text
stringlengths
3
252k
Ақтаев Нұрғазы Мәкейұлы-Шығыс Қазақстан Облысына қарасты Шар қалашығында дүниеге 1923 жылдың 23 маусымында келген. Ата-анасы қарапайым шаруалар.отбасы жағдайы орташа болған. 10 сыныпты бітіре сала өз еркімен армияға аттанған.1941 жылы Алматыдағы әскери училещеде оқуын бастады. 1942 жылдан бастап 1945 жыл арасында ҰОС қатысқан.Отан қорғауды Сталинград шайқасында бастаған. Бұл кезде Нұрғазы Мәкейұлы 1120 полктің 333-фронтының взвод командирі болды.Кейін "Катюша" батареясының командирі қыметін атқарған. Сталинград шайқасы бітісімен неміс оккупанттарына Белорусия, Украина, Польша, Чехославакия елдерінде абыроймен қарсы тұрған. ҰОС аяқталысымен 1953 жылға дейін Семей областық комитетінің үйретушісі қыметінде болды. 3 орден,22 медальдің иегері, Жары. 4 баласының, 9 немеренің мақтан тұтары. Харьков қаласының құрметті азаматы. ## Дереккөздер Семей қаласының тарихи өлкетану мұражайының тапсырысымен басылып шыққан "Солдаты победы"("Жеңіс жауынгерлері") кітабы,2005 жыл.
Владислав Фёдорович Баландин (29 қыркүйекте 1928 — 1997) —кеңес мен киноның актері.Ресейдің еңбегі сінген әртісі. ## Биография Владислав Баландин 29 қыркүйекте 1928 жылы туған.1956 жылы Александра Роудың «Драгоценный подарок» фильміне дебютке шықты. Владислав Баландин 1997 жылы қайтыс болды. Ол Ваганьковск зиратында жерленген. ## Атақтары Ресей Федерациясының еңбегі сінген әртісі(1976). ## Сілтемелер http://bozaboza.narod.ru/balandin.htm http://www.imdb.com/name/nm0049348/
Абдрахманов Рахметулла Хәкімұлы — 1911 жылы Семей қаласында дүниеге келген.Ұлы Отан Соғысына,Курск шайқасына қатысқан. 247 минометті полктың 5-минометті бригадасының құрамында 1942 жылдың 29 желтоқсанынан бастап 1943 жылдың шілде айына дейін телефонист болып шайқасқа түскен.1943 жылдың 7-маусымында он қолы күрделі жараланып, Вычуга қаласында орналасқан №3080 эвакогоспиталінде 5 ай жатып емделген,алайда,мүгедек болып қалды.Рахметулла Хәкімұлына Ұлы Отан Соғысының 1-дәрежелі мүгедегі атанды.КСРО–ны қорғағаны үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған (№ 3599961).Сондай-ақ, ҰОС аяқталуына орай жыл сайын берілетін мерейтойлық медальдардың иегері.Көлік апатынан жаба шегіп, бас сүйегі мен миына зақым келіп 1978 жылдың 22 маусымында өмірден өтті. ## Сыртқы сілтемелер http://testent.ru/index/kazakhstan_1941_1945_zhyldardagy_ly_otan_sogysy_deurinde/0-622 ## Дереккөздер Семей қаласының тарихи өлкетану мұражайының тапсырысымен басылып шыққан "Солдаты победы"("Жеңіс жауынгерлері") кітабы,2005 жыл.
Ахмеров Сайфутдин Гайнутдинұлы – 1909 жылы Семей қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген.Затонға қарасты медресені бітірген.1926 жылы "Қызыл " артелінде жұмыс істеуін бастайды.Ал 1930-32 жылдары Приморск аймағындағы Қыыл армияда борышын өтеді.1941 жылдың басында политжұмысшы курсынан өтіп,кәсіби оқуын оқуға Алматы қаласына жөнелтіледі.1942 жылы оқуы аяқталған соң "Қызыл армияға" шақырту алады.Өлкелік шайқастарға қатысып, №415 іскери бөлімде болған.1942 жылдың 7 желтоқсанында Сталинград түбінде жау оғынан өмірден өтеді. Сталинград облысына қарасты Суворитино қаласынының мағындағы Ағайынды қабірде жерленген. ## Дереккөздер Семей қаласының тарихи өлкетану мұражайының тапсырысымен басылып шыққан "Солдаты победы"("Жеңіс жауынгерлері") кітабы,2005 жыл.
Вале́рий Никола́евич Рыжако́в (туғ. 1945) —кеңес және ресей мен киноның актері.Ресейдің еңбегі сінген әртісі(1984).Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1980). ## Биография * 1967 жылы Валерий Рыжаков ВГИКті (В.Белокуров шебері) бітірді.1968 жылдан 1970 жылға дейін Кеңес әскердің орталық театрының актері болды.1970 жылдан 1992 жылға дейін Горьков атындағы киностудияның актері. * 1990 жылдардың басында Валерий актер маманың қалдырып кәсіпкер болып кетті және баспа әсәмен сәтті айналасты.Бәрақ кейін дінге кеттіп қалды.Қазіргі уақытта Мәскеудегі Троица Живоначальная ғибадатханада жұмыс істейді. ## Қадірлері мен марапаттары КСРО мемлекеттік сыйлық(1980) Ресей Федерациясының еңбегі сінген әртіс(1984). ## Сілтемелер http://www.imdb.com/title/tt0753507/ http://www.ruskino.ru/art/1165 Мұрағатталған 13 желтоқсанның 2016 жылы.
Зинаида Анатольевна Шейнеман (9 наурызда 1920, Ресей федерациясы) —кеңес фильмдердің құрастырушысы. ## Биография Зинаида Анатольевеа Шейнеман 9 наурызда 1920 жылы туған. Зинаида «Ленфильм» киностудияның құрастырушысы. ## Сілтемелер http://russiancinema.ru/names/name16326/(қолжетпейтін сілтеме) http://www.imdb.com/name/nm0790918/
Ни́на Па́вловна Гребешко́ва (род. 29 қарашада 1930, Мәскеу) —кеңес және ресей киноактриса.Ресейдің еңбегі сінген әртісі(2001). ## Биография 1954 жылы Нина Гребешкова мемлекеттік кинематография институтың бітірді(В.Белокуров пен В.Ванин шебері).Нина қыз,оқушы пионерші рөлдерден бастаған.ОЛ Иван Пырьевта «Испытание верности» бейнесінде түскен. 40 жасында режиссёр Леонид Гайдайға күйеуге шыққан. Ода Оксана қызы мен Ольг немересі бар. Нина екінші планда ойнаған рөлдерімен әйгілі болып кетті.Ол өзінің күйеуінің Леонид Гайдайдың 11 фильмінде түскен.
Анато́лий Влади́мирович Чемоду́ров (1919—1986) —кеңес театр мен киноның актері,кинорежиссер. ## Биография А. В. Чемодуров 21 шілдеде 1919 жылы Ново-Ивановка аулында (қазіргі Курская облысы) туған. А. В. Чемодуров 28 желтоқсанда 1986 жылы қайтыс болған.
Николай Михайлович Бармин (22 наурызда 1922, аул. Ленино (қазіргі Ленинск-Кузнецкий Кемеровской облысы— 12 қантарда 1997, Мәскеу) —кеңес және ресей театр мен киноның актері.Ресей Федерациясының еңбегі сінген әртісі(1993). ## Биография Николай қызметкерлер отбасында туған.Николай 1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Ол Украин фронтында және Оңтүстік-Батыс жақтарында қатысқан. 1947 жылы киноға студенттік кезінде дебютке шықты.1948 жылы-Орталық траснпорт театрының(қазіргі Н.В.Гоголь атындағы Мәскеу драма театры).1955 жылдан 1990 жылға дейін киноактер театр-студиясында ойнаған. Николай 1997 жылы 12 қантарда қайтыс болды.Ол Мәскеу қаласында Хованск зиратында жерленген. ## Сілтемелер http://www.imdb.com/name/nm0055323/?ref_=fn_al_nm_1 http://kuvaldinur.narod.ru/kuvaldin-ru/barmin.html
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген. ## Өмірбаяны Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Керей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали Жалайри бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Жалайри Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали Жалайри бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадырғали Жалайридің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар. ## Қадырғали сол Қараша мырза ма? Тарихшылар Қадырғали Жалайыридың "Жамиғ-ат-Тауарихын" ғана төңіректеп жүр. Ал, орыс жылнамаларында Қараша мырза деп берілген ғалымның ханның ымыраға келгеніне қарамастан Ресей шеңгеліне түскен түркілерді үлкен көтеріліске бастағаны, Ермактың 5 қолбасшысының үшеуін өлтіргені әлі аз зерттелген, өзімізде аз насихатталған. Осыдан жеңілгеннен кейін Қазақ даласына қайта қашып, кейін Оразмұхамедке ілесіп аманатқа барған... "Түрлі дерт пен аштық әскерінің біразын жусатып салған Жармақ аңғалдық пен жеңілтектігінің де зардабын шекті. Мырза әлде кінәз Қараша өз Патшасына ескертпестен Тар Ұлыста, Искерде көп тыңшы ұстады, айналадағы барлық Жұртта оның тілекшісі, жақтасы, достары көп болды; өзін отанды құтқарушы көрсеткісі келді, уақытын күтті, сөйте жүріп түрлі сый-сыяпат, Ноғайлардан қорғау туралы өтініш айтып Ресейліктерді алдаумен болды, Жармаққа да адал дос болуға сөз берді. Содан Жармақ оған Иван Кольцо бастаған қырық сарбазын қонаққа жіберді. Осы бір топ адам отқаруды екі-үш мәрте гүрс еткізіп мыңдаған жабайыны тым-тырақай ете алар еді, тек тағдыры ажалға айдаған Козактар жалған достарына сеніп барып, қынадай қырылды, Жармақтың маңдайалды баһадүрлері, айқаста арыстанша алысқан ерлері Тар Ұлыста құрбандық қойдай қанға бөкті!.. Осыдан кейін бізге олжа салушы Татар, Сібір Естектері Ресейліктерге қарсы шығып, разьезде Атаман Яков Михайловты өлтірді, майдан алаңында Қарашаға қосылып Искер маңын түндей тұтты, Жармақ тар қоршауда қалғанын көрді."(Н.М. Карамзин) ## Жылнамалар жинағы "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған.М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.) Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. ## Күміс сандық құпиясы Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғұлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміс сандық қүпиясы" атты көлемді мақаласында былай дейді: "Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен... Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна"... Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады... ## Жалайыр тайпасынан шыққан Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген... Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек". Соңғы жылдары қазақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген.Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: "... патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И.Н.Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854.) Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: "... бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.) Орыс хан туралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған". Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді", — дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді". Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.). ## Қадырғали Жалайри еңбегінің маңызы "Қадырғали Жалайри еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет)."Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз. Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан. ## Қосымша Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе "Қадырғали Жалайри" аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақ сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабалары Қарахан дәуірінен бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би. Оның әкесі Темшік, баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты. Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Әзім Ораз Мұхамедтің қасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, орыс княздігімен қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығы мен шведтер және Қырым хандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп, тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. Оғыздар мен Қарахан дәуіріне сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандар дәуірін әсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті мен қазақ ұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезінде Шоқан Уәлихановтан бастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік: "...Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді. ...Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би алды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді. ...Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақ өсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды. ...Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды... "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Құмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын... Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған..." Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады:"Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйыршық хан, оның әкесі Орыс хан... Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ораз Мұхамед хан сегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақ уақыт тарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасы Борис Федоровичтың құлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады. ...Жиырма жасында ұлы мәртебелі Ораз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін..." Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы. Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы зерттеу мақаласының соңын автор былайша тұжырымдайды: ...Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады. ...Атаманның сауыты Қайдауыл мырзаға, қафтаны Сейдекке сыйға тартылады, қылышы мен белдігі Қарашаға беріледі . Бұған Караганда, Ермак қолын жою жолындағы соғыста осы аталған үш адамның атқарған қызметі аса зор болғанға ұксайды. Ермак өлгеннен кейін бұлар Сібір хандыгындағы ең беделді, ықпалды кісілердін қатарында қалған. Сібір жылнамалары мен байырғы зерттеу еңбектерде атаман Ермак бас таған қарақшылардың жаулаушылық жорығына қарсы тұрып, оның бар ауыртпалығын тікелей көтерген бірден-бір ірі тұлға Қараша: * Ермактың шапқыншылығына, тонауына алғаш ұшыраған соның ұлысы; * Сібірге үлкен күшпен келген Сейдекті қарсы алып, соның тобына қосылатын осы азамат; * Атаман Ермакқа жансыз жіберіп, оның күшін екіге бөлетін, сөйтіп өз аулына атаман Иван Кольцо бастап келген қырық қарақшыны түгелдей қырып салатын тағы да сол; * Ермак бастаған қарақшылар қолында қалган Сібір астанасын қоршауға алып, бүкіл Сібір қарулы күшін жаулаушыларға қарсы Отан азаттығы үшін соғысқа көтеретін де осы жан; * Ермак бұзақыларынан Сібір астанасын азат ету жолындағы ұрыста жасақтары үлкен шығынға үшырап, екі батыр ұлы ерлікпен қаза табатын бек те осы; * ақырында, Ермактың белдігі мен қылышын беліне тагынатын қаһарман да сол; * Ораз Мұхамед ханзадамен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың тұтқынына түсіп, Мөскеуге жеткізілетін де осы Қараша еді. Сібірдің азаттығы үшін осынша қан мен тер төккен батыр қолбасы, мемлекет қайраткері Қадырғали бек екені туралы қазақ ғалымдары осы күнге дейін екі ұшты пікірде. Біздіңше, татар ғалымы М. А. Усмановтың: "Сібірлік Қараша мен Қадырғали бек бір адам" , - деп тұжырымдауы дәлелді, дәйекті әрі онда үлкен шындық бар. Сібір тарихы туралы алғашқы дерек көздері мен зерттеулерде Ораз Мұхамедпен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың түтқынына түсетін Қараша "Көшім ханның ақылғөй қарашасы" ("Царя Кучумова думной қарача") деп үзілді-кесілді, анық көрсетіледі ". ## Сілтемелер * «Жами ат-тауарих» * Жылнамалар жинағы * Қазақ хандығы ## Сыртқы сілтемелер Жалайыри ## Дереккөздер
Николай Федорович Фатькин - қазақстандық мал дәрігері. Мал дәрігерлік ғылымдар докторы, профессор. 1945 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу зоотехникалық- мал дәрігерлік институтын бітірген. Түрікменстан, Қызылаяқ ауданы, "Сайван" савхозында мал дәрігері, Мәскеу зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, профессоры болдлы.. Николай Федорович Фатькин - 20-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрді. ## Дереккөздер
Леонид Алексеевич Реутов (1942—2002) — кеңес пен ресей киноактер. ## Биография Леонид 1942 жылы 11 сәуірде Мәскеу қаласында туған. 1967 жылы ол ВГИКті актер факультетің бітірді және М.Горький атындағы киностудияның актері болды. Леонид карьерасың кинодағы үлкен рөлдерден бастады.(«Утренние поезда», «Верьте мне, люди!», «Ваш сын и брат»), бірақ кейін эпизодтық рөлдерге көшті. Реутов Лариса Виккел актрисаға үйленген,бірақ сосын ажырасты.Неккеден Олеся қызы қалды. Леонид 31 наурызда 2002 жылы Мәскеу қаласында қайтыс болды. ## Сілтемелер http://www.film.ru/afisha/person.asp?name=%CB%E5%EE%ED%E8%E4+%D0%E5%F3%F2%EE%E2(қолжетпейтін сілтеме)
"Қартқожа" романы — Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. Бас кейіпкердің прототипі — Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев. Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы әлеуметтік тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметттік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл - автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы, "Алаш Орданың" құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі болып кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды. ## Сюжет Шығармадағы басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Роман осы баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолы деп ол бала кезінен діни білім алып, молдалар жасайтын бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Бірақ қанша жерден діни білім алса да оның ешқайсысы не өзін, не әкесін кедейліктен құтқаруға жетпейді. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген кезінде, Қартқожа орысша терең білімі бар тілмаштардың, перуіатшіктердің ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде де көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін школға алмайтынын, жасының өтіп кеткенін көріп күрсінеді. Бар қиындық шешімі орысша оқып, хат тану екенін түсінген Қартқожа Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріп таниды. Оның үстіне кедейлігі қатты қысып, жұт әсерінен малы қырылған әкесі, үйіне байдікінен ұн әкелемін деп қаза тапты. Енді-енді көзі ашыла бастағанда Қартқожаны болыстар солдат болуға жазып қояды. Жасы жетпесе де болыстар Қартқожаны өздерінің балаларының орнына жаза салған. Мұндай зорлыққа шыдамаған Қартқожа секілді кедейлер көтеріліс жасайды. Қартқожа көтерілістегілермен бірге болып, мұндағылардың мінездеріне үңіледі. Дәрмен, Имақан және тағы сол сияқты адамдармен де жүздесіп, олардың да армандары теңдік екенін түсінеді. Алайда, мылтықпен қаруланған орыс әскеріне мына көтеріліс адамдары мүлде төтеп бере алмайды. Қартқожа амалсыздан соғысқа кетеді. Бірақ, солдат өмірі Қартқожаның көзін ашады. Ол Андрей деген жігітпен танысып, одан орысша үйреніп, дамыған заман туралы әңгімелер естиді. Одан әрі Қартқожа оқу жолына түседі. ## Революция әсері Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы жаңа қаһарман етіп жібермейді. Бар тіршілігі теңсіздікте, жоқшылықта өткен қазақ кедейінің баласы өмір талқысына түсіп, біртіндеп көзін ашады, өмірден сабақ ала отырып өседі. Оның бәріне себеп - ХХ ғасыр басында туған әлеуметтік революциялар дәуірі. Егер ол болмаса, Қарқожа да әкесі Жұман тәрізді шағын шағын шаруасын күйттеген момын шаруаның бірі болып қалар еді. Қартқожаның шындықты, әділдікті тануы жолында 1916 жыл оқиғаларының маңызы бар. Әуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. Көтерілісшілермен болған күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болады. Көпі ішінде жүріп, халықтың әр қилы тобын, олардың мінездерін, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған әдлетсіздігін, зорлығын көреді. Соған қарсы қол көтерген Дәрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біледі. "Дүниеде болыстан жауыз жан жоқ... Дәрмен біліп жүр екен. Өлтірер ме еді!" деген ой Қартқожа басына сонда келеді. Көтеріліс басылған соң, өзі солдатқа алынып кете барады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін сорлы әке бар малынан айрылып, жылап қала береді. ## Солдат өмірі Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан - солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген жаңа ортада өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себеп болған Андрейді ол өле-өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан құлауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз білімсіз өмір сүру мүмкін емес екенін ұғынады. Қол қысқалықтың салдарынан кәсіп қуып, Баян, Семей, Омбы арасында оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі, қашқан ақ әскерлерінің қылығы оның әділет, бостандық туралы ойларын толықтырады. Осылардың нәтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді. ## Есейген Қартқожа Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, аңсаған, армандаған Қартқожаның халықты надандыққа қарсы, қара бастың қамын ойлауға қарсы шақыруы - оның жаңа заман рухын қабылдағанының белгісі. Жүсіпбек Қартқожаның өмір талқысынан өтіп, әділдік жағын тауып, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ совет әдебиетіне жаңа қаһарман қосты. Оның істейтін ісі әлі алда еді. Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор кедейлер ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі - жалынды жастардың" қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп дамиды. Бұл - "Қартқожаның" жалпы қазақ романының тарихындағы маңызына қоса тақырыптық, идеялық жаңалығын да көрсетеді. ## Сілтемелер * ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ, "Жүсіпбек Аймауытов шығармалары" кітабынан; Кітап редакторлары: Нәби Жүнісбаев, Мақсұт Неталиев.
Серафима Васильевна Холина (туғ. 29 тамызда 1923, Мәскеу) — кеңес киноактриса. ## Биография Серафима Холина 29 тамызда 1923 жылы Мәскеуде туған.Ұлы Отан соғыс уақытында 1942 жылдың ақпанынан 1944 жылына дейін Владимир Ильич атындағы зауыдта токарь болып жұмыс істеді.1944-1949 жылдары ВГИКте актер факультетінде (Юлий Яковлевич Райзманның шебері) оқыған.Сол жерде ол өзінің бір курстағы баламен Олег Голубицкиймен сырттай жүріс жүрді және оған үйленді.Олар бірге барлық өмір бойы бірге тұрды. ВГИКті бітірген сон Холина "Мосфильм" киностудиясына түсті және киноактер театр-студиясынада түсті.Сол жерде 1983 жылға дейін жұмыс істеді.Кинодағы дебюты 1950 жылы болды.Ең жақсы есте қалған- ол «Бриллиантовой рука» Леонид Гайдайдың фильмінде жүргізуші рөлінде.Ол дубляэжбенде көп айналасты. ## Сілтемелер http://tremasov.ucoz.ru/load/kholina_serafima_vasilevna/1-1-0-351# http://leonid-gaidai.ru/?r=6&m=2&man=178 http://www.kinopoisk.ru/name/1649849/
Сарыөзек — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл (2013 жылға дейін кент болған), аудан және Сарыөзек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының аласа таулы үстіртінде, тауаралық далада орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1930 жылы Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған. Әскери кент ретінде салынған ## Инфрақұрылымы Сарыөзекте нан комбинаты, ауыл шаруашылығы техникалық базасы, химиялық өндіріс орындары, локомотив депосы, ауданы өндірістік комбинаты, элеватор, электр стансасы, асфальт зауыты, жол құрылысы бөлімшесі, тағы басқа да кәсіпорындар бар. Сарыөзек арқылы Түркістан — Сібір темір жолы, Алматы — Өскемен, Алматы — Жаркент автомобиль жолдары өтеді. ## Дереккөздер
Эугения Клеменсовна Шулгайте (лит. Eugenija Šulgaitė; 1 маусымда 1923, Рагува, Паневежс ауданы— 28 шілдеде 2014) — кеңестік және литва киноактриса.Литваның еңбегі сінген әртісі. ## Биография Эугения Шулгайте маусымда 1923 жылы Рагува Литваның Паневежск ауданында туған.1944 жылы Паневежск драма театрының актер студиясың бітірді және сол жерде зейенетке шыққанға дейін 50-ден астам жыл жұмыс істеді(1945-1998).Ол 100-ден астам рөлдер ойнады.Соның ішінде Аркадина, леди Макбет, Гедда Габлер. Эугения кинода көп ойнады.Көбінесе ана рөлдерің ойнады («Никто не хотел умирать», «Счастливый невезучий человек», «Извините, пожалуйста», «Жизнь под клёном»). Эугения Шулгайте 28 шілдеде 2014 жылы қайтыс болды. ## Сілтемелер http://www.kinopoisk.ru/name/265846/ http://www.imdb.com/name/nm0837871/
Сарыөзек (2002 жылға дейін - Вольское) — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Сарыөзек ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 1913 жылы қаланған. 1929 жылы К. Либкнехт атындағы ұжымшар, 1951 жылы Красный пахарь және Победа ұжымшарлары, 1961 жылы Ұжымшар негізінде «Коммунар» кеңшары құрылған. Жерінің жалпы ауданы 43,2 мың га. 40-қа жуық шаруа қожалығы, 5 ЖШС бар (2006). ## Халқы ## Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Сарыөзек, Русская Ивановка, Шоқай) клуб, ОДА, фельдшер-акушерлік пункт, 2 мектеп, кітапхана жұмыс істейді. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын - Шоқай темір жол станциясы батысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан. ## Дереккөздер
Ге́рман Никола́евич Ка́чин (29 қарашада 1937 — 13 шілдеде 1996) — кеңес және ресей театр мен киноның актері.РФның еңбегі сінген әртіс(1993). ## Биография Герман 29 қарашада 1937 жылы Казань қаласында туған. 1955-1956 жылдары Казань драма театрында жұмыс істеген. 1961 жылдан 1993 жылға дейін киноактёр театр-студиясында жұмыс істеді. Өзінің карьерасың естен кетпес кейіпкерлерден бастаған,бірақ уақыт сайын эпизодтық рөлдерге көшті.Өзінің отбасың қамтамас ету үшін дубляжбен айналсуға бастады. 1990 жылдары Герман өзінің карьерасында жалғыз басты рөлді ойнаған— «Живодёр (След медведя)» фильмінде Степан рөлі. Герман 13 шілдеде 1996 жылы қайтыс болған. Ол Арский зиратында Казаньде жерленген. ## Сілтемелер http://www.animator.ru/db/?p=show_person&pid=4122&sp=0
До́дина Таи́сия Влади́мировна (2 мамырда 1939 — 16 қантарда 1998) —ресей кеңес театр мен киноның актрисасы. ## Биография Таисия Додина 2 мамырда 1939 жылы туған.Ол 1960 жылы МХАТ мектеп-студиясың бітірді.Ол Владимир Высоцкиймен бір курста оқыған студент. Кіші Броннаядағы актриса (1960—1962 жылдары) және 1962 жылдан бастап Таганкадағы Мәскеу драма театрының актрисасы. Таисия Виктор Семёнович Семёнов актердің әйелі. Таисия 16 қантарда 1998 жылы қайтыс болды.Ол Митинск зиратында Мәскеуде жерленген.
Ахмедьяр Дәуленұлы Хұсайынов(08.05.1924 жылы туған, Орал облысы,Орда ауданы-1986) - Кеңес Одағының Батыры(1943). 1947 жылдан КПСС мүшесі. Ол Ордадағы М.Горький атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін,1942 жылы шілдеде Қызыл Әскер қатарына алынды. 1943 жылдың қазанына дейін 4- Украина майданына қарасты 116- Қорғаныс полкінің құрамында соғысқа қатысты. Мелиотополь қаласын азат ету үшін болған ұрыста бір өзі жаудың 40 шақты солдатын жойды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Хұсайынов Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірді (1949). 1949-72 жылдары халық ағарту саласында қызмет істеді. 1972 жылдан халық депутаттарының Фурманов ауданы Кеңесі аткомы председателінің орынбасары. ## Сыйлықтары Ленин орденімен,медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 62 бет
Хаттак Хушхальхан(1613,Акора-1689,Акора) - ауған жазушысы. Хаттак тайпасының көсемі. 1667-72 жылдары ауған тайпаларының моғолдарға қарсы қарулы көтерілісін басқарды. Хушхальхан өнернамасында Ұлы Моғолдардың үстемдігіне қарсы ауғандықтардың азаттық күресі тақырыбы маңызды орын алады. Ол тәуелсіз ауған мемлекетін құруға, халық бірлігін сақтауға шақырды. Жауынгер ақын үстем тап өкілдерінің сатқындығын, екі жүзділігін әшкереледі. Оның поэзиясының патриоттық әуені ауған әдебиетіне игі ықпал етті. ## Шығармалары Оның әр түрлі жанрда жазған шығармалары 300- ден асады. "Куллиата" атты поэзиялық жинағына 40 мыңнан астам екі жолдық бәйіт өлеңдері топтастырылған. "Білім туралы дастан", "Қыран туралы дастан" т.б. поэзиялық шығармалары бар. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 62 бет
Биназар — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Биназар ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 67 км жерде. Шу өзенінің оң жағалық аңғарында, қамыс, құрақ, аралас бұйырған, еркек шөп, т.б. шөлдің сораңды шөптері өскен сортаң келген шалғынды сұр топырақты жазық ландшафтың қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы 1982 - 1997 жылдар аралығында "Хантау" қаракөл қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келеді. Оның негізінде 1997 жылдан Биназарда ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. ## Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. әлеуметтік мекемелер бар. ## Дереккөздер
Ғайса Батыргерейұлы Хұсайынов (10 сәуір 1928, Өтеген ауылы, Башқұртстан) - башқұрт кеңес ғалымы, сыншысы. 1958 жылдан КОКП мүшесі. ## Өмірбаяны Филология ғылымының докторы (1970), профессор (1974). Шаруа отбасында туған. Башқұрт педагогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін (1951) бітірген. 1951 - 54 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы дүние жүзі әдебиеті институтының аспирантурасында оқыған. 1954 жылдан КСРО ҒА-сының Башқұрт филиалының Тарих, тіл және әдебиет институтында әдебиет секторының меңгерушісі. Оның әдеби сын - мақалалары 1949 жылдан жариялана бастады. ## Еңбектері Алғашқы кітабы ("Башқұрт совет поэзиясының кейбір мәселелері") 1957 жылы жарық көрді. "Сәйфі Құдаш творчествосы" (1959), "Халық ақыны Нәшид Ниғмәти" (1960), "Дәут Юлтый" (1963), "Халық ақыны Мұстай Кәрім" (1965), "Башқұрт совет поэзиясының өсу жолдары" (1968), "Саяхат дәптері" (1976) атты кітаптары басылып шықты. 10 - сыныпқа арналған башқұрт әдебиеті оқулығының авторы. ## Дереккөздер
Бектұрғанов көшесі - Тараздың тарихи түрде қалыптасқан ескі орталығындағы көше. Үлкен Қоқан бекінісінің солтүстік-батыс бұрышынан басталып, солтүстік-шығыста жартылай шеңбер жасайды. ХХ ғасырдың басында толық қалыптасып "Басты шолақ көше" деп аталынды. Қазіргі кезде оның ұзындығы 350 м. Төле би мен Бурыл көшелерінің арасын жалғайтын қала кварталдары Әулиеата кезеңіндегі бүтін архитектуралық әлпетін сақтап отыр. Құрылысы тұрғын және сауда-саттық бағыттағы жеке бой көтерген бір қабатты үйлер, олар өзара бір сызық бойына тізілген қоршаулермен, қақпалармен жалғасқан. Негізі шикі кірпіштен, төбелері темірмен жабылып, тек алдыңғы кіре беріс қабырғасы ғана күйген кірпіштен өрілген. Кейбір үйлердің алдыңғы беті карниздік ораулармен өрнектеліп, терезелері ағаш қақпақпен жабылған. Көшенің бойында тұрғын үйлерден бөлек дәріханалар, сауда орындары, дүкендер, т.б. орналасқан. Көшеге белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Жамбыл облысын бір жыл басқарған Х.Ш. Бектұрғановтің есімі берілген. ## Дереккөздер
Жәнет молибден кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 120 км жерде. Кен орны 1954 жылы ашылып, 1957-1964 жылдары барланған. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Кен Тоқырау синклинорийі батыс қанатының Ақжол-Ақсораң және Ақбастау жарылыс белдемдерімен қиылысындағы кесіп-жаншылу белдемін алып жатыр. Кен алаңы төменгі тас көмірдің жанартаутекті (трахиандезиттер, дациттер және липарит порфирлердің туфтары) жыныстарынан құралған. Олар герцин циклінің гранитоид денелерімен кесілген. Қалыңдығы 1-2 см, ұзындығы 50 м-ге дейін жететін ұсақ желішелерден тұратын линза, ұя пішіндес кен денелері 300 – 500 м тереңдікте жатыр. ## Минералдары Негізгі кентас минералдары: молибденит, берилл, монацит, флюорит; қоспа минералдар: вольфрамит, шеелит. Жәнет ірі молибден кен орындарының қатарына жатады. ## Дереккөздер
Абдуллаев Даут (1883, бұрынғы Әулиеата уезі, Жалпақтөбе а. - 1937, Тараз қ.) - дүнген халқынан шыққан қоғам қайраткері. Жасынан әр түрлі кәсіппен шұғылданып, қазақ, қырғыз, ұйғыр, орыс және өз ана тіліне жетік болып өседі. 1917 жылы қарашада БПК мүшесі қатарына өтіп, Әулиеата уезі атқару комитеті құрамына кірді. Уезде дүнген полкын құруға белсене атсалысып, М.Масанчи мен Б. Шагабутдиновпен тығыз байланыс орнатады. 1920 ж. дүнгендерден тұратын әскери жасақтың эскадрон комиссары болады. Жетісу казачествосының Бойко басқарған полкін талқандауға қатысты. Жетісу облысының төтенше комиссиясы бастығы Суворовтың қарамағында болып, Қасымхан Чанышевпен бірге Дутовтың көзін жою операциясына қатысады. 1922-1924 ж. Меркі аудандық милиция бастығы, 1924 ж. мамыр айынан Әулиеата уездік милициясының бастығы болды. Ұжымдастыру жылдарында Абдуллаевтың басшылығымен дүнгендердің "Саңлақ", "Жалпақтөбе" деген ұжырымшалары құрылды. Осы екі ұжырымшаларды басқаратын Полатқосшы ауылдық кеңес төрағасы қызметін Абдуллаев атқарады. 1935-1937 ж. Қазақстан сауда халық комиссариатының Әулиеата қаласындағы өкілі болды. 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға жабылды. Онымен бірге жауынгер Жаркенттен Әулиетаға қонаққа келген Чанышев те ұсталған. Абдуллаев ОГПУ үштігінің шешіміне сәйкес ату жазасына кесілді. Жалпақтөбе ауылының бір көшесіне, мектепке Абдуллаев Дауттың есімі берілген.
Қилыбай Үсенұлы Медеубеков ( Шымкент облысы Ленин ауданы Ленинское селосында 15 мамыр 1929 жылы туған - Алматы қаласында 3 мамыр 2015 жылы қайтыс болған) — ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996) және Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1997). Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан. К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан бастап Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс жасады. Медеубековтың академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы — солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.А. Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1980-1991 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақтар Кеңесінің депутаты (1979-1990), Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы қызметтерін атқарған. 500-ден астам ғылыми еңбек жазған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Октябрь революциясы, “Халықтар достығы” және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Кыйлыбай Үсенұлы Медеубеков(1929 жылдың 15 майының р.) -, қоғамдық және саяси қайраткер, профессор, ауыл шаруашылық ғылымның докторы, академик ұлттық академия ғылым Қазақстан республикасы және россиялық академияның ауыл шаруашылық ғылым қазақстандық ғалым. Жоғарғы ақылдың төрағасы КазКСР(1979-90), қазақ КСР(1975-90 жж.) жоғарғы ақылының депутаты, КСР(1989-91 жж.) жалғаулығының халықтың депутатының, Қазақстанның коммунистік партиясының құрылтайының қатарының уәкілімен және уәкілмен XXVI КОКП және КОКП құрылтайының XXVII құрылтайының сайлады1948 жыл 10 классты селе Казыгуртского лениндік ауданның бітірді;1953 жылға өзгелікпен Лениннің және ауыл шаруашылық академияның еңбектің қызыл знамени мәскеулік ордена зоотехникалық факультетін им. К. А. Тимирязевтің бітірді;1957 жыл - бітір- аспирантураны ойдағыдай кандидаттық диссертацияны қорғады;1957 жыл - министрлікпен ауыл шаруашылық КСР жалғаулығының ВАСХНИЛ қазақ филиалының әміріне деген оқтаулы болды;1962 жылдың 17 қазанының болжамды мал шаруашылығымның(КНИИЖ) қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры болды;1978 жыл - докторлық диссертацияны тақырыпқа кроссбредного қой шаруашылығымның "ғылыми негіздері Қазақстанның" оңтүстігінде мал шаруашылығымның бүкілодақтық институтында қорғады;1979 жыл - 1991 жыл - аттың Ленина ауыл шаруашылық ғылымының бүкілодақтық академиясының вице-президент, төраға ВАСХНИЛ күншығыс аймақтарының төралқасы болып сайланды;1972 жыл – мүшесі-тілші сайлайды;1982 жыл - академикпен сайлайды;1980 жыл - 1990 жыл - қазақ КСР жоғарғы депутаты;26 наурыздың 1989 - 26 1991 желтоқсаннан - халықтың депутатының халықтың депутат Съезда;1980 жыл - 1991 жыл - қазақ КСР жоғарғы мәжілісінің төрағасы;1992 жыл - ауыл шаруашылық ғылымның қазақ академиясының академигімен сайлайды;1996 жыл - Қазақстан республикасының ғылымының ұлттық академиясының академигімен сайлайды;1998 жыл - қазақ ұлттық аграрлық университеттің профессоры. Академик Медеубаев К. У. бір мен өзінің оқушысымен кең ғылыми зертте- ша акклиматизацияға және игерушілікке құндардың қойдың ағылшын тұқымының полутонкорунных мясо-шерстных : линкольн жасады, ромни-марш, бордерлейстер, гемпшир, суффольк, оксфорддаун, шевиот, саутдаун, ал да ша мынадай қойдың меншікті репродукторының жаралған. көпжылдық ғылыми зертте- жеке нәтижелері на тақырыпқа кроссбредного қой шаруашылығымның "ғылыми негіздері бас Қазақстанның" оңтүстігінде в оның докторлық диссертациясының негізіне деген жатты, нешіншіні ол ара 1978 жылы ара мал шаруашылығы бүкілодақтық институт қорға-. Мясо-шерстных қойдың жаралғанының әдістемесі полутонкой кроссбредной жүнмен негізбен осы бағыттың үш жаңа тұқымының шығар- үшін: қазақ мясо-шерстной(МШК) үшпен вниутрипородными үлгілермен(1991 жылы апробирована) послужила Ажырат- үшін акжайиской(1996 жылы апробирована) Қазақстанының юго-западном аймағында - батысшыл аймақ үшін, бұл ел үшін тапшы кроссбредной жүннің өндірісінде асқан халық-сарамжал-саран мағына және Жанаркинская үш тұқымы екі үлгімен(2007 жылы апробирована) - орталықтың Қазақстаны үшін болды.Үшін жемісті қызметті ара ғылым, ауыл шаруашылық өндірістің дамуында, К. У. Медеубеков мемлекеттік және қоғамдық қызметін сыйла- еңбектің қызыл знамени екі орденами, қазанның революциясының орден, халықтың достығының орден, медаль "үшін айбынды еңбек в 1941-45 жж." ҰОС жыл., үшін маңғол халықтың республикасының(1976) "еңбектің өзгелігінің", үшін тыңның жерінің"(1974) "игерушілігін, ұмытылмас юбилей медальпен "60-лет жеңісті 1941-1945 жж." ұлы отандық соғысында. соңмен қолыммен әскердің генералының, советтік жалғаулықтың батырының В. Л. Говорова(2005 г.); 100 жас бер күн академиктің А. И. туғыз- Бараева(2008 г.); Қазақ КСР(1970, 1979 жж.) жоғарғы ақылының мәртебелі сауаттарымен; трижды аттың Ленина(1985, 1990, 1992 жж.) ауыл шаруашылық ғылымының бүкілодақтық академиясының мәртебелі сауатымен. Сыйлықтың лауреаты им. академиктің В. А. Бальмонта.ара 1997 жылы президенттің РК Н. А. жарлығымен К. У. Медеубекову Назарбаевы үшін үлкен үлесті в Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына ғылымның және Қазақстан" республикасының техникасының "еңбек сіңірген қайраткерінің атағы берілді. ## Өмір жолы * 1948 жыл - Қазығұрт ауданының Ленинское селосында 10-сыныптық мектепте бітіруі; * 1953 жыл - К.А. Тимирязев атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендарымен марапатталған Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының зоотехникалық факультетін үздік бітірген; * 1957 жыл — аспирантураны бітіріп, Медеубеков кандидаттық диссертациясын табысты қорғады; * 1957 жыл — КСРО ауыл шаруашылық министрлігімен ЛАШҒБАның Қазақ филиалына жіберіледі; * 1962 жылдың 17 қазаны - Қазақ ғылыми зерттеу технологиялық мал шаруашылығы институтының (ҚҒЗТМИ) директоры ретінде тағайындалды; * 1978 жыл — «Оңтүстік Қазақстанның кроссбредтік қой шаруашылығың ғылыми негіздері» темасына Бүкілкеңестік мал шаруашылығы институтында докторлық диссертациясын қорғады; * 1979 — 1991 жылдары — Ленин атындағы бүкілкеңестік ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті, ЛАҒШБАның Шығыс өкілдігінде Қазақстан және Қырғызстан бойынша председателі жұмыстарын атқарды; * 1972 жыл — ЛАҒШБАның тілші-мүшесі ретінде тағайындалды; * 1982 жыл — ЛАҒШБАның академигі ретінде тағайындалды; * 1980 — 1990 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты; * 1989 жылдың 26 наурызы — 1991 жылдың 26 желтоқсан аралығы — Халық депутаттар Кеңесінің Халық депутаты; * 1980 — 1991 жылдары — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің председателі; * 1992 жыл — Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясының академигі ретінде тағайындалды; * 1996 жыл — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде тағайындалды; * 1998 жыл — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры. ## Дереккөздер
Абылай хан ескерткіші - Мойынқұм ауданының орталығындағы алаңда әкімшілік үйінің алдында орналасқан. Авторлары А.Орманов, К.Қоралсбаев. Абылай хан басқарған Шу өңірі қазақстарының Шудың төменгі бөлігінде (Қоқый мекенінде) қырғыздармен болған шайқастағы жеңістің 230 жылдығы құрметіне 1999 ж. орнатылған. Бетоннан құйылған жартылай мүсін қола түске боялып, тұғыры гранит поиталармен қапталған. Байсалды түрдегі Абылай хан қолына аса таяғын ұстап алысқа көз салып отырған кейіп байқатады. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3, 65 м. ## Дереккөз
Абай даңғылы - Тараз қаласындағы ең ірі көшелердің бірі. Қала құрылымының радиалдік-сақиналы жүйесіне сай солтүстіктен оңтүстікке қарай доғаша иілген. Көшеге қазақ залқының ұлы ақыны, рухани көсемі Абай Құнанбайұлы есімі берілгенше бірнеше ұсақ көшелерден тұрған. 1996 жылдан бастап Абай көшесі Абай даңғылы болып өзгертілді. Қазір Абай даңғылы қаланың орталық әрі негізгі көшесі болып саналады. Абай даңғылы бойында әлеуметтік-мәдени, әкімшілік ғимараттар, әсем тұрғын үйлер бой түзеген. Оңтүстік бөлігін темір жол басып өтеді. ## Дереккөздер "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003
Мәлік Сабыр ұлы Фазылов (15 тамыз 1927 ж, Қостанай облысы) - партия совет қызметкері, дипломат, тарих ғылымдар кандидаты. 1949 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қаынастар институтын бітірген. 1951-1956 жылдары Қаз. ССР. СЫртқы істер министрлігінің бірінші секретары, министрлердің көмекшісі болып істеді 1956-1961 жылдары Қазақстан КП ОК лекторы. 1961 жылдан Көкшетау облыстық партия комитетінің секретары, ал 1966 жылдан екінші секретары болды. 1968-1973 жылдары Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1974-1976 жылдары Қаз. ССР. Сыртқы істер министрі. 1976 жылдан КСРО-ның Мали республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. 7,8,9 рет сайланған Қаз ССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
Азамат соғысы және 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш (Мәңгі алау) - Төле би және Сыпатай батыр көшелерінің қиылысындағы алаңда орналасқан.1967 ж. Ұлы Қазан Социалистік Революциясының 50 жылдығы құрметіне орай орнатылған. Архитекторы К.Рахмати. Қаланың бас көшесі Төле би жағынан жақсы көрінеді. Негізгі композициялық акценті - биік қабырға. Оған қайғылы жағдайда төмен еңкейтілген ту мен сәйкессіз қойылған тікбұрышты плита түріндегі екі тас жалғастырыла қосылған. Барша композиция граниттен жасалған аласа табанға орнатылған, ал оның алдындағы баспалдақ алаңында бесбұрышты жұлдыз бен "Мәңгі алау" орналасқан. Ескерткіш бетон мен гранит блоктарынан тұрғызылған. Жалпы биіктігі 11 м. Негізгі қабырғаның жоғарғы жағында шағылысқан "СЛАВА" сөзі жапсырыла жазылса, қабырғаның басқа бетінде "Кеңес Өкіметі үшін, Отан үшін қаза болған жерлестерімізге" деген мәтін ойып жазылған. ## Дереккөздер
Ахмед Сафаұлы Фаизи (лақап аты - Файзуллин) (11 наурыз 1903 жыл, Уфа, - 11 тамыз 1959 жыл,Қазан) - татар совет жазушысы. Етікші отбасында туған. ## Қызмет жолы Орынбордың шығыс институтында оқыды. 1922 ж. мұғалім болды. 1924-1927 ж. Донбасста мәдени ағарту орындарында істеді. Ұлы Отан соғысына қатысты. Алғашқы өлеңі 1918 ж. жарық көрді. Сол жылы "Әсемдік әлемінде" атты тұңғыш комедиясын жазды. Оның "Флейталар" поэмасы жұрт назарын аударды. "Дала мен адам", "Қара тас тіл қатпайды" атты балладалары жарияланды. Ахмед Сафаұлы - лирик, ақын, көптеген өлең жинақтарының авторы. Ол 1938 ж. "Тоқай " атты драма жазып, оның юірінші томын жарыққа шығарды. ## Дереккөздер
Абай даласы — Теректі жотасы (даланың солтүстік-шығысы) мен Қоржынтау жоталары (оңтүстік-батысы) арасында орналасқан Орталық Алтайдағы тау аралық қазаншұңқыры. Алтай Республикасы Көксу ауданының аумағына жатады. Елді мекендер - Амур, Абай, Үстік. ## Топографиялық сипаттамалар Биіктігі шамамен 1100 м, ұзындығы - 25 км, ені 6-9 км құрайды. Қатын алабына қатысты Көксу, Абай, Ақсас өзендерінің – кәрізі. Дала негізінен дала өсімдіктерімен жабылған, солтүстік-батыс және батыс бөліктерін ойпатты батпақ басқан. Даланың көп бөлігі жыртылған. ## Этимологиясы Абай өзенімен аталған. Гидроним алтайдың абаай "аға" (әкенің бауыры/ағасы) ; қайынаға (әйелінің ағасы); алтай фольклорындағы әйелге ізгі көрсеткенде; Абайдың жеке есімі де болуы мүмкін. ## Тағы қараңыз * Қатантау даласы * Оймын даласы ## Дереккөздер
Гомбожан Цыдынжанович Цыдынжанов(03.05.1905 жылы туған,қазіргі Бурят АКСР,Баргузин ауданы)-бурят кеңес актері, режиссер,драматург,КСРО халық артисі(1940). 1939 жылдан КПСС мүшесі. 1934 жылы ГИТИС-тің режиссерлік факультетін бітірді. Ол - буряттың профессионалды сахна өнерінің негізін салушылардың бірі. 1936 жылдан Бурят драма театрының көркемдік жағын басқарды, ал 1948 жылдан Буряттың опера және балет театрының бас режиссері болып та қызмет еті. ## Рөлдері Шарлай (Н.Г.Балдано мен Эдельдің "Эржен" муызкалы комедиясында), Платон Кречет ,Отелло(Корнейчуктың және Шекспирдің осы аттас драмалық шығармаларында).1947 жылы Н.Ф.Погодиннің "ремль куранттары" пьесасы бойынша қойылған спектакльде В.И.Лениннің сахналық тұлғасын жасады. Либретто мен пьесалар ("Мерген","Халық ұлы") жазды. Драмалық спектакльдермен қатар опералар да қойды. Киноға түскен 2-4 сайлау РСФСР Жоғары Кеңесінің және 3-4 сайлау Бурят АКСР Жоғары Кеңесінің депутаты. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1949). Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 88 бет
Чимит-Доржи Цыдендамбаев(23.02.1918 жылы туған, Бурят АКСР-нің қазіргі Заиграев ауданы,Тарбағатай қыстағы,-09.12.1977) - бурят кеңес жазушысы. Шаруа отбасысында туған. 1937 жылдан жаза бастады. ## Еңбектері "Менің Отанымның күндері"(1940),"Жеңіс жолымен"(1943) атты өлеңдер жинақтарын шығарды."Гвардияшы"(1945),"Соном Гармаев"(1954) поэмаларын жариялады.1948 жылы баларға арналған "Банзаровтың сия сауыты" атты повесі басылды."Банзар баласы Доржи"(1953),"Туған даладан алыста"(1957-58) атты романдарында буряттың шығысты зерттеуші ғалымы Доржи Банзаровтың өмірін суреттеді. Оның "Банзар баласы Доржи" романы 1959 жылы қазақ тілінде басылды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 88 бет
Қулықтау – Кетпен жотасының батыс сілеміндегі тау. ## Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаулы ауылының солтүстік-батысында 3 км-дей жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2757 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 25-26 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-12 км. ## Геологиялық құрылымы Тау эффузивтік жыныстардан, туфтан, әктастан түзілген. Беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген. ## Өсімдігі Тау баурайындағы қызғылт қоңыр қара топырағында дала ландшафтысы, таулы-орман топырағында Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды орман, таулы-шалғынды топырағында субальпілік шалғындар өскен. Бұлақтарға бай, мал жайылымына пайдалануға қолайлы. Қулықтаудан Кеген өзенінің салалары бастау алады. ## Дереккөздер
Қу жер асты су кен орны - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орны Қу тауының гранитті массивінде қалыптасқан. Бастал және Егіндібұлақ телімдерінен тұрады. Олар тереңдігі 38 м-ге жететін яшма тәрізді аргилиттер және жарықшақтардағы порфириттерден түзілген. ## Сипаты Жер асты суы арынсыз, тереңдігі 1-8 м. Ұңғымалардың дебиті 2,5-8,9 л/с, суы тұщы, минералдылығы 0,34 г/л, химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты-сульфатты кальцийлі. Сулы қабаттың орташа қалыңдығы 35 м. Тереңдгі 22-37 м болтын 9 ұңғыманы сутірек ретінде пайдалануға болады. Егіндібұлақ теліміндегі пайдалануға болтын жер асты сулары А категориясы бойынша тәулігіне 1,5 мың/м3 су шығады. Кен орны Егіндібұлақ телімінде 1969 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
27 келілі Британ артиллериясы жорық зеңбірегінің салмағы ауыр, калибрі – 127мм. 1903-1905 жылдары артиллерия үшін жаңа мүмкіндікке қол жеткізу мақсатында жасап шығарылды. Ол мүмкіндіктер 120 мм-лік жылдам ататын зеңбірекке көшу кезінде жүзеге асты. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде негізгі соғыс майданында қолданылды. Соғыс аяқталған соң Ұлыбритания мен Британ одағы елдерінің қарулы күштерінің қатарында қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен Оңтүстік африкалық одақтың артиллериялық құрамы осы зеңбіректі пайдаланды. Тек 1942 жылы 114 мм-лік орта көлемді зеңбірек жасалып, 27 келілік зеңбіректің орнын басты. * 27 келілік зеңбірек - ауыр жорық зеңбірегі болғандықтан, оны бірнеше атпен немесе көлікпен тасымалдайтын. * Оның бөлек оқталатын тұмсығы қорап тәрізді. Соның арқасында сол жақта жататын атқыш нысандарды тігінен де, көлденең де көздей алады. * Оның салмағы 4,4 тонна. ## Дереккөздер ҚАРУ-ЖАРАҚТАР. - Алматы: "Аруна" баспасы. - 208 бет. Сер.: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-590-7
Құйылыс жер асты су кен орны - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Қараша ойысының солтүстік және орталық бөлігін қамтыған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны сеноман мен альбтің бірінші және екінші сулы кешенінде шоғырланған. Литологиялық тұрғыдан барлық тау жыныстары біртекті және олардың негізгі саздақты келген құмды - сазды қабаттан тұрады. ## Сипаты Сеноман қабатындағы ұңғымалардың дебиті 8-17 л/с, альб қабатында 6,9-13 л/с. Жер асты суының минералдылығы 4-5 г/л, температурасы 47°. Бас тоғандағы 48 ұңғыма субмеридиандық бағытта бір қатарда орналасқан. Ұңғымалар арасындағы арақашықтық 1,5-2 км, тереңдігі 300-500 м және 800-1000 м. Шаруашылықты қамтамасыз етуге байланысты арнайы сумен құбыр тартылған. Ауыз суға пайдалану үшін арнайы тазартылған 1:10 пропорция бойынша араластырады. Сутіректегі жер асты суының деңгейі 140-170 м-ге төмендеген. 1975 жылы жер асты суы қайта бағаланған. Қорының жалпы мөлшері тәулігіне 99 мың/м куб болды. ## Құрамы Суы сульфатты-хлоридті натрийлі, минералдылығы1,8-9 г/л, температурасы 25-43°. Қазіргі кезде жер асты су қорының 60-65 %-ы сулы қабаттың шығу белдеміндегі грунт суын құрғатудан жиналса, 30 %-ы жер асты суынының серпінді-статистикалық қорынан қалыптасады. Құйылыс депрессиясында Ұланақ су тірегінің іс-әрекеті кері әсер етуде. ## Дереккөздер
Шұбарқұдық — Ақтөбе облысындағы кент, Темір ауданының және Шұбарқұдық ауылдық округінің орталығы. ## Географиялық орны Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 179 км жерде, Шилі өзенінің жағасында орналасқан. ## Халқы Тұрғыны: * 11 495 адам (2006); * 11 199 адам (2009); * 12 991 адам (2016). * 13 428 адам (2018). ## Транспорты Атырау-Қандыағаш темір жол құрылысына байланысты қаланған. Кентте темір жол көлігі кәсіпорындары бар. ## Тарихы 1931 жылы Шұбарқұдық, Жақсымай мұнай кәсіпшіліктерін игеруге байланысты, Шұбарқұдық қоңыр көмірін өндіруге байланысты пайда болған. ## Ауыл суреттері * * * ## Дереккөздер
Қусақ жер асты су кен орыны, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары жерлерінде орналасқан. Кен орны Қусақ және Ақтайлақ, сондай-ақ Данабұлақ өзендері аңғары бойымен 55-70 км-ге созылып жатыр. неоген сазының құмындағы орта төрттік кезеңінің қазіргі аллювийлі шөгінділерінің сулы қабатында шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстары саздақ және сазды, сондайақ қиыршықтас аралас құмнан тұрады. Жер асты суы арынсыз, 2-6 м тереңдікте жатыр, оның орташа қалыңдығы 8-15 м. Ұңғымалар дебиті 5-26 л/с. Жер асты суының минералд. 1 г/л-ден аспайды. Құрамы жағынан суы гидрокарбонатты, гидокарбонатты-сульфатты калцийлі және сульфатты-натрийлі. Жер асты суы негізінен жауын-шашынның грунт қабатында сүзілуінен толығады. 1990 ж. кен орнында пайдаланылатын қоры қайта бекітілді. ## Дереккөздер
Абдолла Жанзақов (1918, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақырап ауылы — 30 маусым, 1944, Полоцк ауданы, Витебск облысы) — Кеңес Одағының Батыры (22.07.1944). ## Өмірбаяны Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанып, 67-гвардиялық атқыштар дивизиясының 196-гвардиялық полкі құрамында автоматшы болып қызмет етті. 1944 ж. 24 мауысымда Жанзақов қызмет атқарған взвод Батыс Двинадан өтті. Дұшпанның борап тұрғвн артилерия-пулемет оғының астымен барып шағын плацдарымды неміс солдаттарынан тартып алған десантшылар оқтың бетін өздеріне бұрып, негізгі бөлімдердің өзеннен өтуіне жәрдемдесті.Невель қаласы және Глуховка селосы түбінде болған ұрыстар кезінде ержүрек, көзсіз батылдығымен көзге түсті. Полоцк маңында, Батыс Двинадан өту кезіндегі ұрыста асқан ерлікпен қаза болды. ## Марапаттары Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін * Ленин * 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * «Ерліктің өшпес даңқы» атты тақырыптық кеш Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. * Ерлікке тағзым еткен күн Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. * Ақтөбенің батырлары
Құндақтақыр жер асты су кен орны - Ақтөбе қаласынан солтүстікке қарай 40-60 км жерде, Орал сырты үстіртінің иінді ойыс жерінде мезо-кайнозой дәуірінің өзімен аттас мульдасында орналасқан. Сарыбұлақ кен орындары тобына жататын кен орны Ақтөбе қаласын шаруашылық сумен қамтамасыз етуге арнап барланған. ## Геологиялық құрылымы Альб-сеномандық сулы қабаттың тау жыныстары негізінен әр түрлі түйіршікті құмдардан тұрады. Сутіректің төменгі деңгейі қалыңдығы 20-60 м болатын апттың сазынан, ал жоғарғы деңгейі кампанның мергельді сазынан тұрады. ## Сипаты Жабын кешеннің тереңдігі 88-130м, тиімді қлыңдығы 91-122 м, жер асты суының тереңдігі 39 м, ұңғымаларының дебиті 15-32 л/с, минералдылығы 0,1-0,3 г/л. Сутіректің жалпы ұзындығы 8432 м, пайдаланылатын ұңғымалар - 18. Кен орны 1987 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Құлажон жер асты су кен орны - Зайсан көлінің солтүстік-батысында Құлажон өзенінің аңғарымен оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. ## Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы жерінде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Құлажон және тентек атты сутірегі екі топтан тұрады. Кен орны төрттік кезеңінде түзілген аллювийлі, аллювийлі-пролювийлі және аллювийлі-көлді шөгінділерінде жатыр. Төрттік шөгінділерінен түзілген біртекті сулы кешенінен тұратын қабат гидравликалық тұрғысынан бір-бірімен тығыз байланысқан. Су сыйыстырушы шөгінділер түрлі түйіршікті құмнан және кесектасты-малтатасты толықтырушылардан тұрады. ## Сипаты, құрамы Жер асты суы арынсыз, ол 0,8-8,5 м тереңдікте жатыр. Су төсеніші Усть-Уба кешеніне жататын құмды-сазды тұнбалардан және мезозойдың үгілу қабатына жататын Павлодар шоғырының сазынан тұрады. Тентек телімінің сулы кешен қабатының қалыңдығы 37 м, Құлажон қабатынікі 48 м. Құлажонның ұңғыма дебиті 6,2-ден 90,9 л/с, Тентекте 4-35,4 л/с. Сулары тұщы, хлорлы-сульфатты натрийлі-кальцийлі. Минералдылығы 0,2-0,8 г/л. ## Дереккөздер
Құмкөл жер асты су кен орны - Қызылорда қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 180 км, Құмкөл мұнай кен орны маңында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орнының сулы қабаты сенон және жоғарғы альб-сеноман шөгінділерінде шоғырланған. Сеноман шөгінділерінің сулы қабаты кен орнының шығыс және солтүстік-шығысында жер бетіне жақын жатыр. ## Сипаты Су жиналатын тау жыныстары малтатастар, кейде қиыршықтас аралас ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады. Сулы құмның орташа қалыңдығы 60-70 м. Суы арынды, өздігінен ағады. Ұңғымалардың дебиті 21 л/с, минералдылығы 1-ден 1,6-1,75 г/л. Химиялық құрамы бойынша негізінен сульфатты-хлоридті. Жоғарғы альб-сеноман шөгінділеріндегі сулы қабат 310-460 м тереңдікте. ## Дереккөздер
Дардак (өзб. Dardoq, қыр. Дардак) — Өзбекстандағы Андижан облысының әкімшілік орталығы. Халық саны — 26055 адам (2015 жыл). Категория:Өзбекстан
Табеев Қайым-Мұнар, жазушы (1956). 1956 жылы 5 мамырда бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы , Аягөз ауданы «Шолпан» кеңшарында дүниеге келген. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспирантурасын социолог-заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Алматы мемлекеттік басқару институтында, 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы қызмет академиясының мамандықты жетілдіру курсында оқыған. Журналист, жазушы және қоғам қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Жастар Одағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты.Шығармашылық жолын 1981 жылы республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі Ұлан») газетінен бастап, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» , «Егемен Қазақстан» газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. 1994-1996 жылдары Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің кеңесшісі, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің бас маманы, 1998-2012 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты Тіл басқармасының бас маманы , бастығы, Ішкі саясат департаменті БАҚ және ақпараттық саясат бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Әкімі аппараты ұлт саясаты жөніндегі бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қалалық хатшылығының меңгерушісі болған. 2012 жылдың 1 қазанынан "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Баспасөз хатшысы, қалалық филиал Төрағасының орынбасары. Сонымен қатар, қоғамдық негізде Алматы қалалық "Мирас" рухани қоғамдық кеңесі Төрағасының орынбасары.Белгілі публицист-жазушы Қайым-Мұнар Табеев - әйгілі Желтоқсан оқиғасы жайында ең алғашқы болып басылым беттеріне мақала жариялаған қаламгерлердің бірегейі. Ол 1986 жылғы Желтоқсанды оқиға емес, "көтеріліс" деген дұрыс деп баға берген. Қайым-Мұнар Табеев 1986 жылдың ызғарлы Желтоқсанында алаңға шыққан жастар билік үшін емес, тек өз елінде өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алу сынды адами құқыларын талап етіп шықты деп атап көрсетеді. ## Шығармашылықтары «Шырқа керней» («Жалын», 1983), «Ар өлшемі» («Жалын», 1984), «Қатарда жүр қарт солдат» («Қайнар», 1985), «Халық қалаулылары» («Қайнар», 1987), «Байғазы», («Жалын», 1989), «Алматы. Желтоқсан-86» («Шабыт», 1991) жинақтарында деректі әңгімелері жарияланды. «XX ғасырдың обасы» («Қазақстан», 1989), "Желтоқсан жаңғырығы" ("Гауһар" баспасы, 1991 ж.), «Үш күннің дерекнамасы» («Дәуір», «Науан хазірет» баспалары, 1993), «Мұзда жанған алау» («Дәуір», 1993), «Қайсар рухты қазақ» («Атамұра», 1994), «Қазақтың желтоқсаны» (Дайк-Пресс, 2006) атты кітаптары жарық көрді. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған Адам құқын қорғау комиссиясының жауапты хатшысы, 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі және Алматы қалалық атқару хатшылығының меңгерушісі болып сайланған. 1990 жылы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Республикалық баспасөз конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жас зерттеушілерге арналған жүлдесінің иегері және «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық» журналдары, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері ұйымдастырған тарихи тақырыптық конкурстардың жеңімпазы. "Құрмет" орденінің иегері. «Астанаға 10 жыл», "Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл","Желтоқсан Ардагері", "ҚР Ұлттық Ұланының үздігі" медальдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ақпарат және баспасөз, Қоршаған ортаны қорғау минстрліктері мен Алматы қаласы Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер 1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА
Мырза Ғұләм Ахмед (урду: مرزا غلام احمد‎, хинди मिर्ज़ा ग़ुलाम अहमद) 1835 жылдың 13-ші ақпанында туып (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.), 1908 жылдың 26-шы мамырында дүниеден өткен (хижра бойынша 24 рабиул сәни 1326 ж.). Мырза Ғұләм Ахмед Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалаған. Ол, хижра бойынша 14 ғасырдың Мүджаддиді (Исламдағы діни реформатор) екендігіне, сондай-ақ мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди болғанына талап білдірген. Оның ізбасарлары өздерін ахмади-мұсылмандары деп атайды. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің ілімдерін насихаттау үшін көп саяхат жасаған, және Үндістанда аса әйгілі болған. Оның айтуы бойынша, Ислам дінін пәк күйінде насихаттау оның міндетіне жүктелгенді. Оның жігерімен, қазір Ахмадия мұсылман жамағаты деп аталатын қозғалыс пайда болған. Оның көзі тірісінде-ақ, көптеген адамдар оның ізбасарларына айналған. Ол христиан миссионерлерімен, ортодоксалды мұсылман молдаларымен, индуис пандиттерімен түрлі пікір-таластарға шығып танымал болған. Мырза Ғұләм Ахмед 1889-шы жылдың 23 наурызында Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалады. Ахмадия қозғалысын құру мақсаты, оның айтуы бойынша, Исламды, ғасырлар бойы жапсарлаған бидғаттардан тазартып, оны пәк күйінде қайта жаңғырта әлемге насихат ету.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед мықты жазушы болған. Ол рухани, теологиялық және адамгершілік құндылықтар тақырыбтарына арнап 90-нан астам кітап жазған. Ол Исламды бейбіт жолдармен насихат етуді ұсынды. Исламды күштеп қарумен насихат етуді ешқашан қолдамаған және бұған үзілді-кесілді қарсы болған. Ол осы дәуірдің көпшілік мұсылмандары ұстанған кейбір ұғымдарына қарсы шыққан; және Құран кәрімнің «Дінде зорлық жоқ» деген аятына сүйеніп, Исламның Жиһад ұғымына дұрыс түсініктеме берген. ## Жастық шағы және білім алуы Мырза Ғұләм Ахмед 1835 жылдың 13-ші ақпанында (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.) - Амритсардан 56 шақырым, ал Лахордан 112 шақырым жерде және Батала теміржол станциясынан шығысқа қарай 17 шақырым жердегі Қадиан қалашығында (Үндістан) дүниеге келген. Әкесінің есімі Мырза Ғұләм Мұртаза, ол моғолдардың текті әулетінен шыққан, олар сол өңірде үлкен құрметке ие болған әулеттердің бірі еді. Тіпті Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің әулеті, Кеш шаһарын (қазіргі Өзбекістандағы Шахрисабза өңірін) 200 жылдай билеген, Барластың руынан шыққанды. Ол, Сикх патшалығына Махараджа Рәжит Сингхтың билік еткен тұсында дүниеге келген. Ол бала кезінде Фәзил Иләһи ұстаздың қарамағында Құран кәрім, араб грамматикасын және парсы тілін үйренген. 10 жасында оның ұстазы Фәзл Ахмед есімді адам болған. 17-18 жасында оны Ғұл Әли Шах есімді ұстаз оқытқан. Бұдан бөлек, ол, әкесі Мырза Ғұләм Мұртазаның қарамағында медициналық бірнеше еңбектерді оқыған, өйткені әкесінің медицинадан терең білімі болған. 1864-1868 жылдар аралығында, Мырза Ғұләм Ахмед, әкесінің қалауымен Сиалкоттағы сотта қызмет етті. Сол уақытта, Үндістанда, британ өкіметіне қарсы ауқымды қозғалыстар орыналды. Барлық дерлік мұсылман көсемдері халықты өкіметке қарсы көтеріп, қарулы жиһад жасауға үндеді. Мұндай бүлікшілік әрекеттерді Мырза Ғұләм Ахмед құптамады. 1868-ші жылдан кейін ол Қадианға оралды, әкесінің тапсырмасымен, олардың жанұясына тиесілі мүліктерге қатысты кейбір даулы істермен айналысты. Осы уақыттар ішінде Мырза Ғұләм Ахмед тақуалығымен таңыла бастады. Ол өз уақытының көп бөлігін оңашада, жергілікті мешітте ғибадат етіп, Құран кәрімді және тағы басқа діни кітаптарды зерттеп-зерделеумен өткізді.19-шы ғасырдың ортасында, христиан діні агрессивті миссионерлік іс-әрекеттерімен бүкіл Үндістанға қарқында түрде тарала бастады. Сол кездері Мырза Ғұләм Ахмед, Исламды христиан миссионерлерінің сындарынан, жала-айыптарынан қорғау үшін, олармен пікір-талас алаңына жиі шығып отырды. Ахмади-мұсылмандарының айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, христиан дінінің негіздеріне қатысты Алладан хабар алып, Исаның айқышта өлмей тірі қалғанын, сосын шығысқа қарай барып жоғалған Исраил тайпаларын іздеп-тапқанын, сөйтіп ақыр соңында Құдай жіберген ажалы жеткен соң, барша адамдар сияқты қайтыс болғанын бұлтартпас дәлелдермен дәлелдеу арқылы, айқышқа (крестке) негізделген діннің идеологиялық беломыртқасын «сындырды» дейді.1886-шы жылы, индуистердің Ария Самаж діни ағымының жетекшілері Мырза Ғұләм Ахмедпен Исламның хақ дін екендігі жайында пікір-талас өткізді, және олар одан Ислам тірі дін екендігін дәлелдеп беруді сұрады. Сол себепті, Мырза Ғұләм Ахмед ерекше дұға оқып, Құдайдан жетекшілік сұрау үшін Хашиапур деген жерге барды. Ол оңашаланып қырық күн ораза ұстады, «чилля нәшини» деп аталатын ислами рәсімді тұтты. Ол өзінің үш серігімен саяхаттады және бір ізбасарының екі қабатты шағын үйінде тұрды. Сол кездері ол үнемі өзінің бөлмесінде болды. Серіктері оған тамақты үндемей әкеліп беретін, оған ештеңе айтпайтын, өйткені ол үнемі ғибадат пен құлшылықта болатын. Ол үйден тек жұма күндері, мешітте жұма намазын өткізу үшін шығатын. Ол дәл осы кездері, Құдай оған, бүкіл әлемге танымал болатын, уәделі ұл жайында игі хабар бергенін жариялады. ## Адалдық антын қабылдау (Байат) 1882-ші жылы Мырза Ғұләм Ахмед, Алла оны рухани реформатор етіп тағайындағанын жариялады. Бірақ ол өзінің ізбасарларынан адалдық антын әлі қабылдай қоймаған болатын. 1888-ші жылдың желтоқсан айында, Алла оған ізбасарларынан адалдық антын қабылдауды бұйырғанын айтты. 1889-шы жылдың қаңтар айында, ол, қабылданатын анттың 10 шарты көрсетілген шағын кітапшаны басып шығарды, оның ізбасарлары осы шарттарды өмірлерінің соңына дейін ұстанулары керек болды. 1889-шы жылы наурыздың 23-де, ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін қалады. Сол күні оның 40 ізбасары оған адалдық антын берді. Адалдық антының шарттары келесідей: * Жамағатқа кіретін адам өмірінің соңына шейін Ширктен (яғни, Құдайға серік қосудан) бас тартуға салтанатты түрде ант етеді. * Ол өтірік айтудан, некесіз байланыстардан, зинақорлықтан, көзбен күнә жасаудан, бұзықтықтан, азғындықтан, ызақорлықтан, алаяқтықтан, ылаң мен бүлікшіліктен бойын аулақ ұстайды және әрқашан ақылын ашуға жеңгізбей сабырлылық сақтайды. * Ол Алла Тағаланың және Ардақты Пайғамбардың ﷺ нұсқамаларына сәйкес, күнделікті бес уақыт намазды үзбей оқитын болады; ол қосымша Тахажжүд намазын оқуды және Ардақты Пайғамбарымызға ﷺ салауат бағыштауды тұрақты түрде орындауға талпынады; ол өзінің күйбің тірлігінде біліп-білмей жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, әрдайым Оның нығметтерін еске алып, Оны мадақтап-даңқтайды. * Кез-келген ашу-ызаның кесірінен, ол Алла Тағаланың бірде-бір жаратылысына, сондай-ақ мұсылмандарға да, не тілімен, не қолымен немесе басқадай тәсілдермен ешқандай зиян келтірмейді. * Ол өмірдің барлық жағдайларында: бақыт пен қайғыда, баршылық пен жоқшылықта, шаттық пен сынақтарда Алла Тағалаға адалдығын сақтап, барлық сәттерде Алланың Заңына мойынсұнады. Оған Алланың жолында ғайбат пен жала сөздерді естіп, жапа шегу кедергі болалмайды, және қандай бақытсыздықтарға тап болса да, ол Алланың ақ жолынан кері шегінбейді, тек қана алға жүреді. * Ол нәпсі құмарлық сияқты Исламға жат әдеттерден бойын аулақ ұстайды және өзін толығымен Қасиетті Құранның билігіне бағындырады; ол Алла Тағаланың сөзі мен Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ айтқандарын өз өмірінің әр сәтіне басты қағида етіп алады. * Ол тәкаппарлықтан, мансап құмарлықтан түгелдей бас тартып, өзінің бүкіл ғұмырын қарапайымдылықта, кішіпейілділікте, қуанышта, момындық пен кешірімшілдікте өткізеді. * Ол үшін иман абыройы мен Ислам ісі – өз өмірінен де, байлықтан да, мансаптан да, бала-шағасынан да, басқа да жақын адамдарынан да қымбат деген сенімге берік болады. * Ол өз өмірін, Алланың разылығы үшін, Құдайдың жаратқандарына қызмет етуге арнайды; және өзінің Құдай берген жақсы қабілеттерімен және мүмкіндіктерімен адамзатты байытуға тырысады. * Ол Алланың осы қарапайым құлымен бауырластық қатынасты орната отырып, Алла үшін, маған барлық ізгі істерде тілалғыштық танытады және өмірінің соңына дейін осыған адал болып қалады; ол өз өмірін осы бауырластық қатынасты сақтаудың теңдесіз үлгісін танытып өткізуге тырысады. Ант беру рәсімі кезінде қолдар формалды түрде біріктіріліп, адал болуға ант ету сөздері оқылады, дегенмен қолмен ұстасу әрдайым міндет емес. Ант беру рәсімінің мұндай түрі оның өмірінің соңына дейін сақталды және орынбасарларымен жалғастырылды. ## Оның білдірген талаптары Мырза Ғұләм Ахмедтің талабы бойынша, Алла Тағала оны үмбетке уәде етілген Мәсіх және уәде етілген Мәһди ретінде жіберген. Бірақ, басқа мұсылмандар оның бұндай талабын қабылдамады, өйткені олардың пікірі бойынша уәделенген Мәсіх пен имам Мәһди әлемді күшпен жаулап алып, дүнияуи патшалық құру үшін келетін тұлғалар. Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, барлық дерлік әлем діндері күткен пайғамбарлардың қайта оралуы оның тұлғасында жүзеге асқанды. Оның бұндай концепциясы үлкен дауға ұласты, әсіресе мұсылман және христиан дінқызметкерлерінің арасында. Мырза Ғұләм Ахмед, физикалық тұрғыда, баяғыда 19 ғасыр бұрын өмір сүрген, Исаның дәл өзімін деп ешқашан айтпаған, дейді оның ізбасарлары. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Иса пайғамбар айқышқа керілгенімен оның жаны қиылып кетпеген, кейін жарақаттарынан айыққан соң, Исраилдің жоғалған ұрпақтарын іздеп табу үшін, шығысқа қарай бет алып Кашмирге (Үндістан) дейін жеткен. Ол жоғалған исраил тайпаларын тауып, оларға ізгі хабарын жеткізді және сол жерде қартайған шағында қайтыс болған. Исаның моласы (мазары) "Розабал" деген атаумен Сринагар қаласының «Ханияр» көшесінде әлі күнге дейін сақталған. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Құдай оны, Исаның рухани күшімен қуаттап, Мәсіх ретінде тағайындаған ; яғни, оның түсіндірмесі бойынша, ол, Иса Мәсіх іспетті, діни соғыстарды доғартып, қантөгістерге қарсы шығу үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді.Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмед, исраилдік Иса пайғамбардың қайтыс болғанын, енді ол өзі қайтып келмейтінін жариялады. Мұндай мәлімдемелер басқа мұсылмандар мен христиандардың дәстүрлі сенімдеріне қайшы келді. Ортодоксалды мұсылмандардың сенімі бойынша, Иса пайғамбар көкке денесімен тірідей көтерілген, сондай-ақ христиандар да Исаның физикалық тұрғыда аспанға көтерілгеніне сенеді, (христиандардың сенімі бойынша, Иса айқышта мерт болып, сосын қайта тірілгеннен соң, көкке көтерілген). Мырза Ғұләм Ахмед өз кітаптарында, Ислам қазіргі уақытта терең күйзеліске ұшырауда, бұл Исламды құрдымға әкетуі мүмкін деп жазады. Оның ойынша, бүгінгі Ислам Мәсіхтің келуіне мұқтаж. Оның айтуы бойынша, Мұса пайғамбардан кейін 14 ғасыр өткен соң Иса пайғамбардың келгені сияқты, үмбетке уәделенген Мәсіх те Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтен кейін 14 ғасыр өткен соң келуі тиіс. Ол «Тазкира» атты кітабында өзінің бірталай көріпкелдіктерінің орындалғанын жазады. Сондай-ақ, Имам Мәһдидің келуіне қатысты, сол замандарда орыналатын жағдайларға қатысты Құран кәрім мен хадистердегі көріпкелдіктерді тізбектеп жазған. Ол осы көріпкелдіктердегі белгілердің орындалуын өзіне қатысты және оның осы дәуіріне қатысты айтылғандығын дәлелдеп баққан. Олардың кейбірі егжей-тегжейімен түсіндірілгенді, мысалға, 20-шы ғасырда орыналған кейбір жаһандық құбылыстар жайында, сондай-ақ мұсылман халықтарының мінез-құлқын, ахлағын, әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайын дәлме-дәл суреттеген көріпкелдіктер. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары, яғни ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, уәделенген Мәсіх-Мәһди келгенде орыналатын үлкен белгілер (мысалға, «Күннің батыстан шығуы», «Дәжжалдың келуі», «Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы» және т.с.с. белгілер) барынша жүзеге асып қойғанды, алайда олар, бұл белгілерді, ортодоксалды мұсылмандар сияқты сөзбе-сөз мағынасында емес, астарлы мағынасында түсінеді. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Иса пайғамбар қайтыс болғандықтан ол енді қайтып оралмайды, оның есімі үмбеттің ішінен шығатын басқа адамға (яғни, оның өзіне) символды түрде берілген. Сондай-ақ, имам Мәһди деген есім де сол адамға берілген символды есім. Имам Мәһди деген есім – «тура жолға бастайтын имам» - деген мағынаны білдіреді. Сондықтан оның тұжырымдамасы бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх пен Мәһди екі адам емес, бір адамның қос символды есімдері. Мұндай мәлімдемелер ортодоксалды мұсылман дінқызметкерлерінің арасында қатты алаңдаушылықтарды тудырды. Өйткені олардың бекітілген теологиялық ұстанымдары бойынша, Иса пайғамбар аспанға тірідей көтерілген, және қияметтің алдында сол баяғы бәзқалпында, аспаннан қайта түседі. Сондай-ақ, имам Мәһди мен Иса екі бөлек адамдар. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, хадистерде, Мұхаммед пайғамбар ﷺ үмбетке келетін уәделенген Мәсіхті - пайғамбар - деп атаған, сондай-ақ Алла оған аян-уахилар, ізгі хабарлар жібереді делінген, бұның барлығы Мәсіхтің пайғамбарлық дәрежеде келетіндігін дәлелдейді. Сондықтан, ол, жаңа шариғат әкелмеген, яки толығымен Құран шариғатына тәуелді болған пайғамбарлыққа талап білдірді. Исламның басқа ағымдары Мырза Ғұләм Ахмедтің мұндай мәлімдемелерін ерсі санайды. Өйткені, исламның басқа ағымдарына жататын мұсылмандардың сенімдері бойынша, Мұхаммед пайғамбардан кейін ешқандай пайғамбардың келуіне орын жоқ.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед қарулы жиһад жасау идеясынан бас тартқан, өйткені оның пікірі бойынша, оның заманында жиһадтың мұндай түрін жүргізудің шарттары орындалмаған. Оның мәлімдемесі бойынша, бұл заманда Исламды қорғау үшін, қылыш емес, қалам көтеру керек. Осы тұжырымын дәлелдеу үшін ол «Тохфа қайсария» және «Ситара қайсария» деген кітаптарын жазды. Сондай-ақ, ол осы кітаптары арқылы Ұлыбританияның патшайымы Викторияны христиан дінінен бас тартып, Исламды қабылдауға шақырған. ## Дін ғұламаларының реакциясы Мырза Ғұләм Ахмедке қарсы көптеген дін ғұламалары молдалар бас көтерді. Олар оны адасқан адам ретінде есептеді. Алайда, сэр Сайед Ахмад Хан, Мәуләнә Әбдул Қалам Азад секілді танымал дін қайраткерлері, оны «Исламның қалқаны» ретінде бағалады. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, ол қарулы жиһадтан бас тартқаны үшін, қарсыластары оны ағылшын үкіметінің тыңшысы деп айыптады.Мырза Ғұләм Ахмед үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди болуға талап білдірген кезде, Мәуләнә Мұхаммед Хусейн Баталви есімді оның бір қарсыласы оны «кәпір», «өтірікші», «жалғаншы» ретінде жариялайтын пәтуә шығарды. Бұл пәтуә оны және оның ізбасарларын өлтіре беруге құқық берді. Осы пәтуаның авторы бүкіл Үндістанды шарлап, пәтуасының астына 200 молданың қолдарын қойдырған болатын.Бірнеше жылдан кейін, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптары жайында Мекке мен Мединенің беделді ғұламаларының пікірлерін білу үшін, Ахмед Раза Хан есімді өте танымал мұсылман ғұламасы Хиджазға аттанды. Сол ғұламалардың пікірлерін ол «Хасамүл харамайн» (Құдайға тіл тигізушілік пен жалғандықты жою үшін әкелінген қос қасиетті жердің қылышы) атты кітабына басып шығарды. 34 ғұламаның ортақ пікіріне сай, Мырза Ғұләм Ахмед исламнан шыққан, Құдайға тіл тигізуші адам. Олардың пікірі бойынша, оны тұтқындап, жаза қолдану керек делінген. ## Делиге саяхат жасауы 1892 жылы Мырза Ғұләм Ахмед Делиге жол жүрді, сол кездері Дели, діни білімнің орталығы болған және көптеген діни көсемдердің отаны еді. Мырза Ғұләм Ахмед Делиге өзінің талаптарының растығын түсіндіру үшін барды. Ол, ғұламаларды, Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты, ашық пікір-таласқа шақырған кітапшаны басып шығарды. Пікір-таласқа шақырған ғұламалардың арасында Мәулви Сайид Назир Хусейн (1805-191 ж.ж.) есімді ғұлама болған. Ол Делидің беделді ғұламаларының бірі еді. Осы пікірі-таласқа Мырза Ғұләм Ахмед үш шарт қойды: * Бұл пікір-таластарда тыныштықты бақылайтын полиция болуы керек. * Пікір-таластар жазбаша түрде өтуі керек (кейін жазбалар сақталып қалуы үшін). * Пікір-таластар Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты өтуі керек. Нәтижесінде осы шарттар қабылданды, Мырза Ғұләм Ахмед Делидің орталық мешітіне аттанды. Ол мешітке өзінің 12 ізбасарымен барды. Пікір-таласты тыңдау үшін Делидің орталық мешітіне 5 мыңдай адам жиналды. Пікір-таластың алдында әлгі шарттар қайта қаралып, Мырза Ғұләм Ахмедтің қарсыластары тақырыпты өзгертуге талпынды. Олар пікір-таласты, Исаның өмірі мен өліміне қатысты тақырыпта емес, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптарына қатысты тақырыпта өткізуді ұсынды. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Исаның өлімі дәлелденгеннен соң оның талаптарын талқылауға болады, өйткені көптеген адамдардың сенімі бойынша, ол әлі күнге дейін тірі және жерге қайтып оралмақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, егер қарсы тарап Исаның әлі тірі екендігін дәлелдесі, онда оның уәделенген Мәсіхпін деген талабы өздігінен жойылар еді –деп, түсіндірді. Осы кезде көпшілік жұрт шулай бастады. Қарсы жақтың молдалары халықты айтақтап жатты, оның сенімдері ислам қағидаларына қайшы, сондықтан оны кәпір деу керек – деп айғайласты. Олардың айтуы бойынша, егер алдымен ол өзінің талабын түсіндіріп бермесе, онда онымен айтысуға тұрмайды десті. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің сенім ұстанымдарын хатқа жазып берді, ол хат жиында дауыстап оқылды, алайда наразы жұрттың айғай-шуы ешкімге ештеңе естіртпеді. Жұрт бақылаудан шығып бара жатты және олардың тарапынан зорлық жасаудың қауіпі туғанын байқаған полиция жетекшісі адамдарды таратып жіберуді бұйырды. Осындай себеп-салдардан пікір-талас өтпей қалды. Бірақ бірнеше күннен кейін, Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед пен Бхопалдық Мәуләви Мұхаммед Баширдің арасында жазбаша түрде пікір-талас орыналды. Кейінірек пікір-таластың мәтіні баспаға шықты. Өмірінің осы кезеңінде Мырза Ғұләм Ахмед Үндістанның солтүстігінде көп саяхат жасады. Ол түрлі дін ғалымдарымен әртүрлі тақырыптағы пікір-таластарды өткізіп жүрді. ## Қарсыластарына жасаған үндеуі Мырза Ғұләм Ахмед «Көктің бұйрығы» деген кітабын басып шығарды. Сол кітабында ол, Алла Тағаланың көз алдында кім шынайы мұсылман екендігін шешу үшін, қарсыластарын рухани жекпе-жекке шақырды. Алла Тағала Құранда шынайы мұсылманның төрт критериясын берген болатын: * Шынайы мүмін Алла Тағаладан үнемі ізгі хабар алып тұруы керек; * Оған Алла Тағаладан көмескі істер мен болашақ өмірдегі уақиғалар жайында мәліметтер тарту етіледі; * Алла Тағала оның дұға-тілектерінің көп бөлігін қабылдайды; * Ол Құран кәрімнің шынайы мән-мағынасын бәрінен тереңірек түсінеді. ## Рамазан айында ай мен күннің тұтылуы Ол үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Маһдимін деп мәлім еткенде, қарсыластары одан аспан белгілерін көрсетуді талап етті. Бұл белгілерді, миләди бойынша 7-ші ғасырда өмір сүрген, имам Мұхаммед әл-Бәкір егжей-тегжейімен түсіндіріп кеткен. Ол кісі Мұхаммед бин Әли деген есіммен де әйгілі болған. Ол имам Мәһди келгенде орыналатын белгіні жете түсіндірген. Хазірет имам Әли Зейн әл-Әбидиннің ұлы, әрі Хазірет имам Хусейннің немересі Хазірет имам Мұхаммед Бәкір баяндайды: Ақиқатында, біздің Мәһди үшін екі белгі орындалмақ, олар аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Рамазан айында, ай бірінші күні тұтылады, күн ортанғысында тұтылады (өздеріне белгіленген күндері); әрі бұндай белгілер аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемелері бойынша, бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед Алладан аян алып, үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігін жариялаған соң, шамамен үш жылдан кейін екі рет 1894 және 1895 жылдары орындалған. (1894 жылы жердің шығыс жарты шарында, ал 1895 жылы жердің батыс жарты шарында). 1894 жылдың 21-ші наурызында (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 13-де) - ай тұтылды, сол жылдың 6-шы сәуірінде (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 28-де) - күн тұтылды. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, бұл белгілер Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің(ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көріпкелдігін растау үшін көрсетілгенді. Кейінірек бұл белгі мұсылман ғұламаларының тарапынан қатты сынға ұшырады. Мырза Ғұләм Ахмедті сынға алған ғұламалар бұл баяндама әлсіз және оны жеткізушілер тізімі Мұхаммед пайғамбардан ﷺ тарамайды дегенді алға тартты. Дегенмен, ахмади-мұсылмандарының тұжырымдары бойынша, адамзат тарихында, біреудің хақтығын дәлелдеу үшін, бұлайша ай мен күннің тұтылуы болмаған дейді. Мырза Ғұләм Ахмедке дейін, бірде-бір адам өзінің хақтығын дәлелдеу үшін ай мен күннің тұтылғанына жұрттың назарын аудартпаған. Үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігіне талап білдірген соң, мұсылмандар үшін қасиетті болған рамазан айында, аспаннан ай мен күннің тұтылуы, тек Мырза Ғұләм Ахмед үшін орындалған. Сондай-ақ, хадистегі бұл көріпкелдік жайында Қасиетті Құранда да, Інжілде де, және т.б. діни кітаптарда мәліметтер бар. Бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед өз талабын білдірегеннен соң орындалды, және ол кезде, одан басқа талап білдірушілер болмады, бұл бұлтарпайтын факт, - дейді ахмади-мұсылмандары. Бұл көріпкелдік Ахмед Сирхиндидің «Раббани» хаттарында да сөз етілген. ## Ақ мұнара Исламның дәстүрлі сенімі бойынша, Иса, қайтып оралған кезде, Дамаскінің шығыс жағындағы немесе Дамаскінің шығыс бөлігінде ақ мұнараға аспаннан түсіп қонуы тиіс. Бұл даулы мәселе. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, бұл баяндама Дамаск шаһарының шығыс бөлігінде мұнараның болуын білдірмейді. Оның түсіндірмесі бойынша, бұл көріпкелдік Қадиан шаһарына қатысты айтылған, өйткені ол Дамаскінің тура шығысында (жағрафиялық бір ендікке мейлінше жақын) орналасқан. Сонымен қатар, оның түсіндірмесі бойынша, «мұнара» символикалық нышан ретінде айтылған, ол, ислам үні жер-жерге таралады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «ақ мұнара» исламның үстемдігін білдіреді. Бұл үстемдік, уәделенген Мәсіхтің дәуірінде, мұнара іспетті маңғазданып тұруы керек. Сонымен қатар, бұл көріпкелдік - білімнің дамыған заманына ишара етеді, ол кезде өте ыңғайлы көптеген байланыс құралдары мен қатынас құралдары жаратылады. Сол заманда жол жүру, насихат ету жұмысы жеңілдейді. Орта ғасырларда мұнаралар қалың бұқараға хабар жеткізу үшін, жамағатты намазға шақыру үшін тиімді қолданылған, міне осы көрініс аталмыш пайғамбарлықта ишара етілген. Мырза Ғұләм Ахмед, Алла Тағала оған келесі аянды жіберді деп, мәлімдеді: Алға басыңдар, уақыттарың келді. Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасарларының табандары биік мұнарада нық тұрады. Қасиетті Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) - барша пайғамбарлардың Көсемі. 1903 жылы Мырза Ғұләм Ахмед осы пайғамбарлықтың тура мағынада орындалуы үшін мұнараның іргетасын қалады. Оның айтуы бойынша, бұл исламның рухани және физикалық аспектілерін көрсететін болады, сондай-ақ оның төбесіне сағат пен мәйек шамы орнатылады, бұл алысқа және жан-жаққа тараған ислам сәулесінің символы болмақ. Осылайша, адамдар уақыттарын білетін болады, ал азаншы күніне бес мезгіл намазға шақырады. Бұл адамдарды исламға шақыруды ишара етеді. Бұл мұнараның құрылысы 1916 жылы аяқталды, содан бері ол Ахмадияттың символына, ерекшелейтін белгісіне айналған. ## Соңғы саяхаты 1907 жылдың соңы, 1908 жылдың басында, Мырза Ғұләм Ахмед өлімі жақындап қалғаны жайында көптеген аяндар алғанын айтты. 1908 жылдың сәуірінде ол жанұясын, дос-серіктерін ертіп Лахорға жол жүрді. Лахорда бірнеше дәріс оқыды. Ол үлкен жиын ұйымдастырды, оған жоғары лауазымды тұлғалар шақырылды. Осы жиында ол екі сағат бойы сөйледі, өзінің талаптарын түсіндіріп, оған тағылған айыптарға жауап берді. Ол үнділер мен мұсылмандар арасында татулыққа қалай қол жеткізуге болатынын айтты. Ол, Лахорда қайтыс боларынан бір күн бұрын, «Пайғамэ сулх» (Бейбітшіліктің жолдауы) деген соңғы кітабын жазып бітірді. ## Мырза Ғұләм Ахмедтің өлімі және Хилафат институты Мырза Ғұләм Ахмед 1908 жылы мамырдың 26-да, Лахорда, дәрігер Сайед Мұхаммед Хусейннің үйінде қайтыс болған (ол оның жеке дәрігері еді). Дәрігерлердің диагнозы бойынша, өлім - асқазан әлсіздігі мен жадаулықтың салдарынан орыналған. Таңғы сағат оннан отыз минут кеткенде, ол: «О, менің аса қымбатты Раббым!» - деген сөздерді екі рет қайталап, өз төсегінде жатқан күйде қайтыс болды. Денесі Қадианға жеткізіліп, "Баһишти Мақбара" бейітіне жерленді. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның ісі сайланған мұрагері арқылы жалғасын тапты. Осылайша наменгерлік Хилафат институты қайта жанданды. Бұл рухани институт "Халифа-түл-Мәсіх" (яғни Мәсіхтің Мұрагері немесе Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары) деп аталды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының сенімі бойынша, бұл хилафат хадистерде айтылған "пайғамбарлық жолмен қайта пайда болатын Хилафат" екен, яғни Мұхаммед пайғамбардан ﷺ кейін орныққан "Ізгілікті Хилафат" секілді. ## Некелесуі және балалары Мырза Ғұләм Ахмед екі рет үйленген. Оның бірінші әйелі Хұрмат Бибі. Кейін олар бір-бірінен алшақтап, ұзақ уақыт бойы бөлек тұрды. Ол екінші рет үйленгенде, Хұрмат бибі бұған қарсылық білдірмеді, және онымен айрылысқысы да келмеді. ### Балалары Бірінші әйелі Хұрмат бибіден екі ұлы болды: * Мырза Сұлтан Ахмед (1853-1931 ж.ж.), ол Ахмадиятты қабылдаған. * Мырза Фазәл Ахмед (1855-1904 ж.ж.), 49 жасында қайтыс болған және Ахмадиятты қабылдамаған. Екінші әйелі Нұсрат Жаһан Бегамнан 10 баласы болған. Бес баласы жастайынан шетінеп кеткен: * Исмет (1886-1891 ж.ж.) * Башир (1887-1888 ж.ж.) * Шауқат (1891-1892 ж.ж.) * Мүбәрәк (1899-1907 ж.ж.) * Әмтүл Нәсір (1903-1903 ж.ж.) Бес баласының ғұмыры ұзағырақ болған: * Мырза Башируддин Махмұд Ахмед (1889-1965 ж.ж. * Мырза Башир Ахмед (1893-1963 ж.ж.) * Мырза Шәриф Ахмед (1895-1961 ж.ж.) * Нәуәб Мүбәрәка Бегам (1897-1977 ж.ж.) * Нәуәб Сахиба Әмтул Хафиз Бегам (1904-1987 ж.ж.) ## Мұрасы Нәби (Пайғамбар) термині осы күнге шейін жалғасып келе жатқан ең басты даулардың бірі. Мырза Ғұләм Ахмед өзін үмбеттің ішінен шыққан пайғамбар ретінде санаған. Ахмади-емес мұсылмандардың басым көпшілігі Мұхаммед пайғамбарды ең соңғы пайғамбар деп санайды. Олардың пікірі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмедтің бұл терминді өзіне қолданғаны, соңғы пайғамбарлық концепциясын бұзып қана қоймай, Құран кәрімнің үкімдерін де тәрк етті дейді.Осы мәселеде Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары да екі топқа бөлініп, ажырап кеткен. Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық түсіндірмесін тура мағынада қабылдайды (алайда, оның пайғамбарлық сипатына кейбір ескертпелер мен түсіндірмелер береді). Олардың сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед жаңа шариғат әкелмеген және Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедке ﷺ толығымен бойұсынған пайғамбар. Қазіргі уақытта Ахмадия Мұсылман Жамағатын 5-ші Халиф Мырза Масрур Ахмад басқарады. Оның рухани лауазымы "Халифатүл Мәсіх", яғни "уәделенген Мәсіхтің (ісін жалғастырушы) Орынбасары". Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, Ахмадия Мұсылман Жамағатында Халифат Институты құрылған. Ал Лахор Ахмадия Жамағаты Халифті жалғыз орынбасар ретінде қабылдамайды. Олардың сенімі бойынша, жамағаттың басында әмір басқаратын «Анжуман ишаати ислам» («Исламды тарату жолындағын қозғалыс») ұйымы тұруы керек. Жікке бөлінушілік 1-ші Халиф Мәулви Хәкім Нұриддин қайтыс болған соң орыналған. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары Пәкістан мен Сауд Арабия елдерінде "мұсылман-емес" деп жарияланған. Олар көп жылдардан бері түрлі қудалаушылықтарға ұшырауда. 1974 жылы Пәкістан парламенті конститутцияға өзгерту еңгізіп, ахмадилерді "мұсылман-емес" деп жариялады. 1984 жылы Пәкістанның қылмыстық кодексіне, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізушілікке қатысты бірнеше өзгертулер еңгізілді. Бұл өзгертулер ахмадилерге исламды уағыздауға заңмен тыйым салды, бұл, өз кезегінде, ахмадилерді жаппай тұтқындауға, қудалауға әкеп соқты. Қазіргі уақыттың кей мұсылман ғалымдары мен зиялы қауымы Мырза Ғұләм Ахмедтің бейбіт жиһад идеясымен келіседі. Бұдан бөлек, кейбір ислам ғалымдары, Иса пайғамбардың табиғи өліміне иман келтірген, және олар дәлел ретінде, Мырза Ғұләм Ахмедтің пікіріне жүгінгенді. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты ортодоксалды мұсылмандардың ұстанымдары еш өзгермеген. * Мәулви Мұхаммед Хусейн Баталви – Үндістандағы Ахли хадис жамағатының көсемдерінің бірі болған. Ол бас кезінде Мырза Ғұләм Ахмедті қатты құрметтеген, алайда Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх екендігіне талап білдірген соң, ол оның қас дұшпанына айналған. Кезінде ол, Мырза Ғұләм Ахмедтің «Барахин-э-Ахмадия» кітабының алғашқы томына, былай деп пікір жазған: "Біздің пікіріміз бойынша, бұл кітап, бүгінгі күндері теңдесі жоқ кітап. Ал, осы заманның қажеттелігін ескеретін болсақ, Ислам тарихында бұған ұқсайтын кітап ешқашанда жазылмаған. Оның авторына келетін болсақ, ол әрдайым: жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен және өткір сөзімен Исламға қызмет ету жолынан табылатын. Ол адымын алдыға нық басады. Жігерліктің мұндай үлгісін тек алғашқы мұсылмандардың арасынан көруге болады. Егер біреу біздің (сөздерімізді), Азия (халықтарына) тән асыра сілтеушілік деп айыптаса, онда олар біздерге, Ария Самаж және Брахма Самаж секілді индуис секталарының Исламға қарсы жасаған сын шабуылдарына соншалықты пәрменмен әрі шынжүректен жауап беретұғын, осы заманда жазылған тым болмағанда бір кітапты көрсетсін. Сондай-ақ, Исламға соншалықты, жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен қызмет ету жүгін арқалаған Исламның қазіргі жанашырларын тізбектеп берсін." * Зафар Әли Ханның әкесі Мәулви Сиражуддин, Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған кезде, ол өзінің «Заминдар» атты газетіне былай деп жазған: "Мырза Ғұләм Ахмед 1860-1861 жылдар аралығында Сиалкотта тұрды. О кездері оның жас мөлшері 22-23 болатын. Біз нақты айта аламыз, ол жас кезінде өте тақуа, әулие адам болған". * Хазірет Ходжа Ғұләм Фәрид Сәжде Нәшин чачра Шәриф былай деген: "Мырза өз уақытын Алла Тағалаға қызмет етумен өткізген. Ол әрдайым намаз, Құран оқып отыратын немесе басқа да діни істермен жігерлене айналысатын. Ол ислам дінін насихаттау ісіне белді бекем буып кіріскендігі сондайлық, тіпті Ұлыбританияның патшайымына Мұхаммедтің ﷺ дінін қабыл етуді ұсынған, сондай-ақ Ресей, Франция және т.б. мемелекеттердің басшыларына исламның жолдауын жіберген. Мырзаның бар ынта-жігері мен ыждахаты, адамдар (христиандық) үшқұдайлықтан және басқа да мүшріктік нанымдардан бас тартып, Алланың Бір екендігін қабылдатуға бағытталған болатын. Ал енді қазіргі ғұламалардың жағдайларына қараңыздар, олар жан-жақтарына басқа барлық жалған діндерді жайбырақат жіберіп қойып, барлығы келіп мына «Әхли сүннәт уәл жамағаттың» өкілі болған, тура жолдағы және басқаларға хидаят жолын нұсқаған тақуа адамға шүйлігіп, оған қарсы күпірлік пәтуасын шығарумен әлек болуда. Оның арапша шығармаларына қараңыздар, олар адами қабілеттен тыс шығармалар, оның барлық сөздері даналыққа, ақиқат пен хидаятқа толы және «Әхли сүннәт уәл жамағат» пен басқа діни қағидаттарды ешқалай теріске шығармайды. Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед әл-Қадиани шыншыл және өз миссиясына берік адам: ол үнемі, күн-түн демей, Аллаға ғибадат етуге толығымен берілген. Ислам өркениеті шынайы рухани-ағартушылықтың жоғары деңгейіне жетуі үшін, ол бар күш-жігерін жұмсады. Мен ол кісіден не анық, не көмескі кемістіктерді көрмедім. Егер ол «Иса болуға» және Мәһди болуға талап білдірсе, демек рас болғаны". * «Керзон Газетт Дели» газетінің редакторы Мырза Хайрат Дехлеви, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін ескере, былай деп жазады: "Марқұмның Исламға жасаған қызметі өте сапалы. Арийлықтармен (индуистер) және христиандармен алпарысу жолында, оның Ислам үшін жасаған қажырлы еңбегін басқа мұсылмандардың еңбектерімен салыстырсақ, марқұм, расыменде, зор құрметке лайықты. Діни пікір-таластарды қалай жүргізу керектігін ол түбегейлі өзгертті және Үндістанда заманауи мұсылман әдебиетінің іргесін қалады... Сондай-ақ, танымал арийлықтар мен падрелар (поптар) оған жауап қайтармақ түгіл, көбінеки ауыздарын аша алмай қалған жағдайлар орыналған, біз бұны мойындаймыз". * Белгілі муфассир және қоғам қайраткері Әбдул-Қалам Азад, Ахмадия жамағатының негізін құрушысы Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Ол Исламға қарсы бағытталған шабуылдарға тойтарыс беруімен ерекшеленді және ол өз міндетін бұлжытпай орындаған жеңімпаз генералға ұқсады. Оның айбынды қозғалысы қарсыластарымызды күл-талқан етті, және келешекте де, бұл қозғалыс өзінің жеңіс шеруін жалғастыра бермек, біз бұны ашық мойындауға мәжбүрміз. Мырза Сахибтің бұл қызметі болашақ ұрпаққа, алдынғы шептерден табылып Исламды қаламмен қорғап, өз міндеттерін орындау үшін үлкен үлесін қосады. Оның қалдырып кеткен шығармалары қазіргі уақытқа шейін мұсылмандарға өте өзекті. Қызмет етуге деген жігерліктің мұндай үлгісі барлығына, ұлттық дәстүр секілді, өнеге болуы керек". * Саяси шолушы Мәуләнә Сайд Хәбиб мырза, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін және христиандық, арийлық уағызшыларға берген тойтарысын ескере, былай жазады: "Сол кездері арийлық және христиандық миссионерлер Исламға аяусыз шабуылдар жасады. Әрине, қасиетті шариғатты сақтау ісінде қызмет еткен Ислам теолог-ғұламалары болды, алайда олардың ешқайсы ірі жетістікке жете алмады. Сол кезде христиан және арийлық миссионерлермен күш сынасу үшін ұрыс алаңына Мырза Сахиб шықты. Ол Исламды кеудесімен қорып қалқандады. Мырза Сахиб Исламның дұшпандарына лайықты тойтарыс беріп, өз міндетін кәміл әрі көркем түрде орындады, бұлай айтуға еш қамықпаймын". * Жазушы, ақын, редактор Ғұлама Нияз Фәтехпури, Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Күмәнсіз, ол исламдық ахлақты қайта жаңғыртты. Ол Мұхаммед пайғамбарды ﷺ өз өміріне үлгі еткен, біз бұны сенімді түрде айта аламыз". * Сайд Мұмтаз Әли Имтиаз былай деп жазады: "Марқұм Мырза Сахиб өте тақуа, ерекше адам болған. Оның ізгілік шашқан пәрмені, тіпті қатыгез жүректерді де елжіретуге күйі жететін. Ол өте қайратты ағартушы, ғалым, теолог болған. Біз оны уәделенген Мәсіх ретінде қабылдамадық, бірақ оның берген рухани хидаяты мен жетекшілігі тіпті өлі жүректерді де тірілтеді". * Ривари, «Садық әл-ахбар» газеті, Мырза Ғұләм Ахмедтің Ислам үшін жасаған қызметін жоғары бағалап, былай жазған: "Мырза Сахиб алдыға жарқырай шығып, қуатты сөздерімен, керемет шығармаларымен Ислам дұшпандарына батыл тойтарыс берді және қауесеттерін ұмыттыруға мәжбүр етті. Ол шындық шындық болып қала беретінін айшықтады. Расыменде, ол Исламды сенімді қорғанмен қамтамасыз етті. Ол Ислам дініне қызмет етуде ештеңені қараусыз қалдырмады". * Мырза Ғұләм Ахмедтің исламға жасаған қызметін, христиандыққа қарсы жүргізген күресін Мәулви Мұхаммед Нәкшбанди де жақсы сөздермен ескерген. Мырза Ғұләм Ахмед 80-нен астам кітап жазған, негізінен урду, араб, парсы тілдерінде. Оның кітаптарында, оның ілімдері мен Құранға жасаған түсіндірмелері орыналған, және оның айтуы бойынша, бұның бәрін оған Құдай жібергенді. Оның жазған хаттарында да бірталай мәселелер қарастырылған. Оның кітаптарының көп бөлігі пікір-таластыру түрінде жазылған. Оның «Ислам тағлымдарының пәлсапасы» атты кітабы көптеген зиялы адамдармен жоғары бағаланған, солардың ішінде орыстың ұлы ақыны Лев Толстой да бар. ## Сілтемелер Ахмадия мұсылман жамағатының ресми сайттары:қазақшақырғызшаорысшатүрікшеарабша ## Дереккөздер
Құланкетпес аңғары – Майжарылған таулары мен Балқаш көлінің оңтүстік-батыс аралығында жатқан Сарыбастау өзенінің төменгі ағысындағы аңғар. ## Географиялық орны, жер бедері Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының шығысында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері орта тұсында 8 км-ге жетеді. Аумағы 35 км2. Көктем және күз айларында аңғарды шалшық су басып жатады. ## Өсімдігі Шөл далаға тән сұрғылт топырағында боялғыш, күйреуік, теріскен, көде, ажырық, құрақ шоғырлары, т.б. шөптесіндер қалыптасқан. Шөбі шүйгін сулы өңірге құландар көп жиналған. ## Дереккөздер
Шәлі — әйелдерге арналған киімнің бірі . Кезінде талай ақын-жазушылар, суретшілер шәлі, орамал тақырыбында қалам толғаған. Осы идеяны ұстанған дизайнерлер әжелеріміздің тоқыма шәлілерін трендке енгізіп отыр. Сондықтан мұндай шәлілерді тоқып үйренуіңізге немесе әжеңізге тоқытып алуыңызға болады. Табиғи жүн немесе мақта жіптерге созылып кетпес үшін синтетиканы араластырған абзал. Алайда бұл hand made стилін қолдану үлкен талғампаздықты талап етеді. Себебі бұл этникалық элементтің бірі болғандықтан, оны тек заманауи киім-кешекпен үйлестіргенде ғана белгілі бір стиль қалыптастыра аласыз. 1. Күнделікті киіммен үйлестіру. Шәліні көбінесе біртегіс көйлекпен, блузамен, лонгсливпен тағады. Көбіне қара түсті ұнататын консерваторлар да өздері үшін эксперимент жасап, шәлінің қарапайымдау түрін иығына жамылу арқылы жұмбақ образды сомдай алады. Жұмсақты сүйетін кинестетиктер абай болғаны жөн: шәліні тоқыма жемпірлермен киюге болмайды. 2. Кешкі мерекелік шараларға бұрын шарфты тағатын сәнқой арулар енді трендтегі шәліні пайдалана алады. Тек жұқа жіптен тоқылған, өрнегі нәзік түрлерін таңдау қажет. Шәлі «алмұрт» және «банан» пішінді бойжеткендерге жақсы үйлеседі. Ал «алмаларға» қысқалау түрін тағуға болады. Шәлілер спорттық стильмен үйлеспейді. ## Дереккөздер Сән үлгі журналы. - Алматы 2013 ж. - 96 бет.
Қалдыбекова Ләззат Әбішқызы - актриса. ОҚО Мақтарал ауданы Таубай ата ауылында дүниеге келді. 2004-2008жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын оқып-бітірді. М.Әуезов театрының қойылымдарына студент кезінен бастап қатыса жүріп, 2007жылдан осы театрға жұмысқа қабылданды. ## Сахнадағы негізгі рольдері Ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Абайында» Мағыш (реж. Е.Обаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Зүлейха (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтың «Жаужүрегінде» Ғалия (реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Сағыныш (реж. Т.Аралбай, Е.Обаев), Н.Гогольдің «Үйленуінде» Агафья Тихоновна» (реж. В.Захаров), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Бәкей (реж. Ә. Рахимов), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Кезбе, И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Нұрғаным (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Нұргүл (реж. Н. Жақыпбай), т.б. ## Дереккөздер "Қазақстан арулары" журналы. - Алматы, -85 бет
Cюртук ХХ ғасырдың 40-жылдары Марлен Дитрихтің арқасында дүниеге келіп, сол замандағы қыз-келіншектердің жылы лебізіне ие болған еді. Дизайнерлер осы бір ерекше стильді трендке шығарып отыр. Еркектер қауымының мерекелік шараларға киетін таңдаулы костюміне жататын сюртук қазір де қымбат матасымен, әсем пішімімен айқындалады. Мұндай сюртуктерді «құмсағат», «алмұрт» және «банан» пішінді арулар ойланбай кие алады. Біртегіс матадан тігілген сюртуктің ішінен іскерлік образ жасауда жейдені және блузаларды киген абзал. Төменгі жағына классикалық үлгідегі шалбарды немесе мини белдемшені, аяқ киімнен біз өкше етікті не туфлиді таңдауыңызға болады. Ал casual стилінде сюртукті қазіргі трендтегі лонгслив, свитшотпен, өкшесі жалпақ бәтіңкемен, лофермен үйлестіре аласыз. ## Дереккөздер Сән үлгі журналы. - Алматы 2013 ж. - 96 бет
Ұлттық тағамдар — нақты бір ұлтпен байланыстылатын аспаздық тағам. Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері: * ұлттық тағам ерекше жолмен дайындауға болатын, жергілікті қолжетімді азық-түлік пайдаланатын тағамдар; * сол аймақта өсірілетін немесе өндірілген «экзотикалық» ингредиенті бар тағам; * сол ұлттың салтына, дініне, дәстүрлерінің бір бөлігі ретінде немесе мерекелік аспаздық дәстүр ретінде берілетін тағам; Елдер бойынша кейбір ұлттық тағамдар: * Хорватия: Паг ірімшігі - бұл әйгілі ірімшікті Паг аралында саулық сүтінен дайныдайды. * Италия: пицца - классикалық пицца өте жұқа қамырдан әзірленеді. Оның ішіне қызанақ, моцарелла және түрлі ет тағамын салады. * Қытай: сяо лонг бао - сорпада қалқып жүретін тұшпаралар. Оның пішіні хинкалиді еске түсіреді. Алайда оны әртүрлі сұрыптағы етпен бамбук себетіне дайындайды. * Үндістан: тандури тауығы - йогурт пен дәмдеуіште маринадталған тауық еттерінің бөлігінен тұрады. Тандури тауығын көбіне үлкен саз балшықтан жасалған пеште дайындайды. * Канада: путин - калорияға өте бай тағам. Оның құрамында фри картоптары, ірімшік және арнайы әзірленген соус бар. * Аргентина: асадо - тағамды шоққа пісіріп, оған нан, салат, чимичурри соусы және қызыл шарап қосып ішеді. * Аустралия: бәліш-қалтқы - еттен жасалған бәліш. Қалтқы деп аталу себебі қалың асбұршақ сорпасы бар тәрелкеде қалқып тұрады. * Грузия: хачапури - ішінде ірімшігі немесе жұмыртқасы болатын бұл шелпекті бәріңіз білетін шығарсыздар. * Голландия: майшабақ - Голландиялықтар майшабақты бөлкемен және уақтап туралған жуамен жегенді жақсы көреді. * Жапония: кацудон - жұмыртқа қосылған жаншылған шошқа еті. Оның үстіне күріш салады. * * * * * * * * * * ## Дереккөздер
Қызылжар минералды жер асты суы кен орны - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан 2,3 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Сулы қабат қалыңдығы 40-80 м болатын төменгі бор кезеңінің шөгінділерінде жатыр. ## Сипаты Су сыйыстырғыш тау жыныстары биотитпен байытылған орта түйіршікті кварц-глауконитті құмдардан тұрады. Минералды су 852-907 м тереңдікте жатыр. Кен орнының суы арынды және ол өздігінен шығады. Судағы йодтың мөлшері 9,5 мг/л, бром 52 мг/л, радон 49 эман, суының температурасы 31,5 градус. Химиялық құрамы бойынша хлоридті және натрий-калций-магнийлі. Негізгі компоненттері - аниондар хлор, сульфаттар, катиондар. Су қоры Петропавл қаласының демалыс аймағы үшін 50 жылға жететіндігі анықталды. ## Дереккөздер
Қызылжар жер асты су кен орны - Есіл аңғарында, Ақмола облысы Астана қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Гидрогеологиялық тұрғысынан кен орны екі қабаттан - қалыңдығы 10-27 м болатын Есіл аңғарының аллювийлі сулы жоғарғы қабаты және екінші қабат - ордовик кезеңінің түпкі жыныстарындағы жарықшақты белдем. ## Сипаты Сулы қабаттар қалыңдығы 2-6 м болатын палеозойдың үгілуден кіріккен қабаттары саналады. Кен орны ауданында ордовиктің жарықшақты белдемі алевролиттермен және аргиллиттермен көрініс тапқан. Кен орындағы тұщы және сәл минералданған ордовик дәуірінің терригендік жаралымы кезіндегі жер асты суының 25 жылға арналған баланстық қоры бекітілген. Категория бойынша №1 - 0,4 мың/м3/тәулік. Кен орны игерілмеген. ## Дереккөздер
Құрма жер асты су кен орны - Қарағанды облысы Абай ауданы Құрма ауылы маңында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орны девон кезеңінің жанартаутекті-шөгінді және фамен-турней жасындағы жарықшақты әктастарда және жарықшақты-қарсты шөгінділерінде шоғырланған. Түпкі жыныстар үсті қалыңдығы 2-8 м. болатын төрттік кезеңнің саздақ, саз, қиыршықтасты-қиыршықты түзілімдерден тұратын борпылдақ шөгінділермен жабылған. Жарықшақты тау жыныстары 60-70 м тереңдікке дейін тараған. ## Сипаты, құрамы Жер асты суы арынсыз, оның жер астындағы деңгейі 1,2-16,2 м тереңдікте. Ұңғымалардың дебиті 1-ден 5 л/с-қа дейін өзгереді. Суы тұщы, минералдылығы 0,3-1,5 г/л, құрамы гидрокарбонатты-сульфатты натрийлі. Кен орны 1972 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Қызылқұм жер асты су кен орны - Қызылқұм құмының солтүстік бөлігі және Сарысу артезиан алабының шығыс бөлігінде. ## Географиялық орны Қызылорда облысының Жалағаш ауданы жерінде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Жер асты суы жоғарғы бор шөгіндісінде жатыр. Су сыйыстырушы тау жыныстары ұсақ және ірі құм түйіршіктерден тұрады. ## Сипаты Кен орны Үлкен Құмкөл, Жетібай және Ақши телімдерінен ажыратылады. Үлкен Құмкөл және Ақши телімдерінде сулы кешен 50-62 м, Жетібайда 101-32 м тереңдікте. Суы арында, тау жыныстарының суы мол, ұңғымалардың дебиті 20-58 л/с. Суы сәл ашқылтым, сульфатты-хлоридті натрийлі, Үлкен Құмкөлдегі бас тоғанның жобалық шығымдылығы 294 л/с, Жетібайдікі 351 л/с, Ақшидікі 185 л/с. Кен орындары 1978 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Қызылорда жер асты су кен орны - Сырдария аңғарында, Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Кен орны Қызылорда қаласын шаруашылық ауызсулық сумен қамтамасыз етуге арнап барланған. ## Геологиялық құрылымы Жер асты суы ұсақ түйіршікті құмдардан тұратын жоғарғы төрттік кезеңнің қазіргі шөгінділерінде шоғырланған. ## Сипаты Сулы құм қабаттың қалыңдығы 28,9 м-ден 64,4 м-ге дейін өзгереді. Пайдаланылатын ұңғымалардың саны 20, олардың арақашықтықтары 237 м. тереңдігі 60-65 м, бір ұңғымадан 30 л/с су шығады. Жер асты суының пайдаланылатын қорын аймақтық су комитеті бекіткен. Кен орны 1977 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
‎ Қызылқайың бөгені — Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылқайың ауылынан төменде теңіз деңгейінен 525 м биіктікте жатыр. 1984 жылы пайдалануға берілген. ## Гидрологиялық сипаты Су сыйымдылығы 6,5 млн. м куб. Бөген Ақсу және Сарқан өзендерінің тарамдарымен, сондай-ақ Алшымбай өзенінің суларымен толысады. Суымен ауданның шығысындағы Көкжайдақ, Ақсу, Қызылтаң, т.б. елді мекендердің егістігі суғарылады және мал жайылымындағы шабындықтар суландырылады. ## Дереккөздер
Лисаков жер асты су кен орны - Тобыл өзенінің оң жағалауында, Қостанай облысы Лисаковск қаласының оңтүсігіндегі Лисаковка қыстауынан Бейімбет Майлин ауданындағы Павловка ауылына дейін 50 км-ге созылып жатыр. Лисаков кен байыту комбинатын шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Кен орнының сулы горизонты төрттік кезеңнің жұқа қабатты шөгінділері жапқан орта олигоценнің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Суы тұщы, гидрокарбонатты натрийлі және натрий-кальцийлі , минералдылығы 0,1-0,5 г/л. Суда темірдің мөлшері жоғары. Есептік сутірек 33 ұңғымадан тұрады. Сутіректің жалпы ұзындығы 50 км. Ұңғымалар аралығы 1500 м. Кен орны 1972 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Қызылорда су тораптары, 1) Қызылорда су торабының оң жақ каналы. Бастауын сырдария өз. арнасында салынған бөгет маңынан алып, өзеннің оң жақ бойымен Қармақшы ауд-на дейін созылады. Ұз. 80 км, ені 20, кейде 40-80 м. Тереңд. 5-12 м. Су ағымы каналдың басында 48 м.куб/с. Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар. Сырдария өз-нің оң жақ бойындағы өңірдің а. ш-н дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жемшөптік дақылдар егілетін 60 мың га жер суғарылады. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Манаши – Шығыс Каспий алабындағы өзен. ## Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 км, жалпы ұзындығы 47 км болатын 4 саласы бар. Ірісі - Ақсай. ## Бастауы Бастауын Манашисор сорының солтүстік-батысынан алып, Өліқолтық сорына құяды. ## Гидрологиясы Жоғарғы арнасының жағалау биіктігі 18 м-ге жететін жарқабақты кемерлі, орта ағысында жарлауытты, одан төменде биіктігі 15 м кемерлі-жарқабақты келген. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы ащы. Бастау маңында Борқұдық құдығы, одан төменде Көгел тауы орналасқан. ## Дереккөздер
Қызылсу жер асты су кен орны - Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласынан солтүстікке қарай 7-12 км жерде, Қызылсу өзені аңғарында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Аллювийлі шөгіндідегі сулы қабат Қызылсу өзені аңғарында қалыптасқан. Су сыйыстыратын тау жыныстары негізінде малтатас аралас әртүрлі құмнан тұрады. Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 4-10 м. ## Сипаты Жер асты суы арынсыз, 3,2-5,9 м тереңдікте жатыр. Суы тұщы, гидрокарбонатты-сульфатты, натрий-кальцийлі. Палеозой тау жыныстарының ашық жарықшақтық белдеміндегі жер асты суы кен орнының барлық жерінде тараған. Олар жарықшақтық құмтастарда, алевролиттер мен аргиллиттерде шоғырланған. Мұндағы жер асты суының тереңдіктегі деңгейі 3-тен 44 м аралығында. Ұңғымалардың дебиті 1,3-тен 13,1 л/с-қа дейін. Суы тұщы, минералдылығ 0,2-1 г/л, химиялық құрамы бойынша негізінен хлорид-гидрокарбонатты кальцийлі. Кен орны 1980 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Мырғалымсай жер асты су кен орны - Түркістан облысы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Кіші Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен бастау алатын Байалдыр және Біресек өзендері аралығында орналасқан. Кентау қаласын шаруашылықтық, ауыз су және техикалық сулармен қамтамасыз етуге байланысты барланған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны тас көмір кезеңінің жарықшақты-карстты-әктасты және девон жүйесінің шөгінділерінде шоғырланған. ## Сипаты Мырғалымсай жер асты су кен орнының жер астындағы пайдаланылатын су қоры бірнеше рет (1953, 1963, 1965 және 1990 жылдары) қайта тексерілген. Кен орны 1948 жылдан игерілуде. Шахтадағы сутіректің жиынтық мөлшері тәулігіне 203,15 мың м3. ## Дереккөздер
Майтөбе жер асты су кен орны - Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласынан 24 км жерде, Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығысында орналасқан. Қаратау қаласын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны тамды сериясының карстталған карбонатты тау жыныстарында шоғырланған. Жер асты суы 100-220 м тереңдіктегі карстталған әктас және доломиттерде дамығын үгілу қабатының жарықшақтарында және тектоникалық белдемдерде шоғырланған. ## Сипаты, құрамы Жер асты суы тұщы, минералдылығы 0,2-0,5, г/л. Химиялық құрамы гидрокарбонатты кальцийлі. Сутірек жалпы өнімділігі 80-100 л/с болатын 3 ұңғымадан тұрады. Ұңғымалардың тереңдігі 150 м. Кен орны 1974 жылдан игерілуде. ## Дереккөздер
Мырзашоқы жер асты су кен орны - Қарағанды облысы Қаражал қаласынан солтүстікке қарай 14 км жерде орналасқан. Суы Атасу кен байыту комбинатын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны негізінен терригенді метаморфтанған кембрий-ордовик және орта девонның шөгінді-жанартаутекті және интрузивтік тау жыныстарында шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстарына кварцит, құмтастар, алевролит, туф-құмтас және порфириттер жатады. Олардың қалыңдығы 60 м. ## Сипаты, құрамы Жер асты суы арынсыз, жер астындағы су деңгейі 0,6-14м. Тау жыныстарының сулылығы біркелкі емес. Химиялық құрамы бойынша олар сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі. Жобалық сутірек тереңдігі 60-70 м, өнімділігі 2,5-5,3 л/с болатын 6 ұңғымадан тұрады. Кен орны игерілмеген. ## Дереккөздер
Тарбағатай кемпіршөбі (лат. Acantholіmon tarbagataіcum) — қорғасыншөптер тұқымдасы, кемпіршөп туысына жататын көп жылдық жартылай бұта. Тарбағатай жотасы мен Сандықтас тауында кездеседі. Биікт. 12 – 20 см, сабағы жерге төселіп өседі. Көктемдегі жапырақтары қатты, ылғал сүйгіш, ерте қурап түседі; жазда өсетіндері күзде қурағанмен, түспей, сабағында сақталып қалады. Гүлдері қос жынысты, аталығы бесеу, аналығы 5 жеміс жапырақшасынан тұрады. Жеке гүлінде бір-бірімен кірігіп, түтік тәрізді жұқа жарғақты 5 тостағанша жапырақшасы болады. Олар қурап түспей, жемістің сыртын қаптап тұрады. Бір-бірімен кірікпеген қоңыр қызыл түсті 5 күлтесі бар. Ұсақ гүлдері екі қатар масақ гүлшоғырына жиналған. Әр гүлшоғыры 5 – 11 гүлден құралады. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Тарбағатай кемпіршөбі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін эндемик түр. ## Дереккөздер
Тарбағатай таушешегі (лат. Stelleropsis tarbagataica) – көкендер тұқымдасы, таушешек туысына жататын жартылай бұта. Батыс Тарбағатай жотасында ғана кездеседі. Биікт. 7 – 13 см, тарамдалған тамыры болады. Сабағы түбінен бірнешеу болып шығады да, ағаштанып қатаяды. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, эллипс пішінді, өркен бойына сағақсыз кезектесе орналасады. Гүлдері қос жынысты, тостағанша, күлте жапырақшаларының саны 4, аталығы тостағаншаның санына сәйкес, тозаңқабы жалпақ. Аналық мойнының ұз. 0,5 мм, оның аузы шар тәрізді. Ұсақ гүлдері жиналып шоғырбас гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілде айында жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәндік өсімдік. Т. т. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Тарбағатай қандыгүлі (лат. Pedicularis interrupta tarbagataica) – сұңғыла тұқымдасы, қандыгүл туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тарбағатай жотасы мен Қаракөл өз-нің шатқалында ғана кездеседі. Биікт. 60 см-дей, тамыры жуан, жан-жағына тарамдалып, жайылып өседі. Сабақ түбіндегі жапырақтары қысқа, сабақ бойындағылары ірі, топталып шығады, пішіні қандауыр тәрізді, жиектері тіс сияқты иректелген, ал ұшындағы жапырақтары сағақсыз. 5 тостағанша жапырақшасы қоңырау тәрізді, ұз. 12 см-дей. Күлтесі бесеу, сары түсті, ұз. 28 см-дей. 2 күлтесі кірігіп, үстіңгі ерін (ұшы тұмсыққа ұқсап, төмен қарай иіліп тұрады), 3 күлтесі бірігіп, астыңғы ерін (бір жағына қарай сәл бұрылып тұрады) құрайды. Аталығы – төртеу, жіпшелері күлте түтігіне бекінген. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Т. қ. өте сирек кездесетін эндемик түр ретінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Тайсойған жер асты су кен орны - Атырау облысы Қызылқоға ауданында Ойыл өзенінің сол аңғарын бойлай орналасқан су алабы. ## Сипаты Ұзындығы 80 км-ге, ені 60 м-ге жетеді. Жалпы ауданы 2400 км2 . Оның 2200 км2 жерінде 1-3 м тереңдікте, қалыңдығы 3-8 м грунт суы қалыптасқан. Сулы қабат ұсақ түйіршікті құмнан тұрады, сіңу коэффициенті орташа 0,27 м3/тәулік. Алапта барлау жұмыстары нәтижесінде төрт тұщы сулы алаң бар екені анықталған. Суының тәуліктік табиғи ресурсы 147 мың м3 тәуліктік қолданылатын қоры 33 мың м3. Тайсойған жер асты су кен орны аудан орталығын, Мақат пен Доссор мұнай кен орындарын және басқа да елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді. ## Дереккөздер
Таутүрген минералды суы , Іле Алатауының солт. беткейінде, Түрген өз-нің оң жағалауында орналасқан. 1964 жылдан бальнеол. санаторий жұмыс істеп келеді. Су 1400 м биіктіктен жанартаутекті тау жыныстарының арасындағы тектоник. жарықтардан бұлақ түрінде шығады. Әр бұлақтан шығатын судың өнімд. 0,1 – 0,8 л/с. Қазылған ұңғымалардағы (50 – 503 м тереңдікте) таралған арынды сулардың деңгейі 6 м тереңдіктен жер бетіне 4 м-ге дейін көтеріледі. Олардың өнімд.0,6 – 0,8 л/с, сорғы арқылы 5 – 20 л/с-қа жетеді, температурасы 28 – 35ºС, хим. құрамы сульфатты натрийлі, минералд. 1,3 – 1,4 г/л. Т. м. с-ның шипалық қасиеті құрамындағы фтор (5 – 6 мг/л), бром (6,8 мг/л), иод (0,5 мг/л-ге дейін), радон (10 эман) компоненттеріне байланысты. Мұнда жүйке, тері, аяқ-қол сырқаты, т.б. аурулардан емделуге болады. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Михайлов жер асты су кен орны - Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қарағанды қаласын шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. ## Геологиялық құрылымы Кен орны Михайлов мульдасының солтүстік және орталық бөлігіндегі юра шөгіндісінде шөғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстарында жарықшақтардағы құмтастар мен конгломераттар жатады. ## Сипаты, құрамы Жер асты суы арында, арыны 19 м-ден 120 м-ге дейін өзгереді. Тұщы суының минералдылығы 0,5-1 г/л , химиялық құрамы бойынша сульфат-хлоридті натрий-кальцийлі. Жер асты суы Михайлов мульдасының солтүстік және оңтүстік бөлігінде таралған. Кен орны 1933 жылдан пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Теңіз-Қорғалжын ойысы — Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан тереңдігі 304 м ойыс. ## Географиялық орны Солтүстігінде Атбасар жазығымен, шығысында Нияз және Ерейментау тауларының батыс сілемдерімен, оңтүстігінде Желдіадыр мен Шадыралы тауларының, Мұзбел қыратының солтүстік сілемдерімен, батысы Терісаққан өзенінің аңғарымен шектеледі. ## Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 200 км-ге, солтүктен оңтүстікке қарай 120 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 300 - 500 м. Солтүстікте бедері көлдік-аллювийлі, шығысы – аллювийлі аккумулятты жазық. Оңтүстігінде қатпарлы негіз бетіндегі денудац. мүсіндік (цоколдық) жазық пен үстірт таралған. Батысын денудац. ұсақ шоқылар мен күмбез, конус тәрізді төбелер мен жондар алып жатыр. ## Геологиялық құрылымы Қазақстан қалқанының тілінуінен тектоникалық жолмен пайда болған ойыс жоғарғы тас көмірдің, неогеннің төмен және орта төрттік дәуірдің шөгінді жыныстарынан түзілген. ## Климаты Климаты континенттік. Қысы суық, қар жамылғысы (орташа қалыңдығы 20 см) 140 күн жатады. Қаңтардың орташа температурасы –17°С. Жазы ыстық, қуаң, шілденің орташа температурасы 20°С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм. ## Су жүйесі Ойыспен Нұра, Құланөтпес, Көң, Керей, Қыпшақ, Талдысай, Шыбынды, т.б. ұсақ өзендер ағады. Теңіз-Қорғалжын ойысы көлдерге бай. Үлкендері: Теңіз, Қыпшақ (Әжібексор), Керей, Қияқты, Қожакөл және бұрынғы Қорғалжын көлінің орнында пайда болған Асаубалық, Есей, Қоқай, Шолақ. Олардан басқа Нұраның жайылмасы мен ескі аңғарда ұсақ көлдер көп. ## Топырағы мен өсімдіктері Ойыста негізінен қызғылт қоңыр, қоңыр, сор-таңды бозғылт қоңыр топырақтар тараған. Қараған, тобылғы, бетеге, селеу, қылқан селеу, көкшұнақ бетеге, жусан, сарсазан, қарабарақ, сорқаңбақ, өзен-көл жағалауларында қамыс, құрақ, т.б. өседі. Теңіз-Қорғалжын ойысының басым бөлігін Қорғалжын қорығы алып жатыр. Қалған бөлігі Ақмола облысының Егіндікөл, Қорғалжын және Қарағанды облысының Нұра аудандары шаруашылықтарының қарамағында. ## Дереккөздер
Тарбақай (Rhaphіdophyton regelіі) – алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауында, тасты және қиыршықтасты жерлерде өсетін 1 түрі – Регель Т-ы (R. regelіі)бар. Оның биікт. 8 – 25 см. Түп жағынан бұтақталып өседі. Бір жылдық өркендері жалаңаш, қара қошқыл түсті болады. Жапырақтары үш қырлы (ұз. 4 см, ені 1 мм-дей), тікенді, түп жағынан кеңейген. Гүлдері гүл жапырақтарының қолтығында жетіледі. Қара қошқыл күрең түсті гүл жапырақтары гүлдерінен едәуір көп болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Өте баяу өседі. Түйіні шар тәрізді. Тұқымы тегіс, сырты жұқа қабықпен қапталған. Регель Т-ы өте сирек кездесетін монотипті, реликт өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Тоғызақ мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Солтүстік Талғар өзенінің бастауында орналасқан. 1910 жылы өлкетанушы С.Е.Дмитриев ашқан. ## Аумағы Екі бөліктен (Оңтүстік Тоғызақ және Солтүстік Тоғызақ) тұратын мұздықтың ұзындығы 4,2 км, оның ішінде ашық жері 3,9 км. Мұздықтың жалпы ауданы 9,9 км2, мұзқар (фирн) алаңы 3,1 км2, ашық жатқан тілі 5,4 км2, борпылдақ жыныс жапқан бөлігі 0,5 км2. ## Жер бедері Биіктігі 4510 м-ден 3470 м-ге дейін төмендейді. Тоғызақ мұздығының солтүстігінде Калесник, шығысында Десница, оңтүстігінде Жасық және Жусандыкүнгей, батысында Конституция мұздықтары жатыр. ## Дереккөздер
Түрген минералды бұлақтары, Іле Ала тауының солт. беткейінде, Түрген а-нан оңт-ке қарай 18 км жерде орналасқан. Минералды жылы су тас көмір эффузивтері жарықшаларынан шығып жатыр. Тәуліктік өнімі 60,5 м 3 , минералд. 1,4 г/л, су құрамы сульфатты, натрийлі-кальцийлі, жылылығы +26,5°С. Суы өздігінен шығатын ұңғыманың тәуліктік өнімі 51,84 м 3 , суының температурасы +29°С. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Тосынқұм – Шалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзенінің орта ағысында жатқан құмды массив. ## Географиялық орны Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км2. Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биіктігі 2–10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2–5 м тереңдікте (минералдылығы 1,5 – 5 г/л) жатыр. ## Өсімдігі Құм төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан. ## Дереккөздер
Толағайсор – Жем алабындағы көл. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының Жылыой аудандары жерінде, Алашен тауынан батысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан. ## Гидрографикасы Ауданы 26,7 км2. Ұзындығы 9,3 км, енді жері 4,5 км, жағалау бойының ұзындығы 32,2 км. Су жиналатын алабы 572 км2. ## Жағалау сипаты Жағалауы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Солтүстігінен шағын өзен құяды. Жаздың ыстық айларында көл таязданып, көпшілік жері сорға айналады. Алабы – жайылым. ## Дереккөздер
Түркістан ақшатыры (лат. Kosopoljanskia turkestanica) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауының қорымтасты беткейлері мен жазық даланың сортаңды жерлерінде өседі. Биікт. 40 – 60 см. Тамыр мойны қураған ескі жапырақтарының қынабымен оралып тұрады. Сабағы ақшыл сұр түсті, түп жағынан бұтақталған. Жапырағы қысқа сағақты, сабағының түбіне жақын орналасқан. Сабағының ұшындағы жапырақтары қауырсын тәрізді, өркен бойына кезектесе орналасады. Гүлі қос жынысты, ұсақ, күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Тостағанша және күлте жапырақшаларының саны бесеуден, күлтесі ақ түсті. Аталығы – бесеу, аналығы екі жеміс жапырағынан тұрады. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – қос тұқымша. Тұқымы қатты, сырты көп қырлы, көлденең кесіндісі 8 қырлы, ұз. 5 мм-дей. Т. к-нің құрамында эфир майы бар. Т. к. өте сирек кездесетін түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Түркістан қаязы (Barbus capіto conocephalus) – тұқытәрізділер, қаяз туысының түр тармағы. Қазақстанда Сырдария су алабында Шардара су қоймасынан бастап оның төм. сағасына дейін (Арыс, Бөген өз. су алабы), Шу өз-нің су алабынан Қырғызстанның шекарасына дейін тараған. Арал қаязынан айырмашылығы – тұщы суды ме-кендейді, алыс қашықтыққа қоныс аудармайды. Қабыршағы ірі, алтын тәрізді сары түсті. Денесінің ұз. 70 см, салм. 5,3 кг-ға дейін жетеді, 10 жылдай тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 4 – 6 жылда жетіледі. Су температурасы 16 – 23ºС-қа жеткенде, сәуір айының аяғынан шілдеге дейін уылдырығын (195 мыңға дейін) топырақты-тасты жерлерге шашады. Негізінен өсімдіктермен және балдырлармен, хирономидтердің, жылғалықтардың, мизидтердің, креветкалардың дернәсілдерімен, сондай-ақ ұсақ балықтармен қоректенеді. Т. қ-ның еті бағалы болғанымен, саны өте аз, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы. Оның жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Тікирек жотасы – Алтай тауларының солтүстік сілемдерінде Ресей (Алтай өлкесі) мен Қазақстан (Глубокое және Шемонаиха аудандары) шекаралары аралығында орналасқан. Чарыш және Үбі өзендерінің суайрығы саналады. ## Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 2299 м. Жер қыртысы негізінен гранитті және эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігінде жартасты Луковая тауы орналасқан. ## Өсімдігі Беткейлерінің төменгі жағында далалық өсімдіктер, 800 м-ден жоғарыда майқарағайдан тұратын таулы тайга; 1800 м биіктіктен бастап альпілік шалғын және биік таулы тундраға алмасады. Қазақстан бөлігінен Үбі өзені бастау алады. ## Дереккөздер
Молалы-айранды – Қырғыз Алатауы жотасының солтүстігіндегі тау. ## Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1369 м, ұзындығы мен ені 7-8 км. Беткейлері тік, батысы мен шығысы шатқалды. Солтүстік беткейі кертпештеліп тауалды жазығына ұласады. Батыс бөктерімен Ащыбұлақ өзенінің салалары, шығысымен Мөңке өзенінің салалары бастау алады. ## Геологиялық құрылымы Протерозой және палеозойдың тақтатас, әктас, гранит, диорит, т.б. интрузивтік тау жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Шатқалдары мен сайларында жеміс ағаштарымен бірге көк терек, қайың, үйеңкі т.б ағаштардан тұратын шағын орман кездеседі. Солтүстік беткейінің бөктері суғармалы егістікке пайдаланылады. ## Дереккөздер
Шоқгүл (лат. Soranthus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Үлкен Борсық, Мойынқұм, Балқаш маңының оңт. мен Зайсан қазаншұңқырының құмды төбелерінде өсетін 1 түрі – Мейер шоқгүлі (S. meyerі) бар. Биікт. 1 м-дей. Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, себебі, құмды жерде өсімдік ылғалды тереңнен сіңіреді. Сабағы жұмыр, тік өседі, ұшына жақындаған сайын тарамдалып кең жайылып бұтақталады. Сабағының түбіне айнала дегелектене өскен жапырақтары мен сабаққа бекіген жапырақтарының сағақтары біртіндеп, қандауыр тәрізді қынапқа айналған. Жапырақ тақтасы үшбұрышты, жиектері үш қайтара тілімденіп салаланған, ұз. 10 см, ені 3 мм. Гүлі қос гүлсерікті, тостағанша жапырақшасының саны 5, жиегі өткір тіс тәрізді иректелген. Күлтесі де бесеу, жасылдау түсті, сырты түкті, ұшы үшкір, ішке қарай сәл иілген, ұз. 2,5 мм-дей. Гүлдері шоғырланып шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемісі піседі. Жемістері түксіз, көп қырлы, жиегі жұқа қанатшамен көмкерілген жаңғақша. Оның ұз. 16 мм, ені 8 мм-дей. Мейер Ш-ін жергілікті тұрғындар тамырын шикідей және қайнатып тамаққа пайдаланады. Таралу аймағы жылдан-жылға азайып бара жатқан өсімдік, сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Шоқаш титан кен орны – Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 100 км, Мортық (Мартөк) темір жол стансасының оңтүстік-батысынан 40 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орнының кентасты алабы триас-палеоген кезеңінде жаралған моноклинальдық шұңқыр түзетін құрлықтық және теңіздік олигомиктік шөгінді тұнба тау жыныстарынан тұрады. ## Жатыс сипаты Өнімді қабаттар – орта және жоғарғы эоценде жаралған ұсақ түйіршікті жақсы шайылған құмдар. Олар ендік бағытта 40-45 км-ге созылып жатыр. Ені 15 км, қалыңдығы 15-22 м. Құмдар мөлшері 0,05-2 мм болатын кварцтан (90%) және 4-6% ТіО 2 , 0,7-1% цирконийден, 4-4,5% темірден, 1,0% марганецтен, 10-12% глиноземнен тұрады. Кен шоғырлары жер бетіне шығып жатады да, линза типтес кен денесінің орташа қалыңдығы 4,9 м, мұндағы цирконның мөлшері 14,7 кг/м 3 болады. ## Минералдары Басты минералдары: ильменит, рутил, циркон, апатит, мартит, гематит, пироксен, амфибол, цоизит, гранат, барит, пирит, арсенопирит, моназит, шпанель, т.б. Шашыранды кентастарындағы ильмениттің мөлшері 100 кг/м3. Шоқаш титан кен орны зерттелген қоры бойынша ірі кен орындарына жатады. Кенді игеру өте қолайлы. ## Дереккөздер
Шилісай фосфорит кен орны – Ақтөбе облысы Қандыағаш темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Атырау – Орск темір жол кен орны үстінен өтіп, оны екі бөлікке бөледі. ## Жатыс сипаты Фосфоритті серияның қалыңдығы 0,29 м болатын фосфоритті малтатас қабатынан және оның үстін жапқан фосфоритті жалбыр мен фосфоритті тақтадан тұрады. Жалбырлы тақта қабатының кен орны бойынша орташа қалыңдығы 0,68 м. Фосфоритті серияның жалпы қалыңдығы0,97 м. Р 2 О 5 -тің орташа мөлшері 14,5%, ерімейтін қалдық 41,5%. Фосфориттің үстін қалыңдығы 1,5-4 м жоғарғы кампан шоғырының сазы мен қалыңдығы 0,3-1 м төрттік кезең саздағы жауып жатыр. Фосфорит малтатасы жұмырланған, қоңыр, диаметрі 0,5-3 см. Фосфорит жалбырлары тесік, сауыс, бұрыс пішінді, қоңыр және күңгірт қоңыр, көлденеңі 1 см-ден 10 см-ге өзгереді. Фосфоритті тақта жалбырлардан тұрады, олар бір-бірімен фосфоритті материал арқылы керіштелген, жатысы тесік, каверналы. Ш. ф. к-нің С2 категориясы бойынша қоры 268,2 млн. т. ## Дереккөздер
Утамыр (лат. Cicuta) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда батпақты жерлерде, жазық жердегі көлдер мен жылғалардың, өзендердің жағалауларында, ылғалды шабындықтарда өсетін 1 түрі – у л ы У. (С. vіrosa) бар. Оның биікт. 40 – 100 см. Тамыр сабағы жуан, одан жіпше тәрізді шашақ тамырлары тарайды. Күрделі, саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімденген. Ақ түсті, ұсақ гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі. Жемісінің ұз. 2 мм-дей, сары түсті қырлары айқын көрінеді. У. – өте улы өсімдік, құрамында улы зат – цикутотоксин, алкалоид – цикутин бар. Тамыр сабағы мен тамыры малға өте қауіпті. У-мен әсіресе, күзде және көктемде сиыр мен қой көп уланады. Уланған малдың аузынан сілекейі ағып, мазасызданады, іші кебеді, жағы қарысады, тамыр соғуы жиілеп, тынысы тарылады, тұншығып өледі. У-мен уланған малға таннин, көмір, іш жүргізетін дәрілер, тамыр тартылған кезде хлоралгидрат беріледі. ## Дереккөздер
Қашар жер асты су кені - Қостанай облысы Қостанай ауданы Қашар кентінен солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кен орны эоцен, бор және палеозой шөгінділерінің сулы қабатында шоғырланған. Эоцен шөгіндісіндегі сулы қабат кен орнының барлық бөлігінде кездеседі. ## Сипаты Су сыйыстырғыш тау жыныстары опокадан, құмнан, құмтастардан тұрады. Олардың қалыңдығы Тобыл өзені аңғарында 5–15 м, ал Әйет пен Тобыл өзендері аралығында 50 м-ге дейін жетеді. Өзен аңғарындағы су грунтты, суайрықтарда – арынды. Ұңғымалардан шығатын су дебиті 0,1–2,3 л/с. Жер асты суы ашқылтым және ащы, минералдылығы 3–5 г/л-ден 10 г/л-ге дейін. Жоғарғы бор кезеңіндегі шөгіндіде қалыңдығы бірнеше метрден 60 м-ге дейін жетеді. Суы мол қабат құм және құмтастарда шоғырланған. Ұңғымалардан шығатын су мөлшері 0,3-тен 10 л/с-қа дейін. Минералдылығы 3 г/л-ге дейінгі тұщы және сәл ашқылтым жер асты суы Тобыл және Әйет өзендері аралығында шоғырланған. Палеозой шөгіндісінде жер асты сулары 100 м тереңдікке жетеді және олар жарықшақтар белдемінде жатыр. әйет өз. аңғарында сулы кешен төрттік шөгінділермен жабылған және ұңғымалардағы су шығымы 2–15 л/с. Жер асты суының жоғарғы жарықшақты белсенді белдеміндегі минералдылығы 5–10 г/л, тереңдеген сайын ол 66 г/л-ге жетеді. Кен орны Қашар темір кенішін салуға байланысты барланған. ## Дереккөздер
Қарақоға жер асты су кен орны - Ақтөбе облысы Байғанин ауданында, Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Сулы кешен Сағыз аңғарының аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Аңғардың ені 4 км, қалыңдығы 10–14 м болатын аллювий құмындағы альб-сеноманның құмды-сазды шөгінділерімен жабылған. ## Сипаты Грунт суының тереңдігі 1,5–3,5 м, суы тұщы, минералдығы 0,5 г/л, ұңғыма дебиті 2,1–3,5 л/с. грунт суы атмосфералық жауын-шашын және Сағыз өзенінің тасқын суының сүзілуінен толысады. Сулы қабатының қалыңдығы 11 м. аралығы 100 м болатын үш ұңғымадан шығатын судың тәуліктік су шығымы 903 м3-ді құрайды, ал табиғи жер асты судың тәуліктік шығымы 1796 м3. Кен орны пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Тікенбас (Acanthocephalіs) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Қырғыз, Шу-Іле Алатауларының, Қаратаудың, Батыс Тянь-Шаньның төм. тау белдемдерінде, таулардың тасты, бұталы, шөпті беткейлерінде, жазық жерлердегі егістіктердің ішінде, жол жиектерінде арамшөп ретінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – б е н т а м д ы қ Т. (А. Benthamіanus). Биікт. 10 – 50 (70) см. Сабағы тік, төм. жағы тікенекті, түкті, үстіңгі жағы тықыр. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзынша, сопақ, шеті тілімденген, сабақ бойындағы жапырақтары қандауыр тәрізді, шеті тісті не тұтас болады. Сары түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталып, жуан түйреуіш тәрізді гүлтұғырында орналасады. Сәуір – мамырда гүлдеп, мамыр – шілде айларында жеміс салады. Жемісі сына тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұз. 5 мм-дей, қоңыр сұр түсті. Көктемде басқа шөптермен араласқан пішен түріндегі Т-ты төрт түлік мал жақсы жейді. Егістік үшін – арамшөп. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Қашқантөбе, Қашқынтөбе – Балқаш көлінің шығыс бөлігіндегі арал. ## Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан. Кеңтүбек түбегінің батысында 8 км жерде жатыр. ## Жер бедері Ең биік жері теңіз деңгейінен 358 м биіктікте. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 9 км-ге созылған, енді жері 2 км. Солтүстік жағалауы тастақты, қалған бөліктері құмдақты келген. ## Дереккөздер
Нұра-Есіл каналы – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы су жүйесі. Астана қаласын және Целиноград ауданы аумағындағы ауыл шарушылығы кәсіпорындары мен егістіктерін сумен қамтамасыз етуге байланысты 1974 жылы салынған. Нұра өзенінен Есіл өзеніне Преображенка ауылы маңында бөгет салынып, ол суды өз бетімен каналға құйылуын қамтамасыз етеді. ## Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 25 км, секундына 13,4 м3 су өткізе алады. Қызылжар ауылынан төменде 3 км жерде Нұра өзенінен бөлініп шығып, Астана қаласының оңтүстік шетіндегі Тельман елді мекені маңында Есіл өзеніне құяды. Су ғимаратына Нұра өзеніне салынған су көтеру гидроторабы, 1-сорғыш және сүзгі стансалар жатады. Қазіргі кезде Қарағанды–Теміртау өнеркәсіптік ауданының ақаба сулары (сынап, т.б. зиянды улы құраушылары бар) Нұра өзенін ластаған. Осыған байланысты Нұра өзенін техникалық тазартудан өткізбесе пайдалануға болмайды. Астана қаласын тапшы сумен қамтамасыз етуге қосымша жер асты, қайтарма суды, тастанды ақаба суларын пайдалануды ұлғайту қажет болып отыр. Қазір канал Целиноград ауданының 2,7 мың га жерін суғарады және суландырады. ## Дереккөздер
Қотанемел – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы аласа жота. ## Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Емелтау ауылының батысында 4 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1089 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 12–13 км-ге созылған, енді жері 8 км. Ең биік шыңы 1089 м. Беткейлері аз тілімденген төменгі пермь жыныстарынан түзілген. Оңтүстік-шығыс беткейі тік құлама. ## Өсімдігі Құнарсыз сұр топырағында жусан, селеу, боз өседі. Жайылымдық ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қоскеліншек – сұлукөл көлінің батысындағы құдық. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қарақамыс ауылынының солтүстік-батысында 14 км жерде орналасқан, тереңдігі 4 м, су шығымы 700 л/сағ.солтүстігінде Желқұдық, Қарақұдық, шығысында Шомаққабақ, Үшкемпір қыстаулары, оңтүстігінде Бегалықұдық, Қостайқұдық құдықтары, батысында Аққұдық жайлауы бар. Құдық ауыз су мен мал суаруға пайдаланылады. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Қосымбет – Арқат тауларының солтүстік-шығысындағы, Жартас тауының ең биік шоқысы. ## Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қызылжетек қыстауынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. ## Жер бедері Абсолюттік биіктігі 697 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейлері көлбеу, тізбектелген шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Қаратау, оңтүстігінде Сабал, шығысында Маятас таулары, батысында Еспе қонысы бар. ## Өсімдігі Қызғылт қоңыр, боз топырақ жамылғысында бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер
Қосайшағыл – Алакөл көлінің солт.шығысындағы қоныс. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұлақ ауылының солтістігінде 12 км жерде орналасқан. Шағантоғай өзенінің аңғарында жатыр. Ең биік жері 387 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 3–4 км. Құмды шөгінділер төрттік кезеңде қалыптасқан. Етегінде бұта аралас еркек шөп, тұйежапырақ, жусан өседі. Қосайшағыл мал жайылымына қолайлы. ## Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Қотыртас жер асты су кен орны - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қотыртас темір жол стансасынан солтүстікке қарай 2,5 км жерде, Қауылжыр өзенінің аңғарында орналасқан. ## Сипаты Өнімді сулы кешен Қауылжыр өзенінің қалыңдығы 2–2,5 м болатын саздағымен жабылған қиыршықтасты-малтатасты аллювий шөгінділерінен тұрады. Грунт сулары 2,5 м тереңдікте жатыр. Ұңғымалардың дебиті 1,8–2 л/с. Суы гидрокарбонатты кальцийлі, минералдығы 0,8–0,5 г/л. Сутіректегі 9 ұңғымадан тәулігіне 751 м3 су шығады. Ұңғымалардың арақашықтығы 250 м, тереңдігі 13 м. Кен орны пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Дәулет Үмбетжанов (25.7. 1932, Ақтөбе облысы Шалқар қаласы — 30.7.1996, Алматы) — математик ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1983), профессор (1984), ҚР Ұлттық ғылым академиясының — корреспондент мүшесі (1994). ҚазМУ-ды бітірген (1955), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). 1955 — 1973 жылдары ҚазМУ-да аспирант, аға оқытушы, деканның орынбасары. 1973 — 1985 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында декан, кафедра меңгерушісі. 1985 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Теоретикалық және қолданбалы математика институтында зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылым еңбектері дифференц. теңдеулердің периодтық шешімі теориясына арналған. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Шалқардан шыққан математиктер(қолжетпейтін сілтеме) * Біздің мектеп Мұрағатталған 18 мамырдың 2015 жылы.
‎ Қосқорған бөгені — Түркістан облысы Түркістан қаласы аумағында, Қарашық өзенінің бойында салынған. 1982 жылы пайдалануға берілді. ## Гидрологиялық сипаты Бөген теңіз деңгейінен 372 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,8 км2, су сыйымдылығы 36 млн./м3. Бөген суы Түркістан қаласының техникалық қажеттілігіне және қала аумағына қарасты елді мекендердің шаруашылығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қошқарбасы – Үшқара тауларының шығысындағы құмды алқап. ## Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу және Көксу аудандарында орналасқан. ## Жер бедері Ең биік жері 400 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 20 км шамасында. Жер бедері қырқалы келген. Құм бойында Қоштай, Ақшағыл төбелері бар. Жоғарғы және орта төрттік кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Батысында Үшкөл, оңтүстігінде Баскөл көлдері, солтүстігінде Жалқұм құмы жатыр. ## Өсімдігі Жусан, шеңгел, жүзгін, теріскен, т.б. сораң өсімдіктер өседі. Жер бетіне жақын жатқан жер асты суы сәл кермек татиды. Құм қойнауы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ## Дереккөздер
Қоянды жер асты су кен орны — Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Балқұдық ауылдары маңында орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Сулы қабат төменгі төрттік кезеңінің шөгінділерінде шоғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстары құмды-саздақты шөгіндісінде жатыр. ## Сипаты Жер асты суы 10–27 м тереңдікте. Ұңғымалардың дебиті 2,3–5,4 л/с-тан 8 л/с-қа дейін, жер асты суының минералдылығы 0,4–1,5-тен 1,7–4,7 г/л-ге дейін өзгереді. Суы хлоридті гидрокарбонатты және сульфатты-хлоридті натрийлі. Сутірек тереңдігі 70 м болатын 16 ұңғымадан тұрады, жалпы шығымы тәулігіне 7,2 мың/м3. ## Дереккөздер