text
stringlengths 3
252k
|
---|
Бименде Садуақасов (09.05.1915, қазіргі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы - 29.09.1983) – Қазақстанның қоғам қайраткері.
## Өмірбаяны
* Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын (1938) бітірген.
* 1938-46 ж. Комсомол қызметінде. Кеңес армиясының қатарында болды.
* 1946-49 ж. Қазақстан КПОК-нің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі
* 1949-57 ж. Қаз. АКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары
* Қарағанды облысы партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
* КПСС ОК-нің нұсқаушысы (1958-60)
* Түркістан облысы партия комитетінің 2-хатшысы.
* Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы
* Шымкент облысы Аткомының төрағасы (1960-63)
* Жамбыл облысы Партия комитетінің (1965-70) 1-хатшысы.
* Талдықорған облысы Партия комитетінің (1970-72) 1-хатшысы.
* 1972 жылдан одақтық дербес пенсионер.
## Қоғамдық қызметі
* КОКП 23, 24-сьездерінің делегаты.
* Қазақстан КП 10-сьезінде Ок мүшелігіне кандидат, 11,12,13–сьездерде ОК мүшесі болып сайланды.
* 6-сайл.Қаз. Жоғары Кеңесінің депутаты
* 7-8 сайлаудағы КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.
## Марапаттары
* Ленин ордені
* 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
* медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Садықов Абид (15.11.1913 ж.т., Ташкент - 21.07.1987, Ташкент) - совет химик-органигі. Химия Ғылымдарының докторы (1946), профессор (1947). Өзбекстан, КСРО ғылым академиясының (1947), КСРО ғылым академиясының академигі (1972, корр. Мүшесі 1966). КСРО-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері(1960) Социалистік Еңбек Ері (1973). 1946 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірі
1937 ж. Орта Азия мемлекеттік университетін бітіріп, Ташкент тоқыма институтында (1937-39), Өзбек университетінде (1939-41) сабақ берді. 1941 жылдан Орта Азия (Ташкент) ун-де доцент, кафедра меңгерушісі (1956), ректоры(1958-66), сонымен қатар Өзбекстан КСРО ғылым академиясының Химия инстиутында директор (1946-50). 1966 жылдан Өзбекстан КСРО ғылым академиясының президенті. Садықовтың басқаруымен Орта Азияда өсетін өсімдіктерден 100- ден астам алкалоидтар және қоза жапырағы тұқымы, тамырынан, қозапаядан түрлі көмірсутектер, спирттер, А, С, Р витаминдері алынды.
## Еңбегі
Ол лимон, алма қышқылдарын алудың оңай әдістерін ашып, оны өндіріске енгізді. Оның 450- ге жуық ғылыми еңбектері және монографиялары бар. КПСС 24-24 сьезіндерінің делегаты. 6-9 сайл. Өзбекстан КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.
## Сыйлықтары
4 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, « Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдарымен марапатталды.
## Дереккөздер |
Алексеевка:
* Алексеевка — қола дәуірінің қонысы.
## Өзендер
* Алексеевка – Ресейдегі өзен. Ненецк АО жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Печора теңізі орналасқан.
* Алексеевка – Ресейдегі өзен. Архангельск облысы, Вологда облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Алексеевка – Ресейдегі өзен. Пермь өлкесі, Киров облысы, Удмуртия Республикасы жер аумақтарынан ағып өтеді.
## Eлді мекендер
Башқұртстан:
* Алексеевка – Аургазин ауданындағы ауыл, Толбазин ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Белебеев ауданындағы ауыл, Рассвет ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Бижбуляк ауданындағы ауыл,
* Алексеевка – Благовар ауданындағы ауыл, Алексеев ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Кармаскалин ауданындағы ауыл, Кармаскалин ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Миякин ауданындағы ауыл, Кожай-Семен ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Туймазин ауданындағы ауыл, Чукадыбашев ауылдық кеңесіне жатады.
* Алексеевка – Уфим ауданындағы ауыл, Алексеев ауылдық кеңесіне жатады.
Қазақстан:
* Алексеевка – Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл.
* Алексеевка – Ақмола облысы Зеренді ауданындағы кент.
* Алексеевка – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл.
Кен орны
* Алексеевка каолин кені – Ақмола облысы Алексеевка кентінің жанындағы ірі кен орны. |
Корол — Башқұртстанның Аскин ауданындағы ауыл, Евбуляк ауылдық кеңесіне жатады. 2009 жылдың 1 қаңтарында тұрғыны 60 адамды құрады.Пошта индексі — 452896, ОКАТО коды — 80204813002.
## Демографиясы
Тұрғындардың динамикасы:
## Дереккөздер
## Сыртқы cілтемелер
* Башқұртстан Республикасының муниципалдық бiлiмдерiнiң кеңесi. |
Арбар Хидоятов - өзбек советактері, КСРО халық артисі болды. 1919 жылдан КПСС мүшесі. Тас қалаушы отбасында туған.
## Қызмет жолы
1924-1927 ж. Мәскеудегі Ағарту үйі жанындағы өзбек театр студиясында оқыды. Сахналық өнер жолын 1918 ж. Ұйғып жетекішілік еткен театр труппасынан бастады. 1927 жылдан өмірінің соңына дейін Өзбек драма теаетрының құрамында ойнап, сан алуан образдар галериясын жасады. Көптеген рольдерді үздік орындауы ұлттық сахна өнері тарихында елеулі оқиғаға айналды. Шынайлық, қызу қандылық пен сахналық әсем қимыл-қозғалыс - оның актерлік өнеріне тән қасиет болып табылады.
## Дереккөздер |
Чулпан:
Қазақстан
* Чулпан — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы таратылған ауыл.
Башқұртстан
* Чулпан — Аургазин ауданындағы ауыл, Толбазин ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Аургазин ауданындағы ауыл, Уршак ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Бижбуляк ауданындағы ауыл, Кенгер-Менеуз ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Буздяк ауданындағы ауыл, Уртакуль ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Ермекеев ауданындағы ауыл, Тарказин ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Миякин ауданындағы ауыл, Сатыев ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Салауат ауданындағы ауыл, Янгантау ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Стерлитамак ауданындағы ауыл, Услин ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан — Яңауыл ауданындағы ауыл, Истяк ауылдық кеңесіне жатады.
* Қызыл-Чулпан — Шаран ауданындағы ауыл, Нуреев ауылдық кеңесіне жатады.
* Чулпан-2-ой — Благовар ауданындағы ауыл, Кучербаев ауылдық кеңесіне жатады. |
Дмитрий Павлович Саликов(25.10.1886, Орынбор губерниясы, Переволоцкий ауданы, Япрынцево селосы- 26.03.1972)-үш орыс революциясына, Орынбор және Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысушы.
## Өмірі
Кедей шаруа семьясында туған. 1906 жылдан Компартия мүшесі. 1906-1917 ж. Орынбор-Ташкентте әр түрлі жұмыстар істеді. Революциялық қызметі үшін бірнеше рет тұтқындалды. Орынбор Кеңесінің депутаты (1917) және қалада Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырушылардың бірі. 1919 ж. (сәуір-қазан) Түркістан республикасы қатынас жолдар халкомының орынбасары, одан кейін республикалық революциялық әскери Кеңесінің председателі, Түркістан ОАК (1919-1920) мен Халкомсовы Президиумының мүшесі. 1919 жылдың қазанынан 1920 жылдың қаңтарында Жетісу облысының революциялық әскери кеңеснің председателі. 1920-1921 ж. Түркістан республикасы милициясының бастығы, кейінірек транспорт жұмысшылары кәсіподақтары ОК-нің жаупапты секретары. 1922-1923 ж. Комиссар, одан кейін Орынбор-Ташкент темір жолының бастығы, Қырғыз ОАК-нің мүшесі. 1924-1939 ж. Транспорт және қорғаныс өнеркәсібінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1939 жылдан одақтық дербес пенсияда болды.
## Сыйлықтары
Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен т.б. орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Степановка:
## Өзендері
* Степановка (Оң Рассоха тармағы) — Архангельск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Степановка (Ертіс тармағы) — Омбы облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Степановка (Чаньва тармағы) — Пермь өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді.
* Степановка (Шегарка тармағы) — Новосибирск облысы, Томск облысы жер аумақтарынан ағып өтеді.
## Eлді мекендері
Башқұртстан
* Степановка — Аскин ауданындағы ауыл, Ключев ауылдық кеңесіне жатады.
* Степановка — Аургазин ауданындағы ауыл, Степан ауылдық кеңесіне жатады.
* Степановка — Бижбуляк ауданындағы ауыл, Михайл ауылдық кеңесіне жатады.
* Уса-Степановка — Благовещен ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық кеңесіне жатады.
* Степановка — Әлшеев ауданындағы ауыл, Воздвижен ауылдық кеңесіне жатады.
Қазақстан
* Степановка – Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы ауыл. |
Қарақтұмсық (лат. Cochlearius) - Дегелектәрізділер отрядының Құтандар тұқымдасының тегі. Текте 5 түрді біріктіретін 2 тек тармағы бар.
## Сипаттамасы
Ірі денелі (0,4-2 кг, қанатының алымы - 1,5 м шамасында), негізінде қошқыл реңді құстар. Қысқарақ қуатты тұмсығының ұшында ілмегі бар. Аяғы қысқа. Құйрығы дөңгелектене біткен, құйрық орталығындағы қауырсындары көбінесе ұзындау болып, құйрық қиындысынан шығыңқы тұрады.
Ұя жасамайды, 2 жұмыртқаны өсімдіктер аралығындағы жерге тікелей салады. Ата-енесі 4 аптаға жуық басады, бұдан соң балапандары қанаттанып ұшқанда 2 айға жуық қоректендіреді. Әдетте бір ғана балапан тірі қалады. Балапандар 3-6 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Алуан түрлі азықпен- ждектерден бастап, ұсақ омыртқалы жануарларға дейін жейді. Өзге құстардың олжасын олжалауға бейімділігі өте дамыған. Қазақстанда құрақтұқымдастардың бір ғана туысынан екі түрі байқалған
## Таралуы
Екі жартышардың жоғары еңдіктерінде орын тепкен, дегенмен жылыстау кезінде тіпті экватор ауданына ұшып өтеді. Теңіз жағалауын бойлай ұялайды.
## Дереккөздер |
Аққулар туысы- 7 түрі бар қаз тұқымдастар тармағының туысы. Қазақстанда аққулардың 3 түрі- сұңғылдақ және сыбырлақ аққулар ұялайды, ал кіші аққу ұшып өтеді. Бұлар- ұзын мойынды және жалпақтау келген қысқа ақ қанатты (қазір басқа елдерге әкелінген қара аққу Австралияда өмір сүреді) ,ірі денелі (13 килоға дейін) құстар. Аталықтары мен аналықтарының түс-тұрпаты біркелкі , бір жылдық жас аққулар сұр немесе қоңырқай қауырсын жабынымен ерекшеленеді. Бірінші дәрежелі желпуіш қауырсындары біркелкі түлейді. Түлеген кезде ұша алмайды. Аққулар уақытының негізгі бөлігін суда жүзумен өткізіді, алайда сүңги алмайды. Негізгі қорегі- су өсімдектері , басын және денесінің үстіңгі бөлігін суға батырып , таяз сулардағы жәндіктерді жейді. Су бетімен ұзақ екпіндеп барып, әуелеп ұшады. Ұяларын қопаға немесе көлемі үлкен қамыс және қоға өскен жерге қатарластыра салады, көбінесе диаметрі 1,5-3 метрге дейін жететін қалқыма аралшалар жасайды. Салындыда сұрғылттау немесе ақ түсті 3-7 жұмыртқа болады, оларды аналықтары 35-40 күндей басады. Ұялас балапандар қыстауға ұшып кеткенге дейін бірге болады. Тек 4 жасқа толған жас аққулар ғана жыныстық жағынан жетіледі.
## Дереккөздер |
Құралайлар (лат. Carpodacus) — Торғайтәрізділер отрядының Қунақ тұқымдасының тегі.
## Сипаттамасы
Құралайлар - орташа денелі (17-50 г) , қысқа және жуан тұмсықты , аталығының теңінде қызыл және қызғылт түмс басымырақ болатын- қунақтар. Жас аталықтар аналықтар тәрізді – сұр реңді, сөйтіп келер жылы «аналық» реңді қалпымен көбейетін болады.
## Таралуы
Құралайлардың 20-21 түрі бар, олар Орталық Азияда және Солтүстік Америкада таралған.
Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Олар:
* кәдімгі құралай (Carpodacus erythrinus),
* жолаққанат құралай,
* қызғылтқанат құралай,
* арша құралайы,
* қызғылт құралай,
* үлкен құралай.
## Дереккөздер |
Торғайдай байғызша- қанаты және құйрығында ақ шұбар дақты, бозғылттау көлденең бедері бар сұр қоңыр реңді ең кішкене (50-80 г, қанатының алымы- 40 сантиметрден қысқалау ) жапалақ. Еуразияның қошқыл қылқанды ормандарын мекендейді. Қазақстанда ең қиыр шеткі аудандарда кездеседі. Кездесулердің күзде ғана кездестіретін болсақ керекк. Ұясын ағаш қуысына салады, ұяда ақ түсті 2-3, кейде 4-6 жұмыртқа болады. Жұмыртқа басу 4 аптаға жуық өтеді. Тайгадағы барлық түрлер сияқты торғайдай байғызша түде ғана емес, күндіз де белсенді тіршілік етеді. Жануарлар жасаған ағаш қуыстарына «ауыр күнге» арнап қор жинайды. Негізгі қорегі- ұсақ омыртқалы жануарлар.
## Дереккөздер |
Баққунақтар туысы - Қазақстандағы қунақ тұқымдасы құстарға жататын 18 туыстың біреуі. Баққунақ туыстас құстар - кішкене денелі (9-15 г), шағын топты қунақтар. Тұмсығы - дөңесінен қысқа және жабын қауырсындары сарғыш-жасылдау реңді болып келеді. Олардың атамекені - Солтүстік Африка және Канар аралдары. Баққунақтардың әйгілі жабайы ата тектері қазіргі кезде де сонда мекендейді. Қазақстанда бір түрі - қызылтелпек қунақ кездеседі.
## Дереккөздер |
Бөрте балшықшы, Қалшылдақ- дене мөлшері де (60-65г, қанат алымы -40 см мөлшерінде ), реңі де бұлыңғыр балшықшыға ұқсас балшықшы құс. Алайда бөрте балшықшының жоны онша қара емес, ұшып жүргенде қара мен ақтың қарсыластығы бірден көзге шалынбайды, қоңырқай түс пен ақ түс айқынырақ көрінеді. Құйрығының үстінде бірнеше жіңішке қошқыл жолақтар болады. Қалшылдақтың үстіне бұл балшықшының аяғы ұзынырақ, оны ұшқан кезде құйрық жиегінен айқын байқаймыз. Оның дауысы де ерекше- «фи-фи» дейтін әуезі екі буынды, селкілдеп тұрып сайрайтын болғандықтан, «қалшылдақ» деп те атайды.
## Мекендеуі
Бұлыңғыр балшықшы сияқты Еуразияның тап сол ендігі мекендейді, дегенмен солтүстікке қарай алысырақ кетеді. Қазақстанда солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда ұялайды, әйтсе де барлық жерде ұшып жүрген дарақтары кездеседі.
## Ұялауы
Ағаш және бұталарға жиі қонақтанғанымен, ұясын жерге салады. Салындыда 4 жұмыртқа болады, оны аналығы мен аталығы басады. Аналығы ұяда көбірек болады. Балапандар 3 аптадан соң жұмыртқадан жарып шығады. Қазақстанда наурыз – қыркүйекте болады.
## Дереккөздер |
Илья́ Алекса́ндрович Аверба́х (28 маусым, 1934, Ленинград — 11 қаңтар, 1986, Мәскеу) — кеңестік кинорежиссёр, сценарист, РСФСР-дің өнер қайраткердің еңбегі сінген әртіс.
## Биография
* Илья Александр Леонович Авербахтың (1896—1966) және Ксения Владимировна Куракина (1903—1988) отбасында туды.
* 1958 жылы Ленинград медицина институтін бітірді. Шекснде жұмыс істеді. Дәрігер практикасынан кейін Госкино, КСРО (1964, Е.Габрилович шеңбері) уақытында жоғары сценарий курстерін бітірді. Ал сосын «Ленфильм» киностудиясында ВКСР-ді бітірді (1967, Г. Козинцев шеңбері).
* 1967 жылы - «Ленфильм» киностудиясының режиссері, ойын мен ғылымы-көпшілік фильмдерінің авторы.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.imdb.com/name/nm0042946/
* http://bozaboza.narod.ru/averbahs.html |
Евгений Иосифович (Осипович) Габрилович (29.09.1899, Воронеж — 5.12.1993, Мәскеу) — орыс кеңестік жазушы, драматург пен сценарийші. РСФСР-дің өнер қайраткері (1969). Сталин сыйлығының лауреаты (1943) және КСРО-ның екі мәрте мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967, 1983).
## Биография
* Евгений Габрилович 17 (29 қыркүйекте) 1899 жылы Воронежде дәріханашы отбасында туды. Еврей. Мәскеу университетінің заңгер факультетінде оқыған.
* В 1920 жылдары В. Я. Парнах ансамбльнде рояльде ойнады.
* 1921 жылдан бастап прозаик ретінде танылды. Әдебиет конструктивист орталығына кірген болаты. 1930 жылдары индустриалды құрылыстар мен ұжымдастыру туралы жазған. «Канал имени Сталина» кітабының авторы.
1934 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы мүшесі. 1962 жылдан бастап ВГИК-тің профессоры.
* 5 желтоқсанда 1993 жылы қайтыс болды. Новодевичье зиратында жерленді.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.slovopedia.com/2/195/216936.html
* http://krugosvet.ru/enc/kultura_i_obrazovanie/teatr_i_kino/GABRILOVICH_EVGENI_IOSIFOVICH.html |
Санжар сұлтан - (Туған жылы белгісіз, 1157 жылы қайтыс болған) - салжұқ әулетінің сұлтаны.
X-XI ғасырларда оғыз тайпасының билеушілеріне наразы салжұқ тайпасы бөлініп, өз сұлтандығын құрады. Осы салжұқ әулетінен шыққан Санжар сұлтан, ағасы Беркеарықтың қолдауымен 11 жасын Хорасанды басқарушы - уәли болып бекітіледі. Оған басқару ісін үйретуге әрі оның бас уәзірі етіп Абу-л-Фатх ат-Тұғрай, атабегі болып Құбаш әмір сайланады. 1097 жылы Санжар мен Беркеарық Хорезмді түгелімен соғыссыз-ақ иемденеді. Санжар сұлтанның билігі нығайып, иелігі Нишапурдан Термезге және Балх қаласына жетеді. Билікке деген бақталастықтың өршуінен, шешелері бір болса да, әкелері бөлек Санжар сұлтан мен ағасы Беркеарықтың арасында келіспеушілік пайда болады. Ақырында, 1100 жылы ағасы Беркеарық өз қарсыласы Хорасандық әмір Дадбек Хабашпен одақтасып, Санжарға қарсы шабады. Шайқаста Дадбек Хабаш қолға түседі, ал Беркеарық жеңіле бастаған сәтте бас сауғалап қашып кетеді. Нушжан түбіндегі осы шайқастан соң, Хорасан аймағы түгелімен Санжардың иелігіне өтеді.
## Дереккөздер |
Күйік хан - Үгедей ханның тұңғыш ұлы, Шыңғыс ханның немересі. Ол немере ағасы Батумен өмірінің соңына дейін қарсыласып өтті. Оған себеп, моңғолдардың 1241 жылы Венгрияға қарсы жорығы кезінде Күйік және Шағатайдың ұлы Бөрі екеуі Батумен келіспей қалады. Содан екеуі Батуды Моңғолиядағы әкесіне ғайбаттап барады. Бірақ, Батудың сөзін жақтайтын Үгедей өзінен үлкенді сыйламағандығы үшін Күйік пен Бөріні қатаң жазаға тартады. Кейін 1241 жылы Үгедей, 1242 жылы Шағатай хан қайтыс болған соң, Күйік Батуға қарсылығын ашық білдіреді. Ақыры екеуі бітіспес жауға айналады. Үгедей қайтыс болған соң ұлыхан тағы қайтадан иесіз қалады. Оған қоса Бату мен Күйік арасындағы бақталастықтың кесірінен құрылтайдың да шақырылу мерзімі төрт жыл кейінге қалдырылады. Бірақ, 1246 жылғы қаңтардағы құрылтай кеңесіне шешесі Теркун қатынның араласуымен Күйік ұлыхан болып сайланады. Сонда осы құрылтайға Бату ғана қатыспайды. 1248 жылы жазда Бату Күйіктің ұлысына баруға жолға жиналып жатып, Күйіктің де оған қарсы жолға шыққанын естиді. Сонда бір таңқаларлық оқиға болып, Батудың отырған қонысына бір апталық жол қалғанда, әскерімен келе жатқан Күйік белгісіз себептермен қайтыс болады. Ал 1250 - 1251 жылдарға қарай Үгедей әулетіне өз үстемдігін орнатқан Бату, енді немере ағасы Төленің әулетінің билікке келуіне жол ашты. Осылайша Күйік небары екі жыл ғана хандық құрып қайтыс болады. Күйіктің артында үш ұлы қалды. Олар: Хожа Оғұл, Нағу, Хуқу.
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Сабын тамыр-құрамында көбік түзетін органикалық зат-сапонин болатын өсімдік тамырлары мен тамыр түйнектері. Сабын тамырдан медициналық және техникалық сапониндер алынады; түрлі сұйық инсектицидтер өндірісінде, медицинада (қақырық түсіретін дәрі есебінде) қолданылады. Ертеде Сабын тамырды сабын орнына кір жуу үшін қолданылғандықтан осылай аталған.КСРО-де Сабын тамырды қалампыр тұқымдасына жататын өсімдіктерден алды.
## Таралуы
Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысында өзен аңғары, орманды жерлерде өсетін дәрілік сабын шөптің (Saponaria officinalis) құрамында (13-15%, кейбір деректерде 35%) сапонин бар. Өзен алқабы, шалғын, құмды және сортаң жерлерде өсетін ақ қаңбақ (Gypsophila paniculata)құрамында 6,5-20% сапонин бар. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы, шөлді және далалық аймақтарында боз тікеннен (Acanfhopyllum gypsophiloides) «Түркістан» Сабын тамыры алынады.
## Дереккөздер |
Қыл көпір - Құран уағызы бойынша тозақ отының үстінен өтетін жол.
Өлген адамның жаны о дүниеде сираттан өтіп, құдайдың алдында күнәсы үшін жауап беруге тиісті болады. Сират - лаулап жанып тұрған тамұқтың үстінен өтетін қылыштың жүзінен де жіңішке қыл көпір. Адам күнәлы болса, сол көпірден өткенде тамұқ отына құлап, оның жаны азап шегеді деп Құранда бұқара халыққа теріс ұғым береді.
## Дереккөздер |
Теңбіл шыбыншы - ақ реңді, шағын денелі (12-15г) қара түсті шыбыншы. Аталығының жоны - қара: бауыры, маңдайы және қанатындағы «көзтартары» - ақ. Аналықтары және жас құстары - қоңырқай сұр, алайда қанатындағы «көзтартары» - ақ. Бұл еуропалық құс Қазақстанда тек қана батыс өңірлерден ұшып өткенде кездеседі. Оның ұшып өтуі Жайық өзенінің аңғарларынан айқын байқалады. Қалған жерлерде кездейсоқ жарым - жалғыздары кездеседі. Көктемде - сәуірдің ортасынан мамырдың соңына дейін, күзде - тамыз , қыркүйекте ұшып өтеді.
## Дереккөздер |
Бұл жинақ - тәуелсіз еліміздің астанасы Ақмола өңірі мен Елорда өмірі туралы тарихи еңбек. Кітапта “Еуразия кіндігі” - Ақмоланың бұрын да Орта Азия мен Ресейді байланыстырып тұрған саяси-әкімшілік, сауда-саттық орталығы ретіндегі маңызды рөлі баса көрсетіледі. Ақмола аймағындағы алғашқы мектеп-медреселердің нақты тарихы баяндалады. Мұнда еліміздің кіндік тұсы, Сарыарқа аймағындағы осыдан бір жарым ғасыр бұрын және одан кейінгі кезеңде хатқа түсіп сақталып қалған ел, жер-су атаулары, ауылдар мен болыстар, сол кезде өмір сүрген адамдардың нақты аты-жөні, тұрмыс-тіршілігі мәліметтермен беріледі. Және бұл құнды материалдар тұңғыш рет жарық көріп отыр.
## Дереккөздер |
Бауыржан Үсенов (1960-1991, Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген) — жазушы, журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.Бауыржан Үсенов туған жері Жуалы ауданы Қошқар ата ауылында біраз жыл ұстаздық етіп, аудандық "Жаңа өмір" газетінде еңбек етеді. Сол жылдары аудандық "Жаңа өмір" газетінде еңбек еткен, бүгінгі күні облыстық "Ақ жол" газетінің бөлім меңгерушісі Ақылжан Мамыт ақынның журналистік қырын ашып, «Бауыржанды газетке шақырдық. Алғаш ауыл шаруашылық бөлімінде еңбек еткен ол барлық салада қалам тартты. Бүгінгі таңда ақынның 182 өлеңі және прозалық шығармасы, естеліктер, арнау өлеңдері жарық көрді
## Ақын жайлы
Қазақ өлеңі қай заманда да таланттан кенде болған емес. Өлеңі найза, шағылып айға, азғана ғұмыр кешсе де Алаш баласы әркез аңсап, сағынатын, сардар жырларын оқып, сағынышын басатын бір ақын бар. Ол - Бауыржан Үсенов.
Бойында, ойында, болмысында қазақ сөзінің қасиеті, қазақ даласының сұлулығы, атаның әруағы, ананың мұңы бар Бауыржан ақын көшкен бұлттай, аққан селдей, жарқ етіп, жалт қаратқан жасындай шауып өте шыққан ерен талант иесі. Үсеновтің өлеңі десе, қалың жұрт әлі күнге елең ете қалады. Аяулы аймаңдай ұлдың асқақ поэзиясы - жаны мен жүрегі өлең оқып, ән салып тұратын Алаштың жүрегінде жаттаулы. Бойтұмарындай сақтаулы. Демек, Бауыржан Үсеновтің жайнаған туы жығылған жоқ. Жүректердің төрінде желбіреп тұр. Тұра бермек. |
Жаңа Троицк – Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы қала. Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан. Ауданы 352,34 км².
## Халқы
* 89905 адам (2016).
* 3000 адам (1939).
## Ауа райы
Климатты -30 градустан +40 градусқа жетіп тұрады.
## Инфақұрылымы
Оңтүстік Оралдағы ірі қара металлургия комбинаты,құрылыс материалдарын шығару өнеркәсіп орындары,металлургия және құрылыс техникумдары' бар.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Официальный сайт администрации города Новотроицка |
## Мұрап
Мұрап-егіс суаруға басшылық ететін тоған басы.Егісті қолдан суаратын Орта Азияреспубликаларында,Қазақстанның оңтүстігінде суды егістікке бөлетін арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман.
## Дереккөздер
## Мұрап
Мұрап-егіс суаруға басшылық ететін тоған басы.Егісті қолдан суаратын Орта Азияреспубликаларында,Қазақстанның оңтүстігінде суды егістікке бөлетін арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман.
## Дереккөздер |
Қылқа арна - өзен арнасының енсіз, таяз бөлігі.
## Кездесуі
Көбіне жазық өңірлердегі өзендердің жайылмасы кеңейген, арнасы бірнеше тармақтарға бөлінген жерінде байқалады. Қылқа арналар Қазақстанның Жайық, Сырдария өзендерінде жақсы байқалады.
## Кемшіліктері
Кеме жүзуге, жалпы су көліктері қозғалсына көп кедергі келтіреді. Сондай-ақ, балық шаруашылығымен айналысатындарға судың таяз болуына байланысты қиындықтар туғызады.
## Дереккөздер |
Гарма Данцаранович Санжеев (2.2.1902 ж.т., Иркутск губерниясы, Балаған уезі – 1982 жылы) бурят кеңес тіл маманы, филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1935). Бурят АССР-інің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1962), РСФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1973).
## Өмірі
Ленинградтың шығыс тілдері иснтитутын (монғол бөлімі) бітірген (1928). Санжеев Мәскеу шығыс тану институтында моңғол тілдері кафедрасының меңгерушісі (1931-1954), корей және моңғол (1951-1956), түркі-моңғол және қиыр шығыс тілдері секторының меңгерушісі (1956-1970) болды.
## Еңбектері
Санжеев монғол тілдерін зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдісті қолданды, оның қазақ тілінің тарихы, диалектологиясы жөнінде де зерттеулері бар («Социалисттік Қазақстан», 13 ақпан., 1952, № 37). Санжеев - Моңғол ғылым академиясының «шетелдік профессоры» (1963), ориенталистердің Чома де Короши атындағы Венгр қоғамының құрметті мүшесі (1970).
## Сыйлықтары
Eңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Гарма Данцаранович Санжеев - специалист по монгольским языкам Мұрағатталған 17 наурыздың 2013 жылы. |
Хакімжан Сәркеұлы Саркин (1870, Қостанай уезі, Үй болысы, 3-ауыл - 1927) - Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.
## Өмірі мен қызметі
* 1918 жылдан Компартия мүшесі.
* Орынбор діни семинариясын (1890), Қазан діни академиясын (1898) бітірген.
* Қазан революциясына дейін журналистикамен шұғылданып, прогресшіл газеттерде істеді.
* 1918 ж. Қазанда РК (б) П Қостанай укомында Шығыс халықтары секциясының төрағасы
* 1919 жылы 19 тамызда Қостанай укомы Колчактардан азат етілген соң Қостанай укомы бойынша ревкомның соғыс комиссары Ә.Жанкелдиннің орынбасары, революцияция сғыс кеңесінің мүшесі, уездік партия комитетінің соғыс бюросының мүшесі.
* Соңғы жылдары Қостанай губерниясында әртүрлі партия, совет қызметтерінде болды. Ол - Қазақстан Кеңестерінің 1-құрылтай сьезінің делегаты.
## Дереккөздер |
Сарнате- неолит дәуіріндегі (б.з.б 3-2 мың жылдықтың 1- жартысы) шымтезекті қоныс. Латвияның Вентспил ауданында.
Зерттеу жұмыстары 1938-1940 жылдары жүргізіледі. Олар 25 мекеннің орннын қазды. Сарнатеден төбелері ағаш қабықтармен, шөппен, аң терілерімен жабылған, ішінде ошағы бар төрт бұрышты 5 жеңіл құрылыс табылды. Ошақтың айналасында жатқан су жаңғақтарының қалдықтары сақталған, құрылыс қабырғалары шыбық пен қамыстан өрілген. Табылған заттар Сарнате тұрғындарының балық, аң аулау, жаңғақ, жидек жинаумен айналысқанын, ал ауыл шаруашылық құралдары олардың егіншілікпен айналыса бастағанын аңғартады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сарнате |
Көлдер:
* Қызылтұз – Павлодар облысы Железин ауданындағы тұзды көл.
* Қызылтұз – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы көл. |
Сары қаңлы - Ұлы Жүз Қаңлы тайпасының тармағы. Қазақ шежіресі бойынша Қаңлыдан-Қанкөжек-Келдібек. Соңғы атаның бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары Қаңлы Бұдан тараған ұрпақ Қазан революциясына дейін Сыр бойын, Ташкент төңірегін, Жетісуды мекен етті. Сыр бойындағылары өздерін Сары Қаңлының 5 атасынан (Ақбота, Ақынқожа,Талқожа,Омыртқа,Миям) Жетісудағылары да 5 атадан таратады. Бірақ Жетісудағы Сары Қаңлы аталарының аты өзгеше. Олар: Әлсейіт, Түрке,Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы. Бұлар туралы шежіре ғылыми жүйеге келтірілмеген.
## Дереккөздер |
Ташмұхаммед Алиұлы Сарымсақов(10.9.1915 ж.т., Өзбекстан КСР, Әндіжан облысы., Мәскеу ауданы., Октябрь селосы, — 17.12.1995, Ташкент)- өзбек кеңес математигі. Физика-математика ғылымдарының докторы (1942), профессор (1942), Өзбекстан КСР ғылым академиясының академигі (1943). Өзбекстан КСР-нің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1960). 1944 жылдан КПСС мүшесі. 1936 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген. Сарымсақов- ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика бойынша белгілі маман. Сарымсақов- жүзден аса ғылыми еңбектің авторы. 1936жылдан Ташкенттегі Орта Азия мемелекеттік университетінде қызмет істейді, сонда кафедра меңгерушісі. 1943-1944ж., 1952-1958ж. және 1971 жылдан осы университеттің ректоры, 1946-1952 ж. Өзбекстан КСР ғылым академиясының президенті, 1960-1971ж Өзбекстан КСР Жоғарғы жәнеарнаулы орта білім министрі.
## Сыйлықтары
КССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948), Өзбекстан КСР-інің Бируни атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967).3 Ленин ордені, 2 Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен және медальдармен марапатталды.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 45 бет |
Сары долана (Crataegus azarolus, Crataegus pontica)- раушангүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 6-10 м, ағаш.
## Биологиялық сипаттамасы
Бұтағы тікенсіз, жапырағы саусақ салалы, кезекті орналасқан, сағағы қысқа. Гүлі ақ не қызғылт, 6-14-тен жартылай шатырша гүл шоғырына топтанған, қос жынысты, аталығы көп Маусым-шілдеде гүлдейді, жемісі қыркүйекте піседі. Жемісі- дөңгелек, сүйекті, диметрі 15-25 мм, қызыл сары, қызғылт түсті.
## Таралуы
Сары Долана Иран, Түркия, Орта Азия, Кавказда Қазақстанда Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда өседі.
## Қолданылуы
Сары Долананың жемісі жеуге жарамды, дәруменді. Сүрегі құрылыста құнды материа, гүлінен ара бал жинайды, әсемдік үшін қолдан өсіреді.
## Дереккөздер |
Сарыгүл (Trollius altaicus)- сарғалдақ тұқымдасына жататын, биіктігі 15-100 см, көп жылдық шөптесін өсімдік.
## Биологиялық сипаттамасы
Жапырағы кезекті орналасқан, аусақ салалы. Гүл ірі, димаетрі 7см, ашық сары не қызыл сары түсті, қос жынысты. Маусым-шілдеде гүлдейді. Жемісі көп жапырақша, жылтыр қара тұқымды. Сарыгүл субальпілік және альпілік шабындықта, бұталы, орманды, таубеткейінде (2500 м биіктікке дейін) таралған.
## Таралуы
Сарыгүл Орта Азия, Батыс Сібір, Батыс Қытай, Батыс Монғолияда, Қазақстанда Ұлытау, Алтай,Тарбағатай, Жоңғар, Күнгей, Шле, Кетпен,Теріскей, Қырғыз Алатауында таралған. Сарыгүл парктерде әсемдік үшін қолдан өсіріледі.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 42 бет |
Сары қараған (ағылш. Caragana arborescens) - бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 0,5-2 м бұта не 5-7 м ағаш.
## Биологиялық сипаттамасы
Жапырағы қауырсын салалы, шоқтанып орналасқан, қосалқы жапырақшасы тікенді. Гүлі қос жынысты, сары гүлі 1-5 тен топтанған. Жемісі 5-8 тұқымды бұршақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі. Сары Қараған тез өседі, суыққа төзімді, тұқымынан және жас шыбығынан көбейтіледі. Сары қараған қалың бұталы орманды және орманды далалы аймақтарда, жыра, ай, тау бөлітерінде өседі.
## Таралуы
Сары қараған Шығыс және Батыс Сібірде, Монғолияда, Қазақстанда: Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған.
## Қолданылуы
Сары қарағаны топырақты құнарландырады, жас бұтақтарынан себет тоқылады. Әсемдік үшін қолдан өсіріледі, гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы майлы, құсқа жем.
## Дереккөздер |
Қызылтаңдай (Roemeria) - көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 10-60 см, жапырағы қандауыр пішінді, қауырсын салалы, тілімделген, қарама-қарсы немесе кезекті орналасқан. Гүлі күлгін, ашық қызыл, жеке-жеке орналасқан. Сәуір-маусым айларында гүлдейді.
## Таралуы
Қызылтаңдайдың Еуропа мен Азияда таралған 9, Ресей мен Қазақстанда тараған 2 түрі кездеседі.
## Өсуі
Қызылтаңдай көбіне тау беткейі, құмды жерлер, бау-бақша, егістік жерлерде арам шөп түрінде өседі. Қызылтаңдайдың құрамында эфедрин, ремерин алколоидтары бар. Бұдан дәрі жасалады.
## Дереккөздер |
Галина Иогановна Самарина(19.02.1916 ж.т., Челябинск қаласы.)- қазақстандық фармаколог, медицина ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975). 1957 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірі
Алматы медицина институтын бітірді (1942), сол жылдан фармакология кафедрасына қызмет істеді. Ұлы Отан соғысына қатысты (1944-1945). Алматы медицина институтының фармацевтика факультетінің деканы (1950-1954), ал 191 жылдан фармакология кафедрасының меңгерушісі. Самаринаның 50- ден астам ғылыми еңбегі бар. Оның негізгі ғылыми жұмыстары фармакология саласынан, әсіресе, қымыздық пен доланадан алынған дәрінің шипалы қасиеттерін анықтады.
## Сыйлықтары
Самарина Қызыл Жұлдыз Орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер
[[Санат:1916 жылы туғандар] |
"Білім және Мәдениет" (орыс. Знание и Культура) — қазақстандық мәдени-танымдық телеарна. Хабар агенттігі АҚ-на кірді. Алғашқыда "Білім" арнасы деп аталатын, бірақ кейін "Мәдениет" арнасымен ұштастырыла отырып "Білім және Мәдениет" арнасы деп аталды. Арна толқыны 2014 жылы қаңтарда Астанадағы «Қазмедиа орталығынан» таратыла бастады. Хабар қазақ және орыс тілдерінде таратылады. 2016 жылы 25 қазаннан бастап "Kazakh TV" телеарнасымен бірікті.
## Тарихы
Арна 2012 жылы 5 қыркүйекте елордада Назарбаев Университеті Президенттің тікелей интерактивті дәрісінен таратыла басталды.
## Тарату
OTAU TV тегін арналар пакетіне кіреді, сондай-ақ Қазақстан заңына сәйкес барлық кабельдік желілері арқылы тасымалданады.
## Тікелей эфир желілері
Телеарна жас ұрпақтың білім беру және мәдениет деңгейін көтеру, халықтың адами ресурстарын дамыту үшін жасалған.
Арна басты мүмкіндіктері: қазақстандық және халықаралық ғалымдардың лекцияларын, танымал ғылыми бағдарламалар, білім беру туралы деректі сериялары, білім беру және мәдениеттегі барлық деңгейдегі бағдарламаларын тікелей эфирге шығарады.
Сондай-ақ, классикалық әдебиетін, отандық және әлем тарихын зерттеуге көмектескен, отандық және шетелдік фильмдер «алтын қорына» кірген көркем фильмдерде көрсетіледі.
## Басшылары
* Бақыт Қайырбеков (2014-2015)
* Александр Аксютиц (2015-2016)
## Сілтемелер
* Білім және Мәдениет Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2014 жылы.
* «Білім» және «Мәдениет» арналарын біріктіру туралы шешім қабылданды - Мұхтар Құл-Мұхаммедт
* «Мәдениет» телеарнасы хабар таратуды тоқтатты
* «Білім» арнасы YouTube-те
## Дереккөздер |
Серікхан Құмарұлы Сванбаев(28.11.1928 жылы туған, Фрунзе) - қазақ кеңес паразитологығ биология ғылымының докторы (1969), профессор (1970).1961 жылдан КПСС мүшесі. 1949 жылы К.И.Скрябин атындағы Фрунзе институтының мал дәрігерлік факультетін бітірген. Қазақ АКСР ҒА- ның Зоология институтында ғылыми қызметкер (1952-58), ғылыми хатшы (1958-63), директордың орынбасары (1963-64), 1964 жылдан протозоология лабораториясының меңгерушісі.
## Зерттеулері
Сванбаев Қазақстан жабайы жануарлары мен малдың кокцидияларын, көбіне ас қоырту органдарының эпителий тканінде тіршілік ететін паразиттерді және олар тудыратын кокцидиоз ауруын, сиыр мен қой қанындағы паразит және қан қарапайымдары қоздыратын ауруларды, оған қарсы қолданылатын шараларды зерттеді.
## Дереккөздер |
Қызыл тамыр (Ephedra intermedia) - қылша туысына жататын көп жылдық бұта.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 1 м, сабағы тік, бұтақты. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, кейде шоқтанған. Жапырағы 2, түп жағы біріккен, ұзындығы 2 мм. Жемісі етженді, қызыл, ұзындығы 6 мм. Тұқымы ұсақ, сарғыш қоңыр, ұзындығы 5-6 мм.
## Таралуы
Қызыл тамыр ұсақ тасты тау бөктерінде өседі. Орта Азия, Тибетте, Қазақстанның Бетпақдала, Түркістан маңы, Балқаш-Алакөл алқабында, Теріскей, Күнгей, Жоңғар Алатауында кездеседі,
## Қолданылуы
Қызыл тамырдан дәрі жасалынады.
## Дереккөздер |
Қызыл қастылар көтерілісі (б.з. 17 жыл - 27 жыл) - Қытайда болған халық көтерілісі.
## Атауы
Бұлай аталуының себебі - көтерілісшілер үкімет әскерлерінен айырмашылығы болуы үшін қастарын әдейі қызыл бояумен бояп алған.
## Көтеріліс себебі мен тарихы
Көтеріліс халық бұқарасының ауыр жағдайына байланысты туды. Біздің заманымыздың 17 жылдың аяқ шенінде Шаньдун провинциясының оңтүстігіндегі Цзюйсянь уезінде басталды. Көтерілісті Фань Чун деген шаруа басқарды. Бір жылдың ішінде көтерілісшілердің саны 10 мың адамға жетті. Кедей шаруалардан, жалдамалы жұмысшылар мен құлдардан құралды. 21 жылы олар үкімет әскерлерін, император Ван Манның 100 мың әскерін тас-талқан етті. Алайда 27 жылдың бас кезінде Қызыл қастылар жеңіліске ұшырады.
## Дереккөздер |
Хафиз Ибраһим - Египет жазушысы және журналисі. Механик отбасында туған.
## Қызмет жолы
1891 ж. Каирдегі әскери училищені бітіріді. Ағылшын әскери экспедиция құрамында Суданда болды. Офицерлер бүлігіне қатысқаны үшін 1900 ж. әскерден босаған соң, журналистикамен айналысты. 1911-1932 ж. "Әлкутуб тартуы" ұлттық кітапханасында қызмет істеді. Хафиздің әлеуметтік саяси көзқарасының қалыптасуына Мұхаммед Абдо ілімі ықпал етті. Оның 1901 ж. классикалық үлгіде жазылған тұңғыш өлеңдер жинағы жарияланды. 1906-1922 ж. жазған лирикаларында ағылшын отаршылдарына қарсы көңіл күйі бейнеленген. "Сатих түндері" повесінде ағылшындардың отарлау саясатын сынады.
## Дереккөздер |
Қызылсай (станция) - Түркістан облысының Төле би ауданындағы темір жол станциясы.
## Қызылсай туралы
Шымкент қаласынан 15 км, аудан орталығы Леңгір қаласынан 18 км жерде. Бетеге, жусан, селеу өскен сортандау келген қызыл қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан. Қызылсай арқылы Шымкент - Жамбыл автомобиль жолы өтеді. Халқы 0,7 мың. Қызылсайда орта мектеп, клуб, кітапхана, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан. Тұрғындар өзге елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Қызылқайың – Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл.
* Қызылқайың – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл.
* Қызылқайың – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл.
* Қызылқайың – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
* Қызылқайың – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл.
Өзен:
* Қызылқайың — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы өзен. |
## Кен оймасы
Кен оймасы - жер бетінен төмен қарай ұзындығы 2-7 км, енінен 200-300 м-ден едәуір артық болып қазылған карьер.
Көмір карьерлері мен шөгінді құм аралас кендер өндіруге арналған карьерлер көбінесе кен оймасы деп аталады. Қатты металл рудаларын өндіретін карьерлерге қарағанда кен оймасы қысқа мерзімде іске қосылады. Қазақстанда Екібастұз, Қушоқы т.б. көмір кендерінде кен оймалары бар. Ең үлкен көмір оймасы «Богатырь» жылына 50 млн т көмір өндіреді.
Кен оймаларының табиғатқа зияны өте көп. Кен ойманың орнында үлкен жер астына кететін ойық қалады, оның ішінен шыққан жердің төменгі беттеріндегі заттар айналаға астынан үрген жел әсерінен таралып ол жерлерде өсімдіктер мен ағаштар өспей қалу қауіптігі бар.
## Дереккөздер
## Кен оймасы
Кен оймасы - жер бетінен төмен қарай ұзындығы 2-7 км, енінен 200-300 м-ден едәуір артық болып қазылған карьер.
Көмір карьерлері мен шөгінді құм аралас кендер өндіруге арналған карьерлер көбінесе кен оймасы деп аталады. Қатты металл рудаларын өндіретін карьерлерге қарағанда кен оймасы қысқа мерзімде іске қосылады. Қазақстанда Екібастұз, Қушоқы т.б. көмір кендерінде кен оймалары бар. Ең үлкен көмір оймасы «Богатырь» жылына 50 млн т көмір өндіреді.
Кен оймаларының табиғатқа зияны өте көп. Кен ойманың орнында үлкен жер астына кететін ойық қалады, оның ішінен шыққан жердің төменгі беттеріндегі заттар айналаға астынан үрген жел әсерінен таралып ол жерлерде өсімдіктер мен ағаштар өспей қалу қауіптігі бар.
## Дереккөздер |
Всеволод Васильевич Санаев (25 қаңтар 1912 жыл, Тула, Ресей империясы - 27 қаңтар 1996 жыл, Мәскеу, Ресей)- кеңес және ресей киноактері, КСРО халық әртісі (1969). 1955 жылдан КПСС мүшесі.
## Өмірбаяны
1937 ж. ГИТИС–тің актерлік факультетін бітіріп, МХАТ және Моссовет атындағы театрда қызмет етті.
## Ойнаған рөлдері
Кинодағы басты рольдері: Добряков («Сүйікті қызда, 1940», Емельянов ( «Ленин туралы әңгімелерінде», 1958), Козлов («Бес күн-бес түнде», 1961), Қырылдауық («Оптимисттік трагедияда», 1963, Сазонов («Бұл милицияда болған едіде», 1967), Зорин («Әулие Луканың қайта табылуында», 1970), Лукин («Азаттықта»,1973), т.б. Санаев қазақ фильмдеріне де қатысып ролін орындады.
## Сыйлықтары
РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
## Дереккөздер |
Федор Никитич Самойлов(12 сәуір 1882 жыл, Гомиленки селосы., қазіргі Иванов обллысы., - 13 маусым 1952 жыл, Мәскеу облысы., Кратово Раменск ауданы).- Ресей патшалығындағы революциялық қозғалыстың қайраткері.
## Өмірі
Тоқымашы семьясында туған. 1903 жылдан Компартия мүшесі. 1905 жылғы Иваново-Вознесенск стачкасы жетекшілерінің бірі. 1912 ж. Владимир губерниясының жұмысшыларынан мемлекеттік 4- думаға депутат болып сайланды. 1917-1918 ж.- партияның Иваново-Вознесенк комитетінің мүшесі, жұмысшы және солдат депутаттары қалалық советінің председателі, кейіннен Башқұртсанда және Украинада партия, совет жұмысында болды. 1922 жылдан РК (б) П ОК Испарт меңгерушісінің орынбасары. 1928 жылдан БК (б) П Мәскеу комитетінің Истпарт меңгерушісі. 1937 жылдан Мемлекеттік Революция музейінің директоры. 1941 жылдан дербес пенсиоенр. Партияның 12,14-17 сьездерінің делегаты; 11-сьезде Орталық Бақылау комиссиясының мүшелігіне кандидат болып сайланды. БОАК мүшесі болды.
## Еңбектері
«Өткен күндер ізімен» (1940) кітабының авторы.
## Дереккөздер |
Кеңгірбай Жігітекұлы (Кеңгірбай би) 1720-1723 жылдар шамасында туған. Бұл кезде тобықты елі "Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама" оқиғасына ұшырап әуелі қазақ даласының оңтүстігіне, кейіннен Қоқан хандығынан зорлық- зомбылық көрген олар батыс жаққа Ырғыз, Қаракеңгір, Торғай өзені бойына ауып коныстанған екен. Жігітек батыр жаңа туған баласынын атын Кеңгірбай койыпты.
Найман Еспенбет би,батырдың қол астында жұмыс жасаған.
Өзіміз білетіндей Еңлік сұлу Найманның атақты Матай руынан.
Кеңгірбай, жазушының кейіпкері. Тобықтының атақты биі, Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы негізгі кейіпкерлердің бірі.Әсіресе осы Еңлік пен Кебек оқиғасына байланысты шешімімен әділетсіз би атағы қалған. Жазушы Абай туралы монографиясыңда: «Жиреншелер Абайдың айтқанын орындап, қыз басын босатарман болғанда, Сыбанның біреуі - «Жол осы ма еді, Кеңгірбай әруағы кайдасың!» деп ұрандап, әруақ шақырады. Осыған қайысқан Оразбай Кеңгірбай жолын бұзғысы келмей Абайға келгенде, ол: «Кеңгірбайдан ел әділдік көрген жок. Әйел үшін ол «Қара қабан атанған» деп, өз айтқанын істетеді. Мұрын қызына еркіндік әпереді. Ал Оразбай мен Жиренше: «Абай асқан екен, Кеңгірбай жолын бұзумен тұрмай «қабан» деп тілін тигізді. Енді біз бұдан кеттік, жауластық» деп, өзді-өзі серттесіп алады» деп, Кеңгірбай болмысынан хабардар етеді (№ 193-папка, 8-бет). Дәл осыны «Абай жолы» эпопеясында «Салиқа кыз дауы» оқиғасымен байланыстырып көрсетеді. Әкесінің сәлемін алып барған Абайға айтқан Байдалының: «Ендеше, жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам әкеңнің өз көзіне айтқаным. «Татуластық, табыстық деп кеше тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым, сенің әкеңе осы мен! Жігітек! Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп би сайлап еді. Өз бапасы, өз туысы жоқ емес еді ғой сонда» («Абай жолы», «Шытырманда» тарауы) деген сөздерінен Кеңгірбай бітімі де, араздық себептері де ашыла түседі.
Кеңгірбай би - Орта жүздегі, Арғын тайпасының, Тобықты руынан шыққан би. Жігітектің баласы. XVIII ғасырда өмір сүрген.
## Өмірі
Қазіргі Семей облысы Абай ауданындағы Шыңғыстауды мекендеген. Найман Еспенбет бидің үкімін қолдап, 1780 жылдар шамасы Еңлік пен Кебекті ұстап беріп, өлтірткендітен әділетсіз би деген атпен қалады. Кеңгірбай би қарамағындағы халықты қатал ұстаған қатыгез, үлкен жер көлемі бар бай болды. Бейіті Жидебай қорығының бойында.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіресінде Кеңгірбай бидің ататегі былай таратылған: Арғын - Қотан - Тобықты - Рыспетек - Мұсабай - Сүйірбас - Сары - Кішік. Сол Кішіктен Олжай, одан Айдос, Қайдос, Жігітек аталары, Жігітектің бәйбішесінен Кеңгірбай туған. Кеңгірбайдың бұл ата-бабалары өз тұсында елін, жерін ішкі-тысқы басқыншы жаудан қорғап келген батыр, бай, сұлтан болған. Кеңгірбай да сол аталарының жолымен Тобықты руына би, сұлтан болған. Кеңірбайга ел билігі тиген кезде Тобықты Шыңғыстауға орнығып, тұрақтаған кезі екен. Қатал да адуынды Кеңгірбай би Найман, Матай, Керей, Уақ руларын бірте-бірте ығыстырып, Тобықты елінің жерін кеңейткен. Сөйтіп, бұрын әртарапта басы бір жерге бірікпей бытырап келген Тобықты жұрты терезесі тең іргелі елге айналған.
Кеңгірбай би шекаралас орыс патшалыгына тәуелді болмауды көздеген. Өзінің бұрынғы ата-баба дөстүрін, салт-санасын мықтап сақтауға бел байлаған. Сол үшін де ол Ресей шолғыншы, басқыншыларына карсы үздіксіз күрес жүргізіп отырған. Бір қақтығыс кезінде орыс әскерлерін Шыңғыс тауынан асыра куған Кеңгірбай қолы Көкен тауының шатқалына жетіп тыныс алады. Сол бір сәтті пайдалана қойған орыстың жалдамалы жансыздары көпес, шонжар ұлықтары қапылыста Кеңгірбай биді қолға түсіріп, тұтқындайды. Екі қолын артына байлап, сақалын кесіп алады. Өзін көк арбаға таңып, губерниялық түрмеге апарып қамайды.
Бір деректе бұл оқиға былай әңгіме етілген:...Сібір губернаторы Семей аязы арқылы ауыр халдегі көшіп-ауып келген аз елдерге бұйрықтарын бере бастайды: "Патшаөкіметіне бодан болдындар. Енді мұнан былай 100 жылқыдан 3 бас, 100 сиырдан 5 бас, 100 қойдан 10 қой салық төлейсіндер" - деп. Бұл бұйрықты Кеңгірбай би айтқан мерзімінде орындамай, кешіктірген екен. Сонан Семей оязы жасақ-жендеттермен Потапов деген офицерді бастык етіп "Кеңгірбайды айдап әкел" деп жібереді. Потапов Кабекеңе келіп: "Губернатордың жарлығын орындамайсың", - деп, Кеңгірбай биді арбаға тіркеп, екі шақырымдай жерге айдап келе жатқанда, Көбей би, Кенбай, Бектас үшеуі "Қоштасып қалайық" деп, алдарынан шығыпты. Қабекең келе жаткан Көбейлерді көріп оң қолын көтеріп, Потаповқа өтінген: "Ана адамдармен қош айтысып сөйлесейін, рүқсат етіңіз" - деп. Потапов арба жанында келе жаткан тілмаш татар жігітке: "Мына Қарақабан ана адамдармен не сөйлесер екен, жөндеп маған аударып бер", - депті Кеңгірекең рұқсат алып, тоқтап тұрғандарға айтқаны "Айдап келеді ақ найзалы, Акылымнан таппадым еш пайданы. Тілеуімнің әйелі екібақат, ұл туса, атын қойыңдар Ер Байдалы. Калған жағдайды оязга барғанда көре жатармын. Елге ие болыңдар, Аллаға барлығыңды тапсырдым", - депті.
Сонда Потапов жанындағы тілмашына: "Мына Қаракабан не айтты, соны толық аудар", - депті. Татар жігіті Кеңірбай биге жаны ашып, өзгертіп аударыпты: "Бұл кісі Семейге барғанда оязға мені жазықсыз сақалымды күзеді, қолымды байлап, жаяу айдады, жанымды қинады деп айтамын. Қатты зорлық жасады деймін", - депті. Потапов Қабекеңнің айтары дұрыс-ау дегендей ойға түсіп, корыққанынан: "Пусть тогда со мной рядом на тележку садится", - деп, жанына Кеңгірбай биді отырғызып алыпты.
Семейге келген соң, Потапов Кеңгірбай биді оязға кіргізіп: "Сіздің тапсырмаңызды орындап, алып келдім" дейді. Ояз: "Сен, казак, не себепті патша жарлығын орындамайсың?", - деп каһарланыпты. Кеңгірбай би: "Губернатор тақсыр, бұйрыкты орындау қазіргі жағдайда өте қиын. Еліміз көшіп әлі орныққан жоқпыз. Қоныс іздеп вуреленудеміз. Бұрынғы көне дәуірдегі ата-бабаларымыз қоныстаған жерімізге басқа елдер келіп, орнығып алыпты. Біздер көп заман бойы Ислам дінін қабылдаймыз. Ол дінді ауыстыра алмаймыз. Әскер де бере алмаймыз, өйткені жоңғар-қалмақтармен көп жыл соғыса- соғыса халкымыздың саны азайды. Сіздер бұл жағдайды толық түсініңіздер. Мал салығы да көп. Міне, халқымыз осындай халде болып тұр", - депті.
Көп ұзамай өзінің шешендік, алғырлығы, тапқыр, айласы арқасында Кеңгірбай би бұл түтқыннан да босанып еліне келеді. Бидің абырой атағы бұрынғыдан да арта береді. Тобықты халқы бұрынғыдан да оның төңірегіне топтала түседі. Енді көршілес рулы елдер онымен ынтымақтаса, бірлесе отырып сыртқы жауларға қарсы күреске жұмыла бастайды. Сол тұста өткен талай-талай айтыс, тартыс, күрес кезіндегі Кеңгірбай бидің алғырлық айла, тәсілдері, кесімді билік сөздері қалың бұқараның діттеген ойынан шығып отырады.
Кеңгірбай би қартайған шағында өзінің сенімді шәкірт інісі Өскенбайға (1778-1850) билікті береді. Бұл кезде ұлы Абайдың арғы атасы Өскенбай 27-28 жастардағы старшын екен. Кеңгірбай би 1808 жылдың күзінде 87-ге қараған жасында дүниеден өтеді.
Арғынның Бура деген елінде бірнеше жылдан бері бір барымта дауы шешімін таппай жүреді. Бура елінің басты адамдары сол дауға билік айтуға Қаракесек биі Тіленшіге жүгінеді. Буралар Тобықты адамдарынан көрген зорлығын айтып Тіленшіні қайрап салады. Мұны Тобықты биі Кеңгірбай сезеді. Осыдан екі би қырғикабақ боп жүреді екен. Тіленші Тобықтыларға тыйым сала береді. Оны Кеңгірбай тыңдамайды. Бір жолы екі арада қақтығыс болып, Бура жағынан бір адам өледі. Енді бұрынғы барымта дауына құн дауы кеп жалғасады.Сол екі дауды шешу үшін Тіленші би екі жүздей адаммен атқа қонады. Тобықтының кариялары асып-сасып Кеңгірбайға барады. Кеңгірбай оларға:
- Саспаңдар, бір мәнісі болар, - дейді.
- Тіленшінің алдынан шықпайсыз ба? - дейді ауыл адамдары. Сонда Кеңгірбай:
- Мен үлкен басымды иіп, олардың алдынан шықпаймын. Әлгі бір өлеңші неме бар емес пе еді. Соны шақырыңдаршы? - дейді. Біреуі барып он алты жасар Алтыбай ақынды ертіп келеді. Кеңгірбай оған:
- Бір атқа міндағы Тіленшінің алдынан шық! - дейді. Алтыбай бала Тіленшінің алдынан шығып, сөлем берсе, олар сөлемін алмайды. Тіленші:
- Мына бір тайға мінген кімнің баласы? - деп, оны адам екен демейді. Сонда Алтыбай бала:
- депті.
Тіленші ойланып қалады. Бұл баланы Кеңгірбай әдейі жіберіп отырғанын сезеді ол. Үлкен-кіші бәрі ақыл қосады: "Бұл барғаннан барарсың, бес-алты тай аларсың, елге бүлік саларсың. Құн дауы барымтаға ұласып, екі ел өшігіп кетер. Өзінді-өзің таларсың" деп Кеңгірбай би түп атамыз Арғынды айтқызып отырғой. Кой, райымыздан кайтайық. Барып, іс мәнісін айтайық, Кеңгірбайдың өзі не дер екен? - деп Тіленшілер аттан түседі Тобықтылар оларды сыйлап күтеді. Дау шешіміне жақындағанда өзінің ақ ордасында отырған Кеңгірбай би тағы да әлігі Алтыбай баланы шақырып алып:
- Бар, Тіленшіге сөлем айт, мына алтын жүзігімді алсын да, сөзді көп созбай тынсын, - деп жұмсайды. Алтыбай акын алтын жүзікті өкеп Тіленшіге береді.Сонда Тіленші:
- Би ағамыздың мұнысы: "Адамы өлген Бура елі Тобыктыдан бір қыз алсын да, құда-жекжат боп төс кағыстырсын. Ал, барымта дауы өзінен-өзі шешіле жатар", - дегені ғой.
Біз көндік, бітім осылай болсын деп, бұл дауды қорытыпты. Екі ел сонымен құйрық-бауыр жесіп, алыс-беріс салтын жасап құда-жекжат боп татуласып тарасыпты.Кеңгірбай би 1815 жылы қайтыс болған. Ел-жұрты жоқтау айтып аза тұтқан. Ол жоқтау "Боздақ" жинағында жарияланған:Кеңгірбай Жігітекүлына арналған жоқтаудың авторы белгісіз. Кейбір тіл оралымдарына Карағанда, бәйбішесі шығарған деп жоруға болады. Жоқтау В. В. Радловтан алынды. Кеңгірбай туралы мынадай қысқа мөліметтер айтылған. "Ақын Абайдың бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбай бір туысады. Кеңгірбайдың бейіті Шыңғыстың бауырында, Қарауыл өзенінің жайламасында Ши деген жерде, жол аузында. Ел қонысынан ауып жүргенде Ұлытаудың Алаша хан, Жошы хан бейіттері (күмбездер) тұрған Кеңгір өзенінің бойындатуыпты, атын сонымен Кеңгірбай қойған. 1730 жыл шамасында туған. Абылай ханнан 34 жыл кейін өлген. Демек, Кеңгірбайдың өлген жылы 1815 жыл деп білеміз. Абылай хан 1711 жылы туылып, 1781 жылы дүние салған:
## Дереккөздер |
Тоқтықұл Сатылғанұлы (қыр. Токтокул Сатылганов; 25 қазан 1864, Куччу- Суу қыстағы, қазіргі Ош облысы., Тоқтықұл ауданы, - 17 ақпан 1933, Сасықжиде қыстағы) - қырғыз халық ақыны, қырғыз кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Жастайынан суырып салып, өлең шығара бастады. Әдебиетке, ақындыққа анасы Бурманның тигізген әсері мол болған. Ол музыка аспаптарында ойнайтын, ауыз әдебиетін жетік білген. 15 жасынан ақын, шешен, музыкант ретінде елге аты кең жайылады. Сартбай, Есенаман т.б. халық ақындарынан тәлім алып, айтыс өнеріне машықтанады. Халық дастандарын («Сарынжы-Бөкей», «Кедейхан» т.б.) жаттап, халық арасына таратты. С.Тоқтағұлдың даңқын шығарып, елге кең тараған жырларында («Алымхан» «Насылхан» «Айымжан », т.б.) махаббат, достық тақырыбы басым жырланды) Үстеп тап өкілдерін шенеп айтқан сатиралық өлеңдері көп («Бес қабан», «Өсімқор Шақырбай», «Еселбайдың үйленуі» т.б.) Cатылғанов Тоқтағұл 1898 ж. бай-манаптардың жалған жаласымен айыпталып, көп жыл Сібірде айдауда болды.(25 жыл) Осы кезде «Қош Елім», «Тұтқында жүргенде», «Азапқа түсті өмірім » т.б. жырларын шығарды. Ұлы Қазан революциясы С.Тоқтағұл жырларына жаңа мазмұн («Жаса,Кеңес өкіметі», « Бостандық заңы», «Туған жерім» т.б. ) берді. Ол қырғыз әдебиетінде В.И.Ленин образын («Лениндей ұлды кім туды», « Ленин ашты жолыңды» т.б.) тұңғыш жырлады. С.Тоқтағұлдың шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде де жеке кітап болып шықты. Тоқтағұл поэзиясы - халық тағдырының айнасы.
## Дереккөздер |
Қарғалы, Жақсы Қарғалы – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Алға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 114 км, су жиналатын алабы 5130 км2.
## Бастауы
Қарғалы Жылантау етегіндегі бұлақтардан бастау алатын Қуағаш, Көкпекті өзендерінің қосылуынан пайда болған. Ақтөбе қаласы тұсында Елек өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы ағысында 0,2-0,3 км, қалған бөлігінде 1-1,2 км. Жайылмасының ені жоғарғы ағысында 10-15 м, орта ағысында 40-60 м, төменгі ағысында 60-100 м. Арнасы ирелең, айқын қалыптасқан, ені жоғарғы ағысында 20-50 м, төменгі ағысында 80-200 м, сағасына жақын жерде 40-60 м. Көп жылдық орташа су ағымы Жаман Қарғалы өзені сағасында 9,18 м3/с, Питомник ауылы тұсында 12,2 м3/с.
## Шаруашылықтағы қолданысы
Өзен бойында бұталы шалғын, кей жерлдерде бау-бақша өсіріледі. Суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, егін, бау-бақша, мал суаруға пайдаланылады. Өзен балыққа бай.
## Дереккөздер |
## Юлиан Глебович Саушкин
Юлиан Глебович Саушкин(2-тамыз 1911 жыл , Мәскеу) - кеңес экономик-геогрофы. География ғылымының докторы (1947), РСФСР-дің ғылыми еңбегі сіңген қайраткері. (1972). 1940 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу университетін бітірген. (1932).Мәскеу университетінің КСРО экономика география кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми жұмыстары географияның тарихы мен теориясы, экономиккалық аудандау, ландшафтасын өзгерту, қалаларды жүйелеу, географияда математикалық тәсілдерді қолдану және экономикалық картография мәселелеріне арналған. Еңбектері поляк, жапон, румынь, итальян, болгар, испан және ағылшын тілдеріне аударылған.
## Дереккөздер
## Юлиан Глебович Саушкин
Юлиан Глебович Саушкин(2-тамыз 1911 жыл , Мәскеу) - кеңес экономик-геогрофы. География ғылымының докторы (1947), РСФСР-дің ғылыми еңбегі сіңген қайраткері. (1972). 1940 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу университетін бітірген. (1932).Мәскеу университетінің КСРО экономика география кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми жұмыстары географияның тарихы мен теориясы, экономиккалық аудандау, ландшафтасын өзгерту, қалаларды жүйелеу, географияда математикалық тәсілдерді қолдану және экономикалық картография мәселелеріне арналған. Еңбектері поляк, жапон, румынь, итальян, болгар, испан және ағылшын тілдеріне аударылған.
## Дереккөздер |
Садық Жүнісұлы Сафарбеков (тамыз, 1902 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы - 1938, Алматы) - Қазақстанның партия және совет қызметкері.
1919 жылдан Компартия мүшесі. 1919-1920 жж.-да Ташкентте Ұлттар халкомы курсында, коммунисттік университетте (1924-1925) оқыған. 1920-1922 жж. Алматыда Жетісу облысы комсомол комитетінің секретары, 1923-1924 жж. Ташкентте Сырдария облысы бақылау комиссиясы коллегиясының мүшесі, Қосшы одағы облысы комитетінің председателі, 1925-1927 жж. Шымкент және Петропавл губерниясы., 1928-1929 жж. Алматыда Қазақ Өлкелік партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1930-1932ж. Ақмола округы., ауданы және Қарсақбай ауданы., 1932-1933жж. Шығыс Қазақстан облысы., 1933-1936ж. Қызылорда ауданы., 1936-1937жж. Қарағанды облысы., Гурьев округі., Батыс Қазақстан облысы., Орал қалалық партия комитеттерінің 1-2 секретары болды. Қазақстан өлкелік 6-8 партия конфкеренциясының делегаты, Өлкелік комитеттің мүшесі, Қазақстан Компартиясының 1-сьезінің делегаты, онда Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшелігіне сайланды.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 9 бет |
Хатай шаһ Исмаил Гейдар оғлы - азербайжан ақыны және мемлекет қайраткері.
## Еңбек жолы
Хатай өлеңді жас кезінен жазған. Ол түркі тілдес халықтар поэзиясынан, көбінесе азербайжан классиктері - Нәсими, Гази Бурханеддин, Хабиби шығармаларынан және халық ауыз әдебиетінен үйренді. Хатайдың "Он хат" және "Насихат кітабы" атты шығармалары азербайжан фольклорымен тығыз байланыста туған эпикалық туынды. Хатай шығармашылығы тек азербайжын әдебиеті ғана емес, түркі тілдес халықтар поэзиясының дамуына көп әсер етті. Оның шығармалары Таяу Шығыстағы көптеген елдерге тарады, европалық елдер тілдеріне аударылды.
## Дереккөздер |
Тұрды Хасанов - ұйғыр ақыны, ұйғыр совет әдебиетінің негзін салушылардың бірі. Науюайшы отбасында туған.
## Қызмет жолы
Тұрды Хасанов 1918 ж. діни оқу орнына, 1920 ж. жадит мектебіне түсіп оқыды. 1925 ж.КСРО-ға келіп совет мектебінде білім алды. 1927 ж.Ташкентте рабфакта, педогогикалық институтта оқып жүріп, "Кутулуш" газетінде жұмыс істеді. Әдеби қызметін осы кезден бастады. Алғашқы өлеңдері "Кутулуш", "Шәрқ хәқиқити" газеттерінде жарияланды, коллективтік жинақтарда басылды. Тұрды Хасановтың негізгі еңбектері: "Төңкеріс дабылы" поэмасы, "Езгі ошағы" повесі т.б.
## Дереккөздер |
Бонга Куэнда (порт. Bonga Kwenda)); шын аты Жозе Аделину Барсело де Карвалью (порт. José Adelino Barceló de Carvalho)); 5 қыркүйек 1942 жыл, Кипири, Бенго провинциясы) — анголалық әнші, композитор және әндердің сөздерінің авторы.
Бонга деген атымен көбірек танымал, сембалық және басқа жанрлардағы әндерді орындайтын әнші. Ол көбінесе ангольдық таныма әндерді орындап «ангола музыкасының елшісі» титулына ие болды. Оның сүйікті музыкалық аспабы - диканза. Ол танымал ангола әндерін және композицияларын әртүрлі тілдерде орындайды: португалша, кимбундша, умбундша және Луанда қаласының жаргон тілінде орындады.
## Дискография
### Студиялық альбомдары
* 1972 — Angola 72 (Morabeza Records, Португалия); (1997 — Lusafrica, Франция)
* 1974 — Angola 74 (Morabeza Records, Португалия); (1997 — Lusafrica, Франция)
* 1976 — Angola 76 (Morabeza Records, Португалия)
* 1978 — Raízes (Morabeza Records, Португалия)
* 1978 — Racines (Playasound, Франция)
* 1979 — Kandandu (Le Chant du Monde, Франция)
* 1981 — Kualuka Kuetu (Plygram, Португалия)
* 1984 — Marika (Playa Sound, Франция)
* 1985 — Sentimento (Le Chant du Monde, Франция)
* 1987 — Massemba (Vidisco, Португалия) (massemba – мн. ч. от semba)
* 1988 — Reflexão (Discosette, Португалия)
* 1989 — Malembe-Malembe (Discosette, Португалия)
* 1990 — Diaka (Discosette, Португалия)
* 1991 — Jingonça (Discosette, Португалия)
* 1992 — Gerações (Discosette, Португалия)
* 1993 — Mutamba (Discosette, Португалия)
* 1993 — Tropicalíssimo
* 1993 — Traditional Angolan Music
* 1994 — Fogo na Kanjica (Vidisco, Португалия)
* 1995 — O Homem do Saco
* 1996 — Preto e Branco (Vidisco, Португалия)
* 1997 — Roça de Jindungo (Vidisco, Португалия)
* 1998 — Dendém de Açúcar (Vidisco, Португалия)
* 1999 — Falar de Assim (Vidisco, Португалия)
* 2000 — Mulemba Xangola (Lusafrica, Франция)
* 2003 — Kaxexe (Lusafrica, Франция)
* 2004 — Maiorais (Lusafrica, Франция)
* 2008 — Bairro (Lusafrica, Франция)
* 2011 — Hora Kota (Lusafrica, Франция)
* 2016 — Recados de Fora (Lusafrica, Франция)
### Концерттік альбомдары
* 1996 — Swinga Swinga (запись коцерта на фестивале HeimatKlange, Берлин, тамыз 1995 года)
* 2005 — Bonga Live
* 2009 — Best Of Bonga
### Жинақтары
* 1988 — Angola (Playasound, Франция) Бернаром Лавильемен бірге
* 1991 — Pax em Angola (Rounder,АҚШ)
* 1993 — Katendu (Melodie, Франция)
* 1995 — 20 Sucessos de Ouro (Discosette, Португалия)
* 2000 — Semba N′Gola (Musique Tropique, АҚШ)
* 2001 — O'Melhor De Bonga
## Сыртқы сілтемелер
* https://www.facebook.com/BongaOfficial/photos/pb.330341660372687.-2207520000.1430513088./889313684475479/?type=1&theater
* [1] Бонга «Comeram a fruta» өлеңін орындауы |
Шалы Кекілов (түрікм. Şaly Kekilow, 1906 жыл, Ашхабад Кеши ауылы – 8 қазан 1943 жыл) — кеңестік және түрікмен ақыны, Аман Кекиловтың үлкен ағасы.
## Өмірбаяны
Кедей шаруы отбасында туған. Шығармалары 1927 жылдан бастап жарияланды. 1932-1936 жылдары Түрікменстан Жазушылар Одағында, баспа орындарында қызмет етті. «Қыздар мұңы» (1928), «Бостандық бағы» (1928), «Қыздарға» (1932) атты өлеңдерінде әйел теңдігін жырласа, «Колхоз жолы - социализм жолы» (1931), «Қызыл-Арват жөндеу зауытында» (1935) т.б. шығармалары коллективтендіру мен индустрияландыру тақырыбына арналды. Ұлы Отан соғысына қатыса жүріп, «Иван-ағай» (1942), «Карел орманында» (1943) атты поэмалар жазды. Ұлы Отан соғысында қаза тапты.
## Дереккөздер |
Келі-келсап — тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.
## Келі түрлері
Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Бұл келінің түбінің жайпақ, тегіс немесе шұңғыл болып келуіне байланысты. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады.
## Жасалуы мен құрылысы
Ағаш келінің қайың, қарағаш сияқты қатты ағаштан ойып жасайды. Мұның темірден жасалған түрін темір келі деп атайды. Келінің түйгіш ағашы яки темірі болады, оны келсап деп атайды. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалады, қолға ұстайтын жерінен қолайлы бос тұтқа шығарады.
## Дереккөздер |
Кекіру - ауаның іштен ауыз арқылы кенет сыртқа шығуы.
## Кекіру туралы
Кекіру қарын мен ұлтабардың жалғасатын жері түйіліп, оған қоса қарын, құрсақ, бауыр еттерінің рефлекторлы жиырылуынан пайда болады. Сау адам өте сирек кекіреді. Жиі қайталанып тұратын кекіру қарын гастриті, ішек-қарын ойық жарасы ауруларының, сондай-ақ, бауыр ауруларының белгісі. Кейде кекіргенде ауаға қосыла ішкен тамақ та шығады (әсіресе сәбиге тамақты көп бергенде). Кекіруден шыққан ауаға кейде асқазан қышқылы қосылып, оның дәмі ащы болуы да мүмкін. Иісі жағымсыз кекіру іштегі тамақтың шіри бастауының белгісі.
## Дереккөздер |
Хармаш-Кёрёш - Венгрия және Румыния жеріндегі өзен. Тисаның ірі солжақ саласы. Бихор тауынан Кришул-Негру және Металич тауынан Кришул-Алб бастауларынан басталып, орта және төменгі ағыстарында каналды және шлюзді арнамен Орта Дунай ойпаты үстімен ағып отырып, Чонград қаласы түбінде Тиса өзеніне құяды. Ұзындығы 500 км, алабы 27 537 км2. Су деңгейі жаңбыр және қар суына байланысты көктемде көтеріліп, жаз бен күзде төмендейді. Орташа су шығыны сағасында 105 м3/сек. Хармаш-Кёрёшке Хортобадь-Бреттьо құрғаиу каналы құяды. Кеме жүзеді.
## Дереккөздер |
Ахнаф Ибраһимұлы Харисов - башқұрт совет жазушысы, әдебиет зерттеушісі. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Башқұрттың ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, филологиялық ғылымдар докторы, профессор. Шаруа отбасында туған.
## Қызмет жолы
Башқұр мемлекеттік педогоикалық институтының тіл-әдебиет факултитетін бітірген. Ұлы Отан соғысы жылдары Ахнаф Совет Армиясы қатарында болды. 1948-1951 ж. Башқұртстан Жазушылар одағы басқармасының председателі, 1952 жылдан КСРО Ғалымдар Академиясының Башқұр филиалы тарих, тіл және әдебиет институтында ғылыми-әкімшілік қызметтер атқарды. "Әдебиет теориясы", "Әдеби көріністер", "Башқұр халықтарының әдеби мұрасы" атты күрделі еңбектер жарияланды. Ахнаф - орта мектепке арналған башқұрт әдебиеті оқулықтарының авторы.
## Дереккөздер |
Мамедага Ширали оглы Ширалиев (13.09.1909, Шемаха, Әзірбайжан) - Әзірбайжан, тіл білімінің маманы, түрколог, Әзірбайжан диалектология ғылымынң негізін қалаушы. 1962 жылдан Әзірбайжан КСР ғылым академиясының академигі, 1941 жылы филология ғылымдарының докторы, 1943 жылдан профессор, 1947 жылы Түрік лингвистика қоғамының құрметті мүшесінің иегері, 1969 жылдан "Советтік түркология" журналының бас редакторы, 1960 жылы Әзірбайжан КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
## Қызмет жолы
1931 жылы Әзірбайжан мемлекеттік университетінің шығыс тану факультетін ібітірді. Ширалиев Әзірбайжан пединститутының оқытышысы, Әзірбайжан университетінің кафедра меңгерушісі және оның проректоры қызметтерін атқарды. 1949 жылы Әзірбайжан КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институтына қызметке ауысты. 1960 жылдан оның директоры. Ширалиевтің ғылыми-зертеушілік еңбектерінің дені Әзірбайжан диалектологиясын зерттеуге арналған.
Ол – грамматика, тіл тарихы, әдеби тілдің дамуы т.б. мәселелер жайлы зерттеулердің және мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған бірқатар оқулықтардың да авторы болып саналады. Шералиевке «Әзірбайжан диалектологиясының негіздері» атты еңбегі үшін Әзірбайжан КСР мемлеттік сыйлығы берілген болатын(1972).
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және ерекше белгілермен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Širaliev, Mamedaga Širali ogly (1909-....) |
Қызыл кендір (лат. Apocynum venetum subsp. lancifolium) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 120 см, сабағы тік, түксіз, қызыл қоңыр. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 2-6 см, ені 5-20 мм. Гүлі сабақ, бұтақ басына шоғырланған. Гүл шоғы сыпыртқыға топтанған. Тостағаншасының ұзындығы 2 мм, көк түсті. Күлтесі алқызыл, ұзындығы 6-8 мм. Тұқымы уақ, сопақша, желайдары бар.
## Өсу аймағы мен таралуы
Қызыл кендір өзен аңғарында, көл жиегінде, сирек те болса сортаң жерде өседі. Орта Азияда, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Моңғолияда, Қытайда таралған. Қазақстанда биік тау бөктерінен басқа барлық аймақта кездеседі.
## Қолданылуы
Қызыл кендір талшықтары тоқыма өндірісінде қолданылады, жіп, арқан есіледі. Шырынында, жапырақ паренхимасында 2-7% каучук болады.
## Дереккөздер |
Қызыл жүзген (Қызыл жүзгін Calligonum aphyllum) - жүзген туысына жататын бұта.
## Биологиялық сипаттамасы
Биіктігі 1-2 м, қабығы қызыл не күрең. Жапырағы ұсақ, ұзындығы 1,5-3 мм. Қолтық гүлдері 2-ден гүл сидамына орналасқан. Жемісі - домалақ, ұзындығы 16-20 мм, ені 15-18 мм жаңғақша.
## Өсу аймағы мен таралуы
Қызыл жүзген құм, шағылда өседі. Кавказ, Батыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанда Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысында, Ақтөбе облысында, Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұмда, Зайсан алқабында кездеседі.
## Маңызы
Қызыл жүзген құм бекітеді, бір жылдық жас бұтақтарын қой, түйе жейді. Ара гүлінен бал жинайды, илік заттар алынады, отын ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Леонид Игнатьевич Хан - агроном-экономист, совхоз өндірісінің көрнекті ұйымдастырушысы. Сoциал Еңбек Ері. 1959 жылдан КПСС мүшесі.
## Қызмет жылдары
1945-1952 ж. Ташкент облысының колхоздарында түрлі қызметте болды. Ташкент ауыл шаруашылығы техникумын, К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясының экономика факультетін бітірген. Ол жамбыл облысының "Қордай" астық совхозында бас агроном, 1954 жылдан "Көкқайнар" қызылша совхозының директоры.
## Дереккөздер |
Кецай Кеккетын (1918 жыл, Камчатка облысы, Тигиль ауданы - 1943 жыл) - коряк жазушысы.
## Өмірі
Ленинградтағы Солтүстік халықтары институтына түсіп оқыған, өз елінде жаңа әліпби жасау Комитетінің инструкторы қызметін атқарды. Ол Эвныто туралы әңгімесіне өз әкесінің өмірін негіз етіп алған. Бұдан кеңестік құрылысқа белсене қатысқан күрескердің бейнесі көрінеді. Бұл әңгіме «Коряк» (1936) 1958 жылы орыс тілінде жарияланды. «Хоялхот» повесінде (1939) кулак қысымынан жәбір көрген жігіт пен қыздың революцияға дейінгі тағдыры туралы болады. «Соңғы айқас» (1936) повесінде Сібір халықтарына тән кәсіптік ерекшеліктер суреттелінеді. Ол А.С.Пушкин, А.П.Чехов т.б. шығармаларын коряк тіліне аударып, мектеп оқулықтарына енгізді. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапты.
## Дереккөздер |
Кезнар - лөк пен маядан туған будан.
## Маңызы
Кезнар түйе тұқымын жақсартуға қолданылады. Оның жүні, сүті, өнімі маядан кем болады. Алайда, шаруашылық мақсатта шөлге төзімді және мықты болып келеді. Кезнар деп аталуының себебі - оның өркешінің алдыңғы жағында сәл кезеті болады. Кезнарға лөк шөгерілсе, одан кердері нар туады, бұл тұлғасы, шаруашылық қасиеті тұрғысынан аруанаға жақын. Қазақстанның Атырау облысында көп өсіріледі.
## Дереккөздер |
Әлім Хакимов - Совет Одағының Батыры. КПСС мүшесі.
Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды. Әскери училищені бітірген. 1945 ж. 15 қаңтарда БАУЫРЫМ ТУБЕК АТЫН ЖАЗСАЙ ЖӘНЕ ДЕ СТАРА ДЕГЕН ДЕРЖАВА ҚАТЕ ЕМЕС ПЕ? түбегіндегі Стара державсында майор Әлім Хакимовтың батальоны жаудың қорғаныс шебін бұзып, Висла өзенін бірінші болып өтті. Батальон 12 сағат бойы жаудың 15 шабуылына қарсы тойтарыс беріп, оларды үлкен шығынға ұшыратты. Қызыл тулы, Суворов орденді № 143 Конотоп-Коростеньск атқыштар дивизиясының батальон командирі, майор.
## Дереккөздер |
## Иәркандий Хамушахун
Иәркандий Хамушахун - ұйғыр ақыны. Әл-ауқатты отбасында туған. Ақсу уәлаятында басшы қызметін атқарып, ағарту жұмысына көп көңіл бөлді. Ә.Фирдаусидің "Шаһнамасын" ұйғыр тіліне қара сөзбен аударды. Кейін бұл аударма Ташкент, Қашғар,Қашмир қалаларында "Шаһнама туркий" деген атпен жарияланған. Иәркандийдің өмірі мен шығармашылығы толық зерттелмеген.
## Дереккөздер
## Иәркандий Хамушахун
Иәркандий Хамушахун - ұйғыр ақыны. Әл-ауқатты отбасында туған. Ақсу уәлаятында басшы қызметін атқарып, ағарту жұмысына көп көңіл бөлді. Ә.Фирдаусидің "Шаһнамасын" ұйғыр тіліне қара сөзбен аударды. Кейін бұл аударма Ташкент, Қашғар,Қашмир қалаларында "Шаһнама туркий" деген атпен жарияланған. Иәркандийдің өмірі мен шығармашылығы толық зерттелмеген.
## Дереккөздер |
## Молла Шакир
Молла Шакир(1805 жылы Кучар қаласында дүниеге келген) – ұйғыр ақыны.
## Өмір жолы
Молла Шакирдің өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректер сақталмаған.Оның бір ғана «Зәпәрнама» («Жеңіс кітабы») атты дастаны табылды.Онда ұйғыр халқының Маньчжур басқыншылығына қарсы өз тәуелсіздігі үшін ерлік күресін суреттеген. Дастанның көшірме нұсқасы Үрімжі қаласындасақтаулы.1957 жылы ықшамдалған нұсқасы баспа бетінде жарияланды.
## Дереккөздер
## Молла Шакир
Молла Шакир(1805 жылы Кучар қаласында дүниеге келген) – ұйғыр ақыны.
## Өмір жолы
Молла Шакирдің өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректер сақталмаған.Оның бір ғана «Зәпәрнама» («Жеңіс кітабы») атты дастаны табылды.Онда ұйғыр халқының Маньчжур басқыншылығына қарсы өз тәуелсіздігі үшін ерлік күресін суреттеген. Дастанның көшірме нұсқасы Үрімжі қаласындасақтаулы.1957 жылы ықшамдалған нұсқасы баспа бетінде жарияланды.
## Дереккөздер |
Құтлық қаған жазуы - Моңғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш. Түркологиялық әдебиеттерде табылған орнына қарай Онгин ескерткіші деп те аталады.
## Құтлық қаған жазуы
Жазу екінші түрік қағандығын орнатып, 692 жылы қайтыс болған Құтлық қағанға арналған. 12 негізгі және 4 қосымша жолдан тұрады. 1891 жылы Н.Я.Ядринцев Құтлық қаған жазуын тапқан, В.В.Радлов оның тұңғыш аудармасын жасап, баспаға шығарды. Бұдан кейін де аударғандар: Х.Н.Оркун, С.Е.Малов, Г.Глаузон. Жазуда Құтлық қағанның, Білге қаған және Күлтегіннің әр түрлі жорықтары баяндалады. Тұңғыш түркі қағандығын орнатқан Бумын қаған жөнінде кейбір деректер кездеседі: «
». Мұнда орхон ескерткіштерінде кездеспейтін кейбір таңбалар ұшырасатындықтан, В.В.Радлов Құтлық қаған жазуын Орхон-Енесай жазбалары аралығындағы жазуға жатқызады.
## Дереккөздер |
Құяш, Құяс - ежелгі заманғы қаланың орны.
## Қала туралы деректер
Құяш қаласы жөніндегі алғашқы деректер Махмұд Қашқаридің еңбектерінде көп кездеседі. Оның анықтауынша, бұл қала Барсханның сырт жағында, түріктер мен шігілдер мекендеген жерде орналасқан. Джувейни бұл қаланы Алмалықтың жанындағы мекен деп жазды. Ал, басқа бір деректер бойынша Құяш Іле өзенінің оңтүстігінде, Құлжа өлкесінде. Құяш қаласы моңғол заманында Шағатай ұлысының астанасы болды.
## Дереккөздер |
Самырсын қарағай - жаңғағы жеуге жарамды қарағайдың бірнеше түрі. Қылқан жапырағы бес - бестен қысқа өркеніне топтанған ағаш.
## Биологиялық сипаттамасы
Бүрі қақырамайды, 2 - жылы пісіп жетіледі, түгелдей түседі. Дәні ірі, үлпілдек қанатсыз (кейде түсіп қалатын қанатты), сырты қатты қабықты. КСРО - де Сібір самырсын қарағайы өсті. Бұның биіктігі 35 метр (кейде 1,5-2 метр) диаметрі 1,8 метрге дейін, бөрік басы қомақты сүйір. Қылқанның ұзындығы 6-13 сантиметр, 3 қырлы, көкшіл түсті, 3 - 5 жылда түсіп қалады. Дәні қара қоңыр, ұзындығы 10 - 14 мм, ені 6-10мм, 5- 6 жасында көп жаңғақ шығады.
## Қолданылуы және таралуы
Еуропа бөлігінің солтүстік - шығысында Вычегда өзенінен бастап Батыс және Шығыс Сібірде шырша, майқарағай т.б. орман ағаштарымен аралас не жеке орман түріне тауда, жазық жерде өседі. Самырсын қарағай 500 жыл тіршілік етеді, 20 - 70 жасынан 250 жылға дейін жеміс береді, дәнінен самырсын майы алынады. Орал, Батыс Сібір, Якутияда жаңғағы көп жиналады. Қиыр Шығыста, Солтүстік - Шығыс Қытайда, Кореяда корея не маньчжур самырсын қарағайы таралған. Бұл биіктігі 30 - 40 метр, диаметрі 1,5-2 метр ағаш. Тау беткейлерінде майқарағай, үйеңкі, жөкемен бірге өседі. Самырсын қарағай тобына самырсын стланник, еуропа қарағайы, италия қарағайы жатады. Самырсын қарағайын кейде самырсын деп қате атайды. Самырсын құрылыста ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланылады.
## Қолданылған әдебиет
* Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 12 бет |
Алаеддин Құсшы (т.ж.б. - 1474 жыл) - Орта Азияның көрнекті астрономы әрі математигі.
## Еңбек жолы
Ұлықбек негізін қалаған астрономиялық мектептің өкілі. Құсшы Самарқан қаласында туған. Ол Ұлықбек обсерваториясының жұмысына белсене қатысып, «Гурган астрономиялық кестелерін» жасасқан, Ұлықбек өлтірілгеннен кейін, Ыстамбұлға кетіп, Ұлықбек мектебінің ғылыми еңбектерін аман сақтап қалған. Құсшының негізгі еңбектері: «Ұлықбек кестелеріне түсініктеме», «Астрономия туралы трактат», «Мұхаммедия» арифметика, алгебра және геометрия ғылымдарына қатысты мәселелер қарастырылады. Бұл еңбек математика жөніндегі медресе оқулығы ретінде Орта Азияда кеңінен тараған.
## Дереккөздер |
Дүйсенбай Нысанғалиұлы Игісінтегі — Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
Дүйсенбай Нысанғалиұлы 1925 жылы қыркүйектің 20-жұлдызында Атырау облысы Қызылқоға ауданы "Үш оба" атты жерде дүниеге келген. Отбасысында он бір адам болған: әкесі Нысанғали Игісінұлы, анасы Набия Нұрниязқызы және апа-ағалары. Бірақ, бауырларының көпшілігі жас кезінде қайтыс болған. Оның жақсы тәрбие алып, көптеген биік шыңдарды бағындыруында әжесінің рөлі зор болды.
### Соғыс жылдарында
1943 жылы қаңтар айында Горы селосында колхоз басқармасы оны 18-ге толған әскер қатарына жібереді. Сол соғыста жүріп артеллирист-миномётчик қызметін атқарады. Соғыс жағдайында жүріп, 4 айлық кіші лейтенанттар даярлайтын курстан өтіп, миномет взводының командирі болады. 1944 жылы сәуір айының аяғында Днестр өзенінің жағасында немістердің зеңбіректен атқылаған оғының астында қалып, үш жерінен жарақат алады. Алайда, Одесса қаласының госпиталында бір ай емделіп жазылғандықтан қайта соғыс аланыңа жіберіледі. Содан 1944 жылы үшінші Украина фронты немістерге шабуылға шығып, Молдавия, Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия, Австрия елдерін немістерден азат етіп, 1945 жылы 9 мамыр Жеңіс күнін Австрияның Грац атты қаласын алумен соғысты аяқтайды.
### Соғыстан кейінгі өмірі
1945-1946 жылдары Болгария елінде тұрады. 1946 жылы шілде айында Украинаға келіп, Одесса қаласында әскерден босап, ауылына оралады. 1947 жылы ішкі істер органына жұмысқа кіріп, әскери шенін қайта алады. 1947-1952 жылдар аралығында Кулагин селосында тұрады. Дү.Игісінтегі1955-1961 жылдары қазіргі Махамбет ауданында мемлекет қауіпсіздігі органдарында жұмыс атқарады. 1962-1970 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында №32 колонияда командир отрядын басқарады.
1963-67 жылдары ішкі істер басқармасының қолдауымен Алматы жоғары мектебін сырттай оқып бітіреді. Одан 1975-78 жылдар арасында №66 колония бастығына жоғарылатылып, сол мекемеден ауру қыспаққа алғасын зейнеткерлікке шығып кетеді. 1978-1986 жылдар аралығында №21 мектепте, облыстық кәсіпорындар кеңесінде қызмет атқарады. Д.Игісінтегі 2014 жылы 13-ақпанда о дүниеге аттанып кетеді.
### Марапаттары
Жойқын майданда өзінің білгірлігімен, жауынгерлік тапқырлығымен көзге түскен ол "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталады. Сонымен қатар, "Гвардиялық белгі", "I дәрежелі Отан соғысы" ордендері мен 25-ке тарта ерлік істеріне берілген медальдар мен төсбелгілерге ие болады.
## Дереккөздер |
Кәрім Хакимов - партия совет қызметкері.
1911 ж. "саяси сенімсіздігі" үшін Канибадам шахтасынан қуылады. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде патша әскеріне барудан бас тартып, Орынбор губерниясындағы Қуандық деген жерге жұмысқа орналасады. 1917 ж. мүнде патша өкіметіне қарсы жұмысшылар арасында үгіт жүргізгені үшін қудаланып, Томскіге келеді. Онда большивевиктермен ниеттес болады.
## Қызмет жолы
1917 ж. ақпан революциясынан кейін туған жеріне қайтып оралып, революциялық жұмысқа белсене араласты. Азамат соғысы жылдарында Ақтөбе майданындағы батальон басқарды, Марток, Қараторғай, Жайсаң және Ақбұлақ ауылдарындағы ұрыстарға қатынасты. Орынбор азат етілген соң губерния халық ағарту комиссары, 1-Привольже бригадасы саяси бөлім бастығының орынбасары. 1919 ж. Түркістан компартиясы ОК-нің секретары әрі 1921 ж. Иранның Мешхед қаласында совет елінің бас консулы, 1924 ж. Хиджазда, қазіргі Сауд Арабиясында КСРО-ның толық праволы өкілі, 1932 -1935 ж. Қызыл профессура интитутының тыңдаушысы. Оны бітірген осң қайтадан Суд Арабиясына жұмысқа жіберледі.
## Дереккөздер |
Тайлақ Бекежанұлы (XVIII ғасырда өмір сүрген) - қазақ батыры, қолбасшы.
## Өмірбаяны
Тайлақ - шекті Бекежан батыр Айбекұлының бәйбішесі Салихадан туған үш ұлдың бірі. Кіші жүздің жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. Әбілқайыр ханмен үзеңгілес құрдас әрі ақылшы-кеңесшісі болған. 1726 жылы Ордабасы жиынында Кіші жүз жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Тайлақ жиені, Ұлы жүздің батыры ошақты Саңырықпен бірге жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Бұланты – Білеуті шайқасында, Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын басқарған. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанында Тайлақ есімі де аталады. Көрнекті түркітанушы ғалымдар В.В. Бартольд, И.Кастанье, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, М.Тынышбаев еңбектерінде де Тайлақ есімі жиі кездеседі.
Тайлақ жайында жазушылар Қ.Есенберлиннің “Жанталас” (1973), Ә.Кекілбаевтың “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984), Ә.Әлімжановтың “Жаушы” (1974), С.Сматаевтың “Елім-ай” (1978, 1980) атты кітаптарында суреттелген.
Жазушы М.Есламғалиұлы халықтың шежіре деректері мен тарихи жырлардағы мәліметтерге сүйеніп, 1729-30 жылдардағы жоңғарлармен өткен шайқастарда Кіші жүздің қолын басқарған осы Тайлақ батыр деп жорамалдайды. Тайлақ және оның ағалары Байрақ, Қайрақ туралы мағлұматтар "Қыз Жібек" дастанының Сегізсері нұсқасында, "Елім-ай" және Ж.Жабаевтің "Саурық батыр" жырында ішінара кездеседі. Соңғы жырда Тайлақтың шапырашты Саурықпен тізе қосып, қалмақтармен соғысып жүргені айтылады. Көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елеңалаң» романдарында негізінен керейт Тайлақты сюжет арқауы етіп, шешті Тайлақ туралы бір оқиға үстінде ғана әңгіме етіп өтеді. Сырым ауданы Шідерті елді мекені маңындағы Тайлақ атанған ауыл бар. Оның іргесіндегі қорым да солай аталады. Қорымның атауы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Бір шежіре жүлгесі бойынша, онда шеркештің, ал енді екіншісі бойынша, байбақтының батыры жерленген. Тағы бір дәлелден беген ауызекі деректе — қорымдағы ескерткіші жоқ үлкен обада Бекежанның, оның аяқ жағындағы үш обада балалары Байрақ, Қайрақ және Тайлақтың мүрделері жерленген делінеді.
## Дереккөздер |
Көзжетпес, Құсжетпес – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі бұрынғы арал.
## Географиялық орны, сипаты
Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде, Жыңғылдытөбе мен Қосарал аралдарының аралығында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейін ол теңіз жағасынан батысқа қарай 19 км жерде, аумағы 3 км², ұзындығы 7 км, ені 0,8 км, теңіз деңгейінен 3 – 6 м көтеріңкі болған. Құмайтты топырағында бұта, жағалауында шалғынды сораң өседі. Қазір арал құрлықпен бірігіп кеткен.
## Дереккөздер |
Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834, Жамбыл облысы, Қордай ауданы – 1910, Жамбыл облысы, Қордай ауданы) — Жетісу өңіріне белгілі шешен, би. Дулат тайпасы, Жаныс руының Қасқарау бұтағынан.
Әкесі Дәулетбақ, арғы атасы Малдыбай Жетісудағы қазақ, қырғыз жұртына бірдей аттары әйгілі адамдар болған. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған. Ресей үкіметі Ноғайбайдың беделін пайдалануды көздеп, бір жағынан оның Қоқанға қарсы соғыста көрсеткен еңбегін ескере отырып әскери шен (кейбір деректерде полковник) берген. Қордай ауданы Қарасу а-нда Ноғайбайдың күмбезі бар.
## Ноғайбай би туралы әңгімелер
### Ноғайбай би туралы әңгіме
Қырғыз Бәйтеке батыр той істеп қазақ-қырғызды шақырады. Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой. Байлар тойхана сыйын бір-бірінен асырам деп, бір тоғыздан кем алып келмейді. Үйірлеп айғыр, қоралап қой, тоғыздатып түйе әкеліп жатады. Бұл барлардың істейтіні. Ал, Ноғайбай сияқты жалғыз атты серілер не етеді? Ноғайбай мен Бәйтеке батыр құда екен. Ноғайбайда көп мал болмаған, тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырына ғана болып, сәулетті ат-тонды асыра мініп, жақсы киініп жүретін.
Нүкаң ойланып бір амал табады. Малдыбай, Қонысбай деген бай елдің түйелері Ырғайтының даласында жайылып жататын. Ноғайбай түлеп шайырға семірген өркештері баладай түйеден жігіттеріне отыз түйе айдатып, тойханаға алып барады. Бәйтеке батыр тойына келе жатқандардың алдынан даяшы қойған екен. Ол даяшылар көбінесе ақындар болады. Кімнің қанша сый әкелгенін кімнен кімнің асқанын, сол даяшы ақындар өлеңмен жариялап тұрады. Сонда Тоқтағұл:
- Асып туған, Ноғайбай,Ноғайбай болмақ оңай ма-ай?Отыз түйе ап келді,Кешіктірмей дөп келді.Бай-манаптар мақтанған,Қайтіп бұған шақ келді. Масқара болды байларың,Ноғайбайға бақ келді.Қазақтан асқан Ноғайбай,Батырға, міне, бап келді.Төрт түлік малдың төресін,Келелеп бура сап келді.
- Асып туған, Ноғайбай,Ноғайбай болмақ оңай ма-ай?Отыз түйе ап келді,Кешіктірмей дөп келді.Бай-манаптар мақтанған,Қайтіп бұған шақ келді. Масқара болды байларың,Ноғайбайға бақ келді.Қазақтан асқан Ноғайбай,Батырға, міне, бап келді.Төрт түлік малдың төресін,Келелеп бура сап келді.
Қырғыздар отыз түйені сарайға қамап, "атқа қоқи, Ноғайбайдан асып тойхана алып келген қазақ-қырғыз жоқ" деп, шулап бозаға тойып жата береді.
Ноғайбай жігіттерге айтып қойған, "таңға жақын қырғыздар ұйықтап жатқанда, сарайдың аузын ашып тастаңдар, түйелер өрісіне кете берсін" депті. Таң атқанда қырғыздар қоқилап шауып, "түйе жоқ", "түйе жоқ" десіп қалады. "Құдай ұрған Ноғайбай алдады" деп батыр Бәйтеке:
- Ау, Ноғайбай түйелеріңе кете бер деп үйретіп қойғансың ба? - депті. Сонда Нұқаң:- Менің түйе, жылқым сендерге мәлім ғой, ағайыннан сұрап айдап келіп едім, қолыңа беріп, қораңа қамап берген түйеден айрыл деген мен бе? Жоқ, болмаса, сендердің малдарыңды бағып беретін мен малаймын ба? - депті. Уәжден жеңілген қырғыздар "бұл Ноғайбайды адам баласы жеңіп болмайды,
ол біз тұрмақ шайтанды да жеңеді" депті.
### Ноғайбай би туралы әңгіме
Ноғайбай бидің даңқы Сарыарқаға жайылады. Сонау арқадан ақын Шөже жолдағы елді аралап, Бетпақдаланы басып, Байқара, Жамбыл адырларынан асып жолшыбай кездескен елдерден сұрай-сұрай "Сұлутөрдегі" Ноғайбайдың аулына келеді. Өзі соқыр кісі екен. Бір жігіт жетелеп жүреді. Ноғайбай әдеті бойынша төбенің басында, көк майсада көп адамдармен отырғанда жол жүріп болдырып Шөже келіпті. Жұрт кезек-кезек сәлемдесіп қол беріп амандасады. Бірталай бай-мырзалардан кейін Ноқаң келіп Шөженін қолын алып еді, Шөже оның қолын жібермей қысып тұрып, әндете бастапты:
Кейбіреу тілге жүйрік, бақ тимеген,Кейбіреудің бағы зор үндемеген.Қол бергеніңнен таныдымНоғайбайжан,Тізгіннен басқа ешбір дақ тимеген.
Кейбіреу тілге жүйрік, бақ тимеген,Кейбіреудің бағы зор үндемеген.Қол бергеніңнен таныдымНоғайбайжан,Тізгіннен басқа ешбір дақ тимеген.
Ноғайбайжан,
Ноғайбайжан,
Ноғайбайжан,
Құдайым, бұл Шөженің көзін алған,Көзін алып көңіліне өлең салған.Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би,Басындай Алатаудың бұлт шалған.
Құдайым, бұл Шөженің көзін алған,Көзін алып көңіліне өлең салған.Арғы атаң арғымақтай Малдыбай би,Басындай Алатаудың бұлт шалған.
Бар ма екен ер Ноғайбай сенде арман?Әселдей Байсейттің қызын алған.Келіні Құнанбайдың Арғын дегенАтағыңды есітіп саған барған.
Бар ма екен ер Ноғайбай сенде арман?Әселдей Байсейттің қызын алған.Келіні Құнанбайдың Арғын дегенАтағыңды есітіп саған барған.
Сен шықтың ҚасқарауданНоғайбай боп,Аруағың қалың орман тоғайдай боп.Қырық жылғы қырсыққандауға барсаң,Бір сөзіңмен бітеді оңай-дай боп.Атыңды бағып жүргенҚожан,Бақай,Жабысты етегіне шоқайна боп.
Сен шықтың ҚасқарауданНоғайбай боп,Аруағың қалың орман тоғайдай боп.Қырық жылғы қырсыққандауға барсаң,Бір сөзіңмен бітеді оңай-дай боп.Атыңды бағып жүргенҚожан,Бақай,Жабысты етегіне шоқайна боп.
Ноғайбай боп,
Ноғайбай боп,
Ноғайбай боп,
дауға барсаң,
дауға барсаң,
дауға барсаң,
Қожан,Бақай,
Қожан,Бақай,
Қожан,Бақай,
Сонда жұрт шулап рас Шөжеке Ноқаң осы өзін қолын ұстап тұрған кісі, апырмай, әулие екен. Қайдан таныды депті. Ноғайбай Шөжені бір-екі ай жатқызып, өлеңін айтқызып, құлақ қойып ете ықыласпен сыйлапты. Ноқаң ақынды көп қаламайтын. Атақты Сүйінбайға:
- Иә, қызыл иек, бергенді мақтап, бермегенді даттап, қайдан келдің? - дейді екен. Олай емес, Шөжеге ықыласы ауып, Әсел бәйбішеге киім тіккізіп таза киіндіріп жақсы күткізіп, ат, түйе беріп аттандырыпты.
Сонда, Шөже кеткен соң, халық Нұқа-ау, ақынға қарсы едіңіз, бір соқырды мұнша қолдадыңыз ғой дегенде, Ноғайбай:
- Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт, - деген екен.
### Ноғайбай би туралы әңгіме
Ноғайбай шешен ұлы Абаймен де кездескен деген сөз бар. Екеуі құда, жегжат боп өзара сыйласып жүрген. Абай болыс боп сайланар алдында ма, әлде содан кейін бе, бір жылдың жазында Алматыға, одан "Сұлутөрдегі" Ноғайбай аулына келіп кеткен дейді қариялар. Абайдың Алатау атырабында болуы жөнінде Кенен Әзірбаев ақын да өзінің "Аңыздар сыры" (1969) деген кітабында жазды. Этнограф зерттеуші Есім Байболов та айтып, жазып ("Жүлдыз № 9) келді. Кенен де, Есім де Абай мен Ноғайбайдың кездесіп сұхбаттасуын көне көз кариялардың айтуына сүйеніп жазған. Ол кезде Абай Жетісуға ояздық губернатордың жиын - мәслихатына келді ме, әлде Верныйда қызмет істеген баласы Әбдірахманға, әлде құда, жегжаттары Тәйті, Әпсемет сияқтылардың шақыруына немесе жеңгесі Ақмайға байланысты ма, әйтеуір Абайдың Жетісуда болуын ел осы күнге дейін аузынан тастамай аңыздайды. Біреулер Абай Жетісуда болмаған, документті дерек жоқ десе, енді біреулер. "Араласып жатқан қарға тамырлы қазақ емеспіз бе? Құнанбай кезінде Бөлтірік, Сапақ, Сары, Кебекбай билерді, Сұраншы батырды асқа, тойға, шақырғанда, Меккеге әжілікке ниет қылып сапар шегіп бара жатып Құнанбай Екейдегі Тәйті құдасынын үйіне қона жатып аттанғанда, Алатауға билік іспен Айдабол, Алшынбай, Тайкелтір билер, Шөже, Байкөкше ақындар келгенде, қызмет бабымен Әріп, Әбдірахман, Мағауия, Нұржан тағы көптеген кісілер болғанда, Абай неге келмесін?" Абайдың Жетісуға келгенде басында қар жатқан Алатауға таңырқай қарап: "Алатаудың басы күнге жақын, бірақ басында мәңгілік қар жатады. Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Жақсылыққа алыс жер, алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді"... (М. Әуезов. Абайдың өмірбаяны, Қазақ өдебиетінің тарихы. 2-т. 1961. 350-6.), деген өз сөзі де жеткілікті емес пе?!" деседі. Рас-ау, шынында. Алпысыншы жылдары Кенен ақынның жыр жинақтарын жинасып баспаға әзірлеп жүргенде, ол кісі мына бір әңгімені айтқанды. Енді соған көңіл қояйық:
- Абайдың Ақмай деген жеңгесі ме, әлде келіні ме, сонау Шыңғыстан келіп Ноғайбайға тиген екен. Ақмай әуелі Алматыда тұратын Мерқасымдағы апасының соңынан келеді. Мерқасым және Құнанбайдың жиені Әпсемет, тағы біреудер сөйлесіп оны Ноғайбайға қосады. Бірер жылдан соң Абай Жетісуға келіп Мерқасым, Әпсеметтің үйіне түскен дейді. Сәлемдесіп, танысқан соң, бір сөз иіні келгенде Мерқасымның балдызы Ақмайдың қалай Ноғайбайға қосылғанын сұрап қалады. Мерқасым өздері араласып кұда- жегжат боп жүрген Ноғайбайды мақтайды.- Жетісудағы елді жел диірмендей айналдырып тұрған ата-бабаларынан Дулаттың алдынғы қатарлы адамдары. Бұл Жетісудағы қала-далаға, қырғыз- қазаққа қадірлі адам. Бірақ орысша білмейді. Болмаса адамның кара тілді шешені. Аулы "Сүлутөрді" жайлаған. Шіркін, "Сүлутөр" десе дегендей жер- ау, мөлдір бұлақ, көк торғын құрақ, салқын сазды. Үлкенсаз, Кішісаз, Қарақия, Қасқажол. Ар жағында кырғыздар қыз алысып, қыз берісіп араласып кеткен ел ғой, - деп отырғанда, бір жігіт:
- Ноғайбай мен Шөбден батыр осы Алматыда жүр, кеше губернатор кеңселерінің алдынан көрдім. Ыскақбай үйіне қонаққа алып бара жатқан, - деді. Мерқасым жігіттен:
- Ұлыққа неге келгенін білдің бе? - деп сұрады.- Сырттан ұққаным, - деді жігіт - қырғыз Шолпанқұл манап Сібірге айдалатын болыпты. Бішкек уезінің бастығын ұрған дейді. Соны Шөбден, Ноғайбай екеуі "күнәсін кеш" деп губернатор мен жандаралға келіпті. Қадірін салып келген соң олар Шолпанкұлдың күнәсін кешіпті. Осыған байланысты Ысқақбай оларды қонаққа шақырыпты. Сарбас ақын, қырғыз Қалмырза ыршы қастарында дейді.- Рахмет жігітім, көп әңгіме айттың, - деп бәрі дуылдасып қалады. Абай үндемей тыңдап отырады.
Ертеңіне Шөбден батыр рұқсат қағазды алып аулына жүріп кетеді. Ноғайбай каладағы жолдас-жора, жекжаттарымен амандасып қайтқалы қалады.
Танертең Мерқасым Ноғайбай мен оған ере келген Әселге барып, Абайдың келіп, өз үйінде жатқанын айтады. Бастан-аяқ әңгіме нобайын түсінген Ноғайбай ең алдымен базардан бір ту бие сатып алдырды. Құнанбайдың бұрын да дабысын білетін ол Абай деген ақын да, ақылды баласы бар деп есітетін. Арғыннан Аңмайды алғалы тобықтының жағдайын толық білген Ноғайбай енді Абаймен дидарласуға бет қояды. Мерқасым Ноғайбайды Әселімен ертіп келіп, Абай отырған үйіне кіргізеді. Үйдегілер жапырылып амандасады. Абай да орнынан тұрып, Нұқаңмен құшақ жайып сәлемдеседі. Ноғайбай Абайдан үлкен, Құнанбаймен қатар кісі. Есен-амандықтан кейін Ноғайбай Абайға бұрылып:
- Ия, Абай мырза, жол болсын, мынау Мерқасымнан сіздің осы үйде жатқаныңызды естіп, сәлемдесейін деп келдім. Алатау, Алматыға келген соң бізге қонақсыз ғой, қаладан біз де, сіз де қайтқанша, дәм-тұз тата тұрсын деп сойысқа бір ту бие ала келіп ем. Онан соң Абай шырағым, біздің ауылды көріп қайтыңыз. Мынау отырған Әсел бәйбішеден дәм татып Ақмай жеңгеңе жолығып қайтарсыз, - депті. Сонда Абай:- Рақмет Нұқа, дұрыс айттыңыз, Арқадан ауа жайылып бір асылымыз мұнда, сізбен отандасыпты, сөйтіп жесіріміз теңін де, жерін де тауыпты. Аталы жерден шыққан текті ару еді. Нұқа, Ақмай жеңгем туған жерін, өскен елін аңсап Арқаға барып қайтамын десе, шаужайынан қақпаңыз, - деп күліп қояды. Екеуінің аузын бағып отырған көпшілік дуу күліп, қошемет көрсетеді. Түрлі ас, тамақ, қымыз құйылып, салтанатпен Мерқасым екеуіне бар ықылас-пейіл білдіреді. Ноғайбай Абайды "Сұлутөрге" шақырады. Сонда Абай:- Нұқа, ауылыңыз қашықтау екен, Ақмайды Алматыға келтірсеңіз, көріп қайтайын, - деп еді, Ноғайбайдан бұрын Сарбас ақын дереу домбырасының құлағын бұрап-бұрап шырқап жібереді:
Арғы атаң Өскенбай мен Құнанбайды,Тобықты "Ырғызбайлап" ұрандайды.Қазақта бірінші боп әжі барған,Өз әкең есіне алып, бір Құдайды.Меккеде тәңірге арнап үй салғызған,Туғызған кемеңгер кып бұл Абайды.Нұқаңды көрген шақта жесіріңіз.Айналып аққу қаздай шыға алмайды.Шал атын палуандай сөзі әрлі,Абайжан көңілің қалай, бұраңдайды?Бармаған шақырғанға зар болады,Құрметпен барған қонақ ұялмайды.
Арғы атаң Өскенбай мен Құнанбайды,Тобықты "Ырғызбайлап" ұрандайды.Қазақта бірінші боп әжі барған,Өз әкең есіне алып, бір Құдайды.Меккеде тәңірге арнап үй салғызған,Туғызған кемеңгер кып бұл Абайды.Нұқаңды көрген шақта жесіріңіз.Айналып аққу қаздай шыға алмайды.Шал атын палуандай сөзі әрлі,Абайжан көңілің қалай, бұраңдайды?Бармаған шақырғанға зар болады,Құрметпен барған қонақ ұялмайды.
Отырған көпшілік:
- Пәле, Сарекең тура айтгы, - деп қалады. - Абай күліп Сарбасқа, - рахмет барайын, халық шақырған жерден неге қалайын, - дейді.
Сұлутөрге бет алған қырық-елу адам Абай мен Ноғайбайды ортаға алып сырнайлатып, кернейлетіп сән-салтанатымен келеді. Жайлаудағы қалың ел таңырқап, кәрі-жас қарап турады.
Абайды әуелі Әселге түсіреді. Тай сойылып, сары қымыз құйылып Әсел де Абайды аса зор ылтипатпен құрметтейді. Әсел ару да Абайдың кермиық келбетіне, киім киісіне, жүріс-тұрысына сөйлесіне қарап, оны Жетісу адамдарымен іштей салыстырады. Абай да Әселдің бөлекше әйел екенін байқап танып, Ноғайбайға Құдайдың лайықтап қосқанына сүйсінеді.
Келесі күні Абайды Арғын апайға түсірді. Ауылы бөлек одан да түрлі қырғыз-қазақтың әдет-ғұрпын, тамашасын көрді.
Жесірінің баласы Iлиястың бетінен сүйеді. Қыздарын алдына отырғызып, еркелетеді. Қысқасы Абайды Нұқаңның балалары, ағайын-інілері кезек- кезек таласып қонақ етеді. Сұлутөрдің көк жайлауында Абай бір-екі жеті жүріп, ас-тойларды көріп, елдің салтымен танысады.
- Ноқа, жеріңіз де, еліңіз де тамаша! Байлық та, батырлық та, ақындық та халық арасында жоқ емес, бірақ жастар оқусыз екен. Байлық көзі оқу, білімде, олай болса балаларды оқыту, құнарлы жерге елді қоныстандыру керек. Сіздерде үлгі аларлық мүмкіншілік көп, Алматы мен Бішкек арасында отырсыздар. "Түбінде баянды еңбек - егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер, емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған" деп өлеңдете сөйлегенде, Ноғайбай басын изеп мақұлдапты. Абай Нұқаңнан қайтуға рұқсат сұрады. Арғын апай өзі де Алматыға шейін шығарып салмақ болады. Ноғайбай өзі де қалаға жүрмек болады. Әсел бәйбіше ішік жапты, екі жолдасына да ат-шапан берді. Еркебай аулына дейін Қасқараудың жақсымын деп жүрген адамдары Абайды құрметтеп шығарып салды. Жұлқынып тұрған үш қара арғымақ қара жолды бұрқыратып Ноғайбай мен Абайды, арғын апайды, Мерқасымды Әйелімен Алматыға карай қоңыраулатып ала жөнеледі.
Қырғыз-қазақтардың Абайды көргендері "шіркін-ай туыс осы екен" десіп, таңдай қағып қала береді. Осы кездесудін ішінде болған Ноғайбайдын досы тоқсандағы Бұғыбай қарт және ұстаз ағаларым: Еркебай Базарұлы, Сарыбас Майкөтұлы, Сәрсебай Билібайұлы, Шөжіке Оспанұлы, Төкен Байғұттыұлы, Сәлім Түлкібайұлы тағы бірқатары осылай әнгіме етуші еді.
Абай қалаға келген соң үш күннен кейін Шыңғыска қайтты. Разы болғандай, Ноғайбай сыйына көңлі толғандай түрі бар. Тағы да сәлем-сауқаттар беріп. Арғын апай да, Мерқасым да, оның әйелі де жік-жалар болып жатыр. Қаладағы арғындар келіп Құнанбайға сәлем де деп аманат айтты. Абай аттанарында Ноғайбайдың қолын алып тұрып:
Алатау асқар бел екен,Үйсін атты ел екен,Етек, жеңі кең екен.Алма-жеміс көп екен.Сұлутөр құтты жер екен.Қойны толы кен екен.Қоңыр желі Қордайдыңдертке шипа ем екен.Елден елдің кемі жоқ -- Қасқараудың көлемі,Тобықтыдай кең екен.Ерден ердің кемі жок,Ноғайбай да ер екен,бақытты бопсыз Ақмайым,Келген жерің күт екен.Артық депте кетер ем -Ел намысы дер екен.Қош сау болғын ер, Ноқа,Кіре берсін берекең,
Алатау асқар бел екен,Үйсін атты ел екен,Етек, жеңі кең екен.Алма-жеміс көп екен.Сұлутөр құтты жер екен.Қойны толы кен екен.Қоңыр желі Қордайдыңдертке шипа ем екен.Елден елдің кемі жоқ -- Қасқараудың көлемі,Тобықтыдай кең екен.Ерден ердің кемі жок,Ноғайбай да ер екен,бақытты бопсыз Ақмайым,Келген жерің күт екен.Артық депте кетер ем -Ел намысы дер екен.Қош сау болғын ер, Ноқа,Кіре берсін берекең,
деп тақпақтай жөнеліпті. Сонда Ноғайбай да:
- Рақмет, Абайжан. Ел бағына туған ер екенсің, ақылың дария көл екенсің. Әрі інім, әрі балам қатарсыз. Көпке бірдей күн болып туған ұл екенсің. Бір ауылға болысатын кісі емес, бүкіл ел қамын ойлайтын қамқор дана көрінесің. Орысша да, мұсылманша да білімің зор екен, мен де Жетісудағы елге атым бар, азды-көпті хатым бар адаммын. Бірақ арманым бар. Ол патшамен орыс тілінде еркін сөйлесе алмайтыным. Абайжан, сөге- жамандама, Ноғайбайдан сәлем де әкең Құнанбайға, арқадағы елге, - деді.- Өскенбайға ас беріп ат шабамын, деп, үш жүзге сауын айтканда менің ағам Мадияр деген он жолдасымен бұл Жетісудан озған Тортөбел жүйрікті алып барады. Сонда әкең Құнанбай бір саяткерін жіберіп "Алатаудан келген атты сынап кел" депті. Ол сыншы Тортөбелді көріп "Үйсіннің аты бір күн тынықса алдымен келеді" - депті. Сонда Құнанбай уағдалы күнге қаратпай бір-екі күн бұрын атты алысқа айдатып, бәйгені әділетсіздікпен өзі алады. Алыстан созылып барған Тортөбел ат екінші болып қалады. Онымен тұрмай "Үйсіндер атың озбады, Алатауға не деп барасыңдар" деп әжуалапты. Сонда Мадияр:Жарығы бірдей түсер күн мен айдың,Әбілез қызын алған Жамантайдың,Баласы шақырып ап зорлық қылды.Көзі соқыр деп қайтам Құнанбайдың,Үш жүзге әділ болған әз Төле би,Отеген тұқымы едім, Малдыбайдың.Тортөбелдің бәйгесі - ердің құны,Ақымызды жегізбес бір құдайым, -
Жарығы бірдей түсер күн мен айдың,Әбілез қызын алған Жамантайдың,Баласы шақырып ап зорлық қылды.Көзі соқыр деп қайтам Құнанбайдың,Үш жүзге әділ болған әз Төле би,Отеген тұқымы едім, Малдыбайдың.Тортөбелдің бәйгесі - ердің құны,Ақымызды жегізбес бір құдайым, -
депті. Мадиярдың сөзіне Құнанбай ыза болғанмен Алшынбай, Қаратай деген кісілер:
- Қой, Құнанбай мырза, - деп Мадиярларды Өскенбайдың үйіне түсіріпті. Құндыз ішік, тай-тұяқ жамбы, көп малды Құнанбай бермей қалыпты. Сол Мадияр айтқандай, Абай шырағым, "Ат - құнына, нар - пұлына" деген, Ақмай келді, ақымыз түгелденді - деп, Нұқаң әзілдеп қалжың айтыпты. Абай да уәжді жауап қайтарып екеуі айқара құшақтасып қош айтысыпты. Бүкіл ел болып Абаймен қайыр қош десіп, жолға шығарып салыпты.
## Дереккөздер |
Құртқа Сұлтанқожаұлы (1770 (кей деректе 1771 т.ж.)- 1906) - Жетісу және көршілес қырғыз еліне аты кең тараған халық емшісі
## Шығу тегі
Ұлы жүз Шапырашты тайпасы Шыбыл руының Байыс деген атасынан.
## Өмірі
Құртқа араб-парсыша оқыған. Ол ауыр науқастарды емдеп жазып, күрделі операциялар жасай білген. Түрлі шөптерден дәрі жасай алған. Қазақ-қоқан соғыстарында жара болғандарды емдеп, операция жасап, сүйектегі оқты алған. Құртқа өте ұзақ жасап, 136 жыл өмір сүрген.
## Дереккөздер |
Құрсай, Құрусай, Ташанақ – Сырдария алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Құрсай өзені Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып Сырдарияға 6-8 км-дей жетпей ежелгі Отырар қаласы тұсында тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 67 км, су жиналатын алқабы 325 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен қоректенеді. Мал мен бау-бақша суарылып, балық ауланады. Алабы - жайылым мен шабындық.
## Дереккөздер |
Ахмет Мұхамметзәріпұлы Оразаев, Құрмаши (1834 жыл, Қорған облысы, Звериноголовское - 1883 жыл, Қызылжар) - татар ақыны.
## Шығармашылық өмірі
Медреседе оқып, білім алды. Оқытушы болып жұмыс істеді. Жазушылық жұмыспен ерте айналысты. Шығыс елдерінің, әсіресе түркі халықтарының арасында тараған түрлі нұсқадағы махаббат дастандары үлгісінде, солардың тақырыбы мен идеясын және сюжетін пайдаланып, қиссалар жазды. 1874 жылы «Бозжігіт», 1876 жылы «Таһир және Зуһра» поэмаларын Қазан (қала)да жеке кітап етіп бастырды. Құрмаши бұл поэмаларды қазақ ауыз әдебиеті үлгісінде жазып, таза қазақ тілінің байлығын («Көкте күлген жұлдызым, суда жүзген құндызым», «Қырқылған бас өспек емес, анаңыз сізді екінші рет тумақ емес») мол пайдаланған. Тақырыбының шынайы сұлу махаббатқа арналуы, сюжетінде қайсыбір әлеуметтік сарындардың елес беруі және көркем де әсерлі жазылуы нәтижесінде оның поэмалары бірнеше рет қайта басылып, халық арасына кең тараған. Татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқай кезінде Құрмаши шығармаларын жоғары бағалап, оның қазақ, татар жаңа жазба әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқанын атап көрсетті.
## Дереккөздер |
Хайдар Амуоглы - Иранның жұмысшы және коммунистік қозғалысының қайраткері.
## Қызмет жолы
1898 ж. Ресей ауылдық жұмысшы партиясына кірді. 1903 ж. Иранға қоныс аударды. Мещхед қаласында кейін Тегеранның электр станцияларында жұмыс істеді. Тегеранда алғашқы ауылдық үйірме құрды. Иран революциясына белсене қатысты. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Петроградқа келді. Иран коммунтистік партиясы ОК-тің бас секретары етіп сайланды. Гилян республикасының кейбір коммунистерінің солшыл қателіктеріне қарсы батыл күрес жүргізді. Гилян республикасының сыртқы ічтер жөніндегі комиссары болды.
## Дереккөздер |
Алексей Николаевич Северцов (23.09.1866, Мәскеу,-19.12.1936,Мәскеу) - кеңес биологы, КСРО ҒА- ның академигі (1925). Н.А.Северцовтың баласы.
## Өмірі
Мәскеу университетін бітірген (1890). М.А.Мензбирдің шәкірті. 1899 жылдан Юрьев (қазіргі Тарту), 1902 жылдан Киев университеттерінде, 1911 - 30 жылдары Мәскеу университетінде профессор. Северцовтың ұсынуы және қатысуымен КСРО ҒА құрамында эволюциялық морфология лабораториясы ұйымдастырылды (1930), бұл кейін (1935) Эволюциялық морфология және палеозоология институтында (қазір КСРО ғылым академиясының А.Н.Сверцов атындағы Эволюциялық морфология және жануарлар экологиясы институты)айналды.
## Еңбектері мен зерттеулері
Сверцовтың бас метамериясы және омыртқалы жануарлардың жұп аяқтарының пайда болуы туралы еңбектері (1900,1908,1926), төменгі сатыдағы омыртқалылар эволюциясына арналған зерттеулері (1916-27) дүние жүзіне әйгілі болды. Сверцовтың - жануарлар морфологиясы эволюциясы ілімінің негізін құрушы. Ол биология және морфофизиологиялық прогресс пен регрестің даму жолдарын және оның өту бағытын, биологиялық прогреске жеткізетін ароморфоз, идиоадаптацияны анықтады. Сверцовтың зерттеулерінде ең маңызды мәселе биогенетикалық заң туралы болды. Сверцовтың - кеңес морфолог - эволюционестер мектебін құрушы.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 95 бет |
Құрбақанас – Солтүстік Балқаш алабындағы Бақанас өзенінің саласы.
## Географиялық орны
Абай облысының Аягөз ауданы жерімен ағады.
## Бастауы
Шыңғыстаудың солтүстік-батыс сілеміндегі Шақпақтастың солтүстігінен басталып, Үрпек тауы тұсында Дағанделі өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 100 км, су жиналатын алқабы 1170 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Көктемде ғана арнасында ағын болады, жазда құрғап, иірімдерге бөлініп қалады. Алабы - жайылым мен шабындық. Мал мен бау-бақша суарылады.
## Дереккөздер |
Құрқамыс — Павлодар облысы Шарбақты ауданы, Александров ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. 2019 жылға дейін қысқартылған Алексеев ауылдық округі құрамында болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Шарбақтыдан шығысқа қарай 23 км-дей жерде орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Іргесі 1921 жылы Павлодар-Құлынды темір жолын салуға байланысты қаланды. Жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен, мемлекеттік қызметтермен және жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Тұрғындар өзге елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады. Астық қоймасы, автобаза, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар.
## Дереккөздер |
Құрама (бекініс) - бекініс орны.
## Орналасу аймағы
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Түймекент ауылынан 18 км жерде, бұрынғы «Құрама» колхозының аумағында.
## Ашылуы
1936 жылы А.Н.Бернштамның басшылығымен Жетісу археологиялық экспедициясы бекіністі зерттеп, үлгісін қағазға түсірген.
## Бекініс туралы
Бекініс тік төрт бұрышты, көлемі 265*239 м. Айналасына топырақ үйген. Төрт бұрышында және дуалдың екі шетінде мұнаралардың орны бар. Батыс және шығыс жағындағы дуалдың ортасынан қақпа шығарылған.
## Дереккөздер |
Құнанша - 2 жас пен 3 жас аралығындағы түйенің еркегі.
## Шаруашылықта қолданылуы
Құнаншаны қыста шанаға, жазда арбаға жегеді. Құнанша елгезек, жүрдек келеді. Жүні жұмсақ, сапалы. Бабына түсіре білсе құнаншаны қыста ат орнына жегуге болады. Құнанша қолға тез үйренеді.
## Күтімі
Жұмысқа шаршатпай пайдаланылады және қызыл май болмас үшін таң асырады. Қыста тер қатпас үшін жабулап ұстап, суықта астына сабан төсейді.
## Дереккөздер |
Құм қырқа - қатарласа созылып жатқан қырқалы құмдар массиві.
Өсімдіктермен бекіген құм қырқаның биіктігі 10-70 м, сусыма қырқа 100-200 м келеді; ұзындығы кейде ондаған км-ге жетеді. Қазақстанда - Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысында құм қырқасы кездеседі.
## Дереккөздер |
Құс сапты аяқ - бүркітке жем беретін ыдыс.
Бүркітті семірту, түлекке отырғызу үшін оған етті жұлғызып жегізбей, турап құс сапты аяққа салып береді. Құс сапты аяқты қайың безінен, аршадан жасайды. Әдетте оның сыртқы түрі қысқа сапты ожау іспеттес, ішкі қуысы сопақша, сабында бүлдіргесі болады.
## Дереккөздер |
Қазақ халқының, аңыз әңгімелері. Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандық-тан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше.Қазақ халқының ішінде ерекше атаққа ие болған аңыз әңгімелер бірталай. Оның ішіне:
• Қырық Қыз
• Көл туралы аңыз
• Айша бибі
• Қорқыт ата
• Асан қайғы
• Ақ көйлек
• Ақ құс
• Жер Ана
• Бегім Ана
Қазақ аңыздарының түрлері
Қазақ аңыздары төрт түрге бөлінеді:• Топономикалық аңыздар- жер-су аттарына байланысты аңыздар болып есептеледі. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.• Махаббат хикаялар- аңыздарда ғашықтар сезімі жайлы жазылған. Мұндай аңыздар көбінесе ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталат. Махаббат хикаяларына Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген уақиғалары жатады.• Батырлар туралы аңыздар-бұл аңыздар елдін батыр ерлері, олардың ерліктері жайлы. Осы аңыздар қатарына сақ патшайымы Томирис, Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. • Тарихи аңыздар-тарих бетінде өшпес із қалдырған шынайы аңыздар тобы.
## Сыртқы сілтемелер |
Құмжарған – Жем алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алқабы 861 км2.
## Бастауы
Өзен Мұзбел тауының батысындағы бұлақтардан басталып, Құмжарған ауылы тұсында Жем өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы жарлы, төменгі ағысы Құмжарған құмын жарып ағады. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Ағыны көктемде 10-15 күн болады. Жазда жауған жаңбыр суларымен иірімдерге бөлініп қалады. Бақша және мал суарылады. Алабы - шабындық пен жайылым.
## Дереккөздер |
Балқадиша әні — қазақтың ұлы күйші-композиторы Ақан серінің туындысы. 1988 жылы Қайролла Жүзбасовтың құрастыруымен "Өнер" баспасынан шыққан кітабында "Балқадиша" әнінің үш нұсқасы көрсетілген. "Балқадиша" әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманқалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гаухар Әлімбекова, "Жігіттер" тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан.
## Әннің туу тарихы
Қазақ халқын өзінің әндерімен тербететін әйгілі Ақан сері Қорамсаұлы күндердің бір күні, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезінде, аты көпке мәлім, лауазымы биік кісі Ыбырайдың аулында болып жатқан шілдехана тойының дәл үстіне түседі. Серінің келіп қалғанын көрген халық Ақанға қошемет көрсетіп, дастарханның төріне жайғастырады. Алайда дастарханның киелі жерінде отырған Ақанның қасына ешкімнің отыруға батылы бармайды. Бұл ел ішінде кең тараған алып-қашпа сөздердің пайда болуының кесірі еді. Ақан сері қиялға беріліп кетіп, жын-перілермен қатысы бар екендігі туралы әңгімелер шыққандықтан, бәрі өзін жайсыз сезініп, тойдың берекесі қашқандай болды. Бірақ сол кезде Қадишаның "Ауылымызға әйгілі сері келіп қалыпты, неге бірге қосылып өлең шырқамасақ" деген сөздері естіледі. Содан кейін Қадиша қыз "Сері-ағамның жанына мен отырайын" деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып,іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Бәрі қосылып, ән шырқауды бастайды. Мереке өте қызықты өтіп жатты, бірақ Қадишаның ағалары болған жағдайды естіп, қарындасының отырған жерінен алып кетуін талап етеді. Алайда, Қадиша еш қозғалмайды, серінің де оны жібергісі келмейді, осыдан екеуінде қимастық сезімі пайда болады. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан қолына киелі домбыраны алып, сол жерде туған әнді шырқауға кіріседі.Сері Қадишаның жан-тәнінің әсемділігі туралы әндетеді. Қызының Ақанның қасында отырғанын естіген Ыбырай лезде Қадишаны қайтаруға бұйрық береді.
## Әннің сөздері
Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша! Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша! Сексен қыз керуенге шыққан кезде,Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша!Дегенде Балқадиша, Балқадиша,Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал – Қадиша! Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,Рұқсат бізден сізге, амал не, бар, Қадиша!Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге, дүние-ай, зар Қадиша! Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боларсың қандай жарға, дүние-ай, жар Қадиша! Басынан Жыландының құлағаным,Кекілін телжиреннің, шіркін-ай, сылағаным. "Кетті" деп Балқадишаны естігенде, Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным!
## Сілтемелер
* http://szh.kz/365024/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D1%88%D0%B0-%D3%99%D0%BD%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D1%81%D3%A9%D0%B7%D1%96-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA-%D0%B5%D0%B4%D1%96(қолжетпейтін сілтеме)
* http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D0%B0%D0%BD_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D1%96#.D0.A8.D1.8B.D2.93.D0.B0.D1.80.D0.BC.D0.B0.D0.BB.D0.B0.D1.80.D1.8B
* http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/978/ |
Аманғали Сегізбаев(1897, қазіргі Қостанай облысы, Орджоникидзе ауданы, Ақсу ауылы, - қараша, 1944, Кенигсберг) - қазақ кеңес журналисі, жазушы. 1927 жылдан КПСС мүшесі. Коммунистік журналистика институтын бітірген (1939). Кедей шауруа семьясында туған. 1923 жылы "Жас қазақ" журналының жауапты секретары,"Еңбектері қазақ" ауданы газетінде жауапты редактор (1930), 1924 - 42 жылы "Еңбекші қазақ" ("Социалистік Қазақстан") газеті редакциясында жауапты қызмет атқарады. Оның "Аршалы бойында" деген поэмасы ("Қызыл Қазақстан", 1926, №16), "Балшүкен" дейтін әңгімесі ("Әйел теңдігі", 1927 №5) жарияланды. "Жаңбыр соңында" (1923) өлеңі,"Ақ бата" (1927) фельетоны бар.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 97 бет |
Құмжарғансай - неолит дәуіріне жататын қоныс.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы Құмжарған жарының солтүстік-батыс жағында, 250 м жерде.
## Ашылуы мен қалдықтар
Қонысты әуесқой археолог В.И.Самодуров қарап шыққан. Құмжарғансайдан табылған тас қырғыштар, сыртына өрнек салынған көзе сынықтары оның жаңа тас дәуіріне жататынын дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Лидия Николаевна Сейфуллина (03.04.1889, қазіргі Челябинск облысы, Чебаркул-25.04.1954, Мәскеу) - орыс кеңес жазушысы. Мәскеуде жоғары педагогикалық курсты бітірген (1920). Шығармалары 1917 жылдан жарияланды. Оның Азамат соғысы жылдарындағы шындықты суреттеген повесть, әңгімелері ("Тәртіп бұзушылар"(1922),"Құнарлы жер"(1924),"Каин - Кабак"(1926)) алғашқы кеңестік реалистік проза қатарына енді.
## Еңбектері
"Виринея"(1924, бірігіп жазған) сценарийі ерекше танылып, шетел тілдеріне аударылды. Сефуллинаның "Жеке меншік"(1933), "Таня"(1934) атты әңгімелері, "Наташа"(1937) пьесасы, "туған жерінде"(1946) повесі бар. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен мараппаталған.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 105 бет |
Құмжарған – Мұғалжар тауының батысындағы құм.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. Жем өзенінің батыс жағалауын алып жатыр.
## Жер бедері
Теңіз деңгейінен биіктігі 180-250 м. Ауданы 160 км2. Құмжарған құмы 36 км-ге созылып жатыр, ені 9 км-ге жетеді. Құм төбелердің биіктігі 2-4 м. Құмжарған құмын Темір өзені мен Құмжарған өзені жарып ағады. Жер асты суы 2 м тереңдіктен кездеседі.
## Өсімдігі
Қамыс, айрауық, тал, терек, жусан, еркек шөп өседі.
## Дереккөздер |
Юзуру Ханью (жапон. 羽生 結弦 Ханью: Юзуру, ромадзи: Hanyu Yuzuru; туу. Үлгі:КүніТуған) — жапондық еркін-сырғанаушы, олимпиялық чемпион 2014 жылы в еркін сырғанау, әлем чемпионы (2014), екімәрте жеңімпаз финал Гран-при ( 2013—2014 и 2014—2015 жылдарының мерзімінде), Жапонияда үшмәрте жеңімпаз ( 2012—2013, 2013—2014 и 2014—2015 жылдарының мерзімінде), қола иегері 2012 жылғы Әлем Чемпионаты, күміс иегері төрт құрлық чемпионаты 2011 и 2013, юниорлар Әлем Чемпионаты 2010 ж. , жеңімпаз юниорлар арасында финалы Гран-при 2009—2010 жылғы мерзім, Жапонияның юниорлар разрядының екімәрте чемпионы.
## Қызықты мәлімет
* Ханью Сэндай қаласында туып өсті Такэси Хонда және Сидзука Аракава әйгілі жапондық сырғанаушылары оқыған орта мектебін бітірді.
* Астма ауруымен ауырады.
* Hi Fi camp тобының жанкүйері.
* Мәнерлеп сырғанауға апайымен бірге 4 жасында барды.
* Жапонияныі беделді жоғарғы оқуларының бірінде оқиды, Васэдада.
* Құқшынды жинақтауды ұнатады.
* Жеке өмірі туралы ақпарат жоқ.
## Дереккөздер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Юзуру Ханью
* Үлгі:Isu name
Үлгі:Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиялық чемпион (ер адамдар)Үлгі:Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы (ер адамдар)Үлгі:Гран-при финалының жеңімпазы (ер адамдар)Үлгі:Юниорлар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Әлем Чемпионы (ер адамдар)Үлгі:Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның чемпионы (ер адамдар)
Категория:Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиалық ЧемпиондарКатегория:Жапонияның мәнерлеп сырғанаушыларыКатегория:2014 жылдың қысқы Олимпиалық ойындарының мәнерлеп сырғанаушыларыКатегория:2014 жылғы қысқы Олимпиалық ойындарының Чемпиондары |
Беки Сейітәков(31.03.1914 жылы туған,Бедеркент қыстағы,қазіргі Түрікменстан, Тақты ауданы) - түрікмен кеңес жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Түрікменстан КСРО ҒА корреспондент мүшесі (1969). Ташауыз педагогикалық училищесін бітірді (1931). Көп жыл бойы халық ағарту саласында жұмыс істеді. Алғашқы шығармасы 1935 жылы жарық көрді.
## Еңбектері
Соғысқа дейінгі "От ішінде"(1940), "Аязхан"(1939) атты поэмалар жазды. "Жастық"(1938), "Біздің дәуіріміз"(1941) атты өлеңдер жинағын шығарды. Сейтақов есімі "Ауыл хикаялары" прозалық жинағымен(1948) кең танылды. "Москваның жарығы"(1956), "Замандастар"(1952), "Қыз салығы"(1958),"Ақын"(1958) т.б. повестерінде кеңестік жасампаз өмірдің шындығын жарқын суреттеді. "Туысқандар" атты тарихи романы(1-3 кітабы, 1958-65) Сейтақовты түрікмен прозиктерінің алдыңғы сапына шығарды. Сейтақов 1955-65 жылдары Түрікменстан жазушылар одағын басқарды. 6 сайлау Түрікменстан КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 95 бет |
Құмды – Ойыл өзені алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Алға мен Ойыл аудандары арқылы ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алқабы 871 км2.
## Бастауы
Құмды өзені Ақшат тауының шығысындағы қыраттықтағы бұлақтардан басталып, Сарытоғай ауылы тұсында Ойыл өзеніне құяды.
## Гидрологиясы
Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Жер асты суымен және жауын-шашынмен қоректенеді. Жаздың аптап ыстықтың кесірінен иірімдерге бөлініп қалады. Суына мал мен бақша суарылады, алабы - жайылым мен шабындық.
## Дереккөздер |
Жүсін Сейілов(1901 жылы туған, қазіргі Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы) - әнші (лирикалық тенор), термеші. Қазақ АКСР - інің еңбек сіңірген артисі (1962). 1925 жылы Ақтөбеде кеңес - партия мектебінде, 1934 жылы Алматы музыка - драма техникумында оқыды. Сейілов Қазақстанның батыс өлкесінде Мұхит Мералыұлы, Тәңіберлі Молдабай, Қызыл сияқты әнші - композиторлардың өнерін таратуда елеулі еңбек етті. Сондай - ақ Жамбыл , Нүрпейіс т.б. халық ақындарының кеңестік өмірді жырлайтын өлеңдерін жаттап, соған сай өз жанымен термелер шығарды.
## Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 106 бет |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.