text
stringlengths
3
252k
Оброк — помещиктердің басыбайлы шаруалардан заттай немесе ақшалай жинайтын салығы. Феодализмнің алғашқы сатысында оброкты азық-түліктей алған. Тауарлық–ақша қатынасының дамуына байланысты ол ақшалай оброкпен ауыстырылады. Ресейде 1861 жылғы шаруалар реформасынан кейін оброк төлеп алу ақысымен ауыстырылды. Ақша түрінде жиналатын оброк 1883 жылға дейін сақталды. ## Дереккөздер
Лаптев бұғазы — Үлкен Ляхов аралдары мен Азия материгінің солтүстік жағасы аралығында орналасқан. Дмитрий Яковлевич Лаптевтың құрметіне аталған. Лаптев теңізі мен Шығыс Сібір теңізін жалғастырады. Ені 50-63 км, тереңдігі 10-14 м. Көбіне қатып жатады.
Петр Александрович Ребиндер - совет ғалымы, физика және коллоидтық химия, молекулалық физика саласының маманы, КСРО Ғалымдар Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. ## Қызмет жолы 1935 жылдан КСРО Ғалымдар Академиясының Физикалық химия институтында дисперсті жүйелер бөлімінің меңгерушісі және 1942 жылдан Мәскеу университетінің профессоры. Петрдың негізгі жұмыстары қатты зат пен сұйық арасындағы беткі адсорбцияланған қабаттарды зерттеуге арналған. Ол дисперсті жүйелердегі түйірішік түзудің бірнеше себептерін зерттеді. ## Дереккөздер
Харитон Прокофьевич Лаптев (1700 жыл - 1763 жыл 21 желтоқсан) - теңіз офицері, Арктиканы зерттеуші орыс саяхатшысы. ## Қызметі Теңіз флотындағы қызметі 1718 жылдан басталды. 1739-1742 жылдары Екінші Камчатка экспедициясындағы солтүстік жасақтың бірін басқарды. Бұл экспедицияға С.И.Челюскин, Н.Чекин және Г.Медведев қатысты. Бұлар Таймыр түбегінің Хатанга, Пясина өзендерінің сағалары арасындағы бөлігіне сипаттама жазды. Жағалауға жақын бірнеше аралды ашып, олар жайлы түсініктеме берді. Экспедиция аяқталғаннан кейін Лаптев өз қызметін Балтық флотында жалғастырды. ## Лаптев туралы Таймырдың теңіз жағалауына, Челюскин түбегіндегі мүйіске Лаптев есімі берілді. Солтүстік Мұзды мұхиттың Лаптевтер теңізі ағайынды Лаптевтердің құрметіне осылай аталды. ## Дереккөздер
Уагиф Юсуф оғылы Рахманов - совет мүсіншісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1965 ж. [[Мәскеудегі В.И.Суриков атындағы көркемсурет институтын бітірді. 1965-1970 ж. Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. "Балғын", "Қыз бейнесі", "Спортщы қыз портреті", "Ойға шому" мүсіндері мен талдықорған қаласындағы Черкасск қорғаны батырларына, Алматывокзалындағы М.И.Калининге тұрғызылған мүсін ескерткіштердің авторы. Уагиф Юсуф оғылы Рахманов еңбектері үйлесімді әсемділікпен ерекшеленді. ## Дереккөздер
Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. ## Тарихы ### Атаулар ### АХШИ КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылды. Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы  болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылды. 1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен  Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды [4]. АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен  «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері. ### ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ 1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылды. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығарды. 1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылды. 2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілді. 1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталды. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілді, 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылды. 2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылды. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды [16]. 2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді [18]. ### Қазіргі заманы 2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті. 2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілді. 2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады. 2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді. 2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жариялады. 2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасы, 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі. ## Рейтингтердегі Университет ## Мектептер * Экономика және менеджмент мектебі * Құқық және мемлекеттік басқару мектебі * Цифрлық технологиялар мектебі * Бизнес мектебі * Гуманитарлық мектеп ## Ғылыми орталықтар * Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC). * Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI). * HR зерттеу орталығы (HRRC). * Жібек жолы істері орталығы (SRCC). * Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер орталығы (CEBR). * Data Science зертханасы. ## Серіктес ЖОО-лар Бүгінгі таңда Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларының әр түрлі формаларын ұсынатын 70-тен астам халықаралық серіктестері бар. Нархоз студенттерінің қос диплом, ERASMUS+, академиялық ұтқырлық, жазғы және қысқы мектептер бағдарламалары бойынша үш құрлықтың (континенттің) 23 еліне шетелге шығу мүмкіндігі бар. ## Кампустар Университеттің негізгі кампусы Алматы қаласының Жандосов көшесі бойында, ал екіншісі 1-микроауданда орналасқан. Нархоз университетінің Жандосов көшесіндегі кампусының аумағы қоғамдық қолжетімділікке ие. Қасбеттің (фасад) алдында саябақ бар, субұрқақ (фонтан) жұмыс істейді, Жапон бағына ие. Кампустың ішінде шағын алаң бар. Жандосов көшесіндегі кампус аумағында стадион, спорт орталығы, GRANDPOOL фитнес-орталығы, әскери кафедра орналасқан. 2020 жылы Басшылық бас ғимаратты 2022 жылға дейін қайта құрудың басталғаны туралы жария етті [20]. 2022 жылы Университет жаңа кампусының қайта құрудан кейінгі салтанатты ашылуы өтті [44]. Кампус 26 IT-зертхана, 112 аудитория мен 115 ашық кеңістік жұмыс аймағына ие. Шетелдік студенттер үшін жеке офис қарастырылған – Welcome center [45]. 2023 жылы жаңа студенттік жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жатақхананың құрылысы 2024 жылы аяқталды. Бұл 424 орынға арналған жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Студенттер үшін жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар үш адамға арналған бөлмелер, климаттық бақылау жүйесі мен тұрмыстық техникасы бар. Жеке кір жуатын бөлме, сонымен қатар әр қабатта ас үй мен жұмыс орындары, бірінші қабатта дүкен, кофехана, шаштараз, медициналық пункт, төбесінде жасыл терраса бар. ## Ректорлар * 1963 —1975 жж. — Александр Иванович Белов * 1975 — 1982 жж. — Виктор Дмитриевич Руднев * 1982 — 1988 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров * 1988-1992ж. — Василий Евдокимович Черкасов * 1992—1995 жж. — Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев * 1995—2005 жж. — Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров * 2005—2012 жж. — Әли Әжімұлы Әбішев * 2012—2014 жж. — Серік Аманжолұлы Святов * 2015—2018 жж. — Кшиштоф Рыбиньски (Польша) * 2018—2020 жж. — Эндрю Вахтель (АҚШ) * 2020—2021 — Станислав Буянский (Ресей, АҚШ) Ректор С.Г. Буянский Университеттің ұйымдастырушылық реформасының бастамашысы болды, оның шеңберінде Президент және провост лауазымдарын бір мезгілде енгізу жолымен ректор лауазымы жойылды [22]. ## Президенттер 2021— 2024 — Мирас Мұхтарұлы Дәуленов. 2024 — қ. у — Қожахмет Қанат Темірғалыұлы. ## Еншілес ұйымдар * Нархоз университетінің экономикалық колледжі * «ESF» корпоративтік қоры * «ҚЭУ-сервис» ЖШС ## Белгілі түлектер * Данияр Талғатұлы Ақышев * Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев * Қайрат Нематұлы Келімбетов * Наталья Артёмовна Коржова * Аслан Есболайұлы Мусин * Нұртай Салихұлы Сабильянов * Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев * Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов * Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин * Болат Жамитұлы Өтемұратов ## Дереккөздер
Махаббат, қызық мол жылдар — Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. "Апамның айтқандары", "Өз ойларым", "Алтын діңгек" дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді. Автор Ерболды тілші болып жүргеніндегі барлығын сынап, ал соғыста қас батыр, еңбекте ер қылып көрсетті. ## Шығарма кейіпкерлері • Ербол — шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал, шығарма басында біраз ұяң болып сипатталатын кейіпкер. • Меңтай — шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу, сабырлы, сыпайы жəне Ерболдың жары. • Майра Абаева — Ербол мен Меңтайдың курстас досы, прототипі – Майра Ыбыраева. • Жомартбек — арықтау келген, қу, Ерболдың курстас досы. • Зайкүл — өте қу, жеңіл мінезді, өз мақсаты жолында ештеңеден тайынбайтын қыз, оған қарамастан жаясында қыз жəне Ербол мен Меңтайдың курстас досы . • Тәкен — Ерболдың майдандас досы. • Қанипа — Ербол мен Меңтайдың курстас досы. • Мұхит Әуенов — прототипі – Мұхтар Әуезов, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. • Сәлима — Ерболдың уәделескен қызы. • Бүркітбай — Колхоз басшысы, Ербол уәделескен қыздың күйеуі. • Заман — Ерболдың жан досы, Тананың сүйген жары. • Тана — Заманның жары, Ерболдың досы. • Шалдуар Шалғынбаев — жағымсыз кейіпкер, менмең, мақтан сүйер, өзімшіл жан, санасуға жақсы көретін кейіпкер . • Тұмажан Ошақбаев — жағымсыз кейіпкер, тек өзін ойлайтын, өтірік сөйлейтін, арсыз жан, Меңтайдың ағасының майдандасы жəне Меңтайды алдап өзіне атастырып қойды жəне зорлады . ## Жоспар (қысқаша шолу) Соғыстан қайтқан әскер Ерболдың студенттік өмірі баяндалады • Ерболдың соғыстан қайтып студенттер қатарына қосылуы •Меңтай мен Ербол махаббатына жету үшін басынан кешкен қиыншылықтар. • Ербол мен Меңтайдың махаббаты • Отбасылық өмірі • Меңтайдың күтпеген жерден өмірден озуы ## Қысқаша мазмұны Роман Абайдың «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар? Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар» деген өлең жолдарымен басталады. Журналист, әдебиет зерттеуші және жазушы арасында махаббат туралы әңгіме ұласады. Журналист өзінің махаббат хикаясын баяндай бастайды...1945 жылдың 14 қарашасы. Ербол Есенов Алматыдағы Қазақ университетінің студенті боп қабылданады. Сол күннен бастап оның махаббат кемесіне жол табуы басталады. 33-аудиторияда Ербол мен Жомартбек жалғыз жігіттер болатын. Отыз шақты қыз ішінде қуы да, ақылдысы да, сұлуы да, өнерлісі де болады. Бірақ Ербол жанына ең жақын болғаны — Меңтай. Ол ақылы көркіне сай, сабырлы қыз. Ербол келгеннен оны «ағай» деп атап, ылғи жәрдемдесетін де осы болды. Ербол уақыт өте келе Меңтайдың ақкөңілділігіне, ақылдылығына тәнті болып, ғашық бола бастайды. Меңтай да «ағайына» ештеңе сездірмесе де, Ерболға көңілі ауып жүреді. Ербол Меңтайға өз сезімдерін айтудан сескектенеді. Оған арнап бір-екі рет өлең шығарады. Осылай біраз жыл өтеді. Курстастарының алдында Ербол біраз ашылып, мұғалімі Мұхит Әуеновтің де алдында өз өнерін көрсетеді. Соғыс жайлы, сондағы оқиғалар жайлы «Тоғжан» деген новелласын да баяндайды. Ербол өзіне сенімді де, адал достар табады. Көптеген оқиғаларды бірге бастарынан кешіреді. Аудитория ішіндегі қызықтар, сессия тапсыру — мұның барлығы студенттердің естерінде қаларлық оқиғалар. 1946 жылы өзінің жан досы, майдандас жолдасы, қаза болды деп жүрген Заманнан хат келіп, Тананы сүйіктісіне жібереді. Ал 1947 жылдың жазында Меңтай туралы адам сенгісіз жайт естиді. Тұмажан Ерболға барлығын айтып береді. Оның үстіне, Меңтайдың абырой-арын кірлеткенін мақтан тұтарлықтай сезімде айтып отырып, Ерболдың ашуына тиеді. Ол, біріншіден, аймалап, күтіп, сүйіп жүрген аруы Меңтайды кірлетті. Екіншіден, қыздарға қорғаныш болудың орнына оларды кемсітіп, қолданып, қадірін түсінбейтіндігінен. Содан ол сессиясын тапсырып, Меңтай кеткен ауылға, яғни досы Майраның ауылына барады. Сол үйде екеуі тойларын өткізеді. Аз уақыттан соң Меңтай жүкті болады. Ол жүрегінің астында Ерболдың баласын сақтап жүреді. Алайда ауруханада жатқанының 3-күні толғақ тартып, бала да, Меңтай да о дүниеге аттанады. Ербол қатты қапаланады. Оған дәрігерлер Меңтай қалдырып кеткен күнделікті береді. Ол күнделікте Меңтайдың уайымы, ойлары, Ерболды шексіз сүйетіні туралы, «Мен өліп кетсем, балама анасын есіне салып отыр» деген сөздерге толы хаттар жазады. Тана мен Заман өздерінің 4 баласының екеуін Меңтай мен Ербол деп атайды. Бұл әңгіменің ең жағымды жағы — Ербол армандаған жұмысына тұруы және, ең бастысы, махаббатқа толы жылдарын Меңтаймен бірге өткізуі. ## Дереккөздер Қазақ әдебиеті энциклопедиясы* ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ "Махаббат қызық мол жылдар" кітабы, Әзілхан Нұршайықов, Алматыкітап, 2008 жыл.
Александр Сергеевич Лаппо-Данилевский (1863 жыл 15 қаңтар, Днепропетровск облысы, Удалин ауылы - 1919 жыл 7 ақпан, Петроград) - орыстың буржуазияшыл тарихшысы. Петербург ғылым академиясының мүшесі (1899). ## Өмірі Дворян отбасынан шыққан. 1886 жылы Петербург университетін бітірген. Сол университеттің приват-доценті (1890), кейін профессоры. Феодалдық дәуірдегі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихы, орыс археологиясының тарихи методологиясы негіздері жөніндегі көп еңбектің авторы. Ғылыми қызметінің алғашқы кезеңінде тарихи процестің мемлекеттік теориясын жақтады, позитивистердің көзқарасында болды. XX ғасырдың басында неміс философы Г.Риккерттің әсерімен неоканттық позиция ұстады, тарихты марксистің тұрғыдан түсінуге қарсы шықты, субъективтік идеализмге ұрынды. Лаппо-Данилевскийдың нақтылы құжаттармен жазылған деректердің ғылыми маңызы зор. ## Дереккөздер
Невельской бұғазы — Татар бұғазын Амур көлтабанымен жалғастыратын Азия материгі мен Сахалин аралы аралығындағы бұғаз. ## Сипаттама Ұзындығы - 56 км, ең тар бөлігінің ені - 8 км. Фарватеріндегі тереңдігі - 7,2 м. Қаңтар мен Наурызға дейін қатады. Бұғаз арқылы Жапон теңізінен Охота теңізіне жолы теңіз арқылы өтеді. Г. И. Невельской есімімен аталған.
Қазақстанның су қоймаларының тізімі Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. Қазақстан аумағында 309 су қоймасы бар, оның 83-і республикалық меншікте, 191-і коммуналдық меншікте және 35-і жеке меншікте. "Қазсушар" РМК қарауында 78 су қоймасы бар, қалған 5-і сенімгерлік басқаруда. ## Дереккөздер
Ұршықбас. Ұршықтың басын (ебелегін), әдетте, ағаштан әзірлейді. Иірілетін жіптің ыңғайына қарай кейде ұршықбасты тастан да жасайды. Сол сияқты ірі қараның ортан жілігінің жамбас ұясына кіріп тұратын жұмыр басын шорт қиып алып та ұршық бас әзірлеуге болады. Ұршықбасты негізінен жіпті немесе екі затты біріктіру арқылы қолданылады. Бұл құрал арқылы арба, жіп сияқты заттарды біріктіріп тасуға болатын өте ыңғайлы құрал. ## Дереккөздер Сіз білесіз бе ? - энциклопедиясы.
Қаратөс құмдауық- құмғақшадан ірірек (45-57 г, қанатының алымы -36 см шамасында) құс. Тұмсығы – едәуір ұзын, жіңішке, аздап имектеу. Жоны – тот түстес шұбарланған қара қоңыр, томаға, бөтегесі және бауырының алдыңғы бөлігі - қара қоңыр (құстың атауы соған қарай берілген), бауырының қалған бөлігінің реңі - ақ. Қаратөс құмдауыттардың күзгі және қысқы реңі: жоны - сұрғылттау, біркелкі реңкті, бауыры-ақ, бөтегесі - сұрғылт түсті. ## Мекені Еуразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда көктемгі (наурыз - сәуір) және күзгі (шілденің аяғынан қазанның басына дейін) ұшып өту кезінде кездеседі. Ұшып жүрген жеке дарақтарын жаз бойы кездестіруге болады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қаратөс құмдауық Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2015 жылы.
Қызылтөс құмдауық- біздің елімізде кездесетін басқа құмдауықтардан денесі ірі (90 г шамасында ) құс. Қаратөс құмдауыққа ұқсас, бірақ барлығына бауырының сарғылт қызыл түсімен ерекшеленеді. Ұшып жүргенде құйрықүстінің ақ түсті болуымен де ажыратылады, өйткені қаратөс құмдауыттың құйрықүсті қошқыл реңді. Қызылтөс құмдауықтың қысқы жасануы: жоны – сұрғылт қоңыр, бауыры - ақшыл. Сібірдегі арктикалық тундра зонасында ұялайды, ал қыста оңтүстік жарты шарда қыстайды. Бұл - ең алысқа жылыстайтын құс. Қазақстанда қаратөс құмдауық және басқа құмдауықтар тобында ұшып өткен кезде кездеседі. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қызылтөс құмдауық * Қызылтөс құмдауық Мұрағатталған 8 қарашаның 2012 жылы.
Құмқұс- қаратөс құмдауықтың үлкендігіндей, алайда тұмсығы - тегіс және аздап қысқалау келетін құс. Басқа құмдауықтардан айырмашылығы - төртінші саусағы болмайды. Кейбір жүйелеуде оны жеке туысқа қосады. Бұл құстың күзгі және қысқы реңі жонында – көмескілеу шұбары бар күлгін сұр және бауыры - ақ. Күйттеу кезінде жоны және басының үстіңгі ағы – тот түсті қызылсары теңбілді қара, ал тамағы және бөтегесі – қошқыл болып келеді. ## Мекені Еуразияда және Солтүстік Американың Қиыр Солтүстік бөліктерінде ұялайды, ал қыста Африканың, Австралия мен Оңтүстік Американың оңтүстік шегіне қыстауғы ұшып кетеді. Қазақстанда тек қана ұшып өткенде кездеседі. Жекелеген дарақтары сортаң, көбінесе өсімдіксіз көлдердің жағасында ұшып жүреді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Құмқұс Мұрағатталған 8 қарашаның 2012 жылы. * Calidris alba
Жолаққанат құралай (лат. Carpodacus rosenus) — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Кәдімгі құралайдан аздап қана ірілей 30 г шамасындағы құс. Одан айырмашылығы – ересек аталығының реңі маңдайында тамағында және екі жағында күмісше жылтылдағын қызғылттау қауырсындары бар қан қызыл түсті болып келеді. Бозғылт қоңыр реңді аналығының бүкіл қауырсындарында қызғылт реңк болады. ## Таралуы Орта және Шығыс Сібірдің қылқанды орманында қоныстанады. Қазақстанда тек қана шығыс шегі Алтайда болып, желтоқсаннан ақпандға дейін кездеседі. Күміс жалтылды қызғылт аталығы және қызғылт реңкті қоңыр аналықтар қыста бұталар мен ағашарда жүреді, соның ішінде тұрғын мекенжайларда да кездеседі. Олар шығаратын қысқа, басыңқы «дзинь» немесе «сиинь» деген ысқырық шымшықтың дауысы іспеттес , ал өзге дыбыстары шөженің дауысына үйлеседі ## Дереккөздер
Елді мекендер: * Қаратұма – Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл. * Қаратұма – Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: * Қаратұма – Арал теңізінің шығысында, Қазақстан және Өзбекстан шекарасында орналасқан шығанақ.
Константин Яковлевич Рафлаьский - Қазақстан партия, совет қызметкері. ## Қызмет жолы 1919 жылдан КПСС мүшесі. Астраханьның 4 сыныптық училищесін бітірген, сондағы заводтарда әр түрлі жұмыс істеді. 1917 ж. Қызыл гвардия қатарына алынды. 1918 ж. Астраханьда Совет өкіметін орнатуға, контрреволюцияны, Деникин, Врангель, Махно әскерін талқандауға, Қырымды алуға қатысты. 1922-1933 ж. үгіт-насихат, баспасөз саласында қызмет атқарды. БКП ОК-нде редакторлар кабинетінің, мәдени-насихат, баспасөз жөніндегі сектордың меңгерушісі. Сонымен қатар "Правда" атындағы Бүкі л одақтық Коммунистік журналистика институының ректоры. 1933 ж. Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 2-секретары, 1935 ж. Батыс Қазақстан облыстық аткомының председателі. 1936-1938 ж. Қаз. ССР Халкомсовы председателінің орынбасары.1936 ж. БОАК-тің мүшесі болып сайланды. БКП қазақ өлкелік комитетінің Қазақстан Компартиясы ОК-нің Қазақстан ОАК-нің мүшесі болды, басқа да қоғамдық қызметтер атқарды. ## Дереккөздер
Қызғылт құралай (лат. Carpodacus grandis) — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Аршашыл құралайға өте ұқсас құс. Сондықтан оны көпке дейін бір түрге біріктірген. ## Таралуы Қызғылт құралай Қазақстанның оңтүстік шегіне таман Батыс Тәңіртаудың таулы жоталарында аршашыл құралайдың орнына жүретін сияқты. Піскем өзенінің басында және шатқал жотасының жартастарында кездеседі. Бұл Бостандық ауданы деп аталған, ал бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына енген. Қазір Өзбекстан Ақсу - Жабағлыға жақын Батыс Тәңіртаудың басқа шекаралық үлесккелерінде пайда болуы ықтимал. ## Биологиялық сипаттамасы ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Clements, J. F., T. S. Schulenberg, M. J. Iliff, B.L. Sullivan, C. L. Wood, and D. Roberson. 2012. The eBird/Clements checklist of birds of the world: Version 6.7. Downloaded from [1]
Қызылмойын құмдауық- дене мөлшері құмғақшадан аздап қана үлкен және реңі соған ұқсас. Негізгі айырмашылық белгісі - күйттеу кезеңінде тамағы және төлінің тат түстес қызылсары болуы. Қызылмойын құмдауыттың жұмыртқасы қалған құмдауыттардікінен түсі бойынша ерекшеленеді. Оның жұмыртқаларының түсі кірпіш түстес қызыл болып келеді. Сібірдің солтүстік-шығысындағы тундрада да орын тебеді. Ұялау орындарының негізінде теңіз жағасын бойлай ұшады. Алайда бұл құстың біздің елден ұшатын жолы соншалықты тұрақты болғанына қарамастан, қызылмойын құмдауық анда-санда басқа құмдауықтардың тобында бізде пайда болады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қызылмойын құмдауық
СүйіншітСандықбаев (1885, қазіргі Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) ауылы - 1946, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Мойынқұм ауылы) – қоғам қайраткері. Тегі дулат руының Ботбай тармағындағы Шағай атасынан шыққан. 1900 жылы ауыл молдасынан хат таныған. 1916 жылы ол Үлкен Алматы болысының басқарушысы әрі биі Байбосын Тамабаевтың бастауымен «патшаның маусым жарлығына» қарсы шығып, елді қарулы көтеріліске үндеген (ҚР ОМА, 51-қ., 1-т.). 1918 жылы өз еркімен қызылдар жасағына қосылып, О. Жандосов, О. Исаев, Т. Бокинмен бірге қазақ ауылдарын Азамат соғысының бүліншілігінен қорғап қалуға қатысқан. (ОМА, 361-к., 1-т., 170-іс). 1920 жылы Өлкелік оқу-ағарту комиссарының нұсқауы бойынша Верный қаласында ашылған облыстық қазақ педагогтарын даярлайтын 6 айлық курста оқыған. 1920 жылдан Үлкен Алматы болысының түркі бастауыш мектебінің меңгерушісі болған. 1922 жылы қыркүйек айында Алматы болыстық атком мүшелігіне кіріп, қосшы одағының төрағалығына сайланады. 1923 жылы Үлкен Алматы болысының атқару комитеті төрағасының орынбасары бола жүріп, жергілікті органдарда мектеп ашуға, мектеп комитеттерін құруға басшылық жасайды. Сондай-ақ патшалық Ресейдің отаршылық саясатымен қуаң далаға – Қараой, Жаманқұм адырына ығыстырылған қазақ ауылдарын тарихи мекендері - бұрынғы Осташкин селосына көшіреді. 1924 жылы шілде айынан бастап бұл село «Сандықбаев сләні» деп аталған. 1925 жылы мұнда жатақханасы бар үлкен қазақ мектебі ашылып, 1950 жылға дейін «Сандықбаев мектебі» деп аталып келді. Іле ауданының балалары білім алу мүмкіндігіне ие болған. 1941 жылы Жамбыл облысы Шу ауданының жергілікті ұйымдарында жауапты қызмет істей жүріп, Белбасар, Еңбек ауылдарының мектептерінде ұстаздық еткен. 2000 жылы Іле ауданындағы Шилікемер ауылындағы көшеге Сандықбаевтың есімі берілген. ## Пайдаланған әдебиет
Жетібай — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы аса ірі мұнай-газ-конденсат кен орны. Құрылым 1952-1956 жылдары белгілі болып, 1956-1960 жылдары сейсмобарлау жұмыстары және құрылымдық бұрғылау жүргізілді. Іздестіру бұрғылауы 1959 жылы басталды. Кен орны 1961 жылы ашылды. ## Географиялық орны Маңғыстау облысында, Ақтау қаласының оңтүстік-шығысында 80 км жерде орналасқан. ## Геологиялық құрылымы, сипаттамасы Кенорын Өзен-Жетібай антиклин өңірінің ауқымында құрылымдық тұрғыдан алғанда солтүстік-батысқа созылған брахиантиклиннен орын алған. Юра қабатының бірінші беті (-1620 м-лік изогипса) бойынша құрылымның өлшемдері 22,5x6,5 км, амплитудасы 60 м. Жоғарғы және ортаңғы юраның шөгінділері өнімді болып саналады. Бұларда кезектесе қабаттасқан құмтастардан, алевролиттерден және саздардан құралған 13 жатын анықталды. Өнімді қойнауқаттардағы құмтас қабатшаларының саны 2-ден 8-ге дейін өзгеріп отырады. Қиманың өнімді бөлігінің жалпы қалыңдығы 700 м-ден артады. Стратиграфиялық орны жағынан өнімді қойнауқаттар жоғарғы юраның келловей, ортаңғы юраның бат, байос және ааяен жікқабаттарына жатады. Бұларда 2 газ, 11 мұнай, 7 мұнай-газ (олардың біреуі газ-конденсат) жатыны орналасқан. Мұнай мен газ тұтқыштары түрліше болып келеді: көпшілігі қойнауқаттық, күмбездік, бірақ бұлармен қатар шомбал қойнауқаттық және қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланғандары да ұшырасады. ## Тығыздығы, құрамы Өнімді қойнауқаттардың жатыс тереңдігі 1700-2500 м. Жинауыштары кеуекті, ашық кеуектілігі 16%-дан 22%-ға дейін, өтімділігі 0,06-дан 0,234 мкм2-қа дейін жетеді. Мұнайға қаныққаны 1,3-21,2 м-ге, газға қаныққан қалыңдығы 2 -14,4 м-ге дейінгі шамаларды қамтиды. Барлық қойнауқаттардың мұнайы жеңіл және орташа тығыз (830-870 кг/м3), шайырлы (4,53-15,5%), парафині мол (17,2-25%), күкірті аз (0,2-0,28%). Асфальтендер мөлшері 0,9-3,4%. 300°С-қа дейін қайнатқанда бөлінетін фракциялар 25-42%-ға дейін жетеді. Еріген газдың құрамы: метан - 58,86-76,4%, ауыр көмірсутектер - 22-37%, азот - 1,3-5,8%, көмір қышқыл газы - 0,3-1,1%. Газды тақияның еркін газында метандық құраушы 78,6%-ға, ауыр көмірсутектер 11-18%-га тең. Азот мөлшері 0,3%-ды құрайды, тереңдеген сайын оның мөлшері азая түседі, 0,23-1,2% көмірқышқыл газы бар. Келловей горизонтында тығыздығы 689-704 кг/м3 келетін тұрақты конденсат бар. Хлоркальцийлі типті қойнауқат суының тығыздығы 1010-1080 кг/м3, минералдылығы 150 г/л-ге жуық. Суда йод, бор және бром бар. Үш жатынның режимі газарынды, қалғандарынікі - суарынды. Кен орны 1967 жылдан бері өнеркәсіптік игерілуде. ## Дереккөздер
Парвиз Яхьяев (ағылш. Parviz Yakhyayev, өзб. Parviz Yahyayev, нақты аты — Парвиз Яхьяев Ровшанович, өзб. Parviz Yahyayev Rovshanovich; туғ. 24 мамыр 1991) — өзбек фотограф, режиссер, дизайнер. ## Өмірбаян Балалық және жастық шағы Парвиз ол жасына қарамастан және тәжірибе, қаланың сәулет, жаңа көзқарас беруге, табиғатпен бірінде ғажайып атып жинау, әдемі пейзажы таба алды түрлі салаларда және шарттарда кірісті. Оның алғашқы сурет, «Менің Регистан» жарияланды атты «Самарқанд Жаршысы». Жасөспірім ол камерамен көп тәжірибе жинады. Самарқандтағы №42 Дзержинский мектебін аяқтағаннан кейін, 2008 жылы ата-аналар жас таланттарды қызығушылығын сақтап, Санкт-Петербург қаласында, теледидар, бизнес және дизайн институтында оқуға мүмкіндік берді. 2012 жылы өзі татуировкасы түрінде сіздің теле басылып жазылған жөні үйлестіре жеке логотипі «PY», дамыту. 2013 жылы Санкт-Петербургдан Өзбекстан оралғаннан кейін Парвиз атауы «PY production» бойынша Самарқанд өз студиясында ашылды. Режиссер, клипмейкер, фотограф және дизайнер табысты - Парвиз Яхьяев Өзбекстан ондығына фотографтар кірді. Жағар май материалдары «Castrol», «Jonhson & Jonhson», «Sumitomo Group», «Мақта клубы», «BMG», «Food Care Group» 2013 жылдан бастап, соның ішінде ірі өзбек және еуропалық компаниялар үшін Ташкентке жұмыс істейді. Портрет жанры Парвиз Яхьяев өздерін және фотография өз орнын табу үшін ұзақ жол болды, келген жоқ арқылы. Сән, жанрлық фото, портреттер, үйлену фотосурет, дизайн, Ол барлығын дерлік ататын бастады. Шығармашылық жұмыс Парвиз әрбір фототүсіру рахат бастап өндіреді. Оның жұмысы - бұл Парвиз ғана ақылы тапсырма емес, көңілді және демалуға мүмкіндік әуес болып табылады. Оның жұмысының мақсаты - қарапайым, ерекше емес инновациялық нәрсе жасауға. Өнер және озық адалдығын Махаббат ол енді ең күтпеген жолдармен өзбекті және ресей жұлдыздарының көтеріп, кеңінен фотограф және дизайнер ретінде белгілі болды, бұл іс жүзінде Парвиз Яхьяев әкелді. ## Бейне клиптер * 2015 Mamay Berezovskiy & MC Pak «Дружба» (in Russian language) * 2014 Daler Ametist (lead singer of Sahro Group) «То, что на душе» (in Russian language) * 2014 Daler Ametist (lead singer of Sahro Group) «Моя мания» (in Russian language) * 2013 Тимур Спб & АС – «Swagg» (in Russian language) * 2013 SeeL BP «#САЛАМНАШИМ» (in Russian language) * 2011 Eksodos & Ako Shukur «No Luv» (in Russian language) * 2009 Masta Rhyme «Tezyurar Poyezd 662» (in Uzbek language) * 2009 Masta Rhyme «El klassiko» (in Uzbek language) ## Жеке өмір 5 қазан 2014 Парвиз Яхьяев Амира Яхьяевага үйленген. Олардың бірінші отырысы өте жас, әлі күнге дейін мектепте болды. ## Кафедраның марапаттары * 2013 «Turkey Design» «Designer Substance» (2013) * 2012 «Design Of The Month For The Month (3-month)» (2012) * 2011 «Design Almaty» «Designer Of The Day» (2011) * 2009 «Interior Design Of The Year 2009» (2009) * 2008 «Photo of children's clothes» «Luxury clothing» (2008) ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * Official web site Мұрағатталған 18 желтоқсанның 2014 жылы. * Page on Facebook * Page on Twitter * Page on Instagram
Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізімі — жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтардың ауданының кему ретімен тізімі. ## БҰҰ мүшелігі — Мемлекеттер тізімі Бұл тізімге БҰҰ-ға мүше мемлекеттер туралы мәліметтер кіреді (шетелдегі иеліктері мен аумақтарын қоспағанда, өйткені олар бұрынғы метрополия орналасқан құрлықтан тыс және/немесе онымен ортақ шекарасы жоқ). Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ішінде БҰҰ-да бақылаушы ел мәртебесіне ие Ватикан мен Палестина мемлекеті БҰҰ-ға мүше емес. ## Аумағы бойынша жалпы елдер мен тәуелділіктер
Лансинг-Исии келісімі - 1917 жылы 2 қарашада АҚШ-тың мемлекет хатшысы Р.Лансинг пен Жапонияның АҚШ-тағы төтенше өкілі К.Исиидің Қытай жөнінде нота алмасу түріндегі өзара келісімі. Бұл келісім бойынша АҚШ үкіметі «Жапонияның Қытайда арнаулы мүдделері», ал Жапонияда Американың «Ашық есік» доктринасын мойындады. АҚШ Лансинг-Исии келісімінен 1923 жылы бас тартты. ## Дереккөздер
Терісбұтақ – Шағалалытеңіз алабындағы өзен, Шағалалы өзенінің оң саласы. ## Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Бастауы Зеренді тауларының шығыс бөлігінде орналасқан. Бұндағы теріс сөзі «солтүстік, теріскей» мағынасында да, ағу бағытының әдеттен тыс өзгеше болуы немесе теріс болу мағынасында да қолданылуы мүмкін. Суы салқын, егіншілік игеруге ыңғайлы. Бұл аумақтың жан-жағын егіншілік орындар алып жатыр ## Дереккөздер
Григорий Самуилович Ландсберг (1890 жыл 10 қаңтар, Вологда - 1957 жыл 2 ақпан, Мәскеу) - кеңес физигі, КСРО-ның академигі (1946). ## Өмірі 1913 жылы Мәскеу университетін бітіріп, сонда 1913-1915, 1923-1945, 1947-1951 жылдары сабақ берді. 1923 жылдан Мәскеу университетінің профессоры болды. 1951-1957 жылдары Мәскеу физика-техникалық институттың профессоры, 1934 жылдан КСРО-ның Физика институтында жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми еңбектері оптика мен спектроскопияға арналған. 1926 жылы бірінші рет кристалдағы жарықтың молекулалық шашырауын бөліп алып зерттеген. 1928 жылы Л.И.Мандельштаммен біріге отырып, жарықтың комбинациялық шашырауын шешті. Ол органикалық молекулалардың спектроскопиясын, сондай-ақ, газдағы, сұйықтағы, қатты денедегі молекула аралық және молекула ішіндегі өзара әсерлерді зерттеудің негізін қалады. Металдар мен қорытпалардың, күрделі органикалық қоспалардың т.б. спектрлік анализ әдісін жасады. Ол - белгілі оптика курсының авторы және көпшілікке арналған «Физиканың элементар оқулығы» кітаптарының редакторы, спектроскопия жөніндегі комиссияны құрушы және оның төрағасы, атомдық және молекулалық спектрлік анализ мектебінің негізін салушы. ## Марапаттары КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1941). Ол 2 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Көшкентал — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, Көшкентал ауылдық округі орталығы. Код КАТО — 193247100. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Жансүгіров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 88 км-дей жерде.Бұл жерде ағаштың түрі көп өседі. Әсіресе терек, қарағаш, түрлі жеміс ағаштары өте көп. Ұлы Отан соғысы жылдары ауып келген әр ұлт өкілдері отынның тапшылығынан сол ағаштарды тып-типыл етіп шауып, отқа жағып көп ағаштар жойылып кеткен. Орнында тұрған ағаштар қоныс аударғандай теп тегіс жазық далаға айналған. Сондықтан да бұл жерді халық “Көшкентал” деп атап кеткен. Алайда қазір ол ағаштардың орнына жас ағаштар егіліп жайқалып жатқан ауылдардың бірі. ## Халқы ## Дереккөздер
Ламий соғысы (б.з.б. 323-322) - грек мемлекеттерінің Македония үстемдігіне қарсы жүргізген соғысы. Соғысты демократиялық топтардың қысымымен Афина бастады. Оларға Фокида, Этолия және басқа да полистер қосылды. Леосфен басқарған гректердің біріккен күші Македония әскерін Ламия қаласына жасырынуға мәжбүр етті. Дегенмен, Македонияға қарсы лагерь күшінің бытырыңқылығы салдарынан гректер жеңіліске ұшырады. ## Дереккөздер
Түртпе - металдың бетіне үздіксіз сызық жүргізуге, әр түрлі өрнек салуға, кісі аттары мен түрлі сөздер жазуға арналған құрал. Түртпе деп аталуы - осы құралдың қиғаш өткір жүзі балғамен ұрған сайын металды түртіп, оның бетіне үздіксіз сызық салып алға қарай жылжып отырады.Түртпенің ұзыңдығы 8-10 см, жуандығы қарындаштың қалындығындай болады. Ол төрт қырлы болып соғылады да, сабаның саусаққа ілінетін тұсы бұрылады. Бұрала біткен тұсы саусақтан таймайды. Әр түрлі ирек сызық, өрнек салғанда саусақпен бұрап, бағдарлап отыруға икемді келеді.Түртпемен салынған өрнекті қазақ шеберлері «су жүргізу» деп атайды, яғни «су жүргізу» - өрнектің сұлбасын (арбис) қуалай сызық салу деген сөз. ## Дереккөздер
Шымшуар - әртүрлі заттарды қысып ұстауға арналған құрал. Ұсталар ұстайтын шымшуардың негізгі бөліктері - басы, білігі, сабы. Оның басы жалпақ темірді қысып ұстауға қолайлы етіп жасалады. Басы мен сабына орнатылған білік (темір) шымшуырдың ашылып жабылуын қамтамасыз етеді. Оттан шоқ алуға арналған шымшуыр жұқа темірден жасалады. Ұзын темірді дәл ортасынан иіп бүктеп, иінге жақын жерінен сақина кигізеді. Ол серпінді темірді жазылып кетпейтіндей етіп ұстап тұрады. Шымшуырды іліп қою үшін оның бүгілген жеріне темір шығыршық өткізеді.Зергердің шағын шымшуыры - ұсақ металл түйіршіктерін, т.б. заттарды қысып ұстауға қолайлы, темірден соғылған серпінді аспап. Дәнекерлеген кезде зергерлер шымшуырмен жіңішке металл сымды иіп, бүршікті қажетті орнына орналастырады. Шымшуырмен тардыан да ұсақ металл түйірлерін оп-оңай қысып ұстауға болады. ## Дереккөздер
Аманкелді Үдербайұлы Иманов (3 сәуір 1873 жыл – 18 мамыр 1919 жыл) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905 – 1907 жылдары орыстың 1-төңкерісінің азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды. ## Өмірбаян Аманкелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының №3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі – Қостанай облысының Аманкелді ауданы. Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды. ## 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге және соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Әліби Жанкелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді, бұқара халыққа пролетарлық төңкерісінің маңызын түсіндірді. ## Қазан төңкерісі Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне (Орынбор) қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы жылдарында Әліби Жанкелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырады. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті. 1918 жылы қарашада Аманкелді және Әліби Жанкелдин басқарған отряд ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак әскерінің шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде де төңкеріс жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады. ## Аманкелдіге құрмет Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Жамбыл Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Аманкелді" портреті, "Аманкелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қанапия Телжанов ("Аманкелді", "Аманкелді қызыл атты әскері") Аманкелді образын тартымды бейнеледі. ## Дереккөздер
Бақ сұлыкеш - Торғайтәрізділердің Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер тармағының құсы. ## Биологиялық сипаттамасы Тұмсығы қызғылттау, көзінің айналасында ақ шеңбері бар , орташа денелі (20-30г) құс. Бақ сандуғашының аналығы мен аталығының түстері өте ұқсас. Олардың реңі, жотасы-шұбарланған ашық қоңыр, бауыры- қызғылтсары сарғылт, тамағы- сары, басы мен жемсауы сарғыштау реңкті. ### Мекені Бұл құстың шыққан тегі- оңтүстік Еуропалық өңір, Азияға , Батыс Сібір арқылы Алтайға дейін енген. Бақ сұлыкеш Қазақстанда солтүстік жартысына дейін –Жайық аңғарыныан Ертіс және Алтайға дейін қоныстанады. Қалған орындарда тек қана мамыр және тамыз- қыркүйек айларында өзінің Африкалық – Азиялық қыстауы үшін барып, қайта оралып, ұшып өткен жылыстау кезінде кездеседі. Бұталары бар ашық кеңістікке қоныстанады. Әуені кәдімгі сұлыкештің әуені іспеттес , бірақ әдетте төрт буыннан құралған қысқа және тұрақты болып келеді. ### Өмір сүруі Ұясы жақсы жасырылып, жерге орналастырылады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқалары 11-12 күн аналығы басады, ал балапандарын ата-енелері бірлесіп қоректендіреді. Шамамен 14-15 күнде ұша бастайтынына қарамастан , балапандар көбінесе ұяны 8-9 күнде тастап кетеді. Ата-енелері балапандарды ұядан тыс кездерде де қоректендіреді. ## Дереккөздер
Қаршығарең жапалақ (лат. Surnia ulula) — ірі денелі (300-400 г, қанатының алымы - 85 см шамасында) жапалақтар тұқымдасының құсы. ## Биологиялық сипаттамасы Бауыры - үйлесімді ашық реңкті, көлденең жолақты. Көзі - ашық сары түсті болғандықтан қаршығаға ұқсайды. Түнде өмір сүреді, алайда күндіз де кездесіп қалуы мүмкін. Күйттеу кезеңінде аталықтары «улюлюлеп» қатты сайрадйды. Негізгі қорегі - тышқантәріздес кемірушілер, кейде құстарды да жейді. Сирек кездесетіндіктен және өмір сүру дағдысы айқын болмағандықтан, бұл ғажап жапалақтың ұялау әдеті туралы мағлұмат мардымсыз. Оның ағаш басына ұя салатыны белгілі, көбінесе қарғалардың немесе жыртқыш құстардың даяр ұяларын мекен етіп алады. ## Таралуы Еуразияның және Солтүстік Американың қалқанды ормандарында өмір сүреді, Қазақстанда оңтүстік-шығыстың таулы ормандарында ұялайды, Солтүстік Қазақстанның тоғайларында да ұялайды деген жормал бар. ## Дереккөздер
Қоғам — Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылдық округі құрамындағы ауыл. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан батысқа қарай 60 км-дей жерде. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 331 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 273 адам (144 ер адам және 129 әйел адам) болса, 2009 жылы 311 адамды (164 ер адам және 147 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 87 адамды (48 ер адам және 39 әйел адам) құрады. ## Дереккөздер
## Орақты Орақты - Ұлы жүз Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған ру. Шежіре деректері бойынша, Орақты Төке, Кенже, Әжіке, Көшей, Көкшекөз, Жайықбай деген аталарға бөлінеді. Орақты ұрпақтарын қазан төкересінен бұрын қазіргі Талдықорған облысындағы Мойынқұм, Оңтүстік облысындағы Алғабас ауданында мекендеген ## Дереккөздер ## Орақты Орақты - Ұлы жүз Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған ру. Шежіре деректері бойынша, Орақты Төке, Кенже, Әжіке, Көшей, Көкшекөз, Жайықбай деген аталарға бөлінеді. Орақты ұрпақтарын қазан төкересінен бұрын қазіргі Талдықорған облысындағы Мойынқұм, Оңтүстік облысындағы Алғабас ауданында мекендеген ## Дереккөздер
Қоныстану — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Көздіқара ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылына батысқа қарай 31 км-дей жерде. ## Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезіндегі ұжымдастыру саясатына байланысты қаланды. 1997 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде “Көздіқара” ӨК, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Қаракөл елтірісін дайындау пункті, т.б. мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. ## Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1566 адам (799 ер адам және 767 әйел адам) болса, 2009 жылы 1561 адамды (780 ер адам және 781 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1511 адамды (781 ер адам және 730 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелер ### Мектептер * Жаңашаруа қазақ орта мектебі — алғаш рет 1932 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылды. 1945 жылы 7 жылдыққа, 1962 жылы сегіз жылдыққа, ал 1965-1966 оқу жылдан бастап орта мектепке айналған. 1965 жылы мектеп жаңа мекенге көшті. 1976 жылы мектебіміздің типтік жобамен салынған екі қатарлы үйге көшті. * Қоныстану балалар өнер мектебі ### Мектепке дейінгі балалар мекемесі * «Қызғалдақ» балалар бақшасы ### Мәдениет үйі, кітапхана * «Самал» мәдениет үйі * Көздіқара ауылдық кітапханасы ### Денсаулық сақтау ісі * Қоныстану ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ## Діни ұйымдар қызметі * «Абай Құнанбайұлы» мешіті — 2021 жылы 25 мамырда ашылды. 200 орындық мешітте Құран оқу залы, намаз залдары және қызметкерлер бөлмесі бар. ## Елді мекендегі көшелер * Айтқали Кәдірғалиев көшесі * Амангелді Декеев көшесі * Амангелді Иманов көшесі * Аққожа Алмағанбетов көшесі * Базар Доскенжиев көшесі * Ғани Мұратбаев көшесі * Дабыс Қабесов көшесі * Қабен Кереев көшесі * Қоңыр Таңкиев көшесі * Құбаш Жағалбаев көшесі * Оразбай Қуатов көшесі ## Дереккөздер
Сарғалдақ сұлыкеш (лат. Emberiza bruniceps) — Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер тармағының құсы. ## Таралуы Орта Азия, Ауғанстанда, батыс Қытайда, Моңғолияда, солтүстік Пәкістанда кең таралған. Үндістан, Непал, Бангладеште қыстайды. Қазақстанда кең таралған, ең ашық түсті және кей жерлерде өте көп мөлшерде кездесетін сұлыкеш. ## Биологиялық сипаттамасы Сарғалдақ сұлыкештер - биік шөпті немесе бұталары бар, соның ішінде қурайлы далалы барлық жерде қоныстанып көптеген жерлердің аясын көріктендірген құстар. Аталығының өңі өте ашық түсті, жоны – қошқыл жіңішке жасылдау сарғыш, бауыры – ашық сары, басы, жемсауы және төсінің алдыңғы бөлігі - айрықша ашық қоңыр, аналығы шұбарлынған және жасылдау болып келеді. ### Әуені Әуені қарабас сұлыкештен басқа, қалған сұлыкештердің әуенінен айрықша және дыбыс қанықтығы әйгілі «сандуғаш әуенін» еске түсіреді. Әдетте әуені орыс тіліндегі «чуть-чуть-чуть три рублья не выиграл» деген сөйлем арқылы беріледі. Аталықтары көбінесе осы әуенмен тамаша құсойнақ жасап ұшады, мұндайда құйрығын көтеріп алып, қанатын аздап қалтыратады да, бұтадан бұтаға қалықтап ұшады. ### Ұясы және балапандарына қамқорлық Сарғалдақ сұлыкеш ұяларын қалған сұлыкештердің көпшілігінен ерекше жерге емес, бұталарға орналастырады. Сонымен бірге ұялау тостағаншаның сыртын үнемі жасыл шөппен құндақтайды. Жұмыртқаларының түрі де, өрнегі де сандуғаш жұмыртқасын еске түсіреді: жұмыртқалары –ақ немесе ұсақ секпілді жасылдау болып келеді. Салындыдағы 3-5 жұмыртқаны аналығы басады. Балапандарын да аналық жиі қоректендіреді , ал аталығы жеміне ұшып жүріп , сайраймен болады. Қазақстанда сарғалдақ сұлыкештер, 4 ай - сәуірдің басынан тамыздың соңына дейін кездеседі. ## Дереккөздер
Игорь Геннадьевич Арташонов (17.03.1964 жыл-19.07.2015) - ресей театр мен киноның актері. ## Биография 1991 жылы МХАТ школа-студиясын бітірді (Василий Марков курсы). Британиялық-американдық өнер академиясында (Оксфорд, Ұлыбритания) оқыған. Кинодағы ең әйгілі рөлдер - «Зона» сериалында ұрлықшы Митя Сухой және «С.С.Д.» сериалында тергеуші Сергей Топильский. ## Фильмография * 1990 — Закат — Соломон * 2001 — Нина — Егор * 2002 — Копейка — В.Высоцкий * 2002 — Две судьбы * 2002 — Марш Турецкого (үшінші сезон, серия «Секта») * 2003 - 2009 — Адвокат — Андрей Брылястов (серия «Темная комната») * 2004 — МУР есть МУР — «Рябой» * 2005 — Две судьбы 2. Золотая клетка. * 2005 — Бумер. Екінші фильм — Паха * 2005 — Зона — Митя Сухой, зэк * 2005 — Подкидной — Чичик, бандит * 2005 — МУР есть МУР 2 — Рябой * 2005 — Примадонна — Сильвер * 2005 — С Новым годом, папа! * 2006 — Большая любовь — такси жүргізуші * 2006 — Молодые и злые * 2006 — Национальное достояние — бандит * 2006 — Офицеры (телесериал) — мейрімді тіргеуші * [2006]] — Охота на пиранью — Нечаев * 2006 — Рельсы счастья — Ворон ## Сыртқы сілтемелер * http://www.imdb.com/name/nm1467875/ * http://www.ruskino.ru/art/4847 Мұрағатталған 16 сәуірдің 2015 жылы.
Николай Григорьевич Разживин - партия және совет қызметкері, генерал-майор. 1940 жылдан КПСС мүшесі. Боготол қаласындағы пойезддардың машинистерін даяарлайтын транспорт-техникалық мектепті, Өскемен педогогикалық институтын бітірді. 1940 жылға дейін Қызыл Армияда қызмет етті. 1940-1941 ж. Шымкент станциясында депо мүшесі. 1942 жылдан 1951 жылға дейін Шымкент облысы ішкі істер басқармасында, кейіннен Мемлкеттік қауіпсіздік басқармасында істеді. 1951-1954 ж. Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің Жамбыл облысы басқармасында бөлім бастығы, 1954-1960 ж. Мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облыс басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы болды. 1960-1963 ж. Қазақ ССР Министрілігі Советі жанындағы мемлкеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы, ал 1963-1970 ж. осы комитеттің Қарағанды облыс басқармасының бастығы болды. 1970 жылдан Қазақ ССР Министрлігі Советі жанындағы Мемлкеттік қауіпсіздік комитеті председателінің орынбасары. ## Дереккөздер
Сағыз сөзі мынадай мағыналарды білдіреді: * Сағыз — тағам түрі. * Сағыз — Қазақстанның батысындағы өзен. * Сағыз — Атырау облысындағы ауыл. * Сағыз — Атырау облысындағы мұнай кенорны. * Сағыз — Атырау облысындағы ауылдық округ.
Заптоцкий Антонин - чехословак және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері, Чехословакияның мемлекет және саяси қапйраткері, жазушы. Л. Запотоцкийдің баласы. ## Қызмет жолы Тас қашаушы болып істеді (1898 – 1905 жылдар). 1902 жылы Чехословак социал – демократиялық партиясына кірді. 1909 жылдан социал – демократиялық партияның маркстік сол қанаты басшыларының бірі болды. Коминтерннің 2-конгресінде партия делегациясын басқарды (Мәскеу, 1920 жыл), онда В. И. Ленинмен кездесті. Желтоқсан саяси стачкасын (1920 жылы) ұйымдастырушылардың бірі, Кладно революциялық комитетінің председателі болды. Чехословакия Коммунистік партиясын (ЧКП) құруда маңызды рөл атқарды. Чехословакия Коммунистік партиясы құрылған кезден бастап ( 1920 жылы мамыр) ОК мүшесі, 1922 – 25 жылы Чехословакия Коммунистік партиясының Бас хатшысы. Коминтерннің 6 – конгресіне қатысты. Соңғысында КИАК мүшесі болып сайланды. Чехословакия Коммунистік партиясына тыйым салынғаннан кейін (1939 жыл қазан) оның астыртын ОК-нің мүшесі. Гитлершілдер тұтқындап (1939 жылы 11 сәуір), түрмеге жапты, лагерьде ұстады, онда ол астыртын жұмыстарға қатысты. Ел азат етілгеннен кейін (1945 жылы) Кәсіподақтар Орталық Советінің председателі (1950 жылға дейін), Чехословакия Коммунистік партиясы ОК Президиумының ( 1945 – 54 жылы Саяси бюросының) мүшесі болды. 1948 жылдан 1953 жылдың наурызына дейін үкімет председателі, 1953 жылдан республика президенті. Заптоцкий – жұмысшы қозғалысы жөніндегі көптеген мақалалардың, чех пролетариатының революция қозғалысына арналған хроникалық романдардың авторы. ## Дереккөздер
Нәзіктұмсық бозторғай (лат. Calandrella acutirostris) – Қазақстандағы торғайтәрізділер отрядына жататын бозторғайлар тұқымдастардың кіші бозторғайар туысының 4 түрінің бірі. ## Таралуы Нәзіктұмсық бозторғай жазықтықта өмір сүретін өз туысының басқа бозторғайларынан ерекше таулы даланы игереді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы аумағына ұласқан орындар Батыс Тәңіртауда ұялаған нәзіктұмсық бозторғайлар кездеседі. ## Биологиялық сипаттамасы Оның өзге туыс өкілдерінен айырмашылық ерекшелігі - тұмсығы ұзын және жіңішке, оны ұшып жүргенде де жақсы байқауға болады. Дауысы, әуезі және мінез-қылығы - кіші бозторғайлар типтес. Нәзік бозторғайлардың ұясы едәуір қалың қабырғалы және жылы қалыпқа келтірілген дейтін мәліметтер бар. Мұны аталған суық климатты таулы жерлерде тіршілік етуімен түсіндіре аламыз. Нәзіктұмсықтылар да басқа бозторғайлар секілді дала өсімдігінің тұқымы мен бунақденелілерді кезектестіріп қоректендірді. Балапандарын тек қана жануартекті жеммен – бунақденелілер және басқа жәндіктермен (өрмекші, құрт, дымсақтармен) қоректендіреді ## Дереккөздер Category:Calandrella acutirostris
Мүйізді немесе құлақты бозторғай – торғай тектестер үшін дене пішіні орташа құс.(салмағы 30-40гр).Қазақстандағы құлақты бозторғайлардың жалғыз өкілі. ## Сипаттама Ерекше сұр түсті және көзіне дейін ақ тамағының айналасында қара сақиналары, төбесінде қара түсті “мүйіздері бар”. Мүйізді бозторғай өсімдігі аз, құрғақ тасты жерлерде тіршілік етеді. Бұл сымбатты , әдемі , орташа денелі (30-40г) бозторғай ерекше боялған. Жоны-әлсіз шарап түсті қызғылт реңкті біркелкі сұр, бауыры- бозғылт ақ түсті. Төсінде- қара таға немесе алқымын шектейтін қара сақина ( солтүстікте, тундрада өмір сүретіндердің) алқымы- сары. Ақшыл түсті төбсінде қара қауырсындардан ұшталған "құлағы" бар. Тәңіртаудың биік тауларында өмір сүретіндердің алқымын айналатын қара сақина болады. Бұл түрше атауы бозторғай- ақақыл бозторғай. ## Мекені Қазақстанда 2 түрлі қоныстану орны: жазықтықта шөл мен шөлейт және теңіз деңгейінен 3 мың метр биік тауларда ұялайды. Сонымен қатар бізде Тундрадан келген бозторғай қыстайды. Альпі белдеуінде ұялайтын мүйізді бозторғайда тамағының айналасында ашық түсті тұйық қара сақинасы бар.Қазақстан жазықтығы, дәлірек айтқанда еспубликаның орталық бөлігіндегі тау жұрнақтарының тасшақпақты далалық және шөлейт ауқымындағы үлескілер- қлақты бозторғайдың қазақстандық түршесі өмір сүретін орындар. Оның алқымындағы қара теңбіл ұштары тұйықталмаған таға тәрізді болады. Сары алқымды бозторғайлар тундрада өмір сүреді және Қазақстанға қыста ұшып келеді. Өзге бозторғайлар сияқты құлақты бозторғай жақсы сайрайды, тек қана көбінесе ауада ұшып жүріп емес, жерде сайрайды. Оның дауысы едәуір жоғары . ## Ұялауы Ұясын жерде шұңқырда салады, ішіне шөп, сонан кейін мамық жүн төсейді. 2-4 қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы басады, аталығы өте сирек ауыстырады. Балапандарын екеуі де асырайды. Ұялау кезеңі –ұя салғаннан балапан ұшырғанға дейінгі уақыт, 30 күнге созылады. Сондықтан кейде екінші рет балапан шығарады. Жәндіктермен және өсімдік дәндерімен қоректенеді. Жұптасып өмір сүреді, жерді шұңқырлап, ұя жасайды, көбінес далада өскен шөптердің сабағымен мардымсыз жапқан болады. Әдетте аталығы аналығына жұмыртқа басуға жәрдемдеседі, салындыдағы 2-3 бозғылт теңбілді жұмыртқа салады; балапандарын екуі бірлесіп қоректендіреді. Ұялау соңынан үлкен топ құруға жиалып, Қазақстанның оңтүстік облыстарында , Тәңіртау та бөктеріне дейін қыс бойы жылыстайды. ### Дереккөздер
Надежда Николаевна Ладыгина-Котс (1889 жыл 18 мамыр, Пенза - 1963 жыл 3 қыркүйек, Мәскеу) - кеңес зоопсихологы, салыстырмалы психология саласындағы маман, биология ғылымдарының докторы, РКСФР-дің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1960). ## Өмірбаяны 1913 жылы Мәскеудегі Дарвин музейі жанында зоопсихология лабораториясының негізін қалады, соның меңгерушісі болды. 1917 жылы Мәскеу университетін бітірген. 1945 жылдан өмірінің аяғына дейін КСРО ҒА Философия институтының аға ғылыми қызметкері. Оның негізгі еңбектері маймылдың психикасы мен мінез-құлқын зерттеуге арналған. Ладыгина-Котс еңбектерінің зоопсихология, антропология мәселелерін зерттеудегі мәні зор. Ленин орденімен марапатталған ## Дереккөздер
Шалғындық бозторғай (лат. Alauda arvensis) — Қазақстандағы шалғындық бозторғайлар туысының екі түрінің біреуі. ## Сипаттамасы Дене мөлшері орташа (35-45г), бозторғайға тән үйреншікті реңі бар, адамдардың көпшілігіне белгілі, кең тараған бозторғай түрі . Адамдар шалғындық бозторғайлардың үнін ғана нағыз бозторғайдың сайрауы деп санайды. Оған қазақ халқы «бозторғай» деп ән арнаған. Әуелеп тұрып, аспанға жоғарылай-жоғарылай ұзақ сайрап, көзге көрінбей кетеді. Сайрағаны өте әдемі- сыңғырлата үздік-үздік шырылдап, ұзақ сайрайды. Оның әуезі бірін-бірі қайталамай , тұтастығын сақтайды. Жұбымен жүрді, бір жазда екі ұяға жұмыртқалап, 2 рет балапан өргізеді. Ұясы- құрғақ шөп төселген шұңқыр жер. Балапандарды бір жарым аптаға жуық жемдеп, балапандар ұядан шығып жүрен кезде тағы бір апта қоректендіреді. Қазақстанның оңтүстігінде бұл құбылыс сәуірде байқалады. Олар қыркүйек-қазанда Қазақстанды тастап, қыстаудан ақпан-наурызда оралады. Қыс жалы болғанда шалғындық бозторғайлардың шағын бөігі Қазақстанның нағыз оңтүстігінде жән Өзбекстанда қыстап қалады. ## Дереккөздер
Сор бозторғай (лат. Alaudala cheleensis) — Торғайтәрізділердің Бозторғайлар тұқымдасының Кіші бозторғай тегінің құсы. ## Сипаттамасы Сор бозторғай Кіші бозторғайлардың барлық топтарының ішіндегі ең ақшыл түсті түрі. Қауырсын жамылғысының ақшал түсі оны осындай ақшыл сортыңда топырақ түсімен үйлесіп , жақсы жасырынуға мүмкіндік береді, Бұл бозторғай батыста үстүрттің сортаң шөлінен бастап, шығыста Алакөл қазаншұңқырына дейін қоныстанады. Өте ақшыл түстен басқа сор бозторғайлардың қызғылтсары түстілері де кездеседі. Тіршілігі басқа кішкене бозторғайлардікі сияқты, тек қана аз зерттелген. ## Дереккөздер
Қазақ тілінің батыс диалектісі — Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында, Қостанай және Қызылорда өңірлерінің кей аудандарында таралған қазақ тілінің негізгі үш диалектісінің бірі. Қазақстанның батыс облыстары мен олардың төңірегіндегі көрші мемлекеттердегі қазақтардың тілін зерттеушілер бөлек диалект ретінде қарастырғанымен, қазақ тілі диалектілерінің арасында азғантай ғана айырмашылық бар, тіпті көп уақыт бойы қазақ тілінде диалектілердің бар-жоғы таласты мәселелердің бірі болған. Қазақ тілінің таң қаларлық біркелкілігінің себебі осы тілде сөйлейтіндердің мобильділігімен (көшпелі өмір салты) түсіндіріледі. Қазақ тілінің батыс диалектісі осы өңірдегі қазақтардың басқа қазақтардан ажырап, ру-тайпа болып бірігуінің кесірінен пайда болып, өзіне татар, башқұрт, ноғай және оғыз тілдерінен көптеген сөздерді сіңірген. Сәрсен Аманжоловтың пікірінше, батыс диалектісі бағзы заманда Арал және Каспий теңіздері мен Жайық, Ор өзендерінің жағасында көшіп-қонып жүрген үлкен Алшын тайпасының тілінен пайда болған. Бұл тайпа ертеден-ақ басқа қазақтардан оқшауланып өмір сүрген, XVII ғасырдың басына дейін Ноғай ордасының құрамында болған. Батыс диалектісінің басты ерекшелігі — оның құрамында басқа диалектілер жоғалтып алған қазақ тілінің ескі белгілерінің сақталуы мен батыс қазақтары қарым-қатынас ұстаған халықтардың тілдерінен енген сөздер. ## Дереккөздер ## Қолданылған әдебиет * С. А. Аманжолов Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Часть 1 — Алма-Атинский гос. педагог. ин-т им. Абая, 1959. * Калиев Г. А., Ш. Ш. Сарыбаев Қазақ диалектологиясы — Алматы: Ана тілі, 1991. — 200 б. * Сборник материалов IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование — 2014» — ЕНУ им. Л. Н. Гумилёва, 2014. — ISBN 978-9965-31-610-4. * Айтбаев У. А., Абдрахманов С. А. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі — Алматы: Арыс, 2008. — 800 б.
Евгений Николаевич Алексеев  (22 наурыз 1919 — 2005) - кеңестік баскетболшы және баскетболдан жаттықтырушы. ## Мансабы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Үш жасында жетім болып қалған. Балалар үйінен кейін оны алыс туынқандарының отбасы қабылдаған. 1935 жылы мектеп бітіргеннен кейін Мәскеулік азық- түлік комбинатында темір ұстасы болып жұмыс атқарған. 1939 жылы институттың дене шынықтыру бапкерлерінің мектебін бітірген. Ол “Локомотив” тобында ойнаған, осы топтың құрамында 1937 жылы КСРО-ның бірінші клубтық чемпионатына қатысқан, қола жүлдегер атанған, кейін 1938 жылы күміс жүлдегер, ал 1939 жылы КСРО-ның чемпионы атанған . 1940 жылы ЦСКА-ға көшкен. Майданда Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Қызыл жұлдыз орденіне ие болған. 1944 жылы КСРО-ның баскетболдан чемпионаттарын жаңартқан, 1945 жылы Тбилиси ЦДСА алғашқы рет КСРО-ның чемпионы атағына ие болған. 1947 жылы Прага қаласында КСРО-ның құрамасы алғашқы рет Еуропа чемпионатына қатысқан. Чемпионаттың соңында кеңестік баскетболшылар қожаларды жеңген, яғни Чехославия құрамасын басып озып жеңімпаз атанған. Осы маңызды жеңістен кейін КСРО-ның спорт шебері атағын құраманың капитаны Евгений Алексеев алған. 1949 жылы Мәскеулік әскери округінің авиациясының басшысының және спорттық мецент Василия Сталиннің қалаулары бойынша ЦДКА тобы толық құрамымен ВВС МВО клубына ауысқан және мемлекеттегі басқа клубтардың ойыншыларымен жақсартылған. Осы топтың құрамында келесі төрт жыл бойы Алексей қола жүлдегер атанған (1949-1950), вице-чемпион (1951) және КСРО-ның чемпионы (1952), 1950 және 1951 жылдары КСРО Кубогінің финалисті. ### Бапкерлік мансабы 1953 жылы Е.Н. Алексеев спорттық карьерасын аяқтаған, бір жылдық үзіліспен қызметін босатқанша, 14 жыл бойы ЦСКА ерлер командасының бас бапкері болып қызмет атқарған. Оның басшылығымен ЦСКА алты рет КСРО чемпионы болған, екі мәрте Еуропалық чемпиондардың Кубогін ұтқан. Оның алғы ойыншылары Мәскеу құрамасында болып, екі мәрте КСРО халықтарының Спартакиадаларында жеңіске жеткен. ## Сыртқы сілтемелер * Е. Н. Алексеев
Заһира Ержанова (1926, Шиелі кенті) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1958), Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1974). Зейнеткерлікке шыққанға дейін туған ауылында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. КСРО, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1962). Ленин орденімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. ## Дереккөздер
Социалистік Еңбек Ері (орыс: Герой Социалистического Труда) — шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атақ - Социалистік Еңбек Ері белгісін алған еңбеккерлер. Бұл атақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 27 желтоқсанындағы Жарлығымен бекітілген. ## Социалистік Еңбек Еріне тапсырылатын КСРО-ның ең жоғары наградалары * Ленин ордені * айырықша үздік белгісі - "Орақ пен Балға" алтын медалы * КСРО Жоғары Советі Президумының Грамотасы Жаңа еңбек қаһармандығын көрсеткені үшін Социалистік Еңбек Ері - Ленин орденімен, "Орақ пен Балға" алтын медалімен екінші рет наградталды. Социалистік Еңбек Ері атағына екі мәрте ие болған адамның туған жерінде немесе КСРО Жоғары Советі Президумының шешімі бойынша басқа жерде оның қола бюсті орнатылды. 1986 жылдың қыркүйегіне дейін ҚазКСР-інде 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. ## Екі және үш мәрте Социалистік Еңбек Ерлері * Н. Алдабергенов (1948, 1958) * Н.Н. Головацкий (1966, 1984) * Ы. Жақаев (1949, 1971) * Н.А. Кузнецов (1975, 1979) * Д.А. Қонаев (1972, 1976, 1982) * Ж. Қуанышбаев (1948, 1958). ## ҚазКСР-нің Социалистік Еңбек Ерлері ### 1943 жыл * Асаинов Ж. ### 1947 жыл
Евгений Михайлович Лавренко (1900 жыл 11 ақпан, Харьков - 1987 жыл 18 шілде, Ленинград) – кеңес геоботанигі және ботаник-географ. КСРО ғылым академиясының академигі (1968). ## Еңбек жолы Харьков университетінің жаратылыстану бөлімінде оқыған. Харьков ботаникалық бағында 1929 жылдан Харьков ауыл шаруашылығы институтында (1931 жылы профессор), 1934 жылдан КСРО ғылым академиясының ботаника институтында жұмыс істейді. Бүкіл одақтық Ботаника қоғамының президенті. Моңғолия, Қытай, КСРО далалары мен шөл өңірлерінің өсімдігін зерттеген. Еуразия, Солтүстік Африканың шөл, дала аймақтары өсімдіктерінің картасын жасаған. ## Марапаттары КСРО ғылым академиясының В.Л. Комаров атындағы сыйлығын 2 рет алған. 2 рет Ленин ордені, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені және медальдармен наградталған. ## Дереккөздер
Семен Ульянович Ремезов (1642, Тобыл, Орыс патшалығы – 1721 жылдан кейін) – Ресей географы,. картографы, тарихшысы, архитекторы. Тобыл қаласында тұрып, Сiбiрдiң картасын жасап, тарихын жазды. Ремезов үлкен форматты 23 картадан тұратын орыстың тұңғыш географиялық атласы – «Сiбiрдiң сызба кiтабын» (1699–1701) жасаушы ретiнде белгiлi. Атласта Сiбiр туралы XVII ғасырдың аяғына дейiн жинақталған географиялық мәлiметтер (сызбалар, сипаттама түрiндегi қолжазбалар, елшiлердiң жазбалары, т.б.) қорытылды. ## Өмірбаяны 1682 жылы мемлекеттік қызметке түскен. Бүгінгі Қазақстан аймағынан шабуыл жасаған көпшенділермен, сондай-ақ вогулдармен, сібір татарларымен болған шайқастарға белсене қатысқан. 1689 жылы тобыл воеводасы А.П.Головинге емтихан тапсырып, тәжірибесі мол сызбашы ретінде белгілі бола бастайды. Сібірдегі тастан қаланған тұңғыш Кремльдің архитекторы мен құрылыс жұмыстарының басшысы қызметін атқарған. 1703 жылы ұлы Леонтимен бірге құрастырылған «Кунгур қаласы жерінің сызбасы» атты еңбегі жарық көрді. 1703 жылғы жұмыс сапары кезінде Кунгур үңгірін зерттеген. Ремезов туралы соңғы ақпараттар онымен 1720-1721 жылдары кездескен неміс ғалымы, саяхатшысы Д.Г.Месершмидтің және тұтқынға түскен швед офицері Ф.И.фон Страленбергтің еңбектерінде орын алған. ## Сібірдің хорографиялық кітабы (1697-1711) Бұл кітаптың тарихы әлі күнге дейін белгісіз. Кітап I Петрге арналғанымен, оның қолына табыс етілген жоқ. Хорографиялық кітаптың түпнұсқасы көне актілер архивінде XX ғасырдың басында ғана табылған. Ұзақ жылдар бойы кітап жоғалған болып саналғанымен, 1958 жылы қолжазба Амстердам қаласында фототипия түрінде жарық көрді. 1956 жылдан бері Гарвард университетінің Хоутон кітапханасында сақтаулы. 1990 жылдардың ортасынан бастап ғалымдар Хорографиялық кітаптың жеке беттерін зерттеуде. Археологтар мен этнографтардың мәлімдеуінше, Хорографиялық кітап Ремезовтың өзге екі атласына қарағанда толыққанды ақпарат көзі болып табылады. ## Сібірдің сызба кітабы (1699-1701) «Сібірдің сызба кітабы» (орыс. «Чертежная книга Сибири») - Ресей тарихындағы XVII ғасырда орын алған географиялық ашуларды қамтитын тұңғыш еңбек. 1696-1697 жылдары Тобольск, Иркутск және т.б. қалаларда Сібірдің әр түрлі аймақтарының карталары дайындалды. Батыс Сібірдің сұлбалары мен сібір өзендерінің атласын Ремезовтың өзі құрастырған. 1699-1701 жылдары 3 ұлымен бірге «Сібірдің сызба картасын» дайындау жұмыстарын жүргізген. Кітап карталары градустық торсыз жасалып, солтүстікке емес, оңтүстікке бағытталған. «Бүкiл сусыз және жолсыз тастақты даланың сызбасы» деген картада тұңғыш рет бүкiл қазақ жерi (орыс. «Земля Казачьи орды») бейнеленген. Онда өлкенiң барлық iрi өзендерi мен көлдерi, басты тау жоталары, керуен жолдары, қираған қала орындары түсiрiлiп, қоныстанған халықтардың аттары аталған. Сызба қазақ жерi үшiн арнайы жасалған тұңғыш географиялық карта ретiнде құнды. Атластың бірінші басылымы 1882 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрді. Атластың жариялануының 300-жылдығына орай Ресей мемлекеттік кітапхана Геодезия және картографияның федералды қызметімен бірлесіп, еңбектің факсмильді нұскасын шығаруға шешім қабылдады. 2003 жылы 2 томдық «Сібірдің сызба кітабы» 1000 дана көлемінде басылып шықты. Оған қоса 50 дана шамасында коллекциялық басылым жарық көрді. Кітапта келесі қалалардың айналасындағы аумақтар ұсынылған: * Тобольск * Тара * Түмен * Туринск * Пелым * Томбы * Красноярск * Иркутск * Якутск және т.б. ## Кунгур жылнамасы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында дайындалған сызбалар мен карталардан, автобиографиялық мәтіндер мен проектерден тұратын қолжазбаның түпнұсқасы Ресейлік ұлттық кітапханада сақтаулы. 1734 жылы Г.Ф.Миллердің Сібірге жасаған тұңғыш экспедициясы кезінде сатып алынып, Петербургке жеткізілді. 10 жылдан кейін Ғылым академиясының кітапханасына тапсырылды. Қөпшілік ұмытқан бұл туындыға 1911 жылы Қоғамдық кітапхананың қолжазба бөлімінің қызметкері И.А.Бычков назар аударған. Бычковтан кейін жылнаманы зерттеумен А.И.Андреев, Л.А.Гольдберг айналысқан. Жылнамадағы 154 мақала Е.И.Дергачева-Скоп және В.Н.Алексеевпен заманауи орыс тіліне аударылып, 2006 жылы Верона қаласында (Италия) 4 томдық жинақ ретінде жарық көрді. ## Естелік * 1993 жыл - Тобыл қаласындағы мүсіннің орнатылуы (мүсіншісі О.К.Комов) * 2010 жыл - Түмендегі ескерткіштің орнатылуы (авторы И. Г. Минулин) * 2010 жыл - Түменде «Ремезов» отелі ашылды * 2021 жыл - Тобыл әуежайына Ремезовтың есімі берілді ## Мәдениеттегі бейнесі * Семён Ульянович Ремезов А.В.Ивановтың «Тобыл» (2017) атты романындағы басты кейіпкелердің бірі. ## Әдебиет * Баньковский Л. В. История и экология: очерки об истоках исторической гидрогеографии. Монография. — Соликамск: РИО ГОУ ВПО «СГПИ», 2008. — 356 с. — 41,4 п.л. — ISBN 5-89469-047-1. Часть I. «Ремезов: рек великих и средних, знаток и озёр неизчётно» * Гольденберг Л. А. Семён Ульянович Ремезов: Сибирский картограф и географ. 1642 — после 1720 г. — М.: Наука, 1965. — 263 с. * Гольденберг Л. А. Изограф земли сибирской: Жизнь и труды Семена Ремезова. — Магадан, 1990. — 398 с.; ил. — «Чертёжная книга Сибири». — С. 190—200. * Гольденберг Л. А. Семён Ульянович Ремезов // Творцы отечественной науки: Географы / Отв. ред. и сост. проф., д-р геогр. наук В. А. Есаков; Редколл.: В. М. Котляков, Э. М. Мурзаев, А. В. Постников, А. Э. Каримов (отв. секр.); Институт истории естествознания и техники им. С. И. Вавилова РАН. Московский центр Русского географического общества. — М.: АГАР, 1996. — С. 5—20. — 576 с. — 5000 экз. — ISBN 5-89218-007-7. (в пер.) * Зиборов В. К. Ремезов Семён Ульянович // Словарь книжников и книжности Древней Руси. Вып. 3, ч. 3. СПб., 1988. — С. 195—196. [1] * Соколов И. Ремезов, Семён Ульянович // Русский биографический словарь. СПб., 1913. — с. 48-50. [2] * Шибанов Ф. А. О некоторых аспектах картографии России допетровского времени (XVI—XVII вв.) и роли С. У. Ремезова в истории русской картографии // Вестн. Ленинград. ун-та, 1968. — № 18. Геология и география. — Вып. 3. — С. 127—130.
«Өнер өнер үшін»  (фр. l'art pour l'art) — көркемөнердің саясат пен қоғамдық талап - тілектерге бойұсынбай, "тәуелсіз" болуын жақтайтын эстетикалық концепция. Алғашқы рет «Өнер өнер үшін» деген сөйлем Франция басылымдарында 1833 жылы пайда болған, алайда бұл концепйияны танымал еткен мадам де Сталь өзінің «Германия жайлы» (1813) атты эссесінде және Виктор Кузен (1792—1867) Сорбоннада оқыған философиялық лекцияларында жариялаған. Бұл концепцияның жақтаушысы Теофиль Готье болды, өзінің «Мадемуазель де Мопен» (1835) романының кіріспе сөзінде осы коцепция туралы айтқан. "Өнер өнер үшін" идеясы 19 ғасыр ортасында теорияға айналды. Ол көбінесе буржуазиялық қоғамдық қатынастардадағы меркентелизмге қарсы әрекет ретінде пайда болды. 19 ғасыр аяғында бұл концепция бірден эстетизмге бой ұрды және адамгершілікке симайтын идеяларды уағыздады. Біздің заманымызда ол идея эклектикалық эстетика теорияларының қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде "Өнер өнер үшін" идеясы 19 ғасыр аяғында (Шәңгерей Бәкеев шығармаларында) және XX ғасыр басында (М.Жұмабаев, Б.Күлеев туындыларында) бой көрсетті ## Дереккөздер
Рахым Пірмұхамбедов - өзбек совет актері, КСРО халық артисі (1967). 1945 жылдан КПСС мүшесі. ## Қызмет жолы Шығармашылық жолын 1918 жылдан бастап, Самарқан, Наманган т.б. өбек театрларында қызмет етті. 1930 ж. Мәскеудегі драма студиясын бітіргеннен кейін Өзбек драма театрында актер болды. 20 жылдардан бастап оның шығармашылығы өзбек кино өнемрімен тығыз байланысты. Негізгі рольдері: Крамхан, милиционер Рахым, әмір күзетішісі, Табиб, Ғияс қожа, тексеруші-парақор, Ақсақ әмір т.б. ## Дереккөздер
Ефим (Евфимий) Васильевич Путятин - орыс мемлкет қайраткері, дипломат, граф, адмирал, генерал-адъютант. ## Еңбек жолы Теңіз кадет корпусын бітірді. 1827 ж. Набаринск шайқасына, 1838-1839 ж. Кавказ жағалауында таулықтарға қарсы соғыс қимылдарына қатысты. 1842 ж. Иранға жіберілді. 1852-1855 ж. "Паллада" фрегатында Жапониямен дипломатиялық байланыс жасау миссиясын басқарды, 1855 ж. орыс-жапон шартына қол қойды. 1855-1861 ж. Лондонда, Парижде әскери-теңіз атташесі болды. 1861 ж. оқу министрі; студенттер қозғалысынан кейін отставкаға шықты. 1861 жылдан Мемелекеттік советтің мүшесі. Ұлы Петр шығанағында арал Путятиннің есімімен аталады. ## Дереккөздер
Борис Иванович Пророков - совет график-суретшісі, КСРО халық суретшісі, көркемсурет академиясының корр. мүшесі. 1945 жылдан КПСС мүшесі. 1929-1931 ж. Вхутеинде оқыды. "Комсомольская правда" газетінде, "Смена", "Крокодил" журналында, Ұлы Отан соғысы кезінде майдандық баспасөзде қызмет істеді. Негізгі тақырыбы - хаылқтардың бейбітшілік жолындағы, импералистік агрессия мен реакцияға, әлеуметтік және нәсілшілдік теңсіздікке қарсы күресі. "Міне бұл Америка", "Бейбітшілік үшін", "Маяковский Америка туралы", "Бұл қайталанбауға тиіс", "Күрес" атты шығарылымдардың авторы. ## Дереккөздер
Өнеркәсіп иелерінің ұлттық ассоциациясы (ӨИҰА) немесе National Association of Manufacturers (NAM) — АҚШ монополистерінің аса ірі ұйымы. 1895 жылы негізі қаланды. 30 мыңға тарта фирманы біріктіреді. АҚШ-тың қоғамдық және саяси өмірінде елеулі роль атқарады. Басшылық органдарына директорлар кеңесі, президент, тұрақты, регионалдық және құрметті вице - президенттер тобы, мемлекет маызды мәселелерді зерттеп, үкімет органдарына ұсыныстар енгізіп отыратын 20-ға жуық тұрақты комитет кіреді. ӨИҰА-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінің бірнеше регионалдық орталықтары жұмыс істейді ## Дереккөздер
Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов (т. ж. 1947), 2008-жылдан бастап ТЮРКСОЙ бас хатшысы, 2003—2004 аралығында Қазақстан елінің мәдениет министрі. ## Биографиясы Арғын тайпасының Қуандық руының мойын-бекше бөлімінен шыққан. ## Марапаттары * «Қазақстанның еңбегі сіңірген мәдениет қайреткері» (1984) * «Құрмет» (2000) * «Парасат» (2007) * «Мәдениетке үлесі» * «Тарлан» * (Ресей, 2007) * «Астана» (1998) * «Қазақ елінің 10 жыл бас бостандығы» (2001) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) * «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) * «Астананың 10 жылдығына» темірі (2008) * Қазақстан президенті мақтау қағазы (1994) * «Достық» ордені (Әзірбайжан, 2012) ## Сілттемелер
Екатерина Геннадьевна Мадалинская (туғ. 1983) —ресей актриса. ## Биография * Екатерина Медалинская 4 тамызда 1983 жылы туды. * 7 жыл бойы балет мектебінде оқыған.Жалпы білім беретін мектепті бітрген соң Екатерина ВГИКке түсті және 2003 жылы актер білімін алған үшін диплом алды.Театрда Мадалинская аз ойнайды. * Жұмыста бірнеше жыл ғана жұмыс істегеннен әртісте жиырмадан астам рөлдер болған. Солардың ішінде: 2005—2010 жж. — телесериал «Кулагин и партнёры», Римма рөлі; 2009 ж. телесериала «Брак по завещанию», Ирина рөлі — Максимның әйелі; Бірақ 2010 жылда Мадалинская үш рөлінде ғана ойнады. Олар «Столица греха», Наташа; «Дом образцового содержания», «220 вольт любви» ### Қойылымдары Ең әйгілі театр қойылымдар: Свои люди — сочтёмся» (Липочка), «Оркестр» (Эрмилина), антреприза «Пеппи длинный чулок» (Аника).Кинода Мадалинская көп ойнайды. ## Сыртқы сілтемелер * https://vk.com/id277076
Амантай Сұлтанғалиев — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1989). ## Өмірбаяны * Гурьев педагогикалық институтын (1989) бітірген. * Мәскеудегі Бүкілодақтық мәдениет саласы басшыларын даярлайтын институтты (1990) бітірген. * 1968-1993 жылы Атырау облысының Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында қызмет етті. Сахнада Сырым, Махамбет, Құрманғазы, т.б. рөлдерде ойнады. * 1993 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры болды. ## Дереккөздер
Лаврентий жылнамасы – пергаментке жазылған ең көне орыс жылнамашыларынының бірі. ## Жылнама тарихы Киев Русі мен Солтүстік-шығыс Русьтің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихынан (852-1305) маңызды мағлұматтар бар. Оны 1377 жылы Суздаль монахы Лаврентий XIV ғасырдың басындағы қолжазбалардан көшіріп жазғаннан кейін соның есімімен аталып кеткен. Жылнамада 898-922, 1263-1283, 1288-1294 жылдар аралығындағы деректер жоқ. Лаврентий көшірген 1305 жылғы жылнама жинағы Тверь князьі Михаил Ярославич ұлы князь болған кезде жасалса керек. Лаврентий жылнамасы 1792 жылы А.И.Мусин-Пушкиннің қолына түседі. Ол оны Александр І-ге сыйлайды. Қазір Санкт-Петербургте М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада. 1846 жылы баспаға басылды. ## Дереккөздер
Өскемен уезіндегі ақ гвардияшыл кулактардың бүлігі - 1920 жылы шілдеде уездің Бұқтырма ауданында болған Кеңес өкіметіне қарсы қарулы бүлік. Оған "шаруалар одағы" деп аталған эсерлер ұйымы басшылық етті. Бүлік Малонарым селосында басталып, Бұқтырма ауданының орталығы Большенарым селосына ауысты. Жұмысшылар мен Кедей шарулар отрядтары қолдаған Қызыл Армия батальоны (Катонқарағайдан келген) 1920 жылы шілдеде Болшенарымда бүлікшілердің негізгі күшін талқандап, "Бұқтырманың монархиялыық ақ республикасын" құлатты ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,58 бет
Өтей * 1) Кіші жүз Байұлы тайпасының Собасынан тараған ата. Өтейден Баймағанбет, одан Жәлімбет, Айтуған, Күнтуған, Майдан, Жантай және Тума ұрпақтары өрбиді. Өтейден атақты композитор Құрманғазы Сағырбайұлы шыққан. Өтей әулеттері Қазан революциясына дейін Батыс Қазақстанды мекендеген. * 2) Орта жүз Арғын тайпсының Мейрамынан тараған ата. Өден :Сауытбай, Сақау , Толтан ұрпақтары өсіп - өнген . Өтей ұрпақтары Қазан революциясына дейін Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Торғай, Қостанай, Ақмола уездерін мекендеген. * 3)Ұлы жүздің Алюан тайпасының Шыбылынан тараған рулар бірлестігі Қоңырбөріктің шын аты- Өтей. Бөтей, Өтей деген ағайынды екі бала бөріктерінің түсіне қарай Қоңрбөрік, Қызылбөрік аталып кеткен. Бұлардан бірнеше рулар тарайды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,76 бет
Өткелек - малды жеке-жеке өткізу үшін ағаштан жасалған тар жол. Мұны ат қора, қой қора жанынан не жайылымда орнатады. Бұл малды санау, бонитировка жүргізу, қойды креолинге тоғыту үшін пайдаланылады. Өткелек үш бұрышты шағын қашадан тұрады. Өткелектің мөлшері жылқы мен сиы үшін ұзындығы 2-3 метр, ені 70-100 см, қой үшін 6-8 метр, ені 40-45 см. Үш бұрышты қашадан малды аз-аздап бөліп, тар жол арқылы өткізеді, қажетті малды есік арқылы екінші қашаға өткізіп жібереді. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,78 бет
Өтепов Шәріп Ғайсанұлы(1906-1986)(1906 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы) - Қазақстан комсомолы ардагерлерінің бірі, партия қызметкері. 1928 жылдан КПСС мүшесі. 1920 жылы комсомол қатарына кіріп, жастар арасында үгіт - тәрбие жұмысын жүргізді. Семей губерниясының кеңңестік партия мектебінің 2 - басқышын (1929), Қазақ мемлкеттік университетін (1963) бітірді. 1925 - 30 жылдары Ленин болыстық, Семей, Қарқаралы уездік, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінің секретары, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1930 - 32 жылы БК (б) П ОК - нің және КИМ - нің жолдамасымен Монғолия жастары арасында жұмыс істеп, оларға жаңа тұрмыс істеп, оларға жаңа тұрмыс орнатуға көмектесті. 1932 - 37 жылы Алматы облысының комсомол комитетінің секретары. Қаз АКСР Жер халкомы жанындағы МТС саяси секторы бастығының комсомол жөніндегі көмекшісі, Марксизм - ленинизм институтының тыңдаушысы. Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Алматы облысының комсомол комитетінің 1 - секретары. 1937 - 38 жылы Алматы облысы партия комитетінің секретары, Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1 - секретары. 1938 жылы 6 қыркүйекте Қазақ КСР НКВД тұтқындалды. 1940 жылдың 26 ​​қазанында КСРО НКВД-де Арнайы жиналыс арқылы : РСФСР ҚК 58-2, 58-6, 58-7, 58-11 8 жылға мәжбүрлі еңбек лагерлеріне үкім шығарылды . 1942 ҚазССРО-1997 жылдың 16 сәуірінде ҚР Бас Прокуратурасымен ақталған (ҚР 14 сәуір 1993 ж. Заңы).. 1960 жылдан одақтық дербес пенсионер 1 - сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, ВЛКСМ 10 - съезінің, Қазақстан КП 2 - съезінің делегаты. Ол бірнеше тарихи және әдеби кітаптардың авторы. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,77 бет
Өтепов Шәріп Ғайсанұлы(1906-1986)(1906 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы) - Қазақстан комсомолы ардагерлерінің бірі, партия қызметкері. 1928 жылдан КПСС мүшесі. 1920 жылы комсомол қатарына кіріп, жастар арасында үгіт - тәрбие жұмысын жүргізді. Семей губерниясының кеңңестік партия мектебінің 2 - басқышын (1929), Қазақ мемлкеттік университетін (1963) бітірді. 1925 - 30 жылдары Ленин болыстық, Семей, Қарқаралы уездік, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінің секретары, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1930 - 32 жылы БК (б) П ОК - нің және КИМ - нің жолдамасымен Монғолия жастары арасында жұмыс істеп, оларға жаңа тұрмыс істеп, оларға жаңа тұрмыс орнатуға көмектесті. 1932 - 37 жылы Алматы облысының комсомол комитетінің секретары. Қаз АКСР Жер халкомы жанындағы МТС саяси секторы бастығының комсомол жөніндегі көмекшісі, Марксизм - ленинизм институтының тыңдаушысы. Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Алматы облысының комсомол комитетінің 1 - секретары. 1937 - 38 жылы Алматы облысы партия комитетінің секретары, Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1 - секретары. 1938 жылы 6 қыркүйекте Қазақ КСР НКВД тұтқындалды. 1940 жылдың 26 ​​қазанында КСРО НКВД-де Арнайы жиналыс арқылы : РСФСР ҚК 58-2, 58-6, 58-7, 58-11 8 жылға мәжбүрлі еңбек лагерлеріне үкім шығарылды . 1942 ҚазССРО-1997 жылдың 16 сәуірінде ҚР Бас Прокуратурасымен ақталған (ҚР 14 сәуір 1993 ж. Заңы).. 1960 жылдан одақтық дербес пенсионер 1 - сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, ВЛКСМ 10 - съезінің, Қазақстан КП 2 - съезінің делегаты. Ол бірнеше тарихи және әдеби кітаптардың авторы. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,77 бет
I Меңлі Герей (қырымтат. I Meñli Geray; 1445 – 1515) – Герей әулетінен шыққан Қырым ханы (1467, 1469—1475, 1478—1515). Қырым хандығын құрған Қажы Герейдің алтыншы ұлы. ## Өмірбаяны Меңлі Герейдің жастық шағы туралы деректің жоқтың қасы, бірақ оның генуялық Кефе колония-қаласында тәрбиеленгені туралы болжамдар бар. Оның генуя диалектісін білгені, поэзия мен тарихқа қызығушылығы белгілі. ## Билік үшін күрес Қырым хандығының негізін салған Қажы Герей қайтыс болардан бұрын ордада бүлік тудырып, хандық тақты тартып алмақшы болды деген айыппен үлкен ұлы Хайдарды хан болу құқығынан айырады. Қажы Керей қайтыс болғанда тақ мұрагерлігі оның екінші ұлы Нұр Дәулетке бұйырды. 1466 жылы Меңлі Герей хандықты тартып алды. Бірақ бірнеше айдан кейін Нұрдәулетті жақтайтын ақсүйектердің қарсылығымен тақтан түсті. 1468 жылы Меңлі Керей Қырымдағы Судак қаласындағы Генуэз бекетінің тұрғындарының көмегімен екінші рет Нұр Дәулетті тақтан түсіріп, ел билігін қолға алды. Бірақ 1475 жылы Нұр Дәулетті жақтайтындар оны тағы да тақтан түсірді және сол жылы ол Түрік әскеріне қолға түсіп, үш жылдан кейін түрік сұлтанның жарлығымен Қырымға оралып, хандық таққа жайғасты. Меңлі Герей тұсында Қырым хандығы Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты, бірақ 1475 жылдан Осман сұлтандығына вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Ордаға қарсы күресте Меңлі Керей өкіметінің нығаюына Мәскеумен одақтастықтың септігі тиді. Иван ІІІ Алтын Ордаға бағыныштылықтан құтылу үшін қырымдықтарды пайдаланды. Меңлі Керей Польша-Литва мемлекетіне шапқыншылықты жиілетіп, Казимир VІ-нің Руське 1480 жылы жорық жасауына мүмкіндік бермеді. 1502 жылы Меңлі Керей Шейх Ахмед тұсында Алтын Орданы біржола талқандады және Қырым хандығын Алтын орданың заңды мұрагері деп жариялады. Сол жылы Польшамен соғыс жүргізілді, Түркияның Молдавияға қарсы соғысына қатысты. Меңлі Герей өмірінің соңғы кезінде оның балалары орыс жерлеріне бірнеше тонаушылық жорықтар жасады. Меңлі Герей өз әкесі секілді Бақшасарайда жерленген. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы
Павел Алексеевич Ротмистров (1901 жылдын 6 шілдесінде Калинин облысында, Селижарово ауданында,Сковорова ауылында дүниеге келіп - 1982 жылдын 6 сәуірінде дүниеден озды) - совет әскери қайраткері, Бронды танк әскерінің бас маршалы, Кеңес одағының батыры, әскери ғылымдарының докторы, профессор.1919 жылдан КПСС мүшесі. ## Өмірбаяны 1919 жылдан бастап армия қатарында қызмет істеді.М.В Фрунзе атындағы әскери академияны бітірді.Штабтарда түрлі қыметтер істеді,полк командирі болды.1937 жылдан Механикаландыру және моторландыру әскери академиясында сабақ берді.1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының бас кезінде 3 механикалық корпустың штаб бастығы,Мәскеу түбіндегі ұрыстарда,солтүстік-батыс майданында 8 танк бригадысының командирі,1942 жылда 7 танк корпусының командирі,Сатилинград шайқасына қатысты. 1943 жылы Курск шайқасында,Днепрден өтерде,Корсунь-Шевченко операциясында,Белоруссия мен Литваны азат етуде ойдағыдай қимыл жасаған 5-ші гвардия танк армиясының қолбасшысы. ## Жетістіктері Ротмистров 5 рет Ленин орденімен,қазан төңкерісі,басқа да 8 орденмен және медальдармен марапатталған. ## Дереккөздер
Панкратов Василий Семенович(26.01.1864, Алексеевск селосы, қазіргі Мәскеу облысы- 05.03.1925,Ленинград) - орыс жұмысшы революционері. 1879 жылдан революциялық қозғалысқа қатысты. "Халық еркі" жұмысшы ұйымының мүшесі ретінде (1881 жылдан) Петербург, Мәскеу, Киев т.б. қалаларда жұмысшылар арасында насихат жұмысын жүргізді. 1884 жылы 4 наурызда Киевте тұтқындалған кезде қарулық қарсылық көрсетті . 1884 жылы қарашада "12-нің процесі" бойынша 20 жылға каторгаға кесілді. 14 жыл Шлиссельбург қамалында отырды. 1898 жылы Якутияға жер аударылды. 1905 жылы айдаудан қашып шықты, эсерлер партиясына кірді, Мәскеудегі Желтоқсан қарулы көтерілісіне қатысты. 1907 жылы Якутияға қайта айдалды. 1912 жылы Петербургке оралды. 1917 жылы шілдеде "Живое слово" газетінде В.И.Ленинге жала жапқан мақала жазды. Буржуазия уақытша үкімет кезінде "бұрынғы патшаны қорғау жөнінде" комиссар болды. ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,121 бет
Әлихан Идрышева (9 желтоқсан, 1950 жыл, ШҚО, Үржар ауданы) – Алматы облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстанның 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдары және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасының иегері, Талдықорған театрының негізін қалаушылардың бірі, театр және кино актрисасы. Үржар ауданындағы Абай атындағы орта мектепте оқыған. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Ұстаздары СССР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хадиша Бөкеева және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі сарабдал театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдан тәлім алған. Алғашқы еңбек жолын 1973 жылы Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық драма театрының артисі болып бастаған Әлихан Оразғалиқызы 1975 жылы тұңғыш ашылған Талдықорған драма театрына ауысып, оның шаңырағын көтеріп, уығын шынышқандардың бірі. Сахна төрінде жүзден астам басты рөлдерде ойнады. Ондаған кинофильмдерде адам баласы үшін ең қасиетті есімдердің бірі – Ана образын шынайы сомдап кино әлеміне танылды. Халықаралық және Республикалық театрлар фестивалінде ең озық рөлдері үшін бірнеше дүркін жүлделі орындарды иелеп, лайықты марапатқа қол жеткізді. Алихан Оразғалиқызының бойындағы туа біткен асыл қасиеттері: табандылығы, ізденгіштігі, тұрақтылығы, мақсатшылдығы актерлық табиғатының басты сипаттарын құрайды. Оған ана тіліне аса жүйріктігі, ұлттық тілдің өзіне тән әуендерін жетік меңгеруі қосылып, өз ортасында ерекше орны бар талант ретінде танылуына септігін тигізіп келеді. Осындай кең тыныстылығы арқасында ол трагедиялық рөлдерден комедиялық, мелодрамадан сатиралық диапазонға еркін өте береді. Қолына алған образдың ой ағымын, көңіл күйіндегі құбылыс өзгерістерді, тағдыр-талайындағы шырғалаң сәттерді терең зерттейді, сүйтіп кейіпкер табиғатын дөп басып танып, көрерменді сүйсіндіретін шынайы бейне жасайды. Бүгінгі таңда шығармашылық тарапынан жан-жақты кемелдеген Әлихан Ыдрышева театрдың Анасына айналды. Шығармашылық өмірі театрмен біте қайнасып бірге жасасып келе жатқан Әлихан Ыдрышева қатыспаған қойылым жоққа тән. Сондықтан ол ойнаған рөлдердің классикалық үлгілеріне ғана тоқталайық. ## Сомдаған рөлдері А. Кенжебекованың «Абай туралы аңызында» - Тоғжанның жеңгесі, М. Әуезовтың «Абайында» - Қарлығаш, К. Әдбірахманның «Мың баласында» - Сейсен, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Таңсық, Б. Майлиннің «Шұғасында» - Мақпал, Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында» - Луиза, Т. Ахтановтың «Шырағын сөнбесінде» - Дуня апай, Д. Исабековтың «Кішкентай ауылында» - Хадиша, Қ. Баяндинның «Жаңғырығындағы» - Асқар, Б. Майлин, Ж. Аймауытовтың «Аласапыранында» - Жұпар, Б. Тоғыспаевтың «Ақын Сарасында» - шешесі, Ш. Хұсайыновтың «Алдар көсесінде» - Дәметкен, А. Чеховтың «Үйлендіруінде» - Клавдия, Иран-Ғайыптың «Ана аманатында» - Ана, Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашында» - Шынар, К. Гальдонидің «Екі қожаға бір қызметші» пьесасында – Смеральдина, Қ. Мұқашевтың «Дала дастанында» - Мақпал, Б. Мұқайдың «Тойы көп үйінде» - Гүлшара, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Сотти, Ф. Буляковтың «Ұзатылмақ кемпірлер» пьесасында – Бәтима образдары өнертанушылар мен театр сыншылары тарапынан өте жоғары бағаланып, бірнеше дүркін Республикалық театрлар фестивалінде жүлдеге ие болады. Ә. Идрышева театрда 100-ден аса рөлдерді сомдаған сахна саңлағы ғана емес, сонымен бірге кино әлемінде де үлкен жетістіктерге қол жеткізген өнер иесі. Айталық, Ж. Исабаеваның «Ойпырым-ай!» немесе «Мәңгі өмір сүргің келсе», «Аңшы бала», продюсер Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек», Д. Жолжақсыновтың «Біржан сал», А. Сатайдың «Мың бала», Е. Кончаловскийдің «Астана - жүрегім», К. Шынарбаевтың «Астана – махаббатым менің», сол сияқты «Созақтан келген Гамлет», «Қараой» фильміндерінде ойнап, киноөнеріндерінде өзіндік қолтаңбасымен көрінді.
Мағыпар Саламатұлы Қуанов (18.02.1956 жылы туған) — География ғылымдарының кандидаты, профессор. Атырау инженерлік-гуманитарлық инстутының сырттай оқыту факультетінің деканы. * 1978 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. * 1978 жылы Гурьев облыстық білім бөлімінің жолдамасымен Мақат ауданындағы Ескене сегізжылдық мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. * 1979-1984 жж.Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында Инженер-химик мамандығы бойынша қызмет атқарған. Сол кезде институттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі болды. Орталық басылым беттерінде тынрақалды мақалалары жарияланған. * 1984-1989 жж. Атырау облысы, Балықшы аудандық атқару комитетінің шақыруы бойынша жоспарлау бөлімінде экономист, кейіннен Дамба селолық атқару комитетінде хатшылық жұмыстарын атқарған кезде де, ауданның алдында тұрған міндеттерді шешуде бар қабілетін сала білді. * 1989-2002 жж. Теңіз кенішінде ауа тазалығы жөніндегі экспедиция басшысы болған. Осы уақытта облыс экологиясы, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, Теңіз кешенінің әр жыл сайын табиғи ортаға тигізетін әсері туралы оннан астам ғылыми жұмыстар жазып, 1999 жылы «Теңіз мұнай кешенінің қоршаған ортаға әсері» атты ғылыми диссертациялық жұмысын Әль-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университетінен сәтті қорғаған. * 1997 жылы Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің судағы концентрациясын өлшеу тәсілдері бойынша патент берілді. Болон процесінің жеке тұлғаларды дамыту проблемалары бойынша "ЖОО орындарын ішкі бағалау процедураларын өткізу" жөніндегі сертификатының иегері. * 2002 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында экономика факультетінің деканы болып, 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы институттың сырттай оқыту факультетінің деканы қызметін атқарады. * Институтта жұмысқа жауапты, тапсырылған іске іскерлігімен таныла білді. Студенттерді ғылым мен техника жаңалықтарымен хабардар етіп, өркениетке тәрбиелеуде. Облыстық, институт көлемінде өткізілген ғылыми конференцияларға жылма-жыл қатысып, ғылыми баяндамалар дайындап келеді. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қуанов Мағыпар Саламатұлы Мұрағатталған 24 мамырдың 2015 жылы. * Сырттай оқыту Мұрағатталған 24 мамырдың 2015 жылы. * www.archive-kz.com » KZ » L » LLK.KZ(қолжетпейтін сілтеме)
Пансо Вольдемар Хансович(30.11.1920 ж.т., Томск,-27.12.1977,Таллин)- эстон совет актері, режиссер, педагог, өнер танушы ғаламының кандидаты (1964), Эстония КСРО халық әртісі (1968). 1941ж.Талиннің сахналық өнер училищесін, ал 1955ж. Гитистің режиссерлік факультетін бітірді. А.Д. Попов пен М.О. Кнебельдің шәкірті. ## Қызметі мен еңбегі 1941-1950, 1955-1958 және 1964-1965 ж. Эстон драма театрында қызмет еткен. 1970 жылдан осы тетардың бас режиссері. Рольдер ойнаумен қатар, Ю.Смулдың «Атлант мұхиты» (1956) мен «Жаюайы капитанын» (196461966), Б.Брехтің «Пунтила мырза және оның қызметшісі Маттиын» (1958), А.Таммсааренің «Адам мен құдайын» (1962), У.Шекспирдің «Гамлетін» (1966), Г.Ибсеннің «Құрылысшы Сольнесін» т.б. қойды.Спектакль жанры мен стилінің тың шешім табуы және соған орай өткір сахналық түр іздестіру - оның режиссерлік өнеріне тән қасиет. Ол Таллиндегі Эстон жастар театрын ұйымдастырып, бас режиссері (1965-70) болды. Киноға түскен. 1957 жылдан Таллин консерваториясының актерлік факультетінде педагогикалық қызметпен шұғылданады. ## Сыйлықтары Эстон КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты. ## Қолданылған әдебиет * Труд и талант в творчествве актера,1972 * Удивительный человек,1972 * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,123 бет
Қырымошаған (Medicago minima) - жоңышқа туысына жататын шөптесін өсімдік. ## Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 10-40 см, көп бұтақты, ірі бөбе жапырақты, жапырағының ұзындығы 10 мм, тікенді. Гүлі қоңырау пішіндес, сары, ұзындығы 5 мм, баданасы домалақ, ұшы имек тікенді, көп тұқымды. Ерте көктемде гүлдейді. ## Таралуы Қырымошаған Солтүстік Африка, Иран, Ауғанстан, Үндістанда, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Орта Азия, Кавказда таралған. Қазақстанда Теріскей, Күнгей, Қырғыз Алатауында, Тянь-Шаньда кездеседі. Тау беткейінде, эфемерлі өсімдіктер арасында сортаң жерлерде өседі. ## Дереккөздер
Қылтамақ - өңештің қатерлі ісігі. ## Ауру мен себептері Мұндай ісік өңештің ішкі қабығының эпителий ұлпасында пайда болады. Қылтамақ жастардан гөрі егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Кейбір өңеш ауруларының асқынуы (фиброма, папилома, полип т.б.), күйік, өңеш жаралары қылтамаққа ұшыратады. Қылтамақтың басталуына үнемі ыстық тамақ ішу, сүр етті жиі жеу, тамақты асығып және шала шайнап түйіле жұту себеп болады. Мұның салдарынан өңештің кілегей қабығы қабынады. ## Белгілері Қылтамақтың алғашқы белгілерін адам сезбеуі мүмкін. Негізгі белгілері: қою, кейінірек сұйық асты жұту біртіндеп қиындайды немесе ас өңеште түйіліп тұрғандай сезіледі. Ауру күн өткен сайын асқындап, түйілу жиілей береді. Жүдеп, дене салмағы тез кемиді, әлсіз болады, терісі бозарып сарғыш тартады. Кекірік пайда болып, бара-бара сұйық ас та жүрмей қалады. Кейде дене қызуы көтерілуі мүмкін. ## Алдын-алу шаралары Қылтамақтан сақтандыру үшін тамақ ішкенде асықпай, әбден шайнап жұту, өңеш қабынып ауырғанда асқындырмау емдету қажет. ## Емі Аурудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге қаралу, хирургиялық операция және дәрі ішу. ## Дереккөздер
Қырпы - дулыға ішінен киетін бас киім. Ол жақсы өңделген, жүні қырқылып жұқартылған қой терісінен жасалады. Қырпыны кигенде басқа суық өтпейді және дулыға темірі басқа батпайтын болды. Сыртқы соққының әсері азаяды. ## Дереккөздер
І Қажы Герей(қырымтат. I Hacı Geray, ١ حاجى كراى; қырымтат. Melek Hacı Geray, ملک حاجى كراى; шам. 1397 — 1466) — Қырым хандығының әрі Герейлер әулетінің негізін қалаушысы. ## Шығу тегі Ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның 13-ұлы, көптеген жорықтарға қатысқан Бату ханның інісі Тоқа Темірдің ұрпағы. Кейбір деректерде Қажы Герей бастаған Қырым хандарының арғы атасы Шыңғыс хан заманындағы Керей ханы Тұғырыл ханның (Оң хан) ұрпағы делінеді. Қажы Герейдің билік құрған кеңістігі қазіргі Қырым түбегін негіз етіп, Қара теңіздің солтүстік жағалауын алып жатыр. 1238 жылы Бату ханның моңғолдары Қырымдағы көне билікті талқандады. Содан былай Қырым Моңғол империясының маңызды орталықтарының бірі болған еді. Заман өте келе татарлардың дербестікке талпынысы күшейді. ## Өмірбаяны Қажы Герей Литва кінәздігіне қарасты Лида шаһарында туған. Ол жастайынан Литва кінәздігінің Алтын Ордаға қарсылығын қолдады және 1428 жылы Қырымды басып алып, өз хандығын орнатты және ұзақ уақыт бойы Алтын ордаға қарсы күресіп, тәуелсіз, егеменді ел құруға талпынды. Бұл күрестің өте шиеленісті болғаны сондай, аралықта бір мезгілі хандық тақтан түсіп (1434), тек 1441 жылдан бастап қайтыс болғанға дейін (1466 ж.) билікте болды және дербес Керей ақшасы алғаш рет 1441 жылдан бастап шығарылды. Сөйтіп Қырым Алтын ордадан бөлек дербес хандық болып өмір сүрді. I Қажы Герей өз патшалығын қалыптастыру үшін елордасын Бақшасарайда жайғастырады. Сол уақыттан бастап Қырым хандары осы орталықта қоныстанды. Қажы Герейдің 8 ұлы болды, олардың арасында әйгілі Меңлі Керей, Хайдар хан, Нұрдәулет болды. Бастапөы кезде Қажы Герей хандықты Хайдарға қалтырмақ болған, бірақ ол ордамен ерегесіп, бүлік ұйымдастырмақшы болды деген әңгімемен ханзадалықтан шеттетілген. Хандықты алғашында Меңлі Керей, кейін Нұрдәулетке қалтырды. Кейін Хайдар билікті тартып алып қысқа мерзім хан болғанымен, Нұрдәулет оны қудалап, билікті иеленеді. Қажы Герей қайтыс болған соң Бақшасарайға жерленген. Ол өз заманында өте сұңғыла, жігерлі, ізгі ниетті хан болғандықтан, өз халқының тәуелсіздігі үшін ақылды күрес жасай білгендіктен татарлар арасында үлкен беделге ие болды. Жұрт оны Мелек — аспан елшісі, періште деп атады. ## Билік етуі 1428 жылы Литва ұлы кінәзі Витовттың қолдауына ие болған Қажы Герей Қырым ұлысын басып алды. 16 мың әскердің басында Қажы Герей Ескі Қырымды басып алды. Қажы Герейдің жағына Шырын руынан шыққан ірі Қырым мырзалары өтіп кетті. Жаңа ханның билігіне Қырық Ор және Солхат қалалары өтті. Сол жылы Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды өзінің жоғарғы билігіне бағындыру туралы шешім қабылдап, Қажы Герейге қарсы жорық ұйымдастырды. Шырын руының басшысы Тегене бей Ұлық Мұхаммедтің жағына өтіп, татар әскерінің басында Қырымға басып кірді. Ақсүйектердің қолдауынан айрылған Қажы Герей, Қырымнан Дешті Қыпшақ даласына қашып, сол жерден Литва иеліктеріне жетті. Литваның ұлы кінәзі Витовт Қажы Герейді мұрагерлік Қырым ұлысы үшін күресте қолдауға уәде берді. Литва иеліктерінде Алтын Ордадағы аласапыран кезінде сол жаққа қашып кеткен көптеген татарлар өмір сүрді. 1431 жылы Литвада жиналған жаңа әскердің басында Қажы Герей Қырымға қарсы жорық жүргізіп, берілуге ​​мәжбүр болған Солхат қаласын қоршауға алды. Осы кезде Шырын мырза Тегене бей Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедпен жанжалдасып, Қырымға оралды. Перекопта Қажы Герей оны өзінің қожайыны деп таныған Тегене беймен кездесті. Алтын Орданың хан тағына таласқан Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед хандар Қырым ұлыстарын өз билігіне бағындыруға тырысты. Алайда, Қырым ханы Қажы Герей олардың әскерлерін жеңіп, ата-баба ұлыстарын сақтап қала алды. Витовтпен ынтымақтастық Қажы Герейдің 1429 жылы Лутскідегі христиандық Еуропаның түріктерге қарсы бірлескен жорықтың жоспарлары талқыланған Халықаралық Еуропалық конгреске қатысуына әкелді. 1460 жылдардың аяғынан бастап оңтүстіктегі орыс жерінің бейбітшілігін қорғаушы болған Қырым хандығы Осман империясының билігіне өтті, содан бері Литва кінәздігі мен Қырым арасындағы қатынастар түпкілікті өзгерді. 1433 жылы Қырым ханы Қажы Герей Феодоро кінәздігімен одақтық келісім жасады. Сол жылдың күзінде готтық кінәз Алексей өзінің одақтасы Қажы Герейдің қолдауына сеніп, Қырымдағы генуялық иеліктерге қарсы жорық жасады. 1433 жылдың күзінде Алексей генуэздік Чембало (Балықлава) бекінісін қоршауға алып, басып алды. Бұған жауап ретінде Генуя бүлікшіл Қырым Феодоро кінәздігіне жазалау экспедициясын ұйымдастырды. Генуялықтар Корсика билеушісінің ұлы Карло Ломеллиноның бастаған алты мың сарбазы бар жиырма галлериядан тұратын эскадрилияны Қырымға жіберді. 1434 жылы 4 маусымда генуялықтар Чембалоны (Балықлава) басып алып, тонап, Феодоро кінәзі Алексейді тұтқындады. Содан кейін генуялықтар осы кінәздіктің жалғыз теңіз портын күзеткен феодоралық Каламита бекінісін қоршап, басып алып, жойды. Содан соң генуялықтар әрі қарай жылжыды, бірақ 22 маусымда Солхат қаласы түбінде, Қаракөз маңында оларды Қырым ханы Қажы Герейдің бес мыңдың жасақ талқандады. Оның әскері Кефеге жақындап, қаланы қоршап алды. 1434 жылы 13 шілдеде бейбітшілік келісімшартына қол қойылды, оған сәйкес генуялықтар Қажы Герейді Қырым ханы деп танып, тұтқындаған солдаттары мен азаматтарының оралуы үшін оған үлкен төлем төледі. 1434 жылы Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед Қырым ұлысында қайтадан өзінің жоғарғы билігіне бағындыру үшін үлкен әскерін бастап жорыққа шықты. Шырын мырзалары Қажы Герейге опасыздық жасап, Ұлы-Мұхаммед жағына өтіп, Қырым ханына тыл жағынан соққы берді. Қажы Герей дұшпаннан жеңіліп қалды. Қалған әскерімен Қажы Герей Қырымнан Днепрдің арғы жағына шегінді. Қажы Герей Литва шекарасындағы иеліктерге келіп, көп ұзамай жаңа әскер жинап, Қырымға қарсы жорыққа дайындалды. Сол кезде, Ұлы Литва кінәздігінің өзінде бөлелер Свидригайло Олгердович (1430-1432) пен Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) арасында Ұлы кінәздіктің тағы үшін қиян-кескі және қанды феодалдық соғыс болды. Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қажы Герейдан сескеніп, Свидригайломен одағын бұзып, Сигизмундты қолдай бастады. Литваның Ұлы Герцогы Сигизмунд Кейстутович (1432-1440) алдымен Қажы Герейді жақсы қабылдады және оған қолдау көрсетуге уәде берді, бірақ содан кейін Қырымға қайтармас үшін оны кідіртуге шешім қабылдады. Қажы Герей Вилноға шақырылып, онда құрметті кепіл ретінде өмір сүре бастады. Литваның Ұлы кінәзі Сигизмунд Лида қамалы мен оның айналасын Қажы Герейге берді. Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммед Қырымды басып алып, өз өкілін Солхатқа орналастырды. 1437 жылы тағы бір хан, Ұлық Мұхаммедтің қарсыласы, Кіші Мұхаммед Қырымды өз билігіне бағындырып, өкілді қуып жіберді. Көп ұзамай, Тоқтамыстың немересі, Сейітахмет хан Қара теңіз даласында орнығып, Ұлық Мұхаммедті Алтын Орданың солтүстік шекараларына қуып, Қырымды басып алды. Қырымда бүліншілік орнады. Көшпелі татарлар түбекті бірнеше рет қиратты. Сейітахмет тағайындаған шенеуніктер мен қазылар халықтың наразылығын тудыратындай салықты күрт арттырды. 1430 жылдардың соңында сол кездегі Литва кінәздігінің аумағындағы Лида (қазіргі Беларус) қаласында, Ұлы Литва кінәзі Сигизмунд Кейстутовичтің вассалы ретінде өмір сүрді. 1440 жылдар шамасында Шырын мен Барын бастаған қырым татар ақсүйектері Литваның жаңа ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке (1440-1492) Қажы Герейді хан тағына көтеру үшін Қырымға босату туралы өтінішпен жүгінді. Казимир Қажы Герейді Лидадан Киевке шақырды, сонда ол бейлердің өкілдерімен кездесіп, содан соң олармен еріп Киевтен Қырымға кетті. Қажы Гереймен бірге татар шонжарларынан басқа Литва қолбасшысы Радзивилл де ілесті. Тегене Шырын бастаған қырымдық бейлер мен мырзалар Қажы Герейге өздерінің билеушісі ретінде ант берді, ал Литва маршалы Радзивилл оны Литва Ұлы кінәзі Касимир Ягеллонның атынан хан тағына бекітті. Қажы Герей Қырымға келді, ал 1441 жылы наурызда генуялық деректерде Қажы Герей Қырымның жаңа билеушісі ретінде аталған. Қажы Герей Қырық Ор қаласында шығарған алғашқы тиындары да 1441 жылдан басталады. 1441 жылы Қажы Герей Қырымға әскерімен кіріп, оны өз билігіне бағындырып, Сейітахметтің өкілін қуып жіберді. Келесі 1442 жылы Қажы Герей мен генуялық Кефе колониясы арасында әскери қақтығыс болды. Кефе консулы Ұлы Орда ханы Сейітахметпен келіссөздер жүргізіп, оған Қырымға басып кіру кезінде қолдау көрсететінін уәде етті. Генуялықтар Қажы Герейге тиімсіз жағдайлармен жаңа бейбітшілік келісімін жасауды Қырым ханына ұсынды. Генуя республикасы Кефеге үлкен әскери жасақ жіберді. Шешуші шайқаста Қырым ханы Қажы Герей айлакерлікті пайдаланып, жауды талқандады. Кефе тұтқындарды алмастырып, жеңілдіктер жасады. Сол уақытта Сейітахмет хан көп әскермен Қырымға басып кіріп, Қажы Герейді Солхаттан ұрыссыз қуып шықты. Шырын мырзалары Сейітахметтің жағына өтіп, оны Қырым ханы деп таныды. Қажы Герей Қырымнан Днепрге қашып кетіп, сол жерде күресті жалғастыру үшін әскер жинай бастады. Ұлы Орданың ханы Сейітахмет алым-салық жинап, Солхатты өртеді, сол арқылы өзін Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырды. Сейітахмет Қырымнан шегінгеннен кейін Қажы Герей Орқапыда өзінің жағдайын нығайтып, Ұлы Ордаға қарсы күресті жалғастырды. Сейітахмет Дондағы соғыспен айналысып жатқанда, Қажы Герей Дешті Қыпшақтағы оған бағынушыларының көшпелі қонысын жаулап алуға тырысты. Қажы Герейге тойтарыс беріліп, Орқапыға шегінді. Хан өкілі Қажы Герейдің жеңіліске ұшырағанын естіп, Орқапыны басып алып, Сейітахметке өтпек болды. Қажы Герей оны жеңді, бірақ артынан қуған жоқ. Ол Орқапыны күшейтіп, Сейітахметтің шабуылына дайындала бастады. 1445 жылы Ұлы Орданың ханы Сейітахмет қарсыластарын жеңіп, үлкен әскерімен Қажы Герейге қарсы бағытталды. Сейітахмет Орқапыны қоршауға алды, бірақ ала алмады. Жаудың шегінуі кезінде Қажы Герей Сейітахметке ауыр соққы жасады. Ұлы Орданың ханы көптеген адамдар мен жылқыларынан айырылып, Доннан әрі шегінді. Шырын және Барын мырзаларының жасақтарымен бірге Қажы Герей Қырымға келіп, сол жерде хан болып жарияланды. Хан тағына оралған соң Қажы Герей Кефеге қарсы бағытталған Феодоро кінәздігімен одақтастықты жаңартып, кінәз I Алексеймен (1410-1447) хат жазысады. Хан ұлдары бастаған татар жасағы готтық кінәзға Каламита порт қаласын генуялықтардан қайтарып алуға көмектесті. Қырым ханы Феодоро кінәздігіне қаржылық және саяси қолдау көрсетті. Кінәздіктің жас мұрагері Қажы Герейдің балаларымен бірге Солхатта тәрбиеленді, ал ханның кенже ұлы Меңлі Герей феодоралық кінәз Алексейдің сарайында тұрды. Алтын Ордаға тәуелділіктен бас тартқан Қажы Герей Қырым Ұлысының алғашқы тәуелсіз билеушісі атанды. Орданың соңғы билеушілері бұл тәуелсіздікті мойындамады, сондықтан Қажы Герей олармен күрес жүргізуге мәжбүр болды. Қажы Герейдің Ордамен күресі Ұлы Литва кінәздігінің (Литва Украинасы) далалық шетіндегі шабуылды тежеді, сондықтан XV-XVI ғасырлардағы поляк тарихнамасында Қажы Герей Украина шекараларының қорғаушысы және Литваның адал одақтасы ретінде бейнеленген. Қажы Герей Алтын (Ұлы) Орда хандарын екі ірі шайқаста жеңді. Днестрден Донға дейінгі далаларды басқарған Сейітахмет хан Литва мен Польша шекараларына көптеген шапқыншылықтар жасады.Сейітахметтің шабуылы кезінде Польша королі және Литва ұлы кінәзі Касимир Ягеллон көмек сұрап Қырым ханы Қажы Герейге жүгінді. 1452 жылы Сейітахмет Литваның оңтүстігіндегі иеліктерге тағы бір шабуыл жасап, Подольск жерін Львовқа дейін қиратты. Тұтқындардың көптігімен және бай олжасымен Сейітахмет хан өзінің ұлыстарына қайта кетті. Қырым ханы Қажы Герей әскер жинап, Сейітахметке жетіп, Днепрден өткеннен кейін оған шабуыл жасады. Қырым ханы кенеттен шабуылдап, қоршап алып, Ұлы Орданың әскерін талқандады. Сейітахмет хан аз ғана әскерімен қоршаудан шыға алды, ал оның көпшілігі Қырым ханы жағына өтті. Жеңілген Сейітахмет көмек сұрап Литваның ұлы кінәзі Касимир Ягеллончикке жүгініп, Киевке қашты. Киевте Сейітахмет қамауға алынып, Ұлы Литва кінәздігінің астанасы Вильноға жіберілді. Литваның ұлы кінәзі Казимир текті тұтқынды өмірінің соңына дейін өмір сүрген Ковноға жіберді. Сейітахметтің тоғыз ұлы Литва татарларының арасында қоныстанды. 1465 жылы Ресейге қарсы жорыққа шыққан Ұлы Орда ханы Махмұтты Қырым ханы Қажы Герей Дондағы шайқаста (1459-1465) жеңді. Донды кесіп өту кезінде Қырым ханы ордалықтарға шабуыл жасап, оларға ауыр соққы жасады. Тақта отырған Махмұт хан жеңілістен кейін інісі және қарсыласы Ахмет билікті тартып алған соң, Астраханға (Қажы Тархан) қашып кетеді. Ордалықтардың көп бөлігі Қырым ханы Қажы Герейдің қызметіне кірді, ал Қажы Герей оларды өз иелігіне қоныстандырып, өзінің әскери күшін одан әрі көбейтті. Алтын Орданың түпкілікті ыдырауын Қажы Герейдің жеңістері және оның кейінгі билеушілерін 1502 жылы Қажы Герейдің ұлы I Меңлі Герейдің талқандауы жақындатты. 1454 жылдың жазында Демир-кяхя бастаған Османлы эскадрильясы (56 кеме) генуялық сауда қоныстарын тонау үшін Қырым жағалауында пайда болды. Шілденің басында түрік кемелері Кефеге жақындап, әскерлерді жағаға қондырды. Түрік жасағы бекіністі басып алмақ болды, бірақ бұл шабуыл тойтарылды. Үшінші күні Қырым ханы Қажы Герей алты мыңдық татар әскерімен Кефеге жақындады. Қажы Герей түрік қолбасшысы Демир-кяхямен келіссөздер жүргізді. Олардың әңгімесінің мазмұны белгісіз болып қалды. Келесі күні түріктер Кефеден шегінді, содан кейін генуялықтандан азық-түлік талап етіп, алып, теңізге шықты. Хан тағында бекінген, Қырым ханы Қажы Герей Қырым астанасын оның ата-әмірлерінің ескі резиденциясы - Қырым қаласынан Қырық Орға көшірді, бұл жерден І Меңлі Герей кезінде Салашыққа, содан кейін I Сахиб Герей кезінде Бақшасарайға көшірілді. I Қажы Герей халық арасында өте танымал болды, сондықтан періште (қырымтат. Melek) деген лақап ат алды. 1466 жылы тамызда Қырым ханы Қажы Герей қайтыс болды, ол қазіргі Бақшасарайдың шетіндегі астаналық Салашық ауылында жерленген. ## Сурет * Керей І кескіні(қолжетпейтін сілтеме) ## Тағы қараңыз * Қырым хандарының тізімі * Қырым хандығы ## Дереккөздер
Виктор Григорьевич Кеулькут (1929 жыл 15 қаңтар - 1963 жыл 9 маусым) - чукот ақыны. ## Шығармашылығы Кеулькут шығармалары алғаш 1954 жылы «Кеңестік Чукотка» газетінде жарық көрді. «Менің Чукоткам» (1958) өлеңдер жинағы чукот тілінде, «Қақасын аяз» (1958, Мәскеу) баспадан шықты. Кеулькут өлеңдерінде бұғы өсірушілер мен аңшылардың тұрмыс-салтын бейнеледі. Чукотканың табиғатын суреттеді. Ақын шығармашылығынан махаббат лирикасы мен сатиралық шығармалар да орын алды. ## Дереккөздер
Қауылжыр – Шалқар алабындағы өзен. ## Географиялық орны Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 142 км, су жиналатын алабы 1810 км2. ## Бастауы мен су алабы Бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Шалқар көліне құяды. Өзенге ондаған шағын жылғалар қосылады. Ірі салалары: Алабассай, Қарабұлақсай, Сарысай, Қоғанжар, т.б. ## Гидрологиясы Арнасының жоғарғы бөлігі төбелер аралығымен ағып, қалған бөлігі үстірттің сортаңды ойыстары арқылы өтеді. Су жайылмасы сағасында 8 км-ге дейін кеңейеді. Арнасының ені 50-150 м. Көбіне қар, аздап жер асты суларымен толығады. Жазда арнасындағы ағыс қарасуларға бөлініп қалады. Арна бойындағы құдық суымен мал суарылады. ## Дереккөздер
Кет Роберт көтерілісі (1549) - Шығыс Англиядағы шаруалар көтерілісі. ## Көтеріліс тарихы Кет Роберт көтерілісіне егістік, әсіресе жайылымдық жерлерді помещиктердің басып алуы себепші болды. Кет Роберт бастаған көтерілісшілер жер жалдау ақысын азайтуды, крепостнойлық тәуелділікті толық жоюды талап етіп, қала кедейлерінен қолдау тапты. 1549 жылы тамызда көтеріліс аяусыз жаншылды, жүздеген шаруалар, оның ішінде Кет Роберт дарға асылды. ## Дереккөздер
Жасқайрат — топоним: Елді мекендер: * Жасқайрат — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл. * Жасқайрат — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл. * Жасқайрат — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. * Жасқайрат — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл. * Жасқайрат — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Жасқайрат — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл
Алма Жолдасқызы Терлікбаева (8 маусым 1953 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының кандидаты (1987). * Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген (1976). * 1976 – 1994 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында инжинер, аға ғылыми қызметкер (1976–1994) * 1994 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Минералдық шикізаты кешенді пайдалану ғылыми орталығында бас ғылыми хатшының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім бастығы (1994–2001) болды. * 2001 жылдан бас директордың орынбасары қызметін атқарады. «Разработка научных основ и технологии утилизации ванадиевых катализаторов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001). ## Дереккөздер
Айбас — топоним: * Айбас — Атырау облысы, Исатай ауданындағы ауыл. * Айбас — Ақмола облысы Жақсы ауданының солтүстігіндегі шоқы. Абсолют биіктігі 392 м. * Айбас — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл. * Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы өзен. * Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстік-батысынан ағып шығатын Айбас өзенінің бойындағы ортағасырлық бекініс орны.
Мұстақым Біләлұлы Ықсанов – Қазақстанның партия, совет қайраткері. 1951 жылдан КОКП мүшесі. ## Қызмет жолы Алматы темір жолы техникумын (1945 жылы), Қазақ ауыл шаруашылық институның су – техникалық факультетін бітірген. 1952 – 58 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданы комсомол комитетінің 1 – секретары және Жетісай құрылысы басқармасының прорабы, өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы. 1958 – 61 жылы Қазақтың Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы. Иксанов су – техникалық және ирригациялық құрылыстар саласының маманы рнетінде Қазақстанның күріш және мақта өсіретін аудандарының дамуына зор үлес қосты. 1961 – 62 жылы Түркістан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің 1 – секретары. 1962 – 63 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963 – 66 жылы Қазақстан КП Қызылорда облысы комитетінің 1 – секретары. 1966 – 70 жылы Қазақстан ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1970 – 71 жылы Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінің 1 – секретары. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК – нің секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК – нің мүшесі, 1971 жылдан Қазақстан КП ОК бюро мүшесі. КПСС 23, 24 – съездерінің делегаты. 1971 жылдан КПСС Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі. 7 – 8 сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР – нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы). ## Дереккөздер
Қуанғали Жұмәліұлы Ихаров (12.10.1923 жылы туған, Ресей, Астрахан қаласы) – қазақ халқынан шыққан тұңғыш сүңгуір кеме капитаны, КСРО Әскери-теңіз флотының 1-дәрежелі капитаны болған. Баку қаласындағы теңізшілер техникумын (1941), Ленинградтағы Жоғары әскери-теңіз училищесін (1946), Владивостоктағы командирлер курсын (1949) тамамдаған. Ұлы Отан соғысына теңіз жаяу әскерлері сапында 1941 жылдың қыркүйегінде Севастополь түбінде араласты. Новороссийск, Тамань, Керчь, Туапсе Армавир, Темрюк қалалары маңайындағы ұрыстарға қатысқан. Заполярьені азат етуге қатысты. Соғысты Берлинде аяқтап, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатынасты. Соғыстан кейінгі жылдары Тынық мұхитта “Щука” сүңгуір қайығында, алысқа жүзетін “АТ-312” танкерінде капитан болды. Астрахан теңізшілер училищесінде, Калининград Әскери-теңіз училищесінде, Атырау теңізшілер мектебінде дәріс берді. Майдандағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі жетістіктері үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, “Даңқ” ордендерімен, 18 медальмен марапатталған. 1984 жылдан құрметті демалыста. ## Дереккөздер
Армандастар әні — әуенін Әсет Бейсеуов, мәтінін Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған ән. Әнді алғашқы рет ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова орындаған. Кейін «Армандастар» әні Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова т.б. әншілердің әнқоржынына енді. ## Әннің шығу тарихы 1972 жылы Әсет Бейсеуов ән мәтінін жазғанша, әуенін жазып қояды. Кейін достарын «Қазақ концертке» шақырып жаңа әуенді тыңдатады. Ән көңілден шығып, оны тыңдармандар жоғары бағалайды. Сол тыңдармандардың арасында ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов та бар екен. Әнді ұнатқан ол: «Рұқсат болса, ән мәтінін мен жазайын» деп өзі ықылас танытады. Сазгер өз рұқсатын береді.. ## Ән мәтіні ## Дереккөздер
Ақ бантик — əнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін ақын Мұхтар Шаханов жазған. Бүгінге дейін «Ақ бантик» әні талай әншінің ән қоржынына енді. Бұл әнді қазақ саз өнерінің майталмандарымен қатар, жас орындаушылар да сынын бұзбастан орындап келеді. ## Әннің шығу тарихы Бұл әннің өзге әндер сияқты шығу тарихы бар. Алайда, ән жарыққа шыққан бойда өзін кейіпкер етіп, әннің дүниеге келуіне себепкер ретінде көрсеткен бәзбіреулер оның шығу тарихын бұрмалаған. «Шәмші біздің үйге жиі келетін. Мен ол кезде ақ бантик киген кішкентай қыз едім», «Ақ бантик тағып жүрген мына маған Шәмші ән жолдаған» т.с.с. жалған сөздер желмен бірге елге кеңінен таралып, ән тарихы ескерусіз қалған. Шәмші Қалдаяқов біраз жылдар Алматыда тұрып, «Ана туралы жыр», «Қайықта», «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым» т.с.с әндерді дүниеге әкеледі. Кейін туған өлкесі Шымкент қаласына қоныс аударып, ол жақта «Арыс жағасында», «Мойынқұмда», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик» әндерін жазады. Бірде сазгердің Қаражан Әбіләзимов есімді досы шаңырақ көтеріп, тойына бір топ жолдастарын шақырады. Араларында сазгер Шәмші мен ақын Мұхтар да бар. «Тойға берер сыйымыз кәне? Одан да ән арнайық» деп ән жазуға кіріседі. Қаражан достарының жұбайы жаңадан мектеп бітірген балауса қыз екен. Осыны арқау етіп, ақын мен сазгер «Ақ бантик» әнін дүниеге әкеліп, жолдастарының үйлену тойында тарту етіп, шырқап береді. Әу баста, әннің сөздері өзгеше болып, кейін өзгертілген екен. ## Ән мәтіні ## Дереккөздер
Топоним (көне грекше: τόπος — орын + көне грекше: ὄνομα — атау) — географиялық нысанның аты. Топонимдарды зерттейтін ғылым Топонимика деп аталады. ## Топоним түрлері Топонимдер келесі кластарға бөлінеді: * хоронимдер — аймақтардың, облыстардың, аудандардың географиялық атаулары; * астионимдер — қалалардың географиялық атаулары; * урбонимдер — қаланың ішкі нысандарының географиялық атаулары; * годонимдер — көшелердің атаулары; * агоронимдер — алаңдардың атаулары; * дромонимдер — байланысу жолдардың географиялық атаулары; * гидронимдер — сулардың географиялық атаулары, соның ішінде: пелагонимдер — теңіздердің;лимнонимдер — көлдердің;потамонимдер — өзендердің;гелонимдер — батпақтар және батпақтанған жерлердің; * оронимдер — названия поднятых форм рельефтың көтерілген жерлерінің (таулар, жоталар, шыңдар, төбелер); * ойконимдер — елді мекендердің атаулары; * микротопонимдер — кіші географиялық нысандардың атаулары: қыстаулыр, қыстақтар, құдықтар, бұлақтар, т.с.с. көбіне белгілі бір аймақ тұрғындарға белгілі, өзара пайдаланатын атаулар. ; * геонимдер — жолдардың, өтпелердің атаулары. Топонимдерде (әсіресе гидронимдерде) архаизмдар мен диалектизмдер көп кездеседі. Олар көбіне бұрын соң тұрған жергілікті этностың тілінің субстратына байланған ## Топоним элементтері ### Неміс тілінде * ау / ауэ (нем. au, aue) — су алабы (Шпандау, Ауэрбах) * берг (нем. berg) — тау (Кёнигсберг, Кройцберг) * бург (нем. burg) — бекет (Гамбург, Оренбург) * гоф / хоф (нем. hof) — аула (Петергоф, Темпельхоф) * дорф (нем. dorf) — ауыл (Мариендорф) * штадт, штет, штедт (нем. stadt, stätt, stedt, städt) — қала, орын (Кронштадт, Айхштет, Райнштедт) * роде / рода (нем. rode, roda) — орманда талдарды шауып босатқан жерде орналасқан елді мекен (Вернигероде) * фельд / фельде (нем. feld, felde) — жазық (Мариенфельде, Билефельд) * фурт (нем. furth, furt) — өткелі (Швайнфурт, Фурт-им-Вальд, Клагенфурт) * хаузен (нем. hausen) — үй (Заксенхаузен, Шёнхаузен) * хафен (нем. haven) — айлақ (Бремерхафен, Людвигсхафен) ### Ағылшын тілінде * таун/тон (ағылш. Town/Ton) — қала (Джорджтаун, Эвертон) * берн (ағылш. Burn) — бұлақ (Блэкберн) * пул (ағылш. Pool) — бөгет (Ливерпуль) * форд (ағылш. Ford) — өткелі (Оксфорд) * касл, кастер, честер (ағылш. Castle/Caster/Chester) — лат. castra лагерь (Ньюкасл, Ланкастер, Манчестер) * боро, бург, бери (ағылш. borough/burgh/bury) — қалашық (Скарлборо, Эдинбург, Кентербери) * бридж (ағылш. bridge) — көпір (Кембридж) ### Иран тілінде * абад — абаттандырылған жәйлі қала (Исламабад, Хайдарабад) * канд (кент) — қала (Самарқанд) (Шымкент) ### Түркі тілдерінде * агай, агаш (Ұзын-Агаш) * ақ (Акмола) * алтын (Алтынташ) * балық (Карабалык) * баш — бас (Башкортостан, Карабаш) * елга — өзен (Коелга, Сак-Елга) * қара (Қаратау) * көл, куль (Құмкөл) * құм (Қызылқұм, Қарақұм) * қызыл (Қызыл) * сары (Сарыөзек, Саратов — сары+тау) * су (Мрас-Су) * тау (Ямантау) * таш — тас (Ташкент) * темір (Теміртау) * яна — жаңа (Янаул) * чишма — бұлақ (Чишма-баш, Чишма) * хар — қар ### Фин тілінде және Карелия тілдерінде * йоки (фин. joki, карелше:jogi) — өзен * муста (фин. musta, карелше:mustu) — қара * мяки (фин. mäki, карелше:mägi) — төбе * саари (фин. saari, карелше:suari) — арал (Суйсарь) * суо (финск., карелше:'suo) — батпақ (Суоярви) * ярви (фин. järvi, карелше:jarvi) — көл (Петяярви) * ранта (фин. ranta, карелше:randu) — жағалау (Лаппеэнранта) * похья (фин. pohja, карелше:pohju) — түбі, солтүстік (Лахденпохья; Кондопога) * лахти (карелше:lahti) — шығанақ * лохи — албырт ### Латвиан тілі * акменс — тас (Акменьрагс) * аугстс — биік (Аугшземе) * эзерс — көл (Балтэзерс) * циемс — қоныс (Межциемс) * грива — саға (Даугавгрива) * калнс — тау, төбе (Зиепниеккалнс) * межс — орман (Межапаркс) * пилс — бекет, қала (Даугавпилс) * сала — арал (Закюсала) * упе — өзен (Лиелупе) * муйжа — мекен-жай (Закюмуйжа) ## Сыртқы сілтемелер * GeoNames — географиялық атаулар ## Дереккөздер .
№178 мамандандырылған лицей — Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ықшам ауданы, Суаткөл көшесі, 41 үйінде орналасқан коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 2012 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнінде ашылған. Лицейде Тұнғыш Президентіне арналған мұражай жұмыс істейді. Лицей өз жұмысын 2012-2013 оқу жылдың 3-ші тоқсанында, 795 оқушы, 30 сынып комплектісімен, 74 пән мұғалімдермен бастады. Мектеп 2011 жылы салынды. Жалпы ауданы 12547,2 м². Қазіргі уақытта мұғалімдер саны 161 болса, ал оқушылар саны 1992, оның ішінде 5-9 сынып 1469, 10-11 сынып 523 оқушы. Лицейге оқушылар да, пән мұғалімдері де конкурстық емтихан негізінде қабылданады. Лицейдің 8 жылдық тарихында 400-ге жуық «Алтын белгі» иегері, лицей түлектерінің 97% мемлекеттік грантқа ие болып отыр. 2020 жылы білім ордасы «Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы» байқауының жеңімпазы, Қазақстандағы оқу орындарының арасында «Республиканың үздік лицейі» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен мән берілетін лицейде соңғы үш жылдың ішінде республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 161 оқушы жеңімпаз/жүлдегер атанса, 10 оқушы авторлық құқықпен қорғалған жұмыстарға ие болды. «Елбасы Медалі» жобасында лицейдің 9 оқушысы қола медаль иегері атанды. ## Лицей төлқұжаты Мекеме атауы: «№ 178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі2020 жылдың 14 желтоқсандағы Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың №4/370 қаулысы негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 178 лицей» КММ атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. «№ 178 мамандандырылған лицей» КММ- мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыру үшін құрылған заңды тұлғаның мәртебесіне ие ұйым. ## Міндеттері * Білім саласындағы заңнамаларды білім беруді дамытудың мақсатты республикалық, қалалық, аудандық бағдарламаларын іске асыруға бақылау жасау; * Білім беру ұйымында оқу үдерісін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің орындалуының сақталуын бақылау; * Қаржылық-шаруашылық қызмет пен материалды-техникалық құралдарды қолдануын тексеруін; * МІБ ережелерін, жарғының сақталуын тексеру; * Педагогикалық үдерістің және педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуын тексеру; * Оқушылардың білім алу іс-әрекетінің нәтижелерін тексеру; * Білім беру ұйымында жобаны іске асырудағы кедергілерді анықтау; * Білім беру ұйымында басқарудың тиімділігін арттыру; * Мектептегі білім сапасын басқару жүйесін жетілдіру; * Білім беру мекемесінің қоғамдақ және мектептен тыс ұйымындағы ара қатынасын тексеру; * Білім сапасын арттыру, тиімді басқарушылық, педагогикалық және білім алу қызметіне мотивация. ## Ұсыныстар * Деңгейлеп-саралап оқыту арқылы оқушылардың танымдық білімін арттыру. * Өзара сабаққа қатысып, білім жетілдіру курсынан өту, методикалық әдебиеттер арқылы мұғалімнің өз білімін көтеру. * Үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. * Дарынды, қабілетті оқушылардың шығырмашылығын дамыту. * 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын қадағалау. * Мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын енгізуге жетістіктерін бақылау. * Қ.Р. Білім Заңының тұжырымдамасы негізінде құрылған білім стандартындағы әрбір сыныптар үшін берілген міндетті білім деңгейінің орындалуын жүзеге асыру. ## Лицей директоры Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы — № 178 лицейдің алғашқы директоры. Лицейді 2013 - 2017 жылдары басқарды. Педагогикалық өтілі 34 жыл. Оқушыларды олимпиадаға дайындау ісіндегі жетістіктері үшін Білім Министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1999 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Ы.Алтынсарин төс белгісімен, 2009 жылы «Құрмет» орденмен және «Қазақстанның 20 жылдығы» медалімен марапатталған. 1997 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарды. 1997 - 2000 жылдары Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектеп-интернатында директор. 2000 жылы ауыстыру бойынша №141 мектепте, 2003 жылы Дарынды балаларға арналған №173 физика-математика лицейіне директор болып тағайындалды. 2010 жылы №126 физика-математика мектеп-лицейінің директоры болып сайланды. Ол Алматы қаласында физика-математикалық мектептерді ашуға ат салысып келді. Алатау ауданындағы №178 физика-математика лицейіне 2013 жылдың қаңтар айында Әбдімәжит Қоңырбайұлы директорлыққа шақырылды. Ә.Қ.Өтештің оқу процесін дұрыс жолға қоюының арқасында оның басқарған мектептері Алматы қаласы бойынша алдыңғы қатарда көрініп келеді. 2017 жылы 17 қарашада Өтеш Әбдімәжит Қоңырбайұлы 60 жасқа қараған шағында кенеттен жүрек сырқатынан қайтыс болды. Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы — №178 мамандандырылған лицейдің директоры, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары деңгейдегі педагог-шебер. Ізденімпаз ұстаз Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша тренері, АҚШ-тың Экономикалық Білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңестің тренері, Junior Achievement Worldwide халықаралық бағдарламалары бойынша әдіскер-мұғалім. Педагогикалық еңбек жолын қатардағы мұғалім қызметінен бастап, лицей басшысы деңгейіне көтерілді. Білікті педагог, іскер басшы бүгінде лицейде қалыптасқан оқу-тәрбие үдерісін одан әрі биікке көтеріп, ұйымшыл әрі кәсіби білікті ұжымымен бірге «мамандандырылған лицей» дәрежесіне қол жеткіздірді. Әрдайым білім беру жүйесіне жаңалық енгізіп, өркендеу жолында үлесін қосып жүретін Қайратбек Хамзаханұлы лицейде мұғалімдердің оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруін назарға ұстап, бәсекеге қабілетті болуын сақтап келеді. Ол – республикалық «Үздік педагог-2014» байқауы, «Үздік ұстаз-2015» тәуелсіз қоғамдық байқауы, Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық фестивалінің жеңімпазы, «Үздік сындарлы сабақ», «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурстарының жүлдегері атанды. Іскер басшы, тәжірибелі педагог ретінде Шадиев Қ.Х. білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР БҒМ-нің «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1997ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011ж.), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. ## Дереккөздер
Илларион Николаевич Певцов (07 желтоқсан 1879, Анатоль (қазіргі Брест облысы) - 25 қазан 1934, Ленинград) — орыс кеңес актері, РСФСР халық артисі (1932). 1902 жылы Мәскеу филармониялық қоғам жанындағы музыка-драма училищесінің актерлік бөлімін бітірді. 1902 - 05 жылы В.Э.Мейерхольд басқарған труаппаларда, одан кейін әр түрлі провинциялық театрларда ойнады. 1922 жылы Мәскеудің Көркем академиялық театрында, 1925 жылдан Ленинградтың академиялық драма театрында қызмет етті. Актер өнернамасының алғашқы кезеңі ойнайтын кейіпкерінің мінез - күйін нәзік бейнелеуімен ерекшеленді. ## Таңдаулы рольдері Патша Федор Иоаннович (А.К.Толстойдың осы аттас трагедиясында), Иван Карамазов, Мышкин (Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтары"), Павел I (Мережковскийдің осы аттас пьесасында), Бородин (Афиногеновтың "Қорқынышында") т.б. киноға түскен. ## Дереккөздер
Ресей * Александровка — Бакалин ауданындағы ауыл, Бузюр ауылдық кеңесіне жатады. * Александровка — Бижбуляк ауданындағы ауыл, Калинин ауылдық кеңесіне жатады. * Александровка — Бир ауданындағы қыстақ, Кусекеев ауылдық кеңесіне жатады. * Александровка — Благовещен ауданындағы ауыл, * Александровка — Калтасин ауданындағы ауыл, Калтасин ауылдық кеңесіне жатады. * Александровка — Кармаскалин ауданындағы ауыл, Камышлин ауылдық кеңесіне жатады. * Александровка — Туймазин ауданындағы ауыл, Кандрин ауылдық кеңесіне жатады. Қазақстан * Александровка – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл. * Александровка – Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл. * Александровка – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл. * Александровка – Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл. * Александровка – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл. * Александровка – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ауыл. * Александровка – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенттік әкімдігі құрамындағы ауыл. * Александровка – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Средигорный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Василий Васильевич Парин (05 наурыз 1903, Қазан - 15 маусым 1971, Мәскеу) - кеңес физиологы, КСРО ғылым академиясының академигі(1966), КСРО Медициналық ғылым академиясының академигі (1944). 1939 жылдан КПСС мүшесі. Пермь университетінің медициналық фаакультетін бітірген (1925), сонда жұмыс істеді, Свердлов медициналыұ институтында кафедра меңгерушісі, декан, ректордың орынбасары, ректоры (1832 - 41) болды. Бірінші Мәскеу медициналық институтында профессор (1941 - 43). КСРО Денсаулық сақтау халкомының орынбасары (1942 - 45), КСРО Медициналық ҒА - сын ұйымдастырушылардың бірі, алғашқы академик - секретары, вице - президенті (1963 - 66). Медициналық ғылым академиясының алыпты және патологиялық физиология институтының директоры (1960 - 65), КСРО Денсаулық сақтау министірлігі медициналық - биологиялық проблемалар институтының директоры (1965 - 69), КСРО ғылым академиясының адам және жануарлар ағзасының қызметтерін басқару проблемасы лабораториясының меңгерушісі (1969-71). Парин Василий Васильевич қан айналу ,әсіресе жүрек - тамыр пато - физиологиясы, космостық физиология мен биокибернетика мәселелерін зерттеді. ## Сыйлықтары Ленин ордені және Еңбек Қызыл ту орденімен, медальдармен марапатталған. Парин бірнеше шетел ҒА-ларының мүшесі ## Қолданылған әдебиет * Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,123 бет
Вела (Величка) Пеева (болг. Вела Пеева; 16 наурыз 1922, Каменица, қазіргі Велинград қаланың кварталы - 03 мамыр 1944, Бялата-Скала маңы) - екінші дүниежүзілік соғыс уақытында болгар жастарының антифашисттік партизан қозғалысының қайраткері. Болгария халқының батыр қызы. Пазарджик гимназиясында, 1941 жылы София университетінде оқыды. 1939 жылдан Жұмысшы жастар одағының, 1943 жылдан БКП мүшесі. 1942 жылы жазда Чеплин алабында соғысып жатқан антифашистік топқұрамында, 1943 жылы апрельде "Антон Иванов" партизан отрядында соғысқа қатысты. Пеева фашистермен ұрыста қаза тапты. ## Дереккөздер
Қорымдық мұздығы – Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Шілік өзені алабында. Ұзындығы 4,9 км, ашық бөлігі 4,5 км. ## Аумағы Ауданы 6,0 км2, фирн (мұзқар) алаңы – 2,5 км2, ашық тілі 3,2 км2 , көмілген бөлігі – 0,3 км. Мұздықтың толығу аймағы 4260 м биіктіктен басталады. Фирн сызығы 3830 м биіктіктен өтеді. Мұздық тілі 3350 м дейін төмендейді. Орташа қалыңдығы 67 метр, көлемі 0,40 км3. Соңғы жылдары Қорымдық мұздық шегіну сатысында. ## Дереккөздер
Ағажай Алтай (кейде Ағажай-Алтай деп жазылады)— қазақ халық әні. «Ағажай Алтай» қазақтың тұрмыс–тіршілігін, салт–санасын жырлайтын байырғы ән. ## Әннің тарихы Бұл әннің тарихына келер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында шыққан деген мәліметтер бар. Әннің шығу тарихы өте арыда болуы керек, өйткені «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасы кезіндегі қазақтың басына төнген қатерді жырлайды. Бұл – көп бұрмалауға ұшыраған ән, сөзі бірнеше рет өзгерген. Соңғы кездері бұл әннің мәтіні ең алғашқы нұсқасымен айтылып жүр. Әннің негізгі нұсқасы Өр Алтайда туған. Бұл ән - Керей руының әні. Кейбір деректерде өр Алтайдан ұзатылып, алыс жерге кеткен қыздың ағасы іздеп келгенде, қарындасы ағасын құшақтап, көрісіп айтқан әні делінеді. 1952 жылы Көктоғай деген ауданда Мәскен деген кісі сахнада бірінші рет орындаған. Әннің нақты авторы жоқ, дегенмен әнді шығарған адам ретінде бірер кісілердің аты аталады. Белгілі ғалым Жүкел Хамай ағамыздың дерегі бойынша, өр Алтайда өмір сүрген Атантаев Баби деген кісінің Зәмзәм деген қызы ұзатылып бара жатқанда, осы әуенді сыңсып айтқан екен. «Бұл ән ХІХ ғасырда бар сарын еді» дейді. Сол Зәмзәмнің сыңсыған әуені арқылы артынан қуғыншы жеткен көрінеді. Кейін қуғын - сүргін, шапқыншылықты көп көрген өр Алтай өңірінің халқы бұл әннің мәтініне өзгерістер енгізген деген дәйектер бар.Бұл Ағажай-Алтай әнін кіші «Елім-ай» деп айтуға келеді. Себебі бұл әнде де халықтың зары мен өкініші жайлы жырланады. ## Ән мәтіні ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * http://mongolianislam.mn/kz/?p=2596(қолжетпейтін сілтеме) * http://kazaitys.kz/kz/article/view?id=487 Мұрағатталған 6 наурыздың 2016 жылы.
Аламан - Халел Досмұхамедұлының кұрастыруымен жарық көрген ақын-жыраулар мұрасының жинағы. 1926 жылы Ташкентте 3 мың данамен "Қазақ мемлекеттік баспасы" шығарған. Жинаққа қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, Қалнияздың "Ер Қамысы", Нұрымның "Байбоз-Жанбозы", "Балаунияз" дастаны т.б. туындылары енген. Ы.Шөреқұлының Исатай-Махамбет дастанының екінші бөлімі, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан толғауы да осы жинақта жарияланған. Кітаптың алғысөзі ретінде құрастырушының мақаласы берілген. ## Дереккөздер
Нұрғазы Идашұлы Кереев (1926 жыл 15 қазан - 1977 жыл 19 қазан) - эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы (1996), профессор (1996). ## Еңбек жолы 1948 жылы Ленинградтағы Соғыс-теңіз Медицина академиясын бітірді. 1948-1958 жылдары Қиыр Шығыс флотында әскери медициналық қызметкер. 1958-[[1964жыл]]дары Қазақтың эпидемиология және микробиология институтында ғылыми қызметкер. Кереев 1964-1972 жылдары эпидемиология және микробиология кафедрасының меңгерушісі. Ол Қазақстанда жұқпалы аурулардың ең көп кездесетін жерлерін зерттеп, медицина картасын жасады. Оның 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Олардың ішінде бөртпе сүзек, құтыру аурулары, ку-лихорадка секілді ауруларды зерттеп жазды. ## Дереккөздер
Кере — көне тілімізде өлім халінде жатқан адамның ең соңғы татқан асын айтқан. ## Салт мәні Керені көп жағдайда науқас кісі өзі жақсы көретін, қимас адамының қолынан сұрап ішеді. Мысалы, «Жақсы көретін келінім едің, өз қолыңнан тамақ берші, дәм татыршы» сияқты сөздер осы салттан қалған. Керені кейде қазақтар «кереңді іш», «атауыңды іш» деген қарғыс сөз ретінде де қолданады. ## Дереккөздер
Сақалды кекілік (лат. Perdix daurica) — тауықтәрізділер отрядының Қырғауылдар тұқымдасының Шілдер тегіне жататын құс. ## Сипаттамасы Ересек сақалды кекіліктің арқасы көкшіл-сұр, қанатының жамылғысы қауырсындары көкшіл, теңбілді, ақшыл қоңыр, маңдайы мен мойны қоңыр, жемсауы сарғыш қара теңбілді. ## Таралуы Сақалды кекілік Орта Азия мен Оңтүстік Алтайдан Монғолияға және Солтүстік Қытайға дейін таралған. Кавказ сырты, Орта Азия, Оңтүстк Алтай, Шығыс Тянь-Шаньда, Қазакстанда Алтай, Тарбағатай, Маңғыстауда, Іле, Теріскей, Жонғар, Қырғыз Алатауында таралған, топтанып жүреді. ## Көбеюі мен қоректенуі Сәуір-мамырда 13-33 жұмыртқа салады. Өсімдік дәні, насекомдармен қоректенеді. Сақалды кекілікті дәмді ету үшін спорт әуесқойлары аулайды ## Дереккөздер
Сайсағыз(лат. Hyssopus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде жартылай бұта. ## Өсу аймағы мен ботаникалық сипаты Қазақстанда тау бөктерлерінде, өзен жағалауында, қау-бетегелі далалық алқаптарда өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетіні — Күмәнді сайсағыз (лат. Hyssopus ambіguus). Оның биіктігі 25-40 см, сабағы төрт қырлы, көп бұтақты. Жіңішке жапырағының шеті бүтін, таспа пішінді. Көк, көкшіл түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 4-6 мм, күлтелерінің ұзындығы 1 см-дей. Аталығының саны – төртеу. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тұқымы – үш қырлы жаңғақша. ## Емдік қасиеті Сайсағыз — дәрілік өсімдік, халық медицинасында оны қақырық түсіруге, тыныс жолдары қабынғанда, сондай-ақ, қолқа демікпесіне, неврозға, стенокардияға, ревматизмге қарсы қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан парфюмерияда пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды. ## Дереккөздер
Хабин тауы (саамдарша - таулар) - Қола түбегіндегі ең ірі тау массиві. Ауданы 1300 км2 - дей, биікітігі 1191 м. Беткейлері мен етегінде қылқан жапырақты орман өседі. 1920 ж. А.Е.Ферсманның басқаруымен жүргізілген барлау жұмыстары Хабин тауы апатит рудасының дүние жүзіндегі аса ірі кен орны екенін анықтады. ## Дереккөздер