text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қубұйырғын (Anabasis turgaica) – итсигек туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 5–15 см. түсі сарғыш жасыл. түп жағы бұтақты, сабағы түксіз. Етжеңді жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұз. 5–10 мм. Қос жынысты гүлі ұсақ, үш-үштен топталған. Шілде–тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – жидек. тасты беткейлерде өседі. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Ұлытау тауларында кездесетін эндемик өсімдік. түйе жейді.
## Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5 |
Қотыр жер асты су кен орны — Қарағанды облысы Шахтинск қалалық әкімдігі аумағында, Жон өзенінің аңғарында орналасқан. Жер асты Шахтинск қаласын және Тентек көмір алабын (телімін) сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орнының сулы қабаты Жон өзені аңғарының төрттік кезеңіндегі аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған.
## Сипаты
Су сыйыстырғыш тау жыныстары құмды қиыршықтасты-малтатасты, оның қалыңдығы16 м. Аллювий жабынында (төбесінде) құмдақ, кейде саздақ жатады. Оның орташа қалыңдығы 1,5–2,5 м. Ұңғымалардың дебиті 24–53,6 л/с. суы тұщы, минералдылығы 0,4–0,8 г/л. Химиялық құрамы гидрокарбонатты-сульфатты натрий-кальцийлі. Жобалы сутірек бірімен-бірі байланысқан 7 қатардан тұрады. Ұңғымаларының жалпы жиынтық су шығымы 11000 л/с, тереңдігі 20–25 м. Кен орны 1968 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Қутаңсор– Жетіқоңыр құмының солт.-шығысындағы сор басқан телім. Сарысу өз-нің алабында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Талап ауылының оңт.-шығысында 68 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 280 м биіктікте жатыр. солттен оңт-ке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 3 км. сордың бетін көктем айларында қар, жауын-шашын суы басады, жазда тартылып, сор батпаққа айналады. Жыл өткен сайын топырақ құнарсызданып аумағы ұлғаюда. солт.-батысында талдықұдық, шығысында Қосқұдық құдығы, оңтүстігінде тұзкөл соры мен Көптақыр қонысы орналасқан. Етегінде бұталар өскен.
## Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5 |
Қарақоба жер асты су кен орны - Қарақоба және Базар өзендері аралығында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының оңтүстік-батыс шетінде. Аудан орталығы Ақсуат ауылын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты барланған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Павлодар шоғырының неогендік қызыл сазындағы плиоцен төменгі төрттік шөгінділеріндегі сулы қабат кешенінде шоғырланған.
## Сипаты
Кешеннің жалпы қалыңдығы 18–23 м-ден 41–53 м аралығында. Жер асты суының жатқан тереңдігі 17–58 м. Тауалдының конусаралық кеңістігінде ұлғая түседі. Ұңғыма дебиті 2–18 л/с. Жер асты суының минералдығы 0,3–0,5 г/л, химиялық құрамы гидрокарбонатты кальцийлі, сирек жағдайда гидрокарбонатты натрийлі, ауыз суға жарамды. Жобалы бас тоған бір-бірінен 50 м аралықта орналасқан тереңдігі 80 м үш ұңғымадан тұрады. Бас тоғанның жиынтық шығымы 50 л/с. Кен орны 1980 жылдан пайдаланылуда.
## Дереккөздер |
Қарауылөзек жер асты су кен орны - Қарауылөзек өзені аңғарында, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылынан солтүстікке қарай 2–4 км жерде орналасқан. Аудан орталығы Қарауыл ауылын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Павлодар шоғырының сутректі сазының орта төрттік аллювийлі шөгінділерінде жатыр. Сулы жыныстар сазды-малтатасты және әр түрлі құмды қабатта қалыңдығы 5 м-ден 15 м-ге дейін өзгереді. Грунт суының тереңдігі 2,4 м-ден 9 м-ге дейін жетеді. Ұңғыма дебиті 0,5–4,4 л/с, минералдығы 0,3–0,6 г/л, суы гидрокарбонатты кальцийлі және сульфатты- гидрокарбонатты кальцийлі. Бактериологиялық тазартудан кейін суы ауыз суға жарамды. Кен орны 1978 жылдан пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Құлагер-арасан минералды жер асты су кен орны - Көкшетау антиклинорийі мен Азат синклинорийінің түйіскен жерінде орналасқан.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Көкшетау қаласынан 6 км жерде, Көкшетау–Астана автомагистраль бойында.
## Геологиялық құрылымы
Минералды жер асты суы палеозой тау жыныстарының жарықшақты белдемінде шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстары жарықшақты тақтатастар, құмтас, аргиллит, ультрабазиттерден тұрады.
## Сипаты
Белсенді жарықшақтық белдемнің қалыңдығы 60м тереңдікке жетеді. Минералды су 32–50 м, 57,5–60 м тереңдікке жиналған. №5492-Э ұңғымасының дебиті 1,1 л/с. Жер асты суының минералдылығы 2–2,5 г/л, құрамы бойынша олар сульфатты-хлорлы және магнийлі-натрийлі.
## Құрамы
Микрокомпоненттердің құрамы (мг/л): литий – 0,05, рубидий – 0,02, цезий – 0,05, марганец – 0,02, мыс – 0,0074, никель – 0,01, мырыш –0,052, сүрме – 0,015, күміс – 0,001, алтын –0,0001, селен – 0,0006, стронций[ – 1,7, титан – 0,001, хром – 0,001. Органикалық заттардың мөлшері төмен, 5,3 мг/л. санитарлық-бактериологиялық және экологиялық жағдайы қанағаттанарлық. №5492-Э ұңғымасының суы бальнеологиялық топқа жатады.
## Емдік қасиеті
Минералды су асқазан органдарын емдеуге, сондай-ақ ауыр металдар және фосформен уланғанда, зат алмасудың бұзылуы кезінде емдеуге болады,сырттай ванна, шомылу, душ қабылдауға арналған. Тереңдігі 65 м ұңғыма тәулігіне 10,4 м 3 су бере алады. Кен орны игерілмеген.
## Дереккөздер |
Қарауылшоқы – Қырғыз Алатауының солтүстік бөлігіндегі тау.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының солтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1650 м. солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 5,5 км. Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Батысынан Көкдөнен, шығысынан Шұңқыр өзендері ағып өтеді. Оңтүгігінде Шұңқыр, Кіші Көкдөнен асулары бар.
## Өсімдігі
Қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас қайың, терек, сұлыбас, қылқан боз, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қарауылкелді жер асты су кен орны - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Кен орнының сулы кешені қат-қат құмдар, құмдақтар, алевролиттер мен саздақтардан тұратын альб-сеноман шөгінділерінде шоғырланған. Жоғарғы сутректі қабат сеноман сазы және жоғарғы бордың карбонатты қабатында орын алған.
## Сипаты
Сулы кешеннің қалыңдығы 35–45 м, суы арынды. Ұңғымалардың дебиті 10 л/с. Жер асты суы тұщы және сәл ашқылтым, суының минералдылығы 0,2–1,6 г/л. Екі сутіректен тұратын Қарауылкелді ауылынан 7–10 км жердегі 5 ұңғыманың әрбіреуінен 5 л/с су шығады. Ұңғымалардың тереңдігі 120–250 м. Кен орны 1975 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
* Қарашек – Батыс Үстірт кемері мен Қарынжарық құмы аралығындағы тұзды көл.
* Қарашек – Қарынжарық құмының солтүстік бөлігіндегі төбе. |
Қасқарашоқы, Қ о с қ а р а ш о қ ы – Шағырай үстіртінің оңт.-батысындағы төбе. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Оймауыт а-ның оңт.-шығысында 72 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 127 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1 км. Батысында Бикембай, солт-нде Бекежан артезиан құдықтары, шығысында Борлытау төбесі бар. сортаң топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5 |
Қарпықкөл — Ырғыз алабындағы көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Байтақкөл көлінің батысында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 76 м биіктікте жатыр.
## Гидрографикасы
Аумағы 7,7 км², ұзындығы 6,2 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 14,3 км. Қарпықкөл Ырғыз аңғарындағы бірнеше көлдермен қатар жатыр, сондықтан да Ырғыз өзенінің суымен толысады. Көктем айларында көл шарасынан шығып кетеді.
## Жағалау сипаты
Жағалауы жарлауытты, оның басым бөлігінде қамыс өскен. Алабы жайылым және шабындық.
## Дереккөздер |
Қаскелең жер асты су кен орны - Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Қаскелең қаласын сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны төрттік кезеңінің аллювийлі-пролювийлі және аллювий генезисіне жататын шөгінділерде шоғырланған.
## Сипаты
Су сыйыстырғыш тау жыныстары құмды және құмды-сазды толықтырушылардан тұрады. Суландырылған тау жыныстарының қалыңдығы 150–300 м, су жатқан деңгей 85–140 м-ден (жоғарғы ысырынды конуста) 6–10 м-ге дейін (жазықта) өзгереді. Суының молдылығы су сыйыстырғыш тау жыныстарының литологиялық құрамына байланысты. Суы тұщы, минералдығы 0,2–0,4 г/л, гидрокарбонатты кальцийлі. Сулы кешеннің қалыңдығы 80 м. Жобалы бас тоған (су жинағыш) тереңдігі 150 м-ге жететін 24 ұңғымадан тұрады. Бір ұңғымаға түсетін жүктеме 100 л/с. Кен орны 1958 жылдан игерілуде.
## Дереккөздер |
Қарсыадыр – Мырзашоқы тауының солтүстік-батысындағы ұсақ шоқылар.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал қаласының солтүстік-батысында 45 км жерде орналасқан. Сарысу өзенінің аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 598 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доғаша созылған тізбекше шоқылардың жалпы ұзындығы шамамен 13 км, енді жері 4 км. Солтүстігінде Ботағанкөл көлі, шығысында Байғұл таулары, оңтүстігінде Шашты тауы, батысында Шағырлыкөл көлі орналасқан. Етегіндегі Сарайлыбұлақ бұлағының бойы шөбі шүйгін, мал жайылымына пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Зырян кенді ауданы– Шығыс Қазақстан обл-ндағы (Кенді алтай) бір топ полиметалл және мыс кендері шоғырланған өңір. бұл өңірдегі алғашқы қорғасын кенін 1791 ж. орыс геологы Г.Зырянов ашқан. 1795 жылдан үздіксіз кен өндіріліп келеді. мұнда ең ірі зырянов кенінен басқа ондаған кішігірім кен орындары бар. Олар әр түрлі генетик.және морфол. типке жатады. бірқатары (зырянов,путинцев, грехов, богатырев, малеев, Сажаев, т.б.) ортаңғы девонның құмтас, алевролит, тақтатас, эффузив, пирокластық жыныстар бойына орналасқан. бұл жыныстар ендік бағытқа созылған зырянов антиклиналын құрайды. Кен денелері осы антиклиналь бойында березовка және маслянка шоғырлары арасындағы жарылымдар мен қабатаралық қуыстарда көлбеу бұрыш, линза пішіндес болып түзілген. Кен құрамында мырыш, қорғасын, мыс бар.
## Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5 |
Қатыншоқай – Қаратау жотасының солтүстік-батысындағы құмды алқап.
## Географиялық орны
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылының солтүстік-шығысында 77 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Ең биік жері 130 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 17 км. Жер бедері бұйратты келген. Солтүстігінде Ащыкөл, шығысында Саумалкөл сорлары, батысында Киікатқан, Қарақазған, оңтүстігінде Шейіт, Қатынқұдық құдықтары бар. Ойыстарда грунт сулары жер бетіне жақын жатыр.
## Өсімдігі
Құмда сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.
## Дереккөздер |
Қармақшы жер асты су кен орны - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 35–38 км жерде орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Сулы қабат сеноман шөгінділерінде шоғырланған. Ол жұқа және ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады және қалыңдығы 12 м-ден 44 м-ге дейін жетеді.
## Сипаты
Арынды су 85 м-ден 380 м-ге дейінгі тереңдіктен шығады. Сулы қабат суға мол. Ұңғымалардағы дебит 32,2 л/с-қа жетеді. Жер асты суы сәл ашқылтым, минералдығы 1,4–1,6 г/л. Химиялық құрамы бойынша хлоридті-сульфатты натрийлі. Бас тоған екі қатарлы ұңғымалардан (әр қатарда бестен) тұрады. Ұңғымалардың арақашықтығы 750–900 м, тереңдігі 310 м, жалпы шығымы тәулігіне 21,6 мың/м3.
## Дереккөздер |
Шолақ-Түзуақтас мыс кен орны – Іле өзені алабында төменгі палеозой жанартаулық белдемде орналасқан бірнеше кен білінімдерін (Шолақ, Мысты, Дардамты, Түгелбай, Жыланды, т.б) біріктіретін алаң.
Ондағы саф мыс білінімі бар бөлікшелер төменгі пермьдік бозмойнақ шоғырының бадамша тасты базальт порфиритінде орналасқан. Бұл тау жыныстары Кетпен антиклинорийінің оңтүстік қанатын құрайды.
## Жатыс сипаты, минералдануы
Қабаттардың еңістену бұрышы 15-35°, жарылым белдемдерінде 50°-қа жетеді. Бадамша тастар дөңгелек, эллипс тәрізді, кейде бұрыс пішінді, ұзындығы 3-10 мм болады. Оларды опал, цеолит, кальцит, кварц, пренит пен саф мыс толықтырады. Кеннің минералдануы екі түрге бөлінген: базальт порфириті жамылғысының жоғары кеуекті бөлігіндегі майда шашыранды және тау жыныстарындағы жарықшақтар мен уатылу белдемдері. Жарықшақты және уатылу белдемдеріндегі желілердің ұзындығы 150-200 м, қалыңдығы ондаған м-ге жетеді.
## Дереккөздер |
Қарашоқытау – Алшынсай құмының оңтүстік-шығысындағы төбе.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының солтүстік-шығысында 23 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 201 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Жонды-қырқалы төбе батысқа қарай тақырға ұласады. Солтүстігінде Ыстықтау, шығысында Жаман Қантөрткіл, оңтүстігінде Ақтоғай төбелері бар.
## Өсімдігі
Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қатқансор – Ащыкөл ойпатының оңтүстік-шығысындағы сор. Ол Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 4–5 км. Көктемде жиналған су жазда тартылып, сор батпақтар жарылып қабыршақталады. Сор шеттерінде өсімдіктер өседі. Мысалы:бірнеше сексеуілдер және тағы басқалары.
## Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5 |
Аумақтық төтенше жағдай,бұл ТЖ нәтижесінде 50-ден астам, бірақ 500-ден артық емес адам зардап шеккен немесе 300-ден астам, бірақ 500-ден артық емес адамдардың тіршілік әрекеті бүлінген немесе 5 мыңды құрайтын, бірақ облыс аумағынан шықпайтын, ТЖ аймағында және ТЖ өту күніндегі еңбекақының ең аз мөлшері 0,5 млн аспайтын материалдық шығын. Аумақтық ТЖ ҚР облыстық органдарының күшімен және құралдарымен жойылады.
## Дереккөздер
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1 |
Қасқырлы, Волчий – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік жотасы Көкжота (2987 м) тауларындағы асу.
## Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде орналасқан.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 3227 м. Көкжота тауларының орта тұсында орналасқан асудан маусым–қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Беткейі тік құз, шатқалды келген. Кертпештелген солтүстік беткейінің етегінен Лепсі өзенінің сол саласы – Теректі өзені бастау алады.
## Өсімдігі
Тау шатқалында қарағай, қайың, көктерек, арша, итмұрын, долана т.б. ағаштар мен бұта шоғырлары өскен.
## Дереккөздер |
Мұздыбұлақ – Оңтүстік Алтай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау.
## Географиялық құрылымы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аршаты ауылының шығысында 46 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3050 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12–14 км-ге созылған, енді жері 7–8 км. Беткейлері шатқалды, биік жартасты, өзен арналары тік жарқабақты тар келген. Таудың биік белдеулерінде ұсақ көлдер жатыр. Оңтүстік беткейінен Бұқтырма өзеніне құятын шағын өзендер бар. Етегінде қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған.
## Өсімдігі
Таудың қара және күлгін топырақ жамылғысында далалық ландшафт өсімдіктерімен бірге қарағай, балқарағай, самырсын аралас қылқанды орман өскен. Етегі шөбі шүйгін мал жайлауы.
## Дереккөздер |
Бітімгершілік қызмет, халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) жанжал туындағаннан кейін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес жүзеге асыратын, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпті жою мақсатында көбінесе бейбіт, сондай-ақ (қажет жағдайда) әскери тәсілдермен халықаралық дауларды шешуге бағытталған, саяси, экономикалық, әскери және де басқа сипаттағы халықаралық ұйымдардың ұжымдық іс-қимылдары. Оған аралық қызмет, жанжалдасқан тараптарды татуластыру, келіссөздер, дипломатиялық оқшаулау мен санкциялар да кіруі мүмкін.
## Дереккөздер
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1 |
Бітімгершілік акция, халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) жанжал туындағаннан кейін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес жүзеге асыратын, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпті жою мақсатында көбінесе бейбіт, сондай-ақ (қажет жағдайда) әскери тәсілдермен халықаралық дауларды шешуге бағытталған, ұжымдық іс-қимылдары, саяси, экономикалық, әскери және өзге де сипаттағы ұжымдық әрекеттер.
## Дереккөздер
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1 |
Газсыздандыратын пункт, әскери киімдерді, аяқ-киімдерді, жабдықтар мен жеке қорғану құралдарын газсыздандыру және дезинфекциялау үшін жабдықталған орын. Г.п. жұқтырылған мүліктің немесе арнайы өңделген әскердің шоғырланған жеріне, әдетте су көзіне жақын жерге орналастырылады.ГАЗСЫЗДАНДЫРУ, өнімдегі улы заттарды КӘУЗ (күшті әсерлі улы заттарды) улылығын кетіргенге дейін ыдырату және оларды нысандар мен жердің бетінен зақымдануды шекті нормаға дейін азайту мақсатында тазарту.
## Дереккөздер
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1 |
Ел аумағын жедел жабдықтау, мемлекеттік билік органдарының, әскерлердің (күштердің) елді қорғанысқа даярлау, ел аумағын қорғанысқа даярлау бойынша жүргізілетін кешенді шараларға (ұйымдастырылған, инженерлік-техникалық және т.б.) бағытталған, мемлекеттің соғысқа ұйымдасып енуін қамтамасыз ету және оның Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерінің әскери іс-қимылдарды ойдағыдай жүргізу, сондай-ақ олардың бейбіт уақытта міндеттерді орындау жөніндегі жоспарлы қызметінің құрамдас бөлігі.
## Дереккөздер
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1 |
Мырзахметова Мәрия - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1908 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында туған.
## Еңбек жолы
* Еңбек жолын 1929 жылы бастаған.
* 1943-1950 жылдары "Ынтымақ" колхозында қызылшашылар звеносын басқарып, әр га-дан 984 ц өнім алған.
* 1947 жылдан КОКП мүшесі.
* 1951-1958 жылдары Жамбыл облыстық тәжірибе стансасында істеген.
## Жетістігі
* 2-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
* Ауыл шаруашылығы озаты
## Наградалары
* Ленин ордені
* Социалистік Еңбек Ері (1948)
* Медальдар
## Дереккөздер |
Маржан жартастардың тұрғындары. Маржан жарлауыты (рифі) -су астындағы немесе су деңгейінен сәл шығып тұратын теңіздік жартастарю Тропиктік моллюскілердің ішінде, аты айтып тұрғандай, маржан тұрғындары болып табылатын әлемге таралған тұқымдастар бар. Бұл тұқымдастарға 300 белгілі түр кіреді. Олардың көпшілігі терең суда өмір сүреді. Зерттеуге қажетті материалдардың жетіспеушілігі басқа түрлерді анықтау және олардың арасындағы қатынасты зерттеу жұмыстарын күрделендіріп жіберді.Маржан тұрғындардың бірі - "кораллофилида" деп аталатын бауыраяқты моллюскілер тұқымдасы. Кораллофилида тұқымдастары маржандарға енген күінде жатады. Салвстырмалы түрде олардың бақалшықтары жұқа. Келесі "латиаксис" деп аталатын тұқымдастары пішінінің әртүрлілігімен және бедерлі арқа бақалшығымен кең танымал. Бірнеше айқын маржан тұрғындарына бақалшықтары құрттарға ұқсас "верметида" , теңіз тұяғы- гипопус, "кланкулюс фараониус" және конус, лямбис, митрид, овулида, каури, венерида, ранеллида тұқымдастарына жататын моллюскілер, алқызыл тритон, тритон мүйізі, жүрек тәріздестер, "жұлдызша", бақалшығы жоқ артқыжелбезектілер (эллизия, испан бишісі) , т.б. кіреді. |
Дәулет Шораұлы Ниязбеков (12 ақпан 1989, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) — еркін күрес стиліндегі Қазақстан палуан.
## Өмірбаяны
Стамбулдағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Азия біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері (2013, 2014 жж.), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Катарда өткен Азия біріншілігінің чемпионы (08.05.2015), Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жаттықтырушысы - Әбутәліп Аманов.
Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиадалық ойындардың қатысушысы.
ЦСКА клубында қатардағы келісім-шарт негізінде қызмет етеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Еркін күрес. Лондондағы таныстық(қолжетпейтін сілтеме)
* Қазақ балуаны Катардағы Азия біріншілігінде чемпион атанды(қолжетпейтін сілтеме) |
Орман бозторғайы, немесе юла (лат. Lullula arborea) — торғайтәрізділер тұқымдасының орман бозторғайлар туысының (Alaudidae) жалғыз түрі (Lullula).
## Сипаттамасы
Қара бойлық жолақтары бар кішкентай қоңыр құс, төменгі жағы, қасы және құйрығының бүйірлеріндегі жолақтар, ал қасы ақшыл-ақ, кеудесі монофониялық, бүйірлерінде қоңыр дақтар бар. Басында кішкентай қыртыс бар. Жиі ағаштарға отырады, алайда бұл орман бозторғайларына тән емес. Ұзындығы 13,5-тен 15 см-ге дейін.
Дауысы — «лю-лб-лю-лю» деп жиі қайталанатын әдемі әуез. Көбінесе ауада сайрайды. «Юли-юли-юли» және «юль-юль-юль» әні үшін «юла» атауды алған.
## Таралуы
Қазақстанда тек қана ең солтүстік – батыс шегінде, Оралдың солтүстігіне қарай Жайық өзенінің аңғарынан кездесуі мүмкін. Бұл да басқа бозторғайлар сияқты жыл құсы. Өсімдіктердің тұқымы және бунақденелілермен қоректенеді. Аз зерттелген
## Дереккөздер |
Ақ ергежейлі (ағылш. white dwarf) кейде Ақ ергежейлі жұлдыз деп те аталады, күйреуік материядан (лат. Degenerate matter) құралған ұсақ тұрақты жұлдыз. Олардың тығыздығы жоғары, массасы күнмен қарайлас Ақ ергежейлінің көлемі бар болғаны жер шарындай ғана болады. Олардың әлсіз жарығы бұрынға мол энергияның сақталып қалған соңғы қалдық қуатынан келеді. Күнге жақын аймақтағы жұлдыздардың шамамен 6% Ақ ергежейліге жатады. Бұл түрдегі жарығы әлсіз Ақ ергежейлі сипатына Генри Норрис Рассел, Эдвард Чарльз Пикеринг, және У. Флеминг қатарлы кісілер 1910 жылы назар аударды. "Ақ ергежейлі" деп алғаш 1922 жылы Willem Luyten атады.
Ақ ергежейлі орта, төмен салмақтағы жұлдыздар өзгерісінің соңғы сатысы, біз тұратын галактика — Құс жолының 97% пайызы осындай жұлдыздардан құралады. Орта, төмен салмақты жұлдыздар өз өмірінің Негізгі тізбек жұлдызы сатысынан өтіп, сутегінің термоядролық реакциясы сатысынан өткен соң, гелийдің термоядролық реакциясы сатысына өтіп, гелийлік жану арқылы көміртегі мен оттегі жасайтын үштік алфа процессіне (triple-alpha process) ауысып, өсіп Алып қызыл жұлдызға айналады. Егер, Алып қызыл жұлдызда жоғары температурада көміртегіні жандыратындай жеткілікті қуат болмаса, көміртегі мен оттегі жұлдыз өзегінде жиналып қалады. Сыртқы қабатында тарқалған газдар ғаламшарлық тұмандықты қалыптастырған соң, қалғаны тек ядролық бөлік болады және ол Ақ ергежейліге айналады. Демек, Ақ ергежейлі көбінесе көміртегі мен оттегіден құралады. Кейде оның өзегінде көміртегіні жандыра алатын, бірақ неонды жандыруға жетпейтін температура болады. Мұндай жұлдыздар ядросы оттегі, неон, магнийден құралған Ақ ергежейлі есептеледі. Әрине, кейбір гелийден құралған ақ ергежейлілер қосаржұлдыз ретінде массасы бұзылуынан да қалыптаса береді.
Ақ ергежейлінің ішкі бөлігінде теромядролық реакция тоқтағандықтан, ол энергия бөліп шығара алмайды, әрі термоядролық рекция арқылы гравитациялық коллапсқа (Gravitational collapse) төтеп бере алмайды. Ол тығыздығы өте жоғары күйреуік материяның қысым күші арқылы сақталып тұрады. Физика заңдары бойынша, өз өсінде айналмайтын ақ ергежейлі жұлдыздың күйреуік материясының қысымы төтеп беретін масса шамамен күн массасының 1.4 есесіндей болады. Бұл әдетте Чандрасекар шегі деп аталады. Карбоксигемоглобин (көміртегі мен оттегі) ақ ергежейлінің массасы осы шекте болады, әдетте қосар серігімен масса ауыстырып отырады, немесе көміртегілік жарылыстан Ia түріндегі ғаламатжұлдызға айналады.
Ақ ергежейлі қалыптасқан кездегі температура өте жоғары болады. Кезекте температурасы ең жоғары ақ ергежейлі, мысалы ғаламшарлық тұмандық NGC 2440 орталығындағы HD 62166 болып, беткі температурасының өзі 200,000K жетеді. Бірақ энергия қайнары үзілгендіктен, ол өз температурасын біртіндеп айналасына тарқатып, суи береді. Алғашқы жоғары температура оның радиациясы арқылы кішірейіп, қызара түседі. Ұзақ уақыт бойында ақ ергежейлі жұлдыз температурасы әлсірей беріп жарығы байқалмайтын шекке жетеді де, суық Қара ергежейліге айналады. Бірақ, қазіргі әлем әлі де жас (шамамен 13.7 млрд. жаста) болғандықтан, ең ежелгі ақ ергежейлі жұлдыздардың өзі мыңдаған кельвин жылу шығарып, қара ергежейлі болуға жете қойған жоқ. Демек, қара ергежейлі жұлдыз әлі де теория жүзінде ғана мүмкін.
## Байқалуы
Алғаш байқалған ақ ергежейлі болса аспандағы үштік қосаржұлдыз Эридана 40, оның мүшелері негізгі тізбектегі эридана 40A және ақ ергежейлі эридана 40B және негізгі тізбектегі эридана 40C жұлдыздарды. Эридана 40 B/С жұлдыздарын Уильям Гершель 1783 жылдың 31 қаңтарында байқаған болатын, p. 73. Ол 1825 жылы Friedrich Georg Wilhelm Struve жағынан және 1851 жылы Otto Wilhelm von Struve жағынан қайталай бақыланды. 1910 жылы Генри Норрис Рассел, Эдвард Чарльз Пикеринг және У. Флеминг олардың бір өшкін серіктері бар екенін айқындады. Күзету нәтижесінде эридана 40B -ның жарық спектрі А түрде, яғни Ақ түсте екені белгілі болды. 1939 жылы Рассел бұл байқауға қайта назар аударды:
Эридана 40B ның спектріне талдау жасау 1914 жылы Walter Adamsтан басталған болатын.
Жерден қарағандағы аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің қосары, Сүмбіле В екінші рет байқалған ақ ергежейлі есептеледі. ХІХғ.-да кейбір жұлдыздар орнының болымсыз өзгерісін дұрыс өлшеу іске асқан болатын. Неміс астрономы Бессель осы өлшеулер арқылы Сүмбіле ( Тазы α шоқжұлдызы) мен Проционның (Күшік α) жылжуын айқындады. 1844 жылы ол осы екеуінің де серігі болуы мүмкін деп боллжады:
Бассель сүмбіле серік жұлдызының орбиталық мерзімі жарты ғасыр деп шамалады. С.А.Ф.Питерс 1851 жылы бұл мерзімді қайта есептеді. 1862 жылы 31 қаңтарда Грэм Кларк сүмбіленің бұл қосар серігін нақты көріп, жорамалды растады. Уолтер Адамс 1915 жылы Сүмбіле В жұлдызының спектрі Сүмбіле А ға ұқсас екенін айқындады.
Adriaan van Maanen 1917 жылы оқшау ақ ергежейліні байқады және ол бұл күндері "Ван Маанен жұлдызы" деп аталады. Бұл үш ақ ергежейлі ең алғаш байқалған "классикалық Ақ ергежейлілер" есептеледі.
Зерттеу мен бақылау қарқынды жүріп, техникалық құралдардың жаңалануы жаңа мүмкіндіктер ашып, ақыр-соңы, көптеген Ақ түсті жұлдыздар іркес-тіркес байқалды, олар жоғары жылдамдықтағы төмен жарықты жұлдыздар болатын. Виллем Люйтен 1922 жылы бұл түрдегі жұлдыздарды түсіндірген кезде тұңғыш "white dwarf" (Ақ ергежейлі) сөзін қолданғандай болды. Біраз уақыт өткен соң Артур Эддингтон Стэнли бұл сөзді тұрақты қолданысқа енгізді. Түрлі күдіктерге қарамастан, тұңғыш классикалық емес (үштіктен басқа) Ақ ергежейлі 1930 жылы нақты байқалған екен. 1939 жылы 18 ақ ергежейлі айқындалды. Люйтен қатарлылар 1940 жылдары жалғасты ізденіс жасап, 1950 жылға келгенде 100 ден артық ақ ергежейлі тіркелді және зерттелді. 1999 жылы байқалған ақ ергежейлі саны 2,000 асып кетті. Қазір Слоан цифрлы ғарыш шолуында ( Sloan Digital Sky Survey, Слоановский цифровой небесный обзор) байқалған ақ ергежейлілер саны 9,000 жетті және олардың көбі жаңадан байқалғандары есептеледі.
## Дереккөздер |
Арысов Рысқали (1946, Атырау облысы). Кеңбай кенорнын тұңғыш ашқан (1996). Қазақ политехникалық институтын (1970). 1970-1992 жылдары - Каспий маңы, Солтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедицияларында, Орталық геологиялық-іздеу экспедициясында техник-геолог, геолог, аға геолог, геология бөлімінің бастығы. 1992-1996 жылдары - Құлсары МГӨБ бас геологы. 1996 жылдан - «Теңізшевройл» БК геология менеджері. 2004 жылдан - зейнеткер.
## Дереккөздер |
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954, Бөрлі, Қарабалық ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан мемлекеттік қайраткері, 2016–2018 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің төрағасы, 2014–2016 жылдары Астана әкімі, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы (2014) және Қорғаныс министрі (2009–2014) сияқты лауазымдарының иегері.
## Биографиясы
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан. 1954 жылы шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.
1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қаласы) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.
* Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
* 1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
* 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.
* 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
* 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
* 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
* 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
* 2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
* 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
* 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
* 2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
* 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі.
* 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
* 2020 жылдың қарашасынан – «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
## Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.
## Әскери атағы
Әскери атағы - запастағы полковник.
## Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Ләззат (1955 жылы туған), экономист. Ұлы - Дәурен (1978 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қазақ үрдісінде өлшем бірлігі ретінде адамның өз сүйегі алынған:
* Бой – кісі бойы;
* Құлаш – әркімнің құлашы өз бойына тен;
* Құшақ – периметрі кісі бойына тең шеңбер;
* Жарты құшақ(құлаш) – кісі бойының 2:1-не тең өлшем;
* Адым – жарым құлашықа тең;
* Жарты адым – бойдың 4:1-не тең өлшем;
* Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы;
* Шынтақ – қолдың басы мен қолтықтың аралығы;
* Білем – қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық;
* Кере қарыс – бас бармақтың ұшы мен кішкене саусақтың ұшын кергендегі ара қашықтық;
* Қарыс – бас бармақ пен төртінші саусақты кергендегі ара қашықтық;
* Сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
* Сынық сүйем – бас бармақтың ұшы мен сұқ саусақты екінші буынынан бүгіп, кергендегі ара қашықтық;
* Елі – бір саусақтың қалыңдығы, бір еліге тең, екі саусақ – екі елі, үш саусақ – үш елі, төрт саусақ – төрт елі;
* Табан немесе табан елі – төрт саусақ пен бас бармақты біріктіре ұстағандағы қалыңдық;
* Тұтам – жұмыр затты тұтамдап қысып ұстағандағы қалыңдық;
* Табан – аяқтың өкшесі мен бас бармағының арасы;
* Шымшым – ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып алғандағы сиымдық өлшемі;
* Уыс – қолдың алақанын қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі;
* Қосуыс – қос қолдың алақанын біріктіре қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі;
Тереңдік өлшемі: кісі бойы, белуар (белбуар), тізе, тобық.
Мал тұрқымен өлшенетін өлшемдер: ат құлағы, ат сауыры, ат бауыры, аттың тізесі, ат шашасы, ат тұяғы.
Сол сияқты қазақ ұғымында арқан бойы, найза бойы, құрық бойы, қамшы сабы, таяқ тастам, қарға адым, ат шаптырым, иек асты т.с.с. өлшем бірліктері кездеседі. |
Шар қайрақ – ортасында тесігі бар құйма қайрақ. Оның бедері ірі болғандықтан, ең алғаш кескіш құралдарды шарыққа салады.
Шарықты ортасындағы тесігінен көлденең бұранда білік өткізіп алып, қолмен бұрайды немесе жетек белдік арқылы аяқпен, электр двигателінің қуатымен де айналдыруға болады. Құрал саймандары қайрағанда шарық тастың баяу айналғаны жөн. Тас жылдам айланса, құрал-сайманның жүзі қызып кетеді де суы қайтып «жасып» қалады. Жүзі жасық сайман өткір болмайды. Сондықтан шарық тас батып тұратындай етіп, астауға су құйып қойған жөн.
Шарық қайрақтың жалпақ, төрт қырлы түрлері де болады. Онымен аспаптың жүзін ерсілі-қарсылы бір бұрышты сақтай отырып, үйкей қайрауға болады. |
Көптілеуов Тұраш (6 қараша 1926) — Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты жауынгер.
## Өмірбаяны
### Әскерге дейін
Ол 1926 жылы қарашаның 6-жұлдызында Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Ембі ауыл советінде дүниеге келген. 1933 жылдан 1941 жылға дейін білім алған. Кейін оқуын 1942 жылы Қосшағыл кентіндегі техникалық мектепте жалғастырады. Бұл жерде 6 ай оқып, 1942-1944 жылдар аралығында Құлсары қаласында ағаш шебері болып жұмыс атқарды.
### Әскердегі жылдары
1944 жылы армияға аттанды. Екі ай бойы Чкаловқаласында болып, жұмыс атқарады. Кейін өзімен құрдас, 1926 жылы туғандар болып өз еріктерімен соғысқааттанды. 1944-1945 жылдары дивизия 375 полк, 1ші белорустықфронт болып Берлинді алуға жүріп кеткен. 1945 жылы 28 сәуір күні снаряджарқыншағынан жарақат алды да, бір құлағы естімей қалады. Соның әсеріненауруханаға түсіп, 1 ай емделеді. Жеңіс күнін де Германия елінде өткізугетура келді. Алайда мейрамнан кейін де оларды елде ұстап қалды. Мегеров қаласынакомиссия келіп, солдаттарды топтарға бөліп жібереді. Ол 20-шы солдат болыпдесанттар қатарына қосылады. Кейін, Белоруссияның Полоцк қаласында, станца Барабуха01667 әскер бөлімшесінде қызметін жалғастырды.
### Әскерден кейін
Соғыстыңаяқталғанына 5 жыл болғанда, 1950 жылы 15 қазанда елге оралады. 1952-1982 жылдар аралығында "Орталық геологиялық барлауэкспедициясында" бұрғылаушы мастер болып жұмыс атқарады.
## Марапаттары
* Жуков медалі
* Ұлы жеңіске 20 жыл
* Ұлы жеңіске 30 жыл
* Совет әскерінің флотына 30 жыл
* Ұлы жеңіске 40 жыл
* КСРО қарулы күштеріне 60 жыл
* КСРО қарулы күштеріне 70 жыл
* Жеңіске 60 жыл (Украина)
* Ұлы жеңіске 50 жыл
* Ұлы жеңіске 60 жыл
* Жеңіске 60 жыл (Беларусь)
* Астанаға 10 жыл
* Тыл ардагері
## Дереккөздер |
Нұрмахан Анарбекұлы Тінәлиев (10 қаңтар 1988, Далақайнар) — қазақстандық классикалық (грек-рим) стиліндегі күрестен кәсіпқой палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
## Өмірбаяны
Әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2010, 2011, 2013), Азия ойындарының жеңімпазы (2010, 2014), Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015), Жазғы Универсиаданың қола жүлдегері (2013).
Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2007), И.Поддубный атындағы халықаралық турнирдің (Түмен, Ресей, 2010) қола жүлдегері.
2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиадалық ойындардың қатысушысы. Қазақстан құрамасының байрағын көтеріп барды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан байрағын Олимпиадада Нұрмахан Тінәлиев көтеріп барады
* Нұрмахан Тінәлиев: Біздің өміріміз не? Күрес Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2012 жылы. // Экспресс-К 21.07.2012
* Палуан Нұрмахан Тінәлиев екі мәрте Азия чемпионы атанды(қолжетпейтін сілтеме) |
Михаил Михайлович Черемных(30.10.1890, Томск,-07.08.1962, Мәскеу)- кеңес график-суретшісі, РСФСР халық суретшісі (1952), КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1958).
## Өмірбаяны
1911-1917 ж. Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде(К.А.Коровин мен С.В.Малютиннен) оқыды. «Окна РОСТА» мен «Окна ТАСС-ты» , «Крокодил» журналын ұйымдастырушылардың бірі әрі белді суретшісі. Карикатуралық суреттер мен саяси плакаттың шебері, кітап көркемдеуші, тетар суретшісі хәм педагог ретінде де белгілі.
## Еңбектері
«РОТА-ның қарқынды шешімі» (плакат ,1919), «Шыққан өзін төпелеп, Гитлерге не керек...?» («Окна ТАСС»,1941), «Түсіру үшін жаудың жалаң кездігін, фашистке қарсы шеп құратын кез бүгін!» (плакат, 1938, бәрі Третьяков галереясында, Мәскеу), М.Е.Салтыков-Щедрин шығармалары (1936-1939) мен А.П.Чехов «Әңгімелеріне» (1939-1940) жасаған иллюстрациялары , К.М.Симоновтың «Орыс адамдары» спектаклінің декорация эскизі (1942, Бийск театры) т.б.
## Сыйлықтары
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 104 бет |
Әділ Халықұлы Тұрғымбаев (27 тамыз 1929 жыл, Ташкент облысы, Янгиюл ауданы, Тұрсынқұл ауылы) - философия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983).
ҚазМУ-ді бітірген (1951). 1979-84 жылдары ҚазМУ-дің философия және логика тарихы кафедрасының, 1984-77 жылдары гуманитарлық факультеттердің философия кафедрасының меңгерушісі болды. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты - техникалық революция жағдайында жеке адамға білім беру, тәрбиелеу және жан-жақты дамыту мәселелері, логика курсынан қазақ тілінде сабақ беру мәселелерін жетілдіру.
## Шығармалары
* Ғылыми-техникалық революция және білім. А., 1975;
* От безграмотности к высотам образованности. А-А., 1979;
* Роль образования личности А.-А., 1986.
## Дереккөздер |
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін, немесе төсеніш ретінде қолданылатын жүні алынбай, керіліп, кептірілген шикі тері.
«Ер арыса – аруақ, ат арыса - тулақ» деп тегін айтпаған халқымыз. Тулақ жасау үшін жаңа сойылған малдың (аңның) терісін ірі қаратікен тұзбен тұздап, дегдіген соң шелі мен ілескен көк етін қырып, тазалайды. Егер тері өте майлы болса, аққұс(күйдірілген әк тас, известь), ащы (сортаң топырақ, тұзды көлдің сазы) жағып майын алады.
Терінің майын алу үшін құстың ұсақталып ұнталған саңтырығын да жағады.
Содан соң терінің іш жағын қырып, тазалап алып, көлеңкеге керіп кептіреді. Тері әбден кепкен кезде қатайып, көнге айналады. Кепкен терінің үстіне көрпе, бөстек жержастық салып төсеніш ретінде пайдаланады. Жерге төселген тулақтан сыз өтпейді.
Жүн сабағанда тулақты аударып төсейді. Егер сабайтын жүн көп болса, бірнеше әйел бірігіп сабайды. Жүн сабауға көмектескен адамдарға шашу тамақ беріледі. Оны «тулақ шашу» деп атайды. Сабауды түзу өскен жыңғылдан, тобылғыдан, тал мен мойыл шыбықтарынан жасайды.
Ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде босағаға тулақ төсеп отырғызатын дәстүр болған.
Бір жас жігіт қайын атасының үйіне келгенде, жеңгелері астына тулақ төсеп босағаға отырғызып қойыпты.
Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен, бөтен адамды көргенде төбет арс етіп оқыстан үріп қалғанда күйеу жігіт шошып кетіп, төрге бір-ақ секіріп шығады. Сонда бір жеңгесі бетін шымшып: «Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетті ғой», – депті.
Күйеу жігіт есік жақтағы төбетті қолымен нұсқап: «Анандай бәлекет арс етіп ұмтылса, атаңның төрі түгілі, көріне кірерсің», – депті.
Шарық – шикі теріден лекерлеп тігілген қара дүсін аяқкиім.
«Аяқта жуан жіппен буған шарық сүйреліп, киіз шұлғау жалпылдап тұр», – дейді Ілияс Жансүгіров бір өлеңінде.
Бұрынғылардан: «Жаяудың аты – шарық, күші - азық», – деген сөз қалған.
Сиырдың сауыр терісінен шелі мен көк етінен ажыратып, түгі өкшеге қарай жататындай етіп пішіп, арнаулы ағаш қалыпқа кигізіп бүгіп тігеді. Содан соң жиегін бүгіп, шетінен бір елі жерден қайыс баулық өткізетін тесіктер тесіп, бау тағып, тартып байлап қояды.
Тері кепкен соң ішінен киіз байпақ немесе жүннен тоқылған шұлық киіп, шарықтың табанына киіз ұлтарақ салады.
Шарықтың бауы өкше жағынан шығып тұрады. Баудың екі ұшымен қонышты (балтырды) айқыш-ұйқыш байлап алады. Дайын шарықпен көк шөп тығыз өскен беткеймен сырғанаса түгіне шөптің сірісі жұғып,шарықтың табаны жылтырап әрлене түседі.
Саба – қымыз, қымыран, шұбат ашытуға арналған, қам теріден бес қиық етіп пішіліп, тігілген ыдыс. Сабаны көбінесе жылқының жон терісінен тігеді. «Іргеде еміздікті қара саба, піспегі шемешекті алма сағақ» (Ілияс Жансүгіров).
Саба жасау үшін жылқы терісінің жүнін жидітіп, тазалап алған соң, арнайы үлгіге салып пішеді. Содан кейін бірнеше тәулік малмаға салып қояды. |
Ханна Шигулла (нем. Hanna Schygulla, 25 желтоқсан 1943, Кёнигсхютте, Жоғары Силезия, Германия) — неміс актриса және әнші.
## Биография
Ханна Шигулла тоғайсаудагер отбасында туған. 1945 жылы анна анасымен бірге Мюнхенге келді.1948 жылы оның әкесі тұтқыннан шықты. Гимназияны бітірген соң Ханна Шигулла Парижге айырбас арқылы барды. 1964 жылы Мюнхенде германистика мен романистиканы үйренді және мұғалім болуға шешті.
1966—1967 жылдары Фридель Леонгард студиясында актер шеберлерің үйренген. 1967 жылдың қыркүйегінде Райнер Вернер Фасбиндермен танысты және «Театр действия» жеріне келді. 1968 жылдың маусымында «Театр действия» жабылынды.Труппаның кейбір бөлігі "Антитеатр" құрды. |
Константи́н Никола́евич Бута́ев (туғ. 18 қазанда 1949, Орджоникидзе, КСРО) — кеңес және ресей театр мен киноның актері,кинорежиссер,сценарийші,кинопродюсер.
## Биографиясы
Константин 18 қазанда 1949 жылы Орджоникидзе қаласында туған. 1977 жылы Кинематографияның бүкілодақтық мемлекеттік институтты(Сергей Бондарчук пен Ирина Скобцеваның шеберлері).
Киноактер ретінде Константин 80-нен астам рөлдерді ойнаған("Ленфильм" киностудиясында жұмыс істеді).Режиссер-қоюшы ретінде және сценарийдің авторы ретінде
Каскадер ретінде Константин 100-ден астам фильмдердің түсірілімінде қатысқан.
## Сілтемелер
http://www.ostrov-teatr.ru/troupe/index.php?ID=88 Мұрағатталған 18 мамырдың 2015 жылы.
http://ruskino.ru/art/5527 Мұрағатталған 3 наурыздың 2011 жылы. |
Матлюба (Матлубэ) Фархатовна Алимова (12 тамыз 1954, Әндіжан) — кеңес, ресей және өзбек актрисасы.
## Өмірбаяны
Матлюба Алимова 12 тамызда 1954 жылы Әндіжан қаласында туған. Ол ВГИКтің актер факультетің бітірді (1978, Алексей Баталов шебері).
1978 жылдан бастап «Өзбекфильм» киностудиясының актрисасы. Соңғы кездерде фильмдерде сирек түскен. Ол бухарск пен шахрисабск тоқмалардың жаңғыртуымен айналасады. 2004 жылы Мәскеуге көшті. 2011 жылы Ташкентке қайтадан келді.
## Фильмдер тізімі
1979 — Маленькие трагедии — Лаура
1979 — Цыган — Настя
1980 — В стремнине бешеной реки — Малика
1981 — И с вами снова я… — Таня
1982 — Василий Буслаев — Ирина, византиялық патшаханым
1982 — Встреча у высоких снегов — Зебо
1983 — Сказка о Звёздном мальчике — сыған әйел
1983 — Жаркое лето в Кабуле |
Юрий Борисович Шерстнёв (орыс. Юрий Борисович Шерстнёв 24 сәуір 1941 жылы Кеңестік Социалистік Одағы — 12 мамыр 2017 жылы Ресей Мәскеу) — кеңес және ресей театр мен киноның актері, Ресейдің еңбегі сіңген әртісі.
## Өмірбаяны
Юрий Шерстнев 24 сәуірде 1941 жылы Мәскеуде әскери отбасында дүниеге келген. Әкесі, Шерстнёв Борис Илларионович, 1942 жылы Сталинградта қайтыс болды. Соғыс уақытында отбасы көшірілді (Өзбек КСР) Самарқанд, анасы мен Юрий ауылға көшті Юкаменскта Удмуртия. Соғыстан кейін отбасы Мәскеуге оралды, Үлкен Новинское шатқалында (бүгінгі күні Жаңа Арбат). Мектепте оқыдым № 637.
1963 жылы МХАТ мектеп-студиясың бітірді(В.К.Монюков курсы).Ол Станиславский атындағы театрында жұмыс істеген,кейін «Сфера» театр-студиясында, ал сосын Перовскаядағы театрда.Кейін драматургия мен режиссура орталығының қойылымдарымен айналасады.
Әйелі: Макеева Людмила Викторовна театр актрисасы мен режиссёрі.
2017 жылы 12 мамырда қайтыс болды аурудың асқынуынан. Борисов зираты жерленген.
## Сілтемелер
* http://sherstnev.ru/
* http://www.ruskino.ru/art/1029 |
Ақасық- тау, биік. 366 м. Қарағанды облысы, Жезді ауданында орналасқан. Атаудың бірінші сыңарындағы "ақ" сөзі географиялық термин ретінде "ақ түс", "мөлдір", "үлкен, кең, жазық" мәндерінде жиі қолданылады. Ал екінші сыңарындағы асық сөзі көптеген түркі тілдерінде "өзен алаптарының кең де жазық тұсын" білдіреді. Бұл мағлұматтарға және таудың аласа болуына қарағанда, Ақасық атауы "жайдақ, аласа асу" деген мағынаға ие екенін көреміз.
## Дереккөздер |
Ақдым- тар., тау, биік. 879 м. Ер.- тау ауд. Тура, дұрыс тұлғасы, бастапқы қалпы Ақдің не Ақдың болуы керек. Мағынасы: "ақ шоқы", "ақ биік", "ақ төбе". Бұл атау орысша - "Белая сопка" деп аталып, одан кейін қазақтың "дің", "дың" сөзі орысша "дым" сөзіне айналып, қазақша Ақдым болып өзгеріске ұшырап қалыптасып кеткен. Осы жасанды Ақдым атауы қайтадан орысшаға аударылып Белодым түрінде қолданылып жүр. Ал дің, дың сөздері түркі, иран тілдерінде дын, тын, тон, тум тұлғаларында кездеседі де- "тау, дөң, шоқы, жота, биік, төбе" мағыналарын білдіреді.
## Дереккөздер |
Ақдомбақ- Павлодар облысы, Май ауданындағы қоныс.
Бұл елді мекеннің Ақдомбақ атты сай атымен аталғаны белгілі. Атаудың бірінші сыңарының мағынасы белгілі болғанмен, екінші сыңарындағы домбақ сөзінің түркі, фин-угор, үндіеуропа тілдеріне ортақ домба, томба, тумб, тумп тұлғаларында кездесетін сөз екенін, оның "жота, төбе, биіктік, шоқы" мағыналарында қолданылатынын сол тілдердің сөздіктерінен анық көреміз. Демек, Ақдомбақ атауы - "ақ төбе, ақ шоқы" деген мағынаға ие деп білеміз.
## Дереккөздер |
Колпаковский иридодиктиумы (лат. Iridodictyum kolpakowskianum) – құртқашаштар тұқымдасына жатататын, таралу аймағы тарылып бара жатқан гүлді өсімдік.
Батыс Тянь-Шань тауларында (Талас Алатауы, Өгем жотасы, Қаржантау жотасы, Қазығұрт), Қаратау, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары мен Іле Алатауында кездеседі. Соңғы жылдары Жоңғар Алатауының оңтүстік сілемінен (Арқарлы, Алтынемел) табылды. Қазақстан жерінен тыс Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында таралған. Шөлейттері тау етегінде, далалы беткейлерде, бұталар арасында және сирек аршалы ормандарда өседі.
Көбіне тұқымымен және вегетативті (ұсақ пиязшықтармен) көбейеді. Көп санды популяциялары Ақсу-Жабағылы қорығы мен Іле Алатауы етегінен табылған. Алғашқы жағдайда 10-ға дейін, одан кейінгі жағдайда бір шаршы метр жерде 25 гүлдеп тұрған өсімдік есепке алынды. Өте танымал, көктемдегі алғашқы гүлдердің бірі. Қар ерігеннен соң, оңтүстік бәйшешегінен кейін гүлдейді (Алатау бәйшешегі). Көбіне оның негізгі реңі ашық күлгін, бірақ жиілеу көк, қою қызыл, қара қошқыл және тіпті таза ақ түсті де болады. Мәдени түрде жақсы өседі (бірінші рет 1878 жылы өсіріліп байқалған). Көшеттері үшінші-төртінші жылдары гүлдейді. Саны адам әрекетінің орынсыз күшеюі әсерінен қысқарып отыр. Саяжай құрылыстары үшін игеріліп жатқан жұмыстар және сату үшін гүлдеген өсімдіктерді жаппай жинау (көбіне пиязшығымен бірге жұлады) үлкен зиянын тигізіп отыр. 1977 жылы заңдалған жинау мен сатуға тыйым салу шаралары іс жүзіне асып отырған жоқ. Жинауға қатаң тыйым салып, мәдени өсіруді жолға қою керек. Ақсу-Жабағылы қорығы мен Алматы қорығында, сонымен қатар Іле Алатауы ұлттық паркінде қорғалады
## Дереккөздер |
Ғазиза Жұбанова (1927-1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы.
## Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген.
1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 1968 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды.
## Шәкірттері және сипаттамасы
Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.
## Шығармашылығы
Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған.
## Марапаттары мен естелік
Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған. |
Егізбаев Қосай Әліқұлұлы (15.12.1928, Жамбыл ауд. Мәукеарал а. - 13.2.1995, Алматы) - қоғам және мемлекет қайраткері.
## Атқарған қызметтері
Ташкент темір жол көлігі инженериялық институтын бітірген (1949). Сібір темір жол басқармасында бірнеше жыл (1949-1955) қызмет атқарды. Бұдан кейінгі жылдары ол мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік қызметтердің әр саласындағы жетекшілік қызметтерде болды. Қазақстан КП ОК-нің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1960-61), Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Гурьев (Атырау) облысы партия комитетеінің 1-ші хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1963-68) қызметтерін атқарды. 1968-1977 ж. Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болды.Қазақстан кәсіподақтарының жетекшісі және Бүкілодақтық кәсіподақтары Кеңесі төралқасының мүшесі болған кезінде Егізбаевтың басшылығымен республикамызда жаңа санаторийлер мен демалыс үйлері, 14 туристік базалар, 12 қонақүй мейрамханаларымен қоса салынды. Алматы 2 стансасында туристік пойыздарды қабылдау орны, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 1977-84 ж. селолық құрылыс минстрінің, 1984-88 ж. республикалық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Егізбаев Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
### Марапаттамалары
Октябрь революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Алматы қаласындағы көшеге оның есімі берілген. |
Елібаев Әбдіразақ (1908, Жамбыл облысы,Сарысу ауданы, Жайылма ауылы - 20.9.2000, Алматы) - қоғам қайраткері.
* Панасыздарға арналған интернатта тәрбиеленеді.
* Алматы қаласындағы өлкелік байланыс кәсіби-техникалық мектебі бітірген (1929).
* 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1945 жылы әскерден босағаннан кейін Алматы облыстық байланыс басқармасының бастығы, кейін Қазақ КСР бойынша Байланыс халық комисариаты өкілінің орынбасары.
* 1950 ж. өкілі болды.
* 1957 жылы Қазақ КСР Байланыс министрінің орныбасары, 1961 ж. бірінші орынбасары, ал 1962 жылы Байланыс министрі болып тағайындалды. Осы лауазымда 19 жыл еңбек етіп, 72 жасында зейнетке шықты.
* Республика Жоғарғы Кеңесінің 6 мәрте шақырылымының депутаты болып сайланды.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген байланыс қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіразақ Елібаевтың есімі көшеге (Алматы қаласы мәслихаттың 6.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген.
## Мадақтамалары
Екі рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы, Қызыл жұлдыз, Халықтар достастығы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марпатталған. |
Есей би ауылы — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Қаратау ауылдық округінің орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаратау қаласынан батысықа қарай 17 км-дей жерде.
## Халқы
## Дереккөздер |
Мұқанов Мәжит Мұқанұлы (1920-1985) – қазақ психологы. Жалпы, даму және этникалық психология саласындағы маман, Қазақстандағы психология ғылымының танымал жетекшісі және ұйымдастырушысы. Психология ғылымдарының докторы (1980), профессор.
Он бес жыл бойы КСРО ОП-ның республикалық бөлімін басқарды. Жыл сайынғы университет аралық ғылыми «Психология» журналының (1970-1981) бас редакторы болды. А.И. атындағы Ленинград педагогикалық институтын бітіргеннен кейін. Герцен және С.М. атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасы. Кирова кандидаттық диссертациясын қорғап, 35 жыл бойы Алматыдағы университеттерде психологиядан сабақ берді.
1958 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін атындағы ҚазПИ-де қызмет етті. Абай, 1968 жылдан бастап Қазақстандағы алғашқы психология кафедрасын басқарды. М.Мұқанов қазақ этносының мәдениеті мен әдет-ғұрпының терең білгірі болды.
## Өмірі
Мұқанов Мәжит Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған.
Еңбек жолын 1934 жылы Ақтөбеде жұмысшы болып бастаған. 1939 жылы Вольскідегі әскери-әуe училищесін бітіреді, соғысқа қатысқан. 1945 жылы Ақтөбедегі темір жол училищесі директорының орынбасары.
Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдайды,
1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимылдарына талдау жасайды.
1953-60 жылдар арасында Алматының шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
М.Мұқанов 1980 жылы докторлық диссертация қорғап, кешікпей профессор атағын алды. Ол жалпы психология, жас, педагогикалық, этнос психологиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.
## Зерттеу жолы
* Ғалымның көп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін, бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықтауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға арналған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын қазақ елі өмірінен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Мәселен, ол қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономикалық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттайды.
* Ол халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелілігі) деп аталатын ғылыми атаулар төңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын-ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе қытайдан келген қазақтарға жасалынған. – Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуында айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден өрбіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары маңызды әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жазба сөздің ес процесінде тигізетін түрлі ықпалы туралы сөз болады.
* М.Мұқанов жүргізген ендігі бір экспериментте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы анықталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігінде жазба деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін қосарлай пайдалануы олардың суырыпсалма, шешендік қабілетінің күшті болуы М.Мұқановтың пікірінше ауызекі сөз әлдеқайда көп сақталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жұрт бұған бар ықылас-ынтасын салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтіндігі – оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты болса керек.
* Автор кейбір ғалымдардың «халықтардың жағрапиялық орналасуына, ұлтына, т.б. қасиеттеріне қарап тілдері бай, кедей деп бөлетіні, мәселен, «Түркі тілдес халықтардың тілі кедей, күрделі ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек кейінгі кезде ғана қалыптасты», – дейтін ұшқары пікірлерін әшкерелеп, оны нақтылы фактілер келтіріп дәлелдейді. Шындығына келсек қазақ халқының сөз байлығы кейбіреулер айтатындай, әсте кедей емес, қайта тілдік қоры орасан бай өркениетті халықтардың қай-қайсымен болса да жарысқа түсе аларлық, дариядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жанәбіловтің «Қазақ тіліндегі мал шаруашылығының терминдері» деген зерттеуінде (1953) негізінен мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз төрт түлікке байланысты үш мыңнан аса атаулары бар екен. Соның ішінде тек түйенің өзіне ғана қарасты үш жүздей сөз кездесетіні нақты деректер арқылы көрсетілген. Сондай-ақ қазақтың он томдық түсіндірме сөздігінде «көз», «бет» ұғымдарының әрқайсысының қырықтан астам синонимдерінің бар екендігі де көп жайтты аңғартса керек. Өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін қорытындылай келіп, профессор М.Мұқанов адамның ойлау әрекеті инвариантты (өзгермейтін) және өзгермелі болып отыратындығын, мұның өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дәуірдің бір кезеңінен екіншісіне өткенде ойлау механизмі өзіндік ерекшеліктеріне орай өзгеріске түсіп отыратындығы – адам интеллектісінің инвариантты жағы психологиялық дамудың алғышарты және басты тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен кісінің ой-өрісі шарттас болатындығын, мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алып отыратындығын дәлелдеп берді.
* М.Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауға да біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина, т.б.) диссертация қорғады. Осы салада бірер еңбектер жазылды. Осы деректер М.Мұқановтың ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткенінің жақсы айғағы.
## Еңбектері
М.Мұқанов психология бойынша 18-ден астам кітаптар мен оқулықтардың авторы. Бұл кітаптардың біразы қазақ тілінде «Ми және сана» (1956), «Байқау мен ойлау» (1959), «Мектеп оқушыларының зейінін арттыру» (1960), «Педагогикалық психология очерктері» (1962), «Құпиялар психикалық әлем» (1964), «Балалардың қабілеттерін анықтау және дамыту» (1960), «Этно-лингвистикалық психология деректері аясында ойлауды түсіндіру» (1971), «Ойлау және зерде» (1980) , «Жас және тәрбие психологиясы» (1980).
Көп жылғы ғылыми қызметтің нәтижесі және зерттеудің қорытылуы «Тарихи аспектідегі ақыл-ойды психологиялық тұрғыдан зерттеу» (1980) атты докторлық диссертация болды, онда орасан зор тәжірибелік және тәжірибелік зерттеулер негізінде этнографиялық материал, М.Мұқанов ұлттық фольклор арқылы жүзеге асырылатын тұрмыстық сананың бейнелену тетіктерін зерттеді.
## Дереккөздер |
Елібаев Әбдіразақ (1908, Жамбыл облысы,Сарысу ауданы, Жайылма ауылы - 20.9.2000, Алматы) - қоғам қайраткері.
* Панасыздарға арналған интернатта тәрбиеленеді.
* Алматы қаласындағы өлкелік байланыс кәсіби-техникалық мектебі бітірген (1929).
* 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1945 жылы әскерден босағаннан кейін Алматы облыстық байланыс басқармасының бастығы, кейін Қазақ КСР бойынша Байланыс халық комисариаты өкілінің орынбасары.
* 1950 ж. өкілі болды.
* 1957 жылы Қазақ КСР Байланыс министрінің орныбасары, 1961 ж. бірінші орынбасары, ал 1962 жылы Байланыс министрі болып тағайындалды. Осы лауазымда 19 жыл еңбек етіп, 72 жасында зейнетке шықты.
* Республика Жоғарғы Кеңесінің 6 мәрте шақырылымының депутаты болып сайланды.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген байланыс қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіразақ Елібаевтың есімі көшеге (Алматы қаласы мәслихаттың 6.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген.
## Мадақтамалары
Екі рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы, Қызыл жұлдыз, Халықтар достастығы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марпатталған. |
Жаман Айбат мыс кен орны - Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Қарағанды облысы жерінде.
## Геологиялық құрылымы
Кен орны Жаман Айбат антиклиналін бойлай бірнеше км-ге созылған. Антиклинальдың оңтүстік қанаты көлбеу (5 – 25°), ал солтүстік қанаты флексура түрінде тік құлайды.
## Жатыс сипаты
Кен орны Шығыс, Орталық, Солтүстік телімдерден және 11 жеке кен денелерінен тұрады. Негізгі өндірістік маңызы бар кен денелері «раймунд» конгломераттары қабаттарында шоғырланған. Кен денелері қабат, линза пішіндес, орташа қалыңдығы 4 – 5 м.
## Құрамы
Кентастар минералдық құрамы бойынша мысты, қорғасын-мысты, қорғасынды, мырышты, күмісті-мысты, ренийлі-мысты болып жіктеледі. Жаман Айбат мыс кен орны ірі мыс кен орындарына жатады. Кен орны толық барланған.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі — 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енген орталық атқарушы органы. 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Бұл туралы №917 Жарлыққа қол қойылды.
Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
## Тарихы
Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.
ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді.
ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету.
## Құрылымы
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
## Министрлікті басқарғандар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 13 маусымның 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Қазақстан Республикасындағы индустрия және елді индустриялық-инновациялық, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көліктік және коммуникациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді және технологиялық жағынан жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру болып табылады.
Инвестициялар және даму министрі — Әсет Исекешев.
## Құрылымы
* Инвестициялар комитеті
* Аэроғарыш комитеті
* Азаматтық авиация комитеті
* Көлік комитеті
* Автомобиль жолдары комитеті
* Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
* Техникалық реттеу және метрология комитеті
* Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
* Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Есімов Смат (22.1.1928, Жуалы ауд., Амансай а. - 23.1.1992, Тараз қ.) - қоғам қайраткері. Шымкент ауыл шаруашылық техникумын (1948), Ташкент ауыл шаруашылығы институтын (1955) бітірген. 1948 - 50 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында, Жуалы аудынының ауыл шаруашылығы бөлімінде агроном. 1955-1962 ж. "Мерке" кеңшарында агроном, бас экономист, Талас ауд. Бостандық кеңшарының директоры, 1962-1970 ж. Жамбыл облысы партия комитетінде ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін меңгеруші болады. 1970 - 1975 ж. бұрынғы Луговой ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы болып істейді. 1975-1983 ж. облыстық партия комитетінің хатшысы, 1983-88 ж. облыстық нан өнімдері басқармасының бастығы болып істеп, зейнеткерлікке шықты. Есімов Ленин,үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдарме марпатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Есімовке "Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер" атағы берілді.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган. Министрлік заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру, халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру, сот-сараптама қызметі, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін көрсету, құқықтық насихат, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асырады.
## Тарихы
1920 жылы ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 жылы 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 жылы 26 наурызда таратылып, 1970 жылы 25 қыркүйекте қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2001 жылы 30 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды.
ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 29 наурыздағы қаулысымен министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі қаулысымен министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылып, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне және оның Астана, Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.
КР Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 300 Қаулысымен Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті мен Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті біріктіріліп, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті болып құрылды.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысымен Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті құрылды.
Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті мен Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті таратылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 552 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi,Мәжбүрлеп орындату комитеті мен Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.
## Міндеттері
Министрліктің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
* жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
* кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
* Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
* коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
* жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
* мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
* сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
* зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
* әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру;
* атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
## Құрылымы
Әділет министрлігінің 3 комитеті бар:
* Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi
* Мәжбүрлеп орындату комитеті
* Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті
Министрлік департаменттері
* Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті
* Заңнама департаменті
* Заңға тәуелді актілер департаменті
* Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті
* Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті
* Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті
* Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті
* Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті
* Зияткерлік меншік құқығы департаменті
* Сот актілерін орындау департаменті
* Экономика және қаржы департаменті
* Ішкі әкімшілік департаменті
* Кадр қызметі департаменті
* Ішкі бақылау басқармасы
* Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы
* Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы
## Қарамағындағы мекемелер
* Облыстық әдiлет департаменттері
* «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
* «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК
## Министрлер тізімі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Әділет министрлігінің ресми сайты |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган.
## Тарихы
ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.
## Міндеттері
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.
## Министрлік ведомстволары
Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы.
### Қарулы күштер
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы
### Өңірлік қолбасшылық
* "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
* "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
* "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
* "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
### Әскери полиция
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы
* Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
* Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
* Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
* Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
* Тараз өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
## Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер
* "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ
* "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ
* "Әскери құрылыс" АҚ
* Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы
* Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты
* Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
### Аумақтық бөлімшелері
* Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер
* Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар
* Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер
### Әскери оқу орындары
* Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
* С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты
* Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
* Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты
* Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледж
* Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж
* Әскери-техникалық мектеп
* Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі
* Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебі
* Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі
## Министрлер тізімі
## Дереккөздер |
Бозащы – Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек.
## Орналасқан жерi
Аумағы 20 мың км². Абсолютiк биіктігі 29 м. Жер бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңістеніп, шығыста Өліқолтық пен Қайдақ сорларына ұласады.
## Климаты
Климаты континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурарасы –7С, шілдеде 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 200 — 250 мм. Жылына 40 күндей дауылды жел (жылд. 15 м/с-тен астам) болып тұрады. Теңіз жағалауында сораң топырақ, қалған жерінде сұр және сортаң топырақ қалыптасқан.
## Өсімдіктер
Өсімдіктерден бұйырғын, жусан, т.б. өседі. Құмды жерлерде тұщы құдықтар кездеседі.
Түбек жері мал жайылымына пайдаланылады. Қаламқас, Қаражанбас, Бозащы мұнай-газ кендерін игеруге байланысты автомобиль жолдары салынған, мұнай құбырлары тартылған.
## Шаруашылық маңызы
### Бозащы артезиан алабы
Бозащы артезиан алабы – Бозащы түбегіндегі арынды жер асты суы қалыптасқан аймақ. Бозащы артезиан алабының тұщы және тұзы аздау артезиан, грунт сулары елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, ішінара егістікке пайдаланылады.
### Бозащы мұнай-газ кен орны
Бозащы мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан. Кен орын 300-дан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрліктің негізгі міндеттеріне бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, кеден ісі мен салық саясатын іске асыру, этил спиртінің, алкоголь және темекі өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мемлекет берген және мемлекет алдындағы борышты басқару, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру жатады.
## Тарихы
1920 жылы қазанда Қазақ КСР Қаржы халық комиссариаты ретінде құрылды.
1946 жылдан бастап — Қазақ КСР Қаржы министрлігі.
ҚР Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті құрылды.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен министрлік ҚР Қаржы министрлігі мен «ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігіне» бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері «ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» берілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі де ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның мемлекеттік кірісті жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден істері — ҚР кедендік бақылау агенттігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді, сондай-ақ министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті мен Салық комитеті құрылды.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес министрліктің Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті ҚР 2002 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен таратылды.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті таратылды, оның этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Қаржы министрлігіне берілді.
ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, оның Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономика секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі және Кедендік бақылау агенттіктері де оларды ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1134 қаулысымен таратылған Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігі мен Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау кoмитетінің негізінде Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi құрылды.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылды. Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қаржылық бақылау комитеті болып өзгертілді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 қаулысымен Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Салық комитетіне қосылды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 300 қаулысымен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 қаулысымен Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Ішкі мемлекеттік аудит комитеті болып өзгертілді.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 879 қаулысымен Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік сатып алу комитеті Қазынашылық комитетіне қосылды.
ҚР Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығымен Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды. Осы жарлыққа байланысты ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 қаулысымен Қаржы мониторингі комитеті таратылды.
## Комитеттері
* Қазынашылық комитеті
* Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
* Мемлекеттік кірістер комитеті
* Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
## Қарамағындағы мекемелер
* «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
* «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ
* «Электрондық қаржы орталығы» АҚ
* «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd жеке компаниясы
* «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd жеке компаниясы
* «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС
## Министрлер тізімі
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Мнистрліктің ресми вебсайты Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2013 жылы. |
2001 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың оныншы мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
Алғашқы ойын 2001 жылдың 5 мамырында, жауапты ойын — 13 мамырда өтті.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2001 жылдың 28 сәуір - 26 мамыр аралығында өтті.
## 1/4 финал
1/4 финал ойындары 2001 жылдың 27 қазан - 1 қараша аралығында өтті.
## 1/2 финал
1/2 финал ойындары 2001 жылдың 6 - 11 қараша аралығында өтті.
## Финал
## Турнир бомбардирлері
## Дереккөздер |
Георгий Абросимович Чернов (15 мамыр 1911 жылы туған, Троицк қаласы - ?) — қазақстандық зоотехник. 1956 жылдан КПСС мүшесі. Қапланбек зотехника техникумын бітірген (1931). Өзбекстанның Қызыл-Чарводар селосында зоотехник, аға зоотехник (1931-34). Алматы зоотехника-мал дәрігерлік институтын бітіріп (1938), осы институтта ассистент (1938-42), Талдықорған облысы Ақсу селосында зоотехник (1942-45). Осы облыстың В.И.Ленин атындағы асыл тұқымды мал зауытында бас зоотехник (1945-46). 1956 жылдан Алматы зоотехника-мал дәрігерлік институтында доцент.
## Сыйлықтары
Чернов - Алатау сиыры тұқымын шығарған селекционерлердің бірі. Бұл тұқымды шығаруға ғылыми жұмысқа қатысқаны үшін КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді (1951).
## Дереккөздер |
Жақыпов Әнуар Хамзаұлы (15 қыркүйек 1928 жыл, Қостанай облысы Урицкий ауданы, Құдықшылық ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері. 1949 жылы Ақмола темір жол техникумын бітірген. 1957 жылы Ташкент темір жол транспорты инженерлері институтын бітірген.
## Еңбек жолы
* 1944-45 ж. Ақмола облысы Есіл стансасында слесарь;
* 1949-54 ж. станса бастығы, 1957-58 ж. Атбасар стансасында бөлім бастығы;
* 1958-60 ж. Жамбыл стансасында жүк тасымалдау бөлімінің бастығы;
* 1960-61 Қостанай темір жол бөлімінде кәсіподақ ұйымының төрағасы;
* 1961-69 ж. Ақмолада темір жол бөлімі бастығы;
* 1969-78 ж. Қазақ КСР автомобиль транспортының министрі;
* 1978-81 ж. Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы;
* 1981-83 ж. Алматы қаласы партия комитетінің 1-хатшысы;
* 1983-88 ж. Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.
### Марапаттары
* Қазан революция ордені,
* Еңбек Қызыл Ту ордені,
* «Құрмет белгісі» ордені.
## Дереккөздер |
2002 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы — кубоктың он бірінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
Алғашқы ойындар 2002 жылдың 1 мамырында өтті, ал жауапты ойындар — 9 мамырда өткізілді.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2002 жылдың 15 - 28 маусым аралығында өтті.
## 1/4 финал
1/4 финал ойындары 2002 жылдың 27 қазан - 4 қараша аралығында өтті.
## 1/2 финал
1/2 финал ойындары 2002 жылдың 8 - 12 қараша аралығында өтті.
## Финал
## Турнир бомбардирлері
## Дереккөздер |
Гүлнәр Кәрімова (өзб. Gulnora Islomovna Karimova, Гулнора Исломовна Каримова), (Ферғана, 1972 жылы туған) - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы. Шілде 2010-жылдың қаңтар 2012, Испания Өзбекстанның елшісі.
Кәрімова «Известия» газетінің хабарлауынша, 2008 жылы ел президенті ретінде әкесінің мұрагері болып саналған, бірақ 2013 жылдан кейін Гүлнәр әкесімен келіспеушілік туып, Өзбекстандағы ықпалын тез жоғалта бастаған.
Кәрімова зергерлік бұйымдардың кәсіби дизайнері болған, Googoosha сахналық атымен әнші ретінде танымал болған, «Өзбекстан мәдениеті мен өнері форумы» үкіметтік емес қорының және басқа да бірқатар қоғамдық ұйымдардың қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған.
Ол 2013 жылдан бері үйқамақта отыр. 2015 жылы Ташкент облыстық сотының үкімімен ол ақшаны жымқырғаны және бопсалағаны үшін 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. 2017 жылы оған жаңа айып тағылып, қамауға алынды. 2019 жылдың 6 наурызында жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін жалпы режимдегі колонияға ауыстырылды.
2019 жылдың тамыз айында Өзбекстанның Бас прокуратурасы Г. Кәрімоваға қатысты мемлекет қаражатын ұрлау және Өзбекстан Республикасының мүдделеріне қайшы келетін мәмілелер жасау, сондай-ақ бөтеннің мүлкін қорқытып алу жолымен алу фактілері бойынша жаңа қылмыстық іс қозғады. әсіресе кең ауқымда.
## Өмірбаяны
### Білімі
Гүлнәр — Ислам мен Татьяна Кәрімовтің Ферғана қаласында дүниеге келген үлкен қызы. 1988 жылы Ташкент қаласындағы Жастар математикалық академиясын, 1994 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетінің халықаралық экономика бөлімін бакалавр дәрежесімен бітірген. 1992 жылы Fashion Institute of Technology оқыды. Нью-Йорк мемлекеттік университеті. 1996 жылы Каримова Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Экономика институтының магистратурасын, 2000 жылы Гарвард университетінің өнер магистрі дәрежесін алды. 2001 жылы Ташкенттегі Әлемдік экономика және дипломатия университетінде саясаттану ғылымдарының докторы, 2009 жылы сол жерде профессор ғылыми атағын алды. 2006 жылы Кәрімова Ташкент ақпараттық технологиялар университетінде телекоммуникация бакалавры дәрежесін алды.
Ал Өзбекстан Ғылым академиясы Экономика институтында ешқашан магистратура болмағанын, бұл Гүлнәр Кәрімованың дипломының заңдылығына күмән келтіретінін хабарлады. Сонымен қатар Өзбекстанда бакалавриат пен магистратураның мемлекеттік стандарттары Министрлер Кабинетінің 2001 жылғы 16 тамыздағы қаулысына сәйкес 2001 жылдан кейін беріле бастады. Сондай-ақ Гүлнәр Кәрімованың Ташкент мемлекеттік университетінде және әртүрлі континенттерде орналасқан Нью-Йорк мемлекеттік университетінде бір уақытта білім алуы мүмкін деген сұрақ туындайды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Гүлнәр Кәрімова: «Мені әрқашан Өзбекстанның елшісі деп атайтын»
* Hello! журналы — Гүлнәр Кәрімова
* Harper’s Bazaar журналы — Гүлнәр Кәрімова
* «Коммерсантъ» газетасы— Гүлнәр Кәрімова қатарға қосылды // Өзбекстан президентінің қызы сән көрсетілімін қойды
* Гүлнәр Кәрімова GULI — мираж ұғымы
* GULI ресми сайты — Гүлнәр Кәрімова бренді |
Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (10 маусым 1949, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР — 27 шілде 2012, Астана)- мемлекет қайраткері. Мәскеу экономикалық статистика институтын (1971), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шарруышылығы Академиясын (1987) бітірген.
Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.
## Еңбек жылдары
1971-1985 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасында экономист, бөлім бастығының директоры, ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бастығы,
1985-87 ж. Академия тыңдаушысы,
1987-91 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығының орынбасары,
1991-94 ж. Қазақстан Республиксы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары,
1994-97 ж. комитет төрағасы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлікті басқару департаментінің директоры.
1997-98 ж. ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарады.
1998-99 ж. Жамбыл облысының әкімі.
1999 ж. ақпаннан ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі.
2003 жылдан Президенттің іс басқарушысы.
### Марапаттары
1981 жылы Құрмет белгісі мен медальдармен марапатталған.
### Дүниеден өтуі
Шілденің 27-сінде Қазақстандағы ақпарат агенттіктері «ұзаққа созылған сырқаттан кейін, 64 жасында Сарыбай Қалмырзаев дүниеден өтті» деген хабар таратты. Әзірге қайда, қашан қайтыс болғаны айтылмады.
## Дереккөздер |
2003 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы — кубоктың он екінші мәрте ойнатылуы.
## Бірінші кезең
Бірінші кезең ойындары 2003 жылдың 3 - 7 сәуір аралығында өтті.
## 1/16 финал
1/16 финал ойындары 2003 жылдың 5 мамырында өтті.
## 1/8 финал
1/8 финал ойындары 2003 жылдың 4 - 16 шілде аралығында өтті.
## 1/4 финал
1/4 финал ойындары 2003 жылдың 27 шілде - 15 тамыз аралығында өтті.
## 1/2 финал
1/2 финал ойындары 2003 жылдың 24 қыркүйек - 7 қараша аралығында өтті.
## Финал
## Турнир бомбардирлері
## Дереккөздер |
Сергей Сергеевич Четвериков (24 сәуір /6 мамыр/ 1880, Мәскеу - 2 шілде 1959, Горький) - орыс және кеңес биологы. Мәскеу университетін бітірген (1906). Әйелдер жоғары курсының (Мәсеу,1907-1917), 2-ші Мәскеу университетінің (1917-1919) және 1-ші Мәскеу университетінің (1919-1929) доценті, Эксперименттік биология институтында генетика бөлімінің (Мәскеу, 1921-1929) және Горький университетінде генетика кафедрасының меңгерушісі (1935-1948), 1945 жылдан профессоры.
## Ғылыми жұмыстың генетикалық кезеңі
1921 жылдан бастап Сергей Сергеевич эксперименттік биология институтының генетика бөлімінің меңгерушісі және ғылыми жетекшісі қызметіне кірісті. Мұнда ол шамамен 9 жыл жұмыс істеді (1921-1929). ЭЖБ — ға түскен Четвериков университетпен байланысты үзбеді және онда оқытушылық жұмысын жалғастырды-генетика курсын оқып, генетикалық практикумды басқарды, осылайша кеңестік генетиктердің жаңа кадрларын даярлауға қатысты. Сергей Сергеевичтің және оның ұжымының қысқа мерзімде табысты болды. 1926 жылы Четвериков зерттеу және рефлексия нәтижелерін "қазіргі генетика тұрғысынан эволюциялық процестің кейбір сәттері туралы"үлкен мақалада жариялады. Бұл жұмыста генетика деректері мен эволюциялық теорияның арасында ешқандай қайшылық жоқ екендігі көрсетілген. Керісінше, бұл генетиктер өзгергіштік ілімінің негізін қалап, эволюция процесін түсінудің кілті болуы керек. Қарапайым математикалық әдістерді қолдана отырып, Четвериков жануарлардың табиғи популяцияларындағы мутациялар (геновариациялар) жойылмайтынын, жасырын (гетерозиготалы) күйде жиналып, өзгергіштік пен табиғи сұрыптау үшін материал бере алатындығын дәлелдеді. Осылайша, Четвериков Дарвиннің эволюциялық ілімін және генетика белгілеген тұқым қуалаушылық заңдылықтарын байланыстыра алды. С. С. Четвериковтың (1926) бұл мақаласы қазіргі уақытта ғылымның жаңа саласын — эволюциялық (және популяциялық) генетиканы дамыту үшін негізгі жұмыс ретінде қарастырылуда. Бұл эволюциялық теорияның дамуындағы маңызды кезең болып саналады.
Четвериков табиғаттағы түрлердің пайда болған мутациялармен қанығуы туралы болжам жасады және генетикалық процестердің (мутация, еркін қиылысу, табиғи сұрыптау) және спецификация мен эволюциядағы оқшауланудың маңыздылығын атап өтті, осылайша Дарвин эволюциясы мен генетика теориясын байланыстырды. Эволюциялық генетиканың негізін қалады. 1920 жылдардағы еңбектерде С. С. Четвериков популяциялық генетиканың үш негізгі сәлемдемесін негіздейді:
Табиғи жағдайда мутация процесі зертхана жағдайындағыдай жүреді. Сондықтан біз зертханада алынған кейбір қорытындыларды табиғи жағдайларға таратуға құқылымыз.
Осындай тұжырымдардың бірі — тірі организмдердің барлық түрлерінде жаңа мутациялардың үздіксіз пайда болуы, екіншісі-табиғи популяцияларда жиі кездесетін жабайы типтегі аллельдерге қатысты жаңадан пайда болған мутациялардың көпшілігінің рецессивтілігі.
Табиғи популяцияларға тән белгі-оларда панмиксияның басым болуы, бұл Харди-Вайнберг Заңын қолдануға мүмкіндік береді.
1927 жылы Берлинде өткен V Халықаралық генетикалық конгресте С.С. Четвериков "табиғи жағдайда популяцияның генетикалық сипаттамасы туралы"баяндама жасады. Бұл есеп сенсация тудырды және үлкен қызығушылықпен қарсы алынды. Кейінірек 1927 жылы 14-20 Желтоқсанда Ленинградта өткен КСРО зоологтарының, анатомистері мен гистологтарының үшінші съезінде Четвериков пленарлық отырыстардың бірінде "бір эволюциялық мәселенің эксперименттік шешімі"атты баяндама жасады. 1929 жылы қаңтарда Ленинградта генетика, селекция, тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша Бүкілодақтық конгресс өтті. Четвериков осы съезге қатысып, пленарлық отырыста эволюциялық генетиканың өзекті мәселелері әзірленген "мутациялық өзгергіштік" баяндамасымен сөз сөйледі. Съезден оралғаннан кейін көп ұзамай Четвериков Мәскеу табиғатты зерттеушілер қоғамының (МОИП) отырысында "мутациялық өзгергіштіктің пайда болуы мен мәні" тақырыбында теориялық тұрғыдан маңызды жаңа баяндама жасады (21 наурыз 1929). Эволюциялық теория мен қазіргі генетиканың жақындығы туралы негізгі ережелер 1961 жылы шетелде жарияланды [2]. Ақи-да жұмыс істей отырып, Сергей Сергеевич өзін көрнекті генетик ғалым ғана емес, сонымен қатар ғылыми ұжымның тамаша ұйымдастырушысы және жетекшісі ретінде көрсетті. Ол қызметкерлерді ерекше ғылыми мектептің пайда болуының негізі ретінде қарастыруға болатын пікірлестердің Достық тобына біріктіре алды. Сонымен бірге, ол жолдастық, тыныш жағдайда өткен Соор деп аталатын ("бірлескен орания") қызметкерлердің ғылыми қарым-қатынасының өзіндік әдістерін тапты. Соор-ға қабылдау қатаң шектеулі болды және семинардың барлық мүшелерінің бірауыздылығын талап етті. Бұл пікірталасқа қатысушылардың санын шектеуге (әрқайсысының жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін), сондай-ақ ішкі қақтығыстарсыз және шағын жеке топтардың қалыптасуынсыз ұжымның біртұтастығын сақтауға қол жеткізді. Баяндаманың кез келген сәтінде тыңдаушылардың сұрақтары мен ескертулеріне жол берілді. Баяндамашыдан нақты презентация және реферат жұмысының негізгі бағытын, оның негізгі идеясы мен мағынасын ажырата білу қажет болды. Әр сооровец үш негізгі еуропалық тілде оқуы керек еді. 1920 жылдардың екінші жартысында Соор мүшелері негізінен дрозофилада жасалған көптеген генетикалық жұмыстарды жариялады. Бұл жұмыстар негізінен 1925-1930 жылдары "эксперименталды биология журналында" (және ішінара шетелде, Германияда) жарық көрді. Бұл уақытта Сергей Сергеевич көбелектерден сабақ қалдырмады және жаз айларында ұзақ экскурсиялар жасады, оның барысында ол өз коллекцияларын толықтырды. 1926 және 1928 жылдың жазында Четвериков б. л. Астауров, Н.К. Беляев және оның өгей қызы А. П. Сушкина Хибин тауларының ауданындағы Кола түбегінде болды. Сонымен қатар, 1920 жылдан бастап Четвериков политехникалық мұражайдың зоологиялық бөлімінің энтомологиялық бөлімінің меңгерушісі және сақтаушысы болып жұмыс істеді.
## Горький мемлекеттік университетінде
Сергей Сергеевич 1935 жылдың 1 тамызынан бастап Горький мемлекеттік университетінің биология факультетіне профессор, генетика кафедрасының меңгерушісі лауазымына қабылданды. Оның алғашқы алаңдаушылығы генетика бойынша мамандандыруды ұйымдастыру болды. Ол үшін ең алдымен үлкен генетикалық семинардың жұмысын және арнайы курстарды оқу қажет болды. Арнайы курстарды оқу үшін ірі мамандар мен тамаша лекторлар шақырылды. Кейінірек кафедрада цитология бойынша шағын зертхана ұйымдастырылды. 1936 жылы Сергей Сергеевич "соңғы он жылдағы тұқым қуалаушылық Цитологиясы"атты танымал брошюраны жариялады.
Сергей Сергеевич биофактың барлық студенттері үшін жалпы генетика курсын, сонымен қатар генетика кафедрасына мамандандырылған студенттерге арналған арнайы курстарды оқыды: Биометрия курсы және "таңдаудың теориялық негіздері"курсы. 1948 жылы ГМУ-дан кетер алдында ол "генетиканың жаңа міндеттері мен соңғы жетістіктері"атты арнайы курс оқыды. Сонымен қатар, ол кейбір жылдары зоологиялық студенттер үшін энтомологияны оқыды.
Лектор Сергей Сергеевич өте ерекше болды. Дәріс материалын рефераттарды пайдаланбай еркін ұсыну, қатаң логика, оқытушының жалпы "таңдауы" және тұжырымның дәлдігі студенттерді қызықтырды және таң қалдырды. Бірінші дәрісте Сергей Сергеевич тыңдаушыларға Материалды ұсыну барысында сұрақтармен оны үзуден тартынбауды ұсынды, өйткені ол бір нәрсе игерілмеген немесе бұрын болған жағдайда түсініксіз болса, одан әрі қарай жүру мүмкін емес деп санайды. Ол көбінесе әр түрлі математикалық есептеулер мен Генетикалық есептерді тақтаға шығарды және егер студенттердің біреуі жазылымды немесе жетіспейтін белгіні байқаса және әрдайым ескертуі үшін алғыс білдірсе, шын жүректен қуанды. Өйткені, бұл аудиторияның белсенді жұмысының және тыңдаушылардың қарқынды назарының дәлелі болды.
Университеттегі дәрістерден басқа, Четвериков кейбір жылдары Горький педагогикалық институтында генетика курсын, сондай-ақ орта мектеп мұғалімдеріне арналған осы тақырып бойынша дәрістер циклын оқыды. Бірақ Сергей Сергеевичтің дәрістік қызметі жоғары оқу орындарында оқу дәрістерімен шектелмеді. Сондай-ақ, ол қоғамдық жұмыс тәртібінде халыққа көптеген танымал дәрістер оқыды. Кафедрада белсенді жұмыс істейтін студенттік ғылыми семинар (үйірме) болды, онда студенттер кеңестік және шетелдік авторлардың жұмыстарының рефераттары мен жеке зерттеу нәтижелерін баяндап берді. Семинарды профессор өзі жүргізді, бұл жұмысты кафедрадағы кіші әріптестеріне тапсырмады. Студенттер өздерінің семинарына өте ықыласпен қатысып, құрметті басшының қызығушылығы мен қызығушылығын оятты. С. С. Четвериков студенттермен генетика мен селекцияның ең өткір және даулы мәселелерін талқылаудан тартынбады.
Биофак ұжымының бірігуінде және ғылыми ақпаратпен алмасуда МОИП Горький филиалының отырысы үлкен рөл атқарды. Оларға 1936-1946 жылдар аралығында С. С. Четвериков кем дегенде 10 баяндама жасады. 1936 жылғы 17 сәуірдегі бірінші баяндама оның биометриялық зерттеуіне арналды - "организмдердің объективті жүйесін құру тәжірибесі". Кейінірек (1938 ж. 21 қазан) Бұл есеп Мәскеуде IEB-де құрылған эволюциялық бригаданың 68 — ші отырысында қайталанды, 1945 жылы 14 сәуірде ол "өсімдіктердің жынысын анықтауда жаңа", ал 1945 жылы 20 қазанда М. а. туралы Жеке естеліктерімен баяндама жасады. Мензбире. Жеті баяндама оның Қытай емен жібек құртын таңдау жөніндегі жұмысына арналды.
Горький университетінің кафедрасындағы жұмыс Сергей Сергеевичке мұғалім және оқу процесін ұйымдастырушы ретінде өзінің керемет қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Университет басшылығы оның жеке қасиеттерін жоғары бағалады: ымырасыздық, қатаңдық, өзіне және қызметкерлерге деген жоғары талапшылдық, сенім мен құрметке ие болу қабілеті; ол декан болып сайланды және 1947 жылға дейін факультет жұмысын басқарды. 1940 жылы бітіруші кеште сөз сөйлеген университет ректоры М. А. Шеронин Сергей Сергеевичтің университеттің ең жақсы деканы ғана емес, сонымен бірге ол өмірінде кездестірген декандардың ең жақсысы екенін айтты.
## Еңбектері мен зерттеулері
Негізгі еңбектері генетика, эволюция теориясы және энтомология мәселелеріне арналған. Генетикалық процестердің (мутация, бос будандасы, сұрыптау) және оқшауланудың түр пайда болуы мен эволюциядағы маңызын көрсетті. Дарвин ілімі мен генетика арасын байланыстырды, популяциялық генетика негізін құрды.
## Сыйлықтары
"Құрмет Белігсі" орденімен, Германия табиғат зерттеушілер академиясының "Дарвин планшеты" (1959) медалы және басқа медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Құндызбаев Жанымхан Қаюұлы 1947 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ленинск селосында дүниеге келген.
## Білімі
1966 жылы Катонқарағай ауданындағы Е.Рыков атындағы мектепті интернат-пансионатта тұрып бітірді. Осы жылы Алматы қаласындағы Қазақстан мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауыл-шаруашылығы өндірісін механикаландыру факультетіне оқуға түсіп, аталған институтты 1971 жылы ойдағыдай аяқтап, инженер-механик мамандығын алды.
### Еңбек қызметі
1971-73 жылдар арасында Кеңес армиясы қатарында Вологда қаласында автомобиль ротасы командирінің техника жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Әскери атағы лейтенант- инженер.1973-80 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданындағы «Калинин» атындағы ұжымшарда техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер, бас инженер міндеттерін атқарды. 1980 жылдан 1984 жылға дейін Катонқарағай ауданындағы «Алтай» қой кеңшарының директоры болып қызмет атқарды. 1984-87 жылдар аралығында Катонқарағай аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, Катонқарағай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бастығы, аудандық атқару комитеті бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етті.1987-96 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық атқару комитетінің төрағасы, Катонқарағай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы, аудан әкімі болып еңбек етті. 1996 жылдан 2009 жылға дейін ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы міндетін атқарды. 2009 жылдың маусым айынан бастап облыстық аумақтық инспекция бастығының орынбасары қызметін атқарады.
### Марапаттары
Қызмет атқарған кездерінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикалық кәсіподақ комитетінің атынан I және II дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды. 2007 жылы 16 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Жанымхан Қаюұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVI сессиясының №26/7-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
### Дереккөздер |
Алексей Ильич Чириков(1703,Мәскеу,-1748,сонда) - орыс теңізішсі. 1721 жылы Петербург теңіз академиясын бітірді. Бірінші Камчатка экспедициясында В.Берингтің көмекшісі. 1728 жылы "Св.Гавриил" кемесімен (Берингтің жетекшілігінде) Солтүстік Мұзды мұхитқа шықты. 1733-43 жылдары Екінші Камчатка экспедициясында Берингтің көмекшісі, экспедиция жетекшілерінің бірі. 1741 жылы "Әулие Павел" кемесімен Америка жағасына барып, бірнеше аралдарды ашты. Чириков есімімен Аляска шығанағындағы арал, Атту аралдарындағы мүйіс т.б. аталады.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 143 бет |
Павел Петрович Чистяков(05.07.1832,Пруды селосы, қазіргі Калинин облысы, - 11.11.1919, Детское селосы, қазіргі Пушкин қаласы) - орыс кескіндемешісі,педагог, академик (1870), Петербург Көркемсурет академиясының толық мүшесі (1893). 1849-61 жылдары Петербург Көркемсурет академиясында (П.В.Басиннен) оқып, 1872 жыладн сонда сабақ берді (1892 жылдан профессор).
## Шәкірттері
И.Е.Репин,В.А.Серов,В.И.Суриков,В.Д.Поленов,М.А.Врубель т.б.
## Картиналары
"Патриарх Гермогеннің поляктарға қолхат беруден бас тартуы"(1860,Ленинград, КСРО Көркемсурет академиясының ғылыми - зертету музейі) т.б. тарихи картина мен портреттердің авторы.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 144 бет |
Лев Александрович Чугаев(17.09.1873,Мәскеу,-23.09.1922,сонда) - кеңес химигі. 1895 жылы Мәскеу университетін бітіргеннен кейін университет жанындағы бактериология институтының химия бөлгін меңгерді.1908-22 жылдары анорганикалық химиядан Петербург технология институтының профессоры. КСРО ғылым академиясының Платина және басқа асыл металдар зертету институтының негізін қалаушы және 1918 жылдан директоры.
## Еңбектері мен зерттеулері
Чугаевтың алғашқы жұмысы биохимия мен бактериология мәселелеріне арналған. Ол негізінен органикалық химияны, комплексті қосылыстарды зерттеді. 1899 жылы көмірсутектерді синтездеудің жаңа "ксантогендік" әдісін тапты. Осы әдіс негізінде Чугаев борнилен, изолимонен, туйан, альфа және бетта холестерилен көмірсутектерін алды. Ол КСРО - да комплексті қосылыстарды зерттеу саласында анорганик-химиктердің мектебін құрды.
## Сыйлықтары
Ленин атындағы сыйлықтың лауреаты (1927).
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 152 бет |
«Саламатты Қазақстан» - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып келеді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:
• Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:
• Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;• медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс: 1. халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;2. ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;3. нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;4. жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;5. туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;6. 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау. |
Евгений Алексеевич Чудаков (21 тамыз 1890 жыл, Сергиевское, Тула губерниясы, Ресей империясы - 19 қыркүйек 1953 жыл, Мəскеу, РКФСР, КСРО) - машина тану және автокөлік техникасы саласындағы кеңес ғалымы.
## Ғылыми жұмыстары мен атақтары
КСРО ғылым академиясының академигі (1939,1933 жылдан корреспондент мүшесі). 1916 жылы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітіріп, сонда және басқа жоғары оқу орындарында сабақ берді (1926 жылдан профессор). Ғылыми автокөліктік лабораторияны (1918), Ғылыми автомотор институтын (1921), КСРО ғылым академиясының Машина тану институтын ұйымдастыруға қатысты (1938).
## Еңбектері мен зерттеулері
Негізгі еңбектері автокөлік теориясына арналған. Ол автокөлік орнықтылығын және оның элементтерінің беріктілік мәселелерін зерттеумен айналысқан. Машина бөлшектерінің беріктілік мәселесін шешуге үлес қосты, металдардың үйкеліс және тозу теориясын жасады.
## Сыйлықтары
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1943,1951). 2 рет Ленин орденімен және басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 152 бет |
"Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолдану" - 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Оны Қазақстан Республикасының Президентi 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:• мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау;• мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту;• мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру;• мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру;• мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;• қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу;• тiл мәдениетiн жетiлдiру;• коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi;• Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау;• ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйренуҚазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:• мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);• мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);• мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);• тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);• қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);• республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%);• ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);• республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);• үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту.Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. |
"Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту" жөніндегі мемлекеттік бағдарлама - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.
Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.Бағдарламаның негізгі міндеттері:• экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту; • индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;• экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;• экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:• 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;• ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;• экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;• өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;• өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру. |
Әсем Баирова Баймұрзақызы (24 мамыр 1965 жыл, ШҚО облысы Шыңғыстай ауылы) — артист, ҚР Мәдениет қайраткері. 1978 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Консерваторияның актер факультетін бітіріп келіп, театрға орналасты. Қазіргі кезде Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында жұмыс істеп, өз өнерімен ұлттық мәдениетті дамытуда. Әсем Баймұратқызы көптеген маңызды әрі танымал рольдерді ойнаған болатын.
Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* Мұхтар Әуезов «Айман - Шолпан» - Тенге
* Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Дәметкен
* С. Ахамад «Келіндер көтерілісі» - Мухре
* Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Гүлшетай
* Ысмайылов «Алдар – Көсе» - Бәйбіше
* С.Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Қарақатын.
## Дереккөздер |
Сапарбек Ашимбеков — Орта деңгейдегі мамандық бойынша жоғарғы категориялы аға артист. Ол 1942 жылы 24 қаңтарда Абралы ауданы Қоныстан ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан. 1965 жылдан Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында актер болып қызмет атқарып келеді. Ойын ашық айтады. Қызметтен кешігуді ұнатпайды. Сапарбек Ашимбеков шахматты ойнауды жақсы көреді. Бірнеше әндер жазған әуесқой композитор. Күйлерді орындау оның басты міндеті. Сонымен қатар ол театрда қойылатын көптеген пьесалар үшін рольдерді шығарады.
Кейінгі жылдары сомдаған рольдері:
* Мұхтар Әуезов «Айман –Шолпан» - Көтібар
* Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Жабай
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы» - Бас Уәзір
* Б. Алимжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Дайырман
* Р. Отарбаев «Ғасыр қасіреті» - Әке
* С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Айса-ата
* С. Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Майбасар
* М. Әуезов “Еңлік-Кебек” – Еспембет би.
## Дереккөздер |
Бақыт Тоймбаева Ахметжанқызы – артист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ол 1959 жылы 20-қарашада дүниеге келген. 1982 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында қызмет етіп келеді.Бақыт Ахметжанқызы жоғарғы дауыстағы опералық әндерді оркестрмен орындайды.
ейінгі жылдары сомдаған рольдері:
* У.Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Гүлчахра
* Т.Ибрагимов, Т.Базарбаев «Жас Абай» - Тоғжан
* М.Әуезов «Қаракөз» - Ақбала
* М.Сәрсеке «Заңды неке» - Қарлығаш
* О.Бөкей «Өз отыңды өшірме» - Айна
* С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Луфти
* Ө.Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Айкенай
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы» - Ғажап әйел
* Ысмайылов «Алдар-Көсе» - Бақа
* «Кішкентай Мукар» - Агвация сиқыршы.
## Дереккөздер |
Әсел Нұрланова Талғатқызы - қазақ әртісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ол 2006-2009 жылдар аралығында Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Бұқаралық театрландырылған қойылымдардың режиссері» мамандығын үздік дипломға бітіріп, Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрында 2011 жылдың 20-шы қаңтарынан бастап, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Әсел Нұрланова Қазақстан ұлттық арнасының төл туындысы «Туған елдің түтіні» телесериялында Әсия бейнесін сомдаған.
Асел Нұрланова сомдаған рольдері:
* Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - Баян
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Тана
* Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» -Ләйлә
* Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Алма
* А. Вампилов «Метранпаж» - Виктория
* А. Сапышев «Ақберен» - Даша
* Ш. Айтматов «Қош бол, Гүлсары» - Бүбіжан
* Е. Жуасбек «Үйлену» - Зерек
* Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Әйкенай
* «Жан азасы» - Махаббат
* А. Сапышев «Бәйшешек іздеген қыз» Айғаным
## Дереккөздер |
Ерік Тоқтаубаев Серікұлы - Қазақстан Республкасының мадени қайраткері. Ол 1984 жылы ақпанның алтысы күні, ШҚО Зайсан ауданының, Қуаныш ауылында өмірге келген. Ерік Серікұлы 2003-2006 жылдары аралығында Т. Жүргенов атындағы актерлік студиясын бітірген болатын. 2010 жылы ШҚО Семей қаласының Абай атындағы музыкалы драма театрына актер болып қабылданған.Ерік Тоқтаубаев сомдаған рольдері:
* «Күшік-күйеуде»-Тюранчик
* « Мұстафа Шоқайда»-Нұртаза
* «Үйленуде»-Асаба
* «Қош бол Гүлсарыда»-Бектай
* «Қайран кемпір шалдар-ай»-Шегей
* «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»-Таңқы
* «Отыз ұлың болғаншада»-Бухти
* «Махаббат қызық мол жылдарда»- Тұмахан |
Медеулов Рахман (15.09.1921 - 28.01.1991, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан а.) - еңбек ардагері. Қазақ мемлекеттік университетін (1956), Алматы халык шаруашылыгы институтын (1970), бітірген.
## Еңбек қызметі
1947-49 ж. Луговой ауданынң комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1-ші хатшысы, 1949-51 ж., 1953-55 ж. Жамбыл облысы партия комитетінің нұсқаушысы, 1951-53 ж. облыстық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1955-62 ж. Луговой аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, аудандық атқару комитетінің 1-ші хатшысы, 1965-71 ж. Свердлов аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1971-82 ж. облыс мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқаған.
### Марапаттары
II дірежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 4 рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің "Құрмет" грамотасымен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер |
Нұрбаев Әдбірахман Баймұхаметұлы (18.08.1926 ж.т., Жамбыл ауд. Ақбұлым а.) - қайраткер, еңбек ардагері. Соғыс жағдайына байланысты еңбекке ерте арласқан. 1943 ж. Жамбыл қант зауытындағы орта мектепті бітіріп Жасөркен ұжымшаырндағы сегізжылдық мектепте геграфия пәнінен сабақ берген.
## Еңбек қызметі
1944-46 ж. Мемлекеттік қауіпсіздік министрінің Жамбыл ауд. бөлімшесінде операвтивтік өкіл қызметтерін атқарған. 1946-49 ж. Жамбыл ауд. кеңесінің атқару комитетінде құпия бөлімше бастығы, жауапты хатшы, облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1949-51 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы 2 жылдық тергеушілер мектебінде оқыған. 1951-59 ж. Республика, Қызылорда, Жамбыл облыстық прокуратуралары мен ішкі істер бөлімінде тергеуші, прокурор болып қызмет істеген. 1959-61 ж. Жамбыл облыстық атқару комитеті мен облыс Оңтүстік өлкелік партия комитеттерінде жауапты қызметте болды. 1966-71 ж. Жамбыл обл. Актокөлік, тас жолдар және байланыс қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1971-80 ж. Жуалы аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1980-86 жылдары облыстық тұтынушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары болды. Облыстық кеңестің депутаты болып 5 рет сайланды.
### Марапаттары
Құрмет белгісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет" грамоталарымен марапатталған.
Дереккөздер |
Мамаев Асылхан Мұхамедиярұлы (09.05.1929 ж.т., Қаратау қ. - 25.09.2003, Алматы) - дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, өнертапқыш. Алматы медицина институтын бітірген (1953).
## Еңбек қызметі
Талдықорған облысы, Ақсу ауданында хирург, Ақсу аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерішісі. Одан Алматы медицина институтында, мед училищеде сабақ берді. 1960-65 ж. Алматы облысы Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданынң бас дәрігері, 1965-78 ж. Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігі Бас емдеу-профилактика басқармасының бастығы, алқа мүшесі, 1978-81 ж. Қазақстан курорттарын басқару жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы болды. 1981 ж. жаңадн құрылған Ленин ауданының денсаулық сақтау бөліміне қызметке ауысты. 1983 ж. минералды суға негізделген Қалқаман санаторийін қайта жобалаумен шұғылданады. 1988-92 ж. 6-шы қалалық аурухананын, 12-ші емхананың бас дәрігері, 1992-96 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды, Мамаев күн сәулесімен емдеуді жүзеге асыратын қондырғы ойлап тапқан. Оның өнертабысы бойынша жасалған құрылғылар Италияда (1994), АҚШтағы "Қазақстан-1995" көрмесінде көрсетілді.
### Марапаттары
Екі рет "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медаль, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Құрмет Грамотасымен марапатталған.
### Дереккөздер |
Тілекжан Тұраисов Ғалымжанұлы - Қазақстан Республикасының мадени қайраткері. Тілекжан 1976 жылы Жаңасемей ауданының Көкентау (Знаменка) ауылында туған. Ол 1994 -1999 жылдар аралығында Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде білім алып, кейіннен Шәкәрім атындағы университетін тәмамдады. 2007 жылдан Абай атындағы музыкалы драма театрында актер ретінде жұмыс атқарып келеді. Тілекжан Ғалымжанұлының сомдаған рольдері:
* М. Ибраев «Шәкәрім» алғашқы эпизодтық ролі
* Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан» - Балпық
* С. Тұрғынбеков «Абай – Біржан» - Сері
* Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Кубик
* Ғабит Мүсірепов «Қозы Көрпеш» - Таңқы
* Шыңғыс Айтматов «Қош бол, Гүлсары» - Алданов
* Ж. Әльмешов «Мұңмен алысқан адам» - Тақиялы жігіт
* О. Иосиляни «Отыз ұлың болғанша...» - Карпэ |
Мырзахан Сыдықов Демесінұлы — артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1951 жылы 21-ші желтоқсанда дүниеге келген. 1973 жылы Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесін бітірген. Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы драма театрында 1983 жылдың 28-ші наурызынан бері қызмет етіп келеді.Кейінгі жылдары сомдаған рольдері:
* Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан» - ақын Жарқын, Қортық шал
* Т. Ибрагимов, Т.Базарбаев «Жас Абай» - Абай
* У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Уәли
* С. Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Ақын
* Ысмайылов «Алдар-Көсе» - Шығай бай
* Шығыс ертегісінің желісі бойынша «Кішкентай Мукар» - Сұлтан
* «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Уәзір
* Мұхтар Әуезов «Еңлік - Кебек» - Жапал
* Р. Отарбай «Ғасыр қасіреті» - Көрші
* С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - режиссер образы
* М. Ибраев «Шәкәрім» - Қаужақ
* С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Дәрігер
* Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Сәбитжан
* Мұқағали Мақатаев “Жан азасы” – Ақын.
## Дереккөздер |
Сәндібала Бекбаева Өртқалиқызы - артист. Ол 1974 жылы 2-ші қаңтарда дүниеге келген. Білімі арнаулы орта- студияға мамандалған. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалық драма театрында басты актрисалардын бірі болып жұмыс істейді. Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* Ғабит Мүсірепов “Ақан сері - Ақтоқты” – Ақтоқты
* Мұхтар Әуезов “Қара Қыпшақ Қобыланды” – Қарлыға
* М. Ибраев “Қалқаман - Мамыр” – Сәнай
* У. Ғаджибеков “Аршын - Малалан” - Әсия
* Е. Төлеубай “Таланған тағдыр” – Гүлжан
* Ә. Тарази “Муза” – Салтанат
* М. Әуезов «Еңлік - Кебек» - Еңлік
* М. Әуезов «Қозы Көрпеш – Баян-сұлу» - Баян
* М. Әуезов «Қаракөз» - Қаракөз
* Р. Отарбаев «Ғасыр қасіреті» - Камила
* С. Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Ділдә
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы» - Қос үрей
* Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Әлия
* «Кішкентай Мукар» - Тышқан
* С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Нигора
* М. Әуезов «Айман - Шолпан» - Айман
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Зайкүл
* Оралхан Бөкей «Өз отыңды өшірме» - Бекзат |
Азамат Нұрғамысов Махмұтұлы - театр артисті. Ол 1968 жылдың 8-ші наурызында Семей облысы Шұбартау ауданы Көксала ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы қаласындағы театр-көркем сурет институтын бітіріп жоғары білімді алады. Кейін Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалық драма театрына артист ретінде қызметке орналасады. Азамат Маххмұтұлы домбырада жақсы ойнайды. Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* Мұхтар Әуезов “Еңлік-Кебек” – Көбей, Кебек, Жәуетай
* Ғабит Мүсірепов “Ақан сері - Ақтоқты” - Ақан
* С. Тұрғынбеков «Абай - Біржан» - Біржан
* Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Нарша
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Ербол
* «Кішкентай Мукар» - Сұлтан
* Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Сәлімбай
* М. Ибраев «Шәкәрім» - Ерназаров
* У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Әскер
* Мұхтар Әуезов «Айман - Шолпан» - ақын Жантық
* Р. Отарбаев «Ғасыр қасіреті» - Майор
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы»- Қос үрей
* С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мамыр
* Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Тұрсын
* С. Лобозеров “Жындыханадан келген мейман” – Темір
## Дереккөздер |
Қайрат Божанов Тойғазыұлы (16.08.1973) - театр артисті.
* 1992 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жанындағы студияға түсіп, 1994 жылы бітірГЕН.
* осы күннен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қызмет атқарып келеді.
## Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері
* М. Әуезов «Еңлік - Кебек» - Есен
* М. Әуезов «Қаракөз» - Нарқоспақ, Нақұрыс
* Т. Ибрагимов, Т. Базарбаев «Жас Абай» - Ізғұтты
* С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Камил
* С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Кенже
* Ысмайылов «Алдар-Көсе» - Шығайбай
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы » - Дауыс
* Ш.Айтматов “Боранды бекет” – Жуан-Жуан
* М.Әуезов “Қараш-Қараш” – Қоқыш
* М.Әуезов “Айман-Шолпан” – Арыстан, Көтібар
* Ғ.Мүсірепов “Ақан сері - Ақтоқты” - Жалмұқан
* «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Магрибинец
* Уно Лейес «Айға ұшқан Түкбілмес» - Шошқа
## Дереккөздер |
Ғалия Дәрменбаева Қазизқызы - артист. Ол 1960 жылы 6-шы ақпанда дүниеге келген. Ғалия 1979 – 1984 жылдары аралығында Алматы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтының музыкалы комедия театрының актеры бөлімінде оқып, тәмәмдап шығады.2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа шейін Қырғызстан өнер институтында кинорежиссерлық бөлімінде сырттай оқиды.
Ғалия Дәрменбаева әнші. Сонымен қатар домбырада ойнай алады. Ең жоғарғы дауыстағы опералық әндерді оркестрмен орындайды.
Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* Т. Ибрагимов, Т.Базарбаев «Жас Абай» - Қамқа
* У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Әсия
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Тана
* С. Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Әйгерім
* З. Исмағилов “Құдаша” – Наза
* М. Ибраев “Қалқаман-Мамыр” – Мамыр
* Қ. Мырзалиев “Мың бір мұң” – Ұлжан
* Т. Жұртбаев “Құнанбай” – Қамқа
* М. Әуезов “Аласапыран” - Еркек шора
* М. Әуезов “Қарақыпшақ Қобыланды” – Күнекей
* И. Ғайып “Адасқан бақ құсы” – Ғажап әйел
* Е. Төлеубай “Біздің ауыл осындай” – Күлғайша
* Н. В.Гоголь “Ревизор” – Орыс әйелі
* А. Сапышев “Көкбөрінің ұлы” - Әлпеш ана
* С. Ахмад “Келіндер көтерілісі” – Мухое
* Ө. Боранбаев “Сотанайдың соңғы үйленуі” – Кәмиләй
* М. Сұлтанбеков “Жұлдызды аспан” – Тотықұс Кеша
* Қ. Рахметов «Ержүрек ағайындылар» - Түлкі.
## Дереккөздер |
Сұлушаш Түлекова Нүкенқызы - театр артисті. Сұлушаш 1974 жылы 16-шы желтоқсанда дүниге кеген. 1992 жылы Абай театрының студиясына түсіп, 1994 жылы бітіріп артист ретінде қызметке орналасады. 2001-2005 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетін тәмамдады.Сомдаған рольдері:
* У. Ғаджибеков «Аршын-Малалан» - Телли
* Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы» - Бал қатын
* Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Каракөз
* Мұхтар Әуезов «Айман - Шолпан» - Шолпан
* Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мәншүк
* Б. Әлімжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Ақсәуле
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Ментай
* «Кішкентай Мукар» - Жасмин
* «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Будур
* С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Маржан
* Р. Отарбай «Ғасыр қасіреті» - Тоғжан
* Ш. Мұртаза “Домалақ-ана” – Домалақ-ана
* Мұхтар Әуезов “Қара Қыпшақ Қобыланды” – Қарлығаш
* Т. Ахтанов “Күшік күйеу” – Ботка
* Т. Ахтанов “Махаббат мұңы” – Бәғила
* О. Бөкей “Желтоқсан желі” – Қымбат
* С. Балғабаев “Қыз жиырмаға толғанда” – Жібек
* О. Бодықов “Ғашықтарға сот жоқ” – Қоңырша
* М. Ибраев “Қалқаман - Мамыр” – Лағыл
* О. Бодықов “Ит өлім” – Сағым
* С. Жүнісов “Жаралы гүлдер” – Балшекер
* Л. Симонова “Қасиетті сөздер” – Қыз
Сұлушаш Нүкенқызы ертегілерде Ақшақар, Принцесса, Түлкі, Лақ, Қоян, Тышқан, Тауық, Маймыл рольдерін сомдады. |
Бекзат Омашев Кайркешұлы - артист. Ол 1976 жылы 9-шы ақпанда дүниеге келген. Бекзат Омашев 1993 жылы Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжіне түсіп, 1996 жылы бітірді. 2002 жылдан бастап Абай театрында актер болып істейді. Өзі әнші, дауысы өте жағымды. 2005 жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстанның халық артисі Құрманбек Жандарбеков атындағы театрлар арасындағы Республикалық әншілер байқауына қатысып, лауреат атанған. Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* С. Тұрғынбеков «Абай - Біржан» - Абай
* М. Әуезов “Еңлік-Кебек” – Матақ, Жәуетей, Кеңгірбай
* М. Әуезов «Қаракөз» - Дулат
* Т. Ибрагимов «Жас Абай» - Қодар
* М. Әуезов «Айман - Шолпан» - Әлібек
* О. Бөкеев «Өз отыңды өшірме» - Шолақ
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Жомартбек
* Ш.Айтматов “Боранды бекет” – Лейтенант, Солдат
* С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Мерген
* “Алдар Көсе” ертегісінде – Алдар Көсе
* У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Әскер
* Е. Төлеубай “Таланған тағдыр” - Мекен
* С. Ахмад “Келіндер көтерілісі” - Асқар |
Назым Мұратханова Мұратханқызы - биші, театр артисті. Ол 1977 жылы 5-ші ақпанда дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Назым Мұратханова 1998 жылы Мемлекеттік қыздар педагогика институтын хореография мамандығы бойынша бітірді. Ол Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.Биші ретінде қатысқан спектакльдері:
* Т. Ибрагимовтың, Т.Базарбаевтың “Жас Абай”
* Н. В. Гогогльдің “Ревизор”
* М. Сәрсеке “Заңды неке”
* “Жан азасы”
* Қ. Рахметовтың “Ержүрек ағайындылар”
* Мұхтар Әуезов “Қарагөз”
* Иран-Ғайыптың “Адасқан бақ құсы” спектакльдерінде массовкаға қатысты
* Қ. Рахметовтың “Ержүрек ағайындылар” спектаклінде – Қоян образын сомдады.
* А. Сапышевтің “Күн астындағы Күнікей” ертегісінде – Күнікей образын сомдады.
* Н.Мұратханованың биге қабілеті бар. |
Күләш Әбділденова Қалымқызы — Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, театр артисті. Ол 1974 жылдан бастап Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында қызмет істеп келеді. Тұңғыш рет Ғабит Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян-сұлуында” – Баян, “Ақан сері - Ақтоқтыда” Ақтоқты, Т.Ахтановтың “Күшік күйеу” комедиясында басты бейне Ботаны ойнады. Семейлік жазушы М.Сәрсекеевтің “Заңды неке” комедиясындағы басты рольді ойнаған болатын. Т.Жұртбаевтың “Құнанабай” трагедиясында Ұлжан образын жасап, Жезқазған қаласында өткен Республикалық театр байқауында ерекше аталып өтілген.
Қарағанды қаласында болған театр байқауында Шыңғыс Айтматовтың “Боранды бекет” драмасында Найман-ана бейнесін жасап, ең үздік Ана бейнесін жасаған артис ретінде аталып өтілген.
Кейінгі жылдары сахнада қойылған өзбек драматургі С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі” комедиясындағы Күләш ойнаған Сатты бейнесі болатын.Сонымен қатар Ә.Оразбековтың “Бір түп алма ағашында” Ана, Ө.Боранбаевтың “Сотанайдың соңғы үйленуі” қойылымында Гүлшатай, Ж.Қамбаровтың “Жүрек жылуы” драмасындағы Балалар үйінің аспазы, қарапайым ана Марфуға бейнесін ойнаған.
Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы-драма театры Түркменстан, Тәжікстан, Қытай әсіресе дүниежүзілік Египет мемлекетінің астанасы Каир қаласында өткен 14-ші Дүниежүзілік тәжірибелі театр фестивалінде Күләш Әбділденова сомдаған Шыңғыс Айтматовтың “Боранды бекет” драмасындағы Найман-ана бейнесі ерекше аталып, Каир фестивалінің каталогіне енді.
## Дереккөздер |
Думан Бәкімбаев Есембайұлы - театр артисті. Ол 1984 жылы 10-шы қарашада дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Алған білімі - арнаулы орта (студия). 2005 жылы Абай театры жанындағы студияны бітірді. Ең алғашқы рет оркестрмен орындаған образы Мұхтар Әуезовтың «Айман -Шолпанындағы» Әлібек.Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
* Ысмайыловтың «Алдар-Көсе» ертегісінде – Торсықбай
* Уно Лейес «Айға ұшқан Түкбілмес» - Түкбілмес,
* Е. Елубаев «Асар» - Әтеш
* Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Әділхан, жауынгер
* М. Әуезовтың «Айман -Шолпан» Әлібек
* А. Сапышев “Көкбөрінің ұлы” – Таян
* Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Маскүнем күйеу
Думан Бәкімбаев концерттік бағдарламаларды жүргізіп, эстрадалық әндерді де орындап жүреді. |
Қызылсиыр – Қойтас тауларының солтүстік-шығысындағы шоқы.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Теміртау қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 651 м. Солтүстіктен-оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейлері көлбеу келген. Етегіндегі бұлақтан Өзексұңқар өзенінің саласы бастау алады.
## Өсімдігі
Делювийлі-пролювийлі беткейінің бозғылт, қоңыр сортаңды топырағында қараған аралас қызғылт селеу, сұлыбас, бұталар өседі.
## Атауы
Қызыл, сиыр сөздерінің бірігуінен жасалған тау аты. Атаудың екінші сыңары түркі тілдерінде түрлі фонетикалық тұрғыда айтылады. Алтай тілінде сурури - "істік, үшкір, конус тәріздес", тува тілінде суур - "шоқы, төбе, үшкір. конус тәріздес", орыс тіліндегі сугор - "шоқы" сөздерінің мағынасы да, тұлғасы да ұқсас. Бұған қарағанда топоним құрамындағы сиыр осы көрсетілген сөздермен мағыналыс деп қараймыз. Атаудың мағынасы Қызылұш, қызыл шоқы, қызыл төбе болар деп жобалаймыз.
## Дереккөздер |
Ахмадия (урду: احمدیہ, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (араб.: الجماعة الإسلامية الأحمدية, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады, 19-шы ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған. Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі.
Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді. Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың ﷺ хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды.
Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан. Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады.
Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып, оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда.
## Атаудың шығу тегі
Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың ﷺ екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің ﷺ көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді, яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады.
Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған:
اور جائز ہے کہ اِس کو احمدی مذہب کے مسلمان کے نام سے بھی پکاریں
"Сонымен қатар бұл жамағатты, сенімдік тұрғыда «Ахмадия мазһабын» ұстанған мұсылмандар деп те атауға болады".
## Сенімдеріне түйіндеме
Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген:
"Алла Тағаланың маған тапсырған тапсырмасы: мен, Құдай мен Оның жаратылысының арасындағы байланысқа нұқсан келтіретін қателіктерді алып тастауым керекпін. Мен, Құдай мен адам арасындағы махаббат пен шынайлықты қалпына келтіру керекпін. Шындықты айтып және діни қақтығыстарды доғарту арқылы, көзден таса болған иләһи ақиқаттарды ашыққа шығарып, бейбітшілікті орнатуым керекпін. Мен, өзімшілдіктің түнегіне жерленген руханиятты қайта жандандыруға шақырылғанмын. Мен бұны сөзбен ғана емес, іс жүзінде көрсетуім керек. Адамға енетін иләһи қуат, дұға-ғибадат пен зейін қою арқылы көрінеді. Мақсатымның мәні, ең алдымен, мен, адамдардың жүректеріне о баста егілген, таза әрі (сәуледей) жарқыраған Алланың Бірлігін қалпына келтіру керекпін. Мен адамдардың жүректерін көпқұдайшылдықтың түрлі ластықтарынан тазартуым керек, өйткені қазіргі уақытта Алланың Бірлігі толығымен жоғалып кеткенді. Бұның барлығы мен арқылы емес, аспан мен жердің Тәңірі болған, Алланың күш-қуаты арқылы жүзеге асады".
Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек. Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың ﷺ арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед ﷺ пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды. Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің ﷺ руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген. Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады:
"Иман – екі аспектіден тұрады. Оның бірі Құдайға деген махаббат. Екіншісі, күллі адамзатқа деген сүйіспеншілік, яки басқа адамдардың қайғысын, ауыртпалықтары мен тауқыметін өзіңдікіндей көріп, олар үшін дұға тілейтіндей дәрежедегі мейірімділік".
Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан. Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында.
## Ахмадилердің сенімдері
Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сүннетіне негізделген.
## Иманның алты шарты
### Алланың Бір екендігіне сену (Таухид)
Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады:
"Бір Алланың нұры, сырттағы және іштегі барлық пұттарды жоққа шығарғанда ғана, жүректі нұрға бөлейді. Ол адам болмысының әр бөлігін нұрландырады. Бұған Құдайдың көмегінсіз және Оның пайғамбарының ﷺ көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. Адам баласының міндеті, өзінің өзімшілдігін өлтіріп, сайтани тәкаппарлығынан бас тартуы қажет. Ол өзінің ақылгөйлігімен мақтанбағаны дұрыс. Ол өзін надан адам ретінде санап, момын болуы керек. Ол дұға тілеуден босамаса керекті. Міне, сонда ғана Бір Алланың нұры оған нәзіл болады және оған жаңа өмір тарту етіледі".
Ортақ пікір бойынша, Құдайдың Бірлігіне қатысты исламдық тағылым барша адамзаттың бірлігіне жол ашады, осылайша, осы мәселедегі барлық кедергілер өздігінен жойылады. Өйткені, адамзат нәсілі әртүрлі ұлт пен ұлыстардан тұратыны абиырлы екені рас. Сондай-ақ, Бір Құдайға иман келтіру, Жаратушы Ие мен Оның жаратылысының арасында абсолютті үйлесім сезімін орнықтырады. Құдай тағала мен Оның сөзінің арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екені түсінікті жағдай. Ахмадия ілімі бойынша, Құдай, барлық кемшіліктерден пәк, барлық кемелдіктердің қайнары ретінде мойындалады. Ахмади-мұсылмандары Құдайды, барлық жерде бар болған мекенсіз Болмыс, құлдарының тілек-дұғаларын, намаз-ғибадаттарын еститін, көретін, және оларға жауап беретін, тірі Құдай ретінде мойындайды. Ахмадилер үшін, Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік сипаттар. Ахмадилердің сенімі бойынша, Құдай, адамзатпен бұрын қалай сөйлессе, қазір де солай сөйлеседі. Осы орайда Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазған:
"Құлағы барлар, тыңдаңдар: Алла сендерден не тілейді? Оған адал берілулеріңді тілейді, Оған теңді жерден де, көктен де іздемеулеріңді тілейді. Біздің Құдайымыз – Бір, Ол өткен замандарда тірі болғанындай, кәзір де тірі; өткен замандарда сөйлегеніндей, кәзір де сөйлейді; өткен замандарда естігеніндей, кәзір де естиді. Біздің заманда Ол естиді, бірақ сөйлемейді деген ой – бекершілік. Шын мәнінде ол естиді де, сөйлейді де. Оның барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Сипаттарының бір де бірі уақытша болса да жоғалған емес, жоғалмайды да. Ол – серіктесі жоқ, жалғыз, дара Болмыс; Оның әйелі де, ұлы да жоқ. Ол – мәңгілік, теңдесі жоқ Болмыс; Ол иемденген қасиетке иемденген басқа ешкім жоқ; Оның бір де бір қасиеті әлсіремек емес. Ол жақын, жақын бола тұра алыс. Ол алыс, алыс бола тұра, жақын. Ол – биіктердің биігі, бірақ Одан аласа тұрған біреу бар деп те айтуға болмайды. Ол – көкте, бірақ Оны жерде емес деп те айтуға болмайды. Оның бойында барлық, кәміл де хас қасиеттер жинақталған, Ол жасаған Ізгіліктер – барлық мақтауларға лайық; Ол – барлық кемелділіктің қайнар көзі; Ол – құдыретті; Барлық жақсылық Одан тарайды да Оған қайтып оралады; Ол – барлық байлық-қазынаға Ие, барлық дәреже Оның Өзінде жинақталған; Оның ешбір кемшілік, әлсіздігі жоқ; Жер мен көктердегі барлық жан иелері ғибадат етуге лайықты – Оның Өзі ғана".
### Періштелерге иман келтіру
Ахмадия мұсылман жамағаты үшін періштелерге иман келтіру ерекше маңызға ие. Олардың тәлімі бойынша, періштелер Құдай жаратқан рухани болмыстар. Алла Tағала оларды өзіне бағынышты етіп және үкімдерін бұлжытпай орындайтын құрал ретінде жаратқан. Адамдарға қарағанда, періштелерде ерік жоқ және олар өзбетінше әрекет ете алмайды. Періштелер, Құдайдың жетекшілігімен, пайғамбарларға уахи-аяндар алып келеді, пайғамбарлардың дұшпандарына Құдайдың жазасын жаудырады, Құдайды даңқтап-мадақтайды және адамдардың амал кітәптарын жазады. Періштелер көзге көрінбейді. Дегенмен, Ахмадия мұсылман жамағатының сенімдеріне сай, періштелер адамдарға түрлі кейіпте көрінуі мүмкін, алайда бұл көріністер физикалық тұрғыда емес, рухани тұрғыда орындалады. Ахмадилер, періштелерді, өздеріне лайықты келбетке ие рухани болмыс ретінде қадірлейді. Олардың ең басты міндеті, адамзатқа Құдайдың хабарын жеткізу. Құран кәрім бойынша, барлық дүнияуи және рухани әлем періштелер деп аталатын рухани күштер арқылы басқарылады. Олар Құдайға толығымен бағынышты. Ахмади-мұсылмандарының түсіндірмесі бойынша, періштелер берілген бағыт-бағдардан, немесе тапсырылған қызмет-функциядан, немесе Құдай ойластырған жалпы жоспардан еш ауытқымайды.
### Құдайдан түскен кітаптарға иман келтіру
Ахмади-мұсылмандары имандылықтың үшінші шартын, пайғамбарларға Құдайдан түскен барлық кітаптарға сенумен байланыстырады. Ол кітаптарға Тәурат, Інжіл, Забур, Құран кәрім жатады. Исламға дейінгі дін тарихы белгілі бір уақытқа, белгілі бір ортаға (белгілі бір халыққа ғана) түсірілген Иләһи өсиеттер ретінде танылады. Осылайша, оларға, сол кезде өмір сүрген адамдардың мұқтаждықтарына сай келетін Иләһи ілімдер берілген, тіптен сол өсиеттердің кейбір жерлері сол адамдардың (сол халықтардың) өмір сүрген уақыты мен ғұрпына ғана сай келгенді. Құран кәрімнен басқа кітаптардың барлығы адам тарапынан өзгертулерге ұшыраған болып есептеледі. Тек Құран кәрім ғана еш өзгертусіз, өзінің бәз қалпында сақталған.Исламға дейін, Құдай Тағала, жер бетінде өмір сүрген әр халыққа, әр қауымға өзінің пайғамбарларын жібергенін Ислам күмәнсіз мойындайды. Сондықтан, ахмади-мұсылмандарының тәлімдеріне сай, Ыбырайымдық дәстүрден тысқары қалған, мысалы Ведалар мен Авеста сияқты кітаптар да Құдайдан түскен кітаптар болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран Кәрім күллі адамзатқа жіберілген соңғы кітап, оның тәлімдері уақытпен (яғни, қандай да бір заманмен) шектелмейді.
### Пайғамбарларға иман келтіру. Ахмадияттың пайғамбарлығына және «Хатаман набийин» («Пайғамбарлық мөрге») сену
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, имандылықтың төртінші шарты, Құдай тарапынан келген барлық пайғамбарларға иман келтірумен байланысты. Әлем заңсыздықтар мен ахлақсыздыққа (яғни, адамгершіліктен жұрдай болған жағдайға) белшеден батқанда, немесе әлемнің біршама бөлігінде осындай сипаттар көрініс тапқанда, немесе қандай да бір шариғаттың ізбасарлары бүлінген кезде, нәтижесінде дінге зақым келіп, дін Құдайдың көмегіме мұқтаж болғанда, Алла Тағала дінді қалпына келтіру үшін пайғамбарын жібереді. Ахмади-мұсылмандары Құран Кәрімде, Тәуратта, Забурде, Інжілде аталған пайғамбарлардан бөлек, Зардұшты, Кришнаны, Будданы және Конфуциді де Құдайдың пайғамбарлары болған деп сенеді. Ахмадияттың сенімі бойынша, Пайғамбар (Нәби), Елші (Расул) және Өкілші (Мурсәл) делінген ислами терминдердің мағыналары бірдей. Дегенмен, Ахмадияттың ұстанымы бойынша, пайғамбарлардың екі үлкен түрі бар. Бірінші түріне жаңа шариғат әкелген пайғамбарлар жатады, мысалға: Тәурат шариғатын әкелген Мұса пайғамбар (ғ.с.) және Құран шариғатын әкелген Мұхаммед пайғамбар ﷺ. Ал екінші түріне ешқандай шариғат әкелмеген пайғамбарлар жатады, мысалға: Ілияс (ғ.с.), Жеремей (ғ.с.), Жақия (ғ.с.), Иса (ғ.с.), Мырза Ғұләм Ахмед (ғ.с.). Осы, екінші түрдегі пайғамбарлар өздерінен бұрынырақ түскен шариғатты орындау үшін келген «орындаушы пайғамбарлар» болып есептеледі, олар сол шариғаттың шеңберінен шықпаған және оған өзгертулер еңгізбеген. Сондай-ақ, бұндай пайғамбарларды - «үммәти нәби», яғни «үмбеттің ішінен шыққан пайғамбарлар» деп те атайды.
### Қиямет күніне иман келтіру
Иманның бесінші шарты Қиямет күніне қатысты. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Бір Құдайға иман келтіргеннен кейін, Құран Кәрімде сөз етілген Қиямет күніне иман келтіру өте маңызды қағидат. Ахмадилердің сенімінде, күллі әлем Қиямет күнінде соңына жетеді. Исламның басқа ағымдары мен дін мектептері де осындай ұстанымда. Өлгендер тіріледі. Олар өздерінің амалдары үшін есеп береді. Жақсылық істеген адамдар жұмаққа кіреді, ал жазаға тартылатындар тозаққа тасталады. Ахмадилердің түсінігі бойынша, тозақ уақытша мекен, онда адамдар мәңгілік тұрақтамайды. Ибн Таймийа, Ибн Араби секілді ғұламалар да осындай түсінікте болған. Тозақ - жанды емдейтін «аурухана» іспетті мекен, ондағы жандар күнәларынан тазаратын болады. Ахмадилердің сенімі бойынша, бұндай түсінік Құран Кәрім мен хадистерге негізделген.
### Тағдырға илану
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құдай Тағала ғаламдағы барлық істерді соңына шейін бақылауда ұстайды. Бұл Құдайдың жазған тағдыры болып есептеледі. Осы тағдырдың шеңберінде адамға ерік беріледі, сол арқылы ол өз жолын таңдайды. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, адамдар Қиямет күні өз ниеттері мен іс-әрекеттері негізінде сұраққа тартылады.
## Исламның бес тірегі
Исламның негізгі бес тірегі (Аркан әл-Ислам; Аркан әд-Дин) барлық ахмади-мұсылмандары үшін парыз саналады. Олар келесідей:
* Шаһада («Алладан басқа ешқандай құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне иман келтіру»),
* Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз (жүзді Қыблаға қаратып),
* Зекет салығын төлеу (қайырымдылық жолында),
* Рамазан айында ораза тұту,
* Меккеге қажылық жасау, тым болмағанда өмірінде бір рет.
Исламның бес тірегін орындауда ахмади-мұсылмандары сүннеттік ұстанымға қайшы келмейді. Дегенмен, Пәкістанда ахмади-мұсылмандары заңмен қудаланады. Оларға намазға азан шақыруға, мұсылман куәлігін (шаһаданы) айтуға, Құран кәрімді дауыстап оқуға, өздерінің ғибадатханаларын мешіт деп атауға және ислам терминологияларын өздеріне қатысты қолдануға тыйым салынған. Олар басқа да мұсылман елдерінде түрлі қудалаушылықтарға ұшырап жатыр. Ол жерлерде ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға рұқсат етілмейді. Мұндай тыйымдар ислам шариғатында парыз етілген міндеттемелерді орындауда біршама қыйындықтар жасайды. Демократиясы жоғары елдерде тұратын ахмади-мұсылмандары қажылыққа кедергісіз баралғанымен, Сауд Арабияның шектеу заңы оларға да қатысты салынған.
## Ахмадилердің сенім өзгешеліктері
Ахмади-мұсымандары ұстанатын исламның бес тірегі мен иманның алты шарты қалған сүнниттік мұсылмандардікіндей болғанына қарамастан, ахмадилердің сенімдерінде кейбір өзгешеліктер бар:
### Иса пайғамбардың екінші рет келуі
Бұған қатысты ахмадилердің сенімдері басқа мұсылмандардың сенімдерінен өзгешерек. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Иса айқышқа (крестке) керілді, бірақ ол онда өлмеді, тек есінен таңды және айқышта бар жоғы төрт сағат болды. Сосын, мазар үшін қолданылатын үңгірге қойылған соң, бірер күнде есіне келген. Мырза Ғұләм Ахмедтің пайымы бойынша, Иса көп ғұмыр жасап, қартайған шағында Кашмирде қайтыс болған. Ол Исраилдің жоғалған руларын іздеп табу үшін Кашмирге көшіп барған. Ол Кашмирде Юз Асаф есімімен белгілі болған. Оның қабірі әлі күнге дейін Сринагар қаласының Ханияр көшесінде, Розабал кесенесінде сақталған. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, христиандық және исламдық пайғамбарлықтарда айтылған «Исаның екінші рет келуін» сөзбе-сөз түрде емес, астарлы (салыстырмалы) мағынада түсіну керекті. Олардың ойынша, Исаның екінші рет келуі Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің тұлғасында жүзеге асқан. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди бір адамның қос (символды) лақап аттары , және оның ілімі мен дұғалары арқылы, христиан діні дәурендеген заманда, ислам дәжжәлды тасталқан ететін болады. Осылайша, дәжжәлдың билігі ақырындап сөне бастайды, бұл исламның бейбіт замандағы түбегейлі жеңісін сүйіншілейді.
### Хатаман набийин (Пайғамбарлардың мөрі)
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран кәрім - Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы шариғаты. Олардың сенімі бойынша, Құдай Тағала өткен замандарда Өзінің сүйікті құлдарымен сөйлегеніндей, кәзір де сөйлеседі. Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Олардың сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар ﷺ ең кәміл және ең соңғы шариғатты әкелген, сол арқылы иләһи пайғамбарлық пен адамзаттың рухани дамуы өз шыңына жеткенді. Үмбеттің ішінен шығатын жаңа пайғамбарлардың келуі әбден мүмкін, бірақ олар толығымен Мұхаммед пайғамбарға ﷺ бағынышты болмақ; және оның ілімін еш өзгерте алмайды, немесе жаңа шариғат, жаңа дін әкелмейді. Үмбеттің ішінен шығатын пайғамбарлар, дербес пайғамбар ретінде емес, Мұхаммед ﷺ руханиятының "айнадағы көрінісі" іспетті қарастырылады.
### Жиһад
Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, жиһадты үш түрге бөлуге болады:
* «Жиһад әл-Әкбар» («Ұлы жиһад») – бұл адамның өз нәпсісінің - ашу, нәпсіқұмарлық, өшпенділік және т.с.с. анайы құштарлықтарымен күресуі.
* «Жиһад әл-Кәбир» («Үлкен жиһад») – бұл исламды бейбіт түрде насихаттау, әсіресе «қалам» арқылы исламның хақ ілімдерін әлемге паш ету.
* «Жиһад әл-Әсғир» («Кіші жиһад») - шектен асқан діни қудалаушылықтар кезінде және адамның негізгі діни сенімдерін ұстану құқығына қатаң тыйым салынған кезде, шапқыншылықтардан қорғаныс мақсатында жүргізілетін соғыс іс-қимылдары.
Ахмади-мұсылмандары пайымдайды, исламдағы алдын-ала айтылған көріпкелдіктерге сай, Мырза Ғұләм Ахмед, соғыс түрінде жүргізілетін жиһадқа тыйым салған, өйткені бұл дәуірде мұндай жиһад тиімсіз құралға айналған. Қазіргі заманда, Ислам - дін ретінде, соғыс түріндегі шапқыншылықтарға ұшырап жатқан жоқ. Қазіргі заманда, Ислам түрлі әдебиеттер мен бұқаралы ақпарат құралдары арқылы шапқыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан, жауап та соған сай болуы керек. Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, өшпенділікті махаббатпен жою қажет. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Хазірет Мырза Таһир Ахмед терроризм жайында былай деп жазады:
"Ислам - терроризнің барлық түрлеріне қарсы және олардан үзілді-кесілді бас тартады. Бір адам, немесе қандайда бір топ, немесе қандайда бір үкімет тарапынан жасалған кез-келген зорлық-зомбылықтарды Ислам ешқалай ақтамайды".
### Дін және ғылым
Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Құдай Тағаланың сөзі мен ісінің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, сол себепті дін мен ғылым бір-бірімен үйлесімді. Осы жайында Ахмадия мұсылман жамағатының 2-ші Халифі Хазірет Мырза Башируддин Махмұд Ахмед былай деген:
"Ислам діні, Құдайдың Сөзі мен Ісінің арасында алшақтық жоқ, деп үйретуі арқылы, дін мен ғылым арасындағы талас сөзден құтқарады. Табиғат заңын теріске шығармауды, оған қарсы шығатын сөзге ермей, керісінше, сол заңдылықтарды ізерлеп тексеріп, терең ойланып, олардан пайда көзін іздеп табу керектігін үйретеді. Құдайдың Сөзін Құдайдың Өзі жібереді, сондықтан Оның Сөзі мен Ісінің арасында карама-қайшылықтың болуы мүмкін емес, деп үйретеді Ислам. Алланың Сөзін түсіну үшін, Оның Ісін көру керек, ал Оның Ісін түсіну үшін Оның Сөзіне назар аудару керек".
Ахмадилердің пікірі бойынша, ғылым – Құдайдың ісі, ал дін – Құдайдың сөзін тану және олар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, осы тұрғыда ахмади-мұсылмандары Хазірет Адамды (ғ.с.) жер бетіндегі бірінші адам емес, тек қана бірінші пайғамбар ретінде қабылдайды, яғни жер бетінде Хазірет Адамнан (ғ.с.) бұрын да адамдар өмір сүрген. Сондай-ақ, ахмадилер, Құдай тағаланың жетелеуімен болған биологиялық эволюция теориясына сенеді.
Нобел сыйлығының ең алғаш мұсылман иегері доктор Әбдус Салам, Ахмадия жамағатының мүшесі болған. Ол Нобел сыйлығын Ядерлы физика саласындағы жетістіктігі үшін алған. Оның мәлімдемесі бойынша, Құран Кәрімнің 750 аяты табиғат заңдылықтарын зерттеуге және адамзат білімін, адам ақылын қоғам игілігі үшін жұмсауға үгіттейді.
### Ахмади-мұсылмандарының басқа да сенім өзгешеліктері
* Ахмади-мұсылмандарының сенімдеріне сай, Құран аяттары бір-бірінің күшін жоймайды ("нәсих" пен "мансух" аяттарға қатысты мәселе). Құранның барлық аяттарының заңды күштері бірдей, бұндай түсінік Құранның көркемділігі мен даусыз дәлелділігін айшықтайды. Бір-бірімен үйлесімсіз болып көрінген аяттардың шешімі Ахмадиялық фиқһ арқылы анықталады (мысалға: қандай да бір жағдайға қатысты түсірілген Құран аятын сондай жағдайлардың шеңберінде қарастыру керекті).
* Дін тарихы циклденіп келеді және әр жеті мыңжылдықтарда жаңарып отырады. Қазіргі цикл, Адам (ғ.с.) заманынан бері жеті дәуірге немесе аптаның жеті тәулігіне параллелденген дәуірлерге бөлінеді. Әр тәулік күндізгі және түнгі мезгілдерден тұратыны сияқты, әр дәуірдің жарыққа (нұрға) бөленген кезеңі мен түнек басқан (қараңғылық, надандылық жайлаған) кезеңі болады. Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх ретінде алтыншы дәуірде келген, яки, адамзаттың соңғы дәуірі – жетінші дәуірдің алдындағы жаршысы болғанды, өйткені Алланың қарамағындағы бір күн, адамдардың санағы бойынша мың жылға тең. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесіне сай, аптаның алтыншы күні (жамағатпен намаз оқылатын) «жұма» күніне қалдырылған. Бұл, күллі адамзат баласы бәріне ортақ Ислам дінінің астында жиналатын дәуірге арналған күн.
## Тарихы
Ахмадияттың тарихы, Мырза Ғұләм Ахмед 1889 жылдың 23-ші наурызында, Үндістанның Лудхиян шаһарында, өзінің алғашқы ізбасарларынан адалдық антын қабылдаған күннен формалды түрде басталады. Дегенмен, Ахмадият қозғалысының тарихы бұдан ертерек, Мырза Ғұләм Ахмед, өзінің келешек тағдыры жайында уахи-аяндар ала бастаған кезден санаса да болады. 19-шы ғасырдың аяғында Қадиан қалашығында, Мырза Ғұләм Ахмед өзін Ислам Мүджаддиді (реформаторы) екендігін жариялады, бұл метафоралы мағынада, бір тұлғаның бойында Исаның екінші рет келуін және имам Мәһдидің анықталуын білдірді. Бұндай тұлғаны мұсылмандар көптен бері күткен, дегенмен мұсылмандардың көбі уәделенген Иса мен имам Мәһдиді екі бөлек адам ретінде қарастырады. Мырза Ғұләм Ахмедтің алғашқы ізбасарлары, негізінен, Үндістанның біріккен Пенжаб және Синд провинцияларында пайда болды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының мәлімдемесі бойынша, оның келуі жайында Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммед ﷺ пайғамбарлық еткен. Ахмадия мұсылман жамағаты Исламның ішіндегі қозғалыс ретінде, сондай-ақ христиан миссионерлері мен индуистік Ария Самаж сектасының Исламға жасаған шабуылына қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар 19-шы ғасырда сол өлкеде кең тараған.
### Бірінші Хилафаттың кезеңі
Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, Хәкім Нұруддин уәделенген Мәсіхтің Бірінші халифі болып бірауыздан сайланып, Ахмадия Мұсылман Жамағатына жетекшілік ететін болды. Оның хилафат кезеңі алты жылға созылды. Оның жетекшілігімен Құран кәрім ағылшын тіліне аударылды. Англияда Ахмадияттың ең алғашқы уағыз жүргізу миссиясы ашылды, сондай-ақ Ахмадия Мұсылман Жамағатының түрлі газет, журналдары басыла бастады. Жамағаттың қаржы қажеттіліктері өсе бастағандықтан, оның халифат кезеңінде жамағаттың ресми қазынасы ашылды.
### Екінші Хилафаттың кезеңі
Бірінші халиф қайтыс болғаннан кейін, оның өсиетіне сай Мырза Башируддин Махмұд Ахмед екінші халиф ретінде сайланды. Алайда, Мәуләнә Мұхаммед Әли мен Хаджи Кәмәлуддин бастаған топ оның орынбасарлығына қарсы шығып, оны кезекті халиф ретінде мойындаудан бас тартты. Сөйтіп олар Лахор қаласында жаңа Ахмадия қозғалысын құрды. Мұндағы араздыққа Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлығын және Халифат жүйесін түсінудегі доктриналдық өзгешеліктері себеп болған. Тағы бір себеп, жаңа сайланған халифтің жоғары академиялық білімі болмаған және оның жасы cол кезде жиырма бесте еді, сондықтан оған қарсы шыққандардың араздығы, идеялық қақтығыстан бөлек, оған күдікпен қарап, оны менсінбеушіліктен тууы әбден мүмкін еді. Бұл себеп те өз жасауын жасағанды. Дегенмен, Лахорлық қозғалыс көп жетістікке жете алмады. Ахмадия жамағатының басым көпшілігі Халифке адал болып қалды. Ахмадия жамағатының тарихнамасына бұл кез «жікке бөлінушілік» деген атаумен жазылған.Халифті сайлаушы органның мүшелері Мырза Башируддин Махмұд Ахмедті жас кезінде Халиф етіп сайлады. Оның халифаты 52 жылға созылды. Ол жамағаттың ұйымдық структурасын орнатты және Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерде кеңінен уағыз жүргізу іс-шараларын дамытты. Халиф болып сайланғаннан кейін екі аптадан соң, исламды тарату мәселесін талқылау үшін, Үндістанның түпкір-түпкірінен делегаттар шақырылды. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед шетелдерде бөлімшелер ашу үшін және ахмади-мұсылмандарына ахлақи тәлім-тәрбие беру үшін «Тахрик-и-Жәдид» («жаңа жүйе») және «Уакф-и-Жәдид» («жаңа адалдық») деп аталатын екі жүйе еңгізді. Бастапқыда, бұл жүйелер ахмади-мұсылмандарын қанаушыларға қарсы шара ретінде қарастырылды. Ол жамағат мүшелеріне дін жолында өз уақыттарын, мал-мүліктерін жұмсауға үндеді. Уақыт өте келе осы жүйелердің арқасында, жалпы ислам дінін қорғау мақсатында және ахмади-мұсылмандарының сенімдерін түсіндіру мақсатында біршама әдебиеттер басып шығарылды. Сондай-ақ бұл қаражаттар Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерге жіберілетін уағызшыларды дайындауға және ол жақтарда уағыз жүргізу ісін бір жүйеге келтіруге жұмсалды. Екінші Хилафат кезеңінде Ахмадияттың уағыз жүргізу миссиясы 46 елде ашылды. Көптеген шетелдерде мешіттер тұрғызылды. Құран кәрім әлемнің бірнеше негізгі тілдеріне аударылып баспадан шығарыла бастады. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед рухани, діни тақырыптарға арнап біршама еңбектер жазған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімге жасаған он томдық тәпсірі.
### Үшінші Хилафаттың кезеңі
1965-ші жылы қараша айының 8-інде Мырза Нәсір Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының Үшінші халифы болып сайланды. Оның Хилафат кезеңінде уағыз жүргізу ісі кеңінен жүзеге асты, әсіресе Африка құрлығында. Ол кісі, Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясы Ахмадия жамағатын «мұсылман-емес» деп жариялаған кезде, жамағатты шашыратып алмай, бір жетекшілікпен бағыттай білген халиф ретінде қарастыралады. Оның Хилафат кезеңінде «Нусрат Жаһан жоспары» атты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұл қозғалыс - жамағат мүшелері Африка құрлығында қызмет етуіне арналған. Осы қозғалыстың арқасында Африканың кедей өлкелерінде жүздеген медициналық клинакалар мен мектептер тұрғызылып, іске қосылған. Мырза Нәсір Ахмед 1970-ші жылы Батыс Африканы аралап шықты, бұл Ахмадия халифінің құрлыққа жасаған алғашқы сапары болып есептеледі. Испанияға жасаған сапарында, ол "Башарат" мешітінің іргетасын қалады, бұл мешіт қазіргі Испанияның ең бірінші мешіті болып есептеледі. Ол ахмадилердің келесі танымал ұранының авторы:
"Мейірімділік баршаға, өшпенділік ешкімге" (басқаша айтқанда: "Барша жанға махаббат, ешбір жанға қиянат")
Мырза Нәсір Ахмед екінші халифтің атынан «Фәзле Умар» атты қор ашқан. Оның Халифат кезеңінде Ахмадия жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмедтің айтқан сөздері мен диалогтары, сонымен қатар оның көріпкелдік түстері мен уахи-аяндары толық топтама болып жинақталды.
### Төртінші Хилафаттың кезеңі
Үшінші Халиф қайтыс болған соң, келесі күні, яғни 1982-ші жылдың 10-шы маусымында Мырза Таһир Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі болып сайланды. 1984-ші жылы Пәкістан үкіметі №ХХ қаулысын қабылдағандықтан, Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан Англияға көшіп кетті. Бұл қаулы халифке өз міндетін толыққанды орындауға рұқсат бермеді және Хилафат институтына қауып төндірді. Халиф қоныс аударғандықтан, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басқарма орталығы да Пәкістаннан Англияға ауыстырылды. Жамағаттың басқарма орталығы Лондонда, «Фәзл» мешітінің қасында орналасқан. «Фәзл» мешіті Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт. Қоныс аудару кезеңі ахмади-мұсылмандары үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып есептеледі. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Мырза Таһир Ахмедтің кезінде ең бірінші мұсылмандық спутникті арна іске қосылды. Мырза Таһир Ахмед ахмади-мұсылмандарының балаларын жамағатқа қызмет қылуға арнау үшін «Уакф-и-нау» бағдарламасын ашты. Оның Хилафат кезеңінде, қуғын-сүргін құрбандарына жәрдем беру үшін және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында - «Мәриям шәди», «Сәйидинә Биләл» және «Хьюманити фёрст» («Ең бастысы адамгершілік») секілді түрлі қайырымдылық, қоғамдық қорлар ашылған.Мырза Таһир Ахмед үнемі түрлі дін өкілдерімен, түрлі мамандармен және түрлі мәдениет-дәстүрлердің өкілдерімен сұрақ-жауап дәрістерін өткізіп отырды. Сондай-ақ ол көптеген кітаптар жазып шығарды. Олардың ішіндегі ең көрнекілері, қазіргі заманның қоғам мәселелеріне ислам тәлімінің жауаптарын қамтиды, мысалы үшін мына кітаптар:
* «Алла үшін өлтіру?» (Мұндайға исламда жол берілген бе, берілмеген бе? - ауд.ред.),
* «Абсолютті әділдік принципі»,
* «Мейірбандылық пен бауырластық»,
* «Ислам қазіргі заманның сұрақтарына жауап беруде»,
* «Парсы шығанағындағы дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп»,
* «Уахи, ақыл, білім және ақиқат».
### Бесінші Хилафаттың кезеңі
Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін, Ахмадияттың тарихында алғаш рет сайлау Лондон қаласында өтті, сайлау нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі болып Мырза Масрур Ахмед сайланды. Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы. Исламның ізгі хабарын насихаттау және адамзат игілігі үшін жағдай жасау мақсатымен Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, түрлі мемлекет басшыларымен кездеседі, әлемдік дағдарыстарды шешу үшін бейбіт конференциялар ұйымдастырады. Ұзаққа созылып бара жатқан қақтығыстарды доғарту мақсатында Мырза Масрур Ахмед әлемнің алпауыт елдерінің басшыларына хат жолдаған, олардың ішінде: АҚШ, Ресей, Канада, Сауд Арабия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Иран, Израиль елдерінің басшылары, сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла мен Рим папасы бар. Әлемнің 200-ден астам елінде тұрып жатқан миллиондаған ахмади-мұсылмандарының рухани басшысы ретінде Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, әлем халықтарын Ислам дінінің принциптерімен таныстыруда.
## Демографиясы
2013 жыл бойынша Ахмадия жамағаты әлемнің 207 елінде құрылған, жамағаттың басым көпшілігі Оңтүстік Азияда, Батыс Африкада, Шығыс Африкада және Индонезияда шоғырланған. Ахмади-мұсылмандар жамағаты әлемнің барлық елдерінде өмір сүруде. Дегенмен, кейбір елдерде ахмади-мұсылманы болу заңмен қудаланады. Осындай факторлардың кесірі ахмади-мұсылмандарының нақты жалпы санын шығаруды қыйындатады. Сондықтан, жамағат «оншақты миллион» деген санды береді, алайда көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша жамағат саны бүкіләлем бойынша 10-20 миллион, бұл барша мұсылман үмбетінің 1% құрайды. Бүкіләлемдік христиан энциклопедиясының мәліметі бойынша, Ахмадия жамағаты Исламдағы қарқынды түрде өсіп келе жатқан бірлестік. Ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігі Пәкістанда тұрады, шамамен 4 миллионнан астам.
## Ахмадия Хилафатының ұйымдық құрылымы
Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ахмадия Хилафаты - пайғамбарлық жолдағы халифаттың қайта жандануы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, бұл хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің пайда болуымен қайта тұрғызылған. Ахмади-мұсылмандары Мырза Ғұләм Ахмедті үмбетке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди ретінде қабылдайды. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, осы мәселеге қатысты Құран аяттарын (мысалға, "Ан-Нұр" сүресінің 55-ші аяты) мен көптеген хадистерге сай, Халифат тек Құдайдың тікелей араласуымен ғана қайта орнатылуы мүмкін; және де, Құдайдың бұл игілігі шынайы иман келтіріп, ізгі амалдар істеген және Құдай бірлігін ұстанған адамдарға тарту етіледі. Сондықтан, жалғыз ғана адами бастамамен Хилафатты орнатуға талпынған кез-келген әрекеттердің соңы құрдымға алып барады, әсіресе халықтың ахлақтық жағдайы пайғамбарлықтың өсиетіне қайшы келетін болса (яғни, егер олар ізгіліктен принципиалды түрде жұрдай болса). Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, Құдай уахилар мен аян-түстер арқылы мүміндердің жүректеріне, ойларына кімді халиф етіп таңдау керектігін ұялатады. Бұл жерде ешқандай үгіт-насихат пен кез-келген спекуляцияға жол берілмейді. Осылайша, халиф жәй ғана сайлау арқылы емес, ең алдымен Құдайдың қалауымен таңдалады. Ахмадияттың сенім қағидатына сай, халифке міндетті түрде мемлекеттің басшысы болу шарт емес, бұл жерде хилафаттың діни және рухани мән-мағынасы басты назарда ұсталады. Халиф - деген ең бірінші кезекте, Мұхаммед пайғамбар үмбетінің жоғары рухани және ахлақтық деңгейін жоғары ұстатуға, сондай-ақ Ислам тәлімін нығайтып, таратуға бағытталған рухани лауазым болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандары өздерінің халифін «Әмирул мүминин» («Мүміндердің әміршісі») ретінде қабылдайды. Қазіргі уақытта бұл лауазым Бесінші Халиф Мырза Масрур Ахмедке тиесілі.
### Жоғарғы кеңес мәжілісі
«Мәжлис аш-шура» немесе жоғарғы кеңес мәжілісі, Ахмадия жамағатында Хилафаттан кейінгі ең жоғарғы құрылым. Жоғарғы кеңес мәжілісі жылына бір рет жиналады. Бұл кеңес халықаралық деңгейде халифтің төрағалығымен өтеді. Оның басты мақсаты, қаржы, түрлі жобалар, білім беру, жамағатқа байланысты тағы басқа сұрақтар жайында халифке кеңес беру болып табылады. Халиф мәжіліс барысында талқыланған ұсыныстарға қатысты өз пікірін білідіріп, нұсқауын беріп, шешімін шығара алады немесе сұрақтың шешімін жетілдіру үшін оны кейінге қалдыра алады. Дегенмен, көп жағдайларда халиф мәжілістің көпшілігі берген кеңес-ұсынысты қабылдайды. Ұлттық деңгейде кеңес мәжілісі Әмірдің (яки, Ұлттық президенттің) төрағалығымен өтеді. Тек соттық іс - шешім шығару мақсатында мінездемесімен халифке жөнелтіледі. Халиф оған қатысты дұрыс деп тапқан шешімін шығарады.
### Орталығы
Ахмадия Мұсылман Жамағаты Халиф тұратын жерден басқарылады. Сондықтан, 1984 жылы төртінші халиф Пәкістаннан көшіп кетуге мәжбүр болған кезде, Ахмадия жамағатының ресми ортылығы (Англияның) Лондон қаласына, Әл-Фазл мешітіне көшірілген болатын. 2019 жылы бесінші халиф орталықты, 1985 жылы жамағат өз қаражатына сатып алған жерге, Исламабадқа (Тилфорд, Англия) көшірді. Ахмади-мұсылмандары үшін, Исламның қасиетті Мекке мен Медине қалалары қасиетті қалалар болып саналғанымен, Қадиан қаласы олардың рухани орталығы болып есептеледі. Олар, келешекте Ахмадия Хилафаты Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианға қайтып оралады - деп үміт етеді. Дегенмен, Үндістан екіге бөлінген соң, Пәкістанда 1948 жылы 20 қыркүйекте құрылған ахмадилердің Рабва қаласы, сол уақыттан бері дүниежүзі бойынша жамағаттың көптеген іс-шараларын басқарады. Атап айтқанда, бұл қалада Ахмадия жамағатының екі негізгі органы орналасқан: «Орталық Ахмадилік кеңес» және «Жаңа жоба» кеңесі. Сонымен қатар бұл қалада «Жаңа адалдық» кеңесі де орналасқан. Барлық орталық органдар халифтің нұсқамасына сай жұмыс істейді. «Садр Әнжуман Ахмадия» (яғни, «Орталық Ахмадилік кеңес») 1906 жылы Мырза Ғұләм Ахмедтің бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні бұл орган Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдерінде Ахмадия жамағатының жұмысын ұйымдастыру ісіне жауапты орган болып саналады. Ал, Ахмадия жамағатының Екінші халифімен құрылған «Әнжуман Тахрики Жәдид» (яғни, «Жаңа жоба» кеңесі) Үнді субқұрлығынан тысқары жерлердегі Ахмадия жамағаттарының жұмысына жауапты. Әр кеңес басқарма органдарға бөлінеді, мысалы: қаржы депортаменті, баспа депортаменті, білім беру депортаменті, сыртқы істер депортаменті, шетелдік өкілдер министрлігі және т.б. Жоғарғы кеңестің соңғы шешімі бойынша, жамағат бүкіл әлемде 15 000-нан астам мешіт, 500-ден астам мектеп, 30-дан астам ауруханалар тұрғызған, және де Құран Кәрімді әлемнің 70-тен астам тіліне аударып баспадан шығарған. «Әнжуман Уәкф-и-Жәдид» те (яғни, «Жаңа адалдық» кеңесі) Екінші халифтің бастамасымен құрылған, бұл орган әлем бойынша ауылды мекендердегі жамағаттарға діни ұстаздар даярлап, жұмыстарын үйлестіру ісіне жауапты.
### Білім беру ордалары
«Джәмийя Ахмадия» («Ахмадия университеті»), кейде «Ахмадиялық теология және тілдер университеті» деп аударылады. Бұл халықаралық исламдық семинария және білім беру ордасы. Оның дүниежүзі бойынша Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында бірнеше кампустары бар. Ол 1906 жылы «Тәлимүл-Ислам» медресесі (кейінірек «Тәлимүл-Ислам» колледжі) ретінде құрылған. Бұл Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі білім ордасы - ислам ғылымының орталығы және уағызшыларды дайындау мекемесі ретінде Мырза Ғұләм Ахмедпен құрылған. Оның түлектері Халифпен жамағаттың миссионерлері болып (оларды әдетте мурабби, имам, немесе мәуләнә деп атайды), немесе фиқһ (исламдық заң) мәселесін қарастыратын мүфтилер, фақиһтер етіп тағайындалуы мүмкін. Университеттің кей түлектері ислам тарихшылары болып қызмет атқарады. 2008-ші жыл бойынша университеттің 1300-ден астам түлегі жер жүзінде миссионер болып қызмет етуде.
### Қосымша ұйымдар
Ахмадия Мұсылман Жамағатының қосымша бес ұйымы бар. Әр ұйым өз мүшелеріне рухани және ахлақи тәлім-тәрбие беру ісіне жауапты. • «Ләджнә Худаммүл» - барлық қосымша ұйымдардың ең ірісі болып табылады, ол жамағаттың 15 жастан үлкен әйел (қыз) мүшелерінен тұрады.• «Мәжлис Худаммүл Ахмадия» - жамағаттың 15-тен 40 жас аралығындағы ер мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Ансарулла» - жамағаттың жасы 40-тан асқан ерлерінен тұрады. • «Насиратүл Ахмадия» - жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы қыз мүшелерінен тұрады. • «Әтфалүл Ахмадия» жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы ер балалардан тұрады.
### Бөлімшелері
Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағаты дүниежүзіндегі елдердегі ұлттық жамағаттардан тұрады, олардың өз елдеріндегі ұлттық кеңселері бар. Әрбір ұлттық жамағат аймақтық жамағаттарға бөлінеді, ал аймақтық жамағаттар жергілікті жамағаттарға бөлінеді. Көптеген жағдайларда әрбір жергілікті жамағаттардың өз орталықтары, мешіттері және миссионерлік үйлері бар. Әмір (немесе ұлттық президент) жамағаттың орталық органдарының бақылауында және ұлттық басқарма комитетіне бағынышты болады. Ұлттық басқарма комитеті (немесе ұлттық атқарушы орган): бас хатшы, қаржы хатшысы, уағыз жүргізу бойынша хатшысы, тәлім-тәрбие беру хатшысы, білім беру хатшысы және т.б. ұлттық хатшылардан тұрады. Бұл жүйе аймақтық және жергілікті жерлерде өздерінің ұлттық президентімен және атқарушы органдарымен басқарылады.
## Атаулы күндері
Ахмади-мұсылмандары «Ид әл-Фитр» («Ораза айт») және «Ид әл-Адха» («Құрбан айт») секілді исламның негізгі мейрамдарын барлық мұсылмандарға ортақ дәстүрмен атап өтеді. Ахмади-мұсылмандары бұл мейрамдардан бөлек, басқа да бірнеше науқандарды атап өтеді, бірақта олар діни мейрам ретінде қарастырылмайды. Олардың ішіндегі ең негізгі діни науқан «Жалса Салана» («Жылсайынғы жиындар») болып есептеледі. Оның бастамасын Мырза Ғұләм Ахмед орнатқан, бұл жиын жамағаттың жылсайынғы формалды жиналысы болып есептеледі. Жалса Салананың мақсаты жамағат мүшелерінің бірілігін, ынтымағын, достығын нығайтып, діни білімдерін көбейту үшін ұйымдастырылады. Жамағаттың атап өтетін басқа да науқандарына мыналар жатады: «Мәуліт» (Мұхаммед пайғамбардың туған күні), «Ахмадия Жамағатының құрылған күні», «Уәделенген Реформатордың күні» және «Хилафат күні».
## Репрессияға ұшыраулары
Ахмадия жамағатының ресми сайтының мәлімдемесі бойынша, бүкіл әлемде ахмади-мұсылмандарының саны 20 миллион шақты адам. Ахмади-мұсылмандары дінді уағыздау және Құран кәрімді түрлі халықтардың тілдеріне аудару ісінде белсенді түрде жұмыс атқарады. Әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар Ислам дінімен ахмади-мұсылмандары арқылы танысқан. Бұған қарамастан, қазіргі көптеген ислам елдерінде ахмадилер «мұсылман емес» деп жарияланған. Олар сол жақтарда жүйелі түрде түрлі қудалаушылықтар мен қысым-қанаушылықтарға ұшырауда.
### Бангладеш
Бангладеште фундаменталистік ислам топтары үкіметке талап қойған, Ахмадия жамағатының мүшелері ресми түрде «кәпірлер» ретінде жариялансын деп. Нәтижесінде, радикалды молдалардың үгітімен жаппай ереуілдер, зорлық-зомбылық шаралары ұйымдастырылуы арқылы, Ахмадия жамағаты қудалаушылқтарға ұшырай бастады. «Амнести интернейшнел» ұйымының мәліметі бойынша, Ахмадияттың ізбасарлары нақақтан тұтқындалып, ал кейбірі қастықпен өлтірілуде. 2003-ші жылдың соңында молда Мәуләнә Мұхаммед Хуссейн Мұмтаз бастаған бірнеше ірі ереуілдер Ахмадият мешіттерін тартып алуға бағытталды. 2004-ші жылы Ахмадияттың барлық басылымдарына шектеу қойылған.
### Үндістан
Үндістанда ахмади-мұсылмандары көптеп тұрады. Олардың көбі Үндістанның Керала, Рәжәстан, Одиша, Хәриян, Бихәр, Дели, Уттар-Прадеш штаттарында, сондай-ақ Пенжабтың Қадиан аумағына қоныстанған. Үндістанның заңы ахмадилерге мұсылман ретінде қарайды. 1970 жылдың 8 желтоқсанында Кераланың Жоғарғы соты, 206-шы қарал бойынша қабылдаған тарихи шешімі, ахмадилердің мұсылмандық статусын өзгертусіз қалдырған. Соттың шешімі бойынша, ахмадилер мұсылман болып табылады және олар басқа мұсылман секталары тарапынан «діннен шыққандар» деп жарияланбайды, өйткені ахмадилер де исламның негізгі екі қағидасын ұстанады – яки, «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ, және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі».Бұл дегеніміз, Үндістанда ахмади-мұсылмандарының діни нанымына ешқандай құқықтық шектеулер жоқ және олар өздерін мұсылман деп атап, өз дінін еркін ұстай алады деген сөз. Бірақта, Үндістанда «Ихуан әл-муслимин» («Мұсылман бауырлары») сектасының тарпынан ахмадилерге қарсы кейбір дискриминациялар жасалуда. Атап айтқанда, Үндістанның Ислам университеті мен «Дарул Улюм Деобанд» діни мектебі, ахмадилерді «мұсылман емес» деп жариялаған. Үндістанның басқа да ислам секталарының лидерлері Ислам Кеңесінің отырыстарына ахмади-мұсылмандарының қатысуна қарсылық білдіруде. Ислам Кеңесі – бұл исламдық діни лидерлердің тәуелсіз органы, оны Үндістан үкіметі елдегі мұсылмандардың өкілі ретінде қабылдайды. 2012 жылдың ақпан айында Андра-Прадеште уәкуфті кеңес бірнеше теңдесіз қарал қабылдап, Ахмадия жамағатына жататындардың неке рәсімін орындамасын деп, қазиге (ислам сотына) өтініш түсіргенді.
### Индонезия
Индонезия тәуелсіздік декларациясын қабылдамастан бұрын, Ахмадия жамағаты бұл елде баяғыдан бар болатын. Дегенмен, ахмади-мұсылмандары Индонезияда діни құқықтары кемсітілген бірлестік саналады. Бұл тенденция 2000-шы жылдары елде исламдық фундаментализмнің белен алуымен күрт ұлғайған. 2008 жылы Индонезиядағы көптеген мұсылмандар Ахмадия қозғалысына қарсылық білдірген. Индонезиядағы Ахмадия жамағатына қарсы қудалаушылықты заңдастыру үшін елдің дін консерваторлары ірі ереуілдер ұйымдастыру арқылы үкіметке қысым көрсетпек болды. Индонезиядағы қоғамдық пікір Ахмадия жамағатына қатысты екіге бөлінді:
* Индонезиядағы мұсылмандардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, «Мұхаммед - Құдайдың соңғы пайғамбары» - делінген исламның негізгі принципін Ахмадият мойындамайды, сондықтан Ахмадия жамағатына тыйым салыну керек дейді. Сонымен қатар, ахмадилер ислам белгілерін өздеріне қатысты қолданбаулары керек. Молдалардың пікірі бойынша, ахмадилер Индонезияда дін бостандығына қатысты өз құқықтарын қорғау үшін, өз діндерінің белгілерін қолданулары керек.
* Дегенмен, ахмади-мұсылмандары мен басқа да шағын діни бірлестіктердің, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, ахмади-мұсылмандарының дін бостандығы қамтамасыз етілуі қажет, және де конституцияда қабылданған дін бостандығына сай, ахмадилер ислам белгілерін қабылдай ма, қабылдамай ма, оны өздері біледі.
2008 жылдың маусым айында, Ахмадия Мұсылман Жамағаты мүшелерінің уағыз жүргізу құқығын шектейтін заң қабылданды. Сол кезде жамағаттың қарсыластары ахмадилердің екі мешітін өртеп жіберді. Құқық қорғаушы ұйымдар дін бостандығына шектеу қойылғанына қарсылық білдірді. 2011 жылдың 6 ақпанында, Бантен провинциясының Пандегланд елді-мекенінде, Ахмадия жамағатының кейбір мүшелері радикалды топтармен қасақана өлтірілген. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде дін бостандығын шектеген оқиғалар көбейіп кетті, әсіресе қоқан-лоқылық көрсету, жамағатпен намаз оқуға тыйым салу, мешіттерді өртеу секілді оқиғалар. Демократия мен бейбітшілік институтының мәліметі бойынша, 2008, 2009 және 2010 жылдар аралығында әлгіндей оқиғалар 17, 18 және 64 рет қайталаныпты. Бұл деректек барлық дін өкілдерін қудалаушылық әрекеттерді қамтиды. Дегенмен, өздерін таза мұсылмандар санайтын фундаменталистердің тарапынан қудалаушылыққа ұшыраған христиандардан гөрі, ахмадилердің көрген азабтары анағұрлым зұлматты. Индонезияда 2011 жылы Ахмадия жамағатына тыйым салуға шақырған үгіт-насихаттар көбейіп кетті. 2011 жылдың 6 ақпанында ашуға булыққан мың шақты фундаменталистік мұсылмандар, Ахмадия жамағатының шаруашылық үйін қоршап алып, полицияның көзінше үш адамды өлгенше соққының астына алған. Соққының астына алынған жәйттер интернетке салынып, сосын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген.
### Пәкістан
Пәкістанда шамамен 4 миллионнан астам ахмади-мұсылмандары тұрып жатыр, бұл ел ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігінің отаны болып табылады. Пәкістан, ахмадилерді ресми түрде «мұсылман емес» деп таныған жалғыз ел, өйткені ондағы ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірі бойынша, ахмадилер - «Мұхаммед пайғамбарды соңғы пайғамбар» деп санамайды. 1974 жылы Пәкістан парламенті ахмадилерді «мұсылман емес» - деп жариялайтын заң қабылдады. Бұл заңның қабылдануына Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясында бас қосқан исламның 72 ағым лидерлерінің ортақ шешімі негіз болған. Пәкістанның конституциясына еңгізілген өзгертуі бойынша, Мұхаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенген адамды ғана – «мұсылман» -деп тануға болады. 1984 жылы, сол кездегі Пәкістанның әскері басшысы генерал Зия-үл-Хақ №ХХ бұйрықты шығарды. Бұл бұйрық ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға және оларға мұсылмандық рәсімдерді орындауға тыйым салды. Бұл деген, енді ахмадилер ислам қағидаттарын ашық түрде орындау құқықтарынан айрылды дегенді білдірді. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына Ахмадилік мешіттерден басқа жерлерде ғибадат етулеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға азан шақырыруға, жұрттың көзінше мұсылманша амандасуға, жұрттың көзінше Құран оқуға, қоғамдық жерлерде уағыз айтуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар оларға өздерінің діни әдебиеттерін басып шығаруға, оны таратуға рұқсат етілмейді. Бұндай әрекеттері үшін ахмадилер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасынан тартылатын болды. Пәкістанның барлық азаматтары төлқұжатын немесе жеке куәлігін алған кезде Мырза Ғұләм Ахмедті "өтірікші" және "жалғаншы пайғамбар" ретінде жариялайтын қағазға қолдарын қойып куәліктерін берулері керек болды. Бұндай куәлікті бермеген ахмадилердің құжаттарына олардың «мұсылман еместігі» жазылады. Бұндай төлқұжатпен Пәкістанның ахмади-мұсылмандарына қажылық парызын өтеуге рұқсат берілмейді. Нобел сыйлығының иегері физик-теоретик доктор Әбдус Салам тірісінде ахмади-мұсылманы болғандықтан, оның қабір құлпытасындағы «мұсылман» сөзі өшіріліп тасталған. Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына қатысты қабылданған заңдардың нәтижесінде, халықтың ішінде оларға деген жеккөрініш сезімдерін ұялату және оларды қуғындау шаралары елдің жер-жерінде күрт көбейіп кетті. Ахмадилер түрлі діни топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналды. Пәкістанда Исламның түрлі секталарына қарасты барлық діни мектептер мен медреселердегі басты оқулар, ахмадия сенімдеріне қарсы бағытталған материалдардан басталатын болды. 2005 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, Пәкістанның жеке меншік мектептерінде оқитын оқушылар, елдегі діни толерантылықтың ахуалына қатысты мәселеге өз пікірлерін білдірген болатын. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ахмади-мұсылмандары Пәкістанның тіпті бетке ұстар мектептерінің өзінде де, тең мүмкіншіліктер мен азаматтық құқықтың қорғалуында, жүйелі түрде кемсітушіліктерге ұшырайтын болып шықты. Сауалнама барысында, тіпті осы бетке ұстар мектептердің ұстаздары, ахмадилерге қатысты толеранттылықта, оқушылардан да төмен нәтиже көрсеткен. Ахмадилер пәкістандық Пенжаб провинциясының кейбір мектептері мен университеттерінде жәбір көріп, ұстаздары тарапынан қудалаушылықтарға ұшырауда. Көптеген білім ордаларының директорлары, ұстаздары және өшпенді студенттерінің тарапынан ахмади студенттеріне қоғамдық байкот жариялау, жәбір, қоқан-лоқы көрсету фактілері орыналған.2010 жылдың 28 мамырында ахмади-мұсылмандарына зорлық-зомбылық көрсетудің бүгінгі күндегі ең зұлматты көрінісі орыналды. Экстремисті діни топтың (бәлки, «Тахрика Талибан Пенжаб» тобының) бірнеше мүшесі Лахордағы ахмадилердің екі мешітіне басакөктеп кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Олардың үшеуі сосын өздерін жарып жіберген. Содырлардың шабуылынан 86 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды. Шабуыл жасалған кезде, Ахмадия жамағатының мүшелері мешітке жұма намазына жиналған болатын. Осы террористік актіден кейін, Пәкістанның шағын қауымдарының ісін қарайтын министр Шахзаб Бхатти, көңіл білдіру үшін ахмади-мұсылмандарының жамағатына бас сұққан.
### Палестина
Ахмади-мұсылмандары Палестина жерлеріндеде тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2010-шы жылдары тек қана ахмади болғаны үшін, заңды жұбайлардың некелерін заңсыз деп жариялап, некелерін күштеп бұздырту фактілері анықталған.
### Сауд Арабиясы
Ахмади-мұсылмандары Сауд Арабияда тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда. 2007 жылдың 24 қаңтарында «Хью́ман райтс вотч» құқық қорғау ұйымы Сауд Арабияның патшасы Әбдуллаға ашық хат табыстаған, хатта Сауд Арабиядағы ахмади-мұсылмандарына қатысты діни қудалаушылықтарды тоқтатуды сұраған. Сауд Арабияның діни заңы бойынша, ахмади-мұсылмандарына Меккеге кіріп қажылық рәсімін орындауға тыйым салынған.
## Сілтемелер
* Ахмадия Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақша, қырғызша, орысша, түрікше, арабша, ағылшынша
* "Бір Имам, бір Жамағат". Ахмадия Мұсылман Жамағаты – әлемдік қауымдастықтың көрнекі қайраткерлерінің көзімен
## Дереккөздер |
Самай доғасы - құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлар бас сүйегінің самай тұсындағы сүйектері. Жануарлар эволюциясында құрлыққа шыққан омырқалылардың бас сүйегі құрылысы алғашқы кезде бір тұтас, тек көз ұясы, танау тесігі ғана болған. Бұдан кейін омырқалылар эволюциясында олардың әр түрлі тобында бас сүйектің самай тұсындағы жабын сүйектері құрылысында ойықтар, тесіктер пайда болған.
## Самай доғасына ие жануарлар
Кесірткелерде төменгі самай доғасы құстарда жоғарғы самай доғасы сүйектері, ал жыландарда екі самай доғасы да жойылып кеткен.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.