text
stringlengths 3
252k
|
---|
Яна Александровна Клочкова (7 тамыз 1982 жыл, Ақмешіт) — украиндық жүзгіш, төрт мәрте олимпияда чемпионы, олимпиада ойындарының тарихындағы Украина жеріндегі ең танымал спортшы, үш жазғы олимпиаданың қатысушысы: 2000, 2004, 2008 (соңғысында жүзуге қатысқан жоқ).
## Өмірбаяны
* 1982 жылдың 7 тамызында Ақмешіт қаласында дүниеге келген.
* Тұрақты жері Ақмешіт, кейін Харьков, кейін Киев.
* Спорттық қоғамы «Динамо» МВД Украинаның майоры.
* 2003 жылдың 1 тамызынан бастап «СК ИСД» мүшесі. |
Бокстан ауыр салмақта әлем чемпиондарының тізімі хронологиялық тізімде — титул салмағы 90,892 кг не 200 фунт құрайтын кәсіпқой бокслерге беріледі.
## Тарихы
### 1961 — осы уақытқа дейін
Ауыр салмақта әлем чемпионы атағын беретін негізгі ұйымдар:
* Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) (ранее NBA), 1921 жылы құрылған.
* Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), 1963 жылы құырлған.
* Халықаралық бокс федерациясы (IBF), 1983 жылы құрылған.
* Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO), 1988 жылы құрылған.
* «Ринг» журналы, әлем чемпионы титулын 1922 жылдан ұсынады.
## Титул иегерлері
### Нұсқамалар
* Титулдан бас тарту.
* Өз мансабын аяқтау.
* Боксты ұйымдастыру ұйымының есебінен міндетті қарсыласмен жекпе-жек өткізуден бас тартқаны үшін титулдан айырылады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ауыр салмақта әлемдік атағы үшін жекпе-жектер тізімі Мұрағатталған 7 наурыздың 2012 жылы. (ағыл.) |
Атқұлақ (ат құлақ) - таран тұқымдасының қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстарындағы өзен жағаларында, орманды алқаптарында және шалғынды жайылым жерлерінде өседі. Биіктігі 150 см-дей, сабағы тік, қырлы болып келеді. Шоқтана біткен жапырағының сырт пішіні аттың құлағына ұқсас, соған байланысты "Атқұлақ" деп атаған. Шет тілімделген, гүл шоғыры ұзынша келеді, кейде шоғырлана орналасады. Гүл шоғырына жиналған гүлі майда, ақшылдау. Мамыр - маусымда гүлдейді, Жемісі - үш қырлы жаңғақша. Атқұлақты мал жемейді. Оның тамырында 8 - 12% илік заттар бар. Одан сары немесе қара бояу алынады. Тамырынан алынған дәрәләк заттар - іш немесе тері ауруларына ем. Халық мецидинасында бауыр ауруын емдеуге де пайдаланылады, тұқымынан қайнатып алынған дәрімен денеге күйген жерін емдейді. Атқұлақтың құрамында 13% белок, 2% жуық шикі май және ерітінді темір қоспасы бар. Сондықтан оның сабағы мен дәнінен ұн қоспасын алуға болады. |
Мереке Әбдешұлы Құлкенов (8 қараша 1951 жыл, Қарабау ауылы, Қызылқоға ауданы, Гурьев облысы) — кеңестік және қазақстандық қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.
## Биография
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған "Бас" драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған "Бәйтерек" республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004).
1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971–1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында ("Қазақстан пионері" газеті, Қазақстан телеарнасы, "Пионер" журналы, Қазақ әдебиеті (газет)) тілші,
1993–1997 жылдар аралығында "Жалын" республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы,
1997 жылдан бері "Ана тілі" республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін "Таң-Шолпан" әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,
1991 жылдан қазіргі күнге дейін "Өлке" баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.
М.Ә.Құлкенов "Өлке" баспасы өнімдерінің полиграфиялық жоғары сапалы, әрі көркем болып шығуына ерекше көңіл бөледі. Оқырмандардың дүние танымына, талғамына сәйкес мазмұнды кітаптар ұсынуды басты мақсат етеді. Кітап басып шығару және полиграфия әлеміндегі жаңа технологиялармен баспахананы жарақтандыруды, әлемдік озық әдістер мен тәжірибелерді өндіріске енгізуді қаржымен қамтамасыз етуді бірінші кезекке ұстап келеді.
## Марапаттары
Соның нотижесінде "Өлке" баспасы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі тарапынан Дипломмен марапатталса, "Күлтегін — Тоныкөк" кітабы 2001 жылы "жылдың ең үздік кітабы" атағын жеңіп алды. 2003 жылы "Махамбет елі" кітап-альбомы "Ұлы жібек жолы бойымен" ІІ халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінде арнайы дипломға ие болды.
Құрмет орденімен, ұлттық журналистік сыйлық "Алтын жұлдыз" т.б. бірнеше медальдармен марапатталды. Өзі басшылық етіп отырған "Ана тілі" газеті "республикалық үздік газет" атағына ие болды.
## Дереккөздер |
Қотырселтей – Қызылтас және Киікбай тауларының аралағындағы тау.
## Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы Жұмыскер ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 930 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 3,5-4 км.
## Жер бедері
Бірнеше ұсақ шоқылардын тұрады. Солтүстігінде Қожа, Қазыбек, оңтүстігінде Қанжығалы, шығысында Толағай таулары, батысында Қараоба қыстауы орналасқан.
## Геологиялық құрылымы
Жоғарғы силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында қараған аралас жусан, бетеге өседі. Жайылымдық және қыстау (Қызыладыр) ретінде пайдаланылады.
## Дереккөздер |
Ливингстон таулары - Шығыс Африкадағы Танзания жеріндегі таулар.
Ұзындығы 160 км. Биктігі 2961 м (Мторви тауы). Гранит және гнейс жыныстарынан құралған. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм, беткейлерінде саванна және селдір ормандар өседі. Аты ағылшын саяхатшысы Д.Ливингстонның құрметіне қойылған.
## Дереккөздер |
Бөрте жусан (лат. Artemisia austriaca) – астралылар тұқымдасының жусан тегіне жататын көп жылдық шала бұта.
## Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 20-60 см, сабағы мен жапырағы бозғылт түкті, тамыр сабағы жақсы жетілген, маусым - қыркүйек айларында гүлдейді.
## Таралуы
Бөрте жусан Батыс Еуропада, Жерорта теңізінің батыс жағында, Кіші Азияда, Солтүстік Иранда, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қазақстанның барлық аудандарында, әсіресе шөл, шөлейт, сортаңды жерлерде, жол бойында өседі.
## Пайдалануы
Бөрте жусанның астық тұқымдас өсімдіктер араласқан пішіненін мал жақсы жейді, сүрлемге салуға да болады. Бұл өсімдіктің құрамында алколоид, глюкозид, каротин, эфир майы, протеин, белок, май т.б. заттар болады.
## Дереккөздер |
Шынқожа Байекен ұлы Бөрібаев (15.11.1900) - Қаз.КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Ауыл шаруашылық ғылым кандидаты, дербес пенсионер. 1928 жылдан КОКП мүшесі. Шыңқожа Мәскеу ауыл шаруашық академиясын бітірді, Қазақтың мал өсіру ғылым зерттеу институтында директордың орынбасары және бөлім меңгерушісі, ҚазКСР ауыл шаруашылық министрілігінің бас зоотихнигі, ҚазКСР Министр Советі Председателінің орынбасары және кеңесшісі, Гурьев облысы атқару комитетінің председателі, Қаз.КСР ауыл шаруашылық министрінің орынбасары, әртүрлі ауыл шаруашылық ғылыми мекемелерінде, 1962 жылдан ҚазКСР ауыл шаруашылық минстрлігінің ғылым жөніндегі Бас басқармасының бас маманы болып істеді. Шыңқожа Қазақстанның шығыс аудандарының кең жайылым пайдаланып, етті ірі қара шаруашылығын өркендетуге және КСРО-ға шетелдерден асыл тұқымды мал әкелуде зор еңбек сіңірді. Ол көпетегн ғылыми еңбек жариялады. Шыңқожа 2 орденмен марапатталған.
## Дереккөздер |
## Түте
Қазақтың ұлттық тағамының бір түрі түте тағамы.Шапқыншылықты, жаугершілікті, ел қорғау үшін "ат ауыздығымен су ішкен..." ұзақ жортуылды жылдары ойлап табылған тағам түрі болса керек. Кез келген сәтті әбден мейіздей ғып сүрлейді екен де, тұз сіңіп, қатып қалған соң, алдымен балтамен жентектеп шабады екен. Сонан соң келіге салып, түте-түтесін (осы сөздің өзі тілдік қорымызда сақталмаған екен) шығарып түйеді. "Атың жалы, түйенің қомында" келе жатып, қоржынындағы түтеден алып, бірер толғаса, өзегі талмай жүре береді. Бұл да мүлде ұмытылған тағамымыздың бір түрі.
## Тағы қараңыз
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Құырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
## Түте
Қазақтың ұлттық тағамының бір түрі түте тағамы.Шапқыншылықты, жаугершілікті, ел қорғау үшін "ат ауыздығымен су ішкен..." ұзақ жортуылды жылдары ойлап табылған тағам түрі болса керек. Кез келген сәтті әбден мейіздей ғып сүрлейді екен де, тұз сіңіп, қатып қалған соң, алдымен балтамен жентектеп шабады екен. Сонан соң келіге салып, түте-түтесін (осы сөздің өзі тілдік қорымызда сақталмаған екен) шығарып түйеді. "Атың жалы, түйенің қомында" келе жатып, қоржынындағы түтеден алып, бірер толғаса, өзегі талмай жүре береді. Бұл да мүлде ұмытылған тағамымыздың бір түрі.
## Тағы қараңыз
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Құырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192. |
## Сылақ көмбе
С.Қимасовтың "сылақ көмбе" деп атағаны жаужұмырдың бір түрі екен. Жас бағланды немесе марқа лақты бауыздаған соң, терісін сыпырмай ішек қарнын алып, ішіне тұз, сарымсақ(пияз)салып, аздап қана су құяды да, жарылған іштің терісін қайта тігеді. Кеңірдек пен өңештің орнын да тігіп тастайды. Бас-сирағы кесілген ұшаны май батпақпен қалыңдығы жарты елідей сылдайды, жанған оттың шоғына тастайды. Үстіне от жағады. Бірер сағаттан соң, сылақ балшық кеуіп, қышқа айналған кездеұшаны аударып, астына шоқ төсеп, үстіне тағы от жағады. 2 сағаттай уақыт өткен соң, қыш қорапқа оранған ұшаныоттан шығарып, үстіне аударып-төңкеріпсуық су құйғанда қатып тұрған сылақ айырылады. Көтеріп алып, көк шөптің үстіне тастаса, балшық сылақ малдың жидіген жүнін өзімен бірге ала түседі, сыртқа демі шықпай, өз сөліне піскен даяр етті жілік-жілігімен алып жейді.
## Тағы қараңыз
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Құырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
## Сылақ көмбе
С.Қимасовтың "сылақ көмбе" деп атағаны жаужұмырдың бір түрі екен. Жас бағланды немесе марқа лақты бауыздаған соң, терісін сыпырмай ішек қарнын алып, ішіне тұз, сарымсақ(пияз)салып, аздап қана су құяды да, жарылған іштің терісін қайта тігеді. Кеңірдек пен өңештің орнын да тігіп тастайды. Бас-сирағы кесілген ұшаны май батпақпен қалыңдығы жарты елідей сылдайды, жанған оттың шоғына тастайды. Үстіне от жағады. Бірер сағаттан соң, сылақ балшық кеуіп, қышқа айналған кездеұшаны аударып, астына шоқ төсеп, үстіне тағы от жағады. 2 сағаттай уақыт өткен соң, қыш қорапқа оранған ұшаныоттан шығарып, үстіне аударып-төңкеріпсуық су құйғанда қатып тұрған сылақ айырылады. Көтеріп алып, көк шөптің үстіне тастаса, балшық сылақ малдың жидіген жүнін өзімен бірге ала түседі, сыртқа демі шықпай, өз сөліне піскен даяр етті жілік-жілігімен алып жейді.
## Тағы қараңыз
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Құырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192. |
Лиакат Әли хан (1895 жыл 1 қазан, Карнал - 1951 жыл 16 қазан, Равалпинди) - Пәкістанның мемлекет және саяи қайраткері. Мамандығы - юрист.
## Өмірі
1923 жылы Мұсылман лигасы партиясына кірді. 1936-1937 жылдары партияның бас хатшысы, 1950 жылдан президенті. Пәкістан республикасын құру жолындағы қозғалыс басшыларының бірі. Лиакат Әли хан - Пәкістанның тұңғыш премьер-министрі (1947 жылдан бастап). Үкімет билігіне талас жолындағы күрес үстінде қаза тапты.
## Дереккөздер |
Амангелді Ғалымжанұлы Құрашев (2.11.1946 ж.т.,Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент, кафедра меңгерушісі (1982–90) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері бет-пішінінде ауытқушылықтары мен кемшіліктері бар науқастардың кеселін айқындап, хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдіруге арналған. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы.
## Дереккөздер |
Әлсен Айсин (1922 — 1980, Біржан сал ауданы Чистяков а.) — еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1966). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1945 ж. «Чистяковка» ұжымшарының мал фермасында есепші болып бастаған. Чкалов ауданы (қазіргі Тайынша ауданы) Алабота кеңшарында малшы (1952 — 57), 1957 жылдан сол шаруашылықта аға малшы болып жұмыс істеді. Орден, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қаракөл — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 67 км жерде, Ойыл өзенінің аңғарында орналасқан.
## Тарихы
Іргетасы 1930 жылдары қаланған. Шамамен 250 үйдей бар.
## Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1670 адам (876 ер адам және 794 әйел адам) болса, 2009 жылы 1636 адамды (842 ер адам және 794 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1454 адамды (773 ер адам және 681 әйел адам) құрады.
## Мәдени-әлеуметтік мекемелер
Қаракөл орта мектебі, Жамбыл отбасылық емханасы, “Жауқазын” балабақшасы, Қаракөл мәдениет үйі жұмыс істейді.
## Діни мекемелері
* «Бөкен би» мешіті — 2019 жылғы желтоқсан айының соңында пайдалануға берілді. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адамға дейін намаз оқи алады.
## Елді мекендегі көшелер
* Абай Құнанбаев көшесі
* Есен Бисенбаев көшесі
* Жамбыл Жабаев көшесі
* Көлбай Сисенбаев көшесі
* Қаныш Сәтбаев көшесі
* Мырзабай Айшуақов көшесі
* Тұрар Рысқұлов көшесі
## Дереккөздер |
Қарабау — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Қызылқоға ауылдық округі орталығы. 1952-1959 жылдары Қызылқоға ауданының орталығы болған.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 2205 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 1523 адам (762 ер адам және 761 әйел адам) болса, 2009 жылы 1420 адамды (736 ер адам және 684 әйел адам) құрады.
## Әлеуметтік және мәдени нысандары
* Қарабау орта мектебі
* «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы
* «Еспай» мәдениет үйі
## Елді мекендегі көшелер
* Аяпберген Науанұлы көшесі
* Әлжан Игілікұлы көшесі
* Берқайыр Аманшин көшесі
* Ғани Мұратбаев көшесі
* Дина Нұрпейісова көшесі
* Еспай көшесі
* Инамат Уайсов көшесі
* Исатай Тайманұлы көшесі
* Қойшыбай Есенбаев көшесі
* Махамбет Өтемісұлы көшесі
* Мәншүк Мәметова көшесі
* Мұрат Мөңкеұлы көшесі
* Нығмет Көмеков көшесі
* Сабыр Омаров көшесі
* Табылды Таубаев көшесі
* Шамиль Өтегенов көшесі
## Дереккөздер |
Рубежка – Жайық алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерімен ағады.
## Гидрологиясы
Ұзындығы 80 км, су жиналатын алқабы 720 км2. Жалпы Сырт қыратының оңтүстігіндегі қыраттан басталып, Рубёжинское ауылы тұсында Жайық өзеніне құяды. Арнасы жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
## Дереккөздер |
«Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа 1998 жылғы 23 қазанда облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының шешімімен берілді . Қызылорда облыстық мәслихаты 2012 жылғы 6 желтоқсандағы N63 шешiмiмен облыстық құрметті азаматы атағын беру қағидаларын бекіткен болатын .
## "Облыстың құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары
* "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметiнде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбiтшiлiк пен достықты, ұлтаралық келiсiм мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі.
* Атақ облыс (қала, аудан) әкiмінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешiмімен берiледi.
* Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берiлуi мүмкiн.
* Атаққа ие болған тұлғаға куәлiк, төсбелгi берiледi және оның есiмi облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматтары кiтабына енгiзiледi.
* Куәлiктi, төсбелгiнi және Облыстың, қаланың, ауданның құрметтi азаматтары кiтабын әзірлеу және жасап шығару тиісінше облыс, қала, аудан әкiмдерінің аппараттарына жүктеледi.
* Атақ беру туралы қолдаухатты облыс (қала, аудан) әкімінің атына жеке тұлға және заңды тұлғалар енгізеді. Түскен қолдаухаттар облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясымен қаралады.
* Ұсынымға нақты сiңiрген еңбектері және наградалары туралы мәлiметтер қамтылған мінездеме, сондай-ақ, 3х4 сантиметр және 6х9 сантиметр көлеміндегi екi сурет қоса жалғанады.
* Атақ беру туралы қолдаухат қолдау таппаған жағдайда аталған қолдаухатты ұсынған тұлғаға заңнамада көзделген мерзімде оның себебі туралы түсіндірме беріледі.
* Облыс (қала, аудан) әкiмі облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясының ұсынысын ескере отырып, кандидатураны облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың қарауына ұсынады.
* Куәлiк пен төсбелгi облыс (қала, аудан) әкiмімен және (немесе) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысымен салтанатты жағдайда тапсырылады.
### Құрметті азаматтар тізімі
Дереккөздер |
Тимофей Федорович Осиповский (2 ақпан 1766 жыл — 24 маусым 1832 жыл) — орыс математигі, философ-рационалисті. Михаил Васильевич Остроградскийдің ұстазы.
Канттың геометрия ақиқаттарының априорлық тегі туралы пайымдауын сынады. Тұтас алғанда Осиповский көзқарастары метафизикалық механикалық материализм шеңберінен шықпады. Ол Рене Декарттың идеяларының ықпалын басынан кешірді, мұның өзі математиканың методол. ролін әсірелеуден, талғампаздық әдісінің танымдық маңызын асыра бағалаудан көрінді. Осиповский мистикаға қарсы күресті, ағарту мен ғылымның ролін жоғары бағалады, ал дінге көзқарасында ол деизм позициясында қала берді.
## Негізгі шығармашылықтары:
* "Кеңістік пен уақыт туралы" (1807);
* "Канттың динамикалық жүйесі туралы пайымдаулар" (1813).
## Дереккөздер |
Осмонқұл Бөлебалаев - қырғыз халық ақыны, Қырғызстан КСР-і халық артисі. Өлеңдерін қазақ тілінде де жазған. Тұңғыш жинағы "Осмонқұлдың ырлары" 1936 ж. шыққан. Осмонқұл Бөлебалаев - "Баатыр Чолпонбай", "Ашымжан", "Гүлшайыр" т.б. поэмалардың авторы. Оның алғашқы туындыларында сүйіспеншілік және лиро-эпостық сарын басым. Революциядан кейінгі шығармаларында Ленин бейнесі, еңбек адамының өмірі басты орын алады. Біраз өлеңдері орыс, қазақ т.б. тілдерге аударылған.
## Дереккөздер |
Оттар Ли (1896 жыл - 1943 жыл 28 ақпан) - Норвег жұмысшы қозғалысының қайраткері.
## Өмірі
1912 жылдан Норвегия жұмысшы партиясының (НЖП), 1921-1923 жылдары НЖП ОК-нің мүшесі. 1923 жылдан Норвегия коммунистік партиясы (НКП) ОК-не мүше. 1927 жылы НКП саяси бюросына кіргізілді. 1929 жылдан НКП-нің хатшысы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Норвегияда Қарсыласу қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі. 1942 жылы қазанда неміс-фашист басқыншыларының қолына түсіп, айуандықпен өлтіріледі.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ли Оттар |
Малкеждар Бөкенбаев - Совет Одағының Батыры. Ақтөбе облысының Жұрын ауданында кедей отбасында туған. 1942 ж. маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Қызыл Тулы 312-Смоленск атқыштар девизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Лейтенант Малкеждар Бөкенбаев басқарған десантшылар взводы Буг өзенінің бойында болған жекпе-жек айқаста ерлікпен шайқасып, жаудың 102 әскері мен офицерін қолға түсірді. Взвод командирі лейтенант М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын берілді.
## Дереккөздер |
Мықанова Қайша - Социалистік Еңбек Ері (1958), шопан, ҚазССР мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері. 1907 жылы Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы), Фурманов ауданы ( Жалпақтал ауданы (қазіргі Казталов ауданы), Жалпақтал ауылында туған.
## Еңбек жолы және жетістігі
* 1944 жылдан бастап Фурманов (Талдыапан) совхозында шопан болып істейді.
* 1946-1963 жылдары аға шопан болып еңбек етеді. Жыл сайын 100 саулықтан 110-120 қозы алып, қой басын өсірген.
* ҚазССР мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері.
* 1962 жылы - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
## Наградалары
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* КСРО-ның ХШЖК-нің (ВДНХ) медалі
* Социалистік Еңбек Ері (1958)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
История народов Средней Азии |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Қазақстан Республикасындағы индустрия және елді индустриялық-инновациялық, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ экономика мен қоғамның көліктік және коммуникациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді және технологиялық жағынан жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру болып табылады.
Инвестициялар және даму министрі — Әсет Исекешев.
## Құрылымы
* Инвестициялар комитеті
* Аэроғарыш комитеті
* Азаматтық авиация комитеті
* Көлік комитеті
* Автомобиль жолдары комитеті
* Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
* Техникалық реттеу және метрология комитеті
* Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
* Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
## Сыртқы сілтемелер
* Министрліктің ресми сайты Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы. |
Битуригтер (Bituriges) — Аквитанияны мекендеген кельт тайпасы. Басты қалалары Аварик (Avaricum) болған, қазіргі Бурж (Bourges). Битуригтер өзінше өмір сүретін екі тайпаға бөлінген — Битуригтер-кубтар (Bituriges Cubi) және Битуригтер-вибиски (Bituruges Vibisci).
Битуригтер-куб деп Луараның орта ағысын, өздерінің басты қалалары Аварик маңайын мекендеген битуригтерді атаған. Аварикті Цезарь б.з.д. 52 жылы жаулап алды.Битуригтер-вибис Гароннаның төменгі ағысы мен Жиронданы мекендеген битуригтерді айтады. Битуригтер-вибисктердің орталығы портты қала Бурдигала болды, қазіргі Бордо.
Битуригтер Цезарьдың Аварикті басып алуы кезінде орасан зор зардаптар шекті. Империя кезінде бұл батыл тайпаның рекруттарынан екі когорта (әскер, отряд) құрылды. |
Карнуттар (лат. carnuti, carnutes) — Орталық Галлияны мекендеген кельт тайпасы. Луара жағалауын, Шер (өзен) мен Эра өзендері аралығын мекендеген.
Басты қалалары Аутрикум (Autricum) болған, ол V ғасырда Карнутум (Carnutum деп аталса, қазір Шартр). Басқа маңызды қалаларынан Кенабум (Ценабум, Cenabum, немесе Genabum, Орлеан) белгілі.
Карнуттарда басқа галль тайпаларына қарағанда друидтер жиналып, құрбандықтар шалатын киелі ормандар ұзақ сақталған. Б.з.д. 57 жылы Цезарь өзінің легиондарын карнуттардың жеріне қыстатып, оларға бір кельт патшасының ұрпағы Тасгецийді патша етіп сайлайды. Өзінің ер рухтарымен, еркіндікке ұмтылыстарымен ерекшеленетін карнуттар оны үш жылдан соң тағынан тайдырып, өлтіріп тастайды.
Цезарь екі жыл бойы өздерінің тәуелсіздіктері үшін күрескен карнуттардың көтерілістерін басып тастайды. 12 мың карнут Верцингеторикстің көтерілісіне қатысып, ,Алезия алынған соң қаруларын тастамағандары үшін бір бөлігі талқандалып, бір бөлігі бағындырылады. Август кезінде карнуттар облысына өзін-өзі басқару құқығы («civitas socia sive foederata») беріледі. 275 жылы император Аврелиан Ценабум қаласын жаңадан қайта салып және үлкейтіп, Аврелианум (Aurelianum) атын береді. |
Хаджи Леши (алб. Haxhi Lleshi; 1913 жыл 1 мамыр - 1998 жыл 1 қаңтар) — албан мемлекеттік және партия қайраткері, генерал-майор.
1943 жылдан Албания коммунистік партиясының мүшесі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қолына қару алып, фашизмге қарсы күресті. 1944 жылдан жауапты мемлекеттік қызметте. 1948 жылдан Албания Еңбекші партиясы ОК-не мүшелікке кандидат, 1956 жылдан АЕП ОК мүшесі, 1950 жылдан Албания Халық Республикасы Халық жиналысы президиумының мүшесі, 1953 жылғы тамыздан оның төрағасы.
## Дереккөздер |
Оспанәлі Иманәлиев (21 желтоқсан 1927 жыл, Талас ауданы, Ойық ауылы – 1997 жыл, Тараз қаласы) – ақын, жазушы. Ысты руынан шыққан.
## Өмірбаяны
* Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1948) бітірген.
* Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін (1963) бітірген.
* 1948 – 1958 жылы Талас ауданында зоотехник
* Талас ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы
* Талас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
* Талас аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды.
* 1963 – 1991 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті
* «Ара» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
## Шығармалары
* «Тұңғыш кітап» (1963),
* «Отан ұлы» (1964),
* «Тайға міндім» (1965),
* «Қызыл жалау» (1967),
* «Сәуір» (1971),
* «Май – мамыр» (1975) атты өлеңдер жинағы,
* «Бұйрық пен сыйлық» (1966),
* «Безбүйрек» (1968),
* «Соқырішек» (1973),
* «Сыңар кебіс» (1977),
* «Егізбүйрек» (1977) деген әзіл-сықақтары,
* «Байқадам» (1980) повесі,
* «Жаннат жер» таңдамалысы жарық көрді.
* 1980 жылы «Ылғалсыз көктем»,
* 1995 жылы «Аққайың жарды бүршігін» кітаптары жарияланды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Сыншыл, сыршыл қаламгер ұлағаты
* “Бір сөзі мың жыл жүрсе дәмі кетпес”(қолжетпейтін сілтеме) |
Бұқар жырау жаршысы - Бұқар жырау аудандық газеті. 1939 жылдан шығып келеді (1962 жылға дейін «Социалистическая жизнь», 1962-1965 ж. газет шықпады, 1965 жылдан «Знамя Ильича»). 1994 жылы 5 ақпанда орыстілді «Знамя Ильича» және 1988 жылы 1 қыркүйектен шыға бастаған қазақтілді «Сарыарқа» газеттерінің редакциялары біріктіріліп, «Сарыарқа» атауымен қазақ, орыс тілдерінде шығады. 1997 жылы Тельман және Ульянов аудандары біріккеннен кейін газет «Сарыарқа» атауымен шығуын жалғастырды. 2013 жылы сәуірде «Бұқар жырау жаршысы» газеті болып өзгертілді. Газет Ұлы Отан соғысы жылдары аудан енбекшілерін жеңісті жақындатуға жұмылдырды. Соғыстан кейінгі кезенде ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңалықтарды жария етіп келеді. А-3 форматымен аптасына 1 рет шығады. Бас редакторы - Ә. Жұмақаева (2006 жылдан бастап).
## Дереккөздер |
Прокофий Каленикович Романенко (1906—1965) — колхоз өндірісін ұйымдастырушылардың бірі. Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған. 1938 жылдан КОКП мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. УкрКСР-нің Виницк облысындағы Калиновск ауданы "Ленинский шлях" колхозының төрағасы. Романенконың басшылығымен колхоз жыл сайын ауыл шауашылық дақылынан және мал шаруашылығынан жоғарғы көрсеткіштерге жетті. 1957 ж. дәнді дақылдар егістігінің әр гектарынан 24,4 центнер қант қызылшасынан 394,6 центнер өнім жинады.
## Дереккөздер |
Әзденбаев Сәби (1890 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы - 1967 жылы, сол жерде) - Қазақтың айтыс ақыны.
Өлең-жырларында ауыл еңбеккерлерінің, Қарағанды кеншілерінің өмірін жырлады. Ұлы Отан соғысы жылдары аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, 1943 жылы Қайып Айнабековпен айтысты. Шығармалары “Халық ақындары” (1953), “Пернедегі термелер” (1965) жинақтарында жарық көрді. Әзденбаев жинаған ауыз әдебиеті үлгілері ҚР ҰҒА Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар орталығында сақтаулы.
## Дереккөздер |
Жабғу Баға қаған (қытайша:莫何可汗); туған кезде аты Ашина Чулохоу (қытайша:阿史那处罗侯)) — (т.ж.б.- 588) - Түрік қағандығының жетінші қағаны (587 -588), Бумын қағанның немересі.
Ақылды, қулығымен астыртын іс-әрекеттерге шебер адам болған. Ағасы Ишбар қағанның тұсында Ч. ресми қағанға қарсы топ ішінде болды. Бірақ билікке Ишбар қағанның ұлы Юн-Улуқтың ұсынысымен және қолдауымен келді. Ч. билікке келер келер тұста Түрік қағандығының ішкі саяси жағдайы өте қиын еді. Ел ішінде тақ таласы жүріп жатты. Ч- дың қаған болып отыруы, яғни ресми қағанға қарсы топ өкілінің билікке келуі және Юн-Улуқтың оны қолдауы ішкі шиеленісті біршама бәсендетті.
## Тағы қараңыз |
Станислав Сергеевич Ярушин (14 қаңтар 1981 жылы, Челябі) - тележүргізуші, актер.
## Өмірбаян
№ 46 Челябі мектебін бітірді. 10 сыныптан бастап «Бамбарбия Киргуду» тобында Мектеп Лиганың КВН-інде ойнауды бастады. Кейін Агроинженерлік университетіне түсті, бірақ та инженер-механик болудың орнына КВН қатысушысы болып кетті.
* 2003 жылдан 2010 жылға дейін - «Лица Уральской Национальности (ЛУНа)» КВН Челябі тобының фронтмені.
* 2003 жылдан 2010 жылға дейін - ЦСКА баскетбол клубының шоумені.
* 2011 жылдан бастап «Универ» сериалында түсуге бастады.
Қазір ол актер, тележүргізуші және де ТНТ телеарнасында болып жатқан «Comedy Club» шоуының жаңа резиденті.
Станислав Алена Ярушинаға үйленді. [[29 қаңтарда]] [[2012]] жылы оларда Стефани қызы туды. 2014 жылы жазда оларда Ярослав ұлы туды.
## Сілтемелер
* https://www.youtube.com/watch?v=SiqJbGEy4b8
* http://stasyarushin.ru/
## Дереккөздер |
Шапай Зұлқашев (23 желтоқсан 1938 жылы туған, қазіргі Атырау облысы Исатай ауданы Орла ауылы) — актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988). "Құрмет" орденінің иегері, Исатай ауданы және Атырау облысының "Құрметті азаматы", Махамбет атындағы республикалық сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік бөлімін (1965), Алматы театр-көркемсурет институтының режиссерлік бөлімін бітірген (1976).
1965 - 1975 ж. Қазақ академиясы балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып, көптеген рөлдер ойнады.
1975 - 1989 ж. Атырау облысында драма театрында режиссер (1997 жылдан осы театрдың бас режиссер әрі көркемдік жетекшісі), 1989 - 1997 ж. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып қызметтер атқарды.
## Дереккөздер |
Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров (26 мамыр 1950 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2016). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2003 жылдан).
## Жалпы мәліметтер
Шыққан руы Арғын Қуандықтың Қожасы.
* 1967ж. Алматыдағы Эстрада-цирк студиясын,
* 1973 ж. Мәскеу театр институтын,
* 1998 ж. Алматы театр және кино институтын бітірген.
* 1969 — 70 ж. “Қазақконцерт” бірлестігінде,
* 1970—71 ж. әскери борышын өтей жүріп, Орта Азияәскери округының ансамблінде,
* 1972 — 73 ж. республикалық “Гүлдер” ансамблінде өнер көрсеткен.
* 2003 жылдан бастап Әуезов театрының құрамында.
## Шығармашылығы
1978 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрында актер. Бектеміров осы театр сахнасында Мәди (Ә. Әбішевтің “Атыңнан айналайынында”, 1983), Мұрат (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”, 1983), Мылқау (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”, 1983, 1994), Науан хазірет (сонда, 1998), Тұрар (Ш. Мұртазаның “Сталинге хатында”, 1987), Орманшы (Ә. Тауасаровтың “Махаббат аралында”, 1989) және Абай (Р. Сейтметов қойған спектакль-инсценировка “Қалың елім, қазағымда”, 1989) мен Махамбет (“Туған ұлдан не пайдада”, 1990) сияқты басты рөлдерде ойнады. Әсіресе, “Сталинге хат” спектакліндегі Тұрар образы актердің дарын қуатын танытты. “Әзірет сұлтан” спектакліндегі Хан мен “Қыз Жібектегі” Бекежан бейнесін сәтті сомдады. Режиссер ретінде 1998 ж. Ә. Сараевтың “Мұңым менің” пьесасын сахналады. Сонымен қатар Бектеміров бірқатар көркем фильмдерге де түскен (“Шоқан Уәлиханов”, “Провинциалдық роман”, т.б.).
## Марапаттары
* 1996 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді.
* 2011 жылы «Құрмет ордені»
* 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерекелік медальі;
* 2016 жылы "Құнанбай" фильміндегі "Барақ" рөлі үшін "Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының" иегері атанды. Бұл марапатты ҚР тұңғыш президенітнің өз табыстады.
## Жеке өмірі
* жұбайы: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері: Жібек Бектемірова
* Қыздары - Гүлзира (1983 жылы туған), Гауһар (1989 жылы туған), Іңкәр (1990 жылы туған).
## Дереккөздер |
Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.
Орта жүз Найман тайпасының Көкжарлы руынан шыққан.Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).
## Толығырақ
* 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
* 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
* 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.
## Шығырмашылығы
Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972).
Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1982).
## Фильмографиясы
### Продюсер ретінде
* 2003 - Голгофаға әрқайсысы шығады
* 2006 - Жоғалған жұмақ
### Режиссер ретінде
* 2009 - Біржан сал
* 2015 - Құнанбай
### Сценарист ретінде
* 2015 - Құнанбай
### Актер ретінде
* 1972 - Арман асуы - эпизод
* 1974 - Бұлақ - эпизод
* 1975 - Гауһартас - Әскербек
* 1979 - Даладағы қуғын - Хамит
* 1979 - Шешуші айқас - эпизод
* 1979 - Чемпион - Ілияс Шәріпұлы
* 1980 - Алтын күз - эпизод
* 1981 - Бұлақ - эпизод
* 1982 - Көріскенше қош бол, Медеу - Кәрім
* 1983 - Ай астындағы үй - Дәуіт
* 1983 - Өтелмеген парыз - Нұрлан
* 1984 - Жарқыраған әлем - Акунахара
* 1984 - Ақ ілбістің тұқымы - Мұндызбай
* 1984 - Адами фактор - Ниязов
* 1986 - Махаббат қиялдары - Қожа Зульфиқар
* 1986 - Жәбірленушілердің наразылықтары жоқ - Ілияс Садықов
* 1986 - Ауылдан келген күйеу бала - Жапар
* 1987 - Махаббат, достық пен тағдыр туралы - Кәрім
* 1990 - Тағыланған иттерді қаумалау - эпизод
* 1990 - Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет - әке
* 1993 - Үндемеу кодексі-2 - Садық Баларғымов
* 1996 - Мерген Хомучи - эпизод
* 1998 - Омпа - Дәуірбек Ақынов
* 2000 - Чек - Сәкен
* 2003 - Голгофаға әрқайсысы шығады - Қаратас
* 2006 - Көшпенділер - Галдан-Цэрэн
* 2009 - Біржан сал - Біржан сал
* 2009 - Лавэ - эпизод
* 2009 - Бөрілердің әділ соты - Виктор Иванович
* 2015 - Құнанбай - Құнанбай
* 2016 - Қазақ елі - эпизод
## Мемлекеттік марапаттары
* 1982 жылы Қазақстан Ленин комсамолы сыйлығының лауреаты
* 1987 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі
* 1995 жылы Қазақстанның халық әртісі
* 1996 жылы Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі
* 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
* 2001 жылы Құрмет орденімен марапатталған.
* 2016 жылы президенттің қолынан Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алды. |
Дастен Шакиров — қазақстандық актер, тележүргізуші. 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 Ш. Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназияға оқуға барып, 2005 жылы бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбы бойынша 7 жыл оқуын қызыл дипломмен тәмамдайды. Гимназияны бітірген соң, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясына «Финансы» мамандығының ағылшын бөліміне оқуға түседі. 2009 жылы оқуын аяқтап, диплом алып шығады.
2007 жылы модел агенттігіне жұмысқа орналасып, жарнама роликтері мен бейнеклиптерде түсе бастайды.
Спортпен жиі айналысады: жүзу, жүгіру, бокс. Шахмат ойнағанды, классикалық, джаз және заманауи өлеңдерді тыңдағанды жақсы көреді.
## Фильмографиясы
* «Жаным» 2010 ж
* «Болашақ» 2011 ж
* «Коктейль для звезды 2» 2011 ж
* «Достар» 2012 ж
* «Оазис любви» 2012 ж
* «Одноклассники» 2012 ж
* «Жаужүрек мың бала» 2012 ж
* «Бауыржан Момышұлы» 2013 ж
* «Вопреки всему» 2013 ж
* «Параллельные миры» 2013 ж
* «Парыз» 2013 ж
* «Молоко, сметана, творог» 2013 ж
* «Махаббатым жүрегімде» 2014 ж
* «Рэкетир 2» 2015 ж |
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауымен құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры құрылған күннен қазіргі күнге дейін 200 жоба жүзеге асырылды . Осы жобалар мынадай бағытттарды қамтыды:
* 10 – халықаралық;
* 20 – ғылыми-зерттеу;
* 60 – баспа ісі;
* 30 – экстракорпоральдық ұрықтандыру;
* 20 – тілдік;
* 30 – қоғамдық маңызы бар істер;
## Қазақстан халқы Ассамблеясының қорының мақсаты
Ұлтаралық қарым-катынастар мен қоғамдық келісім төңіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық маңызы бар жобалары мен мәдени-ағартушылық, рухани-адамгершілік, білім беретін Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес басқа да қоғамдық пайдалы қызметтерді жүзеге асыру
### Міндеттері
* Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ықпал ету;
* Этникалық және мәдени бірлестіктерге көмектесу;
* Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстандық, шетелдік және халықаралық ғылыми үкіметтік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардан зияткерлік, қаржылық және техникалық дамуға инвестиция тарту.
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттары
* Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту және этномәдени бірлестіктердің жұмысын жақсарту;
* Қазақстандағы тілдік және мәдени көпалуандылықты сақтау үшін түрлі іс-шаралар жүргізу;
* Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмысына көмектесу;
* Халықаралық аренада төзімділіктің Қазақстандық үлгісі мен Н.Ә.Назарбаевтың жалпы келісімін насихаттайтын жобаларды іске асыру;
* Қазақстан халқы Ассамблеясын ақпараттық қолдау;
* Мемлекеттік тіл мен өзге ұлттардың ана тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану;
* Қазақстан Республикасының азаматтарына төзімділік пен ұлтаралық бірлікті, қазақстандық патриотизмді және елдегі мәдениетаралық диалогты одан әрі қалыптастыру және нығайту;
Қоғамдық қордың құрамына кіреді
* Тілдерді оқытатын инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы «Тілдарын» ;
* Жетекші орындағы сарапшы журналистер клубы;
* Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының кәсіпкерлерінің қауымдастығы;
* Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі
* Гуманитарлық бірлестіктің мемлекетаралық қоры
* «АрселорМиттал Қазақстан» акционерлік қоғамы
* Акционерлік қоғам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-аухат қоры;
* «KazMicroFinance» ЖШС
* МұнайГазҚұрылыс» зейнетақы жинақтаушы қоры
* Білім беруді дамытатын Европалық Ассоциация
* Экстракорпоральдық ұрықтандыру центрі
* «Альянс Банк» акционерлік қоғамы
* «Қазақстанды дамыту банкі» акционерлік қоғамы |
Қызылкеңгір - Бетпақдала өңірінің солтүстік -шығыс бөлігіндегі қоныс. Қарағанды облысының Шет ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік шығысында 135 км жерде орналасқан. Солтүстік -батыстан оңтүстік -шығысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 5 км. Солтүстігінде Ақтау, батысында Көктөбе, шығысында Қарасор таулары бар. Қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, кермек, баялыш, күйреуік, бұталар өседі
## Дереккөздер |
Құрманшат – Бетпақдала тасты шөлінің оңтүстігіндегі аласа тау.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылының солтүстік-шығысында 44 км жерде орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 487 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, қатты тілімденген. Батысында Желдібұлақ бұлағы, солтүстігінде номері 400 құдығы, оңтүстігінде Сарыой қонысы бар.
## Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, эфедра, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
## Дереккөздер |
Қызылжареспе — Өліқолтық сорының шығысындағы қоныс. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының батысында 26 км жерде орналасқан. Қоныс теңіз деңгейінен 9-12 м төменде жатыр. Солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 26 км-ге созылған, енді жері 2-3 км шамасында. Басым бөлігін сор алқабы, ойпаңдар алып жатыр. Батысында Сексеуіларал қонысы, оңтүстігінде Күйген төбесі, шығысында Тереңорта құдығы жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, бұлан; ал құстардан жазда аққу, қаз, үйректің көптеген түрлері, көл және өзен жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, қаршыға, үкі, т.б.
## Дереккөздер |
Бөріжар қорымы - Түркістан облысындағы ірі зираттардың қатарына Бөріжар қорымын жатқызуға болады.
Топырақтан үйілген обалар Арыс өзенінің сол жағасындағы Қарауылтөбе ауылынан бастап Бадам өзенінің Арысқа құяр жеріндегі Қараспан ( бұрынғы Обручевка ) ауылына дейінгі жерде созылып жатыр. Қорымның алып жатқан жерінің ені 1 - 2 км жетеді. Осы үлкен алқаптағы қорым әр түрлі уақытқа жататын обалар кешенінен, уақыт жағынан бір ірі сілемге кіретін жекелеген қорымдардан тұрады. Қорымның бір бөлігі б.д. 5 - 8 ғасырларда өмір сүрген Жуантөбенің қалалық зиратына тиесілі болса, одан жоғарырақ орналасқан және созылып жатқан қорымдағы катакомбалы жерлеу орындары біршама ерте уақытқа ( б.д.д және б.д. 1 ғғ.) және Қаңлы дәуіріне тән.
## Дереккөздер |
Ақ арна — Ресейдің Астрахан облысында қазақ және орыс тілдерінде шығатын қоғамдық-саяси газет. Газет облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси оқиғаларды, сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайлы материалдар жариялайды. Газеттің құрылтайшылары – облыс әкімшілігі және «Жолдастық» қазақ қауымдастығы..
2003 жылы газеттің тиражы 1 мың дананы құрады.
Газет 1991 жылы құрылды. Бастапқыда облыстық орыстілді «Астраханские известия» газетіне қосымша ретінде шығып жүрді. Газеттің алғашқы редакторы ақын әрі журналист Мәжіліс Мұхамеджанұлы Өтежанов болды. 2009 жылы газет ұжымы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы губернатор сыйлығымен марапатталды. 2020 жылдан бастап газетте akarna.ru Мұрағатталған 18 мамырдың 2021 жылы. сайты жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Құтансор — Сарысу алабындағы сор. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерінде, Сарысу өзені мен Жетіқоңыр құмды алқабының аралығында Мибұлақ ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде жатыр. Аумағы 75 шаршы километр. Дөңгелек пішінді Құтансордың ұзындығы мен ені шамамен 8 км-дей. Көктем айларында аумағы ұлғайып 85 шаршы километрге дейін жетеді және осы кезде аумақта шалшықты көл пайда болады. Жылдың басқа мезгілінде сор басып жатады. Сор, сортаңды сұр топырақ жамылғысында бұта шоғырлары аралас галофитті-астық тұқымдас шалғындармен бірге сораңды-сарзаңды, көкпекті өсімдік қауымдастығы қалыптасқан. |
Улу-Теляк:
* Улу-Теляк (өзен) — Ресейдегі өзен
* Улу-Теляк (Иглин ауданы) — Башқұртстанның Иглин ауданындағы ауыл, Улу-Теляк ауылдық кеңесіне жатады. |
Қызылбұлақ - Ақтолғай қырқасының шығысындағы бұлақ. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қалдайбек ауылының оңтүстік-батысында 34 км жерде орналасқан.
Теңіз деңгейінен шамамен 200 м биіктікте жатыр. Солтүстігінде Қараадыр, батысында Қызылқұдық құдықтары, шығысында Алшынсай құмы бар. Көктемде еріген қармен бірге жылға болып ағады.
## Дереккөздер |
«Сын сағат» (ағылш. Rush Hour) — режиссер Бретт Рэтнердың комедиялық атыс-шабыс фильмі.
## Сюжеті
Лос-Анджелес қаласындағы қытай елшісінің кішкентай қызы ұрланады. Қылмыскерлер үлкен төлем талап етеді. Әлемдегі үздік ұйымның бірі ФТБ іздеуге ең мықты деген қызметкерлерін аттандырады. Алайда елшінің ойынша, бұл жеткіліксіз және ол өзінің досы Гонконг қаласының инспекторы Лиды (Джеки Чан) іздеу жұмыстарына қосуды сұрайды. ФТБ қызметкерлері өздерін инспектордан мықты санап, қытай полицейі аяққа оралғы болмасын деп оны істен шеттеуге тырысты. Лиге мылжың полицей қызметкері — Джеймс Картерды (Крис Такер) қосып қояды. Картерге берілген тапсырма - Лиды қала ішінде қыдыртып, іске араластырмай алдаусырату болатын. Бұған намыстанған Картер қылмысты өзі ашуға бел буады. Сол үшін ол Лимен бас қоса әрекет жасай бастайды. ФТБ қатты қателескен болатын. Таңғажайып жұп Ли+Картер қаланың бүкіл жартысын қиратса да табысқа қол жеткізеді. Триаданың өкілдері қызды ақшаға айырбастауға ұсыныс білдіреді. Бірақ Ли мен Картер барлығын бүлдіреді. Оларды із кесуден мүлдем шеттетеді. Елші Хан есеп беру кешіне барады. Осы уақытта қызды ұрлаған Джантао елшінің досы - Том екені анықталады.
## Рөлдерде
## Түсірілім тобы
* Режиссёрі: Бретт Рэтнер
* Сценарий авторы: Росс Ла Манна, Джим Кауф
* Продюсерлер: Артур Саркиссян, Джонатан Гликмэн, Роджер Бирнбаум,
* Қоюшы продюсер: Джей Стерн
* Операторы: Адам Гринберг
* Суретші: Робб Уилсон Кинг
* Композиторы: Лало Шифрин
* Монтаж: Марк Хелфрич
* Костюмдер: Шэрен Дэвис
## Гонорарлар
* Джеки Чан - $ 1 500 000
* Крис Такер - $ 3 000 000
## Факттер
* Фильмді орыстілді локализациялау кезінде фильмдегі бірқатар қытай атаулары қытай тілін римизациялау немесе кириллицалау жүйелері ескерілмей, қытай тілінің орнына ағылшын грамматикасының қағидалары бойынша транскрипцияланды. Нәтижесінде, Сан — Сэн, Рунгтао — Жантао болды, Су Юн есімінде грамматикалық қате жіберіліп, нәтижесінде «ю» дыбысы «я» болып транскрипцияланды.
## Тағы қараңыз
* Джеки Чанның фансайты Мұрағатталған 30 сәуірдің 2008 жылы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Елена Ивановна Кондулайнен (туғ. 9 сәуір 1958, п. Токсово, Ленинград облысы) — ресейлік актриса, Ресей Федерацияның Еңбегі сіңген әртіс, эстрада жұлдызы.
## Биография
* Ингерманландка. 1983 жылы ЛГИТМиК (курс Георгий Товстоногов) бітірді. Бітірген қойылымда ( Марлен Дитрихты пародиялады) қатысқан — пародиялы ревю «Ах, эти звёзды» (1983) Кацман курсында мен ЛГИТМИКтегі Додина.
* 40 фильмнен астам фильмдерге түскен.1993 жылы Кондулайнен кейбір уақыт саясатпен жұмыс істеп кетті- «Свободной любови» партиясын шығарды.
## Телевидение
Последний герой 3: Остаться в живых реалити-шоуында қатысты.
## Жеке өмірі
Үш рет куйеуде болды,екі баласы бар-Александра және Михаил.
## Сыртқы сілтемелер
* http://www.peoples.ru/art/cinema/actor/kondulainen/
* http://kondulaynen.ru/ Мұрағатталған 8 сәуірдің 2015 жылы. |
Қалыбек (Қалибек) Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Байбөрі бұтағынан шыққан.
1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті.
1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды.
1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты.
1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»),
1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.
## Шығармашылығы
Қысқа пьеса, әзіл әжуа сықақтардың авторы (жинақтар: «Острие», 1936; «Шаншарлар», 1962).
## Атақтары, марапаттары және естелік
2-4-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылған.
## Сахна өнеріндегі ойнау таланттары
Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы — М.Әуезов пен Л.Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды. Дарынды артист бүкіл қазақ халқының алтын діңгегін арқалап шыққандай көрінді. Бұл рөлді бес жылдан кейін кинода қайтадан ойнағанда режиссер Г.Л.Рошаль: "Қалибекпен қызметтес болу басшы адамға бір зор бақыт екен ғой" — дейді.
Мәскеудегі көркем театрдың 50 жылдық тойында Одақтағы басты- басты театрлардың ең жақсы спектакльдерінен үзінділер көрсететілген. Қазақстаннан Шекспирдің Мұхтар Әуезов аударған "Асауға тұсауынан" үзінді көрсетіледі. Сондағы Катаринаның әкесі Баптистаның рөлін сомдаған Қалибек Қуанышбаевты жиналған сахна мамандары, ғалымдары орыстың ұлы артистері В.Н.Давыдов пен М.М.Тархановқа теңеген екен.
Сахна өнерінің әйгілі саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі Құрманбек Жандарбеков "Сахна мақтанышы" деген мақаласында: "Қалибек театрға басқаларымызға қарағанда артықша қабілетімен келген адам. Алғашқы қазақ театры бірнеше өнердің басын қосқан синтездік театр болатын. Пьеса да қоямыз, концерт те береміз, цирк ойындарын да көрсетуші едік. Қалибек осы ойындардың бәріне де қатысып, жұрт көзіне ерекше түсетін. Көрушілерді ол өзінің "Қыз ұзату", "Қой күзету" сияқты күлдіргі сықақ әңгімелерімен таңғалдыратын. Құлаққа жағымды, бояуы мол қоңыр кең дауысын сан қилы кейіпкерлері характеріне лайықтап пайдалана білетін.
Қалибек — имитацияның асқан шебері. Бір өзі "Қыз ұзатудағы" бажылдақ кемпір мен балпылдақ шалды, қыз сыңсуын, бұзаудың мөңірегені мен иттің үргенін, қасқырдың ұлығанын — бәрін де айнытпай шебер бейнелеп көркем шығаратын. Ол мысқыл, тақпақ өлеңдер де шығарып, соларды сахнадан шебер орындап жүрді.
Қалибек Қуанышбаев халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы біледі. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт және де қазақ ақын-жазушыларының талай өлеңдерін жатқа айтатын. Тіл өнерінде Қалибектен асқан актеріміз болған жоқ. Бүгінгі жас актерлер алар үлгі, дәстүр осы болмақ. Өйткені актердің сөз кереметін ұқпай, сахна шеберлігін игерем деуі мүмкін емес.
Актер бойындағы тағы бір артықша қасиет — өз халқының өткен өмірін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, тағы басқа өзғешеліктерін егжей-тегжейлі білуінде жатыр. Эпостық және тарихи тақырыптарға арналған пьесалардың сахналық шешімдерін, көріністерін табуда Қалибек қай режиссерге болсын әр кез консультант, ұстаз болған актер. Біз халқымыздың ескі мұраларын Қалибекше білуге үйренуіміз керек.Қалибек Қуанышбаев актерлік өнерін шыңдай, зерлей жүріп көркем әдебиетпен де көп шұғылданды. Ол "Түйреуіш" және "Шаншарлар" деген сатиралық өлеңдер жинағын шығарды. Драматург Шахмет Құсайыновпен бірлесіп, "Шаншарлар", "Ақ жаулық — көк жаулық" атты комедиялық пьесалар жазды.
Қалибек Қуанышбаев өзінің қырық жылға таяу сахналық өмірінде жүз елуден астам рөлде ойнаған екен. Олардың қай-қайсысы болсын өз бояуы, өз нақышымен ерекше дараланған толыққанды образдар.
Ол қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты. Оның қатысуымен шыққан "Аманкелді", "Абай" көркем суретті фильмдері бүкіл одақ жұртшылығынан жоғары баға алғаны мәлім.
Қалибектің өнердегі жолы қай-қайсымызға да үлгі. Ауыл арасынан шыққан бір топ өнерпаздар қазақтың ұлт театрының іргесін көтерген. Сол міндет табыспен орындалған сияқты", — деп жазған.
Қазіргі әркім өз басын күйттеп кеткен заманда артық туған текті түлғалар ұмыт қалды-ау деген ой мазалап жүрген Асанәлі Әшімұлы Қалибек Қуанышбаев жөнінде былай деп қалам тербейді: "Қаллеки Қарқаралыдан шыққан саф алтын — самородок. Ол кісінің көрген мектебі, үлкен сахнасы — "Қоянды жәрмеңкесі". Осы жәрмеңкеде Майра Уәлиқызы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Иса Байзақовтармен қанаттаса жүріп, бірге өнер төкті. Бір өзі бір театрға айналған "пері Қалибек" уақыт оздыра келе "сахнаның піріне" айналды. Арнайы білім алып, дүниенің оқуын тауыспай-ақ, далалық эрудициямен, топырақпен, қанмен сіңген табиғи дарынының арқасында дүниелік құбылыс жасаған Қаллекиді Шәкең ұстаз тұтты.
Сол ұстазы төсек тартып жатқанда Шәкен кино түсіріп жүреді де, бір-екі айға кешігіп келеді. Шәкеңнің кіргенін сезген Қаллеки іргеге қарап, бұрылмаған күйі жатып алыпты. Шәкең болса сол баяғы еркін қалпымен "оу, шал, бұл не жатыс, тұр карта ойнайық, ақшаң бар ма өзіңнің" дейді ғой. Қалекең бұртиып, бала секілді қарамай қояды. Содан 5-10 минуттан кейін ұлы өнерпаз бақиға аттанып жүре береді. Осынау бір мінезге толы соңғы "үнсіз диалогы", ғажайып қалжыңы, зілсіз өкпесі арқылы өлімнің өзін әжуа етуін қараңызшы. Шіркін, Шәкеңнің келуін күтіп жатқан жүректі ақын болсаң қалай жырласаң да жарасар еді. Сол күні аспан түнеріп, күн күркіреп, шатырлап найзағай ойнап, ұлы актердің, өнерпаздың болмыс-бітімінің бір сәулелі, сұрапыл сәтін баян еткендей еді. Қаллекиді Шәкен туған ағасындай арулап қойды.
Заманымызда өз ішімізден теңеу табылмағандай Қаллекиді "қазақтың Шепкині" дейтін. Қазір ойлап қарасақ, ол ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын Қаллеки ғана болып қалған екен.
Қалекең Құнанбайды да, Абайды да сомдады. Шекспир шығармаларында ойнады. Қандай рөлде ойнамасын бәрін Абайдан іздейтін, Абайдан табатын. Үстелінде үнемі Абайдың кітабы жататын. Ол осынау алыппен ғана ақылдасатындай, тек содан ғана ләззат алатындай көрінуші еді. Демек оны "сахнаның Мұхтары" десек бек жарасатындай.
"Ақан сері— Ақтоқтыдағы" Қалекең сомдаған Мылқауды мен әлі күнге ұмыта алмаймын. Жатсам да, тұрсам да көз алдыма келе береді. Теңдесі жоқ образ жасады. Біз сол қойылымда көпшілік сахнаға қатыстық. Сау адамның образын жасай алмай жүрген бала-шәкірт біздер, опыр-ай, Мылқауды қалай ойнайды екен деуші едік. Қос мұңлықтың трагедиялық халін түсінгеннен кейінгі, Мылқаудың қайғы жұтуын қалай беруді Қаллеки тапты. Әсіресе бармағын тістеп "а-а-а" деп ыңыранғанда қасында жүріп оған қарау өте ауыр еді. Қазақ бір нәрсеге қатты өкінгенде "бармағымды қатты тістеп қалдым" дейді ғой. Қалекең соны ұтымды пайдаланды. Бармағын тістеп, бірер минут тұрғанда залда да, сахнада да жыламайтын жұрт қалмайтын. Сонан кейін Ақтоқтыны көтеріп алып, әлдилеп бесік болады.
Таланттың алдында режиссерлердің де дәрменсіз күй кешетін кезі болады. Кітаптағыдай былай жаз, былай ойна деу ол кісілерге жат еді. Ол техникалық шеберлікке емес, өмірдің өз мысалына, ұлттық мінез бен қасиетке ғана жүгінетін.
## Фильмографиясы
* 1938 - Амангелді - Байбол
* 1940 - Райхан - ақын
* 1942 - Алыптың әні - эпизод
* 1945 - Абай әндері - Абай
* 1948 - Алтын керней - Берғалиев
* 1954 - Қозы Көрпеш - Баян сұлу - Жарқын
* 1957 - Ботакөзде - эпизод
* 1957 - Оның уақыты келеді - Шыңғыс
* 1959 - Бір түні - Жарас ата
* 1964 - Алдар көсе - Ералы
* 1966 - Менің арманым - эпизод
## Мінезі
Қалекең өнерде қандай болса, өмірде сондай еді. Отбасында да сол қалпы. Тар дәлізде күн ұзаққа аспай-саспай, толғанып-тебіреніп, әрлі-берлі жүреді де қояды екен. Балалары "көке былай тұрыңызшы" деп әбігері шығатын көрінеді. Көзінде қара көзәйнек, қолында қара таяқ. Баяу қозғалып келе жатқан айсберг секілді болатын Қалекең. Тұла бойы толған мазмұн еді".
## Дереккөздер |
Дмитрий Александрович Ровинский (28 тамыз 1824, Мәскеу - 23 маусым 1895, Германия, Бад-Вильдунген) - орыстың өнер тарихшысы. Петербург ҒА мен Көркемсурет академиясының құрметті мүшесі болды.
Ресей гравюрасының тарихы жайлы тұңғыш рет ересен матриал жинап, оны жүйеге түсірді. Батыс Еуропа гравюрасын жинаумен шұғылданды. Басты еңбектері: "Орыстың халық суреті", "XVI-XIX" ғасырлардағы орыс гавюралық портреттерінің нақтылы сөздігі", Е.П.Чемесов пен Н.И.Уткиннің гравюра альбомдары т.б.
## Дереккөздер |
Николай Степанович Ровенский - орыс совет сыншысы, Алматы техникумыны бітіріп, темір жол құрылысында істеді. Қазақ мемлкеттік университетінің филологиялық факультетін бітірген соң, "Простор" журналы мен "Жазушысы" баспасында қызмет етті . Ол "Күн шапағы және ән" , "Дарын және дарынсыздық", "Өз биігін белгілеу" атты әдеби сын еңбектерін жариялады. "Қазақ әдебиеті тарихынының" орысша басылымының редакторы және "Ұмытылмас күн", "Қарағанды, Сенің оттарың" жинақтарының авторларының бірі.
## Дереккөздер |
Киль көтерілісі - 1918 жылы қарашада Кильде басталған матростар көтерілісі.
Көтеріліске неміс бас қолбасшыларының ағылшын флотына шешуші соққы беру үшін соғыс кемелерін ашық теңізге шығару туралы бұйрығы себеп болды. Бұл Германия соғыста жеңіліп, өзара келісім басталған уақытта 80 мың неміс матросын апатқа ұшырату еді. Киль көтерілісі 1918 жылы қараша революциясының басталуына жол ашты.
## Дереккөздер |
РКФСР ұлттар істері жөніндегі халық комиссариатының қазақ бөлімі — Кеңес өкіметінің қазақ халқына қатысты бағдарламаларын жасаған және іске асырған мекеме. Ресей Федерациясы КК-нің 1918 ж. 11 мамырдағы шешімімен құрылған (тұңғыш меңгерушісі М.Тұнғаншин, орынбасары Х.Бекентаев). Бөлім Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізді; кеңес өкіметінің ұлт саясатының жүзеге асырылуын қадағалады, қазақтар арасында коммунистік партия идеяларын тарату, қазақтар мен қоныс аударушылар арасындағы жер таласын реттеу, халық ағарту орындарын ашу, Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерін жасақтау, т.б. мәселелермен айналысты. 1918 ж. орталық Орда қаласында орналасты. Оның құрамында баспа, ақпарат, үгіт-насихат, мәдени-ағарту бөлімдері, аудармашылар комиссиясы, азаматтық-қылмыстық заң жобаларын түзу жөніндегі комиссия қызмет істеді. Бөлім облревкомдар және атқару комитеттері жанынан құрылған бөлімдермен, секциялармен, Торғай облыстық атқару комитетінің ұлт істері жөніндегі комиссариатымен, Түркістан АКСР-інің Ұлт істері жөніндегі комиссариатымен, Жетісу облыстық атқару комитетінің орыстар мен “бұратаналар” арақатынасын реттеу жөніндегі комиссариатымен байланыс орнатты. М.Тұнғашиннің басшылығымен құрылған Қазақ әскери комиссариаты 1-үлгілі атты әскер полкі мен Қызыл Армияның өзге де ұлттық және интернационалдық әскери құрамаларын жасақтады. Ордада 1919 ж. сәуірде БОАК бекіткен Кеңестердің Бүкілқазақ съезін шақыру ісімен айналысқан комиссия қызмет істеді. 1919 жылдың алғашқы жартысынан “Дұрыстық жолы” газеті шығып тұрды. Қазақ бөлімінің қызметіне Ә.Жангелдин, Б.Қаратаев, С.Меңдешев, Ш.Бекмұхамедов, И.Қисықов, т.б. белсенді араласты. Қазақ революциялық комитетінің құрылуына байланысты КК-нің 1919 жылғы 16 шілдедегі декретімен Қазақ бөлімі Қазревкомның РКФСР БОАК-тегі өкілдігі болып қайта құрылды.
## Дереккөздер: |
Михаил Еремеевич Кильчичаков (1919 жыл 21 қараша - 1990 жыл 23 тамыз) - хакас драматургі, ақын. 1944 жылдан КОКП мүшесі.
## Еңбек жолы
1953 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді. Оның әдеби қызметі 1947 жылдан басталды. Кеңестік ауыл шаруашылығын коллективтендіру туралы «Көктеу» (1951), соғыстан кейінгі ауыл өмірі жайлы «Аю сайы» (1956), Коммунистік партияның шақыруымен ауылға аттанған өндіріс озаттарын суреттеген «Жапырақтар неге сарғаяды» (1961) пьесаларын, «Тірі қан» (1962), «Жүректе қалған іздер» (1964) өлеңдер жинақтарын шығарды.
## Марапаттары
«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жәлил Ғаниатович Киекбаев (1911 жыл 25 қазан - 1968 жыл 19 наурыз, Уфа) - башқұрт түркологы, алтаист, Башқұрт АССР-не еңбегі сіңген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1960).
## Еңбек жолы
1942 жылдан КОКП мүшесі. 1937 жылы Мәскеудің бірінші шет тілдері педагогикалық институтын бітіріп, көп жылдар мектепте және жоғары оқу орындарында қызмет істеді. Ол 70-ке тарта ғылыми еңбектің авторы. Олардың көпшілігі башқұрт тіліне, кейбіреулері алтаистика мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» және Ленин ордендерімен марапатталған.
## Шығармалары
* Башқұрт тілінің әдебиеті, Уфа, 1958;
* Башқұрт тілінің фонетикасы, Уфа, 1958;
* Қазіргі башқұрт тілінің лексикасы және фразеологизмі, Уфа, 1966;
* О происхождении некоторых падежных форм в урало-алтайских языках, Уфа, 1966;
* Введение в урало-алтайское языкознание, Уфа, 1972.
## Дереккөздер |
Bilim-all.kz — мұғалімдер, ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар, студентер және білімге құштар барлық адам үшін арналған танымдық, ойын-сауық порталы.
## Мақсаты
Бұл жоба, білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды және қазақ тілін интернеттің көмегімен дамытуды көздейді.
## Логотиптер
*
*
## Сыртқы сілтемелер
Сайттың кейбір бөлімдері:
* Ұлағатты сөздер
* Салт-дәстүр
* Информатика
* Математика
* Ақын-жазушылар
* Хайуанаттар әлемі
* Мақал-мәтелдер
* Суреттер сөйлейді
* Өлеңдер
* Әңгімелер
* Анекдот, әзілдер
* Ертегілер Т.б
Әлеуметтік желілерде:
* VK әлеуметтік желісіндегі топ
* Фейсбук әлеуметтік желісіндегі топ
* Твиттер әлеуметтік желісіндегі топ |
Гожахмет Садвақасов (1939 жылдың 15 маусымы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылы — 1991, Алматы қаласы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1927), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975). Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1977).
1950 жылы ҚазПИ-ді, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1953-60 жылдары республика ғылым академиясының ұйғыр-дүнген мәдениеті және тіл институтытының кіші, аға ғылыми қызметкері, 1964-74 жылдары Тіл білімі институтының ұйғыртану бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1986-88 жылдары Ұйғыртану институтының директоры. Ол — бірнеше лексикографиялық еңбектің авторы. Әсіресе, оның “Ферғана жазығы ұйғырларының тілі және өзбек диалектілерінің өзара әсерінің мәні” атты монографиясы (1972) түркітану саласына қосылған аса құнды ғылыми еңбек болып саналады. Сонымен қатар, Садвақасов ұйғыр халқының фольклорын жинап, зерттеуге де көп үлес қосты. Үйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауданындағы орта мектеп, Алматы қаласындағы көшелердің бірі Садвақасовтың есімімен аталады.
## Шығармалары
* Көне ұйғыр тілі (1975);
* Көне ұйғыр жазба ескерткіштері (1975);
* Үйғыр тілі (1984);
* Ұйғыр әдеби тілі орфографиясы және графикасы (1984).
## Дереккөздер |
Ленинакан таулы үстірті - Армениядағы лавалық үстірт, Түркиямен шекаралас ауданда орналасқан.
Арагац және Ахурян өзендері мен Памбак жотасы аралығында. Орташа биіктігі 1500-1600 м. Миоцен-плиоцендік лавалардан, туфтардан, құм, саз және саздақтардан құралған. Климаты қоңыржай континенттік, шілденің орташа температурасы 17-18 °C, қаңтарда -8-9 °C. Жауын-шашын мөлшері 400-500 мм. Негізінен таудың қара және карбонатты топырағы тараған. Астық тұқымдастар аралас таулық-далалық өсімдіктер өседі. Беткейлеріне дәнді дақылдар, бау-бақша, қант қызылшасы егіледі. Туф (Артик) және пемза (Анипемза) кен орындары бар.
## Дереккөздер |
Михаил Константинович Лемке (1872 - 1923) - орыс әдебиетінің, қоғамдық қозғалыстың тарихшысы, құнды тарихи-әдеби құжаттарды жинаушы.
## Еңбек жолы
«Былое», «Русское богатство», «Рус. мысль», «Мир Божий», «Красная летопись», «Красный студент» т.б. журналдардың жұмысына араласты. 1920-1921 жылдары «Книга и революция» журналының редакция мүшесі. 1922 жылдан РК (б) П мүшесі. Ол күрделі, қайшылықты саяси даму жолынан өтті. Лемке тарихи концепциясы либеральдық-буржуазиялық тарихнама шеңберінде қалды. Алайда, ол XIX ғасырдың орта кезіндегі революциялық қозғалыс тарихнамасына зор үлес қосты. Лемкенің редакциясымен Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен тағы басқалардың шығармалары жарық көрді. Бай фактілер мен құжаттық материалдарға негізделген Лемке еңбектерінің ғылыми мәні зор.
## Дереккөздер |
Күмісай Асанова (26.9.1926 ж.т., Қызылорда облысы Қазалы ауданы) — халық ағарту ісінің үздігі.
1930-шы жылдардағы ашаршылық жылдарында ата-анасынан ерте айырылып, 1932 - 1942 ж. Қазалы, Сайрам, Бостандық балалар үйінде тірбиеленген. 1942 ж. Шымкенттегі бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курсты, 1945 ж. осындағы оқытушылар институтын бітірді.
1945-1947 ж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы оқу бөлімінде инстпектор, балалар үйі директорының орынбасары болып еңбек етті. Қызылорда педагогикалық институтта оқыды. 1949 жылдан Жамбыл облысы Қордай ауданы Ақтерек ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1950 - 1954 ж. Қордай аудандық партия комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1954 - 1958 ж. аудан орталығындағы қазақ орта мектебінде директордың орынбасары, 1958-1961 ж. Шу аудан ортылығындағы орта мектепте, 1961 - 1985 ж. Тараз қаласындағы А.С. Макаренко атындағы облыстық мектеп-интернатта диреткордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін 1997 жылға дейін Тараз қаласындағы Керімбай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Асанова Күмісай Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталды. ҚР Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері" деген құрметті атақ берілді. Сонымен қатар бұл кісі "Күміс алқа", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерінің иегері.
## Дереккөздер |
Бақытжан Әбдірахманов (1965 ж.т., Қаратау қ.) — ғалым, заң ғылымының докторы, профессор.
1990 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Жер құқығы жөнінде маман. 1990 - 1992 ж. "Ақсай" оқу-өндірістік шаруашылықтың заң кеңесшісі, 1995 ж. жоғары арақазылық соттың экономикалық кеңесшісі, мемлекет арақазысы, судьясы, ҚР Соттар Одағының төрағасы, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі.
## Ғылыми жұмыстарының бағыттары
Әбдрахмановтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары:
* Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарын жетілдіру;
* Жер туралы пікірталастарды шешу барысында соттардың қолдануына қажетті құқықтардың өзекті мәселелері;
* ҚР жер қатынасын реттеудің заңдылығын қамтамасыз етудің құқытық мәселелері.
## Дереккөздер |
Регел тарбақайы (лат. Rhaphidophyton regelii) – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын эндемикті, жеке типті туыстың сирек кездесетін түрі. Миоцен дәуірінің қалдығы.
Сырдария Қаратауы мен Талас Алатауының батыс бөлігінде (оңтүстігінде Ақсу өзені арнасына дейін) кездеседі. Тау етегінен ортаңғы ортаңғы тау белдеуіне дейінгі ( теңіз деңгейінен 1900 м. биіктікте) шатқалдар мен тасты беткейлерде өседі. Гүл бүршігін жарған және гүлдеген кезінде өте тартымды, ашық қара қошқыл түсті жылдық өркендері мен осы түстегі гүл жапырақтарымен ерекшеленеді. Әдетте бірнеше жүздеген шаршы метр жерде популяциясы оқшауланып кездеседі. Бір шаршы метрде орташа тығыздығы -23 өсімдік. Малды шектен тыс жаюдан және өрттен зардап шегеді. Өсімдіктің тек жоғарғы бөлігін ғана тез шалып өткен өрттен кейін , өсімдік қайтадан өседі. Мәдени түрде тұқымы арқылы өсіріледі. Екпе көшет өсімдіктері төртінші жылы гүлдейді (Алматы). Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтарында, сонымен қатар Берікқара мен Боролдай қорықшаларында қорғалады.
## Дереккөздер |
Курнаков Николай Семенович (06. 12. 1860, Нолинск, қазіргі Киров облысы — 19. 03. 1941, Барвиха, қазіргі Москва облысы) — совет химигi, физика-химиялық анализдiң негiзiн салушы. Академик (1913): РКФСР-дiң еңбек-ғылым қайраткері (1940). 1882 жылы Санкт-Петербург таукен институтын бiтiрiсiмен, сонда оқытушы (1893 жылдан профессор) болған. 1902- 1930 жылдары Санкт-Петербург (Ленинград) политех. институтының профессоры. Ғылым академиясының жанындағы Ресей табиғи өндiрiс күшiн зерттеу комиссиясын ұйымдастырушылардың бiрi және председателiнiң орынбасары (1915- 1926). КСРО ғылым академиясының өзi ұйымдастырған физ.-хим. анализ институтының (1918), Платина т. б. асыл металдарды зерттеу институтының (1922), 1934 жылдан Жалпы және анорганик. хим. институтының директоры. Д. И. Менделеев атындағы Үлкен сыйлық (1924) алған.
## Дереккөздер |
Феод (лат. feudum), сондай-ақ фьеф, лен — мырзаның пайдасына орай вассалдың әскери, әкімшілік немесе нөкер қызметін жүзеге асыру талабымен билік етуге және қолдануға (кейде мұрагерлікке қалдырылады) мырзаның вассалға берілген жер (сирек - тіркелген кіріс немесе кіріс алу құқығы). Жерді ұстаудың бұл түрі Еуропада орта ғасырларда қолданылған.
XII ғасырдан лен мұраға, ең алдымен, феодал табынан шыққандарға берілді. Вассалдар өздерінің сеньорларынан жерге ие болатын. Алайда, жерді сыйлаған сеньорлардың да вассалдарының жерін билеуге құқығы болатын. Сондықтан сол кездегі көптеген жер иеліктерінің қожайындары 2-3 адамнан тұрды. Лен барысында Германияда феодалдық жер иеленудің иерархиялық жүйесі біржолата қалыптасты. Тарихи әдебиеттерде басқа елдердегі феодалдық меншіктің осыған ұқсас формаларын да «лен» деп атайды.
## Тағы қараңыз
* Феодализм
* Феодал |
Батпақ жылантамыры (лат. Epipactis palustris) — сүйсіндер тұқымдасының жылантамыр туысына жататын сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр.
Қазақстанның солтүстігінде және шығыс пен оңтүстік тауларында – Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін кезедеседі. Республика жерінен тыс Азия мен Еуропада кең таралған. Ылғал, балшықты шалғынарда, қияқөлеңді саз балшықтарда, бұталар арасында және жағалаудағы жапырақты ормандарда өседі. Ұзын жатағай тамырсабағымен және кәдімгі биік сабағымен (70 см-ге дейін), көптеген сопақша жарырақтарымен ерекшеленеді. Ернінің қабыршақ тәрізді бөлігінен бөлінетін шырын, тозаңдандырғыш насекомдарға есірткілік әсер етеді.
Оның ұйықтататын әсерінен (сондықтан «ұйықтатқыш» деп атайды) жабыйы бал аралары мен аралар ұша алмай, тек гүлден гүлге жорғалап қозғалады. Осылай жаппай тозаңдандыруға жетеді, яғни 80 % жеміс береді. Тұқымы жеңіл, ұсақ (әр жемісте 4500-ге дейін). Туыстың ең сәнді өкілдерінің бірі, өте ертеден мәдени өсіріледі.(III ғасырдан бері).
Табиғаттағы саны батпақты жерлердің құрғауынан, өзендердің су тәртібінің бұзылуынан, малдың таптауынан және отаудан қысқарып отыр. Шағын популяциялары Ақсу-Жабағылы қорығы мен «Бурабай» ұлттық паркінде қорғалады.
## Дереккөздер
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 34 бет. |
Виктор Васильевич Решетов - өзбек тілінің маманы, турколог, КСРО Пед.ғылым академиясының академигі, филологиялық ғылым докторы, Өзб.КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1952 жылдан КПСС мүшесі. Ташкенттегі Орта АЗия мемлекеттік университетін бітірген. 1929-1959 ж. осы университетте, Ташкент шетел тілдері институты мен Низами атындағы институтында, Өзб. КСР ғылым академиясының Ұлт мектептері институтының директоры болды және "Руский язык в национальной школе" журналының бас редаакторы болды. 1963 жылдан Өзбек республикалық орыс тілі және әдебиет институтының директоры болды. Виктордың ғылыми еңбектері түркі тілдері мен орыс тілін салыстыра зерттеуге, өзбек тілінің диалектологиясына арналған. Сондай-ақ оқу құралдарының, методикалық зерттеулердің авторы. Виктор Васильевич Решетов Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендері және иедальдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Сарғылт құндызшөп (лат. Pulsatilla Flavescens) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын Құндызшөптер тегінің көпжылдық өсімдігі.
## Таралуы
Қазақстанда сирек кездесетін түр: Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Қостанайдан Шығыс Қазақстан облысына дейін, оңтүстікте Қарағанда облысының Ку тауына дейін кездеседі. Қазақстаннан тыс Еуропа, Батыс және Шығыс Сібірде таралған. Далаларда, жолақты ормандарда, шоқының оңтүстік беткейінде, биіктеу жерлерде шашырап өседі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Улы өсімдік, жас өсімдікті жегенде малдың ас қорыту жүйесі қабынады және жансызданады. Ал құрғақ шөпті жесе, зияны жоқ. Өсімдіктің топырақ үсті бөлігінің құрамында эфир майы болады, оның ұйықтататын әсері бар. Сондықтан халық оны «ұйқы шөп» деп атайды. Басқаша, оның гүлдері төмен қарай салбырап ұйықтап тұрғандай өседі, сондықтан оны «ұйқы шөп» деп атайды. Тұрғылықты халықтың гүл шоғырына жинауынан және жер жыртудан зардап шегеді. Наурызым қорығы мен Кувск биологиялық қорықшасында қорғалады.
## Дереккөздер |
Іріжапырақ көбенқұйрық (лат. Cousinia grandifolia) – астралылар тұқымдасына жататын сирек кездесетін, тар эндемикті, саны қысқарып бара жатқан, қалдық түр. Таралу аймағы түгел Талас Алатауының батыс бөлігінде (Тасқар, Машат, Даубаба таулары) және Боролбайтауда ( Боролдай, Көкбұлақ өзендері аңғары) орналасқан. Жартас көлеңкесінде, яғни соның астында , шөгінділер мен тасты баурайларда , көбіне солтүстік беткейінде өседі. Теңіз деңгейінен 900-1400 м биіктік аралығында кездеседі. Ақсары гүлдері мен жұмсақ жапырақтары (көп түрлердегі сияқты тікенек емес) бар, туыстың өзіндік ерекше түрі. Саны төмен, шағын топ болып (50- ден 100-200 дараға дейін) кездеседі. Тұқымы арқылы көбейеді. Мәдени өсірілуі зерттелмеген. Тұқымынан өсірілген біздің көшеттеріміз ботаника бағында (Алматы қаласы) бес жылдай өсті де, одан кейін солып қалды. Түр ерекше қорғауды қажет етеді, сонымен қатар табиғатта да мәдени түрде де зерттеу қажет. Ақсу-Жабағылы қорығына шекаралас Тасқара тауын (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) қосу керек. Боролдайда (заказнигінде) қорғалады.
## Дереккөздер |
Қабақты жалынгүл (лат. Coronaria coriacea) – қалампырлар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Тек Қаржантау мен Угам өзені аңғарында шағын жерде ғана кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Жерорта теңізі, Қырым, Кавказ, Иран, Кіші және Орта Азияда кең таралған. Құрғақ беткейлерде , аласы таудағы сиретілген пыста мен қалың бұталар арасында өседі. Тау көрінісін әшекейлейтін әдемі сәндік көпжылдық өсімдік. Саны жерді игеру , малды шектен тыс бағу және гүл шоғыры үшін жинаудан азайып отыр. Мәдени түрде жақсы өседі. (1599 жылдан бері белгілі). Тұқымнан өссе, екінші жылы гүлдейді. Өскіндері күзде пайда болады. Көшеттері мен бірінші жылғы жас өсімдіктер жасыл жапырақтарымен қыстайды. Қазақстанда таралу аймағының қорғалатын жері жоқ. Табиғи популяцияларының жағдайы мен таралу көлемін анықтау қажет.
## Дереккөздер |
Күмісай Асанова (26.9.1926 ж.т., Қызылорда облысы Қазалы ауданы) — халық ағарту ісінің үздігі.
1930-шы жылдардағы ашаршылық жылдарында ата-анасынан ерте айырылып, 1932 - 1942 ж. Қазалы, Сайрам, Бостандық балалар үйінде тірбиеленген. 1942 ж. Шымкенттегі бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курсты, 1945 ж. осындағы оқытушылар институтын бітірді.
1945-1947 ж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы оқу бөлімінде инстпектор, балалар үйі директорының орынбасары болып еңбек етті. Қызылорда педагогикалық институтта оқыды. 1949 жылдан Жамбыл облысы Қордай ауданы Ақтерек ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1950 - 1954 ж. Қордай аудандық партия комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1954 - 1958 ж. аудан орталығындағы қазақ орта мектебінде директордың орынбасары, 1958-1961 ж. Шу аудан ортылығындағы орта мектепте, 1961 - 1985 ж. Тараз қаласындағы А.С. Макаренко атындағы облыстық мектеп-интернатта диреткордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін 1997 жылға дейін Тараз қаласындағы Керімбай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Асанова Күмісай Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталды. ҚР Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері" деген құрметті атақ берілді. Сонымен қатар бұл кісі "Күміс алқа", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерінің иегері.
## Дереккөздер |
Қар дәуаяғы (лат. Macropodium nivale) – орамжапырақ тұқымдасына жататын сирек кездесетін қалдық түр. Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларының жоғарғы белдеулерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс Оңтүстік Сібір мен Моңғолияда таралған. Тасты беткейлерде, қарлы тау басында, өзендер мен жылғалар жағасында, альпі шалғындарында өседі. Ежелгі түр, гүлінің құрылысының кейбір қарапайым белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, гүл тәжінен шығып тұратын ұзын аталықтар саны 16-ға жетеді. Басқа айқышгүлділердің аталықтары әдетте алтау, кейде төртеу немесе тіпті екеу де болады. Тығыз ашық жасыл жапырақтары мен көптеген ақ гүлдері бар өзгеше сәндік өсімдік. Мәдени өсірілуі зерттелмеген. Алдыңғы түр сияқты Марқакөл мен Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Қатонқарағай ұлттық паркінде қорғалады.
## Дереккөздер
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 33 бет. |
Тораңғыл (лат. Populus pruinosa) — талдар тұқымдасының терек тегіне жататын, таралу аймағы тарылып, саны қысқарып бара жатқан түр.
## Таралуы
Сырдариядан Ілеге дейінгі Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен аңғарларында сақталған, торғай типті ылғал сүйгіш үштік дәуір ормандарының қалдығы. Республика жерінен тыс Орта Азияның оңтүстік аудандарында, Иран мен Батыс Қытайда кездеседі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Шөл мен тұзға төзімді бағалы ағаш. Өте тез өседі, 5 жылда биіктігі 4-5 метрге жетеді. Тұзды аңғарлардың жағалауларының ең жақсыф табиғи құрғатқышы. 15 жылдық ағаштық бүкіл өсу кезеңінде 20 тонна суды буландыратыны анықталды. Сондықтан қалың отырғызылған ағаштарды (бір гектарда 20 мың көшетке дейін) «биологиялық құрғатқыш» есебінде пайдаланады.
Сонымен қатар тораңғыл судың жайылуы мен басуына төзімді болғандықтан, жағаларды ең жақсы бекітуші болып табылады. Шашырап аздан өседі, сайлар мен өзен жағалауларында (Желтұраңғы сайы мен Шарын өзенінің аңғары) сирек өскен ақшыл тоғайлар түзеді.
Өте сәнді ағаш, шөл көрінісінің нағыз әшекейі. Өрт пен кесуден зардап шегеді, жаңа шығып келе жатқан өскіндері малды шектен тыс жаюдан құрып кетеді. Шөлді аудандарындағы елді мекендерді көгалдандыруда өте бағалы ағаш болып табылады. В.И.Запрягаева (1978) тораңғылдың тұқымынан көшет өсіріп, көбейту әдісін сипаттап жазды.
Жемістері сарғыш түске енгенде, яғни пісіп жетілудің алғашқы кезеңінде жинайды (маусымның соңында). Оны дәке қалқасында кептіріп, арнайы елекпен тазалау арқылы, тазаланған тұқым алады. Оның беті топырақпен жабылмай, өте ылғал терең жүйектерде егіледі. Екі тәуліктен кейін көктеп шығады, оны 10 күн бойы қатты суару керек. Биіктігі жарты метр бір жылдық көшетті тұрғылықты орнына отырғызады. Алтынемел және Шарын ұлттық парктерінде қорғалады.
## Дереккөздер |
Қоқан салпысы(Morina kokanica)- салпыстар тұқымдасына жататын, Қазақстанда сирек кездесетін , қалдық түр. Батыс Тянь-Шаньда (Талас, Угам жоталары, қҚаржантау) және Қаратаудың оңтүстік-батыс бөлігінде (Боролдайтау) кездеседі. Тауортаазиялық түр (сонымен қатар Памир-Алтайдан табылған), плиоцен дәуірінің шығысжерортатеңізі субтропикалық саванна қалдығы. Ұсақ топырақты, сирек шағыл тасты баурайларда, тау етегінен субальпі белдеуіне дейінгі аршалы ормандар арасындағы алаңқайларда өседі. Қоқан салпысы гүлдеген кезінде өте әдемі. Ірі ақшыл қызғылт қос ерінді гүлдері берік сабағына айнала жабысып тұрады және әсіресе жертаған жапырағының жылтыр жасыл реңінде керемет тартымды болып көрінеді. Әдетте шағын топ болып (оннан бірнеше жүздеген дараға дейін) кездеседі. Жалғыз популяциясы (саны 1000 дара шамасында) Ақсу-Жабағылы қорығындағы Кіші Қайыңды өзені аңғарында орналасқан, оның жоғарғы тығыздығы бір шаршы метр жерде 11 дараға дейін. Тұқымы арқылы көбейеді, мәдени түрде көшеттері үшінші-төртінші жылдары гүлдейді. Алматы мен Ташкенттегі ботаника бақтарында өсіргенде жақсы гүлдеп, жеміс берді, өздігінен тұқым шашып та өсті. Мәдени түрде өсіруге кең енгізу керек, сөйтіп көгалдандыру жұмысында пайдалану қажет.
## Дереккөздер
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 64 бет. |
Сәлдегүл таушымылдығы(Pаeonia hybridа)- таушымылдықтар тұқымдасына жататын , дерлік эндемиктік, таралу аймағы таралып бара жатқан түр. Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар Алатауының солтүстік бөлігі, сонымен қатар Шығыс шоқыларының шекаралас аймақтарында кездеседі. Ашық ылғал тасты және тасты далалы беткейлерде, тау етегінен орта тау белдеуіне дейінгі бұталар арасында өседі. Дөңгеленген (дерлік шар сияқты) түйнек тәрізді жуандаған тамырымен, биіктігі (35-40 см) және гүлінің ашық қызыл немесе ақшыл көк түсімен ерекшеленеді. Таралу аймағы адамның тікелей әсерінен, яғни гүл шоғырына жинау, емдік қасиеті үшін тамырымен қазып алудан қысқарып отыр. Мәдени түрде жақсы өседі, көшеттері үшінші-төртінші жылдары гүлдейді. Жақсы күтім болса, үлкен болып өсіп, 20 жылдан кем гүлдемейді. Батыс Алтай мен Марқакөл қорықтарында, Қатонқарағай ұлттық паркінде қорғалады.
## Дереккөздер
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 75 бет. |
Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаев (20 тамыз 1915, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарақия ауылы - 1996) - гидротехника, мелиорация және сумен қамтамасыз ету саласының маманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қаз.КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
## Қызмет жолы
Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысты. Бейбіт еңбекке оралысымен Қаз.КСР су шаруашылығы министрлігінде басқарма бастығы, Қаз.КСР министрлер кеңесінде аға референт, бөлім бастығы, сондай-ақ ВАСХНИЛ Қазақ филиалы республикалық тәжірбие-мелиоративтік станциясының директоры болып қызмет атқарды. 1952 жылдан Қазақтың ауыл шаруашылық институтында қызмет істейді. 1961-1963 ж. Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметін қоса атқарды. 1963-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Гидротехника және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
## Ғылыми жұмысы
Оның ғылыми еңбектері негізінен егістік жерлерді суландыру және сумен қамтамасыз ету, мәдени жайылымдарды жақсарту процестерін механикаландыру әрі автоматтандыру т.б. арналған.«Водные ресурсы и схемы водоснабжения сельскохозяйственных территорий» (1963г.), «Основы водоснабжения сельскохозяйственных районов Казахстана» (1970ж.), «Автоматизированное культурное пастбище» (1987ж.), «Основы гидравлики и гидромеханизации сельскохозяйственного производства» (1986ж.), «Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» (1992ж.) атты еңбектері жарық көрген.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
2003 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Гидротехника және мелиорация» кафедрасына профессор Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаевтің аты берілген.
## Дереккөздер |
Таңдамалы шоқпарбас (лат. Huperzia selago) – шоқпарбастар тұқымдасына жататын шөптес өсімдік.
## Таралуы
Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Тек Алтай, Жоңғар Алатауы тауларында және Қазақ шоқыларының бір жерінде (Бурабайда) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманда аймақтарында (Сахалинга дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған. Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі.
## Ботаникалық сипаттамасы
Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Дәрілік өсімдік ретінде дайындалады, құрамында жансыздандыратын қасиеті бар улы селагин алколойды бар. Саны барлық жерде төмен, тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты азайып отыр. Мәдени өсіруге төзімсіз, тек Алтай ботаника бағанда (Риддер қаласы) өсіріледі. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Бурабай ұлттық паркінде (Көкштау) қорғалады.
## Дереккөздер |
Тамырлы жуа, Тамыр жуа (лат. Allium polyrhizum) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Тарбағатай (Шелекті аңғары) мен Маңырақ жоталарында кездеседі. Қазақстаннан тыс Шығыс Сібір, Моңғолия, Манчьжурияда таралған. Шөлді далалардағы сортаңды топырақтарда , шағыл тасты және тасты тау баурайларында өседі. Кейде көлемі 100-300 шаршы метр шағын пияз даласын құрайды. Жуашықтары қысқа тамырсабағына жиналған, нәтижесінде тығыз шым топырақ пайда болады. Керемет азықтық өсімдік, мал бағатын жайылым ретінде пайдаланылады. Моңғолияда бұл түрдің жасыл бөлігі мен пиязынан жергілікті мал өсірушілер малға қыста беретін тұздалған, жентектелген мал азығын дайындайды. Қазақстанда тек мал жайылымы үшін ғана пайдаланады. Бұл жуаларды мал жеп, отап тастаған. Түр толық қорғауды қажет етеді. Мәдени өсіруге төзімсіз (тек Алматы ботаника бағында өсіріліп байқалған).
## Дереккөздер |
Павел Николаевич Орленов (06.03.1869, Мәскеу - 31.08.1932, Мәскеу) - орыс актері, Республика халық артисі.
## Қызмет жолы
Ұсақ көпес отбасында туған. Кіші театр жанындағы драма курсында оқыды. Алғаш рет 1886 ж. профессионалды сахнада ойнай бастады. Провицияда, Корш театры және Петербургтегі әдебиет пен көркемдік қоғам театрында қызмет етті. Гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Швецияда, Норвегияда өнер көрсетті. Саханалық өнері трагедиялық бояуының молдығымен ерекшеленеді.
Басты рольдері: патша Федор Ионнович, Раскольников, Дмитрий Кармазов, Освальд т.б.
## Дереккөздер |
Жан-Теофиль Леклерк (фр. Jean-Théophile Leclerc; 1771 жыл 7 тамыз, Монбризон, (қазіргі Луара (департамент) - 1796 жыл) - Ұлы француз буржуазиялық революциясының қайраткері, «Еліргендер» тобының өкілі Кордельерлер клубының мүшесі.
## Өмірі
Мартиникада (1790-1791), Лионда (1793) революциялық қозғалысқа, Париждегі халық көтерілісіне (1793) қатысты. «Халық досы» газетінде қала кедейлерінің тұрмысын жақсарту, контрреволюцияға қарсы күресті өрістету мәселелерін көтерді. «Болото» мен дантоншылар өкілдерін конвенттен шығаруды талап етті. Конвент мүшелерін қайта сайлау туралы талапты да жақтады.
## Дереккөздер |
Төлеубек Әбдіқадыров (08.02.1940, Тәжікстан, Ленинабад облысы, Гиссар ауданы, Канака ауылы - 08.10.2009, Алматы) - мемлекет қайраткері.
1941 жылы әке-шешесінің отбасы Жамбыл облысының Сарысу ауданына көшіп келген. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алды. 1961-73 жылдары Жамбыл облысында қаржы мекемелерінде тексеруші-бақылаушы, Қаратау қаласында және Меркі ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1973-97 ж. Алматы қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары; меңгерушісі, қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1990- 92 ж. егеменді Қазақстан Республикасының алғашқы қаржы министрі болып істеді. 1997 - 2001 жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы.
## Дереккөздер |
Қызылқарағай (орыс. Листвяга) – Алтай таулары жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жота.
## Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Алтай, Қатонқарағай аудандары және Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2783 м. Бұқпа, Көкжота, Теснинский Шпиль, т.б. биік таулардан тұрады.Бұқтырма және Қатон өзендерінің суайрығы. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылған. Шығысындағы таулы үстірт қатты тілімделген. Батысынан Шихалиха, Мансиха, Большая Речка, Бобровка, Лукина, Черновая, т.б. өзендер бастау алады.
## Геологиялық құрылымы
Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. Тау жоталарының биік белдеулерінде тектоникалық процестердің әсерінен пайда болған Черновское, Маралды, т.б. көлдер бар.
## Өсімдігі
Беткейлерінде қарағай, қайың және самырсын орманы, 2000 м-ден жоғары субальпі және альпі шалғыны өседі.
## Дереккөздер |
## Нұра қыстағы
Нұра қыстағы-қола дәуіріне жататын мекен орны. Ақмола облысындағы Ахметауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде, Нұра өзенінің оң жағалауында. Нұра қыстағын 1955 жылы Ақмола археологиялық экспедициясының меңгерушісі К. А. Ақышев тапты.
## Сипаттама
Нұра қыстағының ұзындығы 175-180 м, ені 30-40 м жерді қамтиды, мәдени қабаттың қалыңдығы 86-90 см. Қыстақ үстінен табылған құмыраның сынықтары және тас қарулар мен сүйектен жасалған бұйымдар,Нұра қыстағын қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрағы екендігін дәлелдейді.
## Дереккөздер
## Нұра қыстағы
Нұра қыстағы-қола дәуіріне жататын мекен орны. Ақмола облысындағы Ахметауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде, Нұра өзенінің оң жағалауында. Нұра қыстағын 1955 жылы Ақмола археологиялық экспедициясының меңгерушісі К. А. Ақышев тапты.
## Сипаттама
Нұра қыстағының ұзындығы 175-180 м, ені 30-40 м жерді қамтиды, мәдени қабаттың қалыңдығы 86-90 см. Қыстақ үстінен табылған құмыраның сынықтары және тас қарулар мен сүйектен жасалған бұйымдар,Нұра қыстағын қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың тұрағы екендігін дәлелдейді.
## Дереккөздер |
Митрофан Васильевич Левченко (1890 жыл 23 қараша, Суджа - 1955 жыл 22 қаңтар, Ленинград) - Византия тарихын зерттеуші ғалым, профессор (1938), тарих ғылымдарының докторы (1941).
## Еңбек жолы
1925 жылдан КОКП мүшесі. 1939 жылы КСРО ҒА Тарих институтының Ленинград бөлімшесінде Византия тобын ұйымдастырды. 1940-1944 жылдары КСРО ҒА Тарих институтының Ленинград бөлімшесін, 1944-1950 жылдары Ленинград университетінің Византия тану кафедрасын басқарды. Ол - Византия тарихын тұңғыш рет маркстік тұрғыда жазған ғалым.
## Дереккөздер |
Хан Тәңірі — Шығыс Тәңір тауындағы шың, Қырғызстан мен Қазақстан (Алматы облысына таудың солтүстік-батыс бөлігі, Райымбек ауданына қарайды) және Қытай шекарасында. Солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Жергілікті қазақ пен қырғыздар бұл тауды кешке күн батарда қызарып кететін өңіне қарап "Қантау", "қантоо" деп те атаған.
## Геологиясы, жер бедері
Негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген. Теңіз деңгейінен 6995м (мұз жамылғысын қоса есептегенде 7010м) биіктікте орналасқан. Хан Тәңірі – Тәңір тауының ең ірі мұздану орталығы, мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км2. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқалы көтерілуге болады. Хан Тәңірін бірінші рет ғылыми түрде сипаттап жазғандар И. Семенов пен Семенов Тянь-Шанскийлер. Шыңға оннан аса маршруттар жасалып, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын халықаралық Хан Тәңірі альпинистік лагері жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Герасим Степанович Лебедев (1749 жыл 15 шілде, Ярославль - 1817 жыл 27 шілде, Санкт-Петербург) - орыс саяхатшысы әрі ғалымы, үндітану ғылымының негізін салушылардың бірі, музыкант.
## Өмірі
Еуропалықтардың ішінде бірінші болып бенгал, хинди тілдерін үйренді, санскрит жазуымен танысты. 1795 жылы Калькутта қаласында еуропалық типте театр ұйымдастырды. 1801 жылы Лондонда «Хинди тілінің грамматикасы» атты еңбегін ағылшын тілінде жарыққа шығарды. Орыс тілінде Үндістанға арналған бірқатар еңбек жазып, басып шығарды, олардың ішінде «Шығыс Үндістан халықтарының әдет-ғұрыптары мен салттары» т.б. еңбектері бар.
## Дереккөздер |
Елді мекен:
* Алтынемел – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар:
* Алтынемел – ұлттық парк.
* Алтынемел – асу.
* Алтынемел – жота.
* Алтынемел – көше.
* Алтынемел – тарихи мекен. |
Жыңғылды – Іле алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1180 км2.
## Бастауы
Бастауын Айтау тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Алматы облысы Жамбыл ауданында Жусандала жазығындағы Қоңыртөбе тауына 9 км жетпей тартылып қалады. Өзен алабы қысқы мал жайылымы.
## Дереккөздер |
Жансеңгір, Жансүгір – Ерейментау тауларының батысында тұрған оқшау тау.
## Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Жарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Қарасу өзенінің оң аңғарында.
## Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 483 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созыла орналасқан. Енді жері 1 км.
## Геологиялық құрылымы
Жоғарғы протерозойдың кварцит, құмтасты, порфирит жыныстарынан түзілген.
## Өсімдігі
Жансеңгірдің қиыршықтасты қара топырағында бетеге, боз, қайың, терек өседі.
## Дереккөздер |
Жансеңгір, Жаңа Сеңгір — Шалқар көлі алабындағы тұзды көл.
## Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 51 км жерде орналасқан тұзды көл.
## Аумағы, гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 169,8 м биіктікте, аумағы 8,8 км2, ұзындығы 12 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 20,7 км. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Деңгейінен жылдық ауытқуы 2 - 3 м шамасында. Оңтүстігінде Сарыкөл (266 м) шоқысы орналасқан. Суы кермек. Көл атырабы жайылымға пайдаланалады.
## Дереккөздер |
Василий Васильевич Латышев (1855 жыл 10 тамыз - 1921 жыл 2 мамыр) - орыстың филолог-классигі, эпиграфист және тарихшы. Петербург ғылым академиясының академигі (1893).
## Еңбек жолы
1876 жылы Петербург тарих-филология институтын бітірді. 1903-1918 жылдары осы институттың директоры. Латышевтың көптеген еңбектері ішінде: «Солтүстік Қара теңіз маңынан табылған көне жазулар жинағына нақты түсініктеме» және «Ежелгі грек, латын жазушыларының Скифия мен Кавказ туралы хабарламасы» атты еңбегінің маңызы зор. Ол ежелгі тарихтың түрлі мәселелеріне, этнографиясына, Византия агиографиясына т.б. арнап бірқатар кітап пен көптеген мақала жазды. Ол 1900 жылдан Археологиялық комиссияның жұмысына белсене қатысты, «Известия археологической комиссии» атты журналды ұйымдастырушы және оның тұрақты редакторы болды.
## Дереккөздер |
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы — Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.
Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы және Басқарма төрағасының міндетін атқарушы - Райымбек Әнуарұлы Баталов.
## Тарихы
Ұлттық палата Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 897 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңын негізге ала отырып «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп коммерциялық емес ұйымы құрды.
## Құрылымы
Ұлттық палатаның басқару органдары:
* съезд – жоғары басқару органы;
* төралқа – басқару органы;
* басқарма – атқарушы орган;
* тексеру комиссиясы – қаржылық-бақылау органы.
Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары:
* өңірлік кеңес – байқаушы орган;
* дирекция – өңірлік палатаның атқарушы органы;
* директор – өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.
### Төралқа
Ұлттық палатаның төралқасы 51 мүшеден тұрады және оны төраға басқарады.
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш өкілінен;
* Қазақстан Республикасы Парламентінің он алты депутаты мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен;
* аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) он алты өкілінен;
* өңірлік кеңестердің он алты төрағасынан қалыптастырылады.
### Басқарма
Ұлттық палата басқармасы оның қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
* Басқарма съезге және төралқаға есеп береді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімін және сандық құрамын съезд бекітеді.
* Басқарманың құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
* Басқарманың төрағасы мен мүшелерін төралқа сайлайды.
* Баталов Райымбек Әнуарұлы - Төраға міндетін атқарушы
* Амрин Мұрат Амангелдіұлы - Төраға орынбасары
* Бижанова Гүлнар Қадыржанқызы - Төраға орынбасары
* Есенеев Ербол Еркенұлы - Төраға орынбасары
* Жаркенов Тимур Зейілұлы - Төраға орынбасары
### Өңірлік кеңес
Өңірлік кеңес өңірлік палатаның бақылаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс,республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен қалыптастырылады.
Өңірлік кеңес делегаттары төрт жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Кәсіпкерлік субъектісінің тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мемлекеттік тіркелуі, сондай-ақ оның филиалының есептік тіркелуі фактісі оны нақты сайлау учаскесінде дауыс беретін мүшелер тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Өңірлік кеңес міндеттері:
* өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі;
* басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
* съезге делегаттар сайлайды;
* өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
* өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
* съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
* өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
* кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
* өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.
* Өңірлік кеңестің мүшелері өңірлік палаталардың басқару органдарынан және олардың филиалдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға құқылы.
* Өңірлік кеңестің шешімдері өңірлік кеңес отырысына қатысатын мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
## Қызметі
Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық палатаның міндеттері:
* кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
* кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
* кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
* Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
* кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
* Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
аумақтық деңгейде:
* облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);
* өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
* өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
* өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
қалалық және аудандық деңгейлерде:
* тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);
## Сын
## Басшылары
### Төралқа төрағалары
* Тимур Құлыбаев (9 қыркүйек 2013 — 17 қаңтар 2022)
* Райымбек Баталов (18 ақпан 2022 бастап)
### Басқарма төрағалары
* Абылай Мырзахметов (9 қыркүйек 2013 — 18 ақпан 2022)
## Дереккөздер |
Латифа (араб.: محمد - әзіл, тапқырлық) - араб, парсы, тәжік және басқа Таяу Шығыс халықтары әдебиетінде кездесетін әдеби фольклорлық жанр.
Латифа - негізгі мазмұндық түйіні ұтқыр айтылған, көлемі шағын, әзіл-күлкілі әңгіме. Халықтың ауыз әдебиеті шығармашылығына кеңінен таралған латифаның түпкі шығу төркіні X ғасыр әдебиетінен басталады. Латифа үрдісі, әсіресе, XIV ғасырда жасаған парсы-тәжік сатиригі Заканидің шығармашылығында ерекше дамыған. Фахр ад-дин Сафидің «Лотаф от-таваф», Ахмад Суруштың «Маджмуэе латаиф» т.б. латифа үлгісімен жазылған әңгіме жинақтары кеңінен мәлім.
## Дереккөздер |
Самауил Аронович Рейнберг (1897—1966) — совет рентгенологы, РСФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Медицина ғылымдар докторы, профессор. 1940 жылдан КПСС мүшесі.
## Қызмет жолы
1-ші Ленинград медицина институтын бітірген. Ленинградтағы педиатрия медицина институтының жанынан дүние жүзіндегі алғашқы балалар рентгенология кафедрасын ұйымдастырды. Самауил Рейнберг 1930 жылдан Ленинград дәрігерлер білімін жетілдіру инстиутының рентгенология кафедрасының, ал 1943 жылдан Орталық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі. Сонымен қатар Орталық рентгенология және радиология институтының директоры. Оның негізгі еңбектері баланың тыныс алу, ішек-қарын, қозғалыс органдарының рентгенодиагностикасы жөніндегі мәселелерге арналған. КСРО-да ангиография және рентгенодиагностикалық негізін салушылардың бірі. Ол - Бүкіл одақтық рентгенолог және радиологтар қоғамының президиум мүшесі.
## Дереккөздер |
## Омар Тоқаұлы Мұхаммади
Омар Тоқаұлы Мұхаммади-( 27.8.1905, қазіргі Алматы облысы-14.3.1931, Жаркент қаласы)- прозаик әрі ақын , ұйғыр совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
## Өмір жолы
Кедей отбасында туған. 1920 жылы Алматыдағы татар мектебінде, Ташкенттегі аз ұлттар оқу орнына түсіп оқыды. Осы кезден бастап М. Горький, В. Маяковский, А. Тоқай, Хамза т.б әйгілі қаламгерлердің шығармашылығымен танысты, өзі де өлең жазып, алғашқы шығармаларын қабырға газетінде, кейін “Кәмбәғаллар авази” (“Кедейлер үні”) газетінде жариялады.Омар Тоқаұлы Мұхаммади 1927 жылы Алматыдағы Зәрват ұйғыр мектебінде, 1922-1929 жылдары Шелек ауданындағы үлгілі мектепте директор, 1930 жылы Жаркенттегі пед. техникумда оқытушы болып жұмыс істеді. 1927-1930 жылдар аралығында Омар Тоқаұлы Мұхаммадидің “Лашықтар” ,“Ерлік жылдар” ,атты өлеңдер мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. “Күрес жылдарында” романын аяқтай алмады. Ол шығармаларында жаңа дәуір өзгерістерін шабыттана жырлады.
## Дереккөздер
## Омар Тоқаұлы Мұхаммади
Омар Тоқаұлы Мұхаммади-( 27.8.1905, қазіргі Алматы облысы-14.3.1931, Жаркент қаласы)- прозаик әрі ақын , ұйғыр совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
## Өмір жолы
Кедей отбасында туған. 1920 жылы Алматыдағы татар мектебінде, Ташкенттегі аз ұлттар оқу орнына түсіп оқыды. Осы кезден бастап М. Горький, В. Маяковский, А. Тоқай, Хамза т.б әйгілі қаламгерлердің шығармашылығымен танысты, өзі де өлең жазып, алғашқы шығармаларын қабырға газетінде, кейін “Кәмбәғаллар авази” (“Кедейлер үні”) газетінде жариялады.Омар Тоқаұлы Мұхаммади 1927 жылы Алматыдағы Зәрват ұйғыр мектебінде, 1922-1929 жылдары Шелек ауданындағы үлгілі мектепте директор, 1930 жылы Жаркенттегі пед. техникумда оқытушы болып жұмыс істеді. 1927-1930 жылдар аралығында Омар Тоқаұлы Мұхаммадидің “Лашықтар” ,“Ерлік жылдар” ,атты өлеңдер мен әңгімелер жинақтары жарық көрді. “Күрес жылдарында” романын аяқтай алмады. Ол шығармаларында жаңа дәуір өзгерістерін шабыттана жырлады.
## Дереккөздер |
## Отау жабар
Отау жабар — қазақ халықының ұлттық бұйымы: бұрын ұзатылатын қалыңдықтың отауын тіккенде, оның киіз жамылғышын жапқаны үшін әйелдердің куйеу шешесінен алатын кәдесі.
Отау жабар кәдесін куйеу аулында отау тігуші әйелдер қызды ертіп әкелген адамнан да алады. Кәде ретінде көбінесе көйлектік мата немесе ақша беріледі де оны кәде сұраушы әйелдер өзара бөлісіп алады.
## Дереккөздер
## Отау жабар
Отау жабар — қазақ халықының ұлттық бұйымы: бұрын ұзатылатын қалыңдықтың отауын тіккенде, оның киіз жамылғышын жапқаны үшін әйелдердің куйеу шешесінен алатын кәдесі.
Отау жабар кәдесін куйеу аулында отау тігуші әйелдер қызды ертіп әкелген адамнан да алады. Кәде ретінде көбінесе көйлектік мата немесе ақша беріледі де оны кәде сұраушы әйелдер өзара бөлісіп алады.
## Дереккөздер |
Нұролла Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев (5 желтоқсан 1920 ж., Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылы) - философиялық ғылымдар докторы (1966), профессор (1967).
Алматы тәу-кен металлургия институтының бітірген (1940), 1986 жылдан ҚазМУ-дің жанындағы оқытушылардың білімін арттыру факультетінің философия кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты - тарихи материализм мәселелері, этика, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің қалыптасуы мен дамуы.
## Негізгі шығармалары
* Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дістүрлері А., 1958;
* Обычаи и традиции в развитии. А.-А., 1974.
## Дереккөздер |
Майдамтал – Талас Алатауының батыс сілеміндегі асу.
## Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3524 м. Піскем және Күркіреусу өзендерінің суайрығы. Жотаның солтүстік беткейіндегі Күркіреусудың саласы Майдамтал бойымен жүретін соқпақ жол Майдамтал арқылы оңтүстік беткейдегі Піскемнің бастауына асады.
## Дереккөздер |
## Мерғали Қадылбеков
Мерғали Қадылбеков (1907, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылы – 27.2.1938, Алматы қ.) – ғалым, алғашқы қазақ геолог-инж-нің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.Мәскеу тау-кен ин-тын (1928) бітірген. 1928–30 ж. Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геол. барлау жасаған экспед-ның бастығы болды. 1930 ж. Шымкент қорғасын з-тына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай, Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай, т.б. кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Орт. Қазақстан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, т.б. аса бағалы полиметалл кендерін тапты. Қарағайлы және Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. маңындағы Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кен орны Қ. есімімен аталған. Оның қазақ тілінде жазған ғыл.-зерт. еңбектері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Тех. кітаптарды қазақшаға аударуды ғыл. жолға қою мәселесін көтеріп, геол. мен тау-кен ісі жөнінде терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инж. қызметін атқарып жүргенде 1937 ж. 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғ. соты Әскери алқасының шешімімен 1960 ж. 11 маусымда ақталды.
## Сыртқы сілтемелер
Мұхит
## Дереккөздер
## Мерғали Қадылбеков
Мерғали Қадылбеков (1907, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаманқыстау ауылы – 27.2.1938, Алматы қ.) – ғалым, алғашқы қазақ геолог-инж-нің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.Мәскеу тау-кен ин-тын (1928) бітірген. 1928–30 ж. Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңіріне және Қырғызстан жеріне геол. барлау жасаған экспед-ның бастығы болды. 1930 ж. Шымкент қорғасын з-тына қажетті шикізат қорын іздеу мақсатында Қаратау, Іле және Жетісу Алатауындағы Ащысай, Қарасай, Хантағы, Байжансай, Қастек, Қаскелең, Ұзынсу, Шынасылсай, т.б. кен орындарының зерттелуіне жетекшілік етті. «Қазақполиметалл» тресін ұйымдастырушылардың қатарында болды. Орт. Қазақстан жерінен қорғасын, мырыш, мыс, т.б. аса бағалы полиметалл кендерін тапты. Қарағайлы және Қайрақты түсті металл (Қарағанды облысы), Текелі қорғасын-мырыш (Алматы облысы) кен орындарын ашты. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. маңындағы Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кен орны Қ. есімімен аталған. Оның қазақ тілінде жазған ғыл.-зерт. еңбектері баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Тех. кітаптарды қазақшаға аударуды ғыл. жолға қою мәселесін көтеріп, геол. мен тау-кен ісі жөнінде терминологиялық сөздік жасады. Текелі кен басқармасының бас инж. қызметін атқарып жүргенде 1937 ж. 30 мамырда тұтқындалып, Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі деген жалған айыппен сотталып, ату жазасына кесілді. КСРО Жоғ. соты Әскери алқасының шешімімен 1960 ж. 11 маусымда ақталды.
## Сыртқы сілтемелер
Мұхит
## Дереккөздер |
Нұролла Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев (5 желтоқсан 1920 ж., Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылы) - философиялық ғылымдар докторы (1966), профессор (1967).
Алматы тәу-кен металлургия институтының бітірген (1940), 1986 жылдан ҚазМУ-дің жанындағы оқытушылардың білімін арттыру факультетінің философия кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты - тарихи материализм мәселелері, этика, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің қалыптасуы мен дамуы.
## Негізгі шығармалары
* Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дістүрлері А., 1958;
* Обычаи и традиции в развитии. А.-А., 1974.
## Дереккөздер |
Дмитрий Яковлевич Лаптев (1701 жыл, Псков губерниясы, Великолук уезі, Болотово ауылы - 1771 жыл 31 қаңтар, сонда) - Арктиканы зерттеуші орыс саяхатшысы, вице-адмирал (1762).
## Еңбек жолы
1718 жылдан теңіз флоты қызметінде. 1736 жылдан Екінші Камчатка экспедициясындағы солтүстік жасақтың бірін басқарды. 1739-1742 жылдары ол Лена сағасынан Үлкен Баранов мүйісіне дейін және Анадырь өзенінің алабын, оның сағасын зерттеп, құрлық пен Анадырь қамалшасынан Пенжина кірмесіне дейінгі жерге сипаттама жазды. 1741-1742 жылдары Үлкен Анюй және Анадырь өзендерін картаға түсірді. 1762 жылы қызметтен кетті.
## Лаптев туралы
Лена атырауындағы мүйіске, Үлкен Ляхов аралы мен Азия материгі аралығындағы бұғазға Лаптев есімі берілді.
## Дереккөздер |
Нина Леонидовна Персиянинова (20 наурыз 1967 жылы) — Ресей кино және театр актрисасы.
## Биография
1994 жылы Б.В.Щукин атындағы жоғары деңгейдегі актер факультеті бойынша театр училищесін бітірді.Ең басында Таганакта Театрының актрисасы болды,ал сосын(1998 жылдан 2009 жылға дейін)-Оңтүстік-Батыстың театрының актрисасы.Театр өнері бойынша оқытады.
## Шығармышылығы
Театрындағы рөлдер:
* «Укрощение строптивой» (Уильям Шекспир) — Катарина
* «Сон в летнюю ночь» (Уильям Шекспир) — Титания
* «Самоубийца» (Николай Эрдман) — Пересветова
* «Три сестры» (Антон Чехов) — Ольга
## Түскен фильмдері
* 1999 — Президент және оның немересі
* 1999—2003 — Простые истины — Анна Марковна
* 2000 — ДМБ — врач-проктолог, әйел Топорова Г. С
* 2000 — Дом для богатых
* 2000 — Любовь до гроба
* 2000 — Особенности банной политики, или Баня 2 — Петруханың қызы
* 2001 — Семейные тайны
* 2001 — Школа Этуалей
* 2002 — Бригада (4-5 сериялар)
* 2003 — Полосатое лето
* 2003 — Даша Васильева — Галина
* 2004 — Афромосквич
* 2005 — Охота на изюбря
* 2005 — Туристы — Екатерина
* 2005 — Умножающий печаль — Зинаида
* 2006 — Громовы — бөбектер үйінің бастығы
* 2006 — Аэропорт 2 — Тамара, Алексей Ивановичтың қызы № 1 (серия «Доказательство»)
* 2006 — Гонка за счастьем — Софья
* 2007 — Кто в доме хозяин? — Марго
* 2007—2011 — Папины дочки — Таисия Кирилловна, № 69 мектебінің бастығы
* 2008 — И всё-таки я люблю — депутаттың әйелі.
## Сыртқы сілтемелер
* http://ruskino.ru/art/2695 Мұрағатталған 17 наурыздың 2015 жылы.
* http://www.teatr-uz.ru/akt/index.php?actor=pers Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2013 жылы. |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.