлттар мен мемлекеттер пайда болды.Міне, Қазақстанның өзін тәуелсіз, азат ел деп жариялағанына 16 жыл болды. Қол жеткен тәуелсіздіктің дүние жүзілік тарихи мәні ерекше. Шынында да біздің алдымызда тарихи маңызы зор өте үлкен максаттар түр. Оларды бейбітшілік, еркіндік, ынтымактастық және бірлік жағдайында ғана жүзеге асыру мүмкін болады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1998 жылды Халықтар бірлігі мен үлттық тарих жылы деп жариялады.Біздің оқу қүралының осы тарауында алға қойған мақсатымыз — Шыңғыс хан империясының дүние жүзілік тарихтағы рөлі мен орнын, моңғол шапқыншылығының Қазақстанның шаруашылық, әкімшілік-күкықтык және салық жүйесіне тигізген әсерін анықтайтын жаңа түжырымдамалы қағидалар мен материалдарды студенттердің түсінуіне көмектесу.Көшпелі түркілерден қалған жазбалар аз болғандықтан, Шыңғыс хан, моңғолдар империясы туралы мәліметтерді өзге халық өкілдерінің қолжазбаларынан аламыз. Араб, парсы, түрік, қытай және баска тілдерде жазылған ескерткіштер сан алуандығы мен толыктығы арқылы қазақ халкының моңғолдардың қол астындағы кезеңі туралы жекелеғен сұрактармен катар, жалпы мәселелер жөніндегі маңызды қорытындылар жасауға көмектеседі.Қазақстан тарихы жөнінде жарияланған, толық талданған қол- жазбалар мен деректі материалдар жоқтың қасы. Алайда ҚазақКСР Ғылым академиясының (казіргі ҚР ҮҒА) қоғамдық гылымдар жөніндегі ғылыми-акпарат бөлімі бұл салада біраз жұмыстар істеп, мынадай ғылыми-аналитикалык талдаулар жасады: «XII- XIV ғғ. түркілер тарихы жөніндегі қытай жазбалары» (Алматы, 1991); «VIIІ-ХІХ ғғ. қыпшак тарихы жөніндегі араб және парсы жазбалары» (Алматы, 1987). 1992 ж. эл-Фараби атындағы ҚазҮМУ «Көне дәуірден XVIII ғ. аяғына дейінгі Қазақстан тарихы» деген оқу құралын шығарды. Бүл жерде ХҮІ-ХУПІ ғғ. казақтармен қарым- қатынас жасаған көне, ортагасырлық авторлардың жүмыстары, Ресей Федерациясынын мүрагаттарында сақталган құжаттардан алынган үзінділер жарық көрген. Бүның кең бейілді мамандар үшін үлкен ғылыми-танымдық маңызы бар бағалы еңбек екені дау тудырмайды.«Көне дәуірден біздің уақытымызға дейінгі Қазакстан тарихы» (Алматы, 1993) және «Көне дәуірден біздің уақытымызга дейінгі Қазақстан тарихы» (Алматы, 1996, 1-том) еңбектерінің жарык көруі Қазақстан тарихшыларының үлкен жетістігі болып табылады. Бүл кітаптарда тиянакты, сыни түргыдан талданған жаңа қол жазбалар мен деректі материалдар туралы мәліметтер берілген.Қытай мен Орта Азия, әсіресе Қазақстан тарихын зерттеудегі қытай жазбаларының қүндылығы орасан зор. Бірақ оларда басты назар саяси және әскери оқиғаларға аударылып, түркі тектес халықтардың өмірінен мағлүматтар аз берілген. Бүл жерлерде айбынды Шыңғыс империясының Орта Азияны мекендеген түркі тайпаларының негізінде қүрылганын көрсететін көп мәліметтер де бар. Қазак даласы сол Орта Азия түркілерінің бір бөлігі болғандықтан бүл деректердің біз үшін мәні орасан зор.Қытай тарихының әдебиетінде ХІІ-ХІV гғ. моңғол дәуіріне дейінгі және моңғол дәуірі кезіндегі түркі халықтарының тарихы жөніндегі орасан көп материалдар сакталган. Қытай тарих шыларының түркі көршілеріне назар аударуы кездейсоқ емес. Себебі ғасырлар бойы Қытай өзін қоршаған елдермен тыгыз байланыста, үздіксіз күрес үстінде дамыды. Сондықтан моңғолдәуіріндегі қытай жазбапары түркі халықтарының тарихи дамуы туралы бірегей түтас түсінік жасауға көмектеседі. Оларда берілген мәліметтер коғамдық дамудың әр түрлі кезеңіндегі түркі тайпаларының өмірін суреттейді.Сонымен қатар қызықты мәліметтерді шығыс еуропа саяхатшылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, венгр монахы Юлиан, еврей копесі Раби Петахьелердің еңбектерінен де табуға болады1.Б.Н. Көмековтің «ІХ-ХІ гасырлардағы Құмық мемлекеті араб жазбалары бойынша» (Алмагы, 1972). С.М. Ақынжановтың «Орта гасырдагы Қазақстан тарихындагы қыпшақтар» (Алматы, 1989), А.Ш. Қадырбаевтың «ХІІІ-ХІV гасырлардагы Қытай жэне Орта Азиядағы түріктер мен ирандықтар» (Алматы, 1990) атты еңбек- терінің мэні де ерекше. Бүл жүмыстар ерте ғасырдағы Қүмык, Қыпшақ мемлекеттерінің пайда болу тарихына арналған.Кеңестік түжырымдамада моңғол-татар шапқыншылгы көп- теген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын шектеп, шүрайлы жайылым- дарды жаулап алу арқылы көшпелі және отырықшы шаруашылыққа зиян келтіріп, қалалардың қирап, жүз мыңдаған адамдардың қырылуына, үлыстарға бөлініп, туысқан топтардың ыдырауына әкелді деп баяндады.Сонымен қатар осы мәселеге қатысты мүлдем басқа көзқарастар да болды. Солардың бірі моңғол басқыншылығы кезеңін өзге қырынан суреттейтін ғаіымдар тобына жататын Эренжен Хара Даван. Үлты калмақ, азамат согысыньң касіретінен кейін жат жерге кашып кетуге мәжбүр болған ғалым еңбегі алғаш рет 1929 ж. Белградта жарық көрді. Ол жергілікті университеттің профессоры. Бүл шығарма Шыңғыс ханның өмірін, оның өмірге деген көзкарасын, жорықтарын жаулаушылык саясатын баяндап, Азия мен Еуропа тағдыры үшін үлкен маңызы бар өткен заман окиғаларына өзіндік сипаттама береді. «Моңгол және мүсылман басқыншылары орыс халқының арожданына тиіспей олардың дінін сактап калды. Осы сияқты қайшылықтың түсінігін орыс және шығыс халықтарының діни ұқсастығынан іздеу керек», — деген ғалым пікірі дәстүрлі түжырымдарга үксамайдыОсы көзкарас бойынша моңголдар Орыс мемлекетін қайта жинауга, үйымдастыруга, өз елі сияқты оны көркейтіп, тәртіп пен заңдылық орнатуга үмтылып, өздері багындырған елдерге болашак мәскеулік мемлекеттің орталық, крепостнойлық сиякты баскару элементтерін енгізген.Моңгол-татарлар казак халкын жаулап, өздеріне каратып алды деген пікірге Эренжен мынадай түжырымдама айтады: «Олар (моңғолдар) келгенге дейін бүкіл әлемге әйгілі бір тұтас моңгол халкы болмаган. Ол жерлерде өмір сүрген жеке-жеке рулар мен тайпалар тек Шыңгыс ханның түсында ғана бірігіп моңғолдар деп аталған».«Көне дәуірден біздің уақытымызга дейінгі Қазақстан тарихы» атты тарихи очерктің (Алматы, 1993) авторлары моңғол шапкыншылығының зардаптарымен катар кейбір жатымды түс тары да болды деп есептейді.
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан Кубогы 2010 финалы — Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен Кубоктың 19-шы финалдық ойыны. Матчта «Шахтер» және «Локомотив» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 1:0 есебімен «Локомотив» клубы жеңіп, алғаш рет Кубокқа ие болды.
## Финалға дейін жолы
## Матч |
Көшпелі қауым-Егер ХV-ХVІІІ ғғ. Қазакстанның қоғамдык кұрылымын тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде карастыратын болсақ, онда оның өндірістік-шаруашылык негізі — қазак қауымының патриархалды-феодалдык өмірі мен тұрмысының жанжакты көрінісі болып табылады.Қоғамдык өндірістің аса басым болған түрі — әкстенсивті мал шаруашылығы еді.Бірлескен казақ кауымында дуализм құбылысы орын алған, яғни коғамдық өндіріс бір жағынан, жайылым жерлерін ортақ иеленумен, екіншіден, малға отбасылардың жеке меншігімен сипатталды. Қазақстандағы меншік түрлерінің негізі мен маңызы даулы мәселе болып табылады. Тарихшылардың бір бөлігі — егіншілер немесе көшпенділер туралы сөз бола ма, оган байланыссыз, өндірістің феодалдық тәсіліне ірі жер меншігі тән және бұл экономикалық негізсіз, көшпенділер қоғамында феодализмнің орнау барысын шамалау да мүмкін емес деп санайды. Олар егіншілердегі сиякты көшпенділерде де өндірістің негізгі құралы жер деп есептейді.Екінші көзқарас бойынша, көпшелі мал шаруашылығының басымдығы кезінде өндірістің негізгі құралы жер емес, мал. Ал жерге келетін болсақ, онда ол еңбек күшін қолданбай-ақ, өзінің табиғи жағдайында жайылым ретінде пайдаланылған деген түжырымға келеді.Көшпелі және жартылай көпшелі шаруашылыктарда өндірістің негізгі қүралы шынында мал болған шығар. Ал жерге тікелей жеке меншік болмаған.Жеке меншікке беру тұрғысындағы жер реформасын жасауға, отырықшылық түсында патша өкіметі, нактырақ айтқанда, 1822 жылғы Жарлығымен және басқа да ережелер мен реформалар аркылы әрекеттенді.Жоғарыда біз қазақтардың өндірістік-шаруашылық әрекетінің түрі бірлесіп еңбек ету қагидаларына қүрылған ауылдық қауым болғандығын атап өттік. Өндіргіш күштердің жеткілікті дамымаған жағдайында бірлесіп еңбек ету ғана жекеленген адамның қолы жете бермейтін еңбек қүралдарын меңгеруді камтамасыз етті. Яғни, еңбек жағдайларын, мүмкіндіктерін біріктіру кажеттілігі қауым шеңберінде — объективті сипатта болды.Отырыкшы немесе көшпелі қауымның еңбек әрекеті — еңбек құралына әсер етудің едәуір күрделі технологиялық тәсілі екендігін байқауға болады, сондыктан да бірлесіп еңбек ету ісі жекелеген адамдардың жай ғана механикалык бірігуін емес, қажетті кәсіптік дағдырлары және табиғи күш-жігері бар жүмыс күшінің түтастай қосылуын көздеген. Малшылардың кәсіпшілік деңгейі мен ауыр еңбегі жөнінде де көп айтуға болады.Ауылдық қауым — өндірістік үйым ретінде өзге де талаптарға, қағидаларға жауап беруі керек, ол жөнінде Н. Масановтың. Г. Марковтың және басқа да ғалымдар еңбектерінен барынша толығтырақ оқып-білуге болады.Біз ауылдықрулық кауымның тіршілік әрекетінің кейбір түстарына токталып өтеміз.Лекциялар курсының алдыңғы тарауында біз сактар, қаңлылар және басқа да халықтарға тоқталдық. Онда Еуразияның, оныңбасқа да бірқатар технологиялық жагдайлар жеңуге, сондықтан тиісінше өндіріс құралдарының қайта өндірісін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болды. Сол себепті шаруашылық жүргізушілер өздерінің өндіріс қүралдарымен, яғни өз мал үлесімен оның табынын қажетті мөлшерге дейін толықтыруға қабілеті бар өзге шаруашылықтармен бірлесіп еңбек етуге объективті түрде мәжбүр болды. Бүл, мысалға, олардың әрқайсысы кем дегенде 20-25 бас малмен қамтамасыз етілген 10-12 шаруашылық болуы мүмкін еді. Мүндай жағдайда жалпы қосындысы көзделіп отырған қажетті мөлшерді береді. Айталық 25 немесе 30 бас малы бар шаруашылық, өндіріс қүралдары жиынтығында қажетті мөлшердің жетпей түрған бөлігін толықтыруға мүмкіндік беретін басқа шаруашылықтармен біріккен жағдайда ғана қарапайым тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін болған. Бір сөзбен айтқанда, бірігудің алуан түрі қолданылды, бірақ олардың нәтижесі, жиынтығы әрдайым қажетті мөлшерге, ең қолайлы жағдайга үмтылды.Мал шаруашылығы қауымында өндірісті үйымдастырудың ерекшелігі, бүл оған қосылған жеке адам тек еңбек етуші гана емес, сонымен бірге мал түріндегі өндіріс қүралының белгілі бір мөлшеріне иелік етуші еді. Онсыз оның қосымшалық қағидасын жүзеге асыруына мүмкіндігі болмайды, тиісінше ол бірлесіп еңбек ету негізінде қүрылатын өндірістік бірлестікке де қосыла алмайды.Малдан айырыла отырып, шаруашылық кауымының тең қүқықты мүшесі бола алмайтын да еді, өйткені ол енді қосымшалық қағидасының жүзеге асуына жәрдемдесе алмайды немесе кауымнан бөлініп, одан шеттетіле бастайды.Малдың бір бөлігінен айырылған шаруашылықтар көбінесе өздері текіес кедейленген шаруашылықтармен бірлесіп еңбек ету ісіне, жаңа қауымга бірігуге мәжбүр болды. Мұндағы кажетті жиынтыққа, мөлшерғе жету үшін керекті бірігу көлемі шамалы болгандықтан әрине кауымның сандык күрамы өсіп отырды, яғни оны қүрайтын шаруашылыктар саны артты. Сондыктан бір қүрамға біріккен шаруашылықтар саны 20-30-ға жетіп, тіпті 50-ден де асатын ауыл-кыстауларды кездестіруге болатын еді. Бірақ, мұнда да сол бөліну, оқшаулану жағдайлары орын алды.
## Дереккөздер |
2011 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы — кубоктың жиырманыншы мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
## 1/8 финал
## 1/4 финал
## 1/2 финал
## Финал
## Дереккөздер |
Өнер тоғыстығы - тұтас архитектуралық-көркем туынды (құрылыстар, құрылыстар ансамблі, интерьер) жасауда бейнелеу өнері мен сән және қосалқы өнері шығармаларының архитектурамен ұштастырылуы. Өнер тоғыстығы ұғымы шығарманың композициялық құрылым бірлігін, масштаб, пропорция және барлық элементтерінің стильдік үйлесімін білдіреді. Бұл үйлесім бірлігі шығармашылық тәсілдің де біртұтас тоғысуы әрі сәулетшінің алдына қойған мақсатын мүмкіндігінше күшті әрі айқын көрсету құралы болып табылады.
## Мысырдағы өнер тоғыстығы
Ежелгі Мысыр (Египет) ғибадатханаларындағы алып құрылыстармен мінсіз үйлесімде жасалған монументті рельефтер мен мүсіндер.
## Дереккөздер |
Нұралин Нұрғазы – совет геологы, геол.-минералогия ғылымдарының докторы. 1964 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу түсті металдар және алтын ин-тын бітірген. 1955-57 ж. Экспедицияда геолог. ҚазССР ғылым академиясының Геол. Ғылымдар ин-тында инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер, 1973 лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері мыс кендерінің геологиясы мен металлогениясына арналған.
## Дереккөздер
↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7 |
Қарасор – Торғай алабындағы көл.
## Географиялық орны
Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, теңіз деңгейінен 98 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Дөңгелек пішінді келген көлдің аумағы 9,3 км2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 16 км. Көлдің оңтүстік-батысында Ақкөл көлі жатыр. Қарасор арқылы Ұлы Жыланшық өзені ағып өтіп Ақкөл көліне құяды. Жазда көл суы азайып шалшықты батпаққа айналады.
## Дереккөздер |
Құдайберенов Қанат Жанұзақұлы (1955 ж.т., Түркістан облысы Шымкент қ.) – физика-математикалық ғылыми докторы (1992). ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Математика және мех. институтында аспирант (1978–81); 1981 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Теор. және қолданбалы матем. институтында кіші, аға, жетекші, бас ғыл. қызметкер. «Однородные модели» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 30-дан астам ғыл. жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Атансор — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы тұзды көл. Еңбекшілдер ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде, Атансор ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 221,2 м биіктікте.
## Гидрографикасы
Аумағы 26,7 км 2, ұзындығы 7,7 км, ені 6,1 км жағалауының ұзындығы 27,2 км, су жиналатын алабы 1160 км 2. Көл суы, негізінен, еріген қар суымен толысады. Жазда құрғап қалады. Көлге Макинка ауылының жанынан бастау алатын Атан өзені құяды.
## Жағалау сипаты
Түбі кедір-бұдыр, шөгінділі. Жағалауы ашық, кей жерлері жарлауытты, құламалы. Су жиналатын алабының 30%-ы жыртылған, қалған бөлігінде жусан, боз, бетеге өседі. Алабы мал жайылымына пайдаланылады. Атансор атауы кезінде көлге түйе батып кетуіне байланысты қойылса керек. Ертеректе көл суы ауыз суға пайдаланылған, суында балық болған. |
Первомайский — Алматы облысы Іле ауданы, Первомай ауылдық округі орталығы болған кент. 2014 жылдан бастап Алматы қаласына біріктірілді. Қазіргі уақытта Жетісу ауданындағы Кемел шағын ауданы.
## Халқы
Тұрғыны 9841 адам (2009).
Первомайскийде Іле ауданының және Алматы қаласының бірнеше ірі кәсіпорындарының қосалқы шаруашылықтары орналасқан.
## Дереккөздер |
Сартбаев Мақсұт Қалқабайұлы (24.9.1937 ж. т., Қырғызстан, Бішкек қ.) — геолог, геол.-минерал. ғыл. канд. (1968). Фрунзе (қазіргі Бішкек) политех. ин-тын бітірген (1959). 1959 — 61 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдары ин-тында, 1961 — 88 ж. Қырғызстан ғылым академиясының Геология ин-тында, 1988 — 99 ж. Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Тау жыныстарының физикасы мен механикасы ин-тында ғыл. қызметте болды. 1999 жылдан Қазақстан кен және мұнай-газ кен орындарын барлау компаниялары мен фирмаларында кеңесші. Сартбаев Тянь-Шаньның кембрийге дейінгі және фанерозой дәуіріндегі шөгінді, шөгінді-метаморфтық, жанартаутекті-шөгінді қатқабаттарының қара, сирек, түсті, асыл металл кендерімен генетик. байланысының іргелі ғыл. концепциясын жасауға қатысты. Қырғызстан Мемл. сыйл. лауреаты (1995). 150 ғыл. еңбектің, 10 монографияның авторы.
## Пайдаланылған cілтемелер |
Өнер училищелері - музыка, театр, би, бейнелеу өнері бойынша шығармашылық және педагогикалық кадрларды даярлайтын арнаулы оқу орындары.
## Музыка училищелері
Музыка училищелері - балалардың музыка мектептеріне сабақ беретін педагогтарды, оркестрлердің, басқарушыларын, хор дирижерлерін, жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні мұғалімдерін, ансамбль, хор артистерін, концертмейстерлерді дайындайды.
## Хор училищелері
Хор училищелері - хор дирижерлерін т.б. дайындайды.
## Хореографиялық училищелер
Хореографиялық училищелер - балет артистеріндайындайды.
## Театр училищелері
Театр училищелері - драма, кей жерде қуыршақ театрларының актерлерін дайындайды.
## Дереккөздер |
Семененко Николай Пантелеймонович (3 (16). 11. 1905 жылы туған, Мариуполь, қазіргі Жданов қаласы)– совет геологы, УССР ғылым академиясының академигі (1948). 1932 жылдан КОКП мүшесі. Днепропетровск тау-кен институтын бітіргеннен кейін (1927) сонда жұмысқа қалдырылды. 1937 жылдан сол институттың профессоры. УССР ғылым академиясының Геология Ғылымдар институтында бөлім меңгерушісі (1944 жылдан), Киев университетінің профессоры (1944-52), УССР ҒА-нда акад.-секретарь (1948–50) және осы акаддемияның Метеориттер жөніндегі комитеттінің председателі, Геохимия және минералдар физикасы институтының директоры (1969). Семененконың негізгі еңбектері докембрий кристалдық массивтерін геол.-петрогр. жағынан, Кривой Рог темір рудалы бассейнінің геологиясын, Украинаның темірлі-кренийлі формацияларын зерттеуге арналған. Семененко петрография мен геохронология мәселелеріне арналған еңбектердің авторы. 2 рет Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған. |
Қары—Ниязов Ташмұхамед Нияз ұлы (02. 09. 1896, Ферғана обл., — 17. 03. 1970, Ташкент) — өзбек совет математигi. Физ. — матем. ғылымдарының өзбек халқынан шыққан тұңғыш докторы, профессор, Өзб. КСР FА-ның академигi (1943). Өзб. КСР ғылым академиясының тұңғыш президентi (1943-1946). Соц. Еңбек Epi. 1929 жылы Орта Азия университетінің физ — матем. факультетін бiтiрген. Қары–Ниязовтың негізгi еңбектерi орта ғасырлардағы математика және астрон. ғылымдарының даму тарихын зерттеуге арналған. Өзбек тiлiнде көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, матем, саласынан өзбвк кадрларын даярлауда көп еңбек сiңiрген. Мемл. сыйлықтың лауреаты (1952).
## Дереккөздер |
Утешев Асқар Біләл (30 қаңтар, 1934 жыл, Астрахань облысы, Зеленга ауданы) - қазақ-кеңес биохимигі, мединициналық ғылыми дәрігері (1971). Алматы медициналық институтын (1957) бітірді. Арал- Теңіз оба ауруына қарсы күрес ст-ның дәрігері (1958), Алматы медициналық институтының аспиранты (1958-1961), осы институттың биохимия кафедрасының ассистенті (1961-1963), Қаз. КСРО ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының радио-биология лабораториясының аға ғылми қызметкері (1963), 1965-1969 жылдары докторантурада оқыды, 1970 жылдан Қазақтың онкология және радиология ғылми-зерттеу институтының биохимия лабораториясының меңгерушісі. Оның 50-ден астам ғылми еңбектері жарық көрді. Ол Мәскеуде (1961), Ленинградта (1973), Алматыда (1968,1970) өткен Бүкіл одақтық симпозиумдарға қатысты.
## Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы 11 том |
Қалиев Байынқол Қалиұлы - (23.1.1939 жылы туған, Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1996).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1967–91 жылдары ҚР ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 1991–95 жылдары бөлім меңгерушісі болды. 1995 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, терминология, этнолингвистика, тіл мәдениеті, аударма салалары бойынша зерттеулер жүргізді. 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974–86, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1988) авторларының бірі, жауапты редакторы. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы.
## Пайдаланған әдебиетттер |
Молодёжное — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігінің бағынысындағы ауыл, Молодёжный ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Сарыарқаның батыс жағында Есіл өзенінің саласы Терісаққан өзенінің сол жағасында, Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 851 адам (415 ер адам және 436 әйел адам) болса, 2009 жылы 499 адамды (256 ер адам және 243 әйел адам) құрады.
## Тарихы
Іргесі 1961 жылы Ә.Майкөтов атындағы астық кеңшарын құруға сәйкес қаланды. 1995 жылдан кейін кеңшар негізінде астық және мал өсірумен айналысатын 26 шаруа қожалығы құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
## Дереккөздер |
Уалиев Ғахип (14.11.1941 жылы туған, Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші ауылы) – техникалық ғылым докторы (1986), профессор (1988), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академия (2003).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Орманшы бөлімінен шыққан. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ-ды) бітірген (1965). 1965 – 67 жылы КСРО ғылым академиясының машинатану институтында зерттеуші, 1967 – 92, 1995 – 99 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарды. 1999 – 2002 жылы Алматы мемлекеттік университетінде (қазіргі ҚазҰПУ-да) декан, кафедра меңгерушісі. 2002 жылдан механика және машинатану институты, физика-математика зерттеулер орталығының директоры. Негізгі ғылыми бағыты – машина динамикасы және аналитикалық механика есебін математикалық модельдеу, серпімді жүйелердің динамикасы мен тербелісі. Уалиев 150 ғылыми еңбектің, 16 авторлық куәлік пен патенттің иегері. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған (1982).
## Отабасы
* Ата анасы: Уәли мен Сара Сәттібаевтар
* Аға апалары: Күлжиян, Таир, Мұтаир, Гүлмайра, Қайыр
* Жұбайы: Әспет Жағыпарқызы
* Қыздары: Айман, Айжан мен Гүлжан
* Ұлы: Зайыр
## Сілтемелер |
Құрбан Непесұлы Аманиязов (1932 жыл, Форт-Шевченко – 2015 жыл, Алматы) — кеңес, түрікмен және қазақ геолог-ғалымы, 400-ден астам еңбектердің авторы, геологиялық-минерал ғылыми докторы (1968), профессор (1970), Түрікменстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1981).
## Өмірбаяны
Түрікменстан мемлекеттік университетін бітірген (1957).
1960 - 1968 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Геология институтының аға ғылым қызметкері, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.
1968 - 1981 - Түрікмен мемлекеттік университетінің физика-география кафедрасының профессоры болды.
1988 - 1992 - Түрікмен мемлекеттік университетінің геология институтының директоры болды.
1988 - 1992 - Түрікмен политехникалық институтының кафедра меңгерушісі болды.
1992 - 1995 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Каспий теңіздің экологиясында лаборатория меңгерушісі болды.
1995 жылдан Ақтау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
## Ғылыми еңбектері
Тұран ойпатының мұнай, газ, көмір, күкірт, тұз, т.б. кен байлықтары, Копетдаг, Балқан, Гиссар тауларының, Үстірттің және Каспий теңізінің геологиясы туралы жазылған 300-ге тарта ғылыми еңбектердің, 20 монографияның авторы. «Биостратиграфия және Түрікменстанның жоғарғы юра қабаттарының зоогеографиясы» (1971), «Түрікменстанның оңтүстік-батыс өңірінің мұнай-газ кен орындарының геологиясы» (1985), «Палеография және Орта Азияның батыс аймағының жоғарғы юра қабаттарының қазбалы байлықтары» (1989), «Түрікменстанның солтүстік-батыс, Маңғыстаудың оңтүстік аймағы мен Үстірттің мезозой қабаттарының геологиялық құрылысы» (1989), т.б. монографиялардың авторы.
Аманиязов Абайдың қара сөздерін, қазақ ертегілерін түрікмен тіліне аударған.
## Марапаттары
* «Жоғары оқу орындарының үздігі» (1981).
* Түрікменстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасы (1982).
* КСРО-ның Бүкілодақтық халық шығарма көрмесінің алтын медалі (1984).
* Халықаралық геологтар 27-конгресінің алтын медалі.
## Сілтемелер
* Мұнайлы Астана - ОТАШЫ ҚЫЗ(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
## Өсерұлы Нұралы
Өсерұлы Нұралы – ғалым, заң ғылымы докторы (1998), ''профессор'' (2000). Ол кісі 20.01. 1940 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туды.
* 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген .
* 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1996 – 2000 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте,
* 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды.
* 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
* қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
* мұсылмандық заңдар;
* қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары;
* шариғаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері. Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді.
## Шығармалары:
* Құран. 5 томдық тәржіме 1990 – 2002
* Ислам және қазақ әдет-ғұрпы 1992
* Қазақтың үкім-кесімдері 1994
* “Жеті жарғы” 1994
* Мұсылмандық қағида-ережелер 1995
* Мұсылмандық құқық 1997
* Шариғаттың қазақ әдет-ғұрыптарына әсері, 1998;
* Ислам негіздері, 2002.
* Араб тілі. Әліппе. А., 1997;
* Араб тілі. 3- класс. А., 1982;
* Араб тілі. 8-класс. А., 1990;
* Араб тілі. 9-класс. А.,1991;
* Куран (Бес томдық ғылыми аударма). М.-А., 1990-1998.
## Дереккөздер
## Өсерұлы Нұралы
Өсерұлы Нұралы – ғалым, заң ғылымы докторы (1998), ''профессор'' (2000). Ол кісі 20.01. 1940 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туды.
* 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген .
* 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1996 – 2000 жылдары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте,
* 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды.
* 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
* қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
* мұсылмандық заңдар;
* қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары;
* шариғаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері. Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді.
## Шығармалары:
* Құран. 5 томдық тәржіме 1990 – 2002
* Ислам және қазақ әдет-ғұрпы 1992
* Қазақтың үкім-кесімдері 1994
* “Жеті жарғы” 1994
* Мұсылмандық қағида-ережелер 1995
* Мұсылмандық құқық 1997
* Шариғаттың қазақ әдет-ғұрыптарына әсері, 1998;
* Ислам негіздері, 2002.
* Араб тілі. Әліппе. А., 1997;
* Араб тілі. 3- класс. А., 1982;
* Араб тілі. 8-класс. А., 1990;
* Араб тілі. 9-класс. А.,1991;
* Куран (Бес томдық ғылыми аударма). М.-А., 1990-1998.
## Дереккөздер |
Изотов Мұхтар Зиядаұлы (26.10.1952 жылы туған, Алматы қаласы) – Философиялық ғылыми докторы (1994), профессор (1996), Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылыми академиясының академигі ҚазМУ-дың физикалық факултетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1982) бітірген. Алматы қаландағы «Казмеханобр» ғылыми-зертеулік институтында және ҚазМУ-да инженер (1976–80), Қазақстан ғылым академиясының Философиялық кафедрасында доцент (1982–93), Философиялық және саясаттану институтында аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы (1993–95), Қазақстан Республикасы мемлекеттік аттестациялық комитетінде бөлім меңгерушісі (1995–97) қызметтерін атқарды.
1997 жылдан Философиялық институтында сектор меңгерушісі. «Қазіргі ғылымның интеграция мәселелерінің логика-методологиялық және әлеуметтік-мәдени мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – Қазақстан халықтарының мәдени және рухани бірігуі мәселесін Әлеуметтік-философиялық жағынан талдау, Қазақстан ғылымының ежелден қазіргі кезеңге дейінгі тарихын, т. б. зерттеу проблемалары.
Изотов Мұхтар Зиядаұлы 85 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның («Социально-культурные детерминаты интеграции современной науки», 1993; т. б.) авторы.
## Дереккөздер |
Қаттағансай, Қатағансай – Қарақойын көлі алабындағы құрғақ арна.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының қиыр оңтүстігінде орналасқан. Ұзындығы 33 км.
## Бастауы
Бастауын Орақбай тауының солтүстік-батысындағы сайлардан алып, Қарақойын көліне солтүстігінен құяды.
## Гидрологиясы
Арнасында көктемгі қар суы кезінде 5-10 күндей ағыны болады. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қалады.
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан Кубогы 2011 финалы — Алматыдағы «Орталық стадионда» өткен Кубоктың 20-шы финалдық ойыны. Матчта «Тобыл» және «Ордабасы» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 1:0 есебімен «Ордабасы» клубы жеңіп, алғаш рет Кубокқа ие кетті.
## Финалға дейін жолы
## Матч
### Детальдар
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Нұрмамбетов Эмиль Исабайұлы – Қазақстанның жетекші геоморфологы, ҚР БҒМ География институтының бас ғылыми қызметкері Алматы қаласында, педагогтар отбасында 1934 жылдың 7 қарашасында дүниеге келді. Ата-анасы – Нұрмамбетов Исабай мен Мұхамеджанова Зайнаб – Советтік Қазақстанның қалыққа Білім беру ді ұйымдастырушылар және белсенді қатысушылары.
Ол Алматыда орыс орта мектебін бітіргеннен кейін 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, геология-география факультетін 1958 жылы «кен орындарын іздестіру және барлау» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Университетті бітіре салып, қазақстан геологиясы мен геоморфологиясының негізін қалаушылардың бірі Г.Ц. Медоевтің шақыруымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтына жұмысқа кірді. Осында Э.И.Нұрмамбетов лаборанттықтан бастап, ғылым сатыларынан түгелдей өтіп 1991 жылға дейін еңбек етті.
1991 жылы ол конкурстық негізде Қазақ КСР ғылым академиясының География институтына өтті. Мнда ол жаңа құрылған геоморфология зертханасын басқарды, қазір де сонда жемісті еңбек етуде.Э.И. Нұрмамбетов геоморфология саласында кең танымал ғалым. 1958 жылдан бері ол Қазақстанның түрлі аудандарында жүргізілген бедерді, неотектониканы, неоген-төрттік шөгінділерді зерттеу бойынша түсірілімдік және сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Бірқатар материалдары Солтүстік Евразия бойынша халықаралық басылымдарға енген республика аумағының түрлі масштабтағы тақырыптық карталарының редакторы және авторы.
Ол бедер элементтерінің, пішіндерінің және түрлі тұрпаттарын жасқа, морфологиясына және шығу тегіне қарай жіктеудің ұстанымдарын (принциптері) жасауға , Қазақстан және бұрынғы КСРО аумақтарының карталарының легендаларын (шартты белгілер) қалыптастыруға қатысты. Оның қаламынан бірқатар ірі монографиялардың бөлімдері (Геология СССР, том XX; Геология и металлогения Северного Казахстана; Рельеф Казахстана) шықты, сонымен бірге көптеген ғылыми мақалалар мен есептер. Ондағы материалдар Батыс, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның бедерлерінің құрылымы мен даму тарихының астарларын қамтиды. Э.И. Нұрмамбетов өз зерттеулерінде маңызды қолданбалы мәселелерді шешуге жол ашатын жер беті бедерінің геологиялық құрылыммен нақты байланыстарын табуға көп көңіл бөлді. Ол ашқан Индер тұз күмбезіндегі оқпалық пішіндердің орналасуы мен кеңістіктегі даму заңдылықтары іздестіру ұғңғымаларының санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол ашқан заңдылықтар борат және калий-магнезийлі шикізаттардың қорын есептеуде қажетті коэффициент енгізуге жағдай жасады, есептеулердің дәлдігі жақсарды.
Э.И. Нұрмамбетовтың Солтүстік Қазақстандағы бұрынға палеогендік теңіздердің жағалық шекараларын анықтау бойынша жасаған әдіснамалығы аса маңызды. Айтылған шекаралар циркон мен техникалық алмаздардың шашырандыларын анықтаушы фактор. Шашырынды алтын мен жерасты суларының кен орындарын іздестіру үшін болашағы зор Орталық Қазақстанның ежелгі гидрологиялық желісінің аңғарларының үлескілерін картаға түсірудің әдістері жөнінде де осыны айтуға болады.
Орталық және Шығыс Қазақстанның түрлі бөліктерінде жүргізген көпжылдық далалық байқаулардың негізінде Э.И. Нұрмамбетов салыстырмалы түрдегі тектоникалық тыныштық дәуіріндегі үдерістің күшеюіне байланысты Сарыарқаның бедерінің даму тарихын және үгілуін анықтады Ол дәлелдеген инфильтрациялық қабық қалыптасу теориясы жас жанартаулықтың стратификациясы, ежелгі аңғарлардың тектік табиғаты және палеогеографияның өзге де бірқатар мәселелері жөніндегі дискуссиялық мәселені шешуге көмектеседі.Э.И. Нұрмамбетов соңғы онжылдықтардағы өзінің зерттеулерін Батыс Қазақстанда өткізіп жүр. Онда ол бедер қалыптасудың қазіргі замандық табиғи-антропогендік үдерістерін қарастыруда. Геоморфологияның мұндай бағыты мұнай-газ саласының қарқынды даму аудандары үшін аса маңызды экологиялық астарға ие . Э.И Нұрмамбетовтің көмірсутек шикізатын барлау және алумен, магистральді құбырлар салумен айналысатын бірқатар компаниялардың кеңесшісі болуы кездейсоқ емес.
Оның жұмыстарында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің тайыз сулы қайраңының жағалаулық геоморфологиясы ерекше орын алад. Ол теңіз деңгейінің соңғы 10 мың жылдық өзгерісінің жер беттік және суасты шекаралары анықталды. Бедердің табиғи ерекшеліктерін және антропогендік қорғау ғимараттарын ескере отырып жағалаудың түрлі үлескілеріндегі желбөгеттік сулардың мүмкін болатын таралу шекараларын анықтады. Каспийдің морфологиялық және генетикалық өзгешіліктері бар қазақстандық жағалауының жағдайы анықталған, олардың түрлі деңгейдегі теңіз дамуының болжамы берілген, мұнай өнімдерінің апатты төгілу жағдайындағы құтқару жабдықтарын орналастыру үшін келу жолдары ұсынылған.Э.И. Нұрмамбетов басқаратын топ Каспийдің қазақстандық жағалауының ірі масштабты геоморфологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрологиялық және геоэкологиялық карталарын құрастырды. Осымен қоса Арал теңізі бойынша осыған ұқсас жұмыстардың серіктес авторы ретінде, ол өзіне бір табиғи зонада өтіп жатқан қарама-қарсы құбылыстарды (қазіргі замандық Каспийдің трансгрессиясы мен Аралдың регрессиясын) ғылыми мақсатта максимал пайдалануды мақсат етіп қояды. Мұндай керемет «табиғат зертханасының» нысанында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өшпес маңызға ие.
Динамикалық бедері қазіргі кезде болмаған антропогендік ықпалға ұшыраған Каспий теңізінің қайраңын зерттеу жөніндегі Э.И. Нұрмамбетовтің жұмыстарын атап өту қажет.Халықаралық концорсмумдардың қолдауымен Солтүстік – Шығыс Каспийдің тайыз сулы қайраңының айтарлықтай бөлігіні терң зерттеуге қол жеткізді. Су табаны бедерінің морфометриясын, желдік толқын мен маусымдық ағыстардың ықпалымен болатын түп шөгінділердің тасымалдану жолдарын, сең қалыптасу кезеңіндегі мұз алаңдарының бедерге әсерін анықтады.
Көп жылдардағы материалдардың талдауы кіретін зерттеулер Казақстанның тайыз сулы қайраңының алғашқы геоморфологиялық картасын жасауға мүмкіндік берді. Онда суасты жазықтарының түрлі тұрпаттары,бедердің ірі генетикасы әртүрлі пішіндерін . ерекшеленді Мәліметтер базасының кеңеюіне қарай жасалатын карталардың масштабы да 1 : 200 000 дейін ірілене түсті, ал жеке үлескілер үшін және де ірірек (ұқсастық және векторлық нұсқалар). Еділ, Жайық, Жем өзендерінің авандельталарының дамуының, барлардың, қайырлардың, аккумуляциялық және алғашқы аралдардың түр өзгертуінің, Маңғыстау түбегінің абразиялық беткейлері мен бенчтерінің қайта құрылуының болжамын жасауға мүмкіндік туды. Құрылып жатқан жасанды аралдардың архипелагының және қосарлана жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстарының мониторингі олардың табандық бедердің динмикасына ықпалын, ағыстардың өзгеруін анықтайды. Мұның барлығы тайыз судың ерекше биотасында көрініс береді. Э.И. Нұрмамбетовтің Солтүстік Капийдегі зерттеулері қазақстандық теңіз геоморфологиясының негізін салды деуімізге әбден болады.
## Дереккөздер
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж. |
2012 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың жиырма бірінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
## 1/8 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## 1/4 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## 1/2 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## Финал |
Владимир Фридрихович Абермит - 1958 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Андреев ауылында туған — жазушы.
Еңбек жолын «Андреев» кеңшарында механизатор болып бастаған. «Нива» ЖШС директорының орынбасары, директоры. Аудандық маслихаттың 3-шақырылуының депутаты.
Владимир - Хизмет Абдумуталипұлымен бірге бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды. Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.
## Сыртқы сілтеме
* ТОО "Нива"(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Мұқатай Жандабаев (1916 ақпанның 1-інде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Фрунзе ауылы - 1998 маусымның 20-ында, Алматы қаласы) – география ғылымдарының докторы (1970), профессор(1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984).
## Қысқаша өмірбаяны
* 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
* 1948 - Воронеж педогогика институтын бітірген.
* 1948–53 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтының кіші ғылым қызметкері;
* 1953 жылдан - өмірінің соңына дейін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) доценті, кафедра меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Негізгі ғылым еңбектері аймақтық геоморфология, неотектоника, сай-жыра эрозияы, сел мәселелеріне, геоморфология картаға түсіру әдістеріне арналған. Өзен және өзен аңғарларының пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынды. Жер бедерінің шағын пішінді өлшемдерін анықтайтын географиялық әмбебап аспап құрастырды. Бұл аспаппен далалық жағдайда география нысандардың әр түрлі параметрлерін, тік және көлбеу бұрыштарды, беткейлердің биіктігі, құламасы мен экспозициясын, шағын ойыстардың, өзен мен аңғардың кемерлерін, ағаштың биіктігін, малтатас, қойтастардың көлемін, сонымен бірге жергілікті географиялық ендіктерді, Күннің көкжиектен биіктігін, салыстырмалы биіктіктерді анықтауға болады. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
* "Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин", 1972;
* "Природа Заилийского Алатау", 1978;
* "Речные долины", 1984.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
ғылыми-тәжірибелік конференциясы Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.геоморфология және картография кафедрасы Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Саумалкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Шарықты ауылдық округінің аумағында, Бұлақадір ауылының оңтүстік шығысына қарай 16 км жердегі төбеаралық ойпаңда, теңіз деңгейінен 679, 8 м биіктікте орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Ауданы 6,5 км2 , ұзындығы 3,6 км, ең енді тұсы 2,7 км, ең терең жері 2,7 м. Жағалауының ұзындығы 13,3 км. Су жиналатын ауданы 107 км2. Қар және жер асты сумен қоректенеді. Жағасы жарлауыт келген. Оңтүстік шығыс жағасының тік жары 13 м-ге жетеді. Суының көлемі 9 млн м3-дей.
## Жағалау сипаты
Жағалау бөлігінде қамыс, тал өседі. Көлдің солтүстік бөлігіне екі бұлақ құяды. Су жиналатын алабының 50%- ы жыртылған. Суы тұзды, кермек, құрамында: йод, фтор, бром және бор көп кездеседі. Көлдің жағалау бөлігі лайлы.
## Дереккөздер |
Панасенко Алексей Гаврилович (20.06.1899 жылы туған, Хрипино ауылы, қазіргі Витебск облысы) - қазақстандық ғалым-зоотехник, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Қазақстанның ССР Шығыс Қазақстан мал өсіру тәжірибе станциясында аға ғылми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары. Мұнда ол жергілікті сиырды симментал бұқасымен шағылыстырып, селекциялық жұмыс жүргізді.
## Биография
* 1960 жыл - Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы;
* 1945 жыл - КПСС мүшесі;
* (1925 - 1930) жылдар арасында - Омбы ауыл шаруышылығы институтын бітіріп, Омбы сүт кооперациясы одағында аға зоотехник, бөлім меңгерушісі;
* (1930 - 1932) жылдар арасында - Новосибирск облысы Куйбышев қаласында зоотехникалық техникумның оқытушысы;
* (1944 - 1947) жылдар арасында - Ол Қазақтың мал өсіру ғылми-зертханалық институтында аға ғылми қызметкер болып істей жүріп, әулиеата сиырын жетілдіру жөніндегі ғылми жұмысқа басшылық етті;
* (1947 - 1952) жылдар арасында - Оңтүстік Қазақстан мал өсіру тәжірибе станциясында аға ғылми қызметкер;
* 1952 жыл - Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында оқытушы;
* 1964 жыл - Кафедра меңгерушісі.
* 1974 жыл - Әулиеата сиырын мемлекеттік комиссия сүт бағытындағы сиырдың жаңа тұқымы деп қабылдады.
## Дереккөздер |
2013 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың жиырма екінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
## 1/8 финал
## 1/4 финал
## 1/2 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## Финал
## Дереккөздер |
Саумалкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік батыс бөлігінде, Саумалкөл темір жол станциясынан 10 км жерде, Қарағанды тауының етегін ала теңіз деңгейінен 632, 2 м биіктікте орналасқан көл.
## Гидрографикасы
Ауданы 13,2 км2, ұзындығы 5,2 км, ең терең жері 1,5 м. Жағалауының ұзындығы 16,8 км су жиналатын ауданы 307 км2. Көктемде еріген қар және жер асты сулары мен қоректенеді. Көлдің солтүстік батыс бөлігіне Қарағанды тауынан ағатын екі бұлақ (ұзындығы 23 және 10 км) құяды. Суының көлемі 13 млн м3 - тен асады. Суы тұзды, кермек. Түбі лайлы, лайында күкіртті сутегінің иісі бар.
## Жағалау сипаты
Көлдің оңтүстік жағасы түйетайлы, солтүстігі жарлауытты (биіктігі 15 м) келеді.
## Дереккөздер |
Балапан — Башқұртстанның Зилайыр ауданындағы ауыл, Матраев ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 120 адамды құрады.Пошта индексі — 453694, ОКАТО коды — 80227825002.
## Демографиясы
Тұрғындардың динамикасы:
## Дереккөздер
## Сыртқы cілтемелер
* Башқұртстан Республикасының муниципалдық бiлiмдерiнiң кеңесi. |
Қызыл — Керей өзені алабындағы көл. Арғанаты тауларының солтүстік-шығысында.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек аулының оңтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 473 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,7 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жазда аумағы тартылып қалады. Жағалауы жазық, оңтүстігінен көлге жылға келіп құяды.
## Дереккөздер |
Пантиелев Алексей (Абель) Наумович (18.06.1913 жылы туған, Орел) - орыс совет жазушысы. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысты.
## Оқу орны
1938 жыл - Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.
## Әңгімелері
«Сел», «Атыспен жасалған үйлену тойы» т.б. әңгімелері Отан соғысы, ұшқыштар, конструкторлар туралы жазылған.
## Аудармалары
Пантиелев Алексей Наумович қазақтың көрнекті жазушысы М.О.Әуезовтің «Өскен өркен» романы мен «Түнгі сарын» драмасын, «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» атты әңгімелерін, «Үнді очерктерін» орыс тіліне аударып, көптеген шетел тілдеріне аударылуына себепші болды. Пантиелев Алексей Наумович бұдан басқа Ә.Әбішевтің «Кім менің әкем?» пьесасын, өзбек тілінен А.Мұхтардың «Апалы-сіңлілерін», «Қарақалпақ повесі» атты кітаптарын аударды.
## Марапаттамалары
Пантиелев Алексей Наумович Қызыл жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдарымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Әлия Қахармановна Серікбаева (26 маусым 1951 жыл, Алматы, Қазақ КСР) — КСРО-лық және қазақстандық үстел теннисшісі.
## Өмірбаяны
Үстел теннисінен КСРО спорт шебері (1969), Қазақстанның 18 дүркін (1966–70) және «Спартак» ерікті спорт қоғамының КСРО чемпионы, әлем чемпионы (1970), Қазақстан Республикасының үстел теннисінің федерациясының төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақ С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1974). Республикамызда үстел теннисінің елімізге және басқа да шет мемлекеттерге белгілі болуы Әлия Серікбаеваның есімімен байланысты. Әлия Серікбаева Румынияда, Югославияда, ГДР-де, Монғолияда өткен халықтаралық жарыстарға қатысты. 1974 жылдан Алматы балалар спорт мектебінде стол теннисінен жаттықтырушы. 1997 жылы өткен ересектер арасындағы Мельбурндегi ойында ол Қазақстанның жалғыз спорт шеберi болып қала бердi. Қаншама жыл Қазақстанның үстел федерациясы вице - президентi қызметiн үлкен жауапкершiлiкпен атқарды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Теннистен КСРО чемпионаты 1967 |
Серікбаев Ким Серікбайұлы (14.1.1934 жылы туған, Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы, Көптоғай ауылы) — әскери қайраткер, полковник, әскери ғыл. канд. (1974), проф. (2000). 1952 — 56 жылдары қазіргі ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. Мәскеудегі әскери академияны бітірген (1970). 1956 — 66 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болды. 1970 — 73 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берді. 1973 — 75 жылдары Алматы жоғары әскери командалық уч-щесінде кафедра бастығы, 1975 — 88 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы, 1988 — 91 жылдары Б.Момышұлы атынд. респ. әскери мектеп-интернаттың бастығы, 1992 — 93 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті аппараты мен Минстрлігі Кабинеті жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі, 1994 — 96 жылдары Минстрлігі Кабинетіжанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы, 1996 — 99 жылдары ҚР Парламентінің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарды. 2000 жылдан ҚР Қорғаныс мин-нің әскери-ғылыми орталығында бас ғылыми қызметкер. Жоғары оқу орындарында ғылыми және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Әскери ғылым саласындағы негізгі ғылыми-зертттеу бағыты — мемлекеттің әскери қауіпсіздігі, әскери құрылыс, әскери өнер мәселелері, жалпы тактика және оперативтік өнер. 180 ғылыми еңбектің, “Сыновний долг” (1978), “Быть патриотом” (1978), “На кафедре тактики” (1994), “Бауыржан Момышулы в моей жизни” (1995), “Доброму делу — долгая жизнь” (2002), “Военная безопасность страны: проблемы, перспективы” (2002), “Надежный страж Родины” (2005), “Обретенной независимости — надежную защиту” (2005), “Батыр ағаның шапағаты” (2005) атты кітаптар жазған. 3-дәрежелі “КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан Кубогы 2014 финалы — Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен Кубоктың 23-шы финалдық ойыны. Матчта «Ақтөбе» және «Қайрат» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 4:1 есебімен «Қайрат» клубы жеңіп, алтыншы мәрте Кубокқа ие кетті.
## Финалға дейін жол
## Матч
### Детальдар
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
2014 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың жиырма үшінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
## 1/8 финал
## 1/4 финал
## 1/2 финал
### Алғашқы ойындар
### Жауапты ойындар
## Финал |
Футболдан Қазақстан Кубогы 2013 финалы — Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен Кубоктың 22-шы финалдық ойыны. Матчта «Тараз» және «Шахтер» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 1:0 есебімен «Шахтер» клубы жеңіп, алғаш рет Кубокқа ие кетті.
## Финалға дейін жолы
## Матч |
Кәрібай Мақашұлы Шөшіков (1955 жылы туған.), инженер-зоотехник.
Алматы зоотехника-мал дәрігерлік институтын бітірген (1977). 1977-1979 жылдарында Жаңаарқа ауданының «Айнабұлақ» кеңшарында зоотехник, 1979-1995 жылдарында комсомол, кәсіподақ, партия орындарында жауапты қызметте, 1995-1999 жылдарында Жезқазған «Балапан» АҚ президенті, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, 1997 жылдан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, әкімнің кеңесшісі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі Қарағанды облысы аймақтық басқармасының бастығы.
## Дереккөздер |
Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
## Өмірбаяны
## Спорт
Спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған болатын. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды .
### Кәсіби спорт
1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.
Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы.
2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды.Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.
2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.
## 2011 жыл
Вино осы жылы соңғы рет кәсіпқой спортшы ретінде Тур де Франсқа қатысып, бірнеше күн сары жейдені киіп, этап жеңісіне жетсем деп жоспарлаған. 8-ші этап нәтижесі бойынша ол жалпы есепте 11-ші орынға жетіп, лидерден 32 секунд қана артта болатын, алайда 9-шы этапта құлап, бел сүйегін сындырып, жарыстан шығып кетуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Вино өзінің кәсіпқой спорттық өмірін аяқтады.
## 2012 жыл
Аталмыш жылы өткен Лондон 2012 Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан үшін үлкен қуаныш әкелді. Осы жазғы ойындардан кейін үлкен спортпен қош айтысам деген Александр кенеттен күтпеген жерден ел қанжығасына бірінші алтынды байлады. Финишке аздаған минуттер қалған кезде, теке тірескен колумбиялық велошабандозды баса озған Вино Олимпиаданың бірінші күнінде әнұран ойнатып, Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің спорттағы карьерасын алтынмен мығымдаған Винокуров осы оқиғаны спорттан кетуімнің тамаша нүктесі деп айтты. Кейін сұхбатында Александр "дайындық кезінде осы Лондон Олимпиадасынан алтын ұтсам, жақсы болар еді деп жұбайыммен қалжыңдасып едім", - деді. Еске сала кетейік, Винокуров 2000 жылы Сидней жазғы Олимиадасында күміс жүлдегер атанған болатын. Александр 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "денешынықтыру" факультетінің магистранты атанды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Винокуров facebook-те
* Астана велокоманданың ресми сайты |
Үпілмәлік, Кенедән (Rіcіnus) – сүттіген тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
## Таралу аймағы
Үндістан, Бразилия, Аргентина, Қытай, Иран және Африка елдерінде көп таралған. Египетте 4 мың жылдай уақыттан бері өсіріліп келеді.Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дақылдық түрі – кәдімгі үпілмәлік(rіcіnus communіs) қолдан егіледі.
## Биологиялық сипаттамасы
Оның биіктігі 60 – 200 см., сабағы тықыр, көп бұтақты. Саусақ салалы жапырағы ірі, кезектесіп орналасады, шеттері иректелген, жапырағының сағақтары ұзын болады. Гүлдері – дара жынысты, бір үйлі, олар жиналып, масақша гүлшоғырына топталған. Күлте жапырақшалары болмайды. Аталығы өте көп, бір-бірімен шоғырланып байланысқан. Тозаңдық жіпшелерінің саны 1000-нан асады. Түйіні – домалақ, жұмыртқа тәрізді, үш ұялы, әрбір ұясында 1 тұқым бүршігі болады. Жел арқылы тозаңданады. Шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте дән салады. Жемісі – қауашақ. Жемісі піскенде қауашағы жарылып, дәні шашылады. Дәнегі дөңгелекше келген.
## Қолданылуы
Кәдімгі үпілмәлік – майлылығы өте жоғары өсімдік. Оның тұқымынан өте бағалы, техникалық және медициналық мақсатта пайдаланылатын майсана майы алынады. Өте әдемі өсімдік болғандықтан бақтар мен үй жанындағы көгалдарды әсемдеу үшін де өсіріледі. Кенедәннің тұқымы улы болады, оның тағамға пайдаланған 10 – 12 түйір дәнінің өзі ауыр улануға әкеледі, кейде адам өліп те кетуі мүмкін.
## Суреттер
*
*
*
*
## Майсана майы
Майсана майын өндіруден Үндістан көшбасшы болып саналады. Одан кейін Қытай мен Бразилия.
## Дереккөздер |
Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова (23 желтоқсан 1943 жылы туған, Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астраханка ауылы) – прозаик, драматург, қоғам қайраткері. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1972).
* М. Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген (1974).
* Орта мектепте мұғалім, Астрахан ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы (1961 – 1964).
* 1965 жылдан «Қазақстан», «Жалын» баспасында редактор.
* 1976 – 1987 жылы ҚазКСР мемлекеттік кино, «Жаңа фильм» журналында бас редактор, Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметкер.
* 1988 жылдан «Қазақ» журналының бас редакторы.
* 1990 жылдардың басында Қазақстан көші-қон және демография агенттігін басқарды.
* Қазақстанның халық депутаты болып сайланған
## Шығармашылығы
Шығармашылық жолын 1961 жылы бастады.
* «Амина, волки и конец света» (1967)
* «Аккоян – белая гончая» (1970)
* «Шалунья» (1972)
* «Перешагнувшие порог» (1982)
* «Неугомонная женщина» (1985) кітаптары жарық көрді.
* «Муслима» кинофильмінің сценарийін жазған.
Әңгімелері қазақ, неміс тілдеріне аударылған. Пьесалары Қазақстан, Өзбекстан театрларында қойылды.
## Дереккөздер |
Октай Уркал (нем. Oktay Urkal, 15 қаңтар 1970, Батыс Берлин) — шыққан тегі түрік германиялық кәсіпқой боксшы. Жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. 1996 жылғы Атлантадағы Жазғы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері.
## Кәсіпқой мансабы
* 1996 жылы қыркүйекте алғашқы айқасын өткізген. Барлық дерлік айқастарын Германияда өткізген.
* 2001 жылы маусымда Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Константин Цзюге қарсы айқасқа шықты. Бәсекеге толы айқаста Цзю ұпай санымен жеңіске жетті.
* 2004 жылы сәуірде Октай Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Вивиан Харриспен қолғап түйістірді. Тең дәрежелі айқаста қазылардың шешімімен Харрис жеңіске жетті.
* 2004 жылы қазанда Уркалмен мен Вивиан Харрис арасында екінші рет айқас өтті. Осы жолы Харрис қарсыласын 11 раундта нокаутқа түсірді.
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 15 тамыздың 2006 жылы.
* BritishBoxing.net/ Октай Уркал Мұрағатталған 5 ақпанның 2012 жылы.
* рекордтары(қолжетпейтін сілтеме) |
Айдын Ақанұлы Айымбетов (27 шілде 1972, Заря Коммунизма ауылы, Талдықорған облысы) — қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы- жалайыр.
## Білімі
Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.
## Әскери қызметі
1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель.Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарады. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.
## Әскери атағы
Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).
## Ғарыштық даярлығы
* 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.
* Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.
* 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.
* 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды.
* 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
* 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
* 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
* Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
## Марапаттары
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке
* «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)
* Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі
* «Отан» ордені (2015)
## Отбасылық жағдайы
Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).
## Дереккөздер |
Футболдан Қазақстан Кубогы 2012 финалы — Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен Кубоктың 21-шы финалдық ойыны. Матчта «Ертіс» және «Астана» футбол клубтары өнер көрсетті. Матчты 2:0 есебімен «Астана» клубы жеңіп, екінші мәрте Кубокқа ие болды.
## Финалға дейін жолы
## Матч |
Айдын Ақанұлы Айымбетов (27 шілде 1972, Заря Коммунизма ауылы, Талдықорған облысы) — қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы- жалайыр.
## Білімі
Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.
## Әскери қызметі
1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель.Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарады. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.
## Әскери атағы
Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).
## Ғарыштық даярлығы
* 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.
* Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.
* 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.
* 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды.
* 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
* 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
* 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
* Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
## Марапаттары
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке
* «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)
* Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі
* «Отан» ордені (2015)
## Отбасылық жағдайы
Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.