text
stringlengths
3
252k
Хожабек Сейітов(25.08.1917 жылы туған, Қарабұға ауылы) - қарақалпақ кеңес жазушысы. 1941 жылдан КПСС мүшесі. Диқан отбасысында туған. Қарақалпақ педагогикалық институтын сырттан оқып бітірді (1947). Қарақалпақ АССР Кеңесі жанындағы радиохабарын тарату комитетінің председателі (1953 - 58) болды. 1958 жылдан "Совет Қарақалпақстаны" газетінде қызмет атқарды. Сейітовтің алғашқы шығармасы 1937 жылы жарияланды. ## Еңбектері Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Жеңіс үшін алға") 1944 жылы шықты. "Бақытты тұрмыс"(1949), "Толқын"(1956), "Таң шұғыласы"(1968) т.б. поэзиялық кітаптары, "Машақатты бақыт"(1959), "Халатты хирург"(1965), "Сәуірді самал"(1973) т.б. романдары мен повестері қарақалпақ, өзбек ,орыс тілдерінде жарияланды. Сейітов қарақалпақ тіліне С.Сейфуллин, Т.Жароков т.б. шығармаларын аударды. ## Сыйлықтары "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 106 бет
Насир ад-Дин Құмайын (1508-1556) - Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан Үндістан падишаһы. ## Өмірі Ол 1530-1539 жылдары және 1555-1556 жылдары Үндістанда билік құрды. Әкесі Бабырдан мұраға қалған жерді кеңейте түсуге тырысты. Құмайын әке мұрасына ортақтасқан өз бауырларына және Бихар мен Бенгалия билеушісі Шерханға қарсы күрес жүргізді. Бұл күрес 1539 жылы Құмайынның жеңілуімен аяқталды. Ол өзінің бұрынғы иеленген жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Біраз уақыт Батыс Үндістан мен Ауғанстанда болып, одан әрі Иранға қашып барды. Шерхан-шаһ өлгеннен кейін Үндістандағы феодалдық алауыздықты пайдаланып, Иранның әскери көмегімен Пенджабта, Дели мен Аграда үкімет билігін қайтадан өз қолына алды. ## Дереккөздер
Байдуков Георгий Филиппович (28.5.1907 жылы туған) – авиац. ген.-полковнигі (1961), Совет Одағының Батыры (1936). Омбы т.ж. бойындағы Тарышта разъезінде темір жолшы отбасында туған. 1936 жылдан КОКП мүшесі. 1926 жылы өз еркімен Совет Армиясының қатарына алынды. 1928 жылы Әскери ұшқыштар мектебін бітіріп, сынаушы-ұшқыш болды. 1936 жылы В.П. Чкалов, А.В. Беляковпен бірге Москвадан Удд (Чкалов) аралына, 1937 жылы солтүстік полюс арқылы Портленд (АҚШ) қаласына қонбастан ұшып барды. 1939-40 жылдары Совет-Финляндия соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысында (1941-45) 31-, кейін 211-авиадивизияның командирі, 4-екпінді армия әскери-әуе күштерінің командышысы, 212- (соңынан 4-гвардия) штурмдық авиадивизияның командирі, 1947-49 жылдары Азаматтық әуе флоты бас басқармасының бастығы болды. 1951 жылы Бас штаб әскери академиясын бітірді. 1952 жылдан КСРО Қоғаныс министрлігінде жауапты жұмыста істейді. Байдуков – «Наш полет в Америку» (1937), «Записки пилота» (1938), «О Чкалове» (1939) кітаптарының авторы. 2 рет ленин орденімен, 4 қызыл ту ордені, 4 Қызыл Жұлдыз ордені және басқа орден, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Семсер мүйізді бөкен (лат. Oryx dammah немесе лат. Orix algazel) - Жұптұяқтылар отрядының Қуысмүйізділер тұқымдасының Бөкендер тұқымдас тармағының бір түрі. ## Сипаттамасы Биіктігі 120-140 см (шоқтығынан), салмағы 20 кг-нан астам, арқасына қарай қайқы біткен мүйізінің пішіні семсер тәрізді (120см-дей), түбі жуандау, текесінде де, ешкісінде де болады. Жүні сарғылт не сарғылттау. Басы ақ, маңдайы мен көзінің айналасы қара дақты, мойны жирен. Шөлге төзімді. Жайылым жағдайына қарай мекен ауыстырады. Үйір-үйір (40-шақты) болып жүреді. Лағын 8-8,5 ай көтереді. Бұрын көп ауланып саны азайған. Осы кезде қорғауға алынған. ## Таралуы Шөлді аймақты мекендейді. Бұрын Солтүстік Сахарада кең тараған, қазір оңтүстігінде ғана кездеседі. ## Дереккөздер
Симабар көтерілісі - Жапониядағы аса ірі шаруалар көтерілісі. Симабар көтерілісі 1637 - 38 жылдары Симабар түбегінде және онымен көршілес Амакус аралында басталды. Көтерілістің тууына феодалдық қанаудың күшеюі себеп болды. Әдебиеттерде Симабар көтерілісін "Жапон шаруаларының көтерілісі" деп атайды. Орта ғасырдағы көптеген шаруалар көтерілісі сияқты Симабар көтерілісі де діни сипатта болды. Алайда, бұл көтерілістің бір ерекшелігі - ол идеология жағынан буддалық сектанттық ілімге емес, христиан дініне байланысты болды. Симабар көтерілісін басу үшін үкімет пен феодалдар 100 мың адамдық әскерді соғысқа төкті. Көтерілісшілер (38 мың адам) Хара қамалына паналап, бірнеше ай бойы соғысты. Үкімет әскері көтерілісшілерді қырғынға ұшыратты. Олардан не бары 100 шақты адам ғана аман қалды. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 157 бет
Абдулла Менгазович Сиразутдинов (16.11.1912 жылы туған, Пермь облысы, Чусовой қаласы) - тау - кен ісі саласындағы қазақстандық ғалым, технология ғылмының докторы (1971), профессор (1972). 1940 жылдан КПСС мүшесі. Свердловск тау - кен институтын бітірген соң (1939) Лениногор және Ертіс полиметалл комбинаттарының рудниктерінде, Ащысай полиметалл комбинатында (1946- 50) басшы қызметтерде болды. 1950 - 57 жылдары Шығыс Қазақстан облысы халық кеңесінде қызмет істеді. 1971 жылдан Қазақ АКСР ҒА - ның тау -кен ісі институтында лаборатория меңгерушісі. ## Еңбектері Абдулла - 50 ден астам ғылыми еңбектің (оның 5-і монография) авторы. Бұл еңбектері қазба байлқтарды тиімді пайдалану т.б. тау - кен проблемеларына арналған. ## Сыйлықтары 2 рет "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен мараппаталған. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 171 бет
Адмет (көне грекше Ἄδμητος) — ежелгі грек мифологиясында Фессалиядағы Ферлік патша Фереттің және Периклименаның баласы. «Илиадада» (II 714 және басқада) көп кездеседі. Калидондық шоқаға аңшылықтың және аргонавтар жорығының қатысушысы. Пелия бойынша, жерлеу ойындарының қатысушысы болып, қол төбелесіне шықты. Аңыздарда, Адметте малшы болып Аполлон Құдайыдың өзі жұмыс істеді, бір нұсқаларында, Аполлонның өте жақсы көретін патшасы болған, ал басқаларда, Аполлонның киклоптарды немесе Пифон деген айдаһарды өлтіргені үшін. Аполлон Адметтің малын бір жыл бойы бақты, немесе 8 жыл (яғни ұлы жыл) бақты, немесе 4 жыл бақты. Аполлон қамыстан жасалған сырнайдан немесе алтын кифарада ойнағанда, орманнан жыртқыш аңдар шығы тыныш кәдімгідей малдардың арасында жүрді. Ең алғаш, аңызды Ферекид жазғаны көрінеді. Бірақ, енді Аполлон тәрбиелеген Евмелдің биелері туралы Гомер айтады. Пелий, кімде-кім арыстан мен шошқаны бір арбаны тартуға қойғызып қойса, оған қызын Алкестаны берем деп айтқанда, Адмет Аполлонның көмегімен немесе Аполлон және Гераклдың көмегімен осы бұйрықты оңайлықпен жасады. Тағы да, Адметті Гераклдың махаббаты деп те атайды. Адмет, Тавминде Эретрияның жанындағы Евбеяда Аполлонға ғибадатхана салғызды. Адметте баласы мен қызы бар. ## Дереккөздер
Мұстафа Кәміл (араб.: مصطفى كامل‎‎; 1874 жыл 14 тамыз — 1908 жыл 10 ақпан) — Мысыр ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, көсемсөзші, шешен және заңгер. ## Өмірбаяны 1900 жылы "Әллиуа" газетін шығарды. Кәміл Ұлыбританияға қарсы күресте османлы үкіметінің көмегіне сүйеніп, Мысырды британ жаулауынан азат етуді, Мысырға Ұлы Османлы Мемлекеті шеңберінде ішкі автономия беруді, конституция қабылдауды талап етті. 1907 жылы "Отан" партиясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болды. ## Дереккөздер
Уильям Каштан ағылш. William Kashtan; 1909, Монреаль — 1993) - Канада және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны Жұмысшы отбасында туған. 1927 жылдан бастап Канададағы Коммунистік қозғалысқа белсене араласты. 1930-1938 жылдары Канада жастары коммунистік лигасының ұлттық хатшысы болды. Бұдан кейін, Канада Коммунистік партиясының (ККП) Квебек және Онтарио аймақтарындағы ұйымдарында әр түрлі партиялық жұмыстар атқарды. 1946-1964 жылдары ККП ұлттық комитетінің кәсіподақтар және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі хатшысы болды. 1964 жылы Л. Моррис қайтыс болғаннан кейін, 1965 жылғы қаңтардан - 1988 жылға дейін ККП-ның бас хатшысы. ## Дереккөздер
Юрий Павлович Казаков (1927 жыл 8 тамыз, Мәскеу - 1982 жыл 29 қараша, Мәскеу) - орыс жазушысы. ## Шығармашылығы 1958 жылы Әдебиет институтын бітірді. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. «Манька» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1958 жылы жарық көрді. «Жол бойында» (1961), «Нан иісі» (1965), «Желтоқсандағы екеу» (1966), «Емен орманындағы күз» (1969), «Әңгімелер» (1970) т.б. кітаптары басылды. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын орыс тіліне аударды. Казаков әңгімелері венгр, чех, поляк, т.б. тілдерде жарияланды. ## Дереккөздер
Кахтан Мұхаммед Аш-Шааби (араб.: قحطان محمد الشعبي ‎, ағылш. Qahtan Muhammad al-Shaabi ; 1924 жыл, Лехедж сұлтандығы, Шааб ауылы - 1981 жыл 7 шілде, Йемен) - Йеменнің мемлекет қайраткері. ## Саяси өмірі 1967 жылы қарашада Оңтүстік Йемен Халық Республикасы (қазіргі Йемен халық-демократиялық Республикасы) жарияланғаннан кейін , Кахтан - республика президенті және қарулы күштердің бас қолбасшысы. 1969 жылы 22 маусымда Ұлттық майданның шешімі бойынша ол республика президенті міндетінен босатылды. ## Дереккөздер
«Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедия», ғылыми-танымдық басылым. 1985-1991 ж. «Қазақ совет энциклопедиясы» баспасы қазақ және орыс тілдерінде 4 том етіп шығарған. 1-томның бас редакторы М. Қозыбаев, 2-4-томдарының бас редакторы Р. Нұрғали. Оларда Қазақстанның тарихы, қоғамдық, мемлекеттік құрылысы, табиғаты, экономикасы, ғылыми, денсаұлық сақтау ісі, тілі, әдебиеті, енері, сәулет ісі т. б. туралы жан-жақты мағлұмат берілген. 4-томда Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі женінае көлемді мақала орын алған. Онда ұлы жазушының басты-басты туындыларына талдау жасалып, қаламгерді прозашы, драматург, ғалым, ұстаз, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері ретінде таныстырған. Жалпы басылым бойынша классик жазушының есімі 115 жерде аталып, ол айтқан ой-пікірлерге жүгініс жасалған. ## Дереккөздер
Қазақ КСР көркемсурет қоры - КСРО Көркемсурет қорының республикалық ұйымы. 1944 ж. Қазақстан суретшілер одағы жанынан құрылған: суретшілер мен өнер зерттеушілерінің творчестволық жұмысына, олардың материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Қазақ КСР Қазақ КСР көркемсурет қорын басқарма басқарады. "Өнер" көркем өндіріс комбинаты, салон-магазині, республиканың облыс орталықтарында 11 көркем өндіріс шеберханалары бар. ## Дереккөздер ↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7
Бұл әлемдегі жалпы активтерінің саны және нарықтық капиталдандырубойынша ең ірі банктер тізімі ## Жалпы активтері бойынша Жалпы активтерінің көлемі бойынша әлемдегі ең ірі банктердің Relbanks 2014 статистикалық деректері: Тек, бухгалтерлік өңдеулер активтерге әсер ететінін ескеріңіз. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында ПБУ (ҚЕХС-қарсы) ақпараты пайдаланады, ол салыстырмалы түрде АҚШ-қа жатпайтын банктерге қарағанда активтері аз туынды көп жағдайларда таза туынды ұстанымдағы АҚШ-тың жетекші банктеріне орын береді. ### Елдер бойынша ## Нарықтық капиталдандыру бойынша Relbanks-тің нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі банктердің 2015 жылғы статистикалық деректері: ## Әдебиеттер тізімі
Ата Каушутов (15 шілде 1903 жыл, Безмеин ауылы, қазіргі Ашхабад – 1953 жыл 15 қараша, Ашхабад) — кеңестік және түрікмен жазушысы. ## Өмірі Кедей шаруа отбасында туған. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде оқыған. Шығармалары 1925 жылдан жарияланды. Каушутовтың «Каспий сырты майданы», «Қанды орман», «Жұма» (1939) пьесалары, «Аңшы Қандым отбасы» (1944), «Елли Одэнің үйленуі» (1945), «Түрікмен тұлпарлары» (1951) атты әңгіме, повестьтер, «Мехри және Вепа» (1946), «Копет-Даг баурайында» (1947-1949) атты романдары бар. ## Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Мырза Ғұләм Ахмед (урду: مرزا غلام احمد‎, хинди मिर्ज़ा ग़ुलाम अहमद) 1835 жылдың 13-ші ақпанында туып (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.), 1908 жылдың 26-шы мамырында дүниеден өткен (хижра бойынша 24 рабиул сәни 1326 ж.). Мырза Ғұләм Ахмед Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалаған. Ол, хижра бойынша 14 ғасырдың Мүджаддиді (Исламдағы діни реформатор) екендігіне, сондай-ақ мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди болғанына талап білдірген. Оның ізбасарлары өздерін ахмади-мұсылмандары деп атайды. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің ілімдерін насихаттау үшін көп саяхат жасаған, және Үндістанда аса әйгілі болған. Оның айтуы бойынша, Ислам дінін пәк күйінде насихаттау оның міндетіне жүктелгенді. Оның жігерімен, қазір Ахмадия мұсылман жамағаты деп аталатын қозғалыс пайда болған. Оның көзі тірісінде-ақ, көптеген адамдар оның ізбасарларына айналған. Ол христиан миссионерлерімен, ортодоксалды мұсылман молдаларымен, индуис пандиттерімен түрлі пікір-таластарға шығып танымал болған. Мырза Ғұләм Ахмед 1889-шы жылдың 23 наурызында Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалады. Ахмадия қозғалысын құру мақсаты, оның айтуы бойынша, Исламды, ғасырлар бойы жапсарлаған бидғаттардан тазартып, оны пәк күйінде қайта жаңғырта әлемге насихат ету.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед мықты жазушы болған. Ол рухани, теологиялық және адамгершілік құндылықтар тақырыбтарына арнап 90-нан астам кітап жазған. Ол Исламды бейбіт жолдармен насихат етуді ұсынды. Исламды күштеп қарумен насихат етуді ешқашан қолдамаған және бұған үзілді-кесілді қарсы болған. Ол осы дәуірдің көпшілік мұсылмандары ұстанған кейбір ұғымдарына қарсы шыққан; және Құран кәрімнің «Дінде зорлық жоқ» деген аятына сүйеніп, Исламның Жиһад ұғымына дұрыс түсініктеме берген. ## Жастық шағы және білім алуы Мырза Ғұләм Ахмед 1835 жылдың 13-ші ақпанында (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.) - Амритсардан 56 шақырым, ал Лахордан 112 шақырым жерде және Батала теміржол станциясынан шығысқа қарай 17 шақырым жердегі Қадиан қалашығында (Үндістан) дүниеге келген. Әкесінің есімі Мырза Ғұләм Мұртаза, ол моғолдардың текті әулетінен шыққан, олар сол өңірде үлкен құрметке ие болған әулеттердің бірі еді. Тіпті Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің әулеті, Кеш шаһарын (қазіргі Өзбекістандағы Шахрисабза өңірін) 200 жылдай билеген, Барластың руынан шыққанды. Ол, Сикх патшалығына Махараджа Рәжит Сингхтың билік еткен тұсында дүниеге келген. Ол бала кезінде Фәзил Иләһи ұстаздың қарамағында Құран кәрім, араб грамматикасын және парсы тілін үйренген. 10 жасында оның ұстазы Фәзл Ахмед есімді адам болған. 17-18 жасында оны Ғұл Әли Шах есімді ұстаз оқытқан. Бұдан бөлек, ол, әкесі Мырза Ғұләм Мұртазаның қарамағында медициналық бірнеше еңбектерді оқыған, өйткені әкесінің медицинадан терең білімі болған. 1864-1868 жылдар аралығында, Мырза Ғұләм Ахмед, әкесінің қалауымен Сиалкоттағы сотта қызмет етті. Сол уақытта, Үндістанда, британ өкіметіне қарсы ауқымды қозғалыстар орыналды. Барлық дерлік мұсылман көсемдері халықты өкіметке қарсы көтеріп, қарулы жиһад жасауға үндеді. Мұндай бүлікшілік әрекеттерді Мырза Ғұләм Ахмед құптамады. 1868-ші жылдан кейін ол Қадианға оралды, әкесінің тапсырмасымен, олардың жанұясына тиесілі мүліктерге қатысты кейбір даулы істермен айналысты. Осы уақыттар ішінде Мырза Ғұләм Ахмед тақуалығымен таңыла бастады. Ол өз уақытының көп бөлігін оңашада, жергілікті мешітте ғибадат етіп, Құран кәрімді және тағы басқа діни кітаптарды зерттеп-зерделеумен өткізді.19-шы ғасырдың ортасында, христиан діні агрессивті миссионерлік іс-әрекеттерімен бүкіл Үндістанға қарқында түрде тарала бастады. Сол кездері Мырза Ғұләм Ахмед, Исламды христиан миссионерлерінің сындарынан, жала-айыптарынан қорғау үшін, олармен пікір-талас алаңына жиі шығып отырды. Ахмади-мұсылмандарының айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, христиан дінінің негіздеріне қатысты Алладан хабар алып, Исаның айқышта өлмей тірі қалғанын, сосын шығысқа қарай барып жоғалған Исраил тайпаларын іздеп-тапқанын, сөйтіп ақыр соңында Құдай жіберген ажалы жеткен соң, барша адамдар сияқты қайтыс болғанын бұлтартпас дәлелдермен дәлелдеу арқылы, айқышқа (крестке) негізделген діннің идеологиялық беломыртқасын «сындырды» дейді.1886-шы жылы, индуистердің Ария Самаж діни ағымының жетекшілері Мырза Ғұләм Ахмедпен Исламның хақ дін екендігі жайында пікір-талас өткізді, және олар одан Ислам тірі дін екендігін дәлелдеп беруді сұрады. Сол себепті, Мырза Ғұләм Ахмед ерекше дұға оқып, Құдайдан жетекшілік сұрау үшін Хашиапур деген жерге барды. Ол оңашаланып қырық күн ораза ұстады, «чилля нәшини» деп аталатын ислами рәсімді тұтты. Ол өзінің үш серігімен саяхаттады және бір ізбасарының екі қабатты шағын үйінде тұрды. Сол кездері ол үнемі өзінің бөлмесінде болды. Серіктері оған тамақты үндемей әкеліп беретін, оған ештеңе айтпайтын, өйткені ол үнемі ғибадат пен құлшылықта болатын. Ол үйден тек жұма күндері, мешітте жұма намазын өткізу үшін шығатын. Ол дәл осы кездері, Құдай оған, бүкіл әлемге танымал болатын, уәделі ұл жайында игі хабар бергенін жариялады. ## Адалдық антын қабылдау (Байат) 1882-ші жылы Мырза Ғұләм Ахмед, Алла оны рухани реформатор етіп тағайындағанын жариялады. Бірақ ол өзінің ізбасарларынан адалдық антын әлі қабылдай қоймаған болатын. 1888-ші жылдың желтоқсан айында, Алла оған ізбасарларынан адалдық антын қабылдауды бұйырғанын айтты. 1889-шы жылдың қаңтар айында, ол, қабылданатын анттың 10 шарты көрсетілген шағын кітапшаны басып шығарды, оның ізбасарлары осы шарттарды өмірлерінің соңына дейін ұстанулары керек болды. 1889-шы жылы наурыздың 23-де, ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін қалады. Сол күні оның 40 ізбасары оған адалдық антын берді. Адалдық антының шарттары келесідей: * Жамағатқа кіретін адам өмірінің соңына шейін Ширктен (яғни, Құдайға серік қосудан) бас тартуға салтанатты түрде ант етеді. * Ол өтірік айтудан, некесіз байланыстардан, зинақорлықтан, көзбен күнә жасаудан, бұзықтықтан, азғындықтан, ызақорлықтан, алаяқтықтан, ылаң мен бүлікшіліктен бойын аулақ ұстайды және әрқашан ақылын ашуға жеңгізбей сабырлылық сақтайды. * Ол Алла Тағаланың және Ардақты Пайғамбардың ﷺ нұсқамаларына сәйкес, күнделікті бес уақыт намазды үзбей оқитын болады; ол қосымша Тахажжүд намазын оқуды және Ардақты Пайғамбарымызға ﷺ салауат бағыштауды тұрақты түрде орындауға талпынады; ол өзінің күйбің тірлігінде біліп-білмей жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, әрдайым Оның нығметтерін еске алып, Оны мадақтап-даңқтайды. * Кез-келген ашу-ызаның кесірінен, ол Алла Тағаланың бірде-бір жаратылысына, сондай-ақ мұсылмандарға да, не тілімен, не қолымен немесе басқадай тәсілдермен ешқандай зиян келтірмейді. * Ол өмірдің барлық жағдайларында: бақыт пен қайғыда, баршылық пен жоқшылықта, шаттық пен сынақтарда Алла Тағалаға адалдығын сақтап, барлық сәттерде Алланың Заңына мойынсұнады. Оған Алланың жолында ғайбат пен жала сөздерді естіп, жапа шегу кедергі болалмайды, және қандай бақытсыздықтарға тап болса да, ол Алланың ақ жолынан кері шегінбейді, тек қана алға жүреді. * Ол нәпсі құмарлық сияқты Исламға жат әдеттерден бойын аулақ ұстайды және өзін толығымен Қасиетті Құранның билігіне бағындырады; ол Алла Тағаланың сөзі мен Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ айтқандарын өз өмірінің әр сәтіне басты қағида етіп алады. * Ол тәкаппарлықтан, мансап құмарлықтан түгелдей бас тартып, өзінің бүкіл ғұмырын қарапайымдылықта, кішіпейілділікте, қуанышта, момындық пен кешірімшілдікте өткізеді. * Ол үшін иман абыройы мен Ислам ісі – өз өмірінен де, байлықтан да, мансаптан да, бала-шағасынан да, басқа да жақын адамдарынан да қымбат деген сенімге берік болады. * Ол өз өмірін, Алланың разылығы үшін, Құдайдың жаратқандарына қызмет етуге арнайды; және өзінің Құдай берген жақсы қабілеттерімен және мүмкіндіктерімен адамзатты байытуға тырысады. * Ол Алланың осы қарапайым құлымен бауырластық қатынасты орната отырып, Алла үшін, маған барлық ізгі істерде тілалғыштық танытады және өмірінің соңына дейін осыған адал болып қалады; ол өз өмірін осы бауырластық қатынасты сақтаудың теңдесіз үлгісін танытып өткізуге тырысады. Ант беру рәсімі кезінде қолдар формалды түрде біріктіріліп, адал болуға ант ету сөздері оқылады, дегенмен қолмен ұстасу әрдайым міндет емес. Ант беру рәсімінің мұндай түрі оның өмірінің соңына дейін сақталды және орынбасарларымен жалғастырылды. ## Оның білдірген талаптары Мырза Ғұләм Ахмедтің талабы бойынша, Алла Тағала оны үмбетке уәде етілген Мәсіх және уәде етілген Мәһди ретінде жіберген. Бірақ, басқа мұсылмандар оның бұндай талабын қабылдамады, өйткені олардың пікірі бойынша уәделенген Мәсіх пен имам Мәһди әлемді күшпен жаулап алып, дүнияуи патшалық құру үшін келетін тұлғалар. Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, барлық дерлік әлем діндері күткен пайғамбарлардың қайта оралуы оның тұлғасында жүзеге асқанды. Оның бұндай концепциясы үлкен дауға ұласты, әсіресе мұсылман және христиан дінқызметкерлерінің арасында. Мырза Ғұләм Ахмед, физикалық тұрғыда, баяғыда 19 ғасыр бұрын өмір сүрген, Исаның дәл өзімін деп ешқашан айтпаған, дейді оның ізбасарлары. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Иса пайғамбар айқышқа керілгенімен оның жаны қиылып кетпеген, кейін жарақаттарынан айыққан соң, Исраилдің жоғалған ұрпақтарын іздеп табу үшін, шығысқа қарай бет алып Кашмирге (Үндістан) дейін жеткен. Ол жоғалған исраил тайпаларын тауып, оларға ізгі хабарын жеткізді және сол жерде қартайған шағында қайтыс болған. Исаның моласы (мазары) "Розабал" деген атаумен Сринагар қаласының «Ханияр» көшесінде әлі күнге дейін сақталған. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Құдай оны, Исаның рухани күшімен қуаттап, Мәсіх ретінде тағайындаған ; яғни, оның түсіндірмесі бойынша, ол, Иса Мәсіх іспетті, діни соғыстарды доғартып, қантөгістерге қарсы шығу үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді.Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмед, исраилдік Иса пайғамбардың қайтыс болғанын, енді ол өзі қайтып келмейтінін жариялады. Мұндай мәлімдемелер басқа мұсылмандар мен христиандардың дәстүрлі сенімдеріне қайшы келді. Ортодоксалды мұсылмандардың сенімі бойынша, Иса пайғамбар көкке денесімен тірідей көтерілген, сондай-ақ христиандар да Исаның физикалық тұрғыда аспанға көтерілгеніне сенеді, (христиандардың сенімі бойынша, Иса айқышта мерт болып, сосын қайта тірілгеннен соң, көкке көтерілген). Мырза Ғұләм Ахмед өз кітаптарында, Ислам қазіргі уақытта терең күйзеліске ұшырауда, бұл Исламды құрдымға әкетуі мүмкін деп жазады. Оның ойынша, бүгінгі Ислам Мәсіхтің келуіне мұқтаж. Оның айтуы бойынша, Мұса пайғамбардан кейін 14 ғасыр өткен соң Иса пайғамбардың келгені сияқты, үмбетке уәделенген Мәсіх те Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтен кейін 14 ғасыр өткен соң келуі тиіс. Ол «Тазкира» атты кітабында өзінің бірталай көріпкелдіктерінің орындалғанын жазады. Сондай-ақ, Имам Мәһдидің келуіне қатысты, сол замандарда орыналатын жағдайларға қатысты Құран кәрім мен хадистердегі көріпкелдіктерді тізбектеп жазған. Ол осы көріпкелдіктердегі белгілердің орындалуын өзіне қатысты және оның осы дәуіріне қатысты айтылғандығын дәлелдеп баққан. Олардың кейбірі егжей-тегжейімен түсіндірілгенді, мысалға, 20-шы ғасырда орыналған кейбір жаһандық құбылыстар жайында, сондай-ақ мұсылман халықтарының мінез-құлқын, ахлағын, әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайын дәлме-дәл суреттеген көріпкелдіктер. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары, яғни ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, уәделенген Мәсіх-Мәһди келгенде орыналатын үлкен белгілер (мысалға, «Күннің батыстан шығуы», «Дәжжалдың келуі», «Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы» және т.с.с. белгілер) барынша жүзеге асып қойғанды, алайда олар, бұл белгілерді, ортодоксалды мұсылмандар сияқты сөзбе-сөз мағынасында емес, астарлы мағынасында түсінеді. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Иса пайғамбар қайтыс болғандықтан ол енді қайтып оралмайды, оның есімі үмбеттің ішінен шығатын басқа адамға (яғни, оның өзіне) символды түрде берілген. Сондай-ақ, имам Мәһди деген есім де сол адамға берілген символды есім. Имам Мәһди деген есім – «тура жолға бастайтын имам» - деген мағынаны білдіреді. Сондықтан оның тұжырымдамасы бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх пен Мәһди екі адам емес, бір адамның қос символды есімдері. Мұндай мәлімдемелер ортодоксалды мұсылман дінқызметкерлерінің арасында қатты алаңдаушылықтарды тудырды. Өйткені олардың бекітілген теологиялық ұстанымдары бойынша, Иса пайғамбар аспанға тірідей көтерілген, және қияметтің алдында сол баяғы бәзқалпында, аспаннан қайта түседі. Сондай-ақ, имам Мәһди мен Иса екі бөлек адамдар. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, хадистерде, Мұхаммед пайғамбар ﷺ үмбетке келетін уәделенген Мәсіхті - пайғамбар - деп атаған, сондай-ақ Алла оған аян-уахилар, ізгі хабарлар жібереді делінген, бұның барлығы Мәсіхтің пайғамбарлық дәрежеде келетіндігін дәлелдейді. Сондықтан, ол, жаңа шариғат әкелмеген, яки толығымен Құран шариғатына тәуелді болған пайғамбарлыққа талап білдірді. Исламның басқа ағымдары Мырза Ғұләм Ахмедтің мұндай мәлімдемелерін ерсі санайды. Өйткені, исламның басқа ағымдарына жататын мұсылмандардың сенімдері бойынша, Мұхаммед пайғамбардан кейін ешқандай пайғамбардың келуіне орын жоқ.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед қарулы жиһад жасау идеясынан бас тартқан, өйткені оның пікірі бойынша, оның заманында жиһадтың мұндай түрін жүргізудің шарттары орындалмаған. Оның мәлімдемесі бойынша, бұл заманда Исламды қорғау үшін, қылыш емес, қалам көтеру керек. Осы тұжырымын дәлелдеу үшін ол «Тохфа қайсария» және «Ситара қайсария» деген кітаптарын жазды. Сондай-ақ, ол осы кітаптары арқылы Ұлыбританияның патшайымы Викторияны христиан дінінен бас тартып, Исламды қабылдауға шақырған. ## Дін ғұламаларының реакциясы Мырза Ғұләм Ахмедке қарсы көптеген дін ғұламалары молдалар бас көтерді. Олар оны адасқан адам ретінде есептеді. Алайда, сэр Сайед Ахмад Хан, Мәуләнә Әбдул Қалам Азад секілді танымал дін қайраткерлері, оны «Исламның қалқаны» ретінде бағалады. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, ол қарулы жиһадтан бас тартқаны үшін, қарсыластары оны ағылшын үкіметінің тыңшысы деп айыптады.Мырза Ғұләм Ахмед үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди болуға талап білдірген кезде, Мәуләнә Мұхаммед Хусейн Баталви есімді оның бір қарсыласы оны «кәпір», «өтірікші», «жалғаншы» ретінде жариялайтын пәтуә шығарды. Бұл пәтуә оны және оның ізбасарларын өлтіре беруге құқық берді. Осы пәтуаның авторы бүкіл Үндістанды шарлап, пәтуасының астына 200 молданың қолдарын қойдырған болатын.Бірнеше жылдан кейін, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптары жайында Мекке мен Мединенің беделді ғұламаларының пікірлерін білу үшін, Ахмед Раза Хан есімді өте танымал мұсылман ғұламасы Хиджазға аттанды. Сол ғұламалардың пікірлерін ол «Хасамүл харамайн» (Құдайға тіл тигізушілік пен жалғандықты жою үшін әкелінген қос қасиетті жердің қылышы) атты кітабына басып шығарды. 34 ғұламаның ортақ пікіріне сай, Мырза Ғұләм Ахмед исламнан шыққан, Құдайға тіл тигізуші адам. Олардың пікірі бойынша, оны тұтқындап, жаза қолдану керек делінген. ## Делиге саяхат жасауы 1892 жылы Мырза Ғұләм Ахмед Делиге жол жүрді, сол кездері Дели, діни білімнің орталығы болған және көптеген діни көсемдердің отаны еді. Мырза Ғұләм Ахмед Делиге өзінің талаптарының растығын түсіндіру үшін барды. Ол, ғұламаларды, Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты, ашық пікір-таласқа шақырған кітапшаны басып шығарды. Пікір-таласқа шақырған ғұламалардың арасында Мәулви Сайид Назир Хусейн (1805-191 ж.ж.) есімді ғұлама болған. Ол Делидің беделді ғұламаларының бірі еді. Осы пікірі-таласқа Мырза Ғұләм Ахмед үш шарт қойды: * Бұл пікір-таластарда тыныштықты бақылайтын полиция болуы керек. * Пікір-таластар жазбаша түрде өтуі керек (кейін жазбалар сақталып қалуы үшін). * Пікір-таластар Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты өтуі керек. Нәтижесінде осы шарттар қабылданды, Мырза Ғұләм Ахмед Делидің орталық мешітіне аттанды. Ол мешітке өзінің 12 ізбасарымен барды. Пікір-таласты тыңдау үшін Делидің орталық мешітіне 5 мыңдай адам жиналды. Пікір-таластың алдында әлгі шарттар қайта қаралып, Мырза Ғұләм Ахмедтің қарсыластары тақырыпты өзгертуге талпынды. Олар пікір-таласты, Исаның өмірі мен өліміне қатысты тақырыпта емес, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптарына қатысты тақырыпта өткізуді ұсынды. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Исаның өлімі дәлелденгеннен соң оның талаптарын талқылауға болады, өйткені көптеген адамдардың сенімі бойынша, ол әлі күнге дейін тірі және жерге қайтып оралмақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, егер қарсы тарап Исаның әлі тірі екендігін дәлелдесі, онда оның уәделенген Мәсіхпін деген талабы өздігінен жойылар еді –деп, түсіндірді. Осы кезде көпшілік жұрт шулай бастады. Қарсы жақтың молдалары халықты айтақтап жатты, оның сенімдері ислам қағидаларына қайшы, сондықтан оны кәпір деу керек – деп айғайласты. Олардың айтуы бойынша, егер алдымен ол өзінің талабын түсіндіріп бермесе, онда онымен айтысуға тұрмайды десті. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің сенім ұстанымдарын хатқа жазып берді, ол хат жиында дауыстап оқылды, алайда наразы жұрттың айғай-шуы ешкімге ештеңе естіртпеді. Жұрт бақылаудан шығып бара жатты және олардың тарапынан зорлық жасаудың қауіпі туғанын байқаған полиция жетекшісі адамдарды таратып жіберуді бұйырды. Осындай себеп-салдардан пікір-талас өтпей қалды. Бірақ бірнеше күннен кейін, Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед пен Бхопалдық Мәуләви Мұхаммед Баширдің арасында жазбаша түрде пікір-талас орыналды. Кейінірек пікір-таластың мәтіні баспаға шықты. Өмірінің осы кезеңінде Мырза Ғұләм Ахмед Үндістанның солтүстігінде көп саяхат жасады. Ол түрлі дін ғалымдарымен әртүрлі тақырыптағы пікір-таластарды өткізіп жүрді. ## Қарсыластарына жасаған үндеуі Мырза Ғұләм Ахмед «Көктің бұйрығы» деген кітабын басып шығарды. Сол кітабында ол, Алла Тағаланың көз алдында кім шынайы мұсылман екендігін шешу үшін, қарсыластарын рухани жекпе-жекке шақырды. Алла Тағала Құранда шынайы мұсылманның төрт критериясын берген болатын: * Шынайы мүмін Алла Тағаладан үнемі ізгі хабар алып тұруы керек; * Оған Алла Тағаладан көмескі істер мен болашақ өмірдегі уақиғалар жайында мәліметтер тарту етіледі; * Алла Тағала оның дұға-тілектерінің көп бөлігін қабылдайды; * Ол Құран кәрімнің шынайы мән-мағынасын бәрінен тереңірек түсінеді. ## Рамазан айында ай мен күннің тұтылуы Ол үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Маһдимін деп мәлім еткенде, қарсыластары одан аспан белгілерін көрсетуді талап етті. Бұл белгілерді, миләди бойынша 7-ші ғасырда өмір сүрген, имам Мұхаммед әл-Бәкір егжей-тегжейімен түсіндіріп кеткен. Ол кісі Мұхаммед бин Әли деген есіммен де әйгілі болған. Ол имам Мәһди келгенде орыналатын белгіні жете түсіндірген. Хазірет имам Әли Зейн әл-Әбидиннің ұлы, әрі Хазірет имам Хусейннің немересі Хазірет имам Мұхаммед Бәкір баяндайды: Ақиқатында, біздің Мәһди үшін екі белгі орындалмақ, олар аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Рамазан айында, ай бірінші күні тұтылады, күн ортанғысында тұтылады (өздеріне белгіленген күндері); әрі бұндай белгілер аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемелері бойынша, бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед Алладан аян алып, үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігін жариялаған соң, шамамен үш жылдан кейін екі рет 1894 және 1895 жылдары орындалған. (1894 жылы жердің шығыс жарты шарында, ал 1895 жылы жердің батыс жарты шарында). 1894 жылдың 21-ші наурызында (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 13-де) - ай тұтылды, сол жылдың 6-шы сәуірінде (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 28-де) - күн тұтылды. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, бұл белгілер Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің(ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көріпкелдігін растау үшін көрсетілгенді. Кейінірек бұл белгі мұсылман ғұламаларының тарапынан қатты сынға ұшырады. Мырза Ғұләм Ахмедті сынға алған ғұламалар бұл баяндама әлсіз және оны жеткізушілер тізімі Мұхаммед пайғамбардан ﷺ тарамайды дегенді алға тартты. Дегенмен, ахмади-мұсылмандарының тұжырымдары бойынша, адамзат тарихында, біреудің хақтығын дәлелдеу үшін, бұлайша ай мен күннің тұтылуы болмаған дейді. Мырза Ғұләм Ахмедке дейін, бірде-бір адам өзінің хақтығын дәлелдеу үшін ай мен күннің тұтылғанына жұрттың назарын аудартпаған. Үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігіне талап білдірген соң, мұсылмандар үшін қасиетті болған рамазан айында, аспаннан ай мен күннің тұтылуы, тек Мырза Ғұләм Ахмед үшін орындалған. Сондай-ақ, хадистегі бұл көріпкелдік жайында Қасиетті Құранда да, Інжілде де, және т.б. діни кітаптарда мәліметтер бар. Бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед өз талабын білдірегеннен соң орындалды, және ол кезде, одан басқа талап білдірушілер болмады, бұл бұлтарпайтын факт, - дейді ахмади-мұсылмандары. Бұл көріпкелдік Ахмед Сирхиндидің «Раббани» хаттарында да сөз етілген. ## Ақ мұнара Исламның дәстүрлі сенімі бойынша, Иса, қайтып оралған кезде, Дамаскінің шығыс жағындағы немесе Дамаскінің шығыс бөлігінде ақ мұнараға аспаннан түсіп қонуы тиіс. Бұл даулы мәселе. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, бұл баяндама Дамаск шаһарының шығыс бөлігінде мұнараның болуын білдірмейді. Оның түсіндірмесі бойынша, бұл көріпкелдік Қадиан шаһарына қатысты айтылған, өйткені ол Дамаскінің тура шығысында (жағрафиялық бір ендікке мейлінше жақын) орналасқан. Сонымен қатар, оның түсіндірмесі бойынша, «мұнара» символикалық нышан ретінде айтылған, ол, ислам үні жер-жерге таралады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «ақ мұнара» исламның үстемдігін білдіреді. Бұл үстемдік, уәделенген Мәсіхтің дәуірінде, мұнара іспетті маңғазданып тұруы керек. Сонымен қатар, бұл көріпкелдік - білімнің дамыған заманына ишара етеді, ол кезде өте ыңғайлы көптеген байланыс құралдары мен қатынас құралдары жаратылады. Сол заманда жол жүру, насихат ету жұмысы жеңілдейді. Орта ғасырларда мұнаралар қалың бұқараға хабар жеткізу үшін, жамағатты намазға шақыру үшін тиімді қолданылған, міне осы көрініс аталмыш пайғамбарлықта ишара етілген. Мырза Ғұләм Ахмед, Алла Тағала оған келесі аянды жіберді деп, мәлімдеді: Алға басыңдар, уақыттарың келді. Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасарларының табандары биік мұнарада нық тұрады. Қасиетті Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) - барша пайғамбарлардың Көсемі. 1903 жылы Мырза Ғұләм Ахмед осы пайғамбарлықтың тура мағынада орындалуы үшін мұнараның іргетасын қалады. Оның айтуы бойынша, бұл исламның рухани және физикалық аспектілерін көрсететін болады, сондай-ақ оның төбесіне сағат пен мәйек шамы орнатылады, бұл алысқа және жан-жаққа тараған ислам сәулесінің символы болмақ. Осылайша, адамдар уақыттарын білетін болады, ал азаншы күніне бес мезгіл намазға шақырады. Бұл адамдарды исламға шақыруды ишара етеді. Бұл мұнараның құрылысы 1916 жылы аяқталды, содан бері ол Ахмадияттың символына, ерекшелейтін белгісіне айналған. ## Соңғы саяхаты 1907 жылдың соңы, 1908 жылдың басында, Мырза Ғұләм Ахмед өлімі жақындап қалғаны жайында көптеген аяндар алғанын айтты. 1908 жылдың сәуірінде ол жанұясын, дос-серіктерін ертіп Лахорға жол жүрді. Лахорда бірнеше дәріс оқыды. Ол үлкен жиын ұйымдастырды, оған жоғары лауазымды тұлғалар шақырылды. Осы жиында ол екі сағат бойы сөйледі, өзінің талаптарын түсіндіріп, оған тағылған айыптарға жауап берді. Ол үнділер мен мұсылмандар арасында татулыққа қалай қол жеткізуге болатынын айтты. Ол, Лахорда қайтыс боларынан бір күн бұрын, «Пайғамэ сулх» (Бейбітшіліктің жолдауы) деген соңғы кітабын жазып бітірді. ## Мырза Ғұләм Ахмедтің өлімі және Хилафат институты Мырза Ғұләм Ахмед 1908 жылы мамырдың 26-да, Лахорда, дәрігер Сайед Мұхаммед Хусейннің үйінде қайтыс болған (ол оның жеке дәрігері еді). Дәрігерлердің диагнозы бойынша, өлім - асқазан әлсіздігі мен жадаулықтың салдарынан орыналған. Таңғы сағат оннан отыз минут кеткенде, ол: «О, менің аса қымбатты Раббым!» - деген сөздерді екі рет қайталап, өз төсегінде жатқан күйде қайтыс болды. Денесі Қадианға жеткізіліп, "Баһишти Мақбара" бейітіне жерленді. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның ісі сайланған мұрагері арқылы жалғасын тапты. Осылайша наменгерлік Хилафат институты қайта жанданды. Бұл рухани институт "Халифа-түл-Мәсіх" (яғни Мәсіхтің Мұрагері немесе Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары) деп аталды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының сенімі бойынша, бұл хилафат хадистерде айтылған "пайғамбарлық жолмен қайта пайда болатын Хилафат" екен, яғни Мұхаммед пайғамбардан ﷺ кейін орныққан "Ізгілікті Хилафат" секілді. ## Некелесуі және балалары Мырза Ғұләм Ахмед екі рет үйленген. Оның бірінші әйелі Хұрмат Бибі. Кейін олар бір-бірінен алшақтап, ұзақ уақыт бойы бөлек тұрды. Ол екінші рет үйленгенде, Хұрмат бибі бұған қарсылық білдірмеді, және онымен айрылысқысы да келмеді. ### Балалары Бірінші әйелі Хұрмат бибіден екі ұлы болды: * Мырза Сұлтан Ахмед (1853-1931 ж.ж.), ол Ахмадиятты қабылдаған. * Мырза Фазәл Ахмед (1855-1904 ж.ж.), 49 жасында қайтыс болған және Ахмадиятты қабылдамаған. Екінші әйелі Нұсрат Жаһан Бегамнан 10 баласы болған. Бес баласы жастайынан шетінеп кеткен: * Исмет (1886-1891 ж.ж.) * Башир (1887-1888 ж.ж.) * Шауқат (1891-1892 ж.ж.) * Мүбәрәк (1899-1907 ж.ж.) * Әмтүл Нәсір (1903-1903 ж.ж.) Бес баласының ғұмыры ұзағырақ болған: * Мырза Башируддин Махмұд Ахмед (1889-1965 ж.ж. * Мырза Башир Ахмед (1893-1963 ж.ж.) * Мырза Шәриф Ахмед (1895-1961 ж.ж.) * Нәуәб Мүбәрәка Бегам (1897-1977 ж.ж.) * Нәуәб Сахиба Әмтул Хафиз Бегам (1904-1987 ж.ж.) ## Мұрасы Нәби (Пайғамбар) термині осы күнге шейін жалғасып келе жатқан ең басты даулардың бірі. Мырза Ғұләм Ахмед өзін үмбеттің ішінен шыққан пайғамбар ретінде санаған. Ахмади-емес мұсылмандардың басым көпшілігі Мұхаммед пайғамбарды ең соңғы пайғамбар деп санайды. Олардың пікірі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмедтің бұл терминді өзіне қолданғаны, соңғы пайғамбарлық концепциясын бұзып қана қоймай, Құран кәрімнің үкімдерін де тәрк етті дейді.Осы мәселеде Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары да екі топқа бөлініп, ажырап кеткен. Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық түсіндірмесін тура мағынада қабылдайды (алайда, оның пайғамбарлық сипатына кейбір ескертпелер мен түсіндірмелер береді). Олардың сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед жаңа шариғат әкелмеген және Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедке ﷺ толығымен бойұсынған пайғамбар. Қазіргі уақытта Ахмадия Мұсылман Жамағатын 5-ші Халиф Мырза Масрур Ахмад басқарады. Оның рухани лауазымы "Халифатүл Мәсіх", яғни "уәделенген Мәсіхтің (ісін жалғастырушы) Орынбасары". Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, Ахмадия Мұсылман Жамағатында Халифат Институты құрылған. Ал Лахор Ахмадия Жамағаты Халифті жалғыз орынбасар ретінде қабылдамайды. Олардың сенімі бойынша, жамағаттың басында әмір басқаратын «Анжуман ишаати ислам» («Исламды тарату жолындағын қозғалыс») ұйымы тұруы керек. Жікке бөлінушілік 1-ші Халиф Мәулви Хәкім Нұриддин қайтыс болған соң орыналған. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары Пәкістан мен Сауд Арабия елдерінде "мұсылман-емес" деп жарияланған. Олар көп жылдардан бері түрлі қудалаушылықтарға ұшырауда. 1974 жылы Пәкістан парламенті конститутцияға өзгерту еңгізіп, ахмадилерді "мұсылман-емес" деп жариялады. 1984 жылы Пәкістанның қылмыстық кодексіне, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізушілікке қатысты бірнеше өзгертулер еңгізілді. Бұл өзгертулер ахмадилерге исламды уағыздауға заңмен тыйым салды, бұл, өз кезегінде, ахмадилерді жаппай тұтқындауға, қудалауға әкеп соқты. Қазіргі уақыттың кей мұсылман ғалымдары мен зиялы қауымы Мырза Ғұләм Ахмедтің бейбіт жиһад идеясымен келіседі. Бұдан бөлек, кейбір ислам ғалымдары, Иса пайғамбардың табиғи өліміне иман келтірген, және олар дәлел ретінде, Мырза Ғұләм Ахмедтің пікіріне жүгінгенді. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты ортодоксалды мұсылмандардың ұстанымдары еш өзгермеген. * Мәулви Мұхаммед Хусейн Баталви – Үндістандағы Ахли хадис жамағатының көсемдерінің бірі болған. Ол бас кезінде Мырза Ғұләм Ахмедті қатты құрметтеген, алайда Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх екендігіне талап білдірген соң, ол оның қас дұшпанына айналған. Кезінде ол, Мырза Ғұләм Ахмедтің «Барахин-э-Ахмадия» кітабының алғашқы томына, былай деп пікір жазған: "Біздің пікіріміз бойынша, бұл кітап, бүгінгі күндері теңдесі жоқ кітап. Ал, осы заманның қажеттелігін ескеретін болсақ, Ислам тарихында бұған ұқсайтын кітап ешқашанда жазылмаған. Оның авторына келетін болсақ, ол әрдайым: жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен және өткір сөзімен Исламға қызмет ету жолынан табылатын. Ол адымын алдыға нық басады. Жігерліктің мұндай үлгісін тек алғашқы мұсылмандардың арасынан көруге болады. Егер біреу біздің (сөздерімізді), Азия (халықтарына) тән асыра сілтеушілік деп айыптаса, онда олар біздерге, Ария Самаж және Брахма Самаж секілді индуис секталарының Исламға қарсы жасаған сын шабуылдарына соншалықты пәрменмен әрі шынжүректен жауап беретұғын, осы заманда жазылған тым болмағанда бір кітапты көрсетсін. Сондай-ақ, Исламға соншалықты, жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен қызмет ету жүгін арқалаған Исламның қазіргі жанашырларын тізбектеп берсін." * Зафар Әли Ханның әкесі Мәулви Сиражуддин, Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған кезде, ол өзінің «Заминдар» атты газетіне былай деп жазған: "Мырза Ғұләм Ахмед 1860-1861 жылдар аралығында Сиалкотта тұрды. О кездері оның жас мөлшері 22-23 болатын. Біз нақты айта аламыз, ол жас кезінде өте тақуа, әулие адам болған". * Хазірет Ходжа Ғұләм Фәрид Сәжде Нәшин чачра Шәриф былай деген: "Мырза өз уақытын Алла Тағалаға қызмет етумен өткізген. Ол әрдайым намаз, Құран оқып отыратын немесе басқа да діни істермен жігерлене айналысатын. Ол ислам дінін насихаттау ісіне белді бекем буып кіріскендігі сондайлық, тіпті Ұлыбританияның патшайымына Мұхаммедтің ﷺ дінін қабыл етуді ұсынған, сондай-ақ Ресей, Франция және т.б. мемелекеттердің басшыларына исламның жолдауын жіберген. Мырзаның бар ынта-жігері мен ыждахаты, адамдар (христиандық) үшқұдайлықтан және басқа да мүшріктік нанымдардан бас тартып, Алланың Бір екендігін қабылдатуға бағытталған болатын. Ал енді қазіргі ғұламалардың жағдайларына қараңыздар, олар жан-жақтарына басқа барлық жалған діндерді жайбырақат жіберіп қойып, барлығы келіп мына «Әхли сүннәт уәл жамағаттың» өкілі болған, тура жолдағы және басқаларға хидаят жолын нұсқаған тақуа адамға шүйлігіп, оған қарсы күпірлік пәтуасын шығарумен әлек болуда. Оның арапша шығармаларына қараңыздар, олар адами қабілеттен тыс шығармалар, оның барлық сөздері даналыққа, ақиқат пен хидаятқа толы және «Әхли сүннәт уәл жамағат» пен басқа діни қағидаттарды ешқалай теріске шығармайды. Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед әл-Қадиани шыншыл және өз миссиясына берік адам: ол үнемі, күн-түн демей, Аллаға ғибадат етуге толығымен берілген. Ислам өркениеті шынайы рухани-ағартушылықтың жоғары деңгейіне жетуі үшін, ол бар күш-жігерін жұмсады. Мен ол кісіден не анық, не көмескі кемістіктерді көрмедім. Егер ол «Иса болуға» және Мәһди болуға талап білдірсе, демек рас болғаны". * «Керзон Газетт Дели» газетінің редакторы Мырза Хайрат Дехлеви, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін ескере, былай деп жазады: "Марқұмның Исламға жасаған қызметі өте сапалы. Арийлықтармен (индуистер) және христиандармен алпарысу жолында, оның Ислам үшін жасаған қажырлы еңбегін басқа мұсылмандардың еңбектерімен салыстырсақ, марқұм, расыменде, зор құрметке лайықты. Діни пікір-таластарды қалай жүргізу керектігін ол түбегейлі өзгертті және Үндістанда заманауи мұсылман әдебиетінің іргесін қалады... Сондай-ақ, танымал арийлықтар мен падрелар (поптар) оған жауап қайтармақ түгіл, көбінеки ауыздарын аша алмай қалған жағдайлар орыналған, біз бұны мойындаймыз". * Белгілі муфассир және қоғам қайраткері Әбдул-Қалам Азад, Ахмадия жамағатының негізін құрушысы Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Ол Исламға қарсы бағытталған шабуылдарға тойтарыс беруімен ерекшеленді және ол өз міндетін бұлжытпай орындаған жеңімпаз генералға ұқсады. Оның айбынды қозғалысы қарсыластарымызды күл-талқан етті, және келешекте де, бұл қозғалыс өзінің жеңіс шеруін жалғастыра бермек, біз бұны ашық мойындауға мәжбүрміз. Мырза Сахибтің бұл қызметі болашақ ұрпаққа, алдынғы шептерден табылып Исламды қаламмен қорғап, өз міндеттерін орындау үшін үлкен үлесін қосады. Оның қалдырып кеткен шығармалары қазіргі уақытқа шейін мұсылмандарға өте өзекті. Қызмет етуге деген жігерліктің мұндай үлгісі барлығына, ұлттық дәстүр секілді, өнеге болуы керек". * Саяси шолушы Мәуләнә Сайд Хәбиб мырза, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін және христиандық, арийлық уағызшыларға берген тойтарысын ескере, былай жазады: "Сол кездері арийлық және христиандық миссионерлер Исламға аяусыз шабуылдар жасады. Әрине, қасиетті шариғатты сақтау ісінде қызмет еткен Ислам теолог-ғұламалары болды, алайда олардың ешқайсы ірі жетістікке жете алмады. Сол кезде христиан және арийлық миссионерлермен күш сынасу үшін ұрыс алаңына Мырза Сахиб шықты. Ол Исламды кеудесімен қорып қалқандады. Мырза Сахиб Исламның дұшпандарына лайықты тойтарыс беріп, өз міндетін кәміл әрі көркем түрде орындады, бұлай айтуға еш қамықпаймын". * Жазушы, ақын, редактор Ғұлама Нияз Фәтехпури, Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Күмәнсіз, ол исламдық ахлақты қайта жаңғыртты. Ол Мұхаммед пайғамбарды ﷺ өз өміріне үлгі еткен, біз бұны сенімді түрде айта аламыз". * Сайд Мұмтаз Әли Имтиаз былай деп жазады: "Марқұм Мырза Сахиб өте тақуа, ерекше адам болған. Оның ізгілік шашқан пәрмені, тіпті қатыгез жүректерді де елжіретуге күйі жететін. Ол өте қайратты ағартушы, ғалым, теолог болған. Біз оны уәделенген Мәсіх ретінде қабылдамадық, бірақ оның берген рухани хидаяты мен жетекшілігі тіпті өлі жүректерді де тірілтеді". * Ривари, «Садық әл-ахбар» газеті, Мырза Ғұләм Ахмедтің Ислам үшін жасаған қызметін жоғары бағалап, былай жазған: "Мырза Сахиб алдыға жарқырай шығып, қуатты сөздерімен, керемет шығармаларымен Ислам дұшпандарына батыл тойтарыс берді және қауесеттерін ұмыттыруға мәжбүр етті. Ол шындық шындық болып қала беретінін айшықтады. Расыменде, ол Исламды сенімді қорғанмен қамтамасыз етті. Ол Ислам дініне қызмет етуде ештеңені қараусыз қалдырмады". * Мырза Ғұләм Ахмедтің исламға жасаған қызметін, христиандыққа қарсы жүргізген күресін Мәулви Мұхаммед Нәкшбанди де жақсы сөздермен ескерген. Мырза Ғұләм Ахмед 80-нен астам кітап жазған, негізінен урду, араб, парсы тілдерінде. Оның кітаптарында, оның ілімдері мен Құранға жасаған түсіндірмелері орыналған, және оның айтуы бойынша, бұның бәрін оған Құдай жібергенді. Оның жазған хаттарында да бірталай мәселелер қарастырылған. Оның кітаптарының көп бөлігі пікір-таластыру түрінде жазылған. Оның «Ислам тағлымдарының пәлсапасы» атты кітабы көптеген зиялы адамдармен жоғары бағаланған, солардың ішінде орыстың ұлы ақыны Лев Толстой да бар. ## Сілтемелер Ахмадия мұсылман жамағатының ресми сайттары:қазақшақырғызшаорысшатүрікшеарабша ## Дереккөздер
Николай Дмитриевич Каширин (1888 жыл 4 ақпан, Орынбор губерниясы - 1938 жыл 14 маусым) - кеңес әскери қайраткері, Азамат соғысының батыры, Әскердің 2-рангілі қолбасшысы. 1918 жылдан КОКП мүшесі. ## Өмірбаяны 1909 жылы Орынбор юнкерлер училищесін бітірді. 1912 жылы жас казактардың арасында үкіметке қарсы үгіт жүргізгені үшін Орынбор 5-казак полкінен қуылды. 1916 жылы жараланып, еліне оралды. 1917 жылы наурызда еңбеккер казактарды бастап, контрреволюциялық казак басшыларына қарсы күресті. 1918 жылы Верхнеуральскіде Дутов әскерлерімен күресу үшін ерікті казак отрядын ұйымдастырды. 1918 жылы шілдеде Южноуральск партизан отрядының бас командирі болып сайланды, жараланғаннан кейін бас қолбасшы В.К.Блюхердің көмекшісі болды. 1918 жылы қыркүйектен 4-Уральск дивизиясы бастығының орынбасары және бастығы. 1919 жылы Орынбор бекініс ауданының коменданты, Түркістан майданы 49-бекініс дивизиясының бастығы. 1920-1922 жылдары Орынбор-Торғай губерния атқару комитетінің төрағасы, Оңтүстік майданның 3-атты әскер корпусының командирі, Александр әскерлер тобының қолбасшысы. 1923-1925 жылдары 14-атқыштар корпусының және казактардың 1-атты әскер корпусының командирі. 1925-1931 жылдары бірнеше әскери округтар қолбасшысының көмекшісі, 1931-1937 жылдары Солтүстік Кавказ әскери округының қолбасшысы. 1934 жылдан КСРО әскери кеңесінің мүшесі. 1937 жылы жауынгерлік дайындық бас басқармасының бастығы болды. Верхнеуральскіде оның құрметіне ескерткіш орнатылған. ## Марапаттары Бірінші дүниежүзілік соғыста 6 орденмен марапатталды. 2 рет Қызыл Ту орденімен марапатталды. ## Дереккөздер
Александр Дмитриевич Кастальский (1856 жыл 28 қараша, Мәскеу - 1926 жыл 17 желтоқсан, Мәскеу) - кеңес композиторы, музыка зерттеушісі, хор мәдениетінің қайраткері. ## Өмірі 1893 жылы Мәскеу консерваториясының композиция класын бітірді. П.И.Чайковский, Н.А.Губерт және С.И.Танеевтен сабақ алды. 1887 жылдан Мәскеудің синодальдық училищесінде ұстаздық етті. Ол Қазан революциясына дейін негізінен діни музыка жазумен шұғылданды. 1918-1923 жылдары Халық хор академиясын басқарды. 1922 жылдан Мәскеу консерваториясының профессоры. Кеңестік революциялық әндерді алғаш жазған авторлардың бірі. «Клара Милич» операсын. хорлар, әндер, фортепьянолық пьесалар азды.Оның шығармашылығы орыс хор мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарды. Ғылыми жағынан бағалы еңбегі - халық музыкасы туралы зерттеулері. ## Дереккөздер
Иван Гаврилович Слажнев (7 қаңтар 1913, Киев губерниясы, Ресей империясы — 9 қыркүйек 1978, Алматы, Қазақ КСР) — Қазақстанның партия, совет қайраткері, 1939 жылдан бастап КОКП мүшесі. 15 жасынан еңбек жолына түсті. ## Өмірі Прилуки ауыл шаруашылығын мехникаландыру техникумын ,Харьков ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрендіру иснтитутын бітірген (1940). 1940-1947ж. Солтүстік Қазақстан облысындағы Майбалық, Суворов МТС-терінде директор, Преснов аудандық партия комитетінің секретары, 1947-1955 ж. облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Қостанай облыстық аткомы председателінің орынбасары, председателі. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Қазақстан КСР Министірінің Кеңестік председателінің орынбасары, Қазақстан КСР дайындау министрі (1955-1962). 1962-1965 ж. Павлодар облысының партия комитетінің 1- секретары, Тың өлкелік аткомының председателі, 1965 жылдан Қазақстан КСР Министрлігі Советі председателінің 1- орынбасары. 1966-]]1975]] ж. КПСС ОК мүшелігіне кандидат, 1971 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бюро мүшелігіне кандидат. КПСС 22-25- сьездерінің делегаты. 5-9 сайлау Қазақстан КСР Жоғарғы Советінің депутаты. ## Сыйлықтары 2 рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы орденімен , 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 193 бет
Вера Климентьевна Слуцкая(шын аты Берта Брониславовна) (5.17).9.1874, Минск,-30.10.1917, Царское Селоның маңы, қазіргі Ленинград облысы, Пушкин қаласы. )-Ресейдегі революциялық қозғалысқа қатысушы 1902 жылдан Коммунистік партия мүшесі. ## Өмірі Слуцкая революциялық қызметіне 1898 жылдан бастады. 1901 ж. Бунд партиясының мүшесі болды. Минск пен Петербургтегі 1905-1907 жыладардағы революцияға белсене қатысты, РСДЖП жауынгерлік ұйымының мүшесі, РСДЖП 5-сьезінің (1907) делегаты, кейін Петербургте партия қызметкері. 1902-1912 ж. Германия мен Швейцарияда эмиграцияда облып, 1913 ж. Петербургке партия қызметіне ауысты. Бірнеге рет тұтқынға алынды. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін РСДЖ (б)П Петербург комитетінің мүшесі, жұмысшы әйелдер арасында партияұйымдастырушысы, Василеостовск аупарткомының секретары болды. Слуцкая-РСДЖП (б) П 6-сьезінің делегаты. Петроградтағы Қазан қарулы көтерілісіне белсене қатысты. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 199 бет
Абдель Керим Касем (1914 жыл, Бағдат - 1963 жыл 9 ақпан, Бағдат) - Ирактың мемлекет және әскери қайраткері, 1958—1963 жылдары Ирактың премьер-министрі және қорғаныс министрі, бригадалық генерал. ## Өмірі 1955 жылдан бастап бригадалық генерал, 1959 жылдың қаңтарынан генерал-майор. 1956 жылы бір топ ирак офицерлерімен бірге әскер ішінде антиимпериалистік, антимонархиялық астыртын «Еркін офицерлер» ұйымын құрды. Бұл ұйым жасаған әскери төңкеріс Ирак революциясының (1958) бастамасы болды. 1958-1963 жылдары Ирак Республикасының премьер-министрі, қорғаныс министрі әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы. Касем үкіметі бастапқы кезде бірқатар прогресшіл шараларды жүзеге асырды. 1959 жылдың аяғынан бастап демократияшыл күштерді тұншықтыруға ойысты, 1961 жылы күрдтарға қарсы соғыс ашты, жеке басының диктатурасын орнатты. «Баас» партиясы жетекшілік еткен реакцияшыл төңкеріс кезінде атылды. ## Дереккөздер
Петр Гермогенович Смидович (07 мамыр 1874, Рогачев, қазіргі Гомель облысы - 16 сәуір 1935, Мәскеу) — кеңес мемлекет және партия қайраткері. ## Өмірі Дворян отбасысында туған. 1898 жылдан Компартия мүшесі, Мәскеу университетінде оқыды. 1894 жылы құпия студенттік үйірмелерге қатысқаны үшін одан шығарылды, Туалаға жер аударылды. РСДЖП Орталық Урал (1903), Солтүістік (1904), Баку, Тула (1905) комитеттерінің мүшесі. 1905 жылы желтоқсанда Мәскеудегі қарулы көтеріліске қатысты. 1905 - 08 жылдары РСДЖП Мәскеу округтық және қалалық комиттері үшесі. 1910жылдан Калугада, Мәскеуде партиялық жұмыс істеді. 1917 жылы Ақпан революциясынан кеін РСДЖ(б)П Мәскеу комитетінің мүшесі, Моссовет аткомы президиумның мүшесі. РСДЖ(б)П 7 - конференциясының және 6 - сезъінің делегаты. 1917 жылы Қазан күндерінде Мәскеу әскери - революциялық комитетінің мүшесі, кейін БОАК және Бүкіл ресейлік халық кеңесінің президиум мүшесі. 1918 жылы Моссовет председателі, 1919 жылы Мәскеу губернаторлық халық кеңесінің председателі. 1920 жылы буржуазиялық Польшамен бейбіт келісім жөніндегі кеңес делегациясының мүшесі. 1921 жылы антоновщина мен Кронштадтағы контрреволюциялық бүлікті басуға қатысты. БОАК президиумның және КСРО ОАК мүшесі болды. Партияның 8,10 - 17 - съездерінің делегаты, 10 - съезде Орталық Бақылау Комиссиясының мүшелігіне сайланды. ## Сыйлықтары Ленин орденімен марапатталған. ## Жерленген жері Қызыл алаңда Кремль қабырғасына жерленген. ## Дереккөздер
Георгий Павлович Ансимов (3.6.1922, Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі, Усть-Лабинск ауданы, Ладога ст.) - орыс режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958), Ресей Федерациясының халық артісі (1973). 1955 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітіргеннен кейін Үлкен театрда қоюшы-режиссер болып, бірқатар операларды сахнаға шығарды. Ол 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Қазақ опера және балет театры қойған Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғыны” мен “Қыз Жібек” және М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” опералық спектакльдеріне реж.-кеңесші болған. Е.Г. Брусиловскийдің “Дударай” операсын Абай атындағы қазақ опера және балет театрларының сахнасында қойған. ## Дереккөздер
Тимур Викторович Боканча (туғ.17 тамызда 1983 жылы)- ресей театр мен киноның актері. ## Биография * Тимур Боканча 17 тамызда 1983 жылы туды. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік өнер мен мәдениет университетің актер факультетің бітірді. * 2005 жылдың қыркүйектен бастап - Королев драма театр мен ғылымның актері. * 2010 жылы мәдениет факультет бойынша мәдениеттің тарих институттің студенті болған. ### Тұрмыс құруы Тимур Ольга Павловаға үйленген. Ода екі баласы бар — Герман (2009 ж.) және Эллина (2004 ж.). ## Сыртқы сілтемелер * http://timurbokancha.ru/ Мұрағатталған 20 мамырдың 2013 жылы. * http://ruskino.ru/art/7702
Сабина Гюльбалаевна Ахмедова (әзірб. Səbinə Gülbəlay qızı Əhmədova, Сәбинә Ҝүлбәлај гызы Әһмәдова, туғ. 23 қыркуйекте 1981, Баку,КСРО) — ресей театр мен киноның актрисасы. ## Биография * Сабина Ахмедова 23 қыркүйекте 1981 жылы Баку қаласында, әзірбайджан-армян отбасында туды.1989 жылы осы отбасы Мәскеуге көшті. * 1998 жылы 16 жасында Сабина замаңауи өнер институтіне актер факультетіне түсті (В.Н.Комратов курсы). * 2001 жылы Сабина 4-ші курстың студенті болып "Жаңа жыл сыйлығы" фильмінде киноға түскен.Оқу уақытында түрлі диплом қойылымдарда түскен. ### Институтты бітіргеннен соң Институт бітірген соң Сабина "Шалом" театрына келді,бірақ сол жерде 2 апта ғана жұмыс істеді. Кейін ол "Стас Намин театрына" келді. * 2002 жылы ЗӨИ актер факультетің бітірді,В.Н.Комратова курсы. * 2008 жылы Ли Страсберг институтың бітірді. * Мәскеу Стастың музыка мен драма театрында Сабина Ахмедова 3 жарым жыл оқыды. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.sabina-akhmedova.com/ru/home/ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Алекса́ндр Ви́кторович Кула́гин (29 маусым 1954 жылы) — кеңестік ескекші, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, КСРО еңбегі сінген спорт шебері. ## Биография * Александр Олимпиадада Мәскеу қаласында айдалатын төрттікте күміс медалың алды. * Қазіргі уақытта жаттықтырушы болып жұмыс істейді.Тағы да Александр Кулагин Деффчонки сериалында Вовчик * (Машаның кафесінің бастығы) рөлінде ойнады. ## Сыртқы сілтемелер * http://www.sports-reference.com/olympics/athletes/ku/aleksandr-kulagin-1.html Мұрағатталған 6 шілденің 2012 жылы. ## Дереккөздер
Семён Александрович Фурман (9 қантарда 1951, Ленинград, КСРО) — ресей мен кеңес театр мен киноның актері. ## Биография Семен Фурман 9 қантарда 1951 жылы Ленинградте туды.1973 жылы режиссер бөлімің театрлық режиссура Ленинград өнер институтың бітірді.Семен Фурман Ашхабад ТЮЗ-дың актері болды. * 1975 жылы ол Ленинградке келді. Мол жерде «Ленфильм» киностудиясында жұмыс істеді, ал 1978—1988 жылы Ленконцерттің актері болды.Тағы да ол эстрадалық монологтерді жазды жіне сән театрында жұмыс істеді., * 1986 жылы Семен Фурман елуден астам фильмде түскен, сонын ішінде — «Мой нежно любимый детектив», «Остров погибших кораблей», «ЧП районного масштаба», «Дом под звёздным небом», «Короткое дыхание любви».Тағы да актер осындай фильмдерде түскен: «Русский транзит», «Страницы театральной пародии». Ең мықты бейнесі- «Штаны» және «Переход товарища Чкалова через Северный полюс» мен «Пленники удачи». Семён Фурманның басқа жұмыстардың ішінде — «Кто, если не мы», тағы «Сваты» сериалы.
Максим Гелиевич Пежемский (туғ. 30 наурызды 1963, Зея, Амурская облысы) — ресей режиссер мен сценарийші. ## Биография * Максим Гелиевич Пежемский 30 наурызда 1963 жылы Зея қаласында Амурская облысында туды. * 1991 жылы Максим Пежемский Ленинград институтінің мәдениет факультетің бітірді. * 1987 жылы Чепаев группасының құрамында қысқа метражды фильм түсірді. * 1997 жылы оның бірден екі өнер туындылары шықты:"Қатал уақыт (продюсері Александр Антипов) және «Анам, жылама» ( «СТВ» студиясында түсірілді). ## Қазіргі өмірі «Наша Russia» күлкі сериалының режиссері, «Интерны» мен «Зайцев+1» жағкомдарды түсірді.Санкт-Петербурге тұрады.Ол үйленген, қазір қызы бар.
Кенен — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Кенен ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, Қопа жазығының шығысында, астық тұқымдас бетегелі өсімдіктер өскен кәдімгі сұр топырақты, шөл белдемінде орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі С.М. Киров атындағы қой шаруашылығымен айналысатын ұжымшар ретінде 1930 жылы қаланды. Оның негізінде Кененде және ауылдық округке қарасты Мұзбел ауылында 29 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істеді. ## Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. ## Дереккөздер
Мұзбел – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. ## Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының оңтүстігінде 12 км жерде. ## Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Маңдайқақ және Сарысу өзендері аңғарлары арасында 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолюттік биіктігі 410 м. Беткейлері жайдақтау тегіс келген ұсақ шоқылы жотадан тұрады. ## Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі бөлігі жыныстарынан түзілген. ## Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, көкпек, бұйырғын, бұталар еседі. Мал жайылымдығына пайдаланылады. ## Дереккөздер
Федор Иванович Соймонов (1662, Мәскеу - 11 (22) шілде 1780, сонда) — орыс географы, гидрографы, Сібір губернаторы, сенатор. Мәскеу Навигациялық мектебін бітірген. 1717-1718 ж. Балтық теңізін зерттейді. 1719-1720 жылдары Карл Верденнің экспедициясының құрамында Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауын картаға түсірді. Бұл картада Каспий теңізінің мөлшері, жағалауы тұңғыш рет шындыққа жанасымды көрсетілді. 1731 ж. Каспий теңізінің атласы мен лоциясын, 1734 ж. Балтық теңізінің атласын шығарды. 1757-1763 ж. Сібірдің генерал-губернаторы қызметінде жүргенде, өлкенің шаруашылығын жан-жақты зерттейді. Қиыр Шығыс теңіздерінде бірнеше экспедиция ұйымдастырды. 1763-1766 ж. - сенатор ## Дереккөздер
Мұзбел – Нұраның сол жағалауында орналасқан жон. ## Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан. ## Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, ені 10-15 км. Шығыс жағы биігірек (500 м). ## Геологиялық құрылымы Алқап көлдің аллювилік шөгінділерімен жабылған төменгі карбон жыныстарынан түзілген жазық болып табылады. ## Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу т. б. өседі. ## Дереккөздер
Анатолий Александрович Смородинцев (19 сәуір 1901 жыл, Аскино селосы, Бирский уезі, Уфа губерниясы, Ресей империясы - 6 тамыз 1986 жыл, Ленинград, КСРО) — кеңес бактериологы, вирусологы, иммунологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық министрлігінің Грипп ғылыми-зерттеу институтының негіздеушісі және бірінші директоры. КСРО медицина ғылым академиясының академигі (1966, корр мүшесі 1945). Томск униветситетін (1923) бітірген. 1967 жылдан КПСС мүшесі. Ленинградтағы Л.Пастер атындағы эпидемиологиялық және микробиологиялық иснтитутында (1933-1937), Бүкіл одақтық эксперименттік медицина институтында (Мәскеу, 1938-1945), Ленинград эксперименттік медицина институтында (1946-1947) қызмет істеді. Бүкіл одақтық грипп ғылыми-зерттеу институтының директоры (1967-1972), ал 1972 жылдан бөлім меңгерушісі. ## Еңбектері мен зерттеулері Смородинцевтің негізгі еңбектері вирусқа қарсы иммунитет табу және вирусты инфекцияға вакцина егу арқылы аурудың алдын алу. Ол грипке, кене энцефалитіне, қызылша т.б. ауруларға қарсы вакцина тапты және полиомелитке қарсы Сэбин тірі вакцинасын қолданудың тиімді және зиянсыз екенін дәлелдеді. ## Сыйлықтары Смородинцев Сталин сыйлығының (1941), Лениндік сыйлықтың (1963) лауреаты. Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды ## Дереккөздер
Соқыр тышқан (лат. Ellobius) — Кеміргіштердің Аламантәрізділер тұқымдасының бір туысы. ## Биологиялық сипаттамасы Дене бітімі жұмырлау, тұрқы 13 см, түгі жұмсақ, қылшықсыз, түсі сарғылт, қара қоңыр.Көзі кішкене, құлағы шала дамыған, күрек тістері жер ақзуға икем, тіршілік әрекетін топырақ арасында өткізіп, жер бетіне сирек шығатын кеміруші. Еуразияның дала, шөл аймақтарында таралған, тауда 4000 м биіктікке дейін кездеседі. КСРО –де 3 түрі болды, оның ішінде Қазақстанда кең тараған түрі- кәдімгі Соқыр тышқан. (Е.talpinus).Бұның дене тұрқы 94,0-115,5 мм, топырақ бетінен 10-30 см тереңдікте топырақты қазып, өсімдік тамырымен қоректенеді. Қазып босатқан топырағын анда-санда жер бетіне шығарады және бұл топырақ осы қоректік ін жолының аузын жабады. Інін, ұясын қоректік ін жолына жалғастыра 1,5-2 м тереңдікке жасайды. Бау-бақша, беде егістігіне зиян келтіреді ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Musser, G. G. and M. D. Carleton. 2005. Superfamily Muroidea. pp. 894–1531 in Mammal Species of the World a Taxonomic and Geographic Reference. D. E. Wilson and D. M. Reeder eds. Johns Hopkins University Press, Baltimore
Мырза Ғұләм Ахмед (урду: مرزا غلام احمد‎, хинди मिर्ज़ा ग़ुलाम अहमद) 1835 жылдың 13-ші ақпанында туып (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.), 1908 жылдың 26-шы мамырында дүниеден өткен (хижра бойынша 24 рабиул сәни 1326 ж.). Мырза Ғұләм Ахмед Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалаған. Ол, хижра бойынша 14 ғасырдың Мүджаддиді (Исламдағы діни реформатор) екендігіне, сондай-ақ мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди болғанына талап білдірген. Оның ізбасарлары өздерін ахмади-мұсылмандары деп атайды. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің ілімдерін насихаттау үшін көп саяхат жасаған, және Үндістанда аса әйгілі болған. Оның айтуы бойынша, Ислам дінін пәк күйінде насихаттау оның міндетіне жүктелгенді. Оның жігерімен, қазір Ахмадия мұсылман жамағаты деп аталатын қозғалыс пайда болған. Оның көзі тірісінде-ақ, көптеген адамдар оның ізбасарларына айналған. Ол христиан миссионерлерімен, ортодоксалды мұсылман молдаларымен, индуис пандиттерімен түрлі пікір-таластарға шығып танымал болған. Мырза Ғұләм Ахмед 1889-шы жылдың 23 наурызында Исламдағы Ахмадия қозғалысының негізін қалады. Ахмадия қозғалысын құру мақсаты, оның айтуы бойынша, Исламды, ғасырлар бойы жапсарлаған бидғаттардан тазартып, оны пәк күйінде қайта жаңғырта әлемге насихат ету.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед мықты жазушы болған. Ол рухани, теологиялық және адамгершілік құндылықтар тақырыбтарына арнап 90-нан астам кітап жазған. Ол Исламды бейбіт жолдармен насихат етуді ұсынды. Исламды күштеп қарумен насихат етуді ешқашан қолдамаған және бұған үзілді-кесілді қарсы болған. Ол осы дәуірдің көпшілік мұсылмандары ұстанған кейбір ұғымдарына қарсы шыққан; және Құран кәрімнің «Дінде зорлық жоқ» деген аятына сүйеніп, Исламның Жиһад ұғымына дұрыс түсініктеме берген. ## Жастық шағы және білім алуы Мырза Ғұләм Ахмед 1835 жылдың 13-ші ақпанында (хижра бойынша 14 шәуәл 1250 ж.) - Амритсардан 56 шақырым, ал Лахордан 112 шақырым жерде және Батала теміржол станциясынан шығысқа қарай 17 шақырым жердегі Қадиан қалашығында (Үндістан) дүниеге келген. Әкесінің есімі Мырза Ғұләм Мұртаза, ол моғолдардың текті әулетінен шыққан, олар сол өңірде үлкен құрметке ие болған әулеттердің бірі еді. Тіпті Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің әулеті, Кеш шаһарын (қазіргі Өзбекістандағы Шахрисабза өңірін) 200 жылдай билеген, Барластың руынан шыққанды. Ол, Сикх патшалығына Махараджа Рәжит Сингхтың билік еткен тұсында дүниеге келген. Ол бала кезінде Фәзил Иләһи ұстаздың қарамағында Құран кәрім, араб грамматикасын және парсы тілін үйренген. 10 жасында оның ұстазы Фәзл Ахмед есімді адам болған. 17-18 жасында оны Ғұл Әли Шах есімді ұстаз оқытқан. Бұдан бөлек, ол, әкесі Мырза Ғұләм Мұртазаның қарамағында медициналық бірнеше еңбектерді оқыған, өйткені әкесінің медицинадан терең білімі болған. 1864-1868 жылдар аралығында, Мырза Ғұләм Ахмед, әкесінің қалауымен Сиалкоттағы сотта қызмет етті. Сол уақытта, Үндістанда, британ өкіметіне қарсы ауқымды қозғалыстар орыналды. Барлық дерлік мұсылман көсемдері халықты өкіметке қарсы көтеріп, қарулы жиһад жасауға үндеді. Мұндай бүлікшілік әрекеттерді Мырза Ғұләм Ахмед құптамады. 1868-ші жылдан кейін ол Қадианға оралды, әкесінің тапсырмасымен, олардың жанұясына тиесілі мүліктерге қатысты кейбір даулы істермен айналысты. Осы уақыттар ішінде Мырза Ғұләм Ахмед тақуалығымен таңыла бастады. Ол өз уақытының көп бөлігін оңашада, жергілікті мешітте ғибадат етіп, Құран кәрімді және тағы басқа діни кітаптарды зерттеп-зерделеумен өткізді.19-шы ғасырдың ортасында, христиан діні агрессивті миссионерлік іс-әрекеттерімен бүкіл Үндістанға қарқында түрде тарала бастады. Сол кездері Мырза Ғұләм Ахмед, Исламды христиан миссионерлерінің сындарынан, жала-айыптарынан қорғау үшін, олармен пікір-талас алаңына жиі шығып отырды. Ахмади-мұсылмандарының айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, христиан дінінің негіздеріне қатысты Алладан хабар алып, Исаның айқышта өлмей тірі қалғанын, сосын шығысқа қарай барып жоғалған Исраил тайпаларын іздеп-тапқанын, сөйтіп ақыр соңында Құдай жіберген ажалы жеткен соң, барша адамдар сияқты қайтыс болғанын бұлтартпас дәлелдермен дәлелдеу арқылы, айқышқа (крестке) негізделген діннің идеологиялық беломыртқасын «сындырды» дейді.1886-шы жылы, индуистердің Ария Самаж діни ағымының жетекшілері Мырза Ғұләм Ахмедпен Исламның хақ дін екендігі жайында пікір-талас өткізді, және олар одан Ислам тірі дін екендігін дәлелдеп беруді сұрады. Сол себепті, Мырза Ғұләм Ахмед ерекше дұға оқып, Құдайдан жетекшілік сұрау үшін Хашиапур деген жерге барды. Ол оңашаланып қырық күн ораза ұстады, «чилля нәшини» деп аталатын ислами рәсімді тұтты. Ол өзінің үш серігімен саяхаттады және бір ізбасарының екі қабатты шағын үйінде тұрды. Сол кездері ол үнемі өзінің бөлмесінде болды. Серіктері оған тамақты үндемей әкеліп беретін, оған ештеңе айтпайтын, өйткені ол үнемі ғибадат пен құлшылықта болатын. Ол үйден тек жұма күндері, мешітте жұма намазын өткізу үшін шығатын. Ол дәл осы кездері, Құдай оған, бүкіл әлемге танымал болатын, уәделі ұл жайында игі хабар бергенін жариялады. ## Адалдық антын қабылдау (Байат) 1882-ші жылы Мырза Ғұләм Ахмед, Алла оны рухани реформатор етіп тағайындағанын жариялады. Бірақ ол өзінің ізбасарларынан адалдық антын әлі қабылдай қоймаған болатын. 1888-ші жылдың желтоқсан айында, Алла оған ізбасарларынан адалдық антын қабылдауды бұйырғанын айтты. 1889-шы жылдың қаңтар айында, ол, қабылданатын анттың 10 шарты көрсетілген шағын кітапшаны басып шығарды, оның ізбасарлары осы шарттарды өмірлерінің соңына дейін ұстанулары керек болды. 1889-шы жылы наурыздың 23-де, ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін қалады. Сол күні оның 40 ізбасары оған адалдық антын берді. Адалдық антының шарттары келесідей: * Жамағатқа кіретін адам өмірінің соңына шейін Ширктен (яғни, Құдайға серік қосудан) бас тартуға салтанатты түрде ант етеді. * Ол өтірік айтудан, некесіз байланыстардан, зинақорлықтан, көзбен күнә жасаудан, бұзықтықтан, азғындықтан, ызақорлықтан, алаяқтықтан, ылаң мен бүлікшіліктен бойын аулақ ұстайды және әрқашан ақылын ашуға жеңгізбей сабырлылық сақтайды. * Ол Алла Тағаланың және Ардақты Пайғамбардың ﷺ нұсқамаларына сәйкес, күнделікті бес уақыт намазды үзбей оқитын болады; ол қосымша Тахажжүд намазын оқуды және Ардақты Пайғамбарымызға ﷺ салауат бағыштауды тұрақты түрде орындауға талпынады; ол өзінің күйбің тірлігінде біліп-білмей жасаған күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, әрдайым Оның нығметтерін еске алып, Оны мадақтап-даңқтайды. * Кез-келген ашу-ызаның кесірінен, ол Алла Тағаланың бірде-бір жаратылысына, сондай-ақ мұсылмандарға да, не тілімен, не қолымен немесе басқадай тәсілдермен ешқандай зиян келтірмейді. * Ол өмірдің барлық жағдайларында: бақыт пен қайғыда, баршылық пен жоқшылықта, шаттық пен сынақтарда Алла Тағалаға адалдығын сақтап, барлық сәттерде Алланың Заңына мойынсұнады. Оған Алланың жолында ғайбат пен жала сөздерді естіп, жапа шегу кедергі болалмайды, және қандай бақытсыздықтарға тап болса да, ол Алланың ақ жолынан кері шегінбейді, тек қана алға жүреді. * Ол нәпсі құмарлық сияқты Исламға жат әдеттерден бойын аулақ ұстайды және өзін толығымен Қасиетті Құранның билігіне бағындырады; ол Алла Тағаланың сөзі мен Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ айтқандарын өз өмірінің әр сәтіне басты қағида етіп алады. * Ол тәкаппарлықтан, мансап құмарлықтан түгелдей бас тартып, өзінің бүкіл ғұмырын қарапайымдылықта, кішіпейілділікте, қуанышта, момындық пен кешірімшілдікте өткізеді. * Ол үшін иман абыройы мен Ислам ісі – өз өмірінен де, байлықтан да, мансаптан да, бала-шағасынан да, басқа да жақын адамдарынан да қымбат деген сенімге берік болады. * Ол өз өмірін, Алланың разылығы үшін, Құдайдың жаратқандарына қызмет етуге арнайды; және өзінің Құдай берген жақсы қабілеттерімен және мүмкіндіктерімен адамзатты байытуға тырысады. * Ол Алланың осы қарапайым құлымен бауырластық қатынасты орната отырып, Алла үшін, маған барлық ізгі істерде тілалғыштық танытады және өмірінің соңына дейін осыған адал болып қалады; ол өз өмірін осы бауырластық қатынасты сақтаудың теңдесіз үлгісін танытып өткізуге тырысады. Ант беру рәсімі кезінде қолдар формалды түрде біріктіріліп, адал болуға ант ету сөздері оқылады, дегенмен қолмен ұстасу әрдайым міндет емес. Ант беру рәсімінің мұндай түрі оның өмірінің соңына дейін сақталды және орынбасарларымен жалғастырылды. ## Оның білдірген талаптары Мырза Ғұләм Ахмедтің талабы бойынша, Алла Тағала оны үмбетке уәде етілген Мәсіх және уәде етілген Мәһди ретінде жіберген. Бірақ, басқа мұсылмандар оның бұндай талабын қабылдамады, өйткені олардың пікірі бойынша уәделенген Мәсіх пен имам Мәһди әлемді күшпен жаулап алып, дүнияуи патшалық құру үшін келетін тұлғалар. Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, барлық дерлік әлем діндері күткен пайғамбарлардың қайта оралуы оның тұлғасында жүзеге асқанды. Оның бұндай концепциясы үлкен дауға ұласты, әсіресе мұсылман және христиан дінқызметкерлерінің арасында. Мырза Ғұләм Ахмед, физикалық тұрғыда, баяғыда 19 ғасыр бұрын өмір сүрген, Исаның дәл өзімін деп ешқашан айтпаған, дейді оның ізбасарлары. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Иса пайғамбар айқышқа керілгенімен оның жаны қиылып кетпеген, кейін жарақаттарынан айыққан соң, Исраилдің жоғалған ұрпақтарын іздеп табу үшін, шығысқа қарай бет алып Кашмирге (Үндістан) дейін жеткен. Ол жоғалған исраил тайпаларын тауып, оларға ізгі хабарын жеткізді және сол жерде қартайған шағында қайтыс болған. Исаның моласы (мазары) "Розабал" деген атаумен Сринагар қаласының «Ханияр» көшесінде әлі күнге дейін сақталған. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, Құдай оны, Исаның рухани күшімен қуаттап, Мәсіх ретінде тағайындаған ; яғни, оның түсіндірмесі бойынша, ол, Иса Мәсіх іспетті, діни соғыстарды доғартып, қантөгістерге қарсы шығу үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді.Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмед, исраилдік Иса пайғамбардың қайтыс болғанын, енді ол өзі қайтып келмейтінін жариялады. Мұндай мәлімдемелер басқа мұсылмандар мен христиандардың дәстүрлі сенімдеріне қайшы келді. Ортодоксалды мұсылмандардың сенімі бойынша, Иса пайғамбар көкке денесімен тірідей көтерілген, сондай-ақ христиандар да Исаның физикалық тұрғыда аспанға көтерілгеніне сенеді, (христиандардың сенімі бойынша, Иса айқышта мерт болып, сосын қайта тірілгеннен соң, көкке көтерілген). Мырза Ғұләм Ахмед өз кітаптарында, Ислам қазіргі уақытта терең күйзеліске ұшырауда, бұл Исламды құрдымға әкетуі мүмкін деп жазады. Оның ойынша, бүгінгі Ислам Мәсіхтің келуіне мұқтаж. Оның айтуы бойынша, Мұса пайғамбардан кейін 14 ғасыр өткен соң Иса пайғамбардың келгені сияқты, үмбетке уәделенген Мәсіх те Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтен кейін 14 ғасыр өткен соң келуі тиіс. Ол «Тазкира» атты кітабында өзінің бірталай көріпкелдіктерінің орындалғанын жазады. Сондай-ақ, Имам Мәһдидің келуіне қатысты, сол замандарда орыналатын жағдайларға қатысты Құран кәрім мен хадистердегі көріпкелдіктерді тізбектеп жазған. Ол осы көріпкелдіктердегі белгілердің орындалуын өзіне қатысты және оның осы дәуіріне қатысты айтылғандығын дәлелдеп баққан. Олардың кейбірі егжей-тегжейімен түсіндірілгенді, мысалға, 20-шы ғасырда орыналған кейбір жаһандық құбылыстар жайында, сондай-ақ мұсылман халықтарының мінез-құлқын, ахлағын, әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайын дәлме-дәл суреттеген көріпкелдіктер. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары, яғни ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, уәделенген Мәсіх-Мәһди келгенде орыналатын үлкен белгілер (мысалға, «Күннің батыстан шығуы», «Дәжжалдың келуі», «Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы» және т.с.с. белгілер) барынша жүзеге асып қойғанды, алайда олар, бұл белгілерді, ортодоксалды мұсылмандар сияқты сөзбе-сөз мағынасында емес, астарлы мағынасында түсінеді. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Иса пайғамбар қайтыс болғандықтан ол енді қайтып оралмайды, оның есімі үмбеттің ішінен шығатын басқа адамға (яғни, оның өзіне) символды түрде берілген. Сондай-ақ, имам Мәһди деген есім де сол адамға берілген символды есім. Имам Мәһди деген есім – «тура жолға бастайтын имам» - деген мағынаны білдіреді. Сондықтан оның тұжырымдамасы бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх пен Мәһди екі адам емес, бір адамның қос символды есімдері. Мұндай мәлімдемелер ортодоксалды мұсылман дінқызметкерлерінің арасында қатты алаңдаушылықтарды тудырды. Өйткені олардың бекітілген теологиялық ұстанымдары бойынша, Иса пайғамбар аспанға тірідей көтерілген, және қияметтің алдында сол баяғы бәзқалпында, аспаннан қайта түседі. Сондай-ақ, имам Мәһди мен Иса екі бөлек адамдар. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, хадистерде, Мұхаммед пайғамбар ﷺ үмбетке келетін уәделенген Мәсіхті - пайғамбар - деп атаған, сондай-ақ Алла оған аян-уахилар, ізгі хабарлар жібереді делінген, бұның барлығы Мәсіхтің пайғамбарлық дәрежеде келетіндігін дәлелдейді. Сондықтан, ол, жаңа шариғат әкелмеген, яки толығымен Құран шариғатына тәуелді болған пайғамбарлыққа талап білдірді. Исламның басқа ағымдары Мырза Ғұләм Ахмедтің мұндай мәлімдемелерін ерсі санайды. Өйткені, исламның басқа ағымдарына жататын мұсылмандардың сенімдері бойынша, Мұхаммед пайғамбардан кейін ешқандай пайғамбардың келуіне орын жоқ.Сондай-ақ, Мырза Ғұләм Ахмед қарулы жиһад жасау идеясынан бас тартқан, өйткені оның пікірі бойынша, оның заманында жиһадтың мұндай түрін жүргізудің шарттары орындалмаған. Оның мәлімдемесі бойынша, бұл заманда Исламды қорғау үшін, қылыш емес, қалам көтеру керек. Осы тұжырымын дәлелдеу үшін ол «Тохфа қайсария» және «Ситара қайсария» деген кітаптарын жазды. Сондай-ақ, ол осы кітаптары арқылы Ұлыбританияның патшайымы Викторияны христиан дінінен бас тартып, Исламды қабылдауға шақырған. ## Дін ғұламаларының реакциясы Мырза Ғұләм Ахмедке қарсы көптеген дін ғұламалары молдалар бас көтерді. Олар оны адасқан адам ретінде есептеді. Алайда, сэр Сайед Ахмад Хан, Мәуләнә Әбдул Қалам Азад секілді танымал дін қайраткерлері, оны «Исламның қалқаны» ретінде бағалады. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, ол қарулы жиһадтан бас тартқаны үшін, қарсыластары оны ағылшын үкіметінің тыңшысы деп айыптады.Мырза Ғұләм Ахмед үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди болуға талап білдірген кезде, Мәуләнә Мұхаммед Хусейн Баталви есімді оның бір қарсыласы оны «кәпір», «өтірікші», «жалғаншы» ретінде жариялайтын пәтуә шығарды. Бұл пәтуә оны және оның ізбасарларын өлтіре беруге құқық берді. Осы пәтуаның авторы бүкіл Үндістанды шарлап, пәтуасының астына 200 молданың қолдарын қойдырған болатын.Бірнеше жылдан кейін, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптары жайында Мекке мен Мединенің беделді ғұламаларының пікірлерін білу үшін, Ахмед Раза Хан есімді өте танымал мұсылман ғұламасы Хиджазға аттанды. Сол ғұламалардың пікірлерін ол «Хасамүл харамайн» (Құдайға тіл тигізушілік пен жалғандықты жою үшін әкелінген қос қасиетті жердің қылышы) атты кітабына басып шығарды. 34 ғұламаның ортақ пікіріне сай, Мырза Ғұләм Ахмед исламнан шыққан, Құдайға тіл тигізуші адам. Олардың пікірі бойынша, оны тұтқындап, жаза қолдану керек делінген. ## Делиге саяхат жасауы 1892 жылы Мырза Ғұләм Ахмед Делиге жол жүрді, сол кездері Дели, діни білімнің орталығы болған және көптеген діни көсемдердің отаны еді. Мырза Ғұләм Ахмед Делиге өзінің талаптарының растығын түсіндіру үшін барды. Ол, ғұламаларды, Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты, ашық пікір-таласқа шақырған кітапшаны басып шығарды. Пікір-таласқа шақырған ғұламалардың арасында Мәулви Сайид Назир Хусейн (1805-191 ж.ж.) есімді ғұлама болған. Ол Делидің беделді ғұламаларының бірі еді. Осы пікірі-таласқа Мырза Ғұләм Ахмед үш шарт қойды: * Бұл пікір-таластарда тыныштықты бақылайтын полиция болуы керек. * Пікір-таластар жазбаша түрде өтуі керек (кейін жазбалар сақталып қалуы үшін). * Пікір-таластар Иса пайғамбардың өмірі мен өліміне қатысты өтуі керек. Нәтижесінде осы шарттар қабылданды, Мырза Ғұләм Ахмед Делидің орталық мешітіне аттанды. Ол мешітке өзінің 12 ізбасарымен барды. Пікір-таласты тыңдау үшін Делидің орталық мешітіне 5 мыңдай адам жиналды. Пікір-таластың алдында әлгі шарттар қайта қаралып, Мырза Ғұләм Ахмедтің қарсыластары тақырыпты өзгертуге талпынды. Олар пікір-таласты, Исаның өмірі мен өліміне қатысты тақырыпта емес, Мырза Ғұләм Ахмедтің талаптарына қатысты тақырыпта өткізуді ұсынды. Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Исаның өлімі дәлелденгеннен соң оның талаптарын талқылауға болады, өйткені көптеген адамдардың сенімі бойынша, ол әлі күнге дейін тірі және жерге қайтып оралмақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, егер қарсы тарап Исаның әлі тірі екендігін дәлелдесі, онда оның уәделенген Мәсіхпін деген талабы өздігінен жойылар еді –деп, түсіндірді. Осы кезде көпшілік жұрт шулай бастады. Қарсы жақтың молдалары халықты айтақтап жатты, оның сенімдері ислам қағидаларына қайшы, сондықтан оны кәпір деу керек – деп айғайласты. Олардың айтуы бойынша, егер алдымен ол өзінің талабын түсіндіріп бермесе, онда онымен айтысуға тұрмайды десті. Мырза Ғұләм Ахмед өзінің сенім ұстанымдарын хатқа жазып берді, ол хат жиында дауыстап оқылды, алайда наразы жұрттың айғай-шуы ешкімге ештеңе естіртпеді. Жұрт бақылаудан шығып бара жатты және олардың тарапынан зорлық жасаудың қауіпі туғанын байқаған полиция жетекшісі адамдарды таратып жіберуді бұйырды. Осындай себеп-салдардан пікір-талас өтпей қалды. Бірақ бірнеше күннен кейін, Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед пен Бхопалдық Мәуләви Мұхаммед Баширдің арасында жазбаша түрде пікір-талас орыналды. Кейінірек пікір-таластың мәтіні баспаға шықты. Өмірінің осы кезеңінде Мырза Ғұләм Ахмед Үндістанның солтүстігінде көп саяхат жасады. Ол түрлі дін ғалымдарымен әртүрлі тақырыптағы пікір-таластарды өткізіп жүрді. ## Қарсыластарына жасаған үндеуі Мырза Ғұләм Ахмед «Көктің бұйрығы» деген кітабын басып шығарды. Сол кітабында ол, Алла Тағаланың көз алдында кім шынайы мұсылман екендігін шешу үшін, қарсыластарын рухани жекпе-жекке шақырды. Алла Тағала Құранда шынайы мұсылманның төрт критериясын берген болатын: * Шынайы мүмін Алла Тағаладан үнемі ізгі хабар алып тұруы керек; * Оған Алла Тағаладан көмескі істер мен болашақ өмірдегі уақиғалар жайында мәліметтер тарту етіледі; * Алла Тағала оның дұға-тілектерінің көп бөлігін қабылдайды; * Ол Құран кәрімнің шынайы мән-мағынасын бәрінен тереңірек түсінеді. ## Рамазан айында ай мен күннің тұтылуы Ол үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Маһдимін деп мәлім еткенде, қарсыластары одан аспан белгілерін көрсетуді талап етті. Бұл белгілерді, миләди бойынша 7-ші ғасырда өмір сүрген, имам Мұхаммед әл-Бәкір егжей-тегжейімен түсіндіріп кеткен. Ол кісі Мұхаммед бин Әли деген есіммен де әйгілі болған. Ол имам Мәһди келгенде орыналатын белгіні жете түсіндірген. Хазірет имам Әли Зейн әл-Әбидиннің ұлы, әрі Хазірет имам Хусейннің немересі Хазірет имам Мұхаммед Бәкір баяндайды: Ақиқатында, біздің Мәһди үшін екі белгі орындалмақ, олар аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Рамазан айында, ай бірінші күні тұтылады, күн ортанғысында тұтылады (өздеріне белгіленген күндері); әрі бұндай белгілер аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда орындалмаған. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемелері бойынша, бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед Алладан аян алып, үмбетке уәделенген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігін жариялаған соң, шамамен үш жылдан кейін екі рет 1894 және 1895 жылдары орындалған. (1894 жылы жердің шығыс жарты шарында, ал 1895 жылы жердің батыс жарты шарында). 1894 жылдың 21-ші наурызында (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 13-де) - ай тұтылды, сол жылдың 6-шы сәуірінде (хижра бойынша 1311 ж. Рамазан айының 28-де) - күн тұтылды. Мырза Ғұләм Ахмедтің мәлімдемесі бойынша, бұл белгілер Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің(ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көріпкелдігін растау үшін көрсетілгенді. Кейінірек бұл белгі мұсылман ғұламаларының тарапынан қатты сынға ұшырады. Мырза Ғұләм Ахмедті сынға алған ғұламалар бұл баяндама әлсіз және оны жеткізушілер тізімі Мұхаммед пайғамбардан ﷺ тарамайды дегенді алға тартты. Дегенмен, ахмади-мұсылмандарының тұжырымдары бойынша, адамзат тарихында, біреудің хақтығын дәлелдеу үшін, бұлайша ай мен күннің тұтылуы болмаған дейді. Мырза Ғұләм Ахмедке дейін, бірде-бір адам өзінің хақтығын дәлелдеу үшін ай мен күннің тұтылғанына жұрттың назарын аудартпаған. Үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екендігіне талап білдірген соң, мұсылмандар үшін қасиетті болған рамазан айында, аспаннан ай мен күннің тұтылуы, тек Мырза Ғұләм Ахмед үшін орындалған. Сондай-ақ, хадистегі бұл көріпкелдік жайында Қасиетті Құранда да, Інжілде де, және т.б. діни кітаптарда мәліметтер бар. Бұл көріпкелдік, Мырза Ғұләм Ахмед өз талабын білдірегеннен соң орындалды, және ол кезде, одан басқа талап білдірушілер болмады, бұл бұлтарпайтын факт, - дейді ахмади-мұсылмандары. Бұл көріпкелдік Ахмед Сирхиндидің «Раббани» хаттарында да сөз етілген. ## Ақ мұнара Исламның дәстүрлі сенімі бойынша, Иса, қайтып оралған кезде, Дамаскінің шығыс жағындағы немесе Дамаскінің шығыс бөлігінде ақ мұнараға аспаннан түсіп қонуы тиіс. Бұл даулы мәселе. Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, бұл баяндама Дамаск шаһарының шығыс бөлігінде мұнараның болуын білдірмейді. Оның түсіндірмесі бойынша, бұл көріпкелдік Қадиан шаһарына қатысты айтылған, өйткені ол Дамаскінің тура шығысында (жағрафиялық бір ендікке мейлінше жақын) орналасқан. Сонымен қатар, оның түсіндірмесі бойынша, «мұнара» символикалық нышан ретінде айтылған, ол, ислам үні жер-жерге таралады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «ақ мұнара» исламның үстемдігін білдіреді. Бұл үстемдік, уәделенген Мәсіхтің дәуірінде, мұнара іспетті маңғазданып тұруы керек. Сонымен қатар, бұл көріпкелдік - білімнің дамыған заманына ишара етеді, ол кезде өте ыңғайлы көптеген байланыс құралдары мен қатынас құралдары жаратылады. Сол заманда жол жүру, насихат ету жұмысы жеңілдейді. Орта ғасырларда мұнаралар қалың бұқараға хабар жеткізу үшін, жамағатты намазға шақыру үшін тиімді қолданылған, міне осы көрініс аталмыш пайғамбарлықта ишара етілген. Мырза Ғұләм Ахмед, Алла Тағала оған келесі аянды жіберді деп, мәлімдеді: Алға басыңдар, уақыттарың келді. Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасарларының табандары биік мұнарада нық тұрады. Қасиетті Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) - барша пайғамбарлардың Көсемі. 1903 жылы Мырза Ғұләм Ахмед осы пайғамбарлықтың тура мағынада орындалуы үшін мұнараның іргетасын қалады. Оның айтуы бойынша, бұл исламның рухани және физикалық аспектілерін көрсететін болады, сондай-ақ оның төбесіне сағат пен мәйек шамы орнатылады, бұл алысқа және жан-жаққа тараған ислам сәулесінің символы болмақ. Осылайша, адамдар уақыттарын білетін болады, ал азаншы күніне бес мезгіл намазға шақырады. Бұл адамдарды исламға шақыруды ишара етеді. Бұл мұнараның құрылысы 1916 жылы аяқталды, содан бері ол Ахмадияттың символына, ерекшелейтін белгісіне айналған. ## Соңғы саяхаты 1907 жылдың соңы, 1908 жылдың басында, Мырза Ғұләм Ахмед өлімі жақындап қалғаны жайында көптеген аяндар алғанын айтты. 1908 жылдың сәуірінде ол жанұясын, дос-серіктерін ертіп Лахорға жол жүрді. Лахорда бірнеше дәріс оқыды. Ол үлкен жиын ұйымдастырды, оған жоғары лауазымды тұлғалар шақырылды. Осы жиында ол екі сағат бойы сөйледі, өзінің талаптарын түсіндіріп, оған тағылған айыптарға жауап берді. Ол үнділер мен мұсылмандар арасында татулыққа қалай қол жеткізуге болатынын айтты. Ол, Лахорда қайтыс боларынан бір күн бұрын, «Пайғамэ сулх» (Бейбітшіліктің жолдауы) деген соңғы кітабын жазып бітірді. ## Мырза Ғұләм Ахмедтің өлімі және Хилафат институты Мырза Ғұләм Ахмед 1908 жылы мамырдың 26-да, Лахорда, дәрігер Сайед Мұхаммед Хусейннің үйінде қайтыс болған (ол оның жеке дәрігері еді). Дәрігерлердің диагнозы бойынша, өлім - асқазан әлсіздігі мен жадаулықтың салдарынан орыналған. Таңғы сағат оннан отыз минут кеткенде, ол: «О, менің аса қымбатты Раббым!» - деген сөздерді екі рет қайталап, өз төсегінде жатқан күйде қайтыс болды. Денесі Қадианға жеткізіліп, "Баһишти Мақбара" бейітіне жерленді. Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, оның ісі сайланған мұрагері арқылы жалғасын тапты. Осылайша наменгерлік Хилафат институты қайта жанданды. Бұл рухани институт "Халифа-түл-Мәсіх" (яғни Мәсіхтің Мұрагері немесе Мәсіхтің ісін жалғастырушы Орынбасары) деп аталды. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының сенімі бойынша, бұл хилафат хадистерде айтылған "пайғамбарлық жолмен қайта пайда болатын Хилафат" екен, яғни Мұхаммед пайғамбардан ﷺ кейін орныққан "Ізгілікті Хилафат" секілді. ## Некелесуі және балалары Мырза Ғұләм Ахмед екі рет үйленген. Оның бірінші әйелі Хұрмат Бибі. Кейін олар бір-бірінен алшақтап, ұзақ уақыт бойы бөлек тұрды. Ол екінші рет үйленгенде, Хұрмат бибі бұған қарсылық білдірмеді, және онымен айрылысқысы да келмеді. ### Балалары Бірінші әйелі Хұрмат бибіден екі ұлы болды: * Мырза Сұлтан Ахмед (1853-1931 ж.ж.), ол Ахмадиятты қабылдаған. * Мырза Фазәл Ахмед (1855-1904 ж.ж.), 49 жасында қайтыс болған және Ахмадиятты қабылдамаған. Екінші әйелі Нұсрат Жаһан Бегамнан 10 баласы болған. Бес баласы жастайынан шетінеп кеткен: * Исмет (1886-1891 ж.ж.) * Башир (1887-1888 ж.ж.) * Шауқат (1891-1892 ж.ж.) * Мүбәрәк (1899-1907 ж.ж.) * Әмтүл Нәсір (1903-1903 ж.ж.) Бес баласының ғұмыры ұзағырақ болған: * Мырза Башируддин Махмұд Ахмед (1889-1965 ж.ж. * Мырза Башир Ахмед (1893-1963 ж.ж.) * Мырза Шәриф Ахмед (1895-1961 ж.ж.) * Нәуәб Мүбәрәка Бегам (1897-1977 ж.ж.) * Нәуәб Сахиба Әмтул Хафиз Бегам (1904-1987 ж.ж.) ## Мұрасы Нәби (Пайғамбар) термині осы күнге шейін жалғасып келе жатқан ең басты даулардың бірі. Мырза Ғұләм Ахмед өзін үмбеттің ішінен шыққан пайғамбар ретінде санаған. Ахмади-емес мұсылмандардың басым көпшілігі Мұхаммед пайғамбарды ең соңғы пайғамбар деп санайды. Олардың пікірі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмедтің бұл терминді өзіне қолданғаны, соңғы пайғамбарлық концепциясын бұзып қана қоймай, Құран кәрімнің үкімдерін де тәрк етті дейді.Осы мәселеде Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары да екі топқа бөлініп, ажырап кеткен. Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық түсіндірмесін тура мағынада қабылдайды (алайда, оның пайғамбарлық сипатына кейбір ескертпелер мен түсіндірмелер береді). Олардың сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед жаңа шариғат әкелмеген және Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедке ﷺ толығымен бойұсынған пайғамбар. Қазіргі уақытта Ахмадия Мұсылман Жамағатын 5-ші Халиф Мырза Масрур Ахмад басқарады. Оның рухани лауазымы "Халифатүл Мәсіх", яғни "уәделенген Мәсіхтің (ісін жалғастырушы) Орынбасары". Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған соң, Ахмадия Мұсылман Жамағатында Халифат Институты құрылған. Ал Лахор Ахмадия Жамағаты Халифті жалғыз орынбасар ретінде қабылдамайды. Олардың сенімі бойынша, жамағаттың басында әмір басқаратын «Анжуман ишаати ислам» («Исламды тарату жолындағын қозғалыс») ұйымы тұруы керек. Жікке бөлінушілік 1-ші Халиф Мәулви Хәкім Нұриддин қайтыс болған соң орыналған. Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарлары Пәкістан мен Сауд Арабия елдерінде "мұсылман-емес" деп жарияланған. Олар көп жылдардан бері түрлі қудалаушылықтарға ұшырауда. 1974 жылы Пәкістан парламенті конститутцияға өзгерту еңгізіп, ахмадилерді "мұсылман-емес" деп жариялады. 1984 жылы Пәкістанның қылмыстық кодексіне, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізушілікке қатысты бірнеше өзгертулер еңгізілді. Бұл өзгертулер ахмадилерге исламды уағыздауға заңмен тыйым салды, бұл, өз кезегінде, ахмадилерді жаппай тұтқындауға, қудалауға әкеп соқты. Қазіргі уақыттың кей мұсылман ғалымдары мен зиялы қауымы Мырза Ғұләм Ахмедтің бейбіт жиһад идеясымен келіседі. Бұдан бөлек, кейбір ислам ғалымдары, Иса пайғамбардың табиғи өліміне иман келтірген, және олар дәлел ретінде, Мырза Ғұләм Ахмедтің пікіріне жүгінгенді. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты ортодоксалды мұсылмандардың ұстанымдары еш өзгермеген. * Мәулви Мұхаммед Хусейн Баталви – Үндістандағы Ахли хадис жамағатының көсемдерінің бірі болған. Ол бас кезінде Мырза Ғұләм Ахмедті қатты құрметтеген, алайда Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх екендігіне талап білдірген соң, ол оның қас дұшпанына айналған. Кезінде ол, Мырза Ғұләм Ахмедтің «Барахин-э-Ахмадия» кітабының алғашқы томына, былай деп пікір жазған: "Біздің пікіріміз бойынша, бұл кітап, бүгінгі күндері теңдесі жоқ кітап. Ал, осы заманның қажеттелігін ескеретін болсақ, Ислам тарихында бұған ұқсайтын кітап ешқашанда жазылмаған. Оның авторына келетін болсақ, ол әрдайым: жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен және өткір сөзімен Исламға қызмет ету жолынан табылатын. Ол адымын алдыға нық басады. Жігерліктің мұндай үлгісін тек алғашқы мұсылмандардың арасынан көруге болады. Егер біреу біздің (сөздерімізді), Азия (халықтарына) тән асыра сілтеушілік деп айыптаса, онда олар біздерге, Ария Самаж және Брахма Самаж секілді индуис секталарының Исламға қарсы жасаған сын шабуылдарына соншалықты пәрменмен әрі шынжүректен жауап беретұғын, осы заманда жазылған тым болмағанда бір кітапты көрсетсін. Сондай-ақ, Исламға соншалықты, жанымен, мүлкімен, қаламымен, тілімен, абырой-мәртебесімен қызмет ету жүгін арқалаған Исламның қазіргі жанашырларын тізбектеп берсін." * Зафар Әли Ханның әкесі Мәулви Сиражуддин, Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болған кезде, ол өзінің «Заминдар» атты газетіне былай деп жазған: "Мырза Ғұләм Ахмед 1860-1861 жылдар аралығында Сиалкотта тұрды. О кездері оның жас мөлшері 22-23 болатын. Біз нақты айта аламыз, ол жас кезінде өте тақуа, әулие адам болған". * Хазірет Ходжа Ғұләм Фәрид Сәжде Нәшин чачра Шәриф былай деген: "Мырза өз уақытын Алла Тағалаға қызмет етумен өткізген. Ол әрдайым намаз, Құран оқып отыратын немесе басқа да діни істермен жігерлене айналысатын. Ол ислам дінін насихаттау ісіне белді бекем буып кіріскендігі сондайлық, тіпті Ұлыбританияның патшайымына Мұхаммедтің ﷺ дінін қабыл етуді ұсынған, сондай-ақ Ресей, Франция және т.б. мемелекеттердің басшыларына исламның жолдауын жіберген. Мырзаның бар ынта-жігері мен ыждахаты, адамдар (христиандық) үшқұдайлықтан және басқа да мүшріктік нанымдардан бас тартып, Алланың Бір екендігін қабылдатуға бағытталған болатын. Ал енді қазіргі ғұламалардың жағдайларына қараңыздар, олар жан-жақтарына басқа барлық жалған діндерді жайбырақат жіберіп қойып, барлығы келіп мына «Әхли сүннәт уәл жамағаттың» өкілі болған, тура жолдағы және басқаларға хидаят жолын нұсқаған тақуа адамға шүйлігіп, оған қарсы күпірлік пәтуасын шығарумен әлек болуда. Оның арапша шығармаларына қараңыздар, олар адами қабілеттен тыс шығармалар, оның барлық сөздері даналыққа, ақиқат пен хидаятқа толы және «Әхли сүннәт уәл жамағат» пен басқа діни қағидаттарды ешқалай теріске шығармайды. Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед әл-Қадиани шыншыл және өз миссиясына берік адам: ол үнемі, күн-түн демей, Аллаға ғибадат етуге толығымен берілген. Ислам өркениеті шынайы рухани-ағартушылықтың жоғары деңгейіне жетуі үшін, ол бар күш-жігерін жұмсады. Мен ол кісіден не анық, не көмескі кемістіктерді көрмедім. Егер ол «Иса болуға» және Мәһди болуға талап білдірсе, демек рас болғаны". * «Керзон Газетт Дели» газетінің редакторы Мырза Хайрат Дехлеви, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін ескере, былай деп жазады: "Марқұмның Исламға жасаған қызметі өте сапалы. Арийлықтармен (индуистер) және христиандармен алпарысу жолында, оның Ислам үшін жасаған қажырлы еңбегін басқа мұсылмандардың еңбектерімен салыстырсақ, марқұм, расыменде, зор құрметке лайықты. Діни пікір-таластарды қалай жүргізу керектігін ол түбегейлі өзгертті және Үндістанда заманауи мұсылман әдебиетінің іргесін қалады... Сондай-ақ, танымал арийлықтар мен падрелар (поптар) оған жауап қайтармақ түгіл, көбінеки ауыздарын аша алмай қалған жағдайлар орыналған, біз бұны мойындаймыз". * Белгілі муфассир және қоғам қайраткері Әбдул-Қалам Азад, Ахмадия жамағатының негізін құрушысы Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Ол Исламға қарсы бағытталған шабуылдарға тойтарыс беруімен ерекшеленді және ол өз міндетін бұлжытпай орындаған жеңімпаз генералға ұқсады. Оның айбынды қозғалысы қарсыластарымызды күл-талқан етті, және келешекте де, бұл қозғалыс өзінің жеңіс шеруін жалғастыра бермек, біз бұны ашық мойындауға мәжбүрміз. Мырза Сахибтің бұл қызметі болашақ ұрпаққа, алдынғы шептерден табылып Исламды қаламмен қорғап, өз міндеттерін орындау үшін үлкен үлесін қосады. Оның қалдырып кеткен шығармалары қазіргі уақытқа шейін мұсылмандарға өте өзекті. Қызмет етуге деген жігерліктің мұндай үлгісі барлығына, ұлттық дәстүр секілді, өнеге болуы керек". * Саяси шолушы Мәуләнә Сайд Хәбиб мырза, Ахмадия жамағатының негізін құрушысының Исламға жасаған қызметін және христиандық, арийлық уағызшыларға берген тойтарысын ескере, былай жазады: "Сол кездері арийлық және христиандық миссионерлер Исламға аяусыз шабуылдар жасады. Әрине, қасиетті шариғатты сақтау ісінде қызмет еткен Ислам теолог-ғұламалары болды, алайда олардың ешқайсы ірі жетістікке жете алмады. Сол кезде христиан және арийлық миссионерлермен күш сынасу үшін ұрыс алаңына Мырза Сахиб шықты. Ол Исламды кеудесімен қорып қалқандады. Мырза Сахиб Исламның дұшпандарына лайықты тойтарыс беріп, өз міндетін кәміл әрі көркем түрде орындады, бұлай айтуға еш қамықпаймын". * Жазушы, ақын, редактор Ғұлама Нияз Фәтехпури, Мырза Ғұләм Ахмед жайында былай деген: "Күмәнсіз, ол исламдық ахлақты қайта жаңғыртты. Ол Мұхаммед пайғамбарды ﷺ өз өміріне үлгі еткен, біз бұны сенімді түрде айта аламыз". * Сайд Мұмтаз Әли Имтиаз былай деп жазады: "Марқұм Мырза Сахиб өте тақуа, ерекше адам болған. Оның ізгілік шашқан пәрмені, тіпті қатыгез жүректерді де елжіретуге күйі жететін. Ол өте қайратты ағартушы, ғалым, теолог болған. Біз оны уәделенген Мәсіх ретінде қабылдамадық, бірақ оның берген рухани хидаяты мен жетекшілігі тіпті өлі жүректерді де тірілтеді". * Ривари, «Садық әл-ахбар» газеті, Мырза Ғұләм Ахмедтің Ислам үшін жасаған қызметін жоғары бағалап, былай жазған: "Мырза Сахиб алдыға жарқырай шығып, қуатты сөздерімен, керемет шығармаларымен Ислам дұшпандарына батыл тойтарыс берді және қауесеттерін ұмыттыруға мәжбүр етті. Ол шындық шындық болып қала беретінін айшықтады. Расыменде, ол Исламды сенімді қорғанмен қамтамасыз етті. Ол Ислам дініне қызмет етуде ештеңені қараусыз қалдырмады". * Мырза Ғұләм Ахмедтің исламға жасаған қызметін, христиандыққа қарсы жүргізген күресін Мәулви Мұхаммед Нәкшбанди де жақсы сөздермен ескерген. Мырза Ғұләм Ахмед 80-нен астам кітап жазған, негізінен урду, араб, парсы тілдерінде. Оның кітаптарында, оның ілімдері мен Құранға жасаған түсіндірмелері орыналған, және оның айтуы бойынша, бұның бәрін оған Құдай жібергенді. Оның жазған хаттарында да бірталай мәселелер қарастырылған. Оның кітаптарының көп бөлігі пікір-таластыру түрінде жазылған. Оның «Ислам тағлымдарының пәлсапасы» атты кітабы көптеген зиялы адамдармен жоғары бағаланған, солардың ішінде орыстың ұлы ақыны Лев Толстой да бар. ## Сілтемелер Ахмадия мұсылман жамағатының ресми сайттары:қазақшақырғызшаорысшатүрікшеарабша ## Дереккөздер
Сергей Сергеевич Смирнов(26.9.1915ж.т., Петроград,-22.3.1976, Мәскеу)- орыс совет жазушысыц. ## Өмірі Инженер отбасысында туған. 1946 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу энергетика институтын (1941), М.Горкький атындағы әдебиет институтын (1941) бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-1945). Смирнов 1934 жылдан бастап журналист ретінде танылды. 1959-1960 ж. «Литературная газетінің» бас редакторы болды. 1975-1976 жылдары КСРО Жазушылар одағының секретары. ## Еңбектері Ол «Днепр жағасындағы Сталинград «(1954), «Италияда» (1961), «Кубаға сапар» (1962) т.б. очерк кітаптарын жариялады. Смирновтың «Брест қамалы»(1957, толықтырылып басылуы 1964 , Лениндік сыйлық 1965), «Брест қамалының батырлары»(1959), «Белгісіз жайлы әңгімелер»(1963), «Семья»(1967) атты кітаптары және « Бугтағы қамал»(1955) пьесасы, көптеген мақалалары мен телевизия, радио арқылы сөйлеген сөздері Ұлы Отан соғысының белгісіз кеткен қахармандары жайлы деректер жинауға патриоттық қозғау туғызды. Смирнов шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Қазақ тіліне «Брест қамалы (1967) атты повесі аударылды. ## Сыйлықтары Ол Ленин орденімен, басқа да 3 орденмен және медальдармен марапатталған. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 203 бет
Сораң қараматау(Salsola Laricina)-сораң туысына жататын шала бұта. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 20-602 см, сабағы түбінен тармақты, бұтақтары түкті. Жапырақтары шоғырлана кезекті орналасқан, ұзындығы 5-10 мм, жіңішке. Шілде-қыркүйекте гүлдейді. Сор,сортаң топырақты далада өседі. ## Таралуы [[Еуропаның оңтүстігінде, Қырым,Кавказда,Қазақстанда Тобыл-Есіл, Ертіс,Каспий аймақтарында, Ақтөбе, Ембі,Торғайда,Сарыарқаның батысында, Солтүстік Үстіртте, Бетпақдалада, Қызылорда]] облысында таралған. ## Қолданылуы Түйе, қой, ешкі жейді, отынға пайдаланылады. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 349 бет
Қызыл еңісу - көрінетін жарық толқынының ұзындығының нысанның алыстауына (Доплер эффекті ) немесе әлемнің ұлғаюына байланысты артуы. Халықаралық стандартта қызыл еңісу z әрпімен белгіленеді. Аспан нысанының қозғалу бағытын оның жиілігі және оның толқын ұзындығы арқылы қызыл еңісумен анықтауға болады. ## Ашылу тарихы Қызыл еңісуді 1912-1914 жж. американдық астроном Весто Слайфер ашты. Ол 1912 жылы спиральді тұмандықтарды спектографы бар телескоппен бақылауды бастады. Бір пластинка сурет алу үшін оларға бірнеше түн тоқтаусыз жұмыс істеу керек болды. Сол себепті жұмыс қарқыны төмен болды. Весто 1913 жылдың қыркүйегінен бастап Андромеда тұмандығын бақылауды бастады. Доплер-Физо формуласының көмегімен Андромеда тұмандығы Күнге қарай секундына 300 км жақындап келеді деген тұжырымға келді. 1917 жылы Слайфер 25 тұмандықтың сәулелік жылдамдықтарының кестесін жасады. Жылдамдықтар нәтижесінде тек 4 тұмандық бізге жақындап келетіні анықталды. Ал қалғандары бізден алыстап барады. Кейбіреулерінің жылдамдықтары өте жоғары. Слайфер атаққа қызыққан жоқ. Сондықтан, оның бақылаулар нәтижелері тек қана әйгілі британдық астрофизик Артур Эддингтон қарастырғанда ғана жарияланды. Артур 1924 жылы жариялаған ықтималдық теориясы бойынша монографында Слайфер бақылаған 41 тұмандықтың радикалды жылдамдықтарын да жариялайды. Сол тұмандықтардың бізге жақындап келе жатқан 4 тұмандық көкшіл түсті, қалған алыстап бара жатқан 37 тұмандық қызыл түсті. Яғни, неғұрлым тұмандық түсі қызылға жақын болса, ол бізден алыстап барады. Ал неғұрлым түсі көкке жақын болса, бізге жақындап келеді. ## Түрлері ### Космологиялық қызыл еңісу ### Гравитациялық қызыл еңісу Гравитациялық қызыл еңісу - аспан нысандарының жұлдыз, тұмандық немесе қарақұрдым сияқты үлкен объекілерді тастап алыстауындағы есептелетін қызыл еңісу түрі. ## Теория * {\displaystyle z={\lambda -\lambda _{0} \over \lambda _{0}}} * {\displaystyle z_{D}={\frac {1+v_{r}/c}{\sqrt {1-(v/c)^{2}}}}-1} Жоғарыда көрсетілген формулаларды қолдану арқылы төмендегі кестеден жарық түсін анықтауға болады. Жарық түсін анықтау арқылы нысанның қай бағытта қозғалып бара жатқанын табуға болады. ## Тағы қараңыз * Хаббл заңы * Доплер эффекті * Мессье каталогы нысандарының тізімі * Әлемнің ұлғаюы * Хаббл тізбегі ## Дереккөздер
Ақтасты – Кетпен жотасының солтүстік-батысындағы асу. ## Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан. Асудың биіктігі шамамен 2500 м. Беткейі тік жарқабақты. Асудан сәуір – қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. ## Дереккөздер
Соражөке (Cannabina)- кезеген торғай тұқымдасына жататын, салмағы 20 г-дей құс. ## Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы 13 см-дей.Еркегінің маңдай, төс қауырсындары қызыл, арқасы қызыл қоңыр, бауыры ақ. ## Таралуы Еуропа, Солтүстік Африка және Батыс Азияда, КСРО –де батыс шекарадан Обь өзеніне дейін тарлған. Қазақстанның оңтүстік және шығысындағы таулы ( теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін), тау бөктері аймақтарында, мыс., Угам жотасында, Талас,Іле,Жоңғар Алатауында,Қаратауда, Тарбағатай, Сауыр, Алтайда кездеседі. ## Көбею Орман шетінде, көбінесе бұталы жерде, бақта ұялайды, 4-6 жұмыртқа салады. Жемі- әр түрлі өсімдік дәні. ## Қолданылуы Арам шөп дәнін жеп пайда келтіреді. Әуесқойлар әсемдік үшін, сайрағыш құс ретінде қолда ұстайды. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том,349 бет
1992 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы — Қазақстан кубогы турнирінің алғашқы ойнатылуы. 8 мамыр - 8 тамыз аралығында өтіп, Алматының "Қайрат" клубы жеңімпаз атанды. ## 1/16 финал 1/16 финал ойындары 1992 жылдың 8 мамырында өтті. ## 1/8 финал 1/8 финал ойындары 1992 жылдың 28 мамырында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финал ойындары 1992 жылдың 24 маусым - 29 шілде аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финал ойындары 1992 жылдың 4 тамызында өтті. ## Финал ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Тыйым сөздер – психологиялық мағынасы зор, адамды қолайсыз, зиянды әрекеттерден тартынуды талап ететін ерлі-зайыптылар мен үлкен кішінің, әке мен баланың, ұл мен қыздың, нағашы-жиеннің, ағайын-туыс, жекжат-жұрағаттың қарым-қатынасын реттестіруде өзіндік орны бар, сондай-ақ денсаулық, тазалық, әртүрлі жағдайда тәртіп сақтау, жол-жоба, жөн-жосық т.б. осы секілді әдет-ғұрыптарды бұлжытпай орындау мақсатында пайда болған рәсім. Мәселен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пышақ, балта сыйламау, некелі төсекке басқа адамның отырмауы, ит аспанға қарап ұлыса жамандық шақырады деп қорқу, бос бесікті тербетпеу, жас босанған әйелдің қолын суық суға салдырмау, қыз баланың қатты сөйлемеуі, кіндігін көрсетіп жүрмеуі, қыз-келіншектің шашын, аттың құйрығын кеспеу т.с.с. Ырымдар да психологиялық тұрғыдан ойлаудың қарапайым түрінен туындайтын наным-сенімнің бір түрі. Бұлар өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасқан этностық топқа ортақ, көшпенділер санасынан орын алған психологиялық ерекшеліктер. Тыйым мен ырым этностық қауымдастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кішіге, ұл мен қызға т.б. осы секілді әртүрлі топтарға байланысты айтылған. Мәселен, бөбек психологиясына байланысты бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. Мұндағы түйін кебенек пен қамшы нәрестені ел қорғайтын, ер болсын деген ниеттен туған. Ырымдар да психологиялық тұрғыдан ойлаудың қарапайым түрінен туындайтын наным-сенімнің бір түрі. Бұлар өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасқан этностық топқа ортақ, көшпенділер санасынан орын алған психологиялық ерекшеліктер. Тыйым мен ырым этностық қауымдастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кішіге, ұл мен қызға т.б. осы секілді әртүрлі топтарға байланысты айтылған. Мәселен, бөбек психологиясына байланысты бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады. Мұндағы түйін кебенек пен қамшы нәрестені ел қорғайтын, ер болсын деген ниеттен туған. Осынау наным-сенімдердің, әсіресе, жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіру, оның дәстүрі мен салтын, әдет-ғұрпын қастерлеп ардақтай білуге, баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға да алатын орны ерекше. Өйткені бұлар халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жинастырған тәліми тәжірибесінің қорытындысы, ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі мен мүмкіндігі. Бір әттегенайы – осындай тамаша психологиялық жайттар күні бүгінге дейін ғылыми тұрғыдан жіктелмей, бір жүйеге түспей келеді. ## Дереккөздер Психология
Виктор Яковлевич Станицын (шын тегі Гезе)(02.05.1897 қазіргі Днепропетровск - 25.12.1976, Мәскеу) - орыс кеңес актері, режиссер, профессор КСРО халық әртісі (1948). 1945 жылдан КОКП мүшесі. ## Өмірі 1918 ж. Мәскеу Көркем театырының 2- студиясында оқыды. 1924 ж. осы театрдың негізі құрамына қабылданды. Таңдаулы рольдері: Андрей Позоров (Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде»), Курослепов (А.Островскийдің «Ыстық жүрегінде»), Репетилов (Грибоедовтың «Ақыл азабында»), Стива Облонский (Л.Толстойдың «Анна Каренина» романы бойынша), инспектор Мич (Загарадниктің«Қоңыраулы сағат солосында»)т.б. Спектакльдер қойды. Киноға түскен В.И.Немирович-Данченко атындағы мектеп-студияда педагогикалық қызметпен шұғылданды. Гастрольдік сапармен 1965 ж. Алматыда өнер көрсетті. ## Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1947,1949,1951,1952) және РСФСР Мемлекеттік сыйлығының (1974) лауреаты. 3 орденмен, медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Николай Александрович Спешнев(1821, Курск губерниясы.,-17.03.1882, Петербург)-орыс революционері. Тегі- дворян. Царскосельск лицейінде (1839) және Петербург университетінде оқыды. 1842-1846ж. шетелде тұрып, Швейцарияда азаттық қозғалысына қатысты. Спешнев царизмді құлатуды, халық [[революция[[сы арқылы шаруаларды азат етуді жақтады. Ол- петрашевшілер басшыларының бірі. Петрашевшілер ісіне байланысты ату жазасына кесілді, кейіннен 10 жыл катогтармен ауыстырылды. 1857-1859 жылы «Иркутские губернские ведомости» газетінің редакторы болды. 1861-1862 ж. Псков губерниясында дау- жанжалды бітістіруші қызметін атқарып, шаруалар мүддесін қорғады. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 387 бет
Алатау мұнай кен орны — Маңғыстау облысында орналасқан. Кен орны 1977 жылы анықталған. ## Сипаты, құрамы Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңд. 60 м, тиімді қалыңд. 17,8 м; ұңғыманың тәуліктік өнімд. 180 м3. Мұнайы жеңіл (0,844 г/см3), парафин мөлшері 9,3%. ## Дереккөздер
Алатөбе мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан кен орны. Мұнайлы құрылым 1977 жылы анықталған. Барлау жұмыстары 1980–1982 жылдары жүргізілген. ## Геологиялық құрылымы, сипаты Құрылым жартылай күмбез тәрізді көтерілімде орналасқан және солтүстік-батыс бағытында тектоникалық жарылыммен шектелген. Мұнай кені тереңдігі 3875 м-дегі тектоникалық жарықтарға жанасқан орта триас кезеңінің карбонатты тау жыныстарында шоғырланған. Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңдығы 60 м, тиімді қалыңдығы 17,8 м; ашық кеуектер 17%, өткізгіштігі 0,74 мкм2, мұнай сіңірімділік коэффиценті 0,74. Бастапқы қабат қысымы 52,5 МПа. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі 180 м3. ## Құрамы Мұнайы жеңіл (0,844 г/см3), парафин мөлшері 9,3%. Мұнайдың 300°С-қа дейінгі фракция шығымы 41%. Барланған геологиялық қоры бойынша Алатөбе мұнай кені орташа кен орны болып есептеледі. ## Дереккөздер
Алтыкөл мұнай кені — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік белдеміндегі мұнай кен орны. ## Географиялық орны Атырау облысында, Құлсары станциясының солтүстік батысында 35 км жерде орналасқан. Құрылым 1940 жылы сейсмобарлаумен дайындалған, сол жылы іздестіру және барлау-бұрғылаулары жүргізілген. Кен орны 1942 жылы ашылды. Барлау 1961 жылы аяқталды. 1977 жылы пайдалануға берілді. ## Геоогиялық құрылымы Тектоникалық тұрғыдан алғанда, кен орны қос қанатты (шығыс және батыс) тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Шығыс қанаттағы мұнайлы аумақ ауданы 350 мың м2, батыс қанаттағы бұл көрсеткіш 1273 мың м2. Төменгі бор мен ортаңғы юраның шөгінділері мұнаймен қаныққан, осылардың аумағында бөлінген 13 мұнайлы горизонттардың біреуі апт, төртеуі неоком, сегізі юра таужыныстарында. Апт-неоком горизонттары 158-243 м, юра горизонттары 671-761 м тереңдікте жатыр. Апт-неоком жатындарының биіктігі 35-93 м, юра жатындарының биіктігі 5-49 м. Су-мұнай жапсары, тиісінше, 261 м, - 277 м және 175 м,- 792 м абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбезді, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком горизонттарында 1,8-3,7 м, юра горизонттарында 1,7-8,1 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 26-28%, өтімділігі 0,008-0,805 мкм. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0,24-67,2 м3/тәу болды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,9-6,77 МПа, температура 13-38°С-қа жетті. Мұнайдың тығыздығы 810-830 кг/м3. ## Құрамы Мұнайда 0,16-0,8% күкірт, 0,5-2% парафин бар. Хлоркальцийлі қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1056-1550 кг/м3, минералдылығы 73,18-180,4 г/л. Кен орны 1976 жылдан игерілуде. ## Дереккөздер
Айрантақыр мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Жетібай кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғасырдың 60-жылдары аумақтық геология-геофизикалық зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық тұрғыдан кен сыйыстырушы құрылым амплитудасы 30 м, бұрғыланған жыныстардың қалыңдығы 2700 м. Өнімді қабат орта юраның аален ярусына 2429 – 2449 м тереңдікте, мұнай иірімі қабаттық, мұнай су жапсары 2279 м-лік белгіде жатыр. Коллектор құмтастардан құралған ашық, ашық кеуектілігі 16%, өткізгіштігі 0,021 мкм2, Иірім қалыңдығы 50 м-дей, сазды жыныстармен бүркелген. Коллектордың жалпы қалыңдығы 20,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қабаты 7,4 м. Температурасы 99°С, бастапқы қабаттық қысымы 27,48 МПа. ## Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 850 кг/м3, күкірті аз (0,08%), парафинділігі жоғары (18,5%), 1,7% асфальтен және 9,8% силикагелді шайыры бар. Мұнай құрамындағы еріген газдар ауыр, этанды. Кен 1991 жылдан бері игерілуде. ## Дереккөздер
Атамбай-Сарытөбе мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Іздестіру жұмыстары 1989 жылы басталып, кен сол жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы триас шөгінділерінен орын алған, шағылдырушы қабат бойынша, құрылым тектоникалық тілікке түйіскен екі жарты күмбезді қамтиды. Мұнай иірімі 4092 м тереңдікте жатыр. Коллекторы аралас, карбонатты, ашық кеуектілігі 17%, өткізгіштігі 0,244 мкм2. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 13,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 6,7 м. Иірімнің ауданы 7,3 км2, биіктігі 75 м. ## Құрамы Мұнай жеңіл, тығыздығы 815 кг/м3. Қабат мұнайының газдылығы 129,8 м3/т, газдық факторы 118 м3/м3. ## Дереккөздер
Ащыағар мұнай кені — Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шығысында 40 км жерде орналасқан. Құрылым 1987–89 жылдары барланып, 1990 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Құрылымның өлшемдері 3,1×1 км, амплитудасы 40 м-ге жуық. Кен ауқымының қимасы стратиграфиялық жағынан триастың терригендік-карбонатты шөгінділерінен, юра мен бордың терригендік жыныстарынан құралған. Коллекторы аралас типті, карбонатты, ашық кеуектілігі 9%, өткізгіштігі 0,19 мкм2. ## Құрамы Мұнайы жеңіл, тығыздығы 830 кг/м3, парафині 19,5%, 3,5% шайырлар мен асфальтендер бар, газға қанық қабаты 196 м3/т. Мұнайда еріген газ құрамы жағынан ауыр этан мен пропаннан тұрады. ## Дереккөздер
1993 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - Қазақстан кубогы үшін жарыстың екінші маусымы. ## 1/16 финал 1/16 финалының ойындары 1993 жылдың 24 наурыз - 5 сәуір аралығында өтті. ## 1/8 финал 1/8 финал ойындары 1993 жылдың 6 сәуір - 23 мамыр аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финал ойындары 1993 жылдың 11 маусым - 20 шілде аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финал ойындары 1993 жылдың 11 маусым - 20 шілде аралығында өтті. ## Финал ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Ботақан мұнай кені — Каспий мұнайлы-газды алабында, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының батысында 65 км жерде орналасқан. Құрылымдық сейсмикалық барлау әдісімен зерттеліп (1962 – 76), терең бұрғылау нәтижесінде кен орны 1980 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық қимасы антропогеннен төменгі пермьге дейінгі шөгінділерді қамтиды. Өнімді қабаттар тұз күмбезінің үстінде орналасқан. Қалыңдығы 3,1-6,6 м орта юраның саз аралас құмтастарынан құралған мұнайлы горизонттар 1200-1450 м тереңдіктерде жатыр.Мұнай коллекторларының ашық кеуектілігі 22,5-25%, өткізгіштігі 0,05-0,15 мкм2. Қабат қысымы 14,2-20,4 МПа. Тәуліктік мұнай өнімдігі 14,45-32,0 м3. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайдың тығыздығы 0,812 – 0,850 г/см3, күкірті аз, парафині 1,8 – 2,65%. Кен орны игерілуде. ## Дереккөздер
Аққұдық мұнай кені — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды. ## Сипаты Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737-1759 м аралығында. ## Құрамы Мұнайы аз күкіртті (1,18%), парафинді (1,67 – 1,85%), 12-14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді. ## Дереккөздер
Доссор мұнай кен орны — Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені. ## Тарихы Доссор мұнай кені 1860 –1887 жылы орыс геологтары Н.А.Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылы сәуір айынын 29-шы жұлдызында 250 м тереңдіктен юра қабатынан мұнай фантаны атқылаған. 1911–17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 –1940) тұз күмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944–45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай]кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 –1982 жылдары ғана нақтыланды. ## Геологиялық сипаты Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30-300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2,4-26,7 м аралығында, ашық кеуектілігі 24-30,9%, өткізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімділігі 1,7 – 132,6 м2/тәулік, қабат қысымы 14,4-3,6 МПа, температурасы 19-27°С. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайдың тығыздыздығы 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 5,1%) тұрады.
Аққар мұнай кен орны – Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солттүстік-шығысқа қарай 58 км жерде орналасқан. Кен орны 1986–88 жылдары барланып, 1989 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Ортаңғы триас кезеңінің тау жыныстарындағы күмбездің өлшемдері 3050 изогипс контуры бойынша 1,5×1,2 км, амплитудасы 60 м-дей. Коллекторлары аралас карбонатты, кеуектігі 10 – 17%, өткізгіштігі 1 – 47,7 мД. Мұнай иірімдері қабаты – күмбезді, біртұтас шомбал, тектоникалық қалқаланған, литологиялық шектелген. ## Тығыздығы, құрнамы Мұнайға қаныққандығы 59 – 78%, мұнайға қаныққан қабат қалыңдығы 2,6-19,2 м. Мұнайдың тығыздығы 0,847 – 0,887 г/см3, күкірт мөлшері 0,1%, парафин 19,1%-ға, асфальтендер 19,4%-ға, силикагел шайырлары 7,6%-дан 22,7%-ға жетеді. ## Дереккөздер
Байшонас мұнай кені — Ембі мұнайлы ауданындағы ескі мұнай көздерінің бірі. ## Географиялық орны Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан. ## Тарихы Алғашқы мұнай 1931 жылы алынған. Құрылымды дайындау 1925-1941 жылдары құрылымдық карта жасау бұрғылауы және сейсмобарлау барысында атқарылды. Барлау бұрғылауы 1930 жылы басталған. 1933 жылы Шығыс Байшонас, 1939 жылы Солтүстік Байшонас бөлікшелері ашылып пайдалануға берілді. ## Геологиялық құрылымы Мұнай қорын молайтуды көздеп, гравийметриялық сейсмикалдық зерттеулер кеңінен жүргізілген. Геологиялық құрылымында юра және бор кезеңдерінің шөгінділері басым, мұнай қоры да осы шөгінді қабаттардан шығады. Кенорын қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алган. Мұнайлы таужы- ныстар бор және юра жүйелері қимасында. Осыларда бөлінген жеті горизонттың үшеуі сеноман, қалғандары жоғарғы альб, апт, неоком жікқабаттарында жене юра шөгінділерінде. Сеноман жікқабатына тиесілі өнімді горизонт 18 м, төменгі бор горизонттары 27-394 м, юра горизонттары 450-524 м тереңдіктерде жатыр. Жатындардың биіктігі осы ретпен 69,7 м, 12-102 м, 20-50 м, орналасу белгілері (тереңдіктері) -109,7 м (сеноман горизонты) -100 -430,5 м (апт-неоком), -230 -825 м (юра) болып анықталған. Жатындар қойнауқаттық, олар тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған болып келеді. Горизонттар терригендік тау жыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдық сеноман горизонтында 3,63 м, апт-неоком горизонттарында 1,7-11,0 м, юра жүйесінде 3,7-6,9 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 27,7-32,8%, өтімділігі 0,851-2,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,68-0,78. Мүнайдың алғашқы шығымдары 0,2-54,1 м3/тәу. Бастапқы газдық фактор 10-350 м3/м3. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,77-7,95 Мпа, температура 18-42°С. Жылына 12 мың т мұнай өндіріледі. Негізгі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 5-10 м, бұл қабаттардың жалпы аумағы 5-96 га. Мұнайлы шөгінділер саздақ құмды жер қыртысынан орын алған, бұлар негізінен 25-570 м тереңдік аралығында шөккен. ## Құрамы Мұнайының техно-экономикалық сипаттамасы: әрбір см3 шөгіндіде 0,8963 – 0,9078 г мұнай, 0,13 – 0,30% парафин бар. ## Дереккөздер
Йезд немесе Язд (парсы: یزد‎ – Yazd) — Ирандағы ең ежелгі қалалардың бірі, Йезд провинциясының әкімшілік орталығы. Заратуштрашылдық мәдениетінің орталығы. Исфахан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 270 км жерде орналасқан. ## Тарихы ## Географиясы ## Халқы ### Атақты тұрғындары ## Өнеркәсібі ## Оқу орындары * Йезд университеті (1988 ж. құрылған) * Shahid Sadoughi University of Medical Sciences and Health Services * Yazd Institute of Higher Education - ACECR Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2008 жылы. * Islamic Azad University of Bafq Мұрағатталған 23 ақпанның 2012 жылы. * Islamic Azad University of Maybod Мұрағатталған 26 қазанның 2010 жылы. * Islamic Azad University of Yazd Мұрағатталған 26 ақпанның 2012 жылы. * Yazd Sampad Information Center * Yazd Science and Technology Park * University of Jame Elmi_Karbordi of Yazd * Imam Java University College * Shahid Sadoughi High school(Tizhooshan) Мұрағатталған 23 маусымның 2015 жылы. * Shahid Sadoughi Middle school(Tizhooshan) * Farzanegan Middle school(Tizhooshan) Мұрағатталған 24 наурыздың 2012 жылы. * Farzanegan High school(Tizhooshan) Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. Mohammad hossein papoli yazdi (shazdah hamam) ## Тарихи ескерткіштері ## Фотосуреттер * * * * * * * * ## Бауырлас қалалар * Ясберень, Мажарстан * Джакарта, Индонезия * Хомс, Сирия * Орталық мухафаза, Бахрейн ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Иран қалаларының тізімі ## Сыртқы сілтемелер * Йезд ақпараттық порталы پرتال جامع اطلاعات استان يزد Мұрағатталған 25 сәуірдің 2012 жылы. * Little Scientist Мұрағатталған 26 мамырдың 2012 жылы. * Yazd news and ads site Мұрағатталған 1 маусымның 2012 жылы. * Yazd Cultural Heritage & Tourism Organization * Yazd.com * Cultural Heritage Organization Bureau of Yazd Province Мұрағатталған 6 қаңтардың 2010 жылы. * GhoolAbad.com Мұрағатталған 31 тамыздың 2016 жылы. * YazdTourism.com Мұрағатталған 18 мамырдың 2008 жылы. * Yazd Photos & Videos Мұрағатталған 9 шілденің 2012 жылы. * Yazd Research & Clinical Center for Infertility * Yazd University Мұрағатталған 8 сәуірдің 2012 жылы. * Yazd on stanford.edu Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2011 жылы. * The Largest private sector steel plant in Iran * Ganjinehe Elmo Fan Мұрағатталған 22 шілденің 2012 жылы. Scientific&Technological Views. * Yazd - the everlasting flame (the Zoroastrians in Yazd) Мұрағатталған 19 желтоқсанның 2011 жылы. * Yazd, Bride of Desert Мұрағатталған 29 мамырдың 2012 жылы. * World Zoroastrian News Network (WZNN) Мұрағатталған 20 маусымның 2012 жылы. * [1] Yazd Tower of Silence Revisited * website Yazd Sport Aerobics & Fitness Мұрағатталған 24 маусымның 2013 жылы.
Ескене мұнай кен орны — Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде. Кен орны 1932 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1932–1952 жылдары жүргізіліп, 1934 жылдан мұнай өндіріледі ## Геологиялық сипаты Тектоникалық тұрғыдан кен орны тұз күмбезді құрылымдармен ұштасқан. Өнімді қабаттары үш мұнайлы горизонтқа бөлінген: апт (тереңдігі 146 – 576 метр), неоком (160 метр) және пермь-триас (255 – 517 метр). Мұнайлы қабаттардың қалыңдығы 3,94-21,6 метр. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 23 – 30%. Мұнайдың алғашқы тәуліктік шығымы 1,4 – 296,3 м3. ## Тығыздығы, құрамы Тығыздығы 0,793 – 0,924 г/см3, күкірті (0,06 – 0,36%) мен парафині (0,4 – 1,01%) аз. Ілеспе газдың құрамы: метан (59,6 – 75,6%), этан (6,7 – 13,6%), т.б. Қабаттардағы су хлоркальцилі, оның минералдығы 234,6 – 320,1 г/л. Кен орны өндірістік игерілуде. ## Дереккөздер
Карло Паскуале Франческо Рафаэле Бальдассаре де Блазис (итал. Carlo Pasquale Francesco Raffaele Baldassare de Blasis, 1797 ж. 4 қараша, Неаполь —1878 ж. 15 қаңтар, Черноббьо) — итальяндық биші, хореограф жəне би теоретигі. ## Өмірі мен шығармашылығы Карло де Блазис дворяндық отбасында дүниеге келген. Карло өнер түрлерін үйренуден бөлек, математика, анатомия мен əдебиетті тамаша меңгерді. Ұстаздары Ж. Ж. Новерра мен Пьера Гардель болды. 1817 жылы Блазис Бордо мен Париж сахналарында өнер көрсетеді. 1818—1834 жылдары аралығында итальяндық театрларда биші болып қызмет етіп, үлкен танымалдылыққа ие болды. Алайда, аяғын жаралап алғаннан кейін Блазис биін тоқтатып, өзін хореографияға арнайды. Бұл жұмыспен Блазис тек Италияда айналысып, осы кезеңде Лондонға (1847 жылы), Варшаваға (1856—1857 жж.), Лиссабонға (1857—1858 жж.), Париж (1860 жылы) бен Мəскеуге (1860—1863 жж.) гастрольдік сапарға шығады. 1837 жылдан бастап ол Миландағы Патша балеті академиясының директоры болып қызмет етті. Блазис академияны басқарған кезеңде, бұл академия Еуропадағы ең үздік балет мектебіне айналды. Блазис енгізген сабақ кестесі бойынша сабақта алдымен жаттығулар орындалып, кейін ол лекциялық жалғасын табады. Бұл оқыту əдістемесі əлі күнге дейін балет оқуының негізі түрінде сақталған. Карло де Бласис Пьера Рамодан (1725) кейін алғашқы болып бидің жалпы теориясын жазды (француз тілінде). XVIII ғасырда кең таралған балеттік сызбаларға қарағанда, Бласис теориясының негізінде халық биі емес сценалық би жатты. Ол хореографиялық тақырыпқа көптеген еңбектерін жазады. Солардың арасында «Traité élémentaire, théorique, et pratique de l’art de la danse» (Париж, 1820 ж.) үлкен танымалдылыққа ие болды жəне жақын арада ағылшын тіліне аударылды. Ол аттитюданы Джованни да Болоньидің Меркурийінде көріп, теориялық түрде дамытты. ## Таңдамалы еңбектері * Traité élémentaire, Théorique et Pratique de l’Art de la Danse contenant les développemens, et les démonstrations des principes généraux et particuliers, qui doivent guider le danseur. Bologna 1820. * The Code of Terpsichore: a Practical and Historical Treatise on the Ballet, Dancing, and Pantomime; with a Complete Theory of the Art of Dancing (Üb.: R. Burton), London: J. Bulcock, 1828. * The Young Ladies Book. London 1829. * Studi sulle arti imitatrici. Milano 1844. * Notes upon Dancing. London: Delaporte, 1847. * Dello stato attuale del ballo, mimica e della coreografia. Torino 1852. * Charles Villeneuve. в: Gazetta dei teatri. 18 maggio 1854. * Del Carattere della Musica sacra e del sentimento religioso. Milano 1854. * L’Uomo fisico, intellettuale e morale, opera di Carlo Blasis. Milano 1857. * L’Uomo fisico, intellettuale e morale, opera di Carlo Blasis. Milano 1857. * Leonardo da Vinci per Carlo Blasis. Milano 1872. ## Сыртқы сілтемелер * Блазис Карло // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907. * Elizabeth Souritz: Carlo Blasis in Russia (1861—1864). A Capella Books, Pannington (NJ) 1993. * Flavia Pappacena: Il Trattato di Danza di Carlo Blasis (1820—1830). Carlo Blasis' Treatise on Dance (1820—1830). Libreria Musicale Italiana, Lucca 2005, ISBN 88-7096-422-1.
1994 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы — Қазақстан кубогы жолындағы турнирдің үшінші мәрте ойнатылуы. Өскеменнің "Восток" клубы жеңімпаз атанды. ## 1/16 финал 1/16 финал ойындары 1994 жылдың 31 мамыр - 30 шілде аралығында өтті. ## 1/8 финал 1/8 финал ойындары 1994 жылдың 3 тамыз - 20 қыркүйек аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финал ойындары 1994 жылдың 5 - 25 қазан аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финал ойындары 1994 жылдың 29 қазан - 3 қараша аралығында өтті. ## Финал ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Жалғызтөбе мұнай кен орны — Солтүстік Үстірт синеклизасының Бозащы күмбезінде орналасқан. Құрылымы 1947 –1959 жылдары белгілі болған. 1974–1975 жылдары іздестіру, бұрғылау жұмыстарына дайындық жүргізілді. Ол жұмыс 1976 жылы басталып, кен орны сол жылы ашылды. ## Геологиялық сипаты Құрылымы батысқа созылған антиклиналь болып табылады. Иірімдерінің түрі қабаттық, тектоникалық қалқаланған. Мұнай иірімі бор жасындағы терригендік шөгінділерден орын алған, ашық саңылаулылығы 28%, өткізгіштігі 305 мД, мұнайға қаныққан қалыңдығы 6,5 м-ге дейін жетеді. ## Тығыздығы, құрамы Өнімді қабаттар мұнайының тығыздығы 0,94 г/см3, мол күкіртті (2,1%), парафині аз (1,8%), асфальтендерінің мөлшері 5,2%.
Жангүрші мұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Жазғұрлы ішкі ойысындағы мұнай кен орны. ## Географиялық орны Маңғыстау ауданында, Форт-Шевченко қаласынан шығыста 55 км жерде орналасқан. Көтерілім құрылымдық-геологиялық картаға түсіру және құрылымдық бұрғылау нәтижесінде анықталған. Кен орны 1981 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Кен орны брахиантиклинмен байланысты қалыптасқан. Құрылымның орталық тұсына таяу өтетін, амплитудасы 150 м аймақтық жарылым қатпарды түсіңкі Солтүстік және көтеріңкі Оңтүстік блоктарға бөлінген. Альб және готерив жікқабаттарының беті бойынша Оңтүстік блок жарылымдармен қиюласуы нәтижесінде жартылай күмбез түріндегі пішінге ие болған, ол, өз кезегінде, көлденең жарылымдармен 3 блокқа бөлінген. Альб жікқабаттарының шөгінділерінде екі, апт және готерив жікқабаттарының әрқайсысында біреуден өнеркәсіптік өнімді қойнауқаттар анықталды. Олардың жатыс тереңдігі 150-350 м. Жатындар қанығу сипаты тұрғысынан мұнайлы, тұтқыштарының типі жағынан қойнауқаттық, күмбездік, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Альб және апт жікқабаттарының өнімді горизонттары құмтас қойнауқаттарының қат-қабаттарынан құралған. Готерив шөгінділерінде жұқа карбонатты қабатшалар белгілі болды. ## Тығыздығы Орташа кеуектілігі 27%-ға, өтімділігі 0,011 мкм2-қа жетеді. Жинауыштарының жалпы қалыңдығы 6,8-16 м аралығында өзгереді, тиімді мұнайға қаныққан қалыңдығы 3,2-6,7 м-ге дейінгі шамада. Өнімді горизонттардың мұнайлары ауыр, тығыздығы 911 кг/м3, тұтқыр. Мұнай шығымдары әлсіз сыздықтаудан 4,8 м3/тәулікке дейін жетеді. Газдық фактор 3,8 м3/т. Кен орны барлануда.
Жаңатаң мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. ## Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданында, облыс орталығынан оңтүстікте 380 км жерде орналасқан. Ең жақын елді мекен - Кемерші, ол кен орынның батысында 20 км-де. Кен орын 1992 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылмы Көтерілім ойыстың ернеу маңы өңіріндегі карбонаттық кемер аумағында орналасқан.1112 шағылдырушы бет бойынша көтерілім бойлыққа жуық бағытта созылыңқы пішінде келеді, өлшемдері -3900 м-лік изогипса бойынша 17x6,2 км, амплитудасы 450 м-ден асады. Көтерілім ауқымында 3 төбе оқшауланған. Оңтүстік төбе солтүстігінен тектоникалық жарылыммен шектелген, - -3500 м-лік изогипсамен жартылай күмбез құрайды. Ортаңғы және Солтүстік төбелер -3600 м-лік изогипсамен шектелген. Терригендік тау жыныстармен байланысты төменгі таскөмір түзілімдерінің өнімділігі анықталған. ## Тығыздығы, құрамы Кеуектілігі 7-16%, өтімділігі 0,042-0,00048 мкм2 құмтастар мен алевролиттер жинауыш рөлін атқарады. Мұнайға қаныққан тиімді қалыңдық 6,6-33 м, мұнайға қанығу коэффициент 0,7. Мұнай шығымы 7,2-8,3 м3/тәулік болды. Мұнайдың тығыздығы 852 кг/м3, құрамында 0,32% күкірт, 13%-ға дейін парафин, 3% шайырлар мен асфальтендер бар. Кен орны жете барлау сатысында.
Сүйрік немесе Стерлядь (Acipenser ruthenus) - - бекіре тұқымдасына жататын балық, бекіре тұқымдастарының ішіндегі бірден-бір тұщы су балығы. Оны Каспий, Азов, Қара, Ақ, Баренц және Кара теңіздерінен, сондай-ақ Батыс Сібір өзендерінен аулайды. Орташа салмағы 250—800 г. ## Биологиялық сипаттамасы Тұрқы 100-125 см, салмағы 12-16 кг, тұмсығы сүйір. Жұмыр денесінің сыртында 5 қатарлы сүйекті ірі қабыршақтар бар, екі бүйірі тарақ тіс тәрізді ұсақ пластинкалы. Сүйрік әдетте тұщы өзен суларын мекендейді. ## Таралуы Қара теңіз, Балтық, Каспий, Ақ теңіздерде, Еділ, Обь өзендерінде, Қазақстанда Жайық, Ертіс өзендері мен Бұқтырма, Зайсан көлінде бар. ## Түрлері және көбею Сүйріктің еуропа және сібірлік екі нәсілі болады. Жыныстық жағынан еркегі 3-7, ұрғашысы 5-12 жылда жетіледі, 2-3 жылда бір рет сәуірде-маусымда ағыны қатты суларға уылдырық (4-137 мың, диаметрі 2 мм) шашады. Уылдырығы 6-11 тәулікте жамып жетіледі, 22 жылға дейін өмір сүреді. Сүйріктің негізгі қорегі омыртқасыз жәндіктер, насекомдардың (хирономид т.б.) личинкалары. Қыс айларында қоректенбейді, су түбіндегі шұңқырларда қыстайды. ## Қолданылуы Кәсіпті маңызы зор, еті дәмді, майлылығы 5,6-6,4%. Қоры азайып қалғандықтан соңғы жылдары Сүйрік жасанды су тоғандарында қортпамен будандастырып қолдан өсіріледі. ## Дереккөздер
Борис Наумович Стесин(15.03.1922ж.т.,Смоленск облысы., Починок қаласы.)- кеңес архитекторы. 1946 ж. Мәскеудің архитектура институтын бітірді. 1947 жылдан Қазақтың қала құрылысын жобалау институтында қызмет атқарады. ## Негізгі еңбектері Алматыдағы «Октябрь» кинотеатры (1956), Қазақстан тұтынушылар одағының әкімшілік трғын-үйі (1957), Алматы аэропортының клубы (1958), Қазақстан КСР Жоғарғы кеңесінің ғимараты (1969); Қаратау қаласындағы клуб (1974) т.б. Стесин тұрғын үй құрылыстары мен алаң свкерлерін жобалауда (Алматыдағы В.И.Ленин алаңының сквер т.б.), сондай-ақ тас жолдар бойын сәулеттендіруде елеулі еңбек атқарды. ## Дереккөздер
Жолдыбай — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Құрылым 1932-1947 жылдары дайын болып, барлау жұмыстары 1941 жылы басталған. Сол жылы кен орын ашылды. Барлау 1947 жылы аяқталды. ## Географиялық орны Атырау облысында, Мақат станциясының солтүстік-шығысында 18 км жерде. ## Геологиялық құрылымы Кен сыйыстырушы құрылым солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағытта созылған тұз күмбез 720-750 м тереңдіктерде ортаңғы юра таужыныстарында орныққан екі мұнай жатыны анықталды. Бірінші жатын қойнауқаттық, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған, екінші жатын қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жатындардың биіктігі, тиісінше, 22 және 10 м, мұнайға қанығу коэффициенті 0,65. Су-мұнай жапсарлары -540 және -560 м белгілерде. Жинауыштары терригендік, кеуекті, ашық кеуектілігі 39%. Құрылымның солтүстік жартысының ауқымындағы бірінші горизонт жинауыштары белгілі дәрежеде саздалған. ## Тығыздығы, құрамы Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 7 м, тиімдісі 6 м және 5 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 6 м және 4,7 м. Мұнайдың шығымдары бірінші горизонтта 20 м3/тәулік, екіншіде - 5 м3/тәулік. Мұнайы ауыр, тығыздығы 892,1 кг/м3, қойнауқаттық жағдайларда аз күкірт ті(0,2%), аз парафинді (0,68%), мол шайырлы (18%). Табанасты сулары хлоркальцийлі типті күшті тұздықтар, тығыздығы 1153 кг/м3, жалпы минералдылығы 177 г/л. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Кен орында жұмыс 1955 жылы бастап тоқтатылған болатын, ол 2002 жылдан игеріле бастады.
Жыңғылды мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы белдемінің мұнай кен орны. Құрылым аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстар нәтижесінде 1939 жылы ашылған. ## Географиялық орны Атырау облысында Мақат станциясының солтүстігінде 20 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Кенорын дөңесі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, жасырын жарылған тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Галогендік таужыныстардың орналасу тереңдігі күмбез дөңесінде 400 м, баурайларында 1000 м-ге дейін жетеді. Енсіз грабендер арқылы күмбез солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қанаттарға бөлінген. Оңтүстік-батыс қанаттың өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталған. Бұл қанат, лықсымалар арқылы батыс, орталық және шығыс алаңшаралға дараланған. Көлденең лықсымалармен тілгіленген орталық алаңша ауқымында апт, неоком жікқабаттары мен ортаңғы юраға тиесілі мұнайлы горизонттарды кіріктіретін блок дараланады. Шығыс алаңшада апт шөгінділері өнімді. Барлығы 10-ға жуық мұнайлы горизонттар анықталған. ## Жатыс сипаты Жатыс сипаты жөнінен барлық жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, жатыс тереңдіктері 135 м-ден 500 м-ге дейін. Құмтастардан құралған жинауыштары қуысты, ашық кеуектілігі 29-34%-ға дейінгі шамада. Жатындардың жапқыштары рөлін сазды таужыныстар атқарады. Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы апт жатындарында 5-10 м-ге, неоком жатындарында 5,6-13-ге, юра жатындарында 4,3-7 м-ге дейін, тиімді қалыңдығы, тиісінше, 4-8,5 м-ге, 4-9 м-ге және 3-4 м-ге, мұнайға қаныққан қалыңдық осы ретпен 2,2-5 м-ге, 3,8-5,2 м-ге және 1,3-2,9 м-ге дейін жетеді. Жатындардың су-мұнай жапсарлары -139-472 м-ге дейінгі белгілерде. Дөңдік бөліктегі мұнайлы горизонттардың жатыс тереңдіктері апт жікқабаты үшін 125-170 м-ге, неоком жікқабаты үшін 209-253 м-ге, ортаңғы юра шөгінділері үшін 330-465 м-ге дейін. Жатындардың мұнайлы бөліктерінің биіктігі 7-31 м-ге дейін өзгереді. ## Қанығу сипаты Мұнайға қанығу коэффициенті 0,55-0,68. Апт жатындарындағы мұнайдың шығымы 0,5-3 м3/тәу, ортаңғы юрада 0,4-12 м3/тәу болды. ## Тығыздығы, құрамы Төменгі бор шөгінділерінің мұнайы ауыр, тығыздығы 895-906 кг/м3, аз күкіртті (0,34%), аса мол шайырлы (13-34%) аз парафинді (1,05%). Ортаңғы юра жатындарының мұнайлары айтарлықтай жеңіл, тығыздығы 875-881 кг/м3, аз күкіртті, аз парафинді (1,67-1,77%). Бұлардағы силикагель шайыларының мөлшері 10%-14,5%-ға дейін. Жатындардың режимі гравитациялыққа ауысатын әлсіз суарынды. Хлоркальцийлі типті табандық сулардың тығыздығы 1095-1163 кг/м3. Кен орнында 2004 жылы бұрғылау жұмыстары басталды.
Кемеркөл мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Құрылым 1992 жылы ашылған. ## Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылынан 24 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Өнеркәсіптік мұнай қабаты солтүстік және оңтүстік-шығыс телімдеріндегі триас шөгінділерінде 1060-1380 м және 1179-1271 м тереңдік аралықтарында анықталды. Иірімдер тектоникалық тіліктерде және кунгур тұз дөңесінің беткейлеріне түйісетін жартылай күмбездерінде орын алған. Өнімді қабаттардың коллекторлары ұсақ түйірлі құмдардан, алевролиттерден құралған. Олардың ашық саңылаулығы 27 – 40%, өткізгіштігі 0,235 – 1,15 мкм2. ## Жатыс сипаты Жалпы қалыңдығы 38 – 49 м, мұнайға қаныққан қабатының қалыңдығы 8,2 – 18,2 м. Т – І иірімінің су-мұнай жапсары 1048 м белгіде. Кеннің оңтүстік-шығыс бөлігінде бұл жапсар 1134 м белгіде анықталған. Кеннің солтүстік бөлігінде 1293-1380 м тереңдікте жатқан Т – ІІІ өнімді қабатының шартты су-мұнай жапсары 1320 м-лік белгі арқылы өтеді. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайдың тығыздығы 863 – 977 кг/м3, аз күкіртті (0,1 – 0,9%), аз парафинді (0,87 – 1,28%), мол шайырлы. 300°С-қа дейін қыздырғанда бөлінетін фракциялар 13%-дан аспайды.
Жұбантам мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Кен орны 1986 жылы ашылған. ## Географиялық орны Атырау облысында, Құлсары станциясынан солтүстік-шығыста 90 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Мұнайлы құрылым бойлыққа жуық бағытта созылған тұз күмбезімен байланысты қалыптасқан. Күмбездің төбесі 500 м тереңдікте. Үш сәулелі (үш тармақты) грабен арқылы көтерілім оңтүстік-шығыс, батыс және оңтүстік қанаттарда дараланған. Ең түсіңкі келген моноклинді оңтүстік қанатта мұнай жатындары орналасқан. Триас, юра және бор шөгінділерінен құралған тұз бетіндегі таужыныстар жиынтығы саздардың, алевролиттердің, құмтастардың кезектесе қабатасқан қойнауқаттары мен будаларынан тұрады. Төменгі бордың баррем және готерив шөгінділерінің мұнайлылығы анықталды. Бұлардың құрамында 8 өнімді горизонт бөлінді. Жатындардың жатыс тереңдігі 390-560 м-ге дейін өзгереді. Терригендік таужыныстардан құралған қуысты жинауыштардың кеуектілігі 27%. Қалыңдығы 5 м-ден 12 м-ге дейінгі саз қабаты жапқыш рөлін атқарады. ## Қанығу сипаты Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 4,8-18,9 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 1,8-4,7 м. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,5-063. Табиғи қорқоймасының типі жағынан жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, кейде литологиялық тұрғыдан шектелген. Су-мұнай жапсары -310 және -472 м-лік белгілерде орныққан. Қойнауқаттық қысым көрсеткіштер 0,78-5,7 Мпа, температурасы 22-33°С. Өнімді горизонттардан мұнай шығымдылығы 2,2-6,6 м3/тәу. Барлық горизонттардың мұнайы түгелге дерлік ауыр. ## Тығыздығы, құрамы Олардың тығыздығы қойнауқаттық жағдайда 870-928 кг/м3. Екі горизонттың мұнайы аз күкіртті (011-0,17%) қалған горизонттардағы күкірт мөлшері 0,5-1,63% парафиндері-3,7%, шайырлары -7,5-13%, аз мелшерде асфальтендер бар (0,39-0,88%). Жатындардың режимі серпінді суарынды. Кен орны барлануда.
Кеңқияқ мұнай кен орны — Ақтөбе облысы Темір ауданында, Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан. Кен орны 1959 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Кеңқияқ мұнай кені құрылымдық жағынан тұз күмбезімен байланысты. Тұз үстіндегі қимада белгілі болған 9 мұнайлы қабат юра, триас және пермь кезеңі жыныстарында орналасқан. 1971 жылы тұз астындағы төменгі пермь кезеңі шөгінділерінде тағы 5 өнімді қабат, ал 1979 жылы ортаңғы карбон кезеңінің карбонатты қабаттарында үлкен мұнай шоғыры анықталған. Өнімді мұнай қабаттары 160 м-ден 4300 м-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Қима құмтас, алевролит, гравелит, саз және аргиллиттерден құралған. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайдың тығыздығы 0,876-0,909 г/см3, құрамындағы күкірттің мөлшері 0,43-0,81%, парафині 0,37 -2,97%, шайыры 6,2-11,4%. Кен орнында барлау жұмыстары аяқталған. ## Дереккөздер
Татья́на Анато́льевна Му́хина (туғ. 1978 жылы) — ресей театр мен киноның актері. ## Биография Татьяна 12 наурызда 1978 жылы Набережные Челныда туды.2002 жылы ол ЯГТИні бітірді(А.Кузин шебері).Ең басында Ярослав ТЮзінде ойнады,кейін 2005 жылы А. Джигарханян жетекшісі бойынша театрге көшті. ## Театрдегі рөлдер «Последние» — Любовь «Панночка» — Хвеська «Мурлин Мурло» — Ольга «Принцесса Кру» — Бекки «Дом Бернарды Альбы» — Ангустиас «Нас ждут далеко-далеко, не здесь» — Адамс «Необычайные приключения Красной Шапочки» — түлкі «Сюда ещё бы пару мужиков» — Клер «Три сестры» — Наташаның досы «Пришел мужчина к женщине» — Дина Фёдоровна «Вор» — Донна Карме «Ромео и Джульетта» — Монтекки ханым ## Сыртқы сілтемелер * http://www.imdb.com/name/nm3404626/ * http://www.imdb.com/name/nm3404626/
Отто Струве (1897 жыл 12 тамыз, Харьков - 1963 жыл 6 сәуір, Беркли, Калифорния) - американ астрономы. ## Өмірі 1919 жылы Харковь университетін бітірген. 1920 жылы АҚШ-қа эмиграцияға кетті. Ол 1932 жылдан Чикаго университетінің профессоры, 1932-1947 жылдары Йерк (Висконсин) және Мак-Дональд (Техас) обсерваторияларының директоры, ал 1952-1955 жылдары Халықаралық астрономиялық одақтың президенті болды. 1952 жылы Лондон корольдық қоғамының мүшесі болып сайланды. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен жұлдыздық спектроскопияның теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Струве жұлдыздар эволюциясының жаңа гипотезасын ұсынды. ## Дереккөздер
Василий Яковлевич Струве (1793 жыл 4 сәуір, Альтона, Германия - 1864 жыл 11 қараша, Петербург) - орыс астрономы және геодезисі, 1832 жылдан Петербург ғылым академиясының академигі. ## Өмірі 1810 жылы Дерпт университетін бітірген. 1818-1839 жылдары Дерпт астрономия обсерваториясының, 1839-1862 жылдары Пулков обсерваториясының директоры болды. 1813 жылдан қос жұлдыздарды кең түрде зерттей бастады. Ол 27 жұлдыздың параллаксын алғаш рет 1822 жылы дәлірек анықтап берді. Струве - Пулков астрометриялық мектебінің негізін қалаушы. Ол 1845-1847 жылдары жұлдыздық жүйелердің заңдылығын зерттей отырып, жұлдыздық статистиканың интегралдық теңдеуін тапты. Құс жолының бас жазықтығында жұлдыздар шоғыры орналасқандығын байқады, жарықтың ғарышта жұтылу мүмкіндігін дәлелдеді. Геодезия саласынан да елеулі зерттеулер жүргізді. Ол көптеген шетел академиялары мен қоғамдарының мүшесі болды. ## Дереккөздер
Мұстафа Субхи (1882 жыл, Гиресун - 1921 жыл 28 қаңтар, Трабзон) - Түркия комунистік партиясының негізін қалаушылардың және оның басшыларының бірі. ## Өмірбаяны 1910 жылы Осман социалистік партиясына мүше болып кірді, 1915 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясына кірді; түрік соғыс тұтқындары арасында революциялық жұмыс жүргізді. 1918 жылы «Жаңа дүние» газетін құрды. Коминтерннің 1-конгресі (1919) мен Шығыс елдері халықтарының 1-съезі (1920) жұмысына қатысты. Ол түрік жандармдарының қолынан қаза тапты. ## Дереккөздер
Королев мұнай кен орны — Атырау облысы Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Кен орнының құрылымы 1960–1975 жылдары аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстардың нәтижесінде анықталған. ## Геологиялық құрылымы, қанығу сипаты Өнімді қабаттар тұзүсті және тұзасты кешендерден табылған. Кен шоғырлары қабат, дөңес пішінді, тектоникалық құрылымға сәйкес орналасқан. Қимасы терригендік тау жыныстарынан құралған, коллекторы кеуекті. Ашық кеуектегі 26%, мұнайға қаныққан қабаттың қалыңдығы 8,4 м. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайы ауыр, тығыздығы 0,965 г/см3, күкірті 2%, парафині аз (0,52%). Палеозойдың мұнайлы қабаттары төменгі пермь кезеңінің арт ярусының карбонатты түзілімдерімен байланысты. Тереңдігі 3952 м. Өнімді қабаттар әктастан құралған. Коллекторы карбонатты кеуекті, ашық кеуектігі 7,8%. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,797 – 0,8 г/см3. Мұнайда еріген газ майлы, этан-пропанды, метан 43,36%, ауыр көмірсутектер 21%. Кен орны барлануда.
Оңтүстік-Шығыс Новобогат мұнай кен орны — Атырау облысы Исатай ауданында, Атырау қаласынан батысқа қарай 60 км жерде. Құрылым 1976-1978 жылы жүргізілген сейсмикалық барлау арқылы анықталып, 1982 жылы кен орны ашылды. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық қатынаста кен орны тұзды карниздің астында дамыған жартылай дөңеске ұқсас. Карниз асты пермь-триас қабаты жатыс тереңдігі 1640 – 1900 м болатын 11 мұнайлы горизонтқа бөлінген. Ондағы шоғырлар биіктігі 40-310 м. Шоғырлар қабатты, литолданған экрандалған. Горизонттар терригенді жыныстардан құралған, коллекторлары кеуекті. Бастапқы қабат қысымы 15,1-23,6 МПа, температурасы 42-51°С, тығыздығы 0,632 г/см3. ## Қанығу сипаты, құрамы Мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,2-25,6 м. Газдың құрамы: метан 70,6-80,5%, этан 10,8-16,2%, пропан 4,7-8,1%, изобутан 0,7-1,9%, бутан 0,7-2,5%, пентан және одан жоғарғылары 0,19-0,85%, азот және сирек элементтер 0,74-1,61%, гелий 0,0079-0,03%, көмір қышқыл газ – 0,2%.
Мақат мұнай кен орны — Атырау облысы Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 100 км жерде. Кен орны 1913 жылы ашылған. Құрылымы 1931 жылы гравиметрлік түсіру және құрылымдық-карталық бұрғылау арқылы анықталған. ## Геологиясы мен сипаты Төменгі бор, ортаңғы юра, пермь-триас түзілімдерінен мұнай қабаттары барланған. Олардың тереңдігі 37 м-ден 526 м-ге дейін, қалыңдығы 15-30 м аралығында. Горизонттар терригенді түзілімдерден тұрады, коллекторлары кеуекті (22,9-32,7%), мұнайға қанығу коэффиценті 0,47-0,81. Мұнайдың өнімділігі 0,3-3,3 м3/тәулік, температурасы 13-27°С, тығыздығы 0,803-0,895 г/см3. ## Құрамы Мұнай құрамындағы күкірттің мөлшері 0,25- 0,28%, парафині 0,25-0,8%. Қабаттың суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,096-1,147 г/см3, минералдығы 131,2-190,6 г/л. Кен орны пайдаланылуда. ## Дереккөздер
Прорва мұнай кен орны, Батыс Прорва — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс шетінде, Сарықамыс кентінен оңтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Іздестіру, бұрғылау жұмыстары 1964-1975 жылдары жүргізілді. ## Геологиялық құрылымы Кен тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Тұз бетіндегі мұнай қабаттарында юра мен триас шөгінділері өнікті болып табылады. 9 өнікті қабатқа бөлінген. Юраның өнікті кабаттары 2179-2320 м, триастікі 3109-3308 м тереңдіктерде орналасқан. Юра қатқабаттарындағы иірімдердің мұнайлы бөлігінің биіктігі 10-28 м, триастікі 36-75 м, газды бөліктері тиісінше 25—56 м. ## Құрамы Мұнай құрамында 0,33-1,46% күкірт, 2,05-4,22% парафин, 15,66% шайырлар, 1,12% асфальтендер бар. Кен 1976 жылы пайдалануға берілді.
Орысқазған мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Сағыз өзені сағасының аңғарынан анықталды. Пайдалануға 1987 жылы берілген. ## Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымына қарай кен тұзды төбелік кендер тобына жатады, алаңының аумағы 12x6 км. Алаңынан үш мұнайлы учаске ашылып, игерілуде және өнім беретін 16 қабат анықталды. Бұлардағы неоком, юра және триас кезеңдерінде түзілген мұнайлы кен кабаттарының бәрі құрылымы бойынша тұтас не бір-бірімен сабақтаса жатқан жердің құрылымдық қыртысы қатарына жатады. Төменгі триаста қалыптаскан шөгінділерде саздақ топырақ, ұсақ құм түйіршіктері, бір-бірімен байланысы онша берік емес құмайт қыртыстар кездеседі. Юралық қабаттар көбіне қыртысқа айналған жыныстардан тұрады. Бор жүйелерінде саз балшық пен ұсақ құм түйіршіктері аралас ұшырасады. ## Жатыс сипаты Кен түзілген қабаттардың орташа тереңдігі 400-900 м аралығында. Мұнайы мол неоком қабаттарының қалыңдығы 2,1-4,25 м-ге, юралық шөгінділерде 5-9,7 м-ге, триастық тұнбалар 5,8 м-ге дейінгі мөлшерде қалыптасқан. ## Құрамы Мұнайдың құрамында 0,18-0,84% күкірт, 18-69% мөлшерінде басқа да жеңіл заттар бар. Кенде 1988 жылы 69,695 мың т.мұнай өндіріліп, ең жоғары мөлшерде өнім алынды. ## Дереккөздер
Харки Юсупович Сулейманов (1895 жыл 2 сәуір, Алматы - 1937 жыл) - Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатып, нығайтуға және социалистік құрылыс ісіне белсене қатысушы. 1918 жылдан Коммунистік Партия мүшесі, ұлты - дүнген. ## Өмірі 1918 жылдың ортасында ұлттар істері жөніндегі Жетісу облыстық бөлімінің коллегия мүшесі. 1921 жылы Сүлейманов 15-дүнген атты әскер полкінің соғыс комиссары ретінде Орта Азияда басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1922 жылы Алматы уездік, қалалық милициясын басқарды. 1925-1926 жылдары Қосшы одағының, Жетісу губерния комитетінің төрағасы. 1926-1937 жылдары әр түрлі жауапты кеңес және шаруашылық жұмыстарында болды. Ол - Кеңестердің Бүкіл Қазақстандық 6-8 съездерінің делегаты. 8-съезде ҚАКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. ## Дереккөздер
Солтүстік-Батыс Жетібай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай кен орны. Құрылым 1965-1968 жылдары анықталды. 1970-1971 жылдары нақтыланды. Іздестіру жұмыстары 1969 жылы басталды. 1974 жылы ортаңғы және төменгі юраның шөгінділерінде мұнайдың шағын жатындары ашылды. Өнеркәсіптік өнімділік 1984 жылы төменгі триастың оленек жікқабатының шөгінділерінде анықталды. ## Географиялық орны Маңғыстау облысында, Жетібай кен орнының солтүстік-батыста 25 км-де орналасқан. ## Геологиялық құрылымы Солтүстік-батыс бағытта созылған брахиантиклиналь қатпардағы көтерілімнің өлшемдері 4100 м-лік тұйықтаушы изогипса бойынша 5х2,5 км, амплитудасы 150-200 м. Бір жатын жинауыштарының беті бойынша қатпар өлшемдері 1,5x4,5 км, басқа жатындардікі 2x0,4 км. Жатындардың екеуі де мұнайлы. Бір жатын қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған, екіншісі - қойнауқаттық күмбезді. Қуысты және қуысты-ұралы, аралас типті жинауыштардың ашық кеуектілігі екі жатын үшін 9%-дан аспайды, өтімділігі 0,00-1/ мкм2. Жатындардың биіктігі 18 және 34 м. ## Қанығу сипаты Жалпы қалыңдығы 11,8 және 19,6 м, тиімдісі 2,1 және 10,4 м, мұнайға қаныққаны 2,1 және 7,6 м. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,55 және 0,57. Су-мұнай жапсарлары -3126 және 3220 м-лік белгілерде қабылданған. -994 және -796 м динамикалық деңгейлердегі мұнайдың бастапқы шығымдары 3,6-8,6 м3/тәу дейін жетті. Қойнауқаттық мұнайдың газға қаныққандығы 24,1 м3/т. Жатындардың температурасы 118°С. ## Тығыздығы, құрамы Мұнайдың тығыздығы 867 кг/м3. Мұнайы аз күкіртті (0,2%), мол парафинді (24,2%-ға дейін), 10%-дан астам силикагель шайырлар мен асфальтендер бар.Еріген газдың метаны - 44%, этаны - 16,6%, пропаны - 20,4%, изобутаны - 3,9%. Азот мөлшері 1,1%-дан аспайды. Хлоркальцийлі типті қойнауқат суларының минералдылығы 39,7 г/л, құрамында йод, бром, бор, литий, стронций бар. Кен орны барлануда.
Төлеген мұнай кен орны — Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуінде, Доссор кентінен оңтүстікке қарай 25 км қа-шықтықта орналасқан. 1936 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық құрылым тұрғысынан кен орны солтүстік-батыс бағытта созылып жатқан сопақша тұзкүмбезді құрылымдармен байланысты қалыптасқан. Тұз бетіндегі шөгінділер жіңішке грабен арқылы оңтүстік-батыс және солтүтік-шығыс қанаттарға бөлінген. Кен жинаушылары кеуекті тау жыныстарынан түзілген. Кен орнының қалыңдығы 8,9 м мұнаймен қаныққан өнімді қабаттары төменгі апт және баррем тау жыныстарымен байланысқан. Мұнайлы горизонттар ұсақ, орта түйірлі құмдарда шоғырланған. ## Құрамы, тығыздығы Мұнайының шайыры көп (37,5%), күкірті аз (0,28%), мұнайға қанығу коэффициенті 0,68, тығыздығы 0,919-0,926 г/см3, парафинсіз, бензинсіз, тұтқырлығы 50°С-та 12,2-15,6 сантистокс. Суының құрамы хлорлы-кальцийлі, сульфатсыз келеді. Төлеген мұнай кен орнын Ембімұнай ЖШС кәсіпорны 2004 жылдан бастап игеруде.
Төлес мұнай кен орны — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағасынан 20 км қашықтықта, Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан. 1947 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Тектоникалық құрылым тұрғысынан кен орны төрт қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Тұз үстіндегі тау жыныстарының қимасындағы мұнайлылығы жоғарғы және төменгі кешендерге жіктелген юра шөгінділерімен байланысқан. Өнімді горизонттардың қалыңдығы 333-561 м. ## Қанығуы, тығыздығы мен құрамы Кен жинауыштары қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан шектелген, биіктігі 72-88 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 7,3 -20 м, су-мұнай жапсары 639 м. Мұнайының тығыздығы 0,852 – 0,917 г/см3, күкірті аз, парафині 0,65-1,34%. Суының құрамы хлорлы-кальцийлі, минералдылығы 175,5 г/л. Кен орны 1958 жылдан игерілуде. ## Дереккөздер
Шығыс Жағабұлақ мұнай кен орны – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 840 км жерде орналасқан. Құрылым геологиялық-геофизикалық әдіспен анықталып, 1989 жылы бұрғыланған. Кен орны 1991 жылы ашылды. ## Қанығу сипаты * Кен қабатының орташа тиімді қалыңдығы 23,4 м * Мұнайының қанығу коэффициенті 0,65 – 0,75 * Бастапқы қабаттық қысым 45,1 МПа * Температурасы 87°С * Мұнайдың тәуліктік шығымы (7 мм-лік штуцерде) 25 – 105 м3 шамасында ## Құрамы, тығыздығы * Мұнайы жеңіл, тығыздығы 8,38 г/см3 * Күкіртсутек 2,3% * Көмірқышқыл газ 1,4% ## Дереккөздер
Таңатар мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс шетінде, Доссор кентінен батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Кен 1960 жылы ашылды. ## Геологиялық құрылымы Қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Ортаңғы юрада 28-140 м тереңдікте Ю-І, Ю-II, Ю-ІІІ мұнай қабаттары анықталды. Иірімдердің биіктігі 13-49,3 м. ## Қанығуы, құрамы Мұнайға қанықкан қабат қалындығы 9,1-15,06 м. Мұнайы аз күкіртті (0,17-0,25%), аз парафинді (0,22-0,28). Кен орны 1963 жылы пайдалануға берілді. ## Дереккөздер
Сумен кен қазу - тау жыныстарын бұзу, руданы қазба ішінде тасымалдау және жер үстіне шығару жұмыстары күшті су ағынының көмегімен орындалатын пайдалы қазбалар алудың бір тәсілі. ## Дереккөздер
1995 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың төртінші мәрте ойнатылуы. ## 1/8 финал Алғашқы ойындар 1995 жылдың 9 - 10 мамыр аралығында өтті, жауапты ойындар 14 мамырда өтті. ## 1/4 финал 1/4 финалының ойындары 1995 жылдың 3 — 14 шілде аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финал ойындары 1995 жылдың 5 тамыз - 2 қазан аралығында өтті. ## Финал ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Александр Александрович Солдаткин (туғ. 13 ақппнда 1988, Куйбышев, КСРО) — Роман Виктюк театрының актері, киноактер. ## Биография Александр 13 ақпанда 1988 жылы Куйбышев (Самара) қаласында туды. Ол баян мен фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебім бітірді. Александр 2009 жылы Щукин атындағы ВТУні Ресейдің ұлттық əртіс В. В. Фреон мен И. А.Пантелеев жетегінде бірге бітірді(2009 жылы). ## Театр жұмыстары * Одессит («Белая акация»), * Лейтенант Фернан де Шамплатро («Мадемуазель Нитуш»), * Степан («За двумя зайцами»), * Птица-мирмидонец («Троил и Крессида»), * Максимилиан, Дюжи («Фредерик, или Бульвар Преступлений»), * Танцовщик («Берег женщин»), * Кристиан («Сирано де Бержерак»), * Мартынов («Царская охота»), * Принц Филипп («Принцесса Ивонна»), * Мальчик («Медея»), * Дон Карлос («Дон Жуан и Сганарель»), * Репетитор («Евгений Онегин»). ## Сілтемелер * http://polit.pro/stuff/117-1-0-7098 Мұрағатталған 12 тамыздың 2014 жылы.
1996 жыл5s Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың бесінші мәрте ойнатылуы. ## Бірінші кезең Алғашқы ойындар 1996 жылдың 7 мамырында, жауапты ойындар — 14 мамырында өтті. ## 1/8 финал 1/8 финалының ойындары 1996 жылдың 7 мамыр - 10 шілде аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финалының ойындары 1996 жылдың 21 шілде - 17 тамыз аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финалының алғашқы ойындары 1996 жылдың 5 қарашасында, жауапты ойындар — 20 қарашада өтті. ## Финал Толық мақаласы: Футболдан Қазақстан кубогының финалы 1996 Алғашқы финалдық ойын 1996 жылдың 25 қарашасында Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл ойында ақтаулық «Мұнайшы» мен семейлік «Елімай» кездесті. Бұл ойынның алдында екі клубта Қазақстан Республикасының футбол ассоциациясы (ҚРФА) президенті Құралбек Ордабаевтың отставка кетуін сұрады және бұл сұрауы орындалмаса екі клубта кубокты қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеді. Ойын 2:1 есебімен семейлік футболшыларының жеңісімен аяқталды. Осының алдында мәлімдегендей клуб кубокты алудан бас тартты. Бұл ойынның есебі Елімай клубын финалдан қатысудан бас тарту кінәләуімен жойылды. 1997 жылы 26 сәуірде финалдық ойын екінші қайтара ойнатылып, жартылай финалда шығып қалған алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток-Әділ» кездесті. Бұл ойында «Қайрат» клубы жеңіске жетті. ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Леопольд Антонович Сулержицкий (1872 жыл 27 қыркүйек, Житомир - 1916 жыл 30 желтоқсан, Мәскеу) - орыс әдебиетшісі, суретші, режиссер, театр қайраткері. ## Өмірі Кітап түптеуші отбасында туған. 1889-1894 жылдары Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде оқыды. Суретші Виктор Михайлович Васнецовпен, жазушылар Лев Николаевич Толстой, Максим Горький және Антон Павлович Чеховпен жақын болды. Саяси көзқарасы үшін бірнеше рет ұсталып, жер аударылды. Режиссерлік қызметін 1905 жылы Мәскеудің Көркем театрынан бастады. Кнут Гамсунтың «Өмір драмасы», Леонид Николаевич Андреевтің «Адам өмірі», Морис Метерлинктің «Көк құс», Уильям Шекспирдің «Гамлет» спектакльдерін қоюға қатысты. Ол Станиславский Константин Сергеевич дің ең жақын көмекшісі болған. ## Дереккөздер
Сулысор – Ертіс өзенінің алабындағы көл. ## Географиялық орны Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Шөптікөл кентінен оңтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 193 м. ## Гидрографикасы Ауданы 12,60 км2, су жиналатын алқабы 372 км2. Ұзындығы 4,9 км, ені 3,4 км-ге жетеді. ## Жағалау сипаты Жағалау сызығының ұзындығы 19 км. Жағасы көбіне жатық, сортаңды. Көлді Ащысу өзені жарып ағады. Суы тұзды, шаруашылық маңызы шамалы. Алабы - жайылым. ## Дереккөздер
Түбірлі томағашөп (лат. Scutellarіa subcaespitosa) – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын, өте сирек кездесетін, эндемик түр. Қырғыз жотасының батыс сілемдерінде және Талас Алатауында, Қаржантауда (Ақ Мешіт жырасы), Қазығұрт шыңы мен Сырдария Қаратауында (оңтүстік бөлігі мен орталық сілемінде) кездеседі. Тасты және шағыл тасты –ұсақ топырақты аласа тау беткейлерінде өседі. Шағын популяция болып кездеседі. Малды шектен тыс жаюдан зардап шегеді. Мәдени түрде тек Ташкент ботаника бағында (Өзбекстан) өсіріледі. Тұқымы арқылы көбейеді. Екпе көшеттері екінші жылы гүлдеп, жеміс береді. Мәдени өсіруде төзімді. Гүл мен жемісті мол береді. Екпе көшеттері 18 жылдан кейін қурайды. Табиғи популяцияларының жағдайлары зерттелмеген. Қаратау мен Ақсу –Жабағылы қорықтарында бірен-саран қорғалады. ## Дереккөздер
Тауқалуен немесе Шмальгаузения (лат. Schmalhausenia nidulans) – астралылар тұқымдасының монотипті тегі, жалғыз биологиялық түрі, сирек кездесетін түр. Солтүстік Тянь-Шаньда (Іле, Күнгей Алатауы, Кетпентау) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Өзбекстан мен Қырғызстанда (Талас Алатауы, Қырғыз, Шатқал және Курамин жоталары, Ангрен өзені аңғары) таралған. Шағыл тасты беткейлерде, жоғарғы тау белдеулеріндегі альпі және субальпі шалғындарында өседі. Биік таудың суық көрінісіне сән беретін өте де тартымды өсімдік. Жекелеп немесе шағын топ болып, кейде 2-3-5 жынысты жетілген сабақтары шоғыпрланып кездеседі. Малды шектен тыс жаюдан зардап шегеді. Популяцияның саны мен жағдайы зерттелмеген. Мәдени түрде өсірілгені жайлы мәлімет жоқ. Жергілікті барлық популяцияның жағдайын бақылап, санын есептеу керек. Алматы қорығы мен Іле-Алатау ұлттық паркінде қорғалады. ## Дереккөздер
Келін түсіру тойы қыз жігіттің ауылына келгенде болады. Тойбастармен қоса, "беташар" салты өткізіледі. Қазіргі кезде қыз ұзату мен келін түсіру деген тойлар жиі кездеседі.Той рәсімі жастардың некелесуінен басталады. Қыз бен жігіттің қосылуы қала жағдайында арнайы неке сарайларныда өткізіледі. Онда жастар жандарына ерген куәгерлерімен, ата-ана, жақын құрбыларымен шағып топ болып барып, арнайы рәсім бойынша неке сақиналарымен алмасады, неке куәліктерін алады. Мұсылман салтымен некелесу рәсімдерін мешіттерде өткізу ғұрпы кең тарала бастады. Жастардың жұптық өмірге жолдама алатын нағыз киелі сәті осы. Жас жұбайлар безендірілген көлікпен алдын ала белгіленген жергілікті жерлердегі киелі орындарға, мәселен, Алматыда орналасқан Райымбек атаның мазарына, Абай ата ескерткіштеріне, Тараз қаласындағы Айша бибі мазарына, Семей жеріндегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек зираттарына барып тәу етеді. Бұдан соң жастар той өткізілетін орынға келеді. Той өтетін орын әсем безендірілуі шарт. Бұл орайда оның безендірілуі әркімнің көркем қиялы мен талғамына байланысты. Жас жұбайларға тағлым боларлықтай өнегелі сөздер, құдаларға арналған тілектер жазып қою салты көп тойда кездеседі. Тойдың дастарқан мәзіріне де аса мән беріледі. Мол дастарқан жасау — жастардың келешек өмірі берекелі, салтанатты болсын деген тілектен туған ниет белгісі. Тойға келген қонақтарды ретімен жайғастырудың да орны бөлек. Төрдегі орынға жас жұбайлар жайғасқан соң, сыйлы дастарқандарға алдымен құда-құдағилар, оларменжапсарласа ауыл адамдары, жастарына қарай орналасады. Асаба тойды бастаған соң, есіктен енген келінге шашу шашылып, "жар-жар" айтыс түрінде айтылатын болған. Онда қыз жағы өз құрбыларымен отаудағы шымылдық ішінде отырса, жігіт жағы атпен келіп, үйдің сыртынан өлең айтқан. Қыз жағы өзінің балалық өмірін, елін-жерін, ата-анасын, құрбы-құрдастарын қимайтындығын айтса, жігіт жағы оның табиғат заңы екендігін, олардың орнын басатын жаңа ел, жаңа туған-туыс, құрбы-құрдас болатынын айтып жұбататын болған. Қазіргі "жар-жардың" сөзі де, әуені де мүлдем жаңа және оны көпшілік бірігеп айтады."Жар жар" айтылып жатқан кезде жас жұбайлар жанындағы серіктерімен (қыз жолдас және жігіт жолдасы) топты жарып, ортадағы көрнекті жере келіп тұрады. Бұл кезде келіннің беті ақ желекпен жабулы болады. Міне, осы кезде ортаға өнерпаз шығып "Беташарды" бастайды. "Беташардың" негізгі мақсаты — жаңа түскенкелінді жұртқа, сонымен қоса келінді жаңа елді, туған-туыстар мен ағайын-жекжатты таныстыру. Жыршы келінге жаңа түскен жаңа түскен жұртының қайын атасы мен енесінен бастап таныстырады.Олардың аты талған сайын келін иіліп сәлем береді. Бет ашушы домбыраның немесе қамшының ұшымен ақ желекті серпіп, келін бетін көрсетіп қояды. Келін иіліп сәлем жасайды. Соңы келінге өсиет айтумен аяқталады. ## Беташар үлгісі Уа, ағайын,ағайын,Бір кәдеңе жарайын,Бетін ашып келіннің, Көрімдігін алайын.Ал, қарағым, келінжан,Мына отырған, қайын атаң!Осы күнді ойлаған.Ұлан-асыр жұрт жиып,Келін тойын тойлаған. Омырауында жұлдызы,Жарқыраған, жайнаған,Қайын атаңа бір сәлем!Келіннің беті ашылаған соң тағы да шашу шашылып, ағайын-туғандар бетінен сүйіп, батасын беріп, бет ашқан адамға тарту-таралғы сыйлайды. ### Тойдың сәні Тойдың сәні — ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді.Қонақатарға сөз берудің өзіндік реті болады. Оны той иесі алдын ала белгілеп, асабаға беріп қояды. Берілген ретпен қонақтарға ақ тілек айтқыза отырып, құда-құдағиларды айтыстырып та жібереді. Арнайы шақырылған әнші-күйшілерді ортаға шақырып, көпшіліктің қолдауымен ата-аналарға, құда -құдағиларға арналған әндер, жастарға арналған махаббат жырларын шырқатып, би билетеді. Әрбір сөйлеген адамның өзіне өнер көрсеттіреді. Кейде құдалардың сайлап алып келген өнерпаздары да болады. Қазіргі кезде тойға белгілі өнер ұжымдарын шақырту да дәстүрге айналып келеді. Үзіліс кезінде би билеп,әр түрлі ойындар ойналады. Қолданылған әдебиеттер "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" — [ [ Алматыкітап баспасы ] ] 2012
Шымған қызғалдағы (лат. Tulipa tschimganica) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, сирек кездесетін түр. 1961 жылы З.П.Бочанцева сипаттап жазған. Өзбекстандағы Ташкент облысы маңындағы Шатқал жотасы эндемигі болып есептелген. Қазақстаннан біз 2003 жылы Қарабаусай өзені аңғарынан (Қаржантау жотасының оңтүстік бөлігі) таптық. Таудың орта белдеуіндегі (теңіз деңгейінен 1400-1800 м) тасты және шағыл тасты баурайлардың таяз жыраларында өседі. Жеке шағын популяциялар (көлемі 250-300 шаршы метр) болып кездеседі. Ең көп тығыздығы –бір шаршы метрде 19 гүлдейтін өсімдік өседі. Гүлі екі түсті- қызыл немесе сыртқы күлтелерінің жоны қызыл жолақты сары. Кейбір мамандар бұның жеке түр екендігін мойындамайды. Мүмкін, бұл түрдің шығу тегі буданды болар, бірақ табиғи популяциялары сыртқы құрылысы және экологиясы жағынан жақсы ерекшеленеді. Түрдің таралуын зерттеу қажет, арнайы қорғалатын жерлер ұйымдастырып, Қазақстан Қызыл кітабына енгізу керек. ## Дереккөздер
1997 жылғы Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың алтыншы мәрте ойнатылуы. ## Бірінші кезең Біріші кезеңнің алғашқы ойындары 1997 жылдың 15 маусымда, жауапты кездесулер — 21 маусымда өтті. ## 1/4 финал 1/4 финалының ойындары 1997 жылдың 15 тамыз - 12 қазан аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финалының ойындары 1998 жылдың 10 - 23 мамыр аралығында өтті. ## Финал ## Турнир мергендері ## Дереккөздер
1998 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың жетінші мәрте ойнатылуы. ## Бірінші кезең Бірінші кезең ойындары 1998 жылдың 6 мамыр - 15 шілде аралығында өтті. ## 1/4 финал 1/4 финалының ойындары 1998 жылдың 26 шілде - 22 қазан аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финалының ойындары 1999 жылдың 4 мамыр - 6 шілде аралығында өтті. ## Финал ## Турнир бомбардирлері
1999 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың сегізінші мәрте ойнатылуы. ## 1/8 финал Алғашқы ойындар 1999 жылдың 11 мамырында, жауапты ойындар 1 маусымда өтті. ## 1/4 финал 1/4 финалының ойындары 1999 жылдың 4 мамыр - 5 қараша аралығында өтті. ## 1/2 финал 1/2 финалының ойындары 2000 жылдың 30 мамыр - 22 маусым аралығында өтті. ## Финал Толық мақаласы;Футболдан Қазақстан кубогының финалы 1999 ## Турнир бомбардирлері ## Дереккөздер
Петр Иванович Струппе (24.07.1889 жылы туған, Курляндия губерниясы,Вильценский болысы) - революционер, көрнекті партия, кеңес қызметкері. 1907 жылдан Компартия мүшесі. 1915 жылдан Петроград пен Самарада жария және астыртын партия жұмыстарын жүргізді. 1917 жылдан партия, кеңес жұмысында. 1920 - 22 жылдары Қырғыз ОАК- нің мүшесі, Қазақ АКСР Ішкі істер халкомының орынбасары, БОАК мүшесі, Қазақстан Кеңестерінің 1 - құрылтай сезъінің, Қазақстан облысының 1 партия конференциясының (1921) делегаты. 1922 - 23 жылдары РК(б) П ОК-нің ұйымдастыру бөлімінде істеді,1923 - 1932 жылдары РК(б)ОК Солтүстік - Батыс Бюросының хатшысы, Ленинград облысының партия комитетінің хатшысы, облыс аткомының орынбасары. Бүкіл ресейлік және Бүкіл одақтық бірнеше съездің делегаты, 15 ,16 - съездерде БК (б) П Орталық бақылау комитетінің мүшесі. 15,17,18 - съезде БК (б) ОК - нің мүшелігіне кандидат болып сайланды. ## Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 429 бет
Қарақұдық мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде 1964 жылы анықталған. Барлау бұрғылауы 1966 жылы басталып, (1-ұңғыма арқылы) 1971 жылы ашылған. ## Геологиялық құрылымы Құрылымдық жағынан өлшемі 12, 8, 8, 7 км, қалыңдығы 15 – 50 м антиклинальдық қатпар. Кен орны көп қабатты ортаңғы және жоғарғы юра түзілімдерінде қалыптасқан. Онда 9 өнімді горизонт анықталған. Өнімді бөліктің қимасы кезектесе қабаттасқан құмтастан, саздан, алевролиттен және аргиллиттен тұратын терригендік шөгінділерден құралған. ## Тығыздығы, құрамы, қанығуы Мұнай коллекторлары кеуекті. Кеуектілігі 13,5 – 16,3% арылығында, өткізгіштігі 0,003 – 0,002 мкм2. Мұнайы жеңіл, жоғары парафинді (4,2 – 22,3%), күкірті аз (0,03 – 0,49%), қышқылдылығы төмен. Жоғарғы юраның мұнайынан (тығыздығы 0,866 г/см3) ортаңғы юра түзілімдеріндегі мұнай біршама жеңіл (тығыздығы 0,8078 г/см3). Бастапқы қабаттық қысым 25,3 – 29,7 МПа. температурасы 78-111°С. Қабат мұнайының газға қаныққандығы тереңдеген сайын жоғарылайды (107-299,8 м3/т). Хлоркальций типті жоғары минералданған қабат суларының температурасы 104-110°С-қа, минералдылығы 132 г/л-ден 177 г/л-ге дейін жетеді. Кен орнынан мұнай өндірілуде.